Мазмұнға өту
Home

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 33 том

Есенғали Бөкенбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 33 том

Авторы: Есенғали Бөкенбаев

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы

ЕСЕНҒАЛИ БӨКЕНБАЕВ

УӘЙІС ҚАЙРАЛАПОВ

ҚАЗДАНБАЙ ҚОСЖАНОВ

БЕСІНБАЙ БЕГЕНІШ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Айдарбаев Алик Серікұлы – алқа төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі. Әріп Ғалым Бисембіұлы – алқа төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры

АЛҚА МҮШЕЛЕРІ:

Тұрғараев Бекет Тұрғараұлы– облыс әкімінің кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор. Өтегенов Айтуар Оспанұлыақын, (кітапты құрастырушы, жауапты шығарушы-редактор), Қосбармақ Рахат Құсайынұлыақын, (жауапты редактор), Мыңжас Темір Мыңжасұлыақын

Өлке қаламгерлерінің шығармаларынан мағұлымат беретін «Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясының 50 томдығы Маңғыстау облысының құрылғанына - 40, Ақтау қаласына 50 жыл толуына арналып шығарылып отыр. Бұл томға ақын Есенғали Бөкенбаевтың «Тоғыз қайық» (Алматы, «Жазушы», 1991), Уәйіс Қайралаповтың «Өмірімді өлеңмен өрнектедім» (Алматы, «Latin print», 2012), Қазданбай Қосжанов «Сезімге бөлендім ғажайып» (Алматы, «Арыс», 1999) және педагог-ақын Бесінбай Бегеніштің «Сәйгүліктер мекені» (2002) кітаптарынан алынған шығармалары енгізілді.

ЕСЕНҒАЛИ БӨКЕНБАЕВ (1921-2002)

ТЕБІРЕНІСТІ ТОЛҒАУЛАР ИЕСІ

Есенғалидың туған жері – Маңғыстауда Жетібай маңындағы Айрантақыр деген жер. 1932 жылы он бір жасар Есенғали әкесі Жадырасыннан айрылды. Иек сүйер туысы, әкесінің ағасы Отарбай тағы дүние салды. Шешесі Бибіш үйелмелі-сүйелмелі Есенғали, Талшын, Үзіл, Ұлбөпе сияқты ұл-қыздарын ертіп, кәсіп іздеп Красноводскіге келді. Әуелі туған жері Қызық мектебінде, кейін Красноводскідегі қазақ интернатында оқыған Есенғали үй ішінің күнелтісі үшін қабырғасы қатып, бұғанасы бекіместен жұмысқа жүреді, анасына көмектеседі, сүйтіп жүріп майданға кетеді. Есенғали 1942 жылы Ұлы Отан соғысына он сегізінде аттанып, Европаның бірқатар жерінде болады: Смоленск, Великие Луки, Гомель, Кенигсберг, Цеханун, Старгорд, Гданск, Голмиц, т.б. Қаһарлы ауыр жылдардағы от кешкен жылдардың айқын куәсі – ақын өңіріндегі екі «Қызыл жұлдыз» ордені мен көптеген медальдар. Қаршадайынан жыр жаттап, Абыл мен Ақтанға, Қашаған мен Сәттіғұлға елти, еліктей өскен, жылы «Красноводскідегі «Жұмысшы» газетінде «Жоямыз жауды!» деген алғашқы өлеңін жариялаған Есенғали «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» газеттеріне үзбей өлеңдер жариялайды, Ж.Молдағалиевпен, Ж.Тілековпен, С.Сейітовпен кездеседі.

Есенғали, әсіресе, 1945 жылы сәуірдің 24-і күні Польшаның Гданск қаласын азат етуде ерекше ерлік көрсетеді. Өзге құрамалармен бірге 26гвардиялық моторлы атқыштар бригадасы төтенше тапсырма алады. РП-2 радиостаициясының бастығы, гвардия сержанты Есенғали Бөкенбаев өзге радистермен бірге оқ жауып тұрғанда аңдатпай өтіп, жерасты үйлеріне радиостанциясын орнатып, тапсырмаларды сәтті орындайды. Сол ерлік қимылдары үшін Есенғали «Кызыл жұлдыз» орденімен наградталған. Есенғали ақын Отан соғысынан кейінгі жылдарда да өлеңді өгейсіткен емес. Ол мерзімді баспасөз беттерінде әр кез жыр толғаумен келеді. Бұл күндері Есағаңның жасы да кемелді шаққа жетіп, жыр дәптерлерінің саны да молая түсіпті. Сол дәптерлердегі өлең, жырлардың тақырыбы да әр алуан, сыр-сипаты да әрқилы, Олардың санатында ақпейіл арнаулар да, шабытты шалқыма жырлар да, салмақты ақыл, нақылдық термелер де, тебіреністі толғаулар да бар. Есенғали – әдеби дәстүрді ерекше қадір тұтатын ақын. Ол Әл-Фараби мен Рудакиді, Мақтымқұлы мен Абылды, Қашаған мен Сәттіғұлды, Мұрын жырау мен Жамбылды құлай сүйіп, тебірене жырлайды. Есағаң қазақтың бағзы жыраулары мен ақпа ақындарын өзінің мейірлене сусындар нәрлі бастаулары санаса, бүгінгі жыр әлемін үнемі қадағалап оқып отырады. Өткілбай Көпеков сияқты ақындарымен бір жүріп жыр өрбітеді, Төлеген, Құдайберген, Дәрібай, Есберген, Темір сияқты ақын, ел азаматтарымен үн қосып, халқымыздың ұлттық әдетғұрпы мен тарихын, тілі мен мәдени дәстүрлерін насихаттауға атсалысады. Әр кез халықпен етене араласып, оның мұңына қабырғасы кайыса қайғырып, қуанышына жүрекжарды жыр төгетін ақын «Тоғыз қайықта» ерекше сыр танытады. Оның бүкіл шығармашылық өрнегінен халық поэзиясы мен бүгінгі әдебиетті байланыстырып тұрған алтын көпір іспетті мінез-қасиеттер аңғарылады. Есенғали бұл жырда теңіздің сұрапыл дауылында қазаға ұшыраған ержүрек балықшыларлы суреттей отырып, олардың туған-туысқандарына көңіл айтады, қатерге душар болғандардың қаһармандық істерін, кісілік келбеттерін медеу етіп, рухтарын қастерлей жырлайды. Бұл – шын мәнісіндегі оларға деген әдеби ескерткіш еді. Есенғалидың бірқатар өлеңдері Қазақстан байлығы, туған жері Маңғыстау, туысқан Түркіменстан хақында. Ақын бәрінде де шабытты, бәрінде де татаусыз ағындап, ақтарылып отырады. Қабиболла СЫДИЫҚОВ, филология ғылымының кандидаты

ӨЛЕҢІМ

Толығар шағы болса да, Толыға алмай келеді. Оқушымен жария Жолыға алмай келеді. Көпшіліктің көңілінен Орын таппай келеді. Бейне өгей балаша Қоңылтақтай береді. Ол – нысана, мен – мерген, Тигіздірмей келеді. Ол – бір сұлу, мен – ғашық, Сүйгіздірмей келеді.

ТОҒЫЗ ҚАЙЫҚ

(Теңіздің дауылды апатына ұшыраған тоғыз қайықтың оқиғасы) Он екінші ақырап, Олжалы болып он қайық, Шағадамға жөнелген. Балықты да көп алып, Дүниеге кенелген. Ералыда ау салып, Үш жарым ай бөгелген. Уақыты бітіп теңізде, Ажалдылар көп өлген. Арыздаспай, қоштаспай, Қенжеғұл сынды жақсылар Халқының камын жеп өлген. Бекқали, Шүкір тумалас, Еңсегеймен тең өлген. Тәжінияз, Моллаартық, Мәми мен Мәмед – төртеуі, Ата менен бесеуі Қол ұстасып жөнелген. Мен – Есенғали шайырың, Осыларды бәйіт етіп, Берейін айтып өлеңмен. Ақыраптың он үші, Кәрі Каспий долданып,

Сұрапыл сүргін үрілді. Көк толқындар жонданып, Құбыладан бұлт шықты, Қабағың түйіп торланып. Теңіздің беті түнерді, Тұманданып, сомданып. Судың беті көпірді, Тұңғиық терең орланып. Көбігі көкке шарпыды, Қарт бурадай қомданып. Ерте шықты жағаға Жалғыз қайық бөлініп, Сапарын тағдыр оңғарып, Қалғандары қайықтың Айдалғандай сорға анық, Қайықшыға сол күнгі Ақырзаман болды анық. Абың-күбің басталды, Қалу үшін қорғанып. Қайықтың алды іркілді, Айыра алмай жолды анық. Ақжармаға көміліп, Қайықтан кетіп жорғалық. Сол уақыттар болғанда, Сәрсеннің ұлы Жалғасбай Жарқылдаған алмастай, Сөз сөйледі толғанып: – Жігіттер, – деді, – саспаңыз, Болмаса, қазір сорладық. Желкендерді түсіріп, Жәкір тастап, орналық. Біреумізді-біреуміз Шамамыз келсе, қорғалық. Әлібегім, дайындал, Желкеннің бауын қолға алып. Таусылғанша деміміз Теңізге пенде болмалық. Әлі де Құдай оңғарып, Басылар дауыл оңдалып. Артымыздан бес қайық Келе жатыр соң қалып. Кідірейік соларға, Себебі болып ажалға, Қалармыз әлде қорғанып...

Түсіре алмай желкенін, Тастай алмай жәкірін; Көк толқынмен алысып, Аянған жоқ жігіттер Тілсіз жаумен қарысып. Қосащыға жақындап, Келіп қалды қайықтар, Тізбек-тізбек жарысып. Қорқыныш кірген біреу жоқ, Көңілін бұзған, налысып. Кідірмекші еді сәскеде, Бегдашыға барысып. Бірқатары қайықтың Қосашының тұсында, Кідірді жәкір салысып. Келе жатты қылтылдап Кенжеғұлдың қайығы, Көк толқынмен қағысып. Көршілерін толқын байқатпай, Жігіттер көріп, білісті, Мәштігінен танысып. Үмітін үзбей өмірден, Қимылдады аянбай, Бармақтары қарысып...

Аласүрең басталып, Теңіздің бетін сапырды. Бұйраланған көк толқын Жармаланып, жапырды. Ішін тартпай, ышқынып, Барған сайын күш қылып, Туғызды заманақырды. Қалапберген, Жайлаулар – Жігіттер еді-ау батылды. Жағаласып жандәрмен, Көзден ұшқын атырды. Тау-тау болған толқындар Тыныстарын тарылтып, Дем алғызбай қатырды. Санаулы мезгіл келген соң, Есінен танып, шатылды. Төніп келген ажалға Таппады айла-ақылды. Бұлар мінген қайықты

Алдымен теңіз батырды. Наурызбайдың Сатыбылдысы Болыпты бұ да зақымды. Ахмет, Алдан, Жұмалы, Өздері суға секіріп, Жағаға қарай атылды. Демдері жетпей шығуға, Үшеуінің денесін Су түбіне жатырды. Байбосынның Қосжаны Бір-екі рет дауыстап, Жолдастарын шақырды. Аранын ашқан толқындар Мұны да суға батырды. Қосащыдан өткен соң, Тоғыз қайық толыққан, Түгелдей апат болыпты. Сүйеден бергі жартасқа Қайықтың көбі соғыпты. Алпыс үштей жігітті Құтырған теңіз обыпты. Үш-төрт күнге созылып, Аласұрып, обықты. Қайықшының қан тартқан Сапарына жолықты. Шағадамнан моторлар, Артынан іздеп, шолыпты. Қарақұдық, Бозатта Бұзылып шыққан қайыққа Іздеушілер жолықты. Қайықтарды көрген соң, Хабарына молықты. Сүйектерін тапқан соң, Үмітінен торықты. Ажал айдап бәрін де, Бастатқан сәтсіз жорықты. Қайықшының ішінде Есжан екен ағасы. Қатарына қадірлі, Қол жеткісіз бағасы. Көпке сөзі нанымды, Айрықша ақыл сарасы. Бағалай білген өмірді, Артық екен санасы.

Артында қалды өзінің Берді деген баласы. Жақсылардың осындай Тұңғиық, дүлей теңізден Болған екен қазасы. Мұрсасы да келмеген, Қоштасуға шамасы. Лажың жоқ тұруға, Мойыныңды бұруға, Керек етсе панасы. Қазалының біреуі – Қалдәулеттің баласы. «Құдайдың ісі» десек те, Оқиғаға осындай Адамның келер наласы. Жазылуы қиын ғой Осындай істің жарасы. Біреуінің артында, Аңырап қалды анасы. Біреуінің артында Қалды қатын-баласы. Кейбіреуден орын жоқ, Қалмаған іні, ағасы. Құданың салған ісіне Кімдердің келер шарасы?! Бағынышты өзіне Аспан мен жердің арасы. «Айрылар, - дейді, - маһшарда Ісіңнің ақ пен қарасы». Ілінбеген кімдерге Өлімнің құрық ағашы?! «Кеудеден жаның кеткен соң, Ісіне қарай әркімнің Берілер, - дейді, - жазасы». Өлмей тұрып тіріде, Құлшылық етіп Құдайға Тәубе қылу – тазасы. Құр қалмаған өлімнен Біздер түгіл бұрынғы, Расулы Мұхаммед, Адамның асыл данасы. Қайда кеткен өлмесе – Кісінің ата-бабасы?! Түсінгенге мағлұм,

Алыс емес әркімге Пәни мен бақи арасы. Тайғанап, мұзда жүре алмас – Атыңның сынса тағасы. Тіреуінен айрылған – Жігіттің өлсе ағасы. Қанатынан қайрылған – Жігіттің өлсе баласы. Әкесі өлсе жігіттің – Жел жағынан құлаған Асқар таудай панасы. Тартылады құрдым боп, Өміріне нәр берген, Жігіттің өлсе анасы. Түп етектен зор түссе, Айрылар тонның жағасы. Дария суы тартылар, Бітіп қалса сағасы. Әркімнің өтпек басынан Дүние-керуен қалашы. Кешегі барлар – бүгін жоқ, Өлшеу беріп қарашы. Ғибрат алып түсінер, Жетсе кімнің санасы. Өзекті жанға – бір өлім, Ешкімнің болмас таласы. Біреулер ерте өлгенмен, Біреулер өлер кешейіп. Баяны жоқ пәнидің Жоғына сабыр етейік, Барына «шүкір» десейік. Бесіктегі жас бала Тірі болса мұрсатта, Жігіт болмақ есейіп. Алланың қысқа өлшеуін Ұзартып қалай кесейік?! Өзіміздей адамның Біз айтқанмен бола ма, Тағдырын қалай шешейік?! Алланың салған ісіне Қарсылық етіп не етейік?! Айтып жүрер артымыз Сөз қалдырып кетейік. Дүние – түлкі, мысалы,

Қуып қалай жетейік?! Адалдықпен өлгенше, Азаматтық парызды Қолдан келсе өтейік.

Сағаттай соққан жүрегің Бір күні тоқтап, кідірмек. Қаусырма жағың қарысып, Сайраған тілің мүдірмек. Зәредейін кідірмей, Ажалына әркім жүгірмек. Қанша жорға болсаң да, Аяғың ақсап, сүрінбек. Мезгілің болмай кей кезде, Көтеріліп іргең, түрілмек. Тар лақатқа барарсың, Тұрсаң да қазір дүрілдеп. Ойлағанмен қиялың, Ажалың тұрар күлімдеп. Өмірің – шөлмек сияқты, Қауіп ететін күнің көп. Қанша асау болса да, Өлімге пенде бүгілмек. Кімнің жақсы-жаманы Маһшар күні білінбек. Жаман ат пен жақсы атқа Аузынан адам ілінбек. Қанша тағат етсең де, Бойыңда жақпас кірің көп. Кешірмесе бір Алла, Одыр-бұдыр мінің көп.

Алланың салған ісіне Жасымайық жабығып. Өлгенге пайда бермейді – Жыласа тірі қамығып. «Жақсыларға тұр, - дейді, - Сегіз жұмақ салынып». Нұрландырар жүзіңді, Ішінде шырақ жағылып. «Үрдің қызы тұр, - дейді, - Лағыл, маржан тағынып». Керегіңнің бәрі сай, Бір орыннан табылып.

«Имандылар жүр, - дейді, - Асылдан мелле жамылып». Ата-бабаң, дос-жарың Қарсы алмақшы жабылып. Өлгенге сабыр етейік, Құдіретке бағынып. «Орынсыз көзің суласаң, Болады, - дейміз, - тағылық». Жылағаннан не бітер, Өлген жанға табынып?! Онан да тәубе етейік, Жаратқанға жалынып. Жарылқағай алдынан, Жақсы орынға алынып. Бейіштің кәусар суына Жүре бергей қанығып. Әңгіме еттім білгеннен, Жазғаным емес жалығып: «Дәтке қуат болсын, - деп, - Жүргенге көңілі жабығып. Көкірегі қайғылы, Іс түскенге налығып». 1949 жыл, 30-31 тамыз. Сарша-Ералы.

ЕСКЕ АЛЫП ЕСІЛ ЕРЛЕРДІ

(Теңіз апатынан қазаланған 63 азаматымыздың 40 жылдығына арнаймын) Осындай жерге келгенде, Жерім жоқ менің қысылған. Сөзіме жерік жасымнан Түркімен, қазақ – мұсылман. Мен емеспін біреудей Дүние қуып, ұшынған. Қотыр болған түйедей Емеспін өзім қышынған. Айналайын елімнен, «Ақын» деген ат беріп, Қанат байлап, ұшырған!

Замандас, аға-інілер, Қайғыланса азамат, Елжіреп, жүрек тілінер. Аңдыған ажал тап келсе, Ашылып, іргең түрілер. Жақсылығы жақсының Іс түскенде білінер. Ауызбірлік болмаса, Ел арасы бүлінер. Адымы алшақ арғымақ Абайсыз болса, сүрінер. Сынған сүйек жазылып, Уақыт өтсе, кірігер. Көтерер істің ауырын Дініне берік, сірілер. Бұл сөзіме түсінер Ақылы мол ірілер. Өлеңдер көп өзімде, Жария болып, жатталған. Жүрегінен халқымның Орын алып, қатталған. Солай бола тұрса да, Жоқ шығар жерім мақтанған. Бұлдамаппын сөзімді Жылағанды жұбатып, Елім үшін атқарған. «Оңай олжа табам» деп, Бас сынауға басқаға Қосылмадым қапталдан. Айтайын деп отырмын, Өлгендерді еске алып, Жүрегімде сақталған. «Үлгі-өнеге алсын» деп, Азаматтарға арнадым, Әкеден жетім, жас қалған. Әкесі өлсе жігіттің – Құлайды қорған-қамалы. Таусылғандай болады Ақыл, айла, амалы. Анасы өлсе жігіттің – Тартылғандай болады Дарияның арна-алабы. Ағасы өлсе жігіттің – Өрге басып, өрлеген

Бәсеңсиді талабы. Інісі өлсе жігіттің – Тынысы бітіп, тарылып, Қысқарады қадамы. Баласы өлсе жігіттің – Қайғыртар ата-анасы, Шаттық, думан арылып, Сарғайтады сананы. Тарқағандай көрінер, Дүнияның қызық базары. Дүнияға келген соң, Белгілі ғой өлмегің. Айырып адам біле алмас, Ғұмыры қанша пенденің. Қанша өмір сүрсең де, Шытынап, сынбақ шөлмегің. Байқамаймыз тіріде Қайғының бұлты төнгенін. Ажалға, сірә, амал жоқ, Арандай ашқан шеңгелін. Біреулер өлсе, біреу бар, Азалайтын өлгенін. Тағдыр бізге сыйлаған, Өмір – қымбат, білгенге. Ойсыз, мәнсіз кейбіреу Мәз болады тірлікте Бос ыржаңдап күлгенге. Масайрайды зұлымдар Алдап, арбап біреуден, Жымқырып, бір зат ілгенге. Тіршілікте не жетсін, Өз жөнімен жүргенге?! Сәл нәрседен жасқанып, Білгеніңді жасырып, Ойыңды тежеп, күрмелме. «Міндетім, - деп, - өзімнің», Ит риза үргенге. «Әсіреқызыл болам» деп, Мың құбылып, түрленбе. «Боламын, - деп, - салмақты», Әуреленіп, зілденбе. Орнын таппай сөйлеген Көреді зиян тілден де. Жаман әдет – дертпен тең,

Айығу қиын болады, Бойыңа дарып, сіңгенде.

Келген соң Берді үйіме, Аңға түсер қырандай, Отырмын түсіп күйіме. Құрметтейді өзіңді, Үлкен, кіші иіле. Еңбегің үшін ұстаздық Орденін тақты өзіңе, Үкімет те сүйіне. Атырауға белгілі, Айтайын деп келемін Есжанның ұлы Бердіні. Азамат ол – ардагер, Көрінбеген кемдігі. Осы Қулымаякте Екеу болса – біреуі, Ақсақалың ендігі. Өнегелі ұстазсың, Әділдікті жақтаған. Сөйлесең, сөзің тұрлаулы, Адасып босқа лақпаған. Көп сөйлемей орынсыз, Ішіне сырын сақтаған. Өзі біліп өз ісін, Біреудің ізін бақпаған. Көпшілікке беделді Үлгі тұтып Бердіні, Замандастар мақтаған. Әзілі де сыпайы, Біреуді тілдеп, шақпаған. Сағы сынып біреуден, Жері жоқ оның ақсаған. Салқынқанды, сабырлы, Келін менен баланың Қолын тартып, қақпаған. Қайсыбір жаман еркектей Әйелмен есептесетін, Емес тағы қатты адам. Тәрбиелеп ұл-қызды, Сары майдай сақтаған.

«Үздік ұстаз» атанып, Ел міндетін ақтаған. Өзіне сай жұбайы, Жамандық жаққа баспаған. Дүния тегіс болар ед – Болса осындай жақсы адам.

Мұнан 40 жыл бұрын Азаматты алпыс үш Алып кетті арадан Теңіздің дүлей дауылы. Душар болды қайғыға Балықшы елдің қауымы. Тірегінен айрылып, Қанаттары қайрылып, Тыйылды елдің сауығы. Біреудің кетіп әкесі, Біреудің кетті бауыры. Ойламаған іс түсіп, Күңіреніп, күйінді Қазақ, түркімен ауылы. Қатын, бала тұл қалды, Жазылмастай жауыры. Арманына жете алмай, Ажалға айла ете алмай, Теңізден болып ажалы; Жігіттердің мезгілсіз Тарқаған бастан базары. Қайғының бұлтын қаптайтын, Халқына тиді азары. Ажалға, сірә, шара жоқ, Жағасынан теңіздің Орын тапты мазары. Қапыда кетті-ау бәрі де, Таймай беттен ажары. Ұмытпайды ұрпақтар Сол күндерді азалы. Шығармайды есінен Қазіргі тірі адамдар Мұндай ауыр қазаны. «Өлді» деуге бола ма Ел үшін еңбек еткенді;

Қамын ойлап халқының, Абыроймен кеткенді; Қиындықтан қаймықпай, Тірілей азап шеккенді; Өзі үшін емес, ел үшін, Аяусыз терін төккенді?!. Соғыстан соң еліміз, Жасырайық несіне, Күйзеліске дәл келді. Мұндай емес, ол кезде Азық-түлік аз болып, Картөшкемен шектелді. Ашаршылық тұсында Нәрлендірген балықпен, Кенезесі кепкенді; Жайлыбайдың Есжаны Қамқоры болған халқының, Айта берсем өткенді. Орнатылып ескерткіш, Еңбектері еленген. Азаматтар аяулы Құрметке бөленген. Қайғының бұлты ыдырап, Ұрпақтары солардың Рахат көріп, кенелген. Жетімдер де жетісіп. Азамат болып, теңелген. Аттап өтіп келеміз Кедергілі белеңнен. Мен де ескерткіш орнаттым, «Тоғыз қайық» дейтұғын Ұмытылмас өлеңмен. Алғыстарын беріп жүр Хабары барлар өнерден. Ешбір адам көрмедім, «Жарамсыз» деп шегерген. Жыршылар да жаттап, айтып жүр, Риза етіп халқымды, Көсегесі көгерген.

С Ә Т Т І Ғ Ұ Л А Қ Ы Н Ғ А С Ә Л Е М Д Е С Е Б А Р Ғ А Н Д А А Й Т Ы Л Ғ А Н С Ө З

Сәттіғұл аға, өзіңді, Іздеп келдім алыстан. Дидарыңды көруге, Сөз зергері, данышпан. Бұрын-соңды жоқ едім, Кездесіп, сізбен танысқан. Жыр арнасын ағытып, Келесің танбай шабыстан. Естігендер сөзіңді Мейірлері қанысқан. Өзіңнен үлгі алып жүр Нешелер тілді шабысқан. Жігер алып мен жүрмін, Сәтеке, сіздің дабыстан. Қалаулысы халқымның, Айрылмаған намыстан. «Сізге келді» деген соң, Қаумалаған қалың ел Құлағын түре қалысқан.

Өзіңізді әдейі Іздеп келдім тағайын. Жыр дүлдүлін көргенде, Үндемей неғып қалайын?! Жүрісіме түсінер Айналада ағайын. Қоныстанған бұл жерді Кең етекті Адайым. Қалмайын Сізден аянып, Ортаға сөзім салайын. Он бесімнен бері қарай Алқаның көрдім талайын. Сәтекемдей әйгілі Ақыннан үлгі алайын. Ағаның асыл сөздерін Бал-шекерге балайын. Шама-шарқым жеткенше, Сөз кестесін салайын, Сөз сұлуын табайын. Сайраған жолды көргенде, Шабыстан неге танайын?! Сөзіме құлақ қойыңыз, Жамиғат, жалпы маңайым!

Ортаңа келіп отырмын Жаңғақтының жерінен. Зауалынан заманның, Кетіп едім жасымда Маңғыстаудың елінен. Есейген соң, ес кіріп, Бата алуға мен келдім Жырдың бұлақ-кенінен. Мейірленіп қануға Өлеңнің айдын көлінен. Танысуға мен келдім Бетегелі белімен. Самаладай саулаған Қоңыр салқын желімен. Ұйымдасып, бас қосқан, Маңғыстаудың елімен. Аңсап келдім алыстан, Сөздің тапшы шөлінен. Берсеңіз үлгі ініңе, Ақындықтың жөнінен. Өле-өлгенше, Сәтеке, Пір атайын Сені мен.

Келген жерім – сұрасаң, Шағадамның қаласы. Өріс алып, өрлеген Өндірістің саласы. Асау Каспий көлінің Күншығыс бет жағасы. Колхоздасқан ауыл бар, Қаланың сыртқы даласы. Жеті жүздей шақырым Ол жер мен бұл жер арасы. Аты-жөнім – сұрасаң, Маңғыстауда мал баққан Бөкенбай деген кісінің Мен – немере баласы. Жақсыларға жанасар Болса кімнің санасы. Тыңдаушысын ұйытқан Сіздің сөздің сарасы.

Надандарға бәрібір Сөздің ақ пен қарасы. Сөз қадірін білмейді Жігіттердің ішінде Сөз танымас парасы. Жансақ басса жақсылар, Жаманның қанар табасы. Жақсыға азап тартылар, Жамандардың жаласы. Абыройы – әркімнің Тіршілікте панасы. Інісіне ағасы – Қызыл тонның жағасы. Өлең сөздің арқауы – Қол жеткісіз бағасы. Артына сөз қалдырар Ақынның Сіздей данасы. Сәтеке, сізге айта алмас «Сөзіңнің бар, - деп, - одасы». Пайдаланған көпшілік Келгенінше шамасы. Ешкімнің болмас Сізбенен Сөз жөнінде таласы.

Інілерге жарасар – «Аға-әкелеп» ергені. Кішілігін білдіріп, «Аға» деп, сәлем бергені. Ағаларға жарасар – Ініге үлгі бергені. Ақындарға жарасар – Алқалы топты көргені; Ердің ісін екі ауыз Сөзбен шешіп бергені. Ер жігітке жарасар – Өзіне өзі сенгені, Мұқатып, жауын жеңгені. Басынан бақыт кеткені – Жігіттің жауға көнгені. Ар-намыстан айрылып, Абыройын көмгені. Ұстаған жерін жібермес Қыран құстың шеңгелі. Құмартып Сіздің сөзіңе, Ақын інің шөлдеді. Сәтеке, Сізге жіберді Азаматтар елдегі. Сізбенен дидарласуға Ініңіздің келгені.

Есімді біліп, ер жетіп, Ұшқанымда ұядан; Биікте ұшып самғаған Сізді көрдім қиядан, Қос қанатын қомдаған. Қырағысын қыранның Келешекте болжаған. Неше дүркін бәйге алып, Құр қалмадың олжадан. Жүйрігімсің жүлделі, Шаршы топта толғаған. Қамқорысың халқыңның, Әулиедей қолдаған. Ұстазыңыз – Қашаған, Талайды тартып, домдаған. Нақ шенескен адамын Сөзбенен шенеп, жондаған. Тәлім алған өзіңіз Абыл, Ақтан, Нұрымнан Ешбір ақын озбаған. Әбубәкір Кердері Сз қалдырып соңына, Жүрек шерін қозғаған. Асанқайғы, Қорқыттар Нар маядай боздаған. Пәле туып пәледен, Ол заманда қоздаған. Маңғыстаудың үш түбек Борбайын кімнің созбаған?! Кеше туып, ер жеткен Алдыңдағы бозбалаң. Қызылқұмнан кеткенмін, Бандылар шығып әр жерден, Болған кезде қозғалаң.

Ақиық сіздей ақынға Сәлемдесе келгенім. Арада ұзақ жол жүріп,

Түн ұйқымды бөлгенім. Жігер бермек өзіме, Ажар бермек сөзіме – Дидарыңды көргенім. Сіздің сөзден үлгі алып, Сөзден өрнек тергенім. Кішілігім білдіріп, Сәлемімді бергенім. Өзіңізді пір тұтып, Соңыңыздан ергенім. Шабытыма нәр алып, Сөз түйінін өргенім. Сөздерің – асыл мәңгілік, Көрсеттің сөздің өрнегін. Жаралғаннан бері қарай Тарихты баяндап, Топты жарып, ерледің. Қара салып алдыңа, Жанға бәйге бермедің. Сөз зергерін өзіңдей Басқа жерден көрмедім. Табаны қызған тұлпардай Жылдан-жылға өрледің. Мәскеуде болып бір кезде, Астананы төрледің. Осымен сөзін доғарып, Ініңіз мақұл көреді Ағасы сөйлей бергенін.

ХАЛЫҚ АҚЫНЫ СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ ЕСЕНҒАЛИҒА ҚАЙТАРҒАН ЖАУАБЫ

Алаштан шыққан бөлініп, Алшын деген ел едік. Қиырдан келіп, қиянның Жерлерін жүрген иеленіп. Мал менен басқа жұрт едік Жарыған, жақсы кенеліп. Керегі үшін кентті ел Ақша беріп, мал алған. Патшалы жұртпен басымыз Қатар өскен тең едік. Аш-арық келсе алыстан,

Қазанымыз қайырлы, Қарттарымыз зайырлы, Бейілге де кең едік. Жетімдер келсе жылаған, «Шырағым», – деп шынымен, Маңдайын сипап, жебедік. Орынсыз иық көрсетіп, Ақысын жұрттың жемедік. «Ханды өлтірген қашқынға Қайдан жүрсің?» демедік. Айыбымыз бойдағы – Оқу, білім, өнерге Басқалардан кем едік. Кете бермей кейінге, Қазірдегі халықтың Жағдайына келелік. Партия жарық шам болып, Ағарып атқан таң болып; Осы күнде отырмыз, Ру түгіл, ұлттардың Ұлысына теңеліп. Жер мен судың байлығын Отырмыз қазір иеленіп. Келмеске кетті кер заман, Тозығы жетіп, көнеріп.

Біз Байұлы атандық, Қондырған қоңсы жанына. Руда ұран, пір болдық, Қарсы жұмсап қаруын, Қалалы жердің жанына. Қайрат қылған қажымай, Өз халқының қамына. Ерлері болған елімнің – Қарасынан қаймығып, Келмеген дұшпан маңына. Жүйріктер болған жүлделі – Жан салмаған жарысса, Шабуылдың шаңына. Көпке дейін көнбедік, Салық салса, бермедік; Патшалыққа бас иіп, Бағынбадық заңына. Сөйтіп жүрген заманда

Тағдыр айдап тап қылды Өмірдің өшпес шамына. Компартия күн болды Еңбекші елдің бағына. Қараңғыны арылтып, Жолықтырды елімді Октябрьдің таңына. Аямай қайрат жасады Байтақ елдің бағына. Толып жатыр әңгіме, Айта берсем тағы да. Адай деген ел едік, Әруақ қонған арыдан. Қасиетті халықпыз, Қыдыр келіп дарыған. Батырлық, байлық, береке, Бәріне де жарыған. Келінберді, Құдайке Жұлына шықты парынан. Қыс – Маңғыстау, жаз – Арқа, Аса көштік үдеріп, Заманның заңсыз сарынан. Қауіпті болған халқымыз Хандардың қатты қарынан. Айрыла жаздадық аңсызда Елдің намыс-арынан; Сүйікті сұлу жарынан, Ат пен атан, нарынан. Жауларды жаншып, қайырдық, Алғандарын айырдық; Еліміздің ішінде Ерлерімнің барынан. Қармыс қаза табулы, Жау қолында жылаған Жесірлердің зарынан. Жасасын көсем Ленин, Құзғындардан құтқарған, Шақы менен шарынан. Сұрасаң, інім, сөз осы, Жасы үлкен аға – қарыдан. Көп жасаған көнеріп, Заманым болды бүгінде, Қайратым қайтып, қарыған. Аяқтарым ауырып,

Арқаларым жауырып; Денсаулық кетіп денемнен, Ағзаларым арыған. Бұл әңгіме – білгенге, Өткен заман сарынан. Есенғали, шығысың – Атаң – Мұңал, Адайдың Сегіз арыс бірісің. Ер Бекет шыққан ішінен Қасиетті пірісің. Кетпес бақыт, кең пейіл, Келе жатқан кірісің. Болат, темір, боранға Бұзылмайтын сірісің. Кісі бойы, қол созым, Қатарыңнан ірісің. Ол – уәлилердін рухы, «Шаттанады, - дейді шарғыда, - Мадиықтаса өзінің, Кейінгі қалған тірісін».

Мұңалдың ұлы – Бәйімбет, Әли мен Жаулы, Жарысың. Озса – Әлім, қалса – Байұлы Ішіндегі барысың. Екі жүйрік қосылса, Біреуінің парысың. Кешегі қанды майданда Арпалысып, алысып, Қорғадың елдің намысын. Қалың шыққан қайраңға Сабақтары айрылған, Сабансыз сары тарысың. Ауыр жүкті артатын, Артқан жүкті тартатын, Қасиетті Мұңалдың Қатепті қара нарысың. «Айтты, - депайып етпеңіз, - Елдің ру-арысын». Білектегі бес саусақ, Сүйемнен ұзын қарысым. Кәрі тарлан жыраудың Айтқанының бәрі – шын. Есенғали ініміз, Жас ақын, жаңа жігерлі; Іздесе бұлға табылмас, Мысқалдығың мың алтын, Сен – бір сирек дәрісің.

Бәйімбет атам баласы – Райымберді, Сабытай, Жақсылар шыққан ішінен. Абырой тапқан ауылсың Еңбегі мен ісінен. Ел ішінде ерлердің Сескенген дұшпан күшінен. Сыр шашпаған сыртына Қаусырма жақ, тісінен. Батырлар болған байсалды, Қаймықпаған кісіден. Пайдаланған әлеумет Қайраты мен күшінен. Төрт жүз адам өлулі Ер Төлептің өзінің Найзасының үшінен. Қарсы дұшпан қаймыққан, Қараса тура түсінен. Қарлы боран секілді, Тоңғандай толқып, үсіген. Төлептің туған шешесі, Жерігіне жегені – Қара бүркіт, күшіген.

Хорезмнің жерінің Қашаннан қалың астығы. Бітік шықса егіні, Болмайды елдің аштығы. Тәкаппар менен менменнің Болушы, сірә, мастығы. Жүзден астам жыл бұрын Хорезмнен хан бастап, Екі жүз елу қарақшы Абайсызда ел шапты, Бұл – Адайға қылған қастығы. Екі жүз елу дұшпанды Қырық кісі қуғанда, Байбоз бенен Жанбоздан Батырлар екен бастығы. Доспанбет пен Майырған, Есеттің ұлы Жайылған Жаудан жесір айырған. Қатын-бала, мал-мүлік, Барлығын түгел қайырған. Менменсіген дұшпанның Жүрегі лоблып, шайылған.

Төленді, Қабыл, Ықылас, Есенияз төртеуі – Ақала шаһит Адайдан. Осылардың ерлігі Кем болған жоқ, білгенге, Құнанорыс Шабайдан. Қарақшыны қуғанда, Қосылмайды басқа Адай, Хабар тимей маңайдан. Қалай шыдап, кім тұрар, Жау қолында баратса, Ауыл-аймақ қарайған?! Төрт шаһитке сондағы – Өлген дұшпан қырық-елу, Үлеске тиген жастығы. Азаматтың қайда да Білінбей қалмас артығы. Жақсы болса, жігіттің Болады кімге жаттығы?! Өнердің бірін «өлең» дейді, Өлеңді де «өнер» дейді. Дүниенің қызық, шаттығы. Есенғали ініміз– Жақсылардың бұрынғы Абыройлы ақтығы.

Айту керек әркімнің Болған дұрыс сарасын. «Осал» деп ойға кім алар, Байбоз деген ауылдың Шалқыған көлдей шарасын?! Мекен еткен бүгінде Шағадамның қаласын; Қоныстанған байырғы Каспийдің шығыс жағасын. Жас та болсаң, шырағым, Соңғыларға – ағасың, Абыройың артылып, Ілгерілеп барасың. Ебін тауып, сөзіңмен Талайдың жаздың жарасын. «Ақыны, - деп, - Адайдың, Адай түгіл талайдың»; Інісіне ағасы Осылай береді бағасын.

Бір бұл емес, бұрыннан Атаның үлгі ісі еді – Жүйріктерін ылаған, Семіздерін булаған. Жығылғанда бас сүйеп, Сынғанын сипап, сылаған. Қамқорлығын жасаған, Жетімдер келсе жылаған. Осылай деп айтып жүр Сені де сырттан сынаған. Алпыс кісі азамат Теңізден қаза тапқан күн; Кайран халық, қарындас Жанына жара батқан күн; Қатын-бала қайғымен Тұра алмай, үйде жатқан күн; Күннің бетін бұлт алып, Қара түнек жапқан күн; Төсегінен тұрғыздың Көңілін аулап сөзбенен. Бұл – өзіңнің әдейі Халқыңнан алған сыбағаң. Әуелден де үмітті ем, «Соңымнан ақын туар» деп, Бір құдірет Құдадан. Батамды бердім өзіңе, Болған соң өзің сүйкімді, Астана елге ұнаған.

МҰРАТ ӨСКІНБАЕВҚА

Өнері тасып, өрлеген, Мұрат жырау – шайырым. Астана елді таңдантып, Көрсеттің өнер зайырын. Жасыңнан-ақ келесің Көпке тиіп қайырың. Адайда жоқ парласың, Айтпағанда Байұлын. Жүйрігім ең жүлделі, Жимаған тартып айылын. Құрманғазы болмаса, Осы күнде теңеймін Қазақтың саған қай ұлын?! Абыройлы жігітсің, Өнердің мінген қайығын. Ақ пейілсің кіршіксіз, Бойыңдағы «айыбың». Іші қуыс ағаштан Тоқсан түрлі күй тартып, Ағыздың Еділ, Жайығын. «Мақтады» деп ойлама, Келтірсем сөздің лайығын.

Атасы оның Өскінбай – Саңлағы еді шаршының. Бұлбұлы еді сайраған Көшпелі Адай халқының. Алдында талай толғаған Жарты менен жалқының. Қазақтың бізге қалдырған Ескі мұра алтынын. Домбырасын сөйлетіп, Тәңірберген, Жолдымен Ішіне түскен талқының. Құлбайменен кездесіп, Үдеткен өнер қарқынын. Мұраты еткен Мұратты, Кейінгі бізге алтынын. Қазірде ойлап қарасам, Жетпеген жері кем екен Өсекемнің даңқының. Заманында болыпты

Сүйікті ұлы жалпының. Алаштан асқан әнші екен, Көрсеткен өнер жарқылын. Естігенің күйлерін, Корғасыңдай балқыдың. Дарияда жүзгендей Серігіп бойын, шалқыдың. Ұстап қалған өнерін Кемдігі жоқ алтының. Мұрат пен Хамит екеуің Өнерін алып қалуға Қаршыға құстай талпындың. Талай топты атқарып, Алқалы жерде аңқыдың. Бәрін де көрдің аралап, Қазақтың сана-салтының. Халықтың көне мұрасын, Жаңадан қайта аршыдың.

Он екі жастан бері қарай Алқалы топ – көргенің. Қатарыңнан кем түспей, Құлашыңды сермедің. Он бесіңе келген соң, Бас бәйгені бермедің. Ашытпадың, аздырып, Өсекемнің өрнегін. Қадірлі болып халқыңа, Жақсы орынға төрледің. Бабына түстің бәйгенің, Бағаланып еңбегің. Қарлыменен тартысып, Белгілі бізге жеңгенің. Топқа түсіп, жиналған Халкың үшін терледің. Тілін тауып, сөйлеттің Он жеті бірдей перненің. Күй шығарып ойыңнан, Халкың үшін бергенің. Өнеріңнін арқасы – Динадайын шеберді Алматыдан көргенің. Шеберлігің белгісі – Күйден теру тергенің. Өнерің озып өзгеден, Күннен-күнге ерледің.

Домбыраны қолға алғанда, Жүрегін жұрттың жұмсарттың, Екілентіп шалғанда. Естімесе күйіңді, Ынталы халық арманда. Құмарланған көпшілік Әйгілі жырау, тарланға. Өнеріңді құп көрді Астанаға барғанда. Дидарласып, кездесіп Ахметтей сардарға. Дариядай ағынды, Өнерпаздан қардарға. Мақтаныш еттім алыстан, Алматының елінен Күйлеріңді шалғанда. Көпшілікке қаратып, Ортасына салғанда. Таңырқасты шынымен Ақсақалды шалдар да. Ынталығын білдірді Жасөспірім балдар да, Қарсы алыса барғанда.

Домбырашы, жыршының Кездесіп көрдің бәрімен. Адайдағы күйшінің Сен оздырдың бәрінен. «Байжұма» мен «Қосалқа», «Нарату» менен «Ыңғайты», Қазақтың жақсы күйлері Келе жатқан әріден. «Баспажелең», «Ақжелең», Келтірдің ырғақ сәнімсн. Құйқылжыттың «Коңырды» «Келіншек» күйі пәмімен. «Ақсақ құлан» шошыған, «Сексен бие» әнімен. «Қызыл қайың», «Ыңғайтың» Алты бірдей «Науайы» Алпыс екі тәрімен. «Кербез керік» – кем емес Сырқауға дауа-дәріден «Жеңіс» күйін желдіртіп, Оздырдың күйдің бәрінен. Өнеріңмен оздырып, Бас бәйгені сен алдың Алматыныц шәрінен. Тартқаныңда күйлерді, Айрылар жылан зәрінен.

«Леклек» пенен «Бөгелек», «Терісқақпай», «Кішкентай», «Ақжарманы» себелеп; Динаның «Әсемқоңырын» «Шидеменен» шегелеп; Қыздың «Жап та қымтасын» «Түйдекпенен» жебелеп; «Жалдықара» – Есірді Қарасайменен көбелеп; «Балбырауынды» айтамын Өз алдына төбе деп; «Соқыр Есжан» бұлбұлды «Оқтай өткір жебе» деп. «Сұқпа» күйді айтамын «Ондай өткір жебе» деп. Мұрекеңнің күйлерін Астана халық елемек. Дәріптеймін өнерін «Мұхитта жүзген кеме» деп Күйлерінен атадым Таңдаулысын денелеп.

Дәулеткерей, Қазанғап, Құрманғазы, Кербұқа, Өткізген топты базарлап. Заманыңда өткізген Жанын қинап, азарлап. Күйін шертсең сен арнап, Жақсылардың осындай Топырағы тазармақ. Парыз емес кісіге Күлкісіз жұрт сазармақ. Көңіліңді хош етіп, Өміріңді базарлап. Өнер алды – қызыл тіл, Сөйлей білсек ажарлап.

Жүйрігімсің жүлделі, Күннен-күнге еңменген. Тәкаппар болып тағы да, Шықпадың асып шеңберден. Он жеті перне, екі ішек Домбыраң қолда өңгерген. Мерекеге осындай Салтанатты өң берген. Аузыңа көпті қаратып, Алқалы топты меңгерген. Қашанғыға бұл өзі Бұлбұлдай сайрап, дем берген. Азабынан арылған, Қайғылы жүрек шерленген. Мұрекемнің күйлерін Жері жоқ жұрттың кем көрген. «Композитор болад» деп, Естіген халық шен берген. Сыналып, күйі тергелген Он жеті бірдей пернеңнен. Қанатын қомдап келеді Қыран құстай серменген. Әсерленіп тіріде, Оянар сезім тербенген. Талай түсіп талқыға, Сыналып күйі, тергелген. Мақтамадым асырып, Айтамын көзім көргеннен. Жолдас болып өзіңе, Аз ғана күн ергеннен. Әйгілі өзі Адайда Домбырашыда мен көрген. Көкірегім желденген, Жақсыларға осындай Түзеліп сөзім, жөнделген. Бір Сәттіғұл болмаса, Адайда бар ақынның Қайсысынан сөзім кем келген?! Сәттіғұл – пірім өзімнің, Сөзіме қуат, дем берген. Мұрекемді сөз еттім,

Қисынды сөзді тергеннен. Осылай деп әшкерттім, Сөз түйінін өргеннен.

МҰРАТ ӨСКІНБАЕВТЫҢ ЕСЕНҒАЛИҒА ҚАЙТАРҒАН ЖАУАБЫ

Айтайын жауап азырақ Есенғали ініме. Жүрегім менің жол берді Сайраған қызыл тіліме. Әшкертейін сөзімді Жұлына шыққан жүйріктің Сіз сияқты біріне. Мадақтамай жақсыны, Не көреміз тіріде?! Бақытты туған шайырсың, Гүлденген жаңа дәуірдің Лайықты түріне. Құлашты кеңге сермедің, Қол жеткісіз іріге. Қыран құстай шарықтап, Өнерің өрлеп келеді Абайласаң күніге. Астана халық сүйінді, Дұшпандарың күйінді Ойлаған пікір үйіңе. Айта алмайды «олқы» деп, Сынатсаң да кіміңе. «Берік, - деп халқың айтып жүр, - Есенғали дініне».

Сөз асылы шығады Парасатты миыңмен. Баспаға сөзің басылып, Десте-десте үйілген. Формасы бөлек жырыңның, Айрықша түйілген. Халық ақыны Сәттіғұл Сөздеріңе сүйінген. Сөз шырынын табасың, Айрылмасаң күйіңнен. Тура келді бізге де Осындай сөзді айтуға,

«Сыраға – бал, сыйыңмен». Ерте оянып басқадан, Араластың жиынмен. Жасыңнан-ақ талпынып, Жағаластың қиынмен. Мереке-сауық кетпеген – Шәкірттерің қаумалап, Іздеп келіп үйіңнен. Күндеушілер құрысын – «Бізден озып кетті» деп, Өз-өзінен күйінген. Абыройлы жігітсің, Қатар-құрбың сүйінген. Мысалың – қыран бүркіттей, Көкте көлбей шүйілген. Адал жүрек, ақ ниет, Кіршігің жоқ, ақкөңіл, Адамға қарап иілген. Екі жылдан бері қарай Бір күй менен бір өлең, Шын ықылас бейілмен.

Есенғали шырағым, Шағадамның қаласы – Орныққан мекен, тұрағың. Саяси үгіт, насихат – Таратқан елге құралың. Беріп жүрген ақынсың Қай жақтаң да мұралың. Бұрынғы өткен дәуірде Адай еді – ұраның. Бер жағына келгенде, Қасиетті кісілер – Тобыш пенен Мұңалың. Не де болса, тұсында Болып өтті бұларың. Жас та болсаң, данасың, Неғылайын бұларды, Естіген болар кұлағың. Түбі терең шыққысыз, Қайнаған қара бұлағым. Айналасы арым боп, Гүлденген, көктеп құрағың. Сөз сұлуын туғызып, Арта берген құнарың. Болашақ жеміс – алдында, Сен – бәйтерек шынарым. Арғы түбің – аталас, Емшектесім, сыңарым.

Тілектес болып отырған Ағайын-тума халқың бар. Қол шығарған бір жеңнен, Сөз шығарған бір жерден Аузыбірлік салтың бар. Ақылгөй аға алдыңда, Сатқанбай сынды қартың бар. Келе жатқан жетісіп, Еңдігі жерде артың бар. Қатарыңнан ілгері Азаматтық паркың бар. Социалистік жолменен, Шылбырды сүйреп, тартыңдар. Сендерсіз ғой шетінен Азбай туған алтындар. Істеріне қарасам, Қаулап өскен қарқын бар. Батыр атаң Байбоздан Келе жатқан сарқын бар. Есенғали шайырым, Осының бәрін білетін, Келістіріп ретін – Шешетін шама-шарқың бар.

Сен – дария шалқыған, Ортаймайтын кемерің. Өрттей қаулап келеді Жылдан-жылға өнерің. Сол себепті өзіңді Ақындардың әйгілі Қатарына теңедім. «Шығарған өлең-жырыңды Алматының еліне Тыңдатып көрсем», – деп едің. Атақ алсаң – абырой, Сол еді мақсат, керегің. Құттықтаймын мен сені, Дәм көтеріп, сол жақтан Бола қалса дегенің. Өткірлігі сөзіңнің – Ұшындай алмас жебенің. Жаңа пері екпінді, Осы күнде кезегің. Қазірде кейін қалдырдың Албырттықтың кезеңін. Нөсерлетіп ағыздың Өлең-жырдың өзенін.

Еңбек етіп келесің. Коммунизм жолында. Мәдениет жұмысы Бір жағы сенің қолыңда. Ие болып сен жүрсің Абыройлы орынға. Көпті көрген көсемсің, Сөйлеп кетсең – шешенсің, Күтеміз мұнан зорын да. Сөздерің пісіп, жетілді. «Шикілік бар» деп, қорынба. Ақиықсың ақ балақ, Өзіңнен артық бүгінде Кім бар еді тобыңда?! Сөздерің үлгі болғандай, Көпшілікке таралып, Айтыла бермек соңында. Естіліп жүр дабылың, Жаңғақты мен Маңғыстау. Ала Қырдың жонында.

Дабылың шығып, біліндің, «Есенғали ақын» атанып. Сәттіғұлдан бата алып, Аузына көптің іліндің. Өзіңізден табылад Қайсысы да білімнің. Жетпестік көңіл мұңайса, Бола қалса біріңнің; Сөз шығарып бұған да, Орындадың мақсатын Аға менен ініңнің. Әсері күшті халқына Жазылған өлең-жырыңның.

Иесі бар сөзіңнің, Кім екенін білмейміз, Қолдап жүрген піріңңің. Жылағанды жұбату – Келе жатқан жолы екен Бұрынғы Мөңке, Сырымның, Ақтан менен Нұрымның. Көңілдерін көтердің, Жетпеген ажал тіріңнің. Замандас, қатар-кұрбыңа Бағасы қымбат бұлыңның. Алқалы топты көргенде, Бәйге атындай жұлындың. Үстіндегі базардың Тарқарын біліп, ұрындың. Өнер қуған жастарға Мәжіліс талай құрылдың. «Өтірігі жоқ, - дейді Кім де болса, - мұныңның». Жалғасып арты келеді Қызың менен ұлыңның. Ат аунаса – түк қалар, Ендігі орны – сендерсіз, Ескіден қалған жұрынның.

Атаң – Байбоз белгілі, Бақ дарыған ауылсың. Бытырамай араңыз, Бір жердегі қауымсың. Жастарың өсіп келеді Қара қанат қауырсын. Бөтенің жоқ біздерге, Бәріңіз де – бауырсың. Бүгінгі күні айтуға Жуан орта сауырсың. Таразыға тартқанда, Қорғасындай ауырсың. Өнер-білім үйренген Балдырғандай тәуірсің. Жарық жұлдыз секілді Есенғали шайырсың. Бұлардан сізді бөлектеп, Жыршыңыз қалай айырсын?! Орынды кезең тап болса,

Бәріңізге дайынсың. Сіздер үшін арналған Сөзімі көпке жайылсын. Міндеттелген жұмысты Атқаруға қайымсың. Бәйге атындай жұлынған, Құйысқан, ноқта, ер, тартпа, Күміс жүген, айылсың. Тәрбиеңіз тағы мол, Кездескен күні шетіне Асулы ет пен майымсың. Атлас, мақпал төселіп, Арасы жоқ қайнаған, Қызыл күрең шайымсың. Қиынды сөзге келгенде, Есенғали шырағым, Бұлттан шыққан айымсың.

Қайырлы болсын бәріңнің, Жеткіншектер, талабың. Баянды қоныс еттіңіз Жаңғақтының алабын. Күннен-күнге гүлдеген, Социалистік заманың. Баршаңызға әділдік – Аумайтұғын табаның. Іздесек те, таппаймыз Хат танымас адамың. Аса қайрат күш етіп, Ағарттыңыз бәрін де, Бір қалдырмай наданын. Ғылым мен еңбек айырды Кімнің жүйрік, шабанын Қазақ, түркімен бірігіп, Көрші отыр бүгінде, Рахаттың самалын. Қалайда болса, білдіңіз Ынтымақтың амалын. Талқан етіп, бұздыңдар Мешеуліктің қамалын. Есенғали ініміз, Халық үшін туған жігіттің Осы күнде бірісің.

Айтсам, аузым талатын, Катарыңнан ірісің. Өрге жүзген кемедей, Шырағым, сенің жүрісің. Әзіл айтып, ақсиып, Қуантады күлісің. Әшкертпекші шайырың Өзінің ақын інісін. Есенғали ақыным, Тигірлігі сөзіңнің – Сынайпердің оғындай. Күштілігі сөзіңнің – Зеңбіректің тобындай. Жүйріктігі сөзіңнің – Электрдің тоғындай. Жұмырлығы сөзіңнің – Нар маяның жонындай. Қызуы күшті сөзіңнің – Таскөмірдің шоғындай.

Тәттілігі сөзіңнің – Пісіп тұрған алмадай. Салмағы ауыр сөзіңнің – Болат соққан балғадай. Сұлулығы сөзіңнің – Бұрама бел, талмадай. Қарғыны қатты сөзіңнің – Таудан аққан арнадай. Түбі терең сөзіңнің, Түскендер азар шығады, Екі қолын қармалай. Риза болың, жақсылар, Бес-он ауыз сөзімді Жазып едім осылай, Ақыным үшін арнап-ай. «Сыраға – бал, сыйға – сый», Бір-біріне сөз айтқан – Халықтың екі саңлағы-ай. МҰРЫН ЖЫРАУДЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ (толғау) Мұрын жыраудың туғанына 130 жыл толуына

Мұрын ата, мен өзім Маңғыстауда туғанмын. Жетім қалып әкемнен, Көздің жасын жуғанмын. Өлместің күнін көруге Белімді бекем буғанмын. Ашқұрсақ болып жүрсем де, Ақындық жолды қуғанмын. Отызыншы жылдары Ашаршылық зарпынан Көршілес түркімен еліне, Жанғақтының жеріне Жағдайсыздан кеткенмін. Ерте есейіп, ес кіріп, Қиындықтан өткенмін. Айналайын ағайын, Айтайын несін өткеннің?! Ыссылы-суық өмірің, Бәрін тастап соңыма, Бұл күндерге жеткенмін. Осыдан 40 жыл бұрын Сәттіғұлдан бата алып, Еліме» ақын» аталып, Жыр нөсерін төккенмін. Баспаларға бастырып, Жыр сүйетін қауымға Сөз ұрығын сепкенмін.

Жасырайын несіне, Өлеңдерім ішінде Алтыны бар, жезі бар, Жібегі бар, бөзі бар. Жаңсақ айтсам, жаңылып, Сыншылардың тезі бар. Сәті түссе, келетін Өлеңнің аққан көзі бар. «Киелі» дейтін өлеңді Бұрынғылардың сөзі бар. Алыстан аңсап мен келдім Мұрекемнің тойына. Ата-бабам мекені – Маңғыстаудың ойына Жыраулық пен зергерлік Сеңгірбектің ұлының Біткен тұла бойына. Азғана сөзді арнадым Ақпа-төкпе, әйгілі, Жыраудың мұндай сойына. Табыс етіп ол кетті, «Қырымның қырық батырын» Түгел сақтап ойына. Болмағанда Мұрекең, Осындай асыл қазына Кеткендей еді-ау жойыла.

Сегіз қырлы, бір сырлы, Асқан дана, зерделім. Араладың жалықпай Түркімен мен қалпақтың, Казағымның жерлерін. Әйгілі Ақтан, Нұрым мен Қашағанға ергенің. Үлгі тұтып оларды, Ұстазындай көргенің. Табаны қызған тұлпардай, Құс төресі сұңқардай Әруағың қозып, өрледің. Әулиедей сыйланып, Жақсы орынға төрледің. Тау тағысы – қырандай Қияға құлаш сермедің. Жылағанды жұбатып, Жабыққанды қуантып, Алқалы жерде төрледің. Дүниеге қызығып, Байлыққа көңіл бөлмедің. Шаршы топта шалықтап, Алғысын алдың кезінде . Аға менен жеңгенің. Мүсәпірлерді мүсіркеп,

Көңілдерін делбедің. Қамын ойлап халқыңның, Намысты қолдан бермедің. Жырларыңмен тірілттің Қазақ пенен ноғайдың Бұрынғы өткен ерлерін. Ұлағатты жырыңмен Көпті аузыңа қараттың. Жаскелең мен Мұраттың Алтындай асыл жырларын Алты Алашқа тараттың. Босқа өткізбей өмірді, Өзіңді мыңға балаттың. Өшпейтін мұра қалдырдың, Тұлпарын мініп талаптың. Көк серігі – қырандай, Лашындай құрыш қанаттым. Ұсталық пен зергерлік Әкеңізден үйреніп, Қылыш, найза, жекеауыз, Түрлерін соқтың жарақтың. Ата жолдан айнымай, Татпадың дәмін шараптың.

Біз білетін қазақта Сыпыра жырау болмаса, Мұрындай жырау туған жоқ. Киелі қиын өнердің, Азапты жолын қуған жоқ. Тәуекелге бас тігіп, Белін бекем буған жоқ. Ерлігін айтып ерлердің, Шартарапқа шарқ ұрып, Көңілдің кірін жуған жоқ. Жүз де отыз жыл бұрын Туыпсыз, ата, Кетікте, Қазағымның бағына. Еңбек етіп ерінбей, Жұмысшы, шаруа тобына. Он жетіге келген соң, Келтірдің жырды бабына. Дүйсенбай, Шамғұл, Әлқуат Жырларыңды жаттады Бәрі бірдей жабыла. Үлгі тұтты өзіңді Өзіңнің інің белгілі Айтқұл жырау Жарыда. Өле-өлгенше өттіңіз Кір түсірмей арыңа.

Мұхиттай түпсіз тереңім, Мүлт жібермес беренім, Арғы түбің – аталас, Туғанымдай көремін. Шеберлердің қолы – ортақ. Шешендердің сөзі – ортақ, Асқан дана, шеберім. Көз жеткісіз көруге Толқынданған кемерің. Өткірлігі сөзіңнің – Ұшындай алмас жебенің. Тарам-тарам болып тарады Халқыңа ортақ өнерің.

Мұрын ата, мәңгілік Жүрегінде елімнің, Өлгенің жоқ, тірісің. Жыраулардың кейінгі Сыйынатын пірісің. Халқың сүйген қадірлі, Шайырлардың дүрісің. Шалдырмаған шаңына, Дүлдүлдердің бірісің. Құйған құрыш болаттай, Ыссы менен суыққа Бұзылмайтын сірісің. Алқалаған жиында Өзіннің нәрлі сөзіңмен Қандырдың құлақ құрышын. Бейнелеп айтсам өзіңді, Алатаудай айбынды, Дос-жаранға қайырымды, Өткел бермес ірісің. Өзің жарлы болсаң да, Еңбегің елге еленіп, Кем болған жоқ ырысың. Алғысын алып халқыңның, Кеңіді кемел тынысың. Арманың жоқ, ата-еке, Кемеңгер қазақ елінің Ұмытылмас ұлысың. 1991 жыл, мамыр.

БІРІНШІ НАЗЫМ

(пәлсапалық толғау)

Өзімнің деген шағымда Қалайын неден қорғанып?! Кез-келгеннен шықпайды Жүйріктік пен жорғалық. Жазып келем өлеңді Ақындардан форма алып. Өлеңім – нөсер жауындай, Отырсам қалам қолға алып. Түйдегімен келеді. Жауатын бұлттай торланып. Шығарайын жарыққа Жатқан жырды қорланып. Өмірдің сәні – жырменен, Бір азырақ толғалық.

Өлең – сөзден туады, Қиындасса жүйемен, Ат туады биеден. Өліп, өсіп, жаралу – Бір құдірет Иеден. Адам – бір керуен, мысалы, Ауыр жүк артып, тиеген. Абыройлы кісіні Көтеріп, әруақ сүйеген. Иманы бар адамды «Арылтады, - дейді, - маһшарда Жабысқан кір мен күйеден».

  • *

Лебізге айтқан наныңыз, Адамзаттың баласы,

Ғибрат мұнан алыңыз. Біреу өлсе, біреу бар, Күнде өзгерген санымыз. Бәріміздің аманат Бір Аллаға жанымыз. Әл кетпекші азайып, Сұйылған күні қаныңыз. Қауметің бөлек қалмақшы, Шыққан күні жаныңыз. Ермекші емес сол күнде Тырнақтап жиған малыңыз.

  • *

Уәйім етіп елімді, Азғантай дәурен тірлікте Рахаттан қалмаңыз. Көрсетіп иық біреуге, Зорлықпен затын алмаңыз. Жанға залал жауыздық, Ала көзің салмаңыз. Ырзық күтіп Алладан, Жаныңызды жалдаңыз. Бір кісіден туғандай Біріңді-бірің қамдаңыз. Дұшпаның кім, досың кім, Оны-дағы аңдаңыз. Ақылыңмен кеңесіп, Ең жақынын таңдаңыз. Өз ақылың сенбесе, Айтылған сөзге нанбаңыз. Тар кезеңде тартынып, Айтқан серттен танбаңыз. Жетпегенін жеткізіп, Мүсәпір менен мүскінді Қолыңнан келсе, жалғаңыз.

  • *

Босқа өткізбей өмірді, Ізденіңдер, жатпаңыз. Дүниеге қызығып, Ар-ұятты сатпаңыз. Ере бермей нәпсіге,

Абыройды сақтаңыз. Адалдықпен іс етіп, Адам атын ақтаңыз. Кім айтса, мейлі, сол айтсын, Тура сөзді жақтаңыз. Орынсыз жанды күйдіріп, Кісіге жала жаппаңыз. Айналып соғар алдыңнан – Бейәділ кінә жапсаңыз. Шарпуы тиер өзіңе – Жанжалдың отын жақсаңыз. Өз мініңді түземей, Біреуге сын тақпаңыз, Бумай тұрып беліңді, Қайратыңды шақтаңыз. Орынсыз бекер қомпайып, Жоқты-барды шашпаңыз. «Өсекке тыйым салам» деп, Жұрттың аузын бақпаңыз. Пайдасыз затқа жұмсамаң, Артық дәулет тапсаңыз. Іс еткенге ақылмен Кесе түсіп, қақпаңыз. Көп үшін туған жігітті «Азамат ер» деп мақтаңыз. Асылы, жаман болмассыз – Жамандықтан қашсаңыз.

  • *

Дүния-жиһаз жиюлы, Әшекейлі алтындай, Бөленіп түрге құюлы. Дәулеті асқан талай жан Дүниядан кешкен күн Ошақтай жерге сыюлы. Жеткізбейді қуғанмен, Дүние деген диюды. Дүние тәтті болғанмен, Кідіруге шараң жоқ, Жеткен соң мерзім қиюлы. Бақ-дәулеттен пәк кешіп, Талайдың көңілі сұюлы. «Өлгенде пайда тиер» деп,

Қирағаттап намазын, Мүриттерге пенде ұюлы.

  • *

Алдағыны білмейміз, Біздер үшін – қараңғы. Кесе түсіп алдымнан, Құртады менің шарамды. Тіріде жөнге жүргізбей, Ойландырған адамды. Санаулы сағат азайған, Басқан сайын қадамды. Тәубе бар да, тағат жоқ, Ұстаймын қорқып жағамды. Тек кешірім сұраймын, Жаратқанның өзінен, Он сегіз мың ғаламды. «Кәлимаға мүдіртпей, Келтіргей, - деймін, - шамамды». Мұсылман болсаң, ұмытпаң. Жаратқан Ие панаңды. Табыс еткен біздерге Осындай қызық заманды. Күнелтуге беріпті Ақыл мен айла, амалды. «Сөйлесін» деп, сөз беріп, Көру үшін көз беріп, Танытты арам-адалды. Қысты күні қатайып, Соқтырды жазда самалды. Жеті қабат жер мен көк Адамзат үшін жаралды. Айналада Ай мен Күн Нұрын шашып әлемге, Жер-жаһанға таралды.

  • *

Үйлесімі келмейді-ау, Қозғамай сөзді әріден. Тыңдағанға айтамын, Заманның құлақ тәрінен. Тағлым алмай, болмайды

Табиғаттың кәрінен. Үстем болса ақылың, Айрылар ашу-зәрінен. Ақыл – адам азығы, Кем емес қымбат дәріден. Таластырма күшіңді Жасы жеткен кәрімен. Шамаң келсе, тату бол Адамзаттың бәрімен.

Сәл нәрсеге алданып, «Осыдан артық тірлікте Кең не керек?!» демеңіз. Дәреже, басқа бақ қонса, «Ел не керек?!» демеңіз. Сулы жерге кез болсаң, «Көл не керек?!» демеңіз. «Аяғыма оралғы, Өміріңнің жалғасы – Төл не керек?!» демеңіз. Есіктен орын табылса, «Төр не керек?!» демеңіз. «Аспандаған көңілге Жер не керек?!» демеңіз. «Ел намысын қорғайтын, Ер не керек?!» демеңіз. Қалың халық – қауымың, Бір тұрпатты денеміз. Бір адамнан туғандай Біріңді-бірің демеңіз. Мүсәпір менен мүскінді Есепке алып, елеңіз. Еңкейіңдер ерінбей, Болса да биік төбеңіз.

Орынсыз сырдаң сөзге еріп, Бұзылмаңыз сабындай. Азғана дәурен – тіршілік Өте шығар сағымдай. Біреумізге біреуміз Қалармыз ертең табылмай. Алмас қылыш тотығар Шығармаса, қабында-ай. Қас жүйрікті кім білер –

Бәйгеге түсіп, шабылмай?! Нәтижелі іс шықпас – Жанын қинап. сабылмай, Бойыңда жігер болмаса, Кіре алмайсың қалыңға-ай. Қатардан да қаласың, Есепке де алынбай. Әуелден қиын күн көру – Ақыл менен жігердің Екеуіне жалынбай. Адал жүріп, адал тұр, Жалқаулыққа салынбай, Жақсы болсаң – қалмайсың Көп көзіне шалынбай. Жаман болсаң – кеткенің Қатарыңа танылмай. Абайлап бас аяқты, Қадамыңнан жаңылмай. Ақыл тауып, арлы бол, Құр босына сабылмай. Жақсы болсаң – болғаның Қараңғыда жағылған Көшенің фонарь шамындай. 1951 жыл, маусым.

ЕКІНШІ НАЗЫМ

Қалдырып кейін жиырманы, Отыздың шықтым өзіне. Тыңдағаның сүйсіндің Айтқан нұсқау сөзіме. Ақындықтың жайнаған Төгілді нұры көзіме. Аянбаймын тартынып, Салсаңыз қолқа өзіме. Бір күні ғайып болармын, Ажалдың келсем тезіне. Қайнаған қара бұлақтай Жыр нөсері ағылған. Әрбір түрлі бабымен Сөз сұлуы табылған. Жорғалаймын жөніммен,

Түрткізбей-ақ шабымнан. Жас алпысқа келгенше, Айрылмаспын бабымнан. Аз да болса, үлгі алдым Халкымның тарлан ақыны – Сәттіғұлдай шалымнан. Көп аузына іліндім, Бұзғандай қамал қалыңнан. Өткірлігі сөзімнің – Кемдігі жоқ жалыннан. Қайнап шыққан қара өлең Өзімнің жүрек қабымнан. «Ортаға сал, - деп, - барыңды», Беріп тұр кеңес қабырғам. Жүздесіп бүгін отырмыз Көрмегендер сағынған. Босқа кетпес, иншалла, Шыққан лебіз жағымнан.

«Ақынмын» деп, мен өзім Бет алдына мақтанбан. Жүйріктің шаңы бір бөлек Көрінеді шапқаннан. Алқалы жерде ашылып, Ырғалып, ақын баптанған. Біреу өлең, біреу сөз, Айтады әркім тапқаннан. Біреудің сөзі кем емес Қанды ауызды қақпаннан. Біреудің сөзі сүйкімді, Естіген адам шаттанған. Біреудің сөзі – жебеден, Кем емес оқпен атқаннан. Біреудің сөзі қисынды, Атты әскердей саптанған. Біреулер пайда көреді Біреудің сөзін сатқаннан. Тыңдаушының наданы Мағынасыз жай сөзді Ауыр көрер батпаннан. Тыңдаушыға лазым – Зиянды сөзден сақтанған. Қанша тілді болғанмен, Ақындар пайда көрмейді

Көпке сынды таққаннан. Сөздері зәрлі жандар бар, Кем емес жылан шаққаннан. Түйінді сөзің болмаса – Пайда жоқ заулап аққаннан. Ондай сөзді қош көріп, Қосылмаңыз қапталдан. Бейшарасы жыршының – Біреудің сөзін «сөзім» деп, Көтеріп өзін, мақтанған; Жүрегіңді суытып, Көңіліңе дақ салған. Осындай надан жыршыны Берген Құдай жақсы алған.

Кәдімгі біздің қазақта Нелер милы бас та бар. Буыршындай бұрқанған Албырт жүрек жас та бар. Толарсағын тоғытқан Қара сүмбіл шаш та бар. Қыр мұрынды, кең маңдай, Қиылған қара қас та бар. Бір көргенде сыпайы, Іші арам, нас та бар. Сараңдықпен сазарған, Жібімейтін тас та бар. Мақтанатын орынсыз Өркөкірек аспа бар. Арақтан аузы кеппейтін, Сәл нәрсені көктейтін, Абыройсыз қасқа бар. Күле көрмең бұл сөзге, Ішпейтін арақ басқалар. «Сахилық жолы осы» деп, Табылған тиын-тебеннің Ретін таппас шашпа бар. Кейбіреудің үйінде Қажетіне жұмсалмай, Қор болып жатқан ақша бар. Соғыстан келген кешегі Ағалар бар ардақты. Отан үшін от кешіп,

Көтергсн ауыр салмақты. Бұлдамаған ерлігін – Аласұрған жауына Батырса да бармақты. Сәндікке алып жүрген жоқ Колындағы балдақты. Ел түлесе – түлейтін, Ел мүддесін тілейтін Ақындар да өткен әруақты. Жыраулардың мекені – Маңғыстау мен Жаңғақты. Көп ақынның көсемі, Маржан жырдың шешені Тани білген жан-жақты. Қадірлейді біздің ел Ауқымы жетпес әркімнің Қашағандай саңлақты. Халқымның игілігіне Ұмытылмас мәңгілік Сөз сұлуын арнапты. Ақындар жырын таратқан, Елді аузына қаратқан Әлқуат пен Мұрат бар, Өнерін елім жаратқан. Жыраулар бар татаусыз, Бір өзін мыңға балатқан.

Ұзақбай, Сүгір, Жанжігіт, Шамғұл менен Айтқұл, Атырауда әйгілі, Топ жарғандар бәйгілі. Көз жеткісіз, ойласаң, Дариядай айдыны. Тыңдағандар жырларын Көтеріліп еңсесі, Серпілткен уәйім-қайғыны. Тіріде адам білмейді Аңдып жүрген ажалдың Кездесерін қай күні. Жырауларды сыйлайық, Өшпейтұғын мұрамыз, Тіліміздің байлығы.

Үлкенді көрсе – иілген, Құрбылары сүйінген; Құралай көзді келін бар. Бірге жүріп, бірге өскен. Замандас қатар, теңім бар. Алдымда – аға ақылшы, Дария шалқар көлім бар. Тобын бұзбай отырған Берекелі елім бар. Балапан ұшқан басынан Асусыз биік белім бар. Ұлан байтақ жерімде Ашылатын кенім бар. Нұрлы өмірдің алдымда Болуына сенім бар. Сендер үшін сөйлеуге Бойымда қуат, желім бар. Бүгінде мұндай болғанмен, Ертелі-кеш елім бар. Алдарыңда сондықтан, Сөйлеп өтер жөнім бар.

ҮШІНШІ НАЗЫМ

Құдірет Ием, жараттың Аспан мен жерді кең етіп. Тіршіліктің тірегі – Ай мен Күнді тең етіп. Біреулерге бақ беріп, Біреуді қойдың кем етіп. Мүсәпір мен мүскінді Жыртқыштарға жем етіп. Шипа бердің дертіне, Кейбіреуге ем етіп. Біреулерді өлгенше Шығармадың сырқаудан, Шыр бітпейтін көн етіп. Адам аяқ баспайтын Жерлерді де көл етіп; Ел жиналған жерлерді Аздырдың, сусыз шөл етіп. Бар мен жоқтық арасын Аса алмайтын бел етіп;

Қанша шебер болсаң да, Тіршілікте пендеңді Қоя алмадың тең етіп.

  • *

Үзілмейтін дәулет пен Кейбіреуге бақ бердің. Дәрежесін өсіріп, Отыратын тақ бердің. Ақындарға «дәулет» деп, Сайраған тіл мен жақ бердің. Жүз жасатып біреуді, Ақылына қарамай, «Ақсақал» деп ат бердің. Кейбір асыл адамды Отызға да жеткізбей, Өмірін өлшеп, шақ бердің. Біреуді қойсаң шалжитып, Біреулерден түспейтін, Арқалайтын қап бердің, Жасаған Ием, Жаппарым, Қанша әділ болсаң да, Келмейді босқа зат бергің.

  • *

Баға алмайтын біреуге Перзент бердің сыймайтын. Біреудің алып жалғызын, Іс еттің жанын қинайтын. Өле-өлгенше жылаумен Көзінің жасын тыймайтын. Есепсіз бердің дәулетті Қайыры жоқ сараңға – Зауза қоңыз секілді, Домалақ боқты жинайтын; ЬІнсабы жоқ залымға, Сәл нәрсесін қимайтын. Бересің өлшеп несібе, Ақ пейілді мырзаға – Дастарханын жимайтын; Туралап келген мейманын Әулиедей сыйлайтын. Қазылық қанша етсең де, Ақылға жетпес ісің көп, Таразыға сыймайтын.

Біреуге бердің келбетті, Ай менен күннің нұрындай. Біреуді еттің кеспірсіз, Тілгіленген жырымдай. Жуғанменен ағармас, Бет әлпетті құрымдай. Біреуге бердің шешендік, Байбақты Датов Сырымдай. Біреуге бердің ақындық, Абыл, Ақтан, Нұрымдай. Біреуге бердің әділдік, Турасына кететін, Бөтен сөзге бұрылмай. Дүнияның тетігі – Өнер менен ғылымда-ай. Нәтижелі іс шықпас – Қиындықтан қаймығып, Біреудің жүрсең ығында-ай. Еңбектен күт ырзықты, Лауазымды кісінің Қолтығына тығылмай. Келелі кеңес болмайды – Сөз мәнісін ұғынбай. Жырдың сәні келмейді – Мереке-сауық құрылмай, Тыңдаушыға сөзім көп, Ләззатты шекер, шырындай.

  • *

Біреудің бағы жанбайды, Қанша ақылды болса да. Біреудің көзі тоймайды, Мелдегі бітіп, толса да. Сабырлылар және бар – Аспайтын да-таспайтын, Басына бақыт қонса да. Можымайтын мықты бар – Етін сылып, жонса да. Қалтырамас қатты бар –

Мыңқ етпейтін тоңса да. Сұлудың сыны кетпейді – Бет ажары солса да. Адамның түрі болады – Дым келмейтін қолынан, Аузымен орақ орса да. Тойымы жоқ жандар бар – Оңалмайтын өлгенше, Жұртын жалмап, сорса да. Жұмбақ емес, білгенге, Жазмыштан бәрі болса да.

  • *

Асан қайғы, Қорқытқа Ұлтарақтай көрінген Қазақтың байтақ даласы. Қамқоры болған елінің, Келгенінше шамасы. Айрықша жаралған Адамзаттың баласы Ақыл-айла таппаған, Жанын сақтап қалуға Жеткен күні қазасы. Жасы ұлғайса, жақсының Кетеді бастан мазасы. Шүкірлік етіп барына, Тәубе жасау – тазасы. Қиянатшыл адамның Сақтаулы тұр жазасы. Жақсы менен жаманның, Қараңғы менен жарықтың Болып келед таласы, Жазылмайды жарасы. Білгендерге – екі елі Өтірік пен шынның арасы. Ақ та болсаң, қара етер Жаманның берген парасы. Жаман қазы тап болса, Тергелусіз қалады Ісіңнің ақ пен қарасы. Төрт аяқты хайуанның Сыртында болса аласы; Екі аяқты адамның

Ішінде болар аласы. Кесапатшыл жаманға Ешкімнің болмас шарасы. Жасыға азап тарттырар Жаманның жапқан жаласы. Өсекшіл адам құрысын, Ол – шайтанның қаққан қадасы, Ақ-қараны айырмас, Жетпесе ақыл-санасы. Шолақ өзен – тасығыш, Кеңімейтін саласы. Сөйлегеннің орынсыз Төмендейді бағасы. Тұрлаусыз болсаң – сорладың, Өз басыңды қорладың, Әркімнің болып табасы. Қамқоры болар елінің Жақсы атаның баласы. Абыройы – әркімнің Тіршілікте панасы. Ақылды кісі азбайды. Дариядай. мысалы, Көкорай шалғын жағасы. 1975 жыл, тамыз.

ӨМІР ТОЛҒАУЛАРЫ

(терме) Абыройын алдырған Айрылар атақ-даңқынан. Бір зауалға жолығар Көзіне ілмей басқаны, Бос мақтанып, шалқыған. Жалаңқия, жексұрын Бастығының алдында Қорғасындай балқыған. Қара құс бүркіт бола алмас, Қанатын жайып, қалқыған. Қайыр көрмес түбінде Қарғыс алған халқынан. Қаны бұзық қарақшы Бас пайдасын қамтыған. Берекет болмас басшыда – Айтқанын құптайтын Ермесе халқы артынан. Әзәзіл емей немене – Тайса уәде-шартынан?! Аяғын жөндеп баса алмас – Жүйріктің асса шарқынан. Өтірікші, өсекші Бүлдіреді ел ішін, Өрттей қаулап шарпыған. Нәресте, сәби бала артық Халықтың азған қартынан. Парасатты дана артық Ақылы тайыз, жартыдан.

Ауру-сырқау болмасаң, «Жарлымын» деп жасыма. Бақыт қонса басыңа, Көңілің өсіп, тасыма. Азғана дәулет, қызыл жүз Келмеген кімнің басына?! «Сөз білмейтін момын» деп, Жазықсы жанды қасыма. Қаны бұзық залымның Жоламаңыз қасына. Жолап кетсек маңына, Пәле салар басыңа. Мұратыңа жетерсіз – Жақсының ерсең қасына. Сөйлеген мақұл өлшеумен, Әркімнің қарай тасына. Бұл сөздерді арнайын Көңілі ояу, көзі ашық Кәріңіз бен жасыңа. Білгеніңді аянып, Бойыңды тежеп, бұлданба. Сәл нәрсеге ісініп, Ашуланып, тұлданба. Өзімсініп, күш қылып, Біреудің затын құлданба. Бақытыңның сақшысы – Абыройдан құр қалма. Көпшіліктен бөлініп,

Өзіңнен-өзің ұрланба. «Жігіттіктің сәні» деп, Маңғазданып, қырланба. «Сұм» дегізіп өзіңді, Қаныңды тартып, сұрланба. Қайырсыз болма халқыңа Басыңда бақыт тұрғанда. Сұраса, бер жауабын, Көп іркіліп, ырғалма. Ақ жолыңнан ауысып, Адасып, босқа шырмалма.

Басыңда дәурен тұрғанда Бақытыңа масықпа. «Менен артық кім бар?» деп, Мейманаңды тасытпа. Еңбек етсең ерінбей. Несібең кетпес қашыққа. Берейін десе, тағдырдың Қазынасы қашық па?! Жерде қалмас еткенің, Жақсының көңілін жасытпа. Қиянат етсең басқаға, Кетпейсің ұзап қашыққа. Ақ-қараның бәрі бір – Жетесі төмен жасыққа. Күніңіздіі салмағай Бықсыған сараң, сасыққа. Және де жолдас қылмағай Пейілсіз, арам, пасыққа. Қаны бұзық залымнан Болғаның мақұл қашықта.

Дәулетті болса қатарың, Артық көріп, күндемең. Кісіге пайда бермейді Замандасын күндеген. Бақыты ауса досыңның, «Жамандығы оның» деп, Шегеріп, босқа тілдемең. Бола қалса сәтсіздік, «Өмір-бақи түзелмей Кететұғын мін» демең. Қанша айтсақ та түсінбес – Сөз мәнісін білмеген. Бағынышты өзіңе Буынсыз қызыл тіл деген. Өсек айтып, өңештеп, Құтырта бермең тілменен. Менмендіктің белгісі – Басқалардың сөздерін Құлағына ілмеген Бітеуліктің нышаны – Езуін тартып күлмеген.

Бергенін білмей тағдырдың, Барыңды «жоқ» деп, құрынба. Шынға айналар өтірік – Бастасаң жаман ырымға. Бізден де бұрын сөз қылған Әбубәкір, Сырым да, Абыл, Ақтан, Нұрым да, Нешелер тілді бұрын да. Нәтижесі болмайтын Бос орынға ұрынба. Ақтың ісі – ақиқат, Адасып, жолдан бұрылма. «Артық пайда табам» деп, Бөлініп көптен, жырылма. Еңбек, ғылым – екеуі Көзіңнің болғай қырында. Дәйек тұта білмейтін, Бола көрмең құбылма. Дұрыс сөзді қош көріп, Келгенің тәуір ұғымға. Закон қуып, аңдыссаң, Ұшырайсың шығынға. Кісіге зиян етпеген – Ең тазасы шынында. Жанжалдасқан жамандардың Арасына тығылма. Аңдығанша біреулерді, Жыртығыңды тығында. Міндетіңді атқарып, Болғаның мақұл тынымда. Біреудегі нәрсеге Араныңды ашып, сұғынба. Ар-намыстан айрылып,

Алданбаңыз жұғынға. Еленбейсің еліңе – Біреудің жүрсең ығында. Жағаласпа жауызбен, Болмаса қару қыныңда. Уәделескен сертіңнен Өлгеніңше бұзылма. Әншейінде әңгірлеп, Орынды жерде мызылма. «Керілген кербез болам» деп, Құр босына сызылма, Құмарланба, достарым, Бояулы, беті қызылға. Кем көрмеңіз қызылдан – Болса татым тұзында.

Әдепті жігіт болғаның – Ата-анаңды сыйласаң. Алдына келер өзіңнің – Көрсетіп жәбір, қинасаң. Шырмаларсың сөзіңе – Тіліңді тартып, тыймасаң. Сараңдықтың салқыны – Кажетіне досыңның Сәл нәрсеңді қимасаң. Ақылыңның кемдігі – Ағайынға сыймасаң. Абыройдан айрылдың – Айылыңды жимасаң. Делдуана болғаның – Өсекті теріп, жинасаң. Сезімің өсер артылып – Алқаға түсіп, ширасаң. Рия кетер сөздерің – Сөз қадірін білетін Зерделі жанға ұйымасаң. Жақсы болса алғаның – Орындалып арманың, Жеткеніңіз мұратқа. Сыйлы болсаң жарыңа – Шыққаның биік қыратқа. Әсем наз бен сыпайы, Күлкісі келсе құлаққа.

Тұрса көзі күлімдеп, Жанып тұрған шыраққа. Бар нәрсеңді түгендеп, Берсе жауап сұраққа. Үлкен, кіші, замандас Мін таба алмай, ұнатса. Жабырқаған көңіліңді Ақыл тауып, жұбатса. Бөтен ойлы еркекті Адалдықтан айнымай, Әзілмен жығып, құлатса. Нәпсінің ермей соңына, Алғаныңмен тұрақта. Ақылы кем наданға Сыр алдырып, сынатпа. Сүйіп алған жарыңнан Кетпеңдер ұзап жыраққа. Қайырлы болса қадамы, Таза болса тағамы, Жұбайыңның осындай Сындырып сағын, жылатпа!

Жаман болса алғаның – Қорлыққа басты салғаның. Ағайынмен араз боп, Жаманатқа калғаның. Қиын болмақ жаманмен Абырой-атақ алмағың. Арқалайсың өлгенше Бейнеттің ауыр салмағын. Қосыла алмай қатарға, Тістеулі кетер бармағың. Жетесі төмен жасықпен Тіріде бітпес арманың. Бастырмайтын ілгері Жаман қатын болады Қозғалтпайтын қармағың. Махаббатсыз – өмір бос, Екіталай болады Мейірленіп қанбағың. Безіп кетер үйіңнен Ағайын-туыс, жан-жағың. Алмай тұрып аруды, Ақылын өлшеп, талдағын.

«Сұлу ғой» дсп сұқтанбай, Татымдысын таңдағын. Сай келе ме өзіңе, Абайлап қарап, аңдағын. Әліңе қарай әділ ал, Көтерсе қолың салмағын. Тегін танып, тергеп ал, Жақсылы-жаман аржағын. Басыңды байлау жаманға – Парызы емес Алланың...

  • *

Әділдік пен зұлымдық Кездеседі өмірде. Айтылып бұрын жүрсе де, Көпшілік үшін мен де айттым Жүрген ойды көңілде.

ТУҒАН ЖЕРІМ – МАҢҒЫСТАУ

(толғау) Алыстан аңсап еліме, Көкорай шалғын көліме Сағынғаннан келемін – Ата-қоныс жеріме. Әулиелер орнаған Қасиетті төріме. Қысылғанда дем берген, Елімнен шыққан еріме. Жеті жұрттың соңынан Бұрынғы ата-бабамның Мекен еткен жеріне. Қарсы тұрған қайсар ел Ұры, қары, бөріге. Шөптің басы шықтанған Атынан аққан теріне. Мекендік орын қоймаған Жын-жыбылыс періге. Беттей алмай дұшпаны, Құлаған қазған көріне.

Кіндігімді кескен жер, Аяқтанып өскен жер. «Жылдам жүріп кетсін» деп, Тұсау байлап, кескен жер. Кебежеге таңылып, Ауылдың үдей көшкен жер. Үміт етіп менен де, «Жігіт болар» дескен жер. Жылағанда әлдилеп, Бесігімнен шешкен жер. Еркелесем, есіркеп, Тентектігім кешкен жер. Еңбектеген жерлерім Екпін берді өзіме. Тілім шыққан жерлерім Әсер берді сөзіме. Қаз-қаз басқан жерлерім Шырай берді көзіме. Берсе, сатып алмаймын Басқа жердің алтынын Туған жердің жезіне. Жібегін керек қылмаймын Бұл араның бөзіне. Туған жерді көретін Күн бар екен көзіме. Ер жеткен соң бұл жерге, Қайта айналып көруді Келтірді дағдыр кезіме.

Дәл он алты жыл бұрын Жетім қалып әкемнен, Түріліп еді шылбырым. Жел айдаған қаңбақтай Алыс жерге зырғыдым. Қатарына қосылдым Ондағы қатар-құрбының. Талай өттім алдынан Неше түрлі сырлының. Алуан-алуан мінезді, Жігітте сегіз қырлының. Дүнияның бүгінде Парасатын таныдым. Білетін болдым айырып Жақсы мен жаман анығын. Өмір үшін өрмелеп, Өзімді мықтап жаныдым. Қиындықты көп көрдім, Көретін жігіт жанының. Дәстүріңді сағындым, «Қайран туған халқым, Көрем бе, - деп, - өлімді», Майданда жүріп налыдым. Төрт түлігі түлеген Есебі жоқ малының.

Ата-бабам мекені Алтын бесік, қазығым, Түрі – кілем түгіндей, Жусанды бел, жазығым. Аңшыларым құс салып, Қызығын көрген тазының. Жұтшылық қанша болса да, Тауып жеген азығын. Ұшқанын көргім келеді Үйрегі мен қазының. Ұжмақтай нұрға бөленіп Келгенін көргім келеді Маңғыстаудың жазының. Үстінен жүргім келеді Құмағы мен сазының. Уәжімдесіп, бірлескен Қазақты көргім келеді Көбі менен азының. Естігім тағы келеді Шат-шадыман күлкілі Сұлулардың назының. Кемеліне келтірген Халықты көргім келеді. Еңбегімді елеулі Халыққа бергім келеді. Үйреніп елдің өнерін, Шалықтай бергім келеді. Өнердің асқар шыңына Жалықпай ергім келеді. Қабыл болса мұрадым,

Жабықпай ергім келеді. Жетімдікті ұмытып, Қамықпай ергім келеді. Қаршығадай қанатты Қалықтай бергім келеді. Болашағын елімнің Анықтай бергім келеді. Қалың елім, қазағым, Қала берсе, адайым, Аталас, бәрің – ағайын. Отыз екі жыл бұрын Арқасында Советтің Арылдыңдар азаптан. Қөбің кедей шаруа едің, Шықпай жүрген мазақтан. Ойламаған Николай «Шығар-ау, - деп, - бір нәрсе», Кәдімгі біздің қазақтан.

Шығып едің орынсыз Адамшылық санақтан. Жұлынып ең жұрдай боп, Айрылып құйрық-қанаттан. Шеткері жүрген ел едің Оку-ғылым, талаптан. Қой соңында жүруші ең Азығыңа арқалап Қыл аралас шалаптан. Бүгіндері ел болдың, Бостандықтың таңы атқан. Есің кіріп, ер жеттің Айрылмастай тағаттан. Еңбек күнің қысқарды, Өлшеніп сегіз сағаттан Гүлстандай гүлдендің, Мәңгі кетпес жаз атқан. Туған жерім – Маңғыстау, Балаңды мендей сағынттың. Өмір берген өзіме Әруағыңа табынттың. Селк етпеген дұшпаннан Жүрегімді бағынттың. Қанатымды қатайтып, Қыран құстай ағыттың.

Енді өзіңе келермін, Ұлан-байтақ көлемің. Басымды иіп өзіңе, Сәлемімді беремін. «Қарсы алар, - деп, - түлегін», Бесігіме сенемін. Адырыңды аймалап, Бауырыңа енемін. Сенің үшін, туған жер, Сөз сұлуын төгемін. Қап-қап болған қара өлең, Қаптың аузын сөгемін.

Қалың елім, қауымым, Қайран туған ауылым. Бөтенің жоқ мен үшін, Өкпе, жүрек, бауырым. Әлдеқашан жазылды Жазылмастай жауырың. Бейнеттің енді көрмейміз Қиналарлық ауырын. Жауапты іске жұмсадың Жігіттердің тәуірін. Күресетін палуандай Кәдімгі қақпақ жауырын. Төрт түлікке толтырдың Ала қырдың сауырын. Күнде – думан, күнде – той, Салтанатты сауығың. Бәрінде – қарқын, бәсеке, Көтерген еңбек дауылын. Осындайға жеткізген – Социалистік дәуірің. Бұрынғы көрген жерлерім – Қарақия, Қауынды. Жетібай, Айран көлі мен Қаратау деген тауыңды. Шөбі шүйгін ол жердің, Малдары семіз, сауынды. Шопан ата, Масаттың

Дүние салған бұрынғы Айналасы қауым-ды. Күздігүні бұл жерлер Болатын елі жауынды. Жас кезімде көргенмін Жүретін көшкен ауылды. Жайылған малды көргенмін Жусанды қара бауырды. Жігіттерді де көргенмін Күдері сан, күпшек бел, Аттарды мінген сауырлы. Қанжығада жұмыры, Қойшылар мінген жауырды. Ол күндегі кедейлер Көрмеген мұндай дәуірді. Кірейін артып байлардың, Ұйықтамай, салған сәуірді. Өткен күнді көп айтпай, Қойғаным енді тәуір-ді.

Сақалына ақ кірген, Жасы жеткен шалдарым. Өзімнен үлкен аға мен Жеткіншек соңғы балдарым. Өздеріңе өрнектеп Азғана жырды арнадым. «Әзірге осы болар» деп, Әрегірек бармадым. Жүздеріңді көрген соң, Тарқамақшы арманым. Орныққан соң айтармын Сөзімнің асыл салмағын. Дидарласқан сіздермен – Есенғали саңлағың. Қалам ұстап майысқан Он бесімнен бармағым. Түзетерсіз өздерің Сөздердің шашау қалғанын. Осы болды, ағайын, Өзімнің туған жеріме Сағынып келе жатып жазғаным. 1949 жыл, 10 маусым. Маңқыстау, Қызық.

ӨЛЕҢ-ӨСИЕТ

Сұмдығым жоқ ақынмын аңқылдаған. Пайда іздеп, «Бай болам» деп талпынбаған. Қашаған, Сәттіғұлдай болмасам да, «Ақыным» деп ат қойған халқым маған. Бала мінез, мен өзім – елгезекпін, Бұлданып, бойым тежеп, тартынбаған. Алпыс асып, жетпіске таянсам да, Өлеңімнің көзі бар сарқылмаған. Сөз патшасы – өлеңді қастерлеймін, Көктегі найзағайдай жарқылдаған. Өзім сыншы емеспін, халқым – сыншы, Өлеңім сынға ілігіп, шарпылмаған. Қайсыбір ақындардың сөз саптауы Абыл, Нұрым, Ақтаннан артылмаған. Сөздері – жауға зәрдей, досқа нәрдей, Тау қыраны сияқты саңқылдаған. Екі ауыз сөз құраса кейбір сабаз, «Ақынмын» деп, таңдайы тақылдаған. Өзге түгіл өзіне пайдасы жоқ, Секілді балапандай қалтылдаған. Халқымыз ондайларды ұнатпайды, Қарғаның ұшқанындай жалпылдаған. Елімнің қажетіне жарамаса, Не керек әуреленіп, балпылдаған?! Мәні жоқ, мағына жоқ, күлдібадам, Әсіре құрғақ сөзді мақұлдамаң. Дұрыс сөзді «бұрыс» деп өлшеу бермей, Жақсы сөзді шегеріп, тақымдамаң. Жастарға соңымдағы ескертуім – Өлең сөзді орынсыз зақымдамаң. «Теріс айтты» дей алмас бұл сөзімді, Парасатты, білімді, ақылды адам.

АҚ БАТА

Уа, Құдайым, алдымен Парақор бастықтан сақта! Көрінгенге күлкі ететін Мәжігүндік, мастықтан сақта!

Тазалықпен жүрмейтін Мәңгүрет настықтан сақта! Жазықсызды жазғыратын Қиянат қастықтан сақта!

  • *

Қылығы жоқ қыздан сақта, Тынымы жоқ ұлдан сақта! Соңыңыздан калмайтын, Шамасы келсе, алдайтын Сұрқия сұмнан сақта!

Мас болып, құтырғаннан сақта, Барыңды «жоқ» деп жұтынғаннан сақта! Тапқаныңды қартқа салып, Ұтылғаннан сақта!

Елуден асқанда желіккеннен сақта, Шаруасыз, еріккеннен сақта! Істейін десең, жұмыс таппай, Үйде отырып, зеріккеннен сақта!

Ығай мен сығайлардан сақта, Шық бермес Шығайбайдан сақта! Берекесіз сыбайдан сақта, Жолы сұйық жұбайдан сақта! Шәйпау қатыннан сақта! Қадіріңді білмейтін, Дәрежеңді күндейтін, Дүрдараз жақыннан сақта! Ішіп алса, еліретін, Уақытша батырдан сақта! Орынсыз алданғаннан сақта, Тапқаныңды жөніне жұмсай алмай, Көзі малданғаннан сақта! Достарыңның әзілін ауыр көріп, Ашуланып, шамданғаннан сақта! Басқа біреудің несібесіне Ыссылай сұғынғаннан сақта! Жар төсегін суытып кәдір түнде, Әуреленіп, шығынғаннан сақта! Өтірікті судай сапырып, Құбылғаннан сақта! Қонақтарың үйіңе келіп жатса, Өзіңді «жоқ» дегізіп әйеліңе, Жасырынып, тығылғаннан сақта!

Керенау кердеңнен без, Тәкаппар менменнен без! Ата жолынан адасып, Ұры, қары, залымға ергеннен без! Зиянды дәріден сақта, Жамандықтың бәрінен сақта! Аллаһу әкбар!

НАҚЫЛ ШУМАҚТАР

Жақсы менен жаманның Жер мен көктей арасы. Абыройы әркімнің – Тіршілікте панасы. Абырой кетсе жақсыдан, Жаманның қанар табасы. Ақсатады жақсыны Жамандардың жаласы. Өсекшіл адам құрысын, Өшсін оның қарасы! Зияны көп қоғамға Сұмырай мен суайттың Берілмесе жазасы. Пайдакүнем ептіні Арамыздан аластау – Бәрінен де тазасы. Жау боп шықса жақының, Жазылмайды жарасы. Ақылдының ақылы Есалаңға қонбайды – Жетпеген соң санасы. Пілден ақыл сұрамас, «Зор екен, - деп, - қарасы». Баянды өмір, сірә, жоқ, Дүние – керуен, қаласы.

Зымыраған уақытты Тоқтата алмай келеді, Ешкімнің болмай шамасы. Күнде өзгерген құбылыс, Өлшеп бәрін қарашы. Қараңғы менен жарықтың Толастамас таласы. Қанша ақылды болса да, Мезгіл жетіп, қартайса, Кетеді бастың мазасы. Өзіміздей адамға Құтылу жоқ жырылып, Жеткені күні қазасы. Мәңгі өлмейтін – даналық, Әділдік үшін күрескен Адамның ойшыл данасы.

ТЕРМЕ

Ақынның бәрі – ақкөңіл, Жүрегі таза, жайдары. Қырлы найза сияқты Батырлардын айбары. Буырқанып, бұрсанған Дариядай қайнары. Можымайтын мұқалып, Асыл болат қайрағы. Жамандар ұмыт қалады Салындыдай сайдағы. Келешегін ойламас, Бұзылмастай қаймағы. Шайтан емей немене – Кірбің салып көңілге, Жүрегіңді шайғаны?! Азғын емей немене – Уәдесінен тайғаны?! Залым емей немене – Пәлені тапқыш қайдағы?! Саудагср емей немене – Жата алмайтын үйінде, Табу үшін пайданы?! Пиғылы жаман адамның Қылығы болар айғағы. Түсіруге беделді, Өсек айтып, ызыңдап, Таратып уын, жайғаны.

Төзімі мықты адамдар Тарыққанын білдірмес. Сырын шашып сыпайы, Қамыққанын білдірмес. Шаршаса да шалдығып, Талыққанын білдірмес. Өркөкірек тарпаңдар Айтқан ақыл сөзіңді Құлағына ілдірмес. Анда-санда болса да, Әзілін айтып, күлдірмес. Дерек тисе өзіне, Маңғазданып, мардымсып, Жел жағынан жүргізбес, Зарықтырмай кіргізбес. Алыстан келер хабарды Естімесе құлағың, Маңдайдағы көз білмес. Гауһар менен алтынның Қымбаттығын жез білмес. Желбіреген жібектің Асылдығын айырып, Теріс арқау бөз білмес. Білімі кем надандар Парасатты сөз білмес. Білімді мен білімсіз Болса да құрдас, мезгілдес. Ардагер асыл азамат, Жалғыздығын сездірмес. Құлқынының құлы боп, Төңірегін бездірмес. Жеңілдетіп жағдайды, Қиындыққа төздірмес, Қанша айтсам да қарманып, Ер қадірін ез білмес.

МАҢҒЫСТАУ – ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

Маңғыстау – талай елдің көшкен жері, Айбынды батырлардың өскен жері. Ардагер Әлібидің дабыл қағып, Артына із қалдырып кеткен жері. Бұл жерде Қармыс пенен Досан туған, Оларды дей алмайды «осал туған». Бұл жерге тұрақтамай кете берген Арқауы тарқатылып, босаң туған. Жыр төккен Абыл, Ақтан, ақын Нұрым, Қашаған, Сәттіғұл мен жырау Мұрын. Айбынды, жақсы сөзін еліне арнап, Өткен жер жырға қосып бізден бұрын. Солардың ұрпағының үлесіне, Ешкімнің ұшырамай сілесіне; Маңғыстау көтерді алтын шаңырағын, Қол салып кең байлықтың сүбесіне.

Маңғыстау – құтты мекен шаңырағым, Ізет қып, басымды иіп, табынамын. Түлеген түбегіме үнім қоспай, Мен қалай шабысымнан жаңыламын?! Өрлетіп, алып ұшып тілегімді, Барады шаттық кернеп жүрегімді. Өзіңнің түлеп ұшқан перзентіңмін, Табамын туған жерден тірегімді. Жетібай, Өзенім мен ару Теңге, Қалалар сап түзеген құба дөңде. Санасам сан жетпейді байлығыңа, Маңғыстау, мәшһүр болдың барлық елге. Еңбектің туын тіккен майданысың, Мұнайдың аққан бұлақ, қайнарысың. Нәрлеген ғылым, білім бұлағынан, Өрлеген өндірістің қаймағысың.

Кең алқап, құтты қоныс – ел мекені, Айбыңды, қаймықпайтын ер мекені. Қасиетті Маңғыстаудың болашағы Жігерін ерлерімнің өрлетеді. Бұл жырым енді өзіңе шашу болсын, Мәртебең, Маңғыстауым, асыл болсын! Отауы ынтымақтың, келешегің Бір емес, бірнеше мың ғасыр болсын!

НЕ ЕТЕСІЗ?!

Мырза деген адамың Сараң болса, не етесіз?! Адал деген адамың Арам болса, не етесіз?! Жақсы деген адамың Жаман болса, не етесіз?! Білгір деген адамың Надан болса, не етесіз?! Ел билеген басшыңыз Парақор болса, не етесіз?! Сыйласатын жолдасың Жалақор болса, не етесіз?! Қойныңдағы қатының Тұрлауы жоқ баянсыз, Жылан болса, не етесіз?! Туған балаң өзіңнен Томаға-тұйық жетесіз, Лаң болса, не етесіз?! Рахат көрмей өмірден, Өкінумен өтесіз.

ӘЛ-ФАРАБИ

Данышпан әл-Фараби әбу-Нәсір, Жасадың арып-ашпай он бір ғасыр. Әлемнің шетсіз-шексіз аспанындай, Ғылымның мұхитысың ұлан-асыр. Тудың сен қазақ жері – Отырарда, Ойшыл жан ізденіссіз отырар ма?! Ибн-Сина, Бируни, Омар Хайям, Өзіңді ұстаз тұтты осылар да. Меңгердің араб, парсы, түрік тілін, Өзіңе біткен барлық ғылым-білім. Ешкімнің таласы жоқ дарыныңа, Еңбегіңнің тапқан жоқ адам мінін. Ел болды әлемге аян қазақ халқы, Көркейіп, өрге басқан сана-салты. Мыңдаған ұлағатты ұстаздардың Жайылып жер жүзіне, жеткен даңқы. Қалдырдың өшпес мұра кейінгіге, Өнегең мирас болып зейіндіге. Ғалымдар өнеріңді жалғастырды, Түнеді надандықтың сейілі де.

Әл-Фараби, ғылымның жұлдызысың, Күн сүйген Гималайдың шың-құзысың. Әлі де берерің көп қазынаңнан Болашақ ұрпақтардың ұл-қызы үшін.

ҒАЛЫМ ҚҰРДАСЫМ ҒҰБАЙДОЛЛАҒА

(Филология ғылымдарының оқымыстысы Ғұбайдолла Айдаровқа арнаймын) Бұлыңғыр бұлтты күніңнен – Желсіз айлы түн артық. Қарқылдаған қарғадан – Сайраған бұлбұл үні артық. Түсініксіз болса да, Жас сәбидің тілі артық. Қадірлейтін үлкенді Ағаларға – іні артық. Тұла бойы ақ қырау, Қаһарлы қыстан – жаз артық. Бір-біріне сыр айтқан Құрбылардың назы артық. Қорашыл жаман төбеттен – Үрмесе де, тазы артық. Қажетсіз заттың көбінен – Қажетті заттың азы артық. Тәрбиесіз жастардан – Өнегелі шал артық.

Абыройсыз кәріден – Нәресте, сәби бала артық. Бақырауық қоспақтан – Мыңқ етпейтін нар артық. Ұзынқұлақ есектен – Ат баласы – жабы артық. Рәсуа дәулеттен – Абырой мен ар артық. Дертке шипа болатын Ащы да болса, дәрі артық. Кісіні ренжітуден – Сыйласқанның бәрі артық.

Түзейтұғын мініңді Әділ айтқан сын артық, Өтірік сөзден – шын артық. Ашық ауыз аңқаудан – Ақылы бар сұм артық. Берекесіз болған соң, Байымайды ұры артып. Әсер берсе әркімге, Тыңдағанды құмартып; Өзі өлсе де, өлмейтін Ақындардың жыры артық. Әмбеге бірдей әр уақыт Ай мен Күннің нұры артық. Екі аяқты, бір басты Осы күнгі адамның Біреуінен бірі артық. Қайта айналып келу жоқ, Өлген жаннан – тірі артық. Сөйлей білсек жүйемен, Тіршілікте тіл артық. Орын таппай сөйлесек, Аламыз бойға кір артып. Қайырсыз сәнді үйлерден – Даладағы моланың Паналауға ығы артық.

Татымсыз тағам болмайды, Көп нәрседен – тұз артық. Ықылассыз сыйлықтан – Жақсы лебіз жүз артық. Саналы болса, ұл артық, Сабырлы болса, қыз артық. Соқпағынан жаманның – Шарапатты жақсының Басып кеткен ізі артық. Қопалы қалың батпақтан – Өткел берсе, мұз артық. Даудың артын көбейтіп, Алмаған жақсы ұзартып. Алыс пенен жуықты, Айыра білсе, көз артық. Қолға түспес алтыннан – Қолыңдағы жез артық. Тозығы жеткен жібектен – Жаңа болса, бөз артық. Мың да болса, қорқақтан – Бір батырдың өзі артық. Бәрін айт та, бірін айт, Жамандардың өзінен – Жақсылардың сөзі артық. 1972 жыл, желтоқсан.

АКАДЕМИК ЖАЗУШЫ СӘБИТ МҰҚАНОВҚА АРНАУ

Кітапты том-том етіп жазса-дағы, Болаттай қалам ұшы мұқалмаған. Тартысып тар кезеңде тап жауымен, Ел мүддесін жері жоқ бұтарлаған. Қазақтың маңдайалды қаламгері, Қабағын «Қажыдым» деп, шыта алмаған. «Сақылдаған өмірдің қыспағында» Белдесіпғ «белсенділер» ұта алмаған. Қаламын кең сілтеген атырапқа, Сәбит емес өмірді тұтамдаған. Көсемнің айтып кеткен уағыздары Жүректен орын алып, сақталынған. Сол кезде ақындарға көшбасшы боп, Өмірдің өтті Сәбең шатқалынан. Аяқтан ілмекші боп жармасқандар Ілесе алмай, шаң жұтты қапталынан. Проза, поэзия, пьесалары Жауларға жалын атып атқарылған. «Октябрь өткелдері», «Жұмбақ жалау»,

«Сөз – Советтік Армия», «Сұлушаштар». Мәңгілік ел аузында жатталынған. Есімі ел аузынан түспек емес, Тұлпардай танбайтұғын шапқанынан. Бостандыққа ұмтылған елі үшін Майданның түскен өзі таласына. «Сүйеніш етпесеңдер болмас, – деді, - Адамзаттың Лениндей данасына». «Лениннің әділ жолын ұста» деді Еңбекші тап қазақтың баласына. «Ұйқыдан қалың қазақ оян!» деді, Жар салып Сарыарқаның даласына. Жеткізді Октябрьдің қағидасын Жұмысшы, шаруалардың санасына. Адасқан асауларды дер кезінде Орнықтырды, келтіріп сабасына. Сабырлы, салиқалы сөздерімен Сыймағанды сыйғызды қанасына. Партияның туын ұстап, аман өтті Қала алмай дұшпандардың табасына.

Арнасы кеңдігінен тасымаған, Жауынан «жеңілем» деп, жасымаған. Келгенде он жетіге Октябрьде, Лениннің идеясы асыраған. Нұр төгіп Қазақстан даласына, Кремльден шұғыла шашыраған. Ақындардың ағасы боп жасай бермек, Қазақтың сөз зергері, асыл адам. Көп оқып, көп ізденіп, болған ғалым, Дүние танып, әлемді шалған ғалым. Халқына, партияға қалтқысыз, Бұлжытпай орындаған өмір заңын. Адымы адуынды ақын Сәбит, Халқымның баршасына жақын Сәбит. Өзімен үзеңгілес болып жүрді Әйгілі жазушылар Мұхтар, Ғабит. Өзекті жан өлмекші кезіменен, Тәні тозып, айрылса төзімінен. Жүздеген жылдар бойы жасай бермек,

Ұрпақтарға қалдырған сөзіменен. Тірісінде дәмдес боп, дидарластым Даңқты Сәбекемнің өзіменен. Өзі өлсе де Сәбекемнің сөзі қалды, Артында мұрагер боп көзі қалды. Ақынымның бейнесі төрімде тұр, Айтқан өсиеті, сөзі қалды. Қазағымның бақыты үшін жаралған, Талай ақын өзіңізден нәр алған. Арманың жоқ, ақын аға, мәңгілік, Сөздеріңіз жер жүзіне таралған.

ОМАР ҺАЙЯМНАН

(Еркін аударма) О, Құдай, қолың мырза залымдарға, Уақыт жоқ күнәсізге дамылдарға. Болғанда дүнияңа өзің қожа, Адамды алалайтын заңың бар ма?! Біреуге ақыл менен арды бердің, Найсапқа үйді тігіп, барды бердің. Ақылды, парасатты, ойлы адамға Қасірет, қайғы менен зарды бердің. Біреудің ойы жүйрік, қолы қысқа, Қолы қысқа кісінің жолы қысқа. Теп-тегіс дүнияны жасамаған Болса да Құдай шебер, өзі ұста. Тіленіп, Құдайдан зат ала алмайсыз, Бейнетсіз ұжмаққа бара алмайсыз. Ерінбей еңбегіңмен наның тапсаң, Тамұқтың қорасына қамалмайсыз.

МАҚТЫМҚҰЛЫҒА

Мақтымқұлы – тілділердің тілдісі, Өлең-жырдың бастаушысы, үлгісі. Тар бұғауда, тар кезеңде алысқан, Таңдайына қонақтаған мұң құсы. Мақтымқұлы, сөнбейтұғын шырақсың, Теңдесің жоқ ойың ұшқыр пырақсың. Әділетті сүйетұғын елімнің Мейірі қанып ішетұғын бұлақсың. Пір тұтқан ақындардың көсемісің, Турашыл, ойың озық, шешенісің. Мейірін қандыратын шөлдегеннің Өлеңнің құдіретті нөсерісің. Мақтымқұлы, ғасырлардың көзі – сен, Ақындардың аузындағы сөзі – сен. Қазақ, түркімен, қарақалпақ, өзбекте Ұмытылмас қадірлінің өзі – сен.

Сенің жырың – бір қазына жатпайтын, Ғасырлардан-ғасырларға аттайтын. Әділетшіл адамзаттың баласы Жүрегінің түкпірінде сақтайтын. Өзіңдей жан туса – туар, артылмас, Бірақ сізден үлгі алудан тартынбас. Асыл жырың жер жүзіне таралып, Басы – бұлақ, түбі – мұхит сарқылмас. Халқың үшін қапаландың, қайғы алдың, Ең алдында жүрген жандай майданның. Сенбейтұғын күні болып елімнің, Өлмейтұғын, өшпейтұғын мұрамызға айналдың. Көп рахмет туған түркімен халқына, Қазақ тілі сүйсінеді даңқыңа. Нық орынды жүректерге мәңгілік Тот баспайтын маржан жырың жалпыға. 1990 жыл, мамыр.

УӘЙІС ҚАЙРАЛАПОВ (19271993)

Уәйіс Қайралапов – 1927 жылы14 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақжар елді мекенінде дүниеге келген. 1948 жылы Ақтөбе қаласындағы Нұрпейіс Байғанин атындағы мемлекеттік оқытушылар институтының қазақ тілі және қазақ әдебиеті факультетін, 1958 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін үздік дипломдармен бітірген. Ұстаздық еңбек жолын Маңғыстау облысы Форт – Шевченко қаласындағы М.Горький атындағы орта мектепте бастаған. Оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, Форт – Шевченко қалалық, Маңғыстау және Бейнеу аудандық оқу бөлімдерінің меңгерушісі болды. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. У. Қайралаповтың суырып салма ақын, драматург ретінде қаламынан туған өлеңдері, поэмалары, рубаяттары, пьесалары, айтыстары кезінде аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде кеңінен жарияланды. 1973 жылы «Шұғыла» атты ақын – жазушылардың топтама жыр жинағында өлеңдері енгізілді. Ақынның «Ақбөбек», «Махаббат ғаламаты», «Маңғыстау аңыздары мен ақиқаттары», «Ақшора - Белтұран», «Бейнеу - Қоңырат», «Шәкірттерімен сырласу» поэмалары, «Шығыс жұлдыздары жетегімен» атты рубаяттары қалың оқырманға кеңінен таныс. Оның драматург Б.Қорқытовпен бірлесіп жазған «Ақбөбек» атты үш актілі, алты көріністі драмасы М. Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрының репертуарында берік орын алып,

қалың көпшілікке көрсетіліп келеді. Ақынның аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі айтыстары өз алдына бір төбе. 1971 жылы Алматы қаласында өткен Жамбыл Жабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысында Уәйіс Маңғыстау атынан қатысып, жүлдегер атанған және арнайы Жамбыл сыйлығымен марапатталған. У. Қайралапов ақын ретінде ғана емес, күйші ретінде де өзін көрсете білді. Оның «Сағыныш» және «Көңіл» күйлері көпшілікке таныс. Сол сияқты «Аққұсым», «Форт – Шевченко жастарының жыры», «Аяулым», «Бейнеу частушкалары» т.б. әндері бар. У. Қайралаповтың поэзиялық мұрасы 2010 жылы жарыққа шыққан «Өлеңім өмірімнің жалғасындай...» және 2012 жылы жарық көрген «Өмірімді өлеңмен өрнектедім...» атты кітаптары арқылы қалың оқырманға жол тартты. У. Қайралапов 1993 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу селосында өмірден озды.

ТАҒДЫР ТОҒЫСТЫРҒАН Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Саламат Мұқашовтың ақын Уәйіске көрсеткен қамқорлығы жайлы

Мұнан жиырма жыл бұрын, яғни 1988 жылы құрылғанына он бес жыл болған Маңғыстау облысының таратылғанын жұртшылық жақсы бiледi. Әрине, “балапан басына, тұрымтай тұсына” дегендей, бұл көптеген жандарға оңай тиген жоқ. Соның iшiнде көршiлес түрiкмен елiнде, қазақ тiлiнде шығатын “Жұмысшы” газетiнде он үш жыл қызмет iстеп, ендi ғана атажұртына табан тiреген маған да қиын болды. Өйткенi, менiң облыстық “Коммунистiк жол” газетiнде қызмет iстей бастағаныма үш-ақ жыл болған, басымда баспана жоқ, туған-туыстың бәрi Түрiкменстанда қалғанды... Басқа да облыстық құрылымдар сияқты газет те жабылып, маған Бейнеу аудандық газетiне баруға ұсыныс түскенде көп ойланып жатпадым. Себебi орталықтан шалғай болғанмен әйтеуiр Маңғыстау жерi және өзiмнiң сүйiктi кәсiбiм, оның үстiне бiр бөлмелi пәтер дайын тұр екен. Сондықтан да Бейнеуде контейнер алаңы жоқ дегеннен кейiн алпыс тонналық жүк тиелетiн қара вагонды жалдап, оның бiр бұрышына балашағам мен көрпе-төсегiмдi салып алып, салдырлап көшiп бардым. “Көрмеген жер - көрстан”, “Танымасын - сыйламас”, деп қазақ айтпақшы, бiрақ олай болмай шықты. Елдiң азаматтары сау болсын, күптi көңiлмен барған маған алғашқы күндерден-ақ қамқор болып, құшаққа тартты. Ауданның сол кездегi бiрiншi басшысы Дүйсекең, Дүйсенбi Әрiпов, аудандық атқару комитетiнiң төрағасы Қуандық Нұрғалиев, оның орынбасары Ибрагим Мұрасов, аудандық газет редакторы Айтуар Өтегенов, iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы Қонарбай Қилыбаев, оқу бөлiмiнiң басшысы Мырзабек Болысов, тұрмыстық қызмет үйiнiң директоры Ыбырай Юсупов, тағы басқа да жiгiттер бұрыннан етене таныс жандарша қарсы алды. Көшiп барған күннiң ертеңiне-ақ Сабыр Адай келдi, оған iлесе өлеңдетiп, марқұм Уәйiс Қайралапов пен Қаржаубай Жылқыбаев жеттi. Әлi есiмде Уәкең салған жерден: Байқаңдар, қасыңдағы мұнараны, Белгiсiз оның қанша тұра алары. Қандай халық болмасын оның атын Әр кезде ақындары шығарады... деп тақпақтай жөнелдi. Бiздiң аз да болғанмен жадымызда ұзақ сақталатындай достығымыз осылайша басталып кеттi. Иманды болғыр Қаржекең екеумiз бiр кәбинетте отырамыз. Сабыр аудандық мәдениет бөлiмiндегi қызметiне бара жатып, жолшыбай бiзге бiр соқпай кетпейдi. Ал, кешкi мектептiң директоры Уәкең әуелi телефонмен мазалайды және кездесiп әңгiмелеспеуiңе қоймайды. Одақтың орталық әдеби газетжурналдарын қалт жiбермейдi, жаңа шығып жатқан әдебиеттi көп оқиды.

Өзi оқыған тұшымды дүниелердi сенiң де тауып оқуыңа көмектеседi. Ұмытпасам “Звезда” сияқты, бiр қалың журналда алғаш жарық көрген “Тайный советник вождя” деген романды қоярда-қоймай оқытып, пiкiрлескенi бар. Өлкемiзде жазба ақын ретiнде танылған ол табан астында суырып салатын айтыскер де едi. -Бiрде Гурьевке (қазiргi Атырау қаласы) бардым, сол жылдары облыс орталығы болатын. Төрт-бес күн қыдырыстап, бұрыннан араласқұралас жүрген ақын Ғизат Әбiлтаевтың үйiне соңынан бардым, ол кiсi ауласында жүр екен. Менiң алдымен өзiне соқпай осында жүргенiмдi естiген болуы керек, қабағы қатыңқылау. Салған жерден өлеңдетiп, тиiсе жөнелдi: Сен бе едiң ақын жiгiт Уәйiс деген, Бұл жаққа келiп пе едiң жай iспенен? Келгелi төрт-бес күннiң жүзi бопты Үй қалды ма, сен барып шай iшпеген? -дедi. Мен де табан астында жауап қаттым: Мен едiм ақын жiгiт Уәйiс деген, Бұл жаққа келiп едiм жай iспенен. Ол рас талай үйдiң дәмiн таттық, Қалып тұр тек сiздiң үй шай iшпеген?... -деп едiм, күлiп келiп қолымды алып, бетiмнен сүйдi,-дейтiн Уәкең. Бiрде Уәйiстiң үйiнде отырғанымызда ағаштан оюлап жасалған, қаусырмалы қақпаққа көзiм түстi. Жоғарыға iлiп қойыпты. Мұны байқап қалған ақын: -Мен орынсыз жерден шатылып, бiр таныс кiсiнiң аттестатты жуғаным деп тастай салған отыз сомын көрген бiреулер “аттестат сатты”, деп шағымдануынан сотталып кеттiм... Естуiмше бiр күндерi Бейнеуге Саламат Мұқашов келiптi. Iс басындағы жiгiттердiң көпшiлiгiн танитын ол бiр кезде “Сендерде осы бiр ақын жiгiт бар едi, сол көрiнбейдi ғой”,-дейтiн көрiнедi. Хабарды естiп, жағдайды бiлгеннен кейiн: “Ол бiр аңқылдаған, адал жiгiт сияқты едi, нақақтан күйдi ме, әлде қателестi ме анықтау керек екен”, деп мән-жайды сұрастырып, жазып алыпты. Сол кiсiнiң тигiзген шарапатының арқасында мен босап шықтым. Ақтөбедегi колонияда отырып, үй жиһаздарын шығаратын фабрикада жұмыс iстейтiнмiн. Содан жүректi қуаныш кернеп, шабытым шалқып, Сәкеңе жыр арнадым, оны мынадай қаусырмалы ағаш қақпаққа ойып жаздырдым, екi дана ғып жасаттым. Мұның бiрiн Саламат Мұқашовқа апарып бердiм, екiншiсi мiне, мынау,-деп орнынан тұрып, ағаштан өрнектеген, iшiн ойып өлең жазылған қаусырма қақпақты қолыма бердi. Онда былай деп жазылыпты: Саламат Мұқашовқа Қандай жерде жүрсе де, қайда жатып, Сөз iрiсiн сөйлейтiн майдалатып, Сәлем жолдап отырған, Сәке, Сiзге Өзiңiздiң Уәйiс Қайралапов!

Жүрмесем де ортамның қолы болып, Көрмеп ем қатарымның соңы болып, Халқымның бағы болып жанармын да Естiлмеспiн деушi едiм соры болып. Бiлмеппiн. Жатыр екен азабы артта, Тағдыр менi үлгердi жазалап та, Оңай ма атағы мен абыройын Жоғалтып ала қою азаматқа. Сан түрлi адамдармен сырласыппын, Бiреуi едiм өмiрге шын ғашықтың. Шыңыраудың түбiне құлап барып, Қанаттанып, қайтадан шыңға шықтым. Дертiмнiң ем дәрiсi табылмастай, Болып едiм, азабым арылмастай. Өртенiп жатқаннан Сiз құтқардыңыз, Қанатымен су сепкен қарлығаштай. Жатқанда бақша түгiл дала гүлдеп, Өмiрде үлесiң бар, ала бiл-деп. Сiз маған самғап ұшар қанат берiп, Космосқа алып шықтыңыз, корабль боп. Шегiнiп қала бердi жолы тар күн, Жүректi мұнан артық жылытар кiм? Өмiрде бiр биiкке шыққандаймын Мұныңызды мен қалай ұмытармын. Исiнен адам жүрген iздеп менiң, Көп едi көңiлiме тiзгендерiм. Адамның адам үшiн қамқорлығы, Дегеннiң үлгiсiн мен Сiзден көрдiм Жатпай-тұрмай ел қамын жейтiндердiң, Мен бүгiн өзiн көрген кейпiндемiн. Шiркiн-ай, болсын дағы бәрi Сiздей Өздерiн азаматпыз дейтiндердiң!!!! Жатыр ем көңiлiме қоныс тiлеп, Iзгiлiгiң алдымнан тоғысты кеп. Ант еттiм мен өзiңе ақ жүрекпен Өтуге өмiр бойы борышты боп. Нұрыңның жұттым бойға тарағанын, Бұл Сiздi жан-жүйеме балағаным. Сiзбенен бiр әкесi екеу болып, Мәз болып жатыр бүгiн балаларым. Бұл iзгiлiк есiмнен кетпес менiң, Сiз үшiн кеудеме гүл екпес пе едiм. Сiз көрсеткен iзгiлiк қарымтасын Қайтаруға өмiрiм жетпес менiң.

Iзгiлiк ел есiнде қала бермек, Жаздыңыз жүректегi жараны емдеп. Тiлеймiн мазмұнды, ұзақ өмiр сүрiп, Халқыңа шамшырақ боп жана бер!-деп. Зор құрметпен: Уәйiс Қайралапов. 1982 жыл, Ақтөбе қаласы. Иә, бүгiнде Уәйiс ақын да, ол жыр арнаған Саламат Мұқашов та дүниеден озды. Газет беттерiнен кезiнде облысымыздың бiрiншi басшысы болған Сәкенiң 80 жылдығына орай мақалалар, лебiздер жарияланған кезде менiң түсiме Уәкең кiрдi, рух берiп жүргенi болар деп ойладым. Содан оның осы арнау жыры есiме түстi. Тiрi болғанда ол да жүрекжарды алғысқа толы арнауын жолдар едi-ау деген оймен осынау жырын көпшiлiкке ұсынуды парыз деп бiлдiм.

Темір Мыңжас Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

МАҢҒЫСТАУ АҢЫЗДАРЫ МЕН АҚИҚАТТАРЫ

(Өлеңдер) ТОЛҒАНЫС Ескеріп ескісін де, жаңасын да, Болып көрсең Маңғыстау даласында Байқай алмай қаласың жан-күйіңнің Өзгергенін қас пен көз арасында. Халқы төрден ұсынып қақ төбені, Қызығын жаяды да қақ бөледі. Қай жеріне барсаң да Маңғыстаудың Жарқылдап қарсы алады Ақбөбегі. Отырған қырандарша тояттанбай, Кете алмайсыз арман мен ой ақтармай Құлайсыз құмарлықтың құшағына Ұйқыдағы аруды оятқандай. Даланың шексіз, шетсіз атырабы, Тұңғиық ойға сені батырады Шевченко қыл қаламы өрнектеген «Ақмыш-таулар» айқайлап шақырады.

Тарихы тұңған өлең, жыры гауһар Бұл өлкеде бүлкіл жоқ, - зымырау бар Маңғыстау маңғаздығын өлшесін деп Көлгітіп көк теңізді қосып берген. Табиғат өрмелетіп өр төсіне Ойланғандай тоқырап ертесіне Жер астының байлығы жетеді деп, Орман-тоғай бермеген өлкесіне. Бұл өлке кеңдігіндей дала бар ма, Өлшеп көр аспабыңды ала бар да. Маңғыстау биіктігін түсінесіз Манатаның басынан қарағанда. Қуанады ел түкіріп қолдарына Өлкесінің «Жер-ұйық» болғанына. Маңғыстаудың кеңдігін түсінеді Үстірттің жортқан жандар жондарында. Бұл жерді мақтамаса, қарғамапты, Дархан дала бөлек күй таңдамапты. Бейне бір тастан соққан қамал дерсіз Жағалай теңіз баққан жарқабақты.

Өтсе де бастан түнек-қараңғы күн Еш озбыр арта алмаған арамдығын Дархан халық пейілі шалқар қылған Қатігез табиғаттың сараңдығын Өлкенің өрендігін көре білген Талай ақын сый тартқан өлеңімен Маңғыстаудың байлығын анықтайды Өлшеген кәрі Каспий көлемімен Сусынға ащы терін сығып алып, Шыдамдылық шыңына шығып алып, Алтын аймақ алаңсыз жата берген Бар асылын қойнына тығып алып. Бүйірін түртсе бүйрегі бүлк етпеген, Асылын жасырыпты бүркеп төмен. Үстінен түйе жүріп жатса-дағы, Шыдамы шытынамай тырп етпеген. Тағдыры шартарапқа тарамданған Құралсыз ел қазына ала алмаған Мәз болып шымыраудан су шыққанға Онан ары-тереңге бара алмаған.

Ғалымдар да көп келген барлауменен Сұлу сырын жасырған алдауменен. Ашынғаннан кейбірі ашуланып, Шектелген тек құдайын қарғауменен. Бүкіл өлке белдеуін орай біткен Асыл қолға түсер ме оңайлықпен. Бүгінгі ұрпақ бәрінен де мықты болды, Сапарынан оралған мол байлықпен. БҰРЫНҒЫ МАҢҒЫСТАУ Бұл Маңғыстау аймағы не көрмеген, Бедер бар ма бұл тоқтап бөгелмеген. Ілгері басқан ізі кері кетіп, Сан ғасыр көсегесі көгермеген. Кең дала, шексіз дала көлбеп жатқан, Өмірі де өзінше төлдеп жатқан. Күйзелген ел, көз жасын сусын етіп, Жете алмай бостандыққа шөлдеп жатқан.

Керілгенмен бойдан қан тарата алмай, Науқастың бетін бері қарата алмай. Заман кейпі жирылып тарылғанда, Байтақ жер болушы еді алақандай. Күдер үзіп терезе теңдігінен Ағымға ерген ел тек елдігімен Өмір көндей құрысып, кеуде қысса, Не пайда жердің байтақ кеңдігінен. Осындай болып мұңы басындағы Жылжи берген Маңғыстау ғасырлары Төгілген елдің ащы көз жасындай Келуші еді көк теңіз қасындағы. Білмеген ел хат жазып, хат алуды, Көрген тек ой-өрісі маталуды. Халықтың тәтті арманы болса керек, Өзенсіз жердің өзен аталуы.

Бір дария мұнда кеп құйылмапты, Сусыз өлке жай-күйді қиындатты Жылап аққан әр жерде көзден басқа Бұрқырап бір бұлақ та бұйырмапты. Халық зары жалындап алаулайтын, Тұлпар терге малынып танаурайтын. Ерғали «Бозашысын» боздатқанда, Маната мұңға батып манаурайтын. Келешектен дәметпей алданда да, Сан көңілде жазылмай қалды жара. Жұт жылдар малды түгел жұтып салып, Кез болған қалған жалғыз «Жалды қара». Азаптың құрғамастан қойды тері, Тарылып өрісімен ой бітелді. Хиуадан қарақшылар ат құрғатпай, Шулатып жатушы еді бейбіт елді. Өріс алып озбырлық барымтасы, Қанмен ғана қайтатын қарымтасы

Өзін емес, -бай малын қорғаймын деп, Кемитін кедейлердің жарым жасы. Қажыған ел орнынан шаққа тұрып, Салынса да еркіндік баққа құлып, Соның бәрі жырменен күйге айналып Жататын арнасынан ақтарылып. Ескірмей ел есінде өткендері Бұд өлке жырдың орын тепкен жері Атышулы сыпыра жыраудың да Маңғыстау өмір сүріп өткен жері. Заман қысы қаңтардай қақағанмен, Алтын мұра тот баспай жата берген. Күй мен жырды сапырып сапты аяқта Сімірген Құрманғазы Қашағанмен. Шешіліп белден белбеу, бөрік бастан, Кеудесі секілденіп көрік басқан. Құрекеңнің көп күйі шаңқан боздап Тап осы Маңғыстауда көбік шашқан.

Адамды тағдыр қайда айдамайды Өнерге дала мүлгіп ай қарайды. Құрекең тартқан мұнда «Адайы» мен «Балқаймақ», «Айда бұл-бұл, Айжанайды». Аққудай жатыр қанат жайған ізі, Кем емес толып туған Айдан жүзі Талайды табындырған талантына Кімнен кем еді Адайдың Айжан қызы. Жаралы ақ киікке ұсады да, Ілініп озбырлықтың пышағына Ақбөбектер тұншығып қалған жоқ па Есерсоқ Есбергендер құшағында. Бұл өлкеде думан мен ду қызыпты, Көңіл кіріп жыр, күймен жуғызыпты. Ақын Абыл алқаға аз болғандай Маңғыстау күйші Абылда туғызыпты. Тоғысып бір арнаға талай арман

Шарқ ұрған жырсыз сая таба алмай жан Бұл өлкеде ақындық өріс алған Басталып Ахтан, Нұрым, Аралбайдан. Бақыла жазда, қыста, күзде келіп Бәрі де түседі бір ізге келіп Бұл өлкеде жырдың бір желісі бар Жалғасқан Сәттіғұлмен бізге келіп Заман көші үзілмей жалғасады, Өнер де ұрпағымен алмасады. Бұл өлкенің баласы еңбектесе –ақ Домбыра шанағына жармасады. Шомылған тұнық өнер бұлағына Ән мен күй тамыр жайған тұрағында Жібектен де биязы қыздар мұнда Домбыраның ойнайды құлағында. БҮГІНГІ МАҢҒЫСТАУ Бүгінгі Маңғыстауға барып қара, Адымы жеткізбейді алыпқа да Мұнай мен газ үстінде түнеп жүріп Кезінде жарымаппыз ғой жарыққа да.

Білте шамды атоммен жалғастырып Жер үйден зәулім үйге жармасты жұрт Тұлпарлардың орнына ТУ-лар мініп, Түйені тепловозбен алмастырдық. Көркімен көршісіне ұнап қатты Ұлы дүрмек дүбірі шыдатпапты Амудария арнасын ала келіп, Ат басын Маңғыстаудан бір-ақ тартты. Тарықса тамшы су жоқ сұрап алар Құс қанаты күйдірген бұл аралар Бұл күнде жол бойында жүргізбейді Аспанменен тілдескен мұнаралар. Көлігі жылқы, түйе қолдарында Ат болдырған айшылық жолдарында Бұл күнде экспресс жорғалайды, Маңғыстаудың жоталы жондарында. Ел терінің соры мен тұзы жатыр, Ерліктің құламаған құзы жатыр Халқы үшін шайқасқан Үш ауызда Досан мінген тұлпардың ізі жатыр.

Ескі үнді жағартып жырақтағы Ой менен сыр жаңаша сыр ақтарды Күміс үнді сылдырын жоғалтпапты Ақбөбектің су алған бұлақтары. Бұл өлкенің Құламас құздары бар, Сұстанса қалтыратар ызғары бар. Керісінше, биязы, нәзік жанды Аппақ нұрдан жаралған қыздары бар. Ел салты бар бет алса, -қайтпайтұғын, Таппайтұғын сырларын айтпай тыным. Жігіті бар артсаң да, атан түйе, Маған ауыр болды-ау!-деп айтпайтұғын. Қарттары бар ғасырды аттағандай Бел шешіп өмір бойы жатпағандай Бар шежіре тұнып тұр бастарында Сандыққа салып қойып сақтағандай.

Дәстүр жоқ мұнда ешкімді бөтен деген, Салмақ бар ма бұл өлке көтермеген Маңғыстау дархандығын паш еткендей Жетпіс ұлт Жетібайды мекендеген Кеп-кеше жарыққа зар бұл аралар Керосин де таппаса сұрап алар, Бүгінде жоғары вольт жалғастырып Мұрнынан тізіліп тұр мұнаралар. Ауыр жүктен арылып мұз белі бір Келесі өрге қарай жүзгелі тұр Кеше біз ат шалдырған атырапты Күміс қанат лайнерлер тізбегі тұр. Бұл неткен көркем біткен көрік еді, Қиялың қырық саққа бөленеді. Шевченко биігінен қарағанда, Кавказдың жоталары көрінеді. Қырқасына қыруар мал жинап қыр, Ойпаты ортасына бал жинап тұр Кешегі қозы, лақтар қрісінде Мойынын көкке созып комбинат тұр.

Ұлы іске үлес қосу-парызым деп, Мұнда келем деушілер арызы көп. Бұл өлке келгендерді жек көрмейді Беруге де қалмайды қарызды боп. Бұл өлкеге өмірдің шұрайындай Ән-күй керек бетінің шырайындай Сарқылмас жырдың мол кені керек Өзінің газы менен мұнайындай. Көрмеген дағдысынан бір жаңылып Бұл жердің көркі нұрға тұр малынып Мейман болсаң, ат мініп, шапан киіп, Ақын болсаң, қайтасың жыр жамылып. Кен көзін ашамыз деп таң тыңнан Бұл жердің бар тиегі ағытылған Қай жолына түссең де, Маңғыстаудың Аумайсың Коммунизм бағытынан.

ЕЛУІНШІ ЖЫЛДАРДА Үңілгендей май іздеп тортасына Етін жемей-ақ тойғандай сорпасына. Тыңдағаным бар еді бір ғалымды Елуінші жылдардың ортасында. Сөйлеген ол шабытпен еміреніп Ара-тұра арындап екіленіп Көрінді ол Маңғыстауды ажуалап Ертегі айтып отырған секілденіп. Мін таққан жоқпыз оған айып қойып Қалғанбыз лебізіне байып, тойып Сөйледі ол жер қыртысы карталарын Жағалай қабырғаға жайып қойып. Ол кезде мекен сирек қонатұғын Ештеме жоқ уысқа толатұғын Түгелдей Маңғыстаудың қыр-ойында Жалғыз ғана қалашық болатұғын. Оның да поселоктей бар аймағы Өндіріс жоқ, ашылсын қалай бағы?! Жан-жағы жалпақ дала болушы еді Жылан жалап кеткендей маңайлары.

Ойыңа іріккенің іріктелмей, Көңіліңнің ақ сүтін іріткендей Тастары да әр жерде андағайлап Селтиіп тұрушы еді үріккендей Болар ма көріп тұрып, ойланбасқа, (Секіруде тоңған мен тойған басқа) Халқында басқа кәсіп, болмаушы еді, Бағатын жылқы, түйе, қойдан басқа. Саусақпен санағанда барын тізіп Шыға алмай қалатынбыз жарып-бұзып Бір бөлек ел теңіздің жағасында Отыратын ау салып-балық сүзіп. Мейлі сүрінейік, жығылайық, Көнгенбіз. Қайда барып тығылайық. Кеш болса, керосин шам көзін сүртіп Тұратын әр бөлмеде сығырайып. Көзіміз еш нәрсеге сүрінбейтін, Ұсынған қолға еш зат ілінбейтін. Киер киім, ішер ас мол болғасын, Өзге мұқтаж бедері білінбейтін.

Сол ғалым аң қуғандай құмайменен Сөзіне жұрт ынтасы, құлай берген. Барлығын көзбен көріп отырғандай, Ол кісі бізге сонда былай деген: -Бұл өлке болғанменен былай тақыр Астында тұншығулы құмай жатыр Кәрі Каспий көлемі қандай болса, Тап соның аумағындай мұнай жатыр. Саралап санай берсек бас-басына, Жетеді мұнайынан басқасы да Еңбек, ғылым, техника мұқтаж емес Сол табады, -алмаймыз ақшасына. Бізден басқа кім мұнда қол қатады, Айқұш-ұйқыш бұл жерде жол жатады. Бұл өлке ұлы еңбекке жерік өлке Туарында мұнайға толғатады. Артта біраз жылдар мен ай қалады, Жұлдыз қаптап кетеді айналаны Менделеев кестесі дегеніңіз Маңғыстау картасына айналады.

Бұл өлке мұнай сүзіп, өт елейді, Айлық жолын сағатпен төтелейді. Атомның қуатына атша мініп, Желдіртіп желмаясын жетелейді. Еске салып ел бейне омартаны, Халқы түгел ғарышқа қол артады. Тағылық киік болып қырдан асып, Әбсәтте шаң-тозаңын жоғалтады. Кемиді әр мекенмен арақашық Шегінеді адамнан дала қашып Қала қаптап кетеді маржан түсті Құмарлық сезіміңді ала қашып. Сан ғасыр ата-баба қиналғаны тиеді ұрпағына жиғандары Әр үйдің іргесінде гұл шашады ертегіде айтылар «Иран бағы». Өткен бейнет қайрылып жоламайды, Шаң-тозаң көзді бітеп борамайды Таспа жолдар үстінде қаздай қаптап Машиналар қоңызша домалайды.

Қалаша құлпырмасын дала қалай Түнде жарық болады самаладай Самолеттер жыртылы айырылады Жағалыққа топталған шағаладай. Көшпенділік бейнеттен күн көре алмай, Босса ел өзіне-өзі бір келе алмай Салынған қалаларға бұл арада Жатасыңдар ат қойып үлгере алмай Жақындатып ат жетпес айналаны Керуен жол болат жолға айналады Шаттанумен қарайтын боласыңдар Өлкеңнің суретіне айнадағы. Келешекке қол созбау жарамайды, Өскен өмір өткенге қарамайды Сол уақытта қазіргі Маңғыстаудың Бір емес, -мың қыстау боп балалайды!»- ...Есептеп сонан бергі жолдағыны Көрген сайын бүгінгі қолдағыны Маңғыстау тұрғындары осы күні Көреген!-деп атап жүр сол ғалымды.

АЛТЫНШЫ МҰНАРА (5 ИЮЛЬ 1961 ЖЫЛ) Несі ерлік жаңалық ашпағанның Бұл күн ескі киімді тастаған күн Бұл күні жас арудың бетін ашып, Тарқамас той-думанын бастаған күн. Бұл күн ескі ауырдан арылған күн Ақ түйенің қарны жарылған күн Маңғыстау өлкесінде сөнбестей боп Жалындап мәңгі алау жағылған күн. Қол шапалақтап қуанған баладай-ақ, Бұл күні дәрежеге қарамай-ақ, Трестің ортан қолдай бастықтары, Көшеде билеп кетті жалаң аяқ. Жүргенде сор мен тері ылай болып, Адамның шықты өзі құдай болып. Тұншыққан тұңғиықта мол қазына Фонтандата атылды мұнай болып.

Ұяң жер үнсіз жатқан бұғып алып, Қол салғанда кеудеге шығып алып, Ұйықтап жатқан атырап бір қозғалып, Орнынан аунап түсті ыңыранып. Қайта сол оянғаннан қалғымапты, Сансыз арна ашылды бал бұлақты. Халық мініп ғарышқа бет түзеді Жүген-құрық тимеген арғымақты. Сонан бері өткенде бұл арадан Басын иіп бір тоқтап тұрар адам Маңғыстау жаңа беті ашылған күн Атышулы Алтыншы мұнарадан Атойлап шыққан алғаш жақсы атағы Басылып қалған мәңгі тасқа табындырған Соңына ерген жүздеген серігінің Бұл мұнара-жасы да, ақсақалы.

ЖЕТІБАЙ Жырламасам қалар деп қарыз болып Сол себепті отырмын маңыз беріп. Қай түкпірін түртсең де Маңғыстаудың Сөйлеп шыға келеді аңыз болып. Білмейтін имену мен қанағатты Маңғыстауды жұт жиі аралапты. Ертеде ағайынды жеті жігіт Қоныс қып осы араны паналапты. Жұт алдағы малдарын жинап тынған Далада қаңғып қалған сияқты жан. Жеті қотыр тай қалған жетеуінде, Тұқым болар дегенде тұяқтыдан. Күйзелмейтін жанымды қинадым деп, Мақтан көрген малды көп жинадым деп. Балаларын жанына балаған да, Қазақ малын санаған иманым деп. Адасып ерген қырсық соңдарына Шаруалары оралып оңдарына. Жеті тұяқ аз жылда жинақталып, Шоғырлана бастаған қолдарында.

Ат, айғыр болып кеше таймыз деген, Сиреген мұңдасқан жол байғызбенен. Жеті тайдан жеті жүз жылқы өргесін, Жеті жігіт өздерін баймыз-деген. Тағдарыдан көріп жіпсіз маталуын Көрген ғой талай дүрмек ата-буын. Осылай деп айтады ел-аңызы, Бұл өлкенің Жетібай аталуын. Есептеліп ертеңнің межесімен Ұйғарылған ғалымдар кеңесімен Геолог: - Мұнай бар!-деп картадағы Жетібайдың шұқып тұр төбесінен Жөн-жотасын батыл, ой шешіп-пішті, Кедергіні алмастай кесіп түсті. Жеті қат жердің астын жұмысшы қол Бұрғылап төбесінен тесіп түсті. Мұнай көл боп мұнара жатты маңы Жүзгенде көрінбестей ат құлағы. Атышулы Алтыншы мұнарадан Ел ырысы фонтан боп атқылады.

Есе қайтып еңбектің майданынан Май шайқалды қара жер қаймағынан Жаңа өмір басталды Маңғыстаудан Жөн тауып Жетібайдың аймағынан. Бүгінде үлес тиіп үй басына Өрмеледі ел ғасыр қиясына Жетібай жетпіс ұлтқа мекен болып Айналды ұлт достығы ұясына. Жіңішкесі жоқ бүгін толыспаған, Арман аз бұл өлкеде тоғыспаған. Бүгінгі Жетібайдың түрі ғажап, Ұлт достығы ұйыса қоныстаған. ӨЗЕН Өзен аты халықтың ұғымында Теңелетін сұлулар бұрымына. Осы сөз Маңғыстаудың өлкесінде, Қоныпты басқаша бір тұғырына. Өзен боп атанар деп елді мекен, Елдің сірә, есіне келді мекен?! Мұнай мен газдан өзен болады деп, Халық бұрын ойға алып көрді ме екен?

Өзені жоқ, көлі жоқ, бұлағы жоқ, Керегіне жарар деп, түбі көптің. Маңғыстау қиналмай-ақ, жасап берді, Өлкесі мен өзенін құдіреттің. Өрісі өрге тартып, орны құтты, Арманын оң қолына қондырыпты. Кешегі киік кезген жапан түзде «Жаңа өзен» боп жас қала орнығыпты. Көрмеген берер қолы ала болып, Қарты қайта жасапты бала болып. Солайша кетті бүгін Маңғыстаудың Дала деген аймағы қала болып. Қатігез табиғатқа жалынбапты, Жаңа жігер ұшқыны жалындапты. Әму-дария өзенін ауыз су ғып, Москва салтанатын қабылдапты. ҚАРАЖАНБАС Тірі пенде баспаған көзі қорқып, Бұл жер аты картада - «Өлі Қолтық». Үстінен құстар ұшып өткен болар,

Көрмеген адам аттап, бөрі жортып. Толқындары аймағын шуылдатқан, Бұл жерді теңіз суы жуып жатқан. Қол созып көрмек түгел маңайына, Кезі жоқ тірі жанды жуықтатқан. Тулаған толқын ұрып құр жатпаған Қазыр теңіз табаны құрғап қалған. Қатігез сараң өлке құпиясын, терең көміп жасырып ұрлап қалған. Бұл маңайды бір қара жан баспаған, Сан ғасыр суық сұрқы алмаспаған. Дәл солай дегендей боп мелшиеді, Жағалай теңіз баққан жартас маған. Қара жан баспас өлке заманында, Қазір көрсең жылу бар қабағында. Құрыстары жазылып жатырғандай, Мүнайлы мұнаралар табанында.

Сан ғасырлар жотасын жан баспаған, Ескі бар ма жаңамен алмаспаған. Бүгінгі Қаражанбас маңайына Біз болыппыз аттаған алғашқы адам. Кешегі Өлі Қолтық алаңдамас Табынғандай иіпті адамға бас. Жуасыған асаудай жусап жатыр Көз алдыңда бүгінгі Қаражанбас. Қалайша жуас дерсің бұлараны, Бұл жердің аз болған жоқ сұрағаны. Бір түнде жұтып қойған да кезі болды, Алғашқы бұрғы салған мұнараны. Қиқар өлке алай да, - былай -деді Жеңілді де жығылып құлай берді Қара балшық қосылып қара термен, Ақырында ақтара мұнай берді. ҚАЛАМҚАС Қаламқас сұлу екен Адайдағы Тамсантқан көргендерін маңайдағы Шегіншектеп шеніне бара алмаған, Шіренген мырзалардың талайлары.

Аппақ бет ақ мақтадай үлпілдеген, көзіне қайғы жасы іркілмеген. Арудың жүрегінде шаң бар еді, Ақ мамығы табылмай сүртілмеген. Аяғынан шалатын барлық кеміӘкесіне айдайтын, мал бітпеді. Жан-жағында сүйенер тірегі аз, «Алланың рақымы»-бар күткені. Қол созбайды ағайын-жақыны да, Сеп болмады ажары, ақылы да. Сатылап кете барар кезі келді, Бүтін киім, көженің қатығына. Билігін де бермеді бір басына, Ол кезде теңдік жоқ деп ұрғашыға. Өресін өрісімен өлшеп қойды, Бір байдың есалаңдау мырзасына. Ал, қыздың бар ақылы басында еді, Сүйгені қашықта емес, -қасында еді. Сырластары сырына қанып жүрген, Екеуің қол ұстас та қашың, -деді.

Көз жетпей алданда не боларына, Армандарын алдынан орады да. Екеуі қол ұстасып қашқан күні Тап болды күннің тұман-боранына. Көріне қор болғанша қолға түсіп, Өлгеніміз артық деп орға түсіп. Адасқан екі қашқын жөн таба алмай, Сол бетімен кетіпті сорға түсіп. Арманының бал дәмін татып өлді. С.йгенімен сүйісіп жатып өлді. Денесін да таптырмай екі ғашық Құшақтаса батпаққа батып өлді. Заманында мөлдірі ылай болып, Жеткізбеген арманы құмай болып. Батпақ жұтқан бақыты Қаламқастың Ақтарылуы ақыры мұнай болып. Көз алдыңа елестеп тұра қалар Сол аңыздың мекені бұл аралар. Қаламқас арманының биіктігін Паш етіп тұр өр кеуде мұнаралар.

Сөйтіп, батпақ жұтқанын қайтып берді, Аңызды ел ұмытпай айтып келді. Қаламқас арманымен астарласып Халқына мұнай болып қайтып келді. ТЕҢГЕ Бір келіншек болыпты Теңге деген Қатарынан артпаса, кем демеген. Дерті болған тоқалдық зәбір көрген, Ол дертін ешкім елеп, емдемеген. Отпен кіріп, шығыпты күліменен, Бейнеті арылмай күн-түніменен. Есіркеп сөзін ешкім тыңдамапты, Шақса да мұңын зарлы үнімен. Бәйбіше алды-артында жетегі көп, Төркінім бай,-билігім жетеді деп, Теңгеге таң атып, күн батырмапты, Жас тоқал билікті алып кетеді деп;

-Күңдікке әкелді, -деп-байың маған, Бәйбіше бастан таяқ айырмаған. Мырзасы шөптің басын сындырмаған Ең азы – мал шетін де қайырмаған. Жібек Теңге түтіліп жүн болыпты Келіншек болып түсіп, күң болыпты. Мал орнына жұмсалып арқандаулы Төркінін бір кқруге мұң болыпты. Алма бет айғыздалып жарылыпты, Бір қабат терісі де алыныпты. Қашайын десе, жүрер жол білмепті, Тағдырын қарғай-қарғай бағыныпты. Ақ балтыр табаны да тілініпті, Қарғапты дәрмені жоқ тірлікті. Оған қоса табиғат бұйырмысыАяғы ауыр, -ішіде білініпті. Тозыпты құлағының құрышы да, Зар болыпты туған үй-бұрышына Жігері де құм болып жүнжіп біткен Шыдай -шыдай бәйбіше ұрысына.

Күні жоқ қорлық көріп жыламаған Үміті жоқ үзіліп құламаған. Жаяу жалпы бір күні жүре берген Ешкімнен бағыт пен жөн сұрамаған. Қызығын бір сәтке де тойламаған Қалмаған түңғиығы бойламаған. Бар мақсаты – бір жету төркініне Сонан соңғы -ар жағын ойламаған. Әуелі жасырынып бұғып көптен Ебелектей елсізге шығып кеткен Көшпелі ел мекені таптырар ма Ескегі жоқ қайықтай ығып кеткен. Бұтадан басқа түк жоқ жапырлаған Шөлге келіп қамалған шақырмаған Қарасыз жон қандарын ішке тартып, Тарықса да тамшы су татырмаға. Қуысы жоқ су іздеп қарамаған, Зыр жүгіріп сан сағым аралаған. Көз жасы көл-гөсір боп ақсадағы, Сусын етіп ішуге жарамаған.

Күрсінгенде жүрегін жарып шыққан Аузынан дем орнына жалын шыққан Әлсіреп құлаған да, жатқан жерде Арманын арқалаумен жаны шыққан. Шығарған бүгінгі ұрпақ батырлығын Сол жердің Теңге дейді атын бүгін. Сол адамның көмілген от деміндей Газ фонтаны атқылап жатыр бүгін. Келтіріп сол заманда келмегенін Көрдік ескі ел дертін емдегенін Емдегені емей не, Қаламқас, Теңгелерін. Өтсе олар сорлары қалың болып, Бүгін сол жер сілкінген маңы толып. Көгілдір газ фонтаны атқылап тұр Теңгенің көкірегінен жалын болып. ТАРАС БАҒЫ Заманынан қиянат нала көрген, Шевченко сырласқандай даламенен Маңғыстауға бет алған сапарында Қолына бір-жар шыбық ала келген.

Мұнда жұрт жүреді екен түйе мініп, Үстіне керегінше үйеді жүк. Күн қақтаған жалаңаш сыр даласын Өзінше ардақтаған киелі ғып. -Шіркін-ай!-депті ақын тебіреніп,- Жалаңаш деп даладан жерімелік. Ерік берсе, ертең-ақ көк майсалы, Украина жеріне теңер едік. Тисе болды қолға тек қамшы ерік, Бүркеніп жатқан бағын ашар едік. Украинқазақпен қол ұстасып, Адымдап аяқты алшаң басар едік. Бастамасы болсын бұл сол арманның Мүмкін, мен дінекері бола алармын. Тар заманға көрейік кең жол ашып, Болмаса, бірі болар жоғалғанның. Солайша егіп достық ұрықтарын Көрсетті ақын сырлы сыр ұққанын Айғағы болсыншы деп ақ ниеттің Топыраққа шанышты шыбықтарын

Болжаған алдын ақын адаспады, Болды бұл екі ел жаны жарасқаны Достықтың тыңайтқандай топырағын Көгерді қанат жайып Тарас бағы Болар, сірә, таңдайға татығаны Мақұл көріп Маңғыстау атырабы Тарас лебі шаншылған шыбық болып Тамыр тартып жайылды жапырағы. Жалғыз шыбық бақ болып балалады Бұл-достық тамырының тарағаны Тарас тарқан желіде жеміс пісіп Мәңгілікке ашылды дала бағы Достыққа беті бейім бесігінен Халық ұйғарып, үкімет шешімімен Маңғышлақ отау тігіп, Орталығын Атандырды Шевченко есімімен.

ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫ «Жас қала тұр Атырау жағасында» Т. Айбергенов Иә! Жас қала тұр жалын атып жанары, Сан бояумен түрлентіп тұр жағаны Биіктігі көкті тіреп тұрғандай Лағыл маржан, меруерт төсеп табаны Дидарына таңдандырып не түрлі Самал лебі аймалайды бетіңді Кейбір үйлер қаздаңдатып аяғын сахынада билеп жүрген секілді. Жүріп көрсең көшелерін аралап, Жұпар иісі қытықтайды «мазалап». Маңғаз қала толғанатын секілді. Бір үйінен екіншісі балалап. Арыстанның жалдарындай желкесі, Әр үйінің бөлек-бөлек өркеші. Тұнжыр қабақ түнеріңкі бірі жоқ Бәрінің де көтеріңкі еңсесі. Көшелері қызыл жасыл от әріп, Өн бойына салтанаты жетерлік

Бір-бірінің иығынан қиырға Қарайды әр үй өкшелерін көтеріп. Бұл қалаға жұлдыз шашып төккендей, Бір сергисің төбең көкке жеткендей Түнде көрсең қала көркін көшіріп, Теңіз түгел түбіне алып кеткендей. Көркіне көз сала алмайсың ойланбай, Өресінде өріс қандай, ой қандай. Бұл қалада сансыз халық бас қосқан, Ұлт достығы ұя салып қойғандай. Үш қиырды үш-ақ аттап, үш басып, Армандары ақиқатқа ұштасып. Топ алдында келіп тұрған секілді, Қазақтармен Шевченко қол ұстасып. Кеше тірі жан жүрмеген Сарыадыр, Теңіз шулап, төңбекшісе дала, қыр, Бүгін «қазақ Аруы» деп атанып, Сол арада маржан киген қала тұр.

ФОРТ-ШЕВЧЕНКО Жек көремін жалаң сөз, үгітті өзім, Адамның құс қанаты -үміт, сезім. Бұл қаланы есіме алған сайын, Ойыма оралады жігіт кезім. Іздеген керегімді табатынмын, Таппайтын талпынумен дала тыным. Шамаммен шарықтайтын шабыт беріп, Қатайтқан жер тапшысын қанатымның. Қашалып қалған бұл жер тастарына, Тарих толы көркінің астарында. Жазусыз бұл қаланың дастаны барлауменен Қарттарының қыраулы бастарында. Ешқашан тігілмеген қосы дара, Нәр алған ляззатынан досы ғана. Кімде-кім Маңғыстауды Құрметтесе, Соған қара шаңырақ – Осы қала.

ШЕВЧЕНКОЛЫҚТАР ӘНІ Айдынды Атыраудың жағасында, Тұрамыз біз Шевченко қаласында. Компартия -Көсемнің арқасында Бақыт қонған қазақтың даласына. Оятты заман үні ерте бізді, Мархабатқа бөледік өлкемізді. Мұнай айдап, атомға атша мініп, Тұщы Дария жасадық көк теңізді. Қайырмасы: Мәрмәр төсеп, маржан киген, Жаралғандай ән мен кұйден. Құшағымыз гұлге толы, Мәртебеміз көкке тиген. Қызығыңдар, таласыңдар, Алтын алқап даласы бар. Мерейі үстем Маңғыстаудың Шевченкодай қаласы бар. Аспанымда бақ құсы қалықтады, Мәңгілікке ашылды халық бағы. Қаламен қатарласа бой түзеп тұр, Пластмасса, Газ өңдеу алыптары.

Бойымызға болашақ даруы деп, Бұл өлкеге халықтың баруы көп. Тегін атап жүрген жоқ қаламызды, Бүгінгі «Қазақстан Аруы»деп. Қайырмасы. МАҢҒЫСТАУЫМ Кең өлке Қазақстан төріндегі, Сенен биік жер маған көрінбеді. Елің бар шат-шадыман мерекелі Құт дарыған жерің бар берекелі. Бейнең бар жайғандай-ақ мақпал кілем Асқар белің қойнынан ақтарды кен. Жайың бар жапан түзде жар салдырған Талайларды табысың тамсандырған. Қайырмасы: Аунай кетсем, жерің -төсек, Аймалайсың бауырың төсеп. Артық болмас, ей, туған жер Аймағыңды алтын десек...

Алтындай асыл сенің топырағың Әнге қосып мен соны отырамын. Болғанды болашақөпен алмастырып, Ұлы өмірді жатырсың жалғастырып. Жатырсың мұнай, газды жарыстырып, Атағыңды әлемге таныстырып Сен Алтын Атыраудың қақпасысың, Өз орныңды өмірден тап басыпсың. Қайырмасы. Жеріңнен жырға толы жүріп келем, Жүрегімді сен үшін жұлып берем. Сен үшін шексіз менің махаббатым, Арманыма жол сенде апаратын. Өзіңе борышым көп өтелмеген, Ел бақытты өлкеңді мекендеген. Көркіңе риза боп тамсанамын Сені мақтап әлемге жар саламын! Қайырмасы: Пейілі кең, елің қауым, Майы тамған жерің сауын. Аялашы, ей, Алтын Жер Маңғаз мекенМаңғыстауым!

ӘУЛИЕЛЕР ӘУЛЕТІ Бастан кешкен жортуыл, жорықты көп, Айта алмаймын ер халық қорықты деп Халық айтады қазіргі Маңғыстауда Үш жүз алпыс әулие болыпты деп. Әулие деген сқзден шошымаңыз, Ел есінде сақталған осы аңыз Салмағымен сараптап мәнісіне Дауласпай-ақ, біздер де қосыламыз. Нелер мықты ел шауып әскерменен Алдына жан шығарып бәс бермеген. Оларды қоспай халық әулиеге Осы атақты ел неге қастерлеген? Нелер мықты алпауыт бола алғаннан Халықтың орамына оралмаған. Қаптаған бай, саудагер, молда, төре Біреуі де әулие бола алмаған.

Өздері бөліп атап сұрыптаған, Ел есінен кетпейді құлықта адам Қай жерде қай әулие жатырғанын Есінде сақтап халық ұмытпаған. Әулие тартып халық бағына көп, Жарылған дейді адам ағына деп Олай болса, «әулие» деген сөзден Бас алып қашатындай мағына жоқ. Әулиенің болмаған дұшпаны көп, Айтады әділдік ту ұстады деп. Сүйінқара, Құлбарақ, Бекеттерді Айтпайды ел халықтың дұшпаны деп. Көрді халық талай заң, хандарды да, Бәрін екшеп мазмұнын аңғарды да Қосқан халық апарып әулиеге Қыршын кеткен жазықсыз жандарды да. Халық шын көтергенін құлатпайды, Ел жадында Ер ғана тұрақтайды Тап қазірде біріне сол аруақтың Тілің тисінші, кімді де ұнатпайды.

Талайды тамсандырып, сүйіндірген Жандарды халық басын иілдірген Халықтың санасына кіру үшін Діншілдер дін киіммен киіндірген. Ойландырып, оятып ой-сананы, Халық сөзі көңілге ой салады. Қазір де ел біреуді ардаөтаса -Ол адам әулие ғой!-дей салады. Ел адамын қамқор боп ақыл берген Тонның ішкі бауындай жақын көрген Бай, патша, сұлтан, төре деуден гөрі Әулие деп атауды мақұл көрген. Дін қазақтың қанына сіңіспеген, Ол жөнін тек молдалар тіміскіген Халқым діншіл болды деп айта алмаймын Айтар, мүмкін, жай-жапсар біліспеген.

Қазақтар дін үгіттеп жар салмаған Еш бір қазақ құдайды қарсы алмаған Қайта оны қарғаудан қай кезде де Қазақ әйел алдына жан салмаған. Шындыққа жеткің келсе, көргенге бар Өткен-кеткен тірі бар, өлгендер бар. Құдайды еш кім көрді деп айта алмайды, Әулиені кезінде көргендер бар. Әрине, халық ол кез надан болған, Сондықтан дін сөзіне де алаң болған. Қастерлеп әулие деп жүргені елдің Кәдімгі бәріміздей адам болған. Керегің қашса, қуып індетіңіз Мейлі, түнделетіп, күн жетіңіз Әулиені дінінен аршып алып, Халықтық ету -біздің міндетіміз. Дін мен ғылым қашанда тату емес

Мақсат-дін батпағына бату емес Әулиені қастерлеу дегенімізБасына барып түнеп жату емес. Ескеріп, ел есінде қалғаны деп, Кезінде қолы қысқа, арманы көп Ұғынған жөн сол мәңгі жатқандарды Халықтың әр кездегі ардағы деп.

ҚАЗДАНБАЙ ҚОСЖАНОВ (1938-1992)

СЕЗІМГЕ БӨЛЕНДІМ ҒАЖАЙЫП... (Өлеңдер)

Қосжанов Қазданбай Маңғыстау ауданының Ортаеспе ауылында 1938 жылы дүниеге келген. Педагог, ақын. «ҚР Білім беру ісінің үздігі».1956 жылы Шахта орта мектебін бітіріп,бір жыл Шайыр ауылында кітапханашы болады 1957жылы Атырау қаласындағы педагогикалық институтқа түсіп, оны 1962 жылы бітірген.1962-1968 жылдары Маңғыстау ауданындағы Калинин атындағы /қазіргі Тобанияз атындағы/ мектепте оқытушы, 1968-1981 жылдары Аққұдық орталау мектебінде оқу ісінің меңгерушісі , мектеп директоры қызметтерін атқарған.1981-1983 жылдары Құрықтағы №6 орта мектеп директорының орынбасары, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жасады.1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып облыстағы білім беру ісіне үлкен еңбек сіңірді. Қосжановтың 1999 жылы Алматы қаласындағы «Арыс» баспасынан «Сезімге бөлендім ғажайып» атты кітабы жарық көрді. 2002 жылы шығарылған «Жыр моншақ» атты маңғыстаулық ақындардың антологиясына бірқатар өлеңдері енді. Кезінде шаруашылық аралық, ауданаралық ақындар айтысына қатысқан алғашқы ақындардың бірі, яғни айтыстың осы түрінің іргетасын қалаушылардың сапында болған. Есімі «Маңғыстау» энциклопедиясына енгізілген. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және бірнеше Құрмет

Грамоталарымен марапатталған. Бұл томдағы өлеңдер ақынның «Сезімге бөлендім ғажайып» атты кітабынан алынды. БЕЙКҮНӘ БҰЛА СЕЗІМ – СЫРЛАСАРЫҢ

Көркем сөз, көңіл-күй кеңістігінің қашан да ғибрат–ғанибеті қызықтырмай қоймайды. Жалпақ қырдың қилы қиырынан табыстырып, жастық-жалын, құлшыныстың күллі жұлын-жүйке, жігерін бауырластырар көкейкесті үміт–арман көкжиегінен асқан мәртебелі құдіретті тауып көріңіз. Атыраулық арынды ақын Нұралы Әжіғалиев өз тұстастарының өмірдегі әрі өнердегі ұстазы Меңдекеш Сатыбалдиевқа арнаған мәнді де сәнді өлеңін: «Онда біздер түгел едік, көп едік, Алып–ұшқан, албырт, аусар топ едік. Жарқылдаған жақсы жырдың жолына Бар ғүмырды бағыштаймыз деп едік", – деп, сол арман жолының қимас сонау қайнар–бастауын тебірене толғайтыны бар. Фариза Оңғарсынова, Әбубәкір Хайдаров, Зұлқайнар Дабылұлы, Әмірдің Күзембайы сынды қаламдас достарын құрметпен аялай отырып: «Өлмес мәңгі дүниесін жазғандай, Көк дөнені күндік жерден озғандай, Тар бөлменің таптауыр ғып еденін Қаздаң-қаздаң етуші еді Қазданбай», – деп, жоғалтқан асылының мынау жарық дүниеде еркелеп өткен от-өрім күндерінің үміт пен ырыздыққа толы шадыман шақтарын қаз-қалпы жекізген де еді. Біреулердің жүрегіне жыр шумағын қондырып, біреулерге әлі күнге жұмбақ боп, қалың елге беймағлұм қала берген бәйге тұяқ іздері ерте ме, кеш пе суырылып жұрт алдына бір шықпауы мүмкін емес-ті. Бүгін, міне, жамыраған сауалдарға жауапты Қазданбай Қосжановтың өзі береді, оның бұдан отыз-қырық жыл бұрын ақ қағазға түскен ғажайып сезім-сырлары, ұмытылмас жыр жолдары, азын-аулақ әңгімелері мен мақалалары «Сезімге бөлендім ғажайып» дейтін ортақ тақырыппен сөз кезегін алады. Ғұмыр бойы ұстаздық қызметінен жаза баспай, ақындық аяқ алысын әзірше бастапқы он жылдығы деректерімен ғана жеткізер, соғыс лаңында балалығын ұрлатып, әке құнын, тыныштық қадірін ұғынған ұрпақтың өкілі («Сақ болыңдар, адамдар»), туған жердің тарихымен сырлас Нарын гүлінен қуат алып, жалын-жастық, махаббаттың «ғасыр тарихына жазылар» жан қалауын шамалаған. «Жүрек сыры» өлеңдер топтамасымен, «Бәтима», «Қайта туған махаббат» сияқты лирикалық әңгімелерімен адамгершілік-ізгілігін мирас еткен абзал азаматтың шағын осы кітабы қолына тиген әр оқырман бейкүнә сезім бағы мен ой орманын емін-еркін аралап, өз бағасын берер. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы халықтық педагогика», «Дастандар тағлымы» толғаныстары арқылы да парасатты жігіттің өнеге-өрісін жеткілікті сезінер.

Елуінші жылдар соңы – алпысыншы жылдар басында («жылымық жылдары») Атырау қаласындағы жалғыз жоғары оқу орны – пединститутта Фариза, Нұралы, Қазданбай, Марат Отаралиев, Аманқос Ершуов, Шабаз Иманалиев, Сайқом Еділханов, Шора Тәжімғалиев сияқты қыруар таланттар шоғырының топтасуы кезінде өнер өміріндегі ерекше бір құбылыс болған. Кейінгі тағдыр-талайлары қилы-қиян белеңдерден өтсе де, бұл толқынның көп аспапты оркестрдей, хордай көсіле төгілген күмбір-сазы құлақта әлі жаңғырып тұр. Отызында орда бұзардай жұлқына көтерілген екпінді топтың бағы жанып, астанаға аяқ тірегендері болмаса, өкінішке орай, дені Атырау аспанында ғана қалықтап көк-шынар боп қалды, алты алашқа аттарын оздырар топжарған, қалың дүбірге қатыса алмады. Тіпті қарын тойып, жыртық жамалған дейтін жетпісіншісексенінші жылдарда да оларды іздеп, қатарға тартар, жырларын жарыққа шығарар жанашырлар табыла қоймапты. Аз ғүмыр кешсе де, ел аузына ерте іліккен Марат Отаралиевтей біртуар дарын атын бүгінде жеткіншек буын білмей жатса, оларды кінәлап, күстаналауға болар ма?! Барша әдеби– мәдени қайнаған тіршілік тек бір орталыққа – Алматыға шоғырланып, «ақындар далада туып, қалада өледіні» аз ғана жылдар ішінде бұлжымас қағидатқа айналдырып алғанымызды өзіміз де байқамай қалғанымыз шындық. Әйтсе де шүкіршілік дейміз де. «Елу жылда – ел жаңа». Замана желі жаңа үрдістерді қалыптастырып келеді. Соның бір көрінісі – облысаймақтарда баспаханалар ашылып, кітаптар шыға бастауда, әркім өз әлінше батыр-биін ұлағаттап, өз ақынын үкілеп, аламан бәйгеге қосуда. Әрине, бәйге мұраты – озу. Бірақ бұл – әдебиетке жүрмейді, дара мақсат та емес. Шын қаламнан туған дүниелердің бағы бірдей баянды. Тек солар әрқайсысы өз дәрежесінде ұрпақтар мүддесіне қадеге асар даңғыл жолына шығуы тиіс... Тіршілік таразысында ешқандай рухани қазына, жауқазын жыр жанары бұлақ көзі ашылмай, бүр атпай қалмауға тиіс. Туған дала төсінде тамыр тартып, көктеп, сайын сахарада салқам тірлік кешетін, өмір тәлкегіне бейімсіздеу, бірақ қарағайға қарсы бітер бұтақтай, ел мұратына қызмет етер ауадай, дауадай дарындар қадір-қасиетін жан-жүрегімен түсінетін демеушілер, баспагерлер көбейе берсін! Әумин! Зейнолла СЕРІКҚАЛИҰЛЫ, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты

УАҚЫТ

Уақыт, зымыра тынбастан, Көрсетпе күнімді мұң басқан. Жазайын, жаттайын жаңа жыр, Өмірдің өзі – бір тың дастан. Туған соң халық үшін, ел үшін, Шарлайық қыран боп бұлт ішін. Жерден де, көктен де көрейін, Сәбидің шаттанған күлкісін. Уақыт, бастай бер, алға шын, Күн көзін бұлт перде шалмасын. Ертең де көрейін досымнан, Бүгінгі күлкінің жалғасын. Ақ таңның нұрынан нәр алып, Табайын тақырып жырға анық. Сұлулық құйылып жаныма, Жыр мүсін шықсыншы қырланып. Уақыт, зымырап тынбастан Құшақ аш, адамға нұрлы аспан. Жазайын ғажайып сырыңды, Жазайын өзімше жыр-дастан. Уақыт, мен сенің қожаңмын, Арманға қолымды созам мың. Өмірден шалқуды үйрендім, Өмірден тер төлеп, сөз алдым. 1962 жыл

АУЫЛЫМ Елемей-ақ нөсерлеткен жауынын, Аралайын қырларыңды, ауылым. Сендегі өмір өзі әсем ән, өзі би, Сағынбаймын астананың сауығын. Ұлымын ғой кең тынысты даланың, Сол даланың аралайын алабын. Өлеңге өзек, өмірге азық болсын деп, Қызыл гүлден бір шоқ үзіп алайын. Сағындым ғой көптен сені, ауылым, Аралайын мұнайшылар қауымын. Өлеңімнен сезсін достар қалалық, Қырдан ескен ер еңбектің дабылын

ЖАСТЫҚ Жастық – от, жастық – дауыл, жастық – жалын, Жастық – бұл таудан аққан тасқынды ағын. Жастық – гүл мәңгілікке солмайтұғын, Мен содан қуат алып тасқындадым. Ақбөкен өте алмаған даладан да Құрыш күш қызыл қышты қалағанда, Жаңаның бастаушысы жастар ғой деп, Сүйсінді бар адамзат, бар ғалам да. Рух боп досқа мейір, жауға ашуы, Тігілді талай сында тауға туы. Жондардан канал қазды егін жайға, Қанағат бола алсын ба қауға суы. Жастық шақ алда жүрді, жалындады, Қиыннан еңсе түсіп жалынбады. Жастықтың қолтаңбасы өрнек тастап, Тарихтың талай томы қалыңдады. Әлпештеп саясында қанатының, Өсірер тапты өзінің жанашырын. Жас жалын балапандай түлеп ұшты, Сұңқар боп ұясынан анасының. Ай емес түлеп өсіп аптасына, Бет алды болашақтың қақпасына. Жастықтың жалын атқан махаббаты Жазылар талай ғасыр тақтасына. 1959 жыл

ӨЗЕКТІ СҰЛУ ЖЫР ТАПСАМ Терлесе маңдай, жадырап жаным нұрланып, Жыл көшімен келемін мен де бірге ағып. Өтеді мезгіл, шабытты еңбек, шат әнмен, Түндерде тыныш жүректі тербер жыр бағып. Сонда да қолмен орнатқан жоқпын қырға гүл, Аптығып жаным алабұртады нұрға бір. Сол жолда шаршап, сол жолда шабыт қамшылап, Сол жолда жанға бермеймін минут бір дамыл. Сол жолда тоқтап, сол жолда дәйім тынбаймын, Шопан қыздардан өмірдің әнін тыңдаймын. Маңдай теріммен гүлденсе деймін өмірім, Еңбекпен ғана көгерсем деймін әрдайым. Сол үшін жүйткіп қыр желімен жарысам, Қиынды жеңем, қайсар күшпен қарысам.

Шахтаға түсем, қойды да бағам, тас қалап, Махаббат, жігер – дем берушім бар арысам. Заулаймын алға, шегінбеймін бір табан, Тынбайды әнім – еңбектің әні шырқаған. Осылай ғана қарызын өтеп өмірдің, Өмірім үшін өзекті сұлу жыр табам. 1962 жыл ШЫРҚАШЫ ЖАС Шаттық әнін асқақтата сал бүгін. Жан-жүйеге құйылсын бір балғын үн. Жастық жалын алауласа шалықтап, Шақырады нұр шапақты алтын күн. Естисің бе, теңізден де бұрқанған, Таңғажайып толас таппас шырқалды ән. Сезесің бе, соғып тұр ғой тың самал, Ертең сенің кен іздейтін қырқаңнан.

Жеті сағат тынысымен жеті күн, Май күйесін сүртпестен-ақ бетінің Құйып жатыр сол құрыштан әз ағаң: Сен басқарар станоктың тетігін. Білесің бе, бәріне сен қожасың, Сол үшін де қолыңды алға созасың. Еңбек етсең өмір берер сыйы көп – Еңбекпенен сәнді төрге озасың. 1962 жыл

АНАМА Алғаш сен мінгізгенде құлыншаққа, Отырды-ау, құлап кетпей ұлың шаққа. Сонда мен мейірімді үніңді естіп, Тұрған ем енгендей боп гүлді баққа. Астымда жыңғыл таяқ-арғымағым, Қашан мен ойдан-қырға қарғымадым. Қалайша ұмытармын балалықтың, Сусындап мейірім қанған бал бұлағын. Білмеймін, баяу әлде жылдам өтті, Әйтеуір арада көп жылдар өтті. Өмір бұл бауырмал ғой, баурап алды, Сол өзің еркелеткен бал бөбекті.

Тек жалғап арманыма арманымды, Сезіндім өмірден не қармарымды. Әлде де болжай берші, жан анашым, Өткенді, бүгінгімді, алдағымды. Сүймейді ақ ниетгті ананы кім, Өмірге өзі берсе жан азығын. Иіскедің құшарлапып, сағындың ба, Есіңе түсіп менің бала күнім?! Неліктен толқып кетті асыл жаның, Кем бе әлде мойныңа бір асылғаным. Сағыныш куәсі деп ұғайын ба, Тамшы жас көлегештеп жасырғаның?! Болсын деп жадыраңқы қас-қабағың, Тынбайды, талпынуда жас талабым. Өзгеге қазір ұстаз болсам-дағы, Алдыңда мен баяғы жас баламын.

ТЫНЫШТЫҚ ЖЫРЫ Бала боп біздер мінбедік таяқ ат қылып, Ататын таңнан тіледік жалғыз жақсылық. Жеңісті күттік атам да, мен де, анам да, Жүрекке – қайғы, иыққа кетпен батты нық. Почтаны күттік жақсылық хабар келер деп, Почтадан қаштық бір сұмдық хабар берер деп. Ұйықтадық түнде қиялға тәтті шомылып, Әкеміз түске ең болмаса бір енер деп. Талықсып барып кірпіктер азар ілінді, Естідік бұлдыр «құлыным» деген жылы үнді. Әкенің құны түсіңде ғана жақындап, Ояна келе жер сипағанда білінді. Аттанды елденөорімдей өңшең солдаттар, Оралды елге шөлмекті көздер, балдақтар. Көпшілік үйде ескерткіш боп қалды тек, Майданнан келген үшбұрышталған сан хаттар.

Сол күндер бүгін келмеске кетті дедік біз, Осы өмір үшін бәрін де жастай көріппіз. Соғыстың атын тыңдаймыз дәйім тіксініп, Өйткені әр кез еңбекке ғана жерікпіз. Сол еңбекпен жыртығын жамап көңілдің, Қорғаны болып отырмыз бейбіт өмірдің. Бүгінгі ұрпақ көрсінші нұрлатқанын тек, Өмірді – әке, ер еңбөк – жерді, көгін – күн. ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНДА Бұлқынып сол кезде Ақ Жайық, Сезімге бөледі ғажайып. Жатқандай: «Шомыл, – деп, – суыма», Барады шыдамым азайып. «Кел, – дейді, – ойнайық!» шабағы, «Секір» – деп тұрады жар қабағы. «Келші, кел, ұйқыңды ашайын» – Толқыны жағаны сабады.

«Ұмытып кеттің бе?»... құстары шулады, Түсті еске бала шақ... жүрегім тулады. Бірақ та сүңгімей көп тұрдым, Оралып тәтті жыр шумағы. Бұлқынып сол кезде Ақ Жайық, Сезімге беледі ғажайып. Жатқандай: «Шомыл, – деп, – суыма», Барады шыдамым азайып. СЫР Жүректе қылын қыздардың Шерте бергім келеді. Бойдағы барлық ызғарды Еріте бергім келеді. Жасартып жердің қыртысын Жауын да болғым келеді. Шегі жоқ менде жоспардың, Ақын да болғым келеді. Әр істе жарқын достардың Сапында болғым келеді. Егін боп өлке төсінде Жайқалып көрсем дей берем. Әйтеуір, Отан қарызын Қайтарып берсем дей берем. 1967 жыл

КӨЗ

Көздер, көздер... қара көздер, көк көздер, Жанарынан жасқандырған от көздер. Сырлы көздер, мұңды көздер... не керек, Тіршілікте көріп жүрміз көп көздер. Кей жігіттер көз жанарын мақтайды, Кей құрбылар сырын ішке сақтайды. Шегір көз қыз көбімізге жақпайды, Демейікші олар жігіт таппайды. Адам көркін ашады деп көз деген, Талай құрбы таласып жүр сөзбенен. Бірақ солар жақпаса да басқаға, Өз сүйгенін артық көрер өзгеден. Таласпаймын бұл тұрғыда көппенен, Достар, маған сүйсінер, не өкпелер. Мен сүйген қыз сұмдық сақтап күлгенше, Адалдықпен жылап тұрса деп келем. 1964 жыл

ТҮН Қабылдап талай жүрек ізгілікті, Талай қыз махаббаттан үзді үмітті. Түн, сенде мен де талай күрсінгенмін, Сезгенмін сұлулықты, жылылықты. Тербелік құшағында тәтті арманның, Түн, сенде сыр сандығын ақтарғанмын. Махаббат деген нәзік таразыда Жүректің өлшегенмін бақ-салмағын. Қайғыны қуанышпен алмастырып, Түн, сенде шаттанғанмын алғаш күліп. Әр кезде самалыңда серги бердім, Үмітпен болашақты жалғастырып. Өзіңнің құшағында тасып күлдім, Ертеңгі бақытыма асықтырдың. Мен өскен самал желді өлке түні, Сол үшін бір өзіңе ғашық қылдың. 1961 жыл

ОРАМАЛ

Аттанарда ауылдан Сәулешім берген орамал. Жасағандай болады Келешек күнге жорамал. Он саусағы майысып Кестелепті жібектен. Көрген сайын мен соны Қуанам шын жүректен. Желпісем жайлап бетімді, Шертеді қылын сезімнің. Сондықтан таза сақтаймын Жүрегімдей өзімнің. ӨЗІМ ДЕ БІЛМЕДІМ Кірсем де бұрындау таласып, Халыққа толы екен мұз айдын. Біресе топпенен жанасып, Біресе шеткері ұзаймын. Жағалап бостау бір шетті ептеп, Зуладым ілгері асыға. Әтеең... тек құладым етпеттеп, Соқтығып бір қарындасыма. Жанарын жалт беріп бұрды да, Сездім сәл жымиып күлгенін. Кешті ме, айыптап тұрды ма? О, несі?.. Өзім де білмедім... 1962 жыл

ӘН ИЕСІНЕ Жанымды елжіреткен тәтті үнің, Сақталды кетпестей боп жүрегімде. Алыста жүрсең-дағы менен бүгін, Әніңнің ұмытқам жоқ біреуін де. Ән аңсамай жүретін досың мен бе, Естіп жүрмін талайын сен кеткелі. Әншіден бе, әйтпесе әнінен бе, Жүрегімді бәрі де тербетеді. Сабырлылық күшті ғой деп жүр едім, Жеңеді екен сағыныш төзімді де. Аңсағанда әйтеуір жан жүрегім, Әніңді ме, білмеймін өзіңді ме. 1962 жыл

КӨКТЕМДЕ Көркінен айырса да күз даланы, Жүрегі жер-ананың мұздамады. Көктемде жасыл бақтар жас жігітке, Оңаша алып шық дер жас баланы. Қарақұс шырқап аспан биігіне, Тау басын шолып өтті шүйіріле. Сылқылдап күліп жатты ерке бұлақ, Жел жездей түртіп қалып бүйіріне. Өрістен шопан салған ән келеді, Ағарып атпаса да таң желегі. Бала қыз сүңгіп шығып көл түбіне, Қанатын қағып-сілкіп сәнденеді. Сағыныш жүрсе керек үдеп тегі, Тулайды қос ғашықтың жүректері. Оларға бұйырмады түндегі асқан Жеңгейдің қыстан қалған сүр еттері. Құлағын тігіп ап та, қайшылап та, Жылқыдан оза шапты тай суатқа. Керіліп жата кетті бала мысық, Күнгей жақ үй жанына, майшуаққа. Дегендей тоқып алсын зердесіне, Қалыпты момақан боп жел де есіле. Далада ұзағырақ тұрып қаппын, Ғашық боп кең жайлаудың келбетіне. Қиялым қуып кетті неше белді, Көңілдің құпиясын шешем енді. Жеңеше, шабытына жыр жазайын, Қымызға толтыра бер кеселерді. 1960 жыл

НАРЫН ГҮЛІ (К.Әміровке) Бас иелік туған жерге өткеніне бір қарап, Түспесінші қызғалдаққа – кеудедегі жырға дақ. Сыйлайықшы, ойлайықшы, сабыр етші, жан құрбы, Құм Нарынның гүлінде де жатқан жоқ па сыр ғажап. Қаны болар тамшылаған Махамбеттей дарынның, Қалай ғана таптамақпыз қызыл гүлін Нарынның. Гүл үстінде мөлдірейді, дірілдейді тамшы шық, Мені ойлаған сағынышты жасындай боп жарымның. Жотрқан болар Исатай да қаһар ойнап жүзіне, Тұнған болар жаңбыр суы тұлпарының ізіне. Үмітіндей келер күннің тұр екен ғой жайқалып, Содан бәлкім нәр алған-ды осы араның гүлі де.

Солай мәңгі өсе берсін, көктей берсін жайқалып, Самалында сергідік қой, жүрші, құрбым, қайталық. Туған жердің тарихымен сырлас екен гүлі де, Гүл сұраса сүйген жарға осы сырды айталық. 1961 жыл МЕКТЕБІМ Қарай берем, о, сүйікті, мектебім, Аяулысың, жақын едің сен қандай?! Тағы оралып келе бердім мектебім, Балалығым сенде ұялап қалғандай. Қолыма алып дәптер, сия, әліппе, Барғам саған қуанышпен шаттанып. Үңілгенмін сыр жатқандай әріпке... Сондықтан ол қалды мәңгі жатталып. Бүгін тағы гүлге оранды мектебім, Бігін тағы қоңырау да қағылды. Еске аламын сенде еді көктемім, Сол күндерді жас жүрегім сағынды.

Алғаш мен де сол мектепте, партада, Ұстаз үнін құмарлана тыңдағам. Талай-талай үңілгенмін картаға, Сол сезімдер жігер берді тың маған. Бұлақ едім, қосылдым кең арнаға, Балапан ем, қанағаттанған ұяда. Туды жырым сол ұяма арнала, Бірақ оған махаббатым сия ма?! Келді жаңа жас ұрпақтар, иелер, Сүйер ол да алтын бесік мектебін. Кең даланы гүлге орар өрендер, Сілтер оған мектеп өмір көктемін!

ЖОМАРТ ДАЛА

Оянып ұйқысынан кербез дала, Керіліп маңғазданды жаңа ғана, Қозы-лақ секіреді сай қуалап, Сіміріп таза ауаны рахаттана. Қар еріп, кернеп суы сай-саланы, Шырқалды жайлаудағы малшы әні. Қой қоздап, түйе боздап, малдар төлдеп, Алқаптың қайта оралып, келді сәні. Балқытып қорғасындай құм, қияны, Алтын күн арайлана нұр құяды. Табиғат мерейлене күле қапты, Дегендей келді таңның миллиондары. Көп күткен сағынышпен сол мезетті, Шаттық үн таңғы ауанаы кернеп кетті. Шыдамай сом білектер қайратына, Бусанып жомарт дала терлеп кетті. 1958 жыл

ҚҰРЫЛЫСШЫ ДОСЫМА

Неге ғана шаттандың, дос, биіктен, Арманыңдай сол биікті сүйіп пе ең? Жерде жүрсең үндеместің бірі едің, Жан сырыңды жүріпсің ғой түйіп сен. Қуат қосып төсіңдегі орден де, Зәулім үйді мәрмәр тастан өрдің бе? Соның биік мұнарасы басынан, Болашақтың нұр шапағын көрдің бе? Сені бұрын елемеппін қате ұғып, Өлеңіме болар ед деп бір тақырып. Мен аңсаған әдемі жыр тұр екен, Өз тұлғаңда, ар тұлғаңда шақырып. 1962 жыл

ТУҒАН ЖЕРІМ

Туған жерім, әлпештеген жасымнан, Айналайын әр бұта, тау-тасыңнан. Арадағы азғана жыл қалайша, Балалықтың балғын ізін жасырған. Қайда сенің балақ жыртқан дүзгенің, Қайда менің құмыңдағы іздерім. Қайда, бар ма, ат қып мінген ақ шыбық, Аңсап келіп тағы соны іздедім. «Қош келдің» деп қолын әне бұлғап қап, Ауылымнан түтін шықты будақтап. Көк майсаңа үйімнің дәл төріндей, Аунайын мен, бөлей берші құндақтап. 1959 жыл ЖАЙЛАУ ТАҢЫ Таң шапағы орап алып қырқаны, Бозша торғай аспанда әнін шырқады. Аймалайды жібек самал жай ғана, Деп тұрғандай: «Ұйқыңды ашшы, тұр, кәне».

Ғашықтардай аңсап келген сол шақта, Гүл арнады тамшы – шыққа – моншаққа. Ертеменен қой соңында жас шопан, Көз тігеді сағым буған дөң жаққа. Ойға кеткен адамдай боп тұңғиық, Өр табиғат райлана тұрды ұйып. Кең жайлаудың осынау бір паң қалпы, Кетті менің жас жаныма нұр құйып. 1959 жыл ШОПАН ӘНІ Мамырлатып мал толтырған қотанға, Аңдап қара, аңдап қара шопанға. Елтірім бар, етім, сүтім, майым бар, Тонна-тонна табыс етер Отанға. Болжасаң да ойменен, Шалқар ырыс қой деген. Бірге жатып, бір тұрдым, Ел дәулеті – қойменен. Қойға толсын туған өлке қырқасы,

Еңбек жырын қосыл, құрбы, шырқашы. Ұлы Отанға махаббатым кеудемнен, Жыр болып ақ, көкіректен жыр тасы. Болжасаң да ойменен, Шалқар ырыс қой деген. Бірге жатып, бір тұрдым, Ел дәулеті – қойменен. Жүрейін мен мейлі қырда ақпанда, Қарлы қыста қой түнетіп шатқалға. Сол да маған тосқауыл ма, жаныма Отан өзі жігер отын жаққанда. Болжасаң да ойменен, Шалқар ырыс қой деген. Бірге жатып, бір тұрдық, Ел дәулеті – қойменен. 1959 жыл ШОПАН ЖЫРЫ Ұлысын сыңсып далада боран, Шопан ба тегі қорқатын одан. Сақадай сай ғып алынған жазда, Пішенім мен қыстауға қорам.

Артса да өмір ауырын жүктің, Бас иіп қашан тіземді бүктім? Қиыннан қашып, бұлғатып бүғып, Қай күні істің жеңілін күттім? Маңдайға шып-шып төгіле терім, Ел маған артқан ақталсын сенім. Жайлауым толып мыңғырған малға, Гүлденсін Отан, көркейсін жерім. 1959 жыл ШОПАН МЕРЕЙІ Кең дала ақ көрпеге оранды да, Кешірдім бастан дауыл, боранды да. Сақадай сай ғып алам жазда бәрін – Пішен мен ашық-жабық қорамды да. Қойлардың май шығады тартсаң түгін, Қырықтым ақ мақтадай ақ мамығын. Көз алмай жалықпастан күзетумен, Өткіздім қыс пен жаздың талай түнін.

Майысып малмен өлке атырабы, Шақырып думанына жатыр әні. Сондықтан мақтанышпен дей аламын, Бөл әнді – Еңбек әні, Батыр әні! 1959 жыл ШОПАН ҚЫЗ Жеңіл іс сұрамайды жанға жайлы, Модадан мода қуып талғамайды. Самғатып қоңыр даусын түнгі ауада, Өзіне табындырған маңғаз айды. Танцыға, сауық кешке жігіт-желең, Әуетте шақырмайды әр кеш мұны. Қойлардың кешкі даусы, күміс күйі, Ол үшін симфония оркестрі. Елемей қыста боран, жаз ыстықты, Кетеді ұзап малмен алыс тіпті. Өмірдің өз пешінде қорытылған, Сен одан таба алмайсың нәзіктікті.

Алысқа жайылмапты даңқың әлі, Маңдай тер талай-талай тамшылады. Сол үшін жігіттерге жұлдыз болса, Елінің атанып жүр шамшырағы. 1961 жыл КҮЙШІ ШОПАН Қалғанда шертіп-шертіп домбырадан, Сергітіп тұла бойды күй ағылды. Сусындап дариядай мол мұрадан, Самғатты, көкке өрлетті қиялымды. Күлімдеп сахнада отыр жалғыз, Күйші қыз он саусақтан балы тамған, Жарқырап тұрса алдыңда Шолпан, Жұлдыз, Қалайша жыр тумасын ақын жаннан. Артистің тартқанынан бір кем емес, Нақышты тәтті күйдің үні, сазы. Сахнаға шыққандай береді елес, Дина, не күй атасы Құрманғазы. Өнерлі, күй тартса да мақтан ісі,

Кім дерсіз осыншама күйді сүйген? Ол – Шопан, ауылымның мақтанышы, Өргізген қойды өріске осы күймен. 1958 жыл АҚЫН ДОСЫМА Аттанып ең теңізге алып жолдама, Сол жолдама әлі сіздің қолда ма? Шабытыңды шыңдады ма өр толқын, Ақ көбігін аспанға атып долдана. Көк теңізбен жарасты ма жас жаның, Өршіді ме жаңа жанған жас жалын? Шағаладай шалқып ұшып жырларың, Шарлады ма ақша бұлтын аспанның. Алмасақ та ақын деген постыны, Үміткерміз, білесің ғой, дос мұны. Мерекеде соның үшін жырменен, Көтерелік саған арнап тостыны. 1959 жыл

СӨЙЛЕП ТҮРҒАН – МОСКВА! Тебірентіп әлемдегі кәріні де, жасты да, «Тыңдаңыздар, тындаңыздар! Сөйлеп тұрған – Москва!». Жауға – үрей, бақыт болып әлемдегі досқа нақ, Ұшты тұңғыш корабльмен советтік ер космонавт. Қажырлы ұста қоя салды қолындағы балғасын, Ақын тынды аяқтамай тәтті жырдың жалғасын. Ұмыт қалды суарылмай Үндінің де егіні, Ұйып қалды өмір сүйген Африка негірі. Өз қолына тұрғандай бол бейбітшілік туды алып, Винтовкасын қоя салды егде солдат Кубалық. Бүкіл әлем құлақ түрді қуанышты үн-тасқынға, Өйткені тек барлық жерде: «Сойлеп тұрган – Москва!».

Артта қалып ғасырларға арман болған бір өткел, Лүпілдейді қуаныштан миллиондаған жүректер. Асыл жанды адамдардың құлақтары елеңдеп, Сезінеді, корабльде өзім ұшып келем деп. Өйткені тек Гагариннің ерлік даңқын паш қыла, Сөйлеп тұрған бар әлемде жалғыз ғана Москва. Мақтанамыз өсіргенге ғасырдың зор түлғасын, Апрельден есептейміз космостағы жыл басын. Космостың Колумбысы ашса тұңғыш есігін, Бас әріппен тарихқа оның жазамыз біз есімін. Тебірентіп әлемдегі кәріні де, жасты да: «Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған – Москва!». 1961 жыл

ЖЕР СЕРІГІ Қияға, құлаш ұрып күн көзіне, Тартпадың қызықтырып кімді өзіңе. Космосты шыр айналып жұмыр дене, Самғай бер күміс аспан күмбезінде. Тыңда, әлем, ұшты бізден жер серігі, Айтқанда көтерілді еңсе мұны. Аспанға шырқап шықты, тоқтамады, Марсқа ұшу деген ел сенімі. Жай ғана ұшып жүрген емес дене, Қарсы алды оны аспан кеңістігі. Хабарлап жүр табиғат құпиясын, Естілді әр құлаққа тегіс үні. Қияға, құлаш ұрып күн көзіне, Тартпадың қызықтырып кімді өзіңе. Космосты шыр айналып жұмыр дене, Самғай бер күміс аспан күмбезінде. 1957 жыл

ҚАРТ КӨКТЕМІ

Немересін жанына ап, Еңбек сүйгіш көрші шал. Ертеңді-кеш ерінбей, Отырғызды жасыл тал. Сүйсінеді ол ісіне, Сезбей уақыт өткенін. Өз қолымен еккендей, Өмірінің көктемін. Орындалды, мінекей, Көрші шалдың арманы. Ол орнатқан талдардан, Жайқалды ауыл орманы. 1957 жыл

ҚҰРЫЛЫСШЫ ЖІГІТ

Шебер жігіт қалаған, Тағы да тұрды әсем үй. Қарайды неге ол оған, Бере ме шабыт, жаңа күй. Тұрғызған өзі осы үйге, Түсірмекке сұлуын. Қиялдай ма ол әлде, Жарасты тұрмыс құруын. БАТЫР БЕЙНЕСІ Жамылғы – күздің аспаны, Панасы – шатқал тастары. Бейуақыттүнгі мезетте, Тұрды сол солдат күзетте, Сазды окоп, шинель – төсегі, Оққа ол кеуде төседі. Тағы да айқас сарт та сұрт, Ажал тұр аяқ басса мүлт. Қараңғы түнді бүркеніп, Аттаса қауіп тұр төніп. Осылай төрт жыл өтті өмір, Төбеден көк те төкті нұр. Солдатқа құшақ жайды әні, Думанды еңбек майданы. Комбайн – енді салт аты, Өзі сол майдан солдаты.

Сонау бір күннен қалыпты із, Төсінде бүгін қос жұлдыз. Біреуі – батыр келбеті, Біреуі – еңбек зейнеті. 1958 жыл

ОСЫНДАЙ ЖАСТАР БАР Бар шыным, Жарқыным, Мен бір ауылдың қартымын, Ақсақалдардың артымын, Сондықтан да бір жайды Сендерге батыл айтамын. Кеше мен, Көшеден, Бір топ жасты көрдім. Жігіт те бар, қыз да бар, Өңшең бір қызбалар. Дауылдасып, Шуылдасып, Жанымнан өте берді. «Астапыралла, Шын адам ба мыналар», – Деп қатты шошындым. Бір киімі жоқ мынау сияқты, Бейне жерге қағатын сына сияқты. Қыздары қылтиып, сылтиған, Ілмиіп өскен қына сияқты. Табандары төрт елі, Сонысы да ішімді өртеді. Жарқыным, Бар шыным, Беттерін қарап тұрсам, Адамның көркемі. Не керек, Алды-арты жоқ төпелеп, Аямай опалапты, Шаштарын қопалапты. Құдай бермесін басқа, Бұл тек тап болсын, Күлмеген қара тасқа.

Жарқыным, Бар шыным. 1960 жыл БҮГІН ТАҢДА Таңғы жел аймалайды сүйіп беттен, Кәрі-жас бүгін тіпті басады өктем. Есітіп шаттық үнін серігінен, Асылып тұрып қапты ай да көктен. Құп алып таң шолпаны жымың еткен... Аяз да мейірлене сүйді беттен. Қарсы алып жатыр ерді, әйелді де, Еңселі үй туын биік желбіреткен. Бүгінгі таңғы ауаны күлкі керней, Әркімді әкелді бір сезім тербей. Сонша адам бір кісідей сенім артып, Таңдаулы ұл-қызына дауыс бергей.

Туынан ақ қанатқа нұр құйылып, Әділет көгершіні ұшты биік. Сол кезде урна ішіне бюллетеньмен Үміті миллиондардың кетті сыйып. 1958 жыл АЙНА БҰЛАҚ Табуға асыққандай жайлы тұрақ, Сылдырлап әсем үнмен айна бұлақ. Сап-салқын суы жерді бір жасартып, Төменде ағып жатыр таудан құлап. Тұнық аққан осы бір бұлақ суын, Көргенде сездім өзім жан толқуын. Мөлдір су қыз жүрегі секілді екен, Тілемейтін арына кір жұғуын. 1958 жыл

КҮТКЕН КҮН Ерке жел еркелете сүйіп беттен, Күн нұрын мейірлене төгіп көктен. Жаңа бір ізгі бақыт хабаршысы, Келді Май қызыл гүлін желбіреткен. Ақ қанаты ынтымақ нұрын құйып, Самғады, көгерішіндер ұшты биік. Дегендей, бұзбайыншы салтанатты, Табиғат райлана қалды ұйып. Нұр шапақ көрік беріп жер бетіне, Күн ойнап әр адамның келбетіне. Дуылдап, думандатып қозғалғанда, Ұқсайды толқып жатқан көл бетіне. Келе бер, келе берші, жарқын Майым, Қарсы алар сені елдің сыйы дайын. Қаламыз бір жасарып, жігерленіп, Құшағың гүлге толып келген сайын. 1958 жыл

САМҒА БИІК, КӨГЕРШІН

Самға биік, Күнді сүйіп, Күміс қанат көгершін. Бейбіт өмір, Төгеді нұр, Төгеді нұр, төгер шын. Самалы таң, Самғаған ән, Көңіл алға ұмтылды. Желбіреп ту, Желбіреп ну, Табиғат та құлпырды. Әуе балқып, Бейне барқыт, Жасаңғырап жатыр жер. Түріліп түн, Келеді күн, Күлед күндей батыр ел. Мейрам күні, Дала гүлі, Әр қолдарда жайқалды. Бүгінгі ән, Бүгінгі сән, Бәрін айтты, айта алды. Самға биік, Күнді сүйіп, Күміс қанат көгершін. Бейбіт өмір, Төгеді нұр, Төгеді нұр, төгер шын. 1958 жыл ӨЗБЕК ДОСЫМА Есіңде ме алғаш біз Осы бақта таныстық. Мен қазақ, сен өзбекше Сөйлестік, қол алыстық.

Ағаш сая өзбектің Айлы аспанын шатыр қып, Бақытты сол бір таңды Осы жерде атырдық. Кей сөздерге түсінбей, Қала бердік іркіліп, Қызықтадық балаша Бірді айтып, бір күліп. Не кінә бар, айтшы өзің. Бұл сөз деген шіркінде. Жақсы екен ғой жүректер, Сөйлей берсе бір тілде. 1964 жыл ҚЫТАЙ ҚЫЗЫНА Пана боп көпке, Самғайды көкке Көгершін тынбай қалықтап. Гүлдей-ақ жазғы, Күлесің назды Қолыңда сәби шалықтап. Күле бер Ана, Отаны пана Тынбасын сәби уілі. Шалықтай түссін, Батыр боп өссін, Дарымас дұшпан у тілі. Ұстар ол мәңгі, Қолына сәнді Жұлдызды туын мақтана. Сол шақта өзің, Күлімдеп көзің Жүресің сапта шаттана. 1959 жыл

БЕС ОРДЕНДІ КОМСОМОЛ Оқ үні күңірене, көкті керней, Сарнаса бір аттауға ерік бермей, Жалындап алда жүрді комсомолдар Жеңілмес Ленин туын алға сермей. Комсомол жүрді әндетіп шахтада да, Комсомол тұр өндіріс, вахтада да, Комсомол – шекараныц күзетшісі, Онысыз ел тілегі ақтала ма?! Комсомол отарларда қойбағады, Комсомол ұрпақ қамы ойлағаны, Жайнаса нұрлы жүзі, отты көзі Табысын еңбегінің тойлағаны. Жанына миллиондардың нұр құятын Сүйеді коммунистік партиясын. Сүйеді шын журектен еңбеккер ел Өз елін – алтын бесік қарт ұясын. Еңбекке қоса шырқап жүрек үнін, Танытты алып күшін білегінің. Сондықтан мақтанышпен дей алады: «Жеңімпаз ұрпағымын Лениннің». Нұр ойнап қуаныштың келбетінде Жүрді әр кез қиындықтың жел беті Айғақ боп Отанының алғысына Бес орден жарқырап тұр кеудесінде. 1958 ЖЫЛ

ДОСТЫҚ ТОЛҒАУЫ Бөлістік біз бейнет зарын сан ащы, Біздің әркез тағдырымыз жанасты. Қырғыз бауыр «Алпамысты» жырласа, Қазақтан да шықты талай «Манасшы». Жарлы жандар саналмаған аң құрлы Революция дабылымен жаңғырды. Тоқтағұлды қазақ халқы пір тұтса, «Ақын атам» дейді қырғыз Жамбылды. Азат таңның арайы ортақ болды да, Аталардан қалды ән-күй, мол мұра. Қатар жырлап келе жатыр соларды Сенде қомыз, менде қазақ домбыра. Сенен бастау, менен алып сағаны Шу өзені баса-көктеп ағады. Сәбит ақын басын иіп қырғызға, «Шын бауырым – қазақ» депті-ау Аалы.

Арамызда асқақтайды Алатау, Қос қыранын ұшырған зор ұядай. Бет пішіні қандай ұқсас біздерге Бір металдан құйған статуядай. Қазақ жаяр дастарқанын елжіреп, Қырғыз келсе, «Өз бауырым келді» деп. Ал, қырғыздар ақ пейілін танытар, Ыстықкөлдің тұнығындай мөлдіреп. Бір тамырға егіз өскен шынардай, Бірі сынса, екіншісі сынардай. Мәңгіліккс айқасқан біз қос құшақ Бірін-бірі аясынан шығармай. 1983 жыл

САҚ БОЛЫҢДАР, АДАМДАР! Тереземнің алдынан күнде өтеді балдақты, Асықпайды ол, аяқтарын нық басады салмақты. Сықырлайды протездер – ағаш аяқ батпандай, Мен тыңдаймын, ол соғысты қарғап бара жатқандай, Соғыс, соғыс! Ағартты ғой талай қара шаштарды, Еңіретті кәрі әжені, қарт әкені, жас жарды. Біз шошыдық түсімізден, бұлттан тұрды қан тамып, Сонда әкені, жеңіс күнін, бейбіт таңды аңсадық, Сонда да біз өмір үшін арпалыстық, қой бақтық, Амал нешік, жетім үйдің баласын да ойнаттық, Сұм соғысқа тәтті шақты – балалықты ұрлаттық, Үлкендермен қатар жүріп, маңдай терді құрғаттық. Кей ағалар сүймей кетті жаңа түскен жас жарын, Көрмей қалды өз әкесін менің тұрғыластарым. Соғыс, соғыс! Талай үйдің шаңырағын күйретті Ал біздергс тыныштықтың қымбаттығын үйретті. Қан майданда өлгендердің орнын мәңгі жоқтатпауға, жарандар, Ұрпақ қайғы шекпеу үшін, сақ болайық, адамдар! 1965 жыл АҚ МАРАЛЫМ Құшағын жайғанда бақтар маған, Мен неге сырымды ақтармадым? Тербеген жүрек қылын тоты құс па ең, Жан сәулем, жаралдың ба ақ арманнан?

Келші, сәулем, ақ маралым, Жан сырымды ақтарамын. Толқытпас махаббаттың сыны кімді, Ал соны бала шақта кім үғынды? Шын сырым, мәңгілікке жүректегі Ең алғаш шайқап кеттің тұнығымды. Келші, сәулем, ақ маралым, Жап сырымды ақтарамын. Үзілмес үміт жібін жалғады да, Сағыныш талай сынға салмады ма? Кел, енді құшағымда толықсышы, Өтеуі сағыныштың сол болар ма? Келші, сәулем, ақ маралым, Жан сырымды ақтарамын. ЖҮРЕК СЫРЫ Жүректе алғаш от жақты кім, Махаббат гүлін кеп тақты кім? Сенсің ғой, сағынтқан, жүдеткен, Сенсің ғой, бақытым, Бақтылым.

Демеймін алдыңда биікпін, Құлаппын, шын-ақ тым сүйіппін. Сүйіппін, басымды иіппін, Бақытым, Бақтылым, сүйіктім. Сұраймын өтініп тағы да, Кімнің сен жаралдың бағына? Бұл күндер не деген ұғымсыз, Әлде бір күйініш шағы ма? Болар ма ең жанымда нақ бүгін, Бақытым, сүйіктім, Бақтылым. Сені мен жыр етіп өтейін, Біткенше кеудеде ақтық үн. І ӨЛЕҢ Өмірде алғаш рет ерлендіріп, Бұл тағдыр болған деп ем берген біліп. Су сеуіп жүрегіме, суындырып, Дариға-ай, кетермісің шерлендіріп. Білмедім күн шығарын, тұншығарын, Әйтеуір жүрегімді шымшыладың. Ойымды билеп алды асқақ арман, Сонда мен қалай ғана тыншығармын.

Ләззәтті тәттілігі болған ғұрлы Махаббат шын толқытып, толғандырды. Махаббат алғаш рет азапқа сап, Жаныма өшпестей бір жол қалдырды. Жүргем жоқ алдау үшін жалған күліп, Өзіңсің жүрегіме салған бүлік. Өзара ұғыса алмай тереңірек Шіркін-ай, кетермісің арманды қып. Шіркін-ай, өмір мені алдады ма, Тұл болып махаббатым қалғаны ма? Жоқ, өзің түсінсең тек жүрегіме, Тағдырдың көнер едім салғанына. Болған соң қайғысы бар, бағы бары, Адамның көп қой, рас, жаңылары. Бірақ та содан шошып демесейші: «Қирады махаббаттың шаңырағы».

Болмассың махаббаттан шошынар жан, Дедім де шығып едім тосып алдан. Жастықтың алабұртқан күндерінде Дариға-ай, жүрер ме едік қосып арман. Қайғым ба, бақытым ба, кім біледі, Көздерің елжіретіп тұрды мені. Көңілде кіршік қалмай кетер еді-ау, Сен болсаң өмірімнің күлдірері. Сезгендей жақсы күнге аз қалғанын, Қанатын сен деп бұл күн жазды арманым. Өмірден қайғысыз боп өтер едім, Арналса маған ғана назданғаның. Өзіңе кездерімде таяу барған, Тұрды ғой күлгендей боп аяулы арман. Түсінбей жанымды өзің кеткен түнгі, Еске алшы көңілімді қаяуланған. Алдыңа бярғанымда күліп түршы, Жалт еткен жанарыңнан сыр ұқтыршы

Бір сәтке жабырқасам, налып жүрсем, Кеудеме қуанышым болып кірші. Сонда бір мәз болайын, жадырайын, Мәңгіге тартпасыншы жан уайым. Шөлдеген жолаушыдай болып тұрмын, Сусындап бал үніңнен қанығайын. Кеудемде ұя салып, үй қып алып, Толқысын көңілімде күй бұралып. Кешдім мен не салсаң да тағдырыма, Өзіңді ғұмырымда сүйдім анық. Қаншалық жатыр алда жылдарым-ай, Бәріне бір сен үшін шыдармын-ай. Өзіңе сезілер ме, о, дариға, Сені ойлап, ұзақ таңға қайғырғаным. Қайтейін, түсінбедің, түсінбедің, Келмеді артық сөзге күшім менің. Халде бір аянышты кете бардым, Алысып махаббатпен ішімде мұң.

Қапалық жүрегімнің жалман күшін, Азап тың арқалаттың салмақтысын. Өйткені жүрегіне жақын тұтса, Еш адам қимайды ғой ардақтысын. Сен менің дәл осындай қымбаттымсың Сен жоқта шимайлаған жыр да құрсьн Бір сенсіз өтіп жатқан минуттардан, Қайғы боп жүрегіме тұнба тұнсын. Жүргенмен жас ағызып жыламай-ақ, Сенсіз мен адамдаймын сыңар аяқ. Сенсіз мен қамкөңіл боп отырсам ғой, Сол шақта адам қайда тұрар аяп. Кештерде сырлассам да толқын әнмен, Бір сені көргім келіп отырам мен. Кім білсін, бір толқымай қалармысың, Осынша жүрек сырын оқығанмен. ...Құрысын қайғы біткен. Жадырайын,

Көзіңнің жанарына бағынайын. Көңілім серпіліп бір қалар ма екен, Өзіңнің жүрегіңе табынайын. Бақытым болашақтан келер ме айқын, Кім білсін, тағдыр бар ма мені алдайтын. Бақтылы, жүүегімді түсінсейші, Не сыр бар алғы күнге сене алмайтын. Көңілге орнатпаған көктем мұңды, Жан едім жырымменен өпкен гүлді. Қайтеміз жара салып жүректерге, Қайтеміз елестетіп өткен күнді. Тұрсыншы жүрегіміз бірге жанып, Қуантсын келер күннің нұры тамып. Жарассын жүрегіміз мәңгілікке, Ал, қане, өткендерді ұмыталық. Түскендей махаббаттың күшіне сын, Енесің бейуақыт тусіме шын. Сен мені жабырқауға жеткізбеші, Жанымды түсінесің, түсінесің.

Жастықтың самалындай ойнақтаған, Жүректе сол күндерден сыр сақталған. Кей сәтте жалғызсырап бұл өмірден, Мен сені, сені ғана ойлап қалам. Көлеңке жауып ойды баяу барып, Кетеді көңіл шіркін қаяуланып. Жабырқап сол кездерде мұңаямын, Тұрғандай жапан түзде жаяу қалып. Дариға-ай, болашақтың берері не, Жас жанға қамығудың керегі не?! Әйтсе де есімнен еш кетпей қойдың, Шырмалып жүрегімнің елегіне. Ұғыспай жан сырымыз жабық қалып, Артынан өкінішпен жабықпалық. Әлде де кештігі жоқ бір отырып, Арманның асуларын анықталық.

Шыңдалмас соқпақтарды баспаса адам, Ашсайшы, жүрегіңді, аш тасадан. Жанымды жабырқатып кетпесейші. Не айтам, не айта алам басқа саған. Келмейді айыптағым, айыпталғым, Сырымды түгел саған жайып салдым. Жылы сөз есту үшін өз аузыңнан, Үмітпен құшағымды жайып қалдым. ІІ ӨЛЕҢ Сағыныш үдеп, жүрек ынтығарда, Жылы сөз естігенше тыншығар ма?! Күлсін жұрт, күле берсін әр сөзіме Бірақ шын махаббатқа сыншы бар ма?! Кім білсін көңіл немен басыларын, Күлкі, не күйініштің жасы барын. Әйтеуір қуантатын минугтарға, Жеткенше асығамын, асығамын.

Зар қылып жылы сөзге осы күн бек, Жүрсің гой сағыныштың отын үрлеп. Кездессек, қарай берем жаутаң қағып, Көзіңнен жан сырыңды оқығым кеп. Жүректің түпкіріне жарып кіріп, Қойдың-ау жылы сөзге зарықтырып. Қашан мен көңілімді тыншытармын, Тағдырдың сыбағасын анық біліп. Аңсатып өткен сайын күн ілгері, Болады балқытқандай үнің мені. Өзіңнен жылы жауап күткендіктен, Жүрегім қамықса да түңілмеді. Өткеннің өкініші білінбеші, Тағы бір жадырайын, күлімдеші. Махаббат ләззәтгірек болу үшін, Сағыныш жүрегімді тілімдеші. Бойымды билеп алып асқақ жалын, Болмай жүр бір өзіңнен басқа арманым. Көрер ме ең осы өлеңді жазардағы,

Көзімнен моншақ-моншақ жас тамғанын. Ойымда сенің ғана есімің бар, Сенгендей келер күнге шешімім бар. Түсініп жүрсің өзің жүрегімді, Көп айтар одан өзге не сырым бар?! ІІІ ӨЛЕҢ Ұйқыға мезгіл жетпей ұзақ таңнан, Жаным бар жалынымен азаптанған. Айлардың сырын ұқтым, жүгін ұқтым, Күттіргсн жауабыңды аз аптаңнан. Сен ғана сағыныштың отын жақтың, Сонда мен қалай шыдап отырмақпын. Тыныштық бүл күндері бүйырмады, Өзіңнің журегіңнен от ұрлаппын. Балықтай шөліркеттің дуа қылған, Қандыршы жанымды мол су ағыннан. Өмірден жарқылдаумен өтейін мен, Жүрекке орын берші шуағыңнан.

Мен үшін жоқ қой сенен өтер адам, Назды үнмен не айтсаң да көтере алам. Тек қана шын жадырап күліп тұрып, Сыйлашы жүрегіңді жеке маған. ІV ӨЛЕҢ Сонша ауыр сырлар ұғып бір түннен, Көрсең еді кездерімді күрсінген. Сағыныштан сарғаюмен сарылып, Көрсең еді қалғанын тек құр сүлдем. Сені ғана ойлай берем күн мен түн, Тек мұңаям, белгі қалмай күлкімнен. Сол шақтағы жабырқаңқы жүзімнен, Көрер ме едің көз жасымды іркілген. Әрбір минут ауыр болып бір күннен, Көзіме жас іркілген де, сүртілген. Жас жанымның тыныштығы бұзылды, Өзің айтшы, болды дейсің бұл кімнен?!

Мәңгі безіп кетпесем де күлкімнен, Кезім сирек бір жадырап, сілкінген. Соңғы айларда ауыр оймен арбастым, Өзің айтшы, болды дер ең бұл кімнен?! Өзің айтшы, жас махаббат солсын ба, Өзің айтшы, жаныма мұң толсын ба?! Өзің айтшы, жалын атқан жүрегім, Тұншықсын ба, шыдамаса сол сынға?! Бастай алмай шынымен-ақ жол шыңға, Ажырастық... Өзің айтшы, сол шын ба?! Рас десең, оранайын, батайын, Қайғы деген қара ниет толқынға. Қапалықпен қалдырып бар айыбын, Батқаны ма махаббаттың айының?! Ескегі – сен, сон болмасаң батпай ма, Тұңғиыққа қалтылдаған қайығым?!

V ӨЛЕҢ Күн ізін күндер басып, барады асып, Мен жүрмін арманды оймен жағаласып. Білмедім қаншалықты ұққаныңды, Айтқанмен жан сырымды саған ашық. Жан едім өз алдыңда өте иілген, Сондықтан, бір кетпедің көкейімнен. Жасырмай, ашық айтсаң өз сырыңды, Өмірден сол әсермен өтейін мен. Жүректің берік орнап ұясында, Жүрсең де қапалыққа қиясың ба?! Жоқ, әлде махаббатты қадір тұтып, Жанымды жабырқаудан тиясыңба?! Тербелген шын махаббат аясында, Гүл болып көк жапырақ жаясың ба?! Болмаса азап жүгін арқалатып, Арман боп көзден ұшып, таясың ба?! Бұлбұл боп жүрегіме қонасың ба, Бақыттың қарлығашы боласың ба?! Болмаса бал орнына мұз жалатып,

Сұм жүрек маған біткен, тоңасың ба? Онда мен торығайын, түңілейін, Қайғы мен қапалыққа үңілейін. Мұңды ән сыбырласа бейуақыт жел, Жаралы жүрегімнің үні дейін. Махаббат деген сезім асқақ екен, Мен соған алғаш қадам басқан скем. Сен өзің демемесең жылы сөзбен, Мен қойдым, айтарым жоқ басқа бөтен. VІ-ӨЛЕҢ Көктем өтіп, жаз шығып, Тал боп өсіп жас шыбық. Гүлдей берді жайқалып, Жүрегімде жақсы үміт. Өзің болып арманым, Арналды ғой бар жалын. Өз есімің құрап тұр, Жырдың сұлу тармағын. Өзің ең ғой гүл еккен, Сағындырған, жүдеткен. Махаббаттан аттама, Аттамашы жүректен.

VІІ ӨЛЕҢ Үніңнен сезілсе де май самалы, Көзіңнен көзім неге тайсалады. Балқытшы жүрегімді дариядай, Толқытқан құм-қияны, сай-саланы. Сен өзің ай болдың да аспандағы, Өзіңнен басталды өмір баспалдағы. Бұлқынды, асау жүрек жай таппады, Секілді қызыл түлкі қақпандағы. Алысқа асқақ арман сүйреп тегі, Көңілден ұялаған күй кетпеді. Күн түгіл, айды қуып, ай өтті ғой, Қоясың қашан ғана сүйретпені. VІІІ ӨЛЕҢ Өзіңнен кетсең-дағы торықтырып, Тастадың өмір сырын мол ұқтырып. Жол сыздың келешектің сапарына, Алғаш шын махаббатпен жолықтырып.

Сен ғой деп ескерер де, жанашыр да, Басып ем тұңғыш рет жаңа шыңға. Амал не, ұғыспадық біздер ұзақ, Мәігілік қимасым боп қаласың да. Мен сүйдім, сүйдім сені, қайталайым, Осыдан ыстық не сөз айта алайын. Екеуміз жараспадық. Тек тілегім: Гүлі боп сүйгеніңнің жайқал, айым. Қайғы ізі қабағьңда білінбегін, Алдынан бақытымның күлімде, күн. Мен солай сынадым ғой өз бағымды, Енді сеп бақытты бол, гүлім менің. Қайтейін, бұлбұлым боп шырқамадың, Бір жұтшы ең болмаса жыр самалын. Алаңсыз қабылдаттың жас жаныма, Өмірдің осылайша бір сабағын.

Тоқтайын, қамықпайын, жасымайын, Болмасын жас өмірдің басы уайым. Бұл өлең сақталсыншы өз жаныңда, Менен бір ескерткіш боп, асыл айым. Сезілер болмаса да жаздағы леп, Ойлама әншейін бір наз дағы деп, Еске алшы, ең болмаса жылына бір, Жазықсыз бір жас жанның жазғаны деп. 1960 жыл

БЕСІНБАЙ БЕГЕНІШ

Бесінбай Бегеніш -1938 жылы Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында туған. Ақын, ұстаз, халық ағарту ісінің үздігі. Қазақ мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітірген. 1957 жылдан Маңғыстау ауданындағы Ақшұқыр, Онды, Аққұдық, Сенек ауылдарындағы мектептерде басқару жұмыстарында істей жүріп, шәкірттерге қазақ әдебиетінен дәріс берді. 2002 жылы «Сәйгүліктер мекені», 2011 жылы «Адай жылқысын түлеткендер» атты кітабы жарық көрген. 2006 жылы Форт-Шевченко (Кетік) қаласының салынғанына 160 жыл, 2008 жылы Қарақия ауданының құрылғанына 35 жыл толуына арналған байқаулардың жүлдегері. 2010 жылы Қарақия ауданының «Ең үздік қаламгері» атанды.

СӘЙГҮЛІКТЕР (өлеңдер)

ТАРИХ ТАҢБАЛАРЫ

...Тарих бар әріден бәрін қозғаған, Тақырып бар ақындар әлі жазбаған. Бекініс, көмбе, қорғандар бар, Археологтар әлі қазбаған... Адасқан бар жапа шеккен далада, Қарауыл бар көзін тіккен қадала. Қанша сыр бар, қанша мұң бар Дөңдегі жалғыз молада... Ару да өткен көз жасына бұланған, Жүйрікте өткен оза шапқан құланнан. Таусыла алмас, бір әңгіме қозғалса Балуанияз мінген Құлаңнан.

Тұлпарлардың тұяғымен жазылған Төсінде далам Тұяпен салған сан әріп, Қатқылға қадап. Жазғанын қара аңғарып, Сүрлеу, соқпақ, Айдын жолдың бойымен Оқимын мен таңғалып. Қара жер тесіп Тасқа да түскен таңбасы. Даламнан барып Іздерін соның аңғаршы. Тарпаңдар мен Құландардың тұқымы Біздерге жеткен жалғасы. Соларды көріп жазбаған Мен де ұятты ем. Іздері қалған ошақтай Болып ойылған Басылған жерге тұяқ тең. Даламнан оқы Қалдырған сонда жазулар. Шың басында да Киік қамау қазу бар Үстірттің аңын Иіріп бағып қамаған Ал енді одан озыңдар. Аласапыран айқасқа Шықсақ сан қырдан Сан тұяқтар шаң қылған. Сары далам толы жазулар Ай тұяқтар қалдырған...

СӘЙГҮЛІКТЕР

«Ат көрсең басыңды иіп өт» Р.Ғамзатов Еншілес түлік Жұптасып өткен сыңарым, Түсініп сені Сырласымдай ұғармын. Қанатын қағып Биіктерге ұмтылса Азамат атын шығардың! Бойкүйез көңіл Құрыстап денем жазылмай, Тұрғанда сенсің Күш құяр әуен сазындай. Көңілдің кірбің Бұлттарынан сергітіп, Қарайсың-ау сұлудың әсем назындай. Ауаны тіліп Желдерді талай ескенің Сонда сенің шұбырып келіп, Үдере кейде көшкенің. Ақын жаны атқа құмар қашанда, Жатып тұрып тілейді Сәйгүліктердің өскенін. Сені көрсек Алып ұшып кететінбіз желігіп Саған мінсек Қашық емес сияқты еді серілік. Сені мініп жауларымен шайқасқан Бабаларым көрсетіп бөрілік.

СУЫН АЙҒЫРҒА Суын деген киелі де Қасиетті ұғым бар, Ақ жал толқын арқалаған Теңізімде суым бар. Айта алмаймын қанша ғасыр Қанша мезгіл өткенін Араласқан жылқымда да жұғым бар. Суын айғыр келгенсің сен Толқындарды арқалап. Қарсы алғанда құла байтал Киелі нұр байқап ап. Ай нұрына шағылысып, Ақ тілекпен тағы бір, Келмейсің бе қайталап. Су бетінде ізің қалды, Айдай алтын тұяқты. Небір әсем боз байталдар Суға қарай есінейтін сияқты. Судан аққан сәйгүлікке Мән беретін кезеңде Болмайық біз ұятты. Алтын тұяқ сәуле шашып Тұрар ма екен маңайым. Ай нұрына шағылысқан Толқындарға қарайымын. Сауырыңа ай нұры ойнап Қалың құрақ ішінен Шашшы сәуле арайлым.

АТ ТҰЯҒЫН ТАЙ БАСАР...

«Айт! Жануар шу!» - дегенде Тайбурыл мен Байшұбар, Керқұла мен Бозжорға ат заманына сай шығар. Төбелердің шаңдарын бір-біріне қосатын, Қашан ондай тай шығар. Алтын тұяқ сәуле шашып алдымыздан ай шығар, Ай астында қамыс құлақ қайшылар. Заманға сай ат тұяғын басатын, Бізден де бір тай шығар!...

БӘЙМЕН ТАҚЫР– ЖАСАНДЫ КӨЛ Үстіртте түркімен шекарасына жақындағанда «Бәймен» деп аталатын үлкен айдын тақыр бар. Екі елге де ортақ. Қазір сол тақырдан су ұстайтын тоған жасалған. Жаздағы жаңбыр суы қар суына ілесіп, қысы-жазы айдын көл болып жатады. Бұл көлді қазақ, түркімен, қарақалпақ малшылары пайдаланады. Олар «Достық көлі» деп атайды. Бірін жойып, бірін асап,

Табиғат деген бір қасап... Міне осындай кезеңде Бәйменді отыр көл жасап. Қар суы жазға ілескен Қалмаған жаңбыр үлестен. Жай тауыпты маңайы Күйреуік, жусан кіл өскен... Қоңыр қаз қонған жағаға Еңбегін елдің бағала. Қасірет, қайғы жинаған Арал да жатыр санада. Үлесін ұстап бәйгенің, Сергітті көңіл Бәйменім. Кемелден асып толқи бер, «Достық көлі» әй! менің.

ЖЕТІ ҚАЗЫНА – АСЫЛДАРДЫҢ БІРІСІҢ!

Асаулықпен бағынбасаң, құптар кім? Жолын түсін адамгершілік ықпалдың, Құлақтан кейде сипалап, қасып, аймалап, Хайуан тектес мінезіңнен құтқардым. Туладың көнбей іске асу үшін ойдағың, Жұлқындың тынбай, ащы тер қысып, бойда ағын, Өрелеп, қинап, тоқым салсам үстіңе, Кигізіп ноқта, тағылықты жойғаным. Тарпаңдардың санатынан шықтың сен, Мінгіздім ұлға, қызықтап саған салып ен, Жабайылар қатарында емессің, Тіл табыстық! Түсінісіп ұқтым мен! Қай түлікпен салыссаң енді, ірісің, Адамзатпен бірге, аралас жатыр өрісің, Басыңда жүген , ерттеулі тұрсаң мінерге, Жеті қазына – асылдардың бірісің!

«ҚАНАТТЫ ҚАРА» Түбекте байлығымен, мырзалығымен, адамгершілігімен белгілі Жаңайұлы Қожаназардың барлық байлығына тең есептелген «Қанатты Қара» деген аты болыпты. Қанатты Қара қандай қиын да қашық жолдарға жіберіп алатын сенімді көлігі әрі жылқы үйірін шашау шығармай ие болатын үйір айғыры болса керек. Мал шаруасымен кең жайылыста отырып, қажетті жабдықтары үшін базарға адамды Қанатты Қарамен жіберіп алатын. Бір сапарда Қожекең ақсақалдың насыбайы таусылып қалып , бірнеше шақырымдық жердегі Үйшік базарына (қазіргі Атырау) Есберді деген баласын Қанатты қарамен жіберіпті... (Ел аузынан)

Қонақ келсе үйіне әкелер асын көлігі ең, Базарына Үйшіктің насыбай үшін желіп ең. Салыстырып қарасам, қазіргі жүйрік «мерседес» Демедім одан сені кем... Қожаназар бабама сабақтас боп жатасың , Ат туралы айтылса , табақтан дәм татасын, Желдей ескен жүйріктің қатарына қосылып Тұрғыздың тәйке сақасын... Ие болған жылқыға сырыңды білген Есберді, Қылқұйрықтың жайымен ерте кетіп кеш келді. Қасиет, кие барлығы өзіңмен сырлас екенін, Сол Есберді ескерді... Кісінеген дауысың «күндік жерден кеп» депті Естігенде үйірің ауылдан ұзап кетпепті. Осы күнгі білгіштер қашықтығын өлшесе Ешбір дауыс жетпепті... Жататын едің жайғасып Қасар судың сағасын, Өз үйірің тек қана толтырды қымыз сабасын, Күншілдеу күшік шәуілдеп үріп жатса қызғанып, Қоздырдың көздің аласын... Бәсекеге түскенде жеңісті алған Қарасың, Тоқсанға тарта торы байтал аяқтың кіл аласын. Оқырынып, кісінеп, шақырыпсың өзіңе, Үйірден кеп санасын... Жортып келе жатқанда азығын жерден жейді екен, Желіп келе жатқанда қанат бітер дейді екен, Ал шабысқа жіберсең,үстіндегі адамға, Су шайқалмас күйме екен... Бабам айтқан шынында Қанатың бар Қарасың, Сонша шалғай жерлердің жақын еттің арасын. Басқа дәулет бір бөлек,соларменен теңескен, Жалғыз өзің-дарасың!..

ШАБАНДОЗ МИЗАМ

1952 жылдың мамыр айы. Үстірт үстіндегі Уәліде Адай жылқысының күшін, жүрісін, шабысын байқау мақсатында республикалық деңгейде ғылымизоотехникалық шара ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі шарты бойынша, 24 сағатта неше шақырым жол өте алады? Осы жарысқа түбектен таңдап іріктелген 45 мініс ат қосылады. Бірақ белгіленген шартты бес-ақ ат

орындапты. Солардың ішінде Жауынсары Қызыл ат пен шабандоз Мизам Сүйендікұлы белгіленген уақытты 304 шақырым жолды демалыссыз өткізген екен. Шабыс кезіндегі әр атқа екі-үштен шабандоз жігіттер ауысып мініп отырғанда Мизам ешкімді ауыстырмастан , 24 сағат бойы міз бақпастан шауып өткен. Мизекеңнің еңбеккерлігі, ат құмарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен марқұм ағамыздың рухына арналады.

Жылқы өсірген Сейсенбай арғы бабадан, Шабандоз таныс солардан бізге тараған . Өз әкесі Сүйендік пен Жүсіптің Бәйге аттары жараған. Сабағын тартқан жылқы сүйер тұқымнан, Асауын мініп,тулатып, талай тұқырған. Бұрыннан да «бәйге бала» атанып, Жері жоқ-ты ұтылған... Намысқа шабар,айқайды сүйер ат қайда? Атадан қалған «Ар үшін» деген хат қайда? Ер намысын атпенен талай қорғаған, Пырағың бүгін таппай ма? Сары қызыл ат құлағын кеше тіккен-ді, Көптен бері сүргін жүріс күткен-ді, Табаны қызып , армандап та кететін Ащы терін төккен – ді... Тер шығып міне шабысын түзеп жануар Сөйлесер атпен үстінде сырлас жан ұғар. Тіресіп желмен , кезерген ерін жарылған, Талмаған құрттың дәмі бар. Белестен – белес лезде оған жетесің, Үстінде атпен біртұтас болып кетесің. Қысылған тақым атының біліп тынысын, Шабылған пырақ өзің болады екенсің?! Қапталда төбе қалып жатыр дөңгелеп, Қалауға тіпті хақын жоқ! Боласын тек елгезек, Әке айтқан ақыл жылжып өтер таспадай, Ал, бердім бір кезек... Ақ жолда бол, құлағың сал, шырағым, Адайдың атын шығарған – осы пырағың! Жауыңнан қорғап, шаршасаң, аяқ суытып. Шөлдесең-қанар бұлағың! Қаламын деп те озамын деп те қапылма! Бағыңды сынап, шабысқа қатыс жарқылда! Атпенен бірге көп нәрсе бар тақымда! Тақыммен сырлас,тынысын біліп атыңның.

Осыны ұқшы мақұл ма? Кеудесін сығып, тебініп қатты, Қалдым-ау деп қысылма! Денеңді иіп, еңкейіп атқа,жақында жүрек тұсына! Сезімін қозғап, тілдесе білсең, айналар бақыт құсына! «Қатты кетіп, бармағайсың егеске»- Ақыл айтқан ағалар өткен кеңесте, Әкелер мен ағалардың ақылы мен нақылы Адамзат сынау емеспе? Бүгін, міне , биіктей түсті бар қырат, Сары қызыл аттың маңдайы жанды-ау жарқырап, Ат үстінде шабандоз Мизам – әкесі Теңселіп кетті қуаныштан шалқып-ақ! Көп халықтың көңілінде құпталық, Қақпақылдап, көтеріп кетті көп халық. Төбесі көкке бір елі жетпей қалғанда Көз тимесін!-деп сұқтанып.. Жалғасып жатқан бабалар жолы осындай, Қалайша қалам қуаныш топқа қосылмай?! Алға түсер азамат пен атыңды Шығарған елім тосылмай...

МИЗАМТОРЫ Көрінетін, дара шығып, сонау желдің өтінен, Топқа түсіп, қиқу салған дауыстардан жетілген. Қанжығада қалып жатқан сәйгүліктер қаншама?! Шықты ілгері түйреп тастап шетінен. Арттағылар ақ түтікпен көмейлете шаң қапқан, Тамсанып та, көз сүзіп те қарайтынға қаң қатқан, Аста, тойда Мизамторы ту көтеріп аспанға , Осындай бір даралығын аңғартқан... Таңдай қаға тамсандырып , ел аузына ілінді , Әттең, тәйір, тосып бірде ит көздіктен сүрінді. Бөтен залым ұлытқанда қызғаншақтың қаншығын. Ой, ғажап – ай?! Көзге ілмейді бірінді!

Қашықтаса, әлгі көзден зымырап кеп зытады, Озғандардың барлығы да шаңын қуып жұтады. Жақындаса топқа қарай , басы айналып , мұнартып, Тұзақ салып төрт аяққа , шырмауықша тұтады, Осындай бір ит көздікті тілікті де бөтеннен, Шыға шауып талай келді: «Қиып өтіп кетем мен» Ақырында сүріндірді мәңгүрттікке айналып, Қиянатқа бөтеннің де еті өлген... Бір-бірімен күн мен түн де келетіндей алмасып, Жамандыққа жақсылыққа қоймайды екен жармасып Өткен талай арғымақты аяқ шалған қалдырып, Осындайлар қояр қашан арбасын?!

Ерейменде ел қарғысын қарғыбаудай таққанда, Құлагерді айбалтамен қапылыста шапқанда Пенделікпен жер тарпыған тұлпарларға жармасқан Батыраштар қалмай жүр ғой қапталда... «ЖАЛДЫҚАРА» Біздің ауылда мұсылманшылық жолын мықты ұстаған Матай Шәріп атты әңгімешіл ақсақал болды. Бір әңгімесінде : «Жас кезімде домбыра тарттым, «Жалдықара» деген күйге ғашық едім. Таңертең төсекте отырып «Жалдықараны» бір рет тартып содан кейін беті-қолымды жуып , шай ішетінмін. «Жалдықара» да мен сияқты үлкейіп, үйірге топқа ере алмай шоқаңдап қалғанда шығарылған күй екен-ау»- деп еді.

Хабарлап сауын салған алдын ала, Жорықты бастайтын-ды Жалдықара, Атпенен қандай шайқас болса дағы Ауыздан түспей жүрді Жалдықара! Ауылдан тым алысқа тарап жатқан , Абырой, атақ биік қалап жатқан . Тамсанып теңеу таппай талай ділмәр, Сұңғыла сұғанақ көз қадап жатқан. Шаң жұқпас шашасына таласа алған , Атақ емес әншейін жаба салған. Үлкейіп,үйірінен қалып кейін, Кезі еді сол атағы аласарған. Үйірі жеткізбестей қырды асқанда , Ыза буды сыярдай бір дастанға. Телмірді Жалдықара ауыл жаққа Ұқсады күйші қартқа сырласқанға. Сонда бір күй туған-ды «Жалдықара», Жан болып ыңыранды маңды ала.

Күй болып күңіренді дала кезіп, Дегендей «Жалдықара...Жалдықара...» Кәрілік жеткенің бе қас қағымда, Ойламай жүріппін-ау бас бағында Көңіл шіркін баяғы өктем кезі, Мына күй елестетті жас шағында. Күн бұлтты шамаменен бесін еді, Ере алмай буындары ісінеді, Үйірі шаңмен бірге шұбап кетті, Күш жетпей кісінеуге, есінеді. Кешегі – атышулы Жалдықара Бүгінгі артта қалған малды қара. Қартайып еш кәдеге аспағанда, Ертеңгі «ит-құс жеген қанды қара». Ыңырсынып, күй сазына кеуде толды, Қара жал бунақ-бунақ перде болды. Манадан тартып тұрған күйші қартым, Сермеді сала саусақ оңды-солды.

Домбыра қара шанақ жорғалады, Қараның басын мүжіп қорғалады Сіңірлер сықыр-сықыр аяқ созып, Жас парлап екі көзден сорғалады. Күй кеткен күңіренген ызалы ма? Көңілдің жай мекенін бұзады ма? Бұл қалды алаңқайда қарайған боп, Дыбыс жоқ, үйір кетті, ұзады ма? АЗАМАТ, АТ ЖӘНЕ АҚЫНДЫҚ Азамат пен ат, ақындық сабақтас Ақын-көңіл жүйрік атпен қанаттас Шабыт жүзі тойтарылса, мұқалып, Ей, бауырым, атпен жүйткіп қабақты ас. Арман-көңіл бұрын жеткен өзгеден, Ілеспеген бәйге алғанда көк дөнен, Сол көңілдің айдынында арғымақ Кейін қалып салпаңдауға көнбеген,

Ақын ойлы суытылған таңымен, Жалғасады арғымақтар жанымен, Ойсыз өлең боп туғанша тумай – ақ, Көмілсінші тұяқтардың шаңымен! Махамбетте ат үстінде жыр төкті, Ұлы Абайда ат дегенде сыр көп-ті. «Аттың сыны» суреттеп бергенде Айтпаған ғой немқұрайлы, немкетті! Ақындарға атсыз шабыт келген бе?- Жаяу ақын жете алмайды көмбеге, Ілияс та Ақан болып егілді Құлагері қастандықтан өлгенде! Ақын көбі туылған ғой далада, Тағылған ғой көп ақынға жала да, Өйткені, ол-азаматы тартыстың, Ал тартыстан ылғи жеңіліс бола ма?! Мен де кейде атпен кезіп кетемін, Қырлар асып, кең далама жетемін, Ақын болу міндет емес десем де, Жырды сүйіп, құрметтеумен өтемін!

АДАЙДЫҢ ҮШ ЖҮЙРІГІ

Түбекті мекендеген жауынгер тайпаның ұлы той – думанға салар айтыскер ақыны , күрескер палуаны , бәйгеге аты аз болмаған. Әйтсе де , басқа ұлттар араласатын үлкен жиын – тойларға айтыскер ақыннан Бәли Қашағанды, палуандар күресіне Шеге Түрікпенбайды ат жарысына Қаржау Бөлидің Ақбас атын салады екен. Бұлар Адайдың арлы жерге салатын «Үш жүйрігі» деп аталады ел аузында.

  1. Қашаған ескерткішіне Тәңірім сені о баста жырдан құйып жасаған, Мықты болсын дегендей сыналап, сөзден қашаған. Қашаған деп қағытып, салғанымен құрық,бұғалық, Жырдан саусақ шығарып, дегенсің талай «Мә,саған»

Қасиетті кітап Құраннан келтіріп,сүре,тармағын, Тәурәт, Зәбүр, Інжілден даналық сөздің салмағын. Аян берген Тәңірім қарсылыққа қасқайып, Қарсы тұрсын деген ғой,жырдан соғып қорғанын.

Асқақтатты ұрпағың жыр-дүлдүлді мүсіндеп, Тұрғандай көкке қарайсың жыр маржанын түсін деп, Кер езулер айтатын қиым-сиқым дауларға Тағзым етіп өтемін «Адай тегі» үшін деп.

  1. Шегем палуан Түрікпенбай Көп ішінде елеусіздей қара төбе едің, Айқасқа түссең, қуанышқа көпті бөледің, Алаңға шығып, шекпенін киіп желбегей, Қопырап жүріп намысын елдің жеп едің!

Көзі едің сен баяғы қара шалдардың, Өзі едің сен баяғы дара шалдардың, Алпамсадай боп ұқсағай қара күшіңе Арттағы қоңырқай қазақ балдарың!

Дарығай деймін ересен күшің ұрпаққа, Рухыңмен жатқайсың маңдай сипап та. О, аруақты бабам, қара нар тектес қуатың, Артыңнан ергей палуан тектес тұрпат та!

  1. Бөлейдің «Ақбас аты» Неліктен, қалай аталдың Ақбас ат? Жүре алмаймыз – ау қоңыраулатып айдар тақпасақ. Тұңғиық менің ойымда жусап келесің, Арлы шабыс болар деп сені сақтасақ.

Қашаған да орынсыз жырын төкпеген, Түрікпенбай жаралған сүйек – етпенен Ұятты жерде айқасқа түсіп кеткенде Қолдаған пірі оларға ешкім жетпеген?!

Арлыныың бірі – Бөлейден шыққан Ақбассың, Босқа мінсе, сылти басып, ақсапсың. Еліңнің әркез көңілін көкке көтеріп, Шабылсаң топпен,асқақтап, арын сақтапсың! ЕҢБЕКТІҢ ОТЫ ЛАУЛАСЫН Тынымсыз еңбек қарсы алып жатыр көлбеңдей, Ортада өзі , құдасы жаңа келгендей. Мызғып-ап, тағы қайталап тірлік бейнетін, Адамбыз ғой жатпайтын тыныш көрге енбей... Бойкүйіз, жалқау,еріншек бәрі-ығатын Тіл тауып көппен , түсінісіп , ұғатын. Көргендей сені шапшаңдық қимыл жарасқан , Деп едім-ау сен сабалап биік шығатын.

Сыр тартпақ боп ұсындым саған дәптерді, Иісініп қарап, айтсам –ау деп гәптерді, Жырым – сырым арналар саған бүкпесіз Әрқашанда қайнатасың еңбек сәттерді. Алтын кездік қап түбінде шөккен бе? Еңбегің жансын ащы тер қатты төккенде. Қызығып көріп , ұрпағың терсін жемісін Жарқылдап көрін ертерек келген көктемде! ТҮЙЕ, ТҮЙЕ ТҮЙЕЛЕР Ұры мен бөрі қаптаған, Кешегі менің далам-ай! Қасқыр тартқан құлындай Бүгежектеп балаң ой. Маймақ бота, сығыр көз Аң-таң болып қаламын , Еститінім қызыл сөз, Алданғандай боламын.

Жабуы ауып барады, Тұсау қиған тірсектер Қожайын үйден қарады, Тұсалғандай бүрсектер. * Тарттырып-ап қыл арқанмен төстабан, Сен едің-ау көшімнің алдын бастаған. «Қайырлы қоныс,көш көлікті» дегізіп, Кездескенбіз сулатып талай тостаған.

Қоңыраулатып, сілкінтіп дала, жол бойын, Ыңырсып, боздап, еміреніп тура өн бойың, Қандырып шөлім, даламның жүгін тасысаң, Жібімес қалай қанша бір қатты тоң мойын?

Сетік нарды түсімде көрем алды асқақ, Нар мая, атан, бал қоспақ... Шанжау-шанжау шырылдақ інген боздаса, Болашаққа іздерің қалай жалғаспақ?

Құсады екен шашырап, жынға шашалып, Қаншасы кетті қуырдақ болып жасалып? Үй артында тіздеулі көрт бақырса, Көрініп тұр қалғаны азған – осы анық! * Жүйткісін, мейлі, тасбауыр төбе, саз оймен, Алысып келем бермейтін тыным сан оймен. Даланың осы қожасындай қарсы алар, Әр жерде қадау түйелер маңғаз азайған.

Мекен-жайын айтады екен,жасаурап, көзін бір қадап, Күйдірген таңба кіржіңдер қалай тарқамақ? Түспестей етіп мойынға салған кісенмен Барады кетіп шалдардың атын арқалап.

Құстары ду-ду ұшпаса, болған көл жетім, Көлдеуден шұбап бармаса түйе, бел жетім. Сәні екен ғой сар даламның, ыңырсып боздау үндері, Құлазып тұрса, көремін қалай ел бетін.?!

Дәрменсіздік шалдарға артып аманат, Үй күшік ие «келмесін деп жамандап» Қожасы едің боз інген, бура, сары үлек, Жоқтаушың аз-ау, келсе де саған жамалдат.

Кес-кестеп алдан буыршын желдер ойқастап, Келеміз зулап түйесіз ойдан ой тастап. Келені бұзар буыршынға тап берер, Керек-ақ екен қарт бурадай айқаспақ!? * Тереңнен сырды суырып, Жүректің қылын қозғау бар. Жанары жаспен жуылып, Боздау, боздау, боздау бар.

Шерлі жүрек,өкпе жел, Құмарын боздап таратқан. Боз үлек тектес боздау нар, Жар бол,-дейді, -жаратқан!

Сағағын үзіп барады, Енесін тез-тез емді де. Жан-жағына қарады,

Боздағысы келді ме?

Тұлыбына келіп еміренген, Мұңайып , көңіл қозғау бар. Сары дала сазы күңіренген, Боздау,боздау,боздаулар?! * Алған бағытыңнан қайтпадың Қайда баратыныңды айтпадың Сырыңды өзің сақтадың, Болса да айтпағың.

Маң басып келгендей туды алып, Тайғазан тауыстың суды анық. Қарасаң,жүректі қозғайсың, Жасаурап,кірпігің суланып!

Тосқауыл болмаған жолыңда, Қарауыл тұрмаған соңыңда Ал қазір ең оңай олжасың Ұры мен жемқордың қолында!

ЖЫЛАУЫҚ ШАЛ

(Өтекең мен Мәтекең ақсақалдар рухына) Ақсақалдар қалдырмайды қатардан, Бірақ өзі «жылауық шал» аталған. Таң азанда тұрып алып әр үйден Амандасып,үзіп алып татар дәм. Аман өрсек қуанып кеп қалады, Келесі үйге осы көңіл жаңағы. Қараша үйдің барлығында аралап Өз үйінен шәй ішіді манағы Жайсыз хабар естісе егер құлағы Мұңаяды , баса киіп тымағын, Аят оқып, күбірлейді ішінен, Кідірте алмай,жас домалап тынады. Кейде күндер батып жатыр арайлы, Әлгі ақсақал тесе соған қарайды, Тізерлеп ап күнге қарап егіліп, Төгіп жасты , оғанда бір жылайды.

Үлкен екен әлгі қарттың жүрегі, Сияқты өзі осы ауылдың тірегі, Тосын жайсыз оқиғаның кезінде Әлгі жазған өз-өзінен жүдеді. Кейде оралып келіп жатса сапардан, Хабар алған жылауық шал аталған, Марқұм болды хабарсыз боп біз қалдық Кетерінде бар ма біреу бата алған. ӘКЕ ТОЙЫ (Сырлас замандасым Сырымға) Ауыл тыныш. Елдің көңілі жайланып, Жатыр , міне, әке тойы тойланып Кейінгі топ тамсанып та қарайды, Өткізсек деп осындай той ойға алып. Дария көңіл кемер асып төгілді, Атап өтер , мәнді еткізсе өмірді, Алпысыңды ері ауыздықтап мінген соң, Қасындағы қосағыда көңілді.

Әке тойы ортақ болсын баршаға, Қызықтаудан, тойлаудан да шаршама. Тойлата алмай қызық көрмей өмірден Қош айтысып кетіп жатыр қанша аға!? Ей. Ұлдарым! Тойлай алмай біз әкені бергенбіз, «Тәйт» деген сөз ести алмай келгенбіз Бала ерткен әке көрсек қимастай Жалтақ-жалтақ артынан да ергенбіз. «Тәйт» - дегенім біле білген ырысың, Оны естімей өткен күнің құрысын, Ұрысты деп есепте ме ұлдарым, Сол дауыспен бітіп жатыр ұлы ісің. Осы әке ғой ұл туды деп мақтанған, Тимегей деп сұқ көздерден сақтанған, Шілдехана , сүндет тойға шақырып, Жадырап бір көңілі өсіп шаттанған.

Сол әкелер біз боламыз ал бүгін, Көтереміз әке ұрпақтың бар жүгін. Әкелерді аттандырып майданға, Әке десе қастерлейміз ай-күнім. Ақ дастарқан әкеге арнап жайғандар Менде осылай үлкейем деп ойлаңдар Ұрпақтардың жалғастығы әрқашан Ерінбеңдер, әке тойын тойлаңдар.

НАМЫС АЛДЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ – ЖЕК

...Рухани жаңарубіздің ел болмағымыздың тағдырын шешетін бірден бір әлеуметтік процесс... болашақта қалай болатындығымызды анықтау үшін әуелі өткенде қандай болғанымызға, бүгін қандай екендігімізге қанықпақ керек. ...Тарих қойнауында жатырған талай бабаларымыз бар. Мүмкіндігіне қарай, біртіндеп парақтайсыздар.. соның ішінде түбек тарихына белгілі қожаназар байдың ең кенже ұлы қошан деген бабамыздың да бір сәт кезеңі пір атаға байланысты-ау?! Қошанның бейіті Қаңға Баба деген жерде. Барып көрдім. «Ешкімге күш салмай – ақ,Қожаназар ұрпақтарының азғана атқамінер азаматтары , басын реттеп тастасаңдар, артық болмас!? Бекет Атаға арналып істеліп жатқан шараның бір бөлшегі болып есептеледі. Барлығыңыз да киелі қазақАтажұрт ұрпақтарысыздар! Ләйім, әуелі әмбе жұртымымыздың тілеуін бергей», - деген еді жақындағы бір жай ғана отырыста Қожаназар тегі , жерлес , ғұлама жазушымыз Әбіш Кекілбайұлы. Бұл әңгімеден кейін өз ұлтының , туған халқының ары мен намысы үшін теке-тірестен туған , ел арасында кеңінен тарап жүрген аңызды оқиға ойыма оралды.

Намысқа намаздыгер шамасында Жиылып елі келді ағасына: «Анықтап ақиқатын сараптама, Ақылын өзің енді табасың да?!» Шот салды жанды жерден дұшпан жағын, Әзірге ырыс жеңіп тұрған бағым, «Атадық Қожаназар Қошанын!» деп, «Жеңілсек , енді бізден сынсын сағың!» Бақастықтың бағында қалған күндеп, Әйтсе де , көтерілген солмас гүл боп. Пірімді айтсам , қашанда бір аунайды «Алақаныңа Атаның қонғанмын!» деп. Қарсылас кезеңінде сынай қалған, Демеймін ақиқатпа болсын жалған.

Халқымын намысы мен ары үшін Одан артық болушы ең қандай талғам?! Талғамды таразыға тартармысың, Артық сөз есекке жүк артармысың? Келеді аңыздардан ақиқат боп, Жауларын құдіретпен басқан мысың. Көрші өтті ізді бағып күй аңдыған, Ата өтті топ назарын қия алмаған. Өзінен ел намысын биік тұтқан, Осылар ерлік деп те қиялданам! Беттегі қағып тастап кеселін бір, Арттырып өз ұлтының меселін тұр, Бас иген ар алдында төтен шешім, Сол үшін намыстың да есебін біл! Жаралған үскі бізден бір жаңғырық, Дұшпанды кетті-ау деймін аң-таң қылып. Сүйемдей біздік темір найза болып, Көздерге елестеген сан құбылып! Оқпаны ердің кетті айырылып, Пір Ата дұға оқыды, жайды біліп, Аттағы аман қалған Қошан бала Мерейі үстем болған , Айы күліп! Қара жал қараны орап төгілгендей, Қабырға қақырып бір сөйлегендей . Қара ат та ең соңғы рет кірпік қақты, «Біз-садақа,жауыңнан жеңілмең,ел». Көрінген осындай бір рух текте, Намыс алып көтерген сәуле көкке. Созылған ұзын-сонар дау соңына Ата екен алақанмен қойған нүкте. Алақанға қондырған Қошан екен, Еске алып осыларды атап өтем. Пірімен Қожаназар сыйлас болып, Тарихи орын тепкен ата мекен. Жақсылар бір-біріне артқан сенім, Сақтаған асқақтатып намыс кегін. Кейде мен сүрінгенде «Бекет» десем, Жалғасып жатырғаны баба тегім!

МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ ...Бүкіл қазақ елінің байлығына айналып отырған қазына-мұнай. Оның негізгі бөлігі менің туған өлкем Маңғыстаудан өндірлуде. Ол – менің мақтанышым. Осы мұнайды шартарапқа шығаруда жүрген азаматтар бар. Олардың бір тобы – менің етене жақын туыстарым және жерлестерім. Олар да – осы түбікте туып-өскен ел азаматтары. Осы толғанысымды соларға аранадым. Олар: Сағын Ерқасұлы Қырымқұлтегі, Жақсылық Смағұлұлы Жанғазытегі, Жаңабай Мизамұлы Сүйіндіктегі.

Асан Қайғы да ойлаған еді бөктерсем деп сауырға, Түбегім сонда ауыр ма әлде көлігі оның жауыр ма? Үш рет кетіп , үш рет неге қарады! Қимағандай-ақ қайталап келіп ауылға. Білген ғой сонда мол байлық ұйып жатқанын, «Жараспас,- депті – сауырға жерді артқаным, Желмаямен жеті жыл үзбей кезгенде Тояттап көңіл, Ауғанға қарай тартқаным...» Естідім мен де бабалар соны айтқанын, Тыңдадым күйін Қорқыт пен Абыл тартқанын. Көргенім рас жаһанға бүгін жар салып, Мұнайлы өлкем төсіңе айдар таққанын. Өмірде сансыз «оңай» олжа жымысқы, Көрсете алмай жарқыратып, паналайтын қуысты. Қойнауыңда жүйткігін қара дарияң Ынтызар етті батысты да, шығысты... Кеудемді керіп, тереңнен алсам тынысты, Табатынсың аралас жақын-туысты. Ағылшын, қытай, жапон ба тіпті басқалар, Сен үшін олар ортақ тіл тауып, ұғысты. Әкелді тіпті долларын бүгін қапталап, Шалқайсаң өзің , келетін түр бар арқалап. Жаутаңдап көзді,тамсантып , көпті қаратың, Кім көнер оған, қойсаң да енді алқалап? Алпауыттардың қоздырып талай егесін, Танылып Ақтау, айдынға салды кемесін. «Жарылға!» деп дәметіп сеннен,қол жайса, Қалайша көпті сөгесің?! Басқалар-ақ сұлу сөз тауып теңесін, Жар болып Аллам,шабытымды демесін. Міндетім менің, өтей алсам, борышымКөрсетсем деген көкірегімде жыр боп келесің? Елестеттік күмәнді кеше сағымды, Тасыттың бүгін қуаты күшті ағынды. Армандап еді-ау ақындарда жырлауды, Көрсек деп сенің осындай нұрлы шағыңды... Сырыңды бүгіп, жасырып келсең кеше сен, Суыртпақтап, лапылдап жандың, көсесем.

Талайлардың тамсанып қарап, толғанып, Айта алмай кеткен ойларын мен өтесем!

Келген жоқпыз күнелту үшін кемді күн, Таңдауға түстің, махаббаты көптің – сен бүгін. Көмейде жатқан көл-көсір ойды айтуға Ақ ниетпен бастағам жырды сенбі күн! Бұралаң бұрым кезгенде Пекин көшесін, Ұзатқан қызын құдадай, көңіл, өсесің, Тіл табысып өзімен түстес жұбайдың Билеттің бүгін нешесін? Сылқылдап ағын, жылтылдап байлық барғанда, Жарқылдап күліп, лақтырды бөрік әр маңда. Шанхайдың халқы қызықтады ғасырды, Шығып ап «Ұлы қорғанға!...» Бағамдап қарап, оңында және солында Қалыптастырып қайтадан «Жібек жолын да» Көптігімен белгілі болған әлемге, Күтсе егер сені , ыдысын ұстап қолында! Соққандай жүрек бүлкілдеп жылы қойының, Көтеріп жүгін жатқандай иық, мойының. Әлемдік мұнай негізін құрап тұрғанда Ұрпағымның ырысы ғой «Қазақ-Ойлым» Жемісі бұл – ақыл мен адам ойының, Аралға асты Қазақ Мұнай – Ойлың. Жанкүйер жапон жұрағаты қуанып Хабарын айтты тойының... Дүние түгел мақтайды Индонезия көп ісін, Іңкәрлік көзбен қарайды, өзіңдегі кемі үшін, Бабаларымның қалдырған анау қойныңда Сыбағасы мен үшін... Әрине, бұл – ақыл мен ойдың жемісі, Күңкілдеп күндес келді ме бірдене дегісі? Шұқитын дәнін тауықтар да табылар, Піссе егер кімнің егісі?.. Қоздырып мейлі сезімнің отын тербесін, Осылай қарай аударып елдің делбесін, Әлемнің бүгін алпауыттары бірақ та, Қылғыта салар майшелпек құрлы көрмесін! Арзандықпен қылғыта салса – Ерге сын, Жақтырмай көңіл, ұнатпаса – жерге сын, Түбегімнің мақтанышы – мұнай-газ Алаулап жанып,сөнбесін! Махаббаттын қоздырып, арманы болғай талайдың,

Тоғысқан жері , түйіскен жері сан ойдың. Маңғыстау маңғаз мұнарасы әлемге Асқақтап, мойынын созуын мен қалаймын! Алласы жар боп , тәңірі оны қолдасын, Сүрлеуін салып, шартарапқа тартты жол басын! Ертеңгі менің ұрпағымның шығар биігі Тұманды да, бұлыңғыр да болмасын!

КӨРПЕ ОРАЗМАҒАНБЕТ АХУН ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Қоңыр қаз ұшты төрімнен,жан-жақты әбден байқап-ап, Жігері жасып, торыққан. Құтылса басын қалқалап, Бақыты еді елімнің, қиямда шалқып қалықтар, Аққудың даусын қайталап... * Кейбіреуде түсінбестік керең бар, Білімпазда шыңыраудай терең бар. Жаратқанның жұмбақ сырын шешуге Шым-шытырық, шаман келмес, өрең тар?.. Баурап алып кетер кейде ыза-мұң, Кеуде керген шерлі өкпе,қызамын, Мұздай тәтті шыңыраудың бал суын Кезең екен «У ішкендей бұзамын». Бір шыңырау жер бетінен жойылды, Болмаса да бітелгенде тойымды. Құдық, орпа тек ызалар көбейіп, Сан-сапатқа алып қашты ойымды. - Жауың кім? – деп сұрақ қойдым қиялдай, - Қазақ қой – деп жауап берген ұялмай. Қазақ жауы – қазақ болып кезінде Дүниеден өткен солай, ой Алла-ай! Сүймеді «мен білемін!» «білеміңді» Түсінбейді ақ ниет, жүрегіңді. Жаяу жүріп тау-тасын араладың Еңсесін көтерем деп, түбегіңді. Армандадың , өмірге ғашық едің, Шырақ-шам тұтатуға асық едің. Әттең, тәйір көре алмай соларыңды,

Өзіңді тұтқындады «пасық ерім?!» Жақсыны көре алмаған жасық елім, Жоғалтып алғандай – ақ оған сенім, Қысылтаяң күндерде ұстап беріп, Сыймады маңдайыма асыл ерім! Ағылшын,орыспенен тілдескенде, Торитын маңайыңды күндес күнде. Күнге бағар сұр жылан жиырылып, Тұтатқан қызғанышты жатып інде! Сол қазақ Шағадамда мадақталды, Төбесі көкке жетпей аз - ақ қалды. Ғалымды тұтқан үшін кілем алып, Сыйға алған арғымақпен адақтады. Сол қазақ жолай жүріп Сенек келді, Мақтанып, көкірегін кенеп келді. Түс мезгіл шәй үстінде отырғанда Жұрт көрді мақтаншақ бір «желөкпені» Үй иесі: денем ысып, қызам, - деді,- Жолаушым, жетіп жатыр ызаң - деді, - Ал қазір үйді босат, жолыңды тап, Болмаса, ауызыңды бұзам! – деді. Қатесін өрелеспей ұққан екен, Еліне айдау жолмен зытқан екен. Барғасын Ұштағанға үш айдан соң Оны да бір қазақ кеп тұтқан екен...

  • *

...Жыламсырап артыңда Жылқыайдар дөңі қалыпты, Қандай ілім күйттедің – біз білмей жүрміз анықты. Мұрагерлік ұрпағың мүрдеңді іздеп таба алмай, Қаншама көңіл налытты...

Ойда жоқта кездесіп, аң аулап жүріп қақпанмен, Сарғайған кітап жасырған Сахардың тауын тапқанмен. Жетімек көңіл жасқанып, ойдағы асыл шындықты Дәріптедік деп мақтанбан!..

Біздің дүлей ғасырымыз хабары болмай ертеңнен,

Жинақтады кітаптарды «шығарам – деп - бір теңнен», «Құжаттар мен қолжазбалар енді кімге керек?» деп Мәңгүрттікпен өртеген...

Кінәсін тағып өлгенше, артынан шешім қалдырған. Өтті осындай кезеңдер, дүние деген сұм жалған Айта алмадым шерменде,басымыздан қаймығып, Болсақ та шешен майталман! Барыпсың ау қызылсудан – стамбұлға төтелеп, Сен бармасаң Бұқара мен Бомбейге де бөтен ек. Алғаш рет атағымды алып ұшқан қазақтың Еңбегі қашан өтелмек?.. Алды-артыңа топылып, тіріде көзге мақтаған. Өзіңмен дәрмен кеткенде, шығарып көрден даттаған. Осындай кебін кейгеннің талай өтті арадан Тәубе етемін Аллаға – бір Өзің одан сақтаған! Қызылсумекенбұлағың сықылықтап ағатын, Мал суарып бірінен,басқадан жайын табатын. Таба алмай қалдық адасып бір бұлағыңды өзгеше Жарағы ем деп жағатын... Өзің салған мектептің мал қамадық ішіне, Кір-қожалақ қалпымен кіргенде болар түсіңе?!. Есіміңді қайта ескеріп , бір орынға бере алмай, Солақайлық көп ісімде!.. Кермиықтай керілген кертақтайды айтыпсың, Тыңғиық сырды жасырған – Қарашықтан қайтыпсың. Тапқан да жүр қуанып, танығанды білмедім, Келмесең өзің қайтып шын... Ақшулан бұлты қонақтар тауларың бар артыңда, Жалаңаяқ сен кезген соқпағың жатыр қалпыңда. Инабатты сыр айтар сен туралы жалықпай, Азайып кетті қартым да... Қанша қақсап айтқанмен,өзгерген-ау салтым да, Өзгеріс бөтен керек-ау құрмет тұту нарқында?! Ойлансам,мен де түйсінем – алып келіп жасықты, Алмастырдық алтынға!.. Қысы-жазы жайлаған Қызылсу – ата қонысың, Қонақ болған өзіңе ағылшын мен орысың Қатер төніп басыңа, екіталай күн туғанда,

Бермеді әттең қол ұшын... Адам деген осындай алдамшы сәуле иесі Естілер көп өмірде жоғалмайтын түйесі Ерте ме, елде, кеш пе екен – қияметте тазарар Пенденің жала-күйесі!.. Кикілжің пәле басталған Абыл менен Қабылдан Бұйрықтан шығар сізге де ашхабаттың маңынан, Топырақ салып қабірге, мауқымды кейде басуға Жабырқап көңіл налыған... Сыр тарттым ба әлдебір саябырсыған бұлақтан Мұңайдым ба тағдырға дәріптей алмаған ұяттан? Тілеулес болып өзіңе қайталай берем күбірлеп: «Жай тапқай жаның жұмақтан!» БИІКТЕСІН СОЛАР ЖАТҚАН ТӨБЕЛЕР (Қосжанов Қазданбайға)

Мойымайтын мықтылықты сілкіністі сезіммен Қарайтын ең анау қырға көзілдірік көзіңмен, Сағы сынған қыраттарды қалдырдың ба артыңа, Жақсы жырды бауырыңа ап кеткенің бе өзіңмен? Қарманамыз жырлайық деп кейде сенше жырларды, Сезімдерге өзің бөлеп алып кеттің сырларды. Шопан қызың өзі түгел жолатпайды маңына, Әлдеқашан жырлаған деп, «жауыр қылма қырларды.» Талант едің шапан жапқан талайларға өлеңмен, Ақын едің жыр-шумақтың шуағына бөленген. Енді , міне , арнау жазар жалтақ ақын аз емес, Сені бірақ арасынан көре алмастан келем мен. Қазақ тілдің маманы еді саған нағыз керегі, Тілімізді шұбарлады кейінгі ұрпақ бөлегі. Атқа мінер азаматым қарсы алдыма шығып-ап, Бетпе-бетте есіп кетпей, ыңқылдаумен келеді. Ұзтаз едің жалықпайтын үйретуден басқаны, Оқытамыз,қорқытамыз, ұстаз жолы ақсады, Күн-көруге жетер жетпес еңбек ақы аз ғана, Ереуілші ұстаздарың заржақ болып қақсады, Топырағың торқа болғыр, ақынжанды Қазданбай,

Зу-зу,ду-ду әңгімелер жетіп жатыр жазғандай. Қозғалатын,қозғалмайтын мүліктердің иесі Пайда болды алыпсатарғШығайбайдай азған бай. Алпамсадай Одағымыз шалқасынан құлады-ай Болып кетті жан-жағымыз алағай да бұлағай. Кіржің тартқан қабағы бар пенделерді қарсы алды Етек-жеңі салпылдаған «нарық» деген құдағай. Ай мен күннен басқалары қалталыға сатылды, Еркіндіктің кілтін аштық, айтам десең батылды, Мен де жүрмін айқай топтың арасында кіжіңдеп, Беріңдер деп айтып қоям Құландыға атыңды. Рухтары жарылқасын күңіреніп кетпесін, Неге керек қоса арқалап кеткендердің өкпесін? Ей, пенделер! Бөлейік те , бөленейік сезімге, Маздап жанып шырақтары, гүлдей болып көктесін. Мақтанышпен шәкірттері сезім-нұрға бөленер, Ақын жанды , қаз дауысты Қазданбайлар көбейер. Ұлыларға қызғанбайық бір атауды қиюға, Есесіне биіктейді солар жатқан төбелер!

ҒАСЫРДЫҢ МАҒАН БЕРГЕН БІР КӨСЕГІ (Әбішке)

Соңында осы ғасыр байтақ әнім Тойыма ұласты деп айта аламын. Ұйқыдан өзі оятқан даласында Жырлады тағы келіп – байқағаным. Қайталап, әнім анық айта аламын, Сұқ көзден аулақ болғай , байқа , барым. Жүз жылда қайталанбас берген маған Бақытым, маңдайдағы айқай дарын. Өрбіген түбегімнен мұнаралар, Әлемге аты шыққан бұл аралар. Мұхитын маржан сөздің сапырғанда Ақ шашты басып еді ғұламалар. Сондықтан өкпе айтпа алман сараңсың деп, Сыйлаған айнаң шығар қарасын деп, Тоңазып, жаны жүдеп жүрген шақта Сөздердің шуағына орнасын деп. Өмірдің жолын салдың тіл ұғысқан, Қорғадың талайларды сұғылыстан. Сомдадың шығарманы шырқау биік

Баяғы «Бір шөкім» мен «Бір уыстан». Ағайын, қарсы алдыңда тұр көсемің Төгілткен сөз – дария , тіл есебін. Мен үшін жаралған тек туған жерден, Аман бол,айналайын бір көсегім!

МҰХТАРДЫ ТУҒАН ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛЫҚПЫН

Иесі едің талантың да , күштің де, Иесі едің шеберлік пен істің де. Кезіп кетті бүкіл қазақ дүниенің бұрышын, Мініп алып кітабыңның үстінде .

Атап өттік ардақтысын алыптың, Есіміңмен марқайып та қалыппын. Күйін, мейлі , күндесең де өзің біл, Мұхтарды туған қазақ деген халықпын! * Гомер мен Дантес және Толстойды, Бальзактан Абайым да қалыспайды. Кезінде оны өзің көрсетпесең Шынардай бізден шалғай алдыстайды.

ҰЛЫ АХАҢ РУХЫНА АРЫЗ (АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА)

Тілдегі шыңым едің асқаралы, Қопарып талай істі тастар әлі. Ұлы Аха, қайта айналып енді келсең, Көрер ең тілдегі бір масқараны. Сөздердің көбейді де бұзықтары, Бүлдіріп сөйлегенді қызықтады. Барлығын кемшіліктің жіпке тізсек, Әлі де толып жатыр «қызықтары». Бермеуші көбейді ме сөзге мәнді, Өзің айтқан сөздерім кенжеленді. Сарғайып парақтары ұмыт болып, Сен жазған «әліп-биің» теңде өлді. Бір ғасыр барлығын да көздеп едің, Ұйқыда жатқандарды «ез» деп едің. Шұбарлап тілімізді бұзып алдық, Білмедім енді қалай өзгереді. Көбейді пысықтарың ой алдаған, Жемқорлық, ұрлықтарды қоя алмаған. Ал тілде ұйқылы ояу қазағыңыз Шаққанда «Масаңызға» оянбаған

КӘСІПКЕР – ІСКЕР АЗАМАТ (Амал Башабайұлы туралы толғау-жыр)

Биссмиллә деп бастадым, Болмасақ та ақтабан, Сөз қалдырып жатырмыз Тұрғанда көмей , жақ та аман. Шежіреге зер салсақ , Еске алып кеткен бабасын, Жақсыларын мақтаған Ниетін жасап көрелік Тұрғанда аман ноқтадан. Ноқтасын салса бір Алла, Кеткендерді жоқтаған, Бүгін барлар ертең жоқ, Көзді ашып жұмғанша Көресің қара тақтадан. Сайраған тілің мүдіріп, Сағаттай соққан жүрегің, Бір сәтінде тоқтаған... Асан Қайғы айтыпты: Асыл тас пен асыл сөз Тегінде қарап жатпаған. Шер мен желің толқытса, Олар да шыққан қақпадан. Ретті жерге келгенде Жақсыны етсек жария, Содан да иман бақ табам. Бәйге атқа қандай сын айтар, Орынды жерге шаппаған? Салмақтап сөзді қарайды Ойы терең жақсы адам. Сарапқа салса сөзімді, Тиеді жұмсақ мақтадан. Абыл, Нұрым, Ақтаннан, Қашаған жүйрік тақтаңнан, Сәттіғұл мен Сүгірден Сан алуан ақыл сөз Сары майдай сақталған, Жиын мен тойды атқарып

Талай бір сөзді ақтарған, Жүйріктің кірбің кірлерін Сөзбен демеп кезінде Тазартқан екен қатпардан. Ал, әлеумет тыңдаңыз, Тоғытайын сел сөзге, Қарасудай қаптаған. Қоспағы кетпей қазаннан, Ырыс , дәулет дарыған Қожаназар бабамыз, Уызынан жарыған. Үш назардың бірі боп, Сүйсініп елі таныған, Байлығын айтсам басқаның, Киелі баба Қожеке, Кешіргей деп жалынам! Осындай екен тарих Келе жатқан әріден. Тыңдаушы халқым , құлақ сап, Байлық деген жайды ұғың. Жұрттың бәрі баюға, Деп жүргендей майда ұғым. Жуса кетер деген бар Қолдың кірі – байлығың. Жеткізе алмай біреу жүр, Айлығына айлығын. Күнелте алмай біреу жүр Қарызға сұрап шәйлығын. О баста да бір Алла Несібесін әркімнің, Тең етпеген барлығын. Құнарлы жерге шөп шыққан, Тәңірдің қара жарлығын! Түсінгенге ап-анық, Қадеге ешбірі аспайды Президенттік жарғының?! Кәсіпкер , іскер азамат Түсінеді барлығын. Еңбек етсең ерінбей Дегенге сәйкес келеді Барлығы да ал мұның. Еңбек пен бақыт бірлесіп, Құдіретті бір Алла, Қолдаса, құптап ілгері,

Дегендей болып алғұлым. Көлденең пәле жат болғай, Кесепат, шайтан малғұның! Байлық пен барлық туралы Сөз бастадық осылай Жолы деп Алла шарғының. Қожаназар Атамыз Түбекке қағып қазығын, Арқаға тартқан желісін, Төрт түлігі сай дүреп, Көрмеген ешкім кемісін. Әруақты ата Адай да Қайыры тиген ел үшін, Қожаназар Жаңайдың Байлығымен бағы асқан, Киелі баба мен үшін. Атаға тоғыз жетіпті, Амалға дейін санасам, Қасиетті сан қайталап, Жыли берер деп ішім, Жалғасып солай жатқандай, Сөз арнаған себебім, Қайырлы болсын деп ісің! Амалжан, айтсам шынын да , Өз үйіңнің қүлысың, Қайырың тисе еліңе, Халқыңның сүйген ұлысың, «Болашақ» деп атаған Ырыс тапсын ұлы ісің, Өмірді толық сезініп, Барладым, байқап тынысын, Президент күнде жар салып, Айтып жатыр мұнысын, Әркімдерге қол жайған Өзіңдей анау азамат, Көреген күні құрысын! Ортасында қаланың «Батша-Қуан» атанып, Тындырып жатыр ел ісін, Әр тұстан ашып кәсіпті, Кеңіткен еңбек кемісін. Базарбай жатыр Шетпеде, Сол жақтың ұстап бұрышын, Қызылсуда Қасыбай,

Еңбегі жатыр асып-ай, Тізгіндеп,тентек-ұрысын, Осылардың барлығы Саған берер қол ұшын, Қыдырып барсаң-қонысың, Төтесіне салғанда Дұшпанға сермер қылышын, Мақтанар досқа ырысың, Сондықтанда Амалжан, Кеңісін, шалқып, тынысың. Қалдырмай айтсам жан-жағын, Қандырам құлақ құрышын! Жақсылық пен Жаңабай – Тілектес саған ағалар, Астанада Әбіш тұр, Қолдансын деп он ісің! Назар салып қарасам, Еңбегі жанған торысың, Алып қаып қашпай ойымды, Тұғыр атқа жорысын, Артыңнан қалмай ере алмас, Мәстектердің сорысың, Өтеп жүрсең талайдың Кем-кетігін , борышын, Жаңай түгел өзіңнің Беріш пен Алаша жарысың, Қожаназар бабамнан Бір көсек болып атаған Азаматым, арысым, Кәсіпкер, іскер атансаң, Қуаттайды қол соғып, Қазақ түгел орысың! Өмір - теңіз , біз – кеме, Тоқтағанша жүзетін. Алланың демі өлшеулі Қажетінде үзетін. Кеткенді еске түсіріп, Ретті жерде тәубе етіп, Жасайық жолдың ізетін! Есбайдан Әлжан тараған, Қарағұл, Мәлік, Жұбайлар, Қарағұлдан туады Ізбас пен Боранбай, Боранбацдан өрбіген

Қами менен батшабай, Біп-екі ауыз сөз айттым, Көзім көрген жақсы аға-ай! Қозғалысы өмірдің Қайғыны берсе бір күні, Қызығын да сыйлаған, Өтіп жатыр жалғанда Ойламаған, қимаған, Перуана ана атанған, Жарқылдап күліп жүретін Айырылдық жеңгем Зибадан, Қас-қағым сәттің өзінде Қиындық болды кезінде Жанымызды қинаған, Жәннатта болып рухың, Шапағатпен көгеріп, Атанғайсың сыйлы адам! Әбіш пенен ААмалжан, Сабыр етіп артыңа, Көтеруге тиіспіз, Алланың жүгін сыйлаған, Ақкетік атты қалада, Дәм татқан талай үйінен, Батшабай , Қами ағадан, Әбіш, Сүндет, Амалдар Тараған сол бір сағадан. Қатар өскен қос ағам Қуат алып жататын Кәрі каспий жағадан. Тумаластар келетін Сонау Үстірт даладан. Танылып көпке атағы, Оларды сұрап тұратын Бегдаш пен Құрық, Шағадам, Сәлем беріп барғанда Кетейін дейтін садағаң. Ақылшы болып жатқанға, Ақсақал, Абыз атанып, Аумайтын баба данадан, Қолыннан келсе жақсылық, Жағдайыңа қараған, Қами менен Батшабай, Осындай еді нар ағам. Артық болмас сөзіміз,

Қабыл еткей тәңірім Келтірдім сөзді шамадан! Шөлдегенге жұтатын Құйғандай саумал сабадан. Жарылқасын алдыңнан, Пейіштің мініп пырағын. Алғұлым деген Алланың Пендесі болғай қалаған. Бір Аллаға тәубе етіп, Шүкірлік етсек жаосар, Адамзаттың баласы Қимастық пен қоштастық, Бір-Шомақтың ауылы, Сарыдай елдің ағасы, Өз алдына орны бар, Балмаштың қандай бағасы?! Осыларды ойласам Мүдіріп те қаламын, Сарқылдап сөздің сағасы. Ұмытылмай жатыр ішімде, Удай ашып жарасы, Алланың салған ісіне Адамның бар ма шарасы?! Бәріміз жақын тумалас, Жарылқасын алдынанн, Сабыр түбі – сары алтын, Сабыр етіп қарашы. Кимеске бізге шара жоқ Алланың салған ноқтасын. Тірлік деген осындай, Дегені шығар тәңірдің Артына бізді қалдырып, Кеткендерді жоқтасын, Қошқарбай мен Күбірбай, Басшысы сіздер ендігі, Өмірдің ашың қақпасын, Істеріңді қуаттап, Тәңірдің өзі жақтасын! Шарғының жолы осындай, Қайыры болып артының, Ұрпақты қалған сақтасын. Аға болып қалғанға Күш қылыңдар,бауырлар, Қиындықпен кұресіп,

Артында келед Көшербай, Серік пен Дохы ілісіп, Ғалымбек , Ғабер, Әзілхан, Балуанбай, Мереке, Тарас, Жапар. Манастар, Жеткіншек желпіп кіл өсіп, Алланың салған ақ жолын Жеңем деген болмайдв, Қарсыласып, сіресіп! Қарындас, апа, бауырлар, Жан-жағың туыс, қауым бар. Жақсылық сізге тілесіп, Мәтекең кәке ұлдары, Тумаластық сезіммен Арнадым сізге осындай Бейіштің жағып шырағын, Оңыңнан тұрғай жел есіп! Адамның ата-бабасы Ақ жолымен өткен-ді. Мінажат етіп соларға, Еске алдық кейбір кеткенді. Рухы жебеп жата гөр Самаладай көктемді, Қайырын тілеп артының, Кейінгі қалған үрпаққа, Шапағатын сепкенді. Арттағы - соның жалғасы, Көктесін деп еккен-ді. Ақбибі, Алтын аналар, Құрмантай жеңгем және бар, Шаңіырақтың ұйытқысы Сендер боп енді саналар, Жақындықтың белгісі Жылы сөзден қаланар. Бауырға тартсаң щшуақпен, Тату болған балалар, Жазылар түскен жаралар. Жапырағың жайылып, Жақын болсын аралар, Имандық,татулық – Жол екен салған даналар. Тәңірберген, Есбайдан Әлшен, Қадір аталар, Қожаберген тараған,

Қазір енді солардан Ақсақалы ауылдың Сәттіғұлұлы Қаршабай, Хұснадин бар ағам, Аталар жолын ұстаған Бекібайұлы Әбділла, Тоқталалайын , ал , саған. Шомақ деген ауылға Ғазірет-молда аталған, Ілгері өткен бабадан Қасиет дұға бата алған, Бекібайұлы Әбділла Көріп жүрмін қатардан, Ақсақал болып жүре бер Таусылғанша татар дәм. Замандас, достық білемін, Тумаластық тілегім, Сақтағай Алла өзіңді Сан алуан қатерден! Әр алуан мінезің, Бізге жақсы жағасың, Амалжанға ақылшы,

Тіл табысқан ағасың! Бұрынғылар көзіндей Қайнарлы бұлақ, сағасың. Заманға сай , лайық, Көп көңілді табасың, Машинаны саздатып, Орынды жерге шабасың, Қатар өстік дегенмен, Айтпаймын сөздің аласын! Сөз қиыны келгенде Келтірейін шамасын, Дариядай жүйіткіген Қысқартып сөздің сағасын, Бекібайұлы Әбділлә Амалға басшы ағасың, Осылай бердім бағасын. Амалға басшы ағасың, Тарады көпке , ал, атың, Әбіш пен сүндет – қанатың. Жүрегі мен жаны бір, Сен дегенде әрқашан

Жүгіріп, шаршап шабатын. Тілектес саған қайнаға Қарайды тағы Сағитын Нағашыңанау Мұстахи Жүрегі сен деп соғатын, Осылардың ұйтқысы Өзің екенқарасам, Барлығына жағатын, Жан-жағыңа жақының, Кілтін сен – біл, табатын. Мінезің көпшіл , алымды, Айтатын пікір нанымды. Шапшаңдылық қозғалыс, Жек көрмедім оныңды. Сондықтан да әрқашан Бөгемес ешкім жолыңды.

Іс болса да қаншалық, Шешілер деп жатасың. Сол үшін әкел қолыңды! Тартып мініп ат жалын, Амалым , ерте елендің, Қайырың тиіп жақынға, Қамдадың туыс көлемін, Сондықтан саған арнадым Ағалық осы өлеңім. Дүниеге шығарып , Жаратқан да өзіңді Қос ананы тел емдің, Мейірі түскен қос әке Шуағына бөлендің, Жан-жағыңды сөз етіп, Қамтыдым аздап көлемін, Қуаныш, үмбет, қоныстар, Ерлан, ербол, алтынбек, Келеді өсіп терегің. Кейінгі өскен өркенге Үлгі алсын деп отырмын, Келтіріп мысал дерегін. Ақылы барлар қарайды, Ішінен теріп керегін! Гүлсімді ауыл таныды, Құдай қосқан қосағың,

Үлесі оның салмақты, Берекесін кетірмей, Ұстаған екен ошағын. Жас болсаң да енесің Сені де жырға қосамын, Қосағыңмен жарасып Толғауы тоқсан заманда, Өрге қарай қоса ағың. «Бұрынғылар жолы, - деп,- Аталарға ас беру ? Той бердің тағы қарағым, Көпшілікті атқардың, Жарқылдап жүріп қабағың Жеті жаты бәріне Табағың мен тамағың. Риза болып тарады, Туыс пен жегжет, шомағым, Бабалар салған жол екен, Әрқашан да , қарағым, Риза болып қонағың. Жария етіп жақсыны Келе жатқан бұрыннан, Сөз қалдырған кейінге Ақындардың жырынан, Алланың берген сел сөзбен Кемшілікке түйіліп, Жақсыларға бұрылған, Жақсы деген жалғыз сөз Адамның жаны сүйінген, Бас иеді дұшпаны. Қабағы қарс түйілген. Алқұлым десе Алласы, Әрқашанда сақтайды Ақ ниет, адал пейілмен, Қазіргі мынау заманда Күнелту көзін таба алмай, Кейбіреудің кәсібі Шырмауықша түйілген Түйіннің ұшын шешкендер Кәсіпкер, іскер атанып, Адам да , Алла сүйінген, Оны көрген талайлар Қызғаныш деген қызыл ит Ішін жалап, күйінген,

Ұрпақтарға үлгі боп, Боранбаев амалым Аумағай осы күйінен. Ақыл мен білім тез келсе, Жігіттің бағы ашылған. Іскерлік шебер ұштасса, Жинақталар шаылған, Мінез-келбет жұптасса, Киелі керек бейнесі Аумаған ұқсас аршыннан, Қызуқанды аршып тас, Түспесе топқа арсынған. Көлденен келсе кеселдік, Жігері жасып , шар сынған. Нарық қанша болғанмен, Боранбаев Амалым , Жігердің оты алаулап, Асығың түскен алшыңнан. Кәсіпкерлік-іскерлік Жетілдірші өнерді, Кірістің көзін молайтып, Толтыршы табыс-кемерді. Жойылып жатсын тойтарыс, Кеселдік пен кедергі, Тәуелсіздік тұғырдың Үстінде күліп тұратын Көрейін іскер шеберді. Еңбеккер болсаң, ерінбей, Ұлысың сүйген халықтың, Аз отырып , көп сынап, Жайыңа сенің қанықиым. Шаруаны тындырып, Тетігін істің сан ұқтың. Қандай қиын іс болса, Шешпей оны қоймайсың. Түп етектен зор түссе, Жыртылар тонның жағасы . Бар пейілді көре алмай, Қай кезеңде бар екен, Көз салған жан-жақ аласы, Тәңірдің өзі құймаса, Ағыны күті дария, Тартылар оның сағасы, Мінәжат етіп ойласаң,

Аму мен Сырды қос емген Аралға өзің қарашы. Сол маңайды жайлаған Түрікпен, өзбек , басқа да Туысқан ұлттық баласы. Қызғаныш қаншық ұлудан, Болған шығар жаласы. Алланың өзі білмесе, Адамның жетпес санасы, Қанша мықты болғанмен, Болғай тек іште тобасы. Түсінгенге сөз айттым, Имандылық, тәубенің Осындай болар шамасы. Жарқыратып барыңды, Қолтықтан демеп туысқан, Тату болып өсіңдер, Ағайын , туған балалар.

АҚЫННАН ҚАШПА АҒАЙЫН Шалдар – ау шәлкес тақымда, Тұмандау көңілі ақыл ма. Желпінген мынау желөкпе Ұрынып кетті-ау ақынға. Шындықты жырлап тұрғанда, Шорт кесті тұсау туғанда Көре алмай жатты күңкілдеп, Кітабын ақын жуғанда. Айдын көл емес , көлмек көп, Ақылдан жүрміз мелдектеп. Тыныштық берсе жарар тек Жатқанда жайлап көлбеп кеп. Өкпе емес назым туғанға, Болса да күңкіл – жүр маңда. Іздейді екен жан – жағың Үш жерден сені буғанда?!

ӨЛЕҢІМ – ӨМІРІМНІҢ ӨРНЕКТЕРІ

Өлеңімөмірімнің өрнектері Тоқылған сөздердің бір өрмектері. Арқау бар, адарғы мен қылышым бар, Жата алман төсегімде көлбеп, тегі. Өлең – менің өмірлік кезеңдерім,

Кейде аққан, кейде ақпаған өзендерім. Түсінгендер байқайды сол өлеңнен Ойымның сан-салаға кезенгенін. Өлең-менің ойымның сығындысы, Оқысыншы, келсе егер ұғынғысы. Қиял мен шабытымның өрнегі бар, Демегей ойдың қалдық жұғындысы. Өлең-менің оңаша ой арманым, Кейбір жайға күйзеліп, аяр жаным. Бір сәтте көңілімнің қиясында Гүл жарып, көк өркенін жаяр бағым. Өлеңімшабытымның шалқар шыңы, Сырласқан кейіпкердің айтар мұңы. Туған жер, туған елім сырласымдай, Оқыса, өлеңімнен байқар мұны. Өлең – менің қаруым кеңестегі, Өлең – менің пырағым дөңестегі. Ойларымды сабақтап қорытардай, Өлең менің ермегім емес,тегі...

ӨМІР – КҮРЕС ДЕГЕНМЕН...

Өмір деген – пенде еркін жүзер көл емес, Кездеседі алдыңда жеткізбейтін бір белес, «Өмір – күрес» дегенді айтқандар бар бұрында Күрескенде жеңетін енді қалған сен емес! Шаттық кернеп бойыңды , қуанып кейде қаласың, Күт артынан бірақ та өмірдің ащы наласын. Өмір деген – адамға аз ғана күн алданыш, Қарсы алуға дайын бол жақсы – жаман , жаласын.

АҚЫН ЖҮРЕГІ

Ақындарда болады жомарт, жүрек, Жақсылықты жатады сұрап – тілеп, Қасірет пен наланың әсерінен Құлады кейде бір сәт жадап-жүдеп. Ақын жүрек нәзік бір гүл секілді, Жалғастырған сүйексіз тіл секілді, Шаттанып кейде күліп, мұңаятын, Алмасқан түн мен ол күн секілді.

ТУҒАН ТІЛІМ

Өз тіліммен сыр шертемін толған, Қару етем шықсам қандай жолға да. Жырлайтыным, қырлайтыным – туған тіл, Жиын да, тойда да! Кең даламнан, асып биік таудан да, Тіл табыссам,үйлеседі саудам да Доспен әмән өз тілімен сөйлесем Құтқарады ол жакдан да! Қорқыт ата қорыққанда өлімнен Түн ұйқысы төрттен де көп бөлінген. Өз тілінде айтқан жазған жазудан Зәре кетіп , жерінген!

Жанжал туса , тілден тапқан ілікті, Өткір тілден қанша сұлу тілікті. Құлан, түлен шайтандарға тіл тауып, Алдар көсе мініпті! Ән салғанда таусылмаған күнімен, Тіл әсері жорттыоған да түнімен. Шайтандардың атасы екен алданған Алдар көсе тілінен! Шешілмецйтінг істер туар толғақты, Сан алуан қиын іс бар салмақты. Жиреншені өмір сүрген кезінде Жеңген ешкім болмапты! Тіл табысып Қарашашпен қосылған, Туған неше қанатты сөз тосынан, Тіл кеспектің жоқ екенін білген хан Бағытынан тосылған! Осы тілден соққан алтын сарйды Төрткүл дүние мойындаған Абайды, Гомер, Гете , Бальзактармен теңескен Қазақ тілім жарайды! Осы ұлы тіл – туған тілім шынында, Төлесең де жетпес нарық , пұлың да, Сөйлеп келдік, сөйлей әлі беремізБабам, әкем, ұлым да! АБЫЛ АҚЫН БЕЛГІСІНІҢ БАСЫНДА

Білесің бе? Тыңдап қара, айналайын бауырым, Сенің жақын Абылың, менің жақын Абылым, Ақын жырын көңіліңе құмарланып құя біл,

Оның сөзі – бәрімізге тағылым... Маңғыстаулық мақтанышың, еркін айтар назың бар, Даралаған Есмағанбет, аты шулы Қажымдар Кезеңінде ақындығын сомдап бізге жеткізген, Артық қандай қазың бар? Абыл үшін – қандай мақтау – бәрін де мен құптармын, Ол жырласа, жел өтінде тұра алмаған ықтар мың, «Заманға сай үздік ақын» - деген оны ғұлама, Бағасы – бұл - Мұхтардың! Басқаларға жібермеген сөзге деген есесін, Қаймықпастан бөгелдірген хан – сұлтанның нешесін, «Жыр қаймағын аздап іш» - деп ұсынғанға Абылға Жұтып қойған түгелімен кесесін. Содан жырлар ақыныңнан ағыл – тегіл төгілсін, Қалғандары жете алмастан шаңын жұтып, көмілсін! Құйылғанда бал көмейден достар түгел елжіреп, Дұшпандары қошаметпен егілсін! Сөз маржанын төге берген, төге берген маңдайдан, Халық атынан сөйлей біліп, құрметке бөленген сондайдан, Сыйлаған ба? Құрметтеу жолы шығар , түсінсек, Анда – санда тосылыпты Балдайдан! Түрікпеннің ең атақты Мақтымқұлы пырағы: «Ақтар жырды, тосылмашы, - деген екен – шырағым ». Мойындаған тыңдағанда қарақалпақ Ақтажы қыз Абыл төккен жыр – ағын! Түгендеуші ұрпағың бар барың менен жоғыңды – ай, Қаратөбе басынан тасқындап жырлар ағылғай. Батаңды бер, жыр Ата! Ізбасарлар көбейсін, Ұл тусын елім Абылдай!

АТАМНЫҢ АТА ТҮЛІГІ

Жортатын-ды сәріде тұрып ұзақ түн, Ат үстінде мызғып ап, сәуір салған қазақпын, Өміріммен ұштасып жатқан тұлпарлар – Мерейі деп біл қазақтың... Түйелерге жүк артып ылғи көшкенмен, Атқа міндік, атпен жүрдік өскеннен. Дұшпанына сұсты болып көрінген, Аттылыдан сескенген... Аталар сонда азығын алып ұзап тым, Кететін шалғай , арқалап жүгін азаптың. Өз алдына еншілес тиген түлікті Қанаты деп біл қазақтың...

  • *

Қайырып көріп сомдалап біткен тұяқтан, Кетеді, ұзап жайылып, аулақ бұл жақтан. Үдіре көшіп келгенде қайта жеріме Тұлпарлар туып жатырған, далам , сияқты ең... Құлаққа келген жақсы әннің анау сазындай, Жүргендей ойда тағы да саздар жазылмай Сызылып қарап өзіңе тіке тұрғанда Сұлудың бейне назындай... Аруақты атам аймалап өсті тұлымын, Шығарды атын азамат болар ұлының. Тұлпарлардың тұяғымен шыңдалған Даламның мен де ұлымын!..

АТ БӘЙГЕСІ

Жүздеген жүйрік жөңкіліп бара жатқанда Ұқсайды далам «Сарыарқа» сазын тартқанға. Жаяу да болса жанкүйерлер шауып жүр, Шапалақ ұрып қапталға... Көресің тіпті қызынып,тәртіп бұзғанды, Созылған мойын бір-бірінен қызғанды. Оқшау тұрған атбегілер тек қана Кейінде қалған атын көріп сызданды. Қайсысы алда? Кейін қалды – ау көк қасқа , Ызақор бала сілтеді-ау қамшы қақ басқа. Манадан бері шыдамы кеткен кәрия Тебінді өзі мініп ап кеп ақ тасқа.

  • * Төреші атой салып ту ұстады, Бәйге аттар бұрынғыдай қуыспады. Мәреге жақындаған тұяқтар тек Шеңгелдеп топырақты уыстады. Алдыңғы оқшауланды , жанып бағы, Қаншасы кейін қалды , сынып сағы. Атпенен бірге шауып кетердей – ақ, Бәйгесі қазағымның қызық – тағы.

БӘЙГЕКЕР ( Баптаған сәйгүлігі бірнеше рет ат бәйгесінің жүлделі орнын иемденген марқұм Ізтұрған Жақауға )

Тосыннан маңай бүгін аңтарылды, Ат қалды үй артында қаңтарулы. Алланың өлшеп берген ақ жолынан Ойланған ешкім жоқ-ты жалтаруды! Сезініп бәйгекер бір кісінеді, Кім хәлін оның енді түсінеді? Жер тарпып , көңіл жүдеп, таппай сыңар, Мұң шағып тұла бойы ісінеді. Болжаған құлазуды күн ілгері, Иесін таппай маңайдан , түңілген-ді. Шабыс жоқ бұрынғыдай оза шапқан, Басына бейіттің барып үңілген-ді... Қызмет қайтарымды иең үшін, Адалдық айуанның сүйем ісін. Есімін азаматтың асқақтатқан Аттың дағы аты бар киелі шын!

АТТЫ ҚАЗАҚ – АЗАТ ҚАЗАҚ

Жылқы жылы жырым бар ат қадірін ұққанға, Ой тарттым ба сабадан,торсықтан дәм татқанда ? Жүгінсек, қандай биік те ат жанынан басталарАзамат соған мақтанған. Ат баптаудан әлемде талайдың ойын қоздырдық, Абсент сынды жүйрікті бәрінен дара оздырдық, «Құлагер», «Тарлан», «Бозжорға» қаламгерге ілініп, Шығарма қанша жаздырдық! Арқау болмай астарлы күйден қалды ма? Қымыз ішіп сапырып,мейірің талай қанды ма? Жылқыдан бәрі тараған-жал-жаяасы сыбағаң, Қазы тартқан алдыңа! Шабандоз ұлың аталып «құлағында ойнаған», Бал қымызын ұсынып қонағын жақсы жайлаған. Қасиетін қазаққа дарытқан ата түлікті Қастерлеуді ойға алам... Жауымды қорғап атпенен,бақ сүйдірген қазақпын, Тікелеп келсең,өзіме ат мінгізген қазақпын. Тәуелсіздік тұғырын тұлпардай берік баптаған Ал бүгін,міне,азатпын!

СҮЙЕУТОРЫ Немесе сұқтаған көзге шоқ шашқан...

«...Тіршілікте қызық затАтқа мінсең,көңіл шат, Өмірден алып жазатын Сөзім болмас,сірә,жат. Бір күн өтсем дүниеден, Артымда қалсын жазған хат...» (Кердері Әбубәкір) Бұл өлең жолдарын қазіргі заманға сай бәйге атын баптап, дүбірге қосып жүрген Сүйеудің немересі Әбуғали Смағұлұлына арнаймын. (Автор) Тебіндеп еркін жататын жаз – үстірт қонысы, Белгілі болып танылды Сүйеудің ақпа торысы. Бірнеше дүркін шабыста алдына қара салмаған, Таңданды қазақ – орысы... Бәйгенің басын бермеген аламан – айқай шабыста, Арлы жердің асында салатын жүйрік намысқа. Жанарды жасқап алыстап, қараған көзді тайдырған, Қос құлағы қамыстай! Қашаннан да өрбіген қызғаныштан қастандық, Дегендерге көп еді олжалы жерден бас қалдық. Алға шықса, ағайын тасадан тұрып сілтерге Қалтаға атар тас салдық! Сондай қауіп-қатерге дейді екен торы сасқан жоқ, Серпімді шыққан тұяқтан атылыпты тастан оқ. Иті бар көзді тайдырып, қос құлақтың түбінен Сұқтанғанға шашқан шоқ.. Жіберген тұяқ тастары кем болмаған сақпаннан, Мырзагелді әулеті Торымен талай мақтанған, Атбегілік үлгіні Смағұл, Тұржан жеткізді Атадан сөзі жатталған...

ЖЫЛҚЫШЫ ЖІГІТ

Қылаң, торы, шабдарлар – түсі деген, Бұғалықтау, өрелеу - ісі деген, Селт етіп ұйқысынан оянады, Құлынның даусы шықса кісінеген. Жіктеген арғымақты, жабысын да, Баптаған сәйгүлікті шабысына. Естісе, ажырату қиын емес Азынаған айғырдың дауысын да. Қымыздың қуатымен қызынады, Құлақта қыл құйрықтың ызың әні, Күзетте жүрген жігіт дауысына Шатқалдар жаңғырығып, құз ұғады.

  • * Жинақылық , шапшаңдық та бойында, Салып қара атпен түсер ойынға. Серілік бар, өнер де бар өзінде, Көңілденсе ән айтады тойында. Маманданған бала кезден жаттығып, О баста да шыбық мінген ат қылып, Қажет – ақ қой жылқышылық дегенге Жылқының да тұяғынан қаттылық. Көрсін дейміз үлгі етеміз көпке біз, Шалбарының қыры жоқ деп сөкпеңіз – Ат үстінде үнемі ылғи болғаннан, Артық болар ол жөнінде өкпеңіз?..
  • * Көк бөріні көкпар етіп тартатын, Жылқы ішінде «Жылқышы» әнін айтатын. Сәлемдессең, қолың беріп қарашы, Үрікпесін, асау екен, байқа атын!

Шәлкестерді бұғалықпен көндірген, От жалынын тарпаңдардың сөндірген. Аукцион өткізілсе асауға, Осы жігіт жеңіп шығар тендерден!

БАРАХАТТЫҢ КӨК БАЙТАЛЫ

Сөзге құмар қызың менен ұлың бар, Барахатта жетім қалған құлын бар. Туғаннан – ақ ере жүрген маңында, Құлағында шуылдаған бір ызың бар. Сен туралы сан алуан ұғымдар, Талай топта дара тіккен туың бар . Ғасырында бір – ақ рет көрінген Атаң әлде болды ма екен суындар ? Жан – жағыңда ду-ду, зу-зу қаулаған, Тамсандырып көз жанарды жаулаған. Жұлындай боп алға шықса көк байтал, Ешкім жоқ-ты Барахаттан даулаған. Көк байтал –ау , тарихың тарау , қызықсың, Талай думан той-думанда қызыпсың. Келе жатқан қағиданы қашаннан- «Байтал шауып бәйге алмасты» бұзыпсың

ҚҰЛА АТ МОЛАСЫ

Арманда қалған қандыра алмай бұлақ та, Тарттырған аза! Сағыныш сазы құлақта. Құлазып қалам жырлауық көңіл бұзылса, Орала берем Балуанияздық құла атқа! Келіпсің аңсап Көкесем атты бұлақты, Жеңіпсің ақыр «жетем бе?» деген сұрақты. Арманын тапқан арғымағым ба екенсің, Көрінген сонау моласы дейтін «Құла атты»? Сиынсам атқа , басыңа жағам шырақты, Сен жайлы әркім әртүрлі дерек құрапты. Шыбын жанын туған жерге жеткізген Қайырлы мекен! Құлпытас қойғам тұрақты. Жүргендей болам арғымақ елді қыпшақта , Кетесің тіпті Құлагерге ұқсап та, Аңыз боп қалған Хорезм мен үстіртке, Артық болмас ескерткіш деп ұқсақ та!

АҚЫНМЕН СЫРЛАС АУЫЛМЫН

Ақынмен талай сырластым, Ойлармен ұшқыр құрдаспын. Қызықтап далам пейілін, Сұқтана қарап қырды астым. Әбу де келген ауылмын. Хамитта қонған ауылмын. Солардан сұхбат сыр тарттым Төсінде сонау бауырдың. Әбіште келсе соғатын, Өңірге сөз-гүл тағатын. Жабырқау тартқан көңілге Сөзімен шырақ жағатын. Қызықтан биік тауымды , Делбеген жыр мен қауымды. Сүйсініп жырлап кететін, Сыйғызып, құшып ауылды. Сусыған мынау құмдарым, Ақынның тыңдап жырларын. Шарықтап , шалқып кететін Маужырап тұрған қырларым. Жырлансын , ауыл жырлансын, Ауылда , туып туғансың, Жүйріктердің артында Будақ-будақ жыр қалсын!

АҚЫН. АНА. ЖЫР. (Түбектегі белгілі ақын Гүлжауһар Сейітжанның туғанына 50 жыл) Желпініп, көңілденіп қыр қазағы, Бұрқылдатып қайнатты той қазанын. Ақ келін босағадан аттай бере Деді елге «өнерім бар, жыр жазамын!» Ауылға келін келді , жыр да келді, Бұл хабар шарлап кетті маңдағы елді. Жыр тыңдап, құтты болсын айтасыз, - деп Ат шауып, тойлы ауылға атан желді. Мақтанып маңайдағы ел иірілген, Шаттық үн, би биленіп, ел сүйінген. Шай құйды, сәлем етті әлгі келін, Сөйлесті , сәлемдесті, жыр тілімен. Кеш жатып, ерте тұрып түндік ашты, Боз үйге күнмен бірге жырын шашты. Терлетіп, шайын демдеп абысынның, От жағып ошағына қазан асты.

Ат ұстап, бота байлап, түйе сауды, Көмейден жыр төгілді жібек баулы, Жиылған дос-ағайын , туыс-жекжат Сияқты әннің аулы, өлең аулы. Осылай дала көріп, сыр жинады, Сол сырдан шыға берді жыр жинағы. Далаға... атаға да... батаға да... Жүректен лықсып шыққан жыр сыйланды. Өмірге жырмен бірге бесік енді, Гуілдеп бесік іші өсіп-өнді, Тойласа Ақын - ана мерейтойы, Қаламын, мен қалайша аяп немді? Қуат ап ақындықтан ана бүгін, Сыйғызған кеудесіне дала гүлін, Жеткізген айтатынын жыр тілімен Ақын... Ана... Бала үнін... Қайнатып, бұрқылдатып жыр қазанын, Әркімде анаға арнап жыр жазатын. Бесік тербеп , шаттықпен әлдилеген,

Кезек бер Ана-ақынға , ей, қазағым! ШЫҒАСЫҢ АРҚАЛАНЫП АҚИЫҒЫМ (Айтыскер ақын жердесіміз Мэлс Қосымбаевқа) Шығасың, айтыс десе, найзаңды алып, Тыңдаймын көрермен боп, айызым қанып. Айтыстың жеңе беру шарты емес пе? Қаласың кейде тіпті найзаланып. Абылдың ақтарғайсың алтын сөзін, Ақиық Нұрымды да екшер кезің. Шыққанда арқаланып домбырамен, Қашаған келген бе деп қалам өзім. Сиынып жатасың – ау Атаға да, Қуат қып жатқан шығар батаға да. Көтердің шаңырағын айтыстың сен, Керегең мықты болғай , босағаң да!

ФАРИЗАҒА Мен де өзіңдей түзу жолды ұнатам, Мініп алсам қуат берген жыр – атан. Ашық айту, шындық айту – мақсатым, Білмедім мен «мықтыларды құлатам».

Сен де талай батыл айттың шындықты, Болса – дағы қарсыласың кіл мықты. Қаймықпаған Махамбеттей өр ақын, Бірбеткейлік, батылдықты кім ұқты. Ақындарға жарасады даналық, Ақылгөйлік, ақсақалдық, аналық, Фариза апа! Қиналамын өзім де, Жараса ма жақсыларға даралық?! Кейін келер, біз асқанмен қырқаны, Жақсарсыншы адамдардың ұрпағы. Жақсартам деп қасқырлар да тұқымын, Мықтылары әлсіздерін құртады. Өмір деген бұйым емес қалаған, Сапалылар мықтылардан тараған, Талантар мен ғұламалар артында Қалу керек! Қажет тіпті данадан! ӨКСІК (Баллада)

...Менің әкем Томалақов Бозжігіт – жазықсыз жапа шеккендердің бірі. Өз кезеңінде сауатты болған. Елдегі қоғамдық жұмыстарға араласқан. Ауылдарды салт атпен аралап, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында тікелей белсенділік жасаған. Әкем марқұм мен өмірге келмей тұрып – ақ тұтқындалыпты. Мен әкем тұтқындалған соң үш айдан кейін дүниеге келіппін. Соңында қалған жалғыз гүлімін... ...Құдайға шүкір, гүл шаштым. Ұрпақ тарады. Әкем қайтып келер деген ниетпен атымды Тілектес қойған. Бірақ ол қайта оралмады. Күндер өте берді. Мен бой жетіп , өз қатарыма тұрмысқа шықтым. Қазір балалы-шағалымын. Немерелерімде ер жетіп келеді. Алпыстан астым. Көп жылаудан шығар... Көз жанарым соңғы жылдары нашар көре бастады... Көкейімде бір өксік бар... Әкемнің архивтен табылған суретін өткен жылы Балхаев Сұлтан аға әдейі берді. Көп рахмет! Суретті көріп тағы жыладым... мен әкем сияқты екенмін... әне суреті... (менің замандасым , ауылдасым Бозжігітқызы Тілектестің сырынан) «...Талайларды қоса шарпып осы ағын, Ашылмады түндік те, жағылмады ошағың. Шайқалған бір шаңырақтың астында Жылап қалды құдай қосқан қосағың?.. Жер мен көктен айдан да, Ажал оғы тиеді ғой қайдан да. Тірі қап жүр уақыты жетпеген Сонша жойқын, қан төгіскен майданда!

Кетпедің сен өзің тіккен қосыңда Жастық болмай қиналған да басыңда. Бұйырмады – ау ошғыңның үш бұты, Сүйеу болмай туысың мен досың да. Тағдыр қалай бізге салды салмағын?.. Шөлдегенде сусын бере алмадым. Нәрестеңді бір сүйгізіп алып бір, Кетеріңде қоштасып та қалмадым?.. Анам байғұс айтатын-ды осы әнін, Жалғыз мен ғой оған құлақ тосатын. Қайта-қайта сұрайтын-ды құдайдан: «Ажал жетсе , бұйырсыншы ошағым» . Қалыпты атың белдеуіңнен шешілмей, Шылбыр жатты тарқатылып, есілмей . Сенен қалған дүние-мүлік, мұра да Сақталмады біте жемей,тесілмей. Зәре ұшты шықса талай бөтен үн,

Күшім әлсіз, тебіреніп кетемін. Талдырмаш кез ойнай алмай қатармен, Көз жасынан ылғал тартқан етегім. Ер-тұрманың жасақтаулы, сайлы еді, Кімдер мінді? Атың қалды қайда енді? Ат ұстаған нағашымыз өтті деп, Жиендерің тақым сап жүр тайға енді. Алып кетті үйіріп бір құйындай, Өз шатпаңның босағасы бұйырмай. Жетім қыз бен жесір әйел атанып, Өксідік біз көз жасымыз тиылмай?! Қақсайды екен тауықтыр да, ұшып түссе қауырсын, Өлім шіркін тірілерге ауыр сын. Арман екен аттандырған ақ жолға, Дайындауға кетіп жатса қабыршың. Жөнелгенді аза тұту ғұрпы бар, Үші менен жетісі бар , қырқы бар, Жүзі менен жылында да бас қосып Арттағылар – шұрқырасқан жылқылар! Басына барып қайтамыз деп жатасың , Қыз дегенің – мауқын басар боташың. Көңіл шіркін кейде бей-жай болады, Үйіңе кеп оқып жатса батасын. Балаларым да нағашысын сұраған, Өксіп талай, бұрыш барып жылағам. Суретін кеше алып көргенше Үйлеспейтін әңгімем де құраған.

Таусыла ма аға-аға бұлақ та? Ұқсатамын көз жанарын шыраққа! «Халық жауы » деген сөзден үнемі Керең бола жаздап еді құлақ та?! Өмір деген жылжып тұрған сынап па? Анам кетті өксуменен жылап та! Өзің керген мкерегені жинадық, Күтіп едік, сарғайып та , шыдап та! Ғұмыр бейне бір шүйке жүн тартымды, «Жат жұрттық қыз» сақтадым мен салтымды. Құда болдың, отын жақтым өзгенің, Жалғастырдым, ұрпақ болып , артыңда! Орындалмас! Адамдағы бар арман! Әкежаным, өзіңнен мен таралғам! Тірлік деген – түйіндесем, ойланып, Кездесу мен қоштасудан жаралған. КӨҢІЛІМДЕГІ ЕСКЕРТКІШ (Шыңырау қазушы Қараш Бейнеубайға)

Түбектегі кейінгіге ата-бабадан қалған мұра – үстіртегі шыңыраулар. Қай құдықшы да Бейнеубайдан аса алмаған. Өзі: «Үстірт үстінен тыңнан қазған шыңырауым – елудің үстінде , ал ондағандарына шашымның талы да жетпейтін шығар» деген екен. Шыңыраудан алатынбыз төгіп-шашпай қауғалап, Су табылса , олжалаған керілдескен дауға да – ақ.. Тіршіліктің нағыз көзі – су екенін түсініп, Құдық қазса, құттықтаған алыс-жақын қаумалап. Шыңнан қашып қиналмаған қаза білген тереңін, Шөлдетпеген , дайын еткен қай жерден де керегін. Шыңыраудан-шыңырауға жақындасам, әйкелде Малта тастан соққан бейне – Бейнеубайды көремін.

Алып тұлға, алпамсадай батыр мүсін ойымда, Иығында сүймені бар , қайла қашау қолында. Соғысады, алысады шыңыраудың түбінде, Оның жауы жатыр, әне, тай терілік долында. Кесер басын тығып тастап ұйма балшық – долыға, Көзін тігіп қарай қапты кербез дөңнің жонына. Жұдырығын түйіп еді, су тамшылай жөнелді Мүйіз болып қатып қалған алақаны , қолы да. Батыр тұлға бағындырған жалаң төстеу мүсінде Шөл даланы исіндірген кейінгі ұрпақ үшін де. Мәйкі етіп кие салған дөнен серке терісін, Кей сәтінде оралады, қалғып кетсем түсімде.

Бәсекесін жасырмаған қашап қазып тереңнен, Тиобарсынған еріндерге сусын тартып берем мен. Уәдесін орындаған «Тас астаулы көл» жасап, Түнде жортқан жыртқыштар да тебінге аунап, кенелген. Мұра болсын ұрпақ үшін шегең , әйкел қашаулы, Сауап үшін қалдырыпты тастан астау жасауды. Ұлы дарын – Әбіш жазған Еңсеп осы – Бейнеубай, Ескерткіш боп көңілімде бағындырған асауды! Бейнеубай Құлшарұлы ( 1864 ж.т – 1937 ж. Иран) – әйгілі құдықшы. Ескіше сауатын Бабық Таймас ишаннан ашқан. Ол қай жерден құдық қазуға болатынын

алдын-ала, дәл таңдай білетін , қабілеті ерекше адам болған. Маңғыстау ойы мен Үстірт үстіндегі мол сулы ондаған құдықтың бірден-бір шебері. 20 жылдары қазған «Қарашқазған » атты құдығы қазір де бар. Қасиетті жыңғыл

Мен туған шешемді «Жекең» деймін. Өйткені, есімі – Жеміс. Қазір 78 жасында, ауылдағы намаз оқитын екі әженің бірі. Әкем Орынбайұлы Бегеніш кешегі Ұлы Отан соғысына кетіп, қайта оралған жоқ. Анам үш баламен 27 жасында жесір қалыпты. Апам – Нұрымхан 10 жаста, мен үш жаста, қарындасым Қалияш бесікте. Шешем әкем соғысқа аттанғаннан кейін жолдасының орнын жоқтатпай, ерлерше киініп, белін буып бір отар қой бақты. Қасында тоқабай Көшербай, матай Бесінбай деген ақсақалдар болды. Екі адамның бірі болып, қойды кезектесіп бағатын, кезектесіп түнететін. Ол кезде әрбір отар төрт-бес жүздей, әр-қайсысы тайдай «еділбай» тұқымдас қойлар... Ел қонысы, мал жайлымы – Бекет Атаның бетіндегі Оғланды маңы. Мезгіл суық күз еді. Ол кезде ел қыс әбден түскенше дөңде отыратын әдеті. Қыстағымыз «Сарыой» маңындағы құмдық жер. Қыстаққа жемшөп дайындалып, қора, үй салынбайтын. Суық күзде қой әбден қоңданып, қысқа төтеп шыдайтындай болғанша Үстірт үстінде кезекте отыра беретін. Бірде ауыл сыртына қой түнетіп жүрген шешеміз түн ортасында үйге келді де бәрімізді оятты. Бәріміз деп отырғаным үш жетім баламыз, жанұяда басқа ешкім жоқ. - Ауыл сыртында бірдене жылтырап жанып тұр! – деді даусы сәл қалтырап. Бәріміз де үрпиісіп далаға шықтық. Айтқандай – ақ, май шамның жарығындай болып, қойдың шетінде сәуле болып тұр екен. Ол кезде ит-құста, ұры-қары да жоқ емес... Тәуекелге бекем бел байлап, қолымызға құралдарымызды алып, ұйымдасып келсек, сәуле беріп тұрған түнек шетіндегі – «қарақшыға» қағылған жыңғыл екен. Қасына жақындағанда әлгі сәуле көрінбеді... шешеміз қасына келген соң – « Әнеугі Атадан алып келген жыңғыл ғой» , - деп күбірлеп аят оқыды. Ертесіне түндегі қасиетті жыңғылды қой күзететін қарақшылық міндеттен құтқарып, кішкене шағын шаңырағымызды тірейтін бақанға қосымша тіреу етіп: «О, қасиетті киелі ағаш, менің жетімдеріме әр кезде жар бола гөр» , - деп аят оқып, жеті шелпек таратты. Шешемізден оның мәнісін біздер кейін білдік. Бекет Ата мешіті маңындағы бұлаққа екі метей теңдеп суға барғанда, түйеге қом жасап жүрген бір ағашы сынып қалады. Сол маңның қос қанатында жыңғылдар өсіп тұрады. Аралап жүріп, қолайлы жыңғылдан сындырып алып, қом жасайды. Оны елеусіз аңғармастан қойдың шетіне қағылатын қарақшылық ағашқа пайдалана қояды (сірә, оны киелі Ата қолайламаған болуы керек). ...Берегірекке дейін киіз үймен көшіп-қонып, малдың соңында көп жүрдік. Үстірттің тосын-тосын болатын желі мен құтырған құйыны жиі соғып, талайдың шаңырақ, кереге, уықтарын қиратып кетті. Біздің шағын үйімізді «қасиетті жыңғылмен» шаңырақты тірегеннен кейін ешбір құйын да, жел де

құлаты алмады. «Қасымыздағы үйлердің бәрі жығылып, жалғыз үй қалғанды да көрдік», - деп отыратын шешеміз. Сөз соңында айтарым: сол қасиетті жыңғыл әлі үйімізде сақтаулы, құдайдың бергеніне шүкір, манағы әкеден қалған үш жетім, әр қайсысы жапырағы жайылған үбірлі-шүбірлі отбасы болды. Күні бүгінге жүзге жуық ұрпақ түлеп отыр. Кейде манағы «қасиетті жыңғылдың» біздің шаңырағымызға тіреу болғанының әсері шығар деп тәубе етемін... Иманды болғыр, Ағайдар!

...Ол екеуміз сырлас едік. Бағыт оңға түзеліп, «Бекет Ата» қоғамын құруды ең алдымен түсінген де Ағайдар болатын. Ол жұмысты бірден Оғландыдағы қонақ үйді қалыптастырудан бастады. Өйткені – адал , шын берілген еңбекқор болатын. Ол қиялшыл да еді. Оғыланды тауының ең биік шыңына шығып, жанжағына көз тіге қарап қиялдайиын... ...Қасиетті бабаны жан-жақтан аңсап келушілер көп, келгенде солар ренжімей, тынығып қайтса... демалатын кең орын болса... Ең әрісі мал соятын қолайлы орындар , дәрет алатын ықтасында, тіпті әжетхана, су сақтайтын құдық, электр жарығы, бәрі-бәрі де керек – ау дейтін. Оның еңбегімен көп істер жасалады. Ағайдардың қолға алған ісіне дейін, Атаның басында түнеп демалатын бір ғана бөлме болатын. Әйтсе де, ойлаған істі қолға алып, оның жүзеге асырғанға не жетсін!.. ...Көп жылдар бойы тірі адамның қамқорлығынан тысқары қалған, зарыққанда жәрдем сұрап келгенмен, сол киелі орынның маңайын жөңдеп – оңдауға да жігері мен батылы жетпеген пенделерміз ғой. Мұның барлығы марқұм Ағайдарды ойландырды. Тынымсыз еңбекке ұмтылдырады. Қасына өзінің балдары – Қажымұқан, Нұрлыхан, Нұрболаттарды ертіп сонау тау шыңына Атаның жатқан жайына дейінгі аралықтағы жаяу адамдық жүретін сүрлеу жолды қолмен оңдап шықты. Кейбір бұрылыстарды бітеп құлаған тастарды алды, су ағысынан пайда болған сай – саланы тастан қалап қалыптастырды. Кей жерлерде жаяу адам өтетін көпірлерді қолдан жасады. Ата бейтінің қасындағы нар қамыстарды ортасынан орналасқан бұлақ көздерін ашып , ретке келтірді. Ғибадатхана ішіндегі ескі бұйымдарды жаңасына ауыстырды. Сөйтіп, қазіргі Оғыландыдағы соңғы салынған құрлыстар марқұм Ағайдар Базарбайұлының өзі қолдап істеуімен жүзеге асты...

ҰРПАҚ ЕСІНДЕ БОЛСЫН

1950 жылдары Каспий теңізінің оң жаға бетінде «Ленин» , «Калинин» атындағы шағын балықшы колхоздар болды. Оның аздаған мал шаруашылығы «Аққұдық», «Сақсорқа», «Бұрма» маңындағы құм алқаптарын қыста, жазда «Жасалы» , «Бекет Ата» , «Қайғылы » тау жолдары арқылы Үстіртегі шыңыраулар маңын жайлап қайтатын. Ол кезде мал шаруасындағы

жұмыстардың барлығы да қол күшімен атқарлатын. Көші-кон түйемен, қой қырқу қол қырықтықпен, мал суару - түйе, ат жеккен шығырмен деген сияқты...іске асырлатын. Соғыстан кейінгі жоқшылықтан ба, әлде адамдардың санасында еңбекке деген ынта қалыптасқандықтан ба, әйтеуір жұртшылықтық ұйымшылдығы, еңбекке деген ұмтылысы қазіргіден ерекше болатын. ...Бірде «Ленин» калхозының қой ферма басқарушысы Сүйеухан Айдаров көрші киіз үйде қонақ болып, әңгіме айтып жатыр деген соң, шаруадан келген бойда сонда бардым. Өйткені, біріншіден әңгіме тыңдауға құмарсам, екіншіден, Сүйеукеңнің баласымен бір мектептегі интернатта бірге жатып оқимыз (бұл күнде Асылбек Сүйеуханұлы жаңаөзен қаласындағы қалалық газеттің редакторы). Киіз үй толы адам. Ортада толық, қызыл шырайлы жігіт ағасы болып қалған кісі тартымды әңгіме айтып отыр екен. Бәрі де ұйып тыңдап қалған. Далада тұрған адамға үйде ешкім жоқт сияқты. Есіктен кіріп менде тізерлеп отыра қалдым. Әңгіме Бекет Ата туралы екен... «...Бірде «Ащысай», «Қарашық» жерлерінде мал отарларын Үстіртке көшіруге дайындап,алдыңғы жағына атпен келсем бұл маңдағы шопандар менен бұрын көшіп кетіп қалыпты. Ауылдағы адамдардан сұрасытырсам Үстіртке, Оғланды маңындағы жолдан шығатын реті бар және де тау арасындағы құдыққа қойды тоғытып алатын болыпты. Өйткені, дөңге шығысымен жабағы жүн қырқамыз деген ауыл хабарларын алады. Салт атпен айдалған қой отарының соңынан мен де кеттім. Түске жақын межелі жерге жетіп , жігіттермен хабарластым. ...Ел арасындағы аңызда о баста қасиетті асаға сырттай ие болғысы келген қарттың көз жасынан пайда болған екен. Құдық Ата мешітіне жақын орналасқан. Құдық аралары да қашық емес. Жігіттер кеше сол екі құдық арасынан қой тоғытатын кісі бойындай тоғыт қазған. Астын, қабырғаларын сары топырақпен су өтпейтіндей етіп сылаған. Дайындық жұмыстарының барлығы да ойдағыдай істелген сияқты. Ешбір тесік , жарық-сызық байқалмаған. Бүгін төрт жігіт сары-ала таңнан бері қазылған тоғытқа су құйып, толтыру әрекетінде екен. Тоғыттың екі жағына орналасқан қос құдықтан екі жігіт кезектесіп үлкен қауғамен күмпітіп құйып жатыр. Қажырлы жігіттердің маңдайлары тершіп, алақандары қызарған. Олардың қимылында ешбір қапы жоқ. ...Бірақ су құйылған тоғыттың түбінен айналар еміс... Міне тамаша... Мен де біраз қарап тұрдым. Тоғыттың түбіне тек қана бір тегіс су жаққанмен , судың іріліп айналатын түрі жоқ. Құйылып жатқан су да есеп жоқ. Басқа жаққа ағып жатқанда байқалмайды. Жұмыстары оңға баспаған соң жігіттерде қалжырап шаршағандай. ...Жұмысты тоқтаттырып бұрынғы бүлдірген жерлерін оңдап, ретке келтірдік, Атаның құдығының басына келіп, мал тоғытуға , бұл жерді ластауға болмайтынын айтып , жігіттерге түсіндірдім. «Киелі жердің қасиетін байқаған боларсыңдар», - деп, ендігі жерде бұған тек қана қамқорлық жасап , бүлдірмеу керектігін ескерттім. Ата аруағын қастерлеп , әсіресе бүлдірмеу жағына назар

аудару қажеттігін айттым. Сөйтіп, бір мал сойып, садақа беріп , аман-сау кеттік, - деп әңгімесін аяқтады Сүйекең. Бала күнінде есімде қалып , ел ақсақалы Сүйекең айтқан Бекет Ата туралы осы әңгіме киелі жерді ластауға, оны бүлдірмеуге айтылған ақ бата ретінде қабылдап, кейінгі ұрпаққа сабақ болар деп сенемін. Бұл әрбір мұсылман қауымының алғашқы шартты міндеті болуға тиіс. Иесінен бұрын жеткен қалпақ

...Бұл 1982 - жылдың жазы болатын. Үстірт үсті . атаға жақын жердегі «Кіндікті» шыңырауы. Совхоздың алдыңғы қатардағы шопан Аманжолұлы Маңқұлдың шаңырағы астындамыз, қасымызда Алматыдан келген сыйқонақтар... ..,Ұйғыр жігіті Бәкәрім шопан үйінде желдіртіп әңгіме айтып отыр: -жалпы мені Алматыдағы жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде – ақ , Маңғыстау өңірі қатты қызықтырды. Студент кезімде Бекет Ата туралы әркімнен естіген аңыз, әңгімеден, ақиқиаттар мен деректер Атаны көруге құмар етті. Оның сәті тек қана осыдан он жыл бұрын түсті... бірінші келуімізде адам пендесі таңғалғандай қызық еді. Менен бұрын мына қалпағым атаға жетіп, мен бір күн кешігіп келулімін, - деп кереге басына іле салған көне тоздау болып қалған , қырғыздар киетін айыр ала қалпақты қолына алды... - Содан бері осы қалпақты тастамаймын. Көнерді, кейбір жерлерінің тігісі де кете бастады. Жыртылған жерін тігіп те алдым. Жолда жүргенде тастамай өзіммен бірге ала шығамын... - Иә, әңгімені Атаға бірінші келуімізден бастайын. Алматыдағы жоғарғы оқу орнын бітіріп, аспирантураға қабылдандым. Ғылыми жұмыстармен айналыстым.. Сәті түскенде Маңғыстау түбегінің қазба-байлықтарын зерттеу қолыма түсті. Көптен бері арманыма қолым жеткендей... Менімен бірге жоғарғы оқу орнын бітірген Пірімтай Арыстанов осы түбекте еңбек істейтінін білетінмін. Ғылыми жұмыспен айналысу үшін шыққан 5-6 адам соған келіп хабарластық. Ол жақсы қарсы алып, машина көліктерді бөліп, жол жүрісті жақсы білетін адамдарды қасымызға қосты. Бағытымыз түбектің Оңтүстік Шығысы. Жұмысымыз: байлығы мол түбектің жер асты және жер бетіндегі тау-кен орындарын іздеу және зерттеу. Ұйымдасқан бригадада жол басшымыз және жетекшіміз бар. Менің жүрегімнің түбінде көптен көруге арман еткен үлкен иұрат, мүдделі іс жатыр... Бағыт солай қарай болған соң қуанудамын. Ақ жолға әбден жинақталып шығып алған соң, жол басшымызға бұл сырымды бүкпесіз айтып жеткіздім. Ол жол бағыты жасалған карта бойынша, негізгі ғылыми жұмыстардың орындалу бағдарламасын бағыштап: Қарашық төрткүлі, Қарашық соры, Кендірлі өткелі, Кендірлі бұлақтары мен тауы, Үстірт тау шыңдары, Көкесем тұщы су көзі, деп негізгі а\маршрут жол ізін ортаға қойып, Бекет Атаға үшінші күні қонуға жететінімізді айтты. Амал не, асыққанмен бола ма?

Мемлекеттік тапсырманы орындап, Атаға жол жөнекей соға кететін сыңайларын танытты. Көңіл қалтарысында тіршіліктегі таусылмайтын күйбең шаруаның бықсық тауқыметі жайлап алды. Алаулаған арманды көңіл қамырындай ашыды. «Алдымен Атаға соғып, содан кейін оралсақ қайтеді» , - деген ойымды да іске асыра алмадым. «Жол ыңғайы солай» деген басшылардың салмақты жауабы, салиқалы ойды басты. ...Қырсыққанда межелеген үшінші күні де жете алмадық. Жол басшыларымыз – «Бүгін енді кеш қалдық, ертең асықпай жарық барында барармыз», - деп жолға қондық. Осы түні ұйықтай алмай шықтым. Біразға дейін көзім ілінбеді. Таң алдында шошып ояндым. Киімдерімді түгендеп қарадым, бірақ сол бойда осы қалпақты таба алмадым. Іздемеген жерім жоқ, жел ұшырып кетті дегендей, бәлендей жел де көтерілген жоқ. Міне, қызық... Ертесіне түске жақын Оғланды тауына кідіріс жасадық. Шайды астына түсіп келгеннен кейін ішетін болып, Атаның орналасқан жеріне жаяу адамдар жүретін құлама тас жолмен жүріп кеттік. Жуынып-шайынып, дәретімізді алып, ғибадатханаға кірдік. Бірінші бөлмесіне кіріп, жайғасып отырып Бекет Атаға бағыштап аятымызды оқып, мінәжат еттік. Көзімізді үйретіп жан-жағымызға қарадық. Қолдан жасалған ғимараттың архитектуралық ерекшелігін тамашаладық. «Міне ғажап, қабырғада өзіме таныс қалпақ ілулі тұр. Қуанғаннан қолыма алып қарасам, өзімдікі. Сөгіліп тұрған жібіне дейін. Біздер пендешілік жасап, жолымызды алдыменен Атадан бастамадық. Екіншіден, уәделескен күні тағы да келмедік. Бірақ қалпағым уәделескен мерзімінде жеткен. Киелі Бабам қасиетін өз пендесіне толық сезіндіру үшін жасаған әрекеті екенін мен мойындаймын. Содан кейін-ақ, еңбек демалысымды алғаннан кейін Атаға жылына бір рет келіп, мінәжат етіп қайтуды әдетке айналдырдым. Осы келісім де соның рәсімі», - деп Бәкәрім сөзін аяқтады. Бәкәрім сол сапарында Алматыдағы тау-кен институтының деканы екенін айтқан. «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген осы екен – ау деген ой келді. Ғалым, ұйғыр жігіті Бәкәрімге Атаға деген шынай адал ниеті үшін риза болдым.

БЕКЕТ АТА ТОЛҒАУЫ

...Бесінші маусым, жұма. Бекет Атаға арналып берілген ұлы асқа мұсылман ағайын көп жиналды. Бұл күні ауа райында көп өзгеріс болды. Ата алдыңғы күні ашулы, долы желін тоқтатқан. Кешкісін сіркіреп өткен нұрдың суы да Жер – ананың мейірімділік реңін келтірген. Үстірттің қанша жұтсаң да, тоймайтын ауасы біртегіс төгіп өткен жаңбырдан кейін хош иісіне келген, дала жусаны танауыңды қытықтағандай болады. Өткен тарихымыздан естігеніміз, оқығанымыз болмаса, өліге ас беру рәсімін бірінші рет көруіміз. Мәслихатқа жиналған мұсылман жұртына Оғыландының құбыла бетіндегі үлкен қоңыр ой толды. Қасиетті иемнің жұртшылыққа төсеніш есебінде біртегіс шыққан қоңырбас жусанын әдейі жайғандай ыңғайлы орнына көпшілік жайғасып ,

тізерлеп, мінәжат етті. Салтанатты жиын ашылды, құран оқылды, әр жақтан келген қонақтар сойледі, пікір айтылды. ...Бір кезде жыр айтылды. Кәдімгі тау шыңынан тасқындай аққан нөсер жыр. Табиғи талант, дүлдүл ақын. ...Қазақтар - ай, ұмыттық қой аруақты, Жауға шапсаң, Бекет еді ұраның. Билік болса, кілең мықты, іріміз. Сөз бермейміз бірімізге-біріміз, Қорыққанда, тарыққанда жебейтін Естен шығып кетті көптен піріміз! Тасын теуіп, сықылықтар дәу жиен,

Мен басымды, ауырмай-ақ, сауда ием. Ағайындар, осы Бекет емес пе Сырқаттансаң түнейтұғын әулиең..?! Жыр тыңдаушысын мойындатты. Тақ-тақ қаққан таңдай, кейде жапатармағай екі жаққа кезек шайқалған немесе қошеметпен иілген бастар ризалық нышанын білдіруде. Жыр жолдары әрбір жүректі жаулап алды. Таланттың адамның адамына бітетініне әбден көзіміз жетті. Өршіл дауыс тағы да төкті. Оғыланды тауы жаңғырды. Өршіл дауысты тау шыңдарының қос қатпары жаңғырығып, қостады... «...Бекет батыр туған жерін қорғаған! Қолын салса, шелектегі су қызған. Егер дұшпан бара жатса күшейіп, Керек болса қолдан дауыл тұрғызған... (Нанбасаңдар, кеше көрдің, халайық, Мен емеспін асып айтып, құр қызған ). Таланты ақын жырдың екі тармағын сол жерде шығарып қосты. Оның да жөні бар еді. Төртінші маусым күні ауа-райында қатты өзгеріс болды. Шың басындағы дауылды жел алай-дүлей кеп борады. Шың ернегіндегі малта тас түйіршіктері жан-жаққа атылған оқша зулады. Ол кейбір пендесіне жазым да келтірді, келтіре де жаздады. «Атаның басында ас беріледі» деген соң талай жөн-жосықсыз, көпшіліктің дүрмегімен жөнеле бергендерге көрсетіп жатқан зайыры болса кім білген? Мұсылман қауымы қалай болса, солай, тек Атаға қызықтау үшін келетін орын емес екенін сезінді, сезіндірді. Ата қаһарын түсінген кейбір пиғылы терістер келген ізімен еліне қайтты. Содан кейін барып ауа-райы да саябырсыды. Міне, бұл жайды шын ақын, батыл ақын ғана айта алар еді. Бүкпесіз сыр айтылды, ол жыр жолдары болып, ақын аузынан төгілді. Нағыз ақын шындықты жырлайтын елдің ақылгөйі, абызы емес пе? Асқа жиналған көпшілік ақын Рахмет Аяпбергенұлын осы тұрғыдан жоғары бағалады. Рахмет туысқан қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институында оқытушы болып жұмыс істеген. Қазақстан басылымдарында оның өлеңдері үзбей жарияланып келеді. Ол өткен жылы дүлдүл ақын Қашағанның мүшелтойына қатысты. Біздің облыстық «Маңғыстау», аудандық «Түлеген түбек» газеттерінде «Бекет Ата» толғауы жарияланды. Аста содан үзінді

оқылды. Бұл – Бекет туралы алғаш жарияланған көлемді, шебер жазылған көркем шығарма десек, артық болмайтын шығар! Ол Ата туралы толғау, поэма десек те, толық үйлесетін кесек шығарма болып, әдебиеттен орын алуға тиіс. Ақын «Бекет Ата» толғауын өмірбаяндық деректерге сүйеніп, Ата туралы аңыз бен ақиқаттарды ұштастыра жырлайды: «...Мен де міндім жыр жорғасын қамшылай, Есіміңді мың қайталап жаршыдай. Әлі де аз, білем, көңіл тіпті толмайды, Мұның бәрі жыр мұхитына тамшыдай» - дейді ақын. Дұрыс, ұлы піріміз Бекет туралы әлі де аз. Бұл – жазылуға тиісті, насихатталуға тиісті тақырып. ...Ақын поэманы жігерлі дауыспен жатқа оқыды. Ұйып тыңдаған көпшілік тебіренді. Ақынның әкесі – ақсақал Аяпберген де бірге келіп, Атаға аят оқыды. Бұлар – Атаның қасиетті Асасы тұрған ұрпақтарынан болады. Аталмыш ақынның өзі айтқандай, «Рахмет – жаман сарың ой бағар» , аруақ дарыған, арқалы ақын екенін көрсетті... «Мен шәкіртпін Төлегенге, Абайға, Қашағанға , Фаризадай апайға. Махамбет, Қасым көкірегімнен атойла! Өз атымды мен де бүгін кіргіздім, Өлең деген көркем алтын сарайға. Оны уақыт ертең өзі салмақтар, Бір кезекке жарамай ма, жарай ма? Бар білгенін ел – жұртына ақтарды, Риза бол, балаңа, Ата, қалай да!.. » - деп шығарманы түйіндейді. «Бекет Ата » толғауы көркем әдебиетке қосылған құнды шығарма деп есептедік. Үлкен тақырыпқа, киелі тақырыпқа бірінші болып қалам алып, ой тербеу – бұл ақынның батылдығы. Ол – өз қуатына деген сенімнің молдығы. Рахмет Атаның киелі асасы сақталған ұрпақтан шыққан, ол – өзінің тамаша туындыларымен көпшілікті тәнті еткен марқұм Төлеген Айбергеновтың жерлесі. Ақын Төлеген де өзінің өлеңдерін жатқа айтатын төкпе ақын еді. Рахмет те – сондай ақынның бірі. Іске сәт! Талабың жансын!

Шопан ата туралы аңыз Қожа Ахмет Ұстаз екен Ең жоғары санатты, Мұсылмандылық, имандылық Жан-жағына таратты. Шәкірттері бітіргенде, Сынақ үшін жыл сайын Алыстарға аса-жебе қадапты! Сол мекенге шәкірттердің Мықтыларын жіберген Бата берген, қажыр-қайрат

Нұрын құйып жігермен Бір жылы осы қадалыпты Маңғыстаулық өлкеге Ислам діні жетпегеннен түнерген? Аса келіп түскен түні Түбек дүркін оянды, Иеленді Баянды. Баянды бай ақсақалды Көргені де көп еді Сол асаны алу үшін таянды... Алынбады. Бірақ ұшы Бұрынғыдан зыңыды Баяндының аз емес-ті Құдай жолы ұғымы Таңбаланды сол күні туған Егіз қозы,торы құлын Болсын деді киеліге шығыны... Мұсылмандық ілімінде Демеген ғой қатең бар Оралайық Түркістанда Қожа Ахмет атаң бар Нақ сол жылы Арықсаз деп аталатын шәкірт те Деген екен сізден алар батам бар? Қыдыр Ата жол сілтеумен Жолға шықты Арықсаз, Іздей-іздей тапқан екен Маңғыстауды жарық жаз Содан бастап таралады Бұл өлкеде Исламның рухы Соған дейін дінге болған дәріп аз! Міне осылай басталды Дін рухы өлкеде, Ішінара қараған ғой Қарсыластар жеркене. Арықсаз да шопан бала, Шопан Ата аталып Қой да өскен. Алдын бастап серкеде! Зердесінің кемелдігін Келгеннен-ақ аңдатты, Қой өсіріп, имам болып, Мал бағуды таңдапты. Қасиет пен қанша білім

Болғанына қарамай Байсалдылық ой түйеді салмақты!

Бай да ақылды: - Қонақ бала Келші менің қасыма? Түркістаннан іздегенің Сенің айтшы осы ма? Мен торықтым. Оңтайланып Талай рет ұмтылдым. Ала алмасаң сен де бірақ жасыма! Ұстазым! Деп Қожа Ахмет Исауиге сыйынды! Қиналмай-ақ сұрағандай Көрмей ешбір бұйымды Бес тұрған Көк тастағы –Көк аса Даусыз келіп балаға сол күн бұйырды! Баян бай да түсінеді. Бәрін іштен біледі. Аса ұстап тартқаннан-ақ Сезіп еді жүрегі Ел шақырып,қойын сойып, Қонақ асы берді де Шопан бала амандығын тіледі. Бұрынғыдай ұлы табақ Ақсақалға бас қойды, Арықсазға бала табақ Тоятындай ас қойды. Бір мезетте қозғалды да көтеріліп піскен бас Бала алдына орналасты бас жайлы. Ол кездегі үлкендер де Нышандардан құр емес, Жасамады өкпе – қалдық Ашуланған дүр егес Келген бала Қасиет пен киелері маңайды Кезіп кетті жыр елес. Дәріптеген әңгімелер Жүріп жатты асылды Ауыл сайын алып қашып Бір-бірінен асырды. Періштелер қоныс тауып Тілеулестік жүректен Жақтаушылар үсті-үстіне қосылды. Шопан болып дала кезді Малды бақты күн қақты,

Ұстап мінді еншілеген Торы бестіні сымбатты. Қиналғанда, кей кезеңде Қиыншылық көргенде Қыдыр Ата қамқоршы боп үн қатты. Мешіт соқты аса түскен Тау бауырлап етек деп, Келушілер азаймады жан-жағынан Парыздарын өтеп кеп Медресе ашты Құран-кәрім оқытып Шәкірт алды әр ауылдан жетектеп. Көзін ашты,тазалады Ақпай жатқан бұлақты, Тау бұлағын бұрып алып, Осы алқаптан құлатты. Ерінбейтін, адал еңбек иесі Бұл жігітті Баян байдың жалғыз қызы ұнатты Баян бай да түсінісіп Тойын көпке жасады. (Қарасаңыз әлі тұр ғой, Сол шымылдық жосағы ) Тұр тауының нұрын шашып Тұрған осы алқапқа Құр еместі құдай қосқан қосағы... Исламның нұры жүрді Өлке бойын аралап, Кездеседі әр жерде де Қарсыласқан қара дақ. Күн-фая күн! Әлхамду Лиллаһи Мұсылмандық Бұл түбекте сол кезеңнен таралады! Дәріс алу парыз өтеу Бағытында адамдар Құдай жолы бейімдеді Жасалған-ды адамдар Мұхаммедтің үмбетімен Күңіреніп осы алқап Жұма күні шақырылды азандар! Шопан Ата аталды да Күннен-күнге ысылды, Жан-жақтарға шәкірттерін Қанат қағып ұшырды.

Сөйлегенде құран-фурхан Қасиетін дәріптен Сүре,аят айтатынды тұщымды! Бір бұлақты сорға ағызып Тұндырды тұз тосабын, Деген екен қажетіңе Ас тұзы деп қосамын. Емге дауа орныменен Пайдалансаң кезінде Бізге жеткен содан осы жосағын! Маңайдағы әр бұлақта Сан бағытпен ағылған, Бұлақтардың міндетіне Дымқостылар таңылған. Әттең тәйір жылдар өтіп Шипалы сол бұлақтың Кейінгілер кейбірінен жаңылған. Тарихтың қойнауында Қанша қалған орасан? Құмдар жатыр ем болам деп Үйіншекке борасам? Шопан Ата құдығына Айып,астау іздеме? Әйкелінен су ішеді қарасаң! Рух берген талаптанған Адал жанды қолдаған, Пір Бекетті аян беріп Ұлы Ұстазға жолдаған Үргенішке аққу етіп Ұшырады білімге Талмайтындай қанаттарын қомдаған.

Періштелер қоныс тауып Тілеулестік жүректен, Исламдық дінге деген Сүйсінуді үдеткен Қанша жылдар,қанша ғасыр Өткеніне қарамай Шопан Ата деген екен жүдетпең! Ислам діні құламайтын Мұнарадай сомдаған Қожа Ахмет Ясауидің Шәкірті екен жолдаған Шопан Ата жайындағы Көремін мен досымдай! Бисмилла! Аңыздарды Әңгімелеп бергенімТыңдаушым да мұсылманға қосылғай!

ЕЛ ИЕСІ, ЖЕР КИЕСІ – ПІР БЕКЕТ

Түбектегі киелім! Бисмиллаһи – р – рахмани – р – рахим! Толғау,толғау, толғайын, Атадан қалған сөз дайын, Ас беру дәстүр жалғасты, Пір Бекет , жар бол! Қолдайын! Дін , біліммен санасқан, Жоқ еді бабам адасқан. Қанша мақтау айтсақ та, Бір Аллаға жарасқан. Жер киесіСен едің, Ел иесіСен едің. Дұшпанды маңға жолатпай, Киелі мекен-тиегім, Мекендеп шеткі жиегін. Қорғадың жердің сүйемін, Сыртымдағы – Айбарлым, Маңдайдағы – Айдарлым. Туысқа салса сүйегім, Қуат бер, қозға сезімді Арнадым Сізге сөзімді Қожа Ахмет, Пір Бекет, Ақын деп білдік өзіңді. Етеміз сабыр шүкірлік Түсінсек ойлап пікірлік Жетіп жатыр кейінге Жасаған талай зікірлік Біздерге қиын пішімдік Аршыдық бүгін ұшын тек Ой-електің тұнбасы Ғалым деп Сізді түсіндік Әлемін аспан болжадың Астролог деген бір жағың Мұсылмандық – иманың «Темірқазық» адаспас Түзедің соған жол жағын Жетіп жатыр зердеге

Демейсіз қалай? Ол неге? Қасиет тұтқан ғимарат Түсінікті-ау пендеге! Қанша күшпен жасалған Болмағаны, һәм осалдан Мойындаттың талайды Ұстазың тартқан асаңмен. Жоқ еттің күмән-күдігін, Сілкінтіп сана, білігін, Ауруларды жазады, Бұлақтағы сүлігің. Арқарың таудан қараса Тұрғандай шыңмен жараса. Мәулет күнге тап болып, Қуанып жүрміз балаша. Кешіргей жатса өтелмей, Мерейін елдің көтергей. Жауһардай таза пәктікке, Жетелесе бөтенбе-ей?! «Мәдинада-Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» , Қабыл еткей ұлы асты Маңғыстаулық – Пір Бекет! Өзіңе барсам сезім бал, Ләззат алсын көзің сал, Тәуелсіз тізгін қолымда Бас иген Сізге кезім бар. Ұстап ап қолға делбені , Жатырмыз ашып көмбені. Риза болғай рухың, Самала шырақ сөнбе енді! Мекендеп Үстірт кемерін, Көрсетіп еңбек өнерін, Сұпылық, ғалым қоса ұстап, Білімге жүзген кеме едің. Зарыққанда жебедің, Кедей-кепшік демедің. Есінде көптің қалыпты, «Кім айтса бұрын» дегенің. Медет болдың әлсізге, Жалбарынды әлсіз де. Төгейін десең нұрыңды, Жетіп жатыр дәл сізде. Таба алмаған іс мінін,

Айбарысың күштінің. Кейінгіге қалдырдың, Ғимарат, мешіт мүскінін! Бұзылар пенде асқанда, Тосқан да болдың асқанға, Тәу етіп жатса қайтесің, Түсінер кейбір сасқанда. Сасқанға да саясың, Қашқанды да аядың. Ұшып жатса шың-құздан, Жауырыныңды жаясың. Қазақтың дархан даласын, Сілкінттің сезім санасын, Қошандай ұлың кездессе Алақан тосып аласың. Ұстазы болдың ұрпақтың, Шипасын нұсқап сырқаттың, Жағымсыз болса, кінәлі, Жібермейсің сипап тым! Ұраным болған айбарлым, Дарыған рух жайларым. Ғылымды түгел меңгеріп, Інжуін тердің қайнардың. Атаның жолын қуған бар, Жан-жақтан келді қуғандар Қабыл болғай ниетің, Жолыңа Ата құрбандар. Ідіріс атты пайғамбар, Суфизм білім жайғандар. Сол тамырдан нәр алған, Атамыз екен ойлаңдар?! Дүниеде өтті ай маңдай, Сол бағыттан таймаңдар! Руми, Хафиз,Джами, Баязит, Саади,Яссауи. Пір атаның бастауы, Ислам дінін жайғандар. Асында бүгін атаның, Алашқа жайып атағын. Қаумалап келген жамиғат, Жырымды шашып жатамын. Іңкәр еткен өзіңе, Түбектегі киелім, Айтылмай жүрген сырымның

Сен ағыттың тиегін. Тәмәмдап сөздің түйінін, Басымды мен де иемін! Рухына бас идім

«Аруақтарға бас игіш»- дейтіндер де елде көп, Бір соғуға басына бата алмай тіпті шөлдеп ек. Заманым оңға оралып, мінәжат етіп қайтуға, Аңсарым ауып келемін, қолтығымнан жел демеп! Ләззат алсын сенен бір досым ба, мейлі қасым да, Қастықты ойламас сендей бір тұрған асылға. Ынсап, Әділет, Мейірім – пендеңнің Ұлы Ұжданы Үйренсіп келіп өзіңнен келгендер түнеп басыңда! Қорған төбе, ғимараттар ал өзінше үндесін, Қай ғасырдан оралдым, таңертең келсем күн бесін. Кәзіргіден мен жер астының сырлары Тек өзінде, Шырағданың сөнбесін! Мендегі жүкті бөлісіп, алып қашты сайларың, Жеткендей болса соларға тұңғиық болса ойларым. Бой көтеріп әр жерден шоқыларың шақырған Ақ ордадай тізіліп, өткізер бейне тойларың. Сабырлы кербез бұлағың, сыбдырлаған қамыстар, Қарсы алады алдыңнан бұрын көрген таныстар. Арқарың шыңнан қарайды, барғандарға жатсынбай, Жақындайды өзіңе жоқ болса көңіл алыстар! Мейірімді шуақ төгіп тұр келсем саған көгімде, Алып қашты кірбіңді, Үстірттің құба дөңіне. Топырағың торқа боп, тіріні жебеп жатырсың, Жабырқау тартып келіп ем, тояттап қалды көңіл де. Қасиет пен әсемдігін жинақтаған даламсың, Салыстырып қап өзін, шеберлерін ғаламның. Бізден кейін ұрпақтар да ғибрат алсын сүйсініп, Сақта пендем! Жер бетінен жоймауыңа алаңмын! Оғыланды таудың басына он сапар тілеп мен келдім, Туған жер мынау Піріңді келмейді жанға теңгергім! Саяхат жасап келдім бе? Сонау бір өткен заманға, Скифтер де, сарматтар ма? Қаншасын ойға өңгердім. Аңсары ауып тағы да, келгендер болса басыңа, Мамықтай жұмсақ сезінер табанына тиген тасы да, Аласарған көңіл де бей-жай тынады, Жетсем-ау деген осында?! Аңыз етіп айтып жүр антқа қойған шартыңды, Мойындаттық кезінде түрікмен, қалпақ, сартыңды.

Сан шақырым алысқа ілезде жетіп барасың, Өзгертіп алып қалпыңды?! Қожаназар ұрпағын қойныңа алып қысқаның, Таң қалдырды талайды, аққу-қаз көкке ұшқаның. Мойындады қаншасы, рухыңа жете алмай, Айшылық жолың қас-қағым! Маңғыстаудан оқыған Бухарадағы мектепте, Жолыңды қиып мергендер атпақ болған ептеп те. Күні бұрын сезініп, бұрылып оқтан ұшыпсың, Ренжітіп оларды айтпапсың бірақ «тек» деп те! Имансыздар келмесін деп, орналастың қиынға, Пенде түгіл, шайтан жел соға алмайды құйын да. Аруақты сыйламасаң өз мәніне түсініп, Шақпақ тасын оқша атуы қиын ба? Таза болса сезімің онда тіпті жасқанба? Көрсетеді кейде бір мың асып бір тасқанға, Қалай? Қайтіп? Неге? деп те сұрама, Оқ жасайды тастан да! Зәмзәм бұлақ мейірін қанып іше біл! Өз арыңның тазалығын осы жерде піше біл! Адалдыққа қиянатты жасағаның көп болса, Әлектенбе қою үшін неше гүл?! Қызықтауға бәз біреулер ойланбасын тек келіп, Қиын емес, қасиетпен кетер Ата кектеніп. Дүние қоңыз, қомағайлық, жемқорлар да, Қалады әлі қақпа есігінде кептеліп?! Ұлан ғайыр әлемде, көп емес аз ғой киелім, Соның бірі өзіңде туған жер сені сүйемін. -Лә илаһи илла Алла –шын ниетпен өзіңе Басымды енді иемін!

Аязбай қарттың монологы

Әлқисса, осыдан алпыс жыл бұрын біздің ауылда Аязбай атты қарт жылқышы болған. Оның баласы Хами, одан Қайырғали да ата түлікті өсірумен айналысты. Қазір Қайырғалидің Есенғалиі сол шаруаны жалғасытырып жүр. Балалау кезімде жылқышы ақсақалды көре қалдым. Имандылықты берік ұстайтын, ораза-намазын қаза қылмайтын жан болатын. Мал-шаруасы Бекет Атаның маңында орналасқан. Әңгіме үстінде Пір Атаны құрмет тұтып отыратын. – Бекет Ата адамға қасиетін қолма-қол, қолға ұстатқандай жасайтын әулие, - деп қастерлейтін. – Бір жылы қар қалың түсті. Жылқы ауылдар Оғыланды тауының етегіндегі жыңғылды ықтасындайды. Жылқы дөңдегі Қолқаның маңында тебіндеп жатады. Жылқыны кезектесіп, атпен кездеп, түгендеп келеміз. Ит құс

та құр емес. Бірде маған мал кезегі келді. Ауылдан ерте шықтым. Кешке дейін көріп, шолып үлгеріп келуім керек. Астымдағы атым қажырлы, жолға төзімді. Көлік сенімді болған соң көңілім жай. Тұсынан өтіп бара жатып, Атаға арнап аят оқыдым. Пендешілік, тірліктің күйбеңі... Жел терістіктен. Ысқаяқ салқын. Аяз күшейді. Кештетіп салқындаңқырады... Табындағы жылқылардан кештетіп оралғанмын. Елге беттеп келемін. Күн еңкейіп кетті. Намазшам оқитын есеппен аттан түстім. Асығыс, аттың аяғына тұсау салмай шылбырдың ұшын бұтаға іле сала намазға кірісе кеттім. Суыт жүрістен денесі қызыңқырап келе жатқан ат, байланған бұтаны жұла жұлқып ілгері жүріп кете берді. Мен де жалма – жан артынан дыбыстап ұмтылдым. Кідірмей жортып кете барды. Алдындағы бір қырқадан асты да кетті. Қалың қар үстінде жалғыз қара қалдым да бардым?! Кешке қарай аяз көтерілді. Үстімде жеңіл киім. Қалың киімдер аттың бөктергісінде. Алдым қараңғы түн. Панлайтын ықтасыны жоқ. Үстірттің дөңі. Ал кімнен қалай көмек күтесің. Тек жалбарыну?! Алдымен алдымдағы Бекет Атаға, Көктегі құдайға! Тұрып жалбарынам! Жүріп жалбарынам! Кейде жатып та... ...Адам тілегін қабыл етейін десе қиын емес екен ғой!.. Соған көзім жетті. Әрине, шын ниетпен жалбарынса... Қолға ұстатқандай. Ілбіп ілгері жүріп келемін. Аттың ізі қардың үстіндегі борасынмен кем-кемнен білінер – білінбес болып барады. Анда – санда құбылаға қарап, тізерлеп отырып алып жалбарынамын... Із бағытымен ілгері ұмтыламын. Алдымдағы биіктен мықшаңдап зорға астым-ау деймін. Өзіме-өзім сене алмай қалың қарға тіземмен отырып қалыппын... Қуанғаннан ба есімді біраз жинақтай алмадым. Анадай жерде біреу ұстап тұрғандай атым маған қарап тұр. Әдейі мені күткендей... Шылбырдың ұшы шамалы бұтаға сәл ілінгендей... Бұл Атаның құдіретті күні екенін сонда бір сезгенмін... – деген еді қарт жылқышы Аязбай. Сенер болсаң құдіреттің күшіне, Құпия көп. Біз білмейтін түсіне? Тек үнемі сүрінгенде іздейміз Кереметтің маңда екенін сезбейміз? Қорыққанда қайта – қайта айтамыз Қасыңдағы әруақты байқаңыз! Қорықпай-ақ әулиені сыйлайық, Имандыға жарасады ибалық! Түседі еске жатқаның да қиналып, Сау кезде біз нанбаймыз – ау иланып? Кемшілігін мойындауда кісілік, Мен қатемді сезінгенмін түсініп! Адам – деген арылмаған күйбеңнен, Пендешілік адастырған түйгеннен! Қысылғанда оралады есіңе... Бірақ мезгіл таяп қалар бесінге?! Менен де бір осындай сәт өткенді

Дей алмаймын Ата бірақ кектенді Сол бір кезең қалған еді көңілде Сабақ болып мына қысқа өмірге! Қанша тығыз болсадағы күйбеңің Ешқашанда ұмтылмасын сүйгенің! Олар үшін белгілі ғой бар ізің, Есте сақтау азаматтық парызың! Жатамыз – ау ауырғанда қапылып, Арнап аят ауырмай – ақ оқылық! Сырқаттанбай садақаңды сауда бер, Есептескен сияқтанбай саудагер. Бас ауырып сыздап жатса балтырың, Балгер іздеп жорттық неше шақырым?! Тыңдасаңыз түзеу сөздің мақұлын, «Әулие де сүйем» депті жақынын! Қысылғанда Сізден жәрдем тіледім, Құпия бір күшің барын білемін. Айтатын-ды менен бұрын өткендер, Осы маңда «40» атты «шілтен» бар. Шын жалынса періштедей сенеді, Шұғыл жәрдем тигізуге келеді. Жеткізеді ғайыптанда көмегін, Кездеседі Ғайып Иран дегенің!!! Қыдыр Илияс көз қырына алады, Айырады адалдықтан қараны! Сөндіре алмас келсе маңға жақындап Ақтық отын ақымақ!!! Осыны айтып Аязбай қарт үзілді, Қалды меннен монологтан үзінді.

Арқар – Адам досындай ( Аңыз ізімен) Аң аулаудан жеткілікті есебі, Ахмет атты аңшы өтті деседі. Қақпан тұзақ арандарды жасаған, Саяткер деп аталыпты осы адам. Әдіссырын аң біткеннің білікті, Көлік етіп қара есекті мініпті. Қырандарды ұстайды екен тұзақпен, Балапанын жетілдіріп ұзатқан... Арандарға бөкен қамап құлатқан, Қасқырыңды күтіп алған бұлақтан. Қақпанменен арқарларды ұстайды,

Етін азық етеді екен қыстайды. Саяткерлік аңшы болған білікті, Тау ернегін жағалапты, жүріпті. Бірде кепті Оғыланды тауына, Сол бір жылы мол болыпты жауында. Сыртындағы айдын тақыр көл екен, Сол көліңді жалғап жатқан дөң екен. Көл маңына арқар қойын, жайылған, Ірілігі кем еместей тайыңнан... Шалғын шөпті еркін жеумен тойынған, Қауіп-қатер шығарыпты ойынан. Аңшы Ахмет көре сала қызықты, Жануардың тыныштығын бұзыпты. Қуаласа қара есегі жетпеген, Садақтың да жебелері өтпеген. Айла-жарғы талай түрін бастады, Көл жағалай қақпан құрып тастады. Өзінен басқа ешкім жоғын біледі, Өз ісіне мәз болады, күледі... Әр қақпанның құр жатпауын тіледі, Қасаптаса қан-қан болып білегі?! Аулақ жерге күрке тігіп жатады, Оңашада бір-екі таң атады... Ірге жақтан қара мұздай жел үрді, Соңғы түні ұйқы көрмей елірді. Дыбыс шықты жаратындай құлақты, Таң алдында күркені де құлатты... Көлге келіп қарап еді қақпанын, Жинақтаулы көрді үйіліп жатқанын? Барлығында әдемілеп шаптырған, Төсек киіз, тиектерін қаптырған. Ахмет те құр емес-ті ақылдан Аулақырақ алып шықты тақырдан. Қиялданды. Көңілге ой тоқыды. Атаға арнап аятын да оқыды: -Мынау жатқан Бекет деген пірімді, Жебеп жатқан өліні де, тіріні... Оны неге көңілімнен өшірдім, Аңға деген құмарлықпен есірдім... Саяткермін. Ұмтылыпты есімің? Ата. Сізден сұрай берем кешірім!? Өзің едің түбектегі киелім! Басты сізге ауырмай-ақ иемін! Маңайымды Зиянкестен қорғайын!

Айта берем келгендерге әрдайым! Арқарыңа қамқор болам өсіріп, Жүре берсін таудан-тасқа секіріп... Пенделерге уағыздаймын осылай, Тарар елге «Арқар-Адам» досындай! Арқарларың маңайыңнан қашпайды, Келгендерді адастырмай бастайды. Жаңғырады – жасарады тауларың, Жоламайды дұшпандықпен жауларың! Арқар – Адам достастығы жарасып Асқақтайды рух – Нұрлы Айбарың! -Деген екен Ахмет аңшы кезінде Тұрып жатыр сол бір айтқан сөзінде. * Осы аңызды естігенмен жасымда, Анда –санда келіп-кетем осында. Бастарында шаңырақтай мүйізбен Қарсы алады арқар деген досым да! Олар қарап қарсы алғандай қапталдан, Ахмет те кінәсінен ақталған... Барғандарға тілеулес боп жатқандай Жаңғырықтар шығып жатады шатқалдан!!!

Бекет ата мен Бекдұрды.

Қалың елдің бір аймақтан екінші аймаққа көшуі, онда орнығу қашанда қақтығыссыз бітпеген. Адай елінің Маңғыстауға қоныстана бастаған кезінде Бекет Ата түркімен батырларымен талай жекпе-жекке кездесіп күш сынасыпты. Солардың бірі Бекдұрды батырмен болған тартыста екі батыр бірін – бірі ала алмай, біршама уақыт жұлқысып, жеңісе алмай ақыры мәмілеге келуді ұйғарды. Аттарынан түсіп, ант берісіп, төс түйістіріп достасады. Екі ел арасында достық қарым – қатынас жасауға уәде берісіп, қылыштарын сындырып, Құранға маңдайларын тигізеді, еліне имандылық дәнін егіп, жақсылыққа бастауға ниет етеді. Бекдұрды батыр Қызылқұмнан мешіт салып түркімендерді құдай жолына бағыттаса, Бекет Ата Бейнеуден мешіт тұрғызып, бала оқытады, ел арасындағы татулықты насихаттайды, телі мен тентекті ақ жолға бағыттайды. Сөйтіп, қазақ пен түркімен соғысты тоқтатып, біраз жыл ауылы аралас, қойы қоралас бейбіт өмір сүріпті.

Бекдұрды Ишан (арнау) Білімге жүдә жетікті, Ұшқыр болып қиялы. Бекетпен тұстас өтіпті, Бұкдұрды Ишан зиялы. Ислам дінін таратып, Білімі зәйтүн көктеген. Мешіт соғып, қалапты, Ешкімге зәбір етпеген. Шариғаттың жолымен, Уағыздаған залалды. Қабір қазып қолымен, Мәңгілік сонда қала алды. Зиярат етіп қайтуға, Келетін бар алыстан. Ишан екен айтулы, Құранға жетік танысқан. Жәннаттай жәйін жасаған, Пейіштен орны болсын деп. Әлсіз бе сонда осы адам? Ниеті қабыл болсын тек! Сағыныш сезімі.

Бекдұрды Ишан қасында, Қызылқұммен қызығым. Жастық шақ қалса осында Сен жатсын ұрлап қызығын. Жалаң аяқ ізімнің, Бейнесі құмда қалмаған. Қиялшыл,ұшқыр сезімім, Толқындар жұтып, талмаған. Балықты жүрген жағада, Қажатып ауға шықты. Кеткен бе бәрі қалаға Қайығын, ауын жиыпты. Ой жүгіртіп өткеннен Балалық балғын шағымның, Есейіп әсте кеткенмен Сол кезді енді сағындым. Қарауыл төбе. Тосқауыл құрып күшпенен, Қарауыл төбе аталдың Аталардың ері түспеген, Қорғадық бәрін қатал тым.

Жан-жағым кілең жат анық. Келетін кейде кемемен Ер жүрек Адай атанып, Күтетін осы төбеден. Әр жердегі «Қырғындар» Дәлелі соның емес пе? Көбісі жерлес, тұрғындар Қорғаған жерін егесте! Аттанып осы төбеден, Бармақтай жерін бермеген, Тосқауыл болып денемен Солар ғой нағыз ерлеген! Кешегі ерлер осындай Рухы тұрсын биіктеп Төбеге келсек жақындап Өтейік басты иіп тек!

МАСАТ АТА БАСЫНДА

Маңғыстау деген түбекте, Әулие-пірлер көп өткен. Елемей рухын жүдетпе Мінәжат етші елеп сен. Зұлымдық деген әрекет Бар екен сол бір кезеңнен. Масаттың жауы «Рекет» Ала алмай талай кезенген. Шірене тартқан жебелер, Маңайына жетпеген. Қылыш деген немелер Майырылып жүзі өтпеген. «Таң намаздың кезі» деп, Сырын ашқан жақыны. Дұшпанына өзі кеп Жеткізген келіп ақыры... Балбырап тұрған кезінде, Қастандығын жасаған. Жан-жағы бал-бұл сезімде Қара тас балқып босаған... Аянышпен шабады, Құлынды бие қасынан Ізін әлі табады Әулие Масат басынан. Көбеннің биік жолында

Денесі қалды қансырап. Басы періште қолында Саршаға жетті мың сұрақ??? Періште әкеп қолымен Теңізге таяу тақалған. Машайық, пірлер жолымен Әулие деп аталған... Құлбарақ та ойында, Таусылғанда татар дәм. Басы кешіп қойында Хорезмнің ойына Бұлда солай аталған...

  • * Нақ осындай сарында, Аңыздар әсем өрілген. Әулие пірлер бәрі де, Оқи кет, аят ерінбең.

Шыбыртқымен жетілдік. Шыбыртқымен шынығып,шымыр болып өскенбіз, Балалықпен қоштасып үлкендікке жеткенбіз, Тауқыметі ауылдың сияқты саған қараған Балауса дене қатайып шыбыртқыға жараған. Сылбыр жалқау дегенді шыбыртқымен жоятын, Шаршағанды шалдығып шыбыртқылап қоятын. Шыбыртқысы өмірдің өрімдей – ақ өрілген Жігер, қуат – шыбыртқымен берілген. Еске түссе сол жылдар кібіртіктеп қаламын, Ширатып кеп тартқандай қиқаң етіп қаламын, Шыбыртқылап қатайып желдің тұрдық өтінде Сол таңбалар әлі бар замандастар бетінде.

Туғаннан біздер үлкенбіз. Асықтарды ауыстырып әкелердің күрегін, Жастық кезді ұрлатқанбыз ерте есейдік білемін Шот,кетпенді ұстадық та тұрып қалдық қатарға Белім қатып толықпай-ақ білегім... Ағалар мен аналарды үлкенге теңеп еледім Үлкен боп туып, үлкен боп жүріп келемін Бесеке десе қарттарым менің көз көрген Ерсілеу екен демедім... Үлкендікке жеткізгей деп армандап да өскенбіз, Отырарға орын болса босағаға көшкенбіз

Бұйда үзіп қала алмадық керуені өмірдің Ілестік те жүре бердік көшпен біз... Өтті жылдар түйілгенде , разылық сүйенген, Өтті уақыт алмасатын қуанышпен күйінген. Тау қопарған толағайдай болмасақта әйтеуір Үлкендерше шығып жүрдік үйімнен... * Іш көріп айтқан жылы сөз бойымызға тарайды Кейбіреулер оғанда қызғанышпен қарайды. Мың мәртебе шүкір еттік Аллаға, Үлкен боп өтсек жарайды...

ЖЕСІР (Ана монологынан үзінді) Азаматын соғысқа аттандырып жесір қалған аяулы аналар рухына... (автор) Естігенбіз «жесір әйел» дегенді Бұл сөз содан жегі құрттай жегенді, Алғашында түрпі тиіп құлаққа Онашада көз жасымды төкен-ді... Ойрандаған жарқын жүзді көңілді, Мұң батпанын жеткізді сөз не түрлі , Балалармен жесір қалдым ол рас Аттандырып соғысына теңіңді. Содан бастап жексұрындай сезілген Ала кетсем деп едің – ау өзіңнен?! Тұла бойым тітіркеніп кететін, Мен үрейлі «жесір» деген сөзіңнен!! Ызғар шашқан салқын леп секілді, Естілгенде берекемді кетірді... Аянышпен, мүсіркеген осы сөз Қызартып та шымырлатқан бетімді... Даралықтың қиындығын шеккенбіз Жетімдерге сездірмеумен өткенбіз, Қанша жылдар болса дағы жүректе Жібімейтін қатпар-қатпар төккен мұз. «Жесір» сөзі күрсіндірген өмірде, Жататын-ды күңгірт тартқан көңілде. Жылы сөзде, жылы леппен шамалас Ылғал тартса тот басады темірде. Алла бәрін жұптастырып сай құрған, Кінә емес пе? Жұбын жұтып зар қылған? Жетім – жесір жер бетінде налыса – Періште де көк жүзінде қайғырған.

Жесір сөзі күрсіндірген осылай, Жолдас болдық! Әй, қатыгез досым – ай!? Бұл ғаламда аналардың барлығы Өтсін деймін! Естімей – ақ! Шошымай! Жеті насыр жермен жексен етілген, Жетіп сүйек өтіп жатыр еттіңнен. Осы сөзді ала кетсем махшарға Қалғандарға айтылмағай?! Өтінем?!

Жолдар. Осы жолмен кеткендер оралмаған дейтін-ді, Жібермедім сол жолға малым түгел итімді. Үйден шығып алысқа тартқан анау құм жолы, Кеткен қайтып келмейтіп аталыпты жын жолы. Сорлы сол жол кезінде сарғайып кеп жататын, Нақ соның үстінен қызарып күн бататын. Бір өзінде жатқандай барлық кінә, бар айып, Қарадым-ау тесіліп қарғап,сілеп сарғайып... Жол шетінде жабығып үміт үзбей қарадым, Күте-күте қараумен мұңайып үйге барамын. Жылдар өтіп бірнеше жиектері кетілді, Жаңбыр жауып нөсермен көк желектер жетілді. Өткен өмір өзінің ен – таңбасын салыпты, Баяғы жол қазірде көп өзгеріп қалыпты. Сол бағытпен кеткендер келіп жатыр еліне, Қапталынан көрнекті төбе арнапты келінге. Түскен келін ауылға әлгі жолмен келеді, Қаумалаған жастармен желкілдейді желегі. «Келінтөбе» басында күнде думан болады, Шаттық – күлкі басылмай үйге енеді манағы. Батысы мен шығысым айдын жолдай ағылды, Бірі кетіп, бірі кеп ауыл маңын сағынды. Алпыс жылда, жол жаңа өмір заңы қатал тым, Баяғы жол қазірде нұр жолы деп аталды.

Ауыл әуендері. Аптапқа күйіп аңызақ шалғын күңкілдер, Шаң, тозаңмен қарсы алар сені мүмкін жел, Қашаннан дөңнің қожасы інген , бал қоспақ, Алдыңнан желіп бүлкілдер. Жақтырмас сені сексеуіл қанат сабалап, Адасса деп байғұздар күлер табалап, Шыдайды төзім жантақтай жарға жабысқан, Киесін ұғып паналап.

Шыдайды тек болаттай мықты төзімнің, Өзімсініп өңменің үзген сезімнің, Іздері қалған төсінде сонау бауырдың, Төзе алмай кеткен өзіңнің?! Осындай өлке өзгеге тіпті қатал-ды, Маған қымбат Маңғыстау деп аталды. Киелі мекен, мұнайлы мекен танылып, Шақырған көпті аты енді! Айдын көл жаса , ойнаған асық тақырдан, Құдірет керек өзенді бері шақырған. Ауылды к-тер, асқақтат, айбын асырып, Айғайлап бәрі жатырған! * Орамал басқа байлап ап, Атқа да мініп жұлқындық! Аз ғана жандық айдап – ақ, Ретін таптық құлқынның. Майысқақ талдай иіліп, Белді де қатты буындық. Көргендер бізге сүйініп, Азамат болып туылдық. Әр түрлі киім таңдап біз, Әсемдікті қумадық. Қит етсе көңіл алдап біз Қалдырмай бәрін жумадық. Азаматтарын сақтадық, Жүрсекте елдің шетінде, Ауылда өстік қиялдай Тұрсақта желдің өтінде!

  • * Жараспаған анау-мынау еп енді, Малды өсір егініңді ек енді, Дәрет қысса айдалада жетеді Білмейміз біз үйде отырған дегенді. Көңілдің жоқ бір-біріне бөгеді, Бәрі таныс осы ауылдың көлемі. Той жасасаң хабар айтып қапылма Өзі естіп шақырмай-ақ келеді. Бірі құда, бірі сыбай шатағың, Жетіп жатыр «бәленшеге» атағың, Қандай жұмыс түсіп жатса ал саған Мен де сенше күбіліп кеп жатамын. Бір-бірімен өзімсініп тілдескен,

Тату-тәтті араласпыз күндескен, Кеш болғанда жайбарақат өзіміз, Есікті де отырамыз ілместен. Таң сәріден маздатады тапқанын, Әр мұржадан түтін шықса мақтаным. Будақтаған көк түтіндер көкке өрлеп Татулықпен араласып жатқаным.

  • * Ауыл деген азық түлік қазаның, Жайнап тұрған алуан ас базарың. Ауылдардың сүтін ішіп, етін жеп, Өскен менің қазағым!

Тайғырдың тарихы бар, қатпар-қатпар...

Туған түбектің оңтүстік шығыс аймағы Қарақия аудан еншісінде. Кең алқапты алып жатқан дөң – «Тайғыр» деп аталады. Ол тұнып тұрған сырға толы... Ел аңызында әңгіме болатын бабалар осы дөңде қасиет күшін сынасқан. Кешегі бір өткен жортуылдар мен шапқыншылықты бұл аймақ қара нардай қайыспай көтерген қасиетті мекен. ... Сыртқы жаулардың түбек тұрғындарына ең соңғы тосын шабуыл жасауы да осы маңда өтіпті. Қазіргі Аққұдық аулының алдындағы «Қаңбақты» сайындағы барымтаға биыл сексен жыл толды...

Ал Тайғырдың батысы түбектегі мұнайлы алқапқа ұштасады. Еже ұшындағы «Құланды» , «Бостан» ауылдарының да қоныс тепкеніне ширек ғасырдан асты. Аудан тұрғындары мен қандас оралмандардың жаңа қонысына айналды. Міне, аудан аймағының да тарихы Тайғырмен сабақтас... 1. Тайғыр Тайғырда тай қырылған делінеді, Оны айтсам Тайбағар қарт егіледі. Бабамның өзі қалған , ізі қалған, Әлқисса, жыр боп кейде төгіледі... Қиянға құлаш ұрған жазық далам, Ықтысын кез келген жер қысса боран. Жаратқан әдейі бір ойластырып, Терең ой қорғанбайды дайын қораң... Алласы дайын етіп өзі қиған, Сол ойға төрт түлігің түгел қылған. Жұт жылы ұлы қырдан төмен түсіп Күйреуік, тітірін жеп есін жиған. Бір шеті Исан түбек ұласады, Шағала соры жатыр Тұз-тосабы, Киелі, қасиеттер күш сынасқан

Аңыздың өріледі бір жосағы... Темір баба орнығып ең шетіне, Ада-арал өзі соғып көл бетіне, Зайырмен желеп-жебеп жататындай Сыйынып тағзым еткен кел-кетінге. Өткендер қоныс тепкен Тайғыр мекен, Қысы жылы, жазы ыссы ала бөтен. Өзіне қатпар-қатпар сырды бүккен Ауданның кең жазығы «Тайғыр» екен.

  1. Құланды ауылы Қанат жайып өсіп жатқан арайлы, Құландарды тек суреттеп қарайды, Киесі де, қасиеті дарыған Құлан тектес ұлан болса жарайды... Шектеседі құлан жортқан жерменен, Кең жазыққа құлаш ұрып сермеген. Тұрғындары баяғыдай жарқылдап Құландай – ақ намыстарын бермеген. Сонау кезде шошындырған қағынан, Қияндарға шұбап асып ағылған, Еркіндіктің туын тігіп Тайғырда Жаңа қоныс оты маздап жағылған! Жерік болсаң құландай – ақ қағына, Ошағына оралу – бір мағына Құланды ауыл шақырады қандасын, «Келсін» - дейді. – Келе берсін тағы да!
  1. Құрмаш Жортуылмен намыс отын көздеген, Қаулыменен бірақ атақ бермеген, Құрмаш қуыс, Құрмаш бұлақ, Құрмаш жол, - -Деп атаған ел деген.

Банды десін, Батыр десін мейлі оны, Өзіне аян әркімнің бар дерегі, Шындық кейде шыңыраудың түбінде Аршылмаса тұншығудан өледі.

Бұл фәниде тыныштықты көрмеген, Жігері құм, көкірегі шерленген, Қай жерде де Құрмаш десең селк етіп

Құрыстанып жатады екен дөң деген?!

Ей бауырым! Соқпағыңа түсіп ал! Кеше қате,бүгін дұрыс ісі бар Ақ-қарасы ашылмаған жабулы Тайғыр жақта Құрмаш деген кісі бар!!!

  1. Ожабай – Тамды Бізден бұрын өтті талай егескен Әлділері әлсіздерін жеп өскен . Ожабайдан жалтақ-жалтақ өтеміз Үрейі алған, мазалаған елестен? Неше жылдар өтіп жатыр арада, Білмедім мен, Тіпті Дүйімқара ма? Жекпе – жекте кегін алып жауынан Қолын байлап тірі көмген молаға? Қонағына қуып жетіп түйілген, Қазақ жауын күтіп алып иілген. Бәтуаға келе алмаған қуғыншы, Өзі жаққан отқа түсіп күйілген... Қастандықпен желім құйып қынапқа, Қара ниет жеңіс бермей бірақ та! Күбірлейді сол бір тұстан өтерде «Өмір бахи қалдым – ау – деп ұятқа!?» Көк бөрі ме, көк теке ме көлденең, Жолаушының жолын қиып бермеген, Ожырайған Ожабайдың маңында Қысастықтың ала туы өлмеген?...
  1. Ит ұлыған күн (Түбекте сыртқы жаудың ең соңғы шапқыншылығы – «Есқуат – Дүйсенге барымта» деп аталады. Оған да сексен жылдан асып барады. Бұл оқиға қазіргі Аққұдық аулының алдындағы «Қаңбақты» сайында болыпты – Б.Б) Есқуат – Дүйсен жылқы өсірген бай еді, Ықтасыны. Қаңбақтының сайы еді. Тайғыр келіп етек жеңін жинақтап Шаруасы биыл тәуір жәй еді... Қаншасы оның тарихтан жойылған, Құлпы тасқа сұрау белгі қойылған. Кейде тіпті шүкіршілік етесің – Зіл батпан жүк шықпай жатыр ойымнан?! Байқаусызда айырылғандар асылдан, Бармақ тістеп қапылыста бас ұрған, Ит ұлыған сол бір түннің ашуын «Қаңбақ сайдың» қосқаттары жасырған?!

Ауыл жырлары. Тегіміз бір көшпендіміз далалық, Өтті, кезең көшіп жүріп балалық, Ағайынның аты озғанша бәйгеден Ауылдастың тайы озғанын қаладық. Жырғып айтар барып келсе қалаға, Отыратын жетпейді, деп далаға. Сол ауылдың әңгімешіл қарттарын, Ұқсатамын ақыл қосар данаға. Келгендерді жатсынбай-ақ жататын, Күн нұры да ортақ бізге ататын. Қауқылдасып, мауқын басып тұрғандай Қиялмастан күн де зорға бататын. Сағынасың балдай тәтті бірлігін, Сағынасың хош иісті қыр гүлін Түстей болған елестетсек ал қазір, Сұрау белгі иіліп тұр бүгін?..

  • * Жақсылығын асырам деп күйбеңдеп, Тіл тигізбей жататынбыз сүйреңдеп, Қате басса ауылдастың біреуі Намыс қозып қызу қанды күйген көп...

Баратынбыз қиындыққа тартынбай, Қызық ортақ – қарсы аламыз жарқылдай, Ал біреуіміз – барлығының мүддесі Ауыл болсаң – қауым болдың шартынбай. Ауыл ортақ – мүдде ортақ көздеген, Кем түспесек деп тілейміз өзгеден. Бір туғандай бауырыңнан кем емес. Жетіп жатыр «ауылдаспыз» сөз деген. Барлығында Ауыл Ана тапқандай, Омыраудан нәрін еміп жатқандай. Түгел келіп бір қазаннан ас ішіп Бір ошаққа бақыт отын жаққандай. Араласып кеткен бәрі туысқан, Бір-бірінің жәйін біліп ұғысқан, Ауыл деген бір кісідей дем алып Бір ауамен кеуде керіп тынысқан. Ауыл барсаң еркін жүрші қыдырып, Қорқатындай кездеспеген «Әй!» қылық. Еңбекке де ертеліден қимылдап,

Ауыл деген жұмылған бір жұдырық, Жатқандай ма мақтануға тіл келмей, Күле қарап жымияды білгендей? Ауылдағы адамдардың бәріне Шалдарымның тері исі сіңгендей...

  • * Жүргендей ме анау жігіт сыйқырлап, Асауларды табындырған құр-құрлап, Бу бұрқырап ошағында қазаны Жатқандай ма бағыланы бұрқылдап. Кетіп жатыр алысқа ұзап таңдағы үн, Ойлап кеткен елеместен тоңғанын. Балақайлар жағып алған үстіне Жаңа туған жас төлдердің тоңғағын. Ауыл осы қозғалыстың аймағы, Қиындықты дәулет етіп сауғаны. Қарасаңыз назар салып ал енді Түсіп жатыр бейнеттің де салмағы? Ауыл маңы айқыш-ұйқыш із деген, Маңыраушы қамқоршыны іздеген. Асын ішіп Адамына жағдайды Жасайтындар бізбен және сіз деген.

ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ЖАЗУЛАР

Сары далам менің бетіңде сансыз жазулар, Шертілмей жатқан, айтылмай жатқан назым бар, Жарақат салған , қатігездікпен қайзалап Алмастай өткір азулар!? Күйзелткен сені әрекеттер сені жымысқы, Күңіреніп жатсың ішіңе тартып тынысты, Пайдасын тауып мерездер салған бетіңе Қашқақтап, қашып жылысты?! Бүлдіріп жатса , әрекет әдіс тасамнан, Салтымда бар мазасын тартқан қашаннан, Бәріміз қарап бақырайып кеп тұрғанда «Ұлы көл» қалай жасалған? Сай – жыралы , қауіпті аңғар көбейер, «Мыржиған таулар» , мықырайған немелер, Бабамнан қалған,боз жусан иісі аңқыған Қайда екен? Қайда төбелер? Қарасақ қазір қорықпағандар күшті құдайдан, Мүңсік ауа, арылмай суым лайдан,

Күл-қоқыс толы қоңыр қаз ұшқан көлдеулер Жамылып қара мұңайған? Жарақат дала жәбір мен жапа шеккендей, Ұңғылдап бетін қаптесер тесіп өткендей, Дымқосты далам ыңырсып жатсың білемін Айтатын елге өкпеңді-ей?! Естимін сеннен күңіренген қайғы ызалар, Тыңдаса оны кетеді менде мазалар, Қасірет-қайғы шерленген желді жүректі Бір Алла ғана жаза алар?! Жаббар ием қашаннан киелі мекен ұғынса, Тағдырыңа алаңдар азамат белін буынса, Кезеңінде сілкіністің үндемей саған қала алмас Топырағыңа тартып туылса?! * Топыраққа орап алып тербеген, Одан ешкім қайта айналып келмеген, Жөнелгенде бақилыққа жаратқан Берген екен жеке дара бөлмеден. Сол жер үшін қанша қан бар төгілген, Айырылғандар қонысынан егілген, Ұзап кетсең сағынышпен сарғайып Шықпайды ғой туған жерің көңілден.

Бір-ақ рет жаратылған жер деген, Қадірлейік, күту керек сен де, мен, Тарихта таңба салып кеткендер Бүлдіруге жат қолына бермеген!

ТЕМІРҚАЗЫҚ МАҢДАЙДА

Таңдайым қатып тас бауыр шөлде туғанмен, Табаным жарық, қозы – лақ талай қуғанмен, Табиғаты қатал, кем болмай көппен жетілдік Көк алда өсіп , келмекпін бетін жуғаннан. Жарылған ерін аңызғақ шалған жүзімде, Жететін бізде қиындық болса ,төзімде, Туған жер бізді қаталдығымен қатайттың Қаңтардың атты тұңғиық жатқан сезімге. Алайда біз қатігездікке бармадық, Қиянат деген жатпайтын бізде арбалып, Еркектерше кездесіп иық тіресіп Ар – намыстар тұрды қорғалып! Қаңтарған атпен таң асырып тақымда , Жол азық деген – жарты құртың таңдайда, Қиындық қимар тулағанмен жығылмай Жаңылмаппыз. Темірқазық маңдайда.

МАҚТАНЫШЫМ – МАҢҒЫСТАУ

Асан Қайғы тақапты жерге бауырын , Жақындатып көліктің жәйлі сауырын Үщ рет кетіп , үш рет қайта келгенде Естіген дейді мұнайлы газдың дауылын . Білген ғой сонда мол байлық ұйып жатқанын , "Жараспас , - депті –сауырға жерді артқаным , Желмаямен жеті жыл үзбей кезгенде Тояттап көңіл , ауғанға қарай тартқаным . . . " Естідім мен бабалар соны айтқанын , Тыңдадым күйін Қорқыт пен Абыл таратқанын, Көргенім рас жаһанға бүгін жар салып , Мұнайлы өлкем төсіне айдар таққанын Өмірде сансыз "оңай" олжа жымысқы , Көрсете алмай жарқыратып,паналайтын қуысты. Қойнауыңа жүйіткіген қара дарияң Ынтазар етті батысты да , шығысты да ... Кеудемді керіп , тереңнен алсам тынысты , Табатынсың аралас жарқын-туысты , Ағылшын , Қытай , Жапон ба , тіпті басқалар Сен үшін олар ортақ тіл тауып ұғысты ... Әкелді тіпті долларын бүгін қалталап , Шалқайсаң өзің, келетін түр бар арқалап , Жутаңдап көзді , тамсантып көпті қараттың , Кім көнер оған ,қойсаң да енді арқалап ? Алпауыттардың қоздыртып талай егесін , Танылып Ақтау айдынға салды кемесін , "Жарылқа!" деп дәметіп сенен қол жайса , Қалайша көпті сөгесің ?!

ҚАРАҚИЯ, БҮГІН БИІКТЕ!

Қарақия сен үшін Қара жер , теңіз енедей , Қос ананы тел емген Кетпейді ешкім елемей , Жаратқан ем жасаған Үстіне аудан қондырып Байрақты көкке көтерді

Жыланды тауы кемедей ! Балығын ауылап мал баққан Кешегі бабам кемді – күн , Соларға қоса тағы да Мұнай , газ болды ендігің , Тұңғиық терең ойпаттан Арманы асқақ айдынға Қарақия ауданым – Шығардың атын сен бүгін ! Айдының жатыр шақырып Саламын десе қайықты , Жағалауың қашаннан – Салуға қайық лайықты! Ресейден құрыққа – Әдейі келген Дубский Захар Кузмичь орысың Балық аулап байыпты ?!... Үстірт пен Тайғыр шалқайып Құлшағын кеңге созады , Мал өсірген баяғы – Шыңыраулы судың қағазы , Ауылдың алтын бесігін Тербетіп өзің тұрғандай , Ризалықпен қарайды , Қаспақты жылда қазаны ! Жетібайың желкеде Тасымен кала тұрғызған , Темір жол тақап қасыңа Пойызын бері бұрғызған , Абыройың асқақ рухты Несібесі өзіңде Тасқынды жігер көремін Жасампаз жарқын Ұл – қыздан ! Қарақия тұңғиықЖататын шұңғыл қиянда , Бүк түсіп алып тереңде Берілген қарттай қиялға , Жер қойнауын тербеттің Қоспасын қосып қайнатып Талайы пісіп жетілген Қазан шұқыр ұяңда Игілігін көріп жүр Дайындарын теріп жеп , Ерінбесе еңбеккер

Пайдаланса терім көп , Астың – Уран , үстің – газ Самалдай жанады Мақтанамын мен бүгін Байлығы асқан жерім деп ! Ғажайып ойпат белгілі Қызықтап талай көргенбіз , Атыңды сенің ұлықтап Ауданға кеше бергенбіз , Табаныңда таусылмас Қазыналы аймақсың Ерліктің бүгін мекені Көрейік биік белденбіз!

КИІЗ ҮЙЛІ – ҚАЗАҚПЫН

1. ШАҢЫРАҚ

Әр ауылдан жиылып жігіттің нағыз нарлары Шаңырақты көтеріп , ұстайтын талып қарлары Шайқалтпай ұстап сығындап орнаса көкпен жалғаса Марқаятын қуанып жақын мен жек-жат жан – жағы. Шаңырақтың шаттығы тұрғандай көкпен тілдесе, Күлдіреуіш нұр шашқан сығалап жабық күн кеше Бізге жеткен мұрагың қасиетін дәріптеп Немереңе, балаңа айтқайсың жайын білмесе! Шаңырағым таңылып көштің сызын нұсқадым Тізбектелген керуен шұбалған қазға ұқсадым, Көшпенді қазақ қара нар мұқияттап жеткізді Әрқайсысын ұқыптап түсірмей сызат ұстадың! Орын тауып көгімнен ат, атанмен көқтерген, Сол шаңырақ астынды тағдырым сансыз өтелген, Үйімнің биік шыңысың , кеңейді керсем тынысым Қасиетті , киелім қастерлеп әркез өтем мен!

2. БЕРІК БОЛҒАЙ БОСАҒАҢ

Иыққа салып арқалап туған жерден асқанның Босағасы қисайып естідім талай сасқаннын , Босағаға сүйеніп зарланған үнді мұңдардың Шаңырағы болғансың өксікпен мауқын басқанның. Тастамаған тар жолда тірегі үйдің сен едің, Босағаны қом жасап көше берген ел едім, Табалдырық тауымдай , маңдайым жетіп биікке Қысылғанда, қиналып сүйенішім , демедің. Босағаны тең тұтып жаратқан ием жасаған, Маңдайшасын қажытпай шеберлікпен қашаған, Маңдайын тіреп тілеген тәуелсіздік орданың Аруақтар батасы – берік болғай босағаң.

3. КЕРЕГЕ – ПЕЙІЛ КЕҢДІГІ

Керегесін отаудың қанатын кең жайғанда, Үй көтеріп ұлына ақ сарбасын сойғанда, Даламның еркін кеңдігін қанатымен құшақтап Жадырап көктен қарайтын мейірін төгіп ай маңда. Құла дүзге тіршілік керегенмен келгендей, Сәлем етер тентек әйел иіліп келіп көлбеңдей, Таң-тамаща қылады даламның еркін тағысы Ай далада Ақ отау ақ дігерді көргенде - ей ! Сар далада мекен жай керегемен орналған, Қатыгездің, қаталдың қанатында арбалған, Қазақтың нағыз сүйер – тәуелсіздік дегенің Енші беріп ұрпаққа бір отаудан арналған. Мейірім мен бақытқа о баста жайған қанатын, Ырыс, дәулет,несібе қанатпен қарпып алатын, Қоспалары жымдасса, бірге туған туыстай Сүйсініп қарап оғанда жақсыға жорып қалатын . Мойымаған қазақпын қиындыққа кемді күн, Керегедей жайылған байқалады пейіл кеңдігім, Бір-бірімен жымдасқан сағынадай сан ұлтпен Түсінісіп сезінді, туысқандай ел бүгін!

4. ҚОНАҒЫ БОЛ ҚАЗАҚТЫҢ

Қонағы болып жайғассаң төрге сәнді де, Бұл жалғанда дос табам десең мәңгіге , Ұғынысып домбыра - дастан тарихын Тыіңдар ең шіркін қоңырқай сазды әнді де! Бөлейді тіпті жылылық шуақ иірім, Қанары сөзсіз сағыныш сезім мейірім, Қонағы болып төріне шықсаң жайғасып, Ақ ордадай тігілген қазаұ үйінің. Батпаған асы отырса жалғыз о бастан, Осылай әдет бабамнан маған жалғасқан, Түндігін ашып тікелей хабар алатын Көрдің бе әне ырысын құйған нұрлы аспан. Сеземін десең қазақтың жарқын пейілін, Шешемін десең әңгіме неше түйінін , Төріне шығып шалқайып отыр кәдімгі , Қонағы болып қазақтың киіз үйінің!

ТӨБЕЛ

Иран жаққа , Балқан тауға баяғыда жөнелген Аталарым ат аунатып, ат шалдырған Төбелден, Төгіп жасты , туған жерден аттанарда қиялмай «Кұтқара көр» – деген жері мойындағы «көгеннен». Көз жасынан сол төбелің үй орнындай ойылған, Сияқты екен ескерткішке Сүбе төрткіл қойылған, Мұңмен шыққан көз жасы да көл болары рас па?! Төбелдегі мөлдір көлшік шықпай қойды ойымнан. Босқындардың наласынан жер кіндігі исінген, Маңайдағы тау ме тасқа шерлі сазды күй сіңген, Туған жердің төсіндегі Төбелдегі төбелдей Меңді көріп, тәубе етіп мен сүйсінгем... Күні бүгін кермек дәмді көз жасы көл әлі бар, Жан-жағында кестеленген құрғақ қамыс сәні бар, Жер Ана да мейір төгіп сол қалпында сақтаған Төбел атты төбеміздің міне осындай мәні бар.

ҚАРАШЫҚ

Желбіреп көңілдегі кезік сезім, Алыстан арып-ашып жетсем өзім, Тұрасың кеуде керіп бәрін барлап Құнанбайдай барлаған өткір көзің. Қарай-қарай қараудан талмай тұрған, Ойларын жүргіншінің жалғап арман, Елестеп кеткендей ме санамда бір Баяғы сақшы шалдан жалғыз қалған. Қондырмай түбегіме қара шыбын, Күретіп келе жатқан дара шыңым, Өткізіп өң меніңнен тесіледі Ұлы жол – дара тұрған Қарашығым. Осылай оқшау тұрған дара шыңың , Тіктеген жүргіншіге қарашығын. Аталған құм ішінде қара төрткүл Қож-қож тастан сомдаған Қарашығым. Жанарын тігіп құмартып кімдер сұқтанған,

Соларды күтіп жолын тосып шықты алдан. Көк бөрі тектес ештеңеден сескенбей Қара шоқы жол бойында нықталған...

Қақсаған анау маңайға келсе жан жолап, Өктем күштер де қалдырған екен сан жолақ, Бостандық отау оңайлықпен тігілмей Етекте жатыр қан жолақ... Қып-қызыл қан боп аққан екен қан жоса Көресің анық жолай өтсең маңдаса, Орын тепкен –кейде сансыз моладан Байғыздар қақсар нанбаса?! Әлемді барлап маңайды қарап жататын Қарашық болса тереңге ойлар бататын, Көгілдір көкпен ұштасып жатса жанардан Таң нұры боп ататын... Киелі мекен – күзеті тектес өзіңнің, Қарашығың – қарашығы тектес көзімнің, Сезімді қозғап назары ауса ойларға Қарашығы – сөзімнің менің...

АҚПАННЫҢ ШОҚЫСЫ

Ақпанның боранынан да ықпаған , Басына қыраннан басқа шықпаған, Мызғымай соғылған қайқы қылыштай Өзіңді қалай ноқтаған? Жұптастырып екеуін егіз қозыдай, Айдалада. Айқалап тұр аспанға – ай, Жоқ шығар, сірә, бұл жалғанда Тәкаббарлық та сенен асқандай?! Қарайды екен – ау жіті тас қайың, Шекарада өтерде саған қасқайып, Қоштасқандар да сені қиялмай Кірпіктен сауылғандай ғой жас тайып. Қапталын қақтап күн жалап, Бетіне салған мың жолақ Қос шоқысы анау Ақпанның Жалғасқан күнмен тас қалақ---

СҰЛУ ТӨРТКІЛ

Сұлу төрткіл көрінеді Күн нұрына малынған, Кең далада Заңғар көкпен ұштасып. Әсем мүсін Қалпағы да төбесіне салынған, Шыға келсең Тайғырдың дөңін үш басып... Аялаған алақанға Қондырып ап тұр сағым, Сұлулықты аңғарып та Қарау екен тиімді, Нақ осында табиғаттың Талай тылсым жұмбағын Соны көріп Жасағанмын түйінді... Шыға салып тамсанып кеп Қарап тұрсам ұзақ тым, Көпшілікке жарнамалап Сол бір тұрған күйіңді. Ойландым да, сезімімді Көшкен желге ұзаттым. Қасыңа барсам кәдімгі Топырақ төбе үйінді?! ҚҰРМАШ БҰЛАҚ (Тоқабай Құрмашқа)

Тағдырдың жүгін арқалап, Соқпағын салдың өмірдің. Бұтаны қорған қалқалап, Бармақшы тістеп кемірдің. Таңдайды қатқан жібіттің, Бұлақтың үнін тыңдаумен Қамысқа мінген жігерсің Шар болат сынды шыңдаумен. Заманға әттең, күйіндік, Мойынға іліп «бандыны» Атылып жалғыз түйіндің, Ізіңді кесіп аңдулы? Тар үңгір түбі салқында , Жатыпсың оймен құрыстап. Құрмаш бұлақ артыңда, Жаңадан ақты дұрыстап! Еш болып талай үгітің, Езіліп қанша түңілдің! Ақталды қазір үмітің Еркіндік – мынау бүгінгім! О ДҮНИЕГЕ ЖЕТКЕН ЗАУАЛ ( Табиғат қорғаушыларға хат)

Эй, кейінгі ұрпақтар! Тұқымын жойып тайдырдың. Қырдағы киік Судағы суын айғырдың? Кендірлідегі қабан менен қасқалдақ Ала барысы қайда тайғырдың? «Жабайы ұшқан» құзыңдағы бүркітті, Қашан? Кім шошытып үркітті? Дуадақ қонған боз төбе Болар деп жұтап кім күтті? Пай, пай! Бәрін де жойып жай қылдың? Ен даланы жыра менен сай қылдың. Кесіртке кезіп, Бауырын жылан жайлаған Мұңайып Үстірт қайғырдың! Шәуілдек түлкі, Төсіңде құзғын қаптаған. Далам – ай! Жел қуырып қақтаған, Тапқанын үйіп ініне Шиқылдап тышқан Жортуыл салған, ақтабан! Қарамая. Маната! Арқарын таудан қараса, Тұратын - ды, Сыпыра шыңға жараса!? Асқақтай алмай айбарлы Көңілің орта, Шыңдарың қырат аласа?! Жататын-ды

Ой толқыны астан кестен көңілде, Неге мұнша мән бермеген мырзалар мен бегіңде! Табиғат па? Жазылуға қажет болса шынында «Қызыл кітап»? ә?! Жоқ!!! «Сот кітабын» шығарудан шегін бе! Шындық үшін , Шыбыртқылап бұрып нақ, Ұстамасаң қылмыскерді Бұғалықтап, құрықтап, Ұрпағыңа көрсетуге Қырандардың қылығын Ақырында Қиналасың тұқымдары құрып қап!? Бұл жалғанда салып жүрген ойраншы, Кезек – дүние, Ойлан жаным, ойланшы! Архивтерді Аудармасын арттағылар ақтарып, Өмір – деген өтіп жатқан жалғаншы!

  • * Бір кездерде құландарға жазықсыз қан төккізген, Ауыз ашып айта алмадық күй тілінде жеткізгем, Киелілер мекенінің киелісін жоймай-ақ Ей, пенделер! Жүрейікші текті ізбен! Киелілер жайлап жатса мекенімді киелі, Олар әсте тұрақтайтын тыныштықты сүйеді. Бәріненде – он сегіз мың бір қауыздың ішінде Туыстықтың тыныштық қой тиегі... Тыныштықты бұзба жанымқарғыс алып қағынған, Жақсы дөңес түбі терең құмарлыққа салынған. Қызғаныш пен құмарлықтың кесәпаты емес пе Аралыңда құрбандыққа шалынған. Қарайтындар барлығына осыларға байыппен, Ақылдаспай сырт айналып жыға келген тойып кең Алаң оймен кейінгіге қарайтыным сондықтан Жақсарғай деп алақанды жайып мен?!

ТОБЫРСЫП ҚАЛҒАН ШӨЛДЕП ЖАТҚАН ЕСЕМДЕР

Бес бөгет пенен Белесем Тасесем мен Көкесем Әжім шалып бетіңді Мұңайып жатсың неге сен? Көкесем қырда аталған, Қалмаған Талақ қатардан, Арманы болдың талайдың «Бұйырсын деп татар дәм!?» Айта алмай әлде сыр бүктің? Келбетің құрғап сұрғылт тым, Әсері ме апырмау Жауа алмай өткен сұр бұлттың? Тамбаған көктен тамшы мұң, Айтқызса егер ал шыным Құрғақшылық – қыртыстар Таңбасындай қамшының... Ізіндей жатыр жосылып, Көңілсіз – қырсау тосылып. Табиғат неткен қатулы Қатыгездік, қосылып? Баяғы мөлдір есемдер. Айдыны – әсем, көсем жер. Тарихта орын бар Жәдігерміз десеңдер!

ОРАЗМАҒАНБЕТТІҢ ТҮСІ

...Ер салынған үстіне, Иесіз қалған кер төбел. Түнде еніп түсіме, Өзегімді өртеген Сұр жылан жылтып өлкемен, Дін, тілімді арбаған... Шошыдым содан ерте мен Барар жер іздеп қарбанам. Зұлымдар келіп маңайға Жан-жағымды торыпты... Алып қашар сан ойға Әркімге түсті жорытты. Кітап, білім тас басып, Түсінен қатты қорықты, Туған жермен қоштасып. Пірлерімен жолықты... Жақсылық етер жақынмен Күдер үзіп торықты, Жаманнан жау тақылмен Қиянға салды жолықты!..

АРҒЫМАҚ ТЕКТЕС ОЙЛАРЫМ

Жүнше түткен кедергі желді екпінмен, Сырласқам талай арғымақ деген тектіммен, Үстінде дене өзімен бірге тұтасып Көне тақа құйрық көп мінген. Келеді көкпен көн тақаның өзі ұшып, Үлегермей жатыр көк құтан мен қаз ұшып, Кейінгі топтар аша алмай көзін мазасыз Қайыршақ құм мен саз құшып. Арғымақ қосқан аламан топқа ұялмай Ат бегі тұр шалқыған көңіл жияалмай, Сөз бенен ойдың арғымақ теңес тобына Қосылсам дедім қиялдай...

БЕСОҚТЫ

Бесоқты жердің аты, судың аты Демеген Бесоқтыны ешкім таңқы, Хиуа жолындағы күдерлі су Кідірген осы жерге түсіп жалпы. Ежелгі шыңыраулы соның халқы, Қастерлеп су көздерін еткен салты. Пейіштің төріне кеп демалғандай Ерінбей, ерлігімен асқан даңқы. Сор алған Бесоқтының маңдаласын, Сорымен жалғасады сал сала құм, Қауғалап балдай суды беріп жатса Құданың құдіретіне таң қаласың. Тынымбай шоқысы анау қарап тұрған Үстіртің осы жерге таяп тұрған Қырық жол жан – жағынан жамырасып Сол жолмен жортып әркім талап қылған Қараадыр қайқы белдей жатыр сұлап, Тайғырдай хабарласқан тіке құлап. Қамысты – қалың қамыс арасымен Ертеде мол болыпты аққан бұлақ. Доңаша сайынымен жақын жерде, Атаға шығар жолың асқан өрде, Айнала қай ғасырлық қойылымдар Өмірден озған бабаң тыңдап көрде. Кезінде осы суды қазық қылған

Бәрінде таңбалы тас жазып қалған, Көшпенділер түйіскен сол нүктені Дедім-ау күні бүгін азып қалған! * Аңызды толы арқасап, Жеткіздің бізге аманат. Талмаған жолда ер қанат, Сияқты маған қазатан. Доңашаң жатыр қасыңда, Ормандай қалың жынысты. Томашаң дайын осында Кемпір-шалға тынысты. Өскінбай жырлап өтіпті, Бізден бұрын кеткенде, Ереулік жасап кетіпті Шалдықбай саған жеткенде. Шөлдеген аңсап жететін, Қандырып сеннен мейірін Жапқандай көлге кезектер, Айдалған жылқы үйірің. Асқақтаған айбарлы Бесоқты атты суымсың, Келгендер елге жайдарлы Кірлетпей көңіл жуынсын. Маңыннан орын теуіпті Сен үшін қанын төккендер Сәлем саған , Бес-оқты Хорезімге өткен жер.

ЖҰТЫЛЫП ЖАТҚАН ЖАРЫҚ КҮН!

Ай бітті деп қуандым, Айлық ап соған жұбандым, Таусылып жатқан тарыдай Ғұмырым деп ұғармын. Асығыс шапшаң қапылдым, Түсінбей жолын мақұлдың, Тұйыққа әбден жеткенше Бәрі асығыс, ақылдым. Шапақты күнге құмармын, Өтпесе сағат шыдар кім? Жұтылып жатқан жарық күн Батқан сайын жылармын. Жабылған түндік түнердің, Өлі ұйқыны білер кім? Орнымнан тұрсам ертемен Тірімін деп күлермін. Түстік өмір болғандар, Кешке жетер мал жияр. Қанағат, сезім, имандар Жатар жерге сол сияр. Жан-жағыңа қарасаң, Күйбең тірлік досым-ай! Көппен көрген ұлы той Қаларсың қалай қосылмай? Өмір деген осындай!

ДҮНИЕ – ҚЫЗЫЛ ТҮЛКІ

Ұстай алмай алаң болып ілкіде, Дүниені ұқсатамын Қызыл Алтай түлкіге, Шеті ілінсе абайсызда қолына Үйе беріп кенеледі күлкіге! Байқатпайды ашылғанын аранын, Жиылады меңіреу мен арамың, Шығады екен қатыгездік , қараулар Қарабайдай қан шығармас сараңың. Тістейді де екі шетін ұстайды, Жасырады, көрсетпеуге тыстайды, Есіл-дерті бәсекеден бәсеке Алтын, күміс, мыс қайғы? Бұл дүние – қызыл түлкі ұқ бірақ, Баянсыз ғой дегендерге тек құлақ, Түк біткенде жыланың да қалтырар Жоқ адамның жомарттығы мықтырақ.

БОЗ ДАЛАМ

Боз далам менің табанға төсеп жусанын, Мейіріндей босанған жаңа тұмсаның, Шабытты қозғап әтірдің исі бұрқырап Дегендей ме? Арнаған маған тусак әнің? Тамсанып қарап дәм татсам егер с--ырбенден Жырларым бар ән туар саған арналған, Сағыныш сазы аңсарым ауып келгенде Таба алсаң енді көңілдің кілтін арбалған. Кедергі жасап көлбеңдей берсін сойылдар, Арбалған саған қиыннан тартқан ойым бар.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙