Бабалар сөзі 7 том
Әзібаева Бақытжан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының жетінші томына 9312 жолдан тұра- тын «Әбуғалисина, Әбілхарис» атты хикаялық дастан енді. МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан ........................................................................ 5 Мәтiн Әбуғалисина, Әбілхарис ................................................................... 9 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтiнге түсiнiктеме ...................................
Астана
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.
Нұрпейісов Ә.К.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ
7 том
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Хикаялық дастандар
ББК 82.3 (2 Каз) Б12 «Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Тұрғанбаев А. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Ақан А.,Әзібаева Б. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Қорабай С. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Ақан А., Әзібаева Б. Жауапты шығарушы: Тұрлықожаева Г. Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2004.— Т. 7: Хикаялық дастандар.—2004.—336 бет, суретті.
ІSBN 9965-619-92-1 «Бабалар сөзі» сериясының жетінші томына 9312 жолдан тұратын «Әбуғалисина, Әбілхарис» атты хикаялық дастан енді. Б 00(05)—04
ББК 82.3 (2 Қаз)
ІSBN 9965-619-92-1 (т. 7)
© Әдебиет және өнер институты, 2004
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2004
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет
және
өнер
институ-
ты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде
жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды
дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негіз-
гі принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп,
өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті
мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді
оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше вариантта-
ры жарияланады. Ол варианттар бір томда жинақталмаса,
ғылыми жұмыстардың барысына қарай кейінгі томдарда ба-
сылады.
Әрбір том ғылыми қосымшалармен толығып отырады.
Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған тү-
сініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде
мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаула-
ры, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге
арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жыр-
лаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізі-
мі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кіреді.
«Бабалар сөзі» сериясының беташары—ХІХ ғасырда кең
дамып, фольклорымыздың тәуелсіз, толыққанды жанры ретін-
де қалыптасқан қазақ дастандары түрлік сипаты мен ерекше-
ліктеріне орай діни, хикаялық, ғашықтық, қаһармандық бо-
лып жіктеледі.
Серияның алғашқы тоғыз томын хикаялық дастандар
құрайды. Олардың мазмұны қызықты, оқиғасы шытырман,
сюжеттерінің түп төркіні көбіне шығыстық я халықаралық бо-
лып келеді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Оқырманға ұсынылып отырған аталмыш серияның жетін-
ші томы алғашқылары сынды хикаялық дастандарға арнал-
ған; бұған өте көлемді, 9312 жолдан тұратын «Әбуғалисина,
Әбілхарис» дастаны еніп отыр. Бұл шығарма 980-1037 жыл-
дары өмір сүрген белгілі ойшыл, ғұлама Ибн Синаға [Авицен-
на] арналған. Бірақ бұл тарихи шығарма емес. Дастанның бас
кейіпкері өзінің прототипі—тарихи Ибн Синадан мүлде ал-
шақтап кеткен, түптеп келгенде ол бұқара халықтың бақытты
өмір сүруін, әділеттілікті аңсаған арман-қиялынан туған тип-
телген фольклорлық бейне.
Томды дайындау барысында 1917 жылға дейін араб
әрпінде басылып шыққан кітаптар мен араб әрпінде жазылған
қолжазбаларды дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият талда-
улар мен сараптау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате
жазылған сөздер қазақ тілінің жазу нормаларына және контек-
ске сәйкес түзетіліп отырды, ал кейбір шумақтарда жекелеген
сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда қажетті сөз-
дер тік жақшаға алынып берілді. Мәтінде кездескен араб, пар-
сы және орыс сөздері қазақ тіліне аударылып, томның соңында
арнайы сөздікте топтастырылды.
Жалпы бұл шығарманың тілі мен сөз саптау мәнері дастан-
дық эпостың ауызша жырланған үлгілеріне тән.
Томда жарияланып отырған мәтін 1990 жылы ғылыми-
көпшілікке арналған жинақта біраз қысқарту, редакциялық
өзгертулермен жарық көрген. Мәтін осы жарияланымға
қолжазбадан еш өзгеріссіз дайындалды.
Томның көлемі—21 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Әбуғалисина, Әбілхарис
Ертеден ел ермегі ертегі, өлең,
Көркем ғой кешеуілден ерте деген.
Жырлайын ертедегі ер еңбегін—
Ермекке ерінсем де ертең өлем.
Тырп етпей, жатпай тұрып тырбаңдайын,
Өмірдің өрнегінен құр қалмайын.
Ертеден елге тегіс жайылмаған,
Жаңадан жас, кәріге жырды арнайын.
Ескі ертек жаңа дейтін жаңа да емес,
Өлеңі жайылмаған ескі белес.
Деген жыр «Әбуғалисина» деген—
Тек қана айтылуы жаңа кеңес.
Пайда боп өз қолымнан осы жырым,
Бір рет шыққан еді бұдан бұрын.
Мың тоғыз жүз жиырма екінші жыл еді ол,
Жыл боп тұр отыз алты оған бүгін.
Бұл ертек—«Ибн Сина, Әбілхарис»,
Жайылып заманында шашқан дабыс.
Тарихта бес жүз сексен бесінші жыл,
Ол заман мың төрт [жүз] жыл бұдан алыс.
Бұқара қадимнан бар үлкен қала,
Самарқан қатарында Тәшкен және.
Сол Бұқар қаласында бір кісінің,
Әйелі туған екен егіз бала.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жеткенде сол екеуі төрт жасына,
Жаспын деп отырмапты от басында.
Алғыр боп зейіндері, мектепке оқып,
Ақылға болды дария көп қасында.
Мінезі Әбілхарис ауыр, таза,
Жастардан жарыста оқып, асыпты оза.
Ересен Ғалисина үздік, алғыр,
Айрықша бар сабақты етті бажа.
Мүмкін емес айтарға кең ақылы,
Бір мәжіліске бола қалса жақыны.
Көз көргендер зейініне тәнті боп,
Жүрді айтылып әр орында нақылы.
Қара қылды қырыққа ақылы қақ жарып,
Зеректігі жиын топта топ жарып.
Хаким Лұқман, Аплатон деп айтарға,
Тұңғиық жар еді оған жап-жарық.
Мысал үшін бір ғана айтсам зейінін,
Ұлы, кіші білген күшті бейімін.
Ешбір адам шеше алмаған қиынның,
Секундта ашқан ілгері мен кейінін.
Ғалисина шыққанда бір далаға,
Білмек зейінін байқап шамаға,
Жарты парақ қағаз қойды жасырып,
Төсек-орын жер мен екі араға.
Ғалисина келгенінде даладан,
Төсегі мен төбесіне қараған.
«Не себептен қарадың,—деп,—жоғары»,–
Оқытушы мұғалімі сұраған.
Былайша деп оған жауап қайырды,
Назарладым биік-төмен жайымды.
Я биіктеу, я төмендеу сияқты,
Өз ойымша депті етсем пайымды.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Не деген ер, жалғыз парақ қағаздың
Қалыңдығын болжау түрі сабаздың.
Бұл зейінмен сегіз жылдай оқыпты,
Көп пен болжап қасиетін және аздың.
Ұлы, кіші бұл зейінін аңғарып,
Тамаша етіп жас балаға таңданып.
Балаларын екеуіне оқытты,
Көпшілікке екі бала жалданып.
Күні бойы сабақ беріп балаға,
Кештің құрын балалармен далада.
Ойнар еді асыр салып алысып,
Сонда жасы он екілер шамада.
Бұған халық таңырқасып, таңданып,
Тоқтатуға қалжың етіп қамданып.
Осынша ғылым ала тұрып шырақтар,
Балалардан бас тартпайсыз арланып.
Ғалисина беріп жауап оларға,
Толықтырып тұрарлық қып сауалға.
Балалықтың базарын нық өткізу,
Жарастықты жайнаған жас адамға.
Олай болса біз де қазір баламыз,
Балалықтан орынды үлес аламыз.
Жас уақыттың серуендемей көктемін,
Базарынан қалай мақұрым қаламыз.
Әр уақытты өмірге өлшеп арнаса,
Мезгілінен мерзімді үлес алмаса,
Менменсінген ақымақтардың мінезі,
Бейнесі адам, бағанасы далбаса.
Сонымен бірнеше жыл алды ғылым,
Артықша басқалардан білді білім.
Иунан, араб, парсы, үнді, қытай,
Біліпті көп елдердің түрлі тілін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Айтылған Бұқар шәріп қаласында,
Оқылды түрлі ғылымның бәрі осында.
Алдында екеуісінің не ғалымдар,
Болмапты мәселе айтып таласуға.
Күндерден бір күндері екеуі ойлап,
Алдық деп дін ғылымын терең бойлап.
Дүниялық өнер-білім табу үшін,
Мәслихат етті екеуі кеңнен жайлап.
Тамамдап дін ғылымын оқып біттік,
Исламның мұсылмандық жолын тұттық.
Бар дейді өнер ғылымы, соны іздейік,
Себеп біз кең дүнияға туып шықтық.
Келісіп дүния жүзін кетті кезіп,
Ғылымның өнер-білім барын сезіп.
Қабірін әулиелер[дің] зияраттап,
Бейнетке ауыр, жеңіл шықты төзіп.
Батыстық мемлекеттің кезіп бәрін,
Аралап әр түрлі елдің қалаларын.
Күннің дәл батар жері—бір шаһарға,
Екеуі кездестірді жол сапарын.
Базарын тамашалап аралады,
Іздеген өнер ғылымын қарағалы.
Бір адам айқай салып хабарлап жүр,
Алсын деп адамдардың қалағаны.
Ол жаршы хабарлап жүр мынадай деп:
—Қалмаңдар,—дейді,—есітпей уайым жеп.
Күні ертең тау үңгірі ашылады,
Бұл хабар барлығыңа, жиылған көп!
Есітті бұл хабарды екеулері,
Көшеде біреу әрі, біреу бері.
Өзінше бара жатқан бір адамнан:
—Ашылар тау үңгірі, ол не?—деді.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бұл үндеу мақсаты не шақырған жар,
Ашылса ол үңгірде не нәрсе бар?
Хабарсыз қалмаңдар деп айқайлайды,
Түсіндір, ей, замандас, ол не болар?
Ол жігіт шақырған соң тұра қалды,
Туралап аттың басын бұра салды.
—Екеуің түсің бөлек көрінеді,
Есітпей қайдан келдіңдер бұл хабарды?
Айтайын білмесеңдер оны сұрап,
Бір жақтан келсеңіздер жолаушылап.
Бұл жағдай хазірет Дәуіт заманынан,
Бұл тауда бұл күнгеше тапқан тұрақ.
Дәуіттің болған бірер заманында,
Айтайын болсын, шырақ, хабарыңда.
Ол кісі көп оқыған ғалым екен,
Айтылған сол Дәуіттің қарауында.
Ат-есімі ол кісінің Писағұрыс,
Дүнияның ғылымын түгел білген дұрыс.
Опат боп хазірет Дәуіт көз жұмған соң,
Қалды ұлы Сүлейменге—таққа мініс.
Бағынды Сүлейменге жердің жүзі,
От пен су, айдың асты, күннің көзі.
Жел мен бұлт, жанды-жансыз бағынғанда,
Бағынбай Писағұрыс қалды өзі.
Патшасы бүкіл дүния Сүлеймен боп,
Жұлдыздай аспандағы әскері көп.
Дәу, пері, адамзаттан елші салды:
«Бас иіп Писағұрыс бағынсын!» деп.
Зәуқайыр Писағұрыс айтыпты оған:
—Патшалық керек емес,—депті,—маған,
Қайраты басым келмей бағынбаймын,
Бас имес қорықпағанға ешбір адам.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жеткізді бұл жауапты Сүлейменге,
Бұл сөзді қос көрмеді Сүлеймен де.
Күліпті:—Қандай қайсар қайыспаған,
Пенде едім бет қайтпаған Құдайдан да.
Сүлеймен адамзатқа, дәу, періге,
Жын-шайтан, тағы-тағы әскеріне.
Көтеріп Қаптың тауын қырық күн тұрған,
Ат қойған Шамсуар деп бір еріне.
Әскерге жиналсын деп берді бұйрық,
Тауларды қиратқандай тауларға үйіріп.
Сап түзеп салтанатпен тақ болды әскер,
Сағатта үйдей үйіліп, құмдай құйылып.
Әскердің салтанатпен тұрды бәрі,
Жын-шайтан, пері мен дәу, адамдары.
Астына пілден мықты керік мініп,
Майданға жеке шықты Шамсуары.
Қарап тұр Писағұрыс күліп қана,
Тақыты мен тау басына мініп және.
Оның да әскерлері дайын болған,
Безеніп ұшан-байтақ орман, дала.
Жын-шайтан, пері, дәуден, адамзаттан,
Айдаһар, аю, қабылан мақлұқаттан.
Бұдан да бір «Шамсуар» жеке шықты,
Бейне сол Шамсуардай таңырқатқан.
Қарапты ғажап қалып халық бәрі,
Сүлеймен Дәуітұлы, сұлтандары.
Айнымас әскері де әскерінен,
Сондай-ақ Шамсуарға—Шамсуары.
Оның да патшасы отыр Сүлеймендей,
Әскері—әскеріндей, таң қалғандай.
Шамсуар Шамсуармен алысқанда,
Сүлеймен өз палуанын тани алмай.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қылыш, садақ, шоқпар мен найзалары,
Неге тисе күл қылып майдалады.
Әскер де айырғысыз боп көрінді,
Суреттей сәуле тартқан айнадағы.
Әскері мұны көріп Сүлейменнің,
Қалыпты қайранына ғажап таңның.
Десіпті «Олар білер, біз білмеспіз,
Әскерлер араласса егер сан мың».
Аралас майдан жерді ұрыс басса,
Соғылып қанжар, найза қылыштасса,
Өзіміз-өзімізді танымаспыз,
Деп халық тілек қыпты тыныштасса.
Әрине, білсе керек,—деді,—аналар,
Мынадай жасаған жан жолын табар.
Қиратып біздің жақты жерге таптап,
Жынды ғып есімізді жеңеді олар.
Таңырқап Сүлеймен де қауіптенді,
Бас иіп, қаһарынан қайтыпты енді.
«Бағынба бағынбасаң, тәнтіміз» деп,
Ғалымға Писағұрыс хабар берді.
Сол күні Писағұрыс ғалым енді
Бағынып Сүлейменге өзі келді.
Еттім деп өнерімді көрсетуге,
Көрсеткен бас игізіп көп өнерді.
Аспанның әскерлері жұлдызындай,
Көрінген көп көзіне бір бұзылмай.
Сүлеймен Дәуітұлы тәнті болған,
Ғалымның Писағұрыс ұл-қызындай.
Сүлеймен сол ғалымды уәзір етті,
Не десе тілегенін әзір етті.
Ғылымы ихпа, кимия, симия—бәрін білген,
Сол айтқан Писағұрыс ғалым депті.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Дүниядан өтетінін анық біліп,
Ғылыммен тау үңгірін жарық қылып.
Оқыған барлық ғылым кітаптарын,
Жайлаған тау ғарына салып тығып.
Ғылыммен қарауылдар қойған сайлап,
Тамаша тағдырларын кеткен байлап.
Үш сағат әр жыл сайын ашылады,
Алады талапкерлер жазып жайлап.
Пияздың жазады оны суыменен,
Көрінбес ақ қағазға жазу деген.
Қыздырса отқа қалап ол жазуды,
Оқылар хат қарайып ережемен.
Сонымен олар да өткен дүниядан,
Керуендей кезекпенен басқан қадам.
Айқайлап жар шақырған себебі сол,
Талапкер жазып алар білген адам.
Кірген жан ол қуысқа сөйлемейді,
Сақтайды сақ боп өте тіл-көмейді.
Тамаша тазалығын сақтамаса,
Өледі, кім болса ол болсын мейлі.
Харис пен Ғалисина мұны естіп,
Кіруге болмас депті мұны күтіп.
Бекітті келесі жыл кірейік,—деп,—
Керекті заттың бәрін жиып бітіп.
Алуға заттың бәрін керек-жарақ,
Шамшырақ, шамасынша ішер тамақ.
Дем алып жату, тұру, күндіз-түннің
Етумен білді бәрін есеп-санақ.
Киіктің жүрек майы, қаймақ бұғы,
Күмістің жиырма тиын ауырлығы.
Күніге жейтін тамақ салмағы бұл,
Айына бір татылар сусындығы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жүрегін қуырдақ қып марал, киік,
Бұршақтай бауырсақты ұсақ қиып.
Пісіріп есеппенен алды бәрін,
Бадамның пісте менен майын құйып.
Кептіріп, пісіріпті қойып күнге,
Ішпеді ешбір тағам тойып мүлде.
Бір татып аптасында үйреніпті,
Мысалы даярланып осы түрде.
Мейіздей өздері де қалды қатып,
Үш күнде көзін іліп сағат жатып.
Үйреніп бәріне де алды түгел,
Айында сусындықты бір-ақ татып.
Келер жыл уақыт болып шақырды жар:
—Талапкер, қапылыста қалмаңыздар.
Ашылды тау есігі, уақыт ашық,
Мезгілі үш-ақ сағат—асығыс, тар.
Бұлар да тауға келді көпшілікпен,
Бір жылға даярланып, басын тіккен.
Ғылымның, өнер-білім дәмін татып,
Ішіне кірді үңгірдің аздап жүкпен.
Талапкер ішке кіріп жұрттың бәрі,
Тым-тырыс, тәртібі сол, жас пен кәрі
Үш сағат уақыт барда жазып алып,
Тарасты бітуімен бірге тағы.
Екеуі Ғалисина көптен қалып,
Білтемен шақпақ шағып етті жарық.
Шамының сәулесімен құралдарын,
Кірісті ғылым алуға даярланып.
Шамменен кең қуысын жүрді кезіп,
Әуіздер, ағар бұлақ көрді сезіп,
Ақтарып өнер, ғылым, сиқыр тылсым,
Ішкендей білді жаттап суын езіп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жат білді кереметтің көпшілігін,
Сөйлеспей, есіттірмей еш сыбырын.
Қиынын пияз суымен жазып алды,
Кіжініп, деп қырсығым кетші бүгін.
Екеуі ұйықтар болса кезекпенен,
Айырып күн мен түнді есеппенен.
Ен ғылым есебі жоқ алды бұлар,
Алғанын бір-біріне көрсетпеген.
Көп елдің өздері де білген тілін,
Сол білген тіл күшімен алды ғылым.
Зейіннің алған білім арқасында,
Ашылар тау үңгірі білді жылын.
Үңгір тас ашылуын тұрды күтіп,
Минутын мүлт еткізбей бір де ұмытып.
Лап кірді сырттағылар ашылғанда,
Бұлар да бір жағынан шықты зытып.
Аз-маздап кіргенінде сонша халық,
Көздері кейбірінің қалды шалып.
Шаш, сақал, тырнақтары өсіп кеткен,
Өзгерген түстері де үрей жарып.
Адамдар үрейленді мұны көрген,
Шаш, тырнақ өсіп шыққан күнсіз жерден.
Тым суық кескін-келбет болғаны үшін,
Кісілер қайран болды әр түрлі елден.
Ұстауға тұс-тұсынан қамалады,
Көңілі бұлардың да қабарады.
Екеуін қамаған көп ұстап алып,
Алдына патшасының апарады.
Патшасы адам еді қаһары қатты,
Зұлым мен танымайтын әділетті.
Көрді де:—Кескіндері жаман екен,
Тарт дарға, өлтір,—депті,—лағынетті!
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Себебі, бір уақиға сол заманда,
Бар екен екі сиқыр батыс маңда.
Халыққа есебі жоқ азап берген,
Әр жерде сөз боп жүрген айтылғанда.
Екеуін сол екеуі деп таниды,
Жауыз деп, халықтың жауы бұл кәнігі.
«Дарға тарт, өлтір!» деудің себебі сол,
Байғұстар бір жыл жатып һәм арыды.
Жендеттер өлтіруге және қамап,
Азаптап, балағаттап және сабап.
Харисқа Ғалисина «Кеттім!»—депті,
Кетуге өнерімен етіп талап.
Деп айтты:—Басқа тілмен оқып мұнша,
Не азап бейнет көру бізге осынша?
Көлшікке көз алдында көпшіліктің,
Шолп етті «Ал, кеттім»,—деп жоқ боп жынша.
Жендеттер зыр жүгіріп дедектеген,
Жиналып, жиіліктен жел өтпеген.
Сиқырды суды сарқып ұстаймыз деп,
Суды ойға төктіріпті шелекпенен.
Жендеттер жата берсін әлектеніп,
Шелекке шелек қосып, шелек беріп.
Алдында Әбілхарис там басына
Секірді, іздесем деп көмек беріп.
Шу етті «Айрылдық!»—деп жендеттері,
Ұстауға жендет түгіл, жел жетпеді.
Біреуін іздеп таппай жатқанында,
Әуреге әуре қосты бұл кеткені.
Шыққанда Әбілхарис там басына,
Хабаршы жеткізіпті хан қасына.
Хан қатты қаһар етіп, жендеттерді,
Сол үшін бұйырыпты дарға асуға.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Шуылдап төресі де, қарасы да,
Дал болды даласы да, қаласы да.
Не болды екі жігіт, соны айтайық,
Ендіріп тыңдаушының санасына.
Екеуі—Ғалисина, Әбілхарис,
Көрген соң жендеттерден көп дағдарыс,
Көлшікпен Ғалисина Ніл суымен,
Қаладан Мысыр—Каир шығыпты алыс.
Өнермен Әбілхарис шығып тамға,
Таптырмай іздесе ізін ешбір жанға.
Бағдаттың қаласынан барып шықты,
Қалдырып қайғылы арман ақымақ ханға.
Мысырға Ғалисина бара берсін,
Үлесін ол да өзінше ала берсін.
Сыңары сол егіздің, ата-ана бір,
Айталық Әбілхарис сөзі келсін.
Бағдатты үш-төрт күндей аралады,
Тәжірибе көргенінен тағы алады.
Күн көрмей бір жыл азып шыққан беті,
Көңіліне мұндай пікір оралады:
«Өтпесін деп ойлады өмір текке,
Көшейін онан да бір әрекетке»,—
Депті де, орман барып, шырша ағаштан
Қырық ағаш кесіп алды бір минутте.
Ағаштың жуаны мен бойы бірдей,
Пышақпен бас-аяғын кесті іркілмей.
Қырық рет қырық ағашқа әпсүн оқып,
Қырық жігіт пайда қылды қызыл гүлдей.
Салалы, еңгезердей бойлары ірі,
Жуандық айырымсыз кескін-түрі.
Сымбаты, салтанаты бір кісідей,
Бірінен танығысыз бірде-бірі.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Мысалы қырықтың бірін көрсе біреу,
Айыра танымайды ашып біреу.
Қаз-қатар тұрғанында тіпті қиын,
Манағы көрген жігіт мынаусы деу.
Олардың киген барлық киімі де,
Біп-бірдей салған белгі киіміне.
Сөйлемей ишаратпен іс бітірген,
Бас-аяқ, бірдей кеуде, иіні де.
Алдына қарсы тұрды құрмет қылып,
Қағазға жазған хаттай тәртіптілік.
Жан құрбан айтқаныңа деген жандай,
Харисқа бас июде, қол қаусырып.
Іс бітіп ишаратпен, үндемейді,
Тіл ашып сөйлемейді, дәм жемейді.
Шығарды жеті күнде монша жасап,
Көргендер қайран қалып «Қалай?»—дейді.
Қымбатты қырық қабат үй болды монша,
Ұзыны, көлденеңі тағы сонша.
Үй саны—қырықты қырыққа көбейткендей,
Биігі, аласасы болар қанша?
Жайғасар әрбір үйге қырық адамнан,
Сәулеттеп салтанатын салған саннан.
Арналған әр он үйге екі үйден бар,
Елу ер ол үйлерден орын алған.
Істейтін ол ерлердің қызметі,
Моншаға түскендердің әрекеті.
Олардың шашын алып, қалампырлап,
Тәртіптеп жолға қою бар зейнеті.
Алатын түскендерден ақысы арзан,
Алтынмен неше алуан жазу жазған.
Арналған ер, әйелге үйлер бөлек,
Жазылған бір түскенде дерті бар жан.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Мың түрлі дертке шипа онда дәрі,
Жазылған науқасы бар жанның бәрі.
Не керек, бір түскенде сол моншаға
Сыярлық алпыс төрт мың адам саны.
Жасалған ғылым жолмен онда тәртіп,
Моншадан басқа айтқанда мың есе артық.
Қызметкер жігіттері асқан көркем,
Алғандай алтын айдан сәуле тартып.
Ер болсын, әйел болсын көз көрген жан,
Тұрғандай төрт күн жатып мас боп балқып.
Бағдатта қанша ер, әйел келіп түссе,
Шарықтап бір жыл жүрер шат боп шалқып.
Кедей мен монша ақысы байға бірдей,
Көруге ынтықты жұрт жайға жүрмей.
Себебі байға байша күшіне өлшеп,
Кетпеді көз көргендер бұған кірмей.
Моншаның таңырқады ел тұрағына,
Көрініп жақынына, жырағына.
Түн болса айдай алтын шамы жанып,
Патшаның есітілді құлағына.
Моншаның сипатына жұрт таңланды,
Көрмекке тамашалап бәрі барды.
Кісілер мұны көріп, ұнап кетіп,
Жан бармай басқа монша түгел қалды.
Патшасы адам еді ақыл иесі,
Қаныққан хабар алып ерте-кеші.
Ішінде жеті күннің пайда болған,
Әркімді таңландырды бұл кеңесі.
Моншаның тұрған барлық қызметкері
Сөйлемей үнсіз-түнсіз тұрар еді.
Бітірген ишаратпен бар қызметін,
Айтарға сонша көркем әрбірлері.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Моншаны көру үшін патша бір күн,
Сәркарда, уәзірімен неше дүркін,
Тексеріп тамашалап етті серуен,
Айтарға қиыстырып емес мүмкін.
Біле алмай көргенін де көрмедім деп,
Қарапты қайта-қайта іші-сыртын.
Кірпіші қызыл ақық, қырық қабат үй,
Биігі бұлтқа таяу жеткен, шіркін.
Тұрғандай адам қарап жігіттері,
Әрі өткір, әрі көркем, білікті еді.
Бәрінің кескін-кейпі бір кісідей,
Адамдай құдіретті, ұлық тегі.
Бір есікті бес рет ашып-жапты,
Кірсе де кірмедім деп танымапты.
Үйдің де айырымсыз бәрі бірдей,
Патшаның, уәзірлердің басы қатты.
Патшаның жүзге тарта жолдастары,
Әрқайсы мың кісілік қол бастары.
Бәрі де аң-таң болып қалды тұрып,
Болса да ел қожасы бар бастары.
Алдына Әбілхаристың қайтып келді,
Біле алмай таң болғанын айтып берді.
Харисқа басын иіп құрмет жасап,
—Бұл қандай құдірет?—деп сұрады енді.
Біп-бірдей жігіттердің кескін-түрі,
Бірінен айырғысыз және бірі,
Тіпті бір сөйлемейді аузын ашып,
Бұл қалай, тақсыр, тегі жоқ па тілі?
Керемет, қалай бірдей кескіндері,
Тіл ашқан дыбыстары естілмеді.
Тақсыр, бұл барлық балаң туысқан ба?
Мұндай іс көре алмадым ес білгелі.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қайтарды бұған жауап Әбілхарис:
—Себеп бар, оның рас, мынау мәніс:
Бір әке, бір шешеден туған бәрі,
Тіл білмей орман, тауда өскен алыс.
Көрмеген жат жерде өскен, алыс елден,
Бірақ та оқтан өткір, жүйрік желден.
Күнбатыс, күншығыстың арасында
Іс болса, көз ашқанда барып келген.
Бітірді жеті күнде моншаны да,
Іс емес айтарлықтай онша бұ да.
Әрқайсы жеті күнде бір жүк ақша
Табады таппағанда азы, сірә.
Саны қырық жігітімнің, өнері ірі,
Әрқайсы қырық өнерлі, монша—бірі.
Басқаша отыз тоғыз өнері бар,
Ғана деп біреуінің, айттым мұны.
Біріне бірінікі ұқсамайды,
«Тез біт» деп бірін-бірі қыстамайды.
Белгілі өздеріне өз қызметі,
Басшы боп біреулері нұсқамайды.
Харисқа айтты патша:—Тақсыр ғалым,
Отырмын аңлап мұнда нық сыр барын.
Негізгі бұл өнердің тегі қалай,
Өтінем, баяндасаң етіп мәлім.
Болмайды көрсетуге көп ішінде,
Жариялау жарамайды және ешкімге.
Оңаша пінһан жайда болса мүмкін,
Тек қана сізге ғана бұл іс мүлде.
Падиша жаранына етті ишарат:
«Басқа үйге барыңдар,—деп,—бірер сағат»,
Орнынан жолдастары тұрып кетті,
Төменгі үйге барды тұрған қабат.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Оңаша қалғаннан соң үйдің іші,
Бір жігіт, патша, Харис—үш-ақ кісі,
Патшаға Харис айтты:—Айа, шаһым,
Қалайды көңіліңіздің нені хошы?
Бұл жігіт бұлжытпастан орындайды,
Мақсаттан мүлтік жұмыс болынбайды.
Дөңгелек жер жүзінде мұддағаңды
Мұнтаздай минутында толымдайды.
Падиша бұл сөзіне қалып қайран,
Демей-ақ батыс, шығыс, алыс жайдан,
—Сапа деген патшаның бір қызы бар,
Көктегі жүзі сұлу алтын айдан.
Сүмбіл шаш, алма мойын, қарақат көз,
Нәзік бел, пісте мұрын, бал-шырын сөз.
Кіршіксіз ақ бәдәні ақ қағаздай,
Кең маңдай, орта бойлы, жібек мінез.
Тілі бал, иісі жұпар қалампырдай,
Әлемде қыз тумаған сірә, мұндай.
Сыртынан көрмесем де ғашық болып,
Сөз салдым әкесіне қарап тұрмай.
Сөзімді қайтарды ол, алмай қабыл,
Өтініп тағы бардым бермей дамыл.
Не керек, бермеген соң әскерменен,
Соғыстым майдандасып, қағып дабыл.
Жеңіліп жеті қайта жедім таяқ,
Қырылған әскер жанын аямай-ақ.
Жеңіліп алда-жалда армансыз боп,
Тоқтадым өз басыма қылыш таяп.
Ей, тақсыр, ғылымыңыз көп дария Нілдей,
Өнердің жұмсамай-ақ қырқын бірдей.
Мәлике Сапа қызы Діләфрузды,
Мүмкін бе келсе сұлу қызыл гүлдей.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сұлудың Діләфруздай теңдесі жоқ,
Қыз-қызда ондай сұлу пендесі жоқ.
Мақсатым—сол сұлуды келтіре алса,
Сырымның бұдан артық бөгдесі жоқ.
Бұл сөзге езу тартып Әбілхарис:
«Бұл қызмет жігітке оңай, тағдыр таныс»,—
Деп барып, жігітіне сыбыр етіп,
Орнына қайта оралды бармай алыс.
Харисқа барып жігіт басын иіп,
Еңкейіп тысқа шықты бір имиіп.
Орнына Әбілхарис жайғаспай-ақ,
Күлімдеп қайта кірді сәл жымиып.
Келгенін қайда барып қалды білмей,
Артынан шұғыла қаптап ай мен күндей,
Жұпар иіс қалампырлы қаптап кетті,
Діләфруз сұлу екен жұмақ хордай.
Падишасы Бағдаттың қызды көріп,
Махаббат дариясына жүзді көміп.
Көрсе егер патша түгіл пайғамбар да
Шыдамай кетер еді мұз боп еріп.
Рас па, өтірік пе, түсім бе деп,
Еңкейіп көзін ашып тұрды төніп.
Қараса сұлу екен көзін ашып,
Қан төгіп еткен ханның өзін ашық.
Сұлулық сипатына сабыр етпей,
Мәжнүн бола жаздапты есі қашып.
Харисқа тағы да айтты қол қаусырып,
Дегендей бірде құлап, бірде тұрып:
—Ей, тақсыр, баян қылшы, бұл не хикмат?
Мағынасын түсіндірсең мәлім қылып.
—Бұл өнер,—Харис айтты,—қырықтан бірі,
Бұл қызмет ең майдасы, емес ірі.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Әлде де отыз тоғыз өнері бар,
Шешілер сұрасаңыз қыздан сыры.
Дегенде патша салып қызға көзін,
Не деуге білмей тұрды өзі-өзін.
Ай мен күн ақ жүзінен ұялғандай,
Әлсіреп азар тұрды алып төзім.
Бұрын тек естуімен ашық еді,
Ашық дерт қара бұлттай басып еді.
Махаббат теңізіне кетті шомып,
Көрген соң, өлмесе де әлсіреді.
Сөйтсе де бойда барлық күшіменен,
Ар, ұят азаматтық ісіменен,
—Теңдессіз сұлу,—деді қызға қарап,—
Келдіңіз қалай еріп кісіменен?
Нәзік қыз, қызыл алтын, алма мойын,
Ұялып назбен жиып талма бойын,
Қарақат гауһар көзден меруерт жасын
Сөйледі ол, домалатып, өткір зейін.
Дәулетті, мархабатты, айа, шаһым,
Менің бар өзіңізден бір сауалым.
Толымды сұрағыма берсең жауап,
Айтылар сонан кейін бар жауабым.
Себебі, болды бұл іс ойда жоқта,
Ақ сұңқар кез болғандай атқан оққа,
Көз ашып қараған соң білді байқап,
Ұқсатып кескін, түрін патшалыққа.
Падиша Діләфрузға түсіндірді,
Харисты ұлық ғалым кісің деді.
Өзінің кім екенін айтып әбден,
Өзіне ылайықты ісін қылды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қыз тұрды жауабында аздап мүлгіп,
Кеткендей тұңғиыққа терең сүңгіп.
Сөйледі Харис пенен падишаға,
Құрмет қып дәстүрінше басын шұлғып.
Қыз айтты:—Қырық қыздармен құжырамда,
Тынығып ұйықтау үшін кең бөлмемде.
Ішінде кең бөлменің өз бөлмем бар,
Жатушы ем өз бөлмеме жатар жерде.
Бөлмеме барып едім жаңа кіріп,
Башмағым шешіп тастап тізе бүгіп.
Бұл жігіт кіріп келіп сол сағатта,
Бас иді башмағымды даяр қылып.
Орнымнан мұны көріп түрегелдім,
Соңына еріп алып жүре бердім.
Жүрмеске ықтиярым баста қалмай,
Өзімді секунд болмай мұнда көрдім.
Тартқандай жан-жағымнан аумен торлап,
Тоқтатпай алып кетті күшпен зорлап.
Ішінде жалғыз демнің жеттім келіп,
Рақым ғып қайтарыңдар мені қолдап.
Бұйырды Әбілхарис жігіттерге,
Жасауға Діләфрузға арнап бөлме.
Кірпішін қызыл асыл лағыл тастан,
Әсерлі болсын аса көрген ерге.
Алты жүз аршын болсын биіктігі,
Ай тұрсын алтын арай сүйіп мұны.
Көргенде шарықтатып шаттандырсын,
Еріксіз қайғылыны, күйіктіні.
Ұмытсын қыз Діләфруз ата-анасын,
Туған ел, туысқанын атамасын.
Шабытты шаттық күйде жата берсін,
Қыздардан қос нөкер ғып қатар жасын.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жасаңдар сарайына хаулы қорған,
Түрлі ағаш, жеміс болсын іші толған.
Түбінен ағаштардың арық ақсын,
Гүл жайнап, бұлбұл сайрап оған қонған.
Күй тартып түрлі аспаппен әнші қыздар,
Тұрғандай бейне аялап ай, жұлдыздар.
Испаһан асыл кілем, қымбат төсек,
Жаннаттай болсын көрген жан қызығар.
Осыны жігітіне айтты Харис,
Жан болжап адам білмес амал-әдіс.
Шықты да көз ашқанша қайтып келді,
Бітіріп арасында келіс-барыс.
Ап кетті қыздар келіп Діләфрузды,
Күлдіріп көз ашқанша гауһар көзді.
Жүз рет тапсырмадан артық біткен,
Шаттықпен ойын-күлкі уақыт озды.
Күнде ойын, түнде күлкі ойнағаны,
Жастықтың жан рақаты тойлағаны.
Айталық Сапа жақтан енді сөзді,
Діләфруз еш нәрсені ойламады.
Таң болды шаһы Бағдат көріп мұны,
Деп білді ғылымы симия құдірет құны.
Харисты өзіне бас уәзір етіп,
Хат жазды шаһ Сапаға сол бір күні.
Және де көп дүниямен елші салды,
Есепсіз аямастан дүния-малды.
Құрмет қып кішілікпен қызын сұрап,
Жөнелтті ақылы артық адамдарды.
Елшілер бара берсін елдей көшіп,
Шөл, дала, орман, қала, көлді кешіп.
Біз енді қыз кеткен соң Сапа шаһы,
Не болды, соны айталық желдей есіп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Күзетші әйелдер көп қыз қасында,
Келіншек, сұлу әйел, қыз да осында.
Құлыптап қыз жатқан соң сыртқы есігін,
Келіпті таң атқан соң тез осында.
Бұрыннан күндіз күлкі, түнде құлып,
Әдеті тарайтұғын ойнап-күліп.
Таңертең қыз есігін келіп ашты,
Байырғы салтыменен ерте тұрып.
Рақат, жұпар әтір қалампырлы,
Ақ жібек, алтын кереует, көк шатырлы.
Діләфруз төсек түгіл үйінде жоқ,
Шошынып келген әйел біраз тұрды.
Бұл ғажап бекітулі салған құлып,
Алмаған орынында бұзып, жұлып.
Орнында Діләфруздай жас сұлудың,
Ауызға ауа енеді ашса-жұмып.
Зар қағып әйел жылап мұны көріп,
Ханымға—қыз анасы хабар беріп.
Ханым тез падишаны хабарлапты:
—Әфрузды ап кеткен,—деп,—не жау келіп?
Сапа шаһ мұны естіп етті сабыр,
Сөйтсе де көңіл гүлі жанға жәбір.
Ғұлама ғалымдарын жиып алып,
«Бағдарын байқаңдар» деп беріпті әмір.
Қалмапты қобыз сарнар бақсылар да,
Тәжірибе, дуалы ауыз жақсылар да.
Құмалақ, бал ашқандар «жын» деп жатыр,
«Дәу ғашық ап кеткен,—деп,—жас шынарға».
Әрқайсы әр нәрсені айтып жатты,
Баңқорлар қиял қуып сандырапты.
Не керек өнер, ғылым ғалымдары,
«Барған жайы—Бағдат»,—деп ақыр тапты.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ғылымның ап кеткенін күшіменен,
Бағдаттың патшасының ісіменен,
Сапаның мұны есітіп қаптады ашу,
Бұрынғы майдандасқан тісіменен.
Сыймады Сапа патша сабасына,
Бағдаттың аттансақ деп қаласына.
Уәзірлер, ғалымдары сабыр берді,
Ақылдың салайық деп санасына.
Сапаға уәзірлері деді былай:
Болмасын көңіліңіз сіздің ылай.
Бағдаттың патшасы һәм ұлық патша,
Бұрын да балаңызды келген сұрай.
Онда сіз балаңызды бермедіңіз,
Патшалық әскер күшін сермедіңіз.
Мың түрлі машақаттар себебінен,
Құтылдық, қуат басып жеңбедіңіз.
Балаңа сол күнде де еді ашық,
Сұрамай келмеп еді күшпен басып.
Ғылымның қуатымен алдырған соң,
Күтейік сабыр сақтап аспай-сасып.
Ақылы Бағдат шаһы кәміл адам,
Емес ол анау-мынау шағын адам.
Кешікпей адам салып хабар берер,
Әскермен аттанбайық жабыла оған.
Бір түрлі ұят болар шәніңізге,
Абыройлы әлемге айқын намыңызға.
Лайық Діләфрузжан қосылса оған,
Һәм сізге, ұлы абырой бәрімізге.
Алдында әлем асқан ғалымы бар,
Жетпейді қарсы тұрып әліміз де.
Ей, тақсыр, Бағдат шаһы Ғабдоллаға
Тоқтаймыз қанағаттап бәріміз де.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Басылып Сапа шаһы тұрды тоқтап,
Әуелде ыршынса да ашу қаптап.
Соңынан бірте-бірте басылыпты,
Айтқан соң уәзірінің бәрі мақтап.
Сонымен күн, күндерден күндер өтті,
Күнді түн, түн қуалап күндер жетті.
Бағдаттан елші арабтар және жаушы,
Дүңк етіп келе жатқан хабар кепті.
Қуанды Сапа шаһы естіп мұны,
Шүкір-ай, бар екен деп шаттық күні.
Келгендей қызын ертіп болды бейне,
Сондай ғой дүнияда ердің көңіл гүлі.
Алдынан шаттық түрмен алды қарсы,
Дегендей түбі туған араб-парсы.
Тамаша бір сарайға түсірді ап кеп,
Мейман ғып сый-сыяпат, ақын, әнші.
Шаттықпен, шын жүректің сырыменен,
Сырының нағыз достық шыныменен.
Сол күні таң атқанша мейман етті,
Құрметтеп тәртіп сақтап түніменен.
Таң атып ерте күні тағы және,
Құрметтеп меймандарын алдын ала,
Патшаның сарайына, өзіне хас,
Шақырды елшілерді арнап қана.
Сол үйге келді бірге падишасы,
Аралас елшілер мен сәркардасы.
Ұсынды падишаға тартулар мен,
Бағдаттың патшасының хат-намасы.
Құрметпен Сапа шаһы қабыл алып,
Бағдаттың шын жүрегін кәміл танып.
Тәртіппен қонақтарын етіп мейман,
Оқытты уәзірлерге хатты анық.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Уәзірлер есіттірді оқып хатты,
Әуелі хаттың басын дінге арнапты.
Екінші Сапа шаһқа арыз жазған,
Өтініш төмендікпен ықтиятты.
«Қабылдап алыңыз,—деп,—етіп бала,
Қымбатты көркем сөздер айтқан және,
Кешіңіз өткен шақта болған істі,
Майданда қан төгілген жан қаншама?
Ашықтық әрекеті соның бәрі,
Бармаймын бұдан былай ондай әрі.
Етемін мархабатты апу талап,
Қолымда бар бір ғалым, Харис—намы.
Бір монша жеті күнде жасағанын,
Іске аспай басқа монша босағанын.
Қырық-қырықтан қырық жігіттің өнері бар,
Айтарға тіл жетпес деп аса бәрін.
Бір өнер біреуінің қырықтан бірі,
Есітіп түсінсеңіз сырттан мұны.
Ең кіші өнерімен қызыңызды,
Секундта келтірді тез, сөздің шыны.
Аплатон, ғалым аты Әбілхарис,
Артықша Лұқмандардан шашқан дабыс.
Құрметтеп шақырамын Бағдатқа,
Ықтияр қолыңызда беріс-алыс.
Бұл дүния талқандаған талайларды,
Ғашық боп жаһан кезген талай жанды.
Қайсарлар, не тәкаппар, қаһармандар,
Билеген дүния жүзін Сүлейменді.
Сондықтан бас ұсынам, шаһы ағзам,
Құзырыңнан қабылданса осы арызам.
Өмірді енді қалған бірге өткізсек,
Деп біткен мақсат қымбат, айту арзан.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Шек қылма, шаң жұқпады балаңызға,
Ғалым бар ақыл берген санамызға.
Қырық бір қыз Діләфрузға жолдас қостық,
Гүл бақша жатыр гүлің қаламызда.
Болмайды ұят, намыс арсыздық іс,
Тақсыр шаһ сіз бен біздің арамызда.
Діләфруз қазір біздің қызымыздай,
Айтқанда ақиқатын сөзді бұзбай.
Көресіз Бағдаттан балаңызды,
Күтіп тұр алдыңызда ол жұлдыз, ай.
Бағдаттың оқып болып сәлем хатын,
Қорытты мәжілістің мәслихатын.
Бірінші, шақырғанға бармақ болды,
Екінші, көрмек мұнша салтанатын.
Үшінші, шаһ Бағдаттың мұддағасын,
Шын мақсат бермек болды жеңсік асын.
Сонымен жол сапарын сайлап алып,
Бет алып шықты Бағдат зор қаласын.
Сайлап ап тілге жүйрік адамдарын,
Төрт-бес мың жанына ертіп жарандарын.
Барабан, сырнай, керней күйін тартып,
Серуендеп басты шеру қадамдарын.
Көп кісі жүріп кетті мәжіліс бітіп,
Қысқартып ұзақ жолды күн-түн өтіп.
Қалай боп келеді деп елшілерін,
Асығып Бағдат шаһы тұрды күтіп.
Сарсылып сағат санап ойлап терең,
Сағынып сағат сәтін қашан деген.
Сағынған сағаты сол сақыпжамал,
Қосылу Діләфруздай сұлуменен.
Жүргенде бұл мақсатты күн-түн ойлап,
Ақылмен Әбілхарис жолын байлап.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жүргенде шаттықпенен келді елшілер,
Қарсы алған хат құрметін етіп айғақ.
Елшілер айтып келді қарсы алғанын,
Аямай махаббаттың бар салмағын.
Шаттықпен шақырғанға шықтық,—депті,
Көруге шаһар Бағдат бақ-шарбағын.
Шаттанып шаһы Бағдат қылды кеңес,
Қарсы алу шән-шәукатсыз лайық емес.
Қызметке алдын-ала жіберді адам,
Алдынан алыс жолдан асқар белес.
Кеңесті Хариспенен бұдан кейін,
Керемет ғалымына артық зейін.
Қалайша қарсы алуды салды бұған,
Ғылымға боламын деп қайтсем бейім.
—Міндетің,—Харис айтты,—әуел сізің,
Қырық қызбен алдан бұрын шығар қызын.
Көз көрсе көңлі шат боп дамыл табар,
Һамайун бану-сұлу Діләфрузын.
Бұдан соң патша-сұлтан, сіз өзіңіз,
Қырық уәзір, алпыс нөкер, сіз бенен біз.
Қаһарман қамал бұзған әскерлермен,
Құрметпен қарсы алайық бір емес, жүз.
«Мақұл»,—деп, қырық қызы мен Діләфрузды
Мінгізіп өңкей жүйрік қырғын бозды.
Алдынан әкесінің қуанғаннан,
Шарықтап шаттықпенен шығып озды.
Сағынған Сапа шаһы жалғыз қызын,
Қимаған қан ағызып басқан ізін.
Алыстан таң шолпаны жұлдызындай,
Көріпті жарқыраған айдай жүзін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қуанып көме басып атқа қамшы,
Көзінен шыдай алмай төгіп тамшы.
Алдынан «атажан» деп қызы шығып,
Жылады антын айтып «күнәмді аршы».
—Атажан, құдірет күшті, сүттен ақпын,
Ылайсыз таза тұнған судан пәкпін.
Бағдат пен Сапа арасы қырық күндік жол,
Бір демде жеттім барып, оқтай ақтым.
Тек атын естуім бар Бағдаттың,
Бір демде көз ашқанша оқтай ақтым.
Неше көл, неше тау-тас, теңіздермен,
Сапа мен екі араны қалай таптым.
Әкесі қызына айтты:—Айым, күнім,
Жоқ сенің бұл туралы ешбір мінің.
Шам-шырақ шарықтап шат, бол бақытты,
Жетпейді жамандыққа тіпті тілім.
Діләфруз қырық қызымен аттан түсіп,
Әкесі «қарағым» деп, мойнын құшып.
«Бәрің де шырақтарым, баламсың»,—деп,
Қыздардың амандасты қолын қысып.
Патшаның қызын көріп көңілі тынды,
Таңырқап кейде жылап, кейде күлді.
Шаттықтың күйін шалып әскерменен,
Ғабдолла Бағдат ханы келіп тұрды.
Әскермен салтанатпен шат боп келді,
Құрметпен атасына сәлем берді.
Қарсы алып ырзалықпен Сапа шаһы,
Амандық хал сұрасып білісті енді.
Көрісті Әбілхарис сәлем беріп,
Көркем сөз, әдеп сақтап тілге келіп.
Әскерлер бір ауыздан берді сәлем,
Шаттықпен «Мархаба!» деп көңілденіп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сапаның бұл құрметті көзі көрді,
Әскердің көптігіне көз жіберді.
Жағдайын білмеуші еді бұдан бұрын,
Екенін зор мемлекет жаңа білді.
Мұндай ұлы бақытқа қол жетті деп,
Мың рет разы боп, шүкір қылды.
Тамаша таң қаларлық тәртіппенен,
Бағдаттың көшесіне келіп кірді.
Харисқа Ғабдолла шаһ берді тәртіп,
—Білесіз, кісім жоқ,—деп,—бұдан артық.
Қарсы алып құрметтерлік сарай жаса,
Көңілі ырза болсын, шаттығы артып.
Деген соң, таң қаларлық жасады жай,
Бұйырып жігітіне бұрынғыдай.
Тақ болды айта алмастай ауыз жетіп,
Ас, шарап, түрлі төсек түп-түгел сай.
Ас ішіп, ақын қыздар салып әнді,
Бұлар да болып ырза, таңға қалды.
Ойынмен неше түрлі қанағаттап,
Рақатпен таң алдында дамыл алды.
Таң атып, ерте күні Әбілхарис,
Тағы бір жай жасады шашқан дабыс.
Алтыннан, күміспенен қойды безеп,
Тіл жетпес болса да айтып атан жарыс.
Үстінде алтын кереует қымбат төсек,
Болмастай тілмен айтып, етіп есеп.
Ол үйдің айналасы мәуіті дибан,
Малынған қалампырлы гүл-бәйшешек.
Осындай мәжіліс болып отырғанда,
Көңілге шаттық гүлін толтырғанда.
Айтылды арасында монша жайы,
Мақсаттың кілтін бұрап болдырғанда.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сол сағат орынынан Сапа тұрып,
Шаттықтың шарығымен айтты күліп:
—Шыққанда біздер Сапа қаласынан,
Моншаны шығып едік арзу қылып.
Орнынан Әбілхарис ұшып тұрып,
Дәстүрмен ұлықтарға қол қаусырып:
—Моншаның тамашалап көруінде,
Мейман бол,—деді,—бізге үйге жүріп.
Қарсы алды Сапа ханы етіп қабыл,
Білдіріп шын жүрекпен анық кәміл.
Моншаға бұрын барып Әбілхарис,
Тарттырды құрмет күйін соғып дабыл.
Айнала сол моншаға зәулім биік,
Бақшалы гүл жасапты көңілі сүйіп.
Жапырағы жасыл майса, қызыл сары,
Түу басы шұғыла шашқан көкке тиіп.
Бұтаққа қонып тұрған құстар сайрап,
Көргенді қызықтырған гүлдер жайнап.
Райхан, қалампырлы жұпар сүмбіл,
Асықпай қойды бәрін кеңнен жайлап.
Ұжмақтың хор қызының мысалында,
Сүмбіл шаш, қара көздер қош алуда.
Жаннаттың мүсініндей жігіттері,
Һауасы мүшкі, ғанбар нышанында.
Айтарға торқа жібек топырағы,
Алтындай ағаштардың жапырағы.
Жемістер жүзім, інжір пісіп тұрған,
Айтуға бәрін тілім тоқырады.
Қолынан келмегендей адамзаттың,
Жайындай жасалынған Ирамбақтың.
Саяхат меймандар кеп отыруға,
Орнатқан ағласын алтын тақтың.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Тақ тұрған қызметкерлер белін байлап,
Құрметті қолдарында гүлдер жайнап.
Сұлулар жандай тәтті жасанып тұр,
Көрген жан ынтыққандай соры қайнап.
Айнала бау-бақшаны сулар аққан,
Не керек, асып кеткен Ирамбақтан.
Ақындар меймандарды қарсы алуға,
Қымбатты тәтті әндер мен өлең айтқан.
Бұл халде ұлы мейман келді Сапа,
Ғабдолла, Әбілхарис тобы және.
Сапа мен құрмет етіп келгендерге,
Сұлулар гүл сұнды, деп «Мархаба!»
Құрметті қабыл алып шаһы Сапа,
Бұл түрлі ұлы құрмет дәражаға.
Өзінше көңілінен шүкір етіп,
Бәрі де ажап қалып, қылды тоба.
Моншаның тамашалап іші-тысын,
Таң болды қорыта алмай ешбір ісін.
Деп айтты қырық жігіттің біреуіне:
—Ер жігіт, барлығың бір туғанбысың?
Бұған тіл, үн шығарып қайырмады,
Құрметті барлық мейман қайыл қалды.
Екен деп өнер-ғылым күш-құдіреті,
Ақылмен қайран болып, пайымдады.
Таң болды адамзатқа мұнша ғалым,
Түбі жоқ түпсіз шыңырау өнер, білім.
Уадаих осынша зор ғалымдарды,
Көмеді-ау жер астына төгіп гүлін.
Бұдан соң қонақ қылды бақшасына,
Тоймастай ай қонбаса аптасына.
Аса адам жиырма мыңнан үш күн болды,
Отырған он адамдай от басына.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сан алуан асты сыйлық сағат сайын,
Ішімдік дертке дауа, табақ дайын.
Мас қылмай шаттық, саулық күш енгізген,
Әй кәпір, айыпты емес арақтайын.
Ем болған бұл ішімдік ауру-дертке,
Күшейткен күшсіздерді қойып ерікке.
Тоқсанға жасы жетіп тоңған шалды,
Бейне сол келтіргендей жиырма төртке.
Бұдан соң меймандарға берді сыйлық,
Сыйлықпен бастан-аяқ түгел киініп.
Уәзірлер, сәркардалар, беше-бектер,
Малынып сый-сияпатпен тұр иіліп.
Бейне бір түс сияқты, өңдегі емес,
Дегенмен анық өңі, бөгде де емес.
Барлық бұта қалам боп, барлық адам
Жазғанмен таусылмастай болды кеңес.
Екінші күнгі болған отырыста,
Көрінді күтілмеген қымбат нұсқа.
Бір кезде Әбілхарис түрегеліп,
Бас иді шаһ Сапаға, сөйлеп қошқа.
—Шаһ Сапа,—деді,—сіздің қоштығыңа,
Екі елдің сан мың алғыс достығына.
Баудағы гүліңізге бой ұсындық,
Лебіз ғып жетерміз деп дос құнына.
Мысалдап ұсталықпен айтты нақыл,
Кең айтып кемітпестей әдеп, ақыл.
Жан-ділмен Сапа шаһы қабылдапты,
Күлкілі сұлу сөзбен көріп мақұл.
Той жасап қырық күн, қырық түн жұртын жиып,
Дегендей жерге жүрген қалай сыйып.
Секілді Сәйпілмәлік екі ашықты,
Қосыпты құтты түнде неке қиып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қаланы қаптай басты шаттық сыйып,
Қан төгіп, бас кесілмей жанды қиып.
Бағдаттың шаһарында хан Ғабдолла,
Арманы бітті ашығы қолға тиіп.
Достығы қалыңданды бұрынғыдан,
Қан төгіп майдандасқан бұрын бұдан.
Мейман ғып аралатып Бағдатты,
Болыпты біреуі әке, біреуі ұлан.
Ай жарым жатып қайтты өз еліне,
Арттырды көп дүниялар кезегінде.
Сән-сәулет, салтанатпен салды апарып,
Өмірдің ол бір өткел өзенінде.
Сонымен жетті ашықтар мұратына,
Тұғырлы құс қонғандай тұрағына.
Енді Әбуғалисина қайда барды,
Әлде бір жайсыз жайға құлады ма?
Екеуі қуысты үңгір шығып таудан,
Адамдай қолға түсті жауыз жаудан.
Тартуға тұрғанында дарға апарып,
Құтқарып қашып кетті басын даудан.
Жанынан тұра бермей үміт үзіп,
Көлшікке барып түсті шынжырды үзіп.
Көлшіктен түсті Нілдің өзеніне,
Мысырдан барып шықты Нілмен жүзіп.
Үңгірден азып шыққан бір жыл жатып,
Аптада—дәм, айында бір су татып.
Шаш, тырнақ, мұрт пен сақал өсіп кеткен,
Күн түспей, жел де тимей, жарап-қатып.
Бір тойып жарымаған тамақ ішіп,
Барлығын дем алыстың кесіп-пішіп.
Аптада көз іліну жарым сағат,
Ғылым үшін ой құмары құстай ұшып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сонымен Нілден құрға шыққан жерде,
Тазартты шаш, сақалын түскен белге.
Тазалап тырнақтарын, мұртын басып,
Дем алды тойып ауа, жұпар желге.
Тағы аңдай еді өзгерген ормандағы,
Десек те орманнан да армандағы.
Моншаға түсіп әбден тазарыпты,
Келер деп кем-кем жөнге қалған жағы.
Аралап шықты Мысыр базарына,
Бет аузын басқан қылдан тазарыла.
Базарда алуа сатқан жас жігітті
Түскен соң, барыпты алып назарына.
Баланың бес-алты адам айналасы,
Саудалас болмаса да, пайдаласы.
Әкесіз, шешесі бар жетім екен,
Жеткендей, жайы келсе, айға басы.
Ғылымның кереметтей күшіменен,
Байқады барлық сыртын іші менен.
Қалайда жәрдемдессем жарайды-ау деп,
Көзінің көздеп тұрды ұшыменен.
Балаға барып тұрды байырқалап,
Кейпіне, кәсібіне көзін қадап.
Бала да бұған қайран қалып тұрды,
Бір нәрсе етер ме,—деп,—менен талап.
Алуаға тұр ма алуға пұлы жетпей,
Сондықтан тұрған шығар жүріп кетпей.
—Бір алуа алыңыз,—деп, беріп еді,
Бір шайнап түкіріпті мәнзүр етпей.
Айнала тұрған жандар қасындағы,
Ашынып бәрі бірдей ашуланды.
Синаны қуалапты таспен ұрып:
—Мынау бір ит екен,—деп,—осындағы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қолынан осы шырақ у берсе де,
Өлсін деп у аралас су берсе де.
Сарсаң ғып мұндайларды құртқан сауап,
Қолға алтын пайғамбардай ту берсе де.
Қолына кейбіреуі алып таяқ,
Ұмтылды ұрайын деп аямай-ақ.
Жалтарып Ғалисина тайып тұрды,
Жындылар жығады-ау деп жарға таяп.
Мынадай ол адамдар пасық екен,
Бәрі де балақұмар жасық екен.
Тек соның бетін көріп тұру үшін,
Сол жерден алған екен басып мекен.
Бұл бала оларменен ісі болмай,
Қолына жүрген олар түсіре алмай.
Сұлуға ашық болған жігіттердей,
Азғандар ардан безіп кісі болмай.
Синаны азарлапты әбден сөгіп,
Беделін бес тиын ғып беттен төгіп.
Ғашық боп бәріміз де өле жаздап,
Қартайып қажып жүрміз қасірет шегіп.
Біз бұған берілсек те баяғыдан,
Айрықша көркемдіктен аяулы жан.
Бізге еш мұндай құрмет еткен емес,
Дәулетті төкті барған аяғынан.
«Қолынан тепті аяқпен ұсынғанды,
Шығарды тура жолдан мұсылманды»,—
Деп бәрі тас пен таяқ, кесек атып,
Ешкідей иттен үріккен қысымға алды.
Құрттың деп жанымызды жалынға өртеп,
Қуалап көп жерлерге құшырланды.
Сонымен кешке таяу қайтты бала,
Көргенін көзіменен көңілге ала.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
«Қалай да түкіруі тек емес-ау,
Бір хикмат болса мүмкін мұнда және?»
Көңліне алыпты әбден жолықсам деп,
Жолығып таныспауды көрмеді еп.
Жолымен кеткен соның келе жатып,
Кездесіп қол қаусырып өтінді көп.
—Білімнің белгісі бар жүзіңізде,
Із ерттеп, іздеп таптым, ізіңізге.
Себебін сөйлесерміз кеңшілікпен,
Мейман бол үйге жүріп бүгін бізге.
Әкемнен жастайымнан жетім қалдым,
Барында шала-шарпы назар салдым.
Әкеміз сатушы еді алуа жасап,
Мен сонан сәл-сәл ғана үлгі алдым.
Әке бол, ақыл беріп әкем үшін,
Кешіңіз, ақымақтардан көрдің қысым.
Анамыз «әкең сөйтіп жасайды» деп,
Көрсетті аз-маздап алуа ісін.
Көрсетіп алуа жайын анам оны,
Үйреткен еді аздап маған соны.
Белгілі ұстаздан да көргенім жоқ,
Дүнияның оңай емес табу жолы.
Күнбе-күн сол алуаны базар сатып,
Бұйырған пұлыменен дәмін татып.
Отырмыз анамыз бен екеуіміз,
Күн өтіп халық қатарлы тұрып жатып.
Сондықтан мен балаңа рақым етіп,
Білсеңіз үйретіңіз жол көрсетіп.
Табасыз бұл туралы үлкен сауап,
Себеп боп жәрдеміңіз кетсем жетіп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Баланың болды қатты өтініші,
Синаның кетті мұны аяп іші.
—Балам, мен алуа түгіл балдан қымбат
Өнерді үйретейін білмес кісі.
Сондықтан қонам барып күн батқан соң,
Әлемнің жарық шамын түн жапқан соң.
Жан сезіп, құлақ естіп, көз көрмеген,
Өнерлер үйретейін, нұр қаптасын.
Жас бала бұл сөзді естіп ойға қалды,
Үйіне ойлай-ойлай жүріп барды:
«Өнерді есітпеген, көз көрмеген,
Қалай деп үйретем деп айтып салды?»
Ойлады: «Әлде бір қу, сиқыр ма деп,
Жауыз ба, әлде қандай пиғылда деп.
Болмаса балақұмар, жолдан тайған,
Өңім бе, байқайыншы, ұйқым ба деп».
Ойлады және бала: «Олай емес,
Бұл ойым жаман қиял, қолай емес.
Жүзінде ғылым хикмат белгісі бар,
Тек кісі емес»,—деген берді кеңес.
Синаның осыны ойлап, жолын күтті,
Көркіне көзі көріп, болды үмітті.
Қалайда қанып болып сынайын деп,
Жолына ықыласымен көзін тікті.
Күн батып, күле қарап кетті күндіз,
Түн болып, алтын айлы шығып жұлдыз.
Синаға сәлем беріп келгенінде,
Қарсы алды деген жолмен күтіп тұрмыз.
Кіргіз[ді] қарсы алып бір бөлмесіне,
Еркінің еркін бермей сенбесіне.
Шам жағып кең дастарқан жайып салып,
Берген ас, шын жүрекпен мол несібе.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Отырды мәжіліс құрып сөз сөйлесіп,
Сөздерден түрлі тарау сөзге көшіп.
Баланың зейінінің алғырлығын
Ақылдың мизанына білді пішіп.
Баланың ақыл-есін біліп, сынап,
Әрбірін зейінінің тауып мінеп.
Ықыласы бұрынғыдан артық болып,
Болуға өкіл әке кетті құлап.
Синаны ол жас жігіт білді аңлап,
Айтуға алуа жайын отыр қамдап.
Тарауы әңгіменің басқаша боп,
Түрлі сөз таусылмады тармақ-тармақ.
Бір кезде тұрғанда сөз кезеңіне,
Алуаны айтты бала кезегінде:
—Шамалап істеу жолын түсіндірсең,
Рақым ғып біздей жетім көдегіңе.
Осындай айтты өтініш алуан түрлі,
Ертеңгі жағдай түрін түсіндірді.
Оған да-ай көңіл бөлмей Ғалисина,
Екінші бір тарауға сөзді бұрды.
Жас жігіт және екінші қалды ойға
«Мүмкін бұл болар ма деп бұзық ойда?
Алуаны әлдеқалай әңгіме етсе,
Бұл тіпті ап кетеді әлдеқайда».
Ашуын анда-санда жиып алып,
Және де тоқтаушы еді сабыр салып.
Тоқырап бұл қалай деп тынышы кетіп,
Отырды сан қиялмен ойға қалып.
Бір кезде айтты өтініш тағы бала,
—Қалды,—деп,—таң уақыты жақын ғана.
Азырақ алуа жайын үйретіңіз,
Алуам жоқ сауда етерлік ертең және.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Болмайды алуа сатпай күндіз күнде,
Даярлап қоюшы едім жасап түнде.
Бұл түнім құрметіңе кетті сіздің,
Ертеңге тіршілігім қалмай мүлде.
Мұны да Ғалисина тұрған сезіп,
Секундта жүйрік қиял дүния кезіп.
Балаға бір уақытта деді былай:
—Балам, сен тұра алмадың шыдап, төзіп.
Ер кісі егер түзу білсе өзін,
Айтпайды өлсе өтірік ешбір сөзін.
Лебіз жоқ өнер қуулық—ақымақтікі,
Балажан, шыдамадың етіп төзім.
Мен саған көрсетейін алуа жайын,
Сан мың пұл шығарарлық әр күн сайын.
Сен маған бір қап кебек келтіріп бер,
Берейін алуа жасап етіп дайын.
Бұл сөзге бала және қалды қайран,
Екен деп ақылы азып, жолдан тайған.
Тәуекел, көрейін деп не де болса,
Сабыр ғып уәдесіне етті пайман.
Болар ма алуа жасап кебектен де,
Ерекше епсіз істі ер еткен бе.
Әкелді жиырма қап кебек жинап,
Даярлап тағы десең шелекпен де.
Ал мұны не етер деп қарап қалды,
«Жарайды, жасаңыз»,—деп талаптанды.
Білдірмей Ғалисина әпсүн оқып,
«Жақсы алуа болыңыз»,—деп айтып салды.
Ал, балам, осы біздің көмек-жәрдем,
Жәрдемім жаным ашып саған берген.
Мақсатың сенің барлық алуа болды,
Мен саған үйретпек ем басқа өнерден.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бейнетсіз, машақатсыз ғылым басқа,
Білсін деп үйретпек сендей жасқа.
Ынтығың, ынтызарың алуа болды,
Дегендей басқа ғылымның бәрін таста.
Алуа десең алуаң осы, шырағым,
Көз көрмеген, есітпеген құлағың.
Жаман қатты ашуланды жас бала:
—Мазақ еттің, масқаралау—мұратың.
Алуа бол деп былшылдадың кебекке,
Сөзді айтасың келмейтұғын тегі епке.
Сен айтты деп кебек алуа болар ма?
Ақымақ дәруіш, саған әжуа керек пе?
Шошып едім түрлі тірсек сөзіңнен,
Өңменді өтіп оттай өткір көзіңнен.
Сабыр етіп осыншама шыдадым,
Болса дағы мінездерің сезілген.
Қанша уақыт ұйқымнан да қалдырдың,
Қайран етіп ақылымды дал қылдың.
Мазақтаған жас сәбидей нәресте,
Ақырында ашуменен жандырдың.
Осылай деп бала сілкіп Синаны,
Таяқпенен азар беріп қинады.
Қысып ұстап білегінен баланың,
Есік жаққа екпеттете шиырады.
Көздеп атқан асығындай сақаның,
Шортанындай шолп еткізген лақаның.
Сыртқа қарап қатты сілкіп жіберді,
Көктен жауған баласындай бақаның.
Бір сіліккенде лақтырған қолының,
Аса күшті пәтіменен жолының.
Көз қарайып, құлақ шыңлап, есі ауып,
Түсім депті уақиғасын өңінің.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көзін ашып, есін жиып қараса,
Кең сахара, шетсіз-шексіз тамаша.
Үйі түгіл, Мысыр шәрі нышансыз,
Олай-бұлай жүгіріпті балаша.
Өмірінше естіп тіпті көрмеген,
Көрмек түгіл ойлап ойға келмеген.
Амалсыздан жүре-жүре шаршады,
Арып-аршып таңдай қатып шөлдеген.
Жүріп көп жер, бір ағаштың түбіне
Жата кетті саясына бүгіле.
Біраз жатып, ұйқы қанып тұрыпты,
Ойға-қырға біткен екен жүгіре.
Таң атып, күн сәске болып қалыпты,
Сансыз әскер өзін орап алыпты.
Қылыш, мылтық, найза, садақ жарқылдап,
Аспан, жерді айбаттары жарыпты.
Амал бар ма, іш қазандай қайнады,
Пенде қылып аяқ-қолын байлады.
Қанша жылап жалынса да тыңдамай,
Тұтқындармен қосып бірге айдады.
—Жазығым жоқ, жазғырма,—деп жалынды,
Рақым етіп тыңлаңдар,—деп,—зарымды.
Сыртыменен сабап ұрып мылтықтың,
Әскер басы депті:—Аяма залымды!
Жекіреді түртіп ұрып желкесін,
Қараңыз деп қыңырланған еркесін.
Бірнеше күн арып-ашып әскермен,
Көріпті үлкен бір шаһардың өлкесін.
Түнде жетіп көрді сондай қаланы,
Пенде болып басты талай даланы.
—Бұл қай қала? Бұл не әскер-пенде?—деп,
Алуашы біреуінен сұрады.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Депті аты бұл қаланың—Бағдат,
Үлкен шаһар, іздегенің табылад.
Палестиннің халқын жеңіп соғысып,
Пенделер сол, жеңілген жау бағынад.
Патшамыздың аты Ғабдолла ханымыз,
Сол сұлтанның әскеріміз бәріміз.
Түсіндірді жайлап жоба-жағдайын,
Шүкір-аман келдік-ау деп жанымыз.
Алуашы мұның бәрін ойлады,
Ойламаған қиялында қоймады.
«Әттегене, сол дәруіштен болды» деп,
Өкінумен пұшайманы қайнады.
«Енді барсам қаласына Мысырдың,
Қатесіне тоба етіп ісімнің.
Ғылымы теңіз адам екен сол кісі,
Қол беремін, жаңа ғана түсіндім».
Бағдаттың қаласына барған соң,
Олжаларын алды жолын көріп оң.
Алуашыны келбетінен ұнатып,
«Мейман бол,—деп алып кетті,—бізге қон».
Патшасының алдына алып барыпты,
Алуашыны көріп мейірі қаныпты.
Басқалардан ыстық көріп жұлдызын,
Қазынаның бір қызметіне алыпты.
Амал қанша, өзі пілен бейшара,
Бас байлаулы, бағынышты не шара?
«Уа, дариға, көз ашқанша өмірдің
Өзгеруі қандай ғажап бұл және.
Ол дәруіштің не керемет қолында,
Өзі оңбаған мүсәпірлік жолында.
Сөйтіп жүріп осынша күш жұмсауы,
Қалай қонар ақылия орынға.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Солайша деп мен айтумен болар ма?
Өрнек болып орынына қонар ма?
Бәрі дұрыс, қолдан келер шара жоқ,
Қарып басым қайта оралып барар ма?»
Ғазал:
Ақылдыға кез болдым,
Ақымақ боп тілін алмадым.
Қазынаны қымбат сезбедім,
Айдалаға арнадым.
Кешіп ем тамшы дариядан,
Таңдайыма тамбадың.
Алтын таптым не пайда?
Тесік болды қарманым.
Айырбастап гауһарды,
Қара бақыр қармадым.
Шарбағын ашып бақыттың,
Шақырса да бармадым.
Мейірбан анам, бейшара,
Дерегім білмей қалғаның.
Қолымнан дәруіш тартқанда,
Қаңбақтан жеңіл салмағым.
«Ақырын берсін!»—деп бала
Жасын тыйып көзінің,
Тоқтатып тұрды зарларын.
Үш ай тұрды Бағдаттың қаласында,
Сыр айтпады ешкімге және осында.
Тұтқындағы ерлермен араласып,
Моншаға кеп түсіпті тағы осында.
Пенде-әскерлер болса да қаншама көп,
Бұйрық берді: «Тұтқындар моншаға кеп,
Тазаланып, тазарып шықсын депті,
Кірлеп, жүдеп жігіттер қалса да»,—деп.
Бірге барып уәзір мен патшасы да,
Әбілхарис ғалыммен бас қосыла.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Уәзір хаким Харистың айтуымен,
Бірге түсті тұтқынның басқасы да.
Харис айтқан ап келіп тұтқындарды,
Күшпен жеңіп құл қылып бұқтырғанды.
Моншаға ап кеп ағартып қайтарайық,
Құрметтеген болады ол бүткіл жанды.
Сол себепті Бағдаттың ол сұлтаны,
Моншаға деп тұтқынның бар адамы
Тазаланып жуынып рақаттансын,
Деген екен жұмсарып қатты заңы.
Алуашы да солармен келіп монша,
Жуынды рақаттанып ағарғанша.
Қолдан келер адамның ісі емес деп,
Елден ерек таңырқап тұрды қанша.
Бұл көптікте Бағдаттың бар сұлтаны,
Ғалымы Әбілхарис, жас пен кәрі.
—Моншаны қандай ұста жасаған?—деп,
Алуашы сұрақ берді таң боп тағы.
Біреуі бұл сұраққа жауап берді,
Көрсетті Әбілхарис ғалым-ерді.
Қырық жігіт Сапа шаһы уақиғасын,
Қалдырмай моншаны да айтыпты енді.
Таңланды алуапүріш қарап бұған,
Синаға қойғанындай ғажап күмән.
—Мысырдан Бағдатқа демде жеткен,
Бұл жұмыс ұқсайды екен,—депті,—маған.
Патшаның тиіп бұл сөз құлағына,
Әсер ғып таңданғаны ұнады ма?
«Мысырдан мұнда қалай келдің?» деген,
Жауабын берді тегіс сұрағына.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бұл сөзді естіп біліп Әбілхарис,
«Я сиқыр, яки тылсым»,—депті күліп.
Тылсымның айырмасын сиқыр менен,
Харистан хан сұрапты сауал қылып.
Хан айтты:—Дүнияда көп айырмалар,
Білгенге бәрі де оңай дайындалар.
Екеуі сиқыр, тылсым бір емес пе,
Қандайша екеуінде айырма бар?
Патшаға Харис айтты, тұрып сонда:
—Бірталай айырмалар болады онда.
Дәретпен, намазбенен—тылсым жолы,
Сиқырлық ластықпенен келер қолға.
Патшаға Харис айтты:—Рұқсат етсең,
Рұқсат қып, бұл қызметке бізді жексең.
Тылсымның қасиетті жолыменен,
Баланы анасына табыс етсем.
Бізге бір—Бағдат пен Шам, Мысыр дағы
Адамның кез болғанда қысылғаны.
Жақсылық тарыққанға еткен ерлік,
Демей-ақ, мынау кәпір, мұсылманы.
Патша айтты:—Жігіт өзі етсе қабыл,
Тілесе мақсат етіп үйін кәміл.
Көрістір анасына ақ сүт берген,
Жетіссін арманына ол мүсәпір.
Жігітке Харис айтты:—Тұтқын балам,
Келіспес кесір сөйлеп ұқтырмаған.
Үйіңе Мысырдағы барамысың,
Құтқарсақ пенделіктен тұтқындаған.
Бас иіп қол қаусырып Ғали бала,
«Алдияр» депті орнынан тұра сала.
—Қанеки, мекеніме жеткізсеңіз,
Көзімнен бір-бір ұшты Мысыр қала.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Енгізіп айтып әбден санасына,
Өзінің келіп Харис ханасына,
Мінгізіп аяғына, қолын ұстап,
—Көзіңді жұм!—депті Ғали баласына.
Аяғын аяғына салып мінді,
«Шүкір» деп, екі көзін мықтап жұмды.
Ашып ед аш дегенде екі көзін,
Өзінің үй қасында тұрған көрді.
Мезгілі көз жұмғаны намазшамның,
Үстінде отырғандай дастарқанның.
Шүкір ғып өңім бе, әлде түсім бе деп,
Қалыпты қиялына ғажап таңның.
Есігін қақты алуашы бала келіп,
Шаттанған көңіліне сана беріп.
Алуашы кеткенде үйі не болғанын,
Айтайын тыңдаңыздар және келіп.
Қолынан Ғалисина ұстап алып,
Соққанда оны Ғали мүштап анық.
Бағдатта үш ай жүріп келгенінше,
Жүргенде сонша жырақ тысқа барып.
Отыннан бір ағашты қолына алып,
Тылсыммен әпсүн оқып, бір дем салып.
Айнытпай алуашының бейне өзінен,
Жан беріп жас жігіт қып жасапты анық.
Белгілі түнде жатар мезгілінде,
Базарға алуа сатып күндіз күнде.
Жанынан анасының барып жүрді,
Өзінің бұрынғыша кәсібінде.
Сонымен алуа сатып үш ай жүрді,
Анасы күнде көріп шүкір қылды.
Бір күні сол баласы қатты ауырып,
Тәуіптер ем жасапты неше түрлі.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бағдаттан келуінен бір күн бұрын,
Бейшара дүние салып кештің құрын.
Намаздан ерте күні көмді апарып,
Анасы қасіретінде жанды мұның.
Ағайын бата қылып, келіп-кетіп,
Өлген соң салт-сана сол ажал жетіп,
Түн болып жатып жалғыз қалған еді,
Қағылды үй есігі тарс-тұрс етіп.
Хабарлап қаққанда есік анасына,
Ел тегіс бір ұйықтаған шамасында.
Орнынан қарт бейшара тұрып келіп,
Кідірмей: «Кімсің?»—депті баласына.
—Анажан, мен құлының, Ғали балаң,
Бармысың сау-саламат, мейірімді анам.
Анасы: «не айтасың?!»,—деп есікті ашып,
Таң болып сасып жүріп жағыпты шам.
Шам жағып бетін көрді баласының,
Бала да көрді жүзін анасының.
Құшақтап «анажан» деп аймалапты,
Мейірбан алтын дарақ панасының.
Анасы баласына жалт-жалт қарап,
Сене алмай ақылына, түске санап.
Таң болды бұл қалай деп баласы да,
Табылмай шын жүректен жазып қанат.
Дегенше баласына айтты анасы:
—Ой-санам, көзім нұры,—сен қарасы.
Мен қайран болып тұрмын нанар-нанбас,
Жеткен ед бүгін саған Ақ қазасы.
Адамдар құран оқып, көміп сені,
Көңіл айтып кетіп еді жұбап мені.
Бұл қандай құдіреті тағдыр-істің,
Айтуды білмей тұрмын саған нені?
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
—Анажан, уақиға екен болмаған бұл,
Құдіретті мен де көрдім ғажайып сыр.
Осы үйден мен кеткелі неше ай болды,
Жауап бер, айтыңызшы осыны бір?
Естен танып анасы айтты:—Жан балам!
Бұл түсім бе, ғажап қайран таң болам.
Еш жаққа да кеткен жоқсың, үйдесің,
Сен кеше өліп, мен бір адам зарлаған!
Төсек тартып ауырдың аз ол күнде,
Бар жатқаның толар-толмас он күнге.
Кеше өліп, бүгін ғана қойылдың,
Естен танып жатыр едім мен мүлде.
Зарландырып жалғыз тастап ананы,
Ғажап қайран салдың қасірет-сәнаны.
Жаһаз етіп, құран оқып молдалар,
Жаңа ғана жанымнан көп тарады.
Киімдерің сандыққа ол салынды,
Тыр жалаңаш кеттің, лыпа қалынды.
Айтты Ғали:—Сандығыңның аузын аш,
Тұр ма екен сол, көрейік,—деп жалынды.
Ана келіп сандықты ашып қарады,
Киім түгіл, түгі де жоқ жағалы.
Бұл қалай деп тамашадай таңырқап,
Баласының айтқанына нанады.
Баласы айтты анасына:—Тәнті бол,
Үш ай болды мен кеткелі ұзақ жол.
Бағдаттың қаласынан оралдым,
Таң қаларлық тарихтарын айтты ол.
Бұл уақиға таңырқатты анасын,
Таңырқатып, таза енгізді санасын.
—Жан жемісім, жаңа білдім жайды,—деп,
Қысып жылап сүйді сая баласын.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Деді:—Бақшам, баста бақыт жемісім,
Түп-түгелмін, бітті барлық кемісім.
Ғылым құдірет шын керемет деуші еді,
Шек-шүбәм жоқ, күмәнім жоқ ол үшін.
Жаным балам, қондырған сол мейманың,
Соны қалай болды былай қинауың.
Арманым жоқ өлсем, жаным, алдыңда,
Еттім шүкір, толық екен иманым.
Бар, шырағым, сол мейманға және де,
Апу сұра еткен қате шараңа.
Егер олай апу талап етпесең,
Саған қатер, мендей қасірет анаңа.
Анасына баласы айтты:—Анажан!
Бар ма әлі жақын жерде ол адам?
Анасы айтты:—қонақ үйде әлі отыр,
Алуаны келіп алады өзі әр адам.
Өзің де үйде тұрғаныңда ауырмай,
Алуа базар жүрді үйіңнен дауылдай.
Бейне өзіңдей басшылық қып сол кісі,
Саудаңды істеп отыр, шырақ, сауыңдай.
Мен мынадан, балам, қатты қорықтым,
Қолында екен құдіреті жорықтың.
Балам, барып басыңды иіп, қолын ал,
Мен ақылдан алжасармын, торықтым.
Жаным, сенсің қарашығы көзімнің,
Патшалығым сенсің менің өзімнің.
Енді барып тоқтатпасаң ашуын,
Кетер менің сабыр, тақат, төзімім.
Баласы тез түрегеліп иілді,
Анасының қолын қысып сүйінді.
Сабырыңды сақтаңыз деп өзің де,
Көрейін деп кетті мейман үйімді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Келсе үйінде жүріп жатыр саудасы,
Жүргізуші Ғалисина алуашы.
Келе Ғали аяғына жығылды,
Жалынуда, айтылуда армасы.
Ғалисина көріп Ғали баланы,
Аянышпен күліп қана қарады.
—Аяғыма құлама,—деп,—пенде боп,
Қысып ұстап, сүйіп қолдан алады.
Ғали келіп, апу талап қылады,
—Әдепсіздік еттім, кеш,—деп,—күнәні.
—Өзің де кеш, апу ет,—деп баладан
Ғалисина жас жігіттен сұрады.
Айтты Ғали:—Мен білмедім, кешіңіз,
Мен кешірдім, кірді жаңа есіміз.
Айтты Сина:—Сахарасына Бағдаттың,
Тастап едім, нелер көрдің, шешіңіз?!
Айтты Ғали сыр қалдырмай шешіліп:
—Жібердіңіз сол далаға көшіріп.
Әскерлермен бірге барып Бағдатқа,
Үш [ай] жүріп қалғандығын кешігіп.
Айтты және онда көрген моншаны,
Айтып бітпес, ақыл жетпес соншалы.
Әбілхарис қуатымен симияның,
Мысырға ап кеп тастады деп бұл шағы.
Ғалисина айтты:—Ұрған таяғың,
Ғали болды,—деді,—басып аяғын.
Алуа сатып айырғысыз өзіңнен,
Тарыққан жоқ анаң жайы баяғың.
Үш [ай] жүріп сенің келер кезіңде,
Есебімде еді бәрі өзімде.
Сол таяғың опат еттім ауыртып,
Бұдан артық жүргізбедім төзімге.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ғылымы симия ғажап күшті негізден,
Айтып болмас, тіл жетпейді лебізбен.
Бұл көргенің жалғыз ғана тамшыдай,
Шашыраған түпсіз мұхит теңізден.
Бұдан кейін қызметінде Синаның,
Білді ғылымын, түрлі өнерін дүнияның.
Сабақ алып Әбуғалисинадан,
Аздап білді ғылымынан да симияның.
Ғали бала бойын билеп алады,
Айнаға да әдемілеп қарады.
Киіп қымбат, жібек, асыл тауардан,
Сылап-сипап қияға көз салады.
Олай болу себебі де болады,
Күннен күнге саудасы алға барады.
Өзі көркем, орта бойлы өрімдей,
Ішпей-жемей көз мейірің қанады.
Он тоғыз я жиырмаларда жасы да,
Дәл шыны осы, айта алмаймын асыра.
Қанттай еріп қалтырайды қызығып,
Құмар әйел келсе егер қасына.
Сонымен алуа сатып жүрді жайнап,
Беліне алтын асыл кемер байлап.
Алдына қымбат зеңбер алуа салып,
Қыдыртып қора-қора сатты жайлап.
Кей кезде қоралардан базар барып,
Таласып халық қарауда назар салып.
Бірінші, алуасының тазалығы,
Екінші, көркемдігі күндей жарық.
Таласып базар халқы жүргізбеді,
Қамалап қораларға кіргізбеді.
Алуасы жетпей қалып жүрді талай,
Бұл тіптен еш нәрсені білгізбеді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Нашасы болмай жүрді бұрынғыдай,
Көшеден қайтып жүрді бұрылдырмай.
Жылады Ғали бала Синаға кеп:
—Әкежан, жүрмеймін,—деп,—болып бұлай.
—Мақұл,—деп балаға айтты,—қайтпа күйден,
Адамдар тарықпайды Тәңірі сүйген.
Базарға әуреленіп шықпай бала,
Сатылып тұратұғын болар үйден.
Деді де қойды Сина қарап бірақ,
Көзіне, көңіліне жылы ұшырап.
Бір үйді үй қасынан пайда ғыпты,
Болмашы өнерінің кілтін бұрап.
Төрт-бес үй кереметтей пайда болды,
Азғантай сырт көргенге жайға қонды.
Біреуін шеттен келген мейманға арнап,
Біреуі алуа менен балға толды.
Біреуі отыруға өзіне арнап,
Бір үйін Ғалисина алды таңдап.
Біреуі балахана—жоғарғы үй,
Бұл үйді таңданғандай көрген барлап.
Осы үйде Ғали бала етті сауда,
Айналған айналасы бақша-бауға.
Көрген соң көбі келіп базаршының,
Айналды күн-түн сауда тарқамауға.
Әйел де, алуа алуға ер де келді,
Әйелден бетер жүзін ер де көрді.
Алуаны көпшілігі сылтау қылып,
Ғалиды ауырғандар емге көрді.
Бұл сауда күннен күнге кетті ұласып,
Адамдар бір-біріне араласып.
Бір өзі алуа сатып үлгіре алмай,
Ұлғайып таң қалғандай күшейді асып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қызметке көп жігіттер араласты,
Саудасы бұрынғыдан тағы да асты.
Біреулер істеп жатқан ісін тастап,
Көруге қойған текке ықыласты.
Серуендеп көшелерге шықса бала,
Болмайды айналасы тіпті аз ғана.
Мысырда ұлықтармен таныс болып,
Ашылып артылды ақыл, зейін, сана.
Мысалы, жүрсе бала көшелермен,
Адамдар алдын тосып неше көрген.
Шақырып, үйге жүріп, мейман бол деп,
Таласып шақырар ед неше жерден.
Баланы құрмет етіп ортаға алып,
Көруге кереметтей ынталанып.
Шуласқан дауыстары көк жаңғыртып,
Жүруге жол таба алмай бұлтарарлық.
Сөйтсе де шығып зорға арасынан,
Базарлап жүрді жайын жол ашылған.
Бір күні патшасының сарайының,
Үстінен өтті жолы барасы жан.
Белбеуі жарқ-жұрқ еткен гауһар кемер,
Көрген жан өлік болса рухы енер.
Өзі де Жүсіп заңлы көркем еді,
Хор қызы, адам түгіл, келіп түнер.
Үйінде Мысырдағы падишаның,
Бар еді қызы сұлу ханшаның.
Ай мен күн ақ жүзінен ұялғандай,
Жүрсе де қалар еді жарыса күн.
Дейді артық сұлулығын Зылихадан,
Екеуін болса өлшеп тасқа салған.
Зылиха бір қыл құрлы болмас еді,
Бағасы мынау қымбат, анау арзан.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жоғарғы биік үйде отырып қыз,
Түскендей көрді көктен ай мен жұлдыз,
Көрген соң жігіт жүзін ғашық болып,
Жүрегін тесіп өтті бір алмас біз.
Күн еді күннен туып күлімдеген,
Сан сұңқар тырнағына ілінбеген.
Жүректен махаббаттың алмасы өтіп,
Ол сүмбіл күйге түсті дірілдеген.
Шақырып қыз бұйырды даясына,
Үйренген жасыл жапырақ саясына.
Шақырып келтір депті алуашыны,
Алақан ай сыйғандай аясына.
Ғалиға баян етті дая келіп,
Қамасып көзі жүзден тая көріп,
—Алып жүр алуаң болса, қыз шақырды,
Еңбегің еш болмасын зая болып.
Алдына Мәликенің бала келді,
Алуасын аз да болса ала келді.
Артынан қыз даясы келді қалмай,
Жігітті қыз Мәлике және көрді.
Жүзінен қызыл жібек пердені алып,
Екі жас бірін-бірі көрген анық.
«Билғайни уа раси»,—деп араб тілмен,
Бас иіп көрді Ғали көңілі жанып.
«Қара көз,—дегені ол,—міне басым,
Жаным мен,—дегендейін,—ықыласым».
Сұлу да тәтті сөзбен амандасты,
Сылтаумен қарсы алуға замандасын.
Замандас Мәлике айтты:—Бар ма алуаң,
Алуаңды көп мақтайды түрлі алуан.
Бар болса мақтағандай дәмділерін,
Ап келіп көрсетіп тұр, болсаң палуан.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қарады бір мәртебе сонда жігіт,
Болмашы Мәликеге көзін тігіп.
Ұялып екінші рет қарамапты,
Махаббат, ышқы дертін ішке тығып.
Айтылған қыз сөзіне берді жауап:
—Алуам бар, татып біліп алсаң сауап.
«Ләм язуқ—уа ләм йағраб»—деді қызға,
«Болмас,—деп,—татып білмей» арабшалап.
Тәтті сөз алуадан да айтты қызға,
Ықтияр татпай-білмей аларсыз ба?
Десе де ғашық оғы өтті түйреп,
Күн көзі қояр ма ерітпей, түссе мұзға.
Көктемде жерге түссе күннің көзі,
Жайнайды орман-тоғай, жапан түзі.
Балқиды қия таудың қарлары еріп,
Құлпырар гүлмен барлық ая бозы.
Мысалы, көктемдегі жердей балқып,
Қараса қаулаған от жалын шалқып.
Ғашықтың кесесінен уын ұрттап,
Алғандай болды алуаға ауру сатып.
Есіктен естен танып кетті шығып,
Меңіреу махаббаттан қанжар сұғып.
Мең-зең боп Мәлике де мәжнүн болды,
Кеткенін білмей қапты ақылы ұғып.
Жігітті даясына депті қайда?
Шақыр тез болса егер жақын жайда!
Даясы шықса тысқа кетіп қапты,
Мәлике ышқы дария батыпты ойға.
«Мен бір гүл, гүлстанда өстім жайнап,
Бүгін от жүрегіме жанды қайнап.
Қонды да көз алысқа ұшып кетті,
Қандырып қысқа түнге тұрмай сайрап.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Білмеуші ем не екенін де махаббаттың,
Кітабын оқысам да нақылияттың.
Мен бүгін шын ғашықтың дариясына,
Зылиха—Жүсіптердей терең баттым»
Осындай болды десек қыздың жайын,
Қызыл гүл мезгілінде ғашық уайым.
Қайтқан жоқ алуашы да жап-жақсы боп,
Оны да аздап айтып баяндайын.
Есіктен шығып кетті тәлтіректеп,
Синаға айтайын деп ертерек кеп.
Қиялмен жылап-еңіреп кете берді,
Әйтеуір үйдің жолы осы ғой деп.
Ашықтық дариясына терең батты,
Махаббат шарабының дәмін татты.
Қызыл гүл қызыл шоққа өртенумен,
Оқ тиіп қыздың атқан келе жатты.
Әбуғалисинаға келді жылап,
Көзінің нәрестедей жасын бұлап.
Барлығын уақиғаның біле тұра,
—Не болды, жаным балам?—депті сұрап.
—Ұлы ұстаз,—деді Ғали,—сұрамаңыз,
Аплатон, Писағұрыс ғұламамыз.
Бір гүлге көзім көріп кетті ашығым,
Сұлуда теңдесі жоқ оның нағыз.
Мысырдың осы Каир қаласында,
Адамның мұндай сұлу баласында.
Жаралып дүнияға қалай келген,
Бір түрлі әр сипаты жарасуда.
Қарады қадай атып қара көзін,
Тигізді жүрегіме шырын сөзін.
Жуыспай басқа сөзді айтуға аузы,
Жығылды екпетінен, білмей өзін.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сұрады Ғалисина жас баладан,
—Мәжнүндей болма,—депті,—масқара адам.
Сөз қысқа, енді менен не сұрайсың,
Артықша ауру тапсаң астанадан.
Бала айтты:—Ғылымы дария, мұхит, теңіз,
Құдіреттің қасиетінен алған негіз.
Я өлтір, яки қаңғырт, я жайнатып,
Мұддаға-мақсатымның қамын жеңіз.
Қадалды оқ қанжары жүрегімнен,
Оралды іш-тысымнан, білегімнен.
Тәңірімнен талай айттым, түк болмады,
Артықша айтарым жоқ бір өзіңнен.
Толғанып тұрды ғалым біраз ғана,
Ойлады өмір шолақ күн аз ғана.
—Ғалижан, қоймадың ғой жайыма,—деп,
Отырды төмен мүлгіп біраз және.
Бір кезде сол құжырада жер шайқалды,
Ғажайып қорқынышты сыр байқалды.
Құлпырып Ғали бала қуанып тұр,
Дегендей ер арманын бір қайтарды.
Бір кезде жарқ етті күн есік ашып,
Шұғылалы төңірекке сәуле шашып.
Қараса күннен сұлу қыз келіп тұр,
Жігіттің жүрегіне сызған машық.
Оқтан тез, оттан өткір ашық оты,
Жүректен аршылғандай басқан тоты.
Көрген соң жаны сүйген Мәликені,
Жүзгендей болды теңіз парақоты.
Өткелсіз ашық дария теңіз еді,
Дауасын таппасаң у жегізеді.
Қолда бар парақоттың күш-қасиеті,
Рақмет атаңызға дегізеді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қолдағы күші жалғыз ғалым Сина,
«Құйт өлтір,—деп жалынды,—мейлің қина».
Сұлу қыз есігінен келгенінде,
Ғалиға деді Сина:—Есің жина!
Үй іші кетті жайнап қыз келгенде,
Жаманға жан оянбас жүз көргенге.
Жамалы жер-жаһанды жарық қылып,
Дегендей келіп тұрды сізбен бірге.
Сұлудың басы айналып, есі тарап,
Бейне бір мас болғандай ұрттап шарап.
Шамалап есі енген соң еркін үйде,
Синаны Ғали менен көрді қарап.
Ғалиды кеше көрген білді танып,
Ақ жүзі ару-сұлу гүл-гүл жайнап.
Ғалиға айтты Сина басқа тілмен:
—Жан балам, ұят жолға барма айналып.
Келтірдім ашығыңды ылажсыздан,
Шыжымай май тұрмайды отқа қызған.
Сүймек бар, құшуға жоқ құшырланып,
Өлесің әдеп жолын егер бұзсаң.
Деді де Ғалисина шығып кетті,
Балаға тәртіп жолын нық көрсетті.
—Жас сұлу, жан рақатым, келіңіз,—деп,
Орынға отыруға рұқсат етті.
Сұлуды отырғызды жоғарыға,
Дегендей жоғарыла-жоғарыла.
Құшақтап жас сұлуды отырғызып,
Мақсатты түсіндірді талабына.
Ғали айтты:—Көбелекпін мен бір күйген,
Сұңқардай сахарада ұшып көктен шүйген.
Гауһар көз, шырын сөзің от боп өртеп,
Өткендей өңменімнен оқ боп тиген.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ышқына ашығыңның шыдамадым,
Тек жаным өлмегенім, шыдағаным.
Басыңа, тал бойыңа жаным құрбан,
Бақытты тартты тұзы бұл араның.
Отырып сұлу басын төмен салып,
Көк кептердей қанаты түскен талып.
Жігітке жүз бұралып назбен айтты:
—Сіз бе едің қайтқан кеше үйге барып?
—Кешегі менмін депті қайтқан барып,
Қате емес, айтқан осы сөзің анық.
—Ендеше перімісің, жынсың ба әлде,
Болмаса адамсыз ба шашқан дарып?
Бұл түрлі құтқар менен шек-күмәнді,
Жіберіп жүрегімнен бұлт, тұманды.
Дегенде Ғали бала айтты қызға:
—Күмәнсіз қарсы алыңыз осы таңды.
Себебі пері де емес, жын да емеспіз,
Адамбыз өзіңіздей шектенбе сіз.
Бақыт та, қайғы да ортақ, абырой да,
Тегінде сіз де, біз де бақыттымыз.
Келтірген бір секундта сізді мұнда,
Ұятқа қалдырмайды тегі құрға.
Сіз бір гүл гүлстанда, біз бір бұлбұл,
Жасалық ойын күлкі, жаным, тыңда.
Дегенде бұл жауапты қыз қайтарып:
—Айт,—депті,—анық шешіп, сыр байқалық.
Бұл қалай ұятты іс, не хикмат бар?
Атың кім? Ғалымың кім? Қай тайпалық?
Мұндай іс болар ма екен мұсылманда,
Тегіңіз анық сіздің мұсылман ба?
Құдай да зорлықшылды сүйген емес,
Не айтасыз, Құдай демей, қысылғанда!
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қысылмай Ғали бала бұған күлді:
—Әрине, мұсылманбыз—айтсақ дінді.
Жаратқан қызықтырып махаббатпен,
Ер, әйел, бұлбұл құс пен қызыл гүлді.
Қызықты сіз болсаңыз қызыл гүлі,
Қызыққан гүлстанның біз бұлбұлы.
Еркіңнен ықтиярсыз емеспіз біз,
Хикматын айта алмаймын шешіп мұны.
Не керек, әлемде ортақ—қарттық, жастық,
Ұстау жол жасқа қиын дінді тас қып.
Жас болып қызыл гүлдей жайнамасақ,
Неге біз бұл дүнияға шығып бастық.
Мысырдың қаласының қызыл гүлі,
Сайраған қызыл гүлдің біз бұлбұлы.
Дүнияның осындай ғой тағдыр кілті,—
Деді де құшақтады сол күн түні.
Басталып жасқа лайық күлкілі ойын,
Құшақтап гүлдің көркем таза бойын.
Ықтияр көп ұзамай сүйісті ол да,
Жастардың лайықты жасап тойын.
Өткізді жазғы таңның тамашасын,
Татымды тамашаның жаңашасын.
Қалыңсыз қасқа кедей ханның қызын
Алыпты адам салмай арашасын.
Аспанның әскері көп жұлдызындай,
Теңіздің патша қызы құндызындай.
Ғылымның құдірет-күші қандай мықты,
Сұлуды сүйді сол түн хор қызындай.
Атқанда алтын арай бозарып таң,
Жұлдыздар жойылғанда азайып һәм.
Шымылдық күннен жібек түрілгенде,
Отырды өз үйінде ол алтын шам.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қарады таң боп сұлу ашып көзін,
Отырған өз үйінде көрді өзін.
Мың ойлап көңіліне сыйғыза алмай,
Отырды ақылына бермей төзім.
Ойлады: «Әкем патша—Мысыр ханы,
Өлімнен басқа қабыл ұсынғаны.
Мен соның қызыл алтын қызы болсам,
Бұзылып қыздың ұят ұшынғаны.
Нақыл бар: «Қыздың жолы қылдан нәзік»,
Абырой ақыл кілті—алтын қазық.
Паш болып сыртқа сырым шықпай тұрып,
Анама сездірейін хатқа жазып.
Тіпті еш бұл уақиға оңай емес,
Ұятты қиындату қолай емес.
Тегінде алдырушы адамдар да,
Күшті екен, түсінбедім қандай кеңес.
Бұл істің тегі терең, түсінбедім,
Лайықты болмай қалды ісім менің.
Негізі әйгіленбей қалмас халыққа,
Айыбымды болар айтсам түсіргенім».
Хат жазды анасына алдын ойлап,
Қалдырмай болған істің бәрін байлап:
«Өзімнің кең бөлмемде жатыр едім,
Бір кезде көзімді ашып, көрдім жайлап.
Қарасам басқа бөлме көзімді ашып,
Екі адам отыр онда жолдастасып.
Біреуі—жас, біреуі—дәруіш адам,
Барғандай болдым бейне жол адасып.
Жасына дәруіш отыр беріп ақыл,
Болма деп ұят жолдан тіпті ғапыл.
Өлдің деп ұят істен сақтанбасаң,
Ол адам кетіп қалды айтып нақыл.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Білмедім, жол адасып, сонда бардым,
Жанында сол жігіттің жалғыз қалдым.
Қаншама жалынсам да еркім болмай,
Жағдайсыз жайым кетіп жәбірлендім.
Жайымды айттым, ана, жасырмадым,
Жаныма ажал болар жасырғаным.
Төгілді абыройым, алтын басым,
Көп артық ажалдарға асылғаным.
Бардым мен ықтиярсыз аяғымнан,
Арнаулы қала ішінен жай алынған.
Бар көрген баяндадым, жайым осы»,
Бақытсыз баққан қызың баяғыдан.
Жөнелтті даясынан жазып хатты,
Тапсырды ол анасына аманатты.
Анасы бастан-аяқ оқып, біліп,
Қожасы—әкесіне хабарлапты.
Әкесі Мәликенің Мысыр ханы,
Есітіп ашуланды шығып жаны.
Әскерін, мықтыларын шақырып ап,
Шақыртты ғалымдарын тағы-тағы.
Жиналып келді ғалым-ғұламасы,
Құшнаш, бақсы, балгер кәрі, жасы.
Кеш болып тағы ап кетер дегендейін,
Қыз жатар жерде болды әскер басы.
Оқытты жариялап қыздың хатын,
Қыз көрген уақиғаның хикаятын.
Танысып бір түнгі таң тамашамен,
Аямай айтыпты ақыл-парасатын.
Патшаның бас уәзірі ақыл берді:
—Оны ұстау қиын емес, оңай енді.
Қырық қыздар, күзетші әйел, даялары,
Қамалап ұстап тұрсын алмай демді.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Әскерлер мылтық пенен қылыш алып,
Үндемей мықты тұрсын тынышталып.
Қалайда аямастан алсын ұстап,
Берейік сонсоң жаза дұрыс танып.
Қыз, әйел, даярланып әскерлері,
Сұлуды қамап бәрі қастерледі.
Түн болып жатар мезгіл таянғанда,
Синаға Ғали дес бермеді.
—Ағажан, ғашық-мағшұқ күткен уақыт,
Таянды базарында гауһар, жақұт.
Өтінді қанат жайып, қатты жылап,
Кеткендей болмайын деп бастан бақыт.
Ете алмай Ғалисина бұған төзім,
Кешегі мезгілінде біліп кезін.
Өзінің әдетінше амал етті,
Көпшілік бақырайтып отыр көзін.
Айтты қыз:—Ал, мықты бол, келді-келді,
Жүрегім дүрсілдеді, кеттім енді,—
Дегенде қатты ұстады қыз, әйелдер,
Сырттағы хабарлантып әскерлерді.
Қозғалып «Кеттім»,—деп қыз қопарылды,
«Ал, ұста!»—деп шуласты пері, жынды.
Жөнеліп «Ал, кеттім»,—деп кетіп қапты,
Сәуледей ұстай алмай ай мен күнді.
Қолға алып кім ұстаған күн сәулесін,
Көз көріп өкіністі бұл әуресін.
Сырттағы сырт етпестен қалды әскерлер,
Жойылтып жоғалтқандай ақыл-есін.
Қолымен ұстағандар қызды қысып,
Адамдай сәуле қуған бос тырмысып.
«Қап-қап!» деп қатты өкініп, қалып қойды,
Бәрі де қайрат қажыр, қолдан тосып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Әскерлер қатар тұрған қалды босқа,
Болғандай қасқа таба, күлкі досқа.
Мылтықты тарс-тұрс атып айқайласты,
Қалмастан қамап тұрған қарт та, жас та.
Жабулы, ашылмаған мықты есік,
Бітеулі көрінбейді үйде тесік.
Бейне бір ұсталмайтын көлеңкедей,
Қалай да қалды ұстаудан үміт кесіп.
Әскерлер, әйел, қыздар қамалдағы,
Амалын қамаса да таба алмады.
Түнімен бүйі тиген иттей болып,
Атасын анасы мен хабарлады.
Жабылып тұс-тұсынан қамағанын,
Темірдей сырттан әскер орағанын.
Қырық қыз бен күшті әйелдер іштен қамап,
Тұта алмай айдаланы қарағанын.
Таң қылып сұлу келіп таң атқанда,
Түнімен түзде болып, ел жатқанда.
Барғаны, келгені де сезілмейді,
Жаңғалақ жеңілге ұқсап жын қаққанда.
Қылымсып сыбыр-сыбыр, бетін шымшып,
Қыздар да тыпыршиды жүрмей тыншып.
Анасы қыздың туған қатты күйіп,
Қысылып жүр бармағын тістеп, қыршып.
Қызарып қызыл шоқтай қыз да жылап,
«Өлем» деп пышақты алып жатты құлап.
Атасы, анасы мен Мысыр ханы,
Жүре алмай өлмесе де отыр шыдап.
Хан-сұлтан ортаға алып уәзірлері,
Намысқа бас кеткенше әзір бәрі.
Қызға айтты:—Барар жайың бұл шаһардың,
Ішінде, сыртында ма, айтшы қане?
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қыз айтты:—Туысқандар, үлкен аға,
Сөзімнен шешіп түйін берсең баға.
Асқан соң жарты жолдан енеді есім,
Барар жер ұзақта емес, осы қала.
Ақылгөй уәзірлердің айтты бірі:
—Табылды, табу оңай, айтам міне.
Бояу ғып зағыпыранды жылы сумен,
Бес қолын малсын соған ұзақ күні.
Көтеріп баратқанда алып белден,
Болса да оқтан өткір, жүйрік желден.
Бес қолын маңдайшаға бассын мөр ғып,
Есіктен есіне алып кірген жерден.
Малынған бес саусағы зағыпыранға,
Басылса маңдайшаға болып таңба.
Аралап ерте күні іздеп тауып,
Алуға болады оңай қарағанда.
Барлығы осы әдісті мақұл көрді,
Табылған тиянақты ақыл дейді.
Бес саусағын бояулап зағыпыранға,
Басуға барған жерде батыр болды.
Отырды зағыпыранға қолын малып,
Ата-ана өлмесе де күйіп-жанып.
Аспанды күн батқан соң қаптап жұлдыз,
Мезгілі елдің жатар болыпты анық.
Кетер кез таянғанда іштен тынып,
Қыңқылдап жалынды жас қыздар күліп.
Мәлике кетер кезі таянды деп,
Бәрі де қайратына тұрды мініп.
Отырды қыз да жылап Құдайына,
Тындырмас қалдым-ау деп ұдайына.
Сағатты мезгілінде Ғали бала,
Бұрынғы барды үйренген сыңайына.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Синаға өтініш қып келді және,
—Атажан, күшейді,—деп,—қайғы-сәна.
Балаға рақымы түсіп кідірместен,
Қаһары қатты келді падишаға.
Кезінде «Ал, кеттім» деп қыз қозғалды,
Қозғалған мезгілінде үйге барды.
Қыздың азаматтық еткен ісі,
Таңбасын маңдайшаға жақсы салды.
Өз көңілі бітті салған таңбасына,
Екеуі-ақ, жоқ бірде-бір жан қасында.
Басталған әлдеқашан ойын-күлкі,
Айтылып амандық пен армасы да.
Жаз гүл жарасқандай бұлбұлымен,
Жазғы таң тамашалы түнгі үнімен.
Жігітке жылап-еңіреп айтты сұлу:
—Тіпті ырза емеспін,—деп,—мен мұнымен.
Себебі дұшпаныма болдым таба,
Сөз болдым ел аузына, досқа және.
Мұсылман былай тұрсын, кітап Құран,
Істемес басқа жұрт та бұл дүнияда.
Адамға ақыл, сана, әдеп, ұят,
Белгісі адамдықтың бұл мұқият.
Қарияңа неге айтпайсыз түпкілікті,
Жолдас боп қосылуды біл күллият.
—Айтайын ертең, жаным,—деді,—мақұл,
Қымбаттым, парасаттым оның ақыл.
Тағы да күнде кеше түнді өткізіп,
Орнына уақытында барыпты ақыр.
Саусақтан маңдайшаға түскен таңба,
Қыз келіп үйге келіп кез болғанда,
Синаға сол уақытта-ақ мәлімденген,
Қыз қолын малған кезде-ақ зағыпыранға.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Патшаның мәслихатын қандай жасап
Жатқанын түгел біліп бастан-аяқ.
Негізгі пікірі оның немен бітпек,
Аяғы мақсатының немен босап.
Осының күні бұрын біліп бәрін,
Тағдырдың біраз кілтін, ықтиярын.
Былайша Ибн Сина бұрап салды,
Екен деп кім мұқатар патша залым.
Өзінің артық санап патша күшін,
Тысқары әділетсіз жасап қысым.
Ыңғайын күннен жарық бұрын біліп,
Мәнісі бұл жұмыстың соның үшін.
Есіктің біліп Сина бояуларын,
Секундта, сол уақытта таяу бәрін,
Мысырда қайбір үйдің маңдайшасын,
Былғады зағыпыранға бар қаланың.
Таң ата барды үйіне патша қызы,
Өсірген күн түсірмей ай-жұлдызы.
Қарады барған жерін табу үшін,
Белгісі—бес саусақтың басқан ізі.
Таң ата дайындалған ердің бәрі,
Іздепті бірі бері, біреуі әрі.
Қараса дарбазада барлық есік,
Түп-түгел түскен бес қол саусақтары.
Қысқасы, сол Мысырдың қаласында,
Дарбаза есігінде, қорасында
Басылған зағыпыранмен таңбаланып,
Болғандай десе қызды дәл осында.
Патшаға келді бәрі болып сарсаң,
Ерекше ертелі-кеш ерсең-қарсаң.
Патшаның өз үйінің сарайының,
Бәрінде сол таңба бар назарға алсаң.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Деп айтты:—Үй қалмапты қыз бармаған,
Бір де үй жоқ зағыпырандап із салмаған.
Сонымен ерсең-қарсаң қайтып келдік,
Дәл үйді таба алмадық қызға арнаған.
Дал болып ақыл-һұшы, патша күйді,
Көзінің етегіне жасын құйды.
Сан рет сасқанынан сақал шайнап,
Сан қосын, сары азамат, әскер жиды.
Қаланың сол әскермен сыртын қамап,
Қаладан қашпас үшін ал деп орап.
Қаратты бір үй қоймай сол Мысырдан,
Адамын еркек-әйел құрттай санап.
Тазартып біткенше әбден қырық күн өтті,
«Қалдырмай қарадық» деп, хабар етті.
Қыдырып қыз күнбе-күн күн өткізбей,
Патшаның ары азып, азар шекті.
Күнбе-күн қыдыруды қыз үдетті,
Алуашы дәурен сүріп, серуен етті.
Бұл хабар елден асып, шетке кетіп,
Патшаның масқаралап арын төкті.
Кетеді қыз жігітке күнбе-күн кеш,
Түн түнеп, таң атқызбай келмейді еш.
Бұл істер Ғалисина қолында еді,
Кісі еді бай менен бек патшаға өш.
Патшаны сол реттен мазақ қылып,
Отырды алуашыны озат қылып.
Шыққанда оқуды оқып, бір падиша:
«Дарға ас» деп бұйырған ед азап қылып.
Патша мен байдың және менмендігін,
Мал құрлы алмайды деп ердің құнын.
Қолына тағдыр кілті түскеннен соң,
Жоп-жорта отырғаны жасап бүгін.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Кек санап осыларды Ғалисина,
Жүргенде күн ілгері салып миға.
Қолына ғылым құдірет кілті түсіп,
Дегендей патша болсаң күшің жина.
Сонымен рәсуа болып Мысыр ханы,
Жан шығар күйге жетіп қысылғаны.
Есітті Бағдаттағы Харис жайын,
Бір ердің патшаға айтып ысылғаны.
Оның бұл Бағдаттағы жасағанын,
Алтын ғып бәрін шаңырақ, босағаның.
Асырып басын бұлттан монша салып,
Қызын тез келтіргенін хан Сапаның.
Ісінің тағы және басқаларын,
Патшасын бүкіл араб астананың.
Қаратқан ауызына бас игізіп,
Деп және мадақтаған басқа жағын.
Осыған кетті балқып Мысыр ханы,
Аз ба бұл масқарасы қысымдағы.
Сол айтқан Харис ерді келтіруге,
Болыпты көпшілікке ұсынғаны.
Айтыпты уәзірлерге жылап тұрып:
—Өлдім,—деп орынынан құлап тұрып.
Сол айтқан ғалымды біз шақырайық,
Дәл бүйтіп өлген жақсы жүріп …*
Біздегі мынау жағдай болып тұрған,
Бұл өлім төбемізге төніп тұрған.
Сапаның Бағдат ханы қызын алса,
Дәл менің түсіме ұқсас көріп тұрған.
Қалай да алдырайық осыны біз,
Жойылмай патша-сұлтан есіміміз.
* Түпнұсқада бір сөз түсіп қалған.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жарқын жүз жақсы адамдар жіберейік,
Осыған бәріңіз де қосылыңыз.
Бұл сөзді мақұл алып барлығы да,
Қосылды патшасының жарлығына.
Көп тарту-таралғы алып сыйлықтар мен,
Бағдаттың жүріп кетті хандығына.
Хат жазған Мысыр ханы оған арнап,
Алыстан әдемілеп мысал қармап.
Бағдаттың патшасына айтты сәлем,
«Қабылда, біздің тілек—сізге бармақ.
Шақырдық, келсін Харис ғалымыңды,
Есіттік ұлы шаттық дабылыңды.
Бақыттас Мысыр ханы көп қасіретте,
Көрсет деп, жайдық құшақ, кәміліңді».
Елшілер жай-жабдықпен жүріп кетті,
Арада азды-көпті күндер өтті.
Көп қала, сай, сахара жолда қалып,
Бағдаттың қаласына келіп жетті.
Түсірді елшілерді қонақ үйге,
Құрметпен қарсы алыпты ұлы күйде.
Тапсырып сәлем хат пен тартуларын,
Не айтар деп жата берді патша-биге.
Патшасы Харисқа айтты:—Тақсыр ғалым,
Болыпты дабыл, даңқың көпке мәлім.
Мысырдың падишасы хат жазыпты,
Оған зор кез болыпты қайғы қалың.
Қонбапты тәбибтерден ешбір дәрі,
Таппапты оған дауа халықтың бәрі.
Сонымен сіз, бізге арнап елші салған,
Заманның сізді санап пайғамбары.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Мынадай қымбатты зат берген сыйы,
Машақат жұмысының түрі жиі.
Түн бойы бір алуашы азар жасап,
Қалғандай қымбатының түсіп иі.
Не айтасыз, міне басым, соған барсаң,
Айрылған ерлері естен ерсең-қарсаң.
Қайғысын ерте жетіп тыйсаң тастай,
Болар ед үлкен абырой құрмет алсаң.
Әрине, сіздің қолдан келеді оңай,
Сияқты Сапа менен біздегі орай.
Тұрамын тілектес боп мен де соған,
Тақсыр хан бұл уақиға сізге қолай.
Орнынан Әбілхарис тіке тұрып:
—Барайын қолдан келсе құрмет қылып.
Падиша мұны естіп қуанғаннан,
Құрметті сөздер айтты шаттық құрып.
Жол қаржы сәулетіне жазды бұйрық,
Қымбатты көп зат берді етіп сыйлық.
Ақшалар, алтын, күміс, лағыл, гауһар,
Үйілді судай сұлу, құмдай құйылып.
Мысырдан келіп жатқан елшілермен,
Бас қосып жүріп кетті бәрі жиылып.
Көңілдің сондай жақсы қошыменен,
Өмірдің түрлі толқын ісіменен,
Мысырға шыққан күні жетті Харис,
Қуатты ғылымы-симия күшіменен.
Мысырдың падишасы күйіп-жанып,
Шықпаған шыбын жаны тірі қалып.
Хабарын келе жатқан Харис ердің,
Қаныпты жібергеннен хабар алып.
Бұйырды бар адамын диуандағы,
Қаланың келеді деп меймандары.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Пайтақтың бар адамын шығарыпты,
Жолына құрбан болып жиған малы.
Көп жерден шықты алдынан сыйлық алып,
Патшадан бұйрық-жарлық, билік алып.
Харис та тәртібімен амандасты,
Дәстүр мен ғылым жолы жүйрік анық.
Харисты кірді елшілер Мысырға алып,
Бір биік жоғарғы үйге түсірді анық.
Берілді сый-зияпат, түрлі тағам,
Қымбатты шараптар да ішілді алып.
Патшаның бұдан кейін өз үйіне,
Келіпті танысуға жай-күйіне.
Қайғылы қыз әкесі қарсы алыпты,
Келген соң іздегені нық сүйіне.
Орныша келтіріліп ғизат, құрмет,
Желініп түрлі тағам, ішіп шербет.
Отырып үш күн, үш түн етті қонақ,
Хал білмек түгелденіп шаттық күлмек.
Патшада болса дағы ішу-алу,
Ішкені заһар еді, жегені-ақ у.
Мейманды не де болса күтіп болып,
Сонан соң болсын деді жағдай тану.
Болған соң үш күн өтіп, төртінші күн,
Бастады өтінішпен сырдан мазмұн.
—Ей, хаким, біздің басқа түскен істі,
Айтарға ауыз бармас арам, азғын.
Дос түгіл бас кесіскен болса дұшпан,
Келтіріп айтты көп сөз әрбір тұстан.
Адамның баласының басына еш,
Түспесін бұл сияқты қайғы-пішпан.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Мен айтпайын, айтуға бармайды аузым,
Білесіз жағдаятты өзің, бауырым.
Жын, пері, адамзаттың жұмысы емес,
Болмаса бір жабайы шайтан дәудің.
Баламды періштедей бауда гүлім,
Қалдырып басты аяққа жауға күнін.
Шіркін жан шықпайды екен ит қорлыққа,
Себі жоқ өлмей тірі сауға мұның.
Айтылды тағы-тағы, сондай-сондай,
Белгілі тұрағы жоқ деген ондай.
Күндіз бар күн шыққанда, түндері жоқ,
Айтпайын, әр айтқанда тұрмын оңбай.
Білмейміз қайдан келіп, қайда барған?
Зор бәле зияндастай айдан арман.
Есепсіз ғалымдар мен білгіштерім,
Біле алмай еш дерегін, жайға қалған.
Шектіріп сізге бейнет алыс жерден,
Үміт қып, хабарлы деп әр істерден.
Шүкір ғып жүзіңізді бүгін көрдік,
Көрерсіз араласа бар істермен.
Жүзіңді, әлхам шүкір, көрдік бүгін,
Өртенген мен қоңыр қаз қалмай түгім.
Мен енді айтып болдым, жағдай осы,
Аспан мен жерден де ауыр артқан жүгім.
Есітіп бұл жағдайды падишадан,
—Іс өтпек,—деді өмірден,—жақсы-жаман.
Сұлтаным, асып-саспа, сабыр сақта,
Жасармын қолдан келсе достық саған.
Кітабын рәмилдің қолына алып,
Қапшығын ғылым хикмат жайып салып.
Дөңгелек түрлі әріппен сызу сызып,
Үндемей біраз уақыт тұрды бағып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Көтеріп басын жерден бір заматта,
Суды-су, топырақты-топыраққа,
Айды-айға, күнді-күнге ұрыстырып,
Отырды ой дариясын жүзіп шаққа.
Бір кезде терең ойға кетті сүңгіп,
Жазуын жазып-бұзып, басын шұлғып.
Жаңадан дөңгелектеп және жазып,
Жер-көктің бәрін шарлап қазыпты үңгіп.
Оқыған шомды терең іліміне,
Сүйеніп оқып алған біліміне.
Асты-үстін аспан-жердің кезіпті әбден,
Жете алмай қиын ойдың күдігіне.
Жатқанда Әбілхарис мұны қарап,
Ғылыммен жер мен көктің бәрін орап,
«Осылар не қарекет жасайды?»—деп
Қарады Ғалисина етіп талап.
Өзінің жасап қойған қарауылы,
Қалдырмай хабарлады және мұны.
Бағдаттан Әбілхарис мұнда келіп,
Табуға жатқандығын қарап мұны.
Харистың қарап жатқан барлық жолын,
Табуға адастырды, бермей орын.
Үндістан теңізіне аумастырды,
Патшаның қызы барып тұрған жерін.
Бір ғажап теңізде ғып адастырды,
Теңізде жазира етіп шатастырды.
Айнала жанып жатқан оттан қамал,
Бір құжыра от қамалдан қаластырды.
Ішінде сол құжыраның қыз бен жігіт,
Көрсетті отырған ғып ойнап-күліп.
Бірақ та қай мемлекет, қайсы теңіз,
Айыру табылмады оны біліп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Теңіздің ортасында жазира арал,
Аралдың бір жерінде оттан қамал.
Қамалдың қуысында тұрған құжыра,
Аралдың керек болды ат-есімі дәл.
Біле алмай осыларын болды сарсаң,
Айырып кете алмады, қағып алшаң.
Патшаға ілтимас қып айтыпты аздап:
—Келтірсең, балаңыздан жауап алсам.
Мысырдың патшасының қызы келіп,
Сөйлепті сұрастырған ізіне еріп.
Қаншама жағдаятын айтқанменен,
Тағрибы табылмапты түзуленіп.
Себебі Ғалисина біліп тұрды,
Алдынан адастырып бұрып тұрды.
Бұрмалап, айқын жолдан алжастырып,
Мұртынан, көзін қысып, күліп тұрды.
Ғылымға Ғалисина теңіз еді,
Жасынан зейіні өткір негізі еді.
Синаға Әбілхарис қарағанда,
Айтарға бір тамшы су лебізі еді.
Ғылым хикмат, ғылымы симия, ғылымы кимия,
Ғылым ихпа—ғылымдары бүкіл дүния.
Бейне ол Бақыра мұхит еді терең,
Секілді ені ұзақ, түпсіз дария.
Сондықтан екі туған сондай сарас,
Мәселе бір қыз үшін осы талас.
Алдынан абыройсыз алжастырды,
Қапа ғып қадірлі ерді қылмай қалас.
Асығыс Әбілхарис етті бір іс,
Тұрған соң қайбір ісі болмай дұрыс.
Өткір тіс, алмас тұяқ, бір қаршыға,
Ұстатты қыз қолына, деді:—Бұл құс
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Есікке өзің кірер барғаныңда,
Есіктен ішке назар салғаныңда,
Жігітке қаршығаңды жібер дереу,
Дауа жоқ салмай қалсаң арманыңа.
Тезбе-тез сала қалсаң, жылдам барар,
Мойнынан басын үзіп, ішін жарар.
Сол жерде көз ашқанша жаны шығып,
Қалдырмай өкпе бауырын суырып алар.
Бұдан соң сол бәледен құтыларсың,
Орындап салмай қалсаң тұтыларсың.
Жат нәрсе бұл жерде жоқ тапсаң бір зат,
Ала кел келеріңде, есте қалсын.
Ұмытпа осылардың бір де бірін,
Таппадым бұдан басқа істің түрін.
Жау екен пірі күшті, түрі жаман,
Әзірше алжасып тұр тапқан ғылым.
Ала кел сәті келсе тапқан затты,
Қараймыз соған қарап әр тарапты.
Ыңғайы келе қалса, зат ап келсең,
Табармыз келген заттан ол қарақты.
Төзбеді Әбілхарис ұялғаннан,
Қызметі бітпеген соң қиялға алған.
Жасады алмас тырнақ бір қаршыға,
Ғалиды айыруға шырын жаннан.
Қолына беріп қыздың қаршығасын,
Дегендей бәледен бас аршып алсын.
—Кіргенде есігінен құсты жібер,
Алмадай жігітіңнің алар басын.
Харистың айтқан сөзі қызға қонды,
Қыз да әбден ұялумен ыза болды.
Түн болып, бір үй жатып, бір үй жатпай,
Белгілі отау үйге қыз да келді.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қызға ол құсты беріп жібергенде,
Ашуы ыза кернеп түнергенде,
Жігітке:—Орамал жап құсқа,—депті,—
Мықты бол қыз есіктен кірер жерде.
Қаршыға басыңды алар сақтанбасаң,
Бүркіттей одан бұрын баптанбасаң.
Ғалымы алып келген не істер деп,
Солайша жатыр екен бағдарласам.
Жағдайын осыны айтып түсіндірді,
Жігітті қайрап әбдеп ысылдырды.
Қыз келіп қаршығаны жібергенде,
Үйреткен ұстазының ісін қылды.
Құс келіп, алмас тұяқ жолағанда,
Оралды орамалға орағанда.
Домалап кесек болып жерге түсті,
Ете алмай ешбір зиян ол адамға.
Өкпе айтты ашығына жігіт тұрып:
—Мен жүрмін сізден ұзақ үміт қылып.
Достыққа сіз қалайша қастық еттің,
Барлығын ұлы үміттің ұмыттырып?
Мен сізді білмеуші едім алыс жүріп,
Шақырдың мені өзіңе таныстырып.
Улады махаббатың жүрегімді,
Ойыма ышқы отыңды жабыстырып.
Өтініш айттың өзің келіп тұр деп,
Күнбе-күн алуаңыздан беріп тұр деп.
Сиқырлы махаббатты тіліңменен,
Тигіздің ғашық оғын маған да бек.
Сілтеген сенің бұрын оғың тиіп,
Берілдім соның үшін жанып-күйіп.
Жазығым шақырумен жанасқаным,
Адастың мені өлімге қалай қиып?
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қызарып қыз ұялып қызыл гүлдей:
—Адастың,—деді,—достым түзу жүрмей,
Қосылмай ақ некемен көп алдында,
Ақылдан айрылды әкем ізің білмей.
Көзге бір жын-шайтандай көрінбедің,
Еріксіз елден ерек ерінбедің.
Әуелде күндей көзге көрінсең де,
Сырыңның түрін шешіп, берілмедім.
Адамнан болмау мүмкін мұндай жұмыс,
Болса егер ешбір кісі демес дұрыс.
Мұсылман жолыменен жүргендерге,
Өзің айт ылайық па осы жүріс?
Жортуыл түнде жасап, жаттым күндіз,
Басқа емес, бұған куә ай мен жұлдыз.
Баласы патша-сұлтан былай тұрсын,
Жүрмейді мендей бүйтіп еш те бір қыз.
Ұялып ашығынан айтты жігіт,
Тоқталып тоқыраумен тізе бүгіп:
—Ай-күні мәңгі сөнбес махаббаттың,
Айтарға тілім жүйрік, көңілім сынық.
Деген сөз «кілті аспанда кісідегі»
Мысалдап осыны ойға түсіреді.
Ғалымы ғалымдардың Ибн Сина
Дүнияның ең бірінші мүсіні еді.
Ей, жайнаған жанымның сен шын гүлі,
Мәңгі сөнбес махаббаттың сен күні.
Ашығыңның айтқанына сенсеңіз,
Өтініш қып сан мың айттым мен мұны.
Арызымды айттым ұлық піріме,
Қанағатым тоймай ұзақ түніңе.
«Әкесінен алып бер»,—деп айқындап,
Мың мәртебе тілек еттім күніне.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
«Мақұл» дейді, айтқанымды етпейді,
Көп сөйлесем көтермейді, «тек» дейді.
Сондықтан да шынымды айттым, ғашығым,
Әйтпегенде онсыз мақсат бітпейді.
Бірақ маған мынадай бір айтты сөз:
«Машақатсыз мақсат рақат бітпес тез.
Сабыр жаса, уақыты бар оның»,—деп,
Ақылы сол: «асықпа оған, балам, төз».
Осыны айтып және достық сыр беріп,
Шарап ішіп, тағам жесіп гүлденіп.
Қызыл түсті піл балықтан білдірмей,
Қалтасына салды сұлу бір бөлік.
Дастарқанда барлық тағам ерекше,
Мысырдағы тағамдардан бөлекше.
Қандай ғажап тағамдар деп қызығып,
Көрсетуге алды соны керекше.
Алуашы ер және ұстазын мақтады,
Мақтап-мақтап, айтып-айтып тоқтады.
Кезегінде Ғали ерге айтты қыз:
—Бір сөз айтам, ғашық жарым, тоқта әлі.
Көп мақтадың ұстазыңды асырып,
Артық ғылым жерде жатпас басылып.
Ғылым күші жетер болса атама,
Білінбей ме, жүрмей өзін жасырып.
Бүйтіп бізді шерменде етіп қорламай,
Тәртіпсіздік ұятынан қорғамай.
Жолыменен мұсылманның дінінің,
Берер еді білінсе әкем талғамай.
Ғали бала айтты және өтініп,
Махаббатпен қысып сүйіп, бекініп:
—Айтқанымда ұстазыма осыны,
«Иншалладан» басқа айтпайды отырып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Соныменен сабыр сақтап бойыма,
Сенен басқа зат сақтамай ойыма.
Ылажсыздан шыдап жүрмін гүлім деп,
Ойнап-күлді махаббатқа бой ұра.
Көңілі тынып, жайнап ойнап жастардың,
Айы батып, күні шығып аспанның.
Сарайына келді сұлу кезінде,
Әбілхарис, патша-сұлтан, достардың.
Хабар берді барып қайтқан жолынан,
Не көргенін, оңы менен солынан.
—Мынау менің ап келгенім, ата,—деп,
Піл балығын ұстатыпты қолынан.
Әбілхарис алып көріп қолына,
Шешті қарап ғылым, хикмат жолына.
—Таптық,—деді,—барған жайын бұлардың,
Келе қалса алған жұмыс оңына.
Үндістан дер, бір мемлекет, қала бар,
Дариялары, жазирасы және бар.
«Масақия» ат қойылған жазира,
Жазираны оттан қора—ор алар.
От қораның ортасында жайы бар,
Жайдың жарқын күн, жұлдызы, айы бар.
Жұлдызыңыз сол айтылған жайда екен,
Патшасына хат жолдасаң табылар.
Рәмил ғылымын қамсыз үшін және ашты,
Әр тараудан дәл табуға жол ашты:
—Осы айтылған Масақия жазира,
Үндістандық мемлекеттің қол асты.
Алжастырды Ғалисина Харисты,
Жақындатып, адастырып алысты.
Өмір-өнер жатқан егес бәсеке,
Аплатоннан асырды айла-әдісті.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ибн Сина Харис ерді аңылып,
Жатыр екен дегендейін нағылып.
Табу жайын қарап жатқан жолынан,
Адассын деп табар жайын жаңылып.
Бұрды жолын Үндістанның жеріне,
Масақия аралының шегіне.
Ғалисина теңегенде Хариспен,
Ұқсар еді мұхит теңіз тегіне.
Алжастырды сөйтіп туған бауырын,
Қараңызшы сиқырлы өмір ауырын.
Егер мұндай етпегенде ғалымға,
Табар еді қала, дала, ауылын.
Әбілхарис патшаға айтты:—Табылды,
Енді алыңыз сабыр етіп дамылды.
Үндістанның патшасына хат жолдап,
Хабаршы ғып жібер бірер кәмілді.
Мысыр ханы мұны естіп ғалымнан,
Тапты бірер сөзге шебер кәмілден.
Он бес, жиырма жолдасымен сый артып,
Жәрдем тілеп кетті жүріп Тәңірден.
Қымбат баға заттар менен елшіні,
Баласы үшін дүние аямай еншілі.
Су жүзімен жүріп кетті елшілер,
Мәлімсіз боп қашан көңілі көншірі.
Күндіз келіп, сұлу да жүр түн кетіп,
Талай елге, талай жерге үн жетіп.
Таң-тамаша тоқтамады түн болса,
Елші жайын сөз қылайық сыр етіп.
Жүрдек қайық желкем шатыр ұстаған,
Іші тола сауқат-сәлем, үсті адам.
Армай-талмай Үндістанға жеткен соң,
Падишасы қарсы алысып қоштаған.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Талай қымбат тартуларын тапсырып,
Сәлем хатын тағы берді нұсқаған.
Қонақ қылып елшілерді құрметтеп,
Табанына төсеп кілем испаһан.
Жазған хатын және оқыды Мысырдың,
«Дерегін тап, ұстап сондай кісімнің»,—
Деген сөзін оқып болып қалдырмай,
Басын шайқап, депті күліп:—Түсіндім.
—Тапқанына таңмын,—депті,—ғалымның,
Үйі күйсін қиянатшыл залымның.
Масақия жазирасы бары рас,
Көмілген от ортасында жалынның.
От ішіне мүмкін бе адам кіруге,
Қып-қызыл шоқ қыздың халін білуге.
Көп керуендер жанып кеткен жел айдап,
Жан батпайды олай қарап жүруге.
Мәңгі заман от тұтасқан ол арал,
Күндіз-түні, қысы-жазы ол жанар.
Өзі кіріп көрсетпесе ғалымның,
Жаннан безіп от ішіне кім барар?
Аплатондай ғалым екен тамаша,
Тапқан ғылым іс етпеген жараса.
От ішіне қалай айтқан кірсін деп,
Жас нәресте, емшектегі балаша.
Ғалым кісі оқуменен жасынан,
Көп жұмыстар көрмес мүмкін басынан.
Патшасы да былай тұрсын Мысырдың,
Бір азамат түсінбей ме осыған?
Жеткіз сәлем ғалымыңа біздерден,
Отқа кісі кіре алмайды бір көрген.
Келіп мұнда өзі кіріп көрсетсін,
Үлгі алалық пайдаланып сіздерден.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
От ішіне адам кіріп жүре ме,
Жас жігіттер жанып кетер қызға ерген.
Сәлемді айт, еліңе қайт жылдам,—деп,
Елшілерді қайтарыпты ізденген.
Келді елшілер машақатпен Мысырға,
Қатты ұялып мысқылдаған қысымға.
Елшілерді қатты аңсаумен қарсы алып,
Алды топпен сол сағаттың тұсында.
Елшілер де хат тапсырды қарсы алып,
Қуанышпен қуаттанып құрсанып.
Сәлем хатын оқығанда отырды,
Ғалымы да, патшасы да тамсанып.
Хаты мынау қағаздағы арнаған,
Шындық тілмен шымшып, қамтып қармаған:
«Құрметпенен хатыңызды қарсы алдық,
Түсінбеңіз «екен-ау,—деп,—алдаған».
Рас, біздің теңізде көп аралдар,
Масақия деген сонда арал бар.
Бірақ сондай жайнаған от жалынға,
Жанған талай жақындаған жарандар.
Рақым ет, соны білген ғалымға,
Алғыс айтты жас жігіт пен кәрім де.
Өзі келіп үлгі болып көрсетсе,
От ішіне үйренерсің бәрің де.
Кірсек біздер отқа күл боп жанармыз,
Көре біле шоққа қалай барармыз.
Айып етпе, Мысыр шаһар патшасы,
Үлгі болса, біз де сонда нанармыз.
Жіберіңіз Үндістанға ғалымды,
Хатыңызбен қандайлығы танылды.
Мәжілісте қымбат лебіз көрсетіп,
Кешіп берсін қайнаған от жалынды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Аплатонды біз де танып көрейік,
Алға түсіп басшы болса ерейік.
Өзі күймей от ішіне бастаса,
Басымызды жолыңызға берейік».
Енді елшілер келе берсін қалаға,
Нелер болды Мысыр—Каир қалада.
Соны айталық, сөз салқындап кетпесін,
Нелер көрді Ибн Сина және де.
Ғалисина барып түсіп моншаға,
Тазаланып тысқа шығып қаншама.
Екі тиын өтеу үшін ақысын,
Қалтасына салса қолын сол шама.
Ақшаларын үйде ұмытып қалыпты,
«Уа, әттең?»—деп өкінішке қалыпты.
—Ақшаңызды үйден алып келгенше,
Сабыр ет,—деп әмиянын салыпты.
Қасис еді монша иесі оңбаған,
—Қанеки,—деп қолына алып сол заман.
Пәрменінше лақтырып жіберді:
—Ақымақ кедей ақым бер,—деп,—сен маған.
Айтты біраз шыдаңыз деп өтініп,
Қазір ғана берейін деп келтіріп.
Жағасынан ұстап алып Синаны,
Азарлады жібермей-ақ өлтіріп.
Айқай болып жатқанында арада,
Біреу келіп кірісіп сол шамада:
—Екі тиын ақшаң үшін байғұсқа,
Ұят болар, азар беріп бола ма.
Мә, керегің екі-ақ тиын болса,—деп,
Бере салды,—пұл емес қой онша көп.
Бірақ қатты азар болды Синаға,
Арзиды екен «бұған нелер қылса» деп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сөйтті дағы пеш жағына моншаның,
Бір қарады оты сөнді сол шағын.
Көп кісілер мұз боп қатып дірдектеп,
Көрсек біліп есігінен қоршауын.
Сыймай қалды есігіне үймелеп,
Босағасын бұзып шықты кимелеп.
Ешбіреуі монша ақысын бермеді,
«Ақша түгіл, бұған қымбат ине» деп.
Кете берді бір-біріне қарамай,
Қабілеттері қарауға да жарамай.
Кейбіреудің сақалына мұз қатқан,
Дір-дір етіп сөйлеуге ерін жоламай.
Кейбіреулер үсіп қатқан қалшылдап,
Аузын ашып балағаттап аршындап.
Кетті бәрі моншашыға жоламай,
Өтінсе де құлақ салмай сәл шыдап.
Моншашы кеп моншасына қараса,
Қаһарлы қыс орнап қалған тамаша.
Қарағанда бетін боран қарыпты,
Он тоқсаннан суығы артық санаса.
Қар бораған моншасына мұз қатып,
Он күн өртеп жылыта алмас мызғатып.
Қожайыны қарағанда моншаға,
Тұла бойын кетті боран мұздатып.
Іші-бауыры тұра алмапты қалтырап,
Аяғын да баса алмапты самтырап.
«Қалай да осы келді ғой,—деп,—дәруіштен»,
Кете берді көзі аларып жалтырап.
Амал нешік, өкінгенмен іс өтті,
Қолдан келер мезгіл асып күш кетті.
Бұл уақиға есітіліп қалаға,
Әрбір кісі әр түрлі бір кісі етті.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бүкіл Мысыр хабарлантып қаланы,
Патшаның да құлағына салады.
Әбілхарис, патша-сұлтан, көп кісі,
Сол моншаға бәрі барып қарады.
Барып көрсе, соғып тұрған үскірік,
Қияметтей алай-дүлей ысқырып.
Айтқаннан да әлденеше артықша,
Шілде, аптапта қалған мұнда қыс тұрып.
Көріп бұлар қолмен басып жүрегін,
Сұрапыл күн сыпырғандай жүгенін.
—Не ғаламат, бұл қиямет белгісі,
Әбілхарис айтсын,—депті,—түгелін.
Патшаға айтты Әбілхарис:—Шошынба,
Бұл бір хабар сіздің қызға қосымша.
Сан уақыттан сарсаң еткен сиқырлар,
Мархабат ет, екен бәрі осында.
Енді ашылды табылғандай тазасы,
Көптен қашып кетсе де істің мазасы.
Айдап келсе тауып оңай табылар,
Оты сөнген моншашының қожасы.
Мынау сөзді хан есітіп қурады,
Ашу қысып жан жүрегі тулады:
—Кім екенің анықталды сенің де,
Отты тілмен кесіп, тілдеп турады.
Елші жолдап Үндістанның ханына,
Жан жоласа өртенер деп маңына.
Масақия от аралда олар деп,
Айтпадың ба өлшеп намыс-арыңа.
Және бүгін деп айтасың Мысырда,
Ғалым сондай айтар ма сөз ысырма.
Ар-намысым дұшпаныма тапталып.
Аз ба менің жүргенім бұл қысымда?
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Диуан халқы мұны түгел есіткен,
Сабыр берді отты сөзден өршіткен.
Айтқаны жөн Харистың деп көпшілік,
Моншашыны таппақ болды кешіккен.
Адам салып моншашыны алдырды,
Кескініне сұрағанды қандырды.
Киім-кешек қыз көргендей болған соң,
Көлемдегі көпшілікті нандырды.
Моншашымен салыстырып қыз сөзін,
Екі сөз де бірдей шығып, білді өзін.
Моншашының адам қосып жанына,
Іздеп шықты табармыз деп бір кезін.
Моншашы да қоймай баян қылады,
—Танисың ба, кез болсаң?—деп сұрады.
—Екі көзім ағып түсіп қалмаса,
Ант айтқандай кіжінумен тұрады.
Моншашыны алға адамдар түсірді,
Қуанды ол «Табамын,—деп,—кісімді».
Біз айтайық елшілердің жайынан,
Моншашымен іздей берсін Мысырды.
Елшілер кеп Үндістаннан сағынып,
Қарсы алды оны патша-сұлтан жабылып.
Ахуалдарын өздерінің айтқан соң,
Хатты берді көп тоқтамай аңырып.
Хатты берді Әбілхарис ғалымға,
Көпшілікке айтты:—Тыңда бәрің де.
Ілгергіше жазғандарын есітіп,
Ұялумен тұрды бәрі, әрине.
Бірер сағат қалды үндемей топ халық,
Не айтарын білмей тұрды тоқталып.
Бір уақытта Әбілхарис тіл қатты:
—Тұрмалық,—деп,—текке қарап дағдарып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қыздан және пікір алып, сыр тартсақ,
Тек тұрғаннан бола бермес бұл да алшақ.
Мүмкін, мұның сәті болып табылса,
Ол жағынан және хабар бір алсақ.
Мысыр ханы көп ренжіп ішінен,
Келер ісі болмаған соң күшінен.
—Өзіңіз біл,—деді,—тақсыр, ықтияр,
Кереметтей ғылымыңыздың ісімен.
Бұдан кейін қызды ап келіп сұрады,
Деген оймен бір нәтиже шығады.
—Барасың ба аяғыңмен жер басып,
Ақыл-есің қай түрлі боп тұрады?
Көзіңді ашып барасың ба, я жұмып,
Болмаса естен танасың ба бұзылып?
Барар жерің ішінде ме қаланың,
Алысқа ұзап кетесің бе көп шығып?
Қыз сөйледі:—Жаңылмаймын өзім де,
Жүгіремін жұмбай ашып көзімді.
Жан-жағымнан жіппен шырмап тартқандай,
Өз бойыма бермейді күш төзімді.
Жарты жолға есім жоймай барамын,
Барар үйім ішінде осы қаланың.
Жарты жолдан арғы жерде азырақ,
Шамаласам, ақыл-естен танамын.
Бармауыма қалмайды еш мүмкінім,
Шіріп түскен менің өмір шіркінім.
Адаспаймын, басшы ұстазын танимын,
Іздесеңдер, бастайын мен, жүр бүгін.
Харис айтты падишаға:—Бұйрық бер!
Есіктерін шықсын бекіп бар үйлер.
Ауыстырып қызымыздың киімін,
Тексерейік тапсақ, мүмкін, тәуекел.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Осылайша үй қалдырмай тексеріп,
Көше сайын қаралды әбден екшеліп.
Мұны білді Ғалисина Аплатон,
«Бір көріну керек,—деді,—ескеріп».
Мысыр—Каир тарихта үлкен қала еді,
Даңқы шыққан тұңғыш салған шәр еді.
Өкіметтер мәслихат қып тарайтын,
Бір көшеде кең мекеме бар еді.
Сина келіп сол мекеме қасына,
Сылтау етіп бір жұмысқа асла.
Тұрғанында іздегендер кешікпей,
Келіп қалды қызбен бірге қосыла.
Монша иесі көріп танып Синаны,
Жолдастарын хабарлантып жинады.
—Міне, мынау боран қылған моншаны,
Патшаны да масқаралап қинады.
Патша-сұлтан жендеттерге нұсқады,
Жендет барып Синаны тез ұстады.
—Уа, сиқыршы, тарт жазаңды, жүр-жүр!—деп,
Жағасынан қыса тартып қыстады.
Айтты Сина:—Жоқ сендермен жұмысым,
Сөздің тура сөйлегенде дұрысын.
Тәңір деген мен бір пақыр адаммын,
Қой, шырағым, жаман сөзі құрысын.
Тыңдамады, жендет келіп жабысты,
«Таста, таста қисық, қыңыр шалысты».
Дар астына келді тартып сүйрелеп,
«Пәтшағарлап» басқан арды, намысты.
Дар астына тарту үшін келгенде,
Тілдеп, түйреп, азар ақырет бергенде.
Күлді бәрі, мазақ қылып көпшілік,
«Иттей болып өлдің-ау,—деп,—өлгенде».
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Халық көріп ер Синаны қанықты,
Ғалым Сина көрді айнала халықты.
Көз ашқанша қарап тұрса Сина жоқ,
Көрсе жендет екеу болып қалыпты.
Айырымсыз екеуінің түр-түсі,
Киімі де, кескіні де бір кісі.
—Ойбай, мынау Сина, жендет менмін,—деп,
Қышқырыпты қорқып, келмей тұрғысы.
Ғалисина айтты:—Қара залымды,
Сиқыр залым алдастырып бәріңді.
Алмастырып көз алдымда мен болып,
Айнымайтын суретіме салынды.
Патша айтты:—Кетсін бүгін қайғы-дерт,
Сиқырымен сөнсін бүгін жалынды өрт.
Екеуін де дарға бірдей тартсаңдар,
Бұзылмақшы сиқырдағы барлық шарт.
Бұзылмаса екеуі де құрысын,
Бас қатырмай айтсақ сөздің дұрысын.
Жоғалт көзін, екеуін де дарға тарт,
Бір кісінің тілемей-ақ тірісін.
Салды патша «дұрыс па?» деп қазыға,
Патша сөзін дұрыс деді қазы да.
Қошеметте құлдық қылып ұқсап тұр,
Аңшыға ерген алтын қарғы тазыға.
Екеуі де бірдей жылап жалынды,
—Төкпеңіз,—деп,—менің нақақ қанымды.
Суретіме кіріп алған сиқырмен,
Дарға тартсаң мақұл мынау залымды.
Біреуі айтты:—Жүһа жылан арбады,
Бұдан басқа айтар амал қалмады.
Шын залымның өзін жылдам тарт дарға,
Бұл майданда қалай көпті алдауы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жұрттың бәрі жар шақырып жиылды,
Зор тамаша табылғандай тиімді.
«Осындайдан сақтай көрсін Құдай» деп,
Қара халық Тәңірісіне сыйынды.
Екі жендет жан шошырлық түрінен,
Біреуі ірі емес тіпті бірінен.
Жендеттердің бастығына бұйырды:
—Тілла дарға тарт,—деп,—өзің мұны сен!
Жендеттердің бастығы ірі кісі еді,
Және мықты көзге, көркем мүшелі.
Бастық барып дарға асуға жатқанда,
Ғалисина сол суретке түседі.
Қас қаққанша түсті соның түріне,
Тартылатын екеуінің біріне.
Өзі болып жендеттердің бастығы,
Ана екеуін байлады дар жібіне.
Ойбайлады сонда жендет бастығы,
Артылды деп жауыз сиқыр қастығы.
—Уа, тақсырлар, бұл бәледен құтқар!—деп,
Дат, парияд қып көзінен жас шашты ірі.
Ғалисина бас жендетке аунады,
Патшаның да қаны қайнап қаулады.
—Қалай-қалай былшылдайды, тарт дарға!
Жын-шайтанның бола алмаймыз аунағы.
Бүкіл Мысыр хабарланып қаласы,
Тамашаға жұрттың бәрі барасы.
Ғалисина қолға түсті, өледі
Дегенді естіп зар еңірепті баласы.
Сасқанынан алуашы жүгірді,
Жеңілдеткен қорғаным деп жүгімді.
Ол да өзінше жүре берді бүркеніп,
Хабарды естіп қатты шошып бүгінгі.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ғалисина бастығы боп жендеттің,
Екеуін де тартты дарға «жүндеп» тым.
Қайтып келіп орындадым істі деп,
Рұқсат алды «қызмет бітті, мен кеттім».
Патша рұқсат берді:—Рақмет, бар,—деді,
Мәңгі заман бақытты боп қал,—деді.
—Әміріңізді орындадым, сұлтаным,
Кеттім басқа қызметіме ал,—деді.
Шыға беріп алмастырып келбетін,
Қарап тұрды дарға тартқан жендетін.
Жаны шығып өлгеннен соң білінді,
Көре алмастай зор масқара елге тым.
Екен бірі—жендеттердің бастығы,
Біреуі екен жай жендеттің жас бірі.
Мұны көріп патша-сұлтан өкінді,
Зорайды-ау деп бұл залымның қастығы.
Қуанған ед патша-сұлтан шаттанып,
Құтылдым деп зор бәледен сақтанып.
«Һамайунжан құтылды,—деп,—қырсықтан»,
Отыр еді мәз-мейрам боп баптанып.
Дарға асылып екі жендет өлген соң,
Бас жендет пен жай жендетін көрген соң,
Сақал-мұртын қолмен тарап тістеніп,
Қатты өкініп, қапа болды білген соң.
Қатуланып қабақ түйіп қазыға,
Жаман көзбен қарап айтты жазыла:
—Кітабыңа қарап істе,—деп едім,
Итке ұқсадың—жылмаңдаған тазыға.
Екі адамның қазыларға обалы,
Тура болмай шықты еткен амалы.
Сендерді де тілла дарға тарттырсам,
Болдыңыздар жамандардың жаманы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қазылар бұл сауалға сөз таба алмай,
Ұялып һәм қорқумен қозғала алмай.
Үйіне Ғалисина қайтып келсе,
Алуашы баласы отыр үрейі қалмай.
Келген соң қол алысып амандасты,
Не болып, нелер өтіп—хабарласты.
«Шүкір» деп Ғали бала қуаныпты,
Алдында жылап көзден төккен жасты.
Сонымен кезектесіп күндер өтіп,
Көрінбей Ғалисина серуен етіп.
Зәуқайыр әлдеқалай келіп қалды,
Қазылар отыратын жайға жетіп.
Бұларды шешкен еді арам санап,
Парашыл, қошеметшіл арамтамақ.
Күнәсіз екі кісі өліміне,
Қазылар патшадан соң болған себеп.
Патшаға артқан жаза жеткілікті,
Салмағы таудан ауыр берген жүкті.
Қазылар отыратын келсе жайға,
Мұңсыз боп күліп-ойнап отырыпты.
Ісіне қазылардың тұрды қарап,
Етуге бір масқара көңілі қалап.
Көмекші мүфтиі мен хатшылары
Айнала қаумаласқан басқа да орап.
Бір затты сол сағатта ойына алды,
Отырған тобыменен қазыларды.
Көз көрген адам қайран қаларлықтай
Бұларды бір шерменде іске салды.
Отырған мекемесін ұмыттырды,
Хатшысы әйелі боп күліп тұрды.
Түн болып үйлерінің төсегінде,
Көздерін ұйықтау үшін жұмып тұрды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Еркі бар ер-әйелдің есенінде,
Некелі ерлі-зайып есебінде.
Қазысы хатшысына тырмысыпты,
Ерікті жатқан болып төсегінде.
Ұят деп көрінбепті ымдағаны,
Айтқанын құшаққа алып тыңдамады.
Мажалы қашуына келмей оның,
Наз еткен жұптысындай тырбанады.
Бұл депті көп сөзді қой жетер назың,
Тұрғанда жүйрік аттай келіп сазым.
Алдына салып ұрып істей берді,
Тыңдамай айтқанының көп пен азын.
Көргендер көзіменен қатып қалды,
Қызыққа қатты күліп батып қанды.
Жармасып жанындағы және бірі,
Хатшысын ол да әйел ғып жатып салды.
Біреуі ер, біреуі әйел болды бәрі,
Бітуде өздерінше ойға алғаны.
Сиқырлап сырттан келіп қарағанда,
Мейлінше көріп тұрды масқараны.
Өзінше қазылардың ойлауынша,
Масқара жұмыс емес бүйткен мұнша.
Некелі жұптысы боп бірге жатқан,
Қайтсем де еркім бар деп таң атқанша.
Теп-тегіс көзге түсіп көсіледі,
Меншікті меңгергендей несібені.
Қазылар отыратын мекемені
Үһілеп ентігумен көшіреді.
Қалмастан қарап жатыр халық біткен,
Алапты, айналаны алып біткен.
Астына биігірек басқыш қойып,
Жас-кәрі масқараға қанып біткен.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көргендер күліп көзден жас аққанша,
Қазылар ісін істеп босатқанша.
Көргені көпшіліктің күндіз тал түс,
Қараңғы қазыларға таң атқанша.
Ғылымның құдіретті бұл бір күші,
Берілген адамзатқа ғажап ісі.
Тамаша жас жандарға таңырқарлық,
Мейлінше мекеменің толған іші.
Жалбарып хатшылардың жалынғаны,
Тыңдамай жалбарғанын ғалымдары.
Жынды боп танғансыз ба естен,
Назды қой деп құшады әйел жаны.
Кеңсе[ге] келген жандар арыз беріп,
Келгендер тамашаға тәрізденіп.
Қарасып қазыларға халық біткен,
Тұрысты көбі менен азын көріп.
Қалмаған көшенің де адамдары,
Аралас жақсылар мен жамандары.
Япыр-ай, бұл не деген масқара деп,
Халықтың хабарланды тамам бәрі.
Естілді патшаның да құлағына,
Жайылмай мұнша әңгіме тұрады ма,
Иланбай ұят сөзді айтпаңдар деп
Айтса да, болмады ақыр шыдауына.
Жіберді біліп кел деп біреулерді,
Рас па, өтірік пе олар келді.
Қарауға көпшіліктен есік таппай,
Құралдың күшіменен күштеп енді.
Кеңсенің келсе сасық іші мүңкіп,
Жабыла қазы жатқан қазып үңгіп.
Кеген ер анығына қанды әбден,
Қызыққа терең-тайыз батып сүңгіп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Еш нәрсе көрінбеген көздеріне,
Ашқандай үлкен базар өздеріне.
Жиналған жұртшылықпен жұмысы жоқ,
Керуендей жетпей қонбас өз жеріне.
Айтылып адам айтпас ұят сөздер,
Есітпеген, көрмеген құлақ, көздер.
Кетсе де аспан мен жер аударылып,
Дегенді тыңламайды мұндайды өзгер.
Халықтың болмаған іс арасында,
Мысырдың береке[лі] қаласында.
Патшадан кеген кісі көрді әбден,
Перденің Сина құрған панасында.
Бір кезде Ғалисина жарар деді,
Бұл хабар дүнияға тарар деді.
Пейілі қазылардың нақ осындай
Тарихқа таңба болып қалар деді.
Қазылар сол пұрсатта көзін ашты,
Жиналған көрді сансыз кәрі-жасты.
Орнынан шапшаң тұрып шалт киініп,
Көліктен ырғып түсіп жерді басты.
Қазылар сыр бермепті ұялғаннан,
Тануға мойынға алмай қиялданған.
Көпшілік көзбен көрген тырп еткізбей,
Мойнына қазылардың артып салған.
Бұл істен падиша да хабарланды,
Халық пен қазыларды сұрауға алды.
Көпшілік қазыларды мойындатып,
Өлтірді қан сасытып құрып дарды.
Бұдан соң Ғалисина қайтты үйіне,
Өзінің бұрынғыша жай-күйіне.
Алуашы әр күн кеште қызды алдырып,
Тоймады қызығына жан сүйіне.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алуашы Синаның кеп алды қолын:
—Болсын,—деп,—мәртебелі барлық жолың.
Ғылымның бейне мұхит дариясы,
Шаһлардан сан есе артық алдың орын.
Менің бір сізге айтарлық өтінішім,
Жатса да еркелеймін жетіп ісім.
Күндіз жоқ, түнде ғана дамылдаймын,
Күндіз де түгел болса көңіл хошым.
Ұстазым, сізге оңай, бізге қиын,
Күндіз де болса дайын түнгі сыйың.
Сағынам кеш батқанша келініңізді,
Жалындап ашық оты, ашып миым.
Бір оңай ғылым үйрет көрінбейтін,
Басқаға білінбейтін, берілмейтін.
Отырсам қыз қасына күндіз барып,
Мені—ұлым десең, оны—келін дейтін.
Сина айтты:—Ет қанағат, Ғали балам,
Тұрақсыз ұят іске болма алаң.
Ғаламның барлық мүлкін тұрса да ұстап,
Аждаһа тоймас дұшпан, нәпсі арам.
Деп қанша айтқанменен тыңдамады,
Сина да көп айттың деп құндамады.
Бірақ та түн болғаннан таң атқанша,
Жігіттің ол мақсаты құр болмады.
Дегенмен місе қылмай жігіт түнге,
Қыз дайын тұрса дейді және күнде.
Синаға айтты және:—Үйретпесең
Өлемін сахараға қаңғып мүлде.
Еңкейіп екі аяғын ердің сүйіп,
Ақ жүзі еңкейгенде жерге тиіп:
—Мұхиттың теңізіндей ғылымыңыздан
Бір тамшы бермедіңіз маған қиып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Үмітім еді менің есепсіз көп,
Бір тамшы шамасындай қимадың тек.
Ақыры достығыңның мағлұм болды,
Қасыңда тұрып қалай өлемін,—деп.
Сөзіне шәкіртінің босап еріп,
—Мақұл,—деп айтып салды көңілденіп.
Ғылымның көрінбейтін бір жеңілін
Үйретті тәртібімен сабақ беріп.
—Жүргем жоқ мұны, балам, саған қимай,
Қаупім бар күмпие ме деп ішке сыймай.
Қаңбақтай желді күнгі жеңіл болсаң,
Көзіңнен жас сорғалап тартар шимай.
Болған соң жан аямас өкіл балам,
Өзім де жеңіл тарттым сені сыйлай.
Әйтпесе қыздың айтқан алтын сөзі,
Қымбат зат алар болсақ түгел жинай.
—Мақұл, сөз алдым,—деді,—миға құйып,
Үйреніп үйреткенді ойға түйіп.
«Кахлия, ғылымы ихпа» деген өнер
Адамға көрінбейтін жүрсе сыйып.
Сынады әлденеше жаңылмауға,
Жаңылса арзан емес, қымбат сауда.
Келтірмей бұдан былай патша қызын,
Кеш болса мергеншідей шыққан ауға.
Аттанып сұлуына күйеу бала,
Үйренген аз ғылымын сүйеуге ала.
Түн барып, күндіз қайтып келіп жүрді,
Күйеудей «ұрын барған» мейір қана.
Осының жүрді біраз қызығымен,
Ғылымның көрсетпейтін түзуімен,
Үйреніп түнге ғана місе қылмай,
Мастанды «аз табыстың» қызуымен.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
«Ойнайын,—депті және,—күндіз барып,
Ай менен айналғанша жұлдызды алып».
Кірпікке ғылым сүрме жақты сүртіп,
«Көрінбей барайын,—деп,—күндіз де анық».
Қолына қарады ұстап шар айнаны,
Дегендей көрінбеуге жарай ма әлі.
Айтқандай көрінбепті өзіне өзі,
Барынша түгел тұлға, бар аймағы.
Болды енді көпе-күндіз баруына,
Мейірлеп, күліп ойнап, қануына.
Сабыр ғып отыруға мүмкін болмай,
Бел буды ашық отқа жануына.
Алаулап ашық оты ішке қайнап,
Тәуекел деп өлімге басын байлап.
Дегенмен ғылымына толық сеніп
Келеді көше бойлап, шығып жайлап.
Келеді өзін-өзі көріп қызық,
Көңілі көтеріліп бойы қызып.
Қызды ойлап, терең бойлап, көзі көрмей,
Бір адам қарсы алдынан қалды сүзіп.
Ол адам қорқып қалды таңғажайып,
Алуашы жолдан шапшаң шықты тайып.
«Бисмилла, лә хаула …»,—деп тұра қашып,
Көп жерге барып тұрды бас қисайып.
Алуашы күле-күле кетті жүріп,
Қызыққа өз-өзінен батты кіріп.
Сүйкенбей, бір де адамды сүріндірмей,
Кіріпті қыз үйіне байқап тұрып.
Кіріп барса отыр сұлу төрінде,
Отыруға мүмкін емес көріне.
Ақ жүзіне қыздың қарап тоймады,
Түнде тоймай, күндіз және беріле.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қызыл ерін, алма мойын, нәзік бел,
Солқылдайды салқын самал соқса жел.
Орта бойлы, кішкене аяқ, бота көз,
Ынтығып тұр деуге: «Сәулем, бермен кел».
Мүмкін емес сөйлеуіне тіл қатып,
Түнде де емес ойнауына бір жатып.
Бір кездерде жайды бір қыз дастарқан,
Тал жібектей таза сұлу, тым жатық.
Дастарқанға түрлі тағам төгілді,
Шырын шербет, шарап құйып көңілді.
Неше түрлі тәтті жеміс тамаша,
Алтын қасық тағамдарға көмілді.
Келді бұл да дастарқанның басына,
Гүл һамайун сұлуының қасына.
Көгершіндей өңкей сұлу көк мойын,
Кіріскенде жеуге түскі асына.
Алуашы ұстап бір әдемі қасығын,
Ортасына қасық салып асының.
Қыздар көрді ас көтерген қасықты
Жігіт өзі көрінбейді жасырын.
Ас пен қасық көтеріліп тамаша,
Ас жоғары барып босап қараса.
Қайтып келіп ас көтерген қасықты
Қыздар көріп білді бәрі жанаса.
Қыздар біліп мұнда түрлі сыр барын,
Шығып кетті әшкере етпей сырларын.
Тек оңаша сарай қалып сұлумен,
Жігіт құшты деп сұлуды «гүл бағым».
Қыз да білмей қорқып қалды сескеніп,
Қышқыруға қамданғанда тексеріп.
—Мен алуашы ашығың,—деп тоқтатты,
Сонан кейін дамылдапты ескеріп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Деді сұлу:—Жаным, сүйген ғашығым,
Амал-хайла, әдіс жолда машығым.
«Яки жынсың, я перісің» дегенде,
Шын сырыңды айтпаушы едің жасырын.
Міне, бүгін келдің күндіз көрінбей,
Жын екенің қалды ма енді білінбей.
Не десең де мен бақытсыз бейшара,
Тұрғаным жоқ шашылмай не төгілмей.
Айтты жігіт:—Жаным сүйген жолдасым,
Иланыңыз, көңілің алаң болмасын.
Ашығыңның қасіретіне шыдамай,
Жалыныңа жанып өлер болған соң,
Көрінбейтін ғылым біліп кісіден,
Сол ғылымның келдім қасиет ісімен.
Ақ жүзіңді өлер болып көрмесем,
Жеттім саған ғылым құдірет күшімен.
Ойлады қыз: «Үлкен бәле болды бұл,
Мен бір сорлы ерте солған қызыл гүл.
Әуелінде мені алдырып ғылыммен,
Өзі келді бүгін күндіз беймезгіл.
Бұл бір бәле бақытсызға үлкен сор,
Әскер күші патшалықтың болмай тұр.
Мен бейшара қыз халіммен не етпекпін,
Бұрынғыдан әлденеше болды зор».
Деп басылып сабыр етті ішінен,
Алуашы кеп бұрынғыша ісімен,
Түнгі күлкі аударылып күндізге,
Ойнап-күлді ашықлықтың күшімен.
Болды қызық бұл іс жастық сезімге,
Әрбір маусым мезгілінің өзінде.
Әлденеше мейір тарқап ойынмен,
Қайтты жігіт намаздыгер кезінде.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Деді:—Ашығым, кешке таяу келермін,
Ақ жүзіңді аймалармын, өбермін.
Әрбір түнгі мезгілімде келмесем,
Махаббатың өртеп, жанып өлермін.
Осылай деп қолын ұстап досының:
—Қабылдарсың, есте болсын осыным,
Деп далаға азар шығып қия алмай,
Ұстазына келді бала осы күн.
—Ғали балам, қайда бардың, кешіктің,
Әлде нендей уақиғалар есіттің?
Алуашы айтты:—Көше бойы серуендеп,
Ешбіреуін білгенім жоқ кәсіптің.
Деді Сина:—Емес олай, жас балам,
Хабарсыз деп айтпа өтірік басқадан.
Гүл һамайун ол Мәлике сұлумен
Ойнап-күліп келдің, емес басқа адам.
Қатты ұялып Ғали бала өтінді,
Алдап айтқан лебізіне өкінді.
—Күн батқанша шыдамадым сағынып,
Ғапу ет,—деп шынын айтқан секілді.
—Мақұл, балам, алдағаның кешілді,
Күндіз бардың, місе қылмай кешіңді.
Өстіп жүріп бір бәлеге қалмасаң,
Күндізгі айтқан күдігіңіз шешілді.
Осы бүгін бұрынғыдай кеш болды,
Ай аялап, жұлдыз жиі, кеш келді.
Қырық бұралып қыз да келіп күлімдеп,
Екі ғашық бірін-бірі дос көрді.
Екі жар дос жайнап өскен жайқалып,
Күндіз күлсе, түннің несін айталық?
Патша қыз бен кедей кемпір баласы,
Күнгі-түнгі қалды сыры байқалып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Таң атқанда келді сұлу үйіне,
Қатты қайғы қаптады ішкі күйіне.
Қара түнді қайғы етіп жүргенде,
Күндізіне кеп қалдым жисіге.
Мұның өзі ішке сыймай толқыды,
Ой бір теңіз соғып қайғы толқыны.
Міне, осындай менің жайым болды деп,
Даясына білдіріпті сол күні.
Қыз сөйледі даясына жай-күйін,
Жүрегіме орнады деп қайғы-уайым.
Түнгі-күнгі көбейді деп бәлекет,
Шешті болса жүрегінде көп түйін.
Есіткен бұл қыз хабарын даясы,
Қайдасың деп һамайунның анасы.
Бастан-аяқ болған істі қалдырмай,
Айтты түгел не болар деп шарасы?
Қыз анасы падишаға білдірді,
Күндізінде болған пайда бұл сырды.
«Жығылғанға жұдырық» боп патшаға,
Қайғы үстіне қайғы болды бұл түрлі.
Күндіз түгіл көтере алмай түнгі ісін,
Түнмен қабат күндіз келді бұл қысым.
Ақырында күні-түні қосылды,
Падишаның шығарды әбден бұл мысын.
Патша жылап хабарлады Харисты:
—Ғалымсыз,—деп,—оқып білген әр істі.
Жасыратын сыр қалмады, тақсыр,—деп,
Баяндапты қыз білдірген бар істі.
Әбілхарис патшаға айтты иінін,
—Оңайланып қалыпты,—деп,—қиының.
Бұл жұмыстар ғылымы симия тарауы,
Шешу жақын, ағытармыз түйінін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қызға айтыңыз, хабарласын қыздарды,
Қарамасын салқын жүзбен ызғарлы.
Үйге қамап, сыртқы есікті бекітіп,
Бізді шақыр, көр сосынғы сырларды.
Сол сырларды айтты сұлтан қызына,
Ұғып алып қыздарға айтты қызы да.
Сол түн өтіп, күндізінде келгенде,
Келді күйеу ашығына ызыла.
Махаббатпен ғашық жарлар өбісті,
Денсаулықтың хабарларын берісті.
Гүл һамайун:—Қазір шығып келейін,
Келгеннен соң жасалық,—деп,—жөн істі.
Салдырайық әдемілеп төсекті,
Білеміз ғой ойын-сауық, есепті.
Шешіп тастап барлық киім, жалаң боп,
Жанға жанды тапсырайық пешетті.
Ғали бала үйде отырды көрінбей,
Гүл һамайун сыртқа шығып ерінбей,
Қыздар барып сырттан есік құлыптап,
Һамайун қыз қалды сыртта берілмей.
Алтын сарай құлыпталып сыртынан,
Алуашы қалды бәле құлқынан.
Хабарланып келді Харис, падиша,
Қуанысып қыздың салған құлпынан.
Айтты Харис көп қыздардың біріне:
—Салом жинап сол есіктің түбіне,
Будақтатып, бұрқыратып түтінін,
Су құйғандай бейне түлкі ініне.
Толды толық сарай іші түтінге,
Ғали бала ғашық жарын күтуде.
«Бұл не ғажап, қандай сауда болды?» деп,
Айран-асыр қалып тұрды бір түрде.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алуашы ер сезіп басын шайқады,
Харис пенен басқаларын байқады.
—Ей, опасыз ғашық жарым һамайун,
Екенсің-ау әйелдердің сайқалы!
Бір сұмдықтың негізі деп аңлады,
Сақтанарлық сабыр-тақат қалмады,
Тез қарманып тартып еді есікті,
Анықталды бекітіліп қалғаны.
Жан болған соң жан-жағына жүгірді,
Жәрдем етер жар-жолдастан түңілді.
Бір көзінен жасы тамып, кірпіктен
Ғылым сүрме ағып жерге сығылды.
Қиындыққа соқса тұрмыс өмірді,
Салмақ баспас тоқтатуға көңілді.
Бір көзінен ғылым сүрме аққан соң,
Тең жарымы алуашының көрінді.
Қайран болды жарты адамды көргендер,
Ұстау үшін жәрдемдесіп келгендер.
«Жарты адам да бар екен,—деп,—өмірде»,
Сұрақ берді Харис ерге ергендер.
Айтты Харис сұраушының бәріне:
—Жарты емес ол, бүтін адам әлі де.
Бір көзінен ғылым сүрме кеткен соң,
Бүтін болып көрінеді бәрі де.
Бір көзінен түтін жуып ғылымды,
Тең жарымы сол реттен білінді.
Екі көзден жасырын күш көшкен соң,
Бүтін болып көзге түгел ілінді.
Мұны көріп—бүтін екен, таныпты,
Көрген жандар ажап қайран қалыпты.
Азды-көпті байлап соғып, төмпештеп,
Патшасына айдап алып барыпты.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Мұны көріп қыз әкесі қуанды,
Көңілінен көп қайғыны шығарды.
Келбетіне көңілі тойып патшаның,
Көрген жандар көз жанарын суарды.
Көз көргендер келбетіне таңданып,
Артық біткен әр мүшесін аңғарып.
Қыз һамайун қатарымен екен деп,
Іштерінен алғыс айтты жар танып.
Мұндай жігіт кезіп таппас жер жүзін,
Алты әлемнің айналса да кең жүзін.
—Ат-есімің кім, елің қайда, әкең кім?
Қайдан келдің қаламызға сен біздің?
Жаннан безген және ұятсыз батырсың,
Не еткен шайтан, ар-ұяттан ғапылсың.
Енді бізге келістіріп бер жауап,
Қандай ұры, қайдан келе жатырсың?
Бала ойлады болар жұмыс болғанын,
Әрбір тағдыр жайлауына қонғанын.
«Ғалисина аман қалсын артымда,
Менің енді қуарып гүлдей солғаным».
Тырп етпеді, сөйлеп жауап бермеді,
Айтқан сауал құлағына енбеді.
Қалдырмады қанша сауал әдісін,
Үндемеді келіссе де тергеуі.
Кейде күштеп, кейде айтса да қорқытып,
Кейде айтқызу әдісімен толқытып.
Жүз мың түрлі хайла-әдісін етсе де,
Тұрды бейне өзін-өзі зор тұтып.
Қайран болды көріп тұрған көпшілік,
Тіл-құлағын, ес-ақылын жоқсынып.
Әрбіреуі әрбір түрге мегзепті,
Болмаған соң я бір дыбыс леп шығып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Патша сонсоң шығарды ашу қаһарын,
Айдаһардай шашып улы заһарын.
—Жоймай басын тұрсың неғып, жендеттер,
Өлтір! Өшір! Ашылсын гүл баһарым!
Айтты Харис падишаға, қарт пен жас:
—Ашуыңыз тасты тілген ақ алмас.
Мысыр шаһының қызы сондай болды деп,
Мемлекеттер арасына болды паш.
Егер қазір қолда өлімі, өлтірсек,
Ешкім білмес, айтса сенбес, бітпес кек.
Шаһар халқын жар шақыртып дарға ассақ,
Дүния жүзі хабарланар алғыс деп.
Әне, сонда бүтінделер саясат,
Хаққа тапсыр ол жауызды аясақ.
Есіткен ел, ер мен әйел, барлық жер,
Алғыс айтар тобасына таясақ.
Дегенде көп мақұл тапты осы ойды,
Мысыр шаһар патшасы да қол қойды.
Алуашыны жендетіне тапсырып,
Көңілінен хан ырза боп бір жойды.
Ортаға алып алуашыны көпшілік,
Жан-жағынан орап-қамап, топ жүріп,
Жар таратып дарға тартар майданға,
Саясатпен келе жатты барабанын соқтырып.
Тысқа шығып Ғалисина кісі де,
Тамашалап баудың қалың ішіне.
Жаңа ғана кіргені де сол еді,
Жасыл гүлді назарына түсіре.
Есітілді құлағына барабан,
«Бұл не үн,—деп,—жаңғырығып тараған».
Бір жігіттің күйе жағып бетіне,
Дар астына барады алып бар адам.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
«Бұл не деген екен,—деп,—бір тамаша,
Бұл бейшара қандай жан?»—деп қараса,
Алуашы Ғали—өзінің баласы,
Дарға аспақ білгенінше, қаласа.
Ғалисина мұны көріп болды таң,
«Балам-ай,—деп,—қандай жайға қаңғыған».
Дар астына таянғанда асуға,
Жетіп жылдам жасады амал артынан.
Ортаға алған жендеттердің тобынан,
Аяқ-қолын шырмап, буған торынан,
Көрінбестен ешбіреудің көзіне,
Кетті босап көз ашқанша қолынан.
Қан құмарлар қала берді үйіліп,
Шынжыр торлар шіріп түсті қиылып.
Бұл жағдайдан хабарланып падишаһ,
Сақал-мұртын жүндей түтті күйініп.
Жаман-жаман айтты сөгіс Харисқа:
—Ей, ақымақ, сен сілтедің алысқа.
Егер менің айтуымша еткенде,
Қол жетер ед ар менен кек, намысқа.
Айтты Харис:—Падишасың Мысырға,
Сыйламасаң салар ғылым қысымға.
Сіздік шара ұйықтап жатсам табылар,
Патшамын деп азар беріп ысырма.
Мен тұрғам жоқ сізден өнер аянып,
Ол сырым тұр жүрегіңнен жай алып.
Үш-төрт рет улы тілмен түйредің
Ортасында басшы адамдар, ол анық.
Келіп пе ем мен жүруіме жай таппай,
Келтірген сен менен бұрын, жай жатпай.
Әлемді алған әскеріңе сенсеңіз,
Өкінтпесін тіліңізді шайнатпай.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Әскеріңнің күші бізге құмырсқа,
Бұл да достық бізден сізге бір нұсқа.
Мысыр ханы бұған дәлел айта алмай,
Не дерін де қалды ұмытып, тіл қысқа.
Әбілхарис деді және сұлтанға:
—Алуашыны әңгіме етпе бұл таңда.
Ұстазы оның ұсталмаса пайда жоқ,
Ең қауіпті қамқоршысы тұрғанда.
Патша оған тіл қатпапты өкініп,
Қатты айтуға қауіптеніп жекіріп.
Көңілінен сыртқа сырын сездірмей,
«Ей, ақымақ»,—депті ішінен бекініп.
Енді жайын алуашының айталық,
Дар астынан аман алды қайтарып.
Есен-аман үйлеріне барған соң,
Біраз сырлар тұрды тынып шайқалып.
Айтты Сина алуашы ұлына:
—Талай сөздер айттым өлшеп мұныңа.
Енді ғана он минуттай кешіксем,
Барлық ғылым болмас еді құныңа.
Үйретпеуім—емес еді сараңдық,
Қараңғылық—міне, осындай надандық.
Енді он минут бармағанда кешігіп,
Өз басыңды жойып едің тамам ғып.
Барып қалдым бақытыңа мен шығып.
Сені маған ұл ғып тағдыр енші ғып.
Келмес бұрын сақтанбасаң бәледен,
Табылады қайғы-қасірет, кемшілік.
Көп өкініп Ғали бала жылады,
«Ғапу ет» деп әкесінен сұрады.
Аяғына басын қойып ғалымның
Пендесіндей бағынышта тұрады.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бұдан кейін және біраз күн өтті,
Ұялғаннан жарсыз жалғыз құр өтті.
Ғашық шырмап алған бейне шырмауық,
Жанып бір күн жан-жүрегі дір етті.
Ғашық оты улап өртеп ішінен,
Махаббаттың мәжнүн еткен күшімен.
Жын соққандай отыр еді еңіреп,
Ғалисина кез болды бір ісімен.
Келсе үстіне отыр жылап еңіреп,
Ғашығының атын атап көбірек.
Білмей қалды Ғалисина ұстазын,
«Һамайун» деп ағыл-тегіл егілед.
Айтты ұстазы:—Отырсың,—деп,—не қылып?
Қасіреттің қайғысына көміліп.
Айтты бала ұялса да ылажсыз,
Шексіз қасірет тұрғызбады шегініп.
Деді:—Ұстазым, көптен жарды көрмедім,
Болдым мәжнүн, ажал жетіп өлмедім.
Деді Сина:—Сүрмеңді сүрт, бара бер,
Күліп айтты:—Осы—рұқсат бергенім.
Алуашы айтты:—Бұл науқасым шын менің,
Бұл мазақтың уақыты емес күлгенің.
Жасын сүрткен кісі болып Ғалидың,
Келтіріпті беріп оңай гүлге орын.
Ғашығы үшін қасірет шегіп қайғылы,
Өткен күннің от боп өртеп қайбірі.
Отыр еді ұстазынан тілек қып,
Жалт қараса отыр екен ай-күні.
Ғалисина кетті шығып далаға,
Ғашықтармен бірге отырып бола ма?
Қуаныштың сыйғыза алмай толқынын,
Жас жалындар өбісіпті және де.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Мысыр ханы һамайунның атасы,
Жақсыланған ұйқы, зауқы сапасы.
Қызы кетсе бірге кетіп қызығы,
Қайта орнады қайғы қара қапасы.
Хақ қаласа құтылдық деп тұрғанда,
Бірнеше рет сауық-сайран құрғанда.
Бүгін және «қыз кетті» деп есітіп,
Түсті түбі бейне терең зынданға.
Уәзірлері, басшылары кеңесті,
Ебін тапса ерегісті, егесті.
Алмастырып қызға киім кигізіп,
Кезді көше, үй қалдырмай көмескі.
Бірнеше күн көше қоймай кезіпті,
Көше бойы қора-қора сезікті.
Бір күндері патша қызы бір үйді,
Осы бір үй депті мүмкін кезікті.
Патша-сұлтан ұсынғанда кіруге,
Бүркіттей-ақ жез тырнақпен бүруге.
Әбілхарис ақыл беріп тоқтатты,
Мезгілінде қыз кіргенде білуге.
—Асықпайық, уақыт таяу кеш болар,
Күндіз барсақ пұрсат тауып кес болар.
Келтіретін ұзақ емес мезгілі,
Ұстамасақ еңбегіміз еш болар.
Оған дейін қашағайлау тұрайық,
Сабыр сақтап ақылды аңлап бұрайық.
Мезгілінде қызды ап келіп ендірсе,
Сонда ғана қимыл жасау ылайық.
Бұл тәртіппен кеш болғанша тұрыпты,
Сабыр сақтап қарауылдап жүріпті.
Бөлмесіне кеш болғанша қыз барып,
Мезгілінде дәл осы үйге кіріпті.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қыздың әбден кірген үйін белгілеп,
Болып мықты келейік деп белдірек.
Бара жатыр еді бұлар айналып,
Тәлтіректеу аяқтарға келді рет.
Қадамдары қожасына көнбеді,
Аяқтары иесіне ерік бермеді.
Ере кірді қыздарының ізінен,
Ерекше боп есігінен енгені.
Екеуі кеп отырыпты төріне,
Жасырынсыз айқын көзге көріне.
Көркем жігіт, дәруіш және қыз отыр,
Патша отырды ұлы ашуға көміле.
Ғалисина туысқанын таныды,
Таныса да төзді салмақ сабыры.
Әбілхарис танымады ағасын,
Танымақтың тағы болмай нанымы.
Қуаттары кетті және өзінен,
Сөйленерлік тіл де қалды сөзінен.
Ғалисина алуашыны бұйырды
«Екеуіне алуа қой» деп көзімен.
Ғали бала басын иіп барды да,
Алдарына зер дастарқан салды да,
Алуалардың жақсысынан табақпен,
Құрметпенен тартты ап келіп алдына.
Айтты Сина падишаға бір қарап:
—Қызыңыздың алуасынан ал қалап.
Алмақ түгіл, қанын ұрттап Синаның
Кетпекші боп отырды хан қанталап.
Сөйлеуіне ауызыңда болмай тіл,
Қимылдарға бойда қуат жоқ бүкіл.
Алуасын жемеске де болмапты,
Үш күн бойы тағам татпай жүрген құр.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алуаны асап жеді табақтан,
Ашыққанда түйе өткендей тамақтан.
Екеуі де, әсіресе патша алды,
Артығырақ он екі, он үш қадақтан.
Падишаның маңдайынан ақты тер,
Ойындағы шын талабы кетіп кер.
Айтты Сина падишаға:—Құда боп,
Мынау менің Ғалиыма қызың бер.
Екеуі де қызыл гүлдей жас жігіт,
Екеуі де күндей сұлу бас жігіт.
Мұхамбеттің, мұсылманның дінінше,
Бер балаңды татулықпен тапсырып.
Ашуменен асай берді, тілі жоқ,
Тілі түгіл, шығарарлық үні жоқ.
Келіп отыр қанын ұрттап ішкісі,
Тырп етерлік табанының бүрі жоқ.
Есер патша есі кетіп ентігіп,
Тек өлмеген жаны жасып дем шығып.
Әбілхарис ол да қимыл ете алмай,
Әпсүн оқыр халі тартып кемшілік.
Ғалисина патша сырын байқады,
Кереметті көрсе де жоқ қайтары.
Сөйлесуді керек етпей Сина да,
Және азырақ әрлі-берлі шайқады.
Падишаның ашуы тұр ірімей,
Қолдан келсе шайнамай-ақ тірілей,
Көзін жұмбай қылқ еткізіп жұтпақшы,
Майдаламай, тұтасымен ірілей.
Деді Сина: «Танытайын өзімді,
Беттен қайтпас топастыққа төзімді.
Ғылым құдірет аңлатайын қасиетін,
Ашқызайын,—деп,—ақымақ, көзіңді!»
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қағып алып дастарқаннан шыбынды,
Айтқызайын,—деді,—бәлем шыныңды.
Падишаның киімінен жіп алып,
Жіпке аяғы байлаған соң ілінді.
Ұшырыпты ұстап тұрып жібінен,
Суырып алған киімінің түгінен.
Жоғарыға ұшырған соң шыбынды,
Артылған жіп үзілмеді түбінен.
Харис пенен патшаны оған байлады,
Бір кішкене ағашты оған жайлады.
Бұл шыбынды не қылады екен деп,
Қыз әкесі көріп, қарап ойлады.
Жіп ұшына байлаған ол шіркейі,
Алғыр бүркіт, ақ сұңқардай үлкейді.
Харис пенен падишаны көтеріп,
Кішкене ағаш бөренедей бүркейді.
Бірте-бірте шыбын ұшып жоғары,
Бөрене ағаш бастарына соғады.
Бұлттардан да ұзап әрі алыстап,
Жердің беті түк көрінбей қалады.
Бірде тиіп бастарына, бетіне,
Қан ағызып таңба салып етіне.
Мың азаппен шыға жаздап жандары,
Келіп қонды бір имарат шетіне.
Жан қалмады ұшқаныңда әуеге,
Бір күн, бір түн уақыт өтті әуеде.
Әрі шөлдеп, әрі көлбеп біткенде,
Бір есікке тура келді төменде.
Сол есіктің ар жағына өтіпті,
Жаннатқа ұқсас бір жайларға жетіпті.
Түрлі ағаштар жапырағы жайқалған,
Тамашадай тамылжыған бітіпті.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алуан түрлі гүл шешектер ашылған,
Сүмбіл райхан, хош иістер шашылған.
Бұлбұл құстар, әнші құстар сайраған,
Гүл қалампыр көктен жерге басылған.
«Сыр санаубар» деген түрлі ағашы,
Басы биік, сұлу бойын қарашы.
Жасыл пүліш, жапырағы жайқалған,
Өліктерді тірілткендей шамасы.
Түрлі ағаштың қалампырлы гүлдері,
Қасиетті дәрісі бар түрлері.
Өлген адам тірілгені емес пе,
Екеуінің жазылыпты тілдері.
Әбілхарис патшаға айтты:—Жүр бері,
Біресе әрмен, жалт-жалт басып бір бері.
Бір есіктен шығып және қараса,
Шерменде боп көкке ұшқан жер ілгері.
Әбілхарис жинап түгел ақылын,
Істің өлшеп терісі мен мақұлын,
Танып білді барып жүрген қыз жайын,
Падишаға баяндады ақырын.
—Ей, сұлтаным, зат жоқ қымбат адамнан,
Ғылым жайған басқан әрбір қадамнан.
Осы көрген жай мен жағдай бәрі өнер,
Ғылымы симия, ғылымы кимия саналған.
Бәрін мұның ғылымменен жасаған,
Ойда жоқтан пайда еткен тасадан.
Ана да бір, ата да бір, егіз ұл,
Меніменен бірге туған осы адам.
Жасымыздан бір мектепте оқыдық,
Ғылым-білім жаттап өнер тоқыдық.
Ол бір мұхит бейне теңіз, мен тамшы,
Ол бір сұңқар, мен мысалы кекілік.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Етті ғалым бізді бейне жапалақ,
Бірде әуеге, бірде жерге апарад.
Күмән етем менің туған аға-ай деп,
Ол бір дария, мен бір тамшы шұқанақ.
Осыменен бірге тудым, бірге өстім,
Мектепте де ғылым хикмат бір қостым.
Оған біткен ғылым маған бітпеді,
Болғанменен қан-жаны ортақ ол достым.
Бір туысқан Ибн Сина болса ол,
Нелер Жәмшид, падишаһлар жиса қол.
Намруд, Шаддад, Дәуітұлы Сүлеймен,
Бәрінен де асқан артық күші мол.
Ей, падиша, бұл айтқаным тез емес,
Ешкім бұған теңбе-теңде кез емес.
Ол таныды, танымадым мен оны,
Рас, шын, тек мақтаныш көз емес.
Тәңірім оған берген қиып құдіретін,
Берсе берсін алған күтіп құрметін.
Менің сіздің жәрдеміңе келгенім,
Оның тіпті ашу келтіріпті бір бетін.
Патшалығың сіздің оған бір тиын,
Қаһарыңыз, қадіріңіз, қыртиың.
Менің сізге келгенімді жек көріп,
Танытпай-ақ деген «аздап сілкиін».
Сізге қалжың мұнысы тек әзіргі,
Ойнағаны, шын деп білме әзілді.
Бұл шындаса ахуалыңыз, білмеймін,
Аяғаны сый-сияпаты қазіргі.
Оған сіздің патшалығың—ойыншық,
Мышық пенен тышқан заңлы ойын ғып.
Не қаласа сізге қауіп, қорқамын,
Жайдың оғы бастан түссе жойылдық.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Аяп рақым етсе, мүмкін, қаларсыз,
Қарсылассаң қаһарына қанарсыз.
Мен көтерем сіздің айтқан назыңды,
Не де болса, болар болды, боларсыз.
Ол тұрады, аспан мен жер қиралса,
Жасайды ол нені көңілі ұйғарса.
Кектессе—кек, өштескеннен өш алар,
Жердің жүзі кек ала алмас жиналса.
Патша айтты мұны есітіп Харистан:
—Бағдаттан, сізді алдырдым алыстан.
Өзімменен бірдей ұштың әуеге,
Алғаның жоқ ар мен титтей намыстан.
Басыңды да ала алмадың құтқарып,
Жайың бірдей болып бізбен шықты анық.
Ілтипат қып қарамады Харисқа,
Қайтсе де оны аламын деп сұқтанып.
Үйін, жайын, бәрін білдім көзіммен,
Алуа жедік бірге барып өзіңмен.
Алмадай ғып басын оның алдырам,
Мақтама оны, барлық жайы сезілген.
Деді Харис:—Хан-сұлтаным, өзің біл,
Дұрыс болсын айтқан тура сөзің бұл.
Соны білем, елшіге еш өлім жоқ,
Қаһарман боп бетің қайтпас кезің бұл.
Осы сөзге қаһарланып шыдамай,
Бұйрық берді әскеріне мынадай,
Екі жүз мың әскеріне бұйырды:
—Қамауға алып ұстаңдар,—деп,—қоралай.
Қоршап, қамап алды әскерлер қаланы,
Қала түгіл құтқармастай даланы.
«Пәлен үйде жігіт, дәруіш келсін!»—деп,
Патша-сұлтан ерге жаушы салады.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Келіп олар хабарлады тапсырып,
«Патша ағзам бұйырды,—деп,—басшылық.
Тез болыңыз, киініңіз, тез жүр!»—деп,
Қайраттанып қаһарман тұр қапсырып.
Бұлар отыр әңгімені кең салып,
Жұмысы жоқ тұрғанымен қоршалып.
Асықтырса, сықақ қылып сөз айтты,
Құрметтеген адамдарша қарсы алып.
—Көп тоқталып тұрма, балам, аңырып,
Бәлкім білмей келгенсіз сіз жаңылып.
Үлкендермен жұмысымыз жоқ біздің,
Олар бізді шақырмайды сағынып.
Келген жігіт бұйрығының ісімен,
Құшырланып жалын шығып тісінен,
Ер Синаны ұрмақ болып ұмтылды,
Таяқпенен, бойда барлық күшімен.
Онан бұрын Ғалисина қамданып,
Қолға түскен жыландай ғып арбалып.
Маймыл қылып шынжыр тағып, мойнынан
Ұстап алды, тұрды алуашы таңданып.
Алуашыға айтты:—Титтей қорықпа,
Келсе біреу сөз қайтарма, жолықпа!
Ешкім саған залал етпес мен барда,
Мен маймылды ойнатайын халыққа.
Өзі түсіп басқа түрлі тұрпатқа,
Бейне маймыл ойнатушы тұрпатта.
Қолына алып ұзын қамшы—шыбыртқы,
Маймылды алып шығып кетті бір жаққа.
Маймылды алып ойнатыпты базарға,
Тамаша етті көрген кісі базарда.
Аспанға ырғып, жерге түсіп секіріп,
Ол бейшара қалыпты әбден азарға.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ентігеді демін екі бүйірден,
Тамаша етті базар халқы үйілген.
Маймыл сорлы өкінді әбден сілелеп,
«Кім хабардар менің мұндай күйімнен?
Енді бұдан бір босансам келмеспін,
Өлтірсе де мұның жүзін көрмеспін.
Патшалар да, өз үйім де білмейді,
Келмес пе екен іздеп мені енді ешкім?»
Мұның бәрін айтты маймыл ішінен,
Жан хабарсыз мұның мұндай ісінен.
Патша ағзам және біреу жіберді,
Хабар болмай алдыңғы ол кісіден.
Бұдан бұрын келіп Сина үйіне,
Шыбыртқысын шыпылдатып үйіре.
Ойнатумен отыр еді маймылын,
Келді жендет қамшысын үйіре.
Келді жендет қылшылдатып қылышын,
Көрді ойнатып жатқан маймыл бұл ісін.
Тұрды біраз тамашалап келген ер,
Ғажап көріп істеп жатқан жұмысын.
Бір уақытта үйге барып кірді енді,
—Ей, маймылшы, жендетпін мен, біл!—деді.
Әскер басы қаһар етіп бұйырды,
Айда жылдам, уақыт өтпей жүр!—деді.
Сина оған қарамады назарлап,
Назарын да қондырмады азарлап.
Азарына шыдай алмай Синаның,
Айқай салып:—Жүр!—деді,—тез!—қожаңдап.
Ұрайын деп көтергенде қылышын,
Қызық санап, күлкі біліп бұл ісін.
Өнерменен геже қылды жендетті,
Маймыл мініп ат қылсын деп мұнысын.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Маймылды оған аттандырып шығарды,
Бір тамаша етейін деп бұларды.
Қаладағы халық көріп үймелеп,
Қызық көріп тарқатыпты құмарды.
Патша және үшінші адам жіберді,
Ашуланып жауар бұлттай түнерді.
Бұл келгенді жайғастырды ит қылып,
«Біздің үйге ит болсын,—деп,—бұл енді».
Бұдан кейін екеу келді ақырып,
Қай-қайдағы күш ашуын шақырып.
Бірін аю, шағал қыпты біреуін,
Қазіргі адам болды қазір мақұлық.
Қанша кісі жіберсе де сол күні,
Түрлі түсті мақұлық етті ол мұны.
Базар барып түрлі ойындар көрсетіп,
Толды ақшаға қалтасы мен қоржыны.
Үлкен, кіші, хабарланып бала да,
«Бір маймылшы келіпті» деп қалаға.
Тамаша етіп бола берді ер-әйел,
Әскер қоршап жатыр сырттан және де.
Бұл ғылымның қасиетті істері,
Сонша басым падишаның күштері.
Әскер тақыт бола тұра асықпай,
Тез ұстауға ойларына түспеді.
Ғалым Сина ойларына түсірмей,
Отыр оны өзі орындап мүсіндей.
Сонша сансыз әскері бар патшаны,
Сандыратқан ғылым құдірет күшіндей.
Ғалисина жүр мақұлықты ойнатып,
Кейбіреуін бұлбұл қылып сайратып.
Жұрттың бәрін басын иіп балқытты,
Көңілдерін халықтың хош қып жайнатып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Неше түрлі ойнап жүрген мақұлық,
Жұрттың бәрін ақша аямай сақи ғып.
Мақлұқаттар аяғына бас ұрды,
Күнәмізді кеш дегендей апу ғып.
Ғалисина рақым етіп бұларды,
Бұрынғы адам күйлеріне шығарды.
Патшаңызға айта бар деп бүкпестен,
Аянбастан бассын депті құмарды.
Босанған соң кетті қашқан баладай,
Мойын бұрып арт жағына қарамай,
Келді бәрі диуанбасы басшыға,
Падишасы қаһарланды қаламай.
—Ей, ақымақ,—деді,—сендер надандар,
Не себептен кешіктіңдер, арамдар.
Сонан бері не бітіріп келдіңдер,
Қайда қазір ап кел деген адамдар?
Айтты бұлар:—Жүрдік ойнап базарда,
Қызық бердік, сән кіргіздік базарға.
Кім ап келсін алдыңызға оларды,
Келтіре алмас әскер басы, қожаң да.
Қаһар қылды:—Не дейді?—деп,—мыналар,
Өлтір қазір, ғибрат болсын, асып дар!
Арыз айтты басын иіп бәрі де,
—Еркімізбен ойнамадық, алдияр.
Кереметтей қасиеті оның да,
Құдіреттің күштері бар қолында.
Әр қайсымыз болдық бір-бір мақұлық,
Рақым етіп адам қылды соңында.
Маймыл болдым, аю болдым, ит болдым,
Ісін істеп ықтиярсыз иттердің.
Түйе болдым, өгіз болдым, қой болдым,
Өз еркіммен ойнамадым бүйткенім.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Және сізге айтты сәлем соңында:
«Күші болса аямасын қолында».
Еш нәрсені ойлар кісі ол емес,
Десек мүмкін сізден биік орында.
«Бізде ғылым құдірет күші, ол надан,
Күн сәулесін түн жеңбейді, ол қараң.
Көп-көп сәлем патшаңызға айт,—деді,
Аянбасын істер ісін ол маған».
Мұны естіп ашуланып ақырды,
От тұтанып, оқтай бейне атылды.
Өз еттерін өзі шымшып жұлмалап,
—Бас! Ұста!—деп, әскерлерін шақырды.
Өзі де атпен құралдарын асынды,
Жүрегінен өтіп бұл сөз ашынды.
Ағып өткен арқасынан оқ болып,
Болып кетті көзі отты, жасылды.
Әбілхарис қарап мұның сыртынан,
Мысқылдайын күліп тұрды мұртынан.
Көпшілікке патша айтты:—Не болдық,
Мұнша әскер жия тұрып шылқыған?
Іс көрсетті көзіміздің алдында,
Күндіз-түнде етпегені қалды ма?
Бұл тірліктен өлген артық көміліп,
Бұл күндіз бен көрмей түнді, таңды да.
Әбілхарис айтты:—Тоқтай тұрыңыз,
Ұстамақтан үмітіңді үзіңіз.
Мүмкін емес оны күшпен ұстауға,
Айтқанына тұрып сабыр қылыңыз.
Әскеріңіз бейне оған құмырсқа,
Құмырсқа не жарамақшы жұмысқа?
Патша оған:—Тұр! Шық! Айда кет!—деді,—
Ей, ақымақ, бұл өмірде дұрыс па?
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қызыл гүлім, күндей менің қызымды,
Күн-түн тынбай сабағынан үзілді.
Бұл тірліктен жердің асты құп артық,
Халық көрмей, бассын топырақ жүзімді.
Тұрма, әскер, жайына тез барыңдар,
Саңлақ қоймай қамап, қоршап алыңдар.
Жел жағынан қамыс қойып ініне,
Күл боп кетсін, өртеп отқа жағыңдар!
Мұны естіп әскерінің барлығы,
Күшті ғой деп ханның қаһар жарлығы,
Қаптай жүрді ер Синаның жайына,
Бейшараның не шара деп зарлығы.
Сина біліп, күліп қана мұртынан,
Табар ғой деп, топас патша құлқынан.
Қырық-елулеп, жүздеп, мыңдап, он мыңдап,
Келе жатқан қарсы әскерге ұмтылған.
Аттыға—атты, жаяуына—жаяуы,
Қай түрліге сондай түрлі таяуы.
Қарсы ұмтылып, қатты қырғын басталды,
Болмай титтей бірін-бірі аяуы.
Шаһар іші қан-қырғынға тұтасты,
Жай бұқара жайдан безіп жұтасты.
Ағылған жас, кесілген бас бір тұтас,
Жай халық та жатты тауып шекісті.
Айқай-қиқу жерден көкке жетіпті,
Бас пен кеуде қанмен ағып кетіпті.
Үш күн, үш түн ұйқы көрмей, дем алмай,
Патша әскерін бағынышты етіпті.
Бағынбаған қамалына барыпты,
Қорғанының құлпын іштен салыпты.
Ғалисина әскеріне бұйырып,
Хан қорғанын қамап сырттан алыпты.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Патшасы да сол қамаудың ішінде,
Мардым бітіп, маңыз қалмай күшінде.
Ғалисина елші салды патшаға
Қолға алынған қызулы күш ісінде.
«Қызын берсін осы алуашы балама,
Патша болып тұрар болса қалаға.
Егер қызын бермес болса, оны айтсын,
Қызу үсті күресейік және де.
Төбесіне құлар енді қаласы,
Аластайды жер мен аспан, даласы.
Өз басынан бақыт тәжі құласа,
Көзге түртер халықтың бала-шағасы.
Әлде болса аядым мен ханыңды,
Мыс санаймын сенің алтын тағыңды.
Жан достықпен бер балаңды балама,
Не тәкаппар өртенді отқа, жағылды».
Мұны естіп халық бұқара елдері,
Құты қашып, босап бүкіл белдері.
«Береміз,—деп бәрі түгел шулады,—
Тірлік жақсы, құрып қалсын өлгені»
Мұны естіп Ғалисина әскері,
Көзге түсіп құжыраға көшкені.
Топ-тобымен кіре-кіре таусылып.
«Керек болсақ біз әзірміз, қош!»—деді.
Соғыс бітіп, тынышталды тоқталып,
Жүрген жау жоқ мылтығына оқ салып.
Өліктерді жинап көмді молаға,
Бірін қоймай, бәрін түгел атқарып.
Өлген әскер бәрі түгел мысырлық,
Бұл не деген күшті зорлық, қысымдық.
Санағанда бір де кісі таппапты,
Депті сонда ойға қауіп түсірдік.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Өлген екен қырық сегіз мың азамат,
Тартты көп үй қайғы-қасірет, ғазабат.
Хан қызының құрбандығы болыпты,
Көлем жайып Мысырдағы мазарат.
Бұдан кейін ашты патша кеңесін,
Қояр емес қайталамай егесін.
—Ей, жарандар, бір алуашы кедейге
Қалай берем гүл бағымның төресін?
Патшалықтан айтты мұра уағызды,
Көзінен де бұршақ жасын тамызды.
Дүниядағы падишалар есітсе,
Айтар мені:—Атама,—деп,—жауызды.
Қалдырмастан айтты көпке наласын:
—Қалай күйеу етем кедей баласын?
Кеңес салды Әбілхарис ғалымға,
—Табыңыз,—деп,—негізгі істің шарасын.
Харис айтты:—Айттым талай, бір емес,
Бұл уақиға бүгін болған сыр емес.
Шақыртайық елші салып ғалымды,
Келер мүмкін, оп-оңай ол ұл емес.
Ыңғайына қарай істі білерміз,
Тілге келсе ойға салып ілерміз.
Есі зерек екі кісі жіберсек,
Келер мүмкін, танысармыз, күлерміз.
Әрбір жұмыс жұмсақ тілмен жөнделер,
Қатаң тілмен ақыл, пікір өзгерер.
Бар жақсылық жақсы тілмен жаңарып,
Жайнап, ойнап, жақсылыққа кез келер.
Сөйлесерміз нендей әлде мұраты,
Білісерміз нелер талап қылады?
Диуан халқы, патшасы да «мақұл» деп,
Адам тауып баруды одан сұрады.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Көп ішінде нелер жан жоқ ақылды,
Ғылым-білім, көп білетін нақылды.
«Мүмкін тапсаң, не болар деп мен барсам,
Бересіз,—деп,—бұған қандай фаһимды».
«Барыңыз» деп берді рұқсат кісіге,
Ішпей-жемей ер тойғандай түсіне.
Дүкеніне Әбуғалисинаның,
Есігінен кіруге келді ішіне.
Құрметпенен келіп біреу қарсы алды,
Рұқсат етіп жүруіне жол салды.
Жаннат мысал гүлстан бау ішіне
Кіріп көріп, тамашаға тамсанды.
Ғалисина біліп мұны келерін,
Пайтақыт қып жасап бұрын өнерін.
Мың Жәмшид пен мың Сүлеймен көрсе де,
Таң болар ед келіпті деп кемелін.
Осы айтылған кіріп келді ордаға,
Теңдесі жоқ миллион-миллион ордада.
Тақ құрылған ортасынан орданың,
Мыңнан артық уәзір отыр зор және.
Әрбір уәзір ер Аплатон хакимдей,
Алтын тақыт үстінде отыр іркілмей.
Бір патша отыр ортасында олардың,
Ол Ескендір Зұлқарнайын, Бәкірдей*.
Ақ сақалды, сегіз қырлы киген тәж,
Бейнесі бар жер жүзінен алған баж.
Алтын тілла кемер белбеу белінде,
Кескін-келбет көркем сурет жүзі жаз.
Ғажап таза, хош иісті орын кең,
Кескін, түрін қондыра алман айтып мен.
* Бәкір—Әбубәкір
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Он екі мың Жүсіп заңлы жігіттер,
Белде қанжар оңға-солға бөлінген.
Небір палуан, арыстандай жігіттер,
Наушаруандай, Аплатондай білікті ер.
Екі жақта екі мыңдай елшілер,
Сұлу қыздар қарақат көз, нәзік бел.
Осындай-ақ болар болса саясат,
Деуге болмас бұдан сондай жай асад.
Ең бірінші дүниеде осы пайтақыт,
Жетпес бұған кәміл ақыл-парасат.
Қымбатты зат киген барлық киімі,
Сыпа таза сыпайының биігі.
Мұны көріп келген елші ұялып,
Қайтып кету керек тапты түйіле.
Әрі-бері теңселумен қайта алмай,
Көргеннен соң қалмады бас шайқалмай.
Келгеннен соң шығып кету тағы ұят,
Сандырақтап сәлем берді, айта алмай.
Бұған теңеп өз пайтағын қараса,
Анасынан жаңа туған балаша.
Я болмаса шөп сияқты көрінер,
Айтуыма тілім толық жараса.
Құрмет етіп көрсетті бір орынды,
Ол да айтарлық сан мақтауға толымды.
Шарап берді сұлу қыздар әдеппен,
Он бесінші беттері ай боп көрінді.
Алып ішті тәтті шербет шарабын,
Айта алмады ішпеймін деп жауабын.
Теңдесі жоқ шаһты қалай шақырсын,
Келгеннің де сездіре алмай себебін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Даярланып тұрғанында қайтарға,
Тон менен тәж сыйла депті қайтарда.
«Алып алты, жеген жеті» болмайды,
Тек дәнекердей тілге айтарға.
Жасыл түсті зүбәржат тәж басына,
Қымбат баға жасыл бір тон қасына.
Арқаға тон, басына тәж кигізіп,
Қатты сыйлап қайтарыпты асыра.
Кердең басып қайтты елші мақтанып,
Мақтанып сыр сөйлермін деп ақтарып.
Бірақ енді биік санап Синаны,
Шақыра алмай қайтты кейін сақтанып.
Кердең басып кіріп келді диуанға,
Синаны ертіп келеді деп мейманға,
Отыр еді даярланып қарсы алып,
Сияқтанып алақанға сыйғанға.
Киіп келген алтын тоны бағалы,
Шапан қылып жапқан екен қоғаны.
Киген тәжі қабығы екен қарбыздың,
Таңырқатты ұлы, кіші, ағаны.
Келгенінде күлді халық жабыла,
—Бәрекелді, тоның менен тәжіңе.
Ей, тамаша қымбатты тон, тәж екен,
Барсаң және сыйлар ма екен тағы да.
Десіп бәрі тамаша етіп күлісті,
Үш-төрт сағат әңгімелеп бұл істі.
Барған елші қатты ұялып ісінен,
Баян етті көрген барлық жұмысты.
Есіткендер тұрды біраз таңырқап,
Мысыр шаһы қарсы алмады жабырқап.
Әрбіреуі әрбір түрлі сын берді,
Көрерге тек жай кісі деп қаңылтақ.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Енді бұған кім барады жүректі,
Анау-мынау деп бірқатар күн өтті.
Харисты айтты ақырында көпшілік,
Орынына келтірер деп тілекті.
«Себебі, ол бірге туған туысқан,
Кіндік қанын бір анадан жуысқан.
Еріп келер, өтінішін қайтармас,
Оқып ғылым, ойнап шіркей қуысқан».
Падиша да бұл кеңеске кірісті,
—Достым Харис, сіз тындыр,—деп,—бұл істі.
Білісе алмай жүрген Харис асығып,
—Барайын,—деп,—қарсы алды бұл жұмысты.
Ғалисина жүрген ол да сағынып,
Жолын тауып жетпей жүр деп нағылып.
Осы бүгін анық келер күні деп,
Шықты алдынан жүрек тулап, қабынып.
Бірін-бірі құшақтасты, көрісіп,
Қол алысып, беттерінен өбісіп.
Апу талап етті Сина Харистан,
Келер жұмыс тағдырына келісіп.
Үйлеріне келіп кірді Синаның,
—Кешіріңіз,—деп өтінді,—қинадым.
Көп уақыттар көрмегеннен білмедің,
Жолы мұнша болар ма деп дүнияның.
Осы бүгін екі ғалым білісті,
Кей сөздердің тарауында күлісті.
«Не де болса білместіктен болды» деп,
Екі жүрек демін алып тынысты.
Сый-зияпат болып жатты тамаша,
Бала да кеп қолын алды жанаса.
Келгендігін хабарлады шақырып,
—Қабыл ет,—деп,—көңіліңіз қаласа.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Айтты Сина:—Сенің үшін барайын,
Сен келген соң, бармай неге қалайын.
Әйтпегенде текке керек етпеймін,
Ондай ақымақ патшалардың талайын.
Мен түгіл, ол жайы мәлім саған да,
Тым тәкаппар, тайып жатар табанда.
Оған біраз көрсетерлік сабақ бар,
Тек қайырлы жұмыс болсын қадамға.
Харисқа айтты:—Сіздің үшін барамын,
Алтын әбзел, ат қып мінді таяғын.
Әбілхарис өз атына аттанды,
Патшасына бетті бұрып қаланың.
Қала халқы бұрын білген хабарын,
Құрмет қылып біраз халқы қаланың,
Басын иіп берді сәлем Синаға,
Қабыл алды Ибн Сина оларын.
Саясатпен, әскерімен алдынан
Құрмет етіп ышқынғандай жан бұған.
Патша да кеп жаранымен қарсы алды
«Мархаба!» деп көз көргендер қалды таң.
Көп кісілер шыққан лебіз сөзіне,
Көп кісілер көруге ашық өзіне.
Патша-сұлтан жолдастары құрметтеп,
Үзеңгісін сүртіп, сүйді көзіне.
Қолтығынан қолдап аттан түсіріп,
Кезек-кезек бір-біріне ысырып.
Пайтағына кірді келіп патшаның,
Орын беріп отыруға ұсынып.
Барлық ғизат келді орнына тәртібі,
Яки кемі, болмай яки артығы.
Ғалисина құрмет деді патшаға,
Қызу жүрек, соғып шаттық қарқыны.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ақыл көзбен патша бағып Синаға,
Ғылым кимия иесіне симияға.
Кескін-келбет жаратылған жай кісі,
Теңдесі жоқ ғылым күші дүнияда.
Айтты патша:—Ибн Сина, иа, ғалым,
Көп жарандар жүзінде осы дүнияның.
Сіз де, біз де—көп жаранның біріміз,
Өтеді өмір, көрген қызық бір сағым.
Ғашық болдық көптен сізді көруге,
Құтты болсын қадамыңыз келуде.
Шүкір, қазір дидарласып отырмыз,
Айып етпеңіз, қабылдаңыз сенімге.
Айтты Сина:—Қабылдаңыз айа, шаһ,
Сізден бізге, бізден сізге мархаба.
Біз бір пақыр кедей ұлы, ырзамыз,
Сіз қабылдап алсаң ұлық мәртаба.
Ғалым Сина өзін төмен көрсетті,
Кішіпейіл мысал ойын өлшетті.
Тәтті тағам, шырын шербет өткізіп,
Патша ағзам және бір сөз тербетті.
—Ей, Аплатон, ғалым дана-данамыз,
Айып етпеңіз, сөйледі деп және біз.
Өткен күнде түрлі болған керемет,
Кереметті көрсеткен сіз боларсыз.
Біз пақырың сол көрсеткен өнерді,
Ол өнер бар кеше-бүгін көнерді.
Айтты патша осы отырған мәжілісте,
Көрсетсеңіз осы ерлерге төменгі.
Құдіретті істің бөлшектері қолыңда,
Орындайсыз орнын тауып оның да.
Көз көрмеген сенбейді кейбірі,
Осы бүгін, болса мүмкін, орында.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Көзбен көрсін осы отырған кісілер,
Көзбен көрсе күмән қалмай түсінер.
Тамаша етіп біз де көрсек, тақсыржан,
Көз көргендер көңіліне түсірер.
Айтты Сина:—Басымменен ақтаймын,
Ондай іске, тақсыр, ерттеулі аттаймын.
Құйдырыңыз кесеге су белінен,
Сонан кейін қызметіңе тоқтаймын.
Отырғандар көтеріліп басылды,
—Ой, рақмет! Жасай бер,—деп,—жасыңды!
Орта кесе су да тұрды тақ болып,
—Көрем деген қарасын,—деп ұсынды.
Кесемен су келтіргенде ол құйып,
Орынынан тұрды патша қоңқиып.
Уәзірлері ышқы құмар күлісті,
«Босана алмай жүрген ғой,—деп,—қол тиіп».
Орынынан бірі тұрып уәзірдің,
Патшаға айтты:—Әрне десең әзірмін.
Рұқсат етсең, мен атқарсам қызметті,
Бұл мәжілісте, үстінде осы қазірдің.
Айтты патша:—Қызметіңді даяр ет,
Көргеніңді көпшілікке баян ет.
—Әлбетте, мен солай етем, әрине,
Су ішінен көрсем де мың қиямет.
Қарап еді көрді өзін далада,
Шөл жазира, кең сахара, салада.
Көрсе өзі сұлу әйел суретті,
Мүшелерін түгелдепті және де.
Қауіпті орын қос тізенің арасы,
Бұйырды ойы сол бір жерді қарашы.
Үзді үмітін көріп көзбен анықтап,
Жас келіншек болмаған ұл анасы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қорқып кетті естен қалмай үрейі,
Өкініште қарадым деп бір ойы.
Жан-жағына жалтақ-жалтақ қараса,
Кең сахара көрінбейді қу ойы.
Ойлады ойды бері менен әріден
«Бұған қандай ем қонар,—деп,—дәріден.
Сорлы басым әйеліме немді айтам?
Осынысы қиын болды-ау бәрінен».
Зар жылады «Енді қайда барайын,
Қымбатымды қайдан іздеп табайын?
Өзім тілеп алдым сұрап патшадан,
Не көрсем де айтамын деп қарайын».
Осыны айтып тентіреді бетіне,
Кете берді бетіне алған шетіне.
Жүрегі де қорқақ, нәзік әйелдей,
«Әй» десе егер, жарылғандай өті де.
Қалтасына қолын салса, айна бар,
Көрсе жүзін жұлдыз сүйіп, ай қарар.
«Жігіт адам немді айтам деп кез болса,
Деп келеді ер көрмес жер қайда бар?
Сорлы басым мұнша сұлу болар ма,
Жаман болсам, жан қызығып жолар ма?
Кей жігіттің ит сияқты мінезі,
Елсіз жерде кездестірме оларға».
Сүмбіл шашты, мөлдір көзді балдырған,
Ішпей-жемей, көрсе мейір қандырған.
Қарсы алдынан қара жігіт кездесті,
Ашық болып, күйіп, жанып жандырған.
Әр мүшесі бейне бір-бір адамдай,
Әрбір тісі аузын ашса қабандай.
Бармақтары тырма ағашы секілді,
Тырнақтары темір соқа болғандай.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Аузы ойылып құлап жатқан моладай,
Мойны ұзын мұнарадай, қорадай.
Әр мүшесі түрлі затқа ұқсаған,
Енді айтайын сіздер де қой сұрамай.
Көріп зәңгі судай сұлу қатынды,
—Уа, жарым,—деп оқтай зымырап атылды,
Көптен таппай еңіреп жылап жүргенде,
Өзің таптың іздеп мендей батырды.
Мені, сәулем, келдің іздеп кесеге,
Тілеп алдың өзі көрем десе де.
Кезек бермей өзің шықтың мені іздеп,
Басқалары болса да әлденеше де.
Осылай деп келді жая құшағын,
—Келші-келші, қысып, сүйіп, құшайын.
Ғашық пірі Ләйлі—Мәжнүн жаһанда,
Мен Жүсіпке, сен Зылиха ұқсадың.
Құтқармаймын наз ғып, жаным, қашсаң да,
Жерден—көкке, көктен жерді бассаң да.
Бауырына қысып, сүйіп айтқаны,
Көкті шүйген көгершінім аспанда.
Қашамын деп қоржыңдайды босанып,
Бойындағы бар күшімен жасанып.
Әулиеден, пайғамбардан түк қоймай,
Жалынса да түк болмады қасарып.
Ақырында басты жығып бауырға,
Көздің жасы ұқсап көл боп жауынға.
Енді қауіп жұмысына көшерде,
Жетіп келді ұқсап Сина дауылға.
Зар жылады көріп уәзір Синаны:
—Құтқар мені, мынау бәле қинады.
Деді Сина:—Екі түрлі шартым бар,
Орындасаң орындалар сыйлауы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
—Орындаймын, екеу түгіл, мың шартты,
Құтқар менен ұрғашылық бұл шартты.
Айтты Сина:—Көргеніңді ешкімге,
Білдірмейсің, бірінші шарт—қымбатты.
Екінші шарт: патша қызын балама,
Жәрдемші бол мен сұрасам және де.
Екі шартты паш қып сыртқа сездірсең,
Бұдан жаман тентіретем далаға.
—Мың болса да орындаймын шартыңды,
Мынау зәңгің іс көрсетті әр түрлі.
Құрсын сұлу, келтірерлік күйіме,
Малғұныңның кереметі артылды.
Келіп Сина, ұстап зәңгі қолынан,
Лақтырды жатқан алып жолынан.
Кетті зәңгі көз жетпейтін ұзаққа,
Уәзір шықты шықпас темір торынан.
Тұрып қалды басы біраз айналып,
Аң-таң болып есін жиып, ойланып,
Көзін ашса тас аяққа қарап тұр,
Мәжіліс халқы бұрынғыша жиналып.
Орамалмен сүртті отырып маңдайын,
Бәрі қарап отыр халық дап-дайын.
Емшектерін, әрбір жерін сипалап,
Айтпаса да жақындатты жағдайын.
—Нелер көрдің?—деп падиша сұрады,
Ғалисина күліп мұрттан тұрады.
—Ей, падиша, мыңнан бірін айтуға
Мүмкін емес, қалмады есте тұрағы.
Өзі қайран суда көрген ісіне,
Өкпеледі кескін, келбет, түсіне.
Әлде болса өзіне-өзі сене алмай,
Қарай берді киімінің ішіне.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Біреу айтты:—Мынаны жын ұрған ба?
Біреу айтты:—Енді ұруға тұрған ба?
Біреуі айтты:—Мен қарайын аяққа,
Іркілмейін оны баян қылғанда.
Ол да барып кесе ішіне қарады,
Бұл да көрді біріншідей даланы.
Қандай қызық тамашалар болар деп,
Жан-жағына әбден назар салады.
Өзі кірген суретіне арабтың,
Түсі қара, тұрды біраз қарап тым.
Киімдері пәреленген жыртылып,
Бейшарасы біраз жердегі алаптың.
Алдынан бір қарсы шығып ер түрік,
«Басыңды алып, құртамын!—деп,—өлтіріп,
Қашып жүрген менің қара құлымсың»,
Деп ауыр тас арқалатты келтіріп.
Екі қолын қайырып сыртқа байлады,
Зар-зар жылап, соры судай қайнады.
«Құл емеспін, ұлмын» деп мың айтса да,
Алға салып, таяқ ұрып айдады.
«Мысырда араб патшасының халыққа,
Сол сұлтанға мен уәзірмін анықта»,
Деп жүз жерден айтса нанбай сабайды,
Қу қара құл уәзір болып қалып па.
Түрікке айтты:—Жалынамын, жылаймын,
Құдіреті мұндай етті Құдайдың.
—Бір-бір таяқ әрбір айтқан сөзіңе,
Күнәң үшін соғуыма ұнаймын.
Сөзді қойды «Сөз сөйлесем ұрар деп,
Жанды қинап сансыз азап қылар деп».
Енді басқан әр қадамға бір таяқ,
Соға берді, соға берді құмар боп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Арқалаған арқасында тасы бар,
Әр қадамға ұрып аяқ басылар.
Егер аяқ басылмаса сияғы,
Оңай ғана соғылатын басы бар.
Ақсай-ақсай баса берді аяғын,
Әр басқанда бір соғады таяғын.
Аяғы ісіп басуына жарамай,
Не істеудің таба алмады оябын.
Отырып ед, ұрды түрік басына,
Қарамады көзден аққан жасына.
Шаршадым деп бір ишарат білдірсе,
Тас қосады арқалаған тасына.
Баса алмады қара араб қадамын,
Деп өкінді «Неге суға қарадым?
Құдай менен пайғамбар мен әулие»,—
Деп жалынды «Құтқар, өліп барамын».
Көп кешікпей аяғы ісіп қабарды,
Қып-қызыл қан, баса алмады қадамды.
Өлмесе де өліміне таянып,
Екі көзі, өкпесі өшті, аларды.
Енді ойланып «Жар бол,—деді Синаға,
Жәрдемші бол, шыбынымды қинама».
Сол уақытта Сина түсті көзіне,
Жан табылмай тұрғанында дүния.
Күліп қана Сина көзге көрінді,
—Айтқан сөзің,—деді,—балам орынды.
Орындасаң екі түрлі шартым бар,
Әйтпесе еш бере алмаймын қолымды.
Деді жігіт:—Шарт болса да қаншама,
Екеу түгіл, екі мың шарт болса да.
Орындаймын жаным қалса денемде,
Басты байлап, жолыңызға жан сала.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Айтты Сина:—Олай десең жан балам,
Екі түрлі шартым мынау арнаған.
Бірінші шарт: көргеніңді ешкімге
Паш етпейсің, айтсаң—кеттің дүниядан.
Екінші шарт: патша қызын балама,
Мен сұраймын, көмектес деп, бола ма?
Егер, мүмкін, бұл айтқанға көнбесең,
Бәле табу қиын емес және де.
—Ойбай, тақсыр, жанымменен етемін,
Мың шарт айтсаң, бәріне де жетемін.
Арашала мені мынау түріктен,
Тез болмасаң, арманда боп кетемін.
Ғалисина келді түрік қасына,
Қолдан ұстап, айналдырып басына.
Көзден ұзақ лақтырып жіберді
Талай жерге, таудан-тауға асыра.
Көзін ашып енді жігіт қараса,
Тас аяқ тұр, өзі көрген таласа.
Орынына ол да барып отырды,
Отыр екен етіп халық тамаша.
Айтты патша:—Нелер көрдің кеседен?
Кереметті, қасиетті кеседен.
Айтты жігіт:—Мүмкін емес айтуға,
Таусылмайды ұзақ қисса нешеден.
Айтты патша:—Айта алмасаң болар құп,
Айта аларлық көргеніңді бірің шық.
Жақсы-жаман көргеніңді паш етіп,
Ұмытпастан көргеніңді көңілге ұқ.
Және бірі кесеге кеп қарады,
Шыңырауға зымыраумен барады.
Көктен аққан жерге қарап зымырай,
Бір кездерде жерге аяғын салады.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жер тұтанып, аспан ысып қайнаған,
Құм топырақ жалынданып жайнаған.
Өзін көрсе, суретінде аюдың,
Сөзге келмей, тартып тілін байлаған.
Бұл бейшара бүкшең қағып жүгірді,
Көлеңкелер бұта таппай бүгілді.
Тарбақ тырнақ, жалпылдаған қалың жүн,
Жүруге де халі келмей жығылды.
4400 Жатыр еді, құлағына үн келді,
Жиырма, отыз, қырық шамалы ұл көрді.
Тазысы бар, құстары бар аттылар,
Найза, садақ, құралы бар, білді енді.
Тазылардың өткір тісі темірдей,
Қапса тасты жібермейді жемірмей.
Ә дегенше келіп жетті тазылар,
Кетпейтіндей аю басын кемірмей.
Аю емес, адаммын деп айта алмай,
Адамдарға бір ауыз тіл қайтармай.
«Әлде Құдай не салдың,—деп,—басыма?»
Шұбалаңдап қашты сорлы қайқаңдай.
Атпен қуды кейбіреуі оқпенен,
Иттер қуды жігін жазбай топпенен.
Тырнағымен іліп алып кетуге
Құстар келді қанат керіп көкпенен.
Иттер жетіп, қоңнан тартып жегенде,
«Енді біттім, өлдім, Тәңірі» дегенде.
Ғалисина жетіп келді бір жақтан,
Көктен бүркіт, ит жеткенде төменде.
Ғалисина келіп мұны аяпты,
Жым-жырт қылып қуды барлық саятты.
Өзін және өз күйіне түсіріп,
Шарт айтқызып, тобасына таяпты.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Орындауға антын берді шартына,
Кетсе де деп дарға басым тартыла.
Бір уақытта көзін ашып қарады,
Көзі түсті мәжілістегі халқына.
Алдында тұр су құйылған кесесі,
Аз десең де, көптен артық есесі.
Жүрек лүп-лүп, ырсылдап дем ала алмай,
Көрінулі азаптардың нешесі.
Сөйлеуіне келмеп еді тілі де,
Бітпегендей көп жараның бірі де.
Тұла бойын ұстай берді қолымен,
Келдім бе деп сенбей саулық күніме.
Патшасы бұл тұрғанға болды қайран,
Білмепті қайда барып келген қайдан.
Патшаның өзі орнынан түрегепті,
«Кеседен кетсем де,—деп,—тауып ойран.
Байқайын не де болса өзім көріп,
Қанығып қандай екен көзім көріп».
—Ей, тақсыр, мен қарайын, айтайын,—деп,—
Ұсынды тағы бірі сөзін бөліп.
—Кеңшілік, қараңыз,—деп беріпті оған,
Қарауға бердім,—деді,—ерік саған.
Барлығын көргеніңнің жаттап алып,
Баянда көп алдында келіп маған.
—Айтайын,—деді,—тақсыр, не де болса,
Көргендер айтпайды екен неге сонша.
Көрейін, көргенімді көпке айтайын,
Ішіне тас кесенің кеме қонса.
Үн шықты тез қара деп көпшіліктен,
Көп сөйлеп тамашадан көпті іріккен.
Тезбе-тез көрмеген соң қызығы не,
Осындай мәжілісте бас біріккен.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қарады жігіт суға кеседегі,
Басынан хабары жоқ не кешері.
Көрді өзін шетсіз-шексіз кең сахарада,
Білмеді бұл не ғажап, не себебі?
Күн ыстық, аспан жерге түсер қайнап,
Сыбаға соң келсе де еселеді.
Аң-таң боп, бетін бұрып бір жағына,
Кетіпті мас адамша көшедегі.
Қанаты өткір алмас, болат тырнақ,
Көп бүркіт көктің бетін кеселеді.
Күн быжып, аптап ескен аспан қайнап,
Жан рақат жайлар қалды тұрған жайнап.
«Бұл қалай, ақыр заман кез болды» деп,
Өкінді қарағанға қолын шайнап.
Тарбайтып тырнақтарын аузын ашып,
Бүркіттер бүргелі жүр төбеде ойнап.
Бір бүркіт бүріп болат тырнағымен,
Айбатпен алып ұшты тісін қайрап.
Көтеріп көк жүзіне шығарғанда,
Көп бүркіт ортаға алып тартты тойлап.
Рухы өшіп кетіп зәре қалмай,
Бір түрлі үні шықты қатты ойбайлап.
Екінші тағы бір топ тырнақтылар
Таласып тырнағымен тартты ыңғайлап.
Бір тырнақтан бір тырнақ
Іліп алып тартысты.
Кір шалмаған тың тырнақ,
Әрбіреуі әр түсті.
Көктің бетін сайрандап
Көрді алыстан әр тұсты.
Ақ денесін ойрандап
Азаптады байғұсты.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Тиянақсыз асты жер,
Босап кетсе тырнақтан.
Тәңірім, өзің көмек бер,
Жаз бәлеңнен шырматқан.
Құйылады аспаннан
Жерге қарап жұлдыздай.
Бүркіт жылдам шапшаңнан,
Аққан күймен тұрғызбай.
Біреуінен біреуі
Іліп алып кетеді.
Қабылданбай тілеуі
Тағы бірі жетеді.
Тырнағымен ол да іліп,
Көк перідей тартыпты.
Өндіршектен қондырып,
Көк бетіне қалқытты.
Алмас қанат қаршыға
Алып ұшты ғарышқа.
Қан сорғалап ұқсады
Қатты жаңбыр тамшыға.
Қанқоректі мақлұқат
Қызыл көріп таласты.
Той-той жасап көңілі шат,
Ақ бұлттардан әрі асты.
Шықты жаным, шықты деп,
Жан дауыспен қышқырды.
Табанымен нық тіреп,
Тырнағынан ышқынды.
Біресе аяқ, бір басы
Бұлғалақтап келеді.
Бар салмақпен тұлғасы
Түссе мыж боп өледі.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көктен төмен құлдилап,
Құстар шүйгіп ереді.
Ес-ақылын ер жинап
«Сақта Құдай»,—деп еді.
Келген боймен әуеден,
Түсті шыңырау құдыққа.
Жұмсақ топырақ, түбі кең,
Аман қалды тұрып та.
Әуеден жерге түсті иттей қаңсып,
Қалдырды жанын аман жұмсақ балшық.
Балшыққа белшесінен кіріп кетті,
Алмай-ақ, қалыпты аман, адам аршып.
Бір кезде көзін ашса есін жиып,
Жатыпты бір аждаһа басын иіп.
Белінің иілген дәл ортасына
Түсіпті бұл бейшара көктен шүйіп.
Балшықтан кетпек еді қарғып шығып,
Мүмкін жоқ тұрған жері терең құдық,
«Құдая, кесең құрысын, сақтай көр» деп,
Бейшара жылап тұрды жасын сығып.
Жалтырап маңдайында [екі] көзі,
Аждаһа құшаққа алған белін бүгіп.
Бір жаным мың да болса қалмас депті,
Тістесе улы жылан тілін сұғып.
Жанынан біржолата үміт үзіп,
Бұлақтай көз жасына беті жүзіп.
Әулие, әнбиядан түк қалдырмай
Синаның атағанда атын тізіп.
Көзіне Сина келіп көрініпті,
Зар жылап жігіт жасы төгіліпті.
«Ешкімге айтпа, қызға көмек бол» деп,
Оған да аналардай беріліпті.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ант айтты бес жүз рет, біреу түгіл,
Шықпасқа айтқанынан, етіп қимыл.
Адамға бас кетсе де айтпан деді,
Көмекші боламын деп аса шұғыл.
Ер Сина етті ишарат бармағымен,
Құдықтың жол ашылды бір жағы кең.
Қысылып сол қуыстан азар сыйды,
Өнбойы сойылған құс тырнағымен.
Қараса жан-жағына көзін ашып,
Адамдар қарап отыр жапырласып.
Падишаһ:—Көргеніңді сөйле!—депті,
Орнына отырғанда тізе басып.
Бейшара сөйлеу түгіл дем ала алмай,
Қозғалтпай тұла-бойы оңала алмай.
Жалтақтап жан-жағына қарай берді,
Сөйлеуге жайын айтып жарай алмай.
Ыржиып ғалым Сина миығынан,
Көзінің назар беріп қиығынан.
Бейшара ауырғандай кетті шығып,
Дем алып барып-келіп иығынан.
Патша айтты ауызының суын жұтып:
—Бұл қалай, бәрінің де әлі бітіп,
Қарайды, көргендерін айта алмайды,—
Дегенде тағы бірі келді күтіп.
Оған да «көріңіз» деп берді рұқсат,
«Айта алмай қалмаңыз,—деп,—алдыңғы ұқсап».
Қарапты айтамын деп кесе-аяққа,
Туралап суға нықтап бетін ұстап.
Сахарада көрді шексіз бұл да өзін,
Қиямет күн туғандай алды сезім.
Күн қайнап, от боп жанып, бықсып жатыр,
Берместей ыстығына адам төзім.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көрді өзін тыр жалаңаш жас баладай,
Кең дала бықсып жанған масқара жай.
Сулары қазандағы астай қайнап,
Басарға жай таппады баспанадай.
Жер басып зыр жүгірді, домалады,
Себебі басуға аяқ жарамады.
Балықтай қазанға асқан бітті терлеп,
Қуырдақ демесек те табадағы.
«Сор басым қарадым,—деп,—суға неге?»
Таба алмай жай тұруға, жанға шеге.
Шамалы бір азырақ жер басқанда,
Арыстан көрді алдынан—пілдей дене.
Баладай шықты байғұс жолдан тайып,
Көйлексіз, тыс киімсіз үлкен айып.
Ұмтылды қатты ақырып аузын ашып,
Жануар қанқоректі таңғажайып.
Жүгірді жан ышқымен шығып жолдан,
Сақалды бас аманда берген қолдан.
Қашса да қалай қарап құтыла алмай,
Алуға азар жетті демін зордан.
Ыстықтан дем ала алмай тілі құрғап,
Сағатта сау кісіні бәле шырмап.
Жол таппай арыстаннан құтыларлық,
Тыпырлап жүре берді қарап тұрмай.
Бір кезде кез болды бір терең құдық,
Аяқ күйген құлақты керең қылып.
Алтындай ақ үйден кем көрінбеді,
Құдыққа ұрды өзін кең жай біліп.
Деген ой жоқ құдыққа түссем өлем,
Ес қашып, екі құлақ болған керең.
Жапырақты сол құдықта жасыл дарақ,
Секілді қалы кілем жайған көлем.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жабысып сол дарақтың бұтағына,
Берілмей арыстанның жұтарына.
Қалайда қас бәледен қалыпты аман,
Ұялы ұқсап соның құтанына.
Ағаштың бұтағында алды демін,
Тапқандай аз да болса тұрмыс кеңін.
Отырып сол дарақтың бұтағында,
Құдықтың қарап көрді түпкі шенін.
Жеті басты аждаһа
Құдықтың жатыр түбінде.
Қорықты жігіт бейшара
Жатыр деп қалай бұл інде.
Жеті басты жыланның
Иісі бар ажал түрінде.
Арыстан атты ірі аңның
Әзірейіл тұр түгінде.
Бір кесе су—көз жасым,
Ажалым менің бүгінде.
Өзімде өлім, әз басым
Ашылған гүлдей күнімде.
Арыстан тұр құдықтың,
Шабынып, шығар басында.
Аждаһа тұр жуық тым,
Құлап кетсем астымда.
Жеті басты жалмауыз
Жоғары басын көтерді.
Арыстан ажал қанды ауыз
Қиюға тұр некемді.
Қол басындай қу кесе
Белінен беті су екен.
Минуты ғажап бірнеше
Өмірге құйған у екен.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жоғары шықсам арыстан
Алуға мені күтіп тұр.
Төменге түссем ағаштан,
Аждаһа анық жұтып тұр.
Ағаштың түбін қарасам
Құлауға да таянған.
Тұруды өлмей қаласам
Өлімнен орын жай алған.
«Өлдім» деп, өлуге енді таянғанда,
Ажалдан ақыл хошы жай алғанда,
Әулие, әнбияның бірін қоймай,
Синаның атын атап оянғанда.
Көрінді Ғалисина ер көзіне,
Қысылып, «енді өлдім ғой» дер кезінде.
Синаны көзі көріп «Құтқар!—депті,—
Әкежан, көкежан»,—деп сол кезінде.
Сина айтты ант айтқызып екі шартты,
Артықша мықты бол деп міндет артты.
—Ант түгіл, Құранды да бөлмей жұтып,
Бүтіндей жіберем,—деп көп-көп айтты.
«Мақұл» деп ағашты ұстап Сина күліп,
Еңкейіп сілкіндірді ұстап тұрып.
Аузына түстім ғой деп айдаһардың,
Жіберді жан даусымен бір қышқырып.
Есітті жұрттың бәрі қарап тұрған,
Мәжілісте қарағанын қалап тұрған.
Қараса көзін ашып кесе алдында,
Кісілер шапырлап тұр талап қылған.
Деп айтты демін алып «Сұбхан Алла,
Састы ма, саламат па,—деді,—әмма?»
Падиша:—Елден ерек сен не көрдің,
Көрдің бе артық қызық солардан да?
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
—Падишаһым, мен айтпайын, сен сұрама,
Дүнияда айтып-айтпа жан тұра ма?
Ұмыттым нелер көрдім бәрін тегіс,
Есепсіз, мүмкін емес бәрін әмма.
Қаласа өзі көрсін әркім келіп,
Көруге бәрі мұқтаж берсең ерік.
Падиша тас-талқан боп ашуланды,
Тегінде болса да айтпас түгел көріп.
Уәзірдің қол қаусырып бірі тұрып,
—Алдияр, біз көрсек!—деп айтты өтініп.
Патшаның рұқсат еткен жолыменен,
Қарады тас кесеге мойынсұнып.
Көзіне көрініп ол терең құдық,
Зымырап күмбір-самбыр кетті ұрып.
Құдықтың тереңдігі сол шамалас,
Түбіне төрт сағатта жетті жүріп.
Бейшара қолы жетіп тобасына,
Көрісіп өлдім ғой деп бабасына.
Табаны тиген кезде ашса көзін,
Келіпті зор теңіздің жағасына.
Көк теңіз түбі терең, шалқып жатқан,
Шаршаған күш-қуатын сарқып әбден.
Жан таппай жалтаң қағып жылап тұрса,
Теңізбен көрді бір зат қалқып аққан.
Кеме екен келе жатқан, жақын келді,
Шығуын осы жерден мақұл көрді.
Жеткенде жарға жуық лангер тастап,
Жанына бұл адамның ақыр келді.
Адамдар келгенінде қашты қорқып,
Жүрегі лүпіл қағып жүйткіп, толқып,
Мойнына ұстап алып шынжыр салып,
Және де кемеменен ақты жөңкіп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Теңіздің кеме жүріп бетіменен,
Күн өтті су үстінде жетілеген.
Көкпеңбек көк теңіздің ортасында,
Тау толқын болды желдің лебіменен.
Кеменің толқын тулап бетін басты,
Адамдар ақылы айнып, есі қашты.
Қанатты бір аждаһа пайда болып,
Кемені жұтпақ болып аузын ашты.
Жылады құдайы айтып жұрттың бәрі,
Болмады жалбарынып еткен зары.
Ішінде көп оқыған кісі айтыпты:
—Кеменің тыңдаңдар,—деп,—адамдары.
Кемеге бір адам бар мінген соңнан,
Ерігіп ажал айдап кеген оңнан.
Дәл соны құтқарады салсақ суға,
Наһанға арналғандай қастық жолдан.
Көп айтты:—Ол адамың қандай кісі?
Болыпты суға тастар қандай ісі?
Ол айтты:—Патшаны аяп суға үңілген,
Адамның сор қайнаған маңдайлысы.
Көпшілік:—Таста-таста,—деді,—суға,
Құрбандық ылайықты ондай қуға.
—Не жаздым, айналайын, аяңдар,—деп,
Барынша жылап айтты айқай-шуға.
Бұрылды су жүзіне «қарайын» деп,
«Синажан, енді қайда барайын» деп.
Айтқызып екі шартты алып қалды,
Жатқанда көк теңізге салайын деп.
Жылан да келіп еді аузын ашып,
Аямай көпшілік те құлақ асып.
«Сал-сал!»—деп бәрі шулап жатқанында,
Кез болды Ғалисина ұшырасып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жалынды:—Әкежан, тез құтқар бұдан,
Айдаһар жұтуға тұр жүһа жылан.
Шарттарын бас ұрғызып айтқызған соң,
Жіберді «жұт» дегендей тастап бұған.
Аузына айдаһардың тура барып,
Түскенде жұтуына жылан қағып.
«Аямай бұл да мені жіберді» деп,
Бейшара көзін ашты бұған бағып.
Баққаны көзін ашып кесесі екен,
Өзінің тілегінің есесі екен.
Уәзірлер патшалар мен отыр қарап,
Манағы мәслихаттың көшесі екен.
Сұрады:—Баянда!—деп,—көргеніңді,
Көңіліңді көргеніңе бөлгеніңді.
—Ойбай, тақсыр, өлімге барып келдім,
Аз тұрсам, көріп едің өлгенімді.
Ұмыттым нелер көрсем, бірі де жоқ,
Келмейді аузымды ашсам тіліме дөп.
Падиша ақырында өзі тұрды,
Өкпелеп көпшілікке қойғандай шек.
Отырған мәжіліс халқы тұрды қарап,
Ғылымның бұл өнерін ғажап санап.
Кесеге өзі барып қарағанда,
Еш нәрсе көре алмапты қадағалап.
Синаға жауап айтты патша күліп:
—Еш нәрсе көре алмадым назар қылып,
Дегенде падишаға айтты Сина:
—Қараңыз ынталанып, мықтап тұрып.
Сонымен назарлапты патша барып,
Бар болса көрмек болып мейір қанып.
Қараған орта кесе—құдық екен,
Үш күнде азар барды оқтай ағып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Құдықтың күмбірлеген түбі терең,
Шым батып сүңгіп кетіп шығыпты әрең.
Асылып ернегіне тоқтап тұрып,
Тайғанап тағы тайып, түсті төмен.
Тайтаңдап тоқтай алмай кетті батып,
Тырмысып және қалқып, жанын сатып.
Шалт шығып, шалқасынан түсті және,
Қақалып су жұтады бұрқыратып.
Құдықтың және шығып кенеріне,
Мүмкін жоқ тұруына кемеріне.
Қырық-елу бар күшімен батып шығып,
Күмәнсіз көзі жетті өлеріне.
Сол күн түн тырбаңдаумен таң атқанша,
Титықтап ерте күні ел жатқанша.
Су жұтып сан мәртебе сарсылды әбден,
«Уай, өмір, өттің бе,—деп,—қас қаққанша».
Еңбек қып ернегіне асылады,
Қалтырап сұлу суға бас ұрады.
Суық су сырқыратып сүйектерін,
Шырқырап шыбын жаны шашырады.
Ін болды екі көзі үңірейген,
Қармақтай белі иіліп бүкірейген.
Су жұтып, әр шомылып шыққанында,
Қалқыпты қалмағандай рух үрейден.
Қарады жоғарыға көзін салып,
Аузынан түстім ғой деп өзім анық.
Жұлдыздай құдық аузы көрінеді,
Таянды өлуге де аштан қалып.
Ойлады маған арнап сол кесені,
Сыбаға қойған екен сан еселі.
Жүргенде осы жүз мың азаппенен,
Жылады екенмін деп жан кешеді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Баласы адамзаттың қысылғанда,
Таппаса көптен көмек ұсынғанда,
Көзіне әлі жетіп, жасын төгер,
Оң ісі теріс кетіп ұшынғанда.
Болса да пайдасы жоқ, тұрды жылап,
Тәңірден бір жаны үшін жәрдем сұрап.
Бір шелек сол уақытта сылдыр қағып,
Байланған қауға жіппен жетті бір-ақ.
Кезінде суға батқан жылдам барып,
Шелекке құрбақаша мінді барып.
Тырмысып екі аяғын салды ішіне,
Шап етіп қауға жіптен ұстап алып.
Шелекті салған адам сыртқа тартып,
Аузына шығарғанда қайраты артып,
Жіберді қорыққанынан тағы тастап,
Сарқыды сан азаппен суға малтып.
Өзінің қожасына жігіт барып,
Айтқан соң естуінше біліпті анық.
Сене алмай осы антұрған не дейді деп,
Құдыққа бес-алты [адам] келіпті алып.
Жеткенше олар барып патша сорлы
Тартты азап, батып-шығып әрлі-берлі.
Сайланып сары азамат сақ боп келген,
Шектенбей шек қойса да шелек берді.
Тақсыр хан, тақ ие тағы барды,
Қауғаны хан болса да қағып алды.
Шелтиіп шелегіне мініп алып,
Қатты ұстап қауға жіптен, қатып қалды.
Қалдырмай қағып алды ханды сыртқа,
Қалай да қайыл болып қалды жұрт та.
Жалаң бас, жас баладай жап-жалаңаш,
Құдықтан қолмен тартып алды ымыртта.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жалаңаш хан қараса көзін салып,
Адамдар тартып алған—әскер анық.
Күн көзі, айдың асты әскер екен,
Көлемі көп күндік жер жатқан алып.
Соғылып дүңк-дүңк соққан барабандар,
Жеті қат көк жүзіне тараған жар.
Ойлады: «Жер-жүзінің әскерлері,
Бір жерге жиылған,—деп,—бар адамдар».
Әскерлер сұрап мұның жай-жағдайын,
Білуге сұрағанда етіп пайым.
Тіліне бірінің де түсінбепті,
Таң болды әрбір тобын көрген сайын.
Түрлері әскерлердің тіпті бөлек,
Аттары, адамдары елден ерек.
Алтын ер, аспабының бәрі де асыл,
Бойлары адамының бір бәйтерек.
Аттардың бәрі тұлпар, аса биік,
Шаңырақтай тұяқтары қойған құйып.
Жүз кезден қолдарында болат найза,
Асынған саржа садақ айша иіп.
Әрбірі сауытының түймелері,
Диірмендей тау-тасынан алған қиып.
Патшаңыз жаңа туған жас баладай,
Су тартқан шелегіне кетті сыйып.
Әскерлер кеш болған соң құрып шатыр,
Ән, өлең, күй, түрлі ойын болып жатыр.
Патшаны шатырына отырғызып,
Беріпті түрлі тағам балдай татыр.
Падиша бейнет тартып, азап шеккен,
Өзінше түскеніне көп күн өткен.
Дем алып тамақ тойып, ұйықтап қапты,
Жылынып тыр жалаңаш тоңған әбден.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бір кезде бас көтерді көзін ашып,
Үстіне күн тиген соң шұғыла шашып.
Тозақтай жердің жүзі ысып кеткен,
Мысалы, қайнағандай өрт тұтатып.
Үстінде құрған асыл шатыр да жоқ,
Сан әскер, сән-сәулетті батыр да жоқ.
Далада от қайнаған жалғыз жатыр,
Пияндай ұйықтап қалған тақырға кеп.
Патшаңыз жынды бопты қалып аң-таң,
«Бір түнде қайда кеткен мұншама жан?
Қалғанмын мұның бәрін қалай білмей,
Шықтым ба адамдықтың қатарынан».
Барады құмға күйіп қадам басса,
Жан сақтар жақсы жай жоқ бұдан қашса.
Күн батты бір кездерде ұясына,
Күн қатты суық болды, шұғыла батса.
Күндізгі күйген аяқ тоңды түнде,
Түнде мұз, қатты жанса жалын күнде.
«Кеседе әкем құны бар ма еді» деп,
Қайғы ұрды қарағанға қатты мүлде.
Синаға қапа болды қарысқанға,
«Не қылдым жықпаған соң алысқанда.
Егер де бұл бәледен бас құтқарсам,
Шегер ем дос боп рақат данышпанға.
Берер ем малым түгіл жанымды да,
Аямай бақыт, дәулет, малымды да.
Не пайда рақаттың дәптерінен,
Ат-есімім өшірілді менің жүдә.
Айрылдым жора-жолдас, бақытымнан,
Патшалық бақ ұлығы—тақытымнан.
Өзімді от ішіне тентіретіп,
Қызымды болса мүмкін келін қылған.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ойлады не бітірем отырғанда,
Түн суық, тынық аяз бұл тұрғанда.
Жылынар тұла бойым қатты жүрсем,
Дер бірақ көз көргендер құтырған ба.
Таң атар, жердің жүзі және қайнар,
Жер күйіп, дем алғызбай дала жайнар.
Пайда жоқ жүгіргенмен көлеңке іздеп,
Табылмас аяқ пісер тұрар жайлар».
Жүгірді жол іздеуге оңға-солға,
Үндер көп қорқынышты тағы да онда.
Көзіне қай-қайдағы зат елестеп,
Тағы бір зат көрінді барар жолда.
Көзінен жалынданып от шашырап,
Көргенін жаман күнде кім жасырад.
Қандай зат, қандай сурет бұл бәле деп,
Жүрегі бірде тулап, бір басылад.
Қиямет қорыққан жанға қараңғы түн,
Тарылып осы бүгін әлем бүтін.
Көрінді айбаты аса бір дәу адам,
Аузынан от, мұрнынан шыққан түтін.
Бейшара тұра қашты мұны көріп,
Бүруге жеткендей-ақ ажал төніп.
Жөнелді бір жағына жолды тастап,
Әзірейіл ұстағандай іздеп келіп.
Жөнелді патша жөңкіп қаша-қаша,
Артынан қалмай бәле аузын аша.
Жылтырап жанып тұрған зат көрінді,
Астына бір төбенің жақындаса.
Қуанды көрінген шам ауыл ма деп,
Келдім ғой ажал алыс ауылға дөп.
Екі дәу адам етін отқа қақтап
Кәуап қып, отыр екен қуырдақ жеп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бейшара алға келді, арттан қорқып,
Жүрегі аттай шауып, тулап толқып.
—Мінеки, жаңа келді несібеміз,–
Деп дәулер алдын ала шықты жортып.
Алдымен ұстай алды бірі келіп,
Соңғысы тұра алмады оны көріп.
Жабысты ол да келіп оң жағынан,
—Бөлісіп аламыз,—деп,—кесіп, жұлып.
Дауласып екеу ара жанжалдасып,
Даурыққан дауыстары әуеге асып.
Соңғысын алдыңғысы жұдырықтап,
Біреуін алып ұрып, бірі басып.
Екеуі жатқанында төбелесіп,
Бас-көзін қанға бояп, шегелесіп.
Жөнелді патша қашып бір тарапқа,
Құтылып, өле жаздап, өкпесі өшіп.
Бейшара қаша-қаша кетті ұзап,
Құтылып көп бәледен құрған тұзақ.
Құлады өле жаздап орманға кеп,
Жай тауып бір көлеңке жанға мінап.
Аз ғана жатып көзін іліндірді,
Дем алып, рақаттанып тыным қылды.
Бір кезде көзін ашып, көлеңке іздеп,
Тағы бір қорқынышты шыжым кірді.
Дірілдеп, қорыққанынан әлі қашып,
Жабығып жалтара алмай қалды сасып.
Себебі жеті басты бір аждаһа,
Аузынан айбаттанып жалын шашып.
Көтеріп ол аждаһа алды басын,
Жұтуға патшаңызға тігіп қасын.
Әр баста жарқыраған жалғыз көзден,
Хан тартты қайғы-бейнет сахарасын.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жалтарып бір жағынан бір жағына,
Жай қарап құтылуға бір жанына.
Қалмады хан бойында қасықтай күш,
«Өттім,—деп,—ол дүнияның ар жағына».
Шыңғырып патша жылап бар даусымен,
Аузынан от шығарып тартқанда дем.
Аждаһаның тау болып жанған өрті
Орманды түгел алды айнала кең.
От шырмап айналасын алды қаптап,
Падиша аман қалу жанды жақтап.
Үйітіліп шаш-сақалы жанып кетті,
Тек басын ұлы дене қалды сақтап.
Жылады патша зарлап басын қойып,
Тіршілік қызықтарын ойдан жойып.
Әулие, әнбияның бәрін атап,
Соңынан Синаны айтты әбден мойып.
Көрінді от ішінен Сина келіп,
Шырқырап шырын жанын қинай келіп.
—Кірлеген адам атын һей, рақымсыз,
Осынша қорладың ғой азап беріп.
Сина айтты:—Көрсең де сен қаншама азап,
Тәубаға бір келмедің, ол бір ғажап.
—Ынсапсыз, рақымсыз алдымен сіз,
Мені сен азарладың итше қажап.
—Әлі де балама сен қызыңды бер,
Болмаса не жасармын—жүзімді көр.
Өзіңді-өзің таппай жоқ боларсың,
Онан соң қызың түгіл ізіңді көр.
Жай қандай осы күнде, күшің қандай,
Емес пе есіңді жын ұшырғандай.
Айрылып ел-жұртыңнан, тыр жалаңаш,
Жоқсың ба жүдеп тұрған ұшынғандай.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Зар жылап патша сонсоң иіп басын,
Көзінің бұршақтаған тыйып жасын,
Жалынып «беремін» деп антын айтты,
Қыз түгіл, өзінің де қиып басын.
Бұдан соң Ғалисина имканға кеп,
Бір кесе қойған еді су әзірлеп.
Сол суды падишаның шашты үстіне,
Бұрынғы қалпынша отыр көз ашса тек.
Тас кесе су құйылған алдында тұр,
Адамдар қарап түгел қалпында отыр.
Бірі әйел, біреуі аю, біреуі араб,
Әрқайсы «болдың ба?»—деп айтып жатыр.
Падиша тұрды өзінің орынына,
Бар мүшем, бар ма екен деп толығында.
Қараса Ғалисина отыр күліп,
Сыр суы толмағандай тобығына.
Қанша айтса да бір елдің патшасы ғой,
Айтпай-ақ байқай қалды оны бұ да.
Тең келмес теңесуге таразысы,
Тақ тұрды тәнті болып енді, жүдә.
Дем алып отырған соң орынына,
Патшаның халық қарап порымына.
Кескіні онша тәуір болмай қалған,
Деп күлді «келмей қапты қонымына».
Патшаға отырғандар қойды сұрақ:
—Уа, тақсыр, нелер көрдің, сөйле азырақ.
Өтініш отырғандар еткенменен,
Бермепті патша жауап оған бірақ.
—Болдың ба,—біреуі айтты—қара араб,
Кім алды бәлелерден арашалап?
Падиша ақылымен аңлап білді,
Айтар деп, өз көргенін әркім қарап.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бұдан соң патша басын төмен салып,
Отырған мысалында ойға қалып.
Бір кезде жылы жүзбен Синаға айтты,
Әдемі ауызынан сөз шығарып:
—Ғылым иесі, әй хаким, ғалым заман,
Бейшара пақырыңа дәйім һаман.
Бәлелер шұқырында сергелдең ғып,
Көп бейнет сахарасында еттің паған.
—Бұл жөнде қалай мақсат-мұратыңыз,
Білмедім іс көрсету құмарыңыз.
Бірнеше күндер бойы тарттым жапа,
Рақым ет, осы біздің сұрағымыз.
Сина айтты:—Мархабатты патшамыз,
Жауап бұл біз турадан сұрасаң сіз.
Бір сағат толар-толмас уақыт өтті,
Отырған көптен сұра нанбасаңыз.
Дегенде:—Рас,—деді отырғандар,
—Ей, шаһым, ол туралы не күмән бар.
Кесеге қарадың да қайта отырдың,
Ғылымда екен құдіреті күшті ықтияр.
Патша айтты:—Ғылымда екен ықтияр көп,
Мен көрген уақиғаның есебі жоқ.
Әуере менің бүгін болғаныма,
Биллаһи, бара жатыр алты күн боп.
Мен көрдім мың машақат жан көрмеген,
Көрмек түгіл, ойға да еш келмеген.
Барлығын көргенінің баяндады,
Рухым қалды менің тек өлмеген.
Отырған қайран болды көптің бәрі,
Адамда болмас асқан бұдан әрі.
Дегенде көпшілікке айтты Сина,
Отырды әдеп сақтап жас пен кәрі.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
—Ей, шаһым, мақтадыңдар көңілді аулап,
Лап ұрып мақтанудан біздер аулақ.
Сіздердің бәріңіздің көргеніңіз,
Теңіздің тамшысындай—білсең ойлап.
Айтудан ғылым өнерін мынау мақсат,
Азар іс ақырет беру емес жақсы-ақ.
Бойынша уәдеңіздің лебіз еткен,
Айтылған бұлжытпастан іздеп тапсақ.
Беріңіз баламызға балаңызды,
Айырымсыз әділдікпен адам ізгі.
Мен баймын, анау пақыр, кедей демей,
Қосалық жолдас етіп ұл мен қызды.
Менмендік—ақымақ ісі, тәкаппарлық,
Мазасыз мақтаншақтық, есі кемдік.
Әлемде ең жақсылық дос көбейту,
Соның біз осы өмірде көбін көрдік.
Менменнің көп болмайды жар-жорасы,
Арзандар мақтаншақтың қымбат басы.
Кедейлік, байлық—ердің пейілінде,
Дос болар кеңпейілдің дұшпан-қасы.
Бұл сөзге отырғандар салды құлақ,
Бәрі де шын риза болып тым-ақ.
Патшасы түрегеліп қол қаусырып,
—Таныдық,—деді,—сізді, ғалым шырақ.
Береміз балаңызға баламызды,
Жинадық басқа ақыл-санамызды.
Жасайық той жабдығын даярланып,
Ұзаққа соза бермей арамызды.
Бұл сөзге Ғалисина құлақ қойды.
Аударып бір жайлы ғып ақыл-ойды.
—Рақмет, даярлан,—деп,—той жабдыққа,
Көтеріп өз үйіне келді бойды.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Келсе бұл, алуашы ұлы отыр жылап,
Көзінен көл дариядай ағып бұлақ.
—Уа, балам, бұл не қасірет, не болды?—деп,
Жағдайын жақсы таппай білді сұрап.
—Ғалижан, сау тұрғанда менің көзім,
Жылайды жас тамызып неге көзің?
Бір сенің адал жүрек басың үшін
Мысырдың патшасының бердім қызын.
Ал енді болдың, балам, неден мұңды,
Сенің бір ардақты етіп көңіліңді.
Айт маған қасіретіңді қалдырмастан,
Сен үшін көптің мойны омырылды.
Синаның екі аяғын сүйіп бала,
Аймалап қол қусырып алдын ала.
—Мен сізді біраз болды кешіккенге,
Көп бейнет көрдің,—деді—маған бола.
Алмаймын керегі жоқ ханның қызын,
Басыңа кір келтіріп, әке, сіздің.
Суыттым ғашығымнан көңілімді,
Мың артық хан-сұлтаннан басқан ізің.
Сина айтты ашып жаны баласына,
Енгізіп күшті шаттық санасына:
—Сол қызды алып бермей жүре алмаймын,
Мысырдың айқындалдық қаласына.
Некелеп Мұхамбеттің дініменен,
Жұпты ғып, әйел етіп шыныменен.
Ырза боп әкесі де бермек болды,
Ант беріп аузын ашып тіліменен.
Сабыр ет, енді балам, біраз күнге,
Достасып келдім қазір құда түрде.
Келтірмей кешқұрымды қоя тұрсақ,
Болмайды қиындығы оның бір де.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Мұнымен өтіп кетті бірнеше күн,
Патша да демін алды осы мазмұн.
Қолынан Ибн Сина құтылған соң,
Оңаша Харисты алды патша бір түн.
—Алдырдым, Харис, сені Бағдаттан,
Жер жарған даңқың шығып әрбір жақтан.
Он болып бір-бір қайғым артып кетті,
Үндістан және барып бұл тараптан.
Қазынадан көп қаражат шығарылып,
Көңілден кете ме деп мұң арылып.
Атымды масқара ғып еттің бәднам,
Жын соққан мәжнүндердің сыңары ғып.
Жоқтығы өнеріңнің мәлімденді,
Қолыңнан іс келмеуін әркім көрді.
Өзіммен бірге көрдің көп машақат,
Қорыққаннан туысым деп тұрсың енді.
Білмеймін келешегім не боларын,
Өтірік, емес сенің ол туғаның.
Қызыңды балама бер деп қоймайды,
Өзіне айтса мүмкін ықтиярым.
Өзіне мінап еді сұрағанда,
Мінәсіп болатұғын ұнағанда.
Есітер құлаққа да қолай еді,
Бер деп тұр жан білмейтін бір адамға.
Ол өзі пақыр малай, алуашы,
Бойында қасиеті—алуасы,
Бай емес, ғалым емес, хаким емес,
Көрінед жетім бала сын, расы.
Емес пе есі барға бұл бір қорлық,
Қыз берем жалаңашқа қалай қор ғып.
Сенің де қасиетің жоқ қолдан келер,
Болып тұр сен турадан мұнша кемдік.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Егер сен туысқаны болсаң оның,
Осынша батырмас ед маған қолын.
Патшасы бір мемлекет бола тұрып,
Малайға барып қызым таппайды орын.
Патшаға Әбілхарис берді жауап:
—Өзіне болар еді,—дедің,—сауап.
«Бай болса, берер едім ұлға» дейсіз,
Бар болса, берер болсаң көңіл дауап.
Синаға түсіндірсек айтып мұны,
Бай қылса оған оңай, өнері ірі.
Ғылымның құдіретімен әскер жасап,
Сансыз мал жеткізуге осы күні.
Жетеді ғылым күші қиналмай-ақ,
Орнына ашқан аузың жиналмай-ақ.
Күйеуге ылайықты қызмет етсін,
Жайына барған мейман сыйғандай-ақ.
Жүз мың қой, керек десең он мың жылқы,
Мың құндыз, үш мың түйе, қырық мың түлкі.
Өзіңдей алуашыны патша қойса,
Шек қоймас Ауған, Иран, Араб, Түркі.
Егер сен мойынсұнбай, болсаң қарсы,
Өнерсіз айтқаныма құлақ салшы.
Жер жүзін жалғыз өзің билесең де,
Ол теңіз, сіз жаңбырдан жалғыз тамшы.
Бас иіп уәде бердің көз көргенде,
Түзелдің қисайғаннан тез көргенде.
Қазірде көзден таса болғаныңа
Сүйенсең, жұрт күлмей ме өзгергенге.
Екінші, ғылым-құдірет қолында бар,
Түзеліп қалмайсыз ба кез келгенде.
—Ей, тақсыр, ешкім оған бермес төтеп,
Патшалар бәрі тәнті сізден өңге.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сыпалық, адамгерлік жолыңменен,
Не жетсін лебізіңе жол бергенге.
Басына айтқан ақыл ем болмаған,
Жалтару жас баладай келмес жөнге.
Бұл сөзге Мысыр ханы ашуланып,
Қан қайнап, жан жүрегі кетті жанып.
—Ей, арсыз! Ей, қайратсыз! Ей, намыссыз!
Түк келмей өз қолыңнан қойдың қалып.
Мынау ғой шын айтқанда сөздің нағы,
Оның да таймай тұрмас бастан бағы.
Қолымнан түк келмейді демейсің бе,
Жөн айтсаң, сөз көбейтпей онан дағы.
Әуелде Бағдаттан келгеніңде,
Ақтарып ғылымыңды көргеніңде,
Жақсы атпен мен баламды бермес пе едім,
Қолымнан іс келмейді дегеніңде.
Тартқызып осыншама жәбір-жапа,
Көрсетіп тірі көрім, қайтпас қапа.
Жалынып қыз берем бе қорқып одан,
Әлемге масқара боп таппай опа.
Онан да өлген артық адамдықпен,
Он артық мәймөңкеден өлім күткен.
Мемлекет қарауында сиқырларын
Шақырып алдырыпты қоймай тіптен.
Харисқа ілтипат қып қарамады,
Халықтың қатарына санамады.
Халықтан Әбілхарис қатты ұялып,
Көңілі бос жүруді қаламады.
Шерменде жұрт алдында болғанына
Қиялын ұят, намыс қамалады.
«Ұялған—қарап қалмас» дегендейін,
Синаға арнап пікір тағы алады.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
«Қолыңнан түк келмейді» деген сөзге,
Ашуы намысымен келіп көзге,
Бір нәрсе ер Синаға жасау үшін,
Асығыс бір жағдайға кірді лезде.
Синаның жасап қойған хабаршысы,
Бар еді көре алмайтын ешбір кісі.
Аузынан қас еткеннің шықса бір үн,
Хабарлау Синаға оның еді ісі.
Сондықтан ауызынан үн шығармай,
Қысылып, қымтырылып, тұншығардай,
Деді де «бұл қорлықтан—өлген артық»
Отырды бір орынға күн шығармай.
Өнердің аузы ашылып буған қабы,
Ғылымның кереметтей жанған шамы.
Жасады келістіріп алтын монша,
Баяғы сияқты етіп Бағдаттағы.
Отырып бір тасада көрінбеді,
Көрінбей отырудан ерінбеді.
Жайылып монша даңқы қаланы алып,
Көрді елдің есігі мен төріндегі.
Бұл хабар есітіледі Синаға да,
Ғалиды қасына ертіп Сина және.
«Моншаға түсейік, һәм көрелік» деп,
Екеуі келді—Сина, Ғали бала.
Ойлады жасаған деп Әбілхарис,
Қас қылмас туысқан деп, емес таныс.
Моншаға жуынуға келіп түсті,
Ойлады қолдан келмес адамға алыс.
Симияның күші екенін анық білді,
Жасаған Харис қой деп қанып тұрды.
Сөйтсе де жылдам шығып күмәнданып,
Кетуге киінуге ылаж қылды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Өзіне берді Сина өзі кеңес,
Қолынан адамзаттың бұл іс келмес.
Көңіліне бір қорқыныш енгендей-ақ,
Суық зат «тұр, киін»,—деп етіпті елес.
Киініп келді монша есігіне,
Қауіп қып аялдамай кешігуге.
Сол секунд Әбілхарис пұрсат тауып,
Қолданды ғылым күшін өшігуде.
Қараса жан-жағына Ғалисина,
Кең сахара—көрмеген басқа дүния.
«Бұл қалай қадиса?» деп қалды қайран
Хаким тәбиб, иесі ғылымы симия.
Сина айтты тамаша етіп өзіне-өзі,
Дүнияны басқа түрлі көріп көзі:
«Біз мұны басқаларға сатушы едік,
Бізге де кезек дүния келді кезі».
Айтылған мысалдар бар нақылиятта,
Жақсылар жол көрсетіп жазған хатқа.
«Қағылар өз есігің»,—деген екен,—
«Қақпасын көршілестің қатты соқпа».
Бой жазып салды назар жан-жағына,
Бұрылып бер жағы мен ар жағына.
Бұлдырап көз ұшында көрінді тау,
Көрінді етегінде үлкен қала.
Бет қойды Ғалисина соған қарап,
Қаланы көрейін деп бір аралап.
Киімсіз жап-жалаңаш көрді өзін,
Бір затты киім қылды ұят санап.
Ол заты алжапқыш ед алдын жапқан,
Моншаға түскенінде алға тұтқан.
Ғылымның қасиетімен киім қылып,
Қалаға жетті шаршап жол ұзақтан.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қаланың келді кірер қақпасына,
Шаһардың кіре беріс нақ қасында
Бал салып кітаппенен отыр біреу,
Ақы алып әр кісінің бас-басына.
Сина да кезегімен айтты келіп:
—Бізге де қалай болар айтсаң көріп.
Бетіне тура қарап айтты ол кісі,
Мысқылдап, күлімсіреп жауап беріп.
Деді ол:—Біреу тойып, біреу тоңып,
Дегендей, секіреді біреу толып.
Сен, балам, тойып әбден шеннен шыққан
Екенсің, бағың бәлант, тұрмын көріп.
Ғалымсың, артылуда бағың бастан,
Адамсың өнерің көп әдден асқан.
Отырсың шүберекті киім қылып,
Әйтпесе ыстан да жоқ жалаңаштан.
Ол ерге айтты Сина:—Деме олай,
Мен де тек кісі емеспін саған қолай.
Бір елдің, мемлекеттің патшасымын,
Байқап айт, түсінбесең жайым солай.
Синаны мұрттан күліп етіп мазақ:
—Кескінің келген екен, жігіт, ғажап.
Патшеке, әскерлерің қайда сіздің,
Ат та жоқ астыңызда, бұл не азап?
Сөзіне оның айтқан ашуланып,
Жібергенде бір рет әпсүн салып.
Айбарлы қаптады әскер сахараны,
Шаһарға жетіп қалған дабыл қағып.
—Әскерім, міне мынау менің келген,
Талқандап жеткен жерін шауып жеңген.
Қараса, нанар-нанбас назар салып,
Қаптаған қалың әскер қашты көріп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қорқып кеп патшасына хабар берді,
Сиқыршы патшасы бір адам еді.
Аты, есімі Дақиянұс—үлкен сиқыр,
Тәңірі боп бағындырған қала, елді.
Аты еді бұл шаһардың Қалумбия*,
Жария жер жүзінен алған ұя.
Бұл емес тарихтағы ол Дақиянұс,
Бұл да бір еді бірақ биік қия.
Есітіп бұл хабарды ол сұм, залым,
Қажырлы құралының жиып бәрін.
Синаның қақ алдынан қарсы шықты,
Пәрменде барлық күшін жиып қалың.
Синаның хабарланып ісіменен,
Сияқты сол атақты кісі деген.
Шаһарға жетіп еді Сина әскері,
Жасалған ғылым симия күшіменен.
Сиқырмен жасады әскер бұл да келіп,
Қайнады құмырсқадай әскер өріп.
Синаның әскерлерін күл-талқан ғып,
Пенде ғып ордаға ап келді өзін жеңіп.
Синаны келтірген соң ордасына,
Жолықты келмей қайтсін молдасына.
Екенін ғылым сиқыр сонда білді,
Келген соң Дақиянұс дәл қасына.
Сина айтты:—Көп дұшпаны, ей, сен малғұн,
Көңіліңе мен туралы сен нені алдың?
Керегім, айтшы, қанша менің саған,
Әуелде сезбей қалып, жаңа қандым.
Ол айтты:—Әуелінде қалсаң сезбей,
Ер білмес ердің жайын жаһан кезбей.
* Қалумбия—Колумбия Республикасы
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сен кімсің, ат-затыңды айт, келдің қайдан,
Тәңіріңнен мен сияқты қашып безбей?
Сина айтты:—Пендесімін мен Құдайдың,
Ол айтты:—Мен Тәңіріңмін, құшақ жайдым.
Кел, мені Тәңір деп біл, маған табын,
Қашаннан мен Тәңіріңмін әлемге айқын.
Сәжде ғып, Тәңірім деп біл, мені танып,
Болмаса күл қылармын отқа жағып.
Әлемге дастан болып атың қалар,
Кел тағы жүрем десең тірі қалып.
Сина айтты:—Қаратарсың атаң басын,
Ізімнің жерге басқан дәражасын.
Қасынан Дақиянұстың ғайып болып,
Жасырынып жатты ескі жай панасын.
Жоқ болды ғалым Сина көз ашқанша,
Сұрауға жауап беріп сөз ашқанша.
Ұстазы екен депті сиқырлардың,
Ол енді өкініпті қолға ұсталса.
Әр жерден әрі-бері хабарлады,
Хабарлап қарағанмен таба алмады.
Бар еді Жәлүт деген күшті шәкірт,
Шақыртып Дақиянұс алдына алды.
—Тез соны тауып кел!—деп,—берді бұйрық,
Өзіңнің амалыңа мін,—деп,—жүйрік.
Егер де оны тауып келтірмесең,
Алқымнан өлесің!—деп,—қаның құйылып.
Жәлүт тез алдиярлап басын иіп,
Іздеді ықшамданып күшін жиып.
Синаны жасырынған орынынан,
Ұзамай тауып алды құстай шүйіп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Синаға сәлем беріп келді кіріп,
Жіберген патшаны айтты бұйрық қылып.
Сина айтты:—Жұмысым жоқ патшаңменен,
Өзің де кет,—деп айтты,—жылдам құрып.
—Теріс сөз айтпа,—деді Жәлүт сонда,
Айда, тұр орыныңнан, қарсы болма.
Сина айтты:—Ердің сөзі бір болады,
Кет өзің, ақымағың жоқ сенің мұнда.
Жәлүт айтты:—Бармасаң, күштеп сені
Ап кетермін күшпенен, таны мені.
Сина айтты:—Енді, малғұн, көп сөйлеме,
Аяма, істер болсаң әлденені.
Алып кет әлің жетсе күшіңменен,
Өзіңнің қолдан келген ісіңменен.
Ал енді айтты Жәлүт:—Күш көрсетем,
Екенсің нағыз надан түсінбеген.
Жіберді сиқыр жасап ашуланып,
Өрт қаптап, қашар тесік тұрды жанып.
Сина да ғылым жолын жасап еді,
Жанған өрт көл боп кетті сөніп қалып.
Жәлүттің бір сілкіді ұстап қолын,
Басынан кетті ауысып ақылы оның.
Қараса бір уақытта көзін ашып,
Сүңгіп жүр дария ішінде алып орын.
Жасады қанша сиқыр Жәлүт шіркін,
Таппапты ол дариядан шығар мүмкін.
Су жұтып сан жүзсе де шыға алмады,
Соңында құтылудан үзді үмітін.
Ол дария—дариясы еді, дария-ай Оман,
Ахуалы амал тауысып болды жаман.
Синаға ақырында бағыныпты,
«Сақта,—деп,—бұл дариядан мені аман».
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жылады Жәлүт сонда шын жалынып.
—Көндім,—деп,—айтқаныңа шын бағынып.
Шынымен берілгенін біліп Сина,
Азаптан құтқарыпты мейірім қылып.
Сина айтты:—Әй, Жәлүт, бір сөз саған,
Мойныңа ал екеніңді бұрын надан.
Бұрынғы Дақиянұстың жолын тастап,
Қайтпас ант, шартыңды айтып беріл маған.
Жәлүт ер берілді әбден шыныменен,
Өзінің азаматтық құныменен.
—Рұқсат, жайыңа бар қайт,—десе де,
—Кетпеймін өмір бойы,—деді,—сенен.
—Бар!—деді Ғалисина,—жанымнан кет,
Өзіңше туып-өскен жеріңе жет.
—Кетпеймін, айырылмаймын,—депті Жәлүт,
Өмірше бір боламын, мархабат ет.
Екеуі ұйықтап қалды бина ішінде,
Ақшам боп айналғанда алды түнге.
Ол малғұн Дақиянұс тауыпты іздеп,
Ашумен даярланып қатты мүлде.
Ер Жәлүт жатқан еді есік жақта,
Үстіне келіп жауыз сол уақытта.
Жәлүттің басын кесіп өлтіріпті,
Өзінің дәл орнында жатқан шақта.
Қырық кісі Ғалисина етіп өзін,
Ғылыммен Дақиянұстың байлап көзін.
Дақиянұс Сина қайсы таппай тұрды,
Шаппақ боп бір қимылдар тапса кезін.
Дақиянүс сайланып тұр қылышты алып,
Қырық Сина жатыр бірдей тынышталып.
Дәл қайсы нағыз Сина екендігін
Біле алмай, таң боп тұрды дұрыстанып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Дәл қайсын өлтіруін тұрды білмей,
Ойлады: «Тұрмайын деп енді іркілмей,
Енді өзім не болам,—деп қауіптенді,
Өлтіріп жібермесем бәрін бірдей?»
Түс көрді сонда Сина ұйықтап жатып,
Қатты ұйықтап шаршаған соң қалған қатып.
Түсінде алуашы Ғали бала
Шыға алмай тұңғиыққа жатыр батып.
Түсінен оянып Ғалисина
Сиқыршы Дақиянұсты білді танып.
Байқады енді ғана оянбаса,
Тұр екен жіберуге қылыш салып.
Қамданып, амал жасап Сина бұрын,
Жоқ қылды Дақиянұсты жұмсап ғылым.
Жәлүтті өліп жатқан дәпін етіп,
Мысырға таң атпастан жетті бүгін.
Дақиянұс есін жинап біраз жатып,
Ақылын өткен іске таңырқатып.
Ешкімге ар-намыс қып айтпапты еш,
Ұяттың дариясына терең батып.
Ал енді тұрсын бұлай Ғалисина,
Дегендей Мысыр келді есің жина.
Патшадан Харис пенен хабар айтсақ,
Аударылып кете қоймас, шіркін, дүния.
Синаны Әбілхарис адастырып,
Жағдайын айтқан күнмен жанастырып,
Патшаның пайтағына кіріп келіп:
—Жауыңнан келдім,—деді,—халас қылып.
Түп-түгел отыр еді әркан дәулет,
Келер деп кек алуға қалай нәубет.
Даладан, хан сарайға Харис келіп,
Мәжіліске кіріп қалды сәнді сәулет.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Падиша түрегеліп беріп орын,
Құрметті тәртібімен алып қолын.
—Қалайша ол жауыздан құтқардың?—деп,
Түсіндір,—деді сұрап,—барлық жолын.
Қалдырмай айтты Харис өткен істі:
—Сіз үшін орындадым бұл жұмысты.
Туысқан ана сүтін бірге еміскен
Болса да, батырдыңыз тіл қылышты.
Шыдамай тіліңіздің уыменен,
Мысырдың Әбділмәжит туыменен,
Өшірдім, өлтіргем жоқ ер Синаны,
Көңілімнің қаз-үйрегін, қуы менен.
Шаттанып Әбділмәжит тұрды біраз,
Көңілдің қысы кетіп, орнады жаз.
—Алуашы—асылы арам жауыз сұмды,
Тез тауып келтіріңдер, тоқтамай аз!
Жіберді «тауып кел!»—деп көп жендетті,
Жендеттер желдей жылдам жеделдетті.
Падишаһ Харисқа айтты:—Алуашыны
Не жаза береміз?—деп кеңес етті.
Патшаға кезегінде айтты Харис:
—Бітірдім бір жауыңды, қайтты намыс.
Не етсең өзіңіз біл алуашыңа,
Мен біттім, ол жағынан тұрдым тыныш.
Есітіп бұл жауапты патша-сұлтан,
Бұйырды жендеттерге етіп пәрмен.
—Тауып кел, өлтіртеміз ол жауызды!
Ар, ұят, кек пен намыс, бітсін арман.
Есітіп бұл хабарды алуапүріш
Бейшара халге түсті, болмай дұрыс.
Қашудан басқа түрлі ылаж таппай,
Хабарсыз жасырынды, шашпай дыбыс.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Дегенмен іздесе де табылмады,
Жарамай еш нәрсеге жабылғаны.
Өйткені Синадан ол Ғали бала
Үйреніп жасырынуды қабылдады.
Ғалиды жендеттері таппаған соң,
Тақ болмай таппағаны жақпаған соң.
Харисқа Әбділмәжит тағы өтінді,
Өзінің татқан тұзын ақтаған соң.
Ылажсыз мақұл алып Әбілхарис,
Қарады барлық жағын келіс-барыс.
Бір бұзып рәмилін, бір түзетіп,
Хабарлау ақырында болды табыс.
Жендеттер айтқан жерден тапты барып,
Сүйретіп алып келді шынжыр салып.
Тірілей жеп қоярға отырғанда,
Алдына ұрып соғып келіпті алып.
Ашумен алуашыға патша қарап,
Көп сөгіп улы тілмен, иттей талап.
—Ей, залым, мені әлемге шерменде ғып,
Жабысқан жаныма от, болдың талақ.
Мен енді неден сені қоям тірі,
Ақымақ, сен бақытсыз қашқан қыры.
Бетіне қара қазан түп күйесін
Жақтырды қарғаудың ең күшті түрі.
Мойнына ғазабат қып іліп құрым,
Үш мезгіл ертең, бесін, кештің құрын.
Көшеге дабыл соғып шақыртты жар,
Әйгілеп біраз жерге өлім сырын.
Көзі ала, жүзі қара бір топ жендет,
Рақымсыз түсі суық ұрып, тергеп.
Жеріне дарға тартар келтіргенде,
Патшаға Әбілхарис айтты жөндеп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ұсынды:—Сабыр ет,—деп басын иіп,
—Ей, шаһым, ойла кеңнен, есің жиып.
Келгенше Ғалисина зынданға сал,
Тірілмес алсаң басын мойнын қиып.
Өйткені Ғалисина тірі болса,
Оп-оңай бізге жақсы болмас онша.
Тек сіздің көңілің үшін еттік бір іс,
Білмеймін келетінін жүріп қанша?
Патша айтты Әбділмәжит Харис ерге:
—Болды жай-жағдайымыз таныс елге.
Синаның ахуалаты не болды екен,
Бар ма өзі, жоқ па әлде жуық жерде?
—Мақұл,—деп Әбілхарис алды тілін,
Бір бұзып, бір түзетіп рәмилін.
Әлемнің алты тарап барлық шеңбер,
Қыдыртып серуендепті дүния түбін.
Тексеріп Әбілхарис ғылым жолын,
Жағдайын іздей берсін қарап оның.
Сина да Мысырына келіп еді,
Босатып Дақиянұстан тартып қолын.
Ғалиды дүкенінен таба алмады,
Дерегін есік құлып ала алмады.
Дүкеннен таппаған соң, үйіне кеп,
Есігін қағып сырттан хабарлады.
Анасы тани кетіп, есікті ашып,
Көзінен құшақтады жасын шашып.
Синаға бала жайын мәлімдепті,
Басынан ақылы ауып, есі қашып.
Жылады Ғалисина баланы аяп,
Ақ жүзін көзден аққан жаспен бояп.
—Уа дариға, қалдым ба!—деп,—обалына,
Болдым ба өлім себеп жанға таяп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ғалидың айтты анасы сол сағатта:
—Пайда жоқ тек жылаған машақатта.
Жендеттер жаңа ғана алып кетті,
Дәл қазір барсаң, аман бұл пұрсатта.
Бұл сөзді есіткен соң Ғалисина
Ойлады есін жинап ақыл-хайла.
Қаншама шақырғанмен бір болмады,
«Кел,—деді,—енді оның жанын жина».
Ашумен патшаға арнап жасады гүл,
Өлімнің түсі көркем дәрісі бұл.
Патшаның Мысырдағы пайтағына
Жіберді гүл көтертіп сатушы ұл.
Ол уақыт емес еді гүлдің айы,
Қалмаған жаз бен күздің ешбір жайы.
Гүлді алып пайтағына келіп кіріп,
Патшаға қарап жылы тұрды райы.
Келді ол гүл сатушы болып түсі,
Сатушы деп ойлады барлық кісі.
Патшаға дәстүрінше дұға оқып,
Болды оның алсаңыз деп ұсынысы.
Қасында Әбілхарис рәмил қарап,
Білуге Сина жайын етіп талап.
Қасында падишаның отыр еді,
Келді деп хабарлауға жуық жанап.
Жанынан алуапүріш үміт үзіп,
Көзінің омырауға жасын тізіп.
Гүлді алып патша сұнды Харис ерге,
Қызығып алды Харис көзі қызып.
Гүлді алып «жарықтық» деп көзі қызып,
Рәмилін қоя тұрып жатқан сызып.
«Тамаша жақсы екен» деп иіскегенде,
Еңкейіп марқұм болды жанын үзіп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Әуелде патшаға деп арнағаны,
Себеппен Харис болды қармағаны.
Қармағы оңға деген солға түсіп,
Түсіріп ажал оғы арбап алды.
Таң болып қалды патша ғажап қайран,
Кесірі Харисты ұрып тауып ойран.
«Уа, дариға, тағдыр кілті таптады»,—деп,
Қайғы уы қайтты қаптап күн мен айдан.
Ақылын басқа жинап етті сабыр,
Патшадан болмады деп оған жәбір.
Жәбірді жағамын деп жақын болып,
Өзінен себеппенен шекті жәбір.
Осыны кәміл ойлап түзу тапты,
Қайғы ұрып патшасы да қапа тартты.
Қайғымен қаласына қара байлап,
Қадірлеп үш күн, үш түн азалапты.
Бұл іске сабыр етіп Сина ғалым,
Ғалидың қамқорға алып қандай халін.
Жасырып халық көзінен ғайып етіп,
Саламат алып қалды шыбын жанын.
Қасиеті тату досқа сағынғанның,
Арасы батқан күн мен атқан таңның.
Көрмесе көз көргенше есептеліп,
Көргенде жылатады ышқы жанның.
Табысып күндер өтіп бұлар көптен,
Бірнеше күндіз, неше түндер өткен.
Татулық, тәтті жүрек толқын атып,
Жыласып кездескенде жасын төккен.
Алуашы айтты өкпе, наз ғып,
—Біз сізге айтыңызшы нелер жаздық?
Хабарсыз қау дұшпанға кеттің тастап,
Зәредей болмаса да бас араздық.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Егерде кешіккенде енді сағат,
Жеріне жетіп еді жан аманат.
Мен сізден мұндай мінез күтпеп едім,
Бірнеше кетті күндер түнмен қабат.
Көзінің айтты Сина жасы жүзіп,
Сөйледі сөз гауһарын жіпке тізіп:
—Күшімен ғылымы симия Әбілхарис
Қаңғыртты туысқандық жолын бұзып.
Қалмады еш қиындық мен көрмеген,
Мұндайға туысқаным тең көрмеген.
Һәлакат сахарасына тентіретті,
Ұшырадым бәлелерге ел көрмеген.
Басыма келді талай ажал төніп,
Қалардай шам-шырағым жанған сөніп.
«Бас қайғы байтал түгіл» борасында,
Тірілей қияметті келдім көріп.
Ғалидың мұны естіп анасы да
Кездесіп амандықпен баласына.
Қуанып, есеп сансыз етті шүкір,
Қамқоршы қауышқан соң панасына.
Ал бұлар барды өзінің үйлеріне,
От басы аман шаттық күйлерінде.
Гүл де жоқ, гүл келтірген бала да жоқ,
Айрылды оқ тигендей сүйгеніне.
Патшасы мұны көріп басын шайқап,
Қалпына қайғы толды білді байқап.
Бармағын қатты тістеп от боп күйді,
Қаласын қиратқандай жау кеп жайпап.
Қайғы ұрды патша түгіл басқалар да,
Істерін есі болмай басқарарға.
Алуашы алып келген қараса жоқ,
Қане енді кімді тартар, асса дарға.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бұдан да патшасына барды хабар,
Құрыған алуашыны қайдан табар.
Гүл де жоқ, гүл ап келген бала да жоқ,
Орынсыз өкінгенмен кімдерді обар.
«Кімде-кім осыларды тауып берсе,
Алдыма тауып алып айдап келсе,
Беремін көтергенше алтын, күміс»
Десе де, табылмады ешбір нәрсе.
Қандай ғып қараса да таппай хабар,
Болмапты жасаса да сансыз амал.
Сина аман келгендігін кәміл білді,
Деп айтқан Әбілхарис «ақыр табар».
«Уақытша адастырдым, аз күн кетер,
Өлген жоқ, тірі кісі ақыр жетер.
Өлтіртпей алуашыны қалдырғанда,
Өлтірсең,—деген еді,—түбі қатер».
Қатесіз сол айтқаны анық болып,
Қалыпты Ғалисина бүгін келіп.
Өлтірген өз інісін рақым етпей,
Дүнияға тірі қоймақ бізді нағып.
Бірқатар күш-құдірет Құдай оған
Беріпті, тегін сыйлап аяп соған.
Қалайда қарсылықпен қарамасқа,
Хабарлап жәдулерін жиды тамам.
Жоқ жерде Әбілхарис кетті өліп,
Синаның сұмдығымен ажал келіп.
Бір мәрте маған бола құртып еді,
Ғылымның күшіменен мұны жеңіп.
Басына бұл бәледен жетіп өлім,
Жан берді құрметімде тұрып менің.
Харистың қабірі деп жай салдырды,
Қадірлеп зиярат қып жатқан жерін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ал енді жаңа келген Ғалисина,
Білсе де қанша өнер ғылым, хайла,
Сұм өлім ақылынан алжастырып,
Харистан қалды кейін бұл дүния.
Үш-төрт күн Ғалисина тұтты аза,
Інісі Харис үшін болған қаза.
Бұл үшін сабыр етіп жинады есін,
Қай түрлі жеткізуде жауға жаза.
Ақылдан алжаспады жинап тағы,
Керек деп абыройдың әрбір жағы.
Харисты зорлап құл ғып жасатқан жоқ,
Өзіне тағдыр себеп, өз обалы.
Одан да падишаны хабарлайын,
Өлімді жеңген күш жоқ етіп уайым.
Жаны үшін айтқаныма бас имесе,
Ажалы қиыны жоқ қолда дайын.
Бұдан соң патшасына жазды сәлем:
«Жаздым хат, Әбділмәжит, саған әрең.
Ей, залым, уағдасыз арам лебіз,
Ылайық айтса лағынет бүкіл әлем.
Көрсеттім халық алдында қанша ғылым,
Соларға тоқтамадың алып білім.
Мұхамбет шариғатын тарттым кесе,
Куә ғып мұсылманның түзу дінін.
Солардың сұрқия боп бәрін алдап,
Балаңды бермек болып алдап-арбап.
Өлтірттің ақырында Харисымды,
Арамдық құлқыңменен құрып қармақ.
Ей, Ібіліс, әзәзілдей амал ойлап,
Өзіме Харисымды салдың қайрап.
Амалың мені жою әдісі еді,
Мен емес, бүкіл Мысыр оған айғақ.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Онымен мен өлмедім, өзің өлдің,
Мен өлмей, өлгенің сол—аман келдім.
Тағдырға Харис үшін болдың себеп,
Қара жүз, қазір енді нешік болдың?
Ал енді ақырғы осы мендік сабыр,
Көрсетсем анық әділ саған жәбір.
Қызыңды түзу жолмен бересің бе?
Болмаса сендік үкім қолда әзір!
Қолыңда сиқырлардан кімің қалды?
Амандық енді неше күнің қалды?
Сөз қысқа, бересің бе, бермейсің бе?
Тек енді бітті сауда, құның қалды».
Соңына Ибн Сина қойды қолын,
Патшаға тапсырылып, тапты орын.
Не айтарын білмей оған біраз тұрып,
«Берсек біз берерміз»,—деп айтты соңын.
Сиқыршы, жан-жақтағы жадыларға
Хат жазып, бұйрық берді жабыларға.
Жабылып, асса өлтіріп, қалса қалу,
Бас имей қолдан келсе бағынарға.
Білген соң Ғалисина бұл хабарды,
Және бір ғылым күшін қолына алды.
Патшаның пайтағының төбесінен,
Әуеден бір қара бұлт тармақтанды.
Сол бұлт қою қара келіп қалды,
Мысырдың қаласын тек қаптап алды.
Қаптаған қалың қара бұлт ішінен
Жарқылдап, қорқынышты үн шығарды.
Қара бұлт қала бойын қаптап алып,
Жарқылдап найзағайлар оттай жанып.
Адамдай үлкендігі зор бақалар
Жауыпты дауыстары жерді жарып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Тым қатты дауыстары қорқынышты,
Қорғайтын көрінбейді ол тынышты.
Қаланың қалың үстін қаптай жауды,
Сағатта жерге түскен кеуіп-істі.
Тым қатты бақалардың үні тіпті,
Бұлт тарқап, ашылар деп халық күтті.
Даусының қаттысынан бақалардың
Саңырау боп, есітпейтін құлақ бітті.
Әуеден жерге қарап жақындайды,
Түскенше бірнеше рет бақылдайды.
Түскен соң бар даусымен үш мәртебе
Қышқырып, соңғы даусын ақырлайды.
Өледі салмағымен жерге түсіп,
Қаланы қаптап иісі, кетеді ісіп.
Қауіпті дауысынан жас балалар
Ауырып, жатып қалды жүрегі ұшып.
Адамның қай күнде де бала жаны,
Ас болмай ішкен тамақ, жеген наны.
Қырылып бір қыз үшін құримыз деп,
Қаптады қалың қайғы бұл қаланы.
Синадан көрді халық мынау істі,
Әуеден қай заманда бақа түсті.
Жайнаған, жаннан тәтті нәрестелер
Жаны ауырып, жайға қалды қорқынышты.
Көшенің жауған бақа іші тола,
Бүлініп сан мың адам соған бола.
Көшеден тысқа апарып тастағанмен,
Көбейген бірнеше есе жауып және.
Тұра алмай бұған шыдап қатын-бала,
Патшаның пайтағына батырлана,
Жиналып ұлы-кіші қалмай келді,
Жылаумен, әсіресе, мейірімді ана.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
«Патшамыз Әбділмәжит, халықтан арыз,
Шын тілек, өтемесең—сізге қарыз.
Халықтың соңғы халі болды мұндай,
Бір жағы бұл жұмыстың сізде нағыз.
Ей, тақсыр, халықтың беті қайтарылды,
Жастар да жапырылып тойтарылды.
Мың мәрте кереметті көрді халқың,
Халық—теңіз, толқын соғып шайқалынды.
Бір кезде ер кісілер әйел болды,
Ер басын кереметпен әйел көрді.
Көтеріп шыбын-шіркей басыңызды,
Көрсетті өзіңізге көк пен жерді.
Барлығы бұл керемет Ғалисина,
Дүниенің ерегіссең бәрін жина.
Көрдіңіз күшіңізді өлшестіріп,
Жетпесе қуатыңыз, енді сыйла.
Халық сыйлап қадірледік сіздің үшін,
Сізге де қарау парыз біздің үшін.
Көктен жауған қаһарлы күш-құдіретпен,
Құрбан боп қырыла ма ел қызың үшін?
Халық үшін алуашыға қызыңды бер,
Болмаса, біттің қазір—ізіңді көр.
Әйтпесе өз басыңды тамам етіп,
Қызыңды әпереміз бірігіп ел».
Падиша мұны естіп, жан-жағына
Қарады диуан халқы шарбағына.
Уәзірлер орынынан кезек тұрып:
—Бармаймыз,—деді,—бөтен ар жағына.
Көзіміз жетті ғалым екеніне,
Көндірген тағдыр кілтін дегеніне.
Бағынбай ешбір істің қажеті жоқ,
Қонасың бағынбасаң мекеніңе.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қызыңды бермесеңіз қолыңда тұр,
Шыдасаң бола қойсаң өзің батыр.
Дегенде орынынан ұшып тұрды,
Тоқтаусыз «беремін» деп таза-тақыр.
Халықты қанықтырып сендірді,
Бұрынғы иттігіне кісенді ұрды.
Мәз болып, жүзі жылып, жұрт қуанып,
Халықтың қабағына түс ендірді.
Синаның халық келіп есігіне,
Бас иіп алғыс айтып есіміне:
—Халық болып балаңызға бермек болдық,
Қалдырмай кешіріңіз кесіріне.
Балаңа патша қызын бермек болды,
Өзінің баласындай көрмек болды.
Осының бақа жауып кесірінен,
Қала іші қалмай қирап өлмек болды.
Қабыл алып мұртынан Сина күлді,
Бір түрлі ғылым жолмен амал қылды.
Мысырда әрбір үйдің бас-басына,
Қолға алып жүретіндей шам жандырды.
Қасиетті арқасында сол шамдардың,
Жоғалтты жойып иісін бақалардың.
Құтылып бір-ақ күнде қала халқы,
Ажары кіріп қалды кең шаһардың.
Падишаһ басын иіп бұдан кейін,
Той жасау жағдайына шықты бейім.
Синаға патша хазірет хабарлапты:
—Пиласұп*, бұл сөзіме сал,—деп,—зейін.
Себеп бар сөзге өтініш білдіруде,
Шаттықпен сыр білдіріп күлдіруде.
* Пиласұп – философ
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қымбатты қыз киетін жақсы тауар,
Аплатон, бар ма сізде кигізуге.
Уа, тақсыр, күйеу бізге—алуапүріш,
Жалаңаш патшаларға қалай дұрыс.
Тепе-тең ылайықты болсын бізге,
Ылайық жарасады бақыт-ырыс.
Ей, тақсыр, дейміз сізге құшақ жайып,
Көп уақыт еттім ұят, жасап айып.
Балаңыз бағы биік, күшті болса,
Әрине, патшаларға сол ылайық.
Салт та бар, сана да бар, тамаша да,
Биіктер қарамау бар аласаға.
Бек емес, хан, төре емес, патша қызы,
Жалаңаш жарға бару жараса ма?
Иә, ғалым, өзіңізге салсам ақыл,
Бердіңіз үлгі нұсқа, айттың нақыл.
Шын сырым жасырмаймын, патша қызы
Бола ма жалаңашқа бару мақұл.
Ойға алып осыларды күні бұрын,
Ауыстыр жақсылыққа барлық түрін.
Есіңе күн ілгері салғаным бұл,
Апу ет, шын жасырмай айтқан сырым.
Ылайық көп болмайды болса дәулет,
Одан да артық болса сән мен сәулет.
Мал менен артық болмас мемлекетте,
Көп болса көптік етпес қаде-қаумет.
Дегенде, айтты Сина падишаға:
—Бар айтқан бәрі де бар, дәража да.
Басыммен жақсылықты жанымменен,
Етемін бәрін даяр бүгін ада.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бұл айтқан ұлы сөзде иін де бар,
Мал да бар, мемлекеттік күйін де бар.
Айтылған бәрі даяр жағдаяттың,
Саспаңыз киім де бар, бұйым да бар.
Ғылымның қуатымен етті сарай,
Ай-жұлдыз, күн суретін жасап қолай.
Бау-бақша, гүлдер жайнап, бұлбұл сайрап,
Көрген жан кетпегендей қарай-қарай.
Жасалды түрлі аспаптар қызға лайық,
Екі жүз қызыл бұйра түйе жайып.
Үстіне қымбат баға мүлік артылған,
Екі жүз әбзелі мен аттар пәйік.
Екі жүз қыз бен жігіт гүл жайнаған,
Көрген жан есін танып кең бойлаған.
Жүздері толған айдай, қасы иәйдай,
Екі жүз кәнизак қыз күнде ойнаған.
Бұларға ылайықты қымбат мүлік,
Малдар бар, төрт аяқты түрлі түлік.
Ел естіп, көз көрмесе нанбағандай,
Той болды қырық күн, қырық түн ойнап-күліп.
Тамаша шаттықта боп шаһар халқы
Әбуғалисинаға болды тәнті.
Қосыпты қыз-жігітті неке қиып,
Қалғанға қисса болып кейінгі арты.
Жетіпті жастар сөйтіп мұратына,
Мақсаттың мәңгілікті тұрағына.
Ғалиды атасына таныстырып,
Тамаша болды бітпес бұл жағы да.
Алуашы атасының өпті қолын,
Атқарды артылдыра барлық жолын.
Сина біраз ғылым үйреніпті,
Көргендер таба алмапты мінін оның.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қуанды алуашының анасы да,
«Шүкір» деп бақыт тапқан баласына.
Алуашы патшадан да артық тұрды,
Мысырдың ағалық қып қаласына.
Жеткізіп мақсатына екі ғашықты,
Дүнияға абыроймен бет ашыпты.
Сина өзінің сағынып туған елін,
Бұқара қаласына жол ашыпты.
Мысырдан Бұқараға сапар тартып,
Қыстаққа Шажық деген жетті қалқып.
Өзінің туып-өскен қыстағы еді,
Келсе ол ұлғаймапты оншама артып.
Бірталай жылдар өткен келмегелі,
Бұқарды, Шажық түгіл көрмегелі.
Дос, туған-туысқан мен ағайынның,
Қалмапты, табылмапты өлмегені.
Келіпті бұдан шығып Бұқараға,
Тоқтауға етті ниет бұл араға.
Түрлі ғалым, ғұламамен танысқан соң,
Жолына тұрмысты оңлау көшті және.
Баяғы ғылым симия қуатымен,
Бір жақсы үй-жай жасап һауасы кең.
Ақшаға он мың тілла сатыпты оны
Біреуге, ірі байға ауқаты тең.
Ол адам рақаттанып алды кіріп,
Той жасап, мақтанышпен ойнап-күліп.
Бір күні Бұқараның қала бегі
Бұл үйге келді тура, жолы түсіп.
Барлық [үй] сол бастықтың кітабында
Жазулы тұрушы еді тұтасында.
—Мынау үй ойда жоқта пайда болған,
Қалдыртпай бұздыр оның бұтағын да.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жылады алған жігіт ойбай салып,
Ойбайын тыңламады бастық барып.
Бұл айтты:—он мың сомға алып едім,
Қазірде ол кісі бар, білем анық.
Қаланың бастығы айтты:—Ей, ақсақал,
Адамнан сатып алған пұлыңды ал.
Бұзылған үйдің орнын оған таста,
Таба алсаң, тани алсаң өзіне бар.
Не қылсын, ол бейшара жылдам жүріп,
Синаның пәтеріне келді кіріп:
—Үйіңіз айыпты екен, қайтарып ал,
Бұйырды қала бастық солай қылып.
Сина айтты:—Айыбы не сатқан үйдің,
Айыбын айтыңызшы, неден күйдің?
Ол адам айтты сонда:—Жел, һауасыз,
Сондықтан бұздырды оны, соған күйдім.
Сина айтты:—Түсіндірші айтып анық,
Отырсың не себептен күйіп қалып?
Ол айтты:—Ыстық аптап, жай күнінде,
Жан тұрмас тынық жерде рақаттанып.
Сондықтан бұздырды оны қала бастық,
Болмаса қиратқан жоқ жала-қас қып.
Жел болса, сап һауада жан рақат,
Сонымен біз де соған араластық.
Сина айтты:—Жел болса тек мұратыңыз,
Түсіндім және маған ұнадыңыз.
Патшаның сарайының салқын желін
Ұнатсаң әперейін, сұрадыңыз.
Патшаның сарайының саған желін
Сатайын, алар болсаң тауып ебін.
Ол айтты:—Ондай да сөз бола ма екен,
Мазағың ол бір айтқан,—депті,—сенің.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Мазақтың мазақтарлық заманы емес,
Мазақтан мынау сөзің аман емес.
Ақшамды рақым етіп, қайтарып бер,
Мен оның сықақ етер адамы емес.
Сина айтты:—Ей, азамат, тыңда өзің,
Өтірік көреді ғой айтсам көзің.
Патшаның үш сарайы толған желді
Таппасаң, жалған болса айтқан сөзім,
Алып кет бар ақшаңды менен келіп,
Әуелі үйіңе бар көзбен көріп.
Бар болса үш сарайдың салқын желі,
Тұруың қанағат ет соған көніп.
Ол кісі аң-таң болды елеп істі,
«Байқайын қоя тұрып ерегісті»
Дегенде, одан бұрын Сина барып,
Орнатып қойды алдыңғы деген істі.
Соңынан үй қожасы барыпты адам,
Алдынан әйелі кеп анықтаған.
Еріне әйелі айтты:—Желдер желпіп,
Үй іші рақат болды шалықтаған.
Иесі келіп көрді үйге қайтып,
Көңілін ырза болды әбден байытып.
—Патшаның сарайының желі еді ол,
Әйел, сен, қойма,—деді,—біреуге айтып.
—Ей, әйел, тыңла,—депті,—мынау гәпті,
Аударып ыстық һауа жел аптапты.
Патшаның үш сарайы толған желін
Бір кісі, адамға айтпа, маған сатты.
Тамаша, қалай рақат, қалай салқын,
Жел екен жанға жайлы, жүзі жарқын.
Келісіп, патша желін ұрлап сатты,
Сыр шашпа, патшаға айтар есітсе әркім.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Мықты бол ауызыңа, айтпа адамға,
Тісіңнен леп шығарма тірі жанға.
Егерде патша есітсе, жаза беріп,
Қаһар ғып өлтіреді тартып дарға.
—Не дейді, не айтасың,—деп әйел күлді,
Айтқан деп күлдіруге қулық тілді.
Құдайдың желін адам қалай сатар,
Болмаса нанбас бұған есі жынды.
Ері айтты:—Жан жолдасым, деме олай,
Нәрсе емес ойнайтұғын ғылым оңай.
Ыстық үй қазір қалай салқын болды,
Он мың сом қымбат емес соған орай.
Әйелі айтты:—Айтпайын бір де адамға,
Қайтпайтын қатерлі істен мен надан ба?
Сол күні Бұқараның падишасы,
Ыстықтан шыдай алмай қалды таңға.
Бұйырды:—Ашыңдар!—деп,—терезені,
Еспейді салқын болып неге желі?
Қапырық, ыстық болып кетті қаптап,
Осы үйге қағылды ыстық шегелері.
Жігіттер деді:—Түгел терезе ашық,
Келмей тұр салқын желдер үйден қашып.
Падишаһ үйден шығып бақша барды,
Желпініп булыққан соң қатты сасып.
Есіп тұр салқын желдер бақшасында,
Сарайдың ыстық болған нақ қасында.
«Ай, хай-хай! Жанға жайлы рақат» деп,
Күн батып кеткенінше жатты осында.
Сарайға және келді күн батқан соң,
Бақшадан жанға жайлы жел тапқан соң.
Қиялы «салқындады сарай да» деп,
Ойлаған еді патша сол уақтан соң.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Келсе ыстық әлі есіп тұр баяғындай,
Таңданды тамаша етіп, неге бұлай.
Шақырып бір уәзірін айтты соған,
Сарайдың салқынданбас жайын сұрай.
Уәзірге айтты патша сарай жайын:
—Қашанғы айтпай саған қарайлайын.
Салқын жел бар дүнияны қаптаса да,
Бар ыстық біздің үйде қалай дайын?
Уәзір айтты:—Ей, шаһым, олай деме,
Ессін ол Тәңір желі талғап неге?
Есептеп есептегі жоқ заттарды,
Қарайып, қапаланып, қайғы жеме.
Қарайық жел туралы етіп сабыр,
Қазір жоқ, болса кейін болар әзір.
Рақат ыстық үйлер қыс айында,
Жанына жас нәресте болмас жәбір.
Жан-жақты жайға тұрмай деректетті,
Әрқайсы бір-бірінен бөлек кетті.
Дүниенің бәрінде де жел бар екен,
Жалғыз-ақ сіздің сарай ерек,—депті
Таңланды үкамасы-ғұламасы,
Және де жақын жегжат, іні-ағасы.
Бір уәзір падишаға сұнды басын,
Жоғары патшадан соң пырабасы.
—Ей, тақсыр, азғана уақ біздің үйде
Болыңыз, ыстық толса сіздің үйге.
Тәңірінің тағдыр кілті, табиғаты,
Ұзамай келіп қалар жақсы күйге.
Болыңыз біздің үйде соған дейін,
Барарсыз сарайыңа одан кейін.
Жек көріп жел жібермей қалмаған-ды,
Ойласақ жел туралы салып зейін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Дер едік ұрлап кетті ұры-қарақ,
Мал емес, ақша да емес, яки тамақ.
Жансыз зат жетектеуге жан-тәні жоқ,
Келмейді ол әңгімелеп айтуға нақ.
Уәзірдің патша барса сарайына,
Жақсы жай, жанға рақат қолайына.
Есіп тұр салқын самал, сайрап бұлбұл,
Өтініш оң келгендей орайына.
Сарайдан сонда отырып хабар алып,
Қатынап тұрды жиі адам анық.
«Жел түгіл, желдің тіпті иісі де жоқ,
Жата бер әуре болма оған барып».
Бақшаға барды патша одан көшіп,
Қалған соң жел сарқылып, өкпесі өшіп.
Патшасы бақшасында бола берсін,
Кейіннен сөз айталық болар нешік?
Сол күнде Ғалисина әйелі мен,
Екеуі отыр еді жағдайда кең.
Сөзді сөз қуып, одан сөздер туып,
Сөз қонбақ түсінуге салмағы тең.
Сина [айтты] әйеліне:—Әнеу күні
Сондағы сатқан үйдің алған пұлы.
Бұзған соң қала бастық қайта жаздап,
Өтелді деді ақыры желмен құны.
—Не болды?—әйелі айтты,—түсінбедім,
Не түрлі болып еді ісіңде мін?
Сина айтты:—Падишаның сарайының,
Желдерін алып сатып пісіргенім.
Синаға әйелі айтты:—Қалай кәсіп,
Желдерді табиғи зат тұрған есіп.
Сатуға адам ұстап мүмкін емес,
Тағдырдың кілтін кісі табар нешік?
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Білдірді ғылым жайын әйеліне,
Тұрақты түсіндіріп дәйегіне.
Бірқатар Мысырдағы болған істің
Тоқталып, қол ұрғанын қай жеріне.
Түсініп айтқан толық бұл сөзіне,
Әйелдің шаттық орнап нұр көзіне:
—Ендеше уәзірінің сарайының
Салқынын келтіріңіз енді өзіңе.
Үйіміз өзіміздің салқын болсын,
Шаңырақ, босағамыз алтын болсын.
Құдіреттің бөлімшесі қолда болса,
Ғылымның кереметін әркім көрсін.
—Бірдей ме күндіз бен түн—қараңғылық,
Сыйлар ма туралықты надан біліп?
Керемет бір кісіде көп болса да,
Ақымақтар аластайды арам қылып.
—Ей, әйел, сыңарымын мен де соның,
Ғылымға сілтесем де түзу орын.
Қызықпай қызғылықты ұлы өнерге,
Айуанша сұғады оған күшпен қолын.
Сондықтан білдірмеймін халыққа шашып,
Білдірсем бүлінеді артқа қашып.
Жолдасым өмір бойы—айттым саған,
Білдірме басқаларға аузыңды ашып.
Әйелі айтты:—Адамға білдірмейін,
Дұшпанға таба қылып күлдірмейін.
Уәзірдің сарайының желін келтір,
Нанайын тәнті болып сонан кейін.
—Мақұл,—деп Ғалисина қабыл қылды,
Уәзірдің сарайы да кәміл тынды.
Рақат жан азығы—самал салқын,
Бұл үйге көз ашқанша келіп кірді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Уәзірдің жел кесілді сарайынан,
Айрылды жан рақаты қолайынан.
Хабарсыз бұдан патша бақшада еді,
Табам деп қашан желді орайынан.
Күндерден күндер өтіп алыстады,
Жел және қайтып келіп ауыспады.
Моншада кездесіпті бір әйелге,
Патшаның әйелінің таныстары.
Синаның әйелі де барған монша,
Ол таныс болмаса да оларға онша.
Екі әйел жел салқынын әңгіме етіп,
Сөз қыпты отырған соң олар қанша.
Бір әйел белі ықшамдау, аузы шапшаң,
Мұрны да бір нәрсе дер аузын жапсаң.
—Сабаздар сарғаюда келмей,—депті,
Патшаның сарайының желі қашқан.
Синаның сонда әйелі тіс жарыпты:
—Сондай деп менің ерім нұсқа қыпты.
Патшаның сарайының желін сатып,
Сонымен патша желі қысқарыпты.
Патшаның уәзірінің желін алып,
Дәл кеше өзіміздің үйге салып,
Қаңыратып патшаны да, уәзірді де,
Отырмыз,—депті,—өзіміз рақаттанып.
Мақтанды өнерпаз,—деп,—менің ерім,
Патша мен бағынтқан,—деп,—Мысыр елін.
Осындай түрлі ғылымға аса жетік,
Жұбайым аты Сина,—депті,—менің.
Моншадан шығып әйел мұны естіп,
Айтылған әңгімені ойға тұтып,
Патшаның әйеліне айтты бәрін,
Қалдырмай бастан-бақай уылжытып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Әйелі барып дереу бақшасына,
Білдірді түгел айтып патшасына.
Патшасы пайтағына келіп дереу,
Уәзірдің мәлімдепті бас-басына.
Таңданып бұл жұмысқа таңырқады,
Бойлары бәрінің де шамырқады.
—Уа, тақсыр, бұл атайман сиқыршы,—деп,
Айтыпты Мысырдағы уақиғаны.
—Әлемге асқан даңқы, атын жайған,
Мысырды мыжырайтып ашқан майдан.
Патшасын бағындырған масқара ғып,
Беті ауып Бұқараға келген қайдан?
Патша айтты:—Тиген бәрі құлағыма,
Мысырды жеткізгені мұратына.
Мұны енді не қыламыз, не істейміз,
Менің бұл, не дейсіздер, сұрағыма?
Сарайдан салқын һауа желдерімді
Жетектеп қайдан-қайда жел берілді.
Бастайды патша көрсе жаман жұмыс,
Қалайша жел сатуға жол берілді?
Сатыпты бір адамға желімді ұрлап,
Бір әйел әйеліме айтқан жырлап.
Бір де жел сарайымнан таппаған соң,
Уәзірдің сарайына бардым зырлап.
Сарқылып сап болыпты ол да бүгін,
Шығып тұр екеуі де қолдан бүгін.
Уәзірдің желін өзі кіргізіпті,
Айтыпты өз әйелі шынын мұның.
Дегенде, уәзірлердің бірі тұрып,
Патшаға алдиярлап айтты сұнып:
—Әуелі сол Синаны шақырып ап,
Сөйлесіп, не айтар екен, көрсек біліп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Патша да осы сөзді мақұл көрді,
Шақырып келтіруге ақыл берді.
Сәрһаң аяр деген бір аяр барып,
Қақпасын қағып сырттан хабар берді.
Синаның жолыққанда өзі келіп,
—Падиша шақырад,—деп,—бұйрық беріп.
Айда, тез, жүріңіз!—деп асықтырды,
Адамша азарлаған нықтап керіп.
Ойлады барайын деп Сина енді,
Қояйын белсенбей-ақ буып белді.
Аярдың Сәрһаң сынды жанына еріп,
Патшаның ордасына жүріп келді.
Патшалық тәртібін сай орындады,
Мүлтіксіз еш жері кем болынбады.
Ылайық патшаларға дәстүрлерін,
Теп-тегіс бәрін түгел толымдады.
Қарады кескіні мен келбетіне,
Қараса, жай бір кісі, ер бетіне.
Көзге қор көрінісі, көзіне ілмей
Орын да көрсетпеді құрметіне.
Отырып болғаннан соң орынына,
Келтіріп айтса да сөз қонымына,
Синаға көзі қонбай, суық қарап:
—Ей, адам, тыңда!—деді,—сөзді мына.
Сенбісің, Ибн Ғалисина деген?
—Менмін,—деп берді жауап басыменен.
Патша айтты:—Сарайдағы желдерімді,
Кімдерге сауда жасап, саттың неден?
Сина айтты:—Ей, бақытты ұлық патша,
Қашан да жаса жақсы әдалатша.
Мен пақыр, құдіретті жел иесі емен,
Қалаған жерге айдарлық өзі ұнатса.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Патшаға Синаның да көзі қонбай,
Нақпа-нақ жауап айтты сөзіне ондай.
Патша айтты:—Өз әйелің айтыпты оны,
Моншада кездескенде кезі сондай.
Сина айтты кезегінде падишаға:
—Ей, ұлық, мәртебелі дәражада,
Патшалар хазіретінің мәжілісінде,
Куә боп әйел тілі санала ма?
Жарамас патша түгіл жай кісіге,
Алмайды инабатқа қай кісі де.
Қаулында дін мазһабы мұсылманның,
Әйелді санамайды сай кісіге.
Падиша сөз қайтармай, қалды тоқтап,
Келсе де жанышқысы жерге таптап.
Бұйырды жендеттерге:—Қарт күшікті
Қуалап шығыңдар!—деп балағаттап.
Синаның өзі шықты мұны көріп,
Қуалап шығуына бермей ерік.
Керемет көрсетуді керек тапты,
Өң түгіл түсіне де кірмес келіп.
«Тасқынын көңіліңнің тасқан толқып,
Етейін кепкен судай қайтқан көлкіп.
Көргенде кедей, пақыр, мүсәпірді,
Жүрегің ұшып тұрсын сонша қорқып».
Сонымен ашу бойда ішке кірді,
Дұшпанға әйелі айқын еткен сырды.
Айбатпен әйеліне қатты қарап,
Көп кейіп бұдан былай мықты тұрды.
Екінші айтты Сина әйеліне:
—Мен сенің қайыл қалдым дәйегіңе.
Тым-тырыс, тыныш жатқан адам едім,
Сен мені айқындадың әр еріне.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Әйелі кінә сақтап кейігенге,
Өзінің пікір алып ойымен де.
Бар еді бұл қалада жауыз кемпір,
Белгілі жамандығы әрбір елге.
Синаның әйеліне келіп-кетіп,
Бұрыннан жүреді өзін таныс етіп.
Дүнияда ең бірінші мекер еді,
Түрліше бұзық іске болған жетік.
Мекерлік аспаптарын қолына алып,
Көңлінен түрлі арамдық орын алып,
Мойнында алқа, қолда тәсбісі бар,
Үйіне ол Синаның келді қалып.
Синаның әйелі де көңлі қапа,
Кейістік көрінгендей жәбір-жапа.
Кескінін келбетінде көрмеген соң,
Ол мекер жай сұрапты, болып апа.
Әйелі көтерген соң халін сұрап,
Қалдырмай болған істі айтты жылап.
Ол айтты:—Сабырлық ет, саспа, балам,
Кегіңді алып берем, қалма құлап.
Ол дереу осыны айтып кетті шығып,
Әйелдің шағым сөзін әбден ұғып.
Арадан бірнеше күн өтіп кетті,
Желдің де әңгімесі тоқтап, тынып.
Бір күн сол мекер әйел жүріп енді,
Синаның өз үйіне тура келді.
Белгілі шын мүсәпір бейнесінде,
Есіктен келіп тура сәлем берді.
Аяғын ақырындап жайлап басып,
Имиіп қолын алып амандасып.
Деп айтты:—Ей, Аплатон, хаким дана,
Мейірімің ғаріптерге сіздің ашық.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бейшара, шын мүсәпір, мұқтаждарға,
Жәрдемші, шапағатшы сіз соларға.
Қартайған мен бір пақыр, халім нашар,
Ыстықтан қалдым әбден қиын халға.
Тұрамын жалғыз өзім, халім қиын,
Ыстық жай, һауа кірмес тауып иін.
Рақым ғып біраз ғана жел жіберсең,
Екі мың ақша берді бұл деп сыйың.
—Мақұл,—деп әуел сатқан патша желін
—Осы жел мүлкің,—деді,—енді сенің.
Қайтарып сатқаннан соң желін алып,
Баяғы ыстық болды үйі оның.
Өзінің кемпір келіп көрсе үйін,
Соғып тұр салқын самал, сауық күйін.
Сол күннің ерте күні таң атқан соң,
Жақсылап қымбат баға киді киім.
Патшаның келді тура өз үйіне,
Қалдырмай таныстырып жай-күйіне.
—Ей, шаһым, желің менен ұрыңызды,
Деп айтты,—тауып келдім, біл сүйіне.
Қалдырмай бәрін айтып бастан-аяқ,
Жатқанын бірді қарғап, біреуді аяп.
«Желімнен айрылдым» деп келді біреу,
Тұрғанда бітіруге сөзін таяп.
Ол айтты:—Ең әуелде сіздің желді,
Ақша алып он екі мың маған берді.
Дәл кеше сол желімнен мен де айрылдым,
Ол анық, бір адамға сатты енді.
Бұл жұмыс патша білді шексіз анық,
Қаһарын төкті сыртқа ашуланып.
Сәрһаңды жұмсапты тағы және,
—Әнеугі ақымақ шалды кел,—деп,—алып!
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бұл да тез келуге айдап құмарланып,
Есігін қатты қақты жылдам барып.
Үйінен «Не керек»,—деп шықты Сина,—
Ау, жаным, тағы мұнда келдің нағып?
—Падиша шақырады, тез жүр, айда!
Сина айтты:—Бармаймын мен ондай жайға.
Жаңылып келгенсің сен, кет аяма,
Орынсыз келу ерге емес пайда.
Бұл сөзге Сәрһаң аяр ашуланып,
Мазағың болам ба деп от боп жанып.
Қолынан «айда, жүр»,—деп тартқанында,
Таң болды қолтығынан суырып алып.
Екеуі ерегісіп салысқанда,
«Тез жүр» деп, «бармаймын» деп, алысқанда,
Оң қолын қолтығымен суырып апты,
«Бұл—жүр» деп, ол «барман» деп тартысқанда.
Даладай ақты қаны, жерді жуып,
Шашырап қып-қызыл қан жерге жуық.
Етпеген бұрын мұндай Сәрһаң аяр
Тоқырап қорқып кетті көңілі суып.
«Өлтір,—деп тапсырмаған,—жүрмесе егер»,
Беліне байласа да мықты кемер.
Үстіне алған қолын тастай салып,
Дегендей кейін қайтты «қаша жөнел!»
Сәрһаң ер жігіт еді аса мықты,
Синаны бір тартқанда жерге тықты.
—Ей, Сәрһаң, неге осынша кешіктің?—деп,
Және бір мықты жендет қарсы шықты.
Бұйырған алып кел деп Синаң қайда?
Қашырдың айдап келмей қандай жайға?
Қаның не бет-аузың мен қолыңдағы?
Қашырып келемісің жасап хайла?!
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
—Сен не деп, білмей-көрмей, бәле салдың,
Жүрмеді ол, бәрін айттым бұйрықтардың.
Мен «жүр» деп, ол «барман» деп тартысқанда,
Оң қолын қолтығымен жұлып алдым.
Көрген соң бұл сұмдықты көңілім толқып,
Бір тартып суырылған соң қол мен қолтық.
Біле алмай не боларын өз басымның,
Келемін жаным қалмай қатты қорқып.
Ол айтты:—Патша ағзам етті бұйрық,
Әмірі оттан өткір, оқтан жүйрік.
Қалайда болғанменен ап кетелік,
Тоқтамас орындалмай үлкен билік.
Екеуі ер Синаға қайтып келді,
Қаһарлы қатты ызғармен хабар берді.
Бір қолсыз, сыңар қолмен шықты тысқа,
—Жүр айда!—деді жауыз,—патшаға енді.
Сина айтты:—Істеп тындың қыларыңды,
Білмейді патша хазірет бұларыңды.
Мен тіпті бара алмаймын, бара алмаймын,
Кет, айда, тарқаттыңдар құмарыңды.
Сайланған екі жендет белі буылып,
Екеуі итше арсылдап, оттай қуырып.
Екеуі екі жақтап тиіскенде,
Бір қолы, бір иінін алды суырып.
Ұстады мықты жер деп жағасынан,
Суырылып, жыртылып тағы осыдан.
Басы да, аяғы да, бар денесі,
Суырылып тамам болды бәрі осыған.
Суырылып ұстаған жер қала берді,
Суырылмай сау тұрғанын ала берді.
Біткен соң бәрі тегіс тамам болып,
Бұларға қорқыныш ой және кірді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Көшеге қып-қызыл ғып кетті тастап,
Патшаға бастан-аяқ айтты қақсап.
—Еттерін қапқа салып алып кел!—деп,
Бұйырды патша және ашу қыстап.
—Сүйегін еті менен ол жауыздың,
Көп сауап болар депті отқа жақсақ.
Қаппенен келді арқалап екі жендет,
Бұйрығын бұлжытпастан берген нұсқап.
Падишаһ, уәзірі мен сәркардасы,
Жиналып бір сарайға кәрі-жасы.
Төктірді кең ортаға қаптағы етті,
«Ақымақтың көрелік,—деп,—қандай басы».
Ақтарып қапты сілкіп ішін қақты,
Былғанған іші-тысы қандары ақты.
Ет емес меңсіз қара дәу арабы ит,
Патшаны уәзірі мен тістеп қапты.
Қуалап соған жақын басқаны да,
Кішкене орынбасар патшаны да.
Жендеттің екеуін де қатты қапты,
Зар қылып басқа түгіл бас қамына.
Ми жарып үрген даусы арсылдаған,
Мылтықтай басқан жері тарсылдаған.
Әйтеуір кейінірек кетті шетке,
Адымын алшаң басып аршындаған.
—«Уһ!»,—деп, құтылған соң демін алды,
Ит кеткен орынына назар салды.
Қараса орынына кеткен иттің,
Қорқытар жатыр бір ит арыстанды.
Үндемей тұрды адамдар, дыбыстамай,
Қорқысып, арқалары құрыстамай.
Айбатпен қарай-қарай кетті арыстан,
Қайрылып қайрат қылып жұмыстамай.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Патшаның патшаға айтты уәзірлері:
—Ей, тақсыр, мұнда өнер әзір,—деді.
Көнбесек айтқанына, амал тауысып,
Тартармыз жәбір-жапа, жәзір,—деді.
Мұны еш күшпен алу мүмкін емес,
Ешбіреу жеңе қою мүмкін демес.
Мысырдың уақиғасын мысал етіп,
Құрметпен шақыруға берді кеңес.
Падиша бұған қарап көзбен жаман,
Аларып бірер минут тоқтады оған.
«Жоғалып құзырымнан кетсін лағынет,
Жалынып, әддің болса, келтір саған».
Дірілдеп барлығы да тұрды қорқып,
Ашуы басылғанша кейін толқып.
«Не қылса ерік өзіңде»,—деп ішінен,
Бас иді қаздай қалқып, құрдай жортып.
Бірақ та айтып тұрды іштерінен,
Еш нәрсе келмесе де күштерінен.
«Мысырдың патшасындай бір боларсың,
Өңде емес, қорқыныштай түске кірген».
Жүрерсің жұрт аузында дастан болып,
Жасаған Сина ғалым жастан жорық.
Басына патша десе қаһар қайнап,
Қаһарман күш-құдіреті асқан толып.
Ер Сина патша алдынан кеткенінде,
Қорлығы берген ыза өткенінде.
Есінен еш уақытта кеткен емес,
Өмірдің өтермін деп өткелінде.
Патшаның хабары бар көңілінен,
Ауырлық, ашу салмақ жеңілінен.
Егер де бұл заманда қолға түссе,
Хабары болып тұрды өлімінен.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Кешегі екі жендет келгенінде,
Боларын біліп оның шеңберінде.
Бір итті суретіне салып Сина,
Олардың жіберген еді жөндеріне.
Кезінде жағаласқан суырып қолын,
Алған қол иттікі еді суырып оның.
Ақымақ қып қалған еді үйінде өзі,
Патшаның шашыратқан шашып тобын.
Патшаның жай-жағдайын біліп сырттан,
Отырды құлағы естіп, күліп мұрттан.
Баяғы шағым берген мыстан кемпір,
Оны да емес еді тіпті ұмытқан.
Патшаға білдіргенін әлдене үшін,
Алмаққа құмар еді одан өшін.
Жүргенде ертелі-кеш есінде боп,
Кіжініп деп жүргенде, кемпір келсін.
Аспабын алдау-арбау қолына алып,
Арамдық, ойдан сұмдық орын алып.
Бір күні сол әзәзіл кемпір мыстан,
Синаның келді үйіне, жолы анық.
Синаның әйелінің жанына кеп,
Білісіп отырысты, «есен бе?» деп.
Сина оны елең қылмай тұра берді,
Хабарсыз еш нәрсені сезбеген боп.
Синаның есігінің дәл түбінде,
Кішкене тас болатын бір түрінде.
Сол жерде Сина әман отыратын,
Өзіне әдет болған әр күнінде.
Сөйлесіп шығып кемпір тура жолмен,
Бұрылмай бара жатты оңға, сол мен.
—Ей, жеңгей, маған келіп жолығыңыз
Деген соң, есендесті қолма-қолмен.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қайрылып келді жолдан бара жатқан,
—Сіз мында екенсіз ғой, білмей әбден,
Хабарсыз жолмен кетіп барамын мен,
Хал білмек керек еді біз тараптан.
Жақсылап амандасты жарқылдасып,
Синаның құрметтеуі артылды асып.
Көрмеген көптен бергі туысқандай,
Сөйлесті сәті түсіп сартылдасып.
Ойлады кемпір сонда өткен істі,
Патшаға шағым берген зор қылмысты.
Сезбеген, есітпеген екен деген
Бір қиял, қуанышты ойға түсті.
Кемпірге жатық тілмен айтты Сина:
—Ей, жеңге, тіршілікте өне хила.
Әнеугі жел туралы үй иесі
Патшаға шағым берген, шіркін, дүния.
Сол үшін шақыртып ап патша мені,
Қалмады айтылмаған айтпас кебі.
Не керек, өле жаздап әзер қалдым,
Әлде де сенімім жоқ келсе ебі.
Ойлады есіткен соң кемпір мұны,
Екен деп жел сатқанда күмән түрі.
Сөйлесіп ойдағыдай кете берді,
Қымбат деп беделімнің әзір құны.
Ерттеулі аттай тыңдап мойын бұрып,
Дегендей құрбаныңмын құлдық ұрып.
Еттіңіз көп жақсылық ұмытпайтын,
Тұрармыз қолдан келсе біз де біліп.
Қайныңа қатты аяныш етсең, жеңге,
Айтарлық өтініш бар сізге менде.
Қалай да сізге айтпасқа мүмкін емес,
Пенденің кемісі көп, Ақтан өңге.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сина айтты:—Өтінішім менің сізден,
Ілгергі екі мың сом өзіңізден.
Шыққан жоқ бір тиыны, қолымда тұр,
Үш мың сом қосып ақша оған бізден.
Бес мың сом—санағанда барлық ақша,
Сонымен ырза болып барлы-жоқша.
Рақым ғып өтінішті өтесеңіз,
Бұдан да қарасармын орын тапса.
—Іс болса,—кемпір айтты—қолдан келген,
Болармын жан-тәніммен жәрдем берген.
Айтыңыз, біз туралы қандай қызмет,
Болсаңыз біз не аяймыз өзің сенген.
Әбуғалисина айтты айтар сөзім:
—Кісі едім бір науқасты көптен өзім.
Қанша көп дәрігерлерге көрсетсем де,
Емденіп түзелмеуге жетті көзім.
Атақты, даңқы шыққан көп адамдар
Мынадай деп айтты олар:—Бір амал бар.
Егер сен сол шараны жасамасаң,
Өлесің осы ауруға боп кіріптар.
Олар айтты жапырақты бір ағашты,
Дегенде пешке тығып, от тұтасты.
Әйелдің әуретіне тәуір тығып,
Сөндірсе жанып тұрған жалын басты.
Түбіне тыққан ағаш таяу барып,
Көмір боп сөнгеннен соң сонда жанып.
Көмірін алып келіп бізге берсең,
Қараймыз қолымызға сонсоң алып.
Ол онша, қорықпаңыз, ауыртпайды,
Көнбесең біздей қайның сауықпайды.
Бұл сөзді бір де адамға айтқаным жоқ,
Көп еді жүрегімде қауіп-қайғы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Достықтың айттым сізге себебінен,
Ойға кір бұрын-соңды келмеуінен.
Әйелдік лебізіңнен қайтармаса,
Үміт көп һәмматыңның көмегінен.
—Жеңеше, жеткізе көр мұратыма,
Ұсынып үмбетіңнен сұрауыма.
Қалайда өзім санап айттым сырды,
Өзің біл, салып қойдым құлағыңа.
Толғанып салып тұрды басын төмен,
Әуелде міне деген бас пен төбем.
«Ұзыны тұтам ағаш, тікені жоқ,
Жуаны—төрт елідей оның деген».
Ойлады жуаны мен көлденеңін,
Жарамас бір-екі рет көнбегенім.
Ол түгіл түрлі айбатты айдаһарды,
Көргенмін жуасытып жүндегенін.
Ынтығы шындығында—ақша болды,
Бес мыңды—қазан соқпас бақша көрді.
Дүнияның тұзағына түсті кемпір,
Күн аумай қазған құдық басқа келді.
Жасырын шалқасынан жатты барып,
Айтылған өтінішке қатты қанып.
Ер Сина жер ошаққа бір ағашты,
Лаулатып от тигізіп жақты малып.
Бедеудей басып Сина оқтай жүрді,
Кемпірдің кеудесіне аттай мінді.
Бес елі, екі қарыс сол бір ағаш,
Мыстанның шұқырына доптай кірді.
Бұл істі Сина шат боп жасауына,
Сөндірді отты тығып ошағына.
Қалайда қанып көріп қайыл бопты,
Айнымай қабыл алып асауына.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ойбайлап:—Не жасадың, аға,—деді,
Қарамай харап еттің және,—деді.
Тұрғызып, болды жұмыс барыңыз,—деп,
Синаны қарғап іштен барады енді.
Қаланың Бұқарадай барлық отын,
Қамады сол кемпірге қадап бетін.
Шаһардың бәрінің де үй қалдырмай,
Сөндірді от қалдырмай әрекетін.
Мыстанның дер жеріне тықты бәрін,
Білмейді оның мыстан кек алғанын.
Құтылдым, қылмысымды білмейді деп,
Ауырған аңламады от заһарын.
Астына бір мыстанның отты қамап,
Сөндіріп барлық отты етіп қарап.
Шыдамай астына су себер еді,
Ашытып ауырмасқа бір деп сәбап.
Жанарлық бір шаһарда от қалмады,
Халықтың қамдануы тоқталмады.
Жанбады, тұтанбады жаққан шақпақ,
Көзіндей құмырсқаның от жанбады.
Біреуден шақпақ жанбай біреу алып,
Біреулер тағы ұрады тұра қалып.
Емге де іздегенмен таба алмапты,
От сұрап біреулерден біреу барып.
Жұрт жылап, «от екен ғой,—деді,—дәулет,
Ең қызық дүниедегі сөнді сәулет».
Жұтқанын қайдан білсін, жай жатқан ел,
Мыстанның бойындағы жалғыз әурет.
Бүкіл жұрт, бір қаланың адамдары,
«От болса,—деп жылапты,—маған кәні».
Қайғысы, қасіреті бір от болды,
Байлардың қызық болмай мың-мың малы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қалада от састырды үлкендерді,
От салды әңгімеге ер мен ерді.
Ер-әйел сасқанынан бәрі бірдей,
Патшаға—пайтақ иесі жүріп келді.
Сол күнде отты аңсаумен патшасы да,
Қасіретте, қар жауғандай ақ шашына.
«Табам деп отты қайдан?» отыр еді,
Қала елі қалмай келді нақ қасына.
—Уа, тақсыр, табамыз біз отты қайдан,
Табамыз от ұшқынын іздеп қайдан.
Не айтарын көпшілікке білмей патша,
—Кімді іздеп, сұрайсыздар қандай жайдан.
Халық айтты:—Іздеп келдік патшамызды,
Санаймыз үлкен қамқор патша сізді,
Деген соң пайтақтағы хан кеңесіп,
Меруерттей ақыл қосып, маржан тізді.
Бір уәзір ақыл иесі түрегеліп,
Патшаға айтты былай жауап беріп:
—Алмайсыз біздің берген сөзімізді,
Синадан бұл әлемет отыр болып.
Көресіз, бір бұл емес, түрлі ғажап,
Емес пе бұл ғаламат үлкен азап.
Патша айтты:—Синаға мен не жазыппын,
Мен үшін мұнша жұртқа құдық қазад.
Патшаға уәзір айтты:—«Келсін» дедің,
Алдыңа келді Сина, менсінбедің.
Қорқып сізге келген жоқ, сыйлап келді,
Қор көзбен қарадыңыз, теңсінбедің.
Иғтибар етпедіңіз адам құрлы,
Ол сізді сол себептен надан білді.
Себебі сіз ғылымды көрмедіңіз,
Диуаннан қудырдыңыз, білді сырды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қудырып жібердіңіз жендетіңді,
Құрметтеп, шашпадың сыр-меруертіңді.
Ол ер де соның үшін білсін деген,
Іс шығар «көрсін ғылым құдіретімді».
Шығарған жерді көкке, көкті—жерге,
Ұшырған патша, сұлтан, бекті—желге.
Ғылым теңіз, тамшы су шығарған жоқ,
Көрсеткен кереметті сансыз елге.
Патша айтты:—Өтіп кетті өтер жұмыс,
Кезінде сияқтанды кіріс-шығыс.
Бұл дерттің дауасы не, не қыламыз?
Шынында мойныма алам, менен бұл іс.
—Ей тақсыр!—деді уәзір,—мен барайын,
Бұйырсаң бұл қызметті оңғарайын.
Құрметтеп, еріткендей етсең қызмет,
Мейірім ғып қарауы анық айналайын.
«Әл-иқсан ятағаллисан» деген нақыл,
Ей, тақсыр, дос ететін адамды ақыл.
Құрметтеп патша, сұлтан қаумаласақ,
Қалайда болып қалар тіпті мақұл.
Патша өзі зор қауіпті қорқынышта,
Айтуға болып жүр еді тілі қысқа.
Уәзірі Әбділғапұр мұны айтқан соң,
Қуанып қабыл алды бұл жұмысқа.
Синаға уәзір келіп, есік қақты,
Кіруге сұрағандай рұқсатты.
Синаның машық болған бар еді иті,
Ит барып есік ашып, көңлін тапты.
Келді деп мейманыңыз ішке кірді,
Қабылдап Ғалисина мұрттан күлді.
Құрметтеп, жоғарыдан орын беріп,
Сөйлесіп, шын пікірмен жағдай білді.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алдына неше түрлі тартты тағам,
Деп айтты:—Жақсы болсын басқан қадам!
Синаға Әбділғапұр уәзір айтты:
—Мейманға шаһ шақырды, келдім саған.
Әзіл ғып күліп Сина қабыл алды,
—Бар ма?—деп аярларың сыр шығарды.
Қайтесіз аярлары құрып қалсын,
Иіліп «ғапу ет» деп, басын салды.
Уа, хаким, қате бізден, кешіріңіз,
Ашу—от, ақыл сумен өшіріңіз.
Жабылсын өткен істер бастан-аяқ,
Бар біздің білінбеген не сырымыз?
Уәзірдің шақыруын алды қабыл,
Аттанды бір тамаша атқа кәміл.
Сөйлесіп жақсы сөздер жол-жөнекей,
Қарсы алды пайтақтағы ерлер ақыр.
Құрметтеп уәзірлері байлап атты,
Кіруге берді есіктен рұқсатты.
Ішке кіріп, патшаға дұға етіп,
Көрісіп етті патша махаббатты.
Иіліп өз жанынан берді орын,
«Өткенді кеш» дегендей, алды қолын.
Сұрасып хал мен ахуал махаббатпен,
Әр түрлі сый-зияпат тартты жолын.
Көп айтып, көп ұсынды өтінішті,
Етпеске екінші ондай бекіністі.
—Уа, хаким, Аплатон, ғалым дана,
От пен жел болды бізге өкінішті.
Дауасын сіз табыңыз осы дерттің,
Жалынын өшіргендей жанған өрттің.
Зар етіп қолын ұстап көп жалынды,
Қашты деп берекесі шаһар, кенттің.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Себебі, патшаның бұл өтінуі,
Халықтың берекесін кетіруі.
Қамы үшін жел жоқтаған өз басының,
Халыққа от қаһаты бекінуі.
Наразы қалың халық болып бұған,
Басына патшасының төніп тұман.
Барлығы әскерінің қарсы болып,
Тұр еді өмір сүру болып күмән.
Патшаға жауап берді ғалым Сина:
—Уа, тақсыр, мені орынды жерге қина.
Менің еш бұл туралы жазығым жоқ,
Ғапу ет, от жөнінде жоқ еш хайла.
Халықтың патша өтініп атағынан,
Дүнияда бір ғана оттың шатағынан,
Құшақтап мойынынан Синаның кеп,
Аузымен өпті, сүйіп сақалынан.
Босанып Ғалисина бұған енді,
Патшаның жалынуын мұнша көрді.
Ұялып, болаттай боп қатып қалмай,
Азырақ жұмсақтықпен жауап берді.
Сина айтты:—Мұны істеуші мен емеспін,
Шешуін білдім кімнен бұл кеңестің.
Патша айтты:—Кімнен болса онан болсын,
Рақатын табыңыз тек ерте-кештің.
Сина айтты:—Айа, сұлтан, Ғабділхакім,
Жоқ менің сіздің айтқан сөзде шәгім.
Жасаған жаду кемпір бұл жұмысты,
«Пәлен» деп жай-күйімен айтты атын.
Ол мыстан көп оқыған сиқыр жолын,
Білмейтін жаман ісі аз-ақ оның.
Қаланың ішіндегі барлық [оттар].
Бойында жасырулы тыққан соның.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ей, тақсыр, нанбасаңыз етіп күмән,
Шам беріп бір адамды жұмса бұған.
Бойлатып балауыз шам жанбай қалса,
Болайын мен жалғаншы онда бұдан.
Астына барлық отты алған тығып,
Аямай жандырасыз оны жығып.
Түсініп қалды патша «кегін Сина
Алуға тұр екен» деп білді ұғып.
Падиша:—Сәрһаң аяр,—деді,—қайда?
Жұмсаймын палуаным, жылдам, айда!
Астында от бар екен, от алып кел,
Мыстан бар, аты пәлен, пәлен жайда.
Шам алып бір балауыз сен соған бар,
Тыңлама, жыласа да, етсе де зар.
Нәлеттің алып ұрып шалқасынан,
Бойлатып балауызды астына сал.
Егер де балауыз шам шықса жанып,
Сөндірмей пайтағыма келтір алып.
Алмаса сол мыстаннан әркім өзі,
Жанбайды алған отқа от тұтанып.
Есітіп бұл бұйрықты Сәрһаң аяр,
Қолына балауыз шам алды даяр.
Айтылған көше бойлап үйін тауып,
Шақырды:—Қайдасың,—деп,—кемпір, әйел?!
Далаға шықты кемпір:—Не дейсің?—деп,
—Ей, ана, тұрмын қазір сізді іздеп кеп.
—Шамың не,—депті,—балам, қолыңдағы
Жүрсің бе от таба алмай, уайым жеп?
—Иә, ана, сізден іздеп келдім отты,
—Ей, балам от бола ма менде?—депті.
Өзім де от таба алмай зар боп жүрмін,
Билеген патша білер мемлекетті.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
—Ей, ана, от дәл сіздің астыңызда,
От бар деп патшаны айтып састыңыз ба.
Жіберген патша өзі мені сізге,
Жұрт бүкіл сенің, мыстан, қасыңыз ба?
—Ей, балам, сау ма денің, жындымысың?
—Міне,—деп, алып ұрып,—жынды кісің.
Астына балауызды малып алды,
Тыңдамай «ойбай, ойбай …»—мың дыбысын.
Балауыз шам жарқырап шықты жанып,
Қарыстай қатты басып алды малып.
Қайтып келе жатқанда қайбір кісі,
Сұрады:—Келесің,—деп—қайдан алып?
Ол айтты:—Пәлен мыстан, пәлен үйде,
Тығыпты отты астына сондай күйде.
—Шамыңа тұтандырып алайын,—деп,
Салса да тұтанбапты қандай күйге.
Аяр айтты:—Әр кісі өзі барып
Алмаса, басқа оттардан шықпас жанып.
Көргендер көз тұтасқан сансыз адам,
—Маған бер, маған бер,—деп көп тоқталып.
От іздеп ызғып жүрген мың сан халық,
Көрген соң бара жатқан шамды жанып.
Біреуге біреудікі тұтанбайды,
—Табамыз,—деп сұрады,—қайда барып?
Бәрінің айтты Сәрһаң жөн-жобасын:
—Пәлен жайға барсаңыз шын табасың.
Шұбырынған адам ғой шам жандырып,
Өзің қолдап алмасаң, құр қаласың.
Шұбырған қала халқы қанша жандар,
Ішінде бір де әйел жоқ, ер адамдар.
Қолында бәрінің де балауыз шам,
«Ой, тоба-ай!»—деп барады кәрі-шалдар.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қолында балауызды шамы жанып,
Патшаға Сәрһаң аяр кірді барып.
Көрген соң көзімен бұл кереметті,
Падишаһ тәнті болды қайран қалып.
Ондағы мыстан залым ойлады енді:
«Бұл жұмыс Сина ерден маған келді.
Ылаж жоқ қолдан келер, өкінгенмен,
Қашпасам алдырмас ел маған демді».
Таппады тар қамаудан қашарға орын,
Алды-артын адам орап алған жолын.
Үйінің арт жағында әжетхана
Бар еді, таяу тұрған құлауға оның.
Жан қандай көрінеді қысылғанда,
Іс қандай теріс бағып ұшынғанда.
Тығылды соған барып сасқанынан,
Ұстар тал таппаған соң ұсынғанда.
Қамалған құмырсқадай қалың халық,
Қиратып кірді сырттан тұра қалып.
Құлады қиратылып әжетхана,
Белінен кірді кемпір домаланып.
Бір ғана мыстан емес, көп жан батты,
Өйткені көп жабыла тартқылапты.
«Кезекті мен аламын, маған бер» деп,
Көп кісі салмағымен құлап жатты.
Қайысып шірік ағаш омырылып,
Гүрс етіп көп кісінің салмағы нық.
Алқымдап бір парасы былғанды әбден,
Қисаймай жақсы жері жығылған тік.
Нәжасат өн бойына жұққан балқып,
Шүкір деп батып кетпей шықсақ қалқып.
От керек, сондықтан сол қарт керек деп,
Алдымен қарт мыстанды алды тартып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Кезекке шығарғандар қарамады,
Халық онша тек тұруды қаламады.
Әл жеткен алып ұрып, шам жандырып,
Жыртылып кетіп жатты жағалары.
Мейлі ол бұтақты ағаш, балауыз шам,
Малғаны жанып шықты қайбір адам.
Жалма-жан алып ұрып асықтырмай,
Абайлап алып жатты ауыртпай жан.
Не керек, біраз адам алып болып,
Мыстанды қоя берді аяп қорып.
Бейшара екінші бір жайға қашты,
Әйтпесе кетермін деп тездеп өліп.
Онда да жағатұғын оты жоқтар,
От жақпай, тамақ ішпей қалай тоқтар.
Аясып үйлеріне алып барып,
Тарттырды ит азабын, тартып көкбар.
Алған от және сөніп намазшамда,
Береке болады ма отсыз жанда.
Жабыла алып ұрып, шам жандырып,
Аяйды «бейшара,—деп,—өліп қалма».
Онда да тұруына мүмкін болмай,
Жабыла от жандыру дамыл алмай.
Қайнай ма қара қазан от болмаса,
Көп үйлер мәз болмады оты жанбай.
Азамат кей үйлерде емес сайлы,
Ондайлар от та жағып жарымайды.
Екінші жерге қашып барды және,
Сонда да арналды отқа басыбайлы.
Ертеңге бүгін жанса от қалмайды,
Біреуден алар еді от жанбайды.
Біреу кеш тындырмады, біреу ерте,
Бір жерге жатып сорлы тоқталмайды.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Шаһардан шыдай алмай сыртқа қашты,
Қашарға қуат қалмай енді састы.
Шалысып екі аяғы құлай-құлай,
Бір көлдің басына кеп аяқ басты.
Сол судың басына кеп ұйықтап қалды,
Қоярын білмей қайда шыбын жанды.
Оянса қас қарайып кеткен екен,
«Қараңғы, таба алмас» деп көп қуанды.
Қояр ма жан ауыртпай оттың күші,
Ойнаған отпен бірге көптің ісі.
Су құйсам тығылған от сөнер-ау деп,
Өзінше келді ойына су құйғысы.
Отырып я, Құдай деп жіберді су,
Гүрілдеп дауыс шықты бықсып гу-гу.
Болмады бейшараның ойлағаны,
Басылар деген еді ашытқан у.
Таң атып, ел оянып, күн шыққанда,
Үйлердің оты қалмай бұл шыққанда.
От жайын мастағат қып бас құралып,
Аз жанар екен депті бір тыққанға.
Таба алмай қартты қарап қыр мен ойдан,
Емес қой от жоқ жерден қарын тойған.
Алыстан бұрқыраған түтін көріп,
«От бар деп түтін болса» атты қойған.
Қараса адамдар кеп су басына,
Қарт отыр тұмандатып су қасында.
Қиқулап бірін-бірі шақырысып,
Кірісті от алудың саудасына.
От алған қайтып жатты қуанысып,
Қыбырлап құмырсқадай шұбалысып.
Бір жерге қарт мыстанды жауып қойды,
От үшін халық пайдасын шығарысып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Асхана орнатыпты жұрттан алып,
Басында бағып тұрды адам қалып.
Ауқаты мыстанның да жұрттан болды,
Мыстаннан Бұқар оты бір жыл жанып.
Белгілі ол жатқан жер орын болды,
Теп-тегіс бүкіл Бұқар жолын көрді.
Дүнияда, тас-темір де тозад деген,
Бейшара бір жылдан соң ақыр өлді.
Халықтың бұдан кейін оты жанды,
Мыстанның өлгеніне жұрт қуанды.
Әрбір үй өзді-өзінше сауық құрып,
От жағып үйдің сәні кіріп қалды.
Шақырып Бұқар шаһы Сина ерді,
Құрметтеп, керек десе бәрін берді.
Бір күні өздерінше мәжіліс жасап,
Көрсет деп, етті өтініш бір өнерді.
—Ей, тақсыр, ғалымдардан көпке нұсқа,
Бізге ибрат дегендей үлгіні ұста.
Көңліміз көл суынан етеді арзу,
Тізуге меруерт-маржан қысқа-қысқа.
Осындай тамашалар өтініпті,
Тартынып наз ғып Сина бекініпті.
Мысырдың уақиғасын айтыпты олар,
Теңізден тамшы бер деп шоқыныпты.
Алдына айтты сансыз уәзір нияз,
Келтірді құшақ жазып қымбат жиһаз.
—Иә, тақсыр, көрсетсеңіз аз тамаша,
Болар ед тоқсан өтіп, туғандай жаз.
Азырақ Ғалисина етсе де наз,
Керемет көрсетпеске қалмады ылаж.
Отырды көп ішінде көтеріліп,
Бір нәрсе жасағандай қимылдап аз.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
—Мақұл,—деп есітілді айтқан сөзі,
Төрдегі есік жақта көптің көзі.
Аждаһа жеті басты кірді есіктен,
Айрықша қорқынышты, айбатты өзі.
Отырды тырп етпестен халық қарап,
Ысқырған даусы миды жарып барад.
Айбат қып адамдарға ұмтылғанда,
Және бір шықты айдаһар жазып қанат.
Патшаның тура астынан пайтағының,
Түрі артық анадан да жайпауының.
Ұмтылып екі аждаһа бір-біріне,
Көрді көп жер дірілдеп шайқалуын.
Аузынан бір-біріне шашты жалын,
Шашырап адамдардың басты бәрін.
Зілзала жер сілкініп шайқалғанда,
Сасыпты жасай алмай бастың қамын.
Адамдар бір-біріне тығылыпты,
Патшасы зәресі ұшып жығылыпты.
Тұтылып, тіл байланып, сөйлей алмай,
Молда боп тізелері бүгіліпті.
Баяғы Сәрһаң аяр иман айтып,
Аларып екі көзі жұмылыпты.
Көпшілік қол қаусырып айтты жылап,
Адамдар қатты қорқып қалды құлап,
«Қауіпті тамашаны қоя тұрып,
Болса екен көңіл-шаттық»,—депті сұрап.
Мақұл деп алдыңғыны қайтарғандай,
Минуттай тыныс алып тапты тұрақ.
Алдыңғы көріністер тауып орын,
Есікке қойды Сина сілтеп қолын.
Әдемі есік жақтан перде ашылып,
Даярлық жасағандай етті жолын.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бір кезде шыға келді бір топ күйші,
Киінген көркем қыздар—әнші, биші.
Бұдан соң көркем бойлы ер жігіттер,
Құлаққа мұрты оралған, жұпар иісі.
Әрқайсы жүз пұттан жүк көтергендей,
Миллионы бір көргеннің өтелгендей.
Қолында әрқайсының сырнай-керней,
Түстегі заттай жүрген мекенденбей.
Бұқардың қарап бәрі патшасына,
Құрметпен басын иіп басқасына.
Бейне бір қол ұстасып өскендей[ін],
Тұрғандай көрінді анық нақ қасында.
Күйшілер бір мезгілде тартты күйін,
Бой балқытып, ерітіп ес пен миын.
Ән салып қыздар тобы, би биледі,
Кеткендей ақылы аздар тастап үйін.
Ойында мұңы менен шері барлар,
Ышқылы жүрегінде желі барлар,
Ашығы бар ән-күйдің мәнін ұғып,
Мұңдылар жасы тамып жылапты зар.
Ән-күйге ақылдылар қалды қайран,
Бұл шаттық, бұл тамаша, бұл деп сайран.
—Уай ғылым, уай Аплатон, уай адамзат,
Уай дүния, тамаша өмір, қызық майдан.
Ойлады отырғандар мәжіліс ашып,
Түс пе бұл, өң бе екен деп ақылдасып.
Қуанды жүректері жарылғандай:
—Уай, Сина-ай! Уай, Сина-ай!—деп мақтауы асып.
Осымен осы қызық аяқталып,
Тоймады көрушілер тоят алып.
—Тағы бір ғылымыңыздан болса екен,—деп,
Отырған алғыс айтты қарап халық.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көтерді Ғалисина және қолын,
Перде ашып сол пердеден берді жолын.
Бір жігіт алтын леген, күміс құман,
Иініңде жібек сүлгі тағы соның.
«Қолыңды жуыңдар» деп, етті ишарат,
Қолдарын жуды адамдар мұны қалап.
Жібектен, атластан дастарқандар
Жайылып, тартылды алтын, күміс табақ.
Құрметтеп адамдарды мәжілістегі,
Қоршады дастарқанды барлық көбі.
Жайылып көпке көлдей дастарқандар,
Артылып жатты тағам, шербеттері.
Тартылды түрлі тағам көз көрмеген,
Бұл тұрған адамдарға кез келмеген.
Айтуға оның бәрін тіл жетпейді,
Тоқтапты жүйріктер де сөз бермеген.
Жабыла жалмаң-жұлмаң ішті, жеді,
Жалмаңдап ішкен, жеген жан, жан деді.
Өйткені бұрын-соңды көрмеген ас
Тәтті ғой, таңсық астың көпке тегі.
Болмапты көптігінде астың есеп,
Өзгермей тұра берген жедім десек.
«Бұл тағам қалай тәтті, кемімейді,
Тоймаймыз, я қоймаймыз қанша жесек!»
Жігіттер ішіп жатыр шараптан да,
Сусын деп қалай тәтті жаратқан да.
Қанша көп ішкенменен мас болу жоқ,
Қайтпайсың сусыннан да, тамақтан да.
«Жарықтық, ас па екен бұл пейіштегі?»
Десіпті түрлі астардың сейістері.
Бір кезде:—Кел, тоқтайық!—депті патша,
Батасын жеген астың беріскелі.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Патшасы, уәзірлері қолын жайды,
Не десе бәрі даяр етті шайды.
—Рақмет, ас таусылмас, халық ырза,
Тойдық біз, ас жегенмен таусылмайды.
Сол кезде Ғалисина етті ишарат,
Жиылып пісте, бадам, жеміс, шарап.
Жігіттер, қызметкерлер бірте-бірте,
Өзінше келген ізбен кетті тарап.
Синаға алғыс айтты тұрған жандар,
Уәзірлер, тағы басқа көп адамдар.
Күнбе-күн ғылым, өнер тамашасын,
Көрсетіп тұрды Сина болып даяр.
Синаның жер жүзіне жеткен даңқы,
Қақ жарып қара қылды қымбат нарқы.
Бір патша Махмұт деген есітіпті,
Уәлаят хабарланып Герман халқы.
Көп екен сол патшаның ғалымдары,
Даңқы да көп елдерге мәлім еді.
Иесі ғылым, өнер неше түрлі,
Тәрбие, озған терең тәлімдері.
Есітіп, алдыруға ер Синаны,
Тартуға даярланып көп сыйлары.
Шақырсақ Ибн Ғалисинаны деп,
Бас қосып өздерінше халық жинады.
Мысырдың патшасының ақыр халін,
Бұқардың патшасымен не болғанын
Есітіп, біз де көрсек деген ықылас,
Ұйғарып, көрді тура шақырмағын.
Бәрі де шақыруды етті тілек,
Көз көрмей ер қадірін кімдер білед?
Бұқардың Мәнжал деген бір тәбибі
Қарсы еді Синаға ол, қара жүрек.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Дер еді: Ғалым болса ол, менмін тәуіп,
Маған да халық құлап кеткен ауып.
Мен оған қатар санап бас имеймін,
Не қажет, сескенбеймін, етіп қауіп.
Көкиіп мақтар еді өзін-өзі,
Жүрсе де кереметін көріп көзі.
Дегенмен тәуіптігі асқан да еді,
Мақтанса мақтанғандай мақтан сөзі.
Патшаның уәзірі еді Мәнжал хаким,
Көрер ед тәуіптіктен халық та жақын.
Бір күні Бұқар шаһар падишасы,
Германның патшасының алды хатын.
Хатында төменшілік жолыменен,
Құрметтеп айтқан жақсы жөніменен.
«Сина мен Мәнжалыңды сұраймыз» деп,
Өтініп хат жазыпты қолыменен.
Синаның дәражасын қатты сақтап,
Жібер деп Мәнжалды да айтқан мақтап.
«Көрдіңіз біраз уақыт қасиетін,
Етеміз біз де арзу»—деген тоқтап.
Бұқардың бұларға айтты падишасы,
—Сіздерге Герман шаһының хат-намасы.
Құрметтеп шақырады, етіп тілек,
Ерекше артық арзу ықыласы.
Бұларға шақырған соң бармай болмас,
Қайтарған шын ықыласты адам оңбас.
Айрықша көпшіліктің махаббаты,
Етіңіз махаббатқа сіздер де ықылас.
Патшаға «Мархаба!» деп айтты бұлар,
—Әрине, махаббатпен құрмет қылар.
Жер алыс, көрмеген ел, емес таныс,
Бармаймыз, Бұқараның өзі де ұнар.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бұқардың патшасы айтты:—Шақырды олар,
Бармаған шақырған соң ұят болар.
Барлығы тамашаның тіршілікте,
Өлген соң гүлге қалай бұлбұл қонар?
Бұлар да қабыл алды ұялғаннан,
Мақсаты болмаса да қиялға алған.
Патша айтты:—Біраз уақыт онда болып,
Келерсіз өзімізге тез олардан.
Мәнжалға айтты Сина:—Достым, уәзір,
Жол қаржы, құрал-сайман болсын әзір.
Патшасы ұзақ жердің шақырыпты,
Тартармыз сақтанбасақ жолдан жәзір.
Туған да екеуіміз, туысқан да,
Пайда жоқ бақ-дәража қуысқанда.
Шаһары Махмұт сұлтан қырық күндік жол,
Шөлстан соқтығар жол бұрыс шарға.
Адаммын ат-көліксіз, мен бір пақыр,
Менде жоқ азық-түлік, шатыр-матыр.
Он күнде бір татармын болмашы ауқат,
Барғанша жаяу барам таза-тақыр.
Жасымнан аз ауқатқа болдым машық,
Айға да жүдемеймін қарным ашып,
«Аттыға жаяу ермес» дегендейін,
Пысық бол осы бастан, қалмай жасып.
Ал енді ықтияттан, уәзір жолдас,
Ас-ауқат бізде сізше әзір болмас.
Қалай да сіз патшалық хаким адам,
Өзіңе ылайықты алыңыз ас.
Десе де Мәнжал уәзір үндемеді,
Айтпады менмендікпен бірдемені.
Менсінбей, көңілінде биіктік бар,
Синаның жақпай қалды бұл дегені.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сина айтты:—Мәнжал достым, айтам саған,
Тақ болып пәлен күні келгін маған.
Күмпиіп, «мақұл болар» дегендейін,
Даяр боп айтқан күні барыпты оған.
Сина да болмашы ауқат алған болды,
Екеуі сапарға ұзақ тартты жолды.
Көрсетпей жеп-ішкенін бір-біріне,
Жарты жол—жиырма күндей жүріп келді.
Уәзір де шыққан еді атқа мінбей,
Мен сенен кеммін бе деп жаяу жүрмей.
Бір жерге астығын да тастап кетті,
Түскенін әлі азайып қалды білмей.
Айтпады азайды деп менің халім,
Азамат қатты сақтап ұят-арын.
Азайып күш-қуаты кеміп кетті,
Синаға жасырса да жайы мәлім.
Сина айтты:—Қандай, достым, жай-жағдайың,
Қуат-күш керек болса мен де дайын,—
Десе де аузын ашып сыр айтпады,
Сұраса ерегісіп айтқан сайын.
Байғұс бір тырыс екен сонша кері,
Баспады шақырса да тұр деп бері.
Бәсеке келер еді әңгіме айтып,
Аттауға қалмады әлі сыңар елі.
Мәнжалға деді Сина:—Достым уәзір,
Ат та әзір, дәулеттіге тұлпар да әзір.
Жұмсамай орынына патша мүлкін,
Кінәлап өзіңе-өзің арттың жәзір.
Адаммын мен үйренген барға-жоққа,
Жетемін көз ашқанша көңілім соқса.
Осынша сізге не жоқ азап тартып,
Шарпылтқан көбелектей өзіңді отқа.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Дегенде күрт жығылды омақаса,
Жол қалмай жалғыз аттап аяқ баса.
Сұраса жалғыз әріп жауап бермей,
Бейшара қаза тапты аузын аша.
Өкінді Ғалисина өткеніне,
Жиырма күн жаяу жүріс еткеніне.
Үстінде бұл сияқты құрмет сапар,
Мәнжалдың жолда қаза шеккеніне.
Бір жерден мазар қылып белгіледі,
Дегендей ер қадірін ер біледі.
Мәнжалды сол мазарға жақсы жайлап,
Деді енді: «өз жайымды жел біледі».
Жиырма күн жүрген еді бәсекемен,
Деген ер Мәнжал үшін «ғылымым тең».
Алған соң бір жайлы қып, жайғастырып,
Германға жетті Сина тартқанша дем.
Германның көз жіберді қаласына,
Сән берген көк пен жердің арасына.
Таласқан аймен, күнмен күмбездері,
Нұр берген көрген көздің шарасына.
Отырды Ғалисина аттан түсіп,
Махаббат ықыласына көңілі ісіп.
«Патшаға мен Сина деп жетіп барсам,
Ылайық болмас,—деді,—жақсы пішіп».
Германның патшасына кездескенде,
Пайтақта уәзірлермен көздескенде.
Білдіріп бір ғажайып көрсетпесем,
Құмар боп мінап болмас күн кескенде.
Келер деп асықты олар мені қашан,
Жақсы алып сол ықыласын қайтармасам,
Өздері іздеп тауып, алса қарсы,
Миясар болар депті бұл тамашам.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ақтарып ғылым құдірет қазынасын,
Жасады патшалыққа базынасын.
Көрінбей көзден ғайып болды қала,
Көзге ілмей тақты пайы, тәжі басын.
Жасады ел жатқанда мұны түнде,
Сезбепті ұйықтаған соң адам бір де.
Қараса айдалада жатыр халық,
Қала жоқ кірмегендей түске мүлде.
Күн шықты нұрын шашып сәулеленіп,
Қаласыз қалған халық әуре болып.
Қамалып, «бұл қалай?» деп арыз айтты
Патшасы шаһы Махмұт дәуге келіп.
Махмұт жинап алып уәзірлерін:
—Бәріңді мен неліктен әзірледім?
Табыңдар бағы-бустан, қалам қайда?
Ақылым ауды бастан қазір менің!
Таң болды уәзірлердің білмей бәрі,
Жабырқап, ұлы-кіші, жас пен кәрі.
Сөйлепті бір уәзірі тұрып сонда,
Қой көзді, орта бойлы, түсі сары.
Ғылымнан хабары бар еді мұның,
—Бұл жұмыс,—деді тақсыр,—құдірет ғылым.
Ғалымның Ибн Сина хабары бұл,
Белгісі келдім деген сізге бүгін.
Болмаса, сан тарихта тұрған қала,
Мүмкін бе жоғалуға бүгін ғана?
Табиғат желін билеп алған ерге,
Қаламыз болмақшы оған қандай шара?
Махмұт айтты сонда уәзіріне,
—Шының ба, ойнап айтқан әзілің бе?
Синаны достық үшін шақырттым мен,
Қастық қып қалам құртып—жазығым не?
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Уәзірі айтты:—Тақсыр, салсаң құлақ,
Бұл сізге қастық емес, достық, бірақ
Көрмеген, біліспеген бұрын-соңды,
Бірінші біліскені, елі жырақ.
Сол ғалым бұл хабары сізге берген,
«Қарсы ал деп келіп тұрмын мұнша жерден».
Көрсетер ғылым құдірет сұнғаттарын,
Боларсыз неше түрін ертең көрген.
Қарсы алып құрмет етер құрметтесек.
Дүнияда тірі адамға құрмет есеп.
Орнына ертең оны қайта салар,
Құрметтеп, қызмет етіп алып келсек.
Патша айтты:—Іздеп тауып олай болса,
Қарсы алып келтіріңдер қолай қонса.
Қарсы алу, құрмет ету міндетті іс қой,
Қаламыз орнына тез оңай қонса.
Қаланың көбі орнында—орнында,
Тұрыпты өзгерместен бір пормында.
Жалғыз-ақ падишалық пайтақыты*,
Көрінбей тұрған текке көз алдында.
Шаһарға кірді Сина жалғыз еніп,
Қаласын құрметтеген бүгін көріп.
Отырған бай кісіге көзі түсті,
Жолы бір дарбазаға тура келіп.
Келді өзі кескінінде бейшараның,
Бай екен дәулеті көп бұл қаланың.
Қызмет қып, қол қусырып, тіке тұрған,
Алдында көп қызметкер көрді адамын.
Бұл бай бір зор тәкаппар адам еді,
Білмейтін жақсылықты надан еді.
* Бұл жерде падишаның сарайы мағынасында алынған.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Шыбынның асқа қонған аяқ-қолын,
Жаламай жібермейтін сараң еді.
Үстіне сонша қымбат киген киім,
Шалқиып шіреніп тұр қағып иін.
Көргенде Ғалисина осындайды,
Көретін мінезі еді ішке түйін.
Алдында қызметкерлер басты иіп тұр,
Бай соған қарсы қарап қасқиып тұр.
Қайқиған қарны жалпақ, өте семіз,
Сойдиып күрек тісі ақсиып тұр.
Мінезі тырысар ед—кедей көрсе,
Кейкиіп кетер еді кедей келсе.
Жанына Ғалисина келіп тұрды,
Сұрапты ақша қажет недей көрсе.
Ашумен тікірейіп шықты түгі,
Секілді семіздігі—жуан күбі.
Бұйырды жігіттерге:—Қуып шық,—деп,—
Оңбаған сорлыны,—деп,—кедей түбі.
Жігіттер азар беріп шықты қуып,
Бейнемен ақыреттеп жүзі суық.
Ренжіп Ибн Сина қайтып шықты,
Азарын қайтаруға белін буып.
Кінәні қайтаруға алды түйіп,
Қарады мінезінің сырын жиып.
Ықыласы, шын құмары осы байдың,
Бір жүрдек сұлу қашыр мінсе сүйіп.
Қуанды Ғалисина мұрттан күліп,
Сұрамай байдың сырын сырттан біліп.
Таяғын қолындағы қашыр жасап,
Бай болып бір саудагер алды мініп.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Көгілдір пәшін салған баста сәлде,
Қаракөк сұлу қашыр мінген сәнге.
Бай кісі сол орнында отырғанда,
Көшемен өте шықты салып әнге.
Өткенін байдың көзі шалып қалды,
Екенін жақсы қашыр танып қалды.
«Тез шақыр қашыр мінген кісіні» деп,
Жүгіртіп артынан тез адам салды.
Бір жігіт шақырды тез Сина ерді,
—Сізді тез бай-қожайын келсін,—деді.
Шақырған заматында шалт бұрылып,
Жорғалап желден жылдам жылжып келді.
Желден тез, судан сұлу, жібек жүнді,
Сүмбедей қамыс құлақ, аса құнды.
Мұз белді, құйма тұяқ, шашақ құйрық,
Қайқиған қарыны жуан келіп тұрды.
Қасына ер Синаның келді жүріп,
Ішіне бұл қашырдың ышқы кіріп.
Басынан бар ақылы ауып кетіп,
—Сатыңыз,—депті,—маған құлдық ұрып.
Қашырға қашты ақылы айрылмасқа,
Айрылса мүмкіні жоқ қайғы ұрмасқа.
Шұқшиып басы иіліп, айрылмапты,
Табанын не сұраса тайдырмасқа.
Келісіп мың теңгеге қашырды алды,
Мақсаты байдың бітіп асылданды.
Жолына Ғалисина кете берді,
Бай мініп қашыр басын жолға салды.
Сырғытып келе жатты салып жолға,
Сипақтап жібек қамшы алып қолға.
Жануар дәулетіме дәл жарасқан,
Сөйтсе де біраз ақша—бір мың сом да.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жолында біраз жатып бақша көрді,
Жүрсе де бұрын көріп осы жолды.
Бақшаны көрмеп еді мұндай жақсы,
Жанына жалт-жұлт етіп жүріп келді.
Көрмеген бұрын-соңды мұндай бақша,
Жанында бір әуіз тұр қарап бақса,
«Япыр-ау, осы бақша кімдікі?» деп,
Қашырдың тұрды үстінде тұлпар атша.
Бай тұрып бақты ішіне бақшашының,
Сығалап сырт жағынан қақпасының.
Тамаша таң қалғандай тұрды байқап,
Германның бауы ма деп патшасының.
Бақшаның жақынында әуіз көрді,
Қашыр да суды көріп мойнын бұрды.
Жануар су ішпеген екен-ау деп,
«Қашырым, қанғанша іш» деп, келіп тұрды.
Әуіздің ауызы ықшам, түбі терең,
Секілді суы қымыз, алтын зерең.
Тереңге түсіп қашыр еңкейгенде,
Тоңқая құлады бай, жетпей төмен.
Тоңқая құлағанда қалған талып,
Едәуір жатып тұрған естен танып.
Бақшаның кірді ішіне есігінен,
Ішкен соң кірді ме деп судан қанып.
Қашырым қайда екен деп ішкері енсе,
Бір мәжіліс ойын-күлкі келіп көрсе.
Қырық-елу қызғылықты сұлу қыздар,
Жаннаттай жайнап отыр жақын келсе.
Жасыл жер, қызғылықты қызыл гүлдер,
Сүмбіл шаш, жібек мінез, нәзік үндер.
Қарсы алып, құрметтесіп тұрды бәрі,
Таңдаулы таға жіптей ай мен күндер.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Тамаша таңданғандай таза бойлы,
Қыпша бел, қарақат көз, алма мойны.
Құрметтеп бәрі бірдей орын беріп,
Алдына дастарқан мен тағам қойды.
Халыққа қасиетсіз қасис адам,
Қыздарға бола қапты абыройлы.
Әр түрлі әзіл сөзбен шарап құйды,
Әзілі әрбір қыздың түрлі-қилы.
Шаттанып шарап ішіп, ой шарықтап,
Бой қызып, бірін-бірі қысып сүйді.
Домбыра нағма шалды, ойын қызып,
Бір-бірін жақсы көріп, жанын үзіп.
Құшыпты бір сұлу қыз байдың мойнын,
Бұлқынып сары сазандай, суды сызып.
Ол қасис бай қуанып «Жаным!» депті,
Құшақтап қыздан бетер бетін өпті.
Белінен бір қолымен қымти ұстап,
Баяғы айта берер, іске кепті.
Ән салған екеу-екеу сұлу қыздар,
Шуылдап жіңішке үнмен күлісті олар.
Жұмысын ойындағы бітірген соң,
Ит нәпсі еркінше кең тапты қарар.
Жұмысын тындырған соң ойдағыдай,
Жігіттің шат боп көңілі бойдағыдай.
Қараса жан-жағына көп адамдар
Қамалап, күліп жатыр тойдағыдай.
Ит екен бір ұрғашы қыз дегені,
Қаланың базары екен түз дегені.
Орнынан ұялғаннан ұшып тұрып,
Қашыпты қолмен баса бірдемені.
Күліскен тамашалап көп шуласып,
Әйелдер ұялғаннан бетін басып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жібермей ұстап алды көп кісілер,
Ұры деп бара жатқан қыздан қашып.
—Барасың қайда тастап ғашығыңды,
Көрсеттің көпке мерей машығыңды.
Рақмет зейнетіңе күйеу бала,
Сүймейтін азаматым жасырынды.
Итін де алып келді қалдырмастан,
Мойнына алмасына тандырмастан.
Қазыға халық қамалап алып кепті,
Таптырып киімін де алдырмастан.
Жалаң бас, жалаң аяқ, тыс киімсіз,
Жасалған істің түрі тым сыйымсыз.
Сұрапты қалдырмастан қазы байдан:
—Қалайша қызметің,—деп,—бұл иінсіз?
Бай сонда жағдайды айтты бастан-аяқ,
Қашырын, әуіз, бақша, тастамай-ақ.
Ішінде сондай-сондай іс болды деп,
Айтыпты әлеуметтен жасқанбай-ақ.
Жын ұрған деп тауыпты қазы сұрап,
Адасқан ақыл-естен алыс-жырақ.
Жіберді тәуіптер мен тәбибтерге,
Өздері қарасын деп басын құрап.
Қайтадан алдырыпты қазы қайырып,
Алдыңғы айтқанынан лебізі айнып.
Күніне бес жүз қамшы бұйырыпты,
Саламат табу үшін жыннан айырып.
—Жындары қайтпас,—депті,—етпей олай,
Ақылы шаруасына соқпас қолай.
Мықты жын жан-тәнімен араласқан,
Соқпаса жазылмайды деген оңай.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сыртынан Ғалисина мұны қарап,
Соққанда тұрар еді тамашалап.
Арадан айдан астам күн өткенде,
Келіпті Ғалисина оңашалап.
Дер еді, жазығым не, әр соққанда,
Қашырың не етті дейді су баққанда.
Расын әрқашанда айтар еді,
Бірақта соға берді сорлатқанда.
Синаның келді бір күн рақымы аяп,
Өлімге жеткізгенде халін таяп.
Ішіне аурухана келді Сина,
Кісідей инабатты жүрген жай-ақ.
Жанына келді байдың жайлап басып,
Түрменен аянышты амандасып.
Сөйлесіп, жағдаяттың сұрап бәрін,
Мынадай ақыл берді хабарласып.
—Ей, балам,—аяғандай деді байға,
Орнаған іс емес бұл текке, жайға.
Жиіркеншек, кедей көрсең, жоқ-нашардан,
Екенсің сараң, бақыл осындайда.
Келгенде бір бейшара есігіңе,
Қудырып шығарыпсың, осы—күнә.
Осылар сараңдықтың себебінен,
Келейік қырсығыңның шешіміне.
Сондықтан бұл бәлеге болғансың тұс,
Күніге бес жүз қамшы ғазабат іс.
Амалы мынау деді құтылудың,
Бәлені бес жүз қамшы қайтарудың:
«Не қылды, не жасады қашыр?» десе,
«Түбінен не қылсын,—де,—әуіз судың».
Десе егер «Қашырыңыз енді қайда?
—Қорада бағулы,—де,—жақсы жайда.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бұдан соң екі мың сом ақша бермей,
Іске аспас,—деді,—балам, амал-хайла».
«Мақұл»,—деп жан-тәнімен уәде берді,
Үйретіп бай қасынан шығыпты енді.
Соғатын бес жүз қамшы дәрігерлер,
Байпаңдап бай қасына жүріп келді.
Қамшысын даярланып қолына алып,
Ұруға оңтайланып жолына алып.
—Не болды қашырыңыз?—депті байға,
Бетіне не айтады деп тура бағып.
Бай айтты:—Қайда болсын, үйде қолда.
—Әуіз ше?
—Әуізден не жесін онда?—
Дегенде соғу жолын тоқтатты олар,
Қамшысы қала берді соқпай сонда.
Хакимге хабарлады тездеп барып,
Әуізде демеді деп тоқтап қалып.
Бейшара түзеліпті науқастан деп,
Қамаудан босатыпты тез шығарып.
Бай қасис келді үйіне бейшара боп,
Күніне бес жүз қамшы сыбаға жеп.
Ойлады «Сәл істерге араласып
Жүреді хакимдер де екен-ау»,—деп.
Құтылып келгеннен соң күй-жайына,
Өзінің бұрынғыдай ыңғайына.
Арналған құтқаруға екі мың сом,
Ашытып батып тұрды ыңғайына.
Несие жүрегіне батып удай,
Жеген бал ауызына татып судай.
Өлтірмек болды әбден ер Синаны,
Көз көрсе көлден атқан қаз бен қудай.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Аз күндей Ғалисина жүріп қалды,
Бір күні бір дәруішке душарланды.
—Мен сізге мың теңге ақша берем, серік—
Деп айтып, айтқан байға ертіп барды.
Айтылған байдың барды сарайына,
Бірталай жұмыс берген малайына.
Өзіндей тағы біреуді ертіп барған,
Келгенін білді ақының орайына.
Қарады екеуіне қаһар көзбен,
«Ақшаға келдің-ау,—деп,—Ақтан безген.
Ұстатып қызметкер, малайларға,
Қамшы соқтырайын тезбе-тезден.
Мен жеген жемісімнен ол да татсын,
Жанына жанған жалын шоқтай батсын»
Дегенде терең ғылым күшіменен
Ер Сина білді түгел жұмсап әпсүн.
Көңілін көрді біліп шишең үйдей,
Қоймас ер бір көргенде ішке түймей.
Кісіге бермес жағын қарағанда,
Былайша зат шығуын деген сүймей.
Асына жеп отырған қонса шыбын,
Қанат, тұмсық, табаны болса жұғын.
Қуанып қағып ұстап ала қойса,
Шаттанып шарықтап шалт жалайтұғын.
Қанатың ұшатұғын осы ғой деп,
Аяғың қанатыңның досы ғой деп.
Жұлып жалап тастайтын «бара қойшы,
Бұйырған қалды өзіме несібе-ай» деп.
Кей кездерде шіркейді алса ұстап,
Қуанып жібереді бір дауыстап.
Бұйырған адал істің ұрысы деп,
Ерінбей жіберетін бір жұмыстап.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Кей кезде қала қойса ұстай алмай,
Қалғанға қатты өкініп нұсқай алмай.
Үш күндей ас-су ішпей жатар еді,
Ешкімнің айтқан сөзін қоштай алмай.
Сол қасис зор бай еді осы айтылған,
Дәлелді заттарымен қоса айтылған.
Қашыры бай көзіне елес етті,
Көрініп бас-құлағы айқын тұрған.
Бай аңлап азын-аулақ уақиғаны,
Бетіне ер Синаның жалт қарады.
Ишарат бармағымен желкесіне,
Ер Сина етті байға сол заманы.
Синаның ишараты бармағымен
Аңланды байға былай ар жағымен.
Дегендей кешегідей жерсің таяқ,
Айтқандай сезілді көп жанжалымен.
Түсінді, «бұл бос кісі емес» деді,
Басқаға ақыл қосып кеңеспеді.
Бұйырды әмиянымды алып кел деп,
Синаға бір мың бес жүз санап берді.
Өтініп ер Синаға басын иді,
«Қашан да есіңе ал» деп қолын сүйді.
Күлімдеп Ғалисина тысқа шығып,
Мың теңге жолдасына берді сыйды.
Өзі бір кең оңаша жайды тауып,
Тағы бір іс етуге ойы шауып.
Адам ғып қара арабтың суретінде,
Қасапқа ертіп барды көңілі ауып.
Сататын адам еді малдың басын,
Әркімге алып сатар бас бағасын.
Сина айтты бас сататын қасапшыға,
—Тыңдаңыз, айтар мынау ілтимасым.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жігітім мынау менің тілсіз араб,
Күнбе-күн келіп тұрар қап арқалап.
Салармын қапшығына бас ақшасын,
Аларсың қапшығынан өзің қарап.
Бір қойдың қапшығына басын салып,
Бергейсің жаурынына қайта таңып.
Тас керең, есі шала, тілсіз адам,
Деген соң уәде қылды қабыл алып.
Күнбе-күн алып тұрды қойдың басын,
Қайтармай қарсы алған соң ілтимасын.
Бөлектеп шығармастан жия берді,
Қырық күндей алып тұрған жаңа ақшасын.
Синадан алған ақша жаңа судай,
Қызығып жұмсамады қызыл тудай.
Болғанда қырық күн толық ақша да қырық,
Бір істі тұрады ма бір іс қумай.
Ақшаны қызыққаннан бөлек қойды,
Айрықша кірсіз жаңа елеп қойды.
Себеппен жұмсау үшін тұрды ақтарып,
Бір заттың ретінен керек болды.
Қараса қырық теңге жоқ, қырық қағаз бар,
«Не болған,—депті таң боп,—бұл сабаздар?»
Тұрғанда сиқыр ма деп қапаланып,
Қара араб келе қалды болып абзал.
Қапшығын көріп басшы арқалаған,
Ашумен екі көзі қанталаған.
Арабты қақ маңдайдан соғып еді,
Бойымен ұшып түсті шалқалаған.
Қараса бір кісінің басы бопты,
Байғұстың басты көріп есі кетті.
Шақырып көшедегі адамдарды,
—Адамның бас болғаны несі?—депті.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жиналып бірталай жан көшедегі,
«Адам бас болар ма?»—деп кеселеді.
Тұрғанда әрбіреулер әр түрлі айтып,
Көшеден Ғалисина кесе келді.
Басшының дүкеніне Сина келіп,
—Келді ме?—деді жігіт хабар беріп.
Синаның жағасынан ала кетті,
Ешкідей елеңдеген итті көріп.
Барлығы қағаз болды берген ақшаң,
Бер қазір, керек болды, тауып шапшаң.
Сина айтты:—Ей, ынсапсыз, араб қайда?
Кезекпен сабыр сақтап сөзге бақсаң.
Ол айтты жауап берген кезегінде,
—Шыдамай ашу оты өзегіме,
Бір мәрте соққанымда жұмырықпен,
Басы боп қалды адамның тез өлімде.
Сина айтты, көпшілікке үніменен,
—Куә бол, ағайындар, шыныменен.
Адамзат қарап тұрып бас болар ма,
Өлтірді арабымды ұры деген.
Өлтірген залым депті арабымды,
Жас жігіт, зияны жоқ қарағымды.
Қаланың қалды халқы тез жиналып,
Сина тұр тауып бер деп адамымды.
Қалың топ қақ айрылып тең бөлінді,
Толқынның тоқталуы кем көрінді.
Аяғы әңгіменің аққан өзен,
Қазының қарауына жол берілді.
Екі топ екеуінің соңына ерді,
Қазының қарауына жүріп келді.
Бас сатқан өз басының қамын сөйлеп,
Былайша Ғалисина жауап берді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сина айтты:—Әділ қара, тақсыр қазы,
Басшының кәсібі осы қысы-жазы.
Адамның басын сатқан қой басы деп,
Бұл нағыз үлкен жауыз өнерпазы.
Ей, тақсыр, еске алып, ескеріңіз,
Шын сөзді қиғаш көрмей, қош көріңіз.
Айтқаным шын болмаса мен айыпкер,
Осыны нанбасаңыз тексеріңіз.
Бұл сөзді қазы мүфти дұрыс тапты,
Ғажайып сауал болды бұл іс қатты.
Басшының бас ханасын тексеруге
Беріпті молдаларға рұқсатты.
Мұны кеп тексеруші қарағанда,
Бір ұғлан басы шықты санағанда.
Және бір шашы ұзын әйел басы,
Табылды сақалды бас қарт адам да.
Қараушы қазыға кеп хабарлады,
Бөлекше қойдың басын таба алмады.
Таппады шақырғанда Синаны да,
Ойбайлап басшы басын амандады.
Ол айтты:—Ойбай, тақсыр, сиқыр нағыз,
Амалдап, алдап өмір сүрген жауыз.
Дегенге қазы әпенді мәнзүр етпей,
Жазасын тарттыруға берді маңыз.
Зар жылап арыз айтты және басшы:
—Ей, тақсыр, қиянаттан аулақ қашшы.
Қырық күндей алған ақшам қағаз болды,
Тұра алмай абан тіреп және қашты.
Жиналған осы арада қаншама адам,
Басы бар бәрінің де жақсы-жаман.
Қалмаңыз обалыма,—деп жылады,
Ол, сиқыр, оған куә Алла Тағалам.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Нанбасаң тағы тексер баспанамды,
Жылатпай жетім тастап жас баламды.
Сиымсыз сиқыршының тіліне еріп,
Шығарма анық білмей масқарамды.
Пісіріп сатқаным жоқ адам басын,
Ондайдан, Құдай ақы, аман басым.
Қазыжан, қайта тексер анық талдап,
Жейін мен ондай болсам балам басын.
Қазылар тексеріпті қайта қарап,
Асықпай, саспай, таза, жай шамалап.
Қараса қанша болса қойдың басы,
Басшыны азат қылды «ой, тобалап».
Басынан безе жаздап бас сатам деп,
Жабысып жағасынан ақсатам деп.
Асылып қала жаздап дар басына,
Құтылды жылап-сықтап «жақсы атаң» деп.
Бұл хабар бүкіл Герман елге тарап,
Қаладан қала қалмай, халық аралап.
Естілді құлағына Махмұт сұлтан,
Әр жерде әңгімеде тамашалап.
Таң болды шаһы Махмұт «бұл қалай?» деп,
Бас қосып уәзірлер мен жасауыл бек.
Уәзірлер айтты:—Сұлтан, бұл іс Сина
—Іздеп тап келдім, сұлтан, дегені тек.
Іздепті адам арнап әр тарапқа,
Германның уәлаяты, түрлі жаққа.
Не керек, дерек түгіл, шерек те жоқ,
Шалығып жүре берді шаршап шаққа.
Күндерден бұдан кейін болды бір күн,
Күндер де өтіп талай неше дүркін.
Германның қаласының базарында
Дүкенде бір жігітті көрді, шіркін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жас жігіт келген келбет-кескін сурет,
Қасында тұрды Сина етіп құрмет.
Сыпалық, тазалығы, өткірлігін
Шамалап тартты өлшеп ғылымы құдірет.
Тамаша пікірінің тазалығын,
Мазмұнын тексергендей мазалының.
Үйретсе ғылымы құдірет симия тылсым,
Ұғымын қарап зейін қазанының.
Әкесі сол жігіттің пейілі жаман,
Жан еді аса жауыз құлқы арам.
Синаға кет деп кейін беріпті азар,
—Дүкенге жақындама, баспа қадам.
«Кет аулақ»—азар тілмен кейіп, ұрсып,
Жеркеніп «кет, кедей» деп, бойы бүрісіп.
—Бейшара, сендей пақыр қадамынан,
Кетпейді қырық күнгеше ауыр қырсық.
Ренжіп кетті Сина, болып қапа,
Сұқ тілмен ұрмай-соқпай тартып жапа.
Ойлады көрінгеннен көрмей азар,
Бұған бір іс көрсету зауқы сапа.
Қаланың келіп тұрып бір шетіне,
Сусыз шөл сахара еді сол бетінде.
Төрт ағаш бойы бірдей кесіп алып,
Келтірді сұлу бақша суретіне.
Тамаша бір бау-бақша төрт бұрышты,
Бау ағаш басы жасыл жапқан үсті.
Табиғи тамылжыған таза гүлдер,
Алма, өрік, жүзім, анар түрлі-түсті.
Алмұрт, шие, інжір, шабдалылар,
Тек қана ашық орын—басатын жер.
Есепсіз атын білмес жемістер көп,
Сан көркем құрма ағаштар, жеміс жетер.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қалғандай қарағанда адам қарап,
Көргеннің кетпес еді есі тарап.
Астында көлеңкелі көп ағаштың,
Жүретін жолдары бар көңіл қалап.
Бау-бақша жасыл миуа жарасуда,
Гүл жайнап, бұлбұл сайрап пәрашуда.
Жарқырап ағып жатқан мөлдір сулар,
Тоймастай көрмеген жан қарасуға.
Бақшаның төрін ешкім көрмегендей,
Әлемге мұндай бақша келмегендей.
Бергенмен алтын-күміс түйеге артып,
Көз қиып бір жемісін бермегендей.
Әзірейіл өзі арқалап ап кетпесе,
Ішіне кірген кісі өлмегендей.
Өзін бір түсін бояп, етті бір бай,
Жарасқан сақал-мұртқа сәулеті сай.
Қолында күмістеген күмбез таяқ,
Ренжіткен бай қасына келіпті жай.
Дүкенде кеше көрген көркем жігіт,
Жанында әкесі отыр сауда қылып.
Әдеппен сәлемдесіп сөзге келіп,
Отырды бай қасына тізе бүгіп.
—Байеке, менде бар бір баулы бақша,
Жемісті, таза гүлдер сізге жақса.
Алдымен сізге келіп айтып тұрмын,
Қазірде зәрлі болып керек ақша.
Бақшамның жеміспенен іші тола,
Көрмесең күмән етпе оған бола.
Көріңіз көзіңізбен мейіл етсең,
Алсаңыз арзан сатам біражола.
Аралап серуендеңіз алмасаң да,
Оншама қынжылмаймын бармасаң да.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Тамаша етуіңді етсең керек,
Таныс боп айтып салдым қанбасам да.
Бақшамды ала қойсаң, сәті түсіп,
Тамылжып жеміс тола тұрған пісіп.
Базарға сатар болсаң, сендік сауда,
Өлшесең өзіңдікі қалай пішіп.
Жемістің кеткен кезі уақыты өтіп,
Айтқан сөз жағып кетті әсер етіп.
Дүния, әсіресе, сондайларға
Керек қой, келіншектей тұрса жетіп.
Баласын атқа аттанды жанына ертіп,
Жемістің арзан алып, иісіне елтіп.
Шаһардан сәл тысқары бөлімшеге,
Екі атты, бір қашырлы келді жетіп.
Көкпеңбек көкке жеткен бау ағаштар,
Көңіл де, көз көрмеген түрлі ағаш бар.
Жемістер пісіп тұрған дүнияда жоқ,
Өмірге ұмытпастай татқан жастар.
Жайқалған құрма ағаштар жапырағы,
Ес кетіп құрғақ баспен бақылады.
Ақшаға байдың өзі кетті үйіне,
Тіллаға он мың теңге сатып алды.
Асығыс, уақыт қысқа, мезгіл таяу,
Қар жауып кетсе қыс боп қалар жаяу.
Әкесі ұлына айтты:—Арба алып кеп,
Базар сат шығарып, тұрма баяу.
Берерміз сыйлық қылып әкімдерге,
Бақша жоқ мұндай таяу жақын жерде.
Қалай да бағымызға тура келген,
Он тиын қазір бізге он мың теңге.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Жолына Сина кетті ақшаны алып,
Бай қалды текке алдым деп бақшаны алып.
Екі адам қарауылға тастап кетті,
Сақ болып тұру үшін бақша бағып.
Бай кетті ап келуге көлік, арба,
Мал болса бай сорлыда ерік бар ма.
Ертең таң атысымен сан жемісті,
Бұйырса салайын деп қан базарға.
Үйіне бай да кетті күн батқан соң,
Жігіттер көп отырып ел жатқан соң.
Бұлар да сергек жатып ұйықтап қапты,
Жеп әбден жемістерден дәм татқан соң.
Жайқалған жатты жеміс арасына,
Жемістің ақыл жетпей бағасына.
Шалқиып шалқасына жатты бірі,
Ауызы бір жеміске нақ ашыла.
Бал балқып, пісіп жеміс балбырап тұр,
Түрлі гүл шешек атып, аңқып-ақ тұр.
Аңқиып жатқан жігіт ауызына,
Бір жеміс тиер-тимес салбырап тұр.
Бір кезде жатқан жігіт кетті оянып,
Жемістің ауызына балы тамып.
Қызығып қыздай қызыл қымызына
Ұсынды жемек үшін жемісті алып.
Жоғары ұсынғанда қолын созып,
Жеміс те көтерілді биікке озып.
Отырып жатқан жерден көтерді бас,
Жата алмай алмаған соң бұған төзіп.
Екінші алайын деп қолын созды,
Ол жеміс жеткізбей қол, одан да озды.
Япыр-ау, жеміс шындап қаша ма деп,
Арқасы алу үшін әбден қозды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ендеше озды жеміс одан да арман,
Болса да бой жеткенге қолы барған.
Тікейіп қолын созды, одан да озды,
Бір таспен болмаған соң қойып қалған.
Түсірді жемісті ұрып таспен жерге,
Енді алдым деп еңкейді, бәрекелді.
Домалап еңкейсе де қолға түспей,
Жойылып табылмапты ойдан өрге.
«Жарықтық,—деді,—алмаға жан біткен бе?
Жанданып қашып кетті, әл біткен бе?
Ой, тоба, мынау алма шайтан шығар,
Болмаса ауыштым ба, алжып мен де?»
Қап, бәлем, күн шыққан соң табыларсың,
Біреуі айтты «қашып ол қайда барсын».
Тағы да жатып бұлар, ұйқы қанып,
Тұрыпты екеуі де күн шыққан соң.
Бұлардың түндегі алма ойындағы,
Үзіліп домаланып жойылғаны.
Қараса, қарап қалған бау-бақша жоқ,
Алма-өрік, түрлі жеміс бойындағы.
Бау-бақша, жеміс түгіл, қора да жоқ,
Бұрынғы қасындағы мола да жоқ.
Орнынан желдер ескен бау-бақшаның,
Сахара жатқан жері далада тек.
Бұлар айтты:—Біз тіпті алжастық па?
Бір жаққа түнде ұмытып аумастық па?
Біреуі айтты:—Еш уақта алжаспадық,
Жорыма қай-қайдағы науқастыққа.
Біреуі айтты:—Бай келер, ауыспасақ,
Ақылды алжас басып тауыспасақ.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Тікелей келсе осында тіпті жақсы,
Өзімен бірдей болып нақ ұстасақ.
Біреуі айтты:—Неңді нақ ұстайсың.
Сөзді қой, орыны осы, ауыспайсың.
Жоқ бақша, он мың ақша, байға жақса,
Пайдаңды менімен тең қарыстайсың.
Біреуі айтты:—Сен де алма, мен де алмайын,
Біреуі айтты:—Не бақтық, неңді алмайын?
Өзіміз аман қалсақ, шүкір соған,
Қой енді, жерді алмасам, жел де алмайын.
Сөйлесіп жата берсін бұлар мұнда,
Не болды, сөз айталық байдан онда.
Мақтанып әйеліне, «бақша алдым» деп,
Ұйықтамай қуанумен шықты таңға.
Асығып, атқыза алмай ұзын таңды,
Тықыршып дөңбекшумен бір түнді алды.
Ат-арба жеміс тиеп сату үшін
Бай байғұс баласымен келіп қалды.
Ат арба, түйе арбаны салдыратып,
Бақшада қос жігітті қалжыратып.
Далада екі жігіт сөйлесіп тұр,
Бай:—Бақша қайда?—депті жаңғыратып.
—Байеке, бақшаңызды басып тұрдық,
Қуанып сізбен бірдей тасып тұрдық.
Ит пен құс, ұры зиян етпесін деп,
Ұйықтамай көзімізді ашып тұрдық.
Біреуі айтты өзінің көргендерін,
Көңілін сол жеміске бөлген жерін,
Ақыры таспен үзіп, жерге түсіп,
Шамдай-ақ жоқ боп шапшаң сөнгендерін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Армансыз жаттық аңдып бақшаңызды,
7860 Ақылық алмасақ та ақшаңызды.
Түн бойы аңдып жатқан түкке тұрмай,
Ақырда ұстап қалдық ….*
Амалсыз ақылынан айрылғандай,
Қос қанат, қабырғасы қайрылғандай.
Қалаға салдыр-гүлдір қайтып кетті,
Ақырып айдалаға айғырланбай.
Есітті уақиғаны көршілері,
Жеткізіп ел шетіне елшілері.
Қанықты бұл хабарға қала халқы,
Махмұт шаһ хабарланып—патша-бегі.
—Махмұттың—Сина,—деді уәзірлері,
Ол ерде ғылым құдірет әзір,—деді.
Махмұт шаһ басын шайқап, етіпті арман:
—«Біздерге көрінбеді қазір»,—деді.
Махмұт айтып Синаның әзір ісін,
—«Бітірмес,—деді,—адамзат жазып ісін.
Сұхбат қып сол ерлермен, достық жасап,
Шіркіннің көрер ме еді мәжілісін!»
Бар еді бір уәзірі Махмұт шаһтың,
Ендірген түрлі шаттық мәжіліс сәнін.
Иухана аталатын ат-есімі,
Ғылымнан хабары бар симияның.
—Ей, тақсыр, қоймадыңыз Синаны атап,
Парсының тәжігі еді ол бір шатақ.
Мен оны іздеп тауып келтірейін,
Сыйлыққа не берерсіз маған матап?
Дегенде, сұлтан Махмұт сансыз кәде
Беруге көп алдында етті уәде.
* Түпнұсқада түсіп қалған.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
«Иншалла, Синаны мен табармын» деп,
Қапыда етті бір іс тауып және.
Жасаған амалы сол келіп оңнан,
Синаны қалдырыпты аяқ-қолдан.
Жанына шаһ-сұлтанның алып келді,
Қарсы алды құрмет, ізет жасап молдан.
Күшті еді қайтаруға Сина бірақ,
Жоқ қылып жіберуге тауып тұрақ.
Дегендей «қайтер екен ұстап алып»,
Шыдапты көрейін деп соңын сынап.
Шаһ Махмұт оңаша екен бұлар келсе,
Жалаң бас, тәжін алып отыр, көрсе.
Басына Махмұттың қонды Сина
Тәж болып мұрассақты, баға берсе.
Иухана Махмұтқа айтты:—Сақтан, тақсыр,
Басыңа Сина қонды аты мәшһүр.
Қарады тәжін алып Махмұт сұлтан,
Жасауға асығыс болып жақсы дәстүр.
Қараса бір мұрассақ жеті мүйіз,
Бір гауһар, әр мүйізде—қызыл жұлдыз.
Әр гауһар дүние жүзі мемлекеттің,
Пара-пар бағасына күндей күндіз.
Отырды Махмұт сұлтан қолына алып,
Иухана мұны біліп от боп жанып,
Қонуға тәжін өртеп жандыруға
Тұрғанын біліп Сина даярланып.
Шашылды тары болып айналаға,
Тәж болып жанып кетпей айдалаға.
Иухана қораз болып шұқып теріп,
Жеп жүрді жылдамдатып айналада.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Таусылып қалды тары екі дана,
Махмұттың тізе астында бірі және.
Біреуі кең майданда жатыр еді,
Түлкі боп тұра ұмтылды Сина бара.
Иухана көгершін боп аспанға ұшты,
Ер Сина қаршыға боп қуа түсті.
Көгершін көктен түсіп, бір орманға
Тығылды, артық біліп қуған құсты.
Көгершін қол қусырып адам болып,
Түскені түрлі түске қараң болып.
«Бағындым, Ғалисина» деп өтінді,
Алдына Махмұт сұлтан тілге келіп.
Жан тартып, жақын санап жалынғанда,
Арамдық адалданып арылғанда.
Құрметін қол қусырған қабыл алып,
Ер Сина ерлік етті жаңылғанға.
Достасты қол алысып ырзаласып,
Патшаға келді екеуі мырза басып.
Синаға патша Махмұт сәлем берді,
Тік тұрып махаббатпен құшақ ашып.
Сина да амандасып тұрысыпты,
Жақсылап хал-ахуалын білісіпті.
Әуелден «Ер шекіспей бекіспес» деп,
Соңынан қол ұстасып күлісіпті.
Болынды ас дастарқан, жайып тағам,
Танысып уәзір, бектер қаншама адам.
Кісідей бір туысқан біліскен соң
Патша айтты:—Өтінеміз,—деді,—саған.
Сөз болып жоқ боп кеткен қанша қала,
Қаланың адамдары сансыз және.
Орнына келсе екен деп айтыпты әзір,
Есепсіз шаруалық пен бала-шаға.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сина айтты:—Қалаларың жоғалғанда,
Қай күні, қай сағатта, қай заманда?
Патша айтты, пәлен күні—атын атап,
Жұманың күні шықпай таң азанда.
Сина айтты:—Қаланы адам жасыра ма,
Кішкене затпен шаһар басыла ма?
Мен [бе] ондай ірі жұмыс жасай алар?
Ыңғайға мұндайды адам асыра ма?
Бас иіп түрегелді Махмұт сұлтан:
—Ер Сина, сізде менің ықылас-ынтам.
Бірталай жоғы рас қаламыздың,
Наныңыз бұл сөзде жоқ күмән қылтан.
Сина айтты:—Қате сөзді қоспа маған,
Жалған сөз—дұшпанға арнау, досқа жаман.
Анықтап адам салып біліңізші,
Жасырмас бары-жоғын көрген адам.
—Мақұл,—деп бір адамды жіберді арнап,
Анықтап біліп кел деп әбден шарлап.
Ол кісі атпен шауып кетіп еді,
Бір кезде бар деп келді көпке жарлап.
Қуанып, «тәуба» депті патша күліп,
Таңырқап, ажап қалып, көп іркіліп.
Анықтап өз көзіммен көріп едім,
Қуандым енді бүгін ішім жылып.
—Қаламыз ғайып болды қалай көзден,
Таппадық жойылғанда қарап көзбен.
Кеше жоқ, ал бүгін бар, ғажап қандай,
Ғылым құдірет дегенді кімдер сезген.
Сина айтты:—Азды-көпті оқып ғылым,
Кәминин әр орыннан алған білім.
Бірақ бұл бір ғана тек тамшы мысал,
Сіздердің ғажайып деп көргендерің.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Синаға Махмұт сұлтан айтты өтініш:
—Сұлтаны ғылым хикмат, алсаңыз қош.
Теңізден тебірентсеңіз тамшы теңге,
Құзырыңа көпшіліктен көп сүйеніш.
Сізге көп берген ғылым, тәуір мырза,
Ғылымыңа әлем тәнті Қытай, Құлжа.
Көрсетсең миллионнан бір мысалыңды,
Біз достың көпшілік пен болады ырза.
Бұл сөзді Ғалисина алып қабыл,
«Басыммен қабылдаймын,—депті,—кәміл».
Отырды күлімсіреп төмен қарап,
Үндемей қарады көп етіп сабыр.
Отырды не болар деп халық қарап,
Сина да телміртпеді бойын балап.
Бір кезде Ғалисина қойынынан
Әр түрлі айуанаттар шықты анталап.
Ол аңдар—аю, бөрі, түлкі, шағал,
Жолбарыс, піл, арыстан, бұғы, марал.
Және көп топ-топ болып шыға берді,
Уда-шу түрлері бар бұзар қамал.
Азулы жолбарыс пен арыстандар,
Айтқанға мойын бұрмай қарысқандар.
Ұмтылды қарап тұрған адамдарға,
Үрейін қашты тура тауысқандар.
Көбейіп топ-топ болып өре берді,
Аңдарға адамдар жол бере берді.
Сыймаған көбейген соң айуанаттар,
Жай берген орындарға келе берді.
Кең сарай тығызданып аңға толды,
Айналды бермеуге де жанға жолды.
Есіктің қарсы алдына барды адамдар,
Таласып айуанаттар алысты енді.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алысып алқымынан азулы аңдар,
Аюмен жұлқыласып арыстандар.
Есіктен лақтырды төрге қарай,
Жосылып дала-дала қызыл қандар.
Жолбарыс қырып салды қасқырларды,
Қалыңдап қан жосылып тасқындады.
Мазасы қашып халық етті өтініш,
«Қатты,—деп,—қауақ болып бастың бәрі».
Жер жарды айуанаттың қышқырғаны,
Айдаһар, жыландардың ысқырғаны.
Кетуге жақындапты жер жарылып,
Шақылдап түрлі-түсті құстың бәрі.
Шуласып айқай салды халық қорқып,
Өлдік деп ми жарылып, жүрек толқып.
Қайтадан бір мезгілде қойынына,
Кірумен таусылыпты желіп-жортып.
«Уһ» деп, отырғандар демін алды,
Халқы мен патша, уәзір қайран қалды.
—Қалайша бір адамға мұнша ғылым,
Сыйысып орнаған?—деп жұрт таңданды.
Отырды демалыста барлық адам,
Аңдарды әңгімелеп жаңа болған.
Жасалды өздерінше алдарына
Жайылып кең дастарқан, түрлі тағам.
Күн батып болған кезде уақыт ақшам,
Ас-ауқат жиналған соң сұхбаттасқан.
Және бір шаһы Махмұт айтты өтініш:
Бір өнер көрсетсең,—деп,—ілтимастан.
Болмасын қорқынышты жаңағыдай,
Ер Сина қабыл алды демей былай.
—Шамдарды сыртына қой перде байлап,
Көпшілік салсын назар соған қарай.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Перденің қойды артына жанған шамды,
Асығып жұрт жұмыла көзін салды.
Бір бөрік перде артынан пайда болып,
Қауқиып үй төсемін тегіс алды.
Бір қара бөрік астынан маңдай шықты,
Кеңдігі жүз қарыстай үлкен тіпті.
Маңдайдың астын ала қасы шығып,
Шаңырақтай көз көрінді сонша мықты.
Үш құлаш бұдан кейін шықты мұрын,
Мұрынның кірпіш үйдей көрді түрін.
Көрініп сақал-мұрты соған лайық,
Көрінді кеуде, қарыны бірін-бірін.
Көрген жұрт қорқыңқырап назар салды,
Жаратқан екен-ау деп мұндай жанды.
Не керек, үйдің іші тығызданып,
Адамдар сыйыса алмай, тынышын алды.
Адамдар орындардан түрегелді,
Сыйысар орын қарап жүре берді.
Алдына терезенің, бұрыштарға
Тығылып, пеш үстіне міне берді.
Созылып әрбір мүше өз алдына,
Келіпті адамдардың көз алдына.
Зор құрсақ бос орынның бәрін алып,
Қиындық адамдарға келді жүдә.
Дауыстар шыға берді ыңқылдаған,
Қысылдым, булықтым деп қыңқылдаған.
Көпшілік қойыңыз деп етті өтініш,
Қырар деп бәрімізді бұл түрлі адам.
Мақұл деп Ғалисина ол адамды,
Өзінің орынына қайта салды.
Жоқ болды көрінген зат көзден тайып,
Адамдар үндей алмай аң-таң қалды.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көпшілік жыларын да, күлерін де,
Білмепті тағы қызық тілерін де.
Не керек, тіршілікте тойым бар ма,
Мүлт етпей жоқ қой тұрмақ бір жерінде.
Синаға айтты Махмұт:—Ей, ғалым,
Отырған құзырыңда бұл жараның.
Рақатты қорқынышсыз көрсет қызық,
Иесі ғылымы құдірет бұл дүнияның.
Барлығы терезенің бекулі еді,
Себебі түн түнегі жетулі еді.
«Аш» депті терезенің жабық кілтін,
Тілегін көптің қабыл етуге енді.
Ашыпты терезені біреу барып,
Сол уақыт күздің күні еді анық.
Қараса жайнап-ойнап жаз болыпты,
Қып-қызыл гүл шешегін тұрған жарып.
Кең дүния қызыл-жасыл зейнеттенген,
Бәрі шат, жануар жоқ бейнет көрген.
Тұр сайрап әнші, жыршы, құстың бәрі,
Көз тартып сұлу қыздай билеп берген.
Жібек жел қалампырлы ескен шалқып,
Жайқалған қызыл қошқыл гүлдер қалқып.
Сайраған ұшып-қонып бұлбұл, торғай,
Көрген жан гүлге оранған буыны балқып.
Алдына барды адамдар терезенің,
Түріне балқып әсем ереженің.
Секіріп сыртқа шықпақ болды бәрі,
Қызығып көріп дүния кең өзенін.
Бекітіп ол терезе жауып түбін,
Аштырды терезенің тағы бірін.
Қиямет орнағандай дүния жүзі,
Жел соққан сұрапылдай көрді түрін.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қопарып дарақтарды домалатқан,
Тауларды домалатып аспанға атқан.
Ащы жел суықтығы удан ащы,
Жүйрік тез, өткірлігі атқан оқтан.
Біресе мұз аралас қар да құйып,
Таулар кеп жерге соққан көктен тиіп.
Қалтырап қатып қалды отырғандар,
Басқа тымақ, үстіне тонын киіп.
Бір кезде сыртқы суық ішке ұрды,
Қиямет бірте-бірте ішке кірді.
Дірілдеп қалшылдаған қараушылар
«Ойбай, құрт мұныңды» деп берді сырды.
Сол кезде басым кірді ішке боран,
Қалмаспыз деп ойлады бәрі де одан.
Ойбай, жап бұл бәлеңді иә, ғалым,—деп,
Қалмастан парияд етті барлық адам.
Жаптырды ол терезені, бірін ашып,
Бір дария бахры Оман толқын шашып.
Қарық қылып қаптағандай әлемді су,
Сумен жүр наһан балық араласып.
Бұған да қорқып тұрды көңілденбей,
Теңізге тегісінен көмілгендей.
Тау толқын терезеден толды толқып,
Адамдар өлдік деді өмірге енбей.
Толқында тау балықтар жүзген толқып,
Және де жұрт шулады жаны қорқып.
Жаптырды ол терезені, жұрт жылынды,
Су басқан киімдерін сығып-сілкіп.
Және бір терезені ашты барып,
Өртенген бүкіл әлем отқа жанып.
Инедей оттан басқа ашық жер жоқ,
Жалындар айға жеткен, күнді шалып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Халық қорқып көз болған соң қарасады,
Қорықса да жек көрмейді тамашаны.
Бір кезде бір топ жалын соқты ішкері,
Адамдар қашып естен адасады.
Жаптырып ол есікті оттан қорқып,
Бесінші бір есікті тағы ашады.
Көпшілік сол есіктен қарағанда,
Күн аяз, бұлтсыз ашық санағанда.
Әдетше біреу әрмен, біреу бермен,
Өзінің еркінше әркім қалағанда.
Ашылды алтыншы есік, оны жауып,
Түн екен тас қараңғы үлкен қауіп.
Білінбес көзге түртсе өліп кетсе,
Жүре алмас жүз көзді адам жолын тауып.
Сол түнді ұйықтамастан өткізіпті,
Көпшілік көзбен шолып көп қызықты.
Қалмастан ер Синаға алғыс айтып,
Жеріне мақтау-сақтау жеткізіпті.
Таң атып күн шыққан соң күлкі қанып,
Синаға шын көңілден ырзаланып.
Өзінің құжырасына жатты Сина,
Махмұттан қабылдаған рұқсат алып.
Пайтаққа барды Сина келер күн кеш,
Қарсы алды халық қаумалап кіршіксіз еш.
Дастарқан жазып салып, тағам тартып,
Тәртіппен шербет-шарап етіпті хош.
Соңынан ойын-күлкі зияпаттың,
Қызыққа тойымы жоқ махаббаттың.
Және де Махмұт сұлтан етті өтініш
Көрікі өнермен деп мәслихаттың.
«Мақұл» деп Ғалисина қабыл алды,
Қабылдап қарсы алған соң дамылданды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
«Құныққан ашыққаннан күшті» деген,
Асығып, тез болса деп ынталанды.
Дастарқан жаюлы тұр жиылмаған,
Ішім-жем, асау-ұрттау тыйылмаған.
Ыдыста аяқ-табақ, ет, палаулар.
Шаян, құрт, бақа болды қимылдаған.
Иреңдеп ет тағамдар жылан болды,
Қол тартып тұрды адамдар бұдан да енді.
Саразбан, бүйі, тышқан, жапалақ боп
Қимылдап, ұйытқып жылдам өрби берді.
Адамдар орынынан тіке тұрып,
Кеткісі келіп тұрды сыртқа шығып.
Қиялы адамзатың:—Зияны жоқ,
Отыра беріңіздер,—депті күліп.
Орынға отырысты қайта келіп,
«Ой, тоба-ай! Тамаша-ай!» деп айта беріп.
Қараса барлық тағам өзгермеген,
Ғылымына тәнті болды әбден сеніп.
Сол күні көрсетті сыр түні бойы,
Адамның не тілесе ақыл-ойы.
Келтіріп көз алдына көпшіліктің,
Артылды әр күн сайын абыройы.
Осындай түс көрсетіп әрбір күні,
Неше күн, өте берді неше түні.
Германда Махмұтшаның мемлекеті
Теп-тегіс көрмесе де білді мұны.
Осындай болса да алып, үлкен ғалым,
Болса да құдірет күші көпке мәлім.
Бұған да заманында дұшпан шықты,
Қызғаншақ қырсығынан бұл дүнияның.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Махмұттың аға-інісі жақын туған,
Бар еді жақсылардың жолын қуған.
Бойжеткен біреуінің айдай сұлу,
Теңдессіз қызы болды таза судан.
Ол күнде, ол заманда ондай асқан,
Табылмас арасынан жер мен аспан.
Сондай бір болды екінші Зылиха дер,
Керме қас, асып туған сүмбіл шаштан.
Тамаша көріп жүрді бұл да келіп,
Күшіне ғылымы құдірет майдай еріп.
Бірақ та иесі мұның ғалым Сина,
Осыған жүрді сұлу көңіл бөліп.
Бұрыннан бұл сұлуға Иухана уәзір
Көңілі ашық болып, тартқан жәзір.
Ауса да оның ойы, сұлу сүймей,
Қапа боп Синаға да жүрді қазір.
Жолығып жүрді сұлу Синаға да,
Мұндай ұл келіпті деп, бұл дүнияға.
Осыны Иухана уәзір сырттан шолып,
Қызғанып дұшпан болды бұған және.
Қыз сонша өрттен де ыстық, түнде көрсе,
Тоймайтын жамалына күнде көрсе.
Ешкімнің қолдан келер ылажы жоқ,
Синаға түнде түгіл күндіз де ерсе.
Ол қызды мақтан еткен бүкіл Герман,
Меңсіз ақ наурыздағы жауған қардан.
Жанына жарты отырып кетіп қалса,
Ер түгіл, әйелдер де еткен арман.
Жайнаған екі беті қызыл гүлдей,
Бір көрген ұйықтай алмас ұзын түндей.
Иухана—патша уәзірі былай тұрсын,
Махмұт та ашық болған, өзін білмей.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Денесі жауған қардай, қарақат көз,
Қас қандай, шашы сүмбіл, сондай мінез.
Жанына ер Синаның іздеп келіп,
Аузынан алып жүрді қымбатты сөз.
Қыздарға ғалымды айтып мақтар еді,
Олар да құлақ қойып тоқтар еді.
Иухана отқа түскен көбелектей,
Сыртынан патшаға айтып, таптар еді.
Көпкеше жүрді Махмұт бұған нанбай,
Өзі де күйікті деп, құлақ салмай.
Күні-түн сұлу сонан шықпаған соң,
Синаға қалды бұл да мейірі қанбай.
Сұлуды Сина да өзі теріс көрмей,
Кезінде қалған емес жеміс термей.
Қолында жиырма бестің бар қызығы,
Бәрі де бітіп жүрді періштеңдей.
Патшалық қол астында пайтағының,
Ауызбен алды еді бұл айтарының.
Айтса да Иуханаға нанбап еді,
Кемісі көрінбеді байқауының.
Сұлудың көркі елден ерек еді,
Ақылы Аплатондай зерек еді.
Иухана патшаға кеп жамандауда,
Көңілі сау қоюдан бөлек еді.
Патша да бақылаумен білді мұны,
Татаусыз табылған соң сөздің шыны.
Синаны өлтіруге етті ирада,
Ыңғайы қапын тауып тек бір күні.
Алуға амалы жоқ қызды тыйып,
Болса да кескір алмас тасты қиып.
Оп-оңай қызды тыйып алар еді,
Синадан сескенеді бойын жиып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Синаға қарамады бұрынғыдай,
Аунақшып бірде олай, бірде былай.
Сина да патша сырын біліпті әбден,
Ғылымның құдіретімен қарап, сынай.
Шаһардан тысқа шықты мұны біліп,
Шамасы бес шақырым келді жүріп.
Бір шұқыр жер бар еді қала артында,
Кірісті бір жұмысқа сонда отырып.
Бір шаһар таңғажайып етті бина,
Германның қаласынан үлкен жүдә.
Сыртында бұлттан биік дуалы бар,
Тіл жетпес сыр-сипатын айтып, сірә.
Сырттағы дуалының сұлулығын
Сипаттау мүмкін емес мыңнан бірін.
Ақ меруерт асыл тастан қалап терген,
Келтірген ақыл жетпес ойлап түрін.
Салынған сары алтыннан сарайлары,
Ілгендей көктен төмен шар айнаны.
Күмістей көшесінен аққан сулар,
Көрініп көзге заттың талайлары.
Кірпіші ақ күмістей көшелері,
Жібектей жұпар лебі есер еді.
Суынан ағып жатқан бір ұрттаған,
Болса да қанша ауруы кетер еді.
Тастардан қызыл жақұт күмбездері,
Қаланың сондай сұлу салған жері.
Арнаулы ақ меруерттен салған үйлер,
Үйлерде көркем жігіт қызметкері.
Көк күмбез мұнарасы мешіттердің,
Көз көрмей, бойы еріген есіткеннің.
Орнаған отыз жерден базары бар,
Дарбаза шынжыры алтын есіктердің.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Адамдар есебі жоқ жүрген бығып,
Қаптаған бірі кіріп, бірі шығып.
Әскерлері әсем, айбат өз алдына,
Жүгірген бірі қашып, бірі бұғып.
Үй салған ғалым Сина өзіне арнап,
Жайнаған гүлдер өсіп, не бау-шарбақ.
Бұлттардың үстін басқан биіктігі,
Астана алтын күмбез салған таңдап.
Айдың да ар жағына кеткен бе деп,
Қарасаң ойлар едің әбден аңдап.
Ағар су, әр көшеде бақша сарай,
Бұлақтар жатыр жылжып тармақ-тармақ.
Бірнеше салған үйлер мәжілісхана,
Есепсіз айтылмаған жайлар жаңа.
Қаласын Махмұт Герман салыстырсақ,
Жанында қышлақ еді біраз ғана.
Бір түнде пайда қылған мұның бәрін,
Ешкім жоқ кеше көрген бұл шаһарын.
Қараса таң атқан соң герман халқы,
Тамаша етті көріп мұндай халін.
Қарады жұрттың бәрі тамашалап,
Аз емес, көп көрмейтін оңашалап.
Патша да, уәзірлер де болды қайран,
Пәстеніп көңілдері аласарақ.
Көз көріп кейбір үйлер сонша биік,
Тұрғандай аңланды ойға, айға тиіп.
Бұл дағы Ғалисина өнері деп,
Аша алмай ауыздарын кетті күйіп.
Орнатқан өз алдына астанасын,
Көрсетіп кереметтің бастамасын.
Есепсіз сөйткенше көп әскер шықты,
Қауіп етті көрерміз деп масқарасын.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Алдында бір топ әскер пілге мініп,
Жақындап бұл қалаға басты жүріп.
Есепсіз ар жағында сансыз қосын,
Туралап тұрды аттардың басын бұрып.
Сөйткенше көп әскердің келді бірі,
Елшілер сипатында түсі, түрі.
Қарсы алып Махмұт патша бір сарайға,
Түсірді қатты құрмет жасап мұны.
Елшінің қолын алды бойын иіп,
Түйедей дөңбекшіген бүйі тиіп.
Тік тұрып төр алдына отырғызды,
Құшақтап жас баладай қолын сүйіп.
Отырып есендесіп төр алдына,
Ұсынды Сина хатын топ алдына.
Патшасы бір уәзірге сұнды оқы деп,
Жариялап оқыды уәзір оны алды да.
Жазылған хат мазмұны екен мұндай:
«Германның падишасы, мұнша жылдай
Тамаша тұрып, біраз дәурен сүрдің,
Қалған жоқ, бітті уақытың бұдан былай.
Ендігі біздің кезек мемлекеттің,
Қызығын көру жолы әлеуметтің.
Сыймайды екі арыстан бір орманға,
Қалаған қиялыңа, жерге кеткін.
Сыймас бір мемлекетке екі патша,
Бірі озбақ, екі тұлпар бәйге шапса.
Табарсың мейлің пайда, мейлің зиян,
Ерте тап жағдайыңды жанға жақса.
Кет жылдам, есің барда елді тастап,
Еркіңше енді тұрма жерді ластап.
Болмаса, қолыңа алып бар күшіңді,
Азаннан шық майданға ертең бастап».
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бітірген осыны айтып барлық сөзін,
Қол қойған Ғалисина атап өзін.
Қайран боп шаһы Махмұт тұрды біраз,
Шомылып терең ойға, ашып көзін.
Шаһ Махмұт уәзірлерге мынаны айтты:
—Бұрынғы күштіліктен бүгін қайтты.
Елшіге жіберейік елші қосып,
Синаны шақырсақ,—деп ойды ұлғайтты.—
Иілсе қылыш кеспес ердің басын,
Ер білер құрметтесе ер бағасын,—
Деді де ақыл иесі парасатты
Уәзіріне ертіпті жар-жорасын.
Бұларға айтты:—Синаны шақырып кел,
Көп тарту, сый-сияпатқа байлады бел.
«Қайдасың Ибн Сина шаһары» деп,
Тілепті, иә, бағым,—деп,—абырой бер.
Әр жерге хабаршылар қойған еді,
Олары ер Синаға хабар берді.
Шығарды қарсы алуға уәзірлерін,
Германның жаушы уәзірі мұны көрді.
Бір бөлек топ әскерлер және шықты,
Тәртіппен, саясатпен тыңғылықты.
Алтын тәж бастарында, белде кемер,
Бұлар да етті әскерше көп құрметті.
Шаһардың елші уәзір көріп түрін,
Әскердің салтанатты байқап сырын.
Ішінен біз ауылдың депті адамы,
Мұндайдың көрмедік деп мыңнан бірін.
Сонымен бір сарайға келді биік,
Төбесі жеткендей бар бұлтқа тиіп.
Жүз атты құрметшілер келді және,
Патшалық сән-сәулетпен басын иіп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Және де бір майдан жер кетті алып,
Көз жетпес жер шамасы атқа аттанып.
Жаңадан тағы бір топ қарсы алыпты,
Жас жігіт, сұлу қыздар әнге салып.
Сонымен енгізіпті бір сарайға,
Жаннаттың диуарындай жақсы жайға.
Айбатты палуандар оңда-солда,
Ақ қанжар, алтын қылыш, асыл найза.
Үстінде алтын тақтың ақ сақалды
Бір ұлық патша отыр аса мәнді.
Оң-солда он екі мың әскер отыр,
Басында қалқан, бойда әм құралды.
Басында тәж, тілла кемер белінде,
Алдын жапқан ақ сақалы иегінде.
Оңда-солда палуандары құралды,
Бұл суретте патшасы отыр төрінде.
Бұл пайтақтың падишалық сипаты
Мың Пәридон—мың һаушаңның қуаты,
Жетпегендей жүз мыңнан да біріне,
Бүкіл дүния күш қосса да илаты.
Бұл пайтақыт еш біреуді қаламас,
Теңесуге ешбір патша жоламас.
Рүстем Дастан, Сам, Нариман дегендер,
Бұл патшаға қол болуға жарамас.
Мұны көріп Махмұттың уәзірі,
Қатты састы, жетпей уәзір мәзірі.
Дегенменен тәртібінше елшінің,
Әдеппенен берілді сый нәзірі.
Бір тақытқа отырды бұл арналған,
Тартты шербет, қымбат құрмет барғаннан.
Айтатұғын міндетін де айта алмай,
Істің соңын күтіп тұрды сан алуан.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Айтар сөзін тұрды күтіп айта алмай,
Қайтарарлық жауабын да қайтармай.
Бір уақытта Сина басын көтеріп,
Тұрған сырды еске салды байқалмай.
Салмағы ауыр көп нүктелі айтты сөз,
Ақыл-есті елшісіне тігіп көз:
—Махмұт шаһқа бізден сәлем айт,—деді,—
Бітті уақыты, тақытын тастап кетсін тез!
Бір аспанда айналмайды екі ай,
Бір таққа жоқ қос патшаға екі жай.
Екі арыстан бір орынға сыймайды,
Кетсін, барсын, айтқын сәлем осылай.
Біраз уақыт сүрді дәурен салтанат,
Нәпсі тоймас көрсе сонша [ол] рақат.
Күш-қуаты болса аянбай тақ тұрсын,
Арман етпей тақ боп тұрсын бақуат.
Мынау көрген әскерлерің түк емес,
Теңіздегі бір тамшыдан көп емес.
Аман болса көрер ертең майданда,
Махмұт-Сахмұт, Ахмет-Захмет гәп емес.
Осыны айтып қайтарды елші уәзірін,
Сұлу сөзбен сүңгіп, түйреп жәзірін.
Қайтарында кең дарбаза тар болып,
Жүрегіне қақты қайғы қазығын.
Келді қайтып патшасына жіберген,
Қалдырмады тапсырманы түгелден.
Махмұт естіп, батты терең қайғыға,
Естіп үміт үздіргенін көздерден.
Жанып іші, оттай көзі жайнады,
Қазандағы астай қаны қайнады.
Шекаралас мемлекеттің бәріне,
Көмек сұрап көп хат-хабар айдады.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Қарауынан әскерлерін жиып ап,
Соғыс сайман, күш-құралдар сайлады.
Екі жүз мың жиды әзірше қосынын,
Не болар деп соңғы жағы осының.
Хауарзамин хат жолдады халқына,
Келді әскері Занкибар шаһ досының.
Патша Махмұт әскеріне бұйырды,
Көмекке де көп әскерлер үйілді.
Темір киген үш жүз мыңдай көмекші,
«Жауың қайда?»—[деп] тығып тұрды иінді.
Қолда қылыш, қанжарлары белінде,
Басын байлап бәйгі тіккен өлімге.
Батырлығын байқап мұндай Махмұттың,
Күле қарап күш бекітті көңілге.
Ғалисина әскеріне бұйырды,
Пілге мінген, болат-темір киімді.
Дарияның толқынындай тұтасып,
Оңай етіп қиратыңдар қиынды.
Ер Синаның даяр түрлі топтары,
Батырлардың қолында найза-шоқпары.
Көрген кісі ақылынан танғандай,
Піл мен керік мінген көлік аттары.
Екі әскер араласты тамаша,
Ақылы ауып жығылғандай қараса.
Шаһ Махмұттың тамам болды қосыны,
Сырттан қарап әскерлерін санаса.
Қалғандарын қосты және майданға,
Айқай-қиқу, асты күн мен айдан да.
Ғалисина төмен түсіп тақтынан,
Кірісті енді ғылым құдірет сайларға.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сол қолында қауақ жасыл тып-тынық,
Оң қолына ұстап алып көк шыбық,
Қан майданға таяу барып шыбықпен,
Қатты соқты қолқауағын тек тұрып.
Әр соққанда оннан, бестен диюлар,
Ат аз борай құралымен басып жер.
Соққан сайын түсе берді қауақтан,
Қайран болып таңырқапты көргендер.
Қолдарында таудай темір шоқпары,
Ауызынан шыққан жалын, оттары.
Мұрынынан түтін шыққан бұрқырап,
Талқандалды Махмұт шаһтың топтары.
Шаһ Махмұттың сырттан қамап қаласын,
Көп көзіне көрсетті күш шамасын.
Уәзіріне ақыл қосты Махмұт шаһ:
—Қайтерміз,—деп,—мынау істің шарасын?
Айтты уәзірі:—Адаспалық жаңылып,
Өртенерміз ғылым күшке жағылып.
«Әламан» деп, қолымызды көтеріп,
Жоқ болармыз қарамасақ бағынып.
Падишаһтың ақылы бастан дал болып,
Жылы жүзбен қарағанды хал көріп.
«Әламан» деп, қол көтеріп бағынды,
Арашаға тұрған байғұс зар болып.
Ғалисина бағынғанын қостады,
Қауақ соққан көк шыбығын тастады.
Бестен, оннан қайта кіріп қауаққа,
Тапшыланып бітті дию әскері.
Ғалисина бір қағазға жазды хат,
Қаласына қайта кіріп ғажайбат.
Махмұт шаһқа нама жазып шақыртты,
«Мейман болып көрсін» деген зияпат.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ылажы жоқ шаһы Махмұт бағынды,
Қаһарлы күш қайратынан жаңылды.
Уәзірлер мен ғалымдарын шақырып,
Біргелесіп, бейбіттікті сағынды.
Бір топ сұлу әскер ертіп қасына,
Қоштасты бақ қонған біраз басына.
Ғалисина қаласына келіпті,
Айбаттаған тамашасын асыра.
Келіп көрді ғылым құдірет қаласын,
Үш қат қорған зейнеттеген арасын.
Ең сыртынан үлкен қандек қоршаған,
Терең сумен толтырыпты әммасын.
Аппақ меруерт тастан соққан қаланы,
Сушыншадай іштен көрсең даланы.
Болат қақпа дарбазасы қаланың,
Үш жүз жігіт қарсы алып тұр адамы.
Қол қусырып қарсы алушы адамдар
—Жүріңіздер,—деді,—құрмет, жарандар.
«Бисмилла» деп, ішкері еніп қараса,
Есебі жоқ сансыз сауда базар бар.
Түрлі халық толған әрбір тарапқа,
Түрлі-түрлі базар түрлі алапта.
Үш шақырым жол жүргенде меймандар,
Таңданыпты мас болғандай шарапқа.
Себебі оның, көрді сарай бір биік,
Төбесі анық бұлттан әрі тұр тиіп.
Бөркі түсер қарағанның басынан,
Ұшқан бүркіт бұлдырап жүр қылтиып.
Мың әскер тұр қарауылшы түбінде,
Берді сәлем Махмұт шаһқа бір үнде.
Бес жүз ерден екі жаққа бөлінген,
«Қош келдіңіз, мархаба» бар тілінде.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Дәл осындай жеті есікке келеді,
Бәрінде де мыңнан әскер көреді.
Қол қаусырып бәрі бірдей қарсы алған,
«Мархаба, дос—шаһы Махмұт!» дер еді.
Сегізінші келді есіктің алдына,
Әнмен, күймен дүния жүзі жаңғыра.
Бұл есіктен қарсы алыпты уәзірлер,
Махмұт шаһтың ақылынан тандыра.
Махмұт шаһты аттан алды түсіріп,
Ортасынан орын беріп ұсынып.
Оң жағында алтын тақтың уәзірлер
Құрмет жасап, жай бергендей кішіріп.
Сол жағында палуандар тұр темір киімді,
Жетпіс кезден арасы кең иінді.
Қырық аяқты алтын тақтың үстінде,
Ғалисина отыр шалқақ бүйірлі.
Ұшып тұрып Махмұт шаһпен көрісті,
Орын беріп отыруын келісті.
Тізеге—тізе, иінге—иін тиісіп,
Тәртібінше қолдарынан өбісті.
Тақ үстінен тіке тұрып барлығы,
Ер Синаның бұл бір тәртіп жарлығы.
Бір-екіден шарап тартып жіберді,
Махаббаттың қызып аздап сандығы.
Мұнан кейін жайылды алтын дастарқан,
Бұл белгісі сұлу сұхбат басталған.
Алтын кесе, күміс ыдыс жайылды,
Назы нығмет тола тәтті ас салған.
Ғалисина жігіттерге ұсынды,
Жігіттері жарқын жүзді, пішімді.
Біллұр сауыт, пағпур кесе шараппен
Толтырылып сақыр-сұқыр ішілді.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Дастарқанға түрлі тағам қойылды,
Татып тағам, шат шараппен тойынды.
Бұдан кейін жазып және дастарқан,
Тағам, шарап еселеуге бой ұрды.
Келістіре кең дастарқан жайылды,
Тамаша етті жақсы адамдар пайымды.
Тау толқындай тола тағам үйіліп,
Ғұрып-әдеттен бөлек болды байырғы.
Ғұрып-әдеттен бөлек деудің себебі,
Дастарқанды сонша тағам бөгеді.
Тағамдардың қалың үйген бойынан,
Отырғандар бірін-бірі көрмеді.
Болды ерекше мұның өзі тамаша,
Сонша жұртқа емес еді оңаша.
Он екі мың Махмұтшаның жолдасы,
Көрді ғажап бұл сипатты тым аса.
Осынша адам қаншама көп алса да,
Алған сайын көбеюде соншама.
Болғаннан соң осынша жан ішіп-жеп,
Қалды сонша, сусындары қанса да.
Бұл сұхбатта таң-тамаша артылды,
Көрді қымбат гауһар, жақұт, алтынды.
Алып шықты аралауға бақшаны,
Деген кезде біраз мәжіліс сарқылды.
Таңырқатып уәзірлер мен патшаны,
Аралауға жүрді бастап бақшаны.
Күміс есік, кең дарбаза ашылған,
Көрген кезде жасарғандай жастары.
Дүния емес, депті, жаннат ұжмағы,
Жұпар иісі аңқып әрбір тұстағы.
Алтын жапырақ ағаштары күмістен,
Отыр сайрап бұтақта әнші құстары.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қызыл сары, қошқыл, күлгін гүлдері,
Гүлдерінің айтып бітпес түрлері.
Жүз мың адам кірсе жаппай бақшаға,
Кеңдігінен таппас бірін-бірлері.
Бұл бір ғажап кереметі мынадай,
Ақыл ойға сыймас терең ұнамай.
Бірақ мұны ғылым құдіретпен жасаған,
Мен өзімше пікірлеймін шыдамай.
Тауыс, тоты, гүлдерін де жырлаған,
Балдай балқып, май боп еріп тыңдаған.
Бұл бақшаны қанатты атпен тауыса алмас,
Саяхаттап жылдар бойы мыңдаған.
Екі көлдің шатыр тігіп үстіне,
Қала орнатса не деу керек күштіге.
Махмұт патша көріп мұны алжасты,
Деп қарт жасым жиырма беске түсті ме.
Тақтын құрып ойнап-күліп отырды,
Дастарқанға түрлі жеміс толтырды.
Өрік, жүзім, алма, інжір, анарлар
Дайын етіп, бәрін бірдей келтірді.
Ибрат-үлгі ақшамғаша көрсетті,
Бәрін де ақыл мизанына өлшепті.
«Рұқсат болса қайталық» деп Синаға
Шаһы Махмұт бір ишарат сөз етті.
Ғалисина наз ғып рұқсат етпеді,
Мейман болып жатқаның «құп бек» деді.
Бұдан кейін үш күн жатты сауықпен,
Бір сағаттай болмады үш күн өткені.
Үш күннен соң және жеті күн өтті,
Күн аралас, күн ізінен түн жетті.
Жаздың жарқын жайнаған гүл түнінде,
Ғалисина бір ишарат үн етті.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сол сағатта өңкей әнші-күйшілер,
Сазға ойнады, әнге бастап бишілер.
Бір тамаша болды ғажап мәжіліс,
Әйбәт, сұлу, аралас жас жігіттер.
Әншілер қарақат көз хор қызындай,
Көргеннің көңілі қалмас бір бұзылмай.
Айтарға баян етіп тіл жетпейді,
Болса да оқтан жүйрік ой ұзындай.
Ұласты тамашамен күндер-күнге,
Таусылмай таза сауық талай түнге.
Жаралған жанға аралас ұйқы тәтті,
Ұйқы кеп көздеріне түнде мүлде.
Тамаша таусылмады құдіретті күш,
Келсе де ұйқы көзге көңілі хош.
Бата алмай уәзірлері тіл қатуға,
Махмұт шаһ дем алуға айтты өтініш.
Секундта Ғалисина етті ишарат,
Тап болды қызметкерлер айтқан замат.
Патшаға ылайықты көрпе-жастық,
Салынды салтанаттап төсек қымбат.
Арналып уәзірлердің бас-басына,
Ылайық өздерінше басқасына.
Өзді-өзі төсегіне жата қалды,
Болмады домаланып жатпасына.
Ұйқыдан қалған әбден, жата қалды,
Жерінде жатқан ұйықтап қата қалды.
Сөйлесем төсектердің қымбаттығын,
Ұжмақтан ап келгендей маталарды.
Ұласқан ұйқы тәтті көнбей күшке,
Жастыққа жатпай әр зат еніп түске.
Барлығы қойдай жусап сол жатқаннан
Күн өтіп, ояныпты ертең түсте.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Сина да рақат үшін кетті босап,
Көрсетпей кереметін ғылым жасап.
Оянып ертең түсте бас көтерсе,
Жатыпты айдалада болып нашат.
Бау да жоқ, баста көрген бақша да жоқ,
Алтын да, тау боп жатқан ақша да жоқ.
Баяғы қала да жоқ, дала да жоқ,
Сан уәзір, салтанатты патша да жоқ.
Далада боз топырақта жатыр текке,
Бұл жағдай әсер етті әлеуметке.
Көп әскер екі жақ боп соғысуда,
Батырлар айқасуда жекпе-жекте.
Айтарға бұл майданды емес мүмкін,
Болмайды ажыратып деуге кім-кім.
Бір жағы байқап тұрса өз әскері,
Аңлап есін жиып біртін-біртін.
Араға Ғалисина өзі кіріп,
Қолына қабақ ұстап, қағып ұрып.
«Қауақтан, батырларым, шығыңдар!» деп,
Айқайлап қышқырады қарап тұрып.
Қауақты дүрсілдетіп ұрған сайын,
Шықты әскер ондап-жүздеп болып дайын.
Жалаңбас, жалаң қылыш қолдарында,
Майданға кіріп жатты сондай қайым.
Әскердің жаяуына жаяуланып,
Кірісті қан майданға таяу барып.
Атты әскер аттылармен соғысыпты,
Тақырлап біткенше деп аянбалық.
Құм менен көбейді әскер құмырсқадан,
Бір-бірін найзаласып қылыштаған.
Әскерін герман шаһының қырды қатты,
Құрғақ жер табылмапты ұрыспаған.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Махмұттың қашты ақыры әскерлері,
Шыдамай қатаң тиіп дес бергені.
Кіріпті қашып барып қаласына,
Жеңіліп соғысуды қос көрмеді.
Бұл жайдың шаһы Махмұт көрді бәрін,
Әл келмей әскерінің қырылғанын.
Қайғысы бастан асты—қатты састы,
Тізеден өліктердің кешті қанын.
Қылыштан жан қалмапты өткермеген,
Бұл жағдай жұмыс болды еп келмеген.
Иухана уәзіріне лағынет айтты,
«Тіліңе алдандым,—деп,—жек көр деген».
Иухана:—Жаңылдым,—деп айтты өтініш,—
Апу ет, өткіздім мен бастан бір іс.
Жолыңа жаным құрбан, тақсыр патшам,
Ұсындым, мінекей бас, ұрса қылыш.
Махмұт отырғанда қаһарланып,
Бас уәзір айтты өтініш түрегеліп:
—Я, тақсыр, Иуханаңның кеш күнәсін,
Алжасқан әлдеқалай жастық жеңіп.
Басында балалықтың базары бар,
Көзінің, көңілінің назары бар.
Я, тақсыр, апу етіп, кеш күнәсін,
Арманда аз болған жоқ, ажалы бар.
Ылажсыз өтінішті қабылдады,
Жеңілмес өлтірсе де ауыр жағы.
Қаланың қалың қосын қамап сыртын,
Қаһар ғып өрттей жанып дауылдағы.
Жеңген жау жағаласар жан таппады,
Жиналып келіп бәрі жан-жақтағы.
Қолға алып жалаңаштап қылыштарын,
Өзді-өзі майдандасып, қан қаптады.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бір-бірін құлатса да қылыштасып,
Қаланың қаптай сыртын ұрыс басып.
Әскерлер қылыш кесіп құласа да,
Өлмейді және тұрып жағаласып.
Биікке, шығып халық мұнараға,
Дегендей ол ала ма, бұл ала ма?
Қалысты қайыл болып халық қайран.
Болмаған бұрын мұндай бұл арада.
Аспан-жер болды қырғын бұзылғандай,
Қиямет орнап тағдыр сызылғандай.
Бір кезде Ғалисина қауақты алып,
Соғыпты дүмпілдетіп, дамыл алмай.
—Кір қауаққа, әскерлерім,
Бекерге ұят, бас бермегін.
Қауақ анаң дейді балам,
Өздеріңнің өскен жерің.
Айтқанды естіп біле берді,
Әскер сапқа жүре берді.
Бестен, оннан, жүзден, мыңнан
Қауаққа кеп кіре берді.
Айтқан Сина жауабына,
Қарап қас пен қабағына.
Барлық майдан ашқан әскер
Кіріп бітті қауағына.
Ғалисина қайта отырды тағына,
Барлық әскер бітті кіріп жабыла.
Шаһы Махмұт уәзірлерін шақырып,
Мәслихатқа кірісіпті тағы да.
Тұрды Махмұт қапа болып қамығып:
—Ақылымнан алжастым,—деп,—жаңылып.
Әуелде өзім хат хабарлап шақырып,
Тұрмын міне, өрт жалынға жағылып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Дүния жүзі қалмай тегіс келсе де,
Толқын долы су боп кетер ағылып.
Осыны ойлап маған бір ой келеді,
Бұқар шаһар—өзі туған жер еді.
Патшасынан өтініш қып сұрасам,
Мүмкін, сонан болар дауа-дерегі.
Бұл дүнияның ең қымбаты адамзат,
Соған арнап айтсам жазып сәлем хат.
Кіндік қаны тамған жердің патшасы,
Ол тілесе қабылданар бұл мақсат.
Бар еді бір уәзірі ақылы асқан,
Күндерде екіталай ақыл қосқан.
Милат деп ат есімін атар еді,
Үлгі алып көп жұмыспен араласқан.
Орнынан Милат уәзір түрегелді,
Былайша патшасына айтады енді:
—Шақыртып алдырумен сый орнына,
Азарлап қорладыңыз асқан ерді.
Көңілін қалдырдыңыз асқан ердің,
Теңі жоқ бұл дәуірде кемеңгердің.
Бұқар мен Мысыр шаһар патшаларын
Тәнті ғып, бас игізген оны көрдің.
Олардың қиссасы мен дастандарын,
Өткізген уақиғалар бастан бәрін.
Азғырған әркімдердің тіліне еріп,
Бұл майдан сонан шығып басталғанын.
Сондықтан ала алмайсыз оны күшпен,
Азамат ол кемеңгер, бақыты үстем.
Бірақ та Иуханаңды алдырыңыз,
Тоқтатсын, болса да оны қай түрлі іспен.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Отына тоқтау тапсын өзі жаққан,
Ағуашыл улы айдаһар сізді шаққан.
Өз басын аман сақтап ол кесапат,
Асырды әламатын мәмлакаттан.
Батырды уәлаятты қызыл қанға,
Аяулы, әсіресе, сіздің жанға.
Бәленің ашқан кілтін—жапсын өзі,
Болмаса, болсын құрбан бүгін таңда.
Баласы Ібілістің Иуханаңыз,
Шын қарап әдісіне берсек маңыз.
Қызғаншақ, мансапқұмар, бақ-бәсеке,
Ол шайтан, күн дұшпаны күншіл нағыз.
Келтіртті сол мәжіліске Иухананы,
—Өрт салып жандырдың,—деп,—сен қаланы.
Өртіңді өзің жаққан өзің сөндір,
Хан менен қамқорға алып бұқараны.
Болмаса бас бересің өзің өліп,
Отырсың қырылғанды көзің көріп.
Отыңды өзің жаққан сөндір өзің,
Екі істің бірін қала—өзіңде ерік.
Біреуі мықты екі істің—соғысты тый,
Ет ырза ер Синаны бергендей сый.
Болмаса жанған отқа өртенесің,
Жай тауып жарандарға жаныңды қи!
Иухана зар жылады қол қусырып,
—Мен құрбан, құлыңыз,—деп мойынсұнып.
Мінезін ұнамаған айттым рас,
Дегем жоқ жұртты қырсын қырғын қылып.
Ол рас бұған ешкім келмейді тең,
Жиналып дүния халқы таппайды ем.
Ей, тақсыр, шыбын жаным қалсын аман,
Кешіңіз, бұл теңізге не болам мен?
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Махмұттың мұны естіп қаһары келіп,
Қудырды іштен сыртқа қорлық беріп.
Өтінді енді Милат уәзіріне,
Бұл істі тынамыз деп, қалай жеңіп.
Айтыпты көп ішінде Милат уәзір:
—Ей, шаһым, көрмесін жұрт жаза-жәзір.
Сол қызды жақыныңыз ағасымен
Мәжіліске келтірсеңіз етіп әзір.
Бақсаңыз кеңшілік қып ыстық жүзбен,
Құрмет қып қарсы алсаңыз тәтті, тұзбен.
Алдырып Ғалисина хакимді де,
Келісер деді сонда өзіңізбен.
Ей, тақсыр, жақсы адамның орыны бөлек,
Тазартып, татау қоймай, білсек елеп.
Былғайды жаман ауыз жер-жаһанды,
Болғандай дүния жүзі дөп-дөңгелек.
Артылмас өзіңізден өрнек ақыл,
Жақсы адам жақсылықтан емес ғапыл.
Оқыған жарық дүния күн шұғылалы,
Қараңғы білімсіздер деген нақыл.
Мен енді айтып болдым айтарымды,
Жауабым сауалыңа қайтарылды.
Белгілі Ғалисина әмма әлемге,
Барлық сыр өзіңізге байқалынды.
Бұл сөзді шаһы Махмұт қабыл алды,
Көңілі мақұл тауып дамылданды.
Шақыртып қыз ағасын заматында,
Синаға адам қосып мұны салды.
Жөнелді хабарлауға бұлар барып,
Бірнеше қымбат баға тарту алып.
Алдынан адамдарын шығарыпты,
Құрметпен Ғалисина хабарланып.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Енгізіп мархабалап қаласына,
Кіргізіп мейман күтер ханасына.
Зияпат неше алуан көрсетті сый,
Танытып сан тамаша санасына.
Бұларды етті мейман бір күн, бір түн,
Қандырып қанағатқа іші-сыртын.
Таң атқан тамашаның ерте күні,
Білдірді мақсатының ашып кілтін.
—Болсын деп шаһы Махмұт сізді мейман,
Қарсылық қайсарлықты қатты тыйған.
Шақырып шәрімізге—арнап келдік,
Ер ғалым Ғалисина, шексіз илан.
Бұл сөзді Ғалисина алды қабыл,
Баруға дайындалды анық, кәміл.
Саясат-салтанатпен жүріп келді,
Алдынан қарсы алыпты қағып дабыл.
Уәзірлер сай жасады қолайына,
Түсірді салтанатты сарайына.
Қарсы алып шаһы Махмұт Сина ерді,
Танысты адамдардың талайына.
Синаның қанат жайып алды қолын,
Шын көңіл кедергісіз беріп жолын.
Отырды орын алып тақытынан,
Кең тастап меймандарға оң мен солын.
Синаға Махмұт патша айтты күліп,
Наз етіп шын жүректен құлдық ұрып:
—Иә, Сина ғалым, хаким, сізге өкпем,
Кетпейін шындық сырды сізден жұмып.
Іс еттің дос боп жүріп қастық қылып,
Бойыңа жүргеннен бе жастық мініп?
Синажан, біздің ықылас өз қолыңда,
Бұл сөзге айтшы жауап ойнап-күліп.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Осынша себеп болды төгуге қан,
Қырылып топырақ болды бірталай жан.
Кемпір-шал, жас балалар қалды жетім,
Жесір боп жас әйелдер, болып сарсаң.
Бұл сөзге Ғалисина салып құлақ,
Махмұтқа жауап айтты сүйіп тым-ақ:
—Ей, шаһым, бізден емес, кінә сізден,
Мойынға алар болсаң мұны бірақ.
Қидыңыз өлімге де біздің басты,
Үстінен лайық деп жердің асты.
Қымыз бен қыз көптікі емес пе еді,
Басы бос қорығыштап жігіт жасты.
Өзіңіз—қан төгуге болған себеп,
Ғайбат пен өсек сөзге еріп бөлек.
Сондағы сенімі жоқ мен болыппын,
Сенімді басқалардың бәрі керек.
Қалмады бес тиындық менде қадір,
Қанішер, жауыздарша жасап жәбір.
Өзіңіз қан төгуге ашқан жолды,
Маған да жан аямай сайлап қабір.
Не керек, ырзаласты сол мәжілісте,
Өткен іс ол өзінше жанса-піссе.
Сонымен бірнеше күн мейман болып,
Шат болды, көңілдері шығып өске.
Өткізді бірнеше күн сұхбат құрып,
Құрметпен бір-біріне құлдық ұрып.
Махмұтты «мейман бол» деп шақырыпты,
Бас иіп Ғалисина тіке тұрып.
Махмұт махаббатпен қабыл алды,
Еш етпей уағда ғып ертең таңды.
Есен бол ертең таңнан қалмаңыз деп,
Махмұт қаласына кетіп қалды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Иухана амал-хайла қапшықтарын
Қалдырмай, қан майданға тас қып бәрін.
Махмұтты және азғырып айналдырды,
Ылаждың асқан ағуа паш қып бәрін.
—Сұлтаным, барма,—деді—тілімді алсаң,
Айтқаным жаным ашып мұным нансаң.
Сөзінде сенім болмас сиқыршының,
Қауіп те, қатер де көп оған барсаң.
Жоқтан бар соққан сиқыр қаласы да,
Ғажайып аспан жердің арасына.
Рақымсыз сиқыр, тылсым—сенімі жоқ,
Тайсалмай дайынсызға барасың ба?
Есебін тауып сізден қаланы алмақ,
Ойласаң жасағаны амал аңдап.
Бұл сөзге Махмұттың басы айналды,
Оп-оңай ойлап тұрса өліп қалмақ.
Тұрғанда қайыл болып, қалып ойға,
Жүк артып ауыр салмақ салып бойға.
Махмұтқа Милат уәзір ақыл берді:
—Ей, тақсыр, абыройды анық ойла.
Қайтқаның қапелімде мұның қалай?
Ғалым ол сіздейлерді көрген талай.
Бір тиын патшалықтың құны оған,
Егер ол шыбыннан да өлтірсе оңай.
Алданба әлі де, Махмұт, айдалаға,
Иухана сізге жұлдыз ай бола ма?
Не қажет ол кісіге уәлаятың,
Дүнияны бүкіл берсең айнала ма?
Ұждансыз, адам емес Иухананы,
Бояған қызыл қанға бұл қаланы.
Ай қылып бетіңізден айырмайсыз,
Алтынды сәулеңіздей айнадағы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Бұл сөзді қайтып қалды есіткен соң,
Ұят деп айтқан серттен кешіккен соң,
Аттанды Ибратнама қаласына,
Бірер топ әскерімен жөнелді оң.
Бұларды Ғалисина кәміл біліп,
Тақтында отырмады дамыл қылып.
Салтанат сарбазымен қарсы алыпты,
Құрметпен түсірудің қамын қылып.
Оның жоқ жұмысында ешбір ағат,
Синаның ойлағаны—бейбіт абад.
Жүргізді әскерлерін салтанатпен,
Ортаға ап үлкен жолды екі қабат.
Махмұт ортасымен келе жатты,
Бұлар да солдатымен салтанатты.
Жеткенде бір-біріне жақындасып,
Үндері сәлемдесті шығып қатты.
Әскерлер «Ассаламуәлейкум» деп,
Бір-бірін құрмет жолда қабылдап көп.
Синаның Әбуғали әскерлері
Қайтарып қарсы алыпты махаббат леп.
Жақындап Ибратнама қаласына,
Ерлердің шаттық толып санасына.
Бұрынғы таң-тамаша бірі де жоқ,
Көз салса әрбір істің саласына.
Бұрынғы алтын тәжді бақташылар,
Алтыннан дарбазада қақпашылар.
Гүл жайнап, тұрған түрлі бұлбұл сайрап,
Орнымен ізі де жоқ бақшашылар.
Ілгергі бірі де жоқ тамашаның,
Жапан түз сахарасы оңашаның.
Орманды, таулы-тасты, соралы сай,
Адасып өлетіндей қаласа кім.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Махмұт пен жанына ерген жолдастары,
Әскері, қосынбасы, қолбастары,
Батпаққа батып атпен жығылысып,
Ақылдан қайран бопты алжасқаны.
Таң болып «бұл қалай?!» деп тұрысыпты,
Халайық қабақтары тырысыпты.
«Бара алмай қайтамыз ба қалаға?» деп,
Әр түрлі сөздер айтып күлісіпті.
Синаның сап байлаған қосындары,
Қарсы алып құрметтеген осындағы.
Жұмбақтай түйіні жоқ жым боп жатқан,
Белгісіз із-құзы жоқ ашылмады.
Жолынан адасыпты жатқан шалқып,
Орманға ор қояндай жортқан аңқып.
Ұйытқыған күзгі желдей нам-нышан жоқ,
Жөнелді қаласына кейін тартып.
Көрінген көздеріне қала болып,
Қазірде жоққа айналды дала болып.
Ғажайып, бұл қалай [деп], қалды қайран,
Естері ауысқандай шала болып.
Германның қаласына кірді қайтып,
Әр түрлі әрбіреуі сөздер айтып.
«Синаның бұл мысалы—Ибратнама»,
Десіпті қариялары гәпті ұлғайтып.
Дүния бір бұл мысалы, түскен сәуле,
Қазір бар, қазірде жоқ еткен әуре.
Бүгін бар, ертеңге жоқ сиқыр қиял,
Ұқсаған жын мен шайтан, пері, дәуге.
Қарарсыз дүнияның мысалы осы,
Біреуге бар, біреудің дұшпан—досы.
Машақат дегеніміз—қазір рақат,
Қайғылы іс—бір кездерде көңіл хошы.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Дүния кейде судың сағымындай,
Кей кезде биік құмның шағылындай.
Жыландай иреңдеген кей кездерде,
Бар болса қалған кейде табылынбай.
Дүнияның бір мысалы көрген түстей,
Жоқ болған қапелімде жемей-ішпей.
Бірде бал, бірде заһар нақыштаған,
Жүрсек те қысы-жазы аттан түспей.
Ғалымның бұл нұсқасы бізге сабақ,
Дүнияның ишараты тартқан табақ.
Шаһ Махмұт шаһарына барып кірді,
Бақытым болмаса деп бастан талақ.
Сонымен қаласына келіп кірді,
Мәслихат басын қосып, мәжіліс құрды.
Бар болса ер Синаны табыңдар деп,
Қызметкер ерлеріне тез бұйырды.
Қарады іздеушілер ойдан-қырдан,
Жапан-түз қалдырмады қыр мен сырдан.
Дерексіз ешбір жерден таппаған соң,
Қалай да құтылдық деп, шүкір қылған.
Атырапта іздемеген жер қоймады,
Тау-теңіз, шөл-биабан, қырды-ойларды.
Ендеше нам-нышансыз құрыпты деп,
Болыпты сергігендей бір бойлары.
Өзінше Махмұт патша қала берсін,
Тасқындап тақытына қона берсін.
Махмұтты әскерімен қойып кетіп,
Ол өзі қайда барды, сөзі келсін.
Махмұтты шақырса да өзі бастап,
Тау-тастың арасына кетті тастап.
Бес тиын патшалығың дегендейін,
Бастарын масқараға қойды жастап.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Мұнан соң Ғалисина былай етті,
Басқа бір уәлаятқа бұрып бетті.
Дүнияны тамашалап, кезіп бәрін,
Хамадан шаһарына барып жетті.
Халыққа сол қалада қадірлі адам,
Ғабдолла ат-есімі—шайхы Хамадан.
Құлаған махалласын ұсталарға
Түзетіп жатыр екен нақ сол заман.
Жанына Ғалисина барғанында,
Назарын бір-біріне салғанында,
Синаға шайхы Ғабдолла депті былай:
—Бізбенен махаббаттас болмадың ба?
Қайтарды мұндай жауап сонда оған:
—Мен сізбен бейтаныспын жәзір заман.
Ерден ер бір қымбатты іс көрмейінше,
Бас иіп бағынар ма адамға адам.
Синаға шайхы Ғабдолла деді тұрып:
—Таныған кісілер көп, бізді біліп.
Көпшілік ықылас еткен біз ағаңбыз,
Өзіңдей халық тұрған мойынсұнып.
Айтты сөз тағы түрлі сөзге қосып,
Синаның сауалының бәрін тосып.
Білгендей шын қымбатты кісі екенін,
Сол ерге бала болды алтын бесік.
Синаны күтіп, сыйлап етті мейман,
Дос болды жан аямас басын қиған.
Үлкейді Ғалисина бұл шаһарда,
Бойына құдіретті күш ғылым сыйған.
Аурулы, жазылмайтын адамдарды,
Лұқмандай тәбиб болып қолына алды.
Алдына келген кісі сақаттанып,
Жетпесе шын ажалы аман қалды.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ілуде біреу болды жазылмаған,
Ажал жай аман қалды қазылмаған.
Беріпті бар өмірін тәбибтікке,
Жібермей жаны барда жазымға адам.
Тастапты үлкейген соң бәсекені,
Кімнен де болса, үлкейсе, жас өтеді.
Доқтырлық көп кітапқа ие болып,
Өзіне бүкіл елді дос етеді.
Кейінге көп кітаптар кетті тастап,
Ғалымдар білсе керек мұны растап.
Кітабын Қазан баспа тауып алып,
Аудардым өлең етіп мұны қостап.
Баласы Ғабдінасыр Ғабдіқайым,
Бірінші авторы екен еткен дайын.
Аударған арабшадан татар тілге,
Аңласам ар жағынан етіп пайым.
Жылында мың сегіз жүз алпыс тоғыз,
Жазыпты Ғабдіқайым ашып лебіз.
Аудардым мен де мұны қызық санап,
Ғылымды күшті санап, терең теңіз.
Дүниядан өткен ғалым неше түрлі,
Қымбатты сұлу сырлы, сегіз қырлы.
Синаның өлімінің турасында
Қабірі қайда екенін мәлім қылды.
Данышпан жаһан асқан Сина ғалым,
Нелер күшті патшаның жеңген бәрін.
Өзінің өмірбаян кітабында
Білдірген ең ақырғы өлім халін.
Ғажайып мадақ-мақтау көпшілігі,
Хамадан қаласында деген мұны.
Қабірі «Абат» деген махаллада,
Өлі емес, шалажансар, дейді, тірі.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Бір кісі саяхатшы Балқи деген,
Батысты аралапты шығыс пенен.
«Тақин» деп ат қойылған қала бопты,
Самарқан арасында Бұқара мен.
Сол жерге Ғалисина қайтып келіп,
Отырған өлгенінше мекенденіп.
Самарқан қаласының оң жағында
Екі үлкен [күмбез] жасапты зейнет беріп.
Жасапты мәрмәрлап асыл тастан,
Айтқанда биіктігін—ашық аспан.
Рүстем садағынан атылған оқ
Жетпейді жарымына шын-растан.
Бұдан да айтар болсақ анығырақ,
Ұшқыр құс ұшар болса шын шыңырап.
Күн шыға ұшар болса, күн батқанша
Сол таудан аса алмайды деген бірақ.
Арасы екі күмбез бір кең майдан,
Мақтаған айрықша атап әрбір жайдан.
Жасапты сол майданнан ұлы мектеп,
Бөлмесі үш жүз алпыс қанат жайған.
Сыйысқан әр бөлмеге елу бала,
Тамаша сұлулаған оны және.
Сұлулық сәулетіне көз тойынған,
Әр пәннен алды оқыған білім, сана.
Бәріне Ибн Сина сабақ берді,
Даярлап түрлі пәнге талапкерді.
Таратты кең дүнияға ғылым нұрын,
Денсаулық сақтау жолға қанат керді.
Синаның жетпістерге жасы жетті,
Көшесін қызықты өмір басып өтті.
Өтерін бұл дүниядан анық біліп,
Данышпан бұған да әдіс ашық етті.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ойлады оқығанда мұнша ғылым,
Өлімді сүймепті ол да жетсе білім.
Мүмкінін әл жеткенше қарастырды,
Ажалдың жоймақ үшін арғы түбін.
Әуелі жасайын деп өз басыма,
Өзінен өлім жеңіп өз басына,
Тағдырдың тайталасқан тапсам кілтін,
Халықтың қарайын деп көз жасына.
Мұнан соң ажалға айла қарастырды,
Тағдырға тапса амалын таластырды.
Амалдан ажал шіркін хайласы асып,
Тапжылмай тағдыр тауы адастырды.
Мектепке жасап қойған таяу монша,
Шын атын «Хаммам мазар» дейтін сонша.
Бұзылып қалған жайды қайта түзеп,
Тақ тұрды бірталай жан бұған қанша?
Жасапты жеті жұлдыз төбесіне,
Жеті ыдыс жасады оның өресіне.
Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің,
Біліммен сақтап таза оны есіне.
Ғылыммен жеті ыдысқа дәрі толды,
Өлгенде жан енетін денесіне.
Жасапты және қалып өзіне өлшеп,
Мәрмәр, меруерт тастан бөлшек-бөлшек.
Қолға—қол, аяққа—аяқ, басына—бас,
Мүшеге тегіс жеткен айта берсек.
Тапсырды шәкіртіне бәрін соның,
Жамас хаким дер еді есімін оның.
Бағдатта туған жері, сенімі асқан,
Бірлесіп көп сапарда жүрген жолын.
Синаға оқып шәкірт болып еді,
Білімі көп шәкірттен толық еді.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Жамасқа сол дәрінің берді бәрін,
Көңілін соған толық беріп еді.
Оқыған бар ғылымнан хабары бар,
Жасайтын түрлі жолмен амалы бар.
Ғылым хикмат, ғылым тәбиб, ғылым һәндаса,
Ихпадан, кимия, симия алғаны бар.
Жамасқа тапсырыпты бәрін қолмен,
Жұмса деп дәрілерді түрлі жолмен.
Осындай есеппенен іс ет депті,
«Ұзамай болар маған ажал келген.
Ешкімге әшкере етпе өлігімді,
Орында менің ақтап сенімімді.
Алжаспай дәрілерді жұмса тегіс,
Ұстаздан алсаң мақтау орыныңды».
«Мақұл» деп қабыл алып иді басын,
Мүлтіксіз орындауға уағдасын.
Көз жұмып ғалым Сина өлгеннен соң,
Қолға алды Жамас хаким тапсырмасын.
Қасына өлгеннен соң өзі келіп,
Ешкімге хабарламай болып берік.
Бір затпен келі сипат түйді өлікті,
Жаныштап ұнтапты әбден, ынта бөліп.
Қазанға қайнатыпты бұдан кейін,
Аянбай іске кіріп, бөліп зейін.
Қайнауы жетіп әбден, суытыпты,
Айтылған шарттарына етіп бейім.
Иленіп қан жүргендей қамырланып,
Шыншаның құйды бірін қамырға алып.
Көзіне жылы ұшырап көрініпті,
Қан жүріп тарағандай тамырланып.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Көңіліне кірді сенім мұны көріп,
Қалыпқа тағы салды алып келіп.
Мәрмәр қалыбына толды дене,
Бейнесі адам түрі секілденіп.
Жақсылап айтуынша жөндеп тағы,
Дәрісін орындапты шыншадағы.
Салмақпен сабыр етіп сақтап қырық күн,
Түк, сүйек пайда болып, бітті бәрі.
Дәрінің шыншадағы тағы бірін
Құйғанда айнығысыз адам түрін.
Көрініп тіршіліктің барлық сиқы,
Білдірді сауығудың түгел сырын.
Тағы бір жұмсағанда ыдыстарды,
Дем шығып көзін ашып тыныс алды.
Бетіне шәкіртінің тура қарап
Шығарды «бәриз» деген дыбыстарды.
Және бір «құй» деген сөз «бәриз» деген,
Талабы тірілудің қамын жеген.
Дәрінің енді қалған бірін құйса,
Дүнияда мәңгі тірі жүреді екен.
Жеті ыдыс жасалынған моншадағы,
Жұлдыздан алған әсер мұның бәрі.
Қырық күндей ер денесін тәрбиелеп,
Жақсылап жамнан алып жақты дәрі.
Әрбір жам бір жұлдыздың мысалында,
Бейнелеп ескі жолмен айтқан мұнда.
Күш берер жеті жұлдыз нәрестеге
Ананың жатқанында құрсағында.
Сондай-ақ бұл жеті ыдыс моншадағы,
Жұлдыздай қызмет етер деген бәрі.
Құрсақта жатқан бейне нәрестедей
Жұмылып, жұлдыз мысал септі дәрі.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Айтқандай ғалым Сина ашты көзін,
Тіріліп кететіндей білді өзін.
Жамастың көңіліне кірді пікір
«Бәриз» деп есіткенде айтқан сөзін.
Ойлапты тұрса қазір Сина ғалым,
Шүһрәті хабарлантқан халықтың бәрін.
Келетін менің бақыт кезегіме,
Кес болып, бермес бедел ықтиярын.
Кім тапқан депті өлген соң тірілмекті,
Тоқтатқан тағдыр еткен құдіретті.
Міне, енді тағдыр кілтін тапты Сина,
Етпестей дүнияда ешкім күмән-шекті.
Сенімді сондай ғалым шын шәкірті,
Жетінші шыншаны ұрып жерге төкті.
Қиратты жетіншіні ұрып тасқа,
Дәріні жұмсап еді одан басқа.
Көзге еш көрінбейтін етті Жамас,
«Бәриз» үн естіледі айтқан баста.
Осындай болып біткен ақыр халі,
Растан айтқан әркім мұны тағы.
Жиһанкез Балқи менен Саид Жақия
Анықтап, жақсылардың айтқан бәрі.
Барғанда жиһанкездер Самарқанға,
Барыпты мазар монша, ол хаммамға.
Тұрыпты «бәриз-бәриз» естіліп үн,
Барғанда саяхатшы сол заманда.
Самарқан қаласының оң жағында
Жайы бар «Мазар хаммам» деген сонда.
«Бәриз» үн естіледі, көрінбейді,
Естілмес, монша толса көп адамға.
Қалғандай есіткендер ғажап таңға,
Есімі қалды өлсе де жер-жаһанға.
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Ғылымменен көрінбейтін еткен көзге
Қиссасы жеткен ердің бұл заманға.
Шәкірті өзі оқытып сабақ берген,
Сенімін адалдамай, садақ керген.
Қолынан шынша түсіп сынды дейді,
Аңдамай аттанғанда аяқ жерден.
Осындай бұл туралы бар көп нақыл,
Сондықтан айта алмадым анық батыл.
Бірақ та өлім жөнді Ибн Сина,
Тамаша таң болардай тапқан ақыл.
Өлімнен құтылмапты адам қашып,
Құтылса жан жолар ма аяқ басып.
Құйғанда бір шыншаны тұрмас па еді
Бермесе Жамас шәкірт есік ашып.
Дүнияның қызығына түсіне алмай,
Айып етіп жүрмеңіздер айтсам асып.
Жылында мың тоғыз жүз жиырма екінші,
Бір рет жазып едім етіп машық.
Бірқатар жылдар өтті одан бермен,
Жоғалтты бір жігітім қолдап берген.
Еш етпей сол еңбекті жаздым тағы,
Сол жылғы ұл отыз алты жасқа келген.
Арабтың әрпімен ат-есімімді
Жұмбақтап жазған едім етіп сырлы.
Қуаныш Баймағамбет ұғылы болып
Жазып ем аяғында айтып жырды.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
ӘБУҒАЛИСИНА, ӘБІЛХАРИС
Сан алуан сюжеттерді арқау етіп жырланған хикаялық
дастандардың ішінде Хатымтай, Һарон ар-Рашид, Ескендір
Зұлқарнайын, Әбу Мүслім, Ибн Сина, т.б. өткен ғасырларда өмір
сүрген, аты аңызға айналған тұлғаларға арналған шығармалар
көзге түседі. Сондай шығармалардың бірі—«Әбуғалисина,
Әбілхарис» атты дастан.
Дастанның бас кейіпкері—белгілі ойшыл, ғұлама ғалым
Әбу Әли Ибн Сина 980 жылы Бұхара маңында туып, 1037
жылы Хамадан қаласының маңындағы Абад атты ауылда
дүние салған.
Оның философия, логика, әдебиеттану, поэзия, тіл, қоғам-
тану және медицина саласындағы еңбектері ғылымда үлкен
бағаға ие болған. Ибн Синаның медицина туралы жазылған
оқулығы отыз рет басылып, ХVІІІ ғасырға дейін Еуропа уни-
верситеттерінде пайдаланылып келді.
Ибн Сина Еуропаның белгілі философы Декарттан алты
ғасыр бұрын «Мен ойлаймын, демек, бұл—менің тірілігімнің
белгісі» деген. Адамның ойлағыштық қабілетін, адам ойының
күшін өте жоғары қойып бағалау ғалымның дүниетанымын-
дағы прогрессивтік бағыт еді.
Еуропалықтар Ибн Синаның есімін өзгертіп, оны Авиценна
деп атап кеткен, ал жарияланып отырған дастанда ол Ибн Си-
на, Ғалисина, Сина, Сина Әбуғали, Әбуғалисина делінеді.
Шығармада Ибн Синаның туған жері, ата-анасы қарапайым
адам болғаны, болашақ ғалымның жасынан-ақ ғылым-білімге
деген ынтасы, медреседе иунан (грек), араб, парсы, үнді, қытай
тілдерін меңгерсе де, оған қанағат етпей ғылым-білім іздеп алыс
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР сапарға шыққаны ғалым туралы бізге жеткен ғұмырнамалық деректерге сай баяндалады. Ал ұзақ уақыт Аплатон жинап кетті-міс деген кітаптарды оқып, кәмелетке жетіп, ғылым-білім иесі, оқымысты болған сәттен бастап дастанның бас кейіпкерінің бейнесі өзінің прототипі—тарихи Ибн Синадан өзгеше сомдалады. Дастанда Ибн Сина—дәрігер де емес, ақын да емес, тілтанушы, аудармашы, философ та емес. Оның негізгі функциясы, атқаратын қызметі—асқан сиқыршылығы. Ол—керемет тылсым күш, хикмат* иесі. Дастанның негізгі мақсаты мен мазмұны—Әбуғалисинаның хикматтарын баян ету. Олардың ішінде: дұшпандарын, керек жағдайда жақтастарын да түрлі мал, хайуанға (бөрі, қораз, түлкі, т.б.) айналдыру; өзін, сондай-ақ басқаларды да бөтен біреудің кейпіне түсіру; көзіне сүрме жағу, сиқырлы бөрік кию арқылы көзден ғайып болу; қасындағы адамдарға көрінбей біреуді қолға түсіру; жоқтан бар жасау, мысалы: Әбуғалисина әпсүн оқығанда сансыз әскер сап тартып тұра қалады, шөл далада бір сәтте ғажайып көркем қала мен бау-бақшалар пайда болады; дұшпандарын ақылынан адастырып, есінен таңдырады; айшылық жерге қас қағым сәтте барады, т.б. Келтірілген мысалдардан дастан кейіпкері Әбуғалисинаның іс-әрекеттері, таңғажайып қимыл-қылықтары, жалпы сонымен байланысты оқиғалардың біразы ежелгі нанымсенімдермен тамырлас сиқырлық болса, енді біреулері ойдан шығарылған фантастикалық үлгіде екені аңғарылады. Дастанда Ибн Синаның таң қалдыратын сиқыршылығымен қатар, адами қасиеттері де аса жоғары дәріптеледі. Ибн Сина өте рақымшыл, мейірімді, әлсіздердің қорғанышы, әділдіктің жақтаушысы бейнесінде суреттеледі. Ол зұлымдық пен әділетсіздікке сиқыршылық өнерімен қарсы тұрады және бойындағы қасиеттерін ұрымтал сәттерде пайдаланып, билеушілерді бас игізіп, тура жолға салып отырады. Шығарманы талдау барысында бұл басқа Ибн Сина емес пе деген ой туады. Бірақ ешқандай ағаттық жоқ. Орта ғасырларда ғылым мен бұқара арасындағы алшақтық жер мен көктей болды. Сондықтан Ибн Синаның ғылыми еңбектері халыққа * Хикмат /а/ – керемет; ғажайып; сұмдық; адамның ақылы жетпейтін іс.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР толығымен және түгел белгілі болған жоқ. Бірақ халық өзінің ұлы перзентін біліп,қадірлеп отырды. Және де ғылым мен білімді қатты қастерледі. Табиғат құпиясын түсініп, күшті, құдіретті болу арқылы халық өзінің ең қасиетті және батыл армандарын жүзеге асыруды аңсады. Сонымен қатар, феодалдық ауыр езгіден және әділетсіздіктен шаршаған халық теңдікке жетудің басқа жолын таба алмай, әділ билеуші мен қайырымды сиқыршылар туралы көкседі. Сондықтан Ибн Синаның есімін көкке көтеріп, оны әділдік, рақымшылық күзетінде тұрған мықты қорғаушы бейнесінде жырлады. Осы тұста бұл сияқты шығармалар қазақ оқырмандары мен тыңдаушыларын кезінде несімен қызықтырды деген заңды сауал туады. Себебі, дастандағы Ибн Сина бейнесі дәстүрлі эпикалық қаһармандардан мүлде өзге. Оның бойынан халқымыз ерекше қастерлеп, құрмет тұтатын батырлық қасиеттер байқалмайды. Біздіңше, мұндай шығармалар өзге географиялық региондарда және басқа тарихи-мәдени жағдайда тұратын этностардың өмірі мен тұрмыс қалпы, ой жүйесімен танысуға мүмкіндік бере отырып, қоғамның білім деңгейінің артуына, жалпы мәдениетінің көтерілуіне себін тигізді. Сондай-ақ халқымыз басқалар сияқты, ғасырлар бойы теңдік пен бақытты аңсап, әділ билеуші, қайырымды қолдаушыны армандағандықтан, шығыс аңыздарындағы Ибн Сина образын бірден қабылдады. Ибн Сина тарихта болған адам. Бірақ талқыланып отырған дастан тарихи шығарма емес. Бұның мазмұнын хикаялық сипатта баяндалған ертегілік қиял-ғажайып пен ойдан шығарылған фантастикалық оқиғалар құрайды. Ал дастанның бас кейіпкері Ибн Сина типтелген фольклорлық образ ретінде сомдалған. Ибн Сина жайындағы жыр, дастандар шығыс халықтарының фольклоры мен әдебиетінде елеулі орын алады. Өткен ғасырдың соңында бұл аңыздарды қазақ ақын, жыршылары да ауыздан-ауызға таратып келген. Онымен ғана шектелмей, өздері оқып білген осы шығармалардағы оқиғалардың сарынымен, солардың негізгі мазмұндарын сақтай отырып, өз бетімен де жырлап, қара өлең немесе жыр үлгісімен дастан етіп қағазға түсірген.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министр-
лігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында Ибн
Синаның атына байланысты дастандардың бірнеше нұсқала-
ры бар. Олардың кейбіреулері Қазан төңкерісінен бұрын шық-
қан кітап күйінде жетсе, қалғандары—ел ішіндегі ақындар мен
жыршылар, айтушылар мен жинаушылар тарапынан әр кезде
хатқа түсірілген, көшірілген қолжазбалар.
Кітап қалпындағы нұсқалар: 1. Канжина-и хикмат Әбу Али Сина. Қазан,1864, араб әр-
пінде. Бұл—шығыс халықтарында кең тараған аңыз, әңгіме-
лер мен тарихи деректер негізінде ортағасырлық түркі тілін-
де Ибн Синаға арналып жазылған алғашқы кітаптардың бірі.
Авторы—Зиятдин Саит Яхья. Қара сөзбен жазылған. Бұл кі-
тап 1889 және 1901, 1903 жылдары қайта басылып шықты.
Соңғы екі басылымды шығарған Шарафудин ұғылы Сала-
хидин.
2. Әбуғалисина қиссасы. Қазан, Университет баспасы,
1881, араб әрпінде. Бұл—Зиятдин Саит Яхья кітабының та-
тар тіліндегі аудармасы. 1872 ж. татар ғалымы Қаюм Насыри
тәржімалаған. Ол туралы Қ.Насыри былай дейді: «Хижраның
1281 жылында З.С.Яхьяның кітабы жарық көрді. Бұл
шығармада араб, парсы сөздері көп қолданылған. Сол себептен
оны оқып түсіну өте қиын. Ал Ибн Сина туралы көп адамдар
оқып білгісі келеді. Сондықтан мен бұл кітапты Ресейдің күллі
мұсылмандары түсінетін тілге аудардым».
Қ.Насыридің аудармасы тоғыз жылдан кейін жарық көре-
ді. Қара сөзбен көркем проза үлгісінде жазылған бұл кітаптың
көлемі—116 бет. Қ.Насыри еңбегі жүз жылдан кейін орыс тілі-
не аударылып, 1977 ж. баспа бетін көрді.
3. Әбуғалисина. Қазан, Университет баспасы, 1886, араб
әрпінде, көлемі—56 бет. Қазақ тілінде жырлаған Жақып Ел-
шібайұлы. Бастырушы Шәмсудин Хұсаинұғлы.
4. Қисса Абулхарис. Қазан, «Чиркова мұрагерлері» баспа-
сы, 1893, араб әрпінде, көлемі—16 бет. Шығарушы К.Шаһмар-
данұлы.
5. Қисса Халуафаруш [Сұлу жігіт туралы]. Қазан, «Чирко-
ва мұрагерлері» баспасы, 1897, араб әрпінде, көлемі—16 бет,
1898 ж. қайта басылған.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
6. Қисса хикматнама. Қазан, «Чиркова мұрагерлері» бас-
пасы, 1897, араб әрпінде, көлемі—15 бет. Шығарушы К.Шаһ-
марданұлы.
7. Қисса кемпір наммама. Қазан, 1897, араб әрпінде, кө-
лемі—16 бет. 8. Қисса Жамас хәким. Қазан, 1899, араб әрпінде, көле-
мі—8 бет.
Қолжазба нұсқалар:
1. Ганжина хикмет Әбуғалисина. ОҒК: Ш. 327, 4-дәптер,
араб әрпінде, көлемі—56 бет. Жоғарыда аталған осы аттас
кітаптың көшірмесі. Кім, қашан көшіргені белгісіз. Байісов
Хакім тапсырған. 1940 жылғы экспедиция жинаған.
2. Әбуғалисина—Әбілхарис әңгімесі. ОҒК: Ш. 327, 3-дәптер,
араб әрпінде. Қолжазбаның соңында «Араб Әмірұлы. Алакөл
ауданы. Алматы облысы, Алматы, 1936 жыл, 15 ноябрь» деген
жазуы бар.
3. Әбуғалисина. ӘӨИ: Ш. 128. Бұл нұсқаның бас-аяғы
жоқ. Қашан жазылғаны да белгісіз. Араб әрпінің көне үлгісі-
мен жазылған. Көлемі—68 бет. Жинаушылар Жүсіп, Арон
Шорманұлдары. 1958 жылы Ғ. Мұсабаев тапсырған.
4. Әбуғалисина, Әбілхарис. ӘӨИ: Ш. 90, араб әрпінде. Ескі
қолжазбадан 1920-1958 жылдар аралығында көшірген ақын
Қуаныш Баймағамбетұлы.
Түптеп келгенде осы нұсқалардың бәрі Зиятдин Саит Яхья
кітабынан тараған.
Томға Қ.Баймағамбетұлы нұсқасы алынды. Бұл дастан
Абуғалисинаға байланысты туған аңыз, әңгіме, жарияланған
шығармалардың ішіндегі ең көлемдісі және солардың барлық
мазмұндарын толық қамтыған. Дастанды баспаға дайындау ба-
рысында ақынның дастан мәтінін ескі қолжазбадан көшіргені
анықталды. Көшіру процесінде ақын мәтіннің кей тұстарын
өзінше түзетіп, өңдеген. Ақынның «Пайда боп өз қолымнан
осы жырым» дегені—көшіріп, қағазға түсіргенін айтқаны. Де-
мек, ол өз еңбегін дәл бағалаған. Ал «Бір рет шыққан еді бұдан
бұрын» дегені—алдыңғы көшіргенін айтқаны. Ақынның ай-
туына қарағанда, осы дастанның қолжазбасын бір жігіт алып,
қайтармаған тәрізді.
Қ.Баймағамбетұлы нұсқасы 1990 жылы ғылыми-көпші-
лікке арналған жинақта Б.Әзібаева мен М.Шафиғовтың
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
дайындауымен біраз қысқартуға ұшырап жарияланған. Атап
айтқанда, дастанның 576 жолы түрлі себептермен алынып
тасталған, кейбір сөздері дұрыс танылмай қате берілген.
Осы жолы бұрын кеткен қателер ескерілді, 1990 жылғы ба-
сылымда қысқартылған жолдар қалпына келтірілді.
Мәтінде кездескен біраз араб, парсы, орыс тілдерінен ауыс-
қан сөздер қазақ тіліне аударылып, арнайы сөздікте топтас-
тырылды. Мәтіннің ерекшелігі ретінде тілімізге ертеректе
араб тілінен еніп, төл сөздерімізге айналған кейбір лексема-
лар түпнұсқалық формада берілгенін айтуға болады. Мысалы:
ғибрат сөзі ибрат түрінде, дәреже—дәражат, мемлекет—
мәмлакат, мәртебе—мәртаба, нақыл—нақылият деп беріл-
ген, т.б. Ал кейбір сөз, сөз тіркестері қолжазбада екі түрде—
мысалы, қол қусырыппен қатар қол қаусырып деп берілген,
т.б. Осындай тұстардың бәрінде жыршының қолтаңбасы
сақталды.
Томға мәтін араб әрпіндегі түпнұсқадан еш өзгеріссіз дайын-
далды.
МӘТІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (ә.с.)**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б. * Құран Кәрім. 112-“Ихлас” сүресі. ** Ә.С. – Әлейһиссалам /а/ – оны Алла жарылқасын! Пайғамбарлардың атына жалғаса айтылатын сөз.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ
сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилләһи, Сұбхан Алла сөздерін
отыз үш реттен айтып, тасбих тастарын санамалау арқылы
жүзеге асады.
Аплатон, Платон Афиналық (б.д.д. 427-347)—ежелгі
грек [иунан] философы, идеализмнің негізін салушы. 407 жы-
лы Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкірттерінің бірі бол-
ды. Өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізіп, көптеген еңбек-
тер жазып, лекция оқыған. Платон жөнінде оның өз шәкірттері
мен Аристотельдің атақты шәкірті Аристоксен көп жазған.
Қазақтар оны көбінесе «Аплатон» деп атаған.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште-
лердің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар
алдында Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін
жұмсайды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де,
Мекайыл мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмай-
ды. Бұл шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы
үшін ол жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға
ажал мезеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп
тұрған ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп
түседі. Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын
алуға тиіс.
Бәкір, Әбубәкір—Мұхаммед (ә.с.) қайтыс болғаннан кейін
сайланған алғашқы халиф. Ол құрайыш руынан шыққан, Мек-
кедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (ә.с.) Ислам-
ға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан
бірінші болып мұсылман болды.
Әбубәкір—Расул Алланың* «төрт сахаба» аты берілген
сенімді серік, жолдастарының бірі. Мұхаммед (ә.с.) қайтыс
болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір
араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты
басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (ә.с.) түскен Құран
аяттарының жинағын құрастырды.
Дәуіт—Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен пайғамбар-
дың әкесі.
Ескендір Зұлқарнайын [б.д.д. 356-323]—Македонияның
атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы ертегі,
* Расул Алла [Расул (а) – елші] – Алланың елшісі
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольклорында
кең тараған. Сондай-ақ оған біраз әдеби шығармалар арналған.
Солардың ішінде шығыстың классиктері [Низами, Фердау-
си, Абай, т.б.] поэмаларының орны ерекше. Солардың басым
көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі кемеңгер
қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, «аруағына» көптеген ел
табынған, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнеленеді.
Жәмшид—Ежелгі Иранның есімі аңызға айналған пат-
шасы. Аңыз бойынша, 700 жыл билік еткен Жәмшид шарап
ішкен ыдысынан немесе сиқырлы шам арқылы бүкіл дүние
тіршілігін көріп отыратын болған.
Жүсіп—Зылиха—Шығыс халықтарының «Жүсіп—Зыли-
ха» атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері,
махаббат пен сұлулық символы.
Ибн Сина Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла (980-1037)—Орта
Азиялық ғұлама ғалым, энциклопедиялық білімді дәрігер, фи-
лософ, астроном, жаратылыстанушы, ақын, орта ғасырда араб
тілінде қарыштай дамыған медицина ғылымының негізін са-
лушы, шығыстық аристотелизмнің өкілі. Туған жері Бұхара
өңірі. Ибн Сина ең негізгі еңбектерін Бұхара мен Үргеніште
бітірсе де, шығармалары араб тілінде жазылғандықтан,
батыстықтар оны араб ғалымы деп санаған және есімін Авицен-
на деп транскрипциялаған.
Оның ең күрделі туындысы—«Дәрігерлік ғылымның кано-
ны» («Китаб әл-қанун фи-т-тибб»). Бұл көлемі 200 баспа табақ
5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Күллі Шығыс
пен Батысқа Ибн Сина осы кітап арқылы бес-алты ғасыр бойы
медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы
ұстазы болды, «медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» деген
ұлы есімге ие болады.
Лұқман—ол туралы Исламға дейінгі араб хикаяларын-
да біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-сүре
арналған. Мұнда Лұқпан «бір құдайлық» бағытын насихатта-
ған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ретінде ата-
лады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким, яғни хаким
Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делініп, оның
есімі көптеген шығыс халықтарының ертегі, жыр, аңыздарын-
да құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да «Лұқпан хаким
айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Мәжнүн—Ләйлі—Таяу және Орта Шығыс пен Оңтүстік Шығыс, Орталық Азия халықтарының «Ләйлі—Мәжнүн» атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері. Мәжнүн өмірде болған, VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ ғасыр аралығында өмір сүрген араб ақыны. Ләйлі мен Мәжнүн қазақ фольклорында таза, өшпес махаббат, әділ ғашықтар символы ретінде суреттеледі. Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, Ислам дінінің негізін салушы. Мұхаммед (ә.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед (ә.с.) өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед (ә.с.) Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед (ә.с.) 610 жылы 40 жасында Алланы, яғни бір құдайға табынатын дін—Исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед (ә.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар. Намруд—аңыз бойынша, көне Бабыл (Вавилон) патшалығын құрушы, Ыбраһым пайғамбарды отқа жақпақ болған патша. Наушаруан—Иран шаһы Хосрой І Анушаруан [531-579]. Паридон—аңыз бойынша, Иранды 700 жыл билеген Жәмшид патшаның ұрпағы.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Писағұрыс [б.д.д. 570 ж. ш.—500 ж. ш.]—ежелгі грек ой-
шылы, математик, саяси қайраткер, пифагоризмнің негізін са-
лушы Пифагор Самосский.
Рүстем Дастан—Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі ба-
тыры, «Шаһнама» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс
халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Сейпілмәлік—арабтың «Мың бір түн» атты бірнеше
том құрайтын ертегілер жинағындағы «Сейпілмәлік—Бәді-
ғұлжамал хикаясы» атты тарауының негізінде жырланған
шығыс халықтарына ертеден таныс дастан, поэмалардың бас
кейіпкері. Оларда Сейпілмәлік таза, өшпес, адал махаббаттың,
шын берілгендіктің символы ретінде суреттеледі.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрын-
ғы Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Ие-
русалим қаласындағы Яхус храмын салдырған. Сондай-ақ ол
мұсылман елдерінің ертегі, дастандарында «аң мен құстың,
пері мен жынның, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін біл-
ген» деп дәріптеледі.
Һаушаң—«Шаһнама» эпопеясының басты кейіпкерлері-
нің бірі. Фердоуси оны көне Иранның алғашқы, мифтік
билеушілерінің бірі және мәдени кейіпкер ретінде сомдаған.
Һаушаң адамдарды от пен темірді игеруге үйретіп, диқаншы-
лық пен мал шаруашылығына бейімдеген.
Шаддад—оңтүстік Араб елдерінің жартылай аңыздық,
жартылай тарихи билеушісі. Құран хикаяларының бірінде
айтылғандай, ол жер бетінде жұмақ орнату мақсатын көздеп,
Ирамбақ деп аталатын керемет бау-бақшалар мен сарайлар
салған. Құдіреті күшті Алла оны қиратты, себебі, жер бетін-
де жұмақ болмайды, жұмақ Алланың иелігінде ғана. Шығыс
халықтарының фольклоры мен әдебиетінде Ирамбағы ғажа-
йып бақтың символы ретінде айтылады.
Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың
ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі.
Ібілісті басқаша—шайтан, «Алланың жауы» немесе жай ғана
«дұшпан» деп атайды.
Құран Кәрім бойынша Ібіліс Алланың тілін алмаған, Адам
атаның алдында тізе бүгуден бас тартып, «мен одан артық-
пын; Сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың» деп
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
қарсы шыққан. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып,
тозақ отына түсуге ұйғарылды. Алайда, Ібіліс Алладан жаза-
сын қиямет қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады
және ол өзіне іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адам-
дарды теріс жолға азғыруға уәде берді.
СӨЗДІК* * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Олар кейде ауыспалы мағынада да қолданылған. Сондықтан біз ұсынып отырған дастандарда кездесетін осындай сөздердің мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Абад /п/—гүлденген мекен; халқы жиі қоныстанған думанды, базарлы жер; бай, берекелі орын Ағзам /а/—ұлы мәртебелі; өте қадірлі, құрметті Ағла /а/—ең биік, ең жоғары Ағуа /а/—азғыру, іріткі салу; өсек-аяң; өтірік; әзәзілдік Ағуашыл /а/—арбаушы, әзәзіл Ажап /а/—таң қалу, ғажаптану Азада /п/—оңаша; емін-еркін Азар /п/—азап, қорлық Ақ—Хақ деген сөздің х әрпі түсіп, қысқартылып айтылатын түрі. Хақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Ақылия /а/—саналы, ақыл-ойлы Алуа /а/—май мен ұн, қант қосып жасаған тәтті тағам Алуапүріш /а,п/—алуа сатушы Аңлау —байқау Апу, ғапу /а/—өтіну, кешірім сұрау Арзу /п/—арман, тілек, мақсат, үміт Арыза /а/—арыз, өтініш, тілек Асла /а/—мүлде, еш. Ахуалат /а/—халдары, хал-жағдайлары Ашық, ышқы, ғышқы /а/—ғашық болу, сүйіктісі; махаббаты Әд /а/—хәд деген сөздің алғашқы х әрпі түсіп, қысқартылып айтылатын түрі; Хәд /а/—шек; шекара Әдалат /а/—әділеттілік; шыншылдық Әдді—дәт, батылдық
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Әламан /а/—кешірім, сауға
Әламат /а/—баға; белгі
Әл-иқсан ятағаллисан /а/—жақсылығыңды мақтан ете
аласың
Әлхам /а/—(Аллаға) мадақ
Әмма /а/—бәрі, барлығы
Әнбия /а/—пайғамбарлар
Әнғам /а/—тарту, сыйлық
Әпсүн /а/—дуа, сиқыр, арбау
Әркан /а/—негіз
Әуере /а/—әуре, сарсаң; есуас
Әуіз /а/—су қоймасы; бассейн
Баж /п/—құрмет; алым-салық
Бажа /п/—орынды, келісті, сәйкес, ретті, жөнді
Бақыл /а/—сараң
Балахана—шатыр астындағы бөлме
Бану /п/—ханым; бибі, бикеш
Баңқор /п/—қияли
Бахр /а/—теңіз
Баһар /п/—көктем
Бәдән /а/—дене
Бәднам /п/—масқаралау, жаманатты ету
Бәлант /п/—жоғары, биік
Бәриз /п/—құй
Биабан /п/—құлазыған шөл дала, жапан түз
Билғайни уа раси /а/—ләббай; құп; құзырыңа әзірмін
Бина /а/—құрылыс, ғимарат
Беше-бек /т/—паша-бек
Биллаһи /а/—Алланың атымен (ант)
Бисмилла, лә хаула /а/—Алланың атымен, одан басқа күш-
құдірет жоқ
Бустан /а/—бақ, бау-бақша
Біллұр /а/—кристалл; хрусталь
Геже /п/—алаңғасар; жеңілген, есеңгіреген, қайран қалған
Гүлстан /п/—гүлденген жер
Ғажайбат /а/—ғажайып, керемет
Ғазабат /а/—азап
Ғазал—шығыс поэзиясында негізінен кемі үш, көбі он екі
бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Ғанбар /п/—амбра (кит тұқымдас ірі теңіз жануарларынан
алынатын хош иісті, қоңыр түсті зат)
Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, байқамау, сезбеу, аңқаулық
Ғар /а/—үңгір, апан
Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір
Ғаяр /а/—аяр, айлакер; қу; алдаушы
Ғизат /а/—қадір-құрмет; ізет; сый; даңқ
Дарақ /п/—оңаша өскен ағаш, терек
Дая, даяшы—қожайынның жарлығын орындап отыратын
басыбайлы қызметші
Дәпін ету /а/—жерлеу, арулап қою; көму
Дәруіш /а/—сопылық ағымды ұстанушы; дүние қызығынан
безген адам
Диуан /а/—бір уездік көлемдегі ауқымды бекініс; аймақ
Диуар /п/—қабырға
Жаду /а/—жәдігөй, залым, сұрқия; сиқыршы
Жам /п/—тостаған; кіршін
Жаннат /а/—бақ, О дүниеде күнәдан ада, таза адамдардың
баратын орны (жұмақ, пейіш). Жаннат—бұлақтары мен суы
мол саялы бақ. Онда дәмі өзгермейтін сүт өзені, бал өзендері
ағады. Жаннатқа түскендер қалаған нәрселерін ішіп-жейді.
Жаннатты Ризуан бастаған періштелер күзетеді
Жаһаз /а/—дайындық
Жәду /а/—сиқыршы
Жәзір /а/—жәбір-жапа, азап шегу
Жисі /т/—тағы да, қайтадан
Жүдә /а/—өте, тым, тіпті
Жүһа жылан /п/—топ; ордалы жылан
Зағыпыран—сары түсті гүл
Зауқы сапа /а/—ойын-сауық
Заһар, зәр /а/—у
Зәңгі—зор, үлкен; қара түсті адам; дастандық шығармаларда
жиі кездесетін қаһарманға қарсы тұратын сүйкімсіз кейіпкер-
лер зәңгі аталады.
Зәуқайыр—кездейсоқ; ақырында, соңында
Зеңбер /п/—зембіл
Зияпат /а/—біреудің немесе бір нәрсенің құрметіне бері-
летін қонақасы, салтанатты кеш; банкет; құрмет; сый-сияпат
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Зиярат, зияраттау /а/—көрісу, зиярат ету, сәлем беру,
қол беру; құлшылық
Зүбәржат /п/—жасыл түсті асыл тас
Ернек—ернеу
Ибрат /а/—ғибрат, сабақ
Иғтибар /а/—құрмет, қошемет
Илат /а/—себеп; дәлел; жетіспеушілік, кемістік
Имарат /а/—ғимарат, құрылыс
Имкан /а/—мүмкіндік
Иншалла /а/—Алла қаласа
Ирада /а/—ниет, ықылас, ықтияр; шешім
Испаһан—қазіргі Иран мемлекетінің бір провинциясы
Испаһан кілем—орта ғасырларда кілем, қару-жарақ жасау-
мен белгілі болған Испаһан өңірінде тоқылатын бағалы, қалың
кілем
Ихпа /а/—жасырыну, көзге көрінбейтін
Кахлия ғылымы /а/—көзге сүрме жағып, жоқ болу өнері
Кәминин /а/—жасырын, құпия
Кәміл /а/—толық, бүтін
Кәнизак—хан сарайындағы қызметші қыз
Кимия /а/—химия
Күллият /а/—көпшілік, жұрт, қауым
Қадим /а/—ескі, көне
Қадиса /а/—сыр; жағдай; кездейсоқ болған оқиға
Қайыл —разы болу; таң қалу
Қандек /а/—ор
Қарман /о/—қалта; әмиян
Қасис /а/—оңбаған, жауыз
Қасы иәй—араб әліпбиіндегі иәй әрпі сияқты ирек қас
Қаул /а/—айту; сөз; тіл
Қаһат /а/—жетіспеушілік, аштық
Қисса /а/—тақырыбы әр қилы, сюжеті шытырман, қара
сөз үлгісінде айтылатын шығарма. Қисса көптеген шығыс
халықтарының әдебиеті мен фольклорында кездесетін жанр.
Құжыра /а/—бөлме
Құшнаш—ем-дом жасаушы; балгер, тәуіп
Лангер /о/—зәкір
Лап ұру /тат/—мақтану, лепіру
Ләм язуқ уа ләм йағраб /а/—дәмін татпаған білмейді
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Мағшұқ /а/—ғашық, сүйікті
Мажал /а/—мүмкіндік
Мазһап /а/—жүру жолы, діни ағым, діни оқу
Мархабат /а/— қайырымдылық, мейірімділік
Мастағат /а/—дайындық
Махалла /а/—квартал; орын, жер
Мәжнүн /а/—есі ауысқан, есуас
Мәнзүр /а/—қарау, тексеру
Мәуіті дибан—жұмсақ, мәуіті диван
Мекер /а/—сиқыршы; алдамшы; аяр
Мизан /а/—таразы, өлшеуіш
Миясар /а/—сәтті, табысты, ойдағыдай
Мұддаға /а/—арман, мақсат, мүдде
Мұрассақ /а/—асыл тастармен безендірілген
Мүлтік /а/—ақау, кінәрат, мін
Мүфти /а/—дінбасы
Мүшк /п/—мускус (бірқатар жануарлардың ұрық безінен
шығатын хош иісті зат)
Мүшт /п/—жұдырықтап ұру
Мінап, мінәсіп /а/— лайық, үйлесімді, қолайлы, сай
Нағма /а/—ән, күй
Нам /п/—кісі аты, есім; атақ, ат
Нама /п/—хат, жазу, жазылған сөз; әңгіме
Намазшам—жұрт орынға отырып, ымырт жабылған уақыт
Нашат /п/—көңілсіз, қайғылы, бақытсыз
Наһан /п/—зор, үлкен
Нәжасат /а/—былғаныш, лас
Нәзір /а/—сый-сияпат
Нияз /п/—өтініш; қажеттілік
Нығмет /а/—ырыс, игілік; шапағат; тағам
Оябын табу—амалын табу, қыбын табу
Өне хила /п/—және еш айла жоқ
Паған /а/—зарлау, айғайлау; қасірет шегу
Пағпұр—көне дәуірлерден Қытайда жасалатын әдемі ыдыс;
фарфор
Пайман /п/—келісім, шарт; ымыра
Пайтақыт, пайтақ /а/—астана, орталық
Парақот (пароход) /о/—бумен жүретін кеме
Парияд /п/—зарлау, зар еңіреу
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
Пәйік /п/—елші, хабаршы, жаушы, шабарман
Пәрмен /п/—бұйрық; күш-қуат; екпін
Пәраш /п/—ұшу
Пәт /п/—екпін, күш-қайрат
Пәшін —жұқа матаның бір түрі
Пешет, пешеттеу /о/—мөр; мөр басу, мөрлеу
Пиян /о/—мас
Порым /о/—форма, сыртқы пішін, түр
Пүліш /о/—шырмауық
Пыраба /о/—право, хұқық
Пілен /о/—тұтқын
Пінһан /п/—оңаша, жасырын
Пішпан /п/—пұшайман, өкініш
Рәмил /а/—астрология ғылымы; құммен бал ашу
Сақыпжамал /а/—көркем, әдемі, сұлу
Салом /о/—сабан
Санаубар /а/—емен, шырша, қарағай
Сарас /п/—шамшырақ, шырағдан
Сәбап /а/—себеп
Сәжде /а/—мойынсұну, табыну; Құдайға құлшылық етіп,
намаз оқығанда жерге басын қою
Сәна /а/—қайғы; қапа
Сәркарда /п/—басшы, қолбасшы; мырза; бақылаушы
Сейіс /а/—шебер, маман; бапкер
Симия /а/—ақ магия
Солдат /о/—жауынгер
Сұнғат /а/—керемет
Сыпалық—сыпайылық
Тағриб /а/—мән, мағына, түсінік, анықтама
Тақыт—ою-өрнектеліп,
безендірілген,
арқасы
және
жақтауы бар мүлік [қазіргі диван тектес]; тақ; монархтың
отыратын орындығы, билікке ие болу белгісі
Татау—арам пиғыл, жаман ой
Тәбиб /а/—тәуіп, емші, дәрігер
Тәсбі /а/—33 моншақ тастан тұратын тізбек. Тәсбі тарту—
моншақ тастарды тере отырып 34 рет «Аллаһу Акбар», 33 рет
«Сұбхан Алла», 33 рет «Әлхамдулилла» деп Алла Тағаланы
мадақтап сиыну. Бұл ерекше көркем сөздерді Мұхаммед
пайғамбарымыз (ә.с.) қызы Фатима анамызға үйреткен; кейін-
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
нен мұсылман әлемінде нұр сәулелі Фатиманың тәсбісі деп ата-
лып, әр намаз сайын айтылатын болған.
Тілла /а/—алтын ақша; кейде алтын, зер мағынасында да
қолданылады
Уадаих /а/—анық, нақ, айқын
Уәлаят /а/—мемлекет; өлке; өңір
Ұжмақ /а/— жұмақ, пейіш
Үкама /а/—басқарушы, әкім, әмірші, ұлық
Фаһим /а/—пайым, түсінік, білу
Хазірет
/а/—жоғары
мәртебелі.
Пайғамбарлардың,
имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын
құрметті атақ
Хайла /а/—айла, лаж, шара; құлық; тәсіл, амал
Хаким /а/—ғалым, ғұлама; басқарушы
Халас, қалас /а/—құтылу, бос болу; құтқару, тыю
Хаммам /а/—монша
Харап /а/—талқандау, бүлдіру.
Хас /а/—айрықша, ерекше, өзіне тән
Хаулы /а/—аула, қора
Хикмат /а/—керемет, ғажайып, сұмдық, адамның ақылы
жетпейтін іс
Һаман /п/—әрқашан, үнемі, әрдайым; дәл сол; барлығы
Һамайун /п/—бақытты, гүлдену, әмірлі, патшалы
Һауа /а/—ауа
Һәлак, һәлакат /а/—өлу, өлім; күйреу, құрып біту
Һәммат /а/—ынта, жігер
Һәндаса /а/—геометрия
Һұш /а/—парасат, сана
Шайх /а/—қарт, көсем, оқымысты, мұғалім
Шәріп
/а/—құрметті,
ұлы,
қадірлі;
ақсүйек,
текті;
Пайғамбардың ұрпақтарына берілген атақ.
Шән-шәукат—сән-салтанат
Шән /а/—абырой, атақ, даңқ
Шәр /а/—шаһар
Шүһрәт—даңқ, атақ, мәртебе
Шыжым /а/—қайғы; мұң
Шынша—кішкене кесе, шыны
Ыстан /о/—дамбал, шалбар
Ілтимас /а/—өтініш
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Ауғанстан—Орта Азиядағы мемлекет.
Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілі-
нің «бага»—құдай, «дад»—берген, яғни «құдай сыйы» сөздері-
нен шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің астана-
сы. Тигр өзенінің жағалауын бойлай салынған.
Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халифа Мансұр 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [Насре-
дин Туси, Әл-Фараби, т.б.] оқып, білім алған.
Бахра мұхит—Атлант мұхиты.
Бұқар, Бұқара (санскритше вихара—монастырь)—Б. д. І
ғасырында іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысын-
да орналасқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазірде
Өзбекстан Республикасының осы аттас облысының орталығы.
Герман—Орталық Еуропадағы мемлекет.
Дария Оман—Оман теңізі.
Ирамбақ—Шығыс халықтарының әдебиеті мен фолькло-
рында кереметтей, ғажайып бақтың бейнесін осы атаумен беру
қалыптасқан. Аңыз бойынша, Ирамбақ—оңтүстік Арабия әмірі
Шаддадтың жер үстінде жұмақ орнату райынан туған мәуелі бақ.
Иран—Азияның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет.
Иунан /а/—грек, Грекия.
Каир—Египет мемлекетінің астанасы.
Колумбия Республикасы—Оңтүстік Американың солтүс-
тік-батыс бөлігіндегі мемлекет.
Қазан—Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан авто-
номиясының орталығы, Еділдің сол жағалауында орналасқан
қала.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құрал-
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бетіндегі бар-
лық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы таулар
тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі бола-
ды. Қап тауының арғы жағын йәжуж бен мәжүж деген қорқы-
нышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын тауды егеу сияқ-
ты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта
келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Қап та-
уымен байланысты көптеген аңыздар бар. Солардың бірсыпы-
расында Қап тауының арғы жағында керемет мақұлықтар, дәу-
лер мен перілер мекендейтін ғажайып елдер бар деп айтылады.
Құлжа—Қытайдың
солтүстік-батысындағы,
Шыңжаң-
Ұйғыр автономиялы ауданындағы қала.
Қытай—Азиядағы ірі мемлекет.
Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы.
Ніл—Африкадағы ірі өзен.
Палестина—Батыс Азиядағы тарихи аймақ. Археологтар-
дың деректеріне қарағанда, адам баласы Палестина жерін па-
леолит дәуірінен мекендей бастаған. Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта
ханааней тайпалары қоныс тепкен. Қазір ол аймақты араб
халқының бір бөлшегі палестиналықтар мекендейді.
Самарқан—ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі бол-
ған, Зарафшан өзенінің аңғарында орналасқан. Орта Азиядағы
көне қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасының осы
аттас облысының орталығы.
Тәшкен [/т., п./—тас қала]—Өзбекстан мемлекетінің аста-
насы. Шыршық өзенінің аңғарында орналасқан.
Түркі—Түркия республикасы. Батыс Азия мен оңтүстік-
шығыс Еуропадағы мемлекет.
Үнді елі—Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мем-
лекет, Үндістан.
Үрім, Рұм—шығыс халықтары орта ғасырда Византияны
осылай атаған. Сол халықтардың фольклоры мен әдебиетінде
Рұм атауы өте алыс, ғажайып өлкенің символы ретінде
қолданылған.
Хауарзамин—ежелгі Хорезм мемлекетінің атауы.
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде
«шәріп» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шәріп» делінген. (Шәріп
/а/—құрметті, қадірлі, жоғары мәртебелі).
ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДЫ ЖЫРЛАУШЫ,
АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
Қуаныш Баймағамбетов (1895-1973)—Қызылорда облы-
сы, Сырдария ауданы, «Жетікөл» аулында туған. Ескіше сауа-
тын ашады. Ұзақ жылдар ауыл мұғалімі болады. 1939 жылдан
КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Қ.Баймағамбетов халық
ауыз әдебиетінің де тамаша жыршысы, жинаушысы. Олардың
ішінде «Әбуғалисина, Әбілхарис», «Стамбек», «Қым-қиғаш»,
«Жүсіп—Зылиха» сияқты кесек туындылар бар.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб
Л—Ленинград
М—Мәскеу
/о/—орыс
/п/—парсы
/т/—түркі
/тат/—татар
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық көрген кітаптар 1.Ганжина хикмет Әбуғалисина. ОҒК: Ш. 327, 4-дәптер, араб әрпінде. 2. Әбуғалисина—Әбілхарис әңгімесі. ОҒК: Ш. 327, 3-дәптер, араб әрпінде. 3. Әбуғалисина. ӘӨИ: Ш. 128, араб әрпінде. 4. Әбуғалисина, Әбілхарис. ӘӨИ: Ш. 90, араб әрпінде. 5. Әбуғалисина қиссасы. Қазан, 1881. Аударған Қаюм Насыри. 6. Әбуғалисина қиссасы. Қазан, 1886. Жырлаған Жақып Елшібайұлы. 7. Қисса Абулхарис. Қазан, 1893. 8. Қисса хикматнама. Қазан, 1897. Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық жинақтар, сөздіктер 1. Ахметов З., Бөжеев М. Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы // Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.2. 1-кітап.—Алматы, 1961. 2. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос.—Алматы, 1998. 3. Большая Советская энциклопедия. Том 9.—Москва. Издательство: Советская энциклопедия, 1972. 4. Брагинский И.С. Из истории таджикской и персидской литератур.—М., 1972.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
5. Дастандар. Құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар
Б.Әзібаева, М.Шафиғов—Алматы, 1990. 6. Қазақ Совет энциклопедиясы. 4-том.—Алматы, 1974. 7. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі / Аударған
Халифа Алтай.—Мәдина, 1991. 8. Повесть об Абу-али-Сина. // Каюм Насыри. Избранные
произведения,—Казань, 1977.—С. 130-254 9. Чистов К. В. Народные традиции и фольклор.—Л., 1986. 10. Арабско-русский словарь. Составитель Х.К.Баранов—
М.,1968.
11. Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 12. Қазақ тілінің сөздігі / Құраст.: Ә.Болғанбаев, Б.Қалиев,
т.б.—Алматы, 1999. 13. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю.А.Рубинчика.
І-ІІ т.—М., 1970.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис-
терства образования и науки Республики Казахстан продолжает
работу по подготовке и публикации очередных томов многотом-
ной серии «Бабалар сөзі», выполняемой в рамках Государствен-
ной программы «Мәдени мұра».
Седьмой том серии, также как и предыдущие, посвящен но-
веллистическим дастанам; он включает в себя объемный, в 9312
строк дастан «Әбуғалисина, Әбілхарис».
Тематика и сюжетика новеллистических дастанов, составля-
ющих значительный во всех отношениях пласт национального
дастанного эпоса, чрезвычайно разнообразна и разнохарактер-
на. Она неисчерпаема как сама жизнь, из которой и черпается, в
большинстве случаев, всё многообразие сюжетов новеллистичес-
ких дастанов. В составе их особую группу составляют дастаны о
«памятных и поразительных чертах характера» исторических
персонажей, ставших легендарными, о их учености и великоду-
шии, мудрости и справедливости.
Главный герой дастана «Әбуғалисина, Әбілхарис»—вели-
кий мыслитель Абу Али Ибн Сина (980-1037). Наукой признан
огромный вклад, внесенный им в развитие философии, логи-
ки, социологии, литературоведения, поэзии, лингвистики, ес-
тествознания и медицины. Ибн Сина первым, за шесть веков
до Декарта заявил: «Я мыслю и это значит, что я существую».
Декларированный ученым культ разума, несомненно, прогрес-
сивная тенденция в сложном мировоззрении Ибн Сины. Ибн
Сина—явление мировой культуры. Медицинский «Канон»
Ибн Сины был университетским пособием в Европе до ХVІІ в.
включительно, выдержав до тридцати изданий.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР
В Европе имя великого мыслителя в результате транскри-
бирования на латиницу превратилось в Авиценну. В дастане он
именуется Ибн Сина, Әбуғалисина, Ғалисина, Сина Әбуғали.
Однако предлагаемый читателю дастан вовсе не историческое
произведение. Здесь Ибн Сина всего лишь великий кудесник и
волшебник, защитник обиженных и слабых. Он всемогущ. Вот
не полный перечень его чудес: он в мгновение ока преодолева-
ет большие расстояния; превращает недругов, а когда нужно
и друзей в разных животных; он сам и друзья его могут стать
невидимкой; мановением волшебной палочки он может из ни-
чего сотворить что пожелает: прекрасный город, бесчисленное
войско, невиданных зверей; может лишить разума жестокого
правителя и неправедного судью; может из дворца падишаха
забрать прохладу и переместить в хижину бедняка и т.д. Как
видим чудеса, творимые им традиционно сказочного и фантас-
тического характера, а сам герой—мудрый, добрый, могуще-
ственный волшебник—типичный фольклорный образ. То есть
налицо довольно неожиданная трансформация образа ученого.
Возникает даже подозрение, что это какой-то другой Авиценна.
Но никакой ошибки тут нет.
В средние века была огромная пропасть между наукой и на-
родом, достижения профессиональной науки не могли быть до-
стоянием широких слоев народа, а потому научные открытия
Авиценны не были известны народу, тем более он не мог оценить
их. Но народ знал и любил своих сыновей. Он понимал, что нау-
чные открытия Авиценны могуть быть полезны людям и страст-
но хотел этого. Кроме того, в условиях беспросветной нужды,
жестокого феодального гнета, бесправия, не видя других путей
достижения справедливости, торжества добра и правды он леле-
ял мечту о справедливых правителях1 и добрых волшебниках.
Поэтому он создал красивую легенду об Авиценне, сделал его
всемогущим волшебником, стоящим на страже справедливости
и добра.
По некоторым данным одним из первых произведений на
тюрки, посвященных Авиценне была книга «Канжина-и хик-
мат Абу Али Сина». Автор её—Зиятдин Саит Яхья. Она была
опубликована в Казани в 1864 г. Затем Каюм Насыри переводит
1 Чистов К. В. Народные традиции и фольклор.—Л., 1986.—С.189-239.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
её на татарский язык и издает в 1881 г. По нашим наблюдени-
ям именно эти две книги являются основным источником всех
последующих изданий, переложений, переводов, фольклорных
адаптаций и.т.д.
В фондах Института литературы и искусства им. М.О.Ауэ-
зова и Центральной научной библиотеки Министерства образо-
вания и науки Республики Казахстан хранятся посвященные
Авиценне книги, изданные до 1917 г. и рукописи произведений
о нем. Все они на арабской графике.
В предлагаемый вниманию читателей том подготовлен вари-
ант К.Баймагамбетова. Он полностью охватывает сюжет произ-
ведений Зиятдина Саит Яхьи и Каюма Насыри. Данный текст,
предположительно был переписан в 1920-1958 г.г. с более ран-
ней, но не дошедшей до нас рукописи.
Многотомный свод «Бабалар сөзі»—научное издание. Пуб-
ликуемые тексты даются в первоначальном, адекватном пер-
воисточнику виде, то есть исключается любое вмешательство в
текст.
Том снабжен научными приложениями, которые включают
в себя: сведения о публикуемых текстах и их вариантах; крат-
кий историко-фольклористический и текстологический анализ
текстов; данные об исторических и религиозных деятелях, име-
на которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских,
арабских и персидских слов, терминов и понятий, а также гео-
графических названий; сведения о сказителях, собирателях и
публикаторах; список использованной литературы; резюме на
русском и английском языках.
Дастан «Әбуғалисина, Әбілхарис» издавался в 1990 г. в на-
учно-популярном фольклорном сборнике с сокращениями и ре-
дакторской правкой.
Для данного издания текст подготовлен с первоисточника
адекватно оригиналу.
Объем тома—21 п.л.
SUMMARY The Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov of the Mіnіstry of Educatіon and Scіence of the Republіc of Kazakhstan contіnues іts work on preparatіon and publіcatіon of next volumes іn turn of the serіes «Babalar sozі» іn many volumes performed wіthіn the framework of the State program «Medenі mura». The seventh volume of the serіes, as well as prevіous ones, іs dedіcated to short-story dastans. Іt іncludes volumіnous dastan «Ebugalіsіna, Ebіlkharіs» consіstіng of 9,312 lіnes. Themes and plots of short-story dastans, constіtutіng a layer of the natіonal dastan epos sіgnіficantіnallrespects,areextraordіnary dіverse and versatіle. They are іnexhaustіble as the lіfe іtself. The entіre dіversіty of plots of short-story dastans іs drawn from lіfe іn a majorіty of cases. Dastans about «notable and strіkіng features of the character» of hіstorіcal personages who became legendary, theіr erudіtіon and generosіty, wіsdom and justіce form a specіal group іncluded іnto them. Great thіnker Abu Alі Іbn Sіna (980-1037) іs a maіn hero of the dastan «Ebugalіsіna, Ebіlkharіs». The scіence recognіzed a tremendous contrіbutіon made by hіm іnto the development of phіlosophy, logіc, socіology, hіstory of lіterature, poetry, lіnguіstіcs, natural scіence and medіcіne. Іbn Sіna was the first who declared the followіng sіx centurіes before Descartes: «І thіnk and іt means that І exіst». The cult of mіnd declared by the scіentіst іs undoubtedly a progressіve tendency іn Іbn Sіna’s complex outlook. Іbn Sіna іs a phenomenon of the world culture. Іbn Sіna’s medіcal «Kanon» was a unіversіty text-book іn Europe up to the XVІІth century іnclusіvely. Іt was publіshed thіrty tіmes. Іn Europe the name of the great thіnker was transformed іnto Avіtsenna as a result of transcrіbіng to the Roman alphabet. Іn the
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР dastan he bears the name of Іbn Sіna, Ebugalіsіna, Falіsіna, Sіna Ebugalі. However, the dastan offered to the attentіon of a reader іs not a hіstorіcal work at all. The fact іs that Іbn Sіna іs merely a great magіcіan and wіzard, a defender of offended and weak here. He іs omnіpotent. Here іs not full lіst of hіs followіng mіracles. He overcomes large dіstances іn the twіnklіng of an eye; іn case of necessіty he turns enemіes and even frіend іnto varіous anіmals. He hіmself and hіs frіends may become іnvіsіble. He іs able to create what he wants from nothіng wіth a wave of a magіc stіck: a beautіful cіty, countless army, mysterіous anіmals. He іs able to deprіve a cruel ruler and an unjust judge of mіnd. He іs able to take away the cool from a palace of the padіshah and transfer іt to a hut of the poor etc. As we see, mіracles and wonders created by hіm are tradіtіonally of the faіrytale and fantastіc character and the hero hіmself іs a wіse, kіnd, powerful magіcіan, a typіcally folklore іmage. І.e. there іs a rather unexpected transformatіon of an іmage of the scіentіst. Even suspіcіon occurs that thіs іs dіfferent Avіtsenna. There іs no any mіstake, though. Іn the Medіeval Ages there was an enormous gulf between the scіence and people. Achіevements of the professіonal scіence could not be the natіonal property and therefore Avіtsenna’s scіentіfic dіscoverіes were not known to people, the more so he was not able to evaluate them. However, people knew and loved theіr sons. He understood that Avіstenna’s scіentіfic dіscoverіes mіght be useful for people and passіonately wanted іt. Besіdes, іn condіtіons of hopeless penury, cruel feudal oppressіon, lawlessness, not seeіng other ways of achіevіng justіce, a trіumph of good and truth he cherіshed a hope about just rulers and kіnd magіcіans. Therefore he created a beautіful legend about Avіtsenna, made hіm an omnіpotent magіcіan defendіng justіce and good. Accordіng to some data the book «Kanzhіna-і Khіkmat Abu Alі Sіna» was one of the first lіterary works іn the Turkіc language dedіcated to Avіtsenna. Zіyatdіn Saіt Yakhіya was іts author. Іt was publіshed іn Kazan іn 1864. Afterwards Kayum Nasyrі translated іt іnto the Tatar language and publіshed іt іn 1881. Accordіng to our observatіons namely these two books are maіn sources of all subsequent edіtіons, exposіtіons, translatіons, folklore adaptatіons etc.
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Books dedіcated to Avіtsenna and publіshed before 1917 and manuscrіpts are stored іn funds of the Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov and the central scіentіficlіbraryofthe Mіnіstry of Educatіon and Scіence of the Republіc of Kazakhstan. All of them are іn the Arabіc drawіngs. K. Baіmagambetov’s varіant was іncluded іnto the volume offered to readers’ attentіon. Іt fully covers the plot of lіterary works wrіtten by Zіyatdіn Saіt Yakhіyu and Kayum Nasyrі. The text was supposedly rewrіtten іn 1920-1958 from an earlіer manuscrіpt whіch was not preserved tіll our days. The code «Babalar sozі» іn many volumes іs a scіentіfic edіtіon. Publіshed texts are gіven іn the orіgіnal form adequate to the prіmary source, і.e. any іnterference іnto the text іs excluded. The volume has scіentіfic supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr varіants; a brіef hіstorіcal & folklore and textual crіtіcal analysіs of texts; іnformatіon on hіstorіc and relіgіous figures whose names are met іn texts; a vocabulary of ancіent turkіc, arabіc and persіan words, terms and notіons as well as geographіcal names; data about narrators of folk tales, collectors and publіshers; a lіst of the lіterature used; a resume іn the russіan and englіsh languages. The dastan «Ebugalіsіna, Ebіlkharіs» was publіshed іn scіentіfic popular, folklore abrіdged collected storіes wіth the edіtorіal correctіng іn 1990. The text for thіs edіtіon was prepared usіng the prіmary source adequate to the orіgіnal. The volume consіsts of 21 prіnted pages.
МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан ........................................................... 5 Мәтін Әбуғалисина, Әбілхарис ....................................................... 9 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтінге түсініктеме .........................................305 Мәтінде кездесетін тарихи және діни есімдер .......................311 Сөздік .............................................................................317 Жер-су атаулары ..............................................................324 Томға енген дастанды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет ......................................326 Шартты қысқартулар .......................................................326 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................327 Резюме ...........................................................................329 Summary .........................................................................332
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 7 том НОВЕЛЛИСТИЧЕСКИЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Тұрлынова Редакторы Ұ. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Н. Садыкова Компьютерде беттеген М. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 1697 Теруге 24.09.04 жіберілді. Басуға 1.11.04 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 21. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №430. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Регис СТ—Полиграф» ЖШС баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру