TELEGEI

Home

Досым Омаров. Шәкәрімнің «Үш анығы

Досым Омаров

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Досым Омаров. Шәкәрімнің «Үш анығы

Кітапта Шәкәрімнің «Үш анық» шығармасына түсініктеме беріледі. Көрнеу және көрінбейтін әлемдердің ғажайып сырлары ашылып, адам өмірінің олармен байланысы көрсетіледі. Имандылық, жан қасиеті, келесі өмір тәрізді адам өміріне маңызды мәселелер талқыланады. Кітап оқу орындарында шәкәрімтану, философия, өзін-өзі тану, психология, салауатты өмір пәндерін оқитын мектеп оқушыларына, студенттерге және болмыс сырларын түсінем

Досым Омаров

ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ»

(ұлы ойшылдың «Үш анық» шығармасына түсініктемелер)

дүниетаным

Кітапта Шәкәрімнің «Үш анық» шығармасына түсініктеме
беріледі. Көрнеу және көрінбейтін әлемдердің ғажайып сырлары
ашылып,
адам

өмірінің
олармен
байланысы
көрсетіледі.

Имандылық, жан қасиеті, келесі өмір тәрізді адам өміріне маңызды
мәселелер талқыланады. Кітап оқу орындарында шәкәрімтану,
философия, өзін-өзі тану, психология, салауатты өмір пәндерін
оқитын мектеп оқушыларына, студенттерге және болмыс сырларын

түсінемін деп талпынған көпшілік қауымға арналады.

Алматы

Ұлы ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының
150 жылдық мерейтойына арналады

Пікір жазған – философия ғылымдарының кандидаты Асан
Қайырбек

Омаров Д.
Шәкәрімнің «Үш анығы»: ұлы ойшылдың «Үш анық»
шығармасына түсініктемелер.

Алғы сөз

Табиғаттың ғажайып сырларын ұлы адамдар ашып, адамзат құндылықтарын молайтып отырады. Тек сол құндылықтарды кезінде дұрыс қабылдап, пайдалана білу керек. Шәкәрімнің «Үш анығы» да осындай шығармалардың біріне жатады. Бұл шығармада болмыстың терең мәні түсіндіріліп, кімге болса да өзінің өмір мақсатына жетуіне жол ашады. Әсіресе рухани тапшылық көріп отырған қазіргі заманда бұл шығарманың өте үлкен маңызы бар. Бүкіл тіршілік көрінісі рухани және заттық негізден құралатыны белгілі. Рухани болмысқа сенудің ешқандай да зияны жоқ. Керісінше, ол болмыстың біртұтастығын түсінуге мүмкіндік беріп, сана-сезім, ой-өрісті жаңа деңгейге көтереді. Бірақ, заттық өркениет басым болып тұрған заманда мұны әркім бірден түсініп, оған толық сеніп кете бермейді. Осылай мәселе таным мен сенімге келіп тіреледі. Шәкәрім өзінің үлкен жүрегімен ниеті таза адамдарды таным мен сенімге шақырады. Оның бұл шақыруы соқыр сенімге емес, таза ақылдың көмегімен түсініп, сонан кейін оны түйсінуге негізделген. Бұл шығарма дәлелдермен бекітіліп, ойлы адамның ақылына бағытталады. Шәкәрім мұрасы жеке адамдарға ғана емес, бүкіл адамзат үшін де шексіз мол қазына. Шәкәрім еңбектерінің мақсаты – адам өмірін бағыттап, жарқын болашаққа жол ашу. «Үш анық» шығармасының басты мақсаты да осы. Бұл шығарма көлемі жағынан шағын болса да, шын мәнінде, философиялық терең мағынасы бар үлкен дүние. Шығарма ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан болмыстың терең сырларын ашады. Сондықтан бұл шығарма кабинетте отырған ғалымдардың ойына азық үшін емес, әрбір адамның күнделікті өмірде пайдаланып, іс-әрекетіне басшылық үшін арналған. Терең мағынасын түсінген адамға бұл шығарма оның санасына еніп, өмір жолын бағыттайтын нысана болады. Білімді меңгеру дегеніміз – оны ой-өріске қабылдатып, тіршілікте қолдана білу екені белгілі. Олай болмаса алынған білім пайдасыз ақпарат деңгейінде қалып қояды. Шәкәрімнің рухани-философиялық бұл шығармасы болмыс құпиясын толық ашып береді деуге болады. Бірақ бірден түсініп, толығымен қабылдау кімге болса да жеңіл емес. Оның себебі – шығарманың терең рухани сырында жатыр. Сондықтан, Шәкәрімнің көп сырлы «Үш анық» еңбегінің терең мағынасын ашатын түсініктемелер керек. Сол тұрғыдан жазылған қолыңыздағы кітап өзінің мақсатын орындаған деп ойлаймын. Автор Абай мұрасындағы жан құмары мәселесін жіті тануының нәтижесінде Шәкәрімнің «Үш анық» шығармасының терең мағынасын толық ашып, түсіндіре алған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Р.А. Оразалиев

Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М

ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ»

Шын таза жан тазалықпен,
Тәңірісіне бармақ ол.
Мейірім, нысап, әділетте
Ағызам деп нұр бұлақ.

Шәкәрім

«Үш анық» шығармасын түсінудің қиындығы

Шәкәрімнің бұл шығармасы ел арасында қолжазба-көшірме ретінде сақталып, Кеңес үкіметінің қолына түспей, тағдырдың бізге деген сыйы ретінде кейінгі жылдары ғана көпшілік қазынасына айналды. Бірақ терең сырлы бұл еңбекті әркімнің тез түсініп кетпеуі мүмкін. Оның бір себебі – шығарманың құрылымы. Мүмкін қолдан қолға өтіп, көшіріп жазылғанда кейбір бөліктері қалып қойды ма, не болмаса тақырыптарының орны ауысып кетті ме, әйтеуір, бүгінгі оқырманға түсінуге өте қиын жерлері бар. Мысалы, қорытындыдан кейінгі келетін «Жан немене?», «Жану мен шіру» деген тақырыптар олардың алдындағы қаралған мәселелермен, тіпті өздері де бірбірімен үндеспейтін тәрізді. Көпшілік қауымға түсінуді қиындататын тағы бір себеп – ол 1991 жылы профессор М. Мырзахметов алғы сөзін жазып Қазақстан ғылым академиясы М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған нұсқасында /12/ адамды «әттеген-ай!» дегізетін көптеген кемшіліктер жіберілген. Грамматикалық қателіктер ғана емес, сонымен бірге кейбір сөздердің орны ауысқан, не болмаса мүлде түсіп қалған. Соның салдарынан кейбір сөйлемдер мағынасынан айрылып, түсініксіз қалыпқа келген. Бұл шығарманы түсіну бізге де оңай болған жоқ. Шамамыз келгенше сарапқа салып, кейде орысша нұсқасымен салыстыра отырып, жіберілген қателіктерді жөндеп, тіпті, кейбір жерлерін қайта редакциялап, қарапайым тілмен жалпы көпшілікке түсінікті етуге ұмтылдық. Шәкәрім «Үш анық» деп қандай анықтарды айтады? Бұл мәселені анықтау да оңай емес. Үш анықтың үшіншісі – ұждан. Оған ешқандай дау жоқ. Себебі, шығармада бұл анық айтылған. Ал екінші мен үшінші анық туралы шығарма желісі бойынша түрлі қорытындыға келуге болады. Сондықтан қарапайым оқырман ғана

емес, тіпті, бұл шығарманы зерттеуші үлкен ғалымдардың арасында
да бірлік жоқ. Олар бұл анықтарды әртүрлі көрсетеді. Мысалы,
бірінші анық деп мыналар аталады: а) затшылдық ғылым
жолындағы таным, б) әлемді Құдай жаратты; ал екінші анық деп

мыналар аталады: а) дін жолындағы теологтардың дүниетанымы, б)
жан бар және ол өлмейтұғын мәңгілікті. Бұл тұжырымдардан
зерттеушілердің өздері үш анықты тануда бірдей түсінікке келе
алмайтынын көреміз.

Шәкәрімнің «Үш анық» шығармасы болмыстың көріністерін
кеңінен қамтиды. Бұл шығарма заттық және рухани әлемді бірдей
қамтитын рухани деңгейде жазылған. Сондықтан, оны түрлі сана
деңейлері өздерінше түсініп, өздерінше нәр алады. Бұл кішкене

шығарманың
түрлі
ойлар
тудырып,

тіпті
қарама-қарсы
тұжырымдарға алып келетінін осылай түсіндіруге болады деп
білеміз.

Өмірде білім алудың жүздеген түрі бар. Мысалы, адам өмірге
келген соң ата-анасына сұрақ қояды, мектепте және басқа оқу
орындарында оқыйды, кітап пен газет қарайды, теледидар көреді,
ойға шомады, қоршаған орта жайында ойға қалады, сезінеді және

осындай тағы басқа түрлі әдістермен білім алады.
Табиғат көріністерін адам өзінің тәні, ақыл-есі және жан
дүниесімен танып-біледі. Осылай, білім алу адамның үш болмысы
арқылы жүреді. Ол болмыстар – тән, ақылы және жаны. Осы үш

болмысқа байланысты адамның білім алуы да үш деңгейде болады.
Бұл деңгейлерді Шәкәрімнің «Ойлаңыз, ақыл, білім қайда болмақ»
атты өлеңінен көре аламыз. Ақыл мен білімнің байланысы, олардың
зиянды, не болмаса пайдалы болуы және білім алудың әдісі жөнінде

ақын былай деп жазады:

Ойлаңыз, ақыл, білім қайда болмақ,
Денеде қандай орын, жайда болмақ?
Білу, нану, ұнату – ақыл ісі.
Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

Тән – сезіп, құлақ – естіп, көзбен көрмек,
Мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.

Ой сонда неше толғау шимай салмақ,
Қайтсе жөні келер деп өлшеуге алмақ.
Дәл солай қалайын деп, ұнағанда
Ғабілетті жүрегің бір қозғалмақ.

Бар билік сол жүректен шығарылмақ,

Денеге ол шымырлап әсер қылмақ.
Ойыңды дұрыс деме, теріс деме,
Сол арасын анықтап байқа бірақ.

«Жарайды» деп ұнаса бас иземек,
Жек көрсе жиіркеніп дірілдемек.
Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол,
Ұғып ал да бола гөр соған көмек.

Ақынның осы өлеңін саралай отырып білім алудың, сонымен бірге таным әдісін үш деңгейге бөлуге болады. Бірінші деңгей – сезім мүшелерімен. Бұл әдіс бойынша қоршаған орта адамның бес сезім мүшесі арқылы қабылданып, солардың берген хабары бойынша танылады. Өзін тек қана тәнмін деп сезінетін тәндік санасезім деңгейдегі пенделер, міне, білімді осылай алып, осылай танып біледі. Сондықтан олардың өмір туралы түсініктері терең емес, нәпсі қызығынан аспайды. Бұндай адамдардың кейпін ақын былай деп сынап көрсетеді.

Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны, бәрі бітпек.
Тәуекел деп ат қойып ықтималға
Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.

Екінші деңгей – логиканың көмегімен. «Ой сонда неше толғау шимай салмақ, Қайтсе жөні келер деп өлшеуге алмақ» деп ақын логикалық ойлауды айтып отыр. Бес сезім мүшелерімен қабылданған ақпарат ақылға түсіп, оймен анализ жасалып, бірбірімен салыстырылып, сараланып қорытындыға келеді. Екінші әдіспен сана-сезімдері ой-өріс деңгейіне көтерілген адамдар өмір сырларын танып, біледі. Бірақ, бұл екі әдіс те табиғаттың көзге көрінетін жағын ғана танып-білуге мүмкіндік береді. Ал болмыстың рухани терең сырын түсінуге жарамайды. Себебі, бес сезім мүшенің кемшілігі көп болғандықтан, адам баласы қателеседі. Бұл туралы бұрын да жазғанбыз /7, 8/, сондықтан бұл арада оған тоқталмай-ақ қоямыз. Үшінші деңгей – көңіл көзімен жүрекке қабылдату. Бұл рухани нұрдың әсерімен жүректі тазарту барысында ашылатын көз. «Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол, Ұғып ал да бола гөр соған көмек» деп Шәкәрім де, Абай тәрізді өмір көріністерін көкірек көзімен қарауға шақырады. Рухани дүниені, болмыстың терең мағынасын бірінші және екінші деңгейде емес, тек қана үшінші деңгейде, көкіректегі көңіл көзімен ғана тануға болады. Шәкәрімнің «Бас көзіне сеніп, тоқтап қалмай, көңіл көзін ашыңыз!» деп үндейтіні де осыдан болса керек. Көңіл көзі ашылған Шәкәрім

тәрізді ғұламалар анық хақиқатты көріп, көпшілікке жеткізуге ұмтылады. Біздің міндетіміз – олардың берген хақиқатын, яғни анығын қалтқысыз қабылдап, жүрекке ұялата білуде жатыр. Анық білімді ажырату үшін оның қасиеттерін білу керек. Оның қасиеттері – мәңгілікті, өзгермейтін және мінсіз. Сондықтан олар барлық халықтарға, мәдениет, дәстүр, әдет-ғұрып түрлеріне және қай заманға болса да ортақ болып келеді. Басқа сөзбен айтқанда ол ескірмейді. Сонымен бірге бұндай білім толық және үйлесімді. Яғни, бұл білімді заттық өмірге де, сонымен бірге рухани өмірге де бірдей қолдануға болады. Толық білім адамның тазару, даму жолын көрсетіп бере алады. Шәкәрім мұрасы, міне, білімнің осындай деңгейіне жатады. Білімнің түрлі деңгейлеріне байланысты сана-сезімнің де түрлі деңгейлері болатыны белгілі. Ендеше Шәкәрімнің рухани мұрасын да барлық адам бір деңгейде түсінеді деуге болмайды. Оның «Үш анығының» әртүрлі түсінік, көп дау тудыруының себебі де осында жатса керек.

Шәкәрімнің үш анығы нені білдіреді?

Шын мәнінде, үш анықтың не екенін Шәкәрімнің өзі шығармасының басында-ақ былай деп ескертіп, аяғында тағы қайталайды. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет, мейірім». Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз. Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада адамның екі көзі ғана емес, адамның сыртқы бес сезім мүшелері де айтылып отыр. Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. Бұл оның өлеңдерінен де байқалады. Сонымен, бірінші анық – сезім мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яғни толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз, жоғарыда айтылғандай, адамның логикасы, немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адами қасиеті белгіленіп отыр. Екінші анық – өлімнен соңғы тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл бөлігі эзотерикалық, көзге көрінбейтін әлемге жатады. Ал үшінші анық – екі өмірге де, яғни көзге көрінетін заттық әлем мен көрінбейтін әлемге де керек – ұждан. Ұждан, немесе ұят жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Ұят –

Ғазиз Жанның шыбын жанмен байланысы. Бұл байланыс неғұрлым тығыз болса – солғұрлым ұят жоғары. Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет арқылы байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы. Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың рухы өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы осында болса керек. Шығарманың мақсаты – осы үш анықтың анықтығын дәлелдеу. Автор әрі қарай шығармасын «СӨЗ БАСЫ» деп былай жалғастырады:

Кетті, келді,
Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,

Өршіп өнді қайтадан.
Дөңгеленткен,
Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не,
Мүлде өле ме,

Шын жоғалып сөне ме?
Дене жөн деп,
Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме?

Ойшыл осылай әуелі болмыстың тіршілігі жөнінде негізгі
сұрақтар қояды. Бұл сұрақтар алдағы қарастырылатын мәселенің
жоспарын
анықтайды.

Осылай
ғасырдан
ғасырға
адамзатты

толғандырып келе жатқан, өзінің шешімін табуды керек қылатын
негізгі мәселелер анықталады. Осының өзінен бұл шығарманың өте
кең діни-философиялық ауқымын және үлкен маңызын көруге
болады. Шын мәнінде, бұл шығарма рухани жолдағы емес,

қарапайым өмірлік адамдарға арналған. Ол көзге көрінетін әлемнен
басқа, көзге көрінбейтін әлемнің де барын дәлелдей отырып, адамды
фәни әлемнен сол көзге көрінбейтін бақи әлемге қалай дұрыс өтуге
үйретеді. Шәкәрімнің бұл кітапта нұсқаған көрінбейтін әлемі әлі

рухани әлем емес. Рухани әлем бұл екі әлемнен әрі және жоғары
жатыр. Ол заттық қарапайым сөздермен суреттеп жеткізуге
келмейтін, мүлде басқа әлем. Махаббаттың шыңын білдіретін ол
әлемге Шәкәрімнің «Ләйлә мен Мәжнүн» дастаны және Қожа Ғафиз

тақырыбына арналып жазылған шығармалары мен өзінің әулиелік
қасиеттерін көрсететін өлеңдері жатады. Ал «Үш анық» шығармасы
адамды сол әлемнің табалдырығына алып келіп, әрі қарай қандай
жағдай болу керек екенін түсіндіріп, рухани әлемге кіру шартын

ғана береді. Сондықтан шығарманың соңында Жаратушының және
жанның кейбір қасиеттері беріледі. Адамзат қоғамында көпшілік
қауым қанау мен зорлыққа негізделген өмірдің төменгі деңгейіндегі
тән құмары үшін пенделікпен тіршілік құрады. Шәкәрім келесі

деңгейге, бұл жалған өмір үшін емес, мәңгілікті рухани өмірге
бағыттайды. Сондықтан, ойшылдың бұл шығармасы адамзат қоғамы
үшін баға жетпес қазына болып табылады.
Шәкәрім көрнеу әлем ғана емес, көрінбейтін әлемнің де көп сыр-

сипатын береді. Бұл үшін көптеген мысалдар келтіріп, оның ақиқат
екенін дәлелдеп, көз жеткізуге ұмтылады. Бірақ бұл мысал ретінде
келтірілген әңгімелердің ішкі сыры ашылмаған. Біздің мақсатымыз
олардың заттық ғылым қауқарынан таса жатқан, ішкі сырларын

ашып, эзотерикалық мәнін көрсету. Сонымен бірге екі әлемнің
тығыз байланысын, бұл байланыстың орындалуын талқылау. Екі
әлемнің тығыз байланысын түсінгенде адамға өмірдің түпкі
мақсатына жету үшін жол ашылады. Сондықтан бұл шығарманы

дұрыс түсінудің маңызы кімге болса да өте үлкен деп білеміз.

Ақылы сау адамның міндеті

Ойшыл бұл шығармасында көрнеу және көмескі әлемдердің құпияларына үңіліп, олардың терең сырлы мағыналарын ашады. Ол өзінің толғамын әуелі көрнеу әлемнен бастап, оның сипатын береді. «Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны – «барлық таласы» дейді. Бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қай бірі өзі үшін, қай бірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады». Әлемдегі бір жан иесі екінші жан иесінің тамағы болып, ал ол тағы біреулердің қорегіне айналып, не болмаса адамдар тәрізді біреулерді пайдаланып өмір сүреді, немесе өзіне бақ іздейді. Ойшыл бұны «Барлық таласы» (орысша – борьба за существования) деп атап отыр. Фәни әлемдегі жан иелерінің өмірі мен олардың мақсатын ойшыл осылай суреттейді. Тіршілікке мән беріп, оны қозғалысқа итермелейтін барлық таласы бірінші себеп болса, адамдардың бақ іздеуі – екінші себеп. Кім болса да өмірде бақытты болғысы келіп, армандап, алдына түрлі мақсаттар қояды. Нәсіліне, немесе ұлттық айырмашылығына, не болмаса оның ой-өрісіне, діни, саяси көзқарастарына, әлеуметтік

жағдайы тәрізді басқа айырмашылықтарға қарамастан бақытқа ұмтылу барлық адамдардың ең маңызды және үлкен мақсаты. Себебі, бақытты болу жан қасиеті. Сол қасиетін іздеп жан адамға тыныштық бермейді. Бақ іздеудің жолы көп. Өздерінің сана-сезімдеріне байланысты, кейбіреулер бақытты ой-өрісімен, басқалары – табиғаттың құпия күштерімен іздейді; кейбіреулері өмірден мүлде бас тартып, жалғыздыққа берілсе, ал кейбіреулері үнемі соғыс-күреспен шұғылданады; кейбіреулер әйелдер мен байлыққа қызығып, ал кейбіреулер өнермен, не болмаса ғылыммен шұғылданады. Бірақ, адам өзінің іздеген бақытын қанша іздесе де, өзі армандағандай дәрежеде таба алмайды. Бақытқа жетемін деп ол өзінің алдына тағы түрлі мақсаттар қояды. Ол өзінің бұл мақсатына жетсе де, тағы да күткен арманындай болмайды. Осылай ол алдына тағы басқа мақсат қойып, нағыз бақытқа жете алмай, сағым қуалаумен өмірін өткізеді. Бұл ақиқатты адам көбінесе тек қана өлім алдында ғана түсінеді. Көпшілік адамның өмірі негізгі мақсатқа жете алмай, осылай өкінішпен өтеді. Әдетте, әркім бақ іздегенде өзі үшін ғана емес, қоршаған ортасы үшін де әрекет жасайды. Өмір мақсаты әркімнің жеке басынан басталып, әрі қарай отбасы, қоғамы, нәсілі, отанының бағы болып кеңейе беруі мүмкін. Ал ең жоғары мақсат – «барша адамға бақ іздеген» дейді ойшыл. Өмір көріністері бір-бірімен сапырылысып, бір адамның бағы екінші адамның бағына байланысты болып жатады. Өмірде әркімнің өзіне берілген несібесі бар. Бірақ нәпсі ықпалына берілген жан бұл несібеге қанағаттанбай одан артыққа ұмтылады. Өзінің бағы үшін басқаның үлесіне ұмтылу осы сәттен басталады. Бір адамның екінші адамды қанауы туады. Қанау бар жерде тыныштық, бейбіт өмірдің болуы мүмкін емес. Ендеше күрес үздіксіз жалғаса береді. Осыдан бұл өмір таусылмайтын таластан құралып, зорлық-зомбылық, дау-жанжал, содан туатын қайғықасірет, өкініш-бейнетке толы тіршілікке айналады. Тәндік санасезім деңгейіндегі фәни әлемнің адамдары өмірін, міне, осындай қорлықпен өткізеді. Талас – бұл фәни әлемдегі барлық жан иелеріне ортақ құбылыс. Ал енді осы таластан құтылу жолы бар ма? Бар болса оған қалай жетуге болады? Бұл сұрақтың жауабын беру үшін Шәкәрім ең әуелі тіршіліктің сыры туралы сөз қозғайды. Ең әуелі тіршіктің мәні мен мәнісін білу керек. Осыны түсінген ақылды адам белгілі бір уақытта бұның себебі туралы ойланып, ізденіске түседі. Шәкәрім өзі де көп ойланып, осы сұрақтарды қойып отыр. Ойлау қабілеті жоқ хайуанаттардан адамның айырмашылығы да өзіне осындай негізгі сұрақтар қоя білуінде. «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды,

өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет – өлгеннен соңғы өмір – жолы дейді. Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді». Осылай ойшыл тіршілік туралы екі көзқарасты келтіреді. Болмыс көрнеу заттық әлемнен және көрінбейтін рухани әлемнен құралады. Бұл екеуінің де бар екені анық. Бірақ бұл анықтарға сену-сенбеуге байланысты өмірге екі көзқарас туады. Бұл екі көзқарас туралы адамзат тарихында дау толассыз. Мәселенің түпкі себебі адамның тән құмары, не болмаса жан құмарына берілуінде болып отыр. Жан құмары үшін өмір сүретіндер жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке ұқсамайтын бір түрлі өмір бар деп сенеді. Тән құмары үшін өмір сүретіндер жанды мойындағысы келмейді, әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, бұл өмірден кейін өмір жоқ деп сенеді. Осылай сана-сезім деңгейіне байланысты сенімнің екі түрі бар. Бірі заттық сенім, екіншісі – рухани сенім. Ал адамзат қауымы санасезімнің ең төменгі деңгейінен бастап, ең жоғарғы деңгейіне дейін қамтиды. Адамзаттың бір бөлігі бұл мәселенің бір жағын қолдаса, ал екінші бөлігі екінші жағын қолдайды. Сондықтан бұл екі көзқарас мәңілікті. Заман өзгерісіне байланысты бірде анауысы, бірде мынауысы басым болып, ауытқып отырады. Мысалы, орта ғасырларда, әсіресе, ислам Халифатында ақыретке сенген адамдар басым болды. Ал қазіргі заманды алатын болсақ, Қайта Жандану (Эпоха Возрождения) заманынан басталып, әсіресе Батыста, олардың саны азайып, екінші жағы басым бола бастады. Ал Кеңес дәуірінде халықтың басым көпшілігі жанды мүлде мойындамайтын атеистер болды емес пе?! Осылай Шәкәрім тіршілікке екі көзқарас барын көрсетеді. Енді әрі қарай ақылы сау адам үшін осы көзқарастардың маңызына тоқталады. «Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса бұл екеуін қалай тексереміз?» Автор «Ақылы сау адам» деп жан дүниесі таза адамды айтып отыр. Ойшыл өзінің шығармаларында мұндай таза адамның ақылын «шын ақыл», «таза ақыл», «дерттен сау ақыл» деп атайды. Жан

дүниесі фәни әлемнің былғанышына малынып, өзімшілдіктен шығатын өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал (біздің заманымызда – ақша) шашпаққа берілген адамның ақылы дертті, сау емес. Сау ақыл мұндайлардан аулақ болып, рухани жолға ұмтылғанда ғана болады. Фәни әлемде адамдардың барлығының ақылы сау деуге келмейді. Шәкәрім осыны ескертіп отыр. Нәпсі ықпалымен жүрген көпшілік қауым өмірдің түпкі мәні туралы ойланбайды, оған уақытын да бөлмейді. Олардың ақылы заттық әлем дертіне шалдыққан, яғни сау емес, ауру. Ақылдан ой туады. Адамның ақылы дұрыс бағытталмаса, оның ой-өрісі төмендеп, жаман қасиет, жаман әдет пайда болады. Жаман оймен жақсы әрекет жасауға болмайды. Ендеше, сау емес, дертті ақылмен адам өмірде ешуақытта да бақ таба алмайды. Бұл – өмірдегі бақытсыздықтың негізгі себептерінің бірі. Бұған дәлел келтірейік. Ой мен тағдырдың байланысын былай деп көрсетуге болады: «Ойдан әрекет туады, әрекеттен әдет туады, әдеттен мінез туады, мінезден тағдыр туады». Егер шеткі екеуінің арасындағыларды алып тастасақ: «ойдан ... тағдыр туады» болып, түбінде тағдырдың оймен тығыз байланысты екенін көреміз. Бұл «Қалай және не туралы ойлауымызға байланысты бүкіл тағдырымыз құралады» дегенді білдіреді. Ой ақылдан шығады. Ал ақыл бес сезім мүшесі арқылы хабар алады. Ендеше, жоғарыда айтылғандай, сезім мүшелерімен нені қабылдап, неден аулақ болу керек екенін жақсы білуіміз керек. Сонда өзіміздің ойымызды өзгерте аламыз. Ой өзгерсе – тағдыр өзгереді. Әркімнің бақыты өз қолында дегеніміз осы. Ақыл миды пайдаланып ой шығарады. «Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды» атты өлеңінде Шәкәрім «Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы, Түбі – жүрек, болады мида басы» деп ақылға жүрек пен ми екеуі бірдей әсер ететінін көрсетеді. Бұл кімге болса да, әсіресе психологтар үшін өте маңызды тұжырым. Егер адам рухани әлеммен байланыспай, таза заттық дүниемен шұғылданса, онда ол өзінің миын пайдаланады. Ал егер ол рухани дүниенің шаруасымен толық шұғылданса, онда ол жүрегін, яғни, жан дүниесін пайдаланады екен. Осыдан білетініміз – имансыздар көбіне миының әсерімен өмір сүреді, ал рухани адамдар жүрек әсерімен өмір сүреді. Қарапайым адам осы екі ортада. Осыдан не себептен заттық әлемді, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғалымдар үшін ең әуелі ақылдың қуаты, ал ақын-жазушылар, композиторлар мен басқа да өнер қайраткерлері үшін жүрек қуаты керек екенін білеміз. Фәни әлемде қатардағы адам ақылын ми мен жүректің арасында пайдаланады. Сондықтан ол бірде тек қана миды пайдаланып қатал, мейірімсіз болса, бірде жүрегіне билетіп, мейрімді, рақымды істерге барады. Ал ақылдан жоғары адамның дүниетанымын қалыптастыратын ес тұрғанын білеміз. Естің міндеті – әрбір құбылыстың мән-мағынасын

дұрыс түсіну және оны еске сақтау. Сондықтан, жоғарыда келтірілген байланысты «Дүниетанымнан... тағдыр туады» деп келтіруге болады. Дүниетанымның үлкен маңызы бар. Адамның өмірге көзқарасы, оның түрлі іс-әрекеті, қандай құмарлыққа ұмтылуы оның дүниетанымына байланысты болады. Ол өзінің жасаған әрекетінің салдарына байланысты өмірдің түрлі бейнетін, не болмаса зейнетін көреді. Сондықтан осы екі дүниетанымның қайсысын таңдау керек – бұл өте маңызды мәселе. Өмірден алған әрбір зардабымыз біздің өмір заңдылығын бұзған кінәмізді көрсетеді. Себебі кімді болса да оның жіберген кінәсі үшін ғана жазалайды. Өмірдің түрлі қиын сырларын қалай түсіну керек? Мен қандай заңдылықтарды бұздым жән өзімнің көзқарасымды қалай өзгертуім керек? Ол үшін дүниетанымды өзгерту керек. Адам өзінің дүниетанымын екі жолмен өзгертеді. Бірі – саналы түрде өз еркімен өзі қолға алып, ой-өрісін жетілдіру арқылы. Екіншісі – өзінің жіберген қателіктері салдарынан келетін өмірдің бейнеті мен зардабынан сабақ алу арқылы. Осылай бақытқа ұмтылған адамдардың екі түрі болады екен. Бірі – өзін өзгерту арқылы, жан дүниесін жетілдіреді, ал екінші бірі – өзінің кемшіліктерін мойындамай, зардаптың тек қана сыртқы себебінен арылуға ұмтылады. Осылай адамның дүниетанымын өзгертудің екі жолы барын көреміз. Білім алып, сана-сезімін дамыту арқылы өзінің дүниетанымын өзгерту жолы әуіре-сарсаңсыз және тиімді жол болып табылады. Шәкәрім адам дүниетанымының негізі болып табылатын екі жолды көрсетіп отыр. Адамның қадір-қасиеті, іс-әрекеті, ой-өрісі, сана-сезімі оның осы екі жолдың қайсысын таңдауына байланысты. Сондықтан ол «осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет» деп ойын кесіп айтады. Енді «олай болса бұл екеуін қалай тексереміз?» деген мәселе көтереді. Әрі қарай бұл мәселенің шешімін өзі былай деп береді. «Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әртүрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты – өзінің тұтқан діні, оқыған-ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі, бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне бір жола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады». Ойшыл болмыстың көрнеу және көрінбейтін бөліктерін дұрыс түсіну үшін ең әуелі олар туралы әр түрлі діндер жайынан, әртүрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен

хабары болу керек деп отыр. Не себептен бұл үшін осындай кең ауқымды білім керек? Себебі, бұл жұмыстың болмыс құпиясын шешетін өте үлкен маңызы бар. Шәкәрім өзі көрсетіп отырғандай, білімнің түрлі көздері көп, бірақ олардың барлығы бірдей ақиқатқа жеткізе бермейді. Мінсіз ақыл-естің болмағанынан бір құбылыстың өзі әртүрлі қырынан көрініп, адамды шатастырып, көптеген фәнилік ойтұжырымдар тудырады. Бұл ойлар сөзге айналып, артынан түрлі әрекеттермен бітеді. Адамзат өмірі осылай жанжал-шумен өтіп жатыр. Фәни әлем түрлі ой-өріс, пікірталас, дау-жанжалға толы, гуілдеген араның ұясы тәрізді. Бұл шудан анық пен қанықты айыру оңай емес. Сондықтан, Шәкәрімнің ойы бойынша, өмірдің ақиқатына жетемін деген адам мұндай кемшіліктерге ұрынып қалмауы үшін шуылдаққа көп көңіл бөлмей, ақылын толық босатып, әрнәрсені ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынап, өз жүрегімен шешуі керек. Осылай әркім өзінің сенімін біреудің ықпалымен емес, өзінің жүрегімен, ақылымен қабылдауы керек. Бұл арада «науқассыз сау ақыл» деп таза ниетті ақыл айтылып отыр. Ақын осы ойларын өзінің «Тура жолда қайғы тұрмас» атты өлеңінде толық түсіндіріп береді. «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп Абай да шындыққа әркімнің өзі жетуі керек екенін білдіреді. Болмыс алдында әркім өзінің істері үшін өзі жауап береді. Сондықтан, кімге, қалай сену керектігі әркімнің өзінің еркінде, оның жеке ісі. Адам еркіне зорлық жасап, оны зорлықпен сендіруге болмайды. «Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады» деп ойшыл бұндай маңызды істе байлаулы ақылдың мақсатқа жеткізбейтінін білдіреді. «Және өзінің мынау жөн дегенін халық алдына салғаны жөн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ» деп Шәкәрім әрі қарай сөзін жалғастырады. Ой сынға түсіп, шыңдалғанда өзінің кемшіліктерінен арылып, ақиқатқа жақындайды. Әділ сынның маңызын данышпан осылай деп білдіріп отыр. Шәкәрім осы имандылық пен имансыздық жолдарының шыққан себебі туралы былай деп ой жүгіртеді: «Бұл екі жолдың түбі қайдан шыққанын тексерсе, әлемдегі барша нәрселердің қайдан бар болғанын, мұны кім жаратқан деген адамдардың ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам жаңа бір нәрсені көрсе мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп әркім әртүрлі ой жүргізген. Тіпті, ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірісі бар деп сурет жасап табынған. Онымен де тұрмай адам қолынан келмейтін істерді істеген алдамшы

жәдігөй, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің орнын басады деп сондайларға да табынған». Ойлы адам өмір туралы ойлануы керек. Оның ой-өрісі неғұрлым кең болса, ол солғұрлым өмірдің терең сырына үңіледі. Шәкәрім осы бір шумақ сөзбен көп мағына береді. Қоғамда түрлі ой-өріс, танымсенімдерді көп. Болмысты түсінуде монотеистік, политеистік, имперсоналдық, персоналдық тәрізді парадигмалар мен түрлі тұжырымдар толып жатыр. Сонымен бірге, діннің құлдырауы салдарынан табиғат күштеріне табынатын көп құдайшылық, хайуанаттарға табынатын төтемизм, ерекше қасиеті бар бақсыбалгер, Құдайды ұмытып тек қана аруақтарға табыну, сурет, не болмаса мүсін жасап пұтқа табыну тәрізді негізгі Жаратушыны ұмытып, Оның көріністеріне, не болмаса түрлі қуаттарына табынулар бар. Жаратушыны іздеу жолында осылай көп әдет-ғұрып, рәсімдер мен ой ағымдары туады. Оның себебі бар. Жаратушыны іздеу – жан құмары. Адам өзі Жаратушыны іздегені туралы білмеуі, сезінбеуі де мүмкін. Дұрыс жолды білмегендіктен ол табиғат күштеріне, пұтқа табыну, алдамшы бақсы-балгерлерге табыну тәрізді тура жолдан адастыратын сенімдерге ие болады. Мұндай адамдар сенгісі келеді, сенеді, бірақ сенімдері дұрыс емес. Теріс сенім адамды тура жолдан адастырып, түпкі мақсатқа жеткізе алмайды. Мұның барлығы рухани надандықтан туатын, фәни әлемнің әсері. Адамзаттың адасу себебін ойшыл осылай деп білдіреді. Ал адасудан қалай шығуға болады? Адасудан шығу жолы біреу. Ол – адаспаған адамның соңына еру. Бұл туралы ойшыл былай деп сөзін жалғастырады: «Сөйтіп, соқыр кісіше сандалып жүргенде пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы өмірде қылған ісіне қарай ол өмірде де өлшеусіз бақ, қиын азап бар, мұны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі адамның бір қатары бұған нанып ерсе де, бір қатары нана алмай бұрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған». Абай тәрізді Шәкәрім де көрнеу және көрінбейтін әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген. Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы әлемдердің осы көрнеу әлемге жасаған ықпалын көрсетіп отыр. Пайғамбарлар Жаратушының адамзатқа жіберген елшілері. Пайғамбарларды Жаратушы белгілі бір мақсатпен жіберіп, оларға ерекше рухани қуат береді. Сол қуаттың көмегімен пайғамбарлар адамдарды өздеріне сендіре біліп, олардың қатып қалған жүректерін жібітіп, сенімдерін оятады. Бірақ өздеріне берілген бақытты түсінбей, пайғамбар сөзіне сене алмаған бейбақтар да болады. Олар – өздерінің ескі сенімдерінен шыға алмаған бақытсыздар.

Осылай Шәкәрім адам өміріндегі негізгі мәселе – көрнеу әлем
мен көмескі әлемнің байланысы туралы сөз қозғайды. Ол әрі қарай
осы екі әлем сырларын ашуға ұмтылады.

Е К І Н Ш І Б Ө Л І М

КӨРНЕУ ӘЛЕМ СЫРЛАРЫ

Материалистік көзқарастың шығу себебі

Шәкәрім әрі қарай екі көзқарастың шыққан себебін талқылайды. Ол материалистік көзқарастың шығу себебі туралы былай деді: «Енді біліп жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың түбінде осы барлық әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт нәрсе деп білген. Онысы – от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер ол төрт нәрсенің әрбіреуі әлденеше негізден жаралғанын таба-таба жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын Европаша атом деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Біздің қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сөйтіп барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлде неше түрге түсіп, бір-бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан». Қасиетті жазбаларға сүйенбей, тек қана өзінің күш-қуатына сеніп, сезімдерінің көмегімен болмыс сырларын түсінуге ұмтылу, міне, осылай болмыс тек материядан жаралған деген тұжырымға алып келеді. Олар өздерінің көріп-білгендеріне ғана сенеді. Ал болмыстың көрінбейтін, көмескі бөлігін жоққа шығарып, оның бар екенін мойындағылары келмейді. Материалистер болмысты Жаратушыдан бөліп қарастырғандықтан, материалдық әлемнің негізгі мақсатын түсіндіре алмайды. Сондықтан олар үшін бүкіл әлем ешқандай мақсатсыз және кездейсоқтан пайда болған. Мұндай көзқарас бойынша бүкіл әлемнің ешқандай да мақсаты жоқ, міндеті де жоқ. Олай болатын болса өмірдің де мәні жойылады ғой. Ешқандай мәні жоқ, мақсатсыз өмір кімге керек? Мақсатсыз тіршілік құруға бола ма? Материалистік көзқарас ойлы адамды екі тығырыққа әкеп тірейді. Оның бірі – өмірсіздік, пессимизм. Екіншісі – өз өміріне жауапсыздық, өмірді бос әурешілікпен өткізу. Жоғары мақсатсыз тіршілік «шамаң келгенше өмір сүріп қал» деген пікірден шығатын

ойын-сауыққа, нәпсіқұмарлыққа, жалқаулыққа, осылардан шығатын барлық адамзат қорлықтарына алып келеді. Адамгершіліктен жұрдай болған мұндай адамдардың өмірі, ойшыл ілімі бойынша, хайуандардың өміріне жақын. Материалистер заттың қайдан және қалай пайда болғанын білмегендіктен, оның шығу сырын оның өзінен іздейді. Затты бөле келе, оның түрлі молекулалардан құралатынын, ал олардың өздері атомнан құралатынын тапқан. «Мұны алғашқы тапқан ион-грек жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса алғашқы тапқан Финикияның Садда деген қаласынан шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур уа Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды». Осылай материалистік көзқарас бойынша, әлемнің негізі – бес негізгі элементтер, немесе, сонан кейін оларды бөле келе атом деген тұжырым ерте заманнан-ақ келе жатқанын білеміз. Материалистік идея ешкімге бағынғысы келмейтін, өркөкірек мінезді, өзі үшін ғана өмір сүргісі келетін адамдарға өте керек. Қоғамда ондай адамдар әрқашанда жеткілікті. Сондықтан материалистік көзқарас та өміршең, әрқашан да болады. Оның өміршеңдігі сонша, тіпті, ол бір Аллаға табынуды насихаттайтын мұсылмандардың арасында қобалжу тудырып, кейбір мұсылмандарды тығырыққа тіреген. Бұл туралы Шәкәрім былай жазады: «Араб жұртының патшалығы зорайып әр елдерді қол астына қаратқан Аббас тұқымы патша болған кезде ион-гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде осы атом туралы сөздерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: барлық әлем басынан бар ма еді? Соңынан жаралды ма? – деген дау кіруіне осы атом себеп болды». Міне, осылай ислам дінінің негізгі іргетасы болып табылатын әлемді бір Жаратушы жаратқаны туралы қағидаға қарсы болып, мұсылман қауымының арасында да сенімсіздік ұрығын сеуіп, дау тудырған. Табиғатты өзінің жаратушы көзінен бөліп қарастыру, міне, осындай нәтижеге алып келеді. Қарапайым адамға мұның себебін түсіну оңайға соқпайды. Сондықтан Шәкәрім өзінің шығармаларында табиғаттың түпкі сырына үңіліп, оның Жаратушыдан бөлек емес екенін, олардың тығыз байланысын көрсетіп отырады. Оның осы «Үш анық» шығармасының бір мақсаты да осы болып табылады.

«Соңғы кезде Европаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Европа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бірін-бірі тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы. 17 жүз жылдарда (ХҮІІ ғасырда – құрастырушы) алманың үзіліп жерге түскенінен ойлап тапқан. Бұл біліп жаратқан ие жоқ дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлы атом, солардан бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әр қайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат». Материалистік көзқарастың күш алуы ХҮ ғасырда Еуропадағы Қайта Жаңғыру заманынан бастау алды. Адам өзінің ішкі дүниесіне емес, енді сыртқы денесіне көз салып, сыртқы табиғат сұлулығын паш ете бастады. Сол кездегі ұлы суретшілер, скульпторлар адамның сыртқы бейнесіне көңіл бөліп, отбасы, фәни өмір тіршілігін насихаттай бастады. Осылай тән құмары жан құмарын жеңе бастап еді. Тән құмарлығы заттық өркениетті тудырды. Осылай бұл құбылыс қазіргі заманға дейін созылып келе жатыр. Тән құмарынан туған заттық өркениет табиғатты зерттеуге мәжбүр етіп, ғылыми ізденістерге итермеледі. Исаак Ньютон тәрізді ғалымдар жаратылыс құбылыстарын ашып, олардың заңдылықтарына көңіл бөліп, түсіндіре бастады. Атом идеясы олардың ізденістерінің іргетасына айналды. Осылай жан идеясы ығыстырылып, енді Көне дәуірде пайда болған, біліп жаратқан ие жоқ, деген ойдан шыққан атом идеясы Жаңа дәуірде қайта жаңғыра бастады. «Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап әрқайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Европаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлде неше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аиие» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда атомдар да бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлық әлемнің түп негізі нұр болғаны дейді».

Осылай барлық заттардың негізі бір, ол – бөлінбейтін атом деп жүргенде, енді атом да бөлінетін болып шықты. Атом кішкентай бөлшектерден құрылатын күрделі қосылыстар екені дәлелденді. Сол кішкентай бөлшектердің ең алғаш анықталғаны электрон болды. Ол атомнан оңай бөлінумен қоса, жарық шығару процестеріне қатысады екен. Шәкәрім заманында атомның бөлінетіні ғана анықталса, ал қазіргі заманда атом ғана емес, электронның өзі де бөлінетіндігі анықталды. Электронның теріс зарядымен қатар, сутегі ионының оң зарядталғаны анықталды. Бұл сутегу ионын ғалым Резерфорд протон деп атағаны белгілі. Ал 1932 жылы позитрон мен нейтрон бөлшектері ашылды. Сонымен қатар ғалым Комптон жасаған тәжірибелер фотондар да бөлшек екені дәлелденді. 1936 жылы атомның тағы бір бөлшегі мезон ашылды. Олардың өздері мю-мезондар және пи-мезондар болып бөлінеді екен. Уақыт өткен сайын ғалымдар атом әрі қарай бөлшектене беретінін ашты. 50жылдары протон мен нейтронның өздері де атом тәрізді ядроны қоршаған пи-мезон бұлтынан тұратыны дәлелденді. Сонымен, 60жылдары қарапайым бөлшектердің саны 200-ден асты. 1964 жылы протон мен нейтрон екі түрлі кварктер тізбегінен тұрады деп қарастырылды. Бұл ұсақ элементтер гравитациялық, оптикалық, электро-магниттік және химиялық қасиеттерге әсер етеді. Қазіргі кезде Менделеевтің периодтық кестесі Шәкәрім көрсеткендей сексен емес, одан көбейіп, толықтырылып, бір жүйеге келтірілді. Осылай заттық әлемнің бөліктері шексіз бөлшектене беретіні анықталды. Сонымен, атом бөлінбейді деп жүргенде, оның да көп бөліктерге бөлінетіні анықталып отыр. Егер бөлінудің шегіне жетіп, микрокосмнің ең кішкене бөлшегін анықтай алатын болса, онда ғылым өзінің мақсатына жеткені. Осылай ол заттың, яғни микрокосмнің ең кішкене бөлшегін анықтап, әлемнің шыққан түпкі негізін көрсете алады. Бірақ ғылымның ашқан жаңалықтары заттың шексіз бөліне беретінін көрсетіп отыр. Ол бөлінудің шегі бар ма? Бұл сұраққа заттық көзқарас пен рухани көзқарас тұрғысынан екі түрлі жауап табуға болады. Заттық әлем тұрғысынан қарағанда заттың бөліну шегі жоқ. Себебі, ол бөліне келе, ақыры адамның сезімдері қабылдай алмайтын бөлікке айналады. Ол шексіз кішкентайды шегі бар материалдық әдіспен анықтау мүмкін емес. Қандай кішкентай бөлік болса да, оның негізі рухани болмыста жатыр. Шәкәрім ілімі бойынша затты рух жаратады. Керісінше емес. Рухты зат жаратпайды. Рух заттан шықты деген материалистік көзқарасты өзінің өлеңдерінде Шәкәрім қатты сынға алады. Рух өзінің қасиетін өзгерте келе материяға айналады. Ал рухтың өзгеруінің қандай күйінен бастап материя масталады – бұл таңдау еркіне байланысты. Рухтың бұл күйін ешбір заттық құрал қабылдай алмайды. Ендеше

шегі бар сыртқы сезімдерді ғана қолданатын материалдық ғылым
үшін шексіз кішкентайды анықтау мүмкін емес. Сондықтан,
материалдық тұрғыдан алғанда микрокосмнің, яғни микроәлемнің
шегі жоқ.

Ал рухани тұрғыдан алатын болсақ, бұл мәселе мүлде басқаша
шешіледі. Микрокосм рухтың өзгеру кезінен басталады. Яғни,
микркосмның шегі де, оның басталуы да – рух. Барлық заттың
негізі рухта жатыр. Ал рухты заттық әдіспен ашу мүмкін емес.

Олардың екеуінің қасиеттері екі бөлек. Әлемнің түпкі негізін тек
қана рухани тұрғыдан ғана анықтауға болады. Рухани жоғары
жетілген Шәкәрім бұл негізді «Табиғатта не бар болса, бәрі
жанды» деп бір ауыз сөзбен ғана жеткізіп кеткен. Материяның

рухтан қалай пайда болатыны рухани ілім бойынша төменде
түсіндіріледі. Ал материалдық ғылым материяның қанша көп
бөлшектерін ашса да оның түп негізіне ешуақытта жете алмайды.
Бүкіл ғарыш кеңістігін қамтитын макрокосмның шегі туралы да

осындай екі тұжырымды айтуға болады. Заттық әлем үшін
макрокосм шексіз. Мысалы, жерден ғарыш кемесімен материалдық
әлемнің шегіне қарай ұшып шықтық делік. Бірақ біздің ғарыш
кемеміз қандай керемет жетілген болса да, ғарыштың шегіне

ешуақытта да жете алмаймыз. Ғарыш кемесінде отырып бізге
ғарыштың шетіне тура ұшып келе жатқанымыздай болып көрінуі
мүмкін. Бірақ ғарыш заңдылығы бойынша ұшқан кемеміз мүлде
басқа бағыт алуы мүмкін. Осылай қанша ұзақ ұшсақ та ғарыш

шеңберінен ешуақытта шыға алмай, айнала береміз. Себебі,
материалдық әлемнің шегі біз өмір сүретін үштік өлшем
(измерение) бірлігінен мүлде басқа өлшем бірлігінде жатыр. Біздің
өмірде төртінші өлшем – уақыт. Сол төртінші өлшемнің өзін,

уақытты біз басқара алмаймыз. Ал ғарыштың шегіне жетіп, оны
жарып шығу үшін мүлде басқа, жоғары өлшемдер керек. Ол рухани
өлшем. Рухани өлшемге адам материалдық болмысын толық
өзгертіп, сана-сезімін рухтандырып, рухани болмысымен ғана жете

алады. Бұл әулиелік деңгей.
Сонымен, заттық ғылым микрокосмды да, макрокосмды да, яғни
материалдық әлемнің ең кішкене бөлшегін де, оның шексіз
үлкендігін де анықтай алмайды екен. Абай айтқандай «шектімен

шексізді білуге болмайды». Ендеше көрінетін заттық әлемді ғана
емес, тіпті, көрінбейтін рухани әлемді де жаратқан бір Жаратушыны
бұл материалдық ғылым қалай жоққа шығара алады?! Жаратушыны
жоққа шығарушылар мәңгілікті жан мен өлген соңғы өмірді де

жоққа шығаруға мәжбүр болады. Бұл ойлы адамдардың барлығын да
таң қалдыратын құбылыс. Шәкәрімнің өзі де «Мен жан жоқ, өлген
соң өмір жоқ дегенге таң қаламын» деп осыны білдіреді.
Атомның шексіз бөліне беретінін ашқан ғылым жетістіктері

ғалымдар арасында үлкен қобалжу тудырғаны белгілі. Заттық

ғылымның шынайы дәрежесін түсінбей, тек қана өздерінің сыңаржақ материалистік көзқарасын дәлелдеу үшін, сол кездегі ғылымның ашқан жаңалықтары атеистік көзқарасқа үлкен нұқсан келтіретінін сезіп, коммунистер көсемі В.И.Ленин де бұл мәселеге арнап шығарма жазғанын философия курсынан білеміз. Радиоактивті элементтердің әрбір ыдырау кезеңінде атом ішінде жүретін сан алуан процестердің нәтижесінде сол элементтерден сыртқы ортаға энергия жылу және сәуле түрінде таралып, көптеген жаңа элементтер пайда болады. Шәкәрім сондықтан материалдық әлемнің бір көрінісі болып табылатын, заттан жарық сәуле ретінде бөлініп шығатын энергия түрін қарастырады. «Нұр-жарық. Нұр күннен, не оттан шықса да жанжағының бәріне күлтеленіп шығады. Нұр бір секундта үш жүз мың шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 минут 17 секундта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета жұлдыздың нұры жерге үш жүз жылда жететіні бар. Тіпті, алыстарының нұры жерге мың жылда азар жететіні бар. Нұрдың жүрісін білімділер орысша Юпитер, мұсылманша Мұштари деген. Планеттің (планетаның – құраст.) Пик деген төрт жолдасы Юпитерді айналғанда, көлеңке жағынан шықанынан өлшеп тапқан. Ол Юпитер Күнді айналғанда он екі жылға жақын мезгілде бір айналып шығады. Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсұтым мынау: нұр да өздігінен бар болмай бір нәрседен шығатыны, о да қозғалып жүретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ұшы қиыры жоқ көп зорлығы (үлкендігі) білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есеп өлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім». Жарықтың ұсақ бөлшектері ғылым тілінде корпускулдар деп аталады. Жарықты құрайтын осы корпускулдардың өзі алғашқы өздігінен бар болған элемент емес, ол да бір нәрседен шығады, яғни оның да шығар көзі бар. Ойшыл осылай әлем сырларының адамның ой-өрісі жете бермейтін шексіз екенін көрсетеді.

Материалистік көзқарас дәлелдері

Әрі қарай материалистердің өздерінің көзқарастарын растауға
келтіретін негізгі дәлелдерін келтіріледі.
«Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып
жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан Ие жоқ деген

жол әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19 жүз
жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне көбірек жайылды.
Олардың дәлелдерінің күштірек дегендерін айталық:
1-дәлел: қайта айналыс жолы.

Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила
вещества) атом. Әр нәрсені өсіп-өндіретін сол. Дүниеде ешнәрсе

жоғалмайды, бірақ өзгереді. Әр планета, Жер, Күн, Ай болсын
басында газ, түтін, жалын сияқты болып көп заманнан соң
салқындап қатты дене болып, осы бір қалыбында қалмайды.
Бірталайдан соң біріне-бірі соқтығу сияқты бір себептермен

қайта газ болып, онан сұйық, онан тағы қатты дене болып сол
үш түрге түседі деп жүреді. Қайта қатты дене болған кезде
бұрынғысынан жер де, басқалар да не үлкен, не кіші дегендей
басқа түрде болуы мүмкін. Және ол қайта жаратылыста жер де,

адам, хайуан, өсімдіктер болады. Бірақ өлген соң бізден сезім
кетіп, ол өзгерістен еш нәрсе сезбейміз. Ол қайта жаралыста
біздің білім, шаруа, байлық, дене сияқтыларымыз мұнан, тіпті,
басқа түрде болады. Және барлық әлем газ болмай, бір жағы газ

болып жатқанда, бір жақтағылары қатайып, қайта жаралып
жатса керек.
Мұның бәрін өзгертіп өзінен не шығып, не болып жатқанын
сезбейді, дейді.

2-дәлел: жаратылыс жолы. Мұқым барлықтың бәрін бар
қылып тұрған жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие
деген бекер сөз, ол жаратылыс жолы осы жаралғандардың
өзінен бөлек нәрсе емес. Осыдан бөлінбейтін заң барлықтың бәрі

сол заңнан еріксіз жаралып жатыр. Ол заң өсіп өнуге
жоғарылауға ұмтылып ең жақсыны сайлап алады. Сондықтан
бүтін әлемдегі планета, жұлдыздардың жаралысы, жүрісі, адам,
хайуан, өсімдіктердегі һәм басқа нәрселердің дене бітімі,

жаралысы, реттері толық жарасымды мақсұтты жолмен
жаратылған дейді. Бұл философ Литерие сөзі.
3-дәлел: тұқымдастық жолы. Жоғарыда айтылғандай бар
нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ.

Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар – бәрі
теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан су хайуандары,
өсімдіктері құрғаққа шыққан. Жер жүзіндегі өсетіндердің,
жандылардың бәрі басында су хайуаны. Неге десең, қырда не

түрлі жандылар болса, теңізде де соған ұқсастар бар. Теңізде
жылан, ит сияқтылар болғанымен тұрмай, құс сияқтылар да
болған. Сондықтан бұларды – бөлек жаратқан ие жоқ дейді
(Маиеннің сөзі).

4-дәлел: дене сезімі. Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен
білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз бар
болып жатқанын көріп біліп тұрмыз. Егер біліп жаратушы ие
бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді.

Неге десең, бір жаратушы білімді құдырет бар болғаннан соң бұл
себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді.
Бұл – Бюхнер сөзі.
5-дәлел: әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы,

басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті,

біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл әр нәрсе қалай
болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр.
Оны былай болсын деп жаратқан жаратушы жоқ екені осыдан
мәлім дейді. Бұл Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі».

Имандылық
көзқарас
тұрғысынан
алатын

болсақ,
заттық
көзқарастың осы бес дәлелі де сын көтермейтін тұжырымдар. Бұл
дәлелдің әрқайсысына жеке-жеке қарсы дәлел келтіруге болар еді,

бірақ олар төменде Шәкәрімнің шығармаларын талдау барысында
кездеседі. Сондықтан, қайталанбау үшін бұл дәлелдердің ең әлсіз
жерін ғана тоқталайық. Бұл дәлелдердің ең әлсіз жері –
жаратылыстың алғашқы элементін таба алмауы және болмыстың

қозғаушы күшін көрсете алмауында. Олар сенімнің жоқтығынан бар
нәрсені жоқ деп, оны жоққа шығарады. Материалистердің негізгі
дәлелі осылай тек қана жоққа шығарумен бітеді. Бірақ құр жоққа
шығару ойлы адамды ойлаудан тоқтата алмайды. Ойлы адам бәрібір

дүниенің түпкі себебін табуы керек. Бұл мәселені Шәкәрімнің өзі
төменде шешіп береді.
Осымен Шәкәрім болмысқа деген заттық көзқарастың шығу
жолын баяндауды аяқтайды.

Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М

НӘЗІК БОЛМЫС СЫРЛАРЫ

Нәзік әлеммен байланыс

ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап тұрпайы материалистік
көзқарас бәсеңдей бастады. Оның себебін Шәкәрім былай деп
түсіндіреді.
«Жоғарыда айтып едік, бұл біліп жаратушы Ие жоқ деген

жол ХІХ ғасырдың аяқ шеніне шейін Европа ішінде көбірек
жайылды. Онан кейін бұл жол нашарлаңқырады. Оның себебі,
магнетизм,
спиритизм,

телепатия
дегендер
шыққандығы
болды».

Уақыт ықпалымен адамдардың көңілі жан құмарынан тән
құмарына қарай ауысып, ХҮ ғасырдан басталған бұл материализм
құбылысы, әсіресе Еуропада қатты өріс алды дедік. Жан құмарын
тән арқылы қандыруға ұмтылған бұл әрекет адам көңілін барлық

жан иелеріне ортақ болып табылатын төрт әрекетке – ұйқы, тамақ,
жыныс қатынасы және қорғаныс – шоғырландырды. Осылай заттық
көзқарас басым алып, материалистік даму рухани дамудан оза
бастады.

Бұл құбылысқа қарсы тұратын дін еді. Ол заттық құмарлыққа
көңілі ауған адамдарды кейін қарай, имандылыққа қарай бағыттауға
барлық күшін салды. Бірақ бұл үшін болмыстың негізгі мақсатын,

оның сырлы құпияларын көрсететін дәлелдер керек болды. Себебі, көңілі тән құмарына ауа бастаған адамзат қауымына енді жалаң сенім ғана емес, ең әуелі оның ақыл-есін сендіру керек болды. Құлдырай бастаған дін ондай дәлелді таба алмады. Себебі, діннің ішкі мәнін ұмытып, оның сыртқы мәнісіне ғана көңіл бөле бастаған шіркеуде мұндай рухани күш болмады. Дінді күнкөріс үшін пайдаланып үйренген дін басылары күннен күнге халық алдында беделінен айырылып, қарапайым адамдар қатарына құлдырай бастады. Болмыстың терең сырларын рухани тұрғыдан дәлелдей білмеген дін басылары тек қана соқыр сенімді талап етті. Ал соқыр сенімге көнбей, өздерінің ақыл-есін пайдаланып, табиғаттың терең сырларына үңілуге ұмтылған адамдарды қатаң жазаға тартты. Халықтың рухани қараңғылығын пайдаланып олар еркін ойлы адамдарға дөрекі қара күшті пайдаланып, инквизициямен қатаң террор жасады. Осылай діни догмаларға қарсы шыққан, не болмаса болмыстың көрінбейтін сырларын аша білген көптеген ғалымдар және тылсымдық қасиеті бар адамдар «еретик», «жын соққан», «жәдігөй» атанып, отқа өртенді, дарға асылды, не болмаса басқа түрлі қатаң жазаларға тартылды. Аруақтармен байланыса білген Француз қызы Жанна д` Арк, астроном ғалым Галилео Галилей осылардың қатарына ілініп, отқа өртенді. Мұндай қатігез әрекеттер рухани білімнен айырылған діннің өзін-өзі қорғау жолында жасаған соңғы жанталас әрекеттері еді. Осылай орта ғасырларда Еуропада инквизиция өріс алып, қараңғылық түнегі басталды. Замана осылай өзгеріп, адамзат қауымында қиын-қыстау кезең туғанда жоғары әлемдерден, көзге көрінбейтін нәзік болмыстан көмек келеді. Осы жолы да нәзік болмыстағы аруақтар адамның имандылығын өсіруге діннің шамасы жетпей жатқандығын көріп, діндерге көмекке келді. Бұл көмек спиритизм, магнетизм, телепатия құбылыстары ретінде болды. Бұл құбылыстарды Шәкәрім былай деп түсіндіреді: «Оның мәнісі мынау: магнетизм бір адамның жанының қуатымен әсер беріп, еріксіз ұйықтатып, сонан өткен бір істі немесе келесіде болатын бір істі сұрап ғайыптан хабар айтқызады һәм басқа істерді істетеді. Спиритизм өлгендердің жанын шақырып келтіріп ғайыптан хабар айтқызады. Кейде қағазға да жазғызады. Телепатия, тіпті, алыстағы тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып, соған ұнағанын істете алады». Шәкәрім осылай парапсихологиялық құбылыстарды атап өтеді. Психология мен парапсихологияның айырмашылығы үлкен. Психология ғылымы тек қана адамның денесімен және ақыл-есімен байланысты құбылыстарды ғана қарастырады. Сондықтан ол адам бойындағы рухани құбылыстардың терең сырларына бара алмайды. Адамның тұрпайы физикалық тәнінен басқа оның нәзік,

эзотерикалық болмысы бар. Оны парапсихология, яғни жоғары психология зерттейді. Спиритизмнің әсерімен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап парапсихология жетіле бастады. Шәкәрімнің көрсетіп отырған бұл адам таң қаларлық парапсихологиялық құбылыстарға төменде көптеген дәлелдер келтіріліп, анықталады. Осы арада спиритизмнің қайдан, қашан шыққаны және оның не екеніне тоқтала кетейік. Себебі, спиритизм басқа да бұрыннан белгілі-белгісіз құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік береді және ол табиғат сырларын кеңінен қамтып, тереңірек түсіндіреді. «Спиритизм» деген атау латын тілінің леп, дем, иіс деген ұғымдарды білдіретін «Spіrіt» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз орысша «дух», қазақша «рух» деп түсінуге болады. Шәкәрім батыс елдерінің салты бойынша «рух» деп жазады. Ал шын мәнінде рух жеке өмір сүрмейді, ол жанның қасиеті болғандықтан, жаннан ешуақытта бөлінбейді. Жан денеден шығып, өзінің рухы мен нәзік болмысы арқылы о дүниеге өткенде ол қазақша «аруақ» деп аталады. Сондықтан біз жанның бұл болмысын қазақша «аруақ» деп атаймыз. Қарапайым адам аруақтарды сыртқы сезім мүшелерімен біліпсезе алмайды. Жасаған әсері арқылы ғана олардың бар екенін сезуге болады. Сондықтан аруақтар адамдардың көңілін өздеріне аударып, олармен қарым-қатынасқа ену үшін өздерін білдіре бастаған. Түрлі әрекеттермен шу, түрлі дыбыстар шығарып, нәрселерді қозғап олар өздерін сездірген. Америка Құрама Штаттарында мөлшермен 1850 жылдан бастап осындай бір қарағанда түсініксіз құбылыстар пайда болып, ұлғая береді. Бұл құбылыстар белгілі бір тұрақтылықпен және күшпен үнемі өзінен-өзі қайталанған. Кейде олар белгілі бір адамдардың ықпалымен қайталанып, олардың қалауымен түрлі көріністер берген. Халық ондай адамдарды «медиум» («медиум» лат. – «орта»), яғни аруақтар мен адамдарды байланыстырушы, деп атаған. Көрермендерге үйреншікті және басқа жиһаздарға қарағанда жеңіл, ыңғайлы болғандықтан үстелді пайдаланған. Осылай белгісіз бір күштің әсерімен үстелді айналдырып, жылжытып, секіртіп, басқа да түрлі қозғалысқа келтіріп қызықтаған. Бұл құбылысты әуелі «айналушы үстел» не болмаса «билеуші үстелдер» деп атаған. Осылай батыс елдерінде спиритизм дами бастады. Әуелгі кездерде үстелдер электр, не болмаса магнит күштерімен қозғалады деп ойлаған. Бірақ тексеру барысында олардың ақыл-еске бағынатыны байқалған. Адамның айтқан бұйрығы бойынша үстел оңға, солға қарай қозғалып, бір немесе екі аяғында тұрып, тактілермен аяғын соғып, түрлі дыбыстар шығарған. Осыдан үстелдердің қозғалысы ақылы бар күштің әсерінен болатындығы анықталған. Бұндай есті қимылды кім жасады? Әуелі бұған себеп медиум, не болмаса сонда отырған басқа адамдар деген ой келген. Бірақ

біраздан кейін медиумның, не болмаса сонда отырғандардың бұған ешқандай да қатысы жоқ екені анықталған. Себебі, олар бұл туралы ойламаған, немесе олардың түсініктері мен еркіне қарсы нәтижелер алынған. Осылай бұл қозғалыстар көрінбейтін жан иелеріне байланысты екені анықталған. Мұны тексеру үшін түрлі әдістерді пайдаланып олармен байланысқан. Олар «біз аруақпыз, көрінбейтін әлемде өмір сүреміз» деген хабар берген. Аруақ дегендер кімдер? Әлемдегі олардың алатын орны қандай? Олар адамдармен не себептен хабарласады? Әуелгі қойылған сұрақтар осындай еді. Артынан олардың басқа бір жан иелері емес, осы кеңістікте, не болмаса болмыстың басқа әлемдеріндегі жан иелері екені, олардың өздерінің тәндерін тастап, енді ғарыш кеңістігінде жүргендері анықталады. Аруақтардың арасынан өздерінің бұрынғы туысқандарын, достарын танығанда, олармен сөйлесіп, кім екендерін біліп, көптеген дәлелдер көргенде, бұған ешқандай күмән қалмайды. Аруақтардың тәні қалып, бірақ жандары рухтарымен әлі де болса бұрынғы кезіндей өздерінің жақындарын көріп-біліп, олардың арасында жүргендерін, оларға жақсылық ойлап, көмектескілері келетінін айтып, оған көптеген дәлелдер келтіреді. Шын мәнінде халық арасында аруақтар жөнінде ертеден қалған түрлі аңыздардан басқа нақты деректер әлі де болса жеткіліксіз. Аруақ ұғымы барлық халықтар арасында бар. Осының өзі олардың адамзат пайда болғанынан бастап және онымен бірге екенін дәлелдейді емес пе? Аруақтар әлемі көрнеу әлемге қарағанда табиғаты бөлек, өте нәзік, ауа, леп, дем тәрізді көрінбейтін, сондықтан адамдардың көріп-білуіне болмайтын әлем. Себебі көрнеу әлем мен көмескі әлемнің екеуінің және ондағы өмірлердің мақсаттары екі бөлек. Олардың әрқайсысының өздерінің бөлек өмірі бар. Сондықтан болмыс заңдылығы бойынша олар бір-біріне кіріп, бірінің өміріне бірі араласпаулары керек. Осылай болу үшін бұл екі әлем бір-бірінен қатаң шектелген. Бірақ бұдан олардың ешқандай байланысы жоқ деуге болмайды. Керісінше олар бір-бірімен тығыс байланыста. Мысалы, жоғары нәзік әлемдер төменгі әлемдерді басқарып, тағдыр ықпалымен олардың дамуын бағыттап отырады. Тағдыр ықпалы дегенді жердегілердің еркіне бөгет болмай, оларға ерік беріп, бірақ бағыттап отыруды айтамыз. Жоғары әлемдегілер төменгі әлемдегілердің еркіне ешуақытта шек қоймайды. Бұл болмыс заңдылығы. Сондықтан жоғары әлемдегілердің берген дұрыс бағытына қарамай, адамзат теріс бағыт алатын болса, оған аруақтар жауап бермейді. Бірақ адамзат өмірінің қиын-қыстау кездерінде аруақтар әрқашан да көмекке келеді. Соның бір мысалы – орта ғасырдағы Францияның ағылшындардың басқыншылығына ұшырап, бостандығынан айырылып қала жаздағаны. Сол кезде француздарға Жанна д` Арк

деген қызды жіберіп, соның көмегімен француздар елін жаулардан қорғап қалды емес пе. Аруақтардың адамзатқа көмегі туралы барлық қасиетті жазбаларда, көптеген халықтардың ауыз әдебиетінде, әсіресе қазақ халқының аңыздарында молынан берілген. Аруақтардың адамзат өміріне ықпалы ешуақытта да тоқталмай, өмірдің әр кезеңінде байқалып отырады. Әсіресе, заманның қиын-қыстау кезеңінде олардың көмегі ерекше. Спиритизм әуелі Америкада пайда болған. Сөйтіп спиритизмге қызығушылық ұлғайып, ол енді Францияға және Еуропаның басқа елдеріне тараған. Басында мұндай құбылыстарға қонақ үйлердегі демалушылар көңіл көтеріп, уақытын өткізетін ермек ретінде қарағанымен, кейіннен бұған білімді, қоғамның зиялы бөлігі көңіл бөлген. Осылай спиритизм халық арасында кеңінен жайылып, көпшілікті болмыстың көптеген түсініксіз сырларымен таныстыра бастаған. Әрине, әуелде сенбеушілік пен қарсы сын көп болған. Біреулер медиумдарды жәдігөй деп кінәләп, өзінің көргенінен басқаға сенбейтін материалистер олардың айтқандарын ойдан шығарған аңыздарға жатқызып, бұған сенетіндерді мазақ етіп, ақымақ, есі ауысқандар деп, не болмаса «бұл мүмкін емес, мен сенбеймін» деп жоққа шығаруға тырысқан. Басқалары бұл жын-шайтанның ісі деп жала жауып, мұндай құбылыстармен халықты қорқытуға ұмтылған. Бірақ артынан барлығы рас екені анықталып, халықтың көзқарасы өзгере бастаған. Үстелге, не болмаса кәрзенкеге қарындаш байласа, олар қозғалған кезде сөздер жазылған. Аруақ жансыз нәрсенге әсер ететін болса, ендеше ол адамның қолына да әсер етуге тиісті. Осылай аруақты адамның қолына әсер еткізіп, қарындаш ұстаған қолын қозғалтып, сөздер жаздыра бастаған. Осылай жазатын медиумдар пайда болған. Сөйтіп сөйлейтін медиумдар ғана емес, жазатын медиумдар да пайда болып, олар аруақтар мен адамдардың арасындағы дәнекерге айналған. Бұл аруақтармен байланысты жеңілдетіп, жылдамдатты. Осылай адамдар бұрын белгісіз бір әлемді, көзге көрінбейтін нәзік болмысты ашып, хабар ала бастаған. Батыс ғалымдары бұл құбылыстың маңызын микроскоптың көмегімен кішкене микробтарды тауып, көзге көрінбейтін жан иелер әлемін ашудың маңызымен тең деп бағалаған.

Жан туралы толғау

Шәкәрім әрі қарай екінші маңызды мәселені – жан мәселесін
қарастырады.
«Жан, рух. Жан жоқ деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді.
Сөйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айталық: сөзі мынау:

сезімнің тұрағы – дененің ішінде, центрі мида, ол тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақ пен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамыр-сіңірлерді тұтастыратын бір жалғастық (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан бар болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін көріп, біліп тұрмыз». Жан туралы мұндай көзқарас психологтар арасында әлі де кездеседі. Психологтардың тұжырымы бойынша адамның барлық ісәрекеті, ой-өрісі, біліп-сезінуі оның ағзамындағы органдардың өзара байланысына байланысты, ал бұл байланысты ми басқарады. Бұл арада Шәкәрім сын айтпай, тек қана олардың көзқарастарын ғана баяндап отыр. Ал өлеңдерінде оларды мұндай білместіктері үшін қатты сынға алатыны бар. Өз тарапымыздан осы арада бұл мәселе туралы ойымызды айта кетейік. Қазіргі медицинада адам өмірін ми басқармайтынын анықтайтын көптеген дәлелдер бар. Мынадай медициналық дерек бар. Бір адам өзінің басы ауыра беретінін үнемі айтып жүреді екен. Ол өлгеннен кейін оның бас сүйегін ашып, миын тексерсе, миы жұмыс жасай алмайтындай халге келіп, шіріп кетіпті. Бірақ ол тірі кезінде көпшілік адамдар қатарында өмір сүріп, мінез-құлқынан ешқандай да ауытқушылық байқалмаған. Осының өзі адамның ойөріс, мінез-құлқын ми басқармайтынын білдірмей ме? Жуырда Қытайда миының сол жақ бөлігі жоқ әйелдің өмір сүргені анықталды. Мидың адам өміріндегі алатын орнын білмегендік көптеген жаңсақ шешімге әкеледі. Ми – ақылдың пайдаланатын құралы ғана. Ал ақылдың қайнар көз, Шәкәрім ілімі бойынша, жүректегі жанда. Адамның жасаған ақымақтығын ең әуелі жүрек сезіп, жүрек зардап шегетіні сол себептен. Қазіргі замандағы жүрек ауруларының ұлғаюы осының бір көрінісі ғана. Материалистер мәңгілікті өмір жоқ, тән өлген соң барлығы жоғалады деп есептейді. Шәкәрім оны былай деп түсіндіреді:

«Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар,
уақыттар өту барысында ол біржола өзге дене болып ауысады.
Адамның әртүрлі сезімі, әр істі істеуі сол мидың өзіне ғана
біткен сезуіне, өзіндік қасиеттеріне байланысты. Ми денеше

әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң дененің құраулары
шашылып-бытырап басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп
араласады. Сөйтіп әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден
біреуге (бір денеден екінші денеге – Д.О.) көшіп жүретін болған

соң, не дене, не жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, өмірім
деп жүргені сол миға біткен сезу, әсерленудің жаңаруы, әрбір
жаңаны сезуі ғана. Өзге бөлек ешнәрсе емес. Ол өзгеріп тұрған
дене (бұрынғы дене шашылып, олардың бөліктері басқа

денелерге кіргенде – Д.О.) ол денелер бұрынғы дененің өзі емес,

құры ұқсаған болады. Сондықтан, адам оны өзім деп біледі дейді». Тән шынында да үнемі өзгерісте. Әрбір сәтте көптеген клеткалар (жасаушалар) өліп, олардың орнына көптеген жаңа клеткалардың пайда болатыны медицина жақсы біледі. Осы себептен 7-8 жылдың ішінде адам тәні толық өзгереді екен. Яғни, адам толығымен басқа жаңа тән алады. Осының өзі тәннің бірқалыпта тұрмайтынын, оның сәт сайын, кезең сайын өзгеріп тұратынын білдірмей ме? Ендеше тәннің бір бөлігі болып табылатын ми да өзгермейді емес, үнемі өзгерісте болуы керек. Адам қанша өзгерсе де ол өзін өзі «өзім» деп есептейді. Не себептен? Себебі, оның денесі бұрынғы денесіне ұқсағандықтан емес, өзінің негізгі болмысы өзгермейтін жан болғандықтан өзін-өзі «өзім» деп сезінеді. Ол бұл сезімін толық түсінбеуі де мүмкін. Бірақ бұдан оның «өзім» деген сезімі өзгермейді. Әрине, мәңгілікті жан жоқ деп есептейтін материалистер үшін адам өліп, оның денесі табиғаттың басқа бөліктерімен араласып кеткен соң, өлген тән қайта тірілмей, өмір осымен бітеді. Мұндай сенімнің адам үшін өлердің алдында қандай қасірет әкелетінін ойшылдың өзі төменде жақсы көртіп кетеді. Жан мен рухты жоққа шығару, міне, адамды осылай адастырады екен. «Енді жан туралы ой жүргізген білімділердің сөзін айталық: Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған бір қуат дейді. Уиршо – дене тіршілік механикасы машиналарының 10 түрінің бір түрі дейді. Доиуареман: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай қиын бір сырлармен байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге көп қиын сырларына қарағанда түпсіз; өлшеусіз бос кеңістіктегі кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: жан атом, дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ, суретте және жан қасиеттері заман, уақыт аясына кірмейді. Бұл – ақылдың өзінен шығатын қасиеттер, сондықтан, дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға келмейді». Шәкәрімнің осы жазғандарынан өмір сырларын ашуға қандай талаппен беріліп, оның қанша көп білім көздерін ақтарғанын көруге болады. Бұл дәйек көздерін ол Мекке сапарында жинаған болуы керек. Осылай оларды өзінің ой-өрісінен өткізіп, бізге жүйелеп жеткізіп отыр. Ойшылдың бұл жазғандарынан сол кездегі көптеген ой түйіндері мен ғылыми жетістіктерді саралағанын, сондықтан, оның тұжырымдары өте салмақты және маңызды екенін көреміз. Әрі қарай жанның барын мойындайтын көзқарастар келтіріледі. «Басқа айтуларға қарағанда, жан жоғалмайды, ол денеден шыққан соң, бұрынғы денедегісінен де қуатты болады. Шын

анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бірі-біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді, кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жібереді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса, бірігіп тұрғанда үстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, әрбір ой денеге өзінше әсер береді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-бірінен бөлек жаратылса да, дене жан әсерімен қозғалыс қылады дейді Олер. Жан мен дененің бір-біріне әсер беруі қайтарыс жолымен, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс) жан мен дене арасында ортақ бір нәрсе бар, ол екеуінің де қаситіне ортақ болғандықтан, екеуін қосып жарастырып тұрған сол дейді (Ж.Дольн). Бұл туралы былай айтады: жан денеден бөлінгісі келмейді, сонымен бірге, ол денемен біржола бірігіп те кетпейді. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ, ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал, яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр-сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн)». Бұл айтылған ойлардың сезім мүшелері мен логиканың көмегімен жасалған тұжырымдар екенін көреміз. Сондықтан бұл ойларда анықтық жоқ. Болжам ғана. Бұл болжамдарда адам болмысында көзге көрінбейтін тағы да бір бөлік бар екені айтылады. Бірақ нақты дәлел жоқ. Әрі қарай дәлелдер көп айтылады. Шәкәрім бұл жерде бірінші дәлелді келтіреді. Ол былай деп жазады: «Ж. Дольн және айтады: бұл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) үстінен қарайтын Доруцатстың

магнетизм
жолымен бір адамды ұйықтатып, соның денесі өлімге ұқсас бір
халге түскенде, жаны бұрынғы денеден шығып, сол адам
қасында бір түрде болып отырғанын көргендіктен анықтап

білдік дейді. Сондықтан, жанның түп негізі білінбегенмен, сол
сәуле сияқты дене өлген соң да, сол жанның өз алдына біреу
болып жүруіне жәрдемші екенін білдік дейді».
Бұл дәлелден адамның тәнінен басқа тағы бір нәзік болмысы бар

екенін көреміз. Ол нәзік болмыс көзге көрінбейді, бірақ ерекше
қасиеті бар экстрасенстерге көрінеді. Бұл туралы қазіргі кезде
ғылымда көп деректер бар. Нәзік болмыс рух пен тәнді
байланыстырады. Яғни жан өзінің рухы арқылы нәзік болмысты

пайдаланып тәнді басқарады. Бұл нәзік болмыс көзге көрінбегенмен
де, материяның бір түрі болып табылады. Бұл нәзік материяны оны
зерттейтін ғылымдарға, түрлі ағымдарға байланысты нәзік дене,
ортақ дене, аура, сәуле, астралды дене, биоплазмалық, психо-

энергетикалық негіз және басқа да әртүрлі атаулармен атайды. Осының өзі адамның нәзік болмысының өте күрделі екенін көрсетеді. Спиритизмде оны перисприт деп атаған. Бұл нәзік дене әртүрлі және көптеген қабаттардан құралады. Мысалы йогада оны сезім, ақыл, ес, жалған «мен» қабаттарына бөледі. Бұл дененің ең нәзік бөлігі рухпен байланысады. Парапсихология осы нәзік болмыстың өзара байланысын, оның рухпен және тәнмен қарымқатынасын зерттейді. «Және бір дәлелдері: 19 жүз жылдар ішінде болған Франция адамы Аланкардың айтуы солай дейді? Бұл жан шақырып алатын сперт еді. Оның айтуынша, жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар әр қайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене – ортақ дене, екеуі де жансыз ешнәрсе сезбейді. Ортақ дене тірі күнде денеде болса, өлгенде жанмен бірігіп кетіп бір жола бар болады дейді». Бұл абзацта бастырушылардың есебінен бірнеше қателіктер жіберілген. Соның бірі «...жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар әр қайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз» деген сөйлемнің мағынасы былай болуға тиісті «біз сияқты аруақтардың да өз дүниелері бар. Әр қайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң аруақ боламыз». «Бұл дене» деп нәзік денені айтып отыр. Ол жанға да тәнге де ортақ. Нәзік дене де, тұрпайы тән де жансыз ешнәрсе сезбейді. Ортақ дене, яғни нәзік дене, адамның тірі кезінде денеде болса, ал өлгеннен кейін жанмен бірге о дүниеге, яғни жоғары нәзік әлемдерге өтіп, біржола бар болады. Біржола бар болу деп, бұл арада аруақтың өз әлеміне өтті дегенді білдірсе керек. Себебі бұл әлем аруақ үшін уақытша ғана өзіне тәжірибе алуына, не болмаса әрі қарай тазарып жоғары өрлеуі үшін жіберліген сынақ болып табылады.

Адам болмысы

Шәкәрім ілімі бойынша осы арада адам болмысына толығырақ
тоқтала кетейік. Адам болмысы өте күрделі. Оны білмесе, адамның
жетілуі қиын болады. Шәкәрім мен Абай ілімдері адам болмысын
толық ұғындырып, түсіндіреді. Бұл туралы бұрын жазылса да,

мәселенің маңыздылығынан Шәкәрім ілімі арқылы тағы да тоқталып
өтеміз. Адам болмысына ақынның көптеген өлеңдері арналады.
Олардың қатарына «Жаралыс басы – қозғалыс», «Қасыңа қылыш
қайратқан», «Табиғат неше түрлі жан жаратты», «Ұждандыны

мақтайды тамам адам», «Шымды жерде көресіз қара топырақ»,
«Күн аязда терезеге», «Келді, кетті», «Талап деген бір жүйрік
тұлпар сынды», «Тием біреуге нақақ демесе...», «Басында жан мен
дене екі басқа», «Баяғыда жас бала едің сен», «Ғылымсыз адам –

айуан», «Құмарлық деген бір ит бар» тәрізді өлеңдерін жатқызуға болады. Адам болмысы рухани және материалдық негіздерден құралатыны дау тудырмайтын ақиқат. Бұлар Алла тағаланың түрлі қуаттары. Рухани негіз – жоғары қуат, ал материалдық негіз – төменгі қуат. Рухани болмыс жаннан және рухтан құралады. Адам денесіндегі жан, яғни, қазақша айтқанда, шыбын жан, Ұлы Жанның, яғни, Ғазиз жанның, Алла тағаланың жоғары қуаты. Оның қасиеттері Ғазиз жанның қасиеттеріне ұқсас – мәңгілікті, толық білімді және толық ләззатты. Жан тәнде орналасқан және онымен үнемі байланыста. Жан мен тәнді байланыстыратын – рух. Сонымен, рух жанның сәулесі, қуаты, онымен ажырамас бөлігі, қасиеті, тәнмен байланыстыратын құралы, заттық әлемнің ықпалынан қорғанатын қорабы, қапшығы, сауыты, ішкі киімі тәрізді. Рух тәнмен адамның нәзік денесі, яғни перисприті арқылы байланысады. Нәзік дене – жартылай материалды, рухтың эфирлік, нәзік, ауа тәрізді, адам пішіні бар, өте нәзік, бірақ негізі заттық қасиеті бар адам денесі. Рух нәзік дене арқылы тәнді басқарады. Ол үшін нәзік денені өзінің сәулесімен рухтандырады. Руханиланған, рухтанған нәзік дене рухтың ықпалына көнеді. Ол неғұрлым рухтанса, солғұрлым рухтың ықпалына тез бағынып, тәнді дұрыс басқара алады. Нәзік болмыс, яғни, психикалық негіз, заттық болмыстың ықпалына беріліп кетіп, нәпсімен көп былғанса, ол тәнді де солғұрлым нашар басқарады. Осылай адам өмірде нәпсі ықпалымен түрлі қателіктер жіберіп, күнәлі істерге барады. Рухани дамудың деңгейі осыны білдіреді. Рухани дамыған адамның нәзік болмысы рухтанып, жанға толық берілгендіктен, ол адамға тылсымдық күштер, жоғары ақыл-ес, адамгершілік қасиеттер тәрізді түрлі ерекшеліктер беріп, оны өмірдің жаңа деңгейіне көтереді. Сонымен, адамның екі – рухани және материалдық – болмыстары бар. Рухани болмыс жан және рухтан құралады, ал материалдық болмыс – психикадан, яғни нәзік денеден және тәннен құралады. Сонда математика әдісін пайдаланып адам болмысын былай өрнектеуге болады екен:

АДАМ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС= (ЖАН + РУХ) + (НӘЗІК ДЕНЕ + ТӘН)

Адам өмірі формуладағы осы төрт қосындының өзара үйлесімділігіне тікелей байланысты. Адам өмірі осы құрамның өзара байланысын сақтау деңгейіне байланысты өрлеу, не болмаса құлдырау дәуіріне жолығып, құбылып отырады. Бұл формула бүкіл адамзат өмірі үшін, сонымен бірге, әрбір жеке адам үшін де өте маңызды. Формуланы қолданудың екі жолы бар. Оның біріншісі – бұл өмірдің негізгі мақсатын түсініп, сол мақсатқа жетуді өзіне

міндет етіп қойған рухани жолдағы адамдар үшін. Олар бұл формуланың бірінші жартысын, яғни, рухани жағын алға қояды. Ал екінші жартысы, яғни, материалдық жағы, олар үшін тек қана формуланың бірінші жартысын сақтауға, яғни, өмірдің тұтастығы үшін ғана керек. Басқа сөзбен айтқанда, олар тәнді тек қана жан үшін, жанның құлшылық етуі үшін ғана пайдаланады. Олардың өмірі – тән құмарын, нәпсілерін толық ауыздықтаған, аскеттік өмір. Формуланы қолданудың екінші жолы – жалпы көпшілікке арналған. Абай да, Шәкәрім де жалпы көпшіліктің алдына қойған нақты рухани мақсаты болмайтынын білдіреді. Сондықтан олар бақытты өмірдің қуаныш-қайғысынан іздейді. Фәни әлемде өзін бақытты сезіну үшін адам формуланың екі жағын, яғни, рухани және материалдық жағын тең ұстауы керек. Олар үшін бұл екі жарты құстың екі қанаты тәрізді. Құс екі қанатын тең ұстамаса бағытынан ауытқып кететіні тәрізді, әрбір адам, бүкіл қоғам, тіпті адамзат өмірі бұл екі болмысты тең ұстанбағанда дамудың тура жолынан ауытқып, құлдырау жолына түседі. Тарих сахнасынан бір кездегі жетілді деген көптеген мемлекеттер осылай жоғалып кетті.

Аруақ болмысы

Енді формуламызды әрі қарай талдайық. Бұл формуладан тәнді
алып тастасақ не болар екен? Жанның тәнді тастаған сәті адамның
өлімі деп аталатыны белгілі. Ендеше тәнді тастағанда өзін тәнмен
балап жүрген адам өледі. Онда адам кімге айналады? Адам аруаққа

айналады. Жан өзінің рухымен және нәзік болмысымен басқа
көрінбейтін, көмескі әлемге өтеді. Ол аруақ болады. Формула былай
болып жазылады:

АРУАҚ

= РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС = (ЖАН + РУХ ) + НӘЗІК ДЕНЕ

Сыртқы қабат, тән ескіріп бұрынғыдай әрекет жасай алмаған кезде жан оны тастайды. Бұл ағаш қабығын, дән қабыршағын, немесе адамның жарамсыз ескі киімін тастағаны тәрізді. Жанның бұл қабыршағын тастауын күнделікті өмірде «өлім» деп атаймыз. Бірақ мұның нағыз өлім емес екенін білген Абай «мен» мен «менікінің» айрылғанын «өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес» деп мұны білместікке балайды емес пе. Себебі, мәңгілікті жан өлмейді, ол тек қана сыртқы қабыршағын ғана тастады. Жердегі өмірде жан өзімен байланысқан заттық денемен қысылып, оның қасиеттерін шектейтін қыспақтан құтылып, енді еркіндік алады. Ол тек қана заттық тәнді ғана тастады. Бірақ ол өте нәзік, ауа тәрізді салмақсыз, адам мүсінді нәзік болмысымен басқа әлемге өтті.

Нәзік болмысты жан толығымен өзімен алып кетпейді. Нәзік болмыстың тәнмен тығыз байланысқан қоюлау бөлігі әуелде тәнмен қалып, сөйтіп ол біртіндеп тарайды. Оның бөліктері үш, жеті, қырық және бір жылда тарап, кеңістікке сіңеді. Сондықтан қазақ халқында ғана емес, сонымен бірге, көптеген халықтарда үшін, жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар. Жан нәзік денесімен, периспритпен келесі көрінбейтін әлемге өтеді. Жанның бұл өзінің рухымен нәзік денелері арқылы байланысқан қалпын аруақ дейміз. Аруақ өзінің нәзік денесін өзгерте алады. Ол периспритті парды қоюландырғандай қоюландырып, көзге көрінетін жағдайға келтіре алады. Осылай ол тіпті жансыз заттарға да әсер етіп, оларды қозғалтып, секіртіп жылжыта алады. Осылай ол түрлі шу, қағазға жазу және сол сияқты көптеген іс-әрекеттер жасай алады. Аруақтар затқа әсер жасайтындықтан, сол әсерімен Алла тағала бұйрығын орындап, бүкіл заттық әлемді басқарады. Аруақтар әуелде өздерінің бар екенін білдіру үшін түрлі қозғалыстар, шу көтеріп өздеріне адамдардың көңілін аударған. Кейбір аруақтар ақырын дыбыстап қана қоймай, үлкен шу көтеріп, ыдыс сындырғандай, есік ашылып-жабылғандай, не болмаса үлкен бірдеңенің құлағанындай дыбыстар шығарған. Олар адамның қолын қозғап жазу жаздыру ғана емес, музыка ойнатып, сурет салдырып, нота жаздырып, бір сөзбен айтқанда, өздерін адамдарға сездірген. Аруақтар түрлі әдістермен келуі мүмкін. Кейбір естуші медиумдар деп аталатын адамдар оларды естиді, сөйтіп олармен сөйлесе алады. Кейбір адамдар көреді. Бұлар көретін медиумдар. Көрінетін аруақтар өздерінің тірі кездеріндегідей қалып алады, кейде тіпті бұрынғы дене кемістіктерін де көрсетуі мүмкін. Бірақ анық емес, бұлыңғыр болады. Кейде оларды адамнан айыру өте қиын болып, оның қолын да қысып, сөйлесіп кеткен жағдайлар болған. Олардың адам емес екенін кенеттен жоқ болып кетуінен ғана білуге болады. Аруақтарды көру өте сирек болады. Бірақ өмірде кездеседі. Тәннен босанған аруақ өзінің туған-туысқандарын, достарын көруге асығады. Ол өзінің басқа әлемге өткенін, бірақ тірі екенін білдіргісі келеді. Бұл туралы Шәкәрім мысал келтіреді. Білмеген адамдар мұны тылсым дүниесіне жатқызар еді. Бірақ оның қалай болатынын білгендерге мұның ешқандай да тылсымдығы жоқ, барлығы табиғи заңдылыққа бағынады. Мен өзім аруқтардың айтқанын жазатын, оларды еститін, көретін адамдардың бірталайымен таныс болдым. Сондай адамдардың бірі – Семейдің қасындағы Курчатов қаласында тұратын Ольга Владимировна деген әйел. Ол өзіне белгілі аруақпен ғана байланыс жасайды. Менің көзімше аруақпен хабарласып, оның айтуымен жазулар алды. Әйел тек қана аруақтың ықпалымен қолын ғана

қозғап отырады, не жазып отырғанын әуелде өзі білмейді де. Осылай, аруақ әйелдің сұрағанына жауап жазып береді. Сонымен, аруақтардың өз әлемі бар. Адамдар әлемі олардың өздерінің денелері тәрізді көзге көрініп-білінетін тұрпайы элементтерден құралатын болса, аруақтардың әлемі де олардың тәндері тәрізді көзге көрінбейтін нәзік элементтерден құралады. Адамзат қоғамында қандай өзгерістер болса, онда да сондай, тіпті одан да жоғары маңызы бар өзгерістер болып жатады. Біздің әлем жоғары әлемдердің көлеңкесі тәрізді. Төменгі әлемде не бар болса – жоғарыда да сол, бірақ онда төменде жоқ көптеген құбылыстар да бар. Сондықтан жоғары әлем төменгі әлеммен салыстырғанда өте қызықты және ләззаты мол өмір. Бұл туралы ол жаққа барып келген адамдар айтады. Ол жаққа барып келген деп «клиникалық өлім» алған адамдарды айтамыз. Түрлі жағдайлармен өліп, бірақ қайта тірілген адамдар зерттеліп, олардың көрген, білгендері қазіргі заманда көп зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. Теледидардан жуырда осы айтылғанды растайтын хабар көрсетілді. Операция кезінде бір әйелдің жаны денесін тастап, ол клиникалық өлімге ұшырайды. Бір сәтте ол жоғарыдан өзінің денесін қоршаған дәрігерлерді көреді. Бірақ өзі ешқандай қиындық, ауырғанды сезінбейді. Керісінше, тыныштық, рахат сезіміне бөленеді. Ол еркін ұшып әрі-бері жүреді. Төменде не болып жатқанын жақсы көріп тұрады. Оның рахат сезімі түс кезінде ұшқан адамның сезімі тәрізді. Түс кезінде ұшудың рахат сезімі әркімде де болуға тиісті. Әйел осы сезімді сезінеді. Бір кезде дәрігерлердің «жүрегі тоқтады» деген сөзін естіп, өзінің туысқандарына хабарлау үшін үйіне қарай ұшады. Үйіне келсе, туыстары жиналып отыр. Бірақ оны ешкім естімейді, сезбейді. Бір уақытта ыдысаяқ ұстап бөлмеге апасы кіріп келеді де, ыдысы қолынан түсіп, сынады. Түскен ыдысты жинағанда қасық кілем астына түсіп, көрінбегендіктен, оны таба алмай қалады. Әйел осының барлығын көріп тұр. Ол бір кезде өзінің қайтуы керек екені есіне түсіп, клиникаға қайта келіп, денесіне кіреді. Сол кезде оның жүрегі соғып, оянған екен. Оянған соң ол дәрігерлерге барлық көргенін баяндап береді. Оны тексеру үшін бас дәрігер әдейілеп оның үйіне барады. Үй ішіндегілер әйелдің айтқанын растап, шынында да сол уақытта барлығы бір бөлмеде отырғанын, әйелдің апасы бөлмеге кіріп, ұстаған ыдыстарды қолынан құлатып алғанын, бірақ қасықты таба алмағандарын айтады. Дәрігер қасықтың қайда жатқанын білгендіктен, кілемнің шетін көтеріп қасықты алып береді. Міне, осының барлығы ешкімнің ойдан шығарғаны емес, аруақтың бар екенін дәлелдейтін көріністер емес пе? Осыған ұқсас жағдайлар кімнің болса да өмірінде кездесуі мүмкін. Сонымен, аруақ дегеніміз тәнді тастаған жан. Ол нәзік денесімен көрінбейтін көмескі әлемге өтіп, сонда өмірін әрі қарай

жалғастырады. Бірақ тәннің өзі адам емес екені тәрізді, нәзік дене де аруақ емес. Себебі нәзік дене ойлай алмайды. Нәзік дене жанмен біріккенде ғана аруақ болып, оның сезіну, ойлау қабілеті пайда болады. Шын мәнінде аруақтың нағыз өмірі нәзік әлемде ғана басталады. Ал бұл өмір оның өзінің бұрынғы жіберген күнәләрін өтеу үшін, не болмаса, тәжірибе алып, әрі қарай тазарып, жоғарылау үшін, кейде Алла тағаланың әмірімен белгілі бір миссияны (мысалы, пайғамбарлар) орындау үшін келеді. Сондықтан бұл әлемдегі өмір мақсаты әркім өзінің міндетін толық орындап, келесі өмірге дұрыс өтуінде. Ал түпкі мақсат – Алла тағалаға қайту. Бұл мақсат өте алыс, оған жету үшін жан бір емес, бірнеше рет біресе адам, біресе аруақ болып қайталаудан өтуі керек. Ол үшін жанның қайтадан қанша тууы керек екенін ешкім айта алмайды. Бұл әуелі Алла тағаланың әміріне және әркімнің өзінің талпынысына байланысты болады. Шәкәрім ілімі бойынша бұл фәни өмірдің түпкі сыры, міне, осында жатыр. Аруақтар жоғары әлемге өтсе де олардың барлығы бірдей жоғары қасиетті емес. Хабарласқан кейбір аруақтардың сөздері өте маңызды, шешен, олардың сөздері байсалды, өздері салмақты, мейірімді екені байқалса, ал екінші бір аруақтардың өте жеңілтек, айтқан сөздерінде ешқандай маңыз жоқ, өздерінің тек қана жамандық ойлап, кесірін тигізуге дайын, ақымақ екені білініп тұрады. Осылай түрлі аруақтар болады екен. Мұны түсіндіру де қиын емес. Аруақтар адам қалпынан нәзік әлемге өткеннен кейін олар бірден өзгеріп кете алмайды. Олар адам қалпында қандай болса, аруақ болғанда да сол қалпында қалады. Сондықтан аруақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар. Жақсылары періште болса, жамандары пері болады. Жан келесі әлемге өткенде оның өмірі осылай жалғаса береді. Бұл әлемде оның өмірі қандай бола, келесі әлемде де оның өмірі сондай дәрежеде болады. Егер бұл өмірде рухани жетіліп, жаман қылықтардан арыла білсе, келесі әлемде ол сондай жақсылыққа жолығып, өмірі ләззатқа толады. Оның өмірі жоғары періште дәрежесіне де жетуі мүмкін. Ал керісінше, бұл өмірде нәпсіге беріліп, жаман қылықтарынан арыла алмаса, онда келесі өмірінде де сол қылықтарынан арыла алмай, азап шегеді. Ол жердегі әдеті бойынша біреуді алдауға, жәбірлеуге, мазақ етуге, қорқытуға дайын тұрады. Ондай аруақтарды жындар, перілер, шайтандар деп атайды. Олар әлі тазарып, жетілудің жоғары деңгейлеріне жеткен жоқ. Бірақ әділет заңдылығы барлық әлемге ортақ. Сондықтан өзінің жаман қылықтары үшін ол өзіне тиесілі қарымын алады. Аруақ бұл дүниеде алмаған қарымын о дүниеде өзіне қосып алады. Сондықтан бұл дүниеде жасаған жаман қылықтары үшін жазасын алмаса да, о дүниеге барғанда ол үшін жазасын міндетті түрде алады. Бұл

дүниеде әркім өзінің қарызынан толық арылуы керек. Бұл – әлемнің
өзгермейтін әділет заңдылығы.
Тәндері болмағандықтан, аруақтар өздерінің жаман қасиеттерін
жасыра алмайды. Нәзік әлемде барлығы қолмен қойғандай көрініп

тұрады. Сондықтан жаман қасиет зардап әкеледі, ал жақсы
қасиеттер, керісінше, басқа аруақтардың алдында үлкен сый-құрмет
әкеледі.

Әулие болмысы

Әулие деп фәни әлемнің материялық байланысынан толық
арылған адамды айтамыз. Әулие мен пенденің айырмашылығы,
міне, осында жатыр. Пенде материяға толық байланған. Байланыс
неғұрлым күшті болса, одан айрылғанда алатын зардабы да

солғұрлым үлкен болады. Керісінше, байланыс неғұрлым әлсіз болса

– оның алатын зардабы да солғұрлым аз болады. Ал әулие заттық

әлеммен мұндай байланысын толық үзген. Ол денесін тастағанда өте
жеңіл, тіпті өз еркімен де тастай алады. Оның өмірі зардапсыз,
әрқашан да бақытты. Әулие денесін тастағанда нәзік материалдық
әлем емес, рухани әлемге өтеді. Қарапайым адам заттық әлемде

болса, аруақ нәзік материалдық әлемде, ал әулие рухани әлемде
өмір сүреді.
Әулие материядан толық байланысын үзгеннен кейін, ол заттық
әлемде жүрсе де нәпсісін еркін басқарып, рухани әлемнің

заңдылығымен өмір сүреді. Сондықтан әулие болмысы – таза рухани
болмыс. Әулие үшін формула былай болып жазылады:

ӘУЛИЕ = РУХАНИ БОЛМЫС = ЖАН + РУХ

Рухани жетілу дегеніміз не? Рухани жетілу дегеніміз – нәпсі ықпалынан, яғни материяның ықпалынан шығып, жан ықпалына берілу. Жан неғұрлым жетілген болса, оның материяға байланысы солғұрлым аз. Адам материядан толық арылғанда әулиелік деңгейге көтеріледі. Бұл деңгейде әулиенің рухы Алла тағала рухына жақындай түседі. Бірақ айырмашылықтары болуы мүмкін. Жанның ниеті бар, ол ниет рух арқылы білінеді. Әулиенің ниеті Алла тағаланың ниетіне жақындап, толық сәйкестенеді. Сол кезде олардың рухы да сәйкестеніп, айырмашылықтары болмайды. Яғни, Ғазиз Жан мен шыбын жан сапа жағынан бірдей қалыпқа келеді. Алла тағала разылығы үшін құлшылық жасаудың негізгі мақсаты осында жатыр. Осылай олардың барлық ниет-қалаулары бірдей болып, бірігіп, айырмашылықтары жойылады. Қатты ескертетін бір жағдай, бұл сәйкестік тек қана сапа жағынан ғана. Ал сан жағынан алғанда Алла тағала әрқашанда шексіз үлкен

болып қала береді. Жан «өзім» деген сезімін әрқашан да сақтайды. Сондықтан ол өзімдігін жоғалтпай, индивид ретінде Ғазиз Жанмен қарым-қатынасқа кіреді. Осылай жан иесі түпкі мақсатқа жетіп, ең жоғарғы қарым-қатынасқа, шексіз ләззатқа бөленеді. Түп Иеге қайтудың шыңы осы болып табылады. Сонымен, себептердің себебі Ғазиз Жан бүкіл болмыс көріністерін жаратып, жанға оның ниет-қалауына байланысты түрлі жағдайлар береді. Жан өзінің назарын Ғазиз Жаннан ауыстырып өзіне бағыттағанда, ниетін қанағаттандыру үшін ол материалдық әлемге жіберіледі. Сонымен, жанның әуелгі таза рухы жалған «өзіммен» былғанып, өзгереді. Осы өзгерген рухымен жан материалдық әлемге келеді. Материалдық әлем нәзік және тұрпайы заттық болып екіге бөлінеді. Нәзік әлемде жан рухымен және материалдық нәзік денесімен болады. Оның бұл қалпын «аруақ» дейміз. Ал ол заттық әлемге келгенде, қосымша заттық тән алады. Жанның бұл қалпын «адам» дейміз. Осылай адам болмысы рухани, нәзік және тұрпайы материалдық бөліктерден құралады. Осыдан адам қалпы жан үшін ең жақсы кез емес екенін, керісінше, оның Алла тағаламен қатынасында ең ауыр кезінің бірі екенін көреміз. Бірақ осы ең ауыр кез жанға ең үлкен сабақ береді. Ол бұл әлемде өзінің тәнін қолдану арқылы жаман ниет-қалауларынан арылуға мүмкіндік алады. Бұл әлем оған күнәсінен арылатын, тазарып рухани жолға түсетін, Алла тағаламен байланысын орнатуға мүмкіндік алатын орын болып табылады. Осылай жан рухани, нәзік және заттық болып табылатын үш әлемде болады. Бұл әлемдердің қасиеттері бір-бірінен өте алшақ. Су өзгеріп мұз, сұйық және пар болғанда оның қасиеттері де бір-біріне ұқсамайтын қасиеттер алатыны тәрізді, бұл үш әлемнің де қасиеттері бір-біріне ұқсамайтын өте алшақ. Рухани әлем сөзбен жеткізуге келмейтін таза рухтан тұрады. Нәзік әлем де бұл заттық әлемге ұқсас емес. Адамның нәзік болмысы қандай материалдардан құралатын болса, нәзік әлем де сондай материалдардан құралады. Сондықтан тәнді тастаған соң аруақ болған жан онда еркін өмір кеше алады. Заттық әлем басқа екі әлеммен салыстырғанда өте ауыр, ең тығыз және дөрекі элементтерден құралады. Бұл элементтерді Шәкәрім ауа, от, су және топырақ деп атайды. Бұларға қарапайым сезімдер қабылдай алмайтын эфирді қосатын болсақ, сонда бұл әлемді құрайтын негізігі бес элементті білеміз. Шәкәрімнің үш анығы, міне, осы үш әлеммен тығыз байланысты. Өмірде дұрыс жол табу үшін бұл әлемдерді бір-бірінен айыра біліп, олар туралы арнайы түсінік болу керек. Рухани әлемді тек қана рухани жолмен танып, білуге болады. Нәзік әлемдерді эзотерикалық ғылымдар, парапсихология зерттейді. Ал заттық әлемді зерттеу – материалдық ғылымдардың үлесі. Жоғарылар төменгіні жақсы

көріп, жақсы түсіне біледі. Сондықтан олар төменгілердің кемшіліктерін түсіне біліп, оларды сынға алмайды. Ал төмендегілер, керісінше, жоғарғыларды дұрыс көріп, дұрыс түсіне алмайды. Сондықтан төмендегілер жоғарыдағыларды үнемі сынға алып, оларға қарсылық көрсетуге тырысады. Бірақ заттық әлемнің қиын сырлы көріністерін ашқан кейбір ойлы ғалымдар өздерінің қателіктерін көріп, жоғары мақсатқа заттық ғылым жеткізе алмайтынын мойындайды. Шәкәрім ғалымдардың бұл туралы ойларын былай деп көрсетеді: «Жаралыс (жаратылыс –құраст.) жолы, физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (физика) нәрселер туралы Европа білімділерінің сөздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш ғалымдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің тіпті, азғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге қарағанда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынын еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаратылыстың заңдарын ойласам, ұғындыруға шамам келмей таң қаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек болады. Олар жаратылыстың көп жұмбағына қарағанда, бос сөз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді. Герберт Спенсер күн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең, соншалық ашық нұсқада (формада) адамның ықпалынан тыс бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф. Фонтель «Білім айналасында» деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның құдыретін өлшеусіз зорлығымен біздің ақыл-сезімімізді таңғалдыруда деген. Руссо деген атақты поэт (ақын) айтқан, мен басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барына ақылымен әбден нанбай тұрып адам толық тазалыққа жете алмайды деген зор философ Биренжие. Дін мәселесі шешілу үміті таялды деген Жан Жак Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле сияқты неше жүз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниені жаңа бір дін қаптаса керек деген». Осылай Шәкәрім заттық әлемнің міндетін, оған жету жолдарын білдіреді. Аруақ заттық әлемге келгенде оның негізгі мақсаты, кейбіреулердің ойлағанындай, бұл фәни әлемде бақыт іздеу емес. Аруақ тән алардан бұрын бұл әлемдегі өмірді, қандай жағдайларға кездесетінін біліп, кейде өзі таңдайды. Жоғары әлемдерде жанның еркін шектеп, басып тұратын заттық тән болмағандықтан ондағы

жан иелері болмыс сырларын бұл әлемдегілерден жақсы түсінеді. Сондықтан, оларға өмір мақсаты ашылып, енді соған жету үшін қандай сынақтан өту керегін өздері таңдап, соған байланысты өмір түрін қабылдайды. Нәзік әлемдегі аруақтар фәни әлемдегі өмірдің мақсаты табиғат көріністерін пайдалану арқылы Жаратушыны тануға ұмтылу екенін жақсы біледі. Шын мәнінде, адам күнделікті және өткен өмірден тағлым ала білуі керек. Бұл өмірде тіпті әрбір басқан қадам жоғары мақсатқа қарай жетелейтін сабақ тәрізді. Сабақ алу барысында біз өзімізге берілген мүмкіншіліктерді дұрыс пайдалана аламыз. Бірақ фәни әлемге шырылдап келген сәтінен бастап кейбір адам бұл мақсатты ұмытады. Сөйтіп, көкірек көзі жабылған имансыздар қатарына қосылып, даладағы сауық қуып шырылдаған шегіртке тәрізді уақытты босқа өткізіп, өлім келгенде өкініште қалады. Жаралыстың бізге ең керектігі – біздің тойымсыз ақылымызды тойғызу үшін емес, ең зор керегі – барлықтың бәрін (барлық жан иелерін) Жаратушы Иені тануға қарай жетелеуінде, һәм Соның құдыретін өлшеусіз зорлығымен

біздің ақыл-сезімімізді таңғалдыруда, деп Шәкәрім, міне, осыны білдіріп отыр. Әрі қарай жаратылыстың терең сырын адамның өз ойымен толық білуге ұмтылуы бос әуре екенін білдіретін ойлар келтіріледі. Табиғат заңдылықтарын зерттегенде мақсат оны тек қана біліп қою үшін емес, оның не себептен осылай жаратылғанын және болмыс үйлесімділігін біліп-сезіну үшін, сонымен бірге сол үйлесімділікті сезіну арқылы жүректі тазалау үшін болу керек. Негізгі мақсат – жүректі тазарту. «Осы кезде Европада әлде жүз ғалымдар магнетизм, спиритизм, телепатия сияқты ғылымдарды құрал ғылып күнітүні жан мәселесін тексеруде» – деп ойшыл ғалымдардың болмысқа көзқарасы өзгере бастағанын білдіреді. Адамның сезім мүшелерінің табиғат заңдылықтарын толық меңгеруге жеткіліксіз екенін ол былай деп білдіреді: «Сыры жасырын нәрселермен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камиль Фламмарион айтқандайын біз жалғыз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондықгректің Пифагор деген білімдісі кішкентай жердің айналасында өзге зор планеталар айналғаннан гөрі жер һәм өзге планеталар Күннің айналасында айналғаны ақылға сиымды деген. Осы тұжырым аспанның механика заңына да сиымды дегенде сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх бұл ойды күлкі қылмас еді. Сократ жаратушы ие бар деймін деп не көрмеді. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегені үшін не көргенін білесіздер. Ауа (воздух) кислород-азот деген екі газдардан қосылғанын тапқан

Лавуазьеге онысын теріс көріп, химия ғылымына жүйрік, академик Боуме протест қылған. Ғайсадан 287 жыл бұрын болған Архимед (грек-ион) еңбектеріндегі жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель». Осылай ойшыл ой арнасын кеңіте отырып, адамды әлем кеңістігінің шексіз сырларына қарай жетелейді. Ол үшін ой-өріс байланбай, еркін өріс алуы керек. Не себептен адамзат қауымы шындықты бірден қабылдай алмайды? Себебі, білімді алу жолы мен алу әдісіне байланысты оның ақиқаттығы да әртүрлі болады. Жалпы білім алудың екі жолы бар. Оның бірі – болмыс көрінісін төменнен жоғары қарай, немесе жалқыдан жалпыға қарай зерттеу әдісі болса, екіншісі – керісінше, жоғарыдан төмен қарай, немесе жалпыдан жалқыға қарай зерттеу әдісі. Төменнен жоғарыға қарайғы әдісте адам іздегенін білімнің ақиқат көзіне сүйенбей, өз күшімен, сезімдерін пайдаланып, ойөрісімен табуға ұмтылады. Осылай ол табиғаттың бірнеше жеке көріністерінен жалпы тұжырым жасауға ұмтылады. Мысалы, адам баласының өлетінін, не болмаса өлмейтінін білгіміз келді делік. Бұған анық көзімізді жеткізу үшін бүкіл адамзат қауымын зерттеп шығу керек болар еді. Әйтпесе мен кездестірмеген өлмейтін адам болуы мүмкін деген күдік қалуы мүмкін. Бұл әдіспен адам толық сенімге келе алмайды. Күдік әрқашанда сақталады. Ендеше ақиқатқа толық сеніп, оған толық көз жеткізу мүмкін емес. Жоғарыдан төмен қарай зерттеу әдісінде адам беделді білім көзіне сүйенеді. Ол осылай жалпы білімнен жеке тұжырым жасай алады. Мысалы, Құран Кәрімде адамның барлығы да бұл фәни әлемнен өтіп, түбінде Алла тағалаға қайтатыны туралы айтылады. Мұндай сенімді Құранның (21-93), (32-11), (7-29), (5-10), (28-70) тәрізді аяттарыннан /14/ алуға болады. Егер Құранға сенетін болсақ, онда ешқандай тәжірибе жүргізбей-ақ әркімнің бұл әлемнен бақи әлемге өтетінін білеміз. Осылай дәл және ақиқат тұжырымға келеміз. Бірақ бұл үшін сенім керек. Сенім әркімге оңай беріле бермейді. Беделді білім көздеріне сүйенген адам білім қуғанда тәжірибе жасауға уақытын жібермейді. Ол көп уақытын үнемдеп, сонымен бірге, жеңіл жолмен мақсатына жетеді. Мұндай әдіспен ол білім шыңына ұзақ уақыт жыланша өрмелемей, қыранша самғап аз уақытта көтерілуге мүмкіндік алады. Бірінші әдіспен ғылым көрнеу әлемді зерттеп, біршама білді. Бірақ толық білді деуге болмайды. Бұл туралы Шәкәрімнің өзі төменде айтады. Ал көрінбейтін әлемге келетін болсақ – бұл әдіспен оны заттық ғылым мүлде зерттей алмайды. Заттық ғылымның пайдаланатыны адамның бес сезім мүшелері мен логикасы. Ғалымдардың қолданатын құралдары материалдық тұрғыдан алғанда қандай күрделі, жетілген болса да, ол кемшілігі көп сезімдер

мен логиканың көмегімен жасалған. Сезімдер мен логиканың кемшіліктері бар. Ендеше, кемшілігі бар құралмен жасалған нәрсе кемшіліксіз болмайды. Сол себептен, заттық әлемді өздерінің сезімдері мен логикасының көмегімен зерттеген ғалымдардың жасаған жұмыстары да кемшіліксіз емес. Олардың ашқан жаңалықтары белгілі бір өмір жағдайында ғана ақиқатқа сәйкес келеді. Ал бұл жағдай өзгерсе, ол сәйкестігін жоғалтып, ақиқаттығынан айрылып қалады. Бұған табиғаттану ғылымдарынан көп мысалдар бар екені белгілі. Әрине, мұнан ғылымның ешқандай пайдасы жоқ деген ой тумаса керек. Фәни әлемде ғылымның үлкен орын алатыны ешқандай дау тудырмайтын ақиқат екені баршаға белгілі жағдай. Ал бақи әлемді алатын болсақ – іс мүлде басқа. Фәни әлем әдістері мен зерттеу құралдары бақи әлем үшін қолдануға келмейтіндіктен, заттық ғылымның көрінбейтін әлемді зерттеуде пайдасы шамалы. Бақи әлем – мінсіз әлем. Ал фәни әлемде мінсіз ештеңе жоқ. Ендеше фәни әлемде ақиқатқа жету өте қиын. Бұл өмірде сенімсіздік тудырып, әркім ақиқатты өзінше іздеп, өзінің таптым деген ақиқатын ғана мойындап, басқаларға сенімсіздік тудырады. Осылай фанатизм, біржақтылық туындап, табиғаттың жаңа ашылған сырларын бірден қабылдауға мүмкіндік бермейді. Шәкәрім сөзімен айтқанда «жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болады». Табиғат сырлары шексіз. Оның себебі – заттық әлемге нәзік әлем үнемі әсер етіп, өзінің ықпалын жасап отырады. Соның нәтижесінде заттық әлем жанданып, өзгеріп, тіршілік көріністерін береді. Адамның нәзік болмысы нәзік әлемнің бір бөлігі болғандықтан, адам да өзінің ой-өрісімен қоршаған табиғатқа, материалдық элементтерге әсер етіп, оны өзгертіп отырады. Осылай нәзік әлем мен заттық әлем арасында байланыс үзілмейді. Адамның ой-өрісінің материалдық элементтерге әсері туралы әрі қарай Шәкәрім былай деп сөзін жалғастырады: « Осы күнде сыры табылған физикалық жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығын 1738 жылы туып 1815 жылы өлген Месмер деген Германияның докторы хайуан магниті деген нәрсені тауып сонымен ауруларды емдеген. Оны бүкіл Европа білімділері тексеріп бір қуаттың барлығын мойындаған. Месмер өзі доктор, көп ғылымды адам, бірақ емдеуді ғылым жолымен емес, бір шелек суды өзінің бір түрлі жолымен магниттейді де, сол суға кейі қолын, кейі аяғын сұғып, кейі құйынып жазылады. Суды магниттегенде сиқыршы жәдігөйлер сияқты ақылға қонымсыз, Алатау жақтағы қарақұрт шаққанды емдейтін тарамшы дейтіндер сияқты-ау деймін.

Францияда оны тексеруші комиссия шығып, хайуан магниті түбі білімсіз болса да, әсер беретіні рас екен деп жар салған.». Месмер бір кезде Еуропада атағы кеңінен жайылған мистиктердің бірі болды. Ол судың ол кездегі адамға белгісіз қасиеттерін пайдаланып түрлі ауруларды емдеген. Судың қасиетін білмегендіктен ол кезде Месмердің жасағандарын түсіне алмай, оны сиқыршы деп атаған. Егер қарапайым судың бұрын адамға белгісіз қасиеттерін білетін болсақ, онда Месмердің жасап жүрген істерінің ешқандай да сиқырлығы жоқ екенін түсінеміз. Осыған көзімізді жеткізу үшін табиғаттың негізгі элементтері ауа, от, су, топырақ қасиеттерінің адам өміріндегі алатын орнына қысқаша тоқтала кетейік. Табиғаттағы негізгі бес элементтің бірі – судың таң қаларлық көптеген қасиеттері бар. Табиғатта басқа заттардың арасында су үш түрлі түрде болуымен бөлектенеді. Ол газ, сұйық және қатты мұз түрінде кездеседі. Су мұз болып қатқанда көлемін ұлғайтады, ал ерігенде керісінше көлемін азайтып, бірлік салмағын ұлғайтады. Су сіңіп, артынан суық түсіп, су мұзға айналғанда су сіңген заттар жарылып, үгітіліп, артынан бірте-бірте топыраққа айналады. Осылай жартас, асфалть жолдар жарылып. үгітіліп жатады. Табиғаттағы өзгерістердің көпшілігі судың әсеріне байланысты. Ол жақсы еріткіш. Ғалымдар кейінгі кездері осы қарапайым судың тағы таң қаларлық басқа да қасиеттерін ашты. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің бірінде 1956 жылы мынандай жағдай болған екен. Бактериялық қару жасау мақсатында жабық түрде үлкен ғылыми конференция ашылып, ол қаруды қалай жасау керектігі жөнінде ғалымдар өз ойларын ортаға салады. Қатысқан ғалымдардың көпшілігі конференциядан кейін ауырып, ауруханаға түседі. Диагноз – тамақтан улану. Ал уланған адамдар конференция кезінде үстел үстіндегі графиннен таза судан басқа ештеңе ішпеген. Сөйтіп, олар таза сумен уланып қалыпты. Аурухананың тіркеу қағазында да уланудың себебі – «таза су» деп жазылыпты. Бұл таң қаларлық жағдайды кезінде ешкім түсіндіре алмаған. Оны қазіргі кездегі ғылым жетістіктері арқылы ғана түсіндіре бастады. Бұл ғажайып оқиғаның себебі былай екен. Судың сезіну, қабылдау, есіне сақтау және оларды басқаға бере алатын қабылеті бар екен. Ең бастысы – судың қасиетін оның қандай элементтерден құралатыны емес, яғни химиялық құрамы емес, оның структурасы, яғни молекулаларының қалай орналасқанына, құрылымына байланысты екен. Судың молекулалары бірігіп, түрлі құрылымдар жасап, бірігеді. Бұл құрылымдарды ғылым тілінде кластер деп атаған. Бір кластерде 440 мың ақпарат сақтайтын ұя бар. Осыдан судың қандай көп ақпаратты есіне сақтай алатынын көреміз. Осылай ғалымдардың уланған себебі ашылады. Ғалымдардың улы заттарды қалай жасап,

оларды қалай қолданып, қалай уландыру керектігі жөнінде ойлары, айтылған сөздері, жасаған жоспарлары үстел үстіндегі графиндер ішіндегі суда жазыла берген. Суды ішкен адам сол хабарды сумен бірге ағзасына енгізіп, сол программа бойынша уланған. Бұл – тарихи дерек. Судың құрылымы оған таң қаларлық басқа көптеген түрлі қасиеттер береді екен. Судың құрылымы электр, магнит толқындары, жарық және адам ойының әсерінен өзгереді. Судың бұл қасиетін алғаш рет жапон ғалымдары ашқан. Егер суды тез суытса ол қатып өзінің құрылымын сақтайды. Микроскоппен оның кристалдарын анық көріп, суретке түсіріп алуға болады. Суға адамның көңіл күйі, сөздің жақсы-жаманы, музыка да әсер етеді екен. Классикалық музыка, жақсы сөз, жақсы ой білдіріп қатырған судың структурасы өте үйлесімді, симметрия жақсы сақталған, әдемі көрініс береді. Ал ауыр рок, жаман сөз, жаман оймен әсер еткен судың структурасы, керісінше, симметрия жоқ, қисық, ауыр сезім қалдыратын көрініс береді. Осылай судың қандай екенін оңай көруге болады. Судың құрылымын оқылған дұға да өзгертеді. Шіркеу, мешіттерде дұға оқылған суларды тексергенде оның құрылымы өзгергені анықталған. Осындай судың 10 грамын 6 литр суға қосқанда барлық судың құрылымы өзгергені анықталған. Осындай суды адам денесіне тигізіп, не болмаса оған шашып, оның бойындағы суды өзгертуге болады. Сөйтіп адамның денсаулығын және оның бойындағы барлық қасиеттерді өзгертіп, түзетуге болады. Қазақ халқында тойға барған адамның «той сарқыты» деп, тойдан қалған тамақтан үйіне алып келетін салт бар. Үйдегі адам тойға бармаса да ондағы қуаныш, шипалы сөздер әсерін осылай тойдан қалған «сарқыт» арқылы алатын болған. Ауруды сумен үшкіріп жазу, сумен аластау, суға шомылдыру, намаз оқыр алдында өзіндік ниетпен дәрет алу тәрізді дәстүрлердің барлығы судың осы ерекше қасиеттеріне негізделеді. Осылай халықтың салт-дәстүрі, діни рәсімдердің үлкен мағынасы барын түсінеміз. Шәкәрім жазып отырған Месмер де дұға оқып және өзінің денесіндегі магнитті пайдаланып судың құрылымын өзгертеді. «Хайуан магниті» (животный магнит) деп денедегі болатын электромагниттік толқындарды айтып отыр. Осылай өзінің нәзік денесін шоғырландыру арқылы Месмер суға әсер етіп, оның құрылымын өзгерте білген. Сол суға кейі қолын, кейі аяғын сұғып, кейі құйынғанда ол су адамның денесіндегі судың құрылымын өзгертеді. Сөйтіп, адам денесіндегі судың құрылымы өзгеріп, бір қалыпқа келіп дұрысталғанда адам ағзасында үйлесімділік орнап, ауру жазылады. Қазіргі кезде мұндай әдісті экстрасенстер жиі пайдаланады. Бір кездегі теледидарды пайдаланып суға әсер етіп,

бүкіл елді емдеуге ұмтылған Чумактың әрекеті осыған жақсы мысал болады. Қарақұрт шаққанды емдейтін тарамшыны еске алып Шәкәрім де бұл әдістің бұрыннан белгілі екенін білдіреді. Адам ой-өрісінің, ынта-жігерінің суды өзгерте алатыны жөнінде мынандай оқиға бар. 1881 жылы Ливерпульдан Сан-Францискоға қарай бет алған кемеде өрт болып, кеме суға батады. Қайыққа мініп аман қалғандар көп уақыт су бетінде болады. Ішейін десе ішетін су жоқ. Аман қалған кеменің капитаны артынан былай деп әңгімелепті. Ешқандай лаж қалмаған соң, біз барлығымыз Құдайға жалбарынып, барлық күш-қайратымызбен «қайықтың сыртындағы су ащы емес» деп өз ойымызды шоғырландыра бастадық. Сөйтіп, біраз уақыт шыдаған соң мұхит суын ішіп көрсек, оның суы шынында да ішуге болатын тұщы болып шықты! Сөйтіп, біз өлімнен аман қалдық, дейді. Осылай адам ойының, қуатжігері әсерінен ішуге келмейтін теңіздің ащы суы өзінің құрылымын өзгертіп, тұщы суға айналған. Інжілде айтылатын Иса пайғамбардың суды шарапқа айналдырған ісін де ғалымдар осылай, судың құрылымын өзгертумен түсіндіреді. Осыдан өте маңызды түйін шығады. Егер адам денесінің 70-80 пайызы судан құралатынын еске алатын болсақ, онда оның өзінің мінез-құлқының, көңіл-күйінің, айтатын жақсы сөзінің денесіндегі су құрылымына қандай әсері болып, оның өзінің қалай өзгере алатынын түсінеміз. Адам миының 90 пайызы судан құралады. Сондықтан адамның жетілуі оның миындағы су құрылымына көп байланысты. Егер оның ойлаған ойы, сөйлеген сөзі, жасаған ісәрекеті дұрыс болса, онда оның бойындағы судың құрылымы да дұрыс болып, бүкіл ми қабілеті өзгеріп, рухани болмысы мен денсаулығы жақсы болады. Керісінше, адамның бойындағы жаман қасиеттер оның денесіндегі судың құрылымын өзгертіп, адамның денсаулығына, мінез-құлқына, ой-өрісіне көптеген жаман әсерін тигізеді. Аруақтар басына барып тәуіп қылғандардың аурудан жазылып, өмір зардаптарынан құтылу себебі де осыдан болса керек. Аруақтар адам бойындағы судың құрылымын өзгертіп, жақсартады. Осылай судың адам өмірін басқаруда үлкен рөлі бар екенін көреміз. Бұл мәселені Ресей ғалымы профессор Коротков көп тәжірибе жасап толық дәлелдеген. Судың басқа қасиеттері де ашылды. Қытай ғалымдары құрылымы дұрысталған су өсімдікке керек суды 20 пайызға кемітетінін, ал өнімділігін 20 пайызға арттыратынын анықтаған. Қазақтың ұлттық университетінің профессоры Виктор Юнишкиннің зерттеулері бойынша қаладағы су барлық стресс, ақпарат былғаныштарын өзіне сіңіріп, былғанады. Сонымен бірге құбырдан өткен су әрбір бұрылыста өзінің алғашқы құрылымын өзгертіп, бейберекеттеніп нашарланады. Осылай қаланың суы «өлі»

суға айналады. Ал суды тазарту үшін оны бір түрден екінші түрге айналдыру керек екен. Будан сұйыққа, одан мұзға айналғанда, не болмаса керісінше мұздан суға, одан буға айналғанда судың құрылымы қалпына келіп, жақсарады. Сондықтан таудағы қардың суы, жаңбыр суы, жерден шыққан бұлақ суы «өлі су» емес, керісінше, адамның денсаулығын жақсартып, қуатын өсіретін «жанды су» болып табылады. Осылай судың материалдық әлемде қандай зор маңызы бар екенін көреміз. Су табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың барлығына өз әсерін тигізеді. Судың көптеген керемет сырларын Америка ғалымы профессор Рустум Рой, Австрия ғалымдары Курт Вютрих пен Аллонс Гривер, Лондон университетінің профессоры Мартин Чаплин тәрізді зерттеушілер ашты. Біз табиғаттың негізгі бес элементінің бірі – судың – ғана керемет қасиеттерін сөз қылдық. Қалған төрт элементтер: эфир, ауа, от пен жер де осындай құпия қасиеттерге толы. Олардың барлығын адам баласы толық біліп болмайды.

Нәзік болмыс көріністері

Болмыстың түпсіз құпиялары надандық әсерінен үнемі мойындала бермейді. Сондықтан қандай жаңалық болса да оған әуелі қарсыластар шығады. Бұл туралы Шәкәрім әрі қарай былай дейді3: «Бұл хайуан магнитінің түбі білімсіз болғаны сияқты электрияның да түбі білімсіз. Бірақ электрияның не нәрседен шығатыны менен неғылып іске жарайтыны табылғандықтан, ғылым еріксіз қабыл алып отыр. Сымсыз телеграмм шықпай тұрғанда жаралыс жолымен іс қуғандар оны мүмкін дер ме еді? Соған қарағанда магнетизм, спиритизм, телепатиялар да бүгін түп себебі табылмай тұрған қуат екенін мойындау керек дейді. Білімділер бұл гипнотизм, спиритизм, телепатиялармен ауыр нәрсе жеңілденеді, жеңіл нәрсе ауырланады, тірі адамды ұйықтатып, жанын әлденеше жүз шақырымдарға жіберіп ғайыптан хабар алады. Өткенді, келесіні сөйлетеді. Өлген адамның жанын шақырып алып сөйлеседі, жазғызады. Сондықтан олар жанның барлығы, тіпті жоғалмайтыны анықталды дейді. Мұның бір қатар шартын тапса әркім өзі сынап білуге мүмкін». Жанның бар екеніне сенетіндер осындай дәлелдер келтіріп, көрінетін тәннен басқа тағы адамның көрінбейтін болмысы бар дейді. Бұл арада «жан» деп адамның таза рухани болмысы емес, оның тек қана нәзік материалдық болмысын білдіріп тұрғанын айта кету керек. Көрнеу әлемнің бір элементінің – судың – қандай керемет қасиеттері бар екенін білдік. Ал оның бір элементі осындай

күрделі болса, онда бүкіл заттық әлемнің қандай күрделі екені өзінен өзі түсінікті болуға тиісті. Көрінетін заттық әлемнен де нәзік көрінбейтін әлемнің қасиеттері одан да көп күрделі. Бұл туралы Американдық зерттеуші Реймон Моуди «Өлімнен кейінгі өмір» атты кітап жазды. Бұл кітап кезінде көптеген тілдерге аударылып, дүниежүзіне кеңінен тарады. Кітапта денесін тастап, уақытша нәзік әлемге өткен адамдардың көріп-білгендері бір жүйеге келтіріліп, тәнді тастағаннан кейін де бір өмір бар екені ғылыми түрде дәлелденеді. Енді нәзік болмыстың кейбір сырларына тоқталайық. Шәкәрім «хайуан магниті» деп сол сырлардың бірін атап отыр. Хайуан магниті барлық жан иелерінде болады. Ол өмірлік қуат. Сол қуаттың арқасында жан иелері өмір сүреді. Бұл қуат қайдан келеді? Оның негізі қайда жатыр? Енді осы сұрақтардың айналасына келейік. Себебі, хайуан магнитін түсіну Шәкәрімнің жазып отырған спиритизм, гипнотизм, телепатия тәрізді болмыс құпияларын түсінуге мүмкіндік береді. Шәкәрім тұжырымы бойынша бүкіл әлемді бір Жаратушы жаратты. Жаратушы барлығын Өзінің рухани нұрымен жаратады. Материалдық әлемде бұл рухани нұр шексіз көп қуат көзіне айналып, әуелі заттық әлемді, сонан кейін ол әлемдегі жан иелерін жаратады. Жаратушының төменгі және жоғарғы қуаты болатыны айтылды. Төменгі қуатына материалдық элементтер жатады. Материяның өзі тұрпайы заттық және нәзік болып бөлінеді. Тұрпайы заттық элементтерге Шәкәрім көрсеткен: ауа, от, су және топырақ, сонымен бірге эфир жатады. Осы бес негізден әлемдегі барлық денелер құралады. Сонымен бірге көзге көрінбейтін нәзік әлемді жасау үшін соған сәйкес нәзік заттық элеметтер бар. Олар – сезім, ақыл, ес, «мен» деген түсінік. Бұл нәзік элементтер жан иелерінің нәзік болмысын, яғни ой-өріс, ақыл-ес тәрізді жан иесінің тұлғалық қасиеттерін құрайды. Адамда нәзік болмыс оның психикалық ерекшеліктері арқылы білінеді. Тұрпайы және нәзік элементтердің негізі Жаратушының рухы, нұры. Бұл нұрдың бір көрінісі әлемдік тоқ. Біз электр тоғының не екенін және оның қасиеттерін білеміз. Жаратушының нұрынан пайда болған алғашқы рухани нәзік элементті басқа сөз болмаған соң, оның сәйкестігін білдіріп әлемдік тоқ деп атаймыз. Біз білетін тоқпен салыстырғанда әлемдік тоқ өте нәзік. Осы әлемдік тоқ қоюланып, әлемдегі барлық элементтерді құрайды. Әрине, бұл арада «қоюланып» деген сөз де тек қана сол процесті түсіндіру үшін салыстырмалы түрде қолданылып отыр. Сонымен, әлемдік тоқ Жаратушының қуаты, барлық элементтердің алғашқы негізі. Жанның да рухы бар. Ол рухтың қысиеті Жаратушының рухымен сәйкес, бірақ өзгерген түрі. Шыбын жан рухы Жаратушы рухымен

ұқсас болғандықтан оның да тоғы бар. Бірақ бұл тоқ та әлемдік
тоқтың өзгерген түрі. Электр тоғы бар жерде магнит пайда
болатыны физикадан белгілі. Жан иелерінде тоқ болғандықтан,
оларда магнит те бар. Шәкәрім шығармасындағы «хайуан магниті»

жан иелеріндегі тоқтан шығады. Тоқ пен оның магнитін бір-бірінен
бөлуге болмайды. Ендеше әлемдік тоқ болса, онда әлемдік магнит
те бар. Әлемдік магнит болмысқа тарап, сонымен бірге, барлық жан
иелерінің денесіне әсер етеді.

Шәкәрімнің «хайуан магниті» деп отырғаны осы. Тоқтан шыққан
магнит арқылы, яғни тоғы арқасында өзіне элементтерді тартып рух
өзіне дене құрастырады. Бұл нәзік дене жартылай рухани жартылай
материалды. Сперттер оны перисприт деп атайды. Перисприт

арқылы рух өзіне нәзік психикалық және тұрпайы заттық дене
тартып, құрастырады. Осылай ол жер бетінде түрлі жан иелерінің
бірі болып өмір сүреді.
Сперттер теориясы бойынша, аруақ затты (үстелді) қозғаған

кезде ол әуелі әлемдік тоқтың бір бөлігімен үстелді жандандырады.
Сонан кейін аруақ өзінің тоғының бір бөлігін бөліп шығарып,
үстелді қозғалысқа келтіреді. Осылай үстел хайуан магнитімен
жанданып, аруақ оны өзінің тоғымен қалауынша қозғай алады. Ал

медиумның рөлі қандай? Аруақ медиумның тоғын жинап үстелге
жіберілген әлемдік тоқпен байланыстырады. Осылай аруақ затты
қозғаған кезде оны әлемдік тоқпен жандандырады. Бірақ әлемдік тоқ
та, медиумның тоғы да өз беттерімен ештеңені жылжыта алмайды.

Себебі, олар тек қана Алла тағаланың қуатынан жаратылған
материя, жан емес. Материяны іске қосатын жан керек. Яғни қалай
қарай қозғалтуды басқарып, анықтайтын жанның ниеті, еркі керек.
Бұл жан аруақтың жаны болып табылады. Сөйтіп жанданған зат

аруақтың қалауымен және оның ықпалымен белгілі бір тәртіппен
қозғала бастайды екен. Медиумның тоғы аруақтың жинаған әлемдік
тоғымен қосылып затқа әсер ете алады. Әлемдік тоқ өте нәзік.
Сондықтан затқа әсер ету үшін әлемдік тоқтың медиумдағы өзгерген

түрі, яғни қоюланған түрі, перисприті керек. Аруақ өзінің
периспритін бере алмайды. Себебі аруақтар тәнді тастаған кезде
өздерінің қоюланған периспритін тәнмен қалдырып, ал тәнмен
қалған перисприт бірте-бірте 3, 7, 40 күн және бір жыл өткенде

кеңістікке таралып кеткен. Сондықтан затқа әсер ете алатын
қоюланған перисприт медиумдардан бөліп алынады. Аруақ өзі
заттық әлемге әсер ете алмайды. Ол медиумның көмегімен ғана,
оның қоюланған периспритін пайдаланып қана әсер ете алады.

Медиум өзінің периспритін, яғни нәзік денесін аруақтың
пайдаланғанын білмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда медиумның
ықтиярынсыз-ақ заттар қозғала береді. Осылай зат өз бетімен
қозғалып кеткен тәрізді көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, жансыз

қозғала алмайтын затты аруақ сол маңдағы өзінің таңдаған

адамынан перисприт алып, затты жандандырып, оны қозғалысқа келтірді. Ешкімнің қатынасынсыз түрлі шу шығарып, терезе шынысын, ыдыс-аяқ сындырып, заттарды қозалтып, шкафтарды құлататын полтергейстердің әрекеті осылай түсіндіріледі екен. Аруақ өзіне сәйкес периспритті ғана алады. Сондықтан ол өзіне ойы, қасиеті сәйкес келетін адамдарды ғана пайдаланады. Зат қозғалғанда аруақтың ықпалымен қозғалады. Сондықтан, аруақ – қозғалыстың себебі, ал әлемдік тоқ – оның құралы болып табылады. Тоқты жинаған кезде медиум аруаққа көмек береді, тіпті аруақты өзінің ықпалына көндіріп алуы да мүмкін. Осылай бақсылардың ойынын түсінуге болады. Бақсылар аруақтарды шақырып алып, оларға бұйрық беріп, өздеріне керек істерді жасата алады. Ал аруақтың күші басым болса, онда аруақтың ықпалы жеңіп кетеді. Осылай аруақ пен бақсының арасында үлкен күрес жүреді. Бақсылардың өздерінің ойындарын көрсеткенде қара тер болып терлеп, кейде естерінен таңып қалулары да осы себептен болса керек. Бұл туралы төменде Шәкәрім мысал келтіреді. Әлемдік тоқ пен медиумның тоғы сәйкес келіп, жақсы қосылса, онда медиумның күші де көп болады. Әлемдік тоқ пен медиумның тоғы кейде өте сәйкес келіп, оны медиумның өзі де білмей, ал аруақтар медиумның периспритін пайдаланып түрлі ойындар жасайды. Осылай аруақтар мен медиумдардың (бақсылардың) арасында күрес жүріп кейде анау, кейде мынау жеңіп жатады. Бақсылардың түрлі дәрежеде болатындары да міне осы себептен. Аруақтар нәзік денеде болғандықтан, оларға дөрекі заттық әлемнің кедергісі жоқ. Олар барлық заттар арқылы өтіп кете берді. Сондықтан олардың жылдамдығы өте үлкен, ойдың жылдамдығындай. Қандай қашықтық болса да тез жетіп келе береді. Аруақтардың сыртқы пішіні адам тәрізді. Бірақ перисприт бұлт тәрізді, өзгергіш болғандықтан, ол өзінің қалауынша түрлі бейне ала алады. Осы арада немістің ұлы ойшылы И.В. Гетенің «Фауст» деген шығармасындағы шайтан Мефистофельдің әуелі «пудель» тұқымды ит бейнесінде келгенін, ал Булгаковтың «Мастер мен Маргарита» атты шығармасындағы жынның бірде мысық, бірде адам бейнесін алатынын еске алуға болады. Перисприттің тығыздығы аруақтардың қасиеттеріне және олардың қандай әлемде жүргендеріне байланысты әртүрлі болып өзгереді. Нәзік көрінбейтін әлемдер көптеген қабаттардан құралатыны белгілі. Жоғары қабаттарда жетілген жандар болса, ал төменгі қабаттарда әлі жетіле қоймаған жандар болады. Олардың перисприттен құралатын нәзік денелері де әртүрлі тығыздықта. Жоғары деңгейдегі жандардың (аруақтардың) денелері нәзік, жақсы рухтанған. Ал төменгі деңгейдегі жандардың денелері тығыз, материяға жақын, сондықтан олар фәни әлемді ұзақ естерінде сақтайды. Олар сол бұрынғы өмірде жүргендей әрекет жасап, ойлап,

сол кезіндегі сезіну қабілетін сақтайды. Сондықтан көңіл көтеру үшін адамдармен солар байланысып, көбіне солар білінеді. Олардың тығыз перисприттері материяға жақын болғандықтан, оларға физикалық әлемде түрлі құбылыстар жасауға мүмкіндік мол. Қарапайым адамдардың көбінесе жын-шайтан, дию, перілерді біліп, ал періштелерді білмейтіні сол себептен болса керек. Бұл дене жұмысымен айналысатын адамның денесінің бұлшық еттері жетілген, күші мол, ауыр жүктерді көтеруге қиналмайтыны, ал ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың, керісінше, денесінің әлсіз, психикасы нәзік болатыны тәрізді. Перисприт аруақтың денесі тәрізді болғандықтан, оның тығыздығы аруақтың жетілу деңгейіне байланысты. Сондықтан жоғары аруақтар өздерін көрсеткісі келсе, адамдардың жүк көтерушілерді пайдаланатыны тәрізді, олар да төменгі аруақтарды пайдаланады. Сонымен, өмір өзегі болып табылатын әлемдік тоқ барлық қоғалыстың себебі. Адам қалпында болсын, аруақ қалпында болсын рух оны пайдаланып өзінің әрекетін жасайды. Әлемдік тоқ қоюланып перисприт, яғни нәзік болмысты жасайды. Рух тәнде болған кезде перисприт рухты денемен байланыстырып, ол дененің ықпалында болады. Ал тәннен шыққан кезде рух аруаққа айналып, перисприт еркіндік алады. Бұл тоқтың белгілі бір бөлігі кейбір адамдарда бөлініп шыға алады. Сол тоқтың көмегімен олар аруақтармен байланысып, олардан хабар, не болмаса түрлі заттарға әсер етіп, қозғалта алады. Кейбір адамдарда перисприттің бөлінуі жақсы, кейбірінде нашар болады. Медиумдық қасиеттің күшті, не болмаса әлсіз болуы осыған байланысты. Негізінде медиумдық қасиет әркімде әртүрлі деңгейде болады. Оны түрлі жаттықтыру арқылы көбейтіп, не болмаса азайтуға да болды. Ірі өнер қайраткерлерінде, ақын-жазушылар, ғалымдарда мұндай қасиет жақсы дамыған. Сондықтан олардың нәзік әлемдерден хабар алу мүмкіндіктері зор болады. Аруақтардың заттық әлемге қалай әсер ететініне көзімізді жеткізе түсу үшін тағы бір мысал келтірейік. Бізге алыстағы бір нәрсеге әсер ету керек болсын делік. Ең әуелі бұл туралы ой пайда болады. Бірақ ой ештеңе жасай алмайды. Ол ойды іске асыру үшін лақтыратын таяқ, снаряд немесе сол сияқты зат керек. Ой таяққа өзі әсер ете алмайды. Рухтан пайда болған ой, периспритпен, яғни нәзік денемен байланысып, денені басқарады. Ой таяққа денесіз әсер ете алмайтыны тәрізді, ой тәнге де нәзік денесіз әсер ете алмайды. Рух периспритке әсер ете алады. Себебі перисприттің қасиеті рух қасиетіне жақын. Перисприт бұлшық еттерге әсер етеді, ал бұлшық еттер таяқты алады да лақтырады. Рух денеден шыққанда аруаққа айналады дедік. Өзінің әрекеті үшін бұл күйінде оған көмекші керек. Аруаққа бұл көмекші –

әлемдік тоқ болып табылады. Осылай әлемдік тоқты пайдаланып аруақтар затты жандандырып, өзінің еркіне бағындырады. Қазақ даласында Бағаналы Қойлыбай, Бағаналы Балақай, Жанақ, Шөмен тәрізді үлкен бақсылар болған. Олардың арасында өсіп тұрған ағашты жұлып алып, оны ат қып мініп, үлкен атшабыс жарыста бірінші орын алған кездерін зерттеушілер жазды. Мұның сыры: бақсы ағашты әлемдік тоқпен жандандырып, өзінің және басқа адамдардың тоғын пайдалана отырып ырқына көндіріп, ат қылып мініп, шапқан. Міне бұл көрініс осы айтылғандардың дәлелі болса керек. Сонымен, заттың өздігімен қозғалуы үшін үш нәрсе керек. Ол әлемдік тоқ, медиум тоғы және аруақтың тоғы. Аруақ әлемдік тоқты жинап, медиумның тоғымен қосып затты жандандырады. Әлемдік тоқ өте нәзік болғандықтан, оны затқа енгізу мүмкін емес. Ол үшін соған сәйкес затталған перисприт керек. Бұл перисприт тек тәндегі рухта, яғни адамдарда ғана бар. Сондықтан, аруақ әлемдік тоқты затпен байланыстыратын периспритті тек адамдардан ғана алады. Сонан кейін ғана аруақ әлемдік тоқ пен медиум тоғын қосып затқа енгізіп, өзінің периспритімен жанданған затты қозғалтып, оның қозғалысын басқара алады. Аруақ үстел қоғалтқанда ғана емес, түрлі шу, дыбыс шығарғанда да осылай әрекет жасайды. Ол өзінің қолымен емес, өзінің периспритімен ауаға әсер етеді. Осылай аруақ барлық заттық элементтерге: суға, ауаға, топыраққа, тіпті эфирге де әсер ете алады. Ол ауада шу көтеріп, жердің топырағын шашып, не болмаса судың ағысын да тоқтата алады. Бұл туралы аңыздарда көп жазылған. Космонавтардың ғарышта ұшып жүрген кездеріндегі көрген түрлі құбылыстары да осымен түсіндіріледі. Бала күнімізде далада ойнап жүріп, құйын көргенде «құйынға жақындауға болмайды. Онда шайтан бар!» деп жоламаушы едік. Соның шындығы бар. Осыдан өте маңызды тұжырым шығады. Рухтан шығатын жандандыратын тоқ қозғалмайтын заттырға уақытша және жасанды өмір береді. Сонымен бірге бұл тоқ периспритті құрайды. Ендеше аруақ адам денесінде болғанда ол денеге өзінің перисприті арқылы өмір береді! Сондықтан адамның да әрбір клеткасы жанды! Бірақ бүкіл тән өмірін денедегі аруақ, яғни жан басқарады. Аруақ өзінің перисприті арқылы тәнмен байланысады. Бұл байланыс тәннің заттық қауқары бар болған кезіне дейін сақталады. Ал тәннің заттық қауқары біткен кезде, яғни биологиялық өзгерістердің дұрыс жүру мүмкіндігі біткен кезде, аруақ денені тастайды. Адам өлімі деп осыны атаймыз. Жан тәннен шығып, адам өледі, ал жан аруаққа айналады. Осылай адамның аруағы кеткенде тән жансыз қалып, тән өледі. Егер үстелдің орнына ағаштан мүсін жасап, үстелге әсер еткендей әсер етсе, онда мүсін қозғалуға тиісті. Осылай ол билеп, түрлі

қозғалыс арқылы сұраққа жауап беріп, дыбыс шығарып, бір сөзбен айтқанда уақытша жан кірген мүсін болып шығар еді. Сонда «сөйлейтін үстел» дегеннің орнына «сөйлейтін мүсін» деуге болар еді. Бұл теория өмірде кездесетін қаншалықты құпия деп есептеліп келген құбылыстарды түсіндіріп берер еді! Осылай бұрын қайран қалдырған, ешкімнің таба алмаған тылсым құпияларын ашуға болады екен! Мысалы, өткен жыдары барлық ТМД ақпараттарының орталық басылымдарында жарық көрген Сібірдегі будда монахының денесі туралы хабар болды. Монахтың денесі көп жыл жер астында жатса да тырнағы мен шашы өсе берген. Бұл құбылыстың сырын ешкім таба алмады. Оның сыры былай болуға тиісті. Монахтың денесінде жан жоқ болғанымен, өзінің көп жылдық рухани әрекеті арқасында ол денесіне әлемдік тоқты шоғырландырып, рухтандыра білген. Сондықтан өлген соң да оның денесі жанды. Соның арқасында дене әлі өмір сүріп, шашы, тырнағы өсіп, өмір белгілері сақталған. Мұндай мысал Оңтүстік Үндістанда да бар. Орта ғасырларда өлген Рамануджа Ачарья деген әулиенің денесі әлі де болса тірі адамның денесіндей, жұмысын тоқтатпаған. Храмдағы монахтар дененің шашы мен тырнағы өсуін тоқтатпағанын айтады. Әлі күнге дейін көптеген адамдар оның малдасын құрып отырған қалпын көріп, таң қалысып кетеді. Енді Шәкәрімнің «ауыр нәрсе жеңілденеді, жеңіл нәрсе ауырланады» деген сөзіне келейік. Аруақтардың үстелді көтеріп, қозғалтып, түрлы дыбыс шығаратыны айтылды. Әрине, үстел өз бетімен табиғаттың тартылыс күшін жеңіп көтеріліп кете алмайды деп сенбеушілер де болуы мүмкін. Бірақ, біріншіден, олардың тек қана сенбеушілігі ешқандай дәлелге жатпайды. Екіншіден, егер олар бұл құбылысты түсіне алмаса, онда табиғатта әлі де болса адам түсінбейтін, әлі ашылмаған заңдылықтар көп деген сөз. Егер ішінде барлығы көрініп тұратын шыны қалпақтың астындағы ауаны сорып алса, онда қалпақты көтеру көп күшті керек етер еді. Себебі, атмосфералық ауаның салмағы басып тұрады. Ал егер қалпақтың астына ауа жіберсе, онда оны оңай көтеріп алуға болады. Ал егер қалпақтың астына тығыздалған ауа жіберсе, онда ол жоғары көтеріліп те кетер еді. Мұны көріп тұрып, түсінбеген надан адам бұл шайтынның ісі дері сөзсіз. Әлемдік тоқтың әрекетіне сенбеушілік те сол сияқты. Барлық заттардың негізі болып табылатын әлемдік тоқ үстелдің маңына жиналғанда неге үстелдің салмағын ұлғайтып, не болмаса азайта алмайды? Сондықтан, әлі сыры толық ашылмаған, адамзатқа мүлде құпия әлемдік тоқ тәрізді құбылыстардың барына сенбеушілік, тек қана сыңаржақтық болар еді. Сонымен бірге, егер аруақ үстелді көтерсе, онда ол орындықты да, оның үстінде отырған адамды да көтеруге тиісті. Міне бұл медиум Хоум деген адамның Лондонда өзін және басқа адамдарды

көтеріп көрсеткен «сиқырын» түсіндіре алады. Әрі бармай-ақ қояйық. Мысал ретінде трансцендентальдық медитация (ТМ) деген ұйымның адамдарының жасаған әрекеттерін алсақ та болады. Олар 5-6 жыл жаттығудан соң өздерін көтеріп ұшу дәрежесіне жете алады. Осылай жаттығудың арқасында әлемдік тоқты өз бойына шоғырландыра отырып, жердің тартылыс күшін жеңіп, денесін жоғары көтереді. Адамдардың өздігімен ауада ұшуы, яғни левитация құбылысы да осымен түсіндірілуі тиісті. Ал йогтардың сегіз жетістіктерін алатын болсақ, бұл құбылыс түсінікті бола түседі. Ұзақ жаттығудан кейін жететін йогтардың сегіз жетістіктерінің екеуі – ең ауырдан ауыр және ең жеңілден жеңіл болу. Яғни, оны отырған жерінен ешқандай күш көтере алмайды, немесе ол ауадан да жеңіл болып, судың үстімен де еркін жүріп кетеді. Иса пайғамдардың судың үстімен жүруі осының бір көрінісі. Шәкәрім «тірі адамды ұйықтатып, жанын әлденеше жүз шақырымдарға жіберіп ғайыптан хабар алады» деп гипноздың күшімен жасалатын құбылыстарды айтып отыр. Адамды гипноздың күшімен ұйықтатқанда оның рухы заттық байланыстан босап, денеден шығуы мүмкін. Денеден шыққан рух өзінің қалауынша басқа кеңістіктерде, тіпті басқа әлемдерге де кетеді. Бірақ ол үнемі өзінің денесімен нәзік жіппен байланыста. Рух осы жіп арқылы барлық сезіп-білгенін, көргенін денеге хабарлай алады. Бұл екі адамның телефон сымы арқылы хабарласқаны тәрізді. Егер оны ұйқыдан оятып жіберсе, сол жіп арқылы өз денесіне қайтып келеді. Ал жіп үзілетін болса, рух денеге қайтып келмеуі де мүмкін. Осылай адам өлімге ұшырайды. Бірақ уақыт жетпей өлім ешуақытта келмейді. Денеден босаған рухтың мүмкіндігі ұлғайып, ол ғайыптан неше түрлі хабарлар алады. Оны гипноз кезінде денеге хабарлап, сөзбен жеткізе алады. Дененің қасындағы адамдар осылай ғайыптан хабар алады. Ұйқы кезіндегі түс көру де осы тәрізді. Дене ұйқыда дем алып жатқанда рухтың тәнмен байланысы әлсірейді. Сөйтіп тәннен босап шығуға оған мүмкіндік туады. Ол өзінің өткен өмірін көріп, жақсы көретін адамдармен кездесіп, кейде келешекті де бұлыңғыр болса да, көруі мүмкін. Түс көбіне бұлыңғыр, тез ұмытылатын, ал кейде анық, түрлі нұсқау, ғибрат алатын құбылыс ретінде де болады. Қарапайым адамдарға түске көп көңіл аударудың қажеті жоқ. Түс рухани жолдағы адамдарға ғана өте маңызды. Себебі, түс арқылы ол өзінің жеткен рухани деңгейін біліп, әрі қарай жүретін жолын анықтай алады. Рух ұйқы кезінде тән ықпалынан босанады дедік. Тән ықпалынан босану ұйықтамай-ақ, ояу кезінде босану да болады. Бұл қасиет, кейбір адамның табиғатынан берілген. Рух заттық тәннен босанғанда, өзін өзі толық еркін сезінеді. Сондықтан оның сезу қасиеттері де өте жоғары деңгейде. Осылай рух келешекті сезініп, не

болмаса өткен уақиғаларды есіне түсіріп, не болмаса көре алады. Босанған рух басқа рухтармен хабарласып олардан өзіне керекті хабар да ала алады. Осылай өткенді, келешекті айтып бере алады. Ол адамның өткенін, келешегін көріп, оның ауруын анықтап, емін де көрсетіп беруі мүмкін. Рух денеден босанғандықтан, адам барлығын дене көзімен емес, рух көзімен көреді. Ал рухқа ешқандай материя бөгет емес. Сондықтан ол алыс қашықтықтан да хабар алып, дәл айта алады. Әйгілі Болгар емшісі Ванганың қасиеттері осының жақсы дәлелі. «Өлген адамның жанын шақырып алып сөйлеседі, жазғызады» деп Шәкәрім жоғарыда спиритуализм туралы жазғандағы медиумдардың жасайтын түрлі әрекеттерін айтып отырса керек. Шәкәрім төменде адамның ерекше қасиеттері жөнінде тағы мынандай мысал келтіреді: «Жоғарыда аталған Месмер мен Калиостро деген адам Европа білімділерін таң қалдырған. Калиостроның қылған ісі 18 жүз жылдар болған. Франция патшалығының наследнигі (орынбасары) болып, онан кейін король патша болғаннан кейін аяғында еліне зұлымдық қылғандықтан өлтірілген ХҮІ Людовик деген болған. Соның наследник күнінде соған тиіп неке қиғызамын деп Францияның патшасы тұратын Париж деген қалаға бара жатқан Мари Антуанетта деген қыз жолда Францияның бір ақсүйегінің үйіне түскен. Сол үйде Калиостроға кезкелген соң, оның ғайыптан айтатынын естіген соң Мари Антуанетта Калиостроға бал ашып беріңіз, менің осы некемнің арты не болар екен деген. Калиостро бал ашпаймын десе де қыз болмаған соң, бір шелек судың айналасында әртүрлі істер істеп ұғылмайтын сөздер сөйлеп қызға осы судың түбіне қара, өміріңді сонда көресің деген. Қыз суға біраз қарады да, ойбай деп талып қалды. Есін жиған соң қыз да, Калиостро да ешнәрсе демей жөніне кете береді. Қыздың талған себебі, сол судың түбінде көп адам жиылғанын көрген. Ортасында өзі. Өмірінде көрмеген бас кесетін машинаға жазалы адамдарды әкеліп бас кесіп жатқандарды көрген. Аяғында Маридің өзін де сол машинаға әкеліп бір тесігіне басын сұққанда, машинаның жоғары жағынан бір балта сияқты нәрсе Маридің басын қиып бір шылапшында домаланғанын көріп, сонан шошып қалған. Мұның бір таңырқарлық жері – ол кезде бас кесетін гильотина деген машина жер жүзінде жасалған жоқ-тығын. Онан соң Мари наследникпен некеленген. Бірталай уақыттан соң наследник король болған. Онан бірталайдан соң үкімет басты қинамай тез кесетін айла іздеп жүргенде, профессор

Гийотек деген біреу бас кесетін машина тауып, соның суретін салып, қалай істейтін жайын жазып, абақты бастығына берген. Ол апарып королға көрсеткенде Мари корольдің қасында болғандықтан, әлгі машина суреті баяғы суда көрген машинаның дәл өзі болғандықтан, Мари ойбай деп талған. Есін жиған соң король неге талдың дегенде баяғы көргенін айтқан. Онан бірталайдан соң аяғында Маридің де, корольдің де басы сол гильотина дегенге кесілген». Бұл әңгіме кезінде көп жазылған, көпшілікке белгілі деректі көрсетеді. Осылай атақты Калиостро жоғарыда айтылған судың кереметтей қасиеттерін пайдаланып, келешекті анықтап, оны суға жазу арқылы адамға көрсетіп, сендірген. Жоғарыда адамның суға жасайтын әсері баяндалды. Ал бұл әңгімеде судың адамға жасайтын әсері көрсетіліп отыр. Осылай нәзік әлем мен заттық әлем үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болатынын көреміз. Бұл деректер әркімнің өзінің табиғатын түсіну үшін пайдалы, сонымен бірге, екі әлемнің байланысына көзімізді жеткізе түсу үшін басқа да материалдық элементтердің адам өміріне жасайтын әсеріне тоқтала кетейік. Біздің денеміз Жаратушының барлық пәндік (материалдық) әлемді жаратқаны сияқты 24 элементтен құралады. Оның бесеуі көзге көрінетін, тәнімізді құрайтын тұрпайы элементтер. Адам өлгеннен кейін осы қабық бастапқы қалпына айналып қайта бес бөлікке ыдырап кетеді. Бұл қабық – топырақтан, судан, оттан, ауадан және эфирден тұрады.

Топырақ – біздің денеміздің қатты да ауыр бөлігі: бұл біздің қаңқа сүйегіміз, бұлшық етіміз, сіңіріміз, шашымыз, тырнағымыз, тісіміз; Су – біздің денеміздің сұйық бөлігі: бұл қанымыз, шырыш, ет арасындағы сұйықтық, қан түйіршіктері лимфа және микрофлорамыз. От – біздің денеміздің газ түріндегі бөлшектері: ол біздің асқазанымызда, бауырымызда, етімізде болады. Адам денесінде оттың 13 (он үш) түрі бар. Ауа – біздің денеміздегі айланып жүретін қуат бөлігі. Тәулік 4 сағаттан алты кезеңге бөлінеді. Бұл – жылдың төрт мезгілі сияқты. Жылдың мезгілінің алмасуына байланысты, біздегі басым ерекшеліктеріміз де өзгеріп тұрады. Мысалы, жазда От ерекшелігі, күзде Ауа ерекшелігі басым болады. Сондай-ақ, біздің денемізде – ерекшеліктеріміз тәулігіне алты қабат өзгеріп тұрады. Мысалы, түнгі сағат 2-ден таңғы сағат 6-ға дейін Ауа әрекет қылады. Ауа жеңіл, анық, таза сондықтан таңғы 6-да, немесе күн шығардан бір жарым сағат бұрын тұру өте пайдалы. Осы кезде ауа кеңістігі өзін күн қуатымен қанықтырады, күн шығардан жарты сағат бұрын, күн өзінің ерекше жайлы шуағын төгеді. Барлық дін ағымдарында, ғылми тұрғыдан да ерте тұруға кеңес беретіні осыдан.

Ауа тәнімізден – улардың шығуына, ішегіміздің босауына жауапты, сондықтан да Ауа ерекшелігінің кезеңінде тұрсаңыз, ол жақсы жұмыс атқарып денедегі уларды, қалдықтарды уақтылы шығарып тастайды. Ерте тұрған адам күні бойы сергек жүреді. Таңғы сағат 8ден кейін тұратын адамдар өздерін нашар сезініп, күні бойы шаршап жүреді, бұндай ұйқы ағзаға жеңілдік әкелмейді.

Таңғы сағат 6-дан күндізгі 10-ға дейін Су әрекет қылады. Су
ауыр болғандықтан осы аралықта тұрған адамдарды үнемі ұйқы
басып жүреді. Осы кезеңде тамақ ішпеуге тырысыңыз, себебі
денеңізде Судың мөлшері көбейгендіктен, ауа қозғалысы баяу

болып, денеңіз ауырлап, іштегі отыңыз маздап жана алмай бықсып
тұрады, сондықтан да осы аралықта ішкен тамағыңыз толық
қортылмайды да қаныңызды былғайды. Таңғы 10-нан күндізгі 2-ге
дейін От әрекет қылады, сондықтан да тамақты күндізгі 11-12

аралығында ішіңіз, ал келесі тамақты 5-6 сағат өткізіп барып, күн
ұясына отырғанша қабылдаңыз.

Күндізгі 2-ден кешкі 6-ға дейін Ауа әрекет қылады. Осы
аралық жеңіл, шабыт тудыратын кезең, адам жұмыс істеуіне,
спортпен, үй шаруаларымен шұғылдануға таптырмайтын кезең, осы
кезде денеңіз жеңілдеп, қандай іске болмасын құлшынып тұрасыз.

Кешкі 6-дан түнгі 10-ға дейін қайтадан Су әрекет қылады. Осы
кезеңде күні бойы тыным таппаған адам шаршағанын сезеді,
ұйқысы келеді, сондықтан да түнгі 10-нан кешіктірмей ұйқыға
жатуыңыз керек, егер де өзін-өзі зорлап түнгі 10-нан кейін жатса,

бұл аралық қайтадан Оттың әрекет қылатын кезеңі (түнгі 10-мен 2
аралығы), сағат түнгі 11-ден кейін адамның ұйқысы ашылып кетеді,
қайтадан қуат құйылғанын сезеді.

Түнгі 10-мен, түнгі 2 аралығы ұйықтауға ең жайлы уақыт, осы кезеңде ішкен тамақтарыңыз ішегіңізде қортылып, адам тәтті ұйқының құшағында болады. Нәзік болмыс пен тұрпайы, көзге көрінетін әлем бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс адамның психикасына, денсаулығына қатты әсер етеді. Бірақ өкінішке қарай өзіміздің енжарлығымыздан, рухани надандығымыздан осы маңызды мәселені үнемі ескере бермейміз. Кейде өзіміз күнделікті араласып жүретін, көзге көрінбейтін тіршілікке толы басқа әлем бар деген идеяның өзі шындыққа жанаспайтын ертегі сияқты. Қазіргі ғылымның жетістігі микроскоп, телескоппен көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын нәрселерді жоқ деп ойлайды. Біздің алдымызда қайтыс болған адамның сүйегі жатыр делік, ол өлген – оны көзге көрінбейтін бірдеме тастап кетті, ол осының арқасында өмір сүрді, жүрді, сүйді, сөйледі, ойлады т.б. сіз оның жанына тамақ пен дүниенің түр-түрін қойып: «Бәрі сенікі бауырым, іш-же, шалқы» – десең де жатқан орнынан тапжылмайды. Осыдан кейін көзге көрінбейтін әлем барын қалай жоққа шығарып, сенбессің?

Бұл туралы Шәкәрім былай деген еді:

Басында жоқты бар қылған,

Жоқтықты жойып көр қылған.

Есепсіз дене жаратып,

Еріксіз жиып нәр қылған

Жан емей енді немене?

Көрінетін әлем, көрінбейтін әлемнен қуат пен қолдау алып тұрмаса түкке де тұрмас еді. Көрінетін әлемнің негізін көрінбейтін әлемнен іздеуіміз керек. Күн, аспан, жер біз үшін бар болса оны көзіміз арқылы қабылдаймыз, ал осының бастауы өзіміздегі көрінбейтінде. Көрінетін әлем – тек қана көрінбейтін әлемнің қапшығы ғана. Ал көрінетін әлем қуатты сол көрінбейтін әлемнен алады. Егер бұл болмаса қоршаған ортаның нақтылығын түсіне алмас едік. Шәкәрім кейбір адамдардың дұрыс түсінбегендіктерінен көрінбейтін әлемді жоққа шығаратынын білдіреді. Олар өздерінің нәзік болмысы ой-өрісін, сезімдерін көре ала ма? Әрине жоқ. Онда қалай, сезімдерінің, ойларының бар нәрсе екеніне шек келтірмейді. Ғашық болғандар бір-бірін сүйетіндіктеріне күмән келтіре ала ма? Олар өздерінің ғашықтығын көре алмайды, сезе алмайды, бірақта ғашығы үшін отқа да, суға да түсуге дайын. Жанды, арды көрген кім бар? Кей кезде: «Жаныммен, ар ұятыммен мен ол адамды кінәлаймын» – деп, бірдемеге бола біреудің тағдырын, өзі көрмеген нақтылы екенін білетін бейнесізге сүйеніп шешіп жатады. Міне осының барлығы адамның көріп білуіне болмайтын нәзік болмыс екенін көрсетеді. Оның сырын түсіну үшін ең әуелі Шәкәрім жазып отырған ерекше қасиеті бар адамдардың болмысын түсіне білу керек. Олар туралы ойшыл сөзін былай деп жалғастырады: «Калиостроның шын аты Джузеппа Бальзамо. Жандардың насихатымен атын Калиостро деп өзгерткен, заты италян. Жоғарыда жан туралы аты аталған Аланкардың шын аты Рауэль. Ұждан насихатымен өзгертілген, заты француз. Осы француз сперттерінің жолы сол Аланкардың жазып қалдырған кітабының жолы. Бірақ оны француздар ғана ұстайды». «Жандардың насихатымен атын Калиостро деп өзгерткен» деп Шәкәрім оның сперт болғанын білдіріп отыр. Аруақтардың жасайтын қарапайым адамға түсінікті бола берейтін құбылыстары өте көп. Олардың біразын біз жоғарыда анықтадық. Аруақтар әлемі туралы көп жазуға болды, себебі нәзік әлем шексіз және тылсым құбылыстарға толы. Әрі қарай Шәкәрім спиритизмнің түрлі ағымдары туралы жазады. «Англия сперттері оны теріс дейді. Брахман дініне ұқсас, мәселен, өлген соң жаны бір хайуанға кіріп, сонан соң және

біреуге кіре-кіре әбден тазарады. Мұны жандар солай айтты дейді. Англия сперттері жан басқа хайуанға кірмейді дейді». Француз сперттері мен ағылшын сперттері жанның қайта дене алуы туралы екі түрлі көзқараста екен. Француз сперттері жан бір денеден екінші денеге ауысып, сөйтіп заттық әлемде өзіне сабақ алып және жасаған жаман қылықтары үшін жазасын алып біртебірте тазарып, ақыры рухани жетілудің шыңына көтеріледі, яғни Құдайға қайтады дейді. Егер жан осы өмірде нәпсі ықпалымен хайуан өміріне дейін құлдыраса, онда ол келесі өмірінде хайуан болып өмір сүреді дейді. Бұл брахман іліміне ұқсас түсінік. Бірақ ағылшын сперттері адам жанының хайуан деңгейіне дейін құлдырауын мойындамады. Олар егер жан адам деңгейіне дейін көтерілсе, онда ол одан төмен түспейді, тек қана жоғары өрлей береді деп сенеді. Әрине, ешкімнің де хайуан деңгейінде өмір сүргісі келмейтіні рас. Бірақ, табиғат заңдылығы біреудің сеніп, не болмаса сенбеуіне байланысты емес, ол бұлжымай орындалады. Ал адам өз өмірін дұрыс өткіземін десе, онда ол заңдылықты дұрыс түсініп, сол заңдылықпен өмір сүру керек. Ал бұлай болмаса, онда әркім өзінің сепкен дәніне байланысты соның өнімін алады. Ағылшындардың француз сперттерінің сенімін қабылдамау себептері – олардың өздерінің ғасырлар бойы қалыптасып қалған өркеуделігі, не болмаса, ол сенімнің өздері жаулап алып, сондықтан төмен санайтын үнді брахмандарының сеніміне ұқсас екендігінен болуы мүмкін. Бірақ ақылға салып ойлайтын болсақ, француздардың тұжырымы адамды үлкен қауыптан сақтандырады. Кім біледі, мүмкін олардың тұжырым дұрыс болуы мүмкін ғой. Онда хайуан өмірінен қауыптенбей, хайуанша өмір сүрген адам өлген соң кім болады? Ол адам бола ма, әлде хайуан бола ма? Француз сперттерінің сенімі, міне, адамды осы қауыптен сақтайды. Ендеше кімнің сенімі дұрыс? Француздардың ба, әлде ағылшындардың ба? Мұны әркім өзі шешуі керек. Сонымен бірге, егер мәселеге кеңінен тоқталатын болсақ, бұл материалдық уақытша әлемдегі мәңгілікті жан өзінің мәңгілікті алғашқы үйіне, яғни Құдайға қайтқысы келетіні ақылға қонымды нәрсе. Ал бұл әлемде адамнан басқа да сансыз көп жан иелері бар ғой! Олардың барлығының жандары да біліп, не болмаса білмей, инстинкт түрде Құдайға қайтқысы келеді емес пе? Сонда олардың жаны адам жанына несі кем? Жан рухани болғандықтан материалдық көзқарас тұрғысынан алғанда, олардың барлығы бірдей. Жан бұл әлемде әркімнің түрлі көйлек киетіні тәрізді, өзінің жасаған өмір тұрғысына байланысты түрлі дене алады. Осылай мәңгілікті жан бұл фәни әлемде көптеген түрлі көйлектер ауыстыруы мүмкін. Мәңгілік тұрғысынан қарағанда бұл фәни әлемдегі өмір көзді ашып-жұмғандай ғана уақытты алады. Ал сондай қысқа өмірде жан басқа көйлектерді кимей, неге тек қана

адам тәніне ұқсас көйлекте ғана болуы керек? Рухани тұрғыдан алғанда көйлектердің барлығы бірдей. Ендеше көйлектердің бірін басқаларынан артық деп есептеу рухани надандықтың белгісі болып табылады. Шәкәрім әрі қарай аруақтардың түрлі деректер беретін себебін түсіндіреді. «Кей жандардың сөзі материализмге (жаралыс жолына, дене жолына) ұқсайды дейді. Кейінгі басқа жолға ыңғай болады Жандардың сөздерінің бір-біріне мұндай қарсы шатақ болуының себебін Аланкар былай деп көрсетеді. Адамдармен хабарласатын көбінесе төмен дәрежелі жандар болады. Сондықтан, олардан шатақ сөз шыға береді. Кейбір сөздер надандар сөзі сияқты болатыны сонан. Аланкар «Лажаз» деген кітабында сперт жайын, әсіресе жан жайын әңгіме сияқтандырып мысалдап әдемі суреттейді». Ағылшындардың сенімі де босқа емес екен. Олар өздерінің сенімін материализмге ұқсатып айтқан кейбір аруақтардың сөздеріне негіздейді. Бірақ Аланкар аруақтардың ол сөздерін былай деп негіздейді. Адам бұл өмірде қандай өмір сүрсе, аруақ болып келесі өмірге өткенде де оның өмір соған ұқсас болады. Ендеше аруақтардың жетілу деңгейлерінің түрлі дәрежелері бар. Осы өмірде адамдардың дұрысы көп пе, әлде бұрысы көп пе? Бұл сұраққа әркім өзі жауап бере алады. Ендеше бұл өмірді білген адам келесі өмірді де біледі. Ой-өрісі жетілмеген, жеңілтек аруақтар өздерінің қасиеттеріне байланысты келесі өмірде де жердегі қылықтарын жасап, түрлі ұнамсыз әрекеттерге барады. Ал жоғары жетілген аруақтар мұндай әрекеттерді ешуақытта да жасамайды. Адамдармен хабарласатын көбінесе төменгі дәрежелі жандар болады. Себебі, оларға адамдарды алдап, қорқытып, оларды мазақ етіп, фәни әлемдегі өздерінің арақ ішіп көңіл көтергендері тәрізді, ол әлемде де көңілдерін көтеруге тырысады. Кейде олардың бейбастақ әрекеттері жоғары аруақтардың ықпалымен де болады. Бұл жағдай адамдарға заттық әлемнен басқа, тағы да қатар өмір сүретін, көрінбейтін нәзік әлемнің бар екенін сездіріп, оған сендіру үшін жасалады екен. Осылай төменгі аруақтар ыдыс сындырып, заттарды құлатып, қозғалтып, түрлі шу көтеріп өздерін білдіреді. Ешқандай себепсіз осындай құбылыстың болғанын көрген адам еріксіз ойлана бастайды. Спиритизм міне, осы құбылыстарды зерттеп, түсіндіреді. Кезінде мұндай құбылыстарды дұрыс түсінбеген адамдар түрлі аңыз, әңгіме шығарып, оны көбейтіп, адамды қорқытып, бірақ түсіне алмағандықтан одан әрі бармай, сол қалпы мәселені жауып тастаған жағдайлар көп болған. Сондықтан төменгі аруақтарды жын, перы, дию, ібіліс, сайтан деп түрлі атаулар беріп, оларды тек қана қорқыныш ретінде қабылдаған. Ал шын мәнінде, олардың қасиетін

дұрыс түсінген адамға ешқандай қорқыныш болмайды. Бұл туралды
төменде Шәкәрім мысал келтіреді.
Осылай
төменгі

аруақтар
өздерінің
сөздеріне
жауапты

болмағандықтан, шындыққа қайшы түрлі тұжырымдар айтып, мазақ
етіп, не болмаса өздерінің надандықтарын көрсеткен. Ал оны
түсінбей, айтқандарына толық сенген кейбір медиумдар шатаққа
ілігіп, спириттер арасында осылай өмірдің негізгі құбылыстары

жөнінде түрлі қарама-қайшы түсініктер пайда болған.

Спиритизм жеңісі

Дегенмен де спиритизм дамып, тылсым әлемінің сырлары ашылған сайын көпшілік қауымның өмірге деген көзқарасы өзгере бастаған. Сондықтан спиритизм қоғамда өз бағасын алып, ірі ғалымдардың назарына ілінеді. Бұрын сенбей, назарын енді ғана аударып, оның терең білім екеніне таң қалған көптеген ғалымдардың пікірі баспасөз беттерінде жарық көреді. Бұл туралы Шәкәрім шығармасында былай деп жазады. «Мұның (Аланкардың – Д.О.) қылған істері көп. Оның бәрін жазбай-ақ сперттердің сырын табамыз деп ізіне түскен білімділердің бір сөзін айтайын. Морс Лошатый деген «Білім лұғат» деген кітабында айтады: сперт туралы ойлаған ойлар бұрынғы ойлаған ойды өзгертіп, жоғарырақ ойлағандарды таң қалдырады. Спиритизмнің тамам ғылымды (білімді) жұрттың арасына кіріп кетуі, кешікпей-ақ мұны анықтап жарыққа шығарушы Аланкарды 19 жүз жылдықтың ең зор ғылым, өнер шығарушысы дегізер, дейді». Еуропада ХІХ ғасырда материалистік көзқарас қатты өріс алып, адамның өзінің көріп-білгенінен басқа ештеңе жоқ, әлемді жаратқан да ешкім жоқ, ол атомдардың қозғалысы кезінде олардың кездейсоқ бірігуімен өздігінен пайда болды, жан жоқ, өлгеннен кейін өмір жоқ, бұл көрінетін әлемнен басқа ештеңе жоқ деген сияқты сенім басым болды. Осы кезде мұндай сыңаржақ тұжырым тудырған тұрпайы заттық көзқарастың жаңсақ екенін дәлелдейтін аруақтардың ықпалымен спиритизм пайда болды. Спиритизм бұл көзқарастардың терістігін көрсететін, бұл көрнеу әлемнен басқа да табиғаттың екінші жағы, адам сезімдері қабылдай бермейтін көрінбейтін эзотерикалық әлем барын білдіре бастады. Әуелгі кездері бұл көріністерге ғалымдар жағынан да, шіркеу жағынан да үлкен тосқауыл қойылып, оған сенгендер қудаланып, көп кедергі жасалды. Сперттердің ісін әшкерелеу үшін арнайы топтар құрылып, сперттердің жасаған адамға түсініксіз әрекеттерін ғылми тұрғыдан, діни тұрғыдан тексеруге тырысты. Тексеру барысында олардың жасағандарының, берген хабарларының шындық екені анықталды. Қоғамның көптеген зиялы адамдары жаңа құбылысқа көңіл аударып,

тереңінен зерттеген. Солардың бірі Шәкәрім жазып отырған Аланкар еді. Ол өзі сперт бола отырып, көптеген сперттердің жасаған істерін жинақтап, бір жүйеге келтіріп, кітап қылып шығарған. Бұл кітапты Еуропа сперттері, әсіресе француздар негізгі білім көзі ретінде қабылдаған. Осылай, Шәкәрім сөзі бойынша, «кешікпей-ақ мұны анықтап жарыққа шығарушы Аланкар 19 жүз жылдықтың ең зор ғылым, өнер шығарушысы» деген атақ тараған. Сөйтіп, спиритизм сол кезде қатты өріс алған материалистік көзқарасқа қатты соққы болып, адамзаттың назарын имандылыққа қарай аударды. Бүгінгі күндері Батыста көптеген адамдардың Құдайға сенетіні, ал АҚШ долларындағы «Іn Qod we trust» деген таңбаның болуы да осының салдары болса керек. Бұл сөздің орысшаа мағынасы «Мы на Бога надеемся», ал қазақшасы «Біз Құдайдан үміт күтеміз». Құдайдан үміт күтуді насихаттайтын, Оның нұрына бөленген мұндай ақшаның қуаты да ерекше болуға тиісті. Егер оны Құдайды жоққа шығаруға қызмет еткен Кеңес үкіметі ақшасымен салыстырып көретін болсақ, онда таң қаларлық нәтижеге көзіміз жетеді. Бүгінгі күндері АҚШ доллары қарыштап басып жер жүзін түгелдей өзіне қаратып алып, бүкіл дүниежүзілік экономиканың тірегі болып отыр. Ал Кеңес үкіметінің ақшасы дүниежүзі түгілі, тіпті өз елінің экономикасын да дұрыс басқара алмады. Осылай Құдайдан үміт күтудің қандай маңызы барын түсінеміз. Бір кездегі Батыс елдердегі пайда болған спиритуализм тәрізді қазіргі кезде біздің елде де аруақтар қозғалысы бар. Өкінішке орай, бұл қозғалыстың маңызын дұрыс түсініп, қолдау жасамағандықтан қазіргі кезде ол мүлде жоғалып кетті деуге болады. Нәзік болмыс заңдылықтарын түсініп, оларды қолдана білу фәни әлемде дұрыс өмір сүруге мүмкіндік береді. Нәзік болмыс заңдылықтары адамның психикасы, ой-өрісі, мінез-құлқы тәрізді оның нәзік болмысына әсер етеді. Осылай жоғарыда көрсетілген бақытты өмір формуласымен өмір сүруге мүмкіндік туады. Адамның үш болмысын үш түрлі әдіс жөнге келтіріп, емдей алады. Дәрігерлер адамның физикалық тәнін емдесе, ал аруақтар оның нәзік тәнін емдейді. Адамның рухани болмысын тек рухани тәжірибе, рухани жол ғана емдей алады. Осы үш әдіс тоғысқанда салауатты өмірдің шыңына жетуге болады. Басқа жол жоқ! Осының өзі аруақтардың, спиритуализмнің қандай үлкен маңызы бар екенін көрсетпей ме? Психикасы, нәзік болмысы таза адамды Шәкәрімнің «ақылы сау» адам деп атауы тегін емес. Жаны таза адам «жүрегі таза адам» деп аталады. Қазіргі материалдық прогресс өршіп, өмір жылдамдығы өскен кезде адамдардың ой-өрісі былғанып, жан дүниесі дертке шалдығып жатыр. Шәкәрімнің бұл шығармасын дұрыс түсініп, оны тереңінен зерттеу осы мәселенің шешу жолын көрсетіп береді.

Шәкәрім спиритизмді қабылдау барысындағы Еуропа жұртшылығының жеткен жетістіктері туралы сөзін былай жалғастырады. «Магнетизмді, спиритизмді жәдігөйлік, мұның сырын ашып һәм масқара қылайық деп Европа білімділері ізіне түссе де көзі жеткен соң бір қуаттың барлығын еріксіз мойындады. Кейбіреуі өзі істеп көріп анықтайды. Бірақ түп себебін тапқан әзір ешкім жоқ. Сол білімділердің кейбір сөзін айтайын. Ожен Воннер айтады: мен басында спиритизмге күліп едім, енді оным ақымақтық екенін білдім дейді. «Равель» газетінің ғылым туралы жазушысы Виктор Моние айтқан: спиритизм физиктердің (материалистердің) жаралыс туралы жарамсыз ойларына қарағанда балта көрмеген қаулап өсіп келе жатқан орман тәрізді. Сол газеттің бас жазушысы Август Багери айтқан: алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында анықтығына он төрт мың адам нанып қол қойған спиритизмге өзім тәжірибе қылып, сынап, еріксіз нандым деген. Оның «Миед Дели Стуар» деген кітабы бар. Сонда белгілі сперт Дожерден деген әйелдің істері туралы сөйлейді. жылы Нансы дәрігерлік факультетінің профессоры Брангайер магнетизм жолымен ұйықтатып емдеуге бола ма екен деп бір адамды ұйықтатып сынағанын айтады. С... ұйықтатып оянған соң (оған) алдыңдағы столдағы күміс қасықты қалтаңа тық, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда алдындағы күміс қасықты алып, жоқ бұл ұрлық болады, бұл жарамайды деп қайта қойды дейді. Ұғындыруы нашар болғанын біліп, келесі жолы тағы, алдыңдағы күміс қасықты ұрламасқа лажың жақ, қалтаңа тық, мен көрмедім де дейді. Ол оянғанда алдындағы столға қарап қасықты алды да, не болса да лажым жоқ деп қасықты қалтасына тықты. Мені көрмедім деді». Гипноз жасайтындар адамды ұйықтатып, оған түрлі бұйрықтар беріп, өзінің айтқанын орындатады. Осылай өздері көрген бір қарағанда тылсымды құбылыстардың шын мәнінде бар екеніне көздері жеткен адамдар көбейіп, оны зерттеу үшін түрлі ұйымдар құрылып, тіпті, арнайы газеттер шыға бастаған. Бұл Еуропада көптеген адамдардың спиритизмге көңіл аудара бастағанын көрсетеді. Соның арқасында бұрын белгісіз болмыс құпиялары ашылып, адамзат санасын жаңа деңгейге көтерді. Қазіргі кезде көп зерттелген, бірақ өз заманында жаңа ғана зерттеле бастаған гипноз құбылысы туралы Шәкәрім былай деп жазады: «1843 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетінің 14 июньде шыққан номерінде Гартс Догасиен қол қойған «Ұйқыда кезу» деген мақалада айтады: Валери Обал көшесінде 243 номірлі үйде доктор Коканның ауру қарайтын бөлмесінде гипнотизм

жолымен қатты ұйықтатқанды көрдік дейді. Ламонтин деген гипнотизер 22 жасында бір әйелдің шіріген тісін докторға алдыру үшін ұйықтатып, денең бір нәрсені сезе ме деп сұрағанда, сезбейді деп жауап берген соң, әйелдердің қалпақ шәлі бекітетін инелерін әлгі әйелдің бетіне, білегіне, тіліне сұқса да түк сезбейді. Доктор әдейі ауыртпақ болып, тісінің етін қандауырмен тіліп, тісін суырғанда қаны бұрқыраса да әйел түк білмей, оянған соң да түк ауырмағанын айтты. Сонда жиырма шақты кісі көріп тұрдық дейді». Бұл әңгімені былай түсіндіруге болады. Адамның нәзік денесі тәнімен эфирлік қабатпен жалғасады. Тәнге жасалған барлық әсерлер эфирлік қабат арқылы сезімдерге беріліп, нерв жүйелері арқылы миға барып сезіліп, ол сезім рух арқылы жанға жетеді. Жан өзіне ұнаған сезімнен ләззат алып, ал ұнамаса зардап шегеді. Осылай жан барлық құбылыстарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Егер эфирлік қабатты алып тастаса, онда тән мен сезімдердің байланысы үзіліп, тәнге берілген әсерлер жанға барып жетпейді. Сондықтан, тәнге қандай әсер жасаса да адам ештеңені сезбейді. Бұл Мұндай адам операция кезінде денесінің ауырғанын сезбейді. Осылай түрлі операциялар жасауға болады. Гипноз кезінде адамның нәзік болмысы мен оның тәнінің байланысы бәсеңдейді. Сондықтан эфирлік қабатты аластау оңайлап, гипнотизерлер оны алып тастайды. Медицина эфирлік қабатты дәрінің көмегімен аластайды (анестезия, наркоз). Эфирлік қабат болмаған соң тән сезімдерден байланысын үзіп, адам ештеңені сезбейтін жағдайға келеді. Шәкәрім, міне, осы жағдай туралы мысал келтіріп отыр. Осындай гипноздың әсерімен ұйқыдағы әйел инемен бетіне, білегіне, тіліне сұқса да түк сезбейтін халге келген. Нәзік болмыс туралы хабары шамалы адамға, әрине, бұл таң қаларлық, түсініксіз құбылыс.

Тылсымның ғажайып көріністері

Шәкәрім аруақтардың фәни әлеммен байланысы жөнінде
көптеген әңгімелер келтіреді. Бұл мысалдар нәзік әлемдер мен
көрнеу әлемнің тығыз байланысын көрсетеді. Шәкәрімнің жазып
отырған әңгімелері өзінің ойынан шығарған емес, барлығы да

Еуропада бір кезде көп айтылып, көп жазылған елге кеңінен белгілі
оқиғалар. Автор аруақтардың түрлі іс-әрекетінен түрлі мысалдар
келтіріп, олардың адам өмірінде алатын орны үлкен екенін
көрсетеді. Екі әлемнің байланысы тығыз, аруақтар адамдарға ақыл

беріп, кейде олардың іс-әрекеттеріне араласып, қателіктері болса
жөнге салып, көмектесіп, тіпті басқарып та отырады екен. Түсінген
адам болмыспен үйлесімді өмірге үйренеді.

1. Аруақтың қарызымды төлеңдер деп жалбарынуы

Адам бұл өмірде қарыздар болса келесі өмірде оның жаны тыныштық таппайды. Бұл туралы Шәкәрім мынандай әңгіме келтіреді. «Мұнан отыз жылдай бұрын Үндіқытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау үшін, жан шақырып сөйлесіп отырғанда, бұрын өлген жолдастарының жаны келіп, мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны төлеп болмай өліп едім. Сол маған қиын болып жүр. Сіздер мархабат қылып капитанға сол ақшаны төлеңіздер деген. Капитаннан сұраса – ұмытып қалыппын депті. Аналар жалынып сол жылғы книгасын қараса, дәл болып шыққан». Бұрынғылардың айтуы бойынша өмірде үш нәрседен ең әуелі құтылу керек. Олар: ауру, өрт және қарыз. Әрқайсысының өз себебі бар. Егер аурудан кезінде құтылмаса, ол асқынып кетуі мүмкін. Өртті тезірек өшірмесе – ол өршіп, дүниең түгел жанып кетуі мүмкін. Ал қарыздан тезірек құтылмасаң – өлім келгеде қарызыңды өтей алмай, мойныңда кетіп, келесі дүниеде бейнет шегесің. Өлім сұрап келмейді, оның қашан келерін ешқандай пенде білмейді. Өтелмеген қарызды өтеу керек. Бұл табиғаттың әділет заңдылығы. Сондықтан қарызды кезінде өтемеген жан әуелі о дүниеде зардап шегеді, сонан соң бұл өмірге қайта келіп, қарызын өтеуге мәжбүр болады. Не болмаса, оның қарызын өтейтін артында қалған баласы болу керек. Бұл қағида исламда бекітілген. Бұл әңгімеде қарыз мәселесі айтылады. Өтелмеген қарыз аяққа байланған тас тәрізді, ол келесі өмірде рухани жылжу жолында үлкен кедергі жасайды. Шәкәрімнің бұл әңгімесінен осыны көріп отырмыз. Амалы қалмаған аруақ өзіне қиын болып жүргенін айтып, жолдастарынан көмек сұрайды. Осындай жағдайға ұшырамау үшін бұл әлемде ешкімнің алдында қарыздар болып қалмауға ұмтылу керек. Бұл өте маңызды тұжырым. Себебі, «қарыз» деген сөз ақшаны ғана емес, отбасы, ата-аналық, баланың, халықтың, отанның, аруақтардың, сонымен бірге ең әуелі Жаратушының алдындағы қарызды білдіреді. Табиғаттың бұл нәзік заңдылығы халқымыздың әдет-ғұрпында үлкен орын алған. Бұрынғы кездерде адамдар ешкімнің алдында қарыздар болмауға тырысқан, әсіресе аманатты үлкен міндет деп білген. Аманатты орындау кімнің болса да қасиетті парызы. Ислам дінінде жетім-жесірге жәбір көрсетпеу, олардың мал-мүлкін кезінде қайтарып беру үкен міндет етіп қойылған. Себебі ислам тарихында дін жолында көп соғыс болып, онда өлген адамдардың баласы жетім, әйелі жесір қалған кездері жиі болып тұрды. Мұсылмандар үшін соғыста шейіт болған адамның артында қалған мал-мүлкін, бала-шағасын аман сақтау қарыз болып

есептелген. Сондықтан бұл қарызды қалай өтеу керек екені жөнінде
Құран, қадистерде айтылып, нақты бекітілген.
Егер адам бес франк жиырма бес цент ақша қарыз болғаны үшін
осынша қиналып жүрсе, онда одан да үлкен отан, Жаратушы

алдындағы қарыздарды өтемегені үшін адам қандай жаза алуы керек
екен? Фәни әлемдегі болып жатқан бейберекет әрекеттер мен
қасіретті құбылыстардың себебін осының өзінен түсінуге болады
ғой! Бірақ заттық көзқарастың ықпалымен, рухани білімнің

тапшылығынан мұны әркім сезіп-біле бермейді. Сана-сезімінің
деңгейіне, алған тәрбиесіне, мәдениетіне байланысты өзінің
қоғамдық және табиғи міндеттерін, яғни қарызын әркім әртүрлі
орындайды. Ал мақсат – ешкімнің алдында қарыздар болмау.

Ешкімнің алдында қарыздар болмауға өзінің табиғи міндеттерін
толық орындаған кезде ғана жетуге болады. Бұл – имандылықтың
алғашқы шарттарының бірі.

2. Аруақтың болған уақиғаны хабарлауы

Кейде аруақтар болған уақиғаны хабарлап адамға көмекке келеді. Бұл туралы Шәкәрім төмендегідей мысал келтіреді. «Марсельде осындай бір сынау жасап отырғанда, бір жан кеп көрші бөлмедегі қант саудагерін шақырыңыз, соған айтатын бір сөзім бар десе, саудагер мұндайға нанбай, жәдігөй деп мазақ етіп, келмейді. Жан: келсін, Қызыл теңізге жіберген кемесі жайында айтамын деген соң, саудагерді жалынып-жалпайып алып келгенде, «Кәне жәдігөй маған не айтасың?» дейді. Жан айтыпты: мені қаралағанда не табасың, сорлы, сен сәрсенбі күні Қызыл теңізге бір кеме жібердің, сонша қант, сонша қазметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше, кеме он екі сағаттан соң толқынға ұшырап, жағаға тоқтап, оны-мұнысын түзетіп, және жүрді. Ион жиегіне шейін жақсы барса да, Метабан тұмсығында қатты толқын болып, компасы (қыбыламасы) сынып жолдан адасты. Таңға жақын бір нәрсеге қатты соқтығып, бір адамы тірі қалмай суға кетті. Мен солардың бірінің жанымын. Саған хабар бергелі келдім. Өкімет есітіп, тексеріп жатыр. Бұрнағы күні пристанға хабар келеді. Сонда менің жәдігөй еместігімді білерсің дейді. Айтқандай хабар келіп бәрі дәл шықты». Жан денеден шыққан соң ол аруақ болып адамдармен хабарласа алатынын осы бір мысалдан көреміз. Жан денеден шыққанда ол жоғарыдан заттық әлемдегі құбылыстардың барлығын көріп-біле алады. Бірақ ол өзіне керектіні ғана қабылдайды. Ал керексіз нәрсені қабылдамайды. Адам олай жасай алмайды. Мысалы, адам көзін ашса оның көзі керекті-керексіздің барлығын көреді. Көретін құрал болып табылатын көз адам ырқына көнбейді. Сол сияқты адамның барлық

сезім мүшелері де, адамның қалауынсыз-ақ өзіне әсер еткен нәрсені қабылдай береді. Адамның қалауынсыз-ақ құлақ естиді, көз көреді, тіл дәмді сезеді, танау иісті біледі... деген сияқты. Яғни, адамның сезімдері оған бағынбай, инстинкті түрде өз беттерімен өмір сүреді. Сондықтан адам өмірі табиғатпен үйлесімді болу үшін ол өзінің көңілін, яғни сезім мүшелерін не нәрсеге аудару керек екенін жақсы білуі керек. Яғни, құралды қашан, қалай пайдалану керек екенін білу керек. Жаратушының берген құралын дұрыс пайдалана біл, дұрыс пайдаланбасаң – оның зардабын шегесің! Бұл мәселенің әсіресе тәрбие жүйесінде маңызы үлкен екені белгілі. Сондықтан бұл мәселеге кеңірек тоқтала кетейік. Баланы жас кезінен бастап не нәрсеге көңіл бөліп, не нәрсемен шұғылдану керек екенін үйрету керек. Кейбір ата-аналар балаларға қазіргі кездегі түрлі компьютерлік ойындардан, теледидардан беріліп жатқан кісі өлтіру, зорлық-зомбылық түрлерін дәріптеу, секс көріністерді көруге мүмкіндік береді. «Мұның не? Ертең балаңның қандай адам болып шығатынын білмеймісің?» деп сұрасаң, «Айтқанға көнбейді, көргісі келеді» деген жауап естисің. Әрине, бала өзіне қызық нәрсені көргісі келеді! Оның ақылы әлі жетілмеген, ол өзінің сезімдерінің ықпалында. Сезімге қызық керек. Сондықтан ой-өрісі әлі толық дамымаған жас балаға ондай қызықтан бас тарту өте қиын. Бірақ ересек адамда ақыл жетіліп, ол сезімдерді, яғни нәпсіні, жеңе білуі керек. Ондай адам жақсы деген немене, жаман деген немене екенін дұрыс айыра алады. Ересек адам мен баланың негізгі айырмашылығы осында. Сондықтан ересек адамның міндеті – баланың іс-әрекетін басқару. Ол үшін бала ата-анасын тыңдай білуі керек. Егер бала жасынан айтқанды тыңдамайтын, өзінікін ғана жөн көріп, ешқандай беделді мойындамайтын болса, ондай баланың келешегі қараңғы болады. Ондай бала «бейбастақ» болып өсіп, жақсылықты түсініп, дұрыс жолға түскенше оған өмірден көп таяқ жеп, бейнет көруге тура келеді. Адамның сезімдері шектеулі, кемістіктері мол. Ол табиғат көріністерін көріп-білу үшін өзінің белгілі бір сезім мүшесін пайдаланады. Мысалы, көру үші көзін, есту үшін құлағын... деген сияқты. Сезім мүшелері – жанға қоршаған ортамен байланыс жасауы үшін арналған терезелер. «Мен адамның таппаймын өнерлісін» атты өлеңінде Шәкәрім былай деп жазады:

...Жан – қожа, тән дегенің – жанның құлы,

Нәпсі неге білмеген бұрын мұны?

Ойлашы: жан тапты ма, тән тапты ма

Жоғарғы кереметті неше қилы?
Тән – терезе, қарайтын жан – иесі,
Жаннан шығар ақыл мен ойдың шыны.

Абақтыда отырған адамға терезе қандай керек болса, жанға да сезім мүшелері сондай керек. Жан тәннен шығып аруақ болғанда ол абақтыдан шыққан адам тәрізді сезінеді. Шыққан адам өмірді енді шектеулі абақты терезесі емес, қалауынша еркін көре алады. Сол сияқты аруақ та тәнді тастағаннан кейін сезім мүшелері емес, өзінің толық сезімімен көре алады. Оларға енді арнаулы сезім мүшесі керегі жоқ. Олар бір сезім мүшесімен бүкіл табиғатты сезіп-біле алады. Мысалы, өздерінің толық сезімдеріне ие болып, көзімен естіп, құлағымен көре береді. Таза рухта және жетілген аруақтарда барлық сезімдер бірігіп, бір сезім болады. Ал ол фәни әлемге келіп, заттық тән алғанда материямен қапталып, қайтадан өзінің бұрынғы толық сезімінен айырылып қалады. Тәнде бес терезе бар. Ол бес терезені құлақ, көз, танау, тіл, тері тәрізді бес сезім мүшесі деп атап, олардың алған әсерлерін дыбыс, жарық, иіс, дәм және тән сезімі деп атаймыз. Жан осыларды сезіну арқылы сыртқы әлеммен байланысады. Осылай Шәкәрім сөзімен айтқанда:

Жан талпынар талайды көрмек үшін,
Әр сырын дүниенің білмек үшін.
Дене байғұс салмақ боп баса берер,
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.

Жетілмеген төменгі аруақтар әлі заттық әлем әсерінен толық арыла
қоймағандықтан, көзбен көріп, құлақпен естиміз деп ойлайды.
Осылай олар қай мүшесімен көріп тұрғандарын өздері де сезбейді.
Тәннен босанған аруақтың сезу мүмкіндігі ұлғайып, ол өткенді,

келешекті біліп, адам жасай алмайтын құбылыстарды жасай береді.
Осылай жетілу барысында аруақтың мүмкіндіктері өсіп, табиғат
құбылыстарын еркін өзгертіп, өзінің қалауынша басқаратын
жағдайға жете алады. Табиғат құбылыстарын басқаратын жоғары

жетілген рухтардың, періштелердің қасиеттері осындай болады.
Рухы тазарған сайын оның мүмкіндігі ұлғайып, жоғары
деңгейлерде мүмкіншілігі шексіздікке айналады. Ең жоғары деңгей
таза Рух Жаратушыда екені түсінікті. Сондықтан Құдай туралы «Ол

да көреді, естиді және тағы сол сияқты барлығын сезіп, біледі.
Бірақ біз сияқты емес, басқаша» деген сөздің мағынасы осы болса
керек.
Төменгі қарапайым аруақтардың өздері де өткенді, келешекті

көре алады. Оны Шәкәрім жазып отырған аруақтың «Өкімет
есітіп, тексеріп жатыр. Бұрнағы күні пристанға хабар келеді.
Сонда менің жәдігөй еместігімді білерсің» деген сөзінен білеміз.
Оның айтқанындай хабар келіп, келешекте бәрі дәл шыққан.

Осылай рухтың ғажайып қасиеттерін білеміз. Ал енді бұл
ғажайып құбылыстардың сырын білмей, тек қана оны жоққа шығару

сау ақылға сай келе ме? Шәкәрім міне, осы мәселеге көңіл аудару үшін аруақтың осындай ғажайып қылықтарын әңгімелеп отыр. Өкінішке қарай, әңгімедегі саудагер тәрізді, өзінің надандығын түсінбей, нәзік әлемдегі хабарды жеткізгендерді жәдігөй деп санайтын адамдар әлі де көп. Саудагер ақылы болса, ең болмаса өзі үшін, өзінің кемесі туралы барлығын естіп-білуге ұмтылуы керек қой! Ал ол оның орнына шақырудан бас тартып, аруақты жәдігөй деп мазақ еткен. Саудагердің бейнесінен қоғамдағы заттық әлемнен басқаны білмейтін және білуге де ұмтылмайтын тоңмойындарды көруге болады. Олар білмегенін біліп, түсініп алуға ұмтылудың орнына, «ондай нәрсе жоқ. Мен сенбеймін» деген сыңаржақ қыңырлығынан арыла алмайды. Саудагерді сендіру үшін жан кемені қашан және қайда жібергенін, онда сонша қант, сонша қазметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше деп бәрін айтып берді. Ал енді осыны естіп, көріп отырып басқа әлемдердің бар екеніне, біздің сезіміміздің шектеулі екеніне, ал табиғат құбылыстарының шеңбері өте кең екеніне сенбеске бола ма? Әрине, тылсым құбылыстары өте сирек кездеседі. Ол солай болуға тиісті де. Себебі, олар басқа әлемге жатады. Бізден бөлек. Бірақ сонда да бұл әлемде кездеседі. Яғни, оны жоққа шығаруға болмайды. Бұған сенбеушілер оның терістігін дәлелдеуі керек. Ал дәлелдей алмаса, онда оған сеніп, өзінің жеңілгенін мойындаулары керек. Шәкәрім екі көзқарастың шешімін осыған әкеліп тірейді.

3. Аруақтың американдықтарға келешекті айтып беруі

«Спиритизм жайын тексеруші Озен Носи жазады: 1759 жылы Англияның әскері Американың тұрғын халқымен соғысқандағы коменданты Цицерь Уильямс, Джонсон Сосет Мәрдағы Америка адамдарына (аборигендерге – Д.О.) елші жіберіп, Нигера қаласына келсін, сол жерде бітім шартын жасайық дейді. Алдындағы соғыста американдықтарға қолға түскен Александр Калмри деген офицері елші барғанда солардың тұтқынында екен. Сол айтады: Елші келген соң американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір үлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатты. Сонда шатыр солқылдап біресе олай, біресе былай қисайып ішінен әлдене түрлі қорқынышты дауыстар шыққан соң, жан шақырушы шатырға енбектеп кіріп, біраздан соң терлеп шыққан соң, халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталады. Сонда жан шақырушы: барғанымызды ұнатады, комендант бізге көп сый беріп қайырады, ішінде сондай-сондай сауыттар, бәлендер бар дейді. Аяғында соның бәрі дәл шығыпты».

Бұл әңгімедегі «Американың тұрғын халқы» деген сөз Америкадағы қазіргі кездегі әр елден жиналған халықты емес, оның әуелгі халқын, яғни, «индеестерді» білдірсе керек. Ағылшындар Американы жаулап алардың алдында ондағы халықтардың да аруақтарға сенгенін, олармен тығыз байланыста болғанын 250 жылдай бұрын болған осы оқиғадан көреміз. Сондықтан спиритизм бір халықтың, не болмаса белгілі бір уақытта пайда болған сенім емес, ол табиғат көрінісі және әлемнің қай түкпірінде болса да кездесе береді. Елші келген соң американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір үлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатқан екен. Осы сөздерден американдықтардың өздерінің сенетін бір аруағы болғанын көреміз. Жеке адамдарды қорғайтын аруақтар ғана емес, ұлтты, қоғамды, тіпті бүкіл адамзатты қорғайтын да аруақтар болады. Олар өздерінің қамқорына алғандарды үнемі бақылап, оларға қиын-қыстау кездерде көмек беріп отырады. Қаншама қиын жағдайдарда біреудің көмегі болғандай, жеңілдік көрген уақытымыз өмірде кездесе береді. Бірақ, біз оны елемейміз, ұмытып кетеміз. Бұл көмектің өзі Жаратушының бізге жасаған мейірімділігінің бір белгісі емес пе? Оның Өзі ештеңеге мұқтаж емес, ештеңені жасамаса да, Оның әмірін орындауға дайын, нұрдан жаралған көмекшілері сансыз көп. Біз тек қана соны түсіне біліп, оны дұрыс пайдалана білуіміз керек. Әрине, бұл Жаратушыны ұмытып, аруаққа табыну керек деген сөз емес, тек қана болмысты толық қабылдап, ғажайып көріністерін жоққа шығармай, саналы болуымызды білдіреді. Шақырушы медиум өзінің рөліне еніп, аруақпен байланысқа кіруге ұмтылған. Осылай ол түрлі ұғылмайтын сөздер айтып, әлденелер істеген. Медиум аруақпен байланысқанда трансқа, яғни өзін өзі сезінбейтін басқа әлемге кіреді. Әңгімеде шатыр солқылдап біресе олай, біресе былай қисайып ішінен әлдене түрлі қорқынышты дауыстар шыққан. Осылай аруақ келіп, өзінің келгенін білдірген. Сонан кейін жан шақырушы медиум, немесе бақсы деуімізге болады, шатырға енбектеп кіріп, біраздан соң терлеп шыққан. Оның терлеуі шатырдың ішінде аруақпен үлкен күрес болғанын білдіреді. Халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталаған кезде: барғанымызды ұнатады, комендант бізге көп сый беріп қайырады, ішінде сондайсондай сауыттар, бәлендер бар деп жан шақырушы нақты деректер береді. Осылай келешекте не болатынын аруақ айтып берген. Аяғында соның бәрі дәл шыққан.

4. Аруақтың султанның өлімі туралы хабар беруі

Аруақтар келешекте болатын қоғам өміріндегі өзгерістерді де айтып бере алады. Мысалы, мынандай әңгіме бар. «Париждегі спиритизм мектебінен оқып шыққан: түріктің Хасан Марзух деген сперті спиритизм, магнетизм туралы Стамбулда бастырған кітабында айтады: біз Парижде бірталай сперт жан шақырғанымызда көбінесе Жақсаза деген жанды шақырушы едік. Онымыздың себебі, оның айтқаны дұрыс шыға беруші еді. Бір шақырғанымда түрік султаны Ғабдулхамиттің зұлымдығын халқы қанша уақытқа дейін тартады деп сұрағанымда: – Патшалығының отыз үшінші жылының тоғызыншы айында тақтан түседі, – деді. Өлімі қашан дегенімізде, АвстрияВенгриядағы Франс Иосифтің өлімінен кейін болар, алты айдан кейін бе, қалай деді. Ғабдулхамиттіің түсуі айтқанындай шықты. Ал Ғабдулхамит Сламекте өлді деген хабар өтірік болады. Енді өлім туралы айтқаны қалай болар екен? Соны ескеру керек, дейді Хасан. Ол кітабын Ғабдулхамит түсе салысымен, 1909 жылы бастырған». Шәкәрімнің «түріктің Хасан Марзух деген сперті спиритизм, магнетизм туралы Стамбулда бастырған кітабы» деген сөзінен спиритизммен християндар ғана емес, сонымен бірге, мұсылмандардың да шұғылданғанын көреміз. Мүмкін бұл әңгімені автор спиритизмнің барлық діндерге ортақ құбылыс екенін көрсету үшін келтіріп отырған шығар, кім білсін, әйтеуір сол кездегі исламның мықты тірегінің бірі болып тұрған Түркияда бұл туралы кітаптың басылып шығуы көп нәрсені аңғартады. Ең әуелі спиритизмнің, яғни аруақпен байланысудың исламмен ешқандай да қайшылығы жоқ екенін, оның пайдасын бір кездерде мұсылман елі де пайдаланғанын көреміз. Сонымен бірге, бұл әңгіме аруақтардың келешекті болжай алатынын және олардың берген хабарларын қоғам өмірінде де қолануға болатынын көрсетеді. Осылай халықтың қиынқыстау кезінде аруақ жан уататын жақсы хабар беріп, көңілге медет әкеледі.

5. Кейт қыздың аруақпен ойыны

Әрі қарай Шәкәрім спиритизмнің тарихын сөз қылып, полтергейст құбылысын суреттейді. «Енді спиритизмнің Америка, Европада алғаш анықталуы жөнінде. 1847 жылы Германияның Нос фамилиялы бір үйлі жаны Америкаға келіп, Гизоиль қышлағында тұрды. Бұл Гизоиль Нью-Йорк қаласында Аркадие ішіндегі Ден-Котлада болады. Фамилиясы Америкаша Фокус болды. Бұл бір үйлі жан: бір әке, бір шеше, екі қыз. Қыздың үлкені Маргарет 15-те.

Кішісі Кейт 12-де. Бір қатардан соң тұрған үйлерінің төбесі, едені, қабырғасынан неше түрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған үйдегі көрпе-жастық сияқты нәрселері ауысыпшашылып қалатын болады. Басында көпке шейін қорықса да, Кейт үйрене келе, ақсақ шайтан менің істегенімді істеші, деп қолын о да шығаратын болды. Сөйте-сөйте жан екенін біліп, Кейт сперт болды. Онан кейін Аери дариясының жағасындағы Ошестр қаласына көшіп келіп, неше түрлі спиритизм ісін көрсете бастаған соң халық неше рет комиссия шығарып тексерсе де, шығарған комиссияның бәрі алдаусыз, айласыз бір қуаттың барлығын растады. Қара халық оған да болмай бұл жәдігөй, мұны тірідей кескілейміз деп Кейтті өлтірмекші болғанда өздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: мені өлтіріп, денемнің үстінен өтпей Кейтті өлтіре алмайсыңдар деп Кейтті азар алып қалған. Онан соң Американың Однос Мефс, Руберт Кеер һәм Лондондағы профессор Крокс сияқты данышпандар тексеріп алдау, айласыз бір қуат барлығын анықтадық деп жариялады. Жоғарыда аталған «Ревель» газетінің бас жазушысы Август Багеридің Америкада таяқ жеп аяғында шындығына он төрт мың кісі қол қойған спиритизм дегені осы Кейттің ісі. Англияның атақты білімдісі Цормент Крокс айтады: ешбір ғылым білмейтін бір сперт жан шақырып келтіргенде, ғылымды философтардың сөздерімен сөйлесіп, дұрыс айтады деген соң, оны өзім сынадым. Жан сперт арқылы менің айтқан сөзімнің бәріне де ғылым жолымен жауап берді. Ол сперт әншейінде ғылым түгіл жай сөзге жауап бере алмайтын надан дейді». Аруақтардың әсерімен тұрған үйлердің төбесі, едені, қабырғасынан неше түрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған үйдегі көрпе-жастық сияқты нәрселері ауысып-шашылып қалатын болуы мүмкін. Мұндай аруақтарды кейінгі кезде полтергейст деп басқа аруақтардан бөліп атаған. Себебі, заттардың өздігімен қозғалып, не болмаса олар қозғалмаса да қозғалғандай шудың шығуы ең жиі кездесетін құбылыс. Сырын білмеген адамға бұл өте қорқынышты. Және бұл құбылысқа ешкім де бөгет жасай алмайды. Одан құтылудың ең оңай әдісі – бұл құбылыстың сырын ашу. Осылай басында көп уақыт қорқып жүрсе де, Кейт үйрене келе, «ақсақ шайтан менің істегенімді істеші»» деп қолын о да шығаратын болған. Өзінің қылықтарымен енді ешкімді қорқыта алмайтынын білген соң, аруақ кетіп қалады. Сенімі жоқ ересек адам бұлай үйрене алмас еді. Ал кішкентай Кейт аруақпен оңай түсінісіп, онымен ойнап кеткен. Себебі, ересек адамға қарағанда, жас баланың қасиеті әлі табиғи қалпынан айрылған жоқ. Ол табиғат әсерін жақсы сезініп, дұрыс қабылдай алады. Кейттің өзі аруақтың көмегімен оны көретін болып, өзіне керекті қимыл жасауға мәжбүр етіп, қорқуды

қойып, енді онымен еркін байланыс орнатқан. Осылай Кейт алғашқы сперттердің бірі болып, бүкіл Америкаға спиритизмнің жайылуына үлкен әсер етті. Мүмкін осынша үлкен шу шығарып жүргендегі аруақтың мақсаты да сол болған шығар. Оның мақсаты – Кейтті сперт етіп үйретіп, артынан ол арқылы халықтың назарын тылсым дүниеге аудару болуы мүмкін. Ең қорқынышты нәрсе – белгісіз құбылыс. Халық арасында жын, шайтан туралы түрлі қорқынышты аңыз-әңгімелер де көп. Ал шын мәнінде ешқандай жын, періден қорқып қажеті жоқ. Егер олардың жай-жапсарын, мән-мәнісін дұрыс түсіне білсе, қандай қорқынышты жын, періден де оңай құтылуға болады. Жоғары аруақтар мұндай істермен шұғылданбайды. Мұндай істермен әлі жетіле қоймаған төменгі аруақтар ғана шұғылданады. Олардың кейбірі шын мәнінде адамды қорқыту үшін, ал кейбірі бұрынғы өшін алу үшін, тіпті болмаса, көңіл көтеріп, уақытын өткізу үшін келеді. Ал кейбірі адамдардың көңілін өзіне аударып, оларға белгілі бір хабар жеткізу үшін, не болмаса өздеріне бір керек мақсатты орындату үшін келеді. Спириттер өзіне дұға сұраған, көмек сұраған, не болмаса өткен қателігі үшін кешірім сұраған аруақтарды көп кездестіреді. Жалпы аруақтардан қорқып қажеті жоқ. Олар адамды мазалауы мүмкін, бірақ қатерлі емес. Әрине, өшіккен аруақтар кейде адамды өлтіріп те жібереді. Ондай істер тек қана жоғары күштердің ұлықсатымен ғана болады. Ермек үшін келген аруақтар болса, олар өзінен қорыққан сайын қызық көріп, күшейе түседі. Бұл төменгі аруақтар әдейі адамды ашуландыруға тырысқан, не болмаса қорқақтарды қорқытқан балалар тәрізді. Жасаған қылықтарына мән бермей, еркелетсе, олар өздерінің бейбастақтығын қоя салатыны тәрізді, төменгі аруақтар да оларға мән бермесе, өздері кетіп қалады. Ал Кейт болса қорқудың орнына жынды өзі шақырып, онымен ойнаған. Осылай аруақ өзіне керегін алып, басқаларды қорқытпай, тек қана Кейтпен ойнаған. Аруаққа не керек екені жөнінде «жазатын» медиумның көмегімен білуге болады. Аруақтың жауабының түрі оның қандай деңгейде екенін, не керек екенін білдіреді. Соған байланысты әрекет ету керек. Егер ол зұлым шайтан болса, онда оның тазарып, түзелуі үшін Жаратушыдан көмек сұрап, дұға оқу керек. Егер қиналып жүрген бақытсыз аруақ болса, оған мейірімділік көрсету керек. Бұл әрекеттер төменгі аруақтардың жасайтын қылығы болса да, олар жоғары аруақтардың ықпалымен орындалуы мүмкін. Олар адамның назарын тылсым әлемдерге аудару үшін осындай әрекеттерге баруы мүмкін. Қандай жағдай болса да дұғаның көмегі өте зор. Жын, шайтанның Алла тағаладан қорықпайтыны болмайды. Себебі, нәзік әлемдерде заттық әлемге қарағанда жоғары әлеммен байланыс тікелей жүреді. Сондықтан аруақтардың барлығы да Жоғары күштің

ықпалында болып, егер оны бұзатын болса өзінің жазасын алатынын жақсы біледі. Шәкәрімнің өзінің де нәзік болмысты көрсету мақсаты – заттық әлемнен басқа да көрінбейтін әлемнің бар екеніне, барлық көріністің негізі рух екеніне, Құдайдың бар екенін дәлелдеу болса керек. Барлық қорқынышты құбылыс, түрлі дыбыс-шулардың жасалу әдісі жоғарыда жазылды. Шәкәрім жазуына қарағанда дін адамдары да спиритизмді қолдай бастаған. Бұл оның аруақтардың әрекетін түсінбей, қара халықтың: «Бұл жәдігөй, мұны тірідей кескілейміз» деп Кейтті өлтірмекші болғанда өздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: мені өлтіріп, денемнің үстінен өтпей Кейтті өлтіре алмайсыңдар, деп Кейтті азар алып қалғанын жазғанынан көрінеді. Себебі, бұл спиритизм құбылысы кездейсоқ емес, жоғары Жаратушының жоспарымен, Оның әмірімен болған еді. Ал Жаратушыға кім қарсы тұра алады?! Ғалымдар да аруақтарға көңіл аударып, олардың ғажайып істерінің рас екеніне көздері жете бастаған. Англияның атақты ғалымы Цормент Крокстың ешбір білімі жоқ сперттің жан шақырып келтіргенде, ғылыми философиялық терминдермен сөйлесіп, оларды дұрыс айтады деген соң, оны өзі сынаған. Оның көртені: аруақ сперт арқылы оның айтқан сөзінің бәріне де ғылым жолымен жауап берген. Ал ол сперт әншейінде ғылым түгіл жай сөзге жауап бере алмайтын надан екен. Сперт аруақ қандай хабар берсе, соны өзгертпей жеткізуі керек.

6. Аруақтардың адамзатқа түрлі көмектері

Шәкәрім әрі қарай «еститін» сперт (спиритуалист), «жазатын»
сперттер
туралы
мысалдар

келтіріп,
аруақтардың
адамзатқа
көрсететін түрлі көмектерін сипаттайды.

«Францияда атақты сперт Жанна д` Арк деген қыз жанның
дауысын естіп, соны қағазға жазып отыратын болған. Колбен
Штобе деген сперт ақ қағазды столға, не сандыққа салып қойса
жан соған жазып кетеді дейді. Громоотвод (жай тартатынды)

шығарған Бенжамин Франклиннің жаны сперттерге келіп
спиритизм жайын үйретеді дейді. Кейбір жандар артымнан дұға
қылып, күнәмді кеш деп сұрайтын кісім жоқ. Сондықтан
жоғарылай алмай жүрмін дейді. Кейбіреуі мойнымда қарыз

кетіп, сол бөгет болып жүр деп айтады дейді. Тіпті мынандай бір
таңырқарлық іс те бар. Сперттерге орысша Марс, мұсылманша
Марных деген планетадағылардың жаны келіп хабар алысады
дейді. Олардың бір түрлі тілі бар. Соның бір-екі ауыз сөзі

мынау: «Кеуи қашан бример ем ха еб», ол – тағы қашан келеді
деген сөзі».

Бұл әңгімеде бірнеше мәселе қаралады. Оның бірі – еститін және жазатын медиумдар туралы. Тарихтан белгілі ержүрек француз қызы Жанна д` Арк еститін, әрі жазатын медиум болған. Ол аруақтардың көмегімен Францияны жаудан құтқарды. Бірақ аруақтармен байланыс жасағаны үшін оны инквизиция отқа өртеп өлтіргені белгілі. Аруақтардың қағазға қалай жазатыны туралы жоғарыда айтылды. Атақты ғалым Бенжамин Франклиннің аруағы сперттерге келіп үйретіп жүрген себебі – ол әлі заттық әлемнің ықпалынан шыға алмай жүргендігі, не болмаса, адамзаттың рухани деңгейін көтергісі келгені. Кейбір адамдар, әсіресе ғалымдар, өздерінің фәни өмірінде алға қойған мақсаттарын толық орындай алмай кетеді. Бұл әлемдегі ісіне қатты байланып, оның болмысына терең сіңіп кеткенде, ол байланыс келесі әлемге көшеді. Осылай олар бұл әлем қызығынан шыға алмай, келесі өмірінде де оны жалғастырғысы келіп, фәни әлемдегілерге кеңес беріп, үйретіп, солар арқылы өзінің орындалмаған арманын орындауға ұмтылады. Бенжамин Франклиннің сперттерге көмектесіп жүргені жоғары рухтардың ықпалымен болуы да мүмкін. Жоғарғы әлемдерде аруақтардың өздерінің арнайы міндеттері болады. Бұл әңгімедегі келесі мәселе – ата-бабаға Құран бағыштау. Бұл мәселе де исламда өз шешімін тапқан. Мұсылманның өмірде үш парызы бар. Олар – үй салу, ағаш отырғызу және артыңда ұл бала қалдыру. «Үй салу» міндеті о дүние ғана емес, осы өмірдің тіршілігін де ұмытпа дегенді білдірсе, «Ағаш отырғызу» міндеті табиғатты аялай біл, сен де табиғаттың бір мүшесісің дегенді білдірсе керек. Ал «Ұл бала қалдыру» міндеті – келесі өмірдің қамы. Себебі артыңда қалған бала ата-бабасының рухына Құран бағыштап, Алла тағаладан шапағат тілеп, біліп-білмей жасаған күнәләрін кешіруді сұрап жалбарынады. Осылай ұлдар өзінің ата-бабасының о дүниедегі өмірін жеңілдетеді. Аруақтар бұл туралы айтып, білдіреді. Шәкәрім ол аруақтар туралы «Кейбір жандар артымнан дұға қылып, күнәмді кеш деп сұрайтын кісім жоқ. Сондықтан жоғарылай алмай жүрмін дейді» деп жазады. Не себептен артта қалған қыз есептелмей, тек қана ұл бала есептеледі? Бұл маңызды мәселе, сондықтан Шәкәрім ілімі бойынша бұған толығырақ тоқталайық. Тұқым қуалау еркек кіндік арқылы жүреді. Яғни, атадан балаға байланыс тек қана еркек арқылы болады. Шәкәрім тұжырымы бойынша, еркек Күн тәрізді, ол ұрық береді, яғни адамның жаны еркек арқылы енеді. Әрине, баланың қалыптасуына ананың рөлі де өте зор. Бірақ ана Жер тәрізді. Ана құрсағына жан ата ұрығы арқылы түседі. Жанның рухы және нәзік денесі бар. Рух нәзік денесінің заттық әлемге керекті бөлігін 3, 7, 40 күнде және бір жылда бұрынғы тәнін тастағанда біртіндеп қалдырған болатын. Енді тәнмен

байланыстыратын сол денесін ол ана құрсағында қайтадан толықтырып, қалыптастыра бастайды. Бұны рухтың өсуі деуге болады. Осылай рух өзінің нәзік материалдық денесін қайта қалыптастырып, сол арқылы енді тәнді қалыптастырады. Жан өзіне керекті элементтерді әлемдік гальваника процесі арқылы космостан ғана емес, сонымен бірге, ана құрсағынан да алады. Осылай ана құрсағы бала тәнін қалыптастыратын орта болып табылады. Ана балаға тән ғана береді. Тән заттық дүние, Сондықтан ол мәңгілікті емес, өзгеріп отырады. Ал еркек ұрығы арқылы келетін рухани жан – мәңгілікті. Ол өлмейді, өзгермейді. Осыдан маңызды тұжырым жасауға болады. Адамның рухани қасиеттері негізінен атадан келеді. Бірақ өмірде бір әкеден жақсы да, жаман да туады. Бұның себебі неде? Бұл сұрақтың жауабы – ұрық түсер кезде ата-ананың ой-өріс, ынта-жігер, сана-сезімі қандай болса, соған байланысты рух келеді. Сондықтан, келешек баланың жақсы болуына әке-шешесінің «алғашқы түні» өте қатты әсер ететінін медицина да, эзотерикалық ілімдер де растайды. Қазіргі кезде «мас шаһуаттан» (пьяная сперма) пайда болған балалар көбейді. Қай дінде болса да әйел мен еркектің махаббат қатынасы алдында түрлі рәсімдер бар. Бұл рәсімдер ұрпақтың жақсы болуы үшін арналған. Рух ата шаһуатымен келіп түсетіндіктен, ата мен бала байланысы жоғалмайды. Бала ержеткенде оның рухы өсіп, келесі ұрпаққа беріледі. Ал оның келесі ұрпаққа берген рухының негізі өзінің әкесінен алынды. Осылай ата рухы гена арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Тұқым қуалау арқылы белгілі бір мінез-қасиеттері ұқсас адамдар туады. Өздерінің мінез-құлықтары бір-бірімен ұқсас, басқалардан айырмашылығы бар ру, одан тайпа, одан халықтар осылай пайда болса керек. Аңыз бойынша түрік халықтары бір адамнан тараған. Қазақтың әрбір руының өзінің тараған атасы бар. Қазіргі кездегі ғалымдардың ашқан Шыңғыс хан тұқымы жөніндегі жаңалық, мүмкін осының тағы бір көрінісі болар. Батыс ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда Шыңғыс хан генасы көптеген халықтардың арасынан табылған. Осылай құдыретті Шыңғыс ханның өзі жалғыз болса да, оның генасы бірнеше миллионнан астам адамға жайылып кеткен. Міне, Шәкәрім мұрасынан алынған, «Егер тұқымың жалғаса берсін десең, артыңа ұл қалдыр» деген осы ақиқат тұжырымды әрқашанда, әсіресе, заттық ниет күш алып тұрған бүгінгі заманда, жастарға, үнемі естерінде сақтағандары абзал болар еді. Бұл ойларды Шәкәрімнің «Атаның шаһуатының көп қой мәні», «Жан беріп жарық, жылы нұрдан» тәрізді өлеңдерінен алуға болады. Бұл әңгімедегі қарыз мәселесі жоғарыда айтылды.

Сонымен бірге, бұл әңгімеден аруақтардың басқа планеталардан келетінін де білеміз. Қандай планетадан келуіне байланысты олардың перисприттері, яғни нәзік денелері, тығыздығы әртүрлі болады. Жоғары планеталардан келгендердікі нәзік болса, ал төменгі планеталардан келгендерде соған байланысты тығызырақ, бұлыңғырлау болып келеді. Не болмаса жоғары планеталардан, жоғары әлемдерден келген таза аруақтар бұл әлемге келгенде осы әлемнің периспритімен жамылып, өзіне қауыпсыз, жағдайға қарай ыңғайлы перисприт алады. Марс, мұсылманша Марных деген планетадан келген аруақтар осының бір мысалы.

7. Ақын-жазушылардың аруақтар туралы жазғандары

Спиритизмге ғалымдар ғана емес, ақын-жазушылар да көңіл аударған. «Атақты бәйт ақын-жазушылардың бір қатары спиритизм туралы ойларын өлеңдеріне қосқан. Бұл сөзіме Тиопель Коньенің «Спирит» деген кітабы мен Мышланың «Махаббат» деген кітабы куә. Францияның атақты ақыны Виктор Гьюгоның спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау: Сөз сөйлеп қозғалатын столды бірталай жандар ермек қылып көңіл жұбатады. Ашық ұғысайық, мұндайды жеңіл есептеу орынсыз». Францияның атақты ақыны Виктор Гьюго спиритизм туралы шығарма жазған. Оның «Сөз сөйлеп қозғалатын столды бірталай жандар ермек қылып көңіл жұбатады. Ашық ұғысайық, мұндайды жеңіл есептеу орынсыз» деген ойын түсіндіре кетейік. Спиритизм әлімсақтан бар болса да, Батыс елдеріне ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мөлшермен ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін елдің көңілін көп аударған. Ол әуелі физикалық құбылыс ретінде білінген. Түрлі шу, заттар қозғалысы ешкімнің қатысынсыз, не болмаса медиумның қатысуымен табиғаттың белгісіз бір сыры барын білдіре бастаған. Қозғалыстардың ең қарапайым түрі үстелдің жылжуы болған. Оларды «айналушы үстелдер» деп атаған. Үстел кейде айналып, не болмаса бір аяғынан екінші аяғына тұрып, тіпті кейде еденнен көтеріліп кетіп, үйдің төбесіне дейін көтеріліп, сонан кейін ақырын төмендеп, не болмаса кенеттен құлап, қатты шу шығарып, быт-шыт болып сынып, түрлі көріністер көрсеткен. Бұл құбылыс көпшіліктің назарына ілігіп, біраз уақыт ойын-сауық ермегін айналып, бірақ біраздан кейін одан да жалыққан. Кейбіреулер қызық көруден жалықса, ал кейбірі бұл қарапайым құбылыстан оның арғы жағында жатқан күрделі бір нәрсе барын сезіп, енді соған көңіл аудара бастаған. Көптеген құбылыстар бұл әрекетте есті жанның қатысы барын білдіреді. Бұл естінің кім болғаны?

Осылай құбылыстың күрделі жағын көріп, қоғамның зиялы бөлігі әрі қарай зерттеуге ұмтылған. Виктор Гьюго сөзін соларға арнап, олардың істерін жөн көріп, бұл маңызды талпыныстарын жалғастыра беруге шақырады. Зерттеушілер кейіннен үстелдің қозғалу себебін анықтап, соның негізінде табиғаттың көптеген ғажайып сырларын ашқан.

8. Фахризм деген не?

Шығыста пайда болып, Батыста фахризм деп аталған тылсым көріністері де аруақтардың ісімен тығыз байланысты. Бұл туралы Батыс елдерінде кезінде көп жазылған. Шәкәрім былай деп жазады: «Ісі ғылыми зор ғалымдар да, өңкей білімділер шығарған неміс тіліндегі «Спенс» газетасы да фахризм туралы жазады. Фахризм – Үндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен фахризм атанған. Олар оқымай, ешкімнен үйренбей-ақ, өзін өзі жөндеп тазартпай-ақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір үйде отырған бірқатар кісіге менің рұқсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады. Бұл бақсылардың жолы болса керек. Жас күнімізде бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізгенін, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шыққанын көріп едік. Әншейінде оның бірін істей алмайтындығы анық». Шәкәрім «Фахризм – Үндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен фахризм атанған» деп фахризмнің Үндістан мұсылмандарынан бастау алғанын көрсетеді. «Фахризм» мұсылманның сопылық ағымынан шықса керек. Себебі, сопылар өздерін «пақыр», яғни рухани жағынан кедейміз деп атайды. «Пақыр» деген сөз көпшілікке танымал «факир» деген сөзге айналса керек. Мұндай адамдардың мақсаты рухани байлығын молайтып, Алла тағалаға жету. Рухани жолда олар көптеген тылсымдық қасиеттерге ие болады. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген мұсылман мистигі әл-Халладждың жоқ нәрсені бар қылу, алыстан жеміс, нан тәрізді тамақ түрлерін алу, қолын бір сермегенде үйдің қабырғасын жарып түсіру тәрізді ғажайып қасиеттері туралы көп жазылған. Кезбе дәуріштер ел аралап бір елден екінші елге түрлі хабарлар жеткізіп, түрлі халықтар мәдениеттерінің бір-бірімен араласып, ықпал етуіне үлкен үлес қосып қана қоймай, олар табиғаттың ғажайып терең сырларын халыққа түсіндіре біліп, ең бастысы – Алла тағаланы дәріптеп, адамдардың имандылығын көтеруге үлкен себеп болған. Олар өздерін «пақырмыз» деп атаған соң, оларды «пақырлар» («факирлер») деп, ал жасаған ғажайып істерін батыс елдерінде «фахризм» деп атаса керек. Бұл сопылар да нәзік әлемдерге кіріп, аруақпен байланыса біліп, солардың көмегімен ауруды емдеу, келешекті болжау, табиғатқа әсер ету

тәрізді істер істеп, қарапайым халыққа қызмет көрсетіп отырған. «Олар оқымай, ешкімнен үйренбей-ақ, өзін өзі жөндеп тазартпайақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір үйде отырған бірқатар кісіге менің рұқсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады» деп Шәкәрім олардың осындай қасиеттерін көрсетіп отыр. Бақсылар да қарапайым адамға бірден түсініксіз көптеген істер істей алады. Мұндай істерге олар өздерінің табиғи қасиеттері арқылы жетсе, ал сопылар рухани тәжірибе арқылы өздерінің нәзік болмысын өзгерту арқылы жетеді. Спириттікке осылай табиғи қасиет арқылы және түрлі жаттығулар арқылы жетуге болады. Ал бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізу, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шығу аруақтардың көмегімен болады. Оның сырларын жоғарыда айтылған теориялық негізден түсінуге болады. Аруақ әлемдің тоқты жинап бақсының периспритімен байланыстырып үстелге әсер еткендей атқа да әсер етеді. Сол кезде ат аруақтың ықпалымен және оның бұйрығымен неше түрлі ғажайып құбылыстар жасауы мүмкін. Бұл арада аруақ пен бақсы қайсы күшті болса, соның ықпалы жоғары болатыны да жоғарыда айтылды.

9. Көз тигізуші

Кейбір адам көзі арқылы түрлі құбылыстар жасай алады. Қазақша бұл көз тию деп аталады. Көз тигізгенде бір адам екінші адамға өзінің көзі арқылы психо-энергетикалық қуатын, яғни нәзік болмысының бір бөлігін жібереді. Осылай ол басқа адамның нәзік болмысын өзгертіп, оның әдеттегі қимылынан шатастырады, не боламса, тіпті, ауруға да шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралды Шәкәрім мынандай мысал әңгіме келтіреді. «Жоғарыда аты жазылған түрік сперт Хасан Марзух кітабында айтады. Бір адам көз тигізуші деген соң, оған анау қақпадан алғаш кім кірсе, соған көз тигізші дедік. Біраздан соң қашырға мінген бір топ молда кіріп еді, әлгі адам тұра қалып, қадала қарады. Екі жүз адымдай жерде келе жатқан поптың қашыры тайып жығылып, анадай барып құлады, дейді. Қасына барсақ, еш жері ауырған жоқ, қашырын мінді де жөнелді. Көшедегілер «қашыр таймаушы еді» деп аң-таң. Біз көз тигізушіге аң-таң болдық, дейді». Көз тиген, әсіресе, жас балаға қиын болады. Оның нәзік болмысы әлі өте әлсіз. Сондықтан оған қарапайым көзқарастың өзі ауыр болуы мүмкін. Қазақ әдеті бойынша бала туғаннан кейін оны қырқынан шыққанша сырт көзге көрсетпеу керек екені осыдан шықса керек. Көз тию өте қауыпты. Кейде бала өліп кетуі де мүмкін. Көз тигенді дәрігер емдей алмайды. Оны тек қана түрлі дұғалар мен өзінің таза энергиясы арқылы адамның нәзік болмысын тазартатын,

не боламаса, түрлі жын-перілерді аластай алатын емшілер ғана
емдей алады.

10. Ұйқы тылсымдары

Ұйқы кезінде де түрлі тылсымдық құбылыстар көп болады. «Кейде тірі адамның жаны дене сезімінсіз-ақ ғайыпты біледі, адам істей алмайтын іс істейді. Орысша лунатизм, Европаша сомнамбулизм дегенді ғылым оқығандар біледі. Ол біздің қазақша айтқанда былай, кейбір адам ұйқысырап, жүріп кетіп, әлде не түрлі істерді істеп, қайта келіп жатып қалады да, оянғанда онысын білмейді. Оны біздің тілде ұйқыда кезу дейді. Мұндайлардың кейбіреулері биік үйдің шатырына шығып, таймастан дәл шеткі қырымен айнала жүріп келіп, сатыдан түсіп төсегіне жатқан. Ол жүргенде мүлде дым сезбейді, ұйқыдан оянған соң онысынан өзі түк білмейді. Мұндайлар көп болады. Ондайды өзіміз өз көзімізбен де көрдік. Кейбір адамдардың пәлен жерім тартты, онда солай болушы еді дегені де дәл шығады. Кейде көрген түс бұлжымай дәл келеді. Мұндайлар тіпті көп». Лунатизм де, қазақша айтқанда ұйқыда кезу, аруақтардың ықпалымен болуға тиісті. Ұйқыда адамның рухы денесінен бөлініп, әлемді шарлап кетеді. Сол кезде бөгде аруақ оның орнын алып, тәнді басқарып кетуі мүмкін. Тән ұйқыда. Егер ол оянатын болса тән мен рухты байланыстыратын жарқыраған нәзік жіп бойымен өзінің рухы дереу жетіп келер еді. Бөгде аруақ осының бәрін ескеруі тиісті. Ол адамның өзінің рухы жоқтығын пайдаланып, тәнді тұрғызып, биік үйдің шатырына шығарып, таймастай дәл шеткі қырымен айнала жүргізіп келіп, қайтадан төсегіне жатқызады. Аруақ оның барлық қимылын басқарып, қозғалысына бағыт беріп отыруға тиісті. Ұйқыдан оянған соң онысынан өзі түк білмеу себебі, ол өзінің ақылесін, сезімдерін қолданған жоқ. Сондықтан оның болмысына әсер болмағандықтан, есінде ещтеңе де қалмайды. «Кейде көрген түс бұлжымай дәл келеді. Мұндайлар тіпті көп» деп шығармада түс көру құбылысы да қамтылған. Түс көрудің өзінің құбылысына, сапасына байланысты бірнеше түрі болады. Қарапайым түс көруде тек қана адамның тәні дем алады. Бұл кездегі көрген түстің ешқандай пайдасы жоқ. Ол тек қана мидың дем алуы үшін күні бойғы жиналған ақпарат, әсерлерді аластап, ми клеткаларын тазартады. Рух тәннен шықпайды. Мұндай түс тез ұмытылады. Мидағы жиналған энергия клеткаларды босатқанда ол соңғы рет миға әсер етіп, түс ретінде түрлі образдар жасайды. Егер адам миы күнделікті жиналған эмоциялық энергиядан осылай тазарып отырмаса, оның жынданып кетуі де мүмкін. Адам күніне ең болмаса бірнеше сағат ұйықтап алмаса, ол сезім мүшелері арқылы

келген хабардың көп жиналуынан миды былғап, ауруға да шалдығар еді. Мұндай түсті тезірек ұмыту керек, оған көңіл бөліп те қажеті жоқ. Ғайыптан келген түс. Мұндай түс мидың әсерімен болатын қарапайым түстен бөлек, жоғары әлемдерден аруақтардың жіберген арнайы хабары болуы мүмкін. Әлемдік тоқ арқылы аруақтар адамның нәзік болмысына әсер етіп, оның санасына хабар береді. Мұндай түс адамның есінде жақсы қалады. Себебі, бұл кезде көрініс мидың басқа нерв орталықтарына әсер етіп, есте сақтауға арналады. Бірақ ғайыптан келген түс өте сирек болып, көбінесе рухани жолдағы адамдарға ғана көрінеді. Рухани жолдағы адамдар мұндай түстерден өздерінің рухани жеткен деңгейін анықтап, енді алдағы өтетін белестерін көре алады. Хабар беретін түс. Бұл түстер адамның ауру жерін білдіріп, не болмаса алдағы болатын оқиғаларды хабарлауы мүмкін. Ұйқы кезінде сезімдерден хабар болмағандықтан, мидың денеге әсері азаяды. Бұл кезде басқа рух болсын, не болмаса адамның өзінің рухы болсын санаға хабар бере алады. Әсіресе таңғы көрген түс жаңа аурудың басталғанын, не болмаса бұрынғы аурудың күшейгенін білдіруі мүмкін.

11. Аруақты айнадан көру

Аруақты айнадан көру туралы Шәкәрім мынандай әңгіме
келтіреді.
«Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап
киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнада

көрініп, көрдің бе шеше, мен өлдім деген. Ол баланың шешесі
әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай
жаманат жоқ еді. Келесі хатты күтуге қатын шыдай алмай,
Парижге келсе, дәл айнадан көрген күні жиені өлген екен.

Сіңлісі апам қайғырар деп хабарламаған екен».
Осылай, денені тастаған соң рух аруақ қалпында туған-
туысқандарын
аралап,

хабар
береді.
Олардың
қайғырып,

қиналмаулары үшін өзінің мүлдем жоғалып кетпегенін, оның басқа
әлемдерде жүргенін білдіріп, туыстарының көңілін аулайды. Аруақ
тұман тәрізді бейне ретінде ғана емес, оның бейнесі айнадан да
көрінеді екен. Жоғалған адамды табу үшін, не болмаса осындай

басқа да күрделі құбылыстарды көру үшін экстрасенстер айнаны жиі
пайдаланады. Айнаны пайдалану – жиі қолданылатын әдістердің
бірі.

12. Аруақтың өш алуы

Аруақ өзіне қастандық жасаған адамнан өшін алып, оны жазалуға дейін бара алады. Аруақтың өзіне керекті істерді адамға жасату үшін қандай әрекеттерге баратынын төменгі мысалдан көре аламыз. «Америкада бір адам өзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол буаз болып қалған соң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да, іші білінетін болған соң, қызды өлтіріп, көмген. Біраздан соң бір диірменшіге түнде әлгі қыздың үрейлі аруағы келіп: мені ломмен өлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасаң өзіңді жазым қыламын деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, бүлінген денесі айқындалып, жас нәрестенің бейнесі көрініп тұрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, үш рет келіп, оған тыныштық бермейді. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, сперттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пішінін, баланың бейнесін түсірген. Сол сурет күні бүгін ғылымдар жиналысы үйінде тұр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан Кетти Кипикак деген Америка әйелі де фотоаппаратпен түсірген осындай сурет бар дейді». Бұл әңгімеде өзіне жазым қылған адамнан өшін алу үшін жасаған аруақтың әрекеті айтылады. Әрине, жоғары рух өзінің денесінен босаған соң бұл әлемнен қолын үзіп, фәни әлемнің шырғалаңдарына көңілін бөлмей кете берер еді. Ал әлі толық жетілмеген, бұл әлемнің байланысын толық үзбеген аруақтар өздерінің фәни әлемдегі істерін толық тастап кете алмайды. Сондықтан олар жәбірлегендерден өшін алып, ал қуаныш, бақыт әкелгендерге көмектесуге ұмтылады. Қыздың аруағы өзін жәбірлеген туысынан өшін алуға басқа адамды мәжбүр еткен. Ол өзінің қандай қуаты бар екенін жақсы біліп, оны қорқытып, судьяға барғызды. Осының өзі керек болған жағдайда аруақтрадың өзі де түрлі қылмыс істерді ашуға көмектесе алатынын көрсетеді. Осылай экстрасенстер аруақтардың көмегімен түрлі қылмыстарды ашуға көмектесе алады. Әңгімеден аруақтардың түрлі құбылыстардың, оқиғалардың болған уақытын айтуға, қылмысты істерді ашуға көмектесе алтынын көре аламыз. Жуырда Ресей теледидарында өткен экстрасенстер жарысы мұның жақсы дәлелі. Олардың жасаған таңғажайып әрекеттері, мысалы, саусақ таңбасы арқылы адамның кім екенін, үйленген, не болмаса әлі үйленбегенін, еркек, не әйел екенін, тіпті бойын да айтып бергендері бір қарағанда таңғажайып нәрсе. Ал осының барлығын аруақтың айтып бергенін білсек, онда ешқандай да таңданарлық нәрсе жоқ. Экстрасенстардың жұмысына аруақтар көп көмек жасайды. Кейде олардың көмегін экстрасенстердың өздері де білмеуі мүмкін. Себебі, олар бақсылар тәрізді өздеріне табиғатынан берілген қасиет бойынша инстинктпен жұмыс істейді.

Кейбір жағдайларда оларды инстинкт толық басқарады. Ал логикалық ой тек қана бөгет болады. Аруаққа басқаның логикасы керек емес. Оған өзінің айтқанын толық жеткізетін дәнекер, медиум (дәнекер) ғана керек. Егер бұл талап орындалмаса, аруақ бәрінен бас тартып, кетіп те қалады. Нәзік әлемдерде еркіндік сезімі біздің әлемге қарағанда молырақ. Бірақ бұлай нәзік әлемдерге еніп, аруақтардың тынышын алудың өзі жөн бола бермеуге тиісті. Себебі, әрбір әлемнің өз мақсаты, соған байланысты өз өмірі, өз заңдылығы бар. Олар бір-бірінен бөлек, өзара араласпаулары керек. Әр өмір өзінің шырғалаңын өзі шешу керек. Қандай жан иесі болса да өзіне берілген тағдырды өзі шешу арқылы ғана дамый алады. Осыны жақсы білетін аруақтар фәни өмірге арнайы мақсат болмаса, көп араласпайды. Тек қана әлі жетіле қоймаған төменгі аруақтар ғана фәни әлемдегі әдеттері бойынша көңілін көтеріп, ермек ету үшін кейде түрлі істерге барады. Ол істер өзіне ұнамаса, оны тастап кетіп қалып, не болмаса, тіпті, әдейі бөгет жасауы да мүмкін. Нәзік әлемдер ісіне араласу болмыс үйлесімділігін бұзатын өте қауыпты әрекет. Аруақтың перисприті өзгергіш болғандықтан ол түрлі бейне алып, не болмаса қыздың аруағы көрсеткендей өзінің тәнінің бұрынғы кемшілігін, алған жарақатын да көрсете алады. Аруақтар медиумға әсер етіп, сеанс кезінде оның түрін де өзгертеді. Мысалы, Америкада бір қыз медиум өзінің бір жыл бұрын өлген ағасымен байланысқанда оның бейнесіне кіріп, дәл ағасы тәрізді болған. Бұл кезде ағасының бұрынғы бейнесіне байланысты қыздың бойы ғана емес, жынысы, дене бітімі, салмағы да өзгерген. Үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пішінін, баланың бейнесін түсіргендігі аруақты фотоаппаратпен түсіруге де болатынын көрсетеді. Осылай қыздың перисприті жартылай заттанды деуге болады. Ол өзіне керек кезінде жоғалып кетеді. Осының өзі біздің маңымызда көзге көрінбейтін аруақтардың, яғни нәзік әлем өмірі қайнап жатқанын білдірмей ме? Біз оны сезінбейміз. Бұл біздің бақытымыз. Себебі, егер олардың өмірін көріп, білетін болсақ, бұл өмірді дұрыс түсіне алмай жүрген бейбақтар мүлде есінен адасар еді. Жер бетінде төменгі аруақтар өте көп. Сондықтан олардың өмірлері біздің күнделікті өмірден көп айырмашылығы жоқ деуге болады. Бұл туралы нәзік болмысты көретін, еститін және білетін медиумдар айтады. Кейбір еститін медиумдар оларды естуден қалай құтыламыз деп зар жылайды. Көретін медиумдардың халі де осы тәрізді, жақсы емес. Нәзік әлемдерден келетін түрлі төмен аруақтар келеңсіз істер жасап, адамның мазасын алады. Сондықтан медиум болу өте жауапты және қауыпты міндет. Кейбір аруақтардың келеңсіз қылықтар көрсететін себебі – жоғарыда айтылғандай, олар әлі толық тазарып, жетіле қоймаған. Өмірден сабақ алып, түрлі сынақтардан өткен соң олар да кезінде

рухани
тазарып,
жоғары
көтеріледі.

Сондықтан
олар
үшін
Жаратушыдан кешірім сұрап, рақымын көрсетуді тілеу керек.

Жетілудің бір ғана нысанасы бар! Ол – Жаратушы.

13. Аруақтың тірі адамның денесінен шығуы

Рух тірі адамның денесінен шығып, аруақ болып хабар айта алады екен. Бұл туралы Шәкәрім былай деп жазады. «Бір ғылымды қатын түнде қорасындағы иттер үрген соң тысқа шықса ешнәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын өшіргелі жатқанда күнде жеміс сатып жүрген бір кедей қатын көрінеді де, мен бұрынғымнан да сорлы болдым дейді де жоғалады. Қайдан келгенін білмей, есікке қараса, күршек ілулі тұр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның үйі өртенеді. Жеміс сататын қатын түнде көрінген кезде оның өзі үйінде ұйқыда жатқан». Бұл әңгімеден аруақ өлген адамның денесінен ғана емес, өлмеген адамның денесінен де шыға алатынын көреміз. Өлмеген адамның рухы аруақ болып өзінің нәзік болмысымен, периспритімен келіп көріне алады. Адам ұйықтап жатқанда рух денеден шығып, қатынға келіп көрінген, тіпті өзінің қандай ауыр жағдайда екенін айтып кеткен. Есік күршегі ілулі тұрса да рух үйдің қабырғасынан өтіп кеткен. Жеміс сататын қатын түнде көрінген кезде оның өзі үйінде ұйқыда жатқан, ал үй ертең ерте өртен. Ендеше ол өрттің болатынын алдын ала білген. Көрші қатынға келіп бұл туралы айтқан, сөйтіп өзінің ұйықтап жатқан денесіне қайта енген. Үйдегі әйел «көретін» медиум болған, бірақ онысын өзі білмеген. Егер ол өзінің аруақтарды көретінін білсе, онда келген рухтан неге келгенін сұрап білер еді ғой. Сөйтіп ол аруақтың неге келгенін білген соң, ұйықтап жатқан қатынды оятып, үйін өрттен аман алып қалар ма еді, қайтер еді. Бірақ қатын медиумның кім екенін білмесе керек. Өрт болатынын біле тұра аруақ адамды ұйқыдан оятпаған. Не себептен? Оның себебі: өзінің әлсіздігінен денені оятуға қауқары жетпеген болуы мүмкін. Кім білсін. Осылай рух денеден шығып өзіне керекті адамдармен кездесіп, оларға көрініп, тіпті сөйлесе алады екен. Бұл туралы басқа көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Бірақ Шәкәрім әрбір жағдайға бір мысал ғана келтіріп отырады. Осы келтірілген мысал рухтың нәзік денесімен сапар шегуін көрсетеді. Арнайы жаттығулар арқылы бұл қасиетті жетілдіруге де болады. Осылай бір адам екі жерде бір уақытта бола алады. Ол рухани жетілу жолында Жаратушының көмегімен толық тазарып, заттық кірленуден арылады. Ол ұйықтар алдында Жаратушыдан басқа бір жерге баруға ұлықсат сұрайды. Осылай жан өзінің периспритімен, нәзік денесімен тәнді тастап, қалаған жағына барады. Рух өзінің жетілу деңгейіне байланысты

периспритін қоюландыру арқылы адамның қолын қысып, не болмаса сипалап, басқа адамның денесіне сезінетіндей бола алады. Рух дененің ояу кезінде де бөлінуі мүмкін. Бұл кезде дене өте жоғары сезімде болып, ерекше қасиеттер көрсетеді. Мұндай жағдай Алла тағалаға құлшылық жолында өте жоғары жетілген әулиелерде ғана болуы мүмкін. Адам бірнеше болып бөліне алады. Бұл кезде оның жаны бөлінбейді. Жанның сәулесі жетіге бөлінеді. Бұл сәуленің бір уақытта бірнеше айнада шағылысатыны тәрізді. Бір адамның көп болып бөлінуі йогалардың жеті сиқырының бірі болып есептеледі. Өте жетілген йогтардың сегізге бөлініп, сегіз жерде бір уақытта бола алатын қасиеті осылай түсіндірілсе керек. Адам бірнеше жерде көрінгенде оның бір ғана денесі болады. Ал екіншісі тек қана нәзік болмыс, перисприт. Адам оянғанда денелер қайта қосылып, жан тәнге енеді.

14. Аруаққа сенбеушілік себептері

Осы айтылғандардың барлығы да аруақтар туралы толық хабары жоқ адамдарға өтірік, не болмаса аңыз тәрізді көрінуі мүмкін. Ондай адамдар бұрын да болған, қазір де жеткілікті. Олар туралы Шәкәрім былай деп жазады: «Үйде аман қалған адамдар жаралыс жұмбағын шеше алмағандықтан, әлде қайта сандалып, әрқилы ойлағандарымен, ештеңе түсінбейді. Егер олар өздері идеалист деп жүргендердің жазғандарын оқыса бірдеңені байқап, түсінер еді. Ондай адамдар дүниеде нағыз шын нәрсе жоқ дейді. Осы бар деп жүргеніміз құр ғана қиял, айнадағы көлеңке, не сағым сияқты нәрсе. Нағыз шыны бұл емес дейді. Дәлелдері: сезімдеріміздің бәрі бізді алдайды. Мәселен көз алыстағыны сағымдатып әлде не қылып көрсетеді. Құлағымыз да бір дауысты әлдененің дауысы сияқтандыра, ойымыз да бір нәрсені шын деп байлап, онысы қата болып шығады. Тіпті бізде дәлін табарлық сезім жоқ. Және ұйқымыз бен ояуымыз бірдей. Ұйқыда түс көргенде әлде нені көреміз. Ояуымыз да сондай. Түстің бекер екенін, ояудағымыздың анық екенін айыратын қаруымыз жоқ. Бір сенген дене сезіміміздің бәрі алдайды. Сондықтан, ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей». Бұл философиялық ағымның бір тұжырымы. Мұндай тұжырым, шындап келгенде, таза материалистерге керек. Оларға айтпақ түгілі көрсетіп, қолына ұстатып берсең де сенбей, оны қабылдамау үшін әйтеуір бір себепті табады. Мұндай қылық адамның өзін жоғары қоюынан, өркөкіректігінен шығады. Сенбеушіліктің тағы бір себебі – надандық. Егер адам білмегенін мойындап, білуге ұмтылса, онда

ол көптеген жетістіктерге жетер еді ғой. Бұл туралы Шәкәрім мынандай бір жақсы мысал келтіреді: «Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлде қалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байқұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі, өмірінде ондайды көрген жоқ. Олар не барып тексеріп көрген жоқ. Егер олар барып анығын тексерсе, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан ондайлар «Біз өмірімізде көргеніміз жоқ ондайды, білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе» – дейді де қояды. Оған лажың не?» Міне, білместіктің, одан шығатын надандықтың салдары осындай. Сондықтан біздің де оқушы қауымға айтатынымыз, бұл жазылғандардың барлығы да неше рет тексеріліп, оның рас екені анықталып, дәлелденген деректер. Сенбеген адам болса өзі талпынып бұған көзін жеткізе алады. Бұған қазіргі қоғамның даму барысында мүмкіншіліктер де жеткілікті. Тек қана оған деген таза ниет керек. Ал сенетін болса, онда оның сана-сезімі кеңейіп, жаңа деңгейге, ғарыштық деңгейге көтеріледі. Осылай оның өмірі қоюланып, шұрайлана түседі. Тіршілігінің мәні де жаңа бағыт алып өзгереді. Осы арада академик Ғарифолла Есімнің «Данышпан Шәкәрім» атты кітабынан алынған «Әке мен бала» атты деректі әңгімені келтіре кетейік. Енді аруақтардың кім екенін біліп, нәзік әлемдердің ғажайып құбылыстарымен танысқан соң бұл әңгіменің деректі екеніне, оның үлкен маңызы бар екеніне дау болмаса керек. «Ахат құм басқан құдықты жалғыз өзі қазды. Еті арыған әке сүйегін алдына жайып қойып атылған оқтың ізін тапты. Әкесінің дене бітімін хатқа түсірді. Осы кезде күтпеген бір жай болды. Ол – оның кенеттен әкесімен әңгімелесіп кетуі еді...

Шәкәрім: Ахат балам, құлағыма шу келеді, бұл не шу!

Ахат: Әке, сіз жөнінде үлкен әңгіме болғалы жатыр. Оны
мен көрем бе, естимін бе, білмеймін, қанша ғұмыр қалғаны да
беймәлім. Бірақ артта өзіңді аңсаған қалың ел бар. Солардың шуы
болмаса!

Шәкәрім: Ежелден қанда бар қасиет, бірі бері, бірі әрі
тартады. Менің де көпке дейін құлағымнан шу кетпес!

Ахат: Өзіңіз айтқандай, өмір – жігіттік пен жендеттіктің
күресі. Тіршілікте бәрі бар, әлі көптеген ұрпақ өз өміріне өкініп
өтер.

Шәкәрім: Мен өмір туралы сөз айтуға хұқым жоқ.
Айтқандарымды сендерге қалдырғам. Бәрін жинап, халқыма ұсын!
Әркімнің қолында кетпесін, одан басқа менде сөз жоқ.

Әке бейнесі ғайып болды. Ахаттың алдында ұқыпты түрде
жинап құрастырған сүйек мүрде жатыр.

Ахат қария бастап, ел қостап Шәкәрім қажыны арулап
хаким Абайдың қасына жер қойнына өткізді. Одан әріде елеусіз
мола болып, өз құпиясын сақтап жата берді. Әкесі туралы
ақиқатты күте-күте зарығып Ахат та дүниеден озды.

Ахаттың жылы өткізіліп жатқан кезде әке мұрасы халық
қазынасына келіп қосылды. Шәкәрім тұңғыш рет мектеп
оқулығына енді.

Бұл аңыз емес, шындыққа айналған ақиқат». /11, 330-332
беттер/
Осылай Шәкәрімнің баласы Ақат Кеңес үкіметінің жендеттері
атып өлтіріп, құдыққа тастап кеткен әкесінің сүйегін қазып алып,

алдына салып отырғанда оның аруағы байланысқа кірген. Әке мен
баланың арасындағы әңгіме, жоғарыда Шәкәрімнің өзі жазғандай,
аруақтардың адаммен байланыса білетініне және олардың келешекті
де көре білетініне бір дәлел. Шәкәрім аруағының «Мен өмір туралы

сөз айтуға хұқым жоқ» деген сөзі оның бұл фәни әлемдегі міндетін
толық орындағаны, енді оның қайтадан арасуына мүмкіндік жоқ
екенін білдіргені болса керек.
Әрине, Шәкәрім аруағы бүгінгі күндері басқа да жоғары

аруақтармен бірігіп қазіргі кезде халыққа өзінің үлкен көмегін
көрсетіп жүргеніне дау жоқ. Мұның ақиқаттығын Семей өңіріндегі
Шәкәрім кесенесіне барған адам айқын сезіне алады. Оның
кесенесіне кірген сәтте-ақ рухани қуаттың әсерін бірден сезінуге

болады. Шәкәрім аруағы да, өзінің қасында жатқан Абай аруағы
тәрізді, келген адамдарға өзінің ақыл-кеңесін беріп, оның жақсы-
жаман қасиеттерін көрсетіп, өмірін дұрыс жолға салып жібереді.
Осылай Шәкәрім өзінің шығармасында аруақтар туралы көптеген

мәліметтер беріп, көрінбейтін әлемнің шымылдығын ашқандай
болды. Аруақтар туралы жазғандағы мақсатын ол былай деп
жеткізеді:
«Бұл кітаптағы сөздің түп мақсұты – барлықты (болмысты –

Д.О.) жаратушыда білім бар ма, жан өлген соң жоғала ма, деген
еді. Бұл екеуін бар, жоқ деушілердің сөзін білгенімше жаздым.
Және жан жоқ деушілерге қарсы дәлел қылынып тұрған
магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс

сияқтыны көбірек жаздым. Оны көп жазғаным қызықты ертегі
айту емес, әртүрінің біреуін көрсетпекпін».

Болмыс дауы мәңгілікті

Адамзат қауымында болмыс мәселесі түрлі даулар, ағымдар туып, ол ежелден келе жатқан дәстүрге де айналды. Оның себебін түсіну де қиын емес. Ғажайып сырлы болмыс көріністері әркімге бірден ашыла бермейді. Ол үшін өте жоғары рухани деңгей керек. Сондықтан бүкіл адамзат қауымы болып бұл күрделі мәселені бірден түсініп, бір ортақ тұжырымға келе қалады деуге болмайды. Сол себептен болмыс мәселесі туралы түрлі ойлар ежелден айтылып келе жатыр. Бұл туралы Шәкәрім былай деп жазады: «Жоғарғы Тәңірі бар ма? Жан бар ма? Бұл сұрауларға баяғыдан бері талай жауап айтылып, талай ой жүргізілген. Сол жауап пен ойлардың кейде анасы үстін болып, кейде мынасы үстін болып келген.». Шәкәрімнің «Жоғарғы Тәңірі бар ма? Жан бар ма? деген сұрағына материалистік және идеалистік көзқарастар бойынша екі түрлі жауап болатыны белгілі. Материалистік көзқарас бойынша бүкіл әлем жансыз материядан пайда болған және оның жаратылуында ешқандай себеп те, мақсат та жоқ, ол кездейсоқ атом қозғалыстарынан пайда болды. Әлем жансыз материядан жаралған, сондықтан, Жоғарғы Тәңірі жоқ дегенге саяды. Ал екінші сұраққа олар «Мәңгілікті жан жоқ» деп қысқа жауап береді. Идеалистік көзқарас бойынша, керісінше, болмысты бір білімді және шебер Жаратушы жаратқан және бүкіл болмыстың белгілі бір себебі және үлкен мақсаты бар. Адам өлген соң жан өлмейді, ол тек қана бұл дөрекі заттық әлемнен көрінбейтін басқа әлемге өтеді. Бұл екінші көзқарас көрнеу әлемнің де, көрінбейтін көмескі әлемнің де бар екенін мойындайды. Шәкәрім бұл екі көзқарасқа да толық шолу жүргізіп, олардың түрлі дәлелдерін келтірді. Заттық көзқараспен өмірдің түпкі мақсатына жету мүмкін емес. Өмірдің түпкі мақсатына жету үшін болмыстың сыртқы сипатын ғана емес, оның ішкі сырын білу керек. Әр істің мәнісін ғана емес, оның ішкі мәнін білу керек тәрізді, болмыста да оның тек қана көзге көрінетін сыртқы заттық әлемін ғана емес, сонымен бірге, көзге көрінбейтін ішкі ғайып әлемін де білу керек. Сондықтан екінші көзқарастағылар өмірді толығырақ түсініп даму барысында алда болады. Бұл екі көзқарастың айырмашылығын жас бала мен ересек адамның көзқарастарының айырмашылығымен салыстыруға болады. Жас бала бір затты көрсе, ол оның сыртқы бейнесін көреді, ал ересек адам оның сыртқы сипатын ғана емес, оның ішкі сырын, не мақсатпен жасалғанын да біледі. Ересек адамның көзқарасы баланың көзқарасынан жоғары, сондықтан, ол затты дұрыс пайдалана алады. Ал баланың ойы шолақ болғандықтан, ол дұрыс

пайдалана алмайды. Осының өзі қоршаған ортаны дұрыс пайдаланып, өмірді дұрыс өткізу үшін міндетті түрде екінші көзқарасқа көтерілу керек екенін көрсетпей ме?! Шәкәрім өзінің шығармасында осыны дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, бұл екі көзқарас та заттық көзқарасқа жатады. Себебі, нәзік әлем көзге көрінбегенімен, ол да материядан құралады. Нәзік әлемдегі жоғарыда айтылған әлемдік тоқ, одан пайда болатын аруақтардың нәзік денелері рух емес, ол да материя. Бірақ нәзік материя. Осылай Шәкәрім аруақтар әлемін, нәзік әлемді суреттегенде нәзік материалдық әлемді суреттеді. Фәни әлем жан иелерінің келесі жоғары әлемге өтуі үшін дайындығы тәрізді. Бұл әлемде ол өзінің өткендегі күнәсінен арылып, жүрегін тазартып, келесі әлемге өтуге дайындалады. Осылай заттық әлем жан иесіне тәрбие алатын мектеп, ал жасаған күнәлі істерінің қарымтасын қайтаратын абақты тәрізді. Сондықтан, кім болса да, әрбір құбылыстан сабақ алып, өмірдің ауыртпашылығы үшін басқаны кінәламай, барлық себепті өзінен іздеп, төзімді болуы керек. Барлығының себебі бар. Себепсіз ештеңе де болмайды. Ол себеп – әркімнің өзінің өткендегі істерінің салдары. Осылай заттық әлем адамды нәзік әлемдерге бару жолына үйретеді. Ал нәзік әлем адамды рухани болмыс табалдырығына дейін жеткізіп, соған енуге дайындайды. Әрі қарай таза рухани жол кетеді. Фәни әлемдегілер үшін осылай Шәкәрім екі көзқарасты өзара салыстырып шығады. Ал енді олардың қайсысын қабылдау әркімнің өз қалауынша болуға тиісті. Әрі қарай болмыс туралы даудың мәңгілікті екені сөз болады. «Бұл екі сұрауға қайсымыз қандай дәлел айтып, қандай ой жүргізсек те сол ескі замандағы бір ойшылдың әніне басатынымызға дау жоқ. Менің ойымша, ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сөз, істелмеген іс қалған жоқ. Бәрінің басын олар бастап берген. Бірақ көп заман өту, қазаға ұшырау сияқты себептермен жоғалған, ұмытылған. Ал кейінгі уақыттарда қанша адам не айтса да, олардың айтқандары бұрынғылардың ойларын қайталап, тек қана жаңа киім кигізгендей, өңін ғана өзгертеді». Шын мәнінде, адам баласы ештеңені жаңадан жасамайды, ол тек қана бар нәрсені ашып, қайтадан көрсетеді. Себебі, Шәкәрім сөзімен айтқанда «ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сөз, істелмеген іс қалған жоқ». Мұндай ойларды Абай да айтады. Бірақ көп заман өту себебімен олар ұмытылған. Олар кезінде қайтадан пайда болады. Материалдық әлем мәңгілікті, бірақ ол бірде пайда болып, бірде қайтадан жоғалып, үздіксіз айналыста. Сол сияқты білім, Алла тағаланың бір қуаты. Ол қуат көбеймейді де, және азаймайды да, тұрақты. Ол тек қана бірде пайда болып, бірде қайтадан көрінбейтіндей қалге келіп отырады. Бар нәрсені көруге

аруақтар, не болмаса адамның өзінің ынта-жігері себеп болуы мүмкін. Талапты адамға шындық өзі ашыла береді. Болмысты жан басқарады және әлемдік заңдылық бойынша, қандай ниет болса да орындалады. Бірақ оның уақытын күте білу керек. Ұмытылған бұрынғы ақиқаттар жаңарып, заманға қайта келіп отырады. Мәңгілік ақиқаттар ойын терең шоғырландыра алатын адамдар арқылы келеді. Ондай адамдар жоғары әлемдермен байланысып, ақиқатты оның шыққан қайнар көзінен алады. Сондықтан, олардың жүрегіңде оянған шындыққа сене білу керек. Шәкәрімнің жазғандарының көпшілігі жүрек арқылы алынған осындай ақиқат екені білініп тұрады. Оның кейбір өлеңдері «Тау басындағы ой» деп таңбаланған. Нәзік болмыс тұрғысынан алғанда тау, ен дала, орман ең таза орын болып табылады. Жаратушының жоғары қуаты осындай жерлерде шоғырланады. Сондықтан пайғамбарлардың көпшілігі тауда, не болмаса шөл далаға кетіп, ораза ұстап, ойын мәңгілікке шоғырландыру арқылы рухани бұлаққа жол таба алған. Ал көп халқы бар қала, көп қабатты үйлер ең былғаныш жер деп есептеледі. Елден кетіп, Шәкәрімнің көп жыл бойы Шыңғыс тауында мекендеген сыры да осында жатыр. Сондықтан ол ақиқатты жүрегімен қабылдап, жаза берген. Ойшылдың жазғандары бірден жүрекке орнығып, адамға рухани қуат береді. Мен өзім Шәкәрім шығармаларының арасынан күмән келтіретін ештеңені кездестірмедім. Оның қалдырған мұрасын тереңінен ұғынып, дұрыс қабылдай білсек көп нәрсенің сырын түсіне аламыз деп білемін. Бұл айтылған ойларға дәлелдер көп. Олардың кейбірін келтіріп отырамыз, ал бірақ барлығын толық келтіруге бұл кітаптың көлемі де, уақыт та көтермейді. Осылай білім жаңалықтары үздіксіз жаңғырып отырады. Бұған Шәкәрім мынандай мысалдар келтіреді. «17, 18, 19 жүз жылдарда Европа білімділері баяғы грекионның Эпикур, Демокриттерінің ойларын жаңғыртып отырған жоқ па? 19 жүз жылда болған Дарвин әлде қашан сүйегі қурап қалған Маиеннің таяғына кез келіп, соны үкілеп отырған жоқ па? 16 жүз жылдағы Коперник сүйегінің күлі де қалмаған грекионның Пифагорының бөркін тыстап киіп отырған жоқ па? Жақын арада таптық деп жүрген электрия қуатын грек-ионның әлдеқашанғы табысы тапқан жоқ па еді?

Әнші, күйші кетседағы,
Ән менен күй баяғы.
Олар өзі өтседағы
Қалды бөркі, таяғы.

Сол сияқты біз де жоғарғы екі сұрауға өткен білімділердің
сөзінен қорытып оның үстіне тұңғыш ой деп өз ойымыздан
жамау салып, бөрік жасамақпыз. Бірақ тұңғыш дегеніміз
әлдеқашанғы кімнің ойы болып шығарын білмеймін».

Осылай
Шәкәрім
өзінің
қарапайымдылығын,

жоғары
адамгершілік қасиетін көрсетіп, өзінің жаңалық ашушы емес екенін,
оның жасаған тұжырымдары да бұрынғылардың айтқандары болуы
мүмкін дейді. Ашылған жаңалықты меншіктеу білместік екенін ол

осылай көрсетеді. Жаңалық ашушылардың, үлкен ғалымдардың
өзімшілдік мінезі өте жоғары болады. Шәкәрім кеудесіне нан піскен
өр кеуделі кейбір ғалымдардың менмендігін осылай басады.
Шәкәрім әрі қарай болмыс сырлары туралы айтылғандарға

қорытынды жасайды. Сондықтан болса керек, бұл бөлімді ол
«Қорытынды» деп атаған.
«Барлықтың (болмыстың – Д.О.) түп себебі Жаратушының
білім, құдырет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым

жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды
да, қозғала да алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей
алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек
болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз бір

себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз себеп – Жаратушы
болады. Егер себепсіз бар болған атом делінсе, олар себепсіз бар
болған нәрсе емес, дәлелі – оларда қозғалыс бар, қозғалуда,
жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер

қозғалыс притяжение, отрицание өзіне тарту, әрі итеру заңымен
делінсе ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек.
Және атом сияқты түп негізде ерлі-қатындылық сипат бар.
Мәселен, сила вещества (дене қуаты) екі ұдайылы. Ол екеуі бір-

біріне мұқтаж, олай болған соң ондай нәрсе өздігінен бар болды
деуге қисынбайды. Сондықтан олардың түп себебі – себепсіз Түп
Жаратушы».
Осылай ойшыл материалистік көзқарастың ең әлсіз жерін

көрсетіп, оған соққы бергендей болады. Бұл әлсіз жер – материалық
көзқарастың түпкі себепті көрсете алмауында. Материалистер түпкі
себептің рух екеніне сенгісі келмейді. Себебі, оны көріп білуге
болмайды. Бірақ Шәкәрім өзінің осы шығармасында рух түгілі

заттың өзінің түп негізін көріп білуге болмайтынын, оның шексіз
екенін және табиғат заңдылығына шек қоюға болмайтынын айқын
дәлелдермен көрсетіп берді емес пе? Ендеше тұрпайы заттың шегіне
жете алмай жатқанда, рухани болмыстың шегіне қалай жетуге

болады?
Егер Шәкәрімнің осы дәлелдерін қарапайым сөзбен жеткізетін
болсақ, былай айтуға болады. Болмыстың еш нәрсесі өздігінен пайда
болмайды және қозғала да алмайды. Себебі, өлі материяда ерік жоқ.

Сондықтан ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Ал ол

қозғалғанның өзінде де оны кім қозғалтады, қозғалу себебі кім
болады? Ол себептің себебі кім? Осылай жағалай келе себептің түбі
«жоқ» болады делінсе, сол «жоқ» – Жаратушы болады. «Жоқ» тек
қана заттық тұрғыдан ғана, ал рухани тұрғыдан қарасақ – ол бар.

Бірақ, Ол – рух. Рух заттық көзқарас бойынша «жоқ». Себебі, оны
бұл әдіспен көріп-сезуге болмайды. Сондықтан олар үшін рух жоқ.
Ал егер себепсіз бар болған атом делінсе, ол себепсіз бар болған
нәрсе емес, дәлелі – оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жүрісінің

өлшеуі бар. Сонда оларды алғашқы қозғалтқан кім? Және олардың
қозғалысын кім өлшеулі етті? Ол заңдылықты жасаған кім? Заттық
ғылым, әрине, бұл сұрақтарға жауап бере алмайды. Егер олар мұның
барлығы заттық әлемнің заңдылығымен болып жатыр десе, онда «Ол

заңдылықты кім жасады?» деген сұрақ туады. Сондықтан қалай
қарасаң да түпкі бір себеп болуы керек. Шәкәрім «Олардың түп
себебі – себепсіз Түп Жаратушы» деген тұжырымға әкеледі.
Шәкәрім әрі қарай Түп Себептің білімге толы екенін және

шеберлігін былай деп дәлелдейді.
«Ол Түп Себептің білім, құдырет шеберлігінде өлшеу
жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нәрсесіне
қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-

ақ өз денеңізге қараңыз: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз
мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен қарасаңыз
өсімдік ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі
сияқтылардың бірде бірін мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар

нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда,
Оның білім құдырет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды.
Егер осының бәрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр
табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония,

жарасым, таңдау, жоғарылау шыға алмайды. Барлығы өздігінен
кез келгендіктен және еріксіз жаралып жатыр дейтін
ондайларды жан ғылымына жүйрік психолог, өлермен философ
Вольтер ақылдары шатасқан деп сөккен. Себебі, толымды

нәрсенің толымды болатынын, толымсыздың ісі де толымсыз
болатынын ғалымдар түгіл жабайы кісі де білсе керек. Біз
естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен
танимыз. Менің ойымша, бүтін барлықтың бәрі, осындай болып

жаратылған біздің өз болмысымыз, Түп Жаратушының білім,
құдырет шеберлігінде өлшеу жоқ деп бізге секунд сайын
айғайлап тұр:

Бізге дүние түпкі сырын,
Көрсетіп те айтты ғой,
Елемеді оны біздің
Тіпті өзімшіл мисыз ой.

Шәкәрімнің бұл ойлары Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде
Алла тағаланың ұлы қасиеттерін көрсетіп, Оның шексіздігін
дәлелдейтін тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Алла тағаланың себептердің себебі екенін, Оның шексіз

қасиеттері, барлығы бір мақсұтпен жаралғаны жөнінде ойшыл
өлеңдерінен жиі кездестіріп отырамыз. Олардың қатарына мына
өлеңдерді жатқызуға болады: «Шыннан өзге Құдай жоқ», «Ей,
жастар! Қалай дейсің бұл дүние», «Күн аязда терезеге», «Күннен

неге түсіп тұр сонша жарық», «Мен жаздым өлеңменен бірталай
сөз». Шәкәрім осылай дүниеге ойлы көзбен қарап, оның әрбір
көрінісінен Жаратушының шексіз құдыретін, Оның шексіз әсем
сипатын тануға үйретеді. Осылай бірте-бірте Алла тағаламен

байланыс орнайды.

Әлемдер байланысы

Әрі қарай Шәкәрім Жаратушының барлық себептердің себебі
екенін былай деп дәлелдей түседі:
«Әлде Түп Жаратушы туралы біреу былай да айтар: Түпкі
Жаратушы сіз айтқан себепсіз бір себеп-ақ болсын, бірақ соның

бар қылған, атом сияқты негізден шығып жатқан сансыз
нәрселердің бәрінде сол Түп Жаратушы жатыр ма, дер? Бұған
жауабым мынау: мәселен, мен асқан білімді, өнерлі болып,
керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам,

соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина
жасады дейсіз бе? Бер жағына қарағанда, дәл сол кезде жасап
шығарған машина ғой. Ал, ол машинаға соншалық қуат,
шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм

машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған жаралыстың
негізгі табиғаты ғой. Ол негізге соншалық қасиетті берген ең
түпкі жаратушы ғой. Енді бәрінің түп иесі кім болады? Әрине,
басқы Жаратушы. Мінеки осылай, әр нәрсенің бәрін Тәңірі

жаратады деген сөзді қалай түсіну керек, байқау жөн. Ескі дін
молдалары қай дінде болса да жаралыс жолының сырына
шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған».
Данышпан қарапайым мысал келтіре отырып үлкен мәселенің

шешімін оңай түсіндіреді. Түпкі Жаратушыны қалай түсіну керегін
айтады. Алла тағала әлемді қалай жаратып, қалай басқарады?
Өмірдің түпкі мақсатына қалай жетуге болады? «Болмыстың түпкі
Жаратушысы» деген ұғымды түйсініп, оған көзімізді жеткізе түсу

үшін осы сұрақтардың аясында Шәкәрім сөзін өзімізше өрбітіп
көрелік.
Болмыс рухани және материалдық әлемдерден құралады дедік.
Бүкіл болмысты жаратушы Алла тағала Өзінің рухани қуатымен,

шапағат нұрымен басқарады. Жаратушының рухани қуатын исламда

Алла тағаланың шапағат нұры деп атайды. Бұл нұр, немесе рухани қуат, рухани әлемді құрайды. Рухани әлемнен басқа көріп-білуге болатын көрнеу және көрінбейтін нәзік әлемнен құралатын материалдық әлем бар. Рухани әлем тек қана рухани қуаттан құралып, бүкіл болмысты басқарады. Жоғарыда көрсетілгендей, адамның рухани болмысы жан мен рухтан құралса, ал материалдық болмысы тән мен нәзік (психоэнергетикалық) болмыстан құралады. Жан адамның материалдық болмысын өзінің рухы арқылы басқарады. Ал рух тәнмен нәзік болмыс арқылы байланысады. Енді микрокосм болып табылатын адам мен макрокосм материалдық әлемді салыстыра отырып, бүкіл әлем құрылысын түсінуге болады. Жан денені өзінің рухымен басқаратыны тәрізді, Алла тағала да заттық әлемді рухани әлем арқылы басқарады, онымен үздіксіз байланыста болады. Ал рухани әлем заттық әлеммен нәзік әлем арқылы байланысады. Заттық әлемдегі жетілген жандар адамдар болса, ал нәзік әлемдегі жетілген жандар періштелер (аруақтар) болып табылады. Сондықтан заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы дегеніміз – адамдар мен аруақтардың арасындағы байланыс болып табылады. Осыдан нәзік әлемдегі аруақтар заттық әлемдегі адамдармен үнемі байланысып, олардың іс-әрекеттерін басқарып, кезінде көмегін беріп отыратынын, яғни Алла тағаланың көрнеу әлемді аруақтар арқылы басқаратынын түсінуге болады. Нәзік әлем рухани әлемнің, ал рухани әлем Алла тағаланың құралы ғана болғандықтан, нәзік әлем Жаратушының үнемі ықпалында, Оның «әмірінде» болады. Жаратушы заттық әлемді осылай нәзік әлемдер арқылы басқарады. Сондықтан Алла тағалаға тек қана нәзік әлемдер арқылы қайтуға болады. Көрнеу әлемде жан иелері тәндерін тастағаннан кейін нәзік әлемге өтіп, сонда өзінің өмірін жалғастырады. Адамнан төменгі тұрған хайуанаттар нәзік әлемде ұзақ болмайды. Олардың адам тәрізді ақыл-есі мен еркі болмағандықтан, түрлі аруақтардың көмегімен олар бірден өздеріне келесі тән алады. Осылай олар инстинкт бойынша келесі даму түріне көтеріліп, жетілу жолында ақырындап жылжи береді. Аруақтардың адамзат өміріндегі алатын орны қандай? Жаратушы заттық әлемді нәзік әлем арқылы басқаратын болса, онда ол нәзік әлемдегі жан иелері кімдер? Әрине, олар – аруақтар. Ендеше Жаратушы фәни әлемді өздерінің жетілу деңгейлеріне байланысты бөлінетін сансыз көп түрлі аруақтар арқылы басқарады. Мұндай жағдайда Алла тағалаға олардың көмегінсіз жетуге бола ма? Бұл сұрақтың жауабы әркімге де түсінікті болса керек. Президент қабылдауына ең әуелі оның көмекшілері арқылы өтіп, олардың рұқсатымен ғана кіруге болады. Сол сияқты Алла тағалаға да Оның көмекшілері арқылы ғана жетуге болады. Ендеше аруақтардың бар екенін, олардың бізге жасайтын жақсылығын да жоққа шығаруға

болмайды. Аруақтардың жоғары жетілгендері, оларды біз періштелер деп атаймыз, табиғат құбылыстарын басқарып жылу, су, тамақ тәрізді адамзат өміріне керекті нәрселердің болуын қамтамасыз етеді. Алла тағалаға тура жолмен жетемін деген рухани жолдағы адамдар үшін аруақтар рухани ұстаз, әулие-әмбилер ретінде келеді. Халқымыздың аруақтарға үлкен құрметпен қарап, оларды үнемі есінде тұтуы болмыстың осы нәзік заңдылығын жақсы білгенінен деп білеміз. Бірақ бұл арада қатты ескеретін бір жағдай бар. Оны мынандай мысалмен келтірейік. Ой-өрісі төмен, әлі толық жетілмеген адамның өзінің тікелей бастығына түрлі жағымпаздық әрекеттер жасап, тіпті, пара беріп, өзінің қаражатын, жұмыс бабан жақсартуы өмірде жиі кездеседі емес пе. Бірақ ол өзінің күнәсі үшін кезінде президенттің бекіткен жарлығы бойынша заңға тартылып, өз жазасын алуға тиісті. Сол сияқты, осы арада тағы да ескертетін нәрсе, Жаратушыны ұмытып, тек қана аруақтарға табынып тіршілік құмарлықтарын қандыру Түп Иені ұмыттыруы мүмкін. Бұл мәселе туралы қайталай беруіміздің себебі – аруаққа табыну өмірдің түпкі мақсатына, Алла тағалаға қайтуға мүмкіндік бермейді. Аруақтар материалдық әлемде болғандықтан, олар сол әлемді ғана басқара алады. Ал рухани әлемнің есігін ашуға олардың құқы жоқ. Сондықтан Алла тағаланы ұмытып, тек қана аруақтарға табыну өмірдің түпкі мақсаты тұрғысынан алғанда пайдасыз нәрсе. Көптеген діндер осылай әуелі бір Жаратушыға табынса да артынан Оны ұмытып аруақтарға табынып, ақыры жойылып кетті. Ежелгі Рим империясының діні түрлі аруақтарға (періштелерге) табыну болды. Оның аяғы немен біткені баршаға белгілі. Исламға дейінгі Араб елдерінде де осындай жағдай болды. Оларды ислам бір Алла тағалаға бағындырды. Сондықтан аруақтарды еске алғанда олардың Алла тағаланың жаратқандары, Оның еркінсіз ештеңе жасай алмайтынын үнемі есте тұту керек. Көмекті аруақтардан тек қана Алла тағалаға құлшылық жолында ғана, ұлы мақсатқа жету үшін ғана сұрауға болады. Бұл арада періштелер қатарына жататын жоғары аруақтар туралы ғана сөз болып отыр. Ал төменгі аруақтарға келетін болсақ, оларға көп сенуге болмайды. Олардың қарапайым адамдардан көп айырмашылығы жоқ. Бабалардың аруақтарын тек қана еске алып, Алла тағаладан оларға шапағат тілеу керек. Бұл фәни әлемдегі әрбір адамның міндеті. Сонда ата-баба аруақтары жоғары әлемдерге көтеріле алады, ал шамасы келсе артында қалған ұрпақтарына жебеп -желеп, көмегін беріп отырады. Осылай әлемдер байланысы үзілмей, табиғаттың үйлесімді заңдылығымен бір-біріне толассыз көмектесіп отырады. Бұл үйлесімділікті ешкім де бұза алмақ емес. Бұзамын деп арпалысқандар кім болса да кезінде өздеріне тиесілі үлесін алады.

Болмыстың осындай нәзік заңдылықтарын дін адамдары жақсы
біліп, түсіндірулері керек. Бірақ, өкінішке қарай, заттық әлемнің
былғанышынан арыла алмаған көптеген дін адамдары бұл міндетін
орындай алмайды. «Ескі дін молдалары қай дінде болса да жаралыс

жолының сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра
алмаған» деп Шәкәрім осындай діндарлар туралы айтып отырса
керек. Кейбір діни адамдар істің мәнісін дұрыс түсіне алмай,
халықтың ежелгі әдет-дәстүріне кедергі болып, аруақтарды жоққа

шығаруға ұмтылады. Бірақ өздерінің рухани надандығын түсінбей,
аруақтарды тек қана жоққа шығарып, халықтың жоғары әлеммен
байланысын үзуге бола ма? Бүгінгі күндері бұл мәселені дұрыс
шешудің үлкен маңызы болып отыр.

Осымен Шәкәрім көрнеу және көрінбейтін тылсым әлемдерді
зерттеуін аяқтайды. Ол енді рухани әлем сырларына көшеді.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

РУХАНИ БОЛМЫС СЫРЛАРЫ

Рухани әлемге қайту жолы

Шәкәрім өзінің шығармасының осы тұсына дейін көрнеу және көрінбейтін әлемдерді баяндай келіп, енді әрі қарай рухани әлемге жол сілтейді. Рухани жолдың маңызын түсіну үшін енді шығарманың мазмұнын осы арада бір қорытындылап алайық. Рухани болмыс бөлек жатқан әлем емес, ол барлығын қамтитын және барлығының ішінде. Абай өзінің отыз сегізінші қара сөзінде айтқандай «Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде». Бұл сөз болмысты бөлуге болмайды, оның үш әлемі бірбірімен тығыз байланыста, бірі екіншісінің ішінде дегенді білдіреді. Рухани болмыс Ғазиз Жаннан, яғни Алла тағаладан және жандардан құралады дедік. Адам өзінің физикалық тәнінен ғана емес, сонымен бірге, нәзік денесінен арылғанда ғана рухани әлемге Түп Иеге, Ғазиз Жанға қайта алады. Ол осылай мәңгілікке аяқ басады. Шын мәнінде, тіпті, осы фәни әлемде де рухани өмірмен өмір сүруге болады. Ол үшін адам өзін өзгермейтін мәңгілікті рухани жан екенін сезіну деңгейіне жетуі керек. Сонда ол рухани әлем аясына кіріп, рухани заңдылықпен өмір сүре алады. Өзін тән емес жан екенін сезіп-түсіну үшін ол өмірінің әрбір сәтінде денесі оның өзі емес, тек қана бұл өмірде қолданатын оның құралы ғана екенін, бірақ оны күтіп, дұрыс сақтауы керектігін және жарамсыз қалыпқа келгенде оны тастап, басқа құрал алатынын үнемі есінде ұстауы керек. Мұны түсіну жетілемін деген адамға өте маңызды. Мұндай

ой-өріс дамудың шын мәнін береді және келесі өмірге дайындықпен алып келеді. Бірақ, бір қарағанда осы қарапайым шартты өмірде орындау өте қиын. Оның себебін Шәкәрім көрсетіп береді. Адамның өзін-өзі тануына ең үлкен кедергі жасайтын нәрсе, ол – нәпсі. Нәпсі туралы ойшыл өлеңдерінде көп жазады. Нәпсі адамды фәни өмірдің қызығына шырмап, көп уақытын босқа өткізуге мәжбүр етеді. Көптеген адамдар өзінің тіршілігінен басқа, жоғары мақсатты ойламай, көкірек көзін шел басып жүр. Фәни әлемнің қызығымен жүрген адамның жағдайын түсіну үшін мынандай мысал келтіруге болады. Шалшықта жатқан шошқа өзінің өміріне толық қанағат. Себебі оның өз нәпсісін қанағаттандыруға барлық мүмкіндігі бар. Қасында торайлары жүгіріп жүр, жыныс қатынасы керек болса, оған да ешқандай кедергі жоқ. Шалшықтан тапқан тамағы да жеткілікті. Ол толық бақытты, егер оған салсаң, ол осылай мәңгілікті өмір сүруге қарсы емес. Бірақ ақылы сау адамға түрлы былғанышпен, сонымен бірге өзінің нәжісімен қоректенетін, үнемі сасық, қараңғы жерде жатып, ешқандай ойға қалмайтын мұндай өмірдің қызығы жоқ. Керісінше, мұндай хайуандық өмір өте жиіркенішті. Барлық өмірін тек қана өзінің нәпсісін қанағаттандыру үшін өмір сүретін адамдар да осындай бейшаралық жағдайда. Жоғары ләззатты бақыттан хабары жоқ олар, өздерін бақыттымыз деп есептейді және олардың ең үлкен тілегі – осылай ұзақ өмір сүре беру. Адамның жүрек көзін шелмен қаптайтын нәпсіқұмарлықтың кесірі, міне, осындай. Адамды надандықтан құтқарып, бейшаралық жағдайдан алып шығу үшін Шәкәрім «Үш анығында» әрі қарай рухани болмысты түсіндіре бастайды. Рухани болмыс шексіз, ендеше оның қасиеттері де шексіз. Сондықтан бұл шексіздікті бірден түсініп кету оңайға соқпайды. Егер рухани болмыс шексіз болса, онда ол болмыс туралы дауласу да қисынсыз. Себебі, дауласу дегеніміз «Ол олай емес, ол былай» деген сияқты шектеулерді білдіреді емес пе? Егер ол шексіз болса, онда ол неге «олай» бола алмайды. «Олай емес» деген сөздің өзі оның шексіздігін шектеуді білдірмей ме? Сондықтан, рухани болмыс туралы ешқандай да дау болмауы керек. Рухани жетілген адамдар қандай пікір болса да тыңдайды, егер ол естігені көңіліне қонып, өзінің түсінігімен сәйкес келсе – қабылдайды, ал көңіліне қонбаса – онда қабылдамайды. Рухани жолда қыстау, зорлау деген болмайды. Әркімнің еркі өзінде. Рухани әңгіме, міне, осы тұрғыда болса керек. Сонымен бірге, рухани жолда кімнің сөзін тыңдау керек екені де өте маңызды мәселе. Рухани дүние шексіз болса, онда ол туралы сөз де шексіз. Сондықтан, маңызсыз, көп сөзді тыңдау рухани адамдарға

уақытын босқа өткізумен бірдей болып саналып, олар маңызды,
рухани мағынасы бар сөздерге ғана құлақ салады.
Шәкәрім осы шығармада жазған негізгі ойларын өлеңінде де
келтіріп, кейде оны толықтырып отырады. Өзінің ойларын әрбір

шығармада қайталауынан оның көп ойланып, әрнені толық түсінуге
ұмтылатынын көреміз. Әсіресе оның ерекше жағдайында туған
өлеңдері көп сырлы болып келеді. Оның «Тура жолда қайғы
тұрмас» атты өлеңі осындай шығармалардың бірі. Бұл өлеңде көзді

шелден арылтып, жетілу жолына бет бұруды насихаттайды.
Сонымен бірге, «Үш анық» шығармасындағы негізгі ойлары оның
осы өлеңінде қорытындысын тапқан тәрізді.
Өлеңінде ол әуелі нағыз рухани жолдың не екенін сөз қылады да,

тек қана мешітте көрініп, діннің сыртқы көрінісі болып табылатын
салт-дәстүрмен шұғылдану жеткіліксіз екенін айтады. Өзінің ондай
надандықтан бас тартқанын, осылай Хақиқат құрбанына айналғанын
білдіреді. Ақын сол кездегі өзінің рухани сипатын былай деп

суреттейді:

Мен Хақиқат құрбанымын,
Берді бізге сәулесін.
Кетті сұм түн, шықты нұр күн,

Мінді көңіл шын пырақ.

Кезсе ойым барша барлық,
Ақылымның тұтқыны.
Неге болды? Не боларлық?

Бәрін өлшеп тұр сынап.

Тән көретін бастағы көз,
Байқамайды жан сырын.
Көр де ақылға сал деген сөз,

Көз керек қой ойлырақ.

Бұл жолдармен ақын өзінің рухани ерекше қалпын көрсетіп отыр.
Сопылық дәстүрде бұл жағдай «арақ ішіп мас болып», Алла
тағаланың нұрына бөленген кезді білдіреді. Бұл арада «арақ ішу»
деген ұғым Алла тағаланың нұры түсті дегенді білдіреді. Мұндай

сирек болатын жағдайға барша барлықты, яғни бүкіл болмысты
ақылмен ойға салу арқылы келуге болады. Соны білдіргендей, «көр
де ақылға сал» дейді. Бұл сөз – тән көретін бастағы көз емес, ой
көзіне сал дегенді білдіреді. Әрі қарай рухани жетілу үшін қандай

болу керек екені айтылады:

Хақиқатты дәл көруге,

Жан көретін көз керек.
Бас көзімен сенделуге,

Бізге рұқсат жоқ, шырақ.

Сөнген ойды жандыруға,
Жан берерлік сөз керек.
Жаны жоқты нандыруға,

Жан керек қой милырақ.

Осылай рухани жолдың фәни өмірден мүлде өзгеше екені көрсетіледі. Жан көретін көзге ие болу үшін жан берерлік сөзі бар адамды кездестіру керек. Мұндай рухани жоғары жетілген адамды кездестіру әркімге беріле бермейді, ал кездестіре қалса, онда оның бұл өмірде үлкен жолы болғаны. Жоғары рухани жетілген адамдар ынталы жанға рухани ұстаз болып, жоғары әлемнің есігін ашады. Бұл Түп Иеге қайтудың негізгі шарты. Нәзік әлемдегі жетілген аруақтар осылай адамзат қоғамына келіп Алла тағала берген өзінің жауапты да, зор міндетін орындайды. Рухани жолдағы адамдар осындай адамдардың көмегімен Түп Иеге қайтуға мүмкіндік алады. Бірақ қоғамның рухани дамуына үлкен бөгет болатын материалистер мен дүмше молдалар. Олар туралы Шәкәрім сөзін былай деп жалғастырады:

Молдалардан дін сұрасаң,
Сандырақтап, сандалар.
Пәншілермен бас құрасаң,

Жан, Құдай жоқ дер тұра-ақ.

Біз хақиқат елегіне,
Осы екеуін елесек.
Түкке тұрмас керегі не,

Екеуі де былжырақ.

Өзінің «Үш анығындағы» болмыстың белгілі бір мақсатпен
жаратылғаны туралы тұжырымын ақын өлең жолдарымен өрнектеп,
өз ойын былай деп кесіп айтады.

...Бәрі мақсұтпен жаралған,
Есебі жоқ барша әлем.
Неге керек бос шатылған,

Тәңірі жоқ деп тантырап.

Шынды білмек ойласаң сен,
Алдыменен жанды біл.
Ең керекті үш сұрақпен,

Жан құлағын қой бұрап:

«Келдім қайдан? Қайтсе пайдам?
Өлгеннен соң не болам?»
«Мен» деген – жан, ақыл – айнам,

Жоғала ма сол шын-ақ.

Бар болған зат жоғала ма,
Жоқтан әсер қала ма?
Аш көзіңді, тұмшалама,

Кетпе ақылдан тым жырақ.

Осы әлемде барша барлық,
Жанды ақылдың табысы.
Нәрсесі жоқ бос қаларлық,

Мейлі, шөп пен топырақ...

«Тәңірі бар ма?» деген сұраққа ойшыл осылай «Бар» деп анық
жауап береді. Бірақ өмірдің бұл негізгі ақиқатына жету үшін адам
баласы сана-сезімін жетілдіруі керек. Ол үшін ең әуелі «Келдім
қайдан? Қайтсе пайдам? Өлгеннен соң не болам?» деген негізгі үш

сұраққа жауап іздеуі керек. Ойшылдың бұл «Үш анық» шығармасын
жазуының себебі де, міне, осы үш сұрақтың жауабын іздеу. Ол бұл
сұрақтардың жауабын берді де. «Келдім қайдан?» деген бірінші
сұрақтың жауабын көрінбейтін нәзік әлемдер туралы жазғандарынан

табамыз. Әуелі ойшыл бұл сұраққа жауап бермес бұрын «Мен»
деген – жан, ақыл – айнам» деп жанның не екенін анықтап береді.
Және «Жоғала ма сол шын-ақ?» деп болмыстың тағы бір құпиясын
алға тартады. Бұл сұрақтың жауабын да толық береді. Жан

жоғалмайды, ол мәңгілікті. Тәнді тастағанда ол нәзік денесімен
көрінбейтін әлемдерге өтіп, біраз сонда болады. Ол нәзік әлемде
өзінің негізгі мақсатын жақсы біледі. Сондықтан, тазару үшін бұл
фәни әлемге қайта келеді. Осылай үздіксіз тазару барысында ол

ақырында Түп Иеге қайтуға мүмкіндік алады.
Екінші сұрағы «Қайтсе пайдам?» Бұл сұрақ түпкі мақсатқа жету
үшін мен қалай өмір сүруім керек, қандай іс-әрекет жасауым керек
дегенді білдіреді. Яғни, өмірдің мақсаты не? Бұл сұраққа Шәкәрім

ілімінен білетініміз – имандылық жолына түсіп, барлық іс-әрекетті
Жаратушының разылығы үшін жасау. Осылай жан тазарып Түп Иеге
қайтуға мүмкіндік туады. Түп Иеге қайту үшін жан әуелі тәнінен,
сонан соң нәзік болмысынан арылып, толық тазаруы керек. Тән жүз

жылдай өмір сүрсе, ал нәзік болмыс көптеген мың жылдар бойы
өмір сүреді. Жан рухани жолда осы материалдық денелерден бірте-
бірте арылады. Ақыры ол материалық қабаттардан толық арылып,

таза рухы ғана қалады. Жан осы таза рухымен рухани әлемге
қайтады. Жанның Түп Иеге қайту жолы қысқаша айтқанда осылай.
Үшінші сұрағы – «Өлгеннен соң не болам?» Иманды жолмен
жүріп, өмірдің шыңына жеткен адам өлгеннен соң оның үш

болмысы үш әлемге қайтады. Бар болған зат жоғалмайды.
Әрқайсысы өз мекенін табады: тән – топыраққа айналады; нәзік
болмыс – нәзік әлемге тарайды, ал жан – Ғазиз Жанға қайтады.
Осылай жан мәңгілікке оралады. Бұл ойларды ақынның «Жаралыс

басы – қозғалыс» өлеңінен де көруге болады. Шәкәрім ілімінен
бүкіл болмыс мақсаты, міне, осы деп білеміз.

Жан немене?

Келесі тақырыпты Шәкәрім өзі осылай деп атаған екен. Жан мәселесіне Шәкәрім көп тоқталып, көп ойланып, ол туралы көп жазған. Имандылық жолына түсу үшін әуелі адам өзінің негізгі болмысын түсініп алуы керек. Сондықтан болса керек, «Жаралыс басы – қозғалыс», «Қасыңа қылыш қайратқан», «Табиғат неше түрлі жан жаратты», «Ұждандыны мақтайды тамам адам», «Шымды жерде көресіз қара топырақ», «Келді, кетті», «Күн аязда терезеге» және басқа да осындай терең сырлы өлеңдерінде ақын жанның шексіз қаситтерін паш етеді. Ол жанды «Үш анығында» былай деп түсіндіреді: «Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (дене қуаты) дегендегі қуат осы жан. Сол жан денеден денеге өсіп өршиді. Жан да өршиді. Ғылым дәлелдегендей, дене әлденеше түрленіп өзгерсе де оның еш нәрсесі жоғалмағаны сияқты, жанның да ешнәрсесі жоғалмайды». Осылай Шәкәрім жанның мәңгілікті екеніне дәлел келтіреді. Бірақ мұны түсіну үшін жанды ақыл, яғни сау ақыл, рухани ақыл керек. Жанның қасиеттері туралы ақын «Тура жолда қайғы тұрмас» өлеңінде әрі қарай былай деп жалғастырады:

Шын сүю бар, жирену бар,
Мақсұты бар, еркі бар.
Жаратылған неге бұлар,
Осыны тап, ой құрап.

Барша әлемнің нәрселері,
Болса жанның әсері.
Есті сол жан – Тәңірі әсері,

Тазалықты тұр сұрап.

Шын таза жан тазалықпен,
Тәңірісіне бармақ ол.
Мейірім, нысап, әділдетте,

Ағызам деп нұр бұлақ...

Ойшыл «Шын сүю бар, жирену бар, Мақсұты бар, еркі бар» деп жан қасиетін айтып отыр. Адам тек қана материядан құралған деген материалистік көзқарасқа ол осылай соққы береді. Және жан да, тіпті бүкіл болмыс көрінісі – Тәңірі әсері, яғни Тәңірінің шапағат нұрынан тараған. Әсіресе соңғы шумақтың мағынасы үлкен. Осы бүкіл болмыстың иесі Тәңірге қайту үшін жан тазалығы керек екен. Ал бұл тазалыққа, жоғарыда айтылғандай, тазару барысында заттық тән мен нәзік болмысты бірте-бірте қалдыру арқылы жетуге болады. Жанның тазаруы оның өзінің «шын таза жан» болуына, яғни барлық материядан арылуына мүмкіндік береді. Осылай Шәкәрімнің бұл сөздерінен бүкіл болмыстың үлкен сырын ашуға болады. Ал ол шындыққа жету үшін «Мейірім, нысап, әділдет» керек, себебі бұлар жан қасиеті, рухани болмыс арқылы ғана Алла тағала Өзінің «нұр бұлағын» ағыза алады, яғни, Өзінің шапағат нұрын беріп, материялық былғаныштан тазартады. Бірақ фәни әлемде бұған үлкен бөгет бар. Алла тағаланың шапағат нұрына тосқауыл болатын ол қандай бөгет екен? Ол бөгет – нәпсінің қылықтары.

Мына жақта нәпсі жатыр,
Қиянатты жастанып:
«Бармайық, – деп, – қойшы, батыр»,

Етегінен жұлқылап.

Ындыныңа сен иесің,
Кімге көндің ерік беріп.
Міне, байқа жан жүйесін,

Аса берме бұрқырап.

Нәпсі оңай жау емес! Себебі ол Алла тағаланың негізгі екі қуатының бірі. Нәпсі «Бармайық, қойшы, батыр!» деп, етегінен жұлқылап жанды Ғазиз Жанға жібермеуге ұмтылады. Жанның денесі – рух болса, ал тәннің денесі – нәпсі. Бұл екі дене жан мен тәннің өмір сүруге керекті құралы да болып табылады. Сондықтан жан мен тән бір-бірімен алысқанда құралдарын пайдаланады. Осы себептен фәни әлемде рух пен нәпсінің күресі үздіксіз мәңгілікті жүріп жатады.

Нәпсі адамның нәзік денесіне жатады. Нәзік дене материялдық болмысқа жататындықтан, нәпсіде материялдық әлемнің барлық жаман қасиеттері бар. Материя, яғни нәпсі жанға екі түрлі залалын тигізеді. Біріншісі, материя әуелі жанды нәпсі былғанышымен жауып тастайды. Осылай нәпсімен жабылған жан рухани көзінен айырылады. Нәпсінің екінші залалы – рухани көзінен айырылған жанды нәпсі тартып төмен – рухани деңгейден, материалдық деңгейге – түсіреді. Сонан кейін Шәкәрім сөзімен айтқанда «Бармайық, – деп, – қойшы, батыр», Етегінен жұлқылап» жанды өз үйіне жібермей, яғни Алла тағалаға қайтармай, осы фәни әлемде алып қалады. Сондықтан бұл фәни әлемдегі адамдар нәпсінің құлына айналған, адасқан жандар болып табылады. Шәкәрімнің бұл өлеңінен, міне, осындай маңызды тұжырым жасауға болады. Осылай, фәни әлем жанды құрсауға алу үшін материяның қасиеттерін пайдаланады. Нәзік болмысты құрайтын сезімдер, ақылес, психикалық ерекшеліктер, бұлардың барлығы нәпсінің көріністері. Осылай нәпсі нәзік болмыстың көрінісі және адамды материалдық әлемге байлап, құрсаулайтын құрал тәрізді. Өз үйіне жібермей, жанды құрсаулаған нәпсінің қылықтары Құдай алдында қиянатсыз болмайтыны белгілі. Сондықтан нәпсі басқарған жерде қиянат бар. Нәпсі қиянаттан ләззат алады, сондықтан нәпсі қиянатты жастанып, тыныштық табады. Нәпсіні жеңу неге өте қиын? Себебі, нәпсі Жаратушының материялық қуаты, сондықтан, материалдық әлемде ол өз үйінде жатыр. Ал жанды алатын болсақ, ол рухани, сондықтан, ол материалдық әлемде өз үйінде емес. Оның үйі рухани әлемде. Бірақ оның рухани көзі материялық шелмен жабылғандықтан, ол өзінің үйі рухани әлемде екенін ұмытып, фәни әлемді өз үйім деп есептейді. Осылай жан адасады. Фәни әлемдегі жандар осылай адасып, материялық әлем заңдылығымен өмір сүреді. Нәпсі өз үйінде жатқандықтан, ол күшті. Материалдық өмірдің заңдылықтары нәпсі құмарын қандыру үшін арналған. Нәпсі бұл заңдылықтарды жақсы пайдалана алады. Адамның нәпсі ықпалына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалатыны осы себептен. Бірақ жанға материалдық заңдылықтардың қажеті жоқ. Ол таза рухсыз, жалаң материямен ләззаттана алмайды. Сондықтан нәпсіден көзі ашылғанда жан қиналысқа түседі. Бұл ұяттың әсері. Осылай адам ұяты қысып зардап шегеді. Сонымен, материалдық әлемде нәпсі өз үйінде жатқандықтан жанға қарағанда күшті. Осы себептен рухани әлемнен келген, бірақ материялық әлемнің ықпалына түскен жанға өз үйінде жатқан нәпсінің ықпалынан шығу өте қиын. Фәни әлемде жан құмарлығы жоқ, тек қана нәпсі құмарлығы бар, сондықтан жан өз құмарлығын таппай қиналады. Нәпсінің жан

қинайтын қуаттылығын, ал жанның өз құмарлығын таба алмау себебін, міне, осылай түсінуге болады екен! Осының өзі фәни әлемде жан рахатының болуы, яғни, нағыз бақыттың болуы мүмкін емес екенін білдірсе керек. Бірақ фәни өмірдің өзінде де нәпсіні жеңудің жолы бар! Ол қандай жол? Материалдық әлемде Жаратушының төменгі қуаты, нәпсі, Оның жоғары қуатын, жанды жеңіп кетсе де, ол нәпсіні ауыздықтайтын күш бар. Ол күш – барлық қуаттардың қайнар көзі болып табылатын Алла тағаланың Өзі. Жаратушы Өзінен шыққан қуатты Өзі ауыздықтай алады. Ендеше ендеше көмекті шексіз мейірімді Жаратушыдан сұрау керек. Егер өзіңе берілген ерікті дұрыс пайдаланып, көңіліңді Жаратушыға аударсаң, онда шексіз мейірімді және рахымды Алла тағала көмек береді. Бірақ бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Себебі, рухани көзін нәпсі билеген адамға көңілін Жаратушыға аудару оңай емес. Ондайдарға Шәкәрім «Ындыныңа сен иесің, Кімге көндің ерік беріп» деп, ындыныңа (көңіл еркіне) өзің иесің, деп, бірақ соған қарамастан оның нәпсіге көніп кеткенін ескертіп отыр. Адамның көрген зорлықзомбылығына ешкімнің кінәсі жоқ, оның өзі кінәлі. Адасудан шығу үшін адамға рухани білім алып, рухани жолға түсу керек. Алла тағалаға құлшылықтың мәні мен мәнісі туралы ойшыл бірсыпыра өлеңдерінде түсінік береді. «Мал да аяулы», «Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз», «Сұраған жанға сәлем айт», «Тауық неге шақырар сағат сайын» атты өлеңдерінде өмірдің негізгі мақсаты Жаратушыға құлшылық ету екені, бүкіл болмыс тек қана Түп Иенің разылығы үшін жаратылғанын айтады. Бірақ Алла тағалаға толық берілу, тақуалық өмір фәни әлемде көп құпталмайтыны да белгілі. Сондықтан кезінде Шәкәрімді материалист пәншілер мен шала молдалар жабылып бірі «елден безді» десе, бірі «кәпір» атандырып, маңдарына жолатпаған. Діннің түпкі мақсатын керек қылмай, мағынасын өзгертіп, рухани мәнін бұрмалаған ондай бейшаралардың бетін қажы былай деп ашып көрсетеді:

Таза діннің шын негізін,
Ұстаған бір бенде жоқ.
Дүние толған көп шатақ дін,

Бәрі бірдей шатпырақ.

Бірақ, дін – Құдай жолы. Құдайға қайту үшін басқа жол жоқ.
Сондықтан қазіргі дін қандай нашар болса да, алдында үлкен
мақсаты бар адамға одан бас тарту мүмкін емес. Қазақта «Битке
өкпелеп тоныңды итке тастама» деген өнегелі сөз бар. Нәпсі

ықпалында жүрген надандарға өкпелеп діннен бас тартуға
болмайды. Дін Алла тағаланың көрінісі. «Діннен бас тарту» деген

сөз «Алла тағаладан бас тарту» дегенмен бірдей. Сондықтан
өмірдің түпкі мақсатына жетуге ұмтылған әрбір жан дінді зерттеп,
оның мағынасын дұрыс түсініп, ол үшін күресуі керек. Алла
тағалаға деген ең үлкен құлшылық, міне, осы болып табылады. Бұл

туралы Шәкәрім былай деп жазады:

Дін тазасын діннен ізде,
Дін шатағын сынға сал.
Анық айна өзіңізде,

Айда ақылды қаттырақ.

Шала дін де, пән де таппас,
Дін тазасын ой табар.
Еркін ақыл тіпті адаспас,

Кезсе кірсіз жарқырап –

деп, діннің тазасын діннің өзінен іздеу керек екенін айтады. Осылай таза ақылдың көмегімен «дін шатағын сынға салып» шатасқан дінді қалпына келтіру керек. Ислам әлемінде діннің құлдырау кезінде данышпандар келіп, діннің ауытқыған бағытын түзеп отырған. ХІІ ғасырда өмір сүрген әл-Ғазали сондай ғұламалардың бірі болды. Шәкәрімді де осы деңгейден көруге болады. Тек қана оның жазғандарын таза ақылға салып, дұрыс түсіне білу керек. Ойшыл Құдайды соқыр сезім емес, ой-өрістің жоғары деңгейін пайдаланып, сана-сезім арқылы қабылдау керегін білдіреді. Құдайға осылай ғана жетуге болады. Құдайдың көркем қасиеттерін ақыл-ес арқылы танып, түсініп-түйсініп қана Оған деген махаббатқа жетуге болады. Мұндай деңгейге жету үшін тек қана діннің сыртқы дәстүрін ғана ұстанбай, болмыстың терең мазмұнын пікірлеу керек. Шәкәрім, есті адамды, міне, осыған шақырып отыр. Әрине, Шәкәрім тәрізді ойлы адамдар өмірдің ақиқатын көргенде өзінің бұрынғы тіршілігінің бейнет, қорлық, мардымсыз екенін түсініп, бірақ мұны айтып жеткізудің өте қиын екенін, басқалардың оны қабылдай алмайтынын көріп үлкен қайғыға батады. Өзінің осындай қалге түскенін көрсетіп, ол өлеңін былай деп аяқтайды:

Шынды таптым, қайғы басты,
Шын сырымды айтайын.
Дін де, пән де қатты адасты,

Дау сабасты барқырап.

(«Тура жолда қайғы жоқ», 65 жасымда жазылған)

Ал енді қатты адасқан дін мен қаулаған дауды басу үшін не істеу
керек. Ол үшін ең әуелі рухани білімді толықтыру керек. Ал рухани

білім бүкіл болмыстың негізі болғандықтан, жанның не екенін білуден басталады. Сондықтан болса керек, ойшыл «Үш анығында» енді жан мәселесін әрі қарай өрбітеді. «Бірақ дененің толықтығы, нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық, нашар уақыты болады. Мәселен, жаңа біткен баланың, жұмыртқаның, сентябрьде ұрық көміп өлген шегірткенің ұрығының жандарын ойлаңыз? Хайуандардан еркі аздығы болмаса өсімдіктердің де жаны осылар сияқты. Мәселен, бидай, тары, шөптің тамыры, жемістің ұрығын ойласаңыз». Бұл арада жан деп болмысты жандандыратын әлемдік тоқ айтылып отыр. Себебі, жан мәңгілікті болғандықтан, ол өзгермейді, яғни өспейді де, кішіреймейді де. Ол бірқалыпты. Бірақ, рух өзіне дене қалыптастыратын болғандықтан, ол алатын дененің толықтығы, нашарлығының кезеңіне қарай оның толық, нашар уақыты болады. Ұрықтағы жанның еркі өте шектелген, себебі оның рухы дене алып әлі дамыған жоқ. Бұған мысал ретінде ойшыл жаңа біткен баланы, жұмыртқаны, шегірткенің ұрығын мысал келтіріп отыр. Жетілген денеде рух та қуатты, сондықтан мұны рухтың өсуі дейміз. Жоғарыда жазылғандай, жан фәни әлемде ана құрсағында болсын, жер құрсағында болсын, әуелі нәзік болмысынан бастап, бірте-бірте тәнді қалыптастырады. Бұл кезде оның денелері өте әлсіз. Сондықтан олардың өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар болмаса, олар өнбей, өліп те қалады. Шәкәрім адамдарда ғана емес, хайуандарда, тіпті өсімдіктерде де жан бар екенін білдіріп отыр. Жан мәңгілікті рухани болғандықтан, ол қандай денеде болса да өзгермейді. Ендеше адамдар мен хайуандардың, өсімдіктердің жаны бірдей болғанымен, денесінің жетілуіне байланысты оның білінуі әртүрлі. Олардың рухы, дәлірек айтқанда, рухы жасаған нәзік болмысы мен тәндері ғана әртүрлі. Хайуандардың рухы өсімдіктердің рухынан жоғары, ал адамдардың рухы одан да жоғары болады. Рухтың жоғары не болмаса төмен болуы оның материямен жабылу деңгейіне байланысты. Материямен неғұрлым көп жабылса, оның рухы да, еркі де солғұрлым төмен болады. Шәкәрімнің «Хайуандардан еркі аздығы болмаса өсімдіктердің де жаны осылар сияқты» деген сөзі жандардың барлығы бірдей, бірақ олардың қандай денеде болғанына байланысты еріктері әртүрлі, дегенді білдіріп отыр. Бұл ойлардың желісін оның «Атаның шаһуатының көп қой мәні» өлеңінен де табамыз. Ақын жан туралы былай деп жазады:

Атаның шаһуатының көп қой мәні,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кім айта алар,
Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?

Басында оның киімі шаһуат еді,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні!
Денесі неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескі жаны.

Сезімінің зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәні.
Қайда барса, ол өзін «өзім» дейді,
«Өзім» деп денесі емес, жанды айтқаны.

Сол жаннан тіпті «өзімдік» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны.

(«Тау басындағы ой», 64 жаста жазылған)

Өзінің «Үш анығымен» үндесіп жатқан ойшылдың бұл өлеңі дүниетанымдық үлкен маңызы бар, бүкіл бір концепцияны қамтитын шығарманың бірі. Ол әуелі жан ата ұрығы арқылы ана құрсағына түседі деген тұжырымды қайталайды. Сонан кейін Құранда айтылатын адам баласының бір тамшы қаннан пайда болады дегенді білдіретін аятына сүйеніп, жанның құпиясы шексіз екенін білдіреді. Сол құпиялардың бірі – «Денесі неше миллион құбылса да» жанның баяғы ескі жан болып, өзгермеуі. Ал оның сезімінің, яғни нәзік болмысының зорайып, азаймағы – қандай түрде болғаннан оның тәні. Яғни, жанның әрбір туғандағы жағдайы оның алған тәніне байланысты екен. Ең бастысы – «Өзім» деп денесі емес, жанды айтқаны», яғни адамның негізгі болмысы тән емес, оның жаны екен. Қанша өліп, яғни, неше миллион дене тастап, қанша тіріліп, қанша миллион денені қайта алса да, ол өзін «өзім» деп сезінеді. Себебі жанның өзімдік сезімі, яғни тұлғалық қасиеттері бар. Бірақ фәни әлемде ол «өзім» деген сезімді дене арқылы қабылдағандықтан, өзінің материямен жабылуына байланысты өзін әртүрлі сезінеді. Төменгі деңгейлерде ол өзін «тәнмін» десе, ал жоғары деңгейлерде өзін нәзік болмысымен теңейді. Тек қана ең жоғары, рухани деңгейде ғана ол өзін-өзі толық танып, өзін «жанмын» деп сезінеді. Шәкәрімнің осы ойлары Түркияда өмір сүрген парсының ұлы ойшыл ақыны Румидың жазғандарымен толық сәйкес келеді. Шәкәрім ойының онымен үнестігі ақынның Мекке сапарында Түркияда болып, Стамбұл кітапханасын көп ақтарғанының бір белгісі болу керек. Жанның көп дене алатыны туралы «Жан беріп жарық, жылы нұрдан» атты өлеңінде де ол былай деп анық жазады.

Жан беріп жарық, жылы нұрдан,

Күн атам жерді буаз қылған,

Өсімдік туған осыдан,

Жетіліп, өсіп, толғанда дән,

Құрт болған дәнде неше мың сан,

Жаралай шықтық біз сонан.

Ұсақ құрт дәннен жарып шыққан,

Жасаған құрттар әр түрлі тән,

Құс, балық, шаян – көп айуан.

Айуаннан өсіп, болдық адам,

Кейіміз есті, кейіміз надан,

Жаралыс салған сондай мән.

Ақынның бұл жазып отырғандары аруақтар арқылы алынған
спиритуализм іліміне толық сәйкес келеді. Бірақ, бұл ақиқатты
әркімнің толық қабылдауы оңай емес. Оған дәлел – жоғарыда
Шәкәрім айтқан ағылшын сперттерінің жанның адам деңгейінен

төмен өмір түрін алуына сенбейтіні. Ал бұл өлеңде Шәкәрімнің
француз сперттері айтқан жанның адам денесін ғана емес, сонымен
бірге, одан төменгі – хайуанаттар, өсімдік денесін де алатынын
толық қуаттайтыны білінеді.

Шәкәрім әрі қарай әлем жансыз материядан пайда болды деген
материалистік көзқарасты сынға алып, оған қарсы өзінің мынандай
дәлелдерін келтіреді:
«Бұл 20 жүзжылдың адамдары, білгіштері адамның ақылы

таңданарлық қасиеттерді тауып пайдаланып отыр. Қайдан
алып пайдаланып отыр? Осы соқыр, ессіз деп жүрген
жаралыстан шыққан заттардан, олардың қасиеттерінен алып
пайдаланып отыр. Ал өздері сол соқыр ессіз деген жаралыстың

бір шыбынын, не бір тозаңын жарата алмайды. Әрине, соның
жаратқан, өршіткен нәрселерінен жұмыртқа да жасар, ет те
істер, бірақ соның бірі құс болып ұшып, бірі хайуан болып
жүгіріп кете алмас.

Тіпті былай да айталық: мұнан былай ғылым зорайып әлгі
айтқан жұмыртқа мен етке табиғат шығарған жаннан жан да
алып салар, бірақ соңында түп жаратушысы сол кісі деп сау
ақыл айта алмас».

Жаралыс, яғни, табиғат соқыр, ессіз деген материалистік жеңіл
көзқарасқа Шәкәрім қарсы. Бұл туралы өзінің «Жаралыс басы –
қозғалыс» өлеңінде «Жан де мейлің, бір Мән де, Сол қуатпен бол
таныс, Әлемді сол Мән жаратқан» деп әлемнің терең мәні барын

көрсетеді.
Қазіргі кезде техниканың дамығаны соншалықты, тіпті жасанды
сана-сезімді интеллект жасап шығаруға да бет алғандай. Өзі ойлап,
өзі жасайтын машина робот болса, онда ол кезінде адамның

қатысуынсыз-ақ өзі ойына келгенін жасай береді деген сөз. Осылай
роботтар қоғамы пайда болып, адамзат қоғамымен тайталасып,
ақырында қоғамға үлкен қатер болуы мүмкін деген ойлар да

айтылады. Бірақ, Шәкәрім тұжырымдары бойынша техника қанша дамып, өріс алса да оның адамзат қоғамына қатер тудыруы мүмкін емес. Адамның жаны болғандықтан, оның рухы арқылы адамның жетілу мүмкіндігі бар. Ал жансыз роботта мұндай мүмкіндік жоқ. Жансыз машина түгілі, одан жоғары тұрған жаны бар, бірақ ерік пен жоғары сана-сезім берілмеген хайуанаттарда да өзін өзі дамыту мүмкіндігі жоқ. Машина оны жаратушы адам берген қасиетке ғана ие. Оны әрі қарай жетілдіруге, не болмаса қосымша тағы басқа қасиеттер алуға мүмкіндігі жоқ. Себебі, материя тек қана шексіз қасиеті бар жан арқылы ғана дамый алады. Ең жетілген материя болып табылатын адамның материалдық денесі осындай. Егер жан кетсе қандай жетілген материя болса да дамымақ түгілі қозғала да алмай қалады. Барлық жетілу жексіз қуаты бар жаннан шығады. Жан болғанда адамның материялдық денесі мақсат қоятын ақыл-ой мен сана-сезім, жасампаздық беретін ерік пен қайрат, жаманжақсыны айыра білетін көңілі бар өмір көрінісіне айналады. Ал жан кеткенде тән өлі материяға айналып, бұл қасиеттерінен айрылады. Бұлар тек қана жаны бар адамға ғана тән қасиеттер. Қандай жетілген робот болса да, ол оны жасаған адамның ырқынан шыға алмайды. Жасалғанның жасампаздық қабылеті жасаушының қаситінен асып кете алмайды. Ендеше жаны жоқ робот машина адаммен ешуақытта теңесіп, не болмаса одан асып кетпек емес. Ал өлі табиғат жанды нәрсені жасай алмайды. «Әрине, соның жаратқан, өршіткен нәрселерінен жұмыртқа да жасар, ет те істер, бірақ соның бірі құс болып ұшып, бірі хайуан болып жүгіріп кете алмас» деп Шәкәрім осы ойларды аңғартып отыр. Бірақ, материалист ғалымдар жанды жоққа шығарып, жасанды интеллект жасаймыз деп, міне, осындай бос әурешілікке салынады. Шәкәрім олардың істеріне күмән келтіріп, материядан өз бетімен өмір сүретін жасанды тіршілік иесін жасауға болмайтынын дәлелдейді. Жаратушының, жанның бар екеніне бұл – бірінші дәлелі. Сонымен бірге, ойшыл екінші дәлел келтіреді. Тіпті, белгілі бір әдіспен жасанды интеллект шығарды деп есептейік. Соның өзінде де, Жаратушыны жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы элементтерді жасаған кім? Ғалымдар оларды қайдан алып отыр? Ойшыл бұл сұраққа «Осы соқыр, ессіз деп жүрген жаралыстан шыққан заттардан, олардың қасиеттерінен алып пайдаланып отыр» деп жауап береді. Элементтер әуелден бар, оларды Жаратушы жаратқан. Ал басқа жан иелері оларды тек қана қолданады. Бұл ақиқатты түсініп, оны мойындауымыз керек. Енді Шәкәрім мұрасына сүйене отырып, Жаратушының қалай жаратуы және оны қалай басқаруына келейік. Осылай әлемнің жаратылу сырларына тереңірек үңілеміз.

Әлем жаратылу сырлары

Болмыс шексіз болғандықтан, оның сырлары да шексіз. Оны қарапайым адам ойы түгел қамтый алмайды. Сондықтан фәни әлемдегі адамдарға болмыстың негізгі мәнін түсінетіндей ғана білім керек. Артық білім тек қана зияндық әкеледі. Білім өмірде қолданғанда ғана пайдалы. Ал өмірде пайдаланбаған білім пайдасыз, тіпті барлық артық нәрселер тәрізді өзінің зиянын тигізеді. Себебі, пенденің мүмкіншіліктері материялды, ал материялды нәрсенің өлшемі бар. Өлшемді нәрсеге белгілі бір өлшемді ғана сыйғызуға болады. Шәкәрім айтқандай, ми ақылдың ыдысы. Егер ол ыдысты өмірге қажетсіз білімдермен толтырып тастасаңыз, адам жадында өмірге қажетті білімге орын болмай қалады. Сөйтіп, ең керекті білім ұмытылып, мида қалмайды. Миын керексіз біліммен толтырған адам осылай өмірге керекті білімнен айырылып қалады. Жабайы, білімсіз дегендердің оп-оңай шешетін өмір шырғалаңдарын, сырт көзге оқыған, білімді болып көрінетін «интеллигенттердің» дұрыс шеше алмай жүргендері, міне, осының бір себебі. Сондықтан, имандылық білімнің көптігіне байланысты емес, ол – сенімнің мөлшеріне байланысты. Ал сенім – көкірек көзінің ашықтығына, өмірге керекті рухани білімнің мөлшеріне, яғни, жан тазалығына байланысты. Өмір сырларын түсінуге Шәкәрімнің мол мұрасы үлкен көмек береді. Өмірді түсіну үшін әуелі Жаратушы, жан және табиғаттың өзара байланысын анықтап алуымыз керек. Себебі, бұл үшеуін білген адам рухани білімге, яғни, керекті толық білімге ие болады. Жаратушы – болмыстың алғашқы себебі және Ол мәңгілікті өзгермейтіні туралы Шәкәрім бұл шығармасында ғана емес, өзінің өлеңдерінде де көп айтады. Жаратушы жоғары рух болғандықтан, Оның қуаты да рухани. Алла тағаланың шапағат нұры дегеніміз, міне, осы қуат. Жаратушы болмысты Өзінің қалауымен жаратады. Ол болмыс қалай болу керек екенін тек қана қалайды. Сөйтіп, болмыстың барлық көріністері жаратылады. Жаратушының қалауы Оның рухани қуаты арқылы орындалады, яғни, болмысты осы рухани қуат жасайды. Әлемнің жаратылу барысын Шәкәрім былай деп суреттейді:

Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғауға керек қолғабыс.

Жан де мейлің, бір Мән де,

Сол Қуатпен бол таныс,

Әлемді сол Мән жаратқан.

Қозғалмаса көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді,

Қозғалыс түрлеп жаратқан.

"Жаралыс басы – қозғалыс"

Жаратушының рухани қуаты, яғни шапағат нұры болмыста жоғары және төменгі қуатқа бөлінеді дедік. Жоғары қуатқа жандар жатса, ал төменгі қуатқа материалдық элементтер жатады. Жаратушы материалдық әлемді қалай жаратады? Жаратушының рухы саналы болмыстың негізі. Жаратушының рухынан әлемдік тоқ пайда болады. Әлемдік тоқтан барлық материалдық элементтер пайда болады, сондықтан, әлемдік тоқ бүкіл материялық әлемнің негізі. Әрине, әлемдік тоқ деген сөз біз білетін электер тоқпен салыстырғанда мағынасы алыс, бірақ, ұқсастығы болғандықтан, басқа сөз болмағандықтан, салыстырмалы түрде ғана пайдаланылады. Біз білетін электр тоғы әлемдік тоқтың өзгерген, затталған түрі ғана. Әлемдік тоқтан әуелі әлемнің нәзік болмысы пайда болады. Әлемнің бұл нәзік болмысында сезім, ақыл-ес, сана және басқа да рух пен дөрекі материяны байланыстыратын элементтер бар. Сондықтан әлемнің нәзік болмысы өте күрделі. Әлемнің нәзік болмысынан заттық болмысты құрайтын дөрекі материалдық элементтер пайда болады. Осылай, барлық материяның негізі әлемдік тоқ болып табылады. Болмыстың дөрекі бөлігі нәзік бөліктің ішіне кіреді. Мысалы, заттық әлем нәзік әлемнің ішінде, ал бұл екеуі рухани әлемнің ішінде. Рухани әлем материямен нәзік болмыс арқылы байланысады. Нәзік болмыс – көзге көрініп білінбейтін материя, флиюд. Дөрекі материалдық элементтерге Шәкәрімнің көрсеткен ауа, от, су, топырақ жатады. Бұған эфирді (кеңістікті) қосатын болсақ, сонда барлығы бес элемент болып шығады. Төменгі материалдық әлементтердің құрамына жоғары элементтер де кіреді. Мысалы, ауада эфир, яғни кеңістік бар. Себебі, кеңістік болмаса ауа да болмайды. Отта ауа мен эфир бар. От кеңістіксіз және ауасыз жанбайды. Суда кеңістік, ауа және от бар. Егер суда еріген ауадағы оттегі болмаса балықтар өмір сүре алмас еді. Оттың жылуы болмаса су мұзға айналады. Топырақта – эфир де, ауада, от та, су да бар. Яғни, топырақта барлық химиялық элементтер бар. Судың өзіндік қасиеттері оның бүкіл әлем құбылыстарын басқаруға мүмкіндік береді деуге болады. Суда Жаратушының барлық алғашқы жоспар-ниеті жазылған. Бүкіл әлемде су кеңінен таралғандақтан, заттық әлем эволюция жолымен сол жоспар бойынша дамыйды. Жер бетіндегі алғашқы өмір нышандарының

мұхит суында пайда болуы және ол қарапайым жан иелерінің әрі
қарай эволюция жолымен жетіліп құрылыққа шығуы, тағы дамып,
әрі қарай жоғары дәрежедегі жетілген денелер алып, соңында адам
қалпына келуі суда жазылған осы жоспар бойынша болып жатыр

деуге негіз бар. Заттық ғылымның түсіндіруге шамасы келмейтін
жетілудің бұл құпия сырын эзотерикалық біліммен осылай
түсіндіруге болады.
Әлемдік тоқ барлық материяның негізі ғана емес, ол түрлі

деңгейде барлық материяның ішінде. Оның негізі Жаратушының
рухани қуаты, сондықтан, ол бар жерде өмір бар.
Жаратушының жоғарғы қуаты жанның қасиеттері де сапа
жағынан оны жаратқан Иенің қасиеттеріндей. Ол мәңгілікті, толық

білімді және ләззатты. Материямен салыстырғанда жан шексіз
қуатты. Оның да нұры бар. Ол нұр – жанның рухы. Жаратушының
рухы оның болмысты басқаратын, қарым-қатынас жасайтын құралы
болғаны тәрізді, рух та жанның ниетін орындайтын құралы.

Жаратушы Өзі ештеңеге араласып, ештеңені жасамайды, Ол тек
қана қалайды. Ал Оның қалауы Өзінің рухы арқылы орындалады.
Сол сияқты жан да өзінің қалауын орындау үшін рухын
пайдаланады. Яғни, рух жанның қалауын орындайтын құралы. Жан

тек қана қалайды, бірақ өзі ештеңені жасамайды. Оның қалауын
орындайтын – оның рухы. Материалдық әлемде рух жан қалауын
материялдық тән арқылы орындайды. Ал жанның рухы тәнмен нәзік
болмыс арқылы байланысады. Бұл туралы Шәкәрім «Ақыл деген –

өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап
жүр» деп білдіреді. Адамның нәзік болмысын білдіретін ақыл жан
құмары үшін жұмсалғанда ол рухтанады. Ақын мұндай ақылды
«өлшеусіз жарық нұр» деп атап отыр.

Материалдық әлемде жан мен материя бір-бірімен тығыз
байланыста және бір-біріне қатты әсер етеді. Материя жанға өзінің
құмары арқылы, яғни нәпсі арқылы әсер етіп, оны өз құрсауына
алғысы келеді. Ал жан болса ол өзі шыққан қайнар көзге,

Жаратушыға қарай ұмтылады. Бұл ұмтылыс тек қана Жаратушының
қалауын орындау арқылы ғана білінеді және іске асады. Сондықтан
ол барлығын Алла тағаланың разылығы үшін орындауға ұмтылады.
Иманды адам мен имансыз адамның айырмасы осындай.

Жан мен тән үнемі күресте болады. Жан ықпалы жеңгенде тән
рухтанып, тазара түседі. Ал тән ықпалы жеңгенде жан кірленіп,
материяға бата түседі. Ал түп мәніне келгенде ақыры жан жеңеді.
Себебі, бұл – Жаратушының қалауы. Жаратушының қалауы

бойынша барлық жан иелері түбінде тазарып, ақырында Түп Иеге
қайтады. Бұл Қасиетті құран аяттарымен де жақсы үндеседі. Осылай
материалдық әлемге келген жан бірте-бірте тазарып, өзінің алғашқы
қуатына ие бола бастайды. Бұл деңгейге жеткенше жан көптеген

өмір түрлерін, яғни денелер алады. Сондықтан материалдық әлемде

шексіз көп жан иелері бар. Бұл туралы ойларды Шәкәрімнің мына жазғандарынан алуға болады: «Дене жаннан қалайша әсер алады? Денелердің жаннан тез әсер алатыны да бар, ЖӘЙІРАҚ ӘСЕР АЛАТЫНЫ ДА БАР. Мәселен, кішкене хайуандар мен түйе, піл сияқтылардың буаздылығын ойлаңыз. Піл 20 ай бойы бала көтереді, қол қояны бір-ақ ай көтереді. Және кейбір денелер жаннан әсер алмағандай көрініп, сондықтан олар өліп қалғандай болады. Мәселен, тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар, олар не жанып, не шіріп қалғандар. Бірақ менің ойымша, өз кезінде олар да жанмен қосылып, сезімденуге жараса керек». Осылай жан кеткен соң дене жанып, шіріп қоршаған ортаға тарап кетсе де, ол басқа жанның ықпалымен оның денесін құрап, қайтадан жанданады. Жанның жетілу деңгейі қандай болса, соған байланысты ол тән алады. Адамның ақылды-ақымақ болуы, иманды-имансыз болуы оның жанының тазалығына байланысты. Данышпан, әулие, не болмаса ғалым болу – адамның денесінің қабылетінен емес, оның рухының жоғары деңгейінен. Рухының жоғарылығына байланысты адам сондай қабілетті дене алады. Мысалы, маскүнемді оның түрінен-ақ байқауға болады. Оны маскүнем еткен оның осы түрі ме, әлде маскүнемдік оған осындай түр берді ме? Әрине, маскүнемдік оған осындай түр берді. Сол сияқты жанның жетілуі қандай болса, жан иесі сондай қабылетті дене алады. Жанның өзінің денесін құрастыру әлемдік тартылыс күштері арқылы болады. Бұл процесті әлемдік гальванизация әдісі деуге болады. Бұл туралы бұрын да жазғанбыз /8/. Қысқаша тоқтала кететін болсақ, бұл процесті былай суреттеуге болады. Физика пәнінен белгілі, ыдысқа металл тұзы ерітіндісін құйып, екі электрод салса оның бірі – оң полюс – анод, ал екіншісі – теріс полюс – катод болады. Тоқ жіберілгенде ерітіндегі металл теріс полюске тартылып, оны жабады, ал оң полюстегі металл еріп, ерітіндінің құрамын бір қалыпта ұстап отырады. Сол сияқты материалдық әлемде жан катод теріс полюс, ал Жаратушы анод оң полюс, ерітінді – әлемдегі нәзік және тұрпайы элементтер болып табылады. Рухани әлемде таза жанның қасиеттері шексіз. Бірақ ол қасиеттері материалдық әлемге келгенде матриямен жабылып, өзінің шексіздігінен айырылып қалады. Сондықтан, оған материалдық әлемде өмір сүруге арнайы құрал, яғни дене керек. Осылай жаңа өмірге келген жан енді өзіне материядан жаңа дене қалыптастырады. Әуелде жан өзінің өмірін нәзік әлемнен бастайды. Сондықтан жан өзіне нәзік материалдық дене құрастырады. Осылай гальванизация процесі арқылы жан нәзік әлемнен өзіне керекті элементтерді тартып сезім, ақыл, ес, өзінің «менін» құрастырады. Аруақтар нәзік әлемде осы денелермен өмір сүреді.

Ал заттық әлемге келгенде жанға нәзік денесінен басқа тағы тұрпайы дене керек. Бұл – оның тәні. Сондықтан, жан фәни әлемге келгенде өзінің нәзік денесі арқылы, әлемдегі негізгі тұрпайы бес элементтерді тартып өзінің тәнін құрастырады. Бұл құрастыру оның жерге қандай әдіспен келуіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жан жерге жан-жануарлардың аталық ұрығы, жұмыртқа, немесе өсімдік дәні арқылы келуі мүмкін. Осыған байланысты ол өзіне тәнді құрастыруға керекті табиғаттың бес элементін ғарыштан ғана емес, сонымен бірге, жан-жануарлар ана құрсағынан, құс жұмыртқадан, өсімдік дән арқылы жер анадан алады. Фәни әлемде барлық жан иелері осылай пайда болады. Заттық әлемде бір-бірімен қатынас жасап, қоршаған табиғатты пайдалануы үшін жан иелеріне керекті материалдық элементтер беріледі. Оларға бес сезімдер, бес сезім мүшелері, бес сезім объектісі, тәннің өміріне керекті бес қозғалыс мүшелері жатады. Бес қозғалыс мүшелеріне қол, аяқ, ауыз, анус және жыныс органдары жатады. Жан иелері аяқтарымен бір жерден екінші жерге қозғалады, қолдарымен табиғат берген заттарды пайдаланады, аузымен тамақтанады, ануспен асқазандағы қорытылмаған тамақтың қалдығын сыртқа шығарады және жыныс органдарымен артына ұрпақ қалдырады. Өмір түрлеріне байланысты бұл элементтердің сыртқы порымы, әрине, әртүрлі болып келетіні түсінікті. Мысалы адам мен құстардың аяқтары, аузы, жыныс органдары әртүрлі екені белгілі. Табиғат берген осы элементтер арқылы барлық жан иелері өз өмірін қамтамасыз етеді. Табиғаттың бұл тұрпайы элементтеріне адамның нәзік болмысы болып табылатын тағы үш элемент – ақыл, ес және «мені» қосылады. Сонымен барлығы 23 элемент болады. Бұған жанды қосатын болсақ, барлығы 24 болып, олар қосылғанда материалдық әлемде өз бетімен өмір сүруге мүмкіндігі бар микрокосмды құрайды. Бұл 24 элементтің ең негізгісі, әрине, жан. Жан басқаларын біріктіріп, оларға өмір береді. Себебі, ол жан иесінің рухани болмысы болып табылады. Міне, қысқаша айтқанда, жанның бұл әлемге келуі осылай болуға тиісті. Бұл туралы да Абай ілімі арқылы бұрын жазғанбыз. Материалдық әлемде барлық элементтер әлемдік тоқтан пайда болады дедік. Жан материяны, яғни материалдық әлемді осы әлемдік тоқ арқылы басқарады. Әлемдік тоқ рухтың материяны басқаратын құралы тәрізді. Сондықтан, жоғарыда айтылған «айналатын үстелге» аруақ әуелі әлемдік тоқ жинап, ондағы тоқты толықтырып, жандандырады, сонан кейін оған өз тоғымен бұйрық беріп, оны қозғалысқа келтіреді. Аруақ өзінің тоғымен үстелдегі тоққа әсер етіп, осылай үстелге өзінің ықпалын жасайды. Егер жаны бар аруақтың әсері болмаса үстел қозғалысқа келмес еді. Бұл арада аруақтың еркі мен оның қайраты үлкен орын алады.

Бұл тәжірибе жанның денені әлемдік тоқ арқылы басқаратынын көрсетеді. Жан нәзік болмысқа және тәннің барлық тіршілігіне өмірлік қуат береді. Осы өмірлік қуаттың арқасында жан иесінің бүкіл материалдық болмысы қозғалысқа келіп, тіршілік жасайды. Жан кеткенде тән өледі. Оны ешнәрсе де тірілте алмайды. Тәннің тіршілігі жан емес, материалдық жүректің жұмысына ғана байланысты деген тұжырым да бар. Егер бұл тұжырым дұрыс болатын болса, онда тоқтап қалған жүректі алып тастап, оның орнына жасанды жүрек салып адамды тірілтіп алуға болар еді. Қазіргі медицина жасанды жүрек жасау деңгейіне жетті. Бірақ, жасанды жүректі салса да өліп қалған адамды тірілту мүмкін емес екені белгілі. Ендеше адамның денесіне әлемдік тоқты жинап, ағзаны қозғалысқа келтіретін жүрек емес, жан екен, ал жүрек жанның мекені. Дене үздіксіз жұмыс істеу үшін жүрек ағзаның әрбір бөлігіне қуатты жеткізіп тұратын механизм ғана. Сондықтан әлемдік тоқты жинап, оған ықтиярымен ықпал жасайтын жан кеткенде тоқ та тарап кетеді. Бірақ әлемдік тоқ бірден жоғалып кетпейді, оның тарауына уақыт керек. Оған мынандай дәлел келтіруге болады. Қасапшылардың малды сойған кезінде терісі алынған малдың денесі жыбырлап, қозғалып жататынын әркім көрген шығар. Жаны шыққан малдың денесі неге өздігінен дірілдейді? Мұның себебі, жаны жоқ болса да, әлемдік тоқ толық тарамағандықтан, денеде өмірлік қуаттың қалдығы бар, сондықтан оның кейбір бөліктері әлі де болса қоғалысқа келіп жатады. Жаратушы болмысты қалай басқарады? Ол да әлемді осы тоқ арқылы басқарады. Әлемдік тоқ Жаратушының рухани қуатынан пайда болатындықтан, ол тоқ рухпен тығыз байланыста. Сондықтан әлемдік тоқ Жаратушының рухына, яғни Оған толық бағынады. Жаратушы бүкіл материалдық әлемді осылай әлемдік тоқ арқылы басқарса керек. Әлемдік тоқ Жаратушыға толық бағынатын болғандықтан, ол Жаратушының бір көрінісі болып табылады. Ал әлемдік тоқ әрбір бөлікте, әрбір атомда. Сондықтан оның көмегімен Жаратушы бүкіл әлемге ие болып отырады. Әлем Жаратушы салған үйлесімділіктен шығып кете алмайды. Ендеше әлемдік әділет заңдылығының толық орындалуына да ешқандай кедергі болуы мүмкін емес. Әркімнің өзінің жасаған іс-әрекеті бойынша осы өмірінде, не болмаса келесі өміріндегі алатын жақсылығы мен зардабы осымен түсіндірілсе керек. Жаратушы әлемді Өзі басқармайды. Әлемді Оның рухынан жаратылған түрлі қуат көздері басқарады. Болмыс өмірін басқаратын Жаратушының сансыз көп көмекшілеріне түрлі деңгейдегі аруақтар мен басқа да жан иелері жатады. Бұл туралы Шәкәрім жоғарыда егер біреу машина жасап шығарса, онда ол машинаның жасағандары да сол адамның ісі болып табылатыны туралы мысал келтіріп білдірді. Аруақтарды өздерінің жасайтын

істерінің деңгейіне байланысты қазақ халқы пері–періште, жыншайтан деп әртүрлі атайтыны белгілі. Жоғары деңгейдегі аруақтар періштелер ғана емес, төменгі деңгейдегі аруақтар перілер мен түрлі жындар да Жаратушының әмірімен әрекет етеді. Олардың әрбірінің жасаған істерінің өз мәні мен мәнісі бар. Болмыс өмірі жақсы мен жаманды түгел қамтитындықтан, оларды іске асыратын да түрлі жан иелері болуы керек. Болмыс өмірінде әркімнің өз орны бар және олар өз міндеттерін орындайды. Бірақ мұны бірі білсе, бірі білмейді. Енді Жаратушының көмекшілерінің, яғни түрлі жан иелерінің болмыс өмірін қалай басқартынына келейік. Жоғары әлемдерде табиғат күштерін басқаратын періштелер әлемдік тоқтың әсерімен материалдық элементтерді жинап қозғалысқа келтіріп, оған өздерінің ықпалымен түрлы құбылыстар жасайды. Мысал ретінде жаңбырдың қалай жауатынына көз жіберіп көрелік. Суды басқаратын аруақ, қазақ оны су періштесі деп атайды, атмосферадағы су молекулаларына әлемдік тоқты жинап, оны жандандырса керек. Сонан кейін ол өзіндегі әлемдік оқ арқылы су молекулаларындағы әлемдік тоққа әсер етіп, оларды біріктіреді. Заттардың тартылыс күшін жасайтын да әлемдік тоқ екенін осы арада айта кету керек. Ал бірігіп тамшы болған су молекулалары тартылыс заңдылығы бойынша Жерге түседі. Ал қай жерге түсуді жел біледі. Ол желді де басқаратын өз періштесі бар. Осылай жаңбыр жаудыру үшін сансыз көп періштелер қатынасады. Аруақтар табиғат заңдылықтарын бұзбайды. Олар фәни әлемдегі жан иелеріне қарағанда нәпсіден босаған, сондықтан Жаратушы ықпалын жақсы сезінеді. Періштелердің табиғат заңдылығынан шыға алмайтынына тағы бір себеп, ол – Жаратушының әлемдік тоқ арқылы бүкіл болмысты басқарып отырғаны болса керек. Мысалы, аруақтардың тілегіне қарамай, жаңбырды жаудырғысы келмесе, Жаратушы әлемдік тоқ арқылы су молекулаларын біріктірмейді. Осылай жаңбыр тамшылары құралмай, жаңбыр болмайды. Ал Жаратушының әміріне қарсы әрекетке барғысы келген аруақ әділет заңдылығы бойынша өз жазасын алады. Періштелер су тамшысын құрағаны тәрізді материалдық элементтерден басқа да түрлі заттар мен денелер құрастырады. Бұған Шәкәрімнің жоғарыда жазған көптеген мысалдары дәлел болады. Осылай олар, тіпті, түрлі планеталарды, Күн, Ай тәрізді әлемнің барлық бөліктерін құрастырады. Аруақтар жасаған түрлі әлем бөліктері бір-біріне әсер жасап, әлем өмірін құрастырады. Әлемде барлығы бір-бірімен байланысты. Сондықтан астрология ілімі адамның туған мезгілі арқылы оның келшегін ғана емес, тіпті өткенін де айтып бере алады. Төменгі аруақтар да болмыс заңдылығынан шыға алмайды. Әйтпесе олар фәни әлемнің өміріне аралысып, бұл өмірдің бейберекетін шығарар еді ғой. Олар өте сирек жағдайда ғана адам

өміріне араласып, өздеріне ермек іздейді. Кейде тәжірибесі әлі жеткіліксіз медиумдарды алдап, шатастыруы мүмкін. Бұл туралы көп айтылып, көп жазылады. Кейбір діни адамдар осы төменгі аруақтардың әсерінен қорқып, аруақтармен байланысты түгелдей жоққа шығарады. Бұл туралы кейінгі кезде газет бетінде мақалалар да пайда болды. Қоғам өміріне осылай бөгет болғаны үшін төменгі аруақтар, әрине, кезінде өз жазасын алады. Жын-шайтан деп аталатын төменгі аруақтардан қорқып керегі жоқ. Олар нәзік болмыстың сырын білмейтін надандарды қорқытудан басқа, Жаратушының ықпалынан шығып адамға ешуақытта жамандық жасай алмайды. Жындардың Алла тағаланың қасиетті есімдерінен өте қатты қорқатыны да осыдан. Жаратушының шапағат нұрына, одан пайда болған әлемдік тоққа сенбей, оны қабылдамаған адам ешуақытта дүниенің терең сырына жете алмайды. Дүние сырына көз жеткізу үшін адам қасиетінен жоғары қасиеттердің де бар екеніне сенім керек. Болмыстың сол көзге көріп-білінбейтін ғажайып қасиеттері әлемнің алғашқы элементтерін жасап, оларды біріктіріп, бүкіл ғарыштық көрініс құрайды. Бірақ, Оның бұл қасиеттерін адамның сезімдерімен анықтауға, немесе оймен ойлап түсінуге келмейді. Осыны мойындау керек. Шәкәрім өзінің «Табиғат неше түрлі жан жаратты» өлеңінде «Жел ме су, тас, топырақ, шөп пен ағаш... Ғаламда не бар болса, бәрі жанды» дейді. Бұл жоғарыда айтылған Жаратушының рухынан жаралған әлемдік тоқтың дәлелі бола алады. «Дәлелім: тас пен құм, сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында, тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсенің жабысқанын көресіз. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ, жылылықтан өсімдік шығарғандай тасқа ауа, су жылылық сияқты себептер қосылып қына шығып отыр. Бұл былай тұрсын, ғылым бойынша, планеталардың барлық нәрселері қайтадан газ болғанда тас та тас қалпында қалмайтыны анық. Менің бұл ойым дұрыс болса, қына мен газ отқа жанғанмен, шіріген денелер де көп уақыттан кейін жанмен бірігіп, сезіп өршуге жарайды екен». Әлемдік тоқ бүкіл әлемді қамтитындықтан, ол барлық элементтерді жандандырады. Аруақтар ол тоқты жинап үстелдің тоғын көбейтіп, сол арқылы үстелді қозғалтып, билетіп жіберетіні жоғарда айтылды. Сол сияқты аруақ тәнде болғанда да бүкіл ағзаның жұмысын сол әлемдік тоқ арқылы басқарады. Бұл адамның нерв жүйесімен байланысты болу керек. Ал ол әлемдік тоқ әлсіз болғанда Шәкәрім сөзімен айтқанда, кейбір денелер жаннан әсер алмағандай көрініп, сондықтан олар өліп қалғандай болады. Мәселен, тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар.

Бірақ өз кезінде оларды жан өзінің денесін құрастыруға пайдаланып, олар да сезімденуге жарауға тиісті. Бұл туралы жан өзінің денесін қалай құрастыратыны туралы жазғанда айтылды. Жан өзінің рухы арқылы әлемдік гальванизация процесімен нәзік элементтерден өзінің нәзік денесін, ал заттық элементтерден өзінің заттық тәнін құрайды. Жан денені тастағанда олар қайтадан өз кеңістіктеріне тарап кетеді. Осылай түрлі элементтер жанның ықпалымен бірде жиналып дене құраса, ал екінші сәтте қайтадан таралып кетіп отырады. Денеде жан болғандықтан, жан оған өмір беріп, қозғалысқа келтіреді. Ал жан кеткен соң ол өмір тоқталады. Сондықтан жан болмаса ешқандай да дене өмір сүре алмайды. Шәкәрім ілімінен шығатын бұл тұжырымдар жасанды өмір жасау деген бос әурешілік екенін көрсетеді. Бұл ойларды Шәкәрімнің «Мен адамның таппаймын өнерлісін» атты өлеңінен табуға болады:

Бар нәрсе жоғалмайды, өзгереді,

Жан жоғалмас деп ойла, соны біл де.

Жан тән жасар, тән жанды жарата алмас,

Терең ойлап, сөзімді құлаққа іл де.

Осы айтылған ойларын Шәкәрім «Табиғат неше түрлі жан
жаратты» атты өлеңінде де анықтай түсіп, тағы да қайталайды.
Әрі қарай Шәкәрім «Сөз кезегі келген соң жану, шіру туралы
біраз айталық:» деп жазады.

Жану мен шіру

Келесі тақырыбын осылай деп атап, Шәкәрім сөзін әрі қарай
жалғастырады. Бұған дейін табиғаттың тұрпайы бес элементі, нәзік
элементтері мен жан бірігіп, қалай жан иелері пайда болатыны
туралы толық түсінік берілді. Енді бұған кері құбылыс қалай болар

екен? Яғни, пайда болған дене өлген соң қоршаған ортаға қайтадан
қалай тарайды? Жан қалай өзгеріп, қайда кетеді? Шәкәрім енді осы
туралы сөз қозғайды.
«Ғылым жолында жану мен шірудің түбі бір. Екеуі де әр

нәрсенің құрауларын шешіп, ол бөліктерді таратуға себеп
болады. Бірақ от жылдам шешеді. Жалыннан шыққан угольная
кислота деген улы газ ауаға араласып кетіп, аяғында
өсімдіктерге, сонан соң өсімдіктермен қоректенетін хайуандарға

азық болып шығады. Сөйтіп жанған, шіріген денелерден
шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып
осы барлықтың ішінде бар болып жүреді».
Осылай жан кеткен соң дене мүлде жоғалып кетпейтіні

айтылады. Дене жерде топырақта шіріп және газ болып ауамен және

ауамен араласып кетеді, не болмаса отқа жанады. Өсімдіктер отқа жағылса, кейде адам денесі де өртенеді. Үндістан тәрізді кейбір елдерде адам денесін отқа өртеп жібереді. Мұны кремация деп атайды. Осылай өсімдіктер мен хайуанаттардың денелері қозғалатын жан иелерінің тамағы болып, ас қазанда қорытылып, кейде отқа түсіп жанып, не болмаса шіріп кетеді. «Ғылым жолында жану мен шірудің түбі бір» деп бұлардың барлығы түбінде тотығу процесі арқылы болатынын білдіреді. Дене шіріп, қоршаған ортаға тарағанда тәндегі элементтер ең жеңілінен бастап бірте-бірте тарайды. Әуелі адамның демі тоқталып, денеден ең нәзік элемент ауа кетеді. Қазақтың өлген адам туралы «Демі таусылды» дейтіні осыдан шықса керек. Сонан кейін келесі элемент от кетіп, дене суыйды. Табытқа түсіп, жерге көмілген денеден келесі элемент, су кетіп, дене кебеді. Дене шіріп, топыраққа айналады. Дене топырақтан жаратылды, ол осылай қайтадан топыраққа қайтады. Осылай дененің барлық элементтері жоғалмайды, олар басқа денелерді құрауға қатысады. Шығыстың ұлы ойшыл ақындарының бірі Омар Хайямның «Аяғыңды байқап бас! Басқан жерің де бұрынғы жан иесінің денесі болуы мүмкін» деген ойды білдіретін газелі де табиғаттың осы бір құбылысын ескертеді. Әрі қарай денеден жанның шығуы туралы айтылады. «Енді жанға қайта келейік: жан менің айтқанымдай, баста бар болып, тұрған денесі жарамсыз халге келіп, орын болуға жарамаған кезде, денеден шығады. Бірақ біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп, барлықтың ішінде бар болып жүреді. Мен бұл араға шейін жанның бірінен бірі артылатын қасиеттерін анықтап бөліп айтпай, бәрін де жан деп келдім». Кейбір ғалымдардың өлген соң жан денеден кетіп, жоғалып кетеді дейтіні айтылды. Бірақ Шәкәрім олай емес, жан біржола жоғалып кетпейді, дейді. Жан бір денеден екінші денеге келгенде құр ғана өзгереді. Бірақ біржола жоғалып кетпейді. Денеден шыққан соң ол белгілі бір уақыт аруақ болып нәзік әлемде болатыны айтылды. Бұл туралы Шәкәрім «Олай болса бір түрге түсіп, барлықтың (болмыстың) ішінде бар болып жүреді» деп отыр. Бұған дейін ойшыл жанның қасиеттеріне шеке тоқталмай, олардың барлығын жан деп келді. Енді оларды бір-бірінен айырып, әрқайсысына жеке тоқталып, сипаттарын береді. «Жан әр түрге түседі. Мәселен, инстинкт – сезімді жан, сознание – аңғарлық («аңғарарлық» болса керек – Д.О.) жан, мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей әртүрлі қасиеттері болады. Бұлай әртүрлі болуы, менің ойымша, дене

бітіміне, себептеріне қарай болады. Дене әртүрге түскен сияқты
жан да өсіп, өніп, жоғарылайды».
Ойшылдың осы сөздерінен көп нәрсені аңғаруға болады. Жан бір
денеден екінші денеге ауысқан сайын ол жетіле береді. Яғни, оның

материалдық әлемдегі мүмкіншілігі өсе береді. Жанның бұл өсуі
оның материядан арылу барысын көрсетеді.
Шәкәрім әуелі инстинкт туралы «инстинкт – сезімді жан» дейді.
Инстинкт пен ерік бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан

бұларға толығырақ тоқтала кетейік.
Шәкәрім өзінің «Тауық неге шақырар сағат сайын» атты
өлеңінде хайуанаттардың барлығын инстинкт басқаратыны туралы
былай деп жазады.

Нәпсі көзін байлаған адамзаттан,
Айуан артық сезеді өмір жайын.
Суыр неге қазады таудың сайын,
Жаз жиып, қыстық азық қылар дайын.

Қыс болса, шала өлерін қайдан білді,
Деді ме азық жастап бір ұйықтайын.
Сондай өмір келерін сезіп тұрған,
Жан сыры ғой, сіздерге байқатайын.

Жаңа туған жас қозы тамақ іздеп,
Енесінің емшегін тапқандайын.
Ұядан ұшқан үйрек бізді алдайды,
Далбырлап қанат қирап жатқандайын.

Жайын аңдар үйірге қарамайды,
Есептемей туатын мезгілді айын.
Қысты жердің қояны күзді күні,
Дей ме әдейі қардай боп ағарайын.

Көгалдағы шегіртке жасыл болып,
Көрдің бе қырдағысы қоңырқайын.
Осылар өзін-өзі жаратты ма,
Жауымнан түсіммен деп құтылайын.

Осындай тағдыр сырын қуа берсең,
Түпсіз терең сондықтан тоқтатайын.
Ғылымда мұны соқыр сезім дейді,
Мұны айтқан ғылым соқыр, өлдә, оңбайын.

Меңіреуден мақсұт, білім шығады деп,
Бүтін әлем айтса да, мен нанбайым.

Бұл өлең болмыстың жаратушысы соқыр сезім емес, есті Жан
екенін дәлелдейтін және ол есті Жанның әлемді қалай басқаратынын
көрсететін шығармалардың бірі. Табиғаттағы жан иелері Ғазиз
жанның салған заңдылығынан шықпай, үйлесімді өмір сүріп жатыр.

Бірақ, сансыз көп жан иелерінің арасында осы заңдылықты бұзатын

өмірдің бір көрінісі бар. Ол – адам баласы. Адамнан төмен тұрған хайуанаттар да, одан жоғары тұрған періштелер де болмыс заңдылығын бұзбайды. Әлемнің бұл заңдылығын тек қана адам баласының бұзатын себебі неде? Бұл сұрақтың жауабын Шәкәрім ілімінен іздеп көрелік. Барлық өмір көрінісі жан мен тәннің өзара байланысынан шығады. «Басында жан мен дене екі басқа» дейді осы атты өлеңінде Шәкәрім. Рухани болмыс пен материалдық болмыс екі басқа болса да, олар бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің байланысы адам баласының ғана емес, бүкіл әлем өмірін құрайды. Жан адамның денесін құрастырып, оны басқарады. Жанның ықпалымнен Адамның ешқандай да қатысуынсық-ақ оның денесінің барлық органдары мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Жан сонымен бірге адамның рухани өмірін де басқарады. Өмірдің түпкі мәнін іздеуді, оған жетілу жолын осы жан басқарады. Себебі, жан құмары – рухани байлық. Оған тән тек қана осы мақсатқа жету үшін ғана керек. Жанның мақсаты – тәнді құрал ретінде пайдаланып, түпкі мақсатқа жету. Адам көңілін жан басқарғанда ол Ғазиз жанның ықпалынан шықпайды, Соның еркінде болады. Яғни шыбын жанның ниеті Алла тағаланың ниетімен біріккен, ондай жанда Ғазиз Жанның еркінен басқа ерік жоқ. Бұл жанның рухани әлемдегі қалпы. Фәни өмірде кім болса да Құдай десе көңілі елең ете қалып, іштей сезініп, жан ықпалына бағынып отырады. Сондықтан өмірде «Құдай жоқ» дейтін адамдар өте аз. Инстинкт дегеніміз, міне, жанның осы ықпалы. Қарапайым өмірде жанның ықпалын ешкім елемейді де, бұл туралы ойламайды да. Себебі бұлар өзінен-өзі, адамның ақылойының қатысуынсыз болатын құбылыстар. Осыдан инстинктің не екенін білуге болады. Инстинкт дегеніміз – жан иесін оның жанының басқаруы. Шыбын Жан Ғазиз Жанмен байланысқан, сондықтан инстинкпен өмір сүретін жан иелері қателік жасамайды. Қарапайым өмірдегі адам баласына өзіндік ақыл берілген, сондықтан ол ақылының ықпалына түсіп, жиі қателікке ұрынады. Хайуанат әлемі олай емес, оның ақылы әлсіз болып, басқара алмағандықтан, инстинкпен өмір сүріп, қателік жібермейді. Адам табиғат заңдылықтарын жиі бұзатын болса, хайуанаттар ешуақытта бұзбайды. Шәкәрім әрі қарай «сознание – аңғарарлық жан» деп сана туралы айтады. Бұл жанның аңғарып, танитын қасиетін көрсетеді. Сана жанның айырылмас қасиеті екені туралы жоғарыда санасезімнің түрлі деңгейлері талданғанда жазылғандықтан, бұл арада оған тоқталмаймыз. Жанның әуелгі таза күйінде оның рухы мен санасы Ғазиз Жанның рухы мен санасындай таза. Шәкәрім «мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан» деп ой мен ақылдың да жанмен байланысты екенін білдіреді. Ой ақылдан

шығады. Жан ақылымен миды пайдаланады. Фәни әлемде ми ақылдың құралы. Бұл туралы Шәкәрім «ақылдың түбі жүректе, басы – мида» дейді. Адамның ақылы дұрыс – Шәкәрімше ақыл сау – болу үшін, жүректің тазалығы мен мидың жақсы істеуі керек. Бұл екеуінің біреуі кем болса, онда ақыл толық болмайды. Ақыл адам өмірінде өте үлкен рөл атқарады. Ми нәпсі құралы, ал жүрек жан құралы. Сондықтан, ақыл осы екі құралдың қайсысын пайдаланады, соған байланысты адам іс-әрекеті әрқилы болады. Ақыл миды пайдаланып, ойы нәпсіге ауысқанда, ол нәпсі құмарынан шыға алмай қалады. Ал жүректі пайдаланып, соның ықпалына түскенде жоғары адамгершілік қасиеттер көрсетеді. Сондықтан, Руми сөзімен айтқанда, адам баласы бірде хайуан деңгейіне құлдыраса, бірде періште деңгейіне көтеріледі. Қарапайым адам осы екі ортада. Осының барлығы адамның өзінің еркіне байланысты. Ал ерік дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын тән мен нәзік болмыстың байланысы береді. Материалды болмыстың құмары жан құмарынан бөлек. Адамның ақыл-есі материалды, сондықтан, олар жан құмары емес, тән құмарына көңіл бөледі. Осылай адамның көңілі тән құмарына ауып, оның көңілі Ғазиз Жанның көңілінен алшақтайды. Өзінің шексіз мейірімділігімен Ғазиз Жан бұған бөгет болмай, шыбын жанның көңіліне ерік береді. Осылай фәни әлемде ерік пайда болады. Адамның көңілі жан құмарына ауғанда оның еркі болған жоқ. Себебі, шыбын жанның көңілі Ғазиз жанның еркімен біріккен, оған толық бағынды. Бұл – ерік емес, Ғазиз жанның ықпалы болып табылатын инстинкт еді. Ғазиз Жанға толық берілген адам жан ықпалымен әрекет етіп, инстинкті түрде Ғазиз Жанмен бірге. Ал тән құмарына берілген адам өз көңілін өзі өзгерте алады. Бұл – оның еркі. Сонымен, фәни әлемдегі ерік дегеніміз – материямен былғанудан туатын адамның жан құмарын ұмытып, тән құмарына берілу қасиеті. Бұл туралы Шәкәрім көңіл туралы жазылған өлеңдерінде анық білдіреді. Бұларға адамның психологиялық терең өзгерістерін көрсететін «Басында жан мен дене екі басқа», «Баяғыда жас бала едің сен», «Білгенімді жазушы ем», «Қасыңа қылыш қайратқан», «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де», «Мен адамның таппаймын өнерлісін» тәрізді өлеңдерін жатқызуға болады. Материалдық әлемде тән әсері үнемі басым болады. Материалды болғандықтан адамның ақыл-есі жан әсерінен басым болып, ол инстинктке жол бермейді. Сондықтан көпшілік жағдайларда жүрек арқылы берілген инстинктке көңіл аудармай адам баласы көптеген қателіктерге ұрынады. Ақыл шектеулі болғандықтан, ол болмыстың барлық шырғалаңдарын дұрыс шеше алмайды. Ал жан қателеспейді. Себебі, ол білімге толы және Жаратушының ықпалынан ешуақытта да шықпайды. Өкінішке қарай жүректің былғанып, ақылдың ауруға

шалдығуынан біз көбінесе инстинкті сезе алмаймыз. Инстинкт адам
өмірінде үлкен орын алады. Адам денесіндегі көптеген процесстер
мен оның адами қасиеттерінің барлығы да инстинктің әсерімен
болады.

Адамның
адамға,
қоғамына,
отанына

деген
сүйіспеншіліктері және психологиялық құбылыстарын инстинкт
басқарады. Ешкім де «Мен патриот болайын», не болмаса «Мен
баламды жақсы көрейін» деп ойламайды. Бұлардың барлығы

жаннан шығатын инстинкт сезімдер.
Инстинкті заттық ғылым «соқыр сезім» деп атайды. Мұндай
шолақ ойға Шәкәрім «Мұны айтқан ғылым соқыр» деп кесіп
айтады. Ақын өлеңінде көрсетілгендей, жан-жануар алдағыны қалай

болжап, сондай өмір келетінін қалай біледі? «Сондай өмір келерін
сезіп тұрған, Жан сыры ғой, сіздерге байқатайын» деп ойшыл
барлығы Ғазиз Жанның ықпалымен екенін білдіреді. Бұл бүкіл
болмыс мақсаты – Бір Алла тағаланың разылығы үшін болу. Ендеше

болмыстың бір бөлігі болып табылатын адамзат мақсаты да Алла
тағаланың разылығы үшін болу керек. Бірақ, өздеріне берілген
азғантай ерікті сол берілген мақсат үшін пайдаланбай, кейбір
адамдар бұл ұлы мақсатты ұмытып, өздерін нәпсілеріне билетіп,

ләззатты тек қана нәпсі арқылы алуға ұмтылады. Осылай Шәкәрім
сөзімен айтқанда «Нәпсі көзін байлаған адамзаттан, Айуан артық
сезеді өмір жайын» дегендей жағдай туады. Нәпсіге жол бергендер
өз еріктерімен болмыс заңдылығын бұзып, айуан жасамайтын

қылық жасап, Алла тағаланың шапағатынан айырылады. Сол
себептен де олар «өздерінің жейтін нандарын аққан термен» табады,
яғни өмірдің сергелдеңіне түседі.
Жүректегі Ғазиз Жан әмірімен өмір сүретін хайуанат әлемінде

бұндай мәселе жоқ. Олар тіршілікте қателік жібермейді және
болмыс заңдылығын да бұзбайды. Сондықтан оларда күнә жоқ.
Себебі, хайуанаттар әлемінде ақыл әлі төмен, әлсіз. Әлсіз ақыл
жанның ықпалын жеңе алмай, тәнді жан басқарып, тән еріктен

айырылады. Сондықтан, хайуанаттар әлемінде ерік жоқ. Олар толық
инстинктке бағынады. Бұл оларға болмыс заңдылықтарын бұзбай,
табиғатпен үйлесімді өмір сүруге мүмкіндік береді. Хайуанаттар
табиғат апаттарын, қоршаған ортаның өзгерістерін адам баласынан

артық сезініп, кезінде олардан өздерін аман қалуға әрекет жасай
алады. Осыдан екі-үш жыл бұрын Үнді-Қытай теңізінде болған
үлкен толқын апатынан хайуанаттар аман қалған. Олардың
көпшілігі апатты кезінде сезініп, тауға шығып кетіпті. Ал теңіз

жағалауында шомылып жүрген адамдардың ешқайсысы да келе
жатқан апатты сезе алмай, су астында қалып, апат болған.
Сонда
адамның

хайуанаттан
артықшылығы
неде?
Оның

артықшылығы жанның өсуіне байланысты. Әрине, таза рухани жан
өзгермейді, сондықтан, өспейді де. Бұл арада жан деп оның
рухының материямен қапталған қалпы айтылып отыр. Осылай жан

денеден денеге көшіп, материядан тазарып өскен сайын ақыл мен ерік күшейеді. Егер ақыл мен ерікті дұрыс пайдаланбай, нәпсіге беріліп кетсе адам инстинктің ықпалынан шығып кетеді. Сол кезде ол табиғаттың әділет заңдылығы қарымтаға ілігіп, зардабы басталады. Осылай адам табиғаттың екіұдайылық (орысша, двойственность) қасиетінің ықпалына түседі. Табиғат енді адамды осылай жақсы мен жаманның, рахат пен зардап, қуаныш пен қайғы арасына салып, оның жақсылығы үшін тәтті беріп еркелетіп, жамандығы үшін «қамшымен сабап», жазалап баланы тәрбиелегендей адамды адам етеді. Осылай ақыл мен еріктің пайда болуы жанның өсуін білдіреді екен. Бұлар адамды көп сынақтан өткізіп, оның санасын өсіріп, тезірек дамуына көмектеседі. Осылай адам тезірек Түп Иеге қайта алады. Ал инстинктпен өмір сүретін хайуанаттарда мұндай мүмкіншілік жоқ. Жан рухани әлемге, яғни, Алла тағалаға, тек қана адам өмірі арқылы ғана қайта алады. Адамның хайуанаттардан артықшылығы, міне, осында екен. Мұндай артықшылық тек қана адамда ғана бар. Сондықтан періштелердің өздері жерге келіп адам қалпында өмір сүру үшін кезекте тұрады, делінеді. Бұл деңгейге жету үшін жан эволюциялық дамудың ұзақ жолын өтуі керек. Жан төменгі деңгейден жоғары деңгейге сатылап көтеріледі. Ал өсімдіктердің өздерінің деңгейі мен даму сатылары өте көп. Оны Шәкәрімнің мына сөздерінен байқаймыз. «Өсімдіктегі жандар сезімді ғана. Мәселен, жылылықты сезіп, өніп, өсіп, суықтықты сезіп тамырына қашқаны сияқты. Бірақ оның ішінде де бір бірінен сезімдірегі бар сияқты. Өсімдік жайын жазған кітапта бір шөп бар. Ол ортасындағы балына қонған шыбынды тарауларының ұшындағы инетікендерімен шаншып, дәнін сорып, құр қабығын қалдырады дейді. Бұндай қасиеттің болуы бұл өсімдіктің жанының сезіп қана қоймай, сонымен бірге аңғарарлық қасиеті де барын көрсетуі емес пе? Аңғару, ойлау ерікті хайуанның бәрінде бар. Бірақ олардың да бірінен бірі есті, бірінен бірі шебері бар. Оны теріп жазбасақ та, әркімге белгілі. Адамның күйі сол хайуандардан аса есті болмаса да, толық терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес». Осылай адамның артықшылығы «толық терең ақыл» деп адамның хайуаннан артықшылығын баса көрсетеді. Адам өмірінде инстинкт пен еріктің арасын айыра біліп, қай сәттен инстинкт басталып, ал қай сәтте ерік билеп кететінін білудің маңызы өте зор. Мұны айыра білген адам өмірдегі көптеген зардаптардан аман қалады. Әрі қарай жанның мәңгілікті екені туралы дәлелдер келтіріледі. «Жан туралы тағы бір ой бар. Кейбіреулер су суға, топырақ топыраққа қосылып кеткендей жан жануарларға еніп,

қосылып, араласып әбден былжыр сияқтанған соң, ол жан денелерден қайтып айырылып шыға алмайды дейді. Мен мұны саяз ойлағандық деймін. Себебі жанның денеден бөлек бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып, бірігіп кетуіне ешбір дәлелім жоқ. Ол денеге қосылмаса керек. Және қосылады десек те, бөліну оңай. Мәселен, жаратушысы соқыр сезімсіз табиғат болсын, мейлі біліп жаратушы Тәңірі болсын, қайсысы жаратса да, жан жаралыс жолында денелерді бір-біріне қосып, неше түрге түсіріп, ол құрауларды қайта шешіп, негіздерді бөліп, онан неше түрлі қасиеттерді шығарып отырған жоқ па?» Адам өміріне керекті барлық қаситтердің жаннан шығатыны осылай деп тұжырымдалады. Соның нәтижесінде адам баласы неше түрлі табиғат сырларын танып, өзінің пайдасына асырып отыр. Шәкәрім адам баласын әрі қарай былай деп дәріптей түседі: «Шақпақ темір мен шақпақ тастан шыққан оттан бастап, электрия, радио құралына шейін ойлаңыз? Мысалы, су әншейін қарағанда бір-ақ нәрсе. Оның қаншасы водород, қаншасы кислород екенін біліп, соны айырып алып, керегіне жаратып, керек болса қайта қосып, су қылып отырған кім? Соқыр табиғат жаратқан адам. Басында газ қылып, онан соң сұйық, онан соң қатты дене қылып, ол денеден өлшеу сипаттауға келмейтін нәрселер, қасиеттер шығарып отырған соқыр, саңырау табиған, не біліп Жаратушы Тәңірі болсын, бұның барлығы мақсатсыз, ол былай қылмауы керек деп қандай ақыл айта алады?» Ойшыл жан мен дененің айырмашылығын тізе келіп, жанның артықшылығын, оның дене тәрізді уақытша емес, мәңгілікті екенін осылай көрсетеді. Жан тән тәрізді жоғалып кетпей, ол бірте-бірте жоғарылай береді. «Менің ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерінің бір де бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ұқсамайтынына қарағанда, денеше бір бұзылып, бір түзелмей, бірте-бірте жоғарылауына қарағанда, келесі айналыста мұнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады. Сондықтан, жоғарыда айтылған Дольн, Камиль, Фламмарион, Герберт Спенсер, Стуармель, профессор Фонтель сөзіндей сөзді тесе тексермей өте шығу жеңілдік болар». Бұл сөздер адам жетілу барысында заңғар биік рухани деңгейге көтеріле алады деген ойға келтіреді. Мысалы, адам баласы өзінің инстинктімен толық үйлесіп, хайуанаттар тәрізді қателіксіз өмір сүру деңгейіне жете ала ма? Бұл сұраққа «Әрине, жете алады» деп толық жауап беруге болады. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін рухани жолға түсу керек. Рухани жолда жан тазарып, рухани күш

алып, санасы өскеннен кейін адамның ақылы рухтанып тән әсерін жеңе бастайды. Тазарудың жоғары деңгейінде жан материалдық былғаныштан толық арылып, өзінің алғашқы қалпын қайта алады. Осылай жан нәпсіні толық жеңіп, тән жанға толық бағынады. Мұндай адам Жаратушының ықпалына толық беріліп, өзінің үйіне, рухани әлемге қайтады. Бұлар – әулиелер. Сонымен, инстинкт дегеніміз фәни әлемде қоршаған ортаны пайдаланып, өмір сүру үшін жанның тәнге берген сезімі, әсері екен. Ендеше ол «соқыр сезім» емес, керісінше, жанның рухани қуатынан шыққан, нағыз көреген жүрек сезімі болып табылады. Тек қана сол рухани сезімге нәпсіні бағындыра біліп, өмірімізді жүрек сезімімен үйлестіре білуіміз керек екен. Сонда ғана өміріміз мінсіз болмақ. Енді бұл мінсіз өмірге қалай жетуіміз керек? Яғни, қалай мінсіз өмір сүруге болады? Шәкәрім өзінің және басқалардың ойларын айналдырып әкеліп ақыры өмірдің осы негізгі мәселесінің төңірегіне әкеліп шоғырландырады. Осылай ол бұл сұрақтың жауабын да береді.

Ұят деген не?

Тек қана ұяттың көмегімен ғана екі өмірдің де қызығын көріп, түпкі мақсатқа жетуге болады. Шығарманың соңғы тақырыбын Шәкәрім «ҰЖДАН – СОВЕСТЬ» деп атаған. Тақырыпты қазақшалағанда «Ұждан – совесть – ұят» болып шығады. Шығарманың бұл соңғы бөлігі ойшыл ойының қорытындысы тәрізді. Бұған дейін ол рухани болмыс пен заттық болмыстың екеуінің де бірдей бар екенін, яғни екеуінің де анық екенін дәлелдеді. Ал өмір дегеніміз – рухани болмыс пен заттық болмыстың байланысы. Ендеше мінсіз өмір дегеніміз – рухани болмыс пен заттық болмыстың анығын мойындай отырып, оларды дұрыс байланыстыра білу болып табылады. Жаратушы берген болмыс өмірінің заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар адамның ұжданында, яғни ұятында жазылған. Бірақ ұят әлсіреген сайын ол заңдылықтар ұмытыла бастайды. Мінсіз өмір сүру үшін жүректі тазартып, ұжданды ояту арқылы адам есіндегі болмыс заңдылықтарын қайта қалпына келтіру керек. Шәкәрім енді осы ұждан туралы түсінік береді. Ұждан туралы ол былай деп жазады: «Адамда нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «бұл – адамшылық, ар» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданды растағандай болып шығады». Ұждан адамның адами қасиеттерін білдіретін адамшылық, ар болса, ендеше ол жан қасиеттерін қамтитын өте кең ұғым. Ұжданнан нысап, әділет пен мейірім шығады. Бұлардың үшеуі де жан

қасиеттері. Олардың адам өмірінде алатын орны өте үлкен. Енді ұжданның осы бөліктеріне толығырақ тоқталайық. Нысап кішіпейіл-сыпайылықты, қарапайым-ибадаттылықты, жазмышқа мойын ұсынып, маңдайға жазылған тағдырға разышылықпен қарап, Алла тағала әміріне бой ұсынып, тәубешілік ету тәрізді адамның рухани қасиеттерін білдіреді. Бұлар – жан қасиеттері. Жан қасиеттері рухани әлем тірегі. Рухани әлемге тек қана осы қасиетпен жетуге болады. Нысапқа қарама-қарсы, адамшылықты бұзатын қасиеттер – эгоизм көріністері. Оларға өзінен басқаны көзіне ілмейтін менмендік, кеудені жоғары көтеріп, басқаны сыйламайтын, ешкіммен санаспайтын өркөкіректік жатады. Бұлар – тән қасиеттері. Эгоизм – заттық әлем тірегі. Адамды қанаушылыққа әкелудің басты себеп те осы эгоизм. Қоғамдағы түрлі қақтығыстардың барлығы осы эгоизмнен шығады. Әділет басқаның құқын бұзбауды, оны сыйлауды қамтамасыз ететін қасиет. Сондықтан, өмірде әрбір әділетсіздік адамның заңды қарсылығын тудырады және адам оны қабылдай алмайды. Әділет – жаннан шығатын адамның табиғи қасиеті. Кейде көп оқыған, бірақ фәни әлемнің шырғалаңында жүрген адамға қарағанда, қарапайым, бірақ өмірдің сырын түсіне білген адамның әділеттірек болатыны осыдан болса керек. Өмірде әділет туралы түсініктің түрі көп. Біреуге әділетті нәрсе, екінші біреулерге әділетсіз болып көрінеді. Мұның себебі – тән құмарының араласуы. Тән құмары жан құмарын бұрмалап, әділет түсінігін бұзады. Тән құмарына берілген адамға нағыз әділеттілікті танып, оны сақтау оңай емес. Тән құмары билеген өмірде әркім басқаны қанауға ұмтылып, әділеттілік болмайды. Сөйтіп адам адамды қанайтын, зорлық-зомбылыққа толы өмір туады. Табиғатта әділеттілікті сақтайтын заңдылықтар бар. Қоғам өмірінен туған жасанды заңдылықтар өткінші, әділеттіліктің түп негізін сақтай алмайды. Қазіргі кездегі әділетті деген заңдылық келешекте заман өзгерісіне байланысты әділетсіз болып шығуы мүмкін. Мысалы, Кеңес дәуірінде Құдайға беріліп иманды өмір сүру жаман әдет болып табылса, қазіргі заман өзгерісінде бұған мүлде басқаша көзқарас туып отыр. Әділеттілікті дұрыс сақтаудың сенімді де, өзгермейтін тұрақты негізі – ол табиғи негіз. Табиғи заңдылық бойынша әділеттілікті сақтау үшін өзіңе не қаласаң, басқаға да соны қалау. Мұндай түсінікпен адам әділетті өмір сүре алады. Ол өзіне ешуақытта жамандық қаламайтын болғандықтан, басқаға да жамандық қаламайды. Қоғам өмірі әділеттілікті сақтау үшін әркімге міндет жүктейді. Қоғамда әрбір адам басқаның құқын бұзбай, оны сыйлай білуі керек. Ал бір адам екінші адамның құқын сыйламаса, бұл қарсы әрекет

тудырып, қоғам өмірінің бейберекетін шығарады. Сондықтан қоғам өмірі әркімге құқық беріп, сонымен бірге, оның алдына міндет те қояды. Мейірім – адамға деген махаббаттан шығатын жан қасиеті. Мейірім адам жүрегінен жамандықты қуып, тек қана жақсылыққа үйретеді. Мейірімнен сүйіспеншілік, махаббат сезімдері туады. Сондықтан мейірім бүкіл әлемді біріктіретін негізгі күштердің бірі болып табылады. Мейірімнен туатын іс-әрекетті мейірімділік дейміз. Мейірімділік имандылықпен тыңыз байланысты. Шексіз мейірімді және рақымды Жаратушының ықпалымен, Оның заңдылығымен жасалған әрекеттің барлығы да мейірімділік болып табылады. Ал оған керісінше, Жаратушының заңдылыға қарсы жасалған әрекеттердің барлығы да қатыгездік, жамандық болып табылады. Жамандық пен жақсылықты рухани тұрғыдан тек қана осылай анықтауға болады. Иманды адамға жаман мен жақсылықты айрып, түсіну оңай. Ал имансыздар үшін жаман мен жақсыны айыру үлкен мәселе болып табылады. Олар өмірде көптеген қателіктерге ұрынады. Фәни әлемде мейірімділік пен қатігездік қатар жүреді. Себебі, бұлар заттық әлемнің екіұдайылық көрінісі. Қара мен ақ, ыстық пен суық, қараңғы мен жарық, жақсы мен жаман, бұлардың бірі болмаса екіншісі жоқ. Сондықтан фәни әлемде өмір сүріп сабақ алу үшін бұлардың екі жағы да керек. Жүрегі тазарған сайын адам өмірдің қараңғы жағынан жарық жағына шыға бастайды, ақыры ол мүлдем тазарған кезде өмірдің зардабынан толық құтылады. Осылай ол толық жан ықпалына көшеді. Нағыз мейірімді адам барлық жан иелеріне бірдей қарап, олардың жамандықтарын көрмей, тек қана жақсылықтарын ғана көреді. Мейірімділікке ешқандай шек жоқ – оны қандай жағдай, қандай уақыт болса да жасауға болады. Мейірімділік жасауға болмайтын өмір жоқ. Оны іспен, сөзбен, тіпті оймен де жасауға болады. Мейірімділік жасауға ниет болса болды. Себебі, мейірімділік дегеніміз әркімнің өзінің жағдайына байланысты пайдалы болу. Тек эгоист қана мейірімді болуға мүмкіндік таба алмайды. Ол жақсылық жасамау үшін сылтау іздейді. Шәкәрім әрі қарай ұжданның қайдан шығатынын көрсетеді. «Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе, сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез, ой, істер керек қылады». Сонымен ұждан, ұят жан қасиеті болғандықтан, жаннан шығады екен. Бірақ фәни әлемде жан нәпсімен жабылғандықтан жанның бұл қасиеті толық ашылмайды. Жанның тазалығына байланысты ұят

деңгейі де әртүрлі. Әлі төменгі деңгейдегі хайуанаттарда ұят деген қасиет мүлде болмайды. Бірақ олардың өмірін инстинкт басқарғандықтан, олар табиғат заңдылығын бұзбайтыны айтылды. Адамның еркі болғандықтан оның табиғат заңдылығын бұзуға мүмкіншілігі бар. Оның бұл қылығын ұят бағалап, реттеп отырады. Сондықтан ұяттың адам өмірінде үлкен орны бар. Ұят мәселесіне Абай да өзінің отыз алтыншы қара сөзін арнаған. Басында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген сөзін келтіріп, әрі қарай былай деп жалғастырады: «...Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?» Әрі қарай ұяттың түрлерін келтіріп, бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді деп көрсетеді. Бұл ұят әлі жас, рухы өспеген жанның қасиеті. Бұл жасықтық, ақымақтық, жамандық қасиет. Мұндай ұяттың шын ұят емес екенін айтады. Ал шын ұят шариғатқа теріс, немесе ақылға теріс, абиұрлы ойға теріс іс жасағанда болатынын жазады. Ойшыл шын ұяттың өзін екіге бөледі. Бірі – біреудің ісі үшін ұялу, ал екіншісі – өз ісің үшін ұялу. Ең ауыры өз ісің үшін ұялу. Абай мұндай ұятты былай деп суреттейді: «Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, тіпті өзін өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейды, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар». Имансыз адамға қарағанда иманды адам Ғазиз Жанды сезе біледі. Оның әрбір әрекеті Алла тағаламен байланысты болғандықтан, адам өзінің қылығын жақсы сезінеді. Жаман қылық жасағанда жүректегі Ғазиз Жан белгі беріп, адамның қиналысқа түсетіні сол себептен. Сонымен, ұят жан көрінісі екен. Жан Жаратушы заңымен өмір сүргісі келеді. Фәни өмірде нәпсінің ықпалындағы адамға Жаратушы заңымен мүлтіксіз өмір сүру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан көптеген заң бұзушылық болып, күнәлі істер жасалады. Нәпсімен әлі толық былғанып үлгермеген жанға бұл қатты әсер етіп, зардар шектіреді. Ұят адамға қалай әсер етеді? Жан өзінің қиналысын ақыл және нысаб арқылы денеге береді. Осылай жанның әсерімен ақыл-ес

адамның психикасын езіп, адам қиналып, зардап шегеді. Ұят әсері осылай білінеді екен. Жан неғұрлым таза болса, оның иманы, яғни Жаратушыға деген сенімі де солғұрлым жоғары. Ендеше оның ұяты да жоғары, көретін зардабы да күшті деген сөз. Ұятты адамның бұл қиналысын қазақ «Өлімнен ұят күшті» деп бағалайды. Ұлы Абай адамның осындай халын сипаттап отыр. «Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты» деп адамның осындай қысымға түсіп қалған себебін түсіндіреді. Хайуанаттар мұндай қысымды білмейді. Себебі, олардың жаны тән сезімдерінің құрсауында, ал ақылдары әлі жетілмеген. Ақыл әлсіз болғандықтан олардың тәні жан ықпалына, яғни инстинктке толық бағынады. Олар табиғат заңдылығын бұза алмайды. Хайуандарда ұят жоқ. Жаратушы заңын бұзбаған соң оларға ұяттың қажеті де жоқ. Ал адамзат қоғамында жағдай мүлде басқаша. Адамның ақылы заман озған сайын жетіліп, күшейіп келеді. Ақыл материялдық элемент. Сондықтан оның құмарлығы да рухани емес, материялдық құмарлық. Ендеше ақылы күшті адам оны не үшін пайдаланады? Әрине, ақылдың өз қалауына, тән құмарлығы үшін пайдаланады. Осылай ақылға қайрат қосылып, адам баласы нәпсіқұмарлықтың түрлі әдістерін тауып, хайуан жасамайтын күнәлі істерге барады. «Ақыл мен қайрат жол табар, қашқанға да қуғанға» дейді Абай. Бұл сөз ақыл жақсыға да, жаманға да күшті құрал екенін көрсетеді. Бүгінгі заман көріністері бұған жақсы дәлел. Ақылды жақсы іске пайдалану үшін нәпсіні жеңе білу керек. Нәпсіні жан тазалығымен, яғни ұяттың күшімен ғана жеңуге болды. Сондықтан заман озған сайын ұяттың маңызы азаймайды, керісінше ұлғая беруге тиісті. Заман тұрақтылығы, бейбіт өмір сол кезде ғана орнамақ. Ұят өз күшіне еніп, нәпсіні жеңген кезде бүгінгі болып жатқан шексіз қылмыстардың бірі де қалмас еді. Онда бүгінгі қаптаған сот, полицияның қажеті не? Қазіргі кезде нәпсінің ықпалына толық берілген қоғам өзіне өзі зардап жасап, сыбайлас жемқорлықпен үкімет көлемінде күресіп, одан шығудың амалын жасап жатыр. Бірақ бүкіл қоғам нәпсінің ықпалында отырса, ол бұл зардаптан қалай шықпақ? Қоғам өзімен өзі күрескенмен жеңіске жете алмайды. Былғаныш сумен былғанышты тазартуға болмайтыны сияқты, нәпсіні нәпсімен жеңуге болмайды. Ол үшін жаңа құрал керек. Бұл құрал – жан құралы – ұят. Міне Абай мен Шәкәрім ілімі өмірдің осындай шешімін береді. Адам неғұрлым иманды болса, оның ұяты да солғұрлым жоғары. Шын ұят – имандылық көрінісі, оның баламасы. Тек иманды адам ғана өзінің теріс қылығын өзі байқап, дұрыс бағалай алады. Мұндай жағдайда ол Абай суреттеген қалыпқа түсіп, жіберген қателігін түзетуге ұмтылады. Мұндай адамға ешқандай соттың үкімі қажет емес. Ұят арқылы оған өз жазасын берді. Мұндай адамды сот қана

емес, кім болса да оны дұрыс түсініп, кешіре білуі керек. Өз
қателігін толық түсініп тұрған адамды жазалау мейірімділік емес,
қатігездікке айналып кетеді. Сондықтан ондай қылыққа барған
адамды Абай адамшылығы жоқ деп бағалайды.

Иманды адам үшін өмірдегі әрбір құбылыс, өзінің жіберген
қателігі үлкен сабақ. Иманды адам жіберген қателіктен дұрыс сабақ
алып, оны қайталамауға ұмтылады. Осылай ол өмірдің келесі
деңгейіне көтеріледі. Ал ұяты төмен адамдар өздерінің теріс

қылықтарын дұрыс бағалай алмайды. Олар өздерінің істерінен сабақ
ала алмай, бір жіберген қателіктерін қайта қайталап, дұрыс
жетілмейді.
Жүректегі Ғазиз Жан да шыбын жан арқылы ұятқа өз әсерін

береді. Иманды адам бұл ішкі дауысты ести алады. Бірақ қарапайым
өмірде бұл ішкі дауысқа біз көп мән бере бермейміз. Мұндай
жағдайда әркімнің жүрегінде болатын Ғазиз Жан керекті ықпалын
бізді қоршаған адамдар арқылы беруі мүмкін. Егер өткен өмірге ой

жүгіртіп, жіберген қателіктерімізді саралайтын болсақ, көптеген
жағдайларда түрлі кеңестер алғанымызды, бірақ оларға жеткілікті
көңіл бөлмегенімізге көзіміз жетер еді.
Шәкәрім ұят жан тілегі екенін айтады. Жан жоғалмайтын,

бұзылмайтын нәрсе болса да, оның рухы өсіп, жоғарылауға тиісті.
Ол үшін оған жағдай керек. Мәселен, таза дене, таза және толық
мінез, ой, істер керек. Сонда ұят адамның іштегі сыншысы,
бақылаушысы, жасаған қылықтарының жақсы-жаманын анықтайтын

таразысына айналады. Осылай ұят адам қылығын іштен басқарып,
оның барлық іс-әрекетін дұрыс реттеп отырады. Ал мұндай адамға
сыртқы бақылау керек пе?
Әрине, мұндай дәрежеге жеткен адамға сыртқы бақылаудың

керегі жоқ болып қалады. Ендеше оның дұрыс өміріне ешқандай
сот, прокурор, полиция да қажеті жоқ. Имандылықтың таза
деңгейіндегі өмір, міне, осындай. Ендеше қазіргі кездегі сыртқы
бақылауға жіберіп жатқан қаражатты тоқтатып, ішкі бақылауды

дамытуға, яғни адамның имандылығын өсіруге жіберу керек шығар?
Шәкәрім ілімі, міне, мәселені осыған әкеліп тірейді.
Сонымен бірге, ұждан – ұят осы өмір үшін ғана емес, келесі өмір
үшін де керек. Бұл туралы ойшыл былай деп сөзін жалғастырады:

«Жанның қатты бір керегі совесть – ұждан. Оны осы өмір
үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі
егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін
болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше мені сондай кісі деп,

халық мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа мақсаты
жоқ. Себебі, ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп
отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы
совестімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын,

алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі, ол Тәңірі бар деп отырған

жоқ. Соқыр, саңырау табиғат Тәңір жарылқасынды естімейді, көрмейді. Менің таңырқайтыным сол Тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын, пәленше жасасын пәлендей іс дейді. Бұл бұйрық па, тілек пе? Бұйрық болса кімге? Тілек болса кімнен? Менің ойымша қанша айтып Тәңіріні жоқ қыламын дегенімен, жанның сау ақылы Тәңіріні мойнына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді». Ұждан – ұят осы өмір үшін керек екені дәлелденді. Бірақ бұл ұяттың негізгі міндеті емес. Оның негізгі міндеті – келесі өмір үшін қызмет ету, яғни адамды түпкі мақсатқа жеткізу. Ұят арқылы адам жаман қылықтардан арылып, көкірек көзін ашуға мүмкіндік алады. Егер мұны түсінбей, адам ұятты осы өмір үшін ғана пайдаланса, онда оның мақсаты «атым қалсын, пәленше мені сондай кісі деп, халық мені жақсы көрсінге» айналып, таза материалдық болып кетер еді. Материалдық сенім жанды қабылдамайтын болғандықтан, ондай ұят түп мақсатқа жеткізбей, пайдасы шамалы, уақытша болады. Бірақ Жаратушының заңын күнде бұзып жүретіндердің кейбіреулері әр істе есіне алып, Тәңірді ауыздарынан тастамайды. Ұят сезімі оларға Тәңірді үнемі есіне салып отырады. Сондықтан жанныың сау ақылы олардың жүрегін бірте-бірте тазартып, түбінде Тәңіріге жақындатпай қоймайды. Ұяттың негізгі мақсатына жету үшін жақсылықты өз пайдаң үшін емес, басқаның пайдасы үшін мейірімділікпен жасау керек. Сонда ол жақсылық екі өмірге де керек пайдасын тигізеді. Екі өмір бірбірімен тығыз байланыста болғандықтан, осы өмірде не жинасаң, келесі өмірде соның жемісін көресің. Шәкәрім осыны ескертеді. Жақсылық жасау ешқандай себепсіз, тек қана Жаратушының разылығы үшін болса, бұл ең жоғарғы табыс болып табылады. Себебі, Жаратушы үшін жасалған әрекет таза рухани әрекет. Оның салдары да таза рухани табыс. Ал рухани дүние шексіз болғандықтан, оның берген бір тамшы ләззаты заттық әлемнің берген мұхиттай үлкен ләззатынан тәтті болып табылады. Бірақ бұл деңгейге көтерілу үшін адам жанын толық тазартып, әулиелік қасиетке ие болу керек. Әрине, не нәрсені болса да, одан келетін жақсылық үшін істесе ол белгілі бір пайда алумен үндеседі. Бұл таза құлшылық емес. Егер қандай болса да жақсылық әрекетті адам өзінің рухын тазартып, Жаратушыға жақындау үшін жасаса, сонда ғана оның бұл әрекеті таза рухани әрекет болып табылады. Ең таза әрекет – тек қана рухани мақсатпен жасалған әрекет. Ал пайда үшін жасалған әрекеттердің барлығы да уақытша, түп мақсатқа жеткізе алмайды. Жасалған әрекеттің пайдалы-пайдасызын ұжданның осы үш көрінісі – нысап, әділет, мейірім – таразысына салғанда көруге болады. Ұждан адам өмірін бағалайтын таразы болып табылады.

Бұл туралы Шәкәрім «Тура жолда қайғы тұрмас» атты өлеңінде
былай дейді:

Әділет пен мейірім, нысап –
Құлшылығым Тәңіріме.
Қиянатқа жанды жұмсап,

Жанбан отқа шырқырап.

Жанға көнсем, жан иесі –
Тәңіріге де көнгенім.
Таймай өлсем, жолым – осы,

Нәпсі қалсын зар жылап.

Жанның тазалығын көрсететін белгілер – әділет пен мейірім, нысап. Бұларды Шәкәрім ұждан (ұят) деп атап, фәни әлемде, сонымен бірге, бақи әлемде де оның тазалығын сақтау жолы – Тәңірге құлшылық деп көрсетеді. Ендеше жан құмарын қандырып, жанға қуат берудің бір ғана жолы бар. Ол жол – Тәңірге құлшылық. Сондықтан Шәкәрім «Құлшылығым Тәңіріме» дейді. Басқа ешкімге де емес. Осы сөздерден Шәкәрімнің таза құлшылық жолын қолдайтынын көреміз. Әрине, бұл көзқарас – таза рухани көзқарас. Бұған жету жолы – өзінің жан екенін сезініп, жан құмарына көніп, соған толық берілу. Бұл Тәңіріге де көнумен бірдей. Егер осы жолдан таймай өлсем – нәпсі сонда зар жылап қалады, яғни сол кезде ғана нәпсі жеңіледі. Нәпсіні жеңудің жолы – Тәңірге толық берілу, жанның өз үйіне қайтуы. Нәпсіні жеңу, міне, осылай ғана болуы мүмкін! Басқа жол жоқ. Мұндай өмір, әрине, аскетизмді, тақуалықты керек етеді. Шәкәрім әрі қарай жан жоқ дейтіндердің бірнеше дәлелін келтіріп, оған қарсы жауабын береді. «Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын, электрия қуаттарын жинайтын лаео бөтелкесі, батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы, ол бұзылса электрия кеткен сияқты жан да кетеді. Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен? Олай болғанда шыққан жан тағы бір денеге кіре ме? Жансыз денеге кіре ме? Егер жанды денеге кіреді десе, өз жанының бар жоғын біле алмай жүргенде оған тағы бір жанның не керегі бар? Егер жансызға жан болады десе, өлген адамның жаны тіпті жоғалмай әртүрлі хайуан болып, құбылып жүрген жоқ па? Қандай хайуанға жан болса да ол жан өзін-өзі мен деп біліп жүрмей ме? Аяғында жан әртүрге түсіп дүние тіршілігіндегі ісіне

қарай не рахат, не бейнетте болат деген брахман дінінің сөзі болған жоқ па?» Осылай Шәкәрім жан миға біткен бір сипат дегенді қолдамайтынын білдіреді. Жан мидың сипаты емес, ол бөлек нәрсе. Ми ақылдың сауыты, яғни, тұрағы. Ақылдың түбі жүректе, басы мида, деп өзінің өлең жолдарында Шәкәрім осыны айтты. Жан қасиеттері ақыл арқылы білінеді. Батарея сауыттары бұзылғанда тоқтың кететіні тәрізді, тән бұзылғанда жан да кетеді. Жанмен бірге денеден әлемдік тоқ та кетеді. Кеткен жан қайда барады? Шәкәрім ол жанның басқа жанды денеге де, жансыз денеге де кірмейтінін түсіндіреді. Ол өзіне басқа жаңа дене құрастырып, қандай тіршілік түріне жан болса да ол жан өзін-өзі «мен» деп біліп жүреді. Бұл туралы жоғарыда оның өлең жолдарымен де айтылды. Осылай ол өзінің өткен өмірінің нәтижесіне байланысты не рахат, не бейнет өмір түрін көреді. Әрі қарай жан жоқ деушілердің екінші дәлелін келтіреді. «Жан жоқ деушілердің және бір дәлелі – қайта айналыс жолы. Онысы бұл әлем қайта газ болып, онан сұйық болып, онан және салқындап, қатайып планета болады. Өйтіп қайта оралғанда да жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Ол кездегі әр нәрсеміз бұл өмірдегіге тіпті ұқсамайды. Бірақ ол өзгерістерде бізден сезім жоғалғандықтан, біз түк сезбейміз дейді. Бұл дәл діншілдердің күтіп жүрген қияметі». Қайта айналыс жолын қолдайтындар «жан жоқ, барлығы материялық элементтердің бір түрден екінші түрге еніп, айналуынан. Заттық әлем де солай. Барлық заттар қайта газ болып, одан сұйыққа айналып, қайтадан қатаяды. Сонан кейін түрлі планеталар, тіршілік иелері пайда болады» дейді. Бірақ осы құбылыстың барлығы да жанның әсері екенін олар мойындағысы келмейді. «Бұл дәл діншілдердің күтіп жүрген қияметі» деп бұл ойды да Шәкәрім мойындамайды. Әрі қарай Шәкәрім жан жоқ деушілердің үшінші дәлелін келтіреді. «Және бір дәлелі: жаратылыс жолы: онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір жаратушы не керегі бар дегені ғой. Ол соқыр білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын көрдіңіз бе? Түзелуші мақсұтсыз, талапсыз түзеле ала ма? Сезімсізден ерік, мақсұт шыға ала ма?» Жаратылыс жолы бойынша әлем жаратылыс заңдылығы бойынша өзінен өзі жаратылып жатыр. Бірақ жаратылыс заңдылығын жаратқан жаратушы болу керек қой! Ол жаратушы кім? Бұған материалистер жауап бермейді. Сондықтан ойшыл «онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір

жаратушы не керегі бар дегені ғой» деген мысқылмен өз ойын білдіреді. Материалистер табиғатты соқыр, білімсіз деп сипаттайды. Ендеше ондай табиғат жаратқан тіршілік қалай таңдап, қалай дамып жоғарылайды? Бұл есті болмыстың ғана қасиеті. Сондықтан ойшыл «Ол соқыр білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын көрдіңіз бе?» деп мұндай көзқарасты сөккендей болады. Шәкәрім материалистік көзқарасты шола отырып, ол көзқарасқа қарсы – болмыстың жоғары мақсаты, ол мақсатқа жету талабы, еркі және сезімі бар деп пікірін білдіреді.

Шәкәрім және Ч.Дарвин

Шәкәрім әрі қарай жанды жоққа шығарушылардың биология тұрғысынан берген дәлелін келтіреді. Бұл дәлелдің құдіреттілігі соншалықты, оның қазіргі кезде тіпті материалдық көзқарастың негізгі тірегінің біріне айналғаны белгілі. Бұл тұқымдастық жолы еді. Шәкәрім бұл жол туралы сөзін былай деп бастайды: «Олардың және бір дәлелі – тұқымдастық жолы еді. Мұны жаратушы мен жан жоқ деген туралы дәлел қылудан гөрі жаралыстың сыры туралы айту керек еді. Тұқымдастық жолы бойынша барша адам, хайуан, өсімдіктер басында су хайуанынан тараған. Су хайуаны жерге шығып, сонан өзгерген және бір-біріне ұқсас хайуандар, адамдар бірі бірінен туып өзгерген дейді». Тұқымдастық жолы – бір жан иесі эвоюция барысында екінші жан иесінен пайда болды дейтін ағылшын натуралисті Чарльз Дарвин жасаған материалистік теория. Ч. Дарвин бірнеше теория шығарды. Оның бірі тіршілік түрлері туралы. Түр дегеніміз бірнеше ұрпақ бойы өзгермей, бір тип құрайды. Бірақ қоршаған табиғаттың әсерімен, тіршілік үшін күрестің нәтижесінде тип өзгеріске түсіп, басқа түр, яғни басқа тіршілік иесі пайда болады. Екіншісі, жетілу теориясы. Бұл теория бойынша әрбір тіршілік түрі қоршаған табиғат жағдайларына икемделіп, тіршілік үшін күресте біртіндеп өзгеріске түседі. Табиғатта өмір үшін күрес үнемі жүріп жатады. Бұл күресте тек қана күшті, ақылды, яғни жетілген тіршілік иелері жеңіп, ал әлсіздері жойылып отырады. Осылай табиғи сұрыпталудың нәтижесінде табиғат жетіледі және көптеген жаңа түрлер пайда болады. Ч. Дарвин эволюция теориясын да жасады. Бұл теория бойынша табиғатта ең төменгі түрден жоғарғы түрге қарай өзгерістер үнемі болып жатады. Осылай эволюциялық процестің нәтижесінде маймылдан адам пайда болды дейді. Ол бұл теориясын «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыптау» атты еңбегінде жазды.

Ч. Дарвинның эволюциялық теориясын марксизм классиктері құшағын жая қарсы алғаны белгілі. Тіпті К. Маркс өзінің көптомдық «Капитал» атты еңбегін Ч. Дарвинге арнағысы келген. Бірақ ол бас тартыпты. Дегенмен К. Маркс Ч. Дарвинге еңбегінің бір данасын жіберген екен. Бұл дана қазіргі кезге дейін Ч. Дарвиннің кітапханасында бір беті де ашылмаған күйі әлі сақталған. Бірақ Шәкәрім Ч. Дарвин теориясымен келіспейді. Бұл туралы ол былай деп жазады: «Мұның Тәңірі мен жан туралы керегі аз болса да, бұл туралы ойымды айтайын. Ең түпкі Жаратушы туралы болмаса, барша өсіп-өнгендерді түрлентіп шығарып жатқан жаралыс жолы екеніне еш сау ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ұқсағандардың бәрін мынау мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды». «Ең түпкі Жаратушы туралы болмаса» деп Шәкәрім Жаратушының өзгермейтінін және табиғат заңдылықтарынан тыс екенін білдіреді. Ал табиғатта Жаратушыдан басқа барлық өсіп-өніп жатқан жан иелері өзгеріске түседі. Мұны ғылым арқылы ғана емес, қарапайым көзбен де көруге болады. Жылдың жағдай өзгерісі өсімдіктерге өзгеріс береді. Бірақ Шәкәрім ойы бойынша бұл өзгеріс бір түрдің ішінде ғана болады. Бір түр екінші түрге айналмайды. Осы ойды дәлелдеп ойшыл былай деп жазады: «Бұл жер өсімдік, хайуандар шығаруға жарарлық болғанға шейін мұның топырағы, суы барша заттарға әбден былжырақ болып араласқан, сөйткен жерден өскен өсімдік, хайуандар себептеріне, топырақ, суы, ауасының өлшеуіне қарай біріне бірі ұқсас, ұқсаңқыраған тіпті ұқсамаған болып өнген. Менің бұл сөзімді сынау үшін даладағы сортаңдағы, балаулы сайдағы, өзен бойындағы өсімдік, шөп бұтаның бір арадағысының ғана бірі біріне ұқсағанын, ұқсаңқырағанын, тіпті ұқсамағандарын көріп, солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз». Осылай табиғат өзгерістеріне байланысты өсімдіктердің өзгерісі барын көреміз. Бір топырақтың өсімдігінен екінші топырақтағының айырмашылығы бар. Бұл топырақтың берген әсері. Бірақ бұдан бір өсімдік екінші өсімдіктен пайда болып, өзгерді деген тұжырым тумаса керек. Бұл туралы Шәкәрім былай дейді: «Егер Дарвин мен Маиеннің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктер де бірінен бірі туып өзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екі жылқыдан қашыр тумайды». Селекция заңдылығы бойынша екі түрден жаңа бір түр алуға болады. Мысалы жылқы мен есектен қашыр туады. Бірақ соның өзінде, бұл жаңа түр тұрақты емес. Көп жыл өткен соң оның тұқымы өзінің алғашқы түріне айналып кетеді. Сөйтіп жаңа түр жойылып

кетеді. Осының өзі табиғатта түрдің тұрақтылығын сақтайтын заңдылық бар екенін білдіреді. Мұндай заңдылық болмаса жан иелерінің түрі тұрақтылығын жоғалтып, басқадай көптеген түрлер пайда болар еді. Бұл табиғат үйлесімділігін бұзып, әлем бейберекетке айналар еді. Табиғат заңдылығы бұлжымай орындалуы үшін тұрақтылық керек. Бір түрден екінші түр пайда болмайды. Мысалы екі жылқыдан қашыр тумайды. Сол сияқты бір түрлі екі өсімдіктен жаңа өсімдік түрі пайда болмайды. Осылай түрлер өзгермей, табиғат тұрақтылығы сақталады. «Бұл сөзімнің қорытындысы тәмам барлықтың ата-анасы бір екені рас. Сонан туып өзгеріп жатқаны да рас. Бірақ ұқсасы, бәрі бірінен бірі туып өзгергені жоқ. Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне бірі ұқсас, не ұқсаңқырап, не тіпті ұқсамай жаралып жатыр». «Тамам барлықтың (бар нәрсенің) ата-анасы бір екені рас» деп автор Жаратушыны айтып отыруға тиісті. Шынында да барлық түрді жаратқан Жаратушы, сондықтан, олардың ата-анасы. Олар табиғат жағдайларына байланысты өзгеріске түседі. Бірақ бір түр екінші түрге айналмайды. «Ұқсасы, бәрі бірінен бірі туып өзгермейді» деп осыны білдіреді. Егер денелер бірінен бірі туған кезде өзермесе, жетілмесе, онда эволюция заңдылығын қалай түсінеміз? Дарвин эволюция заңдылығы туралы айтып, жетілу заңдылығы бар деді. Бұл заңдылықты ол қайдан алып отыр? Егер дене эволюциясы болмаса, онда жетілу дегеніміз не? Міне Шәкәрімнің «бәрі бірінен бірі туып өзгермейді» деген тұжырымынан кейін осындай сұрақтар туады. Бұлар болмыс өмірінің өзгерісіне, оның мақсатына байланысты өте күрделі сұрақтар. Енді осы күрделі сұрақтарға Шәкәрім ілімі бойынша жауап іздеп көрелік. Ч.Дарвин жоғары рух болғандықтан, ол бұл өмірге келгенде босқа келген жоқ, белгілі бір мақсатпен келді. Ендеше оның жоғары әлемдерден алып келген маңызды идеясы болуға тиісті. Бұл идея эволюция идеясы болды. Бірақ, өкінішке орай, ұлы натуралист бұл эволюция идеясын дұрыс пайдалана алмаған. Ол рухани эволюцияны материялдық эволюциямен шатастырған! Міне, бұл оның негізгі қателігі болса керек. Ол эволюция бар екенін өзінің өткен өмірі бойынша инстинкті түрде біледі. Бірақ ол бұл өмірде материяның ықпалына түсіп, өзінің білгенін материяға бағыттаған. Осылай ол үлкен қателік жіберіп, болмыс өміріне қайшы келетін теория жасаған. Әрине, ол бұл қателігі үшін өзінің тиесілі жазасын алды. Шәкәрім тұжырымы бойынша материялдық, яғни тәндік эволюция болмайды! Эволюция тек қана рухани болуы мүмкін. Дене

бір-бірінен туып өзгермейді, ендеше дене эволюциясы деген болмайды. Өлі табиғатта эволюция жоқ. Эволюция тек қана жанды табиғатта ғана болады. Рухани эволюция кезінде дене де өзгереді. Себебі, рух пен дене бір-біріне әсер етеді. Бірақ бұл дененің жетілуі емес, рухани жанның жетілуі. Дене өлі табиғат болғандықтан, ол жетіле алмайды. Дене тек қана жанның ықпалымен өзгеріске түседі. Мысалы, әлсіз адам спортпен шұғылданып жақсы спортсмен болды делік. Сырт қарағанда оның денесі жетілген тәрізді. Бірақ, рухани тұрғыдан алып қарайтын болсақ, ең әуелі оның тәні емес, жаны жетілді. Өзінің жанын жетілдіру үшін ол тәнін пайдаланды. Тән арқылы жан төзімді, ынталы, жігерлі болуға үйренді. Бұлардың барлығы жан қасиеттеріне жатады. Осы қасиеттерінің арқасында адам өзінің денесін өзгертті. Яғни, ол өзінің бұлшық еттері, жылдамдығы тәрізді басқа да денелік қасиеттерін өсірді. Жан кеткенн соң дененің бұл қасиеттері толығымен жоғалады. Ал денесін пайдалану арқасында алған қасиеттерін жан ешқайда қалдырмайды, өзімен бірге алып кетеді. Келесі өмірде соған сәйкес жетілген дене алып, әрі қарай басқа қасиеттерін жетілдіреді. Жанның эволюциясы осылай жүреді. Жан иелерінің қандай жетілу өзгерісі болса да, ол ең әуелі оның рухани жетілуінің көрінісі. Сонан кейін ғана ол өзгеріс денеге беріледі. Осыдан өте маңызды тұжырым шығады. Ол тұжырым – жетілудің қай түріне болса да ең әуелі рухани білім керек екені. Спорттың шығыстық жекпе-жек күресі (восточное единоборство) түрлерінде рухани жетілу мен дене жетілуі қатар тұратыны осыдан болса керек. Жан эволюция барысында бір денеден екінші денеге ауысып бірте-бірте жетіле береді. Бұл жанның бір бөлмеден екінші бөлмеге өткені тәрізді. Бөлмелер өзгермейді, бір қалыпты. Тек қана өмір сүру жағдайлары ғана әртүрлі. Жан тазарған сайын өзінің жетілуіне жақсы жағдай жасайтын басқа бөлмеге өтіп отырады. Осылай ол жетілу барысында толық тазарып, рухани әлемге қайтуға мүмкіндік алады. Эволюция дегеніміз осы. Ал материялдық әлем осы мақсатты, яғни жанның эволюциясын қамтамасыз ету үшін жаратылған. Оның басқа мақсаты жоқ. Шәкәрім ілімі бойынша жан тазарып эволюциялық жолмен жетілу үшін Жаратушыға құлшылық жасауы керек. Жан өте төменгі деңгейден бастап жетілуі мүмкін. Бұл айтылған ойларға қазіргі кездегі ғылымда дәлелдер де бар. Ана жатырындағы ұрық өзінің даму барысында түрлі денелер алатыны қазіргі медицина дәлелдеп отыр. Ұрық ең төменгі өмір көріністерінен бастап, ең соңында адам қалпына келеді екен. Ол әуелі балықтың денесін, құстың денесін, түрлі хайуанаттардың денесін алып, сонан кейін ғана өзінің адам денесін алады. Бұл

ғажайып құбылысты қалай түсіндіруге болады? Шәкәрім іліміне сүйенсек, бұл былай болса керек. Жан Түп Иеге қайту үшін ұзақ жетілу жолына түседі. Ол бұл жолды бір өмірде жүріп өте алмайды. Сондықтан ол көптеген өмір жағдайларынан өтіп, соған байланысты қажетті денелер алып, біртебірте жетіліп, көтеріле береді. Жетілу барысында жан қанша өмір түрін өтетінін ешкім айта алмайды. Себебі, жетілу барысы жанның талабына, алған ниетінің тазалығына байланысты ұзақ, не болмаса қысқа болуы мүмкін. Әрбір өмір түрінде жан өзінің жетілу деңгейіне байланысты сабақ алуы керек. Оның әрбір өмірі оған сынақ ретінде беріледі. Жұмысты тезірек бітіру адамның өзінің қайраты мен талабына байланысты болатыны тәрізді, жанның жетілу жылдамдығы да осы сынақтардан қалай өтуіне байланысты болады. Шәкәрім материалистік көзқарастың эволюцияны басқаша түсінетінін айтады. Ол материалистердің көзқарасын «Тұқымдастық жолы бойынша барша адам, хайуан, өсімдіктер басында су хайуанынан тараған. Су хайуаны жерге шығып, сонан өзгерген және бір-біріне ұқсас хайуандар, адамдар бірі бірінен туып өзгерген дейді» – деп білдіреді. Рухани эволюция бойынша бұл көзқарасты былай түсінуге болады. Бүкіл Жер бетіндегі жан иелерінің дамуы да осы рухани эволюциямен жүрген. Әуелі жан иелері Жер бетіндегі мұхиттарда пайда болып, сонан кейін олар құрылықта өмір сүретін бауырымен жорғалаушы, жүгіретін аңдар, ұшатын құстар, екі аяғымен жүретін маймылдар денесін алып, ең соңында адам денесін алған. Бұл денелердің судың әсерімен пайда болуы мүмкіндігі жоғарыда айтылды. Адам денесін алу үшін жан осындай ұзақ эволюция жолымен өтті. Енді ол өзіне берілген ерік пен өзіндік ақылымен өмірдің түпкі мақсатына жете алады. Осыдан адамның болмыста қандай үлкен орын алатынын, оның өмірінің қандай үлкен маңызы барын түсінеміз. Сонымен, Ч.Дарвин ойлағандай адам маймылдан пайда болған жоқ. Маймылдар маймыл болып қалды. Тек жан өсіп, маймыл денесіндегі жан жетілудің келесі жоғары деңгейінде адам денесін алды. «Бұл сөзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғамын жоқ, қайта жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар» – деп автор өзін дұрыс түсінуді өтінеді. Ч. Дарвинге қарсы ойын айтып отырған себебі – ақиқатты қорғау, сондықтан оқырман дұрыс түсінсін, басқа ойға кетіп қалмасын деп ескерткендей болады. Өзінің осы ойын түрлі саққа жүгіртіп, дау айтылуы да мүмкін екенін ескеріп ол әрі қарай былай деп жазады: «Бұл кезде бүкіл Европа мойындап отырған Дарвин сөзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар

тексермей, үстірт қарап, мені сөгуі мүмкін. Оларға айтатыным: Дарвинның нәсіл туралы, сайлап жоғарылау туралы айтқан сөздеріне сын жазған Герман ғалымы Дидвар Дортманның дарвинизм туралы жазған кітабын оқып, Дарвин мен Дидварды салыстырып салмақтап, сонан соң мені сөгулерің қашпас деймін». Осылай автор Ч. Дарвинмен оның өзі ғана емес, басқа ғалымдардың да келіспейтінін көрсетеді. Ч. Дарвиннің теориясы кезінде үлкен талқыға түсіп, сынға алынған. Бірақ ұлы натуралист Ч. Дарвиннің де фәни әлемде өз мақсаты болған. Дарвин жоғары әлемдерден жіберілген таза рухтардың бірі болғанымен, заттық әлемнің ықпалына түсіп қалып, өз мақсатын орындай алмаған. Ч.Дарвин өмірі Шәкәрімнің «Үш анық» шығармасын дәлелдейтін жақсы мысал бола алады. Сондықтан, оның өміріне толығырақ тоқталайық. Өзінің өмірбаянында ол анасының ерте өліп, дәрігер және атеист әкесінің тәрбиесінде болғанын жазады. Бірақ соған қарамастан өте иманды болған екен. Мысалы, ол сабаққа кешіккен кезінде жүгіріп келе жатып Жаратушыға жалбарынады екен. Сабаққа үлгіріп, орнына отырған соң ол сабаққа үлгерген себебі өзінің жүгіргені емес, Жаратушының көмегі деп түсініп, Оған дұға оқып, ризашылығын білдіреді. Осылай оның Жаратушыға деген ынтасы бала кезінен білінген. Әкесінің атеистік тәрбиесіне қарамастан иманды болуы оның өткен өмірден келген жоғары рух болғанын көрсетеді. Мектептен кейін университеттің медициналық факультетіне түсіп, бірақ оны аяқтамай тастап кетеді. Себебі, оған қанды көрудің өзі үлкен азап болған. Қаннан жиіркену бұл да жанның жоғары сипатын білдіреді. Себебі, қан жан иелерін өлтіруден шығады. Ал жоғары рух өлімді, қатыгездікті жаратпайды. Көптеген рухани кітап оқығаннан кейін Чарльз дін жолына түсіп священник болуға бел байлап, Кембридждің діни факультетіне түседі. Осылай ол теология бакалавры дәрежесін алып, діни оқу бітіреді. Бірақ оның өмірі күрт өзгеріп, мүлде басқа бағыт алады.Бұл өзгеріс оны «Бигль» кемесіне Жер шарын аралау сапарына натуралист ретінде алуынан басталады. Бұған себеп: Чарльздың құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей жинап, табиғат көріністеріне үлкен қызығушылығы жас шағынан басталған. Табиғатқа сүйіспеншілік, онымен үйлесімді өмір сүруге ұмтылыс та жоғары рухтың қасиеті. Экспедиция бес жылға созылады. Осы бес жылда Дарвин өзгеріп, бұрынғыдай діндар емес, толық материалист болып шығады. Әуелі ол әлі адам аяғы баспаған тропиканы көріп, ғажайып табиғат көріністерін зерттеп, олардың терең сырын ұға бастағанда, ол үлкен толғаныстарға түсіп, өзінің күнделігінде «Мен Жаратушының жаратуын көріп тұрғандаймын. Осының барлығын

көргенде адамда оның тәнінің тынысынан басқа одан да жоғары бір нәрсе бар екенін сезесің» деп жазған екен. Бірақ табиғат көріністерін ұзақ уақыт зерттеу, оның ой-өрісін таза материяға бағыттап, рухани болмысын Құдайдан алыстата бастаған. Бұл заңды құбылыс еді. Табиғат Жаратушының материялдық қуатына жатады, сондықтан оған аса көңіл бөліп, оның Жаратушысын ұмытқанда жүректі затық былғаныш басып, нысап кетіп, менмендік пайда болады. Бұл жаратылысты зерттейтін ғалымдардың таза ақылдарының ауруға шалдығып, менмендігінің өсуінің негізгі бір себебі. Сондықтан ғалымдардың менмендігі басқа өнер қайраткерлерінен жоғары болып келеді. Дарвин да енді тек қана өз ақылына сүйеніп, ғылымда ғана емес, күнделікті өмірде тек қана ақылына сеніп, нақтылыққа, дәлелділікке қарай ұмтылған. Ол кейіннен өзінің «Өмірбаянында» неге рухани жолмен кетпегенін былай деп жазады: «Руханилықтан мен арнайы бас тартқамын жоқ. Мен «Бигля» кемесіне натуралист болып келгеннен бастап ол өз өлімімен өлді». Сапардан кейін ол жинаған материалдарын жүйелеп, әрі қарай зерттеуге толық беріліп кетеді. Осылай табиғат құпияларын жүрекпен емес, тек қана миын пайдаланып, ақылмен жетуге ұмтылған материалист ғалым пайда болады. Ол табиғаттың түпкі мақсатымен үйлесімді өмір сүргізетін рухани болмысының тұрағы – жүрек талаптарын мүлде ұмытады. Чарльз Дарвин үлкен ынта-жігермен ғылыми жұмысқа кіріседі. Бірақ оның бұл өмірі күрт тоқталады. Себебі, ол белгісіз бір ауруға шалдығады. Ең білгір деген дәрігерлер не ауру екенін таба алмай сандалып, оны жаза алмаған. Оның ауруы – жұмыс кезінде тез шаршайды, басы ауырады және әлсіздік, ұйқысыздық, түнде түсінен шошып ояну, талып қалу тәрізді құбылыстар. Ол өзінің достарымен араласа алмаған, себебі, оның көңілі тез бұзылып, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға келіп, ақыры денесі қалтырап, құсып жібереді екен. Дарвин қонаққа баруды қойған, сапарға шыға алмаған. Өз отбасында қатаң тәртіп орнатқан. Қатаң тәртіпті бұзу оның ауруын ушықтырып, өршітіп жібереді екен. Белгісіз ауру оны бүкіл әлемнен осылай бөліп тастаған. Бұл не? Имандылық жолдан тайғаны үшін алған жазасы ма? Мүмкін. Бірақ Ч. Дарвин толық атеист болмаған. Ол ауруына қарамастан шіркеуге баруға тырысып отырған. Дін туралы сұраққа ол «Бұл әсем, ғажайып әлем кездейсоқтан пайда болды деуге болмайды. Бұл мен үшін бір Жаратушының бар екеніне негізгі дәлел болып табылады» деп жауап берген екен. Ал жасы ұлғайған кезде досы Фордайсқа «Ең қиын жағдайларда да мен Жаратушыны жоқ дейтіндей атеист болған емеспін» деп жазған екен. Дарвин жас кезінде Жаратушыға сенуші, иманды адам болса да жаратылысты зерттеу барысында бұл сенімінен айырылып,

Жаратушының хикметтерін жоққа шығаруға дейін құлдыраған. Зерттеуші сана-сезімінің бұлай құлдырауы оның материяны Жаратушыдан бөліп зерттеуінен болды. Оның ақыл-ойы үнемі материалдық өзгерістерге бағытталып, рухани болмыстан байланысын үзіп, заттық былғанышпен былғанып, ақыры рухани болмысты мүлде ұмытқан. Көңілді не нәрсеге аударудың маңызын көрсететін бұл тағы бір дәлел. Көңіл не нәрсеге ауса, ақыл-ой соған бағытталып, адамның жан дүниесі соған байланысты өзгеріске түседі. Осылай Дарвин өзінің алғашқы рухани тірегінен айырылып, материалистерге жол салып берген. Оның бұл қылығын рухани ілім аясында былай деп болжауға болады. Ол жоғары әлемдерден белгілі бір мақсатпен жіберілген рух еді. Оның мақсаты – адамның ынтасын заттық көзқарастан рухани көзқарасқа бағыттайтын жанның мәңгілік екенін, эволюция жолымен ол үнемі жетілу жолында болатынын дәлелдеу еді. Бірақ Дарвин мүлде қарсы жаққа ауып кеткен. Ол материалистік жолға түсіп, көңілін жаннан затқа ауыстырған. Осылай енді ол жан емес, тән эволюция жолымен жетіледі деген тұжырымға келген. Бұл тұжырым «адам маймылдан пайда болды» дегендерге жол ашып берді. Жоғары әлемдер адам түсінбейтін ауры беріп оны жөнге салуға ұмтылса да, өзінің қалыптасқан заттық көзқарасы бұған бөгет болып ұлы зерттеуші өзінің қателігін түсіне алмаған. Осылай ол өзінің бұл қателігі үшін өзінің жазасын алды. Оның белгісіз ауруға ерте кезден бастап шалдығып, өмір бойы зардап шегуі көп нәрсені түсіндіреді. Аруақтар жоғары әлемдерден адамзат қоғамына белгілі бір мақсатпен жетілген жандарды жібереді. Егер ол нәпсі ықпалына беріліп кетіп өзіне жүктелген міндетті орындамаса, ол үлкен жаза алады. Ч.Дарвин осындай жаза алып, ауруға шалдыққан. Оның ауруы психологиялық өзгерістерге байланысты болды. Ал бұл аруақтардың ісі. Егер ол кезінде сперттерге барып, ақыл сұраса, онда жазылып кетер еді. Сперттер аруақтармен байланысып, оның ауырған себебін түсіндірген соң ол дұрыс жолға түсер ме еді?! Әрине, кезінде түсініп, дұрыс жолға түскен адамды аруақтар кешіріп, оны ауруынан жазып алар еді. Бірақ, таза материализмге берілген ғалым өзінің зардабының себебін білген жоқ, түсінген де жоқ. Осылай тағдырдың өзіне берген өте сирек кездесетін мүмкіндігін пайдалана алмай, керісінше оның зардабын көрді. Рухани надандықтың салдары, міне, осындай болады. Егер Ч.Дарвин өзінің алғашқы сенімін сақтап, жаратылысты Жаратушымен байланыстыра отырып зерттеген кезде ол жаратылыстың жаңа көрінісін ашқан сайын Жаратушының ұлылығына, құдыреттілігіне, мейірімділігіне, мінсіздігіне, барлығынан жоғары екеніне көзі жете түсіп, оның имандылығы да арта түсер еді. Әуелде осылай болды да. Өкінішке қарай, ғалым бұл

мүмкіншіліктен айрылып қалған. Ол өзінің шектеулі мүмкіндігін білмей, Жаратушы құдыретін мойындамай, тек өзін білгір санап, табиғаттың сырын өз бетімен білуге ұмтылып, адасу жолына түскен. Осылай табиғат сырын зерттеу Шәкәрім тәрізді иманды адамды Жаратушыға жақындатса, ал имансыз адамды керісінше, Одан алыстатады. Егер Ч.Дарвин мен Шәкәрім өмірін салыстыратын болсақ, бұған көзіміз жете түседі. Екеуі де басынан жоғары рух болды. Мүмкіндіктері де бірдей. Бірақ екеуі екі жолмен кетті. Шәкәрім де Ч.Дарвин тәрізді барлық ынтасын табиғатты зерттеуге салды. Бірақ ол тау басында жүріп табиғат көріністерін Жаратушыны көруге, Оның ұлылығын түсіну үшін сау ақылына салып зерттеген. Оның нәтижесін осы «Үш анық» шығармасынан көріп отырмыз. Шәкәрім жан дүниесін тазартып, Жаратушыны таныды. Осылай ол өмірдің түпкі мақсатына жетті. Оның тәні де, жан дүниесі де аман-сау болып, ұзақ жыл өмір сүрді. Артына өлмес рухани мұра қалдырды. Ал осындай зерттеулермен шұғылданған Дарвин мүлде басқа нәтижеге келген. «Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да көбіне Европа ғалымдарының таласты сөздері болады. Оның ішіндегі өз ойым қабылдағанын алып отырмын. Өз білімімше, сыңарезу болғамын жоқ деп өзіме өзім сенемін. Және өз ақылыма ұнағанын жаңалап, қосқаным да бар. Мен пәленше екем айтқаны дұрыс, онан асып ойлап не табамыз дегенді терең ойын құмға көміп, өз көзін өзі шұқып шығарғандық деймін». Шәкәрім осылай жетілу жолымен өркендей беру керек екенін білдіреді. Жетілу жолы ойды еркін жіберіп, жүрекке бой алдыруды керек етеді. Ол үшін ой-өрісті бір арнада ғана ұстамай, кең өріске салып, фанатизм, тоңмойындықтан арылу керек. Шәкәрім де Абай тәрізді осындай еркіндікке үйретеді. «Жоғарыда магнетиз, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс көру сияқтылардың бәрі бір қуаттан шығады деп әртүрлі жору айтқан Европа білімділерінің сөзі туралы менің ойым мынау: Мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1.Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне сөз айтатыны. 2. Шақырмаған кісіге бақсылық, дуаналық, фахризм, жындылық кез болатыны. 3. Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу – бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бір-ақ қуаттан іздеу қате деймін». Спиритизм жетістіктерін зерттей келіп ойшыл осындай тұжырымға келеді. Ойшыл өзінің жеткен ой-өрісін, білген сырларын

өзінің өлеңдерінде бекіте түседі. Жанның табиғаттағы рөлін ақын
былай деп жырлайды:

Қозғаған қуат – жан дейміз,

Жан өсті жаннан сан дейміз.

Сол жандар әсер берген соң,

Жаралды сансыз тән дейміз,

Жанына қарай тән солар.

"Өсімдік күннен алады ас,

Күн суық болса, түпке қаш,

Дым тиіп, нұр кеп жылытса.
Өс-тағы жайнап, көңіл аш!" –

Дейтұғын жанда мән болар.

Абай ілімімен үндесіп жатқан Шәкәрім ойларынан Алла тағала
мен жанның, олардың табиғатпен байланысын түсінуге болады.
Олар болмыстың жаратылу сырына үңілуге мүмкіндік береді. Жан
иелерінің сансыз көп құбылыстары мен олардың пайда болу

табиғатын бірден түсініп қабылдау оңай емес. Бұл туралы ойларын
Шәкәрім өзінің "Күн – атам, анық жер – анам" атты өлеңінде
былай деп өрбітеді.

Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тәніміз топырақ пен судан,

Күн – атам, анық жер – анам.

Бірі нұр беріп, бірі – тамақ,

Өсірген күтіп, әлпештеп-ақ,

Бұзады бірақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрі анам бұл жер, әрі молам,

Денемді жұтпай тынбаған.

Кетеді жаным нұрға таман,

Жазықсыз болса, барады аман,

Қиянат істі қылмаған.

Бұл сөзімді естіп, пікір қылған,

Кәпір дер мені не мұсылман,

Әр түрлі айтар тыңдаған.

Қалжыңың емес, хақиқаттан,

Жат емес ақыл, не аяттан,

Анығын байқар шындаған.

("Жан беріп жарық, жылы нұрдан")

Мұндай ойларды рухани жетілу барысында жүрек арқылы, не болмаса рухани ұстаздардың тізбегінде тұрған әулиелерден ғана алуға болады. Шәкәрімнің бұл толғаныстары жанның бұл әлемдегі рөлін, оның адам деңгейіне дейін көтерілудегі эволюциялық жолын суреттейді. Жан табиғаттың қайталану барысында жетіледі деген философиялық көзқарасты қостағандай "Өсірген күтіп, әлпештепақ, бұзады бірақ қайтадан" дейді. Бірақ Шәкәрімнің беріп отырған қайталану заңдылығы өлі табиғат көрінісі емес, жан иелерінң эволюциялық жетілу жолын көрсетеді. Бұл жолдың шыңы: "Кетеді жаным нұрға таман, жазықсыз болса, барады аман, қиянат істі қылмаған". Осылай өзінің эволюциялық жетілу барысында қиянат қылмай дұрыс дамыған жан түбінде мақсатына жетіп, нұрға таман кетеді. Әрине, бұл сөздердің мағынасы – хайуанаттар әлемінен бастап жан иелерінің барлығы да өлгеннен соң бірден Алла тағалаға барады деген ұғым емес. Мұндай ойларды барша халықтың, әсіресе діни адамдардың, бірден қабылдамайтыны да анық нәрсе. Бұл арада Шәкәрімнің "Жат емес аяттан" дегені Құран Кәрімдегі 22-Хаж сүресіндегі мына 4-аятқа байланысты болуы мүмкін: "Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине, біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Содан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді" /6/. Терең мағыналы бұл аятты әркімнің әртүрлі түсінетіні белгілі. Сондықтан, Шәкәрім өзінің сөздері, айтқан ойлары ақыл мен аяттарға үндесіп тұрса да "Бұл сөзімді естіп, пікір қылған, Кәпір дер мені не мұсылман, Әр түрлі айтар тыңдаған" деп олар туралы күдігін айтады. Бірақ таза ақылға салып, таза ниетпен ойлаған адамға бұл сөздердің терең сыры ашылып, анығы байқалады. Себебі, ойшылдың айтуынша бұлар қалжың сөз емес, хақиқаттан және жат емес ақыл, не аяттан. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу ақыл ісі ме?»

Себебі, материалист тек қана осы фәни өмірдің қызығы үшін өмір
сүреді. Сондықтан оған атақ-даңқ, құрмет-сыйдан жоғары ештеңе

жоқ. Міне, адам көңілінің маңызын осыдан білеміз. Жанның бар
екені туралы дәлелдердің баршылығына қарамай, олар оған
сенбейді, адам болмысын дененің органдарының жұмысы ретінде
ғана қабылдайды. Өлген адамның кеткен жанын көре алмай, тек

қана тәнін көргендіктен, олар барлығы материяның қасиетіне
байланысты деп шешеді. Осылай өлім дегеніміз сананың, ой-өрістің
толық жоғалуы деген өкінішті тұжырымға келеді.
Шәкәрім әрі қарай иманды адам мен имансыз адамның өлер

алдындағы жағдайын салыстырады.
«Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза
жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса, және бір адам
жан өлген соң біржола жоғалады деп таныса осы екеуі өлерде есі

дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жанынан өледі? Әрине
жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі
қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, бір
жола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть

жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты
кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нанбай,
ұждан, совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген
кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек».

Өлім адам баласы үшін ең үлкен сынақ. Сол сынақтан қалай
өтесің, келесі өмірің соған байланысты қуанышты, не болмаса
зардапты болады. Иманды адам өлерінің алдында қуанышта болады.
Себебі, ол өзінің өмірін үлкен мақсат үшін жұмсағанын, енді соның

нәтижесін алатынын біледі. Өлерінің алдында ол өкінішсіз, жан
тыныштығында болады.
Ал имансыз адам алдында белгісіз қараңғылық, не боларын
білмейді. Абай сөзімен айтқанда «Алдың жалын, артың мұз. Барар

едің қай жаққа?!» Алдында не күтіп тұрғанын білмей, ол үлкен үрей
мен қорқынышта болады. Себебі, ұждан жанның тілегі екеніне
«нанбай, ұждан, совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық
деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса

керек».
Ұжданға сенбей, жанды мойындамаудың өкінішті болатын
себебі: егер өлгеннен кейін барлығы жоғалатын болса, онда
жақсылық пен жамандықтың маңызы жоғалар еді; адам тек өзінің

нәпсісі үшін ғана жаратылған болар еді; қоғамдық байланыстар
үзіліп, таза сезімдер аяққа басылар еді. Марксизм негізі осы
идеяларда жатыр. К. Маркстің дарвинизмді құшақ жаяа қабыл алған
себебі де осы болды. Мұндай идеяларға негізделген қоғам, әрине,

көп өмір сүре алмады. Олар өздерін қолдайтын қаншалықты
философиялық теориялар, «гуманистік» концепциялар жасаса да
Жаратушыны мойындамаған соң, жанды да мойындай алмады.
Жанды мойындамаған өмір хайуан өміріне айналып кетеді.

«Ондай жағдайда ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі, өлген соңғы жан өміріне нана алмай, ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлгеннен соңғы өміріне және ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды». Осылай данышпан шешуші тұжырымын жасайды. Ол имандылық пен имансыздықтың арасын осылай ашады. Ой көзімен қарап, жетілемін деген адамға осы тұжырым барлық өмір сырын ашып береді. Бұл тұжырымды қабылдаған адамға өмірдің түпкі мақсатына жол ашылады. Ал өмірдің осы негізгі түйінін түсінбей айтылған сөз, жасалған іс-әрекет тек бос әурешілікке айналады. Шәкәрім имандылықтың үлкен маңызын осылай көрсетіп берді. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Екі өмірде де жанның азығы – ұждан, совесть ДЕУМЕН ЕШ НӘРСЕДЕН КЕМДІК КӨРМЕЙДІ. Тіпті жоғарылаудың бұл ең зор жәрдемі – үш анық дегенім осы. Рухани жетілудің жалғыз жолы имандылық екенін ойшыл осылай білдіреді. Имандылық – өмірдің барлық түйіндерін шешетін негізгі жол. Имандылықтың негізгі тірегі – ұждан. Себебі, ұждан жан қасиеті. Екі анықты, яғни фәни әлем мен рухани әлемді біріктіретін, олардың екеуіне де ең керекті, ол – үшінші анық – ұждан. Ұжданды адам екі өмірде де кемшілік көрмей, өмірдің жоғары мақсатына жете алады. Ұжданның адам өміріндегі осы үлкен маңызын ақын былай деп жырлайды:

Ұждандыны мақтайды тамам адам,
Мейлі ғалым болса да, мейлі надан.
Ар, нысаппен іс қылып, азап тартып,
Ақ жолында өледі бір талай жан.

Разы қылам дейтұғын Құдайы жоқ,
«Өлген соң тірілмеймін», – деп ойлаған.
Осыны терең оймен тексерелік,
Сорлыны ар, нысабы неге айдаған?

Өте терең мағыналы бұл өлеңнің өмір мақсатын анықтау үшін
үлкен маңызы бар. Адамды өмірін «Ақ жолында», яғни ақиқат
жолына құрбан етуге қандай күш мәжбүр етеді? Оны осы өлімге ары
мен нысабы айлап әкелді. Не себептен адам ары үшін жан қияды?

Бұл сұрақтардың жауабы үлкен мақсат үшін жанын пида ететін
адамдардың табиғатын ашады.

Ақын әрі қарай жанқияр өлімнің түрлі себептерін көрсетеді. Ол
«Өлген соң жұрт мақтасын мені», «Ел түзеуге құрбанмын», «Адал
жолда өлгеннің арманы жоқ» тәрізді себептерді келтіріп, бірақ
бұлардың барлығы да негізгі себеп емес екенін, бұлар үшін жан

қиюға болмайтынын білдіреді. Сонымен бірге, зұлымдықпен
арпалысып жан қиған да негізгі себеп емес. Ал кейбіреулер «Ел
жөндеп, тарихта аты қалар дейді», бірақ мұндай мақсатқа
«Ақылым тоя алмайды менің бұған» деп баға береді.

Ақын әрі қарай ұжданның негізгі маңызын өзі былай деп көрсетіп
береді:

Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Екі өмірдің азығы – осы ұждан.
Әйтпесе оған бұл өмір төлеу емес,
Төлеуі – түпсыз рахат, тозбас заман –

деп ұжданның төлеуі «түпсыз рахат, тозбас заман» деп рухани әлемге қайту екенін көрсетеді. Міне Шәкәрімнің данышпандығы осыдан көрінеді. Ол ұжданның ең негізгі мақсатын ашып берді. Ол мақсат – рухани әлемге қайту. Рухани әлемге ұждан арқылы ғана қайтуға болады. Әрине, ұждан осы әлемге де керек. Бірақ, оның негізгі керектігі – рухани әлемге қайту үшін. Ал ол әлем «Төлеуі – түпсыз рахат, тозбас заман». Өмірдің мақсаты да осындай әлемге жету болу керек. Түпкі мақсат дегеніміз, міне, осы. Осыны түсінген адам енді нәпсінің ықпалынан толық шығады. Оны тек қана жан басқарады.

Ар, нысаптың пайдасын жан сезеді,
Өлген соң бәйге аларын біліп тұр жан.
Ақ жүрек, адал ниетті бола алмайды,
Ұжданның бұл сырына шын нанбаған.

Шын нану – ақылмен қабылдауы,
Қалады зұлымдықтан сөйткенде аман.
Әйтпесе өлген соң да мақтанбақшы,
Жорымасқа жолым жоқ солай таман.

Ақ, арам, ұждан, зұлым деп не керек,
Сый алмай не қиналмай жоғалса жан
Шолақ ойлы, дәлелсіз шолтаңдаған,
Фанатик діншілсің ғой дер-ақ маған.

Тамам дерттен сау ақыл – менің сыншым,
Мың айтып ұқтыра алман деймін саған.

(«Тау басындағы ой», 64 жаста жазылған)

Осылай ойшыл тән құмарын пида қылып, жан құмары үшін рухани жолға толық түскен адамның табиғатын көрсетеді. Адамның не себептен жанкештікке баратыны, рухани мақсат үшін бұл өмірден бас тартып, қоғам үшін «өлімнен бұрын өліп», өзін жалғыздыққа душар ету себептерін осылай түсіндіреді. Бұл ұлы ойшылдың үш анығының тұжырымы тәрізді. Шәкәрімнің өзінің де осы жолға түсіп, өзін «Мұтылған» деп атап, фәни өмірден қол үзіп, көп жыл бойы тауды паналап кету себебі енді түсінікті болды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл фәни тіршілікті жақсы ма, жаман ба, әйтеуір шама келгенше өткізіп, өмірдің соңына келгенде «Енді алда не бар» деген ойға келмейтін адам болмауға тиісті. Себебі өлген соң барлығы жоғалады деген ойдың өзі адамның көңілін түңілтеді. Шын мәнінде адамның барлық жиған-тергені, бала-шағасы, еңбегінің жемісі өзі өлген соң оның өзі үшін жоғалады деген ой кімге болса да жеңіл тимес. Өмірдің түпкі маңызын Шәкәрімнің осы мұрасы ашып береді. Оның ілімі жүрекке қуат, келешекке сенім, көңілге қуаныш әкеледі. Себебі, ол алда жарқын өмір бар екенін дәлелдеп, адам алдында үміт отын жағады. Егер келесі өмір жоқ болса, адамның көрген бейнеті, жасаған жақсылығы, сүйген адамдары, жеткен табыстары құрдымда жоғалып, бос әурешілік болып қалар еді! Бос өмір деген осы! Сондықтан ойшыл ақын жанның бар екенін және мәңгілікті екенін дәлелдеп, келесі өмір көріністерінен мысалдар келтіріп, бізді келесі жарқын өмірге дайындайды. Келесі өмірге сеніп, жан барын мойындаған адамның өзі көптеген күмәнді ойлардан шыға алады. Жан деген не? Оның пішіні, сыртқы түрі бар ма? Біреу жан деген Алла тағаланың нұры дейді, екіншісі – сәулесі, үшіншісі – Толық Бүтіннің бір бөлігі дейді. Жан өлген соң қайда барады? Егер ол жоғалмай-ақ, бірақ болмысқа бірігіп кетсе, онда оның бары мен жоғы бірдей емес пе? Өзінің «менін» жоғалту жоқ болумен бірдей. Дін біздің осы өмірдегі қарекетімізге байланысты келесі өмірде тозаққа, не жұмаққа барамыз дейді. Жұмақ, тозақ деген не? Өлгеннен кейінгі жұмақ пен тозақ қайда орналасқан? Ол жақта не бар, қандай өмір? «Ешкім білмейді, себебі, ол жақтан ешкім айналып келген» жоқ дейді білгірлер. Адамзат өміріне маңызды осындай сұрақтардың жауабын Шәкәрімнің «Үш анық» шығармасынан табуға болады екен. Бұл жауаптарды жоғары әлемдердегі аруақтардың өздері береді. Басқа біреу емес, өлген адамдардың өздері аруақ ретінде келіп, болмыс сырларын ашып, келесі өмірдің аңыз емес, нағыз ақиқат екенін дәлелдейді. Олар өздерінің өмірлерін әңгімелеп, немен

шұғылданатынын, не сезіп, не керек қылатынын айтып, оның ақиқаттығына көзімізді жеткізеді. Осылай аруақтардың көмегімен өзіміздің осы өмірдегі қылығымыз үшін алда қандай өмір күтіп тұрғанын көріп, соған дайындалуға мүмкіндік аламыз. Шәкәрім бүкіл болмысты бір Жаратушы басқаратынын көрсетеді. Алла тағала материалдық әлемді өзінің сансыз көп көмекшілері арқылы басқарады. Ол үшін әрбір жан иесі соған сәйкес материалдық дене алады. Бұл дене нәзік және дөрекі тән болып екіге бөлінетіні айтылды. Рухани әлемде жан шексіз толық білімді. Бұл білім оның рухы арқылы іске асады. Материалдық әлемде ол материалдық элементтермен қапталады. Сондықтан, жан өзінің білімін толық пайдалана алмайды. Білімін пайдаланып, материалдық әлемде әрекет жасау үшін ол өзінің рухы арқылы материалдық элементтер қалыптастырады. Осылай сезім, ақыл, ес және өзін «мен» деген сезінуі пайда болады. Бұл адамның нәзік болмысы. Нәзік болмыс элементтері материалдық әлемде рухтың жұмысын атқаратын құралы, не болмаса оның жалғасы тәрізді. Сондықтан, қоғамда адамның нәзік болмысын жетілдіруді рухани әрекетке жатқызып, одан алынған пайданы рухани байлыққа жатқызады. Ендеше, халықтың рухын көтеріп, рухани байлығын молайту үшін адамның нәзік болмысын ғана емес, сонымен бірге, рухани білім беріп, жан дүниесін де тазарту керек. Адамды адам ететін адами қасиеттер тек қана жандыда ғана. Ал жансызда бұлардың болуы мүмкін емес. Шәкәрім жанның табиғатты, сонымен бірге, адамның өз денесін қалай басқаратынын да түсіндіріп береді. Адам денесі материалдық элементтерден құралатын болғандықтан, ол да табиғаттың бір бөлігіне жатады. Табиғат деп материалдық элементтерден құралатын барлық заттар мен бүкіл әлем құбылыстарын айтамыз. Жандар материалдық элементтерден бүкіл заттық әлемді қалыптастырып, оларға өмір береді. Жандар осылай материалдық әлемді құрастырып, оның өмірін басқарады. Сонымен бірге, материя жанның бұл өмірден сабақ алып, өзін жетілдіру құралы болып табылады. Жан заттық әлемге әсер етсе, тән мен табиғат көріністері де жанға үлкен әсер етеді. Осылай фәни әлемде жан мен табиғат бірбіріне әсер етіп, өзара тығыз байланыста болады. Міне, осындай білім дінге қайшы келе ме? Әрине, мұндай білімнің дінмен ешқандай да қайшылығы жоқ. Керісінше, имансыздар келесі өмірге сеніп, иманға келеді. Ал бұрын көңіл бөлмей жүргендер енді көңіл бөліп, көкірек көздері ашылып, өмірдің маңызын түсініп, келесі өмірге сеніммен аяқ басады. Сондықтан Шәкәрім ілімі адам өмірін дұрыс жолға салып, бақытқа жеткізетін ең күшті құрал. Осылай Шәкәрім мұрасы келешек өмірді айқара ашу арқылы адамды имандылық жолына түсіреді.

Осы мәселелердің басын толық ашып, тереңірек түсінуіміз үшін Шәкәрім мен Абай ілімін дұрыс меңгеруіміз керек. Егер осы ұлы ойшылдардың мұраларын зерттейтін арнайы орталық болып, оны бір жүйемен халыққа ұсына білсе, қоғам үлкен пайда алар еді. Ресей елінде Пушкин мұрасын зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институты бар. Ал біздің Шәкәрім, Абай тәрізді ой алыптарымыз бола тұрып, олардың рухани мұрасын зерттейтін тек қана М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтындағы бір бөлімнен басқа арнайы мекеме жоқ. Ал бұл ойшылдардың рухани мұралары Пушкин мұрасынан артық болмаса кем болмайды. Себебі, олардың рухани мұралары көрнеу әлемді ғана емес, көзге көрініп-білінбейтін тылсым әлемді де, сонымен бірге, рухани әлемді де қамтиды. Яғни, олардың мұралары материалдық жартылай білім емес, бүкіл болмысты түгел қамтитын толық білім. Біздің алыптар үлкен ақын ғана емес, ең әуелі болмыс сырларын ашып беретін ойшылфилософтар, сонымен бірге, олар композиторлар ретінде көрінеді. Ендеше Абай-Шәкәрім ғылыми зерттеу орталығы философия, әдебиет, өнер, тіл, музыка тәрізді қазіргі бастары қосылмай жүрген ғылымдардың бастарын қосып, бұларды болмыс сырларын ашу жолында бір арнаға салар еді. Сонымен бірге, қазіргі философия, әдебиет-өнер, тіл зерттеу институттарының да осы орталықтан рухани нәр алып, жандануына мүмкіндіктер болар еді. Шәкәрім, Абай мұраларын зерттеу барысында, міне, осындай ойлар келеді.

Құрметті оқырман! Бұл кітап туралы пікір-ойларыңызды, немесе
ұсынысыңызды білдіремін десеңіз автордың тікелей өзімен мына
телефон арқылы байланыса аласыз.

Сот. тел. 8-7776927494.
Эл. пошта: dossym @ bk.ru

Дәйек көздері

1. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар,

қара сөздер. Құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, /А.Құдайбердиев./

– Алматы: Жазушы, 1988. – 560 бет.

2. Ахат Шәкәрімұлы. Менің әкем, халық ұлы – Шәкәрім. Ж.

"Жұлдыз", № 11, 1992. – 3-53 бет. 3. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. – Алматы: Жазушы,

2002. 4. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық

толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар.

– 1995. –336 бет.

5. Шәкәрім. Иманым. – Алматы: "Арыс" баспасы, 2000. – 321 бет. 6. Құран Кәрим. Аударған Халифа Алтай. – 1991 ж. 7. Омаров Д. Абайтану: немесе ұлы ойшылдың рухани кемелдену

туралы ілімі. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2002 ж. – 216 б. 8. Омаров Д. Абайдың рухани мұрасы. Алматы, 2006 ж. – 220 б. 9. Оразалиев Р., Омаров Д., Мұқашбеков Ә. Жасару құпиясы.

Алматы: "Алейрон" баспасы, 2006. –220 б. 11. Есім Ғ. Данышпан Шәкәрім. – Алматы: Атамұра, 2008. – 336

бет. 12. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық /ҚазССР Ғылым акад., М. О.

Әуезов атын. әдебиет және өнер ин-ты; Жауапты ред. А.
Сейдімбеков. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 80 бет.

13. Құдайбердіұлы Ш. Тіршілік, жан туралы. «Абай» журналы.

1994 ж., №9.
14 . Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған
Халифа Алтай. – 604 бет.

15. Светловы Элвира и Александр. Что говорят махатмы. Книга 1

и 2. Алматы, 1998 г. – 118 стр. 16. Қазақтың бақсы-балгерлері. /Жақан Дәуренбеков, Едіге

Тұрсынов/. – Алматы. «Ана тілі», 1993. – 223 б.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз .................................................................................3

Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М

ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ»...........................................5

«Үш анық» шығармасын түсінудің қиындығы......................5 Шәкәрімнің үш анығы нені білдіреді?...................................8 Ақылы сау адамның міндеті.................................................10

Е К І Н Ш І Б Ө Л І М

КӨРНЕУ ӘЛЕМ СЫРЛАРЫ................................................17

Материалистік көзқарастың шығу себебі............................17 Материалистік көзқарас дәлелдері.....................................22

Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М

НӘЗІК БОЛМЫС СЫРЛАРЫ............................................24

Нәзік болмыстың адамзатқа көмегі....................................24 Қазақ еліндегі аруақтар қозғалысы......................................29 Жан туралы толғау.................................................................31 Адам болмысы......................................................................35 Аруақ болмысы....................................................................37 Әулие болмысы..................................................................41 Нәзік болмыс көріністері..................................................50 Спиритизм жеңісі...................................................................68 Тылсымның ғажайып көріністері.......................................72 1. Аруақтың қарызымды төлеңдер деп жалбарынуы........72 2. Аруақтың болған уақиғаны хабарлауы............................73 3. Аруақтың американдықтарға келешекті айтып беруі.......76 4. Аруақтың султанның өлімі туралы хабары беруі................78 5. Кейт қыздың аруақпен ойыны........................................79

6. Аруақтардың адамзатқа түрлі көмектері...............................81 7. Ақын-жазушылардың аруақтар туралы жазғандары............84 8. Фахризм деген не?..................................................................85 9. Көз тигізуші.............................................................................86 10. Ұйқы тылсымдары.................................................................87 11. Аруақты айнадан көру...........................................................88 12. Аруақтың өш алуы................................................................89 13. Аруақтың тірі адамның денесінен шығуы..........................91 14. Аруаққа сенбеушілік себептері............................................92 Болмыс дауы мәңгілікті...............................................................95 Әлемдер байланысы.................................................................100

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

РУХАНИ БОЛМЫС СЫРЛАРЫ...........................................103

Рухани әлемге қайту жолы.........................................................103 Жан деген не?. ...........................................................................108 Әлемнің жаратылу сыры............................................................117 Жану мен шіру.........................................................................125 Ұят деген не?...........................................................................133 Шәкәрім және Ч.Дарвин..........................................................142 ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................156 Дәйек көздері..............................................................................159

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙