Мазмұнға өту
Home

Жүрген жолда қалған із

Жақып Мамадияр

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жүрген жолда қалған із

Авторы: Жақып Мамадияр

Мамадияр ЖАҚЫП ЖҮРГЕН ЖОЛДА ҚАЛҒАН ІЗ АЛМАТЫ «ҚАЗАҚСТАН» «ЗАМАНДАСТАН МИРАС» СЕРИЯСЫ

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ж 21 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді Жақып Мамадияр Ж 21 Жүрген жолда қалған із. – Алматы: ЖШС “Қазақ­стан” баспа үйі”, 2015. – 384 бет . ISBN 978-9965-10-131-1 Қазақ баспасөзінің ардагері сапында жүрген Мамадияр Жақыптың бұл кітабының «Жүрген жолда қалған із» деп аталуында мән бар. Осы жинақтан Қазақстан журналистер одағы сыйлығының бес мәрте иегерінің, Қазақстан құрметті журналисінің жарты ғасырдан аса уақытты қам­титын шығармашылық жолының да, азаматтық жолының да сипатын аңғарғандай боласың. Ол өз елімізді көлікпен де, жаяулап та көп араласа, біраз шет елдерге де сапар шеккен. Сол са­ пар­лардан тұшымды із қалдырған журналист. Бүгінгі 75-тен асқан ғұ­мырында өмірдің тұщысын да, ащысын да татқан азамат. Ақпарат құралдарына басшылық қызметтерде болды, кешегі Колбиннің сұрқия заманында Желтоқсан оқиғасына қатысы үшін жазаға ұшырап, қу­далауға да түсті. Өзінің осынау шытырманы көптеу өмірінде талай­ лармен кезіккен, талай оқиғаға куә болған. Сол жайлар қаламгердің осы жинаққа кірген дүниелеріне алтын арқау қызметін атқарады. Заманның әр кезеңінде жазылған дүниелеріне автор кітапқа кіргізер кезде түзетулер енгізуді жөн көрмеген. Ондағы ой – оқырман сол кездегі уақыт табын сезінсін дейді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) ISBN 978-9965-10-131-1 © Жақып Мамадияр, 2015 © “Қазақстан”, 2015

бірінші бөлім Ұ Л Ы Л Ы қ Қ А Т А Ғ З Ы М Бірінші сапар КӨҢІЛДЕ ЖҮРГЕН ОЙ ЕДІ Жидебайға арнайы жаяу барып, данышпан баба аруағына бас ию дәстүрімізге енсе, рухымыз биіктей түсер еді... Бұл ой көптен көңілімізде жүрген. Әсіресе, Абай еліне барған са­ йын, ұлы бабамыздың табаны тиген жерді, мәшинемен желіп өт­пей, үнемі болмаса да, бір рет желіне кеудемізді тосып, күні­не жүзімізді тотықтырып, мынау кең далаға көңілімізді жуса­тып жаяу жүрсекау деген армандай ой қажай беретін. Тек біз ғана емес, басқалар да солай етер болса, мұның өзі ұлылыққа тағзым ету, Абай әлеміне тереңірек үңілу, үңіле отырып, әркімнің өзіне-өзі есеп беруі, ұлылық алдында арылуы болар еді-ау... Жар салып, жария етпесек те, ұлы Абай сан рет жүрген жол­ мен Семейден Жидебайға жаяу бару туралы ойды естігенде, оған талайлардың аңсары ауған. Мынау тапшылық заманда үлкен топ құрудың да мүмкіндігі жоқ, қым-қуыт шаруаның да қолды бай­ лайтыны бар – осы сапар жайында пікір айтып, ой қосқан біраз азаматтар – Зейнолла Серікқалиев, Ақселеу Сейдімбек, Тұрсын Жұртбаев, Бейбіт Сапаралы сияқты елге елеулі жігіттер ере алмағандарына өкініп қала берген. Сөйтіп ізгі сапарға ұйытқы болған «Егемен Қазақстан» аты- ­нан – осы жолдардың авторы, екінші ұйытқы мекеме – «Абай» қорының өкілі, оның директоры Балтабек Ерсәлімұлы, сондай-ақ ас­ танадағы Мұхтар Әуезов мұражайының ғылыми қызмет­ке­рі, ғы­ лым кандидаты Талатбек Әкімов болып жолға шыққанбыз. Рес­ми сипат алып, «Егемен Қазақстан» газеті мен «Абай» қоры бір­ле­сіп ұйымдастырған «Ұлылыққа тағзым» жаяу жорығы атанған бұл ша­рамыз жайлы облыстық әкімшілікті де хабардар еткенді жөн көргенбіз. Облыс әкімі іссапарда болып, біздің тобымызды қабыл­ даған оның орынбасары Маймұрат Уәлиев мырза бұл шараға үлкен ықылас білдірді. Мұндайда жақсы көңіл, тілектестік те үлкен демеу. Демеу демекші, осы орайда сапар жайында естісімен, оған оң

қабақ танытып, шама-шарқынша қолдау-демеу көрсеткен Жаңасемей ауданының әкімі Біліс Оспанов, осы ауданның «Приречный» жекеменшік кәсіпорнының директоры Мұхит Түймебаев, «Сарыарқа» ет-консерві комбинатының бас директоры Серікбек Бақтажаров мырзаларға алғысымызды сөз аяғында емес, басында-ақ айтқанымыз жөн сияқты. 1. «Ұлылардың жамбасының табы бар...» Семейде кезінде ұлы ақын сан мәрте ат басын тіреген Әнияр Молдабаевтың үйі бар. Қасиетті ғимарат. Ол жайында ұзақ әңгіме айтуға да болады, қысқа қайырсақ, осы үйдің иесі Әнияр Молдабаев ұлы ақынның тәрбиесін көрген, қамқорлығына бөленген және соған лайықты кісі болған. 1940 жылы ұлы ақынның туғанына 95 жыл толуына орай ақынның әдебимемориалдық мұражайы осы үйде ашылды. Ұлы Абай жүрген жолмен жаяу жүру сапарымызды осы үйден бастағанды жөн көргенбіз. – Мына бөлмеде Абай, Шәкәрім аталарымыз сан мәрте қона жатып, сыйлы қонақтармен сыр шертіскен. Ұлылардың жамбасының табы бар бұл жерде... – дейді мұражайдың бүгінгі директоры Төкен Ибрагимов мырза. Бұрын да сан мәрте келіп, көріп жүрген мұражайдың әр мүлкі бүгінде басқаша сыр шерте ме, қалай?.. Әйтеуір көңіл алабұртып, жүрек тынымсыз тыпыршиды. Сол көңіл, сол сезіммен біз, бізді шығарып салушы зиялы қауым Абай алаңындағы ақын ескерткішіне келгенбіз. Ақын ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым еткен соң, осындағы өзімізді шығарып салушы бір қауым елмен қоштасқанбыз да, қала ортасынан «Шыңғыстау, Жидебай, қайдасың!» деп тартып бергенбіз. Осы жерде біздің ізгі ниетімізді бағалаған жұрттың пейіліне де бір ауыз сөз айтпай кете алмайсың-ау. Біреу ресми түрде сөз сөйлеп, тілегін айтса, екіншісі жайдары жүзімен көңілін білдіреді. Осы сапарға шуақты тілектерін бізге қосып жіберді. Ал өзімізге дос көңілді азамат Манатбек Тобықбаевтың күншілік жерге бірге жаяу жүріп, шығарып салғанына қайтіп тебіренбейсің! Кезінде Абай елінен Семейге келгендер алып Ертістен қайықпен өткен. Қазір көпір бар. Біреу емес, екеу. Амалсыздан солай болып отыр. Сол көпірдің біріне арал арқылы жетесің. Ертістің үстіндегі осы аралда да талай сыр жатыр. Онда Абай

да, кейінірек Мұхтар да талай болғаны сөзсіз. Ел демалған, сауық-сайран құрған киелі жер. Кезінде оны «Полковник ара­ лы» деп атаса, кеңестік дәуір оған Кировтың атын берген. Ал қазақтың өзі «Түйемойнақ» десе керек. «Абайдың іні-бауыр­ лары Исраил, Әрқам ақсақалдардың бұл аралды «Түйе­мой­ нақ» дейтінін көп естідім...» деп сыр шертеді Қарауылда тұратын белгілі жазушы ағамыз Кәмен Оразалин ұлы ақын тойына орай шыққан «Абай ауылына саяхат» деген кітабында. Міне, сол аралдан өтіп, ерке Ертістің үстіне уақытша са­ лын­ған понтон көпіріне келіп табан тіредік. Көпір үсті ығы-жығы көлікке толы. Өйткені осыдан 30 жыл бұрын салынған негізгі көпірдің әні-міне істен шығып қалу қаупі бар. Бұл – қауесет емес, шындық. Ұзындығы ат шаптырым осы көпір кезінде ке­ ңес өкіметінің алыптығын айғақтаса, енді сол жүйенің осал­ дығын, берік болмағандығын дәлелдеп тұрған сыңайы бар. Көпір үстіндегі ығы-жығы көлік иелері бізге таңырқай қарайды. Е, олар жаяу жүргінші көрмеді деймісің! Негізгі көпір жартылай жабылғаннан бері, тіпті одан арғы жанар-жағармай тапшылығы басталғалы бері жаяу жүргіншілер саны көбейген. Көлік иелері біздің қазақы ақ қалпағымызға таңырқайды да. «Мына қырғыздар қайдан жүр?» деген сөз де естіліп қалған. «Өз киіміміз өзімізге жат болып көрінген заман-ай!» дейсің іштей. Бейне бір келісіп алғандай бәріміз де осы сапарға ақ қалпақ киіп шыққан екенбіз. Бұдан кейін де ақ қалпағымыз жаяу жорығымыздың рәмізіндей кім-кімнің болсын көңілін өзіне аударған. Сол күні бұған дейін жылына қоймаған ауа райы күрт өзгеріп, төзімдеріңді сынап бір көрейін дегендей, күн жарықтық ысып берген. Ақ қалпақтарымыздың қасиетін сонда, одан кейінгі ызғырық, өтімді жел мен жауын-шашында да көрдік. Қала шетіне шығып, бізді Жидебайға жеткізетін қасқа жол­ ға көз салғанымызда, сілтемеден барар жеріміздің 179 ша­қы­ рым екенін білдік. Оған қала ішінде жүрген 5-6 шақы­рымды қоссақ, біраз жер. Соған өзімізше алты күнде жетпек ойдамыз. Күніне сол 30 шақырымның айналасы болмақ. Сонда бүгін Балта-Орақтан (қарталарда – Балта-Тарақ) асып жығылуымыз керек. Жолға шыққанда оған жұрттың мықтап дайындалғаны аб­ зал. Оны бәріміз де білеміз. Сөйтсе де, ескермейтініміз көп. Кейде аяқ киімнің жайсыздығын да сол жол үстінде біліп жатамыз-ау. Алғашқы күннің де ауырлау тиетінін де ескерген

жөн екен. Алда біздің сапарымызды қайталар жұрт болар, естерінде жүрсін деген ой ғой бұл. Бұл сапардың жай жол жүру емес, жөні бөлектеу екені белгілі. Әр қадам басқан сайын көңілінде ұлы Абай тұрады. Сол ұлы адам Семейден шыққан күні сол Балта-Орақта түнемесе де, ат шалдырған шығар. Ал жаяу жүргендерге қаладан 25 шақырым бұл жер түнемелікке қолайлы. Сол шағын ауылдың атына байланысты әдемі аңыз да бар. Бәлкім оны данышпан бабамыз да естіген болар. Оны бұл жерде айтып жатуға орын аз. Оқырманды сол Кәмен ағаның жоғарыда аталған кітабына сілтегіміз келеді. Қаланың абыр-сабырынан кештеу шыққаннан да, мәрелі жерге кеш жеткен соң, алғашқы күнгі жатын орынды ауыл­ дан іздегенді жөн көрдік. Осы жерде көңілде күдік қалмас үшін оқырманға бір жайды айта кеткен жөн. Біздің осы са­па­ рымызда сусын-тамақтарымызды, төсеніш-жамылғыларымыз­ ды алып жүретін екі жеңіл мәшинеміз болды. Оны сол Жиде­ байға жеткізер қасқа жолдан шығып, әртүрлі киелі жерлерге соқ­қанда көлік ретінде міндік те. Бірақ мақсат тұтқан қасқа жол­дың бойында бір қадам да көлікті пайдаланғанымыз жоқ. Сол мінген жерге қайта келіп, жаяу жүрісімізді жалғап отыр­ дық. Алғашқы қоныс қасқа жолдан шамалы сырттау Қаракөл деген ауыл болды. Кешеге дейін Репинка деп аталып келген екен. Уақыт оған да өзінің қазақи атын қайтадан алып беріпті. Сонау Абай заманында бұл ауыл да қоныс орны болған шығар. Ұлы бабамыз ат басын тіреген жері шығар. Бәрін де соған байланыстырғым келеді. Осы жерде әр қонған жеріміздегі ішкенжегенімізді баяндайын деп отырғанымыз жоқ. Бірақ халқымыздың ұлы дәстүрін қаз-қалпында сақтаған ел барлығын айтпай, қайтіп аттап өтерсің!? Сол Қаракөлде біз қонған үйдегі Әскерхан отағасы мен Тұрар бәйбішенің ыстық ықыласы мынау қысталаң заманның ауыртпалығын басып тастағандай болған. Мол дастарқанға ғана емес, алдымен шын ниет, пейілге риза бол­ дық. Алғашқы күні біз бұл жерге шаршап, шалдықпай жеттік десек, өтірік болар еді. Десе де, жақсы көңіл, әсерлі әңгімемен Әсекеңнің үйінде түннің бір уағына дейін отырып қалыппыз. Алайда әлгі жақсы көңіл, жақсы әсерлі әңгіме арқасында, ертесі таңертең ерте оянсақ та, сергек тұрғанбыз. Бүгінгі мақсат – атақты Күшікбай асуынан асып барып қос тігу. Ол үшін кемі 35–36 шақырым жол жүру керек. Ал жол мұраты – жету ғой. Өзара күңкілдесіп-шүңкілдесіп, төрт ақ қал­пақ

кешегі Балта-Орақта тоқтаған жерімізде жолды қайта бастап, өрге көтеріле бердік... Сонша болмай, артымыздан екпіндей келген жеңіл мәшине өте беріп, ентіге тоқтады. Қаладан елге қайтып бара жатқан абайлықтар екен. «Кеше жаяу жорыққа аттанып бара жатқан сіздерді жергілікті теледидардан көрсетті. Бірақ онша сене қоймап едік. Енді өз көзімізбен көріп тұрмыз. Сондықтан сапарларыңыз сәтті болсын, әруақ қолдасын» деді өзін аудандық ДОСААФ комитетінің төрағасымын деп таныстырған жігіт ағасы. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Бұған да көңіліміз кә­ дімгідей марқайып қалған. Іле мәшинесін жасап жатқан орыс ағайын жөн сұрасты. Сірә, мына нарық заманы айтқызып отыр­ған болар: «Осы сапарларыңыз үшін ақша бере ме?» дейді. Жауабымызға қарап, бізді әпенді санады ма, кім білсін, әйтеуір жайдары жүзін көрсетіп, соңымыздан ұзақ қарап, қол бұлғап қала берген. Бұдан кейін қара жолдың бойында бізбен тілдесіп қалуға ниет білдірушілер көбеймесе, азайған жоқ. Кеше 17-ші шақырымда кезіккен Абай ауданына бет алған Абай мұра­ жа­йының директоры Төкен Ибрагимов біз Күшікбайға же­ тіп, сондағы бұлақ басында кешкі асымызды ішкелі жатқа­ нымызда, қасында Бөрлідегі Әуезов мұражайының шырақ­ шысы Бекен Исабаев ақсақал бар, жетіп келді. Бұл екеуі де әңгімені «Сен тұра тұршы, мен айтайын» дейтін адамдар. Білген соң айтады да енді. «Мына Күшікбай бұлағында сая­ хатшы-ғалымдар Пржевальский, өзіміздің Шоқан, ұлты­мыз­ дың рухани көсемдері Әлихан мен Міржақып, көркем сөздің қас шеберлері Жүсіпбек, Сәкен, Бейімбеттер болыпты. Сондайақ Мұқаңның өзін айтпағанда, өзінің үзеңгілес орыс достары Леонов, Соболев, Чаковскийлер де тоқтап, ат шалдырған» дейді Төкен. Сонан соң, сөзін айғақтағысы келгендей, олардың қайсы бірі туралы күні кеше жасы тоқсанның ортасына келіп, дүниеден озған шыңғыстаулық қарт ақын Шәкір Әбеновтен естіген әңгімесін ортаға салған. – Ана бір жылы Қарауылға не бір қасқалар мен жайсаңдармен бірге, қазақ әлі танып, мойындап үлгере алмай жатқан Асқар Сүлейменов келді, – дейді Төкен бұдан кейін одан әрі желпіне, желдірте сөйлеп. – Сонда Асқар: «Қарауыл, Жидебай – қазақтың Меккесі ғой. Бұл жаққа кемеңгер де, кеще де келеді. Өз басым мұнда арылу, тазару үшін келдім», деп еді. Барша қазақ Жидебайға жаяулап, жалпылап барып, тазарып, арылып қайтып жатса, артық па!

Солай деп ой толғаған Төкен енді бір сәт Мұқаңдай, Әуезовтей халық үшін бейнет шеккен ешкім жоқ деп және бір көсіле сөз қозғаған. Мұқаң туралы сөз болып жатқанда оның Бөрлідегі мұражайының шырақшысы Бекенді қайтіп тоқ­та­ тарсың! Жайшылықта көп сөйлемейтін жолсерігіміз Тәкең, Та­латбек ағамыз да, Мұқаң туралы әңгімеге сөз қыстырып қояды. Мұқаң архиві осы кісінің қолында. Сол архивті көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан бұл кісіні кеше дүниеден озған Ләйла Мұхтарқызы да сыйлап өткен. «Бұл Тәкең па­ памның архивіндегі дүниеліктерді менің өзіме әрең береді» деп ризашылықпен күледі екен жарықтық. Сол Мұқаңның алғашқы туындыларының бірі – «Қор­ған­ сыздың күні» осы арадан он шақты шақырым жердегі Бөрліде жазылған ғой. Ал сол әңгіменің бас кейіпкері қаршадай Ғазиза қыздың қабірі, әне, ана төбенің астында томпиып жатыр. Осы арадан өткенде сені егіліп кім еске алмайды, ғазиз жанды Ғазиза! Саған қаталдық танытқан тағдырыңа мәңгілік ескерткіш қылып сомдаған Мұқаңның «Қорғансыздың күнін» кім оқымады дейсің! Бірақ, өкінішке қарай, уақыт озды, заман түзелді дегенмен, қатыгездіктің, ойсыз, санасыздықтың құлы болып жүргендер арамызда әлі де бар екен. Ол туралы айтпасақ та болар еді. Алайда, «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Ендеше, ұлы Абай сынаған кемшілік, мінді несіне жасырамыз, несіне?!. Сонша не болып қалды дерсіз, қадірлі оқырман. Күшікбай бұлағында отырғанда жақсы көңілдің ашық аспанын кенет бұлт торлады. Екі шырақшыны Семей жаққа аттандырып салып, қас қарайғанша тағы біраз жүріп барып, қос тігуді жоспарлап жатқан шақта, бұлақ басындағы темір шатыр астында жауыншашыннан қорғалақтап тұрған бізге жасы отыздар шамасын­ дағы жігіт қиралаңдап келіп, қылжақтап сөйлеп, орынсыз бай­ ланысқан. «Қой, шырағымды» құлағына ілмеген ол мұнымен тынбай, кетіп бара жатып, бізге екі-үш мәрте тас та лақтырды. Құдай сақтап оның екеуі шатырға тиіп, біреуі бұрыс кеткен. Сонда бәрінен бұрын жанымызға батқаны – әлгінің мәшине то­ лы бөтелкелестерінің бірде-біреуінің қой деуге жарамағаны. Уақыттан озып барып айтатын жәйт, үш-төрт күннен кейін Қарауылға жеткенімізде әлгі бұзақының әкесі мен қайнағасы соңымыздан қуа келіп, кешірім сұрады. Кешірімшіл халықпыз ғой – кешірдік. Жидебайға арыла келіп, біреумен соттасып, хаттасып жатқанымыз кімге абырой! Сонан соң тағы да уа­қыттан асып айтарымыз, бұдан кейін көңіл аспанын бұлт торлаған жоқ.

Алты күндік сапардың үшінші күні Абай елінің, Абай жерінің шетіне келіп табан тірегенбіз. 2. Қасиетті мекендер Жаяу жорықтың үшінші күні сәске түсте Жаңасемей мен Абай ауданы арасындағы қара өзекті кесіп өтіп, ұлылар ме­ кеніне қадам бастық. Сол жақта оқшау тұрған мына тау – Баршын. Осы өңірді кезінде жаз, күз маусымында Абай ауылы жайлаған. Тегінде Мұқаң, Мұхтар Әуезовті айтамыз, ұлы эпопеясы­ ның біссіміләсін «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды», – деп қара жолдан бастаған ғой. Шәкірт бала демекші, үшінші күні түске дейін біз де бары­ мызды салып, 19 шақырым жерді артқа салып үлгеріппіз. Мақтанған емес, бұл енді айтқанға ғана оңай. Әйтпесе, жол ылғи өрге тартып отырады. Міне, Мұқаң туған ауыл – Бөрлі осы арадан небәрі 4-ақ шақырым жерде. Мынау Баршын тауы мен Итжон дөңінің ортасындағы көл жиегінде, әжесі Дінәсілдің киіз үйінде 1897 жылдың қыркүйегінде Мұқаң өмірге келген. Ал Бөрлідегі қазіргі мұражайға айналған үйдің іргесін Мұқаң он алты жасында өзі көтеріпті. «Бәрін айт та, бірін айт» демекші, атақты «Еңлік – Кебек», «Бәйбіше-тоқал», жоғарыда сөз еткен «Қорғансыздың күні», олардан сәл кейінірек жазылған «Қаралы сұлу», «Жетім», «Оқыған азамат» әңгімелері осы өңірде, осы үйде туған ғой. Сол ұлы талантты дүниеге әкелген ана рухына тағзым етуді де парыз санайсың. Бірақ, өкінішке қарай күні кешеге дейін Мұқаңның ата-анасының қайда жерленгені белгісіз болып келгені бар. Сөйт­ сек, Бөрлідегі қыстақ ауқымы ұлғая келе, Омархан мен Нұр­ жамалдың зираты ауыл іргесінде, ауыл іргесі болғанда, Мұ­ қаңның осындағы мұражайының шырақшысы Бекен ақса­қал­ дың қазіргі отырған үйінің нақ іргесінде қала беріпті. Әйтеуір, аллаға шүкір, біз Бөрліге барған шақта Омархан-Нұржамал мавзолейінің құрылысы бітуге жақындап қалған екен. Мұнда Алматыдағы құрылыс колледжінен 14 оқушы, Бөрліден жер­ гі­лікті 8 жігіт еңбек етіп жатыр екен. Бұларға Нұрлан Назар­бе­ ков деген жас жігіт басшылық жасап жатқан көрінеді. Нұрлан Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінің құрылысына бір кі­

сідей еңбек сіңіріп жатқан Сайын Назарбековтің ұлы екенін басқалар айтқан. Маңғыстаулық бұл әулетке әруақ риза, ел риза! Осындай сөзді Исабаевтар әулетіне де айтсақ, артық бол­ мас. Біз барған шақта іргедегі құрылыста еңбек етіп жатқан Бекеңнің ұлдан үлкені Мағжан қонақтарды сол маңайдағы зи­раттың басына алып барып, талай-талай сыр шертіп те үл­ герді. Мағжан есімді адамның бәрінің бірдей ақын болуы шарт емес шығар. Десе де, отыздың үстіне енді шыққан бұл Мағжанның ел мен жер шежіресіне қанық, құйма-құлақ болып өскені көңіл сүйсінткен. Міне, сол Мағжан бізді Мағауия қыс­ тағының үстімен Әйгерім мен Ділдәнің мазарына бастап алып келді. Тегінде Әйгерім өмірден Ділдәдан бұрын озған ғой. Ал, Ділдә көз жұмардан сәл бұрын: «Мені Әйгерімнің қасына қойыңдар, ел бізді күндес екен деп айтпасын» депті. Тектілік, соңдарында қалған ұрпаққа үлгі-өнеге деген осындай-ақ болар! Осы арадан Ақылбайдың қыстағы – Тышқан да алыс емес екен. Ақылбайдың мазары қарсы беттегі Аралтөбе бауырында, әруақтарға дұға оқып, құран бағыштаған Тәкеңнің, Талатбек ағамыздың, орнықты да, қоңыр үні жүрек қозғайды. Алыстан бір ән әуені құлаққа келіп жатқандай... – Тізесуға соға кетелік. Ол жерде кезінде Біржан сал ән салған ғой, – деген Мағжан үні көңілді бір селт еткізіп, тағы бір басқа әлемге жетелеген. Біржан сал бұл өңірге көктем шыға келіпті. Сыйлы қонақты бұл шақта күйі кеткен қыстаққа түсіруді жөн көрмеген Ақылбай осы Тізесудың басына тездетіп үй тіктіріп, атағы алты алашқа белгілі әншіге мейлінше құрмет көрсетеді. Ол да Абай тәрбиесі, Абай өнегесі. Мағжан келесі бір сөз кезегінде әңгімені Бөрлі тауымен іргелес Аралтөбе бөктері, ондағы Абай қыстауына аударған. Те­ гі Абай осында тұрған шақта мейлінше өнімді еңбек етіп, өн­ дірте жазған көрінеді. Ұлы ақын Лермонтов, Крыловпен осы қыс­тақта жатып табысқан. Әлем ойшылдарының еңбектерімен осы жерде түсініскен. Соның бәріне кезінде куә болған мынау маң дала, маңғаз төбелер бейне ішімдегіні тап дегендей, дәп қазір жым-жырт. Ал Абай әлеміне бойлап, үңілу – тірілердің парызы. Бөрліден шығып, қасқа жолға қайта түсіп, Қасқабұлақ жаққа тарта жөнелгенімізде, артымыздан ағындап келген екі «Волга» тоқтай-тоқтай қалған. Бұлар Семей мен Торғай об­ лыстық телерадиокомпанияларының төрағалары Мұрат Алин мен Қо­нысбай Әбілов екен. Мұрат өзінің арқалықтық әріптесі,

рес­публикамыздың халық ақыны Қонысбайды Абай елімен та­ ныс­тырып келе жатыр екен. Жақында Семейде ұлы ақынның 150 жылдығы құрметіне ақындар айтысы өткізілмек. Жеңімпаз үш жұп той күндері Қарауылда айтысатын болады. Келесі күні біз тағы да бір айтыс өнерінің дүлдүлі кере­ кулік Серік Құсанбаевпен кездесіп, таныстық. Ол да Абай елі­ мен, Абай жерімен танысуға бара жатыр екен. Кешке қарай Әуезов атындағы кеңшардың орталығы Қасқа­ бұлақтың тұсына келіп, қос тіктік. Қойын дәптерге: «Алты күндік жердің үш күні артта қалды, жолдың тең ортасына келдік», деп жазыппыз. Осы арада жол үстінде кездесіп, аз да болса, мәнді сұхбаттасқан осы елдің адамы, кезінде ұзақ жыл халық ағарту саласында қызметте болған, қазір Семейде тұратын Мамырхан Тоққарин ақсақалдың әңгімесінен кейбір деректі қиыстыра кетсек артық болмас. Кеше отбасымен Қарауылға кетіп бара жатып бізге сәлемдескен Мәкең келесі күні бізге арнайы тоқтап, дастарқан жайып, елдің дәмін ұсынған. Бұл кісі дәмін ұсына отырып, аз да болса, саз әңгімесімен құлағымыздың етінің құрышын да қан­ дырған. Мұқаңмен, Әуезовпен құрдас әкесі 6-7 жасында Абай­ ды көріпті. «Есімде қалғаны – Абайдың басы ерекше үлкен көрінді», – деп отырады екен жарықтық. Ал ұлы Абайдың 100 жылдығы тойланған шақта бүгінгі Мамырхан ақсақал, кешегі Мамырхан бала жетінші класта оқыған екен. Сонда тойға ар­ найы келген Қажымұқан палуанды өзі үлкен таразыға салып өлшепті. Соны айта келіп, Мәкең Мұқаңның алдынан дәріс алғанын, 1959 жылы үйінде де болғанын сөз етті. Сонда Мұқаң сол шақта жүргізілген санақ қорытындысын қадағалап сұрапты. Мұқаңның сауалына орай бұл аудан халқының сондағы са­ ны 13 мың, жылқы саны 7,5 мың екендігін айтқанда, ұлы жа­ зушының қабағы түсіп кетіпті. Өйткені, ертеректе бұл өңір­ дің халқының 36 мың, ал жылқы саны 50 мың болғандығын Мұқаң біледі екен. Сонсоң Мұқаң бұдан елде рак ауруына шалдыққандар бар ма? – деп сұрапты. Ол кезде бұл қайдан білсін, «жоқ» дейді ғой баяғы. Ал елге келген соң сұрастырса, ракпен ауырып, шетіней бастағандар көбейіпті. Ал елден жы­ рақта жатқан Мұқаң соның бәрін біліп отырыпты. Иә, Мұқаң бейне бір тамыршыдай бұл елдің өткендегі мен қазіргі қасіретін тап басып, біліп отырған көрінеді... Сол күні «Қара лотос» клубының президенті Юрий Гурс­

киймен кездескенімізді де қойын дәптерімізге түртіп қойып­ пыз. «Тибет ламасы» деген атағы бар бұл азамат бір аптадан соң, 40 адамды бастап, Жидебайға жаяу сапар шекпек. Сол мақсатпен жолды тағы бір зерттеп алайын деп Жидебайға мә­ шинемен барып, қайтып бара жатқан беті екен. Олар да бұл сапарға біз сияқты Әнияр Молдабаевтың үйінен шықпақ. – Бізден бұрын қимылдап үлгердіңіздер. Жастарыңыз үл­ кен, етженді екенсіздер, соған қарамай бұл жорыққа шығула­ рыңыз ерлік, – деп бізге мадақ айтып жатыр. – Сіздерді олай өтіп, былай өтіп, үш күн қатарынан көріп келем, – дейді қасымызға келіп тоқтаған КамАЗ-дың жүргізушісі, славян тектес және бір азамат. – Айып етпесеңіздер, не қылған жансыздар? Оған да жөнімізді айттық. Көп болса, Абай есімін ақын ретінде ғана білетін әлгі азамат енді біздің сол ойшылдың ұлылығына өзімізше тағзым етіп бара жатқанымызды білген соң, енді басқаша қарайтындай көрінген. Өз данаңды алдымен өзің бағалай білсең ғана басқалар да бағалайды. Соны жадымыздан бір сәт шығармасақ жөн-ау... Осы әсермен осы күні кешке Ақшоқыға келіп жеткенбіз. Ақшоқыдағы зиратта Құнекең, Құнанбай қажы, Ысқақ, Тәңірбердісімен, немересі Мағауия, Әбдірахман, оның келіншегі Мағрипа, Құтайба, Смағұлмен, тұстасы, сыйласы Әуезбен қатар жатыр. 1909 жылы Петербургте Абай өлеңдерінің жинағын бірінші болып бастырып шығарған Ысқақ баласы Кәкітайдың зираты да іргесінде. Жандарың жәннатта болсын деп дұға оқып, бет сипаған соң, тағы да ойға шомғанбыз. Осы Ақшоқыда Пушкиннің Татьянасы қазақша сөйлеген, неміс Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» атты өлеңі қазақшаға аударылған. Басқаны айтпағанда, Абай шығармалары Кәкітай арқылы дүниенің бір қиырындағы Петербургке осы арадан жеткізілген, ол қашан кітап болып басылғанша, Ақшоқы – Петербург арасында қатынас үзілмеген. Міне, осы Ақшоқыда әулиелердің басына бір түнеуді өзі­ мізге парыз санағанбыз. Кезінде қажының өзі қаздырған құ­ дықтан су ішкенімізді айтпай қалай тұра аламыз?! Ертесінде жол серігіміз Балтекең, «Абай» қорының директоры Балтабек Ерсәлімұлы бізге бір өтініш айтып, Ысқақтың Кәкітайдан басқа бір баласы Ахметбектің қыстауына соға ке­ ту­імізді өтінген. Балтабектің шешесі Қапиза анамыз, – осы Ах­ метбектің қызы. Демек, Балтекең – Құнанбай қажыға шөбере жиен.

1937 жылдың аласапыранында репрессияға ұшыраған Ахметбектің сүйегі қайда қалғаны белгісіз. Ең болмағанда, қыстауының орнына бір белгі орнатайық деп осы Балтекең, бөлесі Өзіханмен әрекет жасап, іс тындырыпты. Бұл да азаматтық. Азаматтық демекші, Балтекеңнің «Абай» журналының жаң­ ғырып қайта шығуына, «Абайдың ақын шәкірттері» деген үш томдық кітапты астанадан бастырып шығаруға бірден-бір ұйы­ т­қы болғанын қалайша айтпассың! Жақсыны кіл алыстан із­де­ генше, жанымыздағылардың жақсылық, азаматтығына үңі­ле білсек те жөн-ау. Ақшоқыдан оралып, жаяу жорығымызды қайта жалғастырғанымызда, көңіл тербеп, жүрек қозғаған сәттер көп болды. Соңымыздан қуып жеткен «Волгалар» қатарласа келіп тоқтады. Абай мұражайының директоры Төкен Ибрагимов пен Се­ мей қаласы әкімінің орынбасары Бекен Теміров бастаған сый­лы қонақтарды жазбай танып тұрмыз. Анау шашы ақ бурыл тартқан адам Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Рахманқұл Бердібаев ағамыз болса, ол кісімен бір көлікте келе жатқан осы ака­де­ мияның Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты­­ на жақында ғана сайланған директоры, ғылым докторы Шә­ кір Ыбыраев екен. Үшінші азамат, ол да ғылым докторы, Ға­ рифолла Есімов есімін семейліктер жақсы біледі. Өйткені, Ғарифолла Семейде оқып, өсіп жеткен азамат. Бұл кісілер республика Министрлер кабинетінің тапсырмасымен той да­ йындығына байланысты Қарауылға сапар шегіп барады екен. – Парсыда «пешкадам» деген сөз бар,– деді Рахаң. – Ол озық жүру, алда болу деген мағынаны білдіреді. Сондықтан сіздер осы жаяу жорықтарыңызбен көп адамдардан оздыңыздар. Бұл әйтеуір біреу бастауы керек шаруа болатын. Соны сіздер баста­ дыңыздар, сондықтан сіздерге рақмет! – Жапондар Фудзияма тауын кие тұтады. Біздің әулиеміз – Абай, киелі мекеніміз – Жидебай. Қазақ енді бұдан кейін де «Ештен кеш жақсы» деп, Жидебайға жаяу барып, тағзым етіп жатса, арман қайсы! Бұл – қос ғылым докторының бірін-бірі қостап айтқан сөзі. «Жақсы сөзге жан семіреді» деген, тың бір күш келгендей сезініп қалдық. Ертесінде, яғни, алтыншы күннің түсінде, осы көңілмен Жидебайға барып жеткенбіз. Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесі басында бізді осында еңбек етіп жатқан құрылысшылар, Жидебайдағы ақын мұражайының директоры Қизат Күзембаев

ақсақал бәйбішесі Назиқа, немересі Әйгеріммен бірге қарсы алып, шашу шашты. 3. Той ортақ, көңіл ортақ Сөйтіп, алтыншы күні сәске түсте Жидебайға келіп жет­ тік. Біріміздің жүрегіміздің ептеп сыр бергені, екінші­міздің табанының қажалғаны сонда ғана белгілі болды, сонда ғана айтылды. Әзірге оны елеп жатқан біз жоқ. Жидебайдағы ша­ шу шашып, қарсы алу көңілді қозғап, көзге жас үйірілткен. Тегінде Абай елі ежелден-ақ қонақ күтіп шығарып салуға әб­ ден төселіп алған. Ал сол қонағыңыз дүбірлі той жақындаған сайын тіптен де көбейе түскендей. Оған қабақ шытып жатқан ақын елі жоқ. Өйткені, бұл құрмет, қонақтармен бірге ұлы Абайына да арналған. Сонау бір жылдары, Семей полигоны Абай елімен қоң­ сы­лас болып жайғасып жатқан шақта, жоғары жақ мұндағы дүйім елді басқа жаққа көшіру туралы шешім қабылдаған. Онымен қоймай, ұлы ақынды облыс орталығы Семейге апарып жерлеу туралы мәселе қозғалған. Сонда мұндағы «қалың ел қазақтың» ұлардай шулап, қамыққанын, қамыға отырып, қа­ жыр-қайрат, қайсарлық танытқанын осы Қарауылда тұратын жазушы Кәмен ағамыз өзінің «Абай еліне саяхат» кітабында жыр ғып шерткен. Басқа да көз көргендердің сөзіне қарағанда, ақынның басы төрт рет көтерілген. Мұны әр кезеңнің әр ұрпағының ақынға көрсеткен құрметі деп ұғынған ләзім шығар. Соның соңғысы, яғни гранит таспен қаланып, темір шынжырмен қоршалған ес­ керткіш мәңгілікке қалады деп келгеніміз де рас. Белгісіз жа­ уынгерлердің біріне орнатылғандай сол ескерткіштің ке­лең­ сіздігін заман өзгергенде ғана барып түсіндік қой. Міне, Жидебайдағы жаңа кесене басында тұрмыз. Абай ескерткішінің сыртқы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Шә­ кәрім ескерткішінің сыртқы жұмысы дәл біз келген күні аяқ­ талыпты. Құрылысшылар мұнан кейін екі кесененің ішкі жұ­ мыстарына кіріспек. Мұнда да Алматы құрылыс коллед­жінің оқушыларымен кездестік. Бұл оқу орнының оқытушысы На­ ғашыбай Разаков колледжде оқитын он төрт оқушының мұнда наурыз айынан бері еңбек етіп жатқанын, бұл сол жас­ тар үшін өмірлік мақтаныш екенін жеткізгенше асығып баян­­ дап жатыр. Енді бірер күнде бұл жақта Абай – Шәкәрім кесе­

несінің авторы, астаналық белгілі сәулетші Бек Ибраев келмек. Бас сәулетші «жә» десе, енді аз күнде бұл жұмыстың да бір ыңғайлы болатын түрі бар. Сонда көкпен таласқан күмбездер бүкіл әлем жұртшылығын өзіне шақырып тұратын болады. Өткенде бір келгенімізде осы Жидебайдағы мұражайдың ішкі жөндеу жұмыстары сол қалпы қозғалыссыз жатқанын оның директоры Ғизат ақсақал қынжыла мәлімдеп еді. Енді сол ішкі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, іс қолға алынған соң, Ғизекеңнің көңілі сабасына түскен сыңайлы. Абай өз өмірінің соңғы 10-12 жылын осында, Жидебайда өткізген. Үйді қайтадан жөндетуден өткізуге Абайдың өзі көңіл аударып, оның едені мен төбесіне дейін тақтайлатқан екен. «Се­ мреставрация» ғылыми-жөндеу шеберханасының шебер­лері, міне сол заманның тыныс-тіршілігін бұзып алмауға тыры­сып бағуда. Бұл мұражайға күрделі жөндеу ұлы ақынның туғанына 125 жыл толуына орай осыдан 25 жыл бұрын жүргізілген еді. Содан бері ешқандай жөндеу жүргізілмей, мұражайдың күтім­ сіздікке ұшырағаны да шындық. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» демекші, заман қыспағы Абай атаның Жидебайдағы мұражайына да оңай тиіп отырған жоқ. Біз Ғизекеңдікінде түстеніп жатқан шақта мұражайға автобус толы қонақ сау етіп жетіп келген. Оларды қарсы алған Ғизекең шамалы уақыттан соң, қуана сөйлеп кіріп келе жатты. Сөйтсек, көршілес Шар ауданындағы Белтерек деген жерден көршілес Абыралы ауданына қыз ұзата барған құда-құдағилар Жидебайға арнайы ат басын бұрыпты. Ғизекең үшін бұл да үлкен қуаныш екені сезіліп тұр. Қазақтың рухани Меккесі атана бастаған Жидебайға келушілер легі, мейлі ол жаяу, мейлі аттылы, мейлі иномарка мінсін, толастамағаны ләзім. – Бірақ мұражайға келушілерді кітабымызға тіркеп алған соң оларға кәде-сый ретінде ұсынатын буклет кітап, тіпті значок та жоқ, – деп қынжылады шырақшы. Бұл да біздің көп нәрсеге мән бермейтіндігімізге бір ғана мысал. Сол күні кешкісін ат басын Қарауылға бұрып, осында тұратын белгілі Балтақайдың көзі – Манатай Толғанбаевтың үйіне келіп түстік. Мәкең бізді жайдары жүзбен қарсы алды. Бұл кісінің әкесі Балтақай – Мұқаңның, Мұхтар Әуезовтің Шыңғыстау, Абай еліндегі бірден бір қимас, сыйлас досы болған адам. Манатайдың өзі де жыл жарымдай уақыт Мұқаңның үйінде тұрып оқығаны және бар. Сондықтан болар, оның да Мұқаң туралы айтары көп.

Манатайдың байыпты да байсалды әңгімесіне құлақ түре отырып, залда кітап сөресіне қойылған Абай, Мұхтар мүсі­ ніне, қабырғадағы Балтақай ақсақалдың, нақ төрге ілінген дөң­ гелек жүзді әдеміше келген шоқша сақалды қарт­тың суретіне еріксіз көз жүгіртеміз. Бір көзі қысыңқы бұл қарты­ңыз Абайға ұқсай ма, қалай?.. Біздің көңілдегі осы сұрақты айтқызбай білген Манатай, ешкімге сұрақ қойғызбай-ақ, сурет тарихын баяндап кетті. – Құнанбай қажының суреті ғой, – дейді ол өзінің сөзіне есеп бере алатын адамша сенімді сөйлеп. – Осындағы бес-алты үй Ырғызбайға Шәкәрім қажының бел баласы Ахат ақсақал өз қолымен сыйлады. Құнекең бұл суретке Омбыға барғанда түскен секілді. Манатай солай дейді. Енді бұған Құнанбай қажының өмір тарихын зерттеп жүргендер көңіл аударуы қажет-ақ. Оң қабақ, әсерлі әңгімеге риза болып, жап-жақсы тынығып қалған, біз ертесіне аудандық әкімшілікке бардық. Аудан әкімі Өнер Смағұлов қалаға кетіпті. Оның орынбасары Төлеген Жаңғалиев әдеттегісіндей құшақ жая қарсы алды. Тегінде әкімшілік аппаратында, оның үстіне ақын атымен аталатын аудандық әкімшілікте ақынның қызмет еткені жарасып-ақ тұрады. – Алдыңғы күні бұршақ жауғанда, сіздер қайда болды­ ңыз­дар? А, жолда бұршақ жаумады дейсіздер ме? Онда сіздер­ ді Абай атамның әруағы қолдаған екен. Болмаса мұнда жау­ ған жас баланың жұдырығындай бұршақ әйнектерімізді сын­ дырып, ағаштарымызға дейін бүлдіріп кетті, – дейді Төкең. Осылайша амандық-саулық, жөн сұрасқан соң, Төлеген тойға дайындық барысы туралы қысқаша мәлімдеген. Той күндері Қарауылтөбе етегінде 700-ге жуық киіз үй тігілмек, 24 қанатты Президент резиденциясы тойдың төріне жайғасады. Темір қанатты бұл үйге 250 адам сыяды екен. Пре­ зидент резиденциясынан бергі бірінші қатарда Абай ауданы тігетін 85 киіз үй бой түземек. Оның төрінде Абай үйін ор­ таға алған Ырғызбай ауылы орналаспақ. Одан бері Әнет ба­ ба, Мамай, Тоқтамыс батырлар, Мұхтар, Көкбай, Шәкір ауы­ лы жайғаспақ. Әр ауылдың ұлы Абайға қатысы айшықты суреттермен кестеленетін болады. Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындайтын мың адамдық хор, аламан бәйге, түрлі ұлттық спорт ойындары, сондай-ақ арқалы ақындар ай­ тысының финалы той сәнін келтірмек. Абай ауданының көне дүниелер көрмесі шетелдік қонақтардың назарын өздеріне ау­ дарады деген үміт зор. Соның бәрін сыдырта, желпіне сөйлеген Төлеген енді бір

сәт бізден рұқсат сұрап, шығып кеткен. Іле қайта оралған ол: «Сіздермен ауданның мекеме басшылары, интеллигенция өкіл­ дері кездескілері келеді» деген тілек білдірді. Түс ауа өткен бұл кездесуді қысқаша сөз сөйлеп ашқан аудан әкімінің бірінші орынбасары Байбота Орынбаев мырза да, Төлеген мен кешегі Манатай да, аудандық жекешелендіру комитетінің төрағасы Әлімқұл Исақов та бізден көңіл мар­ қайтатын ыстық ықыласқа толы сөздерін аямаған. – Баяғыда Мұқаң қайтыс болғанда, – деген бұлардың соңын ала сөйлеген Әлекең, – Кәнекең, Қаныш Сәтбаев, Баукеңді – Бауыржан Момышұлын қасына ертіп, астананың бір шетіндегі зиратқа дейін жаяу барыпты. Мұны олар Мұқаң аруағына өз­ дерінше тағзым деп біліпті. Міне, сіз бен бізге үлгі-өнеге. Сол үлгі-өнегені сіздер қайталадыңыздар. Бұл баршамызға сабақ болатын өнеге. Бұдан соң аудан әкімінің өкімімен жаяу жорыққа қаты­ сушыларға «Абай елінің құрметті азаматы» деген атағы беріл­ гені жайлы шешім оқылды. Мұны біз осы жаяу жорыққа ұйыт­қы болған қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетіне, «Абай» қорына көрсетілген құрмет ретінде қабылдадық. Иә, ұлы бабамыз жүрген жолмен, оның табаны тиген жер­ мен алғашқы жаяу жүру сапары аяқталды. Бұл әсте де спорт­ тық шара емес. Спортшылар үшін бұл қиын да соқпас еді. Әң­ гіме басқада – бұл ұлы данышпан бабымызға тағзым ету, оның алдына келіп арылу, рухына жүгіну. Өзімізден басталған істің мәнін қазбалап айту біртүрлі әдеттен озғандай да көрінеді. Сөйтсе де ұлы бабамыздың ру­ хына, әруағына тағзым етудің бұл да бір жолы екенін жаны­ мызбен де, тәнімізбен де түйсінгендейміз. Ұлттық рухы­мыз­ дың қайнар көзі – Абай әлеміне бойлап үңілудің бұл жолын басқалар да қаласа екен деген ой сол жаяу сапар кезінде үнемі жадымызда жүрді. Әсіресе, жастарымызға мұндай сапардың берері көп болар еді-ау дейсің. Осы бір пікірді айта отырып, жеңіл де еместігін еске сала кет­ пекпіз. Сірә, мұндай рухани сапарға шыққысы келетіндер кө­ бейіп жатса, оны туристік мекемелердің қолға алғаны да жөн шығар. Тек ұлылыққа тағзым етуді жай жеңіл-желпі көңіл көтерумен шатастырмаған жөн. Ұлылыққа тағзым ету, азаматтығымызға өлшем болып жатса, кәні! Алматы – Семей – Жидебай – Қарауыл – Семей – Алматы.

Екінші сапар БҮКІЛ ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ ЖЕРІ Қай халықтың да басын біріктірер тұлғалары болады. Олар елдің туы сияқты. Халық солардың рухы төңірегінде топтасады. Кейде бір халықтар жойылып кетіпті деп естиміз. Олардың рухына бас иер ортақ тұлғалары болмағаны анық. Әйтпесе, олар құрымас еді ғой. Ондай тұлғалардың өресі өз елінен асып тұрса, онда сол халықты сол тұлғалар арқылы басқалар іздер еді. Ұлы тұлғалар елдің төлқұжаты іспетті. Солар арқылы басқалар халықты таниды. Былтырғы жылы ұлы Абай қазақты әлемге танытты. Әр тілде шыққан Абай шығармаларын оқып әлемнің шартарабындағы елдер қазақ дейтін тәуелсіз халық бар екенін білді. Жәй халық емес, Абайдай ұлы ойшылды тудырған ой-өрісі кең халық бар екенін білді. Сол ұлы Абайдың бір жарым ғасырлық мерейтойы қазақ халқын басқаларға танытып қана қойған жоқ, сол қазақтың, өзін де рухани жағынан бір байытып, бірлігін арттыра түскенін айта кету ләзім. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген данышпан баба бүгінгі ұрпағына бөлінбеуді, бір жағадан бас шығаруды, бір жеңнен қол шығаруды айтып, тіл қатып тұрғандай. Ұқсақ жөн. Абай – асқар тау, бірақ ол жалғыз емес. Барша қазақ ортақ санар, айналасына топтасар басқа да тұлғаларымыз бар – шүкіршілік. Кеше Абайды тойласа, бүгінгі күні бүкіл қазақ ұлы жырау Жамбылдың 150 жылдығын тойлауды бастап кетті. Оны қазақтың ұлы даласының бар аймағы тойлап жатыр. Қазаққа жыр ортақ болғанда, сол жырдың жампозы Жамбыл ортақ болары заңды. Иә, ұлыларымызды бағалауымыз керек. Халық болып қалуымыз үшін, әлемге танылуымыз үшін бағалауымыз керек. Өзіміз өсуіміз үшін, рухани баюымыз үшін солардың рухына табынып, тағзым етуіміз керек. Олардың алдында әр қазақтың өтейтін перзенттік парызы бар. Ұлылардың рухынан нәр алып, бойларына бір нәрсе жұқтыра алған болса, ондай адамның бәрі де олардың алдында борыштар. Қайтіп өтеледі ол борыш? Ең алдымен, шама-шарқынша басқаларды да ұлылардың рухына жақындатуы керек, ұлы есімдерді қастерлеп, олардың әруағын құрметтеуі керек, олардың ұлылығына тағзым етуі керек. Саралап айтсақ, мұның да жолы көп. Сол жолдардың бірін

біз де таңдаған едік. Қазақта әулие-әмбиелердің, ұлылар­дың жатқан жеріне барып, зиярат етіп қайтар дәстүрі бар. Ұлы­ лықтарына тағзым етіп, әруағын құрметтеп, бас иіп бара­ды. Ұлылардың мұрасын мойындап қана емес, шама­шар­қын­ша зер­десіне құйып барады. Ұлылық алдына кейбір пенде­ші­ліктен арылып барады. Өткен жылы «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы Абай қорымен бірлесе отырып, Семейден Абайдай дана жат­ қан Жидебайға «Ұлылыққа тағзым» деп аталатын жаяу сапар ұйымдастырып, әруақты құрметтеу шарасын өткізген еді. Оны ұлы ақын ауылы бүкіл қазақтың Абайына құрмет көрсетудің жаңа бір түрі, ұрпаққа өнеге боларлық түрі ретінде жоғары бағалады. Жаяу сапарға қатысушыларға үлкен құрмет көрсетті. Көпшіліктің ықыласын ескеріп, газет редакциясы тағы бір тұлғамыздың – жыр алыбы Жамбылдың мерейтойы қар­са­ ңын­да сол бастаманы жалғастыруды – халықаралық Жам­был қо­рымен бірлесе отырып, Алматыдан Жамбыл мұражайы ара­ сына жаяу сапар өткізуді қажет деп тапты. Бұл шараны Алматы облыстық әкімшілігі де жақсы көңілмен қарсы алғанын айтқан жөн. Ал жол-жөнекей көрсетілген ықыластың орны бөлектеу... Егемен қазақстандықтар бұл күнгі қызметін астанадағы Жамбыл ескерткіші басында бастады. Таңертеңгі сағат то­ғыз­ да «Алматы» қонақ үйіне қарама-қарсы орналасқан Жәкең ес­керткіші алдына газет ұжымы «Ұлылыққа тағзым» сапарына қатысушыларды шығарып салуға келді. Осы бір салтанатты бас қосуға халықаралық Жамбыл қорының, Алматы облысы әкімшілігінің қызметкерлері де қатысты. Жар салып, жария етілмесе де, құлағдар болған ақпарат құралдарының өкілдері де әжептәуір қара көрсетіп қалыпты. Жаяу сапарға аттанушылар Жәкеңнің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Нұрлан Оразалы, Халықаралық Жамбыл қорының директоры Нағашыбек Қапалбекұлы, Алматы облысы әкімшілігі аппа­ ра­тының ішкі саясат бөлімінін меңгерушісі Айтбек Сейітов жұрт назар аударған сапардың мән-мағынасына тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Жүрек тебірентерлік салтанатты жағдайда басталған сапар осылай қайтадан жалғасқан еді. Жалғасты дейтін себебіміз, «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапары өткен жылғы дәл осы күні, яғни 1995 жылдың 30 мамырында басталған болатын. Сонау

Семейден Қарауылға, ұлы Абайдың кесенесіне жасалған жа­ яу сапар алты күнге созылған еді. 181 шақырым жолды жү­ріп өтуді ерлікке санағымыз да жоқ, бірақ ол ұлы Абайдың та­лай жүрген жолы еді. Сол жолмен жүріп өту, қазақтың да­ныш­ пан перзенті тыныстаған ауамен тыныстау сол сапарға қа­ тысушыларға ерекше әсер қалдырған. Арадағы бір жарым ға­ сырлық уақыттың жасаған көзге түсер өзгерісі, бәлкім, сол са­ йын даланы таспадай тіліп салынған тас жол шығар. Әйтпесе, жол бойы көлеңке етіп, бой тасалар бір ағашы жоқ, көсіліп жатқан далада екі қапталдан кезекпе-кезек қосылып отыратын жоталармен жарысып, жаяу сапар шегу оңай да болмағаны рас. Бұл сапардың мәні де сондай еді. Ол ұлы Абай жүрген жол еді. Сол жолмен жүрудің өзі бақыт. Жүзіңді күн қақтап, кенет ғайыптан пайда болған шөкім бұлттар бұршақ аралас жаңбырын төгіп өткені көңілді жабырқатпай, қайта өсіретіндей еді. Ол сапар жөнінде кезінде «Егемен Қазақстан» газетіне жазылған. Сондықтан да оған көп тоқталмай, осы жолғы екінші бір мәртебелі сапардың жай-күйіне ойысалық. Жамбыл ескерткішінен бастау алған бұл сапар қала ішін­ дегі Жамбыл көшесінің бойымен жалғасып кете барды. Тіпті редакция ұжымы ішінде Райымбек бабамыздың кесенесіне де­ йін ілесе барғандары да болды. Халқымыздың бойына дарыған жақсы қасиет, алыс сапарға аттанарда өздері ардақ тұтқан қа­ сиетті орындарға барып, бас иіп, құран оқытып жататыны бар. Бұл жолы да осы парызды өтеу үшін алдымен Райымбек ата күм­безіне бет бұрдық. Аты аңызға айналған әруақты бабамыз атан түйесі келіп шөккен жерде мәңгі ұйқыға кеткені белгілі. Әруақ сыйлаған, кісілікті пір тұтқан Жәкең де бұл жерге тоқ­ тамай кетпеген шығар. Белін бүгіп, бата жасаған болар. Біз де сол арада шырақшы қарияға құран оқытып, оған ұлы ақынның атын қосып, бата жасаттық. Әруақтар алдындағы пары­зы­мыз­ ды өтеп, көп кідірмей сапарды жалғастырып кете бар­дық. Алматының батыс шеңберінен шығысымен, Ұлы Жібек жолының бойымен жүре бердік. Сан ғасыр бойы миллиондаған жүргінші өткен қасқа жолды тыныштықты білмейтін бейнет­ кер жанға теңегің келеді. Арлы-берлі ағылған сан түрлі мә­ шинеде тыным жоқ. Шамасы күндіз-түні бір тыншымайтын Ұлы Жібек жолының осы тұсында тіршілік мәңгі толаста­ майтын шығар. Бұл жолмен ұлы жырау талай жүрген ғой. Бәлкім, біз сияқ­

ты жаяу да жүрген шығар. Ертеректе, көк есек мініп жүріп­ті деген де сөз бар. Дүлдүл ақынын халқы жаяу да қалдырмағаны анық. Әсіресе, кейін тоқсаннан асқан шағында оған деген құр­ меттің жөні бөлек болғаны да белгілі. Бұл өңірге ғана емес, республикаға келген алғашқы жеңіл мәшиненің бірі Жәкеңе мінгізілгенін жұрт біледі. Әйтеуір жаяу жүрсе де, көлік мінсе де, бұл ұлы жыраудың талай жүрген жолы екені анық. Ізгі ниетті мақсат тұтып, Жамбыл кесенесіне дейін жа­яу баруды мәртебелі міндет санаған адамға бұл сапар пәлен­дей ауыр емес. Әйтсе де қаптаған қалың көлік нөпірі бір толастамай, ұдайы жан-жағына қарап отыру, дарылдаған, гүрілдеген жүк мә­ шинелеріне жалтақтай беру тынышыңды алады екен. Қаладан шығар тұстан басталған шағын дүңгіршектер мен базаршылар да он-он бес шақырымға дейін таусылмайды. Оларда кездесетін адам да баршылық. Сенің жаяу сапарға шығып, алысқа кетіп бара жатқаныңды сезбейді де. Базарымнан бірдеңе алып қала ма дейтіндей сұраулы кейіппен үміттене қарайды. Қаладан алыс­ тамай-ақ, қаптаған қалың көлік мезі етті. Жол бойы қайсыбір таза ғой дейсің, газды түтін жұтумен жүріп отырып, түс ауа КЖИ-дің тұсына жеттік. Жаяу түгілі көлікпен жүргендер де ат шалдыратын жер. Жол жағасында ақ шағаладай етіп, үш-төрт киіз үй тігілген. Біз сияқты әжептәуір жаяу жол жүріп, аяқ суытуды ойлағандарды ғана емес, жұрттың бәрін қызықтырғандай. Осы жерде еріксіз бір ой қажағаны бар: басқа жұртта ту­ ризмді де елдің еңсесін көтеретін шаруаға айналдырады. Мы­ надай әдемі отау орындар қай турисіңді де қызықтырар еді ғой дейсің. Тіпті кейін Алматы және Жамбыл мұражайының арасында жаяу жүретін туристік маршрут ашып, осы жерді бір бекетке айналдырса, табыс көзіне де айналмас па еді, рухани игілікке де қызмет етпес пе еді?! Әлденіп алған біздерге Қаскелең енді онша алыс көрін­бей­ ді. Әкімшілік алдында бізді Қаскелең ауданы әкімінің жауапты қызметкерлері күтіп алды. Аудан әкімінің орынбасары Аян Айтжанов мырза қабылдап, ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Әйгерім Наурызбаева ханым сөйлеп, Жәкеңнің тойына әзір­ лік барысын айтып өтті. Осыдан соң Елбасы Нұрсұлтан На­ зарбаев оқыған мектепке бардық. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары біздің келе жатқанымызды естіп, күтіп тұр екен. Осында өткен қызықты кездесуден соң, Абай мектебінің ұжы­

мы дастарқан жайып, Жамбыл бабаларын көзі көрген қа­рия­ лардың естеліктерін айтып берді. Осы арада Аян Айтжанов мырза сәуір айында Абай ауда­ нынан Жамбыл ауданына келген 120 адамның тең жартысын Қаскелең ауданы күтіп алып, екі-үш күн сыйлағандарын тілге тиек етті. «Абай ұрпақтарымыз деп бізге келген азаматтар ке­ ремет жандар екен, – дейді ол. – Абайлықтардың бастаған баянды шаруасы көпке үлгі болды. Өте үлкен ұлағатты шараны қолға алып, халқымыздың бір-біріне деген ынтымағын, бауыр­ мал­дығын таныта білді. Ауданның әкімі бастап, өзі келіп Жам­ был бабаларын көкке көтеріп, ас беріп, құран-қатым түсіруі сү­ йінішті жәйт. Соншама адам алыстан ат арылтып келіп, соятын қойы мен жылқысын, тарту ететін түйесін жетектеп келіп, казаношағын көтеріп, киіз үйлерін тігіп, отын-суын әзірлеп келуі неге тұрады! Біз Абай тойына Алматы облысы болып осылай бара алдық па? Өзімізді өзіміз сынауымыз керек қой. Абайлық бауырларымыз үлкен панно жасапты: Шыңғыс тауының ба­ сына Абайды, Алатаудың басына Жамбылды қойған да, сол екі таудың көлеңкесін құшақтастырып қойған. Бұл дегеніңіз халықты біріктірейік, ынтымақта болайық дегенді көрсетеді. Олардың сол келісін мен мақтан тұтып, Қаскелеңнің орысқазағына түгел жеткіздім. Аян Айтжанов мырзаның тебіренісіне сүйсінесің. Кейбіреулер өзінің ісін асыра көрсеткенге құмар. Басқаның жақсылығын айтуға жоқ. Ал бұл азамат басқаның жақсылығына тебіренеді. Өзінің кемшілігін де айтудан тартынбайды. Сірә, жақсы істер осындай жерде жалғасын табады! Абай мектебі шаңырақ көтергеніне алпыс жылдан асыпты. Бір кезде онда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оқығанын мұндағылар мақтаныш тұтады. Елбасы да өзі оқыған мектепке уақыт тауып келіп тұрады екен. Осы жолы мектеп директоры Мәрия Хамзақызы Елбасының соңғы келіп қайтқан сәтін әңгімелеп берді. – Сіздердің осы сапарларыңыз біраз жұртқа ой салады. Қарға адым жерге жаяу аттап басқысы келмейтін кейбір жас­ тарымызға үлгі боларлық жәйт. Жамбыл бабамызға деген құр­ метті осылайша көрсетудің жолын өзгелерге ұғындыра білу де ғанибет. Біз сіздерге ауданымыздағы 47 мектептің ішінен әдейі осы мектепті көрсетуді ұйғардық. Бізде түрлі мекеме көп. Алайда кездесуді осында жасаған себебіміз – мұғалімдер

арқылы, оқушыларымыз арқылы бұл шараның мәні халыққа кеңінен тарайды, – дегені бар Аян мырзаның. Қаскелең дей­ тін де ұлы ақынның жырында талай кездесетін қасиетті жер, «Тыңда дала, Жамбылды, тыңда, Қастек, Қаскелең!» деп ша­ быт шақырғанда, ұлы ақынның ауызға алатын жері. Осынау өлке ұлы ақынның тойына өзінше, өз өрнегімен дайындалып жатыр екен. Ұлы ақынның мұрасына арналған көптеген ша­ ралар өтіпті. Жұрт өз дайындығы арқылы бір-бірімен шы­ ғармашылық бәсекеге түсіп жатқан көрінеді. Ұлы жырауға деген құрметтің шапағаты бізге де тиіп жа­ тыр. Болған жерімізде бабаға тағзым етіп бара жатқан ние­ тімізге ризалығын білдіреді. Осынау бастамамызды жасөспі­ рім­дердің өзі өнеге ретінде қабылдағанына біз де риза болдық. Құрметтеп қарсы алған қаскелеңдіктер жолдан шаршаған шы­ғарсыңдар деп, жақсылап тынықтырып, ертесіне сол жы­ лы көңілмен шығарып салды. Алда – Шамалған, Қарғалы, Ұзынағаш ауылдары жатты. Үлкен жолдың бойынан сәл жырақтап, бөктерлей тартқан жолдың бойында алғашқы күнгідей емес, көлік сиреп, қала­ ның шаң-шуынан, қымқуыт тіршілігінен бір сәт құтылып, жаяу­латып жолаушы жүрген жақсы екен. Даланың таза ауа­сын еркін жұтып, жанындағы жолдасыңмен емін-еркін әңгіме­ле­ суге мүмкіндігің мол болады. Біресе тобымызбен, біресе қосқостап жүріп, армансыз бір шүйіркелестік-ау. Әрине, әңгіме арқауы көбіне Жәкең жайында. Осы сапарға шығатын болған соң-ақ, талай әңгіме көңілге түйіле бергені де бар. Сонымен бірге қай-қайсымыздың да бала күнімізден жырын жаттап өскен ұлы жырау жайында естігеніміз де, ай­та­ рымыз да баршылық. Жаяу сапарға қатысушылардың ақса­қа­ лы, жетпісіне жақындаса да, қарттықты мойындамайтын бел­ гілі фотожурналист Нұрғожа Жұбанов ағамыздың көргені де, естігені де көп. Суретке түсірудің ғана емес, білмейтін жұртқа айтарымыз, Нұрекең әңгіме айтудың да шебері екен. Сөйтсе де бұл кісінің Жамбыл жайында айтары мұншалықты мол болар деп ойламағанымызды да жасырмайық. Әдебиетшінің Жамбыл туралы көп білетіні әрине, таңдандырмайды. Жазушы Зейнолла Серікқалиевтің бұл бір жағы қызметі де ғой. Белгілі әдебиетші, сондай-ақ Парламенттің де белді қызметкері Зекеңнің Жәкең шығармашылығымен қатар, сонау студенттік шағында да бұл ауылға талай келгені де бар

екен. Барлық жағынан үйлестіріп айтқан әңгімесі біраз жол­ ды қысқартты. Қазақтың ұлы ақынына туыстығын, жерлес­ тігін айтқанмен, ешқайсымыз «Заман Қазақстан» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлына Жәкеңді бөліп бермей­ті­ німізді күні бұрын ескерткенімізбен, оның ерекше қызықты әңгімесін тыңдаудан бас тартқанымыз жоқ. Осы сапар бізге Манарбек Ізбасаров дейтін жақсы азаматты таныстырды. Жамбыл қоры директорының орынбасарлығы, осы сапардың өтуіне белсене қатысуы өз алдына, ізетті де білімдар аза­мат­ тың парасатты әңгімесі ой қоржынына біраз дүние салғанына қуандық. Осы сапар кезінде Жәкеңнің рухына жақындай түстік. Өзімізді өзіміз тани түстік дегенде, көңілге осы әңгімелер орала­ ды. Алғашқы күннен бір өзгешелік – екінші күні табиғат­пен етене араласып, тамылжыған даланың сұлулы­ғына тамса­ну­ мен болдық. Өткен жылы Абай тойы қарса­ңында да Семей өңірі ерекше құлпырып көкорай шалғын мол болып, жер әлем ерекше түрленіп кеткен еді. Биыл міне, Жамбыл тойы қарсаңында да табиғат ана ерекше жомарттық танытып, бүкіл әлем шалғынға оранып, қырат-қырқалар қып-қызыл өрттей қызғалдаққа толып кетті. Жамбыл кесенесіне қыста да сапар жасауға болатын. Онда жігіттер мен қыздар тауды бөктерлей отырып, шаңғымен жү­ ріп өткендей еді. – Бір жығылып, бір тұрып, тау етегін жағалап, қалың қарды оппалап, екі күнде Жамбыл бабамыздың мұражайына жеткен едік. Алатаудың бөктерінде қаңтар айының соңы болса да күн шуағы ерекше төгіліп тұрды. Сол жолғы сапарымыз да ерекше есте қаларлықтай көңілді өтті, – дейді «Алатау» телебағдарламасының жүргізушісі, осы сапардың бір мүшесі Ерғалым Төкеұлы. Аудан аумағынан өтіп бара жатқанда бұл жерден көргендеріміз ойға қайта орала берген. Қаскелеңдегі Абай атындағы мектеп оқушылары қолөнер бұйымдарын шебер жасайды екен. Жасөспірімдердің қолынан шыққан түкті кілемшеде, бас­ қа да толып жатқан үй жиһаздарында мін жоқ. Балаларын осын­ дай шеберлікке, ісмерлікке тәрбиелеп, баулыған ұстаз Халбибі Естаева мектеп қабырғасынан талай қолөнер шеберлерін бау­ лып шығаратын түрі бар. Дәл бүгінгі кез үшін ол керек-ақ.

Осы мектепте Президентіміздің оқығанын айттық. Осындағы мұражайда Нұрекеңнің балалық шағын бейнелейтін, өзінің клас­тас достарымен, мұғалімдерімен түскен суреттері сол жер­ де есте қаларлық өзге де белгілері тұр. Оның бәрі бір мектеп­ тің аясында қалмай, басқалардың да назарына іліксе, жөн-ау дейсің. Соңғы үш-төрт жылда Қаскелеңге сырттан көшіп келуші ағайындар көбейе түскен. Әсіресе, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, басқа да аймақтардан қоныс аударушылар артып, өз ұлтымыздың өкілдерінін саны едәуір бола бастағаны байқалады. Республика Президентінің туған ауылы Шамалғаннан өткенде де, еліміз жеңіл өнеркәсібінің айтулы бір кәсіпорнының орналасқан жері – Қарғалы ауылынан өткенде де азаматтарымызды бағалау, елдігімізді қастерлеу, ұлыларымызға тағзым ету жайында талай ойлардың оралғаны бар. Осындай ойларға жетелейтін осындай сапарларды басқалар да жалғастырса жөн болар-ау дейсің. Үлкеніміз Нұрекең, Нұрғожа Жұбанов ағамыз осы сапарға шыққанына тіпті риза. Бір әттеген-айы, өткен жылғы Абай еліне сапардан қалып қойғанына өкінеді. Амандық болса, алдағы сапарлардан қалмайтынын айтады. Нұрекең, бүкіл жол бойы өзінің кәсіби «қаруы» – екі фотоаппаратын мойнына асып, қос қолдап ұстаған күйі жүріп отырды. Сөйтсек, ол кісі әлгі қаруларын қырық жыл бойы мойнына асып келеді екен. Бақсақ, осы сапарға еліміздің әр қырынан азаматтар қосылған екен. Бәрімізді табыстырған, «Ұлылыққа тағзым» атты сапар арқылы тоқайластырған бабаларымыздың рухы екенін аңғарып келеміз. – Жамбыл жырларын біз бала кезімізден жаттап өстік. Біз­ дің қатарларымыз Жәкеңнің асыл мұраларын бағалай білетін­ дігінде дау жоқ. Бір өкініштісі қазіргі балалар ұлы жыраудың өлеңін дәл біздей жатқа біле бермейді. Оған енді бір жағынан өзіміз кінәліміз. Бәлкім біз дұрыс насихаттай алмай жүрген болармыз, – дейді Нұрекең. – Осыны бәріміз ұқсақ-ау. Екі күннің жолын қысқартып келеміз. Соны аңғарған Жұмабай жаңа бір әңгімені бастады. – «Ұзара түсіп жол жатты» деп ұлы ақынның айтатыны бар. Сол айтпақшы кешеден бергі сапарымызда осыған көзім жетіп келеді. Қиналып жүргенде жол ұзарып кетеді екен де, көңілді жүргенде ол қысқарады екен.

Жамбылдың осы жолмен талай жүргеніне тарих куә. Өз өмірінде осы жолдың бойынан сонау Семейге дейін барғанын өзі айтқан. Демек, Жәкең өз ғұмырының жастық шағынан бастап, соңғы күндеріне дейін Алматыға сан рет барғанына күмән жоқ. Нешетүрлі өнер сайысы, әр кездегі айтыстарда, тіпті 1913 жылы 17 ақынмен бірге атақты көрмеге барғанда да осы жолмен өтті. Бұл жолы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Шы­ ғыс елдерінің Жібек жолының көктей өтетін, бүкіл ата-баба­ ларымыз жүріп еткен тарихи жол екені түсінікті. Біздің әкешешелеріміз жолда бір қонып, Алматыға жетеді екен. Міне, осы жолмен ағаларымыз бастап, біз қостап дегендей келе жатқан жайымыз бар. Мен ойлаймын: кейде тіпті рухани тазару үшін күнделікті күйкі тірліктен, пендешіліктен арылу үшін де жаяу жүріп қойған абзал болар деймін... Алда күткеніміз Қарғалы ауылы еді, бірақ «Фабричный» деген жазу қарсы алды. Шамасы елді-мекеннің жазу белгісі әлі өзгере қоймаса керек. Сондықтан болар бұл ауылды біреулер Фабричный десе, енді біреулер Қарғалы деумен келеді. Сапарымыздың екінші күні жұмаға дөп келген-ді. Қарғалының орта шенінде мешіт бар екенін естіп, сонда бұрылдық. Салынғанына 110 жыл өткен көне мешіт сол күйде бұзылмай, жұ­мыс істеп тұрғаны қуантады. Алдымыздан шүпірлеген бала­ лар жамырай шықты. Бәрінің бастарында тақия, қос қолдарын ұсынып амандасып жатыр. Отыз-қырық бала бізбен бірге ме­ шіт үйіне қайта кірді. Ауыл молдасы Сейітқали имам жұма намазын оқып болған соң, үйіне кетсе керек. Әлгі балалардың ішінен ересектеу екеуі қолдарына Құран кітабын алып, біздің алдымызда қасиетті сүрелерді сұңқылдатып оқи жөнелді. Осы екі баланың бірі азаншы көрінеді. Аты – Айдос Жаппарұлы. Қасындағысы Садықжан екеуі балаларды оқытып жүрген ұс­ таздармыз деп таныстырды өздерін. Балалар мешітке күнде келіп тұрады екен. Біз құран оқытып, мешітке садақа беріп шыққанда 7-8 жасар бала жетектеген Зәкира деген әйел келді. – Үйіміз ауылдың ең шетінде еді, балам екінші класта орысша оқиды. Әйтсе де, қазақылығынан, мұсылмандығынан айрылмасын деп мешітке ертіп әкеліп тұрмын. Құран оқып үйренсін, мұсылмандық парызын өтеуге бейімделсін, мына балалар секілді бос уақыттарында мешітте жүрсін, – дейді Зәкира келіншек.

Түс ауып кеткендіктен болар мұнда ересектер көрінбейді. Ал қасиетті мешіт төңірегінде балалар толып жүр. Біздің бо­ лашағымыз саналатын балалардың мешітке үйірсектеп, иман­ дылыққа бейімделіп жүргені қуантты. Қарғалыдан шыққанда тайға мініп, тайынша баққан бала кездесті. «Ағалар, жаяулатып қайдан келесіздер» дейді аман­ дықтан соң. Өзі ашық екен. Алматыдан жаяу шықтық деге­ німізге сеніңкіремеді. Жамбыл баба кесенесіне әдейі жаяу­ латып шыққанымызды, осылайша ұлы ақынға деген құрме­ тімізді көрсетпек болғанымызды түсіндірген болдық. Алды­ мызда автобусымыздың барлығын, әдейі жаяу сапарға шық­­ қанымызды айттық, ол иығын қиқаң еткізді. Тайын бір те­бі­ніп алды да, ілгерілей берді. Келесі бір қырқадан шыға келген есекке мінгескен өзі құралыптас екеуге: «Ана кісілер Алма­ тыдан жаяу шығыпты, Жамбыл музейіне дейін жаяу барамыз дейді» деп әлгілерге біздің сапарымызды түсіндіріп жатты. Иә, біздің сапарымыз оларға да ой салғандай. Кеш бата Ұзынағаш ауылына да келіп жеттік. Аудан орталығында біздің осы сапармыздан хабардар болған бір қауым жұрт күтіп тұр екен. Алаңда атқа мініп, найза ұстаған Қарасай батыр ескерткіші тұр. Осыдан үш жыл бұрын мұнда Лениннің қолын созған тұлғасы тұрушы еді. Ұзынағаш халқы батылдық танытып, бір күнде Ленинді тұғырынан түсіріп, халықты жаудан қорғаған Қарасай батырдың ескерткішін орнатып тынған еді. Ол кісі 1598 жылы туып, 1671 жылы дүниеден өткен. Сол ескерткіш жанында аудан әкімніңің орынбасары Ақжәмила Аралбаева бастаған топ шағын митингі өткізді. Аудан ардагерлері кеңсесінің төрағасы О.Тасыбаев ақсақал тебіреніп сөз сөйледі: – Жамбыл атаның астана төріндегі ескерткішінен бастап, жаяу сапар жасап келеді екенсіздер. Соңғы мәреге де жақын­ дап қалдыңыздар. Сіздер шаршамай-шалдықпай жетеді деп се­ неміз. Халқымызда бұрыннан бар дәстүр бұл. Сіздер маңдай терлеріңізді төгіп, ұлы ақынға деген құрметті жаяу жүріспен көрсетіп, алыстан келдіңіздер. Жамбыл баба рухы сіздерді кө­ термелеп отырсын, Құдай қолдасын. Бұл кейінгі ұрпаққа өнеге, әсіресе жастарға ой салады... Мұнан кейін ұстаз-ана тебіреніп сөз жалғастырды. Сонан соң... «Ақындар елі, батырлар елі» атанатын Жамбыл ауданының

жұртшылығының ұлы ақынға тағзым ете келгендерге бұлай құрмет көрсетуі заңды ғой. Дәл қазір бұл ауылда шаруаның үлкені – ұлы ақынның ұлы тойына дайындық. Бәрінің де – кәрінің де, жастың да аузында – осы әңгіме. Бұл ауылдың той­ ға қатысты шаруасы өз аумағынан асып, басқа жаққа жал­ғасып жатыр. Біздің келетінімізден хабардар аудан әкімінің орын­ басары Тоққожа Естенов мырза Жәкеңнің туған жері Жам­был облысындағы Мойынқұмға кеткен екен. Жаяу сапарға қаты­су­ шыларға өзінің үлкен құрметін қалдырып кетуді ұмытпапты. Бізді ренжімесін депті. Әрине, ренжімейміз. Ұлы жыраудың тойына арналған қауырт жұмысқа қуандық. Сапардың соңғы күні Ұзынағаштан бізге қосылып жүрушілер қатары көбейді. Соңғы бекетке бағыт ұстаған біз алдымыздағы: «Екей елін күреске көтеруші, Алатау дуанының төбе биі, Ақылға алғыр, сөзге шешен, Әділдігің болып еліңе игі», – деген құлпытасында жазуы бар Сарыбай Айдосұлының (18211890) ескерткішіне тағзым еттік. Ұлы жырау Жамбыл кесенесіне барар алдында ол жырына қосқан атақты қобызшы Түктібай бабаның зиратына бұрыл­ дық. Ол кісі шамамен осыдан 300 жылдай бұрын ғұмыр кешкен екен. Ол кісі туралы айтылып жүрген жұрт аузында аңыз көп. Оның қасиетті қара қобызы әлі күнге өзінің ұрпақтарының қолында. Түктібай баба зираты жанында оның қазіргі ұрпағы Алпысбайдың, одан тараған ұрпақпен кездестік. Ақ матаға орал­ған сол қасиетті қара қобызды Түктібай бабаның ең соңғы ұрпағы Алпысбайдың қызы Гүлсім әкелді. Қасиетті мұраны қастерлеген жандарға сүйсіндік. Жәкеңе тағзым ете келген жұрттың көпшілігі осы бір әу­ лиенің басына да соға кетуді парыз санайды. Өйткені, оны Жә­ кеңнің өзі сыйлаған көрінеді. Біздің де осылай бұрылуымыз сондықтан еді. Міне, ұлы бабаның ауылына да жеттік. Армысың, қасиетті мекен! Көкірек толы көп сезім ағыл-тегіл. Бәрін айтып жеткізе алармысың. Осынау істі ниет еткелі бергі көңілді күпті еткен ойлардың бәрі қат-қабат келіп, ернеуінен асқан сәт. Осы ізгі ниетті құптап, ризалығын білдіріп, бүкіл ауыл болып қарсы ал-

ған жұрттың жүзін көріп, қайтіп тебіренбессің! Ақсақалды аталар, ақ кимешекті аналар келіпті. Армысыңдар, ұлы баба ауылының абзалдары! Тізіліп тұрған ақ шағала бүлдіршін­дер­ дің пәк көңілін немен өлшерсің. Сендерді ұлы бабаның әруағы жебеп жүрсін, болашақ ұрпақ! Жаяу сапарға қатысушыларды аудан жұртшылығының өкіл­дері, әкімшілік қызметкерлері, Жәкең ауылының үлкенкі­шісі түгел қарсы алды. Бұл ұлы ақынға деген құрмет, оның әруа­ғына деген құрмет. Кездескен жұрт жаяу сапарға қатысу­ шыларға сый-құрметін, жақсы сөздерін аяған жоқ. Біз оны осы­ нау игі шараға мұрындық болған қазақ баспасөзінің қара ша­ ңырағы «Егемен Қазақстан» газетінің атына, Жамбыл қорының атына көрсетілген ілтипат деп қабылдадық. Ұлы ақын ауылына аяқ басысымен жаяу сапар мүше­лері­ мен бір жүріп, ізгі ниетті шараның ойдағыдай өтуіне бар­ лық жағдай жасап, шарқ ұрып жүрген азаматтар аз болған жоқ. Бәрінің атын атасаң ұзақ тізім жасауға тура келер еді. Іріктеп атағың келмейді. Аталмағандардың көңіліне келер деп ойлайсың. Бұл елде ақын тойына арналып жасалып жатқан шаруа көп. Оны да тізіп айтар болсаң, ұшығына жету қиын. Ол жеке әңгіменің тақырыбы. Тұжырымдап айтар болсақ, бүкіл республикамызға сын болар тойдың үлкен жауапкершілігін бұл ауыл мықтап сезініп, әрекет жасап жатыр. Иә, осынау киелі ауылға жаяу сапарымыз аяқталды. Ақ ни­ ет­ті арқалап келгенімізде ұлы бабаның әруағы бір тебіренді ме екен, кім білсін-ау. Біз бір парызды өтегендей сезімде болдық. Осындай қастерлі сезімді басқалар да бастан кешсе екен дейміз. Бүкіл қазақтың бір киелі жері, ұлы жырау ауылы ешкімді жатырқамайтындай. Онда дархандылықтың мәуесі жайқалып өсіп тұр. Оны ұлы жырау баба сеуіп кеткен. Алматы – Жамбыл ауылы – Алматы.

Үшінші сапар ПАРАСАТТЫ ОЙ ІЗДЕП БАРАТЫН ЖЕР Осыдан тура екі жыл бұрын ұлы Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында, ұлылардың мекеніне жаяу бару, олардың табанының табы тиген жермен жүріп өту ойымызды алғаш рет жүзеге асыруға кіріскенімізде, көңілімізді аз-кем күдік билегені де анық еді. Осынау қадамымызды жұрт қалай қабылдар екен деп қобалжығанбыз. Өз мақсат-ойымыз айқын: ұлы Абайдың рухына бас ию, оның рухани әлеміне үңілу, ұлылық алдында өзіңе-өзің есеп беріп, арылу. Ал оны басқалар, көпшілік қалай қабылдайды, дегенбіз. Бүгінгі сапарда ондай күдік бізді мүлде мазалаған жоқ. Өйткені, алғашқы сапарымызды жұрт құптап қарсы алған. Әсіресе, Абай елі бұл бастамамызды ұлы жерлесіне ерекше құрмет деп қабылдап, ерекше құрмет көрсеткен, сапарға қатысушыларды өз ауылының құрметті азаматтығына қабылдаған. Арада бір жыл өткен соң ұлы Жамбылдың 150 жылдығы қарсаңында ақын ауылына Алматыдан жаяу барғанымызда да жұрт қошеметін аямаған. Сондықтан да ұлы Мұқаңның кіндік қаны тамған жерге жаяу сапарымызды да жұрттың жылы қабылдайтынына сенімді едік. Сөйтсе де, басқа да біраз қобалжытқан жайлар болғанын айта кеткен жөн-ау. Өткен жылдың аяғында Мұхтар Әуе­ зовтің 100 жылдығына орай Аягөзден Бөрліге дейін жаяу са­ пар­ға шықпақ ойымызды есітіп, облыстың сол кездегі әкімі Ға­ лымжан Жақиянов мырза оны барынша қолдап, өзі қамқор­лық жасайтынын мәлімдеген еді. Кейінірек ол басқа жұмыс­қа ауысып кетті. Ол кеткенмен, облыста бұрынғы баста­мала­ рымызды қолдаған басқа азаматтар бар ғой деп үміттенген едік, қас қылғандай, облыс та тарап кетті. Мұндай қолдау, демеуге тоқталып отырғанымыз – көп шығыны жоқ дегенмен, жаяу жүрген соң, бір топ адамның ас-суы, айдалада тоқтағандағы жатын орын, оны алып жүретін көлік, оған қажет жанармай, ең аржағы ас-су әзірлеуге отын да, соған орай біраз қаржы да қажет. Редакция жанындағы «Егемен» компаниясы бөлген, сондай-ақ «Абай» қорының азын-аулақ қаражаты жетіңкіремей, салымыз суға кеткендей күй кешкенде, «Филип Моррис» компаниялар тобына кіретін Алматы темекі компаниясы акционерлік қоғамының қаржылай демеуі көңі­ лімізді көтеріп-ақ тастағаны анық. Сонан соң Семейдегі кә­

сіпкер ағамыз Нұрбек Уәлиевтің ниетіне де ризалық білдіргіміз келеді. Біз осылайша көтеріңкі көңілмен жолға шықтық. 1. Аягөз – тоғыз жолдың торабы Жаяу сапарымызды неге Аягөзден бастадық? Ұлы жазушы «Абай» романының екінші кітабын жазуға байланысты жаңа деректер іздеу мақсатында 1943 жылдың жазында Абай еліне сапарын осы Аягөзден бастаған. Бұл сапар ұлы эпопеяның тууына айрықша қатысты болғандықтан да, жазушының туған жеріне сапарымызды осы қаладан бастағанды жөн көрдік. Бұл жол, сонымен қатар, бізге жолай Абай елін аралап өтуге мүмкіндік береді. Бұл екі алыпты бірінен-бірін бөліп қарай алмайсың. Біріне барып, екіншісіне соқпаса, ол күнә сияқты. Ал Бөрліге Семей арқылы барсаң, Абай елі сырт қалады. Оны жөн көрмедік. Ұлы жазушы 1943 жылдың 17 қазанында «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Ақын елінде» деген очер­ кінде былай деп жазған: «Аягөзден шығып, аудан орталығы Қарауылға қарай жүргенде, «Жаңа арна», «Жүрек адыр» си­­ яқты колхоздарға кіре бере ақын жайындағы естегі мен ке­ңес­ тің кеніне кіргендей боласың. Осы елдердің ішіне кеше ғана өзі келіп қонып, аралап, әңгіме-аңыз тастап кеткендей... Абай айтты деген сөз, істеді деген іс, көрді деген хал, Абай болды деген той, ас, сыяз, құс салған Архат, Байжандай тастары, Қан мен Қарақойтас сияқты шат-шатқалдары бәрі-бәрі де ақын асып өткен бел-белестей аңыз сияқты әңгіме шертіп тұр». Дәл осындай сөзді бүгінгі күні Мұхтар Әуезовтің өзіне қаратып та айтуға болар еді. Абай еліне, Мұқаң еліне кірмей жатып, осы Аягөзден-ақ ұлы жазушыға байланысты осыншалық әңгіме естіп, осыншалық құрмет көреміз деп ойлаған жоқ едік. Әрине, Мұқаңа де­ ген ыстық көңіл барша халқымызға ортақ қой, сөйтсе де әр нәрсенің орны бар, ұлыларға тікелей қатыстылардың ісі өзге­ рек болатыны заңды. Сөйтсе де, аягөздіктердің Мұқаңа деген құрметі ерек екені бірден көзге шалынар еді. Сапарға қатысушылар Аягөзге екі жақтан келіп қосылған­ быз. Алматыдан «Егемен Қазақстанның» бөлім редакторы Мамадияр Жақып, белгілі әдебиетші Зейнолла Серікқалиұлы және «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қызметкері Сұңқар Жұртбай, ал Семей қаласынан «Абай» қорының дирек-

торы Балтабек Ерсәлімұлы, бұрынғы Семей облыстық әкімшілігінің құқық бөлімінің меңгерушісі Балташ Әлиев, «Егемен Қазақстанның» Семей өңірі бойынша тілшісі Дәулет Сейсенұлы және Қанат Балтабекұлы келген-ді. Аягөз бізді барынша жылы қарсы алды. Бұл алдымен Мұқаңа деген құрмет, ұлы жазушыға деген ізгі ниетті қолдау екені даусыз. Дәл қазір ерігіп жүрген ешкім жоқ, сән-салтанат құрудың да кезі емес. Аягөз өңірі үшін ол айрықша қауырт. Көрші Шұбартау ауданы тарап, Аягөзге қосылып жатыр. Қат-қабат қар­ба­ лас шаруа. Аудан әкімі Айбек Кәрімовпен осында бір күн­ де талай жолығып, пікірлестік. Біз бардық, ол бізге келді. Ал әкімшіліктің басшы қызметкерлерінің бірі Аманжол Арғын­ гелдин біздің осында болғанымызды пайдаланып, жұртқа Мұх­тар Әуезов жайында көбірек мағлұматтар жеткізуге құш­ тар болып, құрақ ұшып жүрді. Бұрын кәсіпкер болып, енді аудан басқарып отырған жас басшы Айбек мырзаның әңгімені шаруа жағына ойыстыра бермей, рухани мәселелер төңірегіне құрғанына сүйсіндік. Жалпы аягөздіктердің көпшілігі өз қаласын тарихқа қосқанға құмар. Оның қашаннан тоғыз жолдың торабы болғанын айтады. Талай ұлылардың өз жеріне келгенін айтады. Мұнда Абылай келген, Қабанбай батыр шатырын тіккен. Шоқан Уәлиханов та Қозы Көрпеш кесенесіне баратын жолы осында тоқтаған. Айтулы поляк жиһангезі А.Янушкевич те Аягөз туралы жылы лебіз қалдырған. Ұлы Мұқаңның бұл жерден та­ лай өткені өз алдына, жоғарыда атағанымыздай, осында тоқ­ тап, өзінің Абай еліне сапарын бастағаны белгілі. Аягөздің үлкен темір жол стансасы екені белгілі. Онда те­ мір жолға қатысты кәсіпорындар бар. Мұнда барлық пойыз­ дар ұзақ тоқтап өтеді. Одан автомобиль жолының маңызы кем емес. Көп уақыт бойы, тіпті кешегі қарым-қатынас онша болыңқырамай тұрған кезде де Қытайға баратын автожол осы Аягөзден басталатын. Осынау жолдарды табиғаттың өзі таң­дағандай: Тарбағатай тауының оңтүстік сілемін жағалаған жолдар осы Аягөзге келіп тіреледі де, сонан соң жан-жаққа бет бұрады. Сонау қырқыншы жылдарда, қиын кезеңде Мұқаң Абай еліне облыс орталығы Семей арқылы бармай, Аягөзден түскен дегенде, бір жағы, жер аралап жүрмек болған шығар десек те, Қарауылға Семейден гөрі Аягөзден жету оңайырақ екенін, жақындау екенін де айтқан жөн. Бүгінгідей қымбатшылық, үнемшілдік заманында Алматыға баратындар бірыңғай Семейге шап-

қыламай, Аягөзді қалайтын болыпты. Уақытты да үнемдейді, арзанға да түседі. Бұл да уақыттың талабы шығар. Бәлкім, бұл Аягөз сияқты қалалардың беделін көтерер, мәнін арттырар. Әкім кабинетінің терезесінен салынып жатқан үлкен ескерткіштің құрылысы көрініп тұр. – Мынау заманда мұндай құрылысқа қаржы табыла ма? – Табылады. Халық үшін қажетті нәрсеге әрқашан табылады, – деді Айбек мырза. – Бұл ескерткіш халқымыздың ерлік тарихын бейнелейді. Оның әр жағында ұлы тұлғаларымыздың мүсіндері орнатылады. Бірі – Мұхтар Әуезовтікі. Мұқаңа деген бұл да құрметтің бір көрінісі. Біз Аягөзде қазақ лицейіндегі шағын қонақ үйге тоқтадық. Лицей ұжымы біздің ұлы жазушының кіндік қаны тамған жерге бара жатқанымызға үлкен ризашылық білдіріп, құрақ ұшып күтті. Лицей директоры Нұрмахан Нұрахметұлының әңгімесі көп екен, арманы одан да көп екен. Лицейінің жұмысын айтады, болашағын айтады. Мұхтар Әуезов жайлы сөйлегенде, көсіліп кетеді. Ұлттық мүдде, ұлттық мақтаныш туралы ойларын ойып алып, басқаларға бағдарлама етіп ұсынғандай-ақ. Барлық жұрт бүгінгі мемлекеттігіміз қалыптасып келе жатқан кезде ұлттық мүддеге қызмет етуге тиіс, дейді. Әркім өз орнында соны бағдар тұтса, дейді. Әсіресе, ұлттық кадр даярлауды мектептен бастауды мықтап қолға алу керектігін баса айтады. Әрбір жастың қоғам алдындағы, елдің алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру керек, дейді. Істері де сөздеріне сай. Лицейді өткен жылы бітірген 45 баланың 40-ы жоғары оқу орнына түсіпті. Бесеуінің түспей қалғанына өкінеді. Басқалар да сондай болса екен, дейсің. Талайлардың өз­ де­ріндегі кемшілікті уақыттың қиындығымен ақтағысы ке­ ле­тіні бар. Сол қиындық бұларды да орағытып өтпегені бел­ гілі ғой. Қиындықты жеңіп отыр деу артық шығар. Соған қа­ рамай, білек сыбанып, жұмыс істеп отырғандары анық. Ли­цей басшылары бізден шәкірттерімен кездесуді қиылып сұ­рады. Мұны жасөспірімдердің бойында азаматтық сезімнің қа­лып­ тасуына септігін тигізетін шара деп негіздеді. Әрине, біз бұ­ ған қуана келіскенбіз. Біздің де бір мақсатымыз сол – ұлы жазушының кемеңгерлігін оның шығармасынан артық көрсете алмаспыз-ау, бірақ жол бойы оны жұртқа насихаттауды жадымызға түйіп шыққанбыз. Кездесуге аудан әкімі де қатысты. Қатысып қана қойған жоқ, ұлы жазушы туралы көсіліп сөйледі. Мұқаңның кіндік

қаны тамған жерге тағзым етіп бара жатқан біздің атымызға да көптеген жылы сөздер айтты. Өзімізді мақтағаны үшін емес, жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан көкөрім өскіндерге ұлы жазушыға деген құрметтің құнарын сепкеніне риза болдық. Басшысы осылай көсіліп жатқанда, басқалардың, кәсіби қабілеті рухани өмірге жақындардың жазушыға арналған сө­ зіне таңдануға әсте де болмас еді. «Қазақ тілі» қоғамы аудан­ дық бөлімшесінің төрағасы Төлеуғали Сүлейменов Мұқаң жа­ йындағы сөзін жырымен көмкеріп жатқаны да жарасып кеткен. Шәкірттердің пәк көңілден туған мөлдір сезімдерге толы сөз­ дері бәрімізді тебірентті. Осы жерде лицей басшыларының, оқытушылары ұжымның бір тілегін, сол кездесуде де сөз болған тілегін ерекше бөліп айтқан жөн сияқты. Лицейге әлі ешкімнің есімі берілмеген екен – соған ұлы Мұқаңның есімін беруді өтінген. Оқу орны басшылары ұлы жазушының атын жай иемденуді ғана емес, өздерінің табыстары соған лайық екенін, мұндай құрметке ием­дену ұстаздар ұжымына жаңа жауапкершілік жүктейтінін айтқан. Өтініш дәлелді. Ұлы есімдер лайықтыларға ғана берілсе деген жақсы талапты да құптаған жөн-ақ. Бұл жаңа оқу орны алғашқы қадамдарын жақсы табыспен бастап отыр – ұлы есімге барынша лайық. Тиісті шешім қабылдайтын құзырлы жоғарғы жақ та соны қолдап жатса, ол жұрттың тілегінің орын­ далғаны, ұлы жазушыға деген құрметтің бір көрінісі болар еді. Аягөз қаласының жұртшылығы, әсіресе жастар бізді осы­ нау біршама ұзақ жаяу сапарға үлкен құрметпен шығарып сал­ ды. Шәкірттердің, спортшылардың біразға дейін ілесіп жүр­ гені бізге де біраз демеу болғандай еді. Аягөздіктердің құрметі мұнымен шектелмеген. Бұл ау­ дан­ның жерінде әлі де ұзақты бір күн жүруіміз керек. Абай елі­ мен шектесетін тұста айтулы Ақшатау өңірі бар. Бірақ бізді оған жеткенше де біраз құрмет күтіп тұрған. Аягөз қаласымен шектесіп жатқан Сергөпіл ауылының әкімшілігі дәм-тұзға ша­ қырды. Жүргіншілердің мақсаты – жету демекші, жолдан қала алмайтынымызды алға тостық. Сонда олар бізді түстікке тоқтар жерде күтпек болды. Бұл жерде біз ішкен-жегенімізді айтқалы отырғанымыз жоқ. Өзімізден оза барып, Көпірбұлақ деген жерге қос тігіп, түстік әзірлеген сергөпілдіктермен кездесуіміз кішігірім руха­ ни басқосуға айналған. Ауыл әкімі Ғалым Шәймерденов мек­теп мұғалімдерін, өнерлі жастарды ерте барыпты. Қазақ тілі ма­ маны Гүлсімхан Жамантаева қарындасымыз бұл өңір жайын­

да қызықты да тың әңгіме бастады. Осы маңдағы Мамырсуда осыдан екі жарым ғасыр бұрын қазақтардың жоңғарлармен бітімі жасалған екен. Бұл оқиғаны тарихшылар білер-ау, жалпы жұртқа белгісіз. Ордабасымыздың тарихи жер екенін күні ке­ ше ғана қазіргі ұрпақтың зердесіне құйдық. Мамырсуды есте қалғандай жерге айналдырсақ, артық па? Жоңғар дейтін ха­ лық­пен көп жаулассақ та, олармен қыз алысқан, құдандалы бол­ған кезіміз де болғаны, келісімге де келгеніміз анық. Оны да бағалағанымыз жөн-ақ қой. Ауыл мұғалімінің әңгімесі сол ойға жетеледі. Жалпы, тарихтың тағылымына жете мән бергеніміз жақсы. Сол Сергөпіл ауылындағы мектептің 100 жылдығы осыдан отыз жыл бұрын аталып өтті. Оның іргетасының қалануына патша өкіметінің өкілдері себепші болғанмен, онда жергілікті халықтың балалары оқығаны да шындық. Сол мектептен 17 ғылым докторы шығыпты. Мақтанарлық-ақ жай. Мектеп дирек­торының сыныптан тыс істер жөніндегі орынбасары Білімжан Омарованың сол мектепте жүргізіп жатқан жұ­мыс­ тары өз алдына, өзінің жеке басы да өнеге болғандай жан екен. Құйқылжытып ән айтады. Тұрған бойы шежіре. Айтулы Ақтайлақ бидің ұрпағы екенін айтып қана қоймай, ісімен де дәлелдеп жүрген жан екенін аңғартты. Қандай шаруаның да басы қаттылау болатыны бар. Ал­ ғашқы күн бізге әжептәуір ауыр тиген, күн ыстық, шөл қысқан. Дәл сол кезде шығарып салушылардың ыстық көңілі бізге көп демеу болғанын ерекше атап өткің келеді. Ақшатау ауылына шаршап жетсек те, көңілді жеттік. Ақшатау – ақындар елі, батырлар елі, билер елі. Солар жа­ йында мұндағы әр тау, әр жота сыр айта кететіндей. Осы жерде тағы да Мұқаңның жарты ғасырдан бұрын айтқаны ойға ора­ лады. Өзінің сондағы сапары жайында жазған очеркінде мы­ надай жолдар бар: «Жер – анасы, ел баласы деуге болады. Ел айтқан әңгімені ел мекені, ел бесігі жер де айтады. Көз жіберсең, көңіл тоқтатсаң, тыңдап көрсең көпті айтады». Сол таулардың, жоталардың, жазықтардың құнарлы әңгі­ месін бізге ауыл әкімі Серікқұл (Секен) Тұрсынғажин айтып берді. Шөлдеп келгенімізде, сусын ұсынып отырып айтты, ор­ нығып отырғанымызда оның орынбасары өнерлі жігіт Ерлан Дайырбаев күйге қосып отырып айтқаны тіпті ерекше әсер қалдырған. Үлкені бар, кішісі бар, басшысы бар, қосшысы бар – бәрінің де мынау бір қиын деп зар илейтін заманда ру­ хани мұраға деген құрметі көңілімізді өсірген, жанымызды

жадыратқан. Ауыл әкімі қасқа жолдың бір бұрылысына ор­ натылған үлкен тақтаның жанында тұрып, бұл өңірдің ар­дақ­ тылары туралы әңгіме-жыр төккен. Оны түгел баяндау қиын. Ұзақтау. Қысқа нұсқасы сол жол жағасындағы үлкен тақтада жазылған. «Киелі жер – Ақшатауда» мыналар өткен: Нарынбай – ақын, Ақтанберді – ақын, Қу дауысты Құттыбай – би, Байғара – би, Еспенбет – батыр, Марқа – батыр, Ботағара – батыр, Тұғыл – ақын, Өтепберген – батыр, Ақтайлақ – би, Кедей – батыр, Ағанас – батыр, Аққожа – би, Сабырбай – ақын, Түбек – ақын, Байбала – ақын, Дулат – ақын, Әріп – ақын, Айғыз – батыр... Бұлардың әрқайсысы жайында ауыл әкімі Секен мырза жыр толғайды. Әттең жол жүріп барамыз. Тыңдаса ғой, шір­ кін! Біз болмасақ та басқалар тыңдайды ғой деген жақсы үмітті көңілімізге түйіп кеттік. Ашық, ақжүрек азаматтың бізден еш­нәрсе жасырмай, Дулаттай ұлы тұлғаға әлі күнге лайықты белгі қойылмағанына өкінішін де естідік. Мұндай азаматтар тұрғанда оның жасалатынына да сеніп кеттік. Алда – ұлы Абай елі. Оған тоғыз жолдың торабы атанған Ая­ гөздің бір жолы жеткізеді. 2. Әруақты ардақтаған ел Екінші күні-ақ Абай ауданының аумағына іліккенбіз. Сөйт­ се де Қарауылға дейін әлі де жүз шақырым жол жатыр. Жас­ тар үшін, спортшылар үшін оншалықты қашық та емес. Ара­ мыздағы Сұңқар мен Қанат, еркіне жіберсек, бір қонып-ақ жетер еді. Бірақ алпыс деген жасқа иек артқандарға бұл жүріс

оңай да болмағанын айтқан жөн-ау. Жалпы бұл сапардың мақ­ саты жылдамдық жөнінен жоғары нәтижеге жету емес­тігін ескерткенбіз. Алғашқы күні күннің ыстықтығы біраз шар­шат­ са, келесі күні ойламаған жерден қарсы алдымыздан тұрған ай­ тарлықтай қатты суық жел әжептәуір қиындық туғызған. Сол желмен Бөрліге дейін белдестік. Жеңген сияқтымыз. Жолдың азын-аулақ қиындығын еске алудың да қисыны келіп тұр. Бұл сапарға бәріміз де күні бұрын дайындалғанбыз. Аптықпай-асықпай, күн сайын межелеген жерімізге жетіп те жүрдік. Зорыққандай, алқынғандай жай кезікпеді. Ешқай­ сымыз дәрігерлік көмекке жүгінбедік. Сөйтсе де жаны­мыз­ да жанашыр жайсаң жігіттердің жүргені артық болмады. Ая­ гөзден қосылған жас дәрігер Нұрлан Саңқайбаев пен Қара­ уылдан қасымызға ерген Роллан Қуатбаев көбіне табанымыз ойылғанда көк дәрі жағып берумен шектелсе де, жақсы ықы­ ласымен, өздерінің барлығымен де бізге біраз жігер бергендей еді. «Жолаушы үйден қырық қадам шыққан соң-ақ мүсәпір» деген сөз бар. Мүсәпіршілік көргеніміз жоқ. Оған душар ет­ кізбеген адамдардың атын атап кетпесек, мойынға қарыз бол­ ғандай. Әскерилер көлікпен, жатын орындық жабдықпен кө­ мек­тескені бізді көп қолайсыздықтан құтқарды. Сол әскер бө­лімінен келіп, жол бойы бізге қызмет көрсеткен Бөлеу­хан (Бө­кіш) Рахымбаев бауырымыздың қамқорлығын сірә, ешқай­ сымыз ұмытпаспыз-ау. Түстенер жерге немесе қонал­қаға тоқ­ тар жерге келгенде, шатырымыз тігіліп, жайымыз дайын тұрғаны сергітіп-ақ тастар еді. Көп нәрсе көңілге байланысты ғой. Жол бойы қарсы алу­ шылардың, жай кезіккен адамдардың ыстық ықыласы кө­ңі­ лімізді талай жадыратты, тіпті азын-аулақ шаршағанды ұмыт­ тырып жібергендей болған. Бірде өздерінің жайбарақат жүрі­ сімен кейінірек қалып қоятын Бәкең (Ерсәлімұлы) мен Зекеңе (Серікқалиұлы) мәшинемен келе жатқан әкелі-балалылар тоқ­ тайды. Жүргізуші баласы келіп: «Ағайлар, мәшинеге мініңіз­- дер, ақша алмаймын» деп қолқа салады. Әрине, оған ағаларының рақметі дайын ғой. Оған қоса Зейнолла ағасы бейтаныс жігіттің бұл әрекетіне парасаттылық өресінен баға да берсе керек, олар біздің қасымыздан өткенде қолдарын көтеріп жайраңдап бара жатты. Болған оқиғаны бізге айту үшін Бәкең мен Зекең де жүрістерін ширатып, бізді қуып жеткен... Бізді іздеп жолыққан адамның бірі Қайыртай Қосшығұлов­- пен де Ақшатаудан асып, Абай еліне ойысқанда кезіктік. Са­

парымыз жайында бұрыннан есітіп, сол Аягөздің өзінде кезік­ тірермін деп тойдан асығып келе жатқан беті екен. Абай елінде, Мақаншы жағында басшы қызметте болып, үлкен абыройға бөленген, қазір зейнеткерлік жасындағы азаматтың ұлы жазу­ шының кіндік қаны тамған жерге зиярат етіп, жаяу бара жатқан бізге қалайда бір қызмет көрсеткісі келгеніне риза болмасқа шараң жоқ. Қатаң тәртібіміз бар, ескерілмеген жайларға көп бөгеле қоймаймыз – Кәкеңмен қоштасуға тура келген. Бірақ бұл кісі бізге үлкен жүрегін қосып жібергендей еді. ...Құндыздыға кештетіңкіреп жеткенбіз. Қоналқаға дейін тындырар шаруа бар. Ақтамберді мен Шәкірдің басына барып, бата оқуымыз керек. Екеуі де тоқсаннан асып көз жұмған абыздар. Араларында екі ғасырлық заман жатыр. Бірі – Абылай, Қабанбайлармен бірге тізе қосып, халқының тәуелсіздігі үшін жауымен жағаласқан батыр жырау, жұртты майданға шақырған батагөй ата, бірі – сол тәуелсіздікке қол жеткен тұста тұңғыш президентке бата берген ел атасы. Екеуін де елі қадірлейді. Осыдан бұрынырақ шыққан бір кітапта Ақтамберді жа­ йында: «Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір Семей об­ лысы, Абай ауданы, «Жданов» совхозының шегіндегі Жүрек жота деген төбенің басында тұр», деп жазылған екен. Бұл жар­ тылай шындық. Жартылай болатыны – күні кешеге дейін ел тәуелсіздігін жырлаған ұлы жырауға лайықты баға бергізбеген заман өткені белгілі. Тәуелсіздікті айтса, жұртты кеңестік одақ­тан бөлетіндей көріп, сол бір ең қасиетті ұғымға басқаша мазмұн берілгені бар. Содан да халықтың ұлы жырауын ла­ йықты қастерлеуіне мүмкіндік бермеген. Сонан соң, қазір жы­раудың күмбезі жартылай құлап тұрған жоқ, халық оған өз құрметін көрсетіп, лайықты белгі қойған. Аруақ сыйлаған жұрт оған соқпай кетпейді. Бұл өңірде Ақтамбердіге деген құрмет ерекше. Оған арнап көтерілген күмбез ғана емес, алдымен жыраудың жырлары ха­ лықтың аузында. Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы, Қап түбінде жата ма Болаттың асыл сынығы. Халқы тозып жем болмас, Әділ болса ұлығы, – деген жолдар тыңдаған ұлыққа да, кішікке де ой салмай ма?!

Осы өңірге аяқ басқанда-ақ: Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып Қамқапты киер ме екенбіз, – деп алдыңнан Жәнібек-Ақ­тамберді арындатып шыға келгендей болады. Арманшыл асқақ жыр құлағыңнан кетпейді, демейді де отырады. Батагөй абыздың екіншісі Шәкір Әбенов туралы бұл өңірде әңгіме көп. Тұңғыш Президентіміздің ант қабылдаған кешінде бата берген қарт абызды бүкіл қазақ біледі. Бұл өңірдегі әң­ гімелерді есітіп, өмірдің, заманның көлеңкесін келеке еткен ащы тілді ақынға жолығасың. Жолығып қана қоймай, соның бәрін тірнектеп теріп, кітап етіп шығаратын азамат табылар ма еді дейсің. Қолға алса, сол әңгімелерді айтып, күлкіден ауыз жаптырмаған жергілікті ақын жігіт Еркін-ақ біраз нәр­ сені тындырар еді-ау дейсің де. Бірде өзінше интеллектуал, әдебиетті бағалай білетін адам болып көрінгісі келген бір ше­ неунік Шә­кеңе сәлем бере келеді. Адамның ішіндегісін бір­ ден танитын ақынның оған іші жыли қоймай, әңгімесі де он­ ша жараспайды. Қызметін сыйласа да ақын өзіне оң қабақ көр­сетеді деп келген қонақ ақыры сөзі жараспаған соң мұнда ұза­ғырақ қала берудің жөнін таппай: «Бұл ауылда қонақ үй бар ма?» деп сұрайды. «Бар» дейді ақын. Жолаушыны сыртқа алып шығады, бүкіл ауылдың отын көрсетеді. «Осының бәрі қонақ үй» дейді. Ауылдағылар ғана емес, Шәкең туралы сырттағылардың да білетіні көп. Зейнолла Серікқалиұлы да ақынның тоқсан жылдығына қалай келгендерін, ондағы ақын көрсеткен мі­нез­ дерін айтып, ал Балтабек Ерсәлімұлы оның Семейдегі «мық­ тыларға» қатысты әңгімелерін айтып, күлкіге күлкі қосқан. Бүгінгідей қиындығы молдау заманда батагөй қарт соңында қалған халқының еңсесін түсірмес үшін сол әңгімелерді әдейі айтып кеткендей. Ақын жерлесін бүкіл Абай елі ерекше құрметтейді. Осы ретте келеңсіздеу бір оқиға еске түседі. Осыдан біраз бұрын біздің газетімізде осы ауылдың бір тұрғынының ақынға арнап са­лынған күмбез құлап жатыр деген шағымы басылды. Мұн­ дай материалды дайындаған редакция қызметкерін де түсінуге болар. Белгілі адамның әруағын құрметтеуге қатысты ешкім жал­ған айта қоймас, кемшілік болған екен, ол жылдам түзелсін деген де шығар. Бірақ бұл жай шындыққа сай болмай шықты. Бұған бүкіл ауыл дүрліккендей болған. Тіпті аудан басшылары

кенеттен не боп қалды деп, алдымен осы Құндыздыға келіп, күмбездің амандығын көздерімен көріп, сонан соң жолдары түскенде редакцияға келіп, жағдайды баяндаған. Көзбен көру үшін ауылдарына шақырған. Шындықтың қандай екенін көп болып көрдік. Күмбез де орнында, халықтың ақынына деген құрметі де орнында. Жалған шағым жазған адамның өзі дү­ ниеден өтіпті... Бұл оқиғаға байланысты аудан болып дүрлігудің сыры – бұл ел әруаққа деген ерекше көзқараста. Әруағын аяқасты етті деген айып елге үлкен таңба. Оған әкімдер де, елдің өзі де жол бермейді. Абай ауданының бұл өңірі ертеректе әр рулардың бір-бірі­ мен сыбайлас отырғандығынан да талай шабыс-тартыстың, келіс-бітімнің көп болуымен қатар, өнер бәсекесіне де бай болған. Бұл жайында айтылар әңгіме, шежіре де көп. Айту­ шылар да баршылық. Кезінде оны Мұқаңның өзі жоғары ба­ ға­лаған. Жазушы «Абай елінде» дейтін очеркінде былай деп жазған: «Абай үлгісін өсиет етіп айтып отырған ірі әңгімешілер бар. Оның бірі – «Жүрекадырдағы» қарт колхозшы Оразалы. Ол кісіден көп сөз есітіп, көп тоқыған баласы Кәмен. Бұның өзі оқыған, өзі жазушы. Отан соғысынан жаралы болып қайтқан жас жігіт әкесі білген әңгіменің көбін зор ынтамен айтады». Сол Кәмен Оразалин Мұхтар Әуезов жайында алғашқы роман жазған адам. «Абайдан соң» романының әдебиетімізде өз орны бар. Қарауылға жеткенше көп әңгіме естідік. Құндызды ауы­ лының әкімі Марат, Көкбай ауылының әкімі Шәріпқазының қа­сына ерген азаматтардың барлығы да, «сен тұра тұр, мен ай­ тайын» жігіттер екен. Мынау бір қиыншылығы көптеу за­манда елдің еңсесі түспесін деп, шаруамен бірге рухани дүниені де ұмытпай, тізгінді тең ұстап жүрген азаматтардың іс-әрекетіне ризашылықпен қарайсың. Рухани азықсыз іс бітпейтініне берік сенген азаматтар көп әңгіменің жібін Абай мен Мұхтарға апарып байлайды. Ұлыларға деген үлкен құрметті біз аудан орталығы Қа­ра­ уылдан айрықша сезіндік. Дәстүрлі ауыл ән-жырмен, берекелі батамен қарсы алды. Бұрын барып жолығып, жетер кезімізден хабардар болып жүрген Қарауылдың әкімі Берлешев Құсман мырзаның ұйымдастыруы да болар, ауылға кіре берістегі жұрт­ шылықпен қауышуымыз сірә, естен кетер ме! Әнді де талай тың­дап жүрміз, бата да алып жүрміз ғой. Бірақ халықтың ұлы жазушыға деген құрметі сірә, шексіз-ау дейсің. Мектеп есігін жаңа ашар бүлдіршіндердің кіршіксіз көңілдері мен ақ самайлы

аталар мен әжелердің ақ ниеттері қосылып, келген бізді ғана емес, қарсы алғандардың өздерінің де жандарын жадыратқаны анық. Бата – ниет. Оны жақсы-жаман дей алмайсың. Сөйтсе де ауылдың батагөй қартына айналған кешегі күндерде аудан­ дық газеттің редакторы болған Жағыпар Жүнісжанов ағамыз­ дың батасы біртүрлі ерекше. Күні кеше Шәкір абыздың прези­ дентке берген батасының дәстүрі ауылда жақсы жалғасын тапқандай екен. Бұл жай тілек қана емес, шын мәніндегі өнер туындысы дерсің. Жұрттың айтуына қарағанда, Жақаң бір батаны екінші рет қайталамайтын көрінеді. Өнерлі ауылдың жас өркендеріне бұл да өнеге. Сол өркендердің бір тобы жаяу сапарға қатысу­шыларға ұлы Абайдың «Бозжорғасын» сый­лай­ мыз дегенін есті­генімізде, күй тыңдап қана қоймай, жор­ғаға мінгендей бол­ғанбыз. Алдымыздан Мұқаңды құрметтеген ауыл шықты. Үлкен мен кішісі шықты. Басшысы мен қосшысы шықты. Бәрі де тік тұрып қошемет көрсетті. Ұлы жазушыға деген мұндай құр­ метке тәнті боласың. Басшы дегенде әдетте ойға мосқалдау адамның бейнесі елестейтіні белгілі. Аудан әкімі Дәулеткерей Доғанбеков сол ойынды өзгертеді. Онан сол кейбіреулердің бойынан кездесер паңдықты да таба алмайсың. Ұлы жазушының әруағын сый­ лап, елпеңдеп жүргені қандай жарастықты. Сонан соң кәсіпкер қауымға дүниеден басқаны ойламайды деп тағар кінәміз де бар. Оның негізсіз де еместігін жұрт біледі. Сонау Абай тойы қарсаңында бұл ауылға бір топ бизнесмендер келіп, көл-кө­ сір уәдеге қарық қылып, кейін сонысын ұмытып кеткені де шындық. Осы жерде қайдағы бір кәсіпкерлерді еске алып отыр­ғанымыздың бір себебі – Дәулеткерей де ел басқаруға сол кәсіпкерліктің жолынан өтіп келген. Молдау дүниені қиып, ха­ лыққа қызмет етуге келген. Әңгіме кімнің қайдан келгенінде емес, ең алдымен азаматтық келбетінде. Дәулеткерей жалғыз да емес, өзіне бірінші орынбасарлыққа табыстың көзін білетін кәсіпкер жігіт Тұрсынғали Оразғалиевты шақырған. Бұрыннан басшылықта жүрген, елдің күнделікті мұң-мұқтажын ғана емес, рухын да сезетін, әкімшілік пен ақындықтың тізгінін тең ұстап жүрген Төлеген Жанғалиевтай азаматты кеңесші са­ на­уы да парасаттылық мінез. Көппен бірге өзімізді қарсы алған басшыға көбірек ойы­ сып кетуіміздің бір сыры – қазір көп нәрсе, халықтың көңілкүйі сол басшыларға байланысты. Ауылын мынау қиын шақ­

та жетімсіретпейін деп түн ұйқысын төрт бөліп жүрген аза­ маттардың ынта-ықыласын айтқың келеді. Басқа жердегідей қиындық бұл ауылда да көп. Зейнетақысын ала алмай, соған ғана қарап отырған адамдардың алдымыздан шыққанын да кезіктірдік. Аудан әкімінің де мүмкіндігі шектеулі. Одан қол­ дан келмейтін нәрсені талап ету артық, әрине. Қолдан келе­тін нәрсе­де бұлар аянып жүрген жоқ. Ұлы Мұқаңның 100 жыл­ дығына байланысты не істеу керек деген мәселе қазір бірінші кезекте тұр. Көп нәрсеге уақыт баға береді. Осыдан екі жыл бұрын Абайдың 150 жылдығы қарсаңында келгенімізден бері ауылда нендей өзгерістер болды деген ой көңілімізге орала берген. Әрине, ұлы той халқымыздың тарихының еншісіне тигені белгілі. Басқа не болды? – Биатамызға кесене тұрғыздық, – дейді Дәулеткерей. – Бұл халықтың көңілінен шықты. Көрсеңіздер жөн еді. – Көреміз. – Сонан соң Әлмағамбетке ескерткіш орнаттық. Әйткеш Тол­ ғанбаев деген жерлесімізге белгі қойдық. Өткенді бағала­сақ, жұрт бүгінгісін де бағамдай біледі деген ой ғой... Әкім «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген мақалды біл­ мей отырған жоқ. Әруаққа көрсетілген құрмет бар екен, бірақ халықтың тіршілігі әлі көтеріле қоймағанына әкімнің жаны ауырады. Алда ол күн де келер. Әкімнің Биата дегені – Кеңгірбай. Осынау елге ата болған бабасын халық атымен атамай Биата дейді екен. Жаяу сапа­ рымыздың жарты күнін қысқартып, сол қасиетті жерге барып, халық қадір тұтқан орынға тағзым еттік. Шын мәнінде бұл да бір ел игілігіне арналып, тындырылған іс екен. Сонау ертеде, Құнанбай заманында көтерілген кесененің бір кірпішін бұзбай, оның сыртынан өріп, әсем ғимарат салыпты. Ескінің көзін қас­ терлеген, жаңаша байытқан әдемі шешім. Жидебайдағы Абай мен Шәкәрімнің кесенесінен қозыкөш ары тұрса да, осы маңға келгендер соқпай кетпейтін жақсы бір ескерткіш орнапты. Ауылдың жас басшыларының еңбектерін ұрпаққа жеткізетін жақсы белгі. Әлмағамбет Қапсалямұлының (1870-1932) ескерткіші де ерекше бір құбылыс, елдіктің ерекше бір көрінісі. Әлекең ұлт­ тық дәрежеге көтерілген тұлға емес. Ол Біржан сал, Ақан сері, Әміре сияқты үлкен тұлға дәрежесіне көтерілмеген. Бұл жерде

осы бір азаматтың орнын төмендетейік деп отырғанымыз жоқ. Ол ұлы Абайға қызмет еткен адам. Оның көңілін әнмен кө­терген, оның ұлы туындыларын ұрпаққа жеткізген адам. Халық өзінің ұлыларына қызмет еткен адамдарға да осындай құрмет көрсетеді. Бұл ескерткіштің өзі де халыққа рухани мұра ретінде қызмет ететін болады. Зейінді жұрт Әйткеш Толғанбаевты да біледі. Биылғы қу­ ғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу, татулық жылында осы бір адамның аты көбірек аталса жөн. Ерекше талант иесі өз өнерімен Батысты табындырса да, айтулы скрипкашы өз елінде қуғын көрді. Соғыс кезінде тұтқында болдың деп, жаудың өзіне өнерін мойындатқан адамды айдауға салдық. Халық соны түзеп отыр. Бұл да болашаққа өнеге. Осылардың барлығын да ұлы Мұқаңа қатыстырғың келеді. Өйткені ол Абайға қатысты. Абайға қатысты нәрсенің бәрі Әуе­ зовке қатысты. Ұлы жазушының ұлы романына қатысты. Дегенде, Мұқаңа қатысы бар бір адам туралы ерекше айт­ пасқа болмайды. Ол – Манатай Толғанбаев. Ол жоғарыда айтқан Әйткеш Толғанбаевтың немере інісі. Ал Манатайдың әкесі Бал­тақай – Мұқаңның елдегі ең жақын досы болған адам. Мұқаң Абай еліне келгенде, үнемі осы үйге түскен. Біздің келетінімізді естіген Манатай аудан басшыларына қол­ қа салып; «Мұқаң келгенде әкейдің үйіне түсуші еді, енді Мұқа­ ңа тағзым етіп бара жатқандар менің үйіме түсетін болсын» депті. Өткен жолы Абайдың 150 жылдығына арналған жаяу сапарға қатысушылар түгелімізбен барып Манатайдың үйіне түскеніміз бар. Бұл жолы аудан басшылары сырттан біздің атымыздан уәде беруді жөн көрмесе де, біздің бұл үйге кіріп шығуымызға жағдай жасайтынын айтыпты. Жүргіншінің уақыты тапшы – таңертеңгі шайды сол үйден ішпек болдық. Таң атпай мал сойылған, қонақтарға бас тартыл­ ды. Мұны қарнымыз ашып жүргендіктен айтып отырғанымыз жоқ. Ұлы адамға деген құрметін білдіруге құштар көңілді атап өткің келеді. Жалпы Мұқаңның өмірінде Балтақай ақсақал отбасының ор­ны ерекше. Біреулер өзіне ұлы жазушының сәлемі түзу бол­ғанын көл-көсір етіп айтып жатады. Мұқаң елге келгенде, осы үйге түсетіні өз алдына, ел аралағанда, өзінің романына деректер жинағанда, Бәкеңді қасынан тастамаған... Талай де­ ре­кті осы кісіден алған да шығар. Кезінде бізге де Балтақай

ақсақалдың өзімен кездесіп, Мұқаң жайындағы, ұлы жазу­ шының елді қалай аралағаны жайындағы әңгімесін, шежі­ре­ сін тыңдау сәті түскені бар. Кезінде соған жете мән бермеге­ німізге, көп нәрсені сұрап қалмағанымызға қазір өкінеміз. Бүгінгі әңгімені Манатай айтады. Оның да айтары көп. Бәлкім, ұлы жазушының үйінде тұрып, оқу (8-9 жасында) тек Манатайдың ғана үлесіне тиген шығар. Мұқаңның қызы Ләйла апамыз Бәкеңнің үйіне келіп, қазақша сөйлеуге төселсе, мұндай қарым-қатынас та басқалардың үлесіне тимеген бо­ лар. Сол алғашқы сапар кезінде Манатайға өзінің ұлы жазу­ шыға қатысты естелік жазуы керектігін барынша дәлелдеп бақ­ қанбыз. Сол естелікті бүгін «Мұхтар Әуезов әлемі» жинағынан оқып, қуанып та отырмыз. Мұхтар Әуезов отбасы мен Балтақай Толғанбаевтар ара­ сындағы қарым-қатынас жеке бір үйлер арасындағы қарымқатынастан жоғарырақ тұратын, басқалар өнеге тұтарлықтай ерекше қарым-қатынас. Сол қарым-қатынас Манатайдың есте­ лігінде әжептәуір-ақ ашылған-ау. Бірақ автордың аса бір ина­ баттылығы, кішіпейілділігі біраз айтар жайды айтқызбағандай да көрінеді. Айту керек еді-ау дейсің. Ұлы адамның ықыласының Балтақайдай адамға мұншалықты аууы жайдан-жай емес қой. Мұқаңның араласқан, достасқан адамдары көп. Соның ішін­де ерекше жақын тартқандары да бар. Ұлы жазушының өмі­р­баянына қатысты тұстарда оның достарын айтқанда, лау­ азым­дыларға, даңқтыларға көбірек көңіл аударылып, Балтақай Тол­ғанбаев сияқты ерекше адамдарға жете көңіл бөлінбей жа­ татындай. Мұражайларда бұл кісі көптің бірі болмай, бірегейі болып орын алуға тиіс қой дейсің. Бұл ұлы жазушының ойына, бағасына сай келер еді. Бәкеңнің үлкен шаңырағындағы жақсы дәстүрді оның бала­ сы біздің замандасымыз Манатайдың жалғастырып жатқаны­ на шын қуандық. Берекелі дастарқан, байсалды әңгіме, кісілік әрекет көргенді жерден шығады. Осы шаңырақта ұрпақтар өсіп келеді, көшелі іс-қимыл жалғаса береді. Бұл ауылда Мұқаңа қатысты айтылар әңгіме де көп, атын ауызға алар адамдар да көп. Келесі күні Жидебайға барып қондық. Медеу дейтін жер­ ден келіп Мұрат Тобықбаев дейтін ініміз арнайы дастарқан жайып күтті. Сол жақсы отырыста өнерпаз жастар ән шырқады. Зайра Қабышева дейтін қарындасымыз ән айтты. Сөйтсек, ол

сонау соғыс жылдарында осындағы сапары кезінде Мұқаңды бастап жүретін, әзіл-оспақ айтып, күлкіге батырып жүретін атақты Қабыштың қызы екен. Сол Жидебайға бізді керемет бір адам қуып келді. Кеше Қарауылда болмапты. Нысанбек Омашев – ауданның белгілі аза­маты. Осыдан тура отыз жыл бұрын «Социалистік Қазақ­ станда» осы кісі туралы «Тағдырмен талас» дейтін очерк шыққан. Сол очерктің кейіпкері бүгінгідей жаяу сапар ұйымдастыруға бас болған газетке рақметін айтпақ үшін келген. Басқа ша­ руасы жоқ. Бұл шын мәнінде тағдырмен күресте жеңіп шыққан адам. Дүниеге екі аяғы, бір қолы жоқ болып келген деуге еш­ кімнің аузы бармас. Алдында батыр тұлғалы бойшаң адам тұр. Бірақ шындық солай. Нықаң сол жалғыз қолымен домбыра да тартады. Протез аяғымен талай жерді жүріп те өткен. Ұлы Мұ­ қаң бата берген, аудан орталығындағы орта мектепте шығып тұратын қолжазба «Абай ұрпақтары» журналының редакторы да болған. Ол бізге жаңа шыққан «Нартай» дейтін жыр кітабын сыйға ала келіпті. Бұл ауылдың кез-келген адамының Абайға, Мұқаңа қалай­ да бір қатысы бар. 3. Кемеңгердің кіндік қаны тамған жер Абай еліне келгенде, Жидебайға бару парыз. Жидебайды біз жүрегімізге орнықтырған адамдармыз. Осыдан екі жыл бұ­ рын сонау Семейден осында жаяу келіп, ұлы Абайға тағзым еткенбіз. Дәл шаңқай түс кезінде шаршап, шөлдеп, шалдығып жетіп, көңіліміздегі бір шаруаны тындырғанымызға көзіміз жеткен кезде, көзімізден бір тамшы жастың домалап түскеніне ұялғанымыз жоқ сонда. Бар күшімізді сарқып жұмсап жетіп, орнымыздан тұруға шамамыз келмей, жүрелеп отырып қал­ ғанымызға да ұялғанымыз жоқ. Ұлы данышпан жайында, Жидебай жайында, осындағы ұлы Ақкесене жайында біздің көп айтатын сөзіміз жоқ. Ке­ше кел­ген­де Ақкесенені үнсіз араладық. Онда даурығуға болмай­ ды. Бүгін таңертең тұрып, тағы да Ұлы кесенеге көз салдық, іш­тей тағзым еттік. Біз жолға шығып барамыз. Біздің қарқынымызбен жаяу жүргенге Жидебай мен Бөр­ лінің арасы үш күндік жол. Осы аралық бір өлшем кезең сияқ­

ты. Жидебай – ұлы Абайдың жатқан жері. Қасында – Шә­кәрім. Бөрлі – ұлы Мұқаңның кіндік қаны тамған жер. Арасы жал­ ғасып жатыр, бөлінбейтіндей. Кемеңгерлік ой жалғастырып жатқандай. Бұл жолда шынында бізбен екі ұлы тұлға қатарласа бірге жүргендей болған. Орда тауына жеткенде, алдымыздан Ші­ лік­ті кезең шықты. Жігіт Абай мен Шүкімәнға жолықтық. Жолықтырған ұлы Мұқаң. Қазақ даласында мұндай бұлақты бойлай орналасқан шағын ғана жасыл желекті алқап көп кез­ десер. Бірақ, Шілікті кезең – біреу. Ол – жалғыз. Ол басқалар­ дан бөлек. Бұл жердің тарихын білмейтін, «Абай жолын» оқымаған адам оған бәлкім онша көңіл де қоймас. Ал ұлы романды оқыған адам, Абайдың өзін оқыған адам, бұл жерден бей-жай өте алмайды. Сәулетшілер құрылыс материалдарынан ескерткіш салады. Оның сәнділігі сол материалға да, сәулетшінің шешіміне де байланысты. Ал табиғаттың өзі жасаған нәрсесін, біреудің кө­ зіне еленер, біреуге еленбес нәрсені жұрт сұқтана қарайтын ескерткішке айналдыру ұлы Мұқаңдай таланттың ғана қолы­ нан келеді. Шілікті кезең – Мұқаң жасаған ескерткіш. Оны кө­ кірегінде көзі жоқтар ғана аңғармауы мүмкін. Ұлы жазу­шының шығармашылық әлеміне кірмеген көп адам сол ғажайып ескерткішті байқамай өте беруі әбден мүмкін. Олардың көп нәрседен құры қалғаны үшін аяйсың. Ұлы Мұқаңның сол өзінің Абай еліне сапарына арналған очерктерінің бірінің аты «Жер әңгімеші» аталады. Жердің әң­ гіме айтатынына жазушы қайта-қайта тоқталатыны бар. Ші­ лікті кезең жүргіншіге тек әңгіме айтып қана қоймайды, көп нәрсені көз алдына елестетіп, көрсетеді де. Мұқаңның ұлы талантының құдіреті арқасында махаббаттың жырын тыңдап, тарихпен тілдесесің. Шілікті кезеңнен өте шатыр тіктік. Осы өңірдің адамдары келді. Ұлы жазушыға құрметін білдірді. Ұлы кітаптағы ай­ шықты оқиғаға негіз болған өз ауылдары екеніне мақтанады. Орынды мақтаныш. Бүгінгі күннің қиындығын айтпайды. Жақсы болашақты, ұлы жазушыға қатысты жайды сөз етеді. Жұрт жасымаған, ұлы Мұқаңның рухын арқаланатындай. Осы сапарда аттап кетпейтін тағы бір жер бар. Ол – Еңлік пен Кебек паналаған тас үй. Жолдан әжептәуір бұрылыс. Барасың. Бармауға болмайды. Көбіміз бұрын көрген жер.

Тағы да көруіміз керек. Бардық. Көрдік. Ондағы жазуларға қа­ рағанда, бізге дейін де талайлар болған жер. Қуыс жартас. Мұндай қуыс жартас басқа жерден де кезігер. Мұны рухани ескерткішке айналдырған Мұқаңның «Еңлік-Кебек» драмалық дастаны. Оның Ойқұдықта қойылуы. Осы ұлы шығарма бол­ маса, осы Орда тауындағы осынау үңгіртас назарға ілінер ме еді, жоқ па – кім білсін. Біраз жотаны айналып өтіп, оған ар­ на­йы кім барып жатар еді. Ал халықтың рухани азығына ай­ налған ұлы шығарма, оған апармай қойғызбайды. Махаббат шерменделерін паналатқан жартасқа тағзым еткізеді. Бұл дүние қызық қой. Жұмбағы көп. Ол жұмбақты ұлылар шешеді. Сол ұлыларды көбірек тыңдасаң, сол жұмбақты дү­ ниеге көбірек қанығасың. Өмірдің өзінен, байқалмайтын нәр­ се­ден көп нәрсені ұқтырады, көп нәрсені таптырады. «Абай жо­лы» жазылмаса, Жидебай мен Бөрлінің арасы 104 шақырым ғана жол болар еді. Шілікті кезеңге жеткенде ешкім толғанбас та еді, сол бір сұлу әлемге сұқтанып қарамас та еді. Жидебай мен Бөрлінің арасын талай рет жүріп өттік. Кө­ біне, әрине, көлікпен жүрдік. Бір-екі адам болып емес, біраз адам бо­лып топтасып та жүрдік. Осы жолдың айналасына әркім әртүрлі көзбен қарайды. Ұлы Абайдың 150 жылдық тойына өңкей ғана журналистер болып, бірнеше автобусқа тиеліп бар­ ғанымыз бар. Қайтар жолда солардың бірі: – Ойпырмай, көз тоқтатар бір талы жоқ, бұл өңірде халық қайтып тұрады! – деп таңданған. Сол мүскін «Абай жолын» оқымаған-ау. Оқыса да ешнәрсе ұқпаған-ау. Осы бір даладан қаншама сұлулық, қаншама ға­жа­ йып дүние көруге болар еді! Ол үшін Әуезов болудың қажеті жоқ, тек оның жасаған дүниесін көретін көзің болсын. Жоталарға өрмелей, жазықтарды тіліп отыратын қасқа жол біздерді жалықтырған жоқ. Үшінші күні Қасқабұлаққа жет­кен­ біз. Бұл Қасқабұлақтың Мұқаңа қатысы ерекше. Осында Мұқаң атындағы кеңшар, қазір серіктестік орналасқан. Сірә, бұл ұлы жазушының аты берілген, иә, тұңғыш шаруашылық немесе сол алғашқылардың бірі болса керек. Қашанда Мұқаңның той­ лары өткенде, оны еске алғанда, осы шаруашылық ұлы жазу­ шының туған ауылы атынан үлес қосып жүреді. Мұқаң 60 жылдық мерейтойы қарсаңында елге келгенде, осы Қасқабұлақ жұртшылығы оны туған жері атынан қарсы алып, қошемет

көр­сеткен. Содан да бұл ауыл Мұқаңа қатысты шараларға бі­ рінші араласады және сол ұлы тұлға алдында өздерін жауапкер, сол ұлы есімге лайықты болуға міндетті санайды. Кешегі ұлы Абай тойында Мұхтар ауылын тігіп, оның жасауын әзірлеген. Қандай бір өнер бәсекесіне де Мұқаңның намысын арқалап барады. Шын мәнінде Қасқабұлақ – ұлы Абайдың кіндік қаны там­ ған жер. Абайға байланысты көп шара аудан орталығы Қа­ рауылда немесе оның мәңгі ұйқыда жатқан жері Жидебайда өтетін болғандықтан, Қасқабұлақ екінші ұлы тұлғаның – Мұ­ қаңның атына байланысты көбірек айтылады. Бұл ауылда бә­ рі де Мұқаңның есіміне қатысты. Бұл жазушының атына ла­­ йық­ты боламыз деп кезінде кеңшар да дүрілдеп тұрды. Бас­ қа жерде дүние тоз-тозы шыққанда, сол шаруашылықтың ди­ректоры Амантай Мұқатаев қоғамдық малдың шашауын шы­ғармай, енді ұлы жазушының атындағы серіктестіктің мү­ шелеріне тапсырып отыр. Өзі сол серіктестікке төраға – жұрт­ тың қалауы солай болды. Жұрт мұны да ұлы жазушының аты­ на лайықты үрдіс деп бағалап отыр. Осы Қасқабұлақта аты атырапқа жайылған мәдениет сарайы бар. Ол қашанда Мұқаңа арналған шаралар­дың орталығы. Онан соң бұл ауылда Мұқаң атында өнегелі мектеп бар. Бізді Қасқабұлаққа жетпей сол мектептің оқытушылары қар­ сы алды. Өзімізге құрмет көрсеткендіктен емес-ау, осында келіп тұрып, бұл мектептегі Мұқаңа қатысты жүзеге асып жат­қан игі істерді айтпай кету қиянаттай көрінеді. Мектеп дирек­то­ры Тайлақ Желдібаев, оның орынбасары Әнуар Әкімжановтар ай­ т­қан әңгімелер өз алдына, осындағы көрнекті құралдарға көз салып-ақ мектепке кірген адам ұлы жазушы жайында, оның шы­ғар­машылығы жайында айтарлықтай мағлұмат алып шығар еді. Ал күнде осында дәріс тыңдайтын оқушының зердесіне Әуезов әлемінен көп нәрсе құйылары сөзсіз-ау дейсің. Рас, мектеп ұлы жазушы атында, оның туған жерінде. Сон­ дықтан ғана мұнда Мұхтар Әуезов жайында көбірек айтуға тиіс пе? Неге осындай игі істер республикамыздың барлық мек­тебінде болмайды? Абай мен Мұхтардың ұлы мұрасынан бар­лық жерде жасөспірімдер сусындап жатар болса, ол үлкен рухани жетістік емес пе? Әуезов әлемі барлық жерге де ортақ. Ұлы Мұкаң атындағы ауылды аралағанда, ондағы мектепте болғанда, осы бір ой үнемі көңілімізден кетпей қойды.

Қасқабұлаққа қонып шыққаннан кейін, Бөрлі – жаяу жүр­ генге түстік жер. Бұл біздің жаяу сапарымыздың ақырғы, ең жау­апты күні. Әңгіме шаршамай жетуде ғана емес, оған біраз төселіп те қалғандаймыз. Жарты күндік жолға шаршамаймыз да ғой. Әңгіме осы сапарымыз жайлы толғанатын, ой сарабы­ нан өткізетін сәттің туғанында. Бірақ ой шашырай берген. Әлі Бөрліге жеткеніміз жоқ. Нүкте сонда қойылады. «Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққан­ да өңі қашатыны» бар. Ойымыз ойдағыдай жүзеге аса ма? Осы жерде оны да алға жайғанымыз жөн шығар. Осы са­ парда өзімізбен бірге алып келе жатқан жүктің ішінде «қара сөмкенің» орны бөлек. Оған барлығымыздың назарымыз ауа­ ды. Тоқтағанда да алдымен соны іздейміз, қозғалғанда да алды­ мен соның салынғанын қадағалаймыз. Онда – Алматыдағы Мұқаңның мұражай-үйінен, ұлы тұлғаның табаны тиген жер­ ден және оның мәңгілік ұйқыда жатқан жерінен алынған қос уыс топырақ бар. Соны өзінің кіндік қаны тамған жерге, атаанасы Омархан мен Нұржамал жатқан жерге төкпекпіз. Сонда ұлы рухтар табысар ма еді... Бөрліге жақындаған сайын көңіл алабұртады. Міне, қасқа жол­дан кемеңгердің кіндік қаны тамған жерге бұрылатын ке­­ зең. Бұдан әрі төрт-ақ шақырым. Міне, Бөрлі де көрінді. Кіш­ кен­тай ғана ұлы мекен! Армысың, қазаққа қасиетті мекен! Дү­ниеге Мұхтардай ұлыны әкелгенің үшін, қазақ дейтін ха­ лықты әлемге танытқаның үшін саған тағзым етуге келдік! Ақ ниетімізді қабыл ал! Мұқаң дүниеге келген үйдің алдында – ұлы жазушының осындағы мұражайы алдында Бөрлінің еңкейген қартынан бе­- ­сіктегі баласына дейін қарсы алды. Бұл сөздің жалғандығы жоқ – Бөрлінің 25 отбасының 132 жаны осында. Тоқсанды ал­- ­қымдаған Қонақай ақсақал мен Тәжіхан әжей бас болып қар­ сы алды. Оған Қасқабұлақ ауылының әкімі Зәметай Дәуі­тов бастап келген бір қауым ел қосылған. Біздің өзіміз де, көңі­ ліміз де араласып кеттік. Осынау кішкентай ауылда бата күтіп жатқан әруақтар бар. Мұқаңның ата-анасы Омархан мен Нұржамалдың кесенесіне ба­ рып, олардың әруағына құран бағыштадық. Кезінде Мұқаң өзінін әке-шешесінің, туыстарының зира­ тын қоршап, дұрыстап белгі қоюды ойластырған екен. Оны өзі­- нің досы Балтақайға тапсырған екен. Бір жағы заманның да

әсе­рі бар, уақыттың да өз талаптары бар, әйтеуір әртүрлі себеп­ тері­мен күні бүгінге дейін бұл шаруа әлі толық біте қоймаған. Бірақ Омархан мен Нұржамалдың Маңғыстаудың ақ тасынан өрілген әсем кесенесі бой көтеріп, біраз әрлеу жұмыстары ғана қалыпты. Бұл ұлы тұлғаның бір тілегінің жүзеге асар тұсы. Келесі күні біз де өз ойымызды жүзеге асырдық. Сонау Ал­- ­матыдан алып келген қасиетті топырақты ертең Омархан мен Нұржамал кесенесінің құрылысы толық аяқталған соң соның іргесіне төгу үшін халық алдында осы ауылдың иесі есеп­ ті адам, Мұқаңның осындағы мұражайының іргесін қала­ған Бекен Исабаев ағамызға тапсырдық. Жаяу сапарға бас­та­ма­шы болған «Егемен Қазақстан» газеті редакциясы мен «Абай» қоры атынан ұлы Мұхтар Әуезовтің әруағына арналып құран­хатым түсірі­ліп, ас берілді. Осынау шараға Дәулеткерей Доған­бе­ ков­тің өзі бас болып келіп, аудан жұртшылығының өкілдері қатысты. Бөрлімен де қоштасатын кез келді. Сонау Аягөзден жаяу­ лап тоғызыншы күн дегенде аңсап жеткен ауылды, оның адам­­ дарының ыстық ықыласын қимайтындаймыз. Бір Бекең аға­­ мыздың әсте де таусылмайтын шежіре әңгімесін тыңдай беру­ дің өзі неге тұрады! Иә, Бөрлімен қоштасуға тура келеді. Бірақ ол біздің кө­ ңіліміздің жайлауына апарып ой отауын тіккені де анық. Біз ғана емес енді оған бүкіл ел көз тігеді. Мұқаңның үлкен тойы­ ның, әлемдік тойының бір орталығы осы Бөрлі болмақ. Ел соған дайындалып жатыр. Қош бола тұр, қасиетті мекен. Қазақ дейтін халық ұлы Мұхтар Әуезов тұрғанда енді сенен көз жазбайды. Ал Әуезов – мәңгілік! Алматы –Аягөз – Қасқабұлақ – Бөрлі –Семей.

Төртінші сапар Ұлылар жүрген жол адастырмайды Қай халықты айтсақ та, алдымен олардан шыққан ұлыларды еске аламыз. Сол ұлылар арқылы елін танимыз. Өзін басқаға таныстыру үшін әр халық өзінің тұлғаларын ұлықтап, бағалай білуге тиіс. Осы жерде ұлы Мұхтар Әуезовтің бір пікірі ойға оралады. Сонау елуінші жылдардың соңында өзінің Үндістанға барған сапарынан кейін университет студенттерімен кезде­ суі кезінде Мұқаңның әлемдегі ең үлкен Калькутта кітапха­ насынан қазақ ақын-жа­зушыларының шығармаларын іздестір­ генде, Жамбылдың кі­та­бын тапқанын айтып, халқы­мызды басқаларға танытқан Жәкенді айрықша бағалауымыз ке­ рек дегені бар. Ұлы Мұқаңның өзі Абайдай данышпанды ал­ дымен өз халқымызға танытып, содан соң әлемге мойындатты. Қазір бұл екі ұлы кемеңгерді әлем танып, олардың мүшелтойын әлемдік деңгейде атап өтті. Енді әдебиетте ғана емес, қазақ дейтін халықтың ғылымның да асқар шыңына көтерілген пер­зенті болғанын әлем танып отыр – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуын бүкіл әлем тойлады. Сол арқылы бүкіл әлем қазақты танып жатыр. Ұлыларымызды басқалар мойындау үшін алдымен өзіміз ұлықтай білуіміз керек. Әдетте мұндайда олардың мұраларын түгендеп, меңгеру, есім­ дерін қастерлеу, халық болып марапаттау ойға оралады. Олар­ дың мүшелтойы жылдарындағы той-томалақтар еске түседі. Бәрі де жөн. Сөйтсе де, сол кемеңгерлерімізді ұлықтау сол атал­ған шаралармен ғана шектеле ме? Ескерілмей қалған не бар? Осы бір сауал халқымыздың аруақты қастерлеп, әулие санаған адамдардың басына барып, зиярат ету дәстүрін еске түсірген. Бүкіл халқымыз қадірлеген ұлыларымыздың басы­на барсақ, олардың кіндік қаны тамған жеріне жаяу барып, міна­ жат етсек, о да кемеңгерлерімізге көрсетілер құрметтің бір бел­ гісі болмас па еді? «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапарын өткізу бастамасы дүниеге осылай келген. Алғаш рет «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы Семей облыстық «Абай» қорымен бірлесе отырып, Абайдың 150 жыл­дық мерекесі қарсаңында ұлы ақынның жатқан жері Жиде­байға Семейден жаяу сапар ұйымдастыруды қолға алды. Оны жұрт жылы қабылдаған соң, бұл бастама Жамбылдың 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы қарсаңында

жал­ғасты. Ендігі кезек Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ту­ ға­нына 100 жыл толуы мерекесіне тиіп отыр. Бұл – «Егемен Қазақстан» газеті бастамашы болып, басқа қоғамдық ұйымдар қостаған төртінші сапарымыз. Алғашында осынау ісімізді жұрт қалай қабылдар екен деген күдік көңілде жүрсе, бұл жолы одан адамыз. Ұлылар рухына тағзым ету, олардың мұрасына үңілу, оның алдында есеп беру бізге ғана емес, көпшілікке тән қасиет екен. Жұрттан құптау көрдік. Осы жолы да солай болар деген ойда болғанбыз. Қателеспеппіз. Тағдырлар тоғысқан жер Бұл жолғы бағыт: Павлодар-Баянауыл, одан әрі – Теңдік. Ұлы ғұлама ғалымның кіндік қаны тамған жер. Отан деген кең ұғым. Сөйтсе де оның бастауы бар. Ең алдымен ол – адамның кіндік қаны тамған жер. Онан соң Отан ауыл болып биіктейді. Адамның абыройы артса, оны бүкіл аудан иемденеді. Қане­ кеңдей ұлыны бүкіл Павлодар облысы жерлесіміз деп құрмет­ тейді, мақтанады. Мақтанып қана қоймай, бұл облыс ғұлама ғалымның туға­ нына 100 жыл толуына орай біраз шаруа тындырды. Облыс әкімі Ғалымжан Жақиянов бас болып Қаныш Имантайұлы Сәт­баевтың мұрасын игеру, есімін марапаттау жөнінде кең ша­ ралар түзіліп, оны жүзеге асыру қолға алынды. Оған өткен жылғы қарашада Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі осы Павлодарға келіп, академиктің 100 жылдығына арналған комиссияның мәжілісін осында өткізуі де біраз қозғау салған. Ұлыларды марапаттауды, кей кездегідей, той-томалақ, ас ішу­ мен шектемей, рухани игілікке айналдыру жағына сонда ай­ рықша мән берілген еді. Сонау қыс ортасында Қанекеңнің мүшелтойына орай не істеліп жатқанын білмек үшін осында іссапармен келіп қайт­ қа­нымыз бар. Сонда Қанекеңнің ұлы есімін құрметтеу ре­тінде оның туған жеріне сапар ұйымдастырмақ ойымызды білдір­ген­ де, павлодарлықтар оны қызу қолдаған болатын. Сөз реті келгенде, айта кететін бір жәй – алғаш рет ұлы Абайдың құрметіне жаяу сапар ұйымдастыру жөніндегі газет бастамасын құптаған да сол кездегі Семей облысының әкімі, қазіргі Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов бол­ ған, кейінірек Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған са­­

парымызға да қолдау көрсетпек ниетін білдірген. Енді об­лыс­­ тық әкімшіліктің бұл жолғы ықыласына біз әсте де таң­дан­ға­ нымыз жоқ. Біздің сапарымызды ұлы ғалым мүшел-тойының бір шарасы ретінде қабылдап, ұйымдастыру жұ­мы­сына қатысты біршама шараны жеңілдеткенін атап айт­қанымыз жөн. Бұл Павлодар – талайлардың тағдыры тоқайласқан жер. Об­ лыстық өлкетану мұражайын, Бұхар жырау атындағы мұра­ жайды аралап көрген адамның оған көзі айқын жетеді. Тағдыр Қанекеңді де бұл қалаға талай алып келген. Алғаш рет 12 жасар боз өрім оқу іздеп келді. Ғалымның ұлы жолына, бәлкім, оны Павлодардағы екі кластық училищедегі оқу жетелеген шы­ ғар. Ұлы ғалымның туған жеріне сапарымызды осы жерден бастауымыздың сыры да сонда жатыр. Қазақша Кереку аты тілге орала беретін бұл қалаға кел­ген­ ше де жаяу сапарға қатысушылар Қанекеңнің атына қатыс­ты біраз шаруаға араласқан еді. Қаныш Имантайұлының үлкен өмірінің біраз белесті ке­ зеңдері Алматыда өтті. Ұлы кемеңгерге өшпейтін ескерткіш бо­латын Ұлттық Ғылым академиясы осында. Оның ғажа­йып сәу­лет өнерінің ескерткішіне айналған ғимараты алматы­лық­ тардың көзіне оттай басылады да, алдымен Қанекенді еске түсіреді. Әйтпесе, ұлы ғалымның өз қолымен құрып, өмірі­нің соңына дейін, басқа қат-қабат жұмыстарына қарамай, бас­қару тізгінін өз қолынан босатпаған Геология ғылымдары инс­ти­ туты ше! Жаяу сапарға Алматыдан қатысатындар жолға шығар алдында осынау қасиетті орындардың бәрінде болып, Қане­ кеңнің рухына бас игеніміз бар. Ұлттық Ғылым академиясын Сәтбаев есімінен бөліп айту қиын. Басқасын былай қойғанда, осында келгендер, сірә Қа­ некеңнің мұражайына соқпай кетпейтін шығар. Оның шы­рақ­ шысы болып отырған ұлы ғалымның немересі Нұрлан Жар­ мағамбетовтің кабинетінде бірнеше рет бас қосқанбыз. Қаниса Қанышқызы, Мейіз Қанышқызы апаларымызбен осында та­ ны­сып, лебізін естідік. Шәмшиябану Қанышқызы апайымыз шамалы науқастанып келе алмаса да, ол кісінің жолдасы, белгілі қоғам қайраткері Оразай Батырбековтің жайдары әң­ гі­месі көңілімізді өсірген. Сол үлкендерімізді алдымызға са­ лып, Қанекеңнің зиратына барып, тағзым еткеніміз Керекуде басталар жаяу сапарымыздың басы сияқты көрінеді. Оның да бір жөні бар еді. Қазақта топырақ деген қасиетті ұғым бар. «Туған жердің топырағы бұйырсын», «Топырағы торқа болсын» деп тілек айтады, «Топырақ салу» деген парыздың орны бөлек.

Қанекеңнің зиратының басында Оңғар қажы құран оқығаннан кейін, сол зираттың түбінен Қаныш Имантайұлының ұрпақ­ тары болып, жаяу сапарға қатысушылар болып, қос уыс то­ пырақты аппақ ақ матаға салып алдық. Бұл біздің сапары­мыз­ дың ең қасиетті жүгі еді. Оны осынау Теңдік деген ауыл­дың сыртындағы Айырық дейтін жердегі Имантай атамыздың жатқан жеріне апарып, зиратына салмақпыз. Рухы бұрыннан да табысып жатқан шығар-ау, ата мен баланың топырағы да қосылып жатсын деген ақ ниет еді бұл. Қанекеңнің әруағын сыйлай келген адам Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында да соқпай ке­ те алмайды. Әлемді таңдандырған айтулы жорамал-метал­ло­ гендік карта осы институт қабырғасында жасалған. Сәтбаев басқарған бір топ ғалымның осынау бірегей жаңалығына сол кездегі ең жоғары сыйлық – Лениндік сыйлық берілген де, оны бүкіл Қазақстан жұртшылығының табысы санап, қуанған жұрт. Сол институт бүгінгідей тапшылық қысқан заманда өзіне негіз қалаған адамның жолын ұстанып келеді, ұстаз ісіне адал. Сол институттың ішінде К.И.Сәтбаев атындағы Халықаралық қор да орналасқан. Басқа емес, оның орны осында болуы жөн еді. Сол қордың басында қазақтың белгілі ақыны, қайраткер Кәкімбек Салықов ағамыз жүр. Сәтбаевтың 100 жылдығына байланысты өз еліміздегі, шетелдердегі шараларды жүзеге асы­руға ат салысқан, мұрындық болған адам. Жаяу сапары­ мыздың мән-жайын естіп, Кәкең үлкен ризашылығын білдіріп, қордың атынан сәттілік тілеп, ақ батасын берген. Алматыда Қанекеңнің 100 жылдығына орай біраз іс тын­ дырылды. Ғалым шығармаларының толық жинағын шы­ға­ ру басталды, ол жайындағы ғылыми, деректі еңбектер, есте­лік кітаптар өз алдына. Академиктің 100 жылдығы күні Мем­ле­ кеттік ұлттық техникалық университеттің алдында Қанекеңнің ғажап ескерткішінің ашылуы, Республика сарайында салта­ натты мәжіліс өтуі, онда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі халықтың есінде қалатын, елдің өз кемеңгер пер­ зентіне құрмет көрсетуінің үлгісі болғандай оқиғаларға айнал­ ды. Керекуге қарай жолға шығар алдында біздің көңілімізге осы жайлар оралған. Біздің бұл сапарымызға қатысқысы келгендер, Қанекеңнің туған жеріне тағзым етіп қайтқысы келгендер көп болды. Бір­ ақ мынау тапшылық заманда жолға шығу да, оның шығынын көтеру де оңай шаруа емес. Біраз достардың, азаматтардың өк­ песін арқалауға мәжбүр болдық. Редакция бөлген, әркез осы

жаяу сапарымызға демеушілік көрсететін «Филипп Моррис» компаниялар тобына кіретін Алматы темекі компаниясы бөл­ ген азын-аулақ қаржы жыртықты жамаудан әрі аспайтын еді. Содан да сапарға шығушылар құрамы мықтап шектелген, Ал­ матыдан «жүрмесе болмайтындар» ғана жолға шыққан. Бұрынғысынша, бұл дәстүрлі сапарда «Егемен Қазақстан» өкілі болатыны заңды, екіншіден, жалпы ұйымдастыру жұмы­ сы да газет қызметкері Мамадияр Жақыптың мойнында. Ал­ матыдан Керекуге аттанар топтың құрамында бұл сапарға бұ­ рыннан қатысып жүрген жазушы Зейнолла Серікқалиұлы мен белгілі фотожурналист Нұрғожа Жұбановтың «заңды» орын­­ дары бар еді. Жаңадан қосылғандар қатарындағы Бүркіт­бай Айдархановтың орны бөлектеу. 81 жастағы медицина ғылы­ мының докторы, халықаралық табиғат қоғамы академия­сының мүшесі, Республика дәрігер-эндокринологтар ассоциация­сы­ ның құрметті төрағасы Бөкеңнің ұлы ғалымға шәкірттік те, жерлестік те жақындығы бар. Академия жаңа ашылып жат­ қан кезде Қанекең жауынгер-дәрігер Айдархановты әскер қа­- та­рынан босаттырып алып, ғылым жолына бағыттаған. Бө­­ кең­нің өзі айтпағанмен, жұрт оны Қанекеңнің үмітін ақ­та­ ған адам санайды. Ал жаяу жүруі жағына келгенде, қыс ке­ зінде демалыс күндерді құрғатпай, тауға шығуды дәстүр­ге айналдырып, көк мұз, ақ қарда суға шомылып жүретін Бө­ кеңнің біраз жастарға дес бере қоймайтыны анық. Алма­ты­ лық студент Ержан Жақыпқа екі міндет жүктелген: алдағы уақытта осынау жаяу сапар дәстүрін жалғастыруға тәжірибе жинақтау, екіншіден, үлкендерге қызмет көрсету (Алматы то­ бындағылардың Ержаннан басқасының жасы 60-тан жоғары). Алматы тобы деп бөле жарғанда, Семей жақтан да бір топ адам сапарға қосылмақ. «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапары сол Семей өңірінде, «Абай» қорының қатысуымен дүниеге келген. Абайдың 150 жылдығы құрметіне алғашқы жаяу сапарға қа­ тысып, сол үшін «Абай елінің құрметті азаматы» атағына ие бол­ғандар «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімұлы мен «Егемен Қазақстанның» Семей өңіріндегі тілшісі Дәулет Сейсенұлы Қанекеңнің туған жеріне барып, оның рухына та­ ғзым етуді борыш санаған. Бұрынғы бір сапарға қатысқан Қа­ нат Ерсәлімов те өзінің 11 жасар баласы Азатты ертіп келді. Сөйтіп бұл сапарға қатысушылар жасының айырмашылығы 70 жасқа толып отыр. Жаяу сапарға қатысушылар құрамын айтқанда да Қане­ кең­дей ұлыға деген құрметтің бір қырын көргендей боламыз.

Бұл сапарға сонау оңтүстік Сыр бойының, батыстағы Еділ мен Жайық, шығыс пен солтүстік Ертіс өңірінің тумалары қатысып отырғаны біраз жайды аңғартқандай. Қатарымызға керекулік журналистер: қазір Бұхар жырау мұражайында еңбек ететін Айт­жан Бәделханов пен «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Төлеубек Қоңырдың қосылуы сапаршылар «жағрафиясын» то­ лықтыра түсті Сөйтіп, еліміздің әр аймағында туып-өскен бір топ адам Қанекеңдей ұлының әруағына тағзым ету ниетімен Керекуде бас қосты. Әрине, Павлодардағы сапаршыларға көрсетілген жылы қар­сы алу, ыстық ықылас – ең алдымен Қанекеңе деген құр­ мет. Облыстық әкімшіліктегі қабылдау, облыс әкімінің орын­ басары Бақыт Ниязбекқызы Түменова ханымның сапаршыларға айтқан ақ тілектері, баспасөз мәслихатында болған жайдары әң­ гіме – бәрі де жанымызға жылылық құйған. Сол ыстық көңіл бүкіл сапар бойы жалғасты. Оны айт­пай тұра алмайсың. Ол – көпшіліктің, халықтың Қаныш Имантай­ ұлы Сәтбаевтай асыл перзентіне деген ықыласы. Келесі күні павлодарлықтар бір кезде жас Қаныш Сәтбаев оқыған бұрынғы орыс-қазақ училищесінің үйі алдында митинг ашып, жаяу сапар мүшелерін шығарып салу салтанатын өт­ кізді. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Ахметова, Сәтбаев атындағы қор филиалының директоры Оралбек Қожанов, қа­ лалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хатиб Демесінов, та­ғы басқалар ұлы Қанекең туралы тебірене сөйлеп, жаяу сапар­ға қа­тысушыларға игі тілек айтты. Сапаршыларға сонау Алма­ты- ­дан Қанекеңнің зираты басынан алып келе жатқан қос уыс то­ пыраққа тағы бір аманат қосылды – Медеу Сәрсекенің бас­па­ дан жаңа шыққан «Қаныш Елі» альбом-кітабын академик­тің ту­ ған ауылындағы мектептің мұражайына беру тапсырылды. Сапаршылар осылай жолға шықты. Кемеңгерден қалған із өшпейді Павлодардың кең көшесімен келеміз. Барлық көлік тоқтап, жол береді. Сапаршыларға жолсерік болған полиция мәшине­ сіндегі жігіттер ешкімнің аяғын қия бастырмайды. Еріксіз әң­ гіме туады. – Мынауымыз тым артықтау емес пе?.. – Артық емес. Бұл бізге емес, Қанекеңе көрсетілген құрмет.

– Тоқтап, күтіп тұрғанда, ойлансын. Қанекеңнің кім екенін, оған қандай құрмет көрсетілетінін ойласын. Мәшинедегілер ғана емес, жаяу жұрт та бізге таңдана қа­ райды. Кейбіреуі сұрап та жатыр. Мән-жайды білген соң, кей­ бірі қостағандай кейіп танытады. Кейбірінің, әсіресе, бөтен ұлт өкілдерінің санасына жетпейтін сияқты. Бей-жай таңданыс. Мей­лі, олар түсінбесе, түсінбей-ақ қойсын. Шығарып салған­ дар түсінген, түсінетін халық алда. Қала көшесімен біраз жүрдік. Жағаға жақындап, көпірге ке­ ліп тірелдік. МАИ қызметкерлері көпір бойынан жол ашып, арғы жағаға шығарып салды. Біз бұл күні сапар бағдарла­ма­ сында көрсетілген Сынтас ауылына жетуіміз керек. Жетінші ауылға жете бергенде, жауын құйып кетті, соған қарамастан, алға тарттық. Межелі жерге жеткенде, Айнакөл селолық ок­ ру­гінің әкімі Марат Айдарбеков қарсы алды. Ол бізді түс ауа келеді деп ойласа керек, аздап әбігерленіп қалды. Ауылға жет­ кенде де, жаңбыр толастаған жоқ. Кеңседе жауынның басы­ луын күтіп отырғанымызда, бір қарт сәлем бере кірді. Таныс­ тық. Осында 47 жыл ұстаздық еткен Сапар Көпежанов деген ақсақал екен. Сапар жайын сұрады. Сынтасқа баратынымызды білгенде, 1914 жылы он бес жасар Қаныштың Сынтаста емес, Көктаста паромға мінгенін естігенін айтты. Сынтас деген ауыл жоқ, бір кезде селолық Кеңес Сынтас аталса керек, ал қазір Айнакөл селолық округі деп аталады. Біздің ойымызда – Имантай атамыздың Қаныш баласын ке­ меге отырғызған жерін көру. Жауын басылса, жаяулатып барып қайтпақпыз. – Жауын әкелдіңіздер. Алдымен соған рақмет. Кеме тоқ­ таған жерді көрсетпей, жібермейміз – деп ауылға аға болған­ дай азаматтар көңілімізді көтеріп жатыр. – Қанекеңе деген құр­ метімізді де көресіздер. Бәрі де көңілімізді тапқысы келеді. Белгіленген уақыттан ер­ терек келген қонақтарға жылдам-ақ шәй әзірленіп қалды. Жау­ ын жауса да, күн тым тымырсық. Сонда шөл басқандық емес, алдымен жұрттың ұлы жерлесін ұлықтап жүрген адамдарға деген ықыласы көңілімізді көтеріп тастады. Кейде осындай жолсапар жайында жазудан қиын нәрсе жоқ сияқты. Қаншама адамға кезігесің. Бәрінің де атын атап, олар­дың есте қалар бір ісін айтқың келеді. Бірақ бәрін сый­ дыра аласың ба! Бірін айтып, екіншісін айтпай кетсең, ала­ лағандай көрінесің. Осы Ақсу өңіріне кірісімен, алдымыз­дан шығып, жерін таныстырып, елін таныстырған аудан әкі­­мінің

орынбасары Серікбай Әубәкіровтің, қарт-ұстаз Сапар Кө­пе­ жановтың, шаруа қожалықтарын ұйымдастырып, басқа­ларға да қол ұшын беріп жүрген ауыл азаматтары Серік Бай­теміров, Со­ циал Мусиндер туралы молырақ тереңдей айтқың келеді... Сыртта жаңбыр басылыпты. Бес алты шақырым Көктасқа жергілікті фермерлер Серік пен Социал деген жігіттерді ертіп, жүріп кеттік. Шағын ауылдың еңісінде, жарға жақын тұста соқпақ жол бар екен. Ертіс бұрылысы. Мұнда 1955 жылға дейін Павлодарға паром қатынап тұрған. Иә, кезінде бұл жерде кеме аялдапты. Қазір бұл жермен ке­ ме жүрмейді. Айдынды өзен тайыздаған. Бұрынғыдан да еш­ нәрсе жоқ. Мұнда жұрт тоқтайтын үйлер болғанына сенбе­ген­ дейсің. Бірақ дәл осы жерден Имантай атамыздың Қаны­шын Семейге аттандырғанын ел ұмытпайды. Оған Әлкей Мар­ғұ­ ландай ғұлама ғалым куәлік етеді. Бұл жайында Әлекең­нің ес­ телігі бар. Әлекеңнің сол естелігінен үзінді келтірудің дәл қазір артықтығы жоқ сияқты. Ол Имантай атамыздың сөзімен берілген: – Ол жыл аса бір қиын жыл дейді, – деді Имекеңмен әңгімелескенде. – Қыс ел жұтап шығып, жаз шыға соғыс дүм­пуі халықтың сұрқын қашыра бастаған еді. Мен Қаныш­ жанның егіле айтқан сөзіне ақыл айтып, бір жыл қасымда болғанын тәуір көрген едім. Қарасам, Қанышжан не тамақ ішпейді, не кісімен сөйлеспейді, бүгіліп ойға түсе бастаған. Әбікеймен сөйлесіп, ақылдасуға болмады. Ол Өскемен, Зайсан жағына шығып кеткен. Бірнеше күн ойланып толғанғаннан кейін: – Қой, баланы бұлай жүдетуге болмас. Не де болса жал­ ғызды өзіңе тапсырдым, – деп тамыз айының басында Қа­ нышты ертіп Керекуге аттандым, – деді. Имекеңнің қасына оның айнымас достары Бақай мен Қозы­ бағар ереді. Төртеуі бір жұма жүріп Ертіс бойына жеткен­де, Қаныш арбаның үстінде отырып: – Ата, мен Павлодарға бармай-ақ қояйын, онда барсам, та­ ғы да кешігіп қалармын. Мені осы Қызылшырпыдан кемеге отырғызып жіберіңіз, – дейді. Жолаушылар Семейге баратын кеменің келуін күтіп Қызылшырпыда бір жұмадан аса жатады. – Бір күні шай ішіп отырғанда, – деді Имекең, – келе жатқан кеменің даусы естілді. Жүрегім су ете түсті. Қаныш бұдан бы­ лай жалғыз кетеді. Өртеніп тұрған соғыс жылы, ел арасында ауру-сырқау көбейе бастаған, он бес жасар баланың тағдыры не болады деген ой кеудені кернеп барады. Ауылға қайтадан

алып қайтуға болмайды. Оған Қанышжанның еш көнетін түрі жоқ. Бұл екі ортада Қозыбағар атты жегіп қойған. Қанышжан алдымда, үнсіз арбаға мініп кемеге келдік. Билет бұрын алы­ нып қойылған. Біз кеменің аузына келгенде, ол жүруге бел­гі берді. Қанышжан билетін көрсетіп тез кіріп кетті, бізді кіргіз­ бей, сыртта қалып қойдық. Тірі адамды тірі айырған – мұның өзі ауыр жүк екен. Біраздан кейін кеме жүруге айналды. Қа­ нышжан кеменің үстіне жүгіріп шығып, бізге иіліп тәжім ет­ кенде, қасымда тұрған Бақай мен Қозыбағар көздерінен жасын мөлдіретіп «аман болғай да» деп тұр екен. Өзім де ішімнен олардың тілегіне қосылып, елге қайтып кеттім». Бұл сөйткен Көктас. Кім біледі, Қанекеңнің атына қатысты болмаса, бұл жерде бір кезде кеме тоқтап, оған адамдар мінгенін, айлақ болғанын жұрт ұмытып та кетер ме еді, ал кейінгі ұрпақ бұл жерді ұмытпайды. Өйткені ұлылардан қалған із өшпейді. Адамдар бір-біріне ай­ тып, мұраға қалдырып отырады. Бүгінгілердің ықыласынан біз соны аңғардық. Ертең осы жерден жаяу жүрісімізді жалғастырамыз. Ол күнгі шаруа қауырт: түске дейін 20 шақырым жол жүріп, Ақсу қаласының жұртшылығымен кездесуіміз керек. Өтініш солай. Әңгіме Қанекеңе қатысты. Жұрт ұлы жерлесіне ықыласын білдірігісі келеді екен, оны аттап кете алмаймыз. Содан да жаяу жүрістің алғашқы күні сол Айнакөлде ер­ терек демалуды ойласақ та, ауыл адамдары бізді босата қой­ мады. Әңгіме көп: Қанекең жайлы, ауыл өмірі жайлы. Тіпті ақыр соңыңда бізді үйлеріне бөліп-бөліп әкетіп, әңгімені сон­да жалғастырған. Біз зейнеткер Нұрмұқан Қозғанбаевтың «үле­сі­ не» тиіп едік, ол кісі ағайын болып шықты: жазушы Қалмұқан Исабаев ағамызға туыс екен. Журналист, жазушы болған соң, Қалекеңе біздің де туыстығымыз айтылды. Әңгіме Қанекең мен Қалекең арасындағы байланыс жайында өрбіді... Жайшылықта жиырма шақырымдай жол жүрудің он­ша қиындығы жоқ. Бірақ бізді тағы бір сын күтіп тұрды – жолда елмен кездесуіміз керек. Ақсу қаласына барғанша, Алтын­ шы ауылдан өтуіміз керек екен. Энергетиктер ауылы болған­ дық­тан, қазақ ағайындары аз шығар, болған күнде де өз дәстүрімізден алшақтап қалған шығар дегенбіз. Қателесіппіз. Кейде осындай қателескеніңе қуанатының да бар. Қасқа жол­ дың жағасына шағын сахна орнатып тастапты. Кимешек киген аналар шашу шашты, алдымыздан ақ алып шығып, сусын

ұсын­ды. Тізе бүктіріп, демалдырды. 75-тегі қарт-ұстаз Ілияс Ос­панов жырын оқыды, жастар ән шырқады. Біз мұндай кездесуді күткеніміз жоқ. Ақсу қаласы әкі­мі­ нің орынбасары Серікбай бауырымыз өздері тарапынан нұс­ қау берілмегенін айтады. Тек біздің келе жатқанымыз, осы жер­ ден өтетініміз хабарланған екен. Одан кейінгісі – ауыл азамат­ тарының өздері ойлап тапқандары. Ауыл әкімі сыпайы жігіт Нұрлан Асқаров, ауыл имамы Қуат Есімхановтардың сөзін тол­қып тыңдадық. Мектеп директоры Залмұқан Арынов өзі­ нің жұбайымен бірге қосылып өнер көрсетті. Жол жүріп келе жатқан бізге ғана емес, бүкіл ауылдастарына рухани сый ұс­ ын­ды. Бір қауым ел соған куә болды. Басқа ұлттың өкілдері де тамашалады. Бізге сонда олар қазақ дейтін халықтың өз ұлыларын, әруағын сыйлау дәстүріне қызыққандай көрінді. Осындай дәстүрімізден өзіміздің айырылып қалмағанымызды бақытымыз десек ләзім. Сол кездесуге куә болған жүздеген қара көз бүлдіршіндер, сексенге аяқ басқан Майра Мамырова сияқты апаларымыз, үлкендер мен кішілердің арасын жалғап жүрген орта буын бауырларымыз бұл күнді, сірә де ұмытпайтын шығар. Ал біздің ұмытпайтынымыз анық. Орайына қарай, Ұлылардың құрметіне дастарқан жайып, астатөк тамақ ішкен де керек шығар, ал ұлыларымызды ұлықтауда дәл мынадай кездесулер ондай ішіп-жеуден әлдеқайда артық-ау деген ой келді. Ақсу қаласына әжептәуір жол жүрсек те, шаршамай жеттік. Қаныш Имантайұлына деген халық сүйіспеншілігі шын мә­ нінде біздің бойымызға қуат бергендей болды. Ақсу қаласына кірген соң да алдымыздан жақсы істер кезіге берді де, көңіліміз соған марқайды. Бүгінде қай қаладан да көшелеріндегі жолдың бүтіндігін табу қиын. Басқаны былай қойғанда, Алматыдағы көшелердің қайсысы бүтін? Ойдым-ойдым шұңқырлар ады­ мыңды аштырмайды. Ақсудың бас көшесі айнадай таза, кетіл­ ген бір жері жоқ. Біз келеді деп ешкім жөндемегені анық. Сонда мұның сыры неде? Қаржы қайдан табылған? – Қала бюджетінен, – дейді Серікбай. – Жиналатынын то­ лық жинап, үнемдеп жұмсағанымыздан шығар... Қалаға кіре берістегі зәулім үй тазалығымен, жинақы­лығы­ мен, маңындағы жасыл желегімен көз тартады. Жаяу Мұса атындағы мәдени-ағарту колледжі екен. Бәрі қазақша жазыл­ ған. Жарасымды -ақ! Кең екі көшенің қиылысқан жерінде әжептәуір алаң бар екен. Әсем гүлзар көздің жауын алады.

– Осы жерде «атақты» Ермактың ескерткіші болған... – Оны алғанға кейбіреулер қарсы болған жоқ па? – дейміз көңілге келген күдікті жасырмай. – Неге болмасын! Болды. Жөнін келтірсе, бәрін де ай­ қай-шусыз істеуге болады ғой. Ескерткішті жұртшылық са­ я­бы­рлау тартқан кезде интернационалдық топ құлатты. Ер­те­ ңі­нде қаламызда ауылдардан көп адам бас қосқан жиын өткен еді. Кейбір керауыздар сол жиынға келген қан­дас­та­рымызды көріп, артық сөзге баруға жүрексінді. – Мынау көшеміз бұрын Свердлов аталатын. Қазір Мұхтар Әуезов атында. – Қарсы болғандар жоқ па? – Айтқандарына көне берсең, әрине, көнбейді. Көндірдік. Уәж айттық. Ұқтырдық. Жөнге көшіңдер дедік. Осы жерде Павлодарда үлкен көшенің біріне Қанекеннің есімі берілмей жатқаны ойға оралды. Қайтесің – біреу жасай алады, біреудің қолынан келмейді. Қала орталығына түс ауа жеттік. Күн шыжып тұр. Сөйтсе де халық көп. Алдымен ақ шашты ағаларымызбен амандастық. Қала әкімі Тито Уақапұлы Сыздықов мырза қарсы алды. Қане­ кеңнің кіндік кескен жеріне тағзым етуге жаяу бара жатқан­ дардың құрметіне митинг өтті. Сапар жетекшісінің сөйлеуіне тура келді. Қанекеңнің шәкірті, белгілі ғалым Бүркітбай Ай­ дархановтың сөзі үлкенге де, жасқа да ұнады. Бұл ауылда әнші де, жыршы да, ақын да көп екен. Ақындары ауылдарына әкім болады екен. Құркөл ауылының әкімі Қаршыға Шаяхметов өлеңін оқыды: Ғасыр толып туғанына Қанағам, Халықтардың кәдесіне жараған. Дариядай білімі бар ғұлама Өзінен биік өз қазағын санаған. Әлкейдің кітабында хатталған, Сонан барып осы дерек сақталған. Он бес жаста Семей қайда екен деп, Оқу іздеп осы жерден аттанған. Нағыз алтын жерде мәңгі жатпайды, Талай ақын өлендерін саптайды. Жаңа елі, жас ұрпағы тұрғанда, Ұлыларым мәңгі күңгірт тартпайды. Сапаршыны игі істі бастаған, Қарсы алып тұр, Ақсудайын жас қалам.

Жаяу жүріп, Қанекемнің іздерін Жаңғыртқандар, уағалейкум әссалам! – деген шумақтары жұртты тебірентті. Қанекеңе деген халықтың сүйіспеншілігі жаяу сапарға қатысушыларға гүл құшақтатты. Халықтың құрметіне разы болдық. Қанекендей ұлыға кұр­ мет көрсетіп бара жатқан екенсіздер деп халық бізге де риза болғандай. Көпшіліктің көңілі көтеріліп қалғандай көрінді. Қазіргі кезде қиындықты көп айтамыз. Ауыр сөздер ең­ сең­ді басады. Кейде сілкінгің келеді, еңсеңді көтергің келе­ ді. Шынымен-ақ көзге түсетін нәрсе жоқ па дейсің. Ақсу қа­ ласыңда бар екен. Басқа жердің көбінде айлығымызды уақ­ тылы алмаймыз дейді, ақсулықтар аламыз дейді. Зейнетақы уақытында беріледі екен. Көп жерде бұрын салынған нәр­се бұзылып жатады. Ақсуда бұрын бұзылған нәрсе енді жөн­де­ летін болыпты. Түстен кейін осынау шағын қаланы аралап көрдік. Көп нәрсеге көңіл толғандай. Балалардың саябағы жаңарып жатыр екен. Әп-әдемі стадионы бар, қазіргісі де жақсы, сөйтсе де жөнделуде. Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық спар­такиада осында өтпек. Ұстаздықтан жақында әкімшіліктің ішкі саясат бөліміне бастық болып ауысқан Қабдырахман Бәй­ тенұлының есебі бойынша жарысқа күні бұрын әзір етілген. Оның күнделікті қадағалайтын бір жұмысы мешіт құрылысы екен. О да жақын күндері бітпек. Кездескен соң жұртпен сөйлесесің. Бұл жердегі игілікті іс­ терді жұрт әкім Тито Уахапұлы Сыздықов мырзаның атына байланыстырады. Оны көсем қатарына қоймайды, істің адамы дейді. Біреулер кежегесі кейін кеткен ісіне желеу іздеумен әлек. Жақсы іс тындырып, жұрттың аузына ілінген азаматтың ісін басқалар айтады. Қу құлқынның қамын ғана ойламай, кемшілігін қиыңдықпен ақтамай, шешініп іске кіріскен жерде нәтиже де болады екен. Оны көргісі келгендер Ақсуға соқсын. Осылайша Ақсудан көңілді аттандық. Алдымызда – канал. Қанекеңнің көзіндей, Қанекеңнің ізіндей дүние. Ұлылықтың өшпейтін ізі. Кемеңгерліктің теңдессіз мысалы. Ол жайында бәріміздің де естігеніміз көп. Енді соны өз көзімізбен көргіміз келген. Оны бізге Ертіс-Қарағанды каналын пайдаланудың Пав­лодар аудандық басқармасының бастығы Алексей Ива­ но­вич Баталовтың өзі көрсетті. Бұ да – аты аңызға айналған аза­мат. Осы ұлы құрылысқа механизатор болып келіп, үлкен ұжым­ның басшысына дейін көтерілген, өз ұжымына ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығына сөзі ететін адам, кешегі Президент

сайлауы кезінде Назарбаевтың сенген өкілі болған. – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі бізге ерекше қас­ терлі, – деді ол әңгімені ұзақтан бастап. – Егер ол осы ұлы құры­ лыстың қажеттігін дәлелдей алмағанда, кім біледі, канал қолға алынбауы да мүмкін еді... Иә, Сәтбаевтың КОКП XXI съезінде Ертіс-Қарағанды кана­ лының жобасын ұсынып, ол КСРО-ның халық шаруашылығын дамыту директиваларына кіргені біздің есімізге түсіп отыр. Сол жобаны жүзеге асырушылар оны ешқашан да ұмытпайды екен. Қанекеңді мұндағылар тарихта теңдесі жоқ айрықша құ­ рылыстың негізін қалаушы ретінде қарайды, содан да бұл ка­ налға ұлы ғалымның атын беру жөнінде ұсыныс та жасапты. Бірақ ол жөнінде әлі шешім шықпай жатқанына келгенде, Алексей Иванович бұл бізге қатысты емес қой дегендей, күмілжи сөйлейді. Қанекеңді ерекше сыйлаған жұрт оның туған жеріне жаяу са­ пармен бара жатқан бізге де айрықша ықылас білдірді. Алексей Ивановичтің өзі түсіндіруші қызметін атқарып, Ертістің суын жоғарыға көтеріп, каналға құятын алып сораптарға апарып көр­ сетті. Біз ұлы өзеннің бетінен 10 метрдей төмен түстік. Алып төрт сораптың екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Соның өзі Ертіс суының оннан бірін алып кететін зор каналды толтырып ағызады екен. Бұл сораптардың жұмыс істегеніне 32 жыл болыпты. Тоқтап көрмеген. Алексей Иванович бізді сыртқа алып шығып, сол алып төрт сораптың бойымен жоғары көтерілетін сатылы жолға түсірді. Ол каналға алып шығады. Осы жерде сапаршылар ішіндегі жасы үл­ кен Бүркітбай ағамыз жұртты таңдандырды. Әркез тауға шығып, Медеудің текпешек жолымен жарысқа қатысып жүрген Бөкең үл­ кен-кішіні артқа тастап, әп-сәтте канал бастауына орғып көтерілді. Осы жерде басқаларға ғалым ағамызды таныстырудың сәті кел­ ді. Бүркітбай ағамыздың Қанекеңе жерлестігін, ғылымда шә­ кірт­тігін айттық. Әңгімеден әңгіме өрбіді. – Қараңызшы, Қанекеңнің туған жері – Павлодар облысы, ал алғашқы негізгі еңбек еткен жері – Жезқазған. Ол осы Ер­тіс­ тің суын сол Жезқазғанға жеткізудің басында болды. Қайтіп таң­ данбассың! – Мұны айтқан осы алғашқы сорап стансасының бас­ тығы Әли Омарұлы Әлиев. Дағыстандық. Лак халқының өкілі. – Қанекенді мен де ұстаз санаймын. Алып сораптардың каналға қотарған сулары бұйра тол­қын­ датып жатыр. Олар жарты мың шақырым жерге жеткенше жар­ты шақырымдай биікке көтеріледі. Суды мұншалықты биікке кө­ те­ретін осынша ұзын канал әлемде жоқ екен. Ертістің нәрлі суы Арқа алыптарының шөлін қандырады. Бұл су болмаса, Екібастұз,

Теміртау, Қарағанды, Жезқазған шөлдейді. Қаныш Имантайұлы­ның кемеңгерлік идеясы қазақ жерінің шөлін қандырып жатыр. Соған үлес қосқанына жұрт мақтан етеді. Осы каналдың ал­ ғашқы топырағын аршыған Алексей Иванович Баталов үшін ғана емес-ау, осындағы елдің бәрі бұл нәрлі арнаға өзінің қатысы барлығын айтуға құмар. Вера Ивановна Баталова да күйеуі сияқты алғашында жай қатардағы жұмысшы болған екен, қазір басқарманың бас маманы. Иван Андреевич Кравчуктің мұнда келгеніне 25 жыл. Ұрпақ өсіріп отыр. Ешқайда кетпейді. Ба­ қытын осы жерден тапқан. Оған Қанекеңнің осы каналды қазу жөніндегі идеясы себепші дейді. А.И.Баталов канал қазу идеясының Қ.Сәтбаевтан шыққа­ нын, сол идеясын өткізуге ұлы ғалым 9 жылын сарп еткенін айтты. Арқаға қарай 500 шақырымға созылған Ертіс-Қарағанды каналы жұмыс істеп тұр, бірақ оны Қаныш көрген жоқ. Канал шежіресін жасаған, оның болашақ арнасының бойымен осы арадан Қарағандыға дейін жаяу барған Қазақстанның халық жазушысы Қалмұқан Исабаевтың жаяу сапарға қатысушыларға сәлемін жеткізді. Жазушы Сергей Шевченко баспахана бояуы әлі кеуіп болмаған «Тілеген су – Желанная вода» кітабын біз­ дерге бір-бір данадан сыйға тартты. Қалмұқан Исабаевтың аты­нан оның «Чайки в степи» деген кітабын таратты. Сол күні осында түнедік. Беловкадан Қалқаман, Майқайың, Шөптікөл арқылы жол Баянауылға тартты. Академик Қаныш Сәтбаев қанша жұмыс­ басты болса да, елге, Баянауыл өңіріне келуге уақыт тапқан. Май­қайың кенішінде сан рет болғанын сондағы көне көз қарт­ тар ұмыта қойған жоқ. Сонау 20-шы жылы Қаныш Май ауда­ нындағы Қалмаққырылған тауында болып, сондағы үңгір маң­ дайшасында қолтаңбасын қалдырған. Жосалыда да болған. Ес­кі Жосалыда кезінде алтын да, күміс те шыққаны белгілі. Осын­ дағы кеншілермен кездескенін Жосалы тұрғыны Көпбай Қа­ сиянов қарт әңгімелеген. Қаныш Сәтбаевтың табаны тиген жер­дің бәрін аралап өту сапар бағдарламасында түгелдей қарас­ тырылған. Әуел баста жаяу жүргінші тобына – біздерге екі міндет жүктелді: Қаныштың Алматыдағы зиратынан қос уыс то­пы­­ рақ алып, Айрықтағы әкесі мен шешесі Имантай, Әли­ма то­ пырағына себу; «Қаныш Елі» альбом-кітапты Тең­дік ауы­ лындағы орта мектептегі Қаныш мұражайына қолтаңбала­ рымызды қойып тапсыру. Демек, біздің негізгі жолымыз – Малдыбұлақтан әрі 100 шақырымнан астам жердегі Теңдікте

аяқталмақ. Сонымен, жолдың біраз бөлігін артқа тастаған біздер Баянауылға жақындай бердік. Жаяу жүргенде, өр мен ылдиы көп жолдың ауыр бөлігі осында. Баянауыл басынан бағы кетпес Әркімге туған жері ыстық. Туған анаңды айырбастай ал­ майтындай туған жеріңді айырбастай алмайсың. Сонан соң исі қазаққа ыстық көрінер жерлер бар, ол – ұлы перзенттерінің туған жерлері. Ұлы Абайдың туған жеріне, ұлы Мұхтар Әуе­ зовтің дүниеге келген жеріне жаяу барғанымызда, оны жа­ны­ мызбен сезінгенбіз. Хан Шыңғыс тауының бауырындағы Қа­ рауыл да, құба жондардың бір іркілісіндегі Бөрлі де айрықша табиғатымен ерекшеленбейді. Сөйтсе де ыстық. Дүниеге ұлы­ ларды әкелгені үшін, ұлылардың құдіретті сыршыл сезімдерін оятып, ұштағаны үшін ыстық. Осы сапарға шыққанда-ақ, бізді Баянауылға деген ыстық көңіл баураған. Қанекеңнің ауылы, не бір жайсаңдарды дү­ ние­ге әкелген жер. Біразымыздың көрмеген жеріміз, бірақ кө­ ңілімізге қонақтаған жер. Бізге қызмет көрсетуге еріп шыққан осы өңірдің тумасы дәрігер жігіт Болат: – Баянауыл ауданының жеріне іліндік, – деді. Аудандарға бөлгеніміз кейін ғой. Әйтпесе қазақтың қара бұйра даласы сызықпен бөлгенмен, өзгере қоймаса керек-ті. Бірақ сөйтсе де қасиетті Баянауылдың аты аталған соң, кө­ңіл өрекпіді. Көкжиекке созылып жатқан даладан, алыстан мұ­ нартып көрінген тау сілемдерінен әлдебір құдіретті күш ізде­ дік. Біз сол сезімнен қайтқанша арылғанымыз жоқ. «Сценарий» бойынша аудан жұртшылығының ресми өкіл­ дері біз жаяу жүргенде Баянауылдан түстік жердегі Малды­ бұлақтан қарсы алуға тиіс еді. Жөн сұрасып, сапарымыздың жалғасын ойластырамыз дегенбіз. Бірақ біз ән мен жырдың ортасына түстік те кеттік. Айтыскер ақын Жұмкен Сейітов өлең-жырларын нөсерлетті. «Беу, жігіттер!» ансамблінің мү­ ше­лері Ырымбек Баязитов, Кенжеболат Түсіпбаев, Аман­кел­ ді Райханұлы, «Баянауылдың Шәмшісі» атанған Аман Баязи­ товтың «Баянауыл» әнін көк майса үстінде, жасыл желек тү­ бінде шырқады. Мәдениет бөлімінің бас маманы, ақын Балтабай Сыздықов жаяу сапармен келген топтың мүшелеріне мына өлең жолдарын арнады:

Мамадияр Жақыпқа: Еңбексіз келмейді бақыт деген, Өте шығар зымырап уақыт деген. Жаяу сапар тобын бастап келген Ағамыз Мамадияр Жақып деген. Зейнолла Серікқалиевқа: Ұлыға тағзым еткен басын иіп, Кішіні құрметтеген құшып-сүйіп. Жазушы Зейнолла ағамыздың Шоқтығы әрқашан тұрар биік. Балтабек Ерсәлімовке: Білсе де сапар оңай болмасын, Көптен күткен ізгі арманы болғасын. Семейден жолға шықты Балтабек Үйге тастап мініп жүрген «Волгасын». Нұрғожа Жұбановқа: Сапар жайлы бастаманы құп алып, Жолға шыққан білек түріп, сыбанып. Елге әйгілі ардагер ағамыз Ортамызда – Нұрғожа Жұбанов. Дәулет Сейсенұлына: Көркі бар, көз тартатын сәулетті, Құрметтеген Қаныштай әулетті. Ұлы Абайдың мұрагер ұрпағы Бұл күндері кім білмейді Дәулетті? Ержан Жақыпқа: Сабақтастық өнегесін жалғаған, Бұл сапардан әдейілеп қалмаған. Жас та болса, үлкендерден өнеге ап, Арманы көп биіктерге самғаған. – Павлодардан қосылған екі журналиске екі шумақты жол үс­тінде жалғастырамын, – деп қалжың айтқан Балтабай алты қа­нат ақ шаңқан киіз үйге шақырып, бізді жұртқа таныстырды. Жылқы кісінескенше дегеңдей-ау, ниеттің ортақтығы болар, бірден шүйіркелесіп кеттік. Біздің жаяу сапарымызға қосылғысы келетіндер бар екен. Мұның өзі серілік жүріс еместігін айттық. «Байқаудан» үш адам өтті: Қарағанды университетінің доценті, осы баянауыл­ дық Зәрубай Бекішбеков жасы алпысты орталаса да спортқа

жақындығын алға тосты. Еңбек шынықтырған Әбілқайыр Бай­тоқинге күмән келтірілмеді. Ал жасы 71-дегі Қадыр Жан­ базарұлы ағамыздың уәжі өзімізден сынақ алғандай еді: «Жаяу жүріс сіздердің жұмыстан бос кездегі істеріңіз, ал мал баққан менің бұл өзі күнделікті қарекетім ғой» дегеніне тоқтадық. Оның үстіне Қадыр ақсақал осы отырған алты қанат, ақ шаң­ қан киіз үйдің иесі екен. Біз жол бойы осы киіз үйде түнеп отырады екенбіз. Бұдан артық сапарласты қайдан табасың! Қадыр ақсақалдың киіз үйінде бізге өнерпаз әнші Кө­шер­ бай Әлдебеков Қаныш сүйіп тыңдайтын әндердің бірі – «Бүр­ кітбайды» орындады. Дастарқан басында: – бұл әннің авторы кім? – деп еді, әркім әртүрлі жауап қайтарды. Ортамыз­дағы жур­налист, өнер зерттеуші Айтжан Бәделханов жаңсақ пікір­ лер­ге түзетулер енгізіп жатты. Дәл осы арада әріптес, ақын Сү­леймен Баязитұлының мына бір өлең жолдары еске оралды: – Айтатын ед бұл әнді ғалым сүйіп, Осылай деп ортаға шыққан киіп, Жігіт баяу баптады домбырасын, Жүре берді асқақ ән залды кернеп, Бұлаң қаққан арудай мені көр деп. Дауысыңнан, уа, пәлі, айналайын, Ғалым ашқан көп әннің бақ талайын, Соның бірі «Бүркітбай» осы ән еді, Жеткіншектер үйренсін болса өнері... Әнші жігіт баяулап тына қалды, Отырғандай сынға алып – мыналарды. Талаптардың жүзінен шаттық есіп, Шарқ ұрғандай әлемді әнге ілесіп, Дүркірете қол соқты жайнап елі, Осы бір ән қаншаға қайрат берді. Қанышты еске ап осылай сол бір кеште, Ғалым сүйген әнді де сайратты елі. Мұнан кейін Аманкелді Райханұлы Жарылғапбердінің «Шама», Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әндерін шырқады. Бұл ән­ дерді де ұлы ғалым сүйіп тыңдайды екен. «Беу, жігіттер» ансам­ блінің мүшелері Ырымбек Баязитов, Кенжеболат Түсіпбаев, Аманкелді Райханұлы бірнеше ән орындаған соң, біздер жолға шықтық. Қатарымыз үш адамға көбейді. Сапарласуға тілек білдірушілер аз болған жоқ. Бір жағы бұл өзі біздің осынау жаяу сапарларымыздың мәнін терең тү­ сінгендей көрініп, көңілімізді өсіріп, бойымызға қуат берген. Алдын орап айтайық, осы ауданда болған кезімізде талай адам

алдымыздан шығып, қарсы алып, бірге жүрсе, шығарып сал­ ғанда да, біраз жер бірге жүргендер аз болмаған. Аудан әкімінің орынбасары, Жабай Мұсабаев аудан орта­ лы­ғында біздің келе жатқанымыздан хабардар халық кездесуді күтіп тұрғанын, кешігер болсақ, хабар бергеніміздің жөн екенін айтты. Жөн нәрсе – «қалай да кешікпей жету керек» деген тоқ­ тамға келдік, жұрт күтпеуге тиіс. Күн аптабы басылмай тұрған кезде, шаңқай түсте түстік жолды бір деммен жүріп өтуге тура келді. Тілшілік тірлікте біраз аудан орталығын көрдік. Әр қы­ рынан есте қалады. Тәңірдің өзі Баянауылға айналасындағы тауымен, Сабындыкөлімен бар сұлулықты жарылқай салыпты. Ұмытылмайтын әсер. Бірақ көбімізге Баянауыл орталық ала­ ңымен, Даналар даңқы алаңымен есте қалар. Табиғаттың сый­ лай салғаны емес, адамның өз қолымен жасалған, ақыл-ойдың жемісі, парасаттылықпен үйлесім тапқан сол алаң бәрінен де сұлу көрінген. Аудан жұртшылығы өкілдерімен сол алаңда кезіктік. Ұлы­- ­лыққа кіші көңілмен алдымыздан аудан әкімі Кенже Ке­ңес­ баев, мәслихат хатшысы Қайрат Сарыбасов бастаған ауыл аға­ лары шығып, сапарымызға қосылды. Кең алаңдағы­лардың жиегіндегі тастұғырларда орныққан ұлылар­дың алдында еш­ кім де күштімін деп көкірек көтере алмас. Ақылдың кені Бұ­ қар жыраудын, әулие-көрегендігін тірісінде-ақ мойындатқан Мәшһүр Жүсіптің, тұрған бойы жырға тұнған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мүсіндерінің қасына ғұлама ғалым Қаныш келбеті орнығыпты. Әрине, өз атыңа айтылған жылы сөздер көңіліңді өсіреді. Қанекеңе көрсетілген халық құрметі кенересінен асып, ұлы адамның әруағына тағзым етіп келе жатқан бізге де ағыл-тегіл құйылды. Тағы да ән мен жырдан шашу шашылды, тебіренген сөздер айтылды. Баянауылдың бас алаңындағы, Даналар даңқы аллеясын­ дағы сол кездесу жайында, онда кімнің не айтқаны жайында толығырақ жазсақ та артық еместей көрінеді. Бірақ сол кез­де­ суден алған үлкен әсерімізді негізгі бір оймен түйіндесек жөн сияқты, ол – баянауылдықтар өздерінің асылдарын бағалай біледі, ұлыларын ұлықтай біледі, қасиеттілерін құрметтей біледі екен. Оған жақсы мысал – сол Даналар даңқы алаңы. Сірә, елі­ міздің басқа өңірінен ұлыларды ұлықтаудың дәл осындай жақ­сы өнегесін кездестіру қиын шығар. Жеке адамдарға ес­

кер­ткіштер орнатылып жатады. О да жақсы, әрине. Ал ұлы­ лардың басын бір жерге қосып, жоғары деңгейдегі көркемдік шешіммен ескерткіштер кешенін орнату оңай шаруа емес, Бұ­рынғылары өз алдына, біріне жетсе біріне жетпей жатқан қазіргі кезде Қанекеңе осы Даналар даңқы аллеясында ес­ керткіш орнату да біраз қиындыққа соққаны анық. Баян­ауыл­ дықтар оған қаржы да тапты, уақытында орнатып та үлгерді. Мұндайды «әруақ риза болады» дейді. Сапаршылар бұдан кейін Қанекеңнің мұражайына соқты. Мұн­да да сол ғұлама ғалымның әруағына деген құрметті аң­ ғар­дық. Үлкен ғылыми, көркемдік талап тұрғысынан біраз ес­ керт­пелер де айтуға болар. Бірақ бүгінгі қаржы тапшы­лы­ғына сілтеп, қол жайып отырса, не болар еді.... Жол жүріп, оның азын-аулақ қиындығын көріп келе жатқан бізге баянауылдықтар жақсы демалуымызға жағдай жасағанын да атап айтқанымыз жөн. Жасыбайдай жәннат көлдің жаға­сы­ на апарды, басқа да көрікті жерлерін көрсетті, жердің, елдің тарихымен таныстырды. Бұл неткен ғажап! Таңертең жазық даланың көкжиегіне көз тіксек, кешкісін әсем таудың басына шықтық. Жақпар тастар жалаңаш емес, балқарағай орман жамылған. Көл дегенің жа­ зықта жатпаушы ма еді! Әдейі әкеліп таудың арасына қолмен қоя салғандай. Қалағаныңды ал дегендей, тауды да, даланы да бір құшаққа сыйдыра салған бұл не ғажап! Тарихты айтып, ауданға жақында әкім болып келген Кенже Кеңесбаев мырза ауданның болашағы осы өңірдің басты бай­ лығы – табиғаттың сол тамаша көркіне байланыстырған. Бұған дейін оны кім көрінген пайдаланып келіпті. Пайдаланып қана қоймаған, ысырап еткен, бүлдірген. Қазір Жасыбай көлінің жа­ ғасында орналасқан көп дүңгіршік алынып тасталыпты. Қатаң тәртіп бар. Не істесең де, ауданмен келісесің, алдымен экология тала­ бы орындалады. Кез келгендер енді бұл жерге келе бермейді. Алдымен ақша төлейсің, тәртіпті бұлжытпай орындайсың. Жи­налған қаржы табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сол қал­пы сақтауға жұмсалады. Табиғаттың мұндай кереметтері елімізде көп емес. Ұлы­лар­ дың рухын көтерген сол ғажайып дүниені тамашалауға, оның аясында демалуға, жағдай жасалар болса, бұл жаққа қарай адам­ дардың ағылары сөзсіз. Сол келген адамға тамақ керек, қызмет керек. Бұл дегенің жергілікті халыққа жұмыс, елдің ырысы деген сөз.

Әкімнің бар дүниені экономикаға апарып тірей бермегені ұнаған бізге. Халықтың рухани жұтамауы басты назарда екен. Қанекеңдей ұлылардың рухы ауызға алынады. Баянауыл өңі­ рінен шыққан абзалдардың барлығы да құрметтен кенде емес­ тігін әлгінде Даналар даңқы алаңынан да аңғарғанбыз. Бәрінің де туған жерлерінде белгі бар, елдің құрметі бар. Қасиет­ тілерімізді қастерлесек, халқымыз рухани аштыққа ұшы­ра­ майды,– деді әкім. Жөн сөз! Бізді Баянауылдың елі де, жері де жадырап қарсы алса, ертеңіне біз тағы жолға шығарда Баянауыл басына бұлт үйіріл­ гені оларды тіпті жадырата түскен. «Басынан бұлт кетпейтін» тауға соңғы үш жылда жаңбыр тым сирек жауыпты. Содан тіпті ағаштары қурап, біраз жер селдіреп те қалыпты. Жаң­быр­ лата жүрген бізге жұрттың содан да ықыласы тіпті бөтен бол­ ды. «Ырыс алып келе жатырсыңдар» деп қолпаштады. Аудан орталығына жақын «Факелде» түнеп шыққан соң, Қаражар ауылына беттедік. Ал алдымыздағы Қаражар ауы­ лы­на Көшет асуынан асып жету керек. Көшет асуы төменнен біртіндеп биіктейді, 1000 метрге жететінін бағдар бағана көр­ сетіп тұр. Асудан алқынбай өту – мақсат. Бар күшті жи­нап, ақырын басып, асу үстіне шықтық, жол әрі қарай асу дең­ге­йі­ мен кете барады. Қаражар ауылына түске жақын жеттік. Ауыл бауырында шоқ ағаштың түбінде Қадыр ақсақалдың кешегі ал­тықанат ақ шаңқан киіз үйін Қадырдың немересі Мұратбек, жиені Ербол әпсәтте құрып үлгеріпті. Жұртқа ауыртпалық сала бермейік деп тіккізгенбіз. Ауыл тұрғындары бәрібір бізді іздеп келіп тапты. Ауылға кіре бергенде, күн ашылғандай болды. Дастарханға енді ғана жайғаса бергенде, киіз үйдің есігінен: – Ассаламағалейкүм! – деп оқалы шапан киген, басында та­ қиясы бар бір ақсақал кіріп келді. Бұл – еңбек ардагері Бал­та­ бай Әбілдин екен. Қасында ақ жаулықты бәйбішесі, 13 ба­ла­ның анасы Ғалия, көршісі, ардақты ана Мақтай Ыдыры­сова. Олар өздерінің Қаныш Елінен екендіктерін айтты, бізге сәт сапар тіледі. Әңгіме енді басталғанда, жауын күшейе түсті. Жауынмен бірге ішке мұғалім Гүлзада Жұмабекова баста­ ған мектеп мұғалімдері Раушан Шотаева, Айсұлу Тәкенова, Ай­гүл Тұрсынбаева, Сандуғаш Олжабекова, Сымбат Садақова, Рә­шит Асқаров, оқушы Бауырбек, бес жасар Аңсар кірді. Олар «Қаныш Елінен сәлем!» деген шағын концерттік бағдарлама әзірлеген екен. Гүлзада дәстүр бойынша бізге ән-жыр арнады:

Қош кепсіздер, ағалар, Ағайын-туыс көбейтіп. Тігілсін шаңқан ордалар, Іргемізді кеңейтіп. Әсем әндер шырқайық, Осы ордаға арнап біз. Салтымызды жырлайық, Дәстүрден неге қалмақпыз. Жақсы дәстүр жалғасып, Игі істер көп болсын. Өркендеп елім алға асып, Береке-бақыт кеп қонсын... – деп концертті бастап жіберді. Он екі жасар Бауырбек «Әке арманын», бес жасар Аңсар «Қошақанды» шырқады. Ұстаздар түгел әндер айтты. Ал Гүлзада «Сары жез құмған-ай» халық әнін орындап берді. Ән жалғасуда. Таңертең сіркіреп жауған жаңбыр кешке қарай күшейді. Жаңбыр емес-ау, киіз үйге бізді Қаражардың адамдары жат­ қызбады. Киізден тамшы ағар, тоңасыңдар деп, ауыл тұр­ғын­ дары өз үйлеріне алып кетті. Жылы жерге барып, жайғасып жаттық. Бәрінен бұрын бізді ауыл адамдарының, оның ішінде өзіміз үйіне қонған фермер Орынбек сияқты азаматтардың көңілі жылытты. Түнімен жауған жаңбыр келесі күні де толастамады. Ол азын-аулақ мәселе тудырды. Ауыл адамдары жаңбырдың басы­ луын күтіңдер деп ұсыныс айтты. Сірә, қалалықтар қиналар десе керек. Жаңбырға қарамай жүре беру қажет деп шешіп, үлкендердің еріп келе жатқан мәшинеге мінуін өтіндік. Дау шықты. Бұған көнетін адам жоқ: алдымен оған сексендегі Бүркітбай ағамыз көнбеген соң, жетпістегі «жастаулары» оны намыс көрді. Бөкең қатты кетті: – Мен жаяу жүремін деп шыққам үйден... Жаңбыр жауып тұрғанда, аялдай да алмайсың, 14 шақырым жердегі Тайлаққа дейін тоқтамай жүруге тура келді. Осындай бір жәй кездесер деген ой көңілімізде жүрген еді, ондай сын­ нан жақсы өттік. Тайлақ деген бұрын ферма орталығы болған екен, бүгінде мұнда Әскер Жанғозиннің ғана үйі бар. – Бұрынғы бір ауылдың жүгі біздің мойнымызға артылып отыр. Келер қонағын да біз қарсы алуға тиіспіз, – деп аң­қыл­ даған ақ көңілмен қабылдаған жігіт жақсы қызмет көрсетті. Құндыкөл ауылының әкімі Мұқатай Еңсебаев бізді осы Тайлақта қарсы алған.

– Біздің округіміздің аумағында екі қонасыздар. Бірінде – ауылдың қонағысыздар, бірінде менің өз қонағым боласыздар. Мұндай «мәлімдеменің» жөні бар: осы арада екі күн жол жүреміз, ал Мұқатайдың өзі Бүркітбай ағамызға туыс екен. Көптің арасында қалмаймын деп, енші алып шыққаны ғой. ...Егіндібұлақ алыс емес екен, бір демде жеттік. Жаңбыр басылған сон, кешкісін шыққанбыз. Сапарымызға аудан әкімі Кенже Кеңесбаев келіп қосылды, бірге жүрді. Қат-қабат ша­ руадан қалтарыс тауып, бізбен бірге болғысы келеді. Адам кө­ ңілге семіреді. Аудан басшылығының ықыласын кете-кет­кен­ ше көріп жүрдік. Бұл Егіндібұлақ деген ерекше ауыл екен. Мұнда жоқ нәрсе жоқ. Ауылдың өз сазгері бар, өз ақыны бар, ансамблі бар, тіпті өз ұраны бар. Қарттары да әдемі. Үлкенмін деп өктем сөй­ лемейді, тілдері жұмсақ. Ауылдың рухани орталығы – мек­ теп. Бәрі де үйлесіп, жарасып тұрған дүние. Бізді мектепте ән­мен, жырмен қарсы алды. Және ол біразға созылды. Сол ән айтып жүргендердің бірі қағілез жігіт мектеп директоры Марат Мәкенов екен. Басшысы ән айтқан соң, басқалар қарап тұрмайтыны белгілі. Бұл «ауру» жас директорға бұрынғы ди­ ректор Зекебай Солтанбаевтан жұқса керек. Зекең ақын болған соң, бүкіл Егіндібұлақ жыр айтып кеткен екен, енді ән айтып жүрген жайы бар. Егіндібұлақтың тағы бір ерекшелігі бар. 1949 жылы Қа­ ныш Сәтбаев қасында академиктер Усов, Борукаев бар, осы Егін­дібұлаққа келеді. Сол кезде «Молотов» колхозы атанған Егін­дібұлақта қонады. Колхоздың сол кездегі төрағасы Кен­ жебек Піштібаевтың үйіне түседі. Қонған күні ертеңгісінде колхоздың атақты жылқышысы Смайылов Еңсебайды ертіп, Шақпақтауға барған ғалым ондағы малахит кен орнын көріп қайтады. Қазір ол үйдің орнында жаңа үй салынған: онда Кенже­ бектің қызы Сара мен күйеуі Ермекбай Серғазыұлы тұрып жатыр. Кенжекеңнің қызы Сара бізді үйіне шақырып, әруақтарға арнап ас берді. Көргеннің ісі, білгеннің ісі. Тек қана осы үйге Қанекендей ұлының келгеніне белгі қойса, ол үй иесіне ғана мерей емес, Қанекеңе құрмет, жастарға тәрбие болар еді-ау! Құндыкөлге аттанарда ақын Зекебай ақсақал біздерге ар­ налған тілек өлеңін оқыды: Баянның жұтып ауа, кәусар суын, Аппақ нұр – ақ жауынмен жауса жауын.

Ұлылыққа бас иген асыл жандар, Көтерген халқымыздың қайсар туын. Жол болсын, беріп Құдай денге саулық, Ақша бұлт басын исін аппақ жаулық. Табысып туысқан боп кетсін мәңгі, Сіздермен азаматтар баянтаулық. Әр басқан қадамдарың болсын сауап, Аруақты құрмет тұтқан – толық жауап. Басына Айырықтың талмай жеткін, Сәтбайдың рухына қылып тауап. Жаяулап Баянаула қыр, бөктерін, Көрсеткен сый, мінажат, құрметтерің. Алланың рахымында қабыл ойлап, Әрқашан берсін Құдай нұрлы өткелін. Иләйім, қабыл болғай ниеттерің, Көргем жоқ бұдан артық сый өткенін. Жасаған аруақтарға уағыздарың, Босатар дін мұсылман сүйектерін. Рахмет, абзал жандар көңіл сүйген, Кездеспей жолдарыңда кейіс, кірбең. Аруағын әке-бала жалғастырып, Әкеліп топырағын түйістірген. «Жақсы сөз – жарым ырыс», айтқандарыңыз қабыл болсын деген ризашылық ниетімізді білдіріп, Кұндыкөлді бетке алып жүріп кеттік. Қанекеңе жалпы құрмет белгілі ғой, ал бізді әр адамның қа­ лай да бір осынау әруақты есімге өзінің жеке бір ықылас, ние­ тін білдіріп қалғысы келетіні қуантқан. Құндыкөл ауылына кіре берісте селолық округтің әкімі Мұқатай Еңсебаев бастаған бір топ адам қарсы алды. Шашу шашты. Байсалды ана сөз алды: – Қонатын жерлеріңіз бар шығар, бізге кезек бермес. Ақтан ауыз тиіңіздер. Үлкен ауылдың келіні едім. Ниеттеріңіз қабыл болсын, – деді. Үлкен ауыл болғанда, Сәтбай ауылының келіні екен. Аты – Алтын Ақбайқызы. Бұл да көргенділік, білгенділік. Бізді шығарып салып келе жатып: – Қаныш елі енді басталады, – деді Мұқатай. Ұзын көше­ мен жүріп келеміз. Көше таусылатын емес. Әйтеуір, бір кезде

сыртына шықтық-ау. Осы арадан 5-6 шақырым шыққан соң, Қа­ныш Елінің шекарасынан өтесіздер. Әуелі Мысал қыстағы оң жақта қалады. «Мысалға» соқпай солға бұрыласыздар, ана­дайдан Ақкелін көрінеді. Ақкелін – қыз есімінен алынған. Шын есімін ешкім тап басып айта алмайды. Кейін елге сыйлы бол­ған сол анамыздың есімімен болыстық ел аталды. Ақкелін болысында Қаныш халық судьясы болды, – деп М.Еңсебаев бізге жол сілтеп қала берді. Мұқатай сілтеген жолмен жүріп келеміз. Қаныш Еліне жа­қындаған сайын жүрісіміз ширай түскендей. Бүгін күн ысы­ды. Шекені қыздырып барады. Бір асудан өткенде, ана­ дайдан екі ақ шаңқан үй көрінген еді. Еңіске түскенімізде, одан жазыққа шыққанымызда да көрінбей кетті. Таңертеңгі сал­ қын­ды пайдаланып қалғымыз келеді. Асфальт жолдың дәл ор­ тасында кедергі белгі солға қарай бұрылуды нұсқайды. Жол бөлігіне асфальт төселіп жатыр екен. Теңдік ауылына дейін 10 шақырым жолға асфальт төсеу 25 маусымда бітуге тиіс деген жазу бар тақтайшада. Міндеттеме осындай. Солға бұрылып, анадайдан көрінген екі ақ үйді бетке алып жүріп бердік. Шеткі үйдің маңында шағын отар қой жусап жатыр. Сол үйден бір қолында дәмі бар, екінші қолын­да су­ сыны бар әйел жылдам басып бізге беттеді. Жол жиегінде қарсы алды. Жөн сұрастық. Зүбай Зейноллақызы. Монғолия­дан кел­ ген. Ағайыңды екі жігіт Ақкеліндегі екі үйге қоныс тепкен. Жеке меншік иелері. Алдарында малы бар екен. Арамыздағы Қадыр Жанбазарұлы ақсақалмен біздің көзімізше салт бойынша көрісіп табысты. Күйеуінің, қайнысының аты-жөнін сұрап едік, атамай қойды. Атам – Айрықта, имам. Сонда кездесіп, сұ­ ра­рсыздар, – деп жауап қатты. Көргенді адамның қызы екені көрініп тұр. Қайын жұртынан ешкімнің атын қанша сұрасақ та, айтқыза алмадық. Қағазға да жазбады. Мейлі, білмесек білмей-ақ қоялық. Ақкелін деген киелі жерде өнегелі Зүбай деген қыз бары анық. Қанекең атындағы мектептің директоры Бегендік Әліпбаев Сәтбаевтың немере туысы Әлімжан Әбішев, немере қарындасы Жұмагүл Қабышқызы, аталас қарындасы Көкеш Белгібайқызы, ауылдың ардақты адамдарын ертіп келіпті. Біз бір-бірімізге ең қадірлі адамдай қауыштық. Мұндайды сөзбен жеткізу қиын. Бұ­ ған дейін көрмеген, білмеген адамдар саған соншалық жақын адамдай көңілдерін білдіріп жатқандағы тебіреніс бөлектеу, өзіңнің еркіңнен тыс бір құдіретті күш сені адамдармен табыс­ тырып жатқандай. Оны сезімді ойға жеңдіріп барып ұға­сың:

бәріміздің де көңіліміз Қанекендей ұлыға деген ыстық ықы­ ластың қазығына байланған екен. Осындай бір көңілдің ширыққан сәтінде бізге аудан әкімі Кенже Кеңесбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Сарбасов қосылды. Біз Қанекеңнің кір жуып, кіндік кескен жеріне келдік – қазақ дейтін халықтың аспанында мәңгі өшпей жарқырап тұратын бір жарық жұлдыз осында дүниеге келген! Исі қазақ қадірлейтін қасиетті жер. Соған арнап қойылған белгі тасқа тәу еттік. Шамасы келген қазақтың бір соғып ке­ тетін жері ғой бұл. Имантай қыстағынан өрге қарай жол өтеді. Ол жолға түсу үшін Айрық өзенінен өту керек. Солай жасадық та. Кезінде, тасығанда, өткел бермейтін Айрық бұралаңдап баяу ағып ба­ рып Теңдіктің түбіндегі Ащысуға қосылады. Күн еңкейсе де, қызуы қайта қоймаған. Үздік-создық жү­ ріп, Айрық қыстағындағы көп зиратқа жеттік. Күнбатысқа қа­ рай бұрыла бергенде ақ түске боялған кесене адырдан мен мұн­ далап бірден көрінді. Кесене қасында жолаушыларды ауыл азаматтары – Шығырбаев Ерсін, Жұматов Еламан, Жанай­да­ ров Оразбай, Ахметов Саят, Әбішев Берік, ағайынды Балта, Өміржан Жәпішевтер, Байқұрманов Серік, Рахымбеков Тұмар, Омаров Болат, Ысқақов Бүркіт қарсы алды. Қанекең туған ауылына 1958 жылы келгенде, әке-шеше­сі­ нің басын саман кірпіштен көтерген екен. Осыдан он бес жыл бұрын «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысына меншікті тілшісі болып келген Байтұяқ Жанымбетті осы жаққа әкеп та­ныстырған еді осы жол авторларының бірі. Совхоздың сол кездегі директоры Айнабай Жортуылов бізді Қаныштың атаанасының басына апарған-ды. Сонда жұпыны ғана зират тұр­ ған-ды. Енді, міне, ауыл азаматтары көрнекті кесене көтерген. Құрылыс материалдарын Ерсін Шығырбаев өзі тапқан. Ені – 60 метр, ұзындығы – 60 метр кесене ішінде Сәтбай әулетінің ұр­ пақтары жатыр. Кесенеге кіре берісте Сәтбай Шетіқұлының ұрпақтары деген құлпытас тұр. Онда: Күнсұлу – бәйбішесі (1826–1901) Имантай – ұлы (1845–1928) Нұрым – келіні (1848–1928) Әлима – келіні (1862–1904) Әутайыр Зейінұлы – немересі (–1965) Ғазали Мағазұлы – шөбересі (1903–1964) – деп жазылған. Жарықтық Имекеңнің зираты жатқан қорғанға кіріп, әруа­ ғына құран бағыштап, сонау Алматыдағы Қаныш баласының

зиратынан әкелген топырақты осында келген жұрт шымшым­дап салғанда, тебіреністі күй кештік. Бақи дүниедегі тір­ лікті кім білген, біздікі – ақ ниет. Әке мен баланың рухын жақындастырсақ-ау деген көніл ғана. Сөйтіп біраздан бері көңілде жүрген істің үдесінен шық­ қандай болдық. Үстімізден үлкен бір жүк, ұлылық алдындағы жауапкершілік жүгі түскендей болды. Мұны біреу ұғар, біреу ұқпас. Біздің жаяу сапарымыз осымен шектелсе де, бұл ауыл бізді босатпаған. Бұхар жырау абыздың басына апарды. Сонан соң мектепте жылы жүзді кездесу болды. Бір қабатты, барақ үлгісіндегі үй. Бұрынғы жатақхана мек­ тепке айналдырылған. Қ.Сәтбаевтың 100 жылдығына орай осы ауылда мектеп салу жоспарланғанын тұрғындар біледі. Бірақ мектеп салынбай қала ма деген күдіктері де жоқ емес. «Теңдік» жұрты тиісті органдарға ашық хат дайындап қойған екен. Рес­ публикалық және облыстық газеттердің тілшілеріне бұл ойын жасырмай айтып та тастады. Сонымен мектепке келдік. Аула ішінде Қаныш Сәтбаевтың үлкен бюсті тұр. Соның қасында ауыл тұрғындары жаяу жүр­ гіншілерді қарсы алып, шашу шашты. Таныстық-білістіктен ке­йін, мектеп мұражайына ендік. Топ жетекшісі – журналист Ма­мадияр Жақып «Қаныш Елі» кітабын мектеп директоры Бегендік Әліпбаев пен мұражай меңгерушісі, мұғалім Жұ­ ма­гүл Ысқақоваға табыс етті. Мұражай демекші, осынау ша­ ғын ғана қос бөлмеге орналасқан рухани орын көңілімізді өсірді. Жұрт жауапкершілікпен, жанжүрегімен қолға алар бол­ са, аздың өзінен көп нәрсе тындыруға болатынын мектеп ди­ рек­торы Бегендік бауырымыз бен Жұмагүл Ысқақова қарын­ дасымыз жақсы-ақ дәлелдегендей. Теңдік деген ауылдың азаматтары жаяу сапарға қатысу­ шы­ларды өздерінің қонағы санап, жолдың біраз қиындығын көр­геннен кейін демалдыруды өз мойындарына алғанын да аң­ ғардық. Бірақ Мәшһүр Жүсіп атамыздай әруақты аттап кете алмай, Теңдік ауылына арналған бір күнімізді әулиенің басына барып түнеп шығуға бөлдік. Баянауылмен қимай қоштастық. Ұлыларын ұлықтай бі­ле­ тін, қасиеттілерін қастерлей білетін Баянауыл елінің басынан бағы кетпейді деген сенімді арқалап кеттік. Алматы – Павлодар – Баянауыл – Теңдік – Павлодар – Алматы.

Бесінші сапар ТҮРКІСТАНҒА ТАҒЗЫМ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ «Егемен Қазақстан» газеті «Парыз» қорымен бірлесе оты­ рып, Түркістан қаласының 1500 жылдығына арнап «Ұлылыққа тағзым» атты Сайрам-Түркістан маршруты бойынша жаяу сапар өткізді. Түркістан! Бұл құдіретті сөз естілсе, құлағы елең етпейтін қазақ жоқ. Түркістан – елдігіміздің тарихы. Ездер ғана елді­ гін ойламайды. Қандай ел болдың десе, Түркістанды көрсе­ те­міз, Түркістанның тарихын айтамыз. Сонда басқалар бізді мойындайды. Біз ғана емес, бүкіл түркі дүниесі оны қастер­ лейді. Алтын бесігі санайды. Содан да оның қасиеті арта тү­ седі. Түркістанға тағзым ету – қаны бар қазаққа парыз. Мұ­ сылман қауымы оны екінші Мекке санағаны үшін ғана емес. Онда ұлтымыздың рухы жатыр. Рухтану үшін оған тағзым ету керек. Тағзым етудің де жолы көп. Ең алдымен оның ұлылығын мойындау парыз. Қазір бүкіл еліміз сол парызды өтеп жатыр. Түркістанның тойын өткізу арқылы, жоғары деңгейде өткізу арқылы қазақ халқы тарихқа тағзым етіп қана қоймай, өз мерейін де өсіреді. Жақсы тарихыңды, ұлылықты қастерлейді екенсің – жаныңның соған жақын болғаны. Хал­­ қымызда қасиеттіні қастерлеудің, оған тағзым етудің қалып­ тасқан бір дәстүрі бар – қасиетті жерге, әулие-әмбиелерге, жа­ қ­сының басына барып зиярат етеді. Ел қадірлеген игі жақ­ сыларға тірі кезінде де сәлем беру үшін ғана алыстан ат арыл­ тып барады. Қасиетті жерге жақындағанда, ел сыйлаған үлкен­ нің алдына барғанда аттан түсіп, жаяу жүретіні бар. Сол дәстүрді жаңғыртып «Егемен Қазақстан» газетінде бі­ р­аздан бері қалыптасқан «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапар ак­ ция­сын Түркістан қаласының 1500 жылдығына арнап өткізу де біраздан бері ойымызда жүрген. Мұны Түркістанның ұлы­лы­ ғын мойындаудың, оған тағзым етудің бір жолы санағанбыз. Бұл ойымызды білдіргенде, оны Оңтүстік Қазақстан облы­ сының әкімшілігі, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мырза бас­қаратын «Парыз» қоры бірден қолдады. Біз жаяу сапарға әзірлендік. Әзірлендік дегенде де біраз мән бар. Түркістанға жаяу сапар Сайрамнан басталғанмен, оған дайындығымыздың басы әріде. Бұл жерде жалпы жаяу сапар идеясының қалай туға­

нына да аз-кем тоқтала кеткен жөн сияқты. Ол ең алдымен бү­гінгі сапардың да мәнін ашуға көмектеседі.Осыдан бес жыл бұрын бүкіл республикамыздың халқы ұлы Абайдың 150 жыл­ дық мерейтойын атап өтпекке дайындалып жатқанда, газетіміз ұлы ақынның туған жеріне жаяу сапар шегу жөнінде бір топ зиялы қауым өкілдерінің бастамасын қолдаған еді. Ондағы ой: ең алдымен, халқымыздың басын біріктіретін ұлы тұлғасына тағзым ету, оның ұлы мұрасына назар аударту болса, сонымен бірге осындай сапарға қатысушылардың ұлылық алдында ары­ луы да еді. Мұндай сапарларға көп адам қатысса, бұқаралық сипат алса дегенбіз. Газетіміздің Абай қорымен бірлесіп өт­ кізген сол бастамасы кейін де жалғасты. Ұлы Жамбылдың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдықтары қарсаңында өткен жаяу сапарларды да жұрт­ шылық жылы қабылдаған. Халқымыздың мақтанышына ай­ нал­ған ұлы тұлғаларға тағзым ету, бүгінге дейін мемлекеттік тәуелсіздігіміздің іргетасы қаланып жатқан кезде ұлтымыздың бірлігіне де қызмет етпек. Қашан да халқымыз сол ұлылардың төңірегіне топтасқан. Сондай топтасу бәрінен де дәл бүгін ке­ рек. Сол ұлылардың басына тағзым етіп жүргенде әр кез кө­ ңілімізге талай ұлыларымыз жатқан қасиетті Түркістан орала беретін. Түркістанға жаяу сапар ұйымдастыруға итермелеген тағы бір жәй болды. Осынау қасиетті мекенде, жоғарыда айтқандай, ұлы Абылай ханымыздан бастап, талай жайсаңдарымыз жа­­ тыр. Шамасы келгенде, халқымыз ардақтыларын осы­нау руха­ ни ортамызға әкеп жерлеген. Заман тауқыметі шы­ғар, дәс­түр- ­дің өзгергені болар, көп кемеңгерлерімізге Түркіс­танның то­ пырағы бұйырмаған. Рухтары қосылып жатсын деп өзіміз ба­рып тағзым еткен ұлылардың басынан топырақ алып, Түр­ кістанға жеткізейік деген де ой келген. Осы ой Абай жатқан Жидебайға, Жамбыл мен Нұрғиса жатқан Қастекке сапар шек­ тірді. Қазақы дәстүрмен құран оқытып, Мұхтар мен Қаныштың, Мұқағали мен Шәмшінің басынан да қос уыс топырақ алып, оны Түркістанға сапарымыздың ең қасиетті жүгіне айнал­ дыр­дық. Бұл сапарға шықпақ ойымызды естігеннен кейін-ақ біраз адамның өкпесін арқалауға тура келген. Барғысы келген адамды ерте беруге жағдай көтермейді. Сапар басталатын жерге дейін де көлік кіресі бар дегендей, бүгінгі күнде басқан аяқтың шығыны бар, қаражат тілейді. Әдеттегі дәстүріне ба­ сып, «Филип Моррис – Қазақстан» компаниясы демеушілік көр­ сетсе де, көп адамды алып кете алмадық. Тіпті былтырғы Қане­

кеңнің басына барған сапарымыздың мүшесі, белгілі ға­лым 82 жастағы Бүркітбай Айдархановтай ағамызды тастап кетудің амалын таппай қиналғанымыз бар. Бөкең өкпелемеді. Вокзал басына барып, абзал ағамыз сапаршыларды ақ тілекпен жолға шығарып салды. «Іріктеуден өтіп», сапаршылардың құрамына кіргендерді де айта кетудің жөні бар. Олар кездейсоқ кірген жоқ. Осыдан бір жыл бұрын халық жазушысы Шерхан Мұртаза газетімізде «Түркістанға асар жариялайық» деп үндеу тастағанда, оны ал­ғаш қолдаған, «Асарға шық, қазақ!» деп үн қосқан халық­ аралық «Қазақ тілі» қоғамының бірінші вице-президенті, Ұлт­тық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, про­ фес­сор Өмірзақ Айтбайұлы болатын. Пайғамбар жасынан ас­ са да жаяу жүруге дайындығын көрсеткен. Ең бастысы Түр­­ кіс­тан тарихынан мол хабары бар, ұлттық рухты айрықша қас­ терлейтін ғалым. Сапар кезінде кезіккен жұртқа айтары бар адам. Ал белгілі сыншы-ғалым, Қазақстан Республикасына ең­бе­гі сіңген қайраткер Зейнолла Серікқалиұлы бұрынғы жаяу сапарларға қатысып, сыннан өткен. Семейден келген екі азаматтың орны бөлек – «Абай» қорының президенті Балта­ бек Ерсәлімұлы мен журналист Дәулет Сейсенұлы қазіргі дәс­ түрге айналған жаяу сапардың алғашқысына қатысқандар. Әдеттегідей жетекші болу жауапкершілігі Мамадияр Жақыпқа жүктелген. Газеттің Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Төрехан Рәмберді мен фототілшісі Берсінбек Сәрсенге са­пар­ дың ақпараттық қажетін қамтамасыз ету, шежіресін жасау тап­ сырылды. Сапаршылардың ең жас мүшесі Ержан бұрын­ғыша әжептәуір қиындығы бар жаяу сапар кезінде ағаларына қызмет ете жүруді мойнына алған. Шымкенттен бізге тағы да үш адам қосылды. Облыс әкім­ шілігінің жауапты қызметкері Мархабат Байғұт облыс жұр­т­ шылығына ғана емес, республикаға танымал қаламгер. Сондайақ «Ордабасы оттары» газетінің редакторы, белгілі ақын Нар­ махан Бегалыұлы мен Шымкент қалалық әкімшілігінің қыз­ меткері, ономастика жөніндегі білгір маман Қабыл Дүйсенбі сапаршылар тобын жаңа қырларымен толықтырған. Сапаршылар құрамына көбірек тоқталудың мәні – олар осы сапарда жұртпен кездеседі, тарихтан да, бүгінгі заман мә­ селесінен де сөз қозғайды, көпшілік сұрақ қояр болса, тия­ нақты жауап та алсын деген ой болған. Бұл жай «іріктеу» кезінде ескерілген. Сапар басы Сайрам болғанымен, оған дейін сапаршылар

Шымкентте аялдаған. Облыс әкімшілігіндегі қабылдауда әкім орынбасары Дархан Мыңбай бауырымыз Түркістан қала­сы­ ның үлкен тойына әзірліктің барысымен кең таныстырып, біз­дің сапарымыздың да осыған қосылар үлес екенін айтты. Облыс, әкімі Бердібек Сапарбаев мырза Елбасын қарсы алу шаруасымен жүр екен. Орынбасары оның да біздің сапа­ры­ мызға ақ тілегін жеткізді. Неге сапар Сайрамнан басталды? Бұл да кездейсоқтық емес. Түркістанды тану – тарихымызды тану десек, біраз та­ рих Сайрамда жатқанын білеміз. Және Түркістанға, біздің ел­ді­гімізге қатысты тарих. Өркениеттің көне орталығында кө­ ретін де, жұртқа айтатын да жайлар көп. Оның үстіне қасиетті Түркістанның рухын көтеріп тұрған ұлы тұлға Қожа Ахмет Яс­ сауи осынау Сайрамда дүниеге келген, ата-анасының сүйегі сонда жатыр. Бұдан бұрынғы сапарларымызда аруақтай ұлы­ ларымыздың рухтарын ата-аналарына қосқандай шара жа­са­­ ғанбыз. Алдымен Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтай қа­си­ еттілеріміздің басына барып, құран оқытып, одан алған то­пырақты олардың ата-аналарының басына апарып салып, құ­ран қайтарғанымыз бар. Ахмет Яссауи басына барарда оның атааналары Ибрагим баб пен Қарашаш ананың басына құран оқы­ туды жөн санағанбыз. Келерімізден хабардар аудан жұртшылығы бізді жылы қарсы алды деу жеткізбей айтқандық болар, айрықша құр­ мет­пен қарсы алды деген ләзім. Көрсетілген құрметті ай­ ту біртүрлі ыңғайсыз, сөйтсе де айту қажет те. Әңгіме қол­ паш, мадақтау, сый-сияпат, ішкен-жеген жайында емес, біз­дің сапарымыздың рухын түсініп, соны қоштағандық, ба­ға­ла­ ғандық жайында болып отыр. Аудан әкімі Қуаныш Ай­та­­ ханов мырзаның сапарымыздың мәнін аңғарып, аудан же­ ріне қатысты тарихтан айтқан әңгіме-шежіресі, бүгінгі күн­ нің проблемаларын түйіндеген сөздері өз алдына, пікір­лес­кен әр адамның ақ ниет, ізгі тілекке толы әңгімелері ерек­ше әсер қалдырған. Жастарымызбен кездесіңіздер, тарих­ты, әру­ақ­ты сый­лауды білсін деп өтініш айтып, шылауға орал­ған адам­дар­ дың ықылас-тілегін аттап кету қиын болған. Бұл ауданда кеше мен бүгін астасып жатқандай. Тарихты айтса, оны бүгінгімен қабыстырады, бүгінгіні айтса, оны тарих­қа апарып тірейді. Бұл ауданда қолдан салынған тарихи ескерт­кіштермен қатар, таутас, өзен аңғарлары да тарих жайында сыр шертеді. Қарасу өзенінің арасындағы жазық қойнауда бабаларымыз жауға ат­ танар алдында әскерін жинап, жаттығу өткізген екен. Мұнда

жер бедерінің акустикалық ерекшелігіне орай, қолбасының бұй­рығы алысқа естіліп тұрған. Абылай ханның қосы орна­ ласкан «Хан қорғаны» да осы ауданда. Тарих – тағлым. Тарихқа қарап бүгінгіңді бағалайсың, ал­ дағынды болжайсың. – Тәуелсіздікке қолымыз жақында жетті. Бірақ біздің жері­ мізде бұрыннан өркениетті тәуелсіз ел болғанын ұмытпайық, – дейді Мирахмад Мирхолдарұлы. – Тамырымыз тереңде жатыр. Содан нәр алуымыз керек. Оның сөзі жай сөз емес. Нақты, құжаттай, заттай дәлелі бар сөз. Сайрам кентіндегі ауыл мұражайында бар. Оны жинап жүрген де, елдің игілігіне айналдырған да Мирахмад ақсақал. Бұл қастерлі үйді осы ауылға келгендер аттап кетпегені жөн. Еліміздің, жеріміздің тарихы онда тұнып тұр. Сапарымыздың алғашқы күні біз оған бас сұққанбыз. Асықсақ та біраз бө­ гелуге тура келді. Жарты күндік әңгімені 40 минөтке сыйдырған Мирах­мад­ тың сөзін тыңдай бергің келеді. – Сайрам қаласының 3000 жылдық тарихы барлығы жөнін­ дегі дәлелдер қолда, – дейді ол. – Ал оның 5–7 мыңдық тарихы жөніндегі болжамға да дәлел табылатынына күмән жоқ. Осындай тарихы бар ауданның бүгінгісі қалай дегенде де айтылар әңгіме аз емес. 220 мың халық бар екен. Кей жерде­ гідей, жейтін нанымыз жоқ дейтіндер бұл ауданда жоқ. Жер емген халық. Қазаққа белгілі Арыс, Ақсу, Сайрамсу, Бадам сияқты өзендердің суынан нәр алған жерде елге жетерлік ри­ зық табылады, дейді әкім. Аудан басшыларының көңілінде бірінші кезекте рухани азық жүретінін аңғардық. Өтпелі кезеңнің басты мәселесі деп жұрт қарын тойдыруға көбірек көңіл аударып, бұған дейін руханият мәселесін ойдан шығарыңқырап алса керек. – Бәрінен де рухани аштық қиын, – деп сабақтады сөзін ау­дан әкімі Қуаныш мырза. – Ауданда 42 ұлттың өкілі өмір сүреді. Бұл жерді ешқайсысы өгейсінбесін дейміз. Жеті ұлт­ тық орталық бар. Сол ұлттардың мәдениеті бірін-бірі байы­ тып жатыр. «Сайрам таланттары – 2000» фестивалі бір айға со­ зылады. Ұлттық қарым-қатынас қай деңгейде де шетін мәселе. Бұл ауданда өзбек ағайындар басым. Кейбіреулердей басқа ұлттың өкілімін деп қырын тартқан біреуі жоқ. Өздерін қазақстандық санайды. Балаларының өзбекше оқуына мүмкіндік жасалғанға дән риза. Қазақша ұқпайтын өзбек жоқ. Таза сөйлейтіні де аз

емес. Ауылына бір-екі орыс келсе, орысша үйренуге тыры­ сатын қазақпыз ғой, өзбектерді де өкпелетпей, өзбекше де қал­ жың айта біледі екенбіз. Аудан әкімінің орынбасары Аманкелді Мәліков дейтін бауырымыз сайрамдық орташа өзбекпен тең сөйлесетінін аңғартты. Осы сапарға шығар алдында «Сорос-Қазақстан» қоры­ның атқарушы директоры Мұрат Әуезов осы жаққа соғатыны­мыз­ ды білгенде, мұндағы өзбек ағайындардың көңіл-күйіне на­ зар аударуды өтінген еді. Ел тыныштығын ойлайтын азамат кейбіреулердің қазақ-өзбек шекарасындағы арандатушылық әре­кеттерінен екі халық арасындағы қарым-қатынасқа қылау түспесе екен дейді ғой. Осы ой бәріміздің де көңілімізде жүрген. Бұл ауылда бөтенмін, бөтенсің деген пиғылдағы адамдарды кездестіргеніміз жоқ. Қазақ жерінде, Қазақстанда тұрып жа­ тырмыз, бұл елдің дәстүрін де, тілін де сыйлауымыз керек, дейді бәрі де. Орыс мектебінде де, өзбек мектебінде де қазақ тілі оқытылады. Бұрынғы кездегідей жүрдім-бардым емес, ти­я­­ нақты оқытылады.Оны аудан әкімі өз назарында ұстай­ды екен. Мұндай әңгіме жаяу сапарға қатысушылардың ағасы са­на­ла­ тын Өмекеңе, «Қазақ тілі» қоғамының вице-президен­тіне ай­ рықша ұнады. Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ мектебінде, Юсуф Са­ реми атындағы өзбек мектебінде кездесу өтті. Екеуінде де бір­дей ықылас, бірдей көңіл. Тарих бөлінбейді, әруақтар – ортақ. Түркістанға жаяу сапарымызды Сайрамнан бастаға­ ны­мызды өзбек те, қазақ та бірдей мақтаныш етіп, бір­дей ақ тілек білдірді. Ортақ көңілге қуандық. Өзбек ағайын­дар ал­ дымыздан: «Түркістанның 1500 жылдығына арнал­ған «Ұлы­ лыққа тағзым» имандылық жаяу сапарына қатысушы­ларға – ақ жол» деген транспорант алып шыққанда, жүрек елжіреді. Сансыз бабы бар Сайрамда жүрек елжіреткен кездесу көп болды. Осында көп әулиелердің ішіндегі көрнектісі, тегі Мұ­ хам­мед пайғамбарға барып тірелетін, айтулы Қожа Ахмет Яс­ сауидың әкесі Ибрагим атаның кесенесіне зиярат етуге кел­ генімізде, көне қала тұрғындары сапаршылар құрметіне құрбан шалып, қарсы алды. Мұны тарихымызға құрмет, әулиелерге құрмет деп қабылдадық. Қазақ жұртында, жалпы шығыста аналарды әулиеге балау сирек. Сайрамдағы көп әулиелердің бірі – Қарашаш ана. Ол ұлы Қожа Ахметтің шешесі болғандықтан ғана емес, затында текті жерден шыққан, сауатты, қыз-келіншектерді оқытып,

айналасына нұр шашқан аса қадірлі бекзат адам болуымен-ақ ұрпақ құрметіне бөленген. Әдеттегі сопылық ілімімен, тахуа өмірмен аңызға ай­ на­лып, пенделік бейнесі күңгірттеу көрінетін Қожа Ахмет Яссауидай кемеңгердің ата-анасының басына тағзым ете бар­ ғанда, олардан туған ұлы тұлғаның адами бейнесі орал­ғандай көрінеді екен. Тектілерден текті туады, бірақ сол тектілер де адам. Сайрам дейтін қалада өмір сүрген. Оның тұрғындары өз қаласының тарихын, онда ұлылар мекен еткенін мақтаныш етеді. Қала тарихын баяндайтын көптеген деректерді мұра­ жай­дан тапсаңыз, ХІ-ХШ ғасырда бой көтерген ғимараттар қазір де бар. Аты атақты «Авестада» аталатын, ұлы Махмұд Қашқаридың өзі «Исфиджаб деп аталған ақ қала» деген Сай­ рам қаласы төрт қақпалы үлкен мекен болған екен. Сол көне қаланың 3000 жылдығын тойласақ, дейді сайрам­ дықтар. Тойқұмарлықтан емес, дүниенің артылып бара жат­ қан­дығынан да емес, ел тарихын қастерлеу үшін, ұрпаққа да, басқаларға да елімізді танытып, абыройын көтеру үшін. Ұлы Түркістанның 1500 жылдығы қарсаңында сол қасиетті мекен­ ге зиярат етіп, жаяу бара жатқан бізге: «Сайрамның 3000 жыл­ дығы тойланар болса, бізге де келіңіздер» деп аманат тап­ сырып, тілектерін білдірді. Біз көне Сайрамның төрт қақпасының бірі Белқақпадан өтіп, Шымкентке қарай бет алдық.Жарқын жүзді сайрамдық­ тармен қимай қоштастық. Ақ тілектерін арқалатып жіберді. Иә, сөйтіп, Түркістан дейтін қасиетті мекенге Сайрам дей­ тін қасиетті мекеннен жаяу сапарымызды бастадық. Бұл са­ пардың бізге оңай соқпайтынын алғашқы шақырымдар-ақ аң­ ғартқан. Оңтүстіктің жазы ерте шығады, соны ескеріп, биыл­ ғы сапарымызды ертелеу бастағанбыз. Әйтпесе Арқадағы са­ парларды мамырдың соңына қалдырып, тіпті Павлодар облы­ сындағы Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне жаздың белең алған кезінде, маусымның соңында барғанбыз. Соның өзінде жердің сызын аңғарған кезіміз болған. Ал, Оңтүстік өңірде сәуірде-ақ күн шыжып тұрды. Шөлдедік. Шөлімізді Шымкентке дейін созылатын Сайрам кенті тұрғындарының ыстық ықыласы басып отырды десек, ләзім. Бұл өңірдің адамдары сәлемге жомарт, тілекке жомарт. Топтасып, жаяулап кетіп бара жатқан біздің жүрісіміздің ерек­ шелігін аңғарады да, сәлем беріп, соңынан жөн сұрайды. Жө­ німізді айтқан соң, қауқылдасып, ризашылықтарын білдіріп жатады. Соқа тартқан өгізге әйт-шу деген дем беретініндей,

жайдары сәлем, аңқылдаған ақ көңілден шыққан тілек, кә­дім­ гідей сергітіп, жүрісіңді ширатады. Жүріс дегеннен шығады, оқырманға өз тәртібімізді де айта кеткен артық болмас. Біз спорттық көрсеткіштерді көзде­мей­ міз. Күніне отыз шақырым жобалы меже. Аптығып, асығып та жатпаймыз. Азын-аулақ жүгімізді мәшине алып жүреді. Жүк дегенде – киім мен сусын. Жүргенде, ыңғайлы киім киеміз, ресми кездесулерде – әдеттегі киім бар. Күн ыстықта киімді жиірек ауыстыруға тура келеді... Шөлдесек, сусын бар. Әдетте, жүгімізді арқалаған көлік үш-төрт шақырым алға озып барып, күтіп тұрады. Жүргін­ ші­лер жетіп, шөлдерін басқан соң қайта алға озады. Қарсы алған жердің қамқор көңілі деп те қараған жөн шығар, барлық аудандарда бізге дәрігерлер еріп жүрді. Алға озып айтайық, екі-үш жерде ойылған аяққа көқдәрі жаққандары болмаса, са­ паршылар дәрігерлердің басқадай қызметін қажет ете қойған жоқ. Бізге қызметі өткен тағы бір адамдарды да дәл осы Шымкентке кірер кезде кезіктірдік. Сырт жолда еркін жүресің, қала ішінде сапаршылардың МАИ-дың көмегінсіз аяқ ба­ суы қиын. Бір топ адам жаға жолға сыймайды. Жергілікті әкімшілік, жұртшылық өкілдері де бізге көпшіліктің көзі тү­се­ тін жермен жүруді өтінгені бар. Қасиеттімізді қастерлеп ба­ра жатқандарды жұрт көрсін, әсіресе жастар жағы содан ғибрат алар дегенді алға тосқан. Сонда бізге автоинспекция қыз­ мет­керлері көмекке келді. Олардың жүргізушілер арасында, көшеде тәртіп орната алатынына ешкімнің күмәні жоқ шы­ ғар. Бірақ, біз олардың да соншалықты кішіпейіл, ізетті бо­ латынын көрдік. Сайрамнан бірге ілесе жүрген инспектор іні­міз, Шымкентке жақындағанда өз әріптесін тауып алып, біз­ді табыстап, қимастықпен қоштасты. Ал шымкенттік инс­ пектор бауырымыздың ізеттілігі бұрынғыдан да артып түсті: «Сақтық жасаңыздар, бірақ Түркістанға жаяу бара жатқан сіз­дерге барлық көлік жол береді, еркін жүріңіздер», деді. Сөй­ тіп, өзі алға түсіп алып, жол бастаған. Жалғасып жатқан үй­ лер, Шымкентке қалай кіргенімізді де аңғармай қалдық. Оң­ түстіктің бас қаласының көшесімен ұзақ жүрдік. Жұмыс аяғы жақындағанда көшеде көлік көбейетіні бар. Кең көше мәшинеге толы. Инспектор бауырымыз бәрінің аяқтарын бір етікке тығып, біз өткенше тырп еткізбейді. Осы жерде өткен жылы Павлодардағы жүрісіміз еске түсті. Онда да қаланың бас көшесінде қозғалыс тоқтатылып, бізге

жол берілген. Сонда жол жағасындағы адамдардың не үшін де­ ген күңкілі естіліп еді. Қаныштай ұлының құрметіне жаяу бара жатқанымызды білгендердің кейбірі осыншалық құрметті ар­ тықтау көріп, соған бола көше қозғалысын шектегенге кейістік білдіргендей болған. Сонда намысқа басқан жігіттердің: «Бұл бізге емес, Қанекеңе көрсетілген құрмет. Тоқтап, күтіп тұр­ ғанда ойлансын, Қанекеңнің кім екенін, оған қандай құрмет көрсетілетінін ойласын» дегендері де бар. Мұнда жұрт біздің жүрісімізге таңданған жоқ. Көпшілігі осынау шараны жанымен ұғатынын да аңғартады. Бізге жол беріп күтіп тұрған көліктегі адамдар сыртқа шығып, сапа­ры­ мыздың оң болуын тілеп жатты. Тіпті қалтасынан азын-аулақ қаржы шығарып, ұсынғандар да болды. Меселін қайтарғанымыз жоқ, алдық. Не үшін бергенін тергеп те жатпадық. Иманды­ лыққа бағышталғаны анық. Бізді аш демеген шығар, ізгі ниет қой. Атап айтқандар да болды – Түркістандағы Қожа Ахмет кесенесіндегі қасиетті қазанға салыңдар, деді. Кәріп-кәсірлерге тисін дейді. Жолда жұрттың бергенін түгелдей сол тайқазанға салып, көпшіліктің ниетін жүзеге асырдық. Шымкенттің бас даңғылы – Тәукехан көшесімен ұзақ жүр­ дік. Әңгіме күні кеше Коммунистік деп аталған көшенің шын мәнінде ұзындығында да емес, сонау Сайрамнан тоқтамай жүріп келіп, қалаға кірген соң аз-кем аялдап, шөл басудың да мүмкіндігі болмаған. Оның үстіне ығы-жығы көлік, одан шық­қан түтін де тынысты тарылтып, қосымша қиындық ту­ дырған. Көшенің жаға жолында қаптаған халықтың таңда­ ныс­пен қарасы да шым-шымдап жүйкеге тиетін де кезі бола­ ды екен. Тіпті милиция киіміндегі біреудің жүгіріп келіп: «Рұқ­саттарыңыз бар ма?» деп қырағылық көрсеткені кәдім­ гі­дей жүйкеге салмақ түсірді. Рас, қазір әр жерде шеруге шы­ ғушылар да көбейіп жатыр. Бірақ, әр нәрсені ажыратуға бо­ лады ғой. Сабыр сақтап, мән-жайды анықтап барып, «іске кірісудің» орнына бір дүмшенің пысықтық танытқаны ақ ниет­ ті арқалап келе жатқандарға тық етіп тиетіні түсінікті. Қарап тұрғандардың ішінде де талайының сондай ойда болуы мүмкін ғой дейсің. Сірә, шаршағандықта болар, шөлдегендік те болар, жүйкеге түскен салмақ та болар, Тәукехан даңғылы тым ұзақ көрінді, бітпей қойған. Бізді жаңа аланда жұрттың күткеніне біраз болғанын айтқан хабаршы да жетті. Жүре берген соң, жетесің, әрине. Жұмат Шанин атындағы театр алдында күнге күйіп күтіп тұрған қауымға ұшырасқанда, кешіккенімізді бетімізге баспай, жайдары жүзді жастар гүл

құшақтатты. Қала әкімінің орынбасары Сұлтан Сүгірбаев мыр­за сапаршылардың бұл қадамын жоғары бағалап, жастар­ ға өнеге тұтып, қошемет сөз сөйледі. Сапар жетекшісі де өзде­ рін күткен жұртқа алғыс білдірді. Мұнан кейін ресми кез­ десу жастардың сапарға қатысушылармен емен-жарқын әңгі­ месіне ұласты. Әсіресе, бұл өңірге ғалымдығы да, өнері де жақсы таныс Өмірзақ Айтпайұлы, сыншы-ғалым Зейнолла Се­рікқалиұлы, сондай-ақ Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерс­ әлімұлы сияқты ағаларына жастардың сұрақтары да аз болған жоқ, қолтаңба да қойдырып алып жатты. Алғашқы күннің әжептәуір қиындығы болғанымен, жалпы сапардың сәтті бас­ талғаны, кәнігі «жүргіштер» мен жаңа қосылғандардың ал­ ғашқы сыннан мүдірмей өткені көңілімізді көтеріп тастаған. Ал, қала әкімшілігі жақсы демалып, әлденіп алуымызға бар жағдай жасағанын да атап айтсақ орынды. Әрине, біз ешкімге міндетсінбейміз. Тіпті ондай қамқорлық жасалмаған күнде де, оның бәрін өзіміз ойластыруға әзірленіп шыққанбыз. Бір мұнда ғана емес-ау, барлық жерде де бізге жасалған қамқорлық са­ парға қатысушылардың кәдімгідей жігерін жанығандай болған. Облысқа, оның орталығына келген соң, еріксіз мұнда қазір не істеліп жатқаны жайлы әңгімеге құлақ түресің. Кеше де, бүгін де біраз әңгіме естідік. Кейбірін сезініп те отырмыз. Бұдан бұрынырақ бір келгенімізде, жарты миллиондай халқы бар қа­ лада жарықтың, газдың жоқтығына куә да болғанымыз бар. Қазір жұрт жарық сөніп қалады-ау дегеннен шошымайтын сияқ­ты. Біраз кәсіпорынға жан кіргендей екен. Естуімізше осындай көңіл күйі облыстың ауылдық же­ рінде де орныққандай көрінеді. Жер емген халықтың еңсесі көтеріле бастағандай. Тіршілікке жаппай ұмтылыс бар. Жұрт жерге таласатын болыпты. Жұмыссыздық болғанымен, еңбек­ сіздік жоқ, дейді мұндағылар. Жұрт әрекет үстінде. Қуанарлық бір жай – экономикадағы, әлеуметтік өмірдегі жаңа бір тыныс рухани өмірдегі ізденіске ұштасқандай көрінген. Мұндай­да жақсылықтың үйлесім табатыны бар – сол ізденіс Түркістан­ ның 1500 жылдық тойына сәйкес келіп отыр. Бұл той бүкіл облыстағы рухани өмірдің жаңа бір жаңғырығуына негіз бол­ мақ. Әр ауыл, әр аудан тойға рухани әзірлікті өздерінде жасап, халықтың рухын көтеруді мақсат еткен. Сапардың екінші күнін Шымкенттен көтеріңкі көңіл кү­ йімен бастадық. Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та осы облыста жүрді. Ташкентте Ислам Кәрімовпен кездесіп, шекара жөніндегі алып-қашпа әңгімеге нүкте қойыпты дегенді есті­

дік. Онан соң Сырдан Мақтаарал өңіріне жеткізетін көпір­дің құрылысында да болып, істің жайымен танысыпты. Оң­түс­тік­ тің халқы осы екі оқиғаны да қуанышпен қарсы алған. Енді Президент Түркістанға бармақ. Біздің де бағытымыз сол жақ қой... Көңіл көтеріңкі болғанда, жүріс те өнімді. Бір деммен Ал­ тынтөбеге де жетіп қалдық. Бұл – көпшілігіміз бір көруді аңсап жүрген Ордабасыға бұрылатын жер. Аудан жұртшылығының өкілдері бізді осы жерден қарсы алған. Әкімнің өзі Елбасымен кездесуге кетіпті, оның орынбасары Рахима Мұсаева қарын­ дасымыз бен аудан мәслихатының хатшысы Перналы Жұрман бауырымыз жұрттың ықыласын білдіріп-ақ жатыр. Шөл басуға қымыран ұсынады. Ал біздің көңіліміз – Ордабасыда. Осы жерде айта кететін бір жәй бар – Сайрамнан Түр­кіс­ танға дейінгі қасқа жолды жаяу өтеміз. Ал, осы сапарда жолда кездесетін, тізе бүгіп тоқтап өтетін талай қасиетті жерлерге, әулиелердің басына көлікпен бару ойластырылған. Уақыт тап­ шылығынан. Осы Алтынтөбеде Ордабасыға бұрылсақ, кейін осы жерден жаяу жүрісімізді қайта жалғасырамыз. Көлікке Ордабасы көп жер емес. Әттең, уақыт тапшы, әйт­ песе оған дейін жолдағы Бадам ауылынан жаяу барса, кәнеки. Жалпы қасиетті жерлерге көлікті алысқа тастап, жаяу барған жөн-ақ. Имандылық соны талап етеді. Жүре алмасаң, бармайақ қой. Жұрт оның қасиеттілігін сезінетін болсын. Жасқа да, кәріге де өнеге. Ал онда Ордабасыға бара жатқандағы көлік тап­ таған жолға қарағанда, осынау қасиетті жердің басына дейін жұрт көлікпен баратын тәрізді. Ордабасы қазақта біреу ғана. Оны шындап танығанымызға да көп болған жоқ. Кешегі өз тарихымызды тебіреніп айтуға жүрексінген заманда оны біреу біліп, біреу білмейтін. Біл­ген­ мен де, оның дәл бүгінгідей орнын бағамдай бермейтін. Осы жолдар авторының бірі Ордабасыға осыдан 30 жыл бұрын кел­ гені бар. Бадам ауылының қадірлі ақсақалының бірі Әлеш дейтін ағамыз ертіп әкелген. Сол кезде көзі қарақты, көңілі ояу адам болмаса, көп адам оның қадірін біле бермейтін, бұл тауға ат ізін салушылар сирек еді. Қадірлеу үшін де тарихымызды өзіміз тереңірек білуіміз ке­рек екен. Елбасы айтқандай, «Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі» екенін кейін ұқтық. Ұқтыру үшін де біраз тер төгіл­ді, дүние жұмсалды. Бар нәрсені қарынның тойғанына жұмса­йық деп, осынау Ордабасыдай қасиетті жерімізді жұртқа таныта­ тындай етпесек, тарихымыз солғындау көрінер еді. Рухымыз

дәл бүгінгіден жүдеулеу болар еді.: Ордабасымызды тану, оның тарихтағы орнын айқындаудың халықтық мерекеге айналғанын көбіміз теледидардан көрдік, баспасөзден оқыдық. Көбіміздің көңілімізде ол қасиетті жер, тағзым ететін орын болып ор­ нық­ты. Оны өз көзімен көру арманға айналды. Біразымыз бұл қасиетті жерге алғаш рет қадам басып отырмыз. Күнде көріп жүрген көгілдір туымызды мына таудың басынан көру айрық­ ша сезімге бөлейді екен. Халқымыздың, ұлтымыздың басы бі­ ріккен жер ғой. Үлкен таулармен салыстырғанда, Ордабасы кішігірім төбедей сияқты. Бірақ, ол қазақтар үшін алып тау­ лардан да биік. Оны төбе деп айтуға болмайды. Жапондардың Фудзияма дейтін тауы бар. Қасиетті сана­ла­ ды. Жапондар, қайда тұрса да, оған қалай да бір шығуды бо­ рыш санайды. Олардың ұлы патриотизмінің бір мықты тұғыры сол тау сияқты. Біз де Ордабасыны сондай, қазақтар үшін қалай да бір соғу борыш саналатын қасиетті жерге айналдырсақ, сол адамдардың жүрегіне ұлттық патриотизмнің нәрі құйылар еді. Мұнда келгенде жұрт көретін нәрселер бар. Қолдан жасал­ ған обелиск айналадағы табиғатпен қабысып, көңілге әдемі әсер ұялатады. Оның авторы сәулетші Ғабит Садырбаевтың ойын осындағы қорықшы бауырымыз Мұхтар да ауызға са­ лып айтып береді. Инедей шаншылған үш қырлы обелиск үш жүзге бөлінетін халқымыздың бірлігін бейнелейді екен. Сол бі­ рігудің арқасында жауымызға қарсы тұрып, елдігімізді сақтап қалдық. Ордабасы – бірлігіміздің бас ескерткіші. Халқымыздың атынан сөз айтқан үш ұлы биіміздің сөздері де тасқа қашалып жазылыпты. «Бірлік, еркіндік пен теңдік болмай, елдік бол­ майды», – дейді Төле би атамыз. Қазбек би: «Сөз атасы – бірлік, анасы – шындық» десе, Әйтеке би: «Бай болсаң, халқыңа пай­ даң тисін, батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін!» деп аталы сөз айтады. Зерделі көңілге құйылар сөздер. Соңғы кезде үш жүзге бөлінгенімізді айта бермейікші де­ ген де пікір айтатындар да шығып жүр. Ұмытылғандай нәр­ се болса, еске салмаған да жөн шығар. Бірақ, оның айтыл­май қалмайтын жері бар. Халқымыздың басы бірікпей, жау­ға жем болып жүрген кезінде басын қосқан адамдарды, жер­ді айт­па­ сақ, сонда нені айтуымыз керек?! Ордабасыға жұрт көбі­рек кел­се, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңірек түсінер еді-ау дей­сің. Дәл қазір адамдардың тәуелсіздігімізді терең түсінгені, со­ны сақтап қалуға қызмет еткені айрықша қажет, жұрт мұнда көбірек келсін дейміз. Бірақ көбірек келгенде, қасиетті жердің аяқ асты болмауын да мықтап ойластырайық. Жоғарыда айт­

қандай, жұрт көліктерін етекке тастап, жаяу шықсын. Көп жерде қасиетті ғимараттарға кіргенде, адамдардың аяқ киім­де­ рін де шешіп жүретіні бар. Қасиеттіні қастерлесек қана, оның құны артады. Ордабасыны жұртқа танытып, осында дүрілдетіп той өт­ кіз­генде, көрші үш ел – қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының басшылары да бас қосып, халықтарымыздың достығына ар­ налған мәлімдемеге қол қойған шағын мінбе бар. Қасиетті мұ­ рағатқа айналатын-ақ дүние. Бірақ, қазір оны осында кел­ген­ дер аялдап, сусын ішетін жерге айналдырыпты. Жақсы нәр­се­ні бұлай арзандатуға болмайды. Бұлар тарихтың үлесіне тиетін дүниелер. Осындағы бірнеше тау-төбелердің биігі Ту-төбеге кө­терілсең, айналаң тегіс көрініп, керемет бір дүние есігін аша­ды. Сол сұлу дүниені сақтап қалуымыз керек. Бұрын осы тау­лар ішінде 22 бұлақ болған екен дейді. Қазір көпшілігі тар­ тылып қалыпты. Әрине, адамның араласуынан ғой. Кезінде осы Ордабасыны кеулеп, одан құрылыс материалдарын алып жатқанда, азаматтар ара түсіп, тоқтатқаны бар. Мұнда әр тас, әр бұта есепте болсын деп талап қойсақ, артықтығы жоқ. Ор­ дабасыны кешенді қорыққа айналдырамыз деген жақсы идея­ ны жүзеге асырғанда жеті рет емес-ау, мың рет өлшеп пішкен қажет-ақ. Кезінде ұлыларымыз халқымыздың басын біріктірген жи­ ын өткізгенге дейін Ордабасы аты жоқ тау екен, енді ол тәу­ ел­сіздігіміздің кіндігіне айналып отыр. Осы тауға шық­қан­ да шығыс жақтан қасиетті Қазығұрт көрініп тұрады. «Басында Қа­зығұрттың кеме қалған, Қасиеті болмаса, неге қалған» деген сөз бар. Бабаларымыз да осы бірлігіміздің туын тіккен жерді жайдан-жай таңдамаған шығар-ау. Ордабасыдан осындай ой теріп оралдық. Қасқа жолдан Ордабасыға бұрылған жеріміз Алтынтөбеге келген соң көліктен түсіп, жаяуға көштік. Әлі де жаңағы көргеннің әсерінен арыла алмай келе жатқандаймыз. Же­ріміздің бәрі тарихқа толы сияқты. Сол тарихты аршып алу парыз. Өзіміз қасқа жолға келіп түскен Алтынтөбе атауында да қанша сыр жатыр. Ағаштардың тасасынан әзер көрінетін сол төбенің алтынға қатыстыра аталуында мән бар екені даусыз. Тіпті соған орай бізге жеткен аңыздардың айтатынынан да тереңірек сыр бар шығар. Ал археологиялық зерттеулер мұнда 5-6 ғасырларда қала-қорған болғанын, онда жоғары өркениетті халық өмір сүргенін айтады. Ал, берірек келсек, 1864 жылы полковник М.Г.Черняев бастаған Сібір казактарының әскері осы жерде бекініс құрып, Шымкентке қайта-қайта шабуыл жасаған

екен. Осында бірнеше отрядтар бірігіп, ақыры сол жылы қыркүйекте қаланы басып алған. Бұл да тарих. Тәуелсіздігіміз туралы ойлағанда бұл да еске түседі. Сірә, адамдар әлдебір әсердің құшағында келе жатқанда, жолды өндіріп тастайды. Осы күні 37 шақырым жүріппіз. Ол осы сапар кезінде ең көп жол жүрген күніміз болды. Ау­ дан орталығы Темірланға мүмкіндігінше жақындап барып тоқ­ тағанды жөн көрдік. Біздің көбірек жол жүріп, шаршағанымызды басуға орда­ба­ сылықтар да айтарлықтай көңіл бөлді. Осы жерде айта кететін бір жай бар. Жалпы осы өңірдің жұртшылығы жер астының бір байлығы – минералды жылы суды пайдалануды мықтап қолға алыпты. Темірлан ауылында жердің астынан шығып жатқан жылы суға жуынып, бір сергіп қалдық. Бұл судың шипалық та қасиеті барлығын айтады жұрт. Солай болса, тіпті жақсы. Олай болмаған күннің өзінде, бүгінгідей отын да тапшы заманда, су­ ды жылытып жатпай, халықтың жуынып шайынуына пай­да­ ланудың өзі не тұрады! Бұл ауыл өнерлі ауыл екен. Оны жанымызбен сезіндік де­ сек те болады. Қонақ еткен үйіміздің иесі Әлдібек бауырымыз аудан мәдениетін басқарумен қатар, әндері республикаға бел­ гілі сазгер де болып шықты. Сол әндерін құйқылжытып орын­ дайды екен. Содан да бұл кеш жай қонақ болу емес, өнер ке­ шіндей болған. Мұндағылар сапаршылар арасындағы Өмір­ зақ ағамыздың үлкен ғалымдығымен қатар, айтулы әнші, дәулескер күйші де екенінен хабардар екен, қолқа салғанда, ол да жұрттың меселін қайтармай, шешілгені бар. Келесі күннің біраз жүгі бар еді. Жол жүру өз алдына, әу­ лиедей болған күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ке­ сенесіне, мұражайына барып тағзым ету, аудан орталығын көру ойымызда еді. Содан да ерте тұрып, жолға шыққанбыз. Кешегі күні Темірланға дейін біраз жол қалған. Әдетте жүріс сол жер­ ден басталады. Ерекше есте қалған жай – аудан жұртшылығының Қажы­ мұқан атамызға деген құрметі. Кей жерде бой көрсетіп қа­ла­ тын жершілдік, рушылдық әдеттен жоғары тұрған темір­лан­ дықтардың қазақтың біртуар тұлғасын ұлықтауы барын­ша өнеге тұтарлық. Дәл мұндай құрмет көп жерде жоқ. Халқы­ мыздың абыройын, беделін көтерген тұлғаны былайша құр­мет­ теу имандылық десек те, жастарға өнегелі тәрбие, отан­шы­ лдыққа, патриотизмге үндейтін шара десек те сыяды. Осынау істің бәрімен бізді аудан әкімі Мұрат Мақал мырзаның өзі

таныстырды. Ұлы палуанның басына тұрғызылған кесене ша­ ғындау болса да, оған деген қамқорлықпен ерекшеленеді екен. Бұл ауылға жолы түскен жөн білетін адам қазір оған соқпай кетпейтін көрінеді. Ал үлкен жарыстарға жүрер алдында ба­ луан жастарымыздың ұлы піріне тағзым етуі дәстүрге айна­ лыпты. Мұны ел көріп отыр, жастар көріп отыр. Бұл олардың жүрегіне имандылық ұрығын себеді. Адамдардың ынта-ықыласын қоспағанда, Қажекеңнің мұ­ ра­жайының экспонаттармен қамтамасыз етілуі, дизайны аудан­ дық деңгейде десе де болғандай. Мұны біз әсте де сын ретінде емес, тілек ретінде айтып отырмыз. Республиканың спорт, мә­ дениет мекемелерінің көмегімен экспонаттарды көбейту, ба­ йыту жөнінде үлкен мүмкіндіктер барлығын ескерте кеткіміз келеді. Бұл ең алдымен республикалық мекемелерге қатысты мәселе. Ал аудан жұртшылығының әрекеті қай жағынан ал­ ғанда да марапаттауға тұрарлық. Олар мұражайдың жаңа ғи­ ма­ратын көтеріп жатыр. Бәрі де ойластырылған. Ол аудан­ ның үлкен рухани орнына айналатын түрі бар. Тек оны жаб­ дықтауда, безендіруде республикалық мекемелер ат салысса, жөн болар еді-ау дейсің. Ордабасы ауданынан көп нәрсе көріп аттандық. Алда Бәй­ дібек ауданының бір шетін басып өтеміз. Сірә, бұл аудан бізді өздерінде тоқтатпай жібермейтін көрінген. Тіпті Ордабасыға кіргенде-ақ аудан өкілдері сәлем бере келіп, біздің өздерінде қай кезде өтетінімізді мөлшерлеп қайтқан. Бүгін де бір пысық жігіт келіп, жүріс жылдамдығымызды өлшегендей болып, ше­­ караға қай сағатта жететінімізді есептеп шығарғаны бар. Ке­ йінірек білдік, ол Бөген ауылының әкімі Шадиярбек Отын­ шиев екен. Және оның бұлай пысықсынуында мән бар болып шықты. Шекарада бір топ адам емес-ау, бір қауым ел қарсы алды. Сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алды. Шымкенттің бір газеті бізді, ондай болмаса да, сапарды сырнайлатып-кер­ней­ летіп бастады деп жазып еді. Мынаны көрсе, сол газеттің қыз­ меткерлері естерінен танып қалатындай екен. Шатыр да тігіп тастапты. Күткендер арасында оқушылар көп көрінді. «Шаянға барсаң, әншімін деме, Созаққа барсаң, күйшімін деме» деген сөздің шындығын көргендей болдық. Амандасып, қауышып, бір-бірімізді кұттықтап сөз сөйлеп, абыр-сабыр басылғанша біраз уақыт өтті. Мұндай сән-салтанатты артықтау көретін жаяу сапар жетекшісі: – Бұлай етпесе болмайтын ба еді, қаншама адамды шаруа­

сынан қалдырған сияқтымыз... – деп ескерту жасағандай бол­ ған. Жауап та тез қайтарылды: – Бұлай етпесе болмайды, – деді жұлып алғандай өзімізге таныс Шадиярбек мырза. – Аудан әкімі Жамбыл Байғонов мырза бір тығыз шаруамен болып, сіздерді қарсы ала алмады, осылай күтіңдер деп нұсқау берген, – деді әкімнің орынбасары Ұласбек Сәдібеков. Оның ойын кеше Ордабасыға келіп, барлау жасап кеткен аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Дүйсенбек Ниятов жалғап кетті: – Мұндай кездесудің сәті түсе бермейді. Көріп тұрсыздар, мұндағылардың көпшілігі оқушылар. Бұл бізге таптыр­май­ тын тәрбиелік шара, өнегелі іс. Қайта сіздердің сапарлары­ңыз­ ды өз жұмысымызға пайдаланып, біз көбірек пайда көр­ген­ дейміз. Әрине, өздеріңізге деген құрметіміз де бар... Осылайша «сырнайлатып-кернейлетудің» ешқандай артық­ тығы жоқтығы жан-жақты дәлелденді. Жас өнерпаздар бізге өнерін көрсетіп, сынақтан да өткендей болыпты. Жиналған­ дарға біз де мақсатымызды айттық. Жарастылықты әңгіме жал­ ғасып кете барды. Ол екі жаққа да ұнады. Мұндай көңілді кез­ десуден кейін біраз жүріп, Қызылкөпірге де жеткенбіз. Бұл да ескерткіш. Бірақ қызылға құмар замандікі емес, одан бұры­ нырақ 1886 жылы салынған екен, күні кешеге дейін қызмет етіпті. Мәшиненің заманы туып, соған лайықтап Бөген өзе­ ніне жаңа көпір салынса да, ескінің көзіндей болған ескі кө­ пірді жұрт бұзбай, ескерткішке сақтап қойыпты. Жұрт патша салдырған деп жатырқамайтын көрінеді. Әңгіме оның көп жыл халыққа қызмет еткенінде. Бұл ауылдағы уақытымыз ба­ рынша қауырт болды. Шалдар ауылының азаматы Базарбек Омаров бауырымыздың үйінде жақсылап дем алуға барынша жағдай жасалғаны өз алдына, үш күн жүрістің қорытындысы бойынша біраз ем-дом қабылдаудың сәті түсті. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Есімхан Тұрабеков мыр­ за алдымыздан арнайы Мұқан Ізтілеуовтей дәрігерді алып шыққан соң, бәріміз соған көрініп алдық. Ең басты ауруымыз аяқтың ойылғаны болды. Тәжірибелі дәрігер күлдіреген жерге көкдәрі жағып, дәкемен жақсылап таңып беруден басқаны қос­ пады. Оның дұрыстығына кейін көзіміз жетті. Күлдіреген жердің терісі қатып қалыпты. Үш күннің тәжірибесі аңғарыла бастады. Төртінші күні ертеңгі салқынмен біраз жолды жүріп тастадық. Бұлайша уа­

қыт үнемдеудің мәнісі де бар – осы ауылдағы орта мектеп ұжымы біздің мектепте кездесу өткізуімізді қалаған. Кешелі-бүгін біз­ ге қызметін де аямаған ұстаздардың өтінішін орындау бізге парыз көрінді. Бұл өзі шын мәнінде есте қалғандай кездесу болды. Мектеп ұлы Абайдың атында екен. Және онда ақынға арналған мұ­ра­ жай да бар. Бұл жай кездесу сипатын өзгертіп те жіберді. Осы жаяу сапарға қатысушылардың төртеуі Шығыс Қазақстан об­ лысындағы Абай ауданының құрметті азаматтары екенін, жал­ пы «Егемен Қазақстан» газетінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапар дәстүрі Абайдың 150 жылдығына арналып басталғанын, сондай-ақ осы бүгінгі сапардың бір мүшесі «Абай» қорының президенті Балтабек Ер­сәліұлы Ұлы Абайға жиен екенін білгенде, жұрттың ынтаықыласы тіпті өзгеріп сала берген. Тағы да шаяндықтардың шетінен неге әнші болатынын біл­дік – мектеп қабырғасынан ән айтып өседі екен. Өнерін кө­ р­сетті. Ұстаздар, ардагерлер сөйледі. Сапарға қатысушылар да аянған жоқ. Жұрт Өмірзақ Айтбайұлының, Зейнолла Се­рік­­ қалиұлының сөздерін, ақын Нармахан Бегалыұлының өлен­­ дерін ынтамен тыңдады. Сонау Семейден келіп, жаяу сапарға қатысушы Балтабек пен Дәулет те бір қажетке жарар деп ел­ дерінен ала келген ескерткіш-сыйлықтарын шығарып, мек­теп мұражайына ұсынды. Сөйтіп, мұражай «Абай» қоры шы­ғар­ ған «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт томдық кітап пен «Абай» журналының нөмірлерімен толықты. Қарап тұрсақ, із­гі көңіл жүрген жерде көп нәрсе өзінен өзі үйлесім тауып ке­ те береді екен. Біз дәл осы мектепте кездесу өткіземіз деп ойла­ғанымыз жоқ. Және оның Ұлы Абай атында болуы, оған қатысты әңгімелер өрбуі соншалықты жарасымдылық тауып жатты. Жолаушының мұраты жүру болса да, біздің әр минөтіміз есепте болса да, асыққанымызды білдірмедік. Мектеп директоры Нұрлан Орынбеков оны бәрібір аңғарып, алғыс сө­ зін біраз ақтара сөйледі. Бұл кездесуді біз ұмытпаймыз. Сірә, Шалдар ауылының ұс­ таздары мен оқушылары да ұмытпас. Бізің тыпыршитын да жөніміз бар еді. Ертелетіп біраз жер жүріп тастасақ та, бүгін өтер жолымыз әжептәуір ұзақ. Қа­ лайда, Төрткөлге ертерек жетуіміз керек. Өйткені бүгін қа­ сиетті Арыстанбабтың басына барып түнемекпіз. Осы аудан­ ның жеріндегі Бәйдібек баба мен Домалақ ананың басына барып та тағзым етсек жөн еді. Жол шалғайлау, уақыт тығыз­

дау болып тұр. Әруақтар кешірер, өздерін батамызға қосқа­ нымызды қабылдар. Сайрамнан шығып, Түркістанға баруды ниет еткен соң, Арыс­танбабты аттап кетуге болмайды. Халық арасында ай­ ты­латын: «Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, ең үлкені – Арыстанбаб» деген сөздің өзінен бұл үш мекеннің бір-бірімен сабақтастығын аңғар­ған­ дайсың. Мұнда да алдын-ала белгілеген тәртібіміз бойынша Төрткөлде, Шәуілдірге бұрылатын жерде, 94-ші шақырымдық белгіге қазық қағып кетеміз де, келесі күні осы жерден жү­ рісімізді қайта жалғастырамыз. Шәуілдірге, Отырар ауданына аяқ басқан зиялы қауым өкілдерінің алдынан шығатын Икрам Бәкіров бауырымыз бұл жолы да дәстүрінен жаңылмапты. «Икрам табылса, бәрі де табылады» деген сөзді талай естігенбіз. Бұл жолы әкімнің орынбасары іздетпей алдымыздан шықты. Сусынын да, әдемі әзілін де ала шығып, жанымызды жадыратты. Иә, Түркістанға сапар шеккенде, Арыстанбабта аялдау па­ рыз. Дін зерттеушілерінің ісіне араласпайық, ислам дінін уа­ ғыздауда кімнің орны қандай екенін солар ажырата жатар. Ал, Арыстанбабтың Қожа Ахмет Яссауиге ұстаз болғанында дау жоқ сияқты. Және ұлы ойшыл өз ұстазына ерекше құрмет көрсеткен. Сірә, осы құрмет халық арасында Арыстанбабтың беделін көтеріп, оның аруағын ерекше қастерлеу дәстүрі қа­ лыптасқандай. Бұл дәстүр кешегі атеистік саясат заманында да үзілген жоқ. Түркістанға ағылған жұрт Арыстанбабты ат­ тап өтпейді. Қожа Ахметтің «Хикметіндей» Арыстанбабтың со­ңында нақты рухани мұра қалмағанмен, ұлы ойшылға ұс­ таздық еткен еңбегін халықтың бағалауы әркімге де ой сал­ ғандай. Жақсылық ешқашан да зая кетпейді, еңбек лайықты еленуге тиіс. Бұл адами, азаматтық парыз. Сол парызды өтеп, Отырардағы отыз бабтың ең үлкеніне халық айрықша белгі де қойған. Бүгін еліміздегі тарихи ескерткіштердің ең бір ең­ селілерінің қатарына қосылатын кесенені тұрғызу да оңайға соқпаған болса керек. Онда халықтың осынау әулиеге, оның шәкірті болған ұлы ойшылға деген ыстық ықыласы жатыр. Ұрпақ содан ғибрат алады. Осында ағылып келіп жатқан халықпен бірге ұлы әулиеге тағзым еттік, құран бағыштадық. Басына түнеп, өзімізше па­ рызымызды өтедік. Енді сонау Алматыдан шыққалы бері көңілге қонақтаған бір ойымызды жүзеге асырудың сәті түсті. Осында жатқан

халқымыздың біртуар перзенті Өзбекәлі Жәнібековтің басына барып, бата жасадық. Осынау азаматты жұртқа таныстырып жатудың қажеті жоқ. Ол өзін еліміздің тарихына жазып кеткен. Әулиелер де анадан туған, адами өмір кешкен. Арыстанбабта жатқан Өзекеңді де халық уақыт өте сол әулиелер қатарына қосуы әбден мүмкінау дейсің. Басқалардай емес, Өзекеңнің өз орнын тірісіндеақ осы жерден таңдауы да жайдан жай емес шығар. Оны сыйлайтын ұрпақ басқа әулиелердей оның басына да кесене тұрғызып жатыр. Сәті түссе, осы жазда бітіп те қалар. Қасиетті Арыстанбабқа ат басын тірегендер Өзекеңе де соқпай кетпейтін болады. Бұл ауданға келгенде, Отырар төбеге соқпай кету де қиын. Онда халқымыздың үлкен тарихы, мақтаныш етер тарихы жатыр. Қандай елсің, тарихың қандай дегенде, басқаны таң­ дандырып көрсететін жерің. Шыңғысхандай алыпқа төтеп берген ұлы қала тарихтың қойнауында жатыр. Соны жұртқа ашып көрсетсең, елдің мерейі өседі. Осынау көне қаланың ор­нын көру де қызықты, мәнді. Аттасаң аяғыңның астынан көненің көзі көрінеді – көзе сынықтары, қыштар, сүйек қал­ дықтары мұнда ойран болғанын айғақтайды. Хан сарайының орны – үлкен мәдениеттің ескерткіші. Өткенде үлкен тарихың болғанын өзің де мойындайсың. Өзгеге де мойындатасың. Бү­гін соны көріп отырмыз, ертеңгі ұрпаққа сол қала ма деген ой көңілді қобалжытады. Бүгін қала орнын аршып көрсек, ертең ол жауын-шашынға шайылып кету қаупінде тұр. Ол жойылмас үшін, көріп болған соң қайта жауып тастау қажет пе еді, әйтпесе кейбір елдердегідей, оның үстін шатырлау қажет сияқты. Әңгіме тарихымыздың ең бір жарқын беті туралы болып отыр, ол ертеңге де керек. Ауданның орталығы Шәуілдірде Өзбекәлі ағамыздың тіке­ лей басшылығымен дүниеге келген Отырардың тарихын көр­ сететін жақсы мұражай бар. Оған соғуға уақытымыз жетпеді. Біразымыз бұрын көргенбіз. Көрмегендеріміз өкініп аттандық. Өкініштің орнын бізді қарсы алып, қайтадан Түркістанға жеткізетін қасқа жолға апарып салған азаматтардың ыстық ықыласы толықтырғандай болған. Икрамдай бауырымыздың әдемі әзілі, Алтындай қарындасымыздың әдемі әндері жа­ды­ мызда қалды. Енді алдымызда – Түркістан ауданы. Сөйтсе де, қасиетті қалаға дейін әлі екі қонып жететін жол бар.

Бұл жолда да көңіл аударатын біраз жайға кезіктік. Бұл аймаққа Иқан ауылының аты белгілі. Кешегі кеңестік дәуір­ де мұнда аты дүрілдеген колхоздар болған. Негізінен өзбек ағайындар тұратын жерде диқаншылық пен сауданың дами­ тыны бар. Түркістан мен Шымкенттің арасында қыдыратын қазақтар өздеріне керекті көкөністі иқандық өзбек ағайын­ дардан табатыны да шындық еді. Сол Иқанға барар жолда жазуына қарағанда Достық деп аталатын ауылды кезіктірдік. Осы өңірдегі ауылдардан өзге­ шерек көрінген – кілең жаңа салынған үйлер, көшелер түптүзу. Сірә, жаңа салынған сыңайлы. Кейін Иқанға барған­ да сұрап білдік, расында да жаңа пайда болған ауыл екен. Он­да Иран сияқты шетелден келген қандастарымыз тұра­ тын көрінеді. Біздің өмірімізге көндігіп кеткенше, сонда бір жерде өмір сүреді. Арнайы мектеп те ашылған. Мұндағы өмір­ ге көндігіп, бейімделгендер Түркістан сияқты қалаға кө­шіп жатады. Әкімшілік жағынан Иқан ауылына қарайтын болған­ дықтан да мұндағы жайды ауыл әкімі Рахметжон Әбсаттаров пен оның орынбасары Рыскұл Мірқайдаров жақсы білетін болып шықты. Әңгіме сырттан келген қандастарымыз жайлы болған соң, оған айрықша ықылас білдірдік. Сырттан келген ағайындар республикамыздың барлық аймағында бар. Біраз жерде жаңа өмірге көндіге алмай қиналып жатады. Әсіресе, балаларды оқыту қиын. Сірә, мәселеге түркістандықтар сияқты қараса, біраз нәрсе қиындықсыз шешілер еді-ау дейсің. Әдетте, қонақжайлылық дегенде өзімізді алға тарта бе­ре­ тініміз бар. Барды ешкім тартып алмас, басқадағыны да көрсек ләзім. Иқанға кештетіп келіп, дұрыстап демалудың жөні келе қояр ма екен деген ой көңілге оралғанда, өзбек ағайындардың қонақжайлығына кезіктік. Ауыл әкімі Рахметжон өзінің үйіне апарып түсіріп, құдасындай күтті. Бұл жерде әңгіме ішкенжегенде емес, әр халық өкілдерінің бір-біріне ықыласында болып отыр. Сондай ықыласты ертең де көрдік. Енді оны қазақтардың өзбек ағайындарға деген ықыласы десе де болғандай. Осы Иқан ауылында өзбектің айтулы ақыны, қазақ жазушы­лары­ ның үлкен досы Міртемір туған. Осында туды дегені болмаса, абыройының асқақтағаны Өзбекстанда. Сөйтсе де, осы Иқанда оған арнап мұражай ашылған екен. Оның басты бір ерекшелігі – қазақ, өзбек жазушыларының достығы онда басты тақырып.

Мұндай достықты қастерлеген жерде ынтымақ үстемдік ететіні заңды. Жаяу сапар мүшелерінің бәрі дерлік қаламгерлер, оның ішінде көпшілігі – журналистер. Түркістанға барар жердегі соң­ ғы аялдамамыз сол газетші қауымға жақындау адамның үйі болды. Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы пошта бас­ тығы болып істейтін Жұмақыз қарындасымыз бен оның жол­ дасы Тәңірберген Мәкенов бізді өз жақындарындай қарсы алып, құрмет көрсетті. Ең алдымен біраз күннен бері ажырап қалған газеттерімізбен табыстырып, мәре-сәре болдық. Осы үйде тағы да есте қалғандай бір жәй кездесті. Аңшыны аңшы алыстан көреді дейтін бар, біз сияқты жаяу жүргіштерді бір адам іздеп келді. Сөйтсек бұл біздей емес, нағыз желаяқтың өзі екен. Әлішер Әбдікәрімұлы дейтін бауырымыз жүгіруден аты шыққан адам болды. Ол Астанаға осы Түркістаннан екі рет жүгіріп барып қайтыпты. Бірінде осыдан үш жыл бұрын Түркістанның 1500 жылдығына арнап жүгірсе, екіншісін Аста­ наның тұсаукесеріне арнапты, 1750 шақырым бойы жүгіріп, жүрегін қолына ұстап жеткен бауырымызға тиісті орындардың не сыйлағанын кім біледі, ал Әлекең жүгіруін әлі тастағысы жоқ. Кейде қазақылықпен мұндайға мән бере бермейміз ғой. Жел­аяқ бауырымыз өз қолдаушым деп ауыл әкімі Оразкелді Егізбаевты ауызға ала береді. Бірақ оның қолында не бар. Жастарға өнеге болғандай осы азаматтың бастамасына жоға­ рырақ деңгейде қамқорлық көрсетілсе, игі шара болар еді. Ал­ да Түркістаннан Меккеге дейін жүгіріп баруды ойлап отырып, қасиетті екі мекенді өз жүгірісімен жалғастырмақ. Жақсы ни­ ет. Бірақ, онда да бала-шаға бар. Ең арғысы жүгіргенде тез тозатын аяқ киім де тегін емес. Қолдаушы күтеді. Кейде елі­ міздің, жеріміздің атын осындай адамдар да шығаратынын ұмытпайықшы. Қонған жерімізді, сый көрсеткен адамдарды көбірек ай­ тып кеткендей болдық-ау. Бірақ сол адамдар бізден ақы да сұраған емес, марапат та күткен жоқ. Әңгіме кімнің де болса, ізгі ниетке көзқарасына, қасиетімізді қастерлеуге барып тіре­ леді. Халқымыздың сол ақ ниетін кір шалмаса екен дейік. Иә, сапардың соңғы күні. Алдымыздан қасиетті Түркістан көрін­ ді! Ұлы кесененің көгілдір күмбезі көзге шалынды. Келіп те қалғандаймыз-ау. Бірақ, әлі де біраз жер бар екен. Қазақтың иек астында дегеніне бір күн жүресің дегендей, шыққан ауы­ лымызда алты-ақ шақырым деп еді, одан екі есе қашық болып

шықты. Шаршағандық емес, ойлаған межеден сәл кешіккенге ыңғайсызданғанымыз бар. Сөйтсе де, соңғы күнгі жүрістің осылайша сәл ұзай түскені Түркістан туралы ойдың өрісін кеңейткендей болған. Осыдан бір ай бұрын ғана киелі мекенге келіп, осы сапарымыздың жай-жапсарын ойласып, ондағы той жабдығы жолындағы қауырт істі көріп қайтқанбыз. Қала ғана емес, бүкіл оңтүстік елі той қамында жүрген. Олар Түркістан еліміздің тұмары екенін, ол ешқашанда ел тағдырынан ажы­ рамайтынын жете түсінгендей еді. Түркістан тойы тари­хы­ мызға тағзым ету, оның тағылымын бүгінгі рухымызға сіңіру екенін ұғып, оны лайықты дәрежеде өткізу жолындағы үлкен әрекетке кіріскен жұртты көргенбіз. Киелі қалаға тағзым ету үшін сонау Сайрамнан жаяу келе жатқан жолда талай тарихтың ізін көрдік. Бәрі де ұлы рухы­ мызға, елдігімізге, тәуелсіздігімізге, сол жолдағы жанкешті кү­реске куәлік етеді. Жаяу сапарға шыққан он адам соның бә­ ріне тағзым етіп, солардың рухын арқалап Ұлы қалаға ке­ле жатырмыз. Шаршап-шалдықтық демейміз, ол бір сәтте ұмыты­ лады. Осынау жүрісімізді міндет те қылмаймыз. Уақыттың та­ лай қысталаңында халқымызға өзінің елдігін ұмыттырмай, рухын көтеріп келген киелі мекенге перзенттік ризашылық се­ зімімізді арнап келе жатырмыз. Міне, қасиеттті Түркістанның топырағына да аяғымыз тиді! Ассалаумағалейкум, Ұлы Қала! Перзенттік ақ ниетімізді, ақ тілегімізді қабыл ал! Тағзым етеміз, басымызды иеміз саған, Қасиетті Мекен! Жасай бер, киелі Шаңырақ! Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесі алдында бізді әкім Өмірзақ Әмет бастаған қала жұртшылығы қарсы алды. Ақ көңілмен қа­уыш­ тық. Жауқазын жасөспірімдердің құшақтатқан гүліне, түр­кіс­ тандықтардың тебірене айтқан ақ тілек, ниеттеріне ри­за бол­ дық. Мыңдардың, миллиондардың назарын аударып тұр­ған Ұлы кесенеге бас идік. Онда жатқан ұлыларға бас идік. Дәметкен әруақтарға тисін деп құрбандық шалып, құран оқыттық. Жайлы көлікпен емес, біраз күн болса да, жаяу жүріп, арып-ашып демесек те, шаршап-шалдығып келгенде, қасиетті кесене саған басқаша қарайтындай көрінеді екен. Сырттағы аптап ыстықтан ішке кіргенде саған рахымын молдау сеуіп тұр­ ғандай. Адамзатқа «Хикметтей» мұра қалдырған, әлем назарын ау­ дарған ұлы кесенені сыйлаған Ұлы Ойшылға арнап, оның қа­ бірі қасында, құран бағыштадық. Қожа Ахмет болмаса, Ақсақ

Темір мұндай кесенені салдырмас та еді. Дүниеге бұл кесене Қожа Ахметтің арқасында келген. Қазақтың басын біріктірген, ұлы даласына қорған болған ұлы ханымыз Абылайдың сүйегі осы кесенеде жақында қайта жерленген еді.Сол жерде Ұлы Ханға құран бағыштадық. Осындағы қасиетті құдықтың суын іштік. Ілгеріде осы өңір­ ге келген сайын Димаш Ахметұлы Қонаев Түркістанға со­ғып, кесенеге бас сұғады екен де сол құдықтың суын ішеді екен. Біз де іштік. Ұлы қазанға тәу еттік. Жолда жұрт берген тиын-тебенді та­ быстадық. Сонау баста жаяу сапарға шыққандардың атынан ниет қылған азын-аулақ қаржымызды да ортақ қазанға қостық. Түркістанда бір күн болдық. Қала халқының құрметіне, бө­лендік. Бізді қолпаштады. Осында мекен тепкен Қазақ-тү­ рік университеті киелі қаланың қасиетті орнына айналған екен. Осындағы жақсылықтың басында жүретін оқу орны бізді меншіктеп алғандай болды. Қонақ үйлеріне түсіріп, уни­ верситет ректоры Мұрат Жұрынұлы сапаршылар құрметіне қонақасы берді. Академик тебіреніп сөйлеп, сапаршылардың бұл қадамын жоғары бағалады. Әңгіме ішкен-жеген жайында емес, имандылықты бағалау жайында болып отыр. Киелі қалаға бейсенбі күні кіріп, жұма күні аттандық. Сол жұма күнге қалдырған үлкен бір шаруамыз бар еді, соны жүзеге асырдық – Әзірет Сұлтан қорық-мұражайының директоры Темірхан Рыскелдиев мырзаға халқымыздың ұлы тұлғалары Абайдың, Жамбылдың, Мұхтардың, Қаныштың, Нұрғисаның, Шәмшінің және Мұқағалидың басынан әкелінген топырақты тапсырдық. Қасиетті мекенде ұлылардың рухы табысып жатсын дедік. Түркі дүниесінің тұмары болған Түркістанға жаяу сапар шегіп келіп, тағзым ету көңілімізді көптен күпті еткен ой еді, ол да жүзеге асты. Мұны біз Ұлы қала алдындағы перзенттік парыздың аз ғана өтеуі дейміз. Әрқайсымыз Түркістан қа­ла­ сының алдында борыштымыз. Елдігіміздің кіндігі болғаны үшін, рухымызды көтеріп келгені үшін. Алматы – Шымкент – Сайрам – Түркістан.

ТАҒЗЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ Мархабат БАЙҒҰТ Қайран қазекемнің көбінесе аяқпен емес, ауызбен жүретіні жайында небір мақалдар мен мәтелдер баршылық. Қазақтың қара шалы – адамзаттың данышпаны Абай да бұл орайда ай­ тудайын айтып-ақ кеткен. «Сайрам – Түркістан» жаяу сапары жа­йында да сан-саққа жүгіртілген сөздер аз айтылмаған сы­ ңайлы. Сондықтан аз-кем кіріспенің артықтығы жоқ секілді. «Ұлылыққа тағзым» атты бұл акция «Егемен Қазақстан» га­ зетінің бастамасымен Абайдың 150 жылдық мерекесі қар­ са­ңында Семейден ұлы ақынның жатқан жері Жидебайға де­йін жаяу сапар ұйымдастырудан басталған. Жұртшылық жы­лы қабылдап, ел іші ерекше елеңдесті. Сөйтіп, жаяу са­ пар жыр-жолбарыс Жамбылдың 150 жылдығы алдында Алма­ тыдан Жамбыл ауылына дейін, кемеңгер суреткеріміз Мұх­ тар Әуезовтің 100 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласынан Бөрлі ауылына дейін, ғұлама ғалым, данышпан ойшыл Қа­ ныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толарда Павлодардан Ба­ я­науылға дейін жарасымды жалғасын тапқан. Бұл сапар­лар турасында екі бірдей кітап шығарылған. Енді, мінеки, «Ұлы­ лыққа тағзым» атты имандылық акциясы түркі дүние­сінің қасиетті қара шаңырағы, Қазақстанның рухани орталығы Түр­ кістан шаһарының 1500 жылдығына арналып отырыпты. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін жазықсыз жаза­ ға ұшыраған қаламгерлердің бірі, Қайрат Рысқұлбеков пен басқа да жастардың соттағы суреттерін жариялағаны үшін Алма­ ты облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторлығы қызметінен босатылып, партия қатарынан шығарылып, алыстағы аудан­ дық газеттің корректоры болып кеткен жерлесіміз Мамадияр Жақып – осынау «Ұлылыққа тағзымның» туын жықпай, жел­ біретіп келе жатқан жанкешті журналист. Бүгінде «Егемен Қа­­ зақстанның» шолушысы, редакция алқасының мүшесі, атал- ­мыш акцияның президенті. Осыдан бір ай шамасы бұрын об­ лысы­мызға іссапармен келіп, алдын-ала Сайрам-Түркістан ара­ лығын байқап, тиісті адамдарға құлаққағыс жасап қайтқан-ды. Сонда сол ағамыз: «Жаяу сапарға ілесесің, «Егемен Қазақ­ станның» авторы ретінде таңдауымыз өзіңе түсіп тұр, шегінуге жол жоқ» деген. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім

басқармасының бастығы Дархан Қамзабекұлы: «Қарсылық жоқ, жыл басында кезекті еңбек демалысыңыздан он күнде қайта шақыртып алған едік, жиырма күніңіз өз еркіңізде ғой» – деп, кәдуілгіше жайдары күлді. Біз бұл сапарға осылайша қосылып кеткенбіз. * Сонымен, сапарымыз Сайрамнан сызақшықтанды. Түркі әлемінің аспанындағы жарық жұлдыз, жыр-жауһарларын түркі тілінде жазған (ал түркі тілінін күллі қасиеттерін неғұрлым таза сақтаған қазақ тілі екенін түркологтар тұтас мойындайды) Ахмет Ыбырайымұлының, яки Құл Қожа Ахмет Ясауидің кіндік қаны осы Сайрамда тамған. Аса қанағатшыл, сопы шайыр былай деген ғой: Құл Қожа Ахмет, жеті жаста алдым сабақ, Сегізімде дүние қызығын қойдым талақ. Тоғызымда бір Құдайды көңілім қалап, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне. Ыбырайым ата мен Қарашаш ананың кесенелеріне тәу еткен «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапарына қатысушылар «Сай­ рам-Шымкент» жолына түстік. Ұлы Жібек жолының бір бұтағы бойында тал-теректер ырғалады, толқын ойнаған шалғын ара­ сынан бір кездегі керуендердің күйін үнсіз шерткендей қоңы­ раугүлдер тербетіледі. Биыл жиде ертерек гүлдепті. Осы жолдың бойымен Ыбырайым ата да, Қарашаш ана да, олардың болашақ данагөй ұлдары Ахмет те талай-талай жаяулап сапар шеккен. Уа, айналайын Ұлы Жол, тағзым саған, мың тағзым! Байқаймын, ару Алматыдан, ахау Семейден келген мей­ман­ дар – жаяу сапар жүргіншілері сол күні түске дейін Сайрамда өткен кездесулерден, ұланғайыр мұражайдан алған әсерлерінен арыла алмай келеді. – Мына мұражай тіпті бай екен ғой, – дейді Ұлы Абайдың жиені, Семейдегі «Абай» қорының президенті, ұзақ жылдар бо­ йы мұражай саласында аянбай, шаршамай-шалдықпай қыз­ мет еткен, бүгінде жасы алпыстан асқан ағамыз Балтабек Ер­ сәлімұлы. – Бәрі керемет-ау, бірақ жазу-сызуларының тек өзбек тілін­ де өрнектелгені қалай? – деп әзіл-шынын араластыра жымиды «Егемен Қазақстанның» Семей өңіріндегі меншікті тілшісі Дәу­ лет Сейсенұлы бізге қарап.

– Семейліктердің мақтауы да, сынауы да жүдә һәм орын­ ды, – дейді халықаралық«Қазақ тілі» қоғамының бірінші вицепрезиденті, Ұлттық Ғылым академиясының мүше-коррес­пон­ денті Өмірзақ Айтбайұлы. Арықтың арғы жағындағы жайқалған күздіктен көз алма­ ған күйі көкшулан бөрідейін желе-жортуға көшіп, бусана бастаған, бурыл шашты Зейнолла Серікқалиұлы бұл әңгімені ести қойған жоқ-ты. Білімпаз сыншы, әдебиетші, «Алаш» сый­ лығының лауреаты, жақында ғана республиканың еңбек сіңір­ ген қайраткері атағын алған Зейнолла ағамыз әрбір әңгімені әріден қозғап, таратып, тамырлатып әкетеді. Жасыратыны жоқ, сансыз бапты Сайрамда толып жатқан про­б­лемалар бар. Түркістанға 1500 жыл, әлде 2000 жыл деп жүр­сек, Сайрамға 3000 жыл, әлде 3500 жыл деп таласуға әб­ ден болады. Мұнда томаға-тұйық қалған тылсымдар, ашыл­ май жатқан аралдар аз емес, бұрмаланыңқырап кеткен жағдаят­ тар да жетіп-артылар. Осыдан екі жыл бұрын Мемлекеттік хатшымыз, маңдайы кере қарыс ойшылымыз, халық жазушысы Әбіш Кекілбайға үлкен үміт артылып, арнайы хат жазылған. Онда Түркістан тойы қарсаңында көне Сайрам кентіне, оның төңірек-тараптарына мемлекеттік, ұлттық тұрғыдан терең мән бермек керектігі баса атап көрсетілген-ді. Обалы нешік, Әбіш мырзадан жауап алынды. Ұлттык Ғылым академиясына, оның тарих, археология, т.б. институттарына, Білім және ғы­ лым министрлігіне тапсырма берілгені айтылыпты. Алайда әлі күнге дейін олардан бәрекелде дерліктей қимыл-қозғалыс бай­ қала қойған жоқ... – Ассалаумағалейкум! – дейді жол жағалай тұрғандар. – Естіп жатырмыз, өзгеше өнегелі сапарға бел байлаған екенсіздер. Ниеттеріңіз қабыл болғай! – Жолдарыңыз болсын! – Шаршамаңыздар! Қалайша риза болмайсыз мұндайда. Ақ сақалды қариялар да, ақ жаулықты аналар да, жас өскін балдырғандар да шын ықы­ ласпен таңдана қарап, иіле сәлем беріп, қол бұлғаса қалып жатыр. Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы бойымен жүру қиындады. Алдымызға МАИ мәшинесі түсті. Темір көліктің көптігіне қа­ рамастан, тоқтай салып, мән-жайға қаныққан соң асқан бір ыр­ залықпен нұрлана күлімсіреп, шынайы пейілмен тілек қоса­

тындар аз емес. Кейбіреулер тіпті: «Менің мына амана­тымды тайқазанға салыңыздаршы!» – деп өтініп, ақша да ұсына бас­ тады. Әрине, ұлылыққа тағзым ретінде, рух ізденісіне бағыш­ талған бұл сапарға терең мән бере алмай, тайыз-тайғақ ыңғай танытып қалғандар да жеткілікті. – Не боп қалды, ақсақалдар? Не көрінді соншама? – Немене, мәшине бермей қойды ма? Апарып салайық бара­ тын жерлеріңе. – Спортшы шіркіндердің түрлерін қараңдаршы! – Дәр­уіш­тер ме, мүсәпірлер ме? – Еріккен біреулер ғой, мынадай ыстықта дені сау адам өстіп жүре ме? – деген сөздерді де естуге тура келді. Ертеңіне, күн көп көтеріле қоймаған шақта Шымкенттен шықтық. – Мүсәпірлер, қалайсыңдар? – деп қояды Өмірзақ Айт­бай­ ұлы әзілдеп. – Біз пақырларды қойшы, мына шымкенттікке қиын тиді. Ке­ ше қаланың кақ ортасында үш-төрт жігіт жанына жетіп ке­ ліп: «Көке, сізге не болды?» деп сұрады. Как будто біз мұны заложник етіп әкетіп бара жатқандай, – дейді Зейнолла ағамыз. – Өзінің түрі де солай көрінген шығар, – дейді «Егемен Қа­ зақстанның» фототілшісі Берсінбек Сәрсенұлы. Белгілі бауыр­ лары Көпен, Кұлбек сияқты бұл Берсініңіз де шымшып алуға шебер екен. Өзінің көркем жігіт болып тұрғаны шамалы, сонда дағы қыршымасынан қайтпайды. Бадам стансасына бұрылар жерде жаяу сапардан үзіліс жа­сап, мәшинеге отырып, Ордабасы тауына, Тутөбеге тәу етіп қайт­тық. Түс ауа тұп-тура темір көлікке мінген жерге қайта келіп түсіп, жаяулатып алға жылжыдық. Сапар жетекшісі Ма­ ма­дияр Жақып әрбір қадам жерді есептеп, тіркеп қояды. Тала­ бы қатал да әділ. Жаяу сапарға алғаш рет қатысып отырған Өмірзақ Айтбайұлы және осы жолдарды жазып отырған па­ қырыңыз ғана. Қалғандары төрт-бес жорыққа шығып үл­гер­ ген. Екінші күні 35 километрге дейін жүруге тура келді. Тіпті түнде де жолға шықтық. Онсыз болмайды. Күніне кем дегенде 30 километрді жүріп жығылу – бұлжымас шарт. Уақыттың біразын жол-жөнекейгі жүздесулер, мектептердегі кездесулер алады. Шаңқай түсте, күн қайнап тұрған шақта да 5-6 кило­ метрді артқа тастап барып, дамылдайтын жағдай болады. Бір­ те-бірте көндігіп, үйрене бастадық.

Темірланда Әлдібек ініміздің үйіне түнегенбіз. Аудандық мә­дениет және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, көбінесе Мұ­ қа­ғалидың өлеңіне жазылған мұңды әндерімен танымал ком­ позитор Әлдібектің бір жақсы қасиеті өзінің туындыларын тықпалай бермей, өзгелердің әндерін жиірек орындайды екен. Меймандардың бәріне Әлдібектің өз әндерімен қатар созақтық әріптесінің бір әні ерекше ұнады. Сөзін де созақтық бір ақын жазған екен: Жұлдызбен араласып, Қырдан ай барады асып. Үйіңнің сыртында жүр Бала ғашық, Далаға шық. Өмекең де баппен ән салып, Зекең күй тартты. Далаға шық­ сақ, жұлдызбен араласқан ай Қарауыл төбеден асып барады екен. – Демалсақ қайтеді? – деді Өмекең есінеп. – Жоқ, болмайды. Кем дегенде бес шақырым жүріп қайта­ мыз, – деді Мамадияр көкеміз мізбақпастан. Түнгі жүріске «Ордабасы оттары» газетінің редакторы, айтулы ақын Нармахан Бегалыұлы қосылды. Ол сол күйі жаяу сапарға ілесіп кете барды. Өзі күн сайын 4-5 шақырымға жүгіреді екен, ертеңіне желдеген серкедей заулап жөнелсін. Оған дейін оқ бойы озық кетіп бара жататын семейлік Дәулет мырза еді, Нармаханға ол-дағы басын шайқап қала берді. Ең соңында Өмекең екеу­ міз. Зекең әзілмен демесе, рахаттана күліп, қуат біткендей қуа­нып, алдағыларды қуып жетеміз. Халықаралық «Қазақ ті­ лі» қоғамының бірінші вице-президенті оңай адам бола ма, Өмекеңнің өзі де әңгіменің майын тамызады екен. Бас-аяғын қаусырмалап, шарықтау шегін әуелетіп әкеткенде, ішек-сіленді қатырар. Демалып, тыңайып отырған сәттерінде одан сайын көңілденіп, «Еңлік-Кебектегі» Еспембеттің сөздерін мәнерлейді. Әрі Еспенбеттің, әрі оның рөліндегі Серағаңның (Серке Қо­ жамқұлұлы) үнін айнытпай салады. Енді бірде Қоңқай мо­ нологы айна-қатесіз құлағыңызға келер. Сол күні қазақтың ұлы перзенті, күш атасы Қажымұқан бейітіне зиярат етіп, мұражайында болғанбыз. Балуанның ке­ ліні Науат апайдың үйінен нан ауыз тигенбіз. Мұхтар Әуезов: «Созаққа барсаң, күйшімін деме, Шаянға барсаң, әншімін демені» бекер айтпаған ғой, шіркін. Бәйдібек

ауданының қарсы алуы өзгешелеу болды. «Бүйтпесе де бо­ латын еді, дегенмен мың да бір рахмет!» – деп қояды мей­ мандар. Базарбек пен Нәзипа атты сүттей ұйып отырған ұла­ ғатты отбасында меймандарымыз ақжарма пейіл, ақеділ ықы­ ласқа кенелді. Шалдар ауылындағы Абай атындағы орта мек­ тепте өткен кездесу баршаға арналған мазмұнды сабақ мән­ зелдес еді. Ордабасы ауданынан өтіп, Бәйдібек ауданына іліккенде Шымкент қалалық «Қазақ тілі» қоғамы басқармасының өкілі Қабыл Дүйсенби қуып жетіп, жаяу сапарға ілесті. Қабыл мыр­ за да Нармахан сынды жүгіргіш болып шықты. Арыстанбаб кесенесіне жақындағанда бәріміз де үн-түнсіз ой құшағында едік. Төлегеннің, Жұмекеңнің, Мұқағалидың жыр­ ларын жатқа соғып, шынығу мен ашығудың небір сырларынан лекция оқитын Нұрмахан да тыншыпты. «Әншейінде әлдеқандай болып, мәшинемен келеміз, асығып кетеміз. Міне, бабалар, жаяу сапармен соғып тұрмыз бастарыңа, осында түнейміз», – деп, толқыныспен күбірлейді Өмірзақ Айтбайұлы. Арыстанбабқа түнеп, күн көтеріле бере жолға шықтық, Отырар төбені араладық. Елді мекенсіз ұзақ-ұзақ жолдарда мүсәпірлер тағы да ойға беріліп, бір-бірімізден көз жазып қалып, сағым-сағымның ара­ сынан әзер танып келе жаттық. Әсіресе алып КамАЗ-дар за­ рылдап өткенде, қиыршық таспен атқылап, шаң боратар. Кей­ біреулері әдейі ғана күш көрсетіп, жанай заулап өтер. «Мер­ седестер» мен «Тойоталар» тақай тиісіп, тайраңдайды-ай. «Зәлім нәпсім еш қоймастан отқа салды, Өне бойым өз-өзінен күйіп жанды. Имансыздық иманын шайтан алды, «Ағузу биллаһи бисмилла», – деп жүрдім, міне» – деген Құл Қожа Ахмет бабамыздың сөзі келер құлаққа. Ішіміздегі ең жасымыз Ержан Жақыпқа ерекше қызық. Мә­ шинеден ықпайды. Таяғын иығына салып алған Балтабек аға­ мызды қайтер екен деп қия тұста басып озып барамыз. Ол кісі риясыз күліп, кенезесі кебе шөліркегенін жасырғысы келіп: «Кешегі досың – бүгін жау, Бұл не заман япыр-ау!» – деп, нағашысы Абайдың өлеңін ыңылға қосады.

Иқан ауылының әкімі, риясыз ақпейіл азамат Рахметжан мырзаның шаңырағында ғана шаршағанымыз басылды. Оның ертеңіндегі жүрісіміз аса өнімді болды. Ынтымақ ауылында Тәңірберген мен Жұмағыздың үйіне қондық. Қаталап-ақ қал­ ған екенбіз. Жұмағыз бала-шағасымен самаурын қоюдан, үй иесі Тәңірберген мен ауыл әкімі Оразкелді қара шәй мен көк шәйді кезек-кезек құюдан сүрініп-жығыла жаздады. Қабақ шытар бірі жоқ, бәрінің де екі езулері екі құлақтарында. Осы үйде атақты желаяқ інімізбен, Түркістаннан Астанаға екі рет жүгіріп барған Әлішер Әбдікәрімовпен кездесіп қалдық. Келе жатқанымызды естіп, сәлем бергелі кіріпті. «Бұл ағаларың жү­гіргіш емес, «аяңдағыштар», – деп әзілдеп қояды «Егемен Қа­зақстанның» меншікті тілшісі Төрехан Рәмберді жаяу са­ пардың сәтті аяқталып келе жатқанына шүкіршілік еткендей мамыражай күй кешіп. Асқар Әлихан мырзаның режиссерлігі ұстап кетіп, алуан қойылымдардан көріністер бейнелеп берді. Өмекең әуезді әнді әуелетіп, Зекең күй шертеді. Жетінші күні таңертеңгі сағат сегізде шығып, он екі ки­ лометрді кідіріссіз жүріп отырып, ұлы бабаның кесенесіне де келіп жеттік. Құрбандық шалынды, кұран оқылды. Кесене ішін асықпай араладық. Қылуетке түстік... Сол күні Саттар мен Нәзір мұражайы алдында да келісті кездесу өтті. Қайтар күні «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайының дирек­ торы Темірхан Рыскелдиевке «Ұлылыққа тағзым» акциясының президенті Мамадияр Жақып қазақтың асыл перзенттері Абай­ дың, Жамбылдың, Мұхтардың, Қаныштың, Шәмшінің, Мұқа­ ғалидың, Нұрғисаның жатқан жерлерінен арнайы әкелген бірбір уыс топырағын қастерлеп, қасиеттеп табыс етті. Жеті уыс топырақ... Міне, осылайша «Сайрам-Түркістан» жаяу сапары да тә­ мәм­далды. Біз бұл жазбаларымызда «пәленше қарсы алды, түгенше шығарып салды, өйтті де бүйтті» дегенді әдейі көп айта қоймадық. «Өркениетті елдерде» дегенді шектен тыс көп қайталаймыз ғой, соларда игі мақсатпен, ізгі ниетпен жаяу са­ парға шыққандарға, жүгіргіштерге, велосипедшілерге, қа­йық­­ шыларға, тағысын-тағыларға назар аударып, көңіл бөлу, мүм­ кіндігінше қамқорлық жасау – жергілікті өкімет, билік орын­ дарының міндеті. Обалы не керек, жол жүріп өткен аудандар мен қалалардағы Дархан, Құлбек, Төрехан, Оразхан, Қасымбек,

Қуаныш, Аманкелді, Сұлтан, Мұрат, Рахима, Ұласбек, Бағдат, Дүйсенбек, Шадияр, Икрам, Гүлзейнет, Мәриям, Мұрат, Те­ мірхан, Ораз, Нұрмахан, тағы басқа да жоғарыда аталған жә­ не аталмаған мырзалар мен ханымдар ерекше елгезектік көр­ сетіп, сергек сезгірлік таныта білді. Оларға жаяу сапарға қа­ тысушылар алғыс жаудырды. Әрине, жол-жөнекей біраз жұртты «мазалап», базбір жер­ лерде МАИ қызметкерлерін «жазалап», кейбір тұстарда қал­ ғыған миларды «тазалап», «жазықты» да болған шығармыз. Алайда, «Ұлылыққа тағзымның» тағы бір аты – акция, хала­ йықтың назарын аудару, селт етпестерді селк еткізу, Түркістан тойының жақындап қалғанын сезіндіру – парасатты парыз. Шер­хан Мұртаза:«Ұлтымыздың ұйытқысындай Түркістанды пір тұтқандар қор болмайды», – деді өзінің «Түркістанға асар жария­лайық» атты шақыруында. Ал қазір ұлы шаһарда асар жүріп жатыр. Иә, әр кім әр қалай түсінер, түйсігіне қарай ой түйер. Жеңіл мінез желауыздар айтқандай, еріккендердің ермегі емес-ті бұл. Бұл – әуелі Алла-тағалаға, сосын Түркістанға тағзым. Құл Қожа Ахмет бабаға тағзым. Діл мен дінге, тілге, дәстүрге тағ­ зым. Рухқа тағзым. Абылай ханға, басқа да хандар мен би­лерге, батырларға, ғұлама ғалымдар мен ақындарға тағзым. Барша ару­ аққа тағзым, Ұлы Жібек жолына, қазақ даласының қасқа жол­ дарына тағзым. Ата-бабалар ізіне, ізгілікке тағзым. Сайып келгенде, ұлылыққа тағзым. Жол жалғаса бергей. «Оңтүстік Қазақстан», 13.05.2000.

Алтыншы сапар Алыптар алыстаған сайын Тұлғалана түседі «Егемен Қазақстан» газетінің бастамасымен өтіп жатқан «Ұлылыққа тағзым» деп аталатын алтыншы жаяу сапар. Бұл жолы Ғабит Мүсіреповке арналды. Ғабеңді ұлы деп таныған біз ғана емес, әлем таныған. Ұлы жазушының 100 жылдық ме­ рейтойы ЮНЕСКО аясында бүкіл әлемдік мереке ретінде аталып өтіп жатыр. Әрине, оның орны өзіміз үшін бөлегірек. Алдымен өзіміз танысақ қана басқалар таниды. Танудың, құрметтеудің де жолы әртүрлі. Ұлылардың ха­ лықтың аузында сөзі жүреді. Мұрасын қастерлейді. Түрлі жи­ налыстар өтеді, той болады. Ертерек өткендерін әулие санап, басына барып, тағзым ететін де дәстүр бар. Осыдан жеті жыл бұрын ұлы Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында Семейден қасиетті Жидебайға бір топ қаламгерлер жаяу сапар шек­ кенімізді жұртшылық жылы қарсы алып еді, одан кейін оны жалғастыра беруді жөн көргенбіз. Газетіміздің «Ұлылыққа тағзым» акциясы кейін жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдығы, ұлы сөз зергері Мұх­тар Әуезовтің және ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойлары, сондай-ақ Түркістан қаласының 1500 жылдығы құрметіне өткізіліп, дәстүрге ай­- налғандай болды. Алғашқы кездерде бұл қадамдарымызды жұрт­шылық қалай қабылдар екен деген ой көңілде жүретін. Сапар соңында жұрттың ыстық ықыласын көргеннен кейін көңіл жадырап сала беретін. Жұрт ұлыларға деген құрметтің өзін де құрметтейді екен. Ғабеңнің туған жеріне сапарға дайындық кезінде бұл өзі қалай өтер екен деген күдік болған жоқ. Бір жағы, бұрынғы сапарлардың әсері бар, екіншіден, ұлы сөз зергеріне деген рес­ публика жұртшылығының, ең алдымен, оның жерлестерінің ыс­ тық ықыласын естіп те, көріп те үлгергенбіз. Жазушының туған жерінде болатын қорытынды тойға дейін-ақ бүкіл республика көлемінде, оның туған өңірі – Солтүстік Қазақстан облысында біраз шаралар жүзеге асқан. Ғабең тойы кең көлемде өтіп жат­ қан. Біз Ғабең ауылына сапарға шықтық.

I. Жақсының шапағаты Ұлы Ғабит Мүсіреповтің ауылына бару үшін алдымен об­ лыс орталығы Қызылжарға, әзірге Петропавлға соғасың. Әр кез Ғабеңнің өзі де солай еткен ғой. Бұл кәдімгі қазіргі заманғы қала. Кезінде қорғаныстық өнім өндірумен аты шығып, КСРО күйрегеннен кейін сол айбынды кәсіпорындарының күйі ке­ тің­кіресе де, енді есін жиып, қайта өрлеу жолына түскендей әсер қалдырады. Басқа жерлерге қарағанда, қазағы аздау, орыс тілді тұрғындары басым мекен. Осындай жер Ғабеңе қалай қарайды екен деген ой көңілде тұрған. Сапаршыларды облыс орталығы тым көпіршітіп қарсы алды. Гүл шоқтарын құшақтатқаны өз алдына, шашу шашыл­ ды, дәстүрлі дәм-тұз ұсынылды. Қаптаған телека­мералар. Об­ лыстық, қалалық мекемелердің басшылары қошемет көрсетіп, ыстық көңілдерін көрсетіп жатыр. Қарапайымдау журналист, жазушылар оны артықтау көргендей болған. – Сіздердің бұл құрмет-қошеметтеріңізді ұлы Ғабеңе деген шексіз махаббаттарыңыз деп қабылдаймыз, – деп ақталғандай болған сапаршылар. Мұндайда ешкімнен сөз сұрамайтынын аңғартқандай, об­ лыстық әкімшілік аппаратының бөлім бастығы Раиса Орын­ басарқызы Қасымова оларды ақтап жатыр: – Ғабең – ұлы тұлға. Ғабең – біздің жерлесіміз. Сондай адамға құрмет көрсетіп, оның туған жеріне жаяу барып, тағ­ зым етпек адамдарға да құрмет лайық, артық көрмеңіздер, – деді ол. Сөзге қала әкімінің бірінші орынбасары Дулат Күтербеков бауырымыз араласты. – Ғабеңе деген кұрметімізді де көрсетеміз, – деді ол. – Ол ертеңгі шаруа. Ал қазірден бастап сіздер қаланың қона­ғы­ сыздар. Кейін шығарып салатын да біз боламыз. Қош кел­ді­ңіз­ дер! Әңгімені өзімізді қалай қарсы алудан бастаудың да жөні бар. Осы сапар барысында қарсы алулар, құрмет-қошемет аз болған жоқ. Бұл жерде пендешілік пайымдаудың жетегінде кетіп қалу қаупі барлығын да айтқан жөн. Сол құрметтің, қошеметтің ба­сында Ғабеңнің тұрғанын тағы да бір ескерте кеткен артық емес-ау. Сол Ғабеңе құрметтің арқасында сапаршыларға қалада біраз қошемет те көрсетілді. Қаланың «Қызылжар» дейтін маң­дай алды қонақ үйіне жатқызып, қала аралағанда қаста­ рында басшы адамдар жүрді.

Қалаға сапаршылар кештетіп жеткендіктен, келесі күні бірден жолға шығып кетуді жөн көрмеген. Қарсы алушылар да солай ойлап, қаланы аралатудың жоспарын жасап қойып­ ты. Сапаршылардың да бір мақсаты – әйтеуір бір жаяу жүріп өту емес, Ғабеңе қатысты жерлерді, шараларды көру, жұртшы­ лықпен кездесу, пікірлесу, ой бөлісу де болатын. Оған бір күн қию артық емес. Алдымен облыстық әкімшілікте қабылдау болды. Жаңа кел­ген әкім А.Смирнов жоқ деп, оның орынбасары Қуат Есім- ­ханов мырза қабылдады. Қабылдауына аппарат басшысын, бөлім басшыларын шақырды. Кең, еркін отырып, облыс бас­шы­сы­ ның бірі сапаршыларға Ғабеңнің 100 жылдығына бай­ланысты бүгінге дейін тындырылған істі, алдағы қорытынды той­ға әзірлік жайын әңгімелеп берді. Әрине, мұндай мағлұматты әкімшіліктегі басқа да қызметкерлерден естуге болар, бірақ осынау үлкен шаруаның басы-қасында жүрген азаматтың өз аузынан есіту үлкен әсер қалдырған. Біз бұл әңгімеде айтылған жайларды бұрын да, кейін де өз көздерімізбен көрдік. Ал соның басы-қасында Қуат Есім­ ханұлы мырзадай адамдардың жүргені де көп шаруаның үй­ лесімді біткеніне себепші болғанын да талай естідік. Осын­ дайда көңілге көп жайдың орала беретіні де бар. Респуб­лика­ мыздың көптеген жерінде болған талай ұлттық дәрежедегі ша­ралардың басы-қасында осындай ұлтжанды, іскер азамат­ тар жүрсе, оның нәтижесі де басқаша көрінер еді-ау деген ой келеді. Бүгінгідей Ғабеңнің мерейтойының басы-қасында осын­ дай азаматтың жүргеніне шүкіршілік етесің. Басқа бір теріс пиғылдыны былай қойғанда, көп кездесетін секемшілдеу, көлең­ кесінен сескенетін, немесе ұлттық мүддеге немқұрайдылау қа­ райтын біреу жүрсе, қалай болар еді? Құдай ондайлардан сақ­ тасын дейміз де. Бұл қалада осы күндерде Ғабең аты атал­ майтын жер жоқ десе де болғандай. Көше бойларында көрнекті етіп жазылған жазушының мерейтойы туралы жарнамаларды былай қойғанда, қай есікке кірсең де, сол той иесінің ең бол­ мағанда суреті көрнекті жерде ілулі тұрады екен. Біз оны арнайы барған жерімізде ғана емес, кездейсоқ бас сұққан жерлерден де көрдік. Кім біледі, жұрттың бәрі Ғабеңнің шығармасын оқыды деп айту қиын ғой. Оқымағандар өз қазағымыздың ішінен де табылар-ау. Ал қазір бұл қалада Ғабит Мүсірепов кім болған дегенге, сірә, оны республикамыздың мерейін көтерген үлкен тұлға болғанын, оның жүз жылдық тойы аталып жатқанын,

ондай адаммен мақтануға болатынын екінің бірі айтатындай, айтып қана қоймай, көпшілігі оған үлкен құрметін білдіргісі келеді. Сапаршылар өлкетану музейінде болды. Мұнда да Ға­бе­ ңе арналған бөлім бар. Ұлы перзентінің өз өлкесінде дү­ ние­ге келгенін жұрт айрықша мақтаныш етеді екен. Ал бұл өңір­дің табиғаты, тарихы туралы мол мағлұмат та мұнда бас сұққан жұрттың зердесіне біраз нәрсе құйғандай. Оны ежел­ де алып мамонттар мекендесе, бұлан, бұғылар қазір де кезде­ сетін көрінеді. Сол өңірде қазақтар көптен тіршілік еткен. Отаршылар кейін келіп, үстемдік құрды. Кейбір антұрған­дар­ дың осыдан біраз бұрын сөз шығарып, жердің кімдікі екені жайында дау айтқанына тарих, қарапайым тіршілік құралдары да нақты жауап қайтарады. Ғабең тарихқа, тым ертедегісі емес, осыдан бірнеше ұрпақ бұрынғы тарихқа өнімді қалам тарт­қан адам. «Оянған өлке», «Ұлпан» романдары қамтыған дәуірде қазақ ұлтының тағдырына қатысты көп жайлар бар. Отаршылдық ендеп келе жатқан сол дәуірді көрсеткенде ұлы жазушы қанша толғанды екен деген ой келеді. Жұмысқа жегіл­ гендердің тағдыры ортақтығын ғана емес, қазақ даласына басқа жұрттың өктемдеп кіргенін де қатты ойға алған шығар. Бүгінгідей тәуелсіздікке қол жеткен заманда жазылса, сол шы­ ғармаларда автор позициясы қандай болар еді деп те ойлайсың. Тәуелсіздікке қолымыз жеткенін Ғабит Мүсірепов көрмей кетті. Оған жететініне Ғабеңнің көзі жетті ме? «Иә» деп айту қиын ғой. Ал армандағаны анық. Коммунистік жүйенің бар­ лық қысталаңын бастан кешірді. «Майлин жау болса, мен де жаумын» деген сөз айтқан да Ғабең. Партиядан шығып, ұзақ жылдар бойы оған қайта кіруге жол таба алмаған да Ғабең. Бұл жүйенің қатыгездігін жанымен сезінген адам. Оның үштөрт жылдың ішінде күйреп түсетініне, сірә, сене де қойған жоқ шығар. Заман көп жайды өзгертті. Қазақ қауымы өте аз, қазақы дәстүрді жатырқайтын қаладағы көп жаңалық Ғабең дүниеден өткен соң, еліміздің колы тәуелсіздікке жеткен соң келген. Ғабең соны қазір көрер ме еді деген өкініш ой келеді көңілге. Бірақ ұрпақ көріп жатыр ғой деп шүкіршілік қыласың. Сол өлкетану мұражайымен жапсарлас «Асыл мұра» ор­ талығы орналасыпты. Мұндай орталық бұрындары болса, бұл өңірде ұлтшылдық мекеме саналар еді. Қазір бұл мекеме қа­ зақ халқының осы өңірдегі асыл мұраларын жинақтап, жа­ рыққа шығарумен айналысады. Сондай-ақ елден шыққан игі

жақсыларды елге таныстыруды мақсат етеді екен. Орталық орна­ ласқан үлкен жарық бөлменің қабырғалары қаптаған порт­ реттер. Жалпы қазаққа танымал Мағжан, Сәбит, Ғабиттей ұлы­лар кемел ойдың қолбасшыларындай сол портреттер га­ лерея­сының басында тұр. Сол қабырғада қаншама игі жақ­ сының тағдыры бар: жазушылар, ақындар, сазгерлер, әншілер, журналистер, мұғалімдер... Мұнда келушілер көп адаммен кезігеді, арасынан өздеріне жақын аяулыларды да табады. Соның барлығын жинақтап, бас-көз болып жүрген, күн­ дердің күнінде өздерінің де портреттері осында ілінетін үштөрт ағаларымыз: Социал Жұмабаев, Ғалым Қадырәліұлы, Қайролла Мұқановтың тындырып жатқан істері баршылық. Демеуші тауып, кітаптар шығарады. Құрастырушы да, редак­ циялаушы да, тіпті корректорлары да өздері. Олардың бас­ тамасына да, тындырып жатқан ісіне де Ғабеңнің көзімен, за­ манның көзімен қарағың келеді. Ұлы жазушы ризалық білдірер еді-ау дейсің. Сол ағаларымыздың бірімен, атап айтқанда, Қай­ ролла Мұқановпен кейінірек жақынырақ танысуға тура келген. Қайрекең бізбен бірге жаяу сапарға шықты. Бұл жайында ке­ йінірек әңгіме етеміз. Қашанда әріптестер бір-бірін іздейді. Сапарға қатысушылар «Солтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында кездесуде болды. Олар бізді іздеп тапты, біз оларды іздеп таптық дейтін емес, ашық, ақжарқын әңгімеге екі жағымыз да құштар бол­ға­ нымызды аңғардық. Сол редакциядағы әңгіме аздық етіп, қы­ зылжарлық әріптестеріміз қонақ күтушілерден кешкі ас беру кезегін де сұрап алыпты. Газет редакторы Бақыт Мұстафин тек солтүстік өңірге ғана емес, республикаға белгілі журналист, жазушы. Облыстың ру­ хани өміріне белсенді араласып келе жатқан азамат. Ғабең осы өңірге келгенде, оған қызмет көрсетуге әзір жүрген, ұлы жа­ зушының туыстарымен де араласы бар әріптесіміздің айтары көп. Әдептен озбайтын Бәкең әзінің ұлы жазушымен қалай араласқанын емес, көбіне Ғабеңнің тұлғалық орнын әңгімеге арқау етті. – Кейде ұлылардың мүшел тойларын түрлі жиналыс, ойынсауықпен шектейтініміз бар, ал байыбына барып баға­ласақ, бір-екі күнгі тойға дейінгі дайындық шаралары, ұлы тұл­ғала­ рымыз жайлы жүйелі әңгімелер, насихаттық жұмыстар ұлттық мүддемізге орасан зор қызмет етеді, – деп бір ой түйген. – Кешегі ұлы Сәбеңнің жүз жылдығы облысымызда қазақ тілінің мерейін бір көтеріп тастады. Ал бүгінгі Ғабең тойының

орны тіпті бөлек болатын түрі бар. Басқа тілдегі халық осы жазушыға арналған шаралар кезінде қалайда қазақша сөйле­ генге құштарлығын аңғартады. Тіпті кейбіреулері қазақша біл­ мегеніне қысылатындай да кейіп танытады. Ең алдымен со­ ған қуанайық. Бұрын қысылуды білуші ме еді олар? Қазақша ән, тақпақ айтатындар көбейіп келеді. Мен соны Ғабеңдердің бүгінгі ұрпаққа тигізген шапағаты дер едім... Осы бір ой қаланы аралаған кезде үнемі көңілге оралып жүрді. Қаладағы №43 Ғабең атындағы мектепте болдық. Он­ дағы көрнекті жазуларға қарап, оны қазақ мектебі дерсің. Орыс мектебі екен. Бір жағы жазушының есімі қазақ мектебі емес, орыс мектебіне берілгені де жөн көрінген. Ғабең аты берілген соң, ондағылар қазақ тіліне басқаша қарайтын сияқты. Бала­ лардың жапырлай қазақша амандасқаны өз алдына, қазақша хормен ән айтады екен. Осының бәрі тіл сындырудың басы. Қазақ тілінің мұғалімі Айжан Ыбыраева қарындасымыз қа­зақ тілін меңгеруге қазір көзқарастың өзгергенін айтады. Ар­нау­лы кабинет бар, жеті мұғалім дәріс береді екен. Мек­ тепте Ғабеңе арналған шаралар қазақ тілін меңгеруге жаңа бір өріс ашатынына күмән келтірмейтіндей. Бір түрлі соған көңіл сенеді. Осыдан тура үш ай бұрын Сәбит Мұқанов атындағы облыс­ тық кітапханада болғанымыз бар. Сонда қарбалас жұмыс еді. Кітапхана қызметкерлерінің бірқатарлары құрылысшыға ай­ нал­ғандай көрінген. Бояу иісі қолқаңды қабады. Үлкен жөндеу жұмыстары жақын күндердегі Ғабеңнің мерейтойына қатысты шараларды өткізуге дейін бітуге тиіс болатын. Сол жұмысты облыс әкімінің орынбасары Қуат Есімхановтың тікелей өзі бақылап, біраз жұрттың екі аяғын бір етікке тығып, апшысын қуырып жүргенін де көзіміз көрген. Бүгін басқаша жағдай. Осынау рухани орталыққа келген жұрт іздегенін табуға толық жағдай жасалған. Оқырманға керек­тің бәрі бар. Оған компьютер де қызмет етеді. Кейін шық­ қан кітаптар өз алдына, мұнан төрт-бес ғасыр бұрын жарық көрген басылымдарды да таба аласың. Анықтамалық қызмет әзір. Қандай да болсын үлкен шараларды осында өткізуге бо­ лады. Мәслихат залының өзі бүгінде талай бас қосудың ор­ нына айналып үлгеріпті. Осының бәріне Ғабеңнің, оның мерейтойының шапағаты ти­ іп отыр. Облыс орталығының жұртшылығы осынау рухани орта­ лықтың қайта жаңғырғаны үшін Ғабеңе рахметін айтса, артық па?

Шапағат дегеннен шығады, кезінде осы кітапхананың дү­ ниеге келуіне Сәбит Мұқанов мұрындық болған. Оған қала­ дағы жақсы ғимараттың бірін алып беруге, кітап қорын толық­ тыруға, түрлі құралдармен жабдықтауға өзінің депутаттық құ­қын пайдаланып, Сәбең көп көмегін тигізіпті. Осының бәрін ескеріп, облыстың бұл бас кітапханасына халық жазушы­сы­ ның атын беру жөнінде шешім қабылданғаны белгілі. Жол түсіп, осы қалаға келгенде, Ғабең кітапханаға кіре ке­ туді парыз санайды екен. Осындағы С.Мұқанов мұражайын ашуға да қатысып, Сәбең туралы естелік айтыпты. Мұрағат ретінде қойылған сиясауытқа байланысты оны жазушының ка­ бинетінен талай көргенін, оны қандай шығармалар жазғанда пайдаланғанын еске алыпты. Ұлылардың әрбір іс-әрекеті кейінгіге өнеге. Өнеге ғана емес, үлкен игілік. Сәбең, Ғабең араласпаса, оларға деген бү­ кіл­халықтық құрмет болмаса, осы кітапхананың тағды­ры қа­ лай шешілер еді дейсің. Әрине, облыс орталығы кітапхана­ сыз қалмас еді ғой, бірақ оған Сәбең мен Ғабеңнің рухы сіңер ме еді? Сол екі алыптың беделімен осында ұлттық мүддеге қызмет ететін талай шаралар жүзеге асып жатыр, аса да бермек. Шапағат деген сол. Қалаға келгендердің тағы бір бас сұқпай кетпейтін жері бар. Ол – Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер кітапханасы. Әсіресе, қазіргі той күндері оның есігі айқара ашық. Ол ұлы жазушының мұрасын насихаттайтын орталықтың біріне айналған. Той қарсаңында күрделі жөндеуден өтіпті. Кеше жаяу сапаршыларды қарсы алып, өз қонақтары ретінде иемденген қала әкімінің бірінші орынбасары Дулат Күтер­бе­ ковтың осыдан үш ай бұрын осы ғимарат ішінен кездестіріп, танысқан едік. Осы кітапхананың күрделі жөндеуден өтуін өзі бақылап, бас-көз болып жүрген еді. Енді істің нәтижесі көптің көз алдында. – Ғабеңнің арқасында үлкен іс тынды,- дейді кітапхана директоры Әнипа Капарова қарындасымыз. – Бұл кітапхана қала балаларының сүйікті орнына айналған. Әсіресе жазғы демалыс кезінде уақыттарын осы жерде өткізеді. Кітап та оқиды, түрлі шығармашылық ойындарға қатысады, суреттер салады, ойыншықтар жасайды. Олар көрмеге қойылады. Арнайы жабдықталған кабинет бар... Мұндағы бір бөлме Ғабеңнің мұражайына айналған. Экспо­ наттарға тапшылау болса да, ұлы жазушы жайында біраз мағ­ лұмат береді. Кітапхананың тұрақты 12,5 мың оқушысы осын­ да келгенде мұражайға бір бас сұғар болса, ұлы жазушының шы­

ғармашылық дүниесінің есігінен сығалайтыны анық. Ол ішке енудің басы ғой. Соған қуанасың. Жалпы осы Солтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде Пет­ропавл қаласына келгенде көңілде жүретін бір жәй бар, оны жасыра да алмайсың – қазақтардың аздығы, орыс тілді­ лердің көптігі. Сонау тәуелсіздікке қол жеткен кездегі кейбі­ реулердің дүрбелең жасағысы келгендері де еске түседі. Қазір ел тыныш. Ұлы Ғабеңнің тойына қазақтар ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығы дайындалып жатыр. Неге бұлай деп қысыр әңгіме көтерушілер жоқ. Күні кеше ғана осынау ұлы тұлғаға қаланың бір көшесін қимай, қызылкеңірдек болып айтысқандар бүгін үнсіз. Соған қуанасың. Неге сонша емешегің үзіледі, солай бо­ луға тиіс қой, деп біреу дау айтар. Тиіс нәрсенің барлық жерде жүзеге асып жатқаны бар ма? Осынау түсіністікке жеткізген қадамдарды бағаласақ жөн. Ол басшы азаматтар тарапынан болған іс-қимылдың, ұлтжанды бауырларымыздың кезі келгенде айтар сөзін айтып, арандатушылардың бопсасына шыдаған ірілік көрсетуінің нәтижесі деуіміз керек. Басқалар не айтады екен деп, кібіртіктемей, облысты басқарған азаматтардың ше­ шімді әрекеттері де кейбір даурықпашылардың мысын басқаны анық. Бұл әсте де тізе батырған әрекеттің емес, жағдайды дұ­ рыс бағдарлап, парасатты шешім қабылдаудың жемісі дейік. Сырттың әртүрлі айтақтауына арандамай, облыс халқы ын­ ты­мақты тіршілік кешіп жатқанына қуанасың. «Ассалаума­ ға­лейкүм, қош келдіңіздер» деген жағымды сөзбен қарсы алған Рес­публика халықтары ассамблеясы облыстық бөлімшесінің хатшысы Владимир Павлович Масляковпен сапаршылардың әңгімесі айрықша әсерлі өтті. Облысты мекендейтін 96 ұлт өкілдерінің ынтымақты өмірінің сыры оған өзек болды. Дау қашанда біреуден артық болғысы келгенде туады екен. Ел содан құтылыпты. Айрықша орным бар дейтіндердің көбі ке­ тіп тынған ба, әлде шындықты мойынсұнған ба, ешкім көкі­ рек көтермейді. Өзіңнің тілің мен дәстүріңді құрметтеп өмір сүруіңе жағдай бар. Соны пайдалан, басқаның игілігін қызған­ ба. – Облыста 13 ұлттық мәдени орталық бар, әрбір ұлт өкі­ лі өзінің мәдени құндылығының игілігін көре алады, – дейді Владимир Павлович. – Өздері ғана емес, жақсыларын басқа­ лармен бөліседі десек жөн. Қазақтардың наурызы, татар-баш­ құрлардың сабан тойы қашанда ортақ мереке.

Тіл де құрметтеледі, дін де құрметтеледі. Кешегі жаппай көшу кезінде облыстан кеткендер аз болмапты. Қазақ жерінен кеткісі келмегендер де аз емес. Облыста 19 мыңдай поляк бар екен. Қазақстандағы поляктардың үштен бірінен астамы. Кеше кейбіреулер орыс тілділердін намысын жыртып, дау қуғанда, бұлар шатаққа қосылмапты. Қайта басу айтса керек. Облыста екі театр бар. Сәбит Мұқанов атындағы қазақ театрының шаңырақ көтергеніне екі-ақ жыл. Оның дүниеге келуінде де облысты басқарған азаматтардың ерлікке парапар әрекеті жатыр. Көп жыртыққа жамау таппай жатқанда, театр ашқан не теңің дегенге қарамай, жаңа өнер шаңырағы көтеріліпті. Сол театрдың маусым жабар спектаклі «Елімайды» көруге сапаршылар уақыт тапқан. Көрермендермен күзге дейін қоштаса тұрып, режиссер Оразалы Ақжарқын өнерге қамқоршы болғандарға, алдымен облыстың бұрынғы әкімі Қажымұрат Нағмановтың атына тебіреніп алғыс сөзін арнады. Сонда барлық жерде де жұрт өнер үшін әкімдерге осындай сөз арнап жатса, тіршіліктің басқа жағы да түзелер еді ғой деген ой көңілге оралған. Ғабеңнің 100 жылдық тойына да бүл облыста біраз қаржы табылды. Әрине, республиканың бергені өз алдына ғой. Жал­ пы біреулер жұрттың күнкөрісі қиындау кезеңде той тойлап жату жөн бе деген қысыр әңгіме қозғайды. Ешкім де біреудің аузынан жырып алып, тойға жұмсап жатқан жоқ. Қаланы көруге бөлінген бір күн сапаршыларға үлкен әсер қалдырды. Ертең жол күтіп тұр. II. Ғабеңмен мақтанады Қызылжарда соңғы кезде көпшілік назарын көбірек ауда­ рып жүрген қасиетті бір орын бар – келген, кеткен жұрт ел­ діктің, батырлықтың, достықтың жалауындай болған Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне тағзым етеді. Сол дәс­түрге орай сапаршылар да сонда барып, гүл шоқтарын қо­ йып, жолға шығар алдында бата алғандай ізет жасады. Оған қала жұртшылығының, ақпарат құралдарының өкілдері де қа­ тысты. Бұл да біраз адамның есінде қалғандай бір-бірлеріне ықылас білдіріскен рәсім болды. Мынау қаптаған көлік зама­ нында әжептәуір шалғайдағы ұлы жазушының туған ауылына бір топ адамның жаяу бармақ шешімі біреулерге ерсілеу, біреу­ лерге қызық, біреулерге шын құрметтің белгісіндей көрінген.

Жол қаланың шетінен басталады. Еріп барғандар сонда да ажырағысы келмеген. Басқаны былай қойғанда, қала әкімінің бірінші орынбасары Дулат Күтербековтың өзі бас болып, оны қостаған облыстық әкімшіліктің бөлім меңгерушісі Раиса Қа­ сы­мова, қала әкімшілігі аппаратының жетекшісі Сара Тасе­ менова және бір қауым адам екі-үш шақырым жерге дейін жаяу жүрушілерге серік болғанды жөн көрген. Мұны екі жақ та өзінше оң бағалады – ұлы жазушыға деген құрметке көр­ сетілген құрмет. Ұлыға құрмет ретінде жаяу сапарға шығу – мұндағы көп адамға беймәлім, бұрын болмаған үрдіс. Әсіресе, тележурна­ листерге айырықша қызық сияқты. Сапаршыларды тоқтатып, сөйлескісі келеді. Оған көнбесе, жарыса жүріп сөйлеседі. Мә­ шинемен озып барып алдынан шығады. Біреу емес, екеу емес, бірнеше телеоператорлармен жарысып жүргенде, шығарып салушылардың да қоштасар жеріне жетіп қалыпты. – Енді Ғабең ауылында кездесеміз. Онда сіздер біздің ауы­ лымыздың қонағы екендеріңізді ұмытпаңыздар, – деді Ду­лат бауырымыз тағы да бізге айрықша жақындық көрсетіп. – Са­ парларыңыз оң болсын! Осындай сапарға шығар кезде ниеттес адамдардың болғаны қандай жақсы. Әрқайсымыздың отбасымызда тілек тілеп қалған адамдар бар, ал мына қалада шығарып салғандар қаншама! Ұлы Ғабеңе құрмет көрсетіп, оның туған ауылына шаршамай-шал­ дықпай жетуімізге ақпейілдерін білдіреді. Сол тілек бойымызға күш қосқандай. Алда – Ғабең елі. Алғашында 208 шақырым делінген.Оған да жеті күнде жетпек едік, бір күнді қалаға қиып, алты күн қалды. Оның үстіне енді бір жаңа есеп бойынша жол шамалы ұзақтау да екен. Мақсатты жолдың ұзақтығы жоқ дегенде, күніне 35-40 шақырым жүру парызға айналып тұр. Біздің жо­ лымыздың кестесін жасағандар, шаршап бара жатса, ілесіп жү­ ретін көлікке мінер деген болар. Ал біздің жолдың әр метрін есепке алып, бір қадамның да кем болмауын ойлайтын қатаң тәртібіміз бұзылмауға тиіс. Демек, бұл сапар оңай тимейтін түрі бар. Иә, осылай сапарымыз басталды. Кезінде Ғабеңнің өзі талай жүрген жол. Бәлкім, жас шағында салт атпен, жаяу да жүрген шығар. Жол қашанда ойға жетелейді. Ұлы жазушы талай ойға да шомған шығар. Бұл өңірдің табиғатымен бұ­рын­ нан таныспыз. Туған өңірдің сол сұлу көрінісі суреткердің көңі­ лін талай тербеген де болар. Біз де торғын желге кеудемізді то­сып, орман-тоғай, айдын-көлдерге көңілімізді ұзатқымыз келген.

Сапаршылар – жетеу. Әдеттегідей газет бастамасы болған соң, бұрынғысынша оған Мамадияр Жақып жетекшілік етуге тиіс. Онымен бірге Алматыдан белгілі қаламгер, газеттің белсенді авторының бірі Зейнолла Серікқалиұлы келген. Осынау дәс­ түрлі сапарға үнемі қатысып жүрген семейлік екі азамат оларға Астанадан қосылды: «Абай» қорынын президенті Балтабек Ер­сәлімұлы мен газетіміздің сол өңірдегі тілшісі Дәулет Сей­ сенұлы. Кезінде осынау «Ұлылыққа тағзым» акциясын бас­ тап, ұлы Абайдың 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы құрметіне олардың туған жерлеріне жаяу сапарлар ұйымдастырғаны үшін аталған төрт азаматқа «Абай елінің құрметті азаматы» атағы берілген. Енді бұларға Қызылжардан үш адам қосылды. Бұл жерде Қайролла Мұқанов ағамызды айрықша атаған жөн. Қайрекең ұзақ жылдар облыстағы оқу-ағарту саласында еңбек етіп, басшы да болған (облыстық басқарма басшысының орынба­ сары), өзінің салауатты өмірімен өнеге дарытқан азамат. Зей­неткерлікке шыққан соң «Асыл мұра» орталығын құруға қатысып, осы өңірден шыққан ақын-жазушылардың мұрасын жинақтауға мұрындық болып жүр. Сонымен бірге жетпіс де­ ген жасқа иек артса да, қала ішінде көлікке мінуді қаламай, жаяу жүреді екен. Ғабит Мүсіреповтің туған жеріне бір топ журналистер, жазушылар жаяу бармақ дегенді естігенде, об­ лыс­тық әкімшілікке барып, соларға қосылуға тілек білді­ріпті. Алдын орай айтайық, Қайрекең бұл сапар кезінде үнемі алда жүріп отырды. Сапаршыларға қосылған енді бір жаңа адам Жақсыбай Са­ мұрат – мамандығы экономист болса да, соны ізденісте­рі­мен соңғы кезде танылып жүрген жазушы, журналист. Об­лыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас ма­маны Сағындық Салмұрзин облыстағы ресми мекеменің өкі­лі ре­ тінде, жолдағы елді жақсы білгендіктен де бір жағы са­пар­ шылар арасында жолбасшылық қызметті де мойнына алған. Жетеу десек, мұнымыз дәл шықпауы мүмкін. Өйткені, жол бойы сапаршыларға талай адам қосылып, бірге жүрді. Күн сайын дерлік Ғабеңнің туған ауылы – Жаңажолдағы той­ға әзірліктің жайын біліп, оған нұсқау беріп, барып-қай­ тып жүретін облыс әкімінің орынбасары Қуат Есімханов жә­ не басқалар қол бұлғап өте шықпай, сапаршылармен бірге қо­ сылып біраз жаяу жүріп, тақым суытып алғанды артық көр­ мейтін. Сонымен бірге сапаршылардың киім-кеше­гіне, бас­қа да бөлек-салағына ие болып, шөлдегенде оны түрлері­нен-ақ

аңғарып, сұратпай сусын ұсынатын жүргізуші Сабыр бауы­ры­ мыз да сапаршылардың бір мүшесіндей еді. Алғашқы күнгі алар алғашқы асу — Петерфельд селосы 17 шақырым жерде. Түстік сонда. Бұл ауылдың өкілдерімен ертерек жолықтық. Біздің келетінімізді естіген бір топ ақсақал жеті-сегіз шақырым бұрын алдымыздан шығып, қарсы алды. – Оу, бұларыңыз тым ерте емес пе? – деп сақтандырып жатырмыз. – Біз болсақ, жүруге мықтап бел шешкендерміз. Қи­ налып қалып жүрмеңдер... – Байқаймыз, асығыс көрінесіздер. Бір шайдың үстінде әң­гімеге қанбай қалатындаймыз. Біраз бірге жүрейік, әңгіме­ лесейік деген ғой. Көпшілігіңіз біз сияқты алпыстан асқан кө­ рінесіздер. Біз де шыдармыз. Қарсы алғандар ішінде әңгімешілі Әскербек Рамазанов екен. Көп жайды қозғайды. Өзі бұрын Ғабең ауылы – Жаңажолда да тұрған. Бұл жаққа жақында кешіп келіпті. – Неміс ағайындар кетіп жатыр ғой, солардың орнын басып қалайық дедік. Бір жағы қалаға да жақын. Бала-шағаның оқығанына да қолайлы... Бала-шаға демекші, Әсекеңнің кіндігінен он екі бала өр­ біпті. Сағила кемпірі екеуі солардың тілеуін тілеп, облыс орта­ лығына жақындапты. Бұрын таза неміс ауылы болса, бүгінде Петерфельдте 130-дай қазақ шаңырағы бар, аралас мекенге ай­ налған. Сұраса келе, қазақтар қарын бөле болып шығады дегендей, осы ауылдан Ғабеңе жиен болатын Тұяқ Рақышев деген аза­ матқа да кезіктік. Жазушының ағасы Сәбиттен тараған қыздан туған. Ол да Жаңажолдан келіпті, жоғары білімді маман екен. Кейінірек бүкіл ауыл бас қосқан шай үстінде байсалды әңгіме айтты. Ғабеңнің мерейіне бүкіл ел ортақтасатынын айтты. Ел дегенде, осы Петерфельд деген бұрынғы неміс ауылы, қазіргі аралас ауыл Ғабит Мүсірепов тойын ерекше атап жат­ қанына куә болдық. Мектеп директоры Виктор Гренедарев ал­дымыздан «Ассалаумағалейкум!» деп қолын көкірегіне қойып амандасқанда-ақ ішіміз жылып қалған. Мектеп сынып­ тарының қабырғаларында – Ғабеңнің портреттері, ғибратты сөз­дері, өмірбаяндық, шығармашылық анықтамалар. Мүмкін арнайы әзірленген де шығар. Ол да жөн. Мұражайбөлме бір-екі күннің, аптаның ісі емес, ұзақ дайындықтың көрінісі. Қазақ тілі мұғалімі Рауза Жүнісова қарындасымыз жаб­дықтаған кабинетті басқа жерден кездестіру де қиын шы­ ғар. Басқалардың қолдауы болмаса, ол да мүмкін еместей-ау.

Бұл ауыл Ғабеңнің туған жеріне баратын жол бойындағы Қы­ зылжар ауданына қарасты жалғыз мекен екен. Сапаршыларға, солар арқылы ұлы жазушыға деген құрметін осы түскі ас ке­ зін­де көрсетіп қалуға бүкіл аудан болып кіріскендей. Аудан әкімінің орынбасары Алтынай Жүсіпова қарындасымыз бүкіл аудан халқының ақ тілегін арқалатып жібергісі келеді. Уақыт тығыздықтан дәм үстінде отырып ауыл жастарының өнерін де көрдік. Неміс, орыс, қазақ балалары қосылып, қазақша ән шырқайды. Жүрегің еріксіз елжірейді. Жүріс-тұрысынан айрықша бір тектілік аңғарылатын оқы­- тушы Валентина Васильевна Белоус тарихшы болған­дық­­ тан, сол тарихқа соға сөйледі. Бұл ауылдың қабырғасы 1908 жылы қаланыпты. Сонда келген немістер бүгінде тұрғы­лық­ ты халыққа айналған. Кететіндер кетіп тынғанын, енді қал­ ғандардың отаны осы жер екенін айтты. – Ғабит Мүсірепов біздің жерлесіміз. Сондай жерлесіміз бол­ ғанға мақтанамыз. Жақсылар жұрттың бәріне ортақ. Солар ба­сымызды біріктіреді. Сондықтан да оларды қастерлеуіміз керек. Ешкім де бұл сөзді оған жазып бермеген, зорлап та айт­ қызып отырған жоқ. Еріксіз тебірентеді. Ғабеңнің жұрттың басын біріктіретін тұлға екенін ұғасың. Басқа ұлттың өкілі ұқтырады. Жалпы осы ауылда қызығарлық нәрсе көп екен. Басқа ұлт­ тың біразы кетіп, орнына қазақтар келіп жатса да, бұл әлі де не­гізінен неміс ауылы. Әкімдікке өздері қалап, қазақ жігіті Аманжол Кәкімовті сайлап алыпты. Жоғары жақ бұл қалауды мақұлдаған. Аманжолдың өзі де Ресейден келіпті. Жұрт туған жерін тауып жатқанда, бұлар да елге көш түзепті. Тұтастай 47 шаңырақ келген екен, жатырқаған ешкім болмаған. Қайта жөн білетін азаматты басшы сайлап, сенім артқаны айрықша құбылыс. Қызылжар ауданының жеріндегі қысқа ғана жол үзігі са­ паршыларға көп әсер арқалатты. Кейде өзіміздегі жақсы­лық­­ ты жете бағаламаймыз-ау деген ой келеді. Байтақ жері­міз­ді мекендеген халықтардың ынтымақ-бірлігі – үлкен құнды­лы­ ғы­мыз, байлығымыз. Басқа халықтардың жақсы дәстүрі өз ұлтыңның дәстүрін байытып жатса, ол да үлкен игілік қой. Не­містерге көрші қонған қазақ солардан ұқыптылықты, тын­ дырымдылықты үйренсе, ол да үлкен олжа. Сол немістер қа­ зақтың қасиеттісін қастерлесе, ұлыларын ұлықтаса, одан артық не керек! Ниеттеріне рақмет, неміс ауылы, ондағы ақжүрек қазақ бауырлар!

Мәуліт ауданының шекарасында аудан әкімі Хасип Аб­ду­ лович Сюникаев бастаған топ қарсы алды. Кештетіп аудан орталығына да жетер едік, сонда жолықса да өкпе жоқ қой. Жалпы сапаршылар мақсаты – жол жүру, жол мақсаты – жету. Түрлі қарсы алулар, қошеметтер аяққа тұсаудай. Бірақ одан құтылу жоқ. Қарсылық та білдіре алмайсың. Шамалы уақыт алғанмен, мұндай кездесулердің аяқ суыту кызметін атқарып, одан соң жүрістің өнетіні де бар. – Кешкісін қай жерден күтейік? – деді аудан басшысы. – Аудан орталығынан. – Тым алыс қой, қиналмайсыздар ма? – Аялдауға уақытымыз жоқ. Бүгін 40 шақырымға қазық қағамыз. – Онда сіздерге аудандық газеттің редакторы Халида Шав­ гадеева ханымды қосамыз. Қарсы болмасаңыздар, сіздермен бірге жүргісі келеді. Қастарыңызда қыздардың жүргені бой­ ларыңызға күш қосар. Әдемі әзілдің көңілді сергітері анық. Бұл ауылдан бізбен бірге жүретін көп адам таптық. Көлікпен жүрсе де Мұхтар Ті­ легенов бауырымыз үш күн бойы қас-қабағымызды бағып, түс­ тенер, қонар жерімізге алдымен барып, біздің жақсылап де­ малар жағдайымызды қарастырып, құрақ ұшып жүргенінің өзі көңілімізді жадыратқан. Ал аудан әкімінің орынбасары Төлеген Омаров бауырымызға бауыр басып кеткеніміз соншалық, осы ауданның жерінен шыққан соң да, күнде кезігіп, көрген са­ йын ең жақын адамдай құшақтарымыз айқасқан сәттер бізге айрықша қымбат. Бұл ауданда татар ағайындар баршылық екен. Қазаққа рухы жақын халықтың өкілдері ретінде өздерінің ерекше сезімін біл­ діргендеріне сүйсіндік. Бұл басқадан бөліну емес, табысудың, тү­сінісудің көрінісі. Сапаршылардың ішінен Балтекеңнің бал­ дыздарымды таптым деп татарша ұзақ жырлағаны да жарасып кеткен. Екі халық әдебиетінің арасындағы туыстық байланыс дәс­ түрі ертеден басталған ғой. Мағжан, Бейімбеттердің алғашқы әдеби мектептері татар-башқұрт ағайындармен араласып жа­ та­ды. Ғабеңнің өзінің отбасылық өміріндегі бұл халыққа қатыс­ тылықта жұртшылықпен кездесулер кезіндегі, басқадай да әң­ гімелерге жылылық құйғаны айқын сезілген. Ниет жақсы болса, түсінісуге, жақындасуға жол табылады. Рес­публикамыздың көп жерінде басшы қызметте болған бел­ гілі қайраткер Хасан Шаяхметұлы Бектұрғанов осы ауыл­

дың тумасы екен. Сол азаматтың 80 жылдығын өзі оқы­ған мек­тебі атап өтіпті. Ол да Ғабеңнің 100 жылдығына орай­лас келген. Кезінде жерлес адамдар ретінде Ғабең мен Хасе­кең­­ нің сыйластықта жүргенін де бұл ауылдың адамдары мақ­ таныш етеді. Әр ауданның Ғабең тойына өзіндік қосар үлесі белгіленгенде, мәуліттіктер бүкіл облыстағы өнерлі қауым­ды өздерінде қабылдап, солардың ішінен ертең тойда өнер көр­ сететіндерді анықтайтын фестиваль өткізуді мойнына алыпты. Сапаршылар келген күні соның үдесінен шығып, еркін бір демалып отырған кез екен. Жол үстінде ой көп. Мынау керемет жер. Оның сұлу та­ би­ғаты түрлі-түрлі ойға жетелейді. Соны халқымыздың бү­ гін­гі ұрпаққа жеткізгенін ойлайсың. Сол жер үшін қан төк­ кен батырлар еске түседі. Осынау керемет жерге басқа­лар­­ дың қызыққанына да тарих куә, ел куә. Мынау қасқа жол­ дың бойындағы ауылдар куә. Біраз адамның аузынан сол се­ло­лардың қабырғасы қаланғанына 250 жыл толатынын, со­ны тойламақ ойлары барлығын да естідік. Оған да байсал­ды­ лықпен, парасат биігінен қарағың келеді. Иә, осыдан екі жарым ғасыр бұрын мұнда Сібірді «игер­ ген», патшаның отарлау саясатын жүзеге асырушы казактар келіп орнығып, станицалар бой көтерген. Сонда жергілікті қазақтарға олардың күш көрсеткені, шұрайлы жерлерінен ығыс­тырғаны туралы да әңгіме айтылады. Енді сол бір келеңсіз кезенді еске алып, оны тойлап жату жөн бе деген қиын сұрақ көңілде кес-кестейді. Оған жауапты осындағы жұрттың ынта-ықыласынан тапқан­ дай болдық. Қазақтың ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов­ тің құрметіне жаяу сапар шеккен бір топ адамды бұл ауыл­ дардың тұрғындары ең қадірлі қонақтай қарсы алып, өз жер­ лес­теріне осындай құрмет көрсеткеніне ризашылық біл­ді­ руге тырысады. Отаршылдардың ұрпағымыз деп отырған да ешкім жоқ. Становое селолық округының әкімі Нейя Икоди­ мовна Белоногова қонақтардың көңілін сергіту үшін өлең де айтқысы бар, билеп те бергісі бар. Балтық бойынан кешегі тың игеру заманында келген осы бір эстон қызы, ақкөңіл жан өз ауылының 250 жылдығын тойлайық десе, оның көңі­ лінде отаршылықты еске алудың елесі жоқ. Осындағы орыс мектебіне Алмас Еділбаев бауырымыз директор екен. Жер­ гілікті халықтың оған деген де құрметін аңғардық. Орыс ауылы, оның мектебін неге қазақ басқарады деген пиғылдың иісі сезілмейді. Бұл да түсіністік көрінісі.

Қасқа жолдың бойындағы ауыл, селолардың атаулары орысша. Неге қазақша емес деп, сұрақ қою да артық сияқты. Бұл да тарих. Воскресеновка, Становое селоларында жұртшы­ лықпен кездесіп, олардың қошеметін көріп, Дубровное село­ сына, одан әрі Новодубровкаға өттік. Бәрінің де тұрғын­да­ рының басым көпшілігі – орыс ағайындар. Барлық жерде де қазақы ғұрыппен қарсы алады. Бұл да сыйластықтың көрінісі шығар. Солай десек те, сол селолардағы орыс мектептерін Тамара Қостаева, Маржан Серікбаева сияқты жүректері қазақ деп со­ ғып тұрған қарындастарымыздың басқарып отырғаны, ол ауылды Айдархан Қостаев бауырымыздың басқаратыны да біраз ойға жетелеген. Мұнда жұрт әділіне жүгінетін сияқ­ ты. Мекемені жетекші екі тілді бірдей білетін азаматтың бас­ қарғаны жөн дегенге тоқтаса, ол барынша орынды, ол ұлтқа да бөлгендік емес. Бұл жерде аудан әкімінің орынбасары Төлеген Омаровтың мысалын алға тосқан жөн шығар. Онда орысша қалай сөйлеуді орыстарға да үйреткендей қабілет бар. Қазақшасы да су тө­ гілмейтін жорғадай. Оқуды Ресей жақта оқып, қызметті де сол жақта бастаған. Шаруашылықты басқарған. Комсомол, пар­тия мектептерінен өтіпті. Ол да зая кетпегендей. Ауданды басқарыпты. Жұрт елін іздеген заман туғанда, атамекенге орал­ған. Мұнда да азаматты танып, оған бір ауданның рухани өміріне жетекшілік етуді тапсырыпты. Одан да үлкен сенім артылып жатса да, осынау кісілікті, көсемдікті тең ұстаған аза­ маттың абыройлы болатыны даусыздай. Осындай түсіністік қалыптасқан жерде береке бар. Ойды ой қозғайды. Төлеген бауырымыздың сырттан кел­ генінен туындайды ғой, жалпы бұл облыста оралмандарға де­ген айрықша іштартқан көзқарас бар. Біле білсек, бұл өзі үлкен саяси мәні бар мәселе. Облыстың бұрынғы әкімі Қа­ жы­мұрат Нағмановтың айрықша мән беріп, қатаң қада­ға­ лауы арқасында, облысқа әр жақта шашырап жатқан қандас­ тарымыздың келуіне айрықша жағдай жасалғанын бұрын да зерттеп, білгеніміз бар еді. Квотада көрсетілгеннен он есе көп отбасын өздерінше қабылдап, оларға жағдай жасау оңай шаруа емес. Ұлттың мүддесін ойлайтын азаматтардың сол тауқыметі молдау іске білек түріп араласқандары қуантқан. Бұл облысқа төтелеу саналатын Ресей, Моңғолиядан ғана емес, қиырлау жақтағы Өзбекстаннан да қандастарымыз келіп жатады екен. Ең бастысы – сол оралған жұртты өгейсітпей, жатырқамай,

атамекенге мүмкіндігінше жайлы жайғастыру ортақ іске айналған. Біз жүріп өткен, бізге құрмет көрсетіп қарсы алған ауыл, селоларда бұрын орыс тілді ағайындар тұтасып отырса, енді оларға қандастарымыз көбірек араласып, мекендердің кел­беті өзгеріпті. Соған қуандық. Ұлы Ғабеңнің еліне бара жат­қан жолдағы ойдың қашанда әдебиетке, тілге қатысты өр­ битіні бар. Ұлы сөз зергерінің шығармашылығының қадіріне алдымен тіл білетін орта жетеді. Сондай орта қалыптасып келе жатқаны көңіліңді өсіреді. Мынадай салыстырудың ойға оралғаны бар. 1959 жылы бүкіл республикамызда халықтың ішінде қазақтардың арасал­ мағы 29 пайыз болған екен. Енді елімізде қазағы аздау деген облыстың өзінде қандастарымыздың үлесі 30 пайыздан асып отыр. Алда оның өсе түсетіні анық. Біз Мәуліт ауданының жерінде екі қонып, үш күн жүрдік. Ұмытылмайтын кездесулер болды. Азаматтармен таныстық. Үнемі еске алып жүретін, сағынып жүретін достар таптық. Бәрі де ұлы Ғабеңнің арқасы. Елі ұлы Ғабеңмен мақтанатынын аяқ басқан сайын сезіңдік. III. Аялаған алтын бесік Ұлы Ғабеңнің туған ауданы – Жамбыл ауданының же­рі­ не аяқ бастық. Бұрын бұл екі аудан болған. Қайсысы қайсы­ сына қосылғанын дөп басып айту қиын. Ауданның атын Жам­ был алып, орталығын Пресновка алыпты. Екеуі де өкпеле­ мейтіндей. Бұрын Жамбыл қазағы көптеу де, Преснов орысы көптеу аудан болса, енді екеуін қосып жібергенде, аралас болып шыға келген. Бұдан кім ұтты, кім ұтылды дейтін емес, ынтымақ, түсіністік бар жерде екі жақ та ұтатыны анық. Енді оны Ғабит Мүсіреповтің атына қатыстыра айтар бол- ­сақ, бүкіл облыс ұлы жазушыны өз жерлесіміз деп мақ­тану­ға құқылы ғой, сөйтсе де «біздің ауданда туған, біздің төл жер­ лесіміз» деп оны жеке иемденетіндер саны екі ау­дан қосыл­ ғаннан кейін екі еседей өскені анық. Ал жер жа­ғы­на кел­сек те, енді Ғабең туған ауданға бұрынғыдан 100 шақы­рым­дай бұрын аяқ басасың. Сенжарка дейтін село бар, сол қасқа жолдың бойындағы ауданның алғашқы елді мекені. Мәу­літтіктер жаяу сапаршыларды осы жерде жамбылдықтарға «тапсырады». – Қош келіпсіздер, қораштанбасаңыздар, аудан атынан да,

өзімнің отбасымның атынан да қарсы алып отырған менмін, – деп жайдары ақсақал ауылдан кіре берісте алдымыздан шық­ ты. – Кім қарсы алғанда да түскі шай біздің үйден. Басқа жерге бармайсыздар. Менің қызым – мектептің директоры, сіздерді түске күтіп еді, ерте келіп қалыпсыздар. Қарсы алып, үйге ертіп кел деп жіберді. Ақсақал сөзі қисынды. Біз осы ауылға түсте жетуге тиіс едік. Ауа райы құбылып, кейде қатты жауын жүргізбей қояты­ ны бар, содан да жолға ерте шығып, жүрісті біраз өндір­тіп тас­ тауды жөн көргенбіз. Сағат 12-нің, орнына 10-да келіп, бізді «тапсыратындар» әкімшілік адамдарын таппай, Байқуа­ныш аға­мызды тауып келген екен. – Бәрі жөн, – дедік біз. – Түсте шайды үйлеріңізден ішеміз, ал әзірге біраз жол жүріп тастауымыз керек. Оған дейін аудан өкілдерін де жолықтырармыз. Ал сіздің қарсы алғаныңызды қорашсынбаймыз, қайта барынша ризамыз. Реті келіп тұрғанда біздің жол жүру тәртібіміз жайында да азын-аулақ айта кеткен жөн сияқты. Күн сайын 35-40 шақы­ рым жүруге тиіспіз. Қонатын, түстенетін жер соған дәл сәйкес келе бермейді. Бірде асып барып, кейде жет­пей тоқтаймыз. Тоқтаған жерге, яғни жол қашықтығын анықтайтын бір баға­ наға, «қазық қағамыз» да қонатын, не түстенетін жерге көлік­ пен барып, келесі жүрісті қайта келіп, сол тоқтаған жерден бастаймыз. Бүгін де сөйттік. Түске дейін тағы да он шақырымды алып тастадық. Осы кезде аудан өкілі Таңат Сүгірбаев да келіп жеткен. Аудандық мәслихат хатшысы екен. Мамандығы әде­ биет­ші болған соң, әңгімеміз тіпті жарасып-ақ кеткен. Аудан әкімі Асқарбек Мұстафин де сәлем бере келді. Шынында дәл бүгін осы облыста одан шаруасы қат адам жоқ шығар. Той иек астында. Жауапкершілік алдымен ауданға түседі. Бүгінде сол той болатын ауылды бір сүзіп қайтыпты. Тағы сол жаққа кетпек. – Ауданның қонағысыздар. Сәлем бере келген жай. Алда күн сайын бір емес, бірнеше рет жолығып отырамыз. Қаста­ рыңызда көп болмады деп сөкпеңіздер. Сүгірбаев мырза қа­ шанда сіздермен бірге. Неге сөгейік. Сол тойдың жақсы өткеніне бәріміз де құш­ тармыз. Ауа райының бұзылып, жаңбырлы болғанына көңі­ ліміз күпті. Көптің көптен күткен тойында күн жадырап тұрса деп жаратқанға жалбарынғандай күй кешіп келеміз. Онсыз да той жақындаған сайын қарбалас күшейетін кезде шаруада

жүрген адамдардың қолын байламасақ деген ойда жүреміз. Тіпті алғашқы күні-ақ Таңат мырзаға да бізбен боламын деп жұмысыңнан қалма дегенге, аракідік кеңсесіне кіріп отыра­ тынын айтып, біржола бізге байланатынын шешіп алған. Сөйтіп, жамбылдықтар бізді қарсы алуға кешіккен жоқ. Кестеден озып жүрген өзіміз. Онда да Байқуаныш ағамыз ал­ дымыздан шығып, бізді мәуліттіктерден «қабылдап» алған. Иә, түске, уәдеге сай, Байекеңнің үйіне келдік. Ауылда тү­ гелге дерлік орыс ағайындар тұрады екен. Шамалы үй – қа­ зақ­тар. Соның бірі – Байекеңдердікі. Шынына келгенде, оның қызы Әлия Баязитованікі десек, дәлірек. Байекең қызы­ның қолына жақында ғана келіпті. Ғабеңнің ауылынан – Жаңа­ жол­дан. Әлия қарындасымыздың жолдасы дүниеден өтіпті де, Байқуаныш ағамыздың қамқорлығы қажет болыпты. Орыс ағайындардың ортасында әжептәуір беделге ие болып, мектеп басқарып жүрген Әлияға сүйеу болғанды жөн көрген де, ағайынның ортасынан осында келген. Бұл да кейбіреулердің қолынан келеді, кейбіреулердің қо­ лы­нан келмейді. Байекеңнің өз ауылында да беделді болға­ нын оның әңгімесінен де аңғаруға болғандай еді. Сексенге иек артуға шамалы ғана қалған жасында да жүрісі ширақ, әңгімеге ағып тұр. Кезінде мұғалім болыпты. Экономист те болған. Қызметтен бертінде ғана ажырағандай. Саясатқа да, шежіреге де қамшы салдырмайды. Ғабит Мүсіреповке қатысты жай­ ларға қанық. Әсіресе, оның осы өңірдегі ағайындарын жақсы ажыратады. Біраз мағлұматты алдымызға жайып салды. Байекең бір сәт ауылдан асып, әңгіме тақырыбын Алматы, Астанаға дейін кеңейткен. Жазушылар, журналистер жайын сөз етті. Тіпті әдебиет, газеттер арқылы сапаршылардың кей­ бірін білетін де болып шықты. Ортақ таныстарымыз да бар екен. Ақырында белгілі қаламгер, өзімізбен қызметтес болған Ербол Шаймерденовке немере туыс болып шыққан соң, әңгімеміз тіпті жарасып кеткен. Ұлы Ғабең, оған деген құрмет бізді көп адаммен таныс­ тырды, өзін әлдилеген алтын бесігі – туған жерімен таныс­ тырды. Оның туған ауданы, жоғарыда айтқандай, қазір ке­ңей­ се, сол кейін қосылған аймақ та ұлы жазушыға деген ыстық көңілін лақылдатып ақтарған. Оған біз Пресновкада болған кезімізде көз жеткіздік. Поселкенің әкімі Абай Қайсин бауырымыз бізді сырттан, қасқа жолдың бойынан қарсы алды. Асты-үстімізге түсіп жа­

тыр. Қайтіп көңілімізді табамын деп әлек. Бұл мекен – аудан орталығы, оның үстіне қазағы аздау. – Қазақ мектебіне апарып жайғастырамыз, – деді ол. – Бізге бәрібір. – Одан бұрын орыс ағайындардың өнерін көресіздер. Одан кейін Иван Шуховтың мұражайында болсаңыздар... – Бәрінде де боламыз. – Қаласаңыздар, саунаға түсесіздер... Соның бәрін ежіктеп айтып жатқанымыз – бізді қарсы ал­ ған азаматтардың ықыласын айту, ұлы Ғабеңе деген құр­метті көрсету. Аудандық мәдениет үйі кей жердегідей емес, мұнда күй­ зелмеген, күйлі екен. Даңғырап түр. Біздің жай аралап шық­­ қан кезіміздің өзінде онда өнерлерін көрсетуге тыры­сып, құл­шынған жастардың ынтасын бағалағың келеді. Қазақ­тар­ дың ұлттық киіміндегі қыз-жігіттер біз өнерімізді қастер­ лей­міз, дәстүрімізді сақтаймыз деп өршіп тұр. Жөн. Өнердің жаттығы жоқ. Тіпті сол бірнеше халық өнерінің қатарласа өрілгені бірін-бірі толықтыра түсетіндей, кемпірқосақтай түр­ леніп көрінетіндей. Дәл сол ғимараттың кең бір бөлмесінде іні-қарындастарымыздың ән-күйді, термені төгілткені жаны­ мызды жадыратып жіберген. Бәлкім, оны басқа халықтың өне­ рімен салыстыра тыңдамасақ, мұндай әсер алмас па едік, кім біледі Иван Шуховтың мұражайы сапаршыларға айырықша әсер қалдырды. Осы бір үлкен жазушы өзінің азаматтық кел­ бетімен шығармашылық мұрасынан әлдеқайда жоғарылау тұр­ ған сияқты көрінеді. Оның қазақ жазушыларымен, әсіресе, өзінің ұлы жерлестері, замандастары Сәбит және Ғабитпен достығы, жақын қарым-қатынасы айырықша өнеге. Сонау алпысыншы жылы облыста Сәбит Мұқановтың 60 жылдығы тойланыпты. Соған Ғабит те, Иван Шухов та қаты­ сып, түрлі шараларға белсене араласыпты. Сәбеңнің мерейін көтертуге екеуі көп күш қосса керек. Сонда облыстық «Ленин туы» (казіргі «Солтүстік Қазақстан») газетінде суретші В.Вас­ нецовтың «Үш батыр» картинасының ізімен Сәбит, Ғабит және Иван Шуховтың әзіл суреті жарияланыпты. Үш алып атқа мінген үш жазушы батырлардың қару-жарақ асынған кей­ пінде бейнеленген екен. Тек қылыш орнына қаламсап ұстаған. Сол сурет мұражайдың ең бір мәнді экспонаты ретінде тұр. Сол ұлылардың достығы қазір де талайлардың жүрегін бау­ райтыны сөзсіз. Келген адамдарға: достықты қастерлеңдер,

сонда өмірлерің мәнділеу болады, жүйкелерің орынсыз жұқар­ майды, деп тұрғандай. Мұражайдың директоры сапаршыларға бұл достық туралы көбірек тоқталып айтты. Қазақтар орыстың, орыстар қазақтың өнерін, әдебиетін құрметтейтінін, бұл өңірдің халқына Сәбит те, Ғабит те, Иван Шухов та бірдей қадірлі екенін айтты. Са­ паршылардың Ғабит Мүсіреповті құрметтеп, жаяу жүріп келе жатқанын естіп, өздерінің таңданғанын, жерлестері үшін мақ­ танғанын айтты. Осы жерде сөзге біздің арамыздан Қайролла ағамыз ара­ ласты. – Несі бар, енді төрт жылда Иван Петрович Шуховтың да 100 жылдығы. Оны облыс тойлайтыны анық. Бүгінгідей жаяу сапарды оның құрметіне де арнаймыз. Республиканың басқа аймағынан келмесе де, енді тәжірибе жинап, үйреніп қалдық, өзіміз-ақ ұйымдастырамыз. Оның үстіне Петропавл мен Прес­ новканың арасы Петропавл мен Жаңажолға қарағанда әлде­ қайда жақын ғой... Қалай болғанда да халық жақсыны жатсынбайды. Жақ­ сыны ұлтына бөлмейді. Бөлетіндер ниеті жамандар ғана. Сол пиғылы бөтендердің сөзі жүрген де кез болған. Бұрын Прес­ новкада қазақ мектебін ашу туралы әңгіме қозғалып па еді? Қазір мектеп бар. Мектеп те, интернат та, бала бақша да бір жерде – әдемі кешен. Сонда жай қонып қана шыққанымыз жоқ, ел мүддесіне, ұлт мүддесіне арналып көп шаруа тынды­ рылып жатқанын көзімізбен көрдік. Мұнда бәрі бар: кең де жарық бөлмелер, оқуға, тұруға қажет басқа да жабдықтар өз алдына, ұлттық рухты қадірлеуге шақырар түрлі көрнекі құ­ рал­дар үйлесім тауып тұр. Солар Зәуре Бектасова, Жанбота Са­рыбаева сынды қарындастарымыздың қолымен ғана емес, алдымен ойымен жасалған ғой. Тіпті осы кешеннің сыртқы көрінісі де, ондағы жинақылық, ұқыптылық айрықша қамқорлықтың жемісі екенін айғақтап тұр. Осыны көріп өскен баланың жүрегіне жақсылық ұрығы себілетіні анық. Шіркін-ай, барлық жерде де осылай болса, жөн ғой деген арман ойды көңілімізге түйіп аттандық бұл жерден. Ендігі бет алысымыз Ғабеңнің туған ауылы – Жаңажол. Жаяу жүргенге бір қонып жететін жер. Көңіл алабұртады. Ұлы суреткердің қалыптасуында сол алтын бесіктің де орны бөлек. Соны сезіне аламыз ба?

Осы жолда айрықша есте қалатын мекен – Айымжан ауы­ лы. Бұрын Преснов ауданы жеке болып тұрғанда, бұл ауыл аудандағы жалғыз ғана қазақтар басым тұратын мекен бо­ лып­ты. Қазақтардың өнерін де, дәстүрін де сақтап, орыс ағайындар тұратын ауданда өнер бәйгесінде де, шаруашылық ісінде де бәсекеге түсіп жүріпті. Қожаберген жыраудың, Сегіз серінің ұрпағымыз, соған лайықты боламыз дегенді қазір де айтады. Түстік жер болғанына қарамай, Айымжаннан асып кеттік. Ондағы ой – кешке келіп, ауылмен асықпай қауышу. Осы оймен Петровка селосына бұрылғанымызда сапаршы­ лардың есінде қалғандай тағы бір кездесу болды. Облыстың жаңа әкімі Анатолий Смирнов мырза сапаршыларға сәлем бе­руге тоқтады. Арнайы келді демейміз, ертең той болатын жерге бара жатқан жол үсті. Тоқтамай кетсе, әбестік болар еді. Жұрттың бәрі Ғабеңнің тойы деп жүргенде, соған өзінше бір қырынан құрмет көрсетпек болғандарға тоқтап өтпесе, жұрт сөз қылар еді. Әдептен озғандық санар еді. Әкім тоқтады. Біз алғаш келгенде, өзінің қалада болма­ ғанын, одан кейінгі ретін тауып жолыға алмағанына кешірім өтінді. Оны дипломатиялық әдепке балауға болар еді. Одан ке­йінгі кең далада, жол үстінде тұрып біраз жайдың басын қайырған әңгіме, шынын айтайық, бізге жақсы әсер қалдырды. Бұрынғы әкім Қажымұрат Нағманов кезінде бастау алған бір­ аз істі де еске алдық. Әсіресе, сөз реті келгенде, осы өңірге шетелдерден келіп жатқан оралмандарға қамқорлықты атап өткенді жөн көргенбіз. Жаңа әкім оны алда жалғастыра бере­ тіндерін қадап айтты. Көңілге жағатын сөздер. Сөз бөлек, іс бөлек дейміз ғой. Алда қалай боларын кім біледі, осы бір өңірді ел қамын ойлайтын, халықтың бірлігін ойлайтын адамның басқарғанын армандайсың ғой. Анатолий Владимирович сондай адамдай әсер қалдырды. Жүзі жылыдан түңілме дейді халқымыз. Әйтпесе, талай әкімдерді көріп жүрміз ғой, жарты әлемді қолына ұстап тұрғандай, өзін жарты патшадай санайтын, әзер сөйлейтін, ісі түспейтіндермен әң­ гімелесуге уақыт таппайтын әкімдер аз емес қой. Айымжанға кештетіп оралдық. Әйтеуір жаздың күні ұзақ. Қайда барсаң да, рухани орталық – мектеп алдыңнан шығады. Мұндағы кездесуді де ұмытпаспыз-ау. Бұрын да мектептердегі осындай кездесулердегі көпіршіген көңілге ұшырассақ, енді оны өзіңнің ұлттық өнеріңмен тұздықтап көрсеткенде, жаның

шын жадырайды екен. Балалар ән айтты, күй тартты, «Қозы Көрпеш – Баян сұлудан» үзінді көрсетті. Мұнда сол өнердің шеберлік дәрежесінен гөрі, сол өнерге деген ықылас көбірек әсер қалдырады. Сірә, орыс ағайындардың арасында орналасқан ауыл бол­ ған­дықтан да, мұндағылар өз ауылының тарихына да, адам­ дарына да айырықша құрмет көрсететін сияқты. Мектеп­тегі музейде сонау Қожаберген жыраудан бастап, бүгінгі күнгі құр­метті адамдардың бәрі туралы мағлұмат аласың. Олардың басында тоғыз батыр ана тұр. Ауылдағы 150 отбасыға аз еместей. Мектеп алғашында төрт жылдық, онан соң сегіз жыл­ дық болыпты, қазір – 11 жылдық. Мектеп рухани орталық бол­ са, ондағы ұстаздар ауылдағы ең құрметті адамдар екен. Кез­ десу кезінде жұрт солай деген. Сәті түскенде, кешкісін сол ауыл құрметтісінің бірінің үйін­де болып, әңгіме-шежіреге қаныққанымыз да үлкен олжа болды. Мектептің директоры Асқар бауырымыздың үйіне бар­сақ, ауыл ұстаздарының ағасы, сексен деген жасында сел­ кілдемей, кеше мен бүгіннің басын қосып, шежіре шертетін Нұғыман Сатин сол директорыңыздың әкесі болып шықты. Әңгімесін әдемі әзілмен тұздықтап отыратын Нұқаң айтқан шежіре, сірә, ұмытылмас. Сапарымыздың соңғы күніндегі есте қалар оқиға Сәбит Мұқановтың ауылы болғаны даусыз. Қасқа жолдан бұрыс­ тау жерге көлікпен барамыз. Көлігімізді ауылдың ішіне кір­ гіз­бегеніне әсте де өкпелеген жоқпыз. Қасиетті жердегі кө­ шені бұзатын бейсар үлкен көліктің кірмегені жақсы. Бүкіл ел құрметтеген Сәбеңді ауылы құрметтейтініне күмәніміз жоқ еді. Солай да екен. Ауылға кіре берістегі аршыған жұмырт­ қадай әдемі мектеп, сол құрметтің бір белгісі дерлік. Бір топ адамдардың беталысын аңғарса да, қолдарында тая­ ғы бар, жаяулап келе жатқандарға ауыл таңдана қарай­тындай. Шамалыдан кейін бойы үйренген балалар қиястай келіп, сәлем бере бастады. Жаздың жаңбырдан соңғы жаймашуақ күнінде сыртқа шығып отырған үлкендерге біз де сәлем беріп өттік. Киелі ауылдың адамдарына ұлы Сәбеңе жерлес болғандығы үшін де құрмет көрсеткің келеді. Сәбеңнің ескерткішіне тағзым еттік. Өзінен бұрын дүние­ ден озған ұлы жерлесіне, замандасына, жазушылық үлкен жо­ лындағы серігіне Ғабең де осында келіп талай тағзым еткен шығар-ау.

Мұражай да Сәбең дүниесіне кіргізіп жібергендей. Мол денесіне лайық киімдерін көргенде де осынау халықтың өзі­ нен ажырағысыз тұлғаның қарапайым да, қасиетті бейнесі көз алдыңа көлбеңдеп тұра қалады. Сол адамға қатысты нәрсенің бәрі қасиетті. Қасиетті үйден жанымызға жақсылық құйып шықтық. Тойымсыздық дейтіндей емес, жақсылық көбірек болғанын қалайтынымыз бар ғой. Осы Сәбеңнің мұражайы әлі де то­ лыға түскені жөн-ау дейсің. Мұнда жұрт келіп жатады. Сә­ беңе қатысты дүниелер табылады ғой, солар осындағы бөл­ мелерді толтырып тұрса, көргенге де жақсы. Басқасын бы­лай қойғанда, жазушының басты мұрасы – шығармалары то­лық қойылса, артық емес-ау. Бұрын да, кейін де Сәбең мен Ға­ беңнің ауылы көп араласып тұрған ғой. Достық, ағайындық бар, ол заңды да. Аттылыға екі-үш сағаттық жол, мәшинеге тіпті тиіп тұр. Ал жаяулыға сапардың ең соңғы 20 шақырымы әжептәуір жер екен. Святодуховқа ауылынан Жаңажолға бір деммен, тоқтамай жүргенді жөн көрдік. Шаршамадық деген енді артықтау сөз, жалған сыпайылық болады. Бірақ осы бір жерде Ғабең туған, осында оның басқан аяғының табы бар, мынау керемет табиғатты тамашалаған, осынау туған жердің әсем көркі оның көңілін әлдилеген деген ой бізді де сергітіп, қанаттандырғаны анық. Әсіресе, сапаршылардың ішін­дегі ор­ ман-тоғайы сиректеу оңтүстік, батыс өңірлерінің аза­матта­рына бұл айырықша әсер қалдырып келеді. – Жаңажол анау! – деді бұрын көргендер. Шынымен-ақ же­ тіп қалдық па? Бұл өңірдің бір көркі көл екен. Жаңажол көлдің ар жағында. Мынау әсем дүние бірауық жұрт көзін ала, сол көлге бір шомылып алатын сияқты. Құлағдар ел бізді шашу шашып қарсы алды. Армысыңдар, Ғабеңдей ұлыны дүниеге әкелген ардақты ел! Сол кемеңгер перзентіңді құрметтеп біраз жерден жаяулап сапар шегіп кел­ дік! Біздің көңілімізді Ғабең елі қалтқысыз түсінді. Бізді қол­ паштап құшағына алды. – Елтінжал, «Қыз қарағай» қайда? – дедік біз мынау кере­ меттің ішінен керемет іздеп. – Оны ертеңге қалдырайық, – деді бастаушымыз Таңат бау­ ы­рымыз. – Бүгінгі жүрістеріңіз алдымен жақсылап дема­лып алуға лайық. Ғабеңнің мұражайын да таңертең көрсе­ңіздер... Келісуге тура келген. Бізді «Есеней» шаруа қожалығының жетекшісі Ғабиден Сұлтанғазин өз үйіне алып кетті. Жұрттың

бәрі сол той жабдығымен жүргендей. Ортақ парызға бәрі де үлес қосқысы келетін сияқты. Лайықты үлес тигеніне қуаныш­ ты. Ғабиден бауырымыз да үлесіне біз тигенге мәз. – Бүгін жақсылап дем алыңыздаршы. Ертең «Қыз қара­ ғайды» көрсетемін, – деп жұбатады ол. – Той қызығы түстен кейін ғой. Оған дейін бәрін көріп үлгереміз... Қанша шаршасақ та ерте тұрдық. Ғабең ауылының таңы қалай ататынын көргіміз келген. Күні жадырап шықты. Дәл кеше таңертең жаңбыр жауған. Ертең де солай болар ма екен деп қорқытқаны бар. Керемет десең, біреу сенер, біреу сенбес: айлап жаңбырлатқан күн, міне, тойдың алғашқы күні жадырап сала бергені бар. Әулиедей Ғабеңнің әруағы қолдады деп жа­ тыр біреулер. Ерте барып Ғабит Мүсірепов мұражайын да көрдік. Ауыл­ да мұндай рухани орталықтың болғаны – үлкен жетістік. Дәл осындай жетістігімен өркениетті елмін дейтіндер мақтана алар ма екен? Бұл да елдің ұлы перзентіне құрметі. Бұл ауылдың жерінің бәрі киелі дерсің. Сөйтсе де, Ұлпанға арнап салынған кесененің орны бәлек. Оның да Ғабең өзінің «Ұлпан» романымен қабырғасын қалағаны белгілі. Сол жерде Есеней, Мүсірептер жатыр. Аяқ бүгіп, бата жасадық. Бұл өңірдің бәрі керемет сұлу. Сөйтсе де, біз «Қыз қара­ ғайды» іздедік. Оның да бізге тым жақындау болатын бір жа­ йы бар. «Қызқарағайға» арналған «Қызқарағай» әнінің сө­зін жазған Мақсұт Әубәкіров – біреуімізге университетте бірге оқыған курстас дос болса, екіншімізге жерлес, сыйлас бол­ ған азамат еді. Қазір дүниеден өткен. Кезінде Ғабеңнің ұнат­ қан інілерінің бірі болып, ұлы жазушының еліне барған бір сапарында қызмет те көрсеткен. Бұл ән сол сапардан кейін туған. Әннің сазын жазған Жоламан Тұрсынбаев. Ол жайында Мақсұт Ғабеңнің 90 жылдығы кезінде «Қазақ әдебиеті» га­ зетіне «Қызқарағай» дейтін новелла-естелік жазып еді. Әдемі дүние болатын. Бәрін түгел оқысаң, ұлы Ғабең туралы жаңа бір ой түйер ең. Сөйтсе де одан бір үзінді келтіре кеткен артық емес-ау. «Тағы да біраз жер жаяу жүрген соң шағын алаңға шықтық. Күн еңкейіп, көлеңке көлденең түскен сәтте сәл-пәл қарауытқан алаңның дәл ортасында көздің жауын алып бір ағаш текті тұр. Жаздың жалпағында әлдекім жаңа жыл тойын тойлау үшін көшіріп әкеп орната салғандай. Және де жанжағын шарбақпен қоршатып қойыпты. Айналасындағы ақ қайыңдардың жел өтінде жаудыраған жапырақтары арасынан

сыналап кірген күн сәулесінде әлгі ағаш тектінің түр-тұлғасы үстіне жасыл жібектен күлте етек көйлек киген бойжеткенге келеді. Мен оның сүйріктей ұшар басын әлдебіреудің боса­ ғасын аттағалы тұрған бейкүнә қыз балаға жеңгесі жаңа ғана кигізген сәукелеге ұқсатамын». Бүкіл қарағай, қайыңы аралас орман ішінде жалғыз өскен шырша. Соны Ғабең тауыпты. Және «Қызқарағай» атапты. Сөйтіп, Ғабеңнің ауылында өсіп тұрған бір ағаш сұлу аңызға айналып кеткен. Соны барып көрдік. Сүйсіндік. Қасиетті «Қызқарағайдың» қасына ескерткішке суретке де түстік. Бұл шын мәнінде ұлы жазушының көзіндей болып көрінетін, ешбір мүсінші жасай алмайтын ғажап ескерткіш. Ғабең ауылына жолы түскендер оған соқпай кетпейді. Барған адам ғажап әнді естиді: Ауылында бар ағаның қызқарағай, Тал бойында бір мін жоқ қыз баладай... Тағы да: Ыстықта да, суықта өңін бермес, Өзі ме екен Ағаның қызқарағай... Ұлы Ғабеңді әлдилеген осы өңір керемет ән шырқап тұ­ра­ ды. Оны Ғабең бәрімізден жақсы естіген шығар-ау. Біз өзіміздің сапар-тағзымымызды ұлы жазушыға алтын бесік болған туған жеріндегі осынау әдемі ескерткішке тіреп аяқтадық. Бүгін-ертең бұл өңірде үлкен той. Ол жайында әңгіме бас­ қа. Оған сапаршылардың қатысы жоқ. Ол – басқалардың ең­бе­ гі. Әркім ұлыларға өзінше құрмет көрсетеді, ізет жасайды. Біз де ұлы қаламгерге өзімізше тағзым еттік. Алматы – Астана – Петропавл – Жаңажол.

Жетінші сапар ДАУЫЛПАЗ ЖЫРҒА УАҚЫТ БАС ИДІ «Егемен Қазақстан» газетінің дәстүрлі жаяу сапары Атыраудан Махамбет бабаның мәңгілік жатқан жері – Қаройға дейін жалғасты Ұлы Махамбет еліне жаяу сапар көңілімізде көптен жүр­ ген ой еді. Оның сәті тамыз айының аптап күндерінде түсті. Орайы солай келген соң, бас тартпадық. Ұлы ақын осындай күндерде қоңыр салқын леп есіп тұратын Жайықтың бойын жағалаған шығар. Біздің де жолымыздың біраз бөлігі ұлы өзен­нің бойымен өтпек. Бағытымыз – Махамбет елі. Елі дегенде,ұлы ақынның ту­ ған, өмір сүрген өңірі. Әйтпесе, үлкен ұстазымыз Зейнолла Қабдолов айтқандай, «Махамбет елі – бір ғана Атырау аты­ рабы емес, Атыраудан Алтайға дейін керіле көсіліп жатқан ұшы қиырсыз кермиық кербез дала...» ғой. Қазыналы өңірдің орталығы – Атыраудан ақын көз жұмған Қаройға жаяу жүріп барып, зиратына зиярат етпекпіз. Мына техниканың заманында, оның ішінде, ұшқан құстан да жүйрік көлік көшеге сыймай жүрген заманда жаяу жүрген біреулерге оғаштау көрінер. Мейлі, көріне берсін. Бұған біздің көзқарасымыз басқаша. Бұл жайында бұған дейін талай рет айтып та, ісімізбен де көрсеткенбіз. Оған тағы да соқпай кетуге болмайтындай. Ұлы тұлғалардың басына жаяу сапар ұйымдастыру – «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінде дәс­ түрге айналған бастамасы. Ол «Ұлылыққа тағзым» деп ата­ лады. Осыдан сегіз жыл бұрын ұлы Абайдың 150 жылдық мерей­ тойы қарсаңында дүниеге келген. Өз сөзімізді өзіміз қайта­ лады деп оқырман сөкпесін, бұл бастаманың мақсатын сонда былай тұжырымдаған екенбіз: «Абай еліне барған сайын, ұлы бабамыздың табаны тиген жерді мәшинемен желіп өт­ пей, үнемі болмаса да бір рет желіне кеудемізді тосып, кү­ ніне жүзімізді тотықтырып, мынау кең далаға көңілімізді су­сатып, жаяу жүрсек-ау деген армандай ой қажай беретін. Тек біз ғана емес, басқалар да солай етер болса, мұның өзі ұлылыққа тағзым ету, Абай әлеміне тереңірек үңілу, үңіле отырып, әркімнің өзіне-өзі есеп беруі, ұлылық алдында ары­ луы болар еді-ау...». Бәлкім, қазір жаяу сапардың маңыз-мақсатын бір­ша­ма

басқаша тұжырымдар едік. Оған сол алғашқы сапар­дың өзі, одан кейінгі сапарлар біршама өзгертулер жаса­ды. Бұ­рын­да­ ры оны сол жаяу сапаршылардың өздеріне қатыс­тыра айт­ сақ, оның ауқымы кеңдеу екен: ол сол сапарларды көретін адам­дарға да қатысты екен, жауапкершілігі де, жұртқа әсе­рі де тереңдеу екен. Әр сапар сайын оған көзіміз жете түскен. Осы мерзімде біз алты жаяу сапар өткіздік. Бәрінде де жұрттың ықыласын көрдік. Жұрт таңданды, оғаш сана­ған жоқ, құрмет көрсетті. Абайдан соң, Жамбылдың 150 жыл­ дығы құрметіне оның мұражайына барған сапарымызда жол­дағы Қарасай, Жамбыл ауданының жұртшылығы алды­ мыздан шықты. Ал Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына орай сапарымызды Аягөз қаласынан бастағанымызда, қала жұрт­шылығы заңғар жазушыға деген құрметін көшеге шы­ ғып білдірсе, одан әрі Абай ауданының тұрғындары ескі та­ ныстарындай қарсы алған. Павлодардан басталған Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған сапардың басым көп­шілігі Баянауыл ауданында өтті де, олар өздерінің ұлы жерлестеріне деген құрметін бізбен бірге жарыса жү­ріп білдіргені бар. Түркістандай киелі қаланың 1500 жыл­ды­ғы­на арналған сапарға қатысушылар сансыз баб жатқан Сайрам­ нан бастап, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне жеткенше жұ­рт құрметіне бөленді. Былтыр Ғабит Мүсіреповтей сөз зерге­рінің 100 жылдығы кезінде Солтүстік Қазақстан облы­ сы жұртшылығының өз жерлестерінің мерейін көтеруге құл­шы­нысын көріп, сүйсінгеніміз бар. Осы сапарлар кезінде көңілге түйген басты ой – халық қашанда ұлылар төңірегіне топтасады екен, ұлы тұлғаларымыз ел бірлігінің алтын қа­ зығы екендігін түсіндік. Жұрт ұлыларымыздың руын айт­пай­ ды, халқымыздың ортақ перзенті екенін, ортақ мақ­та­нышы екенін, олардың ұлы мұраларына сүйіспеншілігін айта­ды. Ұлыларға тағзым ету сапарымыздың алғашқысы ұлы Абай­ға арналса, мынау жетінші сапарымыздың поэзияның Ма­хамбеттей дарабозына арналуы да сабақтастай көрінеді. Екеуі де ұлтымыздың ақыл-ойының ұлы шыңдары. Өмірдің те­реңіне бойларда ұлы Абайға жүгінсек, намысқа қамшы са­ лар тұста ұлы Махамбетке жүгінеміз. Бұл шыңдар ешқа­ шанда халқымыздың назарынан түспейді. Қашанда сол шың­ дарға ұмтыламыз. Бұл жолғы сапарымыз туралы ойымызды әуел бастан-ақ Атырау облысының әкімдігі қызу қолдап қарсы алған. Мұ­ ны естіген Халықаралық Махамбет қорының басшылығы да

өз қамқорлықтарын көрсететіндіктерін білдірді. Ойлар бір арнада табысып жатса, оның нәтижесі де ойдағыдай бола­ тыны бар. Осындай көтеріңкі көңілмен жолға шыққанбыз. I. Ақын Атыраудан алысқа қарайды Атырауға, Алматыша алғанда, кешкісін жеттік. Сағат он жа­рымды көрсетеді. Бірақ күн жап-жарық. Уақыттың екі сағат­тық айырмашылығы барлығын бұрыннан білсек те, бұл өзі біртүрлі әсер етеді екен. Әсіресе, оның іштей әсері, оймен па­йым­дағандағы әсері күштірек. Еліңнің ұлан-ғайырлығын аң­ғарасың. Бір шетінен екінші шетіне жеткенше екі сағаттық айырма болғандығы – еліңнің үлкендігі, сол елдің о шеті мен бұ шетінің бір-бірімен рухани тұтастығы да күштілігің. Сол тұтастыққа, бірлікке дәлел көп: Басқаны былай қойғанда, осы Махамбеттің тойының өзі үлкен дәлел. Жұрттың жадыраған көңілі, бір-біріне іштарта қарағаны, қуанышыңа ортақтасқаны дәлел. Сапаршыларды облыстық, қалалық әкімдіктерде белді қыз­ меттерде жүрген Кеңес Қосыбаев, Еркін Қадырғалиев, Мұ­ рат Мұртазаев сияқты азаматтар алдынан шығып қарсы алды. Өз жерлестерінің абыройын көтеріп, сыйлай келген жол­шы­- ­ларға қазақы көңілмен көрсетілген қошемет. Қаланың ең бір саялы, тыныш аймағындағы, шағын да болса, барынша қо­ лайлы қонақ үйге жайғастырды. Осы бір ілтипаттан Ма­хам­ беттей ұлы ақынға екі жақты құрметті, ортақ ықыласты аңғар­ ғандайсың. Бұл сезім сенің көңіліңді өсіреді. Бізге сол күні кеш батпағандай көрінген. Алғашында күн батпай тұрса (мұнда жергілікті сағат сегіз екен), сонан соң ақ­ самала жарық қалаға ендік те, одан бөліне алмадық. Қа­ла той қарсаңында жаңаша жасаныпты. Оны бұрын көріп жүр­ген­ дер де, жаңа келгендер де аңғарады. Оны өзің бұрын бол­ған жермен салыстырып байқайсың. Уақыт әжептәуір болса да, қаланың көп жерінде құрылыс жұмыстары жүріп жа­тыр. Кеш батпағандай етіп көрсетіп тұрған да бір жағы солар. Қарбалас жұмыс жүріп жатқан соң кеш батпағандай көрінеді екен. Ал мұнда сол құрылыс жұмысының қай уақытта толастарын кесіп айту қиын шығар. Тойға дейін бітіретін шаруа көп ұқсайды. Қарсы алушылар біздің демалғанымызға құлықты. Жолдан шаршаған болар дейді. Сапаршылардың қаланы әлі де көргісі келеді.

– Көргендеріңізді қалаймыз, бірақ алдағы жаяу жүріс­ те­ріңізге шаршап қалып жүрмеңіздер, – дейді қала әкімінің орын­басары Мұрат бауырымыз. – Ертең қалада боласыздар, елмен кездесесіздер, – деді ішкі саясат департаментінің директоры Кеңес те оны қостағандай болып. Түнгі Атырау бізге қонақжай, көпшіл қала болып көрінді. Күндізгі Атыраудан алған әсеріміз де аз болған жоқ. Бәл­ кім, тойға әзірліктің арқасы шығар, қала айрықша ажарлы. Әң­ гіме еңселі үйлерде, асфальт көшелерде ғана емес. Кейде ас­ панмен таласқан ғимараты көп Батыс қалаларын аралағанда, онда әлдебір сұрғылт күш еңсеңді басып тұрғандай көрінетіні бар. Мұнда үйлер жайдары, ажарлы. Жалпы Атырау туралы, оның сонау Гурьев аталған кезі ту­ ралы көп еститінбіз. Бірде атақты Шәмші ағамыз Қалдая­қов­ тың мынадай бір әңгіме айтқаны бар: – Жолым түсіп бұл қалаға келе қалдым. Күзгі аласапыран кез еді. Әуежайдан қалаға таксимен жетіп, бір таныс табылар деп редакцияға соқтым. Такси есіктің алдына түсірді де кетті. Енді сол есікке жете алсамшы. Батпақты жалдап, ішке кір­ генше, туфлиімді жоғалтып алдым. Жігіттерге рахмет. Туф­ лиімді де тауып, жуып берді, оған қоса, бір резеңке етік сый­ лады. Онсыз мұнда күн жоқ екен, – деген Шәкең. Қазіргі ұрпақ оған сенбейтін шығар. Қаланың шетіне көп шыға қойғанымыз жоқ. Біраз жерін араласақ та, асфальтсіз жер кездеспеді. Бұл ретте ол еліміздің көп қалаларынан жо­ ғары тұрғандай көрінді. Көшені жөндеу, қаланы жаңарту кө­ ше­лері осында Иманғали Тасмағамбетов әкім болған кезде ай­рықша қолға алынғанын жұрт жыр ғып айтады. Одан кейін де біраз іс тындырылыпты. Әсіресе, ұлы Махамбеттің тойы қарсаңында қала ерекше ажарлана түскен. Сол күні біз атыраулықтардың біразымен кездестік. Ресми кездесулерді былай қойғанда, қарапайым тұрғындардың ау­ зынан естіген әңгімелер жадымызда қалды. «Бізге бабала­ры­ мыз көп көмектесті, – дейді олар. – Қараңызшы, қаламызда оларға арналған қанша ескерткіш бар екен. Бәрі де қаланың көрнекті жеріне айналған. Бәрі қосылып, қаламызды көр­кейт­ ті. Әр ауыздан шыққан сөз түрленіп айтылар, бірақ мазмұны осыған келіп саяды. Осы сөздерді айтады да, олар сол ұлы бабалардың атын тізеді: Бейбарыс, Құрманғазы, Дина, Қаныш Сәтбаев... Иә, Бейбарыс сұлтан ескерткіші... Онсыз қазір Атырауды

көзге елестетуге болмайтындай. Ол қала көркі ғана емес, руха­ ни құндылыққа айналған. Тарихты қастерлеу, өткенге құр­мет осындай-ақ болар. Бәлкім, жергілікті өкімет адамдары өз ме­ кемелеріне кірер сәтте айбынды бабаларының сесін аңғарар да, өзіне жауапкершілік арқалар. Осында Бейбарысқа алып ескерткіш орнатылғанын есіткен ұлтым дейтін қазақтың бо­ йын мақтаныш сезімі билемегені жоқ шығар. Бұл ескерткіш байтақ қазақ даласының әр қиырынан көрініп тұрады. Құрманғазы ескерткіші, Құрманғазы алаңы. Ұлы күйшіге құрметтің шапағатын көріп отырмыз деген атыраулықтардың сөздері ып-рас. Мұнда келіп, әдемі алаңда серуен құрсаң, жа­ ның жай тауып қана қоймайды, ұлы даланың күмбірлеген кү­йін естіп, көкірек көзің ашылар. Ұлы күйшімен сырла­са­ тындар да аз болмас. Сол күй атасы күркіреген күй шығарып қана қойған жоқ, ол: «Исатай мен Махамбет өкіне ме екен өлдім деп» деген сөзді де айтқан адам. Мұнда ешқашан бол­ маған адамның өзі Құрекеңдей ұлы тұлғаға Атырауда ескерт­ кіш бар деп қуанады. Кемеңгерлік пен аналық мейірімді бір бойына сыйдырып тұрған Дина апамыздың ескерткіші алдында еріксіз ойға қала­ сың. Дәл осындай ескерткіш басқа қандай елде бар екен? Бізге тарихын ұқтырған солтүстіктегі көрші елде Дина апамыздай кайраткер-әйел бар ма екен және оған осындай ескерткіш ор­ натылған ба? Әйтпесе оңтүстігіміздегі бауырлас елдерде ше? Ал бізде бар. Ол – Атырауда. Мақтанарға тұрарлық. Әр сапар кезінде ұлы тұлғаларымыздың ел бірлігінің тұт­ қасы екеніне көзіміз жетті десек, оны осы Атырауда тағы да нақтырақ көрдік. Ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевқа ес­ керт­кіш соны бізге түйсіндіргендей болған. Қанекеңнің ұлы­ лығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, ол халқымыздың ортақ ұлы перзенті екендігін көзі тірісінде ісімен дәлелдеп кеткен. Осыдан төрт жыл бұрын Ұлттық Ғылым академиясының негі­зін қалаушының 100 жылдық тойы кезінде оның туған жерінде жаяу сапарда болғанымыз бар. Халықтың қоше­метін көргенбіз. Халықтың ұлы жерлестеріне ескерткіш орнат­қа­ ны­на сүйсінгенбіз. Оны заңды санағанбыз. Сондай еңсе­лі ес­ керткішті Атыраудан көріп, біздің көңіліміз айрықша өрек­піді. Ел өзінің ұлы тұлғаларының төңірегіне осылайша топ­тасса болар дедік. Олар бүкіл қазаққа ардақты. Және қазақтың Исатай мен Махамбет дейтін ұлы тұлға­ ларына арналған мемориалдық кешен сол Сәтбаев атындағы көшенің бойында екен. Неткен үйлестік!

Ал бұл мемориалдық кешен туралы әңгіме көп. Ол әлі көзден таса. Ұлы той күні ашылады. Ал Исатай мен Махамбет бейнеленген ескерткіш біз қалаға алғаш келген күні әлі жолда келе жатқан. Алға озып айтатын бір жай: біз ұлы Махаңның басына тәу етіп оралған кезде, ескерткіш орнатылып үлгерген екен. Бірақ әлі де жалпы халықтық назарға ұсынылмай, шы­ мыл­дық ішінде тұрды. Сөйтсе де ол жайындағы мағлұматтан хабардармыз. Үлкен өмірде жұбы жазылмай өткен Исатай мен Махам­ бетті ажыратуға болмайтындай. Бұл да тарихи ерекшелік. Рас, тарихта екі үлкен тұлғаның достығы, ортақтас қызметі кез­­ деседі. Бұл ретте құлағымызға сіңісті болған Маркс пен Эн­ гельстің, Ленин мен Сталиннің жұптастығы оралады. Сөйт­се де олардың жұптастығы, дәл Исатай мен Махамбеттей емес. Оларға қаншама жеке ескерткіштер орнатылған. Ал Иса­тай мен Махамбетке олай етуге болмайтындай. Мерейтой Ма­ хам­беттің 200 жылдығына арналып жатса да, оған ар­нал­ған ескерткішті Исатайдай серігінен бөліп орнатуды та­рих кеш­ пейтіндей. Ол тарихи шындыққа сыйыспайтындай кө­рі­неді. Сірә, бұл да Махамбеттің найзағай жырындай тарихи феномен шығар. Сөйтіп, халық күткен, жақын уақытта көретін ескерткіштің кейбір көрсеткіштері бізге белгілі: ат үстіндегі бабалар ес­ керткішінің биіктігі 5 метр 20 см., олар мінген аттың ұзын­ дығы да 5 метр болмақ. Ескерткіштің салмағы – 15 тонна. Осы­нау ескерткішті оның сыртындағы «Халық көтерілісі» деп аталатын барельефтік жобалар толықтырады. Олардың ұзын­ дығы 12 метр, биіктігі – 3 метр 80 см., ал 16 монументтік тасқа Махамбет бабамыздың ұлы жырлары қашалып жазылған. Мемориалдық кешенді су бұрқақтары, гүлзарлар, әсем шыр­шалар толықтырмақ. Сондай-ақ енді 10 метрлік биік­ тік­те теледидар экранын орнату көзделген. Сөйтіп бұл мемо­ риалдық кешен өзінің сәулеткерлік келбетімен, қала­дағы ең бір таңдаулы орынға айналады. Онда барған қала тұрғындары мен қонақтар басқасын былай қойғанда, Махам­беттің отты өлеңдерін оқып қайтқанның өзінде, үлкен рухани күш ала­ тыны анық. Осынау ескерткіштен ұлы жыршы қазақтың ұлы даласына қарап тұратын болады, оның жыры бүкіл халыққа естілетін болады. Жаяу сапарға қатысушылар қаланы аралаған кездерінде бір­аз нәрсені өз көздерімен көрсе де, Махамбет бабаның ұлы тойына арналып жасалып жатқан шаралардың бәрін ара­лап

көруге мүмкіндіктері жоқ еді. Оны әкімдікте болған әң­гіме толықтырды. Сапаршылармен бұған дейін сырттай байла­ ныста болып, үнемі жағдаймен хабардар етіп келген облыс әкімінің орынбасары Рәшила Қабиқызы Мұрсәлиева ханым осы үлкен той мәселелерімен Астанада сапарда болғандықтан, қонақтарға бұл жайындағы әңгімені облыс әкімі аппаратының жетекшісі Сәлімхан Нақбаев мырза айтып берді. Жалпы облыста Махамбет тойына бағытталған шаралар көп. Оның бәрін түгендеп айту да қиын. Әсіресе, ұлы ақын­ ның шығармаларын насихаттауға байланысты көп шаруа тын­дырылған. Бұл ретте бүкіл облыс көлемінде дауылпаз ақын жырларын жаттап жүрген жас ұрпақты алдымен айтқың келеді. Әр мектеп, әр ауыл бұл жөнінде бәсекеге түскендей. Алдымен соған қуанасың. Ал сонау Алматы, Астанамен бір­ лесіп, ұлы ақынның төл туындыларын, ол жайында шыға­ рылып жатқан кітаптарды санап шығу да оңай емес. Кино­ фильмдер түсірілген, әлі де түсіріліп жатыр, альбомдар шыға­ рылып жатыр. Басқасын айтпағанда, «Махамбет елі» деп ата­ латын түрлі-түсті безендірілген кітаптың, 20 томдық «Ма­хам­ бет кітапханасының» шығарылуының өзі неге тұрады! Көңілді өсіретін көп нәрсені жұрт үлкен тойға дейін көріп те үлгеріпті. Тіпті сонау көктемде Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оңғарсынова, Тұманбай Молдағалиевтер бас болып келіп, Ма­ хамбетке арналған «Поэзия күндерін» өткізгені жұрт аузын­ да аңыз болып жүр. Ол жайында плакат-күнтізбе де шыға­ рылыпты. Той әлдеқашан басталып кеткендей көрінеді. Халық соның ішінде жүр. Әкімдік алдымызға көп цифрды тосты. Ол жақсы істердің дәлелі. Оны ұлы ақынның халыққа жасаған шапағаты ретінде қабылдағың келеді. Ақынның: «Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім» дегені бар. Махамбет баба мұны бір жарым ғасыр бұрын айтқан. Махаң бүгін айтса, басқаша айтатын шығар, қала салдырсам, кең даланың байлығын халыққа берсем дер еді-ау дерсің. Бүгінгі Атырау сол арманның орындалғанындай көрінеді. Біздің сапарымыздан хабардар әріптестерімізбен де кезде­ суге тура келді. Мұндағы билік басындағылар журналист қа­ уымға қамқорлық жасап, әсем «Атырау-ақпарат» баспасөз үйін салып берген екен. Әріптестеріміз бізді сонда шақырды. Сұрақ көп. Мақсаттарың не, дейді. Ұлы ақынның рухына тағзым ету екенін айттық. Сапарға катысушылардың құра­

мын сұрайды. Таныстырдық. Реті келіп тұрғанда оны оқыр­ мандарға да айта кеткен жөн сияқты. Бұл өзі «Егемен Қазақ­ станның» дәстүрлі акциясы болғандықтан, оған жетекшілік ету бұған дейінгі алты сапарды басқарған Мамадияр Жақыпқа жүктелген. «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімұлы мен газетіміздің Семей өңірі бойынша тілшісі Дәулет Сей­ сенұлының бұл енді алтыншы сапары болмақ. Бұған дейін са­ паршылардың «тұрақты» мүшесі болып келген Зейнолла Се- ­рікқалиұлының бұл жолы катыса алмағаны өкінішті-ақ. Оған басқа бір қауырт істер бөгет жасады. Оның есесіне жаңа мү­ шелер бар. Геолог, Исатай-Махамбет көтерілісінің карта­сын жасаған Молдияр Серікбаев пен ақын Сейфолла Оспа­нов Ал­ матыдан еріп келсе, осы Атыраудан облыстық ішкі сая­сат де­ партаментінің бөлім бастығы Абат Кенжеғали мен басылым­ ның осы облыстағы тілшісі Жолдасбек Шөпеғұл қо­сылды. Біраз әріптестеріміз бірге жүргісі келетінін білдірді. Әрине, оларға қарсылық жоқ. Тек ертеңгісін сағат жетіге жетпей Иса­ тай мен Сәтбаев даңғылындағы алаңға шақырғанбыз. Алдын орап айтайық, тілек айтқандардың біразы келе алған жоқ. Атырауда болғанда көлденең жатқан Жайықтан олай да бір, бұлай да бір талай өттік. Бірде Азияға, бірде Еуропаға шық­тық. Өзгере қалған дүние жоқ. Екі әлемді бірдей құшып жат­қан ұлы өзен құдіретті ме, жоқ екі жағаға да тамырын терең бойлатқан ел құдіретті ме, бұл маңда дүние бөлінбейді, адамдар бір, көңіл бір. «Айналайын Ақжайық, Ат салмай өтер күн қайда?» деп армандаған екен ғой найзагер ақын. Мынау жайдары ағып жатқан Жайықтан өткен сайын бұл да бір ақын­ ның арманының орындалғаны шығар деген ой келеді. Әсіресе түнгі Ақжайық керемет сұлу. Тамыздың қапы­рық­ тау түнінде Жайықтың жағасына барып, ұзақ жүрдік. Бізден басқа да жұрт көп екен. Бұл өзен мейірленіп ағып жатыр. Біз ертең жолға шығамыз. Жайықты жағалай, ұлы бабаның жат­ қан жеріне бет аламыз. II. Жайықтың бойы көк шалғын Бозала таңда тұрып, Атыраудағы Қаныш Сәтбаев және Иса­тай Тайманов даңғылдарының қиылысар тұсындағы алаң­ ға келгенде, біраз адамның жиналып қалғандығын көрдік. Барлығына бас болғандай, биік тұғырдан Қанекең қарайды. Осыдан төрт жыл бұрын оның да туған жеріне тағзым ете

барғанбыз. Енді, міне, қазақтың тағы бір ұлы перзентіне тағ­ зым етуге сапарға шыққалы тұрғанда, Қанекең бізге көппен бірге сәт сапар тілейтіндей көрінді. Мынау тамыздың аптап күнінде ыстыққа ұрынбайық деп, ерте қамдансақ та, мұндағы жиналған жұрттың қара­сы әжептәуір. Көпшілігі әріптестеріміз: біздің сапары­мызды көр­ сетпек ойда болса керек. Ендігі бір топ жол бастаушы­лары­ мыз екен: Махамбет ауданы әкімінің бірінші орынбасары Қуат Ақкөзов, әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Асхат Қаб­дешов, «Хан ордасы Сарайшық» мемориалдық кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовтар бұрыннан таныс-біліс адамдардай емен-жарқын әңгімеге араласты. Жол мұраты – жету, көп аялдамай Қаныш аға ескерткішінің түбінен Исатай баба даңғылына түсіп, Махамбет бабамыздың аруағына тағзым ету үшін оның атындағы ауданға бет түзедік. Қала енді оянды десек те, сірә көбі тойдың қамы болар, кө­ шеде көлік көбейіп, тұрғындар да қара көрсетіп қалыпты. Таң атпай жолға шыққан жаяу жүргіншілерге тандана қарайды. – Анау Жайық өзені, – дейді Молдаш Бердімұратов назары­ мызды оң қапталға аударып. – Елді мекендердің бәрі өзен жа­ ғасында. Кезінде отаршыл орыстар мекендеген. Содан да атау­ ларының көпшілігі орысша. Сол ауылдардың тұсына кел­генде, қасқа жолдан бұрылып, ауылдарға соға жүреміз... Облыстық әкімдіктегі азаматтар жол картасын күні бұрын әзірлеп, қай күні, қай уақытта, қай ауылда болатынымызды сызып та қойыпты. Жайықты жағалайтын қасқа жол бар. «Жа­ йықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз» деп ұлы ақынның өзі жырына қосқан ұлы өзеннен алыстап кетпейміз, көзімізге үнемі көрінеді де тұрады. Иә, бұл Махамбеттің өміріне етене жақын, жырларына ар­қау болған Ақжайық. Барша қазаққа аяулы өзен. Кең бай­ тақ қазақ даласының бір шетін көмкеріп жатқан ұлы өзен. Бұрынғы сапарларымыз кезінде шығысымызда Қарт Ертіс­ тен, оңтүстік батысымызда Дария Сырдан өткеніміз бар. Осы бір қасиетті үш су қазақ жерін қаусырып құшақтап жатқан­ дай көрінуші еді. Бұл өзендер жаттарға бұйырмауға тиіс. Мұрат ақынның «Еділді тартып алғаны, Етекке қолды салға­ ны, Жайықты тартып алғаны, Жағаға қолды салғаны» деп кү­ ңіренуі содан. Жайық пен Махамбет егіз ұғым. Махамбеттің жырлары болмаса, Ақжайықтың бейнесі күңгірт тартар еді. Жайық бол­ маса, дауылпаз ақын талай тұйыққа тірелер еді-ау. Елін қайда

жайлатар еді? Қаптап келген жаудан сан рет Жайықтан өтіп құтылғанына тарих куә. Сол қасиетті өзенді жағалаған жолмен келеміз. Облыс орталығынан 15 шақырымдай ұзағанда алдымыздан жол тосу­ шылар қарасы көрінді. Бұл Алмалы ауылдық округінің әкімі Исатай Қысантаевтың тобы екен. Қасында ауыл қарттары бар. Дәм-сусындарын ұсынып тұрып, біздің ұлы бабаға тағзымдық ниетімізге ризашылықтарын білдірді. «Ауылымызға жүріп, қонақ болыңыздар» деп шылбырға оралғандай болады. «Бұ­ рылуға мұршамыз жоқ» дейміз біз. Жолда кідіретін жеріміз бар – Чкалов ауылы. Ескі атау­ дан арыла алмай жүргені болмаса, қазақы жер. Берекесін қа­ шырмаған, ынтымағы жарасқан ауыл деп естігенбіз. Сонда жұртпен де кездесуіміз керек. Ауыл иесі Гүлнәзира Жайлашова деген қарындасымыз екен. Мамандығы – дәрігер. Елдің жағдайын білесің деп әк­і­м­- ­дікке тағайындапты. Әзірге жұрттың көңілін тапқан сыңа­ йы бар. Үлкені бар, кішісі бар, оның сөзіне тоқтайтын сияқ­ ты. Өндірістің үлкен ұйымдастырушысы атпал азамат, осын­­ дағы «1 Мамыр» акционерлік қоғамының президенті Аман­ жол Есқариев те оған жол ұсынады екен. Оның есесіне әкім де ауыл тұрғындарының игілігі үшін жұмыс істеп жатқан сол қоғамның да, оның президентінің де жұмысын жоғары бағалады. – Халықтың тұрмысы да, табысы да басқа жердегілермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары,– деді әкім. – Бұл «1 Ма­ мыр» акционерлік қоғамының арқасы. Осы шаруашылықта ауыл­дың 400-дей адамы еңбек етіп, жалақы алады. Әлеуметтік мәселелерді шешуге осы коғам демеушілік етеді. Десе дегендей екен, мұнда мал да өсіріледі, егін де егі­ леді. Өндірілген өнімді өткізетін жер де бар. Өздерінен арты­ латынды қалаға береді. Әсіресе, мұнайшылар оны қуана ала­ ды. Алдымен сырттан, алыстан әкелгеннен ол көп арзан. Оның үстіне сапасы жақсы. Келісім жасалған, өнімдерімізді қайда өткіземіз деп бұлар бас қатырмайды екен. Махамбет бабамыздың «Еділ мен Жайық жер еді-ау, Ме­ кен еткен шаруаға Жағасы қорған жай еді-ау» деп су бойы­ ның елге құт екенін айтып кеткені бар. Бұл ауылдың сол ата өсиетіне лайықты ісі бар екен. Тіпті кеше жаппай жекеше­лен­ дірілген тұста біраз жұрт не істерін білмей абдырап, қиналып қалған кезде де бұл ауыл сол бірлігінің арқасында, араларынан Аманжолдай білгір азаматтың шыққаны арқасында тарыға қой­мапты.

Бұл ауылдан соң бет алысымыз – Сарайшық ауылы, атақты «Хан ордасы Сарайшық». Төте жолға түстік. Атырау – Орал трассасына қайта түсу үшін он шақырымдай жол жүру керек, Жайықты жағалай төте тартсақ, тиіп тұр. Бұл шешіміміз дұ­ рыс болып шықты. Тоғайдың арасымен Жайықты жағалап, оның салқын лебіне кеудемізді тоса отырып, бір демде Са­ райшыққа да жетіп қалдық. Көне қаланың орнына келгенде әңгіме бұрынғыдан да әсер­ лене түскен. Жай сөз емес, заттай дәлел. Айшықты әңгі­меге мысал болып, хан сарайларының, үйлердің орындары жатыр. Ашық аспан астындағы мұражай. Әттең, ілуде бір әдейілеп барғандар болмаса, оған көп адамның жолы түсе бермейді. Шалғайда жатыр. Бұл – кезінде Ұлысу аталған Жайық өзенінің жағасына са­ лынған қала. Оның қазақ елінің астанасы болғандығына да дәлел-деректер жеткілікті. Х-ХІ ғасырларда Саксин қаласы­ ның орнына бой көтерген Сарайшыққа аптасына 700-1200-дей керуен келгеніне қарағанда, бұл Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болғанға ұқсайды. Және Сарайшықтың керемет қала болғандығы туралы араб саяхатшысы Ибн Батута сонау 1334 жылы жазба дерек қалдырған. Ол қалада жүзбелі көпір, әр үйде су құбыры болғанын айтқан. Мұнда жеті хан жерленген, соның бірі – айтулы Қасым хан. Тарих – тағлым. Сол тағлымға осы ауылдағы қала ту­ ралы мұражай кешенін көргенде де кезіктік. Бұл өзі тарихты құрметтеудің өнегесі деуге тұрарлық – Сәулет өнерінің үлгі­ сіне жатқызуға болатын сұлу кесене өз алдына, ал осын­дағы шағын мұражайды аралаған, оның иесі Молдаш Бердімұ­ра­ товтың әңгімесін тыңдаған адам рухани өсіп шыға келеді десе болғандай. Осы мұражайға кіре берісте көңілімізді селт еткізген бір экспонат болды, ол – Исатай-Махамбет бастаған көтері­ліс­ тің тарих-картасы. Оның авторы – өз сапарымызға қаты­су­ шы Молдияр Серікбаев. Осыдан біз Махамбеттануға әріп­ те­сіміздің де үлесі барлығын көріп, мерейіміз көтерілгендей бол­ды. Сарайшық қаласының бұл көтеріліске қатысына кел­ сек, онда 1818-1819 жылдарда Исатай түрмеде жатқаны сол картада көрсетілген. Сарайшық талай тарихқа куә қала. Ол еліміздің астанасы болғандығы өз алдына, орыстардың озбырлық саясатына да куә. Бүкіл аймаққа өнеге болған әсем қаланы Иван Грозный тағылықпен талқандаған. Олар өздерімен өркениет жағынан қатар тұрғандарды қаламады.

Исатай-Махамбет көтерілісі – тарихымыз, Махамбет жыр­ лары – рухани мұрамыз. Сарайшық қаласы – мемлеке­тіміздің куәсі. Тарих бірін-бірі толықтырып жатады. Біреуінен аттап өтпей, оған түйсініп қарау – парыз. Сарайшыққа қонып, ерте­ сіне одан рухтанып аттандық. Ендігі межелі жер – ақын атындағы ауданның орталығы. Атыраулық бір әріптесіміз Махамбет ауданында ақынның ізі жатыр, Индер ауданында өзі жатыр деп жазды. Бәрі де жөн. Сол ұлы тұлғаға қатысым бар, соны мақтаныш етемін, соған лайықты боламын дегендердің бәрін де қолдасаң ләзім-ау. Ал ақын атын иемдену – үлкен жауапкершілік. Махамбеттіктер сол жауапкершілікті айрықша сезінетінін аңғартты. Әңгіме – сапаршыларға көрсетілген ілтипатта ғана емес. Ауылдың бір топ жастары ақшағала киініп, алдымыздан шық­ қанда, оларға бас болып жүрген ауыл әкімі Нұрлыбек Ожа­ев­ тың майда қоңыр әдемі әңгімесін естігенде тебірендік. Көше бойында тұрған халық біздің осы жүрісімізге ризашылық білдіріп, қошемет көрсеткенде тебірендік. Дауылпаз ақын ба­ бамызға көрсетілген құрмет үшін тебірендік. Осы сәтте бізді тебіренткен тағы бір жай болды: Махам­ бет атындағы ауданның орталығындағы ең басты көше Абай атында екен. Ұзындығы – 3,5 шақырым. Бұл да ақын­дық­ ты құрметтеудің, сөз құдіретін бағалаудың, жалпы ұлыла­ры­ мызды ұлықтай білудің тамаша көрінісі дер едік. Абай мен Махамбеттің табысуының, рухани шыңдарымыздың тоғы­суы­ ның көріністері дер едік. Жақсылық қашанда адамға ой салады. Бізге Махамбет есімі еліміздің бас қалаларында аталған ба екен деген ой келеді. Атырауда Сәтбаев даңғылы бар, Павлодарда Махамбет көшесі бар ма? Білмейміз. Семейде ше? Алматыда, Астанада, бәлкім бар шығар, бірақ бас көшелер емес-ау, есте қалмапты. Бұрын болмаса, енді болатын жөні бар-ақ. Осы жерде Абай ауданының орталығы Қарауыл селосы да көңілге оралды. Онда Махамбет көшесі бар ма екен? Мұн­ да Махамбет ауданының орталығында селоның бүкіл хал­ қы­ның жартысы Абай көшесінде тұрып жатқанда, Қара­уыл­ да Махамбет көшесі болғаны жөн ғой. Осы сапарға қатысу­ шылардың үш мүшесі – Абай ауданының құрметті азаматтары. Олар ресми түрде Абай елінің басшы орындарының алдына Қарауыл ауылындағы бір көшеге Махамбет есімін беру жө­ нінде ұсыныс жасауға тоқтамға келді. Махамбет ауданы жұртшылығының той құшағында жүрге­

ніне көп болғандай. Сол Абай көшесін бойлай жүргенімізде оған көзіміз жетті. Ауылдағы барлық үйлер жөндеуден өтіп, ақталып, боялып дегендей, мерекелік сәнге бөленіпті. Бәлкім, мұнда үгіттеу сөзі де болған шығар, бірақ шаруаны бітірген тұрғындардың өздері екені анық. Әрине, той иесі болғандықтан, бұл ауданға біршама ар­ тықтау назар аударылатыны заңды ғой. Осы той қарсаңында ауданда бірнеше жаңа нысан бой көтеріпті. Алдымен жұрт бұл ретте мешітті ауызға алады. Бұрын оған үлкендеу үй бұ­ йырмай келіпті. Енді сәнді ғимарат бой көтерген. Оған Ма­ хамбет есімі беріліп, ол рухани орталықтың біріне айналмақ. Тағы бір маңызды нысан – Махамбет атындағы мұражай. Мұражай бұған дейін ескі ғимаратта екен. Сөйтсе де ол жұрт айрықша бағалайтын рухани орталық болып келіпті. Он­ да ауданның ардақты азаматы, ақын, шежіреші Сембай Бер­ дімұратов ағамыздың айрықша еңбегі бар екен. Жасы сек­ сен­нен асқанына қарамай, күні бүгінге дейін рухани өмірге белсене араласып жүрген Секең жинақтаған мұрағаттар жаңа ғимаратта халықтың рухани қажеттігін өтейтін болады. Ауданда тағы да екі нысан ақын тойына орай халықтың қажетін өтеуге қосылды. Барлық талап ескеріліп салынған сауда орталығы шағын және орта кәсіпкерліктің жандануына септігін тигізбек. Бұл дегеніңіз, аудан экономикасына үлкен демеу. Ал жақсы жабдықталған стадионның бой көтергені, әсіресе, жастар үшін үлкен қуаныш. Аудан әкімі Рысқали Сисатов сапаршылармен кездесу кезінде ақын тойының аудан өмірінде үлкен із қалдыратынына тағы да көптеген мысалдар келтірді. Оның бастысы ретінде рухани шараларға тоқталды. Бұл ауданда дауылпаз ақынның іздері сайрап жатыр. Ты­ ныш кезде ақын баба Жайық бойындағы көк шалғынға хал­ қын жайлатқан. Сын сағаттар туғанда осынау асау өзенді «ті­ зесімен бұзып өткен». Бұл ретте аудан орталығымен іргелес жатқан Сарытоғай ауылында жұрт назарын аударатын тарихи жер бар. Жалпы бұл ауылдың ерекшелігі көп. Ең алдымен оның әкімі ерекше. Талшын Шапауова – тағайындалмаған, халық сай­лаған әкім. Тек сайланып қана қоймай, осындағы халықтың шын мәніндегі құрметіне бөленген адам. Сол халыққа қызмет ету үшін өзінің айтарлықтай үлкен қызметін тастап, осында келіпті. Халық оған дән риза. Ауылдағыларға су керек, оны жеткізген, газ керек еді, қазір ол да бар. Бүгінгідей қаржы тап­

шылығы заманында мәдени мекемелерді ұстап тұру қиын. Сөйтсе де бұл ауылда әдемі клуб бар. Сол клубта сапаршылардың жұртшылықпен кездесуі өтті. Екі жақты ақжарқын әңгіме ауыл өнерпаздарының концер­ тімен алма-кезек алмасып жатты. Ынтымағы жарасқан бұл ауылда 14 ұлттың өкілі бар екен. Барлығы да қазақша сөйлей­ ді, Махамбеттің жырларын тыңдайды. Ағылшын тілінің мұға­ лімі Людмила Боброва «Сарыжайлауды» мүлтіксіз орын­да­ ған­да, тебіренбей тұра алмайсың. Екі жарым сағат уақыттың қалай өткендігін аңғармай да қалыппыз. Бұл ауылда біздің көретініміз көп еді. Ауылда 36 гектар алма бағы болған екен, оны шашау шығармай сақтап қалыпты. Өнімін іске жаратып отыр. «Орал» деп аталатын серіктестік, оның директоры Жанар Кенжеахметов сол алмамен қоса, осы жерде қауын мен қарбыз да, сәбіз бен қызылша да өсіреді екен. Оның өңдейтін шағын зауыттары да бар. Ауыл әкімі бізге Исатай мен Махамбеттің өміріне қатысты үлкен бір оқиғаның ізін көрсетті. 1837 жылдың соңында көте­ рілісшілер қиын жағдайға душар болды. Соғыстағы сәтсіз­ діктерден кейін көтерілісшілерді біржола талқандауды көз­ деген Баймағамбет сұлтан патша әскеріне сүйеніп, олардың соңына түсті. Исатай мен Махамбетке Жайықтың сол жағына өтіп қана жан сақтауға мүмкіндік қалып еді. Мұны аңғарған патша әскері өзен бойын қатаң бақылауға алған. Оның үстіне Жайықтың суы әлі қалың қатып үлгермеген кез, мұзы атты адамды көтере алмайды. Ал көтерілісшілерге қалайда өту керек. Сонда олар осы Сарытоғайдың тұсын таңдайды. Оған се­ беп – осында, Жайықтың жағасына бой тасалап келетін өзен арнасы – сай бар екен. Және жол білетін Құрақ Маябасов де­ ген Исатай мен Махамбеттің ескі танысы бар. Сөйтсе де мұ­ ның өзі аса қауіпті еді. Өзеннің мұзы әлі қалыңдай қойма­ғаны өз алдына, жау жағы барынша сақ. Соны алға тосып Құрақ: «Өзім жалғыз едім, балам жалғыз еді...» деп сөз бастағанда, Махамбет: «Қой, Исеке, бұл Құрақтың жаны аяулы екен. Біз жаннан безгелі қашан, кетелік» деп өкпе білдіргендей болады. Одан кейін Құрақ сөзге бармай, іске кіріседі. Мұз үстіне киіз төсейді. Аттың аяқтарына «байпақ» кигізеді. Солай Исатай мен Махамбеттің соңына ерген 41 адам өзеннен өтіп үлгереді. Бірақ бір аттың ойылған мұзға түсіп, кісінеген дауысынан казактар секем алып, қуғын ұйымдастырады. Ол арғы бетте де жалғасып, ақыры Баймағамбет сұлтан Исатайдың біраз жақын адамдарын, оның ішінде Несібелі бар, қолға түсіреді.

Қауіп қылғандай, сол көтерілісшілерді Жайықтан өткізген Құрақ та кейін тұтқындалып, итжеккенге айдалып, содан қайт­пайды. Жалпы бұл оқиға Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихында айрықша орын алады. Ол көтерілісшілердің жағ­ дайының айрықша қиын болғанын, патша жендеттері, оларға сүйенген Баймағамбет сұлтан тарапынан қуғындау шаралары барынша қатаң болғанын аңғартады. Жайықтан өту қазір қауіпсіз, пароммен өтеді жұрт. Сарытоғайдың азаматтары сапаршыларды құрметтеп Жа­ йықтан өткізіп салды. Ұлы ақынға деген айрықша сүйіс­пен­ шілігі үшін ауыл азаматтарына, олардың жетекшісі Талшын Шапауоваға, оның іскерлігіне барынша риза болдық. Шіркін, ауылды, ауданды осындай азаматтар басқарса, көп шаруа оң шешімін тауып жатар еді-ау деген ой түйіп кеттік. Жайықтан өткенмен, біз әлі Махамбет ауданының жерін­ деміз. Тек қана ауданның еуропалық бөлігінен азиялық бөлі­ гіне ауыстық. Түске дейін, Индер ауданының жеріне жеткенше тағы да бірнеше елді мекендерден өтеміз. Осы тұстағы елді мекендер Ақжайық ауылдық округіне қарайды екен. Оның әкімі Ғарипжан Әбішев жол бастап жүр­ ді. Жолай әулие саналатын Еламан атаның қорымы барын айтты. Оған бата жасау ниетімізді білгенде ол шын тебіренді. Тілеулес азаматтардың қазақы қалпына сүйсіндік. Махамбет ауданымен қоштасар сәтте «Дастан» шаруа қо­ жалығының жұмысымен таныстық. Оның жетекшілері Қоныс, Ақтұрлан Ерлановтардың қазіргі тындырып жатқан істері басқаларға өнеге ретінде ұсынғандай десек, жоспарлары тіпті сүйсіндірді. Көзі ашық іскер азаматтар егін егіп, мал өсіріп қана қоймай, рухани істерге бас-көз болып жүр. Ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Олар Махамбеттей ұлы бабаларының ру­ хына бас исе, өз кезегінде ұлы бабаның рухы оларды қолдап жүргендей көрінген. III. Рухыңмен жебей жүр, ұлы баба! Иә, өзінің есімін иемденген аудан жерінде Махамбеттің ізі жатыр. Екі күнгі жаяу сапар кезінде ұлы ақынға деген оның ұрпағының үлкен құрметін де, сондай-ақ өнегелі істерін де көрдік. Іздегенге кемшілік те табылар. Сөйтсе де, ұлы жер­ле­ сіміздің атына лайықты іс тындырамыз деп құлшынып жатқан жандардың ынта-жігері сүйсіндірген. Шын мәнінде сол жақ­

сы істер жалғасын тауып, етек алар болса, ертеңгі күннің жай­ дары келбеті көз алдыңа елестейді. Ең бастысы, бұл ауданда кісілігі жоғары, атпал азаматтардың барлығы. Индер ауданынан жол бастаушылар аудан әкімінің орын­ басары Досжан Меңдігереев, ішкі саясат бөлімінің мең­ге­ ру­шісі Сүйеу Халықов ерте жетсе де, «Дастан» шаруа қожа­ лығының жетекшісі Қоныс Ерманов бауырымыз бізді көрші аудандағы Жарсуат ауылының әкімі Қоныс Жаналысовқа та­ быстағанша қайтқан жоқ. Әрине, біз адаспаймыз да, шөлдеп қиналмаспыз да, азаматтың қамқор көңілі жанымызды жа­ды­ ратқан. Осы жерде тағы бір кісілік әрекетке куә болдық – бізге Махамбет ауданының имамы Сұлтан бауырымыз қосылды. Махамбет бабамыздың басына бізбен бірге барып, бата жасау рәсімдерін атқармақты парыз санапты. Бағалап қабылдадық. Ұлы бабаның өзі жатқан өңірге аяқ бастық. Бұл жерге жет­ кенше де оңай соқпады. Тамыздың аптап ыстығы қалжыра­т­ қа­нын жасырсақ, онымыз шындыққа қиянат болар еді. Қата­ рымызға жаңа қосылғандардан байырғы геолог Молдияр Се­рікбаев басқалардан оза жүріп, осы өңірдің есімдіктерін де зерттегенді жөн көретіндей. Қойын кітапшасына, құлашқұлаш карталарына талай қазақша атаулар жазылғаны анық. Оның республикамыздың қазақша карталарын жасауға атса­ лысып жүргені белгілі. Ақын Сейфолла Оспанов жаяу жүру өлең жазудан оңай еместігін ұққандай-ау. Алғашқы күні-ақ оның аяқтары сыр берген. Күлдіреп, табан ойылды деу тым жеңіл айтқандық болар еді. Бір қабат тері емес, ойы­лып ет түскендей. Мұны біз әсте де сапарға Сейфолланы дайын­ дықсыз шықты деп сөккелі отырғанымыз жоқ, оның сапарға соңғы сәтте қосылғаны да шындық. Сол ауыртпалыққа қара­ май, қайта қиындыққа төтеп беріп, тіпті бірауық көлікке мін дегенге көнбегенін атап айтқымыз келіп отыр. Осы жерде облыс әкімдігінің, жергілікті жердегі азамат­ тардың сапаршыларға қамқорлығын тағы да бір еске сала кет­кен жөн сияқты. Осындай қиындықтың боларын сезген­ дей, олар бізге облыстық емхананың бас дәрігері, медицина ғылы­мының кандидаты Сейітбаттал Нәсіповті қосып бергені көрегендіктей болды. Күн сайын біраз адам оның «қабыл­ да­уынан» өтті. Ал Жарсуат ауылына келгенде, ол кішігірім медпункттің меңгерушісіне айналғандай еді. Ертең сапардың соңғы күні дегенде, оған сапаршылар да, қамқоршылар да әзірленді. Қамқоршы дегенде, алдымен осы Жарсуат ауылы­ ның әкімі Қоныс бауырымыз ауылға қас қарая жеткен сапар­

шыларды моншаға да түсіріп, салқын сусынмен шөлін де ба­ сып жатты. Сонымен бірге оларды ауыл жұртшылығымен кез­ дес­тіруді ойға алған екен. Өзінің әкім болғанына ай толмаған. Бұрынғы өзі басшылық еткен мектепті де ұмытпапты. Оқу­ шылармен кездесуді жоспарлаған. –Үлгермесек болмайды, – деді ауыл ағасы. – Қарой біздің округтің жерінде. Халық сіздерді көруі тиіс. Әйтпесе ертең өкпелейді... Жүріске түзету енгіздік. Тағы да бозала таңнан тұрып, таң­ ертеңгілік асқа дейін біраз жерді жүріп тастап, жұртпен кез­ десуге көлікпен қайта оралуды жөн таптық. Мұрат ақын Мөңкеұлы осы ауылдың маңында жатыр. Ма­ хам­бетті сыйлаған адам оны аттап өте алмаса керек. «ЕділЖайық екі су, Бұл қазақтың жері еді. Исатай мен Махамбет, Ару­ақты туған ер еді», «Ердің соңы Исатай Ерліктің туын тік­ кен жер, Жауды басқа тепкен жер. Махамбетін ертіп ап, Жәң­ гірге шеп құрған жер» деп толғайтын Мұрат ақын. Біраз уақыт ұмытылып барып, ұлылар қатарына қайта қосылған, «Мен қауіп еткеннен айтамын» деп заманына налитын Мұрат ақын. Халық тұрғызған кесененің басына күн шықпай барып, бата бағыштадық. Махамбетті пір тұтқан үлкен ақынды халық қадірлейді екен. Сірә, алдағы уақытта Махамбет бабаның басына баратындардың бір соғатын жері осы Мұрат ақынның кесенесі болып қалатын шығар. Жарсуаттағы Махамбет атындағы мектеп, ұлы бабаны қас­ терлеуде, басқаларға есе бере қоймас. Мұнда кез келген оқу­ шыны тоқтатып, Махамбеттің өлеңін білесің бе десең, ол ағы­ лып кете беретіндей көрінеді. Біз мектептегі кездесу кезін­де, марапат сөз естуден бас тарттық та, тек оқушылардың орын­ да­уында Махамбет жырларын тыңдадық. Медет Мах­метов, Нұрлан Сейфуллин, Руслан Батабиев, Асылай Саты­мова, Қар­ лығаш Есқалиева, Перизат Әзербаева, Бекқайыр Жаң­бырбаев әр мақаммен дауылпаз жырларды төкті дейсің. Сөз қадірін түсінетін осындай желкілдеген жас құрақтай ұрпақ өсіп келе жатқанына марқайдық. Соңғы сынға осындай серпілісті көңілмен шыққанбыз. Мөл­шеріміз бойынша бүгінгі шаңқай түсте Қаройға, ұлы ба­ ба­ның мәңгілік орнына жетпекпіз. Ұзақ жолдың негізін ең­ сер­гендіктен, мынау соңғы асу онша қиын соқпас дейміз. Ары кеткенде, одан соң демалуға мүмкіндік бар ғой. Бар наза­ры­ мыз ұлы ақын өз өмірінің соңғы сәттерін өткізген осынау жазық далаға ауып келеді.

Тарих талай жайды алдымызға жайып салады. Ақын бұл аймақты қоныстануды өз еркімен қалаған жоқ. Өзіне салса, бәлкім Жайықтың жағасын қалар ма еді. Бірақ бұл да малға құт болғандай жер екені даусыз ғой. Ал қазір мұнда неге тымтырыс? Мал қайда? Көз ұшында қыбырлаған қара көрінбейді. Әлде жұрт ұлы баба жатқан жерді мазаламайық деді ме екен? Пәни өмірде де, бақи өмірде де ақынның тыныштық көр­ ген кезі жоқ. Қуғын-сүргін өз алдына, көз жұмар сәтінде сат­ қындықпен келген қорқаулар оның әзиз басын денесінен ажы­ратып, бір қорласа, көп уақыт бойы қалың жұрт оның мәйіті қайда жатқанын да білмеген. Әйтеуір адамдар бірден бірге жеткізіп, ақыры Құрақ Бектұрғанов дейтін асыл азамат ұлы тұлғаның денесін халқына табыстырған. Одан кейін де оған тыныштық бермегенбіз. Бас сүйегіне қарап бет-пішінін кескіндейміз деп, жеті жыл сүйегін қалада сақтаппыз. Әрине, бізге ұлы бабамыздың бет-пішінін айқындауға көмектескен Ноэль Шаяхметовке қазақ халқы қарыздар десек те, соны анық­тауға сонша жыл қажет пе еді дейсің. Осындай қорлыққа ақын аруағы бұрындары талай шамыр­ қанып, жұрт жиналған кезде мынау Қарой өңірінің талай астаң-кестеңін шығарып, дауылға ұшыратқаны жөнінде аңыз әңгіме көп. Рас, бүгінгі халық қасиетті бабасын қастерлеп, оның аруағының тынышын алмас үшін біраз іс тындырды. Бұрынырақ басына белгі қойылса, кешегі 190 жылдығынан кейін басына көркем кесене тұрғызылды. Енді міне, оның 200 жылдығын бүкіл әлем болып тойлап жатыр. Атыраудағы Исатай-Махамбет кешені неге тұрады! Осының бәрі оның аруағына бас ию. Сөйтсе де көңіл күпті. Мынау аптап ыстықта, жел көте­рі­ ліп, анау ақ ұлпа май топырақ ақ боранға айналса, не болмақ? Бірақ ақын аруағының бізге шамырқанатынындай себеп жоқ қой деген ой ара түседі. Оның үстіне біздің алдымыздан шық­ қан аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Табыл Досымов бауырымыз сапаршыларды ақын аруағы ризашылықпен қарсы алады деп кесіп айтқаны бар. Осылай ой жетегімен арпалысып келе жатқанымызда, көз ұшынан ағараңдап кесене көрінді. Арақашықтық қысқарған сайын көңіл шіркін алабұртады. Күн де тас төбеден қадалып тұр. Ыстығы шекені тесетіндей. Бір сәт күте қоймаған жай болды. Кенет шақырайған күн көзін шарбы бұлт торлап, жаңбыр исі мұрынды қытықтады. Әп-сәтте жауын тамшылай жөнелді. Нөсер емес, бірде сір­

кіреп, бірде себезгілеп жауған жаңбыр жолдың шаңын басып, аптап ыстықты ысырды. Сірә, ауаның температурасы көп тө­ мендей қойған жоқ шығар-ау, бірақ көңіліміздің қоңыр салқын дүниеге еніп кеткені анық еді. Ал күннің көзін көле­гейлеген шарбы бұлт біз кесенеге жеткенше төбемізден кеткен жоқ. Мұны баба рухының қолдағаны-ау деген ой көңілімізден шық­ пағаны да рас. Қаройға жеткендегі, ұлы бабаның кесенесіне кіріп, оның аруағына тағзым еткен сәттегі көңіл күйді жеткізу қиын. Оны тек жүрекпен сезіну керек сияқты. «Ассалаумағалейкум, қасиетті баба! Өзіңізге деген тағзымымызды қабыл ал! Елі­ міздің әр бұрышынан келдік. Қазақ дейтін халықтың біраз өкілінің ыстық көңілін жеткізіп тұрмыз! Қабыл ал!» деп сәлем бердік. Махамбет ауданының имамы Сұлтан бауырымыз құ­ ран оқып, бата жасады. Бұл сәт біз үшін, сапаршылар үшін ешқашанда ұмытылмайды. Кім біледі, жол көлікпен келіп, қонақ болып кеткендердің сезімі басқалау болатын шығар. Ал бұл сәт біздің көңілімізге беріштей қатталып қалатыны анық. Тағы бір сәтті біз ұмытпаймыз, бәлкім куә болған басқалар да ұмытпас. Осы сапар алдында ұлы Абайдың Жидебайдағы кесенесінің қасынан бір уыс топырақ алып, соны осында жет­ кізген едік. Осында жиналған аудан өкілдерінің көзінше сол қасиетті жерден әкелінген топырақты Махамбет кесе­несінің жа­нындағы қасиетті ағаштың түбіне салдық. Ұлылардың аруа­ ғы табысып жатсыншы деген ниет қой. Мұны да біз ұмыт­ паймыз. Қазақ халқы қашанда ұлылар жатқан жерді айрықша құр­ меттеген. Қарой – сондай жер. Ұлы Абай жатқан Жидебайдай қасиетті жер. Индер ауданының жұртшылығы, аудан бас­шы­ лығы, оның ішінде аудан әкімі Сәбен Лұқпановтың өзі ұлы бабамыз Махамбеттің мәңгілік мекені болған Қаройдың сон­ дай қасиетін айрықша сезінетіндіктерін аңғартты. Ұлы бабаға жаяу келіп, тағзым еткен сапаршыларды әкімнің осында келіп қарсы алғаны да соның бір көрінісіндей еді. Махамбет тойы қарсаңында оның кесенесі үлкен жөндеуден өтіпті. Ал оның алды, маңы, қайта өрнектеліп, гүлзар жасалып, ағаштар егіліп, түрленіпті. Бір сөзбен айтқанда, келген жұрт сүйсінгендей қалыпқа келтірілген. Иә, Қаройдың бұрын да халқымыз үшін қасиетті жер болғаны анық, енді, міне, Махамбеттің 200 жылдық тойынан кейін оның мәртебесі биіктей түсетіні сөзсіз. Оған той қарса­

ңындағы тындырылған көп шаруа да кепіл болғандай. Мы­ на­дай асқақ ғимаратқа жұрт келетін болады. Әрине, алдымен ұлы баба рухына тағзым ету үшін. Сөйтсе де, мынау кесененің көз тартар келбеті де жұрттың назарын аударатыны белгілі. Енді алдағы уақытта жұрт Қаройға қалай келіп-кетіп жүрмек деген сұрақ біздің ойымызға бірден келген. Жұрттың бәрі біз сияқты жаяу жүрмес. Ал көлікпен келуге жолдың қиындығын аңғардық. Бұл жол ақын тойының қарсаңында да жөнделе қоймапты. Әңгіме Қарой мен аудан орталығы Индербор кентінің ара­ сы ғана емес, бұл да жөндеуді қажет ететіні анық. Көп халық алыстан, берісі Атыраудан келеді. Сонда аудан мен облыс ара­ сындағы жол жақсы болса ғана, жұрттың Қаройға баруды ой­ лайтыны анық. Сол үлкен жол жөнделсе, одан Қаройға қарай бұрылатын жолды да ойластыруға болар еді. Осы жерде тағы да сонау алыстағы ұлы Абайдың жатқан жері Жидебай ойға оралады. Сол киелі жерге жұрт үздіксіз ке­ліп жатады. Оның басты бір себебі – арқырап жатқан қасқа жол бар. Семейден шыққан жүрдек көлік 200 шақырымдай жолды екі-ақ сағатта өтеді. Содан да жұрт өмірдің бір үлкен белесіне аттар кезде Абайдың басына барып, тағзым етіп қай­тады. Қарой да Жидебайдай тағзым етер жерге айналса екен дейсің. Ол үшін ең алдымен Атырау мен Индербордың арасындағы қасқа жол мүлтіксіз жөнделіп, қасқайып жатуы керек. Әзірге мұндай жол жоқ. Ұлы бабамыздың басына зиярат еткен соң, аудан орталығында болып, жұртшылықпен кезде­ суге тура келген. Бұл ауданның болашағының жарқындығына күмәніміз қалмаған. Мұнда қаншама кен байлығының көзі жатыр. Тіпті кейбір жеке облыстардың өзінде мұнша байлық жоқ шығар. Оған арнайы теміржол да тартылған. Осындай болашағы үлкен ауданның облыс орталығымен байланысы да жақсаруы керек қой дегеннің өзінде, қасқа жолдың қажеттігі өзінен өзі туындайды. Мұны біз Қаройдай киелі орынның тағдырына қатыстыра сөз етіп отырмыз. Аудан жұртшылығы өз жерінде ұлы ақын мәңгілік ты­ныс алып жатқанын мақтаныш етеді. Орынды мақтаныш. Өзде­ рі сол ұлы жерлестерінің атына лайықты болуға талпынат­ын­ дарын айтады. Өздерінің жасампаз ісінде ұлы бабаның аруағы қолдайтынына сенімді. Жақсы күндерін дауылпаз жырдың құ­діретіне жалғастырады. Ұлы бабаның қасиетті рухы, ұрпа­ ғыңның сенімін жебей жүр.

  • * ТҮЙІН. Ұлыларымызды ұлықтай білуіміз керек. Бұл өзі сол ұлылар үшін ғана емес, қазіргі және болашақ ұрпағымыз үшін керек екеніне соңғы он жылдар бедеріндегі тойлар куә. Оған ең алдымен ұлы Абайдың 150 жылдық ғаламат мерей­ тойында көзіміз жетті. Ол бір барлық дүние қат, тіпті кәдімгі мәшинеге жанар май табудың өзі үлкен олжадай кө­рінетін қиын кез еді ғой. Тәуелсіздігімізге қолымыз жет­ кенмен, басқадай молшылық болатынына көңіліміз күмән сол шақта дүркіретіп той өткізу талайларға артық көрінген. Бірақ сол той орта құрсақ халықтың еңсесін көтерді. Ұлы Абайдың тойының өз елімізде ғана емес, ЮНЕСКО ая­сын­да өтуі, біздегі тойға дүние жүзінен қонақтардың келіп жат­ қаны халқымызды басқаларға танытты, өз халқы­мыз­дың ру­ хын биіктетті. Одан кейінгі Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев және Ға­ бит Мүсіреповтердің 100 жылдық, Түркістан қаласының 1500 жылдық мерекесі де әлемдік деңгейде, яғни ЮНЕСКО аясында мерекеленгені де Елбасының, Үкіметтің арқасында жүзеге асқаны белгілі. Бұл шаралар ұлы тұлғаларымызды халқына жақындата түсті. Жалпы халқымыздың ауызбір­ шілігін нығайтуға үлкен үлес қосты деп нық сеніммен айтуға толық негіз бар. Ал мұндай ауызбіршілік тәуелсіздігімізге қол жеткен алғашқы жылдарда бізге айрықша қажет еді. «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапарларына қатысушылар сол мерекелік шараларға белсене қатыса жүріп, оны көздерімен көріп, куә болды. Ұлы тұлғаларымызға деген сүйіспеншілік, олардың ұлы мұрасына деген адалдық тек қазақ халқының өкілдеріне ғана емес, барша республика жұртшылығына тән болғанын көрдік. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағыдай қиын-қыс­ тау кезеңде ұлыларымызды ұлықтап, той тойлап жату ке­ рек пе еді деген сұрақпен қоса, оған қарсы әңгімені де талай естігеніміз бар. Бұл тойлардың керек болғанын халықтың өзі айтты. Ыстық ықыласымен, өзінің қатысуымен айт­ ты. Сол тойлар халықтың мерекесіне айналды. Сол той­лар қарсаңында ауқымды шаралар жүзеге асып, тұлғалары­мыз­ дың асыл мұраларын рухани игерудің жаңа жолдары ашылды. Олардың шығармаларының жаңадан түрленіп, айшықталып басылып шығуы өз алдына, Абай, Жамбыл, Махамбеттердің жырларын жаппай жаттап алып, оны мәнерлеп оқу үрдісі

қалыптасқаны да шындық. Бұл рухани сусындаудың бір кө­ рінісі еді. Ұлыларымызды ұлықтаудың жолы көп. Бұл әрі кетсе бір­ неше күнге созылар тоймен шектелмейді. Жоғарыда айт­ қандай, ең бастысы олардың асыл мұрасын меңгеру жолын­ дағы қыруар шаралар кешені – рухани сусындаудың қайнар көздеріне айналды. «Ұлылыққа тағзым» деп аталатын жа­ яу сапарын өткізуді де біз сол қайнарлардың қатарына қос­ қымыз келеді. Біздің бұл шарамызды халықтың жылы қар­ сы алғанын әркез айтып та, жазып та келеміз. Алғашқы са­ парымызды жоғары бағалаған Абай ауданының ресми орын­ дары оған қатысушыларға ауданның құрметті аза­мат­тары атағын берді. Басқа жерлерде де күні бұрын хабардар халық ұлыларды ардақтап, жаяу жүріп келе жатқандарды жай қарсы алып қана қоймай, сол ұлыларға деген өз құрметтерін де көрсетіп баққаны біздің жадымызда, ұмытылмайды. Бұл жерде өз бастамамыз туралы айтып, өзімізді өзі­ міз марапаттағымыз келіп отырған жоқ. Сонымен бірге ха­ лықтың ықыласын атаусыз қалдырғымыз да келмейді. Өткен жеті сапарымызға 64 адам қатысқан екен, оның құрамын сонымен шектесек, ол шындыққа қиянат болар еді, бір күн, екі күн қосылып жүргендер көп-ақ. Жамбыл ауданының ор­ талығы Ұзынағашқа келіп, одан әрі Жәкеңнің мавзолейіне жол тартқанда бізге жиырма шақты адамның ергені бар. Жалпы біздің сапарларымызға толық қосылғысы келіп, ті­ лек айтқандар көп болды. Ешкімге салмақ салмай, жеңіл жү­ руді мақсат тұтқандықтан, негізгі сапаршылар құрамын ба­рынша шектеуге тура келіп, біраз ағайынның өкпесін арқалағанымызды да мойындаймыз. Алда бұл шара жалғаса ма? Ұлттық деңгейде, ЮНЕСКОның аясында өтетін Абай, Махамбет тойларындай үлкен ме­рекенің ауылы әзірге көрініп тұрған жоқ. Тағы да бір ұлт­тық деңгейдегі ұлы тұлғаларымызды ұлықтаудың жө­ ні келіп жатса да, «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапарына қа­ тысушылардың қазіргі «тұрақты» құрамында өзгеріс болары анық. Оның «тұрақты» төрт мүшесінің үшеуінің жасы пай­ ғамбар жасынан әлдеқашан асып, жетпіске бет алып ба­ рады. Алда сапаршылар құрамы жаңарып, жастармен то­ лығар. Халқымыздың рухын көтерер, ұлттық мүдде қазығына топтастырар тойлар көп болғай. Ол болашағымыз үшін керек.

екінші бөлім а т ы ң б а р д а е л т а н ы Таныс та бейтаныс Германия 1. Басқалар аңсаған ел Сірә, Германияны білмейтін адам жоқ шығар. Бұл ел әлем тарихының қашанда бел ортасында. Бұрынғысын былай қойып, ХХ ғасырдың өзін алсаң, осы кезеңдегі ең басты оқиғалар осы елге қатысты – дүниежүзілік екі соғыстың да ошағы болды. Енді оңалмайтындай болып жеңілсе де, уақыт өте, күлден пайда болған феникстей, қайта түлеп, әлемнің назарын өзіне қайта аударып отыр. Иә, несін жасарайық, Германияны көбіне осы соғыс еске салады. Көбіміз жастайымыздан сол елді фашизмнің бесігі санап, ол жерден әсте де игілік атаулы бастау алмаса керек деген нанымды санамызға сіңірген кезді де бастан кештік қой. Ал сәл тереңірек ойлансақ, осы елдің тарихынан адамзаттың ұлы игіліктері де жадыңа сап ете қалады: жазушылар, суретшілер, сәулетшілер, сазгерлер... ұлы есімдер түйдектүйдек ойыңа орала береді. Сол елге барудың сәті түсті. Иә, қазір Германияға кетіп жатқандар көп. Оның ішінде біздің республикамыздан бару­ шылар біраз. Сол Германияда сырттан келгендерді қабылдау­ да жүйелі іс те бар. Соны көрсек дейміз. Біздің елімізге де сырттан қандастарымыз келуде. Соларды басқалардан кем етпей, қабылдай білсек... ол үшін басқалардың ісін де көрген жөн. Сөйтсе де, мені ең алдымен осы елге жұрттың аңсары неге ауады деген ой қажай берген. Германияға іс-сапарға жолдама ұсынғанда, алғашында өзі­ мізге таныс елге барғандай сезінгенбіз. Тарихтан танимыз ғой. Бірақ бейтаныс нәрсе көп екен. ...Түн жарымынан ауған әлден уақыт болса да, алыстағы елге аттанар адам көп. Шығарып салғандар одан да көп. Қи­ мас қоштасулар. Тіпті кейбіреулердің, өзін ұстай алмай, ебілдебіл жылағанын көріп, өзіңнің де көңілің босағандай. Екі­ ұдай сезім билейді екен. Бар қызық пен қиындықты тең бө­

ліскен отандасың басқа жақтан жаныңа жақын жер тауып біржола кетіп бара жаста, жүрегіңнің бір шетін өкпе-наз тыз еткізеді екен. Бізде не жамандық көріп едің, барымызды тең бөлісіп едік қой, басқа жақта тұрмыс жақсы екен деп, кешегі бір кешкен өмірді қиып кете бермекпісіңдер? – дейді өкпекөңіл. Анау жасқа булыққан егде адамның жабырқау жүзі уәж айтады: тегіміз сонда жатыр ғой, өзің біздің орнымызда бол­ саң, қайтер ең, дейді: «Жат елде сұлтан болғанша, өз елің­де ұлтан бол» дегенді неміс емес, қазақтар айтқан жоқ па, дей­ ді: жамандық көрдік дедік пе, жүрегіміздің түбінде ата­жұртқа деген сезімнің оты өшпесе, оған біз айыпты ма едік, дейді. Бәлкім, осынау сезім толқынына өз көңіліміздің иірімдері де қосылып кеткен шығар. Сол адамның жүзіндегі сезім иі­ рімдерін өз жүрегімнің көзімен оқып жатқан шығармын. Бірақ бір нәрсе айқын: өзі өскен жерін қимайды, атажұртқа деген сезім одан да күштірек. Сол бір қасиетті сезім үшін қайтіп кінәларсың! Ұшағымыз Мәскеуге бір тоқтап, май құйып алып, ен­ ді Ганноверге бет алғанда ғана бірге ұшып келе жатқан жо­ лаушыларға назар аудардым. Ішінде біз сияқты іс-сапармен жүрген некен-саяқтар болмаса, негізінен атажұртына біржола көшіп келе жатқандар. Әдеттегі жолаушылардай емес, сер­гек, иллюминаторға көп үңіледі. Әрине, дәл осындай кезде ше­ші­ ліп не айта қояр дейсің, дегенмен көрші отырған адамдарды сөзге тарттық. – Бұрын Германияда болып па едіңіз? – Жоқ, әке-шешем де болмаған. Ата-бабаларымыз ерте кеткен ғой. – Жүрексінбейсіз бе? – Несі бар, 41-жылғы қиындықты да көрген адаммын. Одан қиын бола қоймас. Шыдармыз. Әйтеуір атажұртқа жеттік дегеннің өзі үлкен медеу. Осы неміс кемпірі қазақша ойлайтын сияқты көрінді. Бірақ қазақша білмейді екен. – Бөлек селода тұрдық, – деп ақталған болды. – Ал мен шамалы білем, – деді оның көршісі. –Біз алдымен Қорғалжын жағында болдық, қазақтармен араласып тұрдық. Сонан соң Шортанды жағына көшіп келдік. – Немісшелеріңіз қалай? – Үлкендер жағы бәрі біледі, ал жастар, балалар тек соңғы кезде ғана үйрене бастады. Осы жаққа көшеміз деген сөз шыққалы бері бәрі талпынып жатыр.

– Өскен жерлеріңізді қалай қиып барасыздар... – Қалай дері бар... Сағынатын шығармыз. Адамбыз ғой. Жолдас-жора қалды, үй-жай қалды. Өз қолыңмен жасаған нәрсең. Шіркін, өзіңнің еліңде тұрып, сонда өлген қандай жақ­ сы. Жалпы немістер көшіп-қонғанға құмар халық емес. Ата­ жұртқа әйтеуір бір жету керек болған соң... – Сіздерді Германияға кетулеріңізге қудалау, мүйіздеу деген сияқты... – Ал енді бұл артық сөз. Тұрмысымыз жаман болған жоқ... – Несін жасырайық, қазақтардан да, орыстардан да тұр­ мысымыз жақсы болды. Жұрт көріп отырған нәрсе, облыс әкі­ мі – неміс. Бірақ ол неміске ерекше жағдай жасады деп айта алмайсың. Қудалады дегенді шығарып жүргендердің өз есеп­ тері бар... Осы жерде сөйлескен адамдарыңның аты-жөні кім еді дегенді де айтатындар табылар. Осы сапарда талай адамның аты-жөні де қойын дәптерлерімізге түсті. Бір-ақ кейде жақ­ сы сеніммен басталған әңгіменің жүйесін бұзбас үшін тер­ геу­шідей аты-жөндерін сұрап жатуды артық та көрдік. Несін жасырайық, кейде әлде бір нәрседен сақтанғандай, кейбіреу­ лердің өзінің аты-жөнін айтқысы келмегендер де бар. Ал ақмолалық кәриялармен әңгімемізді «Ганноверге қонуға бет алдық» деген хабарландыру бөліп кетті. Менің ойым – мынау адамдардың өзінің атажұртына алғаш қадам басқандағы көңіл-күйін, тебіренісін көрсем деймін. Сірә, бұл немістер өзінің көңіл-күйін сыртқа тым шығара бер­ мейтін халық-ау, үн-түнсіз. Ал қазақтар болса, әй шыдамас, бір-екі рет дауыстап, осы күнге дейін білдіріп те қалар еді. Бәрібір біз күткендей болмады. Әуежайдың ішіне жеткенше, одан жүгімізді күтіп тұрғанда, жұрттың көңіл-күйін аңғартуға уақыт болар дегенбіз. Бірақ бұл жақтың тәртібі оған мұрша бермейді. Ұшақтан, біздегідей арада тағы да автобусқа мінбей, бірден әуежайдың ішіне ендік. Жүгіміз де көп күттірмей, өзімізбен жарыса жетті. Сонан соң бізді қарсы алған баспасөз және ақпарат мекемесінің өкілі аяқ-қолымызды жерге тигізбей ала жөнелді. – Мынау біздің елден осында келгендерді қалай қарсы алып жатқанын көрсек пе деп едік... – Енді оны көретін несі бар, оларды да күтіп алатын адам бар, мен сияқты асықтырып ала қашады, – деп әзілдеді күтіп алушы. – Ал енді асықпасақ, пойыздан қалып қоямыз, билеттеріңіз мінеки.

Асықтық, арнаулы автобуспен вокзалға жеттік. Пойызға мініп үлгердік. Жол бастаушымыз түсіп үлгерді. Перронда тұрып, аты-жөнін де біліп үлгермеген ол бізге қолын бұлғады. – Бір минөт кешіксек, қайтер едік? – Қалып қояр едік. – Жоқ, немістер кешікпейді, – деді бұрын осында талай келіп қайтқан, өзіміздің телерадиокомпаниямыздың неміс ті­ лін­де берілетін «Гутен абен» хабары редакциясының қыз­мет­ кері Роза Генриховна Честнова-Штейнмарк. Ганновер елдің солтүстік жағында. Бағытымыз – Мюнхен. Оңтүстікте. Еуропадағы ең үлкен мемлекеттің солтүстігінен оңтүстігіне сапар шегу, Қазақстаннан келген іс-сапардағы уа­ қыты тапшы адамның құлағына сәл түрпілеу естіледі. Бізде өлшем басқаша. Қостанайдан Алматыға дейін пойызбен қанша жүретініңізді еске алып көріңізші, төбе шашыңыз тік тұрар еді. Ал біз 4-5 сағаттай ғана жүрдік. Әрине, жер біздегідей шалғай емес. Германияның жер көлемі Қазақстаннан 7,5 есе­ дей кем ғой. Бірақ әңгіме жолдың жақындығында ғана емес еді. Иә, бейтаныс Германияны алдымен осы пойыз үстінде кездестіргендей болдық. Пойыз қазақтарға таңсық емес. Құдажекжаттықпен аз да жүрмейміз. Ал мұндағы пойыздың жөні бөлектеу. Сірә, оны жақсы серуен десе де болғандай. Әрине, бізді ең жақсы деген вагондарына мінгізген шығар. Әңгіме ондағы жұмсақ орын, жақсы жиһаз, аптаған ыстықтағы жанға жағымды қоңыржай ауа ғана емес, осындағы қалыптасқан тәртіпте. Немістің тәртібі жөнінде естіп те жүрміз ғой. Ал оны көзбен көргенде шын таңданасың. Пойызбен қанша жүрсек те, оның ішінде құлаққа қатқылдау тиген бір дауыс естілген жоқ. Тіпті үлкен қалалардың өзіне пойыздар бар-жоғы 2-3 минөт тоқтаса да, кіруге, түсуге таласқан ешкімді көрмедік. Оқтын-оқтын ірі қалалардан соң кіріп, билеттерді тексеретін адамдардың ешкімге қабақ түйіп қорқытпай, қайта, қайын атасын көргендей ізетпен амандасып, шығып кететіндері болмаса, сенің вагондарыңның үстінен екіншісіне өтіп, мазаны алатындар болмайды екен. Әркім өз вагонында. Мұндай пойыз сартылдап, сақырлап жүрмейді, сызады да отырады. Оның жүріп-тұрғанын, терезеге қарап білесің. Ал терезеден бүкіл жол бойы ұлтарақтай бос жатқан жері жоқ жасыл өлке жарысады да отырады. Германияның таби­ ғаты жайлы, оның Атлант мұхитының жұмсақ климаты мен

шығыстағы континенталды климат ұштасқан жердегі ерек­ ше бір жайдары климаты жайында жұрт оқулықтан да біледіау. Әңгіме сол табиғаттың бергенін адамның барынша тиім­ ділікпен пайдалана білуінде болып отыр. Бүкіл жер бір сү­ йеміне дейін адам игілігіне қызмет етеді. Табиғатқа да бір түйір қиянат жоқ. Темір жолдың рельстері көк шалғынның үстіне төселе салғандай әсерде қаласың. Германияның солтүстігінен оңтүстігіне 4-5 сағатта жетіп келгеніміздің бір сыры – жолдар бұралаңдамайды, тіп-тік. Жолда кездескен төбешік-таулардан пойыз жол ұзартып айналып өтпейді, тесіп өтеді. Жазықта жүйткіп келде жатқан пойыздың кенет туннельге кіріп кетіп, әлден соң барып шығатынына таңданасың. Метродағыдай. Жол қысқарары өз алдына, жер білінбейді. Мұнда бір нәрсені қолға алса, сірә, мәңгілік етіп тындыру заңға айналған-ау шамасы... Пойызда жүргеннің өзіне соншама тамсанғаны несі дер оқырман. Бірақ кейде бір сүйекке қарап отырып, бір жа­ну­ ардың толық сұлбасын жасап шығаруға болатын сияқты, сол алғашқы әсердің өзінен өзімізге бейтаныс Германияның келбетін көргендей болдық. Оның үстіне Германия жайлы оқулықта кездесетін нәрселерді қайталағымыз да келмеген. Тіпті оның халық саны жағынан Еуропада бірінші орында екені (80 миллион), жер жағынан үшінші орында екені де жұртты таңдандыра қоймайды ғой. Ондай көрсеткіші жа­ ғы­нан бұл елді екі орап алатындар көп-ақ. Әлемнің әр тара­ пынан андыздаған халық осы елге ұмтылғанда, оларды қы­ зықтыратыны қанша мұнай, қанша болат өңделгені, қанша мәшине шығарғаны емес, адамды сыйлауға, жалпы тәртіпке негізделген өмірі ғой. Осы жерде бір цифр көңілге орала береді. Қазір жыл сайын Германияға 250 мың неміс келіп, орналасып жатса, ал саяси баспана сұрағандардың саны бұдан да көп. Бұрнағы жылы бү­ кіл Еуропада саяси баспана сұрағандардың 80 пайызын Гер­ мания қабылдапты. Олардың саны 1989 жылы 121.318 адам болса, 1991 жылы – 256,112, ал 1992 жылы 438 191 адам бо­ лыпты. Иә, жұрт Германияға асығады. Неге деген сұрақ үнемі кө­ кейде жүреді. Осы сапарымыздың барысында, қайда бар­сақ та, нені көрсек те, соған жауап іздедік. Ұққан адамға жау­ап көп, көшеде көлденең бір тал шөп жатпайтын тазалық та, біреуінің де трубкасы жұлынбаған телефон автоматтар, қиса­лаңдаған мастардың кезікпеуі, біреуге екіншісінің дауыс кө­тер­генін ес­ тімеуің – ізгілік іздеген адамның аңсайтыны емес пе?!

Осында бір апта жүргенде, ресми адамдардан да, жай өзімізге жол бастаушы қызмет көрсеткен адамдардан да, «Осы сіздерде ұрлық бар ма?» деп сұрауға бата алмадым. Бәлкім, бар шығар, ондай сұрақ немістердің намысына тиетін сияқты көрінді. Қазір «керемет» деген ұғым пайда болды. Ол жай анық­та­ уыш емес, бір болмыстың бейнесі. «Жапон кереметі», «Корей кереметі», «Сингапур кереметі» дегендер бар. Бір елдің бұрқ етіп, дәуірлеп шыға келуін аңғартады. Бірақ «Германия ке­ ре­меті» деген айтылмайды. Бұл ел бірде көтеріліп, бірде бәсейіп отырған еместей. Ол қашанда биікте болған. Тіпті та­рих тәлкегімен талай рет табанға түсіп, тапталған кезінде де, тектілігінен айрылмаған ел. Бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстарда, бар игіліктерінен, жиған-тергендерінен айрыл­ ғандай болса, халық ең үлкен байлығын – өз дәстүрін, немістік ұқыптылығын, тәртіптілігін сақтап қалыпты. Оны оқ та, от та құрта алмаған. Мұнысын олар керемет деп айшықтап жат­ пайды. Оны заңдылық көреді. Мұны басқалар қалай ма, қа­ ламай ма – олардың онда жұмысы жоқ. Осы сапарда бір аптаның ішінде елдің төрт бұрышын түгел аралағандай болдық. Ганновер – Мюнхен – Нюрнберг – Бонн – Кельн – Берлин – Франкфурт... Қайда барсаң да, сол бір дәстүр, сол тәртіп. Айтулы қонақ үйлерде аялдадық, жеке меншік шағын қонақжайға тоқтадық – бір тәртіп, бір талап. Талай мекеменің табалдырығын аттадық, талай дастарқанда болдық. Біз бұлаймыз деп шашылып, дарақылық көрсеткен де ешкім болған жоқ; үнемшілміз, әрнәрсе есепте деп, таршылық, сараңдық көрсеткен де ешкім болған жоқ. Менменсіп, шал­ қақтамайды, қошеметтеп, елпеңдемейді – бәрі де тектілік дәрежеде. Оқырманға, Германияны аралағанда біздің көзімізге осы елдің өнері, ұлы ескерткіштері түспегендей көрінбесін – көр­ дік. Тамсандық. Басқасын былай қойғанда, тек Кельндегі Со­ борды көргеннен кейін, сірә немістердің өнердегі ұлылығын мойындамасқа шараң жоқ. Потсдамдағы монархтардың мекен жайлары ше? Әлемдік өнердің шыңдары. Бірақ, оның бәрі баршамызға бұ­рыннан оқулықтардан, кітаптардан, кинолардан таныс. Гер­ мания ғой. Бір жолғы сапарда көруге қызықтыратын Гер­ма­ния ғой. Ал осында біржола қалуға, өмір сүруге қызық­тыратын Германия басқа. Көзімізге бейтаныс Германия. Оны сол осын­ да біржола келуді мақсат еткендердің көзімен көру керек.

  1. Қалай орналастыңдар, отандастар? Несін жасырайық, осыдан біраз бұрын неміс ұлтының өкілі Германияға кетем десе, оны сатқындай қабылдайтынбыз. Ал, егер ГФР-на кетем десе, жаудай көретінбіз. Сонау алпысыншы жылдардың аяғында Семей облыстық партия комитетінің пленумында обкомның бірінші хатшысы Карпенконың ша­бы­ нып сөйлеп, бір маманның – неміс ұлты өкілінің Германияға кеткісі келетінін, онда да біздің Германияға емес, ГФР-на кеткісі келетінін айтып, жерден алып, жерге салғаны есте қалыпты. Сол неміс жігітіне бәріміз де өкпелейтінбіз кезінде. Қазір өлшем басқа. Қазір немістер атажұртына көп кетіп жатыр. Оған түсіністікпен қараймыз. Атажұрт деген қасиетті ұғым бар. Арада талай ұрпақ өтсе де, қанмен жалғасып келіп, сонда тартады да тұрады. Ал, сол атажұрттың жай ғана көп елдің бірі емес, әлемдегі ең бай, дәстүрлі елдің бірі болса, бармасаңшы деп айтуға аузың бармайды-ау. Бірақ Отан деген де ұғым бар. Ол атажұрт деген ұғымның ауқымына сыя қоя ма? Мынау қазақ жері кезінде анау түріктердің де, анау мажарлардың да атажұрты болған ғой. Рас, тым ілгеріде. Сол түріктердің де, мажарлардың да қазір қаны сіңген өз отандары бар. Атажұртын ізгі көңілмен еске алар, бірақ біреу мүйіздеп жатпаса, сол отанын қиып, тастап кете ала ма? Қазақстан да тағдырдың жазуымен неміс халқының біраз өкіліне Отан болды. Қазіргі ұрпақ сол қазақ даласында дүниеге келіп, одан бұрынғы біраз буынға қазақ жерінің топырағы бұйырып, сонда мәңгі ұйқыда. Енді біраз адамдар сол Отанынан кетіп, осында Германияға келіп жатыр. Германия жеріне аяқ басқаннан сол Отан, атажұрт деген ұғымдар жадымнан шыққан емес. Осы төңірегіне түрлі ойлар тоғысып, мазалай берген. Осында көшкен немістер, олармен бірге кеткен басқа ұлт өкілдері де, қалай дегенде де, отандастарымыз ғой, қалай өмір сүріп жатыр екен дейсің. Өздерімен тілдескім келеді. Аяқ-қолымызды жерге тигізбей, бізді Ганноверден Мюн­ хенге жөнелткенде де мән бар екен. Германияның барлық жерлерінде де (мұнда бізде облысқа бөлінгендей мемлекет жерлерге бөлінеді, олардың саны – 16) сырттан келгендерді қабылдайтын мекемелері бар. Оларға арнайы қаржы бөлінген. Сөйтсе де әр жердің де өз мүмкіндігі бар екен. Сол мүмкіндігі мықтылардың бірі – Бавария. Немістердің айтулы аймағы. Өздерін басқалардан айрықша, кейде тіпті артықтау санайтын,

өздерін неміс ұлтының қаймағы санайтын өлке. Өзінше саясат жүргізуге де тырысатын, әсіресе ұлт мәселесі өткірлеу қойылатын жер. Сірә, мұнда сол көшіп келгендерді қабылдау ісі де жолға қойылған-ау. Саясат үшін бізге ең жақсы жерін көрсетті деуге аузымыз бармайды, Боннда да, Берлинде де біз көрген жай шамалас екен, ал, басқа аймақтарда қандай деңгейде екенін айта алмаймыз. Шамалауымызша, осы Баварияға отандастарымыз көбірек келеді, мұнда мүмкіндік те молдау болса керек. Басқасын былай қойғанда, осындағы «Грундиг» компаниясы сыйға тартқан зәулім екі үй көшіп келушілерді алғаш қабылдайтын, олардың құжаттарын реттеп болғанша тұрақты мекенжайлары екен. Бұл екі үйдің «қарны» толғанша, талай адамды жұтатын шығар-ау. Кез келген адаммен сөйлесіп, осындағы жалпы жағдаймен толық танысуымызға обалы не керек, бар мүмкіндік жасалды. Осы жерде өзіміз күтпеген бір жайға кезіктік. Бұл адамдар –жаңа келгендер, әлі мұндағы жағдайға үйренісе қоймаған, мағлұматтары бізден артықтығы шамалы сияқты. Содан да болар-ау, бір түрлі, отандасыңызбыз деп елпеңдеп барсаңыз да, әлденеден сескенгендей, әңгімеден қашқалақтай бергені бар. Бұрынғы отандастарыммен емен-жарқын сөйлесіп жат­ қанымыз мұндағыларға ұнамай қалар дейтін сияқты. Тіпті шал-кемпірлер жағы тіпті бізді қай жақтан екенімізді білген соң, қауқылдасып қалып ықылас көрсете бастаса, жастар жағы секемшілдік танытып, оларды тыйып тастағаны да болды. Біз осында жүргенде жаңа адамдарды жеткізген автобустар бірінен соң бірі келіп жатты. Әр жақтан: Ресейден де бар, Өз­ бекстаннан да бар, жерлестеріміз көптеу сияқты. Жөн сұ­ рас­тыра бастасақ, ау, сендер қайдан жүрсіңдер, алдымыздан қа­лай шыға келдіңдер, деп ожырая қарағандары да болды. Бай­қаймыз, жаңа келгендер басқаша, салтанатпен қарсы алу­ ды күткендей-ау. Насихат та бар, бір нәрсені дабырлатуға кел­генде, алдына жан салмайтын советтік салтымыз да ұмы­ тылмаған. Осы Германияда барша жұрт тек өздерін ғана күтіп отырғандай оймен келген кейбіреулердің жүзі сынық көрінген. Иә, бұл ұзақ аялдамайтын жер, екі аптадай уақыт ішінде еті тірі адамдар құжаттарын толтырып үлгереді. Тек құжат толтыруға соншама уақыт керек пе деп таңданғанбыз. Солай екен. Сірә, өзіміз жерден алып, жерге салатын бюрократияның жүрмейтін жері жоқ па деп қалдық-ау. Осы жерде Германияға сонау алғашқы лекпен келген, өзіміздің Алматыдағы неміс

театры директорының орынбасары болған Яков Фишердің сөзі еске түседі. Мұнда оған театрдан орын табылмапты. Қазір көшіп келіп жатқан немістерді орналастыру мәселесімен айналысады. Сол Фишер: «Енді бір проблема қағазбастылық. Көптеген мекеменің табалдырығын аттау шаршатқан. Түрлі формулярды толтырып, немістің күрделі кеңсе тілінде арыз жазу бір азап» деп жазған. Мұнда әр адам өзінің қай жерге (аймаққа) баратынын ай­ қындайды. Айта кететін бір жай: көшіп келетін адам тұрам десе, саясат үшін де, ұлттық намыстан да болар, әрбір жер оған келісім беруге міндетті. Және сырттан келген қандас­ тарын орналастыруға бөлінген қыруар қаржының арқасында, көп шаруа да тындырылып жатыр. Бұл – шындық. Сөйтсе де әр аймақ сол келгендерді құшақ жая қарсы алады, бар жақсылықты алдарында тосып отыр, оған барынша құштар деген де шындыққа көп жанаспайды. Мұны өздері де жасыр­ майды. Ал, әлгіндей қағаз толтырумен діңкелетсе, бәлкім ол адам басқа жаққа (жерге) кетуі де мүмкін. Кетіп жатса, қуанып шығарып салады. Өйткені, ағылып келіп жатқандарға көмек көрсету, жұмыс тауып беру, үй тауып беру ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Келгендерді қабылдауға, орналастыруға орасан қаржы жұм­салуда. Оған Германиядай экономикалық потенциалы бар елдің ғана мұршасы келеді. Бұл бірақ әсте де сол көшіп кел­ гендердің қажеті, сұранысы толық болмаса да, орташа өтеліп жатыр деген де сөз емес. Бұл көмек аса зәру қажетті өтеуге ғана жетеді. Өтпелі кезеңге ғана арналған, тұрғын үй сияқты үлкен шығын көзін мемлекет мойнына алып тұрған жағдайға ғана арналған. Германияға келгендер жұмаққа кіріп кетеді дегенді насихат айтып та жатыр. Сол насихаттың жетегіндегі адамдардың аузынан да естиміз. Сырттан келген немістерге алғашқы то­ ғыз айда, тіл үйрену қажет болса, 15 айда ай сайын 600-800 марка мөлшерінде көмек беріледі. Соны теңгеге айналдырар болсақ, 18000-24000 теңге шамасы. Құлаққа әсерлі естілетін, таңдандыратын нәрсе. Бірақ соны шамалы нақтылай түссең, басқа жағдайды да ұғасың. Бұл елде автомәшине сияқты біз­ дегі ерекше қымбат нәрселер салыстырмалы түрде онша қым­ бат болмағанмен, күнделікті қажетті заттар, әсіресе азық-тү­ лік тым қымбат. Әрине, жұрттың бәрі рестораннан тамақтан­ бас (бірақ жай асханаларды көре алмадық), сөйтсе де басқа

ішімдіксіз тек сырамен қанағаттанып, бір тамақ­танғанда, 5060 марка беріп кетесің. Жай сусын ішіп, кафе­лерден жүрек жалғауға біздікімен жүздеген теңгеден мың­даған теңгеге де­ йін беріп жатсаң, әлгі 20 мыңдарың көп көріне қоймайды. Біз­дің республикамызда бір бөлке нан 1 теңге, әйтпесе неміс­ тердегідей 3 пфенинг деп бір немісті де иландыра алмайсың. Осы алғашқы қабылдау пунктінде біраз адаммен кез­де­­ сіп, пікірлескенде, көңілге ұялаған бір жай: бізде айтып жүр­ гендей, немістердің жаппай көшуінің негізгі себебі – эко­но­ микалық немесе саяси жағдай емес, ең алдымен этностық ортаға, тарихи отанға ықылас-ау деген ой келеді. – Несін түрткілектей бересіздер. Мен неміспін, балала­ рым да немістің салт-дәстүрінде өссін деп келіп отырмын, – деп талдықорғандық Эккерт шамданғандай кейіп көрсетті. – Онда тұрмысымыз жаман болған жоқ, әйтеуір қазақтардан да, орыстардан да жақсырақ тұрдық. Ал, мұнда басқалардан жақсы боламын деп айта алмаймын. Мен ұлтыма келіп қосылдым. Бұрын мүмкіндік болған жоқ. Болғанда, мен сонау жылдарда-ақ кетіп қалған болар едім. Бәрі де осы Эккерттей ойлайды деуден де аулақпыз. Оған сол алғашқы күні-ақ көзіміз жетті. – Мына бір жігіт қазақ сияқты ғой, Мәке, сөйлесіп кө­рі­ ңізші, – деді делегациямыздың жетекшісі Михаил Чирков. – Кәріспін, – деді ол өзін еркін ұстап. – Юрий Пак. Шу­ дан­мын. Мамандығым – электрик. Кейін кәсіпкерлікпен ай­ на­лысып жүрмін. Мұнда тұрмыс жақсы. Мақсатым – сол. Әлі құжаттарымды реттеп болғаным жоқ. Басқалардан бұры­нырақ реттеймін де. Кейін басқалардан көбірек ақша табудың жолын да табамын. Оған сенімім мол. Әйтпесе мұнда келмес ем ғой. Тек қана бұл жақтан Қазақстанға көп ақшамен жібермейтін көрінеді. – Ол кейінгіні де ойлап қойғандай. – Ал, мынау кө­ мекке деп бергендері тойып тамақ ішкенге де жетпейді. Бір күнде 20 марканың талонын беріп еді, бір ішкенде 12 марка жұмсадым. Қалғанына екі рет тамақ іше аласың ба? Бір пашка темекің – 5 марка, яғни Қазақстанша 150 теңге, Есептей бе­ ріңіз. Ал, мен молдау табыс табу үшін келдім. Және табам да. Осы жігітті де барша көшіп келгендерге тән құбылыс деп айту қиын болар. Сол шығыс аймақтан осы батысқа қарай бет түзеген үлкен көштің (жылына 225 мың адам) ішінде немістерден басқа солармен туыстасқан (күйеуі, әйелі) басқа ұлт өкілдері де бар екен. Юрий Пак та соның бірі. Және еті

тірісі. Мақсаты – жақсы тұрмыстың рахатын көру. Оған қолы жете ме, оны уақыт көрсетеді. Ал, моральдық жағынан екінші кезектегі адам болып қалатынын жасырмаған жөн. Германия азаматтығын алуы екі талай, ал, зейнетақы ала алмауы әбден мүмкін. Келгендердің екінші көбірек тұрақтайтын жері – жатақ­ ханалар. Ондағылардың өзі «лагерь» дейді. – Лагерь емес, жатақхана, – деді Фрау Мюллер. – Мұнда ешкімнің еркі шектеулі емес. Уақытша тұратын мекен ғана. Роза Иосифовна сол көшіп келгендерді орналастырумен ай­налысатын мекеменің қызметкері. Ғалым. Тәжік академия­ сында қызмет еткен. Орыс тілін де, неміс тілін де жетік бі­ леді. Мұнда келгеніне бес жыл болыпты. Әбден жайғасқан, мұндағы өмірдің бар игілігіне қолы жеткен. Ерінің жалақысы – 8 мың марка. Үш айлығына жаңа мәшине ала алады. Фрау Мюллер мұндағы өмір жайында көп мағлұмат айтты. Сол сырт­тан келіп жатқандарға қамқор көңілмен жүретін адам екен. Иә, мұнда жұрт кәдімгі тұрғын үйлердегідей орналасқан. Тек тығыздау тұрады. Шағын семьяға – бір, көптеу болса – екі бөлме, жеке бастыларға да жеке бөлме тиіп қалады екен. Мұнда олар осындағы өмірден өз орындарын тапқанша тұ­ ра­ды десе де болғандай: біреу пәтер күтеді, бірі жұмыс кү­ теді. Жұмыс табылса – кетесің. Ол пәтер жалдауына да, ша­ руашылығыңды жүргізуіңе де мүмкіндік береді. Әйтеуір осын­ да алатын көмектен жоғарылау табыс таба алсаң, мұнда жата бермей, әрекетке көшкен жөн. Көп адаммен сөйлестік. Қабылдауға бәрі риза. Бірақ алда қалай болары әлі жұмбақ. Осы жатақханада мәңгі тұрмауы анық. Көпшілігінің өз қалауындағы жұмысқа қолы жете ме, жоқ па бұл белгісіз. Бұрынғы мамандық мұнда жүрмейді. Мұғалімдік, оның ішінде гуманитарлық пәннің мұғалімдігі сияқты мамандықпен қош айтысасың, тіпті дәрігерлік ма­ мандық та қайта дайындықтан өтпесең, кәдеге аспайды. Атажұрт деп аңсап келгендердің алдынан кездесер үл­ кен кедергі – осы. Екі қолға бір күрек табылар-ау, бірақ өзің­ нің бұрынғы жұмысыңнан айрылсаң, ол да қиын. Орта жастан асқандардың ағаш ұстасы, слесарь, медбике, күтуші мамандықтарын игеру үшін оқып жатқандарын көрдік. Көбінің көңілі пәс. Нюрнбергтің түбіндегі жатақханада Алматының түбіндегі

Жандосов совхозында отыз жыл механизатор болып істеген Яков Яковлевич Эрлихтің көңіл күйі жаман емес екен. – Баратын жер белгілі болып, пәтердің реті келсе, меха­ низаторлықты игеріп кетерміз, – дейді ол. – Әзірге қабылдауы жақсы. Немісше үйреніп жатырмыз. Біздің үй-ішілік тіліміз жетпейді екен. Неміс тілін жай ғана емес, жақсы білмей, мұнда күн жоқ. Ол механизатор үшін де керек. Тіл білмегендерге алты айлық тегін оқу бар. Жақсы біліп шықпасаң – өз сорың: саған жо­ ғарғы кәсіптік жұмысқа жол жабық. Онда күн көру қиын­ дайды. Бұл жерде тілге байланысты адам құқы, еріктілік жө­ ніндегі сөздерді ешкім құлағына ілмейді. Германияда екенсің, неміс тілін жетік білу – заң. Біздің елдегілерге бұл ерсі көрінер. Әсіресе, Қазақстанда туып, өлгенше қазақша нан сұрауды білмей кететіндерге тым ерсі көрінер. «Қазақтардың арасында тұрып неге қазақша білмейсің?» деп сұрағанға шамданатындарды немістердің ара­ сына жіберіп алар ма еді деген ой келгені бар сонда. Германияға барған отандастарымыз сол неміс тілін біл­ меуден көп қиналып жүргенін көріп, жанымыз ашығандай болса да, бұл талапты артық көргеніміз жоқ. Осының өзінде Отанды сыйлау, ұлтты сыйлау деген ізгі ниет жатыр ғой. Бір елге келген екенсің, сол елдің салтын сыйла. Бұрын келіп, ендігі үлкен өмірге араласып кеткендермен кездесе алғанымыз жоқ. Жолыққандарымыз жаңа келіп, ен­ дігі орнығып жатқандар болды. Соның өзінде олардың бір­ азы жаңа өмірге икемделіп қалғандай. Келгендеріне әлі жыл толмаса да, сол жатақханада тұрып-ақ мәшине мініп жүрген­ дер де аз емес екен. Рас, мұнда сол мәшине тым қымбат та емес. Біраз жүрген мәшинені арзанға да алуға болады. – 8 мың маркаға алдым, – деп риза көңілмен айтты Ақтө­ беден келген Александр Вагнер деген жігіт. – Бар-жоғы он айлық жәрдемақының құны. – Сол уақытта тамақ ішу де керек емес пе? – Бұрыннан жиған-терген бар ғой... – Бұл жақта ақшаны қайдан алдың деп қазбалай бермейді, – деді Александр Полюг. – Мен «ауғандықпын». Соғысты да көргем. Енді бір-екі жылдан кейін келіп көріңіздер, менің мәши­нем біреу ғана болмайды... Отандастарымыздың кейбіреулері жаман орналаспаған сияқты.

  1. Туған жерді сағынбайсыздар ма, бауырлар? Бонндағы кәсіптік мамандық алатын мектепте «Ассалау­ мағалейкум!» деген сөзді естігенде, сасып қалғанымыз рас. Өзіміздің неміс жігіт – Виктор Герт. Жамбыл облысындағы «Далақайнар» совхозынан. Қазақша сөйлескенді сағынып қал­ ғандай. Мұндайда ауылды сағындың ба деп сұрау да қиын, көңілін қимайсың. Дәл осындай елді сыйлаған азаматтар Қа­ зақстанға да керек еді-ау, осы жерде өзіңе қажеттің бәрін таба алар ма екенсің, деген сұрақты да сыртқа шығара алмай кеттік. Дәл осы жерде сол Жамбыл облысының Шу ауданынан келген Данило Шифманның өтініші бұдан да қаттырақ әсер етті. «Президентке өтінішімізді жеткізіңіздерші, бізге Қа­ зақстан азаматтығын қалдыруға көмектессін. Елге барып тұ­ руға мүмкіндік болсын. Әйтпесе, енді Германия азамат­тығын алғаннан кейін, Қазақстанға қайта бара алмаймыз ба деген ой келгенде, жаның шошиды...» Иә, жанын түсінесің. Өз тұрғысынан айтып тұр. Қос азаматтық дегеннің басқа жақтан келіп, Қазақстанға соққы болып тиетінін зерделемей айтып тұр. Арада өткен 3-4 айда туған жеріңді осылай сағынасың, арада жылдар өткенде қайтпексің, бауырым?! Сол мектепте кезіккен осы Алматы қаласында бульдо­ зерист болып жұмыс істеген Алексей Александрович Мель­ никтің жабырқау жүзі көз алдымнан кетпейді. Жасы алпыс­ қа жетіп қалған мосқал азамат. Тілді игерудің қиынға соғып тұрғанын айтты. «Менің жасымда мұнда жұмыс табу қиын екен» деп, бір қойды. Бәрінен де оның: «Орыстарға зей­нет­ ақы бермейді» деген сөз бар, сол рас па екен?» деген сұрағы қаттылау тиді. «Рас» деуге ауыз бармады. Басқадан-ақ ес­тісін дедік. Бірақ бермейтінін және неміс болмағандықтан бер­ мейтінін оның білмеуі мүмкін емес-ау, дейсің. Жәй, мұңын шаққандай сұрақ сияқты көрінген. Германияға әйеліне еріп барыпты... Сол Германияға барып, орналасып жатқан жерлесте­ріміз­ бен кездескенімізді айтқанда, мына бір жайды аттап өтуге болмайтындай. Берлиндегі көшіп келушілер тұратын жатақ­ ханаларды аралап, көріп жүргенбіз. Кәдімгі көп қабатты үй­ лердегідей, жұрт есіктерінің алдына шығып, әңгіме-дүкен құ­рып отыр. Біздегіден ең басты айырмашылығы – мұнда барлық жер мұнтаздай таза. Асфальт жолдан басқа жерде көк шалғын өсіп тұрады. Адамдардың сөздері негізінен орысша. Оңтүстік Қазақстанның Жетісайынан, Мақтаралынан келген

немістерге жолығып, ортақ таныс адамдардың атын атап, шұр­ қырасып қалдық. Бірақ әңгіменің шырқын қасымызға келген біреу бұзды. Біздің қайдан екенімізді білген соң, Қазақстанда немістерді кемсіткенін алға тосып, бізге арнап бір-екі ғайбат сөз айтып қалды. Оған қарсы басқалар дау айтты. Әрине, бұл жерде сөз жарыстырып, уәж айтудың жөні жоқ, еріксіз ығысқанбыз. Соңымыздан денелі, немістен гөрі, әлде орыс, әлде украинға ұқсас, таяқ ұстаған мұртты қарт ерді. – Әй, жігіттер, жаңағының сөзін көңілдеріңе алмаңдар, – деді ол. – Дәл осы құдай атқан Қазақстанда әжептәуір қыз­ мет атқарып, басқамыздың көрмеген игілігін көрген бәле. Енді мұнда келіп, бұрынғысының бәрінен айырылып қалып, кімге тисерін білмей жүр. Бір халық қазақтардай-ақ болсын. Біз қазақтармен араласып тұрдық. Қостанайдың Наурызым ауданында. Тілеуов дейтін аудан басшысы болды, білетін шығарсыңдар... Біздің көңілімізді табамын деп біраз әңгіме айтты. Ние­ тіңізге рақмет, ақсақал. Жаңағыдай әңгімеден соң, сіздің аты-жөніңізді де сұрай алмадық. Тек әріптесіміз, журналист оператор Әліби Махатовтың объективіне бірнеше рет ілік­ ке­ніңіз бар. Сәті түссе, сіздің жайдары жүзіңізді қазақ­стан­ дықтар теледидардан көріп те қалар. Сыртта жүргенде өз еліңе, өз Отаныңа басқаша көзбен қарайтындайсың. Сірә, басқамен салыстыра қарағандықтан болар. Жақсылығы айдынданып, кемшілігі де тым қораш­ танып көрінетіндей. Өздерің жайлы айтылғанды да әсерлілеу қабылдайтындайсың. Әлгіндегі бір эпизод болмаса, сонда кеткен өз отандастарымызбен кезіккенімізде Қазақстан жайлы қаншама жылы сөз естідік. Көңілің жадырайды. Осы ретте сол Германиядағы өз елшімізде естіген әңгіме ерекше әсер қалдырды. Елшіміз Сағымбек Тұрсынов мырза сондағы отандастарымыздың бірнеше хатын көрсетті. Тебі­ ренбей оқи алмайсың. «...Біздің жағдайымыз өте ауыр. Мұн­ да біздің туысқанымыз да бар, мүмкін мен қателесетін шы­ ғармын. Сөйтсе де елімізге, яғни Қазақстанға қайтсақ, жағда­ йымыз түзелер еді. Біздің республикамыздың қиындықты бас­ тан кешіп жатқанын да білеміз. Осы кезде біздің еңбегіміз де оған керек болар еді» – дейді Владимир Гербер. «Германияға Қарағандыдан кетіп едім. Сол бұрын тұрған жеріме қайта оралуыма бола ма?» – деп сұрайды Иван Шварц елшіліктен. «Келгенімізге алты ай болды, көндіге алар емеспіз. Бір-ақ

арманымыз бар – қайта Қазақстанымызға кетсек дейміз. Оған қалай қолымыз жетеді», – деп сұрайды төрт жанның атынан Владимир Геттель. Тамара Генш – орыс, күйеуі – неміс, тұрмыс құрғандарына қырық жыл болған. Қазақстанда зейнетақы алып келген екен, мұнда немістен басқаға зейнетақы бермейтін көрінеді. Күйеуінің зейнетақысымен ғана күн көру мүмкін емес. «Отаныма қайтуға көмектесіңіздер!» деген жан даусын екі бет қағазға жазып емес-ау, орап салып жібергендей. Осыны ойдан шығарып айтып отыр демесін деп, сол хат­ тардың көшірмесін де түсіріп алдық. Мекен-жайын толық көр­сетіп жазған. Жеті емес-ау, жүз ойлап барып, енді одан әрі шыдай алмайтын болған соң жазған, елге қайтару шешіміне біржола тоқтаған соң жазған хаттар бұл. Бұрынырақ не ой­ ладыңдар, бауырлар, деп қазір табалағандай болғың келмейді. Сол жақта жүріп өз еліңді ойласаң, салыстырасың. «Бас­ қа ұлттансың, саған зейнетақы берілмейді» деген сөзді Қа­ зақ­станда естіген біреу бар ма екен? Германияда бұл – мем­ лекеттік саясат. Қайсысын қалайсың? Қайсысы адам құқығын сыйлағандық? Қайсысы демократияға жақын? Германияда не­ міс тілін білмесең, жұмыс таба алмайсың. Қазақстанда он­дай талап бар ма? Қайсысы демократияға жақын? Германияда, сол елге біздің отандастарымыз ағылып барып жатса да, кейде біздің көңілімізге қона бермейтін жайлар да жеткілікті-ау. Әрине, ол – әлемдегі ең бай елдердің бірі. «Мұрны пұшық болса да, байдың баласы сөйлесін» дегенге жүгініп, олар бай екен, ондағының бәрі жақсы дейтіндер де табылады. Экономикадағы табыстарына дау жоқ. Ал саясатта, ұстанған бағыттарында әр елдің өз дәстүрі, өз түсінігі бар. Бұл жерде бәрін тек экономикамен өлшеуге болмас. Сол Германияда біздің ел жайында түсінік те үстірт. Бұ­ рынғы Кеңес Одағында, әрине, оның ішінде Қазақстанда да, қазірге дейін неміс тіліне тыйым салынған деген пікір қалып­ тасқан. Ол ресми түрде айтылады. Оның шындыққа мүлдем жанаспайтынын біздің мектептерімізде бұл тілдің пән болып жүретінін айтса да жеткілікті емес пе? Бұл тілде сөйлесуге рұқсат етілмейді деген айып тіпті естіген құлаққа түрпідей тиеді. Басқа-басқа, Алматыда неміс театры болғанын, неміс тілінде газет шығатынын да біледі. Біле тұрып, неге солай дейді? Бұл жерде түрлі насихаттың, арандатушылықтың да үл­ кен әсері барлығын да мойындағанымыз жөн-ау. Ресейдің

газеттері, өздерінде оңып тұрғандай, Қазақстандағы немістің жәйі туралы талай жалған жайды жазып, арандатуға бар­ ғаны бар. Өз ішімізде де республикамыздың жетістігіне қу­ а­нудан гөрі, оның өмірінен әлдебір кемшіліктер табуға құш­ тарлар, шамасы келсе, кемшіліктің бояуын қалыңдатып көр­ сетуге тырысатындар, тіпті шімірікпей өтірік айтатындар да табылады-ау. Тіпті осы сапар кезінде бірге жүрген әріп­ тесіміздің бірі бір әңгіме үстінде, соны айтпаса арманда ке­ тетіндей, Қазақстанда демократия деген мүлде жоқ, пар­ла­ мент­тегілердің 90 пайызы қазақтар деп, беті бүлк етпей сөй­ легеніне еріксіз таңдандық. Өз сөзіне дәлел іздеп, осы жақтан арқалап барған кітабын ақтарып арамтер болғаны бар. Әрине, таба алған жоқ, өйткені ол шындыққа жанаспайды. Мейлі, аузына келгенді айта берсін, онда тұрған не бар дегің де келеді. Бірақ сондай сөзді сандырақтай берген соң, ел туралы басқадай пікір қалыптасады. Тіпті әлгі респуб­ли­ка­мыздың Германиядағы елшісіне хат жазып, еліме қалай қайтам деп зар еңіреген отандастарымыздың біразы сондай сөздердің құр­ баны да сияқты көрінеді маған. Бұл жерде әсте біздегі жағдай Германиядағыдан жақсы деп отырғанымыз жоқ. Әңгімеміздің бас жағында Германияның жетістіктерін тамсанып отырып айттық та. Сөйтсе де, басқа да өлшем бар. Германияның бізден он есе емес, жүз есе бай екенін мойындасақ болар. Бірақ сол Германияға ағылып ба­ рып жатқандардың іздегені тек сол экономикалық жағдай ғана ма? Әңгіме тек тамақтың тоқтығы ғана болса, олардың көбі бізде де басқалардан кем тұрған жоқ, аш болған жоқ. Тіпті көпшілігі жақсы тұрды. Дүние таластырған адам, әдетте, өзгеден жоғарылау болғанды қалайды. Ондайлар бай елдің кедейі болғаннан гөрі, кедей елдің байы болғанды құп көреді. Осы қисынға салсақ та, сондағы олармен әңгіменің желісін аңдасақ та, сол Германияға барып, орнығып жатқан отандастарымыздың көпшілігін алыс сапарға жетелеген ең алдымен атажұртқа деген аңсар ғой деймін. Отандастарымыз сол Германияға барғанда өз қалауын тапты ма? Олардың арасында ешкім бұл жөнінде зерттеу жүргізген жоқ. Содан да бұл сұраққа дәл жауап беру қиын. Сөйтсе де негізінен олардың көпшілігі барғанына риза бола­ тыны анық – атажұрт, болашаққа сенімді. Алғашқы қиын­ дыққа көндігетініне, оның өтпелі екеніне де көзі жетеді. Жоғарыдағы хат иелері ше? Олардың санын тек сол хат жазғандармен ғана шектеуге болмайды. Сол хатта айтылған

қиындыққа көшіп барғандардың көпшілігі кезігіп отыр. Ол – объективті шындық. Біреу оған көндігер, екіншісі көндіге ал­мас. Біреу ақырын күтпей дереу хат жазып, жан айқайын біл­діріп жатыр, екіншісі жанына қанша батса да, шыдайды. Бұ­рынғы өмірін сағынар, бірақ енді қайтар жол жоқтай. Ат құй­рығын кесіскендей болып кеткен: мекен-жайларын, жи­ ған-тергендерін сатып, пұлдап алған. Қайта келгенде, мы­нау, қиыншылық заманда (оны да көздері көрді) келіп қалыпсың­ дар деп, алдарынан жүгіріп шығатын адамдар бар ма? Оның үстіне, бұл жерден басқа жер жақсы деп, жұрттың кет­пең­дер дегеніне қарамай көшкенде, өзі су ішкен құдығына түкір­ гендей болған. Енді қайтіп келіп, сол құдықтан су ішу де оңай ма? Бұл жерде сол Германияға барғандар арасынан ондағы жағ­ дайға көндіге алмай, Қазақстанға қайтқысы келетіндер көп деп кесіп те айта алмайсың. Дәл шындыққа жету де қиын. Ешкім де сол қайтудың жолы оңай еместігін біле отырып, сондай ойы барлығын айта да қоймайды. Сонда болып, бі­реу емес, ондаған, жүздеген отандастармен әңгімелесіп, ой жи­ нақтағанда, көңілімізге қонақтаған пікір: сол адамдар қайта ора­лып, өздерінің бұрынғы жағдайына жете алса, олардың біразы сол орындарынан көтеріле қоймас еді-ау дейсің. Жоқ, Германия өздерінің көшіп келген қандастары үшін аз шаруа жасап жатқан жоқ. Ең алдымен өздерінің ұлттық дәстүрін олардың бойына сіңіруден еш нәрсе аямайды. Тілін оқытады, дінін уағыздайды. Тіпті аты-жөнін немісше қайта өзгертіп алуына жағдай жасайды. Жалпы сырттан келген ағайындарын қабылдауда Германиядан үйренетін нәрсе көп. Әсіресе, қандастарымыздың біразы сыртта жүрген біздер үшін ол ерекше маңызды. Сол Германиядағының бәрін де­ мей-ақ, жарым-жартысын жасасақ та, сырттан келген қандас­ тарымыздың дұрыс орнығып, жергілікті жағдайға көнді­гіп кетуіне көп мүмкіндік туар еді. Тіпті материалдық игілік­тен бұрын, сырттан келгендерді орналастырар алдында Герма­ ниядағыдай олардың талап-тілектерін, мүмкіндіктерін зерт­ теудің, психологиялық факторларды есепке алудың өзі неге тұрады? Дәл осы жерде-ақ қазір республикамыздағы сырттан келген ағайындар кезігіп жүрген біраз мәселелер де шешіліп қалар еді ғой, дейсің. Әрине, бізде сырттан келгендерді қабылдау үшін Герма­ ниядағыдай жасалатын экономикалық мүмкіндіктің де жоқ­ тығы белгілі. Сөйтсе де, бар нәрсені сол қаржыға апарып тірей

берудің де жөні жоқ. Мәселені дұрыс ұйымдастыра біліп, сырттан келгендерді бірден еңбекке жұмылдыра алған күннің өзінде, Германиядағыдай тіл үйреніп, жаңа мамандық алып, одан жұмыс орнын күтіп, жылдап мемлекет мойнына мінбей, өз күнін өзі көріп кететіні де анық. Ең бастысы, осы жұмысты жақсы жүйеге түсіріп, қатаң бақылауға алуға келіп тіреледі. Германия өз қандастарын көшіріп әкелуге қыруар қаржы жұмсап, көзсіз жомарттық жасап жатыр деудің де жөні жоқ. Адам қашан да басты капитал. Германия күшті болса, сол күштілікті жасап жатқан да адамдар. Жаңа келгендермен сол жасампаз күш толыға түседі. Есепшіл неміс халқы, Гер­ ма­ния­ның мемлекет басшылары соны біліп отыр. Кейде ел ішінде экономикалық қиындықтар бола қалған күнде, тұр­ ғы­лықты халық оны кейін келіп жатқандардан көріп нара­ зылық білдірген кезде, үкімет басшылары сол келіп жат­қан­ дар, әсіресе, өздерінің көп жанды отбасыларымен Гер­ма­ нияға тиімді екенін анық та айтады. Оның үстінен бұл жақтан барғандар жансебіл, көнбіс. Сірә, жаман әсер қалдырмайтын дейтін де болар, барын салады. Жоғарыда Германияда бос жатқан бір тұтам жер жоқ дедік. Демек, ауыл шаруашылығы жаңа адам қолын қажет етіп жат­ пайтындай: өнеркәсіп, басқа салаларда да жұмыссыздық бар – соған қарамай, үкімет сол адамдардың келуін қалайды. Жаңа жұмыс орнын жасау үшін олар үнемі ізденіп жатады. Сонымен бірге ол жұмыс орны үшін күрес тудырады. Бұл өз кезегінде адамдардың кәсіптік деңгейін көтеруге жеткізеді. Сондықтан да олар сырттан ағайындарының келгеніне құштар-ақ. Біздің республикамыз үшін сырттағы ағайындарымыздың келуі ерекше маңызды. Жеріміз кең, ол бар қандастарымызды толық жинап алсақ та жетеді. 80 миллион адамды сыйдырып отырған Германиядан біздің жеріміз 7,5 еседей үлкен. Әңгіме сол ағайындарды жақсылап қабылдай білуіміз керек. Көшіқон мәселесін жәй сөзбен айтып қоймай, ұлттық бағдарлама жасап, оны жүзеге асыруды үкіметіміз елдің бірінші кезектегі міндеттерінің біріне айналдыруы керек. Көсегесі көгерген елдер, соның ішінде өзіміздің арамызда да нәсілдері бар таныс та бейтаныс Германия да солай істеп отыр. Алматы – Ганновер – Мюнхен – Нюрнберг – Бонн – Кельн – Берлин – Франкфурт – Алматы. 1994 жыл.

ҰЛЫ ЕЛДЕН ҮЙРЕНЕТІН ЖАЙЛАР КӨП Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің тө­ рағасы Марат ОСПАНОВ басқарған делегация Қытай Халық Республикасында болып қайтты. Қытай елі туралы айтылмай қалған әңгіме жоқтай-ау. Әлем халқының бестен бірін асырап отырған мемлекет екені, сол халықты тарықтырмай, тапшылыққа ұшыратпай отырғаны жә­ не оның осы елде жүргізіліп жатқан реформа арқасында ғана мүмкін болғаны, жалпы елдің тарихы, мәдениеті жа­йын­да көп айтылған, көп жазылған. Жаңа нәрсе тауып айту да қиын. Тек өзіңше көргеніңді ғана айта аласың. Онда да бір апта ішінде көп нәрсені көріп те үлгермейсің. Өйткені бұл ел тым алып. Сол аз көргеніңнің өзінің әсері үлкен. Осынау ұлы елмен көрші болу біздің тағдырымызға жа­ зылған. Сол елмен қарым-қатынас жақсы болған кезде хал­ қымыз сол тағдырына шүкіршілік еткен. «Темір ноқта» қаупі төнген шақта тағдырына налыған да. Бірақ ел басқарған кө­ семдердің көрегендігі ме, жоқ сол ұлы көршінің өзінің күші жетіп тұрған шағында басқалардың жерін басып алуға көп ұмтылмағаны ма, әйтеуір қазақ даласының қазіргі аумағына қытай өктемдігі орныққан жоқ. Ал сол елмен достық қарымқатынаста болсаң, сол жақтан оны басып өтіп келетін саған қауіп-қатер де болмайтыны және анық. Қазіргі заманда көршімен қарым-қатынастың мәні тіпті артып отыр. Ол жай қауіпсіздікке ғана тірелмейді, елдің да­ муына, өсіп-өркендеуіне айрықша әсер етеді. Ұлы елден керегіңді ала алсаң, өзіңдегіні бере алсаң, ол – өркендеуіңе өлшем. Бұл үшін қарым-қатынасыңды барынша дамыту қа­ жет-ақ. Қытайға ресми сапарға шыққан Қазақстан Парламенті Мәжілісі делегациясының мақсаты да сол еді. Мәжіліс төра­ ғасы Марат Тұрдыбекұлы Оспанов басқарған делегация мү­ шелерінен бәрінен пікір сұрағанымыз жоқ, бірақ олардың бәрінің де көңілінде сол сапарға бара жатқанда, арнайы ұшақ­ пен тау құздарынан асып ұшып бара жатқан шақта осы елмен қарым-қатынасымыздың тереңдеуі жайында ой болғанына сенгің келеді. Тарихты сызып тастай алмайсың. Көрші болған соң жақсы ма, жаман ба – қарым-қатынас болатыны анық. Тіпті алысқа бармағанның өзінде, кешегі КСРО кезінде де Қытаймен бір­ де тату, бірде қату болғанбыз. Басқа жер өз алдына, біздің республикамызбен шекарада да қан төгілген қақтығысқа жұрт куә. Оны да ұмытпағанымыз жөн.

Ал тәуелсіздікке қол жеткелі бергі жағдай, шүкіршілік, басқаша. Ынтымаққа ұмтылған әрекет баршылық. Басқасынан гөрі парламентаралық байланыс сәл кем соғып жатса, енді оның орнын толтыру – осы сапар мақсаты. Делегацияны Қы­­ тай мемлекетінің парламенті – Бүкілқытайлық халық өкіл­дері жиналысының Тұрақты комитеті шақырды. Шақыр­ған­нан қал­мау парыз – парламенттік делегация жан-жақты жасақ­ талып аттанған: Мәжіліс төрағасының қасында Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Шә­ріп Омаров, республикамыздың ҚХР-дағы елшісі Қуаныш Сұлтанов, Мәжілістің әр сала жөніндегі комитеттеріне мү­ше депутаттар Мәди Артығалиев, Виктор Веснин, Мәрия Жүй­ ріктаева, Валерьян Землянов, Ермек Келімсейіт, Қуандық Лекер, Альберт Шварцкопф, Мәжіліс аппаратының жетекшісі Мағзам Қасымовтар барды. Делегацияға еріп жүрген бір топ кәсіпкерлер және бар. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірі бастал­ ғанына да көп өткен жоқ – небәрі бес-алты жыл. Дипло­ма­ тиялық қарым-қатынас одан бес жыл бұрын – 1992 жылдың 6 қаңтарында орнықты. Сол жылғы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі ашылса, желтоқсанда Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Ұлы көршімен тәуелсіз қарым-қатынас жасауға асық­қан республикамыз әлі КСРО құрамынан шықпай тұрыпақ бұл елмен ынтымақтастықтың алғашқы қадамдарын жасап үл­герген болатын. Қазақ КСР мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр ав­ тономиялық ауданы арасындағы үкіметаралық келісімге 1991 жылдың ортасында-ақ қол қойылған. Сол алғашқы ресми құ­ жатта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті На­ зарбаев пен қазіргі күнде Бүкілқытайлық халық өкілдері жи­ налысының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары То­ мур Дәуәметтің қолдары тұр. Республикамыздың тәуелсіздікке қолы жеткен соң-ақ бай­ ланыс жаңаша өрбіді. Кейде кішінің үлкенге ұмтылысын жұрт заңды санайды. Бұл жерде ұмтылыстың екі жақты болғанын айтқан жөн. Республикамызды алғашқы таныған елдің бірі ҚХР. Елшілігін де көп елден бұрын ашып, ықыласты көңіл танытты. Осындай көңіл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа құнар құйды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Респуб­ ликасына 1993 жылғы қазандағы сапары кезінде екі ел қарымқатынасының болашақ бағдарламасы белгіленді десек жөн. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас жөніндегі біріккен

декларацияға қол қойылды. Келіс-барысқа жол ашылды, мә­ дени ынтымақтастық келісілді. Келесі жылы өз кезегінде Қытай Халық Республикасы мем­ лекеттік кеңесінің премьері Ли Пэн мырзаның келуі қа­рымқатынастағы бір белес еді. Көптен бері үкімет тізгінін ұстап отырған қайраткердің Қытай еліндегі беделі бөлек. Ол айтса, сөз кесімді. Біраз құжаттарға қол қойылды. Әсіресе біраздан бері көңілді күпті етіп жүрген мәселе – шекара жа­йында келісім жасалды, несие беруге келісті. Бұл жас тәуелсіз елге мықты демеу еді. Содан бері ел басшыларының жыл сайын кездесіп, көп мәселені келісіп шешуі дәстүрге айналды десе де болғандай. 1995 жылдың қаңтарында Президент Н.Назарбаев өзінің екін­ ші ресми сапарымен Қытайға барды. Жаңа декларацияға қол қойды. Ең бастысы, Тынық мұхитқа жол ашып қайтты – Қы­ тайдың Лянь-Юньган порты Қазақстан жүгін қабылдайтын болды. Екі ел қарым-қатынасында өткен жылдың орны бөлек. Ең алдымен сәуір айында Шанхайда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан басшыларының шекара айма­ ғында әскери сенім жөнінде бес жақты келісімге қол қоюы бұл мемлекеттер арасында ғана емес, бүкіл Азиядағы ахуалға әсер еткен оқиға болды. Тіпті мұны мемлекеттік қарым-қа­ тынастағы өнеге ретінде әлемдік мәні бар оқиға қатарына қос­са жөн еді. Осы жылы ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь ресми сапармен республикамызға келді. Бұл екі ел қатынасының бір­ жола жаңа арнаға көшкенінің, әдеттегі ресмиліктен қал­тқы­- сыз тату көршілік қарым-қатынастың орнығуының аймағы еді. Парламент делегациясы бұл елге осындай шуақты қарымқатынас жақсы жемісін беріп жатқан кезде келді. Мұндай сапардың ресми жағы басымдау болатыны белгілі. Сөйтсе де сол рәсімдерден де ерекше ықыласты аңғарғандай боласың. Журналист қауымның кейде делегацияның шамалы алдын орап жүретіні бар. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Цяо Ши мырзаның резиденциясына ертеректеу барып, Қазақстан делегациясын қалай қарсы алғанына куә болдық. Қонақты күтіп тұрған кезде ауыл иесі біздің де қонақ жақтан екенімізді біліп, жайдары көңілдерін білдіріп жатты. Ал делегация қабылдаған кезде қошеметтерін аямаған. Бәлкім, мұндай қошемет басқаға да көрсетілер, біз үшін алабөтен емес шығар дейсің де ғой. Бірақ, бізге деген ықылас-

ынта өзгешелеу көрінген. Дәл сол кезде бұл елде төрт шетел делегациясы жүргенін көрдік. Бәрін де ел басшылары қа­ былдағанын естідік. Парламенттің бас қонақ үйінде – «Хуан­ чэннің» алдындағы сырықта тек ҚХР және Қазақстан Рес­ публикасы жалаулары ғана желбіреп тұрды. Қай деңгейде әңгіме болса да – екі елді жақындастырар, ортақ мүддеге жү­ гіндірер негіздер алға тосылғанда, еріксіз көңілің өседі. Оның бастысы – жақын көршілік. Мәжіліс төрағасына Қытай парламентінің төрағасы Цяо Ши ел экономикасының жайын баяндап берді. Бәлкім, қонақ­ тың экономист екенінен күні бұрын хабардар болар, Цяо Ши мырза мәміленің ішкі сырына тереңірек үңіле әңгімелеген. Соңғы жылдарда халық шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып, өмірдің әлеуметтік саласынан «озыңқырап» кеткенін, үкімет тарапынан оны реттеудің қажет болғанын, секірмелі емес, қалыпты дамуға назар аударылатынын атап көрсетті. Әрине, Марат Оспановқа бұл тақырып ерекше жақын екені белгілі, сөйтсе де қонақ сол экономикаға парламенттің қалай қатысып отырғанын, реформаны заңдылық жағынан не­ гіздеудегі тәжірибесіне көбірек назар аударды. Өз жұмыстарын да сараптап айтып берді. Ортақ жайлар да бар, ерекшелік те бар. Бізде парламент екі палаталы, Қытайда – біреу. Бұл – өзгешелік. Бір палаталық – біздің өткен жолымыз. Бәлкім, «кішінің» тәжірибесіне де «үлкеннің» зер салғаны да артық емес шығар. Ортақ нәрсе – реформаға заңдық негіз әзірлеу. Бұл жерде Қытай елінде қалыптасқан тәжірибе мол. Мәжіліс басшысы сол тәжірибені үйренуге келгенін, бұл алдағы те­ реңірек байланыстың басы екенін айтты. Шын мәнінде дәл қазір екі ел арасындағы қарым-қатынас көп салада айтарлықтай дамыған. Сауда-экономикалық бай­ ланыс, мәдени байланыс жөнінде де талай құжаттарға қол қойылып, ол жүзеге асып жатыр. Соған қоса парламенттік байланыс та тереңдей түссе, ол қарым-қатынастың мазмұнын байытады. Әңгіме тақырыбы – сан тарау. Сол әңгіме үстінде қандай тақырыпта болса да, Президент Назарбаевтың аты көбірек ауызға түскенін аңғардық. Мәжіліс төрағасы қытай жағына сапар алдында Президентпен жолыққанын, оның екі ел ара­ сындағы сауда-экономикалық байланысты тереңдету қажет­ тілігін атап өткенін хабарлады. Оны нақтылай түскенде, Дос­ тық – Алашанькоу темір жолын кеңейту, мұнай құбырын тарту мәселесі сөз болды.

Экономика жайындағы әңгіме мемлекеттік кеңес премьері Ли Пэнмен кездесу кезінде жаңаша мазмұнға көшетіні заңды. Үкімет елдегі экономикалық реформаның тізгінін ұстап отыр. Шын мәнінде ұстап отырғанын, жай нарық еркіне қоя бермегенін айтқан жөн. Қытай шетелдік инвестицияға есігін айқара ашса да, онда мемлекет мүддесі алдымен есепке алынды. Үкімет басшысы қазақстандық қонаққа өз елінде ре­ форма мен қалыптылықты үйлестіруге ерекше назар ауда­рыл­ ғанын айтты. Реформаны тым жеделдету де, тым баяу жүргізу де жақсылыққа апармайды, ол тұрақсыздыққа соқтырады. Осы пікірге Мәжіліс төрағасы М.Оспановтың кейінірек бірнеше рет оралғаны бар. Өз еліміздегі жағдай бұған айқын мысал болар еді. Сол қалыптылыққа жете назар аудармаудан талай адам бүгінде айлығын, талай адам зейнетақысын ала алмай жатады. Қытай елінде бұл жоқ. Бұған қалай қол жетіп отыр, оны ресми сапар кезінде толық меңгеру де қиын шығар. Арнайы мамандар жіберіп, тереңірек зерттеу керек-ау деген ой көңілге орала берген. Біздің республикамызда ұлы көршіміз араласар істер көп. Мәжіліс төрағасы жаңа астана құрылысына қытай ин­вес­ торлары араласса, одан опық жемейтінін еске салды. Жа­ қында қабылданған шетел инвестициясына мемлекеттік қол­ дау көрсету туралы заңның оларға кепілдік беретінін мәлім­ деді. Өз кезегінде Қытай премьері Ақмола құрылысына өз отандастарының қатысуына құлықтылығын аңғартып, темір жол мен мұнай құрылыстары әрқашанда өз назарларында бо­ латынын айтты. Көп айтқаннан бір көрген жақсы деген қағида бар. Әрине, ел басшыларының, мамандардың, ғалымдардың айтқанына, жазғандарына шәк келтірудің жөні жоқ. Сөйтсе де көргеннің әсері бөлек. Қысқа уақыттың мүмкіндігіне қарай бұл елден біраз нәрсе көрдік. Таңдаулыларын көрсетті. Бұл жерде басқасы нашар болар деп күмән іздеп жатқан біз жоқпыз. Бұл елдің қарышты қа­ дамы жайында цифрлар сөйлейді. Жалпы ішкі өнімнің өсі­ мі өткен жылы 9,7 пайыз болған. Бәлкім, шағын елдерде кез­ десер, ал алыптардың былайша қарқындауы сирек. Бұл жерде инфляция дәрежесі айтарлықтай төмендегенін (6,1 пайыз) еске алған жөн. Тіпті 100 миллион тонна болат өндіру дәрежесіне Қытайдан кейін тек Жапония ғана жеткенін еске алсаң, біраз жайға қанығасың. Содан да жақсысын таңдап көрсетті деудің жөні жоқ.

Барған жеріміз – Шэньси провинциясының орталығы Сиань қаласы. Қытайдың ежелгі астанасы. Мұнда таңдан­дыра­ тын тарих та бар, бүгінгісі де таңдандырады. Тарих жайында сөз кейін, бүгінгісі – ел экономикасының қалыпты бір буыны. Елдегі ірі қалалардың бірі саналатын Сианьда тағы бір серік қала пайда болыпты – оны Жоғары технологияны игеру аймағы деп атайды. Ірге қалай бастағанына бар-жоғы алтыақ жыл! 200 мың халқы бар жаңа тұрпатты қаланың жаңашыл келбеті өз алдына, ең алдымен ондағы жаңа жобамен салынған кәсіпорындар кешені таңдандырады. Бәрін аралап көруге уақыт жар бермейді, сол кәсіпорындар шығарған өнімдер көрмесін аралап шығу да біраз уақыт ала­ ды. Бұл өнімдердің негізі – компьютерлер. Елдің эконо­ми­ка­ сын жаңғыртуға керек жоғары технологияның соңғы сөзі бұл. – Мұндай технологияны шетелден сатып алу тым қымбатқа түседі. Оны өзіміз қолға алдық, – дейді аймақ басшылары. – Мемлекет қаржы аямай отыр. Шығын толық ақталды. Мұнда әлемдік ең үздік технология деңгейі есепке алы­ нады. Жоғары сапалы компьютер, видеотелефон, шағын ұшақ­ тар, сірә, қай елде де бәсекеге түсетін, жеңіп шығатын өнім­ дер. Бұл жерде жеке өнімдерге баға беріп жатудың жөні жоқ, әңгіме ел экономикасын үздік технология негізінде дамытуға бағыт ұстанғанын айтқан жөн. Әңгіме бір-екі, ондаған өнімді өндіруде емес, жоғары технологияны игеру жайында болып отыр. Бір кәсіпорын емес, үлкен бір аймақта игеріледі. Дәл осындай аймақты келесі күні елге қайтар жолда Үрім­шіде көрдік. Онда да таңдандық. Таңданғанда жоғары технологияның кәдімгі сыра өндіру ісінде қолданылуын көріп таңдандық. Сианьдағы Жоғары технологияны игеру аймағын аралаған кезде мәжіліс делегациясының мүшелеріне ерекше әсер ет­ кен жай – қала құрылысы. Мәжіліс төрағасы осынау қала са­лу тәжірибесін республикамыздың жаңа астанасын салуға пай­ далану жайын сөз етті. Бұл елде көретін нәрсе көп. Жаңаны ғана емес, ескіні көріп те таңданасың. Мынадай сөз бар екен. «Қытай қорға­ нын көрмесең, Қытайда болдым деме, Императорлар сара­ йын көрмесең, Қытайда болдым деме. «Пекин үйрегін» же­ месең, Қытайда болдым деме» дейтін көрінеді. Парламент де­легациясы өзінің сапары кезіндегі ресми кездесулерінің ара­

сында уақыт тауып жоғарыда аталған кереметтерді көріп, ұлы елде болғандарына «куәлік» алған. Ұлы Қытай қорғаны туралы айтып, жұртты таңдандыра алмайсың, жұрттың бәрі біледі. Оны сан ғасыр бойында сал­ ғанда, елді жаудан қорғауды мақсат еткен деген болжам айтылады. Бірақ, одан қалың қол жаудың өтуі онша қиын соқпаса керек. Оны ұлы халықтың мүмкіндігіне тұрғызылған ескерткіші десе де ләзім. «Ей, жат жұрттық, байқап қара, мы­ надай ғимаратты тұрғызған халықтың қайратын бағамда. Сен оны күшпен ала алмайсың. Жақсы ниетпен келсең, қақпа ашық» деп тұрғандай. Әлемдегі жеті таңғажайып деген бар. Соны тізгендер, сірә, Қытайдағы көп ескерткіштерді көрмегендер. Көрсе сол «жеті» саны көбейер еді, әйтпесе, кейбір қытайлық таңғажайыптарға басқалар орнын берер еді. Оның кейбірін қытайлықтардың өз­дері де жақында ғана ашқан. Бұдан ширек ғасыр бұрынғы анықтамалардан, энциклопедиялардан, айталық, Сианьдағы ке­ремет музейді таба алмайсың. Бұл мұражай ешкімді де бейжай қалдырмады. Бұл өзі – кереметтің кереметі. Осыдан бар-жоғы жиырма жыл ғана бұрын табылған. Біреу емес, он емес, жүз емес, тіпті мың емес, бірнеше мың әскердің ескерткіші сапта тұр­ ған қалпында жерден қазып алынған. Қазып алынғанда, то­ пырақтан аршылған. Сол бәз-баяғы орнында тұр. Аты да, қа­ ру-жарақ, көліктері де өмірдегідей дәрежеде. Үлкен алаңда сап түзеген қалың қол тұр. Мұны ежіктеп айтып отырғанымыз: осынау үлкен стадион­ дай аймақты алып жатқан жердің үстінен үлкен ғимарат тұр­ ғызылған. Жай жаппа емес, ғимарат! Осыны көріп таңданып қана қоймайсың, өз еліңдегі мұра-ескерткіштер еске түседі. Аршылып, ашық-шашық қалған Отырар еске түседі, жел мен күнге қағылған, сумен мүжілген басқа ескерткіштер еске түседі. Ұлы Қытай елінен мұраға ие болуды, тарихты қас­ терлеуді үйренетін жай көп. Қашанда сапар мақсаты – елді тану, сол елге жақындаудың жолын іздестіру ғой. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің делегациясының мүшелері Қытай Халық Респуб­ ликасына сапары кезінде ел танып, жер танып қайтқаны анық. Оның біразын сөз еттік. Осымен ғана шектелсең, бұл елден алған әсерің олқы көрінер еді. Ең басты әсер – кәдімгі бұл елге аяғың тигеннен бастап көретін халық туралы әсер. Олармен бір апта бойғы сапарымызда ажыраған жоқпыз. Қарапайым

еңбеккер халық. Бүкіл көшені кернеген, бірде жаяу, көбіне велосипед мінген жайдары жүзді халық. Көбінесе асығыс жү­реді. Бір мәшине жүк болар затты велосипедіне-ақ артып алып, кетіп бара жатады. Бір велосипедке бір отбасы мініп бара жатқанын айтсаңшы! Көңіліңе шегеленіп қалатын бір әсер – сол адамдардың бірбірімен ұрысып-керіспейтіні. Бәлкім, жайшылықта кезігер. Көшелерді тынбай кезгенімізде, біздің көзімізге ондай жағдай түсе қойған жоқ. Көше толған велосипедтің де бір-бірімен бір рет қақтығысып қалғанын да көрмедік. Тағы бір ерекше көңілде қалған көрініс – көшеде тізіліп тұрған «иесіз» велосипедтер. «Иесіз» дегенде, күзетсіз қал­ дыр­ғанын айтып отырмыз. Оған ешкім тимейді. Тастап кете бересің. Орнында тұрады. Бұл да елді танытатын жәйт. Мас болған бір адам кезікпеді. Оған кезігуге құмарт­қаны­ мыз жоқ, әрине. Ондайларға өмірімізде талай рет кезіккенбіз. Осындайда өз ауылың еріксіз еске түседі екен. Сәбит ағамыз Мұқановтың осы елге сапарынан кейін тым ұзын жылан же­ генін айтқаны, оны қысқартқысы келмегені жайында аңыз бар. Бір елдің дәстүрін айтқаны ғой ол. Қытай дәмін біз де татып көрдік. Ақ көңілмен жайылған дастарқанға бірінен соң бірі қойылған дәмнің тіпті таусылмағанына да куә болдық. Әңгіме оның біреуге ұнаған-ұнамағанында емес, ең алдымен оның ақ көңілмен жайылғанында болды. Жоғарыда Қытайды көргенге куәлік ететін «Пекин үйректерін» Бүкілқытайлық ха­ лық өкілдері жиналысының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Томур Дәуәметтің «Цяньмэн» мейрамханасында жайған дастарқанынан жесек, Үрімшідегі бай банкетте ұйғыр ағайындардың барлық дәмін татып көрдік десе те болады. Бұдан да елдің бір қырын танығандайсың. * Әрине, бұл сапардан әркім әртүрлі әсермен оралғаны бел­ гілі. Жеке адамның әсерінен жоғарылау тұратын үлкен бір шаруаның тынғанын атап айтқанымыз жөн болар. Мәжі­ліс төрағасы Марат Оспанов мырзаның Қытай Халық Респуб­ли­ касына бастап барған Парламент делегациясы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдету ісіне үлкен үлес қосып қайтқаны анық. Ол ертеңге қызмет етеді. Алматы – Пекин – Сиань – Үрімші – Алматы. 1997 жыл.

АҢЫЗ БЕН ШЫНДЫҚ АСТАСҚАН ЕЛ Бұл елді кімнің де болса көргісі келеді. Миллиардтан астам халықтың жүрегін баураған ислам діні бастау алған ел. Бүгінгі таңда әлемдегі қоғамдық өмірге ықпал еткен ұлы тұлғалар тізімінің басында тұрған Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген, Құран Кәрімдей қасиетті кітап дүниеге келген жер. Бүкіл әлемнің жүрегіндей болып, оны қозғалысқа түсіріп тұрған мұнайдың үштен бірі бөгіп жатқан бай елді көзбен көру – әркімге де арман. Сол елге сапардың сәті түсетінін білгенде, қуандық. Көп естігеннен өз көзіңмен көрген жақсы. Сауд Арабиясының Ақ­парат министрлігі Қазақстанның бір топ журналистерін қо­наққа шақырды. Мақсат белгілі – ел мен елдің арасын­ да­ғы байланыс кеңісін, тереңдей түссін деген ниет. Журна­ листердің көргенін жұртқа айтатыны бар: өз елдері туралы отандастарына айтсын деген де шығар. Дос көңілді елдер бі­ рін-бірі көбірек білсе, аралас көбейеді. Ай көрмесе, ағайын­ ның өзі жат болады дейміз, ел мен ел араласса, бауырмалдық күшейеді. Әр елдің бір ерекшелігі бар. Мысырда – пирамидалар, Па­ рижде – Эйфэль мұнарасы, Үндістанда Тадж Махал бар. Қы­ тайға барғанда, Ұлы қорғанды, Императорлар сарайын, «Пе­ кин үйректері» мейрамханасын көрмесең, бұл елді көрдім деме, дейді екен саяхатшылар. Сауд Арабиясына барғанда, Мекке мен Мәдинедегі Ұлы мешіттерді көрмесең, әрине, бұл елді көрдім деу бекершілік. Сондай-ақ, Даммамдағы «Сауди Арамко» компаниясының ғимаратын, ондағы араб мұнайының тарихын баяндайтын мұражай мен Сауд Арабиясы мен Бахрейн арасындағы 25 шақырымдық теңіз үстіне салынған көпірді, жалпы бұл елдегі автомобиль жолдарын көрмесең де, бұл елде болдым, оның ерекшелігін аңғардым деу қиын-ау. Біз соларды көрдік. Көрсетті. Біз дегенде, тележурналистер Алдан Смайыл, Серікхан Ахмет, Еркін Елубаев, радио­жур­ налист Құдиярбек Ағыбаев, газет журналистері Қалдархан Қамбар мен осы жолдардың авторы екі аптаға жуық бұл елдің біраз жерін араладық. Әсері көп. Оның бәрін газеттік мақалаға сыйдыра да алмайсың. Осындайда кімге де болса, барып көрген жөн ғой дегің келеді. Ал бұл елдің мұсылман қауымға қашанда есігі ашық.

І. Әлем мұсылмандарының кіндігі байланған жер Бұл елге сапар шеккендердің көңіліне жатталып қалатын үш бейне бар. Қайда барсаң да, фирмалардың кеңсесіне кір­ сең де, мемлекеттік мекемелерде болсаң да, қоғамдық жер­ лерде де Сауд Арабиясының королі Фахд инб Абдуләзиз асСаудтың, премьер-министрінің бірінші орынбасары және Ұлт­ тық гвардияның қолбасшысы мұрагер бекзада Абдулла ибн Абдуләзиздің, сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары, қор­ғаныс және авиация министрі бекзада Сұлтан ибн Абдул­ әзиздің суреттерін көресің. Бұл жеке басқа табынуды айып­ таған науқанды бастан кешкендерге басқашалау әсер етуі мүмкін-ау. Ал бұл елдің бүгінгі жеткен дәрежесін, қаласаң да, қаламасаң да осы тұлғалардың атымен байланыстыруға мәжбүрсің. Елдегі барлық шаруа әсіресе Фахд патшаның қа­ лауымен, нұсқауымен жүзеге асып жатыр. Бұл елде патшаның дегені талқыға түспейді. Фахд патшаның бұл ел өмірінің барлық саласында қол­ таңбасы бар. Сыртқы саясат та, ішкі экономикалық үрдістер, рухани өмір – бәрі патшаның бастамасымен, сол нұсқаған бағытпен дамиды. Бұл елде оппозицияға орын жоқ. Бүкіл әлем мұсылмандарының кіндігі саналатын қос киені – Мек­ кедегі Алланың үйі – Қағба мен Мединедегі Мұхаммед пай­ ғамбардың қабірханасын көргенде де Фахд патшаны еріксіз еске аласың. Өзін осынау қос киенің сақшысы санайтын пат­ шаның басшылығымен екі мешіт те құрылысы жағынан, әлем мұсылмандарының қажетін өтеуге мүмкіндік тудыру жағынан да керемет өзгерістерге ұшырапты. Оны оқып та, естіп те, көріп те сезіндік. Саудияға жолы түскен мұсылманның ең алдымен ойлай­ тыны – осы екі киелі орынға бару екенін мұндағылар күні бұ­- рын ескереді екен. Елмен танысуды біз де сол киелілерді кө­ руден бастадық. Алматыдан Ыстамбұлға ұзақ ұшып же­тіп, одан кейін келесі ұшуды біраз күтіп, Жидда қаласына шар­ шап жеткеннен соң, келесі күні жолымыз Меккеге түсті. Мұн­ дағылар өздері шақырған соң да, елдің басты қаласының бірі саналатын Жидданың ең бір мәртебелі қонақ үйіне тоқ­таумен қатар, қасиетті Қағбаға барудың барлық жағдайын жасады. Біздің сапарымыздың кезеңі кіші қажылыққа (Умраға) сай келді. Білмеген нәрсенің ой-шұқыры көп. Білмегенімізді бе­ тімізге басқан ешкім жоқ. Ниетіміздің адалдығын бағалап, жөн-жосық көрсетті, кем-кетігімізді түзетті. Кіші қажылықтың барлық шарттарын орындап, мұсылмандықтың үлкен бір парызын өтегендей болдық.

Меккедегі әл-Харам мешітіне кіру, ондағы Қағбаға тәу ету кезіндегі сезімді де баяндап жату қиын. Ол дағы әркімнің өзі­ не байланысты болса керек. Әсіресе кешегі өршіл атеистік тәрбиенің мектебінен өткен, материалистік танымды бойына сіңірген адамның, сондай-ақ басқа соқпаққа түспей, бірден діни танымның уызымен жетілген адамның сезінуінде өзге­ шеліктер бар шығар, кім біледі, сөйтсе де осы бір сәт, кімге де болса, ұмытылмастай әсер қалдырары анық. Еріксіз өт­кен өміріңді шоласың, әлдебір құдіретті күштің алдында та­ра­ зыланғандай боласың. Бұл жерде де әркім өз өмірінің шыр­ ғалаңына орай, әртүрлі ой кешер. Кінәнің де, күнәнің да ауыржеңілі бар дегендей, әркімге өз өмірі айқын. Сірә, Аллаға жалбарыну да, рақымшылдық тілеу де әртүрлі болар дегенмен, Қағбаны айналған сәтте қара нөпір халықтың күні бойы толастамайтын ағысы Жаратушыға деген қалтқысыз сенімнің құдіретіндей көрінеді. Қағбаны жеті айналып шығу – шарт. Одан кейін журна­ листік дағдың еріксіз айналаңа барлап қаратады. Осынау ха­ лықтың арасында, құдайым-ау, кім жоқ дейсің! Қара түсті аф­- рикандықтар да, қоңырқай шығысазиялықтар да, ақ сары жүз­- ­ді еуропалықтар да бір оймен, бір ниетпен араласып жүр. Туысып кеткендей. Сенім жақындастырған, сенім туыстырған. Бәлкім, басқа бір күш адамдарды дәл осылай табыстыра алмас. Күні кеше, сірә, бұлардың біразымен сонау Ыстамбұлдан ұшақпен бірге келген де шығармыз. Жолаушылардың көпші­ лігі осылар сияқты еді. Әсіресе, ақ сары түсті көз таныс еу­ ро­палықтарды мұнда кездестіреміз-ау демеп едік. Бұл енді олар­дың туа біткен, тұқым қуалай осындай реңдегі еуропа­ лық­тар екені анық. Кім біледі, бұрыннан осы исламда ма, оны жаңа қабылдады ма, имандылықты өзек еткен діннің өрісі, географиясы кең екенін осы Қағбаны айналып жүріп аң­ ғарасың. Осынша адамдар тасқынында үлкен бар, кіші бар, сау бар, дімкәс бар – бәрі бір Жаратушыға жалбарынады. Біреу ауру – қасіреттен арылуды сұрайды, біреуге – перзент мұң, біреу кү­ ні кеше жасаған күнәсін кешіруді сұрайды. Ана алдындағы пер­зент парызын өтеу үшін оны Меккеге арқалап барған жөн деген сөз бар. Осы Қағбаны айналып жүргендер арасында қарт­тарды сүйемелдеп, арба-бесікпен алып жүрген де адам көп. Қажылық парызды өтедік. Сонымен бірге біздің жур­на­ листер екенімізді, осынау елді көруге келгенімізді де Ақпарат

министрлігінің қызметкерлері ұмытпады. Ұлы мешіттің сыр­­ тын да біраз аралатты. Сірә, біздің қатардағы қажылық ету­ шілерден осынымыз артықтау болған да шығар. Тіпті сыртқа біраз ұзап шығып, ертең халыққа толады деген, зиарат ете келгендерге арналған қалашықты да көрдік. Ауқымын топ­ шылайсың да, таңданасың. Осынау қала бір мезгілде қозғалар болса, ол қайда барып сияды дейсің. Әлгінде өзіміз болған Қағба орналасқан әл-Харам мешітіне сияды. Жүз мың адам сиятын стадион бар деп таңырқаймыз. Мұнда қажылық ке­ зінде, Ораза кезінде бір миллионнан астам адам намазға жы­ ғылады. Жәй сығылысып отырған емес, намаз оқиды. Үлкен бір қаланың халқы. Осынша халықты сыйдыратын әлемде басқадай ғимарат жоқ болса керек. Болуы да екіталай-ау. Оның негізін Ибрагим пайғамбар мен оның баласы Ыс­ майыл қалаған екен. Ислам діні пайда болған соң ол Алланың үйіне айналды. Мұсылман қауым намазға жығылғанда, осын­ дағы Қағбаға бет бұрады. Солай болған соң да, оны құрметтеу, қадір тұту әр замандағы мұсылмандар үшін ең қасиетті па­ рызға айналса керек. Аңызға қарағанда, сонау баста бұл онша үлкен де бол­ ма­ған. Қағбаны жөндеуге тайпалар таласқанда, Мұхаммед пай­ғамбарымыз жұрттың басын біріктіріп, тас тасуға өзінің шапанын ұсынып, тастарды өзі қалап, жөндеуді тез бітіре қойғаны да біраз жайды аңғартады. Тарих сонау халиф Омардан бастап, мұсылмандарға билік жүргізген талай пат­ ша бұл киені кеңейтуге күш салған. Ақырында ол біздің за­ манымызға ұлы ғимарат болып жеткен. Сөйтсе де бүгінгі кейпіне қос кие араб елінің басын бі­ ріктіріп, үлкен мемлекет негізін қалаған Саудтар династиясы билік тізгінін ұстағаннан кейін келді деген ләзім. Алғашқы патша Абдуләзизден бастап, бұл қасиетті орындар бірнеше рет күрделі кеңейтуден өтті. 50-60 жылдарда Сауд патшаның кезінде бірнеше кезеңмен үлкен құрылыс жүріп, айтарлықтай шаруа тынғандай болса да, өзі таққа отырғаннан кейін Фахд патша, әлемдегі мұсылмандардың санының көбейгенін ес­ке­ ріп, қажылыққа келушілерге жағдай жасаудың мүмкіндігін ескеріп, жаңаша бір ұлы құрылысты қолға алды. Бұл жерде оның ауқымын айтып жату ұзақтау әңгіме. Қыс­ қарта айтқанда, бұған Фахд патша 11 миллиард АҚШ дол­ла­ рын жұмсады. Мешіттің сыйымдылығын 410 мыңның үс­ті­- не тағы да 773 мыңға арттырып, бір мезгілде 1183 мың адам­ ның намаз оқуына мүмкіндік жасалды. Бұл жерде бұл үшін

қаншама жер қосылып, мұнаралар салынғанын, жер асты жолдары, жаңа қақпалар, эскалаторлар, басқа да қажетті қон­ дырғылар салынғанын тізіп шығу қиын-ақ. Әңгімеміз негізінен Меккедегі ұлы мешіт жайында болып жатыр. Ал шын мәнінде оны осы жерден 447 шақырым қа­ шық­тықтағы тағы бір қасиетті мекен – Мединедегі Мұхаммед пайғамбардың мешітінен бөліп қарау қиын. Сонау бастан қос киені бірге қараған, бірге қастерлеген. Халиф Омардан бастап, ондағы жөндеу жұмыстары Меккедегі әл-Хараммен бірдей жүргендіктен де болар, қос киенің көлемі де бір-бірімен ша­ малас көрінеді. Тіпті Пайғамбар мешітін соңғы кеңейтуге де 11 миллиард доллардай қаржы жұмсалғанына таңданасың. Қос киені бірінен соң бірін көргеннен кейін оны еріксіз салыстырасың. Екеуі де қасиетті. Бірінен бірін артық қою үшін емес, ерекшелігін білу үшін салыстырасың. Ал ерек­ шелік көп-ақ. Олар бірін-бірі толықтырып тұратын ерек­ше­ ліктер. Мәдинедегі мешітті Мұхаммед пайғамбар өзі сал­дыр­ ған, өзі де осында жерленген. Бұл рухани тұрғыдағы ерек­ шелік десек, ал ғимараттың сәулетіндегі ерекшелік өз алдына. Таңданарлық бір құбылыс: соңғы жөндеуге дейін пай­ғам­ бар мешітінде биіктігі 72 метрлік төрт минарет бар екен, оған тағы да биіктігі 104 метрлік алты минарет қосылған. Түнде көргенде қандай! Аспанмен астасқан ол минареттерден нұр төгіп тұрғандай көрінеді. Әйтпесе осындай әрқайсысының салмағы 80 тонналық бірде ашылып, бірде жабылып тұратын күмбездің өзі не тұрады! Оны өнер туындысы, техника туындысы десең де сыяды. Бұл мешіттің көлемі бір кездегі Медина қаласының кө­ ле­мімен бірдей екен. Оған таңданбайсың. Өйткені бұған да қажылық пен ораза кезінде миллиондай халық сыйып кетеді. Қайнаған ыстықта бұл қасиетті ғимараттың іші қоңыр салқын тартып, ауасы таза болып тұрады. Қос кие туралы, олардың ұлылығы туралы қанша айтсаң да таусылмайтын көрінеді де тұрады. Оның өлшемі әдеттегі өлшемдерге сыймайтындай. Олардағы тұтынылар заттардың санын айтсаң, ол Гиннестер кітабына барып кіре беретіндей, бұл мешіттер теңдесі жоқ рухани орталық екендігі өз алдына, сонымен бірге сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері екені де даусыз. Әрине, ертеректе, әлемнің жеті кереметі аталған кезде, қа­ зіргі көп нәрсе жоқ болатын. Енді бүгінгі күні кереметтер есепке алынып, оның жетеуі аталар болса, мұсылман әлемінің қос киесі алдыңғы қатардан орын алады-ау дейсің. Оған көз

жеткізу үшін барып көру керек, Күндіз де, түнде де көру ке­ рек. Сонда көзің жетеді. Әңгіме осы елдегі мұсылмандық кіндік жайында болған соң, қазіргі өкімет қолға алып отырған тағы бір шаруаны айт­ пай кете алмайсың. Көрсін деп бізді қасиетті Құранды, оған қатысты кітаптарды шығаратын баспаға апарды. Оның дү­ние­ ге келгеніне 16 жыл болыпты. Жыл сайын 10 миллион кітап шығады екен. Бүгінге дейін 160 миллионы шыққан. Қасиетті Құранның аудармалары, түсіндірмелері әлемнің талай тілін­ де шығып, жер-жерге жөнелтіліп жатады. Халифа Алтай ақ­ сақалымыздың аударған, қазіргі күндері талайдың қолында бар Құран Кәрім де осында басылған екен, Әлемдегі мұсылмандар саны миллиардтан асады. Барған сайын исламға кіргендер де көбейе түсуде деген тұжырым бар. Біреулер қаласын, қаламасын, сол барлық мұсылмандардың кіндігі – Сауд Арабиясында. Өзін мұсылманмын деген адам осы елге өмірінде бір келіп, Алланың үйі саналатын Қағбаға тағзым етуді парыз санайды. Саудия алдағы уақытта да ислам әлеміне өз ықпалын жүргізеді. Бұл факторды ешкім де ескермей тұра алмайды. ІІ. Бұл елде таңданатын нәрсе көп Иә, бұл елде таңданатын нәрсе көп. Бұл елге күн ыстық деп келесің, бірақ суық тигізуден сақтанғаның жөн – дүниенің бәрі кондиционер: үйдің іші де, мәшиненің іші де. Терлеп келіп, бірден салқынға күмп ете қалсаң, тер қатып, түшкіре бастайсың. География пәнінен оқығандай, бұл ел үш жағынан теңіз қоршап жатқанмен, негізінен шөл далалы, батысын тасты тау көмкерген аумақта. Бірақ бұл елге аяқ тірегеннен кейін-ақ барлық жерде жасыл желектен ажырай қоймайсың. Рас, қаланың сыртына шыққанымызда сирек-сирек қара сора өскен құмды даланы да, арасын жол тіліп өтетін жадағай жақпар тасты тауды да көрдік. Бізді ерекше таңдандырған нәрсе жол болды. Ата-бабасы көшіп жүрген ел болған соң да, бұл ел жол қадірін бұрыннанақ білсе керек дейміз-ау. Бірақ жолға араб ағайындар қазіргі ғасыр өркениеті тұрғысынан қарайды. Қазіргі заманда уа­қыт қымбат, барар жерге тез жетуің керек – жақсы жол тез жет­ кізеді. Көлік көбейіп, әр адамның астында түйе емес, әр елден әкелінген арғымақ мәшинелер болған соң, олардың жәйлі жүрісіне де жол керек. Ал бұл елдегі жол ерекше.

Оның ерекшелігін аяғымыз осы елге тигенде-ақ сезіндік. Жиддаға түнделетіп жетіп, қонақ үйге тарттық. Ара 20-25 шақырым деген. Сырттай естіп келгенбіз – 2 миллионнан астам халқы бар үлкен қала, кешкі апақ-сапақта көлік көп шығар, әр жерге тоқтап, біраз жүріп жететін болдық қой деп қауіп қылғанбыз. Үлкен көшемен үлкен қаланы жарып келе жатырмыз. Тоқтау деген жоқ. Кейбір өзіміздің әкімдеріміздің өзі келе жатқанда басқа көлікті тоқтатып қоятынындай емес, қарсы да, көлденең де мәшинелер ағылып жатыр. Рас, біз көлденең көшелердің бірде үстінен, бірде астынан өтеміз. Әй­ теуір тоқтау жоқ. Мәшине сырғиды да отырады. Мұндай жағдайды елдің басқа да ірі Мекке, Медине, Дам­ мам, Риад сияқты қалаларынан да көрдік. Тіпті мәшинелердің тоқтауы жоқ, бағдаршамдар болмайды десек, онымыз күпірлік болар еді, әрине. Әңгіме жүйе туралы болып отыр. Кө­лігі көп елдерде көліктің жүрісі проблема. Мәшинелердің тығын болып, кептеліп қалған жағдайын Мәскеуден де, Берлин­нен де, Каирден де, Пекиннен де, сол елдерде болған кезде талай көргенбіз. Сірә, көлік қозғалысы, көшелерді соған қа­рай икем­ деуді, жаңа өркениет, даму жолдарына түсті деген елдер ғана емес, тіпті мықты өркендеді деген елдер де саудтық­тар­дан үйренер болар-ау дейсің. Ал енді сол жолдардың сапасы жөнінен бұлардан асып түсетіндер, бар болса да, аз шығар. Әрине, біз елдің статис­ тикалық мәліметінде тіркелген 130 мың шақырымдық авто­ мобиль жолының бәрімен де жүріп өткеніміз жоқ. Көрген жеріміздегі жолдардың оймақтай да ойылған жерін, бұзылған жерін көрмедік. Жөн сұрағандар айтады: барлық жерде де солай дейді. Жақсы жолдың ел экономикасына әсері барлығын ескертіп, оны салғанда да, жөндегенде де, пайдаланғанда да, оған мемлекеттік мәні бар мәселе ретінде қарайды екен. Ал бұл елде мемлекеттік мүлде алдында жұрттың бәрі бас иеді. Әрине, мұның бәрін істетіп жатқан бір жағы қаржы да шығар. Бірақ сол қаржы аспаннан тегін түсіп жатқан жоқ. Істің көзін тапқан соң, игілікке жұмсалып жатыр. Ал жұмыстың сапасын айтқанда, мұны енді тек қаржыға апарып тіреп қоюға болмайды. Бұл жерде жауапкершілік, тәжірибені айтқан жөн болар. Кім біледі, біз үшін аса маңызды болып табылатын жол салуда араб ағайындардан тәжірибе алсақ, тіпті үйренсек, артық болмайтын сияқты. Осы жолға байланысты тағы бір айтар жәй – бұл елде жол экономикалық мәні бар байланыс, қатынас объектісі ғана емес, адамға жан-жақты эстетикалық әсер ететін, сезімді тер­

бейтін өнер туындысы іспетті. Әсіресе қала маңындағы күре жолдардың жағасына қас шебердің қолынан шыққан әсем бұйымға балағандайсың. Даммам қаласынан біраз жердегі әуе­жайдан атақты өнеркәсіп астанасына келе жатқан жеңіл шаңытқан әк ұлпа топырақты аңызақ даланы да, оны тіліп салған таспадай әсем жолды да көрдік. Бәлкім екі жағын пальма ағаштары көмкерген жолмен келе жатып, оның ар жағындағы белес-белес құм толқындарды, селдірлеу өскен әлде сексеуіл, әсіресе қоян сүйекке ұқсас бұта ағаштарды басқалар көрмесе де, қазақ баласының көзі шалады. Содан да мына жолдардың оңайлықпен келмегенін, оған қаржы ғана емес, адамдардың маңдай терімен қоса, рухани байлығы да жұмсалғанын ұққандай боласың. Сол жол бойындағы ағаштар, бұта, гүлдер, жамылғы шөп­ тер оңай өсіп тұрған жоқ. Бір жерде қызыл шағыл құмды терең күреп алып тастап, әйтпесе темірдей қатты қызыл күрең тастарды ойып алып тастап, соған қара топырақ әкеп салып, оны шөлдетпей дамыл-дамыл суғарудың арқасында, мәпелеп күтудің арқасында өсіп тұр. Ал біз кей жерде жәй шыбық шаншып, оны өскенше малға жегізбеуге де ерінеміз. Соңғы кезде кей жерде бұрынғы ұрпақ егіп кеткен ағаштарды отынға деп кесіп алғандай кесепаттық әрекетке баратын имансыздар да табылып жүр. Арабияда ондай кісәпірлерге қандай шаралар қолданатынын сұрағанымыз жоқ, шамалауымызша жеңіл бол­ мас-ау. Даммамға барғанда, бізге теңіз үстіне салынған Фахд пат­­ ша атындағы ұзындығы 25 шақырымдық керемет көпір-жол­­ ды көрсетті. Мұны өнер туындысы демеске болмайды. Құ­ рылықта осындай құрылыс салынса, бәлкім ол мұнша әсер етпеуі де мүмкін. Ұшына көз жетпейтін теңіз көкжиегіне қа­ рай созылып жатқан бұл көпір адам құдіретінің бір көріні­ сіндей онымен жүрген адамның еңсесі бір көтеріліп қалады. Бұл көпір-кереметтің тағы бір адам сезімін баурайтын ерекшелігі – ол Сауд Арабиясын Бахрейнмен жалғастырады. Әу баста екі елдің патшалары соны ойлапты. Ортада шағын ғана арал бар екен. Бер жағынан Саудия, ар жағынан Бахрейн көпір-жол тартып, екі елдің достығына куә болғандай сол арада әсем қала-ескерткіш орнатқан. Сол кереметті осы маңға жолы түскен туристер де, қонақтар да, сірә, көрмей кетпейтін шығар. Бұл өзі жолдар адамдарды, елдерді жалғастырады деген тұжырымға әдемі мысал. Жол, әрине, барлық елдерде де бар. Бірақ Сауд Арабия­сы­ ның ерекшелігін айқынырақ көрсету үшін оған арнайы тоқ­

тадық. Мұндай ерекшелік ел өмірінің барлық саласында да, оның ішінде экономикасында да көп. Бұл жерде мұнайды сөз етпей кете алмайсың. Бізге дейін де бұл жайында көп айтылған. Жаңадан көп нәрсе қоса алмаспыз. Бірақ оны аттап кетсек, бұл ел жайын­ дағы әңгіме бүтін болмайды. Мұнай Сауд Арабиясының тұма­ рындай. Бұл елде әлемдегі мұнай қорының үштен біріндейі, дәлірек айтқанда 29 пайызы бар. Мұнай державасы дейтін Ресейдің қорынан алты есе көп. Күн сайын 9 миллион бар­ рельдей мұнай өндіріледі. Өткен жылы 400 миллион тоннадай өндірілді. Оны өндірумен негізінен (97 пайыз) мемлекеттік «Сауди Арамко» компаниясы айналысады. Мұнайдан келген табыс жылына 60 миллиард долларға дейін жетеді. Даммам қаласына келгенде, бізді сол «Сауди Арамкоға» апарды. Ел ішіндегі бір патшалықтай екен. Басқалар да со­ ны көрсін дейді. Елімізді танысын дейді. Мұнай өндіруде оны­мен тайталасатын әлемде компания жоқ болар. Әлемдегі алыптардан асып тұрса, ол үшін араб ағайындардың мақта­ нарлығы да орынды ғой. Компаниядағы мұражайдан да, арнаулы түсірілген дерек­ ті фильмдерден де алдымен біз елдің тарихын көрдік. Бұл компанияның дәуірлеуі де, жалпы елдің дәуірлеуі де, шағын тайпалардың басы бірігіп, бір ел болуында деген ой айты­лады. Асып-тасып жатқан мұнайдың билігі мемлекеттік компа­ния­ ның, мемлекеттің қолында. Шетелдік компаниялар қол сұға алмайды. Өнімді сатып алған соң ғана иелік етеді. Бұл да айрықша саясат. Әдетте мұнайға «сұйық алтын», «қара алтын» деген те­ ңеуді көп естиміз. Жаңа мұнай көзі ашылғанда, қуаныштары қойнына сыймаған жұрт беттеріне сол мұнайды, қара майды жағып жатады. Ал арабтардың мұнайының түсі ақ сарғыш екен. Бұл оның сапасын аңғартады. Жұрттың оған құмар бо­ латынын, Сауд Арабиясының беделін жоғары қоятыны да со­дан болса керек. Мұнай араб ағайындарының абыройын асырып-ақ тұр. Осында келіп, елдің өмірімен танысқанда, өзімізше тағы да бір жаңалық ашқандай болдық – осы атышулы мұнай сек­ торының Сауд Арабиясы экономикасында алатын үлесі 35 пайыз ғана екен! 65 пайызы басқа салалардың үлесінде. Бұл жаңалық біраз жайдың бетін ашты. Жасыратыны жоқ, көп адамның санасында, тіпті көптеген елдердің мемлекеттік деңгейінде де Сауд Арабиясы тағдыр жарылқай салған мұ­ найдың арқасында ғана дәуірлеп тұр деген пікір бар. Ал

шын мәнінде оның экономикасының үштен екідейі басқа са­ лалардың үлесінде. Бұл да таңданарлық жай. Әркімнің ес­ керетін, білуге тиісті жайы. Рас, сол салаларды дамытуда мұнайдың рөлі айрықша болыпты. Ел басшылығы мұнайдан келген байлықты тиімді пайдалана отырып, бесжылдық жоспарлар шеңберінде өнер­ кәсіптік дамудың жедел процестерін жүзеге асырған. Бұл процестер АҚШ-тың жетекші өнеркәсіптік және инженерлікконсультативтік компаниялардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылды. Бұл елде кен өндіру өнеркәсібі, химикаттар, құрылыс мате­ риалдары, металл бұйымдары, пластмассалар, маталар, қағаз, азық-түлік өнімдері өндірісі мықтап дамып отырғаны біраз адамдар үшін жаңалық та болып көрінуі мүмкін. Шындық сондай. Бұл саладағы объектілер аралас капиталға салынған кәсіпорындарға кіреді. Бұл капиталдың жартысынан көбі, яғ­ ни акциялар пакетінің 51 пайызынан көбі саудиялықтардың қолында болуға тиіс. Қалғаны шетелдіктерге беріледі. Бұл да сабақ боларлық саясат. Демек, бұл елдің экономикасына шетелдіктердің өктемдігі жүрмейді. Елдің ауыл шаруашылығын, әсіресе, егін шаруашылығын ойлағанда, тағы география ойға оралады. Теңіз суы егін суа­ руға келмейді. Бұл елде ағып жатқан бірде-бір өзен жоқ. Шөл­ді өлке, жақпар тасты таулы аймақ саналатын елде 1,8 миллион гектар егістік бар дегенге еріксіз таңданасың. Жердің астынан су тартып, егін егіп, мемлекет негізінен өз халқын негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 1,5 миллион тоннадай бидай өндіреді. Тіпті біршама өнімді сыртқа да шығарады. Бұған таңданбай көріңіз! Сауд Арабиясы әлемдегі ең ірі импортер елдердің ара­ сын­да 15-інші орын алады. Байыптап бағамдағанда, аса зор көр­сеткіш. Халқы бұл елден ондаған есе көп талай мемле­ кет­тің көрсеткіші бұлардан көш кейін. Елдің негізгі сауда әріптестерінің қатарында АҚШ (сауд импортының 24 пайызы), Ұлыбритания (9,8 пайыз), Жапония (14,9 пайыз) сияқты елдер бар. Негізгі тауары – мұнай, мұнай өнімдері. Әлемнің түкпіртүкпіріне араб мұнайы жол тартып, ақша, игілік болып қайта оралады. Осы әңгімені жолдан бастап, автомобиль көлігінің жүрісін сөз етсек, бұл елде әуе және теңіз көлігінің орны бөлегірек. Елдегі 23 әуежайдан, оның үшеуі халықаралық, ұлттық «Сау­ дия» авиакомпаниясының 120 әуе кемесі шартарапқа жол тар­

тады. Ал, әрқайсысының сыйымдылығы ондаған мың тон­на­ лық 26 теңіз кемелері барған ел мұнайға қарық болып жата­ды. Көптеген елдер бұл елмен жақындасқысы келеді. Бұл елден жан-жаққа имандылық, ізгілік, қайырымдылық нұры тарайды. ІІІ. Бұл ел басқа елдерден өзгерек Әлемде бай елдер көп. АҚШ, Жапония, Канада, Германия... қайсысы сол байлықтарынан басқаларға бөліп беріп жатыр. Сол бай елдер еңсесін көтере алмай жатқан елдерге азынаулақ қарыз берсе де, онысын бұлдап жатады. Күні ертең қары­зын сұрайды. Өсімін де шытырлатып санап алады. Сауд Арабиясында қайыр қылсаң, бүтін қыл деген қағида басшы­ лыққа алынады. Фактіге жүгінейік. Сауд Арабиясы дамушы елдер деп ата­ латын аяғынан қаз тұра бастаған мемлекеттерге өз табысының немесе ішкі жалпы өнімінің 5,54 пайызын көмекке береді екен. 1995 жылдың аяғында гранттар мен жеңіл қарыздар ретінде бұл ел Африканың 38 мемлекетіне, Азияның 22 мемлекетіне, тағы да дамушы 10 мемлекетке, барлығы 70 елге 71 миллиард доллардан астам көмек көрсетіпті. Бұл, сірә, кейбір елдердің бюджетін мықтап-ақ толтырған болар. Әлемнің бай елдерінің барлығы да өз қалтасынан әлсіз­ дерге осылай көмек жасаса, бүгінде көптеген елдердің еңсесі көтеріліп, қатарға қосылып та кетер еді. Бірақ БҰҰ басқа­ ларға көмек көрсетуге арналған ортақ қазанға қосылатын қар­жы көлемін елдердің ішкі жалпы өнімінің 0,07 пайызы мөлшерінде белгілеген. Мұнда бас халықаралық ұйым ортақ қазанға аз құйылсын демейтіні белгілі, қаржысы барлардың алақанының ашылғаны сондай-ақ. Елде Сауд даму қоры деген халықаралық көмек көрсететін ұйым бар. Сол қордың қайырымдылығын әлемнің талай елі көрді. Ол 63 елде белгіленген 300-ден астам жобаны қаржы­ ландыру үшін 5710 миллион доллар бөлді. Өздері тікелей кө­мек көрсетумен қатар, Сауд Арабиясының халықаралық қаржылық көмек беретін ұйымының есебінен 20 миллиард доллардай қаржы құйғаны және бар. Әлемде әртүрлі апаттар болып, адамдар қиналса, кейде әлдебір қанқұйлылардың кесірінен халықтардың зардап шегуі болса, соларға алдымен баратындардың қатарында Саудия елі тұрады. Бұл елде қайырымдылық қорлар көп. Соның біразында болдық. Әсіресе Ислам елдеріне көмек беру орталығы айрық­

ша әсер қалдырды. Сипаты біздің «Бөбек» қорымыз сияқты. Бірақ мүмкіндігі мол екен. Қаржының баршылығы ғой. Әлемдегі бес мың балаға материалдық көмек көрсетеді. Түрлі дертке ұшырағандар, өмірдің басқадай таршылығын көрген­ дер осы қормен тікелей байланыс жасап, қаржылай, заттай кө­мек алады екен. Әсіресе, түрлі апат аймағындағыларға көп қамқорлық көрсетілетін көрінеді. Бірақ біздің Семей атом полигоны, Арал экологиялық апат аймағы әзірге бұл орталық­ пен байланыс жасамапты. Фахд патша билік тізгінін ұстағаннан кейін-ақ, 1983 жыл­ дан бастап Ислам даму банкі жер жүзіндегі мұсылман қауы­ мындағы мұқтаждықтарға көмек беруге бағыт ұстады. Жыл сайын қажылыққа келгендердің құрбандыққа шалған малының етін кәріптерге жеткізіп беру мемлекеттік бағдарламаға ай­ налған. Иә, қайырымдылық бұл елде – мемлекеттік саясат. Бұл саясат қалай қалыптасты дегенде, еріксіз елдің тарихына, ис­ лам тамырына үңілесің. Осы сапарымыз кезінде ел тари­хынан біраз мағлұмат алдық. Саудтықтар ел тарихына, тарихи тұлғаларына айрықша құрмет көрсетеді екен. Мемлекеттің бас мұражайында ғана емес, басқа да мекемелерде сол тарихты алға тосып, елдің басын біріктірген тұлғалар ауызға көп алынады. Араб елінің тарихы әлемдік сабақ десе де болғандай. Өз алдына бір-бір патша болып, бытырап жатқан шағын тайпалар ислам дінінің төңірегіне топтасқанда, бұл ел күшейіп шыға келді. Кейін тағы да әртүрлі корольдіктер өз алдына шаңырақ көтергенде, ел тағы да күйзелді. Осы ғасырдың басында ұлы Абдуләзиз ибн Абдурахман әл-Фейсал әл-Сауд сол шағын тайпалық корольдіктердің басын қосып, Сауд Арабиясының негізін қалағаннан кейін бұл ел тағы да өркендеу жолына түсті. Сол бірігу де оңайға соқпаған. Абдуләзиз патша 31 жыл бойы күресіп, тек 1932 жылы ғана сол бірігудің аяқталғанын 23 қыркүйекте жария етті. Бұл күн – ұлттық мереке. Араб ағайындардың бағына қарай, ұлы Абдуләзиз патша елді тағы да 21 жыл басқарып, оның қабырғасын мықтап бекітіп, ұрпақтарына аманат етіп тапсырды. Елдің қазіргі жеткен биігіне қарап, ұлы патша аманатын ұрпағы ойдағыдай жүзеге асырды деуге әбден болады. Ел билігі тізгінін 1953 жылдан 1964 жылға дейін ұстаған Сауд патшаның, 1964 жылдан 1974 жылға дейін ұстаған Фейсал патшаның, 1975 жылдан 1982 жылға дейін ұстаған Халед патшаның тұсында да Сауд Арабиясы айтарлықтай табысқа жетті. Ал, міне, соңғы

он сегіз жыл бойы Фахд патшаның басшылығымен бұл ел әлемдегі іргелі ел деңгейіне көтерілді. Өзінің бітімгершілікке, әділеттілікке бағытталған сыртқы саясатымен де, дамушы елдерге белсенді қайырымдылық кө­ мегімен де, араб және исламдық ынтымақтастық пен бір­ лікті жақтайтын сара жолымен де Сауд Арабиясы халық­ аралық қарым-қатынаста белсенді позиция ұстанып отыр. Таяу Шығыста палестина халқының заңды талаптарының жү­ зеге асырылуын қалайды. Әділдік – сыртқы саясаттағы бас­ ты ұстаным. Ирак Кувейтке зорлық жасағанда, агрессорды ауыздықтауға белсене қатысты. Өзі көршілерімен тату-тәтті өмір сүріп отыр. Кейбір елдермен нақты шекара да белгі­ле­ меген. Басқаға зорлығы жоқ, біреудің зорлығына көнбейді. Өркениет туралы көзқарас әлемде әртүрлі. Батыс демок­ ратияны өнеге тұтады. Ислам әлемінде Қасиетті Құран қағи­ даларына негізделген имандылық жол басшылыққа алынады. Таңдау әркімнің өз еркінде. Өркениетке әркім өз жолымен барады. Сауд Арабиясында болған кезімізде техниканың соңғы же­ тіс­тіктерімен кездестік. Компьютерлер сөйлейді. Араб тілін­де, ағылшын тілінде сөйлейді. Қызмет көрсету еуропалық дең­ гейде десек, араб ағайындардың көңіліне келер дейсің. Неге оны арабтық деңгейде демеске! Өзіміздің кәсібімізге байланысты газет редакцияларында, басқаларда, телерадио студияларында болдық. Жұмыс ком­ пь­ю­терге жүктелген. Әріптестеріміздің телестудияға барған­ да, өздерінің ескі телекамераларын алмағанын да түсіндік. Әлі де мұндай ескі құралды алып жүргендері үшін өздері ғана ұялмайық деп емес-ау, ұлттық телеканалды жаңа түсіру құралдарымен жабдықтауға назар аудармаған өз үкіметін ұятқа қалдырмайық дегенін де аңғарғандайсың. Иә, бұл ел басқа елдерден өзгерек. Оны біз бұл елге ал­ ғаш аяқ басқанда-ақ сезінгенбіз. Ұшақтан түскенде, қатаң тек­ серуге алды. Онысы, әрине, бізге ұнаған жоқ. Бірақ ол қажет екен. Ел мүддесі үшін қажет екен. Елде 19 миллиондай халық тұрса, оның 12.304.835 адамы төл тұрғындар да, 6 миллионнан астамы шетелдіктер. Бірақ шетелдіктердің бәрі есепте. Біреуі де мұнда тұрақтап қала алмайды. Жоғарыдағы қатаң тексеріс бір жағы соған да қатысты. Негізгі игілік тұрғылықты араб халқына арналған. Келімсектер қызметін істеп, тиісті ақы­ сын алады да, уақыты біткенде еліне қайтады. Ертеңгі күні олардың кейбіреуі осында қалып қойып, тұрғылықты халық­

тың үлесіне ортақтасады деген қауіп жоқ. Өзіміз тексерудің қатаң талабынан біраз қиналып тұрсақ та, шіркін-ай біздің елімізде де келімсектерге осындай тосқауыл қойылар ма еді деп армандадық. Халықтың үштен біріндей келімсектер де араб тілінде сөй­лейді. Сөйлемесең, саған жұмыс жоқ. Мен өз тілімде сөй­ леймін деп міндет қыла алмайсың. Жұмыс істегің келсе, үй­ ренесің. Біздегі келімсектердей үйрет деп кекіреймейді. Жыл­ дамырақ үйренетін көрінеді. Үйренуге мәжбүр етеді. Араб ағайындардың осы өнегесі де бізге жұғысты болса, қанеки. Ел басшысы – патша. Абсолюттік монархия. Басқа кейбір жердегідей бар байлықты өзі иемденіп отырмай, халықтың мүддесіне жаратады екен. Араб ағайындардың бұл да бір бағы шығар. Жергілікті орындарға да соңғы кезде біршама еркіндік беріле бастағандай. Төрт жылға тағайындалатын Пікірлесу ке­ ңесі парламентті еске түсіреді. Оның пікірімен патша да са­ на­сады екен. Сол кеңестің төрағасы Мұхаммед ибн Жубейр бү­кіл елге қадірлі адам. Кезінде біздің елімізде де болыпты, біз­ді ескі танысындай қарсы алды. Кеңестің 60 мүшесі елдегі ең беделді де, білікті адамдардан іріктелген. Бұл ел тағдырына қа­тысты мәселелерді талқылап, шешім қабылдайтын органға, демократия деп, кездейсоқ біреулердің кіріп кетуіне жол бер­ мейді дейді төраға. Бұл да елдің өзіндік ерекшелігінің бір кө­ рінісі. Ал бізге өзіміздің демократиямыз ұнаса, бұл да өз ісіміз. Өзгешелік көп. Сөйтсе де бұл елде болған кезде екі елдің арасынан көп ұқсастық тапқандай да болдық. Халқының саны да, жерінің көлемі де шамалас. Рас, Ақпарат министрлігіндегі әжептәуір лауазымды шенеунік Қазақстанның жер көлемі Сауд Арабиясынан үлкендеу дегенге мүлдем сенгісі келмеді. Қатты таңданды. Еуропаның талай ірі мемлекеттерінің жерін қосқандағыдан да үлкен екендігімізді айтып, сендірмек болдық, Бірақ, көңілінде күмән қалды. Алда араласып жатсақ, бұл күмән сейілер. Ал бізге жақын араласу, тығыз байланыс керек-ақ сияқты. Деңгейлес елміз. Бірімізге біріміздің есеміз кетеді дейтіндей емес. Біздің де байлығымыз, құдайға шүкір баршылық. Мұ­ найдың көзін ашып жатқанымыз өз алдына, басқамыз да же­ терлік. Сол байлықты қалай игеру керектігін, қалай игілікке жаратуға болатынын араб ағайындардан үйренсек, артықтығы бар ма?! Әрине, жоқ. Екі ел арасындағы қалыптасып отырған бүгінгі қарымқатынасты жақсы дейміз. Одан да жақсара берсе, әрине, құба-

құп. Кешегі КСРО күйреп, еліміз тәуелсіздік алғанда, араб ағайындар бізді алғашқылардың бірі болып құттықтағандары бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы бұл елге ресми сапары жан-жақты қарым-қатынасқа жол ашты. Қазақстан бас­ шысы осы елде болғанда сирек кездесетін құбылыс – жаңбыр жауғанын жұрт ұмытпайды екен. Сол жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнап, барыс-келіс көбейді. Сол барыс-келістің үлкен тізіміне қарап-ақ, байланысымыз жаман емес екен деп шүкіршілік қылғандай боласың. Ел бас­ шысынан кейін бұл елге парламенттің басшылары, үкіметтің басшы адамдары, министрлеріміз, мекеме, ұйым басшылары барып қайтыпты. Олардан да осындай деңгейдегі адамдар келіп жатыр. Сондай байланыстың айрықша мәні барлығын осы сапарымыз кезінде біз өз көзімізбен көргендей болдық. Дәл осы тұста Сауд Арабиясы корольдігі премьер-министрінің орынбасары, қорғаныс және авиация министрі бекзада Сұлтан ибн Абдуләзиздің Қазақстанға сапары өткен. Саудияның те­ леканалдары ертелі-кеш сол сапарды жан-жақты көрсетіп жат­ ты. Біздің елімізді көрсетті десе де болғандай. Араб ағайындар осылайша Қазақстанды танып жатты. Экономикалық байланыстың ұшан-теңіз мүмкіндігі бар. Араб инвестициясына да Қазақстанда үлкен кеңістік барлығын айтып жатудың қажеті жоқ. Бұл елдің кәсіпкер қауымының өкілдері бізге келіп, жағдайды барлап жатқаны да қуантады. Ең бастысы – бұл елден алаяқтардың келмейтіні анық. Рухани байланыс жайында айтып жату да артықтау көрі­ неді. Мұсылмандардың киелі орындары тұрғанда, бұл байла­ нысты дамытпай тұра алмайтын шығармыз. Содан да оған түбегейлі мән беріп, бұл байланысты жүйелі арнаға түсіру де халықтың қалауынан туатын қажеттілік екені даусыз. Алыс сапарға шығып, ел көрдік. Таңданарлық нәрсе көп екен. Сонымен бірге бұрыннан таныс жағдайға да көп кезік­ кен­дей болдық. Сірә, ол тарихымыздың тағдырлас, тамырлас­ тығынан да шығар. Бұл елмен өткен тарихымызда ұқсастық көп болса, енді барар бағытымызда да ұқсастық аз болмайтын сияқты. Өркениет биігіне бірге шығатын сияқтымыз. Сонда да қалай да осы екі елдің арасындағы байланыстың дамуы қажеттілік те, соған септік ету баршамызға борыш сияқты көрінді де тұрды. Алматы – Ыстамбұл – Жидда – Мекке – Медине – Даммам – Рияд – Алматы. 2000 жыл.

ТҮРІК ӘЛЕМІНІҢ БІР ПҰШПАҒЫ Солтүстік Кипр Түрік республикасы үшін бәрінен де тәуелсіздік қымбат Тегін іздеу әр адамға тән. Түрік дүниесі, түрік әлемі деген­ де, көңіліміз сонау Сібірдегі Саха елінен бастап, батыстағы Тү­рік еліне барып тіреледі. Мың-мыңдаған шақырым. Әлем­ дегі ең суық өңірден ең ыстық құрылық Африкаға жақындап барып қалады. Сонда осынау әлемнің бүгінде көшбастаушысы болып саналатын Түркия мемлекетінен де оңтүстікте жатқан Солтүстік Кипр Түрік республикасы ойымызға оралады. Иә, бұл – бүкіл әлемге түрік дүниесі деген үлкен ұғыммен әйгілі халықтар қауымдастығының бір пұшпағы. Онда да көп­ тің біріндей емес, көңілге ұялар, географиялық тұрғыдан алып қарағанда да, ең оңтүстігінде орналасқан өңірі. Оның үс­тіне, тағдыры дауға айналып, жойылып кетуі шақ қалып, түрік ағайындардың үлкен батылдық, жанашырлық ат са­лы­суының арқасында ғана аман қалған, сол амандығымен түрік әлемінің ауқымын біршама кеңейтіп тұрған өңір. Оның тұрған жерін де, тарихын да, бүгінгі саяси орнын да білуге тиіспіз. Бүкіл түрік әлемі білуге тиіс, осынау әлемге жататын елдер, олардың халқы білуге тиіс. Онсыз түрік әлемін білемін, танимын деу артық. Бұл елдің тарихы, қазіргі саяси өмірі бас біріктірудің, әлемдегі өз орныңды белгілеудің, сол жолдағы күрестің жақсы өнегесі. Солтүстік Кипрдің белсенді саясат нысанына айналғанына да жарты ғасырға жуықтады. Әртүрлі әңгіме еститінбіз. За­ манына қарай әңгіме де өзгеріп жатты. Бір кезде, түркілік деген сөзге үрке қарайтын кезде ғайбат әңгімені көбірек ес­ті­ дік. Соң­ғы уақытта да ол біраз дауға арқау болған. Барып, өз көзіңмен көріп, өз құлағыңмен естісек деген тілек-ой көңілде жүретін. Соның да кенеттен сәті түсе кеткені бар. Алматыдағы Түрік республикасының елшілігінде баспасөз жөніндегі ке­ ңесші, дос көңілді азамат Абдуллах Ұзын сол елдің жыл са­ йын өтетін дәстүрлі тәуелсіздік мерекесіне барып қайтуға қалай қарайтынымызды сұраған. Келістік. Бұл жөнінде хабар Солтүстік Кипрге жіберілді. Осы жерде айтатын бір жай: Солтүстік Кипр Түрік рес­ публикасының (СКТР) басқа елдермен қарым-қатынасы Түрік

республикасының елшілігі арқылы жүргізіледі. Мұны да аға елдің жас республикаға қамқорлығы деп бағалаған жөн болар. Барар жеріңді алдын ала біліп барған жақсы. Сыртқы сая­ сатқа құлақ түрер адам бұл ел жайында біраз жайды естіп жүретіні анық. Сөйтсе де оны көңілде жаңғыртып, жаңа мағ­ лұ­маттармен толықтыра түскен жөн. Сол мақсатпен Түрік елі елшілігіндегі азаматтармен де пікірлесіп, онда жинақ­ тал­ған материалдармен танысып, Солтүстік Кипр Түрік рес­ пуб­ликасы туралы біраз мағлұматтарды ой елегінен өткіздік. Мұны оқырмандарға да ұсынғанды жөн санадық. Кипр аралының ұзақ тарихы бар. Біздің дәуірімізден бұ­ рынғы 3 мыңыншы жылдарда-ақ ол тарихқа енген. Табиғаты керемет бұл жерге қызығушылар қашан да көп болған. Біз­дің дәуірімізге дейінгі 1451 жылы мысырлықтар жаулап алып, ел тарихында элладалық дәуір басталды. Сонда ол әжеп­тәуір дәуірлеп, осындағы халық өзінің тәуелсіз мемле­кетін де құрды. Тағы да көздің құртын жегендей, сұлу да жайлы табиғат басқыншыларды қызықтыра берді. Ассирия­лықтар, мысыр­- лық­тар, тіпті парсылар да мұнда кезекпен би­лік құрып, одан кейін Александр Македонскийдің шапқын­шылығын да көрді. Біздің дәуірімізде ол Рим, Византия им­перияларының құрамына кірді. Арабтардың, кресшілердің шапқыншылықтарына да ұшырады. Ақыры ол 1571 жылдан бастап үш ғасырдан астам түріктердің билігінде болды. Ал XIX ғасырда ағылшындар келіп, өткен ғасырдың ортасына дейін отаршылдық езгісін жүргізді. Тәуелсіздікке Кипр мемлекетінің қолы 1960 жылы жет­ кендей еді. Отаршыл ел Англия және осындағы халықтардың шыққан тегі саналатын екі ел – Грекия мен Түркия болып, грек және түрік қауымдастықтарының басын қосып, екі қауымнан тұратын тәуелсіз Кипр республикасын құру жөнінде келісімге келген. Келісім болғанмен, біреулер өз ойларын іштей бүгіп қал­ ғаны көп кешікпей айқындалды. Өздері айтарлықтай артық­ шылыққа ие болғанына қарамай, грек қауымы түрік қауымын ығыстыруды жүзеге асыра бастады. Әрине, оларды сырттан қолдаушылар да болды. Аралды Грекияға қосуды мақсат тұтқандар (бұл арам пиғыл «энозис» деп аталды) екі қауым­ ды біріктіретін федералдық мемлекет құруды қаламай, ашық түрде түрік қауымдастығының өкілдерін қырып-жоюға кіріс­

ті. Белгілі аудандарда азшылық саналатын түріктер бас сауға­ лап, қашуға мәжбүр болды, бүкіл арал бойынша әр жерде топтасып, қорғанысқа көшті. Сөйтіп, өз елінде кипрлік түрік­ тер қашқынға, тіпті тұтқынға айналды. Мұндай жағдай, әрине, халықаралық қауымдастық назарын аудармай қоймады. 1964 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен аралға халықаралық бітімгершілік күш енгізілді. Бұл шара белгілі дәрежеде зорлықшылардың екпінін басқан. Сөйтсе де аралдағы түрік қауымының жағдайы мүшкіл күйде қала берді. Сол тұста Грекияда әскерилер билік тізгінін ұстағаны бел­гілі. Олар «энозис» саясатын жеделдете жүзеге асыру мақ­сатында Кипр республикасында әскери төңкеріс жасау әрекетіне кірісті. Аралдағы республиканың кепіл елінің бірі ретінде Түркия, бұл әрекеттің үш жақты келісімге қайшы ке­ летінін ескертіп, Англиядан жағдайға жедел араласуды талап етті. Бірақ, ағылшындар, әлде гректермен астыртын сөзі болды ма, әйтеуір түріктердің ұсынысын қолдамады. Сонда кипрлік түріктерді қанды қырғыннан сақтап қалу мақсатында, Түр­ кия аралдың өзіне жақын, туыс халықтар көбірек ме­кен­дей­ тін солтүстігіне өзінің әскерін түсіруге мәжбүр болды. Сөй­ тіп, түркі дүниесінің бір пұшпағы басқалардың иелігіне өтіп кетуден аман қалды. Бұл жайында шамалы тоқтала ой қозғаған жөн. Көп жағ­ дайда содан бергі уақытта мұны Түрік мемлекетінің халық­ аралық ережеге сыйыспайтын әрекеті деп айтып жатады. Тіп­ті халықаралық басқосуларда түрік елінің бетіне оны кінә ретінде тағатыны да бар. Кейбір ғылыми еңбектерде де оған сондай баға беріледі. Ресейде шығарылған бір географиялық энциклопедияда «1974 жылы аралдың бір бөлігін түрік әс­ керінің басып алуы салдарынан Кипр екі мемлекетке қақ жарылып қалды» деп жазылған. Рас, сонда арал екіге бөлінген. Ал түрік әскері келіп, осындағы кипрлік түріктерге ара түспегенде не болар еді? Тек гректерден тұратын біртұтас мемлекет орнауы әбден мүмкін еді. Грекияның белсенді қатысуымен ұйымдастырылған әске­ ри төңкерістің мақсаты да сондай еді. Түріктердің бәрін қырып салады деу артық шығар (біраз жерде ондай фактілердің орын алғаны да шындық), бірақ мұнда түрік қауымының өмір сүруіне мүмкіндік берілмейтіні даусыз еді. Оларға бұл жерден кетіп қана жан сақтау жолы қалар еді.

Кипрлік түріктерге үлкен ата жұрттан – Түрік елінен ара­ ша келді. Келгенде, өзінің күш-қуатын көрсете, қашан да қорған бола алатынын аңғарта келді. Соның арқасында Грекия әскерилерінің зұлымдық жоспарының күл талқаны шықты. Бұл оқиғаға әртүрлі баға берілгенде, ең алдымен, түрік дүниесі тұрғысынан берілетін бағаның маңызын ұққан жөн. Сонда Түрік мемлекеті бұл оқиғаға белсенді араласпағанда, түркі әлемінің өрісі қазіргіден әлде қайда тар болар еді, бір түркі мемлекеті кем болар еді. Осынау мемлекеттің пайда болып, оның қалыптасуында қайрат-жігер көрсеткен тұлғалар да бүгінгі күні ғана емес, алдағы ұрпақтардың да үнемі жадында жүрері анық. Бұл рет­ те алдымен ойға оралатын адам – Рауф Денкташ. Оған жұрт Солтүстік Кипр Түрік республикасының негізін қалаушы деген атақты сонау бастан-ақ беріп қойған. 1975 жылдың тамызында ол БҰҰ-ның бақылауында греккипр әкімшілігінің лидері Глафкос Клеридеспен Венада келіс­ сөз жүргізіп, аралдағы тұрғын халықтарды алмасу жөнінде келісімге қол қойды. Бұл да қажетті шара еді. Саны аздау түрік қауымы басқалардың арасында шашырап жүріп күн көруі екіталай еді. Көп нәрседен есесі кететіні анық-тын. Жерді бөліп алып, бас біріктірген соң, егемендігін жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Сөйтсе де, аралдағы түрік ағайындар көптен бері бірге өмір сүріп келе жатқан гректермен біржола ірге бөліспей, бір мемлекет аясында болуды қалаған. Бұл ең алдымен сырт әлеммен қарым-қатынас жасағанға да қолайлы. Соны ескеріп, 1977 жылғы ақпанда Рауф Денкташ грек жағының басшысы Макариоспен келіссөз жүргізіп, аралда екі қауымдастық басын біріктіретін федералдық республика құруға келісім жасасқан, тіпті халықтың саны басымдығын ескеріп президенттің грек жағынан болғанына да келіскен. Бұндай тіл табысуды халық­ аралық ұйымдар да жоғары бағалады. Бірақ өмір басқаны көрсетті. Грек қауымдастығының бас­ шы­лығы қалай та түрік қауымдастығын билік құрылы­мы­нан да, экономикалық жүйеден де ығыстыруға тырысып бақты. Сонда түріктер өз мемлекеттігін айқындап алмай, іс біт­пей­ ті­нін ұқты. Сөйтіп 1983 жылы дүниеге Солтүстік Кипр Түрік республикасы дейтін мемлекет келді. Оның бірін­ші президенті болып әлем таныған саяси қайраткер Рауф Денк­таш сайланды.

Әрине, өз жеріңде егемендігің болған жақсы. Бірақ қазір­гі әлемдік қарым-қатынас заманында басқа елдермен байланыс­ тың да маңызы үлкен. Осы жерде Кипрдегі жас Түрік рес­ публикасы тағы бір қиындыққа кезікті. Оңтүстік Кипрдің Грек әкімшілігі (ОКГӘ) оған дейін қалыптасқан халықаралық қауымдастықпен, сырт елдермен байланыс көздерін пайда­ла­ нып, үнемі жаңа Түрік мемлекетінің аяғынан шалып келеді. Кипрдің түрік жағымен өзара үн қатысуды тоқтатып, 1995 жылы Еуропалық одақ тарапынан осынау ұйымға мүше-үміт­ кер мәртебесіне ие болғаннан кейін, оған жеке дара мүше болуға тырысып бақты. Халықаралық қауымдастықтан сырт қалу жас мемлекетке қай жағынан да қолайсыз. Соны ескеріп, СКТР президенті Рауф Денкташ ОКГӘ лидері Глафкост Клеридеспен 2002 жыл басынан бері келіссөз жүргізіп келді. Бұған БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанды қосты. Сөйтіп дүниеге «Аннан жоспары» деп аталатын «Кипр проблемасы жан-жақты шешудің негіз­дері» деген құжат та келді. Онда аралдағы екі елдің бірігіп, Еуро­ одаққа кіруіне жол ашылып еді. Бірақ грек жағы түріктердің ұсынысын қабылдамай, 2003 жылдың сәуірінде Еуроодаққа кіру туралы келісімге жеке дара қол қойды. Аралдағылардың өзара келісімге жете алмасын білген соң, мәселеге Түркия араласты. Тағы да оған БҰҰ бас хат­шы­ сы Кофи Аннан тартылды. 2004 жылдың көктемінде Швей­­ царияның Бургенсток қаласында БҰҰ аясында кипрлік тү­ ріктер мен гректер Түркия мен Грекияның қатысуымен ке­ ліс­сөзге отырды. Онда Аннан жоспарына соңғы рет толық­ тырулар енгізіп, бірігуге біржола жол ашу мақсат етілді. Оның да сәті түсетіндей болған. БҰҰ бас хатшысы ұсынған Кипрдегі жағдайды реттеу жоспары халықтың талқысына түсетін болды. 24 сәуірде аралдағы екі мемлекеттің халқы бір мезгілде жеке-жеке дауыс беріп, Еуропалық одаққа біріккен мемлекет болып мүшелікке өтудің тағдырын шешпекке келісті. Сөйтіп, кипрлік түріктердің 65 пайызы реттеу жоспарын және Еуро­ одаққа бір мемлекет болып кіруді жақтаса, кипрлік гректердің 76 пайызы оған қарсы болды. Кімнің реттеу жағында, кімнің оған қарсы екенін сонда жұрт анық көрген. Реттеу жоспары екі жақтан қолдау тап­ қанда, «Біріккен Кипр республикасы» дейтін бүкіл әлем мойындайтын мемлекет пайда болар еді. БҰҰ бас хатшысы

Кофи Аннанның сөзімен айтқанда, кипрлік гректер «жоспарға ғана қарсы болған жоқ, жалпы реттеуге қарсы болды». Тағы бір таңдаларлық жағдай: арада бір апта өткенде Еуропалық одақ Оңтүстік Кипрді өзіне мүше етіп қабылдады. Әдетте бұл ұйым өзіне мүшелер қабылдағанда, үміткер мем­ лекеттерде өзіне қатысты ешқандай дау-дамайдың, ел тұтас­ тығына байланысты тартыстың болмауын, болған күнде оны реттеп келуді талап етеді. Ал Оңтүстік Кипрдің сол дау-да­ майға өзінің себепші болғанына қарамай, мүшелікке қабыл­ дануы түрлі сұрақтар тудырады. Бүгінге дейін бұл ұйымның құрамына бірде-бір мұсылман елінің кірмегенін ескергенде, Кипр Түрік республикасына да есік ашылмауын қисын соған апарып тірегендей болады. Дегенмен, Солтүстік Кипр Түрік республикасы жалғыз қал­ған жоқ. Оларға ата жұрты – Түрік мемлекетінің есігі аш­ ық тұрды. Аларын осы елден алды, берерін осы елге берді. Осы ел арқылы басқа елдермен араласты. Бұл елдегі игілік­ ке ортақтасамын дегендердің келуіне де қиындық жоқ. Түрік мемлекетіне келген жұрт кедергісіз Солтүстік Кипр респуб­ ликасына бара алады. Міне, сол елге біз де бет бұрдық. Билетімізде «АлматыЫстамбұл-Еркан» деген рейстер көрсетілген. Ыстамбұлды білмейтін адам жоқ, ал Еркан бізге жұмбақ. Оған бір са­ ғаттан аса ұшатынымызды білдік. Түрік елін солтүстігінен оңтүстігіне қарай қиып өтіп, сонан соң Ақ теңіздің үстімен ұшып, атақты аралға бет алдық. Түрік еліне тиіп тұр екен. 65ақ шақырым. Тіпті оның бір бөлігіндей көрінген. Еркан – елдің бас қаласы емес, жай әуежай ғана екен. Ірі қалалардан бөлектеу, бәріне де ортақ болсын деген шығар – елдің ортасында орналасқан. Ұшақтың есігінен шыққанда, аптап ыстық лап етті. Өзіміздің даламыздың, әсіресе құмды өлкеміздің ыстығы сияқты. Әнтек ауасы ауырлау көрінеді, сірә ол теңіздің алыс еместігінен болар. Мүмкін көңілімізге солай көрінген шығар. Аптап ыстық – Африка құрлығының жақындығы. Бірақ әуежай ғимаратына кірген соң-ақ, одан кейін көлікке мінгенде де бұл ыстықты ұмытасың. Оларда – кондиционер. Ал теңіздің жағасын жеткен соң, басқа дүние басталатындай. Сол теңізіңіз елдің ортасында орналасқан Ерканнан алыс та емес, төтелеп тартсаң, жарты сағатқа жетпейтін жер. Ал

біз елдің солтүстігіндегі туризм мен бизнес орталығы Гирне қаласында тұратын болдық. Оған бір сағаттай жүріп жеттікау. Ал ел астанасы Лефкоша да сондай жерде. Біріншісі – солтүстікте, теңіз жағасында, ал астана – оңтүстік шекарада, аралдың ортасында. Жол дегеніңіз бұл елде керемет. Осында болған бір аптадай уақытта елді шыр айналдық десек болар, қаланы да, ауылын да араладық, сонда осы бір жолдан азын-аулақ ақау аңғарылмады. Бәлкім, жердің тастақтығы да әсер ететін шығар. Сөйтсе де жолға деген ұқыптылықты мұнда елдің бір сипатындай атаса жөн сияқты. Бұл елге дүйсенбіде келсек, мереке салтанаты аптаның аяғында. Оған дейін қонақтарға елді көрсетпек екен. Қонақ дегенде, әр жерден келген бір қауым журналистер Гирне қа­ ласына орналассақ, ресми делегациялар – астанада, Лефко­ шада. Қонаққа құрмет әр елдің дәстүрінде бар ғой. Сөйтсе де, кипрлік түрік ағайындар сол құрметпен қатар, келген жұрт өздері жайында көбірек әсер де, мағлұматтар да алып кетсе екен дейтіндей. Өздерін әлем білсе екен, таныса екен, өздерінің тағдырына араласса екен деген тілек әр қадамнан аңғарылып тұрды. Сол көргендеріміздің бәрін ежіктеп айтар болсақ, сірә сөз таусылмас. Бұл елде тарих пен табиғат алдыңнан жа­ рыса шығады екен. 5 мыңжылдық тарихтан сыр шертетін ескерткіштер ешкімді бейжай қалдырмайды және ескерткіш болғанда қандай! Бүгінгідей техника жоқ кезде осыншалық алып ғимараттарды қалай салған деп таңданасың. Бәрін тастан тіліп жасаған. Құрлықтағыдай мұнда халық та көп емес қой! Сонда оны кімдер салған? Ал табиғат ше? Бүкіл елді үлкен курорт десе болғандай. Әрине, сырттан келген жұртты алдымен теңіз қызықтырады. Сонымен қатар бұл елде тау да бар. Сол тау мен теңіздің ара­ сындағы бірнеше шақырым жазық жер адамдардың өмір сү­ ретін тұрағы ғана емес, тек демалуға арналған аймақтай кө­ рінеді. Теңіз жағалаған жолдың өн бойы біріне бірі жал­ғасып жатқан елді мекендер. Сырт қарағанда, бұл елде халық көптей. Жолдардың көбі қаланың көшесіндей көрінеді. Көп қабатты болмағанымен, 2-3 қабатты коттедждер сән түзеп жалғаса береді. Тіпті жол таудан асып, жазыққа шыққан күннің өзінде әр жерде еңселі үйлердің

шоғырын кездестіресің. Сірә, мұнда бір мекеме, оның қыз­ меткерлері орналасса керек. Оңаша, жұмысқа тыныш. Қажет болса, қалаға бару да қиын емес. Сөйтіп, бүкіл республика жері үлкен бір қаладай әсер қал­ дырғанымен, шын мәнінде онда халық көп емес екен. Барыжоғы 200 мыңнан шамалы ғана асады. Нақтырақ айтсақ – 213 491 адам. Халқы тығыз орналасқан елдерді айтпағанда, біздің еліміздің кейбір ірі аудандарында да осынша халық тұ­рады ғой. Бірақ сол халқы да, жері де шағын республикада талай айтулы елдермен бәсекеге түскендей мемлекеттік те, саясиэкономикалық та, мәдени-әлеуметтік те құрылымдар көп. Осы жерде ойға мынадай бір оқиға оралады. КСРО күйреп, одақтас республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін, сол жаңа республиканың бірінде ТМД елдерінің басшылары бас қоса­ ды да, сонда оларды орналастыратын ең болмағанда төрт жұл­ дызды бір қонақүй болмапты. Ал біз орналасқан шағын Гирне қаласында бес жұлдызды 5 қонақүй, төрт жұлдызды 6 қонақүй бар екен. Әрине, елдің бейнесін қонақүймен ғана өлшеуге болмас, бірақ ол да бір өлшемдей. Әйтпесе, бұл елдегі мұражайлардың көптігіне де таңғалдық. Енді бұл рухани өмірдің көрінісі. Әр қалада 3-4-тен мұражай бар. Тіпті елді мекеннен сырт жерде жеке тұрған да мұражайларды көрдік. – Бұларды кім қаржыландырады? – деп сұрадық. Жауап қысқы болды: – Рухани байлыққа ел қаржы аямайды. Келген жұрттан қаржы түсетіні бар шығар, сөйтсе де олардың мемлекет тарапынан қолдаусыз күн көре алмасы жә­ не шындық. Тағы бір көңіл аударалық мәселе: мұнда ел тарихына қа­ тысты мәселенің бәрі қастерлі. Солтүстік Кипр Түрік рес­пуб­ ликасындағы халықтың 99 пайызы түріктер, 99 пайыз халық – мұсылмандар. Қаншама христиандық ескерткіш нысандар музейге айналған, ел қамқорлығында. Жат діннің ескерткіші деп, сыртқа тебу жоқ. Мұны да рухани кемелдік деп бағалағың келеді. Тарих – ортақ құндылық. Журналистерді Беллепайс монастырына алып барды. Алып құрылыс екен. Іргесі 1187 жылы қаланған. Содан кейін ел­ді билеген Византия, Рим империяларының да қолтаң­бала­ ры бар. Одан кейін XVI ғасыр мен XIX ғасыр аралы­ғында,

300 жылдан астам уақыт түріктер билеген кезде ол христиан қауымының руханы орталығы болып қызмет атқарған. Кей­ біреулердің түріктердің басқа дін өкілдеріне төзбессіз­дікпен қарайды деп қаралағысы келетініне бұл нақты жауап. Тағы бір ескерткіште болдық. Лала Мұстафа паша мешіті­ нің тарихы алыста жатыр. Тарихта елдің билігіне біреу келіп, екіншілері кетіп жатады. Сонда діндарлардың да алмасатыны бар. Сірә, түріктер келген соң, христиандардың біразы мекен алмастырса керек. Жат діннің орны деп, түріктер христиандық соборларды күтусіз қалдырмай, тіпті кейбір тағылардай қира­ тып тастамай, мешіттерге айналдырған. Аспанмен таласқан заңғар ғимараттың тарихи ескерткіш ретінде жұрт назарын аударатыны өз алдына, Мұстафа паша мешіті қазір жұмыс істеп тұрған мұсылман қауымның құдайға құлшылық ететін орны. Сірә өзінің орасан аумағына қарағанда, мұндай ірі ме­ шіт көптеген мұсылман елдерінде жоқ та шығар. Біз осында оны ескерткіш ретінде тамашалап жүрген кезде ертең мере­ кеге қатыспаққа келген Түрік мемлекетінің премьер-минис­ трі Ережеп Тәйіп Ердоған мырзаның осында намазға жығыл­ ғанына куә болдық. Оны СКТР жұртшылығы үлкен саяси және рухани оқиға ретінде қабылдады. Ескерткіштердің түрі көп. Соның біразын көргенде жаның түршігеді. Ол 1974 жылдың оқиғаларына арналған. Грек әске­ рилерінің айтақтауымен осындағы гректер азшылық түрік­ терді жаппай қыруды қолға алған. Тағылар жас балаларды да аямапты. Бәрінің тізімі жазылған. «Шейіттік» деп аталатын мазар-ескерткіштердің жасалуы да, күтімі де айрықша. Ау­ мақты жерді алып жатқан ескерткіш сапалы мәрмәрдан тұр­­ ғызылған, үлкен талғаммен жасалған. Жасыл аршамен қор­ шал­ғаны да осы бір қасиетті орынды қастерлеудің көріні­ сіндей. Қарауыл емес, күтушінің назарынан көлденең жатқан бір қылтанақ та қақас қалмайтындай. «Тағылықтан шейіт болған қандастарыңды ұмытпаңдар!» деген ұран сөз бүгінде әрбір түріктің жүрегінде. Жыл сайын осы уақытта тойланатын Бейбітшілік және тәуелсіздік мерекесі кезінде бұл республика адамдары алдымен соларды еске алады. Сонда қанша адам жауыздардың қолынан қаза тауып, жұрттың жүрегін қанжы­ латса, сонша ата жұрттағы түрік ағайындар келіп, азаттыққа қол жеткізгенін жұрт асқақтатады. Содан да кипрлік түріктер бұл мерекені екі ұдай сезіммен

тойлайды. Қайғы жұтып тұрып қуанады. Қуанып тұрып қай­ ғырады. Көретін нәрсе көп бұл елде. Табиғат сұлулығын ауызбен айтқаннан гөрі көзбен көрген жақсы. Шынар басына дейін шырша ағаштары көмкерген таулары бар, оның баурайында­ ғы көк шалғын теңізге барып жалғасады. Тауын да, даласын да көрдік. Әрине, бізге теңіз таңсық. Республиканың экономика және туризм министрі Дервиш К.Дениз мырза Оңтүстік Ки­ прге қарағанда өз жағалауларын туризмге әлдеқайда қолай­ лы дегені бар. Сол сөздің шындығы басым болар. Өйткені бүкіл Түркияның курорты оңтүстігінде жатса, Кипрдің сол­ түстігі соған ұқсас. Аралдың оңтүстік жағалауы шынында Африканың ыстығына жақындау. Тым ыстық та жанға жайлы бола бермейді. Қалай дегенде де, теңіздің аты теңіз. Кемеге мінгізіп, се­ руендетуін серуендетті-ақ. Жағалауға теңізден қараған да қызық. Жаға толы тарих. Неше түрлі қорғандар бар. Талай шайқасқа куәлік етеді. Ал қазіргі өмір басқаша. Сол жағалау­ лар жұртты әсем ғимараттарымен, жаға жайларымен шақы­ рады. Жақсы нәрсенің бәрі жағаға жақын. Мұнда келген жұрт теңізге жақын жүргенді қалайды. Халықты асырап отырған да сол теңіз. Балығымен ғана емес. Жаңға жайлы суымен. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағыл­ ған жұрт осы судан жанына шипа тауып, өздеріне жасаған қызметі үшін осындағы халыққа ақы төлейді. Осында халық қаншалықты көп келсе, мұндағы адамдар­ дың тұрмысы да жақсара түседі. Жоғарыда бір Гирне қала­ сында қанша жоғары дәрежелі қонақүй барлығын айттық. Ал бүкіл республика бойынша 120 қонақүй бар екен. Онда 12 мыңдай орын бар. Оған түрлі жалға берілетін жеке үйлерді, мекемелер жанындағы жатын орындарды, кемпингтерді қосы­ ңыз. Елдің халқы демалысқа қолайлы кезеңдерде еселеніп кетуі де мүмкін. Елдің болашағы да сол теңізге байланысты. Әділетсіз жа­ салған экономикалық эмбарго алынатын болса, әлемнің та­ лай елдерінен шыққан кемелер СКТР елінің жағалауына ба­ ғыт түзер еді. Сонда елдің экономикасы қазіргіден әлде қай­ да жоғары қарқынмен дамыр еді. Қазір ішкі жалпы өнім әр жан басына шаққанда 11 мың доллардан айналады екен. Кей елдер мұндай табысты арман көрер. Ал кипрлік түрік ағайын­

дардың межесі одан биігірек. Ел президенті Мехмет Али Талат журналистермен арнайы бас қосқанда бұл үшін елден эмбаргоның алынуы керектігін, әлем елдерінің өздерін тануы керектігін айтқан. Алдымен мұнда түрік дүниесіне кіретін ел­дердің белсенділігі қажет. Ағайындықтың көрінер жері де осындайда. Мұндай белсенділікті әзірге ата жұрт – Түрік мемлекеті ғана көрсетіп отыр. Мұны кипрлік түрік халқы да жоғары бағалап келеді. Бұлар өз тағдырын ешқашанда Түрік мемлекетінен бөліп қа­ ра­майтынын өздерінің барлық іс-әрекеттерінен аңғартады. Ал­дымен ауызға атажұртын алмай, сөз айтпайтындай да кө­ рінеді. Қай жаққа қарасаң да, екі жалау қатар тұрады: қызыл сызықшасы және қызыл ай-жұлдызы бар ақ жалау – СКТРдікі, ақ ай-жұлдызды қызыл жалау – Түрік мемлекетінікі. Бұ­ лар жеке ілінбейді, қай жерде де қатар тұрады. Осынау бөлінбейтін егіз тудың нөпірін біз мереке күні көрдік. Олар ілінетін жердің бәріне ілінген: үйлердің шаты­ рында, бағаналарда, мәшинелерде, үлкеннің де, кішінің де қолында. Тіпті ұшақтан секірген спортшы-парашютист те сол қос туды құшақтап түсті. Трассаны кернеп жайылған да сол егіз ту. Тым көп емес пе? Көп емес. Бұл екі елдің бөлін­бей­ тініндей, бұл тулар да бөлінбейтін сияқты. Лафкошаның бір көшесінің орта тұсы алаңға айналған. Ра­ сында, арнайы алаң жасап, оған трибуна орнатып не керегі бар? Көрсететін нәрсені осы жерде-ақ көрсетуге болады екен. Қайта жұрт жақыннан көреді. Қонақтарға арналған шағын трибунаның алдына үш қатар орындықтар қойылып, елдің бетке ұстары сол жерден орын алыпты. Екі-үш күнде көз таныс болып қалған адамдар: бас қонақ – Түркия елі үкіме­тінің басшысы Ережеп Тәйіп Ердоған, оған кішілік ілтипат көрсетіп жүрген СКТР президенті Мехмет Али Талат, пар­ ламент спикері Фатма Екеноғлу ханым, әрине, елдің ресми емес көсемі Рауф Денкташ... Осылардың алдынан елдің қарулы әлеуеті өтеді. Бұл елдің халқына оны әркез көріп отыру қажет сияқты. Осыдан көп те емес, ширек ғасырдан сәл артығырақ бұрын бейбіт халықты қанқұмар қорқаулар қатты қырған. Олар тіпті алыста емес, қорғаушың болмаса, олардың қазір де тайынары жоқтай. Бас көшенің екі жағын кернеп тұрған халық солардан қорғау­ шыларды көруге келген.

Сонымен бірге халықтың дәл осы күні күтетін сөзі де бар. Оны әдетте аға елдің басшысы айтады, өз басшылары қош­ тайды. Сол сөздерге қарап, олар өз жағдайын аңғарады. Расында Ердоған мырзаның сөзі жиналғандарға қатты әсер етті. Мазмұнын еміс-еміс қана түсінсек те, оны аңғару қиын емес еді. Жазып, оқып бермей, айтарын көңіліне тоқып келген шешеннің сөзін көше бойын кернеген халық сілтідей тынып тыңдап, дүрілдетіп қол соғып отырды. Мақсаттың бір екенін, жас республиканың қиындықтарды жеңуіне барын­ша қолдау көрсететінін, қашан да қорған болатынын айтып жатқаны анық. Жұрт одан соны күтеді. Тіпті әңгіме сол сөздің мазмұнын дөп басып айтуда емес, жүректің бірлігінде. Ал СКТР президенті Мехмет Али Талаттың сөзінде ағажұртқа рахмет айту көбірек орын алғандай көрінген. Оны да жөн дер едік қой. Біздің өзіміз аға мен іні елдердің қарым-қаты­насын көріп өскен ұрпақпыз. Бірақ бұл елдердің қарым-қа­ты­на­сы бөлектеу екені даусыз. Никита Хрущевтің қолы ти­меуден одақтас елдердің торқалы мерекелері бір жылға ке­йін шегеріліп жатар еді. Ал СКТР елінің бір мерекесінің 32 жыл­ды­ғына үлкен елдің басшысы бар жұмысын сырып қойып, басынан аяғына дейін қатысады. Ол – ниеттің, көңілдің жақын­дығы. Халық күткен сөздерін естіді. Ал көргісі келгені ше? Ше­ руден ешкім құрлықаралық зымырандарды, ауыр техни­каны, алысқа бомбаларды алып ұшатын ұшақтарды күтпейді. Бұл елдің алыстағы елдермен әскери тұрғыда есептесетін шаруасы жоқ. Бірақ жақын жердегілермен айқасқандай күн туса, біраз қажетті өтейтін нәрсенің барлығын да жұрт көрді. Аспанды жарып жібергендей дауыс шығарып, жойғыш ұшақтар ұшып өтті, ауыр танктерді, бронды мәшинелер, зымырандарды, өз­ дігінен жүретін қондырғылардың сан түрін көріп, шағын рес­ публикаға осының бәрі болуы артық емес пе, оны ұстап тұ­ рудың өзі айтарлықтай шығынды қажет етпей ме деген ойдың да келгенін жасырмайық. Мереке жақсы өтті. Соңғы күні кешкісін президент Мех­ мет Али Талат ресми қонақасы берді. Одан бір күн бұрын парламент спикері Фатма Екеноғлу ханымның қонақасында болғанбыз. Бәрі де теңіздің жағасында. Елдің ығайы мен сы­ ғайы сонда жиналған. Еркін әңгіме. Дастарқан иелері жұртты аралап жүріп, қонақтарға ықыластарын білдірді. Жұрт жеге­ ніне емес, көңілге тояды.

Әсіресе бізге ел ішіндегі ынтымақ ахуалы ұнаған. Соның бір көрінісін де осы қонақасы кезінде аңғарғандай болғанбыз. Президент Талат сияқты, елдің бейресми көсемі Рауф Денкташ та қонақтарды аралап, әңгімелесіп жүрді. Күні кеше бұлар президенттікке күрескен. Халық жастығын ескерген шығар, Талатқа көп дауыс берді. Қарсыласу сонымен біткендей. Денк­ таштың баласы Сердарды президент Талат вице-премьер және сыртқы істер министрі етіп тағайындады. Денкташтың өзі ұлттық басқосуларда төрде отырады. Сәті түскен соң, Денкташқа сәлем бердік, тілдесуге тура келді. Қазақстаннан екенімізді айтқанда, кәнігі саясаткер бір­­ ден президент Назарбаевтың атын атады. Шағын тілде­су­ ге орысша мен ағылшыншаға судай иордандық журна­лист Мар­уан Судах пен оның жұбайы Елена Недогина аударма­ шылық қызмет етіп, бір қиындықтан құтқарғаны бар. Бұл елге барғанда, не түрікше, не ағылшынша біліп бару керек екен. Орысшаң түкке жарамайды. Бір қауым журналист бардық дедік қой. ТМД-дан екі-ақ елден – Қазақстан, Әзірбайжан. Ресейден жоқ. Жапондар, Аф­ рика, Араб елдерінен, Шығыс Еуропадан келгендер. Тілдесіп, пікірлесіп жүрдік. Бұл елге жақсы көңілдерін білдіреді. Жақсы жазамыз дейді. Әсіресе оларға СКТР мен Түрік мемлекеті арасындағы қарым-қатынас, туысқандық қарым-қатынас ерек­ ше әсер еткендей. «Түркілер, бауырмал халық екенсіңдер ғой» дейді. Шындығында сондаймыз ба? Кипрлік достарға түркия­ лықтардың көңілі, көмегі белгілі. Басқамыз ше? Түркі әлеміне жататын елдер әжептәуір бармыз ғой. Қайсымыз өзінің тәуелсіздігі үшін жан беріп, жан алысып жүрген осынау елге, ең болмаса, көңіл жәрдемін ұсынып, құшағымызды аштық? Бұл сапардан көп әсер арқалап қайттық. Алыста түркі әлемін кеңейтіп тұрған туысқан ел бар екен. Әркімге құша­ ғымызды ашып жатырмыз, соларға ашсақ, болмай ма? Әр елге барып, демалып жатырмыз, соларға барып демалсақ, болмай ма? Оу, бұл жұрт туыс іздемей ме, іздеп барсақ, болмай ма? Түбіміз бір – түркіміз ғой.

үшінші бөлім Д Ү Б І Р Г Е Т О Л Ы Д Ү Н И Е

ОТПЕН ОЙНАМАС БОЛАР Ресейдің сыртқы істер министрі Андрей Козыревтің Сток­ гольмде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) елдері сыртқы істер министрлерінің кезде­су­ індегі «қалжыңы» үлкен саясаткерлер ғана емес, қарапайым адамдарды да ұйқыдан шошып оятатындай-ау. Қазақ қал­жың­ ды түсінетін халық. Бірақ мұндай қалжыңды құптай қоймас. Әңгіме жай жеке бір адамдардың ғана емес, талай елдердің тағдырына байланысты болып отыр. «Қалжың» мынадай болды. Кездесуде Козырев мәлімдеме жасады. Жұрттың төбе шашын тік тұрғызатын мәлімдеме. «Мен ресейлік сыртқы саясат концепциясына өзгертулер ен­ гізуге міндеттімін...» деп басталатын сол мәлімдемеден бір үзінді келтірейік. «...Екіншіден, бұрынғы Кеңес Одағының ай­мағы ЕҚЫК нормаларын орындауға болатын аймақ деп қа­рауға келмейді. Бұл шын мәнінде империядан кейінгі ай­ мақ. Онда Ресейдің өзінің мүддесін барлық мүмкін болған құралдармен, оның ішінде әскери және экономикалық құрал­ дармен де қорғауына тура келеді. Біз бұрынғы КСРО-ның рес­ публикаларынан жаңа федерацияға немесе конфедерацияға кіруді мықтап талап етеміз және бұл жайында қатаң әңгіме болады». Тағы да осындай біраз қоқан-лоқы пікірлер бар есерсоқтар аузынан шығатындай мәлімдеме жасайды да, Ресей министрі мінбеден түсіп кетеді. Ал түсініп көр! Жұрт аң-таң. Кейбіреулер өзінің ашу-ыза­ сын да білдіріп үлгерген. Хабар әлемге тарап та кеткен. Кез­ десуге төрағалық еткен Швеция министрі Маргарита аф Уг­лас ханым ЕҚЫК мемлекеттері Ресей министрі баяндаған кон­ цепциямен келіспейтінін айтып та салған. Біраз уақыт өткен соң Козырев қайтадан сөз алып, «әлгі айтқанының бәрі қазіргі Ресей саясатына қарсылардың ойы еді, соған басқалар қалай қарарын білейін деп едім» деп қарап тұр. Сонан соң барып Ресейдің көзқарасы былай еді деп, басқаша мазмұнда сөз сөйлеген. Дипломатия тарихында мұндай «қалжың» бұрын болма­

ған көрінеді. Шетел хабарларына қарағанда, біраз елдер­дің өкілдері мұндай «ойын» Ресей сияқты елдің өкіліне жарас­пай­ тынын да айтыпты. Ал бұрынғы кеңес республикала­рының өкілдері естерінен тана жаздаған. Кейбіреулері сол кездесу кезінде Ресей империясының өктемдігінен қорғау жөнінде НАТО-ға үндеу әзірлеуді де қолға алған көрінеді. Ал Ресейдің өз делегациясы мүшелерінің сөзіне қарағанда, министрлердің көпшілігі бұл «қалжыңды» құптапты. Олардың өздері білсін, ал бізге мұндай «қалжың» ұнамайды. Басқа елдің ісіне араласпау керек деген жақсы талап бар. Оған дау жоқ. Бірақ соған қатыстыра орынсыз «қалжың» айтып жатса, ол сенің өміріңе қауіпті болса, оған қайтып бей­ жай қарайсың? Оның өзі жай ғана біреу емес, қолында үлкен өкілдігі бар адамның аузынан шықса, оған үндемей қалудың реті жоқ. Осы жерде ойнап айтса да, ойындағысын айтқан жоқ па екен, басқалардың тамырын басып көру емес пе бұл, де­ген ой да көңілге оралады. Министрдің «қалжыңым еді» де­ге­ ні­не сенсек те, «ойнап айтса да, ойлап айтқаны» жөн шы­ ғар. Әйтпесе ойыннан өрт шығып кетуі мүмкін. Бір бұл емес, ресейлік ресми адамдардың аузынан әркез осын­дай жауапсыз сөз шығып жүр. Тіпті Ельциннің бір кезде басқа жердегі ресейліктердің көз жасына жауап талап ете­міз деген қоқан-лоқысы, Горбачевтің шекара жайындағы сан­ды­рағы естен шыққан жоқ. Ол шынында да басқалардың делебесін қоздырған. Айталық, біздің республикамыздағы каза­чество­ ның өзінше бой көрсетуіне сондай жауапсыз сөздердің әсері болғаны сөзсіз. Осы әңгімені жағдайды ушықтырып, түймедейді түйедей етіп көрсету үшін айтып отырмағанымызды оқырман қауым толық түсінер деп ойлаймыз. Қазір республикамыздағы қа­ лыптасып отырған халықтардың түсіністік ахуалы бізге опоңай келе қалған жоқ. Ол – сындарлы саясаттың, жүйелі жұ­ мыстың жемісі. Кеше ғана Қазақстан халықтарының фору­мы да жай насихат үшін емес, халықтардың мүддесінен шығу үшін жасалып жатқан шаралар. Әлгіндей орынсыз «қал­ жыңдар» біздегі жағдайға әсер етуі мүмкін екенін ойлағанда, көңілің құлазиды. Жақында Минскіде ТМД елдері басшыларының кездесуі өтеді. Онда қандай позиция ұстайтынын Президентіміз Нұр­ сұлтан Назарбаев мәлімдеп те отыр. Барынша құптарлық по­ зиция. Сонымен бірге, әзірге тағдырымыз тым жақын, ше­

карамыз ашық, әлі де ортақ ісіміз көп, әскери мәселелер, эко­номика жөнінде біршама ортақ саясат ұстанып отырған ел басшыларының ауа жайылғаны жөн емес-ау. Олар «қал­ жыңдап» өздерінің қолына беріп қойған, кейбіреуі біздің жерімізде тұрған атом қаруының тігіршегін басып қалса, әйт­песе әр жердегі әскерлеріне, байқап көрейік деп оспадар бұйрық беріп жатса, оның бізге зардабы тиетінін ескертіп қойсақ, артық емес. Отпен ойнамас болар. Одан өрт шығуы оп-оңай. 1992 жыл, 19 желтоқсан. БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРЫП Демократия деген ұғымның да құны кетіп бара жатқандай-ау. Көпшіліктің қалауы сол деп, басқаның ісіне араласу, дүниесіне қол салу, құқын шектеу үйреншікті іске айналды. Әрине, шын демократия ол емес, демократия заңдылыққа сүйенсе керек-ті. Молдова республикасындағы өздерін «Приднестровье респуб­ ликасы» деп атайтын аймақта да референдум өтгі. Сырт қарағанда, халықтың пікірін білуге арналған, демократиялық шара сияқты. Ал халықтың 60 проценті Ресейдің 14-ші армиясының осында қалуын қалап, дауыс берді. Енді осы демократия ма? Оған үш қайнаса сорпасы қосыл­ майды. Өзінің шекарасы бар, бүкіл әлем таныған Молдова сияқты тәуелсіз мемлекеттің бір бөлшегінде басқа бір елдің ар­ миясының қалу-қалмауы жөнінде мәселе дауысқа қойылады және көпшілік дауыспен оның осында қалуы мақұлданады! Ал Молдова бұған қалай қарайды? Оны басқалар сұрамайды да. Бұл жағдайды қарапайым халық тіліне аударайықшы. Бі­ реудің малын бір топ ұятсыздар уақытша пайдалануға алады да, кейінірек оны мүлдем иемденіп кетеді. Әлгі ұятсыздар мал иесін қоспай, оны иемдену мәселесін дауысқа салады да көпшілік да­ уыспен өзінің пайдасына шешеді. Приднестровьедегі жағдай осыған ұқсас. Осынау саяси ойын, бүйректен сирақ шығару кімге керек еді? Ресейдің 14-ші ар­миясының тағдыры әлдеқашан-ақ шешілген емес пе? Молдова мен Ресей арасында келісім болған. Сол бойынша бұл армия үш жыл ішінде Молдова аумағынан, яғни «Приднестровье респуб­ ликасынан» әкетілуі керек еді. Бұл жерде басқа біреулердің оны дауысқа салып жатуының мүлде қажеті жоқ болатын.

Иә, мұның бәрі де – үй ішінен үй тігіп отырған сеператис­ тердің әрекеті. Кеңірек айтар болсақ, оларға дем беруші сыртқы күштердің әрекеті. Бір жағынан, тәуелсіз егеменді елдің ішінде саяси тұрақсыздықты қалыптастырып, оны басқаларға тәуелді еткісі келеді, екіншіден басқа елдің ішінен өзіне қажетті күш қалыптастыруды қалайды. Кишинев сол референдум жайында сөз шығысымен-ақ оны заңсыз деп санап, өз көзқарасын айқын көрсеткен. Әңгіме өзінің 14-ші армиясы жайлы болғандықтан да, Ресей де шешімді түрде бұл армияның тағдыры ешкімге тәуелді емес, оны Ресей өзі шешеді, оған байланысты референдум өткізу бос әурешілік, оның үстіне, Ресейдей ұлы державаның ішкі ісіне араласу екенін ескертсе, сеператистердің расында «әуреленбесі» анық еді. Бірақ мұндай ескерту де, баға беру де болмады. Приднестровьеде өткізілген референдум ешнәрсені шешпейді. Оның нәтижесі заңсыз. Сонымен қатар бұл саяси арандату ша­ расы Молдова мен Ресейдің қарым-қатынасына тек қана зиянын тигізеді, бір-біріне деген сенімсіздікті күшейтеді. Ал енді осыдан кім не ұтады? Әйтеуір екі елдің арасына сы­ на қаққысы келетін арандатушылар мақсатына жетіп жатыр де­ ген жөн. Ал, қай елдің де болсын ішінде тыныштық орнасын дейтіндер мұндай саяси арандатуды қолдамаса керек. ҚЫРЫМ ҚЫРСЫҚҚА АЙНАЛМАСЫН Қазір Қырым республикасы төңірегінде әңгіме көп. Ол Укра­ ина мен Ресей арасындағы мәселе ғана емес. Бүгінде Еуропадағы, тіпті әлемдегі халықаралық ұйымдардың да назарын аударып отыр. Жақында ғана Еуропадагы қауіпсіздік және ынтымақтас­- тық ұйымының (ЕКЫҰ) Украинадағы миссиясы мәлімдеме жасап, Украина мен Қырым автономиялық республикасы ара­- сындағы қарым-қатынас ЕКЫҰ принциптерін құрметтеу негізінде жүр­гізілуі керек деп атап көрсетті. Бұл саяси қарым-қатынасты рет­теуге көмектесу мақсатында ЕКЫҰ-ның ұлттық азшылық істері жөніндегі жоғарғы комиссары Макс ван дер Стул Киев пен Симферопольға бармақ болып отыр. Онан соң Швейцария астанасында сол ел үкіметінің демеушілігімен мамыр айының басында Украина «дөнгелек үстелін» өткізу ойластырылуда. Әрине, халықаралық ұйым жайдан-жай мұншалықты әбігер­ ленбейтіні белгілі. Бір елдің ішіндегі жағдай болса, ол өз ісі деп әліптің артын бағар еді. Тіпті Чешенстандағы қантөгіске де көп

ел, көптеген ұйымдар «өкініш білдіруден» ары аса қойған жоқ. Ал Қырымдағы қазір болып жатқан оқиғалардың екі елге – Ук­ раина мен Ресейге қатысы болуы алаңдатпай қоймайды. Ресей­дің Мемлекеттік Думасында, оның депутаттары арасында бұл мә­ селенің қайта-қайта сөз болуы, ресейлік басылымдардың отқа май кұйғандай материалдары жағдайды шиеленістіріп бара жатқандай. Айтқан жерден аулақ, іс насырға шабар болса, бір ұлы державаның теніз флоты орналасқан аймақтағы қақтығыстың салдары тіпті қиынға соғуы ықтимал. Ал қазір Қырымдағы жағдайды одан әрі шиеленістірмей, қа­ лып­ты күйге түсіруге бола ма? Талай адамның басын қатырған бұл мәселені былай шешу керек деп оп-оңай жол айта са­ лудан аулақпыз. Бірақ басы ашық-бір жәй бар: қалайда оны өр­ шітпей, барынша салқынқандылықпен әрекет жасап, келісім жолын іздеу керек. Ең алдымен Қырымның Украинаның бір бөлшегі екенін бірінші кезекке қойып, барлық мәселені осы бағытта шешер болса, алып бара жатқан да еш нәрсе жоқ. Ал оны, біраз ба­ сылымдардың жазып жүргеніндей, бұрынғы: Ресейдің жері еді, Украинаға орынсыз берілген дейтін болса, мәселені осы бағытта шешпек болса, іс насырға шабары анық. Әзірге мәселе Қырымдағы билік құрылымдары жайында болып отыр. Украина басшылығының пікірінше, Қырымда пре­ зи­денттік институтты енгізу жан-жақты ойластырылмаған шара болған, енді оны жою Украинаның унитарлық мемлекет ретіндегі кұрылымына сай келеді. Осыған орай шешім қабылданды: авто­ номиялы республиканың конституциясы тоқтатылды, енді ат­ қа­рушы орындарды Украина үкіметі тағайындайды. Бұл жө­нін­ де Украина үкіметінде мәселе талқыланып, оған Қырым автоно­ миясының басшылары қатыстырылды. Аткарушы үкіметтің са­бақтастығы жөнінде арнаулы құжат та дайындалып жатыр. Қы­ рымды қаржыландыру Украина бюджетінен болмақ. Бәрі жөн дейсің. Қырым өзінің өнеркәсіп өнімінің 75 про­ центін, электр энергиясының 85 процентін Украинадан алады. Мұнай, газ да – Украинадан. Мұнда халық Украинаның басқа облыстарындағыдай: негізінен орыстар мен украиндардан тұрады. Бұған дейін олардың арасында ұлттық негізде қақты­ ғыс болған емес. Көп ретте жағдайды ушықтырып жатқан сая­ саткерлер. Ю.Мешков президент болған соң-ақ кадрларды Мәс­ кеуден іздеген соң, жергілікті жұрттың оны ұнатпағаны да бар. Иә, қазір Қырымда әжептәуір шиеленісті жағдай қа­лып­

тасып отыр. Тіпті әңгіме онда билік басында кімнің отыр­ ғаны, билік құрылымы қандай екенінде емес. Мұндай жағ­дай әр облыста да болуы мүмкін. Әңгіме оған сыртқы күштердің қатысына байланысты. Әсіресе отқа май құй­ ғыш арандатушылардың араласпауында болып отыр. Олар ел басшыларының жаза басқан қадамдарын аңдиды. Мұн­ дайда парасатты әрекет керек. СОҒЫСТЫ АҚТАУ ҚИЫН Туысқан Түркияның 35 мың адамдық армиясы Ирактың сол­ түстік аймағына ендеп кіріп, ондағы курд жұмысшы партиясы деп аталатын сепаратистердің әскери базаларын талқандап жа­ тыр. Кісі өлімі, әрине, соғыс болған соң, болмай қоймайды. Ол жөніндегі түрік жағының ресми мәліметі мен курдтардан түс­кен мәліметтер қарама-қайшы. Алғашқы он күн шамасында әске­ рилердің айтуынша, 269 курд бүлікшілері жойылып, өз жағынан 17 адам қаза тапты десе, курд жұмысшы партиясы түрік армиясының 515 адамы өлтіріліп, курдтардың бар-жоғы 21 адамы шығын болған дейді. Әсіресе курдтардың мәліметіне сену қиындау. Мұз­ дай құр­санған әскер жасаған шабуылдың салдары былай болмаса керек. Біз бұл жерде соғыста кімнің қанша адамы шығын бол­ ғанын анықтайық деп отырғанымыз жоқ. Ең алдымен онда соғыс болып жатқаны, оған Түркия сияқты туысқан елдің қа­ тысы барлығы көңілге қаяу түсіреді. Жоқ, біз әсте де курдтық сепаратистердің әрекетін ақтағымыз жоқ. Түркия жерінің бө­ лінбейтіндігін қалаймыз, ел тынышын алған сепаратистердің әрекетін айыптаймыз. Бірақ сепаратистерге қарсы күрес жолы осы ғана ма еді? Бір жақтан көп, екіншісінен аз демейік, осы бір қақтығыстан адамдар құрбан болып жатыр ғой. Сол жанға батады. Бұл айтып отырған пікірдің әсте де ресмилік сипаты жоқ. Түрік дейтін туысқан халықтың қазақ халқына тәуелдік алған кезде алғаш құшағын айқара ашқан халықтың іс-әрекеті бізге ерекше. Оны қашан да қолдағымыз келеді. Бірге болғымыз келеді. Дәл осы жолғы әрекетін де сырттай жазғырғымыз жоқ. Ел президенті Сүлеймен Демирелдің, үкімет басшысы Тансу Чиллердің мә­ лім­демелерін де естіп, оған түсіністікпен қарадық. Бірақ со­ ғыс созылып барады, адам құрбаны көбейіп барады. Курдтар да Түркия дейтін туысқан мемлекеттің бір халқы еді ғой, діні бір ха­лық еді ғой деген ой көңілге орала береді. Өз халқының бір

бөлігін күшпен бағындырмай, пәтуа жолымен тіл тауып,елдің ынты­мағын арттырса дейсің. Әрине туысқан түрік халқына қаны қастар бұл қақ­ты­ ғыста Түркияны айыптап, даңғаза көтеріп жатқаны бел­гі­лі. Сөйтсе де, соғыстың созылып бар жатқанына бұрын бұл елге іш тарта жүретін біршама мемлекеттер де айыпта­ған­ дай пікір айтуда. Араб мемлекеттерінің лигасы да Түркия әрекетін жақтамайтынын мәлімдеп, олардың өз әскерлерін Ирак аумағынан әкетуге шақырды. Еуропа елдері ішінде, басқаларға қарағанда, тығыз ын­ тымақта болып келген Германия Федерациялық Респуб­ ликасы да бұл соғыстың ұзаққа созылуын құптамай отыр. Бұрын олар Түркияға әскери көмек көр­сетсе, енді оны тоқтатуға шешім қабылдады және әскерін көп кешік­тірмей Ирак жерінен алып кеткенін қалайтынын да білдір­ді. Сондай-ақ курдтарға мәдени автономия беру талабын құп­тағанмен, Түркия жерінен аумақтық үлес алу талабын құптамайтынын да мәлімдеді. Біреу құптап, біреу айыптағанмен, адам құрбандығына соқтырған соғыс жүріп жатыр. Құптаушылардың да, ай­ ып­таушылардың да алға тосар себеп, уәждері бар. Қай­сы бірі көңілге де қонғандай. Сөйтсе де, сол соғыста адам өмі­рі қиылып жатқанда оны ақтау да қиын. 1995 жыл, 7 сәуір. ӘР ЕЛ ӨЗ ҚАДІРІН ОЙЛАҒАНЫ ЖӨН Соңғы кезде Украинаның белсенді сыртқы саясатын кей­ біреулер ұнатпайтын сияқты. Өз кезегінде кейбір елдердің Украинаға ынтасын Ресей ақпарат құралдары тіпті Мәскеуге қарсы әрекет деп те бағалауға әзір. Жақында Британия премьер-министрі Джон Мейджордың Мәскеудегі «жеті мықтының» кездесуі алдында Киевке соқпақ­ тығы және одан сәл кейінірек онда Британия мен Германия сырт­ қы істер министрлері Малькольм Рифкинд пен Клаус Кинкелдің келуі жөніндегі хабарды ресейліктер неге тыжырынып қарсы алды? Әрине, ең алдымен Украинаның өзіндік саясат жүргізуін қаламайды. Осыған байланысты әртүрлі болжам айтылып, фак­ тілерді өңін айналдырып көрсетуге, тіпті, оқиғаға басқаша баға беруге де құмар-ақ.

Украинаға соңғы кезде АҚШ тарапынан да, басқа жетекші елдер тарапынан да айрықша назар аударылып отырғаны анық. Мұны Украина басшылығының үлкен табысы, байсалды саясаты­ ның, ұстамды әрекеттерінің нәтижесі деп бағаласа жөн. Украина –халқының саны жағынан да, экономикалық потенциалы жа­ ғынан да Еуропадағы қуатты да ірі мемлекеттердің бірі. Салыс­ тырып қарайықшы, халқының саны жөнінен ол Ресейдей ұлы державаның үштен біріндей. Аз емес, Франция, Англия, Ита­ лия­лармен деңгейлес. Онымен тек Ресей ғана емес, бүкіл әлем санасуға тиіс. Тек қана бұл ірі мемлекет бұрынғы КСРО зама­нынан қалған «Ресейдей ағасының» көлеңкесінен әлі шыға алмай жүр, шығармай жүр. Жай сөз жүзінде теңбіз дегенімен, сол «ағаның» рөлінен Ресейдің өзі де шыға алмай жүргені де белгілі. Кеше сәуірдің басында Украинаға әне-міне барамын деп, президент Б.Ель­ цин­нің ақыры айтқанға көнбедіңдер деп бармай қалуы соны ай­ ғақтайтындай. Бұл оның «ағалыққа» басқаны. Әйтпесе осы Ук­раина деңгейіндегі Еуропаның бір елінің басшысына екі-үш күн бұрын баратынын телефонмен мықтап айтып, кейін бармай қалса, ол елмен арадағы қатынас сөзсіз нашарлар еді. Тіпті, Б. Ельцин ондай әрекетке бармас та еді. Украина тағы да «інілік» ізет көрсетті. Өкпелеген жоқ. Кім біледі, өкпелесе де оны байқатпаған шығар. Ал парасаттылық та­нытып, артық әңгімеге бармағаны анық. Тіпті президент Л. Куч­ ма Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін аралап жүрген кезінде, бәл­кім сұраған соң да айтқан щығар, Ресеймен қарым-қатынасын те­ реңдетуге тырысатынын, Б. Ельцин Киевке қалай да баратынын айтып, белгілі бір дәрежеде Ресей президентінің беделін де қорғағандай болды. Украина басшыларының Ресей жайындағы пікірлері, қарым-қатынастағы ұмтылысын әділіне жүгінер адам жоғары бағалаған болар еді. Ең бір қиын нәрсе – кейбір саясатшылар осы Украинаның белсенді саясатын, басқалардың тарапынан, әсіресе, ұлы дер­ жа­валар тарапынан Украинаға назар аударылуын, онымен бай­ ланыстарын тереңдетуге ұмтылыстарын Ресейге қарсы әрекет­ тей санайтыны бар. Мұның өзі сол баяғы «ағалықтың» әсерінен, туралап айтар болсақ, империялық пиғылдың әсерінен босана алмай жүрген ауру. Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты айтқанда, көңілде басқа да елдер тұрады. Шығыс және Орталық Еуро­ падағы елдердің өзіндік саясат ұстануын былай қойғанда, Ор­ талық Азия республикаларының экономикалық кеңістікке бірі­

гуі, осындағы елдердің Түркиямен байланыстары, Балтика жаға­ лауындағы елдердің өзіндік сыртқы саясаты біраз саясатшылар­ ға ұнамайды. Ұнамай ғана қоймайды емес, оны «ағаның» қам­ қорлығына рахмет айтпау, тіпті, жақсылыққа жамандық деп бағалайды. Дегенде, әр елдің өз қадірін өзі ойлағаны жөн ғой. Сыйламай жатса, оны басқадан емес, өзіңнен көргенің жөн. 1996 жыл, 13 сәуір. НАТО-ҒА КІРУ ҮШІН ЕШКІМ РЕСЕЙДЕН РҰҚСАТ СҰРАМАЙДЫ Жақында Вашингтонда АҚШ, Латвия, Литва және Эстония президенттерінің, осы елдердің серіктестігі туралы Хартияға қол қоюына байланысты Ресей ақпарат құралдары Балтық ел­ дері үшін аса маңызы бар осы құжаттың маңызын төмендетіп көрсетуге асықты. Сол құжаттың мәтінімен танысқан кезде біз басқаша жағдайды аңғардық; Айтарлықтай көлемді бұл құжаттың толық мәтінін жария­ ламай-ақ, одан үзінді келтіргеннің өзінде де, оқырман көп жайға қанығары даусыз. «Әрбір мемлекет: Эстония, Латвия және Литва – еуропалық және трансатлантикалық институттарға, оның ішінде Еуропалық Одақ пен НАТО-ға да, толыққанды мүше болуды мақсат тұта­ тынын тағы да қуаттайды». «Америка Құрама Штаттары Эстонияның, Латвияның және Литваның НАТО-ға қосылуға талпынысын құттықтайды және олардың осы бағыттағы күш-жігерін қолдайды». «Америка Құрама Штаттары НАТО-ның кеңеюі ашық про­ цесс деген позициясын тағы да атап көрсетеді. Америка Құрама Штаттары НАТО болашақта да кеңейеді деп сенеді және НАТОға мүше болуға шақырылған елдер соңғы елдер болып қал­май­ тынына да сенімді. НАТО-ға мүше емес ешбір елдің альянстың шешіміне байланысты вето құқығы жоқ». Бұдан кейін Ресей ақпарат құралдарының «бұл құжат күт­ кендегідей болмады, АҚШ Балтық елдеріне НАТО-ға қабылдану жөнінде кепілдік бермеді, АҚШ-тың ондай шешімге бармауы Мәс­ кеуге жалтақтады» дегендері күлкі тудырады. Әсіресе, халықаралық қарым-қатынаста, дипломатиялық тіл­ де әдептілік сақтау деген болады. «...Эстония, Латвия және Лит­

ваның НАТО-ға қосылуға талпынысын құттықтайтын» елдің қан­дай әрекеттерге баратынын, олардың НАТО-ға кіретініне ке­пілдік береміз демесе де, зердесі барлар ұғуға тиіс қой. Онан соң, НАТО-ға кіру үшін оған ұмтылатын елдерге қойылатын қатаң талаптардың барлығын да ұмытпау керек. Сондықтан да АҚШ кепілдік беремін деп жар сала алмайды. Осы жерде осыдан тура жарты жыл бұрын РФ сыртқы істер министрінің орынбасарының: «Прибалтиканы НАТО-ға жі­бер­ мес үшін Ресей ешнәрседен тайынбайды» деген сөзі еске түсе­ ді. Дәл қазір мұндай сөзге жұрт күлер еді. Күліп те жүр. Олар басқалардың да өздерінше әдеп сақтамай, бір нәрсені қо­йып қалғанын қалайды. Ал, өркениетті елдер ондай дөрекі мә­лім­де­ мелерге бармайды. Сол Хартияға қол қойғаннан кейін Эсто­ния, Латвия және Литва президенттері өздерінің журна­листермен өт­ кізген мәслихатында да бұл құжатқа жоғары баға бергені бар, бірақ бүл жайында Ресей ақпарат құралдары айт­қысы келмейтіні таңдандырады. АҚШ пен Балтық елдері президенттері қол қойған серіктестік туралы хартия Латвия, Литва және Эстонияның Еуропамен, жалпы Батыспен кірігуіне жол ашатын, бұл елдер үшін тағ­ дырлық мәні бар аса маңызды құжат болып табылады. Оны ұқ­ пау, оны жете бағаламау кейбір елдердің саясатының дең­ гейін де аңғартады. 1998 жыл, 24 қаңтар. АРААҒАЙЫНДЫҚҚА АДАЛ НИЕТТІЛЕР ЖҮРСЕ ЖАҚСЫ КСРО-ның күйреуімен бірге Грузияға мұра болып абхаз мәселесі қалды. Оны шешу қиынға соғып тұр. Бұрынғыдай белден басып, күшпен шешетін заман жоқ. Оның үстіне ара­ ағайындыққа жүрген Ресей жағы, грузиндердің пікірінше, сол шиеленісті шешуден гөрі оны шиеленістіріп отырғандай. Бәтуаға келмей отырған абхаздар сол солтүстіктегі ұлы көршіні арқаланатындай. Шиеленісті шешудің ұшы көрінбей отыр. Отбасының ішінде жанжал шықса, оны отбасының ішін­ де тындырған жақсы, әрине. Оның сәті түспесе, арааға­йын­ дыққа жүрген адамның адалдығын тіле. Ол жанжалдың бір жағына шықса, – құдайдың ұрғаны сол. Грузин – абхаз жан­

жалы сондай болып тұр. Әрине, Ресей әділмін дегенді ай­ тудан жалықпайды. Бірақ сөз бар да, іс бар. Бұл шиеленістің ше­шілер түрі жоқ. Әдетте мұндай шиеленісте кішкентай ұлт үлкен ұлттан зәбір көріп жатады. Ал мұнда керісінше болып тұр. Абхаздар грузиндерді тұрғылықты жерінен қуып шығып, қайта ора­ луына мүмкіңдік бермей отыр. Орындалмайтын шарттар қоя­ ды. Арандатушылық әрекеттер жиі жасалады. Бұл шиеленісті бейбіт жолмен реттеу аз айтылып жүрген жоқ. Алдымен, ТМД басшыларының басқосуында сөз бо­ лып, грузиндер Ресейге қатты өкпесін айтты. Шешім қабыл­ данды, бірақ ол орындала қоймады. Бұдан кейін мәселе ха­ лықаралық сипат алып, Женевадағы келіссөзде Үйлестіру ке­ңесі құрылып, мәселелер сол кеңестің сессиясында талқы­ ла­нып, шешуге тиіс болған шиеленіс БҰҰ мен ЕКЫҰ-ның на­зарына алынып, Грузия жөнінде БҰҰ бас хатшысының арнайы тобы кұрылды. Мұның да нәтижесі көздегендей болмай отыр. Келіп түс­ кен хабарларға қарағанда, жақында абхаз жағының талап етуімен. құпия жағдайда Үйлестіру кеңесінің сессиясы өткен көрінеді. Ресей ақпарат құралдары абхаз жағының пікірін жа­риялап, олардың аузымен грузин жағын жазғырып отыр. Сол кеңеске қатысқан абхаз делегациясының басшысы Та­ маз Кецба грузиндер Абхазияның Галь ауданында бүлді­ру­ шілік әрекеттер жасап жүр дегенді айтады. Оған назар ау­ да­рылмайды деп БҰҰ-ны, ЕҚЫҰ-ны кінәлайды. Мұның қаншалықты негізді екенін ажырату қиын. Ал оның Грузия президенті Э.Шеварднадзенің мемлекеттің теңіздегі шека­ расын өздері бақылауға алмақ болғанына қарсылық білдіруі қисынға келмейді. Әзірге бұл шекараның билігі Ресейдің қолында. Абхаздардың солай болып қала берсін деуі Гру­ зияның тәуелсіздігімен үйлеспейді. Бұл ұзаққа созылған шиеленіс халықаралық ұйым­ дар­дың белсене араласуынсыз бітпейтін сыңайлы. Бұл жерде Босния мен Герцеговинадағы жағдай көңілге орала­ды. Шиеленісуші жақтардың біріне іштартатындардың арааға­ йын­дыққа жүрмей, төрелікке бейтарап халықаралық ұйым жүр­се ғана бәтуаға қол жетпек. 1998 жыл, 31 қаңтар.

САДДАМ ХУСЕЙН МЕН ОНЫ ҚОЛДАУШЫАРАНДАТУШЫЛАРДЫҢ ИРАК ХАЛҚЫНА ЖАСАҒАН ҚИЯНАТЫ ҰШАН-ТЕҢІЗ Ирак аспанында соғыс өртінің бұлты уақытша сейілгендей – Бағдат режимі БҰҰ-ның арнаулы комиссиясының Ирактағы жаппай қырып-жоятын қаруларды құртуға байланысты жұ­ мы­сына кедергі жасамайтынын мәлімдеген соң, АҚШ пре­ зиденті Б.Клинтон өзінің Иракқа соққы беру жөніндегі бұй­ рығын тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Мүмкін бол­ған­ дай бір алапат соғыс тоқтатылды. Әлемдегі үлкен бір дағ­да­ рыс уақытша шешімін тапқандай. Қазір барлық жерде бұған баға беріліп жатыр. Көп жердегі пікір әлемдік жанжалдың уақытша болса да бітіммен аяқталғаны үлкен жеңіс дегенге саяды. Осы жерде БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның пікірін келтірген жөн болар. Ол Иракты зымыранмен атқылаудан бас тартқаны үшін АҚШ президентіне ризашы­ лығын білдіре келіп, «бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімі орын­далуға тиіс деп есептейтіндердің үлкен жеңісі» деп атап көрсетті. Бүкіл әлем халқын алаңдатып отырған Ирак мәселесі көптен бері шешілмей келеді. Бұл жайында айтылған және айтылатын сөз де көп. Тек Ирактың өзі ғана емес, бұл шиеленіске АҚШ және Ресей сияқты державалар да белсене қатысып, ол осы екі елдің сыртқы саясатындағы басты бір бағыттарына айналды. Осы мәселеге байланысты Ресей өз дипломатиясы үлкен жеңіске жетіп жүр деп талай мақтанғаны да бар. Бұл шиеленістің бірде шиыршық атқан кездері де көп болды. Әдетте ол Бағдаттың БҰҰ шешімін орындағысы келмей, мінез көрсететін кездеріне сай келеді. Сонда АҚШ өз одақтастарына берген уәделеріне және өзінің әлем алдындағы міндетім дейтін біраз астамдық та араласқан саясатына сай, БҰҰ шешімін орындауға Иракты күшпен көндіргісі келеді. Әрине, шиеленістің дипломатиялық жолмен шешілгені жөн. Осы жерде Ресей АҚШ-тың күш қолдану саясатына қарсы пікір айтып, Иракты жақтап, біраз ұпай жинап келгені де бар. Сырттай қарағанда, АҚШ соғысты жақсы көретін сияқты, ал Ресей бейбітшілікті қалайтындай көрінеді. Ал шындығы қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін, шиеленістің мәніне үңілейік. Ирак Кувейтке шабуыл жасап, оны басып алмақ болғанда, бір­шама араб елдерімен одақ болған АҚШ өзінің қуатты қа­ руымен Иракты тәубеге келтірді. Бүған дейін де Иранмен со­

ғысып, агрессиялық пиғыл көрсеткен Ирактың бұдан былай көршілеріне, жалпы әлемге тыныштық беруі үшін БҰҰ Қауіп­ сіздік кеңесі оны жаппай қырып-жоятын қарудан айыруды көздеп, сондай қаруларға жол бермеуді бақылайтын арнаулы комиссия құрды. Сонымен бірге өткендегі ауыр әскери қылмысы үшін бұл елге экономикалық санкция енгізді. Бұл шешімді орындамаса, оған қарулы күшпен шара қолдану, ал орындаған күнде одан экономикалық санкцияны алып тастау көзделген. Ирак тарапынан аталған шешім ойдағыдай орындалған күнде экономикалық санкция да әлдеқашан алынатындай мерзім өтті. Бірақ Бағдат режимі түрлі айлаға басып, БҰҰ шешімін орын­даудан жалтарумен келеді. Түрлі желеуді алға тосып, ар­ наулы комиссияның жұмысына бөгет жасады. Оның мұндай әрекеттеріне Ресейдің кең қолдау көрсетуі Саддам Хусейнді жаңа қисынсыз әрекеттерге арандатып отырды. Сонау баста бүкіл әлем Иракты айыптады. Оған БҰҰ Қа­ уіпсіздік кеңесінің шешімі куә. Енді шешімді орындауға келгенде, кейбір елдердің, ең алдымен Ресейдің өзінің жеке мүддесін көздеп Бағдат режіміне қолдау көрсетуі, сол шешімнің жүзеге асуына үлкен нұқсан келтірді. Барлық елдер түгелдей дерлік сол шешімнің орындалуына күш біріктіріп, қатаң талап қойғанда, Ирак шиеленісі әлдеқашан-ақ шешімін тауып, ирак халқы қазіргі экономикалық қысымнан құтылған болар еді. Ресейдің осы мәселе жөніндегі саясатын қолдайтын ақ­па­ рат құралдары көбіне шындықтың өңін айналдырып көрсетіп келеді. Осы жылғы ақпандағы Ирак шиеленісінің ширығып, күш қолдануы әупірім тәңірмен әзер тоқтатылғанын Ресей дип­ ломатиясының жеңісі деп даңғаза көтергені де бар. Ал шын мә­ нінде шиеленістің сол ширығуына себепші болған да Саддам Хусейнге жел берген Ресей болатын. Саддам Хусейннің бүгінгі соңғы желігін де қолдаушылар арасында ресейліктер болды. Мемлекеттік думада Бағдат диктаторына ара түсу жөнінде мә­ селе де көтерілді. Бұл көпшілік депутаттардан қолдау таппай, әйтеуір Ресейдің абыройы онша көп төгіле қойған жоқ. Сөйтсе де бұл елдің ақпарат құралдары бүкіл әлем Саддам Хусейнді айыптап жатқанынан жұртты кең хабардар ете қойған жоқ. Өкінішке қарай, біз де халықаралық хабарларды көбіне сол Ре­ сей ақпарат құралдарынан аламыз. Тіпті, Ресейдің кейбір же­ текші газеттері Саддам Хусейннің райынан қайтуға мәжбүр болғанын хабарлауды артық көрді. Ал бұл осы күндердегі әлемдік оқиғалардың ең маңыздысы болатын. Бұдан біраз бұрын олар араб елдері Иракты қолдайды деп жамырай хабарласа,

бүгін бүкіл араб дүниесі Саддам Хусейнді айыптап, бүгінгі шиеленіске оның кінәлі екенін айтып, енді БҰҰ шешімін орындауға кедергі келтірсе, оған жеке жауап беретінін мә­лім­ деп отырғаны белгілі болды. Бұл жағдайдың барлығы да Ресейдің бүгінге дейін диктатор Саддам Хусейннің қол­ тығына су бүріккен саясатының масқара болғанына айғақ. Ирак аспанында соғыс өртінің бұлты сейілді деп тұжырымдау ертерек. Саддам Хусейн бұрынғысынша есерлік танытып, БҰҰ шешімін орындамауға әрекет жасайтын болса, әдеттегідей оны талқыға салып, айыптап жатпай, соғыс басталып кетеді. Бұл АҚШ-тың ғана қалауы емес. Енді айылын жимай жүрген ди­кта­ торды ауыздықтау қажеттігіне көзі жеткен халықаралық қауым­ дастық шешімі де сондай. Осындайда жүгенсіз диктаторды арандатушылар болмасын дейік. 1998 жыл, 20 қараша.

ӘР ЕЛДІҢ ӨЗ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН ДЕ ЖОҒАРЫ Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының Орта Азия аймағындағы мүдделері туралы әңгіме көптен бері айтылып келеді. Бірде үдеп, бірде бәсеңдейді. Тер­ро­р­ шылардың АҚШ-тағы әрекеті, одан соң АҚШ-тың Ауған­ стандағы терроршылар мен оны қолдаған талибтерге қарсы әс­ кери күш қолдануынан кейін сол мүдде жайлы әңгіме тағы да үдей түсті. Сонда таңданатын бір жай бар: саясатшылар, ресми қай­ раткерлер, тіпті мемлекет басшылары сол екі державаның мүд­делері туралы айтып, ал бірінші кезекте сөз болуға тиіс Орта Азиядағы мемлекеттердің мүддесі туралы айтуды ұмы­ тып кетеді. АҚШ Ресейдің мүддесін ескермеді деп жатады. Сон­ да сол Орта Азиядағы елдердің, тәуелсіз мемлекеттердің өз мүд­делері жоқ сияқты. Оу, алдымен сол елдер нені қалайты­ны, олар­дың мүддесі қандай деген жай әңгіме болуға тиіс емес пе? Кеше терроршылар АҚШ-қа қарсы қанқұйлы әрекет жа­ са­ғанда, әлемнің көп елдері, оның ішінде Ресей де, Қазақ­ стан да оларға көңіл білдіріп, террорға қарсы коалицияға қосы­ латындарын мәлімдеді. Мәлімдеп қана қоймай, нақты іске көшті. Ресей талибтерге қарсы соғысып жатқан Солтүстік одақ­қа үлкен техникалық көмек көрсетті. Қазақстан АҚШ ұшақ­тарына өз әуе кеңістігін ашты. Қажет болған жағдайда

бас­қа­дай да қолдау көрсетуге әзірлігін айтты. Өзбекстан мен Қыр­ғызстан да әуежайларын пайдалануға берді. Осының бәрі басқаның мүддесі үшін бе? Жоқ. Ең алдымен, осы елдердің өз мүддесі үшін! Қазақстан да, Өзбекстан да, Қырғызстан да халықаралық терроризмді айыптайтын елдер екенін, сол террорға ұшыраған мемлекеттердің қандайына да көмек беруге әзірлігін білдіретін ел екенін көрсетіп, әлем ал­­ дында өзінің бет-бейнесін танытты. Өз мүддесі үшін. Тер­ро­ ризмге тоқтау жасалса, әсіресе, жақындағы Ауғанстанда ты­ ныштық орнаса, бұл ең алдымен Орта Азиядағы мемлекет­ тердің мүддесіне сай. Неге осының бәрін басқа елдердің мүд­ десіне апарып қатыстыру керек?! Міне, Ауғанстандағы жағдай өзгеріп, онда біршама тұрақ­ тылық орнаған кезде, енді АҚШ-тың әскерінің Орта Азия аймағынан кеткені жөн, оның мұнда қалғаны Ресейдің мүд­ десіне қайшы келеді дегенді Мәскеу жақ шулап айтып жатыр. Олардың осындағы елдердің пікірлері қаңдай дегенде ісі жоқ. Тіпгі сол АҚШ-қа неге есік аштыңдар деп осындағы елдерге өкпе де айтады. Жақында Орта Азияға сапар шеккен РФ Мемлекеттік думасының спикері Г.Селезнев бізден рұқсат сұрауларыңыз керек еді ғой деген емеурін де аңғартты. Ал сол аймақтағы елдердің мүдделері нені талап етеді? Сірә, ол Ресейдің өктемдігіне тәуелді болғанды қаламайтын шығар? Кремльдің көкірек қағып, менсіз күндерің жоқ, ме­нің ыңғайыммен жүр дейтін империялық саясатынан құ­ тылғысы келетін шығар? Күні кеше өзара қырқысып жатқан талибтер Орта Азияға басып кіреді, мені паналамасаңдар олар сендерді талқандап өтеді деген қауесет таратып, Кремльдің өз ықпалын асырғысы келгені де жұрттың есінде. Талибтерді Вашингтон талқандады. Сол Вашингтон өз күштерін осында орнықтырса, біраз елдің басқалардың қоқан-лоққысынан құ­тылуы да әбден мүмкін. Демек, бұл олардың мүддесіне сай келеді. Сонда олар неге Ресейдің «ұлттық мүддесіне» ың­ ғайлануға тиіс? Мүдде дегеннен шығады, осыдан біраз бұрын Ресей НАТО шығысқа қарай жылжымасын, яғни Шығыс Еуропаның елдері оның құрамына кірмесін, ол Ресейдің мүддесіне қай­ шы келеді деп байбалам салғаны бар. Ол Польшаның, Че­ хияның, Венгрияның мүддесін тіпті ескергісі келмеді. Бұл өзі жұмсарта айтқанда, ешқандай әдепке сыймайтын жай еді. Аталған елдер өз мүддесі үшін күресіп, НАТО-ға кірді, өз­ дерінің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Каспий мұнайы туралы да түрлі елдердің мүдделері сөз болып жатады. Әрине, алдымен АҚШ-тың, Ресейдің мүдде­ лері айтылады. Ал біз үшін өз мүддемізден артық ешнәрсе жоқ. Біздің, еліміз Ресейдің де, АҚШ-тың да мүддесінен бұ­ рын өзімізге ненің тиімді болатынын ойлауға тиіс. Қазір мұ­ найымызды Ресей арқылы тасымалдап жатырмыз. Көбірек өндірген кезде, бұл Ресейге ұнасын-ұнамасын, Баку-Жейхан құбырын да пайдаланарымыз сөзсіз. Қолайлы жағдай туса, Иран бағытын пайдалануға құштарлығымызды да мәлім­ дедік. Бұл Вашингтонға ұнамаған да болуы керек. Бірақ АҚШ пен Иран өмір бақи дұшпан болып кетпеуі мүмкін ғой. Біз өз мүддемізге қолайлы нәрсені қалаймыз. 2002 жыл, 1 ақпан. ФАШИЗМ ДЕМОКРАТИЯ ЖОЛЫМЕН БИЛІККЕ ҰМТЫЛАДЫ Өткен аптада Францияда болған президент сайлауы алғашқы турының қорытындысы туралы жұрттың бәрі хабардар. Бірақ бұл оқиға әлі талай уақыт жұрт назарын аударатын болады. Оған тарихшылар да әлі талай жүгінеді. Оны фашизмнің демок­ ратиялық жолмен үлкен табысқа жеткеніне мысал ретінде де айтып жүретін болады. Иә, күтпеген жағдай болды. Демократияның бесігі сана­ латын Франция сайлаушылардың айтарлықтай бөлігі әсіре ұлт­шылдардың көсемі, Ұлттық майданның жетекшісі ЖанМари Ле Пенге дауыс беріп, ол елдің қазіргі президенті Жак Ширакпен бірге сайлаудың екінші турына қатысатын болып отыр. Жак Ширакқа сайлаушылардың 19,67 пайызы дауыс берсе, Ле Пенге 17,02 пайызы, ал бүгінге дейін басты үміткердің бірі саналып келген Лионель Жоспенге 16,07 пайызы дауыс берді. Бұл ұлтшылдардың соңғы жарты ғасырдағы ең қомақгы же­ ңісі болса, сондай-ақ солшылдардың естен тана жеңілісінің бір көрінісі екені даусыз. Бұл күтпеген жағдай президенттік орын үшін күрестің тағдырын шешкендей. Егер екінші турға Жос­ пен шыққанда, онда президенттің кім болатыны әлі де тара­ зыға салынар еді. Ал енді қазіргі президенттің жеңетінінде ешқандай күмән жоқ – Жак Ширактың билік тізгінін ұстауы ше­ шілген мәселе десе де болғандай. Тек Жоспеннің ғана емес, басқалардың да дауысы қазіргі президентке тиетіні күмәнсіз.

Сірә, әсіреұлтшылдар екінші турда Ширакпен тайталаса алмайтынын жақсы біледі. Бұларға бүгінгі табысы да жетерлік жеңіс. Бәлкім екінші турда тағы да біраз дауыс қосар. Қалай болғанда да, Франциядай дәстүрлі демократиялық елде саяси күштердің ара салмағы айқындалып отыр. Солшылдардың ара­ сындағы алауыздық оларға қатты соққы болып тиді. Ұлт­ шылдық фашистік күштердің белең алып келе жатқаны франция халқын ғана емес, бүкіл Еуропаны, тіпті әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны шындық. Алғашқы турдың нәтижесін француздардың басым көп­ ші­лігі өз елінің әлем алдында масқара болуы деп қабылдағаны олардың фашизмге көзқарасын аңғартқаңдай. Көптеген қалаларда фашизмнің жаңа көрінісіне қарсылық акциялары өтіп жатыр. Мұның өзі сайлаудың екінші турына айтарлықтай ықлал ететіні сөзсіз. Басқа елдерде сайлау қорытындысы осындай болып жатса, көп адам оған оншалықты мән бермес еді. Франция қашанда демократия, адам құкығының сақталуы жолындағы күрестің басында жүрген ел. Енді онда ұлтшылдардың, яғни сол де­ мок­ратияны белден басушылардың айтарлықтай табысқа жетуі біреулерді алаңдатып жатса, екінші біреулердің көңілін көн­шіткеңдей. Айталық, Ресейде айтулы Жириновскийдің айызы қанып қуанғаны заңды десек, басқа орнықтылау деген саясаткерлер де Франция енді біздің Чешенстандағы саяса­ тымыз үшін көзімізді шұқи алмайды деп, ризашылық білдіріп отыр. Тіпті Ле Пенге рахметін жаудырып жатқандары да бар. Ле Пен басқарған Ұлттық майдан өз бағдарламасында «Фра­ нция – француздар үшін» деген ұранды негізге алды. Олар иммигранттарға қарсы күреске шығып отыр. Бұл белгілі дәре­ жеде жұмыссыз сайлаушылардың, зейнеткерлердің көңілінен шығады. Шетелдіктерді өздерінің несібесіне ортақтасқандай кө­ріп, ұлтшылдардың соңынан ереді. Иммигранттардың басым көпшілігі арабтар, мұсылмандар екені, қазіргі кезде терроризмге қарсы көңілкүйдің көтеріліп отырғаны Франция ұлтшылдарына айтарлықтай ұпай қосты. Қазір көп жерде фашизм, оның шовинистік патриотизм түрі белең алып келеді. Оны қолдаушылар да бар. Өз ұлтын сүю идеясын жалау еткен олар белгілі бір топтарға өктемдік жүргізуді, адамдардың құқын таптауды мақсат тұтады. Жұрт­ ты айрықша алаңдататын жай – оларға ел үкіметтері тосқауыл жасамай отыр. Тіпті бір жерлерде ресми орындардың қол­ дауын да көріп отыр. Мәскеуде скинхедтердін фашистік ұйым­

дары ашық жұмыс істеп отырса, Ресейдің Краснодар өлкесін­ де үкімет орындары басқа ұлт өкілдерін күшпен аластауды қолға алған. Ал үкімет тарапынан оларға тоқтау жасалмайды. Кезінде гитлерлік неміс фашизмі де басым көпшіліктің қол­ дауына ие болғаны белгілі. Фашистер түрлі кастерлі идея­ лар­мен көпшілікті баурап алып, оны өз мүдделеріне пайда­ лан­ғанына тарих куә. «Франция – француздар үшін», «Ресей – орыстар үшін» ұрандары да талай адамның жүрегін бау­ райтыны анық. Бұл идея миллиондаған адамдарға қасірет әкелетіндері де шындық. Белгілі чех қайраткері Юлиус Фу­ чиктің «Адамдар, абай болындар» деп фашизмнен сақтан­дыр­ ғаны дәл бүгіндері айырықша естіледі. 2002 жыл, 26 сәуір. ЖАУЛАСУДЫ ҚОЙҒАН СОҢ ҒАНА ТҮСІНІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ Сейсенбі күні әлемдік үлкен оқиға болды. Италияның астанасында НАТО елдерінің басшылары мен Ресей президенті Владимир Путин тарихқа Рим декларациясы деген атпен кіретін құжатқа қол қойды. Еуропадағы, соған орай бүкіл дү­ние жүзіндегі қарым-қатынасқа жаңа бетбұрыс жасайтын бұл қадамның маңызын көп адам әлі жете ұғына қоймағандай. Тіпті Ресейдің басты газеттерінің өздері сол құжатгың мазмұнын сөз етудің орнына Римге жиырма елдің басшылары жауын-шашындатып қалай келгенін, делегациялар қанша мә­ шинемен жүргенін сөз етіп кеткені бар. Шын мәнінде Италия астанасының маңындағы Пратика-ди-Маре әскери базасында бас қосқан кезінде Еуропа елдерінің басшылары АҚШ пен Ре­ сей президенттерімен бірге тарихи қадам жасады: бұрын бірбіріне қарсы болып келген екі күш ынтымаққа тоқтады. Тіпті сезімге беріле сөйлесек, осы құрлықтағы саяси өмірде жаңа дәуір басталды деп тұжырымдауға болады. Күні кеше, жарты ғасыр бойы «темір шымылдықпен» бө­ лінген екі күш ешқашанда тіл табыса алмастай көрінген. НАТО мен Варшава шарты өздері екі әскери одаққа бөлініп қарулану жөнінен бәсекеге түскен кезде күндердің күнінде оның адамзат апатына апаратыны сөзсіздей еді. Әлемде тек ядролық қарудың ғана ғаламат қоры жинақталып қалып, одан құтылудың өзі мүмкін еместей жағдай қалыптасты.

Тағдырдың рақымшылығы болар, тайталасқан екі күштің бір жағы өзінен өзі күйреді. Оған кірген күштер ыдырап, басбасына кетті. Сонда бұрынғы қарсыластардың бір жағы күше­йіп, екінші жағы әлсірегенмен, жылдар бойы қордаланған қарудың күйретуші күші сақталған еді. Әлсіреген жақ сол қаруына қол созар болса, ол мына дүниені астан-кестен жасауға қабілетті еді. Әлі де тайталасты күшпен шешудің ауылы алыс-тын. Жаралы жолбарыстан қауіптенбесе болмайтын. Содан да күшті жақтың өзі қашанда келісім жолын іздеуге мәжбүр-тін. Коммунистік жүйенің мұрагері болып қалған Ресей жаралы жолбарыстың күйін кешті. Ол өзінің барынша әлсірегенін мойындағысы келмеген. Айбат шегіп бақты. Менімен санас деді. НАТО-ның өзіне жақындамауын талап етті. Басқа емес, оны Ресейдің кешегі достары да тыңдаған жоқ. Польша, Чехия және Венгрияның НАТО-ға кіруі, саяси да, әскери де жағдайды мүлдем өзгертті. Осынау шындықты мойындамасқа Ресейдің шамасы жоқ еді. Бірақ дүниеге парасат биігінен қарайтындар жағдайды уш­ық­ тырғысы келмеді, жаралы жолбарысты ызаландыруды жөн санамаған. Сенімен санасамыз, ынтымаққа келейік де­ген ұсыныс айтты. Мәскеу біраз қарсыласты, өзінің әлсіз емес- ­тігін алға тоса берген. Мүсіркемеңдер, шын шамырқансам, мен­ де де біраз дүниені бүлдірерлік қауқар бар деп, көпке дейін қасарысты. Күшті жақ «көнген» болды. 19 ел бір жақ болып, Ресей бір жақ болып, ынтымақтастыққа тоқтады. Сөйтіп, НАТО – Ресей кеңесі (Ресей ақпаратында «Ресей – НАТО») құрылды. Бұл жауласуды қойғандықты ресмилен­ дірудің көрінісі еді. Бұрынғыдай бұл күштер бір-біріне қарсы әрекет ойластырмай, енді ортақ қауіпсіздік мәселесін бірігіп шешуге келісті. Осы жерде АҚШ президенті Джордж Буштың сол басқосуда сөйлеген сөзінен үзінді келтірген орынды: «Бүгін біз ұлы Одақ пен еуропалық ұлы ел үшін тарихи жетістікті атап өтіп отырмыз,– деді ол. – Бұрынғы екі қарсылас қазір серіктес болып бірігіп отыр. Олар елу жылдай бөлшектенудің, он жылдай белгісіздіктің кедергісінен өтті. Осынау серіктестік әлемде ал­ ғаш рет ең үлкен мақсатқа, ортақ қауымдастыққа, ерікті де бейбіткер Еуропаға жақындатады». Декларацияда мынадай сөздер бар: «...Біз НАТО – Ресей ке­ ңесін құрып отырмыз. НАТО – Ресей кеңесі шеңберінде НАТОға мүше елдер мен Ресей ортақ мүдделі салада тең серіктестер ретінде әрекет етеді. НАТО – Ресей кеңесі НАТО-ға мүше елдер мен Ресей үшін еуроатлантикалық аймақтағы қауіпсіздіктің кең

ауқымды мәселелері бойынша кеңесудің, ортақ пікір табысудың, ынтымақтастықтың, ортақ шешім мен ортақ әрекеттің тұтқасы қызметін атқарады. Кешегі қарсыластар бүгін одақтасқа айналды. Енді Еуропада бұл одақтың ықпалынан тыс үлкен қақтығысқа апаратын күш жоқ. Енді Балкан оқиғалары сияқтыларға жол берілмейді. Ресей НАТО-ның өзіне жақындағанын енді айыптамайды. Оның өзі­- нің де НАТО-ға кіргісі бар. Бірақ әзірге өркениеттілік өресі жетпей­- ді. Ең бастысы – НАТО енді жау емес. Қашанда әлемдік үлкен дау (дүниежүзілік екі соғыс та) Еу­ ропадан шығатын. Соған тосқауыл қойылды. Еуропадағы ты­ ныштық әлемдік тыныштықтың кепілі деп шешіп айт­па­ ғанмен, оған шешуші ықпал ететіні даусыз. Еуропада түсі­ністік дәуірі басталды. Ол әлемдік түсіністікке ұласар ма екен деген үміт жұрттың көңілінде жүр. 2002 жыл, 31 мамыр.

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ларии НЭППЕР: БІЗДІҢ ЕЛДЕРІМІЗДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР Америка Құрама Штаттары елшілігінің маңы әдеттегідей тыныш. Көшемен өтіп бара жатқан жұрт та бұл жерден әл­ деқандай ерекшелік күтпейтіндей, қалыпты өмір. Сонау алыстағы Иракта болып жатқан соғысқа қатысы бар елдің ел­шілігіне жұрт назар аудармайтын да сияқгы. Ал осы сәтте Мәскеуде АҚШ елшілігінің маңында үлкен шеру өтіп жат­қан. Сонда бұл біздің адамдарымыздың белсенділігінің бәсең­дігі ме, жоқ қандай да болсын оқиғаға сабырмен, пара­сат­ты­ лықпен қарайтындығы ма деген ой келеді екен. Елші Лэрри Нэппер мырза да әдеттегісіндей қимылы ши­ рақ, жарқын көңілді күйде, әңгімеге ықыластығын білдіріп жатыр. Негізгі әңгімеден бұрын газетіміз туралы біраз анық­ тама да сұрады. Жалпы республикадағы ақпарат құрал­ дары жайында біраз хабардар екенін аңғартқан. Осынау кә­ нігі дипломат бойынан да өзгеріс көрмейсің. Бұрынғы жай­ шылық кездегідей сергек қалпы. Әңгіме біршама ұзақка созылды, оны ықшамдап беруге тура келіп отыр. – Қазір саясатқа қатысты адаммен сөйлескенде, Ирак­

тағы соғысты аттап өте алмайсың. Ал оған тікелей қатысы бар Америка Құрама Штаттарының өкілімен сөйлескенде, әңгімені содан бастау міндет те сияқты көрінеді. Құрметті елші мырза, біз де әңгімені содан бастайық. Бұл соғысқа әртүрлі көзқарас бар. Жасырмайық, оны айыптаушылар көп. Олардың ішінде біздің де оқырмандарымыздың барлығы анық. АҚШ елшісі оған қандай уәж айтады? – Бұл соғыстың жұрттың назарында болатыны заңды. Оған біздің еліміз де құмар болған жоқ. Соғысқа қалай бар­ғанымыз жайлы президент Джордж Буш та, басқа да ресми адамдарымыз талай рет айтты. Біз бұл соғысқа амал­ сыз бардық, басқа жол қалмаған соң бардық. Саддам Ху­ сейн режимі он екі жыл бойы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын орындамай келді. Өзіндегі жаппай қырып жоятын қаруларын жоюдан бас тартты. Бұл қаруларды тіпті Ирактың өзі қолданбаған күннің өзінде, ол лаңкестердің қолына тү­ сіп кету қаупі де бар еді. Сөйтіп, тек Таяу Шығысқа ғана емес, басқа елдерге де, бүкіл әлемге қауіп төнгендей жағдай қалыптасты. Осыны ескеріп, біздің еліміз бұл шиеленісті бей­ біт жолмен шешудің жолын көп іздестірді. Біз ұзақ шыда­ дық. Саддам Хусейн режиміне өзіндегі жаппай қырыпжоя­тын қарудан ашық түрде бас тартуға талай рет мүмкіндік беріл­ді. Бірақ ол оны пайдаланған жоқ. Енді соғысты халықаралық қауымдастықтың ұйғары­мын­ сыз бастады дегенге келсек, біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1441 қарарына сүйенді. Бұл құжат Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірауыздан дауыс беруімен қабылданған. Ол қарарда «Иракқа соңғы мүмкіндік берілді». Қауіпсіздік Кеңесі Иракты қарарды орындамаған күнде оның айтарлықтай сал­ дары болатынын айтып, талай рет ескерткен. Еңді, міне, Ирак соңғы мүмкіндікті пайдаланбай, халықаралық бас қа­ уымдастықтың шешімін орындамағаны үшін оған қарсы қарулы күш қолдануға тура келді. Ондағы мақсат – әлемге қауіп төндіріп отырған режимді жою, оның орнына демок­ ратиялық үкіметтің орнауына жағдай жасау. Бұл үкімет халыққа қызмет ететін болады, халық өзіне қажетті демок­ ратиялық таңдау жасауға мүмкіндік алады. – Ирактағы соғысқа байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі жарияланды. Ол мәселенің БҰҰ-ның аясында шешілгенін жақтады. Саддам Ху­сейннің режимін айыптайды, бірақ, АҚШ-тың әрекетін де ақтамайды. Қысқаша айтқанда, Қазақстан АҚШ-ты ашық қол­

даған отыз елдің қатарында болған жоқ. Осындай позиция­ны АҚШ мемлекетінің өкілі ретінде калай бағалайсыз? – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлі­ гі­нің мәлімдемесін біз барынша түсіністікпен қабыл­да­ дық. Байқасаңыз, онда Саддам Хусейн режимінің саясаты айыпталған. Шиеленісті бейбіт жолмен БҰҰ аясында ше­ шу жөніндегі пікір де әбден қолдайтын көзқарас. Біз де сол жолды қалағанбыз, бірақ Саддам Хусейн режимі оған мүмкіндік бермеді. Соғыстан кейін Иракта жаңа өмір орнықтыруға Қазақстан белсенді араласатын болады деп ойлаймын. Бұған Қазақ­ станның ұстанып отырған бейбітшілік саясаты айқын көз жеткізеді. Соғыстан кейін де Иракта жүзеге асыратын жұ­ мыс көп болады. Демократиялық үкіметті орнықтыру үшін оған әлемнің көптеген елдері араласуы керек. Оған Қазақстан да шақырылады. Сонда ол өзінің бітімгерлік ұстанымымен оған үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Бүл істе біз Қазақстан Республикасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін боламыз. – Соғыс туралы әңгіме аз айтылып жатқан жоқ, Енді бейбіт өмір туралы әңгімеге ауыссақ. Бұл ретте республика жұртшылығы айрықща жылы қабылдаған Президент Нұр­ сұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған Негізгі бағыттары туралыҚазақстан халқына Жолдауы ойға оралады. Онда айтылған жайлар, меніңше, елші мырза, сіздерді де бей-жай қалдырмаған шығар. Пікі­ ріңізді естісек. – Президент Назарбаевтың Жолдауы бізге айрықша әсер қалдырды. Мен оны республикада табысты жүргізіліп жатқан реформаларды одан әрі тереңдете түсу деп айтар едім. Реформаларды жүзеге асыру үшін көптеген жа­ңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Сіздердің еліңізде экономи­ка­ны дамытуда қол жеткен табыс жұртқа белгілі. Ал Пре­зи­дент­ тің Жолдауында демократиялық қоғам кұруға бай­ланысты да көптеген міндеттер қойылып отыр. Олар елде, із­гілікті қоғамға деген ұмтылыстың одан әрі дамуына, ықпал ететін болады. Мұндай мәселелердің сөз болуы біз үшін өте маңызды. Елде демократияның өркен жаюы Қазақстан үшін маңызды болумен қатар, біздің елдеріміздің ара­сындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға да жағдай жасайды. Әлеуметтік даму мәселелеріндегі нақты міндеттер ха­ лықтың әл-ауқатын күрт көтеретіні сөзсіз. Қазақстан Пре­

зи­дентінің Жолдауы республика өмірінің барлық саласында дамудың жаңа арналарын ашады. – Сіздің Қазақстанға елші болып келгеніңізге де біраз уақыт болып қалды. Елмен, жермен танысқан шығарсыз. Осы уа­ қытта біздің республикамыз туралы өзіңізде қандай пікір қалыптасты? – Мен осы қызметке жаңа келген кезде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиға болды. Әрине, ол бізге қатты әсер етті. Оны бізге ешқашанда ұмыттырмайтын тағы бір жай бар: ол – қазақстандықтардың бізге көрсеткен көңілі. Ел­ шілік­тің алдына көңілін білдірген халық үздіксіз келіп жат­ты. Көше гүлге толды. Мұндай жай ұмытылмайды. Қа­ зақстанның халқы өте қайырымды, қонақжай екенін кейін де талай рет өз көзімізбен көрдік. Қызметіме байланысты талай елді, талай жерді көрген адаммын. Салыстыруға мүмкіндік бар. Қазақстан, оның халқы маған өте жоғары әсер қалдырды. Сіздердің елдің халқы әлемдік дүниеде өз ор­нын ойып алып отыр. Ол Орта Азияда ғана емес, бүкіл әлемде айрықша рөл атқаратын болады. – Қазақстанның белсенді сыртқы саясат жүргізіп отыр­ ғанын жұрт біледі. Біздің республикамыз бен АҚШ ара­сын­ дағы қарымқатынастың қазіргі жайы және болашағы жайлы не айтар едіңіз? – Екі елдің қарым-қатынасы туралы көп нәрсе айтуға болады. Ел президенттерінің кездесуі кезіндегі келі­ сімде бұл қарым-қатынастың жарқын болашағы көрсе­ тілген. Онжылдық ынтымақтастық кезінде Қазақстан өзі­ нің өте сенімді әріптес екенін талай рет дәлелдеді. Ол үшін оған біздің еліміз барынша риза. Бұл жерде көптеген мысалдар келтіруге болады. 11 қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікке қарсы күресте Қазақстан үлкен белсенділік көрсетті. Лаңкестікке қарсы коа­лицияға қосыла отырып, сол күреске ол нақты үлес те қосты. Ауғанстандағы лаңкестерді жою, оларды қолдаған та­ либтерге қарсы күресте Қазақстанның АҚШ әскери-әуе күштеріне өзінің әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат еткені, әуежайын ұсынуы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жақсы көрінісі деуге болады. Жаппай қырып-жоятын қаруды жою жөніндегі Қа­зақ­ стан Республикасының өнегесі әрқашан үлгі ретінде айтуға барынша лайық. Ол өзінің ядролық қаруынан бас тарту жөнінде шешім қабылдағаннан кейін оны жүзеге асыруды

әлем халқының көз алдында ашық жүргізді. Қазір бұл жайында ешқандай күдік жоқ. Ол жұмысты екі ел тығыз қарымқатынаста атқарды. Экономикалық ынтымақтастықта екі ел арасында өте жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Қазақстанда көп­ те­ген ірі америкалық компаниялар табысты жұмыс істеп жа­ тыр. Жақында «Шеврон» мұнай-газ компаниясының Қа­ зақ­станға келіп, жұмыс істей бастағанының он жылдығы атап өтілді. Оны ынтымақтастық мерекесі десе де болғандай. Екі ел басшысы Қазақстанда шағын және орта бизнесті да­мыту жөнінде Хьюстон келісіміне қол қойған еді. Оны жү­ зеге асыру Қазақстан үшін аса маңызды болмақ. Ол ең ал­ дымен жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Қазақстанда демократиялық қоғам құрудағы қадамдардың бәрі де біздің елімізден қолдау табатыны белгілі. Адам құ­қы жөніндегі бастамалар да бізге жақын. Осыған байла­ нысты екі ел арасында әрқашанда түсіністікті қарым-қатынас болады деп ойлаймын. Мәдени байланыстың одан әрі дамуына барлық жағдай жасалып отыр. Әсіресе екі елдің адамдарының бір-біріне барып, өмірлерімен танысуы оларды рухани тұрғыда жақын­ дастыра түседі. Дәл кеше сондай бір топ сапарға аттанды. Елшілігіміздің Алматыдан Астанаға көшуі екі жақты қа­ рым-қатынастың тереңдей түсуіне қызмет етеді. Қазақстан Парламентінің Мәжілісі АҚШ елшілігіне жер бөлу жөнін­ де шешім қабылдады. Оны біз жоғары бағалаймыз. Біздің еліміздің арасындағы қарым-қатынастың бола­ шағы зор. Өйткені ол екі жаққа да тиімділікке негізделген. 2003 жыл, 12 сәуір.

СЕУЛ МЕН ВАШИНГТОН БӘРІБІР БІР-БІРІНЕН КЕТІСПЕЙДІ Әлемдегі Иракқа қарсы айқай-шудың тасасында біраз ха­лықаралық оқиғаларға жеткілікті мән берілмеді. Сондай оқи­ ғалардың бірі Оңтүстік Кореядағы президент сайлауы еді. Оны біреу естіп, біреу естімеді. Ал шын мәнінде бұл Шығыс Азиядағы бір тұтқалы мемлекеттегі билік тізгінінің ауысуы ғана емес, осы аймақтағы қарым-қатынасқа әсер ететін саяси оқиға болатын. «Жаңа мыңжылдықтағы демократиялық партия» деп

аталатын реформистік бағыттағы партияның өкілі Но Му Хен­ нің жеңісі оңай болған жоқ. Ол оппозициядағы консер­ва­ тивтік партияның көсемі Ли Хве Чханнан 1,5 пайыз ғана да­ уысты көп жинады. Жалпы жұртшылық осынау елдегі дәс­түрлі саясаттан өзгешелеу пікірі бар қайраткердің жеңісіне таң­да­ ныспен қарағанын да айтқан жөн болар. Сайлау қарсаңындағы насихатқа қарағанда, ол Солтүстік Ко­ реямен жақындасуды мықтап жақтады. Бұл мәселеде АҚШтың көзқарасын біле тұрып, Вашингтонның КХДР-ді «зұлымдық діңгегіне» қосатынына қарамай, Но Му Хен Сеулдің Пхеньянмен тіл табысуды мақсат ететінін, өзінің бұған дейінгі Солтүстік Кореямен жасасқан келісімдеріне адал болатынын талай рет мәлімдеді. Ал Солтүстік Корея өз көзқарасын басқаша көрсетті. Көршілеріндегі сайлау науқанын жіті қадағалап отырған және ондағы саяси күштердің ара салмағын аңғарып отырған Пхень­ ян Корея Республикасындағы сайлау қарсаңында, дәлірек айт­ қанда оған тура бір күн қалғанда өздерінің АҚШ-тың жүргізіп отырған саясатымен келіспейтіндігін білдіріп, Ядролық қаруды таратпау шартынан (ЯҚТШ) шығатынын мәлімдеді. Сірә, бұл Но Му Хенге 1,5 пайыз ғана емес, одан әлдеқайда көп дауыс әкелді деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Мұндай оқиға жаңа президенттің қызметіне кірісу рәсімі қарсаңында да болды. Салтанат өтетін күнге қараған түнде Солтүстік Корея кемелерге қарсы зымырандар ұшырып, сынақтан өткізді. Ол енді тым алысқа ұшпаса да, осындай қарулардың барлығын, қажет болған жағдайда оны пайдалана алатынын көрсеткен. Бұл да пәрменді насихат. Президенттің қызметіне кірісу салтанатына АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл де қатысып, екі ел арасындағы одақтық қарым-қатынастың мызғымайтынына тоқталды. Жұрт көп сөз етіп жатқан АҚШ-қа қарсы пікірлерге онша мән бермегендей ыңғай танытты. Тіпті Пхеньянның зымыран ұшырғанын көңіл­ ге алатындай да, таңданатындай да оқиға емес деп сипат­ тады. Қайта өз елінің КХДР-ға азық-түлік жіберуді жалғас­ тыратынын мәлімдеді. Сонда шын мәнінде Оңтүстік Корея мен АҚШ арасындағы одаққа сызат түсіп отыр ма? Жаңа президенттің алдағы саясаты сол одақты әлсірете ме? Олай деп тұжырым жасауға ешқандай негіз жоқ. Ең алдымен бұл одақ Сеулге керек. Тек жай саясат үшін емес, экономикасын қалыпты дамыту үшін керек. Ал одан Оңтүстік Корея да, оның басшысы да бас тарта алмайды. Сайлау кезіндегі АҚШ-тың атына айтылған сын ше? Оны да

АҚШ-қа қарсылық деп тұжырымдау артықтау. Солтүстік Кореяға қатты қатал шара қолдануға Вашингтон бармауы керек деген пікір АҚШ-тың саясатын айыптаудан бұрын Оңтүстік Кореяның мүддесін қорғағандық. Ең алдымен Солтүстік Кореяның күй­зел­ ген халқына көмек беру ортақ міндет. Оны Оңтүстік Кореяның күшімен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен қатар екіге бөлінген бір халықтың қайта қосылуы алдағы ұлы мақсат бо­ лып отырғанда Солтүстік Кореяға бүйрек бұру заңдылық. Ол – бүкіл халықтың қалауы, арман-мүддесі. Тағы бір айрықша ес­ керетін жай: сайлау науқанының өз заңы бар. Бұл жерде әсіресе тактикалық қадамдар айрықша маңызды. Соны Но Му Хен өте шеберлікпен пайдаланды. Осы кезде Оңтүстік Кореяда ор­ наласқан АҚШ әскерінің екі кәріс қызын өздерінің көліктерімен басып кеткен екі солдатын соттың ақтағаны бұл елде үлкен наразылық тудырған еді. Сол наразылықты жаңа президент те қолдап, америкалық әскерилерді айыптаған. Бұл сайлаушыларға ұнады. Сол үшін үміткерге біраз даусын берді. Жеке бір мәселелерде пікір алшақтығы бола жатар. Өзек­ ті мәселелерде, тағдырлық мәселелерде АҚШ пен Корея Рес­ пуб­ликасының арасында қазіргі заманда кең мағынада пікір ал­ шақтығы болмайтыны заңдылық, қажеттілік. Бұл заңдылықгы, қа­жеттілікті жаңа президент Но Му Хен көп адамнан жақсы біледі. 2003 жыл, 7 наурыз. ҮЙ ІШІНЕН ҮЙ ТІККЕННЕН САҚТАН Бір отбасында ынтымақ болмаса, береке кететінін әркім-ақ күнделікті өмірден біледі. Тіпті өз үйінде болмағанмен, көр­ шілерінің өмірінен көреді. Мемлекеттер де сондай: елде се­паратистер пайда болса, бұл елден береке кетеді. Бұ­ған мысал көп. Соның бірі – ешкім мойындай қоймаған Прид­ нестровье Молдавия республикасы деп аталатын құрылым. Ол Молдавия Республикасының жерінде. Бірақ оған бағынбайды. Бағынбаған соң, Молдавиянікі деп айтуға да ауыз бармайды. Әкенің тентек баланы қамшының астына алып, тәубесіне келтіргеніндей күш қолданайын десе, шынын айту керек, Молдавияның оған күші жетпейді. Тіпті күші жеткен күннің өзінде, өз үйінде соғыс ашып жатқан жөн емес. Ал қиқар бала сырттағыларға арқа сүйеп, қайта әкеге күш көрсетеді.

Жақында сол Приднестровьенің орталығы, өздері астана дейді, Тирасполь қаласында халықаралық футбол жарысы өтетін болды. Молдавияның құрамасы мен Голландия құрамасы ойнамақ еді. Мұндай жарысқа ел басшылары, тіпті жанкүйер болмағанның өзінде, әдеп үшін қатысатыны бар. Сол әдепті сақтады ма, жоқ шын мәнінде футбол жанкүйері ме, әйтеуір Молдавия президенті Владимир Воронин де кездесуді көрмек болған. Бірақ оған Приднестровье басшылары рұқсат етпеді. Бұл енді әдепсіздіктің сорақы түрі екені даусыз, сонымен бірге бассыз басынғандық. Көптен бері осынау заңсыз құры­ лым мен Молдавия арасын бітімгершілік жолмен жалғастыру туралы әңгіме айтылып келеді. Оған үлкен екі держава – Ресей мен Украина, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қатысып, келіссөз де жүргізіліп жа­ тыр. Ең болмаса, Приднестровьенің жетесіз басшылары әлем алдында өздерінің абыройын ойласа керек екен-ау дейсің. Мұны Мәскеуге арқа сүйейтін Тирасполь басшылары бі­ раз елдердің өздеріне оларды жібермей отырғанына жауап деп түсіндіреді. Жібермесе, бір елдің ішінен жөнсіз шатақ шығарып отырған олардың ісі жөн емес, соны айыптағаны. Бұл жерде Молдавияның қазіргі басшыларына қояр кінә жоқ. Кінә, сірә, бұрынғы басшыларға айтылғаны жөн шығар. Сонау кезде КСРО күйреп, әр ел өз тәуелсіздігін жариялап жатқан кезде Молдова басшыларының көрегендігінің же­ тім­сіздігінен сепаратистер бас көтеріп, ақырында күш алып кетті. Сөйтіп Молдавияның бір бөлігі атамзаманғы отар­ лаушылардың бүгінгі ұрпағының қолында қалды. Оларды сырттан қолдаушылар да табылды. Сол қолдау болмаса, сепаратистердің мұншалықты басын­ басы анық. Приднестровьеде Ресейдің атақты 14-армиясы тұрды. Сепаратистер соған арқа сүйеді. Ресей де сол армияны, түрлі желеулерді алға тосып, әкетуге асықпады. Оның ко­мандирі болған генерал Александр Лебедь еліне қайтып кел­ген соң, талай үлкен қызметтерді атқарып, атын тарихта қал­дырғандай іс тындырып үлгеріп, дүниеден де озды. Ал ол басқарған армияны өз еліне алып кетуге Ресейдің шамасы келмейтіндей. Жұрт айтып жүргендей, РФ сыртқы істер министр­лігін­ дегілердің «әрине, Ресейге Молдавияның біріккені, біздің шекарамыздағы тыныштық керек» дегені сырт көз үшін ға­ на айтылған әңгіме. Мақсат сол болса, Приднестровьенің жо­- сықсыз басшысы Игорь Смирновқа «қой» деген бір сөз же-

тіп жатыр. Оның орнына Мәскеу олармен жақсы эконо­ микалық, саяси байланыс орнатқан. Олардың жетекші кәсіп­ орындарын сатып алып, саяси-әскери тұрғыдағы келіссөздер үнемі жүргізіліп жатады. Қазір Тирасполь Москваға «Ресей әскерінің әскери-кепілдік операциясын» Приднестровьеде өткізу жөнінде ұсыныс жасап отыр. Молдавияның қазіргі президенті Владимир Воронин сай­ ланған кезде елді біріктірем деп уәде берген. Уәдесін орындай алмады. Бірігуге Смирнов көнбеді. Содан кейін Воронин елді унитарлық жүйеден федералдық жүйеге айналдыру идея­ сын ұсынуға мәжбүр болды. Бұл елді бөлшектеу, оның жалпы тұтастығына қауіп. Сепаратистердің дегені де осы. Сонда Приднестровье жұрт таныған Молдавияның деңгейіне көте­ ріледі. Молдавия Федерацияға айналар болса, ол Кишинев, Приднестровье, Гагаузия және украиндық Молдавияға бөлінуі мүмкін. Үй ішінен үй тіккісі келетіндер сепаратистік пиғылдардан ешқашанда үміттерін үзбейді. Олар сәтті кезеңдерді, саяси ахуалдың қалыптасуын, әсіресе сыртқы жағдайдың әсерін күтіп отырады. Содан да олардан әрқашан сақтанған жөн. Ең алдымен саяси қырағылық керек. 2003 жыл, 25 сәуір. ӘР ЕЛДІҢ ӨЗ ЗАҢЫ БАР. ОЛ ҚҰРМЕТТЕЛУІ ТИІС Күні кеше туысқан болған, бүгін жақын саналатын елдер туралы пікір айту қиын. Жақыныңды жамандап, жақсы атанбасың өз алдына, өзіне оғаш көрінгенді айтып, оларды кінәлағың келмейді. Бірақ айту да қажет. Әсіресе өктемдіктің көрінісі болса, оны айтпай тұра алмайсың. Мәскеу түрік­ мендерге сондай өктемдік аңғартты. Өткен жұма күні РФ Мемлекеттік думасы «Түркімен­ станда РФ азаматтарының құқын сақтау туралы» деген мә­- ­лімдеме қабылдады. Оны 411 депутат қолдады. Тек екі адам ғана қарсы болды. Депутаттар Түркіменстан басшы­ла­- рынан қос азаматтық жөніндегі келісімді тоқтату тура­ лы шешімнен бас тартуды талап етті. Яғни, қос азаматтық қалатын болсын деді. Олай болмаса ше? Сол мәлімдемеде «Ресей Түркіменстанға

мүмкін болған бар ықпалын жасайды және жасауға міндетті» делінген. Осындай мәлімдеме жасар алдыңда сол Парла­ менттің басшылары депутаттарды оған мықтап дайын­дады. Мемдуманың халықаралық істер жөніндегі комитетінің тө­ рағасы, қашанда ресейлік империялық пиғылдың туын кө­ теріп жүретін Дмиртий Рогозин: «Ресей, халықаралық нор­ маларға сәйкес, отандастарға қатысты нақты проблемаларды, сондай-ақ жалпы адам құқын қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін Түркіменстанға ықпал ету тұтқаларының бә­ рін пайдаланады және солай етуге міндетті» десе, ТМД іс­ тері жөніндегі комитеттің төрағасы Андрей Кокошин одан да асыңқырап: «...барынша қатаң шаралар қолдану қажет. Өйт­кені бұл біздің жоғары ұлттық мүддемізге қатысты» деп түйіндеді. Мұңдай өктем сөз, жосықсыз айқай Ресей ақпарат құрал­ дарында біраздан бері орын алып келеді. Оған Түркімен­ станда да назар аударып отыр. Ең алдымен ел президенті Сапармұрад Ниязовтың өзі қарсылық та білдірді. «Осынау шылғи өтірік акцияға кейбір ресейлік саясаткерлер де, атап айтқанда мемлекеттік дума өкілдері де қатысып отыр,– деді ол. – ...Ресей телевизиясы Түркіменстанға талай құсығын төкті. Бұл дұрыс емес. Мен Ресей президентіне мұндайды тоқтатуды өтіндім. Ол маған уәде де берді, бірақ мұндай әрекеттер қайтадан пайда болады». Еңді Ресейдің саяси қауымын ашындырған Түркімен­ стан жағының әрекетіне келейік. Екі ел арасында 1993 жылы қос азаматтық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ол да уақыттың талабы болған шығар. Енді, міне, биылғы жыл­ғы 10 сәуірде президенттер В.Путин мен С.Ниязов сол келісімді тоқтату жөнінде хаттамаға қол қойды. Мұның баста­машысы кім болғаны белгісіз. Ал сол хаттамадан кейін В.Путин былай деген: «Біз қос азаматтық жөніндегі келісім өз мақсатын орындады деген қорытындыға кел­дік. Сөйтіп, оның қолданылуын тоқтатуға келістік. Ресей Фе­ дерациясына өткісі келген адамдар негізінен өз пробле­ма­ ларын жүзеге асырып үлгерді». Мұндай мәлімдеме жасауға оны ешкім зорлаған жоқ. Өз президентінің сөзіне депу­ таттар неге құлақ аспайды? Ал 22 сәуірде С.Ниязов жарлық шығарып, енді екі айдан кейін қос азаматтық тоқтатылатынын, өз еліндегілер тек бір азаматтықты ғана таңдауы керектігін жария етті. Түркі­ менстан басшылығының қос азаматтық институтын жоюға

шешім қабылдауы әбден негізді. Оған басты негіз – екі ел президенттерінің келісімі. Ал сол келісімнің Мемдумада әлі мақұлданбауын Түркіменстанның қауіпсіздігіне қарсы әре­ кет деп те бағалауға болғандай. Әр ел өз мүддесін көздейтін, халықаралық тәртіп ауқы­ мына сыятын заң шығара алады. Түркіменстанның қос аза­ маттық институтынан бас тартуы да өз мүддесі үшін қа­жет­ тілік. Бұл әсіресе шағын елдер үшін айрықша маңыз­ды. Ол екінші бір алып елдердің орынсыз ықпалынан, өктем­дігінен сақтайды. Түркіменстандағы орыс диаспорасының жағдайына ке­ лер болсақ, бұл елде 100 мындай ғана орыс тілділер бар екен. Кететіндер кетіп тынған, қалғандарға бір ғана талап бар – бір елдің ғана азаматтығың алу. Таңдау ерікті. Оны қаламасаң, тарихи отаныңа қайтуыңа болады. Біраз адамның қайтқысы жоқ – онда Түркіменстан елінің заңын сыйла. Осы жерде айтатын бір жай: қос азаматтық, басқа елдің азаматтарына Ресейдің азаматтығын беріп, көршілерінде шиеленіс тудыру Мәскеудің арандатушылық саясатына ай­ налып отырғаны белгілі. Оған Абхазия, Оңтүстік Осетияның көпшілік тұрғындарына Ресей азаматтығын беру нақты мы­ сал. Осындай жосықсыз саясатқа тосқауыл қою көп ел­дер үшін ұлттық мүддеге қатысты мәселеге айналды. Бұл – шын­ дық. Оған көз жұмып қарауға болмайды. ХАЛЫҚТАР ДА БІРІН-БІРІ КЕШІРЕ АЛАДЫ Жақында Хорватияның президенті Стипе Месичтің бұ­ рынғы Югославияның, қазір Сербия және Черногория деп аталатын мемлекеттің астанасы Белградқа баруын шын мәнінде тарихи оқиға десе болғандай. Бұл сапар осыдан он екі жыл бұрын араздасқан екі халық – сербтер мен хорваттарды қайта табыстыруы мүмкін. Соған қол жетсе – президенттер Стипе Месич пен Светозар Маровичтің аттары тарихта қа­ лары анық. Бұл жерде азырақ тарихқа жүгіну қажет-ақ. 1991 жылы Югославия Социалистік Федерациялық Республикасы ыды­рап, одан Хорватия бөлініп шықпақ болғанда, басқаларға аға іспетті Сербия оларды мықтап жазалауды қолға алған. Тек жазалап қана қоймай, осы республика есебінен Ұлы Сербияның аумағына жер қоспақ та ойда бар еді. Сыртқы күшке сүйенген жергілікті сербтер өздерінің Сербская Краина

республикасын құрып қана қойған жоқ, хорваттардың қанын да аямай төк­кен. Дүние кезек деген бар, сонан соң Сербияның жауыздық істеріне басқалар да қарсы тұрып, ол жеңіліс таба бас­тағанда, хорваттар да кек қайтарып, өлтіргенін өлтіріп, қалған сербтерді елден қуып шыққан. Осы бір қанды қырғынды ешкім ұмыта қойған жоқ. Қыл­ мыскерлердің біреулері халықтан жаза алып, кезінде жер құшса, тірі қалғандарының біразы қазір халықаралық соттың алдында, жазасын күтіп отыр. Оның ішінде Сербияның қан­құйлы басшысы Милошевич те бар. Тиісті жазасын ала­ тынына ешқандай күмән жоқ. Көп ретте орасан қан төгілген мемлекеттер арасындағы соғыста халықтардың кінәсі жоқ, олардың басшылары кінәлі дегенді көп айтамыз. Тереңірек ойласақ, шынында да солай. Тіпті бір халыққа екінші халықтың өкілдері қаны қарайып қарсы тұрғанына тарих куә болса да, оларды сол дәрежеге жеткізген олардың басшылары екені де даусыз. Кезінде неміс халқын фашизммен тең санаған да кез болған. Бір ұлтты екіншісіне қарсы қойған да сонда билік басындағылар еді. Хорватия жерінде де сондай жағдай туды. Тегі бір сербтер мен хорваттарды қарсы қойған да билік басындағылар, оның ішінде шовинизм идеясымен уланған Сербия басшылары еді. Олардың тағы бір әрекеттері хорваттар тарапынан қарсы­ лық тудырып қана қойған жоқ, оларды ашындырып, кек қайтару сезімін қайраған. Сөйтіп екі халық өкілдері қаты­ гездіктің адам жанын түршіктірерлік талай түрін көрсеткені бар. Кезінде туыс саналған екі халық енді бітіспестей та­ рихты бастан кешірді. Жоқ, халықтар мәңгі жау болып қалмауға тиіс. Қай­ та табысуы керек. Кезінде оларды жауластырған билік ба­ сын­да­ғылар болса, енді де оларды татуластыратын сол билік басындағылар болуға тиіс. Ол да кез келгеннің қолы­нан келе бермейді. Осы жерде Хорватия мен Сербия жөне Чер­ ногория басшылары Стипе Месич пен Светозар Маровичтің бұл әрекеттерін ерлікке пара-пар деп бағалауымыз керек. Халықтың ішінде әлі де кешегі қасірет­ті ұмытпаған, жаны жаралы адамдар көп. Солардың қарсылы­ғына қарамай, екі ел басшылары халық атынан халықтан кешірім сұрады. Та­ рихта тағлым боларлық әрекет. Сол кездегі жауыздықта сербтердің айыбы көптеу еді, соны ескерген болар, алдымен Марович сөз алды: «Мен соң­ ғы соғыс кезінде Сербия және Черногорияның азама­ты

тарапынан хорваттарға жасалған зұлымдық үшін ке­ші­рім сұрағым келеді»,– деді ол. «Мен де өз кезегімде Хор­ва­тия аза­ маттарының жосықсыз әрекеттерінен жапа шеккен­дер­ден кешірім сұраймын»,– деді Месич. Біреулер жауыздық жасайды, олар үшін бұлар кешірім сұрайды. Көп адамның қолынан келмейтін әрекет. Бұлар кешірім сұрады екен деп халықтың жүрегінде шемен болып қатып қалған кек-жара тез жазыла қояды деуге болмас. Бірақ ұлы істің бастамасы жасалды. Ертең оның жалғасы болары анық. Сол игілікті іс одан әрі жалғаса берсе, уақыт жараны да жазар. КӨП ЕЛ НАТО-ға КІРУГЕ НЕГЕ ҚҰШТАР? Вашингтонда Еуропадағы жеті ел – Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения және Эстония үкіметтерінің бас­ шылары өздерінің НАТО-ға қосылатыны жөніндегі құжатта­рын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэллге тапсырды. Сөйтіп олар Солтүстікатлантикалық шарт ұйымының толық та тең құқықты мүшелері болып шықты. Бұл оқиғаға көзқарас әр түрлі. Осы оқиға туралы Ресей ақпарат құралдарының хабарларына, ресми адамдарының пі­ кірлеріне қарасақ, бұл өзі жақсылық емес сияқты. НАТОның барынша ұлғайып келе жатқанынан сақтанған жөн дей­ ді. Тіпті оған жауап ретінде Ресейдің ғана емес, онымен одақтас елдердің қарулы күштерін нығайту керек, дейді. Бір сөзбен айтқанда, олардың пікірінше, НАТО – жаман. Ал сол НАТО-ға кірген елдердің қуанышында шек жоқ. Бұл өзі жалпыхалықтық референдумға салынып, НАТО-ға өтуді сол елдердің тұрғындары мақұлдаған. Ал үкіметтері бұл ұйымға өту үшін талай жылдан бері барын салып күресіп келеді. Енді соған қол жеткенде, қуанбағанда қайтсін! Өздерінің қатары кеңейгенге НАТО-ның бұрынғы мү­ше­­ лері де қуанышты. Оның басты мүшесі АҚШ жаңа мүше­ лердің құжаттарын сақтауға ала отырып (өздерінің келісімі солай) жүрекжарды сөзін айтты. «Бүгінгі күн – ұлы күн,– деді Колин Пауэлл. – Бұл дегеніңіз ұлы жетістік. 1 мамырда бо­латын Еуропалық одақтың кеңеюімен қоса, НАТО-ның кеңеюі бірегей, азат та бейбіт Еуропа идеясы сияқты біз үшін аса маңызды идеяны жүзеге асыруға жақындата түседі».

Сол қабылдау ресімінде жаңа мүшелердің атынан Сло­ вакия Республикасының премьер-министрі Микулаш Дзу­ринда сөйледі. «Біздің халықтарымыз үшін НАТО-ға мү­ше болу қосымша кауіпсіздік, – деді ол. – Қауіпсіздік үшін қызмет ету – біздің борышымыз, міндетіміз... НАТО-ға кіре отырып, біз өз еліміздің, өз халқымыздың игілігі үшін дұрыс қадам жасадық деп ойлаймыз». Әртүрлі пікір НАТО-дан алыстау жатқан біздің а д а м ­ д а ­р ы м ы з д ы ң арасында да бар. Осыдан біраз бұрын кеу­ десі орден мен медальға толы бір қазақ қартының теледи­ дардан: «НАТО жойылсын! Бізге қарай жақындамасын!» деген айқайын да естіп, оның ашулы жүзін көргенбіз. Содан соң бір ардагеріміз редакцияға келіп, біздің НАТО туралы оң пікір айтқанымызға реніш білдіргені бар. Біразға созылған әңгімеден кейін райынан қайтқандай болған. Көңіл күй сезіміне берілмей, байсалдылықпен ой сабақ­ тайықшы. Неге осы ұйымға кіруге басқа елдер құштар? Бұ­ рынырақ Польша, Чехия жөне Венгрия кірді. Енді тағы да социалистік блокта, кешегі КСРО-ның ықпалында болған же­ ті ел кіріп отыр. Тағы да үш ел – Албания, Хорватия және Ма­ кедония кезекке түрып қойды. НАТО жаман болса, оған жұрт қызығатын ба еді? 4 сәуірде НАТО-ның құрылғанына 55 жыл толады. Алғашында оған 12 ел мүше болды. Енді 26-ға жетіп отыр. Өзінің осынау тарихында ол жаман болатындай не істе­ді? Оны жамандайтындар алдымен 1999 жылы НАТО күштерінің Белградты бомбалағанын, зымыранмен атқыла­ғанын айтады. Ал сонда Милошевичті райынан қайтарма­ған­да не болар еді? Косоводағы 2 миллион албандардың жарты­ сына жуығы сонда босып кеткені белгілі, қалғанының қан­ шасы қырыларын кім білген. НАТО өзінің батыл әре­кетімен, алдында келісімге шақыра отырып, Югославия бас­шы­лы­ ғының озбырлығын тоқтатты. Оның алдында Бос­ния мен Герцеговинада да серб қанішерлерінің қолынан 250 мындай мұсылман қаза тапқан соң, сол қанқұйлы әрекетті тоқтатқан да НАТО күштері болды. НАТО бұдан басқа қандай жерде күш қолданды? Ал Вар­ шава шартының қарулы күштері Венгрия мен Чехос­ла­ва­ кияны қанға бөктіргені белгілі. Оның есесіне НАТО-ға кірген елдерге ешкім қолын сұққан емес, олардың қауіпсіздігіне кепілдік болды. Оған мүше елдер өздерін басқалармен тең санайды. Көп елдердің НАТО-ға кіргісі келетіні де содан.

НАТО-ға кіруге жұрт құштар. Осыдан бұрынырақ Мол­ давия, Грузия сияқты елдер оған мүше болып үлгергенде, олар­дағы бүгінгі бөлшектену болмас еді. НАТО өзіне мүше ел­дердің еркін дамуына, тәуелсіздігіне мүмкіндік береді. Бұл — барлық елдердің арманы. ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЖАЙ ЖАТҚАНЫ ДА ҚАУІП Алдағы аптаның аяғында Мәскеуде химиялық, қаруды жою жөнінде халықаралық форум өтпек. Жиынның осын­ да өтуі де заңды. Әлемдегі химиялық қарудың жинақ­ талып қалған жері де осында және оны жоюдың жайы да мәз емес. Сірә, оған Ресейдің жалғыз өзінің шамасы да кел­мейді. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияның қабылданғанына да біраз жыл болды. Оны дүние жүзіндегі көптеген елдер де мақұлдап, заңдар да қабылдады. Бұл қарумен жеңіске жету де мүмкін емес. Және ол, ең алдымен – бейбіт халықты қырып-жоятын қару. Сондықтан да оған тыйым салуды қолдамау да қиын. Оның үстіне бұл қаруды жайдан-жай қоймада сақтау қауіп. Азғантай ғана салақтықтан бұл қару сыртқа шығып кетер болса, ол – үлкен апат. Көп нәрсені жіті қадағалап оты­ру да қиын. Ал бұл қару дегеніңіз Ресейге де апат. Тен­ тек шоқпар жинайды дегендей, кешегі Кеңестік дәуірде Аме­ рикамен жарысамыз деп сол химиялық қаруды жинай берген, жинай берген. Сол «мұра» енді Ресейдің үлесіне тиіп отыр. 40 мың тонна! Бір килограмм химиялық қару орта көлемдегі бір қаладағы барлық тіршілік иесін зақымдайды екен. Демек, Ресейдегі бұл қарумен 40 миллион қаланың тіршілігін жоюға болады. Әлемде мұнша қала түгілі мұнша ауыл да жоқ. Сонда мұнша қаруды жасаудың қаншалықты қажеті бол­ ды екен деген сұрақты алға тосып та керегі жоқ. Керек емес дүние жасалып жатты ғой. АҚШ-та да бұл қару аз емес екен – 32 мың тонна. Әйтеуір бұл ел қуатты. Сол қуатына сүйеніп, оның кесепат қарудан құтылуға мүмкіндігі бар. Ал қару десе әлі де аузынан жырып, соған қаржы жұмсайтын Ресейдің сол химиялық карудан құтылуға қауқары жетпейді. Кө­ мектес деп басқаларға қарайды. Қарап та қоймайды, басқаны кінәлап, көз алартады.

1997 жылы Ресей Федерациясы Конвенцияға қол қойған­ нан кейін оны 15 жылда, яғни 2012 жылға дейін жоямыз деп уәде берген. Жеті жылда, яғни көрсетілген мерзімнің жар­тысына жуық уақытта 40 мың тоннаның бар-жоғы 700 тоннасы ғана жойылыпты. Мұндай қарқынмен жайдан-жай жатып қауіп төндіретін қарудан құтылу оңай болмас. Рас, бұл қарудан құтылу қиын. Сірә, ядролық қарудан да қиын болар. Басқа қарулардай оны домна пештерінде бал­ қытып, немесе кесіп тастап, әйтпесе жарып жібере де сал­майсың. Химиялық қаруды жою үшін арнаулы зауыттар салынады. Ресей үшін жеті зауыт салу керек болса (бұл қару сонша жерде сақталады), қазір тек бір ғана зауыт жұмыс істейді. Басқаларының қашан қатарға қосылары белгісіз. Химиялық қаруды қалайда тез жоюдың маңызы барған сайын арта түседі. Ол жай жатып та қауіпті болуы өз алдына, лаңкестердің қолына түспесін деңіз. Табылса, алып жүру де оншалықты қиын соқпайды. Оның бір килограмын ғана жұмсаудың зардабы Нью-Йорктегі 11 қыркүйектегі зұлматтан әлдеқайда асып түсуі мүмкін. Демек, сол қаруды жай сақтап қана қоймай, лаңкестерден қорғау да біраз күш болмақ. Алдағы үлкен жиында Ресейдің осынау кесепат қарудан құтылуына көмек беру жайы да сөз болар. Осыдан он жыл бұрын Батыс елдері Ресейді Конвенцияға қол қоюға көн­ діргенде, қаржылай көп көмек береміз деп уәде еткен бола­ тын. Көп болмай тұр. Әзірге соған жұмсалған қаржының тек жартысын ғана беріп отыр. Әрине, бұл қарудан құтылу алдымен Ресейдің өзіне керек. Бірақ, оған шамасы келмей жатса, қолұшын берген жөн. Алапат қару бізде жоқ деп арқаны кеңге салып, бұл мәселеге немқұрайды қарауға әсте болмайды. Көршідегінің саған да қатысы болатыны заңды. Ондағы жақсы нәрсенің шапағаты тиер болса, жаман нәрсенің кесепаты да тиюі мүмкін. Әсіресе, бүгінгі лаңкестердің құтырған заманында сол қаруды біреулердің шекарадан алып өтпеуіне қырағы болған жөн. Шама келіп жатса, сол көрші елге кесепат қарудан құтылуға қолұшын берген де артық емес. 2004 жыл, 6 қараша.

ӘБУ МӘЗЕН ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАРДЫ ҚАЙ ЖОЛҒА БАСТАЙДЫ Ясир Арафат ауырып жатқанда да, ол өмірден озған соң да оның орнын кім басар екен, палестиналықтар тәуелсіздік жолындагы күресін қалай жүргізер екен деген сұрақ, көпшіліктің көңілінде болған. Тіпті біреулер өз көсемінен айырылған арабтар абдырап қалар деп те ойлаған. Тірі тіршілігін жасайды деген бар, өмір жалғасып жатыр. Қазір палестиналықтардың көңіліне тоқ санар бір жайт – онда басқа жерлердегідей билік үшін қырқысқан күрес жоқ, байсалдылық жағдай қалыптасқан. Жаңа жылдың басында, нақты айтқанда 9 қаңтарда, бұл елде президент сайлауы өтіп, мемлекет басшысы сайланады. Жақында Палестинаны азат ету ұйымның (ПАҰ) негізін құрайтын «Фатх» қозғалысының революциялық кеңесі сол ПАҰ-ның жаңа төрағасы Махмуд Аббасты, халық оны Әбу Мәзен деп атайды, президенттікке үміткер етіп сайлағаннан кейін, жұрт көңілі соған тоқтағандай. Не жасыратыны бар, Арафат ауырып жатқанда, оның ор­ нына таласушылар көптеу көрінген, талайлардың аттары аталған. Қазіргі премьер-министр Ахмед Курейи де беделді адам, сол беделін салып, күреске түсуіне де болар еді. Бірақ ол ортақ істің мүддесін бірінші кезекке қойып, жолды танымал қайраткер Әбу Мәзенге ұсынғанға ұқсайды. Осы бір өтпелі кезеңде де олардың тіл табысуы аңғарылғандай. Қазіргі премьер-министр қаржы, шаруашылық, қауіпсіздік мәселелерімен айналысса, Махмуд Аббас жалпы саяси ба­ ғытқа басшылық жасайды. Мүлде тартыс жоқ демейік, сол «Фахт» қозғалысының Иордан өзенінің сол жағалауындағы бөлімінің жетекшісі сана­ латын, сондай-ақ бүкіл автономияда белгілі саясаткер сана­ латын Марван Баргутидің президенттікке сайланбақ ойы бар деген сөз шықты. Бұл жайында әзірге оның адвокаты Ха­ дер Шейрат мәлімдеген. Әңгіме мынада. Экстремистік бағыт­ ты ұстанатын Баргути лаңкестік әрекеттерімен айыпталып, Из­ раиль түрмесінде бес өмірлік мерзімді өтеп жатыр. Саяси есеппен Израильдің оны босата салуы екіталай. Дегенде, өзін ұсынса, оның «Фатх» беделімен біраз дауыс алатыны белгілі. Сөйтсе де, оның жақындарының өзі Палестинаға түрмеде жататын президент керек емес дегенді айтады. Бұл елде ХАМАС және Ислам жихады дейтін діни-экс­ тремистік бағыттағы ұйымдардың да беделі айтарлықтай.

Олар өз өкілдерін президенттікке ұсынбауы тактикалық тұр­ғыдан деуге болады. Олар өз үміткерлерінің Әбу Мәзен сияқ­ты қайраткерге ойсырай жеңілетінін жақсы біледі. Бұл олардың беделін мықтап түсірер еді. Сондықтан да олар мұндай тәуекелге бармай, ықтимал президентке, оның пар­ тиясына өз талаптарын айтып, саяси сауда жүргізіп отыр. Бұл да білгендік. Осылай талдау жасағанда, Махмуд Аббасты бірегей үміткер санауға болғандай. Бұл әсте де кездейсоқтық, уа­ қыттың жағдайымен келген сәттілік емес, ұзақ жылғы саяси күрестің, мол тәжірибенің (қазір ол 69 жаста) нәти­жесі деу керек. Ол Арафатпен бір жүрді, оны қолдады да, қолдауын да көрді. Сонымен қатар, Палестина көсеміне пікірін де, көзқарасын да білдіріп жүрді. Ашығын айтайық, оған Арафат бірде құлақ асса, бірде құлақ асқан жоқ. Махмуд Аббас – әлем мойындаған қайраткер. Қашан да ол шиеленісті саяси жолмен, келіссөз жолымен шешуді жақ­тап келді. Ол 1993 жылы Ослода өткен Израиль-Палестина келіс­ сөздерінің бастамашыларының да бірі болды. Сондай-ақ 1995 жылы израильдік қайраткер Иоси Бейлин екеуі ресми емес келісімнің жобасын ұсынғаны бар. Бірақ ол қолдау таппаған. Қазіргі бас үміткердің Ясир Арафаттың көлеңкесінен шы­ ғып, үлкен саясаттың түтқасын ұстаған кезі Ахмед Курейиден бұрын премьер-министрлік қызметті атқарғаны еді. Екі жақты келіссөз үнемі тұйыққа тіреліп, алға баспай қойғаннан кейін, АҚШ-тың, халықаралық қауымдастықтардың қысымымен Махмуд Аббас үкімет төрағасы болып тағайындалды да, Из­ раильмен арадағы келіссөзге қатыстырылған. Рас, оның нәти­ жесі онша бола қоймады. Арафат премьер-министрдің қолын байлап отырды. Содан да ол қызметтен кетуге мәжбүр болды. Бірақ ол өзінің қабілетін де, ұстанымын да білдіріп кетті. Иә, Әбу Мәзен билік тізгінін толық ұстаған кезде өзінің азап шеккен халқын ел тәуелсіздігіне қарай қай жолмен бастайды деген үлкен сұрақ алдан кес-кестейді. Еуроодақ Түркияға Есік Аша ма? Әлемнің, әсіресе Еуропаның ақпарат құралдары Түр­ кия республикасын Еуропалық одаққа қабылдау жөнінде ке­ ліссөз жүргізуді бастауға байланысты шешім қабылдан­ға­ нына айрықша мән берді. Айталық, «Еуроньюс» ақпарат­ тық телеарнасы басқа хабарларын жиып қойып, сол кезде

өз уақытын тек осы оқиғаға арнады. Шын мәнінде бұл ай­ рықша оқиға еді. Бұл мәселе маңызды болатыны – оның күн тәртібіне қойылғанына ондаған жылдар болды, бірақ ол шешілмей келеді. Сол мәселе шешілуге бет бұрса, әрине бұл маңызды оқиға. Бұл Еуропаның тағдырына, оның даму сипатына әсер етеді. Бұл өзі ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір шешілетін мәселе болғандықтан, оның қолға алынуы екі жаққа да қажет. Түркия, қай жағынан алып қарағанда да, жай қатардағы мемлекет емес, ол – құрлық пен құрлықты – Азия мен Еу­ро­ паны жалғастырып тұрған, бір өркениет пен екінші өрке­ниетті – Батыс пен Шығысты жалғастырып тұрған мем­лекет. Ол еуропалық қауымдастыққа ену арқылы оның біртұ­тастығын қалыптастырып қана қоймайды, соңғы уақыттың сипатына айналған бүкіләлемдік кірігуге де қызмет етеді. Түркияның Еуропамен кірігуге бағыт ұстауы сонау Мұс­ тафа Кемал Ататүрік заманынан басталған. Сонда жүзеге асырылған мемлекеттік реформалар Түркияны Еуропаға жа­ қындатып қана қоймай, елді экономикалық, саяси жағы­нан да, рухани салада да жаңа биікке көтерді. Бұл жерде түрік халқының ғасырлар бойғы жинақтаған рухани байлы­ғы­ нан бас тарту емес, әңгіме оны екінші өркениеттің құнды­ лықтарымен байыту жайында болды. Түркия мемлекеті қашанда әлемдік кірігуге көңіл бө­ ліп келеді. Ең алдымен, бұл Түркияның өзіне тиімді. Ол БҰҰ-ны құрушы елдердің бірі болды. Сондай-ақ Сол­ түс­тік Атлантика одағына (НАТО-ға) кіріп, өзінің қа­уіп­ сіз­дігін баянды етті. Қара теңіз экономикалық ынты­мақ­ тастығының бастамашыларының да бірі болып отыр. Енді біраз жылдан бері Еуропалық одаққа кіруді мақсат тұтып келеді. Еуропалық экономикалық бірлестікке кіру Түркия елінің алдына жаңа экономикалық даму арналарын ашады. Содан да ел басшылары оны жүзеге асыруға әркез күш салып келеді. Әсіресе елдің қазіргі премьер-министрі Ережеп Тәйіп Ердо­ ғанның бұл жолдағы батыл қадамдарын, дипломатиялық бас­ тамаларын атап айтқан жөн болар. Өзінің осынау үлкен қыз­мет тізгінін ұстаған күнінен бастап ол еуропалық біраз ел бас­ шыларымен кездесулерінде осы мәселені аттап өтпеді. Соның нәтижесінде осы желтоқсанның 17-сі күні Брюссельдегі бас­ қосуда Еуроодаққа мүше 25 ел басшылары Түркия мемлекетін осы одаққа қабылдауға байланысты келіссөз жүргізуді бас­

тау жөнінде шешім қабылдады. Бұл – Түркия үшін ғана емес, жалпы Еуропа бірлігі жолындағы үлкен жеңіс деп қабыл­ дауға болатын оқиға. Келіссөзді бастау келесі жылдың күзінде жүзеге асады. Ол әсте де Түркияға Еуроодаққа кіруге толық жол ашылды деген сөз емес. Сөйтсе де үлкен қадам жасалды деп нық се­ німмен айтуға әбден болады. Әдетте мұндай кадамдардың аяғы жемісті болатынына тарих, осы Еуроодақгың тарихы да куә. Содан да, оны ақ ниетті жұртшылық, оның ішінде Түр­ киядағы жұртшылық құптап қарсы алды. Осы жерде Түркияның Еуроодаққа кіруіне қарсы күштер барлығын жоғарыда айтсақ, енді олардың біразы белсенді әрекетке көшетінін де ескерген жөн болар. Армениядағы бі­ раз қауым осыдан бір ғасыр бұрынғы оқиғаны еске алып, Түркияны айыптаған талап қойып отыр. Мұндай жолмен көптеген елдер, оның ішінде сол Еуроодаққа кіретін елдер де бір-біріне талаптар қоя алар еді. Қандайда бір игі ниетпен жақындасу, ынтымақтасу, тіл табысу жақсылыққа бастайды. Түркия елі сондай игі бір бетбұрысқа қадам жасады. 2004 жыл, 21 желтоқсан. «ҚАЗАҚ БАСШЫЛАРЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАДЫ» Осыдан он жыл бұрын, 1995 жылдың сәуірінде Қазақстан Үкіметі ең соңғы ядролық оқтұмсықты өз аумағынан Ресей Федерациясының аумағына өткізді. Бұл тарихта, үлкен сая­ сатта сирек кездесетін аса маңызды қадам болды. Әр кез еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жолы, оның жүр­гізіп отырған саясаты туралы айтқанда, оны еске алаты­ны­ мыз бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында орынды айтып жүр. Дегенде, біз бұл қадамның маңызын ұлттық деңгей­ ге көтеріп, зерделей қойғанымыз жоқ сияқты көрінеді де тұрады. Тіпті кейбір жетесіздеу саясаткерлер ел басшылығының бұл қадамын қателік болды дегенді де айтып қалады. Сондай жойқын қаруымыз болса, басқалар бізбен санасар еді дейді. Соғысатын жауың көрініп тұрса, әйтпесе ойыңда біреуге өктемдік жүргізсем дейтін жаман ниет жүрсе, бәлкім ондай қа­ ру керек те шығар. Бізде мұның ешқайсысы да жоқ. Бейбіт елміз, бейбіт саясат жүргіземіз. Сондықтан орасан зор көлем­

де қаржы жұмсауды талап ететін, сонымен бірге үлкен қауіп те туғызатын (оған қарсы қару көзделетіні занды) мұндай қа­рудың қажеті болмайтынын жан-жақты зерделеген ел бас­ шылығы одан бас тартуды жөн санады. Бұл жерде елдің қа­ уіпсіздігі де жан-жақты есепке алынды. Игі қадамымызды қол­дап, біздің еліміздің қауіпсіздігіне әлемнің ядролық держа­ валары кепілдік беріп, міндеттеме де қабылдады. Өзгеге өнеге болғандай, осынау қадамымызды өзіміз жете бағаласақ, соны көпшілікке жеткізе білсек, ол ең алдымен ел беделін көтерер еді. Бұл шын мәнінде мақтаныш ететіндей қадам екеніне жақында АҚШ Сенаты қабылдаған шешім де айқын дәлел бола алады. Әрине, АҚШ айтса, бәрі жөн деп қабылдауға болмас, бір­ ақ Сенат та ерігіп отырған жоқ. 25 сәуірде Сенаттың Шет ел­ дер ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ричард Лугардың ұсы­нысымен АҚШ парламентінің палатасы Қазақстанға оның өз аумағынан ядролық қаруды аластау жөніндегі тарихи шеші­ міне байланысты ризашылық білдіру туралы 122-шешім қабылдады. Шешім бір ауыздан мақұлданды. Ресми «Конгрэшнл рекорд» жариялаған Сенаттың №122 ше­шімі мен Лугардың мәлімдемесінде Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуының саяси да тарихи мәні жан-жақты көр­ сетілген. Олар бұл оқиғаның он жылдығын мерекеге балап отыр. Сенаттың шешімінде Қазақстан Республикасының бұл қа­ дамға барған жолдағы іс-әрекеттері тізіп айтылып, ядролық қару көлемі жөнінен әлемдегі төртінші держава болған (1410 ядролық оқтұмсық) Қазақстанның одан бас тартуын былай тұ­жырымдайды: «Жоғарыда айтылғандар есепке алынып, қаулы етілсін: Қазақстан аумағынан соңғы ядролық оқтұмсықты алып тастаудың он жылдық мерекесіне байланысты Сенат Қазақстан халқына және үкіметіне Қазақстанды ядролық қарудан тазарту жөніндегі тарихи шешімдері үшін ризашылық білдірілсін». Комитет төрағасы Лугардың сөзінің кез келген тұсын алып, дәйексөз етуге болғандай. Қазір әлемдегі кейбір елдердің осы қаруға қол жеткізу үшін арпалысып жүргенін айыптай келіп, ол былай дейді: «Осы оқиғаларды айта отырып, біз Қазақстан туралы еске алуға міндеттіміз. Халықаралық тәртіпті бұза отырып, өзінде ядролық қаруды сақтап қалу орнына қазақ басшылары дұрыс таңдау жасады. Халықаралық қауымдас­

тық табыс тарихтарын іздер болса, өз назарын Қазақстанға аударғаны абзал». Еліміздегі игі істерді сырттағылар жоғары бағалап жатқан­да, оны өзіміз де мақтан етсек, оның артықтығы жоқ. Республи­ камыздағы атом полигонын жабу да мемлекеттік деңгейдегі ерлік қадам болғаны анық. Басқа да өзгеге өнеге болғандай жақсы істеріміз баршылық. Барымызды бағамдай біліп, жақ­ сымызды жұртқа жариялай білсек, басқалар елдігімізді таниды. 2005 жыл, 11 мамыр. БУШ ТОЙЛАП ТА, БІРАЗ ЖАЙДЫ ОЙЛАП ТА ҚАЙТТЫ Жеңістің 60 жылдығын тойлауға басқа елдердің басшы­ лы­ғының Мәскеуге келуі де үлкен саясатқа айналды. АҚШ пре­ зиденті Джордж Буш келмей қалғанда, бұл қадамды жұрт әр саққа жүгіртер еді. Буш келді, тойдың төрінде, президент Владимир Путиннің қасында отырды. Енді көп адамның көңілінде Буштың тойға қатысқанынан гөрі президент Путинмен не жайында сөйлескендігі жайын­ дағы әңгіме жүр. Келіссөз Мәскеуде 8 мамыр күні өткен. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Стивен Хэдлидің мәлімдеуінше, келіссөз «ашық, кең ау­қым­ ды, аракідік көңілді және барынша жылы шырайлы жағ­ дайда» өткен көрінеді. Хэдлидің айтуына қарағанда, екі президенттің жеке әң­ гімесі 40 минөттей уакытқа созылып, негізінен олар Балтия мен Грузия жайында, Буштың Латвиядағы сөйлеген сөзі туралы болыпты. Одан кейін келіссөз кеңірек көлемде, АҚШ жағынан Кондолиза Райс және Хэдли, ал Ресей жағынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің қа­ уіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Игорь Иванов қатысып, ол 45 минөтке созылыпты. Одан кейінгі 1,5 сағатқа созылған кешкі ас кезінде де әңгіме жалғасқан. Әңгіменің өзі той қарсаңында өтсе, екі жақтың да бірбірінің жүйкесіне тигісі келмегені анық. Бірақ сөйтсе де біраз мәселеде пікір айырмашылығы барлығы аңғарылады. Хэдли екі президенттің Ресейдегі демократия жайында біраз әң­ гімелескенін айтса, бір-біріне олардың бас шұлғымағаны да белгілі. Путинге Буштың Ригадағы сөзі де ұнамағандай.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙