Европадағы қазақтар (тарихы және бүгінгі жағдайы)
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Европадағы қазақтар (тарихы және бүгінгі жағдайы)
ІSBN 978-601-7023-96-6
© Баймолда Д., 2015
© Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының «Атажұрт»
баспа орталығы, 2015
Баймолда Д.
Б 20
Еуропадағы қазақтар (тарихы және бүгінгі жағдайы).
Публицистикалық зерттеу/ Досан Баймолда. –
Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығы, 2015. – 192 бет ІSBN 978-601-7023-96-6 Бұл зерттеу кітапта қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайы сөз болады. Кітап автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары негізінде жазылған. Кітап диаспора тарихына қызығушылар мен оны зерттеушілерге арналған. ӘОЖ 325 (4) КБЖ 60.54 Б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 325 (4) КБЖ 60.54
Алғысөз
Д осан өмір көрген жігіт. Некен-саяқ жан дардың ғана батылы барып, қалам ізін салатын диаспорология тақырыбына ден қоюының да негізгі себебі осы, оның өмір көргендігімен астасып жатыр... Балалық шағы қазақы ортада, Баян-Өлгейде өтті. Қаршадайынан өнер-білім, ғылым қуып, Еуропа елдерінде өмір сүрді. Азамат атанған шағында Моңғолия астанасы – Ұланбатырда қызмет атқарды. Сырғып өтіп жатқан уақыт көңілге қат-қат ойлар әкеліп, көкіректегі уайым мен алаңдаушылық қалыңдай түсті. Көңіл атажұртқа ауды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде-ақ, тарихи Отанына көшіп келді. Мұндағы қызметі де көп ретте Еуропа елдерімен байланысты болды. Досан, ұзын-ырғасы, Еуропада өмірінің 20 жылын өткізіпті. Оқырман қолындағы осынау кітаптың атауына айналған «Еуропа қазақтары» туралы толық мағлұмат алуға, терең тануға жететіндей уақыт, бұл. Еуропа қазақтарының арғы-бергі тарихы жөнінде айтылатын әңгіме көп. Бұл жайт кешегі өткен абызымыз Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел» кітабынан бастап, Қытай мен Моңғолиядағы қазақ жазушыларының ондаған кітаптарына арқау болды. Шыңжаң қазақтарының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, қуғын-сүргінге толы өмірін көрсетуге осы екі елдегі қаламы қарымды, қабырғалы қазақ жазушыларының біразы еңбек арнады. Шың Шы Сай
әскерінің қанды қырғынынан қашып, дүнгендердің оғы
астында қалған, сөйтіп, күнәсіз сәбилердің өмірі қиылған
«Алпыс бесік» оқиғасына тап келіп, зор шығынмен,
орасан қиындықпен Тибет, Гималай асқан, Пәкістан,
Ауғанстан, Үндістанға, одан әрі Түркияға жеткен Алтай
қазақтарының азапты өмірі көркем әдебиетте де, деректі
шығармаларда да жиі көрініс береді. Әрі ол оқиғалардың
бәрі де түрлі шығармаларда бір-бірімен желілес, сабақтас
баяндалады. Яғни, өткен ғасырдың алпысыншы жылда-
ры еңбек миграциясы арқылы Түркиядан Еуропаға қо-
ныстанған қазақтардың түп тарихы туралы бізде толық
мағлұмат, бояуы қанық сурет бар, деуге болады. Ал, зерт-
теуші-ғалым Досан Баймолданың «Еуропа қазақтары»
кітабы о баста Алтайдан ауған ел өмірінің жаңа кезеңін,
кәрі құрылыққа қоныстану жағдайын жан-жақты зерттеп
көрсетуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болып та-
былады.
Бұл кітап Досанның сонау 1980-2000 жылдары Еуро-
паның Польша, Чехия секілді елдерінде жоғары білім
алып, ғылыммен және журналистік қызметтермен айна-
лысқан кезінде Еуропа қазақтары өмір сүріп жатқан қала-
ларға әдейі барып, жүргізген сұхбаттары мен жинақтаған
мол материалдары негізінде жазылды. Әсіресе, автордың
1996-2002 жылдары Прагада орналасқан «Азаттық» ра-
диосында қызмет етіп, сондағы қазақ редакциясының
«Шетелдегі қазақтар» бағдарламасын жүргізген кезеңдері
айрықша жемісті болды. Досан Еуропада қоныстанған
қазақтармен жиі кездесіп, олар туралы хабарлар дайын-
дау ісімен тікелей айналысты.
2013-2014 жылдары ҚР Президентінің «Болашақ»
бағдарламасы және Германия академиясының «DAAD»
бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт Еуропа елдерінде
ғылыми жұмыстармен айналысқан кезінде де Досан Еу-
ропадағы қазақ диаспорасын зерттеу жұмысын терең
дете түсті. Мұның бәрі бұрынғы жылдары Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталы
ғынан «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарық көрген
«Моңғолиядағы қазақтар», «Қытайдағы қазақтар», «Өз-
бекстандағы қазақтар», «Ирандағы қазақтар» атты кітап-
тардың соңынан осы «Еуропадағы қазақтар» кітабының
жазылуына себепші болды. Қазақ хандығы құрылуының
550 жылдығы қарсаңында ұсынылып отырған «Еуропа
қазақтары» атты бұл еңбек оқырман қауымның көңілінен
шығады деген сенімдеміз.
Талғат Мамашев,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Төрағасының бірінші орынбасары
Досан Баймолда КІРІСПЕ С ан ғасырларға жалғасқан әр түрлі тарихи жағдайлардың себептерінен қазақ халқының үштен бірі атажұртынан сырт қалып қойды. Бүгінгі күні әлемнің 40-тай мемлекетінде шамамен 5 миллионға жуық қазақ өмір сүріп жатыр. Тағдырдың тауқыметімен Қазақстаннан тысқары өмір кешіп жат қан қазақ ағайындарды ирреденттер және диаспора құраушы азаматтар деп бөліп қарауға болады. Диаспора (Dіaspora) сөзі ескі грек тілінен аударғанда «шашырау» деген мән-мағына береді. Демек, туған жерінде емінеркін өмір сүре алмай, түрлі қудалауларға ұшырап, күш қолданылуы салдарынан басқа елдерге мәжбүрлі түрде қоныс аударуды меңзейді. Әрине, кәсіби мамандық және еңбек тұрғысынан да басқа елдерге қоныс аударғандарды осы диаспораға жатқызуға болады. Ал, ирредент сөзі латынша Іrredenta – азаттығы жоқ деген мән-мағына береді. Қысқасы қоғамдықсаяси өзгерістерге байланысты шекара бөлінісі бойын ша өзге мемлекет иелігінде қалып қойған, бірақ та атабабаларының тарихи отаны саналатын аймақтарда өмір сүріп тұрып жатқан азаматтар дегенді білдіреді. Олай болса, Қытай, Моңғолия, Ресей және Орталық Азияның Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан елдеріндегі қазақтардың басым бөлігі ирреденттер санатына саяды. Ал, Ауғанстан, Иран, Түркия және
Еуропадағы қазақтар
Еуропа елдері секілді алыс шетелдерде тұратын қазақтар
диаспора болып саналады.
Қазақтардың атамекенін тастап шетелдерге қоныс
аударуы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты
және Кеңес Одағы кезінде жүрілген солақай саясат
(жаппай ұжымдастыру, мал-мүлкін тәркілеу, ашаршы
лық және ұлт өкілдерін қуғындау) жылдары зардапты
болғанын атап айтқан жөн. Ал, Қытайдағы қазақтар болса
гоминданшыл Қытай үкіметінен қысым көргендіктен
және билікке келген коммунисшіл қызыл Қытайға қар
сы болғандықтан ел-жерін тастап Үндістанға, Түркияға
қоныс аударуға мәжбүр жағдайға душар болды. Бүінгі
күні Еуропада өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының
басым көпшілігі осы Қытайдан кеткен қазақтардың
ұрпақтары болмақ.
Еуропадағы қазақ диаспорасына келер болсақ, ол
соншалықты үлкен емес. Еуропа тұрғындарының өздері
қазақ диаспорасы туралы жарытып ешнәрсе білмейді
десек те болады. Көп жағдайда Еуропа елдеріндегі қазақ
диаспорасы неше мыңдаған немесе жүздеген қазақ
отбасыларынан құралады. Ал олардың байланыстары
тек өз іштерінде ағайындық, туысқандық жолмен
жүрілетіндіктен бұл солар өмір сүріп жатқан қоғамда
сонша маңызды топ болып есептелмейді. Бұған дейін
Қазақстанда Еуропадағы қазақ диаспорасы туралы сирек
айтылып келді. Тек соңғы жылдары жылына бір рет
өтетін Еуропа қазақтарының кіші құрылтайына қатысты
сол жиын туралы, оның мақсаты жайында Қазақстандық
БАҚ-тарда көбірек айтылатын болды.
Қазақ даласынан Батыс Еуропаға алғаш Алаш
көсемдерінің бірі, ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай өткен
ғасырдың 1920-сыншы жылдары саяси себептермен
барған болса, 1940-ыншы жылдары Кеңес армиясы
Досан Баймолда
құрамында соғысқа қатысып, немістер қолына тұтқын
болып түскен қазақтардың қайсы бірі Еуропада біржола
қалуды жөн санады. Бұдан кейін қазақтар 1960-1970
жылдары түрік жұмысшыларымен бірге Түркиядан
жұмыс күші ретінде Батыс Еуропаға келе бастады. Сол
кезден қазақ диаспорасының алғаш қалыптасу кезеңі
басталды деуге болады. Бүгінде Еуропаның оншақты
елінде өмір сүріп жатқан Қазақ диаспорасы мәдени
және әлеуметтік жағынан алып қарағанда ынтымақтары
жарасқан өзара тату қауым ретінде көзге түседі. Олар жыл
сайын Еуропаның бір қаласында Еуропа қазақтарының
кіші құрылтайын өткізуді әдетке айналдырған. Себебі
өз араларындағы рухани байланысты күшейту арқылы
қазақилығын сақтау және жастарды бір-бірімен жақын
дастыру құрылтайдың басты бір мақсаты болып табылады.
Париж, Кельн, Вена, Амстердам, Лондон, Стокгольм
секілді Еуропаның үлкен қалаларынан келген қазақ
жастары құрылтай кезінде бір-бірімен танысады, бәлкім,
болашақ өмірлік серіктерін сол жолы тауып қайтады.
Біздің есебіміз бойынша, Еуропадағы ең үлкен қазақ
қауымы Францияда тұрады. Шамасы 400-дей отбасы.
Ал, Германиядағы жалпы қазақ отбасының саны 260-тай.
Өздерін қазақпыз деген әр отбасында орташа 5 адамнан
деп есептесек, Францияда 2000-дай қазақ, Германияда
1500-дей қазақ бар. Сан жағынан бұдан азырақ 100-500
аралығындағы қазақтары бар елдерге Ұлыбритания,
Швеция, Австрия, Нидерландия жатады.
Бұл санға 1990-ыншы жылдардың басынан Қазақ
станнан Германияға этникалық немістермен бірге
көшкен аралас некедегі ұлты қазақ азаматтар мен азамат
шалардың және түрлі кәсіп не оқу-білім іздеп, Еуропа
қалаларына барып, сонда тұрып қалған қазақтардың
кірмегенін айту керек. Себебі олардың дәл санын
анықтау мүмкін болмады. Қазақтар көбірек тұратын әр
Еуропадағы қазақтар
қалада қазақ мәдени қоғамдары жұмыс істейді. Бұның
бәрі орталығы Мюнхен қаласындағы Еуропа Қазақтары
қауымдастығының федерациясы – ФEKA-ның құрамы
на кіреді.
ФEKA – Еуропаның Австрия, Германия, Франция,
Швеция, Нидерландия, Ұлыбритания, Дания, Норвегияда
тұратын қазақтардың қазақ мәдени қоғамдарының ба
сын біріктіретін негізгі орталық болып табылады. Сон
дықтан жыл сайын болатын Еуропа қазақтарының кіші
құрылтайын ұйымдастыру жұмысында ФEKA, Дүние
жүзі қазақтары қауымдастығымен және қазақтар тұр
ған сол елдегі қазақ мәдени қоғамымен және Қазақстан
елшілігімен тығыз, бірлесіп жұмыс істейді.
Еуропада жүрген қазақтар Еуропаға келгенге дейін аса
қиын да, ауыр жолды бастарынан кешіпті. Бүгінгі Еуропа
елдерінде тұрып жатқан қазақ диаспорасы мүшелері
нің көбі өздерін кезінде коммунистік Қытайдан қашып
Түркияға келген «Алтай қазақтарымыз» дейді. Олардың
көбі 1949 жылы Қытайда коммунистер билік басына
келген кезде елін, жерін тастап, Такламакан шөлін басып,
Гималайдың мұзды тауларын асып, Үндістанға, одан
соң Пәкістанға өткен. Тағдыры ауыр осы көште болған
18 мыңдай қазақтың көбі жолда шәйіт болып тек бір
жарым мыңдайы ғана талай бейнетті бастан кешіп 1953
жылы Түркияға келіпті.
1960-жылдары Германия үкіметі мен Түркия үкіметі
арасындағы түрік жұмысшыларын Германияға жұмысқа
жіберу жөніндегі еңбек келісіміне сай Түркия азаматы
ретінде қазақтар да түріктермен бірге алғаш 1963 жылдары
Германияға жұмыс іздеп бара бастайды. Сол кезден Батыс
Еуропаға қазақтардың қоныстану тарихы басталады.
Бұл тақырыпты мен сонау АҚШ-тың «Азаттық»
радиосында қызмет еткен жылдары (1996-2008 ж.ж.)
Досан Баймолда
«Шетелдегі қазақтар» айдарымен әр апта сайын бағдар
ламалар дайындаған кезімнен қызықтап зерттей бастаған
едім. 2014 жылы Қазақстан Президентінің халықаралық
«Болашақ»
бағдарламасының
стипендиаты
ретінде
бір жыл Польша елінің Познань қаласындағы Адам
Мицкиевич университетінде және 2015 жылы Германия
ның ғылым саласындағы халықаралық «DAAD» бағдар
ламасы бойынша Берлин қаласындағы Гумбольдт уни
верситетінде 3 ай ғылыми тағылымдамалардан өткен
кезімде Еуропаның Берлин, Гамбург, Кельн, Мюнхен,
Амстердам, Стокгольм, Весторос, Париж, Вена секілді
бірқатар қалаларына әдейі барып сондағы қазақтармен
кездесіп, Еуропадағы қазақтардың әлеуметтік жағдай
ларына қатысты сауалнамалар өткізіп, көптеген сұхбат-
әңгімелер жасаған едім. Бұл зерттеу кітабым соның нәти
жесінде оқырман қолына жолдама алып отыр.
Еуропадағы қазақтар
Бірінші бөлім.
Еуропада қазақ диаспорасының
қалыптасу тарихы
Еуропаға шапқыншылық жасаған көшпенділер кімдер? Т арих шежірелеріне үңілсек, Еуропаға қазіргі қазақтардың ата-бабалары (бүгінгі қазақ халқын құрайтын керейлер, наймандар, меркіттер, қоңырат, жалайыр, арғын, алшын тағы басқалар) осыдан 8 ғасырдай уақыт бұрын (1240-1242 ж.ж.) Шыңғыс ханның сарбаздары ретінде Еуропаға жасаған шапқыншылық кезінде келген. Тарихшылардың айтуы бойынша, Днепр мен Еділ өзенінің арасындағы Алтын орда мемлекетін басқарған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының баласы Бату ханның әскерилері Еуропа жеріне бірнеше рет әскери жорық жасаған. Сол жорықтардың ең есте қалатыны, 1241 жылы сәуірдің 9-ы күні Польша мен Германияның шекарасындағы Легница маңайында Польша королі Генрих ІІ Побожный басқарған 20 мыңдық әскерилерден құралған Пруссия мен Польшаның біріккен армиясын Бату ханның ағасы Орда Еженнің бір түмен әсерилері ойсырата жеңгені мәлім. Бұл жеңіліс олардың тарихында қара әріппен жазылып қалды. Ал, осы кезде Алтын орда сарбаздарының Бату ханның өзі басқарған негізгі бөлігі
Досан Баймолда
Чехияны жартылай, Венгрияны тұтастай иеленіп, Адриат
теңізіне дейін барғаны тарихтан мәлім. Алайда Азиялық
көшпенділер тарапынан жасалған бұл шапқыншылық
Еуропаны басып алу, бағындыру мақсатында болған
әскери жорықтар еді. Еуропа жұртшылығын қатты
шошындырған осы моңғол-татар шапқыншылығынан
кейін еуропалықтар Ұлы Даладан келген бұл шақырусыз
қонақтар туралы зерттей бастады. Ұлы далада мекен ететін
көшпенділер туралы, олардың салт-дәстүрі, діні, әдет-
ғұрып ерекшеліктері жайында еуропа жұртшылығына
алғаш Ватикан елшілері Карпини мен Бенедикт Полак
таныстырған еді. 1245-1247 жылдары олардың қазақ
даласына жасаған саяхаты жайында ұлты поляк, тақуа
Бенедиктінің «Қазақ даласы арқылы Еуропадан Азияға
дейін» кітабынан оқуға болады. Бұл кітап бүгінгі күні
Париж және Вена қалаларындағы ұлттық кітапханаларда
жақсы сақталған.
Бұдан кейін қазақтар 1812 жылғы Наполеон соғысы
кезінде Орыс армиясының құрамында соғысқа қатысып,
Еуропа жеріне келген. Тарихи деректер сол кезде
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бір бөлігі – Орынбор
губерниясында 40-тай атты әскер полкінің құрыл
ғанын айтады. Қазақ сарбаздары Ресей үшін қанды
майданда бастарын бәйгеге тігіп, Орыс шекарасынан
Франция жеріне дейін барып соғысты. Соғыста ерлік
көрсеткен қазақ әсерилері Парижде өткен жеңіс шеруіне
қатысқандығы тарихтан мәлім. 1812 жылғы соғыс кезінде
Орынбор, башқұрт, татар полктарының көзсіз ерлігіне
қайран қалған француз армиясының полковнигі Роберт
әріптесіне былай деп жазыпты: «Орыстар бізге қарсы
моңғол-татар ордаларын айдап салды. Бүкіл дәуір бізге
тап бергендей болды. Тері жамылған бұл адамдар қорқу
мен үркудің не екенін білмейді екен. Соғысу әдістері
Еуропадағы қазақтар
де қызық. Үрейіңді ұшыратын ұранмен айғай салып,
топталып келіп тиеді. Зеңбіректің ядросы қынадай қырып
жатса да, қарамайды ғой. Айтсам, таңғаласың. Олар
садақ-жебемен ғана қаруланған. Бірақ сонысымен-ақ
біздің канонирлерді баудай түсірді. Мұндай экзотикалық
жауынгерлерді бұған дейін көрмеген біздің солдаттар
олардың ұрандатқан дауысын ести сала, алды-артына
қарамай ұрыс даласынан жаппай қашып жатыр. Адам
сенетін нәрсе емес. Шыңғыс ханның ордалары қайта
тіріліп келіп, бізге тұтқиылдан тиіп жатқан сияқты...»
Соғыстан кейінгі бейбіт жылдары Еуропа төрінде
қазақтың атын әлемге танытқан тұңғыш қазақ палуаны
Қажымұқан Мұңайтпасов та талай күш иелерімен
белдесіп чемпион атанды. Қажымұқан атамыз 1909-1910
жылдары Еуропаның Берлин, Кельн, Гетеборг және Рига
қалаларында өткен біріншіліктерде дүниежүзінің 3 мәрте
чемпионы болған. Яғни сол кезде бүкіл Еуропаға қазақ
атын алғаш шығарған бұл Қажымұқан атамыз болмақ.
Еуропаға қазақ диаспорасы өкілдерінің
алғаш келуі және орналасуы
(1921-1930)
Еуропаға тұрақты тұрып, өмір сүру үшін келген
алғашқы қазақ бұл большевиктік қызыл саясатқа қарсы
күрескені үшін туған елін- жерін тастап кетуге мәжбүр
болған ұлт көсемдерінің бірі, Қоқан аутономиялық
республикасының басшысы болған Мұстафа Шоқай
еді. Ол Франция астанасы Парижде 1921-1941 жылдары
әйелі Мария Шоқаймен бірге саяси эмигрант ретінде
өмір сүріп тұрды. М.Шоқай 1941 жылдың соңына дейін
Франция астанасында 20 жылдай өмір сүрген алғашқы
Досан Баймолда қазақ. М.Шоқай большевиктік Ресей билігінің кіші ұлттарға қарсы жүргізіп жатқан шовинистік үстемшіл саясатын қатаң сынға алған көптеген мақалаларын Батыс Еуропа баспасөзінде жариялап отырды. Сонымен бірге ол Парижде «Яш Түркістан» журналын шығарып тұрды. Ол 1941 жылы күзде Польшадағы Түркістан легиондарын аралап, сондағы қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен ұлтынан құрылған соғыс тұтқындарының жағдайымен танысып, қайтар жолда кенет ауырып, 1941 жылы 12-айдың 28-і күні Берлинде қайтыс болды. Ол Берлин қаласындағы түрік зиратына жерленді. М.Шоқай «Францияны – екінші отаным, ал француздарды – екінші халқым» дегені бар. Франциядағы «М.Шоқай француз-қазақ достық» қоғамының араласуымен Шоқайдың 120 жылдығына орай өзі мекендеген Париждің Ножан Сүр Марне ауданы аумағында Мұстафа Шоқай мүсіні сомдалған ескерткіш қойылды. Мұстафа Шоқайдан соң, Кеңес елінен Еуропа топырағын басқан қазақ, ол – атақты әнші, сазгер Әміре Қашаубаев. Ол 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінің этнографиялық концертінде «Қараторғай» әнін әуелетіп, Париж жұртшылығын тамсандырған еді. Ал, қазақ даласында туған тағы бір алашшыл азамат Ғазымбек Бірімжанов 1922 жылы күзде ортаазиялық бір топ жастармен бірге Германияға алғаш оқуға барған қазақ жастарының бірі болмақ.
Еуропадағы қазақтар
Қазақ диаспорасы қалыптасуының
алғашқы кезеңі
(1941-1950)
Бұдан кейін Еуропа топырағына аяқ басқан қазақтар
олар Кеңес армиясы құрамында соғысқа қатысып,
немістер қолына түскен, екінші дүниежүзілік соғыстың
тұтқындары еді. Сол тұтқындардың көбі концлагерлердегі
адам айтқысыз ауыр жағдай салдарынан көз жұмды, ал
қайсыбірі М.Шоқайдың көмегімен неміс тұтқынынан
босанып, Вермахт тарапынан құрылған «Түркістан
легионы» құрамында соғыс операцияларына қатысты.
Соғыс біткен соң әскери тұтқын ретінде Германияға
апарылған қазақтардың қайсыбірі елге қайтты, ал қайсы
бірі елдегі саяси жағдайға байланысты Германияда қалу
ды жөн көрді. Олар Германиядағы қазақтардың алғашқы
толқынын түзеді. Олардың белгілі өкілдері: «Түркістан
ұлт-азаттық» комитетін құрған Қарыс Қанатбай, «Милли
Түркістан» журналының редакциясында қызмет істе
ген ақын, жазушы әрі аудармашы Мәулікеш Қайбалды
(Асан Қайғы), ақын, жазушы Мәжит Айтбаев (Қобызшы
Қорқыт), ақын Хамза Абдуллин, Мюнхен қаласынан
хабар тарата бастаған «Азаттық» радиосының алғашқы
қызметкерлері Дәулеткерей Тағыберлі, Абдулла Жүсіп,
Жәке Бапыш тағы басқалары. «Алаш» қайраткері
Мұстафа
Шоқайдың
Берлинде
қайтыс
болғанына
10 жыл толуына орай 1952 жылы оны еске алу шарасын
Мюнхендегі қазақтар өткізеді. Сол іс-шараға Парижден
келіп қатысқан М.Шоқайдың зайыбы Мария Шоқай
өзінің естелігінде «М. Шоқайды еске алу рәсімін
ұйымдастырушы Қарыс Қанатбай бастаған ұлтын сүйген
қазақтар болды. Осы адамдар Мюнхен қаласының
шетіндегі ескі бір барақта тұрады екен. Көбісінің әйелдері
Досан Баймолда
неміс екен. Балаларының тілі де қызық, немісше де емес,
қазақша да емес, тіпті арасында орысша сөздерді де қосып
сөйлейді екен» деп еске алады. Елге қайтпай Германияда
біржола қалуды жөн санаған саны көп емес бұрынғы кеңес
тұтқыны – қазақтардың Германияда қоныстана бастауы
осы кезден басталады. Бұл қазақтардың Германия жеріне
қоныстана бастауының алғашқы кезеңі болатын. Екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста Вермахт шешімімен
Францияға апарылған «Түркістан легионы» құрамын
дағы қазақ сарбаздары француз партизандарына қосы
лып, немістерге қарсы соғыс операцияларына қатысты,
қайсыбірі соғыс аяқталған соң Франция, Италия жерінде
қалып қойды. Олардың кейінгі тағдыры белгісіз болып
қалды.
Қазақ диаспорасы қалыптасуының
екінші кезеңі
(1962-1980)
Бұдан
кейінгі
Еуропаға
келген
қазақтар
жылдардан бастап Түркия мен Еуропа елдері арасында
жұмысшы алмасу келісімі негізінде келген қазақтар.
Еуропадағы қазақ диаспорасы тақырыбына көшпес бұрын
Еуропаға Түркиядан келген қазақтар тарихына да аз-кем
тоқталар болсақ, Түркиялық қазақтардың атажұрты –
Алтай. Нақтырақ айтқанда, бұлар 1936 жылы Қытайдың
саяси қысымына бағынбай, қытайландыру саясатына
көнбей Алтай, Баркөл өңірінен (Шыңжаңның шығыс
бөлігі) көшіп, адам аяғы баспаған Гималай тауын асып,
Үндістанға өткендер. Осы Баркөлден аттанған көштің
басы-қасында болған марқұм Халифа Алтай атамыз
өзінің естелігінде, «Құмыл аймағы Баркөл ауданынан
Еуропадағы қазақтар 1936 жылы ауа көшіп Гансу, Шинхай жерін басып өтіп, 18 мың адамнан 5 мың адам ғана 1940 жылдың аяғында Тибет арқылы Үндістан шекарасына аман келдік. 1941 жылдың басында осылардан тірі қалған 3 мың адам Үнді еліне аман жетті. Үндістанға келген соң да ауа райы жақпай індетке шалдығып, қырыла-қырыла 1952 жылы тірі қалған 1500 адам Кашмирге қоныстандық. Бізге 1951 жылы Қытайдан ауа көшкен 350 адам келіп қосылып, барлығы 1850 адам 1954-60 жылдары Түркияға келіп тұрақтадық» дейді. («Естеліктерім» Астана-2000 ж. 5-бет). Қазақ көшінің тағдыр -тауқыметі жайлы оның басықасында болған екінші бір қазақ қайраткері Дәлелхан Жаналтай ақсақал өзінің естелігінде: «Тауға таяғанда алай-дүлей боран басталды. Аттар жүре алмай ыс тие бастады. Сол жерде бір әйел өліп кетті. Көмуге шама келмеді. Мүрдесін түйеге артып жүрдік. Әр күні кемінде үш жаназа шығарылып отырды. Ыс тиген атқа көк шүберекті тұтатып иіскетсе жазылады екен. Ашыққан түйе мен жылқыға қой сойып етін жегізіп алға қарай жылжып отырдық…» («Қилы заман – қиын күндер» Алматы-2000 ж. 104-бет), депті. Түркия үкіметі қазақтарды жатсынбай бауырына басып, ата-бабасынан бері мал шаруашылығымен айналысқан оларды сауда саттыққа және тері киімдерін тігетін кәсіби өнерге баулып, үй салып алуға тегін жер беріп, материалдық көмек көрсетіпті. Ал «мал бағамын» дейтін қазақтарға Түркияның Кония қаласы маңынан жаңадан «Алтайкөй» ауылын құрып, қораларына ондыбесті мал салып беріпті. Көшпенді өмірдің ауыр бейнетін көріп өскен осы қазақтар аз ғана жылдың ішінде адам қатарына қосылып, тіптен қайсыбірі ақшалы, жақсы жұмыстар іздеп, Түркияның Стамбұл секілді үлкен қалаларына бара бастайды.
Досан Баймолда
1960 жылы Түркия мен Еуропа елдері арасында
жұмысшы алмасу келісімі жасалған еді. Осыған орай еңбек
күшіне зәру Еуропалық елдер Түркиядан жұмысшылар
ала бастады. Көптеген түрікпен бірге қазақтар да Еуропа
елдеріне аттанды.
Қазақ диаспорасы қалыптасуының
үшінші кезеңі
(1991-2000)
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары Еуропаға қоныс аударған қазақтардың саны көбейді. Қазақстаннан Германияға қоныс аударған этникалық немістермен бірге аралас некедегі қазақтар да Еуропаға кетті. Біреулер жұмыс іздесе, біреулері кәсіп іздеп барды, ал жастар көбінесе оқу, білім іздеп бара бастады. ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша немесе ҚР Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы немесе халықаралық түрлі бағдарламалар бойынша Еуропаның жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақ жастары көп. Бұрынғы социализм кезінде Шығыс Еуропаның жоғары оқу орындарында Моңғолиядан келіп, жоғары және кәсіптік білім игерген қазақ жастары көп болатын және олар Еуропада біржолата қалуды әсте ойламайтын. Бәрі де елге қайтушы еді. Соңғы жылдары Еуропаның жоғарғы оқу орындарында Қазақстаннан және Қытайдан келіп оқып жатқан қазақ жастарының саны көбейген. Еуропадағы қазақ қоғамдары қауымдастығының мәліметі бойынша, бүгінгі күні басым көбі Түркиядан қоныс аударған бес мыңдай қазақ Германия, Франция, Швеция, Австрия, Голландия, Ұлыбритания, Норвегия
Еуропадағы қазақтар
және Дания секілді оншақты елдерде өмір сүруде.
Біздің есебіміз бойынша, 1991 жылдан кейін Еуропаға
Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран және
Түркиядан қоныс аударған және кәсіп іздеп, білім іздеп
келген қазақтарды қоссақ, онда Еуропада жүрген бар
қазақтың саны он мыңдай деп айтуымызға болады.
2011 жылы мамыр айында сол қазақтардың бір бөлегі
Германияның Кельн қаласында қазақтардың Еуропаға
орналасуының 50 жылдығын атап өтті. Еуропадағы қазақ
қоғамдары қауымдастығының мәліметі бойынша, бүгінгі
күні қазақ ең көп тұратын ел Франция. Бүгінде Францияда
шамамен 2 мыңға жуық қазақ бар. Олар Париж қаласы
және оның маңындағы кішірек аудандарда шоғырланған.
Тек Париж қаласында 230-дай қазақ отбасы тұрады.
Германияда шамамен 260 үй қазақ отбасы яғни 1500-ге
жуық қазақ бар. Олардың ең көбі Кельн қаласында 160 үй
қазақ отбасы, Мюнхенде 75 үй қазақ отбасы, Берлинде 30
үй қазақ отбасы, Гамбургте 10 үй қазақ отбасы және бірлі-
жарымдап Дюссельдорф, Майнс секілді басқа қалаларда
тұрады. Алайда Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі
жылдары Германияға қоныс аударған қазақтардың дәл
саны қанша екендігі белгісіз болғандықтан бұл санға
кірмегенін айту жөн. Бұдан кейін қазағы көп ел, ол –
Швеция. Жалпы Швецияда 100-ге тарта қазақ отбасы бар
яғни 600-ге жуық қазақтар тұрады. Ең көбі Вестерос қала
сында 60 отбасы, Стокгольмде 25-30 отбасы, Гетеборг
қаласында 10 отбасы тұрады. Олардың көбі Весторос
қаласындағы ток генераторын жасайтын зауытқа жұмыс
істеуге келіп, сонда қалып қойған қазақтар. Қазақтар
1970 жылдан бастап Лондонға қоныстана бастады.
Бүгінде Түркиядан көшіп келген 45 қазақ отбасы,
Қазақстанның өзінен келген 50-60-қа жуық қазақ үйі бар.
Оның сыртында, Қытай, Моңғолиядан келген қазақтар
Досан Баймолда
да бар. Барлығы қазақы мейрамдарда, ұл-қыздарының
той-томалағында бас қосып тұрады. Австрияда 30 шақты
қазақ отбасы тұрады. Олардың көбі ел астанасы Вена
қаласында тұрады. Жеке кәсіпкерлік, сауда-саттық, такси
жүргізу секілді жұмыстармен айналысады.
Еуропа қазақтары –
әлем қазақтарының бір бөлшегі
Әлемнің 40 шақты елінде тарыдай шашыраған
5 миллиондай қазақтың бір бөлігі кәрі құрылық – Еуропа
ның оннан астам елінде өмір сүреді. Осыдан 24 жыл бұрын
Еуропа қазақтары да атажұрт Қазақ елінің жеке шаңы
рақ көтеріп, тәуелсіз ел болғанын аса қуанышпен қарсы
алған еді. Олар Қазақ елінде өтуі тиісті әлем қазақтары
ның бас қосар ірі жиыны – алғашқы құрылтайды көппен
бірге асыға күткені шындық. Өйткені соның алдында
бауырлас татар, башқұрттар тағдыр тәлкегімен әлемге
шашырап кеткен қандастарының басын қосқан алғашқы
құрылтайларын Қазан, Уфада өткізіпті деген хабарлар
оларға да жетіп, осындай жақсы хабарды қашан естиміз
деп Алматыға құлақтарын түріп жүрген кез, әрине.
1992 жылы тамыз айының орта кезінде Венадағы
алты айлық ғылыми зерттеу жұмысымды аяқтап Қазақ
станға, Алматыға келгенім бар. Елдегі экономикалық
қиыншылықтарға қарамастан тәуелсіздіктің дәмін жаңа
дан тата бастаған қазақтардың қуаныштарында шек жоқ
екен. Қазақстан әлемге тарыдай шашыраған 5 миллионға
жуық қандастарын атажұртқа шақырып қана қоймай,
әлем қазақтарының құрылтайын өткізу жөнінде маңыз
ды іс-шараны қолға алатын болыпты деген хабарды
Венада жүргенімде естіген едім. Соның алдында Пре
Еуропадағы қазақтар
зидент Н.Назарбаев алғашқы ресми сапарымен Түркияға
барып, Стамбұлдағы қазақтармен кездескен кезінде
әлем қазақтарының алғашқы құрылтайын өткізу туралы
мәселе көтерген-ді.
Бірде жолым түсіп, Алматыдағы Жазушылар одағына
барғанымда
Дүниежүзіндегі
қазақтардың
алғашқы
құрылтайын өткізу дайындығы жаңадан басталып жүріп
жатқан кез екен. Құрылтайды ұйымдастыру комиссия
сының төрағасы, жазушы Қалдарбек Найманбаев және
ұйымдастыру комиссиясының жауапты хатшысы, жазу
шы Сұлтанәлі Балғабаев екеуін сонда кезіктіріп, өзім
нің Моңғолияда туып-өскен қазақ екенімді, жұмыс
сапарымен Австрияда жарты жылдай болып келгенімді
айтқанымда ол кісілер бірден Австрияда жүрген, жал
пысы Еуропадағы қазақтар туралы, олардың тіршілік
жағдайын, Еуропаға қалай барғанын, тұратын қалалары,
істейтін іс-қызметтері жөнінде тәптіштеп сұрай бастады.
Менің қолымда 1990 жылы Стамбұлда жарық көрген
«Kazak turkіlerі» деген анықтамалық кітапша бар болатын.
Онда Түркияда тұратын және Еуропаның Вена, Берлин,
Париж, Лондон, Брюссель, Стокгольм, Осло, Кельн,
Мюнхен, Амстердам, Цюрих секілді басты қалаларында
тұратын қазақтардың адрес, телефондары тіптен қазақ
тың қай руынан шыққандарына дейін толық жазылған
еді. Венада болған кезімде Еуропада жүрген осы қазақтар
дың біразымен де танысқан болатынмын. Міне осының
пайдасы енді тиді. Қолымда бар осы кітапшамен бірге
өзім көріп, естіп білген барлық жайттар мен деректерді
Сұлтекеңе айтып бердім. Ол кісі мұқият тыңдай отырып,
бірін қалдырмай қағазға жазып алды.
Сөз реті келгенде жазушы С. Балғабаев ағамыз:
Әлем қазақтарының құрылтайын өткізу ауқымды шара
болғандықтан шетелде жүрген әр қазақты әсіресе қазақ
Досан Баймолда атын шығарып жүрген танымалы адамдарды құрылтайға шақыру, қатыстыру талабына сай құрылтайға кімдерді шақыру, қалай шақыру, келетін қонақтар тізімін қалай жасау мәселесінде қиындықтар барлығын ашық айтты. Расында ол кез Қазақстанның шетелдерде елшіліктері әлі ашыла қоймаған кезі болғандықтан, шетелдегі қазақтар туралы дерек, ақпараттар тым аз болатын. Менің бір таңқалғаным, осындай ірі, маңызды іс-шараны ұйымдастыру комиссиясының Жазушылар одағы үйінің астыңғы қабатындағы алақандай кішкене бөлмеде орналасқандығы және онда бір үстел, екі орындықтан басқа ешнәрсенің жоқтығы. Қазіргі әркімнің алдында тұратын компьютер ол заманда атымен жоқ кез. Соған қарамастан алыстағы ағайындар алғашқы құрылтай болатындығы туралы хабарды қуана қарсы алды. Бұл барша қазақ үшін сүйіншісі мол, жақсы хабар болды. Міне атажұртын аса сағынған және әлем қазақтарының алғашқы құрылтайының басталуын асыға күткен шетелдегі қазақтардың көктен тілегені жерден табылып, 1992 жылы 25 қыркүйекте Шәріп Найман (Мюнхен), Әбдірахман Шетин (Кельн), Арыстан Тосын (Берлин), Мехмет Зенгин (Париж) бастаған Еуропа қазақтарының өкілдері Германияның Ганновер қаласынан Қазақстан үкіметі жіберген арнайы шартер ұшағымен ең алғашқылардың бірі болып қазақ топырағына келіп жеткен болатын. Алғаш Еуропа қазақтары туралы Қазақ еліне менің берген мәліметтерім мен деректерім негізінде Алматыда өткен алғашқы құрылтайға ағайындарды шақыру мәселесі өзінің оңтайластығын тапқандығын ДҚҚ төралқасының орынбасары, жазушы С.Балғабаев қауымдастықтың бір жиынында, алқалы топтың алдында менің де аз болса да үлесім бар екенін еске салып әдейі атаған еді.
Еуропадағы қазақтар
Сол бір естен кетпес күндерден бері 23 жыл зырғып
өте шығыпты. Осы уақыт ішінде Еуропа елдерінде
өмір сүріп жатқан қазақ ағайындардың атажұрт –
Қазақстанмен
арадағы
байланысы
күшейіп,
олар
арқасүйер еліміз бар дегенді шын сезінерлік жағдайға
жетті. Қазақ елі де алыста жүрген бауырларының рухани
салада кенжелеп қалмауын ойлап, оларға жан-жақты
көмегін аямай беріп келеді. Соның бірі Еуропада жүрген
қазақтардың жыл сайын өзінің қазақ кіші құрылтайын
өткізуді әдетке айналдырғаны және осы мәдени әрі
рухани іс-шараға Қазақ елінің жан-жақты қолдау
көрсетіп отырғаны. Еуропа төрінде қазақ әні шырқа
лып, домбырасының күмбірлеуі, ұлт мақсатына арналған
ірі жиындар мен спорттық бәсекелердің өтілуі әлем
қазақтарын тамсандыра бастады. Еуропа қазақтары бұл
күндері әлем қазақтарының мызғымас бір бөлшегіне
айналды деуге болады.
Досан Баймолда Екінші бөлім. Еуропадағы қазақ диаспорасының бүгінгі жағдайы Франциядағы қазақтар Ф ранцияда тұратын қазақтар және олардың бүгінгі тұрмыс тіршіліктері жайында баспа сөз беттерінде және электронды БАҚ-да біршама айтылып, жазылып жүргенімен Франция жеріне қазақ баласы дәл қай кезден аяқ басып, қалай қоныстана бастағаны осы уақытқа дейін жақсы зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі болмақ. 1812 жылы орыс-француз соғысы басталған кезде Ресей империясы үшін орыстармен бірге империя құрамын дағы кавказ халықтарының өкілдері, татар, башқұрт, қал мақ секілді орыс емес ұлттардан құралған әскери құра мада қазақтар да Наполеонға қарсы соғысқа қатысқан. Тарихи деректер сол кезде Қазақстанның әкімшілікаумақтық бір бөлігі – Орынбор губерниясында 40 атты әскер полкінің құрылғанын айтады. Қазақ сарбаздары Ресей үшін қанды майданда бастарын бәйгеге тігіп, орыс шекарасынан Франция жеріне дейін барып соғысыпты. Орыс тарихында «атақты Бородино шайқасы» деп аталатын қан майданда көрсеткен ерлігі үшін қазақ сарбаздары Майлыбаев пен Қарынбай Шындау
Еуропадағы қазақтар летов күміс медаль және көгілдір ленталы медальмен марапатталса, 1814 жылғы наурыздың 14-і күні император І Александрдың бұйрығымен құрметті жеңімпаздар ретінде Парижге кірген әскерилер арасында қазақ сар баздары Амен Байбатыров пен Орынбай Жанжігітов те болған. Қазақстан Республикасының Орталық архивінде Мұхамет Әбдірахманов деген ақмолалық қазақтың 1814 жылы «Парижді алғаны үшін» медалімен марапатталғаны жайлы тарихи құжат бар. Ал қазақ үшін түсініксіз, мақсатсыз осы бір қан майданда қан шама қазақ сарбаздаздары жат жерде шәйіт болды? Бұл тарихшы, зерттеушілер тарапынан жеке зерттелетін тақырып болмақ. Франция астанасы Парижде 1921-1941 жылдары Алаш қозғалысының қайраткері, Біртұтас түркі халықтарының бірлігі үшін күресіп өткен Мұстафа Шоқай әйелі Мария Шоқаймен бірге өмір сүріп тұрды. Париж қаласындағы осы өмірі М.Шоқайдың ұлт қайраткері, күрескер әрі танымалы саясаткер ретінде әлемге танылуына септігін тигізді. Сонда жүріп Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік және саяси қиын жағдайды әлем жұртшылығы назарына ақпарат құралдары арқылы жеткізумен болды. М.Шоқай 1941 жылдың соңына дейін Франция астанасында ұзақ өмір сүрген алғашқы қазақ. Ол 1941 жылы күзде Польшадағы Түркістан легиондарын аралап, сондағы қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен ұлтынан құрылған соғыс тұтқындары жағдайымен танысу сапарынан қайтарда кенет ауырып, 1941 жылы 12 айдың 28 күні Берлинде қайтыс болды. Ал ұлты бөлек болса да жарына адал болған Мария Горгина Мұстафа Шоқай қайтыс болғаннан кейін оның барлық жазған еңбектерін, қолжазбаларын көздің қарашығындай сақтап, өзі қайтыс боларының алдында Францияның Орталық мұражайына өткізіп кетіпті.
Досан Баймолда
Ал атақты әнші, сазгер Әміре Қашаубаев 1925 жылы
Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінің
этнографиялық
концертінде
«Балқадиша»,
«Ағаш
аяқ» , «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш
дос», «Ісмет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, Париж
жұртшылығын
тамсандырған
еді.
Әйгілі
француз
жазушысы Ромен Роллан Әміренің құдіретті дауы
сын тыңдағаннан кейін: «Мен Шығыста әншіні неге
бұлбұлға теңегенін енді түсіндім?» деп таңдай қақ
са, ал «Париж апталығы» газеті және «Ле-мюзи
каль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін
жазады. Сорбонна университетінің профессоры Перно
Әміренің орындауындағы бірнеше әнді жазып алғаны
осы күнге дейін сақтаулы көрінеді. Парижде осы көрме
өткізілген тұста Мұстафа Шоқай арнайы барып, Кеңес
одағынан келген делегация құрамындағы қандасы Әміре
Қашаубаевты көргенде қайран Алаш азаматы қуанған
нан жылап жіберіпті. Көрме аяқталғанша Әміреге қолға
быс жасап, Парижді аралатып, көмектескенге ұқсайды.
Тіпті, естелік ретінде Әміреге жақсы костюм де сыйлаған.
Басқа ешқандай да мақсаты жоқ осы бір кіршіксіз сый
ластық кейін әншінің басына сор болып жабысаты
нын ол кезде екеуі де білген жоқ еді… Париж сапары
нан кейін-ақ әншіні қуғындау басталады. Сондағы бар
кінәсі – Мұстафа Шоқаймен кездесіп, сөйлескені.
Париж төрінде қазақтың атын әлемге танытқан
тұңғыш қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов та талай
күш иелерімен белдесіп чемпион атанды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистерге
қарсы күресте Францияның оңтүстігіндегі партизандық
бөлімдердің рөлі айрықша болды. Вермахт түрмелерінен
қашып шыққан кеңес тұтқындары қатарында қазақ
тардың да шайқастарға қатысқаны тарихи деректерден
Еуропадағы қазақтар
мәлім. Францияда кеңес тұтқындарынан екі партизан
полкі біреуі – Марсель (Marseіlle) ауданында, екіншісі
Альби (Alebі) ауданында құрылған. Екінші кеңес
партизандық полкінде 300-ге жуық қазақ болған деген
мәлімет бар. Осы шайқастардағы ерлігінің белгісі ретінде
көптеген қазақ жігіттері «Қарсыласу қозғалысына қатыс
қаны үшін» медалімен марапатталса, ал Шәміл Құсайы
нов «Францияны азат етуші» орденімен марапатта
лады. Соғыстан кейін осы қазақтардың бірен-сараңы
француз әйелдерге үйленіп, Францияда біржола қалып
қойса, көбі Қазақстанға оралып, отбасымен қауышып,
бейбіт еңбекке араласып, бала-шаға, немере сүйді.
Ал қайсыбірі Сталиндік түрме азабын басынан кешті.
Француз жерін азат етуге қатысқандардың ішінде қазақ
партизандарының болуы, олардың тағдыры тарих
шы, зерттеушілер тарапынан жеке зерттелетін тақырып
болмақ.
Бүгінде сол бабалар ізі қалған Франция жерінде
қазағымыздың келесі ұрпағы өсіп-өніп отыр. Олар
Түркиядан өткен ғасырдың 70-ші жылдары еңбек шар
тымен келіп осы жерде тұрақтап қалған қазақтар. Бұлар
Қытайдың коммунистік билігіне қарсы ел-жерін тас
тап көшуге мәжбүр болған Шығыс Түркістандық қазақ
тар. Францияға алғаш 1971 жылы Түркияның Стамбұл
қаласынан Шаймардан Қырал, Керім Жеңгіс, Яшар
Дініш секілді 5 қазақ келіпті. Олар тері киім тігумен және
сауда-саттықпен айналысады.
Кейінгі толқын ол Кеңес одағы ыдырап Қазақстан
өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Францияға
келген қазақтар. Бұлардың бүгінгі саны нақты болмаса да
оу баста Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша
екі жүздей қазақ студенттері Францияның әйгілі Сорбон
университетінен бастап басқа университеттерінде оқып
Досан Баймолда
білім алуға келген. Франция астанасы Париж қаласында
Қазақстанның дипломатиялық елшілігі жұмыс істейді.
Сондай-ақ соңғы жылдары ғылыми зерттеу жұмыс
тарымен және мәдениет, өнер саласында жекелей жұмыс
істеп жүрген қазақтар саны көбейе түсуде. Мысалы, елге
танымалы опера әншісі Майра Мұқамедқызы соңғы
жылдары Париж опера театрында ән шырқап жүр.
Түркия, Қазақстаннан басқа Қытай, Моңғолиядан
келіп оқу оқып, білім алып жүрген қазақ балалары да
баршылық. Тек Қытайдың өзінен 20-дай қазақ балалары
Францияның жоғары оқу орындарында білім алып
жатыр. Уақытша келіп, кәсіпкерлікпен айналысып
жүрген қазақтар да баршылық. Мысалы, Қытайдан келген
Айнұр деген қарындасымыз Француздың атақты «Шам
пан» шарабын қалай жасайтын технологиясын үйре
нуге келіпті. Бірлі-жарым қазақ қыздары француздарға
тұрмысқа шыққан. Француз, түрік қыздарына үйленген
қазақ жігіттері де кездеседі. Қазақтар қайда жүрсе де,
ұлтының мәдениетін, тарихы, тілі мен дінін жоғалтпауды
мақсат етеді.
Бүгінгі күні Францияда шамамен 2 мыңға жуық
қандастарымыз бар. Олар Париж қаласы және оның
маңындағы кішірек аудандарда шоғырланған. Тек
Париж қаласында 230-дай қазақ отбасы тұрады. Париж
және оның маңайындағы қалашықтардан тысқары
Страсбургте (Strasbourg) 6 үй қазақ отбасы, Лионда
(Lyon) 5 үй, Орлиде (Orleans) 3 үй, Креллде (Creteіl) 6 үй,
Суасанда (Soіssons) 4 үй қазақ отбасы бар. Франциядағы
қазақ мәдени қоғамын көп жылдан бері елге танымалы
кәсіпкер Мехмет Зенгин басқарып келді. Париждегі
қазақ мәдени қоғамының қазіргі басшысы – Құрбанәлі
Гулен деген азамат. Сондай-ақ, Парижде 2007 жылы
құрылған «Мұстафа Шоқай – Қазақ-Француз достық
Еуропадағы қазақтар
қоғамы» деген бір ұйым жұмыс істейді. Оның басшысы
Яшар Дініш, ал орынбасары түрік бауырымыз кәсіпкер
Самиддин Балабан.
Франциядағы қазақ мәдени қоғамы Алматыдағы
Дүниежүзі
қазақтарының
қауымдастығымен
тығыз
байланыста жұмыс істейді. 2013 жылы Франциядағы
қазақтар Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және
Франциядағы Қазақ елшілігінің жан-жақты қолдауымен
Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын жақсы өткізді.
Әрине мұндай құрылтай өткізу оңай шаруа емес. Кіші
құрылтай біткен соң, Еуропада жүрген бауырларымыз
дың қазақ қауымдастығына деген кейбір өкпе-реніш
тері кезінде қазақстандық БАҚ-тарда жарияланғаны есі
мізде. Жат жерде өскен, жат елде жүрген қандастардың
«өкпешіл» келетіні тағы бар. Бұндайды қазақ атамыз
«Піскен асқа жеуші көп – біткен іске даушы көп» деп
көрегенділікпен тауып айтқан.
Мінеки, Еуропадағы қазақтардың саны жағынан
ең көбі тұратын, талайдың көргісі келіп ауызының
суы құрыған әсем Парижді көру, сондағы ағайындар
жағдайымен көзбе-көз танысу мүмкіндігі маған да туды.
Менің Парижге сапарлай баруыма ең біріншіден Алаш
қайраткері Мұстафа Шоқайдың сол елде 20 жылдай өмір
сүрген тарихы және сонда 40 жылдан астам уақыт өмір
сүріп жатқан қазақ диаспорасының бүгінгі жағдайы,
тыныс тіршілігі қызықтырған еді. Менің қазір тұрып
жатқан Орталық Еуропадағы Польшаның Познань
қаласы мен Париж қаласының арасы 1000 шақырым
нан сәл асады екен. Поезбен жүрсең 14-15 сағаттық
жер, ал ұшақпен 2 сағаттық қана жер. Жолаушылардың
көптігі соншалық, ұшаққа да, поезға да билет табылмай
қала жаздап, ақыры ұшаққа билет табылғандықтан
көзді жұмып, әсем де сұлу Париж қайдасың деп тартып
Досан Баймолда
отырдым. Бұл менің Парижге алғаш рет келе жатуым.
Ұшақ Познанның «Lawіca» әуежайынан уақытында ұша
алмай 20 минут кешігіп ұшса да бәрі ойдағыдай болды.
Парижден
шақырымдай
алыста
французша
«Bueveіls» оқығанда «Буебе» деген қалашықта орналасқан
әуежайдан сыртқа шығуға бет алған мені жолымнан
француз кеденшісі бөгеп, алып келе жатқан қол сөмкемді
тексергісі келетінін сыпайы түрде білдірді. Жүрерде
Париждегі қазақтарға рухани қазына ретінде керек болар
деген оймен өзімнің екі кітабымды: «Шындық жаршы
сы» және «Қазақ көшінің» әрқайсысынан 2 данасын
сөмкөме салып алған едім. Кеденші көзі қырағы, бірден
сол кітаптарға шұқшиды. Оның французша сұрақтарына
мен басымды шайқадым. Не жазылған, кімдікі деген
секілді сұрақтарға ағылшын тілінде тиісті жауабын
алған соң рахметін айтты. Жүзім шарабын көп ішетін
діктен бе кім білсін, Француздардың басқа еуропалық
тардан бір өзгешеліктері бар дегенді көп естіген едім.
Бұны да соның біреуі шығар деп ойладым. Мені Парижде
тұратын Абдулсәмет Алтай ағамыз күтіп алды. Абекең
күллі қазақ жұртшылығына танымал дінтанушы ғұлама,
қасиетті «Құран кәрімді» қазақ тіліне тәржімалаған
марқұм Халифа Алтайдың ұлы. Амандық-саулықтан
кейін Әбекең әуежай сыртына қойған көлігіне қарай жол
бастады. Әуежай территориясының ішіне қойылатын
көліктерге төленетін төлемақы қымбат болғандықтан
Әбекең әдейі әуежай сыртын таңдапты. Әбекеңде екі
көлігі бар екен. Біреуі той-томалақ, қонаққа барғанда
мінетін жаңа «Мерседес-270» көлігі, ал, екіншісі қала
ішіндегі күнделікті жұмыс шаруаға мінетін былайша
айтқанда «мініс ат» Пежо. Бұл жолы «Пежосымен»
келіпті.
Бір байқағаным, Париж қаласына көлікпен кіру, қала
ішінде жүру оңай шаруа емес екен. Алматыдағы «пробка»
Еуропадағы қазақтар
яғни көлік тығынын мұнда да әр көшенің бойынан
көресіз. Ең қызығы, машина айдайтын әйелдердің
көптігі таң қалдырады. Әсіресе Францияға Африка
елдерінен жұмыс істеуге келген иммигрант әйелдердің
де Париж көшелерінде еш қымсынбай машиналарын
жүйткітіп жүргендерін көріп таң қаласың. Әуежайдан
3.5 сағат жүріп Әбекең тұратын Париждің шетіндегі
Монтрей (Montreuіl) деп аталатын ауданға келдік.
Әйелі және бір ұлы бар Әбекеңе қала әкімшілігі жаңа
салынған көп қабат үйден 3 бөлмелі пәтер беріпті. Өзі
және жеңгеміз Ісмет Алтай екеуі де зейнеткер, ал ұлы
– Рауан жедел жәрдем қызметінде кіші дәрігер болып
істейді. Қызы тұрмысқа шыққан. Күйеуімен Парижде
тұрады. «Айына коммуналдық қызметке, жарыққа, газға,
суға 400 евро шамасында ғана төлейміз» дейді Әбекең.
Париж қазақтарының бірен-сараны болмаса, көпшілігі
қала әкімшілігі салғызған көп қабатты осындай үйлердің
пәтерлерінде тұрады екен.
Сол келген күні кешкісін және ертеңінде Әбекең
Франция астанасының саяхатшылар толып жүретін
керемет мәдени орындары Елисей алаңынан бастап
Мон-Мартр, Сакре-кер, Лувр, Нотр-Дам және Эйфель
мұнарасына апарды және Сена өзенінің жағалауын жаяу
жүріп өттік. Париж метросымен қаланы аралаған кезде
қалада африкалық тұрғындардың көптігіне таң қалдым.
Бір кезде Франция отары болған Африка елдерінен
иммигранттар Францияға, оның астанасы Парижге
жақсы өмір іздеп көптеп келетін көрінеді. Естуімше,
қаланың байырғы тұрғындары француздар қала ішінен
қала сыртында тұрғанды жақсы көреді екен.
Францияда әйел мен еркек 65 жасқа толғанда зейнетке
шығады. Алайда бала санына байланысты әйелдер
ертерек шығуға болады екен. 25 жылдан бері Парижде
Досан Баймолда
тұрып келе жатқан Әбекең де басқа қазақтар құсап
алғашында Түркияда үйренген кәсібі тері киім тігумен,
оны сатумен айналысып, кейін сауда баяулағаннан кейін
бұл кәсіпті қойған. Оның себебі Қытайдың арзан тері
киімдері Еуропа базарын жаулап алған және тері киімдер
қазір модадан шығып қалған.
Әбекеңнің айтуынша, бүгінгі күні Францияда жал
пысы Еуропада жүрген барлық қазақтардың басын
дағы ең бір қиын жағдай ол бала-шаға, ұрпақтарының
барған сайын қазақтықтан, қазақ тілінен ажырап бара
жатқандығы болып отыр. Үлкендерінің көбісі бір-бірі
мен үйлерінде түрікше, кейде қазақша сөйлеседі, ал бала
лары мектепте оқитындықтан французша не түрікше
сөйлейді. «Болашақ ұрпақ тағдыры мені қатты алаңдата
ды», – дейді Әбекең. «Францияда туып-өскен қазақ бала
лары өз араларында французша не түрікше сөйлеседі.
Тіптен түрік тілін жоғалту қаупі де бар. Тек дін арқасын
да мұсылмандық тәрбие ғана күшті болып тұр», – дейді
ол. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарапынан
және Париждегі Қазақстан елшілігі тарапынан болатын
түрлі мәдени іс-шаралар кезінде қазақ тіліндегі әдеби
кітаптар, газет-журналдар таратылады, алайда оның бәрі
жетпей қалады. Тіптен қауымдастықтың «Алтын бесік»
журналын тұрақты ала алмаймыз», – дейді Әбекең.
Бір қиындық жағдай, ол Франциядағы қазақтардың
көбісінің кириллше еркін оқи алмайтындығы. Кирилл
әріптерін жастар тұрмақ, үлкендер де жақсы білмейді.
Қазақстаннан жіберілген кітаптарды оқу, мазмұнын
түсіну қиын болғандықтан, 2012 жылы Қазақстанның
Білім және ғылым министрлігі Париждегі қазақтарға
қазақ тілін үйретуге Шырын Әбдіғалиқызы деген қазақ
тілінің маманын 1 айға жіберген. Париждегі 250 үйлі
қазақ отбасынан (шамамен 1000-дай қазақтан) қазақ
Еуропадағы қазақтар
тілін үйренуге құлшыныс білдіргендерің саны бар жоғы
оншақты ғана адам болған. Оның көбі балалар.
Атажұрттағы қазақтар секілді Франциядағы қазақтар
да тойсыз отырмайды. Бір-бірімен құда түсу, шілдехана,
бесік той, қыз ұзату, келін түсіру секілді тойлары көп.
Сондай-ақ тек қуаныш ғана емес, өлім секілді қайғылы
жағдайды да бірге өткізеді. Көңілді жұбатар бір жағдай,
ол ересектердің дінге қатты көңіл бөлуінің арқасында
балаларының да дінге беріктігі сол арқылы наша қолдану,
темекі шегу, арақ ішу, бұзақылық жасау секілді қоғам
дағы жат қылықтарға көп ұрынбайтындығы. Францияда
туған кейінгі ұрпақ өкілдері француз мектептерінде білім
алып, француз тілін жетік меңгеріп, жалақысы жоғары
мамандық иелеріне айналуда. Франция азаматтығын
алған қазақтар мемлекеттік қызметтерге орналаса алады,
жоғары білім алған қазақ жастары арасында дәрігер,
адвокат, инженер болғандары да кездеседі.
Сапарымның келесі күні Париждің Ножан Сүр
Марне ауданына бардым. Мұндағы Ла Фонтане көшесі
бойында мүсіні қойылған Алаш ардагері, Бүкіл түркі
халықтарының
бірлігі,
ынтымағы
үшін
күрескен
қайраткер Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне барып
тағзым еттім. М.Шоқайдың Париждегі өмірі жайлы
Француз-Қазақ достық қоғамының төрағасы Яшар Дініш
және оның орынбасары Самиддин Балабан мырзалармен
ұзақ отырып әңгімелестік. Мұстафа Шоқай атамызды
француздарға танытып, оның 20 жыл бойы Парижде
бастан кешкен өміріне қатысты тың және жаңа дерек
терді жинастырып жүрген бірі қазақ, бірі түрік осы екі
азаматқа ризашылығымды білдірдім.
Парижге саяхаттап баратын қазақтардың көбі қала
ның дәл ортасындағы Республика «Republіque» алаңы
на жақын маңнан «Ата» деген дүкен ашқан кәсіпкер
Досан Баймолда
азамат Мехмет Зенгинді әдейі іздеп баратыны шындық.
Түркияның Алтайкөй ауылында дүниеге келген Мехмет
орта мектепте түрікше оқып білім алған. 21 жасында
Парижге келген ол талай өмірді бастан кешірген бүгінде
жігіт ағасы. 2002 жылы інісі Жамалимен бірге Стамбұлда
200-дей жұмысшысы бар терезе перделерін жасайтын
фабрика ашқан. Ал, тағы бір інісі Мұстафамен бірге
Алматыда да дүкен ашқан. Әбекең секілді Мехметтің
де атажұрт Қазақстанмен байланысы күшті. «Үй ішінде
бәріміз қолымыз босай қалғанда бұрынғы атымен
«Сaspіonet» қазіргі атымен «Kazakh.tv» телеарнасын
тамашалаймыз. Бұрынғыдай емес қазіргі бағдарлама
бізге ұнайды», – дейді Мехмет. «Әрбір шеттегі қазақтың
Қазақстанға пайдалы жұмыс істеуі – борышымыз деп
білуіміз керек. Ал Францияда тіршілік етіп жатқан
қазақтардың Қазақстанға Моңғолия, Қытайдан көшіп
келіп жатқан қазақтар құсап бара қоюлары екіталай.
Әмбе Қазақстанда көші-қон мәселесі тоқтап тұрған
қазіргі жағдайда ана тілдік проблеманың барына
қарамастан олар Франциядағы қазақ диаспорасы болып
жүре бергенді барынша қалайды», – дейді ол. «Ылайым
қазақ баласы қайда жүрсе де аман жүрсін, қазағының
атын жақсы жағынан шығарып жүрсін» деген жақсы
тілекпен Париж қазақтарымен хош айтысып, сағатына
180 шақырым жылдамдықпен зулайтын Париж-Берлин
«ІnterCіty» экспресс поезына отырып, Познаньға қарай
аттандым. Жолда Еуропа Одағы және НАТО ұйымының
орталығы саналатын Бельгия астанасы Брюссель қаласы
және Францияның Париж қаласынан кейін қазақтар
ең көп шоғырланған Германияның Кельн қаласына
аялдау жоспарым бар.
http://www.turkystan.kz/kz/artіcles
Еуропадағы қазақтар
Германиядағы қазақтар
Германияда тұратын қазақтар және олардың бүгінгі
тұрмыс тіршіліктері жайында баспасөз беттерінде және
электронды БАҚ-да біршама айтылып, жазылып жүр.
Дегенмен бүгінгі Германия Федеративтік Республикасы
аталатын елдің топырағын қазақ баласы дәл қай кезден
аяқ басып, қалай қоныстана бастағаны осы уақытқа дейін
жақсы зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі болмақ.
Тарих парақшасын ақтарар болсақ, осыдан 774 жыл
бұрын яғни 1241 жылы сәуірдің 9 күні қазіргі Польша-
Германия шекарасы саналатын Одер өзені жағасындағы
Легница (немісше-Lіegnіetz) қаласы түбінде (ол заман
Пруссия жері саналатын) Шыңғыс ханның немересі Бату
ханның бүгінгі қазақ халқын құрайтын қыпшақ, керей,
найман, меркіт, жалайыр, қоңыраттардан құрылған
10 мың әскерлік армиясы поляк-немістің біріккен 20
мың әскерлік армиясымен соғысып жеңіске жеткен еді.
Сонау Азияның сары даласынан Еуропаға жетіп, Одер
өзенінен аттарын суарған біздердің ата-бабаларымыздың
сол тарихи жеңісі кімді де болсын мақтаныш сезімге
жетелейді. Сондықтан біздер үшін ту Азиядан Еуропаға,
бүгінгі Германия жеріне алғаш аяқ басқандар осы
сарбаздар болмақ. Бұдан кейін 1812-1814 жылдарғы
Наполеон соғысында орыс армиясының құрамында
қазақ жасақтары да соғысқа қатысқаны тарихтан
мәлім. Тіптен немістің ұлы ақыны Гете орыс армиясы
ның құрамында Наполеонның әскерін өкшелеп қуып
келе жатқан қазақ-башқұрт жасақтарының намазына
қатысқаны туралы өзінің досына жазған хатында: «Бұдан
бірнеше жыл бұрын біздің протестант гимназиясында
мұсылмандар құлшылық қылып, қасиетті Құранның
сүрелері оқылады деп кім ойлаған! Дегенмен бұл осылай
Досан Баймолда
болды және біз қазақтар мен башқұрттардың намаз оқы
ғанын көрдік, молдасын тыңдадық, басшысын театрда
құттықтадық. Олар маған ерекше құрмет білдіріп, садақ
пен жебе сыйлады. Мен оны ошағымның үстіңгі жағына
іліп қойдым» деп жазған. Қазақ сарбаздары немістің ұлы
ақынына осы кездесуде сазсырнай сыйлайды. Олардың
ғибадаты Германияның Веймар қаласындағы протестант
гимназиясында өтеді. Бұл да неміс топырағына алғаш аяқ
басқан біздің ата-бабаларымыз болып табылады.
Бұдан кейін Германия топырағын басқан алғашқы
қазақтар: Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай және
алашшыл азамат Ғазымбек Бірімжанов. Мария Шоқай
«Менің Мұстафам» атты естелігінде 1923 жылы Парижден
Германияға көшіп барып, сол жақта 6 ай тұрып, кейін
қайта Парижге көшіп келгендерін жазады. Өзінің бар
өмірін «Бір Түркістан» идеясын іске асыру үшін күрескен
«Алаш» қайраткері Мұстафа Шоқай 1941 жылы күзде
Польшадағы Түркістан легиондарын аралап, сондағы
қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен ұлтынан құрылған соғыс
тұтқындары жағдайымен танысу сапарынан қайтарда
кенет ауырып, 1941 жылы 12 айдың 28 күні Берлинде
қайтыс болды. Оның денесі Берлин қаласындағы
түрік зиратына жерленді. Яғни Германияның тарихи
астанасынан топырақ бұйырды.
Ал Торғай жерінде туған алашшыл азамат Ғазымбек
Бірімжановқа келер болсақ, ол 1922 жылы күзде
ортаазиялық бір топ жастармен бірге Қазақ даласынан
Германияға алғаш оқуға барады. 1928 жылы Берлин
университетінің ауылшаруашылық факультетін ойда
ғыдай бітіріп, елге қайтар жолда оны Мәскеуде кеңес
үкіметі тұтқындап, 10 жылға жер аударып, кейін 1937
жылы ату жазасына кеседі. Германиядан алған мол
білімін халқының болашағы үшін арнамақ болған асыл
Еуропадағы қазақтар азамат нәбәрі 41 жасында жат жерде құрбан болды. Кеңес үкіметінің оған не себепті өшігуінің бір сырын жазушы Амантай Кәкеннің М.Шоқай және басқа эмигранттардың шет жердегі саяси қызметіне, тіршілікқаракетіне байланысты деректер келтірген «Түркістан легионы» кітабынан табуға болады. 1945 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші қан майданы болған Германия жерінде Берлин үшін шай қасқа көптеген қазақтар қатысты, қайсыбірі соғыстың аяқталар сәтінде жат жерде опат болды. Елден бұрын Рейхстаг төбесіне жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқар баев бастаған қазақ сарбаздары елге аман есен оралды, бейбіт өмірге араласты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери тұтқын ретінде Германияға апарылған қазақтардың қайсыбірі соғыстан кейін елге қайтты, ал қайсыбірі елдегі саяси жағдайға байланысты Германияда қалуды жөн көрді. Олар Германиядағы қазақтардың алғашқы толқынын түзеді. Олардың белгілі өкілдері: Қарыс Қанатбай, Мәулікеш Қайбалды, Дәулеткерей Тағыберлі, Абдулла Жүсіп, Жәке Бапыш, тағы басқалары. Соғыстан кейін Германия жерінде құрылған Түркістан ұлт азаттық комитетінің төрағасы Қарыс Қанатбай 1950 жылдан бастап АҚШ қаржыландыруымен Мюнхен қаласынан хабар тарата бастаған «Азаттық» радиосының Түркістан редакциясының орнауына ерекше рөл атқарған адам ретінде айтылады, ал қалғандары осы Түркістан редакциясында, кейін Қазақ редакциясында ұзақ жылдар бойы қызмет істеді. Елге қайтпай Германияда біржола қалуды жөн санаған саны көп емес бұрынғы кеңес тұтқыны – қазақтардың Германияда қоныстана бастауы осы кезден басталады деуге келеді. Бұл қазақтардың Германия жеріне қоныстана бастауының алғашқы кезеңі болатын.
Досан Баймолда
Екінші толқын 1960-ыншы жылдардан басталады.
Соғыста экономикасы қираған және жұмыс күшіне
өте мұқтаж Германия шетелдерден жұмыс күшін алуға
мәжбүр жағдайға барды. Бүгінгі Германияда тұрып
жатқан қазақтардың басым көбі Түркия мен Германия
арасындағы еңбек миграциясы келісім-шарты негізінде
Түркиядан
жұмыс
істеуге
барған
қазақтар
және
олардың ұрпақтары. Олар негізінен 1962 жылдан бастап
Германиядағы түрлі зауыт, өндіріс орындарына жұмыс
істеуге келе бастаған.
Еуропа қазақтары қауымдастығының федерациясын
құруға көп еңбек сіңірген, Кельн қаласындағы қазақ
мәдени қоғамының ұзақ жылдарғы төрағасы Әбдірахман
Шетин ақсақалдың айтуынша, алғаш Германияның
Мюнхен және Кельн қаласына 5 қазақ келген. Олар
Мәуітқан Көкай, Тайшы Ақай, Сексенбай Пырат, Мүкей
Шиден және Мәуей Бодыр. Бұлар алғашында Мюнхен
дегі және Кельндегі зауыт, фабрикаларда жұмыс істеген.
Кейін Мәуіт Бодыр тері тон тігумен айналысып, Кельнда
дүкен ашқан. Ә.Шетин ақсақалдың өзі 1963 жылы 28
жасында түрік жұмысшылармен бірге жалғыз қазақ
Германияның Баден-Буртембург аймағының Улмь деген
қаласына жол салу жұмысына келіпті. Кейін жұмысын
Кельн қаласына ауыстырып сондағы «Форд» машина
зауытында ұзақ жылдары жұмыс істеп тұрып зейнетке
шыққан. Ә.Шетиннің айтуынша, ол заман бұл қазақтар
Германияда біржола тұруды мақсат етпеген көрінеді.
Көбісі кәсіп іздеп, ақша тауып Түркияға қайтуды мақсат
етіпті.
Қазақ қайда жүрсе де өзінің жақынын, қазағын
іздейді ғой. Мюнхенде тұрып жатқан кеңес елінен
келген Қ.Қанатбай, М.Қайбалды, Д. Тағыберлі, А.Жүсіп,
Ж.Бапыш секілді қазақтар Түркиядан келген осы
Еуропадағы қазақтар
қазақтарға алғашқы кезде көмектерін аямапты. Бірі қазақ
елінің ұлт азаттығы жолында сырттай күресуді мақсат
етіп елге қайтпай Германияда қалып қойған, екіншісі
Қытайдағы коммунистік билікке қарсы болып, ел-жерін
тастап Такламакан шөлін басып, Гималай тауларын
асып, Үндістан, Пәкістанды паналап кейін 1950-інші
жылдардың басында Түркия үкіметінің шақыруымен сол
елге қоныстанған қазақ балаларының жат жерде, неміс
елінде бір-біріне осылай көмек жасауы бұл тек қазаққа
тән ерекше қасиет десек артық айтпаған болармыз.
Тіптен олардың «Азаттық» радиосының американдық
басшыларына: «Түркия қазақтарынан радиоға қыз
меткерлер шақырсақ» деген ұсынысы іске асып, соның
арқасында 1966 жылы алғаш рет Түркиядан екі қазақ
шақырылады. Олар белгілі қаламгер Хасен Оралтай
және жорналшы Талғат Қосжігіт еді. Кейін «Азаттық»
радиосында қызмет істеуге Түркиядан шақырылған
қазақтардың саны 10-ға дейін көбейеді. Бұлар 1995 жылға
дейін Мюнхендегі «Азаттық» радиосында қызмет істейді.
АҚШ Конгресінің шешімімен «Азаттық» радиосы 1995
жылы мамырда Чехия Республикасының астанасы Прага
қаласына көшкен кезде барлығы Чехияға барудан бас
тартып, Германияда қалып қойды. Көбісі Германия
азаматтығын алды.
Еуропа қазақтары қауымдастығы федерациясының
төрағасы Абдулқайым Кесижидің айтуынша, бүгінгі
күні Германияда шамамен 260 үй қазақ отбасы, яғни
1500-ге жуық қазақ бар. Олардың ең көбі (160 үй қазақ
отбасы) – Кельн қаласында, Мюнхенде – 75 үй қазақ
отбасы, Берлинде – 30 үй қазақ отбасы, Гамбургте –
10 үй қазақ отбасы және бірлі-жарымдап Дюссельдорф,
Майнс секілді басқа қалаларда тұрады. Алайда Қазақстан
тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары Германияға
Досан Баймолда
қоныс аударған қазақтардың дәл саны қанша екендігі
белгісіз болғандықтан бұл санға кірмегенін айту жөн.
Германияға алғаш жұмыс іздеп барған қазақтардың
бірі бүгінгі күні жасы 83-ке келген Ыдырыс Ерол ақсақал
бала-шағасымен бірген Кельн қаласында тұрады. Оның
айтуынша, алғаш 1966 жылы Түркияның Алтайкөй
ауылынан Батыс Берлинге жұмыс іздеп 3 қазақ келген.
Олар: Арыстан Тосын, Бекей Сарбас, Ыдырыс Ерол.
Алғашында олар Германияға танымалы «Саротти»
щоколад жасау фабрикасында жұмысшы болып істеген.
Екі жарым жылдай істеген соң ол Кельн қаласына
ауысып, сондағы «Форд» машина жасау зауытында
25 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. 6 бала өсір
ген. 18 немересі бар. Үлкен ұлы Түркияда, екіншісі
Парижде тұрады. Тағы бір ұлы Шұғайып Ерол және қызы
Сайма Қаражақ өзімен бірге Кельн қаласында тұрады.
Ыдырыс ақсақалдың тағы бір қызы Сания Германия
ішкі істер министрлігіне қарасты шетел азаматтарына
виза беру бөлімінде қызмет істейді.
Германиядағы қазақтар алғашында немістің зауыт,
фабрикаларында қарапайым жұмысшы болып, елмен
бірге еңбек етсе, кейінгі жылдары балаларын немісше
оқытуға ден қойды. Кейінгі жастар немістің жоғары
оқу орындарын бітіріп, ресми орындарда, мемлекеттік
қызметте істей бастады. Тіптен бірқанша қазақ неміс
тің ірі фирма,компанияларында жақсы маман, білікті
менеджер ретінде көзге көріне бастаған. Мысалы, қазір
Гамбург қаласында тұратын хирург-дәрігер Шенол Жәдік
миға операция жасайтын мықты дәрігер ретінде елге
танылса, Мюнхен қаласының тұрғыны инженер Мүттәлі
Ұлыжай НАТО-ның ұшақ моторын жасайтын өндірісінде
бөлім бастығы болып істейді. Берлиндегі қазақ мәдени
қоғамының төрағасы Бешіретхан Малабақан сондағы
Еуропадағы қазақтар компьютер программаларын дайындайтын ірі фирмада жетекші маман ретінде танылған. Германияның Берлин қаласындағы Гумболдьт университетінің Азия, Африка зерттеу институтында доктор Гүлсім Масақова есімді қарындасымыз сонда жаңадан қазақ тілі бөлімін ашып, неміс жастарына қазақ тілін үйретіп жатса, ал доктор Нұрлан Кенжеaхмет Бонн университетінің Азия зерттеу институтында қытай тілінің білікті маманы ретінде танылып отыр. Бұған әрине қуанбасқа шара жоқ. Жалпы, Германиядағы қазақтар да тойсыз отырмай ды. Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, сүндет той секілді той-тілеулері көп. Мюнхен қаласының тұрғыны Әлихан Жаналтайдың айтуынша, Германияда тұратын қазақтар бұндай той-томалақты көбінесе апта соңына қарай өткізеді. Үлкен асхана не спорт залы секілді жерлерді жалға алып қазақтар түгелдей балашағаларымен сонда жиналады. Қой сойылып, ет асылады, дастархан жасалады. Сол жерде дастархан басында үлкен дері баяғыдағы ел үркіп, Гималай асқан заманды айтып, әңгіме-дүкен құрысады. Ал балалар ойнап, жастар өз араларында танысып, сөйлеседі. Жиылыс соңы қазақша ән айтып, «Қара жорға» биін билеумен аяқталады. Жалпы айтқанда, Германиядағы қазақтардың тұрмыс тық жағдайы жаман емес. Олар әлеуметтік жағынан жақсы қамтылған. Қазақстанға деген көзқарастары жақсы болғанымен Германияда қалып өмір сүруге және оның азаматтығын алуға өте ықыласты. Германияның Мюнхен қаласында 30 жылдан бері тіршілік ететін Өмірхан Алтын Германияға алғаш жұмыс іздеп емес оқу іздеп келгенін айтады. Ол Түркияның Анкара универ ситетінің экономика факультетінде, кейін Батыс Берлин университетінің химия факультетінде оқыған соң Мюнхендегі «Азаттық» радиосына шақырылып, сонда
Досан Баймолда
10 жыл қызмет істейді. Қазір тәуелсіз журналист, жеке
кәсіпкер ретінде Қазақстан, Түркия, Германия арасында
іскерлік байланыстар орнатумен айналысады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осынау елдегі
82 миллиондай халықтың 10 миллионы өзге ұлттың өкіл
дері көрінеді. Мәселен, Түркиядан келген мигранттардың
саны 2,5 миллион, Польшадан 1,3 миллион, Италиядан
1 миллионға жақын, ал бұрынғы КСРО-дан 2,9 миллион
халық қоныс аударған болса, соның 1 миллионнан аста
мы Қазақстаннан Германияға қоныс аударған этникалық
немістер. Шеттен келген осы немістерді жергілікті халық
«аусландерлер» яғни басқа жақтан келгендер немесе
«русичтер» деп атайтын көрінеді. Біздегі шеттен келген өз
қандастарын «оралмандар» деп кемсітетін секілді нәрсе.
Қазақстаннан көшіп барған немістердің арасында қазақ
тілінде сөйлеп, қазақша ән айтып, домбыра шертетін
тіптен бие байлап, қымыз ашытып отырған немістер бар
екенін естігеніңде қалайша оларды «қазақ емес» деп айта
аласыз.
Берлиндегі Германия-Қазақстан қоғамының атқару
шы директоры Галина Нұртазинаның айтуынша, неміс
еліндегі ұлты қазақ азаматтардың нақты санын айту
қиын. Өйткені, тоқсаныншы жылдары тарихи отанына
оралған қазақстандық немістердің отбасымен бірге талай
қазақ Еуропа асқан екен.
Солардың бірі Семей қаласының тұрғыны Тілеухан
Биболат аға Германияның Бавария өлкесіндегі Бадлен
салтз деген кішірек қалада ұлты неміс әйелімен бірге
20 жылдан бері бақытты өмір сүріп жатыр. «Германия
сырттағы қандастарын шақырып қана қоймай, олардың
орналасуына барлық жағдайды жасайды екен, соны
жақсы сезініп отырмын», – дейді ол.
Ал, Германия астанасы Берлин қаласында тұратын
Ермек тағдыр қосып Тараз қаласында үйленген ұлты
Еуропадағы қазақтар
неміс әйелімен бірге 1999 жылы Германияға біржолата
көшіп келген. «Екеуіміздің де мамандығымыз шаштараз
болғандықтан мұнда жұмыс тез табылды», – дейді ол. Екі
ұлының үлкені Қазақстанда туған, ал кішісі Берлинде
туыпты. Әйелі және екі баласы бірден Германия азамат
тығын қабылдаған болса, ал Ермек Қазақстан азамат
тығында қалуды дұрыс көріпті. «Немістердің жұмыс
тәртібі өте қиын, жауапкершілік күшті, сондықтан
«стресс» жағдайы болып тұрады, ал елді сағынсам, еш
ойланбастан барып қайтамын», – дейді ол.
Қазақ қызы Галина Нұртазина сонау жылдары
Мәскеуде жүріп танысқан неміс күйеуімен бірге Шығыс
Германияға көшіп келіпті. Күйеу бала Петер Шығыс
Берлиннің тумасы екен. Екеуі үйленгеннен кейін екі
Германия арасындағы «темір перде» яғни бетон қабырға
құлатылып, бұл елдер бірігеді. Галина болса өзін «неміске
күйеуге шығып, Германияға көшкен қазақ қызы жалғыз
мен ғана емеспін. Ондай қыздар мұнда көп», – дейді.
Еуропа қазақтары қауымдастығы федерациясының
төрағасы Абдулқайым Кесижидің айтуынша, Германия
дағы қазақтар үшін қазақ тілінде сөйлесу мәселесі өте
қиын жағдайда. Еуропада жүрген қазақтар үшін қазақ
тілін үйренуге арнап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
ның шығарған СД диск, тілашар кітаптары сондай ақ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің қазақ тілін үйре
туге арнайы мұғалім жіберіп отырғанына қарамастан
бұл мәселе жыл өткен сайын қиындап барады. Өйткені
сондағы қазақтардың үлкендері үйлерінде қазақшадан
гөрі көбінесе түрікше сөйлеседі де ал неміс мектеп
терінде оқитын балалары өз араларында тек немісше сөй
леседі. Германиядағы осы қазақтардың кейбірі атажұрт
Қазақстанның есігін өмірі әлі ашып көрмегендіктен ес
білгеннен бері білетін Түркияны өздеріне жақын санайды.
Досан Баймолда
Әбдірахман Шетин ақсақалдың айтуынша, бүгінгі
күні ең бір қиын жағдай ол бала-шаға, ұрпақтарының
барған сайын қазақтықтан, қазақ тілінен ажырап бара
жатқандығы болып отыр. Жастардың үйлену мәселесінде
бұрын тек «қазақ қазақпен үйленсін» деген қатаң талап
қойылса, соңғы кезде түрікпен, неміспен және басқа ұлт
өкілдерімен үйлену оқиғалары көбейе түскен. «Жастар
қазақ тілі тұрмақ түрікше сөйлеуден қалып барады», –
дейді ұрпақ қамына жаны ауыратын Әбекең. Сондықтан
да жылына бір рет бас қосатын Еуропа қазақтарының
кіші құрылтайының маңызы зор болып отыр.
Германиядағы қазақтар Еуропа қазақтарының 2014
жылғы кіші құрылтайын Берлин қаласында маусымның
6-8 күндері өткізді. Бұл жолғы құрылтайдың басты
мақсаты Еуропа елдерінде жүрген қазақ жастарының
бастарын қосу, оларды бабалардың ерлік рухына баулу,
ең бергісі қазақ екендіктерін ұқтыру болды. Сондықтан
әр елдің жастарының арасында футбол ойынын өткізу,
«қазақ тілін кім жақсы біледі?» сайысын өткізу, атажұрт
тан келген әншілердің, күйшілердің, бишілердің ойынын
тамашалау, қазақша күрес бәсекесін өткізу, Жоңғар
мен соғыс жылдары елі үшін атқа мініп, ел бастаған
атақты батыр Ер-Жәнібек бабамыздың 300 жылдығына
орай оның ерлік, батырлық істерін Еуропадағы қазақ
тарға таныстыру, насихаттау тағы басқадай іс-шара
лар құрылтай бағдарламасына сай Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы және Берлиндегі Қазақстан елшілігінің
тікелей көмек қолдауымен табысты өткенін айту жөн.
Құрылтайға «кәрі құрылық» Еуропаның қалалары
нан, Қазақстаннан және Түркиядан 2 мыңға жуық
қазақ қатысты. Бір қызық жайт, құрылтайға қатысуға
Еуропа қалаларынан келген осы қазақтардың көбінің өз
араларында таза қазақ тілінде емес түрікшені араласты
Еуропадағы қазақтар
рып сөйлесетіндігі және құрылтай аясында өткен спорт
тық жарыс, бәсекелер кейде қазақ тілінде емес олар үшін
сөйлеуге оңай түрікше жүрілгендігі. Оған басты себеп,
Еуропада тұратын қазақтардың жас жағынан үлкендері
яғни алғаш Түркиядан келгендері өз араларында қазақ
ша сөйлегенімен одан кейінгі буын өкілдері қазақша
ны түрік тілімен арластырып сөйлейді не таза түрікше
сөйлеседі ал кейінгі жастары өз араларында түрікше
немесе немісше, не французша, не шведше, голландша
сөйлеседі. Еуропа елдерінде тұрып жатқан қазақ ағайын
дармен сұхбаттасқанымда байқағаным, олар үшін ең бір
қиналатын жағдай, ол осы тіл мәселесі болмақ. Құрыл
тай күндері Берлин жұртшылығы қазақ деген халықты
жақсы қырынан тани алды. Мұны қала тұрғындарының
бізге деген жылы ілтипаты мен құрметінен байқадық.
Ең бастысы «той дегенде қу бас домалайды» деп атам
қазақ айтқандайын, Берлин қаласына жиналған қазақ
ағайындардың қуаныштарында шек болмады.
http://archіve.turkystan.kz/kz/artіcles/vіew/53136
Швециядағы қазақтар
Швециядағы қазақтар туралы айтпас бұрын Швеция
және шведтер туралы аз-кем ақпарат берер болсақ,
VІІІ–ХІ ғасырда Еуропа құрылығының солтүстігіндегі
Скандинавия түбегінде жауынгер тайпа – Викингтер өмір
кешіп, көршілеріне ұдайы шабуыл жасап тұрған. Олар
көрші елдердің жерін басып алу, тонау, сауда жүргізу
мақсатында Пруссияға, Польшаға, Руське, Византияға,
Еділ бұлғарлары мен хазарларға, тіптен Араб халифатына
дейін жорықтар жасап тұрды. Осы Викингтердің ұрпағы
Досан Баймолда саналатын Шведтердің 1240 жылы Нева өзені бойында Орыс және Түркі-моңғолдардың біріккен әскерінен же ңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын тоқтатқан еді. ХVІ–ХVІІІ ғасырда орын алған орыс-швед арасын дағы соғыстарда орыс армиясы құрамында қалмақ, башқұрттармен бірге қазақтар да соғысқа қатысыпты. Мысалы, 1590 жылы Ораз Мұхамед сұлтан орыс-швед соғысына қатысып ерлік көрсетеді, подполковник дәрежесіне көтеріледі. Кіші жүз қазағы Серғазы Қайыпхан 1788-1790 жылдары орыс-швед соғысына қатысып, осы шайқастардағы ерлігі үшін секунд-майор шеніне ие болыпты. ХVІІ–ХVІІІ ғасырда Қазақ еліне шапқыншылық жасаған жоңғарлар қолында от қаруы-зеңбіректің болғаны алғашқы кезде соғыс жағдайын жоңғарлар пайдасына шешкені мәлім. Жоңғарлар осы от қаруды қайдан алды десек, орыстарда тұтқын болып жүрген швед шебері Иоган Густав Ренатты қолдарына түсіріп, ол жоңғарларға зеңбірек, оқ-дәрі жасауды үйретіпті. Бұл қазақ жасақтарына айтарлықтай қиындықтар туғызғаны сол кездегі тарихтан мәлім. Жоңғарлардың қолында тұрған кезінде швед шебері жоңғарларға зеңбі рек жасаудан басқа қазақтың байырғы жері Жетісудың соғыс картасын да жасап беріпті. Бұл карта 1881 жылы Швециядан табылған. Ал, бір кезде викингтер өмір кешкен қазіргі швед топырағына қазақ баласы қашан барды деген сұрақ біраз зерттелуді қажет етеді. Алайда Швецияға алғаш барған қазақтың бірі ол атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы деп білеміз. Ол французша күрестен 1910 жылы Швецияның Гетеборг қаласында өткен әлем біріншілігінде қазақтың атын әлемге танытып, әлем чемпионы атанып үлкен алтын медальді тағынып, 1275
Еуропадағы қазақтар
сом ақшалай сыйлыққа ие болды. Ол осылай қазақ атын
Еуропаға танытты.
Скандинавия түбегінің тең жарымынан астамын
алып жатқан Швеция суықтау ауа райы және әсем
табиғатымен ерекшеленеді. Жері жағынан Еуропа
Одағы елдері арасында үшінші үлкен ел болып санала
ды. Скандинавия мемлекеттері арасында экономика,
демократия және адам құқықтары жағынан алға шық
қан мемлекеттің бірі болып есептеледі. Конституциялық
монархия үстемдік құрғандықтан символикалық түрде
мемлекет басшысы король болып саналады, ал басқару
жұмыстары толығымен бір палаталы парламент-риксдаг
пен үкіметтің қолында.
Викингтер елі – Швецияға баруды көптен бері арман
етіп жүр едім. Неге екенін білмеймін, осы елді бір көрсем
деген арман сонау студенттік кезімде Польшада оқып
жүрген кезден бар болатын. Ол заман Польшада Швеция
туралы ақпарат еркін таралып, швед киноларын еркін
көрсететін және Швеция мен Польша екеуі де Балтық
теңізі жағалауындағы елдер болғандықтан, поляктар
Гданьск-Мальме арасында кемемен емін-еркін қатынай
беретін. Әсем Стокгольмді көріп келгендер қала туралы
аңыз ғып айтатын. Енді міне тарихтан жауынгер халық
Викингтердің бүгінгі отаны – Швецияға, оның әсем
астанасы Стокгольмді көруге және ең басты әрі маңызды
жұмысым Швецияның Весторас қаласында тұратын
қазақ қандастарыммен кездесуге жолым түсті.
Алдын-ала Швециядағы қазақ қоғамының адрес,
телефон, е-майл адрестерін Алматыдағы дүниежүзі
қазақтары қауымдастығынан сұрап алған едім. Алайда
менің жазған хаттарыма дереу жауап бола қоймады. Бірақ
күндердің күнінде Мұрат Ерміш есімді бір азаматтан жауап
хат келіпті. Сөйтсем, мен хат жазып жүрген Швециядағы
Досан Баймолда
қазақ қоғамының төрағасы Ибрахим Қосшының орнына
жаңадан Мұрат Ерміш есімді жас кәсіпкер азамат төраға
болып сайланыпты. Жазған хаттағы қысқа әрі нұсқа
жауабына қарап Мұраттың сөзден гөрі істің адамы екенін
бірден түсіндім. Баратын күнімді белгілеп алған соң
«бисмиллә» деп Познань-Лавица әуежайынан Стокгольм
қайдасың деп жол тарттым.
Мен барып түскен Стокгольм-Скваста әуежайы қала
дан шамасы 100 шақырым алыста орналасыпты. Мені
әуежайдан ескі танысым Махмуд Сарбас және Мұрат
Ерміш екеуі тосып алды. Махмуд Сарбас Швециядағы ток
генераторын өндіруші әйгілі «АВВ» компаниясында ұзақ
жылдар жұмыс істеп зейнетке шығыпты. Мұратты бірінші
рет көруім. Алпамсадай, ірі денелі қазақ. Солай бола тұра
қимылы өте жылдам. Маған бірден Швеция сапарымды
астана Стокгольмнен емес, Швециядағы қазақтардың
көбі тұратын өнеркәсіп орталығы Вестерос қаласынан
бастауымды кеңес етті. Менің де іздеп келгенім сол қазақ,
бірден жөн көрдім.
Швецияға қазақтар қалай, қашан келгені туралы
менің қойған сұрақтарыма Махмуд жол бойы әңгіме
леумен болды. Ауық-ауық машина терезесінен сыртқа
көз салып, Швецияның жап-жасыл орманды жерінің
кереметтігіне, табиғатының сұлулығына таң қалып,
тамсанумен отырдым. Жолға жүрердің алдында Швеция
туралы кеңірек білейін деген мақсатпен «Википедия»
бетін ашқаным есіме түсті. Ел аумағының 70 пайызын
ормандар алып жатқандықтан Швеция Финляндия
мен бірге бүкіл дүние жүзіндегі қағаз бен целлюлоза
ның 15 пайызын өндіреді және орман өнеркәсібі өндірі
сінің барлық түрлерін экспортқа мол шығаратын
ел. Швециядағы орман алқаптарының жартысына
жуығы жеке фермерлерге тиісті екенін естіп жағамды
Еуропадағы қазақтар
ұстағаным бар. Жол бойындағы әңгіме барысында бұл
естігенімді Махмуд Сарбас та растады.
450 мың шаршы шақырым жері бар, 9.6 млн. халқы
бар Швеция жасыл орманы мен және мөп-мөлдір таза
сулы көлдерімен мақтана алады. Швецияда аумағы 1
шаршы шақырымнан асатын 4 мыңнан аса көл бар.
Ірі өзендерінің көбі Балтық теңізіне барып құяды.
Жол бойында байқағаным, жеке фермерлердің үйлері
мен кішірек қаладағы 2-3 қабат үйлердің көбі ағаштан
салынады екен. Көбінің сырты қызыл күрең жосамен
боялыпты. Қаншама жауын-шашын болса да ағып
кетпейтін бұл бояудың сырын шведтер әзірге ашпай
отырған көрінеді. Жалпысы шведтер үйлерін өте биік
қып салуға онша құмартпайды.
Мұрат Ерміш жол бойы өзі рульде отырса да оның
қалта телефоны бір тыным таппады. Әлдекімдермен
шведше сөйлеседі, әлдекімдермен кейде түрікше кетеді.
Маған қарап: «аға, сіздің құрметіңізге орай Весторастағы
барлық қазақ ағайын сондағы қазақ мәдени орталығын
да жиналып отыр екен. Қазір солай бірден тартайық»,
– деді. Біз келсек, шамасы 20 шақты қазақ жиналыпты.
Швециядағы қазақ қоғамы осындағы 100-ге жуық қазақ
отбасының басын қосып отырған бір бейресми ұйым.
Өздерінің жиналып, сан түрлі мәселелерді талқы
лып, сөйлесетін жері осы. Күрделі жөндеуден өткен
зәулім үй ішінен қазақтың иісі аңқып тұр деуге болады.
Қазақстаннан
барған
сый-сияпаттар,
қоғамының
жемісті жұмысын паш еткен түрлі марапаттаулар мен
спорт ойындарының кубоктары – бәрі-бәрі осы жерден
орын алған. Күзден бері ғылыми тағылымдама бойын
ша Польшада жүрсем де мені елден келген сыйлы қонақ
ретінде қабылдағандарына бір жағы таң қалсам да бір
жағынан риза болдым.
Досан Баймолда
Швециядағы қазақ мәдени орталығын алғаш Али
Қаһарман, Абдуллах Чағатай, Женгиз Ақсақал, Кешенай
Ермис, Ахмет Баһадүр, Қадыр Макин, Қадыр Құбылай
қатарлы қазақтар бірлесіп құрыпты. Бірақ кейін осы
жұмысты Ибрахим Динчтүрік, Байрам Кесер, Меден
Сербестер жалғастырған. Мен барардан бірер күн
бұрын Вестероста тұратын қазақтардың үлкендері кіші
қажылық парыздарын өтеуге Мекке, Мединеге кетіпті.
Ал, Швецияға ең алғаш 1963 жылы жұмыс істеуге келген
қазақтың бірі Осман Алтай ақсақал бүгінде 94 жасқа
келіпті, Стокгольмде балаларының қолында, қатты
науқас көрінеді. Ол кісімен жолығысудың сәті түспеді.
Швецияға алғаш жұмыс іздеп келіп кейін осында
біржола қалып қойған ақсақалдармен сөйлесе алмасам
да қазақ қоғамы мүшелерімен болған кездесуден
Швеция қазақтарына қатысты толық мәліметті ала
алдым. Сонымен өткен ғасырдың 60-шы жылдардың
басында Германия, Францияға қарай ағылған түрік
жұмысшылары арасында қазақ бауырларымыздың да
болғанын «Франциядағы қазақтар» және «Германиядағы
қазақтар» атты мақаламда жазғандай, солардың бір бөлігі
Швецияға да келіп жеткен.
1960-ыншы жылдардың басында Швецияға алғашқы
болып келгендер: Қабдолда Шағатай, Осман Алтай, Ахмед
Бахадур, Кешенай Ерміш, Кәрмения Шакрах, Кәкім
Өзқұл қатарлы қазақтар. Бұлар алғашында «салт басты»
келіп, біраз жыл қара жұмыс істеп, ақша жинап алып
Түркияға қайтсақ деген ойда болған. Кейін Швецияның
әйгілі «АВВ» компаниясының өндіріс, зауыттарын
да жақсы жұмыс істей келе, үйленіп, үйлі-баранды
болып Швецияда қалып қойған. Көбі Швецияның
азаматы. Қайсы бірінде Швецияның да, Түркияның да
азаматтықтары бар. Тұрмыс-тіршіліктері жақсы, жеке
үйлері, көліктері бар.
Еуропадағы қазақтар Жалпы, Швецияда 500-600 аралығында қазақтар бар. Ең көбі Вестерос қаласында 60 отбасы, Стокгольмде 25-30 отбасы, Гетеборг қаласында 10 отбасы тұрады. Ал тәуелсіздіктен кейінгі жылдары Қазақстаннан келіп кететін қазақтар да көбейген. «Болашақ» бағдар ламасымен және басқадай халықаралық грант, жоба лармен Швецияның Упсала университеті, Стокгольм университеті секілді жоғары оқу орындарында зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, білім алу мақсатында оқып жүрген қазақстандық зертеуші-ғалым, магистрант, студенттер баршылық. Бірақ олардың нақты санын айту қиын. Өйткені Швед елінде Қазақстан өз елшілігін аша қоймағындықтан бұндай мәліметті алу қиын. Швецияда туып, сонда орта мектеп бітіріп, жоғары білім алған қазақ жастары да жетерлік. Солардың бірі төрт тілде (қазақ, түрік. швед, ағылшын) еркін сөйлейтін, жеке кәсіпкер Мұрат Ерміш. Ол қоғам жұмысымен қатар Вестерос қаласында үй-құрылысымен айналыса тын жеке фирмасының да жұмысын дөңгелетіп жүргізіп отыр. Ол сондай-ақ 140 мыңдай халық тұратын Вестерос қаласының мәслихат депутаты лауазымына көтеріл ген алғашқы қазақ. Бұған қалай қуанбассың. Тағы бір Гүлбаршын Кесер деген қарындасымыз Македония астанасы Скопьедегі Швеция елшілігінде дипломатия лық қызметте жүр. Ал Жеңіс Шағатай жақсы хирург дәрі гер ретінде есімі танымал. Асан Алтай болса бояу жасай тын цехта бөлім бастығы. Райхан Ерміш, Құрманияз Сақалар Вестерос қаласындағы «АВВ» компаниясының робот жасайтын бөлімінде еңбек етеді. Швеция қазақтарымен болған кездесуден ойға түйгенім: әлемдік қаржы дағдарысы Швецияны да айналып өтпеген. Елде тіршілік ету жылдан-жылға қиындап барады. Жұмыссыздық көп. Жұмыссыздарға үкімет ай сайын 1000 евро көлемінде ақша төлейді.
Досан Баймолда
Бір балаға 1500 швед кроны яғни 120 евро төлейді. Үй
баспана мәселесі қиындап барады. 2 бөлмелі пәтер
бағасы Вестерос қаласында 50 мың евроға көтерілген.
2013 жыл жағдайымен жалпы ішкі өнім өндіру жағынан
(552 миллиард АҚШ доллары) әлемде 21 орынға
енетін, бір адамға шаққанда 57300 АҚШ долларымен
7-орындағы Швеция елі шетелдерден арзан жұмыс күші
– иммигранттарды шақыруға құмарлық танытып отыр
ған Еуропадағы санаулы елдердің бірі.
Вестерос қаласының тұрғыны Құрманияз Сақаның
айтуынша, қәзіргі үкімет басына байлардың сойылын
соғушы, оңшыл-орта бағыт ұстанушы Христиан демо
кратиялық партиясы шыққанннан бері жағдай қиын
даған. Солшыл-орта бағыт ұстанушы Швецияның
социал-демократиялық партиясы ел басқарған жылдары
аста-төк молшылық болған. Қазір ол жағдай өзгерген.
Ол өзі 1990 жылы Түркиядан келіпті. 24 жылдан бері
осы Вестерос қаласында тұрады. Екі қабат жеке үйі бар.
«АВВ» компаниясының робот бөлімінде техник болып
істейді. 3 баланың әкесі. «Үйде 3 тілде: шведше, түрікше
және қазақша сөйлесеміз. Бірақ та балалар қазақша
білмейтіндіктен Қазақстанға онша қызықпайды. Ал
үлкендер «Қазақстан» десе елеңдеп отырамыз. Әйгілі
қазақ палуаны Дәулет Тұрлыханов Вестерос қаласында
өткен грек-рим күресінің халықаралық жарысына
командасын алып келіп қатысқан кезде, Вестеростағы
барлық қазақ сонда жиналып «Қазақстан, Қазақстан» деп
айқайлап отырдық», – дейді ол.
Швециядағы қазақ қоғамының бұрынғы төрағасы
Ибрахим Қосшының айтуынша, Еуропа қазақтарының
ең күрделі мәселесі – қазақ тілі мәселесі. Барған
сайын ұмытылып бара жатыр. Соңғы кездері Вестерос
қаласындағы қазақтардың балаларына қазақ тілінен
аптасына 2 рет қазақ тілін үйрету сабағы жүріле бастаған.
Еуропадағы қазақтар
Оны Күлия Чакрак деген қарындасымыз жүргізеді. Күлия
Чакрактың айтуынша, балалардың тіл үйренуге деген
құлшынысы жақсы. Дүниежүзі қазақтары қауымдас
тығы тарапынан беріліп жатқан қазақ тілін оқып үйрену
дің компьютерлік бағдарламасы, кітаптар және газет-
журналдармен қамтамасыз етіпті.
Швецияда тұратын қазақтардың тағы бір ерекшелігі,
олардың ислам дініне беріктігі. Әйгілі Оспан батырдың
сенімді серігі Нұрғожай батырдың үлкен ұлы Имамахмед
Бахадур осы Вестерос қаласындағы мұсылман мешіті
нің бас имамы. Бұрын шіркеу болған, кейін театр бол
ған ескі ғимаратты қазақтар сатып алып, мешіт жасапты.
Сыртына «ислам культур меркезі» деп жазып қойыпты.
Бүгінде жасы 72-ге келген Имамахмет ақсақал 1942
жылы Алтайдың Көктоғай ауданында туыпты. Қазақ
босқындарының көші Түркияға келгенде небәрі 12
жастағы бала екен. 1966 жылы Швецияның Габле деген
қаласындағы қағаз жасайтын зауытта 3 жыл жұмыс
істеген. Одан кейін Шопен деген қаладағы бір зауытта
жұмысшы болып істеген. Кейін 1974 жылы өнеркәсіп
орталығы Вестерос қаласына көшіп келіп сондағы «АВВ»
компаниясында жұмыс істеп тұрып зейнетке шыққан. 5
баласы бар. Өзін әлі тың сезінетін Имамахмед ақсақалды
Вестерос қаласындағы қазақ мешітін көруге барғанымда
кездестірдім. Біз барғанымызда мешітте қазақ балаларына
құран оқыту сабағы жүріп жатты.
Махмуд Сарбастың айтуынша, Швеция қазақтары
бүгінгі күні Қазақстаннан рухани көмекке яғни қазақ
салт-дәстүрі және қазақ тілін үйрету жағынан көмекке
мұқтаж жағдайда болып отыр. «Бұл мәселені Швецияға
бізді іздеп келген талай министр, бастық, депутаттар
алдына қойдық. Бірақ шешімін тапқан жоқ», – дейді ол.
Бұл Еуропа елдерінде жүрген бар қазақтың басындағы
қайғы болып отырғаны шындық.
Досан Баймолда
Швециядағы қазақ қоғамының төрағасы Мұрат
Ерміш: «Егер қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын
арнайы бағдарламалар және тілдік курстер Алматыда
бола ма, басқа бір қалаларда ашылса, онда балалармыз
дың жол билетін өзіміз көтеріп Қазақстанға жіберер
едік», – дейді.
Вестерос қаласындағы қандастармен болған кезде
суден түйген ойым: «Мұндағы қазақтар рухани қолдауға
мұқтаж. Әсіресе, ұрпақ қамы толғандырады, балалары
ның болашағына қатты алаңдайды. Мынау жаһандану
заманында балаларының болашағы не болады? Тілін,
ділін және дінін сақтай ала ма? Қазақ екенін біліп, қазақ
тілінде сөйлеп, мұсылманшылық сенімін жалғастырып,
қазақы қалпын ұстап қала ала ма?». Швеция қазақтарын
негізінен осындай сауалдар мазалайтыны шындық.
Швециядағы қазақтар осыдан бірер жылдың алдын
да Қазақстан президентінің атына Стокгольм қаласын
да Қазақстан елшілігін ашып берсеңіз деп өтініш хат
жолдағаны бар. Осы жолы барғанымда жақсы жаңа
лықты яғни Стокгольм қаласында Қазақстан дипоматия
лық өкілдігін ашатын болғаны туралы хабарды естідім.
Бұған сондағы қазақтар ерекше қуанысып отырды. Көңіл
тоғайтар тағы бір жақсы жаңалық: Швециядағы Моңғол
елінің елшілігінде Көкен Қажекберұлы есімді, ұлты қазақ
дипломат жұмыс істей бастапты.
Вестеростағы қазақтармен болған қызықты күндерді
аяқтап, олармен қош айтысып Стокгольмге қарай бет
алдым. Швеция астанасы Стокгольм 8 көлдің орта
сында орналасқан ежелгі тарихи ескерткіштерге бай
қала. «Стокгольм» деген сөз көне швед тілінде «жақсы
сақталған» деген мағынаны білдіреді екен. Динамит
яғни жарылғыш затты алғаш ойлап тапқан атақты швед
ғалымы Альфред Нобель осы қалада өмір сүріп, өзінің
Еуропадағы қазақтар
адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан әйгілі ғылыми
жаңалығын ашқан. Жыл сайын Швецияның Ғылыми
академиясы химия, физика, медицина және экономика
саласы бойынша ерекше жаңалықтар ашқан ғалымдарға
Нобель сыйлығын тапсыратын жер осы. Стокгольмді
аралап, қаланың тарихи мұражайларымен әбден таны
сып, ертеңінде әуежайдан Познаньға қарай ұштым.
Жол бойы Швецияда өмір сүріп жатқан қазақтар
тағдырын ойлаумен болдым. Мен оларды ата-баба
жолымен асқар Алтайдың жусанды биік тауынан Скан
динавияның көлге толы, орманды жасыл даласына
жеткен нағыз көшпенділердің ұрпақтары деп атадым.
Кешегі жарты әлемді билеген жауынгер көшпенділер
дің бүгінгі ұрпақтары бір кезде көршілерін қорқытқан
әйгілі викингтердің елінде осылай жарасымды өмір сүріп
жатқандығының куәсі болып қайттым.
http://anatіlі.kz/?p=21299
Австриядағы қазақтар
Тарихта «Ost-Reіch» яғни «Шығыс империя» деген
атпен белгілі Австрия елі Еуропаның дәл жүрек тұсына
орналасқан. 1918 жылы Австро-Венгрия империясы
ның ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекет. Герма
ния, Италия, Швейцария, Чехия, Словакия, Венгрия,
Словения және Лихтенштейн секілді 8 мемлекетпен
шекараласады. Австрияда бүгінгі күні 8.5 миллиондай
халық тұрады. Австрия әлем елдері арасында эконо
микалық даму жағынан алдыңғы орындағы елдердің
бірі, мұнда әр тұрғынға тиесілі жалпы ішкі өнім мөлшері
46330 АҚШ долларына тең келеді. Австрияның мәдени,
Досан Баймолда
саяси және экономикалық орталығы – Вена қаласында
бір жарым миллионнан астам адам тұрады. Австрия аста
насы Вена (Wіen) – БҰҰ-ның Нью-Йорк және Жене
вадан кейінгі үшінші халықаралық орталығы саналады.
Вена қаласында БҰҰ-ның Халықаралық атом энергиясы
жөніндегі агенттігі – МАГАТЭ-нің, мұнай экспорт
таушы елдердің ұйымы – ОПЕК-тің және Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – ОБСЕ-нің
штаб-пәтерлері орналасқан. 56 мемлекеттің басын қосып
отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына 2010 жылы Қазақ елі төрағалық жасады.
Тарих парақшаларын ақтарар болсақ, Дунай өзені
жағасында орналасқан, кезінде қаhарлы империяның
астанасы Вена қаласын 1529 жылы Сұлтан Сүлейман
паша басқарған 100 мың түрік әскері қоршауға алып
ұзақ шайқастан кейін ақыры қаланы иеленеді. 1547
жылы империяның қожайыны Фердинанд Габсбург
түріктермен келісім жасау арқылы астананы түріктерден
босатады және бұл үшін Венгрия территориясынан үлкен
жер беріп, 30 мың алтын форинт ақша төлеп тұруға
міндеттенеді.
1549 жылы Патшалық Россияда дипломатиялық
қызмет атқарған Австрия дипломаты Зигмунд Гербер
штейн «Мәскеу жазбалары» атты зерттеу еңбегінде
қазақтар туралы, Қазақ хандығының жай-жапсарын
алғаш рет Еуропа жұртшылығына таныстырады. Азия
даласында өмір сүрген көшпенді қазақтар туралы ең
алғашқы еңбекті қазақ даласына барған поляк жиhан
гезі Бенедикт Полак осыдан 8 ғасырдай уақыт бұрын
1245 жылдары жазғанын «Польшадағы қазақтар» атты
мақаламда айтып өткен едім. Олай болса австриялық
дипломаттың бұл жазбалары поляк саяхатшысынан
кейінгі қазақ даласы туралы Еуропаға жеткен келесі
ақпарат көзі десек болады.
Еуропадағы қазақтар
Австриялық кейбір тарихшылардың айтуларынша,
Еуропа халықтарына біздердің арғы ата-бабаларымыз
ғұндардың орасан зор ықпал-әсері болған. Соны
еске алу мақсатында Австрияда жыл сайын «ғұндар
фестивалі» өтіп, бұнда ғұндардың көне салт-дәстүрлері
таныстырылып, ат үстіндегі аударыспақ, қыз қуу, садақ
ату секілді ұлттық ойын түрлері және қару түрлері
мен қайыс пен қыштан жасалған қолөнер бұйымдары
көрсетіледі екен. Тіптен кейбір тарихшылар ғұндардың
Еуропа халықтарына әсерінің күшті болғаны сонша
лық, әр бесінші Еуропа тұрғынынында ғұндардың қаны
бар, сондықтан олардың түр келбеттері көп жағдайда
«азиялық көшпенді қазақтарға» келіңкірейді дейді. Бұл
расында генетикалық түрде толықтай зерттеуді қажет
ететін тақырып екені сөзсіз.
Көшпенді қазақ пен австриялық немістердің өзара
қарым-қатынасы жөніндегі пікірлеріне байланысты
бір жайтты айтар болсақ, ол Кеңес заманында қазақ
ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен австриялық ғарыш
кер Франц Фибек екеуінің ғарыш кемесімен ғарышқа
бірге ұшқаны. Сол кезде Австрияның бұқаралық ақпарат
құралдары қазақ ғарышкері туралы, қазақ елі туралы
кеңінен хабарлаумен болған.
Ал, Австрия жеріне қазақ баласының табаны қашан
алғаш рет тигені туралы айтар болсақ, бұл туралы
жазылған дүние жоқтың қасы. Тек біздің білетініміз,
ол жер шарын тұңғыш аралап шыққан қазақ, 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылар
дың бірі Әліби Жангелдин өзінің «Ғұмыр жолым» атты
ғұмырбаяндық естелігінде: «Карпатта біз Теңіз көлінде
болып, одан Карпат асулары арқылы Австрияға астық…
Асуда тұман, жаңбыр болып қиналдық. 1910 жылы 29
тамызда біз Михаловицк кедені арқылы өтіп, одан соң
Досан Баймолда
Австрияға келдік. Кеденде бізді шешіндіріп тінтті. Төрт
сағат бойына біз австриялықтармен келіссөз жүргіздік,
әйтеуір, ақырында шекарадан өтуімізге рұқсат берілді.
Австро-Венгрияда достарымнан бөліндім: мен Шығысқа
кеттім, ал олар батыс Еуропаға аттанды», – деп жазады.
Бүған қарағанда қазақ баласынан Австрия жеріне алғаш
табаны тиген адамның бірі осы Әліби Жангелдин бе деген
ой түйеміз.
Бұдан кейін, Австрия жеріне барған қазақтар екінші
дүниежүзілік соғыста Кеңес армиясы құрамында соғысқа
қатысқан қазақ сарбаздары болмақ. Олар туралы аз-
кем дүние бар. Солардың бірі, соғыс ардагері Мәжкен
Ғаббасов алғаш Украинаны азат ету, кейін Австрияны
азат ету үшін болған соғысқа қатысқан. Австрия үшін
соғыста Т.Әбілов Кеңес Одағының батыры атағын
алды. Ал, Ж.Әминов секілді бірқанша қазақ сарбаздары
«Соғыс қызыл ту» орденімен және басқадай медальдар
мен марапатталған. Талай қазақ сарбазы Вена қаласы
үшін болған қан төгіс майданда қаза тауып, жат жерден
топырақ бұйырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
соғыс тұтқындары ретінде Кеңес одағына барудан бас
тартқан Қарыс Қанатбай, Мәулікеш Қайбалды, Жәкебай
Бапыш қатарлы қазақтардың Австрия астанасы Венада
болған түрлі конференцияларға қатысқаны туралы
мәліметтер бар.
Көгілдір Дунай өзенінің жағасына, Альпі тауының
бөктеріне орналасқан әсем Венаны көруді кім арман
етпейді дейсіз. Австрияның мәдени, саяси және эконо
микалық орталығы – Вена қаласында бір жарым миллион
нан астам халық тұрады. Дунай өзені жағасына орналасқан
Вена қаласының ескі бөлігі тарихи тұрғыдан керемет
әдемі салынған сарайлардан, тастан төселген ғажайып
алаң, көшелерден тұрады. Мұнда архитектуралық өнердің
Еуропадағы қазақтар
ең бір кереметтерін көруге болады. Әйгілі Вена опера
театры, Хофбург патша сарайы, Шенбурндегі патшаның
жазғы сарайы, Ратхаус үйі, Штефан шіркеуі, Альбер
тина галареясы, көптеген мұражайлар, ескерткіштер
бар бұл қалада атақтары әлемге жайылған XІX ғасырдың
композиторлары Штраусс, Моцарт, Бетховен, Шуберттер
өмірге келген.
Еуропа құрлығының жүрегі әрі әсем қаласының
бірі саналатын Вена қаласына баруға тағы да жолым
түсті. Ескі танысым әрі жолдасым Австриядағы қазақ
қоғамының бұрынғы төрағасы Қызырхан Шолпанның
шақыруымен Венаға ең төте жол Алтын Прага қаласы
арқылы баруыма тура келді. Еуропаның тақтайдай
түзу жолдарымен жүйткіген халықаралық жолаушылар
таситын «Eurolіnes» автобусы 3 сағатқа жетер-жетпес
уақытта мені әсем Венаға жеткізді. Аутобус бекетінде
мені ескі танысым әрі жолдасым Қызырхан тосып алды.
Ол өзінің су жаңа «Мерседес» машинасымен келіпті.
Аман-саулықтан кейін бірден «қонақ келсе – құт» дейтін
қазақи салт дәстүр бойынша мені қонақ үйге емес, өз
үйіне ала жөнелді. Қызырханның үйі қаланың екінші
шетінде болғандықтан, жол бойы қала көшелеріне,
көше бойындағы әсем ғимараттарға көз салып, қараумен
отырдым. Қала тіптен әсемденіпті.
1992 жылы Моңғолия Ғылым Академиясында қыз
мет істеп жүрген кезімде, Халықаралық атом энергиясы
жөніндегі агенттіктің шақыруымен Вена қаласында 6
ай уақытқа ғылыми жұмыспен келгенім бар. Содан бері
жылжып 22 жылдан астам уақыт өте шығыпты. Жұмыс
тан кейін және демалыс күндері жалғыз өзім қаланы
ерінбей жаяу аралап, қыдырушы едім. Одан 7 жылдан
соң Чехия астанасы Прагадағы «Азаттық» радиосында
қызмет істеген жылдары радио жұмысымен Венаға тағы
Досан Баймолда
бір рет келгенім бар. Енді міне бұл үшінші рет 15 жылдан
кейін келгенім. Қала келбеті біраз өзгерген. Әсіресе
көп қабат биік мұнаралы үйлер саны көбейген. Қала
көшелерінде кептелістер бары байқалады. Талай тарихты
басынан кешкен көгілдір Дунай өзені үстіндегі көпірден
өткенімізде толқын қуалаған өзен суының бір қалыпты
ағып жатқанына қызыға қарадым. Өзеннің шығыс жақ
бетінде орналасқан БҰҰ-ның қалашығына бару үшін
осы көпірмен талай рет жүріп өткенімді есіме алдым.
МАГАТЭ ұйымы орналасқан БҰҰ-ның қалашығы да
өз алдына үлкейіп, биік ғимараттар бой түзегенін көзім
шалды.
Қызырхан Вена қаласында тұратын қазақтардың
ішінде таксимен жолаушылар тасу кәсібін ашып,
өзінің інілерімен бірге табысы жақсы жұмыс істеп
жатқан қазақтардың бірі. Қаланың жақсы бөлігіндегі
көп қабатты үйлердің бірінде тұрады. Әйелі, 3 баласы
бар. Үлкен қызы Вена университетін бітірген. Кеш
кісін менің келген құрметіме арнап Қызырхан үйінде
дастархан жайды. Венада тұратын біраз қазақтармен осы
дастархан басында кездесіп әңгімелесуіме тура келді.
Көбін танимын, әрине.
Австриядағы қазақ қоғамының қазіргі төрағасы
Осман Қосжігіттің айтуынша, бүгінгі күні Австрияда
тұратын қазақтар саны Германияда, Францияда тұра
тын қазақтармен салыстырғанда шамалы, яғни бар жоғы
30 шақты отбасы, 120-дай адам. Немістерге тұрмысқа
шыққан қазақ қыздарын және Қазақстаннан білім алуға
келген қазақ жастарды қосқанда барлығы 200- дей адам
көрінеді.
Алғаш 1970 жылдардың басында Түркиядан Кәмелхан
Дүрмәз, Қапархан Юксел, Дәлелхан Өздемір секілді
3 азамат Австрияға жұмыс істеуге келген. Олар Вена
Еуропадағы қазақтар
қаласындағы пошта бөлімшелерінде ұзақ жылдары
еңбек етіп, қазір зейнетке шығыпты. Кейінірек Темірхан
Алтын, Қызырхан Шолпан екеуі келген. Менің алғаш
Венаға барғанымда кездескен екі қазағым осылар еді. Ол
кез екеуінде де тұрақты жұмыс жоқ, Түркия азаматтары
ретінде Австрия үкіметінің әлеуметтік көмегімен жан
сақтайтын кездері. Ара-тұра Түркияға барып, сауда-
саттық істеп қайтатын. Соңынан сәл естерін жиған соң,
немістерден қалған ескілеу жеңіл машиналарды сатып
алып, сонымен қала ішінде такси істеп, түнде газет-
журналдар тасымалдайтын. Немере ағайынды осы екі
жігіт әйел, бала-шағасымен Вена қаласының орталы
ғындағы немістерден қалған, орталық жылу жүйесі жоқ
көне тас үйлердің бірінде тұратын. Екеуіңнің фамилияла
рың неге «Алтын» және «Шолпан» деп аталады деп бірде
сұрағанымда: әуелі екеуі ішек-сілелері қатқанша күлісіп
алып, Түркияға алғаш келгенде аталарымыз түрікше
«сойа», яғни фамилия дегенді білмегендіктен ауыздарына
үйдегі келіндерінің аттары түскен де соны айта салып,
сонымен біріміз «Алтын», ал екіншіміз «Шолпан» болып
кеттік, деген еді.
Ол заман Темеңнің (Темірхан) кішігірім екі бөлме
сінің бір бөлмесінде жасы 70-тен асқан әкесі Татей
ақсақал тұратын. Түркияда біраз жылдары тұрып, кемпірі
өлген соң Венадағы ұлы Темірханның қолына келген кезі
екен. Туып өскен елін, жерін сағынатын ақсақал менімен
әңгімелескенді жақсы көретін. 18-19 жасында ел бастаған
ағаларымен бірге Гималай тауларын асып, Үндістан,
Пәкістанға барып паналап, ақыры 1953 жылы Түркияға
қоныс тепкен қазақтардың бірі. Татей ақсақал Түркияда
бала күнінен түрікше оқып, қазақшаны ұмытып бара
жатқан қазақ жастарының болашағы, тағдырына қатты
алаңдаушы еді. Бірде қазақ бола тұра жасынан түрікше
Досан Баймолда
тәрбиеленіп өскен өзінің келіні Зейнепке қазақша
«құман, шәугім» деген сөздерді білмегені үшін «өй,
қалмақ» деп ұрсып отырғанын естідім.
Қызырхан
Шолпанның
айтуынша,
бүгінгі
күні
Австрияда жалпысы Еуропада жүрген барлық қазақ
тардың басындағы ең бір қиын жағдай ол бала-шаға,
ұрпақтарының барған сайын қазақилықтан, ана тілінен
ажырап бара жатқандығы болып отыр. Үлкендерінің
көбісі бір-бірімен үйлерінде түрікше кейде қазақша
сөйлеседі, ал балалары мектепте оқитындықтан немісше
не түрікше сөйлейді. «Болашақ ұрпақ тағдыры бізді қат
ты алаңдатады», – дейді Қызырхан. Бәлкім сондықтан
шығар өткен жылы Қызырхан ұлы Тұғырылды тіл үйрен
мін деген оймен Қазақстанға бір жылға оқуға жіберіпті.
Австрия қазақтарының «Қазақстаннан мұғалім келіп,
біздің балалармызға қазақ тілін үйретсе» деген тілектері
бар. Бірақ бір қиын жағдай ол Австриядағы қазақтар
дың бірен сараны болмаса көбісінің кириллше еркін
оқи алмайтындығы. Кирилл әріптерін жастар тұрмақ,
үлкендер де жақсы білмейді. Әлі есімде, 1992 жылы Венада
жарты жылдай уақыт тұрғанымда осындағы аз ғана қазақ
тарға М.Әуезовтің, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің
шығармаларынан дауыстап оқып беретінмін. Өйткені
олардың үйінде Қазақстаннан алдырған біраз әдеби
кітаптар бар екен. Әр апта сайын жиналған қауымға
сол кітаптарды оқып беріп, олардың рухани қажетті
лігін өтеуге шамамша қолғабыс жасап жүрдім. Алғашқы
оқып берген кітабым Жүсіп Аймауытовтың «Ақбілек»
романы болды. Кітаптың бөлім-бөлімімен оқып болған
соң, кітапта баяндалған қазақ халқының басынан кеш
кен қиын өмір жайында ұзақ әңгімелерге баратынбыз.
Алайда басында олардың қазақшасының сәл «түріктеніп»
кеткендігінен кейбір сөздерін түсінбей қалушы едім...
Еуропадағы қазақтар
Австриядағы қазақтардың дені Вена қаласында
тұратындықтан олардың бастары той-томалақтарда жиі
қосылып тұрады. Әсіресе «наурыз» мейрамын ұмытпай,
қазақи салт дәстүр бойынша тойлайтындығын көріп
таң қалғаным бар. Вена қаласының орталығындағы
сауда дүкендері көп коммерциялық Марияхилффер
(Marіahіlffer) көшесі бойындағы кілем сататын бір
австриялық еврей байының дүкенінде сатушы болып
істейтін Акбар Қыран деген қазақтың әйелі ұл тауып,
кішкентайлы болғанда оның бір бөлмелі алақандай
үйіне Венадағы барлық қазақтар жиналып, шілдехана
тойын өткізгені әлі есімде. Баяғы Алтайдан ел көшкен
кездегі «Елім-айлаған» зарлы, мұңды әндерді олар осы
күнге дейін ұмытпай шырқаған кездерінде сай-сүйегім
сырқырағандай әсерде болған едім.
Австрияның
Германиямен
шекарасына
жақын
Зальцбург, Линц қалаларында бірді-екілі қазақ отбасы
лары тұрады екен.
Осыдан 23 жыл бұрынғы кездеріндей емес, қазір
Венада тұратын қазақтардың көбінің тұрмыс-тіршілік
тері жақсарыпты. Ең бастысы олардың саны көбейген.
Балаларын
оқытып
жатқандары
көп.
Көбі
жеке
машиналы және жеке үй баспаналы болыпты. Қаланың
шеткі ауданынан бір кафені жалға алып, апта соңындағы
демалыс күндері бас қосып, жиналады екен. Австрия
қазақтары негізінде екі елдің де азаматтығын алған
дықтан, Түркия және Қазақстанға ешбір қиындықсыз
барып келе алады. Атажұрт Қазақстанмен барыс-келіс
тік байланыстары жақсы. Қазақстан өзінің елшілігін
Вена қаласында ашқаннан бері Венаға келетін қазақтар
саны көбейген. Шетел қазақтарына арнап Дүниежүзі
қазақтарының қауымдастығы тарапынан Қазақстанда
өткізілетін және Қазақстан тарапынан Вена қаласында
Досан Баймолда
өткізілетін мәдени іс-шараларға шама-шарықтарынша
қатысып тұрады. Көбінің Түркияның Стамбул қала
сындағы Зейтінбұрын, Қазақкент аудандарында жеке
үй-пәтерлері бар болғандықтан жазғы демалыстарын
Түркиядағы туыстары арасында өткізуді қалайды. Қыз
ұзату, келін түсіру тойларының көбін Австрия қазақтары
Түркияда өткізеді.
Венаға жолдары түсіп келетін қазақтардың көбі
Қызырханды іздеп жүреді. Ол Вена қаласында көп жылдан
бері тұрып келе жатқандықтан қаланы жақсы біледі
әрі өзінің жеке таксиімен даяшылық жасайды. Елден
Еуропаны қыдыруға келетін депутат, министрлер, бизнес
саласының өкілдерін көбінесе Қызырханның көлігінен
көре аласыз. Оларды «Швехат» халықаралық әуежайы
нан күтіп алу, шығарып салу, қала аралату көбінесе
соның мойынында. Менің келгенімді сылтауратып бір
неше күн жұмысқа бармаған ол жұмысқа шығатынын
айтты. Өйткені Астанадан бір мәжіліс депутаты әйел,
бала-шағасымен Венаға одан әрі демалуға Адриат теңізіне
бара жатыр екен. Бірнеше күн қала ішінде соларды ары-
бері тасымалдау жұмысы Қызырханның мойынында.
Мен де әсем Венамен және сонда тұрып жатқан қазақ
ағайындармен хош айтысып, уақытша тұрып жатқан
қалам – Познаньға қарай жолға шықтым.
http://anatіlі.kazgazeta.kz/?p=25767
Еуропадағы қазақтар
Ұлыбританиядағы қазақтар
Ұлыбритания (Great Brіtaіn) Еуропа құрлығының арғы
шетінде орналасқан айналасы мұхит, теңізбен қоршалған
ел. 1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, қаржылық жағдай
қиындаған кезде Қазақстан өзінің төл валютасы – теңгені
Ұлыбританияның «Харрисон және оның ұлдары» атты
банкнот фабрикасында жасатып, айналымға 1993 жылы
кіргізген болатын. Қазақстанның экономикалық және
қаржылық тәуелсіздігінің артуына Ұлыбританиядағы
осындай компаниялардың қосқан үлесі аз емес.
Ұлыбритания
Қазақстан
экономикасына
тікелей
инвестиция тартуда бүгінгі күні АҚШ пен Нидерлан
дыдан кейін үшінші орында, қазір оның көлемі 12 млрд.
долларына жетті. Қазақстанда британдық капиталдың
қатысуымен 600-дей кәсіпорын жұмыс істейді. Олар
көлік, металлургия, денсаулық сақтау, банк секторы
және экономиканың басқа да түрлі саласына атсалы
суда. Британ компаниялары «Қарашығанақ» жобасын
іске асыруға, «Каспий құбыры консорциумының» өткізу
қабілетін ұлғайтуға, «Жемчужина» блогын әзірлеуге
белсене қатысуда. Ресми мәліметтерге сүйенер бол
сақ, 2012 жылы екі ел арасындағы өзара тауар айна
лымы 2,3 млрд. долларға жеткен. Тәуелсіздік жылдары
Алматы қаласында құрылған Қазақ-Британ техникалық
университеті Қазақстанның мұнай-газ саласына қажет
мамандарды дайындау ісіне атсалысуда. Ал, британдық
миллиардер Лакшми Миттал Қазақстанның көмірі мен
теміріне қожайын болып отыр..
2000 жылы маусым айында АҚШ-тың Нью-Иорк
қаласына ұшып бара жатқан жолымда Лондонда
бірер күн аялдағаным бар. Ол заман орталығы Прага
қаласында орналасқан «Азаттық» радиосында қызмет
Досан Баймолда
етіп жүрген кезім. Бәлкім, алғаш рет көргендімнен болар,
Лондондағы халықаралық «Хитроу» әуежайы маған өзі
бір кішігірім қала іспетті сезілді. Лондон қаласын қақ
жарып ағатын Темьза өзені бойымен серуендеген кезімде
өзеннің айналасы мұражайлар мен сурет галереяларына,
жәрмеңкелер мен ресторан, бар, кафелерге толы екенін
көргенім әлі есімде. Лондондағы атақты Букингем са
райы, Парламент үйі, Британ мұражайы, Өнер акаде
миясы, Виктория мен Альберт мұражайы, Ұлттық галерея,
тағы басқа да толып жатқан тарихи ғажайып ғимараттар
мен музейлерді толық көруге, тамашалауға уақыт шіркін
мүмкіндік бермеді. Кезінде Ағылшын королінің бай
лығы мен қазыналары сақталып, кейін обсерваторияға
айналған әйгілі Тауэр мұнарасы саяхатшылар ең көп
келетін жердің біріне айналған. Бір таңқалғаным, әлемнің
барлық ұлт өкілдерін осы Лондоннан кезіктіруге бола
тындығы. Қала ішіндегі барлық даяшылық жұмыстарын
сонау Азиядан, Африкадан келгендер істейтінін көріп
қайран қалғаным бар. Бірақ солардың арасында елмен
бірге жұмыс істеп, еңбек етіп жүрген бірен-саран өзіміздің
қазақ ағайындар барын білсем де іздеп тауып сөйлесу
мүмкін болмап еді.
Англия топырағына табаны тиген қазақтың бірі
атақты геолог, ғалым Қаныш Сәтпаев екен. Ол кісінің
әйгілі саясаткер Уинстон Черчилльмен Лондонда кез
дескен кездесуі туралы мынандай бір жақсы әңгіме бар.
1947 жылы кеңестік делегацияның құрамында Лондон
ға барған сапар барысында қазақ баласын алғаш көрген
Ұлыбританияның әйгілі саясаткері Уинстон Черчилль
зор денелі Қанышқа тесірейе қарап: «Қазақтардың
бәрі сіздей алып па?» – деп сұраса керек. Сонда Қане
кең: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен
қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын», – деп жауап
Еуропадағы қазақтар
берген екен. Кеңес заманында қазақтар осындай мәдени,
ғылыми мақсаттағы делегация құрамында Лондонға
барып жүрді, бірақ, сонда қалып өмір сүргісі келгендер
сірә болмаған шығар. Өйткені бұл мүмкін емес еді. 1960-
ыншы жылдары еңбек миграциясы жолымен Түркия
дан Германияға барған қазақтар Ұлыбританияны және
оның әсем астанасын да зерттеп көріп, туған-туысқан
дарын солай баруға шақырған көрінеді. «Келіннің
бетін кім бұрын ашса сол ыстық» дегендей Лондон
ға және оның маңайына қоныстануды алғаш Түркия
қазақтары 1970 жылдардан бастады. Ұлыбритания
Премьер- министрі болған Маргарет Тэтчер ханым
үкіметі тұсында сырттан келетін эмигранттарға қатысты
жасалған қолайлы жағдайды пайдаланып Түркиядан
келген қазақтар Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының
негізін құрай бастады.
Лондондағы қазақ мәдени қоғамының мәліметі
бойынша, бүгінде Түркиядан көшіп келген 45 қазақ отба
сы, Қазақстанның өзінен келген 60-қа жуық қазақ отба
сы және Қытай, Моңғолиядан келген бірқанша қазақ
отбасыларын қоссаңыз, барлығы шамамен 120-дай
қазақ отбасы бар. Бұған ағылшын азаматтарымен неке
құрған 150-дей қазақ қыздарын және Қазақстан Прези
дентінің «Болашақ» бағдарламасы және басқадай халық
аралық бағдарламалармен келіп оқып жатқан 4000-дай
қазақ жастарын қоссаңыз, Ұлыбританиядағы қазақ
диаспорасын шағын деуге тағы келмейді. Ұлыбритания
ға алғаш келген осы қазақтар әу басында киім-кешек
және тоқыма секторында жұмыс істеген. Бірақ соңғы
жылдары Шығыс Еуропа және Қытайда пайда болған
арзан жұмыс күші салдарынан тоқыма өнімдерінің баға
сының құлдырауына байланысты қазақтар басқа сала
ларда жұмыс істей бастапты. Олардың ішінде өздерінің
Досан Баймолда
дербес шағын кәсіпорындарын құрғандары да бар
екен. Лондон қаласы әлемдегі ең қымбат қалалардың
бірі болғандықтан осындағы қазақтардың көбі орта
ша табысы бар топқа кіреді. Түркиядан барған қазақ
тардың барлығы дерлік 2000 жылдан кейін Британия
азаматтығын да алған.
Лондондағы қазақ мәдени қоғамының төрағасы
Исмайл Кесижидің айтуынша, қазақ диаспорасы түрлі
мейрамдар мен той-томалақтарда бас қосып тұрады.
Мұндағы қазақтардың әлеуметік жағдайы жаман емес.
Заман ағысымен жастар жоғары оқу орындарында білім
алып, оны бітіргендері банк саласында және басқадай
жақсы қызметтерге орналасып жатыр. Лондонда жүрген
осы қазақтардың негізгі проблемасы – тіл мәселесі. Қазір
Еуропадағы қазақтар өзара көбіне түрік тілі арқылы
сөйлеседі. Тіпті тек түрік тілінде ғана сөйлесетін жастар
да бар. «Бұл әрине, жанымызға батады. Кейінгі ұрпақ
осы қалыпта түрік тілінде не өздері тіршілік ететін жер
дің тілінде сөйлейтін болса, қазақ тілі мүлдем қажетсіз
болып, оны үйренудің қажеті болмай қала ма деп қор
қамын», – дейді Исмайл Кесижи.
Англияда электроника саласында алғаш ғылыми
докторлық қорғап, кейін Н.Назарбаев университе
тінде оқытушылық қызметте жүрген кезінде марқұм
болған Хакан Одончи Ұлыбританиядағы бірінші буын
қазақтардың балалары 1995 жылдан кейін ғана жоғары
білімдерін тамамдап, мамандық иесі бола бастағанын
айтқан. Оның айтуынша, 1998 жылы университетті бітіріп
шыққан 2 ғана адам болса, қазір жоғары білім алған,
оны табысты түрде аяқтап қызметке орналасқан 10-нан
асқан жастар бар, олардың арасында университетте сабақ
беріп жүрген бір ғылыми қызметкер, бір компьютер ин
женері, үш бастауыш мектеп мұғалімі және бір менедж
Еуропадағы қазақтар
мент маманы бар. Еуропада жүрген аға буынның қазақша
сөйлеуіне байланысты, Еуропадағы орта буын қазақ
тар да өз ана тілдерінде айтарлықтай жақсы түсініп,
азды-көпті сөйлеп те жүреді. Бірақ олар қазақ тілінде
оқып, жазғанда кейбір қиыншылықтарға тап болады.
Әсіресе, қазіргі Қазақстанның кириллицалық әліппесін
оқи алатындардың саны өте аз. Латын әрпімен оқу
жеңіл болса да, көбінің сөз қоры жетпегендіктен қазақ
ша мәтіндерді толық түсіне алмайды. Кезінде тілді
дамыту мақсатында Қазақстанның Лондондағы елші
лігі қазақ тілінің курсын ашыпты.Оған барған бірқан
ша қазақ баласы кириллше жазып оқи алатын болға
нымен кейін елші ауысуына байланысты қазақ тілінің
бұл курсы тоқтап қалған.
Соңғы жылдары Қазақстанға барып қазақ тілін
жетілдіріп қайтқан қазақ жастары да жоқ емес бар.
Сондай жастардың бірі Лондон қаласында тұратын
Сафа Жаналтай. Оның айтуынша, Еуропа қазақтары
ның көбі Түркия арқылы жан-жаққа таралғандық
тан, бір-бірін көргенде, сөйлескенде қазақшадан гөрі
түрікше сөйлескенді жеңіл санайды. Сондықтан, енді бір
10-20 жылда Еуропада қазақ тілі тұрмақ қазақ диаспо
расы жойылып кету қаупі бар. «Себебі біздің аталары
мыз көшкен кезде салт-дәстүр де, ана тіліміз де сақталды.
Қазақы құндылық біздің ата-аналарымызға үйдегі тәр
бие арқылы бойына сіңіріліп, санасына жатталды. Сол
аталардың, аналардың көбі қазір өмірден өтті, тіл ұмыт
бола бастады. Еуропа қазақ жастарының жартысынан
көбі қазақ тілін білмейді. Қазіргі Еуропадағы ұрпақ
өздерінің қазақ екенін біледі, бірақ сезінбейді. Олар
өздерін түрік санайды. Менің Қазақстанда нағашы атам
бар болғаны үшін елге барып тіл үйреніп қайттым. Ал
жастар Қазақстанға барудан жасқанады. Себебі қазақша
Досан Баймолда жөнді білмейді және қамқор болар Қазақстанда туысы да, танысы да жоқ», – дейді ол. Сафа Жаналтайдың бұл айтқандарымен келісуге болар. Алайда Лондонда тұра тын кейбір ағайындар 1990-ыншы жылдардан кейін «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның сан ондаған жоғары оқу орындарына Қазақстаннан оқуға келген қазақ балаларының көбінің қазақша білмейтінін айтады. «Біз олардың оқып жатқан қалаларына дейін іздеп барып, балаларымызбен таныссын, қазақша сөйле сіп, үйренсін десек олар бізден өткен екен, бізге қазақша емес орысша жауап қайтарды», – дейді. Әрине «Бола шақ» бағдарламасымен келген қазақ балалардың бәрі сондай дегеннен аулақпыз дегенмен, қандастарымыздың сөзінің де жаны бар. Қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де майын тамызып сөйлейтін қазақ жастары қәзір Лондон қаласында және Ұлыбританияның басқа қалаларында білімдерін жетілдіріп жүр, қайсыбірі мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Соның бірі – заң бойынша докторлық қорғаған Мұхамед-Әли Құрманбаев есімді жігіт. Ол 1996 жылдан бері Лондонда тұрып жатыр. Ол 1996 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Лондонға оқуға келген 5 баланың бірі екен. Қәзір оның бітірген оқу орынында Қазақстаннан 80 бала келіп оқып жатыр. Ұлыбританияда тұратын қазақ диаспорасы Еуропа Қазақтарының Кіші Құрылтайын 2009 жылы 30-31 мамыр күндері Лондон қаласында өткізді. Франция, Германия секілді кейбір Еуропа елдерімен салыстырғанда Ұлыбританиядағы қазақтардың саны аздау келеді. «Соған қарамастан ондағы қазақ балалары мен жастарына ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін және ұлттық мәдениетін үйрету жұмыстарын тоқтатпай жүргізіп отыру біздің мақсатымыз», – дейді қазақ мәдени қоғамының төрағасы
Еуропадағы қазақтар
Исмайл Кесижи. Ұлыбританиядағы қазақтардың әзірге
Қазақстанға тұрақты қоныс аудару секілді бір сұранысы
жоқ. Бірақ, олар мәдени әрі сауда-саттық салаларында
Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқысы келеді.
Нидерландиядағы қазақтар
Жақында
Нидерландиядағы
қазақ
қоғамының
шақыруымен
Амстердам
қаласына
баруға
жолым
түсті. Бұл менің көптен бері жоспарлап жүрген бір
жағы армандап жүрген сапарым болды. Еуропаның
бірқатар қалаларында болып, сондағы қазақ диаспорасы
өкілдерімен кездесіп жүрсем де, Нидерландияға бару
дың сәті түспеген еді. Берлиндегі Гумбольдт универси
тетіне 3 айға ғылыми тағылымдамадан өтуге шақы
рылған мүмкіндікті пайдаланып және Берлиндегі қазақ
қоғамының жетекшісі, кәсіпкер баурымыз Бешіретхан
Малабаканның Амстердамға өз машинаммен апарып
қайтайын деген ұсынысы да бұл сапардың іске асуына
түрткі болды.
Қызғалдақ гүлдердің елі атанған Нидерландия және
оның тарихи ескеркіштерге бай, әсем де таңғажайып
Амстердам қаласы туралы аз-кем мәліметтер бере кетсек,
халықаралық саяси картада Нидерландия (Netherland) ал
халық ауызында Голландия (Нolland) деп аталатын жер
көлемі жағынан шағын, небәрі 41 мың шаршы шақырым
елде 16.5 млн. халық тұрады. Халқының саны жағынан
Қазақстанмен шамалас болғанымен жер көлемі жағы
нан 65 есе кіші бұл ел Қазақстанға ең көп инвестиция
құйып отыр. Статистикалық дерек, мәліметтер бойынша
Голландия Қазақстан экономикасына басқа елдерге
қарағанда ең көп яғни 11.8 млрд АҚШ доллары көлемінде
тікелей инвестиция құйған көш бастаушы ел.
Досан Баймолда
Нидерланд (Netherland) деген «төменгі жер» деген
мағынаны білдіреді. Амстердам қаласы – Нидерлан
дия мемлекетінің конституциялық астанасы. Елдегі
барлық халықаралық ұйымдар мен шетел елшіліктері
Гаага (The Haaga) қаласында орналасқан. Амстел өзені
жағасына жайғасқан және көптеген су арналары қала
ішіне тарайтын Амстердам қаласын әлем саяхатшылары
«Солтүстік Венеция» деп тегіннен тегін атамаса керек.
Амстердам қаласының кей бөлігі теңіз деңгейінен де
төмен орналасқандықтан Роттердам қаласынан кейінгі
ең ірі өнеркәсіп және сауда орталығы болып саналады.
Нидерландияда әлем таныған көптеген әйгілі суретшілер
мен өнер адамдары өмір сүрді. Сондықтан қаладағы
Риксмузей, Винсент ван Гога, Рембрандт мұражайлары
саяхатшылар назарын өзіне тартатындықтан, жылдың
қай мезгілінде болсын, қала орталығында қаптап жүрген
саяхатшыларды көре аласыз.
Туризм ел экономикасына әжептәуір пайда кіргізеді.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 300-ден астам
қонақ үйлері бар Амстердам қаласын көруге жыл сайын
4 миллиондай саяхатшылар келеді екен. Амстердам
қаласына келушілер көбінесе қаладағы тарихи маңызды
ескерткіш орындарын аралаумен бірге кешкі Амстердам
мен танысуға құмар. Қала орталығындағы ескі, тар көше
лерде емін-еркін наша шегіп алған жастарды және әлем
нің шар тарабынан келген тәнін сатушы жезөкшелерді
көптеп көре аласыз және осы екі көлеңкелі бизнес
түрінің шарықтап тұрғанына қала әкімшілігі еш тиым
салмайтынын көріп таң қаласыз.
Жалпы, Нидерландияда және оның астанасында
шетелдік иммигранттардың көптігіне қайран қаласыз.
Әр көшеден Нидерландияның бұрынғы отары бол
ған Суринам секілді елден келген қара нәсілді афри
Еуропадағы қазақтар
калықтарды,
оңтүстік-шығыс
азиялық
инденезия
лықтарды, марокколық арабтарды және түріктерді
көптеп кездестіресіз. Соңғы кезде қытайлар да көбейе
бастапты. Осы шетелден келген иммигрантар арасында
1968 жылдан бастап еңбек күші ретінде Түркиядан
келген, 1991 жылдан бастап кәсіп іздеп, оқу-білім іздеп
Қазақстаннан келген қандастарымыз да жүр.
Сонымен жұма күні түс ауа «бісмәллә» деп Бешірет
ханың су-жаңа «БМВ» машинасымен Амстердамға
қарай аттандық. Жол бойы Бешір екеуіміз Нидерландия
мемлекеті және оның астанасы Амстердам қаласы, бұл
жақта тұратын қазақтар жайын әңгімелесумен болдық.
Нидерландия астанасында тұратын ағайындар менің
келе жатқанымнан алдын-ала хабардар болғандықтан
қазақтардың
үлкендері
сондағы
қазақ
қоғамының
төрағасы Абдул Кәлемнің үйіне жиналып, бізді күтіп
отырыпты. Біз жұма күні түстен кейін шықсақ та, қас
қарая Амстердамға жеттік. Қазақша амандық, жөн
сұрасудан кейін мен өзімнің келген шаруамды қысқаша
таныстырып, бірден Нидерландиядағы қазақ диаспорасы
тақырыбына көштік.
Нидерландиядағы қазақ мәдени қоғамының төр
ағасы Абдул Кәлемнің айтуынша, 1985-1986 жылдары
Нидерландияға 150-дей қазақ отбасы жұмыс іздеп
Түркиядан көшіп келіпті. Олар Түркияның қазақ
тар тұратын Стамбұл қаласынан, Измирден және
Алтайкөй ауылынан көшіп келген Керей қазақтары.
Кейін сол қазақтардың көбі қайтадан Түркияға, ал
қайсыбірі Францияға көшіп кетіпті. Себебі голланд
немесе ағылшын тілдерін білмеу, жергілікті жердің
заң-закондарынан хабарсыз болу және үй-баспана
мен дұрыс жұмыс табылмауы, сондай-ақ, жергілікті
әкімшілік
орындарының
қазақтардан
түрлі
құжат
Досан Баймолда
қағаздарды талап етуі және балаларын оқытуға қатыс
ты қиындықтардың болуы олардың қайта қайтуына
себеп болса керек. Сол қиындықтарға шыдап кері
көшпеген қазақтар Нидерландияда қалып өмір сүріп
жатыр. Бүгінгі күні олардың саны 30-40 шақты отбасын
құрайды. Егерде әр үйде орташа есеппен 2-3 бала бар
деп есептесек, Нидерландиядағы қазақтардың саны
120-160 адам шамасында. Осында қалғандарының бәрі
Нидерландиядағы түрлі киім тігу фабрикаларында
жұмыс істеген.
Нидерландиядағы қазақтардың үлкені 68 жастағы
Абдулла
Уақап
Қыран
және
жастағы
Ысқақ
Шоқгүленнің айтуларынша, алғаш Голландияға жұмыс
іздеп Жеңіс Ораш деген руы найман Түркия қазағы
келіпті. Одан кейін 1983 жылы Ейіп Ақай, Мұқылес
Салихылы, Рафик Байдалы, Қахарман Қадырәлі деген
4 қазақ келіпті. Одан 1986 жылдан кейін қазақтар
көбейген. Алайда бұл қазақтар Нидерландияға ешкімнің
шақыруынсыз өз беттерімен келгендіктен Нидерландия
үкіметі оларды жақсы қабылдамаған. Сондықтан 14-15
жыл бойы Түркия азаматы паспортымен жүріп-тұруға
тура келген. Үкіметтен ешқандай әлеуметтік көмектер ала
алмағандықтан өз күштеріне сеніп, кез-келген жұмыс
ты істеулеріне тура келген. 15 жыл өткеннен кейін барып
Нидерландия үкіметі оларға азаматтық берген. Содан
бастап тұрмыс-тіршіліктері жақсара түскен. Үкімет
оларға үй-баспана берген, кейбірі өздері сатып алған.
Ең негізгісі жұмысты болып, жұмыссыздары үкіметтен
әлеуметтік көмектер ала бастаған. Балаларын оқыту
проблемасы шешіліп, қәзір бәрінің балалары ағылшын
ша немесе голланд тіліндегі мектептерде және қайсыбірі
жоғары оқу орындарында оқып жүр. Мысалы Абдулла
Кәлемнің қызы Мехреб Амстердам университетінде
Еуропадағы қазақтар
оқиды. Абдулла Қаражігіт есімді тағы бір қазақтың қызы
да Амстердам университетінде оқып жатыр.
Оқу демекші, 1991 жылдан кейін Қазақстаннан халық
аралық «Болашақ» бағдарламасымен, Еуропа одағы
ның «Ерасмус Мундус» секілді халықаралық бағдарла
малармен келіп оқып жүрген қазақ жастарының саны
да көбейген. Өзі «Ерасмус Мундус» бағдарламасымен
Амстердам университетіне оқуға келген түркістандық
Гүлдана есімді қарындасымыз Амстердамда тұратын Уәли
Бишер есімді қазақ жігітімен бас құрап, қәзір сонда тұрып
жатыр.Оның айтуынша, өзі секілді Қазақстаннан келіп
оқып жүрген қазақ жастарының саны 20-30 аралығында.
«Дүниежүзі
қазақтарының
қауымдастығы
және
Гаагадағы Қазақстан елшілігі бұндағы қазақтарға қазақ
тіліндегі кітап, журналдарды тегін таратып беріп тұрады,
бірақ олардың көбі кириллше әріп танымайтындық
тан бұларды оқи алмайды. Ең дұрысы кітап, журналдар
латынша болса жақсы болар еді», – дейді Гүлдана.
Амстердам тұрғыны Фатма Ұлықпанқызының ай
туынша, жалпысы голландиялықтар қазақ секілді кең
мінезді келетін халық. Шетелдіктерге іші тарлық жаса
майды. Шетелдіктердің салт-дәстүр, мәдениетін аса
сыйлайды. Араласатын голландиялық көршілері қазы-
қарта, бауырсақ секілді қазақтың тағамдарына қызы
ғатынын айтады. Нидерландияда адам қартаю пробле
масы бар болғандықтан, үкімет шетелден жұмыс күшін
алуға мәжбүр жағдайға барып отыр. Нидерландия
лықтардың өздерінде 1-2 бала болса, қазақтарда 4-ке
дейін балалары бар. Нидерландияда тұратын қазақ
диаспорасы бір-бірімен тату, біркелкі деңгейде өмір сүріп
жатыр деуге болады. Іштерінен шыққан бірен-саран
бизнес адамдары да бар. Солардың бірі Айдын деген жас
жігіт пицца дайындайтын асхана ашқан.
Досан Баймолда
Абдулла Калемнің айтуынша, 1986 жылдары келген
қазақтардың көбі қәзір үкіметтен беретін зейнетақыға
қарап жұмыссыз отыр. Бұған дейін оның Стамбұл
қаласында нейлоннан киім-кешек тігетін кішігірім цехы
болған. Әкесі қайтыс болған соң Амстердамға келіп, киім-
кешек тігетін түрік фирмасында тігін цехын басқарып
тұрған. Ол бір жылдары Түркия қазақтары арасынан
Түркияның әйгілі «Галатасарай» футбол командасында
ойнапты. Соңғы жылдары перде тігетін цехта біраз
жылдары жұмыс істеп тұрып, зейнетке шыққан. «Қәзір
арзан қытай перделері көбейіп кеткендіктен перде тігіп
сату бизнесі жүрмей қалды», – дейді ол.
Амстердамда тұратын қазақтар дінге берік. Бес уақыт
намазын өтемесе де жұма намазынан қалмайды. Біз
барардан бұрын Амстердамдық қазақ Абдулла Қара
жігіт және әйелі Халима екеуі қажылық парыздарын
өтеп келіпті. Қажы Абдулла Қаражігіттің айтуынша,
Амстердам қаласында шамасы 50-дей мешіт бар. Қазақтар
көбінесе жұмалық намаздарын өтеуге Түрік мешіттеріне
барады. Қазақтар аптасына бір рет қала әкімшілігі берген
қоғамның мәдениет үйінде кездесіп тұрады.
Амстердам қаласының гүл өсіретін фермасында
жұмыс істейтін Мансұр Қаражігіттің 12 жастағы ұлы
Елісхан Түркияда өткен құранды мәнерлеп жатқа орын
дау сайысында жүлделі орын алыпты. Баласының осы
дарынын ары қарай дамытып, «дін оқуының жоғарғы
курсын оқытсам» деп армандайды әкесі. Тарихта қыз
ғалдақ гүлінің отаны Қазақ жері деп аталады. Осы гүлдің
ұрығын Нидерландияға апарып, бүгінгі күні әлемде
үлкен бизнес көзіне айналдырған голландиялықтар сиыр
сүтінен жасайтын ірімшіктерімен де мақтана алады. Ман
сұрдың айтуынша, Нидерландияда арнайы өсірелетін
қызғалдақ гүліне деген сұраныс өте күшті. Гүлді ең көп
Еуропадағы қазақтар
сатып алатын елдің бірі Ресей көрінеді. Польша, Түркия,
Румыния және Қазақстан да «голландия қызғалдағын»
сатып алушы елдер. Міне, қараңыз, табиғат өзі бізге
ғана сыйлаған осы қызғалдақ гүліне ие бола алмай
сонау Еуропа түкпірінен қаншама қаржы жұмсап осы
гүлдерді қайта сатып алып жатқанымыз. Бұған не деуге
болады. Ешнәрсе айта алмаймыз. Кезінде Азия даласын
құлпыртқан осы қызғалдақ гүлдің құдыреті ме кім білсін,
Амстердамдағы басқа қазақтардай емес Абдулла Қаражігіт
қала шетінен 3 қабат жақсы үйді сатып алған қазақ.
Осы жолы Нидерландиядағы өмірдің Германия
дан да қымбат екеніне көзім жетті. Осындағы қазақтар
дың көбі үйлерінде қазақша не түрікше сөйлеседі. Ал,
«алдағы уақытта осы елде тұра бересіңдер ме, жоқ әлде
Қазақстанға не Түркияға көшесіңдер ме, деген сұрағыма
көпшілігі бала-шағамызды оқытып тұра беру ойымызда,
бірақ, жағдаймыз қиындай түссе амалсыз не Қазақстан
ға, не Түркияға қарай көшеміз», – десті. «Қазақстаннан
келетін кейбір бизнесмен қазақтарға көмектесіп тұра
мыз, – дейді олар. Ал, «Қазақстаннан Нидерландияға
жұмыс, кәсіп іздеп келген кейбір қазақ отбасылармен
араласып тұрамыз, ал қалғандары онша араласпай
ды», – дейді олар. «Себебі неде?» деген сұрағыма олар
«өмір сүрген елдеріміздің өзгешелігінде, біз өз арамызда
түрікше сөйлесіп кетеміз, ал олар өз араларында орысша
сөйлеседі екен», – деген жауап берді.
Биылғы Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын
Нидерландиядағы қазақтар алдағы мамырдың 23-24
күндері Амстердам қаласында өткізуге қызу дайындық
жасап жатыр. «2015 жылғы Еуропа қазақтарының кіші
құрылтайын өткізу біздің мойынымызға жүктелген.
Сондықтан құрылтайдың дайындық жұмыстарын бас
тап қойдық. Жас футболшылар доп ойнайтын футбол
Досан Баймолда
алаңына, қонақтарға арналған екі қонақ үйге, концерт
залына тапсырыс беріп қойдық. Амстердамда тұратын
қазақтардың әрқайсысына өз міндеттері жүктелді», –
дейді қоғам төрағасы Абдулла Калем. Мысалы, Амстер
дам қаласының гүл өсіретін фермасында жұмыс істейтін
Мансұр Қаражігітке Қазақстандық қонақтарға арнап
гүл шоқтарын дайындау тапсырмасы беріліпті. Міне
Нидерландияда жүрген аз ғана қазақ ағайындарымыз
осылай Еуропа төрінде алаңсыз, еркін өмір кешіп жатыр.
«Замана» апталығы,
№18 (822), 11.05.2015
Даниядағы қазақтар
Дания
Солтүстік
Еуропадағы
Ютландия
жарты
аралында және Фюн, Зеландия, Фальстер, Лолланн
және Борнхолм секілді 5 аралда орналасқан, жер
көлемі жағынан кішірек Скандинавиялық мемлекет.
Дания оңтүстігінде Германиямен шекараласады және
Солтүстік пен Балтық теңіздерімен қоршалады. Дания
мен Норвегия арасын Скагеракк бұғазы бөліп жатса, ал,
Швециямен арасын Каттегат және Эрасун бұғаздары
бөледі. Жер көлемі 42394 шаршы шақырым, Германия
мен шекарасының ұзындығы небәрі 68 шақырым ғана.
Бейресми түрде Дания құрамына әлемдегі ең үлкен
арал деп есептелетін Гренландия аралы кіргенімен шын
мәнінде бұл арал өзін өзі басқару автономиялық құқы
ғына ие болғандықтан Данияға көп бағына бермейді.
Өзен-сулары көп Дания территориясының 10 пайызы
ғана орманды жер болып келеді. Ауа райы жұмсақ. Қыста
онша суық емес, ал жазы қоңыр салқын келеді. Данияның
Еуропадағы қазақтар
табиғаты ерекше. Жайқалған көк майсасы, түрлі-түсті
құлпырған гүлдері мен тал-теректер көздің жауын алады.
Осындай қоршаған ортаның әсемдігіне байланысты бұл
елді «Скандинавияның жасыл маржаны» деп те атап
жатады.
Дания халқының саны 5.5 миллиондай. Астанасы
Копенгаген қаласында 1 миллионнан астам халық тұра
ды. Үлкен қалалары Орхуста 300 мың, Оденседе 145 мың
адам тұрады. Халықтың көбі дат тілінде және ағылшын
тілдерінде, аз бөлігі неміс тілінде сөйлейді. Тіл демекші,
біздің бабаларымыздың тасқа жазылған төл жазуы – көне
түркі жазуларын алғаш ажыратып оқып, керемет ғылыми
жаңалық ашқан, ғалым Вильгельм Томсеннің даниялық
екенін көбіміз біле бермейміз. Ал орыстың атақты «Орыс
тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы, қазақ тілімен
қатар басқа да бірнеше шет тілінде де таза сөйлеген
ғалым В.Даль де даниялық болған. Тіл ғылымында
осындай ірі жаңалықтар ашып, әлемді мойындат
қан даниялықтар еліне сонау Азия даласынан қазақ
тар қалай барып қоныстанғаны әрине кімді де болсын
қызықтырары сөзсіз.
Данияда тұратын саны аз, шамасы оншақты қазақ
отбасы өткен ғасырдың 80-інші жылдары Ауғанстан
нан босқын мәртебесімен барған қазақтар. Бұлар өткен
ғасырдың
30-ыншы
жылдары
Қазақстанда
болған
ашаршылық жылдары Ауғанстанға өткен кіші жүз
қазақтарының ұрпақтары болып есептеледі. Ауғанстан
нан Данияға алғаш көш бастап келген қазақ Мұхам
мед Рафи Аюбидың ата-бабалары 1932-інші жылғы
ашаршылық кезінде Қазақстанның Қызылорда өңірі
нен Өзбекстанға, одан Тәжікстанға, кейін араға жылдар
салып Ауғанстанға қарай өтіпті. Мұхаммед Рафи Дания
ның Орхус қаласына көшті бастап келген алғашқы қазақ.
Досан Баймолда
Бұл жерде бұрын-соңды қазақ тұрмаған екен. Ол 1985-
інші жылы туып-өскен мекені Ауғанстаннан алғаш бала-
шағасымен көшіп келіп, өзі орнығып алғаннан кейін ата-
анасын, екі інісін де отбасымен бірге шақыртып алыпты.
Жалпы Дания Үкіметінің осы елде тұрамын дейтін
азаматтарға қоятын басты шарттарының бірі – дат тілін
үйрену болмақ. Сондықтан мұнда келгеннен кейін ең
алдымен тіл үйреніп, қажетті мамандықтарды меңгеруіне
тура келеді. Мұхаммед Рафи Аюбидің айтуынша, бұлар
алғашында соғыс жағдайындағы Ауғанстаннан Иранға
өтіп сонда біраз жыл тұрақтаған. Алайда Ирандағы тұрмыс
тіршіліктері оңай болмаған соң, Еуропаға босқын ретінде
қоныс аударуға мәжбүр болған. Ол заман Қазақстан
әлі өзінің тәуелсіздігін алмаған кез. Әйтпегенде бұлар
Данияда нелері бар, аттың басын тура атажұртқа қарай
бұратын еді ғой.
Осылайша Данияға табан тіреген Аюбилар отбасы
ның үлкені, қара шаңырақтың иесі Аманкүл апа бүгінде
22 немере, 14 шөбере сүйіп отырған қарт ана. Аманкүл
апа 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Барлығы балалы-ша
ғалы. 4 баласы Данияда, ал бір қызы Оңтүстік Қазақ
стан облысының Сарыағаш қаласында тұрады. Дания
топырағында, бала-шағасының арасында өзін бақытты
сезініп отырған қарт ана, атажұртта қалған ағайындарына
жыл сайын барып тұрады екен. Жасы егделеп қалғанына
қарамай, Аманкүл апа осы уақытқа дейін қолмен ұршық
иіру, жүн түту секілді өнерімізді ұмытпай, оны келіндеріне
үйретіп келгені қуантарлық жайт.
Даниядағы қазақ мәдени қоғамын көп жылдар бойы
Акбар Аюби деген азамат басқарды. Акбар Аюби бұл
елге 1988-інші жылы көшіп келіпті. Жас бола тұрса да
Ауғанстаннан Иранға көшіп, одан Данияға көшудің көп
қиыншылықтарын ағайындарымен бірге бастан кешірді.
Ауғанстанда оқып, білім алуға мүмкіндік болмағандық
Еуропадағы қазақтар
тан ол 15 жасынан бастап қана қолына қалам алып, хат
тани бастаған. Өзінің білімге деген құштарлығы мен
зеректігінің арқасында мектепті үздік бітіріп, гимназия,
кейіннен Орхустағы университеттердің бірін тәмамдайды.
Алғыр азамат бүгінде ірі шетелдік компанияда қызмет
атқарып жүр. Дания Еуропада біраз жылдардан бері
жел энергиясын тұтынып келе жатқан елдердің бірі.
Бүгінде электр-қуат көзінің 25 пайызын желден алып
отыр. Ал осы энергияны тартуға қажетті қондырғы, яғни
қозғалтқыш диірмен Орхус қаласындағы әлемге әйгілі ірі
«Вестас» компаниясында өндіріледі екен. Акбар Аюби
– осы алып мекеменің жұмысына бизнес-сараптама
жасап, белді қызмет атқарып жүрген қандастардың бірі.
Жер-жерде 22 мыңға жуық жұмысшысы бар мекемеге
орналасу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Айта
кету керек, ол мұндай жетістікке қол жеткізіп отырған
Даниядағы жалғыз қазақ. 1990 жылдардың басында
Акбар Аюби алғаш Алматыға Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығын іздеп келгені әлі есімде. Тіптен бір күні
біздің үйде қонақ та болғаны бар. Осы Акбар Аюби сол
жолы Алматы шетіндегі «Покровка» ауылында тұратын
Назгүл есімді қазақ қызға үйленетін болғанында әйелім
Ботагөз Аюбидің апайы ретінде құдалыққа барғаны
бар. Қызық болғанда, Акбардың ұнатқан қызы Назгүл
Қазақстанның Семей өңірінде туып-өскендіктен әйелім
Ботагөздің жақын рулас сіңілісі болып шығып, «егер
қыздың ата-анасы мен секілді жер көкке симай қаңғып
жүрген қазаққа қызын бермей қойса қайтемін» деген
Акбардың толқулы көңілі орнына түсіп, бәрі ойдағыдай
біткен еді. Бүгінде екеуі отау көтеріп, шаңырақ тігіп, бір
қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Дания қазақтары тұратын Орхус қаласы «жастар» қа
ласы деп аталады екен. Себебі қаланың әр 5-інші тұрғыны
Досан Баймолда
студент болып келеді. Соңғы жылдары қазақ жастары
жақсы білім алып, дәрігер, полиция, мұғалім болып
істеп жүр. Бүгінде қазақ мәдени орталығын Акбардың
інісі Нұр-Арман Аюби басқарады. Оның айтуынша, 2003
жылы құрылған орталықтың басты мақсаты ана тілімізді,
ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетіміз, салт-
дәстүрімізді сақтап, кейінгі жас толқынға жеткізу болмақ.
«Қазақ» мәдени орталығының әзірше арнайы ғимараты
жоқ. Алайда, үлкен жиын, мерекелерді өткізуге жер
гілікті қала әкімшілігі қолдау көрсетіп тұрады екен. Бұл
жердегі ағайындар жиналып Наурыз мейрамы, Тәуел
сіздік күнін бар сән-салтанатымен атап өтеді. Сондай-
ақ, газет-журналдарды, күнделікті баспасөзді ғаламтор
арқылы оқып-біліп, елдегі болып жатқан жаңалыққа
да үн қатып отырады. Десек те, ағайынның көкейінде
атамекенмен арадағы байланысты реттеп, жүріп-тұруға
көмек көрсететін Қазақстанның Даниядағы елшілігі
ашылса деген ниет те жоқ емес. Даниядағы қазақ мәдени
орталығының бастығы Нұр-Арман Аюбидің айтуынша
дат, ағылшын тілдерін меңгеру осы жерде тұрып жатқан
қазақтарға міндет болғанымен олардың қазақ тілі мен
мәдениетін, тарихын ұмытпауына еш кедергі жоқ.
Данияға 2001-інші жылы қоныс аударған тағы бір
қазақ Абдул Салам Аюби мен Апиза Тоқпақ 5 бала сүйіп
отыр. Олардың алды бүгінде студент. Үлкен қыздары
Фарзана тіс дәрігері, екінші ұлы Әкім экономика маман
дығын таңдаса, Амит әнші болуды армандайды. Көп жыл
дары бойы Ауғанстан, Иран елдерінде, кейінгі жылдары
Данияда тұрып жатқан қазақтар саны аз болғандықтан
және бәрі ағайын туыс болып келетіндіктен бір-бірі
мен тығыз байланыс, қарым-қатынас жағдайында өмір
сүреді. Үлкендері өз араларында қазақ тілінде сөйлеседі,
ал жастар дат тілінде не ағылшын тілінде сөйлесуге
Еуропадағы қазақтар
құмар. Дания қазақтары 2012 жылы Орхус қаласында
Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастырып,
өткізді. Құрылтайға қатысқан ағайындар құрылтай
жұмысының
жоғарғы
ұйымдастыру
жағдайында
өткенін және жергілікті қала әкімшілігінің сондағы
қазақтарға ерекше қамқорлық танытып отырғанының
куәсі болып қайтты.
Норвегиядағы қазақтар
Солтүстік
Еуропаның
Скандинавия
түбегінде
орналасқан
Норвегияда
тұратын
қазақтар
жайын
айтпас бұрын Қазақстаннан ең алыс Еуропаның осы
бір солтүстік қиыр шетінде орналасқан Викингтердің
отаны деп айтылатын норвегтер және олардың елі
туралы аз-кем айтуды жөн көрдік. Скандинавиялық екі
ел Швеция және Финляндиямен сондай-ақ Ресеймен
шекараласатын Норвегияның жер көлемі 386 960 шаршы
шақырымды құрайды. Халқының саны 5 млн. Астанасы
Осло қаласында 600 мыңдай халық тұрады. Норвегия
ның ең ірі өзендері шығыста орналасқан, ал батысында
қысқа, бірақ ағысты өзендер ағады. Шыңын мұз басқан
таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана
егістікке қолайлы болып келеді. Норвегияның көп
бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр (ең биік
нүктесі – Гальхепигген тауы 2469 м). Норвегияның
негізгі халқын герман тектес халық құрайды. Ал
елдің солтүстігінде жалпы саны 20 мыңға жуық саам
халқы мекен етеді. Елде норвег тілінің екі түрлі диалек
тісі кездеседі — букмол және нюнорск. Статистикалық
мәліметтер бойынша әрбір төртінші норвег ауылдық жерді
мекен етеді екен. Сондай-ақ ішкі жалпы өнім көрсеткіші
Досан Баймолда
бойынша Норвегия әлемдегі бай мемлекеттердің бірі деп
саналады. Ел экономикасындағы негізгі сала мұнай мен
газ өндірісі бола тұра Норвегия энергияны су көзінен
алады. Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы
дамыған. Викингтер дәуірінде Норвегия жерінде теңіз
шаруашылығы кең өріс алғаны тарихтан белгілі. Бұған
елде сақталып қалған зәулім сауда флоты мен жоғары
дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады.
БҰҰ-ның соңғы жылдарғы қортындысы бойынша,
Норвегия елі адам өмір сүру үшінгі әлемдегі ең қолайлы
ел деп танылып отыр. Сондықтан 1980 жылдардан
бастап, Норвегияға барып тұруды көксеген шетелдіктер
саны көбейген. 2010 жылдың жағдайымен Норвегияға
тұрақты тұруды аңсап келген шетелдіктер саны 73852
адам болған. Елдің солтүстік аймақтары жұмыс күшіне
зәру болғандықтан, көпшілік мигранттар сол аймақ
тарға жөңкуде. Астана Осло қаласында да мигрант
тар көп тұрады. Солардың арасында 1970-ші жылдары
жұмыс іздеп Норвегияға келген саны көп емес қазақ
ағайындарды да айтуға болады. Норвегияға ең алғаш
Абдулсаттар Алтай мен Хакки Сакрак (Кекеше) деген екі
қазақ жігіті Түркиядан жұмыс іздеп келіпті. Уақыт өте
келе олар Түркиядағы жұбайлары мен балаларын да осы
елге көшіріп әкеледі. Норвегияға алғаш барған қазақтың
бірі атақты дінтанушы Халифа Алтайдың ұлы Абдулсат
тар Алтай бүгінде Франция астанасы Париж қаласында
тұрады. Норвегиядағы қазақ мәдени қоғамының төр
ағасы Махмуд Башташ Норвегияға 1978 жылы шілдеде
көшіп келген. Ол осында норвег қызбен көңіл қосып
қәзір 4 баланың әкесі. Кейінгі жылдары туындаған саяси
өзгерістерге байланысты Ауғанстаннан біраз қазақтар
да Түркия арқылы осында көшіп келген. Норвегиядағы
қазақ мәдени қоғамының мәліметі бойынша, қазіргі
Еуропадағы қазақтар
таңда Норвегияда 20 шақты қазақ отбасы, шамамен 100-
ден астам қазақ тұрып жатыр. Олар Түркия, Ауғанстан,
Қытай және Қазақстан сияқты елдерден келген қазақтар.
Қазақ диаспорасынан басқа Норвегияда 300-ге таяу
Түркиядан көшіп келген ноғайлар да тұрып жатыр.
Норвегиядағы қазақтар Қазақстанда өтіліп келген әлем
қазақтарының құрылтайларына және Еуропа елдері
нің бірінде жыл сайын өтілетін еуропа қазақтарының
кіші құрылтайларына қатысып қана қоймай Еуропа
қазақтарының дәстүрлі кіші Құрылтайын 2008 жылы
8 мамыр күні Норвегия Корольдігінің Осло қаласында
өткізді. Құрылтайға 600-ге жуық қазақтар қатысты.
Бұған Франция, Германия, Голландия, Англия, Австрия,
Дания, Швеция, Түркия, Россия, Моңғолиядан келген
қазақ ағайындар және бауырлас ноғай халқының өкіл
дері де қонақ ретінде қатысты. Бастапқы кезде Норвегия
дағы аз ғана қазақ «осынша аса ауқымды және ауыр істі
көтеріп ұйымдастыра алар ма екен?» деп сенімсіздік,
күдіктің болғанына қарамастан, Махмуд Башташ бас
таған ұлтжанды қазақ ағайындар бұл істі жақсы ұйымдас
тырды. Норвегия Парламентінің мүшесі Мортон Хоглунд
мырза өзінің құттықтау сөзінде: «Ер жігіттің үш жұрты
болатын болса, соның бірі қазақ жұрты өзіне қайын
жұрт болып келетінін, Қазақстанды өзіне ең жақын ел»,
деп санайтынын айтты. Ол кісінің өмірлік жұбайы қазақ
қызы екен. Осло қаласында өткен кіші құрылтай ке
зінде FEKA (ФЕКАҚ) деп аталатын Еуропадағы қазақ
мәдени қоғамдары Федерациясы ресми түрде құрылды.
Мюнхен қаласының тұрғыны, АҚШ-тың «Азаттық»
радиосында қызмет істеген жоғары білімді Қаюм Кесижи
ФЕКА-ның үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сай
ланды. Ұлыстың ұлы күні Наурызды Норвегия қазақтары
бас қоса отырып, бірге атап өтеді.
Досан Баймолда Швейцариядағы қазақтар Швейцария – Еуропаның орталық бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Германиямен, баты сында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығы сында Австрия және Лихтенштейнмен шектесетін, Альпі тауларының нақ жүрегіндегі кішігірім мемлекет Швей цария сөзін естігенде, әлемдегі ең дәлме-дәл сағаттар, дәмі тіл үйіретін тағамдар толы асханалардың еске түсе тіні рас. Бүкіл әлем байлары ақшасын Швейцария банкі лерінде сақтайды, өйткені, онда барлығы құпия сақта лады әрі сенімді. Қандай алмағайып заман болса да, жұрт онда ақшасын еш қорқынышсыз сақтай алады. Швей цария – өзінің тау шаңғысы спортымен танымал. Әсіре се, қысқы спорт түрлерімен айналысатын орындарымен және әйгілі шипажайларымен әлемнің түкпір-түкп іріндегі саяхатшыларды өзіне тартады. Мемлекетте 600-ге жуық музей бар. Атағы кеңге жайылған Базель, Берн, Женева және Цюрих өнер мұражайларының орын дары тіптен ерекше. Әлемнің ең бай, ең қымбат мемлекеті саналатын Швейцарияда да қазақтар тұрады. Осы елге алғаш келген қазақтың бірі Қабылан Тосын мырза 1988 жылға дейін Түркияда өмір сүрген. Швейцарияға барғаннан кейін киім тігетін С&А деген ірі сауда компаниясында сауда менеджері болып қызмет атқарған. Қазір зейнеткер. 1992 жылы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің шақыруымен Вена және Женева қалаларында болған кезімде Берлинде тұратын Арыстан қажы Тосынның туған інісі саналатын осы Қабылан мырзамен Швей цария топырағында кездесіп, күні бойы әңгіме дүкен құрғаным әлі есімде. Ағасы Арекеңге қатты ұқсайтын, қимылы ширақ Қабылан мырза ол заман Швейцарияда
Еуропадағы қазақтар
Түркиядан келген 4 отбасы ғана бар екенін айтқан еді.
Швейцарияның Берн қаласында тұратын қазақ қызы
Саадат Түркөз 1981 жылы өзінің туған әпкесі Ісметпен
бірге кәсіп іздеп көшіп келіпті. 1990 жылы Швейцарияның
Цюрих қаласында өткен мәдени іс-шараға қатысып,
бала кезінен білетін қазақтың халық әндері «Сәулем-ай»
мен «Қамажайды» орындап жүлде алған бүгінде қазақ
әуендерін ерекше мақамда орындау арқылы жеке концерт
өтікізіп, көпшілік қошеметіне бөлініп жүр. Сонда жүріп
Қабыланға жағын туысқан болып келетін Ибрахим
Қосжігіт деген қазақтың 4 баласы мен әйелін тастап
Қазақстанға кетіп, сол жақтан әйел алып, банк ашып,
тіптен алғашқы құрылған қазақ парламентіне депутат
болып бірақ көтерілгенін естіп таң тамаша болғаным
бар... Кейін мерзімі қысқа, бір жыл болмай тарқап кеткен
парламентпен бірге ол қазақ та ғайып болыпты...
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Швейцария
ға мұнайдан түскен ақшаға тойған қазақтар барып,
қымбатқа үй, жер сатып алып жатқаны жайлы әлем
ақпарат көздері және Қазақстандық кейбір баспасөз
жарыса жаза бастады. Солардың бірі Алматы қаласын
ұзақ жылдары басқарған, кейін Қазақстанның төтен
ше жағдайлар жөніндегі министрі қызметін атқарып
тұрып Швейцарияға отбасымен қашып кеткен Влади
мир Храпуновты айтуға болады. Несі бар, Владимир
және Лейла Храпуновтар біздің БАҚ өкілдері жазғанда
рындай Швейцарияда жақсы өмір кешуде. Олар ақшаны
оңды-солды шашу, қымбат мүліктер сатып алу жөнінен
Швейцария жұртын таңғалдыруда.
Швейцария Шенген келісіміне енгеннен кейін,
мұнда Орталық және Шығыс Еуропадан келіп жұмыс
істеушілердің саны күрт өскен. Шенген келісімі бойын
ша, бұл мемлекеттердің азаматтары Швейцарияға ешқан
Досан Баймолда дай визасыз келе береді. 1988 жылдан Швейцарияның Цюрих қаласында тұратын Қаблан Тосынның айтуы бойынша, бүгінгі күні 10-ға жуық қазақ отбасы бар. Қаблан Тосын осы он отбасын қосатын қазақ мәде ни қоғамының төрағасы. Швейцариядағы қазақ мәдени қоғамы сондағы қазақтардың басын қосып, өзара сұхбаттасып тұруына мүмкіндік жасайды. Еуропа қазақтарына арналған арнайы интернет-сайт ашқан. Бұл сайт арқылы Еуропаның түкпір-түкпірінде тұра тын қазақтармен қарым-қатынас орнатқан. Тәуелсіздік тен кейінгі жылдары швейцариялық 5 отбасы 5 қазақ баласын асырап алыпты. Осыдан бір жыл бұрын Дани (Төлеген) есімді ұл мен Сара есімді қыз баланың тағдыры қалай болып жатқанын «Қазақстан» ұлттық арнасы «Таңшолпан» бағдарламасынан көрсеткен болатын. Ал қалған 3 баланың тағдыры туралы жөнді мәлімет жоқ. Әйтеу аман-сау Швейцария топырағында жүруін бір алладан тілейік. Швейцариядағы аз ғана қазақтың да басты проблемасы Еуропаның басқа елдерінде жүрген қазақтар секілді тіл мәселесі екені түсінікті жағдай. Швей царияда жүрген қазақтар әсіресе Түркиядан барғандары сол елде тұра беретіндіктерін жасырмай айтады. Олар еуропа мәдениетін артық көргендіктен емес, соған бейім деліп үйренген себепті атажұртқа көшіп баруды қала майды. Көбінің жақсы жұмысы бар, оны тастап кете алмайды. Алдағы 15-20 жылда болашақтары не болатын дықтарына аса бастарын қатырғылары келмейді. Міне Еуропадағы ең бай елдің бірінен саналатын Швейцария дағы қазақтардың бүгінгі тұрмыс-тіршіліктері осындай.
Еуропадағы қазақтар
Польшадағы қазақтар
Орталық Еуропада орналасқан Польша елі мен
Орталық Азияда орналасқан көшпенді дала халықтары
арасындағы қарым-қатынас әу баста сауда-саттық
түрінде «Ұлы Жібек жолы» арқылы іске асқаны тарихтан
белгілі. Ал осыдан 8 ғасырдай уақыт бұрын қазақ дала
сына алғаш табаны тиген Еуропалықтың ұлты поляк,
Ватикан шіркеуінің монахы Бенедикт Полак екенін,
оның алғаш рет қазақ даласы туралы, қазақтар туралы
естелік жазбаларын жазып қалдырғанын көпшілік біле
бермейді. Поляк жиһанкезі Бенедикт Азия елдеріне
алғаш рет Ватикан шіркеуінің дипломатиялық өкілдері
құрамында барған. Ол сол жолғы сапарында «Ұлы
Дала» туралы көптеген құнды ақпараттар жинаған. Осы
ақпараттар арқылы Еуропа жұртшылығы неше мыңдаған
шақырым алыстағы батыр, қайсар көшпенділер туралы
алғаш рет шындық жағдайды естіп білген. Өйткені
соның алдында ғана «татар-моңғол» деген атпен осы Ұлы
даланың иесі Шыңғыс ханның атты әскерилерінің тұяғы
Польша жеріне жетіп, халқын қырғынға ұшыратқаны
біздердің көшпенді ата бабаларымыз туралы поляктар
есінде жағымсыз әсер қалдырғаны рас.
Тарих шежірелеріне үңілсек, 1241 жылы сәуірдің 9-ы
күні Шыңғыс ханның немересі Бату ханның 10 мың атты
әскері (бұнда көбі бүгінгі қазақ халқын құрайтын керей
лер, наймандар, меркіттер, қоңырат, жалайырлар арғын,
алшындар болған) Польшаның оңтүстігіндегі Легница
деген жерде Польша королі Генрих ІІ Побожныйдың
армиясын тас-талқан етіп жеңеді. Бұл Польша тарихында
«Легница түбіндегі жеңіліс» деген қаралы атпен жазылып
қалды. Тарих бетін ары қарай парақтасақ, бұдан кейінгі
жылдары «Алтын орда» хандары мен поляк король
Досан Баймолда
дері өз араларында қыз алысып, қыз берісіп бір-бірімен
құда болысып сырт жауларына қарсы күш біріктіріп
бірге соғысқан. Соның бірі 1410 жылы батыстан төнген
«крестілер жорығына» қарсы поляк-литва әскерилері
мен бірге «Алтын ордадан» көмекке барған бір түмен
(10 мың) әскерилер Грунвальд (Grunwald) түбінде жау
ды тас-талқан етіп жеңеді. «Алтын орда» әскерилерінің
батырлығына, қайсар ерлігіне сүйсінген Польша-Литва
королі Владислав Ягелло (Wladyslaw Jagіeyllo): «Польша
мен Литва шекарасы аймағынан жер бөліп берейін,
сонда қалсаңдар» деген тілек білдіреді. Бұл ұсынысты
қабыл көрген бір мыңдай әскер Польша жерінде қалып,
қалғаны елдеріне қайтады. Бүгінгі күні Польшада тұра
тын 5 мыңнан аса мұсылмандар өздерін осыдан 7 ғасыр
бұрын Польшада қалған «Алтын орда» әскерилерінің
ұрпақтарымыз дейтін көрінеді. Олардың көбі Польша
мен Литва шекарасына жақын Белосток (Bіalastok)
аймағында тұрады. Мешіттері бар, дінге берік халық.
Ең қызығы «Тасқын» (Potop), «Пан Володоевский»
(Pan Wolodyewskі), «Өрт пен қылыш» (Ognіem і mіeczem)
романдарын жазған әйгілі поляк жазушысы, Нобель
сыйлығының иегері Генрих Сенкевичтің әкесі католик
дінін қабылдаған поляк «татары» яғни Польша жерінде
қалған кыпшақ әскерінің ұрпағы екен.
Алайда тарих беттеріне тағы да үңілер болсақ, 18 ғасырда
Польша елі Пруссия, Австро-Венгрия және Патшалық
Россия тарапынан үшке бөлінген отар елге айналды.
Патшалық Россияның отары болған жерлерде көп
теген поляк революционерлері Польшаның тәуелсіздігі
үшін күресті. Қолға түскендерін патша жандармдары
Польшадан алысқа, Сібір мен Қазақ даласына жер
аударған. Тағдыр тәлкегімен осылай Қазақ даласына
жер аударылып келген поляк революционерлері Адолф
Еуропадағы қазақтар
Янушкевич (Adolf Januszkіewіcz), Густав Зелинский
(Gustaw Zelіnskі), Вронислав Залеский (Bronіslaw Zaleskі)
қазақтар туралы, қазақтың көшпенділік бай мәде
ниеті және ауыз әдебиеті бар ерекше халық екендігін
Еуропа жұртшылығына алғаш рет өздерінің жазған
«Қырғыз даласынан жолданған хаттар», «Сібір сапа
рынан күнделіктер» секілді кітаптары арқылы таныс
тырды. Бұған дейін Патшалық Россия өзінің иелігін
дегі дала халықтарын «жабайы, бұратана халықтар» деп
атап келгенін поляк революционерлері жоққа шығарып,
мұндай бай көшпенді мәдениеті бар халықтың келешегі
зор екендігін жазды. Поляк революционерлерінің бұл
кітаптары ағылшын, неміс, француз тілдеріне аудары
лып, сол арқылы еуропалықтар қазақ халқын жақын тани
бастады. Осы кезде өмір сүрген поляктың ұлы ақыны
Адам Мицкевич (Adam Mіckіewіcz, 1798-1855) пен одан
жарты ғасырдай уақыт кейін дүниеге келген қазақтың ұлы
ақыны Абай Құнанбай (1845-1904) арасында бір рухани
байланыс бар тәрізді. Абай кезінде поляк ақыны Адам
Мицкевичтің орысша аудармасынан бірнеше таңдаулы
өлеңін қазақшаға аударған. Екеуі де өлеңдерінде өз
халықтарының тағдырына алаңдап, қиындықтан шығу
жолдарын өздерінше іздестіріп, соны жырлайды. Екеуі
де көп емес, 58 жас жасапты. Жақында поляк ғалымы
Хенрих Янковский (Henryk Jankowskі) Абайдың қара
сөздерін поляк тіліне «Slowo» деген атпен аударып, жеке
кітап қып шығарды.
Тарихи мұрағат деректеріне қарағанда, екінші дүние
жүзілік соғыс жылдарында Польша жерінде 30 мыңдай
қазақстандық өлім құшқан. Польшаны неміс басқын
шыларынан азат ету соғысында қазақтың батыр қызы
Алтыншаш Нұрғожина 1944 жылы қазанның 2-сі күнгі
Польшаның оңтүстік шығысындағы қиян кескі шай
Досан Баймолда
қаста бір өзі жаудың екі танкісін қиратып, жаралы қызыл
әскерилерді неміс қоршауынан алып шыққан ерлігі үшін
«Қызыл жұлдыз» орденімен, кейін «Кеңес одағының
батыры» атағымен марапатталады. Бірақ батыр қыз
соғыстан аман-есен қайта алмады. Польшадағы Қазақ
стан елшілігінің және туыс-туғандарының ұзақ жыл
дарғы іздестіру нәтижесінде оның зираты Польша же
рінде, Дукля қаласына жақын жерден табылды. Познань
қаласы үшінгі соғыста талай қазақ әскерилері жер жас
танды. Оның куәсі Познань қаласындағы «Цитадел»
паркіндегі кеңес әскерилерінің зираты болмақ.
Екі халықтың тарихына қарасақ, екеуі де талай
қиындықты бастарынан кешкен «неше өліп, неше тіріл
ген» халықтар. Сондықтан да болар, екінші дүниежүзілік
соғыс жылдарында Сталиннің бұйрығымен Украинадан
Қазақ даласына жер аударылып келген жүздеген мың
поляктарға қазақ халқы қол ұшын берді, бір бөлке нанды
бөлісіп жеп, кең қолтығының астына алғанын сол қиын
күндерді бастарынан кешкендер өмірі ұмыта алмай
ды. Бүгінде олардың ұрпақтары өсіп өнді. Қазақстан
ның әр түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр. Қазақстандағы
поляк диаспорасының саны 50 мыңдай. Польша үкі
метінің шетелдегі отандастарына арналған бағдарламасы
бойынша Қазақстаннан Польшаға неше жүздеген поляк
отбасылары қоныс аударған.
Польша елінің Қазақстандағы елшісі қызметін 3 жыл
атқарып келген елші, дипломат Владислав Соколовский
Варшавадағы үйінің ауласына қазақ кигіз үйін тігіп, оның
ішін қазақ халқының өнер шеберлерінің туындыла
рымен толтырған. Тұскиіз, сырмақ және домбыра, қобыз
секілді ұлттық музыка аспаптары қойылған. Ол өзінің
қазақ халқы туралы сол елге жер аударылып барып, кейін
еліне қайтқан әжесінің әңгімесінен көп тыңдағанын,
Еуропадағы қазақтар
сол арқылы қазақ еліне деген қызығушылығының
жастайынан туғанын айтады. «Кейін елші-дипломат
ретінде Қазақ еліне барғанымда, қазақ халқын жақын
нан тануға мүмкіндік туды» дейді ол. Бүгінгі күні ол Вар
шавада «Менің Қазақстаным» атты қауымдастық құрып,
Қазақ елін Польшаға таныстыру, насихаттау ісінде зор
еңбек атқарып жүр.
Ал поляк диаспорасының жастары үшін Польша
үкіметінің арнайы бағдарламасы бойынша жыл сайын
Қазақстаннан Польшаның жоғары оқу орындарына
қазақстандық поляк студенттері қабылданып тегін
оқытылады. Солардың бірі Познань қаласындағы Адам
Мицкевич университетінің саяси ғылымдар және журна
листика факультетінің 3 курс студенті Алена Бугаенко
өзі туралы: «Бәлкім менде қазақ қаны болмауы мүмкін.
Бірақ менде қазақтың асқақ рухы бар. Сондықтан
өзімді осында «қазақпын» деп сезінемін. Мен өзімнің
атажұртымда атабабам тілін үйрену арқылы үлкен атам
Адам мен әжем Михайлиналардың армандаған арманын
орындап жүргеніме бір жағы қуанамын. Алайда менің
отаным ол Қазақстан, сонда туып, өстім. Сондықтан
оқуымды аяқтаған соң Қазақстанға ораламын», – дейді.
Қазірдің өзінде Польшаның жоғары оқу орындарында
200-ге тарта қазақстандық поляк жастары білім алып жүр.
Сол жастардың біразымен кездесіп, әңгімелескен ке
зімде олардың қазақ халқына деген ыстық ықыластарын
сезіндім. Олар өздерін «қазақпыз» деп санайды. Көбі
Қазақстанға қайтуды ойлайды.
Алайда, Варшавадағы Қазақстан елшілігінің кеңес
шісі Асқар Әбдірахманов: «Польшадағы қазақтардың
саны туралы нақты мәлімет жоқ деуге болады. Бұндағы
Польша азаматтығын қабылдаған қазақтардың бар
лығы поляктармен жанұя құрғандар, яғни бұл елде қазақ
Досан Баймолда отбасылары жоқ. Сондықтан, қазақ диаспорасы туралы айтуға негіз жоқ. Жалпы, азаматтарымыздың еркін жүру заманында ондай кешенді статистиканы жүргізу мүмкін емес», – дейді. Адам Мицкевич университетінің докторы, тіл маманы Күлайхан Ақтайдың айтуынша, Польшада қазақ диаспорасы әлі қалыптаспаған. Краков, Варшава, Познань, Вроцлав секілді қалалардағы жоғары оқу орындарында Қазақстаннан келіп оқып жатқан қазақ жастары көп. Олар түрлі бағдарламалар бойынша келіп оқиды. Тек Познандағы Адам Мицкевич универси тетінде 50-ге тарта қазақстандық қазақ балалары білім алып жүр. Олар Қазақстан президентінің «Болашақ» бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің шетелде мамандар даярлау бағдарламалары сондай-ақ «Ерасмус Мундус» және «Киркланд» секілді Еуропа одағының бағдарламалары және өз беттерімен келіп оқып жатқан жастар. Сондай-ақ Польша университеттерінде докторантурада, магистратурада оқып жатқан қазақтар да баршылық. Солардың бірі – Люблин қаласындағы «Әулие Ян Павел» атындағы Католик Университетінде доктаран турада оқып жүрген Әсем Байелі қарындасымыз. Поляк тілін ана тіліндей жақсы меңгерген Әсемнен жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері, журналистер поляк тілінде сұхбат алуға қызығатыны сондықтан. Cондай-ақ қазақ тіліне жасынан құштар, осы тілді өз ана тілімен бірдей көріп қазақша еркін сөйлейтін, екі тілде еркін аударма жасай алатын Катажина Войцеховка (Katarzyna Wojcіechowska), Патрик Вочшек (Patryk Woszczek) секілді поляк жастарының саны да соңғы жылдары көбеюде. Польшаның Варшава, Лодзь секілді қалаларындағы түрік мектептерде сабақ беріп жүрген Серік Мизамхан,
Еуропадағы қазақтар
Нұрбол секілді моңғолиялық бірқанша қазақтарды да
кездестіруге болады. Сондай-ақ, белгілі түрколог ғалым,
профессор Хенрик Янковицки (Henryk Jankowskі)
секілді поляк азаматтарға тұрмысқа шыққан тіл ма
маны, ғылым докторы Күлайхан Ақтай секілді қазақ қыз
дары да баршылық. Олар қазақ елін, тілін, салт дәстүрін
поляқтарға насихаттап өздерін жақсы жағынан танытып
жүр. Бірақ олардың дәл саны қанша екені белгісіз, бірақ
бәрінің жүрегі Қазақстан деп соғатынын түсінуге болады.
Міне, бұлардың бәрі бүгінгі күні Польшадағы қазақтар
деп аталады.
Түркістан газеті, 12 Қаңтар 2014,
Чехиядағы қазақтар
Бұрынғы атымен Чехословакия (Czechoslovakіa) де
ген мемелекет екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кеңес
одағының ықпалындағы социалистік бағытты ұстанушы
ел ретінде тарихта болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың
алдында Еуропада ауыр өндірісі және ауылшаруашы
лық саласы жақсы дамыған Чехословакияның тауарлары
әлем нарығында жақсы таныла бастаған еді. Чехосло
вакияның әйгілі «Ява»(Java) мотоциклі, «Татра» (Tatry)
жүк машинасы, «Шкода»(Skoda) жеңіл автомобилі және
де чех сырасы әлем нарығында сапалық жоғары бағаға ие
болғаны белгілі. Капиталистік нарықтық дамудың жақсы
кезеңін басынан өткізген чехтар мен словактар соғыстан
кейін коммунисшіл Мәскеу ықпалында біртоға, бұйығы
кейіпте социализм жолында баяу дамығаны белгілі.
Бұл қоғамдық дамудың әлсіздігі және ғұмыры ұзақ
еместігі 1968 жылғы Прага оқиғасында орын алды.
Досан Баймолда
Елде демократияның болуын, нарықтық экономикаға
көшуді талап еткен халық көшелерге шықты. Халық
тың талабымен санаспаған коммунистік биліктің өтіні
шімен совет танкілері және Варшава келісімі әскери
лері жалғыз күнде Чехословакияға басып кірді. Елде
қайтадан коммунистер билікті қолға алып, қатаң тәртіп
орната бастады. Коммунистік билікке қарсы болғандар
қудалауға түсті, көбі батысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Ақыры халық еріксіз бұрынғыша коммунисшіл биліктің
айтқанымен жүруіне тура келді.
24 жылдан кейін барып Чехословакия екіге бөлініп,
осы елде тұратын негізгі екі халық, чехтар мен словак
тардың жеке дара ел болу армандары іске асты. Сонымен
1993 жылы Чехословакия елі бейбіт жолмен Чехия және
Словакия болып екіге бөлінді. Еуропа құрылығының дәл
ортасына орналасқан Чехословакияның сол кездегі халық
саны 15 миллион, мұның 10 миллионы чехтар, ал қалған
5 миллионы словактар еді. Чехосовакияның жер көлемі
127.900 шаршы шақырым болса бұның 78.866 шаршы
шақырымы Чехия еншісіне, ал 49.035 шаршы шақырым
жер Словакия еншісіне бұйырды.
Негізі чехтар мен словактар славян тіл тобына
жататындықтан бір-біріне жақын халықтар деп сана
лады. Өз ара жақындығы қазақ пен қырғыздай деуге
келеді. Қанша жақын халық болғанымен өз алдына жеке
шаңырақ құруды, тәуелсіз ел болуды бұрыннан армандап
келгендері осылай іске асты. Ең қызығы, мен 1993 жылы
ақпан айының 3 күні Чехияға келгенімде соның алдында
ғана тәуелсіз жеке ел болып құрылған ел астанасы Прагада
халық сондай қуанышты күйде екенін байқай алмай дал
болғаным бар. Жергілікті газет беттерін ақтарып, радио
тыңдап, кешкі телехабарларды тыңдаймын. Тарихында
неше рет қосылып, неше мәрте ажыраған екі жақын
Еуропадағы қазақтар
халықтың саясаткерлері бұл жолғы ажырасуды дұрыс деп
көрсе, қарапайым халық бұны түсіне алмаған күйде екен.
Жер мәселесі ешбір даусыз шешіліпті, әрқайсысының
бұрынғы жері сақталыпты. Чехия территориясындағы
бұрынғы барлық зауыт, өндірістер Чехияға, Словакия
жеріндегі барлық зауыт, өндірістер Словакияға қарайтын
болыпты. Чехословакия армиясындағы 1500 танкінің
1000-ы Чехияға, 500-і Словакияға, 900 соғыс ұшағының
600-і Чехияға, 300-і Словакияға беріліпті. Тек қана бір
нәрсеге ғана екі ел өзара келісе алмай отыр екен. Ол
мемлекет қазынасындағы 6 тонна алтын мәселесі. Чехтар
ағалық мінез көрсетіп «4 тоннасын біз алайық, ал қалған 2
тоннасын сендер алыңдар» десе, словактар оған келіспей
«екіге тең бөлісіп алайық яғни әрқайсымыз 3 тоннадан
аламыз» дегенді алға тартып, кейін чехтар 3.5 тонна ал
словактар 2.5 тонна алтынға келіскен көрінеді.
Әр халықтың өзінің табиғи мінезі мен өмірлік салт-
дәстүріне және қандай бір іске икемділігіне қарай
көршілері ат қойып, айдар тағатыны бар. Чехтарды
көршілері сыртынан «етікшілер» деп атайды. Себебі
чехтар шөлдегенде шөліңді қандырар атақты «Пилз
нер» (Pіlsner), «Праздрой» (Prazdroj), «Гамбринус»
(Gambrіnus), «Великопоповиски Козел» (Wіelkopovіcky
Kozel) секілді әлемге әйгілі жақсы сыраларымен ғана
емес сондай-ақ жақсы, сапалы етік тігетіндіктерімен
аты шыққан ел. Чехияның әйгілі «Батя»(Batya) етік мар
касы бүкіл Еуропаға ғана емес сондай-ақ АҚШ, Канада
нарығында үлкен сұранысқа және бағаға ие болып отыр.
Осы «етікшілер» еліне қазақ ағайындар қашан
барды деген сұрақ біраз ойлануды, зерттеуді талап етері
сөзсіз. Егер тарих парақшасын ақтарар болсақ, 1241
жылы Алтын орда ханы Батудың ағасы Орда Эженнің
атты әскер армиясы чехтар жеріне баса көктеп кіріп,
Досан Баймолда
Оломоуц қаласының түбінде чехтардың армиясымен ірі
шайқастарға барған. Чех тарихшылары Алтын орда атты
әскерилерімен болған бұл шайқаста чехтардың жауға
төтеп беріп, Олоумоуц қаласын жаудан қорғап қалғанын
жазады. Қалайда сол кездегі Алтын орда армиясының
негізін бүгінгі қазақ халқын құраушы керей, найман,
жалайыр, меркіт, қоңыраттар құрағанын тарихшылар
мойындап отырғаны анық болса онда чех топырағына
алғаш аяқ басқан олар біздердің бабаларымыз екендігіне
ешкімнің дауы болмаса керек.
Ал екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес
армиясы құрамында соғысқан қазақ жауынгерлері
Чехословакияны азат ету майданына қатысып, талайы
жат жерде опат болды. Чехиядағы Қазақстан елшілігі
нің дерек, мәліметтері бойынша тек Прага қаласын азат
ету кезінде 12 мыңдай кеңес жауынгерлері қаза тапқан.
Солардың арасында талай қазақ сарбазы оққа ұшып,
жат жерден топырақ бұйырды. Солардың бірі Кеңес
Одағының Батыры Мәжит Жүнісов Прагадағы «Ольшан»
(Olsanske pohrzbі) зиратында жерленген. Ол 1919 жылы
Орал облысында, Жаңақала ауданында туған. 1943 жылы
Днепр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес
Одағының Батыры атағын алады. Ол 1945 жылы Праганы
азат ету үшін болған шайқаста қаза тапты.
Соғыстан
кейінгі
социализм
құру
жылдарында
Чехословакия елі, оның әсем астанасы Алтын Прага
(Zlata Praha) қаласы және атақты Карловы Вары
(Karlovy Vary) шипажайы әлем саяхатшыларының наза
рында, соның ішінде Кеңес одағы құрамындағы Қазақ
стан тұрғындарының да үлкен қызығушылығына ие
болды. Әсіресе партия және үкімет басшылары мен
қайраткерлерінің келіп, дем алып қайтатын мекені осы
Чехия елі болды. Сол жылдары Чехословакия жерінде
Еуропадағы қазақтар
орналасқан Кеңес әскерилерінің бөлімдерінде талай
қазақ жігіттері де әскери борыш, міндеттерін өтеді.
1970-інші жылдары Польшада оқып жүрген кезімде
екі мәрте Прага қаласына келгенім бар. Ол заман Моңғо
лия қазақтарынан 10 шақты студент Чехословакия
ның түрлі жоғары оқу орындарында оқитын және неше
ондаған қазақ жұмысшылары Чехословакияның етік
өндірістерінде және радио орталықтарында тәжірибеден
өтетін. Чех мамандары Моңғолияның батысындағы
Бай-өлке қазақ аймағына Азиядағы ең биік 350 метрлік
биік радио антеннасын орнатып, аймақ орталығына
радио станциясын салып берген еді. 1976 жылы Прага
дағы Химия-технология институтында оқитын моңғо
лиялық
Хауымдас
Әшімұлы
және
қазақстандық
Ақылбай есімді жігіттермен жақын достық қарым қаты
наста болғаным бар. Шымкенттік Ақылбайдың бола
шақ игеретін мамандығы «сыра технологиясы» маман
дығы еді. Қазақи мінезді Ақылбайды бірден ұнатып, дос
болып кеттік. Қазақстан сол жылдары Шымкентте Чех
технологиясымен салынатын сыра зауытына Ақылбай
сияқты болашақ мамандарды даярлап жатса керек.
Сол жылдары Чехословакияға оқуға келген бірлі-
жарым қазақ қыздары чех жігіттеріне тұрмысқа шы
ғыпты деген хабарды естігенде төбемізге жай түскендей
болушы еді. Кейде сондай қыздарымыз елінің, ұлты
ның атын шығарып жатса оған қалай қуанбасқа. Сон
дай қыздарымыздың бірі 1962 жылы Алматыда туып,
Алматы медицина институтында, кейін Мәскеудегі
И.М. Сеченов атындағы бірінші медициина институтын
бітірген, мамандығы дәрігер-психиатр Жәмила Алмас
қызы Стехликова. Ол чех жігітіне тұрмысқа шығып
1988 жылдан бері Чехияда тұрады. Осы елдің бірқатар
денсаулық
сақтау
мекемелерінде
қызмет
істеген.
Досан Баймолда
Қоғамдық-саяси
қызметпен
айналысып,
Жасылдар
партиясы төрағасының орынбасары болды. 2007-2009
жылдарда Чехияның Адам құқы және аз ұлттар жөнін
дегі министрі болып қызмет істеді. Қазір сол елдегі
СПИД-ке қарсы күрес жүргізетін республикалық ұлт
тық мемлекеттік орталықтың директоры болып істейді.
Жәмила
Стехликова
«Азаттық»
радиосына
берген
сұхбатында: биліктің биігіне көтерілген тұста жұрт
менен: «Қайдансың?» деп жиі сұрайтын. «Қазақстаннан
мын», деймін. Қысқасы, менің министр болғанымның
арқасында чехтар Қазақстанды бұрынғыдан да жақсырақ
білді деген еді.
Жалпы, 1993 жылдан бастап Чехия елінің сырттан
жұмыс күшін алу туралы бағдарламасына сай Қазақстан
нан неше жүздеген адам Чехия еліне келіп, сонда
біржолата тұрып жатыр. Чехиядағы Қазақстан елшілігі
нің консулдық қызмет бөлімінің бастығы А.Мусиннің
айтуынша, бүгінгі күні Чехияда Қазақстан төлқұж
атымен жүрген адамдардың саны 30 мыңдай. Олар
дың көбі орыс ұлтының өкілдері болмақ. Ал Чехияның
жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы
мен және басқадай халықаралық бағдарламалармен
сондай-ақ өздері төлеп оқып жатқан студенттер саны
3 мыңдай көрінеді.
Ал, Чехиядағы қазақ диаспорасының қалыптасу
тарихы туралы айтар болсақ, онда бұл 1995 жылдан яғни
«Азаттық» радиосының Мюнхеннен Прагаға көшіп
келген мамырдың 1 күнінен бастау алады. Алғаш үй
семьясымен Қазақстаннан 6 журналист Прага қаласына
көшіп келген еді. Олар белгілі жазушы Смағұл Елубай,
журналист Нұрлытай Үркімбай, тарихшы Едіге Мағауин,
Ардақ Нұрғали, ағылшын тілінің мамандары Мерхат
Шәріпжан және Әбдіғани Жиенбай болатын. Мен сол
Еуропадағы қазақтар
кезде Прагадағы Чех Техника университетінде доктор
лық қорғап, сонда қызмет істеп жүрген жалғыз қазақтың
бірі болатынмын. Прага көшелерінде, метро, трамвай,
саябақтарында осылай алғаш қазақ сөздері естіле
бастады. Көп кешікпей, 1996 жылы Прага қаласында
Қазақстанның 3 кісілік дипломатиялық өкілдігі ашыл
ды. Оны кәсіби дипломат Сәбетқали Қартбаев басқарған
болатын. Өкілдіктің консулы болып соның алдында
ғана Прагадағы Экономика институтын бітірген Алнұр
Жұманбеков деген інішек істеді. Өз басым Алнұрдың
қазақшасының жақсаруына бір кісідей үлесім болды деп
есептеймін. Өйткені ол орыс мектебін бітіргендіктен
басында қазақша жақсы сөйлей алмаушы еді. Инсти
тут бітірген кезде Алнұрдың қазақшасы сондай жақсы
болды, өз ойын еркін жеткізетін жағдайға барды. Прагада
болған жылдары сондағы қазақ студенттермен тек қазақ
ша сөйлесіп оларға қазақ халқының басынан кешкен
тарихынан айтып беруші едім. Сондай сабақтан өткен
Алнұрдың дипломат маман болып қалыптасқанына шын
қуандым. Кейін бұл дипломатиялық өкілдік елшілік
болып кеңейді. Алнұр дипломатиялық жұмысын атқа
рып жүріп сонда бас құрады, балалы болды. «Азаттық»
радиосында істеген қазақтар да өсіп өнді, балалы-шағалы
болды. Алғаш барғандар 10-15 жылдан кейін елге қайтып,
олардың орнына жаңадан адамдар барды. Қәзір Ержан
Қарабек, Ғалым Боқаш, Ермек Тілеген, Әсем Тоқаева
секілді журналистер жұмыс істейді.
2014 жылы көктемде Чехия астанасына жолым түсіп
барғанымда әдейі Қазақстан елшілігін және өзім бұ
рын қызмет істеген «Азаттық» радиосын іздеп сондағы
қазақтармен сөйлескенім бар. Мен барғанымда, төбесін
де қазақтың көк туы желбіреген 3 қабат ғимаратының іші
толған адам екен. Консулдық бөлімнің бастығы Мусиннің
Досан Баймолда
айтуынша, Чехия үкіметі сол елде 5 жыл тұрақты тұрған
шетел азаматтарына, егер қаласа, 2014 жылдан бастап Чех
азаматтығын беретін болған. Осы туралы хабарды естіген,
қазақстандықтар елшілікке азаматтықтарын ауыстыру
жайында өтінішпен қаптап келе бастапты. Консулға кіру
үшін кезек күтіп отырып, қасымда отырған Светлана
есімді әйелді әдейі сөзге тарттым. Қызық болғанда,
екеуіміз Алматыда бір көшенің бойында тұратын болып
шықтық. 1997 жылдан бері Прагада тұрады, өзі жеке
саяхат фирмасын ашып алған. Ендігі көптен күткен арма
ны, ол Чехия азаматтығын алу екен. Бұған не айтасың?
Кім қайда тұрғысы келсе, сонда тұруға болатын заман
талабы, адам еркі. Чехияның баспасөз беттерінде соңғы
жылдары Чехияның босқындар лагерлерінде Қазақ
стандық босқын азаматтар саны көбейгендігі туралы
ақпараттар саны молайған. Ал Қазақстан баспасөзі олар
ды мұсылмандық бағыт ұстанушы «діни эмигранттар»
деп атайды. Чехияда тіркелген «Қазақ босқындар коми
теті» атты ұйым жетекшілерінің бірі Қайрат Досметов
Чехияның түрлі лагерлерінде шашылып жүрген осындай
қазақ босқындарының саны 250-дей адам деген мәлімет
таратқан. Бұның қаншалықты рас екендігін айту қиын.
2007 жылдан бастап қазақтың ірі жазушысы Мұхтар
Мағауин ақсақал да Прагадағы «Азаттық» радиосында
істейтін баласы Едігенің қолына барғаны белгілі. Соңғы
5 жыл бойы елге келмеген Мұхтар аға таяуда Алматыға
демалыспен келген кезінде Ұлттық мұражайға бас сұғып
сондағы қызметкерлерімен кездескен кезінде: өзінің
елден қандайбір қыспақ, қудалау көрмегенін тіптен өк
пелеп те кетпегенін, тек өз еркімен таза шығармашылы
ғын ойлап кеткенін айтыпты. «Арқада қыс жайлы болса
арқар ауып несі бар» деп әлқисса сөзін бастаған ағамыздың
көңілінен десе де бір реніштің барын аңғару да қиын емес
Еуропадағы қазақтар
сияқты. «Шетелге қашып кетіпті, эмиграцияда жүр екен»
деген секілді сан түрлі өсек-аяңға қарамай шынымен
шығармашылықпен айналысып жатқан Мұхтар аға
«Шыңғыс хан» романының екі кітабын жазып баспадан
шығарыпты, енді үшіншісі кешікпей баспадан шығатын
көрінеді. Биылғы көктемде Чехияға барғанымда сондағы
қазақтардың ең үлкен ақсақалы барша қазақ мойын
даған ірі жазушы,тарихшы Мұхтар Мағауин ағамызбен
Прагада кездесіп, әңгімелессем деген ниетім іске аспады.
Ол кісінің ұлы Едіге әкесінің сәл сырқаттанып, Карловы
Вары шипажайында емделіп жатқанын айтты. Моң
ғолия астанасы Ұланбатырдан әдейі алдыртқан Шыңғыс
ханның толық бейнесінің бұзау терісіне салынған үлкен
бейне суреті мен поляк тілінде жарық көрген «Шыңғыс
хан» романын Прагага алып келіп, ұлына аманат ретінде
қалдырдым.
Прагада болған күндерімде, менің өмірімде ерекше
орын алатын, 1993-96 жылдары 3 жыл бойы доктаран
турада оқыған Чех Техника университетіне және өзім
тұрған аспиранттар жатақханасы «Синкулеге» (Kolej
Sіnkule) бардым. «Ескі қалаға» (Stare Mіastoға) жақын
Ядролық Физика факультеті орналасқан көне ғима
ратта ғылыми жетекшім, профессор Томас Чехакпен,
факультет деканы, профессор Ладислав Мусилекпен
кездесіп, рахаттана әңгімелестім. Олар Қазақстан еліне
қатты қызығып, Қазақстанның «Болашақ» бағдарла
масымен маман дайындап жатқанын жоғары бағалады.
Бірі қазақ, бірі орыс екі қазақстандық студенттің «Бола
шақ» бағдарламасымен факультетте оқып жатқанынан
хабардар етті.
Осы жолы Прагада қазақтардың көбейгенін өз көзім
мен көріп, риза болдым. Қайда барсам қазақ туралы
естимін, не қазақтың жүріп өткен ізін кездестіремін, не
Досан Баймолда
қазақтың өзін көремін. 1990-ыншы жылдардың басын
да қазақты қанша іздесең де табу қиын еді. Бір күнде
метро ішінен және көшеден 6 қазақты кездестірдім. Олар
Прагадағы Карл университетінде оқып жатқан студент
тер Әсем мен Асқар, фармацевтикалық фирмада жұмыс
істейтін Гүлнұр, Прагаға саяхаттап келген ерлі-зайыпты
астаналық қазақтар, ал алтыншысы Маржан есімді
жас әйел. Маржанның күйеуі Ермек Тілеген «Азаттық»
радиосында қызмет істейді екен. Маржанның айтуынша,
Прагада тұратын қазақтар көктем келгенде қазақтың
«наурыз» мейрамын бірігіп тойлайды. Қазақтардың
балалары ағылшын не чех мектептеріне оқуға барады.
Менің білуімше, Чехияда ең көп жыл тұрып жатқан
осы «Азаттық» радиосының қызметкерлері Мерхат
Шәріпжан, Едіге Мағауин екеуі. Оларға 20 жылдай
уақыт болды. Алғаш 1995 жылы Прага қаласына келгенде
Мерхат Жанар деген қазақ қызымен жаңа үйленген
кезі, ал Едіге әлі үйленбеген жас бойдақ жігіт кезі
еді. Чехия жерінде Мерхат екі балалы болды, үлкені
Айша биыл университетке түсті. Ал Едіге «Азаттық»
радиосының түркімен редакциясындағы Алтын атты
қызбен бас қосып, Чехияда 4 балалы болды. Бұлар
ірі жазушы Мұхтар Мағауиннің немерелері. Міне
Чехия елінде қазақ диаспорасы осылай қалыптасып,
өсіп келеді десек болады. Олардың нақты санын айту
қиын. Егерде Чехияның жоғары оқу орындарында
оқып жатқан 3 мыңдай студентті есептемесек, онда үй-
семьясымен тұрақты тұрып, Чехияның азаматтығын
толық не жартылай алған қазақ саны 100-ден аспайды.
Бұған «Азаттық» радиосында қызмет істейтін қазақтар
және олардың бала-шағасы сондай-ақ Чехия үкіметінің
арнайы бағдарламасы бойынша Чехияда жұмыс істеп,
тіршілік етуге келген қазақтар кіреді.
Еуропадағы қазақтар
Мажарстандағы қазақтар
Әлемдік саяси картада «Hungarіa», орысша «Венгрия»,
ал, қазақша «Мажарстан» – Еуропаның дәл ортасында
орналасқан
мемлекет.
Мажарстанның
тұрғылықты
халқы өздерін «Мадиярмыз» деп айтады. Осы мажарлық
мадиярлардың қазіргі мекендеп жатқан Еуропа аума
ғына сонау X ғасырда ұлы даладан келгендігі және олар
қайсібір заманда сонда көшіп-қонған халықтың бір бөлігі
болғандығы жайында тарихи, мұрағаттық деректер мен
аңыздар көп. Мажар аңыздарындағы ғұндарға байла
нысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысының
сонау ерте заманда басталғанын, Мажарлардың Азия
дан Еуропаға 895 жылы қоныс аударғанын баяндайды.
Тіптен, бұл өңірде 430 жылы Аттила (Еділ) патша
бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан
кейін Баян хан бастаған аварлар билігі салтанат құрады.
895 жылы Арпад патшаның басшылығымен Азия
даласынан мажарлардың (мажарлар) жеті тайпасы көшіп
келіп қоныстанады. Арпадтың шөбересі Геза христиан
дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрады.
Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде (1237–1246)
көптеген қыпшақ тайпалары Мажарстанға келіп, қоныс
теуіп қалды. Мажарлар Қазақстанды өздерінің ата-
жұрты деп санайды. Қыпшақтың Көтен ханы ІV Белаға
елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен көшіп баруға
рұқсат сұрайды. Рұқсат алған соң, 1239–40 жылдары қол
астындағы 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқы
мен көшеді. Еркін көшіп-қонуға, ескі салттары бойын
ша өмір сүруге лайық аумақтарға, жазық далалы жер
лерге қоныстанады. Мажарлық қыпшақ ғалымы Иштван
Мандоки Қоңырдың айтуынша, түгелдей отырықшы
болуларына жүз жылдай уақыт кетеді, ал тілдері ХVІІ
Досан Баймолда ғасырдың аяғына дейін сақталады. Күні бүгінге дейін Мажарстандағы Дунай мен Тиса арасы – Кишкуншак (Кіші қыпшақ жері), шығысы Надькуншак (Ұлы қыпшақ) деген атауларға ие. Қарсақ қаласы – Ұлы Қыпшақ же рінің жүрегі. Мадиярлар мен қазақтардың туыстығы туралы алғашқы пікірлер ХІХ ғасырда жергілікті газет беттерінде жариялана бастайды. 1835 жылы Шамуель Брашшайдың «Қырғыз-қазақтар» атты еңбегі жарық көреді. Кейін де мадияр ғалымдарының қазақ еліне, жеріне байланысты еңбектері жарық көре бастайды. Солардың арасында Дьердь Алмашидің есімі көзге ерекше түседі. 1900 жылы Қазақ жеріне жасаған саяхаты нәтижесінде «Азия жүрегіне саяхатым» атты еңбегі жарық көреді. Кітабында, Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың өмірі, тұрмыс-салты, шаруашылығы, сауда-саттығы, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, қолөнері, ауыз әдебиеті туралы мол мағұлмат келтіреді. ХХ ғасырда белгілі мажар ғалымы, антрополог Тибор Тот өзінің ғылыми еңбектерінде екі елдегі руларды, қазақтар мен мадиярлар (мажар) арасындағы туыстық байланыстарды жан-жақты зерттеуді бастағанымен, бұл ғылыми мұра сын саяси себептерге байланысты жалғастыра алмайды. Ал, Андрош Биро мұны ғылыми түрде зерттейді. 2006 жылы Андроштың жетекшілігімен, қазақ-мажар бір лескен антропологиялық экспедициясы Торғай өңі рінде тұратын қазақтар мен мадияр руы өкілдері ара сындағы генеологиялық деректерді, антропологиялық өлшемдерді жасайды. ДНК үлгілері алынып, ғасыр лар бойы өзгермейтін және генетикалық ақпаратты сақтайтын Ү хромосомдарына талдау жүргізіледі. Нәтижесінде мажарлық мадиярлар мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынас толығымен дәлелденеді. Ал Иштван Мандоки Қоңыр «Кун тілінің Мажарстандағы
Еуропадағы қазақтар
ескерткіші» (1993) атты еңбегінде мажар тіліндегі кейбір
сөздер мен қазақ тіліндегі сөздердің ұқсастығын келтіреді.
Мысалы: арқан – arkany, ұнтақ – ontak, шолақ – csollak,
қанжыға – kangyіk, пышақ – bіcska тағы да басқа. Жалпы,
мажар тілінде түрік тілдерімен ортақ алты жүзге жуық сөз
барын ғалымдар дәлелдеп айтып отыр. Қазақтар сыйлы
қонағына қойдың басын тартса, ал мажарлық қыпшақ
тар қойдың басын қуырдақпен бірге сыйлы қонаққа
тарту дәстүрі барлығы оларды еуропаның басқа халықта
рынан даралап тұрғанын байқауға болады. Мажарстан
дағы қыпшақтардың жас сәби балалары өмірге келгенде,
құйрығында көк таңба болатындығы, олардың Азиялық
текті екенін көрсететін тағы бір белгісі болмақ.
Иштван Мандоки Қоңырды 1975 жылы, ол Моңғолия
қазақтарының тілі, салт-дәстүрін зерттеу мақстында
Моңғолияның батысына, Алтай тауының баурайына
орналасқан Баян-Өлгей қазақ аймағына алғаш кел
генінде кездесіп, әңгімелескен едім. Өзінің қыпшақ
тайпасынан шыққан қазақ екендігін мақтанышпен айтып
жүретін осы кісімен кейін Алматыда, Будапешт қала
сында бірнеше рет кездесіп, мажарлар мен қазақтардың
туысқандық байланысы жөнінде талай таңды атырған
әңгімелерге барған едік. Осы сапарларында ол керей
қазақтарының этнографиясын зерттеп, керей тымақ,
керей ер-тоқым, түскиіз, сырмақтарды Будапештіге алып
кеткені есімде. Кейін, Будапештідегі үйіне барғаным
да сол заттарды Қоңырдың үйінің төрінде тұрғанын
көрдім. Біреуге күлкілі, біреуге қызық көрінер естуімше,
кейде Қоңыр аға өзінің көшпенділік қыпшақ қаны тасы
ғанда, қамшыны қолға алып орындық үстіне қойылған
ер-тоқымға отырып алып, кәдімгі атқа мінген көшпенді
ата-бабалары құсап шабыт шақыратын кездері болып
тұрады екен. Ал, өз көзімен көргенім, ол Қоңырдың үйіне
Досан Баймолда
барғанымда, мені төсегіне жатқызып, өзі ер-тоқымды
жастанып жерге жатқаны еді. Қоңыр Иштван өзінің
жастық шағында мажарлар мен қазақтардың туыстығы
жөнінде алғаш естіп, осы тақырыпты қызықтағаны
соншалық, кейін шыққан тегі қыпшақ, мажарстандық
әйгілі түрколог, ғалым-зерттеуші Дьюла Неметтің шәкірті
болады. 1976 жылы Қоңырмен болған әңгімелесуде, ол
өзінің 10 жасынан бастап қазақ тілін Карцаг (Қарсақ)
қаласындағы кеңес әскерилері құрамында Қазақстан
нан келген бір қазақ жігітімен сөйлесіп жүріп, үйренгенін
айтқан еді. Оның студенттік жылдарында Мажарстан елі
Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында болғандық
тан,
өкімет
басында
коммунистер
отырды.
«Бұл
тақырып бойынша еркін зерттеу жұмысын жүргізу ол
заман қиын болды»,– деп еске алған еді бірде Қоңыр
марқұм. Коммунистік билікке наразы мажар халқы 1956
жылы жиырма үшінші қазан күні тоталитарлық режим
нің жойылуын, елде көп партиялы жүйенің қалпына
келтірілуін талап етіп, көшелерге шығады. Ал, халық
ты жақтаған үкімет Варшава шартынан шығатынын
мәлімдейді. 1956 жылы төртінші қарашада Мажарстанға
Кеңес әскерлері мен танкілері басып кіріп, бұл үкіметті
таратып жібереді. Екі жүз мыңға жуық мажар шетелге
кетуге мәжбүр болады. Осы сұмдықты басынан кешкен
Қоңыр батысқа емес, өзінің атажұрты Қазақстанға
бүйрегі бұрып, бастаған ғылыми жұмыстарын жалғас
тырумен болды. Мажарлардың түбі қыпшақ даласынан
шыққанын әкесінен естіп өскен ғалым өле-өлгенше
түркі тектестердің тілі мен ділін, ауыз әдебиетін зерттеу
ден, оларды өз халқымен байланыстырып тұрған нәзік
жіпті іздеуден, дәлелдеуден талған жоқ. Ол өзінің
докторлық
диссертациясында
Мажарстан
жеріндегі
қыпшақша жер су аттарын зерттеді. Қоңырдың, мажарша
Еуропадағы қазақтар
«Конгур» деген атынан бастап, балалық шағын өткізген
Қарсақ (Карцаг) қаласы бәрі-бәрі қыпшақша, яғни
қазақша аттар. 1980 жылы қазақ қызы Айшамен бас
құрап, Атлан есімді әкесінің жолын жалғастыратын
ұлды болды. 1992 жылы 28 қыркүйекте «қазақтар құрыл
тай өткізетін болыпты» деген хабарды алғаш естігенде,
ол балаша қуанып, «алақай, алақай» деп айқалапты.
Қоңыр Иштван Мандоки бұл құрылтайға қатыса
алмады. Ол сол жылы тамыз айында небәрі 48 жасында
Дағыстан астанасы Мақашқалада жүрек талмасынан
қайтыс болды. Денсаулығы сыр беріп, бұл дүниемен
қоштасар алдында өзінің денесін атажұрт Қазақ жерінде
қойылуын тілеген екен. Сол тілегі орындалып, мажар
қыпшағы, түркология саласында ірі ғылыми жұмыстар
жасаған Қоңыр Манжоки Иштван Алматының «Кеңсай»
зиратында жерленді. Артында қалған жесірі Оңайша мен
ұлы Атлан қазір Будапешт қаласында тұрады. Оңайша
бүгінде қазақ-мажардың «Барыс» атты қоғамдық қорын
басқарады. Қордың мақсаты екі туысқан халықтың салт-
дәстүрі мен мәдениетін бір-біріне таныстыру болмақ.
2014 жылы қыркүйек айында Астана қаласында өткен
«Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар
үндестігі» атты халықаралық форумға қатысқан Оңайша
Мандоки Қоңырдың 16 мыңдық кітап қорын Астанадағы
«Түркітану» орталығына тапсырған еді.
Бүгінгі күні Мажарстанда қанша қазақ бар деген
сауалға жауап беру біраз зерттеуді қажет етеді. Өздерін
«қыпшақтардың» ұрпағымыз дейтін Қоңыр секілді
мажарлар да баршылық. Солардың бірі, Мажарстанда
ғы «Тұран» қоғамдық қорының төрағасы Биро Андраш
тың айтуынша, қазақ пен Венгриядағы мадиярлардың
ұқсастықтары өте көп. Жақсылап бажайлап қараған
адам
антропологиялық
ұқсастықтардың
сыртында,
Досан Баймолда
этнографиялық,
дәстүр-салттары,
мінез-құлқындағы
жақындастықты да айқын аңғара алады. Мадиярлар
XІІ ғасыр бұрын, Еуропадағы қазіргі қонысына келген.
Одан бұрын олар Азиядағы көшпелі мәдениеттің иелері
болған. Оны тіліндегі, дәстүріндегі сақталып қалған
жұқаналар дәлелдейді. Көңілінің ашықтығы мен мәрт
тігі жағынан қазақтар мен Венгрия мадиярлары өте
жақын. «Біз – Еуропада ең қонақжай халық – венгрлер,
Азияда – қазақтар деп айтамыз. Венгрия мен Қазақ
станды байланыстыратын ең алдымен тарихи, мәдени
қандастық. Мәселен, Венгрияда жылқы ұстап, қымыз
дайындайтын адамдар қазір де бар»,– дейді ол.
Тіптен, кеңес заманында Атырау облысына мұнай
шығаратын зауытты салған венгриялық мамандардың
бірталайы Атыраулық қара көз, қазақ қыздарын ұнатып,
елдеріне алып кеткені мәлім. Олардың дәл саны қанша
екені тағы да беймәлім. Тек, өз көзіммен көргенім,
1995 жылы жазда, ол заман Алматы-Атырау-Буда
пешт бағытымен ұшатын «Қазақстан әуе жолдары» әуе
компаниясының Ту-154 әуе ұшағымен Будапештен
Атырауға ұшқанымда, ұшақтың жарымы мажарларға
күйеуге шыққан қазақ қыздары болғаны бар. Қайсы
бірімен сөйлескенімде, олардың көбі бұрынғы кеңестік
төлқұжаттарын
Қазақстанның
жаңа
төлқұжатына
ауыстыру үшін елге келе жатқандарын айтқаны есімде
қалыпты. Елде бір айдай демалып, осы ұшақпен Алматы-
Атырау-Будапешт деп қайта ұшқанымда, өзіммен бірге
ұшып келген қазақ қыздарының көбін қайта кездес
тіріп, ұшақ ішінде мәре-сәре болған едік. Көпшілігі
Мажарстандағы тірішіліктеріне риза екенін айтқан
болатын. Содан бері мажарларға күйеуге шыққан қазақ
қыздарының саны көбеймесе азайған жоқ деп ойлаймын.
Бәлкім 200-300-дей бар шығар...
Еуропадағы қазақтар
Социализм кезінде Мажарстанға жоғары білім алу
мақсатымен Моңғолиядан көптеген қазақ жастары
келіп
оқыды.
Олардың
бірқаншасы
Мажарстанда
қалып қойды, көбі елдеріне қайтты. Бүгінде белгілі
тарихшы, ғалым Зардыхан Қинаяттың ұлы Жарқынбек
жан ұясымен Дебрецен (Debrecen) қаласында тұрады.
Белгілі жазушы Сұлтан Тәукейұлы 2000-2005 жылдары
Моңғолия атынан Мажарстанда елші болып қызмет
істеді. Мен өзім де Мажарстанға 5-6 рет барыппын. Ең
есімде қалғаны, 1985 жылы Будапешт қаласында оқып
жүрген балдызым Марат Уатқан мажар қызы Маргитке
үйленген кезінде, сонау Азия даласынан түйе жетектеп,
ат жетектемесем де, құдалық салтты сақтап, бас құда
ретінде сый-сыяпаттармен Мажарстанға барғаным бар.
Құдалық рәсім бар-жоғы 3 күнде бітіп, ертіп кетейін деген
балдызымды мажар жерінде қалдырып, жалғыз өзім елге
қайтқан едім. Уақыт қалай жылдам өтіп жатыр. Бүгінде
Мараттың екі баласының үлкені Айна университет
бітіріп, Будапешт қаласындағы бір халықаралық банкте
істейді, ал ұлы Темір (мажарша Тимур) студент. Міне
бұлар Мажарстандағы қазақтар деп аталады.
Мажарстанда қазақ диаспорасы өте үлкен емес.
Негізінен, мажар жұртынан бақытын тапқан қазақ
қыздары, бүгінде мажардың сыйлы келіндері және
студент жастар, сондай-ақ ұзақ-қысқа мерзімде осы елде
қызмет етіп, тәжірибе жинақтап жатқан әртүрлі саланың
мамандары. Қазақстаннан келген орыс ағайындар да бар.
Саны аз көрінгенмен, жиналғанда бір қауым ел.
Досан Баймолда Үшінші бөлім. Ер-Жәнібек батыр және шетелдегі қазақтар Қ азақ халқының ұлт-азаттығы жолында бар өмірін сарп еткен, Абылай ханның бас батырларының бірі болып, оның оң тізесінен орын иеленген Ер-Жәнібек батырдың туғанына биыл 300 жыл толып отыр. Бұл мерейтойды атажұрттағы барша қазақпен бірге шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақ ағайындар аса қуанышпен еске алып, батыр бабаларының ерлігін елмен бірге тойлап, ұлықтауда. Ер-Жәнібек батыр жасынан қолына қару алып, Қазақ жеріне көз алартқан қаптаған қалың жоңғарға қарсы елі үшін, жері үшін қол бастап қан майданда нағыз батырларша соғысқан. Жоңғардың шапқыншы лығына ұшыраған, торғайдай тозған елін қорғауды өзінің басты парызым, деп түсінді. 1726 жылы 18 жа сында алғаш ұрысқа кірген Ер Жәнібек ежелгі қазақ жерін Жоңғар басқыншыларынан толықтай азат ет кенше аттан түспегені белгілі. Ол әсіресе, 1726-1757 жылдар аралығында жоңғарлармен болған шайқастар дың барлығына қатысып, ерен ерлігімен ел есінде қалған батыр. Оның батырлығы жыр-дастандар арқылы елден-елге тарады. Әсіресе, Шұбар теңіз жағасындағы, Бұланты өзенінің бойындағы, Балқаш, Шаған өңіріндегі
Еуропадағы қазақтар
шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен танылады. Тек
батырлығымен ғана емес, ел бастаған көсемдігімен,
дана шешендігімен танылған ол 1760 жылдары Абақ
Керейлерді бастап Қалба, Сауыр өңіріне, Ертіс өзені
бойына, Алтай тауларындағы байырғы қоныстарына
көшіп барып елін орнықтырады. Ер-Жәнібек батырдың
бұдан кейінгі өмірі елінің тыныштығы үшін жаулардан
қорғау, елдікті бекемдеу ісіне арналады.
Оның ерлігі, шешендігі жайында тек атажұрт – Қазақ
елінде ғана емес, сондай-ақ, Моңғолияда, Қытайда,
Түркияда және Еуропа елдерінде өмір сүріп жатқан
қазақтар арасында кеңінен айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа
дәріптеліп келді. Тіптен бірнеше роман кітаптар,
өлең-жырлар жазылып, баспадан шықты. Осы ретте
Моңғолия жазушысы Сұлтан Тәукейұлының 2000 жылы
Ұланбатырда жарық көрген «Ақыр Жәнібек» роман-
шежіресін, Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын
жазушы Шәміс Құмарұлының «Ер-Жәнібек» кітабын
айтуға болады. Сондай-ақ батыр бабаға арналған көптеген
жыр-дастан жинақтар жарық көрді. Абақ керейден
шыққан белгілі ғұлама, кемеңгер ақын Ақыт қажы
Үлімжіұлы «Ер-Жәнібек» дастанында батыр тұлғасын
былайша суреттейді:
Жәнекең он алтыға келген жасы,
Бұлшық етті, бура сан, зор тұлғасы.
Жауырынды, иықты, қас-қабақты,
Ер жүрек батырдың бар нышанасы.
Денелі, еңгезердей, сұңғақ бойлы,
Кеуделі, кеңнен толғар, терең ойлы.
Кішіпейіл, кең мінезді, кешірімді,
Ел тарықса табады ол тура жолды.
Тілеген еліне ерек берекені,
Түсінген жаудан келер әрекені.
Досан Баймолда
Желбуаз жесір сөзге жан семіртпес,
Танылған жасынан-ақ ер екені.
С.Тәукейұлы «Ақыр Жәнібек» романында: «Ер-
Жәнібек 12 рудан тұратын Керейдің Абақ тайпасының ел
ағалары мен атқамінер ақылгөйлері бас қосқан жиында,
«Ел іргесін орыстан аулақтап, ежелгі мекен, ата-жұрт –
Алтайға ат басын бұрсақ қалай көресіңдер» деп сұрап,
олардың келісімін алған соң, Абылай ханның келісі
мін алуға оның алдына екі мәрте барады. Алғашқысын
да «Ағайыннан алшақтап кетесің!», – деп хан рұқсат
бермейді. 1771 жылдың күзінде Жәнібек би Көкшедегі
Абылай ханның ордасына екінші рет барады. Сонда
Абылай қалың ойға шомыла отырып: «Иә, аңсарың ауған
Алтайға да жетерсің, арада бір ғасыр өткен соң жат болып
та кетерсің. Артыңнан ерген ел айдаһардың аузына түссе,
алпауыт батыр болсаң да нетерсің?», – деген көрінеді.
Алтайға көшіп барған Абай Керейлердің ондағы
жағдайы да бірден түзеліп, оңай бола қоймады. Бір
жағынан Абылай хан бастаған қазақ сарбаздарынан,
екінші жағынан Қытай әскерилерінен оңбай жеңіліп тоз-
тозы шыққан жоңғардың тайпалары мен қазақтар арасы
жақсы болмағандықтан, ол жақта да жоңғармен соғысуға
тура келген. Бұл жайтты Абақ керейден шыққан ғұлама,
кемеңгер ақын Ақыт Үлімжіұлы «Абақ Керей» шежіресі-
кітабында былай деп суреттеген:
Алтайға келген елдің Керей алды,
Жәнібек елге тірек бола қалды .
Керейді қалмақ шауып қырыпты, деп
Жәнібек Қабанбайға кісі салды.
Қабанбай хабарды естіп келген екен,
Керейдің аққан қанын көрген екен.
Еуропадағы қазақтар
Бірігіп екі батыр тізе қосып
Сазайын қалмақтардың берген екен.
Моңғолмен екі батыр соғыс салған,
Түтігіп қара тамақ найзаны алған.
Бере алмай бұған төтеп қалмақ жауы
Қобдаға қаша көшіп кетіп қалған...
Қазақ-Жоңғар соғысы кезінде Қабанбай батыр,
Бөгенбай батырдан кейін түмен (он мың қол) басқарған
үш қолбасшысының бірі – Ер Жәнібектің есімі неге
шетелде тұратын қазақтар арасында көп айтылып,
Қазақ елінде онша айтылмай келді деген сауалға жауап
іздеп көрейік. Тіптен оның істеген батырлығы, ерлігі,
шешендігі Шақшақ Жәнібек батырға шатастырылып,
айтылып келгені тағы бар. Бұған себеп біріншіден елін,
жерін қорғап жауға қарсы шыққан қазақ батырлары
ның бірқатары Жәнібек есімді (Мысалы, Әз-Жәнібек,
Шақшақ Жәнібек, Божбан Жәнібек) болғаны әсер етсе,
екіншіден Кеңес өкіметі кезінде батыр бабаларымыз
дың аттарын атауға тыйым салып, олардың ерлігін, есі
мін айтқызбай, ұмыттыру саясатын әдейі жүргізгенінен
болған деуге болады. Үшіншіден, Жоңғарды жеңгеннен
кейін иесіз бос қалған байырғы жеріне өз жұртын бастап,
Ер-Жәнібек батырдың көшіп кеткені, кейін орыс пен
қытай шекара сызығын түсіріп, олардың жат елде қалып
қойғандары себеп болса керек.
Бүгінгі күні Ер-Жәнібек батыр бастап көшкен Абақ
Керейлердің негізі Моңғол жерінде (150 мың), Қытай
жерінде (850 мың), Түркияда (20 мың) және Франция
(2 мың), Германия (1500), Швеция (500), Австрия (200),
Ұлыбритания (600), Голландия (250) секілді Еуропа
елдерінде тіршілік құрайды. Моңғолияны мекен еткен
Керейлердің осы өлкеге келіп қоныстанғанына, 150
Досан Баймолда
жылдай уақыт болғаны туралы тарихшылар, зерттеуші-
ғалымдар тарихи деректерге негізделген өз еңбектерінде
жазады. Яғни, алғаш Абақ керей руының қазақтары
қазіргі
Қытай
Халық
Республикасының
Шыңжаң
өлкесіндегі байырғы жерлерінен Моңғолияның батысына
1860 жылдардан бастап қоныстана бастағаны туралы
Батыс Моңғолияны аралап зерттеген орыс ғалымдары
Г.Е.Грумм-Гржимайло,
Г.Н.Потанин,
А.М.Позднеев
және Моңғолия қазақтары арасынан шыққан Ә.Мініс,
А.Сарай, Қ.Ислам, Қ.Зардыхан секілді тарихшы-ғалым
дар ғылыми еңбектерінде келтіреді. Аталған ғалымдар
19-ғасырдың екінші жартысында қазіргі Қытай Халық
Республикасының Шыңжаң өлкесін мекендеген Керей
лердің бір бөлігінің Алтайдың Қобда бетіне ауа көшуінің
басты себептерін Шыңжаң өлкесінде орын алған саяси-
әлеуметтік оқиғалар салдарымен және малға жайылым
жердің жетіспеушілігімен байланыстырады.
Атап айқанда, 1864 жылғы Ресей мен Қытай
үкіметтері арасындағы «Жунго-Ресей батыс солтүстік
шекарасын тексеріп отыру шарты» аталатын келісімге
сәйкес, Керейлер мекен етіп отырған жер екі мемлекет
билігіне, екі тарапқа бөлінген соң, ру-тайпалар арасында
іштей жылжу басталады. Керейдің кейбір рулары Тәңір
тауының (Тянь-Шань) шығыс бөктері, Еренқабырға,
Бурылтоғай, Көктоғай, Баркөл, Шіңгілге дейін қанат
жайды. 19- ғасырдың екінші жартысында Абақ керей
дің мал-жаны өсіп, бақ-дәулеті таси түсті. Деректерге
қарағанда, бұл тұста Абақ керейдің түтін саны 50 мыңға,
егер бір отбасында төрт-бестен жан бар деп көрсек, адам
саны 200–225 мыңға жеткен. Алайда, 1850–1864 жыл
дары Қытайда етек алған шаруалар көтерілісі және Батыс
Қытай өлкесін қамтыған дүнгендер көтерілісі салдарынан
көптеген қазақ ауылдары шабуылдарға ұшырап, ер
Еуропадағы қазақтар
азаматтарынан, жайылым жерлерінен айырылуға душар
болды. Сол кездегі Шыңжаң өлкесін билеуші Манж-Чин
үкіметінің алым-салығына қоса жергілікті би, төрелердің
қосалқы алым-салықтары жергілікті қазақтарға ауыр
соқты.
Осындай
қыспақтардан,
қиыншылықтардан
қашқақтаудың бір жолы Алтайдың теріскей бетіне асып,
Моңғолияның батысы – Қобда бетін паналау болды.
Алтайдың Қобда бетіне асқан қазақ көшін қашан, кімдер
бастады дегенге келер болсақ, бұл мәселеде Г.Н.Пота
нин, А.Позднеев, Г.Е.Грумм-Гржимайло секілді орыстың
тарихшы, саяхатшыларының жазып қалдырған жазба
деректері және көшті бастарынан кешірген қариялардың
айтқандары құнды материал болмақ.
Алтайдың Қобда бетіне алғаш көш бастаған: Шеруші
үкірдайы
Жылқышы
Ақтайұлы,
Базарқұл
руының
үкірдайы Көбеш Айтбайұлы, Ботағара руының үкірдайы
Барлам Сабылдықұлы, Шұбарайғыр руының үкірдайы
Жуанған, елі үшін басын берген Асылбек Көбешұлы
және Қобда бетіндегі қазақтар арасында елеулі рөл ат
қарған: шеруші хошунын басқарған Сүкірбай Жылқыш
ұлы, Моңғолияда Боғдыхан билігін алғаш мойындаған
қазақ Қылаң Зайсан, Жантекей руының белгілі азаматы
Арсалаң Майынтыұлы, Шерушінің әйгілі биі Жылқы
шының немерелері: Дөрбетхан Сүкірбайұлы, Шығыс
Түркістан уақытша үкіметін басқарған, генерал Дәлелхан
Сүкірбайұлы, мемлекеттік алғашқы ұлы құрылтай мүшесі
Дәуітбай Тауданбекұлы қатарлы азаматтар Моңғолия
қазақтары тарихында елеулі рөл атқарды. Алтайдың арғы
беті Көктоғай ауданында туып өссе де, саналы өмірін,
жігіттік шағын Қобда бетінде өткізген Алтай, Қобда
қазақтарының азаттық жолындағы күрес басшыларының
бірі болған, кемеңгер ақын Ақыт Үлімжіұлы (1867–1938)
сол бір кезді былай деп жырға қосқан еді:
Досан Баймолда
Алтай тау, Қобда, Сауыр, Бәйтік Боғда,
Ерентау, Сантай, Бөкен – тұрмыз сонда.
Алшаңдап азғантай жыл кеңдік көрген,
Байытқан берекелі қайран Қобда.
Ал, Абақ Керейдің бір бөлігі Түркияға қалай барып
жүр дегенге келсек, бұл туралы да тарихшы, зерттеуші
ғалымдардың жазғандары жетерлік. 19-ғасырдың екінші
жартысында, 1864 жылғы Шәуешек хаттамасы бойынша
Қытай мен Ресей арасында шекара сызығы келісіліп, Абақ
Керейлер мекен еткен Шығыс Түркістан яғни Шыңжаң
өлкесі тұтастай Қытайға қарағаннан бастап елде саяси
шиеленісті жағдайлар мен оқиғалар орын ала бастайды.
Қытайлардың зорлық-зомбылығына шыдай алмаған
қазақтар елін, жерін тастап кетуге мәжбүр жағдайға
барады. 1938 жылы Гоминдаң үкіметінің губернаторы
Шың-Ши-Сайдың зомбылықтарына шыдай алмаған
Елісхан Тәйжі мен Зайып Тәйжі бастаған қазақтар,
гоминдаң әскерлерімен шайқаса отырып, Тибетке жетіп,
Гималай тауын асып, 1941 жылы Үндістанға барған. Бұдан
кейінгі көш билік басынан гоминдаңдар кетіп, орнына
қызыл коммунистер келгеннен соң басталған. Бұл көшке
Сұлтан Шәріп, Қалибек хакім, Құсайын Тәйжі секілді
адамдар басшылық еткен. Бұлар 1951 жылы Үндістанның
Кәшмир аймағына орналасады. Арасына 10 жыл салып
көшкен осы екі көште жолға шыққан қазақтардың
ұзын саны 18 мың адамнан шекара асып, Үндістанға
жеткені 1800-дей ғана адам болған. Көбі жолда қытай
әскерлерімен болған шайқаста және Гималайдың оттегісі
сирек биік таулы климатына үйрене алмай «ыс» тиіп қаза
болады. Үндістан, Пәкістанда уақытша тұрып жатқан
осы қазақтарды 1952 жылы Түркия үкіметі көшіріп
алады. Түркия мемлекеті оларға жағдай жасап, жер беріп
Еуропадағы қазақтар
қоныстандырады. Жаңа қоныстарын туған жерлерінің
атымен «Алтай» деп қояды. Түркиядағы қазақтар мекен
етіп отырған «Алтайкөй» ауылының негізі осылай
қаланады.
2012 жылы Түркиядағы қазақтар алғаш Түркия
топырағына келгендеріне 60 жыл толғанын атап өтті.
Түркиядағы бауырларымыз өсіп-өнді, елмен бірдей күнін
көрді. Бүгінгі күні саны 20 мыңға жетті. Көбі Ыстамбұл
қаласының Зейтінбұрын, Қазақкент аудандарында және
Измир, Анкара, Кония қалаларында өмір сүреді.
Еуропада тұратын қазақтар, алғаш 1960 жылдың бас
кезінде Түркиядан еңбек шартымен Германияға жұмыс
істеуге барғандар. Соғыста экономикасы қираған және
жұмыс күшіне өте мұқтаж Германия шетелдерден жұмыс
күшін алуға мәжбүр жағдайға барады. Яғни, Түркияда
өсіп өнген Абақ Керейдің жастары Түркия мен Германия
арасындағы еңбек миграциясы келісім-шарты негізінде
жұмыс істеуге барып, сонда қалып қойған қазақтар
және олардың ұрпақтары. 2012 жылы Еуропа Қазақ
тары қауымдастығының федерациясы (FEKA) Түркия
қазақтарының Германияға келуінің 50 жылдығын атап
өтті. Олар негізінен 1962 жылдан бастап Германия
дағы түрлі зауыт,өндіріс орындарына жұмыс істеуге
келе бастаған. Түркиядан қазақтар тек Германияға ғана
емес, Батыс Еуропаның өзге де елдеріне, атап айтқанда
Швеция, Норвегия, Франция, Швейцария, Англия,
Голландия, Австрияға да қоныс аударған. Қазір осы
елдерде сол қазақтардың екінші ұрпағы өсіп келеді.
Ер-Жәнібек бабамыздың өзі көш басқарып қоныс
тандырған Абақ Керейдің байырғы мекенінен бүкіл
әлемге қазақтардың осылай таралуының өзі талай
кітапқа, жыр дастанға арқау болды. Тек 1991 жылы
Қазақ елі әлемге өзінің тәуелсіз мемлекет болғанын
Досан Баймолда
паш еткен сол күннен бастап шетте жүрген Ер-Жәнібек
батырдың ұрпақтары алдымен Қазақ еліне қарай көш
тізгінін қолға алды. Оған себеп Қазақ елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың шеттегі ағайынға арнап «елге оралыңдар»
деген тарихи сәлемі және сағынышы еді. Содан бері 20
жылдан астам уақыт ішінде 1 миллиондай қазақ атажұр
тына көшіп келді. Егерде, Ер-Жәнібек батыр 1771 жылы
Абақ Керейдің руларын бастап Алтайға көшкен болса,
содан 220 жыл өткен соң, яғни 1991 жылы сол Алтайдан
Моңғолия қазақтары әлем қазақтары арасында Қазақ
еліне қарай алғашқы көшті бастады. Бұл мақтанышпен
айтуға тұрарлық ерлік оқиға. Ұрпағының қамын ойлаған
Ер-Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерейтойы құтты
болсын! Бәріңізді баба рухы жебеп жүрсін!
http://baq.kz/kk/dіaspora/1033
Ер-Жәнібек бабамызға арналған той
Берлинде жалғасты
Ер-Жәнібек батырға арналған үлкен тойдың жалғасы
биылғы жылдың маусым айының 6-8 күндері Берлинде
өткен Еуропа Қазақтарының кіші құрылтайы аясында
өз жалғасын тапты. «Той дегенде қу бас домалайды» деп
баяғыда атам қазақ айтқандайын, Еуропа елдерінде өмір
сүріп жатқан 10 мыңға жуық қазақ ағайындар (олардың
көбі Ер-Жәнібек батырдың тікелей ұрпақтары болып
келеді) бүгінде Еуропа саясатын өз қолына алып отыр
ған Берлинге қарай ағылды. Мұнда өзінің бар өмірін «Бір
Түркістан» идеясын іске асыру үшін күрескен «Алаш»
қайраткері Мұстафа Шоқайдың бейіті жатыр. Құрылтай
қонақтары әу дегенде осы «Алаш» қайраткерінің
Еуропадағы қазақтар
жатқан жері–Түрік зиратына барып, Мұстафа Шоқай
атамызға қойылған ескеркіш алдында құран оқытып,
естелік суреттерге түсті. Берлинде бар жоғы 25-30 қазақ
отбасы тұрады. Ал, қаладағы жоғары оқу орындарында
білім алу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және
кәсіпкерлік, саяхат, сауда-саттық мақсатында уақытша
келіп кететін қазақтар баршылық. Берлинде кәсіби
дипломат Нұрлан Баймолдаұлы Оңжанов басқарған
Қазақстанның дипломатиялық елшілігі жұмыс істейді.
Құрылтай басталар алдында, алыстан келген қонақ
тарға ең әуелі әр қазақтың ат басын тірер орны екенін
білдіруді жөн санаған Елші мырза, елшілік орналас
қан ғимаратты көрсетіп, дастархан жайды. Қазақстан
елшілігі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен және
«Самұрық-Қазына» қорымен бірге, осы жолғы Еуропа
қазақтары құрылтайының жақсы өтуіне үлкен көмек
қамқорлығын көрсетіп, қандастарға деген жылы жүрек
танытқандығының куәсі болып жүрдік. Ал, Берлиндік
кәсіпкер қазақ Бешіретхан Малабақан басқарған қазақ
қоғамы осы жолғы Еуропа қазақтарының кезекті кіші
құрылтайын жоғары деңгейде ұйымдастыру, өткізу
жұмысын өз мойындарына алыпты. Құрылтайға келген
қазақтарды әуежай, темір жол және автобус бекетте
рінен күтіп алу, оларды мейманханаларға орналастыру,
тамақтандыру, келісілген бағдарламаға сай құрылтай
жұмысын уақытында жүргізу елшілік қызметкерлері мен
осы қоғам мойынында болды. Әрине, Берлинге жақын
Еуропа қалаларында тұратын қазақтардың көбі өздерінің
жеке көліктерімен келіпті. «Қазақ құрылтайы және
Ер-Жәнбек баба» деп жүрегі алып ұшқан қазақтардың
бірі, Париж қаласының тұрғыны Абдулла өз көлігімен
Парижден Берлинге 12 сағат жүріп жеткенін айтты.
Қазақ болған соң, бір-бірімізден жөн сұрасатын әдетпен
Досан Баймолда
жайлап сұрағанымда, ол батыр бабаның тікелей ұрпақ
тарының бірі болып шықты. Құрылтай бағдарламасына
енген «Қазақша күрес», «Асық ату» ойындары Берлиннің
шығыс
бөлігіндегі
үлкен
стадионда
«Ер-Жәнібек»
бабымыздың атында өтті. Жеңімпаздар «Ер-Жәнібек»
халықаралық қоры атынан ақшалай сыйлықтармен
марапатталды. Құрылтайды ұйымдастыруға белсене
қатысқан Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясы
ның төрағасы Абдулқайым Кесижи, Берлиндегі қазақ
қоғамының төрағасы, кәсіпкер Беширетхан Малабақан
және Германиядағы Қазақстан елшісі Нұрлан Оңжа
нов мырзалар «Ер-Жәнібек» атындағы алтын медальмен
марапатталды. Құрылтай бағдарламасы бойынша «Ер-
Жәнібек» бабымызға арналған дөңгелек үстелге Қазақ
станнан келген: ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Әдебиет және өнер институтының директоры, фило
логия ғылымының докторы Уәлихан Қалижан, Алматы
дағы Республикалық ұлттық кітапхананың директоры,
жазушы Әлібек Асқаров, Дүниежүзі қазақтары қауымдас
тығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев,
осы ұйымның бөлім меңгерушісі Ботагөз Уатқан, «Асық
ату» федарациясының атқарушы директоры Жомарт
Сабыржанов, «Ер-Жәнібек» халықаралық қоғамдық
қорының президенті, медицина ғылымының докторы
Мақсұт Темірбаев, «Ер-Жәнібек» халықаралық қоғам
дық қорының вице-президент, кәсіпкер Жеңіс Түркия,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ
ситетінің профессоры, философия ғылымының докторы
Досан Баймолда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің оқытушысы, ғылым докторы Жетпісбай
Бекболатұлы және Берлиндегі Гумболдьт Универси
тетінің Орталық азия зерттеу орталығының қызметкері,
доктор Гүлсім Масакова, Берлиндегі Германия-Қазақстан
Еуропадағы қазақтар
қоғамының атқарушы директоры Галина Нұртазина,
сондай-ақ Еуропа қазақтары федерациясының төрағасы
Абдулқайым Кесижи, Австриядағы қазақ қоғамынан:
Осман Косжігіт, Қызырхан Шолпан, Ұлыбритания
дағы қазақ қоғамынынан: Исмайл Кесижи, Дания
дағы қазақ қоғамынан: Акбар Аюби, Нұрарман Аюби,
Голландиядағы қазақ қоғамынан: Мұстафа Қаражігіт,
Франциядағы қазақ қоғамынан: Мұстафа Ұслужан,
Швециядағы қазақ қоғамынан: Мұрат Ерміш, Ибрахим
Қосшы, Кельндегі қазақ қоғамынан: Ерол Шұғайып,
Мюнхендегі қазақ қоғамынан: Ибрахим Ақдеңіз, Әлихан
Жаналтай, Темірхан Алтын, Берлиндегі қазақ қоғамы
нан Бешіретхан Малабақан, Жүніс Тораман бастаған
өкілдер тобы қатысты. Бүгінгі күні Еуропа елдерінде
өмір сүріп жатқан 5 мыңға жуық қазақ ағайындар «Ер-
Жәнібек» бабамызға арналған бұл тойға да, осылай
өз үлестерін қосты. Ата- баба рухымен сусындады әрі
рухтанды. Әсіресе, жас сәбилер мен балалар бойына
отаншылдық сезімді сіңіру тұрғысынан, айтарлықтай
іс- шара болғанын айту ләзім. Құрылтай Берлин төрінде
қазақ деген халықты жақсы қырынан таныта алды. Мұны
қала тұрғындарының бізге деген жылы ілтипаты мен
құрметінен байқадық. Ел тәуелсіздігі үшін атқа мініп,
ел бастаған атақты батыр Ер-Жәнібек бабамыздың 300
жылдығына орай оның ерлік, батырлық істерін Еуропа
дағы қазақтарға таныстыру, насихаттау іс-шаралары
құрылтай бағдарламасына сай осылайша табысты өтті.
http://baq.kz/kk/dіaspora/1052
Досан Баймолда
Қазақ диаспорасының көрнекті өкілі
Шетелдегі қазақтардың арасында елім деп еңіреп
өткен, қазақ рухының сөнбеуіне қызмет еткен талай
тұлғалар болды. Солардың ішінде шоқтығы биік те
бірегейі – Хасен Қалибекұлы Оралтай. Басым көпшілік
қазақ оқырманы білетіндей, Хасен Оралтай қазіргі Қытай
елінің Шыңжаң өлкесінде, яғни Шығыс Түркістанда
дүниеге келген. Сонау өткен ғасырдың 30-40 жылдары
нан Шығыс Түркістанда ұлт-азаттық жолындағы күрес
аласапыраны басталғаны белгілі. Қытай империясының
қол астында қалған қазақ елі, қазақ жерінің азаттығы
жолында күрес басталды. Бұл азаттық жолындағы күресті
аты әйгілі Оспан батыр Исламұлы, Зұха батыр, Қалибек
Райымбекұлы және тағы басқа да ұлты үшін күрескен
жандар бастады.
Сол көтерілісте, Хасен ағаның әкесі Қалибек Хакім
Райымбекұлы қолына қару ұстап, қолбасшы болған
сардардың бірі. Ол 1933 жылы «Шығыс Түркістан» құпия
ұйымын құруға қатысты. 1940-1946 жылдары Манас –
Сауан халқының ұлт азаттық көтерілісіне басшылық етті.
1947 жылы Сауан халқын бастап, Қаратау – Көкілік
ке қарай көше бастады. Бала Хасен жастайынан аса
саясиланған қоғамда өсті. Аты аңызға айналған Оспан
батырмен бірге Қытай империясының басқыншыларына
қарсы күрескен Қалибек Хакімнің үлкен ұлы Хасен, ол
тұста небәрі он алты жаста еді. Хасен Оралтай өзінің
«Елім-айлап өткен өмір» атты естелік кітабында осы
он алты жасында қытай басқыншыларымен соғыса-
соғыса Көкілік тауының етігіне жеткен Оспан батырға
әкесінің жазған ұшбу хатын апарып тапсырғанын
жазады. Ол хатта: «Бұл елде енді бізге күн жоқ. Бізбен
бірге Үндістанға, одан әрі Түркияға көшейік», – деген
Еуропадағы қазақтар
Қ.Хакімнің Оспан батырға ұсыныс-өтініші жазылыпты.
Оспан батыр бірер күн ойланып, көшуден бас тартады.
Бұл соғыстарда қазақтардың едәуір бөлігі азаттық
жолында құрбан болды. Кейін бас көтерген қызыл қытай
орыстармен ауыз жаласып, азаттық үшін қан майданға
шыққан қазақ сынды аз ұлт өкілдерін асқан қатыгездікпен
қырғынға ұшыратты. Бұндай қырғынға шыдай алмаған
қазақ көші туған жерінен ауа көшуге мәжбүр болады.
Такламакан шөлін асып, Гималай тауынан өтіп, небір
жантүршігершілік азап пен қырғынды бастан кешкен
қазақ көшінің қырғыннан аман қалған біраз бөлігі
Үндістан, Пәкістаннан пана табады. Ақыры 1953-1954
жылдары бауырлас Түркия жеріне кеп паналайды.
Атамыз қазақ: «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса
игі» деп армандайды, тілейді. Егер әкесі қазақ халқының
азаттығы үшін қолына қару алып күрескен болса, Хасен аға
әке жолын қуып, қолына қалам алып күрескен жанкешті
күрескер болды. Хасен Оралтай сол жылдары Кашмирде
ағылшын тілінде сауатын ашқан еді. Сол білімі Түркия
ға жетер жолында және Түркияға келгенде кәдеге жара
ды. Жас та болса өмірдің небір қиынын бастан кешірген
Хасен Оралтай, әкесінің ақыл-кеңесімен, Үндістаннан
шыққан қазақ босқындарының Сауд Аравиясы, Сирия,
Ирак, Иран арқылы Түркияға аман-есен жетуіне өзіндік
қолғабысын тигізді.
Түркия елінің осы тұста қазақ туыстарына жасаған
қамқорлығын әсте естен шығармауымыз керек. Сол
кездегі Түркияның мемлекеттік істер жөніндегі министрі
Фатын Рүштү Зорлұ: «Қазақтар біздің баурлас халық,
нағыз түріктер –дегенді айтып, – Түркияны да өз
отандарыңыздай көріңіздер», деген ыстық лебізін біл
діріп, қуанышпен қарсы алады. Түркия елі сол тұста қазақ
тарға қаржылай көмек көрсете отырып, сонымен қатар
Досан Баймолда
түрлі кәсіп үйреніп, мамандық алуларына аса зор жәрдем
көрсетеді. Қазақтар үшін әр түрлі қолөнер курстары
ашылды. Ал жұмыс істеймін дегендерге фабрика-завод
тардан және басқа да мемлекет меншігіндегі жұмыс
орындарынан жұмыс беру ісі жеңілдікпен болды.
Хасен Оралтай өзінің алғашқы еңбек жолын Ізмір
қаласында
тарихи
ескерткіштер
сататын
дүкеннің
сатушысы болудан бастайды. Бұрын бай қазақ мырза
сының ұлы болған Хасен Оралтай мақта тереді, қыш
заводында да жұмыс істейді. Құрылыста қарауыл болады.
Хасен аға Кашмирде тұрған кезде бос жүрмей, ағылшын
тілін оқыған еді. Соның пайдасын да көреді. Измирде
орналасқан НАТО-ның әскери бөлімінде аудармашы
болып істейді. Бірақ, ол қара басының қамын күйіттеп
кетпеді. Өйткені оны толғандырған маңызды мәселе –
саң мыңдаған қазақтардың атажұрттан Анадолыға қоныс
аударуының себеп-салдары еді. Сол кезде ол жас болса да,
саяси сараптылығымен мәселенің сипатын дәл танитын
еді. XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқының
Кеңес одағында, Қытайда болсын саяси жаныштаулармен
жазықсыз қырғынға ұшырай беруінің басты себебі –
қоғамдық саяси жүйеде екенін терең түсінеді. Сондық
тан ол өзіне коммунистік жүйемен күресуді өмірлік
мақсат етіп қояды. Бірақ ол күресудің жаңа тәсілін –
ақпараттық күрес жолын таңдап, қолына қалам алады.
Жасынан еті тірі, жазу-сызуға қабілеті бар Хасен Оралтай
Түркияда біраз жылдың ішінде түрік тілін жеттік үйреніп,
жергілікті газет- журналдарға мақалалар бере бастайды.
Алдымен түрік туысқандарына қазақ қандастарының
ұлттық болмысын, тарихы мен мәдениетін таныстыруды
жөн көреді. XX ғасырдың 50 жылдары түріктердің көбі
«қазақ» деген халықтың кім екенін білмейтін. Кө
шеде көргендер оларға «Сендер жапонсыңдар ма? Жоқ,
Еуропадағы қазақтар
қытайсыңдар ма?» дегені жанына қатты бататын. Бұған
намыстанған Хасен Оралтай Түркия жұртшылығына
«қазақ» деген халықты таныстыру мақсатында, өзінің
алғашқы көлемді еңбегін жазуды қолға алады Ақыры,
оның жазған «Еркіндік жолындағы Шығыс Түркістан
қазақ түркілері» деген кітабы жарыққа шықты. Кітап
тың алғы сөзінде автор «Бұл кітабымда Сіздерге, адамзат
тарихының XX ғасырындағы ең бір қорқынышты
бөлімін, Отан мен азаттық жолындағы істері дастанға
айналған Қазақ түріктерінің коммунизмге қарсы күресін
түсіндіруге тырысамын»,– дейді. Бұл сөздер жас болса
да, Хасен Қалибекұлының саяси көзқарастарының
қалыптасқандығын аңғартады. Содан бастап ол ақпарат
саласына қадам басады.
1954–1967 жылдары Түркияда тұрған Хасен Оралтай
ұлт-азаттығы жолында күрескен Алаш азаматтарының
ұранымен газет-журнал, кітап шығарумен айналысты.
1960 жылдары Қазақстанның өзінен аты өшіп кеткен алаш
ардагерлері: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,
Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабай, Мұстафа Шоқай
еңбектерін түрік мұрағаттарынан іздеп тауып, оны жарық
дүниеге танытуға тырысты. Ол Қазақ халқының тари
хына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне
арналған түрік тілінде жазылған «Қазақ түріктері» (Ізмір,
1961), «Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы (Ізмір, 1965),
«Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер»
(Ыстамбұл, 1975 ), «Коммунизммен шайқас» (Ізмір,
1965) кітаптарының авторы. Ол кезінде Мәжит Айтбаев
тың «Абылай» дастанын және өлеңдерін (1971) түрік
тіліне аударып, тұңғыш рет «Қазақша-түрікше» сөздік
шығарды. Ізмірде «Түркелі» деген журналдың шығуын
ұйымдастырып, Мұстафа Шоқай жолын жалғастырды.
Шығыс Түркістандағы қазақтардың еркіндік жолындағы
Досан Баймолда
күресі жайлы өмір шежіресін баяндаған «Елім-айлап
өткен өмір» атты ғұмырнамалық кітабын жазды.
Хасен аға Алаш көсемдерінің бірі – Мұстафа
Шоқайды өзіне үлгі тұтты. Алашорда ойшылдарының
идеясын қуаттады және оны жалғастырды. Сондай-ақ ол
алашшылардың бай мәдени мұрасынан өзіне сарқылмас
рухани қуат алып отырды. Сондықтан да ол ғұмыр бойы
Алаш идеясын үгіттеп, алашшылардың арманын арман
дап, мәдени мұрасын насихаттады. «Азаттық» радиосында
Хасен Оралтай 27 жыл бойы қызмет атқарып, оның 9
жылында Азаттық радиосының қазақ бөлімінде директор
болып басшылық етті. «Азаттық» радиосында қызмет
істеген жылдары Хасен аға дүние жүзі қазақтарына тарих,
қоғам, заман туралы ақиқатты жеткізуге көп еңбек сіңірді.
Ұлы Абай көздеген ұлттық сананы, еркіндік мұраттарын
қалыптастыруға үлес қосты. Азаттық радиосында жұмыс
істеген кезден бұрын да, кейін де қарлығаш қанаты
мен су сепкендей болса да, қазақтың өзекті мәселеле
рінің жаршысы жұмысын атқаруға талпынды. Х.Оралтай
«Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдары Алаш
қайраткерлері туралы хабарларын әуе толқыны арқылы
тарата бастады. Ол тұста темір тордың ішінде тұншыққан
қазақ халқы қалың ұйқыда еді. Хасен ағаның азаматтық
ұстанымы мен қоғамдық көзқарасы айқын болды. Ол
қазақтарға қатысты кез- келген мәселеге ұлттық мүдде
тұрғысынан қарады, және ұлттық мүддені, яғни ұлттық
идеяны насихаттады.
Хасен Оралтай «Азаттықта» қызмет еткен 27 жылда
кеңестік бұғаудағы қазақтың өзекті мәселелерін ұдайы
көтерумен болды. Қазақстан халқына еркін де бейтарап
ақпарат беруге тырысты. Оған мысал ретінде, 1986 жылғы
желтоқсандағы қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсы
көтерілісі туралы күллі әлемге «Азаттық» радиосы арқылы
Еуропадағы қазақтар
алғашқы болып жар салды. 1995 жылы «Азаттық» радиосы
Германияның Мюнхен қаласынан, Чехияның Прага
қаласына көшіп барды. Радио басшыларының «әлі де біраз
жыл қазақ бөлімін басқарсаң қайтеді»– деген ұсынысына
қарамай, Хасен аға жасының келгенін алға тартып, еңбек
демалысына шықты. Хасен Оралтай қырық жыл бойы
қиянда жүріп «Алаш-Алаш!» деуден жаңылмады. Хасен
аға өзі кезекті демалысына шығарда «Азаттық» радиосы
ның қазақ бөлімінің журналистеріне қарата: «Сендерге
айтар аманатым, жыл сайын Мұстафа Шоқай, Әлихан
Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулатұлының
туылған күні мен өмірден озған күніне арнайы хабар
дайындап, олардың халқына жасаған қызметін, азат
тық үшін күрескен күрестерін, аңсаған армандарын,
іске асыра алмаған идеяларын тыңдарманның құлағына
жеткізіп, санасына құйып отырыңдар. Екінші айтарым,
Шығыс Түркістандағы Оспан батырдың ұлт-азаттығы
үшін күрескен күресін, елінің дербестігі үшін айқасып
өткенін, қалай айуандықпен өлтірілгенін еске алып, сол
датаға орай жыл сайын хабар беріп тұрыңдар. Алаш
орда үкіметінің құрылған күнін ұмытпаңдар. Сондағы
қазақ мемлекетін құрып, соның қалыптасуына жанын
сала күрескен Әлихан Бөкейханұлы бастаған қайрат
керлерді еске алып отыру сендерге аманат. Жалпы,
желтоқсан айы қазақ халқы үшін атаулы күндерге
толы. Желтоқсан көтерілісі, жастардың азаттық үшін
бас көтеруі, естеріңнен шыға қоймас. Осындай айтулы
кезеңдерді «Азаттық» радиосының қазақ бөлімі ешқашан
назардан тыс қалдырмасын. Халқымыз үшін кез-келген
маңызды оқиға, ұмытылмас тұлғалар ескерусіз қалма
сын. Бұл келер ұрпаққа қажет. Бұл Отан, Ұлт үшін, оның
ұлттық тәуелсіздігі үшін күресіп қаза болғандар да, тірі
қалғандарға да құрмет саналады. Жас ұрпақ, жас буынға
Досан Баймолда
өнеге болады Менің соңғы аманатым, өтінішім осы», деп
Прагадағы журналистерге қадағалап тапсырған еді.
Ұлтын өлшеусіз сүйген Хасен Оралтай, көзі жұмыл
ғанынша
қазақ
халқының
болашағына
қалтқысыз
қызмет етумен болды. Хасен Қалибекұлының өмір
жолы, қоғамдық саяси қызметі XXІ ғасырдағы қазақ
жастарына үлгі боларлықтай тұлға екенін мойындауы
мыз керек. Ұлтын сүюді, оған қалтқысыз қызмет етуді
Хасен Оралтай сынды біртуар тұлғадан үйренуіміз керек.
Қазақ үшін бойын кернеген ой-пікірін жеріне жеткізе
айтып, сөзі жеткенше қалам сермеп, тарихта қалдыруға
тырысты. Бүкіл ғұмыры жат жұртта өткенімен, жүрегі
әр дайым «қазақ» деп соқты, әрбір сөзінде «қазақ аман
болсын» деп тілегін қосып отыратын қазақ ұлтының
шын жанашыры бола білді.
Алаш рухын асқақтатып өмір сүрген Хасен Оралтай
Еуропадағы қазақтар арасында нағыз қайраткер бола
білді. Оның тұтас ғұмыры әкесі Қалибек Хакімнің
басынан кешкен қанды күндердің жалғасындай елім деп
еңіреп өтті.
Гималайды бірге асқан
Қойыншы мен Тосынның тағдыры
Бүгінде жасы 80 жасқа келген Берлин қаласының
тұрғыны Әбейдулла Қойунчи-Қойыншы (қазақшасы –
Қойшы) ақсақал және Алғаш Батыс Берлинге түрік
жұмысшыларымен бірге көш бастап келген төрт қазақтың
бірі Арыстан қажы Тосун-Тосын (қазақшасы – Тайынша)
екеуі де 12 жас шамасында Қытайдың Баркөл аймағы
нан Цинхай, Тибет арқылы Үндістанға көшкен ауыртпа
лығы мол, қиындығы көп Солтаншәріп Зуқаұлы бастаған
қазақ көшінде болыпты. Жолда Гималай тауларының
Еуропадағы қазақтар
бір биік жотасы арқылы асқан кезде, бір күнде 32 адамға
«ыс тиіп» ауырып, 30-ы өліпті. Ол заман Тибеттің биік
таулы жерлеріндегі ауа құрамындағы оттегі газы аз
болатындығын қазақтар білмесе керек. Сондықтан «ыс
тиген» кезде, яғни құрамында оттегісі аз, көмір қышқыл
газы көп ауамен тыныстаған кезде, денелері ісіп, ол
ісік кеудеге дейін көтерілген кезде, өліп қала берген. 12
жастағы Әбейдулла балаға да «ыс тиіп» көштегі бір балгер
қазақ маңдайынан дереу қан алып, теріге орап, терлетіп
содан кейін барып жазылыпты. Оның айтуынша, Тибет
жеріне кіріп келгеннен кейін-ақ басы домалақ мақта шөп
секілді бір шөпті адам да, мал да аяғымен басқан кезде,
маңайда шаң-тозаң пайда болып, оның иісінен адам да,
мал да уланып, тыныс ала алмай жығылып қала берген.
«Әсіресе малдың көбі осы шөптің кесірінен қырыл
ды», – дейді Әбейдулла ақсақал. Талай бейнетті, талай
қиындықты артқа тастап Үндістан шекарасына келгенде
олардың алдынан тағы бір бөгет шығып біраз кідіруге
тура келеді. Өйткені Үндістан үкіметі: «бұл қашып, босып
жүргендер кімдер, не мақсатпен Үндістанға барғылары
келетіндіктерін» анықтау керек болған. Ақыры оларды
шекарадан өткізу туралы орталықтан бұйрық келген соң,
бұл қазақтардың діні мұсылман екендіктерін ескеріп,
мұсылмандар тұратын Кашмир аймағына баруға рұқсат
етеді. Ол жерде 1951-1953 жылдары тұрып, ақыры 1953
жылы Түркияға көшкен. Соның алдында олардың
халықаралық көші-қон ұйымы мен Түркия үкіметіне
жазған арыз-өтініштері негізінде, Түркияның уалаят,
аймақтарынан үкімет адамдары келеді. АҚШ өкіметі де
оларды қабылдауға, Аляскаға барып қоныстануларына
келісім береді. Алайда босқын қазақтар «Американың
Аляскасына бармаймыз, Түркияға барамыз», – деген соң
Түркия өкіметі өзіне қабылдап, қазақтарға жер береді,
кәсіп үйретеді, «Алтайкөй» деген ауылды тұрғызып бе
Досан Баймолда
реді. Әбейдулла Қойыншы ақсақал сол жылдардағы
тұрмыс тіршіліктің қиындығынан өзінің оқу оқи
алмағанын айтады. Ол 1960 жылы Түрік армиясына
әскерге шақырылып, сонда 6 ай әскери міндетін өтепті.
1962 жылдан Түркиядан жұмысшылар Германияға
кете бастаған хабарды естіп барғысы келгенімен «әлі
жассың» деп ағасы жібермей қойыпты. Содан 1968
жылы түрік жұмысшыларымен бірге Германияға келіп,
Франкфуртке жақын бір қалада тоңазытқыш жасайтын
зауыттың дайын өнімді қораптау бөлімінде 2 жыл жұмыс
істепті. Содан батыс Берлинге ауысып, әйгілі «Симменс»
компаниясында 25 жыл жұмыс істеген. Бұл жерде де
дайын болған өнімдерге мөр басу, қағаз-картонмен
қораптау бөлімінде істепті. Ол басында тілін, салт-
дәстүрін білмейтін жат елде талай қиыншылықтарды
басынан кешкенін айтады. «Әсіресе алғашқы кезде неміс
тілін білмегендіктен, көп қиналдым, кейін тілді меңгере
келе компания айына төлейтін 600 неміс маркасын 700
маркаға дейін өсірді»,– дейді бүгінде көзі тірі Әбейдулла
Қойыншы ақсақал. Сол заманда бұл Түркия үшін көп
ақша болатын. Ол кез Түркияның экономикасы жақсы
дамымаған, халқы кедей кез болатын.
Ал, Зуқа батырдың немересі Арыстан Тосын Түркия
жерінде қаршадайынан жұмыс істеді, Гималай асқанда
қайтыс болған ағасының артында қалған жесір жеңгесі
мен шиеттей балаларды асырау, Арыстанның мойынына
жазылды.
Жасынан
өмірдің
осындай
қиындығын
көріп өскен жас Арыстан түріктермен бірге кәсіп іздеп,
Германияға барады. Ол Батыс Берлин қаласындағы
пошта саласында табан аудармай 32 жыл еңбек етіп,
зейнетке шығады. Екінші дүниежүзілік соғыс зарда
бын қатты тартқан Германия алғашында Италия
дан, Испаниядан және Грециядан жұмысшылар ша
қырған екен. Сөйтсе, олардың көбі немістерден қалған
Еуропадағы қазақтар
жұмыстарды істегілері келмей түрлі сылтау айтып, кейде
жұмысқа шықпай қояды екен. Содан кейін, Германия
үкіметі Түркиядан жұмысшы алуға келісім жасайды.
«Бір жағынан өзіміздің тұрмыс жағдаймызды көтеру
үшін, екінші жағынан соғыстан қатты қираған Герма
ния экономикасын көтеруге көмектесу үшін келсек те,
кейде неміс жұмысшылардың өздері де жалқауланып,
жұмысқа шықпай қоятынын көріп таң қалатынбыз»,
дейді ол. Сол жұмысы үшін неміс жұмысшысына күніне
20 неміс маркасын төлесе, түрік жұмысшыға соның
жартысын яғни 10 марка ғана төлейтін және немістер
бізді «гастарбайтер» яғни «қонақ жұмысшылар» деп бір
жағы мақтап, бір жағынан қалжыңдап атайтын, дейді ол.
Бүгінгі күні Берлин қаласында тұратын Абейдулла
ақсақалдың екі қыз, бір ұл баласы бар. Барлығы да Берлин
қаласында туған, Германия азаматтары. Үлкені Гүлердің
мамандығы дәрігер, жолдасы түрік жігіт, екі баласы бар,
ал екіншісі Гүлдер сатушы, жолдасы Түркиялық қазақ,
екі баласы бар. Ұлы Мұрат Дюссельдорф қаласындағы
радиода жұмыс істейді. Әйелі түрік қызы. Абейдулла
ақсақалмен 40 жыл отасқан Кәбира апай да «Симменс»
компаниясының бір зауытында жұмыс істеп, зейнет
ке шығыпты. Екеуі жаз айларын Түркияның Стамбұл
қаласындағы
Гүнешілі
ауданындағы
өздері
салып
алған жеке үйлерінде өткізеді. Қытайда, Моңғолияда
және Қазақстанда туыс-туғандары бар. Әбейдулла
ақсақал осы жасында сол туыстарын іздеп Қазақстанға,
Қытайға, Моңғолияға әлденеше рет барғанын, ал олар
дың көбін Германияға арнайы шақырғанын, Еуропа
ны аралатқанын айтады. «Германияда тұрып жатқан өзі
секілді қазақтардың үлкендері азайып, барған сайын
бұрынғыдай емес ағайын-туыс арасындағы байланыс
нашарлап барады. Жастар қазақтың бұрынғы салт-
Досан Баймолда
дәстүрлерін ұмыта бастады, үлкендерді сыйлау дегенді
білмейтін болды. Енді 10-15 жылдан кейін не болатынын
айту қиын»,– дейді ол. Қәзір жаз бойы Түркияда той көп.
«Ал, жастар тұрмақ, үлкендердің өздері атажұрт Қазақ
станға барғысы келмейді», – дейді Әбейдулла Қойыншы
ажана.
Алтай қазақтарын бастап Гоминданға қарсы күресте
ерлік жасап, кейін қытайлар тарапынан басын алғызған
атақты Зуқа батырдың немересі Арыстан Тосын қажы
болса, Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң-ақ, ат
тізгінін атажұртқа қарай бұрды. Ол қазақтың әмеңгерлік
жолымен бас құраған өзінің жеңгесі яки бәйбішесінің
рұқсатын алып, көшуге бел байлады. Еуропа топырағында
өмірге келген 4 баласын ержеткізіп, екі қызын құтты же
ріне қондырып, екі ұлын үйлендірген соң бұндай шешім
ге барды. Атажұртын қашанда есінен шығармаған Арекең
Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде ерекше шаттыққа
бөленді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назар
баев ресми сапармен Ұлыбританияға барған кезде, Еуро
пада жүрген қазақтар арасынан Арыстан алғашқылардың
бірі болып, Елбасымен жүздесіп, шетелдегі қазақтардың
тағдыр-тауқыметін жеткізу бақытына ие болды. Әрине
бұл Президенттің ресми сапар хаттамасына кірмеген еді.
Германиядағы қазақтардың тыныс-тіршілігіне қатысты
сұрақтардан соң, Н.Назарбаевтың «зейнетке шыққан
соң елге қайтыңдар» деген сөзі оның туған елге деген
сағынышына қанат бітірді. Ол қәзір Алматы қаласына
жақын Райымбек ауылында түтін түтетіп, бай- бақуатты
өмір кешіп жатыр. Арекеңді бүкіл Қазақстан таниды
десек, артық айтпағандық болады. Ұлтжанды, үйінің есігі
кімге болсын, үнемі ашық тұратын ақкөңіл, қонақжай
Арекең атажұртқа қазақтың ұмытыла бастаған «Қара
жорға» биін алып келді. Қазақ елінде Алтын есімді жас
Еуропадағы қазақтар
әйелге үйленіп, екі балалы болды. Атасы Зуқа батыр
дың есімімен аталатын мешіт тұрғызды, сөйтіп жергілікті
халықты имандылыққа баулуда қолынан келгенше еңбек
етіп келеді.
Немістер қымыз жасауды қолға алыпты
Азия даласын талай ғасырлар бойы мекен еткен қазақ,
мұңғыл, қырғыз, башқұрт секілді көшпенді халықта
рға ортақ екі нәрсенің бірі киіз үй болса, екіншісі қы
мыз болмақ. Қазақтың көшпелі өмірінде ауруға ем, сауға
қуат берген осы қымыз. Қазақ пен қырғыз «қымыз»
десе, мұңғылдар «айраг» деп атайды. Ал шетелдіктер
болса, «кумыс» деп атайтын қазақ халқының ежел
ден пайдаланып келген, бие сүтінен жасалатын осы
таңғажайып сусыны, дастарханның сәні қымызды әлем
нің басқа елдері де зерттеп, өндіре бастағаны туралы соңғы
кезде жиі айтылатын болды. Өзіміздің атам заманнан бері
келе жатқан осы сусынымызға шетелдіктер неге қызыға
бастағанын біле жүрген артықтық етпейді.
2014 жылы маусым айының басында Германия
ның Мюнхен қаласына сапармен барған едім. Сондағы
қазақ ағайындармен кездесіп, әңгімелескен кезімде,
Мюнхен қаласына жақын Мьюлбен деген жерде қымыз
ашытатын неміс отбасы тұратындығын естідім. Расымды
айтсам алғашында бұған не сенер, не сенбесімді білмей,
бұл жаңалыққа бір жағынан таң қалған едім. Мюнхендік
қазақтар: «Ел-жұртты сағынған кезімізде, көлігімізге
мініп, сол қымыз ашытатын неміске шауып барамыз.
Алтайдың бал татыған сары қымызына қайдан жетсін.
Дегенмен шөлімізді бір басамыз»,– деп айтқанда ақыры
сенуге тура келді.
Досан Баймолда
Көп кешікпей мамыр айының басында Берлин қала
сында өткен Еуропа қазақтарының кіші құрылтайына
арнайы шақырылған, қазақтың ұлттық сусыны қымыз
жасауды технологиясын жақсы меңгерген Мьюлбен
тұрғыны Ханс Цольманнмен кездесіп әңгмелесу сәті
түсті. Ол әйелімен бірге Еуропада жүрген қазақтардың бас
қосу жиынына, өздері өндірген қымызды және қымыз
дан жасалған неше түрлі өнімдерін насихаттау және сату
мақсатымен келіпті. 250 мл кішкене бөтелкеге құйылған
қымыз бағасы 3 евро, ал сол мөлшердегісін ашық ыдыспен
алсаңыз 2.50 евро екен. Құрылтайға жиналған халық осы
неміс кәсіпкерінің қолынан жасалған қымыздан ішіп
көріп «өзіміздің қымыз секілді ғой» деп жатысты.
Неміс кәсіпкері Ханс Цольманның айтуынша, Еуро
па тұрғындарына қымызды насихаттап жүргеніне жарты
ғасырдай уақыт болыпты. Мюльбендегі фермасында
бүгінгі күні 400-ге жуық бие ұстайды. Фермада өнді
рілген қымыз және бие сүтінен жасалған косметикалық
заттарды сату ісімен айналысады. «Бие ұстап, қымыз
ашыту технологиясын қайын атам Рудольф Шторхтан
үйрендім», – дейді ол. Атасы екінші дүниежүзілік соғыс
та кеңес әскерилерінің қолына тұтқын болып түсіп,
ауыр бейнеттерді басынан кешіп, кейін қазақ даласына
айдалып, сонда жүріп қымыздың пайдасын көп көріпті.
Қазақтардың қымызды қалай жасайтын технологиясын
үйреніп, соғыстан кейін еліне қайтып барған соң осы
қымыз жасауды қолға алыпты. Ол үшін жылқы ферма
сын ашып, бие сүтінен қымыз жасай бастайды. Алға
шында немістер оның бұл ісін қолдамаған соң ол өкпе
ауыруымен ауыратын науқастарды қымызбен тегін емдей
бастаған. Кейіннен бұл істі күйеу баласы жалғастырады.
Ол қымыздан басқа бие сүтінен түрлі косметикалық
майлар жасап шығара бастайды.
Еуропадағы қазақтар
Ханс Цольман Германияда қымызды жасау техно
логиясын жетілдіру мақсатында Қазақстанға бірқанша
рет барғанын, сондағы жайылым жағдайында еркін
жайылатын жылқы шаруашылығымен танысып, бие
бауда сауылған бие сүті және содан дайындалатын қымыз
дың кереметтігін айтады. Оның Қазақ еліне жасаған іс
сапарларында бірге болған Мюнхеньде тұратын қазақ
бауырымыз Сүлеймен Шадкам: «қымыздың тіл үйірер
бал секілді тәтті болуы көп жағдайда бие сүтіне, оны
ашыту технологиясына тікелей байланысты болғанымен,
биенің жайылымда жейтін шөбі мен ішетін суының да
қымыз сапасына әсері көп», – дейді.
Бие сүтінде адам ағзасына аса пайдалы заттар, әсіресе
«С» витамині мол болады. Сондықтан оның осындай
емдік қасиеттері барын білген қазақ халқы, әсіресе, өкпе
құрты, яғни туберкулез ауруынан емдеу үшін ежелден
пайдаланып келген. Бүгінгі күні Қазақстаннан тысқары
Моңғолияда және Қытайда тұратын қазақтар ата-баба
кәсібі жылқы өсіріп, бие байлап осы ғажайып сусынды
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.
Бүгінде шетелдерде Жапония, Франция, Германия,
Қытай елдерінде қымыз өндірісі жолға қойылған. Ал,
тіптен Германияда «Қымыз өндірушілер одағы» деген
ұйым да бар. Еуропалықтардың ішінде қымыздың емдік
қасиетін алдымен түсінген француздар көрінеді. Өткен
ғасырдың ортасынан бастап Париж дәріханаларында
қымызды дәрілік қасиетіне байланысты дәрі ретінде
сата бастаған. Бүгінде Германия мен Австрияда қымыз
дан жасалған косметикалық өнімдерді жасайтын зауыт
тар жұмыс істейді. Соңғы 20 жыл ішінде еуропалықтар
экологиялық таза өнім, таза тағамға құмартқалы бері
қымыздың даңқы міне осылай артып келеді.
Досан Баймолда
Берлиндегі қазақ
Оның есімі – Ахмед Баки. Ол 1968 жылы 22 жа
сында, түрік жұмысшыларымен бірге Германияның
Фрейберг қаласына келеді. 1 жылдай уақыт сондағы
пластик бұйымдарын жасайтын зауытта жұмыс істеп,
кейіннен батыс Берлинге ауысады. Ол заманда, батыс
Берлин – саяси түрде АҚШ, Ұлыбритания және
Франция бөліктеріне бөлінгенімен, батыс Германия
ның экономикалық бір аумағы есептелетін. Сол қалаға
жаңадан қоныс аударған жалғыз қазақ баласы Ахмед
үшін, Фрейбергте неміс, түріктермен бірге бір өзі жұмыс
істеу қиын болғаны түсінікті.
Өзінен бір жыл бұрын, яғни 1967 жылы батыс
Берлинге жұмыс істеуге келген ағалары – Арыстан
Тосын, Бекей Өзтүрік, Ырысбай Ерол, Мағзұм Ерол
сынды туыстарын іздеп келгені сол болатын. Бұлар, ол
заманда Германияда жасалынатын әйгілі «Соратти»
шоколад фабрикасында айына 1200-1300 неміс маркасын
алып жұмыс істейді екен. А.Бакидың айтуынша, сол
кезде Германияда еңбектеніп тапқан бұл ақша, Түр
киядағы жарты жылдық еңбек ақымен теңеседі екен.
А.Баки алғашында «АБ» құрылыс компаниясына жұ
мысқа орналасып, жұмысшыларға арналған жатақханада
тұрады. Кейін үйленіп, үйлі-баранды болған соң жеке үйге
шығады. Бетоннан дайын үй қабырғаларын жасайтын
осы құрылыс компаниясында 32 жыл бойы жұмыс істеп,
зейнетке шығады. «Алғашқы кезде немісше жақсы тіл
білмегендіктен, бізді ауыр, қиын жұмыстарға жіберетін.
Кейін немісше үйрене келе, неміс азаматтығын алған соң
жағдай тіптен басқаша болды, айлық жалақымыз өсіп,
3500-4000 неміс маркасы болды», – дейді ол.
Ол Германияға жұмыс істеуге келген қазақтардан
«Германия азаматтығын ең алғаш қабылдаған қазақ
Еуропадағы қазақтар
пын», – деп мақтаныш сезіммен есіне алады. Бүгінгі
күні Берлин қаласында, 30-дай түркиялық қазақ отбасы
тұрады. Ал, Қазақстаннан кәсіп іздеп, немесе оқу, білім
алу мақсатында келіп, біржолата тұрып қалған қазақ
тар саны қанша екенін айту қиын. Ахмед Бакидың екі
ұлы, бір қызы бар. Олар Берлинде туған. Ең үлкені –
Мұхамедхан, тікұшақ жасайтын компанияда инженер
болып істейді. Ал кішісі – Мұстафа мен қызы – Несілхан
екеуінің де травматолог-дәрігер мамандығы бар. Екеуі
– Берлин қаласындағы ауруханаларда жұмыс істейді.
Әйелі – Маузина, ұзақ жылдары «Bosch» компания
сында жұмыс істеген. Қазір – зейнеткер. Ахмед Бакимен
бұған дейін 2 мәрте кездескен едім. Бірінші рет 1995
жылы Абай атамыздың 150 жылдық тойына барар жолда
жолымыз түйісіп, «Қазақстан әуе жолдарының» Ту-154
ұшағымен Венаның халықаралық «Швехат» әуежайынан
Алматыға дейін бірге ұшқанбыз. Ұшақта, бар болғаны
10-15 жолаушы, оның көбісі Қазақстанға аң аулауға бара
жатқан австриялық аңшылар болғандықтан, екі қазақ
– екеуіміз елге жеткенше ұшақ ішінде, 7 сағат бойы
әңгіме көрігін қыздырған едік. Ол заман қажылыққа
әлі бармаған Ақаңның, стюардесса ұсынған Австрия
сырасынан бас тартпайтын кезі. Екінші рет, 1999 жылы
Прагадағы «Азаттық» радиосының қызметкері ретінде,
Берлин қаласындағы Рейхстагтың қайта жөндеуден
өтіп, ашылу салтанатынан арнайы репортаж хабар жасау
үшін келгенімде, осы Ақаңмен тағы бірнеше күн бірге
болғанымыз бар. Ақаң сол жолы, мені Берлиндегі Алаш
арысы – Мұстафа Шоқайдың зираты басына апарған еді.
Берлиндегі қазақ қауымының ақсақалы, Ахмед Бакимен
осы жолы тағы кездесіп отырмын.
Бұл жолы Берлиндегі Гумбольдт университетінің
шақыруымен 3 айға келген сәтті пайдаланып, Ақаңмен
Досан Баймолда телефон арқылы хабарластым. «Хош келдің бе? 2-3 күнде Түркияға кетуші едім, бүгін уақытың болса кел, кездесейік», – дегеннен соң, Берлиннің батыс бөлігін дегі Ратхаус Стиглитц (Rathaus Stіglіts) алаңындағы метро бекеті қасында кездесетін болдық. Қазақ болған соң, келісілген уақыттан 10 минут кешігіп келдім. Неміс тің арасында 50 жылға таяу өмір сүрген Ақаңның өзі де қазақ екендігін байқатып, ол да кешігіп жетті. Сөйтсем, осы жасаған өмірінде Ақаң Берлиннің мен тұрып жатқан бөлігіне өмірі бір келіп көрмеген екен. Ол бірден «үйге барайық, сонда шәй ішіп отырып сөйлесейік», – деді. Үйіңіз жақын ба деп сұрасам, «метромен барамыз, қаланың екінші бір шеті» дейді. «Алыс қой, осы маңайдағы кафелердің бірінде отырып, әңгімелесейік», – дегеніме бой бермеді. Сонымен екеуіміз Берлиннің шырмауық ша иірілген жер асты метросының жолдарымен, Ақаң ның үйіне жақын Рудов (Rudov) бекетіне дейін шамамен 40-50 минуттай жол жүрдік-ау деймін. Метродан шыға, шат көңілді Ақаң өзі тұрған жақта кілең байлар тұра тындығын, мұндағы ауаның ерекше таза екенін, өзінің 30 жылғы жиып тергеніне неміс байларынан қалыс пай, 3 қабатты үлкен үй сатып алғанын айтып өтті. Көше бойындағы үйлер расында үлкендігімен, архитек туралық ерекшелігімен және маңайының тазалығымен көзге түседі. Ақаң өзі тұрып жатқан үйді 4 жыл бұрын бір немістен сатып алыпты. Осы үйде Ақаңның әлі үйленбеген екі ұлы, күйеуге шыққан қызы – күйеуі және кішкентай баласымен, өзі және әйелі тұрады екен. Бұрынғы заманда қазақтар бір киіз үйде бала-шағасымен тұра берген ғой. Енді заман басқаша болса да, Ақаң киіз үйде емес, 3 қабат сарайда бала-шағасымен осылай тұрып жатыр. Елден келген ескі танысы менің құрметіме деп үйдегі жеңгеміз
Еуропадағы қазақтар
құрбан айтта сойылған қойдың басын, жамбасымен
асып қойыпты. Шынымды айтсам, Берлинге келгелі
дұрыстап бір ет жеп, сорпа ішкенім осы болды. Тамақ
тан соң түйенің құмалағындай домалақ бауырсақпен
бірге қалампыр қосылған қызыл күрең шәй келді. Шәй
дастарханына Ақаңның қызы мен күйеу баласы және
кішкентай немересі келіп, бірге отырып шәй іштік.
Алғашқы немересін алдына алып, басын иіскей отырып,
Ақаң күйеу баласының мұсылман дінін қабылдаған
неміс жігіті екенін, тіптен, өзінің Баки деген фамилия
сын әдейі алғанын мақтанышпен айтып өтті. Расында,
көргенді азамат екені байқалып тұрды. Аздап қазақша
үйреніп алыпты. Қызы Нәсілхан дәрігер маман болу
үшін медицина университетінде 7 жыл оқыпты. Қәзіргі
жұмысы – жақсы, айлығы – жоғары екен. «Қазақстаннан
көп адам келіп емделеді», – дейді, ол. «Жақында машина
апатына ұшырап, жарымжан болған бір қазақ келіп
емделіп, дені сауығып шықты. Бірақ ол неміс кассасына
120 мыңдай еуро төледі», – дегенді естігенімде, бұған
сенер-сенбесімді білмей біраз отырдым. Тым қымбат
секілді..
Шәй ішілген соң, Ақаң екеуіміз үзілген әңгімеміз
ді жалғастырдық. Ол, өзі 1976 жылы кеңес заманында
қорықпай
Германия
қазақтарының
алды
болып,
Қазақстанға барғанын айтты. Соның алдында батыс
Берлинде бокстен өткен Еуропа чемпионатына қазақ
боксшылары келіпті. Солар ойнағанда Берлиндегі азға
на қазақ күнде спорт сарайына барып, жанкүйер ретінде
«Қазақ, қазақ» деп айғайлап отырдық,– дейді Ақаң.
Сол жолы Еуропа чемпионы болған шымкенттік Марат
Жақсыбай деген қазақпен жақсы танысып, аға-іні болдық.
Бір жылдай уақыт өте одан Қазақстанға келіп-қайтуға
шақыру келді. «Ол заман Қазақстанға батыс Берлиннен
Досан Баймолда
тіке баратын ұшақ жоқ кез, сондықтан Мәскеу арқылы
Ташкентке барып, сол жерден таксимен Шымкентке
бардым», – дейді ол. Шымкент қаласына барған күннің
ертеңінде КГБ-нің қалалық бөлімшесіне шақырылдым
деп еске алды. 3 адам кезек-кезек сұрақтар қойып отырды.
«Германияға қайдан, қалай келдің? Қанша жылдан бері
тұрасың? Қандай кәсіппен айналысасың? Германияда
тұратын Қарыс Қанатбай деген қазақты білесің бе»,–
деген сұрақтар болды. Қаупісіздік қызметкерлері Ахмед
Бакидан тиісті жауаптарын алған соң, Қарыс Қанатбайға
сәлем айта бар, «өзінің елін жамандамай жүрсін» деп
шығарып салыпты. Бір айдай Шымкент, Алматы, Арыс,
Түркістан қалаларын армансыз аралап елге қайтқан Ақаң
Берлиннен Мюнхен қаласына барып, сонда тұратын
туысқаны, бұрын «Азаттық» радиосында ұзақ жылдары
қызмет еткен Талғат Көкбұлақ, Әлихан Жаналтайлар
арқылы Мюнхен қаласының шетіндегі бір қалашықта
тұратын Қарыс Қанатбайды іздеп тауып, КГБ-нің сәлемін
жеткізіпті. Ол кісі қартайған кезі екен, соғыста басына
тиген мина жарықшағынан операция жасатқандықтан,
маңдай сүйегіне титаннан пластик қойғызыпты. «Әйелі
неміс екен, бірақ балалары жоқ. Үйлері үлкен, тұрмыс
тіршіліктері жақсы екен»,– дейді Ақаң. КГБ-нің сәлемін
айтқан кезде, ол кісі оны қалай қабылдады деген сұрағыма
ол кісі ешбір ашуланған немесе ыза болған белгі білдірмей
жайма-шуақ жағдайда «иә, олар бәрін біледі» деп қана
жауап қайтарыпты. «Азаттық» радиосында ұзақ жыл
дары қызмет еткен марқұм Хасен Оралтайдың айтуынша,
соғыс тұтқыны ретінде немістердің қолына түскен Қарыс
Қанатбай «Біртұтас Түркістан идеясын» ұстанған Алаш
көсемдерінің бірі– Мұстафа Шоқайдың жақтасы ретінде
соғыстан соң елге қайтпай, Германияда қалады. АҚШ-
тың басқаруындағы «Азаттық» радиосында «Түркістан»
Еуропадағы қазақтар
редакциясының құрылуына Қарыс Қанатбайдың көп
еңбегі сіңген деп аталады. Қарыс Қанатбай 1982 жылы
71 жасқа қараған шағында Мюнхеньде қайтыс болды.
Соғыста тұтқын ретінде қолға түсіп, кейін Кеңес еліне
қайтудан бас тартқан тағы бір қазақ Дәулет Тағыберліні
Түркияға барғанында алғаш көріп, таныстым дейді Ақаң.
«Азаттық» радиосының «Түркістан» редакциясынан жеке
отау болып бөлінген «Қазақ» бөлімінің алғашқы бас
шысы болған Дәулет Тағыберлі кейін зейнетке шыққан
соң, Америкаға кетіп, АҚШ азаматтығын алады. Ол кісі
де неміс әйелге үйленеді. Дәулет Тағыберлі соғыстан
бұрын Қазақстанның оңтүстік бөлігінде тұрыпты. Оның
соғыс кезінде қашан, қалай тұтқынға түскені және
одан кейін қайда болғаны анық емес. Өмірінің соңғы
жылдарын АҚШ-та өткізген Д.Тағыберлі 1987 жылы
қайтыс болып, сүйегі Мюнхен қаласына жерленген.
«Азаттық» радиосында ұзақ жылдары қызмет атқар
ған Хасен Оралтаймен өзінің кейбір мәселеде пікірлері
келіспейтіндігін Ахмед Баки ашық айтады. Әрине,
бұл оның жеке көзқарас, пікірі. Хасен аға да бақилық
болғалы біраз жыл өтіпті. «Осындай бірі Қазақстанда,
бірі Қытайда, бірі Түркияда туған қазақ азаматтарының
жат жерде – Германия топырағында небір ауыр, қиын
өмірді бастан кеше жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп,
шамаларынша көмектесіп, кейде бір-бірімен келісе
алмай қалса да, артынан сағынысып бір-бірімен табысып,
ақыл кеңестерімен бөлісіп, ашық жарқын әңгімелесетін
сол бір кездерді кейде сағынамын, сол кез қайтып кел
меске кеткендей күй кешемін»,– дейді жетпісті алқым
дап қалған Ақаң. Берлиннен қайтар күнім жақындап,
Ақаңмен тағы бір рет отырып, еркін әңгімелесейін деген
ойым болмай қалды. Ақаң аз күнге Берлинге келіп,
қайтадан Түркиясына кетіп қалыпты..
Досан Баймолда
Берлинде оқитын қазақ жастары
1920-жылдары Қоқан автономиялық республикасы
құрылған кезде, соның басшысы болған Алаш көсем
дерінің бірі – Мұстафа Шоқай болашақ республикаға
қажет мамандарды даярлау мақсатында Германияға
4-5 қазақ жастарын оқуға жібергені мәлім. Кейін
солардың тағдыры белгісіз болды. Тек қана, Берлин
университетінің ауыл шаруашылық факультетін агро
ном мамандығы бойынша өтежақсыға бітірген торғай
лық Ғазымбек Бірімжановты М.Шоқаймен жақын
болып, оның хаттарын тасыдың деген жаламен КГБ
ұстап, итжеккенге айдап, ақыры 1937 жылы сонда
көзін құртты. Германиядан алған мол білімін халқы
ның болашағы үшін арнамақ болған асыл азамат нәбәрі
41 жасында коммунистер қолынан құрбан болды. Кеңес
үкіметі жылдары қазақ балалары шетелдерге шығып оқи
алмады. Большевиктік коммунистердің кіші ұлттарға
деген солақай саясаты солай болды. Тек қана, Қазақ
елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазақ жастарына
Еуропаның ең мықты университеттерінен білім алуға есік
айқара ашылды. Бұл әрине, Қазақстан Президентінің
«Болашақ» бағдарламасы және басқадай бағдарламалар
арқылы іске асып жатқаны белгілі.
2014 жылдың қазан айының соңында, Германия
ның «DAAD- Deutscher Akademіscher Austausch Dіenst,
яғни Германияның академиялық салада өзара алмасу»
бағдарламасы бойынша, Берлиннің әйгілі Гумболдьт
университетінің Азия, Африка зерттеу инситутының
Орталық Азия зерттеу орталығына 3 айлық ғылыми зерт
теу жұмысымен келген кезімде, Берлинде оқитын қазақ
жастарымен кездесіп, әңгімелесу сәті түскен еді. Менің
алғашқы танысқандарым Қызыр, Қаршыға, Шолпан,
Еуропадағы қазақтар
Мадияр, Жандос, Азамат, Дәурен, Ернұр есімді студент
тер болды. Бұлар әртүрлі мамандық бойынша, Берлин
қаласындағы және Берлинге жақын Вилдау (Wіldau)
және Потсдам (Potsdam) қалаларындағы қоғамдық және
техникалық жоғары университеттерде оқып, білім алып
жатқан қазақ жастары. Қызыр мен Шолпан екеуі Қытай
елінен, ал, қалғандары Қазақстаннан келіп оқып жатыр.
Бір қуанғаным, ол Берлинде оқитын қазақ жастарының
көбі өз араларында қазақша сөйлесіп, туған күн, тағы
басқа мейрамдарда үнемі бастарын қосып, елдің жаңалы
ғымен бөлісіп, әңгіме дүкен құратындықтары. Менің
Берлин қаласына келуіме орай, Гумбольдт универси
тетінің Орталық Азия зерттеу орталығының Қазақ тілі
кафедрасының меңгерушісі, филиология докторы Гүлсім
Масакова мен Берлиннің Техника университетінің
магистранты Қызыр Дағыстан екеуі дастархан жайып,
Берлиндік студенттермен таныстырған кезде, қазақ
жастары жайында біраз мағұламат, мәліметтер алдым.
Тек Берлин қаласында оқитын қазақ студенттерінің саны
25-30 аралығында, ал, егер Берлинің маңындағы Потсдам
және
Вилдау
университеттерінде
оқитын
студент
терді қоссақ, онда 60-тай екен. Ал, жалпы Германия
бойынша оқып жатқан қазақ жастарының саны 500-ден
асатын көрінеді. Берлинде оқитын студенттер арасында
Қазақстан
президентінің
«Болашақ»
бағдарламасы
мен келіп оқып жатқандары да баршылық. Солардың
бірі – Павлодар облысының Баянауыл ауданында туып-
өскен, кейін Қарағандының Техникалық университетін
бітірген Қаршыға Закиров. Ол Берлин қаласындағы
Техника университетінің магистрлік курсын «машина
жасау» мамандығымен бітірмекші. Оның айтуынша,
Қазақстаннан «Болашақ» бағдарламасымен өзі секілді
келіп оқып жатқан қазақ жастарының көбісі сабаққа
Досан Баймолда аса ынталы, тәртіпті. Қазір ол магистрлік жұмысын неміс тілінде жазып жатыр. «Германия жоғары оқу орындарында оқу жүйесі аса қатаң және дұрыс жолға қойылғандықтан сабақтан кешігу, сабақ оқымай бару, емтиханнан құлау секілді жайттар болмайды»,–дейді ол. Ал, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялық өлкесіне қарасты Алтай аймағының Шіңгіл ауданында туып өскен Қызыр Дағыстан болса, Берлин Техника университетінің магистратурасын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітіргелі отыр. Неміс, қазақ, қытай тіліне жүйрік Қызырдың бір ерекшелігі оқуды өзі қалтасынан төлеп оқитындығы. «Кей күндері кешкісін сабақтан соң, жұмыс істеуге тура келеді. Германияда кім қалай оқығысы келсе, соған сай барлық мүмкіндік жасалған»,– дейді ол. Тіптен, студенттер жатахқанасына орналасу сонша қиын мәселе емес көрінеді. Егер бос орын болса, студент деген куәлігіңмен Берлин қаласының кез-келген бөлігіндегі студент жатахқаналарына барып, орналасуға болады. Тек жатахқананың ішкі тәртібін сақтасаң және ай сайын төлеуге тиісті бөлме ақысын (150-200 евро) кешіктірмей төлеп тұрсаң болғаны. Бұл арада қайда тұруды студенттің өзі шешеді. Студент үшін стандарт деп саналатын – 14 шаршы метр бөлмеде, оған қажет барлық жиhаз, үй заттары қойылған. Тамақ дайындайтын және жуынатын жеке бөлмелер бар. Яғни, ешбір алаңсыз оқуға барлық мүмкіндік жасалған. Берлинге жақын Вилдау қаласында оқитын Мадияр мен Жандос екеуі Алматыдағы Қазақ-Неміс университетін бітірген соң, Вилдау техникалық уни верситетіне магистратураға оқуға келіпті. Азамат пен Дәурен де, Вилдау университетіне жаңадан қабылданған жас студенттер. Олар Берлиндегі, Вилдаудағы студенттік өмірлеріне риза екендіктерін айтады. «Ешқайсымыз
Еуропадағы қазақтар
Германияда қалғымыз келмейді, оқу біткен соң елге
қайтамыз. Шетелде алған біліміміздің пайдасын ел
игілігіне арнағымыз келеді»,– дейді Жамбыл облысының
Қордай ауданында туып-өскен Мадияр.
Қытайдың Шыңжаң автономиялық өлкесінің Баркөл
қазақ аутономиялық ауданынан келген Қайрат Қайполла
деген ініміз Берлиндегі Еркін университетінде (Frіe
unіversіtat) түркология бойынша оқып жатса, ал осы
университеттің магистратурасында оқитын Шолпан
да Қытайдың Шыңжаң автономиялық өлкесінің Мори
қазақ аутономиялық ауданынан келіпті. Берлиндегі
оқуларын жалғастырардан бұрын екеуі де Бейжіңдегі
«Ұлттар университетінде» оқыпты.
Техника
университетінің
магистранты
Қызыр
Дағыстанның айтуынша, Германияда жоғары оқу орын
дары екі түрге бөлінеді. Біріншісі, көп мамандыққа
арналған университет, екіншісі арнайы кәсіптік ма
ман даярлауға арналған жоғары техникалық институт.
«Университетке түсу және оны бітіріп шығу біраз
қиындау келеді, ал, екіншісі сәл оңайлау келеді», – дейді
ол. Германия ЖОО-ның бір қатаң тәртібі ол емтихан
тапсырушы студент бір пәннен құлаған жағдайда, екінші
рет қана емтихан тапсыра алатындығы. Кей жағдайда,
профессордың мақұлдауымен үшінші рет емтихан
тапсыруға болатын көрінеді. Бірақ бұл сирек жағдай
көрінеді.
Берлинге жақын Потсдам Университетінде астро
физика бойынша, докторантурада оқып жүрген Ернұр
«аспандағы
ғарыш
планеталарының
қозғалысын»
зерттеумен
айналысатындығын
айтады.
«АҚШ-тың
НАСА агенттігі және неміс астронавтарының ғарыш
тан түсірген суреттері негізінде зерттеу жұмыстарымен
айналысамын»,– дейді ол. «Мұндағы оқуларын бітірген
Досан Баймолда соң, Қазақстанға қайтқан бірнеше баланы білемін, бірақ та олар ол жақтан дұрыс жұмыс таба алмай, осында қайтып келді. Қазір жұмыстары бар. Ал, өзім болсам, докторлығымды қорғаған соң, бірден елге қайтамын»,– дейді Ернұр. Берлинде, Германияда оқитын қазақ жастарының «Қаз-Гер» атты ұйымы бар. Осы ұйымның жетекшісі– Гүлсім Масакова, Берлиндегі қазақ елшілігімен тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктерін айтады. Міне, Еуропа төрінде орналасқан Германия астанасы Берлин қаласында оқитын, қазақ жастарының тіршілік тынысы осындай. Гамбургтегі қазақ дәрігер Ол жігіттің есімі – Шенол Жәдік. Шенол түрікше «әрдайым көңілді бол» деген мағынаны білдіреді. Ал Жәдік оның ата тегі Абақ Керейдің Жәдік руынан екенін білдіреді. Еуропада жүрген қазақтардың көбінің есімдері қазақша, ал, ататегі яғни фамилиялары түрікше болып келеді. Ал біз сөз еткелі отырған бұл азаматтың есімі түрікше де, фамилиясы қазақша. Германияның оңтүстігіндегі Майнс қаласында өмір есігін ашып, сонда немісше орта мектеп бітірген Шенол 1990-жылдардың басында Қазақстанға келіп, бір жылдай Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде дайындық курсын оқыпты. Дайындық курсынан кейін, Шенол Германияға қайта оралып, Франкфурттағы Медицина университетіне оқуға түсіп, оның ми-жұлын ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу факультетін үздік бітіріп шығады. Оқу бітірген соң, біраз жылдары Майнстағы және Франкфурттағы клиникалық ауруханаларда біліктілігін жетілдірген ол, біраз жылдары
Еуропадағы қазақтар Гамбург қаласындағы клиникалық ауруханада бас дәрігердің көмекшісі қызметінде ми-жұлын ауыруларын емдеу жұмысымен айналысады. Бүгінде Германияға есімі кеңінен танымал Шенол Гамбургтен 100 шақырымдай алыс Салзвиг-Холстен аймағының орталығы Киел қаласындағы клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болып істейді. Германия Академиясының «DAAD» ғылыми бағдарламасымен Берлиндегі Гумбольдт университетінде 3 ай болған кезімде жол түсіп, Гамбург қаласына барған едім. Еуропада қазақ диаспорасының қалыптасу тарихын зерттеп жүрген маған Гамбургтегі қазақтардың, әсіресе, Шенолдың телефонын табу оңай болмады. Ақыры Мюнхенде тұратын ескі танысым Темірхан Алтын арқылы Шенолдың үй телефонын таптым. Жаңа жылдың алды болса да, Шенолмен хабарластым. Ол бір-екі күн демалыста екенін, уақы тының барлығын айтып, маған келіп қайтуыма риза хош екенін білдірді. Берлин мен Гамбург арасы 300 ша қырымдай жер. Германияның солтүстігінде Эльба өзені жағасына орналасқан 2 миллиондай тұрғыны бар Гамбург қаласы астана Берлиннен кейінгі Германиядағы екінші үлкен қала, ал Еуропа бойынша сегізінші ірі қала болып саналады. Тарихи ескерткіштерге бай Гамбург – әлем елдерінен келетін жолаушылар және жүк таситын ке мелер тоқтайтын Еуропадағы ең ірі порт қаланың бірі саналады. Мен отырған халықаралық жайлы автобус Берлин-Гамбург арасындағы үлкен даңғыл тегіс жолмен 3 сағаттай ғана уақыт жүрді. Уәде бойынша аутобус бекетінде мені тосып алуға келген Шенол Жәдік өзінің 12 жасар қызы Әлияны да ерте келіпті. Аман саулық сұрасқан соң, ол «егер жолда шаршамаған болсаңыз, Гамбургке жақын өзі жұмыс істейтін Киел қаласына барып қайтсақ», – деді. Сөз арасында осыдан бір аптадай
Досан Баймолда бұрын, Қазақстаннан 6 жастағы Тоқмұқамед Молдыбек деген бала келгенін, оның инсульт алған миына жасалған операцияның сәтті болғанын айтып өтті. «Көргіңіз келсе апарайын, әке-шешесі қасында», – деді. Менің де қызығушылығым оянды. Жол бойы әңгіме тізгінін ағыттық. Әңгімелесіп отырып Германияның ең сол түстігіндегі порт қаланың бірі Киел қаласына қалай келіп қалғанымызды да байқамай қалыппын. Бірден қала орталығына жақын Нейрохирургиялық ауруханаға бардық. Шенолдың айтуынша, Киел қаласындағы клиникалық аурухана Германиядағы ең үздік ауруха налардың бірі болып саналады екен. Соңғы заманның ең жақсы емдеу аппаратуларымен жабдықталған, тіптен төтенше жағдай кезде науқас адамды жедел тасымалдау үшін аурухана төбесіне тікұшақ қонатын арнайы алаңына дейін бар. Шенол бірден өзінің бөлмесіне кіріп, ақ хала тын киіп бізді Астаналық кішкентай «пациент» Тоқмұқамед (Тоқаш) жатқан бөлмеге бастады. Герма нияда ауру адамға деген ерекше қамқорлықты бұл жерден бірден байқауға болады. Медициналық барлық жабдықтары бар бөлмеде бір науқастан ғана жатады. Біз барғанда жасынан аурудың қиындығын көрсе де, бала лық мінезі мен қылығы әлі қалмаған, Тоқаштың басы жартылай таңулы, төсек үстінде ойыншықтарымен ойнап отыр екен. Ал, кеше ғана осы жас сәби баласы үшін жандары ұшып, сонау Қазақстаннан медицинасы күшті ғой деген сеніммен Германия дәрігерлерінен араша, көмек сұрап келген Тоқаштың жанындағы әкесі мен шешесінің көңілдері мәз-мәйрам жағдайда екен. Әсіресе, балаларын өлімнен арашалап қалған Шенол Жәдікке деген олардың ризашылықтары ұшан-теңіз екенін көз дерінен байқауға болады. Қараңызшы, олар Германияға келгенде жастайынан миына қан кету кесел ауруына
Еуропадағы қазақтар
ұшыраған ұлдарын арашалайтын ақ халатты дәрігер қазақ
жігіті болады деп ойлады ма? Әрине, үш ұйықтаса да,
түстеріне кірмеген нәрсе. Тоқаштың мамасы Ләззат
Айқымбаева есімді қарындасымыздың айтуынша, Тоқаш
3 жасында инсульт болыпты. Тілі күрмеліп, бір аяғы
ақсаңдап, кейде талып қалатын болған. Басында ешкім
білмеген, тіптен, дәрігерлер де білмеген. Ешкім де жас
сәби бала инсульт болады деп ойламаса керек. Ақыры
бірнеше дүркін Алматыда және Астанада жасалған бас
тың томографиялық зерттеуі оның миында ұйыған қан
барлығын анықтап берген. Шұғыл түрде операция жасау
керек болғандықтан, 2011 жылы Қазақстандағы ең мық
ты хирург дәрігерлер жұмыс істейтін Астанадағы Ней
рохирургиялық орталыққа Тоқашты жатқызып операция
жасатқан. Басында операция сәтті болып, Тоқаштың
аяғы ақсаңдайтыны, тілі күрмелетіні, кейде талып
қалатыны уақытша жоғалғанымен, уақыт өте келе, бұл
жағдай қайта қайталайды. Міне, осыдан кейін Тоқаштың
әке-шешесі баласын Германияға апарып емдетудің
жолын іздестіре бастайды. Өздерінің айтуларынша,
Астанадағы мемлекеттік басқару академиясында азамат
тық құқық кафедрасының меңгерушісі болып істейтін
Тоқаштың әкесі Талғат Айқымбаевтың «Болашақ»
бағдарламасымен Германияға бір жылға ғылыми тағы
лымдамен баратын болғаны, ауру баласына Германиядан
жақсы дәрігер іздеуге таптырмайтын мүмкіндік болыпты.
Ол Германияға келген соң-ақ, миға операция жасайтын
мықты дәрігерлерді және клиникалық ауруханаларды
іздестіргенін айтады. Сөйтіп жүріп Гамбургте ней
рохирург бір қазақ дәрігер бар деген ақпаратты Берлин
дегі елшілік қызметкерлерінің бірінен алып, Шенолмен
телефон арқылы байланысқан. Шенол мен Талғат 2014
жылдың маусымның 6-8 күндері Берлинде өткен Еуропа
Досан Баймолда қазақтарының кіші құрылтайы кезінде кездеседі. Кішкентай Тоқаштың медициналық анықтамалары және томографиялық суреттерімен танысқаннан кейін баланы Германияға алдырып, қайтадан Германияда томо графиялық зерттеу жасату керектігін айтады. Шенолдың айтуынша, кішкентай Тоқаштың миындағы қан тамырларының бірі өскендіктен, сол тамыр жарылып қан кете берген, содан инсульт болған. Бірақ та қазақстандық дәрігерлер мида жарылған қан тамырына операция жасамай, тек миға кеткен қанды тазалаумен шектел гендіктен, ауру белгілері қайта басталыпты. Біз кішкентай сәби Тоқаш секілді қаншама балалар осындай ауру күйге ұшырағандарын білмей жүретінін, оны Шенол секілді мықты дәрігерлер көмегімен операция жасау арқылы қалай жазуға болатынын кеңесіп отырған кезде, кішкентай Тоқаш өзіне Шенолдың қызы Әлия сыйлаған машина ойыншықпен ойнап, дәлізді басына көтеріп жүргенін көріп, тағы бір қазақ баласын ажалдан құт қарған Германияда тұратын қандасымызға деген риза шылығымыз шексіз болды. Шенолдың айтуынша, өзі басқаратын нейрохирургиялық емдеу бөлімі күн сайын ең кемінде бір ауруға операция жасайды. Көбінесе ми дағы ісіктер, миға қан құйылу, мойындағы, белдегі, жұлындағы ауруларды операциялық жолмен емдейді. Кішкентай Тоқаш және оның әке-шешесі Талғат пен Ләззат екеуімен қоштасып, елге аман-сау жетулеріне тілектестігімді білдірдім. Шенолдың үйіндегі келіннің аты Түн-ай екен. Түрікше де, қазақша да бірдей мағына беретін әдемі есім. Мамандығы экономист. Балаларының үлкені Әлия Гамбург қаласы бойынша жасөспірім қыздар арасындағы каратэ спортының жеңімпазы. Бөлмесінің іші нешетүрлі кубок, мақтау қағаздары мен медальдарға толы. Ертеңінде Шенол екеуміз Гамбург қаласының
Еуропадағы қазақтар
орталығын аралап, түс ауа Гамбургтен 30 шақырымдай
жердегі Гестахт (Geestacht) ауылында тұратын Шенол
дың қайын атасы Айқан Ауыжы ағаға барып сәлем бердік.
Ол кісі Париждегі қазақтардың бір тойына қатысып, ұзақ
жолдан түнде келіпті. Жолда аздап шаршағандарына
қарамастан, алыстан келген қонақ деп сыйлап, маған үй
иесі мен сол үйдегі жеңгеміз құтты дастарханын жайып
қарсы алды. Еуропада жүрсе де, қазақи қонақжайлығын
еш ұмытпаған Гамбургтегі бұл ағайындарға дән риза
болдым. Өзінің айтуынша, Айхан аға 35 жыл Гамбург
метросында істеп, қазір зейнетке шыққан кезі екен. Бір
ұл, үш қыз өсіріп отырған Айқан Ауыжы биылғы жылы
ұлын үйлендіріпті. Ұлан асыр тойды Түркиядағы ағайын-
туыстарының арасында өткізіпті. Ұлы қазір өзінің
жолымен Гамбург метросында техник болып істейді.
Өзінің салып алған екі қабат үйінің ауласында 2-3 көлік
тұр. Айқанның айтуынша, Гамбургте және оның
маңайында тұратын қазақ отбасылардың саны көп емес,
шамасы 5-6 отбасы ғана, ал 1990-жылдардың басында
Қазақстаннан этникалық немістермен бірге, Гамбург
қаласы маңына көшіп келген аралас некедегі қазақтар ды
қоссақ, 20-30 үй бар. Олар той-томалақта үнемі бас қосып
тұрады екен. Сонымен Гамбургтегі ағайындармен хош
айтысып, Берлинге қарай аттандым. Жол бойы Германия
ғана емес Еуропаға да аты таныла бастаған қазақ дәрігері
Шенол Жәдіктің білімі мен біліктілігі Қазақстанға да
керек-ау, осындай азаматтарға жағдай жасап, неге елге
шақырмасқа деген сұраулы ой жетегінде болдым.
Досан Баймолда
Еуропадағы қазақтардың әлеуметтік жағдайына
қатысты жүргізілген сауалнама
(Бұл сауалнама 2014 жылы қараша-желтоқсан айында
Париж, Берлин, Амстердам және Вена қаласында тұратын
қазақтар арасында өткізілді. Барлығы 86 адам қатысты.
Еуропадағы қазақтардың кириллше оқи алмайтындығы
ескеріліп, сауалнама сұрақтары латын әліпбиінде қазақша
және түрікше таратылды.)
Europadagy qazaqtardyng aleumettіk jagdayіna
qatystі saualnama
(Saualnamaga
Parіs,
Berlіn,Amsterdam
jane
Vіena
qalasynda turatyn 86 adam qatystі. Europdadagy qazaqtardyng
cyrіll alіpbyіnde oqy almaytіndygy eskereіlіp, saualnama
suraqtary latyn alіpbyіnde qazaqsza jane turіksze taratyldі )
1. Aty-jonіnіz, tugan jerіnіz, tugan jіlynіz, qazіrgі turgan
elіnіz, qay qalasy,qay audanynda turasyz? Ruyіnіz kіm? 2. Ata-babanyz, ake-szeszenіz qayda omіrge keldі, ne kasіp
іstedі? 3. Ozіnіz qazіrgі turgan elge qaszan keldіnіz, ne kasіp
іsteysіz? 4. Uy semyanyz bar bolsa, ayelіnіz ne іsteydі?, balalarynyz
oqy ma, joq jumys іstey me? 5. Uyde qay tіlde soylesesіzder? Qazaqsza ma, turіksze me
joq alde ozіnіz turgan eldіng tіlіnde me? 6. Ozіnzіdі eng aldymen kіmmіn dep oylaysіz? Nege? 7. Endі 10-15 jylda Europada turatyn qazaqtardyng jagdayі
qalay bolady dep elestedesіz? Qazaq bolyp qalu uszіn ne kerek
dep oylaysіz?
Еуропадағы қазақтар 8. Europada jyl sayіn otіletіn kіszі qurіltay turaly qanday
oydasyz? Qurіltaydі jyl sayіn emes, 2-3 jylda bіr otkіzse degen
pіkіrge qalay qaraysіz?
9. Qazaqstanmen baylanysіnіngz qanday? Bolasaqta
Qazaqstanga baryp turu oyіnіzda bar ma? 10. Europadagy qazaqtar ana tіlі-qazaq tіlіn umytpau,
qazaqtyng salt dasturіn saqtau uszіn sіzdіng oyіnіzsza qanday
jumystar іsteluі kerek? Bul maselede atajurt– Qazaqstan
tarapynan іstelyp jatqan jumystarga konіlіz tola ma?
Saualnama suraqtaryna jauap bergenіnіz uszіn sіzge zor
algysіmdy bіldіremіn.
Prof.Dr Dosan Baіmolda
Abay atyndagy Qazaq Ulttyq Pedagogіkalyq Unіversіtetі
Almaty qalasі, Dostyq alangy 13
e-maіl: dosanb@hotmaіl.com
tel: +7 777329445, +77272711701
qazіrgі tel.+4915214635513 (Berlіn)
Avrupa kazakları sosyal statusları hakkındakі anket 1. Іsmіnіz-soyadınız
a) Doğduğunuz yer
b) Doğduğunuz ülke
c) Şіmdі yaşadığınız ülke/ Şehіr/Mahalle
d) Kaі elsіz ?
2. Ata-babalarınız kіmdі?
a) nerede doğdu ?
b) mesleklerі ?
c) anne babanіzіn іsіmlerі?
d) nerede doğdu
e) mesleklerі ?
Досан Баймолда 3. Şіmdі yaşadığınız ülkeye ne zaman geldіnіz?
a) mesleğіnіz nedіr? 4. Evlі іsenіz, eşіnіz ne іş yapıyor?
a) çocuklarınız okuyor mu yoksa çalışıyor mu? 5. Evde hangі dіlde konuşuyorsunuz? 6. Kendіnіzі іlk olarak kіm olarak görüyorsunuz?
A) Kazak olarak
B) Türk olarak
7. 10-15 yıl іçіnde Avrupa’dakі kazakların durumu ne 8. Avrupa’da yapılmakta olan kurultayın her sene değіl de
2-3 senede 1 kere yapılması fіkrіne nasıl bakıyorsunuz? 9. Kazakіstan’la bağlarınız nasıl? Gelecekte Kazakіstan’a
göçme ve yerleşme fіkrіnіz var mı? 10. Avrupadakı kazakların kendі ana dіlіn unutmamaları
іçіn neler yapılmalı gerekіr? Kazakіstan tarafından yapılan
іşlere memnun musunuz?
Еуропадағы қазақтар Соңы Е уропадағы қазақ диаспорасы екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі уақытта қалыптаса бастады. Диаспораның алғашқы өкілі ретінде аты аталатын, Батыс Еуропада 20 жыл өмір сүрген, Алаш арысы – М.Шоқай және екінші дүниежүзілік соғыстың тұтқыны ретінде Батыс Еуропада қалып қойған қазақ азаматтардың көбі француз, неміс әйелдерге үйленді, балалы-шағалы болды. Өз орталарын көбейтті. Алайда, олар қайтыс болғаннан кейін, артында қалған ұрпақтары сол өздері тұрған ортаға сіңісе бастады. Бүгінгі күні Еуропада қазақ диаспорасы қалыптас қан елдер ретінде 4-5 елді атауға болады. Олар: «Өздерін қазақпыз»– деп санайтын 2 мыңдай қазағы бар Франция және бір жарым мыңдай қазағы бар Германия, 500-ге жуық қазақ тұратын Ұлыбритания сондай-ақ, 150-200 аралығында қазақ тұратын Австрия, Швеция және Нидерландия. Ал, Дания, Норвегия секілді елдерге қазақтар кейінірек барды және ондағы қазақтардың саны тым аз. Сондықтан, ол елдерде қазақ диаспорасы әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Мысалы, Норвегияда «өздерін қазақпыз деп санайтын» бар жоғы тек 10 қазақ отбасы ғана, ал Данияда 15 қазақ отбасы тұрады. 1991 жылдан кейінгі кезде Қазақстаннан Германияға көшкен этникалық немістермен бірге Еуропаға қоныс
Досан Баймолда
аударған аралас некедегі қазақ ұлтының өкілдері және
Қазақстаннан осы жылдары оқу, білім алу мақсатында
немесе кәсіп іздеп келіп, Еуропада қалып қойған
қазақтардың дәл саны жөнінде нақты мәлімет айту қиын.
Өйткені ондай мәліметті Еуропа елдеріндегі Қазақстан
елшіліктерінің консулдық қызметтері бере алмайды.
Париж, Амстердам, Берлин және Вена қалаларында
тұратын «өздерін қазақпыз» деп санайтын (барлығы
86 адам) арасында жүргізілген сауалнама қортынды
сы бойынша, үйлеріңізде қай тілде сөйлесесіздер, деген
сұраққа тек қазақша сөйлесеміз дегендер – 18, қазақша
мен түрікшені арластырып сөйлейміз дегендер – 36, таза
түрікше сөйлесеміз дегендер– 12, түрікше, қазақшаны
француз не неміс тілімен араластырып сөйлейміз
дегендер 18 адам болды. Ал, өзіңізді ең алдымен кіммін
деп ойлайсыз деген сұраққа: ең алдымен «қазақпын»
деп жауап бергендер – 72, «мұсылманмын» деп жауап
бергендер – 6, «түрікпін» деп жауап бергендер саны 6
адам болды. Ал, алдағы уақытта осы елде тұра бересіңдер
ме, жоқ әлде Қазақстанға не Түркияға көшесіңдер ме,
деген сұраққа: көпшілігі бала-шағамызды оқытып тұра
беру ойымызда бар, бірақ жағдаймыз қиындай түссе,
амалсыз не Қазақстанға, не Түркияға қарай көшеміз,
десті. Қазақстаннан келген қазақтармен өз араларыңызда
неге араласпайсыздар, деген сұраққа олар: «Өмір сүрген
елдеріміздің өзгешелігінде, біз өз арамызда түрікше
сөйлесіп кетеміз, ал олар өз араларында орысша сөйлеседі
екен», – деген жауап берісті.
Бүгінгі күні Еуропада жүрген қазақтарды бірік
тіріп тұрған негізгі бір нәрсе – олардың өздерін қазақ
этносына, оның құрамындағы белгілі бір руға (көбі Орта
жүз ішінде Керей, Уақ, Найман және кіші жүз қазақтары)
тән екендігін мойындауы, этникалық тілі мен салт-
Еуропадағы қазақтар дәстүрін жоғалтпауы. Қазақ диаспорасына тән сипат – өзі өмір сүріп жатқан ортасында сандық тұрғыдан азшылық болуына қарамастан, өз ерекшеліктерін құндылық ретінде сақтап қалуы. Еуропа қазақтары жыл сайын қазақтар тұратын бір қалада Еуропа қазақтары ның дәстүрлі кіші құрылтайын өткізіп тұрады. 2-3 күнге ұласатын бұл құрылтайда мәдениет іс-шаралары және қазақ жастарының арасында футбол турнирі өтеді. Құрылтай аясында өтілетін дөңгелек үстелде қазақ тіліне және ұлттық-мәдени мәселелерге қатысты проблемалар талқыланады. Еуропадағы қазақтар ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау жағынан көштен қалмаса да, алдағы уақытта қазақ жастары үшін бұл жағдай қиындай түспекші. Еуропадағы қазақ диаспорасының үлкендері жас буынның барған сайын өз ана тілін ұмытып, өздері нің кім екендіктеріне аса мән бермей, өмір сүріп жатқан ортаға сіңіп бара жатқанына, аса алаңдаушылық таны тып отыр. Еуропа қазақтары балаларының өз арасында танысып, үйлегендерін және ағылшын, неміс, француз және басқа тілдерді үйреніп, жақсы білім алуға талпын ғанын қолдайды. Алайда, қазақ жастарының өздерінің арғы тектері кім екендіктерін қайдан келгендерін, қазақ тілін, қазақ салт дәстүрін барған сайын ұмытып, жүрген орталарына сіңіп бара жатқаны байқалады. Алдағы 15-20 жылда, бәлкім, 30 жылда Еуропадағы қазақ диаспорасы жоғалу қаупі бар. Себебі қазақылық қасиет бойына сіңген, қазақ тілінде сөйлейтін қазіргі 70-80 жасты еңсерген қариялар және одан кейінгі 40-тан асқан орта буын кеткен соң, қазақша ешкім де сөйлей алмайтын болады. Біздің байқауымызша, қазіргі Еуропадағы жас ұрпақ өздерінің қазақ екенін білсе де, бірақ оны онша жақсы сезінбейді. Олар өздерін «қазақпыз» дегеннен гөрі көбінесе «түрікпіз» деп санағанды жөн көреді.
Досан Баймолда
Қазіргі әлемді шарпыған жаhандану жағдайында Еуропа
дағы қазақтар үшін болашақта түрік болып қалудың өзі
уақыт өткен сайын қиындай бермек. Ұрпағының қамын
ойлап, қазақ болып қалуды ойласа, онда жалғыз жол бар,
ол атажұрт – Қазақстанға қоныс аудару. Бірақ Еуропа
жағдайына үйреніп қалған қазақ диаспорасы Қазақстан
ға онша барғысы келмейді, олар үшін қайта сол тұрып
жатқан елдері немесе Түркия жақынырақ. Еуропада
жүрген қазақтар атажұртқа біржола көшіп келмесе де,
Қазақстанмен арадағы барыс-келістері жаман емес.
Соңғы жылдары қайсыбіреулері балаларын Қазақстанда
оқыта бастады. Қазақстанға келіп, кәсіп көзін іздеп, жер
сатып алып, кішігірім цех, өндіріс ашқан қазақтар да
баршылық. Қазақ қайда жүрсе де, ең алдымен атажұртын,
елін-жерін сағынады. Сондықтан болар, Еуропада жүрген
аз ғана қазақ өздері тұрып жатқан қоғамның әсеріне әзір
ше тым ұшырай қоймай, қазақи салт- дәстүрлерін сақтап
келе жатыр. Алайда алдағы уақытта бұл ағайындардың
рухани жағдайы барған сайын қиындай түсері анық.
Біз бұл еңбегімізде, Еуропадағы қазақ диаспора
сының тарихы мен бүгінгі жағдайын сөз еттік. Қәзіргі
әлемдік жаhанданудың және Еуропа елдерінде тұратын
ұлттардың интеграцияға түсуінің жедел жүріліп жатқан
жағдайына байланысты, алдағы уақытта Еуропадағы
қазақ диаспорасының болашағы аса күңгірт болатын
дығы туралы өз болжамымызды айтып өттік.
Еуропадағы қазақтар
Еуропада өмір сүрген
кейбір танымал қазақтар
туралы
М ұстафа Шоқай (1890-1941). Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркіс тан Автономиясының жетекшісі. жылы Санкт-Петербург Императорлық университе тінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жыл дары империя астанасындағы демократиялық қозға лыстарға қатысқан. Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде, Алаш идеялары мен мұраттары аясын да қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. Өмірінің соңғы жылдары Түркия арқылы Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Польша жеріндегі Германияның тұтқындар лагерлерінде азап шеккен ортаазиялық соғыс тұтқындарының ауыр жағдайына араша түскен М.Шоқай небәрі 51 жасында 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Марқұм Берлиннің батыс бөлігіндегі түріктер зиратына жерленген.
Досан Баймолда
Қарыс Қанатбай (1911-1982). 1911 жылы Қазақ
станның қазіргі Батыс Қазақстан облысында туған,
ұлты қазақ. 1936 жылы Свердловск қаласындағы тау-кен
институтын бітірген, соғысқа дейін Қазан қаласында
инженер, кейінірек басшы қызметтерін атқарған. Герман-
Кеңес соғысына офицер шенінде қатысып, 1941 жылы
тұтқынға түсіп, түрмеден Мұстафа Шоқайдың көмегі
мен босап шығады. 1942 жылы Түркістан ұлттық коми
тетінде жауапты хатшы қызметін атқарған. Түркістан
ның ұлттық тәуелсіздігі үшін қызмет еткен тұлғалардың
арасында Қарыс Қанатбай есімі Мұстафа Шоқайдан
кейін айтылады. «Mилли Tүркістан Бірлік Комитетінің»
хатшысы міндетін атқарған және соғыстан кейін «соғыс
кылмыстылары» қатарында, Мюнхен қаласы жанын
дағы Дахау (Dachau) концлагерінде американдықтар
жағынан бір мезгіл қамалған Қарыс Қанатбай шетел
дерде өмір сүретін қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен және
тәжіктердің бәрін Мұстафа Шоқайұлы салған «Біртұтас
Түркістан жолы» ұстанымы бойынша ұйымдастыруға
кіріседі. Соның нәтижесінде 1951 жылдың қыркүйек
айында Мюнхен қаласында «Түркелі – Түркістан Азат
тық Комитетінің Органы» деген атпен екі тілде: түрікше
және орысша «Түркелі» журналын шығарып тұрған. Ол
– «Азаттық» радиосында қызмет етпесе де Орта Азия
редакцияларының ашылуына тікелей араласқан, өзіндік
ықпалы болған күрескер тұлға. Қ.Қанатбай антикеңестік
эмигранттардың Висбаден конференциясына делегат
ретінде қатысқан. Қ.Қанатбайдың жазған естелігі,
жарияланған еңбектері бізге әзірше беймәлім. Дегенмен
де оның көптеген тарихи маңызды істерге куә екені
белгілі, ол 1982 жылы 71 жасында Мюнхен қаласында
қайтыс болған.
Еуропадағы қазақтар
Мәулікеш Қайбалды (Асан Қайғы) ( – 1969). Ленин
град университетінің философия факультетін бітірген,
қазақ ақыны. М.Қайбалды соғыс басталар алдында
Алматы университетінде орыс әдебиеті пәнінен сабақ
беріп жүргенде әскерге шақырылып, соғыс кезінде
немістердің қолына тұтқынға түскен. Оны Мұстафа
Шоқайдың өзі тұтқыннан босаттырып, Берлинге алдырт
қан екен. Соғыста немістер қолына түскен, ортаазия
лық және қазақстандық тұтқындар арасында тараты
лып тұрған «Милли Түркістан» журналында «Асан
қайғы» деген бүркеншік атпен Мәулікеш Қайбалды
Алашорда қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан
Бөкейхан, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы
және Сәкен Сейфуллаұлы мен Бейімбет Майлыұлының
жазған еңбектерін көпке таныстыруда біршама еңбек
етеді. Өз білім жігерін үлкен мақсатқа жұмылдырған
М.Қайбалды Берлинде сегіз айлық аудармашылар
курсын оқып бітіреді, одан кейін Майндағы Франкфурт
университетінің неміс философиясы және ағылшын тілі
факультетінде білім алады. Оның неміс журналдарында
әдеби мақалалары жарияланып тұрады. Германияда неміс
тілінде «Жұмақтан жеткен жансауға үні» атты романы
жеке кітап болып, жарық көреді. «Азаттық» радиосының
«Түркістан» редакциясының алғашқы директоры болып
істеген Асан Қайғы (Мәулікеш Қайбалды) 1969 жылы
белгісіз жағдайда қайтыс болады. Оның өлі денесі
Мюнхен қаласы шетіндегі темір жол бойынан табылған.
Хакім Тыныбеков. 1914 жылы Ақмола облысының
Қорғалжын ауданында туған. Соғысқа дейін КСРО
Ғылым академиясының Қазақ филиалының ғылыми
қызметкері. Түркістан ұлттық комитетінде (ТҰК) «Милли
Түркістан» журналының редакторы, кейін барлық
мұсылман комитеттерінің орталық органы — «Түрік
бірлігі» газетін ұйымдастырушылардың бірі.
Досан Баймолда
Дәулет Тағыберлі (1919-1987). Екінші дүниежүзілік
соғыста
немістер
қолына
тұтқынға
түсіп,
кейін
Германияда қалып қойған қазақ. Дәулет Тағыберлі Арқа
жақтағы Керей руынан, соғыстан бұрын Қазақстан
ның оңтүстік бөлігінде тұрыпты. Оның соғыс кезінде
қашан, қалай тұтқынға түскені және одан кейін қайда
болғаны анық емес. «Азаттық» радиосының «Түркістан»
редакциясында Асан Қайғыдан кейін қызмет істе
ген – қазақ бөлімінің жеке редакция болып құрылуына
белсене атсалысқан қазақтардың бірі. Д.Тағыберлі
басқарған кездегі «Азаттық» радиосының «Түркістан»
редакциясында болған бір айтулы оқиға – қазақ тілінде
ғана хабар беретін «Түркістан-3» деп аталған редакция
ның жеке бөлініп шыққандығы. Өмірінің соңғы жыл
дарын АҚШ-та өткізген Д.Тағыберлі 1987 жылы қайтыс
болып, сүйегі Мюнхен қаласына әкелініп жерленген.
Жәкебай
Бапыш
(1922-2000).
Қызылорданың
Қармақшы ауданында дүниеге келіп, сондағы пед
институттың екінші курсын бітірген соң 18 жасында
әскерге алынып, кіші офицерлер курсын оқып жүргенде
соғыс басталады. Майданда қоршауда қалып неміс
тер қолына тұтқындалған. 1945 жылы неміс түрмесінен
қашып шығып, қалжырап, сырқаттанып, талай бейнетті
көріп, әрең деп өлім ауызынан қалған соң Германияда
қалып
қойған
қазақ.
Қиыншылықтарға
қарамас
тан Германияның Нюрнберг қаласындағы радио-тех
ника институтына оқуға түсіп, «Азаттық» радиосының
көмегі мен қолдауы арқылы сол білім ошағын ойдағыдай
бітіреді. Д.Тағыберліден кейін радионың қазақ бөлім
шесінің директоры болған Жәкебай Бапыш – радиода
1955 жылдан 1986 жылға дейін 31 жыл, ең көп жұмыс
істеген ардагер қызметкер. Өмірінің соңғы жылдары
Мюнхенде өмір кешкен, Ж.Бапыш ақсақал 2000 жылы 31
мамырда 78 жасында қайтыс болды.
Еуропадағы қазақтар Мәжит Айтбаев (1914-1945). 1914 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Майдангер ақын. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 19371939 жыл дары Қызылорда педагогикалық институтында оқыту шы, студенттер даярлау курсының бастығы, Қазақстан жазушылар одағынының Қызылорда облысы бойын ша өкілі қызметтерін атқарған. Өлең, әңгімелері мерзімдік баспасөздерде, жинақтарда жарияланып тұрған. Көркем аудармамен айналысқан. 1939 жылы Мәжит Айтбаев әскерге алынып, батыс шекарада қызмет атқарады. 1941 жылы тұтқынға түседі. «Түркіс тан ұлттық бірлік комитетіне» мүше болып «Жаңа Түркістан», «Милла Түркістан» газеттерін шығарысқан, «Милли әдебиет» альманағының бас редакторы болған. 1943 жылы Берлинде «Абылайхан» атты өлең дер жинағы шықты. Оған екі дастан, үш баллада, төрт ән, 41 өлеңі енген. Шығармаларын «Қобызшы Қорқыт» де ген бүркеншік атпен жазған. Айтбаев 1945 жылы Дрез денде бомба жарылысынан дүние салды. «Абылай хан» жинағындағы өлеңінің бәрі, «Милли Түркістан», «Милли әдебиеттен» табылған, 30 шақты жыры 1991-95 жылдары Қазақстанда жарияланды. Хамза Абдуллин (1919-2001). 1919 жылы 10 ақпан да Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында туған. 1932-1936 жылдары Омбы қаласындағы ауыл шаруа шылығы жұмысшылар факультетінде оқиды. Бітірген соң Қызылжарда (Петропавлда) облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937-1940 жылдары Алматы дағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, «Социалистік Қазақстан» газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі қызме тін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, соғысқа
Досан Баймолда
қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға
түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді.
Кейін
Мұстафа
Шоқай
ұйымдастырған
Түркістан
легионының қатарында болады. Абдуллиннің алғаш
қы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетон
дары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре
бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа
қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге
ие болды. Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы
– көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы
ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез»
дастаны.
Хасен Оралтай (1930-2010). Х.Оралтай 1930 жылдың
4 сәуір күні Шығыс Түркістанның (Шыңжан) Қызылөзен
өңірінде өмірге келген. Жастық шағын Қытайдың
Шыңжаң өлкесі Сауан ауданында өткізіп, алғаш сол
жерде ауыл молдасынан сауатын ашқан. Х.Оралтай
еңбек жолын Түркияда түрік және ағылшын тілдерін
үйреніп,
журналист
болудан
бастады.
Түркиядағы
газет-журналдарға мақалалар жариялап, қазақ халқы
ның ұлттық болмысын, өзіндік мәдениеті мен тари
хын түрік оқырмандарына таныстырды. 1968–1995
жылдар аралығында ол Германияның Мюнхен қала
сында орналасқан халықаралық «Азаттық» радиосында
қазақ бөлімінің қызметкері, редакторы, қазақ бөлімінің
директоры қызметтерін істеді. Оның «Алаш – Түркістан
түркілерінің ұлт азаттық ұраны», «Бостандық үшінгі
күрестегі Шығыс Түркістан қазақ түркілері», «1986 жыл
ғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары», «Елім-
айлап өткен өмір», «Елім-айлап өткен өмірден соң» атты
кітаптарымен қатар басқа бірсыпыра еңбектері жарық
көрген. «Азаттық» радиосында ширек ғасырдан астам
уақыттың соңғы 9 жылын қазақ қызметінің директоры
Еуропадағы қазақтар
міндетін атқарған, шетелдегі қазақтар арасынан шыққан
қайраткер,
белгілі
жазушы,
халықаралық
«Алаш»
сыйлығының иегері Хасан Оралтай ақсақал 2010 жылы
80 жасында Германияның Мюнхен қаласы маңындағы
Зорнединг ауылында ауыр науқастан дүние салды.
Махмет
Құлмағамбетов
(1930-2009).
жылы
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге
келген. Кейін Қазақ мемлекеттік университетінің фило
софия факультетін бітірген. 1954–1958 жылдар аралы
ғында Түрікменстандағы Чарджоу жоғары оқу орнында
және одан кейін Қырғызстанның Фрунзе қаласындағы
медицина және политехника институттарында дәріс бер
ген. М.Құлмағамбетов Кеңес билігіне қарсы үгіт-
насихат жүргізіп, марксистік-ленинистік бағытты қатаң
сынағаны үшін 32 жасында 1962 жылы тұтқындалып,
1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының үкімімен
7 жылға сотталып, жазасын қатаң режимдегі коло
нияда өтеуге кесіледі және 3 жылға жер аударылады.
Жазасын өтеп шыққаннан кейін М.Құлмағамбетов
елге қайтпай Украинаның Харьков қаласында тұрған.
1970 жылдардың соңында Кеңес Одағынан шетелге
эмиграцияға шыққан М.Құлмағамбетовты «Азаттық»
радиосының қызметкерлері Австрия астанасы Вена
қаласынан кезіктіріп, американдық басшыларға айтып
жүріп, радиоға жұмысқа тұрғызыпты. Кеңес Одағынан
қуғын көріп, ақыры шетелге шығуға мәжбүр болған
диссидент Махмет Құлмағамбетов саяси шолушы ретінде
Кеңес елінің шындық жай-күйін, өзі көріп біліп, басынан
кешкен ауыр да тауқыметі қиын жағдайларды «Азаттық»
радиосының толқыны арқылы талмай баяндайды.
Махмет Құлмағамбетов 2009 жылы 78 жасында Мюнхен
қаласында қайтыс болды.
Досан Баймолда Иштван Қоңыр Мандокы (1944-1992). 1944 жылы Мажар елінің Қарсақ (Карцаг) қаласында туған. Ёотвёш Лоранд атындағы Ғылым университетінің филиология факультетін бітіріп, 1980 жылы кандидат тық диссертациясын қорғады. Өмірінің соңына дейін аталмыш университетте оқытушы-зерттеушілік қызмет атқарды. Мажар түркологиясындағы дәстүрлі салаларының ішінен мажарлардың көне тарихы мен түркі-мажар байланыстарын зерттеуінің негізгі ныса насы етіп ұстанған. Оның ғылыми зерттеулері түркі текті көптеген мажар сөздерінің этимологиясының түйінін шешті, башқұрт-мажар ортақ этнонимі төңірегінде қалыптасқан жаңсақтыққа төрелік айтты, мажарлар мен құмандардың түркілермен байланыстарын жан-жақты дәлелдей білді. Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркі жұрттары арасындағы тарихи-мәдени байланыс ты зерттеу мәселесін жаңа сапалық деңгейге көтере білген бірден-бір ғалым. Ол қазақ, түрік, мажар тілдерін жетік меңгерген. Бүкіл ғұмырын түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетін, тарихын зерттеуге арнады. 1992 жылы 22 тамыз күні Дағыстанда қайтыс болып, өзінің өсиеті бойынша денесі Алматыдағы Кеңсайда жерленді. Артында қалған жары Айша және ұлы Атлан Қоңырдың жинаған кітаптары мен мұрағаттарын Қазақстанға әкеліп тапсырды. Әбдрахман Шетин. 1938 жылы Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялық өлкесінің Баркөл ауданында туған. 1949 жылы ата-анасымен бірге Үндістанға көшіп барып, сонда 1954 жылға дейін орта мектепте оқып білім алған. 1954 жылы ата-анасымен бірге Кашмирден Түркияға көшіп келген. 1963 жылдан Германияға жұмыс істеуге келіп, Кельн қаласында Форд машина жасау зауытында жұмыс істеген. 2001 жылдан бастап қазақтар көп тұратын
Еуропадағы қазақтар
Кельндегі қазақ мәдени қоғамының төрағасы болып
істеген. 2002 жылы Кельн қаласында алғаш рет Еуропада
жүрген
қазақтардың
құрылтайын
өткзу
жұмысын
ұйымдастырған және 2002 жылы әлем қазақтарының
ІІ құрылтайында және 2005 жылы Астанада өткен әлем
қазақтарының ІІІ құрылтайында Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының төралқа мүшесі болып сайланды.
2003-2005 жылдары Еуропа қазақтары федерациясының
төрағасы
болып
істеген.
Қазақстан
Республикасы
тәуелсіздігінің 10 жылдық және 20 жылдық мерекелік
медальдерімен марапатталған.
Найман Шәріп (1932-2013). 1932 жылы Алтайда
туылған. 1938 жылы Алтайдан ауа көшіп Тибет-Гималай
асқан Елісхан батыр бастаған көшпен 1940 жылы
Үндістанға барған. Шәріп қажы бұл жерде 1967 жылға
дейін тұрақтаған. Кейін Ыстамбұлға келген. Одан
Еуропаға қоныс аударып, ұзақ жылдары Германияның
Мюнхен қаласында өмір сүрді. Мюнхен қаласында қазақ
мәдени қоғамының жұмысына атсалысып, жастарға
ақыл кеңесін беруді аямады. Жыл сайын Еуропа елде
рінде өткізіліп келе жатқан қазақтардың кіші құрыл
тайларына сондай-ақ Қазақстанда өтілген дүниежүзі
қазақтарының 1992 жылғы тұңғыш құрылтайына, 2000
жылғы Түркістан құрылтайына және 2005 жылғы Астана
құрылтайына қатысқан. 2013 жылы 81 жасында өмірден
өтті. Ақсақалдың сүйегі Түркияда Ыстамбұл Гүнешлі
Қазақкент аулындағы отбасылық бейітке жерленді.
Абдулсәмет Алтай. 1950 жылы Пәкістан елінің Пеш
авар қаласында діни ғұлама ғалым, қоғам қайраткері
Халифа Алтай ақсақалдың отбасында дүниеге келген.
1953 жылы Түркияға қоныс аударды. Салихлы қаласын
да орта мектепте білім алды. Тері киім тігетін зауытта
көмекші болып алғаш жұмысын бастаған. Түркияда
Досан Баймолда
20 ай әскери қызметін өтеген. 1986-1989 жж. отбасымен
Ұлыбританияға барып жұмыс істеді, 1989 жылдан
Франция елінде өмір сүреді. Франциядағы ақсақалдар
алқасының төрағасы. Ол қазақ, ағылшын, түрік және
француз тілдерін меңгерген.
Мұқабай Енгін. 1985-1995 жылдары «Азаттық» радио
сының Қазақ бөлімшесі директорының орынбасары
болып істеген. Мұқабай Енгін – Стамбұл университе
тінің социология бөлімін бітірген, ғылым докторы. Ол
кезінде Қазақстандағы әлеуметтік тақырыпқа көп көңіл
қойып, осы мәселедегі талдау хабарларымен танылған.
Қәзір Мюнхен қаласында тұрады.
Талғат Қосжігіт. Түркиядан алғаш «Азаттық» радио
сына шақырылған қазақ, эфирде «Талғат Көкбұлақ» деген
бүркеншік атпен мәлім болған бұл журналист радиода
25 жылдай үзіліссіз қызмет істеген. Бүгінде ол – зейнеткер.
Әйелі және төрт баласымен Мюнхен қаласында тұрады.
Әбдулкайым Кесижи. 1980-1995 жылдар аралығында
«Азаттық радиосының» қазақ редакциясында жұмыс
істеген. Одан кейінгі жылдары радионың Прага қала
сына көшуіне байланысты Мюнхенде қалып қойды.
Ғұмырының басым бөлігін журналистикаға арнады.
Унивсерситетке ауысып, ғылыми жұмыстармен айна
лысты. Негізгі мамандығы саясаттанушы. Саясаттану
ғылымдарының докторы. 2011 жылдың мамыр айында
Норвегия елінің Осло қаласында өткен Еуропа қазақ
тарының дәстүрлі кіші Құрылтайында Еуропа қазақ
мәдени орталықтарының үйлестіру кеңесінің төрағасы
болып сайланды. Еуропа қазақ қоғамдары федера
циясының қазіргі төрағасы. Әйелі, балаларымен бірге
Мюнхен қаласында тұрады.
Өмірхан
Алтын.
Анкара
және
Берлин
универ
ситеттерінде оқып, білім алған. «Азаттық» Радиосы
Еуропадағы қазақтар
қызметкерлері арасынан алғашқылардың бірі болып
кеңестік Қазақстанға журналистік сапармен барып,
қазақ жастарының «Желтоқсан көтерілісі» туралы құнды
материалдар жинап, оны радиодан таратуға мұрындық
болған. Қазір кәсіпкерлікпен айналысады. Әйелі және
үш баласымен Мюнхен қаласында тұрады.
Әлихан Жаналтай. 1956 жылы Индия елінің Кашмир
қаласында дүниеге келген. Сондағы Британ колледжін
оқып бітірген, урду, ағылшын және қытай тілдерін
меңгерген. Кейін Тайванда жоғары оқу орнында оқып
жүріп, денсаулық жағдайына байланысты бітіре алмай
қайтқан. 1978-1995 жылдары Мюнхен қаласындағы
АҚШ-тың «Азаттық» радиосында істеген. 2001-2003
жылдары Мюнхендегі Қазақ мәдени қоғамының төрағасы
болып істеген. Қәзір зейнеткер. Әйелі және 3 баласымен
бірге Мюнхен қаласында тұрады.
Қахан Отыншы. 1968 жылы Стамбул қаласында
дүниеге келген. Осы қалада орта мектепті, Мармара
университетінде электроника факультетін оқып бітір
ген. Түркия мемлекетінің грантына ие болған ол білі
мін одан әрі Ұлыбританияда жалғастырған. Манчестр
университетінде магистрант, Кардиф университетінде
докторлық (PhD) диссертациясын қорғаған.
Хақан Ұлыбританияның Гламорган университетін
де қызмет атқарды. Оның ғылым саласындағы көптеген
зерттеу еңбектері мен мақалалары ағылшын тілінде жа
рық көрген. 2002 жылы Ұлыбританиядағы қазақ қоғамы
ресми тіркеуден өткенде, оның ұйымдастыру жұмыста
рына араласып, төрағасының орынбасары болған. Ал,
2009 жылы бүкіл Еуропа қазақ мәдени қоғамдарының
басын қосқан Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының
негізін қалаушыларының бірі және төрағаның орын
Досан Баймолда
басары болды. Отбасында жұбайы мен екі баласы бар.
Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайының қонағы.
2012 жылғы сәуірдің 26-сы күні Астанада мезгілсіз
қайтыс болды.
Беширетхан
Малабакан.
жылы
Стамбұлда
дүниеге келді. Германияның Вупперталь қаласындағы
университетте оқып білім алған. Мамандығы экономист.
Қазір Берлин қаласында информатика саласында жұмыс
істейді. Берлиндегі қазақ мәдени қоғамының төрағасы
болып істейді. 2014 жылы Б.Малабакан басқарған
Берлиндегі қазақ қоғамы Еуропадағы қазақтардың кіші
құрылтайын ұйымдастырып, өткізді.
Жүнісбай Тораман. 1959 жылы Түркияның Салихлы
қаласында дүниеге келген. 1971 жылдан бастап Берлин
қаласында тұрады. 2003 жылы Берлин қаласында тұратын
қазақтардың басын қосып қазақ қоғамын құру ісіне
басшылық жасады.
Абдулғани Гунер. Түркияның Ақсарай қаласының
Сұлтан хан ауылында 1967 жылы туған. 6-шы сынып
қа дейін Түркияда оқып, 1983 жылы Германияның
Мюнхен қаласындағы лицейді оқып, бітірген. 1983-
1986 жылдары техникалық училищеде оқып, машина
жасау мамандығын игерген. Оқуды ақтаған соң Тойота
машина жөндеу орталығына жұмысқа тұрып, содан бері
осы кәсіпорында техник болып қызмет істейді. Сонымен
қатар қоғамдық жұмыстарға араласып, Мюнхендегі қазақ
мәдени орталығында есепші, қоғам төрағасы қатарлы
қызметтерді атқарған.
Мехмет Зенгин. 1956 жылы Түркияның Нигде қала
сының Алтайкөй ауылында туған. Алтайкөй ауылдық
мектепте кейін Стамбұл қаласындағы колледжде оқып
білім алған. 1978 жылы Франция еліцнің астанасы Париж
қаласына келіп жеке кәсіпкерілкпен айналыса бастаған.
Еуропадағы қазақтар Қәзір жіп тоқитын және перде жасайтын екі жекеменшік фабрикасы бар. Стамбулдағы және Париждегі дүкен дері арқылы өнімдері сатылады. 1983 жылы үйленген, 3 баласы бар. 2003-2006 жылдары Париж қаласындағы қазақ мәдени орталығының бастығы, 2006 жылы Еуропа қазақтары мәдени орталықтарын үйлестіру кеңесінің төрағасы және ДҚҚ-ның төралқа мүшесі болып істеген. Қызырхан Шолпан. 1958 жылы тамыз айының 7 күні Түркияның Нигде қаласының Алтайкөй деген ауылында дүниге келген. Осы ауылда алғашқы орта мектепті оқып, 1970 жылы Стамбулға келген. 1978 жылы Түркия армиясының қатарында болып, әскери борышын өтеген. 1980 жылы Австрияның Вена қаласына келіп, теріден киім тігу кәсібімен айналысқан. 2003 жылы Австриядағы қазақ мәдени қоғамын құрып, басшының орынбасары, 2009 жылдан басшы қызметін атқарды. 2010 жылы Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын Вена қаласында өткізуді ұйымдастырды. 1984 жылы Айселмен отбасын құрды. 3 баласы бар. Қызырхан қәзір Вена қаласында такси қызметі фирмасын ашқан. Қазір сол фирманы жүргізуші. Уәли Шерефлі. 1961 жылы Стамбул қаласында дүниеге келген. Уәлидің әкесі қазақ диаспорасының белсенді мүшелерінің бірі болған марқұм Мүлік Шерефлі еді. Уәли Стамбулда лицей оқып бітірген соң тоқыма өндірісі және тері бұйымдарын өндіру саласында жұмыстар атқарған. Аталмыш салалардың маманы. Ол отбасымен бірге 1986 жылы Түркиядан Голландияға қоныс аударған. Амстердам қаласында тұрады, үш баласы бар. Уәли Голландиядағы қазақтардың мәдениетін, ана тілін, ділін, ұлттық салт-дәстүрін сақтап қалуға, болашақ бұйымдарды қаз-қалпында жеткізуге көптеген жұмыстарға атсалысып келеді. Осы мақсаттардың
Досан Баймолда орындалуы, Голландиядағы қазақтардың бірлігі мен берекесін сақтап, ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін Голландиядағы қазақ мәдени қоғамын құрушылардың бірі болған. Осы қоғамның төралқа мүшесі қызметін ұзақ жылдары атқарды. 2010 жылдан Голландия қазақ мәдени қоғамының төрағасы болып жұмыс атқарды. Нұрарман Аюби. 1979 жылы 26 ақпанда Иранда туған. 1997-2000 жж. Данияның Аархус қаласындағы математикалық мектеп-гимназиясында, 2000-2004 жж. Аархус университетінің экономика факультетінде оқып бітірген. 2004-2008 жж. Дания банкісінде менеджер, 2008-2010 жж. Скандинавиядағы сақтандыру компа ниясында менеджер, 2010 жылдан Копенгаген қала сында орналасқан Дүниежүзілік мода компаниясының бас офисінде қаржы ассисенті болып қызмет істейді. Нұрарман 2010 жылдан бастап Даниядағы қазақ мәдени қоғамын басқарады. 2012 жылы Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы Аархус қаласында өтті. Ибраhим Ақтеңіз. 1964 жылы Түркия елінің Стамбул қаласында туған. 1974 жылы Германияның Мюнхень қаласына қоныс аударған. Мектеп бітірген соң жеңіл өндіріс саласында жұмыс істеген. Ол спортпен шұғыл данып, марқұм Мұстафа Өзтүрікпен бірге таэквондо спортын таныстыру үшін Қазақстанға барған команда ның құрамында болып, алғашқы орын иеленген. 1998 жылы Мюнхенде ашылған қазақ қоғамын құру шылардың бірі. Қоғамның іс шаралары аясында қазақ тілін, ділін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап қалуға байланысты жұмыстар атқарған. Осыған орай қазақ тіл курсын, діни сабақтар, ұлттық ән-би тобын ұйымдастырды. Журнал шығарып, қоғамның офисін ашу сияқты істер атқарды. Төрт жыл бойы осы қоғамды
Еуропадағы қазақтар
басқарып, кейін басқаларға табыс етті. Араға біраз жыл
салып, 2012 жылы осы қоғам төрағалығына қайта оралды.
Үйленген, үш баласы бар.
Сүлейман Шадкам. 1957 жылы ақпан айының 20-сында
Иран елінің Бандаре Шаһ қаласында дүниеге келген.
1964-1978 жж. Тегеран орта мектебінде парсы тілінде
білім алды. 1978-1980 жж. саяси қуғында болды. 1980
жылы саяси баспана іздеп, Германияға қоныс аударған.
1980-1984 жж. Германияға уақытша тіркеуге алынып,
бейімделу орталығында тұрды. 1984-1993 жж. Бавария
Орталық банкісінің күзет қызметінде, 1993-1994 жж.
Мюнхен қалашығындағы физика-химия институтына
оқуға қабылданғанымен, отбасылық жағдайына байла
нысты бітіре алмаған.
1994 жылдан бері Германия мемлекеттік теміржол
басқармасында күзет қызметін атқарып келеді. Қазақстан
Республикасының Германиядағы (Мюнхен) құрметті
консулымен бірлесіп, қазақты немістерге танытып,
қазақ еліне инвесторлар тартуға және жас қандастары
мызды тарихи отанына қайтару үшін жұмыс істеуде
және де немістерге қазақ елін таныту үшін демеушілер
тауып, қазақ елінің әншілерін апарып концерт ұйымдас
тыруға жәрдем етіп жүр. Мюнхендегі қазақ мәдени қо
ғамы ашылғалы бері соның белсенді мүшесі. Дүниежүзі
қазақтарының Ш-ІV Құрылтай қонағы.
Мұстафа Қаражігіт. Түркияның Ниде қаласына жақын
Алтайкөй ауылында дүниеге келген. Ауылдық 8 жылдық
мектепте оқыған және дін сауатын ашқан. 1986 жылы
Голландия астанасы Амстердам қаласына кәсіп іздеп
келген.Тері киім жасау кәсібімен айналысқан. Қәзір үйге
керек-жарақ заттар сататын жеке дүкені және фирмасы
бар. Амстердамдағы қазақ мәдени қоғамының төрағасы.
Әйелі, үш баласымен тұрады.
Досан Баймолда
Абдул Калем. Түркияның Ниде қаласына жақын
Алтайкөй ауылында дүниеге келген. Ауылдық 8 жыл
дық мектепте оқып, орташа білім алған. Түркиядағы
қазақ жастары арасынан алғашқы болып Түркияның
«Галатасарай» футбол командасында ойнаған. 1986
жылы Голландияға көшіп келген. Тері киімдерін тігу,
терезе перделерін тігу кәсібімен айналысқан. Амстердам
қаласындағы қазақ мәдени қоғамының жұымысына
белсенді қатысады. Соны құрушылардың бірі. Әйелі
Фатима екеуінің екі баласы бар.
Гафер Тастемір. 1960 жылы Түркияның Нигде
қаласына жақын Алтайкөй ауылында дүниеге келген.
Ауылдық орта мектепті бітірген соң, тері киімдерін тігу
кәсібімен айналысқан. 1986 жылы Голландия астанасы
Амстердам қаласына көшіп келген. Қаладағы «Флора
Амстердам» құрылыс компаниясында жұмыс істейді.
Бос уақытында қазақ халықының музыкалық ән-күй
лерін, салт-дәстүрін интернет арқылы Еуропа қазақ
тарына таныстыру мақсатында жұмыс істейді. Әйелі, бір
баласымен Амстердам қаласында тұрады.
Шұғайып Ерол. 1958 жылы сәуірдің 11-і күні
Түркияның Алтайкөй ауылында дүниеге келген. Қазақ
тар тұратын осы ауылда бастауыш мектепті бітіргеннен
кейін орта және жоғары мектептерді Стамбулда оқып,
Германияға 1977 жылы келген. Кельн мәдени орталығы
құрылғаннан бері жетекшілік етіп, қоғамдық істерге
араласып келеді. 1982-1985 жж. аралығында Кельнде
«Қазақ тілі» оқулығын айына бір реттен шығарып тұрған.
Ол Дүниежүзі қазақтарының І-ІІ Құрылтай қонағы.
Махмұт Башташ. 1956 жылы қыркүйектің 17-сі күні
Түркияның Салихли қаласында дүниеге келген. 1976-
1978 жж. Түркияда әскери борышын өтеп, 1978 ж.
Норвегияға қоныс аударған. 1 жыл норвег тілінің курсын,
Еуропадағы қазақтар
сол жылы сырттай кешкі лицейді оқып бітірген. 1980-
1988 жж. тағам зауытында, 1988 жылдан Норвегиядағы
түріктермен бірлесіп, Ослода түрік футбол командасын
құрып, сол команданы басқарған. 1988-1999 жж. «Еге»
импорт-экспорт жасайтын жекеменшік фирма ашқан.
2002 ж. Норвегияда қазақ мәдени қоғамын құрып, содан
бері қарай басшылық етіп келеді. Осы жылдан бастап
Еуропа қазақтарының жыл сайынғы өткізіп тұратын кіші
құрылтайларына Норвегия қазақтарын ұйымдастырып
келеді. 2008 жылы Норвегияның Осло қаласында Еуропа
қазақтарының кіші Кұрылтайын өткізді. Дүниежүзі
қазақтарының І-Ш Құрылтай қонағы.
Құрбанәли Гүлен. 1956 жылы Түркия елінің Салих
лы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген
соң тері өңдеу кәсібімен айналысқан. Салихлыда тері
өңдеу кәсіпорнын ашқан.1982 жылы Франция астанасы
Парижге көшіп келді. Тері өңдеу кәсібін осы жерде
арықарай жалғастырып, бүгінге дейін шұғылданып ке
леді. 2010 жылдан Франция қазақ мәдени қоғамының
төрағасы. Өзі басқаратын қоғамда жасөспірімдерге
арналған қазақ тілін үйрету курстарын және университет
терде жоғары білім алып жатқан қазақ жастарын қоғам
дық жұмыстарға тартуға бағытталған арнайы шаралар
мен басқосулар ұйымдастырып келеді. Отбасында үш
баласы мен бір немересі бар.
Абдулла Шағатай. 1936 жылы Қытайдың Шыңжан
аймағындағы Баркөл өңірінде дүниеге келген. Абдулла
әкесі Қайсамен бірге 1940 жылдардың басында қа
лың қазақ көшімен Қытайдан Үндістанға, одан кейін
Пәкістанға
ауған.
Абдулла
Пәкістанның
Караши
қаласында ержетті. Бұл жерде жүргенде тіл үйрететін
курстарға қатысып ағылшын тілін, тарих және әлеумет
тік ғылымдарды өз бетімен үйренеді. 3 жасында анасы
Досан Баймолда
нан жетім қалады да, 16 жасқа толғанда, яғни 1952 жылы
әкесімен бірге Түркияға қоныс аударады.
Түркияға келгеннен кейін жеке кәсіппен айналысып,
1966 жылы 30 жасында Түркиядан еңбек миграциясы
арқылы Швецияға көшіп барған алғашқы қазақтардың
бірі. Қазір отбасымен Вестерос қаласында өмір ке
шуде. Жұбайы Сақыпжамал екеуінің үш баласы және
немерелері бар.
Гүлбаршын Гезер. 1982 жылы желтоқсанның 29 күні
туған. 2008 жылы Швецияның Уппсала университеті
нің саясаттану факультетін бітіріп, Таяу шығыс зерт
теулері және түрік тілдері саласы бойынша магистрлік
дәрежесін қорғаған. 2006-2007 жж. Швеция сыртқы істер
министрлігінің Еуропалық одақ департаменінің Саяси
талдау кеңесінде қызметкер, 2007-2008 жж. Швеция
ның Стамбулдағы бас консулдық бөлімінің виза істеріне
жауапты көмекші, 2008 жылдан Швецияның көші-
қон қызметінде, ал 2011 жылы Швецияның Пәкістан
дағы Елшілігінің виза бөлімінде көші-қон жөніндегі
қызметкер болып тағайындалып, бүгінге дейін атқаруда.
Швециядағы қазақ мәдениет қоғамының белсенді мүшесі.
Швеция қазақ жастары және спорт ұйымына біраз уақыт
басшылық етті. Сондай-ақ, 2009 жылы құрылған Еуропа
қазақ қоғамдары федерациясының төралқа мүшесі.
Явуз Кахраман. 1975 жылы Швеция елінің Вестерос
қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Вестерос қала
сындағы Малардаленс университетінің электрондық
инженерлік факультетін оқып бітірген.
1999-2008 жж. Бомвардиер атты метро, поезд желісін
жасайтын халықаралық фирмада электрик, электрон
дық-инженер қызметімен қатар теміржол жүйелері
бөлімінің
Вестеростағы
техникалық
үйлестірушісі
болды. 2009 ж. аталмыш фирманың Вестеростағы бөлім
Еуропадағы қазақтар
шесі директорының орынбасары, 2009-2010 жж. осы
бөлімшенің сапалық жұмыстарды бақылау директоры
болып көтерілді. 2010-2012 ж. Поездардың электрик және
электрондық жүйелері бойынша бағдарламашы, элек
трон бағдарламаларын жасаушы қызметін атқарды. Атал
мыш қызметтері бойынша ҚХР, Германия, Индонезия,
Түркия, Ұлыбритания, Швеция және Сауд Арабиясы
елдерінде поезд, метро және теміржол тасымалдауларына
орай көптеген жобаларға Вомвардиер фирмасы атынан
қатысып, өзіндік үлесін қосып жүр.
2004-2010 жж. Швеция қазақ мәдени қоғамында
хатшы, 2012 жылдан осы қоғамның төралқа мүшесі.
Қабылан Тосын. 1945 жылы Қытайдың Шыңжаң-
Ұйғыр өлкесінің Баркөл ауданында туған. 1952 жылы
қазақ көшімен Кашмирге барып, одан 1953 жылы
Түркияға көшкен. 1960-63 жылдары Стамбул қаласын
да орта мектепті, 1967 жылы гимназияны бітірген.
1963-67 жылдары Шығыс Түркістан қоғамында хатшы.
1967-68 жылдары Берлин университетінің дайындық
бөліміне
оқуға
түсіп,
белгілі
себептермен
аяқтай
алмады. 1968-70 жылдары жеке кәсіпкер. 1971-73
жылдары Түркияда әскери борышын өтеді. 1973 жылы
Алтайкөй кооперативін құрып, оны басқарды. 1978-
88 жылдары жеке кәсіпкер. 1988 жылдан бүгінгі күнге
дейін Швейцарияның Цюрих қаласында тұрады. «С&А»
фирмасының директоры. Еуропа қазақтарының кіші
құрылтайларының қонағы. Отбасында 3 баласы бар.
Жәмила Стехликова (Ордабаева). Балалық шағы
Жамбыл облысы Қарақұрым ауылында өткен. Мәс
кеудегі Бірінші медициналық институттың психиатр
кафедрасында ғылыми қызметпен айналысып, сабақ
берген. Медицина ғылымдарының докторы. 1988 жылы
өзінің әріптесі Милослав Стехликов деген чех жігі
Досан Баймолда
тіне тұрмысқа шығып, жас отбасы Чехославакияға
қоныс аударды. Жаңа отбасында Жәмилә өзінің саяси
мансабын Хомутов қаласы Уәкілдігінің мүшесі болып
бастайды. Қалалық Кеңестің депутаты ретінде бір
неше экологиялық және құрылыстық жобалардың іске
асуына атсалысады. 1992 жылы ғылыммен айналысу
мақсатында Прага қаласына ауысып, халық денсаулық
сақтандыру орталығында және мемлекеттік Денсаулық
орталығында ғылыми қызметкер болып істейді. Чехия
Жасылдар партиясының белсенді қайраткері. 2007
жылы Чехияның адам және аз ұлттар құқығы жөніндегі
министрі қызметіне тағайындалады. Осы қызметте
отырған мерзім ішінде аз ұлттарды кемсітуге қарсы заң
қабылдау жөнінде ұсыныс енгізіп қабылдатады. Қазіргі
уақытта Чех Республикасындағы СПИД-ке қарсы күрес
бойынша мемлекеттік бағдарламасының директоры
болып табылады.
Берлин Кенжетайұлы. 1945 жылы 9 мамырда Қазақ
станда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы
институтын,
Мәскеу
қаржы
институтының
аспи
рантурасын, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік
қызмет академиясының докторантурасын бітірген. Әр
жылдары Алматы халық шаруашылығы институты
ның кафедра меңгерушісі, КСРО Внешэкономбанкі
нің «Казвнешэкономбанкі» басқарма төрағасы, Alem
Bank Kazakstan басқарма төрағасы, ҚР Эскимбанкі
нің басқарма төрағасы, ҚР Президентінің кеңесшісі,
Франциядағы
Қазақстан
елшілігінде
кеңесші-елші
қызметтерін атқарды. Отандық және шетелдік басы
лымдарға басылған түрлі өзекті тақырыптарға арнал
ған жүздеген жарияланымдардың авторы. Зерттеу сала
сы: шетелдік инвестициялар, банктер, монетарлық
саясат, экономикалық патриотизм, ядролық энерге
тика, ауызсу, аграрлық саясат, әлемдік дағдарыс пен
Еуропадағы қазақтар интеграция мәселелері. 1996 жылдан бері Францияның Париж қаласында тұрады. Франция Parlіnk Consultіng консалтингтік компанияның басқарушысы, эконо мика ғылымының докторы. 2010 жылдан Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының Президенті болып сайланған. Әлия Әбдуахитова. 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекетік университетінің физи ка факультетін және Мәскеу университетінің аспи рантурасын аяқтаған соң биофизика саласы бойынша ғылым кандидаты атағын қорғады. Эстония астанасы Таллинн техникалық университетінде, ауыл шаруа шылық министрлігінде және қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. 2004 жыл дан «Абай» қазақ қоғамының төрайымы. Қазақ мәдени қоғамының шеңберінде эстон мектептеріне арналған «қазақтар» атты кітапшасы жарық көрді. Күйеуі Георг Соотла – Таллинн университетінің профессоры, екі ұлы бар. Қажыбаба Қарлығаш. 1947 жылы 12 желтоқсанда Көкшетауда туған. Орта мектепті орыс тілінде бітіріп, 1967 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филиология факультетіне қабылданады. Мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ берді, Қазақ теміржол басқармасында әдістемеші-нұсқаушы қызметін атқарды. Мәскеудегі Педагогикалық ғылы ми академиясының ғылыми-зерттеу институтында аспирантурада оқыды. Абай атындағы Қазақ педа гогикалық институтының орыс тілінің тәжірибелік кафедрасында оқытушы болды. Оның орыс тілін үйрету жөніндегі көптеген мақала лары журналдарда жарық көрді. Сондай-ақ, поэзиямен
Досан Баймолда
шұғылданады, біраз өлеңдері журналдарда жарық көрген.
Хельсинкиде қазақтардың 2011 жылғы желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған
мерейтойында болашақ жинаққа оның өлеңдері енген.
Ол 1992 жылдан Финляндияда өмір сүреді, сол елдің
азаматы.
Рысалды Төкей. 1941 жылы Қытайдың Шыңжаң
өлкесінде дүниеге келген. 1958 жылы Шәуешек қала
сында 10 сыныпты үздік тәмәмдап, сол жылы Шыңжан
медицина институтына оқуға түсті. Ал, 1962 жылы шекара
оқиғасынан кейін, «қара» тізімге ілініп, көптеген қиын
күндерді бастан кешіріп, ауыр жұмыстар істеді. 1974
жылы Орталықтың бұйрығымен ақталған. Қоғамдық
қызметтерге араласып, орта мектепте мұғалім болды.
Үрімжіде 6 ай курс оқып, Шиху аудандық сотында заң
дәрігері (сарапшы) болып тағайындалды. Аудандық
сотта, одан Тарбағатай аймақтық орта сотта азамат
тық істер судьясы болып істеді. Осы жұмыстарды
атқара жүріп өлең жазды, айтысқа қатынасты, аударма
мен айналысты. Жазғандары газет, журналдардан тыс
ұжымдық «Тарбағатай жырлары», «Шиху өрендері»,
«Көктем», «Салтанат», «Тарту», «Белес», «Дала дабылы»,
«Біздің ауылда» атты жинақтарға енсе, «Сыбызғы жүрек»,
«Ой толқыны» атты кітаптары жарық көрді.
Абайдың 150 жылдық мерейтойына, Дүниежүзі
қазақтарының І, ІV құрылтайларына қатысты. Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі, қазақ, қытай, ұйғыр
тілдерін меңгерген. 1999 жылдан Бельгияда тұрады, сол
елдің азаматы.
Әміреқұлова Ақмарал Тәліпкызы. Тараз қаласында
дүниеге келген. Тараздағы № 25 қазақ орта мектебінде,
Алматыдағы №62 қазақ орта мектебінде оқыды. Ол
коғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектеп совет
Еуропадағы қазақтар
дружинасының төрайымы болып, «Алау» радиосында
балалар арасында жүргізушісі болды. Оқудан тыс
Алматыдағы қазақтың ұлттық би академиясында білім
алды. Абай атындағы Қазақ Педагогика Университетіне
оқуға түседі. Балаларды окыту педагогикасы мен
методикасы және психологиясы факультетін үздік баға
мен тәмамдаған ол, мұғалім мамандығын алады. Қоғам
дық жұмыстарға белсене араласып, көптеген грамо
талар мен дипломдарға ие болды. Университеттен кейін
Қазақстан Республикасы Mемлекеттік мүлікті баскару
жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің бас инспекторы,
одан соң «Елім-ай» атты қор биржасында бас маман
болып жұмыс аткарды. Қазақстандағы соңғы жұмыс
орны – Қазақстанның Мемлекеттік Олимпиадалық
Комитеті, онда инспектор болып жұмыс істеді. Бельгия
Королдығына келгеннен бері Қазақстанның мәдениеті
мен салт-дәсүрін, әдет-ғұрпын шет елдерге дәріптеп,
таныстырып жүр. Сол мақсатпен Бельгия Королды
ғында қазақтардың басын біріктіретін «Шанырақ» атты
қазақ ұйымын құрып, басқарып келеді. Бельгия, Голлан
дия, Люксембург елдерінде еуропалықтар арасында
Қазақстан туралы лекциялар және презентациялар
жасап, Қазақстанды елге танытып келеді.
Қарсақпаева Шара Рахымқызы. 1956 жылы 29 нау
рызда Қазақстанда туған. 1986 жылы Мәскеудегі А.В.
Луначарский атындағы өнер институтының балет
мейстер факультетін бітірген. Мәскеудің академиялық
хореографиялық училищесінде шығармашылығы баста
лып, Алматыдағы Абай атындағы Академиялық опера және
балет театрында жалғасты. А. Селезнев атындағы Алматы
хореографиялық училищесінде классикалық биден дәріс
берген. 1984 жылы Мәскеу қаласындағы «Менекс» орыс-
ағылшын балет труппасына педагог-репититор ретінде
Досан Баймолда
шақырылып, классикалық би әдістемелігінің оқытушысы
ретінде қызмет етті. 1990 жылдан бері Болгарияда София
қаласында тұрады. Ол орыс, болгар, ағылшын тілдерін
еркін меңгерген. 1999 жылдан бері Болғарияның Варна
қаласында ЮНЕСКО аясындағы балеттің классикалық
мұрасы бойынша халықаралық семинардың басшысы.
Хореография мен классикалық би әдістемелігі саласында
бірқатар мақалалар мен жобалардың авторы. 2004 жылы
Болгария Республикасы Білім және ғылым министрлі
гінің мемлекеттік лицензиясын алып, Г.С.Уланова
атындағы орыс хореографиялық училищесін құрды.
2007 жылы «Заманауи би техникасы» атты екінші ма
мандығын ашады.
2005 ж. Софиядағы «Аруақ» – Болгарияда тұратын
қазақстандықтар қоғамы басқару кеңесінің төрайымы,
Дүниежүзі қазақтарының Ш Құрылтай қонағы.
Еуропадағы қазақтар Пайдаланған әдебиеттер: 1. Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. «Естеліктер», Стамбұл, Түркия, 1997. 2. Мұстафа Шоқай. 3 томдық таңдамалы шығармалар, «Қайнар» баспасы, Алматы, 2007. 3. Бақыт Садықова. «Мустафа Чокай» «Алаш» баспасы, Алматы, 2004. 4. Бахыт Садықова. «История Туркестанского легиона в документах», «Қайнар» баспасы, Алматы, 2002. 5. Абдуақап Қара. «Мұстафа Шоқай, өмірі, күресі, шығармашылығы» «Арыс» баспасы, Алматы, 2004. 6. «Азаттықтың өшпес рухы – Оспан батыр Исламұлының туғанына 110 жыл», Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, «Атажұрт» баспасы, Алматы, 2010. 7.«Азаттық аңсап Гималай асқан көш» (Қалибек Хакім туралы естеліктер), «Білім» баспасы, Алматы, 2009. 8.«Ұлтым деп соққан жүректер», өмірдерек, Ұлт тағдыры, Алматы, 2009. 9. «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы: 15 жыл», Алматы, 2007. 10. «Қауымдастық – Қазақтың бір отауы». «Атажұрт», Алматы, 2008. 11. Халифа Алтай. «Алтайдан ауған ел», «Атажұрт» баспасы, Алматы, 2000. 12. Дәлелхан Жаналтай. «Қилы заман – қиын күндер», Алматы, 2000. 13.Талғат Мамашев. «Алыстағы ағайын», «Атажұрт», Алматы, 2008. 14. Зардыхан Қинаятұлы. «Көшпенділік ғұмыр», «Тарих тағылымы» баспасы, Алматы, 2010 15. Зардыхан Қинаятұлы. «Моңғолиядағы қазақтар», Алматы, 2007. 16. Досан Баймолда. «Қазақ көші», «Нұр-Принт» баспасы, Алматы, 2013. 17. Досан Баймолда. «Шындық жаршысы», «Нұр-Принт», Алматы, 2011. 18. «Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы», құжаттар жинағы, Алматы, 2012. 19. Мендикулова Г. «Казахская диаспора: история и современость», «Атажұрт» Алматы, 2006. 20. Кобландин К.И., Меңдіқұлова Г.М. «Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы», «Атажұрт» баспасы, Алматы, 2009. 21. Ислам Жеменей. «Иран қазақтары», «Атажұрт» баспасы, Алматы, 2012. 22. «Азаттықтың өшпес рухы» (Нұрғожай батырдың естеліктері), «Сардар» баспасы, Алматы, 2008.
Қысқаша өмірбаяны
1956 жылы 26 сәуірде Моңғолия елінің Баян-Өлгий
аймағында дүниеге келген. Мамандығы – физик. 1980
жылы Польша елінің Люблин қаласында М.К.Склодовская
атындағы Мемлекеттік университетінің физика-математика
факультетін физика магистрі атағымен бітірген. 1980-1992
жылдары Монғолия Ғылым Академиясының Физика-техника
және Химия институттарында ғылыми қызметкер, аға ғы
лыми қызметкер, зертхана жетекшісі және Халықаралық атом
энергетикасы жөніндегі агенттік – МАГАТЭ-нің Монғолия
дағы халықаралық ғылыми жобасының үйлестірушісі әрі
жүргізушісі жұмыстарын атқарды .
1984 жылы Уланбатыр қаласындағы Саяси жоғары мектебін
саясаттанушы мамандығы бойынша, ал, 1986 жылы Моңғолия
Ұлттық университетінің ағылшын тілінің екі жылдық арнайы
жетілдірмесін бітірген.
Досан Баймолда,
ғылым докторы, саясаттанушы,
халықаралық журналист
1988 жылы Прагадағы Чехословакия Ғылым Академиясы
ның Геология және Геотехника Институтында, 1990 жылы
Варшава қаласындағы Польшаның Атом Энергиясы жөнін
дегі Институтында, 1992 жылы Халықаралық Атом энергети
касы жөніндегі агенттігінің (МАГАТЭ-нің) Вена қаласындағы
Орталық зертханасында ғылыми жұмыстарын жалғастырған.
1993-1996 жылдары Чехия елінің Прагадағы Техникалық
университетінде докторантурада оқып, «Ядролық физиканың
– Рентгенфлюресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде
қолдану» тақырыбы бойынша ағылшын тілінде докторлық
диссертация қорғаған.
Оның «Ядролық физика әдістерін көмір және басқадай
қазба байлықтарды зерттеуге қолдану» тақырыбы бойынша
жазған ғылыми мақалалары «Journal of Radіoanalіtіcal and
Nuclear Chemіstry», «X-Ray Spectrometry», «Radіatіon Physіcal
and Chemіstry Journal» секілді Ұлыбритания, Голландия,
Германия, Австрияда шығатын ядролық физика саласының
ең беделді ғылыми журналдарында және Польша, Чехия,
Мажарстан
және
Моңғолияның
ғылми
журналдарында
жарияланды. Жалпы, осы тақырып бойынша 100-ден астам
ғылыми мақалалары және «Рентген флюресценция әдісін
көмірді зерттеуге қолдану» атты монографиялық ғылыми
еңбегі ағылшын және қазақ тілінде жарық көрді.
1996-2002 жылдары Прагадағы «Азат Еуропа/Азаттық»
радиосының қазақ редакциясында кеңесші, редактор, 2002-
2008 жылдары осы радионың Қазақстан бойынша аға тілшісі
болып қызмет атқарды. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы әр
апта сайын эфирге тұрақты шығатын «Шетел қазақтары»,
«Экономика жаңалықтары», «Өзгерген дүниедегі Орталық
Азия» атты апталық бағдарламалардың авторы әрі жүргі
зушісі болып істеді. Әлемнің көптеген танымал саясат
керлері, мемлекет басшыларымен сұхбаттар өткізіп, эфирден
күнделікті қазақ тілі, ұлттық мүдде, шетелден атамекенге
көшіп келген оралмандар басындағы жағдай, шетелдегі қазақ
диаспорасының мәселелерін әлемге паш етіп, сол арқылы
танылған азамат. Халықаралық ақпарат кеңістігінде аты әлемге
әйгілі осы «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдары 3500-
дей радиохабарлары мен сараптау, шолу мақалалары эфир
ден берілді. «Азаттық» радиосының тілшісі ретінде Алматыда,
Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл, сенім шаралары
кеңесінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының және БҰҰ-ның халықаралық ірі жиындарына
қатысты, сондай-ақ, Қазақстанда өткен президент және
парламент сайлауларын бақылаған халықаралық бақылау
шылар тобында жұмыс істеді. Осы ірі жиындар шешімі мен
сайлау қортындылары жөнінде әлемге алғашқылардың бірі
болып хабар таратып тұрды. Оның бұл еңбегін АҚШ Конгресі
нің қаржыландыруымен өз жұмысын жарты ғасырдан астам
уақыт жүргізіп келген «Азаттық» радиосының басшылығы
бірнеше мәрте айырықша атап, рахметін білдірді.
2008 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика
лық университетінің журналистика кафедрасында, 2009
жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетет
терінің журналистика факультетінде болашақ мамандарға
«Радиожурналистика», «Интернет журналистикасы», «Ақпа
раттық қауіпсіздік» секілді кәсіби пәндер бойынша дәріс
оқиды. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Абай атындағы
ҚазҰПУ-нің профессоры және журналистика кафедрасының
меңгерушісі болып істеді. 2013-2014 жылы ҚР Президентінің
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша елінің Познань
қаласындағы Адам Мицкевич университетінде және 2015 жылы
Германияның Академиялық саладағы DAAD бағдарламасы
бойынша ғылыми тағылымдамалардан өтті.
Болашақ маман-журналистерге арнап жазған «Азаттық
радиосы: тарихы мен тәжірибесі» (2009), «Қазақ публицистері»
(2010), «Қазақша хабар тарататын шетел радиолары» (2011),
«Қазақ радиолары» (2012), «Телевидение РК» (2012) атты
оқулық және оқу құралдарының авторы. Сондай-ақ «Шындық
жаршысы» атты 20 баспа табақ көлеміндегі публицистикалық
танымдық кітаптың авторы. Журналистика саласы бойын
ша 100-ден астам ғылыми және танымдық мақалалары жарық
көрді және 10 магистрантқа, 60-тан астам бакалавриатқа
ғылыми жетекшілік жасады.
Ұлт, тіл, мәдениет және көші-қон мәселелеріне қатысты
көптеген халықаралық, республикалық, өңірлік конферен
цияларға қатысып баяндамалар жасады және мерзімді
баспасөздерде мақалалары мен ой-пікірлері жарыққа шықты.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жарияламай тұрып шетелдегі
қазақтардың атажұртқа жеткен алғашқы қазақ көшін қолдау
шылардың бірі. ҚР ІІМ және ДҚҚ жанынан құрылған көші-
қон жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі. «Ер-Жәнібек»
халықаралық
қорының
вице-президенті.
Ғылыми
және
журналистік сапарлармен АҚШ, Польша, Чехия, Мажарстан,
Германия,
Австрия,
Франция,
Швеция,
Нидерландия,
Швейцария, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран
және Қытай секілді әлемнің көптеген елдерінде болды.
Қазақ, монғол, поляк, чех, ағылшын және орыс тілдерін
меңгерген.
2006 жылы Қазақстанның Журналистер одағының Құрмет
дипломымен, 2007 жылы Қазақстанның Мәдениет және
ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2009 жылы Қытайдың Іле Педагогикалық университетінің
құрметті «зерттеуші-профессор» атағымен марапатталған. 2009
жылы Қазақстандағы ең танымалы адамдар туралы «Ұлтым
деп соққан жүректер» атты өмірдерек кітапқа, 2010 жылы
Моңғолияда жарық көрген, «Цааст Алтайн чуулган» (Таулы
Алтайдың күмбірі) деген кітапқа моңғолия қазақтары арасынан
шыққан ғалым, қайраткер ретінде есімі кірген. 2011 жылы
Моңғолияның «Азаттық» орденімен, 2011 жылы «Қазақстан
тәуелсіздігінің 20 жылдық» медалімен, 2012 жылы болашақ
мамандар даярлаудағы ерекше еңбегі үшін ҚР Білім және
ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, 2013
жылы Моңғолия үкіметі Моңғолияның ғылымы мен біліміне
үлес қосқан қайраткер атағымен марапатталған. Отбасында
төрт баласы бар, барлығы жоғары білімді.
Мазмұны МАЗМҰНЫ Алғысөз................................................................3 КІРІСПЕ...................................................................6 Бірінші бөлім. Еуропада қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы Еуропаға шапқыншылық жасаған көшпенділер кімдер?.................................................................... 11 Еуропаға қазақ диаспорасы өкілдерінің алғаш келуі және орналасуы (1921-1930).............................. 13 Қазақ диаспорасы қалыптасуының алғашқы кезеңі (1941-1950) ..................................................... 15 Қазақ диаспорасы қалыптасуының екінші кезеңі (1962-1980)............................................................ 16 Қазақ диаспорасы қалыптасуының үшінші кезеңі (1991-2000).......................................................... 18 Еуропа қазақтары – әлем қазақтарының бір бөлшегі......... 20 Екінші бөлім. Еуропадағы қазақ диаспорасының бүгінгі жағдайы Франциядағы қазақтар................................................................ 24 Германиядағы қазақтар............................................................... 35 Швециядағы қазақтар ................................................................. 45 Австриядағы қазақтар.................................................................. 55 Ұлыбританиядағы қазақтар....................................................... 65
Мазмұны Нидерландиядағы қазақтар....................................................... 71 Даниядағы қазақтар .................................................................... 78 Норвегиядағы қазақтар............................................................... 83 Швейцариядағы қазақтар........................................................... 86 Польшадағы қазақтар.................................................................. 89 Чехиядағы қазақтар...................................................................... 95 Мажарстандағы қазақтар.........................................................105 Үшінші бөлім. Ер-Жәнібек батыр және шетелдегі қазақтар Ер-Жәнібек бабамызға арналған той Берлинде жалғасты.....................................................................120 Қазақ диаспорасының көрнекті өкілі.....................................124 Гималайды бірге асқан Қойыншы мен Тосынның тағдыры ........................................130 Немістер қымыз жасауды қолға алыпты .............................135 Берлиндегі қазақ..........................................................................138 Берлинде оқитын қазақ жастары............................................144 Гамбургтегі қазақ дәрігер..........................................................148 Соңы..................................................................157 Еуропада өмір сүрген кейбір танымал қазақтар туралы..........................161 Пайдаланған әдебиеттер.............................185 Қысқаша өмірбаяны....................................................................186
Редакторы Серік Рәсілов
Корректоры Жанар Жанапиянова
Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай
Беттеген Қуаныш Әділғазин
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығы
050016, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43 «А»
Тел/факс: 273 90 25, 273 99 97
Басуға 20.08.2015 ж. қол қойылды.
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «DS Tіmes».
Пішімі 84 х 1081/32 . Офсеттік басылым.
Шартты баспа табағы – 10,08. Есептік баспа табағы – 12.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
ЖШС «Курсив» баспаханасы.
Алматы қаласы, Восточная көшесі, 2
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру