Бұла бұлақ
Мархабат Байғұт
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазіргі қазақ прозасындағы әңгіме жанрының шеберлері қатарында санала- тын Мархабат Байғұттың жаңа жинағына кейінгі жылдары жазылған әңгімелері енгізілді. Жазушының өзіне ғана тән тілі мен стилі, әсіресе, әзілі мен ирониялық юморы кез келген көзі қарақты оқырманды тәнті етеді. Шығармаларының бәрі дерлік – жаңа заман және оның алуан т
Мархабат БАЙҒҰТ
Бұла бұлақ
Әңгімелер
Алматы
«Раритет»
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Б17 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Байғұт М. Б17 Бұла бұлақ. Әңгімелер / Мархабат Байғұт. – Алматы: Раритет, 2012. – 384-б. ІSBN 978-601-250-166-7 Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазіргі қазақ про засындағы әңгіме жанрының шеберлері қатарында саналатын Мархабат Байғұттың жаңа жинағына кейінгі жылдары жазылған әңгімелері енгізілді. Жазушының өзіне ғана тән тілі мен стилі, әсіресе, әзілі мен ирониялық юморы кез келген көзі қарақты оқырманды тәнті етеді. Шығармаларының бәрі дер лік – жаңа заман және оның алуан түрлі адамдары туралы тың да тосын ізденістерден, өмірдің өз өрнектерінен туындаған дүниелер. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 © Байғұт М., 2012 © «Раритет» баспа компаниясы, 2012 ІSBN 978-601-250-166-7 © Безендірген Серікбай Б., 2012
ҚОЗАПАЯ
Киім киісі күлкі шақыра бастағанын сезгелі бері
мектеппен қоштасуды ойлап жүрген. Ақырында, ал
ғашқы қар жауып, түс ауа қайта кеткен күні, сынып
балаларының көбісі жалт-жұлт еткен жақұттайын жай-
нап ойнап жүрген ажырықты алаң шетінен сытылып
шығып, Қарақас–Арқас каналына апаратын ақтаңдақ
соқпаққа түсті. Бәтеңкелерінің табаны тесіктұғын, бірақ
жылбысқы сүрлеу астында жаздан қалған жылу мол еді.
Сыз астындағы тұншыққан сағыныштай әлдененің кеу
де тұсын сыздата сырқыратып жөнелгені. Екі-үш күн
бойы тұмшалаған тұманнан және тым ерте түскен қардан
мизам жіптерінің жидігенін, ақаба арық жағасындағы
қарасораның қарауытқан балағына оратылып, қорланып
жатқанын байқап, танауын тартып еді, көптен бері жас
шығармаған жанары ысып қоя берді. Тарам-тарам жас
арасынан төменге үңіліп, о баста жалтыр қоңыр болған,
қазір ақжемденіп, тұмсығына дейін тысы ойылып кеткен
бәтеңкелеріне қарады. Бесінші сыныпта Сағымкенттен
әкесі әкеп берген бәтеңке ғой.
Қамыстың қарқарасына дейін мұңайып, каналға қарай
белорта тұстан бүгіле сынып жатыпты. Биіктеу дөңеске
біткен дәуренін тәмәм етіп, жарылған жерлерінен діңі
іріп, тіні шірігені білініп тұрған жабайы жиденің түбінде
отырып, емін-еркін жылап алғысы келген. Алайда, аспаны
ағараң қаққан қалаға қараңғы түскенше жетіп жығылмаса,
жағдайының қиынға айналарын ұмытуға болмас.
Ақаба арықтың табанында аттап өтердей ғана қой
малжың су аққан болып, жыламсырай жылжып барады
екен. Есекмияның түбіртегінен уыстай бүріп ұстаған
Есқара қиялау жиекке ырғи ілінбекке тырмысып баққан-
ды, бірақ табаны тесік, тайғанақ бәтеңкенің қияңқы
кесірінен тізелей жығылып, төмен сырғыды. Қыраулы
қияның қиыршығы тұздай тиіп, ішкі-сыртқы әлемі әді
летсіздік атаулыдан удай ашып, аш күшіктей ұлып-ұлып
жібергенін білді әлде білмеді.
– У-у-у-у-у! – деді Есқара. – Уу-уу-уу...
Шынымен-ақ не ұлығанын, не уілдегенін айыра алмады.
Біраз күннен бермен қарата қарнының ашқанын сезбейтін
күйге ұшыраған. Жеңімен көзін сүртіп, ақаба арықтың
жиегіне жүрелеп алып, тағы ұлыды. Сәлден соң барып
Сағымкент бағытына қарай бүлкектей желді. Күзгі күннің
бұлыңғыр сәулесі әлем жүзіне де, қабарған арық қабағына
да, соқпақ сұлбасына да біртұтас түспей тұрды.
Есқара уілдей ұлығаннан кейін де желе жортып келе жа-
тып, біраз уақыт бойы қыстыға жылаған. Бойын кернеген
ыза-кектен жеңілдеп қалғанын сезбеді емес, сезді. Сөйтіп,
Сағымкентке дейін, тіпті одан да алыс қиырларға тар-
тып, мақталы даланы қақ жарып жатқан Қарақас – Арқас
каналының бойына да жетті. Енді сәл ойпаңдағы жіңішке
жолды жағалап жүре береді. Ескі курткасының шұрық
тесік қалтасына сол қолын сұғып, оң қолын көлегейлеп,
артына бұрылып қарады. Мақтасы теріліп алынып, жыр-
тылмай жатқан теп-тегіс егістіктердегі тіп-тік боп тізілген
қозапая әлемінің әлдебір тұстары қарақошқыл және бір
жерлері қызғылтым, үшінші бір алаңқайлары қоңырқай
тартып, олар дағы өздеріне шақыратындай. Тү-у-у көз
ұшында тізілген тұт ағаштары бұлаңытып, олардан да
әрегіректе шоқ-шоқ алып қара талдар қоңыраяды. Әр
түстан қылаң беретін жабайы жиде бозғылт желең жамы-
лып, дала кезген шалдар секілденіп кетті.
Алғашқыда ауылының қай тұста қалып қойғанын аң
ғара алмай дағдарған. Сөйтсе, Қамысты жотасының
қалқасында жасырынып жатыр екен. Жыңғылбай ағай
ларының ақ теректері жанардың жауын алып, жасын
сүрткендей; қалың қамыс арасынан-ақ ап-анық аңға
рылып тұрыпты ғой. Мектепте не боп жатыр екен қазір?
Мұны ешкім іздей қойды ма екен өзі? Соңғы сабақта
міндетті түрде тізім оқып, сынып оқушыларын түгендеу
Жыңғылбай ағайдың әдеті емес пе? Сондықтан, Есқара
ның еске алынбауы мүмкін дей алмайсыз. Жыңғылбай
ағай сынып журналына үңіле түсіп:
– Ерсәлімұлы Есқара! – дейтін болар. Ешкім үн қатпас
сонда. Жыңғылбай ағай біресе көзәйнегінің үстінен,
біресе көзәйнегінің астынан қарайды-ау. Одан кейін үнін
қатайтыңқырап:
– Оу, Ерсәлімұлы қайда? – дейтін шығар. Сонсоң ба-
рып, сәл бейресмилеу, жұмсақтау райға түсіңкірейді де: –
Есқара қайда, жоқ па, немене? Таңертең мектепке келе
жатқан сияқты еді, екеуміз әңгімелескенбіз, тіпті, – дейді
ғой.
Біраз уақытқа дейін сынып бөлмесінің іші тып-тыныш,
тым-тырыс қалар.
– Жаңа ғана жүрген, – деседі жетінші сынып оқу
шыларының бірқатары бейтарап ыңғайда.
– Төртінші сабақта отырған, ағай, – дейтін шығар пар-
таласы Диана, ауылдағы ең тұрмысты жігіттің тұңғыш
қызы.
Есқара естен тез шығып, Жыңғылбай ағай ендігі сәтте
балаларды сабаққа қызықтыру үшін кезекті бір әңгімесін
бастар.
– Балалар, – дейді ғой ол кісі әдетінше дауысын кө
тере сөйлеп, әуендете назар аударып. – Алдымен ұй
қыларыңды ашып, алтыншы сабаққа шаршаңқы жеткен
жаратылыстарыңды серпілтіп алайын. «Комсомольская
правда» газетінен керемет бір материал оқыдым. Қай
күнгі нөмірінен дейсіңдер ғой, яғни айтсақ, он жетін-
ші қараша күнгі нөмірінен. Филиппин аралдарының
қалың жынысты, ну орманды және таулы бір өңірінен
осыдан неше мың жыл бұрынғыдай, яғни айтсақ, тас
дәуіріндегідей өмір сүріп жатқан шағын ғана тайпа табы-
лыпты. Мыңдаған жылдардан бері қарай солай тіршілік
етеді екен. Олардың ең жетілген құралдары да, қарулары
да тас балта, яғни айтсақ, ағаш таяқтың басына байлап
қоятын жалпақ тас қана екен!
– Шынымен бе, ағай?! – деседі ғарышкер Гагарин
атындағы сегізжылдық мектептің жетінші сынып оқу
шылары қатты таңырқап. – Шыннан ба, ағай?!
– Рас айтасыз ба, ағай? – дейді ғой баяғы мұның пар
таласы Диана қашанғысынша, басқалардан бөлекшелеу,
елден ерекшелеу тіл қататын сыңғыр үнінен жаңылмай.
– Сол тайпа табиғатқа титімдей де залал келтірмес-
тен, бір түп ағашты да қырықпастан, бір жануарды да
өлтірместен, бұйырғанды ғана қанағат тұтып, оқ пен
дәрінің, осы күнгі өркениеттің нендей нәрселер екен-
дігін естімей-ақ, білмей-ақ өмір сүріп келіпті. Мыңдаған
жылдар бойы! Біліп отырсыңдар ма, балалар?! Мыңдаған
жылдар бойы, мыңдаған жылдар бұрынғыдай!
Жыңғылбай ағай осы жерде өзін-өзі ұмытып, алтын-
шы сабаққа дейін әзер шыдағанын аңғартып, айқайлап
жіберген болар-ау.
Ағайдың алдамайтынын білетін балалар үн-түнсіз, ды-
быс-дабырсыз. Диана ғана жалт-жұлт етіп сәуле шашар
шашын бір сілкіп, алдына тастар. Құлағының алдыңғы
түбінен төмен түсіріп қояр төрт-бес тал тұлым түйірі
тербелер. Кенет Жыңғылбай ағай ең соңғы партадағы,
ауылдағы тұрмысы төмендеу үйдің қызы Балайымды
алғаш рет көріп тұрғандай тесіле, үңіле қарап, сонсоң
басын көтеріп, көзәйнегін жұлып алар. Одан сайын
қызықтыра айқайлап, екілене еліктіріп:
– Балалар! – дейді-ау ағайлары. – Балалар, бұл – бер-
гі жағы ғана. Бір ғажабы сол, әлгі тайпаның адамдары
өздерін Тазагөйлер деп атайды екен. Ал, адамдардың ат-
тары: Балайым, Ұлби, Қызбу, тағысын-тағылар болып ке-
леді. Міне, сенбесеңдер, көріңдер, қараңдар!
Осыны айтқан Жыңғылбай ағай «Комсомольская
правданың» он жетінші қараша күнгі нөмірін көрнекі
құрал ретінде ұсынар.
– Байқадыңдар ма, балалар, бұған қарағанда, яғни
айтсақ, жер жүзінде ең алғаш пайда болған тілдердің бірі
біздің қазақ тілі болуы бек мүмкін! – деп мәз болады-ау
ол кісі. – Жә, жарайды, сабақтан соң оқып аларсыздар, бұл
өзі – бір бет материал. Енді жаңа тақырыпқа көшелік...
Есқара алыста қалған мектебі мен сыныбын сағына ой-
лап, қиялға қатты беріліп, бірталай жерді артқа тастаған.
Жыңғылбай ағайлары әлгіндей сенсациялық материалды
оқығанын осы бүгін таңертең, мектепке келе жатқанда-ақ
айтып үлгерген еді бұған. Есқара сүлесоқ тыңдаған-ды.
Себебі сол, бұның басында басқа уайымдар толы болатын.
Тас дәуірінде қалып қойған қанағатшыл туыстары тура-
сында толғанысқа берілмекке шамасы жоқ-ты. Сауданың
соңына түскен болып, сандалып кеткен шешесінен көптен
бері хабар-ошар шықпай тұр. Жезқазған жақта тұратын
әкпесі де, Астана жаққа оқуға кеткен ағасы да өз күндерін
өздері әзер көріп, бұларға қайырылуға қауқар таныта ал-
майды. Әкесі бірқанша апта бойы ішкіліктің соңында. Ал,
Есқара мектепті тастап, мақта теріп кетейін десе, Диана
лар мен Балайымдарға күлкі болғысы жоқ. Талайдан
бері шарбақтағы қауыннан қалған көк шапша мен үйдегі
қатқан-құтқанды ғана қорек етумен келеді.
Былтырға дейін бәріне шыдауға болатындай еді. Асып-
төгіліп жатпаса дағы, аш-жалаңаш жүрсе дағы, көнуге
мүмкіндік бартұғын.
Көз ұшындағы тұңғиықтана мұнартқан сағымның ара-
сынан әкесі сығалағандай. Артта қалған ауылдағы қоржын
тамда есін жинай алмай, арақ сасып жатқан әкесінің
Сағымкент төбесінен елес бергені несі? Деп ойлап, ол
кісінің нағыз бақытты шақтарды басынан өткеретін сирек
сәттерін есіне түсірді Есқара.
Жыл сайынғы, қара суық қармап алар қарсаңдағы,
жалғыз-жарым апта, яғни алты-жеті күн әкесінің ең
шаттықты аптасы, шадыман күндерітұғын. Есқара есін
білгелі Ешкілі ауылының жұртшылығына түп-түгел
қозапая түсіріп беретін атақты арбакеш кім десеңіз, ол
әншейінде суық жымиып, сұсты көрінетін, көңілденгенде
ғана жайма-шуақ тартатын әкесі еді. Тек қара күздегі
жалқы аптада, алты-жеті күнде ғана әкесінің айы оңынан
туып, адам қатарына қосылып, жыл он екі ай бойындағы
жырғап қалар жұлдызды күндері келер еді. Қозапаяның
қуаты, ерен қызуы, толып жатқан емдік қадір-қасиеттері
хақында Жыңғылбай ағайлары айтудан бір жалықпас.
Сынып жетекшісінің аңғартуына қарағанда, қозапая
дегеннің не зат екенін білмейтін, мұндай сөзді естіме-
ген, ондай отынды тұтатып та, тұтынып та көрмеген
қазақтар жүдә көп. Сондықтан, жүрген жерінің бәрінде
Жыңғылбай ағайлары қоза; қозаның гүлі; қозаны күту
мен баптау; қозаны шабу мен шырпу; қозаны жеке-
леу мен жүйектеу және суару сияқты толып жатқан
ұғымдарды түсіндірмектен танбайды. Мәселен, Жың
ғылбай ағайларынша ұғындырғанда, яғни айтсақ, жүге
ріні, әрине, жақсы білесіз. Собығы қайырылып алынған
соң сиырға салатын сабағын жүгеріпая деп атайды емес
пе? Әне, қозапая да – мақтаның сабағы. Қоза дегеніміз –
мақта. Синоним секілді ғой. Ақ ұлпасы теріліп алынып,
қаудыр-қаудыр қауашағын жарым-жартылай жел ұшырып
түсіріп, қалғандары қоңырау қағып тұрар; ал мақтасынан
айырылған сабақтары қара талдың қызғылтым шырпы-
сындай сорая тізілер; әнекиіңіз, қозапаяңыз сол. Соны,
тапсаңыз техникамен, әйтпесе қол күшімен-ақ суы-
рып жинап, үйметөбелеп шошайтып маялайсыз. Бұл
бейнетіңіз – бұта шапқаннан бетер азап, қамыс орғаннан
қиындау. Бірақ тас көмірді де қазып жүрсіз ғой, одан
жеңілірек.
Суырылып алынбай, жұлынып жиналмай, мақталық
тарда, өркениетті түрде атағанда, плантацияларда қалып
кетсе, қозапаяңыз аппақ қарды қып-қызыл етікпен кеш-
кен әлдекімдердей көрініп, көздің жауын алатынын айтса
ңызшы. Ал енді әрбір үйдің жанына, бар болса бастырмаға
текшелей маялап, қыздың жүгіндей жинап қойсаңыз, тас
көмірдің түк те қажеті жоқ. Қырау түсе салысымен-ақ
шетінен суырып алып, отқа жаға бересіз. Сытыр да сы-
тыр дыбысы, қытыр да қытыр дауысы жаныңызға жайлы,
құлағыңызға жұмсақ. Шоқтана қозданып шығарар қызуы
үйіңіздің ішін ұжмақтан бетер етер.
Қарақас–Арқастың қара суығы қармайтын қарсаңда
Ешкілі жұрты үшін Есқараның әкесі Ерсәлім бірден «Ере-
ке-Ерекеге» айналып шыға келетін. Ешкілінің адамдары
«Ерекелеп», тізімге тіркелмекке асығар.
– Оу, Ереке!
– Ассалаумағалейкүм, Ереке!
– Көңіл күйіңіз, денсаулығыңыз қалай, Ереке?! Үй
ішіңіз, бала-шағаңыз есен-сау ма, Ереке?!
Қозапая түсіру науқанына дейін де, одан кейін де,
Ешкілінің ешкімі де Ерсәлім арбакешті «Ереке» демес.
Ерекеңнің саламаттығын, көңіл күйін, денсаулығын, үй
ішінің есендігін сұрай қоймас. Сұраса дағы селқостана
самарқауланып, меңірейе марғауланып бағар бәрі. Ай-
нымас адам біреу болса, тап соның өзі; екеу болса, екінің
бірі – Жыңғылбай ағайлары. Ол кісі мұның әкесіне кез-
десе қалса, бітті: қозапая гүлі мен түйнегінің, күлі мен
қауашағының құяңға, шойырылмаға, тағысын тағы қан
шама кесепатты кеселдерге ем екендігін қайталап, мақ
та өспейтін аумақтағылар үшін тасымалдап жеткізу
ге тәуелсіз мемлекетіміздің, егемен еліміздің қауқары
қуаттанбай, жағдайы жетілмей жатқанына өкініп, бас
шайқайды.
Обалы нешік, әкесі қозапая түсіру науқанына алдын
ала, жан-жақты әзірліктер жасайтын. «Ереке-Ерекеге»
айнала бастағанына мастанбай, іштей ғана мерейлене
мазаттанып, арбасын жамап-жасқайды, дөңгелектерін
қайта-қайта майлайды, ат әбзелдерін бүтіндейді. Бұрынғы
бөлімшенің, бертініректегі өндірістік кооперативтің бас-
шыларына суықтау қарамауға, сұстылау сезілмеуге әзер-
әзер шыдас беріп, аттарына жем бөлгізеді. Есқарасын
ес көріп, балалық жасайды деместен, қозапая түсіру
науқанына нағыз ғылыми-практикалық негізде мән бер-
гізіп, арнайы кесте жасатады. Тізімге тіркелгелі келген-
дерге сәл де болса шекесінен қараңқырап, әкесінің бағасын
көтеріңкіреп бағатын, өркениетті түрде айтқанда, қозапая
тасушының имиджмейкеріне айналатын өзітұғын. Тор
көз дәптердің ортаңғы қос парағына жасалған арнайы
кесте Ешкілідегі ең ескі, қоржын тамның алдына ілініп
қойылар. Онда ауылдың қай үйіне, қай күні, қай сағатта
қозапая келіп түсетіні бейнеленер. Мәселенки, жиырма
бірінші қараша күні, таңертеңгі сағат он жарымда Екін-
ші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Оңалбай
Ізтұрғанұлының отбасына; түскі сағат бір жарымда кеңес
кезіндегі партия съезінің делегаты, атақты механиза-
тор, бүгінде тракторынан тұлдыр қалмаған Қалмахан
Қайыңбайұлының үйіне; кешкі сағат алтыда ғарышкер
Гагарин атындағы сегізжылдық мектептің мүғалімі
Жыңғылбай Айшуақұлына...
Әлбетте, әкесінің ішкі есебін Есқара ескермейді
емес. Күніне мажар арбаны үш мәрте толтырып, мақ
талықтардың басынан Ешкіліге әкеп түсірмек ире
леңдеген ұзынтұра, жіп-жіңішке әкесіне жеңіл тимес.
Сол себептен, оның інжәпия құпиясын қазбалап, кінә
лаудың орынсыздығын түсінеді. Сәскеде қозапая түсі
рілетін үйден жеңіл-желпілеу шай-пай және жүз елу
грамдай арақ күтілер. Түсте түсірілетін үйден жақсылап
тойынып, ыстық ішіп алмаса, кирелеңдеп қалу оп-оңай.
Ал, енді, әрине, кешке қарай қозапаялы болатын үйді
мүдірмей діттемек, қателеспей таңдамақ абзал. Әрі ет
жеу, әрі бірнеше бөтелке босату, әрі армансыз әңгіме-
дүкен, сыр-сұхбат құрмақ мәселелері толайым-түгел ше
шілмегі ләзім. Әлбетте, әкесі барлық үйден бірдей тек
қана ішіп-жей береді, қу құлқынның ғана қамын ойлайды
деп жүрмегейсіз. Әсіресе, нарық кезеңі келгелі бері Еш-
кілі ауылының адамдары бұл заманға икемделді емес пе?
Икемделгені сол дағы, имиджі (бұрынғыша бедел, абы-
рой) көтерілген әкесіне әжептәуір тиын-тебен ұсынып,
ұялмауын өтінетінге айналған. Ондайда әкесі:
«Ақша деген немене, тапқан құлға,
Ақ теңгесін кім берер қара пұлға.
Қолдан келсе, еліңе еңбек сіңір,
Бұл өмірге болмайсың сен де тұлға!» –
деп масаттана әндетіп оралатын еді.
Былтырға дейін...
Иә, былтырға дейін, шамамен алғанда, осылай да осы-
лай жалғасып келгентұғын.
Былтырға дейін шешесінің нешеме айлап жоқ боп
кетіп, базар-ошар айналдыратыны да, Жезқазған жаққа
күйеуге тиген әкпесінің, Астана жақта оқып жүрген
ағасының қайырымсыз-хабарсыздықтары да білінбей-
тіндей еді ғой. Ал, былтыр, қара суық қарсаңында жыл
сайынғы жайма-шуақ тартар әдетінен жаңылған әкесі
әлпеті қашып, қарасұрланып келген күні:
– Биыл бастан-аяқ киіндіріп, бәтеңке әперермін-ақ деп
жүр едім, болмасқа кетті, балам, – деді түтігіп. – Арбадан
да, аттан да, қозапая тасушы деген құқымыздан да жұрдай
болып, жұтап қалдық.
– Неге, көке?! – деді бұл жар басынан секіргелі
тұрғандай жүрегі өрекпіген күйде.
– Түк көрмегендер ғой, ең ақыры қозапая тасуға да
«тендер» жариялапты. Аудан әкімінің құдасының пұдасы
ма, бөлесінің мөлесі ме, ұтып алыпты. Атаңа нәлеті, ар-
бакешті тағайындауға дейін аудан әкімі араласатынға
айналған соң не оңады енді?! Енді мен не істеймін, аштан
өлемін бе десем, тиемел жерің бар ғой деседі. Үлеске ти-
ген жердің сиқы анау, ит арқасы қиянда. Сор басып, сор-
лап жатыр. Мақта термейсің бе дейді мені қорлап. Қолме-
е-е-ен... Еңке-е-е-й-і-іп...
Мінекиіңіз, содан кейін Есқараның әкесі бір жыл бойы
арақты қойып, несие деген несібенің жолында жүріп-ақ
бақты. Бұйырмады, бірақ. Сонсоң бұрынғыдан бетер ішіп
кетті. Оған дейін некен-нұқан, қозапая науқаны тұсында
ғана күн сайын дерлік ішіп, кейін сиретуші еді, енді тіпті
тежеу таппай, тоқтаусыз салынуға айналды.
Зәктенген, зардамданған қоржын тамда мұқы-тақы күн
өткізуден әбден заразаптанып, мұғдарсыз жолға беттеп
келе жатқаны мынау...
Есқара қалаға жақындағанда, Қарақас–Арқас кана
лының қос қапталы қарабарқын тартып, үрей үйіре, жы-
бырлай шымырлаған күрең судың бетінде мұздышарық
қылаңытқандай көрінді. Жетінші сыныптың оқушысы
жүрегі суылдаған күйі бетон көпірден дірілдей өтіп,
жарығы өлеусіреген шаһарға жұтылды.
* * *
Қас қарайғанда, қаратүнек жайлаған қоржын үйде
жалғыз өзі жатқанда, мұғалім Жыңғылбай келіп, Есқа
раның қайда екенін сұрады. Ерекең, яғни Ерсәлім сүй
ретіле түрегеліп, Есқараның сүйікті ағайына ешкі
көзденіп қарады да қойды. Қараңғыда онысын аңғармаған
Жыңғылбай тағы тәптіштемектұғын, бірақ Ерекең қайта
дан үнсіз жантайды.
Ертеңіне Ерекең күннің жазға бергісіз жайма-шуақ
танып кеткеніне таңырқай қуанды. Түнімен толғанған,
талайдан бері басының бір бөлшегінде жүрген, енді бір-
жолата бел байлаған әрекетіне әзірлік жасамаққа кірісті.
Ең алдымен Есқараның ең сүйікті ағайы Жыңғылбай
Айшуақұлынан түндегі иттігі үшін кішірейіп, кешірім
өтінді. Сонсоң екі мың теңге қарыз сұрады. Қиялилау
мұғалім Ерекең жайында жаман ойламас; әйелін немесе
баласын іздеуге шығады десе керек, бір сөзге келмей-ақ,
екі мың теңгені қолына ұстатты.
Тозығы жеткен сұрғылтым сөмкеге бес-алты бөтелке
арақ, үш күнге жететін тамақ, төрт-бес баклашка жанармай
салып алып, Ерекең сол күні Ешкілі ауылынан қиянға ұзап
кете барды. Ұшы-қиырсыз егістіктерде қозапая тұнып тұр
еді. Ол сол күні дамылсыз, ұзақ жүрді де, бұл шақта адам
аяғы жете бермес, бұрындары терең көл болған ойпаттың
ең биік, құлама-құзар тұсын таңдады. Ғарышқа ұшып кет-
пекке жеңіл болсын дегендегісі ғой.
Құзар жардың басына үш күн бойы, күні-түні тыным-
сыз қозапая тасыды. Құшақтап та тасыды, қолтығына
қысып та тасыды, жіңішке жіппен буып алып, арқалап
та тасыды. Ақ тер де көк тер болып жинаған қозапаясы
Ешкілінің ең биік үйі шамалас маяға айналды. Қозапая
маясын қалай болса солай үймелей салған жоқ-ты. Текше-
лей қаттап, текпішек жасады; орта тұсын үңгігендей етіп,
қуыс қалдырды. Төртінші күні таңертең ойпат түбіндегі
сызашық суға баппен жуынып, шомыла шайынып,
Жаратқан Иеге жалбарынып, кешірім сұрады. Асықпай,
ақырын ғана аяңдап, ойпаттан жоғары көтерілді. Текпі-
шектен еңбектеп, сұрғылтым сөмкесін иыққа асқан күйі,
қозапая маясының төбесіне шықты. Жайғасып оты-
рып алды. Қызғылтым, қарақошқыл, қоңырқай алаң
қайлардан құралатын қозапая әлеміне ұза-а-а-ақ қарады.
Шіркіндердің тізіліп тұратынын, суырып-суырып алғанда
аздап аяйтынын; үйме-үймелер үлкейе түскенде, керісін-
ше қуанатынын; тың тынысы ашылып, мажар арбаға
мағұрлана артып жататын сәттерін; Ешкілінің иірқобыз
көшесін
жиектей
жиналатын
қозапая
маяларынан
жаңбырлы күндері жанды жабықтыра жүрек сыздатып,
шүмектей су сорғалайтынын; өзге де небір мұңды сурет-
терді көз алдынан өткеріп, кеудесін күрсін кернеді-ай.
Көптен көрмеген қатынының қара сұрлау жүзін ұмыта
бастағанына аздап ұялыс тапты. Жезқазған жақтағы
қызын, Астана жақтағы ұлын ойлаудан қашқақтады.
– Аман жүрсінші, тірі қалса, тесіп шығар бір жерден, –
деді Есқарасын ғана елестетіп отырып.
Есқарасынан кейін Ерсәлім, неге екенін кім білсін,
бұрынғы көл үстінде пайда болған экранға аудан әкімін
әкелді. Әкім болып тағайындалғаннан кейін оны бірқанша
рет жап-жақын жерден-ақ көрген-ді. Бұдан басқалардың
бәрі түгелдей дерлік қоғадай жапырылып, бірін-бірі ба-
сып-жаншып кетердей ұмтылысып, әкімнің қолын алып
қалмаса, қырылатындай қапылады. Шет-шелшеңдеу,
ошарылған ошаған мәнзелдес табаны тапжылмай
тын – жалғыз осы. Неге өйтетініне таңырқай бас шайқар.
Кейіннен, әрине. Нысай-ниетінің, пейіл-пиғылының
пәлендей терістігі жоқ, сонда да әйтеуір әкім дегенде бір
пәле кежегесінен кейін тартады да тұрады ғой.
Елуінші жылдардың қақ ортасында Ерсәлімдер
Қарақас–Арқас каналының бойына Қызылқұм түкпірінен
көшіп келген. Әр тұстан қоныс аударғандар қауымдастығы
қонған айдалада жыңғылдың өзі шанжағайтұғын. Шіл-
деге ұрынып, қырыла жаздады бұлар. Іштің ыстығын
алады десіп, қора-қоралап қой емес, шөре-шөрелеп
ешкіні көбейткен. Шекшеката тұқымы өсімтал ғой,
қысқа уақыттың ішінде осы төңірек ешкіге толып кетті;
жаңа ауыл Ешкілі атанды. Кенет кебенек килігіп, канал
бойындағы малсымақ мұқым қырылуға айналды. «Мә-ә-
ә-ә!» – деп бақырады да, көздері тұңғиықтанып, қылжиып
қала береді. Ерсәлімнің апасы ақыл тапты ақырында.
Кебенек дертінің де дауасы болады екен. Тоқал тамның
есік-тесігін қымтап, сабан түтетіп, кебенек тие қоймаған
ешкіні үш күн бойы ыстайсыз. Ажалы жоғы аман қалар.
Ал, өлетіні белгілі болып, елегізіп, көз жанарлары
тұманыта бастаған ешкіні ертерек бауыздап, сойып алып,
етін өзінің қарнына тығып, сызашықтың бойындағы
салқын саздақтан қазылған ұраға салып сақтайсыз. Үш
жүздейінен үш-төрт ешкіні аман алып қалған Ерсәлімнің
апасытұғын. Сол үш-төртеудің тұқымы әлі күнге дейін әр
ауылда аз емес.
Бастауышта оқитын Ерсәлім талай-талай сақалды сай
танның қылжиып қалғанын көрген. Ал мына мақарыңыз,
яғни ауданның бүгінгі әкімі тұп-тура сол кебенек келіп
соққан жылы туғантұғын. Жас босанған шешесінің
қалжасына соятұғын мал қайда, Ерсәлімнің апасынан
көже-қатық сұрап, әкіміңіздің әкесі келген. Ерекеңнің есі-
нен қалай шығады? Апасының саздақ ойпаңдағы ұраны
ашып, мұның қарынға тыққан кебенек етін алып шыққаны
күні кешегідей көз алдында тұр емес пе?! Ұраның топырақ
текпішегі опырылып кетіп, тізесін қанатып алғанын қалай
ұмытады бұл? Мұндай-мұндай мәселелер бір бүйірінде
қаздиып қарап тұрмаса, қазақ – қазақ болар ма?! Бертін-
гі бір жылдарда бұл оқиға бірер мәрте ауыздан шығып
кеткен-тін. Ерсәлімнің өзі емес, апасы абайсызда айтып
салыпты. Бөтен-бөгдеге емес, бүгінгі әкімнің өзіне. Әкім
болмай тұрғанда; бұлар қатты қиналғанда; нарық заманы
басталып, зардамдануға айналғанда айтқан дағы амалсыз.
Ерсәлімнің есінде жоқ, әлде бөлімше тарағанда ма; әлде
кеңшардың жері жекешелендірілгенде ме; әйтеуір сөйдеп
қалыпты ғой, сормаңдай шешесі.
Алғаш аудан әкімі болып тағайындалғанда, «баяғы
баланы» құттықтауға Ерекең де барды. Өзінің ойына он-
дай-ондай мәселелер кіріп те шықпас. Құттықтау мұның
не теңі?! Қаперде жоқта тізімге тіркеліп кетіпті. Ешкілі
ауылының аттан түсіңкіремей жүрген бес-алты белсен-
дісі ғана іріктелген тізімге жайдақ арбадағы Ерсәлім қалай
ілігіп жүр дейсіз ғой? Мінекиіңіз, осы тұста үлкен қателік
кеткен: кебенек келген жылғы оқиғаны «баяғы бала»
оң бағалайды деп ойлаған да ауыл белсенділері. Ешкілі
делегациясының құрамымен түгелдей дерлік құшақтасып,
сүйісіп келе жатқан «баяғы бала» шет-шелшеңдеу тұрған
бұған қолының ұшын ұсынумен шектелді емес пе?! Ерекең
ондайда ошағанша ошарылар, әрине. Жаңа әкім ұзынша
үстел үстіндегі әлдебір қағаздарға қарап, қайраткерсінеді-
ей! Ешкілі ауылының шөпке тышарларын шет елдердің
әлдебірінен келгендердей санап, өзіне сеніп тапсырылған
ауданның аужайын айта бастады.
Ерсәлім арбакеш Ешкілі делегациясының мүшелерін
Камбоджа, әлде Лаостың адамдарындай, ал аудан әкімін
шамамен Шри-Ланканың көсеміндей елестетіп отырды.
«Баяғы бала», яғни бүгінгі әкім аудан бойынша жеті мыңға
жетеғабыл шаруа қожалығы бар екендігін; бір кездері уақыт
және заман талабына сәйкес ерік беріліп, бөлініп, бытырап
кеткендер бүгінде бірікпекке беттей бастағанын; бірақ ендігі
бірігудің мұқым басқаша мұғдарланатынын тәптіштеді.
– Ағайындар, – деді аудан әкімі Шри-Ланканың мақар
президенті мәнзелдес парасат таппаққа тырысып. – Ен-
дігі бірігу шындап жұмыс жасауды, бейнеттенуді бірік-
тіру болмақ. Осыны мықтап ескергейсіздер, терең
түсінгейсіздер. Былтыр аудан аумағында алпыс алты мың
гектар мақта егілген. Мұның көлемі келесі жылы елу мың
гектарға түсірілмек. Тек бір ғана дақылмен әуестеніп,
әуейіленіп кетуге болмас. Өкінішке қарай, өндірістік коо-
перативтер, шаруа қожалықтары осыны ұғына бермейді...
Ауыл адамдарына ақыл айтып шығарып салғаннан
кейін жаңа әкім ауданның жерін де, мал-мүкәмәлін де же-
кешелендіруді Қарақас–Арқас желінен бетер жеделдет-
ті. Ерсәлімге және Ерекең тұрпаттастарға тиген үлестер
шынымен-ақ ит арқасы қиянда еді. Каналдың қырық
құраққа бөлініп, қылдырықтай арыққа айналып, судың
ақабасы ғана қоймалжың тартып жетер тұстарытұғын.
Жарым-жартысы киіздей тұтасқан ажырық, қалғаны
қамыс-құрақ, солардан артылса, сортаңды ақтаңдақ. Пе-
шенеге жазылдыға сайып, жер игермекке, несие алмаққа
бекініп, көп әуреленді. Алты ай бойы табанынан тау-
сылып, қажет құжаттардың үштен бірін әзер жинады.
Ақырында алқынып, қолын бір-ақ сілтеді. Әншейінде
бұқаралык ақпарат құралдарында сайрап тұратындай емес
екен. Несие алу дегеніңіз қазақтың өз жерінен ғарышқа
ұшуы мәселесін Мәскеу арқылы шешпектен титімдей
де жеңіл шаруа болмай шықты. Ерсәлімдей арбакештер
оған жету жолында жыл бойы жүгіруге тиіс екен. Келер
жылдың өзінде несие атты несібеге колы жете ме, жет-
пей ме; егін еге ме, екпей ме; ол жағы мүлде беймағлұм.
Осыған әбден көзі жеткен соң, шапанымды шешіп алмас
деп, бел буып, «баяғы баланың» алдына да барды-ау!
Мас-қара-а-а! Аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жа-
зылады екен; көп күндер бойы кезек күтеді екен; сарыла
сарғаяды екен. Бәріне шыдап бақты. Көкілеттік-өкілеттік
алған заман дағы; кесіркенген көбейіп, кішірейген азайып
барады емес пе; шыдамасқа шараң нешік?
Кірер кезек жеткенде көмекшісі сыздаусып:
– Шаруаңызды шақтап қана айтыңыз. Ол кісінің уақы
ты өлшеулі, таңертеңгі сағат бесте облыс орталығында
өтетін үлкен жиналысқа жүріп кетуі керек, – деді.
«Баяғы бала» орнынан тұрып, жұмыс үстелінің жа-
нына шығыңқырап амандасты. Ай, атаңа нәлеті-ай,
бірақ сағыз шайнап тұрыпты да. Сонысынан тіксінді.
Ерекеңнің апасы қайтыс болғанда да, тап осылай; менің
келгенімнің өзі не тұрады дегендей кейіп көрсеткен-тін.
Есік алдындағы қиямен, бір шетін қияңқы мия жапқан
құрғақ сүрлеумен көтеріліп келе жатып, сағыз шайна-
уын доғармап еді. Сол сағыз шайнаған күйі көріскен; тап
осылай, сағыз шайнап тұрып көңіл айтқансыған сонда...
Бала-шағасының жағдайын, қатынының сарсаң сауда
жолында сандалатынын, тағысын-тағыларды қысқа ғана
шолып өтпек еді; енді онысынан кілт айныды. Не де бол-
са, несиені айтар алдында «баяғы баланың» аяғын жер-
ге тигізіңкіреп алмаққа бекінді. Ерекең де сонда сағыз
шайнағандай кекжиді-ау кенет:
– Кебенек келген жыл есімнен кетпейді, – деді кекірейе
түсіп.
Аудан әкімі алтын тістерін сақ еткізе сағыз шайнауын
доғарып, күрең тарта ресмиленді:
– Шаруаңызды айтыңыз, уақыт жоқ, – деді мұны мүлде
танымайтын адамдай.
– Жаңа көмекшің ескерткен, уақытың өлшеулі. Білем, –
деді бұл. – Таңертеңгі бестен тұрып, он жетінші ғасырда
Мөңке би болжап айтып кеткен мағынасыз жиналысқа
жүресің.
– Неменеге келдіңіз, соны айтыңыз!
– Несие деген шын нәрсе ме, өтірік пе? Соны ғана
білмекке келгем. Аудан басының өз аузынан естімекке
кіргем.
– Кімге – өтірік, кімге – шын, – деді «баяғы бала».
– Ақиқатын айтқаныңа рахмет, – деді Ерекең. – Сенен
мұндайды да күтпеп ем.
– Тағы нені білгің бар? – деді «баяғы бала» да «сенге»
көшіп, сіресіп.
– Қарақас – Арқас бойының құнарлысы мен құйқа
лысын, сулысы мен нулысын, жайлысы мен жақынын
кімдер алғанын айтар ма едің, сұрасам?
– Неге айтпасқа?! – деді әкім сағыз шайнауын одан әрі
жалғастырып.
– Мына мен және менің адамдарым алды. Ала бермек!
Болдың ба?
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген ғой, соңда
әкімнің бүкіл болмысында ештеңеден де, ешкімнен де
қорықпас алкеуде алапат бартұғын.
– А-ал, ала беріңдер. Сонда біз секілділер; қолмен
мақта терместер; сендейлердің алдарыңда ешқашан
еңкейместер не істемек керек? Аштан қата бере ме?
– Несі бар, небір өркениетті елдерде де аштан қата
тындар аз кездеспейді, – деді «баяғы бала». – Еңкей
местердің еншісі сол. Амал қанша, тәуелсіздігіңіз һәм
бірқатар шығындарды талап етуге хақылы.
– Кімдердің қандай жолда өлетінін де біледі екенсің, –
деді Ерекең сонда. – Мұны да сенен күтпеп ем. Рахмет!
Бұған дағы шүкір-ақ...
Есікті қатты жаппақ болғаны есінде. Алайда, зілмауыр
зәулім мүлікке әл-дәрмені жетпей, жұлқумен ғана тынып,
еңкеймей шыққанның өзін қанағат тұтқан.
Қайтар жолында, өркениетті түрде айтқанда, аудан
орталығының олигархиялық бөлігіндегі әкімнің үй-жайын
әдейі ғана көріп өткісі келген. Алыстан қарағанның өзінде
қорқып кетті.
Қызғанған жоқ.
Қызыққан жоқ.
Қорқып кеткені рас...
– Солай! – деді Ерекең экрандағы ауданбасыға. Сөйтті
де оны «сөндіріп» тастап, ауыл жаққа қарады.
– Қош болыңдар, – деді Ерекең аспан тіреген қозапая
маясының үстінде отырып. – Мен бүгін ғарышқа ұшам.
Біліп қойыңдар, ғарышқа тек Байқоңырдан ғана аттан-
байды адамдар. Қазақтар. Қозапаяның қызу-қуатымен
кез келген жерден ұшпаққа мүмкіндік бар. Сезгірлер ғана
сезер-дүр мұны! Қош, Ешкілі елі! Қош, Есқара бала! Тірі
қалсаң, тесіп шығарыңа сенем... У-у-у-у... Уу-уу-уу...
Жанармай толы баклашкаларды сөмкесінен суырып,
қозапая маясының ортаңғы тұсынан әдейі үңгігендей етіп
қалдырған, тереңінде қарқаралы, қаудасын қамыс жатқан
тұсқа бірінен соң бірін шашып-шашып жіберді. Сонан
соң кеуірт шақты.
Лез-демде лап ете түскен жалын лаулай алау зау
латты.
У-у-у-у... Уу-уу-уу-уу-уу...
Ешкілі жұрты қозапая қалдығын екі күндей ақтарса-
дағы Ерекеңнің денесінен ешқандай жұрнақ таба алмады.
Қозапаяның қызу-қуаты адамның еті түгілі, сүйегін де
түп-түгел балқыта ерітіп жібереді дескендер де аз емес-ті.
Мүмкін, Ерекең шынымен-ақ ғарышқа ұшып кетті ме, кім
білер? Ұшпады деуге нендей негіз бар? Дескендер дағы
табылған.
Бір таңданарлығы сол, бұл оқиға осы уәлаятта таласа-
тармаса, тоқтаусыз шығып жататын, немесе тынымсыз
сарнап тұратын бірде-бір бұқаралық ақпарат құралының
назарына мұқым-мүлде ілікпеді. Тіпті, бұдан мыңдаған
жылдар бұрынғыдай, тас дәуіріндегідей тіршілік кешіп
жатқан Тазагөйлер тайпасы туралы жан-жақты жазған
аты шулы «Комсомольская правда» газетінің өзі һәм үн-
түнсіз қалды.
Ал, жетінші сынып оқушысы Есқара Ерсәлімұлына
келсек, оны Сағымкенттен ұшырастырғандар бар екен;
жағдайы шыли жаман емес; әлдебіреуге жалданып жұмыс
істеп жүріпті деседі.
«Тірі қалса, тесіп шығар бір жерден. Бәлкім, әкім болар.
Басқашалау ыңғайдағы, әрине. Алдынан кім шығыпты
дейсіз, өрен өскіннің...». Ғарыш тұңғиығынан ба, қозапая
әлемінің астынан ба, Қарақас–Арқас желінің у-у-у-уілі-
нен бе, жарықтық Ерекең емірене елбіреп осылай сыбыр-
лайтындай.
ӘКІМ КЕТКЕН КҮН
Кететін әкім сөзін күреңітіп бастап, күлгіндеу кейіпте
аяқтап, жылы жымимаққа әрекеттенді.
Келген әкім сөзін сәл алабұртыңқырап бастап, қызыл
будандана, жасандылау жайқарланып, жып-жылы жы-
миыспен тәмәмдады.
Хаттама жүргізуші Бәсіребек Төлеңгітұлы әдетте
әкімдердің бет-жүзіне емес, көк желкесіне көз тастап
отырушы еді. Бұл жолы жаңадан пайдалануға беріл-
ген, жақында ғана еурожөндеуден өткен кіші мәжіліс
залының кінәратынан көк желкелерді көз сүзгісінен
өткізе алмады. Қанша мақтаса да, жіптен жаңа шыққандай
жұтынып тұрса да, жаңғыртылған мәжіліс залы хаттама
жүргізушіге онша ұнамайтын.
Кеше кешке қарата Бәсіребек Төлеңгітұлы жұмыстан
ертерек кайтып, автобусқа да мінбестен, айнала-төңірекке
телміре қарайтын ғадетімен Т. қаласының тротуарына
шыққан. Бұл Бұланай тауларының арғы жағында жүрген
жылдары ағаш атаулының басқа түрлері құрып қалғандай-
ақ, Т. қаласын тұп-тұтас қарағаш басып кеткен екен.
Алыстан аңсап жеткенде, жігері құм болып, алып-ұшқан
көңілін киіз жабудай бірдеңе тұмшалай тұншықтырғаны-
ай. Кейін көзі үйренді, бірсін-бірсін өзі үйренді. Енді,
мінекиіңіз, сол қарағаштарыңыз бірқатар жылдан бермен
қағаз кеміретін хаттама жүргізушінің маңдайынан сипап,
селдір шашын желпитіндей. Жол жағалай ән сап тұрмаса-
дағы, үн сап тұрыпты.
Бәсіребек Төлеңгітұлы қаланың қиыр шетіндегі «хру
щевкалардың» шетіне іліккенше шаршаған жоқ. Қайта,
керісінше, тыңайып қалғандай. Қарағаштарды санамалап,
сирек теректерді жанамалап, бір сағаттан астам уақытты
қаза қылған екен. Бес қабатты бетон үйдің үстіңгі тозық
балконынан әлі күнге дейін әжептәуір сүйкімді көрінетін,
инабаттан мақұрымдана қоймаған зайыбы ақпарат айтты:
«Телефонға. Жұмыстан», – деді жұмсақ қана үн қатып.
Үйге бірден кірмей, подъездің оң жағындағы отыз
жылдық қарағаштың түбіндегі қисайған орындыққа жай
барақат жайғасып, темекі шегіп отырып, өзін-өзі алмауыт
мінген ермауыттай сезініп, қиял-ғажайыптарға берілмек-
ті. Ол ойы орындалмады.
Бесінші қабатқа керенау көтерілді. Асығып-аптығатын не
бар дейсіз, телефонға шақырып жатса, жұмыстан қоңырау
шалса, ол – үлкен жаңалық емес. Көп болса, ертең кезек-
ті, бәлкім, бір кезексіз жиналыс бар шығар. Соған ертерек
жетпекті ескертер. Қағаз кеміріп келе жатқан жылдарының
ішінде жұмыстан жалқы рет кешіккен емес. Сонда дағы,
тәртіптің аты – тәртіп, кеңсенің аты – кеңсе. Кезекті неме-
се кезексіз, керекті немесе керексіз жиналыс өтерде бұған
міндетті түрде қоңырау шалынады, есіне салынады. Кеші-
гуге мүлде болмайтыны ескертіледі.
Бетон үйдің биігіне көтерілу оңай ма, жалпы бөлімнің
меңгерушісі жалығып, мұның өзіне телефон соғуды тап
сырған екен. Зайыбы тар балконда сәбіз турап отыр
ғандықтан, бұл мәселені кіші қызы мағлұмдады. Демін
басып, Африка мен Азияның қиыр-шиырларындағы небір
қиын елдердің, түрлі мемлекеттердің талайымен тағдырлас
болған тайқы маңдайын терден құрғатыңқырап барып,
жалпы бөлім меңгерушісінің телефон нөмірін терді. «Мен
Бәсіребек ағаңмын ғой, шырағым», – деді. «Кадрлар түгел
жасарып кетті, кейде бізге жүдә ыңғайсыз», – деді ішінен.
«Айып етпеңіз, Бәсіребек Төлеңгітұлы», – деді жалпы
бөлімнің меңгерушісі. «Әлі, осы уақытқа дейін жұмыста
отырсыздар ма?» – деді бұл. «Бүгін, зәуіде бір ертерек
қайтып ем, әйтпесе бөлім бастығынан кейін шығамын
ғой», – деді ішінен. «Бәсіребек Төлеңгітұлы», – деді бөлім
бастығы үнін сәл-пәл қатайтыңқырап. Бәрі бұны осылай
атайды. «Басеке» деуге тағы келіңкіремейді, бастық емес.
«Бәсіребек Төлеңгітұлы, ертең кезектен тыс актив жиналы-
сы шұғыл түрде шақырылып жатыр», – деді үні іріңкіреген
бөлім бастығы. «Немене, жайшылық па, әйтеуір?» – деді
бұл. «Бүйтіп қадала қызықпайтынымды біледі ғой, өзінің
даусына орай сұрағаным дағы», – деді іштей. «Біз де
біліңкіремей отырмыз, әйтеуір Үлкен Кісінің тікелей өзі
келетін көрінеді», – деп сыбырға көшті жалпы бөлімнің
меңгерушісі. «Бір сағат ертерек келіңіз, жарай ма?» – деп
қосты тағы да. «Жарайды-жарайды», – деді бұл. «Ә-ә, әкім
нің ауысатыны расқа шықты», – деді ішінен.
Палаудың күріші тірілеу болды ма, Бәсіребек Төлеңгіт
ұлы жөнді ұйықтай алмай, әлсін-әлсін жайсыздау түс үзік
терінен шошып ояна берді. Осыдан ширек ғасыр уақыт
бұрынғыдай, отызға жетер-жетпес кезі екен. Африканың
қақ ортасындағы қос сұлтанатта жер мәселесі жөніндегі
өкіл болып жүр екенмін дейді. Ойпырай, әлдеқашан елге,
туған жеріме қайтып кеткен секілді едім ғой, қалайынша
қайтадан келіп қалғанмын, тағы да сол пәле-пәтірлердің
етін жеп, сорпасын ішетінге айналдым-ау деп, қатты қина
лыстан жаны қысылып, жүрегі атқақтап бара жатқанда
көзін ашып жіберді-ау. Түрегеліп отырғанымен, көз алды-
нан қыл-қыбырлар мен жүн-жыбырлар кете қоймады. Біре-
се, қорапқа салынып сатылатын тарақан тәрізді жәндіктен
буланып пісірілген палаудың, біресе шегір шегірткеден
жасалған сорпаның дәмі тілінің төңірегін тызылдатып, ма-
засын кетірді. Асқазаны ашып, бауыры бүріп ауыратындай.
Алайда, Африканың азабынан оянып құтылғанына қуанды.
Балконға шығып, темекі тұтатты.
Баяғыда, облыстық ауыл шаруашылығы басқарма
сында бөлім бастығы қызметіне енді көтеріле берген-
де, жер мәселесі жөніндегі таптырмас, тындырымды
маман ретінде құпиялау бір қызметке, інжәпиялау бір
іске ұсынылып кете барды. Алғаш Алматыға, айрықша
әңгімеге, артынан Мәскеуге, бөлекше пысықтап, біржола-
та бекітпекке шақырылды. Көп ұзамастан, өзгеше өкілетті
халықаралық ұйымның арнайы тобына қосып, Африкаға
айдады да жіберді. Әуелгіде араб елдерінің жер жөніндегі
мәселелеріне араласты. Бірсін-бірсін ары қарата дендеп
еніп, тереңдей бастады. Көрмеген елі, өлшемеген жері,
таразыламаған топырағы, татпаған тағамы қалмады. Ара-
арасында ғана туған жерге жіберетін еді. Бірде, Құран ту-
ралы айтуға да болмайтын кездер ғой баяғы, сол қасиетті
кітаптың жалғыз данасын шекарадан алып өтемін деп,
партия қатарынан шығарылды. Партиядан шыққаным – ең
жоғары сенімнен айырылғаным дағы, ендігәрі кері жібер-
мес деп, бір жағынан жұбаныш жастанған-ды. Бөлені ме,
бұдан өзге жер жөніндегі жөпшенді маман емге табыл-
май, демнің арасында қызыл билетті қайтарып беріп, Қара
құрылықтың қақ ортасындағы қос сұлтанатқа жөнелтті.
Тарақан тәріздес жәндіктің қорапқа салынып сатыла-
тынын сонда көрді. Шегір шегірткеден жасалған сорпаға
сонда дәнікті. Лажсыздан, әрине. Жыланнан кесілген әсіп
ті әдемілеп тұрып жеуге әбден құнықты. Көлбақаның сира
ғынан шымшып ұстап, шиборбайын мүжігенде, Бөген
құс фабрикасының бипыл балапандарынан кем көрмеуге
үйренгені де сонда ғой.
Қос сұлтанаттың жағрапиялық жағдайы жағынан
да, тұрғындарының ұлттық құрамы, салт-санасы, ішіп-
жемі жағынан да, ұқсастықтары жетіп-артылады. Айыр
машылықтары да аз емес. Қайбір жылы Сомали деген
сормаңдайлау ел мен Пушкиннің арғы аталары шыққан
Эфиопияның арасында жер дауы асқынып, соғыс бұрқ
ете қалды. Қос сұлтанатқа ортақ бір мақал бар: «Піл-
ді жел шайқаса, маймылды аспаннан ізде». Сомали мен
Эфиопияңыз ол жақта алып мемлекеттер саналатындықтан,
құртымдай ғана қос сұлтанаттың сұрқы қашты. Мәскеудің
мысқыл миығы мен көгереңдеген көз қиығы ол аймақтағы
жер дауын түп-түгел, түбегейлі шешпекті көздемес. Шына
шақ айналмас аумақтарды шатақ өлшетері сондықтан.
Зайырын түптегенде, жер жөніндегі өкілдер кәдуілгі күнә
һар саясаттың құрбандары саналғанымен, кейбір жағдаят
тарды жайбағыстап, талай-талай тайпаларды мұқым құрып
кетпектен сақтамаққа септеспеді дей алмайсыз. Сана түкпі
ріндегі саңылтыр сызаттардың азапқа салмай, көбінесе
кермектеу болса дағы, мұнарлы-мұңды сағыныштың сазын
шертер ызың қурайдай ырғалма елес туғызары, жеңіл ғана
сырқырайтыны содан-ау, сірә.
Ой түбінен ой оянып, Қара құрылықты қиялмен кезіп
отырғанында, балконның үстіңгі бұрышындағы ескір-
ген әйнекке таң арайының жалқыны да жұққантұғын.
Бәсіребек Төлеңгітұлы жуынып-шайынып, күндегіден
бетер баптана қырынды. Сүйсініспен ішетін сүтсіз ко-
фесін бабымен ұрттап тұрып, радио тыңдады. Пәлендей
жаңалық айтылған жоқ.
Актив жиналысы бұрынғыдай үлкен мәжіліс залын
да емес, бөтендеу бітімде өтетінге айналған. Еуро
жөндеуден шыққан кіші мәжіліс залында, таңертеңгі
сағат тоғызда деп хабарланған екен. Сақтық жасаған
дары ғой, әйтпесе, кәдімгідей сағатыңыз онды соққанда
басталды. Алдымен Үлкен Кісінің өзі көрінді. Бұдан
екі жыл бұрын келгендегісінен көп өзгерген секілді.
Шаршаңқы, көздерінің алдындағы көлеңкелер қалыңдай
түскен бе, қалай өзі? Қайрат пен құштарлық, сіреспе-
лікті жолатпастай сергектік қат-қабат жараса жарысар
жанарларында мұңдылау мазасыздық басымырақ. Хат-
тама жүргізушінің жүрегі жуалдыз шаншығандай шым
етті. Үлкен Кісінің соңынан екі адам: кететін әкім, со-
сын келетін әкім шықты.
Хаттама жүргізуге арналған магнитофон, тағы басқа
жасау-жабдықтар орнатылған тұстан аумақтағы барлық
аймақ атқамінерлерінің артқы шүйделері мен көк жел-
келері түп-түгел, ап-анық көрінетін еді. Бәсіребек
Төлеңгітұлы қатты күрсінді. Айнала-төңіректегілердің
бәрі бері бұрылып, бұған қарап қалғандай сезілді. Бірақ
мүлде олай емес-ті. Мұның күрсінгеніне бірде-бір жан
баласы мән-маңыз беріп жатпады. Хаттама жүргізуші
неліктен соншама таусыла күрсінгенін өзі де түсінбеген.
Үлкен Кісіні аяды ма, кететін әкімді аяды ма, келетін
әкімді аяды ма, қаймана кара жұртты аяды ма? Жоқ, әлде
көз алдындағы көк желкелерді аяп, мүсіркеді ме? Ке-
нет күліп кеп жіберді. Тағы да жиналған жұрттың бірі
қалмастан, толайым-түгел бұрылып, бұған таңырқағандай
әсерленген. Сөйтсе, тап жанына жалп етіп отыра кеткен
жалпы бөлімнің меңгерушісі де селт етпепті, бәрінің ын-
дыны төргі тұста.
Үлкен Кісі сөйлеп тұр. Шаршаңқылау кейпіне ашу мен
реніш, сонымен қатар, хаттама жүргізуші түсіне бермес
тағы бірдеңелер қосылғандай. Қайтадан қатты аяп кетті.
Қызығын қараңызшы, қолы үшбу хаттаманы жүргізіп
отырып, ойы қиырдағы қарақоңырлар мекендейтін қос
сұлтанатқа кетіп қалды. Баяғыда, сонда жүріп, Бірін-
ші сұлтанаттың да, Екінші сұлтанаттың да бір-бір әкі
мінің ауысқанына куә болған. Бірінші сұлтанатта бәрін
«Табиғаттан басқаға тәуелсіз сот» шешеді. Олардың Таби
ғат дегені – Құдай дегені. Ал, соттары солай аталады.
Әкімдерінің кетуі былай еді. Оны ортаға отырғызады.
Сөзді қор қылмайды, бәрін бимен-ақ білдіреді. Алдымен
сүйектері саудырлаған, қабырғаларын қиналмай санауға
болатын сегіз шал шығып, ойхай, билейді дейсіз. Кәнігі
кәрі қақсалдарыңыз секеңдей секіріп жүріп, бір кезде та-
бан астынан кілт бұрылып, орнынан түсетін билеушіні
басып-жаншып жіберердей жетіп барысады да, ежірейе
қарасып қалады. Беттерінен бір әжім білінбес, пісте
майға қуырылған жасымықтай жалт-жұлт етер. Кәрі-
құртаңдықтары арық-тұрақтықтарынан ғана аңғарылар.
Сірескі күйде тізелерін сәл бүгіп, сегіз шал бір мезгіл-
де шаңқ етер. Сол сәтте «Табиғаттан басқаға тәуелсіз
соттың» төрағасы – тоғызыншы шал аспаннан түскендей
пайда бола кетіп, өткір қайшысымен қарш еткізіп, билеу
шінің желкілдеген айдарын кесіп алар. Кесілген айдар
сегізге бөлініп, сұлтанатты құрайтын сегіз аймақтың
әкімдеріне таратылар. Ендігі сәтте сегіз әкімнің биі баста-
лар. Босқа билемес, әрине. Билері арқылы ойларын айтар.
Ақырында уыстарындағы айдар шашты отқа тастағандары
қызметтерінде қалар, лапылдаған жалынға қимағандары...
белгілі ғой. Сәлден соң-ақ жаңадан тағайындау басталады.
«Табиғаттан басқаға тәуелсіз сотыңыздың» тоғыз тарланы
орнында қалғандардың да, тыңнан тағайындалғандардың
да желке тұлымдарын жоғары қайырып тастап, тас-
түйінденіп, шүйделерінен үш-төрт елі төмен өлшеп, көк
желкелерге шүйіле үңіледі-ай келіп.
Мұның мәнісі мынадай-дүр. Сұлтанат адамдарының
бет-жүзінен бірдеңе білмек пен сезбек – қиынның қиыны.
Әсіресе, үлкенді-кішілі, жоғарылы-төменді әмірші-әкім
дердің арамдығы мен адалдығы, тағысын тағылары тек
қана көк желкедегі құбылыстардан айқын аңғарылады
деп есептеледі. Бет біткеннің қарақоңыр, қан-сөлсіз, сай-
сызықсыз, қызыл-қызықсыз, жанарлардың жансыз көрі
нетіндігінен болар-ау деп түйіп жүрсе, Бәсіребек Төлеңгіт
ұлының онысы дағы онша дұрыстыққа саймады. Бірінші
сұлтанаттағылардың пайымдауынша, адам, жер жүзіндегі
күллі адамзат та бұл ғасырыңызда бет-жүзден, оның ішінде
көз жанарынан түк білдірмеуге, ештеңе байқатпауға, дым
сездірмеуге әбден машықтанып біткен. Сондықтан, енді
анау-мынауды тек көк желкеден көрінетін құпиялардан
ғана анықтай алуыңыз мүмкін.
Әнекиіңіз, солай. Жаңадан болған билеушіден һәм ант
қабылдағанда, «Табиғаттан басқаға тәуелсіз сотыңыздың»
сегіз мүшесі көк желкеден көз жазбай, міз бақпай, тесіліп
қарап қалар. Төрағасы ғана төр жақтан таразылап тұрар.
Ал, енді Екінші сұлтанаттың адамдары шетінен шешен
келеді. Сонда дағы, өтірік айтқаннан гөрі өлім құшқанды
артық санайды. Сөзге сенбеу, уәдені орындамау деген-
дейін ұғымдар Екінші сұлтанаттағыларға мұқым түсініксіз
нәрсе. Алайда, еуропалықтардың енуіне байланысты бұл
елдің салтына да сетінеу құрты түскелі ондаған жылдар
өтіп үлгерген. Бәрібір, сөзі кем, әні жоқ, биі басым бірін-
шіліктердей емес, екіншіліктер шешендікке басымырақ
мән беруден танбаған. Сөз шіркін қорланып, аяқ ас-
тына түспес. Бірде Бәсіребек Төлеңгітұлы Екіншідегі
әріптесінен: «Әмірші-әкімдеріңіз орнынан не үшін алын-
ды?» – деп сұрады. Әлгі досы: «Суға батып бара жатқан
кемені құтқармақтың орнына оның мұржасын бояумен
әуреленгені үшін», – деп жауап берді.
Қос сұлтанат жайшылықта бейбіт қатар өмір кешеді.
Екі ортада шатақ шығар шақ Шекара атты өзенге байла-
нысты. Шекара өзені бір түнде, күтпеген жерден, білдір-
мей ғана бір қадамдай, әлде жарты қадамдай аунап ағады.
Міне, сол сызашық салған әлектен, сынық сүйем жер үшін
қос сұлтанаттың қарақоңыр тұрғындары жан берісіп, жан
алысар. Бәсіребек Төлеңгітұлы және оның әріптестері
үшін тыныс бермес тынышсыз жұмыс басталатын.
Қандай қателік жібергенін кім білсін-ай, кім білсін,
шұғыл түрде туған еліне қайтарылып, екі жылдай қызметсіз
жүрді бұл. Бүзіріктің мүдірігіндей мініңізге шайтан мін-
гессе, сезегендігіңізден жаңылып, сенделмеге түсерсіз.
Кесіркенген жері жоқ еді, есіркенбеді де, мүсіркенбеді де,
әйтеуір. Дегенмен, жер жөніндегі сарапшы маман ретінде
жерде қалмады. Бұл жолы Бұланай тауларынан ары асты.
Бірақ бәрібір, бұрынғы көңіл күйінен адаланып үлгеріпті.
Тарақан тәріздес жәндіктен буланып пісірілетін палау-
дан ба, жылан әсіптен бе, шегір шегірткенің шылпылы-
нан ба, бірдеңеден ұшынғандай, дел-сал тартып, тұйық
тұнжырланып, өз ішіне өзі түсіп кеткендейтұғын. Сол
себептен бе, ендігі жерде халықаралық ұйымның арнайы
топтарында тек қана хаттама жүргізуші болып, қайта
қалыптасты. Шығыс Азияның шет пұшпағында жүргенде,
КСРО тарады, жер жөніндегі топтың мүшелері біржо-
лата жұртына қайтты. Содан бермен қарата Бәсіребек
Төлеңгітұлы осы кеңседе хаттама жүргізіп келеді.
Содан бермен қарата бірқатар әкімнің келгенін көрді,
кеткенін көрді. Талай-талай бөлім бастықтарымен бір-
ге тіршілік кешті. Тек бір мәрте ғана ескерту естігені
бар. Ол кезде мынадай магнитофон, анандай компью-
тер дегендеріңіз әлі жаңбырша жауып, саңырауқұлақша
қаптай қоймаған. Хаттаманы бастан-аяқ қолмен жазатын.
Хаттама жүргізіп отырып, кейде келіп қалған ойларды, есі-
не түсіп кеткен мақал-мәтелді, данышпандар айтып өткен
акыл-нақылды жаза салатын, артынан өзінің көк дәптеріне
көшіріп алып, өшіре салатын әдеті бар-тын. Сонда ғой,
әлгі хаттаманың қақ ортасына: «Қарны жарылғанша мел-
дектеп тойып алған мыңбасы, жүзбасы әскери кеңеске
келіп, кекірік атып отыратын болса, олардың басы алын-
сын» (Шыңғысхан). «Ал мына кеңестегі бастықтардың
көпшілігі кекірік атып отырыпты», – деп жазып, онысын
көк дәптеріне көшіріп алып, өшіріп тастауды ұмытып
кетіп, хаттамаға басылып кетіп, ойхай бір, қызық болған.
Қызығы құрысын-ай, қатаң ескерту алған.
Хаттама қалыпты түрде жүргізіліп жатты. Үлкен Кісі
сөзін аяқтады. Ол кісінің сөзінен, басқаларды кім білсін-
ай, кім білсін, хаттама жүргізушінің жон арқасы мұздап,
талай талқыны көрген тайқы маңдайы терлеп жөнелді.
Әдеттегіше, кететін әкім сөйледі. Күреңітіңкіреп
бастап, күлгінденіп барып аяқтап, жылы жымимаққа
әрекеттенді. Келген әкім өз сөзін қызылбуданданып бас-
тап, жасандылау жайқарланбаққа қол жеткізіп, келісті
күлімсіреумен тәмәм етті. Хаттама жүргізушінің есінде
ғой, кететін әкім де баяғыда, алғаш келгенінде, өзін-өзі
шамамен осылай ұстап, тәуір-ақ күлімсіреген еді. Жалпы,
кім-кімнің де, қандай әкімнің де келген кезден-ақ кетер
сәтін сараптағаны жөн екен дә-ә-ә... Бұрынғы ата-бабала-
рымыз хаттама жасап, айтып-ақ кеткен екен дә-ә-ә...
«Ал, кәне, кім сөйлейді? – деді Үлкен Кісі. – Айтатын
дарыңыз бар ма?»
Ләм-мим бола қоймады. «Немене, сөйлейтін адам жоқ
па?» – деді Үлкен Кісі. Бір-екі шал-шауқан бірдеңелер
айтқандай. Хаттама жүргізуші Қара құрылықтың қақ
ортасына барып қайтты. Бұл шалдар ол шалдарға жуы-
майды. Жоғарылы-төменді, жай кездері шіренгенде жер
жарықтықты шайқайтын атқамінерлердің бірде-бірі үн
қата алмады. Бұл жолы Бәсіребек Төлеңгітұлы Бұланай
тауларынан ары асып, асығып оралды. Шыңғысханның
баяғы, қағазына түсіп, құжатына кіріп кете жаздаған сөздері
тілін түйіртпектеді. Сол әуенге салып: «Жүзбасылар мен
мыңбасылар... Актив жиналысына аш келіпті-ау», – деді.
Тарап бара жатқандардың соңынан қарап, неше алуан
көк желкелердегі құбылыстарды шынымен-ақ оқып тұрды.
Хаттамаға түсіріп алар ма еді асықпай, деп ойлады.
АҚПАНДАҒЫ МЫСЫҚТАР
Кейінгі күндері Шуақты кентінің тұрғындары мауыққан
мысықтардың жан түршіктіре шыңғыратын дауыстарынан
шошып оянатынға айналды. Үй-жайлары басқашалау бә
дізделген «Шалғын» мөлтек ауданының адамдары үшін
бұрнағы жылы ашылған базар шуы да, Дарабоз батыр
даңғылымен күні-түні, ерсілі-қарсылы ағылатын темір көлік
шуылы да, тіпті таяқ тастам тұстағы шойын жолдың тарсыл-
гүрсілі де, түп-түгел нәніпәтір еді. Алайда, ақпан айы баста-
ла бере, қас қарайып, тұманытқан түннің етегі еркін қымтап
үлгермей жатып-ақ тұс-тұстан құлақ тұндыра үн қосатын
мысықтар аза бойды қаза қылатын болды.
Осы жағдаятқа байланысты алғаш әңгіме айтылғанда,
«Зайып» фирмасының президенті миығын түрткен мыс
қылды сұқ саусағымен басқан-ды. Ал «Шалғын» мөл
тегіндегі үйіне қонып шыққан күннің ертесіне өзінің до-
сына, қала әкімінің білдей бірінші орынбасарына телефон
соқты.
Қызметінен қалжырап оралып, сұрық қашырар сансыз
сұрақтың қамауында құлақтарына мақта тығып: «Мен
үйде жоқпын, естідіңдер ме-әй, мен жоқпын, тек үш
адамға ғана бармын», – деп отыр еді, «Зайыптың» пре-
зидентіне құрақ ұша қуанғандай. Телефонды құлағына
тақай бергенде, кенет шаһардың күллі мысықтары дауыс
салып қоя бергені.
«Ың-ң-ңа, ың-ң-ңа, а-а-а-а...»
«Уға-ға-ға, у-у-уға-ға, а-а-а, ғы-ғы-ғы-р...»
«А-а-а-ах! И-и-иһ!»
«Ы-ыр-ғғ-а, ы-ыр-ғағ-ға, ыр-ы-ы-р...»
– Естіп тұрсың ба? – деді «Зайып» жағы.
– Өзің ше?! Немене, сен де естідің бе мына пәлені?! –
деп шошыды әкімшілік жағы.
– Құдды адам ғой мынау, адам! – деп күлді «Зайыптың»
президенті.
– Япыр-ай, десеңші! Іш болмаса біреуі «мияу» демейді-
әй, жүдә! – деді қала әкімінің бірінші орынбасары. –
Мысық адамға, адам мысыққа айналып алды-ау, осы, а?!
– Бұ дүние не боп кетті өзі? Заман не болды? – деді
«Зайыптың» президенті. – Мысық екеш мысық та басы-
нып, басқа шықты. Өзі, сендер осы проблемамен айналы-
сып жатсыңдар ма?
– Не істерімізді білмейміз, жұрттан да «жалыбы» көп.
Жайша хабарласып тұрсың ба?
– Соны айтсам деп ем.
– Нені?
– Мысықты да. Айтпақшы, ертең мұхиттың арғы
жағына ұшамын ғой, көріскенше!
– Өзің бе?
– Телефонның әңгімесі емес. Әбден шаршадым, сәл-
пәл былай, дегендей...
– Түсіндім, – деді қала әкімінің бірінші орынбаса-
ры. – Әй, әй, тоқташы, саған айрықша тапсырма берейін.
Ақыры, мұхит өтіп, алыс кетіп барасың ғой. Анықтап,
айқындап сұрашы, мауыққан мысықтармен, мына кесе-
патпен қалай күреседі екен өркениетті елдегілер? Шын
айтам, жөндеп біліп қайтшы, жарай ма?
– Жарайды-жарайды, мынауың қызық болды-ау! – деп
қарқылдай күлді «Зайып» жағы. – Ха-ха-хаһ, қараптан-қарап,
ө-ө-өһ, өстіп жүріп жүк жамап алатыным бар... Ө-өһ-өзіміз
һәм мысық болып бара жатқанда... жа-жаһ-жарайды...
Сәл ғана саябырсыған мысықтар шыңғырма әуен
деріне қайта басты. Жан-жақтан жамыраса жыласып-
сықтасқандай ма-ау, сағынысып табысқандай ма-ау, әлде
сақ-сақ күліскендей ме-ау, небір үдемелі үндер кенттің
астын үстіне келтіре жаздайды.
* * *
Институттың дап-дардай кафедрасында аға оқытушы
болып істеп жүрген жерінен тағдыр айдап отырып, ба-
зардан бір-ақ шығарды. Шілде айы ортасынан ауа бере
«Шалғын» мөлтек ауданындағы базарда тұрды. Келес-
тегі кластасының екі ай бойы үгіт һәм насихат жұмысы
болмағанда, қаңғырып, қоңыз теріп кетуі де әбден кәдік-ті.
Ол оқтын-оқтын облыс орталығы арқылы өтеді де, бұған
көкөністің әйтеуір бір түрінен бірнеше жәшігін тастап
кетеді. Соларды алғаш ұяла-ұяла, кейіннен әжептәуір
ұмтылыспен саудалай бастады.
Бірде институт кафедрасында екі жылға жуық уақыт
бірге жұмыс істеген профессор кемпір бұдан қызанақ
алды. Әуелгі кездері таныс кісілер келе қалса, бетінен
оты лап етуші еді. Ал, профессор кемпір мұның ал-
дына үшінші айда келіп тұрғандықтан, онша қызара
қоймады. Профессор кемпір бұған қарап-қарап алды
да, қатты күрсінді. Күрсінгені түп-түгел өтірік еді. Егер
осы апайының күрсінісін көкөніс тартатын таразысына
салса, жалғандығы ап-анық аңғарылар еді. Ол кісі тіпті
көзіне жас алмаққа әрекеттенді. Жуық арада жанарлары
жасаурай қоймады. Профессор кемпір кемсеңдеген бо-
лып, бұған бір, қызанаққа екі қарады. «Е-ей, заман-ай,
не боп кетті бұ дүние?» – деді. «Ең ақыры, саудаға икемі
жоқ сен баланы да базарға айдап шығарған соң, не үміт,
не қайыр?!» – деді тағы да. «У-уһ!» – деп қосты. «Бекер
істедің ғой, балам», – деді одан әрі жалғап. «Бәрін естідім,
әркім әртүрлі айтады», – деді тағы.
Мұның келіншегі проректормен бірге сол кісінің каби-
нетінде, күтпеген жерден, кенеттен құлыпталып қалып,
бұл әңгіме әп-сәтте тарап кеткен. Содан бір күн өткенде,
бұл осы профессор кемпірден қалған бір бөлмелі үйін
тастап, келіншегіне қайырылып та қарамастан, безіп кеп
жөнелген. Ендігі тұрысы мынау, профессор апатайының
айтысы анау.
Қызанақ алуға қызығып, төрт-бес адам тізіліп тұрып
қалған-тын. Бұл ләм-мимсіз, төмен қарап, тыңдаған боп
тұрған. «Апай, әңгімеңізді қысқартсаңызшы», – деді
кезектегілердің бірі. «Аласыз ба, алмайсыз ба?» – деді
екіншісі. «Екі кілә тарта қойшы», – деді профессор кем-
пір. «У-уһ!» – деді тағы да. «Қандай талантты бала едің,
екі жылда кандидат, үш жылда доктор, профессор болады
деп жүр ек қой сені», – деді. «Жақсы-жақсысынан сал, ай-
налайын», – деді ақырында.
Келес қызанағының жаманы жоқ-ты. Ең тәуірлерінен
тартып берді. «Кафедраға не сәлем айтасың?» – деп жа-
нын егеуледі егде профессор. «Жақында Келестің жүзімі
келеді, апай», – деп бұлтарды бұл. Кемпір кеткеннен
кейін де, қызанақты қайта-қайта таразыға тартып жатса
да, теңгесін санап алып тұрса да, самай тұстары шыңыл
қағып, «кафедра», «кафедра» деумен болды. Біраздан
соң басын көтеріп, иықтарын қозғап-қозғап қойып,
кенет қарсы беттегі киім-кешек сататын қат-қабат
қатарларға көзі түсіп кетіп еді, әлдебір тұстан профес-
сор апатайының тесіле қарап қалшиғанын байқады.
Тап сол бір сәтте Ханым келе жатты.
Ханыммен танысқанына біраз уақыт болған. Алғаш
көргенде онша мән бере қоймаған. Бәлкім, бұрын да
келген шығар, бұл қайдан білсін. Қыз-келіншек, әйел
атаулыға мән-маңыз қаузап, назар жығып, қарауды қойған.
Түңілген әбден. Осылай ойлайтыны рас-ты. Өзімді-өзім
емдеп, жанымның жарақатын жазып жүрмін деп санай-
тыны өтірік емес.
Сол жолы ол, яғни мына Ханым, базарда алымсақ
азайып, сатымсақ шамалы шаршаңқырап, көз шырымын
алмаққа сәл ғана мүлгіп кетер мезетте келді. Айнала-
төңірекке қарап алып, жуық маңайда күдіктің жоқтығына
көзі жетіп, тіл қатты бұған.
– Атың кім? – деді сәл-пәл тәлпіштеніп.
– Базаршы, – деді бұл есінеп. Іле-шала ұялыс тауып,
қызарып кеткенін сезінген.
– Атыңды айтпайсың, затыңды алғанға қарамайсың,
қандай базаршысың өзің? – деді әйел. – Мен осымен
үшінші рет қызанақ алғалы тұрмын.
– Қайдам... Байқамаппын... Кешіріңіз...
Осы сөздерді бөліп-бөліп, асып-сасып айтқанына таң.
Табан астында өзін-өзі жоғалтып алғанына жыны кел-
ді. Сасқалақтағаны шығар, қолдары жіті қимылдап кет-
кендей көрінді, басының басшылығына бағына қоймай,
қызанақтың бірінен соң бірін алып, сүрткіштеп, қайта қоя
бастады.
– Менің атым... Жарайды, мен де айтпайыншы саған, –
деді еркетотай күйінде. – Жайында, мен «Ханым» деген
сөзді керемет ұнатам. Сен де солай атай бер, жарай ма?
Мен сені Базаршы дейін.
Қолын ұсынды Ханым. Бірден ала салуға ыңғайсызда
нып, өзінің оң алақанына көз тастаған Базаршы, аударып-
төңкеріп әлекке түсті. Кей жерлері жырым-жырым, кей
тұстары тілім-тілім. Базарға қойып кеткелі қолына, әсіресе
алақанына анықтап үңілмеген екен де. Мұның хал-күйін
Ханым аңғармай қалған жоқ, әрине. Сондықтан шығар,
ұсынған қолы әуеде қалқыған әппақ шағаладай жарқырап
тұра берген-ді; сәл сәттен соң алға созып, алмауға амал
қалдырмады. Алақанының күйіп-жанған ыстық табы
жырымдалған жараларын деп-демде емдеп жөнелгендей,
солқылдатып әкетіп барады. Алабұртқан күйде әйелге
қарады. Шашын қызғылт қоңырға бояпты, келте кеспес-
тен, иығына жетер-жетпестен уыстай буыпты. Мойны,
тамағы, беті, маңдайы – бәрі әппақ, тап-таза. Сары күз
секілді сап-сары көйлегіндегі ірі-ірі қара шеңберлер зыр
қағып кеткендей.
Базаршының бастан-аяқ қарап, есінеудің қайда кет-
кенін білмей, есінен адасқанына риза кейіпте күлімсіреген
Ханым қаракөлеңке мұнарға оранған базар түкпірлеріне
тінткілей көз тастап алып:
– Күн қысқарып барады, ә? – деді.
– Қанша тартайын? – деді Базаршы бұдан әрі не іс-
терін, не айтарын білместен.
– Қанша тартсаң да, өз еркің, – деді Ханым ерке
үнмен.
– Қанша көтере аласыз? – деді бұл да батылдық таны-
тып.
– Оһо! – деді Ханым. – Өзіңмен қоса, түп-түгел көтеріп
әкетсем ше?
– Іһім, – деп, тамағын қырнап, тежеліңкіреді Базаршы.
– Жарайды, бұл жолы бес кілә тарта ғой, – деді Ханым.
– Ал, түптің-түбінде әкетем сені!
– Шынымен бе? – деді бұл қызанақтан бетер қызарып.
– Мен сөзде тұратын ханыммын. Айтсам, істемей тын-
бан...
Қызанақты қалай тартқанын, қалай салып бергенін,
қайтып қоштасқанын біліңкіремейді Базаршы. Одан кейін
де бірнеше мәрте келді. Күлкісі, көзқарасы өзгермейді;
көптің көзінше сыр бермей ғана, тиісті нәрсесін тартқызып
алып кетеді. Бұл білдірмей ғана қарайды келіп, қарайды.
Жүрісі сол, емін-еркін әрі ерке күйден жаңылмас. Бұл
мөлтекте сымбатына тең келер жан табылмас... Бүкіл
ғұмырында титімдей қиналыс көрмеген, қиындықтың
дәмін татпаған жан шығар, сірә.
Қарашаның соңынан қаңтардың аяғына дейін, екі ай
бойы көрінбей кетті. Екі айдың ішінде Базаршы азапты аз
шеккен жоқ. Азап атаулы Ханымға ғана байланысты емес-
ті. Базардағы алғашқы қыс ауыр соқты. Жаурап-жасынап,
дірдектеп, саудасы да жүрмей, салы суға кетті. Митың-
митың тірлігін мұз құрсаулап, тұмауратып жатып та
қалды. «Шыда, бұл саған социализм кафедрасы емес, ке-
лер күзде мынау деген саудагер болып, сылқым бір сұлуға
үйленесің әлі!» – деп қайрайтын Келестегі кластасы ғана.
Сөйтіп, жүдеп-жүнжіп жүргенде, аяз қысқан бозторғайдай
бүрісіп тұрғанда, «Шалғын» мөлтек ауданының атақты
әппақ үйлері жағынан Ханым көрінді-ау ақырында.
Ақпан айы жаңа басталған. Сүрі қардың сатпақ-сатпақ
бетінде алысып ойнайтын мысықтар молайған. Кешке қарай
олардың шыңғырған шуылынан құлақ тұнатын шақ еді.
Әппақ үйлердің өзі сұрқайланып көрінетін кезеңде, сұрғылт
тұман арасынан жарқ етіп шыға келген Ханым әнебір кез-
дердегідей айнала-төңірекке тінткілей қарамай-ақ, топ-топ
адамдарға көңіл аудармай-ақ, бүрісе тоңып тұрған Базаршыға
тіке тартты. Қолын ұсынды. Тұп-тура алғаш қолын берген
күнгідей, қазан айындағыдай. Тек үстінде қара шеңберлер
зыр қағатын сары көйлек емес, жалт-жұлт еткен ішік тон.
Базаршы бұл жолы қол беруге қаймықпады. Көкпеңбек
күйде ыржиып, алақанға жеткенше асықты.
– Мен сені аяймын, – деді Ханым сыбырлай еркелеп.
– Ал, мен көкпеңбек болып тұрып-ақ аяғанды жақтыра
бермеймін, – деді бұл.
– Мен сені аяймын және аялағым келеді, – деді Ханым,
төңіректегі аязды түгел ерітіп.
– Шынымен бе? – деп, Базаршы күзгі жауабын қай
талады.
– Мен сөзімде тұрдым, – деді әйел. – Сені әкеткелі келдім.
Базаршының тілі күрмелді, бәлкім, байланды да. Ха-
ным бұған тілдей қағаз ұсынды. Мұз кұрсаған митың
тірлікке титімдей бір шоқ түскендей, Базаршының бүйірі
жылыды.
– Бүгін кешкісін күтем, жаным! – деді әйел. – Анау
көрініп тұрған әппақ үйлердің шеткісі. Алыс емес,
адаспайсың. Күтем...
Бұл не жұмбақ? Кел дейді, күтем дейді. Сене ме, сен-
бегені жөн бе? Базаршыдай кір-қожалақ пақырда несі
бар бұл сұлудың? Мазақ етпек пе, әлде? Күдіктенейін
десе, жанары алдамайтын секілді емес пе? Жарқылы бар,
жалғандық жоқ сияқты ғой. Бару керек пе, бармау керек
пе енді? Көкөніс саудалап көнтерілене бастаған, жуынып-
шайынуға да жағдайы жоқ, татар шешетайдың жалдамалы
жыртық тамында тұрып жатқан бұл Базаршы анау әппақ
үйлерге қалай кірер? Күтем деді-ау: «Күтем».
Осындай ойларға қамалып, басы айнала бастағанда, та-
ныстау дауыс құлағына ұрды. Меңірейген кейіпте қарсы
алдына караса, кафедраның тағы бір өкілі, доцент ағатайы
тұрыпты. Ханым құсап қолын созады-ай. Амандасты. До-
цент ағатайының алақандары аса етті-тін. Мұның сауда са-
ласында шытынап, шыныға бастаған қолына тандыр нан
таңдағандай аударып бір, төңкеріп екі қарады-ай. Тартып
ала қойғысы келіп бір оқталды да, құмарын қандырсыншы
деп түйіп, одан бетер ұмсындырып, доцент-танауға тақай
түсті. Бұл ағатайларын жас оқытушылар «доцент-танау»
десетін-ді. Бұл кісі де «Шалғын» мөлтек ауданына базарлап
келген жоқ. Профессор кемпір Базаршы бала хақында үш
ай бойы хикая шерткен шығар. Қолдарының қалайынша
тозғанын, түрінің қайтіп тотыққанын, қара бұйра шашының
түбіттеніп, түте-түтесі шыққанын тәптіштеп талай тамса-
нысты ғой бәрі. Енді мына доцент ағатайы бәр-бәрін қайта
жаңғыртып қайтпаққа келгені-дағы. Зерттеу һәм зерделеу
жөніндегі жұмысын тындырып, тауарын алып, танауын
көтерді. Бір қызығы, бұрынғы оқытушы бұл қайтарған
теңгені теріс айналып тұрып санады. Кафедрада әлдебір
шаруа-шараларға ақша жинағанда да, екінші қабаттағы
кассадан жалақыларын алғанда да, бұл кісі тиын-тебеніне
дейін теріс айналып тұрып санайтын. Бұл жолы да сөйтті.
Базаршыны кенет күлкі буды. Бүкіл базарды басына
көтеріп, көп айлардан бермен қарата тұңғыш рет бар ын-
ты-шынтысымен, қатты-қатты күлгісі келіп кетті. Өзін-өзі
әзер-әзер ұстады.
– Кафедраға не сәлем айтасың? – деді «доцент-танау»
кетерінде кекесінділеу үнмен. – Жаман емессің, көзіңде
бір ұшқын бар секілді.
– Өлеміз бе, ағай, кейде біздің де күлмек құқымыз бар
шығар, – деді Базаршы бала. – Келіп-кетіп тұрғайсыздар,
сағындырмай...
Базардан шығарда ғана қатты шаршағанын сезді. Екі
қолын сәл жоғарырақ көтерейін десе, икемге көнбейді
тіпті. Зар қақсайды тағы да. Тастақ көшесіне бұрылатын
тұстан троллейбус күтуі керек-ті. Төрт қатар жолдың
шеткісімен бұралып өтіп, төртінші троллейбус келер.
Соңғы аялдамасы болғандықтан, ақпанның тұманытқан,
ұнамсыз кешінде адам онша көп отырмас. Қара көлеңкелеу
бұрыштағы бос орындыққа бір жайғасып алар ма еді,
шіркін-ай! Содан созыла сызылған троллейбус Тастақ
көшесіне қарата сырғанай жөнелер. Қалғып кетер-ау
байғұс Базаршы. Соңғы аялдамада жүргізушінің өзі-ақ
түртіп оятар. Кейде осы төртінші троллейбус тоқтау тап-
пай кете берсе, кете берсе; кете берсе, шіркін-ай, дейтін.
Мәңгі-бақи тоқтамаса, деп арман ететін.
Әнеки, төртінші троллейбус төрт қатар жолдың арғы
шеткісімен бұрала сызылып, Дарабоз батыр даңғылына
шығып барып тоқтады. Бұл мінбекке мүлде асығар емес.
Адамдар отыра бастаған. Базаршының бір бұрыштағы бос
орындыққа жайғасуын күткендей, төртінші ұзақ кідірген.
Кей-кейде осы троллейбустың меңірейе мәңгіріп тұратын
күйін өзіне ұқсататын.
Базаршы мінбеді ақыры. Троллейбус томсырая ренжі-
гендей, әншейіндегі баяу мінезінен жаңылып, жұлқына
қозғалды. Ұрлықка баратынын біреу бақылап тұрғандай-
ақ, айналасына алақтады бұл. Артынша, өзін-өзі бағындыра
алмастан, өзіне-өзі келе алмаған күйі, «Шалғынның» орта
тұсындағы әппақ үйлерге қарай бұрылды. Табандарын-
да жан жоқтай, өз адымын өзі сезбейтіндей. Жон арқасы
құныса тырысады, жауырындарының астына бәле іздеген
бездер ұялап алғандай.
Әппақ үйлердің жанына жақындағанда жүрегінің
атқақтаған үнін ап-анық естіді. Оны да оншалықты
тыңдағысы жоқ. Бұл үйлердің төңірегі де тап-таза екен,
айналадағы әрбір түп ағашына дейін өз орнын, жөн-жолын
тауып, биіктерге қарай беделді түрде, түп-түзу өрлеп бара
жатқандай. Базаршы бәрін аңғарып, сауыс-сауыс күйінде
мәрмәр баспалдақпен жоғары көтеріліп, тілдей қағаздағы
тиісті нөмір жазылған қаракөк темір есікке де жетті-ау.
Сәл кідіріп, әлі де болса кері қайтудың кеш еместігін
ойлады. Бұлдыр сана түкпірінен қылаңытқан бұл ойына
кіржиіп, өз ішіне өзі үңілмектен қашқақтап баққан. Ба-
заршы тым-тым шаршаулы-тын. «Не болса, о болсыншы,
құрысыншы бәрі де...» деп күбірледі ішінен. Қалтыраған
қолын қоңырауға қарай көтере берді.
Қаракөк темір есік күткендегіден тезірек ашылды. Қос
қабатты әрі аса ауыр екен. Қарсы алдында Ханым тұрды.
Аяй қарады ма, аялай қарады ма, жеңіл-желпілеу көрінген
жымиыс лез-демде шынайылыққа айналғандай.
– Бірінші өтінішім: қысыла көрмеші, өзіңді емін-еркін
ұсташы, өз үйіңдей көрші, жаным! – деді Ханым. – Алды-
мен беті-қолыңды шайып ал да, шайға отыр. Жеңіл сорпа
ішкеніңше, біз Арзан екеуіміз саған әдемілеп тұрып ванна
әзірлеп қоямыз.
Жеңіл ғана шайынып, шайға отырды. Орта бойлы, ша-
шын бір бұрым етіп өріп алған қыз бала мақта гүлді кесе-
мен сорпа әкеліп қойды. Кереметтей пиньюар халат киіп
алған, шашы сол қоңыр қызғылт күйінде, сәл-пәл сәуле
шашыратқан Ханым:
– Танысып қойғын, Арзан деген қарындасың бола-
ды, – деді. Қыз жапондарша жұмсақ иіліп, тәжім етті, тіке
қараған жоқ. Тез-тез басып, шығып кетті.
– Екінші өтінішім: мына сорпаны әдейі ғана, өте аз
құйғыздым, жаным, – деді Ханым. – Негізгі тамақты сен
ваннадан шыққаннан кейін, демалып болған соң, екеуі
міз бірге жейміз, жарай ма? Ал, мен кеттім. Арзанға
жәрдемдесейін. Саған ваннаны өз қолыммен әзірлесейін.
Жарай ма, жаным?!
– Жарайды, – деді Базаршы бал татыған сорпаны со-
раптай бастап.
Байқаса, бұл әлі ауызғы бөлмеде отырғандай. Айнала
дағы аса күрделі әлемнің ашылып, айқын тарта бастаған
тұстарынан аңғарғаны сол, алты-жеті бөлме бар сияқты.
Бәрінің есіктері бөлек-бөлек. Тәтті-дәмді сорпадан басы
тағы айналды. Тер тұс-тұстан бұршақтады. Кір көтергіш
деп киетін қарақоңыр, қалың жейде шылқылдауға айнал-
ды. Осы сәтте Ханым сұлу қайта оралды қасына. Қолбырап
отырған күйін аңғара қойып, тұрпаты таңсық жиһаздың
бір бүйірін ашып жіберді де, мамық түкті, үп-үлкен ора-
мал әперді. Бүкіл бөлмені назға толтырып, қайта кетті.
Көзі кілегейленіп, кірпіктерін әзер қимылдатып, ұйқы
сырап барады екен; қараса, қарсы алдында пиньюар хала-
ты жайнап, өзі одан бетер жанып, Ханым тұрыпты.
– Үшінші өтінішім: енді ваннаға барасың, – деді Ха-
ным, – саған әдейілеп әзірлеген жеңіл киімдерді, арнайы
алған халатты жатырқамай кигін, жарай ма, жаным?
Мыналардың бәрін Арзан қарындасың жуып, кептіріп,
үтіктеп қояды... Жарай ма, жаным?!
– Жарайды, – деді бұл. «Өңім бе, түсім шығар», – деп
орнынан тұрды. Базаршы алты айдан бермен қарата алғаш
рет ваннаға қарай беттеген еді.
«Доцент-танаудың» үйіндегі ванна бөлмесіне бұлар
дың қатты қызыққандары жай әурешілік екен. Обалы не-
шік, доцент ағатайлары кафедрадағы бірер жігітті үйіне
шақырып, шай берген. Кафедра меңгерушісі зейнеткер-
лікке шығады екен дегенді естіп қалып, дәмесін білдіріп,
дәм татқызғаны ғой, баяғы. Сонда, сол кісінің үшінші
қабаттағы үйіне, әсіресе, ваннасына жас оқытушылар
әжептәуір таңданыспен қараған-тын. Арманға айналып
кеткен ваннаға түсе бере-ақ буын-буынына, сүйек-сүйегіне
ыстық бу еніп, шашының ара-арасынан тер шүмектеп қоя
берді. Көзін ашқысы келмей, қайда, кімнің үйінде екенін
ойламастан, рахатқа батқысы бар. Сөйтпекке тырысып
бақты. Ваннадан кейін: «Ал енді, бара ғой, Базаршы», –
десе дағы, риза болатындай.
Қалғып кеткен екен. Қанша уақыт өткенін білмейді. Ке-
нет есік ашылып кеткендей болды-ау деп, шошып оянып,
көзін ашса, Ханым кіріп, таңдана қарап қалыпты. Жалтыр
ванна ішінде тайғанай домалап, әуреге түсті.
– Кешір, жаным, – деді Ханым. – Жым-жырт болған
соң қорқып кеттім емес пе? Өткенде, біздің орталықтағы
үйімізге көрші тұратын бір кісі ваннада жатып-ақ жүріп
кеткен, айтқан жерден аулақ. Қатты қорықтым, жаным.
Ханымның кос жанары дымқыл жарқылмен апталып,
ғажайып пердемен капталып, Базаршыға қарап-қарап
тұрды-тұрды да, терге малшынған, бұрынғы бұйра, бүгін
де түсініксіздеу шашынан бір жұлқып, қайта шығып
кетті. Бағанағы пиньюар халатының белінен төменгі
жағы түймесіз-тін. Тайғанақтап жатып-ақ мұның мұңды
көздері қайда-қайда түскенін тәлпіш қатын байқамай
қалған жоқ, әрине. Су ішінде отырған күйі жуынуға кіріс-
кен. Денесінен шығып жатқан кір Тастақ көшесінен был
жырап ағатын қоймалжың қалдық секілді. Ханым сұлу
тағы бір себеп тауып, кіріп келмесе екен деп тәңірінен
шын тіледі Базаршы. Әй, әйтеуір үлгерді-ау. Енді жай
барақаттау жағдайда қайта-қайта шайынды. Ыстық судың
ағысына ыңылдай көз тастайтындай халге де жетіп,
мұнысына бас шайқады. Адам дегеніңіз, міне, осындай.
Жаңа ғана жасып, жасқаншақ тартқан пақырыңыздың
ыңыл шығарғысы бар-ай енді. «Не болса, о болсыншы,
құрысыншы бәрі де!» – деп күбірлеп, сол жағындағы
киім ілгішке көз қиықтады. Ғұмырында үстіне ілмеген
һәм өзгеден көрмеген дүниеліктер тізіле төгіледі. Әрбірін
алып киген сайын беті бір-бір ду-ду етеді. Ішкиім жағын
түгендеп, жүдә бейтаныс матадан тігілген, ұзын халатты
да иемденіп, белін буып алды. Сол сәтте сәл де болса,
басқашалау, бөтендеу біреуге айналғанын аңдады. Айна
атаулыға көз салмау жолында күресіп бақты. Алайда, ай-
надан қашып құтылу мүлде мүмкін емес-ті. Өзін-өзі та-
нымады. Түп-түгел сыпырып тастап, қаша жөнелгісі кел-
гендей де күй кешкендей. Қашпады бірақ Базаршы.
Ханым қамыр илеп тұрыпты. Көре сала билей басып
келіп, ұнның ұрпағы жұққан қолдарын тигізгісі келмей,
қос шынтағын Базаршының толқынды ыстық су мен
толқыныстан солықтаған кеудесіне тіреген күйі екі беті-
нен алма-кезек қадала сүйді.
– Жаным, – деді Ханым еркелей, шыдамсыздана назда-
нып. – Сен мына бөлмедегі (сүп-сүйкімді иегімен нұсқады)
диванға жатып, біраз тынығып алшы. Он-он бес минөттен
соң екеуіміз ет жеп, шай ішеміз. Жарай ма, жаным?!
Соңғы жылдары Шуақты шаһарында «жаңа еуропалық
жөндеу жүргізу» деген шығып еді, бөлмелерінің бәрі
ертегідегідей көрінетіні содан болар, сірә. Төңірегіне
таңдана қараудан шаршаңқырап, терең диванда жатып
қалғыңқырап барады екен, Ханымның жанына келгенін
лебінен сезгендей, кірпік арасынан сығалады.
– Шамды жаққым келмеді, – деді Ханым. – Жаным,
шаршағаның басылды ма?
Базаршының жанына отырды. Қай жері тисе де, еріте
елбіретіп жөнеледі. Базаршының батылы барып, алғашқы
сүйгені икемсіздеу шықты. Ханым сәл жымиып қойып,
орнынан тұрып, жетекке алды.
– Жүр, жаным, тамақ жейміз, – деді. Сол қолынан ұста
ған бойы үстел жанына жеткізді. – Не ішесің, жаным?
– Бәрібір, – деді Базаршы.
Ханым жиһаз-жабдықтардың әлдебір құпия қойнынан
қарақоңырлау құтыны алып шықты.
– Мынау бір затты айрықша қымбатты, жақын тартқан
бір жігітпен ғана бірге татсам дейтін ем, – деді ол. – Жет-
тім ақыры арманыма... Мақсаты-ма-а-а...
Даусы дірілге буылды. Жанарынан бағана байқаған
дымқыл жарқылды қайта тапты. Мәдениеттің жоғары
деңгейіндегі қайталанбас машықпен құйғанына дейін
қандай жарасымды еді, шіркін-ай.
Коньяктің дәмін онша ажырата алмайтын. Сонда да
анау-мынау зат еместігін түйсінді. Әдейі кесіліп қойылған
алтынсары алмадан алды. Сәлден соң тағы қайталасты да,
ет жеуге кірісті. Дәмді қамыр мен майлы етті апырақтай
жапыра жөнелгенін алдындағы ыдыстың түбінен түйір
гүл көрінгенде ғана аңғарды. Тәбетін тежей алар түрі жоқ,
тартынбады.
– Алшы, – дейді Ханым. – Сендей Базаршыға бұл деге
нің немене? Алшы, жаным.
Ыстық-ыстық сорпа берді өзі.
Жатар алдында шәрбат шырын ішкізді.
Алғашқыда карсы бөлмедегі диванда ол Базаршыны
балтәтті құшағына алып, ұзақ-ұзақ аймалады. Әрине, Ба-
заршы мұндай-мұндайды тек кинолардан ғана көретін еді.
Бір кезде Ханым мұны басқа бір бөлмеге қарай жетектеп
әкетіп бара жатты. Әйелдің жиірек жетектей бастағанына
намыстаныңқырап, оның белінен өзі құшақтаңқырап,
алға шықпақшы еді; қай бөлмеге кіру керектігін білмей-
тінін ескеріп, кідірістеді. Ханым сұлу беліндегі Базар-
шы қолын асқан ризашылықпен қыса түсіп, оң бүйірдегі
бөлмеге бұрылды. Жұмбақ есік ашылғанда, жұп-жұқа,
бұйра толқынды, көгілдір перде пайда болды. Ханым
әлдебір тетік арқылы сәл ғана ысырды оны. Арғы жағы
жұмақтан бетер секілденіп сезілді. Ханым сәл әрегірек
барып, тағы бірдемені шырт еткізгендей. Кенет оның
үстіндегі жеп-жеңіл, үлбіреген нәзікеш нәрсе сыпырылып
түсті де, төменнен көтерілген қызғылт мұнар бүкіл бөлме
ішіне арайлана тарап бара жатты. Әппақ дене мынадай
мұнарсыз да ғажайып еді, ендігі ертегіден есі шығып
кеткендей. Баяулай басталған бір әуен алыстан талып
естіліп, бірсін-бірсін таяна түсіп, тербете теңселткен. Ха-
ным «Аһ!!!» – деп, Базаршыны құшақтай құлап түскен.
Базаршы баяу ғана басталган әлгі әуенді енді таныды.
Қайырмасы: «Сағыныш-а-а-ай, сағы-ныш-а-а-ай!» – деп
келетін ән екен. Мұндайда Ханымның айтпағаны қалмайды
екен. Небір сөздерді қалай-қалай тауып айтады десеңші.
– Көршілер... Кө-көрші – іһілер, – дейді Базаршы. –
Көршілерің естіп қоймай ма?
– Ести берсін, естісін қайта! – дейді Ханым күйіп-
жанып. – Жа-жа-жаһаны-ым, естімейді. Қорықпашы, бұл
жай ғана, қатардағы үйлердің бірі емес қой... А-аһ-арма-
ны-ыһ-ы-ым...
Таң алдында да талшыбықтай бұралып Базаршының ба-
уырында жатты. Біраздан соң еркелей жорғалап, төрт адам
емін-еркін сиятындай төсектің арғы шетіне аунап-аунап ба-
рып, ойнақылана шақырды. Сол күйі жетелеп апарып ваннаға
түсірді. Өзі. Алғаш жас баладайын мәпелей жуындырды. Со-
сын өзі жас балаша еркелеп, мәз-мейрам болды. Өзі қосыла
шомылғанда, Базаршы одан көзін ала алмады. «Мұндай сұлу
дене киноларда да кездесе қоймас», – деп масаттанды.
Сәске кезінде түндегі ет жеген бөлмеде шай ішісіп
отырды. Түндегі жеңіл желеңін аңсай іздеп еді, оның ор-
нына жейде мен шалбарға келіңкірейтін, кең де келісті,
басқа бірдеңе киіпті.
Түс ауғанша тағы да бірге ұйықтасты екеуі. Еркелеп
жатқан Ханым:
– Енді Арзанды қайта шақырамын, – деді Базаршының
шашын тілімен бұйралап қойып. – Мен шаршадым, жа-
ным. Енді саған тамақ істей алмаспын бүгін.
– Ол кім өзі? – деді Базаршы манаурап.
– Қызметші қыз ғой.
– Сонда... Қызметші ұстайсыңдар ма? Қызық екен!
– Өзің қызықсың, жаным, – деді Ханым. – Мына үйдің
қай жағына жетем мен? Бұған қоса қаланың ортасында
екі қабатты коттеджіміз бар.
– Оһо?! – деп ұйқысын ашты Базаршы.
– Бұлар аз десең, қалалық әкімшіліктің қарсы бетіндегі
ерекше үйде төрт бөлмеміз тағы тұр.
– Өздерің нешеусіңдер сонда?
– Үшеуміз, жаным, үшеуміз, – деді Ханым, – үшеумізде
үш үй бар. Күйеуім «Зайып» дейтін атақты фирманың
президенті. Қаладағы мықтылар санатында. Байлығы
мен дәулеті жағынан, әрине. Ал, жалғыз қызымыз Аме-
рика Құрама Штаттарында оқиды. Мен сенен әлдеқайда
үлкенмін, Базаршы бала!
– Сенбеймін, – деді бұл таңданыспен.
Кенет есіктің қоңырауы бұлбұлша сайрап қоя берді.
Базаршының байғұс жүрегі сулап алып жөнелді. Ханым
есік жаққа беттеген.
– Кел, Арзан, кел-кел, – деді Ханым. – Тезірек бірдеңе
істеп жібермесең, біз аш-жалаңашпыз. Апайыңның қайра
ты бір қамыр жайғаннан артылмас, айналайын.
– Қазір-қазір, бәрі әзір болады, – деген қызметші
қыздың жуандау даусы естілді. Ханым мұның қасына
қайта оралды.
– Мен сені сағынып қалдым, жаным, – дейді Ханым. –
Сенесің бе, сен?! Есікті барып ашып, Арзанмен аз ғана
уақыт сөйлесіп қайтқанның өзіне шыдай алмадым...
Сол сәтте Ханымның тамағынан шынымен-ақ өксіген
үн шыққандай болғаны анық. Базаршының иығына екі
қолын қабаттап қойып, олардың үстіне иегін сүйеп,
біразға дейін үнсіз қалды.
– Кү-күйеуің қайда? – деді Базаршы үнсіздікке шыдай
алмастан.
Мұхиттың арғы жағында, «теңіз жағалай жүгірген
тарғыл мысық», – деді Ханым.
Кіммен кеткенін, немен кеткенін білем. Білмеген бо-
лам. Сезбеген сияқтанам. Бәрін-бәрін айттым-ау, тәмәм-
тәмәм еттім-ау...
Сол күні Базаршы тағы да қонып қалған.
Екі апта бойы, күн сайын да, күнара да келді. Санақтан
жаңылды. Соңғы түні екенін Ханымның сөзінен білді бір
күні:
– Бүгінгі түн, бәлкім, соңғы түніміз болар, – деді ол.
Жанарындағы дымқыл жарқыл жас тамшысына айналып,
төмен сырғанады.
– Шынымен бе?! – деп тұтықты Базаршы.
– Мүмкін... Сағынып кетсем... Базардан қайта
әкелермін... Кім білсін-ай, кім білсін, бірақ...
– Сонда... Сенікі тек кек қайтару ғана ма?
– Кімнен? – деді Ханым біліп тұрып-ақ.
– Әрине, күйеуіңнен де.
– Білмеймін, жаным, білмеймін, – деді ол. Сосын,
артынша: «Бұл ә-ә-әһән; бұрынғы ән-не-неһен өзге-ре-е-
ек», – деп Шәкәрім ақынның атышулы ән-өлеңінің жолда-
рына ұластырып барып, жылауын үдете түсті.
Базаршы оны ұзақ жұбатты...
* * *
Шуақты кентінің әуежайына мұхиттың арғы жағынан
келген ұшақ баяу қалықтап барып қонды. Арада жарты
сағат өткенде, «Зайыптың» президенті өзінің сүлік қара
«Мерседесімен» қалаға қарай зулаған. Кентке жақындай
бере қалта телефонын қолына алып, дереу досына қоңырау
шалды:
– Ало-э-эһөу, – деді «Зайыптың» басшысы шет ел ак-
центіне салмаққа тырысып. – Амансыңдар ма?! Міне, біз
де кеп қаппыз қалаларыңызға.
– Оу! Өзің қалай? Өздерің қалай?
– Кер-р-ремет! Ми-и-ия-аһау! И-их-ха-аһ-а!
– Әй, айтпақшы, менің айрықша тапсырмамды
неғылдың сен? Ақпанда қағынатын мысықтармен қалай
күреседі екен өркениетті елдегілер?
– Сұрадым, – деді «Зайып» жағы. – Білдім бәрін.
– Иә-иә, қалай екен? – деп шыдамсызданды әкімшілік
жағы.
– Біріншіден, ол жақта қазір ақпан емес екен, тамыз
айындай-ақ тамылжып тұрыпты, – деді президент. –
Біздіңше ақпан оларда мамыр секілді...
– Не дейді енді сонда?
– Өркениетті елдің мысықтары да өркениетті болады
да. Сөзбе-сөз айтсам, сен секілді қала мэрінің бірінші
орынбасары былай деді:
«О, қымбатты қазақстандық мырза, сұрағыңызды өте
жақсы түсіндім. Бізде қаңғыбас мысық деген ұғым мүлде
жоқ. Әлгі айтқан айыңызды асыға күтеміз біз. Мысықтары
мыздың ойнақ салуына арнайы орындар, әдейі қаржылар
бөлеміз. Мысықтардың шыңғырма шығармашылығы сүйкі
мді естіліп, сүйсіне тыңдаймыз. Керек десеңіз, қазақстандық
мырза, магнитофонға жазып алуға ұмтыламыз». Әне,
әріптесіңнің сөзі осы. Қырғыз досыма қотарғызып, қойын
дәптеріме жазып алғам. Оқып отырыппын.
Қала әкімінің бірінші орынбасары сенер-сенбес күйде,
сүлесоқ тартты. «Зайыптың» президенті: «Ми-и-ия-аһ-ау!» –
деп әзілдемекші еді, онысы далаға кетті.
АЛПЫС ҮШІНШІ ЖЫЛҒЫ МАХАББАТ
Біздің кейіпкеріміз, яғни осы әңгімеде сөз болатын
Бағдат ағаларыңыз бүй деді:
– Қазіргідей қым-қуыт, қиын кезеңде оқырманның
жүйкесіне түсетін салмақ қандай ауыр десеңізші! Сон
дықтан, кей-кейде тым қиын шиырларға бармай-ақ, мына
мен секілді пақырлардың басынан өткен ғашықтық хикая
ларын шертіп, сәл ғана сәтке серпілтіп, дәтке қуат дары-
тып, езу тартқызған да бір ғанибет болар еді-ау...
– Ойпырай, мына сенде де махаббат болып па еді?! –
дедік біз.
Құрметті оқушым, әрине, біздің бұл сұрағымыздың
әдейі қойылғанын сезіп отырсыз. Алайда, ағаларыңыздың
сол бір минөттегі әлемтапырық жүзін елестете алар ма
екенсіз, сірә. Шәйі орамал кеуіп үлгермес мезетте-ақ
Бағдат ағаларыңыз қайта жадырады:
– Айтып-айтпай не керек, алпысыншы жылдардың ба-
сында біз коммунизмге Құдайдай, ал махаббат дегеніңізге
Құдайдан бетер сенетінбіз, – деді мүлде өзгеріп кеткен
Бағдат батырыңыз.
* * *
Ол кездегі ғашықтықтың жөні бөлек еді ғой.
Сегізінші класқа алғаш келген күні-ақ класс жетек-
шілері:
«Балалар, сендер бақыттысыңдар! Совет халқының
бүгінгі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін бола-
ды!» – деп салтанатты түрде жариялаған. Сегізінші класс
оқушылары сексенінші жылдары коммунизмнің алғашқы
нышандарын көре бастайтынын нық сеніммен, мақтаныш
сезіммен мәлімдеген.
Әрине, ғашықтықтарын ашық білдіруге сол кездегі қы
зу талқыланып жатқан моральдық кодекстің қағидалары
нан қатты қысылатын еді. Сол себептен Бағдат та онын-
шы класқа дейін аман-есен жетті. Жоғары кластардың
оқушылары түп-түгел, біреуі қалмастан, ғашықтыққа,
махаббаттың бар екеніне және коммунизмнің алғашқы
нәтижелері біздің ғасырымыздың сексенінші жылдары-
нан бастап жаппай көріне бастайтынына Құдайдай, тіп-
ті Құдайдан бетер сенетін. Басқаларды кім білсін, Бағдат
кейбір ағайларының ашықтан-ашық: «Құдай жоқ!» де-
геніне иланбайтын, қайта іштей қалтырап: «Е, айналайын,
Құдай, мынадай күпірлік сөзді тыңдап отырған мені де,
білместен айтып тұрған ағайымызды да кешіре гөр», –
деп тілейтін.
Бұлар он бірінші класс ашылғанда қандай қуанды десе
ңізші!
Коммунизм тұсында өмір сүретіндерін әр сабақ сай-
ын қайталап, желдей есіп, желпіне сөйлеп, апта сайын
диспут өткізетін. Жүгеріліктің басында да пікірталас то-
лас таппайды-ау. Мектептегі сабақты тоқтатып тастап,
бір ай жүгері, екі ай мақта терудің өзі, ағайлары мен
апайларының айтуынша, күні ертең келіп жетер комму-
низмге қосылатын елеулі үлес болмақ.
Бағдаттар он бірінші класқа көшетін жылы жүгері бүкіл
аудан көлемінде бітті де қалды. Құдай тағаланың пейілі
де, мейірі де шексіз ғой. Құрышев жолдастың да тілегін
бере салды-ау сонда. Жүгері жарықтықтың собықтары
қабықтарына сыймастан, тырсылдай жарылып жатты. Тау
лы аудан түгелдей жүгері өсіруге көшкендіктен, мектеп
оқушылары көршілес аудандардың мақтасына бармай, қар
жауғанша жүгері дәнін жинайды деп шешілді. Бағдат ба-
тыр да сонда Америка Құрама Штаттарын қуып жетіп, ба-
сып озу үшін бір тоқсан емес, екі тоқсан түгелдей оқымай-
ақ қоюға әзіртұғын.
Бағдат он бірінші класс оқушыларының ең соңы болып
жүгері жүйегіне түседі, ондағы ойы – оныншы кластың
қыздарына жақынырақ жүру. Зылиқа сұлу да осыны іш-
тей сезіп тұра ма, әйтеуір оныншы кластың кезегі кел-
генде күтпеген жерден алғашқы жүйектерге тұра қойып,
тағы да қатар келіппіз ғой дегендей күлімсіреп, қоңырқай
кос бұрымын қиықша көк орамалмен байлай қарайды.
Жайшылықта көзден таса еткісі келмейді-ақ, ал тап осы-
лай қатар келген сәттерде Бағдатыңыз табан астынан
сасқалақтап, сөйлемек тұрмақ, батылы барып қарай да ал-
май қалатын.
Жарқын болашақты жақындатып, коммунизмді неғұр
лым тезірек құрғысы келетін болу керек, аузы-мұрнынан
шыға тырсылдай толған қазақы қаптар мен колхоздың
берекелі қапшықтарын сол кездегі сегізінші мен он
бірінші кластардың қыздары қиналмай көтеріп, ауыр-
сынбай апарып, терлеп-тепшіп таразыға тапсыратын
еді. Сол кездегі ағайлары мен апайлары: «Айналайын,
қыздар, абайлаңқырап, азырақ салып көтеріңдер», – дей-
тін жөндері бар-тын. Алайда, айтпайтын. Айта алмаушы
ма еді, айтқылары келмеуші ме еді, әлде өздері бұдан да
ауыр-ауыр жүктерді көтергендіктен бе, кім білер.
Әне, Зылиқа да нән қапшықты жерден жұлқи көтеріп,
иығына сала алмай, жанындағы екі қыз көмектесіп,
түбі жер сызатын қапты арқалап, таразыға қарай тарт-
ты. Бағдат не дерін, не істерін білмей, көмектесудің жо-
лын таппай, олай ете қойғанның өзінде өсектің лаулап,
қаулай жөнелерін біліп, түсініп, қайта-қайта жұтынып,
өз қапшығының әлдеқашан толып қалғанын ұмытып, со-
стиып тұратын. Әлден уақытта барып есін жияды, ширыға
атылады, қапшықты иыққа лақтырып, жүгеріні жапыра
жүгіріп, таразыға қарай жұлқынады. Қайтарда бәрібір
Зылиқамен қатар жүруден қаймығып, төрт-бес жүйекті
араға салып, артта келе жатады. Көк қиықшасын шешіп,
жүгері арасында көп өсетін жабысқақ, қоңыр тікен-
дерден тазартып, қоңырқай қос бұрымын өрулі күйінде
орап, орамалмен байлап қояр Зылиқа. Оқта-текте ойнақы
ғана бұрылып, қарап қояр Зылиқа. Жанындағы қыздарға
сөйлеп, күліп қояр Зылиқа. Қоңырқай қос бұрым мен көк
қиықшадан есетін леп, қып-қызыл еріндерден естілетін
лебіз кейде жетер Бағдатқа, кейде жетпес Бағдатқа. Бәрібір
ғой Бағдатқа. Рақат қой Бағдатқа!
Алпыс үшінші жылдары осылай еді ғой, әйтеуір.
Бір жақсысы сол, жүгеріліктегі жұмысқа Алгебра ағай
көп келе бермейді. Ол кісіге мектептегі істер де жетіп-
артылып жатыр. Зылиқаның класс жетекшісі ретінде
жүгеріге келуі тиіс. Бірақ Алгебра ағай мектеп партия
ұйымының хатшысы, оның үстіне алгебрадан жетіншіге
де сабақ береді. Сонда да оныншы кластың қыздары да,
ұлдары да ол кісіден қатты қорқады. Алгебра ағай қия
бастырмас. Жүгерілікте жүргеннің өзінде осы Зылиқалар
алыстағы Алгебра ағайдың өткір көздері көріп тұрғандай-
ақ дір-дір ететіндей. Бұлардың біреуі бір рет рұқсатсыз
киноға, әрине, кешкі киноға барып қойса, интернаттың бір
қызы жігітпен қыдырып қойса – немесе хат алса, бітті ша-
руа! Бағдаттың интернатқа жоламай, жамағайын біреудің
үйінде жүріп оқитыны қандай жақсы. Зылиқаға хат жазуға
оқталғалы қаншама уақыт өтті. Алгебра ағайдан сеске-
нетіні рас.
Бір ай сусып өтіп кетті. Жүгерінің түсі бұрынғыдан
бетер сұрғылттанып, төбесіндегі қарқарасы қурайланып,
күзгі желмен ызыңдай жөнелетінді шығарды. «Күні ертең
коммунизмге өтетін біздің қоғамда бәрі де жоспарлы
түрде дамиды, тіпті әрбір адамның әрбір сағаты жоспар-
лануы тиіс», – дейді мектеп партия ұйымының хатшы-
сы Алгебра ағай. Он бірінші класта Зылиқа жөнінде бір
шұғыл шешімге баратынын алдын-ала жоспарлап қойған
Бағдат жүгері науқанын жек көрмес.
Сөйтіп жүргенде, Алгебра ағай бір топ оқушыны
жүгеріден алып қалатынды шығарды. Күзгі мейрамға ар-
нап концерт әзірлемек. Сол топтың ішінде Зылиқа да бар.
Әнші ғой. Бағдат үш күнге әзер шыдады, төртінші күні түн
ішінде тұрып алып, хат жазды. Жаза берді, жаза берді, жаза
берді. Он екі парақты дәптердің ортасындағы қайырма
сымтемірді көріп бір-ақ тоқтады. Басынан бастап қайта
оқыды, бәрі айтылған. «Жауабыңды асыға күтемін!» – деп
тауыс-тәмәм етті де, «Алгебра ағайға апарып берсең де
бәрібір, айтқанымнан қайтпаймын, мен сені сүйемін!» –
деп қосты.
Бағдаттың нөмірі бірінші досы Нияз еді, ол концерт
қоятындардың қатарында, жүгеріге шықпайды. Сол тап-
сыруы тиіс. Хат тапсырылатын күні бұл машинаға мін-
беді, жүгеріліктен жаяу қайтпақ. Кешке қарай, жұмыс
аяқталарда денесі күйіп-жанып, өзінен-өзі дір-дір етіп,
өксіп-өксіп жылағысы келді. Әбүйір болғанда, қалың
нудың ішінде жападан-жалғыз еді. Құрғап, қатып қалған
қарасұр топыраққа бетін басып, кесек асап, шайнап-шай-
нап түкіріп тастады. Жүгерінің арасынан бәрін-бәрін
көріп отыр. Таразының басында класс-класс бойынша қо
рытынды шығарылып, социалистік жарыс жеңімпаздары
атап айтылды, олардың коммунизмді жеделдетуге қосқан
үлестері үшін ду қол шапалақталды. Оқушылар машинаға
міне сала әндете бастады. Бағдат қалың жүгерінің ішінен
асықпай шығып, шаңдақ жолға жалғыз, жаяу іліккен.
Жарты жылға жетер-жетпес уақыт бұрын осы Зылиқа
лардың класында оқитын бір қызға Бағдаттың бір класта-
сы хат жазып, Нияз секілді байланысшыдан беріп жібер-
гені, ол хат әлгі қыздың қолына тие берген мезетте тағы
бір кластас қызы байқап қойғандықтан, оқуға да қорқып,
Алгебра ағайға тапсырғаны әлі ұмытылмаған. Содан
тоғызыншы кластың қыздар жиналысы болып, оған онын-
шы кластың ғашықтық сырқатына шалдыққан әлгі боз-
баласы шақырылып, үш сағаттан астам қыз шырылдап,
жігіт шырқыраған. Талқылаудың орта тұсында қыз талып
қалмағанда, не болар еді, оны кім білсін. Ал бозбала жігіт
міз бақпаған, тек Алгебра ағайдың қинауымен ғана ком-
мунизм құрылысшысына жараспайтын жат қылыққа жол
бергені үшін жазбаша түрде кешірім сұраған, яғни совет
мектебінің қабырғасында жүріп ғашық болмауға, қыздарға
хат жазбауға, жеке жоспарын жасап, сол жоспарға сәйкес
саяси және мәдени-адамгершілік деңгейін көтерумен
айналысуға уәде еткен.
Жан түршігер жиналыстан кейін жарты жыл өтер-
өтпесте жарты дәптер қисса жазып, қызға беріп жіберу
оңай ма? Әрине, қиын. Сондықтан да он бірінші кластың
озат оқушысы Бағдат Төлеевтің маңдайын топыраққа
тірей құлап, қалың жүгеріден қас қарайғанда шыққанын
түсінуге тиіспіз, құрметті оқырманым.
Зылиқаны ертеңіне интернат маңында көрді. Қоңыр
қай қос бұрымы арқасында тербеліп, жүгеріге баратын
қыздарды шығарып салғалы келеді екен. Хатты алғаннан
кейін ол дем арасында абыржып, жүдеп-жадап кететіндей
көріп еді Бағдат. Алгебра ағайдың алдында өзін кінәлі
сезініп-ақ қиналатын шығар деп ойлаған.
Түк те өзгермепті Зылиқа. Қайта күлімсірей қарайды
Зылиқа. Жарайсың сен, Зылиқа!
Нияздың нөмірі концертке жарамай, жүгеріге қайта
шықты. Хатты қалай бергенін, Зылиқаның оңаша қалуын
қалай күткенін, сондай азапты күйде жүріп, көркемсөз
оқудан қатты сүрінгенін, әлде Алгебра ағайдың мысы
басты ма, әйтеуір мерекелік концерт тізімінен сызылып
қалғанын сайрайды келіп, сайрайды.
Арада апта өтті. Алгебра ағай ештеңе сезе қоймаған
секілді. Айтылып жүрген аңызға сенсе, Алгебра ағай өз
класындағы бір қыз жігіттен хат алса, сол күні-ақ біліп
қояды-мыс. Бәрі осыған сенетін, Бағдат та нанбаймын деп
айта алмас. Бірақ, міне, апта өтіп барады, Зылиқа бір бет, жа-
рым бет түгілім, толық дәптердің жартысы толған хат-қисса
алып отыр, Алгебра ағай неге үн-түнсіз? Әлде әбден көз
жеткізіп, тінткілеп, түрткілей жүріп, жан-жақты әзірліктерін
жасап, күтпеген күні, тұтқиылдан тиісіп, тас-талқан етпек пе
екен?
– Ондай қауіп жоқ, қорықпа, – деді байланысшы
Нияз. – Бұл жерде біз Зылиқа сұлудың артықшылықтарын
мойындауға тиіспіз. Ол сездірмейді, өзін-өзі қандай қиын
жағдайларда да емін-еркін ұстайды.
Зылиқадан ешқандай өзгеріс байқалмады. Бағдатқа
бетпе-бет кездесіп қалған сәттерде ғана екі беті мектептің
оқу-тәжірибе учаскесінде өсірілетін помидордың ерек-
ше сорты секілдініп, ду етіп қызарады да, тез басылады.
Қайта Бағдат қатты сасқалақтап, жүрісінен жаңылады.
Тағы бір апта өтер-өтпесте Нияз жауап әкелді. Алпыс
үшінші жылғы сол бір хатты Бағдат әлі күнге дейін жатқа
біледі екен: «Құрметті... Мені қандай азапқа салғаныңызды
білесіз бе? Құдайым-ай, жайшылықта, жүгерілікте жүрген,
әзілдескен бір бөлек екен де, мынадай жағдай мүлде басқа
екен ғой. Кім біліпті, кім бастан кешіпті?! Шынымды ай-
тайыншы, хатты бірінші рет алып отырмын десем, өтірік бо-
лар. Каникулда жүргенімде әскердегі бейтаныс біреулерден
хат келгенін несіне жасырайын. Ал мына хат, Сізден келген
ұзақ-ұзақ хат мені шынында да азапқа түсірді. Ұйқыдан да,
күлкіден де қалдым. Кейбір әлсіз, әрсіз минөттерде бұлайша
қиналып, қорыққанша, Алгебра ағайға апарып, құтыла сал-
сам ба екен деп те ойладым. Бірақ хатыңызды қатыгездікке
қалай қиярмын. Үш-төрт күндей жасырып ұстап, қайта-
қайта оқыдым. Ақырында, Алгебра ағайды ойлап, отқа
өртедім. Бекер өйттім-ау деп тағы өкіндім кейін.
Кеше Алгебра ағай класты түгел алып қалып, қатты
ұрысты. Біліп, сезіп қойған екен деп, зәрем ұшты. Біл-
дірмеу үшін бетіне бедірейіп қараппын да қалыппын.
Менен сондай бұзықтық шығатынын да біліп қойыңыз.
Бетіне тік қараған оқушыға ағайдың онша қатты тиісе
алмай, тайсақтайтынын бұрыннан байқаушы едім. Сонда
да сақтық керек. Хат ұсталса, біліп қойса, Сіз де, мен де
мәз болмаймыз. Енді хат жазбай-ақ қоя тұрғайсыз. Мен
бәрін-бәрін түсінемін ғой... Әзірше кесіп айту қиын, Сіз
жазғандай сөз берісу деген әлі ойланатын нәрселер емес
пе? Сәл мүмкіндік беріңізші, мақұл ма? Хат жазбай-ақ
кездескен, аз уақытқа болса да, сақтықпен жолығысқан
жөн ғой деймін. Мен де, осы хатты жазуға кеңес берген
менің жан досым да осындай ойдамыз... Сәлеммен, Мен.
16 қазан, 1963 жыл».
Бір мектепте, бұл он бірінші, ол оныншы оқып жүрсе
де, екеуі оңаша жолыға алмай-ақ қойған.
Алпыс үшінші жылдары, сенсеңіздер де, сенбесеңіздер
де, жағдай солай еді.
Бағдат енді екінші хат жазуға отырды. Бұрынғыдай
жарты дәптер емес, бірақ, «сүйем» деген сөзді айрықша
оюлап жазды. Жауап кешіккен жоқ. Бұл хатты да Бағдат
жатқа біледі екен:
«Құрметтім...
Хатыңызды алдым. Адамды бірте-бірте тым батылдан
дырып бара жатқандайсыз-ау. Алгебра ағайдан да қорық
пай, хатыңызды ала сала жауап жазып отырғанымды қара
ңызшы. Мен де өзіңіз сияқты халдемін. Ойдан ой туындап,
қиялдан қиял кешемін. Әрине, ойларымның ортасында,
қиялдарымның қырқасында өзіңізді көремін. Мен де сүйемін
Сізді... Кездесуді мен де асыға күтемін. Амал қанша... Бірақ
жүгеріден келгелі Алгебра ағайдың шпиондары жан-жақты
жұмыстарды жүргізіп-ақ жатыр. Оны да ұмытпайық. Маған
хат таситын досыңыздан да ұяламын, қанша дегенмен, ол
біздің ауылдан ғой. Сондықтан Сіз осы сенбіге дейін менің
жан досым К...-ге жолығыңыз. Бәрін сол айтады. Қолыңызды
қыстым... Сәлеммен, Мен. 26 қазан, 1963 жыл».
Зылиқаның алғашқы хатынан соң әлденеше ай ма, жыл
ма өткендей еді, он-ақ күн екен ғой сонда. Бағдат оның
досын жақсы білетін. Күміс қой ол. Кішкентай ғана қара
қыз, қолды-аяққа тұрмастай пысық, биге құмарлардың
бірінен саналады. Бір-екі рет бұл да онымен билеген.
Ертеңіне кездесті. Жыпылдап, тез сөйлейтін Күміс
қыздың айтуынша, Зылиқа сенбі күні интернаттан ауы-
лына қайтады. Сол сенбі күні Бағдат та Самсоновкаға
қатынайтын автобусқа мініп, Жиделінің жол айрығында,
Балбастауға бұрылатын жерде түсіп қалуы тиіс. Сол жер-
де жүріп, әрине, жиделердің қып-қызыл жемісін теріп жеп
жүріп, барлау жасайды. Көп ұзар, бәлкім, ұзай қоймас,
Балбастау жақтан торы биеге мінген шал мен қара есек-
ке мінген кемпір көрінер. Олар осы Зылиқаның әкесі мен
шешесі, яғни атасы мен апасы болар. Егер шал мен кемпір
бір-бірімен жайбарақат әңгімелесіп, Жиделіге қарата жол
тартып бара жатса, олардың қолындағы ең кенже қызы,
орталықтағы интернатта жүріп оқитын Зылиқа сұлу үйінде
оңаша қалған екен деп қуанар бұл Бағдат батыр. Қуанар да,
Балбастауға қарай бағыт алар. Егер қараңғы түскенше тағат
таппаса, егер бірге оқитын байланысшы Ниязға өзіндей
сенсе, күдік-күмән келтірмесе, онда соның үйіне бара бе-
рер. Қараңғыны пайдаланып, белгі берер. Алда-жалда жан
адамға білдірмей, өзі ғана оңашалап жолығып, жалғыз ғана
қайтып кетуге бел байласа, қараңғы түскенше тығылатын
жер табар. Сосын бақ ішіне кірер. Ең үлкен алма түбінен
іздеген адамын табар.
Бағдат уәде бойынша Самсоновкаға баратын автобусқа
уақтылы мініп үлгерді. Жиделінің жол айрығында түсіп
қалды. Қып-қызыл, тіл үйіріп жөнелетін жидені арман-
сыз жеді. Ағаштардың төбесіне зулап шығып-ақ кеткісі
келген, бірақ ұялыңқырады. Оның үстіне жаңадан са-
тып алып, тылтита тарылтып киген шалбарын аяды. Көп
ұзаңқырай қоймады-ау, торы бие мінген, түлкі тұмақ ки-
ген шал мен шұнақ құлақ қара есекпен тепеңдеген киме-
шекті кемпір көрінді. Бет-жүзі кенет дуылдап, ысып кетіп,
қалың жүгерінің ішіндегідей күй кешті. Жиде арасына
тығылмақ еді, кешікті.
– Ассалаума-ғалейкем! – деп сәлем берді.
– Уа-алейкүм-ассалам, балам, – деді шал. – Жиденің
бұтағын сындырып тастапсыңдар-ау, ә?
Қара есектегі кемпір бір жөтеліп қойды.
Содан ары тұрды, бері тұрды. Жиденің сынған бұтақ
тарын ары лақтырды, бері лақтырды. Уақыт тас табандап
жылжымады. Қараңғы түскенше қай заман әлі. Ойлап
қараса, Балбастау ауылы анау тұр. Нияздың үйін шамалай-
ды, ал Зылиқаның үйін білмейді. Түнге қарай таба алмай,
басқа шарбақта адасып жүруі де мүмкін. Оның үстіне Нияз
досына сенбейтіндей, одан жасырынып жолығатындай не
көрініпті?! Ертерек барады да, бәрін ашып айтады.
Нияз досы қатты қуанып кетті. Алғашқыда. Артынша
бұл хикаяның өзінсіз, Нияз Әмірбековтің катысуынсыз бас
талғанына бұртиып, өкпелеп біраз отырды. Ет қайнап жатқан
қазанға қарап қойып, қураған жүзім бұтақтарын бұтарлай,
сындыра орап, ошаққа тығады да, тымырая қалады. Онысы
ұзаққа бармады, бірақ. Күліп кеп жіберді. «Жақсы адамның
ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы
жерге жеткенше» деген осы ғой, шіркін.
– Мен оған барып, қуантып келейін, барлау жасап, дәл
мерзімін келісіп кайтайын, – деді алақанын ысқылап. –
Оған дейін ет те піседі. Апамды алдап кетеміз ғой бір-
деме ғып. Әй, аңқауым-ай, Зылиқа мен Күміс қыздың
провакациясына көніп қала жаздапсың сен!
– Қалай сонда?
– Әй, ашық ауызым-ай, олар біздің достығымызды сы-
нап көрмекші ғой. Бір-біріне шын сене ме, сенбей ме де-
гендерін қалайынша аңғармағансың?!
– Сол-лай ма?!
– Қыздар бізге қарағанда қырық есе қу болады, әлі та-
лай-талай аңқиып қаларсың сен, Зылиқа аман болса...
Нияз әлден уақыттан соң қараңғылықты қақ жарып
шығып, қазан-ошақтың басында тұрды. Ну орман-тоғай
секілді тал-теректерден, бау-бақшалардан үйлер көрінбей,
суылдаған қамыстардан, кеудені қағатын жалбыздардан
басқа да әлденелер қарауыта жұмбақтанып, бұл ауыл
түнде бөлекше бейнеге еніп алады екен. Ошақ басында
елегізе бастаған Бағдат Ниязды көріп қуанып кетті.
– Айттым ғой, пысық өзі. Мені неге сыртқа тебесіңдер
десем, ұялдық деп сызылады. Руымыз бір ғой деп, ақталады-
әй. Екі хат жазыса салып, елпілдеп ауылға, үрейленбей
үйіме шақырғаным қай сасқаным деп, бір жылап алды. Бір
күледі, бір жылайды сұлуың. Бір тоңып, бір ыстықтайды.
Қайтсін-ай. Қызбысың деген. Байқасам, бұл Зылиқаның
өзі де бұрыннан-ақ саған ғашық, білем ғой. Шақырарын
шақырып алып, атасы мен апасын әдейілеп қана Жиделі-
дегі ең үлкен әпкесінің үйіне жіберерін жіберіп алып, осы
қылығым қалай болды өзі деп, өкініп отыр екен. Дәл ба-
рыппын. Қуанып кетті-ей. Ақталған тарыны қаймаққа,
балқаймаққа қозғап, жібітіп қойға-а-ан. Бал татиды-ау, бал
татиды. Содан екі-үш рет қарбыта асап, келісім жасап, кеп
тұрғаным. Күздік алма түбінде, жоңышқаның соңғы оры-
мы жиналған жерде Жауынбай атамның жаман тонын жа-
мылып, күзетте мен жатармын, ал сендер үй ішінде емін-
еркін сыр шертісерсіңдер... Өзінің айтуы солай...
Ол күздік алма түбінде тұрды.
Алғаш сезгені алманың иісі еді.
Алма иісін жеңіп, Зылиқаның қоңырқай қос бұрымының
иісі жеткендей.
Қолын ұсынды. Ол.
Ұстады. Бұл да, ол да.
Жібере салды қолдарын. Ол да, бұл да.
Қайтадан ұсынды қолын. Ол.
Бұл ілесті. Оған. Жоңышқаның соңғы, мамық орымы
бауланып, жиналған жерде, алма түбінде тон жатты. Оны
Ниязға арнап алып шыққан ғой. Бағдатты ақырын жете-
леп, үйіне қарай аяңдады Зылиқа.
Балқаймаққа қозғап, жібітіп қойған тарысын табағы
мен әкеліп, алдына қойды Зылиқа.
Рақат Бағдатқа. Бұдан артық рақат болар ма Бағдатқа.
Осындай бір ертегіні бастан кешермін деп ойлап па бұл...
– Осылай жолыққаныма, сенің үйіңде отырғаныма
сеніңкіремейтін секілдімін, – деді дір-дір еткен Бағдат. –
Бақыттымын мен.
Осыны айтып, икемсіздеу қозғалып, Зылиқаны тұң
ғыш рет құшақтады. Сүймек болып еді, қалай сүйерін де
біліңкіремей, әйтеуір ернін жақындата бергенде, Зылиқа
сытылып шығып кетті құшағынан. Тастай қараңғы түнде
шамды әдейі жақпаған еді. Бағдат әлденеге тиіп кетіп,
құлатып алды.
Зылиқа күлді жай ғана.
Одан әрі қимылдауға жүрексініп, отыра берді Бағдат.
Әлденеге оранып, бұрышта ағараңдаған кереуетке жат-
ты Зылиқа.
Кенет Зылиқа мектептегі, интернаттағы болып жатқан,
толып жатқан оқиғаларды, әңгіме-хикаяларды бірінен
кейін бірін айтты кетті, айтты кетті.
Бірте-бірте Бағдат та сөйлейін деді. Екеуі де Алгебра
ағайдан шынымен-ақ қатты қорқады екен. Кездесу аса
қауіпті. Абайлау керек. Ауылда да қиын.
Екеуі тағы да талай-талай әңгімелерді шертті. Қандай
мамандықты қалайтындарын, нендей кітап оқитындарын,
қай ағайды, қай апайды қалай көретіндерін, бірқатар
ұлдар мен қыздар туралы пікірлерін ортаға салды. Ком-
мунизм жайын да ұмытпады.
Түн ортасынан әлдеқашан ауып кетті. Далада қырау
қылаулады ма, шық себелеп өтті ме, үйдің іші бірден
салқын тартып сала берді.
– Сен тоңып отырған жоқсың ба? – деді Зылиқа.
– Жоқ, тоңған жоқпын. – деді Бағдат сонда.
– Тоңасың, – деп Зылиқа ағараңдаған кереуеттен
ағараңдай түрегеліп, әлдебір киімді әкеліп берді.
Бір қараса, қалғып барады екен, қарсы алдында ақ
көйлекті Зылиқа тұрыпты.
– Кел, онан да екеуміз бірге жамылып отырайықшы,
мен жалғыз өзім қорқып кеттім, – деді ол. Бағдат қуанып,
артынша қалтырап жөнелді қараптан-қарап отырып. Де-
нелері бір-біріне тиіп, тиген жерлері күйіп, үн-түнсіз,
ұзақ отырысты. Көзін жұмса, бұлдырай ұшып алыстайды,
көзін ашса, жақындап, жанында отырады.
Таң атып қалғанын көргенде ғана екеуінің еріндері
бір-біріне сәл-пәл тиіп-тиіңкіреп кетті де, бір-біріне ұяла
қарасты.
– Нияз не болды екен? – деді Бағдат.
– Ал енді қайт, – деді Зылиқа. – Автобус Жиделінің жол
айрығында жетіден он-он бес минөт өткенде тоқтайды.
– Енді... Енді қашан кездесеміз?
– Осы аз ба? Сізге? Саған? Осы аз ба, саған? – деді
Зылиқа еркелегісі келгенін сездіріп.
– Ешқашан да ұмытпаспын осы түнді! – деді Бағдат
бақыттан басы айналып. – Рахмет саған, жа-жан-ым...
– Қош, сау бол, Бағдат!
Алқоры ағашын айнала бергенде, алдынан Нияз шыға
келді.
– Сүйдің бе? Сүйістіңдер ме? – деді Нияз.
– Әрине, – деді Бағдат мақтанышпен.
– Ой, пысықтар е-е-ей...
Нияз Жиделінің жол айрығында Бағдатты автобусқа
мінгізіп жіберді.
Зылиқаны бірер күндей көрмей қалса, хабарын білмей
қалса, шыдай алмастай халге түсетін болған.
Он бірінші класс та бітті. Зылиқа оныншы бітіріп, кол-
хоз орталығындағы қырманда, жазғы практикасын өтеп
жүрген. Бағдат аттестатты алған күні құстай ұшты ғой.
Алдымен атақты барлаушы Нияз кеткен.
Бағдат түс ауар-аумас мезгілде ұшып жетіп, желе-
жортып, шайханаға кірсе, Нияз әлі шал-шауқандардың
ортасында коммунизм мен Сы-Сы-Сырды толық химия
ландыру тақырыбында таласып отыр екен. Ол оқығанын
айтса, колхоз орталығының қариялары тіршіліктен түй
гендерін тәптіштеп, химияның баса-көктегеніне ренжиді.
Нияздың пікірсайысқа беріліп кеткені соншалықты, бұған
бұрылған да жоқ. Шайхананың кесесін қос қолдай ұстап,
нағыз шалға айналған. Құрышев жолдастың соңғы баян-
дамасынан үзіндіні жатқа соғады. Бір кезде Бағдатты адам
орнына көріп, тұт ағаштарына қарай иек қақты-ау.
Биігіректегі ирек арық бойында тізіле тербелген те-
ректерге, жапырақтары қалқайып, күнге қыңбайтын,
көлеңкесі қою тұт ағаштарына алаңдай көз жіберіп ке-
леді. Әне, қос бұрымымен ойнап қана, ойланып қана тұр
ғой Зылиқа!
Ойланып қана тұрыпты, қоңырқай ғана бұрымдар ерек
ше ерке қылықты. Шілдеде сәл тыншыған, бұрындары
ыршыған таза су да сыбырлай ағып, тұныпты. Шаңқай
түстің ауып қалған шағында, қызыл қырман жанында...
Сағыныса табысты-ау сонда екеуі...
Алпыс үшінші жылғы махаббат туралы, құрметті оқыр
ман, мен емес, Бағдат осылай ұйқастырып әкетеді екен,
соны ескерткіміз келеді. Біздікі қаз қалпында жеткізуге
тырысу ғана.
Екеуі қол ұстаса тұрып, аттестатқа бірге қуанған.
Сүйіншісі ретінде санап, қыз бірінші сүйіп алыпты.
Бұл мас болып, жауап қатып үлгере алмай, бұрынғыша
сасқалақтаған. Зылиқа сұлу бәрін тез түсініп, жайраңдай
жымыңдап тіл қатқан:
– Ал енді, қоштасайық. Қызып жатқан қырман мынау.
Бізді іздеп, тауып алып, масқара болармыз, – деді қыз. –
Біреуі байқап үлгерсе, бидайықтай тербеліп бәрі таңданар,
селеудей тегіс сусылдап, тұтас колхоз талқылар... Оқуға
түсіп кетуіңе тілектеспін!
– Сүйейінші, – деп қиылыпты Бағдат батылданып.
– Жарайды. Мен де, – деді ол.
– Жарайды. Мен де, – деді бұл.
Содан оқуға түсіп келіп, жолыққандағысын айтса, одан
кейін әскерге кетердегі кездесулерін ойға алса, Бағдат
батырыңызды тіпті танымай қалар едіңіз.
– Айтып-айтпай не керек, сол жылдары біз коммунизмге
де, ғашықтыққа да Құдайдай сенетін едік, – деп аяқтады
Бағдат ағаларыңыз. – Әттең-ай, әттең, коммунизміңіздің
өзі түп-түгел жалған, шіп-шикі өтірік болды да шықты
ғой.
– Ал ғашықтық ше? – дейміз біз.
– Оны кім білсін, біз Зылиқа екеуіміз қосыла алмадық,
әйтеуір. Алпыс төртінші жылы әскерге кете бар-
дым. Үш жыл бойы уран кеніштерінде тырбаңдайтын
түрмешілердің күзетінде жүріп, өлімнен басқаның бәрін
бастан кешіп, қайтып келсем, күтемін деген қызым... Бол-
ды, арғы жағын айтпаймын енді. Осымен тауыс-тәмәм...
Дегенмен, біліп қойыңдар, махаббат коммунизм секілді
алдамшы нәрсе емес шығар, сірә. Ол пендесіне Құдай
тағаланың өзі ғана бұйыртатын бөлекше бір қасиет болар,
кім білсін...
Бағдат ағамыздың күрсінісін күлкісі жеңетін де,
жеңе алмайтын да жағдайлары алма-кезек алмасатыны
қызық-ақ.
ТҮБІРКҮЛӨЗ
Қиянгүл тағы да теріс қарап, тас бүркеніп жатып
алды.
Қыбырай тісін шықырлатып, іштен тынды. Шықшытын
ауырсынып, аунап түсті. Әтілес көрпенің сусылынан
суылдаған жүрегіне басу айта алмай, басын қасыды. Қос
самайын қос қолдай уқалады. Қиянгүлдің қылықтары
бадырайып білінген сайын шүйдесі шыңылдап, жарғағы
шытынап қоя беретін бәле тапты. Бала-шаға, келін-кеп-
шікке дейін шекара ұстап, шек қойыса бастағандай ма,
қалай осы? Деп те қауіптенеді кей-кейде.
Кірпік шіркін түрпіленіп, тікенекке айналып алғандай,
көздерінің төңірегі тітіркене ашыды. Ұйықтай алмасын
сезінсе дағы, қайта-қайта дөңбекшіп, талай уақытты қаза
қылды. Бәрібір, болмады. Төсектен түрегеліп, киініп,
түкпіргі есікті ақырын ғана ашып, ортаңғы үлкендеу
бөлмеге, одан дәлізге шықты. Ауыл-аймақ бойынша
электр жарығының жанбағанына жылға жуықтаған. Не
нәрсені де қараңғыда қарманып іздеп, түртінектеп табуға
үйреніп кеткелі қашан. Қазір де азиат кебістің үлкенін
қарауытқан қалжасынан тез таныды. Үйдегілер өзі түгілі,
аяқ киіміне дейін бөлектеуге беттеген бе, сүйір тұмсықтау
сорлысы һәм ақжемденген алаша төсеніштің арғы жағына
шығандай шеттеп кетіпті.
Тыстың ауасынан тыныс кеңейіп, демі жеңілдеп, дала
ның дабысынан алтын күректің таныс сарынын сезді.
Жеңілдеу желеміктің жұқалтаң лебі жаңа ғана мың-дыңы
шыққан бақыр басын бірден жазып жібермесе дағы,
пәркін ашып, көркін оралтқысы келгендей. Көктемнің
тазарыңқы дәмі таңдайын жібітіп, маңдайын жіпсітті.
Бадамсайдың бас жағындағы перменің үй-жайлары
мен қора-қопсылары қарауытып барып, қайта ағараң
дады. Жаңағы, шеттеңкіреп көрінген кебістері секілденді.
Қыбырайдың көңілі босады. Кешенді перме қалашығы
ның қалдығына қадала тесіліп, ұзақ қарады. Тамағын
өксік буып: «Оһ-у-о-о-у, қарағым-ай... Қырға шығып пер-
меге қара-а-а-дым-ай, а-а-ай!» деп ыңылдады.
Шеткі қорадағы түбіркүлөз деп табылған жетпіс шақты
тана-торпақтан өзге түк қалмаған-ды.
Калинин атындағы ұжымшар табан астынан тарап кет-
кен жоқ-ты. Кезінде атақ-даңқы айдай әлемнің жартысы-
на жайылған, шалқыған шаруашылық еді. Әсіресе, мына
кешенді пермесін айтсаңызшы. Қыбырайдың қып-қызыл,
сәл-пәл томпақтау тілі «фермаға» келмейді емес. Сонда-
дағы «перме» жанына жақынырақ. Осы сөз сүйегіне сіңіп
кеткен. Осы Мы-Ты-Пының, яки тауарлы-сүт пермесінің
арқасында Калинин атындағы ұжымшар Бүкілодақтық
халық шаруашылығы жетістіктерінің алтын алқасын
таққан. Несін айтасыз, небір өркениетті елдеріңіздің
өкілдері келіп, аудандық ауруханадан әлдеқайда таза
ұсталатын сиыр қораларға аппақ-аппақ желеңдер жамы-
лып қана кіруші еді-ау. Тізіліп қана. Тәртіппен ғана. Сегіз
жүзден аса асыл тұқымды, ақ бас, қара ала сауын сиыр, сек-
сеннен аса бұқа, тағысын-тағылар...
Қыбырай перме жаққа одан бетер сүзілді. Кешіккен
көктемнің түнгі аспанындағы қарақошқылдау, бұйра
бұлттар қаншама қою болғанымен, арғы жағындағы
айдың жарығын жасыра алмады. Перме анығырақ көріне
бастады. Анығырақ көрінгені құрып-ақ кетсін-ай, ақ ши-
пырлары мен қызыл түнікелерін аршып алып кеткен соң,
аждаһа аралап өткендей, төбелері тіпті оңбай қалады
екен. Құдды баяғы Құдықсайға сүйрелеп апарып тастай-
тын өлексе өгіздердің қабырғаларындай ырсиған, сойдақ-
сойдақ сұрқы үрей шақырады. Әне, анау асыл тұқымды,
ақ бас, қара ала сиырлар тұратын ұзын-ұзын үш қора;
көлденең көлбеңдеген келіншектей көрінетіні – сүт жи-
найтын сұлуша ақ үй; сол жағындағы – буын-буынға
бөлінетін бұзауханалар, оң жағындағы – бұқалар мекені;
беткей жағында сауыншылар мен бақташылар үйі, орта-
сында перме бастық пен мамандар отыратын кеңсехана.
Қайран қызыл мүйіс тізілген теректердің арасындатұғын.
Енді бәрі де ортақ өгіздің өлексесіндей. Тек түбіркүлөз
деп табылған табын ғана бір шетте қамаулы тұр.
Бұлттың бір бүйірі сөгіліп, сүт сәуле жер бетіне сәл
молырақ төгілді. Кенет Бадамсайдың ойпаңындағы пер-
ме мен ауыл ортасындағы Қыбырайдың қара шаңырағы
арасынан ала бір арқан көрінгендей болды. Ала жіп дей
ме, ала арқан дей ме, әуеде ілініп, екі аралыққа керіле кет-
кені. Қыбырайыңыздың жон арқасы шымырлап, теңселіп
кетіп, құлаңқырай жаздады. Қыстайғы қар мен жаңбырдан
мезілене езілген шөкімдей шөпке шынтағын тіреп, қайта
түзелді. Перменің үй-жайлары жақтан әлдекімдер ала
арқанның бір ұшын ұстап алып, есуге кіріскендей ме,
тартқылай тұқыртып, кесуге кіріскендей ме, әлгі өзінің
үйіне дейін созылған жіп жыбыр-жыбыр, қыбыр-қыбыр
қимылға көшіп, ширатылып жатыр. Қыбырай қақсап,
кеміріп жеп қоя жаздайтын тізе тұстарын уыстай ұстап
көрді. Шыңыл қаққан шүйдесін бармағының басы-
мен нұқып-нұқып, жарғақ құлағын шымшып-шымшып
байқаса, есі-басы бүп-бүтін сыңайлы. Елегізіп, ертерек
үйіне кіріп-ақ кеткісі келіп бір оқталды да, Қиянгүлдің
теріс қарап, тас бүркенгені елестеп, қолын қатты бір сіл-
кіп қалды. Қолын сілкігені сол екен, әлдене жарқ-жұрқ
етіп, әлдебір түсініксіз, жұмбақтау дыбыстар Бадамсай
бойын қуалап жөнелді. Ескі домбырасының ең төменгі
пернесінен шилыға шығатын шіңкілдек үннен аумас. Ала
жіпке қараса, әуелгісіндей әуеде аунап, әлі де шилыға,
ширатыла есіліп тұр.
Қыбырай қайтадан өзін-өзі тереңірек тексермекке
бекініп, ғұмырбаянына ғылыми-практикалық талдау
жасауға керек-дүр деп шешті.
Қырық бір жыл бойы перменің бақташысы болып, ал-
пыс жасқа толғанын қызыл мүйісте, салтанатты жағдайда
атап өткен соң, күзетшілікке ауыстырылған. Оған да,
мінекиіңіз, жетінші көктем жетіп кеп қапты. Бүкіл өмірі
бақташылық пен күзетшіліктен ғана құралған Қыбырай
Байшымырұлы осы ғасырдың отызыншы жылы, нау-
рыз айында осы күнгі мұстақыл (тәуелсіз) Өзбекстан
Республикасының Қыбырай тұманындағы (ауданындағы)
Иірқастың іргесінде, Қарасудың бойындағы қараша үйдің
бастырмасында туған екен. Ныспысының Қыбырай ата-
луы осыдан. Бір мүшелге жеткенге дейін сол өлкедегі
Анайдың айналасында, Қарабастың қапталдары мен
Бұзғұн-Бураның баурай беткейлерінде жүрді. Обалы не-
шік, хан жайлаған Қаратау мен би жайлаған Алатаудың
түйіскен тұсынан қудаланып, жер аударылып барған Бай-
шымыр байды Қыбырай жұрты жатырқамаған деседі.
Мұны әкесі әбден айтып, құлағына құйып, құйқасына
сіңіріп кетті. Сонда-дағы бақилық боларында: «Бұл жақты
да біздің ата-бабаларымыз мекен еткен, бірақ... Кім біліп-
ті. Түптің түбінде туған елге ораларсыңдар, Бадамсайдың
бойына қайта қонарсыңдар, бәлкім, балам...» деген. Әке
сүйегінің Иірқас иініндегі ескі қорымға, бұрынғы, аты-
шулы ата-бабалары жатқан мейірімді мәртөбе түбіне
қойылғаны есінде. Жалғыз әкпесі сол жылдың соңына
таман өзбектерге ұзатылып еді, ойпырмай, оншақты күн
өтер-өтпесте өзгешеленіп, жүріс-тұрысы, жымиыс-күлісі,
иіліс-бүгілісі түп-түгел өзгеріп, әтілеспен әдіптеліп шыға
келді. Жібі ширап, тіні пысып, ділі сергектенгеніне ше-
шесі сорлы шектен тыс риза секілді, бірақ көп күрсінетіні
несі. Дейтінтұғын сонда бұл.
Қырық екінші жылы Қыбырай қатқылында аласа-
пыран басталды емес пе?! Алыста жүріп жатқан алапат
соғыстан емес, Аққабақ әулиенің кесенесін қиратып,
бұрынғы байлардың тұқымын тұздай құртпаққа бекін-
ген белсенділердің бәлесінен еді. Бұзғұнға бастық бол
ған құзғын қазақ әулекіленіп әлек салған. Салды кетті
қырғынды. Күйгенде өзіңнен күйесің. Қыбырай шешесі-
мен бірге тентіреп, Ташкентке тартты. Әркім-әркімге жал-
данып жүріп, жалғанның жарық күнінде жалғыз жапырақ
нанды әзер тауып, іңірде ілдәлдалап жүрек жалғайтын.
Әркім-әркімнен сұрап жүріп, біліп, тауып алған Қарлығаш
әулие – Төле бидің басында түнейтін. Алғаш қорқатын,
алайда, бірсін-бірсін күмбезден қамқор, аспаннан аб-
зал әлем жоқ екеніне имандарымен иланысқан. Күзге
қарата шешесі екеуі шойын жолдың шалонына ілігіп,
Түркібасы бекетін бетке ала діттеп, туған жерге тартты.
Емешегі езіліп, аңсағандайын ағайын көрінбеген. Байшы-
мыр байдан тартып алып, талан-таражға салған малдың
тамтығы қалмаған. Алты жүздей жылқының тұқымынан
тұлдыр жоқ Калинин атын алған артель белсенділерінің
астындағы жауырын ауырсынған жаман жабылар мен
жамбас сүйектері шодырайып, омыртқалары опырайған
ортақ өгіздер ғана.
Бірер жылдан соң шешесінен де айырылды. Анасының
көзі тірісіндегі көрген күні ұжмақ екен. Тағы да бірер жыл
өтер-өтпесте қара жұмыстан қажалған Қыбырай, сана-
сынан сызғыра соққан өкпектен өлеусіреген Қыбырай,
Байшымыр байдың баласы тексізденіп-таусылып, бір-
жолата бақыр басты бақташыға айналып кеткен. Рахмет,
айналайын сәбет өкіметі Бадамсай бойынан әлемге әйгілі
кешенді перме салып, Калинин шалдың да, қазақтың да
абыройын асырды ғой...
Қыбырай қысқаша ғұмырбаянын күбірлеп айтып
алып, мына тұрысы түсі емес, өңі екендігін, өзінің әлі
соншалықты санасына сызаттар түсіп, есінен адасып,
жадынан жаңылыса қоймағанын бүкіл Бадамсай бойына,
қираған пермеге, аспан асты, жер үстіне алабөтен асы-
ла қалған ала жіпке дәлелдеп бақты. Әкесі Байшымыр
марқұм Өзбекстанның атышулы аймағында, Қыбырай дей-
тін жерінде жатыр. Әтілес көйлекпен көмкеріліп ол жақта
кап кеткен әкпесі тырс етіп хат-хабарын білдірмеді, бұл
жақтағы бақташы інісі іздемеді. Кей-кейде, Бадамсайдың
қияларында қиялданып отырған шақтарында, сол жаққа
бір барып, Иірқастың иініндегі батыр бабалар қорымында
жатқан әкесіне құран оқытып, бет сипап, Аққабақ әулие
кесенесінің орнына зиярат жасап, Анайды айналып,
Бозсуға шомылып, Қарасуды кешіп, Бұзғұн-Бураға көз
тойғызып, балалық шақтан елес боп қалған суреттерге бір
тоғайып қайтпаққа оқталатын. Тіпті тереңірек тебіренетін
сәттерінде перзенттік парызы қозып кетіп, әкесінің асыл
сүйегін әкеліп, Бадамсайдың беткейіндегі Білге қаған
ұрпағы саналатын Түркібасы мазаратына қоспаққа бейіл-
деніп, қаны қызатын. Қу тірлік қайдан босатсын, мұның
әкесі кімнің шікірәсі, соншалықты?! Жүздеген, мыңдаған
байдың бірі ғана шығар. Мұстақылдық мұратындай
Мұстафа Шоқай қайда жатыр? Әкесінің әңгімесінен
құлағында қалған, түртінектеп оқитын. Кенесары ханның
басы һәм ту-у-у Петрбордың Кунсткамерасындағы
құнысқан темір сөренің астындағы текпішекте шеген-
деулі, құрсаулы дейтін. Қап тауынан шыққан қаһарлы
Қажымұрат баһадүрдің басымен қатар жатқан көрінеді,
торсық шекелерін түйістіріп, тоз-тозы шығып, бет-бет-
теріне бытырап кеткен ұрпақтарын қайрағылары келген-
дей кей-кейде тістерін шықырлатады-мыс.
Мінекиіңіз, байқайсыз-ау, Қыбырайды қаншалықты қа
тардағы бақташы һәм күзетші деп кемсіте қарағаныңызбен,
бұл кісі өз бетінше оқып, түртінектеп жүріп-ақ осы күнгі
бірден бес-алты академияның академигі саналатындардың
санын соқтырып кетуі де бек бәлкім. Бұл жетістіктері үшін
Калинин ұжымшарының кешенді пермесіндегі қызыл
мүйістің сөре-сөре кітаптары мен қат-қабат газет-журнал-
дарына мың да бір рахмет айтады.
Қыбырай қаншама қамырықты, қамығыңқы күй кеш-
кенімен, мына түнгі құбылысты түсінбестей түйсіксіз
емес-ті. Алайда, адам мен ғалам арасындағы жыпырлаған
жіптердің, триллион талшықтың тап біреуі, алаштарша
айтқанда, ала жібі тұп-тура өзінің қара шаңырағы, қора-
қотаны арқылы өтер-ау деп ойлай қоймаған. Қыбырай
Байшымырұлы ділінің таты жуылып, татымы артқанын
аңдады. Жаратқанға жалбарынып, білгенін күбірлеп,
беті-жүзін сипады. Аспан шеті, жер жиегі қиылысып, бет-
тесетін Бадамсай биігі тұсынан Білге қаған ұрпағы Бай-
шымыр байдың өткір жанары қадала бір қарап өткендей
көрінді. Қыбырай өз жаратылысының һәм қақ жарылып,
ала жіпке ұқсағанын ұғынды. Ала жіп ширатылуынан
танбады. Шексіз бұрап, көп қинаған соң оңа ма, сірә? Бір-
те-бірте керме жіптің әр тұсынан шилыққан шіңкілдер
жиілеп, түте-түтесі шықпаққа кетті. Алдымен ала жіптің
ақ бөлігі ірігендей, іртік-іртік айрандайын ағып-ағып
сорғалады. Сосын сұрқайлана сұлбаланған қара өзекке
жетті кезек. Арқаныңыздың қарақошқыл бөлігі жиырыла
жидіп жоғалғанда, былтыр ғана Боткин ауруы асқынып
кетіп, бауырын іріте құсып барып қайтыс болған, өлерінде
қатты қиналып, азапқа түскен перменің бастығы көз ал-
дына келді. Ала арқаныңыз сөйте-сөйте сетіней шеті-
неп, біржолата көзден ғайыптанғанда, алабұртқан ауылы
Аққұзар асып, қираған перме қалашығы Бадамсай басып,
безіп жөнелетіндей-ақ зәресі ұшты. Басы зеңіп, көз алды
тұманыта тылсым тартты. Шөптің үйіндісіне сүйенген
күйі көзін тарс жұмды.
Сәлден соң қайта ашып еді, жапалақтаған қарды көрді.
Көк тебіндеп, шырыш жапырақ шығарғанда жауатын
ақырғы аппақ қар. Қыбырай қунап сала берді сол бір сәт.
Осындайда ерте тұрып, пермеге бара жататын. Қайран
кешенді перменің ақ шағаладай үйлеріне ақ желең киген
қыз-келіншектер кіріп-шығып, шығып-кіріп жүрер еді-ау.
Солармен араласып кетіп, күннің қалай өткенін, кештің
қалай батқанын аңғара да бермес-ті.
* * *
Перменің асыл тұқымды сиырлары күйіс қайыруға кі
ріскенде, аудан жақтан насихатшылар мен үгітшілер келе
тін. Қызыл мүйісте кейде саяси сабақ, кейде экономикалық
сабақ өтілетін. Оған негізінен партия ұйымының, кәсіп
одақтың төменгі буындарының өкілдері, мал мамандары,
перме бастығы қатысатын. Бақташылардың бірқатары да
тізімге тіркелген. Сұрқай тағдырдың сумаң желі сан жыл-
дар тынбастан сызғырласа-дағы сана түкпірінде сәуле
қоламтасы қалған екен-дағы. Насихатшылар мен үгітшілер
қаншама қайсар қайрат жұмсап-ақ бағады-ау, бірақ мұның
құлағына олардың сөзі оншалықты кіріңкіремейді. Оның
орнына әлдебір сирек кездесетін жорналды жасырып қарап,
көбінесе: «Сол күні Күнеп тауы бетін бұлтпен бүркеп
алып, үнсіз жылады. Бүкіл тау халқы жылады. Еңкейген
кәрі де жылады, еңбектеген өрен де жылады. Сол күні ай
тұтылды...» дегендей, жан-жүректі жұлқитын үзіндіні әлсін-
әлсін қайталай күбірлеп отырады. Бірсін-бірсін, әлсін-әлсін
бұл үзіндіні жатқа айтатын-ды. Қап тауының қайран ерені
имам Шәміл ұсталғанда оның адал да абзал жылнамашы-
сы Қажы Әли жазған деседі. Кемелденген социализмнің
ерекшеліктеріне арналған саяси сабақ одан әрмен созыла
түседі. Қызыл мүйістің қабырғасына ілінген түрлі-түсті
плакаттар мен көрнекі құралдар жалқындана алаулайтын.
Ал, бақташы Қыбырайдың көз алдына кісенделіп кетіп
бара жатқан Байшымыр бай келеді ғой, баяғы. Аққұзар
дағы Күнеп тауы секілді күңіренбесе де, тұманыта түнеріп,
қайғырған шығар-ау. Бадамсай бойы қимай-қимай қабарып,
қабырғасы сөгіле өкінген болар. Имам Шәмілдің Қажы
Әлиі секілді жазба қалдырған жылнамашы шықпапты ғой
бұл өңірден.
Сөйтіп, Қыбырай Байшымырұлы да, қазақтың аса
атақты бір жазушысының қаламы шебер шымшып
көрсеткендей, кемелденген социализм империясынан
егемен елге қалайынша аттап-пұттап, деп-демде өтіп
кеткенін бағамдап үлгергенше, жылдарыңыз жылжып-
сусып өтіпті де кетіпті. Байшымырдың байлығы секілді
Калинин атындағы ұжымшардың малы да ту-талапайға
түсті емес пе?! Тек ауру делінген біраз тана-торпақ қана
тозғыннан тоқтаңқырап тұр.
Қыбырайдың өзі һәм түбіркүлөз болып шықты. Жер-
гілікті аурухана анықтап, тітіркеністі тізімге тіркеп, есір-
кейтіндей есепке қойып отыр. Адам деген алпыс жеті
жасында түбіркүлөз бола ма?! Сонау заманда тауарлы-
сүт пермесіне бақташы болып кірерде он тоғыздан жаңа
асқан-ды. Тексерді әбден. Түк те демеген. Одан кейін бір-
де бақташылармен бірге, екіншіде сауыншылармен бірге,
кейде әжептәуір-ақ белсенділердің арасында, жыл сайын
дәрігерлік байқаудан өткізетін-ді. Сап-сау келе жатқан,
ендігісі нендей оттау, қандай күйсеу?! Тәңірге тәубе,
о баста байдың баласы болған, тұқымында түбіркүлөз
жоқ екен. Әкесі жер аударылып кеткен жағында да текті
тұрмыстан танбаған. Қыбырайдың өзі елге қайта оралып,
кедейден шыққан Кеуіртбектің әкпесі Қиянгүлді алды.
Кедей қызының кейін тартқылап, пейілін тарылтып,
көгереңдейтіні бар, сонда-дағы ішім-жемнен кенделік
көрген емес. Табан астынан ауылдағы амбулатория тексе-
руге шақыртып, түбіркүлөздің тізіміне тіркеді де тастады.
Тап сол күні бала-шағасымен түп-түгел теледидар көріп
отырды. Қас қылғандай, тәуелсіз республикамыздың
денсаулық сақтау министрлігінің бір басшы шенеунігі
көгілдір экранға шыға келді. Түп-тура түбіркүлөз туралы
әңгімені бастап кеп жіберсін.
«Қазақстан Республикасында соңғы жылдары түбір
күлөз сырқаты қатты өршіп барады. Қазір еліміз бойын-
ша алпыс мыңнан астам адам осы дертке шалдығып
отыр. Былтыр, яғни бір мың да тоғыз жүз тоқсан алтын-
шы жылы төрт мың адам түбіркүлөзден қайтыс болды,
үш мың адам мүгедектер қатарына қосылды», – деді жаңағы
басшы кісіміз. Ол шіркіннің өзінің түрі де оншама оңып
тұрған жоқ. Не-е-е, халықтың ауруға көптеп шалдығып
жатқанына жаны шырылдап, шындап қиналады. Не-е-е,
әлгі айтқан алпыс мыңның біреуі осы сұңқиғаныңның өзі
секілді-ау. Деп ойлағаны сол еді, министрліктің дөкейі
егемен елімізді былайырақ қалдырып, уһілеп-аһылап
алды-дағы, уәлаяттарға көшті. «Оңтүстік Қазақстан об-
лысында тіркелген түбіркүлөз ауруларының саны үш жа-
рым мың, ал тіркелмегені, тексерілмегені қаншама?» – деді
терең күрсініп.
– Тексеріліп, тіркеліп кеп отырмыз ғой, – деді бұл. –
Қарық қылсаңшы енді.
Қыбырайдың жүйкесі жұқарыңқырап, айнала-төңі
регіне барлау жасап байқады сол күні. Қиянгүл қырын
қарап, теледидарға тесіле телміреді-әй, жүдә бар ғой.
Үлкен келіні сыр бермеген кейіпте дастархан жинамаққа
асықты.
– Түбіркүлөзге қарағанда, техниканың апатынан, қаса
қана кісі өлтіруден, сыбайласқан қылмыстан әлдеқайда
көп адам қырылып жатыр, мыналардың милары соған неге
қатпайды? Жүдә, бұ бейшаралар сол түбіркүлөздің түбір
төркінін неге тексеріп, тегін неге анықтап, айқындамайды?
Неден екеніне неге назар жықпайды осы? – деді Қыбырай
күйіп-пісіп. Қиянгүл сол қиястау отырған күйінде, бұған
бетін де бұрмастан, орнынан ауырлау қозғалып, түрегелді.
Бала-шаға һәм көзді ашып-жұмғанша шешелерінің ыңға
йына бейімделе бастағандай ма, марғауланып, салқын
тартып бара жатқандай көрінді.
Содан бермен қарата төрт ай өткен-ді.
Төрт айдан бері Қиянгүл төсегін бөлек салмаса дағы,
ыдыс-аяғын бөлмесе-дағы, тап түндегідей табан астынан
теріс қарап, тас бүркеніп жатуды жиілеткен.
Таң ата мал жайғады. Дегелектің қары астынан жасыл
көк жарқырайды, шырыш жапырағынан шық сырғанайды.
«Түк те түбіркүлөз емеспін!» – деді үйіне қарай беттеп.
Таңертеңгі шай үстінде тоңазыған сүбе қабырғаның
қос елідей майын қиялай кесіп жеп, түнде түк көр
мегендей, түк болмағандай, жадыраңқы жағдайда отырды.
Қабақтары домбығыңқы Қиянгүлге де, кедейден шыққан
Кеуіртбектің жиендеріне де пысқырмады.
Шай ішіліп болған соң:
«Сендер енді мені іздемеңдер, ауылдың амбулатория-
сына һәм, аудандарыңа һәм иланбаймын, не Шымкентке,
не Ташкентке барып тексерілем. Төрт ай бойы «еһе-еһе»
деп екі мәрте жөтелген жоқпын. Алпыс жеті жасқа жет-
кенде кайдан пайда болған түбіркүлөз бұл? Анықтамай
қайтпан!» – деген мәлімдеме жасады. Отбасы деп атала-
тын шағын мемлекет мүшелеріне мағлұмдалған осынау
мәлімдемеге қосымша ретінде қираған пермеде қалған,
түбіркүлөз деп табылған жетпіс шақты ірі қараны тексер-
туге де әрекет жасайтынын үстеп қосқан.
Қыбырай
Байшымырұлы
Бадамсайдағы
ауылдан
едәуір ұзап шығып, қия-қияларды бунаған бозғылт соқ
пақтардың бірінен-біріне ауысып, долана түбіне аялдап,
артына бұрылып ұзақ қарады. Түндегі ала арқанның ор-
нында жіп-жіңішке, буалдыр бір сағым ғана ілініп тұр
екен. Алуан-алуан ойларға беріліп, алтыншы қырдан
асып өткенін де білмей қалыпты. Ойпаңбелдің тегістігін-
де, Алматы – Ташкент жолының жиегінде жолкөлік күтті.
Лажы болса, сәті түссе, Шымкент шаһарын шиырламай,
Ташкентке тура тартпақшы. Одан әрмен кіндігін кескен,
туып-өскен Өзбекстанның қайран да қайран Қыбырайы
қайдасың, демекші. Інжәпия бюджетіне бек сенімді.
Кенет Құдықсайдың қызыл тастақты қиясынан мото-
циклмен көтеріліп келе жатқан Кеуіртбек көрінді. «Осы
Штирлицтің көзіне түспей-ақ коюым керек-ті», – деп
қуыстанды Қыбырай. Амалы нешік, қашып құтылуы
қиынырақ. Кіділене кіржиген қайнысы:
– Немене, таң азаннан не бәле көрінді? Жападан-
жалғыз қайда қашып барасың? – деді.
– Қазекем жол болсын дейтұғұн,– деді Қыбырай. –
Қыран асып, белең басып, не тындырып жүрсің өзің?
– Жездекейді шығарып салмаймыз ба? Қыбырай тұманы
таманында көміп кеткен алтындары бар деуші еді...
Жездекейі сөз шығындамай, тамағын кернеумен тына
салды.
Жасыл желектің бетінде қар қалмай, сай-саланың таба-
нымен су сылдырай бастағанда, Қыбырай көгілдір түсті,
тұрпаты келісті темір көлікке отырды. Кеуіртбек қолын
бұлғады.
* * *
Қыбырайдың сапары шеккі бола қойған жоқ. Сәл-пәл
абыржығанын, адасыңқырағанын айтпағанда, күн сайын
дерлік түсіне кіретін бала кезін кинодан көргендей күй
кешті. Бір қызығы сол, ол жақта бір сүйемдей де бос
жатқан жер жоқ екен. Бір қуанғаны, Байшымыр байдың
аты-жөнін, істері мен іздерін, қадірмен қасиеттерін
ұмытпаған көзі тірі бір-екі қарияны көрді. Алпыс жеті-
демін деместен, дамбалының балағын түріп, Бозсуды
кешіп байқады, Бұзғұн-Бураның баурайларын армансыз
аралап, беткейлеріне ентікпей-ақ көтерілді. Қарабастың
қапталынан сызып өтетін үлкен каналдың жиегінде
отырып, өткен-кеткендерге құран оқытты. Бетон көпір
астында Қарасу сыңсып ағып жатты. Отыз жылдан бер-
мен қарата бақилық болған пенделер осы Қарабастың
қиясына жерленеді екен. Иірқастың иініндегі баяғы ескі
қорымдар әлдеқашан тегістеліп, егістікке айналып кетіп-
ті. Шит себу науқаны қызу жүріп жатыр. Байшымыр
байдың асыл сүйегі де мақталықтың астында қалыпты.
Амалы қанша, бәлкім, бұның өзінің, бала-шағасының,
елі-жұртының киім-кешектері сол Байшымырдың тек-
ті сүйегі үстіндегі қарақошқыл, құнарлы һәм құйқалы
топырақтан өсіп-өніп шығатын ақ ұлпа мақтадан
тоқылып, тігіліп барып жүрген болар ма? Пенде шіркін
топырақтан жаралады, топыраққа қосылады. Жатқан
жерің жайлы, топырағың торқа болсыншы, Бадамсайдан
қуылған қайран әке! Әкем! Деп күбірлеп алып, айнала
қоршап отырған жиендерінен де ұялмастан, мұстақыл
Өзбекстан жәмиғатының, үлкенінен кішісіне дейін аса
ұстамды, аса жинақы, аса сергек, тым тақуа келетіндігін
көріп-біле тұра, түк те тартынбастан, қазақша еңіреп
тұрып жылады. Көз жасын тия алмаған күйінде марқұм
боп кеткен әкпесі мен жездесінің жер томпайтып жатқан
жерлеріне де барды. Тізе бүкті, тәу етті.
Бір жиені сол Қыбырай тұманында (ауданында) әкімнің
орынбасары екен. Үш күндей мейман болып, қазақ мәте
ліндегідей, құттан жұтқа айналмай тұрғанда, сары ноқат
пен қоңыр мейіз қосып пісірілген палауға тойып алып,
Қыбырай-ака қайтадан жолға жиналды. Тұман (аудан)
әкімінің орынбасары арнайы мәшине дайындап, тағасын
(нағашысын) тұп-тура Бадамсайдың беткейіндегі үйіне
дейін жеткізетінін айтқанда, Қыбырай-акаңыздың төбесі
берекелі баһардың (көктемнің) мөлдіреген көгілдір ас-
панына екі елі ғана тимей тұрды. Бірақ өзінің інжәпия-
құпиясына сәйкес:
– Жоқ, жиенжан, тағаңызды тым тайраңдата бермес-
тен, Шымкентке жеткізсеңіздер жетеді, уәлаят басында
бір аса тығыз шаруам бар, – деп бурыл мұртын баппен
сипады.
Кіндік кескен, туып-өскен жерін қимай-қимай, ұзақ-
ұзақ қарай берді. Қайтатын сәтінде шит себілген мақта
лықтың жиегінде, тұт ағашының түбінде жападан-жалғыз
тұрып, көсіліп жатқан кең жазыққа тұп-тура Бадамсайға
қадалғанындай ұзақ тесілді.
– Қош енді, Қарақия, Қарашаңырақ Қарабас! – деді
Қыбырай.
– Игілікке кенеле бер, Иірқас! – деді тағы да.
– Анай әулие! Әкемнің, әкетайымның жатқан тұсынан
техниканы абайлаңқырап өткізші, өзгеше бір өтінішім сол! –
деді жанарына жас толып, тамағына мақта тығылғандай
тұншығып тұрып, құлап түсе жаздап.
– Бұзғұн-Бура, Қарасу! Баһар келген сайын ботана боп
боздайтын менің Бозсуым! Қайта айналып көрермін бе,
әлде көрмеспін бе?! Қайыр-қош, қапа болмаңдар, – деп
кемсеңдеді. Сөйтіп, жәмиғат ортасына жылы ғана жы-
миыспен өзгеріп оралды. Күлімсіреп аттанбаса, болмай-
ды. Қанша дегенмен, бөлек мемлекет қой бұл.
– Қапа бомаң, таға! – деді жиендері. – Жаз шықса,
Құдаһ қаласа, барып қалармыз. Іздеп келгеніңіз, жүдә,
һәм жақсы болды. Лекин, кінә біз тараптан боп тұрыпты.
Өзіміз іздеп баруымыз керек еді. Қапа бомаң, тағасы!
Түбіркүлөз турасында тіс жармады әдейі. Ұят қой. Ташкентте тексерілмекке бір оқталыңқырады да, адасып кетуден қорықты. Қанша бауырлас болғанмен, басқа мемлекет екені және бар. Қарлығаш әулие – Төле бидің кесенесіне, баяғыда шешесімен бірге талай-талай түнеген күмбезге тәу етіп, құран оқытты. Бір сағаттай айналып жүріп, шөп-шаламнан тазартты, алып тұттың түбінде отырып, мінәжат жасады. Өз уәлаятының орталығы Шымкент шаһарының шетіне ілігіп, әкім жиені жіберген темір көлік иесімен ыстық ықыласты жағдайда қоштасты. Ташкенттегідей Шымкент шаһарының шиесі де шешек атып қалған екен. Алғаш кездескен қазақтан атақты түбіркүлөз ауруханасын сұрады. Ауылына қарай шығатын жолдағы акация бауының ішінде жыпырлаған ақ үйлер тізілген. Атышулы аурухана сол екен. Інжәпия бюджетінде қалған қаржының арқасында ауруханадағылар асты-үстіне түсіп, үш күндей жатқызып қойып, толық тексеруден өткізді. Сосын: – Сізде түк те жоқ, ақсақал, – десті. – Түк жоғы қалай? – деді Қыбырай. – Солай, ештеңе қалмаған, – деді ақ халатты абзал жан. – Егер бұрындары болса, түк те қалмаған. – Түсініңкіремей отырмын, – деді Қыбырай қатты сасып. – Сонда мына менің қос өкпемнен де түк қалмаған ба? Өкпесіз қалай жүрмін?! – Ой, сіз түсінбей отыр екенсіз ғой, ақсақал. Өкпеңіз жас баланыкіндей, тап-таза. Түбіркүлөз жоқ сізде. Болмаған да. Болса, қалмаған да. – Сонда қалай? – Солай. – Ойбай-ау, ауылдағы амбалатория анықтап, тізімге тіркеген, төрт ай бұрынғы түбіркүлөзім қайда кетті, а?! – Біз қайдан білейік, ақсақал. Жоқ дедік қой, жоқ, таптаза. – Қайда кетуі мүмкін, а? Таза ауа, майлы жүздеме, айналайын ағарған көзін тұздай құртты ма, әлде? Бәлкім... – Бәлкім-бәлкім, – деді дәрігер. – Таптым-таптым! – деді Қыбырай Байшымырұлы. – Нені?! Нені таптыңыз? – деді дәрігері.
– Бәлкім, біздің ауылдағы амбалаторияның рентгенін-
де бір запшасты болмай қалып, сап-сау өкпемді қап-қара
етіп көрсеткен шығар-ау, ә? Бәлкім бе, осыным?
– Бәлкім, ақсақал, бүгінде бәрі-бәрі бәлкім ғой, – деді
дәрігер.
– Сол ғой, – деді Қыбырай. – Солай ғой, балам. Барлық
жерде запшасты жетіспейді. Әй, өздеріңде түгел ме еді,
әйтеуір? Запшастыларыңды айтам?
– Түгел, ақсақал, бізде әзірше бәрі түгел-түзу.
Шытырлаған талдау қағаздарын, түбіркүлөзден мұ
қым таза деген анықтаманы қаттап алып, інжәпия бюд-
жетінен босап қалған әмиянын қойын қалтасына салып,
қош айтысты тағы да. Аяқ-қолының қақсап, кеміріп жеп
қоя жаздайтыны жасының жетпіске таянуына және өмір
бойы өліп-өшіп бақташы һәм күзетші болуына байланыс-
ты екен. Күтініп курорттарға, сақтанып санаторийлерге
көбірек барғаны жөн.
Арада апта өткенде, Қыбырай Бадамсайға қайтып орал-
ды. Асфальт жолдың жиегінде шетелдік сусыма көлік
тен түсіп қалды. Жасыл көк желкілдеп үлгеріпті. Алты
қырдан қайталай асып, ауылына да жақындады. Жылдар
бойы көрмегендей, көзіне ыстық жас үйірілді. Өзбекстан
таманындағы туған жерін ойласа, одан сайын өксігі
қысатындай күйде келеді. Қия беткейде қой-ешкісіне
коса үш-төрт тана-торпақ бағып жүрген Қиянгүлді
көрді. «Қанша дегенмен, теріс қарап, тас бүркенгенмен,
қимайды ғой сорлы. Күтіп, қарайлап, қия бетте жүргенін
қарашы Қиянгүлімнің» – деп бұрынғыдан бетер қаттырақ
толқып кеткені, – Ал, мына қойы-қой, ешкісі-ешкі; тана-
торпақтар қайдан келген?».
Қиянгүл шырынды шырыштан тайғанай жығыла жаз-
дап, күйеуіне қарай асыға жорғалады.
– Барсың ба?! – деп жылап жіберді. Екеуі де егілісе
құшақтасып біраз тұрды.
Кедей қызының бурылдау тартқан самай шашы сәл
киізденіп кеткенімен, иісі тәп-тәуір, жағымды сезілді.
Қыбырай қатынының басын кеудесіне қысып-қысып
қойды. «Түбіркүлөзден тап-таза» деген анықтаманы, шы-
дай алмастан, шытырлата суырып алып, қосағының көз
алдына тосты.
Қиянгүл күйеуінің түбіркүлөзіне емес, жарты ғасыр
бойы бейнеттері сіңген Калинин атындағы ұжымшардан
бір сабақ жіп тимегеніне ренжігенін айтты, қия беткейде
шын сырын ашты. Мінекиіңіз, енді Қыбырай ауылдан кет-
келі бір ғана аптаның ішінде талай өзгеріс болыпты. Та-
рап бітуге таянған ұжымшардың ең соңғы жетпіс шақты
ірі қарасы түгелімен түбіркүлөз дегендері де өтірік екен.
Тізгін иелерінің ойлары ойран болып, қалған мал бөліске
түсіп, қара ала төрт торпақ Қыбырай мен Қиянгүлге тиіп-
ті. Қой-ешкімен қосып жайып жүргені – сол тиемел мал.
– Осы жерде жастық дәуренді бір еске түсірсек қай
теді? – деді Қыбырай алабұртып.
– Қойшы, ұят емес пе? – деп қызарақтады кедейдің
қызы. Тап осы минөтте шық тұрған шырыш арасынан ала
бел шыбыштың толғата бастағанын байқасып қалды бұлар.
Жаңағы сезімдерін ұмыта, ұмтылыса жүгірді. Көпке бар-
май, шыбыштың шошақай құйрығы астынан ағараңдаған
қос тұяқ, қоңырайған жұмсақ тұмсық көрінді. Қыбырай
абайлап суырып алып, жасыл көкке жатқызды. Қиянгүл
лақтың шаранасын сыпырып, құлағын үрледі. Шырыш
арасындағы шыбыш бөрте лағын жалап-жұқтаудың ор-
нына жантайып жатқан күйі тағы толғатты.
– Тіпә-тіпә! Шыбыштың егіз тапқанын көп жылдан
бермен қарата көріп тұрғаным осы, – деді Қыбырай. –
Тәңірім бізге де берейін, береке дарытайын дегендей ме?!
Тіпә-тіпә! Менің қолым емес, Шекшек атаның қолы, кәне-
кәне! Үн-де-ме-е-һе-е...
Айналадағы шыбыштар шып-шып терлеген. Тұмса
шыбыш мейірбан ғана мекіреніп, қос бөртесін кезек-ке-
зек жалайды. Қиянгүл үй жаққа қайтып, қияда Қыбырай
қалған. Өгіздің өлексесіндей арса-арса пермеге бұрылса
болды, сүмірейе сүзіледі. Тамағын буып: «Қарағым-ай,
қырға шығып пермеге қарадым-ай, а-а-ай», – деген үн
құмығады. Тіпті сонау жасырақ кездері, қыстыгүндері
көкпеңбек, хош иісі бұрқыраған пішенге, күздігүндері
сары сабан, сағынышты маяға қыз-келіншектерді аунатып,
алысып-жұлысып жүретін жылдары қараша қаздар секіл-
деніп, көңіл аспанынан қанат қаға тізіліп бір өткендей.
Құдықсай тереңінен мотоцикл даусы естілді. Шаң
датып, Штирлиц-Кеуіртбек көрінді.
– Қалай, жезде? Ат-көлік аман ба? Көрші мемлекеттің
кедендері берік деуші еді, көшің үзілмей-жұлынбай өтті
ме? Жұлмаланбай жетті ме? – деп термелетіп жөнелді
балдызы. Сөйтіп тұрып, артына жалт қарап, шошып
кетті. – Ойбай, біздің қатын қайда?! Артымда отыр еді
ғой түйенің жарты етіндей боп?! Құдықсайдың шеттігі
бөрткен беткейінен Кеуіртбектің қатыны да көрінген.
– Гүл теріп, жайбарақат келе жатыр ғой келінжан, –
деді Қыбырай.
– Ай, атаңа нәлет-ай! Жаңа анау Амансайдағы арық
тың орнынан өте бергенде, сол жер өзі әлі кеппеген екен,
шоңқиып қалып, қара қатынға: «Дәу! Жерге тіре аяқ
тарыңды! Тығылдық!» деп едім. Сорлы дәуім сол күйі,
аяқтарын арықтың жиегіне тіреп, талтайып қап кеткен
екен де... Арықта талтайып тұрып, нарыққа қалай іле-
семіз біз байғұс...
«Штирлиц бүгін тым шешен ғой, жүдә» деп ойлаған
күйі Қыбырай перме жаққа қадалған жанарын ажырата
алар емес.
– Жездежан! Мына сіз бен біз бар ғой, кешенді перменің
кемелденген патриоттары едік, – деді Кеуіртбек одан
әрмен таң қалдыра ой түйгіштеп. – Енді егемен еліміздің
патриоттары болып қайтадан қалыптасқанымызша қай
заман? Оған шейін кім бар, кім жоқ?
«Кедейден шыққан Кеуіртбек» деп, аудандық «Социа-
листік егінші» газеті талай-талай жазып еді, енді ол жағын
тұспалдасаң, бұл намыстанады. Мұның һәм түбінде бір
тәуір әулеттер болғанға ұқсайды. Өзінің өзеурей дәлелдеуі
солай. Сәбет тұсындағы жетпіс төрт жыл бойы қазақтардың
түп-тұқияндары түп-түгел кедей-кешпік, малай-батырақ бо-
лып жазылушы еді. Бүгінде бәрі байдан, батырдан, биден,
тіпті хан тұқымынан шыққанбыз, деседі-ай келіп. Негіздері-
не тартып, тезірек түзелгей-дағы, әйтеуір.
Сол күні кешкісін Қыбырайдың үйінде әжептәуір
отырыс болды. Оны Кеуіртбек қысқаша сөзбен ашып,
жездесінің көршілес мұстақыл мемлекеттен есен-аман
оралып отырғанын, уәлаят орталығы Шымкенттегілер
жан-жақты тексеріп, түбіркүлөзден түк те жоқ, тап-таза
деп тапқанын айтып өтті. Дәу қара қатыны өзбекше би
нөмірімен қызу құттықтады.
Кеш жаман болмады. Отырыстың ортасы ауа бастағанда
шыдай алмай ішіңкірегендіктен, бақташылықтан күзетші
лікке ауысқалы аузына арақ тигізбеген Қыбырай қызып
қалып, бірталай өлең айтты:
О-о-оу, у-оу, қарағым-ай,
Қырға шығып, пермеге қара-а-адым-ай, а-а-ай!
Бадамсайдың бал татыр алабын-ай,
Кеуіртбектің бай болмақ талабын-ай.
Қаладайын, Мы-Ты-Пы, жайнаушы едің,
Қабырғаңды бір-бірлеп санадым-ай...
Желбір жекен кезімде желіп едім,
Барымды да, нарымды беріп едім.
Тымырайған Ты-Мы-Ды түк татырмай,
Түбіркүлөз болды ғой, елім менің...
О-о-оу, у-оу, қарағым-а-а-ай,
Қырға шығып, пермеге қара-а-адым-ай, а-а-ай.
АЙЫМБАЛА
– Сізді телефонға шақырады, – деді кенже ұл. – Әйелдің
дауысы сияқты.
Әдетте, әйелдер біздің үйге телефон соққанымен, мені
шақыра қоймайтын-ды. Деген оймен трубканы қолға ал-
дым. Мына үн таныс еді. Жұмысқа бір-екі рет қоңырау
шалғаны бар.
– Ағай, кешіріңізші, – деген еді бұл әйел.
– Кешіріңізші, уақытыңызды бөліп, мазалағаным үшін.
Сізге жолығудың мүмкіндігі бар ма? Бірақ кеңседе емес...
Құбылмасы көбейген кезеңнің салмағы иық таңдап
жатқан жоқ қой, жүйкесі жұқарып, жұлыны жұлмаланған
жан аз ба бүгінде, солардың бірі шығар дейтінмін мұндай
да. Жүйке сырқатына шалдығып, құс кететін және қайтып
оралатын шақтарда қаттырақ қозып, түсініксіздеу тіршілік
жасап жүретіндерге, күтпеген жерден кеңсеге кіріп келіп,
түрлі-түрлі мінез көрсететіндерге, жылап-сықтап отырып-
ақ сақылдап күліп қоя беретіндерге көндігіп те қалмадық
па қазір? Бірақ бір-екі реттің өзінен-ақ бұл әйелдің үнінде
бөлектеу бір жұмбақтың бар екендігін байқамау мүмкін
емес-ті.
– Кешіріңізші, ағай, – деді әйел. – Сәлеметсіз бе? Жа-
уап қатып тұрып, өз дауысымның құмығып шыққанына
таңырқадым. Кенже ұл мұқабасы жалт-жұлт еткен
әлдебір кітабына үңілген сыңай танытады. Соңғы жылда-
ры топырлап шығып жатқан, сырттары жылтыр, түстері
тайғанақ кітаптарды жақтырмайтындардың бірі мен едім.
Кенже ұл әдейі ғана кітап тысын терезеден сығалаған
күнге тосып, сәуле сырғанатады.
– Ағай, кешіріңізші, – деді әйел тағы да. – Бірер рет
батылым жетпеп еді, бүгін бір шешімге тоқтап, сізге
жолықпай кетпеуге бел байлап тұрмын.
«Кешіріңізші» деген сөз құлағымды қажай бастады.
– Көрейік, – дедім не айтарымды білмей. – Не шаруа
ңыз бар еді?
Әйел біразырақ кідіріп, үнсіз қалды. Қыздар қайта-
қайта мазалап, телефон соға беретіндіктен, күнара кейіс
еститін кенже ұлдың рахатқа батқаны байқалады. Жалт-
жұлт еткен кітапты төбесіне қойып, қытырлата шертеді.
– Менің атым Айымбала, – деді әлгі әйел сәл кідіріс-
тен кейін. – Сіздің кеңсеңіз Ташкент жаққа бұрылатын
жолдың басындағы тоғыз қабатты үйде ғой, ағай?
– Иә, с-с-сол-лай...
– Рахмет, ағай. Мен кеңсе атаулыға кіре бермеуші едім.
Сізге ыңғайлы әрі жақын бір жерде кездессек болар еді.
Кешіріңізші, ағай.
– Сонда қай жерде?
– Тұп-тура сағат бірде, драма театрының артындағы
саябақтың ішінде күтейін, ағай. Атым – Айымбала.
Кешіріңізші, ағай.
– М-мақұл. Ж-жарайды, кешірейік.
Шайымды ішіп, жұмысқа жиналдым. Кенже ұл көңілді
кейіпте шығарып салды. Тысы тайғақ кітапты шертіп-
шертіп, ыңыл қосады тіпті.
Түске дейін уақыт өтпей қойды ма-ау, ешқашан
сөйлеспейтіндер хабарласты ма-ау, келе бермейтіндер
көбейді ме-ау. Ақырында, түскі сағат бірге бес минөт
қалғанда тоғыз қабатты үйден төмен түсіп келе жаттым.
Біздің биік, кеңселік үйіміздің алдындағы даңғылмен
мәшинелер ерсілі-қарсылы ағылып жатады. Соңғы кез-
дері қос қапталындағы ағаштар жаппай қырқыла бастаған.
Біреулер неге қырқады десіп, екіншілері тым жабайыла-
нып, қыңырайып-қисайғанды несіне аяймыз десіп, уыл-
шуыл көбейіңкіреп тұрған. Әне, жиек жолдың бойындағы
тағы бір ағаш гүрс етіп құлап түсті. Ағаштар құлағанда
ауыр күрсінгендей болады дегенді оқығаным бар еді.
Бұл жолы, керісінше, кесіліп түскен қарағаш емес, оның
жанындағы басқа бір ағаш қатты күрсінгендей сезілді. Аһ
ұрғандай қиналған ақшылтым жаратылыстың атын есіме
түсіре алмадым.
Драма театрының артындағы алаңқайда Фарабидің ес-
керткіші бар. Жарықтық ғұламаның жасырақ кезі бейне-
ленген ғой, кітабын кеудесіне қысып алып, желге қарсы
қайсарлана қадам басып барады. Сіресіп, сұсты тұрпатта
тұратын ескерткіштерге етене ел-жұрт алғашқыда бұл бей-
нені жатырқап, жақтырмай, қабылдай алмай қиналған.
Табан астынан ұйытқып жел тұрды. Жиек жолдың
екі жағында егізқатарлана жайма базар жасап отырған
қалың халық абыр-сабыр күйге түсті. Талай мүлік жер-
ге аунап, қауқарсыздары құйынға ілесе қаңғалақ қақты.
Алайда, адамдар ширап, пысып-ақ үлгергендей. Желге
ұша жөнелетін жеңіл-желпі тауарларын таспен бастырып,
қолтықтарына қыстыра қойып, пәлендей көп шығынға
ұшырамады.
Ол аршалар тізіле өскен алаңқайдың арғы шетінде,
Фарабидің жел кернегендей желеңінің етек тұсына таман,
театр үйінен таяқ тастам жерде, сәл-пәл мазасызданып
тұр екен. Айымбала екенін бірден білмеу мүмкін емес-
ті. Жасыл плащын жел жұлмалайды. Жұқалау, қоңыр
ала орамалды шарынып алған екен, қоңырқай сөмкесін
қолтығына қысқан күйі қолын ұсынды.
– Кешіріңізші, ағай, – деді Айымбала қысылыңқырай
амандасып, бірақ тіке қарап. – Осыншама әуреледім сізді.
Телефондағы үні.
Өзгеріссіз.
Жасыл плащын талдырмаш белінен қымқай буып
алғаны, қоңыр ала орамалын тамағын орай шарынғаны
желді күнгі жаратылыстың жалпы жағдаятына жараспай
тұрған жоқ. Қызыл қошқыл қызғалдақтың гүлшанағынан
орап
жасағандай
еріндері
дымқылдана
сәулеленіп
тұратынын да бірден байқамауға болмас.
– Мен сізді сыртыңыздан жақсы білемін, – деді Айым-
бала. – Осы, сіздер неге төртінші билікпіз деп таласып-
тартыса бересіздер, ағай? Жүріңіз, аяңдай әңгімелесейік.
Ол бірден еркінсіп, мені билеп-төстей бастағандай.
Менің де оған билетіп-төстете бергім келіп, тілім бай
ланғандай, ләм-мимсіз ілескенім қызық-ты. Драма теат
рының артындағы бұрынғы құрмет тақтасы қаңырап бос
тұр. Көктем кеш шыққан, ағаш атаулы кеш оянған, арша-
лар ғана мезгілінде өңденіп, мерзімінде жөнделген. Тоң
боп қатқан кесекті кетпеннің шүйдесімен тоқпақтаған
сары кемпір біз жаққа бір қарап алып, бұрқыраған самай
шашын жөндеді. Жаңа-жаңа көктеген жер жас босанған,
бірақ бусанып, терлей алмай тырысыңқыраған кексе
қатынды елестетер.
– Мүмкін болса, анау жерге барып, орындықтардың
біріне отырайық, ағай, – деді Айымбала. – Сізді мұнда
көп адам танитын шығар? Қорықпайсыз ба, ағай?
– Төртінші билік ешкімнен қорықпайды, – дедім мен.
– Билікке бәріңіз құмарсыздар. Жай ғана, халықтың
қызметшісіміз десеңіздер болмай ма?
– Қызметіңізге әзірміз, – дедім мен.
– Сіз мені мүлде білмейсіз де, танымайсыз да, ағай, –
деді ол қоңыр ала орамалының алқым түйінін ағыта оты-
рып. – Ал, мен сізбен бар ғой, ағай, бірқанша жылдардан
бермен қарата сөйлесіп, тіпті сырласып жүрген адам
мын. Жазғандарыңыздың бәрін, әсіресе, әйелдер жайын-
да жазатындарыңызды жібермей оқимын. Кешіріңізші,
ағай, жарай ма?
Айымбала аздап қана еркелей сөйлегенді жарататын
болып шықты. «Еркелей берші, енді», – дедім іштей ғана.
Оныма өзім таңырқап, терең күрсініп едім, ол басын
иығыма сүйеп, солқылдай жылап қоя берді. Біраз жылап
алып:
– Кешіріңізші, ағай, – деді тағы да. – Сіз мені тыңдай
аласыз ба? Мені тыңдауға дайынсыз ба? Мен өзімнің
қалай қорланғаным, қалай зорланғаным жайында тек сіз-
ге ғана айтқалы келдім, ағай. Келестен келдім...
Қатқыл кесектерді кетпеннің шүйдесімен соққылаған
сары кемпір сол сәтте Қиыр Сібірден бір-ақ шықты.
Құрылыс батальонында, қырық градус аязда жер қазып
жүрген кездерім көз алдыма келіп тұра қалды. Сары
кемпірдің кетпені қайлаға айналды.
Қиыр Сібірде қайланы иыққа салып, жер қазуға кетіп
бара жатар ек. Жүйкелердің жұқарғаны соншалық,
аяз сорған солғын жүзді солдаттар тиіп кетсең, қайла
жұмсаудан қайта қоймас, жазым етпектен тайынбас. Жеті
қатар тікенек сымның арғы жағындағы түрмедегілер де
тап біз секілді қарды қашырлатар, таң атар-атпаста біз-
бен бір мезгілде жұмысқа шығар. «Айырмашылығымыз
қайсы?» – дер Антонас Яскелявичус. «Бар», – дейді Леонид
Логвиненко. «Қандай?» – дейді Антонас. «Біздегі біреу-
лер КПСС қатарына өткелі жүр», – дейді Леонид. Әскерге
дейін түрмеде үш жыл отырған Осокин жалт қарап, азу
тісін ақситар. Соның өзінде әнебір әтірдің (тройной)
іштен шыққан иісі аяз бүріккен ауаға жайылып, құсқыңды
келтірер. Сол жағымызда сірескен қарағайлы орман, оң
жағымызда құлама құзды жарлауыттар. Жардың астын-
да Ангара ағып жатыр. Маған бүкіл Ангараның аңғары
Осокиннің ішінен ағып шыққан әнебір әтірге толып кет-
кендей көрінер. Ангараның ағып жатпағаны, қақаған
аязда қатып қалғаны ойыма түсер кенет. Қатып қалған
әнебір әтір одан бетер жиіркендіріп, лоқсимын-ай сонда.
Асқазаным солқылдай сыздап қайланың өзін көтере ал-
май қиралаң қағамын.
Сөйтіп жүріп-ақ жер қазамыз. Жауынгер деп аталатын
жақыбайлардың көбі сол кездері кері кетіп, тарауға қарай
бастаған Сы-Сы-Сырдың шетқақпайлау елдерінентұғын.
Жанұшыра дірдектеп, темір пеш орнатылған бөткеге
бүрсеңдей жүгіргіштейді.
– Кезек-кезек кіріңдер-әй, атаңа нәлеттер! – дейді
сержант Сержанов. – Капитан кеп қалса, сазайымызды
тартармыз. Жарымың жер қазыңдар, жарымың жан
шақырыңдар.
Сержант Сержановтың өзі «тепляк» деп аталатын
үйшіктен шықпас. «Мың бір түнді» оқып отырып, оқта-
текте шиқылдап кеп күлер. Қисық орналасқан қыңырай
көздері көрінбей де кетер. Мықыр мойны тонның
жағасынан білінбес. Қанша көсілгенімен, қамыт аяқтары
доғаша иірленіп, өзінің де, өзгенің де мазасын кетірер.
«Сенің жерлесің о баста сержанттық мектепке қалай өтіп
кетті екен, күнде таңертең таңырқай қараймын», – дер еді
Антонас Яскелявичус. «Командирлікке құмарлық жөнінен
қазақтар біздің хохолдардан кем түспес», – дер еді Леонид
Логвиненко.
Антонас, Леонид және мен үшеуміз терең шұңқырдың
түбінде қайла қадасып, сүймен сілтесіп жатқанда, Ангара
жақ беттегі бітуге таяу қалған, тоғыз қабатты биік үйден
жан шошынарлық дауыс шықты.
Бүкіл орман тітіреді.
Артынша тым-тырыс тыныштық орнады.
Іле-шала у-шу көбейіп, айнала азан-қазанға айналып
жөнелді.
Шұңқырдан
атып-атып
шыққанбыз.
Қарауытқан
қарағай орман үстіндегі бұлыңғырланған күн легенге
ұйыған қызыл-бозғылт қан секілді екен. Тап сондай қанды
тоғыз қабатты, енді-енді бітпек күйдегі биік үйдің түбінен
де көрген едік сол күні. Жүгіріп жетсек, әйнектеріне
дейін салынып, іші сыланып, сырланып, бөлмелері бояла
бастаған үйдің түбінде, бұлыңғырлау, шаңдақ қар жапқан
жалтыр бетон бетінде жап-жас қыз жатыр екен. Әлде саха,
әлде бурят, әлде долғанның қап-қара шашты, әппақ қызы.
Жан шошынарлықтай шыңғырған дауыстың шыққанына
аса көп уақыт өтпегендей. Қанның қалайынша тез ағып,
жылдам ұйып, қарағай орман үстіндегі күнге ұқсап
үлгергеніне таңмын. Тиіп тұрған қаладан жедел жәрдем де
келіп жетті. Биік үйдің ішін сылап, сырлап, бояп жүрген
қыз-келіншектер ұлардай шулап жылады.
– Тоғызыншыдан, тұп-тура тоғызыншы қабаттан құла
ды, – деді ышқына сыңсыған сыршы келіншек.
– Хайуандар! – деп айқай салды сары нымшалы сары
кемпір солдаттарға қарап. – Звери! Это вы! Вы ее...
Сержант Сержановтың беті жыбырлап, қыңырай
көздері ақиланды.
– Сендер, соңымнан еріңдер! – деп бұйырды ол Ан-
тонас, Леонид және мен үшеуімізге. Сөйтті де, қамыт
аяқтары қара қоңыр пиманың қонышын қинап, жоғары
қарата жүгірді.
Тоғызыншы қабатқа жылдам жетпек жеңіл емес-ті.
Сержанов алтыншы қабатта қатты ентігіп, отырып қалды.
Отырған күйі: «Ос-ос-ос!» – деп боздады. «Не болды,
жолдас сержант?» – деді Антонас түп-түзу, сұлу бойы
сырықтай сорайып. Қиралаң қағып сержант түрегелді.
«Ос-ос-осо-ки-и-ин, – деді сержант бітік-қисық көздерінен
жас парлап. – Түбіме жетті ақыры Осо-о-о-ки-и-ин!».
Тоғызыншы қабаттың төріндегі екі бөлмелі пәтердің
түкпірінде Осокин отыр екен. Отыр деуге онша
келіңкіремес, жантайыңқырай жайғасып, темекіні будақ-
будақ түтіндетеді. Бізге бұрылған да жоқ. Сержанов сүрең
салып-ақ бақты, бірақ қаншама қанталай ентелеп, төніп
барғанымен, бата алмады.
Осокин темекісін тартып болып, тұқылын түкірігіне
тұншықтырды, ақысы қалып кететіндей және мыжғылады.
Орнынан тұрып, бүйірін таянды:
– Жетінші кластың оқушысы болса мейлі, бояушы-
сыршылардың арасында осыншама адал сақталғандары
бар деп ойламаппын, – деді Осокин мырс күліп, сыңар
езуінен ақ темірмен қаптаған тістерін ақсита ырси-
тып. Сөйтіп, сол ақсиған күйінде қыздың қып-қызыл
ішкөйлегін, жұқалтаң ғана және бір іш киімін қойнынан
асықпай алып көрсетті. Құшырлана иіскеді. Сержант Сер-
жанов Осокиннің қолындағы үлбіреген нәзік дүниелерге
қарап қатты да қалды. Демін алмайтындай, тынысын
жоғалтқандай. Әлден уақта есі кіріп:
– Атылатыныңды білесің бе, атаңа нәлеті! – деп қолын
көтере берген. Осокин қағып жіберді. Сержант теңселіп
барып тежеліс тапты.
– Мұндайды көрмегелі мың жыл уақыт өтіп еді, арма-
ным жоқ балғындар! – деп масаттанды Осокин біз жаққа
бұрылып. Бұл кезде қызыл жағалылар да жетіп үлгерген-
ді. Осокиннің қолын артына қайырып, бой-басын тін-
тіп, көксары күпәйкесін кигізді. Сорлы қыздың пора-по-
ра жыртылған киімдерін жинады. Біреуі шыдай алмай,
Осокиннің желкесінен түйіп кеп жіберді.
– Тарт қолыңды! Құқың жоқ! – деді қансыз-сөлсіз
көрінген Осокин. Осылай деп, бізге қарады. – Мына
заманда түкке тұрмас тинақтай нәрсеге бола қыршын
ғұмырын қиып жіберер деп ойлаппын ба?! Әрине, қызға
қатты обал. Армансызбын, алайда, балғын балақандар.
Осокин осылай деді деп айта жүріңдер, сумұрын
сүмелектер.
Екі айдан соң Осокиннің соты болды. Біз, Сержанов,
Яскелявичус, Логвиненко және мен төртеуіміз сылақшы-
сыршы қыз-келіншектермен қатар куә ретінде қатысып
ек. Бұрын қылмысты болғаны, әскерге дейін сотталғаны,
әсіресе қыздың қазасы ескеріліп, құрылыс батальоны
ның қатардағы жауынгері Осокин өлім жазасына кесіл-
ді. Қарамағындағы, қатардағы жауынгерге бас-көз бола
алмағаны үшін Сержанов сержанттығынан айырылды.
Құрылыс батальоны командирінің саяси-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары да орнынан алынды.
Ызғарлы қараңғылықтың азабынан азынаған биікте
бүркеншікті мәшинелерге қарай қадамдаймыз. Суықты
сезбестей серейген қолымызбен қайламызды кеудеге
қысып, сүймендерді сүйрете сүметілеміз. Жанымыздағы
жеті қатар тікенек сымның арғы жағындағы түрменің
адамдары да жұмыстан қайтып бара жатады.
– Қарашы, – дейді Логвиненко қоңыр пимасының
өкшесін сүйменге соққылап. – Әнеу бір сұлба тұп-тура
Осокинге ұқсайды.
– Қайдағы Осокин?! – дейді Яскелявичус. – Ол
әлдеқашан Иркутскінің түрмесіне кеткен шығар. Енді екі-
үш айда атып тастайды.
– Атаңа нәлетінің анау ішкөйлектерді асықпай
ақтарып көрсеткені көз алдымнан кетпейді-ақ, – деді
сержанттықтан түсіп, бізбен бірге жер қазып жүрген Сер-
жанов.
Әлі де толық біте қоймаған тоғыз қабатты үйдің терезе-
лері қарауыта қабарып, қорқыныштың көзіндей көрінеді.
Ангараның арғы жағынан ай туып келеді екен. Қысқы ас-
панда қыстыға жылжитын күн секілді айдың да айнала-
төңірегі қораланып, сұлбасы зорға ағараңдайды.
– Мәшинеге! – деген жаңа командирдің қарлығыңқы
дауысы қытымыр аязға қарылып естіледі...
Айымбала маған аңтарыла қарайды. Сары кемпірден
көзімді ажырата алмай отыр екенмін.
– Қайда барып қайттыңыз, ағай? – деді Айымбала. –
Мен әңгімемді айта берейін бе?
– Айта бер, Айымбала, тыңдап отырмын, – дедім
күрсініп. Ол айтып отыр, мен тыңдап, көз алдыма елес-
тетіп, көріп отырмын.
Ташкент педагогика институтының физика-математика
факультетін тәмәмдап, Келес ауданының орталығындағы
орта мектепке орналасқан. Өзі Сырдарияның бір иінін-
дегі алыс ауылдан еді. Аудан мен ауылының арасына
автобус жарты күнде әзер жететін. Әке-шешесі аспи-
рант кездерінде опат боп кетіп, кәрі әжесінің қолында
өсіпті. Жақын-жуықтары жоқ екен, сонда да әжесі
қанаттыға қақтыра қоймапты, тұмсықтылар абайсыз-
да шоқыса шоқыған шығар. Ақырында әжесінен де
айырылып, үш бөлмелі қоржын үй мен қой қораны
өткеніне сатып, оқуға түскен. Бес жыл Келестің белес-
теріндей бұлыңғырланып көрінгенімен, ұлы дарияның
сол белестер арасымен жылдам жылжитыны секілді
сырғып-заулап өте шыққан. Келестің орталығындағы
орта мектепке келіп, математикадан сабақ бере бастады.
Әне, алақанның аумағындай үлкен-үлкен жапырақтары
жалтыраған тұт ағаштарының жанындағы жіңішке жиек
жолмен Айымбала тербеле басып келеді. Сәл бұйралау
көрінетін қара шашына, қызғалдақтың гүлшанағынан
әдейі жасағандай қызыл қошқыл, сәл дымқыл еріндеріне,
Ташкент шәһарының сәнімен тігілген әтілес көйлегіне тізіл-
ген тұттардан кейін ақ теректер аңтарылар. Тек олар ғана
емес, екі қабатты мектептің терезелері де телміріп, тер-
шіп кетіпті. Көше жақтағы терезелердің бәрі жыпырлаған
жанарларға толыпты. Елу алты әйелдің басым көпшілігі,
он төрт еркек мұғалімнің түгелге таманы, жоғарылы-
төменді сыныптардың оқушылары қарап тұрыпты.
Мектептегілерді айтпағанда, аудандағы ірі-ірі саналар
мекемелердегілердің, кейбір кәсіпорындардағылардың
назарынан да тыс қалмаған Айымбала сынды кадрдың
келуі қатардағы оқиға емес-ті.
Мен мұны Айымбаланың айтуынсыз-ақ елестетіп
отырдым.
Айымбаланың айтқаны бөлектеутұғын. Әйтеуір, ұшып
жүретін секілдітұғын. Жарасымды-ақ сияқтытұғын бәрі
де. Ұнасымсыз дей алмайтын ешкім де. Үйлесімсіз емес-
ті. Айымбала сынды ұстаздың айнала-төңірекке бейнелі
түрде, тікелей емес, әлдебір әсемдіктің ұлпасы арқылы
қарайтыны бартұғын. Әжесінің әсері ме, әлде тым
қыршын кеткен аспирант әкесі мен аспирант шешесінің
арман-қанаттары қыздарының айналасын үлбіреген ақ
ұлпамен қоршап-қорғап баға ма, кім білсін, Келестейін
белеске келістітұғын осы қыз.
Қыркүйекті аман-есен аяқтап, қазанға қарай қадам
басқан шағы еді. Қайран қызды қазан ұрды. Ташкенттейін
қым-қуыт құжынаған қаладан, қызыл уыт жүретін педин-
ститут оқытушыларынан, соңынан шырақ алып-ақ түскен
төрт-бес курстасынан сытылып, құтылып кеттім деген
хас сұлу, жас мұғалім қызыңыз, мұндай кездейсоқтыққа
таңырқамасқа шараңыз кем, қыңырай көз, қамыт аяқ
Сержановқа жем болды да шықты. Айымбалаға ғашық
болғандар аз емес-ті. Олардың бірқатары сүйе тұра сезім-
дерін білдірмекке батылдары бармады. Кейбіреулері
іштен тынып, төбесін көріп жүргеннің өзін медет тұтып,
медеу етіп, келер күндерден үміт күтпекке бекінер. Көбісі
Келестейін белестен осы бір ғажайып ғайып болмағай да
деп тілейтін-ді.
Аудан орталығындағы ескі, шеткі көшелердің бірін-
де, арық жағасына тақап салынған иірқобыз ауланың
ішінде пәтер жалдап тұратын. Күнде дерлік кешке қарай
қанал бойлап, Жыңғылды сайға дейін серуендейтін. Бірақ
терең сайға жоламай, кері қайтып кететін. Сол жолы
Жыңғылдыға түсті де кетті. Шибарқыт шалбары мен
қанқызыл қысқа көйлегін киіп шыққантұғын. Күзгі көкке
жата кетіп, аунады кетті, аунады кетті. Көзін жұмып алып,
етпеттеп ұзақ жатты. Шалқасынан біраз жатқысы келіп,
тағы бір аунап, көзін ашса, қыңырай көз, қамыт аяқ Сер-
жанов тұр екен.
Одан арғысын айтқысы келмейді. Еске алғысы жоқ.
Елестетуден қашқақтайтыны рас. Өлгісі келген, өле ал-
мапты. Пәтеріне қалай, қашан жеткені есінде қалмапты.
Таң бозара оянса, татар апатайы күзетіп отыр екен.
– Ояндың ба? – депті татар кемпір.
– Су-у, – депті Айымбала.
Қазанның жазға бергісіз жадыраңқы күндерінде
ауа ауыр тартып, тымырсықтанған. Мақта мен жүзім
егістіктері жақтан бунақ-бунақ буалдыр шаң шарбылана
шұбалып, жер-дүниені байлап-матап алған. Жарасым да,
ұнасым мен үйлесім де жер бетінен біржола ғайып болған.
Қыршын кеткен аспирант әкесі мен аспирант шешесінің
үлбіреме, ақ ұлпа арман-қанаттары қоршап-қорғай алмай
қалды-ау, қайран-ай, бұл жылдары бұл белестерді байлап-
матап, уысында ұстайтындардың бірі Сержанов мырза
осынау қызға Осокиннің жауыздығын жасаған. Үлбіреген
іш киімдерін қойнына асыға тығып алып кеткен сол
мырзаңыздың екі әйелі бар екен, кейінірек Айымбаланы
үшінші әйел болуға үгіттеп, алтын сарай салдырып бер-
мек ойын білдіріп, елші жіберген.
Айымбала апта бойы ауырып жатып, ешкімге ештеңе
білдірместен, ешбір жанға ештеңе айтпастан, мектептегі
жұмысына қайта шыққан.
Кіртиіп күз кеткен, қыстығып қыс өткен. Көктем де
жеткен...
Кешке қарай Айымбаланы Ташкентке бұрылар даңғыл
дың бойында, жерасты жолының аузында Келеске баратын
автобусқа шығарып салып, қол бұлғап қала бергенмін.
* * *
Әдеттегідей, арада айлар аунап, жылдар жылжыды.
Уақыт деген – ұрлықшы.
Жан адамға айта алмай азаптанған жағдайымның жан
шыған салмағын азайтыңқырай ма, аты-жөнімді өзгертіп
жазар ма, жазбаса-дағы, осындай тақырыптарды толғана
қозғайтындардың бірі ғой, жеңілдеп қалармын ба, деген-
дейін үміт жетегінде жеткен, бәрін жасырмай айтып, жан
сырын жайып салып, қайтып кеткен Айымбаланы жиі-жиі
ойлайтынмын. Қаншама оқталғаныммен, жазудың реті
келмеді, сәті түспеді. Осы кезге дейінгі, өзім өз тілшісі
болып істейтін басылымға шыққан дүниелерімнің бәрі
түкке тұрмас татымсыз нәрселерге айналғандай.
Бірде, арнайы тапсырмамен Шардара қаласына ба-
рып, екі-үш күн жүріп, қайырымды адамдар тауып бер-
ген жеңіл көлікпен қайтып келе жаттым. Құрғағына қарай
қыңырайған сәуірдің салдарынан сұрқы қашқан шөлейтте
жыңғыл гүлдеген шақ еді. Келестің белестері көрінді. Осы
маңайдан өткенде Айымбаланы аялай ойлайтынымды жа-
сыра алмаспын. Талаурай алау шашыратқан жыңғылдың
қалыңдау тұсында, қасқа жолдың қара асфальтқа келіп
қосылар жерінде тұрған әйел бейнесін байқап, нендей
күйге түскенімді айтпайын. «Уа, Жаратқан, жалқы мәрте
ғана көрсем екен, тек сол болғай-дағы! Мейлі, жазбадың
деп өкпелеп, жерден алып, жерге салсыншы. Сол болып
шықса екен, қайран-ай!» – деп тіледім.
Қадірменді оқырман, мейлі сеніңіз, мейлі иланбауға һәм
еріктісіз, әлгі әйел Айымбала еді. Айналасы шүпірлеген
балаларға толы сияқты. Жыңғылдың арасына бірі кіріп,
бірі шығатындай. Айымбаланы анық танып, жүргізуші
жігіттің тоқтауын өтіндім.
– Келеске дейін ала кетесіздер ме? – деді ол.
Ай, айналайын Айымбала-ай. Аң-таң күйде қарапты
да қалыпты. Түк те өзгермепті десем, өтірік болар. Де-
генмен, көркем жаратылыстың жөні бөлек қой. Тайқы
маңдай тағдыр-ай. Әрине, ана-а-ау жақтағы, Ангарада-
рия жағасындағы саха ма, бурят па, әлде долған ба, сол
бір қара шашты, қара көз қыздай тоғызыншы қабаттан
құлаған жоқсың. Ол үшін сені ғайбаттаман. Кінәламан
мен сені. Сержанов мырза Осокин секілді ату жазасына
кесілген жоқ.
Аядым сені, Айымбала. «Ай-ым-ба-ла-а-а!» – деп
айқай сала жылағым келді. Аймалап, құшақтағым келді.
Алайда, үн-түнсіз ғана көліктен түстім.
Ол күлімсіреп, әлде еркелеп, балаларын отырғызды.
Шүпірлеп көрінгендей еді, бар болғаны үшеу-ақ екен.
Біреуі ұл, екеуі қыз. Ұлы төрт-бестер шамасында, қыздары
кішірек.
Күлкісінен танбаған. Шашы сұйылмаған, еріндері
қызыл қошқыл қызғалдақ сынды, сәл ғана дымқыл
күйінде. Дәл желке тұсымда отыр ғой ол. Оқта-текте лебі
келеді. «Келеді» дегенім дәлдікке жатпас, құлағымның
сыртына, мойныма жұп-жұмсақ желдей тиеді-ақ. Әлсін-
әлсін бұрылып қараймын. Енді бір жарты сағатқа жетер-
жетпесте аудан орталығына ілінерміз. Қайда тұратынын,
не істейтінін, мына томпиған-томпиған ұл-қыздары
жайында сұрауға әлденеше мәрте оқталып, талай рет
тілімді тістедім. Осындай тосындау жаратылыстардың
тағдыр-талайы неге қиынға тартады? Неге, неге, негелеп,
жанымның шырқырағаны жалған емес. Не пайда, не-
лер ауыр оқиғаларды жазып, жариялап жүрген төртінші
биліктің өкілі бола тұра Айымбала жайынан қалам қозғай
алмадым емес пе?! Ұят-аятың қайда сонда? Қайда, қайда,
қайдалап, айдалаға қарап, қара тікеннің қалдығынан ар-
шылмай қалған адырларға аһылап, сарғайып үлгерген
сайларға уһілей үңілемін келіп.
Ай, айналайын Айымбала-ай, менің ахуалымды айт
қызбай түсініп, Құркелестің аңғары ағараңдап көрініп,
сүйрік қамысы көктей бастаған каналдың бойына тоқта
уымызды өтінді ғой.
– Аға, асығыс болмасаңыздар, балалар біраз бой жа-
зып алса қайтеді? – деді баяғы, Шымкент шаһарындағы
Фараби ескерткішінің артқы жағында отырып, еркелегісі
келгендегідей.
– Мен аз ғана аялдауды айта алмай келе жатыр ем, –
дедім былайырақ шыққанда.
– Айта алмайсыз, – деді Айымбала.
– Жаза да алмадым.
– Бәлкім, жазбағаныңыз да жөн болған шығар.
– Қайдасың қазір?
– Қайда болушы ем, сондамын. Сол мектептемін, – деді
ол. – «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» деген бар еді, біз
жаман ит болдық қой, ағай.
– Кешірші, айналайын.
– Жарайды, кешірейін, – деді ол баяғы, телефондағы
дауысыма салып. Бес-алты жылдан бермен қарата қалай
ұмытпаған?! Таңырқай қараймын.
– Жарасым! Ұнасым! Үйлесім! – деді ол балаларына да-
уыстап.– Анау ойпаңға қарай түсіңдер, сонда қызғалдақтар
қалған шығар. Бір-біреуден алыңдар, папаларыңа апарып
береміз. Жарай ма?
Үш бүлдіршін сайға қарай құлдыраңдап жүгіре
жөнелді. Аузымды ашыппын да қалыппын.
– Сонда қалай?! – дедім таңырқауымды жасыра алмай. –
Балаларыңды осылай атағансың ба?!
– Ағай, мен сіздердің өлшемге сыймайтын шығармын, –
деді ол.
– Неге?
– Жә, жарайды. Айта алмайсыз, жаза алмайсыз,
сұрақты да жөндеп қоя алмайсыз. Сонда да сізбен сырт-
тай ақылдасып алатыным бар, – деді Айымбала ойпаң сай
табанындағы балаларынан көз алмаған күйі. – Аналарды
бірдеме тістеп ала ма тағы да. Қысқартып айтайын, ағай.
– Қазір тістей қоятын нәрселер тіріліп үлгерген жоқ
шығар, – дедім мен.
– Құрғақшылық қой, мұндайда олар ерте оянады, – деді
ол. – Мектебіміздегі он төрт мұғалімнің біреуі шын ғашық
болып шықты, ағай. Сол жігітке тұрмысқа шыққанмын.
– Қашан, қай жылы?
– Сізге барып қайтқан жылы, жазда.
– Мына балдырғандар... – деп тілімді тістей қыр
шыдым.
– Содан, ағай. Ол біледі екен, естіген екен. Білесіз ғой,
ағай, біздің жақта бәрі алақандағыдай көрініп тұрады, естіп
қояды. Мен мұғалім жігітке шарт қойдым. Ел-жұрттың
сөзінен де, көзінен де, Сержановтың өзінен де қайтпаймыз
да, қашпаймыз да. Көшпейміз де, өшпейміз де. Барлық
өсек-аяңның ызасына, күйкілік атаулының күйігіне қарай,
Келесте қаламыз. Келес болғанда, алғаш есігін ашқан
мектептен ешқашан кетпейміз. Осының бәріне шыдасаң,
қосыламыз дедім. Ағай, обалы не керек, өзі өзгеше жігіт
екен, бәріне төзді де, көнді де. Тозақтан өтер, тамұқтан бе-
тер мұндай жағдайға шыдас беру біздің жақта оңай емес.
– Рахмет ол жігітке, түсінемін, – дедім мен діріл үнмен,
басқа не айтарымды білмей.
– Маған ше? – деп еркелей жыламсырады ол. – Сөйтіп,
көшіп те кетпей, өшіп те кетпеуге ұмтылып, өлшемдерді
өзгертпекке бекінумен келеміз. Бес-алты жыл артта қалды
осылай. Жұрт не десе о десін, ұлымның атын Жарасым,
қыздарымның есімдерін Ұнасым мен Үйлесім қойдым...
Үшеуі бізге қарай қалықтай ұшып келе жатты. Сәл шая
тартып, шөжіген көк шөптің бетімен бері қарата қуана
жүгірісті. Ең кішкентайы қайта-қайта құлайды. Үлкендеу
екеуі оған көмектесіп, шашылып қалған гүлдерін жинаса-
ды. Бәрі жарасып, ұнасып, үйлесіп тұр.
– Айтарымды айттым, – деді ерке үнді Айымбала. –
Қозғалайық, енді, ағай. Кездейсоқ күтпеген жерден осы-
лайша ұшырасудың өзі тегіннен-тегін емес шығар.
– Әрине, әлбетте... – дедім мен күмілжіңкіреген көк
жиегімнен биікке көтеріле алмаған күйімде.
Олар Келеске кіре берісте түсіп қалды.
Одан бері де сол маңайлардан талай-талай өтіп жүрміз
ғой. Келеске жақындаған шақта да, алыстап бара жатқанда
да қатты алаңдап, айналаға алақтайтыным рас. Алайда,
Айымбала кездеспей, көрінбей, кеуде шіркінді күрсін
кернейді. Жарасым жүдеген, ұнасым ұлыған, үйлесім
үрегейленген кез-кезеңдерде онымен іштей тіл қатысып:
«Ай, айналайын Айымбала-ай...» деймін.
АУЫЛ КЛУБЫНЫҢ АУКЦИОНЫ
Ауылдағы клубтың аукционға түсетіні туралы хабар-
лама қараша айының жетісі күні шыққан республикалық
газеттің
үшінші
бетінде
жарияланыпты.
Баяғыда
газеттердің үшінші беттері ауыл шаруашылығының
жағдаяттары жайында жабыла жазып жатушы еді, енді
тек аукциондарға арналады. Еңсегей алдымен ірі-ірі
әріптермен өрнектелген: «Назар аударыңыз: Аукцион-
дар!» деген бас тақырыпты оқыды. Үшінші бетке төрт-
бес облыстың аукциондары турасындағы жарнамалар
жайғасқан екен, бірінен-бірі өтіп, тізіле төгіледі.
«Ал, назар аудардық», – деді Еңсегей. «Ақпараттық
хабарлама» депті одан әрі. «Бұл «ақпарат» деген сөзіңіз
жүдә, әдемі сіңіп кетті бізге», – деп, өзінше жымиып
қойды ауыл клубының бұрынғы меңгерушісі. «Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру жөніндегі Алматы аумақтық коми-
теті 1998 жылғы 23 қараша күнгі 10.00 сағатта жекеше-
лендірілетін нысандарды сату жөнінде аукцион өткізе
ді», – депті. «Кәне, өткізіңдерші, не бар екен?» – деп мырс
еткен болып, тізімге көз жүгіртіп еді, көбісі ауылдық
клубтар екен. Жүрегі атқақтап ала жөнеліп, суылдап ба-
рып басылды. Жантайып жатқан жерінен көтеріле, тықыр
тысты жастығын таз кілемнің шетіне лақтырып тастап,
Алматы аумағының арғы жағын оқымастан, Ақмола мен
Атырауды аттап өтіп, Павлодарды пұттап өтіп, әдеттегіше
тізімнің төменгі тұсынан орын алатын Оңтүстік Қазақстан
аумағына алақтай қадалды. «Бұрынғы моншаның тұрғын
емес тұрақжайы», «Қалааралық автостанса жер телімі-
мен бірге», «Көкөніс сақтау қоймасының ғимараты»,
«Мектеп-кешеннің аяқталмаған құрылысы қоршауымен
қоса», «Бұрынғы бюджет банкі ғимаратының бір бөлігі»
деген сияқты түсінікті-түсініксіз тізбелерді түгендеп, тіл
сындырған Еңсегейдің көз алдына ендігі сәтте «Ауылдық
клубтың ғимараты» деген жазудың бірі емес, жиырма
шақтысы бірден қыздай сызылып, қаздай тізіліп тұра
қалғаны. Жүрегі құрып-ақ кеткір бекер-босқа бұлқынып,
алқына ма, ауылдық клубтар хақындағы хабарламаның
соңына тақап-ақ қалғанында, самайы солқ ете түсті.
Көзін уқалап жіберіп, қайта қарады. Республикалық
басылымыңыздың бас-аяғы дірілдеп, етек-жеңі елбірей-
тіндей. Оңтүстік Қазақстан аумағы бұлдырап барады.
Орнынан тұрып, газетті үстелдің үстіне апарып, қайта
жайды. Оң қолымен көздерін, сол қолымен үшінші бет-
ті сипай сүртіп, тағы тесірейді. «Ауылдық клубтың
ғимараты. 1958 жылы іске қосылған. Жалпы алаңы – 260
шаршы метр. Бастапқы бағасы 156 мың теңге. Ең төменгі
бағасы 8700 теңге». Аукционның өтетін күніне, тіпті
сағатына дейін, Шымкент шаһарындагы мекен-жайына
дейін көрсетілген. Оған қоса «голландтық әдіспен» деп
қосып қойған. Еңсегейдің жыны қозатыны осындайдан
ғой. Неге голландтық әдіспен?! Қазақша әдіс құрып қалып
па? Міндетті түрде әлдебіреулерге еліктеп, есі кетеді де
жүреді осы қазекемнің. Баяғыда, Сы-Сы-Сыр ырду-дыр-
ду ыдырай бастағанда ше, осы Еңсегей әзіл-шынын ара-
ластырып: «Өй, бәрін қойып, қазекемнің енші беру әдісін
неге ғана қолдана қоймайды осылар?!» – дейтін. Алыстағы
ауылдың клуб меңгерушісін кім тыңдасын. Міне, ел-
елдің еншілері қазақша бөлінбеген соң ақырының не боп
жатқанын қараңыз. Енді «голландтық әдіспен» дейді тағы
да. Сондағы сататындары Стокгольм мен Амстердамның
анау-мынаулары, әйтпесе жылжымайтын мүлкі мен жы-
лжитын мүкәмәлі болса, бір басқа. Қапсағай ауылының
қара құлып салынған қараша клубын неге ғана голландтық
әдіспен
саудалайтындарына
түсінбейді.
Түсінбейді
емес, таңданады. Бұрын да бұның бұлқан-талқан бола-
тындай біраз-біраз нәрселері бартұғын. Мысалы, мына
Жабағылы тауының арғы қапталындағы жал-құйрығы
бұрқырай шабатын жылқыны апарып, «Пржевальский
жылқысы» депті. Неге ол «Жабағылы жылқысы» емес?!
Күйесің бе, осындайға, күймейсің бе? Қапсағай бет-
кейінде, шоқ-шоқ қызыл долананың арасындағы бүйрек
төбешіктерде тұтанып жөнелетіндей талаурап тұратын
қызғалдақты «Грейгтің қызғалдағы» деп жазады. Біле-
білсе, қызғалдақтың төресі Голландияда емес, Еңсегейдің
елінде. «Қапсағай қызғалдағы» десе ғой, әне, әлемдік
әділдік, ғылыми дәлдік, іліми біліктілік сонда салтанат
құрар еді. Жабағылы жылқысы мен Қапсағай қызғалдағы
ғана емес, осы айнала-төңіректегі талай-талай дүние,
шыбын-шіркей, шөп-шөңгеге дейін шет елдік ныспы-
лармен ноқталанып кеткен. Клуб меңгерушісі кезінде
қып-қызыл маталарға ұрандар жазып отырып, ой түбіне
түсіңкіреп, кей-кейде тереңдеңкіреп кетіп: «Осындай-
осындай мәселелердің астарында бірдеңелер бұғып, жа-
сырынып жатқан жоқ па екен, өзі?» – деп те күбірлейтін.
Мына «голландтық әдіске» тыз етпе теткуі бұрынғы клуб
меңгерушісінің қырау шала бастаған самайынан сәл
жоғарырақтағы санасында байырғыдан бұлыңғырланып
қалып қойған күдік-күмәннің тұяқ серпуі ме, кім біледі?
Жә, жарайды, қандай әдіспен, нендей тәсілмен са-
тылатынына бас қатырмақтың қажеті шамалы. Қияли
қалыптан арылып, әлдебір әрекетке кіріспек жөн шығар.
Дәл осы аукционға қатысса ше?! Міне, бас шіркіннің кей-
де өстіп істеп кететіні бар! Рас, аукцион өтетін мерзім тіп-
ті таяп кеп қалыпты. Жеті-сегіз күнде үлгере алар ма енді
Еңсегей!? Қалай болғанда да, қайткенде де үлгеру керек.
Тәңірге не жазды екен, әйтеуір мына жалғанда Еңсегей
Теңсегейге таба болумен келеді. Бес-алты қойдан, бірлі-
жарым сиырдан, жиырма шақты тауықтан артық дәулет
бітпеді. Қаз-үйрегі көбейе бастаса, анда-санда аудан
жақтан жететіндер-ақ желкелерін қиып-қиып түседі.
Қайбір жылдары қатыны байғұс күні-түні тыным таппай,
түйетауықты үйірлей жайып, топтап айдауға жеткізіп-ақ
еді, облыстық мәдениет басқармасынан бес мәшинеге то-
лып келгендерден түте-түтесі шығып, түк те артылмады.
Бір үйлі жан көбінесе қара мекиен, қызыл қораз бастаған
оншақты тауыққа қарап қала беретін. Ал, анау Теңсегейдің
қой қорасы да, сиыр қорасы да аузы-мұрнынан шығатын
да тұратын. Жылқылары Қапсағайдың сайларын бермей-
тін. Тапалтақ-талтақ балаларының бәрі шетінен жоғары
оку орындарына түсіп жатыр тағы да. Мұның сылқым-
серілеу сұңғақтары тоғайдағы тоқымдай жердің қауыннан
қалған сұңғыласын терумен әлек. Әндетіп теретіндерін
қайтерсің-ай...
Былтырғы күзде, сүмбіле түсіп, су салқын тартқан
шақта осы Қапсағай ауылына тоғыз «КамАЗ» бірден
келіп, бүкіл тал-теректі тітірете гүрілдеді ғой. Тізіліп
тұрған ағаш атаулының сарыала жапырақтары төгіліп
түсті. Еңсегейдің көршісі Теңсегей тоғыз «КамАЗ» және
жеті-сегіз жеңіл мәшинемен көшті де кете барды.
Теңсегей көшкеннен кейін тыныш табармын, жүйкем
жеңілдер, шарбағымның қабырғасы майыспас, клубы-
ма сиыр сүйкенбес деп еді. Қай-да-а-а-ан... Теңсегейдің
қорасы мен қотанының жұртына бүкіл ауылдың сасық
сиырлары жиналып алып, ойнақ салуға айналды. Солардың
әрқайсысы мұның кілдіреген селдір шарбағына бір, әне
жабылады, міне жабылады деп жүрген жабығыңқы клу-
бына екі сүйкеніп өткенде, жүйкесі жүрегін жұлқитын.
Отыз жылға жуық уақыты осы клубқа кеткен екен. Оба-
лы нешік, кез-кездерінде, сәт-сәттерінде елу үйлі ауыл
адамдары түп-түгел Теңсегейге емес, елден еректеу
көрінетін Еңсегейге қызыға қарайтын. Жетпіс сегіз сом
сексен тиынды тұрақты түрде, ай сайын, бір күн кешік-
тірмей алып тұратын. Шәрілі жақта түк емес шығар, ал
ауыл үшін Еңсегей ең үлкен айлық алатын адамдар сана-
тында саналатын. Мақтанғаны емес, маңдайшаға «Үгіт
пункті» деп жазып қойып, есікті құлыптап, қолды қалтаға
салып қыдырып жүретіндерден, немесе «Сельмаг» пен
бастауыш мектеп арасындағы теңге жапырақ пен ажырық
аралас көгалда отырып алып, қисық арақ пен «Кильки»
консервісін қоса қиқалайтындардан емес-ті. Ескірсе де
еңсесі түспейтін клуб үйінің іші-сыртын мұнтаздай етіп
ұстай білді. Жұмысын қыз-қыз қайнатып-ақ жататын.
Аудан жақтан алған алғыс хаттары бір абдыра. Жоспар-
лы түрде де, жоспарсыз түрде де жиналыстар, іс-шара-
лар өтіп, концерттер қойылып, кино көрсетіліп, аудан
жағынан, оқта-текте облыс жағынан қонақ үзілмейтін.
Ауданыңыз ай мен апта құрғатпас. Қапсағай беткейін
қиялай тілетін тастақ жолмен асыға аптығып келе жата-
тын еді олар. Еңсегей еш қабақ шытпас, қайта қуанар.
Қатыны һәм қабара қоймас ешқашан. Еңсегей сынды
ер-азамат аман-сау болғай, табысының берекесін бер-
гей. Дейтұғын секілді еді-ау сорлы қатын сонда. Әлгілер
келеді. Клубтың алдындағы таспашөп тұтасып жататын
жасылкөк алаңқайға жұп-жұмсақ қана секірісіп-секірісіп
түседі. Еңсегей осы заманғы сәнмен тігілген шибарқыт
шалбарының артқы қалтасынан бір бума кілт алып,
салдыр-гүлдір кісен ашқандай, клубтың есігін ашады. Жүз
орындық зал іші сап-салқын. Ір-рә-һәт! Қабырғалардағы
қып-қызыл маталарға алуан түрлі ұрандар жазылған.
Мазмұнды мақалдар мен мәтелдер де жоқ емес. Мән-
мәністі монтаждарды да Еңсегейдің өзі епсекті қолымен
ерінбей құрастырып, жалықпай жасай беретін. Рас,
кей-кейде жоғарыдан берілетін нұсқауларға сәйкес жа-
зылатын ұрандардан мүлде мезіленіп, жалығыңқырап,
жақтырыңқырамай жүретін кездері де болушы еді. Бірде
кезекті сиездің шешімдерінен үзінді жазудың орнына мы-
надай сөздер өрнектеді: «Көптің қажетіне жараудан асқан
жақсылық пен сұлулық болмайды. Бетховен». Өзіміздің
қазақ ғұламаларының өзгеше өсиеттерін өрнекке салсаң,
ұлтшыл атандыратындар табылар деп қорытқан. Бірақ
Бетховеннің сөзінен де сөгіс ала жаздады. Ауданнан кел-
ген үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қатаң ескерту жа-
сап, «Үшінші Интернационал» ұжымшарының Қапсағай
ауылында сиез шешімдерінің насихатталуы нашар деп
кетті. «Немістерде нең бар, нұсқаушының көкейіндегіні
діттей берсеңші», – деп қатыны мазақтады. Балалары
күлді.
Ондай-ондай ханның қызында да болады ғой, негізінен
алғанда, ауыл клубы, оның меңгерушісі Еңсегей жоғарғы
жақтағыларға жақпай қалған емес. Кейде аудан басы ай-
лар бойы, облыс төрі жылдар бойы ат ізін салмай кетсе,
клуб меңгерушісі күллі әлем назарынан тыс қалғандай,
жайсыздыққа буылатын. Орталықтағыларды әжептәуір-ақ
аңсап, сағынатын. Қыс күндерінде, ұжымшар орталығына
жетелейтін жол суырынды қармен күптеле бітеліп, асу-
лар сәуірге дейін тәуірленбес аралықтарда Еңсегей небір
қиял-ғажайыптарға шын беріліп, Шекспир мен Гогольдің
туындыларын сахнаға шығармаққа әрекеттенетін. Есеп-
теп қараса, күрделі трагедиялар мен комедиялардағы ке
йіпкерлердің бейнелерін жасамаққа бүкіл ауылдың ере-
сектері түп-түгел дерлік жұмыла жүмсалып кетеді екен.
Көрерменді қайдан табады сонда?! Әртістер тізімінде-
гілерді тұтас шақырып, сұхбат құратын. Бас қосудың
басы тәп-тәтті арман, орта тұсы қызғын пікірсайыс, соңғы
жағы бұртима бажылдасуға айналыңқырап бара жататын.
Ақырында аузы дуалылау, Еңсегейден ересектеу біреуі:
«Осы біздің Қапсағайға қайдағы бір, шеттегі Шекспирлер
мен еркектігі күдікті Гогольдердің қажеті қанша, өзіміздің
Садықбек Адамбеков пен Оразбек Бодықов та жетпейді
ме?» – деп тығырыққа тірейтін. Олардың да кітаптары
көктемге дейін табыла қоймас. Сондықтан, жиналғандар
шағын концерттің бағдарламасын жасап тастап, тату-
тәтті тарасатын. Көп ұзамай-ақ концерт те қойылады.
Ауыл еңбеккерлеріне арналған концертті Еңсегейдің өзі
ашып, өзі жабады. Әрине, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін
беріліп, елігіп айтушы еді:
«Кеттің ұмыты-ы-ы-ып, мүлдем ұмыт-ты-ың;
Жібін үздің ғой, нәзік үміт-ті-і-ің...».
Ойлап отырса, осы ауылда он жылдан астам уақыттай
үнді киносының дәурені жүрген екен. Аудандағы та-
ныстарын тиімді пайдаланатын. Олар да біледі ғой,
бұларға ненің керектігін. Кино қоятындар Қапсағайға
ертерек келіп, сыртқы қабырғадағы қоңыр тақтаға үнді
фильмінің атын жазып, жаяу аяңдап клуб меңгерушісінің
үйіне беттейтін. Қара тауықтың жұмыртқасын қуырып жі-
беріп, дастарханның шетіне қос шөлмекті сұлата салсаң,
жетіп жатыр. Ір-рә-һә-әт. Сол жетпісінші және сексенін-
ші жылдары Қапсағайдың түрғындары Үндістанның екі
сериялы фильмдерін түгел көріп тауысты. Ақырында
елу үйдің әрқайсысынан кем дегенде үш-төртеуден үнді
әншісі, бес-алтаудан үнді бишісі өсіп жетілгені өтірік
емес. Үш сағатқа жуық уақыт бойы клуб іші көз жасы-
на мелдектейтін. Еңсегей де тым елжіреуік тартып, кейде
қасында қатар жатқан қатынына қарап кеп қалғанда, оның
қыз кезіндегі ақша маңдайынан қоңыр алша жемісіндей
дөңгелек дақ елес беріп, бәле болған. Бертін келе, бірте-
бірте үнді фильмдері де қатая берді, Қапсағайдың адамда-
ры да қатыгездене түсті ғой.
Одан кейінгісін жұртшылық, жүдә, жақсы біледі. Еге-
мен ауылға клубтың қажеті шамалы боп шыға келді. Об-
лыс пен аудан жағы өз бастарымен әлек, үлкенді-кішілі
атқамінерлер жекешелендірумен әлек-шәлек. «Үшінші
Интернационал» ұжымшары ұлт-ұлтқа болмаса да, телім-
телімге, тағысын-тағыларға бөлініп, клуб иесіз, меңгеруші
жұмыссыз күйге түсті. Бір жылдай тегін істеді, екінші
жылы есікке құлып салды лажсыз. Еңсесін түсірмеуге
тырысты. Ертеден-ақ психологиялық әзірліктер жасап
жүргендіктен,
жеңілдеу
қабылдаған
сыңайлытұғын.
Ауыл ішінен де, аудан жақтан да келіңкіреушілер, көңіл
айтыңқыраушылар болды біразға дейін. Абырой-бе-
делім бар екен деп жұбанды алғаш. Есік алдындағы суы
сылдыраған жіңішке арық жағасында, қоңыр алша түбінде
отырып ән шырқайтын. Ән шіркініңіз, әсіресе, жұлдызды
түн алдындағы айлы кеште алысқа естілер: «Кеттің ұмы-
ты-ы-ы-ып, мүлдем ұмыт-ты-ы-ы-ып; Жібін үздің ғой,
нәзік үміт-ті-і-і-ің...».
Кейде бүкіл ауыл күрсінгендей көрінетін. Алайда,
олай емес-ті. Рас, бұрынғы клубты және оның бұрынғы
меңгерушісін аяушылар бартұғын, өкінішке қарай, таба
лаушылар басымырақ еді. Кімге кімнің жаны ауырар
бүгінде. Адам шіркіндерді кінәлау да қиын. Еңсегей
қайраңға шығып қалған шабақтайын шоршыды, амал не-
шік. Айлық алмасқа кеткеннен кейінгі аса қауіпті жауына
айналғандардың бірі – қасындағы қатыны. Баяғы: «Аруым
көріп аңсадым; Еркешім көріп еңседімге» елігер елік
қыздың із-түзі жоқтай-ау, тіпті. Кебежедегі ұнның түбі
көріне бере Еңсегейдің етін шикідей жемекке әзірленіп,
зілдене бастайды. Е-е-ей, бұ байғұс та қайбір жетіскені-
нен жемтік қамдайды дейсің. Бала-шағаның қамы-дағы.
Алдын-ала әрекеттенбесе, үлкенді-кішілі серілерден не
қайыр...
Қатынының біраздан бері төркін жұртында жатып
алғаны мұндай жақсы болар ма, аукцион жайын тоғайдағы
жерді айналдырып жүрген Ақансерісімен ақылдасты. Ке-
ненсерісі әлі жасырақ. Ауылдың клубы ескі болғанымен,
сүйегі мықты. Іргесі Қапсағайдың тепсеңіндегі текше тас
тардан қаланған. Әсіресе, ағашы асыл, бұзып алсаң-дағы,
бір үйге молынан жетеді. Сахнасы қайбір жылы қайта
төселген, қалың тақтай. Төбесі жаңалап жабылғалы бесін-
ші жыл-ау, шамасы. Шымкенттің борпылдақтау, бозаң
шипыры емес, балта шүйдесімен түйгілесең сыр бермес
Семейдің көгілдірі кәдімгі. Жүдә, бұзып тастап, үй-жай
салмағанның өзінде, отыз жыл ие болған клубтың басқа
біреуге бұйыруы кешірімсіздеу емес пе?!
Әкелі-балалы екеуі ұзақ пікірлесті.
– Сегіз мың жеті жүз теңгеге арзиды ғой, қалай ойлай
сың? – дейді Еңсегей.
– Арзымақ түгілі, арзан ғой, – дейді Ақансерісі. – И-и,
соны айтам да! – дейді Еңсегей ентелей түсіп.
– Сол бағаның үстіне соншама ақша қосылады-
ау, көбейіп кетеді-ау, көке, – дейді Ақансерісі сәл-пәл
мұңайыңқырап.
– Ауыл клубын жекешелендіруге де көп ала ма, неме-
не? – деп еліреді Еңсегей.
– Алуы да мүмкін, алмауы да мүмкін, мәселе онда емес, –
дейді Ақансерісі байсалды баянға кешіп. – Бәрібір, біраз-
біраз пұл керек, көке.
– Қалай сонда? Не тұспалдап отырсың? Бірдеңені
білетін бе едің өзің?
– Бастапқы бағасын көріп тұрсыз ба? – деп Ақансерісі
республикалық газетті қолына қайта алады.
– Көрдім. Төменгі бағасын да жатқа білемін.
– Көрсеңіз, білсеңіз, сол төменгі бағаңызбен екі
аралықта бірталай жұмыстар жүреді. Кепілдік жарнасы
және бар.
– Ол не тағы да?! – деп, шошыңқырап, сосын таңда
ныңқырап қарады баласына.
– Жарайды, көке, – деді Ақансерісі одан бетер қайран
қалдыра түсіп. – Сақтап жүрген он мың теңгем бар еді,
соны алыңыз. Жол-жөнекей стансадағы қызыңыздың бір
айлығын сұраңыз. Ниет еткен екенсіз, аукционга қатысып
қайтыңыз. Алсаңыз, аларсыз клубыңызды. Алмасаңыз,
демалып, қыдырып келерсіз. Қалаға бармағаныңызға көп
болды ғой.
Осыны айтқан Ақансерісі әлдеқайдан ақша шығарып,
әкесінің алақанына салды.
Арада екі күн өткенде Еңсегей Шымкент шаһарында
қызыл «Икарустан» түсіп жатты. Қырғы базардың
қызғын ортасына кірмей-ақ, шетіндегі құжынаған
асханалардың бірінен лағман жеп алмаққа бекінді.
Соны ойлап, айналасын барлады. Бұрынырақта, бұдан
ширек ғасыр шамасы ілгеріректе клуб меңгерушілерінің
курсына келіп, қайта даярлаудан өткенде Қошқарата
бұлағының бойындағы жиекжолда топ-топ болып
әндетіп
жүргендері,
ұмытылмастай
сауық-сайран
құрғандары, Шәмшінің шығармаларын кезек-кезек
шырқағандары көз алдында тізбектеле тыраулаған тыр-
налардай елестеп, жүрек тұсы шымырлай жөнелді. Ав-
тобустан ығыры шыға шуылдап тұрған құлағының түбін
басып-басып, діріл буған демін тереңнен тартыңқырап,
өзін-өзі сабырға шақырды. Кенет: «Кеттің ұмы-ты-ы-
ып, мүлде ұмыт-ты-ы-ы-ың...» деп шырқаған дауыс
анық естілді. Баянға қосылып, қоңыр алшаның түбінде
әндеткен өзі секілденіп, әлдекім аңыратып отыр. Ай-
наласына алақтады. Тапты. Шашлықтан шыққан тәп-
тәтті түтіннің арғы жағында, Қошқаратаға құлдилайтын
жолдың жиегіндегі үйме-төбе қоқыстың бергі жағында
отыр екен әлгі әнші. Тағы тыңдады. Үні таныс секіл-
денді. Бұл осы адамды да бір жерден көрген сияқтанып,
еріксіз жақындай түсті. Жанына да жетті-ау. Жерде
жаюлы жатқан қара қошқыл орамалдың үстінде азын-
аулақ ақша қобырайды.
– Ей! – деді Еңсегей шошып кетіп, үні іртік-іртік
шығып, ентелей еңкейіп. – Ей, сен... сен... Шынымен...
Клуб меңгерушілерін қайта даярлайтын арнайы курс
та жағасы кестеленген аппақ жейде киіп жүретін, сол
күндердің сылқым серісі атанған, әншілігі жөнінен алды-
на жан салмаған аққұба жігітті, бүгінде бүтіндей бүлініп
біткен Қалдыбайды бетінің ұшындағы қоңыр алшадай
қара дақтан таныды. Кейін де талай көрген еді ғой.
Ал, Қалдыбайдың мұны танығысы келмеді.
Сөйлескісі де жоқ-ты. Бәрінен де баз кешкен,
бұл пәниден безген, бақиға алып кеткенге дейін
қайыршылыққа көндіккен қалпында отыра берді. Еңсегей
аукционға деп Ақансерісі берген бір бума ақшадан біра-
зын бөліп алып, Қалдыбайдың қойын қалтасына са-
лып еді, ол қобырата қайта суырып, алдындағы қара
қошқыл орамалға тастады. Түк болмағандай, курстасын
көрмегендей, әнге басты қайтадан. Бірақ бұл басқарақ
әнтұғын: «А-а-ай; Аһ-һа-ау! Аруым көріп аңсадым; Ер-
кешім көріп еңседім...».
Бажасының үйіне жеткенде Еңсегейде өң-түс шамалы
тұғын. Балдызы таңданыңқырады, бажасы басқаға жо-
рыды. Көрмегелі, көріспегелі көп болған. Еңсегей ба-
жайласа, бажасы үш қабатты бір үй, екі қабатты бір
үй, ұзыннан-ұзақ тағы бірдеңелерді сонарлатып салып
тастапты. Баяғыда пәлен адам бір бөлмеде жата беруші
еді, бүгінде бір адам бір бөлмеге сыймасқа кетті. Біреуің
не, бір адамыңыз пәлен бөлмелі бір үйге сыймауға айнал-
ды. Осыдан тұп-тура жиырма бес жыл ілгеріде, бажасы
Алматыдағы «политехта» оқып жүргенде, есігін ашсаң,
бірден тротуарға шығатын жалғыз бөлмелі пәтерде жеті
адам емін-еркін жатып, емен-жарқын тіршілік кешіп
жүргеніне іші елжірей таңырқап қайтушы еді. Енді бәр-
бәрі басқашаға бұрылып алып, заулап кетіп барады,
әйтеуір.
Ертеңіне ерте тұрып, келген сапары себебінің шет-
пұшпағын сездірді. Балдызы жалғыз, бажасы әлдеқашан
іссапарға кетіп үлгеріпті. «Аукционға қатысқалы жүрсеңіз,
жаман емессіз ғой, жезде», – деді балдызы тәлпіш-
тотайланып. «Алыстан ат сабылтып келіп, қолымды бос
сермеп қайтам ба, қайдам», – деді жездесі. «Қолтықтап
кіргізіп, құттықтап шығарар еді, бажаңыздың маңызды
мәселемен кетіп қалғаны-ай», – деді балдызы керіле есі-
неп. «Стансадағы қыз айлығын алмаған екен, бірер мың
қарыз бере тұрасыңдар ма?» – деді жездесі. Балдызы
қиналыңқырап барып, үш қабатты үйге қарай кетті. Үш
қабатты үйден шыққаны үш мың теңгетұғын.
Ақансері, жүдә, жақсы біледі екен-ай. Кепілдік
жарна деді, басқа деді, біраз сандалтты қаладағылар.
Баласының және балдызының арқасында бәріне де
төтеп берді. Ақырында аукцион да басталды. Жүргізуші,
жүдә, һәм мәйін жігіт көрінді. Сәлемдесуінің өзі
ерітіп жібере жаздады. Тәптіштеп тұрып тәртібін
түсіндірді. «Голландтық әдіс» деген сөзі ғана самайы-
нан жоғарырақ тұсқа жайсыздау тиді. Еңсегей қалт
жібермей қарап, тыңдап-ақ отырған. Баға мәселесін
бағамдап барып, бағана берілген нөмірді көтеріп кеп
жіберген. Алайда, кеш қалыпты, бәрібір. Тағы да біреу-
лер көтеріпті. Қашан, қай тараптан көтергенін кім біл-
сін. Мынау уыздай жас бала болса, бірдей-ақ көтерді
емес пе? Қайта Еңсегей ертерек қамданбап па еді? Аук-
цион жүргізуші жігіт тиісті тәртіпті тағы да тәптіштеп
түсіндіріп, жеңімпазды хабарлады.
Еңсегейдің самайы солқыл қақты, құлағы шыңылға
толды. Қапсағайдың қырық шалы бірдей қырық шалғы
орақты шойын төске салып алып, жарыса шыңдап
жатқандай. Қырғы базар жанындағы қайыршыға айна-
лып кеткен клуб меңгерушісін, шөлді ауданның серісі
Қалдыбайды танығандағыдай есінен тана жаздады.
Ақансерісінің айтқаны ғана демеу болып, былғары
орындықтың
арқалығына
сүйеніп,
орнынан
әзер
көтерілді. Аукцион жүргізушісінің дауысы алыстан,
әлде ғарыштан талып естіледі: «Қапсағай ауылдық клу-
бы. 1958 жылы салынған. Жалпы алаңы 260 шаршы
метр... Аукционда ұтқан... Теңсегейұлы... Теңсегейұлы...
Теңсегейұлы...», Іртік-іртік, үзік-үзік үннен құтылғысы
келді ертерек. Ертеден-ақ етене таныс ескі көшеге
түскенде, көңілденіп сала берді. Алсыншы. Ала берсін-
ші солар. Қайыршы боп кеткенде қайтер еді. Қайтетін
еді...
«Қайтатын едім», – деді Еңсегей. Қызыл «Икарустың»
жүргізушісі күлді: «Қайда, көке?» – деді. «Қапсағайға», –
деді бұл. «Ондай қалаға бармайды», – деді жүргізуші. «Аудан
орталығынан түсем, одан әрі тағы күтем ғой», – деді бұл.
Қапсағай ауылының клубы қырық жыл бойы қоғамына
қалтқысыз қызмет етіп еді. Оның отыз жыл бойғы
меңгерушісі осы келе жатқан Еңсегей еді. Енді не болды?!
Қырық жылдай қып-қызыл матаға маталған клубыңыз
жалғанның жалған жықпылы ғана екен да. Тектілерге
кектілердің қан жапқан жанарларын жалқындатып өтіпті
де. Әкесі марқұмның ғұмыр бойына кірмей-ақ кетуінде
кеп бар екен. Ойпырай, жалқы мәрте басын сұқпағанына
қалайынша мән бермеген бұл байғұс. Арғы ата-бабала
рының сарқытындай асыл басын қанқызылға боялған,
ақсүйек әулеттен өрбігендердің өзін әулекілендіріп жі-
берген, кінәз мінезден мақұрым еткен, шайтан-шатақ
шалықтаңқыраған шаңыраққа имей-ақ өткен екен де.
Дә-ә-ә-ә... Отыз жыл бойы ақақу-секекумен селкілдеп
жүргенде, ерте ме, кеш пе, соның жазырын түбінде бір
тартармын деп неге санаға салмағансың, сен бейбақ?
«Оралыңның барында ойна да күлді» ойланыңқырамай
айтқан қазекеме обал жоқ. Осынау сөздерді сыңаржақ
ұғынған ұрпағына сауап. Саған да сауап. Сорлы. Сенен
сорлы бар ма енді? Ең болмаса, ауыл клубын жекеше-
лендіре алмадың. Сенен де сорлыны көргің келеді, ә?!
Көрдің ғой біреуін. Тағы көрсем дейсің, ә? Қуанғың
келе ме, жұбанғың бар ма? Отыз жылғы жігер жаққан
алауың, желбіреткен жалауың кімге дәру болды енді?
Желіп өтіп кете барам, дедің-ау, ә, мына пәни жалғаннан.
Сауап саған, сауап. «Көптің қажетіне жараудан асқан
жақсылық пен сұлулық болмайды» деген кім-дүр, клуб
меңгерушісі? Ә-ә, анау неміс қой, Бетховен деген.
Ал, қажетіне жараған көбің қайда? Жақсылығың мен
сұлулығың кәнеки? Үлкен де кетті жөніне, кіші де кет-
ті жөніне. Анау да кетті шебіне, мынау да кетті жеміне.
Бәрі де тартты тегіне. Теңсегей кетті тебіне. Сен сор-
лы қалдың шегіне де шегіне... Қалдыбай отыр қалада...
Қайыршы болып, далада...
Елу үйлі ауылдың шетіне іліккенде қас қарайып
қалған.
Еңсегей еңірей жылап келе жатты.
* * *
Қапсағайдың қиясынан тағы бір көшкін құлап түсті.
Бұл жолғы көшкін бүкіл ауылды солқ еткізді. Бұрындары
көшкін дегеніңіз тек көктемде ғана жеңіл-желпі желп етіп,
онда да түн баласында ұрланыңқырап түсуші еді. Енді
күз соңы, қыс басында, сәске түс әлетінде әлекке сала бе-
ретін болды. Жылаңқы жаңбырдың сіркірегеніне сегізін-
ші күнге кеткенін саусақ бүге санап отырған Еңсегей
елмен бірге үйінен үдере шығып, ауылды бауырына
алып жатқан Қапсағай жотасына қарады. Тұманы айыға
бастаған биік беткейдегі қараша ортасында үсіп үлгерген
шоқ-шоқ қызыл долана да қарауыта қалтырайтындай.
Солардан сәл былайырақ тұстан былтыр көшкен көршісі
Теңсегейдің жұртындағы қой қораның орнындай ойпаң
пайда болыпты. Топырағы опырыла ойылып, сыпы-
рыла сырғып түскен жер қазаншұңқырлана қазылып,
қанталаған секілді.
Тауық қора жақтан қара мекиен шығып, алша аға
шының түбінен өтетін арыққа қарай беттеді. Сіркірі
сиреген жаңбырға қанаттарын кезек жайып, қайта
жиырған қызыл қораз оның соңынан ілесті. Цемент жет-
пей қалған қиыршық тасты құмдақ алаңқайдың шеті-
не іліге бере қызыл қораз қара тауыққа қарғып мінді.
Тиісті шаруасын тындырып алып, қағып-сілкінді. Еге-
лері Еңсегей қарап тұр-ау деместен, қоқилана керілді.
«Бұлар екеш бұлар тараптан да үй йесіне деген титім-
дей реакция жоқ, ұят-аятты айтпағанда, – деп күбірлей
күрсінді бұрынғы клубтың бұрынғы меңгерушісі. – Бір
тәуірі, қызыл қораздың серіленіп, қара тауықтың сергек-
тенгеніне қарағанда, күн ашылмақтан үміт бар».
Жаңбыр толас таба бере екі бірдей «КамАЗ» еліре жа-
рысып, жердің апшысын қуыра жеткен. Клуб үйінің екі
шетіне тұра-тұра қалысқан. Кабиналардан қарғып-қарғып
түскендер түп-түгел ұсталар, шетінен шеберлер екен.
Бесін шамасында қос «КамАЗ» үйме-төбе боп толып,
қиядағы тастақ жолмен ыңырана көтеріліп бара жатты.
Ертеңіне Еңсегей клуб орнындағы қоқыс атаулыны
жиып-теріп, от қойды.
Түс ауыңқырағанда тоғай жаққа барған Еңсегей, бала
ларының бірталай тірлік тындырып тастағанын көріп,
таң қалды. Қамыстыбұлақ бойындағы егістіктің есіліп
жатқан топырағына тәнтілігін танытып, Ақансерісінің
арқасынан қағып, Кененсерісінің кекілінен сипады. Нар
қамыстан сыбызғы жонып отырып, ойға және бой ал-
дырып қойғанын байқамады. Басын көтерсе, Ақансерісі
арық қазып, Кененсерісі көң тасып жүр екен.
Ымырт жабыла үшеуі бірге қайтқан. Клуб орнындағы
бықсып жанған қалдықтардан із қалмағандай. Қалаймақан
қабарыңқы күйдегі Қапсағайдың баурайына тағы бір
түн қонғалы келе жатты. Селдір шарбақ жанындағы
төмпешікте селтиген қызыл тікеннің буындары сырқырай
сыздап, ауырып тұрған секілденді. Клуб жұртының күлін
тіміскілеп күшік жүрді.
КҮДІРЕҢ
– Сен мені жақтырмай қалдың ғой? – деді Таңсұлу тілі-
мен мұның иығын қытықтап жатқан күйі. – Ұнатпағаныңды
бірден білдіреді екенсің өзің. Баяғы поселкенің ақ шифер-
лі мектебін есіңе алдың ба, немене? Ойламай-ақ қойғын
енді ол жылдарды. Өткенді көп ойласаң, қартайғандықтың
белгісі. Қатты таңырқап жатқан сияқтысың ғой өзің? Неге
таңырқадың, а? Өзің қышқылтымсың...
Ол тілімен тағы да мұның иықтарын, омырауын қытық
тай түрткілеп жөнелді.
Көксарай кентінің шетіндегі үлкен жолмен темір көлік
тер тынымсыз ағылып жатыр. Әрқайсысы гүр-гүр етіп
өткен сайын мұның тұла бойы дір-дір ететіндей. Ал, мына
Таңсұлу ше, бәлекетің, зыр қаққан мәшинелер заулай жа-
нап, жақындаған сәттерде, қайта, керісінше өршелене,
өшіге демігеді-ай. Оның сүп-сүйір тілі алғаш мұның тұла
бойын тінткілей бастағанда, тіксініп, шошына ыршып
кетпекті күйттеген бір сезік, сосын сол сезікке ілесе, тіп-
ті жанұшыра бас көтерген, бәлкім, ғұмыр бойы аңсары
болып бұғып жататын бір сезім тепе-тең түсіп, басы
құрып кеткір тәп-тәтті айналып жүре бергентұғын. Оның
күлімсірей, сынаңқырай қарағанын қыз кезіндегі ұп-ұзын
кірпіктерінің арасынан ағараңдаған таңда аңғарып, сыр
бермеске бекінді.
– Өзің... Алыстағы ауылдың еркектеріне ұқсамайсың
ғой, тіпті, – деді Таңсұлу төсектен түрегеліп, шашын жи-
нап отырып, бұл жаққа асқан ризашылықпен көздерін
төңкере тастап қойып. – Ал, сен, білесің бе? Әрбір адамның
атына ғана орайлас айрықшалықтары болатынын?
Мәселенки, менің атым – Таңсұлу. Мұндай ат, біріншіден,
мүлде сирек. Екіншіден, осылай қойылғаны бекер емес-
тігін екінің бірі білмейді. Сезбейді де. Мені тек таң атып
келе жатқанда ғана көрмекке керек. Осы, мына жалғанда
үш күйеуге тидім. Солардың үшеуі де таң алдында өліп
ұйықтап жататындардың сортынан еді. Сол үшін шығар,
сірә, бәрін де иттің етінен бетер жек көретінмін. Әйтеуір,
үшеуін де өмір бойы таң алдында бірде-бір мәрте оята
алмадым десем, сенесің бе? Сенбейсің ғой, сен... Ал, ой-
настар... Олар оятар кезде жым-жылас, жоқ боп шығады.
Есесіне, сен, өзің, алғаш рет таң алдында тап болдың
ғой, ақыры. Кім ойлапты осыны? Жерден шықтың ба,
көктен түстің бе өзің?! Отыз жыл көрмеген кластасым...
Бүгінгіше айтқанда, сыныптасым...
Көксарай теректерінің үстіңгі тұсынан, сауыс-сауыс
таулардың арғы жағынан таң атып келеді екен. Кластас
қызының, сыныптас сұлуының жаңағы сөздерін асқан
ықыласпен, толқи тыңдап алып, былай, жөндеңкіреп барла-
са бар ғой, шынымен-ақ таң алдындағы Таңсұлу баяғы қыз
кезіндегідей құлпыратын секілді. Ұлы шаһарға қарата жо-
сылып жатқан жолдың, қарауыта жалтыраған асфальттың
арғы ойпаңынан буалдырланған бу бұйралана көлбеңдеп,
бұлаңыта сиқырланады. Құдды, осыдан отыз жыл бұрынғы,
баяғы Таңсұлу айналадағы аязды шегіндіріп, еріте ерке-
леп келе жататын қаңтардағыдай. Түнде бұларға білдірмей
жаңбыр сіркіреп өткен бе, әлде бұл өңірде шипалы батпақ ку-
рорты бартұғын, мына маңайдан да ыстық су қайнап шығып
жатыр ма, оны кім біліпті. Қайдан сап ете қалғанын, табан
астынан Талбикенің белін таянып, кирелеңдеп жүретіні көз
алдына келіп тұра қалды. Екеуінің қосылғанына жиырма бес
жыл толу тойын жасамақшытұғын. Сәл төменіректегі қалың
қамыстың үлпілдек, ұлпа қарқараларын көргенде, шашының
арасы терлеп кетті.
Әдеттегі әуестігіне салып, айнала-төңіректі түгел шо-
лып шықты. Түнеп, күнәға батып шыққан жайының аула-
сынан әжептәуір үлкен үйдің құрылысы аяқталуға таяп-
ты. Жалғызбасты қатын үшін осал тірлік емес. Еркекпіз
деп жүріп жатқан мына мұның ойы түгілі түсіне де кіре
бермейтін дүние-дүр. Деп түйіп, біраз тұрды. Таңсұлу,
сірә, бұған таңертеңгі шай әзірлеп жүрген шығар-ау.
Сайлы ойпаңдағы ирелең қаққан арықтың салқын суына
жуынып отырып, оның бетіне қайтіп қарайтынына ақылы
жетіңкіремей, діңкеледі. Шандырланған екі бетте жан
жоқтай. Өзін-өзі, салқын сумен жуынғанды желеу етіп,
аямай шапалақтады.
Тамғабай тастақтау қиямен көтеріліп, тегістікке ілін-
ген соң бұл өңірге неге тап болғаны есіне енді түскендей-
ақ, айналасына алақ-жұлақ қарағыштады.
Тү-у арса-арса таулардың ара-арасындағы Бүлдірген
ауылынан бұрнағы күні жолға шығып, бір жарым
тәулікті артқа тастап, қас қараярда Көксарай кентінен
таяқ тастам тұстағы мемлекеттік кеденге келіп жет-
кен еді. Бүлдіргендегі және сол төңіректегі өндірістік
кооперативтердің біраз-біраз адамдары секілді Тамғабай
да жекешелендіріп жер алмақ болып жүрген. Таулы
ауданның өзге шаруашылықтары секілді бұлардың Лейлін
пұты һәм бұтарланып, бөлшектеніп кетті. Қағаз жүзінде
құжаттамаса дағы, ежелден бермен қарата маңдайының
терін төгіп, Талбикеге қосылғалы бейнет сіңіріп келе
жатқан жиырма шақты гектар егістікті егеленіңкіреп,
егемендіктің ендігі беталысы қалай бағытталарын
бағамдаңқырап жүретін Тамғабайыңыз – осы.
Сөйтіп жүргенде, Бүлдіргенге бір қора қонақ бар-
ды ғой, баяғы. Білетіндердің айтуына қараса, үш жыл-
дай бұрын жаңадан ашылып, қазіргі күндері қадамын
қатайтып үлгерген кеден саласының кердеңдері екен.
Кеден дегеніңіз шекараларда тұрып алып, жорғалай
жортқан тышқаныңызды тексеріп өткізетін, ызыңдай
ұшқан шыбыныңыздың арқалағанын һәм шып-шырғасын
шығармай тізімге тіркейтін, қысқаша айтқанда, ақ де-
гені алғыс, қара дегені қарғыс мекеме, оған қызметке
тұрмақтың өзі кәдуілгі МАИ мен полициялардан бес-бе-
тер. Деседі жәмиғатыңыз.
Кеденнен келгендерге әуес нәрсе ғой деп, самаурын-
мен шай қайнатудың жауапкершілігі Тамғабайға тапсы-
рылды емес пе, баяғы. Сәтін салып, бақ қонамын десе,
сөз боп па, сонда өзімен құрдас, негізінен алғанда ұқсас,
негізгі қонақтардан қалған-құтқан арақты сарқып ішкенді
жарататынына дейін айнымастан дәл келетін Келдібекпен
танысты ғой. Тамғабайды да өлсін деп жаратпаған шығар-
ау, көктен іздегені, сөйтіп, жерден табылды. Сұраса келе
құрдас боп шықты. Кеденнен келген, мұнымен терезесі
тең, жылы шырайлы жағдайда шүйіркелесіп отырған
қадірменді қонақтың қарапайымдылығын айтсаңызшы
сондағы. Тамғабай дауысы дірілдей толқып, өзінің
жекжат-жұрат, дос-туыс жағынан оншалықты оңып
тұрмағанын жасырған жоқ. Ауданда, облыста, одан да
жоғарғы жақтарда біреуі, тіреуі барлардың ғана қадамдары
ілгері басып, тастары ылдидан өрге домалап, ағымға
ілеспек түгілі, алдына түсіп тайраңдайтынын мақұлдата
мағлұмдады. Туды-бітті, осы Лейлін пұттан (Бүлдіргеннің
кеңшар кезіндегі аты ғой) аттап шықпаған секілді. Кезінде
екі жыл аудан орталығы аталатын поселкедегі интернатта
оқығанын, одан соң екі жыл әскер қатарында құрылыс
салғанын есептемесе, ештеңе көрмегені де рас. Ең ақыры,
қатынды да, қосылғанына жиырма бес жыл толып, той
жасайын деп отырған, анау жүрген Талбикені де осы Лей-
лін пұттың ішіндегі төрт үй тутамғалыдан алғанын сыр
қылып шертті.
Тамғабайдың табан астынан тапқан танысы, табысқан
досы, Құдай қосқан құрдасы Келдібек-кеден қызыл будан
бол-е-е-еп қана, негізгі қонақтардан орталанған, іші-сырты
мұнарланған «Беркут» дейтін сорайған шөлмекті тоңқайта
сарқып іш-ше-е-е-еп отыра береді екен. Тамғабайдың
таңдайына тым тазаңыздың өзі онша тати қоймайды-дағы.
«Арақ біздікі, арақ шығаратын шаһар біздікі, боса-бомаса
бүркіт баяғыдан біздікі, сонда қалайынша «Беркут» атала
салады?!» – деп ойлаумен басын қатырады. Келдібек-ке-
ден ыңылда-а-а-ап, қызыл будан күйінде жамбастап жата
берді.
Тамғабай алған бағытынан қайтпақ емес-ті. Тосын
таныстықты біржола шегелеп, мықтап құрамаса, болмас.
Сондықтан тамағын кенеп қойып, әңгіменің әуенін өз
гертті:
– Мен енді сенге көшіп, Келдібек-кеден десем, жараса
ма, құрдасым-досым? – деді.
– Жарасқанда қандай! – деді Келдібек-кеден.
– Мына мәртебелі меймандарсыз-ақ, жекешеленіп,
оңашаланып келіп қайта аласың ба? Анау, Аршалы таба-
нында тапаншамен тас атып жатқан бастықтарыңсыз ке-
луге болады ғой?
– Болғанда қандай! – деді Келдібек-кеден.
– Келгін. Шын айтам, – деп көзі таза арақтың шөл
мегіндей
мұнарланып,
жасаурап,
орнынан
тұрды
Тамғабай. – Келші, бауыр-е-е-ем, құшақ айқастырайықшы
бі-і-і-ір, Құдай мені қашанғы қыс-с-сы-ы-ы-ың, менің де
бір жоғарыда, к-к-кеденде сүйеуім болсын-шы-ы-ы-ы...
Тіреуім тұрсын-шы-ы-ы-ы...
Бұл кезде Аршалы сайдың табанында мергендіктерін
жарыстырып болған меймандар қайтпаққа беттеген-
тін. Жаңбырға жібіген сасыр қурай секілденген танауын
құрғатып, Тамғабай Келдібек-кеденге өзімсіне қарап,
асқан бауырмалдықпен, сәл-пәл ғана мұрнынан сөйлеп,
бүйдеді:
– Екі аптадан соң күтем сені. Өзіңе атаған атым бар,
соны алып кетесің.
Шынымен-ақ екі апта өткенде жетіп-ақ келді Келдібек-
кеден. Бүлдірген ауылында, Тамғабайдың шарбағында ша-
пан жауып, ат мінгізу рәсімі жаман өте қойған жоқ. Арнайы
келіп, қорабының артқы жағын жарлауыттың қабағына
тіреген жүк мәшинесіне қара қасқаны тиеп болған соң,
екі дос, жан қиыспас құрдас сәл-пәл былайырақ барып,
оңашалау шығып шүйіркелесті. Қоштасар сәт те таянды.
Өз кезегінде Келдібек-кеден Тамғабай тамырын Көксарай
кеденіне шын ықыласпен шақырды.
– Шақырғаныңа рахмет! – деді Тамғабай толқып кетіп,
бақыттан басы айналып. – Біз барармыз-бармаспыз,
мәселе онда емес, бауыр-е-е-ем... «Кеден жағында Кел-
дібек деген досы бар, Құдай қосқан құрдасы бар». Осы
сөздің өзі де жетеді бізге! Аман барып, сау жүргін енді.
Бұдан былай қарата бала-шағаммен қоса сенің тілеуіңді
тілейтінім аян...
Меймандар көбірек келетін мамыр айы аяқталып, мау
сым жетті.
Шатақ күтпеген тұстан шықты.
Жоғарыда айтқанымыздай, жекешелендіріп жер алмақ
қа бекініңкіреп, өзіне икемдеңкіреп, айнала-төңірегін қау
сырмалай қорғаңқырап, пішен-шөбін шауып алыңқырап
жүрген жиырма гектарға жетеғабыл алқаптың жарты-
сына жуығына былтырғы күздік жөнді шықпаған-ды.
Седірең тартып, селтиіп тұрған егінсымаққа орақ салудың
шығыны өтелмейтіндіктен, жәмиғат жабылып мал жайып
жіберген-тін. Биылғы кектемде сол жерде күдірең би-
дай қаулап кеп берсін-ай. Өз алдына бөлектеніп үлгерген
орталықтағы өндірістік кооперативтің төрағасы иес-
із жердің күдіреңін иемденіп шыға келді ғой, баяғы. Бұ
бәленің облыс жағында бір дөкей нағашысы бартұғын.
Емін-еркін тайраңдауының түпкі себебі сонда жататын-
ды. Бүлдіргенге бағзы замандардан тиесілі, татымды
тоғайлардың талайын тартып алғаны тағы бар. Өзі де бір
тіміскіленген тазы тұрпатты, нағашысының қандай екен-
дігін ит біліп пе, дегендейін хиқаяларды жәмиғатыңыз
айтатын. Сол тіміскі-төрағаңыз көпе-көрнеу күдіреңге
килікті.
– Мен еккізгенмін! – депті орталықтағы өндірістік
кооперативтің төрағасы сүмсеңдеген тұмсығымен Бүлдір
геннің аспанын тесердей.
– Оу, шырағым, біріншіден, бұл – Бүлдірген ауылының
жері, екіншіден, мынауыңыз – күдірең емес пе? – деседі
ғой, баяғы Тамғабайлар. – Мұнсыз да талай-талай жерді
қағазбен құжаттатып, тапа-тал түсте қаратып алдың ғой,
қарағым?
– Бүлдіргендікі екеніне таласым жоқ, – дейді сәл ғана
бәсең түсіңкіреген төраға-тазы тықақтауынан танбай. –
Бірақ былтыр өзім еккізгемін, мына қолыммен! Биылғы
өнімін мен аламын! Қайда барсаңдар, онда барыңдар!
Тамғабайлардың шақшадай басы шарадай болды. Лаж-
сыз, ләм-мимсіз, ауыздарын аңқайтты. Нөмірі бірінші
көршісі көңіл айтты:
– Күдірең бидай қайбір астық боп жарытар дейсің? –
деді. Нөмірі екінші көршісі қайта қоздыра түсті:
– Күдіреңге келмес, жиырма бестен кем өнім бермес
көрініс қой мынау! – деді. – Бүгін күдіреңді алар, ертең
етегіңе қолын салар. Бүрсүгіні жағаңа жармасар әлі.
Тамғабай әлденені ұмытқандай, аса маңызды бір
деңені ойына түсіре алмағандай, есінен шығарып ал
ғандай мазасызданып, екі күндей жүрді. Кенет, үшінші
күні Талбикеге таңдана қарап-қарап алып, орнынан
ұшып тұрды: «Ойбай-ай, ойбай-ай! Келдібегім-ке-
денім, неге есіме келмеген?! Қалай ойға түспеген?! Бар
бізде де! Анау-мынау емес, кеденде! – деді тістеніп. –
Барайын мен дағы. Салайын әкеп, кеденді күдіреңге,
майқана-майданға!»
Тамғабай бір жарым тәулік шығындап, Көксарай ке-
деніне келіп жеткен. Шұбар киімді кезекшінің кекірейгені
ұнамады. Қазіргі маусым айының күнбағысындай емес,
күзгі үскірік ұрған пістедейін түксиеді. Мамырда мұның
ауылына барғандардың ішінде мұндайы мүлде жоқтұғын.
«Жер-жаһанның жартысын жайпағысы келіп, күдіреңге
күндес боп жүрген пәле-пиғылдың бір нағашысы осы
емес пе екен өзі?» – деген ойға бір тіреліп, тымырсық
ымырттан тағы қауіптенген Тамғабай кішік тартып:
– Інім, Келдекеңе келіп ек, – деді сәлемін алмағанын
кек тұтпай-ақ. – Досы, құрдасы боламыз. Келдекеңнің...
– О кім еді? – деген шұбар киімді кезекші жүрегі
құрығырды солқ еткізді.
– К-К-Келдекең...
– Фамилиясы кім?
Құдай төбеден ұрғанда, жан құрдасының ата-тегін тер-
гемепті, фамилиясын сұрамапты.
– Фамилиясын білмейтін ем, шырағым. «Көксарай
кеденіндегінің бәрі біледі»,– деп еді.
– Пуһ! – деп жарылды әлгі шұбар-кебін долданып, – Онда
аулақ жүр, көке! Штаттағысы бар, штаттан тыс, құйысқанға
қыстырылып жүргендері бар, қайдан білем?! Өзімнің кел-
геніме бір ғана апта. Барыңыз-барыңыз, көке! Аулақ!
– Түр-келбеті келісті, мейірбан, қарапайым. Қазақ еді,
жігіт ағасы, – деп тағы үміттеніңкіреді Тамғабай.
– Немене, кедендегілердің бәрі баскесер деп кім айт-
ты сізге?! Ертең келіңіз, жарық барда жақсылап тұрып із-
дерсіз мейірбаныңызды.
– Ішбомаса, қонып шығатын жерлерің жоқ па? Келдекең
Көксарай кентінде тұрмаймын, ауылдан қатынаймын деп
еді. Ойпырай, қайда түнеймін енді, а?
– Пуһ! – деп тағы жарылды кеденші жігіт. – Арғы бет-
ке өтсеңіз, бәрі тұр ғой! Барыңыз-барыңыз, аулақ-аулақ,
көке!
Арғы бетке өтіп, біраз жүрді. Алғашқыда жатырқай
қарап, бөгеліңкіреген. Іле-шала қолды бір сермеп жі-
беріп, қызғын әлемге енді де кетті. Араны ашылып-ақ
қалған екен. Қазақтарыңыз һәм шашлық пісіруді керемет
үйреніпті. Ағай-ағайлап, айғайлап шақырады. Алақан
ысқылап, әйнек сөренің арғы жағында тізілген «Беркут-
тарды» нысаналап, көз қиықтайды, қулар-ай. «Беркут»
арағын ертең, Келдібек-кеденмен бірге ішер, бір өзіне
ұзындық қылар. Сол себепті, сыртының өзі қызғылтым
тартып, қыздай сызылатын, шағын ғана астаналық арақты
қалады.
Бір-екі сағат уақыт артта қалған шақта тып-тымық
түнде, тұп-тұнық аспан астында Тамғабай өзін күллі
тегіс дүниенің иесіндей сезініп, жол жағасын жеке-
шелендіріп алғандай-ақ тайраңдап, әйнек жаққа тағы
қатынап қайтты. Таулы аймақтардай емес, бұл жағыңызда
бәрі алақандағыдай, айналаңыз теп-тегіс, түп-түгел.
Жұлдыздар сәл ұсақтау ма, қалай? Бірақ тым көп екен. Ас-
паны да шетсіз-шексіз секілденді. Қайда қонамын, нендей
тұсқа түнеймін деп уайымдаудың қажеті шамалы. Таң
атқанша осында тамашалап отыра береді. Жол көліктер
де, жолаушылар да тынбас, мыналардың орындықтары
мен үстелдері Тамғабайдың салмағына сынбас. Қайдағы
бір тау-тастың арасында тынысы тарылып, қор боп жүр
екен де. Келдібек-кеденмен ақылдасып, осы тарапқа
қоныс аударуы да бек мүмкін. Қазіргі заман – ұлы көштің
заманы. Тамғабайдың таудан кеткенінде не тұр? Тепе-
теңдік заңы бұзыла қоймас бұған бола.
Тепе-теңдігінен сәл-пәл ғана жаңылыңқырап, аз ғана
кідірістеп, қадамын түзеп алған Тамғабай біраз серу-
ендеген. Кенет қарсы алдынан «Таңсұлу» кафесі пай-
да бола кетті. «Таңсұлу... Таң-Таңсұлу», – деп күбірледі
бұл. Кафе ішінде бірер адам отыр екен. Сәл әрегіректе
үстел үстін сүртіп тұрған әйел бері бұрылған. Бұрылып
қана қоймастан, сыртқа қарата беттегенін қараңызшы.
Ие-ие, іштегі әйел қаракөлеңкелеу тартып тұрған тысқа
шыққанда бар ғой, қызға айналып жүре берді.
Бұл Таңсұлу еді.
Екеуі бір-бірінен көз ала алмаған күйлерінде, табанда-
рын жерге желімдеп тастағандай, қатқан да қалған.
– Тамғабай емеспісің, осы?! – деді әлгі әйел. Жо-жо-о-
оқ қыз ғой, қыз.
– Таңсұлу, бұл сенбісің?! – деді Тамғабай. Тамағынан
тоғызыншы кластың үні шыққан құмыға.
– Тамғабаймысың, шынымен?! – деді Таңсұлу қыз. –
Шынымен-ақ сен сол боп шығайын деп тұрсың-ау? Мына
сұмдықты қарашы енді! Сенімен де кездестік-ау, сұмдық-
ай...
– Та-та-аң-сұлу! – деді Тамғабай торлама топы-
лиы тастақ алаңқайдың шетіне шегеленіп қалғандай,
тапжылмаған күйі, тек белінен жоғарғы жағы теңселіп.
Таңсұлу баяу ғана, аяңдап қана адымдағандай. Бұған
қарата бір аттап, екі аттап, бірте-бірте асыға-аптыға
жақындағандай. Тамғабайдың танауы Келдібек-кеденмен
бауырласып-табысқандай жіпсіп, тіпті ашып жөнелгендей.
Осыдан отыз жыл бұрынғы тоғызыншы кластың қызы
Таңсұлу жақындап-ақ қалғанда, егін пісер алдындағы
маусымның мақпал түнінде, табан астынан бір перделер
пайда бола кетті емес пе? Таңсұлу қыз сол перделерден
көрінбей кетті ме, сәл ғана кідіріп, кафесінің, әлде үй-
жайының айналасына алаңдады ма, Тамғабай одан айы-
рылып қалардай аласұра алақтады ма? Кластас қызын,
сыныптас сұлуын ғайыптан тайып, ұшып кетер құстай
көрді ме, ілгері қарай асыға-аптыға ұмтылып, Таңсұлуды
тезірек уыстай, ұстай алмаққа әрекеттенді ме? Таңсұлу қыз
кластағы қара партаны айналып өткендей болды ма, тағы
бір бұлғаң етті ме, тағы көрінбей кетті ме? Кафенің алды
көгілдір түтін бе, әлде тұманытқан түннің жұмбақтары
ма? Көгілдір перделерден кідірістеп, енді-енді жақындады
ма, түтінді күйдіріп, тұманды жандырып жетіп, жанында
тұр ма? Деміне орап, деміге тіл қатты ма? Қайтадан тұман
түсті ме, қос анарының екі ұшы сол жұқа-жұмбақ тұман-
түтінді түртіп-түрткілеп, ап-анық көрінді ме, осыдан отыз
жыл бұрынғы интернаттың ауласындағы алқоңыр алша
жемісіндей жауһарлана биледі ме? Қос түйме...
Екеуі қол алысып амандасты ма? Қол алысып,
сәлемдескендей ме? Оны қанағат тұтпастан құшақтасты
ма? Содан үйге кірді ме, бөлмеден бөлмеге өтті ме еке-
уі? Поселкенің мектеп-интернатындағы селкілдек ке-
реует секілді бірдеңеге отырды ма екеуі? Бірер шөлмек
бірдеңелерді орталарына қойып жатты ма екеуі? Клас-
тас қыздар да ішеді екен-ау, деді ме бұл? Кластас қыз
ұзақ-ұзақ хикаялар шертті ме, кластас ұл, яғни бұл, одан
озыңқырап-озыңқырап кеткен жоқ па? Кім білсін-ай, кім
білсін...
Түннің бір мезгілінде оянса, ай сүттей жарық екен.
Таңсұлу жанында ұйықтап жатыпты. Бұл орнынан тұрып,
далаға шығып, мұздай суға жуынып, есін жиып, ұйқысын
ашып, кешқұрымғы көгерең кеденші жаққа қарап, масат-
тана есінеді. Шынымен-ақ сол. Таңсұлу. Шашы төмен
төгіліпті. Әрине, көп-көп сұйылған шаш қой.
Отыз жылыңыз аз уақыт емес. Таудағы, алыс-алыс
ауылдардағы қыс қатты еді тіпті. Тым ұзаққа созыла-
тын. Алты ай қыста қалың қардан мезіленіп, титімдей
ғана, тоқымдай ғана қарайған жерді көрсе, естері шыға
қуанушы еді ғой бұлар. Кейінірек аудан орталығындағы
интернатта оқыды. Сонда көрді ғой Тамғабайлар Таңсұлу
қызды. Сонау қияндағы қыстаулардан жаурап-жасынап,
тоңып-қалтырап, әлдеқалай бара қалған трактордың ауру-
сырқау қойларды толтыра тиеп алған тіркеме-шанасына
әзер ілігіп, дәрі мен қи сасып, асфальт жолға жеткенде
бар ғой, жұмаққа кіргендей күй кешетін. Поселкенің ас-
фальт жолын бойлап жүрген сайын жылына беретін-ді.
Қар қаншама көп жауғанмен, ерсілі-қарсылы ағылып жа-
татын темір көліктердің қызуынан ба, жол жиектері жібіп,
орта тұстағы мұз ойыла аршылып, көктем кеп қалғандай
әсер ететін еді. Тіпті олай болмаған күннің өзінде, қар
қылаулап, аяз қысып тұрса дағы, дірдектеп таудан түскен
Тамғабайлардың алдынан, аудан орталығындағы акация
ағаштарының арасынан қиял-ғажайып ертегілеріндегі-
дей таңдандырып, Таңсұлу шыға келетін. Ұзын кірпікті
үлкен көздерін жайната қайран қалдырып, қып-қызыл
алмадайын топ-томпақ екі беті дүние жүзін жаулаған
бүкіл аяз атаулыны кері шегіндіріп, еркелей ерітіп келе
жататын-ды. Қасындағы қыздардан өзгеше өрнектейін
бөлекшеленіп, сәл қалыңдау, қып-қызыл еріндеріне
теп-тегіс тізіле салған әппақ тістері ақсәуле шашып,
күлетіні ше?
Ауылынан қайтып жеткен күні Таңсұлудың тап солай
шыға келгенін, келе жатқанын, кетіп бара жатқанын бір
көрмесе, көңілі көншімейтін. Бойы жылынбай, сүлесоқ
күйден арыла алмай, азаптанатын. Мектепке жақындай
бергеннен-ақ, класқа кіріп келгенде де солайтұғын
Таңсұлу. Айналасында ай ма, әлде күн бе, бірге ілесіп
жүретіндейтұғын. Ал, сабақ айтқанда ше? Әсіресе, өлең
оқып тұрғанда: «Ақ киімді денелі, ақ сақалды; Соқыр,
мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі
суық; Басқан ізі сықырлап келіп қалды...» дегендегі дауы-
сынан ше, Тамғабайыңыз тоңып, қалтырай жөнелетін-ді.
Таңырқай қараса бар ғой, Таңсұлу сәл ғана жымиғанның
өзінде жылытып, сәлден соң-ақ ыссылата бастайтын.
Тоғызыншы класс оқушысы Таңсұлудың үнінде жұмбақ
әуен аз емес-ті. Оқыдым, білдім, түсіндімнен де басқарақ
бірдеңелер болатын. Кей-кейде, кенет тұнжырай қалып,
Абай ақынның табиғат лирикасынан оқып тұрған өлеңін
шашып-төгіп алатын. Сұлу жыр, өзгеше өлең, бәрібір
Таңсұлудың тамағынан сыңғырлай төгіліп түсіп, тісі мен
тілі арқылы мөлдірей өтіп, моншақтай шашырайтын.
Таңсұлу сәл сәтке мұңайса, Тамғабайдың күні бойы
жылағысы келетін. Әдебиеттен беретін мұғалім-дағы
Таңсұлуға өлең оқытқанды айрықша жаратады-ау, үн-
түнсіз тыңдайтын еді. Бірде, Таңсұлу өлең оқып тұрып, та-
бан астында түйіліп, жөтеліп қалды. Құлшынысын қайта
таппаққа тырысты. Онысынан ештеңе шыға қоймаған.
Қайта кідірді. Қабағындағы кірбің ұлғайды. Келесі
шумақты бастап, тағы кідіріп тұрды. Кідіріске діріл ара-
ласты. Сол діріл күллі класс ішіне, одан соң бүкіл мектеп-
ке тарап бара жатты. Әдетте, әдебиетіңіз, ең соңғы сабақ
қой. Ертеңіне Таңсұлу мектепке келмеді.
Содан кейін Тамғабайлар Таңсұлуды көрген жоқ. Ол
қаншама таңғажайып Таңсұлу болғанымен, қоғамдық
тамақтандыру мекемесіне қарайтын ресторанда ыдыс-аяқ
жуатын жесір әйелдің жалғыз қызы еді. Білетіндердің ай-
туына қарағанда, шешесі күтпеген жерден, күнкөріс қамы
үшін бір дөкейге беріп жіберіпті. «Жоқ ол қыздың өзі ғой,
өзі кінәлі. Шоштаңдап жүріп, шоқ басып қалған екен»
дескендер де табылған.
Таң алдында оянып кеткен Таңсұлу Тамғабайдың ойы
аяқталғанын білгендейтұғын. Таң қаларлықтай қылық
танытып, мұның мойнынан құшақтады ма, өзі шешінді-
ре бастады ма? Тамғабай түк те, титімдей де қарсылық
білдірместен, көздерін тарс жұмып, тоғызыншы кластағы
Таңсұлуды елестетіп, ғарыш жаққа самғап ұшып кетіп
қалды ма? Сезігі мен сезімі тең түсіп, итжығыстың арғы
жақ бергі жақтарынан табылып, ғарыштан жерге қалай
оралғанын білді ме, білмеді ме?
Көксарай кеденінен таяқ тастам тұста болар іс болып
тынған, әйтеуір.
Жуынып-шайынып оралған Тамғабай қарсы ал-
дында отырған, қартаңдау тартып үлгерген қатпа қара
қатынды көргенде, «аһ» ұра жаздады. Өзін-өзі әзер ұстап,
шырқыраған шыбын жанын кеуде-кеденінде қамалап,
жүрегін жүгендеп үлгерді. Маусымның мұздай суынан
мақпал тартыңқыраған бет-аузы бір жағына қарата тартып-
жұлқып, жұлқып-тартып кетті ме, қисайып қалатындай
сезінгенін білдіріп алмақтан үрегейленіп, үрейлене үрлеп,
шай сораптады.
– Мен енді таң алдындағы Таңсұлу емеспін, Таня апай
ғанамын, – деді ол. – Енді бірер сағаттан соң күнделікті
күйбең тірлігіме кетсем керек. Осы мына үй-жайлардың иесі
де мен, құл-құтаны, күлді-көмеш күңі де өзіммін. Бәрібір
баяғы сорлы шешем секілдімін, ыдыс-аяқ жуғаннан арыла
алмадым... Бұйымтайың болса, айта отыр. Қайдан жүрсің,
мұнда қалай тап болдың? Сол алыстағы ауылдасыңдар ма,
әлде үдере көшкендер секілді шәрілі жерге аунадыңдар
ма? Біз, мінеки, осындамыз. Жалғыз қызым бар. Алды-
рып тастай беріп, қалдырғаным біреу ғана. Он бес жас-
та... Екіқабат... Алдырма дедім. Некесіз өссе де, әкесіз
өспесін бала деген... Аузым күйген. Күйеу баланың төрт
қатыны бар, бесіншісі – біздің Жансұлу. Мына екі қабатты
үйді өзіміздің күшімізбен салып жатыр дейсің бе? Қай-
да-а-а-ан... Таңсұлудан туған Жансұлу, сөйтіп, сенің
кластасыңнан гөрі бақыттырақ болмақ...
Тамғабай үн-түнсіз тыңдады. Басын жерден көтере ал-
мады. Ғарышқа ұшып барып қайтқаны қайда? Ендігі ай-
тар әңгімесінің дәмі мен мәні бар ма? Осы бір сәттегі жан
күйзелісін жеңілдетер түк те қалмағандай ма? Жер үсті,
аспан асты бос, боп-боз бірдеңеге айналғандай ма?
Терең-терең күрсіністен соң бұл пәни жалғанда Бүлдір
ген атты ауылдың, онда кирелеңдеп жүрген Талбикенің,
жиырма бес жылдық тойға ауданнан ансамбль әкелеміз
деп жүрген бала-шағаның, күдіреңді айтпаған күннің
өзінде, басқа да талай тірліктің бар екенін ойлай бастады.
Нөмірі бірінші, нөмірі екінші көршілері тағы бар.
Басын сәл-пәл көтерсе, Таңсұлу үстел үстін жайнатып-
ақ қойыпты. Өзі онша қайғырып отырмаған секілді.
Сондықтан сәл-пәл серпіліңкіреп, осыдан отыз жыл
бұрынғы кластас қызынан, сыныптас сұлуынан Келдібек-
кеден хақында солғындау тартқан үнімен-ақ, сүлесоқ кана
сұрай салды. Сөйтсе, Келдібек-кеденді Таңсұлу жүдә һәм
жақсы біледі екен. Тіпті бар ғой, досы екен. Қандай дос
екенін иті біліп пе? Тамғабайға ендігісі бәрібір, нәніпәтір
емес пе? Иә, жап-жақсы танитын боп шықты. Келдібектің
кеден-педенге пәлендей қатысы шамалы екен, осы
маңайдағы бір ауылда, осындағы шоң-шүйделеу бір
бастықтың малын бағып-қағады. «Таңсұлу» кафесіне не-
гізінен ет дайындап жеткізетін де сол боп шықты. Енді бір
жарты сағат өтер-өтпесте, жер жұтпаса, жетіп келеді.
– Қой, ішімізді отқа оратып, жалынға жалатып, жан-
жүректі жылатқанша, мынадан алып қоялық, – деп
Тамғабай алдындағы арақтан құйды. – Енді бұл жаққа
жол түсе ме, түспей ме? Көреміз бе, көрмейміз бе? Өткен
де кеткен қу өмір-ай! Кел, кластас қыз, сыныптас сұлу!
– Кеден жаққа келсең, кел. Өзіңе-өзің сенсең, кел, –
деді Таңсұлу үнін құйқылжытып. – Мен күндіз татып ал-
маймын, кластас бала! Түнде ішіп, таң алдында оянам...
Тамғабайдың өзі алып жіберді. Елпілдеп, екіншісін құя
бергенде, желпілдеп Келдібек-кеден жеткен. Ләм-мимсіз
ұғысып, нарық экономикасының тез түсінісетін адамда-
рындай төс түйістірді екеуі. Қайта-қайта құшырлана құшақ
айқастырды екеуі. Құдай қосқан құрдасы һәм жұмыс
кезінде татып алмайды екен, Таңсұлумен салиқалы ғана
қайыр-қош айтысып, сыр бермеген күйі, досын оңашалау
алып шығып, бүй деді бұл:
– Жан досым, қадірменді құрдасым, сен мына мен
үшін, таудағы біздің ел үшін мәңгі-бақи Келдібек-
кеденсің. Біліп қой, сөзім – сөз, уәдем – уәде. Келер
сенбіде той жасап жатырмын. Келмесең, өкпелеймін.
Келемін деп бер уәдеңді.
– Бердім уәдемді, ризамын, досым. Сен қиыспасаң,
мен қиыспан! – деп мұның әлем-тапырықтау тартып
тұрған бетінен әдемілеп тұрып сүйді-ай Келдібек-кеден. –
Барамын, ертерек барып, жәрдем беремін тойыңа. Тойда
қызмет етейік, бауыр-е-е-ем!
Келдібек-кеден уәделі күні жетіп-ақ барған. Тамғабай
толық, жан-жақты ақпарат ақтарып, рәһатқа бөленіп қалды.
Тойға сойғаны жылқы; енді екеуі бар, жетеді. Жылқыға
қоса төрт тоқты сойды; әлі бес-алтауы бар, жетеді. Елдің
бәрі істеп жатыр ғой; неге той жасамайды Тамғабай?
Қазақтың бәрі өткізіп жатыр; күн сайын, түн сайын.
Бұрын тек сенбі күні ғана еді, бес-алты жыл бұрындары
жексенбі қосылды. Екі-үш жылдан бермен қарата енді той
дегеніңіз дүйсенбіден басталатынға кеткен. Айтты-айтпа-
ды, Келдібек-кеденнің келгені бүкіл Бүлдіргеннің алдын-
да абыройын асқақтатып, беделін биіктетіп әкетті. Соның
өзі неге тұрады? Тамғабайға соның өзі-ақ жетіп-арты-
лып тұрыпты. Тамада балаға қайта-қайта ескертіп, атал-
мыш тойға Келдекеңнің қатысып отырғанын әдемілеп,
айрықшалап айтуды тапсырған.
Асаба бір рет салтанатты түрде мағлұмдағанда, жұрт
шылық жапа-тармағай орындарынан тік тұрып, ду-ду қол
шапалақтады. Көксарай кедені жақтан келген Келдекең де
орнынан тұрды. Екінші рет қайталағанда да оншалықты
жаман әсер етпеген-ді. Үшінші мәртеде күңкіл-сүңкіл
көбейді. «Әй, сол Келдібегінен өзге адам жоқ па осын-
да?» деушілер табылған. Қалыптасқан жағдайды жыл-
дам бағамдайтын әдетімен Тамғабай қадірменді қонағын
бұқарадан бөлегірек, ішке кіргізіп, ерекшелеу күтпекке
ниеттенді. Бірақ екі көршісі ере кірді. Іштегі дастархан
жаман болған жоқ. Келдекең көңілді отырды. Тек қана
нөмірі бірінші көршісі, мұның ымдағанын түсініңкіремей,
күдірең кикілжіңін саяси оқиға секілдендіріп, әсірелей
әңгімелеп, мазаны алыңқырады. Одан қалсын ба, нөмірі
екінші көршісі кәдуілгі шешендігіне салып: «Елі – едірең,
егіні – күдірең; Бүлдірген қалай күн көрер?!» – деп абыз-
шылады. Енді қайтсін-ай, көршілері Тамғабайдың тамы-
рынан, Келдібек-кеденнен үміт күтеді дағы.
– Тойың керемет жақсы етті. Тамаша өтіп жатыр, ай-
та-айта жүреміз, – деді Келдібек-кеден. – Ал, енді ерте
келген қонақ ертерек қайтар болар. Тамғабай тамыр, мен
жүрейін енді.
Тамғабай тойға арнайы келіп, алтын уақытын қиып,
ықыласпен қатысқаны үшін досына мың да бір рахмет
айтты. Өзіне және сыныптас сұлуы Таңсұлуға арнап
сыбағалар салдырды.
Қайтып оралса, той бұрынғыдан бетер қызып жа-
тыпты. Кейінгі жылдары жұрт биге тоймайтынға кет-
кен-ді. Бұл төңіректегі елдің бесіктегі баласы жатқан
жерінен домалаңдап түсе салып, сексендегі шал-кемпірі
таяқтарын тастай салып, иықтарын жұлып жеп, билей-
ді-ай келіп. Жастары мен орта жасарларын қоя беріңіз
енді, көздері айрандана аларып, шеттерінен шыңғыра
жер тепкілегенде бар ғой, тауыңыз теңселер. Опыр-топыр
тобырдағы жұлынған жұрттан былайырақ шығып, бір уақ
сын көзімен қарап, нөмірі бірінші және екінші көршілер
секілді баға беретіндер жоқ емес-ті, әрине. Ондайлар:
«Күдірең ұрпа-а-а-ақ!» деседі. «Күдірең дүни-е-е-е...»
дейді, әйтпесе. Ондайлар не десе, о десінші, бұл бас мей-
манын ойдағысындай шығарып салғанына, сыныптас
сұлуына сәлем айтып жібергеніне рәһаттанып, аласапы-
ран бидің бір бүйірінен қосылып, жосылып жөнелді.
Тамғабайдың тойында болған алапат билерден ештеңе
қирай қойған жоқ, әрине. Бірақ, білетіндердің айтуынша, жер
шарының бергі бетіндегі Бүлдірген (кеңшар кезінде Лейлін
пұт еді ғой) ауылының терезелері бүп-бүтін болғанымен,
әлемнің арғы бетіндегі, осы елді мекенмен тұспа-тұс ор
наласқан Сан-Франциско шаһарының ең биік-биік үйлері
нің терезелері түп-түгел қирап-қирап түсіпті деседі.
ГАМБУРГТЕГІ ҚАЗАҚТАР
Тоқсан бесінші жылдың қысы қылықсыз қатынның
қипақ қаққанындай ғана қауқар танытты. Текебұрқақ
бірер мәрте айналып соқты да, қылтиып құрғақ көктемнің
құлағы көрінді. Көктерек ауылының тұрғындары арқаны
кеңге салып, пішеннің қалғанына менсінбей қарауға айнал-
ды. Қорадағы қой мен сиыр бейпіл шөпке бас қойғандай
еді, көпке бармай олар дағы танау шүйірді.
Кәшек көбейді.
Көктерек пен Гамбургтің арасы аттай алты километр
һәм алты жүз елу метр. Әнебір жылы асфальт жолдың
бойымен арық қазылғанда, Көктеректің бірінші үйінде
тұратын Нәтибек немісшелеп тұрып өлшеп шыққан.
Міне, сол Гамбургтен тағы да төрт-бес үй неміс туысқан
көшетін болыпты деген хабарды Нәтибек өзгеден емес,
өзінің қатыны Пәтимадан есіткен.
Сауыры суланбаған сәуір айының соңы-тын. Нәтибек
пен Пәтима таңертеңгі тірлікті түгел реттестіріп, шай ішіп
отырған. Кенет шай тез сұйылды. Дастарқанға шақпақ қант
емес, құм шекердің қойылғанынан секем алған Нәтибек
енді Пәтиманың болмысына көз тастаса, қисайыңқырап,
төркінінің ауылына қараңқырап отырыпты.
– Немеребай мен Шөберебай Шымкенттен бір-бір үй
алыпты, – деді Пәтима. Жаңа ғана Гамбургтен төрт-бес үй
немістің көшетінін айтқанда, бұл үндеген жоқ-ты.
– Алса, алады да, – деді бұл жолы үнсіз қала алмас-
тан. – Біреуі партком кезінде, екіншісі бухгалтер кезін-
де жинаған да.
– Гамбургтегі Ганстің үйін де сол екеуі саудалап жатыр
екен, – деді Пәтима.
Нәтибек аузына апара берген мақта гүлді кішкене ғана
көк кесені түсіріп ала жаздап барып, қатты ұрттап жібер-
ді. Тілінің күйіп-пісіп қалғанын сезсе де, қатын-дұшпанға
сыр бергісі келмеген еді. Сұйылуға бет алған бетпақ шай
жол-жөнекей түп-түгел жандырып жөнелді.
Көзінен жас парлады.
Пәтима Түркітаудың арғы жағындағы төркін жұртының
ауылын анық көріп отырғандай, бір нүктеге қадалып
қалған.
Нәтибектердің ауылы Көктерек аталғалы бір мың бес
жүз жыл өткенін осындағы он жылдық мектептің тарих-
шы мұғалімдері Қазақстанға егемендік тигеннен кейінгі
екінші жылы-ақ анық дәлелдеп шыққан. Ал Гамбургтің
негізі бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы қаланғаны
белгілі.
Неміс туысқандар қырық бірінші жылдың суық күзінде
көшіп келген екен. Барлық жақтағыдай оларды «жер
ауғандар» деп атайтын еді. Сол суық күздің бір күнінде, түс
ауа бере станса басы жәшік арбаларға, сатылы арбаларға
толып кетіпті. Сол арбалар ересектері бар, бала-шағалары
бар дегендей, немістерді толтырып алып, аудан басын-
да отырғандардың әмірімен ауыл-ауылдарға қарата жол
тартыпты. Ойпырай десеңізші, осы уақытқа дейін осы
төңіректегі қазақтардың бәрі тандайларын тақ-тұқ еткі-
зе, таңданып айтатын бір әңгімесіне қарағанда, пойыздан
түсіп жатқанда да, тізіліп тұрған жәшік арбаларға, саты-
лы арбаларға мініп жатқанда да, соншама көп бола тұра,
соншама балалы-шағалы бола тұра, немістің бәрі де тым-
тырыс, тып-тыныш күйден танбапты ғой, танбапты.
Қыңқ еткен бір дыбыс шықпаған.
Әрине, қазақтардың сәл-пәл қосыңқырап, кез келген
фактіні үстемелеңкіреп жіберетіні жоқ емес қой. Бірақ
сондағы жәшік арбалардың біріне онда әлі дүниеге келе
қоймаған осы Нәтибектің өз әкесі Несіпбай марқұм иелік
еткен-ді. Басын қайта-қайта шайқап, таңдайын тақылдата,
қатты таңданатындардың бірі де сол кісі-тін. Ол кісінің
айтуынша, пойыз тоқтап, немістер түсіп жатқанда,
әміршілердің бұйрықтары мен арық аттардың әлсіздеу
пырылы, ал ауыл-ауылға беттегенде, тек арбалардың
шиқылы естіліп тұрыпты.
«Жер ауғандар» барлық жақтағыдай қазақтардың
үйлеріне бөлініп-бөлініп таратылыпты. Көктерек тәуір
леу, көрнекілеу ауыл болғандықтан, мұнда неміс туыс
қандар көбірек әкелініпті. Олар көктем шыққанша
қазақтармен бірге аралас-құралас тұрады. Ал қырық
екінші жылы Көктеректің жоғарғы жағындағы ойпаңдау
тегістіктен жер кестіріп алып, өздерінше әрекет жасауға
кірісіпті.
Осы Көктеректің үйлеріне қарақағаз дегеніңіз қарша
борап, ауылдың жұртшылығы жылап-еңіреп жүріп, соғыс
қойылған соң да есеңгіреп, естерін жия алмай, ресми
аты «Бірлік» болғанымен, ел аузыңда «Гамбург» аталып
кете барған неміс ауылының қалайынша өсіп-өркендеп,
көркейіп-кеңейіп кеткенін байқамай қалыпты.
Обалы нешік, Гамбургтің немістері Көктерек үшін жа-
ман болған жоқ. Техника жағындағы, тауарлы-сүт, тауарлы-
шошқа, тауарлы-тауық, тағысын-тағы фермалардың
қиын түйіндерін түп-түгел неміс туысқандар шешетін-ді.
Барлық жақтағыдай, Гамбургтің немістері де тіпті өсек
айтпайды, өтірік сөйлемейді, көкіректерін қақпайды,
шіренушілік атымен жоқ. Колхоздың шаруасын да, өз
үйлерінің тірлігін де тап-тұйнақтай тындырып, тақылдап
тұрғаны.
Көктерек те көп өзгерген. Бүгінде өзгелерге қарағанда
өте өңденіп алғанын жоққа шығара алмайсыз. Іштей бол-
маса да, сырттай неміс туыстарға еліктеушілік те жоқ
емес. Бұрнағы жылы Гамбургтің екі-үш үйі ғана алыстағы
Алманияға көшіп, олардың үйлерін өзге немістер алды.
Германия дегеніміздің шын аты Алмания екенін Нәтибек
енді-енді біліп жүр. Оны кейбіреулер Албаниямен шатас-
тырады. Албаниямыз бөлек, Алманиямыз мүлде басқа
екенін көп адам әлі түсіне бермейді.
Осылардың бәрін лез-демде ми қабаттары арқылы зы-
рылдатып бір өткізіп алған Нәтибек сұйық шайға күйіп
қалған тілін онша икемге келтіре алмастан:
– Ылас па? Ганс Вайслелдің көшетіні? Алманияға? –
деді.
– Ып-ырас. Вайслер досың көшетін бопты. Германияға
ма, Албанияға ма, мен қайдан білейін, – деді Пәтима де-
ген қатын-дұшпан әлі де сол сұрланған күйінен айны-
май.
Ганс Вайслер ойпаңдау жердегі ертегідей Гамбургтің
одан сайын ойпаңдау тұсында тұратын еді. Таулы-қыратты
аймақтарда ойпаңдау тұстардың құлпыруы бөлекше бола-
тыны аян. Былтырғы жаздың биязы ғана бір кешітұғын.
Аудан орталығына қатынап қызмет істейтін, ел аузы-
на ілігіп қалған үлкен ұлының жаңадан алған жеңіл
мәшинесімен өтіп бара жатып сәлем бермекке бұрылды.
Ганстің өзі де, Нәтибектің өз қорытындылауы бойын-
ша, бет-жүзі сәл-пәл реңсіздеу, бірақ аяқ-қолы балғадай
мықты, теректей түп-түзу қатыны Кильда да құрақ ұша
қарсы алысты. Қуанбағанда ше, баяғыда қырық бірінші
жылдың суық күзінде Несіпбай ақсақал жәшік арбамен
әкелгендердің ішінде мына Кильданың әкесі мен ше-
шесі де болған ғой. Бір қыстай уақыт бұлардың үйінде
тұрған ғой. Кейініректе, бертініректе марқұм Несіпбай
мен осы Кильданың әке-шешесі құда бола жаздаған ғой.
Нәтибектің өзі де кетәрі емес-ті. Тек Кильданың тым
үшкірлеу, ұзындау мұрны ылғи түлеп, қызарыңқырап
жүретін. Сонысы ғана сәл-пәл ойландырып қоюшы еді.
Сөйтіп, сәл-пәл ойланыңқырап жүргенде Қырғызстан
жақтан, Түркітау асып әпкесіне келген осы Пәтимаға көзі
түсті. Осы күнгі қатын-дұшпанының бет-жүзі кереметтей
сұлу көрінгені рас. Аяқ жағына кім қарапты, өзінің тілі ты-
ным таппайтын, тымпылдаған пысық көрінгені тағы рас.
Кильда қыздың да кетәрісі жоқ еді, сол бір кештегі биден
кейін-ақ Ганс жаққа біржола ауып кете барды ғой. Бұның
Пәтимамен қайта-қайта билегенін, тек билеп қана шектел-
мей, есі кете қарағанын қалайынша кешірсін...
Нәтибек үлкен ұлын ертіп кіргенде, Ганс пен Киль-
да бозқараған түбіндегі суреттегідей әдемі үстелді ортаға
алып, кинодағыдай әдемі орындықтарға жайғасып, шай
ішіп отырыпты. Екеуі де орындарынан тұрып, қуанысып
қарсы алды. Бұлар да шай ішті. Тек қана құр шай мен
құмшекер емес, әрине. Нәтибек сонда шып-шып терлеп,
ұзақ-сонар сораптады, үлкен ұл ұялыс тауып, тез доғарған.
«Мына Кильда біздің Пәтиманың орнында отырғанда,
мына үлкенімнің түр-сықпыты қандай болар еді?» – деп
ойлағанына дейін есінде.
– Жаңа, жеңіл мәшине алдық, – деді шайға қанып алған
Нәтибек сонда. – Көрімдік бер, Кильдажан!
– Кәні-кәні, өзің қалашы! Өз қалауыңды айтшы! – дейді
Кильда қолын алжапқышына сүртіп. – Қалағаның сенікі.
– Қалауым – Ганстың қолы, – деді Нәтибек. –
Көрімдіктерің сол болсын, оқта-текте «Жигулиіміздің»
жүрегін тыңдап, өкпе-бауырын байқап беріп тұрса, жетеді
мына байың.
– Оныңды неге өзіне тураламай, маған бағыштап
отырсың мүләйімсіп? – деп Кильда қазақ тілінің майын
сорғалатты.
– Ганс саған бағынышты емес пе еді? Әлде айныды ма?
– Ой, қазір бұл құрдасың да тоқал аламынға шықты.
– Біздің Пәтиманың бай алмай жүрген екі сіңлісі бар.
Бажа болайық та, ойбай! –деді Нәтибек.
– Мәшинең үшін айтып отырсың ба, шын ниетің бе? –
деді Кильда.
– Мына заманда есеп керек-дүр.
– Осы Нәтибектің баяғыда сені ала жаздағаны рас па? –
деп селкілдей күліп, сөзге араласты Ганс Вайслер.
– Мына заманда емес, Нәтекенде баяғыдан-ақ есеп
бар-тын, – деді Кильда. – Сол есебіне бағып, Нәтекең
Пәтекеңе қосылған.
– Ганстың кеңдігін пайдаланып біраз жерге бардық,
осы жерде тоқталық енді, – деді Нәтибек.
– Пәтекең естіп қояды деп қорқып отырғаннан саусың
ба, сен бәле? – деп Кильда тіпті қоятын емес.
Бәрі ауладан сыртқа шығып, жаңа жеңіл мәшинені
көрді. Ганс та, Кильда да шын қуанып жүр. Нәтибек
қайта-қайта терең-терең тыныс алып, жаңа мәшиненің
иісін құшырлана жұтады.
– Қой, жүз-жүз грамм ішпесек, күнә болар енді, – деді
Ганс.
Бәрі қайтадан аулаға кірді. Былай байқасаң, артық-ауыс
ештеңе жоқ секілді. Тағы қарайсың таңдана. Есіктері де
сәнді, ертегідегідей. Терезелері де зерлі, түсіңе кіретіндей
сиқырлайтын моншасы мынау, көмбесі анау... Қойма там,
бірдеңе там, механикаландырылған мал там... Үй там мен
мал тамның аралығындағы түп-түзу тігілген жүзімдердің
жапырақтарына дейін тәртіппен тізіліп, жоғары өрмелепті.
Жемісі қалың да емес, сирек те емес, оларды да санап
салдырған сияқты. Жұрттың айтуынша да, өзінің білуін-
ше де, неміс туысқандардың үй тамдарынан гөрі мал
тамдары, қосымша қора-қопсылары нығызырақ болады.
Көктеректің жұрты аңыз етіп айтып отырады. Немістердің
есігінің алдындағы сиырлары тұратын, қойлары мен еш-
кілері тұратын, шошқалары тұратын, тағысын-тағылары
ұсталатын тамдарының тазалығына таңдай қақпай қарау
мүмкін емес. Әсіресе, сиырларына бар ғой, су да, туралған
шөп те, құрама жем де, бәрі-бәрі де өлшеніп-пішілген
мөлшерде, әлдебір құбырлар мен науалар арқылы, өзінен-
өзі белгіленген бір мезгілдерінде, сағат-минөтінде келіп,
құйылып немесе төгіліп тұрады.
Мәселенки бар ғой, қоңырлау бір түймені жеңіл ғана
басып қалсаңыз болды, дыбыссыз-дабырсыз, салдыр-
күлдірсіз, тіпті тырс еткен дәнемесіз-ақ сау етіп жем
төгіледі. Екінші бір көгілдір түймені түртіп қалсаңыз,
сәл сопақтау шойын құтыға мөлдіреген, тұп-тұнық,
тап-таза, тәп-тәтті су құйылады. Үшінші бір қызғылт
ноқатты басқаныңыз сол екен, сиырдың буы бұрқырап,
жаңа ғана түскен тезегін сыпырып-сиырып ала жөнеледі.
Бұлардың сиырларының ақ жүні де, қара жүні де, түгі
мен түбіне дейін жылт-жылт етеді, малақ түгілі титім-
дей тозаң жұқпайды. Қой-ешкілері де, шошқалары да,
қаз-үйректері де шетінен ақылды ма, асыл тұқымды ма,
әйтеуір ерекше екендігі рас.
Ал енді бар ғой, осы ерекшеліктердің бәрі, әсіресе,
мына Вайслерде бөлекше.
Сол жолы ғой, бұлар жаңа – жеңіл мәшинені қызықтап,
қайтадан аулаға кіріп, кереметтей бір шараптан ішіскен.
Немістер, әсіресе, осы Гамбургтегі туысқандар араққа
жолай бермейтін, шараптың да өздері қолдан ашытқанын,
сенімдісін, онда да тым-тым сирек, там-тұмдап қана
татқан болады. Нәтибек толтыра құйғызып, тартынбай
көтеріп тастаған. Айнала-төңірегіне қадала, құмарлана
көз салған.
– Тұңғыш көргендей құнығып қарайсың ғой, әй?!
Көзің жаман еді, түкіріп қой, – деді Кильда қашанғы
байқағыштығына басып.
– Осы сендердің сиырларыңның аты кім еді? А-а-а, не
еді?
– Эра.
– Сол Эраларың тіл біледі дейді, рас па?
– Білгенде қандай! Үш бұзаулады, үш тіл біледі Эра
мыз, – деді Кильда.
– Ой, құрып кеткір-ай, саған дауа жоқ екен ғой өзі! –
деп, Нәтибек орнынан тұрып кеткен.
– Енді, сұраған өзің. Мен жауап бермесем, тағы
өкпелейсің, – деді Кильда. – Эраның шыққан тегі –
қазақтың ақ бас, қара ала сиыры емес пе? Қазақ тілін со-
дан аңғарады. Үлкен шешесін орыс бауырлардан сатып
алғанбыз. Ол тілді қалай білмесін? Жөн бе, осыларым?
Жөн. Туғаннан бермен қарата тәрбиесі таза немісше.
Әнеки, ендігісін есептей бергін. Есебің мықты емес пе?
Нәтекең тарта алмаса, Пәтекең бар.
– Пәтимаңа қайт дегенің бе бұл?
– Е, жоқ-а! Қайтпасаң, қона қал. Анау қасыңда отырған
құрдасыңа айтқаным дағы: «Малға жем салатын уақыт
болды», – деп.
– Қой, біз қайтайық, – деді Нәтибек. – Мына
жалмауызың жеп қоймай тұрғанда жоғалайық біз. Рахмет,
досым Ганс!
– Жүр-жүр, Эрамен амандас, ұят болады, – деді Киль-
да. – Сенің көзіңнен келген бәлені көріп алайық. Тіпә-тіпә
десең, жетер.
– Көрсек, көрейікші осы, – деген Нәтибек дақ-дақ ат-
тап, Вайслердің мал тамына қарай жалт-жұлт еткен бе-
тон жолмен жақындай бастады. Жақындап барғанда,
Кильданың айтуымен аяғын әлденеге қайта-қайта сүртті.
Ганс Нәтибектің үстіне ақ халат кигізді. Содан кейін ба-
рып, сиыр тұратын бөлмеге кіруге рұқсат етілген.
Нәтибек сығалап қарады да, сығырайған көзін алмаған
күйі қатты да қалды.
Сиыр емес, сурет еді ол.
Суреттегідей сиыр еді ол.
Жүні жалт-жұлт еткен жақұт жануар теледидардағы
жарнамада және жалт-жұлт еткен журналдарда болмаса,
әй, қайдам-ау, Көктерек бойынша жоқ қой, жоқ.
– Эра, мынау – Нәтибек деген досымыз, айтып жүрміз
ғой ылғи, – деді Кильда. – Көктеректе тұрады. Танысып
қойыңдаршы, кәне!
Эра шынымен-ақ бұрылып қарап, басын изегендей.
Онымен шектеліп қалмастан, риза кейіпте ыңыранғандай
көрінді.
– Түсіндің бе, қазақша амандасты, – деді Кильда одан
бетер құтыртып. Нәтибек одан әрі тұра беруге, одан әрі
қарай беруге ұялған еді сонда...
Қатын-дұшпан шай-пайды жинап-теріп, қазан-ошағын
айналшықтап кетті. «Ганс досымның мұнысы несі? Неге
ғана Немеребай мен Шөберебай бізден бұрын біледі?
Көшетінін. Қалайынша менен бұрын олар саудаласа-
ды?» – деп күбірледі бұл ішінен. Сыртқа шығара, қаттырақ
айтайын десе, біріншіден, Пәтимадан қаймығыңқырайды,
екіншіден тілі жуық арада ашығанын қоятын емес-ау.
Есептеңкіреп қараса, соңғы кездері Нәтибек Гансты
да, Кильданы да көрмеген екен дағы. Тауарлы-сүт фер-
масында да көрініңкіремеген. Бүгінде бүкіл кеңшардың
билігі басқаларда. Бұрынғы партком хатшысы Немере-
бай да, бұрынғы бас бухгалтер Шөберебай да жұмысты
қойған, қала жағына барғыштайды. Бұрынғы бас эконо-
мист Нәтибек тиіп-қашып қана тауарлы-сүт фермасында
жүр. Кейінгі балалар, яки команда кеңшардың ішкі ісіне
де, кеңсенің шаруасына да араластыра қоймайды. Күллі
дүние қым-қуыттанып кетті ғой.
Бәрібір, сол қым-қиғаш, аласапыранның арасынан тиім
дірек жол тауып, есептерін түгелдеп, тірліктерін реттеп келе
жатқандардың алғы сапында, елден ерекшелеу қоңдана
түскен байлардың қатарында аталатындар: Нәтибек, Неме-
ребай және Шөберебай еді. Осы үшеуі. Әрине, Пәтиманың
қырын қараңқырап айтқанындай, Шымкенттен бір-бір
үй алса, екеуінің Нәтибектен оза бастағаны. Ол мейлі,
енді басқасы-басқа, тап мына Ганс Вайслердің үй-жайын
Немеребайға, немесе Шөберебайға сатқызып, қарап оты-
ра алмас. Қанша дегенмен, қатын-дұшпаның Пәтима да
бекер-босқа тырысып сұрланбас. Намысы басымырақ,
нағашылары қырғыз емес пе? Деп күбірлеп, күйген тілін
сілекейлей емдеп, Нәтибек қатты толғанысқа түсті. Кешке
қарата Гамбургке жеткен.
Ганстың алыс жолдан оралғанына екінші күн екен.
Кильдасы ауырыңқырап қалыпты.
– Көшетініміз рас, – деді Ганс күрсініп. – Мәскеудегі
қызымның үлкен қызметте екендігін білетін едің ғой?
Міне, сол қызымыз көндірді ақырында. Көшемін, Нәтибек
бауырым. Көшкенде де, ырғалып-жырғалмастан, осы
аптаның аяғынан кешікпей, жиналғалы жатырмыз. Жақсы
келдің, бір-екі сағат сырласып қалайықшы бір. Ертеңнен
бастап бір минөт те уақыт жоқ.
Нәтибектің көңілі алай-дүлейге айналды.
Ганссыз Гамбургтің сәні қалмайтындай. Кильданы
енді шынымен-ақ мүлде көрмейтін болғаны ма?
Ағайын-жекжаттан, туған-туысқаннан жақын секілді
еді, обалы нешік.
Бұларсыз тауарлы-сүт фермасының хал-күйі қалай
болмақшы?
Тоқсан үшінші жылы бірер үй неміс көшкенде қанша
комбайн тоқтап қалып еді өзі осы, а?
Алай да дүлей көңілінің арғы жағынан есебі және бас
көтере бастап, онысын әзірше шегіндіріп тастап, бүйдеді
бұл:
– Шыныңды айтшы, Ганс, түптің түбінде осы неміс
туыстардың бәрі көшіп кетпекші ме?
– Кім біледі оны? – деді Ганс. – Мен саған шынымды
айтпай жүр ме едім? Анықтаңқырап болжайтын болсам,
бізден кейін енді Франц пен Эрихтің әулеті жылжиды.
Андрей мен Давыд келер жылы қозғалар. Цихлердің еке-
уі де бізбен бірге кетейін деп отыр. Келте көшедегілердің
осында біржолата қалып қоюы да бек мүмкін. Мүлде
көшпейтіндерді санап берейін бе? Керек пе?
– Жо-жоқ, жай әншейін сұраймын дағы. Бұрнағы жылы
екі-үш неміс көшкеннің өзінде талай комбайн қаңтарылып
қалып еді. Комбайн-сомбайнды қойшы, адамның іші бір
түрлі әлем-жәлем болады екен, жүдә.
Ганс тағы күрсініп салды.
Желегей жел тынып, кешкі тымық кірді. Құрғақ аспанға
кірбің ілінгендей көрініп, жаңбыр жауа ма дегендей дәме
леніп, екеуі жоғарыға қарағыштады. Қазығұрттың тұсын
да ма, одан сәл берірек пе, қара қошқылдау бұлт пайда
болғандай.
– Үй-жайды тезірек сатуым керек, – деді Ганс.
– Аһ! – деп селк ете түсті Нәтибек. Абдырап барып,
бойын жиды, күлген кейіп көрсетті.
– Немеребай келіп кетті, – деді Ганс Вайслер. Нәтибек
тағы селк ете қалған.
– Шөберебай да келді, – деді Ганс Вайслер.
Нәтибек
одан
сайын
шоршыды.
Ауға
түскен
балықтайын шоршыған. Кешкі тымықтың тұнық ауасын
аузымен қармап, демі қысылғандай күйде жауырыны бір
ысып, бір суыды.
Ганс Вайслер ақиқатын айтады ғой. Немеребайдың
атын атап, оған Шөберебайды қосып, әдейі ғана үй-
жайының бағасын шырқатуды мақсұт тұтып отырмағаны
белгілі. Шіркін-ай, немістердің зияттылығын, заттығын
қойсаңызшы. Жолдастыққа да жақсы. Өтірік көлгірсімес,
жалған жалпақтамас. Қанша дегенмен, Ганс досы бұған
іштартыңқырап, бәрін ашып салып, мүмкіндік таба алсаң,
мынадай мұнтаздай тірлікке өзің ие болып қал дегенді
меңзеп отырыпты.
Жып-жылы қабағына жұп-жұқа мұң ілінген Киль-
да білдірмеймін десе де, бұрынғысынан баяуырақ
қимылдап, шай жеткізді. Тағы бірдеңелер әкеліп қойды.
Шәрбат шараптар ғой баяғы. Ганс көп күттірмей-ақ,
құйып-құйып жіберді. Нәтибек ұзақ үгіттетпей-ақ, тар-
тып-тартып тастады.
– Ганс бауырым! – деді сәлден соң, аса сапалы
шараптың тұла бойына шым-шымдап, түп-түгел жайы-
лып, тарап бара жатқанын жан рахатымен сезінген
Нәтибек. – Сен мені өзіңдей түсінесің, мен сені өзімдей
түсінемін. Мына сенің үй-жайыңдай тірлікті өз басым
әзірге еш жерден кездестірген емеспін. Кім-кімге де көп
көрмеймін. Қызғанбаймын. Еш уақытта қызғанбаймын
мен, білесің бе? Бірақ Немеребай секілді н-не-нелеу
пенделердің ие болғанын оншалықты қаламайтыным рас.
Білдің бе? Мынадай ертегіні Шөберебай секілді н-ны-
нысапсыздардың басып қалатынына қатты қайғыруым
мүмкін...
Ганс күлімсіреді. Ыңғайсызданып, желкесін қасыған
болды.
– Біліп отсың ба? – деді Нәтибек. – Түсіндің бе мені?
Түсінгенің шығар, желкеңді қазақша қасыдың ғой.
– Үшеуің бір-біріңмен ағайынсың, – деді Ганс. – Мен
жалпы бар ғой, біреудің сыртынан сөз айтқанды онша
жақтыра бермеймін.
– Мен де онша жақтырмаймын, сені өзім деп айтып
отқаным.
– Былай қарағанда, маған үшеуің де бірдейсіңдер. Бірақ
мына үйіме, мына жайыма сен Пәтима екеуің ие болып
қалсаңдар, әрине, қаттырақ қуанар едім. Барған жағымда
да жайбарақаттау жүрер ем.
– Ой, айналып қана кетейін-ай! – деп Нәтибек Несіп
байұлы Ганс Вайслердің бетінен шөп-шөп еткізді. – Келші,
Кильдажан! Сенің де бетіңнен бір рахаттана сүйейінші!
Кетіп қаласыңдар-ау, көп ұзамай...
– Жаздың тұмауы жаман жұғады, – деді Кильда
әрегіректе отырған күйі. – Көрмейсің бе, гриппін мен.
Әйтпесе, өзімнің де ықыласым ауып-ақ тұр. Елу жылдан
бермен қарата тап осындай толқыған күйіңді көрмеп ем.
– Бұ бәлемен айтысып береке таппаспын, – деді
Нәтибек. – Сонымен, Ганс досым, тоқетерін айтшы, қанша
деп тұрсың үйіңді?
– Бізде құйтырқы жоғын білесің, – деді Ганс Вайслер
көк пиязды шайнап отырып. – Өз қамымызды да күйттеп,
алымсақтың ахуалына да абайлаңқырап қарап, түптеп-
түйіп айтқанда, жеті мың долларға тоқтадық.
Нәтибектің шүйдесі шың етті. Теңгеге лез-демде шағып
жіберіп, миға салып еді, мына үй-жайға қарағанда, түк те
қымбат емес.
Ганс сөзін одан әрі жалғады:
– Қазағымның жаман мақалы жоқ. Әсіресе, «Нысап са
йын береке» дегенін қатты ұнатамын. Уақыт тар, әйтпесе
шырқап-ақ кететін тірлік...
Вайслердің екі сөйлемейтінін, артық мыжымаға бар-
майтынын жақсы біледі бұл. Ләм-мимсіз ұзақ ойланды.
Бозқарағанның гүлі семе бастапты. Сонда да айрықша
алабөтен иіс бұрқырап, бас айналдырғандай болды. Үлкен
ұлын ойлады, жекеменшік кіші кәсіпорны бар кіші ұлын
ойлады. Қайынжұрт жағын көз алдына келтіріп, Түркітау
жаққа жанарын жықты, тағы бір қиял Тәшкеннен ары
асып қанат қақты. Опынып қалмасқа қам жасаған жөн де-
ген түйін түйді. Шау тарта қойған жоқ, шегіншек емес әлі.
Ганс үнсіздіктен ыңғайсызданып, Шәмші Қалдаяқовтың
«Анама» әнін әуендетті. Нәтибек кенет тірілгендей:
– Ганс! – деді қатты дауыстап. – Үш күн, үш түнге
шыдайсың ба? Шыдайсың ғой?!
– Шыдайын. Сен шынымен ниет қылсаң, шыдамаған
да, − деп тұр Вайслер.
– Әй, Нәтибек! Шынымен сендер алсаңдар бар ғой-ә,
мен мына Эраны ешкімге сатпаймын. Пәтимаға тарту
етемін, – деп Кильда жөтелді алысырақтан.
– Бопты-бопты, жүдә, ризамын, айналайындар! Үш
күннен соң таба алмасам, ала алмасам, өз өкпем өзіме.
Төртінші күні тірі екендігімді білдірмесем, маған серт!
Немекең бе, Шөбекең бе, артықтай айтып, айнып кетсең,
саған серт, Ганс!
Осыны айтқан Нәтибек қараңғылыққа сіңіп кете
барған.
Сол түні сәл ғана жаңбыр жауып өткен. Бәрібір өларадан
күткен үміт ақталмады. Оның есесіне Түркітаудың арғы
жағында, Қырғызстанда шелектеп төгіп тұрыпты. Құлқын
сәріден-ақ Пәтима белді буып алып, Қырғызстан жақтағы,
Таластың тар қолтығындағы кеніште істейтін інісінен
жәрдем сұрауға аттанып кетті.
Аудан орталығындағы ортан қолдай қызметте жүрген
үлкен ұлы егемен Өзбекстан Республикасы, Сырдария
уәлаятының Шыназ қаласында зауыт ұстайтын күйеу ба-
ласына жол тартты.
Ұзын сөздің қысқасы, үш күн өтіп, төртінші күн жет-
кенде, жеті мыңға жетеғабыл долларды жинаған Нәтибек
Ганс Вайслерге жеткенше асықты.
Неміс туыстарды шығарып салу қиынға соқты. Толқы
маған, тебіренбеген, көздеріне жас алмаған адам қалмады.
Ойпырай, десеңізші, баяғыда қырық бірінші жылдың суық
күзінде, станса толып кеткен қарақұрым арбаларға мініп
жатқанда ше, әлденеше жүздеп саналатын немістердің
ересектері бар, бала-шағалары бар қыңқ етіп дыбыс шы
ғармаған еді. Енді, мінеки, үш-төрт үйі ғана көшіп бара
жатқанның өзінде қазақтар секілденіп, улап-шулап, қиын
болды.
– Көрдің бе, сендерге де қазақтардан бірдемелер
жұққан секілді, көрдің бе?! – деп кемсеңдеп тұрып жы-
лады-ай Нәтибек. Пәтима мен Кильда құшақтасып алып,
әзер-әзер ажырасты.
Қоштасудан кейін үш-төрт күн өтер-өтпесте Нәтибек
пен Пәтима бірқатар немерелерімен бірге Көктеректен
Гамбургке көшіп алған. Нәтибектен ілгерілі-кейінді Не-
меребай мен Шөберебай да Гамбургке қоныс аударды.
Нәтибектің алғаны Ганс Вайслердің үй-жайы екендігі бел-
гілі. Немеребай одан оншалықты кем түсе қоймас Адольф
Цихлердің, Шөберебай Андрей Цихлердің үй-жайларына
ие болған еді.
Сұлу сиыр Эраны сат деп жалынған немістер де,
қазақтар да, орыстар да, тіпті түріктер де табылған. Алай-
да, Кильда өзінің уәдесінде тұрды. Пәтима сүт бұлағы
сарқыраған, жақұттайын жарқыраған жануарды сыйға
алып қалды. Кильданың көшіп кетіп бара жатқанын Эра
адамдардан да артығырақ сезген шығар. Қара ала кірпік-
терін қағып-қағып алып, ой-хай, бір мөлтеңдеп жылағанда,
тымпылдаңқырап қатқылдау көрінетін Пәтиманың өзі егі-
ле төгілсін-ай келіп.
Гамбургке көшіп алған соң бұрынғыдай емес, Немере-
бай мен Шөберебай Нәтибектің үйіне келіңкірейтін сыңай
танытты.
– Нәтибек Вайслерге үлкен Цихлерден жалындаған
сәлем! – деді Немеребай қақпадан кіріп келе жатып.
– Гутен абенд, херр Нати-Бек Вайслер! –деді Шөбере
бай. – Их һабе Шөберебай Цихлер!
Пәтима өзінің қимас-қымбат құрбысы Кильдаға қатты
еліктеп жүрген-ді. Немекең мен Шөбекеңді үй ішіне
кіргізбей-ақ, ауладағы әдемі үстелге шай-пай, шарап
әкеліп қойды. Үш қожайын да тым емініп-сұғынып кет-
пестен, немісше ұстамдылық танытатындай. Шымшып
жеп, іліп ішіп отырыпты.
Алғашқы бас қосулары кезінде жаңадан сатып алған
үй-жайларын қалайша күтіп ұстау керектігі, ішінара не-
месе толық механикаландырылған мал тамдардың жай-
жапсары талқыланып, жан-жақты пікір алысылды.
Келесі бір жолы Немеребай мен Шөберебай бұлардың
ауласына асып-сасып, абыржыңқырап кірген. Немекең
үш түп алмасының қурауға айналғанын айтты. Шөбекең
тізіле сызылып тұрған жүзімнің түгелдей бозарып бара
жатқанын мәлім етті. Нәтибектің өзі де, көріп отырсыңдар
ғой дегендей, ауласының реңі қашып қалғанын аңдатып,
терең күрсініп қойған.
– Механикаландырылған мал тамның бірдемесін кеше
ғана кенже баламыз бүлдіріп тынды, – деді Шөберебай
күйіп-пісіп. – Телевизор жыбырлап, істемей қалса,
жұдырықпен бір періп жіберетін еді, әлгі мал тамдағы
шөп турағышы істемей қалған екен, балтаның шүйдесімен
қойып кеп жіберіп, күл-талқанын шығарыпты. Атаңа
нәлет-ай, әкенің малы балаға мал болып жарытпас деген
осы-ау!
– Айтпақшы, осыдан оншақты жыл бұрынғы бір әңгіме
басыма сап ете қалғанын қараңдаршы! – деді Немеребай.
– Немістердің сөзі қысқа, ісі нұсқа, әңгімең шыли со-
зылып кетпегей, – деді Шөберебай. Нәтибек:
– Айт-айт, – деді.
– Өзі де қып-қысқа нәрсе еді, өздерің созып отырсыңдар
ғой, – деді Немеребай. – Ұмытпасам, осыдан тұп-тура он
жыл бұрын, мына Нұрлысу ауылына бүгіндері ең мықты
жазушыға айналған Дулат Исабеков келген. Өзі сонда
туған ғой. Соғыс кезінде олар Нұрлысуға көшіп келіп,
Дулат туған соң көп ұзамай, қайтадан көшіп кеткен
Монтайтасқа. Сол мықтыңыз қымызшы Қасымбектің
үйінде қонақ болған. Аудан басшылары келген, мен де
күтісіп ем.
– Кім дейсің? – деді Шөбекең.
– Дулат Исабеков дейді. Жазушы-драматург. Бүгінгі
қалам ұстағандардың аса мықтыларының бірі ғой, – деді
Нәтибек. – Білмейсің бе, немене?
– Білгенде қандай! Дәулет Исабекұлы деген журна-
листі жақсы танимын, – деді Шөберебай.
– Жо-оқ, Дулат Исабеков басқа, Дәулет Исабекұлы
мүлде басқа ғой! – деп Немекең аса қатты реніш білдірді.
– Екеуі бір адам емес пе сонда!
– Туһ, сен өзі кітап оқымайды екенсің ғой, а?! Дулат Исабековті қайдағы біреумен қалайынша шатастырасың?! – Тоқта-тоқта! Қайдағы біреу деп төмендетпегін. Қайдағы біреуің не сенің? Дәулет Исабекұлы да – күштінің бірі. Ол қазір қайдағы біреу емес, білдей қажы! Қаж-ы-ыы-ы! Білдің бе? – Білем. «Дәулет қажы Исабекұлы» деп жазады, кален дарьдың неше түрін шығарып, тыным таппай жүр. Бәлкім, жақсы адам шығар, қажы шығар. Бірақ әңгіме ол кісі туралы емес, керемет жазушымыз, драматургіміз Дулат Исабеков туралы болып отыр ғой! Немекең мен Шөбекеңнің пікірталасы таусылмасқа айналды. Нәтибек шыдай алмай: – Немеребай, осы сен не айтпақшы болып едің о баста? – деп сұрады. – Нұрлысу ауылына келгенде жазушы Дулат Исабековтің ауызша айтқан бір мысқыл мысалын келтірмекші едім, мұрша бермедіңдер ғой, жүд-дә. – Айтсай енді. Шөбекең қойды. Қажекеңнің құлағын шулатпай, Дулатыңды дулата берші. – Айтсам, – деді Немекең. – Дулат Исабеков сол сексен бесінші жылғы жазда қымызшы Қасымбектің үйінде былай деді: «Неміс деген өзгеше халық қой. Осыдан біраз жыл бұрын Алматының жоғарғы жағынан бір немістің дачасын сатып алып едік, үш жыл бойы қарамай қойып, зорғадан қазақыландырдық қой». Әне, осылай де-е-еп қарап отыр. Осы еді айтпағым. – Ах-ха-ха-ха-ха! – деп ішек-сілесі қатты Шөбекеңнің. Нәтибек те селкілдей жөнелді. – Үш жыл қарамай қойып, зорғадан қазақыландырдық, уах-ха-ха-ха-ха! – деп Шөбекең қояр емес. – Кешіріңдер, мен шынында да ол жазушыны оқымаған екенмін. Уах-ха-ха-ха, енді оқымай болмас. Көрдіңдер ме, сөздің төркіні қайда жатыр?! Үшінші аптаның соңына таман Пәтима Көктеректің қатындарын үш топқа бөліп, үш дүркін шақырып, шай берді. Содан соң ғана, кішкене былай арқа-басы кеңігендей, иығынан үлкен бір жүк түскендей, емін-еркін, емен-жарқын сезінгендей еді. Үш дүркінде де он бес пен жиырма шақтының төңірегінде топырлап келген қатындар
бәріне таң-тамаша қалып, аралап көріп, ұстап сипап, тар-
тып байқап, мәз-мейрам күй кешіскен. Эраны көрген
сәтте талай қатын талып түсе жаздады. Толық және жан-
жақты механикаландырылған мал тамға жақындатпау ту-
ралы Нәтибектің нұсқауы сәл-пәл бұзылды. Оның үстіне
елу-алпыс қатынға кигізе қояр халат жоқ қой. Бәрін айт
та бірін айт, үш дүркін келген қатындар бұрынғы Ганс
Вайслердің, бүгінгі Нәтибек Несіпбайұлының ауласын
айтарлықтай-ақ қазақыландырып кеткен-ді.
Төртінші апта аман-есен, айтақаларлықтай оқиғасыз
өткен. Бұлар бәлеге бесінші аптада душар болды ғой.
Табан астынан Эра ауырып қалды. Іші кұрығыр жүрмей,
нешеме дәрігер әкеліп, түрлі-түрлі дәрі берсе де, болма-
ды тіпті. Оқтау жұтып алғандай сіресті де тұрды сұлу
сиыр. Үрпие-үрпие келе Көктерек сиырларының кей-
піне түсті. «Көз тиді ме?» – десті. «Бұрынғы иелерін
сағынып, ішқұса болды ма, әлде?» – десті. «Жақпас
бірдеңе жеп қойды ма?!» – десті. «Сен кінәлісің!» – деді
Нәтибек Пәтимаға. «Өзің Ганс құсап қарай алмадың!» –
деді Пәтима дейтін қатын-дұшпан қайтпас-қайсар мі-
незіне басып. «Эраны алғанша, мына мені алшы, Алла-
Құдай! – деп ботадай боздады Пәтекең. – Дос-дұшпанға
күлкі қыла көрмеші, табалата көрмеші, айналайын Алла –
Құда-а-ай!».
Бесінші күні түс ауа бере Эра дүниеден өтті.
Қара ала кірпігін қақпай, қимылсыз қалды.
Көктерекке хабар жіберілді. Қатындар бір топ боп
келіп, көңіл айтты. Пәтима ауызғы бөлмеде, бүйірін
таянған күйі, табан астында былай деп жоқтау шығарды:
Ой-ы-бо-о-о-ой! Ой-о-о-ой! А-а-ай!
Шақпақтың желі өкпек-ті,
Қолымнан менің еп кетті.
Жүні бір жақұт жануар,
Кай жеміт көзі жеп кетті?!
Гамбург деген жұмақ-ты,
Жайқала өскен құрақ-ты.
Кильдамнан қалған Эрашым,
Қай дұшман көзі сұлатты?!
Сайрамсу тасы қайрақ-ты,
Сиырым сүті – қаймақ-ты.
Үш тілді білген Эрашым,
Қандай жау сені жайратты?!
Ойы-бо-о-ой! Ой-о-о-ой! А-а-ай...
Көктеректен келген қатындар бұл жоқтауды тыңдап
отырып, қатты састы. Беттерін шымшыласып, бір-бірімен
сыбырласты:
– Өле-ә-ә, масқара! Жеңешем жоқтау айтып отыр
ғой, жаңа үйге кіргенде ең болмаса дауысымызды
шығармаппыз ғой?!
– Соны айтсайшы!
– Мейірімсіз боп барамыз-ау осы біз...
Десті делегация мүшелері ыңғайсызданып. Нәтибек
есік алдынан өтіп бара жатып:
– Мынау сұңқылдап, не оттап отыр өзі? – деді таңданып.
Сосын: «Өлсе, мал өлсін, бәле-жаланың бәрі сонымен
кетсін», – дегісі келген. Дей алмады бірақ.
Толық және жан-жақты механикаландырылған мал
тамда бір түнетілген Эраның денесі ертеңіне тоғайдағы
тау талдардың арасына жерленді.
ШЫҒАРМА
Ол кезде бұлардың кеңсесі Қошқарата бұлағының
жарқабағындағы жарылғалы тұрған жалғыз үйдетұғын.
Жалпыдан жырылған жалқыдайын құлазып отырғанында
күтпеген жерден Проректор кірді. Әлі күнге дейін есінде
ғой, ол кісінің кеңсені іздеп тауып алғаны, жетіп барғаны
еңсесін одан әрмен езе түскен еді. «Бізді Васильевтің
қуып тыққан жері осы болды», – деген бұл бұлақтың
бойын булықтыра қайғыртқандай. «Таң қаламын, – деді
сосын тағы да бұл. – Неге сонда оның бір басында төрт-
бес кеңсесі болуы керек те, пақырлар коғамында ештеңе
болмауы тиіс? Бәріміз бірдейміз, теңбіз дейтініміз қайда
қалады сонда?».
Проректор мұны бірінші мәрте көріп тұрғандай таң
дана қарап, көзін әзер тайдырып әкетіп, қоңыр үстелдің
үстіндегі сарғайған газеттерді аударыстырған сыңай
ланды. Лауазымына сәйкес Проректор пақырлар қоғамы
басқармасына мүше болып сайланатын. Жалпы, өзі өзге бастықтардай емес, ерекше елгезектеу, жан-жақтылау секілді. Бұлақ бойындағы бұлыңғыр бұлтты серпіп тастағандай бір күліп алды да: – Мәселе кеңседе емес қой, Пақырдин, оны өзің дағы жақсы түсінесің, – деді Проректор. – Мәселе кеңседе емес, – деді бұл да қызбалана түсіп. – Кеңседе емес, еңседе болып тұр ғой, аға! Бір түрлі еңсемді көтере алмай-ақ қойдым. Өзімді о дүниеде жүргендей сезінетінім бар осы күндері. Проректор тіксініңкіреп қалғандай, сарғыш газеттерді ысырып қойып, шиқылдақ орындықты шегіндіріңкіреп отырды. – Немене, о дүниені білуші ме едің? – деді ол енді өзімсінген, бірақ реніштілеу райда. – Әлде, барып қайтқандай жағдайың бар ма? – Барып қайтпасам да білетін сияқтымын. Бұ дүниеден баз кешкеніме біраз уақыт өтіп кеткендей көрінеді де тұрады, – деді Пақырдин. – «Шала дін мен қате пәннің» жемісіндей жалпыдан безіп, тіршіліктен түңіліп, тау кезіп кеткен, үңгір сағалап, қылуетке түскен шайырлар болған. Оларды өзің де жақсы білесің ғой сен. Соларға еліктеп жүрсің бе, әлде? – Сопыларға солықтайтындай мен кім едім соншалық? – Болмасаң да ұқсап бақ деген. Жә, жарайды, әнеукүнгі телефонмен айтқанымды ойландың ба өзің? Бір хабарын беремін деп ең, үн-түнсіз көшіп кетіпсің? – Болмағанға болыспа деген ғой, аға. Сондай-сондайға, жүдә, жоқпын ғой. Өз бетімше тып-тыныш жүрген жан едім. – Сені бола қалсын, тола салсын дейтіндей көлпалдық емес мына біздікі де. Жаманды-жақсылы көпшілікке танылыңқырап қалған адамсың. Қабылдау комиссиясының құрамында сендейлердің біреу-жарымы жүрсе, біздің жаққа сәл де болса сенім нығаяр дегендегі мақсаттағы. Ал саған өмірді, адамдарды әртүрлі жағдайларда зерттеп, біле түспектің өзі аз олжа саналмас, сірә?! Оның үстіне обкомның мүшесісің, – деп, қолпашпен қорытындылады Проректор.
– Тағы біразырақ ойланайыншы, аға, – деді бұл Про
ректорға тұнжыр қараған күйінен танбастан. – Тып-ты-
ныш жүрсем деп едім. Қанша дегенмен...
– Ақылдылар ойланғанша, ақымақтар ісін бітіреді де-
генді біздің Ректор жиі айтыңқырайды, – деді Проректор
Пақырдиннің арқасынан қағып-қағып жіберіп, орнынан
түрегеліп. – Ертең сол кісіге кіруіміз керек. Тып-тыныш
жүру деген өзің айтқан о дүниеде болмаса, бұ дүниеде,
әй, қайдам-ау, әй, қайдам. Көп ойланбаққа уақыт тар,
таңертеңгі сағат сегізде күтемін.
Проректор жарылғалы тұрған жалғыз үйден асыға
шығып, мұның маусым айында мұздаған қолын ықыласпен
қысып, мәшинесіне қарата асыға жүгірді.
Неге екені белгісіз, сол көктемде ғана кенеттен қайтыс
болған обкомның бірінші хатшысы көз алдынан кетпей-ақ
қойғаны. Біреулер «өзін-өзі өлтіріпті» десті. Пақырдинге
салса, олай болуы мүлде мүмкін емес секілді. Марқұм
көзі тірі кезінде бір емес, екі-үш рет өзі шақыртып
алып, арнайы қабылдап, пақырлар қоғамына оң көзімен
қарайтынын байқатып-ақ еді. Жаңадан келген бірінші
хатшы мұның жеке басының жағдайын, тұрмыс ахуалын,
үй-күйін қаншама қадағалап сұраса дағы, бұл бір ауыз
айтпай, тек қана қоғамның жағдаяттарын мағлұмдап,
облыстың шаруашылық салаларын саралаған болып еді.
Бір таңғаларлығы сол, бірінші хатшыны қайтыс болардан
бір аптадай ғана бұрын көрген-ді. Тұп-тура тал түстің
шамасытұғын. Обком үйінің алдындағы шыршалардың
арасында кідіріп тұрыпты. Жайшылықтағы жайдарылығы
жоқ, төбесінен сәуір айының күншуағы емес, көңіл
құлазытатын қарасұр көлеңке құйылып тұрғандай
көрінген-ді. Күн ашық еді, жаңа бүршік жара бастаған
майда ағаштардың айналасындағы нәзікеш көгал бетінде
әлсіз көбелектер көлбеңдей ұшқан шақта, аспан әлемінде,
көк жүзінде шөкімдей бұлтыңыз жоқта, әлгі кісінің
төбесінен, төтесінен шүйілгендей көрінген зілдей қара
көлеңкені байқағаны растұғын. Тап сол сәтте айқын сезі-
не қоймаған да шығар-ау, алайда, апта өтіп, ел желден бе-
тер гулей жөнелгенде, бәрі-бәрі айны қатесіз көз алдына
оралып, суреттей орнап қалды. Қалып қойды кетпестен.
Сол күні солғын амандасқаны да есіне түсті емес пе?
Қарауытып қарағаны да. Обком үйінің алды сәуірдің ашық
күнінде, тапа-тал түстің өзінде кенеттен күңгірт тартқаны
да. Ана кісінің аяғын сылбыр басып бара жатқаны да.
Көгілдір шыршалардың көгістене сұрқайланып, күреңіте
жөнелгені де. Еңсесі түсіңкі бірінші хатшының екі жаққа
қарай ашылатын емен есікті екі-үш рет тартып, нәтиже
шығара алмағанына налығандай, қайрансыз қорланғандай
көзқарасы да. Ішкі жақтан қызыл жағалы, жап-жас, жирен
шашты милиционердің жымия ыңғайсызданып шығып,
есікті айқара ашқаны да.
Апта өткенде бірінші хатшы кенеттен қайтыс болды.
Әр түрлі әңгіме шыға бастады. Кім не айтпады дейсіз сон-
да?!
Васильев сазарған, қансыз-сөлсіз күйінен танбады.
Сөйтіп, бұлардың кеңсесі Қошқарата бұлағының бас
жағындағы биік жарқабақ басына, жарылғалы тұрған
жалғыз үйге көшірілді.
Васильевіңіз де, бұл да, яғни Пақырдин де обкомның
мүшелері болып сайланғантұғын...
– А-а, кел-кел, обком мүшесі, – деп қарсы алды Рек-
тор.
Пақырдин Проректорға тура сегізде барған еді. Ол кісі
бұған Ректордың алдында өзін-өзі қалай ұстауы қажеттігін
айтып, әлдеқалай ұнамайтын сөз ести қалса, көңілге
алмай-ақ қойғанының, мүмкіндігінше қырсықпағанының
жөн екендігін тәптіштеп түсіндірген. Ректордың жалпы
алғанда, жаман адам еместігін, қазіргі (яғни, сол кезді ай-
тып тұр ғой, осыдан шамамен он жыл бұрынғы кез еді
ғой) заманда үлкен оқу орнын басқарудың аса қиындап,
күрделі тартып кеткенін, Ректор түгілі Проректор, Декан,
тағысын-тағыларға дейін жүйкелері жүндей түтіліп, мына
таянып кеп тұрған қабылдау науқаны біткенше жарым
жастары кеміп кететінін ұғындырып баққан. Сондықтан
да шығар, кең кабинеттегі, аса алыс көрінген қап-қара
үстелдің арғы жағындағы ақ жейделі, қызылшырайлылау,
жымсиыңқыраған Ректор бұған түсінікті сезілді.
– Біз сені жақсы білеміз, – деді Ректор Проректорға
қарап. Проректор басын бірнеше мәрте шұлғып еді,
Ректор бұған бұрылып, «әне, көрдің бе, мен тек шынды
сөйлеп, ақиқатты айтамын» дегендей кейіппен, рахаттана
шалқайды. – Қысқасы, біз сені қабылдау комиссиясының
құрамына үлкен сеніммен, құрметпен ұсынып отырмыз.
Жо-жоқ, қалай еді әлгі, сені ұсынып отырған жұртшылық
деп есептеледі. – Ректор Проректорға көзін төңкеріңкірей
қарап, тағы да мақұлдатты. – Түсіндің бе, сен нағыз
халықтың адамысың. Сені халық ұсынған болып табы-
лады, солай саналады (оқырманға осы күнгі газеттерше
ескерту: кейіпкер сөзі жазбагер көкейіндегі сөзбен сәйкес
келе бермеуі бек мүмкін). Ал қабылдау комиссиясының
құрамына кіргізетін – мына біз. Түсіндің бе?
– Түсінеді ғой, – деді Проректор (тағы да оқырманға
ескерту: кейіпкердің кейбір пікірі үшін жазбагер жауап
бермейді).
– Бұл сенімнің, бұл құрметтің жауапкершілігін терең
сезіне білу керек, – деді Ректор креслосын алдымен сол
жаққа, сосын оң жаққа жартылай айналдыра шайқаты
лып. – Бұ жігіт негізінен шығармаларды тексерумен ай-
налысады ғой, солай ма?
– Солай, өзінің мамандығы мен қабілетіне әбден сәй
кес, – деді Проректор.
– Әне, көрдің бе? Біз қабылдау комиссиясына сырт-
тан кіретін адамдарды қалай таңдап, қалай іріктейміз? –
деп масаттанды Ректор селкілдей күліп. Одан әрі Рек-
тор көзәйнегінің үстінен Проректорға, көзәйнегінің
астынан бұған қарап, бірталай ақыл-кеңес айтыңқырады.
Шығарма тексерудің оңай еместігін, жас талапкердің
келешегіне балта шабуға болмайтынын, әсіресе, осы
жазба жұмыстарынан арыз-шағымдардың өте көп
түсетінін біразға созыңқырады. Сонымен қатар, қатаң
талап қоймақ керек. Осы жасыратыны жоқ, қазақ тілі
мен әдебиеті бөліміне құжат (ол кезде документ делі-
нетін) тапсырушылардың тым-тым көп екендігін, бәрі
осы факультетті оңай көретінін, ал шынтуайтына кел-
генде, бұл түсініктің түбірімен, мұқым ұшқарылығын,
ең қиын, ең күрделі факультеттің филфак екендігін
баян етті. Ректордың пікірінше, қазақ тілі мен әдебиеті
бөлімін жеңіл көріп, оңай түспек оймен келушілер
қатты қателеседі. Дәл сондайлардың көбінесе сауатсыз,
шығарма жағына шорқақ болатыны – бесенеден белгілі
нәрсе. Міне, сондықтан да оқу орнының басшылығы
шығарма тексеру жұмысына бұл секілді адамдарды
бекер-босқа таңдамайды.
Ректордың кабинетінен шыққанынша бірталай уақыт
өтті. Ауызғы бөлмеде күтіп отырғандардың бәрі дерлік
бұған дүние жүзіндегі ең бақытты адамға қарағандай
қызыға аңтарылатындай. Проректор күте тұруы керек
тігін ескерткен-ді. Бір сағат өткенде бүкіл оқу орны
бойынша қабылдау комиссияларының жиналысы бас-
талды. Тағы да бір жарты сағат үзілістен соң факуль-
тет қабылдау комиссиясының отырысына қатысуына
тура келді. Содан кейін пән жөніндегі комиссияның бас
қосуы болып өтті. Одан соң шығарма тексерудің мән-
мәнісі түсіндірілді.
Осылайша пақырлар қоғамының жетекшісі жоғары
оқу орнындағы студенттер қабылдау науқанына араласып
жүре берді емес пе.
Пән комиссиясының төрағасын бұл өзінше, іштей Пән-
Төраға деп атай бастады. Пән-Төрағаның басы өте үлкен,
бірақ жартылай жылтыр екен. Негізінен милық маңайынан
жоғары қарата түк те жоқ, ал төмен жақты түгелдей
биік жаққа жұмылдырып, атшаптырым алаңқайды се-
леу шөппен жапқандай әрекет жасаумен әлектенеді.
Сондықтан сол қолы көбінесе төбесінде. Пән-Төраға
талапкерлер (ол жылдары абитуриент дейтін) жазатын
шығармаларды тексерудің жай-жапсарын бүге-шігесіне
дейін түсіндірді. Әрине, ол кісі алдымен Ректордың ес-
кертпелеріне ерекше тоқталды. Әділдік болу керектігін,
адам тағдыры ойыншық еместігін, алып-қашпа сөздердің
шығуына жол бермеу турасында айтыңқырап өтті. Рек-
тор мен Проректор ғана емес, басқа да ішкі және сыртқы
органдар тараптарынан қатаң қадағалау, түрлі тексеріс
жүргізіледі. Қабылдау емтихандарының өзгелері бір
бөлек, ал қазақ тілі мен әдебиетінен жазылатын шығарма
өз алдына бір төбе. Әсіресе сырттан келгендер, өзге
жақтан шақырылғандар абайласын.
Пән-Төраға шығармаларды тексеру кезінде қызыл
қарындашты қалай пайдалану керектігін ежелеуге кі
рісті. Сәл ойланып, сол қолымен төбесін жауып жатқан
шашының тегістігін тексеріп, үнсіз қалды дағы, артынша
оң қолындағы қызыл қарындашты шошайтып, аспанға
көтерді. Тап сондай қызыл қарындаштар шығарма
тексерушілердің әрқайсысында жеткілікті болуы ке-
рек екен. Тек қана қызыл қарындаш. Басқалай жазба
құралдарының ешқайсысы жарамайды.
– Бірінші орфографиялық қателердің, екінші пунктуа
циялық қателердің саны жазылып, сосын, әрине, стилис
тикалық қателер, шығарманың мән-мағынасы, мазмұны
жан-жақты ескеріліп, бағасы қойылады, – деді Пән-
Төраға. – Бағаны алдымен цифрмен, ал жақшаның ішіне
сөзбен жазасыздар. Бәріңізге, әсіресе сырттан келгендерге
ерекше ескертетін нәрсе...
Пән-Төраға тағы да қызыл қарындашты басынан асы-
ра жоғары көтерді. Пақырдиннің көз алдына сол көктемде
кенеттен қайтыс болған обкомның бірінші хатшысы, оның
үстеліндегі мұқият ұшталған, түрлі-түсті шүпірлеген қа
рындаштар елестей жөнелгені. Пән-Төрағаның не айтып,
не қойып тұрғанын бұл түк те естіместен, басқа дүниеге
еніп кете барды.
Обкомның жаңа келген бірінші хатшысын ә дегеннен-
ақ жұртшылық жылы қабылдаған-ды. Өзгелер секілді
қырып-жоюдан бастамады, өзінен бұрынғы басшыны бір
ауыз ғайбаттамады, кеткен кісінің сыртынан салқын қабақ
та танытпаған. Әлбетте, бұлардың да маңдайына сыйма-
ды ғой, тірі жүргенде Васильевіңіз пақырлар қоғамын ба-
сынбас еді.
Бірінші хатшыны бүкіл облыс болып жерледі. Үлкен
қала тұп-тұтас қара жамылып тұрды. Көше-көшенің
бәрі адамға лық толып кетті. Марқұммен қоштасуға ке-
лушілерде шек жоқ секілді сезілді. Обком хатшысының
денесі шаһардағы ең көрнекті үйге кіргізіліп, сәлден соң
қоштасу рәсімі басталды. Жұртшылықтың тізбегінде бұл
да бартұғын. Сәуірдің шуақтанып-ақ келген күні табан ас-
тынан суытты. Содан бір апта бұрынғы, мұның көз алды-
нан кетпестей сурет болып орнап қалған, жүректің түбін
суылдата мұздатар қорқынышты қарасұр көлеңке бүкіл
жердің жүзін сумаңдай шырмап алғандай еді.
Марқұмның табыты атақты ғимарат залының сахнасы
на орналастырылды. Айналасында туған-туыстары оты
рыпты. Ең шетіндегі қараторы жас әйелге көзі түскенде
мұның жігері құм болып қоя бергені. Бірінші хатшы-
дан титімдей де айнымайды-ау, айнымайды. Мұндай
да ұқсастық кездеседі екен. Тек ағасынан айнымайты-
ны ғана емес, Пақырдиннің жігерін құм еткен басқа да
бірдеңе бар сияқтанған-ды. Бәрінен де қатты қайғырып,
қабырғасы қайысып, егіле езіліп отырғаны да өз алдына,
обком хатшысының қараторы қарындасы адам илана бер-
местей жүдеу киінген екен. Бұл пақырыңыз киім-кешек
дегеніңізге тап сол сәтте қалайынша қазбалай қарап, тінт-
кілей таңырқағанына түсінбейді. Әрине, обкомның бірінші
хатшысы түгілі, анау-мынау қатардағы қызметкерлерінің
қарындастары һәм үлде мен бүлдеге оранып, үлпілдеп
жүретіндіктен таңырқаған шығар. Ақжемденген қара етігі-
не, жұпыны қоңыр пальтосына қайталай күрсініп қарай
бергенде, кенет хатшының қараторы қарындасы теңсетіле
зарлап, Қараүлек шешенің Мамайды жоқтағанындай
қобыз-әуенге салды-ай келіп. Қапияда қайтқан облыс
басшысының Қараүлек-қарындасы айтқан жоқтау зары
шаһардағы ең шырқау биік ғимараттың өзін теңселтіп жі-
берді. Үйіңіз де кәдімгі адамдар секілді шайқалады екен.
Ағасынан айнымайтын Қараүлек-қарындастың сөзін
онша естімеді бұл, ал жоқтау әуені: «А-а-а, а-а, а-а-а,
ағ-ай, А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай...» деген күйінде құлағында
қалып қойған.
– Сен, шырағым, мені тыңдап отырсың ба? – деген
дауыстың қай тараптан естілгенін қиналыңқырай аңғарып,
оқу орнының үйлері ортасындағы асфальт алаң құрсай
қысып тұрған ақ теректен көзін әзер ажыратқан Пақырдин
Пән-Төраға жаққа назарын жықты. Сөйтсе, ол кісі қызыл
қарындашты биікке көтерген күйінде, бұған тесіле қарап
тұрыпты. Тамағын кенеп, таңданысын жасырыңқыраған
Пән-Төраға бүйдеді:
– Қалқам, біз сені білеміз, пақырлар қоғамын құр
меттейміз. Сен түсінбегеніңді мына біздің сойқандардан
сұрап алғын, жарай ма? Бұл сойқандар небір классикалық
шығармаларды сойып салады. Мысалы, мына сары бала
саған аға болады. Шығарма тексеруден алдына жан сал-
мас. Институтты түп-түгел мойындатқан сойқанымыз –
осы ағатайың.
Шегір көз сары бұған қарап, қадала тесілді. Аса мәде
ниетті мәнерде басын иіп қойды. Ағатайын бұл Қадалған
деп ныспылады. Жалпы, жанамалап ат қоюға келгенде,
Пақырдиніңіз мектептен бастап-ақ айтарлықтай қабілет
танытқан-ды. Бір қызығы, сол қосымша есімдердің ба-
сым көпшілігі жұрттың жадына қонып, тіліне тұрақтап
қалатын. Қадалған қайтадан бұрылып, қайтадан қада
лыңқырады. Жүзі жұқалтаң сары болғандықтан, шегір-
ден қоңырға табындау көзі көгілдірленіп кететіндей. Сәл
жымиыңқыраса, мейірімсіз емес.
– Мен сені, інім, аздап біліңкіреймін, –деді Қадалған
ағатайы жымия түсіп. – Пақырлар қоғамының бұрынғы жа-
уапты хатшысы, марқұм ағамызбен бірқанша ұшырасулар
ұйымдастырғанбыз. Балалардың тілін таба білетін, мінезі
мінәйі, дауыс көтеріп сөйлемейтін, ешкімнің бетіне жел
боп тимейтін жантұғын.
– Мен де оны қатты сыйлайтын едім, – деді Пән-Төрағаны
онша менсініңкіремей, тіпті емтиханшылардың ешқайсысын
онша мойындаңқырамай, маңғаз жүретін апайлары қасы-
көзін кербездене жоғары көтермекке әрекеттеніп. – Өзі
пақырлар десе дегендей-ақ, байғұс оншама жарымай өтті-
ау. Тәйірі, сендердің қоғамдарыңда не бар өзі? Түк те жоқ
қой. Сол өзі тым ерте кетіп қалды-ау мына жалғаннан. Ана
дүниеге де сондай жақсы адамдар керек білем ғой.
Осы пікірден пақырлар қоғамының бұрынғы жетек-
шісін не даттап отырғанын, не мақтап отырғанын біле ал-
май, басы қатқан Пақырдин апайына Тең-Төрайым деген
атты тағуға мәжбүрленді. Себебі сол, кейде Пән-Төраға
бір сөз айтса, Тең-Төрайым екі-үш есе асырыңқырап ба-
рып, әзер-әзер тоқтайды. Бір ғажабы, ондай-ондайлары
өзіне жараспайды деу қиынырақ. Үлкен-кіші түп-түгел
тыңдайтын секілденеді. Әңгіменің тақырыбы пақырлар
қоғамынан қайтып, шығарма тексерудің ерекшеліктеріне
қарай ойысқан. Пән-Төраға бірнеше жылдар ілгеріректегі
оқиғаларды айны қатесіз баян етіп өтті. Қызық-ақ екен,
алайда, енді қызып келе жатқанда, сол қолымен төбесін
басып-басып, көп кідірістейтіні ыңғайсыздыққа соқтыра
береді. Ондайда, әрине, Тең-Төрайым іліп алып кетер. Бас-
тан кешкендерін тізбелеп, бірінен кейін бірін ағытып айта
жөнелер. Бірақ құнығып тыңдай қойған ешкім жоқтай.
Тек бет-жүзі қансыз-сөлсіздеу, жанары суықтау сезілетін
жас ғалым жымсияды:
– Қайдам, апай, – деп мәймөңкелейді ол жігіт, – біз-
де тәжірибе мүлде жоқтың қасы. Былтыр тек ауызша
емтиханға ғана қатыстық, шығарма тексеруге алғаш рет
қосылып отырмыз, тек өздеріңізге сүйенеміз ғой, ардақты
апай.
Әлбетте, бұл Пақырдиніңіз мектепте оқып жүрген
жоқ, оныншы кластағы дәурен келмеске кеткен-дүр.
Үлкен оқу орнында, беделді институтта шығарма тексе-
руге шақырылып отыр. Міне, сондықтан іштегінің бәрін
бірдей сыртқа шығара беруге болмас. Жанама ныспы
жағдаяттары да солай. Жаңағы жас ғалым әлі онша
қалыптасып үлгере қоймаған жан екен-ау, дегенмен саза-
ру жағын жан-жақты меңгерген. Сол себепті, Қадалғанға
ұйқастыра Сазарған десе, ренжімес. Сырттай емес, іш-
тей ғана атайды ғой бұл. Өзі ғана. Ал мына шетте, үнемі
сәл күлімсіреп отыратын, сырттан шақырылған мұғалім
келіншекті Сәл-Күлім деп атады.
– Сонымен, – деді Пән-Төраға үстелді тықылдатып,
емтиханшылардың тыныштық сақтауын айрықша өті
ніп, – ең соңғы, ерекше ескеретін мәселені мен әлі айтқан
жоқпын. «Бес» деген баға шығармаға мүлде қойылмайды.
Естідіңіздер ме, қо-йыл-май-ды-ы-ы-ы. Сырттан шақы
рылған жолдастар, ерекше есте сақтаңдар. Тек алып бара
жатқан жағдайда ғана, онда да тек Ректордың рұқсатымен
қойылуы мүмкін. Бірақ соңғы оншақты жылдан бері
ешқашан, ешқандай шығармаға «бес» деген баға қойылып
көрген жоқ. «Бес» түгілі, «төрттің» өзін де абайлап, мына
менімен, яки пән комиссиясының төрағасымен келісіп ба-
рып қоясыңдар. Негізінен сендердің қоятын бағаларың –
«үш» пен «екі». Түсінікті ме?
– Түсінікті, – деді Сазарған.
– «Бес» қойып, өле алмай жүрміз бе? Оның несін айта
бересіңдер осы, а? – деді Тең-Төрайым апайлары үстеме
бояуларын үстел үстіне мұқияттап орналастырып оты-
рып.
– «Екіні» ше, «екіні» ешкіммен келіспей-кеңеспей, қоя
береміз бе? – деді Пақырдин.
– Пән комиссиясы төрағасының тапсырмасымен әрқай
сың тексеретін шығармаларды негізінен мына мен бөліп
беретін шығармын, – деді Қадалған суықтау жымиып. –
Әрине, «екіні» кей-кейде сұраған жөн, келісіп-кеңескен
артық болмайды. Ал көбінесе өз еріктеріңмен топырлата
бересіңдер.
Сәл-Күлім сәл ғана күлімсіреп, сәл ғана күрсініңкіреп,
бұған көз қиықтады. Бұл сәл ғана мұңайыңқырап,
оған қарады. Сырттан шақырылған екеуі іштей ғана
ұғысқандай, бірдеңелерді біліскендей. Бір кездері Сәл-
Күлімнің қара шашы қалың болғанға ұқсайды, ендігі
жұқарыңқыраса дағы, екі жарып, жылтырата тарап,
төменгі жағын өрмелей термелеп, желкесіне түйіп қояды
екен. Сол түйінді сәл-пәл қысып-қысып жөндеген Сәл-
Күлім бұған тағы да бір бұрылыңқырап: «Әне, сол-ла-а-
ай», – дегендей сезілген.
Екі күн өткенде бүкіл оқу орны бойынша қабылдау ем-
тихандары басталды. Танертеңгі сағат сегізге жетпестен,
арнайы куәлік қағазбен кіріп келе жатып, мұндағылардың
үлкенінен бастап, ең-ең кішілеріне дейін адам танымас-
тай өзгеріп, тас-түйін күйге түскенін байқамау мүмкін
емес-ті. Өздері шығарма тексеруге тиісті аудиторияға
жақындағанда, бұл да өзінің өзгешелене бастағанын сезін-
ді. Соңғы айларда дел-сал жүретін денесі ыстық жаздың
қапырық сапырған таңертеңгілігінде тоңазып, ширап,
сергектеніп кетті.
Көршілес аудиторияда талапкерлер толы екен. Пән-
Төраға шығарма жазудың тәртібін түсіндірердің алдын-
да арнайы әзірленген, белгілі көлемдегі қағазды қолына
алып, оның бастапқы тұсындағы көрсетілген орындар-
ды қалай толтырудың жай-жапсарын тәптіштеді. Тең-
Төрайым қасында отыр. Әрине, бұл жерде қабаттаса
қоймас. Өзге емтиханшылар яки шығарма тексеретін-
дер талапкерлер орналасқан үстелдердің ара-арасында
бәрін бақылап, қадағалап, қарап жүруге тиіс. Талапкер-
лер айтылған тапсырмаларды орындап, қағаздарының
қажетті жерлерін толтырып біткенде, шығарма жазудың
жағдаяттары әңгімеленді. Енді Пән-Төраға мен Тең-
Төрайым қатарласа тұрған күйі сыртына мөр басылған
құпия конвертті, яки пакетті ашуға кірісті. Бұл үшін
талапкерлердің арасынан бір-екеуі шақырылып, олар
конверттің, яки пакеттің иланымды түрде жабық екендігі-
не, желімделгеніне, мөрленгеніне көз жеткізді. Сөйтіп ба-
рып, шығарма тақырыптары жасырылған пакет ашылып,
белгілі болған үш тақырыпты үлкен, қоңыр тақтаға жазу
Қадалғанға тапсырылды.
Осылайша, шығармалар жаздыру, оларды жинап алу
және тексеру жұмыстары қызғын түрде жалғаса береді.
Сәл-Күлім сәл күлімсірей отырып, сыбырлап қана сыр
айтатынға айналды. Өзі ашқан құпияларды жеткізгенше
асығатын-ды. Бұл да мылқау емес шығар-ау, аздап-аздап
аңғарады ғой. Бірақ Сәл-Күлімнің байқағыштығына «бес»
қоймау мүмкін емес-ті. Шығарма дегеніңізді жаздыруда
бірталай әрекеттер жасалар, сірә. Олардың бірқатары кім-
кімге де белгілі, түсінікті шығар. Қадалған мен Сазарған
өзара одақтасып кетті. Жазылып біткен шығармаларды
жинау үстінде бұл одақтың ым-жым жасайтыны не екен
десе, Сәл-Күлімнің білгеніндей, бірінші бет нендей
сөзбен немесе сөйлеммен басталып, немен аяқталатынын
белгілеп, жаттап, әлде жазып алады екен. Басқа да толып
жатқан әдіс-тәсілдері көп көрінеді, сырттан келген екеуінің
ондай-ондайларға бас ауыртып нелері бар? Мына қызғын
қызыққа қараңыз енді. Пән-Төраға мен Тең-Төрайым
қабаттаса-таласа жарысып, шығармаларды түрлі-түрлі
топтарға бөледі-ай келіп. «Неге соншама тесіле, телміре
үңіледі, неліктен соншалықты сапырылыстыра сорттай-
ды, ара-арасынан әлденелерді, әлдекімдерді іздегендей
аласұра алақ-жұлақ етіседі?» – деп қатты таңданатын-ды
бұлар. Таңданатындай, қайран қалатындай себеп те жоқ
емес қой. «Қанша қарап, тіміскілей тінткілегендерімен,
шығарманың бірде-біреуіне талапкердің аты-жөні жазыл-
майды, тек «шифрлар» ғана қойылады емес пе?» – дейді
ғой бұлар баяғы.
Пән-Төраға мен Тең-Төрайым әбден бөліп-бөліп,
әрине, Қадалған қарыштай араласып, десте-десте етіп
жиналған шығармаларды бұларға тапсырар. Бұлар әлгі
шығармаларды алдарына алып, тексеруге кірісіп кетер.
Тиемелін есептеп тексеретін Тең-Төрайым түкпірге ба-
рып, үн-түнсіз жұмысқа жегілер. Пән-Төраға көбінесе
шығып кетіп қалатын. Бұл Сәл-Күлім екеуі алғашқы
күндері кейбір шығармаларға «екі» қоюдың алдында
қатты қайғырып, бірер тал шаштарын ағартып жүрді.
Қадалған алғаш аздап ақылын айтыңқырады, кейіннен
қатты-қатты ұрсып алды. Бірте-бірте бір күрсініп қойып,
ерте бастан үкім шығарылған шығармаларды шетінен
топырлата қыруға қолдары үйреніп бара жатты. Оның
үстіне, обалы не керек, Ректор мен Проректор өте дұрыс
айтыпты, қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне келгендердің
басым көпшілігі сөйлем құрай алмайтындар қатарынан
екен. Неге екенін кім білсін, бұлар алғашқыда талапкер-
лер сауаттылығының тым-тым төмендігіне жүйкелерін
жұқартса, кейіннен өздері қоятын «екі» деген бағаларды
ақтау үшін бе, әйтеуір сол сауатсыздық синдромына
қуанатынға кетті-ау.
Кәдімгі жұрттың жиі айта беретініндей, «шифр» бо
йынша, кімнің кім екендігін білмеген, мүлде сезбеген
күйлерінде баға қояды бұлар. Бір топты біткеннен кейін
Қадалғанның тікелей басшылығымен бедіміске (ведо-
мость) түсіру ісі атқарылар. «Шифр» дегеніңіз екі әріп
пен бір цифрдан құралар, одан соңғы сызыққа «екі», «үш»
немесе «төрт» деген бағалардың бірі түсірілер. Осыдан
соң «шапан кигізу», яғни емтихан парақшасын толтыру
операциясы атқарылар. Міне, осынау парақшаңыздағы
тиісті бағалар түсіріліп, «шапан кигізу» басталғанда
ғана кімнің кім екендігі, қандай баға алғандығы, тіп-
ті суретіне дейін айдан бетер анық, таудан бетер танық
көрінер. Базбіреулер өздерінің өзгешелеу бір тірліктерінің
сәттілігіне әбден көз жеткізіп, тәтті-шырын ыңылдарға
берілер. Қадалған мен Сазарғанға дейін сыр беріңкіреп,
қос алақандарын ысқылап, құшырлана құлшынар. Бұл,
яки Пақырдин Сәл-Күлімнің көмегімен бедімістегі бос
орындарға емтихан парақшасындағы талапкердің аты-
жөнін, тегін (фамилиясын) жазып, әлгі парақшадағы
нөмірін түсіріп, сосын қайтадан «шапанын» бөліп алып,
Пән-Төрағаға өткізумен, қайта-қайта түгендеп санаумен
әлектенер. Ертеңіне тағы да келесі, сосын тағы да кезекті
топтарға шығарма жаздыруға кірісер. Ректор мен Прорек-
тор жалған сөйлемес, шынымен-ақ филология факультеті-
не түсуге тілек білдіргендердің шеті мен шегі көрінбес.
Мұрындарынан
шаншылып,
институттың
табал
дырығынан таң ата бере аттап, түн ортасы ауғанда қайтып
жүрді. Көбінесе түскі тамақ ішуге де уақыт жоқтұғын.
Ондайда Пән-Төраға Сазарғанды самсаға жұмсайды.
– Иә, өлеміз бе, бірдеңе әкелгін, ыстық су ұрттайық, –
деп Қадалған қосылады. Сәл-Күлім шай қояды. Сазарған
сол қансыз-сөлсіз күйінде шығып кетеді. Шай ішіп
отырғанда Пән-Төраға терлеп-тепшіп, шешіліп, ара-ара-
сында, шайдың қызуымен кейбір құпияларын ашып ала-
тын.
– Әй, сендер ешкімге айтпаңдар-әй, – деді бірде ыстық
су ұрттап отырғандарында, – мына екеуі бар ғой, нысап
жоқ, ұят-аят жоқ нағыздың нағыздары екен-ай!
– Кімдерді, қай екеуін айтып отырсыз? – дейді Қадалған
түк білмеген түр көрсетіп. – Үлкен екеуді тұспалдайсыз
ба, ортаңғы егізді меңзейсіз бе? Түсінбеді халқыңыз.
– Үлкендерде нем бар менің, қозғайтын тақырыбым
белгілі емес пе? – дейді Пән-Төраға. – Апайларың жоқта
кішкене шер тарқатып жатқаным дағы.
Шынында да, Тең-Төрайым барда мұндай сырлар шер-
тілмес, мына кісі шиеленер, шешілмес. Бұл жолы Пән-
Төраға деканат пен кафедра аймақтарын айтыңқырап
отыр-ау деп шамаласты бәрі де. Бұл болжам расқа шықты.
Шығарма тексерушілер шаршап-шалдығып, күн бесіннен
ауар шақтағы қапырыққа шыдай алмай, Қадалғанның
ұсынысымен ыстық су ұрттасып отырғанда, деканат пен
кафедра аймақтарының бас иелері жетіп кірді. Келе сала
Пән-Төрағаны ортаға алды. Ол кісі алғаш кіржиіңкіреді.
Бас иелердің дауыстары сыбырлағанның өзінде сыздаңқы
тұғын. Пән-Төрағаның көнбеске амалы жоқ, олар кеткен
соң булыға қызарып, төбесіндегі селеулердің аралары
ашылып, қолын бір-ақ сілтеді. Қадалған қасына жетті.
Сәлден соң шегір көз доцент бұған келді.
– Пақырдин қалқам, – деді Қадалған сыпайы ғана сы
зылған үнмен көмкеріліп, – кей-кейде аз ғана артқа адым-
дап, қасапшылықтан шегінуге тура келеді. «ҚТ-37» мен
«ҚТ-124» деген шығармаларды тауып алып, «екі» деген
бағаларыңды «үшке» түзеуің керек-дүр.
Бұл үн-түнсіз. Қадалғанның бетіне тесірейіп қалса
керек. Әлі баға түзетуді білмейтін еді. Шегір көз,
жұқалтаң сары доцент ағасының жүзі талаурай қызарды.
Шығармаларды лезде топ ішінен түртіп шығарып:
– Міне, былай, – деді ол, – мына үтірлерді шертіп-шер-
тіп ырғытып жібересің, мына «ы» түсіп қалады дейміз,
алайда, тілші ғалымдарыңыздың өздері анығын білмейді.
Тағы үш-төрт қатені көрмеген бола салғын. Сонымен бұл
шығарма «үшке» өтеді де кетеді. Екіншісін де осындай
әдіспен сүйреп шығарасың. Оп-оңай.
Екі шығарманы бірдей «екіден» «үшке» сүйреп өткізген
күннің ертесіне бұл қатты ауырғандай хал кешіп отырған
еді. Күтпеген жерден бір айрықша шығармаға кезік-
ті емес пе?! Шығарма иесі өзінің таңдаған тақырыбына
байланысты қазақтың жоқтауын, иә-иә, кәдімгі жоқтауды
жазған екен. Жанр ретіндегі жоқтау ауыз әдебиетінің
оқулықтарында оншама жүрек тербеп, көңіл қозғайтындай
деңгейлерде жазылмаған ғой. Ал мына шығарма мүлде
алабөтен-ді. Мысал келтіретін тұстарында шығарма
иесінің ағасынан айырылған бүлдіршін қыз екендігі
айқын аңғарылып тұрды. Пақырдиннің көз алдына қайта
айналып, сәуір айындағы қаралы күн оралғаны. Жүдеу
киімді қараторы әйел жоқтау айтып зарлайды:
А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай,
А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай...
Пақырлар қоғамының жетекшісі пендешілікке беріліп,
марқұм обкомның бірінші хатшысы бола тұра, мы-
нау өзінен айнымайтын, егіз туғаннан бетер ұқсайтын
қараторы қарындасының киім-кешегін жөндеңкіреуге
қалайынша жәрдем көрсете алмағанын ойлаған. Әлде осы
бір хатшы өзге пенделерден мүлде бөлек, басқалардың
біріне ұқсамас, кірсіз ақыл, кіршіксіз ардың адамы ма
еді? Шынымен-ақ? Сол арына абайсызда аз ғана дақ
түсіріп алып, шыдас бере алмастан, акиқаттың жолында
қараторғайдай қирап түсті ме? Дейтіні рас еді мұның.
Шығармадан бірде-бір қате таппады, таба алмаған.
Мұнарлы мұңға шырмап алып, ілестіріп әкетіп бара-
ды. Тарихтың қатпарларын аз ғана сөзбен-ақ ақтарып,
көп білетіндігін дәлелдей түйіп тастап, тағы да жылата
жөнеледі:
Ақ кіреукелі сауыттым, Мамай,
Аш құрсағымды ауырттың, Мамай.
Жылай да жылай жалықтым, Мамай,
Зар қайғы жұтып жабықтым, Мамай.
Тас емшегімді жібіттің, Мамай,
Қу сүйегімді еріттің, Мамай.
Жұртыңды жауың қамады, Мамай,
Әппақ орданы талады, Мамай.
Артыңда қалған жас бала, Мамай,
Қашан өзіңдей болады, Мамай?
Қырық ұл туса, бір күнде, Мамай,
Орының қалай толады, Мамай! –
деп келтірген мысалын қарасаңызшы. Осыдан кейін
осынау талапкер қыз тіпті үдей түсіп, Қараүлек шеше
болып боздағандай, Күн-Ана мен Жер-Ананы қатар қоя
қайғыртып, пәлсапалық-ғарыштық қорытынды жасап ба-
рып, шығармасын тәмәм етеді. Көзінің жасын жұта оты-
рып, қолындағы қысқара бастаған қызыл қарындашпен
қалайынша «бес» қойып жібергенін білмей қалыпты бұл.
«Бес» деген бағаны бадырайтып жазып болған соң ғана
ойға келіп, есін жиып, жүрегі сулады. Тіпті «бес» емес,
«төрт» деген бағаның өзін Пән-Төрағамен келісіп, сол
кісінің рұқсатымен ғана қоятындарын ұмытқаны несі? Не
де болса, алған бетінен қайтпауға, мына белгісіз бір қыз
үшін қолынан келгенінше күреспекке бекінді. Қашанғы
пақыр болып жүре бермекші бұл? Пақырдиніңіз де бір
ерлік жасамай ма? Мынадай шығарма үшін қойылмаған
«бесіңіз» қайда, қашан, кімге қойылмақшы? Қайда,
қашан, кімге апарып тексертсе дағы, дәл осындай
шығарманы «беске» бағалауға болмайды деп ешкім айта
алмас.
Пақырдин бір қыздың шығармасына «бес» қойғандығы
туралы дауысы дірілдеңкіреп айтқанда, бәрі әзіл ретінде
ғана қабылдады. Бұл үнін қатқылдандыра қайталағанда,
бір-екеуі күлді, бір-екеуі лажсыз бұрылды. Тек Пән-Төр
аға әлдебір бәленің өз басына төнгелі тұрғанын сезген-
дей, сұрлана жөнелді. Тең-Төрайым алтын жақтаулы
көзілдірігінің арғы жағынан сүзілді.
– Баршы, – деді Пән-Төраға Қадалғанға, – көрші.
Қадалған мұның жанына асықпай аяңдап келіп, қызыл
қарындашын құлағына қыстырып, астыңғы ернін қырши
тістеледі.
– Рас екен, – деді Қадалған пән комиссиясының
төрағасына қарап.
– Рас болса, несіне қарап тұрсың? – деп ашу шақырды
Пән-Төраға. – Ешкім естімей, білмей тұрғанда, бір-екі
қате тауып, «төрт» жасаңдар.
– Ойбай, мыналарың шын ба осы, мен әншейін әзіл-
күлкі үшін айтты ма десем, аңқау басым, – деді Тең-
Төрайым, жүдеу жүзіне қан мен сөл жүгіргендей күреңітіп.
Сазарған жақындаған. Бәрі таңданыс үстінде. Сәл-Күлім
аузын ашып, жалтыраған самайын алақанымен сипалай
береді.
– Тездетіңдер, жөндеңдер! – деді Пән-Төраға.
– Жоқ! – деді Пақырдин қатайып, бедірейе түсіп. –
Ешуақытта да түзетпеймін. Түзеттірмеймін!
– Мына пақырың, төбемізге шықты ғой, ақырын-
ақырын, – деді шегір көз доцент.
– Шырағым, мына біздің институтымыздың он-он бес
жылдық тарихында жазбаша жұмысқа «бес» қойылған
емес, – деді Тең-Төрайым ысып кеткен аудиторияда жұп-
жұқа көйлегінің омырауын шымшып-желпіп жүріп. – Бе-
кер босқа арамтер боласың, айналайын. Оның үстіне мына
бәрімізге назар аударылады, сөзге қаламыз. Қосымша тексе-
рулер көбейеді. Қаптап кетеді тексерушілер. Әй, айтпақшы,
осы жігітке неменеге жалынып-жалбарынып отырмыз бәрі
міз, а-аһ?! Төраға, сен бармысың, әлде жоқпысың өзің?
– Иә, бір-екеуміз оқып көрсек, қалай болады? – деді
Сазарған еркінсіп, алақандарын ысқылап.
– Жарайды, – деп сабасына түсіңкіреді Пән-Төраға. – Бір-
екеуің оқып шығыңдаршы. Қажет десеңдер, бәрің оқып
шығыңдар, талқыға салайық. Тек уақыттың тарлығын
ескеріңдер. Бірақ қанша айтқанмен, обкомның білдей
мүшесі ғой, Пақырдиннің пікірімен санаспасқа болмас.
Солай емес пе? Әйтпесе «төртке» түзете салу түк емес
қой.
Бірі басын шұлғыды, екіншілері күбірлей қостады,
үшіншілері үн-түнсіз мақұлдасқандай. Сазарған оқып
шықты, Қадалған қарап шықты. Екеуі де шығарманың
бірде-бір қатесі жоқтығын айтты. Әсерлі жазылған екен,
мысалдары да сәтті алыныпты. Сезімталдау адамдардың
жанарына жас үйірілуі мүмкін. Бірақ әсерлі жазылған әр
шығармаға еңіреп, көз жасты көлдете берудің жөні жоқ.
Қажеті шамалы.
– Ей-ә-ә, әркімнің әуеніне төңкеріле берсек, түгіміз
қалмас мына заманда, – деп қыстырылды Тең-Төрайым.
– Қатаң талап тұрғысынан қарағанда, «төрттің» өзі
һәм жетіп-артылар, – деп үстеді Қадалған. – Оның үстіне
қалыптасқан тәртіп бар, басшылардың тапсырмасы бар.
– Тал түсте найзағай шақырмалық, – деді Тең-
Төрайым.
– Кімнің алдында да жауап беруге, дәлелдеп шығуға
әзірмін, өзгерте алмаймын, – деді бұл бұрынғыдан бес-
бетер бедірейіп, қасарыса қырсығып.
– Сен өзгертіп бере қойғын, – деді Пән-Төрағаның үні
іріп, Сазарғанға жалына қарап.
– Өзіңіз айтқандай, Пақырдин ағамыз обкомның мүшесі
ғой, мен бұл кісіні қалай түзеймін? – деп мүләйімсіді ол.
Пән-Төраға Қадалғанға қарады. Шегір кез доцент шіл
денің шалығынан тұншығып тұрған алма бағына бұрылып
алған екен.
– Пақырдин қалқам, шыныңды айтшы, бұл қызды өзің
қамқорлыққа алып па едің? – деді Пән-Төраға салмақты
болмаққа тырысып. – Егер солай болса, қорықпағын,
«төрт» те жетеді, өткізіп береміз көптеп-көмектеп. Бір
адамыңды. Әнеукүні адамым жоқ деген өзің едің ғой,
қалқам. Енді бүйректен сирақ шығарып отырғаның нең?
«Бесті» тезірек түземесек, жарты сағаттың ішінде айқай-
шу шығады да кетеді. Білдің бе?
– Бір адам ештеңе етпес, жігіттер көмектеседі ғой, –
деді Тең-Төрайым, жапон желпуішін шебер пайдаланып
отырған күйі жібектей есіледі-ай.
– Пақа, енді бұдан артық не ақыл айтады мына аға-
апалар? Мың да бір рахмет бұл әулие кісілерге! – дейді-
әй Сазарған да алабұрта қызарып. – Обком мүшесі ретін-
де де, пақырлар қоғамының басшысы ретінде де сыйлап
отыр ғой осыншама үлкен кісілеріміз.
– Обком мүшесі деп қоймадыңыздар ғой, – дей бастап
еді бұл, қалғандары қатты қуанысты.
– Е, бәсе! – деді Пән-Төраға.
– Әзілдеп отырғанын білдік қой, – деді Тең-Төрайым.
– Өзіміздің бала ғой, – деді Қадалған.
– Асықпаңыздар, – деді бұл өзара одақ құрысқан
Қадалған мен Сазарғанша қадала сазарып. – Асықпаңыз
дар, ағайындар, дәл сол обкомның мүшесі ретінде
мәлімдеймін: бұл шығармаға қойылған «бесімді» өзгерте
алмаймын және ешкімнің төмендетуіне жол бермеймін...
Аудитория іші тым-тырыс тына қалды.
Обкомның бірінші хатшысы көз алдында отырғандай.
Аса жоғары лауазым иелеріндей емес, марқұмның жүзінде
иман тұнып тұрады екен ғой. Иман жарықтық жүре пай-
да болмайды екен, іштен бірге туады екен. Әне, қараторы
қарындасы жоқтау айтуда:
А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай,
А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай...
Аудитория іші жоқтау туралы шығармаға қойылған
«бес» деген бағаға қуанудың орнына қатты қайғыру
үстінде. Тап осы бөлмеде өліктің денесі жатқандай.
Аһылап-уһілеген Пән-Төраға оқу орнының басшы-
ларына қаралы хабар естіртпекке кетті. Ақсұр үстелдің
үстінде қоңырайып қана бейтаныс қыздың «бес» қойылған
шығармасы жатты.
Жарты сағат өтер-өтпесте Проректордың шақырып
жатқандығы мағлұмдалды. Ол кісіні сол «шала дін мен
қате пәнді» айтыңқырайтыны үшін жақынырақ көретін
еді бұл.
Проректор екеуінің арасындағы ашық әңгіме ұзаққа
созылған жоқ. Шамамен алғанда, мынадай рәуіште өтті.
«Шығарманың шынымен-ақ айрықша екендігі рас па?»
– «Ондай шығарма кездескен жоқ, қай жағынан алып
қарағанда да жоғары бағалауға әбден лайық». – «Ол
қызды саған ешкім тапсырған жоқ па еді? Кейбіреулер
күдіктенеді екен». – «Сіз де сенбесеңіз...» – «Жә, жа-
райды, мен келістім. Шынында неге сонша абыржимыз
осы, а? Он-он бес жылда бір «бес» қойылған екен. Та-
лапкеріміз шығармасын «беске» жазса, қуанудың орнына
бүкіл ел болып неге қайғырып жүрміз осы, а?!» – «Рахмет
сізге, аға». – «Жарайды, Пақырдин, Ректордың бір таяғын
артығырақ алармын...».
Ректорға шақырылмады. Бәрінен дағы осыған қатты
қуанды бұл. Көп жылдан бермен қарата шығармаға «бес»
қойылғаны туралы сенсациялық ақпарат барша жұртқа
тарап кете барды. Шығарма тексеру науқаны дер кезінде
тәмәм етіліп, сырттан шақырылғандарға рұқсат беріліп,
алғыс жарияланды.
Естуінше, ауызша емтиханда әлгі қыздан ерекше
сұралған көрінеді. Тіл жөнінен Тең-Төрайым, әдебиет
жөнінен Сазарған екеулеп тергеген тәрізді. Бірақ «бес»
қойылған шығарманың иесі бірде-бір сұрақтан мүдір
меген деседі.
Жоқтау туралы шығарма жазған сол бір қызды арада
екі, әлде үш жыл өткенде бір-ақ көрді бұл. Оқу орнында
әлдебір жиналыс өткен-тін.
– Ой, ағ-ай, сіз Пақырдин ағасыз ба? – деді аққұбаша
келген нәп-нәзік қыз.
– Иә, – деді бұл.
– Мені оқуға түсірген сіз екенсіз ғой, ағай, – деді әлгі
қыз. Үлкен көздері жасаурап барып, кілт бұрылғандай бо-
лып, өзін-өзі тежеп тоқтатты дағы, қайта сөйледі. – Ағ-ай,
сіз бар ғой, менің ағамнан айнымайды екенсіз, ағ-ай...
Сол бір сәуірдегі жоқтау сарыны қыл қобыздың зарын-
дай құмығып, қайта оралды құлағына.
– Оқуға түсетін жылы жалғыз ағамнан айырылып едім, –
деді әлгі қыз. – Ауылда тракторшы еді. Сенетін ешкімім
жоқ еді, ағай... Сөйтсем, сіз секілді адамдар да бар болып
шықты ғой, ағай... Рахмет, көп рахмет, ағ-ай!
– Рахметті маған емес, өзіңе айтқын, айналайын, – деді
бұл қарадай қысылып. – Өзіңнің сондағы шығармаңа айт,
айналайын...
* * *
Міне, жылдар жылжып, айлар аунап, уақыт жылдам
өзгеріп, сол қыздың шығармасына «бес» қойылғалы
бергі он жылыңыз да өте шығыпты. Пақырлар қоғамы
әлдеқашан тарап кеткен-тін. Бұлар қапа болатын Васи-
льев те жоқ, әлдеқашан ата-бабаларының жеріне көшіп
тынған-ды. Пақырдиніңіз жалпыдан жырылып жүрер
жалқы күйде, жабысқы шөптей тырмыса тірлік кешеді.
Бір жұбанарлығы сол, бала-шаға өсіңкіреп үлгерді. Өзі
бос уақытында базар аралап, адамдардың бет-жүзіне
қарап, қиял кешетінге айналған-ды. Күндердің бір
күнінде киім-кешек сататын қабаттардың қақ ортасынан
құндыз бөрікті, нәп-нәзік, көздері үлкен-үлкен, кере-
меттей көрікті бір қызды көрді. Қадалған да қалған ғой,
баяғы. Сөйтсе, баяғы «бес» қойған қарындасы екен. Қыз
тізіле ілінген түрлі-түрлі киім-кешектің ара-арасынан
асыға жүгіріп шықты:
– Ағ-ай, ағ-ай! – дейді ол.
А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай,
А-а-а, а-а, а-а-а, ағ-ай...
– Сіз шынымен-ақ сізсіз бе, ағай?
– Өзің ше? Шынымен-ақ өзіңсің бе?
– Өзіммін, ағ-ай!
– Ойпырай, қалқам-ай... Қарағым-ай...
– Немене, ағ-ай, баяғы шығармасына «бесті» бекер
қойған екенмін деп, өкініп тұрсыз ба? Ағ-ай...
– Жоқ, неге өкінейін, айналайын. Бұрынғыдан да кө
рікті болып кетіпсің. Соған қуанып тұрмын. Мынадай
аласапыранда азбай-тозбай, әдемі болып жүргенің үшін
рахмет!
– Жалпы, мен сізді жиі ойлаймын, ағ-ай, – деді қыз, – Ал
сіз ше? Сіз мені оқта-текте болса да, аз-да-а-ап ойыңызға
аласыз ба өзі? Ағ-ай...
– Неге ойламайын, қарағым. Мына жаман, пақыр ағаң
ның атын тарихта қалдырған сен емеспісің, «бес» қоятын
шығарма жазып?
– Жақында ғана өз күшіммен бір бөлмелі үй сатып ал-
дым, ағ-ай, – деді қыз. – Ағамнан қалған жалғыз бала бар
еді, соны оқытып жатырмын, ағ-ай... Өзі өте үздік оқиды,
үшінші класта, ағ-ай... Ауылдан көшіп келіп, базарға кір-
дік те кеттік, ағ-ай... Осылай болды енді, ағ-ай... Қанша
қойсаңыз да, бүгінгі біздің тірлікке қандай баға қойсаңыз
да, өзіңіз біліңіз енді, ағ-ай...
Баяғыдағыдай, шығармасына «бес» қойғандағыдай,
басы айналып, ештеңе естімеді-ау, енді, сірә. Қыздың нәзік
қолын сүйіп, құндыз бөрік маңайынан, қарындасының
маңдайынан иіскегені есінде. Жанарынан жас парлап, әлгі
қыздың: «Аға-ай, ағ-ай» деген үнін ілестірген күйінде ба-
зар шетіндегі терең сайға түсті де кетті.
Қырдағы сауда қыз-қыз қайнайды.
СЕКСЕН ҚЫЗ БЕН СЕГІЗ ҰЛ
Мақта терім майданына Макаренко атындағы мектептің
жоғары класс оқушылары жыл сайын қатысатын. Сол бір
жылы да толық тәулікке жетеқабыл жол жүріп, Шымкент
және Ташкент шаһарларын аралап өтіп, Жетісай қаласына
жақындау бір ауылға жетіп жығылдық. Жәрдемшілерге
арналған жатақхана ауылдың шетінде екен. Бұрындары
бастауыш мектеп пе, кеңсе ме, бірдеңе болған сияқты,
кейін келе қоржын-қосқалаң бөлмелер қосылғаны білініп
тұр. Жапырақтары жалпақ-жалпақ, жемістері бармақтай-
бармақтай жиделер қоршаған осы мекенжайдың алдын-
да алқынған автобустар тізілді. Улап-шулаған оқушылар
қапшықтарын арқалап түсіп, Абдыраев ағайдың айтуы-
мен ажырық басқан алаңқайда тәртіпті түрде сап түзеді.
Алыстан келгендеріне, ұзақ жол жүргендеріне қара
мастан көнетоз, көгілдір көліктер қайтадан кері қарай
қайта бастады. Оқушы қыздардың көпшілігі пырылдаған
«пазиктерге» мұңая қол бұлғап, жанарлары жасаурады.
Кәдімгідей-ақ көңілдері босап, көздерін сүртіп тұрғандар
да бар. Екі ай уақыт мақта жинау майданында жүрмек –
жеп-жеңіл ермек емес. Өткен жылдары пестицид пен
гербицид дейтін дәрілердің әсерінен бе, балалық жасап,
мөлдірей ағып жататын каналдың улы суынан ішіп қойды
ма, жоқ әлде басқа бірдеңелерден бе, әйтеуір, бірнеше қыз
бен бірер ұлдарымыздың бүйрек-бауырлары біржолата
бүлініп, кеселденіп қайтқан. Қос бүйрегі бірдей іскеннен
оңалмаған сегізінші сыныптың (биыл тоғызыншы оқитын
еді) бір қызы қыс бойы азап көріп, өткен көктемде аудандық
аурухананың қызыл кірпішті, қоңыр түнікелі үйінде
қайтыс болған. Сонда да мақта жинау майданынан қалып
кетпекке жан баласының батылы бара қоймас. Біздің жақта
солайтұғын. «Ақ алтынға» қолғабыстан қашу – баяғыдағы
Ұлы Отан соғысынан қашқанмен бірдей.
Соңғы автобустың түтіні сейіле бере Абдыраев ағай сөз
бастады. Ол кісі алдымен жапырақтары жалпақ-жалпақ,
жемістері бармақтай-бармақтай жиделерге көз тастады.
Оқушылардың бәрі түп-түгел солай қараған.
– Мына жиделер неліктен желінбеген? – деді мектеп
директорының орынбасары түп-түзу, тәртіпті сапқа сынай
сауал тастап. Баданадай-баданадай, қып-қызыл жемістер-
ге өзі де қызығып кеткендей тамсанып қойды-ау сонда. –
Кәне, кім айтады?
– Мен айтайыншы, ағай, – деді оныншының көзге көп
түсетін, баршаға белгілі бір оқушысы.
– Ал, айта ғой, – деді Абдыраев ағай.
– Жыл сайын осы кезде, күз басында мақтаның жапы
рағын жою үшін дефолиация жасалады, яғни улы дәрі-
дәрмектер ұшақпен себіледі. Ал мына жиделерді мақта
дәрілегенге дейін жинап-теріп үлгере алмай қалған. Енді
мұны мүлде жеуге болмайды.
– Жарайсың, Дүниемалов! – деді директордың орын-
басары жадырай күлімсіреп. – Жолың болғыр, рахмет.
Түсіндіңдер ғой, балалар? Бәрің құлақтарыңа құйып
алыңдар. Жидені жеуге бол-майды-ы-ы-ы! Қандай жеміс,
нендей көкөніс жесек те, таза су тауып, жуып жеуіміз ке-
рек. Ал мына жиде деген нәрсені жуа алмайсың ғой, солай
емес пе? Жусаң, езіліп, мылжаланып кетеді. Сол себептен
мүлде жеуге болмайды. Дүниемалов дұрыс айтады.
Абдыраев ағай бұдан кейін де бірталай уақыт сөз
сөйледі. Бүгіннен бастап, мақта терім майданы біткенше
әскери тәртіп жағдайында жұмыс істейді екенбіз. Бір-
бірімізді, мейлі мұғалім болсын, мейлі оқушы болсын,
есімдерімізбен емес, тек фамилияларымызбен атайтын
боламыз. «Абдыраев ағай», «Саймасаева апай», т.т. де-
ген секілді. Алғашқы аптада әр оқушы күн сайын кем
дегенде елу келі «ақ алтын» жинап тапсыруы тиіс.
Норма солай. Осы норманы орындағандар мен асыра
орындағандар кешкі сағат сегізде сап түзеп жатақханаға
қайта береді де, елу келіге жете алмағандар түнгі сағат
онға дейін тереді. Облыс көлемінде ауданаралық және
мектепаралық жарыстар жан-жақты өрістетіледі. Ма-
каренко атындағы мектеп жыл сайын аудан бойынша
алдыңғы орындардың бірін батыл иемденіп келеді. Ал
биыл облыс озаттарының қатарына ілігуді міндеттеніп
отырыпты. Осындай-осындай мақсаттар мен міндеттер-
ді миымызға сіңіріп болған соң мектеп директорының
орынбасары бүйдеді:
– Енді сендер тырп етпестен, біреуің шетке шықпастан
күте тұрасыңдар. Діңкелерің құрып бара жатса ажырыққа
отыруға рұқсат. Біз бес-он мүйнеттің ішінде кімнің қайда,
қалай орналасатынын анықтап, айтамыз.
Алайда Абдыраев ағайдың айтқаны бірден орындала
қоймады. Бес-он мүйнеті бірте-бірте ұзарып, бір сағаттан
асып, одан да көбірекке созылып бара жатты. Оқушылар
ажырық тұтасқан алаңқайға сығандарша шашырай жайға
сып, көпшілігі қапшықтарына жамбастады. Алып келген
азық-түліктеріне жаудай тиісе бастағандар да жоқ емес.
Бір кезде Абдыраев ағай, Саймасаева апай және жақында
ғана жоғары оқу орнын тәмәмдап келген жас мұғалім жігіт
үшеуі дәлізден далаға шығып, күбірлесіп тұрып алды.
Әлден уақытта үшеуі бірдей қайтадан ішке кіріп кет-
ті. Күн батып, салқындау самал есудің орнына қапырық
қамап, маса қаптай жөнелген. Ажырық алаңқайдағы қалың
халықтан маза қашып, маса қуып әлекке түсті.
Тағы да біраз күттіріп, үш мұғалім қайта көрінген. Бұл
жолы Абдыраев ағайдың ашуланғанын алыстан-ақ анық
байқауға болар еді. Үнемі қызарыңқырап жүретін жар-
ты жұдырықтай танауының қаттырақ күреңіткені ымырт
алдының өзінде айқын білініп тұрды. Саймасаева апай да,
оқушылардың көбісі әлі аты-жөнін толық білмейтін жас
мұғалім де әлденеге абыржыңқы секілді.
– Не істейміз енді?! Неғылдейсіңдер маған? – деді
Абдыраев ағай айқайлай сөйлеп. – Әй, осындай да
жатақхана болады екен-ау?! Мұндай үй-жайды көрсем,
көзім шықсын!
– Сексен қызды үлкен залға бірыңғай жатқыза берейік,
ұл балалардың бірдеңесі болар, басқа амал жоқ, – деді
Саймасаева апай.
– «Бірдеңесі боларыңыз» қалай?! – деп одан бетер да
уыс көтерді мектеп директорының орынбасары.
– Солай! – деді Саймасаева апай да үн-әуенін үдетіп,
қайтпас-қайсарлығын аңғартып. – Қыздарға жауап бере-
тін – мен!
– Ұл балаларды қайтеміз сонда? Бірінің үстіне бірі
жатпаса, сыймайтынын көріп тұрсыз ғой, Саймасаева
жолдас?!
– Ойпырмай, мен сізге қазақша түсіндіріп тұрған
жоқпын ба? Қыздар қуықтай-қуықтай төрт бөлмеге бәрібір
сыймайды. Қайта сәл де болса ұл балалардың жөні келеді.
– Қандай жөні?! Қай жөні? Айтсаңызшы соны анықтап!
Сонан кейін бар ғой, Саймасаева ханым, қыздарға мен жа
уап беремін, ұлдарға сен жауап бересің деген сөз болмай-
ды! Білдіңіз бе? Бұдан былай естімейін мұндайыңызды,
білдіңіз бе? Бәріне – бәріміз жауаптымыз. Ал бәріңе мына
мен – мына басыммен (ағай басын сәл қисайтып, сұқ
саусағымен нұқып-нұқып қойған) жауап беремін. Білдіңіз
бе?!
– Білдік, ағай, білдік, – деді Саймасаева апай. – Бәрібір,
қыздарға мен көбірек жауаптымын.
Абдыраев ағайдың ашуы амалсыздан басылмаққа қа
рай бет алды. Ауылымыздағы қиқы-жиқы қатындарға
ұқсамайтын, ұзын бойлы, тіпті жұп-жұмыр мойнына дейін
тіп-тік, аппақ болып тұратын Саймасаева апайды біресе
«жолдас», біресе «ханым» деуінің өзі – мектеп директоры
орынбасарының майқана майдандағы жеңілісі. Апайымыз
да ағайымыздан әлдеқайда басымырақ түскеніне масатта-
нып, алайда, мастанбай, жиырылыңқы жүйкесінен біраз
салмақты былайырақ алып тастады. Жұмсарыңқы күйде
жас мұғалімге бұрылып:
– Сіз не айтасыз, жас ұстаз? «Асыл – тастан, ақыл –
жастан» деген емес пе? – деп зейнеткерлікке шыққысы
келмей жүрген Абдыраев ағайды және бір «нокдаунға»
түсірді. Жас мұғалім жұрт күткендей қызарақтамастан,
сасқалақтамастан:
– Бөлмелердің орналасуы шын мәнінде түсініксіздеу
жағдаят боп тұр. Қыздарды негізгі залға жатқызып, ұлдар
ды қалған бөлмелерге кіргізіп көрелік. Артылғандарына
дәліздің бір жағын икемдеуге болар, бәлкім, – деді.
Абдыраев ағай қайтадан қайнады:
– Әй, шырақ! Дәліздің едені бетон боп, бетті шыр-
мап тұрған жоқ па? Былтыр бетон еденге сабан төсеп
жатқызамыз деп, бірталай баланың бүйрегін ауыртып, бір
қызды өлтіріп тынбадық па? Не деп тұрсың өзің?! – деп
өршелене өрепкіп барып басылған.
– Алдымен оқушыларды осы үйге кіргізіп көрелікші, –
деді Саймасаева апай.
– Сөйтелікші, ағай, – деді жас мұғалім.
Осы кезде қазан-ошақ, аяқ-табақ, отын-су тиелген
тозыңқы тележкасы бар трактор көрінді. Көгілдір «Бела
русьқа» тіркелген тележканың үстінде титан-самауыр сорая зораяды. Артынша қызыл «Москвичпен» бөлімше басқарушысы жеткен. Мақта терім майданына аса алыс ауданнан келіп отыр ған жәрдемшілерді жайғастырмақ хақында Жетісайдың жанындағы белгілі бөлімшенің басқарушысына һәм бірталай уақыт бас қатыруға тура келді. Сексен қыз, сөйтіп, негізгі, үлкен бөлмеге жататын болды. Саймасаева апай жеңіске жетті. Енді ұл балаларды қалай орналастырмақ керек? Олай да ойласты, былай да бас қатырысты. Болатын емес. Төрт-бес бөлменің ені мен ұзындығы ары да өлшенді, бері де өлшенді. Қадамдап та, құлаштап та өлшенді. Қарыспен де, сүйеммен де өлшенді. Қадамыңыз бен құлашыңызға да, қарысыңыз бен сүйеміңізге де сенімсіздік білдіріліп, әлдеқайдан линейка табылып, алдымен метрлеп, дециметрлеп, сосын сантиметрлеп өлшенді. Метрлеріңіз бен дециметрлеріңізге, тіпті санти метрлеріңізге де күдік келтіріліп, кеңшар тарапынан көмекшілерге бөлінген төсеніштер төселіп, қиырдан қом шаланып жеткен көрпешелер жайылып, оқушы балалар іс жүзінде қатар-қатар жатқызылды. Шалқалап та, етпеттеп те. Оң жамбастап та, сол жамбастап та. Ақырында қорытындысы шығарылды. Бастарын түйістіріп, иық тарын тиістіріп жатқанның өзінде, бәрібір, оннан астам ұл бала сыймай қалады. – Санитарлық нормаға сай келмейді, – дейді Саймасаева апай төбесіне тікірейте түйіп алатын шашын сығымдап. – Сол нормаға қай жағымыз сай кеп жатыр? – дейді бөлімше басқарушысы есінеп қойып. – Баяғыда, бала кезімізде, қайта қара көрпенің астында бес-алтауымыз құшақтасып бірге жата беруші ек. Бауырмал ек. – Екі баланың арасынан екі елідей саңылау қалдырмасақ, обал шығар, сынық сүйемді былай қойғанда, – дейді Абдыраев ағай ашуланбауға тырысып, алақанын желкесіне, сонсоң жарты жұдырықтай танауына апарып, күрең тарта салуға бейімдеу мұрнын сабырға шақырып. Қайтпек ләзім? Не істемек керек? Барша жұрттың басы қатқан. Соңғы бөлменің ішін өлшемекке әдейі жатқызылған сегізінші сыныптың оқушылары да әбден шаршаған. Қайта-қайта жатқызып-тұрғызудан
мезілене
езіліп,
қалғып-мүлгуге
көшкен.
Баяғыда,
сүндетке отырғызарда, тап осылай, тізіле, шалқалай
жатқызылғандары кейбіреулерінің естеріне түсіп кетіп,
күлімсіреген болады.
Ақылдасушылардың амалдары таусылып, төмендегі
дей тұжырымға тоқталды. Ол былай еді. Сексен қыз
жататын үлкен залдың бір шеті оншақты адамды
орналастыруға болатындай бостұғын. Сыймаған сабаз-
дар сонда жатқызылады. Әрине, ақылдасушылардың
арасында, ойласушылардың ортасында тағы да талас пен
тартыс өріс алған. Қыз балалар мен ұл балаларды бір-
ге жатқызуға мұқым-мүлде тыйым салынғаны, мұндай
жағдайдың, аталмыш жағдаяттың ешқандай этикаға, пе-
дагогика қағидаларына, тәлім-тәрбие талаптарына сәйкес
келмейтіні қайта-қайта айтылды. Өкінішке қарай, өзге
жол жоқ.
– Түн ортасы ауып барады, күн шығар-шықпаста
балалардың бірі қалмай, жүйек-жүйектің басында тұруы
керек, – деді бөлімше басқарушысы. – Алғашқы күн
болғандықтан, аупарткомның адамдары тексереді ғой.
Тездетейік.
– Олай болса, жаз! – деді дәліз ортасында тұрған
Абдыраев ағай шаңқ етіп. Кеш әлетінде әскери тәртіп
жариялағаны енді есіне түскендей, әбжіл қимыл, әйдік
қозғалыс танытып, жаңа келген жас мұғалімге сұқ
саусағын шошайтқан. – Жаз деп тұрмын мен саған! Сай-
масаева ханым, бері жақындаңыз. Ең момын, ең қыз мі-
незді ұл балалардың тізімін тап осы қазір, табан астында
жасаймыз. Он баланың іспіскісін тізіп, қыздар жатқан
бөлменің бір шетіне жайғастырамыз!
Обалы нешік, осы мәселенің өзі одан әрі қарай да
оңайға түспеген. Ең момын, ең жуас, қыздай сызылыңқы
ұл балалардың ұзын саны, қанша санап, саралағанмен
сегізден аспаған. Сол мөлшерде табандап тұрып алған.
Ақылдасушылар ақырында, сол сегізге тоқтаған шақта
шығыс жақ аспан бозара бастаған.
Дәліз бойлай қайтадан сапқа тұрғызылған ер бала
лардың алдында Абдыраев ағайдың айтқаны, шамамен
алғанда, мынадай еді. Жатақхана жаман емес. Бұдан да
нашар, едендері түгелдей көгереңдеген цемент, неме-
се бедірейген бетон боп келетін үй-жайлар маңдайына
жазылған мектептер де аз емес. Ал Макаренко атындағы
мектептің оқушыларына бөлінген мекенжайдың дәлізінен
басқа бөлмелерінің едені түп-түгел тақтай екен. Тұп-тұтас
сырланған екен. Жетісайлықтарға, жүдә, рахмет. Тек бір
ғана кілтипан боп тұрыпты. Ұл балалар сыйыңқырамады.
Осыған орай, қыздар жатқан негізгі, үлкен залдың бір
шетіне сегіз ұл бала орналастырылмақ. Ерекше ескере-
тін нәрсе сол, қыздар тұратын бөлмеге жату ер балаларға
ерен жауапкершілік жүктейді. Темірдей тәртіп, мінәйі
мәдениет керек. Биязы болмақ ләзім. Осы жағы ескері-
ле келе, тәрбиелі, тәртіпті әрі үлгілі, үздік оқушылардан
сегіз ұл бала қыздар залына өткізілмек.
Мектеп директорының орынбасары осы мәнзелдес
мәнді мәселелерді айтып болып, сегіз оқушының фами-
лияларын атайтынын, олардың саптан шығып, дәліздің
зал жағына тізіліп тұруы тиістігін ескертті.
– Айтуғанов, – деді Абдыраев ағай. Бұл – мына мен.
Сегізінші сыныптағы ең жуас, ең биязы балалардың бірі
болғандықтан, әрі алфавит бойынша алда тұратындықтан,
бірінші шығып, дәліздің сол бұрышында сорайдым сонда.
– Арынбеков, – деді Абдыраев ағай. Сәл бұйралау,
жұмсақ қара шашына оқта-текте май жағатындықтан,
жылтырап тұратын, ойлы көзін көбінесе бір нүктеден
айырмайтын кластасым менің жаныма жақындады.
– Әріпбаев, – деді мектеп директорының орынбасары.
Тор көз, қызғылт жейдесінің жағасына сәл ұзындау, ырғай
мойнының жартысын жасырғысы келіп, жуастар тізіміне
іліккеніне намыстаныңқырай қызарақтаған кластасымыз
да бізге қосылды.
– Ботанов, – деді директордың орынбасары. Бұрынырақта
басына жара шығып, тері ауруларын емдейтін ауруха-
нада шашын түгел түлетіп түсіріп, қайта өсіргендіктен,
бұрынғы бұйра-қалың қоңыр кекілі сұрғылт-сұйқылтымға
айналған, бірақ бұлшық еттері бұлт-бұлт ететін епсекті
де епті, мектептегі спортшылардың қатарынан саналатын
досымыздың бір езуі құлағына, екінші езуі бетінің жарты
шамасына жетіп, мәз боп келеді.
– Жабағиев, – деді Абдыраев ағай. Алгебрадан гөрі
геометрия мен физиканың шым-шытырық есептеріне
жүйріктеу, желкесін қаси беретін Жабағиев аса салмақты,
байсалды түрде, ересектерше адымдайды.
– Қойбағаров, – деді Абдыраев ағай. Шибарқыт шалба
рының ышқырын шымши ұстап, көпе-көрнеу бір көтеріп
қойған Қойбағаровтың қарқыны тым баяутұғын. Мектеп
директорының орынбасары шыдамсызданып. – Әй, жу-
ас-жуас дегеніміз – жайбасар бол дегеніміз емес, бүйте
берсеңдер, мақтаның нормасын қалай орындайсыңдар
сендер? – дегенді қосты.
– Серперов, Тұяқов, – деп екі кластасымызды егізқатар
қосақтап айтты ағайымыз. Бұған әскери тәртіпті әжептәуір
сақтап, түп-түзу тұрған оқушылар бірдемде босаңсып, ду
күлді. Себебі, Тұяқов пен Серперовті балалардың бәрі
дерлік: «Тұяқ Серперов» деп бірге айтатын еді.
– Ағай, тоғызыншы мен оныншы кластар неге ескеріл-
меген? – деді Дүниемалов демократиялық жайлы жағдайды
жылдам пайдаланып. Шынында да, момын деген сегіздің
бәрі түп-түгел біздің сегізінші сыныптантұғын.
– Дүниемалов! – деді Абдыраев ағай. – Көп сөзді қойып,
бағанағы тележкадан түсірілген дүниеге ие бол. Жаныңа
өзің қалаған бес баланы ал дағы, титан-самауырға шай
қойып, қазан-ошақ орнатуға кірісіңдер. Шолпан туар шақ
жақын. Басқаларың бір сағат көз шырымын алыңдар.
Қалған әңгімені таңертеңгі линейкада жалғастырамыз.
Саймасаева ханым, сегіз бала – сізге, қабылдаңыз. Жас
мұғалім, сіз өзгелерін мұқият қадағалаңыз.
Сәлден соң сексен қыздың сырлы әлеміне ертегі дүние
сіне енгендей, кібіртіктей кіріп кете бардық. Сегізіміз
бірдей шет жаққа таман, үлкен залдың ағараңдаған
қабырғасына қарай жатпаққа жанталасамыз. Соны
байқаған Саймасаева апай сыбырлап, шам жақпай-ақ,
айдың сәулесімен, жұлдыздардың жарығымен, алфавит
бойынша орналасуды тапсырды.
– Алфавит бойынша болғанда қалай, апай? Қабырғадан
бастап па, әлде қыздар жақтан ба? – деп сұрауға мәж
бүрлендім мен.
– Қыздар жақтан, – деді қушыкештігі ұстап кететін Бо-
тановымыз Саймасаева апайдың алдын орап.
– Жарайды, Ботановтың айтқанын орындайық, – деп
сыбырлады Саймасаева апай. – Ортада жатқандықтан,
осы балалардың тәртібіне түгелдей сен жауап бересің.
Түсінікті ме, Ботанов мырза?
– Түсінікті болғанда қандай! Сонда жетеуі бірдей маған
бағынады ғой? Рахмет, апай, – деп шабыттана түсті денесі
шымыр, сөзі мір кластасымыз.
– Осы сен онша жуас емессің-ау! Абайлағын, айна-
лайын, – деп тоқтам салды Саймасаева апайымыз.
Жүрегім бір кітапта жазылғандай-ақ: «түм-түп», «түм-
түп», «түм-түп» ете солқыл қағады. Қыздар жағынан
орналасуға мәжбүрмін.
Қол созым ғана жерде...
Қыз жатыр.
Кім екенін білмеймін.
Айдың сәулесімен, жұлдыздардың жарығымен сағым
ға буылған сексен қыздың сиқырлы әлеміне тұтас-түгел
көз жібермек тіпті де мүмкін емес. Қол созым жердегі
жалғыз қыздың өзіне жөндеп қарай алмай, Арынбековтің
иығына тұмсығымды тақап, көзімді жұмдым. Ұйықтап
кетіппін. Тәтті бір түстің хикаясы енді-енді бастала бер-
генде:
– Тұрыңда-а-а-ар! – деген дауыс естілгені. Кешқұрымғы
қапырыққа жұртымыздың буынғаны қалай, қырауы
қылаулаған таңертеңгіліктің соншама суынғаны қалай?!
Деп таңданбасқа лажымыз кем. Дүниемаловтың коман-
дасы сақыр-сұқыр қайнатқан титан-самауырдан ыстық
су ұрттап, ауылдан әкелген азық-түлігімізді қаужаңдасып
бола бере линейкаға тұрыстық. Сексен қыздың бәрі дерлік
жұп-жұқа футболка мен шолақтау «трико-шалбар» киіп
алыпты. Әдемі емес дей алмайсың. Таңертеңгі қыраулы
суыққа тоңып, дір-дір етеді бәрі. Дірілдеулерінің өзі
ғажайып. Басқаларды қайдан білейін, өз басым түндегіден
бетер ұялып, ұзақ қарай алмаймын-ау. Басымды көтеріп,
бір шолып шығамын дағы, көзімді тайғанақтатып тайды-
рып ала қоямын, әйтеуір.
Абдыраев ағай мен мақта өсірушілердің бригади-
рі Өсімбаев деген кісі саптың алдында сөз сөйледі. Ол
кісілер өз сөздерінде Отанымыз үшін аса зор стратегиялық
мән-маңызы бар «ақ алтын» жинау науқанының атқарар
рөліне тоқталды. Бұл шақта анау Арқада, тың төсінде:
«Бірде-бір масақ далада қалмасын!» деген ұран тасталса,
мына Мырзашөл өңірінде: «Бір талшық мақтаны ысырап
етпейік!» деген девиз көтеріліп отырыпты. Мына мен,
яғни алфавит бойынша бірінші тұратын Айтуғанов: «Ой-
пырмай, бүкіл тың өлкесіндегі кең далада қалайынша
бірде-бір масақ қалмайды?» – деп, іле-шала: «Әр қадам
сайын сан талшық мақта ыбырсып жатқанда, бір талшық
мақта қалайынша ысырап болмайды?» – деп қайран
қалатынмын сонда. Орындалмас мақсатты, іске ешқашан
аспайтын міндетті ұран етіп тастайтынымыз, девиз етіп
көтеретініміз қалай?! Деп аңқиятын аузым.
Абдыраев ағай мен Өсімбаев деген кісі «ақ алтын»
жинаудың нормасы, әр келіге төленетін еңбекақы және
үш мезгіл берілетін ыстық тамақ, апта сайын болатын
кино мен монша және т. т. туралы да айтып өтті.
– Мына Мырзашөлдің, жалпы Жетісай төңірегінің суы
сіздердің аудандарыңыздың суындай емес, айналайын-
дар, – деді мақта өсірушілердің бригадирі Өсімбаев. – Ка-
налдар мен арықтардың сулары сіздердегідей сылдырап-
ақ, мөлдіреп-ақ ағып жатыр. Алайда, айналып қана
кетейіндер, алданып қалмаңдар. Біздің арықтарымыз
бен каналдарымыздағы су – су емес, у ғой, у. Ано-о-оу,
жоғарыдағы қырғыз, тәжік, өзбектен бастап дәріленеді,
уланады, ақабаға айналады, айналайындар. Сондықтан
мына сорайып тұрған самауыр-титанды көріп тұрсыңдар
ма? Көріп тұрсаңдар, осындай-осындай сорайған сама-
уырларды мақталықтың басына да, қырманның қасына
да қайнатып қоямыз. Тек қана титандардың құйыл-тегіл
шүмегінен қайнаған су ішіңдер, қалған суға жоламаңдар.
Жарай ма? Дәрігерлер де келер, ақыл-кеңестерін берер.
Оларға дейін мен дағы айта түсейін деп жатырмын, ай-
налайындар.
Өстіп сөйлеген Өсімбаевты біздің мектептің оқушылары
шынымен-ақ қатты ұнатып, «Айналайын ағай» деп атап
кеткен.
Күн шығар-шықпаста, кешегі бөлімше басқарушысы
айтқандайын, мақталықтың шетінде, қыраулы күздің
өтінде, жүйек-жүйектің басында қаз-қатар тізіліп тұрдық.
Сол – сол екен, майдан басталды да кетті. Алғашқы
аптада есімізді жия алмадық. Сексен қыз орналасқан
әсем әлемді де, қайда жатқанымызды да ұмытқандаймыз.
Сүрініп-жығылып жүріп, норманы орындауға жанұшыра
жұмыламыз. Түскі тамақты ішер-ішпес тағы да «ақ
партықты» асынып алып, «ақ алтын» жинауға кірісеміз.
Норманы орындасақ, кешкі сағат сегізде сүйретіліп сапқа
қосылып, жатақханаға қарай аяңдаймыз. Титықтап, тамақ
ішуге әзер жараймыз. Сексен қыздың шет жағындағы
орнымызға құлай кетіп, тұяқ серперге шамамыз келмес-
тен, тастай қатамыз. Сұмдықтай көретін сөзіміз – қылқима
құлқын сәрідегі: «Тұрың-да-а-а-ар!» деген айқай.
Екінші аптада есімізді жинай бастадық. Екі-үш рет
норманы орындай алмай, бүкіл мектебімізге, қала берді
қыздарымызға күлкі болып түнге қалғаннан кейін, ондай
кемшілікке жол бермеуге айналдық. Қол-аяғымыздың
сырқырап, беліміздің сыздап ауырғаны басыла баста-
ды. Түскі тамақтан соң біраз-біраз тыныстап, демалуға
дейін барып қалдық. Ондайда «Айналайын ағай» – бри-
гадир Өсімбаев еңбек тәрбиесіне байланысты әңгіме
шертеді. Үйме-төбе мақтаның бір бүйірінде жантайып
жататын Абдыраев ағай, жіңішке арық жағасындағы тұт
ағашының түбінде тырнағын бояйтын Саймасаева апай,
жергілікті адамдармен тең құқықты таразбан қызметіне
тағайындалған жас мұғалім – үшеуі де Өсімбаевтың баяу
даусымен шертілетін байсалды баяндарды ұйып тын
дайды.
– Қауашақтарыңа бірдеңе барды ма? – дейді
Өсімбаевтың әңгімесі аяқталғанда Абдыраев ағай.
Бұл – мақта термекке тұрыңдар дегені.
Міне, түскі тамақтан кейінгі бір сағаттық үзілісте
«Айналайын ағайымыз» қозаның қауашағын ақтарып,
мақтаның шитін санап отырып, биылғы жаздың назын
хикаялауға кірісті.
– Биылғы жазда мақталық түгілі каналдар да құрғап қала
жаздады ғой, – дейді «Айналайын ағайымыз». – Жоғарғы
жақтағылар суды жөндеп жібермей, кеңірдегімізден
қысып, алқым түймеден қылғындырып құртты. Бірде қас
қылғандай-ақ, қаңсып тұрған күн райы күрт бұзылды.
Алғаш ауа бұлыңғырланып, айнала кеңістіктің тыны-
сы тарылды. Артынан аздап жаңбыр жауып, аспан ас-
тында алуан ағыстар айқасқанмен, жердің шөлі, бәрібір
қанбады. Одан соң жел тұрып, сіркіреген сілімтік тамшы
сап басылған. Кенеттен, күтпеген жерден, күтпеген
жақтан бұршақ дегеніңіз борап кеп берсін-ай. Бұршақ
болғанда, кәдуілгі тауықтың кішігірім жұмыртқасына ба-
рабар. Талдың бұтағы сынып, тұттың шыбығы майысып
жатты. Теректің жапырағы жұлмалана жұлынып төгілді.
Тал бұтағы, тұттың шыбығы, теректің жапырағы дейміз-
ау, оларда неміз бар, мынау мақталықта, қазір, айналып
қана кетейін, сендер теріп жүрген «ақ алтын» алқабында
көсек байлап үлгерген қозалардың бұтақтары баудай
түсіп қиылды ғой, не керек?! Бүкіл бригадамыздың он үш
мүшесі түгелдей ашық далада, аспан астында жүрген еді.
Бұршақ төпеп жауса да, кішігірім жұмыртқалар тас-бо-
рандай атқыласа дағы, қайран бастарын қос қолдарымен
ғана қорғаштап, қимылсыз қатып қалғандай тұра берді,
тұра берді, тұра берді. Бұршақ басылған соң бір-біріне
бірсін-бірсін жақындай бастаған. Бәрі ойласып алғандай,
от басып алғандай, ыршып-ыршып түсіп, бастарын
шайқасады. Біресе қиылып түскен көсекті ұстайды, біре-
се біраз уақыт өтсе де кішірейе қоймаған бұршақты уыс-
тайды. Бұршақ көп пе, қозаның қиылып түскен көсегі
көп пе, айыра алмай, ажырата алмастан аласұрады. Бәрі,
бригада мүшелері түгелдей маған таянып келді. Таянып
келгенімен, тіл қатуға қаймықты. Бәрінің де бастарынан,
шаштарынан, беттерінен бұршақтың суы сорғалайды.
«Басыңыз қанап қалған ба?» – деді бірі самайымды
саусағымен сүртіп. «Өсімбаевтың миы шайқалыпты» де-
ген өсек те шыққан сонда, айналайындар. Сө-ө-ө-өй-тіп
өсірген «ақ алтынымыз» ғой бұл, балалар. Бірақ асыра
сілтеуден аулақ болғанымыз абзал. Денсаулықтарыңа
қараңдар. Абайлаңдар, айналайындар. Қазіргі жас өскін
балалардың көбі мақта майданынан ауру тауып жатыр.
Абайлаңдаршы, айналайындар...
«Айналайын ағай» осылай дейтін. Өсімбаевтың өстіп
сөйлейтіні Абдыраев ағайдың әскери талабын әжептеуір
жұмсартатын. Осындай-осындай әңгімелердің әсерінен
шығар, сегізінші сыныптың оқушылары үшін мақта
жинаудың нормасы азайтылып, отыз бес келіге дейін
кемітілді. Нормасын алдын ала және асыра орындаушылар
кешкі сағат сегізде емес, алтыдан аса бере жатақханаға қа
рай сапқа тұрмай-ақ қайтатынға айналды. Орындамағандар
түнгі онға дейін емес, сегізге дейін тырбаңдайтын болған.
Бәрібір, алғашқы онкүндіктің қорытындысы бойынша
Макаренко атындағы мектеп аудан көлемінде алдыңғы
орындардан көрініп, ауыспалы туды жеңіп алды. Ауданы-
мыз да облыс бойынша озаттардың қатарына іліккен. Аб-
дыраев ағай алға қойған мақсат та, міндет те орындалды.
Ту алған күні ол кісі удай мас боп жүрді.
Бірде норманы бесін ауа бітірген бір топ қыз тым ер-
терек қайтқан еді. Олар жатақханаға барып жуынып-
шайынып, тып-тыныш тырнақтарын тазалап, рахаттанып
отырмақтың орнына Жетісай қаласына қарата беттеген.
Бұл – оқыс оқиғатұғын.
Төрт-бес шақырымдағы шағын шаһарыңыздың өзі –
алыстағы ауданнан келген, станса да көрмеген көмекшілер
үшін үлкен қала. Оншақты қыз Жетісайдың жатаған
үйлері жыпырлаған шеткі көшелеріне кіріп, ары да, бері
де жүгірісіп жүріседі.
– Адасқан жоқпыз, ә?! – деседі бәрі жамыраса жымың
дасып. – Қалада жүрсек те адаспадық, ә?! Келген жағымыз
каналдың арғы беті ғой.
Қыздар қалталарын қағып-сілкіп, тиын-тебендерін
жиыстырып, балмұздақ алады, самса алады. Бәрі керемет
тей көрінген шаһардың теп-тегіс тротуарымен, арғы шеті
мен бергі шеті атшаптырымдай аңғарылған асфальт көше
мен және біраз жүріңкіреп, тағы да бір-біріне:
– Адаспадық, ә?! Бұрын білмеген, көз ашып көрме
ген қаламызда адасып кетпей, аман-есен жүрміз ә, қы
дырып! – деседі жымыңдаса қуанып. – Әне, келген
жағымыз, міне – каналымыз.
Балмұздақ жеп келе жатқан Бәтес дейтін, біздің сегі
зінші сыныпта оқитын қыз кенет шыңғырып жіберіп,
жиекжолдың шетіне домалап құлай кетеді. Жетісай
қаласының көшесі бос деуге болатындай екен, үлкен-
кішінің бәрі дерлік мақта терім майданында ғой. Біздің
қыздар не істерін білмей, бүріскен күйі зар илеп шыңғырып
жатқан Бәтеске қарап, бәрі состиып тұрып қалады. Бірте-
бірте бір-екеуі Бәтеске қосыла жылап, тоғызыншының
қызы ғана айналаға жүгіріп, адам шақырады. Өтіп бара
жатқан мәшиненің бірін тоқтатып, әлі де бебеулеп, су тер-
ге түскен Бәтесті сүйемелдеп мінгізіп, ауруханаға алып
барады. Ауруханаға қалай кіреді, біздің кластасымыз
Бәтестің бебеулегені бірден басылады. Әлдебір жерінің
сырқырап па, сыздап па ауырғаны сап тыйылады. Тек-
серіп байқайтын тұсқа жеткенше тері де құрғай бастай-
ды. Дәрігер келгенше мектебіміздің оншақты қызы оқыс
оқиғаны ойға сала саралап үлгеріп, сау етіп сыртқа қарай
қашады.
Адасады-ай, алайда!
Жетісай қаласының қай жағынан шығарын білмейді-ау
біздің қыздар.
– Адастық-ау, абайламай, – деседі он шақты қыз
шүпірлесе тоқтай қалып. – Канал қай жақта еді? Қалаға
келіп кірген тұсымыз қай шама еді?!
– Көрмеген қаламызда, білмеген шаһарымызда адаспа
дық, ә, деп мақтанып масайрап ек, масқара болдық-
ау, – деседі қайта-қайта ошарылған он шақты қыз. Тағы
да тоғызыншы кластың есті қызы есептеп-есептеп жі-
беріп, біресе бұлыңғырланып батып бара жатқан күнге,
біресе бұлттан бір шығып, бір кіріп тұрған реңсіздеу айға
қарап-қарап алады дағы:
– Ауыл ана жақта, канал мына тұста, – деп кесім ай
тады.
Не керек, нормасын елден ерек орындап, жұрттан бөлек
ерте кеткен сол қыздар жаяу-жалпылап жәрдемшілер
жатақханасына жеткенше, түн ортасына таянып қалған.
Кешкі линейкадағы түгендеу-түстеу тұсында орын-
дары ойсырап тұрған бір шоғыр қыздың жоқ екенін біл-
генде, Саймасаева апай шоқ басқандай ыршып түскен.
Абдыраев ағай адырайып кеп-кеп қараған. Ішкендері
іріңге, жегендері желімге айналған ағайлар мен апайды
аяп, әсіресе, сексен қыздың шетінде жататын сегізіміз
үрейлене үрпиістік. «Ей, біздің сегізіміз түгелміз бе өзі?» –
деп қояды Ботанов мырза тұт ағашының иірқобыз, құж-
құж бұтақтарын шынықпақ мақсатта шауып отырған күйі. –
Әй, Айтуғанов, жетеуің де бармысыңдар?
– Жетеуіміз де дін аманбыз, желкеміз қиыла қоймас,–
дейді менің орныма жауап беруге әуес Жабағиев.
– Тұяқ Серперлер тым-тырыс қой? – дейді Ботанов.
– Тұттың түбінде шахмат ойнап отыр екеуі, – дейді
Қойбағаров.
Абдыраев ағай жоғалған қыздарды іздемекті ұйым
дастыру үшін бөлімшенің кеңсесіне кетті. Саймасаева
апай жетпіс шақты қызды зіркілімен-ақ желкелеп, залға
қуып тыққан.
Бүгінгі биге тыйым салып, адыра қалдырған Абдыраев
ағайдан хабар жоқ.
Түн ортасына таяп қалған шақта он шақты қызымыз
ақырын басып, аяқ дыбыстарын білдірмей ғана бір-бір-
леп кіре бастады. Бірақ бәр-бәрі біліп қойған. Әлдебір
шуыл ма, гуіл ме, қоржын-қосқалаң бөлмелерді бір ара-
лап барып, біздің залда тұншықты. Саймасаева апай ор-
нынан ұшып түрегеліп, төбесінде үнемі тіп-тік болып
шошайып тұрар түюлі шашы біз көргелі бері тұңғыш рет
қисайыңқырап:
– Қане, тұрыңдар мында! – деп бұрышты нұсқап бұ
йырды.
Қисайыңқыраған шашын қайта түзеп, жоқ қыздардың
тізімін ішінен оқып, іштей түгендеді. Содан соң:
– Әй, әтеңе нәлеттер! Саусыңдар ма? – деді.
Бір шоғыр қыз үн-түнсіз.
Алыстан байқап отырмын, біздің Бәтестің мандайы
тершіп, айдың селдір сәулесімен, жұлдыздардың нұрымен
және солғын шамның жарығымен сәл-пәл жылтырайды.
Қаракөлеңкелеу тұста тұрғандықтан, қоңырлығы білін
бей қарақошқылданып көрінетін қою шашының бір сы
ғымдайы самайына жабысыпты. Шаршаңқы сияқты-ау
біздің Бәтесіміз. Көздерінің алды көлеңкеленіп тұрғаны
несі екен?!
– Әтеңе нәлетілер! Саусыңдар ма деймін мен сендер
ге?! – деп долданды Саймасаева апай. Соншалықты сым-
батты, сүйкімді, ұзын бойлы, жұп-жұмыр мойнына дейін
аппақ, тіп-тік көрінетін апайдың сумаңдаған сұп-суық
сөздерді сексен қыз бен сегіз ұлдың көзінше көгереңдеп
тұрып соққанына сенбейтіндейсің.
– Саусыңдар ма деймін мен сендерге?! – деп ысылдады
Саймасаева апай.
Қайран қыздар сонда «саусыңдар ма?» дегеннің мән-
мағынасын мұқым-мүлде түсінбеген сыңайлы. Мұндай-
мұндайды тергеу тезіне түскендерден гөрі сот залында
отырғандар тезірек пайымдайды ғой. Шоғыр қыз шы-
нында да түсіне қоймапты. Біздің де біразымыз онша
ұғыңқырамағанбыз. Біздей милауларға ұғындырған Бота-
нов болды-ау сонда.
– Төбелес болған жоқ, апай. Саумыз, – деді тоғы
зыншының қызы. Қалған қыздардың бәрі біздің сегізінші
сыныптантұғын. Олар үн қатқан жоқ, бірақ «Саусыңдар
ма?» дегенді түп-түгел: «Төбелестен тыспыз, таяқ жеудан
аманбыз» деп түсініп тұрыпты.
Саймасаева апай жоғалып табылған қыздардың жер-
жебіріне жетіп, жарты сағаттан астам уақыт ұрысқаннан
кейін он шақтысын түгелдей картоп тазалау жұмысына
жекті.
Абдыраев ағайдың қай кезде оралғанын да, он шақты
қыздың қай шамада қайта келіп жатқанын да білмедік
біз.
Сол оқиғадан соң, қырсық көбейе берген-тін. Екі-үш
күн өтер-өтпесте сорайған самауыр-титан құлап кетіп,
Дүниемаловтың бір аяғы мен бір қолы күйіп қалды. Жедел
жәрдем шақырылып, Жетісайға жөнелтілді. Арада апта
аунап түсер-түспесте ымырт қараңғылығын пайдаланған
біреулер дүкеннен қайтып келе жатқан Әріпбаев пен
Қойбағаровты оңдырмай таяқтап кетті.
– Әй, Әріпбаев! Дүкенде нелерің бар? Қойбағаров,
қалай ғана қараңғыдан қорықпай шыға қалдың, а далаға? –
дейді ғой Абдыраев ағай күйіп-пісіп.
– Ағай, опамай мен сықпамай алғалы барып ек, беті-
қолымыз жарылып кетіп, – деп күмілжиді Қойбағаров пен
Әріпбаев.
Екеуі де ескілеу тілде сөйлейтіндердің сортынан.
Опамай дегендері – ұнамды крем, сықпамай дегендері –
ұнамсыздау вазелин. Мектеп директоры орынбасарының
тергеуі кезінде Әріпбаевтан опамайдың, Қойбағаровтан
сықпамайдың иісі бұрқырап тұрды. Әріпбаевтың көздері
көгеріп, қастары жарылған. Койбағаров оң қолын мойны
на асып алыпты. Оқушылардың денсаулығын тексеріп
тұратын ауыл фельдшеріне сенсек, сол қолы шибарқыт
шалбарының ышқырын көтермектен босай бермейтін бұл
кластасымыз бір апта бойы мақта теріп жарытпас.
Күндердің күнінде: «Жүйек-жүйекке салатындай
тақта (мақта егістігі ғой) қалмады, қайдан терсеңдер
де өздерің біліңдер, тек норманы орындау керек» деген
нұсқау берілді. Сегіз ұл мен бір Бәтес (кластас қызымыз
ғой) Қарақас-Арқас каналынан бөлініп, өзен секілдене
бұралып ағатын үлкен арық бойындағы бітік мақтаның
ішінде жүрдік. Ботановтың білмейтін бәлесі жоқ, арық
бойындағы тақтада қоза биік, қауашақ ірі, «ақ алтын»
салмақты болмақ. Айтса, айтқандай-ақ екен, екі сағаттың
ішінде ақ «партықтарымыздың» аузы-мұрнынан мақта
төгіліп, қарындары қампиып шыға келді. Бұрындары
түске дейіннің өзінде толтыра алмай тырбаңдап, таразыға
апарарда арқамызға лақтырып тастап, лақша секіріп жүре
беретінбіз. Енді ешқайсымыз да көтере алатын емеспіз.
– Бәтестің тергені бәрімізден көп екен, таразыға жеткізу-
ге көмектесуіміз керек,– деді Ботанов. – Мен арқалаймын,
ал бір-екі бала қала тұрсын, өз мақтама қайта ораламын,
үш-төртеуіміз бірге қайтамыз. Кімдер қалады?
Арынбеков тұңғиықтана түйіліп, ауа райы бұзылуға бет
алды. Өзгелеріміз сыр бермедік. Өйткені Бәтесіміздің бір
жарым еседей артық мақтасын көтермек түгілі, өзіміздікін
жеткізу қиындау боп тұр. Ботановпен тек қана Арынбеков
тайталаса алар. Мойындамасқа лажымыз кем.
– Біз де бір кісідей жүк көтереміз, – деді тістенген
Арынбеков тұтасқан тұттар мен қарауытқан қараталдарға
қарап.
– Қойыңдар, – деді Бәтес сонда сыңғырлап. – Жар-
тысын төгіп тастап, қалғанын әкете берейін. Жарымы-
на жарты сағаттан соң қайтып ораламын. Біреуің ілесіп
келерсіңдер, ұрлап кете қоймас.
Сегіз ұл түгел тым-тырыстанып, ойланып қалдық.
– Жарайды, алдымен су ішіп алсақ болар еді, қанымыз
кеуіп кетті ғой, – деді Ботанов.
Бәріміздің таңдайларымыз бірден удай ашып, шытынай
жарылып, қақ-қақ айырылып жөнелді-ау сонда. Шынымен-
ақ бір жұтым су ішпесек, жүре де алмайтын, күле де ал-
майтын, «ақ партықтарға» толған «ақ алтынды» арқалай
да алмайтын сияқтымыз. Тұяқов пен Серперов тіпті тақыр
жерге отыра кетті. Қойбағаров пен Жабағиев былтырғыдан
қалып қойған бір шекім қозапаяға жантайды.
– Суды қайдан табасың қазір? – деді Әріпбаевтың үні
әрең шығып, ұзын кеңірдегі шодырайып.
– Е, міне, жанымызда мөлдіреп арық ағып жатқан жоқ
па? – деді Арынбеков қырсықтығынан арыла алмаған
күйі.
– «Айналайын ағайдың» айтқанын ұмытпайық, ағай-е-
ен, – дедім мен. Яғни, Айтуғанов.
– Көрейік те биікке шығып. Ең болмаса, ауыз шайып
жан шақыруға болар, – деді Ботанов бітімгершілікке
мойын ұсынып.
Бәріміз биіктеу тұсқа көтеріліп, қарасора қаптаған
қабақтан сылдыр-сылдыр ағып жатқан арықтың суына
сұқтанғанбыз. Мөп-мөлдір, тап-таза.
– Өлсем де ішемін, – деді Жабағиев есепті тез шыға
ратынындай тақ еткізіп.
– Мен де, – деді Қойбағаров ышқырын бір көтеріп
койып, қарауытқан қалың ернін жалап.
– Біз де, – деді Тұяқов пен Серперов.
Мөлдірей ағып жатқан суға қақ-қақ жарылғандай құп-
құрғақ таңдаймен, кіреукеленген көзбен құр қарап тұра
беру мүмкін емес-ті.
– Битейік, – деді Ботанов бұл ретте де білетіндігін
байқатып, көсемдігін көрсетіп. – Бәтестің орамалын су
бетіне төсеп сол арқылы сүзіп ішейік. Аздап қана таңдай
жібітейік сөйтіп.
Тұңғиық тартқан Арынбеков жөткіріне булыққан. Өз
гелеріміз Бәтеске бұрылғанбыз. Ботановқа тұтас таңырқап,
түгел мойындағанбыз. Арықтың тұнып ағатын, тып-ты-
ныш тұсын тауып алып, Бәтестің орамалы (қызыл ала еді
ғой) арқылы су ішкенбіз. Сылқылдатып тұрып. Обалы не
керек, Ботанов: «Алфавит бойынша бастайық», – деген.
Әрине, мен де мәзбін, Арынбеков те аздап қана жұмсарып
жібігендей көрінген. Бір қызығы сол, бәріміз ішіп, Бәтесті
ұмытыппыз. Ол ең соңында ішкен.
Бірақ бұлжытпай орындалуға тиісті тәртіпті бұзып,
ағын судан ішкенімізді ешкімге де айтпадық. Ештеңе
ете қоймас, толық тәулікке жетеғабыл жүретіндей жер-
де қалып қойған ауылымызда ағып жатқан судың бәріне
бірдей бас қойып, аузымызды батырып, қылқ-қылқ, сылқ-
сылқ сіміре беруші едік қой деп ойладық. Бәтестің орама-
лы барлық зиянды, зардамды нәрселерді жойып жіберген
шығар, судың уын өткізбеген болар, бәріміз де ауырған
жоқпыз ғой дейтінбіз. Ал Бәтестің қалған мақтасына Бо-
танов пен Арынбеков бірге кеткен. Әрине, орталарында
Бәтес. Өзгелеріміз тыпыршып, бір қызарып, бір бозарып,
Бәтесімізді қызғанып, түскі тамаққа дейін мақта термей
қойғанбыз.
Төртінші әлде бесінші аптаның аяқ жағына таман Бота-
нов пен Арынбеков Қарақас-Арқас каналының бойындағы
ең биік жерде қатты төбелескен. Ешқандай куә жоқ
болғандықтан, екеуара жекпе-жекте қайсысының басым
түскенін біле алмай, далмыз. Ботановтың бойы мықырлау,
бірақ шып-шымыр, шыныққан бала екендігін әңгімеміздің
бастапқы бір тұсында тұспалдағанбыз там-тұмдап. Ал
Арынбеков тұңғиықтанып, көп уайымдайтын бала бола
тұра, мұзшарықтай өткір қырлары көп. Бұлардың екеуі де
Бәтеске ғашық еді. Қарақас-Арқас каналының бойындағы
жекпе-жектің басты себебі – сол. Бәтеске бәріміз ғашық
едік. Біздің кластағы он екі қыздың он бірі бір төбе дағы,
Бәтестің бір өзі басқа төбе. Сексен қыз сылаңдаған сондай
әлемде бола тұра сегізіміздің көңілімізде де, көкейімізде
де, көз алдымызда да өз кластасымыз ғана екен-ау сон-
да! Айтпақшы, мақтадағы алғашқы түн ше, сексен қыз
жатқан залға сегізіміз бірдей, ертегі дүниесіне енгендей
кіріп кеп-кеп кеткенімізде ше?! Қол созым ғана жерде
жатқан қыз... Өзіміздің Бәтесіміз болып шыққан.
Алфавит бойынша бірінші болмағандарына Ботанов
тың да, Арынбековтің де іштері күйіп, өртеніп кете жазда
ған. Әріпбаев та, Жабағиев те, Қойбағаров та, Серперов пен
Тұяқов та Бәтеске ғашық емес еді дей алмаспыз. Алғашқы
аптада шаршап-шалдығып, аяқ-қолымыз сыздап, беліміз
сырқырап, титықтаудан тас боп қатып ұйықтағанымызды
да ескертіп өттік-ау. Бірде Бәтеспен көп билегенімді, сол
түні көпке дейін күбірлесіп, күлгенімізді Ботанов пен
Арынбеков аңғарып, бәле болған. Бәтестің өзі: «Әңгіме
айтсай», – дегенде ғана ғой, әйтпесе қол созым жердің
өзінен қарай алмай, қою-қоңыр, ұп-ұзын бұрымдарының
ұшын уыста-а-а-п ұйықтағым келетінін ойлағанымның
өзіне ұялып, Ботановтарға бұрылып жататынмын.
Ботановтың қызғанышы ешбір негізсіз еселеніп, Сай-
масаева апайға сыбырлады ма, қайдам. Үшінші аптада
сексен қыз бен сегіз ұлдың арасындағы шекара мәселесі
қайта қаралып, тіксандық әкеліп қойылды. Тіксандықты
тік көтеріп әкеп қойған Ботанов мырзаның тікелей өзі
тұғын.
Бірте-бірте сексен қыздың шетінде шеп құрып жатқан
сегізіміз де баяғы биязылығымыздан арылып, ең жуас,
ең момын, қыздай сызылыңқы мінезімізден жаңылып,
түні бойы көз ілмейтінге кеттік. Норманы да әзер-әзер
орындап, түске әрең-әрең ілініп, бесін ауа Қарақас–
Арқас каналының бойындағы қалың қара талдың ара-
сында қорылдап тұрып ұйықтап алатынға айналдық.
Аудан бойынша «ақ алтын» жинаудың жоспары түгілі,
міндеттемесіне дейін артығымен орындалып, Макарен-
ко атындағы мектеп мерзімінен әлдеқайда ерте қайтады
деген қуанышты хабар жеткендіктен, Абдыраев ағай
әскери тәртіпті түгел өзгертіп, «тыныш жүрсеңдер
боптыға» көшкен. Өзі жиі-жиі ішіп алатынды шығарды.
Тек таңертеңгі және кешқұрымғы түгендеу-түстеу ғана
бұрынғыша қатаң жүргізіледі.
Сексен қыздың ішіндегі сегіз ұл түні бойы көз ілместен
күрсінеміз-ай келіп. Көбінесе бір-бірімізді жақтырмай,
өзімізбен-өзіміз өзгеше қиялға беріліп, алабөтен аһылап-
үһілейміз. Кейде екеу-екеу, үшеу-үшеу шүйіркелесе шүң
кілдесіп, сегізіміздің бірдей бас түйістіре сыбырласатын
шақтарымыз да болады. Бірде Ботанов екеуіміз сыбыр-
күбірге беріліп, елітіп жатқанбыз.
– Саған бір секрет айтайын ба? – деді Ботанов әдет
тегіше бір езуі бір құлағына жетіп, екінші езуі бетінің
бел ортасына барыңқырай тоқтам тауып. – Саймасаева
апай жұрттың бәрі тегіс ұйқыға кеткенде, тысқа шығып
жоғалады. Тұттың түбінде қызыл мәшине күтіп тұрады.
Әне, сол-ла-ай.
– Ұятсыз екенсің ғой, ұстазымыз туралы осылай айт
қаннан ұялсаң қайтеді?! – деп қапаланып қалғам сонда.
Бір-екі күн өткенде көзді ашып-жұмып, ұйқысыз ғана
жатқанда, Ботанов бүйірімнен бір түртті. Шошып оянып,
шамданғанымды жасырмадым.
– Мені ұятсыз деген сіз бе едіңіз, Айтуғанов ағай? –
деді ол мүләйімси сыбырлап.
– Иә, ы-ым, біз боламыз, ар-ұяты азырақ оқушым, –
дедім мен.
– Онда дыбысыңызды шығармай, жылдам киініңіз,
ағай, – деді Ботанов. – Тез-тез!
Киінбеске болмас, көнбесіңе қоймас. Ботановтың дау
сындағы бұла бір сиқыр бұлтартпас.
Сәлден соң екеуіміз секеңдей секіріп, жасырына жүгі
ріп отырып, сап-салқын күздің жап-жарық түнінде, жиде
лердің түбінде тұрдық. Ажырықты алаңқайдың арғы
жағындағы қызыл мәшине жарығын жақпай, алайда, жы-
лжи алмай қиналатындай. Ішінде біздің Саймасаева апай,
ал сыртындағы әлдекім айтарлықтай абыржып, сасқалақ
қағатын сияқты. Ақыры, ай астында қызарыңқыраған
мәшине жылжымай-ақ қойды-ау.
– Қап-ай, а?! – деді еркек қыстыға, кіжіне ызаланың
қырап. Саймасаева апай да сыртқа шығып, ақ жүзін айдан
жасырып, біз жаққа қарата бұрылып тұрды.
– Сіз де қайтыңыз, мен де қайтайын, – деді апай.
– Жоқ, неге қайтамыз? Қайтпаймыз! – деді мәшиненің
иесі. – Абдыраевты әбден ішкізгем. Дүние-әлем шырт
ұйқыда. Екеуіміз ғана ояумыз, екеуіміз ғана...
Қызыл мәшиненің иесі біздің апайымызды құшақтады-
ау. Сүйген де секілденді. Көзіміз бұлдырап кетті ме, жа-
нарымыз жасаурап кетті ме, бірдеме боп барады, әйтеуір.
Қараптан-қарап отырып, қызғанады екен адам. Апайды.
– Таныдыңыз ба, ағай? – деді Ботанов біртүрлі рахат
сезімге берілгендей есінеп қойып.
– Кімді? – деппін ғой мен сонда.
– Ай, Айтуғанов ағай-ай?! Айтуғанов ағайым-ай,
ағатайым-ай! – деді Ботанов. – Кімді дейді ғой маған ба-
рып. Ер-кек-ті!
– Жоқ. Кім ол? – дедім мен.
– Бөлімше басқарушысы емес пе? Шынымен-ақ, аң
ғармай тұрсыз ба, Айтуғанов ағай, жоқ әлде аңқаусынып
аңқиясыз ба?
– Иә-иә, мәшине сол кісінікі. Даусы да...
Құшақтасқан күйі келісті ме, сүйіскен күйінде сыбыр-
ласты ма, екеуі топырағын селдір-бозғылт қырау басқан
ақтаңдақ жолмен ауыл бағытына беттеді. Жарықтан жа-
сырынып, қаракөлеңкелеу тұстарды таңдап, ұрланып
кетіп барады. Үнсіз ғана ұғынысып, біз дағы ілеспекке
бекіндік.
Мектептегі үлкен үзілістің шамасындай уақыт өткенде
олар «Аралас тауарлар» дүкенінің жанындағы биік-биік
жәшіктер жинаулы тұрған тұсқа таяп, тоқтасты. Саймасаева
апай тұттың түбінде тұрып қалды да, бөлімше басқарушысы
екі кісінің бойындай етіп жиналған жәшіктердің тасасынан
көрінбей кетті. Мектебіміздегі кіші үзілістің уақытындай
мерзім жылжып-сусып бара жатқан шақта қарны барлау,
қараторылау бөлімше басқарушысы тұттың түбіне қайта
оралды.
– Қорықпа, – деді біздің апайымыздың қолынан тарта
жөнеліп. – Жүдә, жақсы жер таптым. Әдейі арнап әзір
легендей екен, айналаны түгелдей жәшікпен қоршап қой
ған. Ортада таразы бар, тақтай төсек бар. Қатып кеткенін
қарашы. Қарауылы өзіміздің адам еді, қайтарып жібердім.
Жаным мені-і-ің-ң...
– Бәлесін қарашы! – деді Ботанов қос жұдырығын түйіп,
томпақ бетінің тұсына дейін көтере кіжініп. – Бұ бөлімше
басқарушысы деген бәлелердің бәрінің де барлық жер-
де де ауыздарының салуы бар, төсектері салулы тұрады,
білем ғой, өзі а?!
Бөлімше басқарушысы біздің Саймасаева апайымызды
«Жа-ным-жаным!» – деп жетелеген күйі биік-биік жәшік
тердің арғы жағына алып кете барды. Ай сәулесі сәл-пәл
солғын тартып жұлдыздардың жарығы көмескіленгендей
ме, қалай өзі? Деп ойлап едім, Ботанов бүйірімнен баға
нағыдан бетер қатты түртті-ау, айқайлап жібере жаздадым.
– Жүр! – деді ол.
– Қайда?
– Жәшіктердің ара-арасынан кино көреміз.
– Жындандың ба, немене?!
– Осылай қала береміз бе енді?
Кенет Ботановтың бүкіл денесі қалшылдап қоя бер-
ді. Баяғы жара шығып жазылған басының іші сақырлай
қайнайтындай. Қайта шыққан сұйық-селдір, жұқа шашы
тікіреюге тырысатындай, бір көтеріліп, бір басылатын-
дай.
Табан астында мен де дірілдеп-қалтырап жөнелдім-ау
сонда.
– Қой, қайтайық, – дедім дірілімді баспаққа бар күшімді
жұмылдырып.
– Жоқ, қазір барып анау тау-тау жәшіктерді түп-түгел
қопарып құлатам!
– Не болады сонда?
– Масқара болады, екеуі таудың астында қалады. – Бо-
танов әлі де басылар емес. Барам десе, бара салар бәле
ғой бұл. Не істемек керек? Қандай амал бар? Ойлан,
Айтуғанов! Деп қайраймын өзімді.
– Тау қопарып, жәшік құлатып, дүниені қиратпай-ақ қоя
лық, – дедім мен Ботановтың өз мәнеріне салуға тыры-
сып. – Бір ашуыңды ағатайыңа бере ғой бұл жолы. Жарай ма?
– Сонда не демекшісіз, Айтуғанов ағай? – деді тіс-
тенуінен танбаған ол. – Бәрін көріп, бәрін біліп тұрып,
сүмірейгеннен-сүмірейіп, салбырап қайта бермекпіз бе?!
– Жарайды енді, екеуі шығып қалса, қазіргімізден бе-
тер қиналып қалармыз. Одан да бар ғой, мәшинесіне ба-
рып, быт-шыт қылайық. А?!
– О! Оһ! Мынауың мықты екен! Жүр, дабай! – деп көне
кетті Ботанов.
Содан жүгіргеннен-жүгіріп отырып, тұт ағашы мен жиде
лердің, тал мен теректердің қарауытыңқыраған қалқаларын
қуалап, жатақхананың жанындағы ажырықты алаңқайдың
шетіндегі қызыл мәшинеге жеткенбіз. Біздің ауылда том-
пайып-томпайып жататын, әр аттаған сайын сүріндіре бере-
тін тас атаулыдан түк жоқ қой, түк те жоқ. Дүниемаловтың
дүние-мүлкіне қол сұғуға тура келген. Ботановтың өзі бұтап-
кескен тұт кеспелтектер кәдеге асқан. Қызыл мәшиненің
быт-шытын шығармасақ та, біраз бүлдіріп, төрт доңғалағын
солдырып, болдырып барып ұйқыға кіріскенбіз.
Бір жолы мақталықтан қайтып келе жаттық. Шаршаңқы
лау едік. Айнала сұрғылттанып, аспан бұлттанып, канал
дың бойындағы ирелең жолмен кирелеңдеп көңілсіздеу
келеміз. Бет-жүзі түтігіңкіреген Ботанов бірден бұрылып,
бүйдеді:
– Ай, Айтуғанов! Алфавит бойынша алдасың. Арын-
беков те алда. Оңашада айтып қояйын, бүгін үстеріңнен
асып түсіп Бәтеске барамын.
– Қойшы-ей!
– Солай. Барамын деген соң барамын. Арынбековтің
бір жақсы жері бар, басы жастыққа тиді, бітті. Өледі де
қалады. Ал сен бар ғой, білмеген боп жатасың.
– Барамын дейсің, ә?!
– Иә, барамын Бәтеске!
– Не... неғыласың сонда?
– Неғыласың дегенің нең? Жанында жатып сырласа-
мын. Сөйлесуім керек.
– Өзімен келістің бе?
– Жоқ! Бірден барамын. Не боса о босын, сөйлесу
керек.
– Өзің біл, маған бәрібір.
– Сен мені түсінгін, – деді ол сәл басылыңқырап. –
Анау Арынбеков жыныма тиіп жүр. Саған да, қалған
сумұрындарға да титімдей ренішім жоқ.
– Сонда мен де сумұрын боп шыға келдім бе?
– Жо-о-оқ, сенен басқаларды айтамын. Алфавит бойын-
ша «А»-дан басталғандарда арман жоқ қой, арман жоқ.
– Алғашқы күні алфавитті айтқан – өзің, енді келіп
өлердей өкініп тұрған – тағы өзің. Сырлассаң, сырлас.
Сөйлессең, сөйлес. Шекарада орын жеткілікті ғой, – де-
дім мен.
– Айтуғанов ағай – нағыз нарқасқа жігіт тә-ә-ә! –
деді ол.
Айтқанынан қайтатын Ботанов па, Арынбеков алаңсыз
ұйықтап кеткен шақта, екеуміздей екі «жотадан» асып
түсіп, қанша өжет, қаншама батыл болғанымен, менің жа-
нымда біраз уақыт дір-дір қағып жатып, ақырында сек-
сен қыз бен сегіз ұлдың арасындағы шекарадан өтіңкіреп
барып тыншыды-ау. Қасақана қыздар жақтан жөтелдер
естілді. Оныншының ба, тоғызыншының ба мақташы
сұлуларына суық тиіп қалған-ау. Жөтелгенде де жары-
са жөтеледі-ай тіпті. Олар басыла бергенде, Жабағиев
па, Қойбағаров па, біреуі сандырақтап сөйлей бастады:
«Мақтаның ішіне су топырақ салып, салмағын көбейтейік
те», – дейді. Жоқ, Жабағиев емес, Қойбағаров екен.
Жүрегімнің дүрсілі күшейді. Жаңа ғана Бәтесімізді
қатты қызғанып, бетім дуылдап жатқандай едім, енді Бо-
танов үшін уайым жей бастағандаймын. Не сөйлер екен,
қалай сырласар екен? Бәтесіміз нендей мінез, қандай
қылық көрсетпек? Дауыстары естіле ме, естілмей ме?
Әне-әне! Сыбыр да сыбыр, күбір де күбір басталды.
Құныға құлақ түрмекке мәжбүрсің, әрине. Алдында,
біраз уақытқа дейін сөздері анық жетпеді. Аһ ұра өкініп,
бармағымды тістедім. Алғашқы сөздері керек еді дә-ә-ә...
Міне-міне, енді-енді естіле бастады. Ботанов батылдана
түскен шығар. «Мен сені ұнатамын, Бәтес, – дейді Бота-
нов сыбырлап. – Айттым ғой, соны жөндеп жеткізейін деп
ем. Білдің бе? Біліп қой, мен сені жақсы көремін». «Соны
осылай, осында, өстіп жатып айтуың керек пе, немене?
Мақталықта жүріп-ақ айтпайсың ба?» – дейді Бәтесіміз
де сыбырлай үн қатып. «Талай рет айтпақ болғам, мың
мәрте, миллион мәрте ұмтылғам. Батылым жетпеді».
«Жарайды, ұйықтайық енді». «Ұйықтай алмаймын мен.
Көптен бері көз ілмеймін». «Неге?» «Біліп тұрсың ғой,
Бәтес». «Түк те түсінбеймін. Білмеймін». «Білесің, Бәтес.
Мен сені жақсы көремін. Басқалардың жақсы көргенін
қаламаймын. Біреуінің де саған қадалып қарағанын көтере
алмаймын. Білдің бе?». Осы жерде Ботановтың даусы
каттырақ шығып кетті. «Ақыры-ы-ын, – деді Бәтес. –
Білдім. Түсіндім. Енді ұйықтайық, орныңа барып жата
ғой, жарай ма?».
Ботановты қайтадан жеккөре бастағандаймын. Бәтесі
мізге сәл-пәл ашуым келетіндей. Үнінде аздап қана ке-
лемеждеу жоқ емес, алайда, жібек желдей жап-жайлы,
жұп-жұмсақ. Демек Ботанов мырзаға кетәрісі жоқ деп ой
түйемін. Жының келеді екен.
Екеуінің сөйлесуі ме, сырласуы ма, қайсысы екенін
қайдан білейін, әйтеуір күбір-сыбыр одан ары жалғасын
тапты. Аз ғана кідірістен соң Ботанов: «Шаш... Шашыңнан
бір мәрте ғана иіскейінші», – деді. Тура солай дегенін өз
құлағыммен естідім. Үнін әдейі ғана үзіп-үзіп, әдейі ғана
дір-дір еткізе ме, қайдам-ау! Бәтес ренжи бастады, оны-
сы даусынан анық білінді. Мен әжептеуір-ақ ризамын.
Жарайсың, Бәтес! «Қой енді, қоя ғой! Әйтпесе, ашула-
намын», – дейді Бәтесіміз. «Ашуланғанда не істейсің?»
– «Айқайлаймын. Масқара боласың». – «Өзің де масқара
боласың ғой онда». – «Ұятсыз екенсің!».
Біразға дейін үнсіздік орнайды. Сонсоң қайта жалғасады
сөйлесу. «Сендікпін деші, Бәтес!» Бәтес түрегеп отырады:
«Қой енді». «Бір сүйейінші. Бір-ақ рет!» – дейді Ботанов.
«Дәмең күшейіп барады ғой сенің». – «Сендікпін деші,
«спакойна» жүрейін, сенейін сөзіңе». – «Айтпаймын да,
айта алмаспын да». – «Өйтпеші, Бәтес! Олай демеші. Жат-
шы. Жатып әңгімелесе берейікші. Өтінем, жатшы. Оты-
рып сөйлегенімізді біреулер көріп, естіп қойып жүрер.
Өтінем».
Бәтес күрсініп, қайтадан жатты. Екеуі де үн-түнсіз.
Үзіліс көпке созылды. Бәрібір, ұйқым келер емес.
Бәтестің көзі ілініп кеткен болу керек, Ботановтың не
істегенін қайдам, қолын созды ма, Бәтесіміздің денесі-
не денесі тиіп кетті ме, кім білсін-ай, кім білсін, қыздың
даусынан селк еттім мен де. Бүкіл зал естіп қойғандай
әсер етіп, қайтадан Ботановқа жаным ашып, тың тыңдап
едім, түп-түгел ұйқы құшағында сияқты. «Бәтес, – деді Бо-
танов үздіге үн қатып. – Е-е-емшегіңді... Жа-жа-жалқы рет
қана, көйлегіңнің с-с-с-сыртынан с-с-с-сипайыншы...».
Осы сөздерді айтқанда батыл дейтін Ботановымыздың
толқығаны, даусының дірілдегені соншалықты (бәлкім,
Бәтеске бұл ұсыныс тым-тым тосын көрінді ме екен),
үшеуіміз де үнімізді де, тілімізді де жұтып қойғандай,
тұншығып бара жатқандай күй кештік-ау, әсте. Ақырында
Бәтес: «Ақырғы рет айтамын, Ботанов! Орныңа барып
жатасың ба, жоқ па?» – деді. «Жалқы рет дедім ғой?» – «Үшке
дейін санаймын». – «Сендікпін деші, «спакойна», тып-ты-
ныш жүрейін». – «Айта алмаспын. Үшке дейін санаймын.
Бі-і-ір...». Енді Ботанов ашуланайын деді: «Сендікпін деп
кейін де айтпауың мүмкін бе? Жоқ, ойланасың ба?» – «Екі-
і-і», – деді Бәтес. «Ойланасың ба деймін». – «Жоқ, еш
уақытта айта алмаспын. Ү-ү-үш...» – «Онда мен ертеңнен
бастап анау тоғызыншының қыздарына кетем». «Жолың
болсын, жолаушы». – «Ертеңнен бастап Палымбетова мен
Палмаханованың қақ ортасына барып жатам!». Осыны
айтқан Ботанов бізді баса-көктеп өтіп барып, орнына гүрс
етіп құлаған.
Тоғызыншы кластағы Палымбетова мен Палмаханова,
кешіріңіздер, «емшектері ерте шыққан екеу» атанғандар
еді. Былай қарағанда топ-толық, жұп-жуан, бірақ ем-
шектері ол кемшіліктерін түп-түгел болмаса дағы, біраз-
біраз жойып жіберетіндей. Жұрттың жиі-жиі карағыштай
беретіні де сондықтан-ау. Мәселеңки, біздің кластың
қыздарына қарасаң, Бәтестен бастап, бәрі де талдырмаш,
көйлектерінен болсын, басқалай жұқалтаңдау киімдері-
нен болсын, өріктің түйініндей ғана бірдеңе-бірдеңелер
білініп тұрады ғой. Көп қарай бермейміз, ұяламыз. Ал
анау екеуінікі бүкіл тоғызыншы бойынша бөлек, тіпті оны
айтасыз, оныншының бойжеткендерінен де озып кетеді.
Ботанов біразға дейін бүлініңкіреді. Шынымен-
ақ «емшектері ерте шыққан екеудің» ортасына ба-
рып, біразға дейін аялдап қайтып жүрді. Естуімізше,
ешқандай да оғаш қылықтарға бармай, жай ғана әңгіме
айтып жататын көрінеді. Палмаханова мен Палымбе-
това омырауларындағы «өртеңгірлерін» көйлектерінің
сыртынан ғана, ақыры-ы-ын ғана сипататын көрінеді.
Саймасаева апай қонаққа жиі-жиі кетіп қалатындықтан
(жұрттың бәрі осылай ойлайды), оныншының қыздары да
ерігіп, біздің Әріпбаевты әкететін әдет тапты. Әріпбаев
сынды сыныптасымыздың саяси-сезгірлік ерекшеліктері
жетіп-артылатын. Армян анекдоттарының өзінен алпыс
шақтысын әсірелеп айтады. Бұл – бір. Дүние жүзінде,
жер шарында қанша мемлекет болса, солардың бәрінің
астанасы қай қала, президенттері немесе премьерлері,
әйтпесе билеуші партияларының бас хатшылары кім,
бәр-бәрін біледі. Бұл – екі. Әлем құрлықтарында қандай
ірі-ірі өзендер бар, олар қай теңіз бен қай мұхитқа құяды,
қандай-қандай сарқырамалар сарылдайды, соларды да
түп-түгел санамалап, суреттеп бере алады. Бұл – үш.
Әнекиіңіз, Әріпбаев солай. Жә, жетер енді осы да.
Кешқұрым күн бұлттанып, жел тұрып, Қауыс тауы
бағытынан қара суық соққанда, ұйқы-тұйқы күйдегі
жатақхананың ішіндегі тіксандықтың түбінде біздің
Бәтесіміз әнебір күнгідей, Жетісай қаласының көшесін
дегідей, табан астынан тыпырлап құлап, жан даусы шығып
шыңғырды-ай. Елдің көбі жиналып қалған. Абдыраев
ағай ішіп келіп, ұйықтап жатқан. Жуық маңда есін жина-
мас. Саймасаева қабағымен-ақ халықты қуып жіберіп, жас
мұғалімді ауыл кеңсесіне жұмсады. Екі-үш қызды ғана
жанына алып қалды. Бәтес бебеулейді-ай келіп. Саймаса-
ева апай сүйемелдеп басын көтерді. Суыған шай ішкізді.
Сығалап көзімізді салып, сыналап құлағымызды тосамыз.
– Апай, анада ше, Жетісайға кетіп қалып, кешік-
кенімізде ше, сонда да Бәтес тура өстіп құлаған, – деді
тоғызыншының пысық қызы.
– Әтеңе нәлеттер! Сонда неге айтпадыңдар?! – деп ап-
шып-шапшып жөнелген Саймасаева апайымыз сонда.
Біздің Бәтесімізді жедел жәрдем мәшинесі Жетісайға
алып кетті. Саймасаева апай және екі қыз ілесті. Кейін
естідік қой, Бәтестің ауруын «приступ почек» деп тауып-
ты. Қазірше қауіпті емес, бірақ абайлап, күтініп жүрмек
ләзім. Деп жұбатыпты. Аудандық ауруханада орын жоқ
болғандықтан, дәрі-пәрілерін жазып беріп, жатақханаға
қайтарыпты. Үш күн мақта терімге шықпау үшін ар-
найы анықтама жазылыпты. Мақта жинау майданынан
қайтқаннан кейін, ауыл-ауданына барып, дұрыстап ем-
делу керектігін ескертіпті. Сонда да Саймасаева апайы-
мыз аса сақтық жасап, қырағылық танытып, аудандық
ауруханадағыларға сенімсіздік білдіріп, біздің Бәтесіміз
дің бетінен отын шығарып, перзентханаға да апарып
тексертіпті. Бұл сұмдықты естігенде, нендей күйге түс
кенімізді еске алғымыз жоқ.
Күбір-сыбыр көбейді.
Бәтесіміз бірден өзгерді.
Үш-ақ күнде үндеместің нағыз өзіне айналған.
Бір адамның бетіне қарамай, қарай алмай, қарағысы да
келместен, меңірейіп мақта тере беретін болды. Бәтесіміз
мақтаға шықпаған үш күннің ішінде сегізіміз бірдей
сағыныштан жарылып кете жаздағанбыз.
Үш күн өткенде біз басқа Бәтесті көріп ек.
Сегізіміздің бірдей іштеріміз қан жылап, қалтырап ек.
Қауашақтың тікенектей ұшымен алақанымызды тіл-
гілеп отырып, күңірене күрсініп ек.
Біздің Бәтесіміздің түр-түсін, бой-басын, қасы-көзін,
ерні-мұрнын – ешқайсысын суыртпақтай суреттеп, келісті-
ре кестелегім келмейді. Осы әңгімемізді кем дегенде мың
адам оқитын шығар, неғыпты сонша. Сол мың адам көз
алдына аса сұлу, керемет көркем, айрықша ақылды қызды
елестетсін деп өтінер едік. Сонда мың ғажайып тізіліп
тұрар. Ал енді, сол мың кереметтің ең-ең ғажап жақтарын
біріктірсеңіздер, бір Бәтестің бойынан бәрі-бәрі табылар...
Міне, солай!
Бәтесіміз осындай жаратылыс еді.
Сол ғажапты азаппен қинаған, үш-ақ күннің ішінде
меңірейтіп қойған қиянат дегеніңіз қандай қиын кесапат еді?!
Саймасаева апай Абдыраев ағайды да көпе-көрнеу
былайырақ ысырып, билікті біржолата алып қойғандай.
Сегізімізді және бір кеште бетон еденді дәліздің бұрышына
түп-түгел тізіп қойып:
– Сен сегіз ит! – деді сұқ саусағын безеп. Обалы не-
шік, саусақтары әп-әдемі, сүйріктей-сүйріктей, сұлу еді.
Бәріміз қызығып қарап, шынымен-ақ ит екендігіміз-
ді мойындағандай кейіп көрсеттік. – Әтеңе нәлеті
сүмелектер! Бүгіннен бастап, тұншығып өліп қалсаңдар
да, біріңнің үстіңе бірің емес, бәрің жатсаңдар да, еркек
балалардың бөлмелеріне ауысасыңдар!
– Неге, апай? – деді Ботанов.
– Қандай жазығымыз бар? – деді Жабағиев.
– Бомайды ғой, апай. Өздері де бірінің үстіне бірі
жатқандай, – дедім мен.
– Өшіріңдер үндеріңді! – деді Саймасаева апай. –
Білемін бәрін. Бәріңді де. Бәрің Бәтес дейтін бәлеге
ғашықсыңдар. Көрсетейін мен сендерге ғашық-машықтың
не екенін. Ботанов, сен не істеп жүрсің?!
– Не істеппін, апай?
– Кімдердің, қандай қыздардың арасына барып жатып
жүрсің? Не істеппін дейсің тағы!
Сонымен, осылайша батылымыз, бірбеткейіміз деп
жүрген Ботановтың да үні өшті.
– Төртеуің – тоғызыншы жататын, төртеуің – оныншы
класс жататын шеткі бөлмелерге кетіңдер! Тұп-тура қазір
кетесіңдер. Бес минөт уақыт берем, – деді Саймасаева
апай.
– Жарайды. Біз де біраз нәрсені білеміз ғой, – деп күңк
етті Ботанов.
Бір жақсысы, Саймасаева апай бұл кезде біздей иттер-
ден жиіркенгендей, жиырыла бұрылып бара жатып, есті-
меді.
– Мәшиненің быт-шыты шыққанын бізден көреді-ау,
байқайсыз ба, Айтуғанов ағатай? – деп сыбырлайды Бота-
нов көрпе-жастығын жинап жүріп.
Сексен қыздың бір шетінде жатқан күндеріміз бен
түндеріміз шын жұмақ екен. Тоғызыншының тобына
қосылғандарымыз да, оныншының ортасына орналас
қандарымыз да тозаққа түскенімізді түсіндік. Көрмеген
қорлығымыз жоқ. Отырсақ, опақпыз. Тұрсақ, сопақпыз.
Алғашқыда жататын жағдай болмай, жоғарырақ кластағы
ер балалардың аяқ жағында тізелерімізді құшақтап,
қалғып-мүлгіп отырып, құлай кеткенімізді білмейтін-
біз. Кейініректе: «Сексен қыздың жұмағынан шыққан
ұлдар-ей!» – деп кекетіп-мұқататынға айналды. Бәрі жа-
былып кеп-кеп мазаққа ұшыратқанда, басымыздың мың-
дыңы шығатын. Ол дағы түк емес екен, үшінші-төртінші
күндері таяқ жеуге тура келді. Қалай қараңғылық ор-
нап, ұйқыға жатысады, сол сәтте-ақ бөлмедегілердің
бәрі (алдын ала келісіп қойған да) еденді, қабырғаны
дүрсілдете сабалап жөнеледі де, бірінен кейін бірі біздің
үстімізге қонжия қонып, төпелей кеп төмпештейді-ай.
Тұншықтыратындары тіпті жаман. Ботанов бастаған
төртеуіміз де, Арынбеков бастаған төртеуі де тап осы-
лай бірнеше түнді тамұқта өткеріп, бет-аузымыз көгеріп,
ұнжырғамыз түсіп, ұсқынымыз қашып, ақырында Абды-
раев ағайға жалбарындық.
– Бізді біржола бітсін демесеңіз, сексен қыздың шетін-
дегі шебімізге қайта оралтыңыз, – деді Ботанов. – Әйтпесе,
екінің бірі – не өзіміз өлеміз, немесе өзгелерді өлтіреміз.
– Егер көнбесеңіздер, қазірден бастап аштық жари-
ялаймыз, – деді Әріпбаев саяси жағынан аса алғырлығын
танытып. – Ресми түрде. Жазбаша мәлімдемеміз да
йын.
Абдыраев ағай абдырады. Көбірек ішіп жүргеніне
ұялыңқырап кібіртіктеді, күбіжіктеді. Сөйте тұра
Саймасаева апаймен оңаша жағдайда, жеке-дара сұх
баттасты.
Жұмақ жағдайымызға қайта оралдық-ау, әйтеуір. Адам-
дар өз басына іс түсіп, азапқа кезіккенде мәз бола ма, біз
Бәтесіміздің өзін де естен шығара жаздаппыз. Сегізіміз
қайта оралған сәтте оның соңғы кездегі сүлесоқтығынан
сәл-пәл ғана сергігеніне қатты қуандық.
Алтыншы аптаның ортасында оқыстау оқиғаның көке
сі өз басымнан өтті. Әлдебір жайсыз дауыстан оянып
кетіп, айналама құлақ тостым. Жым-жырт сияқты. Сәлден
соң: «Уһ, жаным-ай! Ішім! Ішім әкетіп барады!» – деген
үн шықты. Ә дегенде Бәтес пе деп, жаным шығып кете
жаздаған. Ол емес екен. Бәтестен әріректе, жеті-сегіз
қыздан соң жатқан біреуі. «Ішім-ай! Көмектесіңдер
ші!» – деп жалынды әлгі қыз. Ойпырай, ешкімнің естіме-
гені ме? Саймасаева апай қайда? «УҺ, өлдім-ау!» – деді
жаңағы қыз әлсіреген, әлсіз үнмен. Шыдай алмай Сай-
масаева апай жататын жаққа сүріне-қабына жүгірдім.
Ары қараймын, бері қараймын. Жоқ. «Апай! Апай!» –
деймін. Жоқ! Қыздың даусы жаңағыдан гөрі жайырақ,
бірақ адам аярлықтай жалынышты күйде жалғасып жа-
тыпты. Амалсыз жанына жақындадым. Тоғызыншыдағы
Палмаханова екен. Созған қолының дірілі ай жарығында
анық аңғарылған. Терге малшынған саусақтарынан
ұстап тарта бергенім сол еді, Палмаханованың шошы-
на шыңғырған даусынан дүр-р-р етіп, бүкіл зал оянды.
Ботанов бір секірсе, электрдің қара түймесіне жетпей
ме?! Жарқ етіп шам жанды. Бәрінің көз ашып көргендегі
суреті белгілі. Бір бүйірін басып шыңғырған Палмаха-
нова. Оның жанында тізерлеп, айнауқасқа айналғандай
апалақтаған Айтуғанов.
Әрине, тоғызыншының қызы жедел түрде Жетісайдың
ауруханасына жөнелтілген. Палмаханованыкі баяғы біздің
Бәтестікі сияқты «приступ почек» емес, соқырішек болып
шығып, аман-есен ауылға қайтты.
Жетінші аптада бәріміз де ауылға қайттық қой. Ма-
каренко атындағы мектеп ұжымының қуанышында шек
жоқ. Әрине, біраз-біраз көңілдерде кірбің бар. Ағайлар
мен апайларды алыстан бақылау мәселесін біржола-
та доғарғам. Ботанов екеуіміздің бір таңданатынымыз:
«Палмаханова приступ болған түні сіз қайда едіңіз, Сай-
масаева ханым?» – деп айта алмаған сияқты Абдыра-
ев ағай. Соқыр ішек болған Палмаханованың кесірінен
Бәтес маған біртүрлі, сап-салқын қарауға көшкен. Бұған
балалардың бәрі қуанады ғой, әрине.
Жаңадан келген жас мұғалім ағайымыздың айтуынша,
көп ұзамай мақта терім майданы мұқым-мүлде өзгереді.
Жер жекешеленеді. «Ақ алтын» жинауға жәрдемші
атаулының түк те қажеті болмай қалады...
Біраз жылдар жылжығанда, жас мұғаліміміздің сондағы
болжамы жүз пайыз жүзеге асты.
Біздің буыннан былайғы жас ұрпақ – мектеп оқушылары
жарытып мақта терген жоқ.
Біз секілді бәле-бәтірлері көп ауруларға шалдыққан
жоқ.
Жәрдемшілерге арналған жатақханалар бос қалды.
Бірақ бәрібір, иә-иә, бәрібір адам баласы шыдамас-
тай азаптарды бастан өткерсек те, «ақ алтын» толы «ақ
партықтардың» салмағына жаншылып, сорайған титан-
самауырдың шайына қанбай, қаншама қаңсысақ та, тіпті
кесапат-кесірлері жетіп-артылатын кесел-дерттерді жамап
қайтсақ та, бәрібір, сол бір шақтарды сарыла сағынудан
танған емеспіз. Жетісай дейтін жұмақ қаланы да, оның
айналасындағы айналайын ауылдарды да, тақта-тақта
мақталықтардың жүйек-жүлгелерін де, тізіле тұтасқан тұт
ағаштарын да, Өсімбаев ағай «суы – су емес, у ғой» дей-
тін үлкенді-кішілі каналдарды да осы кезге дейін аңсап,
сағынамыз да жүреміз.
Бір барып қайтпақты ылғи да ынтыға армандайтыны
мыз рас.
* * *
Эпилог ретінде ескертсек, Бәтесіміз алфавит бойынша
менен кейін жазылатын Арынбековке қосылды. Обалы
нешік, басқаларымыз бұйығы тартып, көбінесе үн-түнсіз
қалар шақтарда, тек Ботанов қана Бәтестейін бөлекше
қызға ғашық болғанын әзіл-шынын араластырып, жан
адамнан жасырмай, жиірек айтып отыра беретін.
Қайран-ай,
десеңізші,
мақта
терім
майданында
жабысқан сырқаттың салқыны ма, әлде басқа бірдеңенің
әсері ме, Бәтесіміз бұ дүниеден тым ерте кетті. Біреулер
бүйрегі десті, біреулер жүрегі десті. Бір жыл өткенде
зайыбының артынан Арынбеков те аттанған. Біраз
уақыттан кейін оларға бірбеткейлеу Ботанов ілесті.
Ертерек кеткендерді еске алған бертініректегі бір кешіміз-
де сегіз биязының тізіміне кірмейтін кластасымыздың бірі
Кенжеғұловтың кәдімгідей-ақ кемсеңдеп: «Бәріңдікі – жай
нәрсе. Бәтеске шын ғашық мына мен едім ғой. Бірақ біл-
дірмегем. Сезімімді сездірместен, жүрегімнің түбінде
тұншықтырып өлтіргем», – дегені, сонсоң іштей егіле
езіліп, үн-түнсіз, ұзақ өксігені бар-баршамызды қайран
қалдырған.
Қайран-ай...
СҮМБІЛЕНІҢ СУЫ
Ыстықкөлге күтпеген жерден жолым түсе қояды деп
ойлаппын ба?!
Жұрт дегеніңіз барып-келіп жатады, ауыздарының суы
құрып айтып жатады. Ал біздікі «барғызбасың – бар
ғызбас» қой, баяғы. Күрсіністі, күреңіткен мұнарлы
мұң ағыстарының кенеркөгінен ғана көрінер аңсарлар
қатарындағы ақ кемелі көгілдір көл туралы біздің
білетініміз бәріңізге де белгілі. Барып-келушілердің
таңдай қаға тамсануы және әлемге әйгілі жазушының
атақты шығармасы.
– Ыстықкөлге баратын болдыңыз, – деді Астана
жақтағы басшыларымыздың бірі. – Ертең Алматыға
шұғыл жетуіңіз керек. Одан ары автобуспен апарады.
Дебатшылардың халықаралық форумы өтеді, соның
ақылдастар алқасына кірдіңіз.
Біз пақырыңыз сасқалақ қағып:
– Рахмет, мың да бір рахмет! – дейміз дегбірден айы-
рыла абыржып. – Ыстықкөлді бір көрмекті армандайты-
нымыз рас. Бірақ...
– Не бірақ? – деді бастығымыз күліңкіреп. – Шынымен-
ақ бас тартайын деп тұрсыз ба? Әдеттегіңізше?
Қайбір жолы да Бурабайдағы осыған ұқсас бір
басқосудан қалып қойғанымыз бартұғын. Соны айтып
тұрғаны.
– Жо-жоқ! Бас тартып нем бар? Бірақ дебатшы
дегендеріңіз өңшең өрімдей жастар, ал біз...
– Ал сіз сол жастарға бас-көз боласыз. Оның үстіне
сценарий бойынша халықаралық форумды ашарда бата
беру керек екен, – деді басекең.
Жолға жедел жиналдық. Алматыға апарар жүрдек
пойызға жетіп үлгеруіміз керек-ті...
Алматыдан ертеңіне түн ортасы ауа шыққанбыз.
Ыстықкөлге таң бозында іліндік. Жұрттың бәрі дерлік
тәтті ұйқының құшағында еді. Көлді көрмей қалмайық
деп көз ілмейтіндер де жоқ емес секілді. Солардың бірі –
біз пақырыңыз.
Алғашқыда Ыстықкөліңіз онша ұнаған жоқ. Әлемге
әйгілі жазушының шығармасындағы ғажайыпқа да, мына
пақырыңыздың қиялындағы арман-аңсарға да келің
кіремеді. Сұлқ жатқан су айдынынан салқындау бір леп
келгендей, автобустың іші суып сала бергендей. Бір-екі сту-
дент өзара сыбырласып: «Ыстықкөл!», «Ыстықкөл!» – десті.
Қалғандары Солтүстік Мұзды мұхитқа келгендей, бойла-
рын жиырыңқырап, аяқтарын жиыңқырап, ұйқысыраған
күйі әлдебір жылы киімдерін тауып жамылып, әжептәуір
әбігерге түсті.
Шолпан туған шақта белгіленген пансионаттың
бозарған қақпасынан өтіп, бөлініп қойылған бөлмелерге
орналастық. Жуынып-шайынып алғаннан кейін де жүдеу
көңілдің түкпірін тіміскілеген ұлыма күшік жадау сезім-
нен түк те арыла алмағаныма қайран қала жүріп, жападан-
жалғыз серуендемек мақсатпен тысқа шыққанмын. Өзге
лердің бәрі, жасы да, жасамысы да ұйқыға кіріскен.
Пансионаттың баулары буалдырланып, буға буылып тұ
рыпты. Аққайың мен ақтерек және арша мен шырша араласа,
кезектесе көмкерген күре жол көлге жетеледі. Енді ғана елге-
зектене елеріп, ентелей елеңдедім-ау. Көлге қарата қадамым
жиіледі. Ойпаңдау жатқан жиектен жүрек лүпілдеткен ай-
дын шеті ағараңдады. Сейілгісі келмей сәл ғана селдірлен-
ген бу үстімен бір бұрқақ бұлқып жылжыды, ара-арасынан
керіле сызылып, кенеркөкті тұтас алып жатқан Алатаудың
ала-бөтен бөлігі көрінді. Сәлден соң барып, аршыла түскен
айдын таң бозында танытқан салқындығына ғафу өтінгендей
ғажап қылықпен жалт етіп, жантая аунады. Ыстықкөліңіз
түгел-тұтас лықси толқып, жағажайды түгелдей толқын-
тасқын алып кетердей сезілді.
– Ықыласыңнан айналайын, Ыстықкөлім, амансың ба?! –
дедім балалығыма оралып. Айналама алақтап, қуыстана
қарап қоям тағы да. Бір байқасам, көз жасым көлге тамып
жатыпты.
Күрсіне күліп алып, бетімді жудым.
Ыстықкөлге.
Арғы беттегі Алатау сілеміне дейінгі керенауланған
кеңістікте нешеме ағыстар пайда бола бастағандай.
Басым айналып, көзімді жұмдым. Көп тұрдым тең
селіп.
Құбылыстарға толы толқындар артымда қалды. Қайта-
қайта қарайлап қойып, пансионатқа қайттым. Күні бойы
қарбалас, қызу шаруалар мен шаралардан қолымыз қалт
етпеді. Кешкі салқын лебімен бірге дебатшылардың
халықаралық форумы салтанатпен ашылды. Сценарий
бойынша басқосуға құт қадам тілеп, бата берілуі керек
екендігін сыбырлай ескертушілер аз емес. Халықаралық
шара болғандықтан, Америкадан, Англиядан, Алманиядан,
Түркия мен Ресейден өкілдер бар. Өзбекстан, Тәжікстан,
Қырғызстан қатысып отыр. Ұйымдастырушысы – өзіміздің
бұрыннан бастамашыл Қазақстан. Бір таңданарлығы, бәрі
де – ағылшын және орыс тілдерінде дағы, тек бата беру
рәсімі ғана қазақ тілінде болып шықты.
Әне, жүргізуші қазақтар ағылшынша да, орысша да
сайрап тұр. Қазақстан өткізіп отырған шараңызда қазақша
ештеңе жоқ екен. Бұл бейшаралыққа не шара?! Бірақ бәтуа
лы батаның сценарийге кіргеніне де шүкіршілік. Міне
киіңіз, шетелдерден келген топтардың бір-бір өкілі сөйледі,
тағы басқалар құттықтады. Кезек бізге келді. «Жасы үлкен
кісі бата береді», – деген сөз де алғаш ағылшынша, сонсоң
орысша айтылды. «Бісміллә!» – дедік қолымызды жайып.
Біз пақырыңызға қарап, бәрі де қолдарын жайды. «Елара
лық ерекше басқосудың қадамы құтты болғай. Керегесі кең,
уығы мықты болғай. Пікірсайыс – дебаттар қызықты өткей,
кейбір кеберсіген ұғымдарды бұзып кеткей. Бұл басқосуға
қатысқан жастардан келешекте көсемдер шыққай көсіліп,
шешендер шыққай шешіліп. Уа, небір Парламенттердің
депутаттары да, Президенттер де шыққай есіліп! Біздің Бу-
рабай, Ыстықкөл мәнзелдес көлдеріміз бүтін болғай. Жер
жүзіндегі бар-барша елдердің түтіндері түзу ұшқай. Ай-
налайын албырт жастар, ынтымақты бағалай білер барша
достар аман болғай. Әумин!» – дедік бетімізді сипап. Бәрі
де сөйтті-ау сонда.
– Ал, ағай, ендігісін өзіңіз біліңіз, – деді Астана мен
Алматыдан келген алқалы топ мүшелері. – Біз өткізетін
іс-шараларға қатыссаңыз да, емін-еркін демалсаңыз да –
өз қалауыңызда. Үш күн бойы жақсылап тынығыңыз.
Төртінші күні қайтып кетуіңізге де болар, себебі құрметті
қонақтарға арнайы автобус келеді. Бірақ сізге Алматы
арқылы емес, көгілдір тауларды көктей өтіп, Бішкек
арқылы тікелей Таразға түсіп, Шымкентіңізге желе-жор-
тып жетіп барған әлдеқайда жеңіл-ау, әсте.
Біраз-біраз іс-шараларға қатысып та байқадық. Англия
дан жас шамасы біз құралыптас бір ғалым келген екен,
жаһандану жайынан лекция оқыды. Жаһанданудың жағ
даяттары біз пақырыңыздың жарғақ құлағымызға жағың
қырамады. Әңгімесінің бас жағы әжептеуір еді, бірте-бір-
те белгілі әуенге ауыңқырап бара жатқан соң, білдірмей
ғана сыртқа сытылдық.
Көл жағасында жүріп, сол көлдің айдынын аңсаған
қызық екен де.
Сүмбіленің салқындау самалы Ыстықкөлдің ықыласты
демінен саулайтын ыссы сәулелерді терек бұтағандай ти-
пылдап үлгеріпті. Жағажайдағы адамдар анда-санда ғана.
Тамылжыған тамыз айымен бірге талай қызықтар қол
бұлғай қош айтып кетіп қалғандай, қабаржыңқы қалдық-
ағыстар ғана тау мен баудан қылау бүркеді. Тү-у түстік
тұстағы алыс-алыс ақбас таулардан ақ мұнар, күнбатыс
жақтағы жасыл белбеулі жатағандау қыраттардан көк
мұнар, терістіктегі тарғыл таулардан қоңырқошқыл, ал
күншығыс беткейлерден буға оранған бұйра-мұнар осы
маңайға мың құбыла құйылатындай.
Бізбен бірге келген жастар өздерінің пансионаттағы
пікірсайыстарымен, жасамыстар халықаралық мән-ма
ңызы зор түрлі тақырыптардағы талқылауларымен әуре.
Ертегідей арша-шыршалардың арғы жағындағы, шойын
өрнекті қалқандармен қоршалған өзгешелеу төрт-бес кот-
тедж кербездене зораяды. Солардан кіріп-шығатын бірер
адам бар секілді. Біздің корпуста жататын демалушы-
лар да бірен-саран. Жағажайға көбінесе бірер сағатқа
соғып, үш-төртеуден алқа-қотан отыра қалатындар, суға
бір-бір сүңгіп алғаннан кейін әйда-а-а, ішіп-жеп, айқай-
сүрең сала билеп, күн батпай қайтып кететіндер жиірек.
Жападан-жалғыз немесе жұптасып келіп, суына бастаған
суға түссе де, түспесе дағы, қимағандай қиыла қарап оты-
ратындар да жоқ емес. Ал енді аяқ-қолдары күнге күйіп,
қарғаның сирағынан бетер шидиген арық қатындар мен
мектеп жасындағы ұл-қыздарда қисап жоқ. Жағажайды
жалықпай жүз айналып, зорықпай мың аралап, қайта-
қайта айқайлайды: «Сыра-сыра-а-а-а!» – дейді біреулері.
«Қымыз-қымы-ы-ы-з-з!» – дейді екіншілері. «Ысталған
балы-ы-ық!» – дейді үшіншілері. «Шабақ, шаба-а-а-ақ!
Кепкен шаба-а-ақ!» – дейді төртіншілері. «Алма-а-а,
қырғыздың қызыл алмасы-ы-ы-ы!» – дейді бесіншілері.
Демалушылар мүлде аз, табыс мандырымсыз бол-
са да, қызмет көрсететін қайықтар, катерлер, тағысын-
тағылар әзірше азая қоймапты. Бір керемет катер бар
екен, адам тіркелген арнайы парашютті көш-құлаш ұзын
арқанға жалғап алады дағы, су бетімен сырғыта сүйреп
жөнеледі. Бірте-бірте әлгі парашютті жел кернеп, адамы-
мен қоса көкке көтеріле береді де, құс ұшар биікке дейін
шығандайды. Көз ұшына дейін ұшырып апарады екен,
сонсоң моторлы қайық көл айдынымен, ал адамы бар
парашют аспанда құстай қалқып, қайта оралады. Есепті
ендіктердің, болжалды бойлықтардың бойымен шеңбер
сыза жүзіп жеткен катеріңіз әлгі адамды қатерсіз тұсқа
қондырар.
Біз де қызықтық бұған. Көл үстінде анау-мынау айдын
емес, Ыстықкөлдің құс ұшар биігінде қалықтап көрмекке
бекіндік.
– Қорықпаңыз, – деді парашютке бекіте байлап жатқан
қырғыз жігіт. – Тізеңізді сәл-пәл бүгіңкіреп алыңыз. Көл
бетімен сырғанағанда да, жерге қонарда да, тіпті шағалалар
шарықтайтын аспанда ұшқанда да қазақ пен қырғызша
шіренбей, қытай мен жапонша сәл иіліп-бүгіліңкіреңіз.
Ұқтыңыз ба?
– Ұқтық, – дедік біз. – Өзіміз де шірене алмайтындардың
бірі едік.
Қырғыз жігіт тағы да талай-талай ақыл айтып үлгеріп,
нұсқауларын нығыздады.
– Қай тұсқа түскіңіз келеді? – деді ең ақырында.
– Қайда болса да мейлі, аман-есен кондырғайсың,
әйтеуір.
– Алла жазса аман келіп, есен отырасыз, жүрексінбегей
сіз, – деді ол. – Суға ма, құмға ма? Адамдардың арасына
ма? Қыз-келіншектердің қасына ма? Таңдаған тұсыңызға
қондырамыз. Қалауыңыз білсін.
– Оңашалау, адам жоқтау, жұмсақ құмға түсейінші,
әлдеқалай болады тағы да, – деп қорқып тұрғанымды жа-
сырмадым.
Бекер қауіптенбеппін. Алғашқыда, су бетімен сырғанай
жөнелгенде асып-сасып, бой-басымды билей алмай,
серіппедей бүгіліп-жазыла білмек керектігін ұмытып,
осынау іске бел байлағаным үшін өз-өзімді жазғыра сы-
бап, өлердей өкіндім. Ұшамын деп нем бар еді?! Құстай
ұшпаққа ұмтылу менің не теңім?! Жағажайдағы жұрттың
бәрі көздерін тігіп қарап отыр. Ұшпай жатып-ақ, көл беті-
нен көтеріліп үлгермей-ақ бір бүйірге аунап түсіп, қайық
қайырылып жеткенше тұншығып қалып, қас масқараға
ұшырасам, не бетім?! Қол-аяғым қытайша емес, қазақша
қалтырап, жұлын-жүйкем жапонша емес, қырғызша діріл-
деп, көз алдым бұлдырай мұнартып, жанарымнан жас
парлап, енді біттім-ау, әттесі-ай, демекке кете бергенімде,
кенет қанат байланғандай қалықтауға көшіппін. Сенер-
сенбесімді білмеген күйімде, сол бір рахат минөтін сезі-
нуден айырылғым келмей, төмен қарауға қорқып, көзімді
бірден ашпағам. Барған сайын көркем әлемге кірігіп, ас-
пан астарымен бірігіп, көл жағасынан ғана көретін мұң-
дірілді мұнарлармен араласып бара жаттым-ау! Жұлқына
бұлқынған жүрегімді әзер басып, көзімді ашып, құс
қалықтар биіктен Ыстықкөлдің айдынына қарадым-ау,
ақырында. Аңтарыла телміремін. Тербеле қалықтап, ар-
ман құстай ұшып келемін. Ұшпа мұнарларды, ақ ұлпа
ағыстарды ақ шағаладай құшып келемін. Аппақ ұлпа
ағыстардың бір тұстары ыссы, бір тұстары жылы, енді бір
тұстары салқын сезіледі. Төменнен қарағанда, көбінесе
бос кеңістік көрінер аралықтарыңыз аспан жақтан арала-
сып кеп кеткеніңізде, дүрия дүниеге айналады екен дә.
Құс боп ұшып келемін. Ыстықкөлімді құшып ке-
лемін. Кенет табан астынан әндеткім келгені-ай. Баяғыда,
бесінші класқа көшіп каникулға шығып, қойдың кезе-
гін өз еркіммен, қуана-қуана баққаным бартұғын. Сон-
да, Сарқыраманың жасыл жазығында қой мамырлап
қозғалмай қалғанда, елбіреп ертеңгілік самал ескенде,
желбіреп желкекшөптің үлдірегі ұшқанда, көктем мен
жаз арасының күні нұр дидарынан сәуле төгіп тұрғанда,
үлбірек бұлттар қыземшек төбелердің үстін үкідейін
сипап өтіп бара жатқанда, жаңа-жаңа түйін тастаған
сардолананың ою-өрнекті жапырақтары жаппай жамы-
рап, жыпырлағанда ше?! Ән салғым келген. «А-а-а-а-аха-
ау-у-у!» – деп бастап, сөзін де, әуенін де «өз жанымнан
шығарып», біраз жерге барып қалған екенмін. Кенет:
– Пай-пай! Біздің ауылдың Пақырғалиы да ән салады
екен ғой, пай-пой! – деген дауыс естілді. Сарқыраманың
жасыл жазығы жанындағы Пұшықкезең шатқалынан
шығып, көк есегінің қайшыланған құлақтарымен қосыла,
ұрлана тыңдап тұрған падашы Пернетай екен. Әттесі-ай,
әнімді бастамас бұрын әбден-ақ айнала-төңірекке қарап
алғандай едім. Ешкім жоқ сияқтытұғын. Енді қайттім?!
Құлағымның түбіне дейін дуылдай қызарып, алаулап жа-
нып барады-ау. Бүкіл ауылға ғана емес, жарты әлемге жа-
риялайтын болды ғой, пәдеріңе пәле келмегір Пернетай!
Бір айтып қана қоймайды, күн сайын қырық қайталайды-
ау енді. Деп пұшайман болғаным, содан кейін «әу» деп
көрмегенім өзіме аян. Міне, енді Ыстықкөлдің құс
ұшар биігінде қалықтаған, шағала шарықтар көгінде
көлбеңдеген кезімде ән салғым келгенін түсінуге тырысар-
сыздар. Күйкілеу тірліктің күнделікті күйбеңінен, түрті
нектеп тынбайтын тірнектердің тартылыс күшінен тыр-
бана алыстауға тырмыса тырысып, біршама биіктегендегі
сыңайымыз дағы. Ақ ұлпалы ағыстар аймалаған бір тұста
еркімнен тыс еліріп: «Ау-у-у-уа-у-у-уа-ау-у-у!» – дедім
бе, қайдам. Салған әнімнің сияғы осындайға, турасын
айтсақ ұлығанға да ұқсап кетті. Көл бетімен сырғанаудан
бір танбай, парашютке байланған біз пақырыңызды ас-
панда қалықтатқан катер-қайығыңыз кеуірттей ғана еді,
бірсін-бірсін үлкейді. Жағажайға жақындап, «ұлыған
құсты» қондырмақ мақсатпен қайтадан қашыққа қарай
құйындата, құйғыта зырлады. Ақылды ағыл-тегіл айтатын
қырғыз жігіт жымиған күйі, сынай қарап қойып, жұмсақ
құмды жағажайдың бір бүйірінде жападан-жалғыз жатқан
әйелдің жанына қондырды. Қызылды-жасылды парашют
қанаттарының бір шеті көл толқындарына малынып, біз
пақырыңыз ғарыштан оралғандай тәлтіректеп, әлгі әйел
жалпақ қалпағын көтеріп қарауға мәжбүрленді.
Жиегі жалпақ қалпақтың астынан қараған жанарлар-
дан мың қабат мазмұнның андыздағанын аңғармау мүмкін
емес-ті. Ыстықкөлдің бүкіл жағажайы, әредік қана көзге
шалынар шоғыр-шоғыр адамдар, қолдарындағы барша
дүниесін базарлап қалмақ үшін аянбай айқайлап, дауыста-
ры қарлыққан, карауытқан қатындар мен ұлардай шулаған
ұл-қыздар – бәр-бәрі бір бөлек, ал мына әйел мүлде басқа
екендігі байқалып тұрды. Сымбат бітімі соншама салта-
натты бола тұра, тәні қаншама таза асыл, бекзада бола тұра,
сүмбіле сызы бүрке бастаған, салқын тартқан жағажайда
жалқы жатқаны кім-кімді де таңдандырмай қоймас-ты.
Бұған қоса жиегі жалпақ қалпақтың астындағы жанарлар-
да күрең күрсіністің, тіпті қайғы шіркіннің арғы жақ, бергі
жағынан табылатындай мұнарлы мұңның тұнып тұрғанын
байқамау мүмкін емес-ті. «Ғарышкеріңіз» теңселіп барып,
сусыма сары құмға отыра кеткен. «Ұлыған құс» күйінде
әлгі әйелге қараған. «Құс ұли ма?» – деп өз-өзіне сауал
тастаған. «Неге ұлымасын?» – деп бір үн жауап қатқан.
Құм астынан шыққандай құмыққан үн өзінен естілді ме,
жоқ жаңағы әйел жақтан ба?! Деп, тағы да таңырқаған.
Ғажабы сол, ғарышкеріңіз әлгі әйелмен үнсіз-тілсіз
сөйлесе бастағандай.
«Жалғыз екенсіз ғой?» – деді бұл.
«Түсінбедім», – деді мұңы мың қабат, сыры сан қабат
әйел.
«Жағажайда жалғыз жатқаныңызды айтам», – деді бұл.
«Иә-иә, онда тұрған не бар. Жалғыз емеспін, мұнда мен
өз мұңыммен бірге келгем», – деді әйел. Жанарларындағы
мұң-мұнарға ұзын-ұзын, қап-қара кірпіктері діріл аралас-
тырды.
«Жалғыздық жақсы емес қой», – деді бұл.
«Иә, оның несі жақсы дейсіз. Бірақ мен мұңды жал
ғыздықты жаратам», – деді әйел.
Ғарышкеріңіз бұдан әрі үнсіз-тілсіз сөз қатысқан
батылдығынан жаңылып, әйелдің соншалықты сұлулығы
нан ынжықтана ығып, Ыстықкөлге бұрыла қарап қана
құтылды. Көл үстінде, құс ұшар биікте қиялдай қалықтап,
кірбіңді көңілі көтеріңкі тартқан ғарышкеріңізге соңғы
секөндтер аса ауырлау соққан еді. Алайда, аспандағы
айдың ғайыптан тайып жерге түскеніндей тамылжыған
жаратылыстың жанында отыруы, жай ғана отырмастан,
үнсіз күйде тіл қатысып, сыр бөлісе бастауы ауырлық езіп,
азап жаншып жүретін жан әлеміне желеміктеу жеңілдік
әкелген. Сары құм сүйкімді болып барады. Себебі сол,
әлгі әйел және бір аунап түсіп, сызықсыз, дақсыз санына,
Түркібасы терегіндей тік балтырына жабысқан сары құм
саулай төгілген.
Әйел орнынан тұрған еді.
Ғарышкеріңіз тосын тербеліс сезінген. Әйелге біресе
отызды да, тіпті қырықты да беруге болатындай. Отызға
жетпеген десеңіз және еркіңізде. Талдырмаш, өзгелердей
тым жалаңаш емес, кіндік тұсы торғын тормен шілтерлен-
ген. Қою қара шашын желкесінен бір байлаған. Тұнжыр
жанарларын және бір бұған қарата бұрған. Ғарышкеріңіз
тәлтіректеп қалған. Әйел жағажайдан көлге қарай бір
аттаса, көгілдір таулар бір қадам; екі аттаса, екі қадам
берірек жылжитындай.
Тағы да үнсіз-тілсіз сөз қатысты екеуі:
«Су бетінен сәуле жимаққа жиналдым», – деді әйел.
«Сізге ілеспекке батылым бармай тұрғаны», – деді
бұл.
«Ғарышкер емессіз бе?» – деді әйел. Сөйтіп, сәл-пәл
ғана күлімсірегендей көрінген. Оның сол жымиысынан
жағажай жарық тартыңқыраған. Мұң-мұнарлы ағыстарға
өзгеріске толы өзге құбылыстар құйыла бастаған.
Отызға жетпеген, әлде қырыққа жетпеген қыпша бел
әйел қырлауыттаған құм қыраттан асып түсіп, жағажайды
жиектей иектеген толқындарды тізесіне таман кешіп
үлгергенде, ғарышкеріңізге һәм ес кірген. Беймаза жаны
байыз таппаған күйінде, алайда, айнала-төңіректің де,
әйелдің де мұң-мұнардан аздап та болса арыла бастағанына
батылданып, сергектене серіктеспекке бекінген. Бұл сәтте
әйел су бетіндегі сәуле біткеннің бәрін бір өзіне ілестіре
үйіріп алып, ағараңдай жүзіп, алыстай бастаған.
Ғарышкеріңіздің өзегі өртенбей жана жаздады. Жүзуге
тіпті жоқтұғын. Әлде жылы, әлде салқын екені сол бір
сәтте түк те сезілмеген суды бірте-бірте бойлап бара жа-
тып, кеудесінен асқанда, көл түбіне кеткендей, тұншығыс
тапты. Шуақ шымырлаған торғын толқындардың үстіндегі
әппақ әйел сол күйінде сонау кенеркөк-көкжиекке де
жүзіп-сусып жететін секілді. Ыстықкөліңізді қақ жа-
рып, арғы беттегі ақ нұрлы тауларға өтетін де секілді.
Ғарышкеріңіздің амалы құрып, құс емес, мыш болып
ұлып шегінді, сүмірейе сүйретіліп, құмдауыт жағаға суы
сорғалай ілінді.
Әлден уақытта әйел оралды. Оны жаңа ескерткеніміз-
дей, отызға жете қоймаған, әлде қырыққа жете қоймаған
деуге болатындайтұғын. Суға түсіп шыққанға дейін
солайтұғын. Ал енді, мінекейіңіз, Ыстықкөліңізге шо-
мылып шыққан соң, сүмбіле судың бетінен сәуле жиып
оралған сәтте, жиырмадан жаңа асқан деуге келетіндей
кейіпте, қап-қара, қою, шолақтау шашын сілкіп қойып,
әппақ, алайда, нып-нығыз, талдырмаш денесіндегі тамшы-
лар мөлдіреп, мұң шілтерлеген жанарлары жәудіреп, жа-
нына келіп отырды.
«Қасыңызға жайғасқаныма қалай қарайсыз?» – деді
үнсіз-тілсіз.
«Тілсізбін, – деді бұл. – Мұңсызбын, сірә, дей алман».
«Мұң – менің де серігім, мұңсыздықтан жерідім», –
деді әйел.
«Бар мұңым сол, суда ілесе алмадым, – деді ғарышкер, –
құмда қалдым құмығып».
Жиырмадан жаңа асқан деуге келіңкірейтіндей әйел
әлгінде ғана, суға түсер сәттегі сәл-пәл күлімсірегеніндей
кейпіне қайта енген. Үстіндегі тамшылар әлдеқайда
азайып қалыпты. «Шіркін-ай, мына мөлдір тамшыларды
Ғабит Мүсіреповше бір-бірлеп, санап сүйер ме еді?!» –
деп армандады ғарышкеріңіз.
Жылы жымиыстың ұлғая түскенінен рахат табу бұйыра
қоймады пақырыңызға. Қарға сирақ қара қатындар мен
экватордың арғы жағындағы эфиоптардан аумайтындай
ахуалға түскен айналайын балалар айналадан анталап, тұс-
тұстан тауарларын тықпалай бастады. «Ысталған балы-ы-
ы-ық!» – дейді біреулері. «Ша-бақ, шаба-а-а-ақ! Тұздалған,
кептірілген шаба-а-а-ақ!» – дейді екіншілері. «Сыра-а-а-а!
Ара-а-а-а-ақ!» – дейді үшіншілері. «Сам-са-а-а-а! Алма-а-
а-а! Қырғыздың қызыл алмасы-ы-ы-ы!» – дейді төртіншілері.
Әйел орнынан тұрды. Ғарышкеріңіз һәм ілесе түрегелуге
мәжбүр. Сауда жасаушылар кәнігі шабуылшылардай шеп
құрып, шегінер емес. Әйелдің тұла бойынан төгіліп тұрған
мұң-мейірім мен ғарышкеріңіздің болмысынан сезілетін
шын қайырым әсер ете ме, кім білсін-ай, кім білсін.
– Кешіріңіз, тіліңіз шығатын уақ жеткен шығар? – деді
әйел. Оның дауыс әуенінен демін жоғалта жаздап барып
бұл:
– Мына мүсәпірлерге ұрсып, шептерінен шегіндіріп
тастайын ба? – деді демігіп.
– Жо-жоқ! – деді әйел ән садаға кететін әуенді үнімен
жер-дүниені үкідейін желпіп жіберіп. – Ұрыспаңыз
оларға. Ондай хақыңыз жоқ. Ертіп жүріңізші бәрін. Иә-
иә, өзімізбен бірге ертіп жүрейікші.
– Ілесіңіздер бізге! – деді бұл қарға сирақ қара қатындар
мен «эфиоп» балаларға. – Бізбен бірге жүріңіздер.
Екеуі бір қауым халықты ерткен күйі әйелдің заттары
жатқан жерге жетті. Заттардың иесі гүлдей көркем, көрікті
күйінде тізерлей отырып, әлдебір әдемі қапшығынан бу-
ма-бума ақша шығарып, бұған ұсынды. Қара тобырыңыз
жақындауға бата алмастан, бес-алты қадамдай тұста то
сырқай тоқтаған. Ғарышкеріңіз аң-таң қалып, бума-бума
қырғыз сомына ебедейсіз қол созған. Кәдуілгі қырғыз
банкі шығарған жиырма сомдықтан текше-текше бумалар
екен. Шошақ бөрікті, шоқша сақалды Тоғолоқ молдоның
(молда емес) суреті салынған жиырма сомдықтар
өңшең (оқырманға ескерте кетелік, біздің мың теңге –
қырғыздардың екі жүз елу сомы).
– Сізден үлкен өтініш, – деді үстіндегі мөлдір тамшы-
лар түк қалмай кепкен әйел әуеніне аздаған діріл арала-
сып. – Мына ақшаны осы тұрған балалар мен әйелдерге
түгел таратып беріңізші, жарай ма?
– Жарайды, – деді ғарышкеріңіз.
Тоғолоқ молдоның суреті салынған сарғыш жиыр-
ма сомдықтарды тарату тәп-тәуір тартымды жағдайда
атқарылды. Қарапайым адамдардың әрқайсысына кем де-
генде оншақты жиырма сомдықтан тиді.
– Айыпқа бұйырмаңызшы, – деді әйел үнінің әжептеуір
оңала түскенін аңғартып. – Үш күннен бері қалай тарата-
рымды білмей жүр едім. Қожанасыр атамыз айтқандай, бұ
да бір біткен іс болды. Рахмет сізге!
– Кешке қарата сізді қайдан табамын? – деді ендігі ерен
діріл ғарышкерге ауысып.
– Ертең қайтамын, – деді әйел күлімсіреуін күнге
көмкерте. – Мені табуыңыз қиын, пансионатта емеспін,
таныс шешейдің үйінде пәтер жалдап жатырмын.
– Ойбай, менің де қайтуым керек-ті, – деді бұл. – Біш-
кек пен Тараз арқылы.
– Оһо! Онда Бішкекке дейін жолымыз бір екен, авто-
буспен серіктесіп қайтуға қалайсыз?
– Сіз... Сіз... Шынымен-ақ автобуспен қайтпақсыз ба?
– Иә-иә. Неге сонша таңырқап қарайсыз?
– Біртүрлі. Жараспайтын секілді. Сіздің автобуспен
жүретініңізді елестете алмай тұрғаным.
– Таңертеңгі сегізде алғашқы автобус жүреді екен,
автостанцияда күтем, – деді де, қол бұлғап кете барды.
Ғарышкеріңіз одан сайын аң-таң: «Ойпырай, бұл әйел қай
кезде, қалайынша жылдам жиналып үлгерді өзі, а?».
– Жетем автостанцияға, жетем, – деп жөтеліңкіреп
қала берді бұл.
Кешкісін Астана мен Алматыдан келген ұйымдас
тырушы өкілдерге өзінің таңертең таяу поселкедегі
автостанцияға жетіп, одан Бішкек және Тараз шаһарлары
арқылы Шымкентке қайтатынын мағлұмдады.
Ертесіне автостанцияға келсе, әйел әбден ескіріп,
алқам-салқамы шыққан күту залының сарғайған орын
дықтарының біріне жайбарақат жайғасып алып, кітап
оқып отырыпты. Ары өткендер де, бері өткендер де, тіпті
билет сататын касса әйнегінің арғы жағында отырғандар
да бұл замандарда мұндай орындарда мүлде отыра бермей-
тін мынадай өзгеше өңді, бөлек бітімді әйелге таңырқай
қарайтындай. Әйелдің қолындағы кітаптың әбден тозығы
жетіп, ақжемденіп кеткен екен. Ол елгезектене есендесіп,
еркелей түрегелген. Еркелігінен ескі орындықтар еріп
кеткендей, сүйкімді сықырлады. Елдің бәрі екеуіне ғана
назар жыққандай. Ылғи да ығырыңды шығаратын, тыста-
ры торкөздене тырсиятын қапшықтарға дейін қаңтарыла
қарайтындай.
– Автобустың жүруіне жарты сағаттай уақыт бар, тысқа
шығамыз ба? – деді әйел. – Мен екі билет ап қойғам.
– Билет ап қойғаныңыз ыңғайсыз болды ғой, – деді
бұл. Көз алдына кешегі жиырма сомдықтар елестеп
кетіп. – Шықсақ шығайық.
Екеуінің де жүктері ауыр емес-ті. Автостанция жа-
нынан сылдырап ағып жатқан арықтың жағасындағы
кирелеңдей өскен аққайың түбінде тұрысты.
– Сүмбіледегі суға қарай бергім келеді, – деді әйел
әуені ерек үнімен. – Әдейі лайлап, қасақана былғамаса,
сүмбіледе судың бәрі бөлекше тазарып, мөлдіреп кетеді
ғой. Сәл ғана мұң-мұнардың кіреукелейтіні болмаса...
Бұл басын изеп құптады.
– Бүгін сәл біртүрлісіз ғой? – деді әйел.
– Түнімен ұйықтай алмадым, – деді ғарышкеріңіз. Шы-
нын айта салғанына ұялып, шынымен-ақ қызарып кетті.
– Айтпақшы, мына кітапты кешегі айтқан, өзім пәтер
жалдап жатқан шешейдің үйінен алғам, – деді әйел. –
Білесіз бе, бұл Бексұлтан деген қазақ жазушысыныкі
екен. «Қырғыз келіншек» деген әңгімесі қатты ұнады.
Қараңыз, мұқабасы мынадай боп қырқылып кеткен. Аса
көп оқылған бақытты кітап боп шықты бұл. Апайдан ар-
найы сұрап, қалап алдым.
Ғарышкеріңіз бақытты кітапты қолына алып, парақтап
қарады да, қайтарып берді. Нешеме уақыттардан бермен
қарата бұлайша жұлма-жұлмасы шыққан, табиғи түрде
тозған кітапты көрмеген-тін.
– Бақытты кітабыңыз дұрыс-ақ, – деді бұл әйелдің та-
уып айтқан сөзіне ризаланып. – Ал бақытты жазушының
бақытты кітабы десеңіз, тіпті жарасып кетер еді.
– Кітабы мынадай болған соң, авторы айтты-ай-
тпады, армансыз емес пе?–деді әйел. – Қараңызшы,
қалай жазады, ә?! Тыңдаңыз: «Адамның адамшылығын
өсіретін – жақсыны сағыну. Бәріміздің, сірә, бақыт деп
жүргеніміз – жақсыға жолығу. Жолығуын жолыққан бо-
лармыз-ау, қу тіршіліктің күйбеңімен жүріп, қаншасын
жоғалтып алғанымызды айтсаңшы!». Әйелдің әңгімеге
беріліп кеткені соншалықты, автобустың жүргелі
тұрғаны жайында хабарлаған қарлығыңқы дауысты да
естімеді, одан әрі оқи бергісі бар.
– Сіз Бексұлтан Нұржекенің әңгімесін біржола аяқтап
шықпақсыз ба? – деді бұл. – Көліктен қап кетерміз.
Екеуі автобустың оң жағын ала, орта тұсқа таман
жайғасты. Бәрібір, мына әйелдің бүгінгі мына заманда,
тек қана қарапайым адамдар жүретін қарабайырлау ав-
тобуста отырғанына ыңғайсызданған қалпынан құтыла
алмаған ғарышкеріңіз өзімен-өзі болып, ойланып кет-
кен.
– Шынымен айтам, сіз кешегідей емессіз, – деді әйел ер-
келеу әуенінен жаңылмастан. – Анау арыққа қараңызшы,
түбіндегі балдырлары балықтай анық, ал қызғылт сары
жапырақтар зүбәржаттай жайнайды. Сүмбіледе ғана су
осылай мөлдірейді! Байқадыңыз ба кеше, Ыстықкөлдің
қай жерінен қарасаңыз да, түбі жарқырап жатқан жоқ
па?!
Кенет ғарышкеріңіздің көңілі сиқырлы кілтпен бұрап
ашып жібергендей сыңғырлап жөнелді, болмысын буып
отырған бұлдыр бірдеңе лықсып барып, бунап барып,
сейілді.
– Осы сіздің атыңыз кім? – деді батылданып.
Әйел тысы тозған кітапты кім-кімнің де бірден тіке
қарауға батылы бара қоймайтын шошайыңқы омырауына
қос-қолдай қысып отырып:
– Шын ныспымды айтпаймын, – деді әуенді еркелігі-
мен ерітіп. Бұл мейірі қанбастан, қазақ жазушысының
қырғыз әйелдің кеудесіндегі кітабының төңірегіне тел-
мірген. Тым талдырмаштардың омырауы да осындай бо-
лар ма?!
– Неге? – деді күрсініп.
– Аса қауіпті, – деп күлімсіреді әйел. – Шолпан дей
беріңіз.
– Жарайды, Мұң Шолпан десем бола ма?
– Мейліңіз. Ал сіздің есіміңіз кім?
– Мен де шын атымды айтпайтын болдым ғой, – деді
бұл да. – Алпан дей беріңіз.
– Шоң Алпан десем ше?
– Жарайды, сіздің аузыңыздан «шоң» дегенді естудің
өзі бақыт емес пе?!
– Сіз «Мұң Шолпан мен Шоң Алпан туралы аңызды»
білетін болдыңыз ғой? – деді әйел.
– Үстірт қана естігенім бар, – деді бұл.
– Естімей-ақ қойғаныңыз да жөн еді-ау, – деді Мұң
Шолпан.
– Мұң Шолпанды Жаратушы ерекшеден де бөлекше
етіп жаратады, – деді ғарышкеріңіз. – Әкесі сұлу қызын
қорғаштап, ұлы мұнара, яки «дың» салғызады. Мұң
оранған мұнара қаншама жасырып, қалқалап бақса да,
күндердің күнінде Шоң Алпан сол қалқатайға жол тауып,
қызды өзіне қарата-а-ад...
Бұл кезде бұлардың автобусы әлі де Ыстықкөлді сәл
алысырақтан бойлай орап жүретін ирек жолмен келе
жатқан.
– «Өрнек ауылы» деп жазып қойыпты, аты қандай
әдемі? – дейді ғарышкеріңіз. Екеуі де үн-түнсіз үңіліп,
ауылдың үй-жайларына, тізілген теректеріне қарайды.
Әрине, Ыстықкөлдің мұнары арқылы көз тігеді ғой.
– «Тамшы ауылы» деген қандай?! Ыстықкөлдің тамшы-
сы ғой! – дейді Мұң Шолпан.
Небір ауылдар да артта қалып барады. Енді құмшауыт
қыраттар, тастақты төбелер, жол жағалай терең-терең
жарлауыттар көбейді.
– Жарлар көп екен, – деді Шоң Алпан.
– Жарлар ма, жаралар ма? – деді Мұң Шолпан күрсініс
тауып, мұңая қалып.
Бірте-бірте биіктеп, қайтадан төмендей бастағанда:
– Шу облысы, – деді Мұң Шолпан.
– Қайран Шуды қыспаққа қысып, тауға жаншып, тасқа
бағындырып тастайды екенсіздер ғой? – деп таңданды
Шоң Алпан шынымен-ақ қайраңданып. – Ойпырмай,
бұлай деп кім ойлаған?! Қаншама асаулық танытып, тар
қолтықтарда ақ көбік шашып аласұрғанмен, көнбіс күйге
түсіп, шыңырау шұңқырдан шыға алмай, арнамен ғана
амалсыз аға береді екен-ау.
– Ал, сонда не демексіз? – деп ерке назды үн-әуенмен
айтысқа бейімделді Мұң Шолпан да.
– Қазақтың кең даласындағы кейпін елестетіп отыр-
мын дағы, – деді Шоң Алпан.
– Шымыр-шымыр Шу толқыны, қарқаралы қамыстар
тербеледі ырғалып, – деді Мұң Шолпан.
– Қайран Шудың суын қыспақтан ұшпаққа біз
шығарады екенбіз ғой, – деді Шоң Алпан.
– Жеңілетін жеріңізге келе жатырсыз, – деді Мұң Шолпан.
– Қалай жеңілемін? – деді Шоң Алпан.
– Қайран Шуды алдап-сулап апарып-апарып, Созақтың
құмына жұтқызып жіберетін сіз бе, біз бе? – деп сыңғыр
лады Мұң Шолпан.
– Жеңілдім-жеңілдім, оңбай құладым! – деді Шоң Ал-
пан сыбырға көшіп. – Қараңызшы!
Шоң Алпаныңыз Мұң Шолпаныңыздың ғажайып
омырауына тиіп кетуден қорқып-толқып, сыртқа қарай
ұмсынып, тү-у төменге тесіле қарады. Ағаштарға асылған
боз ұлпалар Шудың суына телміре төгіліп тұр екен.
– Білесіз бе, боз ұлпалар да тек сүмбіленің кезінде кемеліне келеді, оларды ағаштың кез келгені еркелетеді. Санаулы күннің ішінде кез келген ағашыңызға өрмелей өрістеп, өсіп кетеді де, ұшар басынан асып түсіп, мөлдіреген суға тесіле телміріп, тербеледі де тұрады осылай, – деді Мұң Шолпан. – Қаншама күзде көріп жүрсем дағы, боз ұлпаңызға бүгінгідей назар аудармаппын, – деді Шоң Алпан. – Шолақ ауылының маңында Шуыңыз таудан түсіп, жазыққа шыға бастайды,–деді Мұң Шолпан. – Қараңызшы, ана-а-а-ау алыс та алыс таулардан асып жетіп, бәлкім бізбен ілесіп кеп, ақтеректер мен көктеректердің арасына ағыл-тегіл құйыла төгіліп тұрған мұнарларды байқайсыз ба? – Байқаймын. – Бос кеңістікті осы бір ағыстар айшықтамаса, біз пенделердің күніміз не болар еді, аға? «Аға» деп алғаш айтуы еді. «Дың» мұнара түбінен естілгендей дың-дыбыс құлағын шың еткізді ме, жүрегін шым еткізді ме, түсініксіздеутұғын. Шолақ ауылының айналасы тізбек-тізбек көктеректер, шоғыр-шоғыр ақте ректер екен. Ағын-ағыстарға алақан тосып, әуелей әнде теді жапырақтарының үсті жалтылдап. Ауылдың арғы жағындағы арнасы жайыла түскен Шудың айдынында шымыр да шымыр толқын ойнайды. Автобустың жүрісі үдей түсті. Мұң Шолпанды кім білсін-ай, кім білсін, Шоң Алпан темір көлік тоқтамаса екен, осылайша ұза-а-а-ақ уақыт жүре берсе, жүре берсе, жүре берсе екен деп шын тілейтіндей күйдетұғын. – Бішкекке де біраз ғана жер қалды, – деді Мұң Шолпан. – Мен сізді алғашқы күні, дебатшыларыңызға бата бергенде көргем. – Қалай?! Қайда отырдыңыз? – Аққайыңдардың арасында тұрғам. – Жалғыз ба? – Жападан-жалғыз. Айналам – айналайын аққайыңдар еді. Жаман адам еместігіңізді сонда сезгем. Жағажайда ғарыштан түскеніңізде жатырқамағам. Мұң Шолпан кенет күрсінді. Күрсініп салып:
– Бішкекке жетпей, автобустан төтенше түсіп қалсақ
қайтеді? – деді. Үні алабөтендеу-тін. Шоң Алпаныңыздың
жүрегі алқынып, өкпесі өрекпіп:
– Мейлі, – деді тіпті ойланбастан айтқандай күйде.
Екеуі автобустан түсті. Мұң Шолпан такси тоқтатты.
Алғаш асфальт жол аса кең еді, кейіннен еңістеу жаққа
бір бұтақ шығып, тым тарыла бұлаңдады. Айналада
қазан болмаққа қараған телім-телім, тақта-тақта егістік-
тер көбейді. Шағын ғана айылдың (ауыл емес) шетінде-
гі қарапайым үйге бұрылып тоқтады бұлар. Үйдің жа-
нынан көрпе жоңышқалық бірден басталып кетеді екен.
Шоң Алпаныңыздың әлем жүзіндегі әдемілік атаулының
ішінде жүрегін баурап алар сүйікті суреттерінің бірі –
осы күз басындағы көрпе жоңышқатұғын. Әсіресе көрпе
жоңышқаның бір бүйірінде боз бие мен қоңыр құлын
шуақтап тұрса, шіркін-ай. Мына ғажайыпты қараңызшы,
мұнда қоңырторы бие мен аппақ құлын арқандаулы екен!
Ауылдың апасындай болып, айылдың ақ жаулықты анасы
шықты. Мұң Шолпан құшақтасып, сүйісіп жатыр. Шоң
Алпанды таныстырмаққа асыққан.
– Әлгі, біздей бейбақтарды менсінбейтін өкімет күйеуің
осы ма? – деп олқысынып тұрыпты апайы.
– Жо-жоқ, – деді Мұң Шолпан ыңғайсызданып қалып,
қызарып кетіп. – Күйеуім мұнда келе қоймас, апатай. Бұл –
ғарышкер ағатай ғой...
Қырғыздың қымызын құйды Мұң Шолпан. Апатайы
кешке қарата нарын берді екеуіне.
Сүмбіледе жұлдыздар да ап-анық көрінеді ғой. Алайда
алқаракөк аспандағы жұлдыздардың жаурағандай жаутаң
қағатынын байқамағалы қаш-ша-а-ан?!
Екеуі Мұң Шолпан мен Шоң Алпан және сұлу қыздың
әкесі салдырған «дың» мұнара туралы аңызды кезек-кезек
айтысты.
Бірінші вариантын Мұң Шолпанның өзі бастады.
Екінші вариантын Шоң Алпан жырлады.
Үшінші вариантын екеулеп толықтырып, түнімен көз
ілмей шыққан.
Таң әбден атып, күн көзі күлімдегендегі көрпе жо
ңышқаны көрген де бар, көрмеген де бар. Көре тұра
байырқалап байқаған да бар, байқамаған да бар. Көрпе
жоңышқа үстіндегі, таң азанғы тазалықта шек жоқ
еді. Мұндағы мұң-мұнар мырзатеректерді орап өтіп
тұрды. Айылдың (ауыл емес) шетін шілтерлейтін сел-
дірлеу қарқаралы қамыс жиектеген арналы арықта да
сүмбіленің суы сылдырап ағып жатыр. Түбіндегінің
бәрі анық аңғарылады. Кенет көрпе жоңышқа Ыстықкөл
айдынына ұқсап кетті. Жапырақтары жалт-жұлт аунап,
триллион тамшы мөлтеңдейді. Миллион емес, тұп-тура
триллион тамшы.
– Мені кім деп ойласаңыз дағы, өзіңіз біліңіз, аға, –
деді Мұң Шолпан. – Кешіріп қойыңыз енді, «ерекше»
қарындасыңызды. Оқта-текте осылай, жылына бірер күн
ғана бостандыққа мұрсат алып, мұнар құшқан мұң әлеміне
оранып, қалаған жағыма қарапайым адам болып барып
қайтам. Күйеуіммен жасасқан «келісімшартымызға»
сәйкес, сүмбіленің суы мөлдірейтін кезде екі-үш күндік
еркіндікке шығамын. Студенттік шақтарымда қимас,
қымбат адамдарыма айналған, немесе соларға айнымай
ұқсайтын аз ғана апатайларымды аралаймын. Солай,
ғарышкер аға. Шын атымды шынымен-ақ айтпаспын.
Себебі мына мен, Мұң Шолпаныңыз, пәленінші, немесе
түгенінші «ледимін» демей-ақ қояйын, аса жоғары лауа-
зымды бір кісінің зайыбымын. Жұмбағым осы ғана. Қош
боп тұрғайсыз, аға...
Бар көркінен айырылып бозара бастаған бос кеңістіктің
көрпе жоңышқа көркейтіп тұрған бір бұрышында қол
бұлғап қала берді Мұң Шолпан.
Такси шіркін Бішкекке қарата жүргісі келмей қайта-қай
та кібіртіктейді. Қазан болуға қараған телім-телім, тақта-
тақта егістіктердің жиегіндегі жүдеу жүгеріпаялар түссіз-
түксіз, жүнжіген күйінде жансыз ербиеді. Күнбағыстың
жаз соңында жарқырай жайнап, бұрала билеген бекзат
бойы бүгіле құныстанып, шаттықтан шыр айналған
қайран басы қисая қабысып қапты.
Ақырында автовокзалға да жетті. Автобустың соңғы
орындығындағы қыздың жанына жайғасты. «Ағай, таны
мадыңыз ба? Сіз де осындай автобуспен жүреді екенсіз,
ә?!» – деді тауар тасудан тарғыл қараға айналған әлгі
қыз самса жеп отырып. «Жыға танымадым. Неге сонша
таңырқап қарайсың?» – деді бұл. «Біртүрлі ғой, ағай. Сіз-
ге мұндай автобуспен жүру түк те жараспайтын секіл-
ді», – деді қыз. «Апырай, ә?» – деп таңданыс танытты
бұл. Сөйлеспекке зауқы соқпай, самса сасыған қыздан
бұрылыңқырап, тозаңытқан терезеден сыртқа қарады.
Күнделікті күйбең тірліктің тартылыс күшіне қайтадан
көнбістік танытып, тереңдеу күрсінді. Өзін-өзі ылғи да
іштей келемеждеп күлгенде көз алдына келетін ырдуан
арбаның иесіндей ырғай мойнын ықылассыздау ғана сылқ
еткізіп, төмен түсірді.
Ғарышкерлігін тезірек ұмыттырмаққа ұмтылғандай
ескі автобус та жылдам қозғалды.
САУНА
Кәсіподақ әлемі кеңестің тұсында коммунизмнің
мектебі дегенге дейін көтеріліп барып, Сы-Сы-Сыр
тарағаннан кейінгі бірер жылда қайта тұрмастай
күйреп түскентұғын. Одан соң сегіз-тоғыз жыл
өткенде, мына бертінде ғана шала-жансарланып болса
дағы басын қалқайта бастады ғой. Соның бір дәлелі
шығар, осы Ойпаңбел ауылынан, қыста да қып-қызыл
күйінде сақтала беретін, қанттан бетер бал татитын
қара қарбыз өсіруге маманданған «Қайрансу және К»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен үш адамға
жолдама бөлінді.
Қара қарбыз өсіретін бір ғана серіктестікке үш бірдей
жолдаманың берілуі – үлкен оқиға. Біреуінікі Сочиге, екін-
шісінікі Адлерге, үшіншісінікі Анапаға еді. Алғашқыда
курортқа баратын үшеуі үрпиісті. Бір-бірімізден адасып
қаламыз ба, неге бір жерге бермеген десті. Кейіннен са-
уал салыңқырап, тәптіштеңкіресе, қорқатын дәнеңесі
жоқ, бір-бірін телефон арқылы тез тауып алмаққа, барыс-
келіс жасап тұрмаққа мүмкіндіктері жетіп-артылатын
сыңайлы.
Жолдамалар желтоқсан айыныкі еді. Мұның өзін де сан-
саққа жүгіртушілер табылды. Ешкім алмағаннан кейін,
жыл аяқталып, ойбай-ау, жылыңыз не, тіпті толайым-
тұтас ғасыр тәмәмдалып бара жатқан соң, күйіп кететін
болғандықтан, осы Ойпаңбелге қарата итере салған ғой,
баяғы кәсіподақтың күші мен темірдей тәртібі қайда-а-а-а
дескендер аз емес-ті.
Кім не десе, о десін, Ойпаңбел ауылындағы «Қайрансу
және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің серілері-
нен саналмаса дағы, қыстық қара дарбыз, т.б. өсіріп,
нарыққа икемделіңкіреп қалған, жер түбіндегі курорттар-
ды көріп қайтпаққа жағдайлары жетерлік жігіт ағалары
табылмай қалған жоқ. Екі мыңыншы жылдың желтоқсан
айы жаңа басталған күні Сайрамбай және Тастыбай мен
Шубай Шымкент аэропортынан ұп-ұзын ұшаққа отырды.
Курорт һәм санаторий мәселелері жөнінде Сайрамбайдың
бірқатар жинақтаған тәжірибесі бартұғын. Бұрындары
бір-екі рет кеңшар жолдамасымен осы маңайдағы «Ман-
кент» деп аталатын шипажайда, одан соң сексенінші
жылдардың соңына таман «Сарыағаш» курортында, тағы
бір-екі мәрте аудан жақтың қамқорлығымен Алматыдағы
«Алатау» демалыс үйінде болып қайтқан. Сол себепті,
Тастыбай мен Шубай айналып келгенде, Сайрамбайдың
аузына қарағыштайды. Әрқайсысы төрт-бесеуден қыстық
қара қарбыз алды. Өздері еккен, өздері суарған кәдімгі
қара дарбыз. Қыс түсіп, қар жауып, аяз қысқан сайын
қайта күшіне кіріп, қызылы қыз-қыз қайнайтындай ала
бұртып, тәттілігі тыз-тыз етіп тіліңді түрткілейді. Сыр-
баздау Сайрамбайдың ұсынысын терлеп-тепшіп бас изей
беретін ұзынтұра Тастыбай да, сәл шермиген қарнын
біраз-біраз бұлдайтын Шубай да қызу қолдаған. Сөйткен
қара қарбыздың қорлығы да аз болмады. Ұшаққа мініп-
түскенде, темір көліктердің бірінен екіншісіне және
үшіншісіне ауысқанда, қоржын-қосқалаңдарына қоса төрт-
бесеуден алған қарбыздарын домалаңдатып көтеру оңайға
соқпады. Шубай әлсін-әлсін «әкенің аузынан» жіберіп,
қайта-қайта қарнын сипалап, бұрқылдай берді. Тасты-
бай екі метрдей ұзын бойы екі бүктеліп ирелеңдесе де,
сәл бұйраланып маңдайына жабысып қала беретін бурыл
шашының ұшынан ащы тамшылар сорғаласа да, қабағын
шытпады. Сайрамбай сол сырттай сыпайы қалпы, кеңес
тұсындағы кеңшар кезінде директордың орынбасары бол
ғандығы білініп тұрады. Қазір де жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің басында жүр, оның үстіне жасы да үлкені
рек қой.
Сочи мен Адлердің арасы жақындау, ал Анапа
әжептеуір алыстау екен. Сайрамбайдың жолдамасы Со-
чиге, Шубайдыкі Адлерге, Тастыбайдыкі Анапаға еді.
Шубай тымпиған күйінен танбады, титтей де сыр берген
жоқ. Ал аспа жол алтыға жарылар айрық тұсқа тірелген
шақта Шубайдың артында имие сорайып тұрған Тасты-
бай көзінің жиегі жасаурап, шынымен-ақ көңілі босады.
Мұны көріп, Сайрамбай бүй деді сонда:
– Мына сықпытыңды ауылдағылар көрсе, машқара-ай,
не дер еді?!
– Кім біледі, Сәке аға, – деді Тастыбай ирелеңдеген
ұзын бойынан үні әзер шыға дірілге буылып, түк те на-
мыстанбастан, танауын тартып. – Жаман айтпай, жақсы
жоқ, көрмеген жердің ой-шұңқыры көп дегенді арғы-бергі
ата-бабаларымыз бекер айтпаған ғой. Асқазанымның
бүрі кетіп, қышқылы кеміп жүргені болмаса, келініңіздің
қасынан шыққым жоқ еді, жүдә. Олай-былай боп кетсек,
балалар жас қой, аға...
– Жә, жетер-жетер! – деді Сайрамбай мырза түсін
суытыңқырап. – Ауған асып баратқан жоқсың, мамы-
ражай маңайға, кеуілімжай курортқа кеп тұрсың. Қай-
қайдағыны гөйітіп... Мұның нең-и, а?!
– Жаңағы өзің айтқан, арғы-бергі ата-бабаларың бар
емес пе? – деді Шубай Сәкеңді қолдап, «Қазақстан»
темекісін тұтатып. – Бергілерін қайдам, арғылары
арғымақтарын суарған, өзіміздің өзен-суларға кеп тұрмыз
ғой. Сәке, солай емес пе?
– Міне, Шубай шырақ жөн айтады, тауарихты терең
біледі бұл, – деді Сайрамбай айнала-төңіректі тұтас бір
шолып өтіп. – Сонау Түркі қағанатының тұсында алма-
уыт мінген ермауыттарымыз емін-еркін жайлаған жер-
лер ғой бұл.
– Қайдам, Ойпаңбелден Шымкентке жеткенше жүрегім
қатты суылдап еді, – деп, жүдә, қоятын емес Тастыбай.
– Бүгін-ертең адаптациядан өтсең, бүрсігүні келіншек
іздей бастарсың әуелім, – деп Сайрамбай әзіл араластырды. –
Ал жақсы, өзім хабар аламын, үш күннен соң Шубаймен
бірге барып қайтамыз, қорықпа!
Бәрібір Тастыбай екі серігімен қайта-қайта құшақтасып
қимай қоштасты.
Қара қарбыздың жол-жөнекейгі азабынан курорттағы
рахаты әлдеқайда асып түсті. Ойпаңбелдіктер ешқандай
кедергісіз, көзді ашып-жұмғанша дейтіндей өте жылдам
және аса жайлы орналасты. Қара қарбыздың арқасында
Сайрамбайды сәнді ғимараттың төртінші қабатындағы,
теңіз жақ беттегі екі адамдық ерекше бөлмеге жіберді. Ең
үлкен қарбыз бөлмелерді бөлетін әйелге қарай домалай
жөнелгенде-ақ, күлгін шашты сары қатынның кірпіксіз-
деу көздері күлмеңдей жыпылықтаған. Тағы бір қарбыз
дәрігердің тікелей өзіне қарай домалады. Үш қарбызды
кейінге сақтап қойды.
– Жаныңызға жайлы адам жіберемін, – деген күлгін
шашы сирек, саусағы ирек сары қатын.
Уәдесінде тұрды. Сол күні кешкі сегіздер шамасында,
секпіл бет бала жетектеген, жасына қарасаң, Шубаймен
шамалас, бойына қарасаң, Тастыбай құралыптас, бірақ
толықтау, аса жайдары жігіт кіріп келе жатты. Екі езуі екі
құлағынан асып, күллі курортыңызды қоса күлдіріп кір-
гендей еді.
– Кирилл! – деп гүр ете түсті де, тағы күлді. Секпіл бет
баланың аты Сережа екен, ол дағы ыржияды келіп.
Кирилл Сысоев Кәрелиядан, Петрозаводск деген
шаһардан екен. Өзі кім екенін, қайдан екенін саңғырлап
айтып жүр, анау-мынауларын жайғастырып жүр, жар
қылдап күлуінен тағы танбайды. Танысып-білісіп, қолын
ұсынып, диванын жөндеп, секпіл бет Сергейін айналып-
толғанып, демнің арасында кішкене кереует алдырып,
бәріне үлгеріп, бәрін тындырып жүр.
Сайрамбай адамдарға тым қатты таңдана бермеуші еді,
Кәрелиядан келген Кириллге бөлекше сүйсініп отырды.
Аққөңіл екен, ашық екен. Суық жақтың адамы сияқты
емес. Таныстықтың құрметіне Сайрамбай балконның
бір шетінде төбедей дөңкиіп жатқан қара қарбыздың
үлкенірегін сойып тастады. Кирилл мен Сережа бұндай
бүтін қарбызды жөндеп жеп көрмеген болып шықты. Еке-
улеп сипалап, ары да қарап, бері де қарап, таң-тамаша
қалысты. Ойпаңбелдік Сайрамбайдың қара қарбызды
қақыратып сойысына ауыздарын аңқайтты. Қыстық қара
қарбыздың иісі Сочидің ең биік тұсына орналасқан жеті
қабатты жатынжайдың төртінші қабатын түгел алып кет-
ті. Тіпті кейбір қабаттардан есіктерін ашып, таңсық иіске
танауларын тоса таңырқағандар табылды. Сайрамбай ра-
хаттана ләззаттанып, қарбызын тіліп, жаймалай тізіп оты-
рып, Кириллдің қабықты қауын секілді тықырлай кеміріп,
ал Сережаның шопақ тастамастан, қылғытып жатқанын
байқамапты. Аңдаған сәт абыржып:
– Ойбай, Кирилл, қарбыздың қабығын кемірмейді! –
деп айқай салды. – Қызылын ғана жеп, ақ қабатын бір
елідей қалдыру керек. Әйтпесе, басың кеңгіріп, жүрегің
айнып бәле болады.
– Дәнемесі де жоқ, білем ғой, бірақ бұл жолы
қабығымен қоса жегім келіп тұр, – деп қарқылдай күледі
Кирилл.
– Ал сен, Сережа шырағым, шопағын жұтпағын, оны
да тастап отыру керек, – деді балаға.
Сережаның өзі бір, секпілдері екі күліп, түсіндім де-
гендей басын изесе, алтынсары, жібектей жұқа шашы
құлдыраңдаған құлынның кекіліндей желпіл қағады.
Үш күннен кейін Кирилл екеуі алдымен Адлерге ба-
рып, Шубай мырзаның жағдайымен танысты. Жаман
емес. Әжептәуір тыңайып, ыңылдай әндетіп жүріпті. Қара
қарбыздың хикаясы онда да осал емес көрінеді. Одан соң
үшеуі Анапаға қарай тартты. Алыстау екен. Небір тау
қияларында екі мәшине қабаттасып өте алмайтын тар
қолтықтар мен ирек иіндер көп. Қарсы келе жатқан темір
көлік қашан жетіп, өтіп кеткенше тоқтап, күтіп тұратын
жағдай жиі кездеседі.
Тастыбай ыржалақтап күле береді. Көзіне жас алып,
қай-қайдағыны сандырақтаған екі-үш күн бұрынғы
қылығы есінен шығып кеткен. Ұшып-қонып, ұзын бойы
алқын-жұлқын ирелең қағып, жай табатын түрі жоқ.
Ақырын Сайрамбайды былайырақ шетке шығарып,
інжәпия құпиясын айтып тынды.
– Сәке, сырымды айтпасқа лажым жоқ, – деді Тәкең
төрт бүктеле иіліп, әжептәуір алабұртып. – Жан адамға
айтпайсыз ғой, әрине.
– Сенбесең, өзің біл, айтпай-ақ қойғын, – деді Сайрам-
бай алабұртқан ауылдасына бұрабұртып.
– «Біреудің үйрегі біреуге қаз көрінеді, біреудің қатыны
біреуге қыз көрінеді» деген ып-рас екен, Сәке. Біреуді
тауып алдым. Көрсетейін бе?! Әне, ана-а-ау отыр, Сәке!
Ана-а-ау...
– Кәне-кәне, қайсысы? – деді Сайрамбай жетінші
қабаттан төмен қарап. Қалың ағаштың арғы жағындағы
оңаша орындықта отырған толық әйелдің денесі, қазақша
айтқанда, түйенің жарты етінен кем емес-ті.
– Кер-ремет! – деп күлді Сайрамбай. – Құттықтаймын,
Төке!
– Енді, кешіріп қойыңыз, біздің укусы (вкус де-
гені) осындай, Сәке. Абайсызда алып қойған келініңіз
де өзім секілді кирелеңдеген бәле ғой, – деді Тасты-
бай. – Сіз білесіз бе, мен атақты айтыс ақыны Нөсерхан
Нәлібековаға да сыртынан-ақ, айдалада, алыста жүріп-ақ
өлердей ғашық болып, үш-төрт жылдай алашқа белгілі
ақын үшін аһылап-уһілеп өліп қала жаздағанмын, Сәке.
Дертімді жан адамға білдірмей, ішімде тұншықтырып,
әйтеуір аман қалдым ғой сонда. Тоқсаныншы жылдардың
басында.
– Апыр-ай, а?! – деп таң қалды Сайрамбай.
– Сәке, өте бір қиын жағдай боп тұр, – деді Тасты-
бай табан астынан қатты қиналыс танытып. Сайрамбай
қорқайын деді.
– Немене, ауру тауып қалдың ба, әлде ақшаңды тона-
тып алдың ба?!
– Жоқ, ә. Келініңіз төртке бөліп негізгісін ышқырыма
тігіп тастаған. Ақша жоғалмайды.
– Енді немене боп қалды? Қиын жағдайың – не
жағдай?
– Біз тап осы қазір анау төменде отырған ғашығым
екеуміз теңіз жағасына, оңаша кетпекке уағдаласқан
едік. Алғаш рет! Енді сіздерден шыға алмай қалайын деп
тұрғанымды қараңызшы! Қап...
– Ойбай, бара бер! Жолдарыңнан қалмаңдар!
– Ұят болады ғой, Сәке. Пәлен жерден, ердей, үшеуіңіз
бірдей кеп қалған екенсіздер, қалай тастап кетемін?! Біл-
мей тұрмын. Басым қатып тұр, Сәке!
– Еш саспағын, ермауытым! Бар, бара бергін, – деді Сай-
рамбай Тастыбайдың арқасынан қағып, желкесінен нұқып. –
Мен себеп тауып айтамын жігіттерге, қыдыртамын оларды.
Алаңдамай алға тарт, Тастыбай мырза!
Тастыбай жетінші қабаттан секіріп кете жаздады.
– Ой, рахмет, Сәке! Жақсылығыңызды ұмытпаспын.
Ренжітіп алам ба деп, қатты қорқып ем.
– Кімді? Бізді ме?
– Жоқ, анау төмендегі сүйіктімді... А-а, ие-е, сіз... сіз-
дерді де...
Сонымен, не керек, ойпаңбелдіктер курортта көңілді
демалды. Қыз-келіншектерді қойыңызшы, ең бастысы, Ки-
рилл Сысоевтай дос тапты. Аңқылдаған ақкөңіл Сысоевтың
бала-шаға дегенде шығарға жаны жоқ. Өзі Петрозаводскіде-
гі, яки Кәрелиядағы баршаға белгілі балалар үйін басқарады
екен. Мына Сережа да өзінің ұлы емес, әлдебір ауырлау
сырқатынан айыға алмай қиналып жүрген жетімек болып
шықты. Алайда, өз баласынан бетер асты-үстіне түсіп,
мәпелегенін көргенде Кириллді біздің ойпаңбелдіктер одан
сайын жақын тартып, жақсы көріп кетті.
«Шірке-е-ен, баяғыда біздің қазекемдер де жетім балаға
дәл осындай мейірбан еді ғой», – десті.
Қоштасар күннің қарсаңында Кирилл мырза сау-
на ұйымдастырды. Бөтен бірдеңе ойлап жүрмеңіздер,
саунада қыз-келіншектер болған жоқ, ағай-е-ен. Тек
ойпаңбелдіктер оңаша рахаттанды, Кирилл кеңесші ретін-
де қызмет жасады. Обалы нешік, Ойпаңбел курортшыла-
ры ондай саунаны алғаш рет көрген еді. Сүйек-сүйектері
саңғырап, буын-буындары балбырап, жұмақтағыдай
жадыраған ЖШС белсенділері Сысоевқа алғыс жауды-
рып, достықтары нығая түскенін мәнерлей меңзеп, мең-
зеңдеу күй кешіп отырғанда, ол:
– Бірақ бұл – нағыз сауна емес, – деп мәлімдеді.
– Сауна болмаса, сонда бұл не? – деді буалдырлау бу
арасынан Тастыбай мырза.
– Мынау бу болмауы керек шығар, сірә, – деді көзі
ашықтау, логикасы мықтылау Шубай мырза.
Сайрамбай мырза сөз шығындамай, рахаттана жан
таяды.
– Шын мәніндегі саунаға түсемін десеңдер, Кәрелияға
келіңдер, – деді Кирилл. – Нағыз сауна бізде ғана. Кәрелдер
мен финдерде ғана!
– Несі бар, барамыз! – десті ЖШС белсенділері. – Әй,
шынымен-ақ бір барып қайтсақ қайтеді, а?!
– КамАЗ-ымыз бар ма, бар. Қара қарбызды лықа
толтырайық, айнала-төңірегін киізбен қымтайық. «Қай
рансу және К» ЖШС кімнен кем осы, а?!
– Қысыңыз жазға бергісіз боп тұрыпты, қатып кетер
еді ғой, барып қайтсақ, ә?!
– Бізде қарбыздың бір тілігі тоқсан рубль тұрады, –
деді Кирилл. – Егер қарбыз апарсаңдар, біз балалар үйіне
ем үшін сатып алар едік.
– Қой, Кирилл, ондайды айтпағын, – деді Сайрамбай
өзінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) ба-
сында жүргенін аңғартып. – Бізді сен саудагер деп отырсың
ба? Бір КамАЗ қарбызды сыйлық ретінде апарамыз.
– Иә-иә, солай, Сысоев! Бізге шын саунаны көрсетсең,
сол жетеді, – деді Тастыбай.
– Ең бастысы, сенің елің мен жеріңді, орман-суыңды
көріп қайту ғой біздікі, – дейді Шубай.
Осы жерде Сайрамбай іштей аздап намыстаныңқы
рады. Баяғыда кеңшар директорының орынбасары еді,
осал емес-ті. Енді білдей серіктестіктің басында жүрсе
де, таяқ тастам тұстағы, бұрындары обкомның дем
алыс үйі аталған жерде облыс бойынша алғаш салынған
саунаға бір барып көрмепті-ау, масқараңыз осы емес
пе?! Кириллді керемет жақсы көре тұра, ішіндегі осынау
ойына батып-шығып, шығып-батып, тұншығып отыр-
ды. Кирилл немістерге қатты ұқсайды екен. Ойпаңбелде
де әртүрлі ұлттың өкілдері тұрған. Немісі бар, орысы
бар, басқасы бар дегендей. Обалы нешік, осы отырған
үшеуі де немістер мен орыстардың пайдасын әбден
көріңкіреген. Қалай дейсіз ғой? Ол былай еді. Мәселен,
базарға сиыр апарып сатуға бел байладыңыз делікші.
Қайран қазекемнің сиырына күдікпен қарап, мұрнын
шүйіретін де – сол қазекемнің өзі. Сондықтан бұлар
сиыр сатуға неміс таныстарын жалдайтын. Неміс сата-
тын сауын сиырға Қарақұрақтың базарында қырық қазақ
таласады да, баға аспандайды ғой, баяғы. Себебі белгілі.
Логикаңыз мықты емес пе, аңғарып, бағамдап үлгерген
шығарсыз. Өкінішке қарай, сексенінші жылдардың
соңына таман Ойпаңбелдің төңірегінде неміс қалмады.
Одан соң орысты пайдаланатын болды бұлар. Орыс са-
татын сиырға отыз қазақ таласар.
Ал енді бүгінде неміс дегеніңіз емге табылмайды, орыс
бауырлар да некен-нұқан.
Ойпаңбелдік курортшылар Кириллдермен құшақта
сып, сүйісіп, қимай-қимай қоштасқан еді сөйтіп.
Ауылдарына келгеннен кейін Сайрамбай, Тасты-
бай және Шубай жан-жақты ақылдасты. Ақырында,
қазақ дейтін бүкіл бір ұлттың атына кір келтірмеу үшін,
қазекемді сөзінде тұра алмайтын, уәдесін орындай алмай-
тын, алдамшы халық атандырмау үшін Кәрелияға барып
қайтпаққа бекінді бұлар. Ұлы сапарға аттанар алдында
жолдас-жораларының бәрін болмаса дағы, нарық заманы-
на әжептәуір-ақ икемделіп қалғандарын маңдайларынан
қара қарбыздай шертіп-шертіп шақырып, арнайы мәслихат
өткізді. Ақыл-кеңестің де, артық-ауыс ақшаның да пайда-
сы тимеді дей алмайды бұлар. Қазақстаннан шыққанша
қай жағынан да қатты қиналыс тапқандарын жасырмайды
және де. Сәтін салғанда, Ресейдің һәм Кәрелияның қысы
май тоңғысыз, мамыражай боп тұрыпты. МАИ-лары да
біздікіндей емес, дікеңсіз, дігірсіз және нысай-ниеті түзу,
нысапты болып шықты.
Бір КамАЗ қара қарбыз Кәрелияны түгел тойдырғандай
еді. Кирилл Сысоев басқаратын балалар үйіндегі қарбыз
тойы бүкіл дүние жүзінде болып көрмеген ірі оқиғаға
айналды. Ойпаңбелдіктер, қаншама нарық заманы деге
ніңізбен, қара қарбыз үшін көк тиын алмай, көл-көсір
дүниені толайым-тұтас балалар үйіне сыйға тартты.
Ұлан-асыр дастарқаннан артылған үйме-төбе қырманның
қалғанын Кирилл Сысоев тап-тұйнақтай қоймасына кір-
гізіп алды.
Саунаның көкесін көрген қазақтар үш-төрт күннің
әрқайсысында екі реттен түсіп, бәрібір құмарларын қан
дыра алмай-ақ қойғаны. Ойпаңбелдіктердің жүректері
мықты, әрине. Оған дейін саунаның өзі не, көкесі не
екенін бұлар онша біле бермейтін. Сысоев мырза алғаш
өзінің саунасына, сосын сол қаладағы орташа мырзаның
моншасына, қорытындысында «Элит» дейтін ерек-
ше саунаға апарды. Әртүрлісі туралы қаншама аңыз
айтыла тұра бұларға, яғни ойпаңбелдіктерге ұнағаны
Сысоевтың саунасы еді. Өзгелерін онша ой-саналары-
на сіңіріп, түбегейлі түрде түсіне алмады. Кириллдікі
кәдімгідей-ақ кәллаға кіреді, оның үстіне сай-сүйегіңе
шым-шымдай еніп алатын хош иісті ғажайып бірдеңесі
бар. Бассейні де табиғи, қара қарбыздай қарапайым,
ішіне түссең, ішіңнің ыстығын алып, сұлу торы ат-
тай қунатып, қуантып шығарады. Қайтадан қайнаған
ыстыққа құлшынасың.
Кирилл Сысоев ары ойланып, бері ойланып, ақырында
ақылды амал тапты. Қазақстан тараптан келген достарына
бір КамАЗ толы кереметтей ағаш тақтай тарту етті. Тарту-
таралғы мен сый-сияпат осындай-ақ болар. Қарағайы
мен самырсыны аралас, құрылыстың қандай төресі үшін
де таптырмас тақтайлар еді. Сысоевыңыз сыйлықтың
барлық құжаттарын түгендеп, тіпті Кәрелияның жергілік-
ті ресми өкімет орнынан арнайы хат жаздырып берді. Ол
хат Ресейдің, Қазақстанның жергілікті өкімет орындары
мен жол-жөнекейгі шекара, кеден, МАИ, т. т. және т. б.
органдарына құлаққағыстұғын. Үшбу хатта кеңпейілді
қазақ халқының Сайрамбай, Шубай жөне Тастыбай атты
ақжүрек азаматтары алыс Кәрелия еліндегі жетім бала-
лар мекендейтін үйге бір КамАЗ қара қарбыз сыйлағаны,
мұндай мейірбандыққа жауап ретінде кәрел халқының
өкілі Кирилл бір мәшине ағаш тақтай тарту жасағаны
баян етіліп, ешқандай бөгет тудырмай, кедергі келтірмей,
қайта Ойпаңбелге дейін аман-есен жетуіне көмек көрсету
жөнінде өтініш айтылған. Кішіпейіл ғана, түсінікті
түрде.
Жол-жөнекей талай жерде тоқтатқандар бұлардың
мәшинесіндегі керемет тақтайларға ауыздарының суы
құрып тұрып қарайды. Қарайды да, түрлі-түсті еріндерін
жалайды. Мәшиненің алдына бір, артына екі шығады.
Құжаттарын ақтарады, кілтипан етердей ештеңе таба ал-
майды. Бірдеңені тауып-ақ алғысы келіп, тағы үңіледі.
Ақырында әлгі халықаралық маңызы бар, ұлтаралық мәні
зор хатты оқиды. Оқиды да: кейбіреуі күрсінер, кейбіреуі
күлімсірер.
Үш күн түгелдей тәмәт-тәмәм етіліп, төртінші күннің
ымыртында бұлар Ойпаңбелге де жетіп жығылды.
КамАЗ толы тақтайдан жұртта жоқ сауна салу туралы
мәселені бұлар Кәрелияда, Кириллдің үйінде отырып-
ақ шешіп қойған. Шынында да бұл дүниенің ұжмағы
кәрелдің саунасы екен ғой. Кәрелиядағы Кириллдің сау-
насындай саунаңыз сонау Сочиде де, Адлерде де, Анапа-
да да жоқ.
«Қайрансу және К» жауапкершілігі шектеулі серіктес
тігінің саунасы жаңа жүзжылдықтың алғашқы жылының
жазында пайдалануға берілді. Бұл кезде қас қылғандай-ақ
Шымкент шаһарын жыпырлаған сауналар қаптай бастаған
болатын. Сонда дағы, ауылдық аймақтарда кездесе қоймай
тын құбылысқа қайран қалушылар аз емес-ті. Жаңа жай
дың лентасын кәттә бір бастықтың өзі келіп кесті. Ауылда
ғылардан бұрын аудандағылар, т. б. жақтағылар жариялы
түрде де, жариясыздау, жасырындау жағдайда да түсе бас-
тады.
Тастыбайдың денсаулығы қайта-қайта сыр беріңкіреп,
қатты-қайырым мәселелерге қараңқырамай, іссапарларға
жараңқырамай қалғандықтан, осы Ойпаңбел саунасына
бас-көз болып жүре берсе жетеді деп шешілді. Бойы екі
метрдің төңірегінен табылатын Тастыбай мырза көбінесе
саунаның айналасында сорайып тұратын болды. Сөйтіп
жүріп, Сайрамбайдың сылаңдаған (сырттан әкелген)
сұлуларын да көрді.
– Дымың ішіңде болсын, түсіндің бе? – дейді жауап-
кершілігі шектеулі серіктестік сардарларының бірі.
– Білдіріп, бүлдіріп қойсам ше, Сәке? – дейді Тастыбай
қулана күлімсіреп.
– Анападағыны ұмытқан жоқпыз Шубай екеуіміз, –
дейді Сайрамбай.
– Айтпақшы, осы Шубай шіркін сыр бермейді-ау, жү
дә?! – дейді Тастыбай төрт бүктеліп отырып.
– Шәкең Шымкенттен шықпайды, бізге қарағанда
аса сақ сырттан ғой, – дейді Сайрамбай сылқым күліп,
сұлуларына кіріп бара жатып.
Міне, түнгі сағат төрт шамасында жауапкершілігі шек-
теулі серіктестік басшылығы мен олардың сұлуларын бір
мәшине келіп алып кеткен.
Тастыбай тағат таба алмай, денсаулығының дәнемесі
жоқ кісідейін көңілі алабұртып, қиялы бұрабұртып, айна-
ласына алақ-жұлақ қарады. Ай аса жарық еді.
Сауна тұрған баудың шетінен карасаң, Ойпаңбел
алақандағыдай
көрінетін.
Тастыбай
төрт
көшені
көзімен түгел тінтіп өтіп, Қарақұрақ бұрылысының
бір шетіне жеткенде, кілт кідіріс тапты. Ай жарығы
Аймеректің үйіне құйылып тұрыпты. Кеңшар тарағалы
бері жұмыссыз қалып, баяғы сауыншылыққа зар болып
жүргендердің бірі еді ол. Күйеуі Сайрамбайдың неме-
ре інісі ғой, осы ай мен күндей Аймеректі ай жарық,
күн жылыда тастап, қаладан қатын тауып алған. Ал
Аймерек аса мол денесіне қарамастан, өмір бойы
сауыншылықтан танбаса дағы, аппақ-ау, аппақ. Тек
кейінгі бес-алты жылда Бішкектен тауар тасып, ауыл-
ауылды аралап сатып күн көретіндіктен, сәл-пәл ғана
қарауытқанын айтпасаңыз, Аймерегіңіз күләлі күйде
жүр әлі.
Алайда, Аймерек тап сол сәтте ауылда да, ай жарығы
құйылып тұрған үйінде де жоқ-ты. Дәл осы кезде Бішкек –
Шымкент автобусынан түсіп, алма баудың шетіндегі
жалғызаяқ ирелең жолмен ала сөмкелерін арқалап келе
жатқан. Тастыбай тас төбеден ұрғандай тұрды да қалды.
Алма бақтың жиегімен жай ғана жылжып-қалқып, қалқып-
жылжып, жұлдыз арасында, ай астында, қылаңытқан
қырау үстінде келе жатқан Аймерек ала сөмкелерін жерге
қойып:
– Уһ! – деді.
Сауна солқ ете түсті. Төңкеріліп барып түзелгендей.
Әуелгі заманда кеңшардың, бес-алты жылдан бері жа-
уапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншігі болып келе
жатқан алма бағы желдің суылына буылды.
Ойпаңбел ойнап-аунап, ай астындағы Анапаға айнал-
ды да жөнелді.
– Амансың ба, Аймерек...
Тастыбайдың үні тас астындағы балықтай бұлқынып
шыққан.
– Уһ! – деді тағы да Аймерек.
– Шаршадың ба? – деді Тастыбай.
– Күйік асуында автобусымыз бұзылып, көресімізді
көріп... Ессізқағыр, қу тірлік-ай... Уһ! – деді Аймерек. –
Күздің күні жылы болғанмен, түні тастай қатып, мұздай
суып қапты ғой. Өлдік-ау әбден...
– Сауна... Сау-на-ға түс, Аймерек, – деді Тастыбай
тұтығып. – Дап-даяр тұр...
– Тірілгін деп тұрмысың? – деді Аймерек. – Тірілер ме
екем? Әлдеқашан өліп қалған шығармын. Тіріле қояр ма
екем?
– Саунаға... түсіп алғын, Аймерек, – деді Тастыбай
тағы да. – Қайнап тұр...
– Ессізқағыр, түссем, түсіп-ақ алайыншы осы! – деді
саудагер қатын сілкініп.
Сауна да бір сілкінді.
Тастыбай Анападағыдай дүр сілкінді...
Қара басып, екеуі де қатыпты да қапты. Сәскеге таяу
Ойпаңбел жақ беттегі бөлмеде қатарласа, жап-жалаңаш
жатқан екеуін қыстық алма мен қара қарбыз жинамаққа
бара жатқандар оятқан деседі.
Деседі де дейді.
Дейді де деседі.
Ойпаңбел қазақтары да өзге жақтың қазекемдері
секілді ғой. Еркектерін айтып отырыппыз. Бұлар дағы
халықаралық және ұлтаралық жағдаяттарды аса шебер
шеше алады. Алайда, отбасылық орайында орынсыз-
дау оқиғалар орын тепсе, оңтайлы жолын таба алмай,
оспадарсыздыққа жиі-жиі жол береді. Көбінесе күйреп
тынатындары да аз емес. Тастыбайдың асқазанындағы
жараның беті мүлде ашылып, Шымкенттегі ауруханаға
түсті. Әдетте мұндайда саунадағыдай кейбір кемшілік-
тер кешіріліп, кінә біткен өшіріліп кетуші еді, Ойпаңбелде
олай бола қоймады. Тастыбайдың әйелі де, бала-шағасы
да артынан бармапты. Есесіне «ессізқағыр» деп қойып,
Аймерек сынды ақ қатын ала сөмкесін толтырып алып,
ауруханаға апта сайын екі мәрте кіріп тұрыпты. Де-
седі.
Ойпаңбел саунасы содан бермен қарата онша істеңкі
ремей, мелшиіңкіреп қалған.
Кенет!
Иә, кенет Кәрелия жақтан Кирилл Сысоев біраз доста-
рымен бірге Қазақстанға, атап айтқанда, осы Ойпаңбелге
қыдырып келеді деген ақпарат жетті алқынып. Аталмыш
ақпаратыңыздың еларалық, қала берді халықаралық
мән-маңызы зор екені зайыр ғой. Сондықтан саунаңыз
да қайтадан қыз-қыз қайнап кетер. Десіп, алақандарын
ысқылаушылар жоқ емес.
Айтпақшы, тарс ұмытып кете жаздаппыз, билік
басындағылар мен «Қайрансу және К» ЖШС бірлесе
отырып, бұрынғы балалар бақшасының әлдеқашан то-
налып, тозып біткен үй-жайларын шұғыл түрде күрделі
жөндеуден өткізуге кірісті. Әне, халықаралық мәселенің
әсері қандай?! Соңғы жылдары онша оқи алмай қалған
балалар алысырақ ауылдарда баршылық қой, соларға
сауабы тиетінін айтсаңызшы бәрінен бұрын. Жедел
жөнделетін
жайыңыз
мектеп-интернатқа
айналатын
көрінеді. Кәрелиядан келетін бауырларға көрсетуге де
керек-дүр. Кирилл дос, қанша дегенмен, баршаға белгілі
балалар мекемесінің басшысы ғой.
Ойпаңбел осылайша бірсін-бірсін жан-жақты оңа
лып жатыр. Халықаралық және еларалық маңызы бар
мәселелердің әсер-ықпалымен кейбір қазақтардың отба
сылық тірліктері де түзеліп кетуі бек бәлкім.
АҚСАҚ КЕМПІР
Облаткомға жаңа төраға келгенде, көне шаһарымыз
дағы ақ теректердің жапырақтары енді-енді ғана сарғая
бастаған еді. Біздің кеңсеміздің іші-тысында да күбір-
сыбыр кенет көбейген. Әлденеше мекемелер мен ұйымдар
мекен ететін тоғыз қабатты тозыңқы үйдің алдындағы
алып ағаштар ақ теректердей емес, біртүрлі қарауыта
қабарып, түптеріне де, төңіректеріне де күн түсірмейтін.
Сол сызы кеппес, шірік иісі кетпес күреңқоңыр көлеңкеде
темекі тартатын төменірек топтардағы, өмірі өспейтін
шенеуніктердің әңгімелері әдеттегідей ызаға буылып, ке-
кесінге көгенделетін-ді. Алайда айтқан ақпараттары мен
түйген топшылаулары шындықтың шенейіне де жоламай-
ды дей алмайсыз.
– Бұл келген кісі отыз жетінші жылы алғашқылардың қа
тарында атылып кеткен аса ірі қайраткердің баласы екен.
– Асылдың тұяғы, алтынның сынығы болды-ау онда?!
– Бәсе, түптің-түбінде осындайлар өсуі керек қой.
Десті. Бұл, әрине, өзгерістерді, кадрлардың ауыс-
түйісін көбінесе оң байырқалайтындардың беріп жатқан
бағаларытұғын.
Ал енді біздің кеңсеміздің алдындағы сыз бүріккен
көлеңкенің тым қарақоңырлау түкпіріндегілер басқашалау
көген керер:
– Дақпырты дардай, әйтеуір. Алайда, талай тізгінді
бұрын да ұстады емес пе, тындырғаны қайда?
Мата даңқымен бөз дағы, кете тумағанына кім кепіл?
Ал былайғы жалпы жұртшылығыңыз:
«Жаңа төраға тым қарапайым екен, алғашқы күннен
жұмысқа жаяу барыпты», – десті.
«Кішіпейіл көрінеді, баламен де, шағамен де тең
дәрежеде сөйлесіп-күлісіп жүре береді екен-әй», – деп
таңырқаушылар табылды.
«Ойбай, үйінде ше, кәдімгі етсіз қара көже ішіп отыр
ғанын біздің нағашымыз бар ғой, өз көзімен көріпті», –
дегендер де болды.
Аткомның жаңа төрағасы алғашқы аптаның аяғына
жетіп үлгермей-ақ, алыстағы ауданға шығыпты. Оқу
жылы басталып кеткен ғой, малшылардың балалары жа-
тып оқитын мектеп-интернатқа барса, тәрбиеленушілерге
төрт аптадан бері бір қасық сүт берілмепті. Ондай-ондай
оқу-тәрбие орындарына ондаған жылдардан бері бірде-бір
ірі басшы бас сұғып көрмеген-ді. Қайтар жолында аудан
орталығындағы кітапханаға кірсе, оқырмандардың са-
нын көбейтіп, өтірік жазады екен. Оны да біліп қойыпты.
Кітапханадан шығып, сол маңайдағы Саттар Ерубаев
атындағы орта мектептің оныншы сыныбында жүріп
жатқан әдебиет сабағына қатысып, артқы партада оты-
рып алған. Сол күнгі соңғы үзіліске қоңырау соғылғанда
сұрапты: «Саттардың қандай шығармаларын және қандай
кейіпкерлерін білесіңдер?» – деп. Сөйтсе, бірде-бір бала
ауыздарын ашпапты. Әлгі мектептің директоры мұндай
масқараны өзінше түсіндіріпті: «Ойбай-ау, ойбай! Ауы-
латком болса мейлі, ауатком болса мейлі, ойбай-ау, облат-
ком келеді, сыныпқа кіреді, соңғы партада отырады деп
кім ойлаған?!
Сасып қалған да оқушылар. Олар түгілі, өзіміз де
есімімізді ұмытып, есімізді жия алмай жүріппіз...».
Облаткомның тың төрағасы турасында осындай да
осындай аңыздар андыздап қоя берген. Қарапайым адам-
дар қатты қуанатынға айналды. Үміттері үзіліңкіреп,
тіршіліктен түңіліңкіреп жүретіндер қай заманда да,
қандай қоғамыңызда да болмай қалмақ емес қой. Әсіресе,
әлсіреңкіреген
әлеуметіңіз
әжептәуір
үміт
жібінің
ұшынан ұстағандай кейіп көрсете бастады. «Өйтіпті де
бүйтіптінің» өзіне тал қармағандай-ақ талпыныс таны-
тушылар тіпті де аз емес-ті.
Тоғыз қабатты тозыңқы үйдің едені көгеріп жата-
тын бірінші қабатындағы түкпіргі бөлмесі – біздің
қоғамның кеңсесі. Бірінші күні ішіңкіреп, екінші күні
ауырыңқырап, үшінші-төртінші күндері жарым-жарты-
лай, бесінші күні ғана бүтіндей жұмыс істейтін Иван Ива-
ныч екеуімізде ежелгі екі үстел, қажалған төрт орындық
және сықырлаған сары диван бартұғын. Биік үйдегі ме-
кемелер мен ұйымдарды санап шығудың өзі оңай емес.
Бір қызығы, солардың басым көпшілігінің бір-бірі-
мен мүлде шаруасы жоқ. Бір-біріне ғасырлар бойы бас
сұқпайтындары да көп. Шүкіршілік, біздің қоғамның бір
бөлмелі кеңсесіне келетіндер баршылық. Әсіресе, екінші
қабаттағы бес-алты бөлмені иемденіп отырған табиғат
қоғамындағылармен қарым-қатынасымыз қай қырынан
қарағанда да, әсіресе, тіларалық тұрғыдан өнеге тұтып,
үлгі етерліктей еді.
Табиғат қоғамының бес-алты бөлмесі қашан барсаң да
жайнап тұрады. Тоғыз әйел небір керемет гүлдер өсіреді.
Бірде бәрі жиналып шай ішіп отырады. Екіншіде жеке-
жеке кофе демдесіп жатады.
– Келіңіз, келіңіз! – деседі.
– Мақтап жүреді екенсіз, – десіп қояды.
– Кофе ме, шай ма? – деп еркелетеді.
– Иван Иваныч көрінбейді ғой, – дейтіндері жоқ емес.
– Жалғыз өзіңіз қорықпайсыз ба? – деп әзілдейтін
келіншектер де табылып қалар.
Шынымызды айтсақ, біз пақырларыңыздың тоғыз
қатын түгіл көпшік қоятындай қауқарымыз шамалы.
Бұлардың бүйтетіні тілдің арқасы болатын. Табиғат қо
ғамындағы тоғыздың төртеуі қазақ, бесеуі орыс. Бір-
де-біреуі қазақ тілінде жазбаша сөз түсіріп, сөйлем
тізе алмайды. Іс қағаздары да, ары-бері ағылып жа-
татын хат-хабарлары да толайым-түгел орыс тілінде.
Әрине, үлкен, қазақылау өлке болған соң, ара-арасында
ауылдың һәм үні бар, тілі бар дегендей, қазақша хат-
тар мен хабарлар, сыпырадай-сыпырадай сала құлаш
арыздар мен шағымдар, тағысын-тағылар болмай тұр
мас. Ондай-ондайларды орысшаға аудармақ талап еті
леді. Себебі халық депутаттары облаткомында біздің
тілде оқитын бастық жоқ. Бұл – бір. Қазақ тілінде жет-
кен жазба-сызбаларға сол тілде жауап қайтармақ және
керек. Бұл – екі. Міне, табиғат қоғамындағылардың
мына біздей тайқымаңдайларыңызды төтенше құрмет
тұтып, қолпаштайтыны осыдан.
Облыстық табиғат қоғамын Клавдия Кондратьевна
дейтін ақсақ кемпір басқарады. Аудармалайтын арыз-
шағымды арқалап, көбінесе кемпірдің өзі келетін. Кей-
де кофеге немесе шайға шақырып, иығымызға жүк
тиеп жіберер. Қазақша арыз-шағымдарды орысшаға
тәржімелеудің пәлендей бейнеті жоқ. Иван Иваныч сау
отырса оп-оңай. Біз аздап жаймалап, нығыздай нақтылап,
ауызша аударып айта бастаймыз, ол сүйкектете жаза
ды-ай.
Тиісті тәртіпке сәйкес, табиғат жөніндегі қоғам облат
комға тікелей тиесілітұғын. Облаткомның төрағасы қоғам
дық негізде бұл ұйымды да басқарады. Жаңа төраға та
ғайындалғаннан кейін біразға дейін ақсақ кемпірдің көңіл
күйі келіңкіремей жүрді. Өзі әлдеқашан зейнеткерлікке
шыққан, жасы жетпіске жақындаңқырап қалған Клавдия
Кондратьевна тоғыздың қалған сегізіндей емес, жүріс-
тұрысы жадау, киім киісі жүдеу көрінетін. Оның үстіне,
неден болғанын қайдан білейік, сол аяғынан қатты ақсап,
шойнаңдап жүретін.
Клавдия Кондратьевна бекерге мазасызданбапты, обл
аткомның жаңа төрағасы өзі қоғамдық негізде басқара
тын барлық қоғамдардың аппараттарын жартылай қыс
қартып, бірқатар жетекшілерін ауыстырып жіберіпті.
Ақырында ақсақ кемпірдің де үш бөлмесі, бес адамы ше-
геріліп, әйтеуір, абырой болғанда өзі орнында қалыпты.
Аты аңызға айналған атком төрағасының бұл батыл
қадамдарын құптаушылар күн санап көбейе түсті. Табиғат
қоғамына келетін хат-хабарлар мен арыз-шағымдар
тасқыны таңданарлықтай еді. Мұндай тасқынның бас-
ты себепкері һәм осы облатком төрағасытұғын. Адам-
дары азайып, мазасы қашыңқыраған ақсақ кемпіріміз
алғашқыда қазақша түскен қағаздарды қаптап апарып
еді. Сөйтсе, жаңа төраға да өзінің ана тілінде оқи ал-
майды екен. Аударып әкеліңдер деген пәрмен беріліпті.
Қабын қайта арқалап қайтқан кемпіріміз ыңылдаңқырап,
әндетіңкіреп оралды-ау сонда. Түсіндіңіз бе? Ыңылдаған
күйінен танбастан, бізді шайға шақырды. Терлеп-тепшіп
отырғанымызда, алдымызға арыз тастады. Оқи бастай-
мыз да. Алты бетке созылған хат ауданнан келген. Аудан-
нан болғанда, тү-у таулардың түкпірінде жатқан алыстағы
ауылдан жеткен. Түкпірдегі Тұрақ Тек дейтін қос-егіз
таудың қияндағы қиясынан жазылған. «Облаткомның
тың төрағасы әрі облыстық табиғат қоғамын басқарып
отырған қазақтың қайраткер перзентіне», – деп бастапты.
Одан әрі атком басшысының аты-жөнін келтіріпті.
«Аршаға араша түсіңізші, ағатай! – дейді арыз иесі
өзінің хатында. – Сіз облысқа басшы боп келгенде қандай
қуандым десеңізші... Құдай-ай, бар екенсің-ау! Ақырында
Табиғат-Ананың тілін түсінетін, біздің биік таулармен
сөйлесе алатын, даланың ділін ұғынатын кісі, қарапайым
қатардағы адамдардың арасында жай, жасандылық
үшін емес, намыстанбай, бірге тыныстай білетін бас-
шы бұйырды-ау бізге де деп шаттандым, аға! Апта бойы
айқай сала әндетіп, Тұрақ Тектегі Бойтұмар ұштағанын
аралап, аман қалған көгалдарға аунадым, сарғая бастаған
жапырақтарды сипаладым. «Бақтарың енді ашылады,
биік таула-а-а-ар!» – деп айқай салдым. «Аман қалатын
болдыңдар, аршала-а-а-а-ар!» – дедім сиреп кеткен
сорлыларға қарап, солқылдай жылап. «Сардолана сарбаз-
да-а-а-ар, сендер де көтеріңдерші еңселерінді-і-і!» – деп
еңіредім... Алдымен арша жайын айтайыншы, ағажан.
Арша туралы білетін боларсыз, әрине. Сіз хабардар
қайырымдарды қайталасам, кешіргейсіз. Біздің Боралдай-
дан Бозторғайға дейін, одан әрі Құлантаудан Дәубабаға
дейін тұтасып жатқан аршалы орман болған. Аршаны
беталбаты кесу кінә ғана емес, күнә саналған. Көбінесе
жеті-сегіз құлаш келетін аршаңыз, кей жерлерде жиырма
жеті құлашқа дейін жеткен екен, қайран-ай... Кітапты көп
оқиды дейді ғой сізді, біздің бұндай өңірде екі мың жыл
жасаған аршалардың ара-тұра сақталғаны туралы жазба-
ларды көзіңіздің шалмай қалмағы мүмкін емес. Екі мың
жыл! Аршаңыз таза тұқымды, текті аршаңыз ешқашан
да шірімес. Үгітілмес, үгілмес. Біздің бұндай аймақтың
адамдары аршаның киесін кереметтей қастерлепті,
ағажан. Абайлап қана, талғаммен ғана, Табиғат-Ананың
талғауымен, таңдауымен ғана жұмсап, меңзеуімен ғана
мәністеп қиған. Әйтпесе тіпті тимеген, мүлде кес-
пеген. Ай мен күнге қалай қараса, аршаға һәм солай
қарапты қазекем. Тыныс алар ауа мен шөл қандырар
мөлдірге қалай сүйсінсе, аршаға да солай сүйініпті
көшпенділер. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында, жиыр-
масыншы ғасырдың басында жұт басталған аршаға.
Қарашекпенділер қара орманға қарақұрт болып тиіпті.
Отындыққа кесіліп, күлге айналды, жатындыққа қыр
қылып, үй салынды. Темір жолдың табанына тепкі-
леніп, тапталына төселді, кендер мен кеніштерге, жер
асты жолдары мен шахталарға қабырға болып өрілді,
көпірлерге нөпір болып көмілді. Мың-миллиондаған
солдаттардың гимнастерка дейтін киімін боямаққа
да біздің таулардың, айналайын, аршалары қынадай
қырылып қырқылған ғой, жан аға! Бір мың да тоғыз жүз
отызыншы-қырқыншы жылдарға дейін мынау біздегі
жота-жондардың бәрі, ауыл-ауылдардың арасы түгел
арша болғанына бүгіндері ешкім де иланбасқа кеткен.
Осылайша мың-миллиондаған гектарды алып жатқан
аршаңыздан бірер мың түбі ғана қалғанына күйінесіз бе,
жоқ па? Осыны ойға салар, тереңінен толғанар жан бар
ма, жан аға?! Табылар ма сондай тұлға?!».
Алыстағы ауылда тұратын Сайран Сауранұлы дейтін
жігіт осылайша жаныңды шырқырата, жүрегіңді шы-
мырлата жазып-жазып келеді дағы, табан астынан кілт
айнып, күдік тудыра бастайды. Адамзат баласы алғаш
рет Тұрақ Тек маңайындағы Бойтұмар ұштағанында
жаралғанын, Адам ата мен Хауа ананың (ол осылай жаза-
ды) алғашқы мекені де осында болғанын өзінше дәлелдеп,
облаткомның жаңа төрағасын тау төріне, яғни өзінің ауы-
лына шақырады.
Пақырыңыз пысылдап тұрып тәржімелейді-ай ке
ліп. Кесір қылғанда, Иван Иваныч ауруханада. Он-
сыз орысшаға мынадай хатты әсерлі күйінде аудару,
мазмұн-мағынасын өзгертпей жеткізу онша оңайға
соқпас. Тәржімелеудің барысында әлсін-әлсін ойларға
да беріліп, жаңа келген басшының осындай керемет хат-
тарды түпнұсқасында, туған тілінде оқи алмайтынына
опынып, ол туралы тарап кеткен аңыздарыңыз оңған ма-
тадай әрсіздене бастайды.
Ақсақ кемпір орысшаға аударылған хатты асықпай
қарайды. Ары да оқиды, бері де оқиды. Екінші қабатқа
көтеріліп кетіп, әлден уақытта ақсаңдап қайта түседі.
«Ненормальный какой-то», – деп қояды. Шойнаңдай ба-
сып жоғарыға және көтеріліп кетеді. Ертеңіне Клавдия
Кондратьевна: «Төрағаның қабылдау бөлмесіне тапсыр-
дым. Ондағы көмекші де «Ненормальный какой-то» деп
жатыр. Шынында да алыстағы ауылдан келген хаттың
иесі ауыңқыраған біреу шығар. Саған да обал болды,
соншама қағазды аударып», – деді. Түсте шай ішпекке
шақырды.
Арада айға жуық уақыт жылыстап үлгерді. Ақсақ кем-
пір мазасызданды. Тиісті тәртіпке сәйкес арыз-шағым
иесіне ары кеткенде ай ішінде жауап жіберуі керек қой.
Бірер күн өткенде, бұлардың жауабын күтпестен, Сай-
ран Сауранұлынан және бір хат жеткен-ді. Ақсақ кемпір
аһылап-үһілеп, екі оттың ортасында қалғанына күйінді.
Жаңа төраға баяғы, бірінші хатты әлі оқымапты. Уақыты
жетпейтін көрінеді. Екі рет Алматыға, бір рет Мәскеуге
іссапармен барып қайтыпты.
Екінші хатты да аударуға тура келді. Клавдия Кондра-
тьевна оны да облаткомға ертерек апарып, екеуіне бір-ақ
жауап жазбақшы.
«Мен сізге тағы да хат жазып отырмын, – депті Сай-
ран Сауранұлы. – Уақытыңыздың жетпейтінін білемін.
Сонда да біздің Бойтұмарға бір келетініңізге сенемін.
Жақында бүкіл әлемге масқара боларлықтай оқиға орын
алды, ағажан. Қаншама қарсыласқаныма, күрескеніме
қарамастан, Бойтұмар ұштағанына кеңшардың малын
жаюға рұқсат берілді. Ағатайым-ай, Табиғат-Ананың
тілін түсінетін адам табылар ма?! Тек Табиғаттың тілі
ғана баршаға ортақ тіл ғой. Ол адамзатқа ғана емес, күллі
жаратылысқа түсінікті болуы керек еді. Амал қанша,
айналадағы адам атаулының, басшының бәрінің Табиғат-
Анамен тіл табысқысы жоқ. Сол тілді бір түсінсе, сіз ғана
тереңірек түсінеді деп ойлаудан бір минөт, жалқы секөнт
танған емен, жан аға...» – деп, сегіз бет сары қағазға
сардолана жырын төгілтіпті-ай келіп. Тұп-тура солай.
Өткендегі арша туралы жазғаны алты бет еді, сардолана
жайындағысы сегіз бет.
Аударып бердім. Ақсақ кемпір қыздарына мәшіңке
летіп бастырып, аткомға алып кетті. Облаткомға әке
тердің алдында ары да оқыды, бері де оқыды. Сөйтіп:
«Действительно, этот парень настоящий ненормаль-
ный!» – деді ашуланып.
Сол күннің ертеңіне алыстағы ауылдан, Тұрақ Тектің
түбінен, Бойтұмар ұштағанынан үшінші хат келіп жет-
кен. Ақсақ кемпір оны бізге әкеле жатып, баспалдақтан
ұшып кете жаздапты. «Вот ненормальный! Вот ненор-
мальный!» – деп кіжінгенде, кем аяғы көтеріліп-көтеріліп
кетеді. «Ненормальный» былай деп жазыпты:
«Тұрақ Тек пен Бойтұмар аяқасты болып, мал таптап
бара жатқан соң ұштағанды күні-түні бейнеттеніп, қоршап
қойғам. Соған байланысты кеңшарымыздың директоры
мен партком хатшысы ауданның бас дәрігерін ертіп келіп,
менің денсаулығымды тексертпек болып, жеке басымды
қорлады. Мен үлкен кісілер болғандықтан, кеңшар бас-
шысына және бас дәрігерге тиіспедім. Ал парткомның
хатшысы өзіммен қатарлас қой, сондықтан қалжыңдамақ
мақсатта, қатты ашуланған қалыпқа еніп: «Әй, сен несіне
жандайшаптанып жүрсің, көп ұзамай компартияң тарай-
ды ғой», – дедім. Бәрінің төбе шаштары тік тұрып, көздері
алайып кетті. Қан қысымдары көтеріліп бара жатқан соң,
арнайы дайындап қойған шөпшайымды шетінен ішкізуге
мәжбүрлендім. Әлгілер демдерін әзер басып, «давление
лерін» дұрыстап алып, мына маған лекция оқи бастады.
Олардың айтуынша, мемлекетіміз жерді кеңшарға берген-
де, тарихи және табиғи жағдайын қорға деп, қорша деп
емес, шаруашылық жүргіз, егін егіп, малыңды жайғын,
өніміңді өкіметке өткізіп, жоспарың мен міндеттемеңді
орындағын және асыра орындағын деп береді екен...».
Бұдан әрі Сайран Сауранұлы облатком төрағасының
аты-жөнін жазып, үш леп белгісін қатар қояды дағы,
Бойтұмар ұштағаны Табиғат-Анамыздың сақтап отырған
ең соңғы аманат хаты екенін, енді екі-үш күнде келме-
се, мұндағы басшылар біржола құртып, жойып жіберуі
мүмкін екенін жазып, «жан аға», «ағажанына» қайта ба-
сады. «Жан аға, жаз аяқтала бергенде, өзіңіз осы облысқа,
облаткомға басшы боп келгенде, жаным жадыраған.
Күз ортасы ауып барады, әлі жоқсыз, ағажан. Түптің
түбінде дәл осы Тұрақ Тек төңірегін мемлекет көздің
қарашығындай қорғасын, қорыққа айналдырылсын деп,
қаулы-қарар шығаратындарыңыз сөзсіз. Бірақ ол кезде
кеш болар. Бойтұмардың өзі түгілі, ізін де таба алмай
қаласыздар. Ағатайым-ай, менің хаттарым қолыңызға ти-
мей қор боп жатыр-ау бір жерде», – деп бұған тобылғы ту-
ралы тоғыз бет жырын және қосыпты. Байқайсыз ба, арша
хақында алты бет, сардолана жайында сегіз бет, тобылғы
туралы тоғыз бет!
Иван Иваныч екеуіміз екінші күннің түсіне таман әзер
тәржімелеп тауысқанымызда, Тұрақ Тек жақтан төртінші
хаттың келгені мағлұмданды.
Ақсақ кемпірдің қан қысымы көтеріліп, сау аяғы мен
оң қолы тартылып қалып, жедел жәрдем мәшинесі алып
кетті.
Облатком төрағасы турасында басқашалау күбір-сыбыр
көбейген. Волейболды керемет ойнайды екен десті, су бас-
сейнінде жақсы жүзетін көрінеді. Облатком аппаратының
адамдары бірі қалмастан волейбол ойнай бастапты. Кеш-
кі сағаттың тілі алтыны соғар-соқпастан стадионға қарай
кетіп бара жатады екен. Біздің кеңсенің алдындағы сызы
қалыңдап, шірік иісі молайған қарақоңыр көлеңкедегілер
темекі түтінін қоюлата түсіп:
«Ол кісіңіз де көптің біріне айналып жөнелді».
«Айналғанда да жылдам айналды ғой, жүдә».
«Айтқанымның бәрі орындалады, көрсеткенімнің көбі
жөнделеді, сынағанымның толайымы түзетіледі деп ой-
лайды-ау осылар».
Десті.
Күндердің күнінде ауруханадағы ақсақ кемпір Иван
Иваныч екеуімізді шақырып жатыр екен дегенді естідік.
Төртінші күн болғандықтан, әріптесіміз әжептәуір түзу
тұғын. Барып қайтпаққа бекіндік. Қалтамызды қаққыштап,
тиын-тебенімізге айран алдық.
Ақсақ кемпірдің бір қолы мен бір аяғы қозғала
қоймайды екен. Тілі бұрыңғыдай тақ-тұқ емес. «Ненор-
мальный» дегенді де онша анық айта алмас.
Ол кісі, яғни ақсақ кемпір немесе Клавдия Кондра-
тьевна апайымыз бізді көріп, қатты қуанды. Төсегінің
үстінде түрегеп отырып, қозғалатын қолымен қимылсыз
аяғын икемдей жинап, жымиып күлді. Мен пақырыңызға
мың да бір рахметін жаудырып, Михаил Булгаковтың
төрт томдық шығармалар жинағын тарту етті. «Бұл кітаптың
шыққаны – қайта құру заманының заңды жемісі, – деді
Клавдия Кондратьевна. – Милый мой, саған не сыйласам
екен деп жүргенімде, Мәскеудегі қызым әкепті. Қуанып
кеттім».
Мен де қатты қуандым. Мәшине мінгеннен бетер-
мін. Бетімнен сүйген Клавдия Кондратьевна: «Айып
етпегін, мына Ванямен бір-екі ауыз оңаша сөзім бар
еді», – деді.
Иван Иванычты аурухананың алдында тостым. Ұзақ
күтуге тура келді. Ол алабұртып шықты. Басын қайта-
қайта шайқайды. Енді бірдеңе әпермесең, ештеңе айт-
пайды бұл. Екеуіміз ескі аурухананың төменгі тепсеңіне,
қаз-қатар тізілген дүңгіршектерге қарай беттедік. Егіз-
қатар екі стақан тартып жіберіп, шекесінен шып-шып
тер шыққан Иван Иваныч ескі орындықта шалқайып, те-
мекісін рахаттана сорады-ай келіп.
– Үйлі болдым, – деді ол ақсия күліп.
– Құттықтаймын! Қалай? – деймін қуанып.
Иван Иваныч маған алғаш көріп отырғандай, таңырқай
қарап тамсанар.
– Өзгенің қуанышына өзіңдікіндей қуанатының
ұнайды ғой маған! – деп орнынан тұрып, темекі мен
арақ аралас, алайда, мынадай минөттерде пәлендей
сүйкімсіз де емес, күлімсілеу иісін бұрқыратып кеп-кеп
сүйеді-ай.
Сөйтіп, бекер сүйе ме, дүңгіршіктерге сүзіле көз тастай-
ды ғой баяғы. Үшінші стақанды төңкеріп тастап, ақсақ
кемпірдің таңғажайып хикаясын шертеді. Клавдия Конд-
ратьевна ақсақ кемпір бола тұра, Иван Иваныч екеуіміз
секілденіп, бекерден-бекер, бостан-босқа аузын аңқайтып,
құлақтарын қалқайтып жүрмепті. Біз екеуіміздің не үйіміз,
не күйіміз жоқ. Ал ақсақ кемпірдің бір басында бес үйі
бар екен. Өз атында емес, әрине. Оның төртеуін табан
астында, таяу күндері тездетіп сатып, Мәскеуден келіп
жатқан қызымен бірге көшіп кетпекші. Ал біреуін Иван
Иванычқа тарту етіпті. Үй сатудың кейбір мәселелерінде
Иван Иванычтың аты-жөні, ахуалы, келісімі керек боп
тұрыпты.
Бір аптадай уақыт өтер-өтпесте біз ақсақ кемпір мен
оның мәскеулік қызын пойызға шығарып салдық. Обалы
не керек, Клавдия Кондратьевна кетерінде көзінің жа-
сын көлдетіп тұрып жылады-ей. Біздің шаңытыңқырап
тұрған шаһарымызды қимады ма, бүкіл өмірі өткен
өңіріміздің өзгешелігін кешірек түсінгеніне өкінді ме,
өзге де бірдеңелерге өксіді ме, кім білсін. Ақ бұғағы
сүйкімсіз емес, көгілдір көзі күз аспаны түстес қызының
ұрысқанына елең етпестен, егілді-ай келіп. Пойыз сәл-пәл
кешігіңкіреп жетті. Буыншақ-түйіншектерін көтерісіп, ку-
пелеріне орналастырдық. Иван Иваныч таңғаларлықтай
қалаймақан түрленіп, сергектеніп кеткен. Лыпылдай
ләпбайлап, жүгіріп-ақ жүріпті. Қоштасып, купеден шыға
бергенімізде, ақсақ кемпір менің қолымнан қайта тартып,
өзіне қаратты.
– Білесің бе, милый мой? – деді ол. – Бәлкім, біз
қатты қателесетін шығармыз. Анау арыздардың иесі
ше, алыстағы таудың баурайынан хат жазатын жігітті
айтамын. Мүмкін, ол нағыз, настоящий нормальный
адам шығар. Қалғандарымыздың бәріміз – Иван Ива-
ныч та, мына менің мәскеулік қызым да, мен де, сен
де, ол да, олар да, тіпті облаткомдағылар да ненормаль-
ныйлар шығармыз. Жалғыз ғана нормальный адам сол
жігіт болуы мүмкін бе, а? Айтшы... Мүмкін бе осыным,
милый?
Ақсақ кемпір алқынып қалды.
– Мүмкін, бәрі де мүмкін, – дедім мен Клавдия
Кондратьевнаға керемет риза болып. – Мен де біраздан
бері осылай ойлайтынға айналғанмын. Сізге айтсам ба
деп, талай-талай оқталып, батылым жетпеуші еді!
– Сен маған ренжімегін, милый, – деді ақсақ кем-
пір сау қолымен саусақтарымның ұшын сығымдап
қойып. – Қош енді, қош болыңдар. Кемшіліктеріміз бол-
са, кешіргейсіңдер. Егер күндердің күнінде сол жігіт
келе қалса, немесе хат жазса, менің жаңағы пікірімді
жеткізгейсіңдер, жарай ма?
– Уәде береміз, – дедім мен.
– Обещаем! – деді Иван Иваныч билегісі келгендей
байызсызданып.
Ақсақ кемпір көшіп кеткеннен кейін тоғыз қабатты
тозыңқы үйдің басынан мүлде бақ тайды. Қоғамдық
ұйымдар мен мыңғырған мекемелер шетінен шетіней
бастады. Бара-бара бізге дағы кезек жетті. Табиғат
қоғамымен бір айда, бір күнде таратылдық. Қобыраған
қағаздардың
арасында
қыз-келіншектермен
бірге
ақырғы шайды ішіп отырғанымызда, ыбырсықтардың
ішінен әлдебір таныс жазу көзіме оттай басылды. Абай-
лап іліп алып, бүктелген тұстарын тегістей тартып,
былғанған жерлерін тазартып, қарап кеп-кеп жіберейін.
Сөйтсем, шынымен-ақ Тұрақ Тек тауларының түбінен,
Сайраннан келген екен. «Соңғы хат» деп бас жағына, жол
ортасына бадырайта бәдіздепті. Сонсоң: «Халық депу-
таттары облыстық атқару комитетінің төрағасы» деген.
Одан кейін аты-жөнін ғана келтірген. Баяғыдағыдай,
алғашқы хаттарындағыдай «қазақтың қайраткер пер-
зенті», «ағатай», «жан аға», тағысын-тағылардан түк
те жоқ. Салқындау ғана, ресми ресімдепті. Сөйте тұра
Тұрақ Тек тұрғыны мына бір жағдайды емін-еркін-
деу баян етіпті: «Мен сізге бірталай хат жаздым. Бір-
де-бір жауап болмады. Жақында Бойтұмар ұштағаны
аспанға ұшып кетті. Кеңшардың мәліш қойлары тап-
тай бастағаннан-ақ мен қоршаған бір пұшпағы құс
қанаты болып көтерілді, сосын екіншісі, сосын үшінші
бұрышы қайырыла оралып, әлденеге оранып, дүр етіп
ұшып кеп жөнелді. Мыңға тарта мәліш қой үркіп, Тұрақ
Тек етегіндегі жарлауыттан құлап, тұп-тура жеті жүзі
түп-түгел мерт болды. Аға шопанымыз ше, ол орден-
дері мен медальдары сыңғырлаған күйі аузы қисайып,
ауруханаға түсті».
Сайран Сауранұлы соңғы хатын аяқтай келе бүй
дейді:
«Мен шынымен-ақ үлкен үмітте жүрдім. Енді
сенімім сетінеп, үмітім үзілді. Табиғат-Ананың соңғы
аманаты Бойтұмардан біржолата айырылдық. Біле
білсеңіз, Бойтұмар бүкіл жұртымыздың басындағы
бақ еді. Барлықтарыңыз бақты емес, тақты ойлай-
сыздар. Қош болыңыз. Енді Тұрақ Текке келсеңіздер
де, келмесеңіздер дағы, бәрібір. Халық депутаттары
облаткомының төрағасына хат жазып отырған – халықтың
ең төменгі буынының бір өкілі Сауран Сайранұлы де-
гейсіздер».
Бұл хат тіпті тіркелмей де, ақсақ кемпірдің тұсындағы
дай тәржімеленбей де қалып қойған екен.
Мына пақырларыңыз ақырында шыдай алмады. Бір
аптадай кезек күтіп жүріп, облатком төрағасына кіруге
қолымыз жеткен. Ол кісі шынында да тым қарапайым
көрінді. Орнынан тұрып келіп, қол беріп амандасты.
Тек жанарлары жабығыңқылау, тым шаршаулы секілді.
«Ешқандай жеке шаруамыз жоқ. Табиғаттың мәселесі
еді. Сізге бір кісінің хатын көрсетуге келіп отырмыз», – де-
дік. Әрине, соңғы хатты һәм орысшаға аударып алғанбыз
ғой.
Сөйтсек, облаткомның төрағасына Тұрақ Тек
түбінен жазылған хаттардың ешқайсысы да жетпепті.
Ол кісі бұған өте қатты өкінетінін, ал мына арзудың
айтарлықтай-ақ мәні барын ұғынатынын мағлұм етті.
Қайталай көз жүгіртіп, әлсін-әлсін басын шайқап (не-
нормальный екен деп жүре ме деп қорыққанымыз-ай),
түсіністікпен, жеңілдеу ғана жымиыңқырады.
Қазақшасы қораштау екендігін жасырмады. Оған кеші
рім өтініп, стандартсыз жазу-сызуларды жарататынын екі
тілдің егіз-қатар көмегімен аса әсерлі жеткізіп, жылы шы-
райлы жағдайда, емен есікке дейін шығарып салды. Жолы
түссе, жаңағы хат иесінің ауылына қалайда бір барып
қайтпаққа тырысатынын айтты...
Оншақты жыл артта қалғанда біз пақырыңыз бағзыдағы
тоғыз қабатты тозыңқы үйдің қирандысын көріп, қатты
қайран қалдық. Содан бес-алты жылдай бұрынырақта
ше, компартияңыздың тез тарай салғанына түк те таңыр
қамағанбыз.
Арада және бірер жыл өткенде, әлдебір газеттен «Тұрақ
Тек тарихи-табиғи қорығын құру туралы» қаулыны
оқыдық.
КРЕСТ Қарамайлы шпалдайын қарапайым теміржолшылық тан түксіз-дымсыз күйде зейнеткерлікке шығып, арзымас ақшамен күнелтетін Бісмілләнің асырап алған баласы бес-алты апта ауырып қайтыс болды. Стансаның алып акациялар қоршаған амбулаториясынан шақырылған фельдшер Бісмілләнің баласын алғашқы күні жан-жақты тексеріп көріп, облыс орталығындағы арнайы ауруханаға, психиатрларға апаруға кеңес берген. Бісмілләға салса, қарызданыпқауғаланса дағы бір сағат та кідірмес еді, алайда, Андрей ешқайда аяқ баспайтынын білдіріп, Тәңіртаудың шыңылтыр көк аспанындай көздері айрандана қарағанда, лажсыздан амалсызданған. Асыранды ұл Андрейді бала дейтіндей де емес-ті. «Андрей бала» атанып кеткенімен, жасы жиырмаға жетеғабыл болатын. Он екі жасында тү-у Тула жақтан тауарлы пойызбен ауып жетіп, Сағыр стансасында тентіреп жүрген жерінен Бісміллә біржолата үйіне ертіп келген. Жергілікті өкімет тарапынан тергеп-тексерген ешкім жоқ. Тек Тұрымтай ғана тоқтамай өтпес түнгі пойызға апаратын алмасына бір, балаға бір қарап: – Үрерге итің, сығарға битің жоқ, байқұс-ау, төрт ұлың тентіреп төрт жақта жүр, бұ баланы не бетіңмен әкелдің, обалына қалмайсың ба? – деген. Бәрібір, бұл үйде Бісмілләнің айтқаны болатыны аян. – Тұрымтайдың тұсына бұ балапан басын иіп кеп тұр да, – деді Бісмілләнің өзі де иіліп сәлем берудің ишаратын жасап. – Үрерге жабысқақ, сығарға сірке көп екен баланың тал бойында. Жүдеп-жадаған, жыртық киімдерінің тігіс-тігістерін түп-түгел сірескен сірке мен ашқарақ жабысқақ басқан баланы жан-жақты жуындырудан жиіркенбеді, шомылдырудан шошынбады. Жыртық жейде мен шолақ шалбар майсіңді шпалдың жаңқаларына қосылып шағын шарбақ шетінде шатырлай жанып жатты. Төрт ұлы мен бір қызы бар Бісмілләнің алтыншы баласына айналған Андрейге айжарымдай уақыт өткенде тиісті тәртіппен қағаз-құжаттар жасалып, мек-
теп тізіміне тіркелген. Есепке ерекше жүйрік екен.
Тәуелсіздігіміздің әуелгі жылдарында станса мек-
тебіндегі орыс сыныптарында оқитын шәкірт қалмай,
жабылып тынып, қазақшаның бесіншісіне барған.
Алғашқы айларда азаптана қиналған Андрей бала, оба-
лы нешік, оқу жылының ортасы ауа қазекемнің тілін-
де мақалдата сұрақ қойып, мәтелдете жауап қатуға
дейін жеткен. «Сағыр» сегізжылдық мектебінің түбінде
тұратын Асықбай ақсақалға үйірсектеп, ескі әңгімелерді
жалықпай тыңдамаққа құлағы құныққан.
Өкінішке қарата, жасы он беске жеткенде, оқуға деген
ынта-ықыласы бірден бәсеңдеп, мектептен мүлде бас тарт-
ты. Көк аспан түстес көздерінің аздап қана айранданып
барып басылғанын Бісміллә бірінші рет сонда байқаған.
Андрей бала ағаш ұстасы болып жұмыс істегісі келетінін
жеткізді. Бала біткенді бетінен қағуды білмейтін Бісміллә
Андрейді темір жол стансасының бір бүйіріндегі жәшік
жасайтын цехқа (бұрынғы білдей кәсіпорынның тамтығы
ғой) апарды. Орналасуы онша қиынға соқпады. Толар-тол-
мас цехтың болар-болмас бастығы зейнеткер Бісмілләні
сәл де болса сыйлайтындардың бірі еді. Оның үстіне
баланың ұсталыққа ұсынақтылығы таңырқатқаны тағы
рас. Осылайша үйренуші ретінде жұмысқа қабылданған
жұқалтаң Андрейіңіз жәшік цехына тастай батып, судай
сіңіп кете барған.
Айтпақшы, сол баяғы он екіден он үшке шыққанында
ше, Андрей бала мен Бісміллә әкенің арасында күтпеген
жерден қызық шүйіркелесудің болғаны бар. Жалпы, Ан-
дрей баланың айтуына қарағанда, өзі әкесі мен шешесін
мүлде білмейді. Біраз жылдар балалар үйінде және аз
уақыт біреулердің қолында жүрген, кісі есігінде зықана
көрген. Балалар үйінен де, әлдекімдердің қолынан да
қашып кетіп, көбінше тентіреп, панасыз, жападан-
жалғыз күн кешкен. Бісмілләні бірден, Тұрымтайды бір-
те-бірте ұнатқан. Енді қуса дағы кетпес. Аузынан «әке»
деген сөздің алғашқы мәрте осында шыққанын һәм жа-
сырмас.
– Әке, – деген Андрей бала.
– Әу, балам, – деген әкесі.
– Мен сіздің балаңызбын ба?
– Иә, – деді Бісміллә.
– Тегім – Бісмілләұлы ма?
– Тап солай. Оны неге сұрадың?
– Балалар маған күледі, – деді баласы.
– Е, неге?! – деп секемденді әкесі.
– Мені сүндеттетіңізші! – деді Андрей бала.
Аузын аңқайтып отырды да қалды әкесі. Ойланды-
ау қатты, ойпырай! Төрт ұлы да өзі сияқтанып, темір
жолдың тақыл-тұқыл тіршілігін, қарамайлы шпалдайын
қарапайым, қатардағы кәсібін нәсіп етіп, қаратабан тір-
лік кешеді. Тараздан Түркістанға дейінгі аралыққа та-
рап кеткен, төбе көрсетулері сирек. Тоз-тозы шығып,
ыңыршағы айналған, реңсіз разъездерде репеттері кірмей-
ақ жүріп жатыр бәрі де. Қызы күйеуге тиіп, ауданның
ауруханасындағы кілдіреген кіші медбикелікке әзер
іліккен. Әжетке жарап, қас-қабаққа қарап жүрген Анд-
рей бала, әйтеуір. Сөйтсе дағы, сүндеттетпек мәселесі
миына кіріп-шықпапты ғой, масқара. Аңқайған аузынан
сілекей-су айғыздала ағуға айналғанда ғана барып есін
жиып, езуін сүрткен отағасы қисая біткен бірер түп алма
ағашының арасында алма сорттап жатқан Тұрымтайына
қарай төрт-бес аттап:
– Сенсация! – деген осы заманғы өзгеше тілмен.
– Көтек! – деп Тұрымтай баяғының қатындарынша ес-
кішелеу шоршып түскен.
– Андрей бала сүндет мәселесін қозғап отыр, шешесі!
– Дұрыс қой, – деді қатыны пойызға алып шығатын
апорт алманы жалтырата сүртіп отырып. – Бірақ баламыз
бірталайға кеп, буыны қатып қалған жоқ па?
– Буында нең бар? Оған жатпайды ғой ол.
– Е, мен қайдан білейін, бола бере ме?
– Айналайын-ау, ақыл қалтам өзің емеспісің?!
– Бұ баланы баяғыда ақылдаспай-ақ әкеп едің ғой өзің,
анау амбулаториядағылардан сұрасайшы.
– Сөйтейін, – деп Бісміллә биік акацияларды бетке
алған. Не керек, көпке бармай, Андрей бала өз өтінішіне
сәйкес сүндетке отырғызылған. Әкесі бес ешкісінің біре-
уін сойып, көрші-қолаңдары мен ағайын-туыстарына
және жақын маңдағы жекжат-жұраттарына тойшық жа-
сап тастады. Той емес, тойшық еді ғой ол...
Бісмілләнің көңілі босап ағыл-тегіл жылады-ай.
Андрейдің қазасын естігендер көңіл айтпаққа келе бас-
тады. Тұрымтай екеуі екі жақтан дауыс салып, келген-
дермен көрісіп жатыр. Көршілері, жәшік цехының бірер
адамдары ойбайлаған ерлі-зайыптыны қой-қойлап әзер
тоқтатты.
– Жалған дүние ғой, – деді жәшік цехының бастығы
саналатын егде кісі байсалдылық танытпаққа тыры-
сып. – Біле-білгенге адам баласының бүкіл өмірі – өлімге
дайындық деген сөзді бұрынғылар қалдырған. Стансаба-
сы інімізге, полиция өкіліне, ұлдарың мен қызыңа, жақын-
жуықтарыңа хабар жіберейік, Андрей баланы ақырғы
сапарға дайындайық. Ойбай мен байбайдан ештеңе
шықпайды ендігі жерде. О дүниесін берсін.
– Рас-рас, – десті өзгелер.
Бісміллә мен жәшік цехының және бір өкілі бастап,
бірер көршісі қостап, Андрей баланың денесін сыз боп жа-
татын түкпіргі бөлмеге жайластырды. Әкесі сәл ашықтау
қалған көздерінің қабақтарын уқалап жауып, аяқтарын
аялай сипап, ақырындап соза түзуледі. Кенет баласының
сол жақ жұдырығын қатты жұмып алғанын аңғарып,
айналасындағыларға қараған. Олар дағы байқап тұр
екен, бірі батылырақ, екіншілері қорқыңқырап еңкейісті.
Әуелгіде әкесі жайлап қана жазбаққа әрекеттенген.
Жымырыла жұмылған жұдырық жазылмады. Бәрі бас
шайқасып, мәйіттің бойын түгел жауып, шығып кет-
кен. Сәлден соң стансабасы, полиция мен амбулатория
өкілдері келді. Көңіл айтысып, өздерінің міндеттерін
атқарысып болып, олар дағы Андрейдің тастай түйілген
қолына қайран қалысты. Ақырында амбулатория фель-
дшері мен полицей екеуі әжептеуір әрекеттеніп, көбірек
күш жұмсап жүріп, әзер дегенде марқұмның жұдырығын
жазды.
Алақан ақырындап қана ашылған, саусақтар баяулап
барып сылқ түскендей сезілген.
Бірінші дауыс Бісміллә тараптан шықты. «Аһ!» –
деп қалғаны рас еді. Тұрымтай сырттатұғын. Көріп
тұрғандардың көбісі сыр бермегенімен, бәрібір бір гуіл
араларынан арадайын ызың салып өткендей еді сол
сәтте.
Андрейдің алақанында ағарандаған майда шынжыр-
лы крест жатты. Иә-иә, кәдімгі крест. Күреңкейлеу ме,
қоңырқайлау ма, крест, әйтеуір. Шынжыры ақшылтым.
Қашан, қандай жағдайда, қайдан алып, алақанына
қалай салып, жұдырығын қай кезде жұмғанын кім
білер. Әйтеуір, алақанының шынашақ жақтағы иір-
леу сызығында жылап аққан жіп-жіңішке жылғадайын
қанның ізі білініп тұрды.
– Оп-по-о-о! – деді станбасы кісіңіз. – Бұ бала біраз
проблема туындатайын деп тұр ғой өзі, а? Бұ қалай бол-
ды, а?
Осы кезде Бісмілләнің аудандық ауруханада медбике
боп істейтін қызы:
– Бауыр-е-ем! Тумаса дағы, туғаннан бетер болған ба-
уыр-е-е-ем! Андре-ей-е-ем! – деп дауыс сала жылап жет-
кен.
Қызының бауырымайына бордай үгітілген Бісміллә
біразға дейін басыла алмады. Кенеттен крест ойына түсіп,
көз жасын тез тыйып ала қойып, тылсым ойларға да бе
рілді.
Бір жолы, баяғыда-а-а-а, баланың мойнындағы кіш-
кентай ғана кресті байқап қалған. Кейін қайда кет-
кеніне, тағып-тақпайтынына назар жықпаған. Сағыр
стансасындағылар діндарлыққа мұқым-мүлде мән-маңыз
бермейтіндердің сортынан ғой, ал Бісмілләңіз – солардың
бірі. Кейініректе, Андрейдің сүндеттелуіне арналған
тойшықтан соң әлі де онша кеткілері келмеген туыстары
бөлектеніп қалысып, бірер шыны-шөлмектерді ортала-
рына алысып отырғанда ше, баланың мойнындағы кресті
көріп:
– Сүндет жасалғаннан кейін крестің керегі жоқ шығар, –
дескені есіне түсті.
– Мойынға шынжыр тағу модыдан қалған жоқ па? –
дегендері жадында жаңғырды.
– Мұстақыл мемлекетімізде дінаралық татулық мықты
ғой, жүре берсе де болады да? – деген және бір аралас-
пай кетіп, енді елжіресе табысқандай күй кешіп отырған
туыстарының бірі.
– Бісмілләнің өзі білет те? – десіп, тағы бір тост көтеріс
кен бәрі.
Ақыл-амалдың бәрін шашау шығармай тыңдайтын
Андрейдің мойнынан, обалы не керек, сол күннен
кейін крест көрінген емес-ті. Жиырма жасқа жеткен-
ше жаманаты шыққан жоқ. Жынды суға үйірсектемеді.
Жәшік цехының жап-жақсы жұмысшысына айналды.
Кім-кіммен болсын кішіпейіл тілдеседі, үлкен-кішімен
бірдей, жатсынбай-жатырқамай әзілдеседі. Қазекемнің
тілінде құйқылжыта сөйлегенде, бірде-бір бөтен сөзбен
былғамайды. Андрейдің ауыз бекітіп, жарапазан айта-
тыны аңызға айналды. Түнге қарата Сағыр стансасы
сұлулана түсетін еді. Темір жолдың арғы жағынан зо-
раятын заңғар таудың түбіндегі төбе-төбелердің ба-
сына бұлтыңыз шәйі орамалдай оралатын. Ай ылғи да
жарық боп тұратындай. Асықбай ақсақал үйреткен жа-
рапазан жырын айтып, стансаны бастан-аяқ аралайтын
еді Андрей балаңыз. Өзге балалар оған ілесуге ұялатын
әлде намыстанатын. Күздің дымқыл демі мұң мен әзіл
аралас дауысты Тәңіртаудың құздарына дейін жеткі-
зер. «Өрім өрік бастары қызыл жалқын-ай; қазандағы
сүдігер қара барқын-ай; оны-мұны айтпастан, себеп
қылып-ай; ораза тұт отыз күн, қайран халқым-ай!» –
дер еді Андрей. «Қоңыр күзде ауылда қырман тасар-ай;
он бесінде толған ай қырдан асар-ай; жар-рапазан айт-
пастан қоямыз ба-ай; бір жеңгем бар осы үйде теңге ша-
шар-ай!» – дейді Андрей бала. «Жар-рапазан айтамын
ойлай-ойлай-ай; өтіп кеткен Қарынбай малға тоймай-
ай; оразада отыз күн бір мал соймай-ай; тартып кеткен
қара жер бойлай-бойлай-ай!» – дер еді-ау, айналайын
Андрей...
Жарапазан айтып тапқан азын-аулақ ақшасын түгелдей
Тұрымтай шешесінің қолына салатын Андрей.
– Ойы-бай, менің алма сатып табатын тиынымнан гөрі
сенің өлең айтып алатын ақшаң әжептәуір ғой, – дер еді-
ау сонда бұ байғұс.
Сондай түндердің бірінде Андрей шағын вокзал басы-
нан тамаққа тойып қайтпаққа бекінеді. Қырсығына қарата,
бір бейәдеп, байшыкештеу топ әлдеқайда аттанғалы
тұрған екен. Өздері әбден ішіп алысқан, Андрейді көріп
мазақ етпек болысқан.
– Әй, бері кел! – дескен өз демдеріне өздері пісіп.
– Келдік, – депті Андрей Бісмілләұлы бәледен қашың
қырай алыстап кетуге намыстанып.
– Сен кімсің-әй? – деседі әлгілер.
– Адамбыз деп жүрміз ғой, – депті Андрей бала жып
етіп.
– Ой, мына доңыз доқ көрсетеді ғой-ей! – дейді байшы
кештердің бір бұзақысы.
– Доға белді доңыз тоқ, талдырмаштау тақуалар аш
боп тұрған кезең де, – дейді Андрей.
– Тоқта-тоқта! Бұ бәле қалай-қалай құйқылжиды өзі?! –
дейді доға белділердің дөкейі. – Тыңдайықшы байыз та-
уып, пойыз келіп жеткенше. Осында тұрасың ба, бала?
Қайда туғансың өзің?
– Осы Сағыр стансасында тұрамын, Тула жақта
туғанмын.
– Қазекемшені қалайынша бұлайша біліп алғансың?!
– Мұнда шешендік мектебі бар, деректірі – Асықбай
атам, – дейді Андрей одан әрмен әзіл үдетіп, қалжың
үстей түсіп. – Алайда, о кісіден оқитындар аз.
– Ақша берсем, аласың ба?
– Не үшін?
– Қазекемшені қатырып сөйлейтінің үшін!
– Сіздер мелдектеп, біздер мөлтектеп, мөлтеңдеп
жүрміз ғой. Шын ниетпен берсеңіздер, жарапазан ай-
тайын, оразаның айында айып болмас ақша алған.
– Ойба-а-а-ай! Мына бала қалай-қалай сайрайды-ей, а?! –
деседі әлгілердің дөкейі. – Сағыр стансасының жағдайы
қандай қазір?
– Ашты-тоқты отырған теміржолшылар көп, – дейді
Андрей.
– Тәртіп мықты ма? Төбелес, атыс-шабыс жоқ па?
– Қарақшысы көп, алақшысы жоқ, – дейді Андрей.
– Әй, жөндеп қазақшалап айтшы, қарақшың нең,
алақшың нең?
– Қарыны қарақшы, қанішерді алақшы дейді Асықбай
атам.
Осы тұста күтпеген жағдай орын алады.
– Мә саған, алақшы! – деп жаңағылардың бұзақысы
баланың басын бетонға соғады. Қалғандары оны ұстап
үлгере алмапты. – Мә саған, қанішер!
Алма сататындар Андрейдің әр сөзін, болған оқиғаны
аңыз етіп айтып жүрді.
Андрей бала алты айға жуық қатты қиналып,
кирелеңдеп жүріп, жәшік жасауға әзер жараған.
Айналайын-ай, Асықбай атасы қайтыс болғанда ше,
үйіне барып, таяқ сүйеніп тұрды. Оқта-текте оқыстан
біреу қойып кеп жібергендей, бетонға соғылған басын
ұстап, меңірейіп тұрып қалатын.
Тоқсан төрттегі Асықбай атаның өліміне өңір жұрты
көп жиналды. Мұндай жасқа жеткен аз, жетпеген көп. Ар-
маны жоқ Асекеңнің. Той ғой десті бәрі де. Көріспекке
келгендердің көбісі күйеулерді кеу-кеулесе күлісіп,
жеңгелерімен шымшыласа жұлысып жүрді. «Той ғой бұ
кісінікі, той ғой», – деседі қайта-қайта. Жаназасы оқылып,
марқұмның мәйітін көшенің арғы бетіндегі белең биігіне
әкетіп бара жатқанда, Асекеңнің қаладан келген өрен-
жарандары бағзы заманғы ақ күміс орнына жүретін
бүгінгі бозғылт шақалардан уыс-уыс теңге шашты. Тұр
мыстарының оңдылығын танытып, ақшаны аяйтын емес.
Ақ күмістейін теңгелер аспаннан жауып жатқандай. Те-
берік ретінде таласушылар тіпті көп. Солардың бел ор-
тасында ортекедей орғыған Андрей жүр. Көбірек қармап
қалғысы да бар, қалжыңы һәм калың қауымды күлкіге
қарық қылады.
– Атам-о-о-ой! Атам-о-о-ой! Ақша бұлтпен ақшасы да
араласқан атам-о-ой! – деп биікке секіреді. – Бұлт арасы
ақша ғой, Асықбай атам басқа ғой-ой...
– Андрей бала әуенін қайта тауыпты, – десті көпшілік.
– Алты ай бойы азап көрді емес пе? – десіп жатты
жақсырақ білетіндер...
«Сөйткен Андрейімнен айырылдым ба, шынымен-
ақ қасқа жолдан қайырылдым ба?!» – деп егілді іштей
күбірлеген Бісміллә бір шетте отырған күйі.
Түн ортасынан ауып, Сағыр стансасының қанша
тозса дағы сапа мықтылығынан міз бақпаған қашанғы
қазыналық қызыл кірпішті үй-жайлары мүлгіген мезет-
те стансабасы:
– Бісміллә аға, өмір бойы қатардағы қарапайым темір
жолшы болдыңыз, тұрмыс жағдайыңызды жақсы түсі
неміз. Бір қап ұн бізден, бір қап күріш вокзалдан, – деді.
– Рахмет-рахмет, тойда қайтсын, – деді Бісміллә.
– Бізден бір тоқты. Ал енді қандай жолмен, нендей
дәстүрмен жөнелтесіз? – деді жәшік цехының бастығы
саналатын кісі.
– Білмеймін ғой, бас қатып тұр ғой, – деді Бісміллә.
– Сүндеттелгені рас қой? – деді полиция өкілі.
– Рас, – деді Бісміллә. – Мына фельдшер отыр ғой.
Ораза тұтып, жарапазан айтқанын жұрттың бәрі біледі.
– Странны! – деді стансабасы.
– Басынан алған соққысы айнытып кетті, әйтпесе
нағыз мұсылман менің айналайын Андрейім еді ғой, ой-
бай-ай, ойбай! – деп Бісміллә қайтадан боздап қоя берді.
Ішкі бөлмеден қатыны мен қызы және көршілес әйелдер
қосылды.
– Сабыр етіңіздер, сабыр сақтаңыздар, – десіп, олар-
ды әлденуақта әзер басты былайғы жұрт жабылып жүріп.
Ұзақтау үнсіздік орнады.
– Молдеке, сіз не дейсіз? – деді полиция өкілі. –
Үндемейсіз ғой, жүдә?
– Айтпақшы, молдамыз осында отыр ма өзі? – деді
стансабасы қатты таңданып.
– Осындамыз, ой үстіндеміз біз дағы, – деді молдалық
міндетті осындайда азды-көпті атқарып жүрген Күлшебай
жөткірініп. – Жаназа оқы дейсіңдер ме, жоқ па?
– Оны сіз шешпейсіз бе? – деді стансабасы.
– Басшылар не айтар, баланың әкесі қалай қарар,
күтуліміз, – деді Күлшекең.
– Баяғыда станса кәсіподақ комитетінде көп жылдар
бойы төраға болған, алдына екі адам салмай сөйлемес
біздің Күлшекең, – деді амбулатория фельдшері.
– Қандай салтты қолданамыз, қалай ойлайсыз? – деді
стансабасы кісі Бісмілләға қарап. – Шешуші сөз өзіңізде.
– Қандай болушы еді, қазекемшелеп шығар? – деді
Бісміллә.
– Кім біледі, әр кәллада бір қиял тұр дә қазір, – деді
стансабасы. – Молдекең маналы бері екіұдай сияқты.
Ойланайық. Ертең ел не дейді, жұрт қалай қарайды?
– Орекемшелеп жөнелтеміз десеңіздер, жәшік цехы
табыт жасап беруге әзірміз, – деді Андрейдің ұжымына
жетекшілік жасайтын кісі есінеп.
– Оның қажеті жоқ шығар, жаназа оқиық, – деді
Күлшебай ақырында ақырын күрсініп. – Қазекемшелеп-
ақ қояйық.
– Уһ! Е, бәсе! Бәрекелде! – десті отырғандар.
– Бір өтініш айтқым бар, – деді осы кезде Бісміллә
кемсеңдей жыламсырап. – Андрей баламның ақырғы ама-
натындай анау крест алақанында жатыр ғой, ағайындар.
Крестің ұшы кірш етіп кіріп, бір тамшы қаны мөлт етіп
тамыпты. Осынысын әбден тазалап жуып, бірге жерлесек
қайтеді? Қапа бомасыншы қайран бала... Аһ?!.
– Ол қалай болар екен? Крест түгілі, жай темірдің өзін
теріс көреміз, – деді Күлшекең.
– Кресті алақанынан алып, жанына қойса қайтер еді? –
деді көршілердің бірі.
– Ақыры бірге көметін болсаңдар, алақанында қала
берсін, – деді стансабасы. – Күлшеке, қалай қарайсыз?
– Басшылар солай шешсе, баланың әкесі марқұмның
ақырғы аманатындай санап отырса, біз тараптан қарсылық
жоқ, – деді молданың міндетін атқарушы.
Андрей Бісмілләұлы Асықбай шал жатқан белеңнің
бір бүйірінен топырақ томпайтты.
ОҚУ ЗАЛЫ
О баста оқу залына ғашық болдым.
Алматының Гоголь көшесінде Чехов атындағы кітап
хана бар ғой. Соның оқу залын айтып отырмын.
Одан соң оқу залында Айкенжені...
Сүйіп қалдым дейін бе, демейін бе? Өзгелерге, кім біл-
сін-ай, кім білсін, оп-оңай шығар. Ал мына маған ондай
сөзді айту – азап.
Студенттік ғұмырым сұрғылт сиырымыздың желіні-
нен іріп шығатын сүттей бүлініп сала берсе, шара нешік.
Шешемнің белін бумаққа әзер жарайтын қара шылбырдың
қалдығындай қайта-қайта бытырлай үзіліп кете берсе,
амал қанша.
Отырар мен Оқсыздың арасына түзу сызық жүргізсеңіз,
Сырдарияға таманырақта біздің ауыл бір нүкте боп
көрінер. Адыраспан түйін тастай бастағанда, сол ауылдың
орта мектебін тамамдаған төртеуіміз Алматыға аттануға
тиіс ек. Ол кезде оқуға түспекке талпынатындарды талап-
кер емес, абитуриент деп атайтын.
Сырдарияның тоғайында сиреп кеткен тораңғылға
және былайырақтағы сәуір гүлі семе қоймаған жыңғылға
қимай-қимай қараймыз. Әбунасыр данышпанның кін-
дік қаны тамған төбенің түстік бүйірі мамыр мейрамы-
на жетпей-ақ күйіп кеткентұғын. Маусымның соңында
қылтанақсыз қиялар құм суырып тұрды.
– А-ал, абитуриенттер! Жортқанда жолдарың бол-
сын! – деді Мошқал ағай жел жұлмалаған жасыл адырас-
панды сүйір таяғының ұшымен түрте тарағыштап. – Ең
бастысы, осы Оқсыз маңында ұлы ойшылдың туып-
өскенін ұмытпаңдар. Ең құрығанда, төртеуіңнен екеуің
оқуға түспесеңдер, бүкіл республикаға машқарамыз
шығады.
Мошқал ағай «масқараны» ылғи «машқара» дейді. Ол
кісі оқулықтағы «мысықтың» өзін «мышық» деп оқитын.
«Беш тиын (бес тиын емес) бермей, оқуға түскендер бар,
ол кімнің арқасы?» – дейтін еді қоқиланып.
Төртеуімізді Мошқал ағайдан басқа ешкім шыға
рып салмаған. Ауыл тұрғындары түгелімен Отырар
алқабындағы жүгері плантацияларында жүрген. Ағайы
мыздың тобығы тайып, таяқ сүйеніп, шабық науқанынан
босатылған.
Дарияның бойын бүйірлей ирелеңдейтін бозғылт жол-
мен паром маңайлаған мезетімізде күтпеген кесірге кез-
дестік. Май таситын трактордан ағытыла шойқалақтаған
тозыңқы тележка төңкеріле жаздап барып, жантая жам-
бастады.
Ескі жақтаудың тақтайына тас кенеше жабысыппын.
Үш серігім топ жыңғылға тіреліп, жардан ұшпапты,
әйтеуір. Бәріміз біраз улап-шуладық. Сонсоң үн-түнсіз
қалтырасып-дірілдестік. Түсі қашқан тракторшының реңі
кіргенше және бірқыдыру уақыт жоғалттық.
Дарияға домалай жаздаған жазғандар жарқабақтан
төмен үңілісіп отырып, шұғыл шешім қабылдады. Үшеуі
де Алматыға бармайды. Мошқал ағай айтқандай, құлап
машқара болғанша, жүгері шаруашылығын дамытуға үлес
қосып, еңбек стажымен түспекке тырысады. Әке-шешелері
жүдә, шыли қинаса, Шымкенттегі оқу орындары да жетіп-
артылар. Қайткенде де, тележка оқиғасы – жақсы ырым
емес.
Емес-емес-емес.
Осындай ойға берік бекінген үш батыр бірдей бұрылып,
үрпиген маған қарады.
– Тележканың тақтайына таңылған тоқтыдайын тұяғың
жерге тимеді. Түсіп кетесің сен. Жолыңнан қалмағын, –
деді бірінші серігім.
– Тоқтыға теңегенің нең, тележкамен тойға апаратын
тай ше? – деді екінші кластасым.
Үшіншісі үндемеген.
Осылайша Оқсыз бен Отырардың ортасындағы шағын
ауылдан сол жолы, сол жылы Алматыға аттанғандардың
арасынан алғаш абитуриент, сонсоң студент атанған мен
едім.
Алғашқы аптаның соңында Гоголь көшесін тауып
алып, Чехов атындағы кітапхананың оқу залына бардым.
Табалдырығы тап-таза тротуардан басталады екен.
Аттадым.
Одан арыға батпадым.
Оған дейін оқу залында болмаған ба, кітапханаға кір-
меген бе деулеріңіз бек мүмкін ғой мына мені. Болғанбыз.
Кіргенбіз. Көргенбіз. Бірақ бұл оқу залы басқашатұғын.
Мұны маған бұрын бастан кешпеген тосын толқынысым,
жүрегімнің атқақтаған дүрсілі сездірген.
Кіреберіс дәліздегі үр жапырақтары дүр көтерілгендей
биік гүлдің түбінде кібіртіктей кідіргенімді байқаған
маңдай шашы бурылдау басалқалы апай асқан ықыласпен
күлімсіреп:
– Біздің оқу залымызға қош келдіңіз, – деді. Үлкен
кісілердің сіз дегенін бірінші мәрте естуім.
– Рахмет, апай, – дедім сасқалақтай алақтап.
– Бос орындар көп бүгін, – деді апай. – Бірінші рет кеп
тұрғандайсыз. Төрлетіңіз. Кітап іздеп жүрсіз бе, әлде га-
зет-журнал қарайсыз ба?
– Әл-Фарабидің кітаптары бар ма? – дедім маңдайым
мен мойнымның жіпси бастауынан жайсызданып.
– Біраз-біраз бар ғой, бірақ бәрі орыс тілінде, – деді
апай.
– Бір-екеуін қарасам болар еді.
Ол кісі күлімсіреген күйі кітап әкелмекке кеткен.
Артқы жақтағы үстелдің жанына жайғастым. Екі-үш
адам ғана кітап қарап, әлденені жазып отырыпты. Тым-
тырыс тыныштық, жан тербейтін жайлылық, жаймашуақ
жылылық баурап барады. Оқта-текте Гоголь көшесімен
троллейбус әндетіп өтеді. Арғы беттегі бірнеше қабатты,
сарғыш үйлердің ара-араларынан Алатаудың қарлы
шыңдары мен арша-шыршалы шоқылары қылаңытады.
Апай Әбунасыр бабаның екі кітабын әкелді. Неге
екенін қайдан білейін, жүрегімнің үлпіл-лүпілі басылмай-
ақ қойды.
Сол күннен кейін қолым қалт етсе, оқу залына асығатын
болдым. Троллейбустан түсіп, көшені көлденеңдей кесіп
өтіп, тап-таза тротуарға іліне бере-ақ жүрегім атқақтай
бастайтын. Уақытпен санасудан қалғандаймын. Қарным
қаттырақ ашқанда ғана оқу залын, отырған үстелімді
қимай-қимай, кітаптан көзімді әзер-әзер ажыратып, жол-
жөнекей алуан түрлі гүлдерге таңдана қарап, сыртқа бет-
теймін. Асханада адамның азайған шағын діттейтінім бар
ғой, апыл-ғұпыл тамақтанып, ашық қалдырған кітабыма
жеткенше дегбірсізденем.
– Кітапты жауып кеткеніңіз жөн, арасына әлдебір қағаз
қыстыра саларсыз, – деді бірде мейірбан апайым.
Данышпан бабамның дүниелерін түптеп түсіне бер-
месем дағы, ерінбей ежіктеп оқудан жалықпадым. Әл-
Фараби ұялшақтықты бір жағынан ұятсыздықтың, екінші
жағынан ұяңдықтың аралығы, яки жасқаншақтық дегендей
анықтама беріпті. Ол кісінің пәлсапалық тұжырымынан
өзімшелеп түйгендегім ғой. Жасқаншақ екенім рас.
Жасықтығымды жан иелерінен жасырып бақсам дағы,
Жаратқан иеден қалай құпиялармын. Әкемнен ертерек
айырылып, шешенің шерлі күрсінісін көп естігендіктен
шығар, бәлкім.
Әдетте оқу залына әлдебір тұстардан нұр құйылып,
қуаныш сеуіп тұрушы еді. Күннің бетін бұлт басқанда,
шамдар жанып, алуан гүлдердің жапырақтарынан саң
жарқылы төгілетін.
Ойхой, шіркін-ай, оқу залы дегеніңіз ғажайып дүние
еді-ау!
Оқу залы әлеміне осылай-осылай еніп, енді-енді етене-
лене бергенімде, әскерге шақыртты емес пе?!
Менімен бірге Кеңес Армиясы Қарулы Күште
рінің (бұрын бәрі бас әріппен жазылатын) қатарына шақы
рылғандар түгел дерлік әлдебір көкелерінің көмектерімен
қалып қойды. Филология факультетінен сопаң ете суыры-
лып, сапқа сораңдай қосылып, жападан-жалғыз кете бар-
дым. Оқу залымен қоштасқанымда, бір уыс шашы бурыл
апай көрінбеді. Тап-таза тротуар арқылы табалдырықтан
аттағанымда, жүрегім үлпіл-лүпілге буылмай, суылдаған.
Қарашаның қарақошқыл аспаны менің сүйікті оқу залы-
ма, үнсіз тізілетін есіл кітаптарыма қорғасындай зіл са-
лып үлгеріпті.
Үш жылым оқу залынсыз өтті.
Бекер-босқа күйді де кетті.
Отыз төрт ай – айтуға оңай. Әр күнді есептеп, әр сағатты
санағаным-ай. Сорыма қарай, Сібірдің қиыр түкпірінде,
өңшең түрмелерден алынғандардың арасында қор боп
жүрдім күйініп. Бар тындырғаным сол, бұзақы бір сөз
сіңірмеппін діліме һәм тіліме. Дөрекіленбеппін, әйтеуір.
Жетістігім бе, жеңісім бе, білмедім. Бірақ сорлы жүректің
қалталары қалтырай қансырап, жарақаттанып жататынын
сезетін ем. Өзгенің жанына титімдей дақ түсірмеуге, өз
жанын аямай азаптауға жаралған жан екенімді қайдан
ұғынайын ол жылдары.
Тайқымаңдай тағдырыма қалай қарсы келермін?
Кейін қайыруға көнбейтін қырсық шашымдай шоршы-
ма талайымды қалай кері тарармын? Шарадай күйінен
шақшадайға түскен байқұс басымды қайда, қайтіп
ұрармын?!
Үш жылды түгел өткеріп, университетке бірге түскендер
төртінші курстың төртінші айын бастап үлгергенде, арып-
ашып, азып-тозып, түрмеден қайтқандай түріммен, оқу
залына оралдым.
Алдымен ауылыма бармай, Алматыңызға да алақ-
жұлақ қарай бермей, есек пойыздан (Мошқал ағайша
айтқанда, ешек қой) түсе сала, оқу залына тартқам.
Оқу залым-ай! Залыма шағынар зарым аз емес-ті.
Ештеңе де деместен, артқы жақтағы елеусіздеу үстелдің
жанына, биігірек, жапырақтары жайылыңқыраған гүлдің
тасасына жасырынып, жол-жөнекей сатып алған «Ленин-
шіл жас» газетімен жүдеу жүзімді қалқалап, үнсіз-түнсіз
егіле төгілдім-ау сонда.
Үш жылдық шер-шеменім ботана боп, боздай ағы
тылды. Үстімді сулап, үстелге, одан керзі етігімнің
қонышына тырс-тырс тамады. Әбден тазарып, қуара
құрғап, есік жаққа қарадым-ау сазарып. Сәттіліктің сәтін
сезбей өткізіп алып, өкінетін бәлем бар ғой бұрыннан.
Өте-мөте керекті көріністен әп-сәтте айырылып қалып,
өзімді-өзім ішімнен кеміріп жеуге кірісетінмін. Өкініш
арқылы өзімнен-өзім өш алатынмын. Міне, есіктің сол
жағында кітап тапсырғалы тұрған қызға көз кідіртпестен,
негізі нәйеті шөп боп саналатын гүлдерге қарап меңірейе
мең-зеңдендім. Әлденеден мүлт кеткенімді мәңгүрттеу
күйде күңгірттеу сезінгендеймін. Кітап тапсырғалы
тұрған қызға қайта оралды жанарым. Ашып ауырғаны
сап тыйылып, шырадай жанды шынымен. Мына қызыңыз
студентке онша ұқсамас. Оныншы класта оқитындай. Кі-
тап мұқабасын саусақтарының ұшымен, сонсоң барып
алақанымен аялай сипады. Сол кезде, сарғыш кітапты
сипалаған сәтінде, ақ бидай сынды жаратылыстың бүкіл
болмысы білінді. Кенет жан-дүниемдегі сырқыраған
жарақаттар мен жүрегімнің қан саулаған қалталары
қосыла қалтырап, солқылдай сыздап қоя бергені.
Ақ бидай қыз кітапты табыс етіп, әлдеқайдан сәуле
шашырап тұрған алтынсары есікке қарай беттеді.
Табалдырыққа таянған тұсында:
– Айкенже, студенттік билетіңді алсайшы, – деді кітап
ханашы әйел.
Аты Айкенже екен.
Оқушы емес, студент боп шықты ғой.
Айдың сүт сәулесіне малып алғандай ақ бидай қыз
ұяла күлімсіреп келіп, студенттік билетіне қол созған.
Жараларын жалап жазатын қасқырдайын қыңсыл
бір үн көкірегімнен қыстыға шықты. Күбірлегендеймін.
Әлденені. Қыз соңынан ілеспекке солдаттық киімім мен
тозыңқы тұрпатымнан тартыншақтадым. Сайып келген-
де, сүмірейген жасқаншақтығым жібермеді. Әбунасыр
бабам айтқан ұятсыздық пен ұяңдықтың аралығында
арандадым.
Екі күн өткенде қияндағы құмдауыт ауылдың шет-
кі үйінде менің әскерден аман-сау оралуыма арналған
отырыс ұйымдастырылды. Арада апта сырғып, Сырдың
бойын қырбақ қар басты. Сорлы шешемнің созылмалы
сырқаты қозып жүрсе дағы, сыр білдірмес. Қарындасым
күрсініп, інім күлімсірей жаутаңдасады. Кесім айтар әке жоқ.
Шешім – шешемізден.
– Бүгін өліп жатқам жоқ, биыл кетіп жатқам жоқ, – деді
шешеміз үшеуімізге кезек-кезек көз тастап, суығырақ жы-
миып. – Қараңқағыр Хұрышшеп (Брежневтің тұсы-тын)
үш жылыңды күйдіріп тынды. Сен, балам, бір жыл боса
да оқып ал. Алматыңда жүріп қал. Бізге бір тележка көмір
түсір. Түйіп қойған тиын-тебенді алып, арман шәһарыңа
аттан. Мен тіріде бір гүрсіңді бітіріп қайтқын. Қалғанын
пешенеңнен көрерсің. Сырттай ауысып, Мошқалдай
мұғалімдікке ілігіп кетерсің.
Аудиторияда алғаш көзімнің түскені сен болдың-ау, Ай-
кенже. Ақ бидай. Қуанып кеттім десем, мұным жалғандық
жаққа жантаяр. Бірге оқитыныңды, Кеңес Армиясы қата
рынан, түрмелерден әскерге алынғандар ортасынан оқу за-
лына оралған күні көрген Айкенже екеніңді білгенімде ше,
тап сол сәтте, кеудемді күрсін кернеген. Неге-неге-негелеп,
шеке тамырым солқыл қаққан сонда. Менің бір жылға жет-
пейтін мезгіл ғана студент ғұмырын кешетінімді, жаз шыға
сырттай ауысып, алыстағы ауылыма қайтатынымды ешкім
сезбес. Осыны ойлағанымда, қалайынша қуанбақпын? Жыл
өтер-өтпесте өлетінін білетін адамдай, өлеусірей сүзіліп,
бір нүктеге қадалатыным содан-ды. Әрбір әрекетімді
әзілмен бүркемелеп, қалжыңмен қалқалап бағатынымның
түпкі төркініне кім үңілер дейсің?!
Ай, айналайын Айкенжем-ай, бірінші курста бірге
оқитынымызды байқаған шақта шат-шадыман қуанбақтың
орнына қайғырғандай қатты күрсінгенімнің мәнісін кім
түсінер.
Бәрің де менен кіші едіңдер. Бір жас. Екі жас. Үш-төрт
жас. Ал, Айкенже, сен бақандай бес жас кіші екенсің. Бес-
тен аса бере бірінші класқа барғансың-ау. Курсымыздың
кенжесі едің ғой сен сонда.
Мен саған аудиторияда тіке қарамайтынмын. Сөйлей
бермейтінмін.
Оқу залым менің. Залыма айтып шағынар зарым
ғой бұл. Бағзыдан бермен сағынатын, бұрыннан-ақ
ғашық болған оқу залыма сен қосылдың, Айкенже. Кі-
тап алып, әуелім мұқабасын саусақтарыңның ұшымен,
одан кейін алақаныңмен аялай сипайтын сәттеріңде
ше, күллі кітаптарға жан біткендей болатын. Кітаптар
әлеміне әлдебір толқындар еніп, сәулелер сіңіп жатқандай
әсерленетінмін.
Мінеки, сен кітабыңды кеудеңе басып, көкірегіңе қысып,
ұяң күлімсіреп келесің. Сенің кітап сипаған саусақтарыңа,
кітап аялаған алақаныңа, кітап ұстаған қолыңа, кітапқа
тиіп-тиіп кететін иегіңе де, кітаптың жиегімен тыныстаған
танауыңа да, қасыңа да, шашыңа да көз салмау қиынырақ
қой.
Кітапты қатар тұрып, бірге алғанда мен сенің маң
дайыңа мөлидім. Ақ маңдай деп сенікіндей ай маңдайды
айтар. Қастарыңды қиылып қалған деуге келмес.
Тәртіпке түсіріп те әуреленбейтінің көрініп тұрды. Сон-
да да сүйкімді. Бояу жоламаған көздеріңе тіке келмекке
жасқандым. Курсымыздағы тым пысық, тымпи қыздардай
қатты жымқыра алмайды екенсің еріңдеріңді. Астыңғы
ернің әдемі дымқылданып, төменірек тартады, жымия
түсіп, жиып ала қоятының қандай ғажайып.
Мендік мен де, меншік мен де мүлде дамымаған екен
де мына менде. Өзімнің кемшілігімді айтам да. Өзгеге
салмақ салмаққа, жан баласын жараламаққа жаралмағам.
Азап пен ғажап құбылыстар қос рельстей жарысқан жеті
ай және жеті күндік студенттік өмірім заулап өтіп барады.
Жүрдек пойыз секілді.
Үш жыл бойы үскірік ысқырған өлкеде, әскерге тікелей
түрмелерден алынғандардың арасында жүргенімді айтып
ем ғой. Сол тұрғыдан келсем ше, сенің соңыңа шырақ
алып түсіп кеп-кеп берсем ше?
Ондай-ондайды ойланбады деймісің. Еріксіз келер
елестерге буылмадым дей алман. Жо-жоқ, деймін демігіп.
Сендей ғажайыпты қайткенде де иемденіп, меншіктеуді
жат санадым өзіме. Жарасымды жаратылыс едің сен. Сол
күйінде сақталғай деп тіледім. Сені мынау Алматыдан
алыстату мүмкін бе?! Ажырата алмас ешкім, анау оқу за-
лынан...
Өзім қорлансам да, сенің қорланғаныңды көтере ал-
масыма көзім жеткен. Әбунасыр бабамның қағидаларына
көп қаныға қоймағаныммен, жүрегімнің үнін тыңдап,
там-тұмдап таразылар халім жоқ емес-ті.
Оқу залында отырып, кей-кейде күбірлейтін ем:
«Шіркін-ай, Оқсызда туған оқымысты бабамыз басқа
құрылыққа жер ауып кетпей-ақ қойғанда, данышпандық
тірлігін даламыздың төсінде, Отырардың өзінде атқара
бергенде, ауылдық кітапханамыздың орнында оқу залы
болғанда. Отырарда ұлы университет болғанда...».
Болғанда, болғанда, болғанда...
Болмады-ау, бірақ, Айкенже.
Отырар мен Оқсызда оқу залы болмаған соң, уни-
верситет болмаған соң, тағысын-тағылар болмаған соң,
сені баяғы түрмеден әскерге алынғандардың әдістеріне
салып, меншіктеуге, иемденуге тырысқанның өзінде,
Алматыңнан алыстатып, оқу залынан ажыратып, тіпті
қазекемшелеп алып қашып-ақ кеткеннің өзінде, не болар
еді?
Болмас еді.
Кімге айналар едің сен?
Әй, қойшы, ондай-ондайды елестетудің өзі күнә ғой.
Ары кеткенде, сен, Айкенже, Отырар мен Оқсыздың ара
сындағы ауылдық мектептің мұғалімі болар ең. Мошқал
ағайлармен бірге. Университет бітіргенің беш-ақ тиын
боп, жүгері шабыққа шығар ең де.
Ойбай-ай, Оқсыз төбенің түбінен отынға деп жыңғыл
шыбығын жинар ең. Жантақ шабар ең.
Жапа терер ең.
Жапа шегер ең.
Оған мен қалай шыдар ем?
Ондайға қалай қияр ем?
Есіңде ме, Виноградов көшесіндегі сексен сегізінші
үйде, университеттің ескі жатақханасында тұратынбыз.
Бірде үш қыздың – үшеуіңінің орталарыңда аэропортқа
бардым. Ол кезде әуежайды әлі аэропорт дейтінбіз. Сен,
Айкенже, бір туысыңды қарсы алмақ екенсің. Ұшақ түн
ортасында келеді екен. Ол кезде әлі самолет деуші едік
қой. Жатақханада біздің курстың жігіттерінен ешкімді тап-
пай, екі қыз маған өтініш айтты. Айкенженің өзі өтініш
жасауға ұялады дегенді жымиысып жеткізді. Оқу залынан
шаршаңқырап келген едім. Алайда, аэропортқа қарай сен-
дермен бірге ұшуға даярмын.
Ұшақ үш сағат кешігеді десті. Оған дейін таң да бо-
зарар. Одан сайын кешіккенін қаладым. Тынымсыз
сөйлеумен, тоқтаусыз әзілдеумен үшеуіңнің езулеріңді
жиғызбағам. Бәрі-бәрі көзімнің алдында, жадымда жатта-
улы. Әрине, сендердің естеріңнен әлдеқашан шығып кетті
ғой. Ешқандай айыбы жоқ. Бірінші курстағының бар-бар-
шасы маған ғана қымбат қой. Қымбат болатыны сол, сту-
денттік жалқы ғана, жалғыз ғана жылым еді ғой ол.
Үш сағат бойғы әзілдеріме дейін әлі де есімде. Үшеуің
мені мазалағандарыңа қайта-қайта кешірім өтініп, әсіресе
сен кінәлілеу кейіпте күлімсіреп қоясың. Сәл қызғылтым,
сәл дымқылдау астыңғы ернің сәл-пәл жайылыңқырап
бара жатқанда, сәбидей аңқаулықпен жымия жиып аласың.
Аппақ, түзу тістерің көрінбей кетеді. Өстіп жүре берсек.
Таң атқанша. Таңдар бойы. Күндерді де керуенше тізілтіп.
Деп қиялданғаным да санамның түкпірінде сақтаулы.
Амал нешік, ұшақ қонып, аэропортта құйын көтерілді.
Гүріл-дүріл үдеген тұста басқа бір дүние-әлемге
ауысқандай абдырып, мен саған қарадым. Сен маған қарап
тұр екенсің, қарағым. Бір-бірімізге бұрылғанымызды
байқап, екеуміз дағы қызарып, мен жасқаншақтаған сәтте,
сен: «Рахмет!» – деп бетімнен сүйдің.
Үш-төрт сағаттай уақыт жалықтырмай, жақ жаппай,
ағыл-тегіл асып-тасығаным, құйыл-төгіл құйқылжығаным
үшін сүйген шығарсың, сірә.
Өмірімде соған дейін дәл сол күнгідей сөйлеп, сол
күнгідей шешіліп көрмеп ем.
Қатты қиналысқа түскен төрт-бес күннен кейін Айкен-
жеден алыстау үшін басқа кітапхананың оқу залына ауыс-
тым. Аудиторияда алдыңғы қатарда отыратындықтан, ол
жаққа қарамауға тырысатынмын.
Содан не шықты?
Түк те шықпады.
Басқа кітапхананың оқу залында кітапқа зауқым
соқпады. Әл-Фарабидің құндылықтарына һәм құныға ал-
мадым. Иттей сүметіліп, екінші аптада өзімнің оқу залы-
ма оралдым.
Оралғаннан не пайда, уақыт зуылдай зымырап барады.
Маңдайыма бұйырған студенттік мерзім тамамдалмаққа
таянды.
Аласұрып, аямайтындай, ауылға алып кететіндей қыз
іздегенім – қай сасқаным?! Қыз аз емес-ті. Біреуімен
табысқам. Алайда, ол Айкенжедей емес-ті. Емес-емес-
емес! Өзімізде оқитын. Шашы шаршаңқытұғын.
Өзге оқу залына көндіге алмағаным секілді, ол қызға
да үйрене алмай, қор болдым. Обалы кәнеки, ол менімен
қол ұстасып, қай қиырға да ілесіп кете бермекке әзірлігін
мағлұмдады. Ілестіре алмадым. Үйрене де алмадым.
Үйлене де алмадым.
Осылайша бір оқу залына өліп-өштім, екінші оқу за-
лынан сөніп-өштім.
Маусымның саумал шағы ғой, күллі дүние-әлем гүлде
генмен, мен кіртиген күйдемін. Бірде... Айкенже... иә-иә,
Айкенже өзі секілді өте үздік оқитын, аққұбалау, арда
жігітпен қолтықтасып келе жатты. Таңданбадым да,
қызғанбадым да. Ондай-ондайға құқым да, қақым да жоқ-
ты. Біраздан бермен қарата білетінбіз. Еститінбіз. Жара-
сымды жұп қой шіркін, тіл мен көзден аман болсыншы деп,
қызығатындардың қатарына қосылғам. Қызғанатындар да
болған, әрине. Себебі, айналайын Айкенжеге ғашықтар аз
емес еді...
Шілде айының бесі күні сырттай бөлімге ауысып,
Виноградов көшесіндегі сексен сегізінші үйде жападан-
жалғыз түнеп жүрдім. Сендердің бәрің студенттік құрылыс
жасақтарына жазылып, немесе жазғы демалысқа шығып,
жан-жаққа тарап-тарап кете барғансыңдар.
Жан адамға айтпастан, комендант апайымыз Вера
Степановнамен келісіп, он күндей жаттым сонда мен.
Он күн бойы Алматының барлық көшелерін жаяу
араладым армансыз. Оқу залында отырдым омалып.
Қарауытып, қамалып, «Портвейн – 12» дейтін шараптың
он шөлмегін тауыстым жатақханадағы жетпіс алтыншы
бөлмеде.
Ақырында, бәрібір, ауылға қайттым қыңсылап. Жылай
жұбатып жанымды, жалап та жазып жарамды.
Қазақ университетінің бір курсын бітірумен студент-
тік ғұмырым да, соған орайлас тағысын-тағы тағдырым
да тамамдалған. Ары қарата Алматыңызға барғым кел-
меді. Сырттай оқымақты ақымақтық санадым. Шарасыз
басым-ай, шара толы қамырдан апам байғұс жұлып алып,
зулата илейтін зуаладай күйге түсті.
Қой бақтым. Ара-арасында анамды бақтым. Қарын
дасым кәмелетке жетер-жетпес «Овцевод» кеңшарына
күйеуге қашып кетті. Әл-дәруан көріп, әлдеқандай үміт
күтетін ұлының құмға ұлып қайтқанына құлазыған күйі
шешеміз де көпке бармай, екінші жылы өліп тынды. Кі-
тап ұстамайтын кеселі бар інім мүлде оқымайтынын
мәлімдеп, өзі сияқты кітап бетін ашып көрмеген, маңдайы
тайқылау, белі қайқылау келін тапты.
«Отырар-Оқсыз» сапқозының озат шопаны атандым.
Орден тақтым. Отбасылы болдым. Өзін аямайтындай,
сөзімді аялайтындай кітапханашы қызға үйлендім.
Қазір де қой бағамын. Бұрын қоғам малының қамын
ойласам,
енді
жекеменшік
дүниемді
күйттеймін.
Отызшақты қойымды оңаша жаям. Кейінгі ондаған жыл-
дар бойғы оқу залым – Оқсыздың ойпаңы. Жан-жағы
жыңғыл, тепсең тоғай – тораңғыл. Қойым тоқ, қайғым
жоқ. Шүкіршілік. Жыңғылдар сәуір сайын гүл жарып,
әнге басады. Ортадағы ойпаңда кітап оқимын. «Еһе-һе-ей,
қаламгерлер, қайраткерлер! Оқырман қайда дейсіңдер ме-
е-е? Мұндамыз біз. Құмдамыз біз. Ойпаңдағы оқу залын-
дамыз. Бармыз!» – деймін. Кейде Әбунасыр данышпанның
дүниелерін дауыстап тұрып жатқа оқимын: «Кешір мені,
туған жер – сені артқа тастадым. Кешір мені туған ел –
алыс сапар бастадым. Кешір, ұлыс-ұрпағым – бақ-байлық,
даңқ таппадым. Кешір, арым-ұжданым – білім болды
баққаным...».
Десем ше, дүн-дүние түгел құлақ қоятындай.
Бабамның баққаны білім болса, менің баққаным – мал.
Оқсыздың тарғыл тепсеңіндегі орғыл обаның арғы жағынан
анам үн қататындай кейде: «Обал болды-ау, оғланым,
оқығаның жөн еді. Мені құзғын-қарғаға шоқытпай, аман-
есен көмгеннен кейін, қарындасың мен ініңнің кітап
қа құлқы жоқтығын білгеннен кейін, аттанбадың ба
Алматыңа?! Оқу залыңа! Ай-ай, айналайын-ай...».
Ай-ай, айналайын оқу залым-ай. Залыма шерткен за-
рым бұл.
Қайбір жолы, осы Отырарда данышпан ойшылымыздың
туғанына бір мың да бірдеңе жыл толуына арналған аса
үлкен ғылыми-теориялық басқосу өтті. Үлкен-үлкен орта
лықтардан, ойхой, небір ғұлама ғалымдар, өкімет орын
дарының шіренгендері қатысты. Баяндамалар жасалды.
Сөздер сөйленді. Момақан маңыраманы жыңғыл қараға
қамап тастап, әліме қарамай, әл-Фараби жиынына мен
де бардым. Түк ұнамады. Әкімінен бастап ғұламаларына
дейін Әбунасыр данышпанды емес, өздерін көрсетіп,
ұпайларын түгендемекке жүргендей. Ойшылдың асыл
мұраларын емес, өздерінің ұра-жыраларын айналымға
түсірмекке тырысумен әлек секілді.
Үш жыл қой баққаннан ақыл сұрамайтын қазақсыздар
ғой, мүмкін мына мен мұндай мәжілістер мен мәслихат
тардың мән-мәнісін түсінбейтін шығармын.
Бабамның бір мың да бірдеңе жылдығына арналған
мәслихат (халықаралық деп аталған) өткен күннің кеш
құрымғы шағында, Отырардың орталығындағы «Сыбаға»
кафесінің алдында өлердей мас болыппын. Мошқал
ағайша айтсақ, машқарам шығыпты. «Бір мың да бірдеңе
жылдан кейін дүниеге қайта келген Әбунасыр мен едім.
Қадірімді білмей, қасиетімді танымай, ойшыны қойшы
қылып қорладыңдар», – деп шатақ шығарыппын. «Ере-
кше көретін сүйікті құлдарын Құдай-тағалам пәлен жүз
жылдар өткенде, басқашалау бейнеде қайта жарататынын
сезбедіңдер сендер. Келесі кезек келгенше тағы да бір
мың да бірдеңе жыл күтулерің керек», – деп соғыппын-ай
сол күні. Машқа-ра-а-а...
«Конференцияның көкесі сенікі болды», – десіп жүрді
жұрт көпке дейін.
Осы таяуда ғана бір ой басыма сап ете түсті. Отбасым-
нан рұқсат алып, Оңтүстік астанамыздағы, баяғы Гоголь
көшесіндегі Чехов кітапханасының оқу залында бірер күн
отырып қайтпаққа бел байладым. Әбунасыр данышпан
қалдырған қазыналардың мына мұстақыл мемлекетімізде
айналымға түсер түрі бар ма, жоқ па? Байқап қайтпақпын.
Қойшының көзімен болса да.
Міне, ондаған жылдардан соң Алматыға келе жатырмын.
Оқу залына.
Абитуриент-жүрек алып-ұшады.
ТӘРЖІМАН ТІРЛІК
Жаңғақты адамша шағып жей бастаған иттер Т. қала
сында табан астынан көбейді.
Аталмыш құбылысты алғаш байқағандардың бірі Үлкен
Кеңсенің талай жылдардан бергі тұрақты қызметкері
Тәржімантұғын. Бұл пақырыңыздың әуел бастағы ныспы-
сы әлдеқашан ұмытылып, негізгі кәсібі бойынша осы-
лай аталып кеткендіктен, біз дағы, құрметті оқырман,
Тәржіман деп, бас әріппен жазамыз.
Тәржіманның мойнына су құйылып, бүрсеңдеп
қақпадан кіргені солтұғын. Бірер жылдан бері жалдап
тұратын пәтерінің алдында үш қабатты үйдің биіктігін-
дей жаңғақ ағашы болатын. Түсі жібімес, жүзі жылы-
мас қожайынның қарасұр төбеті көзін көкшите ырыл-
дап қойып, қыркүйекте қабығынан қашатын баданадай
жаңғақты тілімен орай тісіне салып, шақылдата шағып
жеп жатты.
Иттің сілекейіне суланып, алайда, ақшылтым дәнегінен
түк қалмай тазарып түсіп жатқан қоңырқошқыл қауа
шақтарға таңырқай ұзақ телмірді.
Ертеңіне Үлкен Кеңседегі қызметтестеріне алқынып ақ
парат айтқанында, бірге отыратын екеудің ешқайсысы селт
етпеді. Тек ішкі саясат мәселелері жөніндегі маман ғана
сәлден соң барып, есінеп алып, естіміш ерекшелігіңіздің
кейінгі кездері жиірек сөз етіле бастағанын марғау
мағлұмдады.
Жұртшылықтың жанынан опа орын таппай, жапа
жаныштайтын кезенейлі кезеңдерде кісіні қайран
қалдырмақтың өзі қиын шығар. Дегендей күйде тау-
сылмас тәржімасына кіріскен де кеткен. Жанындағы
екеу жаңғақты адамша шағып жейтін иттер туралы
мәселеден әлдеқайда маңыздырақ бірдеңені білетіндей
көрінді.
Екеуіне кезек-кезек назар жықты налынып. Жалынып
жаңалық сұрағанды суқаны сүймес, сірә.
Түскі үзіліске шыққанда, Үлкен Кеңсенің алдындағы
аққайыңдардың арасында өліп қалған қарлығашты
байқады. Қарауыта жантайған ақ тамақ қайран құсқа
бөлмеде бірге отыратын екеу де, ары-бері өтіп жатқан
өзгелер де титімдей көңіл бөлмеген. Жолдастарынан жы-
рылып қалды қабарып. Мықынынан бүкіл ыпыны білі-
нетін комендант қатыннан күрек сұрады сазарып. Үлкен
кеңсе адамдарының басым бөлігі арнайы асханада қу
тамақтарына қуырдақ тықпалап отырғанда, қарлығаштың
өлігін компьютердің ақ қағазына арулап орап, ақ шаңқан
үйдің артқы жағындағы адам аяғы баспайды-ау дейтіндей
қуысқа апарып жерлеп қайтты.
– Түсің қашыңқыраған ба, қалай? – деді ішкі саясат ма-
маны түскі үзілістен кейін тісін шұқылап.
– Өлім туралы ойлап отырмын, – деді Тәржіман.
– Өлім туралы емес, өмір жайын ойлайық, жаңа бас-
шы келетінін естідің бе? – деді бөлмелес серігі. – Өліп
үлгереміз әлі.
Сөзімен сиқырлайтын сұлуша басшының ауысатыны
жайында жел гулеп, Үлкен Кеңсеге сумаңдаған сусыл кір-
гелі біраз болған.
– Күте-күте шаршадық емес пе? – деді бұл.
– Шаршағаның бүгін-ертең басылар, – деді ішкі саясат
маманы.
Сол күннің ертесіндегі сәскеде жаңа басшы тағайын
далып, орнына отырғызылды.
Бесін ауып үлгермей-ақ, қарақошқыл қалтафондарын
құлақтарына қайта-қайта тосып, сусымалау-суықтау сезі
летін жылтыр қара кәстөм-шалбарларының терең-терең
қойнауларына қайта-қайта қол жүгірткен бейтаныс біре-
улер көбейді де кетті. Олар осы уақытқа дейін Үлкен
Кеңсенің әлдебір қалтарысында бой тасалап отырып,
жаңа бастық келген мезетте атылып-атылып шыға кел-
гендей көрінген.
Жанындағы екі маманның алма-кезек айтқан мәлімде
мелеріне мән берсеңіз, мына келген мырзаңыз – мұстақыл
мемлекетіңіздегі әзірге саусақпен санарлықтай, ерек-
ше бай элитаның тізіміндегі тұлға. Несі бар, күні кешегі
теңгермешіл заманыңыздың ақыры зауқайым құрдымға
жұтылды. Бүгінгі таңда бай-бағланнан бой тартпақтың,
буржуйлардан үрікпектің жөні жоқ. Қайта неғұрлым
ұлттық буржуазияңыз жылдамырақ қалыптасып, жеделірек
жөнделсе, соғұрлым сұйқылтым қоғамыңыздың қуаты ар-
тып, сорпасы арзымақ.
Жаңа басшы келерден тұп-тура бір жыл бұрын
Тәржіман пақырыңыз Н. қаласына барған. Табан асты-
нан даңқты жерлесінің мерейтойына қатысуы керек боп
қалған. Әлгінің өтінішімен бір кітапшасын үш ай бойы
түнделете тырбанып, тәржімалап берген. Сол еңбегін ес-
керген шығар, әйтпесе, Тәржіманыңыз кімнің шікәрәсі?
Шақыру қағазы қолына кеш тиген. Ұшақ билетінің кұны
ұшып тұр, пойызға үлгере алмасқа айналды. Миы ашып,
реңі қашқанда, бір топ жігерлі, жас, жаңа қазақтардың
қып-қызыл «Икарус» жалдап, жолға шыққалы тұрғанын
естіді.
Ілінді ғой, әйтеуір.
Ұйымдасып-жымдасып, бірге шыққандарға бұл са-
пар сәтті де сәнді еді. Кеңсеге тығылып, қағаз кеміріп,
ілмиіңкіреп жүретін Тәржіманға аса ауыр соқты. Өзгелерге
онша сорпасы қосылмай, өзімен-өзі терезеге телмірді.
Обалы нешік, ұлан-асыр той серпілтіп-ақ жіберген. Не-
бір ірілеріңізді тірідей көрді. Түрлі-түрлі салалардың
дөкейлері, әрқайсысы бірнеше академияның академик-
тері саналар сайыпқырандар, орасан зор орындарды ие-
ленген Бас биліктің мүшелері, бірқатар министрлеріңіз
бен даңқты-даңқсыз дегендейін депутаттарыңыз.
Тойдың ертеңіне даңқты жерлестері Жаңғақты айма
ғының Т. қаласынан барғандарды Н. шаһарының тау жа
ғындағы жаңа біткен коттеджіне апарған. Тәржіман ирелең
жолмен өрлеген «Икарустың» терезесінен коттедждердің
таңғажайып әлеміне қарап, аузын аңқитқан.
Мерейтой иесі: «Менің қарапайым екенімді білесіңдер
ғой, коттеджім де өте-мөте қарапайым», – деп екі қабатты,
еңселі үй қоршауының сұлу қақпасын сыңғырлата ашты.
Жаңғақтының жұрты жапа-тармағай ұмтыла саулап кірді.
Төменіректе ақ көбік шашқан бұлақ бұлқынады. Бірінші
қабатында бұл түсінбес, түсіне де кірмес бөлмелер, сау-
на, бильярд залы. Екінші қабатта түрлі-түрлі, қилы-қилы
жатын жайлар, жұмыс бөлмесі, кітапхана, мейманхана,
тағысын-тағылар.
Шай ішілген соң бұлар биіктеу бір тақия төбеге көтеріл
ген. Олай да қараған, бұлай да қараған. Коттедждердің
көкелері мен әкелері небір-небір жондар мен жоталарда,
иіндер мен иықтарда, қиялар мен қыраттарда, текшелер
мен тепсеңдерде, шатқалдар мен шоқыларда шоғыр-
шоғыр зорайып, шоқ-шоқ тұтасып, қат-қабат қапталдасып
тұрыпты. Даңқты жерлестің: «Менің қарапайым екенімді
білесіңдер ғой, коттеджім де өте-мөте қарапайым», –
деп қаттырақ күрсінгенінің мәнісін сонда ғана түсінді
Тәржіман пақырыңыз.
Жұмақтарыңыз дағы, жұмбақтарыңыз дағы Н. қаласы
ның тау жақ беткейлерінде тұтасып жатыпты.
– Көкетайларым-ау, керемет қой мынау! Оншақты
да емес, жүзшақты да емес, мыңдап саналады ғой мына
ғажайып сарайлар! – деді Жаңғақты жақтан келгендердің
біреуі.
– Соншалықты тойымсыз салтанаттың не қажеті
бар? Сәл-пәл кемірек, кішірек етіп салып, осылардың
әрқайсысы бір-бір қазақ мектебіне көмек қолын созса
ғой?! – деді және біреу.
– Қызғанбаңдар-ей! Іштарлық емес, құштарлық
оянғай!
– Иә-иә, жұрт қашанғы қымтырылады? Жеке үйлер
біржарым қабаттан аспасын, ені мен ұзыны пәлен мет-
рден артпасын дегендей пәлелерден шыққан ұшпақ,
жеткен мұрат қане?! Жетпіс жыл шектеп, шегендеп
ұстағаны жетер! Біздің егемен еліміз де өз буржуазия-
сын қалыптастырсын, өз байларын шығарсын, байлығын
көрсетсін! Қашанғы қысыламыз?
– Мектептерге, ауруханаларға қол ұштарын созса дей
міз де.
– Ескі көзқарастан әлі күнге дейін арыла алмай жүрген
дер арамызда аз емес. Өкінішке қарай!
– Рас-ау, ағайындар! Небір өркениетті, алпауыт ел-
дермен барыс-келіс, алыс-беріс жасауымыз керек емес
пе? Сондай мемлекеттердің миллионерлері мен милли-
ардерлері осындай-осындай жерлерге келіп, осындай-
осындай үйлерге кірмегенде, мына Тәржіман ағамыз
секілділердің жүз жылдан бері жалдап тұратын пәтеріне
бара ма?
– Осы сіз Үлкен Кеңседесіз ғой, ә? Көп жылдан бері?
– Әй, ол кісіде нелерің бар-ей, а?!
– Ой-ба-а-а-ай! Мынадай үй-жайға ең кемі оншақты
қызметші керек болар...
Сәлден соң мерейтой иесі Жаңғақты жұртының бір то-
бын төңірегіне жинап, сыбырлай сөйлеп, талай нәрселерді
тәптіштей түсіндіріп тұрды. Осы жуық маңайлардағы, мына
үстірт жазирадағы алып коттедждердің әрқайсысының
кімдікі екенін атап-атап айтып берді. Көкке төбе тигізе
көлбеңдеген көкпеңбек шатырлы күлгін коттедждің ие
сін атаған сәтінде даңқты жерлестің жұқалтаңдау иегін
жұлқымалау діріл жиектеген. Айтуынша, анау кісісі Н.
қаласының бірталай жері мен бірқатар жауһар жайларын
жекешелендіріп алған көрінеді. Ал өзінде ондай-ондай-
дан ештеңе де жоқ екен...
Мінекиіңіз, Үлкен Кеңсеңізге жаңадан келіп кірген
көкеңіз сол көгілдір-күлгін коттедждің иесі екен де.
* * *
Тәржіманды алып қарасаңыз, іштарлық дейтін дер
тіңізден аулағырақ адам сияқты. Тіпті Т. қаласының
«Буржуйқорған» деп аталатын аймағында күн санап көбейе
түскен коттедждерге қатты қуанатын. Н. қаласындағы
ғажайып жағдайды көрмесе, дәл бүйтіп қуана да қоймас
па еді, кім білсін-ай, кім білсін. Құй иланыңыз, құй
иланбаңыз, сүйікті шаһарының шырайына шындап шат-
танатыны рас.
Тек қана «Буржуйқорған» аймағы мен Тәржімандарға
телімдер тиген шағын аудан аумағының арасындағы Ше-
кара жырасының жыл өткен сайын тым-тым тереңдеп
бара жатқанына көңілі қабаржиды. Осынау ор-жыраңыз
одан сайын тереңдей берсе, бірте-бірте Жер шарыңыздың
жүрегіне дейін жетіп, тіліп түсетін тәрізді.
Үлкен Кеңсенің жаңа басшысы келген алғашқы
аптадағы демалыста жеті жылдан бермен қарата төбесі
жабылмай тұрған үйінің жанында жабығып ұзақ отырды.
Ақырында анау кісіге арнайы хат жазу керек деп шешті.
Түні бойы талай қағазды шимайлап шығындады.
Әйеліне, бала-шағасына ұйқы бермеді. Таң атқанша
жарық жанып тұрғандықтан, қожайыннан ескертпе
естіді. Жұмысқа келіп, ішкі саясат жөніндегі маманға
орысша жаздырып, өзі қазақшаға аударды. Тек сонда ғана
ойындағыша шыққандай сезінді. Қанша дегенмен, та-
лантты тәржімашы ғой.
Арнайы хатты анау кісіге тікелей тиетін папкіге салғыз
ды. Осылайша Тәржіман ғұмырында тұңғыш рет қызмет
бабын жеке басына пайдаланды.
Апта өтті.
Ай аунады.
Жыл жылжыды.
Жауап берілмеді.
Тәржіман үшін тәржіма бұрынғыдан бетер көбейді.
Бас көтермей бейнет шеге берген.
Бөлім бастығы инфаркт алған.
Күндердің бір күнінде Үлкен Кеңсе иесі Тәржіманды
шақыртты. Бір жылдан екі ай асқанда. Жырым-жырым,
жұлым-жұлым жүрегінің мың қалтасы түгел тітіреді.
Бұл пақырыңызға қарамаған күйі, бір қолын сусылдай
суық жылтырайтын кәстөм-шалбарының әр қалтасына
бір сұққылап тұрып:
– Бөлім бастығың қашан шығады? Зи-зи-зиялылар Н.
қаласынан бір топ боп келе жатыр. Мына мәтіндерді тез-
детіп тәржімалау керек, – деді.
Арнайы хат хақында ләм-мим жоқ.
Тәржіманның тілім-тілім жан-дүние әлемі тыпыршыған
күйінен тыншу тауып, тұнжыр бұлтпен тұмшаланды.
Қолындағы қағаздарды қалтыратып алмауды ғана мақсұт
тұтты.
Анау кісіңіз Тәржіманға көз қиығын да қимастан,
түнере түсіп:
– Осы бар ғой-ә-ә-ә, зи-зи-зиялылар неге тілемсектене
береді? Осындағылары да, Н. қаласынан ай құрғатпай ке-
летіндері де, бәрі де тілемсек, сұрамсақ, жыламсақ! – деді
дауыс көтере кекетіп.
Тәржіманның тұнжыр әлемі сүлесоқтығынан сейіле
алмады. Жауап та қатқысы келмеді. Себебі, анау кісіңіз
әлгі сұрақты Тәржіман пақырыңызға емес, өзіне-өзі
қойып тұрғандайтұғын. Сауалына жауап күтпей, те-
резеден сыртқа қарады. Бұл дағы далаға көз тастауға
мәжбүрленді.
Қала үстінде қаңғып бара жатқан қара сағымдарды
көрді Тәржіман. Екі жылдан астам уақыт бұрынғы
Н. қаласында өткен өзгеше тойды ойлады. Даңқты
жерлестің мерейтойы ше? Соны... Небір-небір ірілер.
Министрлер. Бас билік мүшелері. Депутаттар... Өздерін-
өздері ақсүйектей аңғартқысы, тұлға танытқысы,
қайраткер көрсеткісі келетіндеріне, баптанулары мен
таптануларына, жүрістері мен күлістеріне, ішісіп-жес-
теріне һәм дестеріне қара-а-ап отырып, бір ысынып, бір
суынған. Ақырында қатты қуанған. Қанша дегенмен,
қазекем де қатарға қосылды-ау, жұрт қатарлы жетіл-
ді-ау деп. Әлгілердің әрқайсысы бір-бір мемлекетіңізді
басқарып кететіндей көрінген. Жай ғана, жайдақ қана
емес, жайқалтып-жандандырып, өрістетіп-өркендетіп,
дөңгелентіп әкете баратындай сезілген. Солай сезі-
не берген сәтте сана түкпірінен сығалаған тарғыл
пиғыл мияулай мысқылдады: «Осылардың көбісі ірі-
ірі тұлғалар бола тұра бағзының бағзы замандарын-
да өз тайпаларының өз алдарына жеке-жеке мемлекет
болғанына байланысты небір құлық-қылықтарын бүгінгі
мұстақыл мемлекетіңіздің мүддесімен үйлестіре алмай
пұшайман-ау. Сол құлық-қылықтардан қайнап шығатын
қулық-сұмдықтары да жетіп-артылар. Содан да барып,
ұлыс билігінің ұшар биігіндегілерде шіреністер бөлек,
шеке тырыстырулар ерек екенін ескермек те керек...».
Ызыңнан басы айнала мың-дыңданып, құлағын шыңыл
буып жөнелді. Енді бір қараса, осы күнгі ғұламалардың
ғұламасы, ойшылдардың ойшылы, мынау кісі жаңа ғана
айтқандайын, зи-зи-зиялылардың зиялысы есептелетін,
тек тайқымаңдай Тәржіман ғана емес, тұтас қазекем со-
лай санайтын кісіңіз дағы мұнда кеп қапты. Осында оты-
рыпты. Әнекиіңіз, екі шекесі торсықтай боп бұлтиып,
қаракүреңдеу жүзі буалдырлана, жанарымен мұңданып,
бірақ
былайғыларға,
айналасына
ашық-жарқындау
көрінбекті қалайтындай қалпы байқалады. Қайран-ай,
бұл дара данаңыз һәм жасандылықтан ада дей алмайды
екенсіз, қайтсін-ай. Неге екенін кім білсін-ай, кім білсін,
Тәржіман оны осынау ортаға қимаған. Мынау дүркіреген
мерейтойға, өзінің әйгілі жерлесіне де қиғысы келмеген.
Бұрын дағы тап осылай өзін-өзі қинаған. Мұндай ортаға,
мынадай жұртқа ғана емес, қайырымсыздау қоғамыңызға
да қимайтындай күй кешкен. Амалыңыз қанша, кере де
қарыс маңдайына кегей де кегей кезеңдер жазылса, не
шара...
Бірінші басшының бөлмесінен осындай ойлардың
қамауымен қамырығып шықты.
Көп ұзамастан, Үлкен Кеңседе үйреншікті, кезекті су-
сыл серуендеп жүрді. Анау кісі орнынан алынады екен
десті.
Арада үш ай өткенде Үлкен Кеңсеге басқа басшы
отырғызылды. Қызылбудандана қызуланып сөйлейді
екен. Тағы да баяғыдағыдай, бесін ауып үлгермей-ақ қы
зылқошқыл қалтафондарын құлақтарына тосқан, кәс
төмдерінің бір жеңдерін ішіне бүгіңкіреп ұстаған біреу-
лер пайда болған.
Жаңа басшы келе сала бірнеше жерден элиталық үйлер
салғыза бастады. Оларға кім-кімдердің кіретіні де белгілі
боп қалған.
Сол жаздағы еңбек демалысында Шекара жырасының
шетіндегі бітпей қойған үйінің бір бөлмесіне көшіп бар-
ды. Жалғыз өзі ғана. Қара басы. Әйелін, бала-шағасын
пәтерінде қалдырды. Қ. ауданынан келе жатқанда үп-
үлкен, төсінде ақ жолағы бар, қаракүреңдеу қазақы күшік
сатып алған. Демалысының ақшасын түгелдей құрылысқа
жұмсамаққа кіріскен.
Күшігі күн санап өсіп келе жатқан.
Тек жаңғақты адамша шағып жеуге үйрете алмай
жүрген.
* * *
Бүгін Тәржіманның көз алдында шешесі марқұм көп
елестей берген.
Анасы атақты байдың қызы болған екен. Әнебір заман-
да әкесінің дүние-мүлкін тып-типыл тәркілеп, жер ауда-
рып, атқызып жіберген. Он жеті жасар қыз ашаршылыққа
ұрынып, өзбек арасындағы нағашыларын сағалап, әзер
аман қалыпты. Орташа таптың тізіміндегі жігіт пешенесі-
не бұйырып, бала көрмей жүріп, осы Тәржіманыңызды
туған. Шешесі шіркін жетпіс төрт жасында дүниеден
озды. Шалы тым ертерек кеткен. Он жеті жасына дейін
кім біліпті, одан бергі ғұмырында қырсығып өтіпті ше-
шесі. Өзінен-өзі қыстығып. Әдейі ғана тарығып. Өткенін
аңсап торығып. Мыңжарымдай қазақы қазанат жылқысы
Жанымайдың жотасынан сусап бір келіп бас қойса,
бұлақ-өзендеріңіз біраз уақыт тартылып қалар байдың
бұлаң қызы бұл пәниден қайтқанша, жетпіс төртінде
түгесілгенше, жылтырап киінбеді, жарқырап жүрмеді,
шын шаттанып күлмеді.
«Жамаулы көйлек, жасқаулы көңіл» күйінде өмірден
өтіп кете барды.
«Теңбіз дейміз бәріміз; Теңесейік, кәні, біз», – деп
кекесін тақпақ айтатын еді ыза-кекке буылып.
Төменгі таптың теңелмегенін, орташа таптың оңал
мағанын, жоғарғы таптың жоғалмағанын әлқиссалап
алып, әлдебір ән-әуенге салатын:
«Жамаулы-ай көйле-е-е-ек,
Жасқаулы көңі-і-іл.
Теңбіз деп сөйле-е-еп,
Ақсаулы-ай өмі-і-і-ір...».
Қайырмасын қайғырыңқы, құмығыңқы, қарлығыңқы
қырағатқа ұластыратын.
Мына заманға жетпеді.
Тістеніп өтті өмірден.
Бәлкім, бұл заманыңызды анасы байғұс басқашалау ба
ғалар ма еді? Тәржімандай пақырларыңыз пайымдай біл-
мей, қадіріне жете алмай жүр ме, әлде? Оны да, сірә, кім
білер?
Бүгін өзі біртүрлілеу болыңқырап, анасы салатын әл
гіндей әндердің қайырмаларын әлсін де әлсін қайталап,
шешесі жабатын, жұқалау, бірақ бұлабұртқан, буы бұрқы
раған тандыр нанның иісі танауын қытықтап жатып,
ұйықтап кеткен екен.
Күшігінің жанұшыра шабаланған дауысынан шошып
оянды.
Екі дәу есін жидырмастан, тарпа бас салып, тырп ет-
кізбей байлап тастады. Біреуі желкесінен бүріп ұстаған
күшікті Тәржіманға тақап тұрып бүйдеді:
– Сөздің қысқасы былай, – деді ол. – Біз мына Шека-
ра жырасының арғы жағынанбыз. Ұғып алғын, не-е-е-е
мына сібежий сабаканы соямыз, не-е-е-е сен немені та-
бака жасаймыз. Біз де адамбыз, итті де, иесін де бірдей
өлтірмейміз. Екінің бірі, ерік сенде, білдің бе?
Зілді дауыс шындықты аңғартып тұрды. Ауаға һәм ауыр
соққандай, дем жетпей барады. Жүрегінің мың қалтасы
миына қарата мұң арта қан бүрікті. Аяқ-қолдан әл-дірмән
кетіп, дірілге буылды.
Тас қараңғыда төсі ағараңдаған күшіктің көздері
өлеусірей жылтырады. Үн-түнсіз жылайтындай.
– Асықпай ойлан, – деді екінші дәу. – Түн ортасынан
жаңа ғана қисайды. Мақұл десең, күшігіңді қолтықтап
алып, Шекара жыраға түсеміз де кетеміз. Өз еркіңмен
бермесең, өзіңді шаламыз. Арғы беттегі қожайынымыз
бізге ылғи да нешеме айлар бойы, қаншама жылдар
бойы тоңазытқышта жатып үсіген етті ғана бергізеді.
Түсінесің бе? Оқта-текте осылай, өзіміз бауыздап,
ыстық қанға қолымызды малып, жас ет жеуге шығамыз.
Біз де адамбыз ғой, ағай-е-е-ен! Ойлан, ойлана бер
әзірше.
Діріл мен жіпке бірдей буылып жатып, әлі де тірліктен
үміт үзгісі келмеген. Өңім емес, түсім болса екен-ай деп,
беті-жүзін шешесінен қалған құрақ көрпешеге сүйкеп те
көрген. Күшігі түсіністік пен тілектестік танытқандай
өксіп қыңсылады. Ауру баланың үніндей аянышты естіл-
ген.
«Жоқ! – деді Тәржіманыңыз іштей ышқынып. – Жо-жо-
жоқ, бермеймін күшігімді! Өзімді неғылса, оғылсын...».
Сонда дағы, қайтсін-ай, табан астында Тәржіманға
тағы бір ой соғып өткен. Мүмкін мына екеуі шынымен-ақ
қалжыңдап отырған шығар. Айтпақшы, Үлкен Кеңседе, бір
бөлмеде бірге қызмет істейтін серіктері түр-тұрпаттарын
өзгешелеп, дауыс-дабыстарын басқашалап, әдейі ғана
әзілдеп жүрген болар. Ертеңгі күн жексенбі ғой, асарла-
тып көмек бермекке келсе ше?!
Ай, алдамшы арман-ай, десеңізші! Адамның дауыс
мәнісін бағып, талдап-таразылап үйренген Тәржіманыңыз
өзін-өзі қалай алдаусыратар? Бұл екеу – анау екеу
емес-ті. Бір бөлмеде отыратын ішкі саясат мәселелері
жөніндегі маманыңыз бен шаруашылық істері жөніндегі
инженер емес. Мейлі дағы, амал жоқ. Бейкүнә бала-
дай, жұрттың жұнттай иттері секілді жаңғақ жемекті
де үйреніп үлгермеген кінәсіз күшікті өз еркімен беріп,
құрбандыққа шала алмас. Ал, мына өзінің ажалы жетіп
тұрса, маңдайының сорынан көрер. «Біз де адамбыз» де-
генді айтып қалды ғой, бәлкім, мыналар аяушылық жа-
сап, аман қалдырар. Талқаны таусылмаса.
Мынау екеу және темекі тұтатып, түтін жұтты. Бір
шөлмектің бас киімін жыртып, аузынан кезек-кезек
қылқылдатты. Сонсоң сұлбасы сәл биігірек көрінген бірін-
шісі:
– Жә, жетер! – деді қайрап-қайралғысы, айқай сап
жынданғысы барын байқатып. – Қалайын қалайсың, айт
енді!
Екіншісі анаусының ашуын басқысы келгендей кейіп-
те, тебіреніске түскендей ыңғайда мәймөңкелеп:
– Айып етпегін, ағай-е-е-е-н, көкірек қуысында қайы
рымсыздық пен қанағатсыздық қойындасып түнейтін,
әр таң атқан сайын тойымсыздық туғызып оянатын бір
буржуйдың бағыныштылары боламыз біз, білдің бе? –
деді.
– Бірақ бізге бүгінде адам бауыздау мен бұзау бауыздау
бірдей, – деді біріншісі.
– Ұзақ күткенімізге риза бол, – деді екіншісі.
– Бес секөндті санаймын, – деді біріншісі. – Бес...
Төрт... Үш... Екі... Бір-р-р-р...
– Күшігімді бермеймін! Бермеймін! – деді Тәржіман.
Біріншісі Тәржіманыңыздың иегін қыса ұстап жоғары
көтерді. Кездігін кезенген.
Екіншісі
күшіктің
аузын
уыстап,
пышағын
жалаңдатты.
– Тағы да ойлан, арманда кетпе, – деді біріншісі.
– Айтқаным – айтқан, – деді Тәржіман тістенумен
өткен шешесін көз алдына келтіріп.
Шешесі екі дүние арасындағы қазылар алқасының
құрамында отырғандай, байдың қызы болған ғой, сәл сыз-
дана сынап қарайтындай.
– Онда ақырғы тілегіңді, соңғы сөзіңді әнімен қоса
шырқай ғой, шырағе-е-ем, – деді екіншісі.
– Күшігімді тірі қалдырып, жаңғақты адамдарша
шағып жеуді үйретулеріңді сұранамын. Соңғы сөзім –
осы...
– Өлейін деп жатқандағы өтінішін көрдің бе?! Мазақ
қылып қорлады-ау мынау! – деді біріншісі.
– Қалжыңдамай қайтсін. Оп-оңай өлейін деп жатыр ғой
бұл, обалы олигархымызға, сауабы сорлы халқымызға, –
деді екіншісі.
Тәржіманға бұдан былайғысы бұлыңғыр, бұлдыр
бірдеңеге айналып бара жатқан.
Тек шешесі шіркіннің ажал алдында да өзіне осын
шалықты мұқалмас күш, қайтпас қайрат бергеніне қайран
қалып, қатты таңырқаған...
Осымен аяқтауға да болатын шығар, қадірлі оқырман.
Бұдан әрі қиялға ерік бергейсіз. Ақырғы сәтте Тәржіман:
– Ай, атаңа нәлет, ит тірлік-ай! – деді ышқынып.
Ал қазақы күшігі:
– Құрымағыр тәржіман тірлік-ай! – деп қыңсылай жы
лаған.
КАНДИДАТТЫҢ ИМИДЖІ
Мамыр айының басында мәслихат өткізіп, мәжіліс
шайын берді. Мәжіліс шай мамыражай Күншуақ қала
сындағы «Вариант» кафесінде ұйымдастырылды. Жал-
пы саны жүз жиырма адам болар деп жоспарлап еді,
қосымша-алымшасымен жүз елуге жетіп жығылды.
Жаман емес, әрине. Тіпті тайсақтаңқырайды-ау, тай
ғанақтайды-ау дегендер дағы құштарлана қатысты, бой
тартпай белсенділік танытты. Аса абыройлы ақсақалдар
аз болмады. Биік лауазымдылардан тізімдегілер түп-
түгел төбе көрсетті. Бизнесмен бауырлары таудай-таудай
тұрпатта тұтасып отырды. Бір жағы сұс, бір жағы сес де-
гендей.
Жұрттың бәрі айтарын айтып, ішіп-жесіп, тіс
шұқыласып тарасқаннан кейін депутаттыққа кандидаттың
штаб мүшелері ретінде ілкіде іріктелген топ түкпіргі
бөлмеде бас қосты.
– Керемет өтті, жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздан
сөз артылмады, бәр-бәрін жазып алдық, – деді біреуі. – Сара-
лап, сараптаймыз, қорытып, қоғамдық пікірдің ақпараттық
ағынына қосамыз.
– Мұндай мәжіліс шай бұл өңірде бұрын-соңды өтті ме
екен-ай, өзі? – деді екіншісі.
– Ойхой, ой-дариялар ағылды-ау. Бүгінде бос сөз, бөстекі пікір азайды ғой, – деді үшіншісі, – кімнің кім екенін, ненің не екенін екінің бірі ішпен сезеді емес пе? – Бәрін айт та, бірін айт, ақсақалымыз айни бастаған екен. Ақ батаның сөзін журналист көкемізге алдын-ала жаздырып, шалымызға жаттатып қойғанымыз жақсы бопты, әйтпесе «концовка» шықпай қалатын еді, – деді төртінші мүше. Штаб мүшелері осылайша біраз-біраз пікір алмасып, тоқ басып, көк шайланып, шүйіркелесе, сырласа түсті. Депутаттыққа кандидатыңыз жайбарақат қана тыңдап, жай ғана жымия қараңқырап қояды. «Вариант» кафесіндегі мәжіліс шайдың бүкіл шығынын беделді банк бастығының бірінші орынбасары болып істейтін шәкірті көтерді. Рахмет. Ұстазының еңбегін бағалап, сенімін ақтай бастағаны осы дә. Штабтың келесі отырысы мамырдың ортасы ауа тау ішіндегі керемет көкмайсада өтпек. Бұлақ басында байыпты әңгіме болмақ. Міндет бөлісілмек. Меже белгіленбек. Бүгінше баршасы емін-еркін, емен-жарқын күй кешсін. Білгендерін айтып, түйгендерін таратсын. Тізгін тартпайды әлі, шылбыр қақпайды әзірше. Мына жерде жазып алатын жасырын жабдық, тың тыңдайтын астыртын аппарат жоқ шығар. Қойылған күнде құпия ашылар күн бұл емес. Әзіл-күлкінің тиегі ақтарыла ағытылды. Мәжіліс шайға қатысқандардың жүріс-тұрысы, отырыс-ішісі, сөздерінің іші-тысына дейін талқыланып, талданып жатыр. Штабтың аты – штаб, өзінің өзгеше міндетін атқармаққа кірісіп те кеткендей. Төрт көзі түгел деуге де келетіндей. Тау түкпіріндегі түбегейлі мәжілісті күтпей-ақ, міндет бөліспекті табан астында, тап осы қазір тәптіштеп тастағысы келіп бір оқталды дағы, оқтау жұтқандай қайта қатайды. Сіресіп барып, сабыр шақырды. Жеңілдеу жымиыңқырады. Көк шай құйылған құлпынай гүлді кесені қолына алып, баппен ғана бір ұрттап, майлық қағазбен миығын сүртті. Оң жағында отырған – кандидаттың сенімді кеңесшісі. Сол жағында – сайлау науқанының басшысы болып
бекітілетін досы. Қысқаша қайырып, бүгінгі тілмен бей-
нелеген де, менеджер. Одан әріректе орындығын сәл кері
шегіндірген кім десеңіз, шаршаңқылау мүлгіген штаб
бастығы. Көбірек ұрттап жіберген шығар, оқта-текте
өстетіні бар. Былайырақта – қауіпсіздік жағына жауап-
ты жігіт пен заңгері, журналистері, ең шетінде – есеп-
шісі. Әзірше осылар. Әрине, әлі де біраз адамдар керек.
Сенімді өкілдер, талдау-таразылау тобы, жарнамалау
жағы, кандидаттық қаржы қорының қорықшысы, тағы
басқалар, тағысын тағылар.
Тау түкпіріндегі өзгеше отырыста сайлау науқанының
стратегиялық жоспары жан-жақты және терең талқы
лануы тиіс. Тап осыны ой-санасында шегендей түгендеген
кандидатыңыз тамағын кенеп, тыныштық сақтауға ша
қырды.
– Былай, – деді байыпты, байсалды кейіпте бәріне барлай
қарап, қос уысқа қыса жинағандай. – Осында, мына тарихи
«Варианттың» түкпіргі бөлмесінде қалғандарың – менің
ең етене жақындарымсыңдар, сенімді серіктерімсіңдер.
Ендігі шаруаның бәрі осы отырған сендерге байланыс-
ты екенін түсінесіңдер. Екінші, ерекшелеу басқосуымыз
мамырдың ортасында, тау ішіндегі бұлақ басында,
көкмайсада өтеді. Соған дейін, кеше келіскеніміздей,
сайлау науқанының жетекшісі (атын атамады, иек қағып,
көзбен ишаралады) мен штаб бастығы (түсін түстемеді,
қабағымен аңғартты) стратегиялық жоспар жасап,
кеңесшімен кеңінен келісіп, заңгермен ежіктей ақылдасып,
жақсылап тұрып бір қайнатып қоюларың қажет. Тауда
таза пісіреміз. Ал менің айналып кетейін ардақты журна-
листерім, сендер БАҚ-пен жүретін жұмыстың жалпы жо-
басын жүйеге түсіріңдер. Бәріміз жабылып, әсіресе мына
маңызы зор мәселеге – кандидаттың имиджі дегенге баса
назар жығайық. Жатпай-тұрмай қам жасайық. Бағана ше,
мәжіліс шайдың барысында байқадыңдар ғой, «имиджге»
тілі келмейтін қариялардың өзі осы сөзге әлсін-әлсін ай-
налып қайта, қайталап тағы, оралып жиі соға бермеді ме?
Ойланайық осыны, жарай ма?
– Жарайды, жарайды! – десті бәрі жамырап.
Үйіне сенімді кеңесшісімен бірге қайтқан. Менед-
жеріне өзі мұрсат берді, мәжіліс шайдан шаршады ғой
ол сорлы. Заңгері мен жасамыс журналисті ерте жүргісі
келіп еді, кейіннен ол ойынан кілт айнығанды құп көрген.
Журналистерді ә дегеннен тым жақындата беру жараспас,
белгілі арақашықтық сақтамақ ләзім. Штаб мүшелерінің
басын бір-бірімен қосып та, жекелеп-жегенелеп те жұмыс
жүргізген жөн.
Саунасы бабында екен. Сенімді кеңесшісі екеуі келісіп
алғандай-ақ манағы мәселелер маңайын және шиырлап,
мәжіліс шайға қатысқандардың нәт-ниеті, сөз ләмі, пейіл-
пиғылы хақында бірқанша шолулар жасап өтті. Бірінші
бусану мен жайбарақат жату осыған жұмсалды. Екінші бу-
сану мен шайлануда штаб мүшелерінің әрқайсысы, бәлкім
бесінші рет, мүмкін оныншы мәрте, сараптау сүзгісінен
өткізілді.
– Сенімді кеңесшіміз сенімді-і-і-і, – деді депутаттыққа
кандидат жас күнінде жетік меңгерген мандолиннің
төменгі ішегіндей тырсылдай тартылып барып, қайта
жазылған жүйке талшықтарына құлақ қойып, манаурай
керілгісі келіп.
– Менеджеріңіз – нағыз науқан басшысына лайық, мына
заманға бейімдел-ге-е-н, – деді кеңесшісі кандидаттың
әуеніне салып.
– Штаб бастығының беделі ба-а-ар, кей-кейде ішіп қоя
тыны болмаса, – деді кандидат. – Өліспей беріспес адал
құлдар да ке-рек-дү-ү-үр.
– Қауіпсіздік жағының құпиялары көп, заңгеріңіз
заңға-а-а-ар, – деді кеңесшісі. – Осы журналистеріңіз
қалай-қалай, а? Жазбагерлеріңізді жеткілікті білмейді
екенмін.
– Мен де сол үшеуінің айналасында ойланыңқырап
қала беремін, – деді кандидатыңыз. – Жасырағының жа-
лыны молырақ, жаңаша әдіс-тәсілдерді жақсы меңгерген
сыңайлы. Ауызша шешілген кезде қара пиар, қоңыр пиар,
ақ пиарларыңды жасыл қиярдай қарш-қарш шайнайды.
Бірақ жеме-жемге келгенде, жазу жағына шорқақтау. Орта
жасары биіктеу ақырлардан жем жеңкіреп жүріп, жылы
орнынан күтпеген жерден, кенет кеткендіктен, кекшіл-
дікке бейімірек. Жазу жағынан оның да көсілісі кемірек,
кібіртігі көбірек. Айрықшалау артықшылығы – ұйымдастыру
қабілеті. Ал анау жасамысыңыз – мықтының мықтысы.
Жазудайын жазады-ай сабазың. Бірақ өмір бойы жағдайы
болмай, ылғи ынжық тартып, үнемі төменшіктеп, шегін-
шектеп үйренген. Әліне қарамастан, әр нәрседен үйлесім
таппаққа әуреленеді тағы да. Таба алмаса азапқа түсіп,
өзін-өзі табаға шыжғырады.
– Ойпырай, журналистердің жілік-жілігін жаңқалап
шауып отырсыз ғой, шыли жүдә! – деп қатты таңырқады
кандидатыңыздың сенімді кеңесшісі.
– Жасамысы көп ақы да дәметпейтіндей. Ал анау
алдыңғы екеуінің ашкөздігі мен ашқарақтығы алапат. Жұт
көргендей жұтынып, жұрттан бұрын жұлқынады.
– Үшеуі де қажет екен. Жақсы таңдап тапқансыз!
– Қой, келешекке де керекпіз. Демалайық.
Әдетте, бұл өңіріңізде мамыр айыңыз жылдам жылжып,
жедел сусып, сылаң қаға ағатын су сияқты. Әне-міне деген-
ше, тау түкпірінде, бұлақ басында бас қосу өтер күн кел-
ген.
Жуынып-шайынып алған штаб мүшелері бірден ішіп-
жемге емес, іске кіріскен. Арша түбіндегі қоңырқайлау
қойтасқа жайғасқан бас менеджер стратегиялық жоспардың
жалпы мазмұнын, қадау-қадау қамтылған мәселелерді
мәністеп, сайлау науқанының жұмыс кестесін асықпай
оқып шықты. Көз қарықтырардай ақшаңқан қағазға ком-
пьютермен термелеп түсірілген бір-бір данасы алдын ала
таратылып берілген болатын. Штаб мүшелері түп-түгел
шүйіле шұқшиысып қалыпты. Көп аса ұсыныстар білдірі-
ле қойған жоқ. Социологиялық сауалнамаларға байланыс-
ты ғана бірер сұрақтар туындап, оларға қанағаттанарлық
жауаптар қайтарылды.
Міндет бөлісу мәселесі һәм іскерлікпен, жан-жақты
ақылдасылып шешілді. Сайлаудан төрт ай бұрын, үш
айдың әрбір аптасында, екі ай қалғанда, бір айдың
бірінші, екінші, үшінші және ең ақырғы аптасында
атқарылатын шаруалар кесте арқылы және пысықталып,
жауаптылардың аты-жөндері жеке-жеке жазылды.
Бәрі аңғарып, түсініп, сезіп, біліп отыр. Жоспар-кесте-
ге кіргізілген әрбір іс-шараңызға қарасаңыз, байырқалап
байыптасаңыз, бүй деп тұр: «Не?» (Мазмұны). «Не үшін?»
(Стратегиялық мақсаты). «Қашан?» (Орындалу мерзімі).
«Құны қанша?» (Бәрі қаржыға байланысты ғой). «Қайда?»
(Аумақ айқындалып, сайлаушылар топтары, ерекшелік-
тері ескерілген). «Кім?» (Іс-шараны әзірлеп, өткізетін
адамдар дә). «Қалай?» (Ұйымдастыру әдісі мен өткізу
тәсілі). «Қалай бағаланады?» (Күтілетін түпкі нәтиже ғой
баяғы). «Кім қадағалайды?» (Бұл, әрине, бөлекше мәнді
мәселе).
Толымды стратегиялық басымдықтар, толыққанды
жауаптылар, тактикалық тетіктер туралы толғамды тарау-
лар таудың таза ауасындай, бұлақтың бал татыр суындай
санаға тез сіңіп жатты.
Жеңіл-желпі қуырдақ пен самаурынның шайы жет-
ті. Бұл жолғы басқосудың шығынын осы аудандағы
әкім шәкірті көтеріп отыр. Өзі қатыспаса дағы, көзі мен
сөзі осында. Құрақ ұша қызмет етушілердің ындын-
ықыластарынан, ас-судың дәмінен, шай-пайдың демінен
бәрі анық аңғарылады.
Бұдан әрі сайлаудың қаржы-қаражат қоры мен олардың
түсу және жұмсалу заңдылықтарын қамтамасыз ету жол-
дары, аумақ пен аймақтағы, өлке мен өңірдегі БАҚ және
олардың таралымдары, электорат топтары мен таптары
нық нені оқып, нені тоқитыны талқыланды.
Бас менеджер көбінесе қаржылық көздерге, сайлау
науқанының белгілі бір кезеңдерінде «ең басты жау»,
«жай, қатардағы жау», «ең соңғы қауіпті жау» іздеп табу,
табылмаса, қолдан ұйымдастыру арқылы тартыс туында-
ту, драматургиялық шиеленісті ширықтыру, осындай ора-
сан әсерлі әдістермен электорат тарту туралы әсерлене,
қызғылықты әңгімеледі. Сенімді кеңесші сұңғақ шыр-
ша түбінде түрегеп тұрған күйінде интеллектуалдық,
шығармашылық ресурстар, осы заманғы, аса күшейтілген
байланыс жүйелері және компьютерлік қуаттар жағына,
бағдарлама мен жарнама жағдаяттарына бөлекше назар
аударып тастады. Кейбір «көзірлерін» әзірше ашпай қоя
тұратынын мағлұмдады.
Қауіпсіздік қызметі мен заңгер көбінесе кіртиіңкіреп,
үнсіздеу қала беретін. Бұл жолы да сол дәстүрлерін бұз
бады. Сонда дағы ол екеуіне түсіністікпен, төңкеріле
қарап, көмкеріле көңіл аударушылар жеткілікті.
Үш журналист үш жақтан жамырап, аумақ көлеміндегі
БАҚ саны мен сапасына, мықты басылымдар мен беделді
телеарналардың артында кімдердің тұрғанына тоқталды.
Қай басылымның және қандай-қандай журналистің кім-
дерге сатылуы мүмкін екендігі жайында жасырақ жур-
налист жасырмай айтып, жалындай шабыттанды. Орта
жасары да бірталай фактілерді ортаға тастап-тастап
жіберді. Жасамыс журналист үнсіз қалды. Үйлесім із-
дейтін шығар, биік таудың беткейлеріне тесіле телміріп
алыпты.
Кандидатыңыздың өзі сөз алып, командасына керемет
сенетінін мәлімдеді. Осындай-осындай тұлғаларды табу
мен таңдау оңайға соқпағанын, команда мен оны құрайтын
адамдардың бедел-бедері, атақ-абыройы, іскерлік-ізденісі
ең ерен көрсеткіш екенін баяндап бітіргенде, негізгі тамақ
дайын болған.
Түс ауа, тобылғының көлеңкесі ұзарып, сары қымыз
сапырыла бастағанда, кандидатыңыз арша мен шырша
арасындағы тегістікте, көгілдір көрпеше үстінде жан-
тайып:
– Жігіттер, енді әнеукүнгі «Вариантта» айтылғандай,
тікелей имиджге көшейік, – деді.
Бұлақ басын құрайтын қайнарлардың былдыр-былдыр
үні анық келді құлаққа. Көкжасыл шалғындағы тербелген
гүлдердің үстімен үйлескен ақ көбелектер ойнап ұшып,
билеп қалқып барады.
Кандидат ойын одан әрі сабақтап, бұған дейінгі беделі,
әуелімгі абыройы, елге сіңірген еңбегі, атқарған қызметтері,
бүгінгі бет-бейнесі, болмыс-бітімі, қазіргі кейпі, бары мен
жоғы, ашы мен тоғы, барлығы, бар-баршасы ескеріліп
есептелуі керектігін қайталады. Солардың бәр-бәрін сара-
лап, сараптап барып, кандидаттың имиджін сапалық биік
деңгейге көтеру, көптің көкейінде көркейте қалыптастыру,
жұрттың жадында жарқыратып, электораттың есінде ерек-
шелеу – штаб мүшелерінің ең басты міндеті. Әуелім, әдіс-
тәсілдер айқындалса, олар манағы маңызды стратегиялық
бағыттарға қарата бағдарланса, нәтижелері нық, еңселері
тік болмақ. Кандидаттарыңыз сайлаушылардың санасын-
да, дауыс беремін деп ойлаушылардың ми қатпарларында
қандай сапада өзі? Қалай болмаққа керек?
– Мен бастайын, – деді бас менеджер. – Тап қазіргі
бейнеңізді типтендіре топшылап, топтандыра талдасақ,
тіпті де жаман емессіз. Мәжіліс шайын ақпан айын-
да беріп үлгерген қарсыласыңыздың бірі әрі бірегейі
сіздің әрекетіңізден берекеті қашып, жүні жығылып,
жағы суалып, жүдеп-жүнжіп барады. Оның сенетіні –
Астанадағы ағасы. Бағзыда бір жұқаналау жігіт айтқан
екен: «Жеңім жыртық болғанмен, жағам жақсы; өзім
жаман болғанмен, ағам жақсы», – деп. Сол жақыбайдың
керін келтіріп, ері мойнына, тоқымы тірсегіне түсіп
жатса да, қайтпай қасарысып бағады деседі. Білетін-
дер. Бірақ сайлау туралы жаңа заңды елеп-ескермейтін
секілді-ау сол көкелеріне арқа сүйеген ақылдылар. Сіз
қазір бір жағынан, бейтараптау бейнесіз. Ал енді, екінші
қырыңыздан, ішкі сырыңыздан қарағанда, өкіметтің де
өз адамысыз. Зауытта цех, ауылда кеңшар басқардыңыз,
төрт өзеннен төрт көпір, аудандағы ауыл-ауылдан екі мек-
теп, үш-төрт клуб салдырғансыз. Облыс орталығының
мекемелерінде біраз жыл және бастық болдыңыз. Жа-
ман атыңыз шыққан жоқ. Аудан басқарып та көрдіңіз,
қайтадан қалаға келдіңіз. Елу бес жас – алпыс емес, яғни
талтүс емес. Сәске түс...
– Пәске түс, пәске. Пәске түс! – деді депутаттыққа кан-
дидат күлімсіреген күйінен танбай. – Төмендеңкіреңіз,
менеджер мырза.
– Төмендеңкіресем, жалғыз ғана жақсы кемшілігіңізді
атап көрсетейін, ол – төмен етектіден тартыңқыраған
теперішіңіз. Қоғамдық пікірде, бұрынырақтағы бірқыдыру
тұрғындардың жабылау жадында қалып қойған жағымсыз
дау жаңғырықтар жоқ емес. Басқалай бірдеме таба алмас.
Тап-тазасыз мына сіз.
Келесі кезек кеңесшіге тиген:
– Біздің кандидатымызда бедел деген бедерлі, абырой
деген айдарлы, ағайын. Бәрін қайталап, уақтай майдалап,
жиып-теріп, үйіп-төгіп, уақытты текке шығындап жатқым
жоқ.
Жағымпаздықты
жақтырмайтыныңыз
белгілі.
Имидж деген не өзі? Білесіздер бәріңіз. Ол – кандидаттың
кәдімгі бейнесі. Сіздің биік бейнеңіз баршамыздың
санамызда сайрап тұр. Сайлаушылардың белгілі бір
бөліктерінде, пайымды пайызында да тап солай. Жастар
жағына сіңіре түспек – өз алдына бөлек мәселе. Сіздің
сырт келбетіңіз, жүріс-тұрысыңыз, бұрынғы-соңғы
лауазымдарыңыз, мамандығыңыз, кәсіби шеберлігіңіз,
ұйымдастырушылық талантыңыз, өмірбаяндық өрісіңіз,
хоббиіңіз, жұртпен тіл табысуыңыз, сөйлесе білуіңіз,
көпшілікпен кездесу кезіндегі шамырқанар шешендігі
ңіз, кешіп келе жатқан ғұмырыңыздағы алуан оқиғалары
ңыз – осының күллісі, әрине, имиджіңізді құрайды.
Мұның бәрі мықты да, осал емес тіпті де. Алайда
менің ойымша, электорат санасының саңылауларынан
саралағанда, кандидатымыздың күрескерлік кейпі кем-
шіндеу сезілетін секілді. Біздің қазекем кандидаттардан
күрескерлікті көбірек іздейді. Өздері санасыздау, соқыр
сезімділеу бола тұра, сөйтеді. Күрес бейнесі, күрескерлік
келбет қай кандидатқа да керек. Сіздің күрескерлік
қасиетіңіз бұрыннан да бар. Бірақ қазіргі имиджіңіз де
жеткіліксіз. Сол себепті, айқас алаңдарын, соғыс шеп-
терін, майдан даласын, жырынды жауларды қолдан жа-
сай білмек – өте дұрыс нәсте. Осының бәрін алдын ала,
осы бастан ойластырмасақ, уақыттан ұтыламыз. Жау
тауып, дұшпан тұтып, үнемі ұпай жинамақтың жолда-
рын қарастыру штаб бастығына тапсырылса. Ал БАҚ
арқылы сіздің имиджіңізді күрескерлік рухына суарып,
санаға сіңіру журналистерімізге жүктелсе.
– Социологтарды таңдау үстіндеміз, – деді штаб
бастығы, шынымен-ақ таудағы, бұлақ басындағы мына
мәжілістің арақ-шарапсыз өтетіндігіне иланғысы кел-
мей, азық-түлік жаққа иек соза қарап қойып. – Әлгінде
айтылғаны бар, айтылмағаны бар, барлық кемшіліктер
анықталып, айқындала түседі. Барлық параметрлер
пайымдалады.
– Төмен етектілерден тартқан теперіштеріңіз және
олардың электорат санасындағы жаңғырықтары жайын-
да айтылып қалды ғой, – деді қауіпсіздік жағына жауапты
жігіт. – Осы мәселенің зарар-зиянын залалсыздандырмақ,
жағымсыз жақтарын мәнсіздендірмек керек. Ол үшін осы
бастан отбасыңызбен, әсіресе, апаймен бірге жұрт алдын-
да аса көп көрінгеніңіз ләзім. Журналистердің бірі тікелей
осы тарапта тартымды жазса. Сіздің ең күшті жақтарыңыз,
құнды қасиеттеріңіз тұрғындарға түгел таныс па? Сайла-
ушылар не күтулі, нені тілейді? Социологтарымыз осы
бағыттарда белсенуі тиіс.
Жасырақ журналист алдын ала бірқатар мақала-мате
риалдардың жобасын жасап, нобай-нақышын нақтылап
үлгергенін, суыртпаққа салып сынайтын стилімен бірер
апта абайлап байқайтынын, одан соң барып суырып
алып, қайта жөндейтінін, әбден өңдеп болғанда, штабтың
кейбір мүшелеріне оқытатынын баяндап өтті. Ортаншы
журналист өзінің бүкіл тәжірибесі мен қалам қарымын
кандидаттың қарсыластарына қарата жұмсап бағатынын
мәлімдеді. Екі қарсыластың өткен өмірбаяндарынан
қазбалап тапқан бірнеше бұлтартпастай фактілері
бар. Олар дауыс беруге бір апта қалғанда бомба бо-
лып жарылмақ. Үшінші, жасамыс журналист қысыла-
қымтырыла, күмілжи міңгірлеп, жанарын жаңа бүрлеген
шашыратқылардан шашыраған нұрлы сәулелерден ажы-
рата алмай, кандидаттың күрескерлік кейпін бедерлей-
тін бірдеме жазбақ уәдесін беруге мәжбүрленген.
Бәрін қайтарып, бұлақ басында кандидатыңыздың бір
өзі ғана кідірістеп қалған. Оның себебі былай еді. Өзі бұл
өңірде емес, өзге таудың баурайында туып-өскен болатын.
Төменгі сыныптардың бірінде оқып жүргенде, әкесі қала
жаққа кәттә бастық болып ауысып, ауылдан біржолата
көшіп кетерде, бастаудың көзін бірге ашып, аршысқаны
бағанағы бас қосудың бел ортасына таман ойына оралып,
ерекшелеу елестеп, санасынан шырматылып шықпай-ақ
қойғаны. Қарауытқан қоймалжың ұйықпен, қиыршықтан
ған құммен және шиыршықтанған ажырық шөптің тара-
мыс тамырларымен тастай қатып, бітеліп қалған бұлақтың
бастау көзін әкесімен қатарласа, өзгеше әуестікпен
тазалағаны-ай сондағы. Әкесі де шып-шып терледі, бұл
да бусанып, қатты ыстықтады. Бұта таяқпен және қолмен
ғана әрекет еткен әкелі-балалы екеуінің еңбектері еш кет-
кен жоқ. Қайнар көздер шүңеттене лайланып біраз жатты.
Бірте-бірте шет-шеттен шып-шып тердей тұнық тамшы-
лар мөлтілдеді. Бара-бара олар бір-біріне қосылып, шы-
мыр-шымыр қайнап қоя берді. Қуанғаны-ай сондағы!
Әлдеқашан, мүлде ұмытылған сол бір сәт осы жолы
ойына кенет оралып, күні кешегідей көзіне елестегенін
қараңызшы енді.
Ол жылдардан бермен қарата қаншама сулар ағып өтті
өмір-өзен арқылы. Кандидатыңыз нешеме кез-кезеңдерді
кейін серпіп, соңында қалдырып, артқа тастап үлгерді.
Депутат болмаққа бел байлағанға дейін бәрін де бастан
кешті емес пе? Иә-иә, бәрін, бәрін де! Әрине, шүкіршілік
те керек, жоқтық-жұқаналықты білмеді. Жетімдік-
жаутаңкөздіктің беті әрмен, олар өз басына түсе қойған
жоқ. Өз қатарларынан ылғи да алда болды. Оқ бойы озық
жүргені рас. Тозық киім кимеді, жылытпа тамақ ішпеді.
Сонда дағы, еркелікке елірмеді, тотайлыққа берілмеді.
Әке өнегесі, шеше тәрбиесінен бе, өскен ортасы, оқыған
айналасынан ба, кім білсін.
Басшылыққа ерте ілікті. Барша баспалдақтардан өткен,
осынау ордалы да қордалы күйіне бірте-біртелеп жеткен.
Төрт құбыласы түгел, іргелері нық, ұйқысы қанық, күлкісі
анық сияқты. Айхой, ат та болды, атақ та болды, даңқ пен
дүние де, дос пен жолдас та, от пен ойнас та болды. Бол-
май қалған нәрсе жоқтай, байқаса.
Болды. Болған бәрі де. Мінекиіңіз, енді барлығының
өнімін терер, жемісін көрер кез келгендей. Жаман емес
жемістер. Олқы да емес нәтиже. Бәрі де болмай қалған
жоқ. Бүгіндері де еңсесі түсіп, еңкіш тартып, базардан
қайтпаққа беттедім демес. Мұндай жаста тыңнан тыныс
ашып, осыған дейін алмаған асуларына ыршып шығып,
ырғып мініп жатқандар да жоқ емес. Кейбір кемел елдерде
елу бесіңізді әлі де тым жас санап, ел басына отырғыза
бермес.
Сонымен, осы депутаттыққа неліктен бой ұсынды өзі?
Мақсаты қандай, мүддесі нешік? Жұрттың бәрі жұлқына
құлшынып жатқан соң, бұл да дүрмекке еріп, дүбірге
ілесіп байқамаққа ұмтылды ма? Кім болса сол сайла-
нып жатыр ғой, біз де бір көрейікшінің кері ме? Облыс
деңгейіндегі талай-талай лауазымдарды иеленді, бұдан
әрмен биіктетпес. Бізден де басқалар бар ғой деді біраз
бұрын ойланып. Бизнесті де көрді, ендігі жерде тағы да
таққа дәмеленбестен, депутаттық додаға қосылмаққа бел
байлағаны ма? Қазақты қалқаланып, халықты арқаланып,
қу қара бастың қамын ғана күйттейтіндердің қатарын
көбейтпек пе бұл дағы? Иә-иә, солай шығар, сірә. Анау
бір биіктерге бұт арта бастаған балаларына, шәлкем-
шалыстау баса беретін шалаларына сол жақта, биігірек-
те жүріп қорған болмақ мақсұт шығар мұныкі? Қазіргі
кезеңде, бүгінгі заманда кім бұл өзі? Иә-иә, кіммін дейді
осы? Халықтың қамын жеген, қазақтың қамытын киген
кейіптегі рөлді ойнай ала ма бұл? Ойнағанда қандай!
Өп-өтірік ойлағанда қандай?! Анау заманның ақырғы
тұсын көрді емес пе? Халық үшін, ел үшін деп жүріп,
сол сорлыларды тобыр санағанның, топыр-топыр тобыр
деп есептегеннің бірі өзі ғой, өзі. (Ол айнала-төңірекке
алақтай қарады, терең-терең сайлардың теріскей беткей-
лерінде көлеңкелер қарауыта қоюланып барады екен).
Сол жылдарда, сол кездерде ше, тобырлық тым тиімді
тұғын. Тырп-тырп етіп тек тірлік тындыра берсе, тыным-
сыз тымпылдап жүгіре түссе, бұйрықты бұлжытпаса,
әміріңді тәңіріндей көрсе. Ойланбаса да, толғанбаса
да, ой-санаға салмаса да. Өкім. Өкімет. Қаулы. Қарар.
Бұйыру. Орындату. Бірауыздан қолдау. Бір кісідей дауыс
беру. Қарсылықсыз қуаттау.
Бір кісідей дауыс беру. Ха-ха-хаһ!
Көрді ғой осыларды.
Кез-кезеңдер келмеске кетті.
Мына заман бөлек, жаңа кезең ерек.
Заң түзелмей, заман түзелмес деп ойлайтындардың
да аз еместігін жақсы біледі бұл. Осыған дейін депу
таттыққа өтіп кеткендер ше, солар сайлау аса әділ, ке-
ремет кемел жүрді десетін. Өтпегендердің өттері аузы-
на құйылып, шындықтың жоқтығын жырлап, зар илеп,
запыран құсатын. Сайлау туралы жаңа заң шықты да,
талайлардың табанынан шаң шықты. Енді қайтпек ке-
рек? Мұныкі қандай күйде? Кандидаттың имиджін
меңзеп отырыпты дә.
Штаб мүшелері біледі ғой, талай-талай нәрсені. Біле-е-
е-еді бәрін. Бедел биік, абырой асқақ дегілері бар. Деген-
дері көп. Бірақ бұрынғы биіктер баяғыда-ақ бірқалыпты,
бірсыдырғы ғана ұғым тепсеңдеріне түсіп, тым құлдилап
кеткен. Әуелгі асқақ асулар аттап-пұттап өтіп кете берер
дей жайдақтанған. Жаңарған заң, жанданбақ науқаныңыз
жанартаудай бұрқ етіп басталар бірдеңені шын тілейтін-
дей. Әуелей заулап жанатын әлденені күтетіндей. Оны
қалай таппақшы, қайтіп тұтандырмақшы? Өмірбаянның,
ғұмыр кешкен жолының қай тұсынан, қандай жықпылынан
іздемек? Кейбір кемел елдерде кандидаттың имиджін
шығандата шырқатуда отбасы, әсіресе әйелі үлкен рөл
атқарады-мыс. (Мырс-мырс күліп, бұлақ көзіне түкіре
жаздады). Мұның қатыны көріне ала ма халыққа? Күні
кешегі тобыр болғанда, бір сәрі еді-ау. Топыр-тобырың
жоқ қазір, оянып келе жатыр олар. Өркениетті жұрттарда
кандидаттың командасына отбасы мүшелері түгел кіріп,
имидждің көкесін көрсетеді деседі. Мұның әйелі қалай
кірер командаға? Кір-қоңын жуып қала берер, әрине. Екі
қыз бен екі ұл да жұтынып тұрған жоқ. Қатар ағар қос
қанның нағашы жағы басымырақ түскен екен де. Кейін
тартқан кежегелерді сүйрелеп әзер серпілтерсің. Оның
үстіне отбасылық команда деген ұғымды еліміздің элек-
тораты қабылдай қоймас әзірше. Бір есептен бұл үшін
сондай сана да тиімді.
Кандидатыңыз орнынан түрегеліп, үсті-басын сыпыра
қаққыштап, мәшинесіне қарай аяңдаған.
Коттеджіне кештетіп жетті. Жылы ваннада жатқанында,
кенеттен-кенет ой түсті. Телефонға жармасты. Менед-
жерін, сенімді кеңесшісі мен үш журналисін таңертеңгі
сағат тоғызға шақырды.
Ертеңіне олар кешікпей келді. Бір сағаттай кеңес
өткізді. Түс кезінде Түркияға ұшады. Бұрынырақта да
бірнеше мәрте барып қайтқан. Инвестиция мәселесінің
талай түйіндерін шешіп, келісіп, кейінге аса тиімді,
тиісті сәттерге сақтауға уағдаласқан. Міне, сол сәт жетті
енді. Имидждің жаңартауы осындай-ақ болар. Бұл қайта
оралғанша үш журналист үш-үштен, алуан жанрда, түрлі
көлемде тоғыз материал дайындап, қанаттарын қомдап
отырсын. Алдын ала «аванс» анау тұрыпты. (Иекпен иша-
ралады). Қай кәсіпорынға қаншадан, қашан және қалай
әкеліп, қайтіп құятынын құпия ұстайды әзірше. Шетел-
ге жалғыз өзі кетеді. Қажет етіліп жатса, менеджерді ме,
сенімді кеңесшіні ме, мүмкін екеуін бірдей ме, шақыртар.
Тек Түркиямен ғана шектелмес, Әбу-Даби арқылы ора-
луы да бек бәлкім.
Кандидатыңыз өз үйінен ашқарын шығып, оразасын
аэропортта ашты. Обалы нешік, сервисіңіз күн өткен са
йын өзгеріп, сағат сайын өңденіп барады. Кофе ішетін
үстелге дейін бөлменің ішкі интерьеріне үйлесіп тұрыпты.
Қолындағы тіп-титімдей ғана құтының сыртқы сиқыр
өрнектері де жалпы дизайндық иірімдердің үйірімдеріне
үндескен. Күншуақ қаласында осылай да осылай болады
десе, осыдан оншақты жыл бұрынырақта ешкім иланбас
еді.
Ұшақтың ортан беліне отырып, белдігін байлай бас
тағанда ғана жанына мана жайғасқан жас келіншекке көз
қиықтаған. Байсалды һәм байыпты көрінетіндей бүкіл
болмыс-бітімі қопарыла құлаған ағаштайын солқ ете
түсті. Үлкен ұшақ қосыла қозғалғандай.
Қайта қарауға қорықты.
Қорықты ма, қаймықты ма?
Айхой, ат та болды, атақ та болды, даңқ пен дүние де,
дос пен жолдас та, от пен ойнас та... Болған бәрі де. Нәтиже
нендей? Өнім қандай? Же-же-е-міс... Жанында отырған
жас келіншек, әсем әйел – сол ғой, сол. Сойып... Жо-жоқ,
құйып қаптап қойғандай сол ғой, сол. Ол емес бұл. Соның
нәтижесі. Оның өнімі. Оның ғана өнімі емес, соның ғана
нәтижесі емес, мұның да, яғни екеуінің де же-мі-сі-і-і.
Солай, депутаттыққа кандидат мырза. Басқаша болмағы
мүмкін емес.
Жиырма жаста еді ол. Отыз екі жаста еді бұл. Ауданға
басшы болып барған. Бір көргеннен өлердей құлаған.
Қыз кетәрілік көрсетпеген. Айхой, болды ғой бәрі
де. Қайталанбас ол дәурен, қайта оралмас ешқашан.
Атына да, атағына да қызықпады қыз. Пайдаланбаққа
талпынбады. Рахмет. Мың да бір алғыс ай дидар-
лы, күндей көрікті комсомол қызға. Тек бойына бітіп
қалған шарананы шығынға кетірмекке көнбеді, алған
бетінен қайтпады. Дуылдап өсек, шуылдап әңгіме
шықпай тұра, із-түзін білдірмей, көшті де кетті. Өзі
ғана емес, өлмелі шешесін бірге әкеткен. Құтылғанына
қуанды. Іздеуге ерлігі, еркектігі жетпеді, күрескерлігі
кемшін-ді. Одан кейін де болмай қалған жоқ. Болды.
Біреу емес, екеу емес, әрине. Әлденешеу. Алайда, ол
өзгешетұғын. Оны ойнас деуге обал-ды. Бөлекшетұғын.
Кеткен жағын айтпады. Білдірмеді, білмеді. Тек талай
жылдар жылжып-сусып өткенде, естен де шығып кет-
кенде, әлдебіреуден құпия-құсни хат беріп жіберген.
Ешқашан зиянын тигізбейтінін, ешуақытта ешқандай
салмақ салмайтынын, ешкімге жақ ашпайтынын жаза
отырып, тек қызды мұның атына жаздырғанына өте-
мөте кешірім өтініпті.
Ыстамбұлға баратын ұшақтың жеті мың сегіз жүз
елу метрлік биіктікте ұшып келе жатқаны хабарланды.
Тамақ таратыла бастады. Лажсыз қарады. Ләм-лимсіз
күйде көзін айыра алмастан отырып қалды. Бүйрегін
без, бауырын тас, жүрегін мұз етіп ұстамаққа үйренген
емес пе, сыр бергісі келмеген. Бірақ бой берместен, без
бөгетті, тас қамалды, мұз құрсауды бұза бұлқынып,
бәрібір булығыңқырай шыққан діріл дауыспен аты-
жөнін сұрады.
Айтты. Аты-жөнін тегімен қоса сыңғырлай таныстыр-
ды. Сол екен, соның өзі екен, қызы боп шықты, шіркін-
ай...
Тамақ таратылып болған. Нан жеді ме, ағаш шайнады
ма? Ет пе, әлде тас жұтты ма? Кофе ұрттады ма, у ішті ме?
Білмеді. Сезінбеді.
Ұшақтары Қара теңіздің үстімен ұзақ-ұзақ қалықтады.
Кандидатыңыздың ойы одан бетер қалыңдады. Ол өзгеше
еді ғой, не керек?! Одан кейінгілері ондай болмады. Бола
алмады. Атын да, атағын да, даңқын да, дүниесін де пай
даланбаққа тырысты, өршелене ұмтылды, өлермендене
құлшынды. Өсекке ілінбей қала алмады бұл. Біріне
бөгесін салды, екіншісінің ептеп тілін тапты, үшіншісінің
үнін өшірді...
Штаб мүшелерінің төмен етектілерден теперіш көрді
ңіз деуінің мәнісі сол ғой. Солар. Ел де біледі біраз-
біраз. Топыр-топыр тобыр емес бүгінгілер. Қорықпайды
бұрынғыдай, үркіншілік жоқ қазір.
Қара теңізге қарағысы келді ме, қызы бұған қарай
бұрылды. «Ай, айналайын-ай, өзің әдемінің әсемі, көрік
тінің көркемі екенсің ғой, шешеңнен аумай қалыпсың-
ау!» – деді ішін уіл, жүрегін суыл кернеп. Құмығыңқы
үнін өзі де әзер естіп, әңгімеге тартыңқырады. Ара-ара-
сында өзінің қайда, қандай мақсатпен бара жатқанын
там-тұмдады. Қызы күлімсіреп қойып (беу-беу-беу, дүние
жалған-ай, құйып қаптай салғаны-ай), Түркияға тоқсан
төртінші жылы қоныс аударғандарын, анасы да, өзі де
түріктерге тұрмысқа шыққанын айтты. Кәсіптерінен
хабардар етті. Күйеуі бір ірі корпорацияны басқаратын
көрінеді. Қанатын кеңге жайып, Алманияда, Болгарияда,
Қазақстанда, оның ішінде Күншуақ қаласында да тірлік
жасай бастаған екен.
Түсер мезет таянды. Бәрін біліп отырып, іші түгел
ұлып отырып, келіншектен шешесінің ныспысын
нықтап сұрағысы келіп кеткенін қараңызшы. Батпады.
Батылы бармады. Сыртқа шығып, қызы шынымен-ақ
алыстай бастағанда, жанұшыра қылғынып: «Қызым,
анаңның аты кім, айтшы!» – деді. Айтты. Атын ата-
ды анасының. Жанары жалт-жұлт етіп қарады келіп,
қарады. Алайда, адамдар көбейіп барады. Итермелеген,
иінтірескен нөпір жолаушы араларын алшақтата, қызын
қашықтата берді. Ал қызы ше, қайта-қайта қайырылып
қарады. Әлденуақта ақырғы мәрте бір бұрылды дағы,
жүгіріп барып қараторылау, қалың мұртты, қалың
қасты, сұңғақ бойлы түрік жігіттің құшағына кіріп,
мойнына асылды.
Асыл қызы...
Әлде, есіл қызы...
Кандидат діттеген мерзімінде, белгілеген мезгілінде,
кешікпей, уақтылы оралған. Облысыңыздағы отызшақты
газет, төрт-бес телеарна түгел шу ете түсті ертеңіне. «Ин-
вестиция!» – десті бәрі әр алуан дауыспен, түрлі-түсті
тақырыппен. «Мұндай мөлшерде инвестиция әкелген
әкетайлар мен көкетайлар болған емес ешқашан!» – десті
олар. Оны әкеліп құйған кім? Кандидат. Біздің кандидаты-
мыз! Сіздің болашақ депутатыңыз!
Деседі-ай бәрі.
Жасырақ журналист жазуға шорқақтау болғанымен,
тақырып тауып, ат қоймаққа шебер еді. Ортаншы жур-
налист барша басылымдармен тіл табысып, ұтымды
ұйымдастыру жұмыстарын жандандырды. Үйлесім іздеу
ден басқаны білмейтін үшіншісі «Күрескер» деген очерк
жариялап, ерен ерлік жасады.
Ал депутаттыққа кандидатыңыз ше, ол мұқым-мүлде
өзгергентұғын. Бұрынғыдан басқа, бөтен-бөгде біреу
сияқты. Тіпті кандидаттың имиджін күн санап емес, сағат
санап көтермекке кірісіп кеп-кеп кеткен штаб мүше
лерінің де біразы таңырқаулы, біразы жабырқаулы. Депу
таттыққа кандидатымыздың өзін шет елдіктер алып қа
лып, бізге «двойнигін» салып жібергеннен сау ма десіп,
қауіптенетіндері де рас.
Кандидатыңызға енді бүкіл дүние, жалпы әлем, күллі
тіршілік мәнсізденіп, дәмсізденіп кеткен еді. Өзгергені
өтірік емес-ті. Депутат бола ма, болмай ма? Сайлана ма,
сайланбай ма? Бәрібір бұған.
Нәніпәтір.
ШИБӨРІНІҢ БҮРГЕСІ
Маусымдағы мал санағы бойынша Мәнжу Малай-
саринді қосқанда ауылдағы кедейлер тізіміне төрт-ақ
үй тіркелді. Аудан әкімшілігі капиталистік жарыста
көш бастаған Аршалы ауылына ауыспалы көгілдір ту
мен арнайы ақшалай сыйлықты салтанатты түрде тап-
сырды. Кедейшіліктің жойылып келе жатқаны, кедей-
лер мен кембағалдардың азая түскені айрықша атап
көрсетілді.
Аудан басынан келгендердің аздап-аздап асыра сілтеу-
шілігі социализмнің сарқыншағы шығар, алайда ауылдың
адуындысы саналатын Айткүл шешей шешенсініп:
– Ей, елім! Мұндай заман қашан болып еді?! Кешегі
өткен кеңестің кемелденген тұсында ше, Аршалы ауылы-
нан Ақкиіктің биігіне қарата екі жүз сиыр әрең өретін бол-
са, бүгінде алты жүзден асады. Қалқоздың бес отар қойы
бартұғын, қазір жекенікі төрт отарға жетіп қалды. Ол кез-
де, жаз бен күзде Майтөбе ауданы бойынша апта сайын
жиырмашақты ғана той өтетін болса, енді елуден асады
екен. Кім кедей? Көп ұйықтайтындар – кедей. Кім кембағал?
Қимылдағысы келмейтіндер – кембағал? – деп-деп, кеп-
кеп бергенде бар ғой, мына Мәнжу Малайсариніңіздің өзі
де ләм-мимсіз мүдірді.
Ойлап отырса, Айткүл шешейдікі де дұрыс секілді.
Баяғыда балабақша басқарған бәле. Біледі бұл. Сонда
да капиталистік жарысты, буржуазиялық бәсекені сон-
шама, қызылкеңірдектене қолдағаны онша ұнамады.
Мәнжуіңіздің жақтырмайтын жағдаяттары мен жарат-
пайтын ауылдастары күн өткен сайын көбейіңкіреп ба-
рады.
Бірақ бар ғой, сәбет заманындағы социалистік жарыс-
та да осы Малайсариніңіздің оза шапқаны шамалытұғын.
Мажар арбамен пішен тасу науқанында бір мәрте ғана,
онда да әрең дегенде, радиоқабылдағышпен марапатта-
лып, оның өзін үлкен арықтың терең тұсына түсіріп алып,
сөйлеуік қорап сол күйі бір ауыз сөз айтпастан, арман-
да кеткен. Мата-шатасы көгеріп, жез талшықтары мен
темір-терсегін тот басып, бертінге дейін қартайған қара
өріктің түбіндегі ескі тақтайдың бір басына тиянақ бо-
лып, орындық қызметін атқаруға ғана септескен.
Мәнжуіңізге жарытып жан, майланып мал бітпеді. Екі
мың бесінші жылдың маусымында, бұл үйден, жоғарыда
айтқанымыздай, жан басынан: Мәнжу Малайсарин сын-
ды отағасы мен пәнер тақтай секілді семіп-қатқан қатыны
Седеп және тірідей салмағы тайыншадан кем тартпас, сон-
да дағы көз жанары кәрі өгіздікіндей өлегізген, сүрбойдақ
семіз ұлы; малдан: мойындары сырықтай, мүйіздері
құрықтай екі ешкісі мен арқа жүні ақшулан тартқан ақсақ
кәрі қойы тіркелді.
Өткен жылы осы Мәнжудің кедейшіліктен шығып,
кембағалдықтан құтылып-ақ кетпекке әжептәуір мүмкін
дігі бар секілді еді. Қара сиыры сомадай бір бұқаны
соңынан сүмеңдетіп, екі күндей ертіп келген. Падашы
Қасқырбек Бөрин:
– Мәнжу мырза! Седеп ханым! Сиырларың тамылжы
ған тамыз айында тоқтады. Бұқаның иесі мына мені екі күн
екі түн боқтады. Бұйыртса, сәуір өте бұзаулайды! – деп, бұл
екеуіне туғызып, үшеуі бірер шөлмекті босатып тастаған.
Қасқырбек Бөрин – Аршалыдағы төрт үй кедей-
кембағалдың біріне бас ие. Мәнжу мен Седеп оның сөзін
жерге тастамайды, жүзін жерге қаратпайды. Қасқырбектің
қатыны Сәтенкүл түрмедегі ұлдарына тамақ әкеткен,
әйтпесе төрт көздері түгел отыратын еді ғой сонда.
Сөйтіп, сиырдың ұрықтануы ұлы оқиға ретінде атап
өтіліп, падашының батасы алынған.
– Ризамын сендерге! – деді Қасқырбек теңсетіліп тұрып,
пияз бен қызанақтың иістерін қоса кекіріп. – Бүгін бармыз,
ертең жоқпыз. Бір-біріміздің ризашылығымызды әр күн
сайын кешқұрым алып қойғанымыздың артықшылығы
болмас...
Өкінішке қарай, қара сиыр қаңтар айының қақ орта-
сында іш тастады. Қасқырбек құрдас қатты қайғырып
көңіл айтты. Падашының пайымдауынша, бұзау шір-
кін бұйырмады. Алланың ісі шығар, алайда, айна-
лып келгенде, көп нәрсе адамдарға да байланысты.
Мәселенки, Мәнжуді алсақ. Малсақ емес. Аршалы ауы-
лы тұрғындарында түгел дерлік пішен жинайтын бас-
тырма бар. Ал мына Мәнжекең шөкімдей шөп жинайды,
онысының өзі аспан астында ашық-шашық жатады. Бұл
өңірде күз жылаңқы, жұрт жаңбырдан мезі. Сонда да
пішендері құп-құрғақ сақталады. Мәнжуіңіздің пішені
былтыр да, қысқа қарата қарашіріктене іріп, биылғы
қаңтардың басында қаязып қатты да қалды. Ақырында
қара сиырдың жатырындағы жылбысқыны жалмап
тынды. Егер Малайсариндер үшеулеп қимылдаса, көп
ұйықтамаса, бұлақ бойындағы ырғала жайқалатын
қарқаралы қамыстан-ақ шөп жиятын, бір мая пішен сия-
тын бастырма жасап тастауға әбден болар еді.
Падашы Бөрин Қасқырбек өз миының мұндай-мұндай
мән-мәністі компьютерлік қорытындыларын сыртқа
шығара бермес. Ішінен ғана қайтарар. Бұлақтың бойы-
нан, арық-атыздардың асты-үстінен күнде болмаса
дағы, күнара үшеулеп, үш баудан-ақ әкелгеннің өзінде
үлпіл жаздың үш айында дүниенің пішені қыздың жиған
жүгіндей қатталып қалар еді. Қайда-а-а-ан!
Шөп арқалағанша, аштан қатпаққа бейіл бетпақтар ғой
бұлар. Малайсариндер.
Қамыс орғанша, намыстан жарылар.
Айтсаң, алқына қылғынар.
Әлі ешкім иелене қоймаған Еркінтоғайдың тепсеңін
теңге төлеп, техникамен орғызғанша, одан он шиша арақ
арқылы трактор тележкасына арқалатып түсірткенше,
шөптің құнарын күн кеміріп, қауқарын жел жеп бітіреді.
Мәнжудің маусым аяғында бастаған мал азығын дайын-
дау ісі қыркүйектің мизар ұшар шағында әзер-әзер
тәмәмдалар.
Қасқырбектің өз жағдайы да оңып тұрған жоқ. Бірақ
себебі басқада. Үш ұлы да түрмеде. Сәтенкүл сорлы
жанұшыра соларға жем тасумен әлек. Қасқырбектің өзі
жыл сайын аптапқа қақталып, жел-құзға жем болып,
падашылық жасайды. Тапқан-таянғаны түп-түгел Тоғыс
қаласындағы түрмелерге қарай жол тартады.
Айтып та айтпай не керек-ай, Мәнжуіңіздің қара сиы-
ры биылғы қаңтарда іш тастағаннан ілмиіп, омыртқа
жотасының ортаңғы тұсы шодырая шоршып, бүйірлері
жарлауыттанып, қабырғалары қырлауыттанып, оңалмақ
тың ауылынан алыстап кетті.
Ақпандатқан боранда жағы қарысып, аузын ашпай
тұрып қалған. Малы иесіне тартпайтын қазақ жоқ, мөлие
мелшигені Мәнжуіңізден бес-бетер еді.
Бедірейген күйі бауыздалған қара сиырдың қатпар
шағынан қатындардың шашына қыстыратын ілмек-
имек темірінен төрт дана, Седептің сынық сырғасының
сыңары, өлегзіген өгіз көзді семіз ұлдың сақал қыр
ғышынан қосалқы бөлшек шықты. Күллі сүйек-саяғы
мен сіңірлерін және көгістене кеберсіген арық етін
түгелдей терісіне салып бүктегенде, тамылжыған та-
мызда бұқаға көзін сүзген сиырдыкі емес, шағындау
қойдың қалжасындай ғана қара танытқан. Ішек-қарынды
эксперттік сараптамадан өткізген Қасқырбек Бөрин ішкі
ағзаларды түгелдей жарамсыз деп тауып, жеуге болмай-
ды деген қорытынды жасады. Етінің өзін тек қуырдаққа
ғана пайдаланып, артынан ба, алдынан ба, ауылдың ар-
зан арағын сіміріп жібермек жөн.
Қара сиырдың еті Аршалы ауылындағы төрт үй кедейге
ғана таратылған. Ал ішек-қарын жағы қамысты тоғайдың
шетіне апарып тасталды да, ит екеш ит те жеместен, кейін-
гі жылдары әлдеқайдан ауып кеп, табан астынан көбейіп
кеткен бұралқы шибөрілер бір жырғап қалды.
Осылайша, Малайсариндер әулеті кедейліктен шыға
алмайтын, кембағалдықтан құтыла алмайтын күйге
түскен.
Маусым айындағы мал санағынан аман-есен өтіп, шіл
денің ортасына жеткен екі ешкінің бірі іштегі ыстықты
баспаққа жақсы делініп сойылды. Сол аптаның соңында
Тоғыс түрмесіндегі ұлдарына тамақ-самақ апарып қайтқан
Сәтенкүл қарақылқыл қуырдаққа молығып отырған үшеу
дің үстінен түсті. Сүрбойдақ семіз ұлдары нешеме жылғы
манаураған марғаулығынан оянғандай-ақ, аудан орталы
ғына қыдырып кеткендіктен, мұның күйеуін Мәнжу мен
Седеп мәкелеп отырыпты. Ортаға алып. Ауылдың шетін-
дегі аса тұрмысты үйден үнемі үзілмейтін алуан түрлі
арақ-шараптың ішіндегі ең арзанының біраз бөтелкесі
босапты. Босаға жақта домалап жатыпты. Сәтенкүл сәтті
отырыстың тәтті кәйпіне әндете келіп қосылды:
«Боз матаны кимедім бөз болар деп,
жиын-тойға бармадым сөз болар деп.
Таза сақтап бойымды, жүрдім жеке,
бір перизат өзімдей кез болар деп...».
Екі қатын қазан-ошақ жақты бір шолып шықпаққа
кетті.
Қасқырбек Бөрин арық қабырғаның жұқалтаң кесін-
дісін кеміріп отырған. Аузына апара қарш-қарш шайнап:
– Айнала – анталаған антагонизм, адамдардың баста-
ры – қым-қиғаш қайшылық, Мәнжу дос! – деді. Сүйектен
бе, әлде өзге себептен бе, даусы ысылдап шыққан.
– Мәнжу бас дедің бе? – деп Малайсарин төтенше
сұрақ тастаған. Жаңа шөлмектің ақ қалпағын айырып,
алара қараған.
– Е, жоқ-ә! Жын ұрып па?! Мәнжу дос дедім, – деді
Бөрин. – Сәтенкүл салған әннің сөзі қайдағы-пайдағыны
қозғап жіберді дә.
– Арманын айтады дә бұ байқұстар, – деді Мәнжу. – Ал
Сәтенкүлдің әні мен сөзі үшін тартып жіберелік.
– Арманының атасына нәлет! – деді Бөрин. Сонсоң
құрдасының құлағына сыбырлаңқырады. – Соңғы кез-
дері жаныма жатпайтын өнер шығарып жүр. Падашы-
ны менсінбей, перизат аңсай қалғанын қарашы. Көтіне
қарамай...
– Апырай-ә?! – деп таңырқаған кейіп танытты Малай-
сарин.
Сәтенкүл мен Седеп қайта оралды.
Малайсарин мен Бөрин әндетті енді:
«Сәтенкүл, Седе-е-е-еп,
сөйлейін не де-е-е-еп.
Жаныма жатпайсыңдар,
Нендей себе-е-е-еп,
А-а-а-ай?!».
Түн ортасы ауа алдымен Седеп сұлаған, іле-шала
Қасқырбек құлаған.
Мәнжу мен Сәтенкүл тоғай тепсеңіне түсті. Жаңа-жаңа
толықсып, әлі де қарқарасы жарыла қоймаған қамыстың
түбіндегі мамық шалғынға асықты. Қос ғашықша ұм
тылысып, киноларға еліктесіп, сүйісіп қойысады. Шілде-
дегі ешкі етінің сірней қуырдағына және арзанқол араққа
мелдектеген Мәнжу:
– Перизатым менің! – деді.
– Қойшы-и, – деді Сәтенкүл. – Үйдегілер оянып кет
пей ме?
– «Оян, қазақ?» десең де, оянбайды. Екеуіне де ұйық
тататын дәрі бердім емес пе?
– Ой, пері затым, ей? Перизат дейді тағы да!
Біршама мезгіл өткен. Жер жүзіндегі барлық сағатты
тоқтатып тастасаң дағы уақытты тоқтата алмайсың деген
рас қой.
Кенет үй жақтан мәшине есіктерінің ашылып-жабыл
ған сарт та сұрт дыбыстары ап-анық, қатты-қатты естіліп,
жарқ-жұрқ найзағай жерде ойнағандай болған. Дабырла-
са сөйлеген адамдардың дауыстары да шыға бастады.
Сәтенкүл жылдам жиналды.
Мәнжу сасқалақ қақты.
Сөйтсе, Малайсариндер әулетіне келін кеп қалған екен.
Осыдан он жыл бұрын да осы күнгі семіз сүрбойдағы
(онда әлі жасырақ қой) бір бәлені алып қашып әкеп, оны-
сы көнбестен, басына орамал салдырмастан, соңынан
қуғыншылар жеткенде жылап-еңіреп, сотталып кете жаз-
дап, қорасындағы қойы мен сиырын соларға арттырып
жіберіп, зорғадан құтылған. Ендігісі қалай боларын кім
біледі.
Мәшинемен жеткендер төртеу боп шықты. Мәнжудің
сүрбойдақ семізі (не жеп семіретініне жұрт таң қалады),
қалыңдық және оның ескі түстілеу дос қызы мен екі қолын
қалтасынан шығармайтын шілтіреңбай біреу.
Мәнжуұлы масаңдау. Ояныңқыраған, сергектенің
кіреген сәтінде:
– Келін әкелдік қой, басына ақ орамал салсаңдаршы, −
деді. Бүкіл саналы ғұмыры бойында басалқалы сөз айтқан
шағы осы шығар-ау.
Бұл кезде Сәтенкүл мен Мәнжу Седепті сілкілеп,
Қасқырбекті жұлқылап оята алмай жатты. Седеп орнынан
түрегеліп отырғанымен, көзін ашар емес. Не болып, не
қойып жатқанынан бейхабар. Қасқырбек падашы қалай
аунатсаң дағы, қорылынан жаңылмайды.
Қалыңдыққа ере келген екеу лез-демде үй төңірегін тін-
ткілей тексеріп, қора-қопсыны аралап шыққан. Арық-тұрақ
ешкі мен ақ шулан жүнді ақсақ қойдан түңіліп оралған олар,
үй ішінің жүдеулігінен жиіркеніп, шиқылдақ орындыққа
орамал салмақты күтіп отырған қалыңдықтың құлағына ке-
зек-кезек сыбырлады. Бірі: «Пусто!» деген. Екіншісі: «Ноль»
деді.
Сәтенкүл күйе жеген ескі текемет пен екі көрпенің
астындағы саудыраған абдыраны ақтарып та түк таппаған.
Әлдебір буыншақ-түйіншектердің ішінен умаждалған ақ
орамал шықты ғой, әйтеуір. Сол орамалды жазар-жазбас
ұмтылып, қос құлағы сыбыр қабылдаған қалыңдыққа
қарата қадам басқаны сол еді, жалпасынан түсті.
Келін болғалы келген қыз оң алақанның қырымен
қырғын ұрады екен.
Мәнжу Малайсарин далада жүрген. Түс көргендей
күйде, масаңдығы баласынан бетерлеу.
Қалыңдық қарғып барып, қара сандықтың үстіне
отырды. Екі жолдасы күйеу жігітті іркілдете желкелеп
әкеліп, жазда да сыз тартатын еденге еңкейтіп, тізерлете
шөктірген. Иегінен көтеріп, қалыңдыққа қаратқан.
Өлегізген көз мұз құрсалған қызға қарап жарытпаған.
– Шынымен-ақ тірліктерің осы ма? – деді мұздай
қыз.
– Қой мен ешкіні алыңдар, басқа түк жоқ, – деді күйеу
жігіт.
– Қой-ешкіңді басыңа шайнап жақ, – деді шілтіреңбай
шақар жігіт. – Шайнауға да жарамайды.
– Ойпырай, осындай да тіршілік болады екен, ә?! – деп
таңырқады ескі түстілеу жолдас қыз.
– Түгі жоқ қой бұ байғұстардың, кедейлердің тізімін-
де тұр ғой, – деді соққыдан есеңгіреп, есін енді-енді жия
бастаған Сәтенкүл.
– Бүкіл дүние жүзі бойынша ең кедей үйді көрсеткенің
үшін ризамыз, саған! – деді хан қызындай қаһарлы
күйінен жұмсара жымиып, күлімсіреген қалыңдық күйеу жігітке. – «Майкрософт» фирмасынан хабар-ошарың бар ма өзі, сенің? Малайсарин «Майкрософт» фирмасын қайдан білер, түкке түсінбей, басын шайқаған. – Ей, мал баға алмасаң, газет пен журнал оқымайсың ба, жаңа жол-жөнекей көрдік, кітапхана бар екен ауы лыңда! – деді қалыңдық қайта қаһарланып. – Биыл ешкіні сатып, газет-журналға жазылайын, – деді кіші Малайсарин. – Менің мына миымда, компьютерімде «Майкрософт» туралы мәлімет бар, – деп орнынан көтерілді Қасқырбек Бөрин. – Мал бағып жүріп, транзистордан тыңдағам. Ком пьютердің көкесі ғой олар. – Ақыры газет-журналға ойың кетсе, «Форбс» журналына жазыл, – деді қалыңдық күйеу жігітке. – Сол журналда әлемдегі ең бай адамдардың тізімі шығып тұрады. Білдің бе? – Білейін, – деді кіші Малайсарин міңгірлеп. – Әлем жүзіндегі ең бай адам – сол «Майкрософт» фирмасының президенті, компьютерлік бағдарламалардың көкесі емес, әкесі Билл Гейтс. Білдің бе? – Білдім. – Ал дүние жүзіндегі ең кедей адам – сенсің. Білдің бе? – Бі-бі... – Ең бай Биллдің қанша ақшасы бар, білесің бе? – Бі-бі-білейін... – Біле алмайсың! Қырық жеті миллиард доллары бар. Біліп қой! – Бі-бі-бі... – Ал сен, малғұн Малайсарин, аудан орталығындағы кафеде неге шіренесің?! Мың қойы бар адам құсап, а?! – Мы-мы... Мың қой... Болады ғой... – Мә, болады! – деп қалыңдық қара сандықтан бір аттап, күйеу жігіттің кеңірдегінен түрте салған. Кіші Малайсарин қазақы қаптан аумайтындай түрімен төңкеріле аунады. – Бұл – біздің бизнес, бірақ бұндай бүлінген тірліктен бүлдіргі де алмаймыз, білдің бе? – деді қалыңдық.
– Бі-бі-бі...
– Оңай құтылғандарыңа құдайы атап, қойларыңды
қуырдақ жасаңдар, ешкі ес жидырмаққа керек болар, –
деді шілтіреңбай жігіт қос қолын қалтадан шығармастан.
– О, кэә! Шынымен-ақ, оңай құтылды бұлар, – деді ескі
түстілеу жолдас қыз.
* * *
Қасқырбек падашы Сәтенкүлдің қатты қышынып,
қайта-қайта қасыланып жүргенін байқаса дағы, тіс жар-
мады. Күндердің бір күнінде қатынының киімдерінен
шибөрінің бүргесін көрді. Бүргенің бірнешеуін бүре
шымшыған Бөрин микроскоппен қарағандай асықпай
үңілгісі келген еді, саусақтарын жаза бере айырылып
тынған. Мәнжудейін құрдасының да табан астынан ты-
пыршып, ышқырына қол жүгіртетінін бірге ішіп отырып
байқамадым дей алмас. Бәрібір, іштен тынуға мәжбүр.
Қалай
дәлелдейді?
Немен
дәлелдейді?
Шибөрінің
бүргесімен бе? О бәлелердің куәмін демекке тілі жоқ қой.
Тіпті шатақ шығарып, дау көтеріп, екеуін бірдей емес,
біреуін жазым еткеннің өзінде үш баласының үстіне
төртінші боп, Тоғыстағы түрмеге жабылғаннан басқа не
табар?!
«Не табамын?!» – деп тістерін шықырлатады Қас
қырбек. Сондай-сондайда Бөрин байғұсыңыз өзін
шибөріге айналып, азғындап кеткен қасқырдан бетер
сорлы сезініп, қатты қорланып, ұлып жылайтыны да
бар.
Кезекті мал санағы мен жан есебі бойынша Аршалы
ауылдық округінің әкімшілігі аудан басына жаңа есеп
жолдаған. Аздап-аздап қосыңқырап жазу социализмнің
сарқыншағы шығар. Дегенмен, кедейлер саны тағы да
екі үйге кеміді. Бұрынғы төрт үйдің екеуінде қой мен
ешкі екі есе, мүйізді ірі қара (есепте осылай көрсетіледі)
басы бір жарым есе өскен. Бұл көрсеткіштер кедейлік
сызығынан әлдеқайда жоғары тұрыпты. Сонымен, ай-
тып-айтпай не керек-ай, Аршалы ауылында Малайсарин
мен Бөриннің отбасылары ғана кембағалдар тізімінде
қалыпты.
Адуынды атанған Айткүл апай:
– Шибөрінің бүргесіндей бүріскен бәлелерге біреу
әкеп бере ме? Қимылдамай ма өздері! – деп ұрсуынан та-
нар емес.
Малайсарин қашанғысынша қасынып қойып, ойға
салса, Айткүл шешейдікі де надұрыс дей алмас. Алайда,
Мәнжуіңіздің, бәрібір, буржуазиялық бәсекені қабылда
ғысы жоқ.
Арша байрақты Ақкиіктің биігіне қарата Қасқырбек
падашы алты жүзден аса сиырды айдап кетіп барады.
«Майкрософт» фирмасының атына дейін еніп кеткен ми-
компьютерлерімен бірталай мәселені ойлап кетіп барады.
ЖАС ҚАТЫН
Ауруханаға Наурыз мейрамының алдында түстім.
Амалсыздан, жанға қатты батқандықтан, әрине. Әйтпесе,
өзіміз өзгеше санайтын жаңа жылымыздың қарсаңында,
күніміз түніңізбен, жарығымыз қараңғыңызбен теңесер
тұста төрт қабатты, түнеріңкі үйді сағынып қалды дейсіз
бе?!
Сүлесоқтанған селқостық төрт қабатыңызды түгел
қабыздағанын сезінгенде, бәрінен безінгің бар. Алайда,
ауырмақтың азабы аждаһаның алдына да апарар. Жа-
рым-жартылай ақылы, жарым-жартылай тегін хақылы
тәртіптерімен тексерісті. Басымыздан бастап беліміз-
ге дейін бірнеше дерттің белгілері менмұндалап, төме
ніректен тағысын тағылары табылды.
Бір бөлмеде бес-алты адамнан жатады екен. Үшеулігіне
тап болғаныма шүкіршілік. Сырқатханамыздың сырты
ғана сұрқай емес, ішіндегі іркілістері де іркес-тіркес.
Жасаулары жүдеген, жабдықтары жадаған. Бірін жамаса,
екіншісі жыртылар. Үшіншісін жасқаса, төртіншісі сеті-
нер. Құдды мына менің кеселдерім мен кінараттарым-
дай.
Бұрындары да жатқанмын. Айыққандай боп шығатын
ем. Бір-екі аурудың беті қайтқандай көрінетін. Қаншама
қат-қабат кесепаттардың құпияланып қап қоя беретінін
ішің қалтырай сездірсе дағы, қалта шіркінің шұрық
тесік.
Ақ желеңді абзал жан аталатындарды да кіналай
алмайсың. Бірен-сарандары болмаса, басым көпшілігі
тым ұзаққа созылған өтпелі кезеңде өлермендіктен
өлеусіреген. Саналары сансыраған. Өздерінің де жараға
айналған жадылары ем тілейтін бұл жазғандар ал-
дарына кеп, дәру күтіп, дауа дәметкен дерттілердің
жаутаңдағанын
неғылсын.
Немқұрайды
қабылдап,
нәумез қараудың түп-тамырын тереңнен іздеп жатқан
ешкім жоқ. Дәрігерлеріңіздің өздері аласапыранның
зарарларынан запыранданған тіршілік теңізінің жан
сақтайтындай жағалауларына жете алмай, жанталасумен
әлек. Өлшемдердің күллісі өршеленген кезең дә.
Мейірімнің сарқыттары медбикелердің миығы мен
кейбір дәрігерлердің күрсінісінде ғана сақталыңқырап
тұрғандай.
Қадірдан оқырман, шаһарымыздағы төрт қабатты,
түнеріңкі сырқатханамыздың сырты мен ішін біразырақ
бейнелеп,
сыпыра
сипаттағандаймыз.
Емдейтін-
дер хақында хабардарсыз. Жасау-жабдықтар жағына
Һәм назарыңызды жығып өткендейміз. Енді тікелей
өзімізге көшпегіміз жөн шығар. Бізді білесіздер. Жасы-
рып-жабатындай дәнеңеміз жоқ. Біздің басымыздығы
кеп, бойымыздағы дерт атаулы басым бөлігіңізге тән.
Жаныңыздың жадырамау жағдайы, тәніңіздің сергек-
тенбеу себебі неден дейсіз, әйтпесе. Сіз секілді біз дағы
жөргегімізде жаурап, бесігімізде тоңдық. Бастауыш
мектептерден бастап пестицидтерді қылғыта жұтып,
гербицидтермен терең тыныстадық. Мақта шабығында
талықсып құлап, «ақ алтын» жинау науқанында
бүйрегіміз ісініп, бауырымыз сарғайған. Қысқа қарата
қуығымыз тұтылып, бір тоқсан бойы оқи алмай
қалатынбыз. Сонда да студенттікті итжандылықпен
иеленетінбіз. Әлімізге қарамай, әскерге де барып
қайтатын ек.
Пәлегінен тырысқақ пәлекетпіз ғой. Пәтерден-пәтерге
көшіп жүріп те, әр бесжылдықта бір-бір төсбелгімен ма-
рапатталатынбыз. Сонымен қатар, бесжылдық сайын
бір-бір кесепатты кеселге тырмыштай буылады екенбіз
дә. Бәрібір бірақ тірліктен түңілмегенбіз, пәниден безін-
бегенбіз. Жалаңбұт күйде белсендік. Уралаған ұрандарға
еріп, өкпемізбен қабындық. Жүрегімізді қолға уыстай
көтеріп, жалаулата қағындық. Зілмауыр салмақтарға
арқамызды аямай тосып, аш-жалаңаштығымызға тыра-
штана мақтандық.
Жөнсіз жоспарлар мен жосықсыз міндеттемелерді
еселей жүзеге асырып, ентікпеге ұрындық. Жақыбайлық
жаппай жарыстарда озып қана жығылдық.
Кедейлік жарысының ғасыры екен дә ол кезең.
Алдымызда байлық бәсекесі киллердейін бұт кере кек-
жиіп күтіп тұрарын білмеппіз дә.
Зардаптардан зарланамыз сіз бен біз.
Зарығып күткен, зорығып жеткен мына заманыңыздың
да зарары ғана бұйырған біз бен сізге.
Қытай барып емделмекке еп кәне?!
Алмания аспаққа жаяулы таңың айырылар, қаяулы
көңілің жыртылар.
Түркияның төбесі де көрінбес.
Алматың мен Астанаң да бұлдырар.
Сіз бен бізге өзіміздің төрт қабатты, түнеріңкі
сырқатхана сыралғы.
Кешір бізді, қарапайым, қоңырқай да сұрқай үй.
Айналайын, ақ желеңді абзал жандар, түсінеміз сіз-
дерді. Күндіз-түні тыным таппай, арпалысып бағасыңдар
сырқаттың сан түрімен. Күн артынан күн келер. Түн соңы
нан түн жетер. Олай-былай қарамаққа қауқарларыңыз
қалмай, айлар мен жылдардың аптыға өтіп үлгергенін
байқамай, кенет бас көтеріп, айнала-төңірекке көз тастаған
тұстарыңызда ше, өгей тартқан өз аспандарыңыз алайып
тұрар төбеден.
Алалайтын ағыстар аларып еңсе түсірер.
Құныққан әбден құбылыс тұқыртар тексіз тебініп.
Демімен ісіп-кебініп.
Зәулімдер төніп зәрленер...
«Наурыздарың құтты болсын, балдар-ей!» – деген да-
уыс жетті құлаққа. Уайымға булыққан шала ұйқыдан шо-
шып оянғандай көзімді ашсам, аурухананың жарытым-
сыз жастығы суланып қалған екен. Төрдегі шал төсегінде
түрегеп отыр. Үшіншіміз үйіне сұранып кеткен.
Терезенің арғы жағындағы терек бұтақтарының ара
сынан аспанның шайдай ашықтығы аңғарылады, таңы
мыздың толық атып үлгере қоймағаны білінеді. Көңіл-
күйлер күңгірттұғын, бәрібір.
«Бүгін Наурыз мейрамы ғой, Самарқанның көк тасы-
на дейін бүлдіршіннің еңбегіндей былқылдап ерімей ме?
Құттықтап отырмын, балдар-ей, – деді Қарқалазы қа
рия. – Жаңалық пен жақсылық көбірек болғай...».
«Айтқандарыңыз келгей, ақсақал», – дедік біз.
Қарқалазы қария таңертеңгілікте қаттырақ ен-
тігіп, көпке дейін қайта-қайта қақырынып-түкірінеді.
Арғы жағынан да ауру-сырқауы лықсып келетін
шығар. Алайда, шалдың өзі де қабаттай қосымшалап,
әдейілеп, әбден тазарып алмаққа тырысады. Сөйтіп,
сәске әлетінде келетін сұңғыла келіншегімен кездес-
пекке ерте бастан әзірленеді. Жалғыз шал ғана емес,
жас қатынды көрмекке бүкіл бөлімшеміз дайындала-
тын сияқты көрінеді бізге.
Әдетте Қарқалазы қария қабырғаға сүйеніңкіреп,
сол қолына таяғын бүріп ұстап, әжетхананың өзіне әзер
барып-қайтып жүретіндей. Ол кісі бізден бірер күн бұрын
түсіпті. Айтуынша, бұл ауруханаға алғашқы мәрте жа-
туы. Көбінесе аса ірі қызметтегі жалғыз ұлы Алматыға
ала жөнеліп, Мәскеуіңізге ұшақпен қалықтатып апарып,
айрықшалап қаратады екен. Бұл жолы ондай-ондайға өзі
қарсылық білдіріпті. Оның үстіне ұлының бой-басынан да
бір қауіпті кеселдің белгісі байқалып, шет елдерге әлсін-
әлсін барыс-келіс жасап жатқандай. Ауруына қосылып,
аяғына оралғы, қадамына кедергі болғысы жоқ.
Қарқалазы көкеміз жас мәселесін көп аса айта бермей-
ді. Алпыстан асқан бізді «балдар-ей» дейді.
Қазір де: «Балдар-ей, анау үстелдің үстін жинастырып,
реттеп қойыңдар, тазалық пен тәртіпке ештеңе жетпейді, –
деді буын-буындары сыртылдай төсегінен тұрып. – Мен
коридорға шыға тұрайын, терезені ашып, бөлмені жел-
детіп алыңдар, Наурыздың ауасы нұр боп құйылсын...».
Әне, қалтылдай қадамдап, таяғын таянып, тарғыл
қабырғаны жағалап, есікке беттеді.
Сәлден соң, сәскеге таман түгел-тамам, мұқым-мүлде
өзгеріп, өңденіп сала берер.
«Балдар-ей! – дейді маған өтінішті үнмен өзімсініп. –
Мына таяқты тастайықшы. Матрацтың астынан кеше
келіншегім көріп қоя жаздады емес пе? Құрта тұршы
осының көзін».
Таяқты тозығы жеткен тік шкаптың төбесіне шығарып,
қабырғаға таман ысыра итергеніме Қарқалазы қария қатты
ризаланып, ыңылдайды-ай:
«Қу дүние жеткізбес қуғанменен,
Қара мата ағармас жуғанменен.
Жігіттің бәрі бірдей би болмайды,
Белдікпен көкіректі буғанменен...».
Қалған-құтқан қауқарының бәрін тас-түйін жинап-
теріп, бунап-буып, табан астынан қунақыланып шыға
келетінін, шіркін-ай, ғұлама ғалымдар мен майталман
мамандарымыз шындап бір зерттесе ғой, дейсің. Көз
алдыңдағы қайран қаларлық құбылысқа ауруыңды
ұмытқандай-ақ аңыра таңырқайсың. Кенет келінше-
гі келіп кіргенде, қалтырамай қадамдап, билейтін-
дей адымдап, таяқ сүйеніп көрмегендей-ақ кербез
керіліп, сұлуының сұлу қолын шым-шытырық ши-
майлы алақанына салып, сүйрік саусақтардың тәтті
тырнақтарына
таман
тұстан
сүйіп-сүйіп,
иіскеп,
серілерше серпілерін қайтерсіз?!
Жастың аты – жас дерсіз. Заты да жас, талшыбықтай
талдырмаш, болмысы балғын, жан біткенді жасқандыра
сүйсіндірер сымбатты қымбат тұтып, құрметтеп,
күбір-күбір көбейген коридорға шығасың. Қарқалазы
қарияның жап-жас, хаса сұлу ханымы бүкіл бөлімшеге
басқашалау қозғалыс дарытқандай. Келгенін, кіргенін
көргендер демдерін ішке тартқандай. Тыныс алмақты
доғарғандай. Дәрі-дәрмектердің де иіс-қоңыстары
жоғалғандай.
Дәрігерлер келмекке әлі біраз мезгіл бар. Медбикелер
жымыңдасып, еден жуатын егде әйелге дейін қылмыңдаса
күтулі. Бес-он минөтіңіз біздің елде кедейлік жарыстыру-
мен тарихта қалған өткен ғасырдың ұзақтығындай уақытқа
созылар. Аяғынан тұра алатын ауру адамдардың түгелге
жуығы табалдырықтарының арғы жақ, бергі жақтарынан
жапырласа көз тігер. Жұртыңыздың шыдамы шегіне жет-
кен он бірінші минөтіңізде біздің бөлмеден Қарқалазы
қария жас қатынын қолтықтап шығар. Қарияға ұқсамас,
обал болар онымыз. Ағамызға анықтап бір қарағайсыз
қайтадан. Бойы тіп-тік, жас ханыммен тепе-тең. Коридор,
әттең, ұзындау. Өткен ғасырдың орта тұсында салынған
ғой, едені ескі плита. Ойылма, тайғақ тұсы көп. «Абай-
лашы, ағатай...» дей жаздағың тағы бар. Әзер де әзер
үнсізсің.
Сері көкең сыр бермес.
Коридордың арғы түкпірінен бұлдырап бері қайтқанда
да қайратынан айнымас. Медбикелер мейірімдерін молай-
тып, Қарқалазы қарияның жағдайын жамыраса сұрасар. Әр
палата-бөлмеден созылған қолдар көбейер. Ағатайымыз
ғарыштан оралған батыр зәліттес. Қалбаңдаған қолдарға
қарамастан, таңырқай тесілген көздерді менсінбегендей,
марғау бас изеп, иегін сәл-пәл көтерер.
Өз бөлмемізге аттап кіргенінше Штирлицтейін шира-
тыла тартылған тұрпаты төрдегі кереуетіне жетер-жетпес
тұралап, жалпасынан жығылар. Тұра алмастан, ежелгі
құрылыстың қирандысындай опырылған күйі ұзақ жата-
ды. Күш-қуат беретін, қымбат бағалы бірдемені бір сағат
бойы күре тамырдан сіңірмекке кіретін медбике мөлиеді.
Дәрігерлер кезекті тексерістеріне келгенде, тікірейген
таяғына қос қолын, оның үстіне иегін сүйеп, кілдіреп
отырады.
Дәрігерлеріңіз селқостау, сүлесоқтау түрде Нау-
рыз мейрамымен құттықтады. Қарқалазы қарияның
ауруханаға түскендегісінен тәуірлене бастағанын, қан
қысымының ойдағыдай екендігін мағлұм етті. Бізді
айтарлықтай-ақ ауырлау операция күтіп тұрған сияқты.
Тағы да тексеріңкірейтін, жан-жақты ақылдасып-кеңесетін
жағдаяттардың жоқ еместігін емеуріндейтін сыңайлы.
Наурыздың сол күнгі кешінде ағатайым қаттырақ
жөтеліп, су терге түсті. Орнынан түрегеліп отырмаққа
шамасы жетпей, қолымен ишаралап, ернімен ымдап,
сусын сұрады. Медбикені әурелемеуді басын шайқай
өтінді. Барша бабын келтіре шай әзірлеп ішкіздім. Со-
дан соң ғана басын көтерді. Көңілдене шешіліп, ұзақ
әңгіме өрбітті.
Армансыз өмір сүргендей, алаңсыз ғұмыр кешкендей.
Бала кезінен-ақ не киемін, не ішемін демеген. Кедергі мен
кідіріске кезікпеген. Қосшылықты бастан кешпеген, бәр-
бәрін басшылықтан бастаған. Мәскеудегі Тимирязев акаде-
миясын бітірісімен-ақ бір ғылыми-зерттеу институтының
бөлім бастығы болған. Бір жыл толмай-ақ бір мекеменің
бастығы.
Қызметтік
құжатын
нығайтпақ
мақсатта
облысқа, жергілікті жерге жіберілген. Басқарма бастығы,
одан партиялық басшы, одан да биік майлы да жайлы
алып кәсіпорынның бас басқарушысы болып жалғаса бер-
ген, ұласа түскен. Лұқман хакім меңзегендей, бір надан
жаман сөзбен былғамаққа тырысса, бұл Қарқалазыңыз
қасарыса қарсы шықпаған. Ондайлардың өкпесі кеуіп,
кек сақтайтынын берік ұғынған. Досына да, дұшпанына
да ащы айтпай жымсиып, шырын ғана сөйлеген. Қашан
да арқауы мықты, есіліп-есер жіптері шиырулы, көсіліп-
көсер құрал-саймандары сайлаулы болмағын алдын-ала
қамдап, жан-жақты жайбағыстайтын.
Жұқаналық пен жоқтық жуымаған әулеттен шық
қан. Кейін де өзінің өзегі талып, өзгеден тілемсекте
ніп көрмеген. Әне бір мәтелдегідей мешкей обыр –
жұтқыншы, жүре-бара құсқыншы боп кетерін һәм
Қарқалазыңыз қатты ескеретін. Есірмеді де, есінен тан-
бады да, ерініп есінемеді де.
Ұлы мен қызын да солай тәрбиелемекке тырысып
бақты. Талшыбық шақтарынан иіп, икемдей тәлімдеді.
Мазаттандыра масаттандырып өсірді. Мастандырмады
бірақ.
Жеміс жаман болған жоқ. Ұлы үлкен қызметте. Әкесі
сияқты тез өсті. Биліктің ұшар биігіндегі қамқоршылардың,
жанашырлардың жылуарлы назарына жылдам ілікті. Та-
лай-талай сатылардан бірсін-бірсін емес, дүркін-дүркін
дүр көтеріліп кете барған. Ұлының өз атында ештеңе
жоқ, түк те тіркелмеген. Былайғыларға дым да сездір-
мес. Төрт қалада тойханалары, бірер шаһарда базарла-
ры баршылық. Ірілі-ұсақты кәсіпорындары тұтас тізбек
құрайды. Астанаңыздың төр жағынан бірер пәтер, бай-
бағландар бойлығынан, ерекшелер ендігінен екі бірдей
егіз-қатар коттедж бен сауда орнын қамдастырған.
Бір жолы ғана сыр беріпті баласы.
Қызметі және жоғарылаған, тым-тым биік орынтақтар
дың біріне тағайындалған алғашқы айдың әуелгі күндерін
де келіп-кетушілер мен солар тастайтын конверттердің
шексіз-шетсіз көбейгенін көтере алмапты. Зықысы
шығып, зыпысы тасып: «Пап-па-а-а-а! – деп бала кезінде-
гідей барлығып айқай сапты. Пап-па-а-а-а!».
Қорқынышты дауыс аса салтанатты жабдықталған
ортаңғы бөлмеден естіліпті. Асып-сасып жүгіріп барған
әкесі.
Жалғызының жанары құтырған иттің көзінен бетер
қызарып, конверттерді дестелеп үйіп алып, ақшаларымен
қоса, біртіндеп, ұсақтап турай бастаған екен.
Долларлар.
Еуролар.
Теңгелер де жоқ емес.
Жүз долларлап, мың теңгелеп жыртыла бастапты.
Әкесін көріп, өкіріпті баласы:
«Пап-па-а-а-а! Пап-па-а-а-а! Надоели мне эти конвер-
ты-ы-ы! На-до-ели-и-и! Пап-па-а-а-а! Пап-па- па-а-а-а!»
Әкімдер, вице-министрлер, прокурорлар сыйлаған
қымбат қамшылар қаз-қатар ілулі тұратынтұғын. Біре-
уін жұлып алып, баласының жон арқасынан қатты-қатты
осып-осып, тартып-тартып жібереді.
Оғланы осы күнге дейін риза.
Ақшалары аман, қаржы-қаражаты есен қалған.
Ең бастысы, естен ауысудан сақтапты ғой сонда...
«Балдар-ей, – деді Қарқалазы қария күрсініп. – Нау
рыз күні тазарған, жаңарған жөн деседі ғой. Өздерің
иманжүзділеу жаратылыс екенсіңдер, балдар-ей. Шешіл
ді дағы ағаларың. Көсілді-дағы көптен бері жалқы мәрте.
Есілді-дағы жан-жүйкесін Самарқанның көк тасынша
ерітіп... Кешіргейсіңдер, қарақтар-ей. Сыр сақтайтын
сықылдысыңдар ғой, сыртекі жұртқа жайып-шашып
жүрмегейсіңдер, жарай ма?».
«Жарайды», – деп жұбатамыз біз дағы. Жалғыз өзіме
жекеше емес, көпше түрде «балдар-ей» деп бірталай хи-
кая шерткен ағатайым сол оқиғадан соң, яғни ұлының
жон арқасынан осып-осып жібергеннен кейін көп ұзамай,
өз өтінішімен бөлек шыққан екен де. Кемпірінің қайтыс
болғанына біраз жыл өткендіктен, көзі түсіп, өзгеше
қызықтауға кіріскен балғын келіншекті алыпты. Ұлының
рұқсатымен, қызының келісімімен ғой, әрине. Перзент-
тері екеулей ескерткен қауіпті нәрселерді білмейтін-
дей нақұрыс-надан емес-ті бұ кісі. Жас қатынның «ерге
күйік, елге сүйік» болары, шау тартқан шал-жұбайлардың
зайыптарынан зарар тартып, жапырақтай солары тауарих-
тан мағлұм-ды.
Сонда дағы, алған беттен қайтпаған.
Алты жыл атан болғанша, бір жыл бура болмақты
көксеген-ді текірек-көкірек.
Өзі сексен екіде, келіншегі отыз бірде екен...
Қарқалазы қарияның ұлы шет елдерге ем іздеп кеткен-
діктен, көруге жазбады бізге. Келіні мен немерелері Нью-
Йоркте секілді. Қызы Мәскеуде. Келіншегі де үш-төрт
күндей төбе көрсетпеген. Бүкіл бөлімшеміз – медбике-
лер мен өзге де қосымша қызметтегілер, барша палата-
бөлмелердегі ауру-сырқаулар әр сәске сайын әуреге түсіп,
күтумен жүрді.
Бесінші күні сәскеде емес, бесін шамасында жас
қатыны
ақсақалды
ауруханадан
асығыс
шығарып
әкетіпті. Жұрттың бәрі соңғы мәрте қызықтай алмастан,
арманда қалды. Біз де жарым-жартылай ақылы, жарым-
жартылай тегін хақылы қайта тексерістерден өтпекке,
өзге корпустардың бірінде кілдірей кіртиіп, кезек күтіп
жүргендіктен, ағатайымызбен қоштаса алмағанбыз.
Қатты опынып отырып, төрдегі төсектің астында аға
раңдап жатқан әлденені байқадық. Қарқалазы көкеміз
таяғын тастап кеткен екен.
Үш аптадан кейін бізді сырқатханадан шығарған.
Қымбат тұратын, жаңашалау дәрі-дәрмектерді қалта түбі
көтерсе, біраз уақыт ішіп байқап, қайтадан тексерілмек
керек-дүр. Ауырлау операция жасала ма, жасалмай ма,
айқын емес.
Бес қабатты бетон үйіңізде, баяғы сұрқай сериялы,
сұрғылт жайда тұратындардың өзі «жағдайларын жасап
алғандарға» және «жұпыны-жұқалтаңдарға» бөлініп-жа
рылып үлгерген. Бесінші подъезде біз мәнзелдес мәністе
тақыл-тұқылдау тірлік кешетін жеті-сегіз отбасы бар.
Үш-төртеуінің ахуалдары айрықшалау, байшыкештер
санатында саналар. Қалған бірер пәтердің жұмбақтары
жымысқы. Жанетта Борисовна дейтін жалғызбасты бәй
бішенің бизнесі. Қолдайтын-қорғайтындары жоқ емес
шығар, әрине. «Қонақ үйлер» ретінде ұстайды дә. Бірер
күнге де, бірнеше сағатқа да берілетін пәтерлер ғой,
баяғы. Өзіміздің шұлғауымыз шығып жүріп, өзгелердің
шаруасында неміз бар? Бірақ бұл бизнестің бір бөлмесі
біздің үйімізге бүйірлес еді.
Ауруханадан айыққандай болып шыққаныммен, тө
секке көбірек таңылатындаймын. Бастықтарға дені сау
қызметкер, зайыпқа дін аман жұбай, бала-шағаға ауру-
сырқауы кемірек әке керек-дүр. Қыңқыл-сыңқылы ба-
сым, күш-қайраты кемшін, жылбысқаланып жата беретін
адамды мына заманда кім жаратады? Жақтыра қоятындар
жоқ.
Үш бөлмелі пәтер-үйіміздің шеткісінде мүлік-мүкәмал,
ескі-құсқы бірдеңелер ыбырсып жататын. Енді сол бөлме
бізге, Қарқалазы қарияның «балдар-ейіне» біржолата бо-
сатылды. Бетон қабырғаға жабыстырыла байырғы кере-
ует орналастырылды.
Жаңа жағдайға, жалқы-жүдеу жатысқа көндігіп, көр
шілес пәтерде өтіп жататын отырыстар мен күбір-сыбыр
ларға да, тасыр-тұсырларға да үйренген дейміз. Күндердің
күнінде, шалалау ұйқының шалықтауындағы күйімде
дабыр-дұбырдан емес, ешқашан естімеген ерекшелеу
ыңырсудан оянып кеткенімді қараңызшы. «Қонақ үйге»
түнеген меймандардың әлдебірі ауырып қалды ма, жападан-
жалғыз жатса, шұғыл көмектеспек керек шығар. Деп түйіп,
мазамыз қашты. Жаман ойлау жоқ еді бізде. Әлгі ыңырсу
барған сайын күшейді. Күдік кірді кенеттен. Қарақшыдай
ұрланып. Ауру-сырқаулықтан қаншама қиналып жүрсек те,
еркек емеспіз бе, бүйірлес-бизнес бөлмедегі дауыстың мән-
мәнісін бірте-бірте түптеңкіреп түсінгендейміз. Қарқалазы
қария секілденіп қалқиып, төсек үстінде түрегеліп отырдық.
Ыңырсу алапат ышқынысқа ұласқан. Жасыратын түгі жоқ,
ұнамсыз да еместей белгісіз әйел дауысы. Кешіргейсіз,
оқырман, өзімізге-өзіміз бағынбастан бір сәтке, бөгделеу
пиғыл бунады. Демді тартып іш жаққа, құлақ қойдық ерік-
сіз. Неліктен олай, кім білсін...
Таңалакеуім тұстұғын.
Күндегі әдетімізше, ерте тұрып, жарты сағаттай жаяу,
бірақ баяу аяңдап, қайта оралдық бес қабатты бетон үйдің
алдына.
Сәл-пәл сергектенгенмен, ілби басып, маңдай тер-
шіп, кенет басты көтерсем, бесінші подъезден Қарқалазы
қарияның жас қатыны шығып келе жатыпты.
Талшыбықтай талдырмаш. Бұрала басқан балғын-
ай. Бас изедім алдымен. Амандасар айтуға ауыз көнбей
икемге, тіл байланып, тұтылдым. Бөтен ойдан аулақ ем.
«Есенбісіз, қымбаттым... Қайдан жүрсіз біз жақта?!» –
демек едік елпілдеп. Тіл тұтықты неліктен? «Қарқалазы
қария, ағатайым аман ба?» – демек едік тағы да. Жақ
қарысып қалғандай. Жас қатынның артынан таудай
биік, талдай көркем, зіңгіттей жігіт ілескен. Енді ғана
бірдеңені ұғынғандай, шеттей бердік сұңқиып. Бас ай-
налды мең-зеңденіп, қадамымыз зіл тартып, зәузі шектік
мұңғиық.
Тартып бара жатты әлдебір тұңғиық...
БАНКТІҢ ИТТЕРІ
Біздің мекеменің бастығы өзін аса бір адал адаммын деп
санайтындар санатында. Қарамағындағы қызметкерлерін
де адал болмаққа баулитындай. Сайып келгенде, са-
бантаспа секілді сағыздана сақсынған басшысы бар,
саздақшөптей сұйқылтым кеңсемізде күнәһарлыққа ұшы
рай қоятындай дәнеме жоқ. Тіпті мемқызметкерлерге үй
салатын телім тегін беріледі деген ереженің өзіне һәм еріп
кете алмадық. Аңқиып, айдалада қала бергенбіз.
«Маған жердің керегі шамалы, жарытып үй сала-
тын жағдай қайда? Қайда-а-а?! Әйда, өздерің әрекет
жасаңдар», – деген мекеме бастығы.
Кезекке жазылдық.
Кезең-кезеңдер көбейді.
Асу-асулар азаймады.
Жылдар өтіп барады. Жылжымақтың жылдамдығына
қарағанда, тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық той-
томалағына тұспа-тұс қол жеткізуіміз кәдік. Оған дейін
кім бар, кім жоқ. Ол кезге дейін Ұлпакент шаһарында
ұлтарақтай бос жер қалар ма?!
Осындай-осындайдан ғой, қияли күйде, салқам-сал
ғырт аяңмен саябақ жанындағы жиекжолмен жалдап
тұрар пәтеріңе беттейсің. Патерналистік психологиядан
арылмаққа талпынып, алға қарай алқынып-ақ бар-ау.
Алайда, Ұлпакентіңнің кейбір кейпінен кежегең кейін
тартар. Тиемел теліміңді телміртпей-ақ, тентіретпей-ақ,
бірден кесіп бере салса қайтер еді дейтін қыжыл қаныңды
қарайтып, жүдеу жүзің күреңітіп келе жатқаныңда,
саябақтың сұлу бүйіріндегі бұйығыңқы үйшіктен күшік
шығады.
Құйрығын бұлғаңдатар. Күзетші шал қалқиған құла
ғына қонған шыбын-шіркейді ұшыруға ерінер. Аш кү
шіктің жанарлары жалынышты дымқыл жарқылмен жа-
саурайды. Қыңсылын қосымшалап, алдыңды кес-кестер.
Жалынышты дымқыл жарқыл жаныңды жабырқатардай
тарғыл-тарғыл тамшыларға айналар. Ала күшіктің мөлт-
мөлт етіп мүсәпірлене жылағанына шыдамай, амалсыздан
сүткенжеңе сатып алған ағарғаннан аздап қана құясың.
Жиекжолдың шетіндегі жапырақтарға шашыраған
жұғынға дейін жалап-жұқтайды. Құйрық шіркін бұрынғы
дан бетер бұратыла бұлғаңдар. Жылбысқылана жабысқан
ішегіне ақ жүгіргені қабысқан қабырғаларының бүлкіл
деуінен білінер. Омыртқасының шодырайған тұсы арқа
терісін тесіп жіберердей көрініп, дорбаңдағы наныңнан
бұрап үзіп тастайсың тағы да.
Ала күшігің қарақошқылдау тұмсығымен түртіп-
түртіп, рахаттана масаттанып, қоңыр бөлкенің ширек
бөлігін қарбыта асап-асап кеп-кеп жібергенде бар ғой,
шұбыра аққан сілекейінен саябағың түгел суарылардай
сезінесің.
Артыңнан қалмай, қалбаң қағар.
Аяғыңа оратыла алғыс түйсігін түсіндіріп бағар.
Саябақтың шетіндегі көшемен темір көліктің түр-
түрлері ерсілі-қарсылы ағылар. Көбінесе кептелекке
кезігесің. Ара-арасымен жаяу өтпектің өзі – мұң. Сол
көшеге жете бере ала күшік ақырғы мәрте аяғыңның ара-
сымен билей басып барып, жұқалтаң қызыл тілін қайыр-
қош айтқандай қос ұртынан кезек-кезек көрсетіп, кері
бұрылар.
Ұлпакентте саябақ дегенің аз емес-ті.
Кейінгі кездері оларды да олигархиялық топтардың
озғындары бөлісіп ала бастаған. Озғындар мен тозғындар
дың арасы аспан мен жердей алшақтап кеткенімен ешкім
нің де ісі жоқ.
Көп ұзамай-ақ, біз жанынан жалықпай аяңдайтын
саябақтың да сұлу бүйіріндегі бірыңғай балқарағай мен
байсамырсыннан басқа ағаштың бәрі бақайқұртқа шал
дыққандай-ақ шетінен қырыла қырқылды. Бұйығыңқы
үйшік бір күнде, бәлкім, бір сағатта жоқ болды. Күзетші
шал өліп қапты десті жұрт. Бақ-талайсыз байғұсты
біреулер жер тегістейтін техникамен таптап кеткен де-
седі.
Ала күшік ұшты-күйлі жоғалған.
Алты ай бойы айраным мен наным жалдап тұрар
пәтеріме бүтін барып жүрген.
Жетінші айда саябақтың белгілі тұсынан банк үйі
бой көтеріп бітіп, айналасына айбарлана қарап, жарқыл-
жұрқыл жарық шашты. Төңірегі түгелдей қара шойын
тектес, тым-тым биік, бағанөрнегі мысыңды басатындай
металл шарбақпен қоршалды.
Банктің жанынан жүрмекке һәм сән-салтанат керек
сияқтытұғын. Оларың бізде қайдан болсын. Амал не-
шік, айналып кетер жолдардың бәрі алыс қиырларға же-
телер. Банкке жақындай бере бойыңды тіктеңкірейсің.
Жалт-жұлты басым нешеме насат көліктер, әсіресе, де-
лебе делдитер «Джиптер» қаз-қатар тізілген маңайдан
малмакүбінің қысқа піспегіндей домалаңдап, пысық
қозғалмасқа лажың қалмас. Аяғыңның астына дейін
айнатас па, тайматас па, анықтап қарамаққа әддің жет-
пес.
Бірде кеңсемізден кешірек шыққан ек. Мекемеміздің
шау тартқан шағыр басшысы өзін онша бастықсынбас,
биліктемін деп те, биіктемін деп те сезінбес күйде
көрсетпекке тырысар. Бірақ жұмыс істетпекте әлгіндейін
жайлы-жұмсақтығының
қарымтасын
қырық
еселеп
қайтарар. Қағаз-құжат жасап-жазбақ міндеттен қансорпаң
шығып, қалжырай қалтырарсың.
Ұлпакенттің ымырты қоюланар мезгілде жаңа банктің
ғимараты байсамырсын мен балқарағай арасынан ғарышқа
ұшатын ғажайып зымыран зәліттес зораяр. Қараған ме-
зет, қалжырай қалтылдағаныңды ұмытарсың. Қадамыңды
нықтауың, еңсе шіркініңді жықпауың жөн ғой мұндайда.
Қарауытқан қоршаудың арғы жағында да, бергі бетінде де
қарауылдар.
Кенет банктің бұрышын айналып өтіп, бері қарай
бір шоғыр ит шәуілдей үріп, салып ұрып келеді екен.
Ою-өрнекті шарбақтан сыртқары шыға қоймас де-
ген үмітім ақталмады. Бағандардың жан-жағынан оп-
оңай, сумаңдай секірісіп, қаумалай қамалады. Құж қара
қарауылдардың қой дейтін түрі байқалмайды. Қолды
сермеп, дорбамен жасқап, қарсылық білдірсең, бір-
ді-екілі бетпағы балтырыңды тістеп алудан тайынбас.
Бір тәуірі, бәйтөбетсіз, өңшең бөртік тарыдай біркел-
кілеу бәлекеттер екен. Бірақ бәрінің де жағдайлары жа-
ман емес тәрізді. Жүн-жұрқаларына дейін жылт-жылт
етеді.
Басқа жақтың емес, банктің иттері дә.
Не істемекті біліңкіремей, дағдарып қарағанымда, құж
қараның бірі: «Қаппайды. Кете бер!» – деп күжілдеді.
Шәуілдектер шоғырының шуылы бірден бәсең тартты.
Қарауылдың дауысы қатты әсер еткендей. Кет деген-
ді өздеріне емес, сен секілді сілейме-секем сөмпимеге
айтқанына ит-күшіктер айрықша ризаланып, сымпың
қағады.
Ал мен алға қарата бірер аттап, аңтарыла қаттым да
қалдым.
Банктің иттері арасынан баяғы ала күшікті анық таны
ғандай едім.
Сол ғой, сол.
Әлде ол емес шығар деп, сәл қозғалып барып, күдіктене
кідіргенімде ше, ала күшік серіктерінен сытылып, бермен
қарата бұрылды.
Сол екен ғой, сол. Көңілің босаңсып, кеңсірігің жібі-
гендей.
Бірақ баяғыдағыдай емес. Емес-емес-емес. Деп қатая
бастайсың.
Құйрығын бұлғаңдатпайды.
Жалынышты, жасаураған жанарлар жоқ. Басқаланған
бәрі де.
Жалпақтау жоқ. Ол жағынан да өзгерген. Бірақ бойы
өспейтұғын бәкенелер тұқымы ғой, сәл-пәл ғана қал
қыңқы.
Жарбаңдау жоқ. Жылмаңдық бар.
Құдды «жаңа қазақтарша» арақашықтық сақтайды.
Жақындамайды-ей.
Жұмырлана майланып алыпты.
Айранымды дорбамнан алып, айнатасқа азырақ құйғым
келген. Жоламас та жаламас деп айныдым.
Қоңырқай нанымнан бұрап үзіп, ықыласпен ұсынғым
бар-ды. Банктің банкеттерінен, қымбат тағамдар қалдық
тарынан тамақтанатын шығар, құрғақ бөлкені менсін-
бес. Дегендей күбір көмейден түбір тартып, райымнан
қайтарды.
Иттер шоғыры шуылдай шәуілдеп, биік банктің арғы
бетіне қарай шұбырды.
Құж қараның бірі банкирлер тілінде бірдеңе деді ме
қайдам, ала күшік табан астынан шала бүлініп, ал кеп
шабалансын. Шынымен-ақ мына маған шыжбалана
шаптығып, баяғы досын қас дұшпан тұта, жауыға үріп
тұрыпты-ай...
Тұғырсыз, тексіз екен дә. Атаңа ғана нәлет-ай...
Итжемеде қалғандайын қорланбасқа не шара... Аш
ішегің ашиды-ай. Тайматасқа жығылмақтан қорқарсың.
Кептелекте иінтірес көліктермен иықтаса ит бүлкекке
саласың.
Кеңсеңнен де иттепкі боп шығып ең.
Жалдап тұрар пәтеріңде итырқылжың күтулі.
СІЗДІ СҮЙГЕН ҚЫЗ ЕДІМ
«Махаббатым сізге,
тағдырым да сізге арнала-а-ад...»
Бегімайдың жыры
Мен сізге қай кезде, қалай және қанша жасым-
да ғашық боп қалғанымды, неліктен мұндай дертке
ұшырағанымды, қалайынша қатты сүйіп қалғанымды
білмеймін. Әйтеуір бір күні, кешқұрымғы шақта, қас
пен көздің арасында өзімнен-өзім қатты-қатты қуанып-
қуанып кеттім. Жүрек шіркін алдымен алқынып, ар-
тынша алып ұша атқақтай жөнелді. Алқын-жұлқын
күй кеше тұра бал татыған мұндай мезетті оңды-солды
ешқашан бастан кешпегенімді түйсіне таңырқадым.
Дәл сол сәтке дейін бойыма құйылып көрмеген құпия
ағын аппақ құсқа айналып, жүрегімнің қай қалтасынан
қанат қағып шыққанын қайдан ғана білейін. Ол омыра-
уымды аялай сипалап бір өтті де, ой-санамды шарлай
шығандады.
Әпкемнің балконында тұрып, жаңадан пайда бола
бастаған ымырт жұлдыздарына қарадым. Жылы күздің
жаймашуақ күндері жаңадан басталғантұғын. Бозқара
ғанның жапырақтары осы кезде керісінше көбейіп, қою
ланып кететіндей көрінетін. Ал сәл былайырақтағы
өріктің ұшар басы қызылжалқындана арай шашатын-ды
аспанға. Менің болмыс-бітімімдегі бөтенше бұлқыныс,
төтенше құлшыныс неден пайда болғанына бозқарағандар
да таңырқайтындай. Өріктің төбе тұсынан туған жаңа
жұлдыздардан жеткен сәулелер ме екен?! Дей бергенім-
де, сізді көрдім кенеттен. Ымырт қараңғылығы қоюлана
қоймаған еді. Қызылқоңыр жейдеңіз өзіңізге жара-
сып, жымия күлімсіреп, жаныңыздағы кісіге әлденені
әңгімелеп келе жаттыңыз сіз. Біздің балкон жаққа жалқы
мәрте жанарыңызды аударсаңыз, ештеңеңіз кетпес еді ғой.
Бірақ көз қиығыңызды да қимастан өтіп бара жаттыңыз.
Мен балконның пердесінен сығалап, маңдайыңыздың
сәл-пәл тершігеніне дейін байқадым. «Шіркін-ай, бір
рет бері бұрылыңқыраса қайтеді», – дедім ішімнен.
«Шүкіршілік», – дедім сонсоң. Сіздің мен тұрған балкон-
нан бірер қадамдай ғана жерден өткеніңізге, жымия күліп
жанымнан қадамдап бара жатқаныңызға шаттанғанымды
айтсаңызшы. Сонда ғана, тек сол бір минөтте ғана манағы
мезеттің, бал татыған, алып-ұшқан қуаныштың, алқына
атқақтаған жүрек лүпілінің, аппақ құсқа айналған құпия
ағынның – бар-баршасының себебі сіз, иә-иә, сіз екеніңізді
сезіндім.
Сіз екінші қабатта тұратынсыз. Мен бірінші қабаттағы
әпкемнің үйіне оқта-текте баратынмын. Сіз некен-нұқан
көршіңізге кіріп, нұқыл әпкеммен әзілдесіп, жезде-
ме әдейі ғана қарамағансып, бір шыны ғана шәй ішіп
шығып кететінсіз. Бірте-бірте мен сізді қызғанатынға ай-
налып бара жатқанымды және мұндай мінез-құлықтың
өз еркімнен тыс пайда бола бастағанын байқадым. Иә-
иә, әпкемді сізден емес, сізді әпкемнен қызғанатындай
әдетпен де қашан және неліктен дерттенгенімді білмей-
мін.
Әуелгіде осы кісі маған да қараса екен, маған да әпкеме
әзілдегендей әдемі күлімсіреп, қатты-қатты қалжыңдаса
екен дейтінмін, олай болмады. Сіз жай ғана, қатардағы
бала-шағаларға қарағандай бір көз тастап, кейде менен
кішіректердің бастарынан сипалап, өте шығатынсыз.
Кейде подъездің алдындағы арқалығы бар ұзынша
орындықта әпкемнің балаларын ойнатып отырғанымда
да сөйтетінсіз. Әрине, мен ол кезде сіз басымнан сипа-
лай қоятындай кішкентай емеспін, көз тоқтатыңқырап
кідірістейтіндей бойжеткен емеспін. Бірақ бұрыннан-ақ
сіз көз қиығын салыңқыраса екен, жиірек назар жықса
екен дегендей нысай-ниет бартұғын менде. Ал сізді
әпкемнен қызғанатындай халге душар болғанымда, осы
қылығымды бұлтартпастай мойындағанымда, жасым
небәрі он төрттетұғын. Білдіңіз бе?! Білмейсіз оны, сез-
бейсіз де тіпті.
Біз Күншуақ қаласына жақындау ауданның орта
лығында тұратынбыз. Әрине, әпкеміздің үйіне жиі-
жиі бара бермектің жөні жоқ. Қаладағылардың хал-
жағдайы белгілі, сыры мәлім. Жездеміз жантайып
жатып, мүлгігенді білер. Жұмысы аса ауыр. Қаншама
жылдан бері фосфор зауытында. Айтуларына қарағанда,
елу жасқа жетпей-ақ зейнеткерлікке шығатын көрінеді.
Қашан барсаңдағы, қалғыған қалпынан айнымас.
Амандасуға әзер әлі келетіндей. Әпкеміз ше, ол кісі жез-
демізді жерден алып, жерге салып, айлықтан-айлыққа
аш-жалаңаш жететіндерін, мына жатысымен бұл дүние-
жалғаннан дымға жарымай өтетіндерін жырлай жылап,
құлақты жейді. Сөйтетін әпкеңе қалайынша қайта-қайта
бара берерсің? Бертініректе байқағанымдай, әпкеміз сіз-
ге кетәрі емес сияқтытұғын. Көңілденгендей көрінетін
сирек сәттерінде сіз туралы әңгіме бола қалса, бет-
жүзіне жылу молырақ жүгіріп, бұрқырай беретін са-
май шаштарын жөндеп, жездемізге бір қарап қойып:
«Құрдастардың ішіндегі Құдай ұрып қойғаны біздікі
ғой», – деп жымиыңқырайтын. Сол подъездегі төрт-бес
отбасы иелерінің бәрі бір-бірімен құрдас екенін ести
тінбіз.
Сөйтіп, сол жолы сол бір бәсеңдеу балконда тұрып,
бәріне де сіздің кінәлі екендігіңізге көз жеткіздім. Одан
кейін ше, қаншама мәрте мізбақпай күттім сізді. Сол
балконда. Әпкемнің ала-құлалау пердесіне жасырынып
қадалар едім. Кешқұрым шақта. Бозқарағандар қалқайып,
өріктің ұшар бастары өзгерген кездерде. «Кешқұрым
шақ, қас пен көздің арасы; Жеті әлде сегіздердің шама-
сы. Көз тастайды қыз балконнан төменге; Қашан келер
сағындырған ағасы?!» деп өлең жазуға дейін жеттім. Он бес
жасымды қалада, әпкемнің үйінде атап өтпекті қаладым.
Дос қыздарымның бір-екеуін шақырып тойлағанымызбен,
ойлағаным сіз едіңіз, білсеңіз. Білмедіңіз бірақ та. Себеп
тауып, өзіңізді көргім бар. Сіз жұмыстан оралар-ау деген
сәт, сыртқа шығып отырдым. Бақытыма қарата жан бала-
сы жоқ екен. Қызыл-қоңыр жейдемен, қоңырқайлау кур-
ткамен келе жатыр екенсіз. Бірер апта алдында пойызға
мініп алысқа кетіпті деп естігем. Сағына түскем сарғайып.
«Пойыздар, мені алып қаш; Таулардың арғы жағына.
Қандай жан дерттен айықпас; Сүйгені келсе жанына!»
деп те жырлар құрағам.
Сіз шынымен-ақ жақындап келе жаттыңыз. Таяның
қырап қалғаныңызда, батылым жетіп орнымнан тұра бер-
генімде, алақаныңызға алақанымды қондырмаққа талпы-
нып, қолымды созбаққа енді ұмтылғанымда, подъезден
әпкемнің шыға бергені...
Әдетіңізше әзілдеп, күлімсіреген кейіпте әпкеме сә
лемдесіп, кенет маған бұрылдыңыз. Бұрындары да оқта-
текте көріп қалатынсыз, қарап қоятынсыз. Бірақ бұл
бұрылысыңыз бөлектеутұғын. Әлде біз он беске толғанда
басқаша сезілдік пе, кім білсін-ай, кім білсін. Кідіріңкіреп
бас-аяғыма байырқалай қарағаныңызды әпкем аңғармай
қала алмас.
– Бүгін біздің Ақнұрдың туған күні, – деді әпкеміз менің
алабұртып тұрғанымды түсініңкіремей, тымырайғысы
келіп. – Он беске толып қапты. Дем-демде.
– О-о-о! Он бес жас деңіз. Құттықтаймын! – дедіңіз
сіз менің қолымды оң алақаныңызға қондырып, сол
қолыңызбен білегімнен ұстап. – Осы подъездегілердің
сұлуы сенің әпкең ғой. Ал сен, Ақнұр, әпкеңнен де
көркемсің!
Он бес жасқа толған күнімнің, жарық дүниеге кел-
ген күнімнің, туған күн кешінің қалай өткені жадым-
да жоқ. Жадымда – жағымды үніңіз. Алақанымда –
алақаныңыздың жылуы. Ешқашан кетпес есімнен. Дос
қыздарымның қай кезде келгені, қайтіп құттықтағаны,
әпкем мен жездемнің не айтып, не қойғаны... Ойымда
түк те қалмапты.
Сол кештен кейін, кім-кімнің болсын туған күнін атап
өтпекке барсам болды, өзіңізді көз алдымнан кетіре ал-
маймын. Кетіргім келмейді. Алақаным ыси береді, білегі-
ме қараймын келіп тесіле. Сіздің жазғандарыңыздың бәрін
түк қоймай оқимын. Газеттен қиып алып, омырауымның
ортасына бүктеп салып қоямын. Кейде апталап-айлап
ештеңеңіз жарияланбайды. Ондайда аһылап-уһілеп шар-
шаймын. Сөйтіп жүргенде, жарқ ете қаласыз. Бүктелген
газет қиындысы көпке дейін кеуде тұсымда сыбдырлап,
сыбырлар. Қымбат қазынама айналған қиындыны ұйқыға
жатарда жастығымның астына жасырармын. Газеттің
бояуы кеуде тұсыма да, киім-кешегіме де, жастығыма да
жұғып қалар. Оған қуанбасам, ренжімеспін. Қиындыны
бетіме бассам, сіз сүйгендей сезінермін. Аңсап-аңсап кет-
кенде ше, ерніме тигізермін. Күндердің күнінде дүниедегі
ең жағымды, аса ұнамды иіс мына милауыңыз үшін
газеттің иісі боп кете барғанын білмейсіз сіз. Жалпы, сіз
не білесіз өзі?! Түкті де білмейсіз. Ештеңені де сезбейсіз.
Әпкемнің мені милау дейтінін де білмейсіз. Қиялиланып
қала беретінімді, меңірейіп отыра беретінімді байқамайды
дейсіз бе, біраздан бері әпкем мені Милау деп атайтынға
көшкен.
Милау.
Бірер ай өткенде, әпкеммен қатты ұрсысып қалдым.
Оған да сіз кінәлісіз. Сіз туралы ойлап отырғанымда,
әпкем:
– Не ойланып отырсың? Осы сен қыз данышпан ойшылға
айналып алдың ғой! Милау болдың ғой! – деп ашуланды.
Сізді елестетіп отыратынымды сезетін секілді.
– Сіз кімді ойласаңыз, мен де соны ойлап отырмын, –
дедім. Содан кейін ол үйге бармай кеттім.
Сіздің жазғандарыңызды түк қоймастан тақырлап,
кеміріп жеп оқимын. Сездірмедім ешкімге. Жан адамға.
Қайталай-қайталай жаттап алатынмын. Іздеп-сұрап жүрер
ем. Сағына аңсап сұрар ем.
Бірте-бірте сіздің бірдеңеңіз жарық көрді дегеңді
өзімнен өзге біреу алдымен айтып қойса ше, ол адам
кім болса ол болсын, жек көріп, жау тұтып, жанып кете
жаздайтын ауруға ұшрадым. Тоқсан үшінші жылы сіздің
қоңыр тысты, сыртқы мұқабасында жүректің бейнесі бар
кітабыңызды дүкеннен көріп, қос қолдай ұстап бас сал-
дым. Сөреден жұлып алып, сатушыға бар даусыммен:
– Мына кітап қашан түсті?! – деппін.
Айналадағы адамдар аңтарыла қарар, бәрі бірдей
бұрылып. Сатушы шошып кетер. Шегіншектеп барып, та
ңырқай түзелер.
Қырсықтығымның тұла бойымда тамырлана жасы-
рынып жататынын бұрын да байқайтынмын. Бұлқынып
сыртқа шығатынын сезетінмін. Кейінгі кездері мүлде
өзгеріп барамын. Міне, мына мұнтаздай тап-таза, тып-
тыныш, естері дұрыс кісілер бір-бірімен сыбырласып
қана сөйлесетін кітап дүкенінде дүниені дүр сілкіндіріп,
бүкіл биік үй-жайды бір сілкіндіріп тұрыппын. Дәл сол
сәтте бұл қылығымды бағамдап, бар даусыммен сүрең
сала сұрақ лақтырғаныма ұяла қойған жоқпын. Тіпті
айқайлағанымды аңғармауым да мүмкін ғой. Жапыр-
лай бұрылып қарағандарды да елемеген сияқтымын. Бар
ділім мен дітім сіздің кітабыңызда еді. Қоңыр кітапты қос
қолыммен қыса ұстап алып, алдымен ары төңкеріп, бері
аунатып, тесілдім-ай телміре. Сыртқы қалың мұқабада
жүректің суреті. Үстіңгі жағында сіздің аты-жөніңіз.
Жүрек суретінің астында кітаптың аты. Ары да қараймын,
бері де қараймын. Ал кітап сөрелерінің маңайларындағы
қалың қауым: «Мына бір жап-жас қыз жынданған екен
де, кітап дүкенінде несі бар байғұс баланың» дегендейін
қоғамдық пікір түйіп үлгергенінде шаруам шамалы. Тек
кейіннен ғана шегіншектеп барып таңырқай түзелген
сатушының абыржыңқыраған тұрпатынан ғана түсініп,
бәсеңірек тартқандаймын:
– Қашан түсіп еді бұл кітап? – дедім дауыс екпінімді
еселей кемітіп.
– Көп болған жоқ, – деді сатушы әлі де өзіне-өзі келе
алмай.
– Қаншауы келді? – дедім қайтадан қырсыға бастап.
– Үшеуі, – деді әлгі әйел көзін жыпылықтатып.
– Ешкім алмады ма? – дедім тістене.
– Жоқ.
– Онда үшеуін де беріңіз маған!
– Ашуланбай-ақ айтсаң болмай ма, шырағым? – деді
сатушы әйел есін енді-енді жиыңқырап.
Сол қоңыр кітабыңыз тоқсан үшінші жылғы маусым
айында шыққан. Бағасы бар болғаны елу бес тиынтұғын. Мен
жынданған адамдай сіздің сол қоңыр тысты кітабыңызбен
сөйлесетінмін. Бір бетін ашып біра-а-аз сөйлеп отырамын.
Екінші бетін аударып және бірдеңелерді айтамын. Кітапқа
айтамын, кейіпкеріне айтамын, сізге айтамын. Осылайша
төрт жүз беттік кітабыңыздың әр бетін қайырып қойып,
тілдесетінімді түк те білмейсіз. Сезбейсіз.
Өзгерейін, енді сізден ұялмауға сөз берейін деп
шештім бірде. Есіңізде ме, мен сіздің кітабыңызды
қолтығыма қысқан күйімде қолтаңбаңызды қойдырып
алмақ мақсатта, алдыңызға бардым. Қайдан қалсын
есіңізде, менен басқа да оқырмандарыңыз көп шығар,
сірә. Ұзыншалау биік үйдің бірінші қабатындағы дәліздің
түкпіріне таман отыратынсыз. Буын-буынымды билей ал-
май кирелеңдеп, оның үстіне көзім бұлдырап, кірдім-ау,
әйтеуір. Амандастым. Сіздің не деп жауап қатқаныңызды
естімедім. Жанарыңыздан түкті де сездірмедіңіз. Сүлесоқ,
салғыртсыз. Көзіңізден ештеңені оқытпадыңыз. Оқи
алмағам. Ерініп отырғандайсыз. Табан астынан жыным
қозып, қырсығым қабындады. Есіктің жанындағы айна-
дан да сіздің сықпытты көзім шалып, одан сайын жында-
на түстім.
– Алдыңғы буын ағалар, неге сонша қатыгезсіздер? –
дедім.
– Неге олай дейсің? – дедіңіз.
– Солай, – дедім мен.
– Сендер, бізден кейінгілер алдыңғылардан да қатқыл
болайын деп тұрсыңдар ғой, – дедіңіз сіз.
– Мен газеттің иісіне ғашықпын, сенесіз бе? – дедім
мен.
– Ә-ә, журналист болайын деп жүрген қыздардың бірі
екенсің дә? – дедіңіз сәл тірілмекке талпынып. – Қазір
қаламгер қыздар көбейді ғой. Біздің уағымызда бірен-са-
ран еді.
– Мен көптің бірі емеспін, – дедім мен тістене түсіп.
– Көптің бірі деп тұрғам жоқ, айналайын, журналист
болғысы келетін қыздар аз емес дегенім де.
– Мендей қыздар көп емес, – дедім сізбен салғыласа
ұрысқым келіп. – Мен де жазып жүрмін. Бірақ сіздер
оқымайсыздар ғой ондайды.
– Қандайды? – дедіңіз тірілмекке талпынған түріңізді
қайта өлтіріп.
– Оны қайтесіз, бәрібір оқымайсыз.
– Әпкелеріңе бармай кеттің-ау, осы? – Тағы да тірілетін-
дей түрмен осылай дегенсіз.
Жүрегім аузыма тығыла жаздаған. Байқайды екен-ау,
іздейді екен-ау мені! Деп үміттенгем. Не дерімді білме-
гем.
– Мен сізді түк қоймастан, тақырлап, кеміріп жеп оқи
мын, – дедім батылым жетіп. Әгәрки, сонда бар ғой, орны
ңыздан тұрып кеп қолымды алғаныңызда, алақанымды
алақаныңызға қондырғаныңызда, сіздің мойныңызға асыла
кетпекке әзір ем мен...
– Рахмет, – дедіңіз тек қана. Өлі күйде ғана.
Әлі де оянар, неғыпты сонша, бірдеңе дер, ең құрығанда
құмығыңқы үнін құлағыма сіңіріп әкетермін дегендейін
қиял құшағына еніп, елтіген ем. Бәрібір сіз сол күйі үн
қатпадыңыз. Үн-түнсіз отыра бердіңіз. Ұсынған кітабыма
селқостау ғана санаулы сөздер жаздыңыз.
Іштей булыға жылап, көз жасымды шығармай еңіреп мен
кеттім. Есуастың санасынан шықпайтын елестейін сонда
да ойдан кетпейсіз. Салқын жазды деген қолтаңбаңыздың
қаншалықты қымбат дүниеге айналғанын білмейсіз ғой
қазір. Білмейсіз, түсінбейсіз, сезінбейсіз. Бірер минөт
бұлқан-талқан түтігіп, тұла бойымды ыза кернейді де, іле-
шала сағына бастаймын сізді. Жастығымның астындағы
қоңыр кітапты алып, қысамын-ай кеудеме, басамын-ай
бетіме.
Сүлесоқ, салғырт отыратын сізді оятып, өзіңізді өзгерт
кім келетін. Әншейінде әзілдеп, жымия күлімсіреп жүретін
әдетіңізден неге жаңылғансыз? Әлде жұмысыңыз жай-
сыздау ма? Немесе бірдеңе жазарда осылайша назарыңыз
назалы жүресіз бе?
Өзімше өзгешелеу деп санаған бір дүнием газетте жа-
рияланды. Оқыды ма екен деп ойлаумен болдым. Білген-
ше, көргенше асықтым. Сәті түспеді, ығыты икемделмеді.
Қайтадан қырсықтым. Қайткен күнде де бір басылымға
орналасып алып, көптің бірі еместігімді дәлелдегім келді.
Бір газеттің бас редакторына кірдім. Әлгі дүниемді алып
бардым. Қиындысын.
– Мынаны оқып шығуыңызды өтінемін, – дедім бас
редакторға шегелеп, шегендей сөйлеп.
– Оқыдым, – деді ол. – Сен қыз бізге мектепте жүр
геннен жазып тұрушы ең ғой. Оқта-текте болса да. Бұ
жазғаныңда бірдеңе бар сияқты. Ұнады.
– Бірдеңе бары рас па? – дедім.
– Айтып отырмын ғой, жаттанды емес, жасандылық
жоқ, – деді бас редактор.
– Мені мектептен білесіздер ғой?
– Білеміз. Жас тілшілердің тізіміне жыл сайын іліге
тінсің.
– Олай болса, мені жұмысқа аласыз!
Бас редактор басын қисайта кекжиіңкіреді.
– Орын жоқ қой, оның үстіне...
– Ненің үстіне? – деп қырсықтым мен.
– Оның үстіне мамандық алып үлгерген жоқсың әлі.
Солай емес пе?
– Былтыр құлап калғам. Биыл түсемін, – дедім мен.
– Солай де. Сен әуелі түсіп алғын. Сосын бізге оқта-
текте емес, жиі-жиі жазғын, жарай ма? Орын босап жатса,
көрейік.
– Түсемін. Сырттай бөлімге. Сіздің газетке қалайда ор-
наласамын.
– Батылдығың ұнап тұр, – деді бас редактор жымия
қарап. Біздің жақтағы Мәдениет сарайында жерлес
қаламгеріміздің мерейтойы өтетін еді. Ондай-ондай
кештерді онша жақтырмайтын бәлем бар ғой. Сіздің
келетініңізді сезіп, сол тойды асыға күттім. Күнді ба-
тыра алмадым. Сәт-сағат соқты-ау ақырында. Қанат
біткендей ұша жөнеліппін, сіздің қарсы алдыңызға
топ етіп қоныппын. Сағынғаным соншалық, ешкімге
де, ештеңеге де мән берместен, жылымай қойған жа
нарыңызға жақыннан, жаныңыздан қарап, бетіңізден
сүйгім келді. «Сүйіңізші мені!» – деп сыбырлағым
келді.
Сіз қолымды ғана алып, бас изедіңіз де өте шықтыңыз.
Бар елеп-жебегеніңіз сол болды. Онша өкінбедім. Көргені
ме, алақаныңызға алақанымның жанасқанына қуандым.
Бақытты санадым өзімді. Келмегеніңізде, көрмегенімде
ше, нендей күйге түсер едім. Дедім.
Мерейтойдың жиналысы тәмәмдалғанша төралқадағы
сізден көзімді алмағам. Тойдың дастарқанына бардық.
Қарсы бетіңіздегі үстелге жайғасып, рахаттана көз
қанықтырдым. Жалқы мәрте назар жықпадыңыз. Бәрібір,
сіз қатысқан жерде бақытты екенмін, көңілім көркейіп,
жаным жай тауып, жүрегім елжіреген. Бірақ бидің кезін-
де бәрі қайта бүлінді. Жан дүнием астаң-кестең, іштегі
қырсық сыртқа андыздады. Ыдыс-аяқтың бәрін шеті-
нен қиратқым келіп, аласұра алақтадым. Себебі сол, сіз
басқа біреумен қайта-қайта биледіңіз. Мені қаперіңізге
алмадыңыз, көзіңізге ілмедіңіз. Бізді біреулер, сіз-
ден басқалар шақыра бастады. Созсам қолым жетпе-
ді-ау сізге. Арманда қалып жердің астымен қаштым.
Сол жылы сырттай оқуға түсіп, баяғы бас редактор
уәдесінің үдесінен шығып, газетке жұмысқа орналас-
тым. Не жазсам дағы, сізден қаймығып, қатты қиналысқа
түсетінім нем?! «Осынымды ол кісі оқиды-ау!» – деп бір
жазғанымды мың мәрте жөндейтінім қалай? Сіз оны
да білмейсіз. Сезбейсіз. Түкті де білгіңіз, сезгіңіз кел-
мес. Сонда да сіздің анау шығармаңыздағы сұлу қыз
сияқты лирикалық кейіпкермен бірге шомылғым ке-
лер. Жоғарғы сыныпта жүріп ғашық болатын бозбала
кейіпкеріңіздің орнына өзіңізді қойып, ұзақ-ұзақ түндер
бойы ұзақ та ұзақ хаттар жазғым келетін. Бірінші болып
өзімнің сүйгім келетін. Басқаны емес, тек қана өзіңізді.
Әпкемнің балконы алдында жылы жымиып, күлімсірей
әзілдеуін мүлде ұмытқан, енді селт етпеуге кеткен сізді
сүйгім келе беретін.
Газеттің жаңа, жас тілшісі екендігімді малданып, бозқа
рағанның биігінен нұрланатын ұмытылмас жұлдызыма
алданып, алдыңызға жиірек барғыштадым. Бірер айдың
жүзінде он бардым ба, жүз бардым ба, білмедім. Айтпақ
түгіл сездірмекке бата алмай, қайта қайтам, қайтейін. Сау
қайтпаймын, әрине. От боп жанам іші-сыртым алаулап.
Сіз сол күйі манаурап...
Осылайша күндер кетті нешеме!
Айлар өтті қаншама!
Жылдар да жылжып-сусыды!
Баяғыда, сіздің шуағыңыздан шоқ түскенде сары жа
пырақты күз еді ғой, күз еді-ау. Өріктің басы қызыл
жалқынданып тұрған. Міне, жетінші күз келіпті. Күні
ертең бәрі-бәрі қардың астында қалмақшы, менің жетім
сезімім жеті күзді өткерді. Жеміссіз. Ендігі жерде мен
сізді мазаламаспын. Бармаспын алдыңызға. Алмаспын
алтыннан қымбат уақытыңызды. Елемей-ақ, елтімей-ақ
қойыңыз.
Менсінбеңіз мені.
Сүлесоқ, салғырт отыра беріңіз.
Меңірейіп.
Ризамын сізге. Не үшін? Дерсіз-ау, бәлкім. Бәрі үшін.
Мені өзіңізге ғашық ете алғаныңыз үшін. Үндемеңізші
тіпті. Үнсіздік те сізге жарасады. Мың алғыс сізге. Себебі
сіз маған емес, мен сізге ғашықпын ғой...
Деп, қоштасып-ақ бақтым өзіңізбен. Болмады. Екі
күнге әзер шыдадым. Қайтадан табысып, кітабыңызды
аймалап сүйіп, ақын болмасам дағы, әлденелерді ши-
майлаймын келіп: «Мен сізді сүйген қызбын, бірде
от боп жанамын, бірде мұзбын. Өзгелердің бақытын
күндемедім, желкен жалғыз, жанымыз бір деп едім.
Қиялымда сүйгенде күз еді, күз. Аспандағы жұлдызым
сіз едіңіз... Білмедіңіз бе, жеті күз жылағанымды?!
Тағдырдан тек сізді ғана, сізді тек қана сұрағанымды.
Жеті күн емес, жеті жыл бойы аңсадым сізді. Жаныма
серік еттім сыбаға-мұңды...».
Бетімнің сүт шұңқыры ойыла оймақтанушы еді.
Жеті күз өткенде ше? Енді қырлауыттана қиылып, қияс
сызықтанар. Сұрқайлана тайыз тартып, әжімге айналып
кете барар кетіліп; «Ұмытылар сан ғасыр мен сан ғалам.
Ұмыт болар сиқырлы үнмен салған ән. Ұмытылмас
бейнеңіз бар жанымда. Ұзақ ғұмыр тілейінші Алладан».
Міне, өзіңізге соңғы рет кірдім.
Сонда соңғы мәрте кіріп отырғанымды да сезбедіңіз
сіз. Түсінбедіңіз түкті де. Мейлі дағы, амал қанша?!
Сол күні күйеуге шықтым.
Артымнан
қалмастан
азаптанатындардың
бірі-
не: «Алып қашуға батылың жете ме?» – дедім. «Қаш-
ша-шан?!» – деді ол. «Бүгін, дәл қазір», – дедім мен
қырсығым түгел сыртыма шығып, ыстығым тұтас ішіме
түсіп.
Амал нешік, күйеуге тигеннен кейін де сізге теле-
фон соғатын болдым. Сіздің: «Иә, бұл кім? Тыңдап
тұрмын», – деген сөздеріңіз және, әрине, үніңіз мен
үшін қаншалықты қымбат екенін білмейсіз. Біле ал-
майсыз. Сізге содан бермен қарата үнемі қоңырау ша-
латын беймәлім жанның кім екенін сезесіз бе? Сезбей-
сіз. Өзіме-өзім ұрсып, жер-жебіріме жетемін. Сөйте
тұрып-ақ телефонның құлағына қолымның қалай
барып қалғанына таңырқаймын. Тоқтай алмаймын.
Даусыңызды, әлгіндегідей сөздеріңізді естіп отыра-
мын дағы: «Бар екен ғой, аман жүрсінші», – деймін
іштей күбірлеп, тұтқаны орнына қойып. Күндердің бір
күнінде... Арғы жақтан бөтен біреу, бейтаныс дауыс жа-
уап қатып, аңсар-үнді естудің өзі арман боларын ойла-
сам... Зәрем ұшатын.
Осыдан үш күн бұрын сондай сұрапыл сағат
соққандай сенделдім. Сөйтсем, сізді әлгі ұзын да
биік, үлкен үйден шығарып жіберіпті ғой дөкейлер.
Сізге адам көп келеді, басқа кеңсеге көшірілсін. Деп
шешіпті де. Ал мен шынымен-ақ шейіт кете жазда-
дым. Қазір телефоныңыз да жоқ екен. Содан осынау
жазбамды шимайлап, бұрынғы біраз хаттарымды да
қоса жолдап отырмын. Бәрінің де еркі өзіңізде. Бір
бума хаттарымды алып барар сенімді досым айтады:
«Кітаптардағыдай дос болып қалмайсыңдар ма?» –
деп.
Дос болмай-ақ қойыңыз. Қасым деп қабылдамасым
анық.
Тек аман жүріңізші.
Сәлеммен, сізді сүйген АҚНҰР
2001 жылғы күз басы
ТЕКСЕРУ Қағанаттан қанағат қашқалы қашан. Жымысқылық жылбысқы жабысқақтың қанына дейін қақтап сорып жатыпты. Жаппай тексеру арқылы біразырақ оңалтпаққа бе кінді ойласқандар. Күллі қоғамыңызды. Астарын аңдай тындар аталмыш науқанның жайдақ тексерістен айтақ тексеріске айналарын түбірлей түсінген. Мұндай-мұндай мұнарттар тұсында қарауылға қандайлардың ілінері, шүріппенің нендейлерге басылары бесенеден белгілі. Ештен кешіңіздің өзі кешігіп, кежеге кейін тартқан соң, ендігі ем-домыңыздың ешқайсысы қоғамыңызға қона қоймас. Деседі. Сіздер қызықсыздар. Бәрін біліп отырып, иектеріңізді алқымға тығып, иықтарыңызды қиқаңдатасыздар. Аужалауқаттан ары қарата асқыларыңыз келмейді. Тексермектен түзелмектің бар-жоқтығына тағы илануларыңыз кем. Тексерудің не-нелер екенін, тексерушілердің нелер-нені көздеп-көксерін, тексерусіз тағы да, тіпті де мүмкін еместігін екшемейсіздер. Ойға салыңыз, тексерусіз, толып жатқан тексеруші органдарсыз мүлде мүмкін емес. Қаржы-қаражатты, мүлік-мүкәмалды түстеп-түгендемек мүмкін емес. Жұмысты жөн-жосығымен жүргізбек мүм кін емес. Мекеме сақтамақ мүмкін емес. Мұстақыл мемлекет болмақ мүмкін емес. Жағдай жасамақ мүмкін емес. Кім-кімге де. Емес-емес-емес. Қағанат-қоғамыңызда тегістей тексеріс осынау себептерден туындаған. Енді егеу-егес үдеді. Тексерушілердің телпектері елпек атары аян-ды. Алайда, олар да әуелгіде егеу-егестен тысқары қалмас. Қандай егеу-егес дейсіздер ме? Сол сансыз көп қадағалаушы органдардың қары мындағы егес. Бақылаушы және бақыланушы орындар қатынасындағы егес. Тендерлердің төңірегіндегі терең егес. Алушылар айналасындағы ерен егес. Жеңілгендер мен жеңгендер арасындағы алапат алакөз егес. Қағанағы қарықтардың қан қысымдарындағы, сағанағы сарықтардың сүйек сығымдарындағы егес. Егес-егес-егес.
Осылайша тексеру науқаны қызғын қарқын алған.
Қырғын қызықтар қаулаған. Ұшар биіктердің бәрінде
ұйтқып соғатын құйындар көтерілген. Обалы неге керек,
олигархтарыңызға және олардың қарау қамқорлығындағы
обырларға тексерістеріңіздің тісі батпаса-дағы, біраз-біраз
жебірлеріңізге жүген түскендей көрінген. Сондай-сондай-
да ше, сіздер қайттіңіздер? Жоғарылы-төменді жерлер-
ден бірен-сараны құрықталғанда ше, қыптарыңыз қанып
қалатыны да рас қой? Рас-рас-рас. Күндердің күнінде,
әйдік биіктердің бірінде, жоғарыда аса сирек кездесер,
еліңіз жүзіндегі ең иманжүзді жанның бірі тұтқиылдан
тұқыртылып тұтқындалғанда, ай айнасын қара бұлт
қаптағандай қоңырайғандарыңыз да рас қой? Шын деуге
де шама-шарқыларыңыз жетпес. Аужал-ауқаттан ары ат-
тап баспайсыздар осындайда.
Бас жағында неміз қапты, өзіміздің Ұрангөй уәлаяты
жетеді бізге. Мұнда һәм мұнартты күндер, апалаң апта-
лар мен топалаң айлар өтіп жатыр. Тегістей тексермектің
тіміскі тінткілемекке ұласқанына да бірталай уақыт боп
қапты. Жымысқылық жымсия жәдігөйленіп, бұрынғыдан
бетер белең алып барады.
Әдетте, әуел бастан-ақ, әп дегеннен-ақ қағанатыңызда
қандай-қандай мекемелердің қаралатыны анық қой. Бұрын
да биіктерден, бүйірлерден, иір-иірлерден түрлі-түренді
тексерулер болып жататын. Тақиятеппек ойнайтын орган
дардың өкілдері өзгелерге жаудай тиісер. Қандай және
қай жақтардан, қаншама тараптарыңыздан болсын, діл де-
партаменті тексеріске түспеген. Түспейтін. Түскен емес.
«Еһе-еһе, қойыңдаршы. Онда түк те жоқ» десетін. «Ой,
сонда не бар?» десетін. «Митімдей мекеменің титімдей
тиын-сиынына тектен-текке күн өлтіреміз бе? Уақытты
бостан-босқа шығындаймыз ба?» десетін. «Ді-ді-діл де-
партаменті ме? Ондай да мекеме болады екен, ә? Діл де-
ген не пәле өзі?» десетін.
Қойыңыздаршы, әйтеуір, жоғары органдардан жіберіл-
гендер де, биік-биік орындардан жеткендер де, бүйірлер
мен иір иіндерден соғатындар да діл департаментіне
соқтыға қоймас-ты. Бәр-бәрі дерлік менсініңкіремейтін.
Кідірмейтін. Қайырылмайтын. Қарамайтын. Жанай өтіп
кете баратын.
Уақтысында ше, діл департаменттері дегендеріңіз
қағанатыңыз көлемінде, уәлаяттар бойынша қаншалықты
қажет деген дау көтерілгенін қайтерсіз. Жоғарылы-
төменді буын-бунақтардың бәрінде, әсіресе, мына
Ұрангөй уәлаятында бұл мәселе біразға дейін қатты та-
лас-тартыс тудырған. Діл дегеніңіздің өзі не зат? Қандай
ұғым? Осы сауалдардың нақты жауабын бермек тіп-
ті қиынға түскен. Алуан түрлі ғылыми-зерттеу және
стратегиялық институттары ділдің дәл мағынасын түптеп
түсіндіре алмаған. Біреулері, олардың арасында абырой-
лары асқақ ақсақалдар мен заманауи залым және ғалым
жастар аз емес, діл дегеніңіз жүрек шығар десті. Екін-
шілері, бұлардың қатарында да атақтары аспандаған ака-
демиктер мен шет елдерде білім меңгерген майсораң ме-
неджерлер жетерлік, ділдің мағынасын жалғыз жүрекпен
шектемектің жөні жоқ, ойбай, ол – күрделірек ұғым
десті. Үшіншілері, қатарларында нақтылы салаларды
басқаратындар бар, діл дегеніңізге жүрекпен қатар бүйрек,
өкпе және бауыр да қосылады деген нақтылы қорытынды
жасап, оған дәлел-дәйек ретінде безбүйрек, өкпелеу және
тасбауыр ұғымдарын келтіріп бақты. Мұндай маңызды
тұжырымдар мен қорытындылар мемлекеттік қызметке
қатысты министрліктердің миларын бұрынғыдан бетер
ашытып-быжытты. Жүрек, бүйрек, өкпе және бауырды
қамтитын болса, ондай органдармен демікпе, денсаулық
сақтау және демжарыс салалары айналыспай ма, діл де-
партаменттерін құрып қажеті қанша десті. Тағы біреулер
шығып, ділге жүрек, бүйрек, өкпе-бауырмен қатар ішек-
қарын әлемі де әп-әдемі үйлесетінін дәлелдеуге тырыс-
ты. Сөйтіп, мал-пал және ет-сүт департаментінен арнайы
бөлім ашу керек десті.
«Жо-жо-жо-жоқ!» десті және бір жоғарырақ орында
ғылар. Олардың білуінше, діл дегеніңіздің жүрекке, бүй
рекке, өкпе-бауырға, ішек-қарынға ешқандай қатысы
жоқ екен. Діліңіз ақыл-ойға, арман-аңсарға, ындын-
ықыласқа, мақсат-мүддеге, нәт-ниетке, пейіл-пиғылға,
болмыс-бітімге, сайып айтқанда, санаға байланысты
секілді. Діл департаменттерін өз алдарына бөлек мекеме
етудің керегі шамалы, ақыл-ойыңыз, арман-аңсарыңыз,
санаңыз, т. т. және тағы басқаларыңыз мәдениет пен
тұрмыс және той-томалақ департаменттерінің егінжай-
лары ғой десті.
Айтыс-тартыстардың аласапыранында діл депар
таменті дейтін дүние өмірге келмей жатып-ақ дал-дұл
күйге түскен. Ақырында талқылаушылар талықсып,
қалғандары қаттырақ қалғып кеткен кезеңдердің
тұсында билігіңіздің ұшар басындағы бір буынның
басшысы ауысты. Оның орнына басқа адам отырды.
Әлгі жаңа дөкейіңіз жан-жағына қарап үлгермей-ақ,
жұмысын жаңалықтан бастағысы келді ме, әйтеуір,
кеткен кісіге ерегескендей, егескендей сес танытып,
діл департаменттері тез арада құрылып тынды.
Құрылуын құрылған. Сиқы секем негізді жаңа
құрылымның пешенесі тартұғын. Қағанат қоғамы,
уәлаят жұрты, бәрібір, діл дегеніңіздің не зат, не-
ндей гәп пен кеп екенін түсінбеді. Түйсінбекке
қиынсынды. Қисын құрмаққа талпынбады. Сана
біткендеріңіз салмақсыздыққа үйренгентұғын. Жұр
тыңыз жеңілтектеніп, ұлтыңыз ұят-аяттан алыстап
үлгергентұғын. Аужал-ауқаттан ары қарата аттап бас
пауға кетіп қалған еді. Жүрегіңіз өліеттенсе, діліңіз
өңезбеттенсе, не шара...
Қағанатыңызда, қала берді Ұрангөй уәлаятында адам
қатарында, кісі санатында саналатындар тек жағдайларын
жылпостықпен жасап алғандар ғанатұғын. Жағдайын жа-
сай алмағандар қатарда да, санатта да жоқ есепті еді. Діл
департаменті һәм жағдайы жасалмас, жадағай, жүдеңкі
адам сыңайлы мекемесымақ ретінде ғана жаратылған.
Оған басшы таңдауда да басқа департаменттерге адам
тағайындағандай бас қатырылмаған. Қатырудың қажеті
жоқтұғын.
Қызықсыздар осы. Сіздерді айтамыз. Бәрін біліп оты-
рып, зауыққа қарамайсыздар. Сауыққа құмарсыздар.
Ұрангөйіңіздегі діл департаментіне заузан гүл сынса-
дағы зәузі шегіп зарлайтын зарғалдақтай жүрегі бар,
соған орайлас бүйрек-бауыр-өкпесі бар, ішек-қарындары
шұрқ тесік Бұны қойған дұрыс десті.
Бұныңыз діл үшін тіресті. Бұрыннан да күресетін Бұл.
Өліп-талып.
Тілім-тілімі шықты.
«Өзгенің бәрі өзіне бірдеңе сұрап, телім тілеп келеді.
Ал сіз діл-діл дей бересіз», деп күлетін болды Бұған. Бас-
шы біткен.
Бұл осылайша күлкі-мазаққа ұшырады. Оны бірақ Бұ
ның өзі сезбеді. Ділді ғана көздеді. Бұныңыз жағдайын
жасай алмайтындардан еді. Жағдайы жасалмайтын-
дар қатарынантұғын. Жағдайын жалаңқиялықпен ғана
жасап алғандардан, жағдайларын жымқырма жыл
майлықпен жасаған үстіне жасай бергісі барлардан Бұл
бөтеншелеу жан еді. Жасағанның жаратуы төтеншелеу
болар, сірә.
Сонымен, жаппай тексерістің тұсында біреулер Бұны
ңызды да мазалай бастаған. Тексерілмес, тексермекке
жатпас деп саналар, тиын-сиын ғана бөлінер діл депар-
таментіне, күндердің күнінде, тақиятеппектің ойыншы-
сы келіп кірген. Бұл: «Бізді де қатарға қоса бастағаны
ма?» деп кілдірей күлімсіреген. Бұныңыз өзіне-өзі бұл
дүниеден бөлектеу, бұлыңғырлау, бұлдырлау әлем жасап
алғантұғын. Тіршілік түгелдей тұманытып көрінетін.
Тексеруші де бұлдырап көзге шалынды.
Тексеру басталып кеткен. Тү-у биіктерден Ұрангөй
уәлаяты бойынша тексерілмеген бір де бір мекеме
қалмасын деген пәрмен берілген көрінеді. Тексеруші
жігітіңіз, жалпы алғанда, жаман адам емес секілді.
Құлын шығындалмасын, қой сойылмасын, тіпті тауық
та бауыздалмасын сезетіндей. Бұның тақуалығына
қанық секілді. Екі күннен кейін осы жүріп өткен жо-
лында, сүріп келе жатқан өмірінде мұндай мекемеге
тап болмағанын таңырқай тақпақтады. Аптаңыз артта
қалғанда, аштан қатпаққа жақын-жуық жүргенін айтып
салды.
Бұл, әдеттегісінше, септесер лепес те білдірмеген.
Буалдыр-бұлдыр әлемінен әлгінің әйдіңгер тұрпатына
таңданыңқырап қараған да қойған.
Екінші апта басталар күні ойыншы:
– Біздің қазақта бәрі ауқатқа барып тірелмей ме, көке? –
деді қалжыңдай қағытқан әуенге салып. – Қазақ қарны
арқылы ғана қарым-қатынас жасайтынын ді-ді-діл жағы
бі-бі-білетін болар? Ойбай-ау, енді қазекем уақыттың
өзін «сүт пісірім», «бие сауым», «шай қайнатым», «май
түсірім», «ет асым» деп есептемей ме?! А-а-а? Сі-сі-
сіздердің мекеменің атына тілім келмей-ақ қойды осы.
Ді-ді-ді деп, дір-дір етіп, тұтықпа болуға, кекештікке ке-
туге айналдым, айналайын аға. Діл дегендеріңіз не өзі?
Нені білдіреді?
Бұл алдында отырған ойыншыға шынымен-ақ ділдің
мән-маңызын тәптіштеп тұрып-тұрып түсіндірмекке ты
рысқан. Ұғындырмаққа ұмтылған. Бұлыңғырлықтан бер-
менірек шықпаққа әрекеттенген.
Әлден уақытта барып барлап қараса, тексеруші түк те
тыңдамай отыр екен. Ойыншыңыздың ойы басқа қиыр
ларда қыдырыстап жүріпті. Бұл әңгімесін кілт үзіп, кіл-
дірей кідірген.
– Көке, осы сізді кітап жазады дейді, рас па? –
Алдындағы адам тұлғасы қайтадан айқындалған. – Бар
ма кітабыңыз? Көрсек қайтеді?
Бұл сәл-пәл күрсініңкіреп барып, үстелінің суыртпағын
да жатқан «Алмағайып» атты жұқалау кітабын шығарып
ұсынды.
– Кітап ұстамағалы қанша ғасыр, қай заман, – деді
тақиятеппек
телпекшіңіз
«Алмағайыпқа»
мүсіркей
қараған кейіпте. – Ендігі қалған ғұмырымда да қолға ал-
маспын деуші едім. Алтыншыда бір ағай пайда болып,
бәрімізге кітап оқытып, қияли қып жібере жаздаған.
Өкпе-бауыры іріп кеткен біреу екен, тезірек өліп қалды
ғой сол сорлы. Қиялилықтан құтылғанбыз сөйтіп. Мына
кітабыңызды маған сыйлап отырсыз ба, көке?
– Сыйлағалы отырмын, інім. Өзің бір ақкөңіл, ашық
жігіт екенсің. Ақиқатын айтасың, әйтеуір. Оқымасаң
мейлің, сонда да осы бір кітап үйіңде тұрсыншы. Сый-
лайын саған. Әкелші бері, қолтаңба жазып берейін.
Тексеруші кітапты сәл-пәл ебедейсіздеу ұсынған. Бұл
қолтаңбасын жазуға кіріскен.
– Анықтама дайын, көке, – деді тексеруші. – Мұндай
мекеме көрсем, көзім шықсын.
Бұл бүй деп жазған: «Тұрпатың тұғырлы екен нарға
лайық; Бұл өмір болып тұр ғой алмағайып. Діл дегеннің
тағдыры – жұрт тағдыры; Тілім-тілім боп жүрсек, бар ма
айып?!»
Кітап қайта қайтарылды. Тақиятеппекшіге.
Тексеруші кітапты қаттырақ қыса қабылдап, қос қолдай
мытып алған.
– Осы кітапты өзіңіз жазғансыз ба, көке? Шынымен?
Шыдамыңыз қалай жеткен? Қолмен жаздыңыз ба? Бәрін?
Компьютермен заулаттыңыз ба, әлде? Қызметкерлеріңіз
көмектескен шығар? Жақсы, көке! Рахмет! Анықтама
мінеки. Пәлендей кемшілік жазбадық. Пәле іздесек,
әрине, табамыз ғой. Табамыз. Табылады. Іздемедік. Сізді
сыйладық. Қарап, қол қоя салыңыз.
Анықтамада анау айтқандай ештеңе жоқ екен. Самайы
солқылдаған күйі қолын қойды. Үш данасына.
– Ал, басқа айтарыңыз жоқ па? Онда сау боп
тұрыңыздар. Кітап жаза беріңіз. Немене еді әлгі? Секс-
пекс жайында жазсаңызшы. Жабылып оқиық. Ышқыр бо-
сады ғой бүгінде. Ыстанның ышқыры төмен түсіп кетті.
Жас кездеріңізде ше, көке, мақтадан иіріп тұрып тоқыған
ыстанбаудың шиеленген түйінін тістелеп шеше алмай-
ды екенсіздер ғой. Өздеріңіз қатарлы көкелер айтады
дә. Ыстық күнде, ыссы түнде ыстанбауды шеше алмай,
қыз алқынып, жігіт балқып, шып-шып терің шүмектеп,
алқаракөк аспанда жұлдыз біткен жымыңдап... Күледі
екен дә-ә-ә! Ә-ә-ә, көке?!
Бұл бұлыңғыр дүниеден бірсін-бірсін жарыққа шыққан
дай, қайрандана көзін уқалады:
– Шырағым, сен өзі ауызша ағып тұрсың ғой. Сендей-
лер жазып жөнелсе, мендейлер далбасалап қалар, – деді.
– Ой, көке, жазуыңыз өзіңізге. Діліңіз де өзіңізде
қала берсінші. Мұндай мекеме, сіздей бастық көрмеппін.
Көрмегенім діл департаменті болсын! Көрмеспін де, кел-
меспін де енді, – деді тексеруші әзіл-шынын араластырған
кейіппен. Кітапты қыса түсіп.
Тексерушінің жұқалтаң кітапты неліктен сонша, қа
лайша қатты қыса түскеніне түсінбеген. Бәлкім, бі-і-і-ір
өзінше өзгеріп, сүйсініп оқиыншы дегендей ойға берілді
ме? Деп те үміттенген.
Өкініш-ай, Ұрангөй уәлаяты діл департаментінің ба-
сында отырған Бұл, яғни «Алмағайып» атты кітаптың ав-
торы қатты қателескен еді.
Ойыншы үйіне жетіп алып, кітаптың арасын абайлап
ашты. Олай бір, былай бір сытырлата парақтады. Сонсоң
қызғылтым, майлы тілімен быртиған сұқ саусағының ба-
сын жалап-жалап жіберіп, тағы тарақтай бастады. Бір-
бірлеп.
Ештеңе таппады. Түк те түспеді.
Сілкілеп байқады. Қатты таңырқап, қайталай парақ
тады. Бір-бірлеп тарақтады. Беттерін санады. Екі жүз бет
екен.
Күнде кешкісін қарайтын болды. Бетін санайтын бол-
ды. Сұқ саусағының басы ақжемденіп кетті.
Кейде түн ортасында тұра салып, «Алмағайыпты»
ақтаратын еді.
«Ойпырай, осындай да болады екен-ай?! Өмірімде
алғаш рет. Бірінші мәрте! Қалайынша бұлай?!» деп
күбірлеуге көшті. Көп күндер бойы өзінен-өзі күбірлеп
жүрген.
Ақырында «Алмағайып» атты кітапты оқи бастады.
Кім дейсіз бе? Кәдуілгі тексерушіңіз. Оның кітап оқуға
кірісіп кеп-кеп кеткеніне бәрі аң-таң. Әйелі де аң-таң. Ұл-
қыздары да аң-таң. Жолдас-жоралары да аң-таң. Жекжат-
жұраттары да аң-таң. Ұжымы да аң-таң. Ұйымы да аң-
таң.
Ұрангөй уәлаятында кітап оқудың ұмытылғанына
талай-талай жылдар өткен. Кітап оқитындарға аң-таң
қалатындай жағдаят қалыптасқалы қаш-ша-а-ан.
Әлдебір тексеруші кенеттен көркем әдебиет кітабын
оқуға біржолата бет бұрыпты деген ақпарат арна-арна-
лар мен мерзімді мәтбұғат арқылы түгел тарады. Осынау
оқыс оқиғаға орай құпия кеңес өткізілді. Сыбыр-сыпсың
мен күбір-күпсің үдеді.
Қағанатыңыздың, қала берді, Ұрангөй уәлаятының
жиырма бірінші ғасыр басындағы аса үздік үлгісі, жаңа
жетістігі ретінде бағалануға лайықты қызық құбылыс
ғарыш жаққа аян болды. Жұлдыздар жымыңдасып, бір-
біріне жеткізіп жатты.
Айыңыз да аң-таң. Күніңізді қайдам.
Тексерушіңіз кітаптан кітап қоймауға айналған. Күн
дердің бір күнінде Шопенгауэр дейтін данышпанның
кітабынан «еркектер әлем жүзіндегілердің баршасын
бағындырғысы келеді, ал әйел еркектердің өзіне толық-
тұтас ие болмаққа ұмтылады» дегенді оқып, қатынына
қатты қапаланған. Жаңа ай туып, ғарышта жымың қаққан
жұлдыздар алмасқан кезде біржолата бөлек жатуға
көшкен.
Қадағалаушы және бақылаушы, тағы басқа аттары
айтылмас арнаулы органдардың арнайы адамдарынан
құрылған комиссия зерделеп-зерттей келе құпия шешімнің
шығуына септесер себепті дәйектеді. Белгіленген, бекітіл-
ген мерзімде шатыраштана шелтірейген шешім шықты.
Қайырымсыз қаулылар қатқыл қабылданды. Көркем
дүние оқып кеткен тексерушіңіз тікелей қызмет ететін
тақиятеппек мекеме мұқым қысқартылды. Көп ұзамай,
діл департаменті де жабылады немесе жоғарыдағы түрлі-
түрлі мекемелердің біріне жадағайдан да жалбағай күйдегі
бірдеңе боп тіркеліп тынады. Деседі.
Сіздер қиынсыздар. Осындай да осындай оқиғалардың
Ұрангөй уәлаятында ғана емес, өзге жақтарда да жүріп
жатқанына сенбейсіздер. Илануларыңыз итпектей шегін-
шектейді. Тіпті ғарыш жақта титімдей тірлігіңізге дейін
түгел тіркеліп, шын тексерудің сонда жүріп жатқанына
да нанбайсыздар. Нәніпәтір көресіздер. Ерік өздіріңізде.
Біздікі де, бұныкі де – ишара ғана.
ИТТІҢ ҚҰҚЫҒЫ
Парламентіңіздің депутаты Пормабай Дүниемаловтың
қалайынша халық қалаулысы қатарына қосылғанын бар
шаңыз білесіздер. Білмегенсіп қоясыздар. Сайып кел-
генде, кегейі кегжең доңғалақ-дәуірдің дүмпуі. Дерсіз-
дер. Өздеріңіздің құқықтарыңыз қызылбұзау күйінде
сиырдың жатырында жатыпты. Жан бітіп, жарыққа
шыға ма? Шықсын-ақ. Делік. Қартаң-құртаң қараның
құссүзектенген төліндей мөңіреуінен де танып, меңірейе
ме? Бұл жағы да бұлыңғыр. Жылқы мінездеріңізден
жаңылып,
жадыларыңызға дейін жабыланып
бара
жатқанын мойындағыларыңыз жоқ. Мыңқ етпейсіздер.
Біреулеріңіз. Екіншілеріңіз тыржиып теріс айналасыздар.
Үшіншілеріңіз мысықсопылана мүлги қаласыздар.
Күні кеше де сөйттіңіздер. Парламенттегі қалаулыла
рыңыз Пормабай Дүниемалов адам құқығының сақталуы
хақындағы хал-ахуалға байланысты есеп бергенде ше?
Бәрі-бәрі шешілгендей кейіпте кәйіп боп қалғыдыңыздар.
Қолдап-қуаттап, қол шапалақтадыңыздар. Сонсоң сайла-
ушыларына сай депутат не істесін? Өзі сайланған аты-
раптарда адам құқығы дүниежүзілік деңгейде дерліктей
қамтамасыз етіліп, жүзеленіп жатқандығын Мәжілістің
арнайы отырысында өзге әріптестерімен бірге масатта-
на мәлімдеді. Бәрі дұрыс қой. Бірақ бұның баяндамасы-
на пәлен-пәштуан мән-маңыз берілмеді. Басқа депутат-
тарды ықыластана тыңдап, ындын жыққан секілденген.
Жиналғандар. Ал Пормабай Дүниемалов адам құқығының
тарихына толыққанды талдау жасап барып, өзін халық
қалаулысы еткен сайлаушыларының сөздерінен мысалдар
келтіре бастағанда ше, бүкіл Мәжілісіңіз манаурап, ең-
ең-ең елгезек есептелер есті келіншектердің де есінеуге
кіріскеніне қайран қалды. Тіпті төралқадағы спикеріңіздің
өзі жанындағы жағымпаздау орынбасарына сыбырлап,
әлденелерді әңгімелесіп, түк те тыңдамаған.
Бұл Парламентіңізде адам құқығы туралы мәсе
лелердің бәрі майда-шүйдесіне шейін шешімін тапқан
деп есептейтіндер, солай санайтындар олай ойламай-
тындардан он еседей артықтұғын. Оны да сіздер се-
зесіздер. Алыста жүріп-ақ. Аймақтарда отырып-ақ.
Ешкімге, ештеңеге елеңдемейсіздер. Таңғалмайсыздар.
Таңырқамайсыздар.
Неге ғана осындайсыздар? Сіздер. Сайлаушылар. Өт
кен сайлауда ше, қалаулыларыңыз Пормабай Дүниема
ловтың депутаттыққа барар жолдарындағы жықпыл-жық
пылдарға жанарларыңыз жыпылық қаға қарадыңыздар
да, қоя қойдыңыздар. Сөйтесіздер. Сіздер. Ал ол ше? Ол
таңдаулыларыңыз таңғалады. Таңырқайды. Таңғалдырғы
сы, таңырқатқысы келеді. Елдің, электораттың елең етпес
енжарлығына таңғалады. Ең-ең-ең елегізетіні – елдегі ен
байлығына, зәулім-зәулім, заңғар-заңғар дүн-дүниелеріне
тайқымаңдай тақырлардың таңырқамауға айналғаны.
Біраздан бері. Біраздан бері емес, бірталайдан бермен
қарата. Бұқара жұртыңыз бұл сияқтылардың бұлғаң тотай
лығына, бұткерме тұрыстары мен бұқакөз жүрістеріне таң
дайларын тақылдатпақтан танғандай. Қайран қалмақтан
қалжырағандай.
Десе дәл келетіндей. Депутаттарыңыз.
Белгілі бір мерзімді межелеп, азырақ уақыт аралы
ғында елін және электоратын ұмытпаққа ұмтылған. Пор
мабайларыңыз. Үңіле қарап, түңіле түйген қорытынды
ойларынан арылмақты мақсұт тұтқан. Пақырлары тақыр
лана түскен аймағына қаншама қаймақ-қайраткерлер,
мәжілісмендер мен сенаторлар жау жапырардай аттанып
жатты. Ілеспекке шақырды. Дүниемалов денсаулығына
сілтемелеп, селқостана шегіншектеді. Сөйтіп, сайлаушы-
ларынан барған сайын алыстап, алшақтауға айналған.
Ал сіздер ше? Сайлаушылар. Өз қалаулыларыңызды
іздемедіңіздер. Сұрамаңыздар. Бары-жоғы бәрібір сияқты
сиық танытасыздар. Сөйтесіздер. Сіздер. Абынып анау,
қабынып мынау жеткен. Аймақтарыңызға. Қаймақ-қай
раткерлеріңіздің бекер жетпейтінін, босқа кетпейті
нін білесіздер. Алайда, олар дағы, Дүниемалов сынды
депутаттарыңыздың тірліктеріне түк таңғалмайтын сы
қылды. Ел мен электорат сияқты дә. Еттері үйреніп
кеткендері бар. Еттері өліп кететіні көп. Қаймақ-қай
раткерлеріңіздің бар-баршасы бір-бірінен қай тараптан да
қалыса қоймайтындай-ау. Дейсіздер. Сіздер. Сөйтесіздер
ғой. Қалаулыларыңыздан құйқалы қыртыс, құнарлы жыр-
тыс қалмағанын, ағынды арық-атыздың артылмағанын
білесіздер. Бәріңіз. Қолдарыңыздан ештеңе келмейді. Еп
теріңіз жоқ. Сіздердің де әнебір жылдары әрекеттеніп,
қайбір кездері қарманып қалуларыңызға әбден болатын
еді. Өздеріңіз ғой. Өңмеңдемеген. Өжеңдемеген. Өз обал
дарыңыз өздеріңізге. Кержалқаусыздар. Кержие кіжінесіз-
дер. Болғаны сол.
Жә, жарайды. Еттеріңіз үйренді. Өлді. Жанарларыңыз
өлеусіреді. Алғаш аң-таң қалдыңыздар. Қызыл иттеріңіз
іштеріңізді тырмалай қыңсылап, қызғаныштың отына
күйіп-пістіңіздер. Түтініне тұншығып, тамақтарыңыз
удай ашып, жөтел жұттыңыздар. Одан соң одырайып
олай, бұдырайып былай қарадыңыздар. Таңырқауға
көштіңіздер. Бірте-бірте бәріне көндіктіңіздер. Бүгінде
ештеңеге де, ешкімге де таңырқамайсыздар.
Түк те таңғалмайсыздар.
Ал дегдар саналар депутаттарыңыз ше? Дүниемалов.
Парламенттегі Пормабайларыңыз. Ол кісі қалай да қалың
жұртын қайран қалдырмақ мақсаттан, таңдандырмақ
талаптан танбаған. Шат-шадыман шет мемлекеттердің
біріндегі вилласында, елінен және электоратынан алыс-
та, жұртынан жырақта жатып, күтпеген жерден жаңалық
тапқан.
Әлем жүзінде де, туған республикасында да адам
құқығы хақындағы заңнамалық дүниелерден саңылау
тауып, саңырау саналарды сілкіп өту мүмкін емес екен.
Сондықтан,
Парламентіңіздің
бірте-бірте
беделсіз
деніп, белгісізденіп бара жатқан (қоғамдық пікірді зерт
теудің қорытындысына сәйкес) депутаты, сіздердің
қалаулыларыңыз Пормабай Дүниемалов мырза «Иттің
құқығы туралы» жаңа заңның жобасын жасауды
қолға алмаққа бел буып, бекем кірісті. Ақылмандары,
кеңесшілері мен көмекшілері, қосымша қосшылары мен
жасырын жәрдемшілері жаппай жұмылды. Өркениетті
мемлекеттердің бірталайында тікелей иттің құқығына
арналмағанымен, жалпы жан-жануарлардың, айналадағы
аң-құстардың, омыртқалылар мен омыртқасыздардың,
қабырғалылар мен қабырғасыздардың, сүтқоректілер мен
суқоректілердің, шөпқоректілер мен жемқоректілердің,
тағысын-тағылардың құқықтары туралы заңдар мен
заңнамалық кесім-шешімдеріңіз жетіп-артылып жатыпты.
Сондай-сондайлардың күллісін дерлік алдыртты. Асарла-
та, асыға зерттесті. Шетелдерге жасалар іссапарларға шек
қойылмады. Әлдекімдер алдарын орап алып кетердей
сұмдық сезіктеністі. Әлденеше жоба жасалды.
Жобаларды талдау жалықпай жүргізілді. Ит кемірген
кеней асықтай кілмиіп, жүдеңкі жүретін жәрдемшісі жа-
рамды шықты. Жобадан жоба туындатып, шұбатылған
ұзақ та емес, шолтаң ете қаларлықтай қысқа да емес, ор-
ташасын оймыштап жасаған.
Депутаттарыңыз Дүниемалов сарапшыларды шетел
дерден шақыртқан. Жобаны одан бетер пысықтатқан.
Жетілдірткен.
Тараулары таптана, баптары баптана жұтынған жаңа
зәкүн, депутат Дүниемалов дүниесі – «Иттің құқығы тура-
лы» республика заңы деп аталды. Бұл бүкіл Парламентіңіз
үшін ғана емес, мұқым мұстақыл мемлекетіңіз үшін үлкен
жаңалықтұғын.
Мәжілістегілеріңіз мәттақым мәніспен мәзденген.
Сенаттағыларыңыз сылаң сипанып сүйіншілеген.
Пормабайларыңыз Парламентті таң-тамаша қалдырды.
Осылайша.
Мақсатты ойы орындалды. Депутат Дүниемаловтары
ңыздың абыройы асқақтады. «Иттің құқығы туралы» заң
қарсылықсыз, қалыссыз қабылданған. Жеті қазынаның
біріне жататын айтулы айуан турасында қымбат та құрметті
құжат жасамақтың жадыларына Пормабайдан бұрынырақ
түспегеніне талай-талай қалаулыларыңыз қиналған. Амал
қанша?! Депутаттарыңыз Дүниемаловтың заңы дүние
жүзіне мағлұмдана бастады. Ойпырай, десеңізші! Тіпті
бар ғой, осынау орны бөлек заңда «Иттің иесімен бірге
тұру құқығы», «Иттің үйшікке ие болу құқығы» дейтін де
баптар бар екен. Қамтылмаған, қаралмай қалған қалтарыс
жоқ. Жүдә, жоқ!
Сіздердей сайлаушылары, Пормабайдай Парламент
депутаты бар ел бақытты емес пе?! Ең ақыры итке де
йін соншама құқықтармен қамтамасыз етіп, шырқау
шыңға шырқатқан мемлекет беделі биіктесе, баршаңыз
қуанбайсыздар ма? Қуануға тиіссіздер.
Өкінішке қарата, Өмілдірік өңірінің жұртшылығы түк
те қуанбады.
Неге?! Парламентшілеріңіз Пормабай Дүниемаловтың
осы өлкедегі өкілдері жағымсыз жағдаяттарды жан-жақты
зерттеп-зерделеуге шұғыл кірісті. Ел мен электоратыңыз
неліктен селқос? Сүлесоқтық себебі неде? «Иттің құқығы
туралы» заңға бүкіл дүние жүзі назар жығып, жоғары
бағалап жатқанда, Өмілдірік өңірі қалайша қуанбайды?
Таңғалу мен таңырқау қайда?
Көп ұзамастан, зерттеп-зерделеушілер мынадай-мына-
дай мәселелерді мәлімдеуге мәжбүрленген.
Өмілдірік өлкесінің аудандары мен қалаларында иттер
дің құтыруы күрт көбейген. Шөлейтті ауылдарыңыздағы
қашаннан бергі қазақы емес, мазақы дүбәра иттеріңіз
кәдімгі үй хайуанаттарына, ақ-адал малдарыңызға тиі-
сетін бопты. Қойдың қарнын жарып жейтін, ешкінің
желінін жұлып жейтін, жас құлынның жұмсақ шабынан
қарпып, қызыл етті қарбыта асап, асыға жұтатын шабалаң-
шапшаң төбеттер талайдың тынышын қуырып барады.
Жануарларыңызды былай қойып, адамдарға айбат ше-
гетінін қайтерсіз. Өмілдірік кентінің орталығындағы он
екі қабатты үйде орыс овчаркасы өзін кереметтей көретін
келіншекті талап өлтіріп, миын ойып жеп қойыпты. Тағы
бір шаһарда неміс овчаркасы (оның да иесі келіншек)
әйелдің екі емшегін жұлып жұтыпты.
«Иттің құқығы туралы» заң қабылданғаннан кейінгі
айда С. қаласының шетіндегі шағын ауданда бір оқиға
бопты. Екі жыл бұрын әскерге кеткен бозым жігіт түн
ішінде пойыздан түседі. Стансада бірге оқыған досы-
на жолығады. Сүйген қызына сәлем айтады. Жұлдызай
дейтін жұпардай сұлуы алысырақтағы ауылда, аман-
есен. Жігітін күтіп жүріпті. Дейді. Досы. Алды-
мен С. қаласындағы әке-шешесін қуантып, ертеңіне
Жұлдызайына жетпекке асығады. Әке-шешесіне бірден,
бір өзі барып, қатты қуантпақшы болады. Алқаракөк
аспанда жымыңдаған жұлдыздарға қарайды. Ана-
а-ау адырлардың арғы жағындағы ауыл маңында
Жұлдызаймен қыдырғандарын еске алады досы екеуі.
«Бала ғашық» әнін ыңылдайды. «Жұлдызбен аралас-ы-
ы-ып... Қырдан ай барады асы-ы-ып. Үйіңнің сыртында
жүр бала ғашық. Далаға шық...». Әлгі әннің қайырмасы
ғой бұл.
Досы қоштасып қалып қойған. Түнгі ауысымда екен.
Теміржолда. Әскерден қайтқан жігіт «Бала ғашық» әнін
ыңылдаған күйі кете барған. Алып-ұшып. Ата-анасын
аңсап. Сағынып.
Асыға-аптыға үйіне жеткен сол жігіт. Қазір-қазір...
Қақпадан асып түседі... Қалай асып түсуді ұмытқан жоқ
әлі. Әкесі мен шешесі... Мұны... Екі жыл бойы көрмеген
ұлдарын... Күтпеген жерден көргенде... Қандай қуанады
десеңізші! Ит... Иті ғой өзінің. Екі жыл бұрын кішкентай
ғана күшік еді. Будан овчарка. Дүбәралау. Дейтін. Әкесі.
Тұмсығы қап-қара. Басы, құлағы сарғыштау. Жон арқасы
қарақоңыр. Бауыры бозғылт. Еді ғой. Өзгерді ме екен?
Таниды. Таниды ғой. Бос екен. Бос жүріпті. Әдейі, түнге
қарай ғана босатады ғой. Ол да сағынған шығар. Рекс. Бұл
да сағынды әбден. Әскерде жүргенде ауылдағы итіңді де
қатты аңсайсың ғой... Әзірше танымай үріп тұрыпты...
Дауысы басқашалау. Қорқыныштылау. Танымай тұр дә...
Рекс. Қазір таниды. Иісінен. Басынан баяғыдай бір сипап
өтсе... Ауп-п-п...
Биік қақпадан асып түскен бозым жігіт.
Әскерден оралған.
Жұлдызайдай сүйген сұлуы күткен.
Әке-шешесін
күтпеген
жерден,
кенеттен
қатты
қуантпақшы болған Қуаныш атты аға сержантты... Алпам-
садай алабауыр овчаркасы... Екі жыл бұрынғы күшігі...
Басынан сипамаққа қолын соза бергенде...
Әскери киім керемет-керім жарасқан, сағынышқа тұла
бойы тұнып тұрған көркем жігіттің тамағынан азу тістері-
мен орай орып түскен түнгі овчарка... Бауыздалып баудай
түскен бозым жауынгердің көркем жүзін қан жауып, тіл
тартпай кете барған. Бақиға...
Жұлдыздар жылаған.
Жұлдызай есінен айырылған.
Әке-шеше аңырап қала берген.
Осындай-осындай оқиғалардың әсері буындыра буған
депутаттарыңыз Дүниемалов буынып-түйінді. Өмілдірік
өлкесіне өзі келуге мәжбүрленді. Қалаларды да, аудан-
ауылдарды да аралады. Абайлап қана аңысын аңдаған.
Иесіз иттер шәу-шәу етеді. Шаһарларда да, шет-шелшең
мекендерде де. Иелері жетектеген, айбат шеккен айуан-
дар одан бетер. Қай қалада да. Тұмылдырықсыз, түрлі-
түсті, тұрпаттарынан адам шошырлық иттер көше-
көшені былай қойып, саябақтарға дейін басып апты.
Жергілікті газеттерді ақтарып, ақпараттар қараған.
«Құтырған ит қапқан қатын қайтыс болды», «Ауданда
малдан гөрі иесіз ит көп», «Қойға шапқан төбеттер»,
«Адамға шабуыл жасады», «Қаламызды қаңғыбас иттер
басып барады», «Ит адамның досы ма, жауы ма?», «Ит
жеті қазынаның бірі ме, әлде жеті ағайынды жұтқа ай-
налып бара ма?»
Парламентшілеріңіз Пормабай Дүниемалов өзінің ту
ған өлкесі Өмілдірікте отырып, опына күрсінді. Опыры-
ла уһіледі. Өлердей өкінді. Бұрын неге білмеген? Қалай
байқамаған? Енді не болды? Не істемек керек?
Самсатып салынған саржалқын коттедждер. Көгілдір
коттедждер. Қоршауларының өзі, қорғандарының өзі
үш-төрт кісінің бойынан асатындай, аспанға атыры-
лардай асқақтаған коттедждер. Қызғылтым, қабат-
қабат, кербез үй-жайлар андыздаған, асфальты қалың,
қарақошқылданған көшемен көтеріліп, дөңестеу тұстағы
дөй үйге – төртінші тоқалына түнемекке түскен. Көңіл
күйінің төмен тартатын тұстарында төртіншісінен тая-
ныш-тоят табатын. Талап-тәлкегі, тәлпіш-тотайлығы жоқ.
Түбегейлеп түсінер, сезіксіз сезгір сұлуы. Бұлдануды біл-
мес. Жаныңа дәру дарытар. Бұл жолы да сөйтті. Жылы
ғана жымиып, шәй-суын міндетсінбей берді. Жеңіл
ғана саз ойнатты. Пормабайға ұнайтын жасыл желеңін
киіп, жанына жақындап жайғасты. Қалаулыларыңыздың
қатқылдау қабағын бағып, мойны мен иықтарын сылап-
сипап барып, мипаздай уқалады.
Бәрін ұмытқысы келіп-ақ еді. Төртінші тоқалының жа-
лын атқан құшағы да жадындағы жүкті сейілте алмады.
Өзіне-өзі үңіліп, түңілетіндей тереңдігі сирек оралатын.
Мұндай мұңаймаққа тіпті үйірсек емес-ті. Сонда да сана
түкпіріндегі ит қыңсыл басылмай-ақ қойды.
Түн ортасы ауып үлгерген екен. Өмілдірік шаһарының
таңғажайып тұсында тұрыпты. Қоршаулары мен қорғанда
ры зәулім, коттедждері зау-заңғар зербарақ ауданыңыз
осы. Айналасына алақтаған. Қоршауының ішінде тұрып
қорықты. Арқасы жылан жорғалағандай шымырлады.
Зәресі ұшардай жүрегін сұп-суық суыл булықтырды.
Алқымын әлдене кернеп, кептеле атқақтайтындай.
Төртінші тоқалының толықсып-бұлықсыған құшағын
қайта ойлап, көзіне елестетіп, басылып-ақ баққысы бар.
Бірақ үрегей үрей ойын түгел, бойын тұтас билеп алған.
Мұндайлық мұндарлықтың себебін бірсін-бірсіндеп ба-
рып сезген. Итжүректеніп тұрғаны иттердің зәрлене
үруінен және зарлана ұлуынан екен дә.
Алғаш алыстан талып естілгендей еді ұлыған дауыстар.
Сөйтсе, зәулім-заңғар қоршаулар мен қорғандардың қай-
қайсысынан да ит ұлып тұрыпты. Ұлып жатыпты. Ұлып-
ұлып алып үреді. Үріп-үріп алып ұлиды.
У-у-у-у-у-уау-у...Ауп-ауф...
Ауу-ауп-ауф-ау-у-у-у-у...
Уау-уау-у-у-у-у-уау-у-у... Уа-уа-у-уф...
Ұбақ-шұбақ ұлыған иттердің дауыстары бір-бірімен
ұласып, шекесін шыңылдатты. Сұқ саусақтарымен қос
құлағын бұрандалай бекітіп көрді. Бәрібір. Болмады.
Шеке шыңыл шүйде шуылға шұбала шабыртты.
Шабаланған қаншықтар кемде-кем секілді. Ұлыған
дардың бәрі ұрғашыны іздейтіндей. Сезілді. Жоқ. Се
зінді.
Үйіне кірді. Ұзын бойлы, бүйірлі үрімкеге аса жоғары
сапалы коньякты толтыра құйды. Төңкеріп салды.
Ертеңіне Пормабайларыңыз қарапайым ғана киінді.
Ежелгі бір мемлекеттің әзелгі бір патшасындай жұпыны
һәм жұқана жұртыңыздың арасында жүрді. «Өмілдірік
кентінде түні бойы иттердің ұлып шығатыны несі?»
деді бір қайыршыға. Анау аңтарыла аңқиып: «Білмедім.
Естімедім. Естімеймін. Тастай қатып ұйықтап қалам.
Қарнымды алдап-суласам, бітті. Қорылға басам», – деді
ағынан жарылып.
«Иттер адамдардың пейіл-пиғылына қарап бұзылып
барады. Түнімен үріп, ұлып шығады. Жақсылық емес», –
деді кетпеніне сүйенген кейуана.
«Біраз-біраз нәрселерді білгіңіз келсе, осы Өміл
дірікке тиіп тұрған Тамдыбұлақ ауданында атақты
ит атқыш бар. Соны тауып әңгімелесу керек шығар.
Қаласаңыз, қалаға алдыртайық», – деді осы өлкедегі,
жергілікті жердегі жәрдемшісі. Туралаңқырай айтқанда,
тыңшысы.
Атақты ит атқышты қалаулыларыңыз қалаға алдыртпа-
ды. Өзі бармаққа бекінді. Төрт түрлі джиптің, үш түрлі
мерседестің біріне де мінбеді. Жәрдемшісінің жайуаттау
жаман мәшинесіне отырып, Тамдыбұлаққа тартты.
Ит атқышыңыз – бір кездегі Беріктас мергеннің
баласытұғын. Аңшылығы жоқ емес-ті. Алайда, азайып
кеткен аңды аяғандықтан, обал-сауаптан танбағандықтан,
әкесінің кәнігі кәсібінен біржолата бас тартқан. Бұны –
басқашалау бұқпантайлаған депутаттарыңызды бірден
таныған. Ит атпаққа дайындалып, қару-жарағын тазалап
отырыпты.
«Сізді білмей, өле алмай жүріппіз бе?! Парламенттегі
Пормабай Дүниемаловсыз. Депутатымызсыз. Жигули-
мен жүрсеңіз дағы, таныдық. Жұпыны киінгеніңізбен,
өзгермегенсіз. Келіңіз. Төрлетіңіз», – деді жүзін жылы-
тып.
Артынша: «Иттің құқығы туралы» заңның авторысыз
ғой. Соныңыз бекер болды», – деді түсін суытып.
«Неге?» – деді депутаттарыңыз.
«Заңдарыңыз өте сауатты. Көп ізденгенсіздер. Шет
жұрттардың заңнамаларын зерттеп, негізге алғансыздар.
Алайда тым кешіккен құжат», – деді атақты ит атқыш.
«Қалай? Кешіккені қалай?» – деді Парламентші Порма
байларыңыз.
«Керемет заң. Әттең-ай, әттең! – деді атақты ит атқыш
орнынан тұрып, түнере түсіп, мылтығының ұңғысын
Мәжіліс депутатына бұра үңіліп. – Заңдарыңызда мін
жоқ. Өкініштісі – қазақы құмай тазыңыздың тұқымы
тұздай құрып кеткеннен кейінгі ондай құжаттарыңыздың
құны көк тиын! Білдіңіз бе?! Әттең-ай, әттең! Қазақы
Маңтөбет, Байтөбет, Бақтөбет, Таутөбет, Шыңтөбет
сынды шын төбеттер түгелдей жойылып болғаннан соң
қабылданған қаулы-қарарларыңыз бен заң-зәкүндеріңіз
кімге және неге қажет?! Керек пе енді?! Қажеті бар
ма? Осыдан он-он бес жыл, ең болмаса үш-төрт жыл
бұрын қабылдау керек еді ғой! Ендігі заңдарыңыз кім-
ге, неге, кім үшін және не үшін қызмет етпек?! Осыны
ойладыңыздар ма? А-а-аһ?!».
Мына ит атқышты құтырған ит қапқан ба деп
қауіптенуге болар еді. Жанарлары жалтылдап, ағараңдай
тұманытып, тілі тұтығып, түкірігі депутаттарыңыздың
теп-тегіс, түйір әжімсіз бетіне шашырап-шашырап
кеткен. Құтырудың түкірік арқылы да жұғуы мүмкін
бе еді? Мүмкін емес пе еді? Заңды әзірлеу барысында
бәрін біліп алғандайтұғын. Бірақ есінде қалмапты. Осы
жағы.
«Бі-бі-білдіңіз бе?! – деді ит атқыш адам ескілеу қос
ауыз мылтығын Парламентшіге кезенген күйі тұтығуы
басылмай. – Біліп қ-қ-қойыңыз! Сі-сі-сіздің к-к-кешіккен
з-з-заңыңыздың к-к-кімдерге және н-н-нелерге қ-қ-қызмет
ететінін...».
Қалаулыларыңызға қарата қару кезеніп тұрғанын кеші
рек аңғарып, үңірейген ұңғыны төменірек түсірді.
«К-к-кешіріңіз, – деді ыңғайсызданып. – Біз үшін бір
минөт қымбат. Ит атуым керек. Бүгін кешке дейін бір-екі
ауылды бітіріп тастамасам, болмайды».
Тұтығуы сейілгендей. «Шай-пай ішіңіз демедік». Деді.
Ит атқыш.
«Жоқ, рақмет, – деді Пормабайларыңыз күрсініп
қойып. – Қарсы болмасаңыз, сізбен бірге жүрсем... Ит
атқаныңызды көрсем...».
«Халықтың, нағыз қарапайым сайлаушыларыңыздың
арасына бармақсыз ғой? Байқаңыз, онда қауіптірек.
Құтырмаса-дағы, құтыруға беттеген иттер аз емес.
Атқызып жатқаны сондықтан. Малды былай қойып,
адамға шауып жатыр. Иттеріңіз. Бірдеңеге ұшырасаңыз,
жауап берер жайым мен жағдайым жоқ».
«Өзім жауап беремін, – деді депутаттарыңыз. –
Қаласаңыз, қолхат жазып тапсырайын».
«Қорықпасаңыз, жүріңіз, – деді ит атқыш ескі моск-
вич мәшинесіне қарай беттеп. – Жеті шақырым жердегі
ауылға аттандық онда».
Парламенттегі Пормабайларыңыздың өз москвичіне
отырғанына аса сабырлы, атақты ит атқышыңыздың ма-
заттана мерейленгені-ай сондағы. Шешіле, шешенсіне
көп-көп әңгіме күшіктетті.
«Ит атуға жыл сайын аудандық ауыл шаруашылық
бөліміне ақша бөлінеді екен, – деді ит атқышыңыз. –
Әрбір итке үш жүз теңгеден. Аудан бойынша жүз елу,
екі жүз мың теңге. Білдіңіз бе? Бір оғыңыз сексен теңге
тұрады. Әр итке бір жарым оқтан есептеледі. Ал мына
мен, Беріктас мергеннің баласымын дә. Жиырма оқпен
жиырма ит атамын. Сеспей қатырамын. Ауылдың бәрінде
ит құтырған заман. Балаға шабады. Қыздарды қабады.
Үлкендерден де қаймықпасқа айналған. Біреулер айта-
ды, адам өзгерген соң ит екеш ит те өзгереді деп. Құмай
тазы емес. Қазақы қайран төбет емес. Олардан жұрнақ
та жоқ. Өңшең дүбәралар. Дүбәралар! Бі-бі-білдіңіз бе?!
Дү-дү-дүбәралар! Малға шабады. Қой жегеннің түрлі-
түрлі тәсілдерін тауып алған. Ай, пәдеріңе ғана нәлеттер-
ай...».
Жеті шақырым жердегі ауылда Парламентші Порма
байларыңыз қатты қайран қалған. Таңырқаған. Ит
атқышқа. Ауылда да атты. Қорада да атты. Үйшіктерде де
атты. Көшеде де атты. Иттердің иелері қандай жерде, қай
тұста рұқсат етсе, сол заматта сеспей қатырады. Сұлатып
салады. «Иттің құқығы туралы» заң талаптарының ту-
талақайын шығарды. Ит атқышыңыз.
«Кешіргейсіз, – деді кезекті қос итті қабаттап, бір ғана
оқпен сұлата құлатқан құла мерген қалаулыларыңызға
қарап. – Заң-зәкүнге сәйкес қора-қотан, аула-шарбақ
түгілім, ауылдың ішінде оқ атуға тыйым салынады.
Мылтықты заңды түрде ату үшін елді мекеннен кем де-
генде бір жарым шақырым ұзап шығуымыз керек. Білдіңіз
бе? Ал оған уақыт жоқ. Мүмкіндік тапшы. Атылатын итті
соншама қашықтыққа қалай апарамыз? Кім апарады? Не-
мен жеткіземіз? Арқалаймыз ба? Сүйрейміз бе? Москвич-
ке мінгіземіз бе? Міне, мәселе қалай?»
Пормабай Дүниемаловтарыңыз тіл қатпайды. Тек
таңырқайды.
«Былтырғы күзде жүз елу мың теңге бөлді. Үш жүз ит
атып бердім, – деді мерген. – Биыл екі жүз алпыс мың
теңге қарастырыпты. Сегіз жүздей ит ататын шығармын.
Бәрі есептеулі. Білдіңіз бе? Оқ-дәріңіз есептеулі. Жа-
нармай есептеулі. Амортизация да есептеледі. Мына
қырылып қалған дүбәраларыңызды әлі актілеуіміз керек.
Әлдеқандай қып. Арнайы шұңқырға тасып жеткізуіміз
керек. Әлгі екі жүз алпыс мың теңгеден таза тиетіні жет-
піс мыңдай теңге ғана. Көп боса. Әрине, бізге о да жа-
ман емес. Жұмыссыздық көрсеткішін кемітеміз. Бір ғана
өкінішім бар. «Ит атқыш» деген атты жамап алдым. Берік-
тастай мергеннің баласы ит қуалап кетіпті деген сөз жа-
ман естіледі екен дә-ә-ә-ә. «Қоңыз теріп, тышқан аулап»
деген секілді».
Парламентші Пормабай жеңіл ғана жымиды.
«Бұрынғы жылдары да қаржы-маржы қаралады екен.
Аздап-аздап ақша бөлінеді екен. Алайда, ит атылмай қала
берген. Дұрыстап ататын адам табылмайтын көрінеді.
Аудан бойынша. Аңшылар қоғамында да жөнді атқыш
жоқ. «Пәлен ит атылды. Түгеншелер атты» деп жалған
акті түзіп, тиын-тебенін қылғытушылар «құныққан күзен
құлағымен ін қазадының» кебін киген. Депутатымыз-
сыз. Біліп қойғаныңыз жөн. Майда-шүйде мәселелерді
де. Мына менен, Беріктастай мергеннің баласынан он
бес пайыздық пара сұрады. Бі-бі-білдіңіз бе? Бі-бі-бірақ,
мен шатақ шығардым. «Әкеп беріңіз, әкеп бересіз!» деп
әкіреңдейді әкімдіктегілер. «Жоғарыға мағлұм етем!
Ит атқыш деген атым шыққаны үшін үстемені сендер
төлеңдер! Өздерің ғой, тыныш жүрген адамды жалы-
нып-жалпайып жұмылдырған», дедім. Тайынбайтыным-
ды түр-тұрпатымнан байқады. Шегінді. Лажсыз. Менен
артық атқышты таба алмайтындарын түсінді. Білдіңіз бе?
Сіздер жүдә жоғарыдасыздар. Құзар-құзар қиядасыздар.
Оқта-текте осылай төмендеп тұрсаңыздар, талай тарихты
түсінер едіңіздер. Білдіңіз бе?».
Ежелгі бір патшалықтың әзелгі бір әміршісіндей жұпыны
жұрттың арасына, қатардағы қарапайым халықтың қалың
ортасына барып қайтқан қалаулыларыңыз қас қарайғанда
қалаға оралған.
Депутаттық каникул бітуге таянған.
Парламентші Пормабай Дүниемаловтарыңыз асығулы
күйде. Ендігі бар беделін, күллі күш-мүмкіндігін өзі
әзірлетіп, өзі қабылдатқан «Иттің құқығы туралы» заңды
жоймаққа жұмсайтын шығар.
Кім білсін-ай, кім білсін.
Деп, тауыс-тамам етуге де болар еді. Әңгімені. Алай-
да, алакүдектеніп, кімді кейіптеген, қай қалаулымызды
қағындылаған, қандай кезеңдегі Парламентті пайлаған
деп күдіктенерсіздер. Сөйтесіздер. Сіздер. Мәселе сіз-
дер секемденген сетік себептерде емес. Мүлде басқада.
Бұрынғы сайлауларды қайдан білейік. Біз. Бірақ сіздер ке-
лесі сайлауда тап осы Пормабай Дүниемаловтарыңызды
депутат етіп сайласаңыздар бар ғой, надұрыс емес, дұп-
дұрыс болар-дүр. Ит ырқылжыңға түспектің керегі не.
Итжүректеніп қажеті қанша.
ТОҚСАБАНЫҢ ТОҚАЛЫ
Тоқсабаның түйіндемесі төмендегіше.
Бір мың да тоғыз жүз алпыс бірінші жылғы шілдеде
дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақталы
ауданында. Сарықамыс ауылында. Ұлты қазақ. Білімі
жоғары. Шымкент шаһарындағы химия-технология инс-
титутын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша та
мамдаған. Туған тіліне қоса орысша және өзбекше біледі.
Немісше түсініңкірейді. Бір мың да тоғыз жүз сексен бесінші жылғы қоңырқай күзде, қамыстың қарқарасы қоңырқошқылданған шақта үйленіп, той жасаған. Ішімдіксіз. «Жүзімші» сапқозының бар жүзімі түгелдей дерлік түп-тамырымен суырылып тасталып, күллі КСРОңыз бойынша арақ пен шарапқа қарсы жаппай майдан жарияланған жыл ғой, баяғы. Әлбетте, түйіндемені түйменің жібінше тістей үзіп, жиыра түйіп, қысқасынан қайырсақ, түкті де түсінбессіздер. Сондықтан, созыңқырай түсеміз-ау. Тоқсаба Торытайұлының зайыбы Алқоры Өзбекстанға өтіп кеткен Бостандық дейтұғын ауданның Шымған шипажайы маңайындағы Маңырама қыстағында кіндік кескен. Орта білімді. Екеуінен бір ұл және үш қыз өрбіген. Ұлдары Алмабек Қабланбектегі малдәрігерлікзоотехникалық техникумды бітірген. Бірақ алған мамандығы бойынша мал тауып, жан бағу маңдайына жазылмапты. Шымкентіңіздің шет жағынан пәтер жалдап, келіншегі мен екі перзентін әзер асырап жүр. Деседі. Алшагүлдерін Гагарин атындағы орта мектептің соңғы сыныбын бітірер-бітірмес Жызақ жақтың жігіті алып қашқан. Ата-енесі бар. Тұрмыс жағдайлары төмендеу. Деседі. Қалған екі қыз – Жүзімай мен Жұлдызай әлі жергілікті мектепте. Сексенінші жылдардың орта тұсынан былай қарай, Алқорыны алғаннан кейін-ақ Тоқсабаңыз Сарықамыста әжептеуір абыройлы адамға айналған. «Жүзімші» кеңшарының құрылыс саласы сеніп тапсырылған. Тоқсаныншы жылдарыңыздың төбесі көрінгенше кеңсенің екі қабатты ғимараты көкке әуелеген. Тауарлы-сүт фермасы жартылай бой көтеріп үлгерген. Орта мектеп үйінің жобалық-сметалық құжаттары қамдастырылған. Амал нешік, Тоқсаба Торытайұлы салдырған сол кеңсе әнебір жылдары қаңырап қалды. Адам кіріп-шықпағаннан кейін, шіреніп шоң деректір, баптанып бас есепші жүрмеген соң, тез тозады екен. Төртінші әлде бесінші жыл дегенде, ауыл әкімдігі аталатын жаңа жүйе құрылды. Бұрынғы сапқоздың кеңсесі аздап-аздап ағымдағы жөндеуден әзерлеп өтті. Тізерлеп тірілді. Сүзектен сүлесоқтанған кісідей кілдіреңкіреп
барып, бой тіктеді. Тауарлы-сүт фермасы сол күйі
қирандыға кетті.
Құрылыс дейтұғын салаңыз қиындау ғой. Икемделме
сеңіз. Инженерлік һәм интеллигенттік имандылық сүйегіне
сіңген Тоқсаба өзгелерге ұқсай қоймады. Өзімшілдене ал-
мады. Үйлесімсіздеу үйіне, жұқаналау жайына жарты кір-
піш жапсырмаған. Капитализм күтпеген жерден килігер
деп кім ойлапты?
Тоқсан екінші жылыңыздың жазғытұрымын «Жүзімші»
сапқозының жарты жұрты жұмыссыздық дейтұғын жаңа
ұғыммен қарсы алды. Жүзім атаулыдан жұрдайланып,
тырдайлана жалаңаштанғалы, таңданарлығы сол, ішімдік
көбейген. Ішкіштер қатары артқан. Интеллигент инже
неріңіз солардың қатарына қосылыңқырады. Екі жыл
дегенде есін жиған. Әзерлеп. Әйелі мен бала-шағасынан
тізерлеп кешірім сұраған.
Шымкентіңізден тартып, тү-у түкпірдегі Мақталы ауда-
нына дейінгі аралықтың адамдары алдымен Атырауыңыз
бен Ақтауыңызға, әсіресе, Ақтөбеңізге ауыңқырады.
Жұмыс іздеп. Кәсіп күйттеп. Вахталық әдістің соңына
түскендер әлденеше еселенді. Солардың бірі Тоқсабатұғын.
Екі ай Ақтөбеде. Бір айдай Сарықамыста. Осындайына
Алқорыларыңыз әжептеуір-ақ әдеттенген. Кенет төрт-бес
ай бойы жоғалды. Қайтпады. Ақтөбе жақтан. Анда-санда
ғана хабарласады.
Алқоры алтыншы айға шыдамады. Қызғанышы жоқ.
Сағынғаны рас. Ойы-бо-ой, екеуінің ғашықтықтары
ғаламаттұғын. Әу бастан, әп дегеннен. Шымған жақтағы
нағашыларына барған. Тоқсаба. Маңыраманың мөлдіреген
бастауынан су алып, қия соқпақпен мия кеше көтерілген.
Алқоры. Жолда жолыққан. Екеуі. Жалқы мәрте ғана жа-
нарлары түйіскен. Содан алыстай алмаған. Бірінен-бірі.
Көрмесе, тілдеспесе, шыдамасқа кеткен. Қазіргідей құда
түсу, сырға салу жоқтұғын. «Қашты-қаштыға» келіскен.
Обалы нешік, осы уақытқа дейін Тоқсаба Алқорының
көңіліне кірбің түсірген емес-ті. Күдік-күмән кіргізбепті.
Ендігісі несі? Үш айы мейлі. Төрт айына төзді. Бес айына
көнді. Алты айыңыз жарты жыл емес пе?!
Сол жолы ғой, алтыншы айда аңсары ауып, ешқандай
ескертусіз, ескі әдірісі бойынша іздеп шыққаны. Арып-
шаршап Ақтөбеге барғаны. Ол былай еді. Кір жуып оты-
рып-отырып, орнынан ыршып түрегелген. Алмабегі адам
боп қалған. Көршілеріне тапсырды. Алшагүлін жетекте-
ген. Сарықамыстан суырыла дедектеген. Мақталыдан мар-
шрутты таксиге мінген. Шымкенттен «Алматы – Орал»
пойызына отырған. Түн ортасы ауып кеткенде. Біржарым
тәуліктей нәр сызбаған. Тәбеті жоғалған. Алшагүлін асы-
рап баққан. Көгілдір вагонда.
Ақтөбеңіз айдай әсем, күндей көркем екен ғой. Кел
бет-көркінде мін жоқ. Тап-таза. Тап-тұйнақтай. Алайда,
қарашаның өзінде қарауыта суынып үлгеріпті. Сары
қамыста сары алтындай күзтұғын. Мақталыда мақта
терімі жүріп жатқан. Шымкентте жазға бергісіз шуақ
шашырап, шпалыңыздың майы еріген. Түнге қарай да.
Ал, Ақтөбеңіз қар жаумай-ақ қақап тұрыпты.
Аңсағанына асығып, сағынышына аптығып, жеңіл
киіммен жеткен Алқоры сорлы аһ ұрды. Өкпектің өтінде
дірдек қақты. Алшагүлдің көз жасы жұқалтаң-жүдеу
жүзінен мұздақтана сырғақтады.
Жеделхат салмай, әдейі бірден бармақ-ты. Жатақ
ханадан Тоқсабаны тапқанда ше, қайтадан жалындап
жанғанын-ай. Сарықамыстағы шарбақтың аяғынан
ауната таңдап, бауырынан сипап, бауының түбінен
тақап үзіп апарған сарыала қауынды жарғанын-ай.
Алшагүлдің әкесіне еркелеп, тізесінен түспегенін-ай.
Бірақ байқаса, түсі сұп-суық екен-ей. Тоқсабаның.
Сұсты. Жүдә. «Неменеге келдің?!» – дейді. Қауынға
қарамайды. «Ауыл қалай? Аман ба?» Демейді. Алма-
бек турасында ләм-мимсіз. «Келдік! Алты айға шы-
дай алмадық», – деді Алқоры. Қырсығып. Тандыр
нанының асты-үстіне қарап қойып. «Әлдебір жаққа
асығып, алаңдаулы сияқтысың ғой?» – деп қосты тағы
да. «Қайда барам?! Қаншама қаржыны құртып... Ең
болмаса, жылы киім жоқ. Мені бір курортта жүр дейсің
бе, немене? Ең болмағанда ескі тонды әкелмедің бе?
Желеңдеп жүгіре жөнелгенше?!» Деді. Тоқсаба. Зірк-
зірк етіп.
Сарықамыстың сарыала қауыны желінбеді. Тіл жара-
тындай тәтті, тәп-тәтті, тілік-тілік, тілім-тілім күйінде
кеберсіп қалды. Тандыр нан туралмады.
Зірк-зірк еткені жүдә қатты тиген еді. Алқорының
жүйкесіне. Таңғы пойызға жұлқына асыққан. Алшагүлін
шырқырата жылатып. Тоқсабасы томсырайған күйінде
шығарып салған. Көгілдір вагонға міне бере қызының
қызуы көтерілген. Ит қорлықпен Мақталының ауруха-
насына жетіп бір-ақ жығылған. Бір ай бойы екеуі де ем-
делген.
Жылдар жылжып, айлар аунаған.
Қашан келеді, қашан кетеді. Шаруасы болмаушы еді.
Алқорыңыздың. Тоқсабасымен. Аралары айтарлықтай
алшақтаған. Алты-жеті жылдай Ақтөбеде жүрді. Ақтау
мен Атырауды байқады. Ақырында ауып-ауырып, жүдеп-
жадап ауылына қайтты. Жетісай жақта жеке адамдарға
жалданып, жеке құрылыстар салатындарға ілесті. Ұят-
аятты жиып тастап.
Табысы, бәрібір, татымады. Алқоры да жері молы
рақтардың мақтасын мәністеуге кірісті. Шабыққа шығады.
Жегенелеуге жүгіреді. Суаруға жегіледі. Күз бойы терім-
нен тыным таппайды. Көсек қауашағы қажаған қолдары
тұтас көсеуленді.
Алмабегі өз бетінше Шымкентке тартты. Өзінше
үйленді. Жызақ жақтағы Алшагүлдің артынан арты-
нып-тартынып төсек-орын апару мен қайтарма құдалық
атқару жұтқа ұшырағандай күйге түсірді. Мектеп
қабырғасындағы Жүзімай мен Жұлдызай күн өткен сай-
ын өсіп келеді. Ас-ауқаттан ахуал арттырмақ керек-дүр.
Киім-кешек жағынан да қыз балалардың талап-талғамы
қиын-ақ. Қым-қуыттанған заманда.
Екі мың алтыншы жылдың жазында Жетісай жақты
да жылы жауып, біржолата ауылына оралды. Тоқсабаңыз.
Тапқан-таянғанын Алқорының алдына тастады. Еке-
уінікі бумалай біріктірілді. Аздап-аздап шүйіркелесе
шүңкілдесті. Алмабектің қайынжұртын құдалыққа ша
қырды. «Ештен кеш жақсы» десті. Құтылғандарына
қуанысты. Жызақ жаққа барып, бесік той атқарысты.
Арада және жыл жылыстаған. Екі мың жетінің көкөзек
көктемінде Тоқсаба тағы Батыс бағытқа бетбұрыс
жасамаққа бел буды. Үй-жайы мен қора-қопсысын ба-
жайлап байқаса, ел-жұртының ең соңында ілбиді екен.
Шарбағының шырпыларына дейін күйрепті. Жыңғыл
шыбықтар ғана жапырыла жығылудан сақтап тұрыпты.
Әке-шешесінен қалған қара шаңырақтың сүйегі мықты
тұғын. Қаншама берік дегенмен, қабырғаларының қара
уыта қабарған тұстары, сызаттана жарылған жерлері
жүрегін сыздатты. Шипырлары шіріп, жапсарларға
жапсырыла қағылған қаңылтырлары іріп кеткендей.
Көктемге әзер іліккен қоңыр сиыр мен қызыл тананың
омыртқалары
одыраятындай.
Қозапая
маясының
салмағынан майыса мүжілген шеткі тамның тамтығы
тіпті аянышты.
Бір аяғын ыбырсық уаттың шетіне тіреп, екінші
аяғын сатпақ-сатал қанатының астына жасыра жылытып
қалғыған қоңырқызыл тауықты бір тепті. Тоқсабаңыз.
Тоңқалаң аса қақылық қаққан мекиен тандыр ошақтың
түбін түрткілей тепкілеген тарғыл қоразына таусыла
шағынды. Шаптықты. Еркек емес пе, қатынын қорлаған
адами затыңызға зәрлене қарап, әтеш шіркініңіз әжептеуір
доқ танытты. Дөңайбат шекті. Төбесіндегі шашақтанған
шошақ қызылы шоқтай жанып ызаланды. Ошақ түбінен
одан сайын одыраңдап қарайды-ай. Ұмтылып-ұмтылып,
уаттан аттап-пұттап апшиды.
Тоқсабаңыз өз мекиені Алқорыға өзекжарды ойын
білдірмекке бекініп, үйіне кірген. «Батысқа қайта бармақ
пын. Несібе іздемекпін. О жақтың жағдайы жақсарып
ты», – дегендейін мән-мазмұндағы мағлұмдамасын қоңыр
қызыл мекиендейін оң аяғын сәл-пәл көтеріп, сол аяғын сыз
еденге нық басып, нан илеп тұрған Алқорысы мұқым-мүлде
мақұлдамайтынын нымшасының желке тұсымен-ақ анық
аңғартты. Бұрылмаған күйінде: «Батысқа бармайсың», –
деді. Көгілдірлеу керсендегі зуаласын зәктенген шаңыраққа
жетеғабыл жоғары көтеріп, қайтадан зірк ұрды. Ұнның
ұрпағы бұрқ етті. «Мал тапқыш, ырзық іздегіш болсаң,
Астанаға неге аттанбайсың? Жүдә, батысшыл бола қап
сың», – деді. Ақшылтым қамыр арасынан күйген көсеудің
басындай қарақотырланып көрінген саусақтарына күйініп.
Сүмірейіп, сыртқа қарата беттеген. Тоқсаба. Табал
дырық алдындағы тепкішектен түсе бере сәл сүрінген.
Қожайынның жүні жығылғанын сезген тарғыл қоразыңыз
қоқиланған. Төрт тұсында төрт мекиені. Төрт құбыласы
түгел.
«Алқорының айтқанын да тыңдайық. Астанаға қарата
қамданайық». Деп күбірледі Тоқсабаңыз. Тыраулаған тыр
налар оралған күндердің бірінде Сарықамыстан да сыза
шықтана соқпақ салынды. Астана жаққа.
Аузынан қағынған екен-ау сонда Алқоры.
Астананы аузына алып несі бар еді-ай?! Десеңізші...
Алғашқы айларда алпысыншы және жетпісінші жыл
дардың адамдары секілденіп, сезімталдыққа буылып, бір-
талай мәрте хат жазған. «Астанадан сәлем!» деп. «Есіл өзен
жағасында жүріппіз» деп. Кейініректе: «Жөндемді жұмыс
жоғырақ боп тұр», – деді. Жарты жыл жылжығанда, көңіл-
күйі көтеріліңкіреп: «Қамқоршы жандар жоқ емес екен. Өз
мамандығыммен қайта қауышқандаймын», – деді. «Өзімді,
өзім тапқандаймын. Жатақхана жағы ғана қинайды. Бәрі
реттелетін сыңайлы», – дегендейін жаңалықтар жетті.
Әуелгіде ай сайын жиырма-отыз мың теңге салатын. Бір-
те-бірте қырық мың, кей-кейде елу мың алатынға айналды.
Алқорыңыз. Жаман емес, әрине. Азық-ауқатқа, азын-аулақ
керек-жараққа сеп болып, жоғарырақ сыныптарға сырғыған
қыздарының реңдері кіріп, жүздері жылыңқырады. Жылап-
сықтаулары сиреңкіреді.
Екі жылдай әлсін-әлсін оралып соғатын Тоқсабаңыз
екі мың тоғызыңыздың ортасынан бастап ат ізін
салмаған. Жаз соңына таман ғана Ташкентке өтіп бара
жатып, аз мезетке аялдаған. Мейлі дә. Аман жүрсінші.
Есен күлсінші. Деп ойлап, көргеніне мәзденген.
Алқорыңыз. Тоқсабасы қалта телефонға қарқ қылып
қайтқан. «Қорықпа. Қыздарың үйретеді», – деді. Өзі
өзгешелене өзгеріпті. Бұрынғы Тоқсаба емес. Басқаша.
Жүріс-тұрысы. Күлісі. Қимыл-қылығы. Кинолардағы
кәсіпкерлер ме, бай-бағлан бизнесмендер ме, сондай-
сондайлар секілденіп, сарт та сұрт етеді. Қара шандыр-
лана қылқиятын мойны жұмырланыпты. Ұртындағы
ұра-ұра шұқырлары, жыра-жыра әжімдері әжептеуір-
ақ тегістеліпті. Жон арқасы тіктеліпті. Шымқай
көк кәстөм-шалбары құйып қойғандай. Жарасады.
Күйеуінің келбет-көркінен, бой-басынан кінәрат тап-
пады. Бір бума ақша ұстатты. Алқорыға. Ақша шіркін
жақсы ғой. Алайда, Тоқсабасы әлдеқайда алыста-а-ап
кеткендей ме, қалай? Жүрегінің басы ашыңқыраған.
Астанаңыз ағартып жіберіпті. Алқорының қараторылау
Тоқсабасын. Қалталарына сала беретін қолдарының
сыртына дейін ақшылтым тартқан. Қалта телефо-
ны қайта-қайта шырылдайды. Үй айналып барып
сөйлеседі. Алқоры аң-таңданады. Алғаш қосылғанда
ма, қосыларда ма, айтқанындай, осы Тоқсабасы туы-
лар жылдың сәуірінде ше, ғарышқа алғаш мәрте адами
затыңыз ұшқан ғой. Сарықамыстың мектебіне Гагарин
аты қойылған ғой. Ол кезде «ғарыш» және «ғарышкер»
деген сөздеріңіз санада жоқ қой. Осы Тоқсабаңыздың
есімі Космосбек немесе Космонавт боп кете жаздап-
ты. Ауылға келе қалған әлдебір қария: «Мына мен
ашаршылықта қырылған бір үйдің он перзентінен аман
жортқан жалғыз ем. Бұ бала кім боса дағы, тоқ жүрсін.
Аспанды тесіп ұшпай-ақ қойсын. Тоқсаба болсын
ныспысы», – деп нықтапты.
Тоқсабасы Ташкентке соққан әлгі сапарында әлденені
айтпаққа оқталғандай, алайда, айта алмай, қимай-қимай
кеткендей көрінгенін кейін ойлаған. Алқорысы.
Мінекиіңіз, екі мың оныншы жылыңыздың жып-жы-
лы күзінде, теректер тершіп тұрғанда, Астана жақтан
аспан тесілгендей, ғарыштан төтенше түскендей, то-
сын ақпарат шошынта жеткен. Алғаш «ақ алтын» теріп
жүрген қатын-қалаштар Алқорыдан алысырақ кетіп
күбірлескен. Сәлден соң кейбіреулері көпе-көрнеу
күрсінісе көз қиықтасқандай, кейбіреулері күлмеңдесе
қарасқандай сезілген. Әлдебір нәрсенің, қандай да бір
тірліктің тікелей өзіне, қара басына қатысты екенін
сезініп, қарадай қалтыраған. Қайтадан қарағыштап еді,
жаңағылар жым-жылас жоғалғандай. Жүйек-жүйектерді
бойлап, жыпылдап ұзап барады.
Кешке қарай, тұт ағашының түбіндегі қою көлеңкеге
көсем қатындар көбірек жиналды. Өзгелері де жақындасты.
Біреуі бұған қарап қол бұлғады. Алқоры қорқа-қорқа
қадамдады. Аузы батыр, адуынды атанған, баяғы КСРО
аманда байы бөлімше басқарған, бүгінде «ақ алтынды»
өлшеп қабылдайтын таразбен бике сөз бастады-ай сон-
да. Баптана таптанып: «Ай, айналайын Алқоры! – деді
мүсіркей мүләйімсіген кейіппен. – Астанадан хабарың
бар ма?»
Алқоры теңселіп барып талып түсті. Бетіне су
бүркіп, есін жинатты. Естиярлар: «Ойбай-ай! Ойбай-ай!
Жеңеше-е-е! – деп зар еңіреді есіне келер-келмес күйдегі
Алқорыңыз. – Жаңа-жаңа жарығандай болып ек. Аман ба
екен алтын-е-е-ем... Астанадағы алтын-е-е-ем... Бас ие-е-
е-ем...».
Таразбан бике бүйдеді-ау кенет: «Әй, Алқоры! Әлі
ештеңе естірткен жоқпыз ғой. О несі-ей, а?! Ал, айтайын
енді. Естіртейін енді. Сал құлағыңды. Құй оң құлағыңмен,
құй сол құлағыңмен тыңда. Жина есіңді. Есізқағыр
еркектердің бәрі сондай. Астанадағы алтының аман.
Елордадағы еркегің есен. Оттан ыстық ойнас тауыпты.
Тіллә қауынның тілігінен тәтті тоқал алыпты. Ал, аңырай
бер енді. Ал, боздай бергін. Әл-ті-не-е-ем деп. Әмән бә
еке-е-ен деп...».
Мақташы әйелдер түп-түгел тым-тырыстанған. Тұт
ағашының алақандай-алақандай, жалпақ-жалпақ жапы
рақтары ше, қалқиған құлақтар сияқты. Қозапаялардың
қауашақтарынан ақтарыла аққан ақ мақта желемікпен
желбірейді.
Алқорыңыз меңірейді. Таразбанның ашуы қайтың
қырады. «Бұл – өсек емес. Байыңмен бірге кеткендердің
ішіндегі өмірі өтірік сөйлемейтін, жақын жекжатымыздың
шын сөзі. Сенімді ақпарат көзі. Бәрібір, естисің. Есін ерте-
рек жисын деген жанашырлық қой біздікі. Қапаланба да,
қайғырма да. Қайыстай қатқылдан қайта. Қайраттанып,
қайсарлан, қарақ. Қараңқағыр, еркектің көбі осындай.
Анау ағасы, менің байым ше, бөлімше басқармастан
бұрын-ақ, бригадирлікке іліне бере жәрдемшілердің
ішінен жәлеп тауып алған. Кейіннен де көп күйдірген.
Қайтесің? Көнесің», – деді күрсініп.
«Бүгінгі байшыкештер ашық алып жатқан жоқ па? –
деді бір қатын. – Осы мына Сарыағашың мен Жетісайың
шетінен сондай емес пе?».
«Тоқсаба-дағы бағландардың қатарына қосылайын де-
ген шығар онда», – деді екінші қатын.
«Әй, әкімқаралардың бәрінде жасырын бірнеше тоқал
болатын көрінеді», – деді үшіншісі.
«Естідіңіздер ме, Мақталыдағы Мәдениет сарайының
деректірі ше, алпыс бір жастағы анау кісі ше? Сол
ағатайымыз халық театрының жиырма жасар қызымен екеуі бір-біріне өлердей ғашық боп, көңіл қосты емес пе? Естіген шығарсыздар?» – деді бір келіншек. «Бәлсінбей-ақ айта берсеңші. Тап қазір бәріміз күйіппісіп отырғанда, еркектер туралы пәктілер көптік етпейді ғой», – деді таразбан. «Айтсам, былай, апайлар! Сол Мәдениет сарайының деректірі, алпыстан асқан ағай, жиырмадағы жап-жас қызбен бір жылдай бірге тұрды. Келес жаққа көшіп кетіп. Содан, әйелі, жеті-сегіз ұл-қызы, келіндері, немерелері, жекжат-жұраттары, туған-туыстары түгел айыптап, араласпай, араластырмай қойды. Ақырында ағатайымыз амалсыздан ажырасып, ауылына қайтты, – деді жаңағы келіншек. – Ең қызығы сол, әлгі ағамыз: «Қазақ боп туғаныма қатты өкінемін. Біздің ұлт махабатты түсінбейді екен» деп мәлімдепті. Осы сөзі жұрт жадында қап қойды. Ел жиі-жиі айтып күледі қазір». «Е, сөзі де, өзі де құрысын бәленің!» – десті біраздары. «Махаббат та заманына қарай түсініксізденіп, танымастай өзгеріп кетті ғой, – деді және бір келіншек. – Келешекте не болар екен?». «Бір кездері есеп-қисаппен қосылатындар қатты айыпталушы еді. Енді есеп құрмай, құрдан-құр үйленетіндер күлкіге ұшырап жатыр ғой», – деді тағы бір әйел. Сол күні Сарықамыстан және сол төңіректердегі басқа да ауылдар мен кенттерден жиналып кеп мақта теретіндер қас қарайғанша қызғын пікір таластырған. Алқорыны бәрі ұмытқандай. Жалғыз қайтқан. Қараң ғылық қаншама қою болғанымен, ай туғанда айнала жарқырап сала берген. Жүзімай мен Жұлдызай түкпіргі бөлмеде сабақ әзірлеп отырыпты. Ай сүтінің жер бетіне соншама саулап құйылғанына қапаланды. Дәл бүгін қара түнек жағатындай еді. Жанына. Жай-күйіне. Күндізгіден бетер жарқыраған Сарықамыс гу-гу. Тоғайдағы қамыс-құрақ ду-ду. Жанып жөнелгендей. Бар лық үйде тек қана Тоқсабаның тоқал алғаны айтылып жатқандай. Теледидардан да. Бетін басты. Қос алақанымен сипалай төмен түсірді. Жүзін жырып-жырып кеткендей. Тіліп-тіліп өткендей. Өзінің қолдары.
Үйіне кіріп, ұялы телефонын тапты. Таптап-таптап
тастағысы келді. Таптамады. Табалдырықтан аттап, тас
тепкішекке шықты. Тасқа тастағысы келді. Тастамады.
Қора-қопсының артына қарай айналды. Астана тұстан ай
жарқырайды-ай. Алқорыны мазақтап.
Денесі тоңазыды. Қалтасындағы телефонды қайта
суырды. Сорайған соралардың арасына лақтырғысы кел-
ді. Лақтырмады. Екі қызы екі жақтап үйреткен. Тілдеспек
адамның атын тергенді біледі. Сөйлесе сала өшіргенді
біледі.
Жанарынан жас сорғалады. Тарам-тарам. Титімдей
телефонға тырс-тырс тамды. Алақаны ашыды. Саусақтары
дуылдады. Терді. Термешеледі. «Тоқсаба» деген жазу
көрінді. Өшіре салды. Өршеленіп. Қайтадан терді. Сабыр
сақтап, құлағына тосты. «Абонент байланыс аясынан тыс
жерде немесе оның телефоны сөндірулі», – деді. Әлдебір
әйелдің сүйкімсіз, салғырт даусы. Әлденеше мәрте тер-
мешеледі. Мұздаған құлағына тосты. Әлгі әйел үш тілде
кезек-кезек безектеді.
«Айдың да аясынан тыс жерде... Жүрген шығар...
Жатқан болар, бәлкім», – деді ызаға буылып.
Бірер жылдан бері Мақталы ауданында тамшылатып
суару әдісі жаппай қолға алынып, қызу қолданылып
жүрген. Сол түнде Алқорыңыз дағы үйіргелік телімінің
талай-талай тұстарын көз жасымен тамшылатып
суарған-ды.
Таң атқанда тастүйін шешімге тоқтады. Жыламай-
ды. Мұң шақпайды. Түк болмағандай, дым білмегендей
кейіпке кіреді. Мызғымас та мізбақпас. «Астанадағы ал-
тыным аман ба екен?!» – деген өзі. Дүйім әйел әлемі ал-
дында. «Өліпті» деген хабары жеткенде ше? Қайтетұғын
еді?! Беті әрмен. Аман жүрсін. Жақсылы-жаманды
жиырма бес жыл бірге өмір кешіпті. Ширек ғасыр. Аз
емес. Анау бір кездері Ақтөбеде алып қойса қайтетұғын
еді? Тоқалды. Қалып қойса, қайтер еді? Біржолата. Онда
жүдә жас еді ғой. Екеуі де. Сабыр керек. Деп түйді.
Күйінді де түйінді.
Апта аралады. Арада. «Абонент байланыс аясынан тыс
жерде...» дейтұғын әйелдің үні өшкен. Қоңырауы жеткен.
Астанаңызға. Тоқсабасының даусы дірілдейтіндей. «Рас
па?» – деген. Алқорысы. «Солай болды, – деген Тоқсаба
сы. – Келесі жексенбіде бара жатырмыз».
Аспан тағы тесілгендей. Ғарыштан ғашықтар түсе
тіндей.
Екі қызын екі жағына алып, Алқорыңыз апта бойы,
күні-түні үй-жайлары мен қора-қопсыларын тазартты.
Әктеп-сөктеп әлектенді.
Жексенбі күні, жақұттай жайнаған алтынсары күздің
ертеңгілігінде, қызылжалқын жапырақты өріктердің арғы
жағынан ағараңдаған қос «Джип» пен сүлік қара «Тойота-
Камри» көрінген.
Сарықамыс ауылы гу-гу.
Тоғайдағы қамыс-құрақ ду-ду.
Жанып жөнелген.
Алдыңғы ақшаңқан «Джиптің» тізгініндегі Тұмариіс
тұғын. Жанындағы Тоқсабасы. Екінші ақшаңқанның
ішінде Тұмариістің ең жақын, ең сенімді, ең қымбат
достары – ерлі-зайыпты екеу келеді. Сүлік қара «Тойота-
Камридің» меңгерігінде – мәз-мейрамдығын жөндеп
жасыра алмай жайнаңдаған Алмабек батырыңыз. Артқы
орындықта – келіншегі, бала-шағасы. Қай Алмабек дей-
сіз бе? Ойбай-ау, Шымкенттің шетінде пәтер жалдап,
әзер тіршілік ететін, Тоқсабадан сызған, Алқорыдан
туған Алмабек қой.
Үш бірдей суперкөлік екі мың оныншы жылыңыздың
күзінде Сарықамыс ауылына сән-салтанатпен кірді.
Сарықамыстың сиырлары тұяқтарын сырт-сырт еткізіп,
өріске беттеген, жалқау қатындар кейбіреулерін кешірек
сауып, қуалап қосатын шақ еді.
Ең ескі үй-жайдың ауласында тізілді. Суперкөліктер.
Есіктері сарт та сұрт, сарт та сұрт. Жатырқасқандар жоқ
секілді. Состиып кідіріскендер кем секілді. Танысу мен
табысу басымырақ тәрізді.
Алқоры аздап-аздап сұрланыңқырап барып басыл
ғандай. Сыр бермеске бекінген. Серт еткен. Бәрімен емін-
еркін есендескен. «Тұмариіс» деп, сүп-сүйкімді, аппақ,
балғын қолын ұсынғаны – сол ғой. Сол.
Тоқсабасы тіке қарамады. Қарай алмай, көзін тайды-
рып әкетіп, иығынан бүріңкіреп, қысыңқырап қойғанын-
ай. Алқорыдан кешірім сұрағаны ма, кім білсін-ай, кім
білсін. Алмабегіне ғана Алқорыңыз сәл сыздаусыды. Ен-
телей жақындағанын жақтырмады. Бетінен салқындау
сүйді. Келінін кінәламайды, әрине.
Бес-алты баклашканың түбін ойып, бастарын төмен
тұқыртып, қолжуғыш етіп қойғандары дұрыс бопты.
Астана мен Шымкенттен келгендер шетінен жуынып-
шайынды. Әсіресе, Тоқсаба мен Тұмариістің бір-бірінен
алыстамай, икемдесе, ишараласа жұптасып жүрістері
жараспайды деу қиын еді. Жол киімдерін жөн киімдеріне
жылдам ауыстырып алыпты. Екеуі де. Бірге ілесіп келген
ерлі-зайыпты достары да.
Темір көліктерден тең-тең дерліктей дүниелер түсіріл
ген. Тарту-таралғылар. Сый-сияпаттар. Алқорының ша
шылып-төгіліп, Жетісайдың жарты базарын қарыштаған
дай сезініп дайындаған дастарқаны еселене кеңейген.
Астаналықтардың арқасында. Әуелім әулеттің етжақын
жанашырлары жиналды. Кішігірім кеңес өтті. Нақ-нақ,
қысқа-қысқа, тап-тұйнақтай түсініктер берілді. Кешірім
сұралды. Тоқсаба мен Тұмариіс тараптан. Бәрі белгіленіп,
шешіліп қойылған мәселелер мәнзелдес. Мәністелген.
Астанадан ілесіп жеткен ерлі-зайыпты жолдастары заман
және зырлаған уақыт, адам мен қоғам және әлемдік әйдік
үрдістер хақында бес-бес минуттан ғана ой-пікір үстеп,
жағдайды жайбағыстады.
Сарықамыстықтар өкілдері бірауыздан бас шұлғысып:
«Дұрыс қой», «Дұрыс-ақ», «Түсінеміз ғой» дескеннен ас-
пады.
Тоқсаба мырза мен Тұмариіс ханым сағат үш пен бестің
арасында ауылдағы жамағайын жақындар мен көрші-
көлемді жинап, құдайы тамақ берілгені жөн боларын жет-
кізді. Елең-алаңнан астаналықтар қайыра жолға шықпақ
екен.
Құдайы тамақ уақтылы өткерілді. Ақсақалдар бата берді.
Артық-ауыс сөз болған жоқ. Тоқсабаның таңғаларлықтай
тағатты һәм талғаулы тұрпатына, Тұмариістің таңғажайып
табиғатына тамсанған жұртыңыздың пәлендей пәтуасыз
дыққа ұрынбағы мұқым-мүлде мүмкін емес-ті.
Бәр-бәрі заманауи райда, жып-жылы шырайда өрбіді.
Тұмариіс тыным таппаған. Талдырмаштығынан тан
баған тал бойы қай шаруаға да икемді. Үй тірлігін үйіріп
әкетеді екен. Сөйтіп жүріп-ақ, «сотыбиімен» сағат сай-
ын сөйлеседі. Компьютер-планшетімен жұмыс істейді.
Әлдекімдерден есеп-қисап қабылдайды. Бәзбіреулеріне
тапсырма табыстайды. Сөйтіп жүріп-ақ, Алқорыңызбен
аздап-аздап шүйіркелесуге, мектепте оқитын екі қызбен
біраз-біраз сырласуға уақыт тапты.
Түн ортасы таянды. Дастарқан жиналды. Табақ-аяқ
тап-таза. Киім-кешек, сыйлықтар тапсырылды. Тарту-
таралғылардың арасында Жүзімай мен Жұлдызайға жеке-
жеке ноутбуктер де бартұғын.
Тұмариіс ханым өзінің кім екенін, немен айналысаты-
нын біразырақ баян етті. Мақсаттар мен жоспар-жоба-
ларды ортаға салыңқырады. Түйіндемесі мынадайтұғын.
Шамамен. Бір мың да тоғыз жүз алпыс сегізінші жылы
туған. Алматыдағы халық шаруашылығы универси-
тетін экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Ал
ғаш ауылдық ауданда істеп, артынша қала қызметіне
ауысқан. Тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап-
ақ бизнесте. Бес-алты жыл қатты қиналған. Марқұм
әке-шешесі көп көмектескен. Алматыда шағын зауыт-
тары мен сауда кешені бар. Қазір Астадана тұрады.
Елордаңыздағы Есілдің сол жағалауында. Коттеджде.
Ірі құрылыс фирмасын Тоқсабаның басқаруына толық
өткізген. Танысқандарына екі жылға, табысқандарына
бір жылға жуықтаған.
Түйіндемеден тысқары түсініп-түйгендері де бар.
Сарықамыстықтардың.
Тоқсабаңыз
талантты
инже-
нер, керемет құрылысшы екен. Қор боп жүріпті. Екі
жыл бұрынға дейін. Бүгінде Елордаңыздағы, Есілдің
сол жағалауындағы екі бірдей құрылыс кешенінің ті-
келей авторы әрі салушысы. Қысқа мерзімнің ішінде
Астананың құрылысшы қауымы мен сәулетшілерін түгел
мойындатқан. Талантымен. Тындырымдылығымен.
Тұмариістің ашық-жарқындығы, түкті де жасыра
алмайтын ақкөңілдігі Алқорыны аң-таң етті. Оңашада
қайта-қайта құлағына сыбырлап, талай-талай сырла-
рын сіңіргенін-ай. Тұрмысқа жиырма жеті жасында
шығыпты. Күйіп-жанып, сүйіп-қалап қосылған жігіті
кінәратты екен. Ондай жағдайын жігіттің өзі де біл-
месе керек. Екі жеті бойы бір төсекте түнепті. Ештеңе
болмапты. Үшінші жетіге қарағанда, «Семей – Алма-
ты» пойызы заулап келе жатқанда, кәстөмін басына
бүркенген күйі қарсы жүгірген. Пойыз өкірген. Сөйтіп,
сүйген жарының жарты денесі белінен төмен қарай
қанды рельстің сыртында, жарты денесі белінен жоғары
қарай қара шпалдардың үстінде жатыпты. Қақ бөлініп.
Содан кейін, күйеуге тимеген. Ондайды ойламаған. Тек
бизнеске берілген.
Алқоры аяған. Қатты-қатты. Түн ортасынан ауғанда
тағы оңаша қалған. Екеуі. Тоқсаба тыстан ішке кірме-
ген. Қора-қопсысының жанында ойланып отырғандай.
Ескі тонын жамылып. «Құрсақ шашу бергенімізге бір
ай боп қалды, сізден жасырарым жоқ, – деді Тұмариіс
Алқорыға. – Енді сіз екеуміз бір адамбыз ғой. Өсек
тыңдамайтын адаммын мен, әпкетай. Өсекті тыңдамасаң,
ол өледі. Өсекті сөйтіп өлтірейікші сіз екеуміз. Сіз де
соған үйреніңізші. Мүмкін боса. Ал, біз таңертең ер-
телеп жолға шығамыз. «Тойота-Камриді» Алмабекке
тарту еттік. Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынынан пәтер
әпереміз. Мына үй-жайларыңызды бұзып тастап, қайта
салумен Алмабек айналысады. Қаржы-қаражаттан қам
жемеңіздер. Жүзімай мен Жұлдызай қалаған универси-
теттеріне түсіп, бітіргенше менің тікелей қамқорлығымда
болады. Бірақ, әпкетай, екі қызға да, Алмабекке де
айрықша талап қоямыз. Заманға сай. Жауапкершілік-
терін жоғарылата түсеміз. Ол өздеріне пайдалы, түсініп
отырсыз ба?».
«Адам боп кеткендері жақсы ғой бізге», – дейді
Алқоры.
«Сіз «ақ алтын» терімін тоқтатып, өзіңізді күтіңіз, әпке, –
деді одан әрі Тұмариіс ханым. – Ай сайын Астанадағы
«Ақсұңқар» ЖШС есебінен елу мың теңге аударылады.
Жеке өзіңіз үшін. Жетісайдың жылы суына, Жаңақорғанның
ыстық балшығына барыңыз. Сарықамысқа Сарыағаш та
тиіп тұр емес пе?»
«Иә-иә, жақын ғой», – дейді Алқоры.
«Әпке, – деді тағы Тұмариіс аздап күрсініп. –
Тоқсабаңыз кеп тұрады. Қорықпаңыз. Аңсары ауып,
сағынса, ешқандай тежеу мен тұсау жоқ. Шекара мен
шектеу жоқ. Әрине, қаншама қырғын тірлік инженерлік
иықта. Түсінесіз ғой. Көбінесе Астанада болмаса, қиын. Түсініп отырсыз оны...». «Түсінемін ғой. Неге түсінбейін», – дейді Алқоры. Елең-алаңда екі бірдей аппақ «Джип» пен сүлік қара «Тойота-Камриіңіз» жолға шықты. Астаналықтар аттанып кеткеннен кейінгі жексенбіде ше, Сарықамыс симпозиумы өткен. Баяғы заманда «Сельмаг» болған, кейініректе кафеге айналған дәмханада. Сарықамыс симпозиумына қолы бостар, атап айтқанда, бұрын бөлімше басқарған, бастауыш партия ұйымының хатшысы болған, бригадир және звено жетекшісі болған, мал дәрігері және мұғалім болған бірқанша зейнеткерлер, бес-алты жұмыссыз және жастар өкілдері қатысқан. Өзбекстанға өтіп кеткен Бостандық ауданына қарасты Маңырама қыстағынан келгендерді қосқанда, бұл жиын халықаралық мәніске иетұғын. Симпозиум деуіміз сол себептен. Симпозиум сағаттан сағатқа созылды. Тоқсаба мырза мен Тұмариіс ханым хақында талқылау таусылмады. «Тоқсаба Торытайұлы өз ныспысына сай боп шықты, атын ақтады. Біз жерлесімізді мақтамаймыз. Біз Тоқсабамен мақтанамыз». Десті. «Тұмариіс келін жетпіс бесінші жылы Мақталыға облыстан келген келіншекке, ауатком төрағасының орынбасары боп сайланған сұлуға ұқсайды екен. Айнымайды». Десті. «Ауатком орынбасарын қайдам-ау, қайдам. Сексен үштің күзінде, Андроповтың тұсында Келестен келген үшінші хатшыға ұқсайды. Көркемдігі». Десті. Симпозиумға қатысушылар қорытынды қарар қабыл дады. Ол былайтұғын. Шамамен алғанда. Бірінші бап: «Тұмариіс-Тұмариіс дейміз-ау, ағайын. Таңданып. Тамсанып. Қаншама жерден мықты босын, баяғы патшайым апамыздың атын иеленсін, бәрібір. Тұмариіс ханым – Тоқсабаның тоқалы». Екінші бап: «Сарықамыс санасы мен адамзат дамуының арасындағы алшақтық асқынған. Ал, Тұмариіс ханымның Тоқсабаға тоқал болуы, сол алшақтықты қысқартуға қызмет етпек». Кафе іші у-шу. Гу-гу. Ду-ду. «Жұғысты босын», «Жұғысты босын». Десіп, жымың дасқандар еселенді.
Тап сол сәтте кафе қабатындағы жекеменшік азық-
түлік дүкенінен бір қора қатын-қалаш шыққан. Олар
негізінен Сарықамыстың сарқарын бәйбішелері мен
мақта теруге жарамайтындар, той-томалақтарға ба-
рарда және қайтарда қиқаң-сиқаң, қиқаң-сиқаң, қиқаң-
сиқаң ететіндер, үйрек секілденіп, екі жақтарына
жығыла жаздап жүретіндер, яки біресе оң иықтарына
қарай, біресе сол иықтарына қарай құлап кететіндей
көрінетіндер еді. Бұларыңыздың талқылауы да Тоқсаба –
Тұмариіс төңірегі мен Алқорының айналасында ғой,
әрине.
Ал, Алқоры бәйбіше биылша сыр алдырмайын деп
шешіп, «ақ алтын» теріміне жегілуден танбады. Ой-са-
насы өсекте емес. Көсекте. Қозаның көсегінде. Алайда,
аздап-аздап аунақшиды-ау. Төсегінде.
Алмабек Сарықамыстан салынатын болашақ үй-жайы
ның жобалық-сметалық құжатын Шымкенттің шебер
сәулетшілеріне жасатып, біржола бекіттіру үшін Астанаға
аттаныпты. Деседі.
Күлімкөз күз мамыражай мінезінен танбай тұр.
Тек оқта-текте қырау қылаулайды. Таңға жақын ғана.
Шарбақтың аяғындағы тақта телімде, жыл сайынғы
күзде, Жүзімай мен Жұлдызай қарала қауынның
көктүйнегіне дейін кеміріп жеп жүруші еді. Енді ептеп-
ептеп қана көз қиықтасаңыз, шикі шапшаңыз түгілім,
бүйірлері сап-сары, көгілдір керсендей қауындарыңыз
сұрғылт қырау астында, солған пәлек үстінде дөңкие
төңкеріліп жатыпты-ай.
АСҚАЗАНЫ АУЫРАТЫН АДАМДАР
Қай жылы екенін айтпаймын.
«Сарыағаш» санаторийінде бір қыз келіп танысты.
Мына маған.
Өзі.
Маусым айы жаңа басталған. Алтыншы корпустың
шығыс жағындағы әлі игерілмеген жон-жонастың үсті
де, қос қапталы да қаптаған жылқы желкек. Таң бозарып
атқанда тап-таза ауаға шықсаң ше, ақбөріктеніп қарсы
алады. Желкек біткен жайнаңдап. Асқазаның ауырмай
қалады.
Ертеңгілік емдәмге бара жатқаныңда айналып тағы
қарайсың. Ақбөріктілерге. Сиыр сәскеде, ем-домнан
оралғанда және де жон-жонастың жиегінен мойын соза
сың. Айкөріктілерге. Маусымның майсаң шуағына ма-
ужырап, байсал тарта түсетіндей. Жылқы желкектердің
кейбіреулері. Жас байталдай байыз таппай бас шұлғып,
шыдамсызданатындары да аз емес. Ара-араларында.
Тұла бойларындағы тұмса бүртіктерінен уыз дертіп
тұрғандай сезілерін қайтерсің-ай, қайтерсің.
Санаторийдің ем-домы мен емдәмі, шипалы суы
ғажап-ақ. Осылардың бәріне қоса желкектермен де жай-
дарманданып, жазыла бастағандайсың.
Алтыншы корпус шеткерілеу. Жай-жағдайы жұпыны
лау. Жолдамасы арзандау. Қарапайымдау, қатардағы ем-
делушілер мен демделушілер жатады.
Кіріп-шығып жүргендер жоқтың қасы. Бәрі дерлік
асығып-үсігіп ем алуға жөнелген.
Желкектеріме қол бұлғап қойып, бұрыла бергенім-
де, нан жиде аталатын нән жиденің арғы жағынан ақ
қалпақ киген қыз көрінген. Кідірмеске шамаң жоқ. Ақ
қалпақты қыз алғашқыда айкөрікті желкектермен ара-
ласып адастырған. Құндыздайын құлпырған шаңқан
шанақтарымен құраласып құрмаласқандай көрініп,
қиналысқа қамаған. Сәлден соң ғана қалың желкектен
және биік шашыратқыдан гүлқайырдайын өзгешелене,
өңдене бөлініп шығып, маусымның мамық соқпағымен
маған қарата аяңдаған. Басында дөңгеленген ақ қалпақ.
Үстінде жеңдері жеңіл желпеңді, етегі елпең желпей-
лі, жұп-жұқа ақ көйлек. Кеудесіне кітап қысып алған,
иә-иә-иә, кәдімгі кітапты кеудесіне қысқан қыз келе
жатты.
Жымиып, жақсы бір танысын көргендей жылуарлы
амандасқан.
Таңырқап, тамақ құрғаттым. Асқазанның үстіңгі жағы
сыздап, түпкі тұсы мұздаған. Сілемейлі қабатының қа
бынғанынан шығар, сілекейім бөлінбей, тілім тұтыққан.
Қыз дағы қатты қызарған. Оның дағы онша мазасы жоқ-
ау. Соншалықты сұлу бола тұра солай сезілген. Жанар-
лары жасаурап, ұзын-ұзын кірпіктері жыпылықтаған.
Қызғалдақтан сәл-пәл ғана күреңітіп көрінер көркем
еріндерінің көбе-жиектері кезеріңкіреген екен. «Ай, ай-
налайын-ай, а?! Сенің де асқазаның ауырады екен-ау...»
дегім келген. Демегем. «Дертіміз бір екен ғой» демек ем.
Дей алмағам.
Біреу білер, екеу білмес. Біздің қазекең асқазан мен
жүректі қатты шатастырады. Бағзыдан бері. Бұрыннан-
ақ. Білмегендіктен емес. Жүдә, жақсы біліп тұрып-ақ
сөйтеді. «Жүрегім жаман боп тұр», – дейді. «Жүрегім
айнып, лоблып, біртүрлі бейтаптанып отырмын», –
дейді. «Жүрегім сазып тұр», – дейді. Осындағы жүрек
дегендерінің бәрі асқазан екені айдан анық. Мұндай-
мұндай мысалдар жетіп-артылады. Ұзын сөздің қыс
қасы, қазекең асқазанның орнына жүректі жұмсай бе-
ретіндей. Жүрек шіркінді асқазан деп түсінетіндей.
Соған қарағанда ше, басқа ұлттарды қайдам-ау, қайдам,
біздің қазекеңнің жүрегі мен асқазаны әлдебір нәрселер
арқылы емес, тікелей жараса жалғасатын, ұнаса ұла
сатын сияқты. Мұны медицина саласындағылар біле
ме, білмей ме? Түсіне ме, түсінбей ме? Бұл – өз алдына
бөлек мәселе.
Алтыншы корпустың алдында, сәл ғана секөндтердің
ішінде, «Сарыағаш» санаторийінің, күллі курорттың кө
лемінде бір аптаның бойында көрінбеген көктем жара
тылыстың жанында осындай-осындай ойлар зуылдай
зыңылдатқан. Зуаладай басымды.
Ақ қалпақты, ақ көйлекті, кеудесіне кітап қысқан
сұлу қыз өтіп кететін шығар, әйтпесе алтыншы кор-
пустан біреуді іздеп келгенін айтып, жөн сұрайтын бо
лар деп түйгендей түйсікте едім. Өтіп кетпеді. Жуық
арада жөн сұрайтындай сыңайы жоқ. Ақбөрікті,
айкөрікті желкектеріммен араласып кеткендей абыржы-
та адастырғанда, құндыздайын құлпырған шашыратқы
шанақтарымен құраласа құрмаласып, көрініңкіремей
қалғанда қиналысқа қамалғанымды айтыңқырадым ғой.
Жаңа ғана. Жаздым ғой. Артынша аңғарсам, сол қылық-
құлығым сұқилық пен сұмқайлықтың, тағатсыздық пен
табансыздықтың арасынан табылардай тапыраштың
тыртаңы тәрізденді. Үйлі-барандысың. Үйлесімді-үлгілі
үй иесі санатындасың. Өзіңше. Әне, жылқы желкек-
терге дейін үйлі-барандылығыңды білетіндей, үйме-
жүйме күйде үйірлесе сыбырласатындай. «Уа тауасау
билхакки, уа тауасау биссабр» деп, білген аятымды сы-
бырлай күбірлеп, өз-өзімді кінәлап, өз-өзімді сабырға
шақырдым.
– Ағай, мен сізге келдім, – деді ақ қалпақтың ақ қанат
жарғағын бір шетінен шымшып ұстап, алтын басын аздап
қана иіңкіреген таңғажайып талдырмаш. Кеудесіне кіта-
бын қыса түсіп.
– Ма-ға-а-ан?! – деп таңырқадым сұрау белгісі мен леп
белгісін қатар қолдана қайранданып.
Сұлу қыз сәуірдегі уыздай сүйкімді әрі жап-жас екен.
Шақшадай басым шыр айналған. Маған келіпті. Осындай
қыз. Өзі. Сенбейтін сияқтымын.
– Сіз мені танымайсыз, ағай, – деді өзімсіне күлімсіреп.
Бір бұрым етіп өрген қарақоңыр шашын оң қолымен уыс-
тай ұстап, қос анарының ортасынан былайырақ жылжыт-
ты. Сол қолындағы сұрғылт сөмкесін сәл бұлғаңдатты. –
Әлде танисыз ба?
– Танымай тұрғаным, – дедім асқазанымның іші ме,
әлде сырты ма, қаттырақ қызыңқырағаны бетімнен білін-
гендей ыңғайсызданып.
– Танысып қояйық, – деді таңғажайып талдырмаш. –
Нәзия.
Мен атымды атадым.
– Ваннаға баратын шығарсыз? – деді Нәзия.
– Иә-иә, – дедім. – Анау желкектерді қимай тұр
едім.
– Желкектерді ме, әлде шашыратқыларды ма? Мен
сіздің «Шашыратқы неге жылайды?» деген әңгімеңізді
оқығам. «Қазақстан әйелдері» журналынан. Сізге хат та
жазғам. Жауап бермедіңіз, – деді таңғажайып талдыр-
маш бұрынғыдан бетер қайран қалдырып. – Ванна жаққа
барсаңыз, анау-мынауыңызды алып шығыңыз. Бірге
аяңдайық. Өзіңізге өтінішім бар.
Алтыншы корпустың төртінші қабатына қанат байлап
ұшып шығып, қалықтай келіп, қасына қайта қондым.
Екеуіміз қатар жүріп келеміз. Санаторийдің бас емха-
насы биіктеу қыратта. Арада қарағашы қалыңырақ сай
бар. Сол сайға түскенше түк те тілдеспедік. Қия беттегі бетон баспалдақпен көтеріле бастағанда бүй деді: – Менің хатымды алдыңыз ба, ағай? Бірақ сізге ондай хаттар таңсық емес қой. Жиі жазатын шығар? Қыздар? – Хатыңды алған сияқтымын. Жауап жазуға ыңғайсыздандым-ау деймін. – Әйеліңізден қорықтыңыз ғой, ә-ә?! – деді кеудесіндегі кітаптың мұқабасын шерткілеп. Тұтқиылдан тиісе тотайланатыны таңғаларлықтұғын. – Мүмкін, – деймін мен де. – Әйелден қорқатын заман. Иә-иә, енді-енді есіме түсіп жатыр. Кітапханада істейсің. Белбұлақ ауданының Балбұлақ ауылында. Шымкенттің мәдениет институтын тәмәмдап, тү-у-у тау түкпіріндегі алыс ауылға кеткенсің. «Шашыратқы неге жылайды?» деген әңгімені оқып, екі-үш күн көз жасыңды көлдеткенсің. Гүлзираны өзіңе ұқсатқансың. Солай ма? Хатың әлі сақ таулы. Журналдың ішінде. – Мен сізден жыл бойы жауап күтумен жүрдім ғой, ағай, – деді Нәзия. – Жүрегіңіз қатқыл екен. Онша емес екен. Жүрегіңіз. – Асқазаным онша емес, – дедім мен. – Қазақта жүрек пен асқазанды шатастырады. Нәзия сықылықтап кеп-кеп күлді. Түсінгеніне қуандым. Қуанышымды қымтадым. – Сіздікі қай қасқыр-ит? – деді. Гастритті меңзегені. – Өзіңдікі ше? – Менікі талаураған гастрит, ағай. – Менікі алаулаған гастрит, Нәзия. – Қандай емдәмдесіз, ағай? – Тұзсыз, қуырғансыз емдәм. – Түріңізден байқалады. Тұзсыздық, – дейді Нәзия рахаттана сықылық қағып. Қалпағын алып басынан. Күн иіс есіп шашынан. Жең-желеңі желкілдеп. Жағасыз мойын мінсіз-ді. «Уа, тауасау биссабр» деймін ішімнен. – Сенікі қай емдәм-дүр? – деймін сыртымнан. Күлкісіне ілесіп. Қылығына елітіп. Асқазаным атқақтап. Жүрегімнің орнына. – Менікі сүт емдәмі, – дейді Нәзия қызыңыз дым қылдана қайқиған қоңырқошқыл кірпіктерінен сәуле сырғанатып.
– Көйлегіңнен көрініп тұр, – деймін мен жаңағы шым
шығанының қарымтасын қайтармаққа тырысып. Тыр
мысып.
– Қойыңызшы, ағай! – деп еркелейді ол. – Көйлегім де,
қалпағым да аппақ. Түк те көрінбейді.
– Сол сүт түстестігіңді айтам, – дедім ақталған болып.
– Сөйтсеңізші. Бәсе, – деді Нәзия бұртиыңқырап. – Жа-
затындар бәрін көріп-біліп қояды деген сөз есіме түсіп,
қорқып кеткенімді қараңызшы. Асқазаным дүрсілдеп
тұр.
Үйлесімді-үлгілі үй иесі ретінде келіншегімді ойла-
дым. Көз алдыма келтірдім. Аудандық газеттегі тып-ты-
ныш, тымырсық, үйреншікті ағысты аласапырандатып,
облыс орталығы шақырған. Қатты қиналғам. «Қиналма.
Жұрт қатарлы, жүн-жұрқалы күйде қап қоясың. Шақырса,
бағалағаны шығар. Барғаның жөн!» – деп қайраған. Келін-
шегім. Әлдебір қыз-қырқынды топтар тиісе бастаса, бір-
ден сондағы бейнесі елестеп сала беретін. Бұл жолы да
сөйтті.
Қиядағы тегістік тепсеңде жан-жақтан құйылған
шұғылалар шарпыса шаттанды. Кеудесіне кітап қысқан
қыздың жаратылысынан кім-кіміңізді де баурай тартып
алатындай аппақ сәуленің сезілетінін аңдадым. Байла-
нып қалғандай айналып, алыстай алмай аңтарылдым.
Қыз сағатына қарап, шоршыды. Жылдамдата сөйлеп,
жағдайын жайбағыстады. Кешірім өтініп, өтініштерін
өрнектеді. Қысқашалап қайырғанда, былайтұғын. Бел
бұлақ ауданындағы Балбұлақ ауылының кітапханашысы
Нәзия Нұрлыханқызы. Асқазаны ауырады. Студент кезін-
де тапқаны. Талай-талай ем-домдар қабылдаған. Сонда
да сырқаттан сауықпаған. Емдәм тәртібін ерекше қатаң
сақтайды. Құлантаза жазылуды қиялдайды. «Сарыағаш»
санаторийіне өз бетінше келген. Жолдамасыз. Кезекті
еңбек демалысын пайдаланып. Кітапханашылардың пе-
шенесіне «пүйтепке», яки жолдама жазылмаған. Үш апта
емделмекші екен. Бір аптасы өтіп үлгеріпті. Әжептеуір
жеңілдепті. Асқазанының ауырғаны басылыпты. Бір
аптаның бедерінде екі мәрте көріпті. Мына мені. Сыртым-
нан. Суретімнен және әзірше шығып үлгерген жалғыз кі-
табымнан, әсіресе, газет-журналдардағы мақалаларымнан
беске біледі. Курортқа бір шақырымдай Көктерек
ауылының бергі бетіндегі шеткі үйдің бөлмесін жалдап
тұрып жатыпты. Санаторийге тек шипалы су ішпекке, ван-
на қабылдамаққа және асқазанын жуғызбаққа келеді. Енді
екі аптадай мерзімнің ішінде мына менен, яғни «беске
білетін» ағасынан мүмкіндігінше жанында жүріңкіреуді
қиыла өтінеді. Әрине, жүріңкірейтін басқа біреуім бол-
маса. Басқаша, бөтенше ойлап қалмауға тиіс екенмін.
Тек ағасы ретінде ғана, жазғандарын түк қалдырмай
оқитын қаламгері ретінде ғана кітапханашы қарындасы
қамқорлық күтеді. Себеп дейсіз ғой? Алыстағы ауылдың
кітапханашы қызы сәл сыртқа шықса, бітті. Біреулер
соңына түсіп, сүйіп-күйіп қалғанын мағлұмдап, міндет-
ті түрде алып қашатын көрінеді. Бұрын да бір-екі мәрте
сондай оқыс оқиғаларды бастан кешіпті. Еті тірілігінің
арқасында ғана әзер құтылыпты. Тұтқыннан.
– Өтінішім өзгеше ме? Шошытты ма? – деді Нәзия. –
Ренжіп тұрсыз ба? Әлде, жүріңкірейсіз бе? Менімен?
– Жүріңкіреп көруге тырысайын, – дедім. – Асқаза
ныммен ақылдасайын алдымен.
– Курортыңызда кешқұрым басталып, түн ортасына
дейін созылатын би болады екен. Оқта-текте қатыссақ,
қайтарда шығарып саласыз ба? – деді Нәзия. – Асқазанға
билеген пайдалы деседі.
Сынай қарады. Қайқы кірпіктерінен сәуле сырғанай
ды. Қандай қиын өтінішінен де бас тартуға болмайтын
дай болмысына қайрансың. Ақылың айран. Асқазаның
ойран.
– Шығарып сала аласыз ба? – деді тағы. – Өткен
аптаның өзінде Келес жақтың жігіттері екі рет алып
қашпаққа әрекет жасады, ағай. Алып қашқысы келетін-
дерден қорғай аласыз ба? Қорқасыз ба?
Қорқайын дедім. Қыздан. Сыртымнан сыр білдір
меймін.
Сол күні түн ортасына таман қалтырай бастағам.
Келес жақ та, Көктерек тұс та қап-қара еді. Қалай
шығарып салмақшымын? Ауқалым мынау, асқазаным
анау. Бірі қалжырайтындай. Бірі қатты қалтырайтындай.
Нәзияңыздың түр-тұрпаты мен сыр-сымбатына, әсіресе,
биіне қызықпаған, қадалып қарамаған жан жоқ-ты. Күллі
курортыңыз бойынша алты жүзден астам адам емделіп-
демделеді десеңіз, соның жартысына жуығы би кешіндегі
бөлекше бикешіңізден көз алмаған.
Көктерекке қарата жіп-жіңішке соқпақпен жүреді екен-
біз. Санаторий қоршауының сырты сорайған-сорайған сора
мен сиырқұйрық. Жылқы желкек емге жоқ. Аспаныңыз
алқаракөк. Жұлдыздар жап-жақын. Ірі-ірі. Ай батып кет-
кен. Жаңа ғана, соңғы вальсті билеп жүргенімізде ше,
Нәзия қыз:
– Ағай, анау қалың аршаның арасында ағараңдағандар
ды аңғардыңыз ба? – деп иығымдағы ыстық алақанына
сәл-пәл салмақ үстеген. Шәмші Қалдаяқовтың шалқи
есілген «Бақыт құшағында» әні кідірістеп, кібіртіктеп,
іріңкіреп сала бергендей сезілген. Маған.
Ендігіміз мынау. Самал салқын. Соралардың арасы
қарабарқын. Қызыңыз емен-жарқын. Сынай күлімсірейтін
секілді. Еркелей, емін-еркін адымдайды. Кеудесіне кітап
қысып алған. Оқымаған жазушылары кемде-кем. Әсі
ресе, әңгіме деген жанрыңыздың жауһарлары жайы-
нан жырлағанда мына маусымыңыздың самалы дала-
да қалады. Кітапқа деген сүйіспеншілігін сезгірлікпен
орап айтады. Ойлары орасан. Жанындағы «жүріңкірей
бастаған» ағасына не жағатынын жылдам байыптағанын
қарасаңызшы. Үш жарым сағатқа созылған бидің ба-
сынан аяғына дейін-ақ, үш жүздей адамның назары бір
өзіне жапырыла жығылғанын біліп жүріп-ақ, бірталай
жазушыларыңыздың әңгімелеріне шырын шолу жасап
үлгерген. Курортыңыз бен Көктерегіңіздің орта тұсында
топылиын шешкен. Сол қолына қосақтап ұстаған. Оң
қолымен кітап қысып жүреді ғой. Омырауына.
– Ағай, – деді жұмсақ топырақты жалаңаяқ басқан
күйінде бірдеңе айтпаққа оқталғандай. – Үндемес екенсіз
ғой.
Үндемедім. Орта жолдан асқанымыздың әсері шығар,
асқазанымыз атқақтауынан, жүрегіміз суылдауынан ары
лыңқырап, сабырға ауысқандай еді. Ертерек еркінсіген
екенбіз.
Сайын Мұратбековтің ... «Үскірігі» ше...
Деген. Дей бере демі үзілердей ышқынған. Нәзия
қызыңыз. Біз де бір минөтке жетпей, байлаулы жаттық.
Бес-алты жігіт. Бәлкім, бірқатары бозбала. Танау шіркінге
әуелгіде жусан мен ерменнің, сонсоң есекмияның иістері
келді. Езіліңкіреген есекмия. Сасық.
– Атаман, сөйлессей! – деді біреуі. – Уақыт тар.
Атаманы болар, аяқ жағымнан аттап, алғы жаққа өтті.
– Көке! Сен кімсің? Мына қызға қандай қатысың бар? –
деді.
Нәзия да байлаулы. Бірақ мен секілді шөп-шалам иіс-
кеп жатпағаны, түрегеп отырғаны байқалады.
– Ей, сендер ол кісіге сіз деп сөйлеңдер, білдіңдер
ме?! – деді кітапханашы қыз дауысын көтеріп, нып-нық
сеніммен.
– Сұлу қыз! Сен тыныш отыр! Әйтпесе! – деді атаман.
– Ол кісіге тиіссеңдер өздерің сорлайсыңдар, – деді
Нәзия нып-нығыз үні титімдей де дірілдемей. – Бұл кісі –
қаламгер ағай.
– Не дейді? Қандай ағай? – деді бірнешеуі қосар
ланып.
– Алдап отыр-ей, алып қашатын қыздарың. Ағайы
болса, үш жарым сағат бойы бір-біріне жабысып билей
ме бұлар? – деді ең артта темекі тартып тұрған біреуі.
– Ағасы, кім болсаңыз да бізге бәрібір, – деді ата-
ман. – Былай келісейік. Сіз бізді көрген жоқсыз. Біз сіз-
ді көрген жоқпыз. Мұндай сұлу қыздар Келестің келісті
жігіттеріне ғана лайық екенін ескертеміз. Арғы жағын
айтпаймыз, ішің білсін, әлу-ай. Түсіндіңіз бе, көке?!
Келістік пе?
– Қыздан сұраңдар келісімді, – дедім мен.
– Келес ауданының Жүзімдік ауылына былтырдан бері
оншақты келін түссе, соның жүз проценті алып қашып
апарылған. Курорттан да екі қыз әкеткенбіз, – деді ата-
ман.
– Алдымен ағайдың қолын шешіңдер. Содан кейін
келісейік, – деді Нәзия.
Олар ойланды.
– Жарайды. Асқазаны ауыратын адамдар ғой. Қарсылық
көрсете қоймас. Шешіңдерші, – деді атаман.
Түрегелдім. Төңірек түгелдей түнек. Төбедегі жұлдыз
дар да тым-тым жырақтап, жоғарылап кеткен. Атаман бү
йірін таянып тұрыпты. Қалғандары менен сәл сезіктенсе,
соққылап тастамаққа, тас-түйін дайын тұр. Нәзия ағараң
дайды. Бет-жүзі айқын емес.
– Қыз! – деді атаман.
– Аты Нәзия ғой, – деді біреуі.
– Атын кәйтем! Затын үйіңе жеткізсем болды емес пе?! –
деді атаман кекесінмен. – Әй, қыз! Сіз деп сөйлеңдер дедің.
Сөйледік. Ағайымның қолын шешіңдер дедің. Шештік.
Келісейік дегенсің. Келісейік те, кетейік. Ағайың асқазанын
азаптамай-ақ курортына қайта берсін. Жарай ма?
– Болдыңыз ба? – деді Нәзия.
– Әзірше боп тұрыппын, – деді атаман.
– Онда енді мені тыңдаңыз, аға! – деді қыз.
– Әй, мына қыз мені аға дейді-әй! Мені осы уақытқа
дейін ешқандай қыз аға деген жоқ еді!
– Аға, тыңдаңыз, – деді Нәзия сонда. – Жаныңыздағы
жауынгерлеріңіз де жөндеп құлақ қойсын. Қыз алып
қашуға машықтанған екенсіздер. Мына мен де мұндайға
әбден үйренген қызбын. Етім өлген. Талай мәрте алып
қашқан. Барып қайтқам.
– Не дейді?! – деді атаман шынымен-ақ шошып.
– Үйренгенмін дей ме? – деді біреуі.
– Үйленгем дей ме, әлде? – деді екіншісі.
– Қызбын дейді ғой, бірақ ха-ха-ха! – деді үшіншісі.
Асқазаным шындап сыздайын деді. Жүрегіммен жұп
таса. Далпылдап жаман құс ұшып өтті. Жалпылдап
жапалақ ілескендей. Түн салқын тартып барады.
Пауза бітті.
– Етім өлгенің қалай? Үйренгенің нең? Қыз! Қызсың
ба, әйтеуір? – деді атаман.
– Иә, қызбын, – деді Нәзия түк те саспай-ақ, асқазаны
ауырып көрмеген, ешқашан ауырмайтын адамдай. –
Бұрын да мені алып қашқан. Боралдай ауылына. Шаян
жаққа. Көнбегем. Жаңатастың жігіттері де бір көргеннен
ғашық боп, алып қашқан. Көнбегем. Қалмағам.
– Көндіреміз! – деді атаман. – Қалдырамыз!
– Аға! – деді Нәзия атаманды жібітіп. – Аға, алып
қашқанға көнген емеспін, көнбеймін де. Оның үстіне...
– Келіп қапсың Келеске. Биіктерсің белеске! – деді бі
рі. – Атаман! Таң атқанша тұра береміз бе? Сөз созылып,
іс сұйылып барады.
– «Оның үстіне» деп қалдың, оның немене? – деді
атаман.
– Алып қашқанға өлсем дағы көнбеймін деген сертім
бар. Оның үстіне анау ағайым мұндайға жол бермейді.
Облыстық газетте істейді. Осындай тақырыптарды жаза-
ды. Одан да тып-тыныш тарағанымыз жөн. Түсіндіңіз бе,
атаман аға?
Атаман асығып жаныма жақындаған.
– Куәлігіңіз бар ма, көке? – деген. Көрсеткем. Шұқшиыс
қан. Бәрі.
– Жарайды. Бұл жолы құтылдыңдар. Бірақ бізден де
зорлар бар. Бәрібір тұтыласыңдар, – деді атаман тістеніп.
Алтыншы корпустың төртінші қабатында, көршілес
бөлмелерде тұратын, асқазан ауруынан зардап шеккен,
зақымды запылармен мұңдаспыз ғой. Зәбір-жапамызды
шет-пұшпақтап шертіңкіредік. Нәзиямен билемекке
зерзаттанар төртеуінің зіні кетіп, күзетшілікке күбжің-
күдіксіз көнген. Қызға ағалық ықыластарын, бізге
інілік ізеттерін аямай-ақ арнаған. Төртеуі де мына ме-
нен кішіректұғын. Курортыңыз бен Көктерегіңіздің ара-
сын бесеуміз билеп алып ек. Алтыншымыз Нәзия. Екі
аптаның бойында, еш қауіп жоқ ойында, биге үзбей ке-
летін. Түн ортасы таяна бес батыр қызға еретін. Қорғап-
қоршап, әдебиетіңіз турасындағы әдіптелер әңгімелеріне
елтіп, биік беткейдегі шеткі үйге қалай тез жеткенімізге
таңданатынбыз.
Омырауына кітап қысқан күйі ол қалатын. Ай астында.
Ашылған қақпаның алдында.
Бесеуіміз мәз күйімізде курортқа оралатынбыз.
Қыз да кетті күрсінтіп. «Сарыағаш» санаторийінен
қызық та кетті. Маусымыңыздың миын шайқап, жылқы
желкектердің ұлпасын ұшырып, шашыратқылардың
шанақтарын шалықтап, шілде жетті. Игерілмеген жон-
жонастардың күнгей бүйірлері бір-ақ күнде күйіп-күре
ңіткен.
Бізбен бірге бүк түскен төртеуіңіз бауырларын әзер
жазып, ағаларын арқадан қағып, жұбатпаққа жұмылған.
Бізді жұбату арқылы өздеріне-өздері басу білдіргені бай
қалған. Төртеуі де мерзімдерін тауыс-тәмәмдап, қызыл
«Икарусқа» қарата беттегенде ше, шетке шығара икем-
деп, жеке-жеке пікірлерін білдірген. Шыдай алмағаннан шығар. Асқазандары. Алғаш Ақтөбеге аттанатын бауырымыз бүй деген: «Шыныңызды айтыңызшы, аға! Жай ғана жанында жүрің кіреумен шектелгеніңіз рас па?». Басымды изегендегі сықпытыма сенбеу мүмкін еместі. Сенді. Ішегін тартты. Қақалып-шашалды. Жөтеліп тынды. Кеңірдегі жыртылардай қиналды. Екінші ініміз Семейдентұғын. Жарма жағынан. Ағынан жарылып: «Аяулы ару екен. Курорттың көркі болды. Иландым имандылыққа, – деді құшақтап. – Өкінбеңіз. Асқазаныңыз ауырмасын». Үшінші жігітіміз Жезқазған жақтан-дүр. Иығыма қо лын салып: «Ай, ағатай-ай! Ағатай-ай! Ағатайым-ай!» – деді ықылық атып. Төртіншісі Талдықорғанда туып-өскен ғой. Жұматай ақынның жырларын жатқа білетін. Бірер шумақты нөсер лете төгіп, қатты күрсінді. «Кеудесіне кітап қысқан көр кемдіктің күзетінде жүруге жазған Жаратқанға ризамын!» – деді оң алақанын жүрегі мен асқазанының арасына басып. Қазақтарша бүгіліп. Қытайларша иіліп. Ертеңіне біз дағы қаламызға қайтқанбыз. Облыстық газеттің бейнетіне батып кете барғанбыз. Оның қандай қиямет екенін бастан кешкендер ғана білер. Былайғылардың сезінбегі беймүмкін бейнет қой ол. Белбұлақ ауданының Балбұлақ ауылынан келген көгілдір конверт көзге ыстық көрінген. Ізетпен ғана іздеу салғандай етіп жазыпты. Кітапханашы қыз. Ағасының қолына тікелей тие ме, тимей ме деген ғой. Жауап қайтардым. Кешікпей екінші хаты жеткен. Редакциядағы қалыптасқан қағида кереметтұғын. Қыз меткердің аты-жөні аталып, «Жеке өзіне» деп көрсетілсе, жан баласы ашпай, арналған адамға тікелей тапсырылады. Жеке өзіме жететін хат жиіледі. Асқазаны ауырмайтын болыпты. Құлантаза айыққан. Ептеп-ептеп емдәм тәртібін сақтайтын көрінеді. Аздап-аздап толыңқырағанын тұспалдайды. Тек қана кей-кейде жүрегі мазалайды екен. «Жүрек пен асқазанды шатастырып жүрмін бе, қайдам?» деп, қалжыңдап та қояды-ай.
Бесінші әлде алтыншы хатында: «Сізді сағындым,
ағай...» депті.
Осылайша күз өткен. Қыс жеткен. Қыз хаттарының
мазмұны қоюланған. Біздікі бірсарындылау, аса ұстам
дылау. Ұсталған күннің өзінде ешкім ештеңе дей ал-
майтындай, артық кінә тағарға түк таппайтындай. «Ай-
налайын-ай, әуреленбей-ақ қоялықшы» деп жазуға да
қимаймын. Соншалықты сұмқай да еместеймін. Белбұлақ
ауданының Балбұлақ ауылына хат жазып отырып, өзімді-
өзім жеркене жек көретін жағдайларым аз болмайтын.
Ал Нәзияның ғажайып хаттарын сақтамақтың орнына,
оқып біте сала паршалап жыртып, жойып жіберетінім
сауысқанның сақтығы ма екен?!
Көктеміңіз күлімкөзденген. Қолында Балбұлақтың
бәйшешегі бар Нәзия күлімсіреп кіріп келе жатыпты. Бір
бөлмеде үш адам отыратынбыз. Қынай бел қоңыр плащы
қандай жарасымды еді. Қоңыр береті дөңгеленіп, қалың
шашын жасыра алмай дөдегеленеді. Екеуіміз де елеңдей
қарасқан екеуден ыңғайсыздандық. Ол бәйшешегін беріп,
алтын басын иіп, омырау тұсыма бетін тигізді. Мен
маңдайынан сүйдім. Қоңырқай етігі тік балтырларын тоқ
көрсетеді. Сәл-пәл толыңқырағаны, асқазаны ауырмайты-
ны, құлантаза айыққаны айқын аңғарылады. Сонда дағы
таңғажайып талдырмаштығынан танбаған.
Алдымдағы ала қағаздан бас көтеруге шамам жоқ-ты.
Түнімен шығып, таңертең тарайтын нөмірдің бірінші
бетіне баратын материалды бір сағаттың ішінде жазып,
мәшіңкеге бастырып, бас редакторға қаратып, жауапты
хатшыға жеткізуге міндетті едім. Нәзия мұндай мәселені
түсінер ме?! Сонша жерден келгенде. «Күтіп отыра
тұрасың ба?» деп көнетоз қызыл кресломызды меңзегем.
Жанымдағы көршілер шығып кеткен. Олардың шұғыл
тапсырмалары жоқтұғын.
– Мына мақаланы түске дейін тапсыруға тиіспін. Жаңа
ғылар әзірше кіре қоймайды. Еркін бол, газет оқы, – деп
жұбатамын.
Екі сағаттан соң қалада қыдырдық. Түскі тамақты бір-
ге іштік. Емдәм дәмханасынан. Асқазаны ауыратын адам-
дар сияқтанып.
– Сіздікі қай қасқыр-ит? – деймін. «Сарыағаштағыдай».
– Өзіңіздікі ше? – дейді Нәзия. Курортта кездескендегі-
дей.
– Менікі – күтінбесең, шабаланып шыға келетін қас
қыр-ит.
– Менікі... мүлде жазылды ғой, ағай, – дейді Нәзия. –
Сіз әлі де емдәмдесіз бе? Тұзсыз, қуырғансыз...
– Иә-иә. Сіз ше?
– Мен емдәмді де, ем-домды да доғарғам, ағай.
Ол түскі тамақтан шығып, пионерлер паркіне кір-
ген соң жаутаң қаққан. Мен оның жаутаңдағанына жа-
уап қата алмағам. Аздап-аздап әңгіме айтысқанбыз.
Оған шаһарыңыздың шадыманы шаш-етектен секілді.
Маған оның алыстағы ауылы ерекше қызық сықылды.
Парктің түкпірінде тағы да жаутаңдаған. Мен күрсінгем.
Болашағымызды болжағым жоқтұғын. Бәрі бұлыңғыр
тұғын. Түс қайта бере баспаханаға, газеттің кезекшілігі-
не баруым керек. Кезекшілікті ешкіммен де, ешқашан да
ауыстыра алмайсың. Нәзия түсінгендей. Ет комбинаты
жағында екі жылдан бері бармай кеткен ағасы тұрады
екен. Сол кісілерге сәлем беріп, кешкі автобусқа үлгеруі
керек-дүр.
– Хат жаза берейін бе? – дейді қоштасарда Нәзия.
– Жазбай көр! Көресің! – деп батылданған болдым.
Өзімше.
– Маусымда... Былтырғыдай уақытта... Шымкенттің
шығысындағы әлі игерілмеген жон-жонастың үстінде
кездесеміз бе? – деді Нәзия. Жанарлары жанып. Қоңыр
беретін шешіп. Қою-қоңыр шашын шашып жіберіп, қайта
жинап.
Аузым аңқиған. Асқазаным атқақтаған. Қайран қалғам.
Ол алыстап барады.
Кезекшілікке кеткем. Күрсін кернеп кеудені.
Обалы не керек, Нәзия хатты сиретпеді. Маусымда
уәдесінде тұрды. Шаһардың шығысындағы әлі игерілме-
ген жон-жонастың үстінде жолықтық. Ұзақ қыдырдық.
Жылқы желкектер ақбөріктеніп, айкөріктеніп үлгерген
екен. Ақ қалпағы бұрынғыдай. Ақ көйлегі былтырғыдай.
Сұрғылт сөмкесіне Балбұлақтың жаздық алмасын сықай
толтырып әкелген екен. Таласа-тармаса жеп тауыстық.
Сонсоң кітап әлеміне ауыстық.
Одан кейін де бірнеше рет жолықтық.
Қорықтық. Ол емес. Мен.
Соңғы жолығыстан соң, құрғақ қыдырыстан кейін
Нәзия қыз хат жазбай қойды. Әуелгіде әуреленіп, жүйкем
жүндей түтіліп, жүдеп жүрдім. Бірсін-бірсін бойым байыз
тапты. Ойым байсал тартты. Ұмытқанымыз жөн. Бір-
бірімізді. Бәрібір, үйлесімді-үлгілі үй иесі ретінде келін-
шегіммен ажыраса алмайтыным ақиқат. Бала-шағамды
қалдыра алмайтыным шындық. Асқазаның сыздап,
жүрегің мұздаса дағы, көнесің.
Ұзақ уақыт өткен. Хаты жеткен. «Ағай! Ақыры алып
қашқандарға көндім ғой. Жаңатас жақтамын. Бірақ күйе
уімді түк те жақсы көрмеймін. Сенесіз бе?! Қайта-қайта
бардым ғой сізге. Түсінбедіңіз. Сезінбедіңіз. Қарамадыңыз.
Қайтем. Көндім. Нәзия».
Бір жарым жылдан кейін кенет телефонмен тілдесті.
«Жұмысыңыздан жарты сағатқа шыға аласыз ба?» – дей-
ді. Маусым айытұғын. Дауысында түсініксіз діріл бар.
«Шымкентіңізде игерілмеген жон-жонас қалмапты, қайда
кездесеміз?» – дейді. «Пионерлер паркіне, баяғы түкпірге
кел», – деймін. Жұмысымызға жақын ғой.
Мойнымнан құшақтап, солқылдай жылап қоя бер-
ген. Баяғы Нәзия емес. Басқа. Бөтен. Омырауына кітап
қысқан, әдебиет жайында әдемі әңгімелер әдіптейтін,
небір нұрлы шолулар жасайтын кітапханашы қызға
ұқсамайды.
Алып қашқан күйеуі нашақор, ішімдікке құныққан
біреу боп бұйырған. Қол жұмсаған. Ауылына бармайды.
Қалада қалады.
«Неге-неге-неге?! Қарамай қойдыңыз?! Бір жарым
жыл бұрын...Асыл қазынамды өзіңізге ғана арнап сақтап
ем, сізге бұйырғанымда, бұлай өкінбес едім ғой, ағай...
Бір түніңізді қимадыңыз... Ең болмаса бір-ақ түніңізді...».
Ұзақ үнсіздік орнады. Өштім.
Бар тапқаным: «Бір түн бірге болғанымызда, маған бұ
йырғаныңда... Қазір бәріне мені кінәлайтын едің ғой», – дедім.
Дәлел-дәйек айтқандай болғаныммен, өзімнен-өзім жиір-
кенгенім неліктен екен?! Кенет баяғыдағы, «Сарыағаш»
санаторийінің алтыншы корпусындағы төрт жігіт тізіліп
тұра қалды. Қарсы алдымда ойқастай елестеп. Төртеуі
түгел қосылып, әлдебір әнге басатындай. «Ай, ағатай,
ағатай!» дейтіндей. Әлгі әннің қайырмасы.
Арада қаншама жылдар жылжығанын жасырын қал
дырайын. Айтпайын.
Кенет облыстық ауруханаға түстім. Біресе жүрек дей-
ді, біресе асқазан дейді. Осы заманда дәрігерлеріңіз дағы
бағзыдағы қазақтар секілді. Асқазан мен жүрек шіркін-
дерді шатастырып ала береді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де
еркіңіз, Нәзия сұлуыңыз һәм емделіп жатыпты. Оныкі
де белгісіздеу боп тұрыпты. Не жүрек, не асқазан екенін
анықтай алмапты. Жағдайын қысқа ғана мағлұмдады.
Жалт етіп бір қарады. Жалқы мәрте жарқ еткен. Бітті!
Палатасынан шықпайтынға айналған. Мені жазылдың
деп шығарған. Бәрібір, дел-салмын. Мең-зеңмін. Бір
апта өткенде баяғы өзім жұмыс істеген облыстық га-
зеттен көрдім ғой. Оқыдым. Қазанама беріліпті. Нәзия
Нұрлыханқызы. Кітапханашы. Жүрек талмасынан ажал
құшыпты.
Кеудесіне кітап құшып жүретін қайран қыз. Айкөрікті,
ақбөрікті байтал желкек, бәлкім байдалы гүлқайыр секіл-
ді сирек жаратылыс. Қазанама басына баяғы, жас кезінде-
гі суретін беріпті.
Бізден қанша жас кіші еді өзі? Е-е, есіме енді түсті.
Айтпай-ақ қояйын. Ана дүниесі ақжарылқап болғай да.
ҚАЛТАРЫСТАҒЫ ҚОҢЫРАУ
«Не шықса да, Нәніпәтір уәлаятынан шығады».
Мұндай мұқатпалау мәністі мәтелдейтіндер аз емес.
Сіздер де сызданыңқырай сызғырасыздар.
Біз дағы біраз-біраз бипаздап бағамыз.
Ауқатбай да айтады-ай.
Ай, айналайын, Ауқатбай-ай. Нәніпәтір уәлаятының
алыстағы ауылында тіршілік кешетін нағашы ініміз дә.
Аузының аздап-аздап желемігі бар. Тілінің қотыры қа
лыңдаңқырап кететін кездері көбірек. Сырттай қараса
ңыз, пәлендей ерекшелігі жоқ. Ортадан биіктеу бойын,
аяқтарынан ұзындау қолдарын, делдиіңкіреген танауын
есептемегенде. Қырықтың қырқасынан асқанша қарын
бітпеген. Елуінде еңкіштеу тартқан. Әлдебір талаптың
тәртібіне тап түсіп, мерзімінен бұрынырақ зейнеткерлікке
кеткен. Мектептен. Мұғалімдіктен.
Нағашы ініміздің іші удай ашыпты сонда. Шыға қой
ғысы жоқтұғын. Зейнеткерлікке. Еңбек сабағынан бере-
тін. Ерінбей-ақ еңбектенетін. Қазір технология дейді ғой.
Пәннің атын. Өзінен де көреді кейде. Шеттетіле бере-
тінін. Тыныш жүрмейді. Шыдай алмайды. Тәптіштегіш.
Тәртіптегіш. Талғағыш. Талдағыш. Бағдары сондай.
Бала-шағасын да, жар дегендегі жалғыз қатынын да, тіп-
ті мектеп пен ауыл-аймақ белсенділерін де тәк-тәктейтін
табиғатынан танбас. Тәк-тәгіне тікірейетіндер тәлкекке
түсер.
Мәселенки, мектепке директор болатұғыны айдан анық
болашақ бастығына бүй деген ғой:
– Ауданның аузын майла-а-а-ап, жайла-а-а-ап қайтып
келемісің? Жәр-рәйсің! Қанша бергеніңді Қалтарыс бір
кісідей біліп отыр.
– Қанша беріппін? – дейді директорлыққа кандидат.
– Қазақстанның төл теңгесімен тәптіштейін бе? АҚШ-
ыңыздың ақшасымен бе? – дейді Ауқатбай.
– Қалауыңызға қарай, – деген Қалтарыс орта мектебінің
болашақ директоры айналасын абайлай барлайды. Естіп
қоятындай ешкім жоқ екен. Үш мүшелдей кіші ғой. Ауқат
байдан. Жуық маңайда жан көрінбесе де, көгереңдеп
алғаш, қызарады сонсоң.
– Қызардың-ау, қалқам, – дейді Ауқатбайыңыз. – Қызар
ғаның – қысылғаның емес. Қан қысымың. Дәулердің дерті
дейтұғын. Қосыларсың қатарға.
– Сонымен, қанша бергенімді қашан білем? Асығыс
ем, – деп кергиді кандидат.
– Мен емеспін. Ел ғой елеңдеген.
– Еліміз не дейді?
Қайран, Қалтарыс ауылы тойларыңа түскен төрт мың
долларға таудың арғы жағындағы жездеңнен үш жарым
мың, аудан басындағы бажаңнан бесжарым мың қарыз ап
қосып, он үш мың долларды дорбалап тапсырғаныңды
болжап отыр. Аталмыш ақпарат өзіңнен бұрын жеткен.
Бұл іске былтыр кіріскенде үш мың үнемдейтін еді деп,
аяп жатқан ағайын көп.
– Ал енді арыз айдайсыз ба? Неғыласыз?
– Арыз жазу тұқымымызда жоқ. Оның үстіне дәлелден
бес дүниеге дәрежемді түсіріп неғылайын. Қоғамдарыңда
қуат, адамдарыңда аят азайған алмағайыпта.
– Сонда сіздікі не далбаса?
– Кімді түзеп, нені жөндемексің дейсің ғой?
– Бәрін білесіз. Суға сиесіз.
– Арыз айдамаймын. Арзу айтқаным да. Айту – па-
рыз.
– Арзу? Оныңыз немене тағы? – дейді келешек басшы
күреңітіп.
– Ардың зуаласы ғой. Көне түркі тілінде, – дейді Ауқат
байыңыз.
– Әйтеуір бірдеңені шығарып жүрмесеңіз, ас батпай-
ды-ау сізге, – деп жұмсарыңқы тартады директорлыққа
кандидат.
– Бірдеңелеріңді шығарып жүретін сендерсіңдер. Сен-
дер шығарасыңдар.
– Ол не сонда? Қалай шығарамыз? Нені?
– Не болушы еді. Ауданның аузын майлаған мөлшеріңді
өжең өлшеміңе салып шығарасың да. 2010–2011 оқу жы-
лында бар күшіңді күшеніп соған жұмсайсың. Өткен апта-
да босаған ботаника мұғалімінің орнынан бастайсың. Еден
жуатын егде қатындарды қуып, орындарына «конкурс»
жариялайсың. Кімнен қанша алғаныңды Қалтарыстың
қарияларынан бастауыш кластардың боқмұрындарына
дейін сыбыр-сыпсыңға, күбір-күпсіңге айналдырар. Әне
киіңіз, бірдеңе шығару деген осы. «Не шықса да, Нәніпәтір
уәлаятынан шығады» деген осы.
Қалтарыс орта мектебінің болашақ басшысы табан
астынан талтайды кенет. Күреңіткені де, қарауытқаны
да ізім-қайым. Зым-зия. Түтіккенінен айыққаны анық.
Тәртіптегішпен түйтпекке түспес.
Түкірді.
Ауқатбайыңызға таман. Тап-таза тұсқа. Түймеленді.
Тап-тұйнақтай түрге енді. Тағы да түкірді. Қалыңдата
қақырды. Түкірген тұсы тақыр топырақ та емес, жадағай-
жайдақ жер де емес, ағараңдаған ажырық та емес, жаңадан
төселген, мәрмәр мәнзелдес, заманауи зер шашып, парасат
шақырардай плиткатұғын. Ауқатбайдың ауылындағы оқу
ордасы, білім ошағы, тәрбие-тәлім ұясы саналатын салта-
натты сарайыңыз «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарла
масы бойынша бой көтерген ғажайып ғимарат еді.
Біздің нағашы ініміз Ауқатбай айтарын айтып алып,
артынан аздап қана азапқа буылар. Өткінші жауын-
дай өкініш сепкен сезімінің сіркіремесі кепкенде, қайта
қиқарланар. Қоңырау шалар.
– Жиен көке-е-е! – дейді қиястанып. Ұп-ұзын оң
қолының шынтағын тізесіне тіреп, телефонының трубка-
сы шықшыт тұсын шытынатқанына дейін көз алдыңызға
елестейді. Езу тартуға мәжбүрсіз. Еріксіз.
– Жаңа ғана мектеп жақтан жеттім, – дейді нағашы
ініміз. Жиен жұрты үшін ғана жұмыс істеп жүргендей
міндетсініп. – Нәніпәтірдің орталығында отырсыңдар,
ә-ә-ә?!
– Неғыламыз енді? Отырмыз. Облысыңның орталы
ғында.
– Жасың үлкен дә. Әйтпесе...
– Бірдеңе бүлдірдің бе, немене?
– Әне! Әнеки! «Бірдеңе шығармасаң, ауқат батпайды»,
«бірдеңені бүлдірдің бе-е-е?». Сөздерің де ұқсас, өздерің
де ұқсассыңдар. Бірдейсіңдер бәрің.
– Не боп қалды?
– Не болушы еді. Сәл-пәл үлкенірексің, – деп жуаси-
ды нағашы ініміз. – Кішірек болсаң, иттің күшігіндей
қыңсылатып, бүлдіргеннің көкесін көрсетер ем. Мен
бүлдірмеймін. Түсінсеңдер, түзеймін мен. Әлі күнге дейін
кім екенімді ұқпайсыңдар. Сезбейсіңдер сендер. Міне,
мектептен келгенім осы. Жағдай жақсы емес, жиен...
Шекспирдің «Гамлетін» орысша оқығансың ғой сен.
«Мир раскололся, и смешней всего, что должен я восста-
новить его!».
Ай, айналайын Ауқатбай-ай! Мына заманда Шекспир
де несі бар, шенеуніктермен шекісіп несі бар?! Ауқатбай
жаңағы, жоғарыдағы жағдаяттарды баян ете бастай-
ды. Майын сорғалатып. Тілінің қотырымен қытықтап.
Қалтарысты әлемдік әйдік экранға шығарып. Біз елес-
тетіп бағамыз. «Көксандықтан» көргендей күйде оты-
рамыз. Облыс орталығында. Нәніпәтір уәлаятының
кіндігінде.
Зейнеткерлікке мәжбүрленгеннен кейін кері шегінер
деген едік. Нағашы інімізді. На-ға-а-а-ан?! Танауы делдие
түсті қайта. Тұлпар шабысы, тізгін қағысы ашылып
жөнелді.
Бір айдан соң Қалтарыс орта мектебінің директорлы
ғына тағайындалған баяғы баланы Түкіргіш атаған да осы
Ауқатбайыңыз. Түкіргіш балаңыз бәле екен. Арыз жазбай-
тын, арзу ғана айтатын Ауқатбайыңыз ағарту саласының
ардақтысы атанып, зайыр заңнамалық негізде зейнеткер-
лікке замғатылды. Шапан жабылып.
Аштан өлетіндей, көштен қалатындай заман емес.
Бала-шағасының бәрі өзімен-өзі. Бұларға бермесе дағы,
сұрамсақтана сүзілмес. Еңбек сабағының пайдасы.
Қатыны қақтап сауатын үш-төрт сиырдың сүтін шарбақтың
аяғына азаннан апарар. Аудан басындағы сыр зауытынан
жететіндер жып-жылы сәлемдесіп, жымиыса жүгірісіп,
жарыса көтерісіп алып кетер. Әр аптаның соңында есеп-
тесер. Үйіргелік жердің, тақта-тақта телімнің тірлігі
жетіп-артылар. Атқара алар адамыңызға.
Сонда дағы жаңа жобалы ғажайып ғимаратқа қараса,
еңкіштеу келген кеудесін күрсін шіркін кернейді-ай.
Ұзын-ұзын қолдарымен кезек-кезек қырсық қыртысты
қарақошқыл желкесін қасиды-ай. Сыр сездірмес-ау. Алай-
да. Өзін-өзі қайрап, қадамдарын нықтап, орталық жаққа
беттейді. Түкіргіш баланың қарсы ұшырасар уақытын
дөп басып, дәл табады.
– Не гәп бар? – дейді салқындау сәлемнен соң. Ауқат
байыңыз.
– Ақпарат бұлағы сіз арқылы ағып өтпей ме? – дейді
директор.
– Креслоңыз кісіні өзгертеді ғой. Шешен-ақ шешіледі-
ей. Бәлекет.
– Қалтарысыңда қалтарыстар қалың. Қағаберіс қап,
қаншамасын құлақ шалмай шермендеміз.
– Ең үлкен жаңалығымыз сол, күні кеше жоғары
біліктілік санатын алғандар қатары алты адамға артты.
Мәзбіз.
– Ойбай, онда түзеле бастапсыңдар ғой. Біз кеткелі.
– Қалай қағытсаңыз да, мейліңіз. Өзіңіз білесіз,
бірінші санатты аудан, жоғары санатты облыс шешеді.
Оңай емес. Әйтеуір, осы мектептің абыройы ғой көз
дегеніміз.
– Қайдам-ау, қайдам. Қалтарыс мектебінде қазір
қалыптасқан өзгеше үш санат бар деседі ғой, жұртыңыз.
– Қандай-қандай екен-ей олар?
Ауданың мен облысыңда отырғандардың және ауыл
белсенділерінің тікелей қамқорлығындағылар – бір санат.
Жаңа директорға жүйелі түрде жасырын жинайтындар –
бір санат. Өздерінше өліп-талып тырбанатындар – бір са-
нат. Қай санаттың қандайлығын, қайсысы жоғары немесе
төмендігін ішің білсін, әлуай.
Түкіргіш бала түкірер. Бұрылып теріс айналар. Арзу-
дан.
Ай, айналайын Ауқатбай-ай! Осындайларды термелей
тербеп, телефонмен толғайды-ай. Жүдә, шыли кінәмшіл,
тіпті кейде бәлеқор боп кеткендей қауіптенесіз. Нағашы
ініңіз. Амалсыз тыңдайсыз. Жиенсіз.
Оу, облыстағы жиен көке-е-е! – деп қыңырая қоңы
раулатар Ауқатбайыңыз. – Үйлесім бұзылып, ұнасым
құрдымға кетіп, сенімсіздік семдіріп барады. Адамды.
Ницшелерің меңзегендей. Отырыңдар омалып.
– Не болды, нағашы? Тыныштық па?
Қалтарыста қайдағы тыныштық?! Орталықта оты-
рып ап, жаңалық ашқышсыңдар. Біздің мектептегі
барлық кластардың көкелері мен жәкелері бар. «Кры-
шалары». Түсіндің бе? Сынып бөлмелеріне солардың
аттары беріліп жатыр. Компьютер басып барады.
Мектепті. Қайда қоярын білмейді қазір. Ендігі кезек
көшелерге кеп тұрыпты. Орталық көшеге бұзау бағып
өткен бір бақташының аты қойылған. Баяғыда. Себебі
сол, баласы облыс әкімінің орынбасары екен. Жаңа
көшелерге көкелерінің, әкелері мен аталарының ат-
тарын қойғысы келетіндер құдайы жасап, ауылдың
ақсақал-қарасақалдарын шақырады. Шапан кигізеді.
Конверт ұстатып қайтарады. Мына нағашың жолаушы-
лап кеткенде, құдалықта жүргенде жасауға тырысады.
Құдайыларын. Шапандатуларын. Бәрі. Қорқады-ай,
нағашыңнан. Әй, жиен көке, бәрін орталықтан, облыс-
тан жұқтырып жатыппыз-ау. Анау екеуге ең үлкен екі
даңғылдарыңды беріп қой-е-е-еп, алаш ардақтылары мен
ақиқат академиктерді айдалада қалдыр-е-е-еп, қалғып-
мүлгисіңдер ғой өздерің де. Ел-жұртқа күлкі-мазақ боп
біттіңдер. Неміс Гете қағидалағандай Құдайды қуантуды
қойдыңдар. Білесіңдер ме мұны? Сезбейсіңдер сендер.
Арада ай шамасы аунағанда Ауқатбай тағы да телефон
соқты. Ентігіп тұрыпты. Дерттен емес. Демігуден емес.
Аптығудан. Асығудан. Арзудан.
– Ей, жиен көке. Тыңдағын мені. Тарихта кездеспеген
керемет оқиға! Естіп тұрсың ба?!
Құлақ Қалтарысқа қараған. Тағы не бүлінді?
Кіндік кентімізден кембіз бе? Үйренеміз дә. Мектепке
де жеттік. Қалтарыс орта мектебіне ат қоймақтың қырғын
майданына кірістік. Жиен көке-е-е! Жақында аудандық
сотыңыздың өзі маған, мына маған пара бермек болды.
Мына нағашың ала жаздады! Қызық-ай!
Бұл жағдай былай болыпты. Ауқатбайыңызды аудан
дық сотқа шақыртыпты. Адам баласының ала жібін ат-
тамадым дейтұғын, аузы батыл, адуынды, ерке де еркін
есептелетін Ауқатбайыңыздың өзі алғашқыда алағаттау
күйге буылыпты. Айналасына алақ-жұлақ қарағыштапты.
Соттың аты сот екен дә.
Айқындалған мерзімде ауданға ілігіпті. Автобуспен.
Сөйтсе, сотыңыз өзгешелеу өтінішпен алдыртыпты.
Ағарту саласының ардақтысы деп. Қалтарыс ауылының
салмақтысы деп.
Сұйқылтым шашын жылмайлата жылтыратып тарап
қойған. Жігіт ағасы. Жүдә, шыли шешен екен. Тап-та-
за бөлмеде тәп-тәтті шәй ішіпті. Екеуі. Аужай-ахуал
сұрасыпты. Шешеніңіз шешіліпті. Ауқатбайдың алаңы
басылыпты. Көңілі жібіп, кеңсірігі суланыпты. Аудан
сотының ата-бабалары да, әкесі де Қалтарыста туып-
өсіпті. Қалқоздарды қайта құру жылдарында жылжып-
ты. Әкесі. Қызмет бабымен. Нәніпәтір уәлаятының
орталығына. Әкесінің атын Қалтарыс орта мектебі-
не лайық деп санайтындар жетіп-артылып жатыпты.
Ауылда анау-мынау сыпсың шықпау үшін шақырыпты.
Білуінше, ауыл түгел тыңдайды екен. Аукеңді. Аузы-
нан шыққан лебізді жерге тастай қоятындай жан жоқ
екен. Ауылда. Шыншыл екен. Ақиқатшыл екен. Аукең.
Қалтарыс орта мектебіне әкесінің аты қойылса, ауыл да,
мектеп те, жекелеген адамдар да жаман бола қоймас.
Қажетті қамқорлықтың бәрі жасалмақшы.
Аудан сотының алдында ашылмапты. Ауқатбайы
ңыз. Түйіліңкіреген түрінен танбапты. Жібіген көңілін,
суланған кеңсірігін жеделдете, желдете кептіріп үл
геріпті. Бас биіңіз арғы жағына бір, бергі жағына бір
шығыпты. Аукеңнің айызы қаныпты. Рахаттаныпты.
Мұндай ләззатты шақты бастан кешудің өзі бөлек
әлем екен дә. Бір ауданның білдей соты өмір бойы
бүкшеңдеп еңбектенген қарапайым мұғалімнің, нәйеті
зейнеткердің алдында құрдай жорғалап жүріпті-ай!
Ай, айналайын, ата-бабалары мен марқұм әке-шешесі
сезіп жатыр ма екен осыны?! Өмір бойы менсінбей,
күйеуін кім көрінгеннен кем санаумен келе жатқан
жар дегендегі жалғыз қатыны итке тістетсең дағы
иланбас.
– Не қиялдап кеттіңіз, Ауқатбай аға? – депті сотыңыз
сонда.
– Не болушы еді, – депті Аукең. Түк те саспай. Сасқа
лақтамай. Ауылды ойлап отырыппын.
– Шәй ішіңіз. Асықпаңыз. Аулыңызды сағынып үлгер
діңіз бе, деп-демде, – депті сот лекіте күліп. Керіле
кеңейіп.
– Рахмет. Қандым, – депті біздің нағашы ініміз.
– Сіз автобуспен келдіңіз ғой? – деп сұрапты сот.
– Немен келуші ем енді, – депті Аукең.
– Өзіңізге бек сенімдімін, Ауке. Мектепке ат қою туралы
ұсынысқа ұйытасыз. Жұртыңызды. Ауыл-аймағыңызды.
Әкеміздің есімін еншілегеннен ұтпаса, ұтылмайды. Еш-
кім де. Өзіңіз де тап бүгін таңдаулы таксиіңізді жалдап
қайтасыз. Жалғыз өзіңіз. Автобуспен шаршап неғыласыз.
Бұдан былай сіз – ағамсыз. Мен – ініңізбін. Міне, мы-
нау – менің інілік ізетім. Алғашқы сыйлығым, аға. Ағама
арнағаным, Ауке! Алыңыз, аға.
Аудан соты аппақ конверт ұсыныпты. Аукеңе. Өз қолын
өзі асқан ықыласпен алға созыпты. Сот.
Бұл өзі тарихта бәлкім болған, бәлкім болмаған оқиға
шығар. «Шекспирдің шығармаларында бар ма еді?!
Мұндай мәселе?!». Деп ойлапты Аукең. Аудан басында
отырып.
Ауқатбайыңыздың аузы аңқайыпты. Аукеңе аудан
соты пара ұсынып тұрыпты. Нәніпәтір уәлаятында пара-
ны көбінесе пәре дейді. Пәреге қарап, пәлегі қарауытқан
қауындай әлек кешіпті.
Аукең алғаш асып-сасқан. Аз ғана мезет. Сонсоң
сақ-сақ күліпті. Кітапты аздап-аздап оқиды ғой. «Ақша-
Құдай сақ-сақ күліп қарап тұрды» деген сөйлемді
оқыған. Жадында жатталмақ түгілім, ап-айқын сурет
секілденіп, ой санасында оймышталып орнап қалғанын
қарасаңызшы. Сол себептен-ау, Ауқатбайыңыз Ақша-
Құдайыңызға қарап, сақ-сақ күліпті. Аудан сотының
алдында.
Сотыңыз сасыпты. Елінен жеткен зейнеткердің есінен
адаспағы да бек бәлкім емес пе?!
– Алсаңызшы, ағатай, – депті сот. Аппақ, тап-таза кон-
вертті ұзата созып.
Соттың аты сот. Сақ-сақ күлкісін тыйыпты Аукең.
Алса ше? Ауқатбай. Параны. Пәрені. Аудандық соттан.
Бір мезет алғысы да келгендей сезінеді. Алмаса дағы,
аппақ, тап-таза, керемет конвертті қолымен ұстап, ашып
көргісі келеді. Қанша екен-ей, а?! Өзіміздің төл теңгеміз
бе екен? АҚШ-тың ақшасы ма, әлде? Кенет қолын соза-
ды. Иә, иә, Ауқатбайыңыз алға ұмсынады. Сұқ саусағы
сумаң еткенде ғана есін жиыпты. Қалт тартыныпты.
Қатуланыпты. Ойын да, бойын да жинап үлгеріпті.
Қайтадан сақ-сақ күліпті. Ақша-Құдайыңыздан биік-
теп. Жоқ. Күлмекке тырысыпты. Бірақ үні құмығып,
дауысы естілмепті. Айтар сөзі тұншығыпты. Тұла
бойы қалтырапты. Құлап қалмай тұрғанда, бір бәлеге
тұтылмай тұрғанда, құтылмаққа қарманыпты. Жантала-
са жұлқынғандай есік жаққа ұмтылыпты.
Аудандық сот кеңсесі орналасқан көшеңізді һәм әлдебір
әкімқараның әкесі иемденген екен. «Жарықтыққа жер ба-
рып жеткізбегей. Жай ғана, қатардағы кеңес шенеунігі еді
ғой», деп күбірлейді Ауқатбай.
Сот оқиғасынан кейін жарты ай шамасы өтті ме, өтпеді
ме, Ауқатбайыңыз айғай сап:
– Жиен көке-е-е! – деді тағы да телефон арқылы. –
Соңғы жылдары, жүдә-ә-ә саябақшыл боп кетіп едіңдер.
Орталықта отырып алып. Саябақтарыңа сан жетпеуге
айналып еді. Бастамаларың біздің ауылға да аяқ басқан.
Қалтарыста да саябақ жасап тастағанбыз. Ескерткіштер-
ді де еселеп, мың мәртебе көбейтіп мәзсіңдер. Бүйте
берсеңдер, қайда барар екенсіңдер сендер?! Жиен
көке-е-е! Кім боласыңдар? Бара-бара. Ойбай-ау, ұлт
ұстындарының тұлғалары әнебір әлдебіреулеріңнің ті-
зелерінен де келмейтіндей күйге ұшырағандарың қай
масқара?! Жылаймыз ба, күлеміз бе?! Жә, жарайды.
Қойдық. Орталықтарыңа жауап беретін біз емеспіз. Сен-
дерге еліктеп, ескерткіш көбейтуге кірістік. Жоғарының
бастамалары ауыл жаққа бұрмаланып, азып-тозып же-
тетінін білмейсіңдер. Білгілерің жоқ. Көргілерің келмей-
ді. Үйлесім келмеске кетіп барады.
Ауқатбайыңыздың айтуына құлақ қойсақ, Қалтарыс
тағы мешіт пен мектептің арасында саябақ ашылып-
ты. Сол саябақта ескерткіштер тізілмек. Оқиға былай
өрбіпті. Әзірше тұғырлы мүсіндер төрт тұлғаға орнаты-
лады. Көпшіліктің келісімі. Ауыл әкімшілігінің ұйғарымы.
Төртеудің бірі – Түкіргіш баланың бабасы. Әкесінің әкесі.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалқоздың сиыр пер-
месін басқарған. Сауыншы қатындарға қырғидай тигені
үшін партия қатарынан шығарылып, орнынан босағаны
бүгінгі заманда кінәға саналмайды. Соғысқа алынбаған.
Жасы асқандық себептен. Сұрапыл жылдары атқа
қайтадан қонған. Ғасыр ортасынан ауғанша түспеген. Ер
үстінен. Белсенділер тізімінен.
Өкінішке қарай, жөнді суреті табылмаған. Қалқоз
жиналысының биіктеу үстелінде үш-төрт белсендімен
қатар қарауытыңқыраған бейнесі сақталған. Мүсін
шілер қатты қиналған. Долбарлаған. Домбаздаған.
Жобалағандардың пікірлеріне сүйенген. Ақырында
ауылдағы
алғашқы
ескерткіш
тұғырына
қонған.
Ауқатбайыңыз үш-төрт сиырының сүтін елең-алаңнан
өткізіп, ыңылдай әндетіп, мектепке қарата аяңдаған.
Кешкісін әлдекімдер әрекеттеніп жатқандайтұғын. Тех-
никалар жүрген.
Түкіргіш баланың бабасы тұғырында түнепті.
Ауқатбай ары да қарайды, бері де қарайды. Алдына
бір, артына екі шығады. Айналып көреді. «Мынау мүсін
директордың бабасына түк ұқсамайды ғой! – дейді тамағы
құрғап. – Лайық болсын, лайық болмасын, ақыры ескерт-
кіш қойып, мүсіндегесін арналған адамына аздап ұқсауы
жөн емес пе? Ал мынау – ол емес. Ат үстінен түскісі кел-
мей, бір бүйірін таяна қисайып, мысқылдай жымиып,
шырт та шырт түкіретін ағамыз емес сияқты. Бұл басқа
біреуге ұқсайды. Келіңкірейді! Кім еді? Иә-иә, ойбай-ау,
бұл – сол ғой, сол...»
Түкіргіш баланың үйіне жедел бармаққа бекінеді.
Сөйтсе, директордың өзі де келе жатыпты. Ирек көшенің
үстіндегі иір биікпен. Арықтың бойымен.
– Тағы да арыз айтқалы тұрсыз ба? Таң азаннан неғып
жүрсіз? – дейді директор Ауқатбайыңызға бір, бабасының
мүсініне екі қарағыштап.
– Арыз емес. Арзу, – дейді Ауқатбай. – Құтты болсынға
аузым бармайды. Жүдә, қиын гәп.
– Немене ол? Не еді оныңыз?
– Не болушы еді? Менің емес, сенің гәбің. Мынау
мүсін – сенің атаң емес. Тез арада өзгертпесең, масқараң
шығады. Ұқсамайды.
– Ойбай-ау, бірталай адамды апардым. Ауданға.
Мүсіншінің шеберханасына. Алпыс пайыз ұқсайды деген.
Бәрі.
– Мені неге апармадыңдар сонда?
– Уақтысында таппадық. Құдалыққа кетіпсіз. Мына
маған аздап келіңкірейді. Дескендер болған. Атамызға ал-
пыс пайыздай ұқсаса, жетеді. Дескенбіз.
– Жо-жоқ! Жетпейді. Елу пайызға да жетпейді мына
мүсін. Мәселе онда да емес. Гәп басқада. Масқараң
шығады. Жедел жөндету керек!
– Ол не?
– Не болушы еді? Масқара боламыз.
– Мазақтауыңызды қоймайсыз-ау, жүдә, тегі!
– Менің мазағым ештеңе емес. Аталаспыз ғой. Басқа
лардікі бәле болады, бала-а-а...
– Ашып айтыңызшы. «Әкесі өлгенді де естіртеді»
демей ме?
– Сен атаңды өлтіргелі тұрсың, бала-а-а! Өліп қалған
атаңды қайта өлтірмексің. Білдің бе-е-е? Бабаңды-ы-ы.
– Тоқ етері не? Жұрт жинала бастайды сәлден соң. Тез
детіңізші!
– Жұрт жиналмай тұрғанда жылдамдат. Бабаңның
басын жасыр. Ақ матамен. Мынау мүсін – ол кісі емес.
Анау көшенің атын алған қойма меңгерушісіне ұқсап
кеткен. Білдің бе? Ал сол қойма меңгерушісі мен сенің
мына бабаң ба, атаң ба, екеуінің арасында өсек-аяң
өршіген. Сенің атаң ба, бабаң ба, әжеңді сол қойманың
бастығынан қатты қызғанатын. Сенің әжең балабақшаның
зәбидешітұғын. Қойма мен балабақша қатартұғын.
Мұның бәрін Қалтарыс ауылының қақсалдары беске
біледі. Ертең-ақ елің гу ете түседі. Мендей дертке дауа
табарсың. Түкірерсің. Ал ауыл өрт шығарса, өшіре
алмайсың. Өзің де өртенесің де кетесің. Арзуым осы.
Барды ма бірдеңе?
Түкіргіш директор мектеп пен мешіттің қақ ортасында
қатты қиналыпты. Түкірмекке тырысса, таңдайы құрғап,
түк шықпапты. Ауқатбайға алақтапты. Алдамайтындай.
Бабасының басын бозғылт жамылғымен тұмшалатыпты.
Тездетіп.
Ымырт үйірілген шақта аудан жақтан мамандар жеткен.
Мектеп директоры бабасының басын кестіріпті. Арала-
тып. Зілмауыр бас темір көлікке тиеліп, аудан орталығына
жөнелтіліпті. Бассыз кеуде тұғырда қалыпты. Бозғылт ма-
тамен маталып.
Арада апта аунағанда, атасының басы ауылға қайта
оралып, орнына орнығыпты. Салтанатты түрде ашылып-
ты. Ескерткіш-мүсін. Қалтарыс жұрты: «Жетпіс пайыздай
ұқсайды. Жаман емес», десіпті.
Бұл хикаяны жалғастыра бермектің мүмкіндігі жоқ
емес, әрине. «Не шықса да, Нәніпәтір уәлаятынан шы
ғады». Біраз-біраз бипаздадық. Әзірше осы да аздық ет
пес. Жетпеген жақтарын сіздер сызғырарсыздар. Наға
шыларымызға тартыңқырап, артығырақ ығырласақ, ғафу
өтінеміз. Ауқатбайдың ауылындағы орта мектептің атын
ақыры аудандық соттың әкесі иемденіпті. Марқұм. Мұны
біз басқа біреулер арқылы естідік. Бір таңғаларлығы,
нағашы ініміз қақаған қыс бойына телефон соқпады.
Ауқатбайыңыз ардың зуаласын илемейтінге айналды
ма, «бәле-бәтірдің» бәрін тізбелеуден шаршады ма, бізге
өкпеледі ме, кім білер. Арзу айтпауға біржолата бекінген
болар, бәлкім.
Қалтарыс ауылының қоңырауынсыз қораш тартқан
даймыз. Қобызсыз қалғандаймыз. «Үйлесімге» әбден үй
реніп үлгергендей екенбіз дә.
ӘКІМНІҢ ӘЙЕЛІ
Қызық.
Екі мың он бірінші жылыңыздың қарашасында жер
жүзінің жеті миллиардыншы тұрғыны туды.
Тіркелді. «Көксандық» тап осылай хабарлады. Же
тінші қарашада. Жеті миллиард деді. Артынша «көксан
дығыңыздан» «Қоңыр» тобының әні берілді. Ұзын тал-
дырмаш қыз: «Дүние... дүние... дүн-ие-е-е. Дүниеге кім
ие-е-е?..» деп әндетті. Екі жігіт қосылды. Біртүрлі ән.
Мұңды.
Бес жылдай бұрынырақ, бұның жұбайы айтулы
аймаққа әкімдікке тағайындалғанда ше, миллионыншы
адами затыңыз іңгәлап, салтанатты түрде тіркелгентұғын.
Айпара аймағы аумағында.
Жұртшылық жақсылыққа жорыған. Күйеуі әлгі кіш
кентайдың кіндік әкесі, ал бұл – әкімнің әйелі кіндік ше-
шесі ретінде қабылданған. Әзіл-шыны аралас, қалжың-
қылжағы қоралас қоғамдық пікірде солай саналған.
Бәзбіреулер жағымпаздар мен жандайшаптардың әдейі
ұйымдастырғаны деп, сыпсың сыпылдатқан.
Содан бері өткен уақыттың бойында бүкіл бай
тағыңызбен бірге бұл өңіріңіз де өркендеген. Өңіріңізбен
өзектесе өздерінің өргектігі өлшеусіз өскен. Жұбайының
өргектігін желгектігі білдірмес. Сергектігі сездірмес.
Ал өзін өбек тербеді-ай.
Аңдады. Мына Айпара аймағында әкім болғаннан
гөрі әкімнің әйелі болу әлдеқайда әбігерлі екен. Бұлар
бизнес белестерінен билікке ауысқандар санатын-
да саналар. Күйеуі әуелден-ақ әкімдікке әзірленіп
баққандардың сұрпынантұғын. Бизнестен бастырма
латқан байлығының басым бөлігі осы мақсатының
жолына жұмсалған. Қалғанының қомақты қолақпаны
қияндағы, қиянатсыз қисапталатын бейбіт елдің банкі-
не салынған.
Айпарадағы алғашқы айлардың, әуелгі жылдың әуре-
сарсаңы аз емес-ті. Екінші жылға қарата естерін жиды.
Екеуі де. Әкім күрмеулі түйіндердің түйткілдерін жазып-
жаймалауда жеңіске жете бастады. Жұлмаланған жіп-
тер жалғанды. Өзін де, өзгені де аямады. Өршелене өрге
сүйреді. Өгіздейін өңмеңдемеді. Бизнесмендерше батпан-
сымады. Қодаңдамады. Қоғамдады. Бар-барша жұртын.
Жамап-жасқаған жақтарына дейін айпаралықтар айқын
аңғарып отырды.
Жемпазданбады. Әуелгіде. Жағымпаздарды жасқамады.
Кейінірек. Кадрларын іріктегендей, оларды һәм маңдай
ларынан шертіп-шертіп, шебер пайдалануға көшті. Күйеуі.
Жандайшаптардың да жадағайларын жанына жолатпады.
Өлердей берілгендігіне, өлмей сатпайтынына көз жет-
кізіп, көңіл сендірген соң ғана, сан-алуан сынақтарға са-
лып барып, өз жағалауына жылмита жүздіріп шығаратын.
Жұбайы.
Ерлі-зайыпты екеуі бір-бірінің аттарын аса көп атамай-
тын. Есімдер сирек естілер. Әкімі жөткірінер. Әйелі жеңіл
ғана жөтелер. Жаймашуақтана еркелер. Қабақтарынан
ұғысар. Емеуріннен түсінісер. Бірін-бірі қинамас. Ишараға
иланар. Жымиысқа жұбанар.
Сәтін салды. Жоғарыдан бөлінетін, жергілікті жер-
ден жиналатын қаржы-қаражат жағы жүздеген есе өсіп,
қаулап қоя берер жылдарға да жетті. Айпара аймағы.
Триллион теңге дейтұғындай түсініктер, миллиондап
мыңғырар тендерлік түсімдер үйреншікті үрдіске етене
енген.
Өлшемдер өзгерген. Өрістер кеңейген.
Өбектер көбейген. Өрістер өршеленген.
Өлшемдердің өзгеленгеніне байланысты өрелердің
сенделгенін сезді. Сезінді. Бірқатарынан безінгені жөн
шығар. Деп те түйетін. Әрине, әкімнің әйелі ретінде ал-
дында толған таңдаулар тұнып тұратын. Небір-небір науа-
лардан толассыз саулай құйылып, тасып-төгіліп, шет-шегі
бұлдырап, болжанбасқа айналған ақша ағынына бағынып
бағуына да болатын.
Алайда, ақша шіркіннің есеп-қисабына жете алмастан,
ентігіске елітетін сәттерінде анасы марқұмның аса сабыр-
лы бейнесі елестеуші еді. Әкесі марқұм аупарткомның
үшінші хатшысытұғын. Қайта құруыңыз қозған жылда-
ры. Қызмет көлігі жоқтұғын. Жаяу-жалпылайтын. Күн
дердің бір күнінде межелі жеріне жете алмай, жол жие-
гінде қызарақтай қыжалақтап тұрса, бірінші басшының
әйелі күйеуінің ақшаңқан «Волгасын» жорғалатып, ары
да өтіпті, бері де өтіпті. Кешке үйіне күйініп кірген әкесі:
«Атасына нәлет, ауданның үшіншісі болғанша, бірін-
ші хатшының қатыны болсамшы!» деді. Мұның әкесі.
Анасына. Қызының келесі бөлмеде сабақ оқып отырып,
анық естігенін аңдамастан. Шеше шіркін кейініректе сол
салиқалы сапасынан айнымастан: «Құлағыңнан қағып
түсіріп, шымшылап шығарып жібер әкеңнің әлгі сөзін»,
деп сәл-пәл ыңғайсыздана жымиған.
Сонда, өткен ғасырдың сексенінші жылдары орта-
сынан ауғанда, он үш жасында, әкесінің ашумен айтқан
сөзі санасында мөрленген. Періштелердің құлағына
шалынған шығар, жалғыз қыз – бүгінде аймақ әкімінің
әйелі.
Ақша шіркіннің шылқығаны соншалықты, бірсін-
бірсін бұл есеп-қисаптауды қойыңқыраған. Туған-туыстар
мен жақын-жуықтарға бизнесмен кездерінің өзінде біраз-
біраз беретін. Тойларында тартынбай тарататын. Күйеуі
әкімдікке өткеннен кейін көбейтпесе, кемітпеген. Обалы
нешік, Айпара аймағына бірінші басшы бола салысымен-
ақ, өз жағынан да, қайын жұрты жағынан да, арзитындары-
на аянбай-ақ жәрдемдескен. Жұбайы. Бұрындары бизнеске
жұмылдырса, әкімдікке тағайындалған соң, осы саланың
буын-бунақтарына тартыңқыраған. Бірақ бағаламайды
екен. Басым бөлігі. Түсінбейді тіпті. Тереңдемейді екен.
Өздері де тоймайды. Көздері де тоймайды. Жүз мәрте
жәрдемдесіп, жүз біріншісінде реті түспесе, тұлан тұтып
шыға келеді. Жау көріп кетер.
Қаржыларын қисаптамаса дағы, өсімдерін есептемесе
дағы, қай жағын да қымтап-қыспаққа көшкен. Жақын-
жуықтарға, туған-туыстарға түк татырмасқа кеткен. Бая
ғы бизнес биіктерінің бұтақ-бунақтарын шығандата шыр
қатпаққа бел буған.
Әкімдік әйдік лауазымдағылар, мемлекеттік қызметтің
құзар басындағылар, ұшар биігіндегілер бизнеспен тікелей
де, жанама да айналыспасын деген пәрмен шығыңқыраған.
Күлкілі ғой, әрине. Күллі күштілердің күлманы ашылар.
Пәрменіңіз паршаланған. Шықпай жатып. Емін-еркіндік
есірген. Басынбақ белең алған. Бүкіл байтағыңызда. Ай-
пара аймағында да.
Бұл бағыттағы шырқаған шаттықтарынан жиіркеніш
татқандайтұғын. Неліктен? Түсінбейді. Тірліктер тоқсан
тарау. Жүріп жатыпты. Өзінен-өзі. Заулап. Зау-заңғарлай
зырлап. Жүре берсінші. Бірақ, біртүрлі зерігетіндей ме?
Жеритіндей ме? Олар да емес-ау. Іші пысқандайдың да
дәл өзі емес. Демес. Сонда не? Ақшаға да құнықпайтын,
басқаға да қызықпайтын адам бола ма? Әкімнің әйелі
бола ма? Қызық.
Төртінші жылдың аяғына таман Құдай қосқан қосағы
бүй деген: «Абайлайық, айналайын. Бізге бір милион-
нан астам адам мекендейтін аймақтың басында жүруді
жазыпты. Туғандағы алғашқы іңгә мен ақырғы іңгәнің
арасында пенде шіркін не істемейді? Не көрмейді? Біз,
әйтеуір, тек жақсылықты ғана бастан кешуліміз. Жасы-
мыз қырықтың қырқасына жаңа ілініпті, бағамдасақ.
Байқайық. Абайлайық...».
«Айналайынды» айрықшалаған. Сирек сөзі. «Абай
лайықты» алғаш айтып тұрыпты. Анасы жиі қай
талайтын. Марқұм. Күйеуіне аңтарыла көз тоқтатты.
Бұл. Ұзын-ұзын кірпіктерімен желпіп жұбатты. Жұба
йын. Ып-ыссы, тәп-тәтті демімен құлағының түбін
қытықтай қылықтанған.
«Балаға барып қайтасың ба?» дегенді қосқан. Қосағы.
Түскі үзілістен соң. Ұжмақтың ұясындай ұнасымды
төсектерінен тұрып жатқанда.
Шетелде, ең елеулі, озық оқу орнында білім меңгермек
ке кіріскен жалғыз ұлға барғыштауды жиілеткен. АҚШ-
ыңыздан қайта ораларда қиянатсыз һәм қайырымды
есептелетін ерекшелеу елдегі банктің аужайын байқап,
қоржын-қосқалаңдарын нығайта нықтап қайтатын. Ал
ғашқы ақшалары мен кейініректегі қаржыларының қат
талуынан қаншалықты ләззат алатыны жадын жадыра-
татын. Бірте-бірте сол ләззатшылдықтан да суынғандай,
салқындау тартқандай сезінді. Іші пысқандай ма? Зерік-
кендей ме? Осынау ұғым-түсініктерге орнықпастай,
сыйыспастай селқостық па? Бірдеңе. Әйтеуір.
Өте-мөте өзгеше, озық оқу орнындағы, алыс АҚШ-тағы
жалғыз ұл да бөтенше. Секілді. Соншама орнықтылығы
ойға қалдырады. Салмақтылығы секем алдырады. Білім-
ге құлшынысына қайран. Бұл. Шешесі. Тіл тимесін. Көз
өтпесін. Әкім әкесінен әлдеқайда алысқа самғайтыны
сөзсіз. Әлдеқандай бірдеңеге ұрынып, бәлеге ұшырап
жүре ме деп, уайымдауға негіз жоқ. Себеп табылмас.
Бөтенше баланың төтенше қылық шығармағы мүмкін
емес.
Әкімнің әйелі ғой, өзге шетелдерге жиі-жиі шығыңқы
раған. Бизнесменнің жары шағында да тайраңдаңқыраған.
Талай-талай. Тайландтан бастаған. Шет жұрттық жиһан
кездігін. Ерлі-зайыпты екеуі бірге барған. Бөлек-бөлек
те кетіңкіреген. Бірер ірі-ірі бизнесмендердің сұлулары
сыралғы. Сырлас. Сенімді. Бұрыннан. Солармен бірлесе,
тізелесе тән баптамақты жан-жақты меңгеріскен. Шетел-
детпекті шапшаңдатысқан. Талдырмаштықтан танбасқа
анттасқан. Әлем жүзінде «Дольче&Габана», «Армани»
сынды стильдер бедерленгелі талдырмаштықтың алдыңғы
сапқа шыққаны тауарихтан аян-дүр. Жүдеңкіленіп, арық-
тұраққа айналып, талдырмаштықтан талып түсетіндер
мың-мыңдап еселенген. Әлем жүзінде әнебір әдейілеп май
сылдырудан өліп кететіндер көбейген. Липоксация ғой.
Көз қиықтарын тарттыра-тарттыра, түнде ұйықтағанда
да жанарлары жұмылмастан, бақырайтып ашып жататын-
дар төрт миллиардтан асатын, құрымағыр қатындардың
қатарында миллиондап саналар. Бұл біраз-біраз шетел-
дерден шебер меңгерген тәжірибесін жүйелі жүзелеуден
айнымады. Зерікпеді. Ішін пыстырмады. Талдырмаштық
тегінде де жоқ емес-ті. Айпара аймағындағы айрықша
сұлулардан саналмағы сондықтан.
«Өзімізде, өз елімізде өмір кешу мен емделу қауіпті»
десетін. Сыралғылары.
«Өз өтенімізде, өз аймағымызда бала босану қорқы
нышты» десетін. Сырластары.
«Өз мемлекетімізде ұл-қыз оқыту онша оңтайлы емес»
десетін. Сенімділері.
Жас, жылмағай бизнесмендер мен кәнігі кәсіпкерлер
дің келіншектері, егделеулерінің келіндері шетелдерде
босанады.
Өздері, отбасылары өркениетті елдерде емделіп, дем-
деледі.
Ұл-қыздары, немерелері беделдері биік, тауарихта-
ры әлденеше жүз жылдап саналатын университеттерде
оқиды.
Бұл, бірте-бірте шетелдерге шықпақтан да шегі
ніңкіреген. Сол баяғы жалыққандық па? Бәлкім, зерік-
кендік пе? Мүмкін, саналы түрде бас тартқандық болар
ма? Тән баптамақтың бар-барша әдіс-тәсілдері өз үйінен,
үш қабатты коттедждің астындағы арнайы жабдықтары
жетіп-артылатын, бассейні бар, зербарақты залдан та-
былар.
Бесінші жыл басталғалы басына бір уайым ұя салуға
кіріскендей. Анасы марқұм түсіне жиі-жиі кіретін
болған. Бұрынғы байсалды мейірбандық, жаймашуақ
жылуарлық жоқ. Кірпік қақпайды. Қиық-миықтарын
тарттыра-тарттыра көздері ұйықтағанда да ақырайып,
ашық жататын әйелдерден емес қой. Мұның мей-
ірім ғана мәнзелдес есіл шешесі. Асыл анасы. Бір
жолы тұп-тура өңіндегідей сұқ саусағын безеп қойып,
қатты ұрысты. «Әй, әкімнің әйелі! Абайласаңдаршы!
Жоғарыға жөңкеріле берместен, төменге де төңкеріле
тірлік жасамайсыңдар ма?!» деді. Бұл, әкімнің әйелі,
түсім бе, әлде өңім бе деп таңғалды. Тұла бойының
әр жерін шымшыды. Өңі сияқты. «Апа! – деді бұл өз
дауысын өзі ап-анық естіп. – Апа, әлеміңіз әлділерді
ғана мойындайды. Әлемдік деңгейдегі әлділер қата
рына қосылыңқырайтын әкімдеріңіздің өзі әредік.
Қаталдануы қатты қоғамда Айпараның билеушісі қа
лайынша қатқылданбас? Илеуі итпектеген заманға неге
икемделмес?». Өңіндегідей өрген пікірі саясиланып,
ресмиленіп кеткендей. Ыңғайсызданды. Анасынан.
«Әй, әкімнің әйелі! Маған лекция оқыма, ақымақ! Бұ
жақта лекцияң қабылданбайды. Лүпіл-үлпіл лебіз ғана
қисапталады. Мен не дейім, домбырам не дейді?!».
Деп, бір бүйіріне бұрылды. Есіл шешесі. Асыл анасы.
«Апатай-ау, тұлдырсыз тақырларды түгелімен тойын-
дыру мүмкін емес қой. Ең елеулі ел, дамыған дүние
делінетін жапон жұртының өзінде жоқ-жұқаналар мен
тақыл-тұқылдар тобыр-тобыр. Өз көзіммен көрдім ғой.
Айналайын, апа-а-а-а!» деді бұл. Әкімнің әйелі. Ана-
сына. Өңіндегідей сөйлеп. Ал, анасы, біржолата теріс
айналғандай.
Артынша ашулана тіл қатқан. Анасы. Бұрылмаған
күйі бүй деген: «Жапон елінен не аңғардың сен?!
Әкімнің әйелі!? Оларда байлардың зорсынбайтынын,
кембағалдардың қорсынбайтынын неге байқамадың,
аһ-һ?!»
Бұл жылап оянған. Ғұмырында тұңғыш мәрте. Жұбайы
әкім болғалы бесінші жыл басталғанда. Содан бері жиі
күрсінетінге кеткен.
Айпара аймағында да, бүкіл байтағыңыздағыдай,
артқы жаққа алаңдайтындар мен аяушылыққа аялдай-
тындар жырынды ағыстардан жырылып қап жатқан.
Ана-Жайда, бақи дүниеде жүріп, қайдан білсін. Есіл
шешесі.
Құран оқытты.
Қайта-қайта.
Ұмытыңқы тартқан. Түсі. Біртелеп. Жұбайына қонақ
шақырғысы келетінін мағлұмдаған. Көптен бері мейман
күтпек сирексіген. Осыны ойласқан. Екеуі. Тізім түзіскен.
Оңайға соқпаған. Тізімдемек. Кадр іріктемектен қиындау
екен.
Бірінші болып олигарх жазылған. Осы өңірдің оли-
гархы. Оспадарсыздау. Онысын жасырыңқырап бағады
бірақ. Онша одыраңдамайды. Екіншісі – ең бай латифун-
дист. Талай қызметі сіңген. Міндетсінуі кем. Сый-сия-
патшыл. Сыпайы. Үшінші. Төртінші. Бесіншілер. Жа-
зылды. Жалтыр қағазға. Бұрыннан араласатын белгілі
бизнесмендер. Әйелдері сыралғы, сырлас, сенімді. Ал-
тыншы адам – мәслихат мәнершісі. Мәсхатшы. Жетін-
шісі – орынбасар. Аймақ әкімінің орынбасары. Осылар
да жетіп қалар. Дескен. Жаңалық, айрықшалық болуы
керек қой. Тек осы мақсатпен ғана ғұлама есептелетін
ғалымды қосымшаласқан. Отырыстары зиялылықпен
зерленіңкіресін. Десіп шешкен. Әлбетте, бәрі зайыпта-
рымен.
Шақырылғандар түгелге жуық тоқайласқан. Ғалымның
әйелі ғана тартыныпты. Ыңғайсызданған шығар. Жүдеңкі
киінетін.
Отырыс ортасынан ауа олигарх қызыңқырап қалған.
Оспадарсыздығын бүркемелей алмай, ғалымды жақ
тырмайтынын ашық білдіріп, кекесінге кеткен. Мұқасын
ды бұрқатқан. Осы екеуіне басу айтып, бас-көз болмаққа
әкімнің өз орынбасары мен мәслихат хатшысы қалған.
Басқалардың бәрі бақтың кереметтерін қызықтамаққа
шыққан.
Ауызғы кең бөлменің шалқарындағы шат-шадыман
дивандарда олигарх, орынбасар, мәслихат мәнершісі және
ғұлама ғалым сұхбаттасып отырған сыңайлы. Сырттай
қарағанда. Ал іштей бұл төртеуі ырқылжың-ырыл шын-
жырымен шатылғантұғын.
– Ал, дарыным! Соқ пәлсапаңды! – дейді олигарх.
– Обырлық қабынып барады. Сендер халықты
тобырлық сана деңгейінде ұстағыларың келеді. Осыным
өтірік пе? – дейді ғалымыңыз.
– Абайла. Артыңа қарайла, – дейді олигарх тақырлап
қырғызған доп-домалақ басын рахаттана сипап.
– Ғалымдардың арты тазарақ, қызталақ! – дейді ғұ
лама.
– Сіз қызып қапсыз. Тысқа шығайықшы, – дейді
күйеуінің орынбасары сасыңқырап.
Сөйтіңіздерші. Әйеліңіз де келмепті, – деп дірілдеңкі
рейді мәслихат мәнершісінің мұңдылау дауысы. – Әкімі
міздің үйіндеміз. Ұят қой. Әйел кісілер естіп қоймасыншы,
әйтеуір...
Әйелдер жағынан, әрине, құлақтар түрулітұғын. Әсіресе,
мұның өзі бәрін естулі. Алайда, аса ыңғайсызданбай,
салқындау тыңдайды. Бәрі, бүге-шігесіне дейін белгілі
ғой. Бұған.
– Әй, мәсхатшы! Маған кет дегенің бе? Мен мас емес-
пін. Ақиқатын айтамын. Депутатың емеспін мен, біліп
қой! – дейді Айпара аймағының дарындысы.
Өзіңдейін өзгешелеу бір ғалым жазыпты жақында.
«Дара дарындар жоқ бізде. Бармыз деп жүргендердікі –
өтірік. Ұлт ширек миллионнан аспай, данышпан
шықпайды» деп. Дәлелдепті. Әріптесің. Сенің ғылыми
жаңалықтарың ағынға қосылып, айналымға түскенше,
ұлтың азайып, азып бітер. Ең болмаса, мына біз сияқты
бес қатын алып, әрқайсысына үш-үш бала таптырып,
қазағыңды көбейтпейсің бе? – деді олигарх одан бе-
тер одыраң қағып. – Біздікі он бес. Бүгінгі таңда. Біліп
қой!
– Сенен туған қоңыздардың сапасына жауап бере ал-
маймын. Жеті миллионға жетпейтін жөйіттерден мыңдап
шығып жатқан жоқ па? Данышпандар.
– Қойсаңыздаршы. Ұят қой! – дейді әкімнің орынбаса-
ры үрейлене.
– Сіздер кімнің шаңырағында отырғандарыңызды
ұмытпаңыздар, – дейді мәсхатшы маңдай терін сүрт
кіштеп.
– Өзіме де обал жоқ. Кетейін, – деп жинала бастады
талантты ғалым. Тәлтіректеп.
«Әміршінің ақылдысы, ғұламаға өзі барып, сәлем беріп
тұрады, ғұламаның ақылсызы, әміршіге өзі келіп, солай
Құдай ұрады» дегендейін төрттаған кімдікі еді осы? – деп
ләззатшылдықтың рахатына батты олигарх.
Бақтың ғажайыптарын тамашалап оралғандар отырыс-
ты одан әрмен қыздырмаққа кіріскен.
Аймақ талантын, дарынды саналатын ғалымды жоқтай
қойған жан табылмаған.
Аздап қана алаңдаған күйеуіне бұл күлімсіреген.
Алаулай лаулауынан айнымайтын алқызыл еріндеріне
сүйріктей ғана сұқ саусағын басып, байыздатқан.
Келесі үзілісте еркектер жағы жер астындағы ар-
найы алаң-залда алуан-алуан жабдықтарға жабыла
жұмылысқан. Құрыс-тырыстарын жазбаққа. Тасқаяқ
қағыстырмаққа. Әйелдер қауымы үшінші қабаттағы шы-
рын шәй бөлмесінде сырласпаққа ұйысқан.
Әйелдер әшекей жарыстырмақты әзілмен әдіптесіп
бастаған. Ләззатшылдықтың төресі осында екенін бұл да
біледі. Бірақ басқалардай естен тана елірмес. Олигархтың
келіншегі күміске отырғызылған гауһарлы жүзіктерді жа-
ратады екен. Біреуі бес каратты, екіншісі төрт каратты
білдіріп тұрыпты. Ең бай латифундистің бибісі бәрінен
озды. Гауһарларының түр-түсі көгілдір көгершіннің
тамағын орғандағы тұңғыш қан тамшысының түсін
дейтұғын. Он караттан асып жатыпты. Жүзіктерінің құны.
Үшінші, төртінші, бесінші бизнесмендердің тотылары
тым тотайланбай келгендей. Әкімнің үйіне. Орынбасар
мен мәслихат хатшысының ханшалары һәм жеті-сегіз
караттың төңірегінен табылған. Сақина-жүзік жарысты-
рудан.
Лағылдар жарқылы шаттықты шаңырақтан шығандап
шығып, шаһарға шашырағандай. Сақина-жүзіктерден ке
йінгі кезек білезіктерге қарата биіктеген. Мәсхатшы ха
нымының жуандау білегіндегі жаңалық жарып шыққан.
Жарыста. Жарты миллиондық межеден көрінді. АҚШ-
тың ақшасымен алғанда.
Бұл, әкімнің әйелі, бәріне түсіністікпен қарап, жып-жы-
лы жымиысымен жайбағыстап, шәй құйып қана жүрді.
Кезек кеуделерге көтерілген. Омырауларға өрмелеген.
Мойындарды орай шыр айналған. Тізбе баулар түген
делген. Өрмелер өлшенген. Зүбәржаттар зерлерін жақұт
тардың жалтылы жалап-жұқтаған.
Сырғалар сыңғыр қаққан. Орынбасардың ханшайымы
олигархтың тоқалынан озған.
– Өлә-ә-ә, осы біз мас боп қалған жоқпыз ба? – деген
біреуі.
– Емін-еркін демалған жақсы ғой. Бәрі үйдің иесіне
байланысты дә, – деген екіншісі.
– Бүйтіп, бұлайша бұйым көрсетіскеннің рахаты
бөтенше екен ғой, – деді үшіншісі. – Байқап-бағамдасақ,
әрқайсымыздың тал бойымыз әлденеше миллион доллар-
мен әшекейленеді екен-ау!
«Көксандықтан» кәдуілгі «Қоңыр» тобы көрінген.
– Осы «Қоңырды» жақсы көрем. Дауысын шығарайық
шы, – деді төртінші ханым. – Мынау ұп-ұзын жіңішке қыз
қатты ұнайды.
«Қоңырдың» ұп-ұзын, жіп-жіңішке қызы: «Дүние...
дүние... дүн-ие-е... Дүниеге кім ие?..» деп әндетті. Екі
жігіт ілесті. Біртүрлі ән ғой, өзі.
Әшекейлер бәйгесі бәсеңсіді. Мүшекейлер мәністеле
бастады.
– Әнші қыздың белі қанша сантиметр екен-и? – деді
әйелдердің бесіншісі.
Тән-тәптіш қызған.
Өзге өңірлерді кім біліпті, бұлардың Айпара аймағында,
әсіресе, оның орталығында фитнес-клубтар көбейген.
Элиталық есептелетіндері еселенген.
Аңдаған. Олигархтың тоқалы ешкім естіп-көрмеген
клубқа күнара баратын көрінеді. Латифундистің бикесі
жекеменшік фитнесінде талдырмаштанатыны бұрыннан
белгілі. Үшінші, төртінші, бесіншілердің сұлулары да
арнайы орындарға барғыштайды. Шетелдерге көбірек
шығыңқырайды. Апталап. Айлап. Туған елде түк көр
мегендей тымпияды. Мәсхатшының сылқымы сиректеу
сымбаттанады екен. Өзі өсек-аяңды, аса ашылғанды
жаратпайды екен. Жасырындау сыры да жоқ емес. Айта
қоймас. Алайда, айналасында отырғандар, бәрібір біліп
қойды. Көзінен көрініп, қабағынан байқалып тұрыпты.
Қиықтарын
тарттыра-тарттыра
біржолата
тынды-
рыпты. Түн баласында бақырайтып, ашып жатады-ау,
бейшара. Ұйықтағанның өзінде. Жұмылмайды-ау. Жа-
нарлары. Әнебір, әйгілі әнші де сөйтеді. Деседі ғой. Бет-
әлпеті бұзылып, қос жанары жансызданып, шишаланып
шырқайтын болды, байғұс.
Тән тамашалау тым әсерлітұғын. Бірінен-бірі өтердей.
Бәрібір, баршасы мұны мойындасты. Әкімнің әйелі
болғандықтан емес, әрине. Ақиқаты солайтұғын. Айпара
аймағының сұлу аруы. Көркем келіншегі. Әкімнің әйелі.
Болса, несі бар.
– Бәйге береміз! – деді олигархтың көріктісі өзінен
көркемірек жаратылысқа қызыға қарап. – Айпара
аймағының ай дидарлы ледиіне бәріміз бір-бір қимас
дүниемізді тартулаймыз!
– Бір ауыздан қолдаймыз! Қуаттаймыз! – десті қал
ғандары. Бірі білезігін, екіншісі жүзігін, үшіншісі
сырғасын,
тағы
басқалары
тағысын-тағыларын
сыйламаққа сапқа тізілісті. Сүзіле сызылысты.
Пауза.
Бұл аң-таңданды. Алайда, алмасқа болмас. Бәлсінген
жараспас. Қабыл қылды. Алғыс арнады. Артынша:
– Біз де бәйге береміз! – деді. Шұғыл шешімге келді.
Екінші қабатқа түсті. Едәуір кешікті.
Келіншектердің әрқайсысына әуелгі сыйлағандарынан
әлдеқайда қымбат қазыналар табысталды. «Алмаймызға»
және «ұят боладыға» басқандарды алаулай лаулауынан
айнымайтын еріндеріне сұқ саусағын сәл ғана тигізумен
ишаралай имендірді.
Қонақтардың бәрі мұндай меймандық, осындай отырыс
ешқашан болмағанын қайта-қайта қайталаумен тарасқан.
Қызық.
Көптен бері көрінбей кеткен шешесі түсіне кіріпті. Бұл
жолғы түсі біртүрлі. Түсініксізтұғын. Теріс қарайды. Ше-
шесі. Бұрылмайды. Бұған. Мұңды ән айтады. Алыстағы
мұнарлы жотаның басында әкесі ұшып жүріпті. Қанат
байлап. Анасы әнін сол кісіге арнайтын сияқты. Сөздері
ап-анық: «Күн кешіп әлдеқандай жүр екенсің? Сүттен ақ,
судан таза, а-а-адалым-ай...» дейді. Мұңды ән. Кенет, шір-
кін шеше қызына, әкімнің әйеліне бұрылды. Сөйтсе, ана-
сы «Қоңыр» тобындағы қыз екен. Дейді. Ұп-ұзын, жіп-
жіңішке, әнші қыз.
Өң мен түстің арасында күбірледі: «Апатайым-ай,
Ана-Жайда жүрсеңіз дағы, социализмнің сойылын
соғатыныңыз қалай... Сүт ақ па, су таза ма мына әлемнің
жүзінде... Анашым-ау, сүттен ақ, судан тазалар жоқ қой,
ондайлар аштан қатады ғой қазір...». Лекция секілденді.
Лүпіл-үлпіл лебіз емес. Оянып, көзін ашып алған. Күйеуі
қызметіне кетіп үлгеріпті. «Көксандықты» қосқан күйі
қалдырыпты. «Қоңыр» тобының қызы шырқап тұрыпты.
Үні әзер-әзер естіледі.
Көтеріңкіреді.
Аңғарған. Алғаш мәрте. Анау қыз анасынан айнымай-
ды екен-ау.
МАЗМҰНЫ Қозапая ............................................................................3 Әкім кеткен күн ............................................................18 Ақпандағы мысықтар ...................................................26 Алпыс үшінші жылғы махаббат ..................................41 Түбіркүлөз .....................................................................54 Айымбала ......................................................................70 Ауыл клубының аукционы ..........................................84 Күдірең ..........................................................................97 Гамбургтегі қазақтар ...................................................111 Шығарма ......................................................................127 Сексен қыз бен сегіз ұл ..............................................148 Сүмбіленің суы ...........................................................180 Сауна ............................................................................198 Ақсақ кемпір ................................................................211 Крест ............................................................................224 Оқу залы ......................................................................233 Тәржіман тірлік ...........................................................246 Кандидаттың имиджі ..................................................257 Шибөрінің бүргесі ......................................................273 Жас қатын ....................................................................282 Банктің иттері ..............................................................292 Сізді сүйген қыз едім ..................................................296 Тексеру .........................................................................308 Иттің құқығы ...............................................................316 Тоқсабаның тоқалы .....................................................328 Асқазаны ауыратын адамдар ......................................344 Қалтарыстағы қоңырау ...............................................359 Әкімнің әйелі ...............................................................371
Мархабат БАЙҒҰТ
Әңгімелер
Бас директор З. Тен
Редактор А. Акишева
Дизайн Б. Серікбай
Техникалық редактор О. Пегова
Компьютерде беттеген Г. Есімбекова
Корректор С. Ыбраева
Басуға 07.08.12 қол қойылды. Қалпы 84×108 1/32. Қағазы офсетті.
Қаріп түрі «Таймс». Шартты баспа табағы 20,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 7135.
«Раритет» баспа компаниясы,
050022, Алматы қ., Масанчи к., 98
Тел./факс: 8(727) 260 67 08, 292 88 36
E-maіl: rarіty_pc@maіl.ru
www.rarіty.kz
Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылған
050002, Алматы қ., Макатаев к., 41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру