Мақалалар (Қасым Аманжолов)
Қасым Аманжолов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қасым Аманжолов өлеңдерінен оның ақындық қуаты бірден байқалады. Қазақ поэзиясына соны леп әкелген ақынның суреткерлік біліктілігі ешкімге ұқсамайды. Қан майданды көзімен көрген ақын шығармалары өр рухты бейнелейді. Қоғам шындығын нәзік лиризммен ұштастыруының өзі өзгеше.
МАҚАЛАЛАР
КІРІСПЕ
1985 жылы 9 майда біздің еліміз, туысқан социализм елдерінің еңбекшілері, бүкіл прогресшіл адамзат совет халқының 1941 — 1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 40 жылдығын атап өтеді. Ұлы Отан соғысы совет халқы мен оның Қарулы Күштері үшін ең ауыр сын болды. Бұл соғыста дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекеттің тағдыры, дүние жүзілік цивилизацияның, прогресс пен демократияның болашағы шешілетін еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында армия мен флоттың жауынгерлері өздерінің жауынгерлік туларын өшпес данққа бөледі. Олар аса жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттер, жеңіске деген мұқалмас жігер танытты. Жұмысшы табы, колхозшы шаруалар мен халықтық интеллигенция шынайы қаһармандық көрсетті. Коммунистік партияның басшылығымен совет халқы, оның айбынды Қарулы Күштері бүкіл дүние жүзілік тарихи жеңіске жетті, гитлерлік Германияны, ал одан соң милитаристік Жапонияны күйрете талқандап, социалистік Отанымыздың тәуелсіздігін қорғап қалды, дүние жүзінің халқын фашистік құлдықтың қатерінен құтқарды. Халықаралық империалист реакцияның екпінді күштерін жеңу біздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысымыздың шешуші артықшылығын, совет қоғамының мызғымас идеялық-саяси бірлігін, маркстік-лениндік идеологияның, советтік патриотизмнің және пролетарлық, социалистік интернационализмнің салтанатын айқын көрсетті. Бұл жеңіс дүние жүзілік революциялық процестің қуатты тездеткіші болды, бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік күштерін нығайта түсті. Қаһарман халқымыздың қиын да қысталаң өмір жолы әсіресе, олардың 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысының сұрапыл да, сойқанды күндеріндегі мәңгі-бақи өлмейтін қаһармандық ерлік істері — советтік патриотизмнің шырқау да биік шыңы. Осы тұрғыдан қарастырғанымызда көп ұлтты совет халқының соғыстағы қанмен бекіген бауырластығы, олардың ерлік жолы, үлкен азаматтық бейнесі жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі екендігі белгілі. Әлі де уақыт өтер, талай-талай жаңа толқын жас ұрпақ өмірге келер, бірақ Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің елдігі мен ердің ерлігі еш уақытта ескірмек емес. Оны келер ұрпақ қашанда үлгі тұтады. Юлис Фучик айтқандай кешегі ұлы сұрапылда «...есімсіз ерлер болған жоқ, өзінің есімі, өзінің бейнесі, өзінің арманы мен үміті бар адамдар болды, сондықтан да олардың ең елеусіз дегендерінің өзінің көрген азабы — есімі тарихта қалатындардың көрген азабынан кем болған жоқ».1 Біздің мақсатымыз совет жауынгерлері өткен қаһармандық жолдарды еске алу ғана емес, сондай-ақ бүгінгі жауынгерлер ұрпағының солармен жанды байланыс, революция жеңісі үшін келер ұрпақ алдындағы олардың жауапкершілігін сезіне білуі. Ерлік дәстүрлеріне тәрбиелеп, аға ұрпақтың даңқты істеріне лайық болуды қолдай отырып, жастарды біз әрқашан Отанды қорғауға әзір тұруға баулудың қайнар көзі — олардың бойында идеялық сенімділікті, коммунистік мұраттарға адалдықты, жалынды советтік патриотизмді қалыптастыру деп білеміз. Социалистік Отанды қорғау, интернационалды парызға адалдық жастар арасындағы идеялық-саяси тәрбие жұмысын жақсарту туралы КПСС Орталық Комитетінің 1983 жылғы июнь Пленумында КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі К. У. Черненко жолдас 1983 жылғы 14 июньде жасаған баяндамасында былай деп атап көрсетті: «Бүгінгі таңда патриот болу — Отанымыздың экономикалық. қорғаныс потенциалын қажымай талмай нығайту, бейбітшілікті империалистік агрессордың қандай да болсын қол сұғу әрекеттерінен қорғауға әркімнің өз әзірлігін арттыру, әскери міндеттерге адал қарау деген сөз. Жалпы алғанда жастар армиялық қызметті жақсы атқаруда, осы заманғы техниканы табанды түрде меңгеруде. Ал Отан, интернационалдық парыз талап еткенде, әкелері мен аталарының жауынгерлік даңқына лайық нағыз ерліктер жасауда».
СЫН САҒАТТА ТАС ТҮЙІН, БІРТҰТАС БОЛҒАН ЕЛ
1941 жылғы 22 июньде фашистік Германия Совет Одағына соғыс жарияламай, тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік Германия 1939 жылы совет — герман мемлекеттері арасында жасалған өзара соғыспау туралы келісімді опасыздықпен бұзды. «Империализмнің ең негізгі сипатының бірі — империализм әр кезде-ақ ұлттық соғыстарды тудырып отыруға тиіс»2 — деп атап көрсеткен еді, Владимир Ильич Ленин өз еңбегінде. Европаның көп елдерін басып алғаннан кейін фашист жендеттерінің әскери-экономикалық қуаты барынша нығайды. Францияның, Австрияның, Чехословакияның соғыс заводтары, Румыния мен Венгрияның мұнай кәсіпшіліктері, Норвегияның рудниктері гитлершілерге қызмет етті. Бұл — аса күшті әрі зұлым жау еді. Неміс-фашист армиясының жеке адам санының құрамы Қызыл Армиядан 1,8 есе, танкісі 1,5 есе, соғыс самолеттері 3,2 есе, зеңбіректері мен минометтері —1,2 есе артық болатын3. Фашистік Германияның 217 девизиясы және 5 әуе флоты болса, 1941 жылғы июньде жаудың 153 дивизиясы мен 4 әуе флоты СССР-ге қарсы қойылды. Германия сатиллит (одақтас елдер) әскерлерін қосқанда Совет Одағына қарсы барлығы 190 дивизиясын, 5,5 миллион солдат және офицерлерін, 3712 танкісін, 4950 әскери самолетін, 47260 зеңбірегі мен минометін, 193 соғыс кораблін және т. б. соғыс техникасын соғысқа қосты4. СССР-дің әуе кеңістігіне мыңдаған фашистік самолеттер ұшып келіп қалаларға, аэродромдар мен темір жол тораптарына бомбалар тастады, мыңдаған зеңбіректер шекарадағы заставалар мен Қызыл Армия бөлімдерін атқылады. Бұл соғыста фашистік басқыншылар совет халқының кең байтақ жерін, оның зор байлығын басып алуды, Совет Одағындағы халықтардың ұлттық мемлекеті мен мәдениетін қиратуды, көп ұлтты халқымызды қырып-жойып, құл етуді мақсат етті. Сондықтан да бұл соғыс фашистік Германия тарапынан басқыншылық, әділетсіз соғыс болды. Совет Одағына қарсы соғыста фашистік Германияның стратегиялық жоспарларында біздің көп ұлтты мемлекетіміздің достығын бұзу мақсатын да қарастырды. Совет еліне соғыс аша отырып фашистік Германия басшылары СССР «көптеген ұлттардың тұрақсыз жасанды бірлігінен құралған ел, сондықтан соғыстағы алғашқы сәтсіздіктерден соң-ақ көп ұлтты мемлекеттің достығы ыдырайды5, — деді. Совет жауынгерлері қолға түсірген «жасыл папка» материалдарының ішінде, басып алынған жерлер мен аймақтар туралы директива болды. Онда: «Прибалтика литва, эстон, латыш және орыстар арасындағы қайшылықты шиеленістіріп, оны немістер мақсатына пайдалану керек. Оңтүстіктен украиндар, орыстар арасындағы қайшылықты, Қавказда тағы — грузиндер, армяндар мен татарлар, орыстар қайшылықтарын өз пайдамызға пайдалануымыз керек»6, — деп жазылған. Фашистердің соғыс жүргізу жоспарымен қатар тонаушылық жоспарларында да орыс халқын бөліп ыдырату, маңызды орын алады. «ОСТ» деп аталатын басты жоспарға қосымшада Розенберг «Сөз тек мемлекетті талқандау туралы ғана емес, орыстардың тұқымын әлсірету және елдік бірлігін құрту туралы»7,— деді. Гитлер «Біздің саясатымыз Россияның үлкен кеңістігін мекендеген халықтар арасында алауыздықты және бытыраңқылықты туғызу болып табылады»8, — деді. Гитлершілдер біздің елімізге кірген кезінен бастап ақ фашистік насихат антисоветтік және антикоммунистік үгітті кең таратты. Олар интернационализм құрылысына, коммунистік партияға қарсы «ұлттық» алауыздық жасауға ұмтылды. Осы мақсатта орыс емес халықтардың арасында буржуазиялық ұлтшыл элементтердің беделін арттыру үшін жұмыс жүргізді. Бірақ бұған керісінше неміс-фашист әскерлері соғыстың алғашқы күндерінде-ақ шығыста дүние жүзі білмеген халықтардың жауынгерлік бірлігі бауырластық күшімен кездесті. Саяси бірлік, социалистік отанға деген сүйіспеншілік, совет адамдарының жеңіске деген ынтасы соғыстың алғашқы өте ауыр кезеңдерінің барысында айқын көрінді. Жеккөрінішті жаумен күресте орыс, украин, белоруссия деревняларынан, Орта Азия мен Қазақстан ауылдарынан, Қавказдың таулы аймақтарынан, еліміздің қалалары, республикалар, өлкелерінен адамдар шықты. Мысалы жұмысшы Галуст Карагезов әскер қатарына алынарда митингте сөз сөйлеп былай деді: «Менің екі ағайым қазір қаніпезер жаумен айқасуда. Бүгін майданға мен қалған төрт ағаларыммен бірге аттанып барамын. Біз отанымызды қорғаушылардың қатарына мақтаныш сезіммен қосылудамыз». Ағайынды жеті Карагезовтер «ұрыста шегінбеуге», біздің отанымыздың жауларын толық талқандағанша шайқасуға қасиетті ант берді»9. 1942 жылдың жазында совет қарулы күшінің құрамында Кавказ және Орта Азия ұлттарының қатары өсе түсті. 1941 жылы 21 июньнен 1942 жылдың апреліне дейін Қызыл Армия қатарына 1 миллионнан астам грузин, азербайжан, армян, өзбек, қазақ, қырғыз, тәжік алынды. 1942 жылдың май айының ортасына дейін тағы 100 мың өзбек пен 50 мың қазақ шақырылу жоспарланды10. Тек Қазақстанның өзінде 1941 жылдың июнінен 1942 жылдың декабріне дейін майданға 12 дивизия мен жеке бригадалар жасақталып, аттандырылды11. Неміс-фашист армиясы Отанымыздың астанасы — Москваға тікелей қатер төндірген қиын қыстау күндерде Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 1941 жылы 31 октябрьде «ұлттық әскери құрамалар жасақтау» жөнінде шешім қабылдады. Одақтас республикалардың, Компартиясының Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «ұлттық әскери құрамалар жасақтау жөніндегі шаралар туралы» қаулы қабылдап, бұл шешімді республикалар еңбекшілері бірауыздан мақұлдап, солдаттарды қару-жарақпен, азық-түлікпен, киім-кешек, ат-арба, ер-тоқым, ыдыс-аяқ, тағы басқалармен жабдықтау ісіне түгелдей жұмыла кірісті. 1942 жылдың жазында Закавказье майданының әскерлерінің Солтүстік тобының құрамында жеті ұлттық дивизия12 үш азербайжандық, екі грузиндік, екі армян дивизиясы шайқасты. Бұлар 77, 223-ші, 416-шы азербайжан, 276-шы, 414-ші грузин және 89-шы армян атқыштар дивизиясы еді13. Соғыстың алғашқы кезінде Закавказье республикасында барлығы 211 атқыштар батальоны және 19 ұлттық дивизия құрылды14. Совет жауынгерлері қаныпезер жауға қарсы теңдесі жоқ батырлықпен, ерен ерлікпен ұрыс жүргізіп, асқан табандылық, қаһармандық көрсетіп отырды. Ұрыс Смоленскінің іргесінде жүргізіліп жатқан кезде жаудың тылында Брест қамалының шағын гарнизоны коммунистер И. Н. Зубачевтың, Е. М. Фоминнің және П. М. Гавриловтың басшылығымен жаудың үздіксіз жасалған тіке шабуылдарын ерлікпен тойтаруда еді. Қамалдың бір қабырғасына жазылған: «Мен, өлім аузындамын, бірақ берілмеймін. Қош бол, Отаным»,— деген жан тебірентерлік қысқа сөздерден сол қамалды қорғағандардың асқан патриоттық күші көрінеді. Брест қамалын қорғаушылар көп ұлтты ұлттан құралды. Нақтылай айтқанда, Брест әскери гарнизонында қазақстандық солдаттар мен командирлер екі мыңнан астам болатын. Бұлардың көбі ерлікпен қаза тапты15. Фашистік Германияның стратегтері Совет Одағына қарсы соғыста біздің көпұлтты мемлекетіміз халықтарының достығы берік емес деген есебінен қатты жаңылысты. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ неміс-фашист тобырлары шығыста дүние жүзі бұрын-соңды білмеген халықтардың туысқандығының, жауынгерлік құрыштай беріктігінің қайратты күшімен бетпе-бет кездесті. Еліміздің түрлі ұлттары мен халықтарының мызғымас достығы жеңістің қуатты қайнар көзі болды, бұл достық соғыс кезінде шынығып нығая түсті. Дүние жүзіндегі бірінші социалистік мемлекет соғыстың алғашқы кезінде от жалынында сыннан ойдағыдай өтіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ол жаңа қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың социалистік экономиканың, марксизм-ленинизм идеологиясының халықтар достығының салтанаты болды. В. И. Ленин айтқандай «әскерге алынған әрбір жұмысшы мен шаруа өзінің не үшін бара жатқанын біледі. Сондықтан әділеттік пен социализмнің салтанат құруы үшін саналы түрде өзінің қанын төгеді. Соғыстың мақсаттары мен себептеріне бұқараның осы санасы жетуінің зор маңызы бар және мұның өзі жеңісті қамтамасыз етеді16» деген еді. Соғыстың басынан-ақ Коммунистік партия социалистік Отанды қорғау туралы лениндік идеяны басшылыққа алып, совет халқының фашистік басқыншылармен күресінің дем берушісі және ұйымдастырушысы болды. Алғашқы күндерде-ақ ол совет халқының бүкіл күшін жаумен күреске жұмылдыру программасын талдап жасады. Партияның алып қызметі арқылы аса қысқа мерзім ішінде еліміз қуатты соғыс лагеріне айналдырылды. Коммунистер ең ауыр ауыртпалықты көтерді. Партия құрамының 80 проценттен астамы қатардағы армияға аттанып, майданды қамтамасыз етумен тікелей байланысты экономика салаларында қажырлы еңбек етті17. Совет адамдарының майдан мен тылдағы қаһармандығы халықтың біртұтас ерлігіне ұласты. Ұлы орыс халқы біздің еліміздің еңбекшілерінің фашизмге қарсы күресінің, құрыштан берік күші болды. Оның революциялық қуаты, еңбек сүйгіштігі, интернационализмге біздің, социалистік отанымыздың барлық халықтарын оларға құрметпен қарауға жеткізді. Орыс халқы соғыстың негізгі ауыртпалықтарын өзі көтерді және аға деген рольді адал орындап шықты. Міне сондықтан да жау орыстар мен басқа халықтар арасында іріткі салмақ болды. Бірақ ол жүзеге аспады. Ауыр сынақ барысында совет халқы арасындағы достық пен бауырластық одан әрі шын жүректен күшейе түсті, ал орыс халқы бүкіл СССР халықтарының сенімі мен жалпы сүйіспеншілігіне ие болды. Совет халқының моральды саяси бірлігін, Компартия төңірегіне топтасқандығы, оның жоғары саналылығы еліміздің тағдырына деген жауапкершілігі, өз Отанына деген сүйіспеншілігі соғыстың алғашқы кезінде айқын көрінді. Совет жауынгерлерінің асқан патриотизмі Ұлы Отан соғысы жылдарында барынша айқын көрінді. Сол жылдардың шежіресі, совет жауынгерлерінің сүйікті Коммунистік партияға сүйіспеншілігі мен коммунизм мұраттарына адалдығы жарқын мысалдарға толы. Отан үшін шайқаста совет жауынгерлері біздің ұлы ісімізге, интернационалдық парызға адалдықтың өнегесін көрсете білді. Шынында да совет халқы Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін фашист жендеттерден қорғап қалған, қасиетті жерімізді озбыр қарақшылардан тазартқан өзінің қаһарман ұлдары мен қыздарын ардақ тұтады, олардың ерлік дәстүрлерін келешек ұрпаққа үлгі етеді. Сталинград іргесінде арыстанша арпалысқан, Днепр үшін жойқын ұрыстар жүргізген, Берлинге екпіндете тегеурінді шабуыл жасаған мыңдаған жауынгерлердің бейнесі біздің жүрегімізде. Бүгінгі сәулетті өмірімізді, оның келер жарқын болашағын құрып, молшылық қазынасын жасап жатқан совет адамдарының жасампаз ерлігі — совет халықтарының моральдық мызғымас саяси бірлігі болып табылады. Халықтар достығының, ынтымағының қайнар бұлағы да, міне осында.
ШЕГІНЕРГЕ ЖЕР ЖОҚ
Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ18. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»19,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады20». Фашист командованиесінің 1941 жылдың сентябрінде Москваны қорғаушы совет жауынгерлеріне қарсы шайқаста 77 дивизиясы, бір миллионнан астам адамы, 14 мыңнан астам зеңбірек пен минометі, 1700 танк пен 950 самолеті болды21. Оларды соғысқа тәжірибелі генералдар бастап барды. Гитлер оларға бағыт бере отырып «орталық» армия тобының штаб мәжілісінде былай деді: «Москваны бірде — бір орыс солдаты, бірде — бір тұрғыны, мейлі ол — ер адам, әйел немесе бала болсын тастап кете алмайтындай етіп қоршау керек, қаладан қашып шығудың қандай да жолын күшпен аяусыз басу керек»22. Шешуші жеңіске жететініне сенген Гитлер бүкіл дүние жүзін 7 ноябрь күні Қызыл алаңда өзінің «жеңілмейтін» әскерлерінің парадын өткіземін деп жариялады. Басқыншы армиясы тылда гитлершілерге арналған парадтық әскери киімдерін ала жүрді. Совет астанасын тез арада басып алуына сенімді неміс-фашист командованиесі шығыс майдан солдаттарына арнап ұран тастады. Онда былай деп жазылды: «Солдаттар, сендердің алдарыңда Москва тұр. Соғыстың 2 жылында континенттің барлық астаналары сендердің алдарыңда бас иді, сендер ірі-ірі қалалардың көшесінде еркін жүріңдер. Енді тек Москва қалды. Оны өздеріңе бас идіріңдер, оған өз қару күштеріңді көрсетіңдер оның алаңдарында жүріңдер. Москва — соғыстың соңы. Москва — бұл демалыс. Алға»23. Москваға басты шабуылды бастаған фашист әскерлері оның қорғаныс шебін бұзып, Вязьма ауданында батыс және резерв фронты мен Брянск фронтының кейбір күштерін қоршауға алды. Қызыл Армияның бөлімдері қатаң және қан төгіс күрес жүргізе отырып, Шығысқа қарай шегінуге мәжбүр болды. Бір ай ішінде жау 230—250 км. алға жылжып, Калинин, Волоколамск, Можайскіні басып алып, Тулаға жақындады. Москваға қауіп төнді24. Совет Одағының маршалы Г. К. Жуков жағдайды былай деп жазды: «Неміс-фашист командованиесі Москваны басып алу мақсатында «Тайфун» атты жоспарын қабылдай отырып, совет әскерлерін Вяземск — Москва және Брянск — Москва бағытында талқандап, Москваны солтүстіктен оңтүстікке қарай қоршап, тез арада басып алуды»25 іске асырмақшы болды. Бұл қатерлі мезгілде коммунистік партияның басшылық және ұйымдастырушылық ролі арта түсті. Партия жауға қарсы күресті ұйымдастыра отырып, социалистік құрылыстың ерекшелігіне, еліміздің экономикасының артықшылығына, халқымыздың моральдық саяси бірлігіне сенді. 19 октябрь Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті қаланы қоршау жағдайында деп жариялады. Мемлекеттік мекемелер, көптеген фабрикалар мен заводтар, халықтың басым көпшілігі шығысқа эвакуацияланған болатын, бірақ жоғары басшы аппарат, партияның Орталық Комитеті, Жоғарғы Бас командованиесінің ставкасы Москвада қалған еді. Москва партия ұйымының басшылығымен астана еңбекшілері туған қаланы қорғауға аттанды. «Сіздердің әр қайсысыңыз қай постыда тұрсаңыз да, қандай жұмыс атқарып жүрсеңізде, Москваны қорғаушы армияның жауынгері ретінде сезініңіз»26, деді. Орталық Комитет және МК ВКП(б) секретары А. С. Щербаков өзінің астана тұрғындарына сөйлеген сөзінде. Москваны қорғауға бүкіл совет халқы жұмыла кірісті. Москва партия ұйымының шақыруына жауап ретінде үш күн ішінде москвалықтардан 170 мың, Москва маңайындағы еңбекшілерден 140 мың арыз түсті, өз еріктерімен Москваны қорғаушыға көмектесуге сұранды. Халық еріктілерінен Москвада 12 дивизия жасақталды27. 600 мың адам Москваны қорғау бекіністерін салысуға қатысты28. Москваға қауіп төнді. Бұл әрбір совет адамына қатты әсер етті. Және бұл халықты жеңіске ұмтылдыра түсті. Сол күндері Алексей Толстой былай деп жазды: «Москва бұл — біздің мәдениетіміздің идеясы. Москва арқылы біздің болашаққа жолымыз басталады». Москваны қорғауға бүкіл халық ынталанды. «Туған Москваға көмек», «Астананы ерлікпен қорғаймыз» деген ұрандарды толқымай оқу мүмкін емес. Республикалардың алдыңғы қатарлы адамдары барлық күшті неміс әскерлеріне қарсы жұмылдыру керек деген ұранмен газет беттеріне мақалалар жариялады. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл халықтарға: «Москва үшін өмірімізді құрбан етуіміз керек» деген ұран тастады. Бұл бүкіл халықтық ұранға айналды. «Біз Отанымызды, туған Москвамызды сүйеміз. Біз әрқашан сенімен біргеміз. Сен өзіңнің мәдени, тарихи істеріңмен бүкіл халықты тарта білдің»29,— деп жазды Мартирос Сарьян (арменияның ұлы суретшісі). Москва үшін шайқаста орыс халқымен бірге, Совет Одағының басқа ұлттары ерлікпен күресті. Бұл шайқаста бауырлас республикаларда құрылған ұлттық әскери бөлімдері ерекше роль атқарды. Жауға қарсы Қазақстанның 312, 316, 391-ші 377-ші атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылы октябрьдің ауыр күндерінде батыс майданның әскери кеңесі жауынгерлерге мынадай үндеу таратты: «Жолдастар! Біздің мемлекетіміз үшін сын сағат туған кезде әрбір жауынгер өмірі Отан үшін пида. Отан сіздердің әр қайсысыңыздың аса зор күш жұмсауыңызды талап етеді, ерлік, батырлық, табандылық қажет. Отан бізді мызғымас қамал болуға және фашистік орданың Отанға және сүйікті Москваға баратын жолын қорғауға шақырады. Қазір еш уақытта болмаған қырағылықты талап етеді, темірдей тәртіп, ұйымшылдық оқиғаға байланысты шешімді бола білу жеңіске деген мойымас ерлік және өзіңді өзің құрбан ете білуге дайын бола білу»30. Майдандағы жауынгерлер бұл шақыруға жаппай ерлік көрсетумен жауап берді. Көп ұлтты совет халқының табандылығы мен ерлігі, ержүректілігі және өзін-өзі құрбан етуге дейін бүкіл патриотизмі мен интернационализмі Москва қорғаушыларының болып көрмеген ерлік көрсетуінде жарқын бейнесін тапты. Полковник А. П. Белобродовтың 78-ші, В. И. Полосухиннің 32-ші, генерал майор Н. Ф. Лебеденконың 50- ші, полковник Т. О. Мартиросянның 239-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Әсіресе Қазақстанда құрылып, Москваны қорғау барысында 8-ші гвардиялық болып аталған генерал И. В. Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен офицерлері ерекше көзге түсті. Бұл көп ұлтты дивизияның жауынгерлері 33 күн бойы Волоколамск бағытындағы маңызды аймақты табандылықпен ұстап тұрды және өз кеуделерін төсеп қорғады31. Саяси жетекші Клачковтың жетекшілігімен жасаған жиырма сегіз батыр ерлігі дүние жүзілік даңққа жетті. Олардың ішінде орыстар Иван Шадрин, Николай Трофимов, қазақтар Нарсұтбай Есеболатов және Әлікбай Қосаев, украиндық Григорий Петренко, қырғыз Дүйсенқұл Шопоков және басқалар болды. Оларды әр қайсысы саяси жетекші Василий Клачковтың «Россия кең-байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ, артымызда Москва»32,— деген жауынгерлік ұранын жүрегімен қабылдады. Олар жауынгерлік достығын өздерінің қандарымен жазды, бірақ жауды жібермеді. «Қымбатты қазақстандықтар! Москва үшін ерлікпен шайқасыңыздар. Сіздер сүйікті астанамызды жыртқыштар торабынан туған анамыздай қорғаңыздар»33 — деді ұрыста ауыр жараланған, саяси жетекші Манап Мусин жан тапсырар алдында. Оның осы бір жалынды сөзі басқа жауынгерлерге бұйрықтың өктем үніндей естілді. Міне, Отан үшін шайқаста коммунистер мен комсомолецтер әрдайым алғы шепте болып, ерліктің өнегесін көрсете білді. Панфиловшылар қысқа мерзім ішінде жаудың бір танкілі және моторлы екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 1941 жылдың 12 ноябрінде «Правда» газеті былай деп жазды: «Панфилов дивизиясы жауынгерлері, командирлері мен саяси қызметкерлерінің ғажайып ерліктері жауды еріксіз жерге көмілуге мәжбүр етті»34. 1941 жылдың 18 ноябрі дивизия жауынгерлері үшін даңқты күн болды. Осы күні 316-шы атқыштар дивизиясына гвардиялық дивизия деген атақ беріліп, ол Қызыл Ту орденімен наградталды35. Бұл қуанышты хабар Совет үкіметінің қазақстандықтардың майдандағы ерлігін жоғары бағалағандығының айғағы еді. Бұл хабар панфиловшылардың жігерін тасытып, Отанға деген сүйіспеншілігін бұрынғыдан да арттыра түсті. Москва түбінде өзбек жерінде жасақталған көп ұлтты 258-ші атқыштар дивизиясы ерлікпен соғысты. Полковник Сиязовтың басшылығымен осы дивизияның жеке құрамы 1941 жылдың октябрь — ноябрінде жаумен қиян-кескі ұрыста жан аямай Туланы қорғады, Чириннің басқаруындағы взвод үш сағаттық ұрыста 40-тан астам гитлершілерді құртты. 13 октябрьдің өзінде 999-шы полктың әртүрлі ұлттарының жауынгерлері мен офицерлері жау позициясына он екі рет шабуылға шықты. 991-ші полк жаудың 112-ші жаяу әскер дивизиясының шабуылын бір өзі ұстап тұрды36. Москва түбіндегі ұрыстың даңқты беттерін полковник Я. Я. Вейкин басқарған 201-латыштың атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен командирлері және саяси қызметкерлері жазды. Наро — Фоминск ауданында қарсыласқан шабуыл ұрысын жүргізе отырып, латыш дивизиясы 1941 жылдың 19 декабрінен 1942 жылдың 11 январына дейін 13 мың тұрғын халқы бар елді пунктерді азат етті. Осы уақыт аралығында жаудың 4 мыңнан астам солдаты мен офицері құртылды, 5 танк, 60 автомашина, 113 пулемет, 97 миномет, 38 зеңбірек, 1 мыңнан астам винтовка және көптеген басқа ұрыс техникалары мен қаруларын қолға түсірді37. Латыш халқының ұлдары бұл ұрыстарда өздерін батыл және социалистік отанға шын берілген жауынгерлер етіп көрсете білді. Ол туралы 1941 жылы 23 декабрьде «Правда» газетінде: «Латвияны басып алған соң немістер латыш халқының момақан ғана тыңдауын күткен еді. Бірақ басқыншылар қателесті. Латыш солдаттары мен офицерлері Қызыл Армия жауынгерлерімен, командирлерімен иық тіресе неміс басқыншыларына қарсы шайқасты. Бостандық сүйгіш тамаша латыш халқының дивизиясы ерлікке қабілетті екенін көрсетті»38. Қолбасшылардың жоғары әскери шеберлігін және жеке ержүректілігін Москва түбіндегі жерде болған шайқастарда белорус халқының ұлы генерал-майор Л. М. Доватор көрсетті. Атты корпусты басқара отырып, ол полктарды шеберлікпен жауға қарсы шабуылға бастады. Неміс-фашист басқыншыларына күтпеген жерден ойсырата соққы берді. Даңқты кавалеристердің ішінде орыстармен, украиндармен, белорустармен бірге қазақ, өзбек, түрікмен, тәжік, қырғыз және басқа СССР халықтарының өкілдері де аз болған жоқ, олар жау гарнизондарын құртты. «Соғыс — Совет Одағы тығыз топтасқан бұрын әлем ешуақытта көрмеген халықтар достығының бір семьясы екендігін көрсетті. Қызыл Армия қатарындағы барлық ұлттардың жауынгерлері өз отанын шексіз беріле қорғады, тамаша күресті, аса ұлы ерлікпен батырлық көрсетті. Дәл осыны біздің жауымыз ешқашан күтпеп еді»39, — деді М. И. Калинин. Бес айға созылған ауыр ұрыстың барысында гитлершілердің «жай оғындай» соғысының жоспарын бұзып, Қызыл Армия жау қолынан шайқас-шабуыл қимылдарының инициативасын өз қолына алды. 1941 жылғы ноябрь-декабрьде совет әскерлері Дондағы Ростов және Тихвин аудандарында фашист әскерлерін айтарлықтай жеңіліске ұшыратты. 6 декабрьде Қызыл Армия Москва түбінде тікелей шабуылға шығып, ірі жеңіске жетті. Даңқты совет әскерлері ІІ мыңнан астам қалалар мен деревняларды азат етті. Сонымен бірге Калинин және Калуганың облыс орталықтарын азат етіп, Туладағы қауіпті тоқтатты. Жау Москвадан 100—120 км. жерге қуылып тасталды40 және совет армиясы жаудың 11 танк, 4 моторланған дивизиясын және 23 жәяу әскер дивизиясын құртып жіберді. Қалған «Центр» армиясының құрама тобы орасан зор шығынға ұшырады. Дұшпан өлідей, жаралы 33 мыңдай адамын, көптеген әскери қару-жарағы мен әскери техникасын жоғалтты. Москва түбінде өз даңқына масаттанған гитлершіл армия алғашқы рет ірі жеңіліске ұшырады. Осы жерде фашистік әскердің «жеңілмейтіндігі» туралы аңыз жоққа шығарылды. Москва түбіндегі жеңіс одан әрі Совет халқының сенімін арттырып, гитлершіл Германияға қарсы ұрыста қолы жеткен табыстары бүкіл прогрессивті адамзаттың фашистік езгіден құтылуының үміті болды. Москва қорғаушыларының ұлы ерлігін Совет үкіметінің коммунистік партиясы өте жоғары бағалады. Әртүрлі ұлттардың ондаған мың жауынгерлері, командирлері және саяси қызметкерлері Совет Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталды. 1 миллионнан астам адам «Москваны қорғағаны үшін» медалін алды. Ерекше көзге түскен 110 жауынгерлерге Совет Одағының Батыры атағы берілді41. Олардың ішінде орыстар В. В. Талалихин, В. А. Зайцев, В. Г. Клачков, украиндар А. А. Бондаренко және Д. Ф. Лавриенко, белорус Л. М. Доватор, қазақ И. Есеболатов, қырғыз Д. Шопоков және тағы басқалар бар. Осылайша коммунистік партияның басшылығымен совет халқының көп ұлтты мемлекеті фашистік Германияны бірінші рет тықсырып жеңіске жетті. Москва түбіндегі жеңіс соғыс барысында түбегейлі бетбұрыстың басы болды. Бұл жеңіс Совет Одағының фашизмге қарсы соғыста сөзсіз жеңіске жететіндігін көрсетіп берді. Жау өзінің жоғалтқан орасан зор шығынын жасыра алмады. «Орыстардың соққысының күші және бұл тікелей шабуылдың серпіні — деп жазды, фашистік генерал Типпельскрих,— катастрофаға ұшырауға аз-ақ қалды»42. Гитлер сәтсіздіктің бар кінәсін, бар жауапкершілігін өз генералдарына аударуға асықты. 19 декабрьде ол құрлықтағы әскерлердің бас командашысы фельдмаршал Броуичты орнынан алып, бұл орынға өзі отырды. Неміс фашист әскерлерінің жоғары командалық құрамында өзгерістер жүргізілді. Москва түбіндегі жеңіліс, жеңіс салтанатына әбден мастанған фашистік армияны және бүкіл герман халқын ойлануға мәжбүр етті. Шығыс майдандағы неміс солдаттары мен офицерлерінің хаттары өмірден түңілген ойларға толы болды, мұның бәрі фашистік Германияның тылын, моральдық жағдайын төмендете түсті. Соғыстың буржуазиялық тарихшыларының бірі Арвид Фредеборг Москва түбіндегі шайқас туралы естігенде Берлинде болған жағдайды былай деп жазды: «Мазасыздық өсе түсті. Түңілушілер Наполеонның Россиямен соғысын еске түсірді және «Ұлы Армия» жөніндегі барлық кітаптар кенет сұраныспен пайдаланыла бастады. Болжағыштар Наполеонның тағдырымен айналысты, астрологияның даңқы жойылды»43. Типпельскрих «соғыс әрекетін одан әрі жүргізу үшін апатқа әкеп соқтырған қысқы жағдайдан шығу керек»44 деп дәлелдейді. Совет Армиясының Москва түбіндегі жеңісінің үлкен халықаралық маңызы болды. Ол антигитлерлік коалицияның топтаса түсуінде орасан зор рольге ие болды, гитлерлік «жаңа тәртіптің» бұғауына түскен Европа халқының белсенділігін арттырды. Ағылшын тарихшысы Фуллер Москваны алу жоспарының сәтсіздігін «Германияның стратегиялық үлкен жеңілісі деп атайды» және Москва түбінде жеңілудің нәтижесінде «Герман армиясы, жоғалтқан энергиясын қайтара алмады, және бүкіл әлемнің көз алдына жеңімпаз армия деген даңқынан айрылып қалды. Фашистер басып алған елдерде,— деп жалғастырды ол,— қайғы — мұң қуанышпен алмасты. Балқандағы партизан соғысы кең қанат жайды, немістер мен итальяндықтар басып алған елдеріндегі өз үстемдігін ұстап тұру үшін үсті-үстіне жаңа күштер жіберумен болды»45. Москва түбіндегі жеңіс советтік социалистік құрылыстың бұзылмайтын беріктігін, СССР халықтарының достығы мен бірлігін, совет адамдарының коммунистік партияға берілгендігін дәлелдеп берді. Жеке адамдардың қателігі совет әскерінің сәтсіздігі мен ауыр шығыны, соғыстың алғашқы айларындағы халықтың шеккен зардабы совет мемлекетінің алып қуатын үзе алмады. Москва түбіндегі совет әскерінің жеңісі барлық дәрежедегі совет қолбасшыларының үлкен творчестволық жұмысының және Совет армиясы жауынгерлері мен командирлерінің батырлығы мен ерлігінің нәтижесі еді. Москва түбіндегі жеңіске совет тылының миллиондаған еңбекшілері өз еңбек үлестерін қосты. Берік топтасқан және ызаланған совет халқынын жауға қарсы күресте жауды жеңу мақсаты үшін елдің бүкіл байлығын ұйымдастыруда даңқты коммунистік партияның алып күші айқын көрінді.
СТАЛИНГРАД ТҮБІНДЕГІ ЖЕҢІС — ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ МЕН ӘСКЕРИ
БАУЫРМАЛДЫЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҚӨРІНІСІ
Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды. «Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады»46. Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. Сталинград шайқасының барысында В. И. Лениннің: «Қандай соғыста болсын, жеңіс сайып келгенде, ұрыс майданында қан төгетін бұқараның рухани дәрежесіне байланысты. Соғыстың әділеттілігіне сенімшілік, өз бауырларының игілігі үшін жанын құрбан етудің қажеттігін түсіну, солдаттардың рухын көтереді және оларды адам естіп көрмеген ауыртпалықтарға төздіреді»47 деген сөзін тағы да растайды. Көп ұлтты советтік халықтың Сталинград шайқасындағы ерлігі 200 күн мен түнге созылды. Европада екінші майданның болмағанын пайдаланып, фашистік командование соғыстың алғашқы айларына қарағанда 1942 жылдың жазына қарай совет — герман майданына әлдеқайда көп күшті топтастырды. Бұл жолы гитлершілдер негізгі соққыны өздерінің танк және авиациясы көпшілігі орналасқан совет — герман майданының оң қанатынан бермек болды. 1942 жылғы жазғы шабуылдың мақсаты 1942 жылы 5 апрельде қабылданған Гитлердің 41 директивасында анықталған еді. Мұнда неміс қарулы күшінің мынадай негізгі міндеті көрсетілген: «Әлі де советтердің қолында қалған күштерді түбегейлі талқандап және мүмкіншілігі болғанша маңызды әскери экономикалық орталықтарды жою»48, деді. Жоспар бойынша неміс командованиесі Қызыл Армия әскери топтарының Орелдың оңтүстігінде талқандап, экономикалық дамыған Донбасс ауданын және Дон мен Кубаньды алып, сонан кейін Кавказ аудандарын және Кавказ арқылы өтетін жолдарды алу үшін оңтүстікке қарай шабулды жалғастырмақ болды. Гитлерлік командованиенің шешімі бойынша, Кавказ бағытындағы нәтижелі шабуылды қамтамасыз ету үшін 6-шы жалпы әскери және 4-ші танк армиясы Донның ағысымен төмен оңтүстік шығысқа жылжып, Сталинград ауданында Еділге шығып, қаланы басып алып, осында Артемовск-Таганрог ауданы жағынан солтүстік Донецкіге шабуылдаушы герман әскерімен бірігіп, әрі қарай Дон ағысы бойымен солтүстіктен шығысқа беттеуі керек болды49. Сталинградты алу фашистер үшін жақын аралығы міндеттің ең бастысы болды және СССР-ға қарсы соғыстың Германия пайдасына аяқталуының алғы шартын жасайды деп есептеді. Жаңа шабуылды жоспарлай отырып Гитлер және оның жақтастары саяси мақсатты да көздеді. Олар Сталинградты алған жағдайда Совет Одағына қарсы соғысқа Түркия мен Жапонияның кірісуін тездетеміз деп үміттенді. «Дон мен Еділдің арасындағы кеңістікті — деді Совет Одағының маршалы А. М. Васильевскийдің айтуы бойынша — 41 Гитлер директивасына сәйкес бұл бағыт қосымша роль атқарады». Бірақ көп ұзамай ұлтшыл стратегтердің тілегі мен есебіне орай қосымшадан енді күрестің барлық совет-герман майданындағы шешуші бағыт болды50. Совет — Герман майданының оңтүстігіне негізгі күшін топтастырған жау 1942 жылдың жазында осында шабуылға көшті, өздерінің сандық артықшылықтарын пайдалана отырып, біршама жетістіктерге жетті. Неміс-фашист жаулаушылары Кавказ тауының етегіне дейін жылжып, 23 августа Сталинград түбіне жетуге мүмкіндік алды. 12 июльде 500 километрге созылған Сталинград майданы құрылған еді. Сталинград эпопеясы 17 июльде басталды, майданның алдыңғы отрядтары Чир өзенінің бойында қарсыластармен шайқасты51. Бұл жерде 6-шы неміс армиясының 14 дивизиясы тұрды. Кұрамында 270 мың адам, 3 мың зеңбірек және миномет, 500-ге жуық танк, 1200 әскери самолет болды. Жауға қарсы 62-ші және 64-ші армияның 12 дивизиясы, 160 мың адам, 2,2 зеңбірек — миномет, 400-ге жуық танк, 454 самолет тұрды52. Майдандағы совет жауынгерлері жаппай ерліктер жасады. «Жеке ерлік көрсеткен қаһармандар тарихта аз емес, бірақ біздің партиямыз бастаған ұлы елімізде ғана совет адамдары жаппай қаһармандық жасай алатынын дәлелдеп берді»53. Соғыстың осы өте ауыр кезеңінде орыс халқының патриотизмі оның ұлдары мен қыздарының табандылығы, батырлығы СССР-дің барлық халықтары ұлдары мен қыздарының табандылығын нығайтып, қолдарына қару алып, өздерінің орыс бауырларымен қатар социалистік Отанды қорғауда партияның сенімін ақтады. Ұлы Сталинград шайқасының қантөгіс ұрыстарының кезінде орыс — сержант Иван Григорьев былай деді: «Мен партбилет алған жерімнен ешқайда кетпеймін»54 деген сөзі бірнеше күннен кейін халық қорғаныс комиссариатының «бір қадам да кейін шегінуге болмайды» деген бұйрығында айтылды. Осы ауыр кезде 308 ші атқыштар дивизиясының снайпері 242 гитлершілдердің көзін жойған сержант Василий Зайцев былай деген: «Еділдің ар жағында біз үшін жер жоқ»55. Бұл сөздер барлық Сталинградты қорғаушылардың девизіне айналды. Сталинград шайқасының барысында солдаттар мен офицерлер Отанының келешегі үшін өздерін құрбандыққа шалды. Еділге Тынық-Мұхит флотынан келген украиндық Михаил Паниках ондаған неміс танкісін жойды. Бір кескілескен ұрыс кезінде ол лақтырмақ болып көтерген жанармай толтырылған құмыраға оқ тиді. Ер жүрек морякты тез арада от жалыны орап алды Батыр өлімнен қаймықпай, бір құмыраны қарсы келе жатқан танкіге лақтырып үлгерді56. Орыс солдаты Палашков қорғаныс шебіне қарай өтіп бара жатқан танкіні көріп, қолына граната алып «жоқ, өте алмайсың айуан», деп алға қарай аттанды. Танкі жарылды. Сталинградты қорғаған совет жауынгерлерінің құрамында қазақстандық жауынгерлер де аз ерлік көрсеткен жоқ. «Бізге өзіміздің сүйікті Алатауымыз қандай болса, Волга да дәл сондай қымбат,— деп жазды майдангер — қазақстандықтар өздерінің аналарына, әйелдері мен апа қарындастарына. — Бізге Дон мен Украинаның даласы да дәл Қазақстанның өз даласындай қымбат. Біздің алдымызда бір ғана жол бар, ол — жауға қарсы ұмтылу»57. Олар — қазақстандықтар басқа ұлттардың жауынгерлері секілді қайткен күнде де қаланы жауға бермей ұстап тұруға партия мен халыққа серт берді. 1942 жылдың 19 ноябрінде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған майдандас — қазақ жігіттерінің антында мынадай жолдар бар: «Немістер ашқарақтана Волгаға ұмтылып бағуда. Олар біздің елімізді езгіге салып, халқымызды құл етпекші. Еліміздің барлық халқы жексұрын дұшпанға қарсы көтерілді. Орыс халқымен бірге қазақ халқы да қоян-қолтық бостандық үшін ұрысқа аттанады. Қазақ халқы қашанда еркіндікті қалаған. Біздің халық дариядай шалқыған кең даласын ешқашанда дұшпанға бастырмақ емес. Біз Қазақстан қақпасы — Сталинградты қорғаймыз. Біз оны немістерге бермейміз деп ант еттік. Туған халқымыз да бізден осыны талап етеді. Ол былай дейді: қазақтар, жерлестеріміз батыр — панфиловшылар секілді сіздер де жау алдында су жүректілік көрсетпей ұрысыңдар дұшпанмен. Тыңда бізді, Қазақстан. Ант етеміз: серттен таймаймыз. Жеңіс сағаты да соғар, сол кезде қазақ халқы да мақтанышпен: «Қазақстанның ұлдары барлық халықтармен бірге бостандық үшін, намысы мен өз Отанының тәуелсіздігі үшін күресіп, олар Сталинградты қорғады»58 дейді. 1942 жылғы ноябрьде майдандық «Сталинское знамя» газетінде жарияланған Нұрахмет Рымбековтың хатында Сталинградта шайқасқан қазақ жауынгерлерінің ой-пікірі айқын баяндалды. «Қазақстанның мыңдаған ұлдары туған елді қорғауға аттанды. Біз Сталинград түбінде орыстармен, украиндармен, белорустармен, өзбектермен, грузиндермен, армяндармен, туркмендермен, басқа да ұлт өкілдерімен бірге қоян-қолтық өзіміздің қалаларымызды да, селоларымызды да, ауылдарымызды да, өз семьямызды да, әкелеріміз бен аналарымызды да қорғаймыз»59 — деп тебірене жазды ол. Еділ бойындағы шайқаста қазақ халқының даңқты ұлы ұшқыш-шабуылшы Нұркен Әбдіров мәңгі ерлік жасады. Қалада ұрыс жүріп жатқан болатын. Гитлершілдер көп шығындала отырып алға жылжыды. Орталық пристанда және «Красный Октябрь» заводы аудандарында олар өзенге шықты. Қаланы қорғаушы генерал Чуйковтың 62 армиясының қатары сирей бастады. Міне осы ауыр кезеңде ұшқыш Н. Әбдіров өзінің әскери қызметін бастады60. Әуеде жау шебіне 18 рет ұшқанда ол немістің 12 танкісін, 28 автомашинасын, 3 дзотын, 3 зеңбірек минометін құртып жіберді және 50 гитлершілдің, көзін жойды. Шабуыл күндерінің бірінде ол маңызды тапсырманы орындау үшін төрт рет «Ил-дің» құрамында жау шебіне ұшты. Фашистер Совет самолеттерін атқылады. Зенит снаряды Әбдіров Нұркен самолетіне дәл тиіп, ол жана бастады. Аэродромға жету мүмкін емес еді. Нұркен жанып бара жатқан самолетін фашистік танклер колоннасына қарай бағыттады61. Ұлы шайқаста туркмен халқының батыл, даңқты ұлы лейтенант А. Атаев та өшпес ерлік көрсетті. Оның взводы 4 бронемашинаға сүйенген фашистік автоматшылар ротасын көп шығынға ұшыратты. Гитлершілдердің бір батальон жауынгерлері және 10 танкісі жаңа шабуылға шықты. А. Атаев взводы 200 гитлершілдер мен 4 танкіні жойып, бұл шабуылдың бетін қайтарды. Қолма-қолтық найзаласта лейтенант Атаев қаза тапты62. Сталинград қорғанысының жылнамасында шығыстың он бір ұлының ерлігі алтын әріппен жазылған. Лейтенант М. Н. Кабрибовтың взводына 115,2 м. биіктікті қорғау бұйырылған болатын. Командованиенің жауапты тапсырмасымен біздің жауынгерлер 4 тәулік бойы сол биіктікті қорғап тұрды. Гитлершілдер биіктікті алу үшін үздіксіз шабуыл жасады, бірақ бәрінде де олар көп шығынмен шегініп отырды. Көптеген біздің жауынгерлер қатардан шықты. Взводта тек 11 адам ғана қалды. Оның 10-ы өзбектер мен қазақтар және взвод командирі Михаил Кабрибов азербайжан болды. Ашынған жау биіктікке 300 солдат және офицерімен ұмтылды. Жағдайға тез арада түсінген Кабрибов жауынгерлерге былай деді: «Әрбір найзаға 30 немістен келді, кім қорқатын болса, қазірден бастап қатардан шықсын. Өлерміз, бірақ шегінбейміз» деп жауынгерлер бірауыздан, қолдады. Күш тең емес ұрыста олар жаудың 120 солдаты мен офицерінің көзін жойды. Батырлар бір адым да кейін шегінбей қаза тапты. Ауыр жараланған, есінен айрылған ержүрек командир немістердің қолына түсті. Көп ұзамай ол тұтқыннан қашып қайтадан қатарға қосылды. Өзбекстан, Қазақстан және Азербайжан ұлдарының қаны төгілген жер, «Шығыстың он бір батырының биіктігі» деген атқа ие болды63. Сталинград шайқасының от-жалынында түрлі ұлт жауынгерлерінің достығы шыңдалды. Қатардағы жауынгер ұйғыр Әбдірахман Саматбатиев Алматы облысындағы Панфилов ауданының «Ават» колхозындағы зайыбы Хасият пен ұлы Абайдуллаға Сталинградтан жазған хатында былай деді: «Мен Сталинградты ерлікпен қорғаушылармен бірге шайқасып жүргенімді мақтаныш етемін. Жанымда достарым: орыс автоматшысы Михаил Давдов, қазақ Жапсарбай Шәбінеров, латыш артиллерист Андрей Клава, қырғыз пулеметші Атақанов бар. Күн сайын шайқастан кейін біз қанша жауды жайратқанымызды, қанша шақырым жер жүргенімізді есептейміз. Өлген әрбір гитлершіл, алға басқан әрбір қадам біздің жеңісімізді жақындатады. Шайқасқа шығар алдында біз бір-бірімізді қатты құшамыз, адал дос болуға ант етеміз. Біздің достығымыздың дәнекері Отанға деген сүйіспеншілік, жауға деген өшпенділік»64. Тайгалық аңшы нанайлық Максим Пассар Сталинград майданында снайперлік қозғалыстың негізін салушылардың бірі болды. Ол атудың дәлдеу өнерін тез игеріп 236 фашисті дәл көздеді. М. Пассар Сталинград майданында ондаған жақсы снайперлерді басқарды. Оның басшылығымен 213-ші атқыштар полкінің атқыштары 1942 жылдың сентябрь — октябрінде 3175 гитлершілдің көзін жойды. М. Пассардың және оның жерлестері 3. Килдің, К. Бетумоның, А. Самераның аттары майданнан тысқары жерлерге де белгілі болды65. Ұлы шайқас жылнамасының беттерінде кейін Павлов үйі деп аталған үйде гитлершілерден екі ай бойы қорғаныста болған жауынгерлердің ерлігі жазылған. Бұл жер Паулюстың жеке картасында күшті батальон орналасқан деп көрсетілген. Паулюстың барлаушысы көрсеткендей емес, бұл үйде батальоннан да көп. Онда барлық еліміз бар еді. Павлов үйін орыстар Ф. Павлов, A. П. Александров, И. Ф. Афанасьев, И. В. Воронов, B. М. Киселев, украиндықтар А. И. Иващенко, В. С. Пущенко, Г. И. Якименко, грузин А. И. Мосиашвили, өзбек К. Турганов, қазақ Т. Мырзаев, еврей И. Я. Хант, тәжік М. Турдыев, татар В. Д. Рамазанов қорғады. Павлов үйінің жауынгерлері бар батальонды орыс капитаны А. В. Жуков, ал ротаны аға лейтенант И. И. Наумов басқарды. Ротаның политругі армян Авагимов болды66. Ауыр күндердің бірінде коммунист Иващенко жолдастарына үнсіз қарап, темірдің сынығы мен қабырғаға былай деп жазды: «Осы жерде гвардияшылар соңғы оғы қалғанша тұрды, өлерміз, бірақ жауды жібермейміз»67. Гитлершілдер аз ғана гарнизонның табандылығы мен қайсарлығын жоя алмады, жаудың Павлов үйін алмақ болған барлық әрекеттері нәтижесіз аяқталды. «Павлов үйін» қорғауға қатысушылардың жауынгерлік істеріне жоғары баға бере келіп 62-інші армияның қолбасшысы, генерал, кейіннен Совет Одағының Маршалы В. И. Чуйков өзінің «Жол басы» деген кітабында: «Бір үйдің қорғанысында болған шағын топ соншалықты көп дұшпан солдаттарының көзін жойды, гитлершілдер Парижді алғанда да мұндай зиян шекпеген еді»68, деп жазды. Гитлершіл басқыншылармен айқаста социалистік құрылыс тәрбиелеп, Коммунистік партия шыңдаған Совет жауынгерлері өзінің асқан саналылығымен, өз тұлғасымен, биік моралдық-саяси қасиеттерімен танылды. Совет жауынгерлерінің моралдық рухын, әскери бауырмалдылық, адамгершілік қасиетін паш ететін Сталинградтағы «Павлов үйін» қорғауға қатысушы Тәлібай Мырзаевтің естелігінен мынадай бір фактілерді айта кетейік: «Дұшпан біздің, арамызда араздық отын тұтатуға әрекеттенді, радио арқылы жалған үгіт таратып, бірімізді бірімізге айдап салуға тырысты. Бірақ дұшпан есебінен қатты жаңылды. Ол ең басты нәрсені — біздің советтік біртұтас семьяның адамдары екенімізді, бізді ұлттық туыстығынан гөрі таптық туыстық, мақсат пен мүдде ортақтығы ынтымақтастырып отырғанын ұмытты. Міне осындай достық пен туысқандық бізді ерлік істерге бастады... Біз онда ер атанайық, көзге түсейік деп ойлағанымыз жоқ, тек солдаттық борышымызды адал атқаруға тырыстық. Бір-бірімізге деген достық сезім бізді осылайша ерлік жасауға ұмтылдырды. Бұл арада әрбір совет жауынгері нағыз ержүрек қаһарман болды деп ешбір әсірелеусіз айта аламын»69. Сталинградты қорғауға қатынасқан қазақстандықтар туралы «Волгоградская правда» газетінде көлемді мақала жарияланды. Онда былай деп жазылды: «Біздің қаламыздың іргесінен, Волганың арғы бетінен кең байтақ Қазақстан жері бесталды. Сол бір қиын-қыстау шақта қаланы қорғауға сол жақтан толассыз тың күштер келіп жатты. Олардың ішін де көптеген қазақстандық ұландар да бар еді. Айталық, 1942 жылдың сентябрінде Сталинград майданында шайқасқан он үш дивизияның құрамында 8280 қазақ жауынгері мен командирі болды. Олардың басым көпшілігі 116-шы атқыштар дивизиясында шайқасты. Ал полковник Ғ. Сафиулин басқарған 38-ші атқыштар дивизиясының төрттен үш бөлігі қазақ жігіттері еді. Олар генерал Фон Дреббердің фашистік гренадерлік дивизиясын талқандап, жаудың танк корпусын тізе бүктірді, 8 мыңға жуық гитлершілерді тұтқынға алды»70. Сталинград майданында шайқасқандардың қатарында: 6670 татар, 4400 бурят, 2967 өзбек, тағы басқа ұлт өкілдері болғанын айтсақ та жеткілікті71. Олар Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстарда ерліктің теңдесі жоқ үлгілерін көрсетіп, неміс фашист басқыншыларына қарсы күресте советтік патриотизм мен СССР халықтарының ұлы достығы, жауынгерлеріміздің интернационализм ісіне, адалдығы, халқымыздың коммунистік партияның төңірегіне берік топтасқандығын нақтылы дәлелдеді. Қазақстан еңбекшілерінің «...жау есін жинай алмайтындай етіп аяусыз қырыңдар, ақырғы демдерің, бір қасық қандарың қалғанша аяусыз соққылаңдар, ұландар»72 — деген аманатын адал орындады. Фашистік Германия Совет мемлекетін тек бомба, снаряд пен ғана емес, фашистік насихат арқылы да талқандамақ болды. Гитлершілдер жалған фактілерді арандату, демогогия, дизинформацияларды пайдаланып, Совет халқын идеялық жағынан қарусыздандыруға тырысты. Олар халықты Компарияның басшылық роліне сенімсіздікке шақырып, жеңіске деген сенімін жойып, фашистік армияның жалған күшімен қорқытпақ болды. Біздің әскерлер орналасқан жерлерге самолетпен тасталған листовкалар, радиохабарлар арқылы орыс емес ұлттың жауынгерлері өздерін орыс халқының мүддесі үшін құрбан етіп отырсыңдар деп іріткі таратпақ болды73. Бірақ Қызыл Армия қатарында ұлтаралық қайшылық болады деген гитлершілдер есебінің күл-талқаны шықты. Жаудың күткеніне керісінше біздің жауынгерлердің арасында интернационалдық бірлік күшейе түсті. Партия, комсомол ұйымдары әскери бөлімдерде күнделікті саяси жұмыстар жүргізіп отырды. Жауынгерлер мен орыс емес ұлттардың кіші командирлерінің арасындағы тәрбие жұмысына ерекше мән берілді. Бұл жұмыстарды жүргізу тәжірибелі коммунистерге, жауынгерлерге, үгітшілерге тапсырылды. Олар жаңадан келген жауынгерлерді әскери жағдайлармен, міндеттермен таныстырды, саяси оқиғаларды түсіндірді, газет материалдарын жеткізді, қаруды және ұрыс тактикасын игеруге көмектесті. 39-шы армияның бөлімдеріне қазақ Жабаевтың батырлық ісі кең тарады. Ол өзі кеудесінен жаралана тұрып, екі аяғынан жараланған орыс лейтенанты Суховты ұрыс даласынан алып шықты. Сержант қазақ Өтемісов ротаның саяси бөлімі командирінің көмекшісі Ловцовқа фашист автоматшыларының оқталғанын көріп, орыс офицерін өз денесімен жауып қалды74. Ашхабад ауданының колхозшысы аға сержант Ишаниязов ұрыста ерекше көзге түсті. Ол өз зеңбірегімен жаудың 2 батареясын, бір дзотын танк және бір взводқа жуық гитлершілерді жойды. «Отан патриоты» газетінің редакциясына ер жүрек артеллерист былай деп жазды: «Түркмениядағы біздің ата-аналарымыз білсін: Сталинград түбінде адалдық пен бауырластық туы астында бірлескен әр түрлі ұлттың ұлдары күресуде. Менімен бірге Алматыдан қазақ, Қазаннан татар, Новгородтан орыс соғысып жатыр, бір-бірімізге адал және мызғымас достыққа анттасқанбыз және антты орындаймыз»75 деді. Орыс емес ұлттың көптеген жауынгерлері неміс-фашист жауларымен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін наградталды. 1943 жылы 15 январьда 264 мың 198 адамның ішінен 76581-і орыс емес ұлттар76, яғни орыстар 71 процент, басқа ұлттар 29 процент болды. Сталинградты батырлықпен қорғау күндерінде Советтік тыл майдан мен бірге болды. Еңбекшілер жауынгерлерге рух берді, сөзімен, ісімен жауды талқандауға көмектесуге тырысты. Қала мен село тұрғындары жауынгерлерге сыйлық жіберіп тұрды. Сталинград қаласын қорғауға қатысып жүрген лейтенант Евгений Викторов Қазақстан ЛҚСМ Орталық Комитетіне жазған хатында: — «Біз сіздердің жіберген посылкаларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Дүние жүзінде бірде-бір армия өз тылынан Қызыл Армиядай шынайы қамқорлық пен сүйенішті көрген емес шығар»77 деді. Совет әскерлері Сталинград түбінде қорғаныс ұрысын жүргізіп жатқан кезде «Правда» газетінде өзбек халқының өзбек жауынгерлеріне хаты жарияланды. Онда өзбек енбекшілері өз жауынгерлерінен совет жерін табандылықпен қорғауды, өз қатарларында тәртіпті күшейтуді талап етті. «Егер кімде-кім өз Отаны алдында борышын орындамаса, ол өз анасын өлтірумен бірдей, жауды Сталинград түбінде тоқтатыңдар, оларға аямай соққы беріңдер! Әйтпесе олар сендердің туысқандарыңды өлтіреді. «Жеңіс, не өлім, басқа жол жоқ — өз Отаны үшін өмірін қиюға дайын әрбір патриот өзбек осылай дейді»78. 1943 жылғы февральда «Правда арқылы өз жерлестеріне Қазақстан, Армения, Тәжікстан, мартта Татар АССР-і, апрельде Түркменстан өздерінің хат-бұйрықтарын жолдады. Өзбек халқының хатын талқылау кезінде өзбек Мерзажатов былай деді. «Гитлер орыстар мен орыс емес ұлттарды жауластырмақ болды. Ол қателесті. Біз орыстармен біргеміз және өз Отанымыз үшін солармен бірге күресеміз»79. Советтік республикалар еңбекшілерінің хаттары Совет жауынгерлерінен зор қолдау тапты. Осы ауыр күндерде Сталинград майданының жауынгерлері былай деп жазды: «Біз Еділ бойына біздің ұлы Отанымыздың барлық түкпірінен келдік. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің барлық халықтарының ұлдары бір әскери семьяда ержүректілікпен Сталинградты қорғап жатыр. Біз әр түкпірден келсек те әрқайсысымыз Сталинградты қорғай отырып, өз Отанын, өз семьясын, өз халқын қорғайтынын біледі»80. Коммунистік партияның басшылығымен Совет Қарулы Қүштері 1942 жылдың жазы мен күзінде қатаң сынақтан өтті. Партия халықтар достығын одан әрі күшейтті. СССР халықтарының семьясын соғыс үшін еңбек етуші, Қызыл Армияны қолдаушы біртұтас мызғымас лагерьге айналдырды. Шайқас барысында СССР достығын көрсетті. Сол күндері «Правда» «Совет Одағы халықтарының әскери бауырластығы» деген мақаласында былай деп жазды: «Фашист басқыншыларының Совет Одағы халықтарының арасына іріткі салу арманы іске аспайды. Бұдан ештеңе шықпады. Гитлердің жоспары күйреді. Дүние жүзі халқы Сталинградтағы ғажап туралы айтады. Адамзат тарихы ешқашанда өздерін Отан үшін құрбан еткен қорғаныстарда мұндай батыр қайсарлықты көрген емес. Сталинградты қорғаған кімдер? Кім оған темір қорған болған? Ол Совет елінің барлық ұлттарымен бірге күрескен орыс халқы. Онымен бірге украиндықтар, белорустар, олармен қатар өзбектер, грузиндер, армяндар, азербайжандар жалпы көп ұлтты Совет мемлекетінің барлық ұлдары бар. Халықтар достығы Советтік қорғаныстың ұлы күші бауырластықтан күшті күш жоқ»81. 1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқастың ауыр кезінде еліміздің шығыс аудандары Қызыл Армияның қуатты арсеналына айналды. 1942 жылғы июньде олар барлық соғыс өнімінің төрттен үш бөлігінен астамын берді. 1942 жылы шығарылған соғыс өнімінің мөлшері 1940 жылғымен салыстырғанда Уралда 5 еседен астам, Повольжьете 9 есе, Батыс Сібірде 27 есе артты. 1942 жылы танк өнеркәсібі 24719 соғыс машинасын берді. Авиация өнеркәсібі 25500 самолет82 жасап шығарды. Бұл самолеттердің көпшілігі жаңа ЛА-5, ЯК-7, ЯК-9 жойғыш (истребитель) еді83. Артиллерия мен минометтерді, оның ішінде реактивтік қондырғыларды («Катюшаларды») көптеп шығару ісі жолға қойылды. Осы қатаң кезеңде орыс жұмысшы табы бүкіл дүние жүзіне өзінің пролетарлық интренационализмге берілгендігін, өзінің Ленин партиясының ісі үшін күресте табандылығын көрсетті. Россия Федерациясының жұмысшы табы соғыс жылдарында еліміздегі барлық өнеркәсіп өнімінің 80 процентін берді84. Қазақ халқы еліміздің басқа да халықтарымен бір сапта жеңіс күнін жақындатуға үлес қосты. Республикадан майданға қару-жарақ, киім-кешек, азық-түлік, үздіксіз ағылып жатты. Майданды қамтамасыз етуде әсіресе Қазақстанның көмір өнеркәсіп орындары зор роль атқарды. Лениногордың кеншілері де қомақты үлес қосты. Қазақстан майданға қорғасынның жалпы одақтық өндірісінің 85 процентін, мыстың 30 процентін. Мыс рудасының 50 процентін, марганец рудадысының 60 проценты, және висмут концентратының 65 процентін, полиметалл рудасының 70 процентін беріп келді85. Сол бір жылдарда Өскемен, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, түсті металл рудаларын шығаратын 25 рудник, шахта, 1 байыту фабрикасы, Ақтөбе ферросплав, Қазақстан металлургия заводтары, 4 мұнай кәсіпшілігі, Гурьев мұнай айдау заводы, тағы басқалары қатарға қосылды86. «Правда» газеті «Даңқты қазақ халқы фашизмге қарсы күресте» деген бас мақаласында: «Қазақтар майданда жауға қарсы жақсы соғысып жатыр, тылда олардың әкелері, апалары, әйелдері майдан үшін жұмысты аянбай жақсы істеуде. Қазақстан өз жерінің барлық байлықтарымен, таулардың барлық асыл кендерімен майданға қуатты тірек болып отыр... Біздің ел қазақ халқынын турашыл, шынайы ержүректігін, оның кішіпейілділігін, оның адалдығын жақсы көреді»87. Еділ бойына резервтер келе бастады. Сталинградқа қару-жарақтар жинақталды. Еділ бойына тіпті гитлердің өзі сенбеген нәрсені тылдағылар жіберді. Гитлер әкелінген барлау мәліметтерін көре отырып, «мен тер төге отырып айына 600 танк шығарамын. Ал Сталин айына 1000 танк шығарады деп айтуға қалай батылдарың барады»88 деп ашуланады. Ал біз ол кезде айына 2 мың танк шығарып үлгерген едік. Бірақ олар әлі түгел жеткізілмеген. Ноябрьдің ортасында Сталинград қорғаныс операциясының соңғы кезеңі аяқталды. Сталинград бағытындағы совет әскерлерінің ауыр қорғаныс шайқасы 125 күн мен түнге созылды. Еділ бойындағы қаланы бүкіл еліміз қорғады. Қорғаныстың тірегі коммунистік партия болды. Сталинград шайқасының барысында партия совет халқының, жауынгерлерінің бауырластығын шыңдата түсті. СССР халықтарының мызғымас достығы Советтік Қарулы Қүштің маңызды тірегі болды. Туған жеріміздің әр бөлшегі үшін кескілескен ұрыс нәтижесінде Қызыл — Армия гитлерлік командованиенің 1942 жылдың жазына жасалған стратегиялық жоспарын күйретті, соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс үшін барлық майдан көлемінде қарсы шабуылға көшудің қажетті шарттарын жасап берді. 1942 жылғы 18 ноябрьде Сталинградта қорғаныс кезеңі аяқталды. Қорғаушылар қаланы жауға берген жоқ. Жау өзінің мақсатына жете алмады. Стратегиялық қорғаныс операциясы кезінде Совет әскерлері жауды орасан зор шығынға ұшыратты. Германия өлгені, жараланғандары бар 700 мың адамынан, 2 мың зеңбірек және минометінен 1 мыңнан астам танкісі мен 1400 самолетінен айрылды89. Партия әскери — шаруашылықты көтеруде армияға, оның жауынгерлеріне зор қамқорлық жасады. ІІІайқастың бірінші кезеңінің соңында фашистердің техникаларын және адам саны жөнінен артықшылықтарын жойды. Осы жағдайлар советтік жоғары бас командованиесі Сталинград ауданында 1942 жылдың ноябрінде басталатын шешуші қарсы шабуылға ірі әскери күштерді топтастыруға мүмкіндік алды. 1942 жылы 19 ноябрьде Сталинград бағытында фашист әскерінің құрамында 1011500 адам, 10290 зеңбірек және миномет, 675 танк, 1216 әскери самолет болды. Совет әскерінде — 1103000 адам, 15501 зеңбірек, 1463 танк, 1350 самолет болды90. Барлық Совет халқының назары Сталинградта болды. Олардың әрқайсысы осы Еділ бойындағы шайқастың нәтижесінде фашистік басқыншылардың қашан талқандалатынына байланысты екенін білді. Тек майдандағылар ғана емес, еліміздің барлық еңбекшілері жеңіске өз үлестерін қосты, олар біздің қасиетті адал ісіміздің жеңетініне сенімді еді. Совет әскерлерінің шешуші шабуылы қарсаңында Дон майданының әскери советі жауынгерлерге шақыру хат жолдады. «Жолдас жауынгерлер, командирлер мен саяси қызметкерлер, Сіздер Сталинградты қорғау, Сталинградты қоршаған немістерді талқандау міндетін жақсы атқарыңдар. Өздеріңіздің табандылықтарыңыз бен батырлықтарыңыз арқылы аттарыңызды әлемге әйгілі еттіңіздер. Бұл әскери міндетінің бір жағы ғана... Бүкіл совет халқы батыр қала Сталинградтың толық азат болғаны, қоршаған жаудың талқандалғаны туралы қуанышты хабарды асыға күтеді»91. Совет әскерлері Сталинград түбінде қарсы шабуылға шықты. Қоршау операцияны Дон мен Еділ бойындағы фашистік әскерлердің негізгі күштерін талқандаудан бастады. 19 ноябрьде жауға солтүстіктен Оңтүстік Батыс және Дон майданындағы жауынгерлері соққы берді. Келесі күні оңтүстіктен Сталинград майданының шабуылы басталды. Бұл ірі операцияларға туысқан республикалардан құралған көптеген әскери бірлестіктері белсене араласты. Бұл күндері жау жағында болған жағдайлар туралы осы оқиғалардың куәгері неміс жазушысы Ваинерт неміс-фашист әскерлерінің жағдайы туралы өзінің күнделігінде былай деп жазды: «Сталинградқа жақындаған сайын таңданарлық картиналарды көруге болады. Жолдың жағаларында өлгендердің және шамасыз жанталасқан жаралылардың, ұрыста жеңілгендердің отырғанын көремін. Біреуі бағананы құшақтап тұр. Бағанада «Сталинград» деген жазу бар. Гончар хуторына апаратын жол бойында талқандалған жанып жатқан танкілер мен машиналар тұр. Кейбіреулері тіптен төңкеріліп қалған... Біз қираған үйінділер мен өлген адамдардың арасынан әзер жүрдік. Алдымыздан тұтқын болған немістер мен румындардың айдалған тобын көрдік92. 200 күн мен түнге созылған ұлы шайқас кезінде фашистік блок совет — герман майданындағы күшінің 1/4 бөлігінен айрылды. Өлгені, жараланғаны, хабарсыз кеткені бар, барлық шығын 1,5 миллионға жуық солдат пен офицерлер болды. Фашист әскерлерінің Сталинград түбінде 1942 жылдың 19 ноябрінен 1943 жылдьщ 2 февраліне дейінгі шығыны 800 мың адам, 2 мың танк және штурмовиктер, 10 мың зеңбіректер мен минометтер, 3 мыңға жуық әскери және транспорт самолеті, 70 мыңнан астам автомашина болды. Фашистер толығынан 32 дивизиядан және 3 бригададан айрылды, ал 16 дивизиясы ауыр жеңіліс тапқан болатын93. 2 февральда Волга бойындағы тарихи шайқастың соңғы оқтары атылды. Дон майданының әскери советінің жоғары Бас қолбасшысының атына берген мәлімдемесінде былай деп айтылды: «Сіздің бұйрығыңызды орындай отырып, Дон майданының әскерлері 1943 жылғы 2 февральда сағат 16-да Сталинградты қоршаған жаудың тобын талқандап, жоюды аяқтады... Жаудың қоршалған әскерлерін жоюмен байланысты Сталинград қаласындағы әскери әрекеттер тоқтатылды»94. Сталинградты қоршаған жауды жоюдың кезінде 1943 жылғы 10 январьдан 2 февральға дейін Дон майданының әскерлері немістің 22 дивизиясын талқандады. Осы кезде 91 мың жаудың солдаты мен офицерін тұтқынға алды, оның ішінде 2500 офицер және 24 генерал болды. Ұрыс даласынан 140 мыңға жуық өлген гитлерлік солдаттар мен офицерлер табылып, олар жерленді95. Коммунистік партия мен Совет өкіметі Сталинград батырларының ерлігін жоғары бағалады. 55 әскери құрама мен бөлімдер ордендермен наградталды. Ондаған мың солдат пен офицер мемлекет наградаларын алды. Ерекше ерлік жасаған 112 жауынгер Совет Одағының батыры атағына ие болды. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен 700 мыңнан астам жауынгер наградталды96. Бізің даңқты коммунистік партия осы жеңістің ұлы бағыт берушіcі болды. Сталинградтың басты батыры Совет халқының туысқан семьясы болды. СССР халықтарының достығы, олардың әскери саяси бірлігі және экономикалық ынтымақтастығы Сталинград түбіндегі жеңістің маңызды факторларының бірі болды. Фашистердің Совет мемлекетінің интернационалдық бірлігін әлсіретіп жоймақ болған барлық әрекеттерінің күлі көкке ұшты. СССР халықтарының достығы қатаң сыннан өтті. Бұл шайқаста гитлер әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Сонымен қатар фашизмнің моральдық рухы қирады. Сталинград батырлары ерлігінің тарихи маңызы 1939 жылы басталған агрессорлардың жеңіс салтанаты Еділ бойында түпкілікті тоқтатылды.
ГИТЛЕРШІЛЕРДІҢ БЕЛ ОМЫРТҚАСЫН ҚАҚЫРАТҚАН ЖЕҢІС Бұдан 40 жылдан астам бұрын, жаздың ыстық күндерінде Курск ауданында екінші дүние жүзілік соғыстың ең ірі шайқасының бірі басталды. Бұл шайқас нәтижесінде фашистік армиясы қайта оңалмастай жеңіліске ұшырады. Неміс фашист басқыншыларының Курск түбіндегі жеңілісі, неміс командованиесінің соғыс барысын өз пайдасына шешілу үмітін үзді. Совет Қарулы Күштері барлық инициативаны өз қолдарына алып, оны 1945 жылғы май айына дейін жеткізді. 1943 жылдың жазында Орел — Курск иінінде болған асқан зор шайқас — гитлерлік Германияның омыртқасын үзіп, оның соққы беруші бронетанкілі әскерлерінің күл-талқанын шығарды. Армиямыздың жауынгерлік шеберлігі жағынан, қару жарағы мен стратегиялық басшылығы жағынан басым екені бүкіл дүние жүзіне аян болды. Неміс командованиесі Сталинград түбіндегі жеңілісінің есесін қайтару үшін, 1943 жылы жазда «Цитадель» операциясын өткізуге дайындалып, көп қарулы күш жинады. Курск түбіндегі шайқаста немістердің 50 дивизиясы, соның ішінде 16 моторлы танк дивизиясы болды. Бұл топта 900 мың адам, 10 мыңға жуық зеңбірек миномет, 2700 танк, 2 мыңнан астам самолет болды97. Бұл ауданға жаңадан шыққан танкілер «Тигр», «Пантера», жылжымалы зеңбіректер «Фердинанд» әкелінді. Авиация құрамында жаңа самолеттер «Фокке — Вульф—190 А», «Хеншель —129» пайда болды. «Цитадель» операциясының барысында немістер бірден екі бағытта, бірінші Орел арқылы оңтүстікке және Харьков арқылы солтүстікке шабуыл жасап, Курск түбінде Совет Армиясын қоршап, құртып жіберуді ойлады. Операцияның «жеңіспен аяқталуы» үшін немістер өз майданын одан әрі қарай өршіте түсуді жоспарлады. Бұл пікірге Гитлердің 1943 жылғы 4 июльдегі бұйрығы куә болады. Онда Герман армиясының шығыс майданда негізгі шабуылға шығатыны, онда берілетін соққы соғыс барысында шешуші роль атқарып және бұл Германия жеңісі үшін шешуші шайқас болатыны айтылды. Гитлер және оның жақтастары өз әскерлерінің шабуыл мүмкіндіктерін асыра бағалады98. Гитлершілер біздің социалистік мемлекеттердің әскери, саяси-экономикалық күшін бағаламады. Июльдің басында Советтік армия жау шабуылына тойтарыс беруге толық дайын еді. Орталық және Воронеж майданы кұрамында 1,3 мың адам, 20 мың зеңбірек пен миномет, 3600 танк, 3130-ға жуық самолет болды. Біздің әскерлеріміз жау әскерлерінен адам саны жағынан 1,4 есе, зеңбірек пен минометтен 1,9 есе, танктен 1,3 есе, самолеттен 1,6 есе асып түсті. 1943 жылдың жазына қарай жинақталған советтік күш пен қару-жарақ ірі шайқасты шабуылмен бастауға мүмкіндік берді, бірақ стратегиялық жағдайы жөнінен біздің армиямыз жақсы ұйымдасқан қорғануды дұрыс деп тапты. Неміс-фашист командованиесін өздері жоспарлаған операцияларын жургізуге мәжбүр етіп, қорғаныс шайқастарында алдын-ала белгіленген жерлерде негізгі күштерін жойып, қарсы шабуылға көшу керек деген шешім қабылданды. Бұл шешім советтік әскери өнерді байыта түскен, стратегиялық жаңалық болды. Шындығында 1943 жылдың апрель — июнь аралығында Курск түбіндегі қорғаныс ерекше оқиға болды. Негізгі ерекшелігі советтік майданның жазғы шабуылға дайындалып ірі күштерін жинақтауы еді. Бұл қорғаныс Орталық (генерал К Рокосовский) және Воронеж (генерал Н. Ватутин) майданы аймақтарында ішкі тереңдікке 150—190 км болады. Тылда Далалық майдан (генерал И. Конев) дайын тұрды, ал Донның сол жағалауы мемлекеттік қорғаныс аймағы болды. Жоғары Бас командование Ставкасының өкілдері Совет Одағының маршалы Г. Жуков пен А. Василевский жау шабуылына қарсы қимылдар мен шабуылға шығу дайындығын жүргізді. Жоғарғы Бас командование Ставкасы дұшпан әрекеттерін қадағалап отырды. Жаудың ойын дер кезінде біліп қойып, қорғаныс шептерін алдын-ала даярлау арқылы дұшпанның екпінді топтарын әлсірету шараларын қолданды. 1943 жылы 2 июль күні Ставка майдан басшыларына гитлершілердің 3-6 июль аралығында шабуылды бастауы мүмкін екенін ескертіп, қорғанысты нығайту туралы нақты бағыттар берді99. Орталық және Воронеж майдандарының басшылары қалыптасқан жағдайдың күрделілігін ескеріп дұшпаннан бұрын, олардың негізгі күштері орналасқан жерлерге зеңбіректен оқ атқылады. Күтпеген соққы дұшпанның өз шабуылын жоспардан 1,5-2 сағат кеш бастатты. 5 июль күні таңертең дұшпан күшті артиллерия және минометпен, мыңдаған танк және зеңбіректермен, жүздеген самолеттерімен бір мезгілде шабуылды бастады. Танктердің ізінше жаудың жаяу әскерлері қаптады. Негізгі күшті дұшпан Орталық майдандағы Ольховатка аймағына бағыттады. Бұл жерде қорғаныста генерал Н. Пуховтың басшылығымен 13 армия тұр еді. 13-ші Н. П. Пуховтың армиясы қатарында СССР-дің барлық ұлттарының өкілі болды. Бұл армияда 1943 жылы июльде орыстар — 36 мың, украиндықтар — 5140, өзбектер — 2280, қазақтар — 2275, татарлар — 1276, түркмендер — 1108, белорустар — 775, еврейлер — 750, қырғыздар —685, мордвиндер — 397, тәжіктер — 370, чуваштар — 370, азербайжандар — 338, башқұрттар — 285, грузиндер — 238, армяндар — 208 және ондаған марийлықтар, удмурттар, буряттар, осетиндер, карелдер, мордавандар100 тағы да көптеген басқа ұлттардың өкілдері бар еді. Олар кешегі Москва жұмысшылары, өзбек мақташылары, украин шахтерлері, қазақ шопандары, баку мұнайшылары еді. Әрбір солдат, әрбір офицер жеңіс үшін ер жүректелікпен шайқасты. Генерал П. Романенко басқаратын 48-ші армия, генерал И. Гаолонин басқарған 70-ші армия жауынгерлері де көп ұлтты болып қаһармандықпен шайқасты. Жау көптеген шығынмен 4 күн шабуылдың нәтижесінде Поныри — Ольховатка ауданында біздің шептен 10—12 км ішке енді. Бірақ одан әрі жылжуы тоқтатылды. Курск иініндегі Поныри ауданындағы ұрыста асқан ерлік жасағанның бірі жерлесіміз Амантай Дәулетбеков еді. Ол 1180 — истребитель-танкіге қарсы ататын артиллерия полкінің зеңбірек командирі болатын. Өзінің өшпес ерлігін 1943 жылдың 9 июлінде Поныри ауданындағы 253,5 биіктікте жасады. Совет жауынгерлерінің шағын тобына қарсы фашистердің 18 танкісі және өздігінен жүретін 14 зеңбіректің сүйемелдеуімен жаяу әскер батальоны шабуыл жасады. Дәулетбековтің расчеты екі сағатқа созылған кескілескен ұрыста дүшпанның 10 танкісін, 7 өздігінен жүретін зеңбірегін қиратып, ротаға жуық жаяу әскерін жойды. Дұшпанның 13 рет жасаған шабуылына тойтарыс берді. Дұшпанның 14-ші шабуылында Дәулетбековтың зеңбірек расчетына тура снаряд тиіп істен шықты. Осы кезде Амантай мен оның жауынгер достары, жекпе-жек ұрысқа кірісіп, Амантайдың бір өзі төрт фашисті найзамен шаншып өлтірді, бірақ өзіне де оқ тиіп, мерт болды101. Амантай қайтыс болғаннан кейін оған Совет Одағының Батыры атағы берілді. Орыс старшинасы К. С. Седов Поныри станциясы маңындағы шайқаста 540-ші жеңіл артеллерия полкында зеңбірекші еді. Бұл жас коммунист және оның достары жау танктеріне тіке шабуыл жасады. 1943 жылдың 7 июль күні 8 танкті, жүздеген фашист солдаттары мен офицерлерін құртты. Ертеңіне Ольховатка ауданы майданының көрші бөлімінде жау 3-ші атқыштар бригадасына (полковник В Н Рукосуев) қарсы 300 танк пен автоматшыларын жіберді, негізгі соққы Г. И. Игишов батареясына тиді. Батареяда бір зеңбірек, 3 адам тірі қалса да шайқасты жалғастыра берді. 19 танкісінен айрылған жау әскерлері кейін шегінді102. 496 шы артеллерия полкының 4 батареясының командирі Удмурт АССР-нан келген комсомол В. А. Сидоров, немістердің 13 танкісін жойды. Өзбек, сержант Гатулла Салихов жараланған рота командирінің орнына автоматшыларды шабуылға алып шықты. 6 июль күні капитан А. А. Бельгин басқарған батальонға жаудың полк жаяу әскері, 100-ге жуық соғыс машинасы, соның ішінде «Тигр» танкілері, жылжымалы «Фердинанд» зеңбіректері шабуылға шықты. Гвардеецтердің окоптарына бомбыдан жарылған темір сынықтары толып кетті. Он бір рет шабуылға шыққан жаудың танкілері біздің жауынгерлердің шебіне жетуге шамалы қалса да кейін қайтуға мәжбүр болып отырды, шегінген сайын ұрыс даласында қираған танк, зеңбірек, адамдары қалды. Түске жақын немістер батальонның шебіне өтіп, 8 сағат бойы олардың 70 броньді танктері батальонының шебін таптай бастады. Оттың құрсағында қалған совет жауынгерлері, көбісі қазақтар қаруларын тастамай жаумен шайқасумен болды103. Батальон командирі капитан А А Бельгин өліммен көз жұмды. Сол кезде «сүйікті комбатымыздың кегін қайтарыңдар» деген рота командирі капитан И В Ильясовтың дауысы естілді. Соғыс қыза түсті. Офицер Ильясов өз ерлігімен басқа жауынгерлерге күш берумен болды. 7-ші гвардиялық армияның бұрынғы басшысы генерал полковник Шумилов былай деп жазды: «13 сағаттың ішінде жаудың жаяу әскерлері өз танктерінің көмегімен бірнеше рет капитан Бельгиннің батальонына шабуыл жасаумен болды. Неміс танктері шепке өтіп кетіп жауынгерлерді оқтың астына алды. Телефон байланысы арқылы капитан Бельгин бұзылған окоптан өз жауынгерлерін басқарумен болды. Жауынгерлер командир бұйрығымен соңғы оқтары қалғанша соғысты, бірақ шегінген жоқ. Батальон командирінен кейін саяси көмекші, гвардия капитаны Мирошниченко, парторг, гвардия лейтенанты Сушков, комсорг, гвардия лейтенанты Степа, рота командирі, капитан Ильясов қатардан шықты. 450 жауынгерден қатарда 90-ақ адам қалды, бірақ немістер жеңіске жете алмады, 39 танк және 500-ге жуық жауынгерлерінен айрылып, кейін шегінді104. Капитан Бельгинмен оның жауынгерлерінің ерліктері гвардиялық батырлықтың символы, өз Отанының, адал ұлы екенін білдірді. Бұл дивизиядағы барлық құрамалар батырлықпен соғысты. Белгород түбінде батырлығы үшін дивизияның 1040 жауынгері Отандық медальмен наградталды, ал соның ішінде батыр төрт офицерге А. А. Бельгинге, И. В. Ильясовқа, сержант С. П. Зоринге, У. Абдуллаевқа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Осы шайқас кезінде 73-ші дивизияның 450 гвардияшылар партия қатарына қабылдауын сұрап арыз жазды, ал 412 жас жауынгер комсомол қатарына қабылданды»105. Курск иініндегі шайқасқа қатысқан Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш Талғат Бигелдинов өзінің жастар алдында бір сөйлеген сөзінде Курск шайқасын былайша еске алады: «Курск иінінде аспанда болған бір қиын шайқасы есімде. Төменде қанды ұрыстар жүріп жатқан болатын. Біздер дұшпанның әскерлері мен техникасы топтасқан төңіректі бомбалап жатқанбыз. Кезекті бір ұрысқа бет алып бара жатқанымызда майдан шебінде, бір бүйірден «мессершмиттер» тобын көріп қалдық. Айқас басталып кетті. Менің атқышым ауыр жарақаттанды да, самолетім арт жағынан қорғансыз қалды. Мұны немістер де сезіп қалса керек. Екі истребитель, біршама ақауға ұшырған менің самолетіме шабуыл жасады.
Бір сәтте телефоннан сасқалақтаған дауыс естілді.
— Артыңда — «мессер».
Басымды бұрып, самолеттің жақындап қалғанын көрдім. Машинаны жедел бір жаққа бұра қойдым, неміс ағып өте шықты, ал оның соңында 47 номерлі біздің «ЯК—1» кетіп барады. Арада секундт өткен жоқ «мессершмит» лау ете түсіп, жерге құлдырай құлады. Ал, «ЯК—1» болса бұрылып алды да, нағыз ұрыс қызған ортаға қайта қойып кетті. Аэродромға оралдық. Мені ажал аузынан алып қалған кім? Қырық жетіншіде кім ұшты? Бәрі де үнсіз. Мен сұрағымды қайталадым. Бір кезде стол арасынан шығып, сұңғақ бойлы, сұлуша келген лейтенант маған беттеді.
— Мен едім. Оны нендей себеппен сұрадыңыз.
— Ой, достым, кел танысып қоялық. Сен мені бүгін көрден суырып алдың ғой. Ол ұялып қалды. Біздер бір-біріміздің қолымызды қатты қыстық және ол сыбырлай сөйледі:
— Луганский, Сергей. Бұл — біздің еліміз халықтарының шынайы достық пен әскери бауырмалдылықтың, батырлықтың жарқын көрінісі еді»106, дейді қарт қыран, жауынгер жолдасы Совет Одағының батыры атағын екі рет алған Сергей Луганский туралы.
11 июльдің таңында жау біздің жауынгерлерді Прохоровка ауданына ығыстырды. Бұл майданда Қорғаныс Советінің өкілі А. Василевский бар еді. Қорғаныс Советі Воронеж майданының командованиесімен келісе отырып, ол генерал П. Ротмистров басқарған 5-танк армиясы мен A. Жадов басқаратын 5-гвардиялық армияны резервтен ұрысқа шығарды. Прохоров түбінде ірі танк шайқасы болды. Екі жақтан 1200-ге жуық танк пен өздігінен жүретін зеңбіректер шайқасты107. Совет жауынгерлері батылдық пен жоғары әскери шеберлік көрсетті. Дұшпанның орасан көп күшін шоғырландырып, жеңістен көп үміт күткеніне қарамастан совет жауынгерлерінің қаһармандықпен күш салуының арқасында немістердің шабуылы тоқтатылды.
Гитлершілдер жазғы мерзімде жеңіске жетеді деген аңыз осымен күйреді. 1943 жылғы 12 июльден бастап Батыс (генерал B. Д. Соколовский), Брянск (генерал М. М. Попов) майданының әскерлері, 15 июльде Орталық майдан (генерал К. К. Рокосовский) қарсы шабуылға шықты. Совет әскерлерінің шабуылы табысты бола түсті, генерал П. Рыбалко басқарған 3-ші танк армиясы Орел қаласына қарай қайсарлықпен жылжыды. 5 август күні таң алдында көшелерде қиян-кескі ұрыстар жүргізіп, біздің әскерлер Орелды азат етті. Азат еткен жауынгерлер құрметіне Ұлы Отан соғысында тұңғыш рет Москвада артиллериядан салют берілді. Қарсы шабуыл кезінде біздің әскерлеріміз дұшпанның 15 дивизиясын талқандай отырып, 150 км алға жылжыды. Воронеж және Далалық майданда д9шпан қарсылығын тойтара отырып, батысқа қарай 140 км жылжыды108. Операцияның жемісті болуына жау тылындағы партизандық қозғалыста үлкен роль атқарды. Халық кекшілдері көпірлерді қиратып, темір жол рельстерін істен шығарып, дұшпан коммуникацияларын қирату жұмыстарын жүргізді. 23 августа еліміздің оңтүстігіндегі ірі орталықтардың бірі Харьков азат етілді. Харьковтың азат етілуі мен совет әскерлерінің қорғаныспен қарсы шабуылда 50 күн мен түнге созылған Курск шайқасы аяқталды. Шайқас барысында советтік әскерлер дұшпанның 30 дивизиясын, оның ішінде 7 танк дивизиясын талқандады. Гитлершілдердің құрлықта жарты миллион адамы, 1,5 мың танкісі, 3 мың зеңбірегі және 3500 самолеті жойылды109. Неміс-фашист армиясы осы ірі жеңілістен кейінгі шығынды тез толықтыра алмады. Курск түбіндегі шабуылдың сәтсіздікке ұшырауына байланысты гитлершілдер барлық совет-герман майданында қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Неміс-фашист әскерлерінің Курск иініндегі талқандалуы Совет әскери өнерінің, біздің әскерлеріміздің жоғары моральдық әскери сапасының үстем екендігін тағы да дәлелдеді. Солдаттар, офицерлердің батырлығы шындығында халықтық көрініс алды. Коммунистік партия тәрбиелеген совет жауынгерлері жаумен батыл күресті, теңдесі жоқ ерліктер жасады. Курск иініндегі көрсеткен ерліктері үшін 100 мыңнан астам солдат, сержанттар, офицерлер мен генералдар ордендермен және медальдармен наградталды. 180-нен астам адамға Совет Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді110. Курск түбіндегі шайқас советтік әскери өнердің, армияның ұйымдастырылуына қорғаныс және шабуыл операцияларын қазіргі жағдайға сай өткізілуіне ықтимал ететіндігін көрсетті. Қызыл Армияның Курск түбіндегі жеңісінің стратегиялық маңызы өте зор болды. Курск түбіндегі жеңіс совет жауынгерлерінің соғыс тәжірибелерін молайта түскен, жеңіске жігерлендірілген оқиға болды. Сол кездегі Орталық майдан басшысы Совет Одағының маршалы К.К.Рокосовский былай деп еске алады: «1943 жылдың жазғы жеңістері командирлер мен штабтың шебер басқаруының нәтижесінде ғана емес, алдымен Совет жауынгерлерінің жоғары моральдық-әскери сапалылығы, батылдығы, ерлігі, әскери шеберлігі, Лениндік коммунистік партияның ісіне, сүйікті Отанымызға берілгендіктің нәтижесі»111. Советтік Армияның Курск түбіндегі жеңісі, біздің әскерлеріміздің Днепрге шығуы Ұлы Отан соғысы барысындағы түбегейлі бет бұрыстың аяқталуы болды. Фашистік Германияға қарсы күресуші елдер ішінде Совет Одағының беделі арта түсті. Европада екінші майданның жоқтығына қарамастан Советтік Қарулы Күштердің арқасында гитлерлік әскери машинаның күйрегеніне жер шары халықтарының көзі жетті. Совет халқының және Қарулы Күштерінің Курск түбіндегі шайқастағы жеңісі Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңістердің бірі бола тұрып біздің мемлекеттің және қоғамдық құрылысымыздың үстемдігін, СССР халықтарының достығы мен бірлігін, совет әскерлерінің табандылығы мен шыңдалғандығын көрсетті. Совет Армиясының бұл жеңісінің басты себебі болып коммунистік партияның басшылық, зор ұйымдастырушылық қызметі болды. Коммунистік партия басшылық еткен Совет халқы Курск иінінде неміс-фашистерін талқандай отырып, Ұлы Отан соғысында тағы бір бетбұрыс кезең жасады. Курск түбіндегі жеңіс көп ұлтты Совет мемлекетінің ажырамас достығының, бауырластығының айғағы болды. Лениндік ұлттық саясат жеңіп шықты, социалистік ұлттар арасында қақтығыс туғызамыз деген фашистер ойы орындалмады. Фашистерді жеңу арқылы халықтар достығы өзінің өміршеңдігін, күштілігін дәлелдеді. Бұл шайқастың сыртқы саясат саласындағы басты қорытындысы фашистік блоктің ыдырай бастауы болды, одан бірінші болып Италия шығып қалды.
ЛЕНИНГРАД БЕРІЛМЕЙТІН БЕРІК ҚАМАЛ
Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Германия армиясына Францияны басып алу үшін 44 тәулік, Голландия мен Белгияны басып алу үшін бар жоғы 19 тәулік жеткілікті болса, Ленинград түбіндегі шайқас 900 тәулікке созылып, ақыры фашистік Герман мен Финляндия агрессорлары ойсырай жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды. Ленинград/а тура шабуыл 1941 жылы 10 июльде басталды. Неміс фашистерінің 741 мың солдаты мен офицері, 10070 зеңбірек пен менометі, 385 танк пен өздігінен жүретін зеңбірегі, 370 самолеті болды112. Қалаға қасқырдай анталай ұмтылды. Сол күннен бастап, басқыншылар 900 тәулік бойы қалаға толассыз шабуыл жасады. Озбыр жау қалаға 1941 жылғы сентябрь — ноябрь айларында Ленинград көшелерінде 64930 өртегіш, 3055 фугастық бомба тастап, 30154 артиллериялық снаряд атты113. Жалпы Ленинградқа тікелей шабуылдаушы неміс фашист және Финляндия армиясы 38 дивизиядан, олардың 32 жаяу, 3 танкілі, 3 маторландырылған бір атты әскер, екі жаяу әскер бригададан тұрды114. Ленинградтықтар революция бесігін жауға бермеуге ант етті де қаланы қамалға айналдырды. Жау қаншама жанталасса да, ленинградтықтардың құрыштай берік қорғаныс шебін бұза алмады. 1941 жылы 20 ноябрьден Ленинградтың бір тәулік паек жан басына шаққанда 125—250 грамнан болды. Қалада аштық басталды. 1941 жылдың ноябрінен 1942 жылдың октябріне дейін аштан өлген адамдар саны 641 803 кісі болды115. Аштық аранын ашты, оған суық қосылды, үйлерге от та, шамда жағылмады. Трамвай, троллейбус, автобус жүрмей қалды. Бәрінен де ауыз судың тапшылығы ауыр тиді. Күн сайын мыңдаған адам жарық дүниесімен қоштасып жатты. Әйтсе де, қайсар қала жауға жалбарынбады. Ол оқ тескен өр кеудесімен бостандығын қорғай берді, қорғай берді. Ленинградты бүкіл Советтер елі болып қорғады. Оның іргесінде социалистік Отанымыздың барлық туысқан халықтарының өкілдері қоян-қолтық шайқасты. «Құстың күші — қанатында, адамның күші — достығында» демекші осы бір қиын-қыстау күндерде совет халқының, достығы бұрынғыдан да нығая түсті. Сол бір қиын шақта қазақ елінің қарт ақыны Жамбыл атаның ленинградтық бауырларға жолдаған сәлемі — «Ленинградтық өрендерім» майдан шебіндегі әрбір жауынгердің, қоршаудағы әрбір азаматтың бойына сарқылмас жігер құйып, дауылпаздай дабыл қақты. Жазушы В. Вишневскийдің сөзімен айтсақ «Туысқан қазақ халқы өзінің сүйіспеншілігі мен достығын» Жамбыл сәлемінің қанатына байлап жіберді. Жүз жасаған шежіре ақын:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Қазақстан жерінен,
Тұтанғандай ел кегі,
Жолда кернеп қол жетті.
Сендерге дем бергелі»116, —
деп жырлады.
Қарт Жамбылдың бұл өлеңі оның суретімен бірге дербес листовка болып басылып, жауынгерлерге таратылды. Ақынның асқақ үні, жалынды жыры қаланы қорғаушыларға дем берді, олардың жігеріне жігер қосты. Сөйтіп, қиын-қыстау шақта қарт ақын Ленинград қаласын қорғаушылардың сапында, майданның алғы шебінде болды. Ленинград майданында ұлы қаланы қорғауға алғашқы күндерден бастап Қазақстанда құрылған 310-ыншы, кейін 314-інші дивизиялар қатысты. 310-ыншы дивизияның, құрамында Ақмоланың колхозшылары, Степняктың кеншілері, Қарағандының теміржолшылары, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер болды. Дивизия командованиесі мен жауынгерлерінің 1942-жылдың 8-апрелінде «Акмолинская правда» газетінде жарияланған Ақмола облысының еңбекшілеріне жолдаған рапортында өздерінің алғашқы табыстары жөнінде баяндады. «Кескілескен алғашқы ұрыста, деп жазды олар,— біз «сайдың тасындай» деген немістердің таңдаулы әскерлерін тоқтатып қана қойған жоқпыз, сонымен бірге есінен танардай етіп соққы бердік»117. Ленинград пен Новгород үшін шайқастағы асқан ерлігі үшін қазақ халқының ардагер ұлы — старшина Жүнісбай Қайыпов Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Батыр 1944 жылғы февраль айындағы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Жолдастары батырдың денесін Новгород облысындағы Батецкое селосында жерледі. Коммунист Сұлтан Баймағамбетов Ленин қаласын қорғауда өз кеудесін оққа тосты118. 1943 жылдың соңында Ленинград және Волхов майдандары әскери техникамен, қару-жарақпен толықтырылып, адам саны көбейтілді. Енді Ленинградөа төнген жаудың қоршауын бұзуға қолайлы жағдай туды. Ленинград түбіндегі жаудың қоршауын бұзу Қызыл Армияның 1943 жылғы майдандарда қол жеткен жалпы табыстарымен және Сталинград, Курск түбінде фашистік әскерлерді талқандаумен тығыз байланысты болды. Ленинград түбінде жаудың қоршауын бұзып талқандау ісін бүкіл еліміз әзірледі. Бұл іске Орталық Комитет үлкен мағына берді. Жауынгерлер арасында партиялық — саяси жұмыста Ленин қаласының революциялық дәстүрлері насихатталды. Ленинградты қорғаушылардың бір қадам да кейін шегінбей көрсеткен ерліктерін кеңінен тарату жауынгерлер ішінде кең орын алды. 1944 жылғы январьда біздің әскерлердің жауға күйрете соққы беруімен Ленинград фашистік қоршаудан азат етілді. Ленинград пен Волхов майдандарының әскерлері 2-ші Прибалтика майданымен, Қызыл тулы Балтық флотымен және авиациямен өзара қимыл жасай отырып, фашистік армиялардың «Солтүстік» тобының қуатты корғанысын бұзып өтіп, жау әскерлерін Прибалтикаға қарай қуып тастады, сөйтіп Ленинградты қоршаудан толық азат етті.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру