TELEGEI

Home

Бақ пен сор

Ұзақбай Доспанбетов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бақ пен сор

Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтің бұл кітабына әр жылдарда жазылған таңдамалы повестері, әңгімелері, сондай-ақ әдеби-сын, ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. Қаламы қарымды қаламгердің тереңнен тамыр тартқан ой-толғамдары оқырманға ормандай ой салып, көңіл көкжиегін кеңейтері ақиқат.

Алматы 2020 БАҚ ПЕН СОР Ұзақбай ДОСПАНБЕТОВ • ПОВЕСТЕР • ӘҢГІМЕЛЕР • МАҚАЛАЛАР

Д 70

Доспанбетов Ұ.

Бақ пен сор: Повестер. Әңгімелер. Мақалалар.

Ұзақбай Доспанбетов. – Алматы: ИП “Немцев”.

2020. – 604 бет. ІSBN 978–601–298–15–3 Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтің бұл кітабына әр жылдарда жазылған таңдамалы повестері, әңгімелері, сондай-ақ әдеби-сын, ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. Қаламы қарымды қаламгердің тереңнен тамыр тартқан ойтолғамдары оқырманға ормандай ой салып, көңіл көкжиегін кеңейтері ақиқат. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз 8-5 Д 70 ӘОЖ 379 КБЖ 74.59 ІSBN 978–601–298–15–3 © Доспанбетов Ұ., 2020 © ИП “Немцев”, 2020

ПОВЕСТЕР

КӨНЕ ҚОБЫЗ КҮЙІ

Бұл əңгіме əлдекімнен естіген емес, өз
көкірегімнен оянған еді. Егер мен өткен күн-
дерде көз ашып, қауырсын қалам ұстаған
шежірешіге ұқсамасам, замандас өзі кешірсін.

* * *
Нəсіптерің алда, өздерің де жас емессіңдер ме, айып етпең-
дер, қарақтарым. Мен сендерге ерте кезде, өзімнің жігіт шағымда
кешкен бір жайды айтқалы отырмын. Бұл сендердің естіп-біліп, кі-

таптан алған қыруар білімдеріңнің қасында аса болымсыз шығар,
бірақ адам жүрегі нəзік ішек емес пе: саусақ тигізсең күй болып
күмбірлеп, оған ауық-ауық тіл бітіріп, жан беріп отырмақ парыз.
Жасым жеткен қаусаған шал болсам да осыған ниет еттім.

Бұл – ерте кезде патша заманында болған нəрсе. Біздің мекен
мына Жасылкөл тауы мен соның айналасы. Жаз болса таудың
дəл биік үстіне шығып отырамыз. Ат шаптырым өрістері бар, кең
жазық жайлау еді. Жігіт шағым. Күш дегенің менде бастан асатын.

Табиғат өзі дене бітімімді оңбағандай етіп жаратыпты. Елдің ең
алдымен көзіне түсетіні жауырыным болатын. Ойлаймын, мұндай
жауырынға тау көтерген балуан да қызғана қарар-ау. Аяқ-қолым
ағаштан құрастыра салғандай бəрі кеспелтек.

Əкем ерте өліп кеткен. Түр-түсінен есімде қалған бір белгі жоқ.
Шешем екеуміз сол əкем жалшылықта болған бір байдың қолас-
тында күнелтеміз. Қоластында дегенмен қой бағып, бие сауғыза-
тын мен емес. Бəйтеректі тамырымен жұлатын делқұлы екендігім

байдың көзіне түссе керек. Мені «алып кел, шауып кел» деп, жау-
гершілік жұмыстарға жұмсайтын. Айналадағы жігіт атаулы менен
жасқанып, батыр атағым ел ішінде қатты дабырайған.
Бай да менің көңілімді қалдырған емес. Əр қимылыма риза бо-

лып, тоқ көңілмен күлімдеп отырушы еді. Ол мені алтын жамбы-
сындай көреді ғой деп ойлайтынмын. Ойлайтынмын да онан са-
йын ширыға түсіп, бұлшық еттерімді ойнатушы едім. Бұл күйіммен
кейде мылқау періге ұқсайтыным бар. Қай қазақтың баласы бол-

масын мені Сабанбай батыр деп білетін. Сабанбай деген біздің
арғы аталарымыздан шығып, қалмаққа қарсы жалғыз шапқан

аруақты батыр екен. Маған соның күші дарыған деп, есімін беріп, өз атыма кейінірек ие болдым. Көп жұрт қызғанышпен қараса да, менің ат ойнақшытып, сойыл ұстағанымды тұла бойымен жақтырмайтын жалғыз шешем ғана еді. Ол – алпамсадай баласының қалың елге кеткен дабысына қарамастан өз жанына рақат таппаған кісі, сол бай үйінің күңі есепті. Басқа да жалшы əйелдердің ешқайсысынан артық болғысы келмегендей солармен бірге отымен кіріп, күлімен шығады. Əке-бауыр, туған-туысқаннан ешкім қалмаса да , сол жалғыз шешемнің сырын ұғуға жарамаппын. Есіл-дертім бай бір жаққа жұмсаса, шеше көзіне түспей кету үшін бой тасалау болатын. Арқасын аяз қысқан қасірет иесі екенін көрмей, тізгініме оралғы, жолыма бөгет болу үшін ғана жаралған жан деп білетін едім оны. Көздері жарықшақ тарғыл тасқа əйнек қаптағандай соншама суық, əрі нұрсыз болатын. Əлдеқалай сол суық, нұрсыз көздерін өзіңе қадай қалса, жолбарыс айбат шеккендей алдында жан шыдап тұруы қиын адам еді. Қайдам, қарақтарым, басым албырт болған соң өмірімнің шор болып бітер шағын болжап назалана ма, бүгінге шейін туған анамның көзін тап солай елестетем. Əйтеуір көзіне сүйел көрінген нəрсені ашумен жайпап жіберердей жанары қайратты еді. Байдың аты – Шалықбек. Ол жұмыс істеп жатқан шешемнің қасынан бір жылы сөз айтпай өтпейтін. Шешем болса, Шалықбек сөзіне ешқашан жібіген емес. «Солай ғой, мырза» – дегеннен басқа ештеңе айтпай, шағын денесінде үйдей пəле жатқандай, іштен тынып қала беретін. Тістеніп, қорлық сезімін бүркеп ұстайтындай көрінуші еді маған. Байдың үйінде істемейтін жұмысы жоқ. Бие сауатын, күбі пісетін, от жағып, құрт қайнататын да. Тіпті өрмек тоқып, киіз басуда да даурыққан жалшы қатындар менің шешемсіз ештеме бітіре алмайтын. Қай істі болмасын бабына өзі келтіретін шебер де кісі еді. Сөйтіп жүріп байдың бəйбішесі мен тоқалына ұнаған емес. Əбден сүйек сіңісті болып, еті өліп кеткен болар, сөз айтса да, жұмсаса да, үнемі қағытумен болатын. Бірақ шешем бəріне көніп, қарысып шыдап, сыр білдірмейтін. Қашан көрсем де қазан, жерошақ басында көкпеңбек қурай түтінін будақтатып, əрі оны – мұныны қоса істеп үлгеріп, арпалысып-ақ жүргені. Шешемнің осындай қорлық өмірі ол кезде менің жаныма батпапты да. Құдіретім жетіп тұрып, сол жалғыз шешемді бай үйінің оты мен суынан неге жұлып алмадым деген ой əлі күнге көкірегімді тырнайды. Өз сақалымды өзім талдап жұлғым келеді бұл күнде. Шалықбектің бақ-дəулеті менің есіміммен бірге өсті. Қай топ, қай аталы дəулердің арасында болмасын, мұртын сылап, қақ

төрде отыратынын көзім көрген еді. Кеңкілдеп күлген күлкісі дүсірлеген ат шабысын еске түсіріп, отырған құндыз жағалы мырзаларға аруақты ойлататын. Естуімше, Шалықбектің арғы аталары көрші байлардан үнемі қысым көрумен болыпты. Əсіресе, бізбен қонысы жақын байлардың барымташылары түн ішінде жылқыға тиіп, үйірүйірімен айдап əкеткен кездері көп деседі. Артынан қуып барған даугерлерін, жоқшыларын күш атасын танымайдының керін келтіріп, оларға оң жауабын бермей, берсе қан-жоса қып сабап қайтарады екен. Жалғыз ол ғана емес, өзімен рулас жандардың ортасында жер дауы кезінде, мейлі ұсақ кикілжің, жесір дауы сияқтылар болсын, бəрінде де ұтылысқа ұшырап, теңдікке қолы жетпейді екен. Бұл тұқымның тек Шалықбектің үлкен шаңыраққа ие болуымен ғана арқасы кеңи бастапты. Бұрынғы аталарынан Шалықбектің пəлендей асып тұрған ештемесі болмаса да, ол өз маңына асыранды төбеттердей батыр жігіттерді топтастыруға құмар. Оның бақ-дəулеті, айбаты осылармен болып, осылармен толатын. Əсіресе, Сабанбай батыр атанған менің найзамның ұшы, білегімнің күші оның əркез айызын қандырып, қарқ-қарқ күлгізіп, таққа отырғызғандай ететін. Алғаш менің атағымды шығарған он тоғыз жасымда сырт жақтағы бір елдің Шақпақ деген батырына қан құстыруым еді. Ол менің бетімді қайтармақ боп, он шақты нөкермен келіпті. Сол Жасылкөл тауының етегіндегі бұлықсып жатқан Қора өзенінің бойында кездестік. Ол менің Сабанбай атымды қызғанатын болса керек, мырс-мырс етіп, жекпе-жекке өзі шақырып алды да, соққыма шыдамай ат үстінен ұшып түсіп, аузынан қан атқақтап жатқанда, ертіп келген жігіттері тайсақтап жалт бұрылды да, өзеннен əрі өте бастады. Мен олармен қуа соғысуым керек еді, бірақ Шақпақ батырды түсіруім үлкен олжа көрініп, арынды бала көңілім су сепкендей басылып, тоқмейілсіп қалыппын. Міне, содан бері бұл маңда менің атымның тұяғы тимеген жер қалған жоқ. Қасымдағы төртбес жігіттеріммен Шалықбектің өз басының ғана сойыл соғары емес, оның ата-бабасының да намысын қуып, кегін қайтарушы едік. Əрбір жортуылға шығар алдында Шалықбек жігіт басы деп мені қасына шақырып алып, бұл бара жатқан бетімізде қай атасының қандайлық көз жасы барын саралап, хатқа түсіргендей етіп беретін. Жəне мұндайда көңілі босап, аруақты ата-бабаларына әумин айтып, көзіне жас та алушы еді. Қап-қара күрең жүзінің əрбір түгіне дейін дірілдеп, жылап тұрып қайрайтын да, көкірегіме дерт қосып жіберетін. Біз атасы дұшпандардың жылқысын аларда алдымен қиқулап

бүйірден қосылып, бықпырт тигендей быт-шытын шығарып, бөлек-бөлек етеміз де, ең бір оңтайлы шоғырды қуып əкететінбіз. Жылқышылар сойылмен қоқаңдап, алғашқыда қарсы шабады да, мені танысымен-ақ жалт берісіп, атын сабалап, бас сауғалай қашатын. Жаратып мінгенім, он кісі мінгессе былқ етпейтін есік пен төрдей ақ боз келген бурыл тұлпар ат еді. Түн ішінде жортуылға шыққанда ақ шабаққа ұқсайды дейтін жолдастарым. Тізгінін жіберсең найзадай атылып, Сабанбайды əкеле жатқанын жау көзіне алыстан-ақ танытатын. Ел емес пе, жалт беріп қашпай, мені сойылмен қағып тосып алуға батылы жеткен түйе қомдас, тау жігіттердің талайы болған. Бірақ қаншама тапжылмас тақымы берік, қайратты болғанымен, дөп тиген бір соққыдан қалдырмай ат бауырына түсіріп кету машықты өнерім болған. Ал ауыл үстін даңғаза қып келген жоқшылардың қандайын да Шалықбек құсамен өлді дейтін ата-бабаларының аруағын, өсиетін ұмыта алмайтынын айтып, жеңістік бермейтін. Сөзбен ала алмаған олар күшпен де ала алмасын біліп, біраз салғыласқан соң Шалықбек үйінен қымыз емес, күйік жұтқандай болып қараларын батыратын. Сонымен Шалықбек айналасы сөз өтіп, оқ дарымайтын қамалдай еді. Өрісі кең, шалғыны мол даланың жұпар иісін еркінше жұтқан, мерейі үстем бір шағы болатын. Біздің үй Шалықбек үйінен екі жүз қадамдай жерде ғана. Түрулі есіктен бай үйінің бар көрінісін қарап отыруға болады. Бір күні кешкісін өз үйімде шалқамнан түсіп, сол маңда тыным таппай безек қағып, ас-су қамдап жүрген шешемнің қимылын қадағалап жатқанмын. Кенет бадырақ көз бай баласы үйге кіріп келді де, əкем шақырып жатыр деді. Байдың бүйтіп оқыс шақыруы маған қуаныш. Жалма-жан атып тұрдым да, ештемеге сипақтап қарайламастан үйден шыға жөнелдім. Айналадағы кешкі көрініс маған тым жұпыны көрінді. Мал өрістен қайта қоймаған, үн-түн жоқ, жым-жырт бəрі. Шалықбек үйінде отырған болар деп ақ ордаға тұп-тура барғанымда, артымнан ентелей қуып жеткен бала: – «Әкем ана төбеде отыр», – деді. Əлденеден даладағы жерошақ басындағы шешеме көзім түсіп еді, ол маған ашу шақыра екі қолын дір еткізіп, темір көсеуді тастап жіберді. Одан көзімді тез бұрып əкетіп, арт жағымда еңкілдеген дауысқа қарасам, есігі ашық тұрған қызыл-жасылды жасау жабдыққа толы бай үйінің төрінде қалай болса солай сұлай түсіп жатқан сұлу тоқалы екен. Есік алдында жібек жүнді иіріп отырған бəйбішесінің де жүзі түтігіп кетіпті. Маған оқты көзін қадап қояды. Бай əйелдерін сабаған екен ғой деп ойладым да, аялдамастан ары өтіп кеттім. Шалықбек төбеде жалғыз күнбатысқа қарап, дүниеден түңілгендей отыр екен. Менің қасына келгенімді

білсе де қозғалған жоқ, батып бара жатқан күннің қып-қызыл боп
тасыған шарасы дүниені жалынымен шарпығандай, бай көзін со-
ған қадайды:

– Жеттім дегенмен, жетпегенім көп екен. Бұл дүние сылаңдаған

түлкі боп, ұстатпай келіпті маған, – деді ол. Маған зəрмен, ашу-
мен қарады. Қомақты қара қастары қозғалысқа икемді болатын,
қазір де дүр сілкінісіп соқтығыса жаздап барып қайтты. Көздері
аңша шаптығып, жүзі түтеп тұр.

– Сенің Сабанбай атыңды далиттым деп бос əурешілікпен

жүріппін. Ит екеш иттің де сыбағасы менікінен мол екен,  – деп
күйіне тоқтады да, жүзін бұрып əкетті. Күн долдана өртеніп, аппақ
мама бұлттар шоққа айналып барады. Түбіне от тиген гүл қурай-
ша бүгіліп, дүниеде сұлқ түскен кейіп бар.

– Мырза, не мұңыңыз бар, білегімнің күшін сізден аямайты-

нымды білесіз ғой, – дедім.

– Құр білектің күшінде не қасиет бар дейсің, егер біз дұшпанға

кеткен намысты тап басып іс қыла алмасақ,  – деп бастады да,
қатулана жалғастырып əкетті. Сөздері ұзақ, шұбырыңқы болған-
мен шын қорлық, жан жарасының аузын ашқандай тұла бойың-
ды түршіктіруге бар. Тыңдамай қоя алмайсың, көкірегіңе от құйып

жатқандай əсері күшті. Əр нəрсені қисынымен шалып отырса да,
əр тұстан шаңы бір бұрқ етіп, көзден ғайып болатын ақбөкенше
алыстан орағытып, нені тұспалдап отырғанын көпке шейін аңғарт-
қан жоқ. Бірақ бір үлкен істің боларын күтіп тұр едім. Шалықбекті

ашу, қорлық одан сайын булықтырып, шындап өртене бастады:

– Түбі бірге туыс деп ұмытпақ па екенмін? Жоқ əлде атамыз

аттап өткен кəдені біз ұмытпайық деп, есесін қайырып, ақ адал
малын айдап əкеп маған өткізген жері бар ма еді? Солай етіп едік
деп айта алар ма екен олар?
Əдетте мұндай сөздер мен сияқты ақкөз есер батырға емес,

атасы басқа елдердің білімпаз ақсақалдары арасында, дау үстін-
де айтылуға тиіс еді. Бірақ мені бүйтіп таптап, суарып жатуында
бір мəн болса керек.

– Қыз екен, өзі қылмаңдапты деп ата-бабам аңғырттық жасаса

да, мен ауыз ашып отыра алман. Шалықбек атым құрсын бүйт-
сем. Əкеден балаға ауысып, сүйектен кетпейтін іс осымен тамам
болсын деймін. Жанға – жан, малға – мал демекпін ол туысқанға.
Алып кел ана... – деп, көзімен мені бір барлап алды. – Ақ патшаға

лайық дидарлымыз еді деп үкі тағып, əлпештеп отырған көрінеді.
Күміс күлкісі қоңыраудай, ата-анасы соған мəз екен. Ол менің
теңім болмаса, несіне жидым бұл байлық, бұл малымды?
Сөз төркіні енді танылды. Сонау төменгі елде Қазыбек деген атақ-

ты байдың Ақдидар деген ару қызы бойжетіп отыр деп еститінбіз.

Шалықбектің үшінші əйелдікке алмаққа көз тіккені сол. Бұдан бірер жыл бұрын сөз салып байқағанда Қазыбек бай ыршып түсіп, тулап, жіберген кісісін балағаттауға дейін барыпты. Содан бері ол жабулы қазан күйінде қалып еді. Бірақ Шалықбектің көкейіндегі оты сөнбесе керек. Ел аузында бұл екі байды жауықтыратын бір əңгіме бар. Өткен замандарда Шалықбек аталарының бір қызы Қазыбек аталарының бір сері жігітімен ұрланып қашып кетіпті. Қызды қайырып алмақ боп, немесе қалыңмалын өсіре төлетпек боп, артынан барған өңкей майталмандарына олар білегі жуандығын қылып, ел тентегі қыз бен жігіт ортамызда жоқ, олар үшін жауап бермейміз, мал да төлемейміз деп, жер қылып қайтарыпты. Сонау жат жұрттың алдында көпе-көрінеу əлсіздік етіп, жүні жығылуын Шалықбек аталары өздеріне мін көріп өтсе керек. Міне, өртеніп, кəріне мінген Шалықбек аталарының жығылған жүнін қайта тірілтпек. Сайып келгенде түп сүйенетіні сол ата намысы болса керек-ті. Шалықбек маған қатаң тапсырып айтты. «Қасыңа Алақ пен Жолақты ертесің. Үшеуің жат жұртқа дабыра қылмай бүгін, қазір түн жамылып жүріп кетесіңдер. Қызды алып шыққанда, үн шығаратындай болса, күндіз баласы жол жүрмеңдер. Ел жүретін жолдан аулақ бір тасаға бекініп, түнде ғана жылжитын болыңдар. Есіңде болсын. Бұл – сыналатын кезең. Егер қызды алып шыға алмағаның жұртқа таралып кетсе, сенің Сабанбай атың ажуа болады». Жаныма берік шоқпарды өзі байлап бергендей. Бір түсінбейтінім, біз ең бір қолсыз, əлсіз, босаңбайлардың жылқысын барымталауға барарда Шалықбек қасыма төрт-бес жігіттен кем қоспайтын. Ал мынадай бұрын сирек кездесетін, оның да азуы алты қарыс Қазыбек байдың қызын күшпен тартып əкелесің дей отырып, қасыңа екі-ақ жолдас ерт деуі тіпті таңғаларлық жай. «Бұл қалай» деп сұрауды намыс көріп, үндемедім, мырзаның өз иығыма көп күш артқысы келген ғой деп, айтқанының бəрін ырзалықпен қабыл алдым. Күн алаулап, бұл кезде батып кеткен де, шашыраған қызыл жалқын қан сəулесі ғана қалған. Тымтырыс дүниені көр қуысы етердей қоюланып, ауыр қараңғылық келетін түрі бар. Мен қайтып келдім де, тез жинала бастадым. Шешем Шалықбектікінен əлі келмегендіктен үй қараңғы екен. Жаугер­ шілікте алатын киім, керек-жарақтарымды түстеп көру үшін шам жақтым. Мұздай құрсанып, сайланып бола бергенімде есікті жұлқа серпіп, шешем кіріп келді. Оның қазір не күйде екені маған мəлім. Шалықбектің мені бір жаққа жұмсағанын сезсе-ақ алай-түлей болатын. Соған күйінем, арпалысам деумен-ақ қартайып келеді. – Шалықбек сені қайда жұмсады, айт шапшаң! – деп үйге кіре бере дігір қақты маған.

– Қойшы, апа, қойшы! – дедім мен, əуелгі бір оқиғадай көріп.

– Сен бармайсың, – деді ол бабымен ғана. – Сен бармайсың! –

деп қайталай айтқанында шаңқ ете түсті. Бүгінгі бұйрық тəсілі бө-
лек еді.

– Сен туғанда құдайға ақ тілеу айтқанмын. Біреудің көз жасына

бола тапқам жоқ сені.
Шешем менің қайда баратынымды білетін боп шықты. Мана
Шалықбек шақырғандағы от басындағы көрген көріністерді, өзінің
шамырқанған ашумен көсеуді тастап жібергенін, төр алдында қа-

лай болса солай сұлай түсіп еңкілдеген тоқал, жүзі түтеген бəйбі-
ше, бəрін қайта еске алдым. Солардың күйікті күңкілі шығар деп
ойладым бұған жеткізген. Жалт қарағанымда шешем мені талап
жердей болып, кірпік қақпастан жақындап келеді екен. Май шам-

ның сəулесі көздерінде жалын болып ойнайды. Əжіммен қатпар-
ланып, қыртыс-қыртыс болған кішкене дөңгелек жүзі аса қаһарлы.
Енді даусы булыға, қарлыға шықты:

– Қайт бетіңнен, қайт райыңнан! Бармаймын де оған! Біреудің

көз қуаныш, жалғыз құсының топшысын қимақсың! Сені жау қолы
етіп, өзімдей бейбақ сорлылардың көз жасын төккізіп, мен қайтып
жер басып жүрем? Жібермеймін сені! Қайт, қайт бетіңнен!
Шешемнің өзіме мұнша шаптыққанын ешқашан көрген емен.

Жоқ, шешем менің бетімді қайтара алмайтын еді. Селт етпеуім-
нен түңілді білем, керегеге барып, жүресінен теріс қарап отыра
қалды да, қолын жайып:

– Ал мені, құдай, ал! Бұл қорлықты, бұл көз жасын көрсетпе

маған! Бейуақта өлім тіледім. Ал, ал мені, құдай! – деп дауыс са-
лып жылай бастады. Мен үйден атқып шыға жөнелдім. Анадайда
ат кісінеген жақта қарайған бір шоғыр көрінді. Жетіп барсам, Алақ
пен Жолақ аттарына мініп сайланып, менің боз буырылымды ұс-

тап тұр екен. Біз үш салт атты сусылдатып жүріп кеттік.
Шалықбек бұл жолы қасымызда болып өзі аттандырмады.
Маңайдағы жұрт тосын бір шапқыншылықтың болатындығынан
қақас болсын дегендік сияқты.

Ауылдан ұзай бере сар желіске салдық. Көңілімде уайым, зері-
гу болса, бұл маған табылмас шипа болатын. Жаңағы шеше қы-
лығы кеудеме ауыр тас сап жібергендей еді. Ат басын қоя беріп
ағызып-ағызып аламыз. Бір белден соң бір бел көтеріліп, қара

түнде ұзақ жортатынымызға айғақ болғандай көңілді өсіре түседі.
Шешеме байланысты əлдебір мазасыздықтан əп-сəтте құлан-та-
за арылып, жорықтағы нағыз жаугершілік қалыпқа түстім. Өзім
қаншама оза түсуге тырыссам да Алақ пен Жолақ екі жағымнан

боз бурылымның артқы шабына аттарының тұмсықтарын емінте
жанастырып қалыспай келеді.

Бұлар менімен бірге жортуылға көп шыққан, сыр мінез сырттан жігіттерден еді. Шын аттары Алмағанбет, Жолмағанбет. Өзім Сабанбай атанған соң айтуға жеңіл болсын деп, олардың да есімін өзгертіп алғанмын. Алақ – ашамай сүйекті, жұқа өңі жалпақтау ақшыл келген, тегеурінді жігіт. Өзі сөзге де бар, екпіні бет қаратпайтын əрі аса жылпың болатын. Ал Жолақ болса – оған қарама-қарсы, қозғалысы ауыр. Бірақ аса қайратты, кеудесі ені мен ұзыны бірдей шойын іспеттес, тіпті менімен де күш сынасуға дəмесі барын бұрыннан білетінмін. Екі қолы алдына симайтын, ұртына су толтырғандай томпақ, қара өңді, сөзге жоқ, тұйық еді. Бұдан бір-екі күн бұрын Шалықбектің тапсыруымен Алақ Қазыбектің жайлауына барып, Қазыбек үйін өз көзімен көріп қайтыпты. Сол ғана жөн сілтегенсіп, анда-санда сөйлеп қояды. Жолдың көбін біз үнсіз өттік. Төбемізден ақтаңдақ ала бұлттар бізге қарсы жосып аспанда жұлдыздар азайып барады. Аттарды суыт жүрістен жаңылдырмай келеміз. Қалың қол қайыстырғандай ауыр түн еді бұл. Мұндайда тағы да таң атып, күн шығатынына сену де қиын, қараңғылық мақпал шудасымен дүниені аяусыз тұмшалап тастағанға ұқсайды. Алдымыз түн, тағы да түн, мəңгі түн сияқты көрініп, біз селт етіп бой жаза алмастан жұтылып бара жатқандаймыз. Жүрген сайын ашылып отыратын түтін іспеттес көкшіл жусанды жолымыз бен төбеміздегі жұлдыздарды көрсетпей қойған ақтаңдақ ала бұлттар ғана астымызда жер, үстімізде аспан барына айғақ болып келеді. Жүріс қаттылығынан, екпінімізден сескенетін болса керек, анда-санда алдымызды құйрығын артына қысқан бөрі кесіп өтеді. Біз түні бойы жүрдік. Аттар да, өзіміз де ең бір қызу серпінімізге келдік. Енді таңға да аз уақыт қалған. Бұл жүрісте көп алаңдап, анда-санда сараңдау сөз қататын Алақ қана. Жолақ болса ат үстінде үндеместен, қыбыр етпей келеді. Денесі түн ішінде одан сайын зорайып, отқа түсіп шыққан кеспелтек үлкен қара томарға ұқсайды. – Мына ылдида ең бергі шеткі үлкен ақ үй, – дейді Алақ алдымыздағы түн қараңғылығынан əрең айыруға болатын қара қошқыл төбенің бөктерін нұсқап. Сарылдаған өзен даусы келді. – Мына суы несі? – дегенімде, «кішкентай өзен, бөгеті жоқ», – деп іле жауап қайтарды. Жақын маңда жайылған жылқылар пысқырынып, жылқышы ысқырығы қабат естілді. Өзімізді үлкен сойқан күтіп тұрғанын жəне жайшылықтағыдай бірен-саранды қағып түсіріп, мал қуып əкету емес, даусын шығартып, есі бар, ақылы бар адам алып шығу керек екендігін ескеріп, ойға түйгендей едік. Жəне бар

болғаны үшеу-ақ екендігімізді де ішімізден еске алғамыз. Бірақ
бұл жасқану емес, баяғының сауыт асынған мұз жүрек батырла-
рынша құрсана түсу еді.
Түн əлі айықпаған кез. Біз таңға жетпей тұрып іс қылуға бел

байладық. Үнсіз аңысын аңдап, ат басын ірке судан өттік. Өзен
шынында кішкене болғанмен, жаяу адамды тобықтан соғып құ-
латуға бар ағысы аса қатты боп шықты. Жерді дүбірлете ары
жүргенімізде аздан соң-ақ Алақ нұсқаған үй де көрінді. Жанында

кішігірім лашықтар тұр. Бірақ қыз жататын сол үлкен үй екен.
Жақындап барғанымызда үлкен-үлкен тайдай екі ит бізге қар-
сы өре түрегелді. Біреуі жақындап кеп оң жағымыздан ала бер-
генде Жолақ сойылмен қақ бастан қойып жіберіп еді. Қаңқ еткен

даусы қара түнде құлақ жарғандай естіліп, көкке шаншыла құлап
түсіп үні өшті. Екінші ит басынан қорқып, жалт беріп кері қашты
да, алыстан арп-арп етіп, əрі жолдасын жоқтағандай ұли үрді.

– Бұл кімсіңдер-ай? – деген ұйықтамаған біреудің, қойшы ма,

жылқышы ма, сергек даусы естілді.

– Біз ғой, – деп Жолақ əншейіндегі тоңмойындығымен қырыс

жауап қайтарды. Біз үлкен киіз үйдің тап есігіне келгенде Алақ
пен Жолақ дырау қамшы, сойылдарын сайлап, ат үстінде қалды
да, мен жерге түстім. Тап осы кезде қасымызға қой күзетшісі болу
керек күпіге оранған жаяу бір адам келді. Жаңағы дауыс осынікі

болса керек.

– Жаным-ау, кімсіңдер мезгілсіз уақытта келген? – деді.

– Үндеме, қайт кейін!  – деп, Алақ пен Жолақ қабат қамшы

үйіргенде ештемеге түсінбей тұрып қалған ол арқасын оңдырмай
осып түскенде ғана етегіне сүріне-қабына бас сауғалай жөнелді.

– Шапқыншы-ау, мыналар, қайтер екен?! – деп жылап жібер-

гендей дауыс естілді.
Мен боз бурылымның ұзын шылбырынан ұстап есігін аштым
да, қыз дөңгелек киіз үйдің қай бұрышында жатқанын біліп алу
үшін қатты дауыспен есімін атадым:

– Ақдидар! – Іштегі жылы леп бетіме жайлы тиген еді. Сорлы

қыз топ етіп торға түсерін білмегендей ыршып оянып, оң жақ ке-
регеден «а» деп бейқам дауыс беріп қалды. Мен оған дейін бір- ақ
аттап бардым.

– Бұл кім өзі, бұл кім? – десіп екі-үш əйел қоса оянысып түреге-

ле бастады. Еркек даусы білінбейді. Мен көрпесін құшақтай алып,
шылбыр ұшымен орай бастағанымда, ыстық денесі кеудеме от-
тай тиген еді. Ол суық қолдар ыршытқандай, əрі шошып, шыңғы-
рып қалды.

– Əй, бұл қайсың? – деп, бір қартаң əйел сол иығымнан жар-

маса түскенде мен қақ тұмсықтан қойып жіберіп, жалп еткіздім. Үй

ішіндегі əйелдер шу ете түсті. Олар сұмдық сырын енді түсінсе керек. Мен аужайға қарамастан қызды екі-үш орап алып, үйден енді шықпаққа айналғанымда, аттан салған ол «Апа!» деп қатты айқайлағаны соншалық, əрі құлағымның тап түбінен шыққандықтан басымды ызың еткізді. – Сұмдық-ай, бұл не, бұл не? – деген кемпір дауысы да құлақ жарып, жанындағы басқа əйел екеуі қызды арашаламақшы болып жармаса қолдарын жүгіртіп еді. Оларды да ұрып жатқызар едім, ыңғайы келмей, мен есіктен шыға бердім. Қалай болғанымен де біз оңай еңсере бастап едік. Көрші лашықтардан да бастары дода-дода болып, айқай-шудан оянған өңкей əйелдер шығып келеді екен. Олар да шу-шу етісіп, бұл ауылды не өрт алып бара жатқанын бірден түсінбей қиқуласып, қара түнді дауыс басып барады. – Уа, Мақбек, Мақбек! – деп жаңағы кемпірмен бірге шыққан əйел көкті күңіренте жар салды. Жылқышыны шақырғаны екен. Ол қоқаңдаған немесін: – Уа, не боп қалды, не боп қалды! – деп сойылын сүйретіп жақындай бергенде екпіні қатты Алақ оқтай ағып өтіп, ат бауырына түсіріп кеткенін көзім шалып қалды. – Қызымызды тартып əкетіп барады, елмісің, жоқпысың, ойбай?! – деген кемпірдің айқын даусы барлық əйелді бізге жауып салды. Бірақ оларды Алақ пен Жолақ қойша сабап, бықпырт тигендей етті. Бұл кезде мен де шырқырап, қолды-аяққа тұрмай бұлқынған қызды ат жалына көлденең салып, ерге қарғып мінгенмін. – Ақдидар, неткен сорлы едің, сорлы боп туып па ең, құдай! – деп зар жылаған əйелдердің бірі дауыс салды. – Еркектердің жоғын біліп келген ғой, – деп тағы бір жас əйел сұңқ етті. Осы соңғы сөз бізге оқыс тиген еді. Манадан бері сонау қоқаңдап келгенінде Алақ ат бауырына түсіріп кеткен жылқышы мен басын сауғалап, тап мына қысылшаң шақта үй маңында болмай шыққан қауқарсыз күзетші шалдан басқа еркек қара көрінбей, тек əйелдермен шарпысып жүргенімізді ойға алғандай болдық. Кейін білдім. Мына көрші жайлаудағы біреулер өлген өздерінің атақты адамына үлкен ас берісіп, бұл ауылды тегіс шақыртыпты. Соған осындағы азаматтар бəрі көтеріліп, жігіт-желеңге дейін қалдырмай арттарынан нөкер лапылдатып, салтанатпен аттанысып кеткен екен. Соның бəрін ішіне түйген Шалықбек асқа өзін де шақыртқанына қарамай, бой тасалай беріпті де, Қазыбектің көзін ала аңдаусыз жерден шырылдатып, оңайлықпен отқа сала қоймақшы екен. Тап бүгін бізді мұнда оқыс жөнелтуі де, қасыңа екі-ақ жолдас ерт деп күпсінуі де сондықтан болса керек. Əйелдердің азан-қазан шуы құлақ тұндырған еді. Тағы бірде:

– Апыр-ау, Ақдидардың өз шешесі қайда, шешесі қайда? – дес-

кен дауыстарды да естіп қалдым. Біз қызды алып шыққан үйден
шашы дудырап бір əйел атып шықты да, Алақ пен Жолақтың ара-
сынан тайсалмай өтіп, Ақдидарды алдына өңгеріп енді ұзай бер-
ген маған тұп-тура жүгіріп келе жатты. Аузын түгел қап- қара қан

жауып кеткені түн болса да ап-айқын көрінді. Бұл жаңа үй ішінде
маған алғаш жармасып, одан мен тұмсығына қойып жіберіп, от
басына құлатып кеткен əйел болатын. Есін жаңа жиып үлгерсе ке-
рек. Ақдидардың өз шешесі – осы. Өзіме қарай оқша зымырауы-

нан тайсалмай қайрат қылып бағатынын сездім де, жақындай
бергенде қамшымен арқасынан осып жіберіп, үзеңгімді құшақтай
жығылғанында аяғыммен қағып шалқасынан түсірдім. Құлындағы
даусы шығып шырқыраған Ақдидар құшағымда бұлқынып, көкі-

регімді ыстық алғандай өзімнен кенет əл кете бастап еді. Сонда
да боз бұрылымды аздап бүлкіліне бастырып, əлі де ұзай түстім
де, біржола матап қысып ұстап алдым.
Түн жамылып ұзақ жортып келген біз тыныш ұйқыда жатқан

бейқам ауылды аяғынан тік тұрғызып, ұлардай шулатып қалдыра
бердік. Алақ пен Жолақ əйелдерге енді тиген жоқ. Олардың өздері
де бастарынан қорқып, бізге шаптығуын қоя бастап еді. Тек қана
майталман кемпір даусы үмітін жоймағандай естіледі.

– Жалғызымның жалғызы еді, қарақтарым, аясаңдаршы, – де-

генін ұстамдылықпен айтты. Бұл – Қазыбектің шешесі Күңке деген
кісі. Аса ділмарлығымен ел арасында атағы шыққан адам.
Алақ пен Жолақ аттарына қамшы басып жөнеле бергенінде
əйелдердің бірі айқай салып:

– Жарқындарым-ау, жөндеріңді айтып кетіңдер, қайда апара-

сыңдар Ақдидарды? – деді. Сонда Жолақ атының басын тартып
бұрыла қарап:

– Ақдидарды біз Шалықбек байға апарамыз. Анау өңгеріп бара

жатқан Сабанбай батыр. Сендер, қатындар, көп шуламай үнде­
ріңді өшіріңдер. Өңкей қатынбыз деп үрпиесіңдер ғой. Еркек­
терің болса да біз қорықпас едік. Ақдидарды біз жоқта əкетіпті
деп көпіретін еркектеріңді ит қылмай келгенімізге онан да рақмет

айтыңдар, – деді.

– Бəсе, мынау Сабанбай, Сабанбай! – десіп, Шалықбектің де

атын атасып, əйелдер тағы шулады.
Алақ пен Жолақ қасыма соқтыра жеткенде, қыз даусы сыңсып,
өзі қатты əлсіреп кетті.

– Құдай-ау, өлдім-ау, өлдім-ау, аясаңдаршы, адамсыңдар ма,

боса­тыңдаршы. Буынып барамын!  – деген сөздері үздігіп шық-
ты. Шолпысы салбырап, өзі алдымда көлденең жатқандықтан
ұзын бұрымдары ат тізесінен аса салбырайды. Үстіндегі көйлегі

ақ болғандықтан біз заржақ əйелдерге көпке дейін көз жаздыра
алмадық. Осы кезде құлақтан өткен аса бір қатаң дауыс естілді.
Жалт қарағанымызда ол үй қасында жылап-сықтасқан əйелдер-
ден бөлініп шығып бізге жақындап келген Күңке кемпір екен. Анық

қайрат иесі тап қазір осы болып шықты. Ол көкірегінен күй төгіл-
гендей ғажап бір үнпаздықпен ақтарыла жөнелді. Өз өмірінде қор-
лық пен зорлықты көп көріп, көп айтқан ана қандай қысылтаяң
күтпеген оқиға болмасын, əр кезде де ақын көкірегі сай, сақ тұра-

тын болса керек:
Аруақты батыр баласы-ау,
Атаңның атын ел берген,
Ерлігін оның ел көрген,

Қалмаққа шапқан Сабанбай,
Қай дұшпан оған тең келген, –
деп, ел аузына тарап кеткен атақты өлеңді тап осы арада суырып
айтып еді. Алақ пен Жолақ екі жағымнан аттарын ойнақшытып,

қараң-құраң ауыл маңынан сусып ұзап барамыз.
Кемпір талмай төгілтті:
Аруақты батыр баласы,
Көңіліңе бір сөз түйетін,

Аспандағы сұңқар құс
Аққуды құшып сүйетін.
Ағайынның асылы
Өзіңе жаным иетін.

Шалықбекке қор қылмай,
Ақдидардай аруды
Өзіңе қоспақ ниетім.
Ақ, батамды ал, балам,

Мен анаңмын зарлаған.
Менің өзіме айтылған, Сабанбай басыма айтылған осындай
сөздерден кейін осынау түнді жамылып ары жүре беру маған қор-
қыныш сияқты көрінді. Əрине, ол сөздердің мағынасы еш қызық-

тырған жоқ мені.
Темір тордың қасиетін білмейтін, қанша тырбанса да құтыла
алмасына ақылы жетпей қанаты талып, құлап түскенше тыпыр-
лап бағатын кішкене құстар болды. Сондай бір ессіз бұлқыныстан

қайтпай келе жатқан қызды уыстап ұстаймын деп талғандығым ба,
жоқ əлде тап қазіргі қауырт қимыл есеңгіретіп тастады ма, əйтеуір
кеудем отқа қақталып, буын-буыным сіресіп қалғандай артық бір
қимылға жоқ едім. Əсіресе, шырқыраған даусы құлағымнан өтіп,

əрі əйелдердің айқай-шуы бəрі түн даласын даңғаза етіп, басым-
да дұрыс ой қалмаған. Бірақ өзімнің анық қайрат иесі екендігіме

бұрнағы кездегі белді балуан дегендермен күш сынасып, барымта
үстінде сойылмен соғысқанда емес, тап қазір көзім жетіп келеді.
Дүниеде қандай ауырлық болмасын, былқ етпей көтеріп жүре бе-
ретін өгіздей жуан мойынды екенімді түсінем. Тау көтеріліп үстіме

мінгендей. Бірақ мен сыр бермей соншама бейтарап салқындық-
тан жазбай келемін.
Біз өзеннен өтіп, арғы беткейге көтерілгенде саңқ еткен кемпір
даусын соңғы рет самал жеткізді. Алдыңғы айтқандарындай зар

мен тілек емес, ыза мен күйік кесегі еді бұл:
Аруақты батыр баласын
Қандықол еткен, Шалықбек,
Тозаққа барып жанып кет!

Осы кезде Ақдидар оң иығымнан бүре ұстап, басын көтеріп
алды да, əжесі жаққа:

– Əже, əже, апам, апам...  – деп зар қағып айқайлады. Бірақ

таң алдының суық желі даусын кері айдап əкетіп, біздің маңдай
алдымыздағы тау қуысына апарып жаңғырықтырды. Ақтық қуаты
осылай бір бас көтеруге ғана жарап, шалқалай бере білегіме қат-
ты талықсып құлап түсті. Бар денесімен демалуы жүрегінің қатты

шошынғанын, оның оңайлықпен басыла қоймасын айтып тұр.
* * *
Біз жортақтап біраз жүргеннен соң-ақ таң сыз бере бастаған.
Жолақ сойылын сайлап ұстап, басын төмен салған күйі үндемей

келеді. Алақ қана анда-санда Ақдидарға тамсанып қояды.

– Бүгінгі олжамызға мырза қалай қарық болар екен? – дейді.

– Бірде Ақдидарды өзінің алып жүргісі келіп:

– Сабанбай, қолың талды ма, менің алдыма өңгер,  – дейді.

Оны естіген Жолақ атын ойқастата тізгінін тартып, Алаққа жалт
қарады. «Саған жол жоқ, кезек менікі», – деп, өршеленіп, сап ете
түскісі келгенге ұқсады. Мен екеуіне де өңгертпестен өзім алып
жүре бердім. Таң бұл кезде қарсы алдымыздан өң-түссіз бозарып

атып келеді. Əбден талықсып өлімші болған Ақдидар қыңсылауын
қоймаған.

– Ағатайлар, жіберіңдерші, жалынамын! – деп ыңырсиды.

– Ей, Ақдидар, Шалықбектей байдың сүйген тоқалы болады

екенсің. Одан артық не тілейсің құдайдан? Əке-шешең ертең сені
мал үшін бір сасық байға беріп жібереді. Одан біздің Шалықбек
мырза көш ілгері емес не? Адамның зиялысы ғой ол, – деп Алақ
жалпақтап қойды.

Əзірше Ақдидарға тіл қатпай келе жатқан Жолақ екеуміз ғана.
Үлкен суларда болатын, əлдеқалай жем іздеп, шалшықты ша-
ғын суларға адасып келетін ақ сазандар бар. Ол қармағына ілініп,
суырып алған балықшының көпке дейін күтпеген табысқа көзі үй-

рене алмайды. Мен тап осы халде едім. Қасымдағы Алақты тілін
салақтатып, көзін сата берген төбеттей ішімнен жек көріп келемін.
Оған əлдеқалай оқты көзімді қадап едім, ол жым болып жуасып,
жүзін бұрып əкетті.

Бұл Ақдидар десе Ақдидар еді. Алдымда сұлап жатқан ол таң-
мен бірге көркін ашқандай. Біздің тасырлатқан жүрісіміз əбден
шайқап, былқылдаған денесінен біржола əл кеткен. Аппақ таң бо-
зындай жүзінде көкпеңбек бір нұр, кейіс бар. Аздап шалқалау жат-

қан ол шарасынан шыққан көздерін кейде маған қадайды. Оның
осы қарасында қип етсем аузына түсіп кетермін дейтін бөрі аңды-
ған жаралы құстай сорлылық бар еді.
Біз тынымсыз жортып келеміз. Ақдидар менің қолымды əбден

талдырған. Бірақ оған қарайтын мен жоқ. Құшағыма от түсіп, жа-
лын ішінде лапылдап келе жатқанға ұқсаймын. Белгісіз қуат кө-
теріліп еді менде. Ақдидар енді соншама бір нəзік, шарасыз үн-
мен жылауға көшті. Көзінен жас білінер емес, жол бойы шашы-

рап, суалып бітсе керек. Қос беті құлағына таман жиырылып, аузы
мен мұрнының екі жанында шексіз мехнат, көр азабы бейнесіндей
айықпас із қалған. Пышақ қырындай аппақ жіңішке иегінде жан
жоққа ұқсайды. Ауыр күйінішпен қабат, əлсін-əлсін өңін ұялайтын

суық елес байқалады. Қолымда бұралған жұмсақ босаң денесінен
де сылқ етіп жан кетіп қала ма деген қауіпті ойлауға болатын еді.
Ол жылаудан айықпады. Кімнің қорлығы, кімнің зорлығы екенін
ашып айырып айта алмайтын жас балаша ол көбіне шешесін,

əжесін, «көкем» деп əкесін атап жылайды.
Егер қыз дауыс шығарса, күндіз жол жүрмеңдер деп
Шалықбектің қатаң тапсырғаны бəріміздің ойымызда. Ақдидардікі
қатты дауыс болмағанымен, бұл күйімізбен жолдағы елдің көзіне

түссек, сұмдық ісіміздің бетін ашып алуымыз мүмкін. Ал біреу-мі-
реу мұны бізден айырып алар-ау деп сескенбеген күннің өзінде
де жұртты шулыған ете беру дұрыс емес.
Бұл кезде күн де шыққан. Біз дереу бір тасалау жерді тауып, күні

бойы бұғып жатуды ойластырдық. Мұның өзі Алақ пен Жолаққа
аса көңілді, қызық көрінгенмен менің өз басыма төзгісіз ауырлық
еді. Шалықбек осы іске жұмсағанда ең үлкен сенімін өзіме арт-
қандықтан ба, жоқ əлде мына қолдағы сорлыны жылап-сықтатып

қойып, күні бойы қасында қасқырша аңдып отыруға дəтім шыда-
масын сезем бе, кім білсін, ол жағын өзім де айыра алмаймын.
Бірақ амалсыз жағдайға көнуге тура келеді.

Біз келген жолымыздан алыс ауытқып барып, қайың өскен ша-
ғын тоғай ішіне кірдік. Ортасын өрт шалып кеткендей бір кішкене
алаңқай таптық та, соған келіп аттан түстік. Бұл бізден де бұрын
талай адам тасалаған жер екені көрініп тұр. Ақдидарды босатқа-

нымда, ол алаңқай ортасында қоянша шоқиып отырды да қалды.
Біз аттарды қайың арасындағы биік қау шөпке қойып кеп көлең-
кеге жаттық. Бұл күйімізбен уақытты тез өткізетіндейміз. Күн əп-
сəтте-ақ арқан бойы көтерілген еді. Жатысымыз жайлы болатын.

Ақдидар алаңқай ортасынан тапжылар емес. Тек қана қанатына
оқ тиген құстай көздері жаутаңдап қарайды. Көбінесе аңдитыны
мен. Өзін ажалға бір-ақ тақаған қатты тұяқ кімдікі екенін танып
қалған даланың кемтар ақ қоянына ұқсайды. Анда- санда өксік

буғанда селк ете түсіп, жүрегі ұша, өңін қорқыныш жеңеді.
* * *
Ақдидарды Алақ пен Жолаққа бақтырып қойып, аздап тыны-
ғып алғым келгенмен, əлдебір ой өзімді тынымсыз шымшылап,

«ұйықтама, ұйықтама» дегендей əлсін-əлсін ыршыта береді.
Жалпы байқағаным, тап осы түннен бастап мінезіме бір өзгеріс
енген еді. Біресе бұрынғыдан да ойсыз меңіреу болып бара жат-
қанға ұқсаймын. Қолдарым əлденеден мезгілсіз босап қалғандай

алдыма симайды, атып тұрып айналадағының бəрін ұйпап кеткім
келеді. Бірақ амалсыз шыдап, тасыған қайратпен буын-буыным
түгел ұйып, бауырымды жерге жабыстырып жатырмын. Алақ қыз-
ды сөзбен қажауын қойған, енді ол да етпеттей түсіп үндеместен

қозғалақтап қойып жатыр. Одан əріде
Жолақтың балуан денесі көрінеді. Ол өңі қап-қара боп түйіл-
ген, қанат серіппей отырған жабайы бүркіттей тұйық. Ақдидардан
көзін алмайды.

Көйлегінің етегі кең жайылып, Ақдидар күн сəулесінен шаңқан
тартқан аппақ бұлтқа ұқсайды. Оның жерге шөгіп отырған оты-
рысы ерекше қызықтырып, көзбен көріп, қолмен ұстауға болмай-
тын алыс дүниедей. Оның жаны жалын, денесі өрт қана емес, ас-

қан сұлу да екендігіне осы күн сəулесі астындағы көркі айғақ еді.
Маңдайын қолымен тізесіне басып, əлсін-əлсін жылағысы келеді.
Бірақ көзінде жас, тамағында ашық үн жоқтығы мысын құртып,
көкірегінің қарс-қарс айрылғанын байқайсың. Шамасы келгенде

үздігіп айтатыны бəз баяғы бір сөз: «апам-ай, апам-ай», – дейді.
Ол сөйтіп, шаңқиған күнде отыра берді. Біз түске шейін оған
бір сөз қатпастан, өзара да үнсіз болдық. Ақдидарға қарай-қа-
рай көзім талды білем, шалқамнан түсіп аспанға қарап жаттым.

Ағаштардың шашақ ұштары желкілдеп, теңіз түбіндей көгілдір,
тап-таза ашық тұңғиық жан тереңінен нəзік бір сезім көтерердей.
Қол жетпес арман, мақсат барын айтады да, сағымы дірілдей
толқып биіктей түседі.Басымда ақты-қаралы ойлар араласып,

сұлулықтың қас көркі мен жауыздықтың алапат бейнесі алма-ке-
зек жарқылдасқанға ұқсайды. Табиғат та, күн астындағы Күнікей
Ақдидар да, Алақ пен Жолақ та ешқайсысы үн қатпайды. Жақын
маңайда құстар сайрамайды. Шегіртке шырылына шейін бұл

маңда саябырсып, əлдеқайда ағаш арасынан талып естіледі.
Дүниенің жұмбақ көркіндей бəрі де менен алыс кеткен. Көкірегімде
жаңа ғана көз ашып, көзайым болған ояу сезім бардай. Бірде өзім
қағыс еститін даналардың сөзіне құлақ түргім келеді. Бірінен-бірі

басым, бірде зорайған, бірде баяу алуан үндер келеді. Ел дауы,
жер дауы кезінде үлкен ақ үйлерден аңқылдап шығатын жарыс-
па үндер. Аталы сөз иесі ақсақалдар келеді көз алдыма. Саңлақ
көкірек кəрі қобызша аңқылдатып күй төккендей. Бірақ тап қазіргі

аспан мен жер үнсіздігін жеңе алмай, көкірегімдегі ояу сезіммен
жалғаса алмайды. Айналам сол тыншу күйінде. Ең құрымаса
шегіртке шырылының жақындаған үнін естісем деймін. Бірақ құ-
лағыма ешнəрсе жетпейді. Ауыр тыныштық езіп, жаншып барады.

Атып тұрып ғажап бір қайрат қылғым келеді. Бірақ бұл бұрынғы-
дай ессіз делқұлы қайрат емес, жүрегім өзіме де сездірмей аңсап
іздейтін сағыныш бейнесіне ғана арналып ширыққан қайрат еді.
Бірде Ақдидарды тағы да алдыма өңгергім келеді. Үлкен анасы

Күңкенің артымыздан жылап, өлең төккендегі көкейімде бірден
жатталып қалған бірен-саран сөздерін еске аламын.
Неше түрлі қиюсыз жанасып, тоғысқан ойлар маза бермейді.
Бірде сонау аспанда Ақдидарды да, мені де шоқығалы келе жат-

қан қара қарға болып Шалықбек елестейді.
Ойларымда, сезімдерімде өзімді алып жейтін қара ниеттілік те
бар. Дүниенің бəрі бір нүктеде шектеліп, арғы шешуін өзін тап деп
қасарғандай. Бірақ өзіме жолбасшы етерлік көкірегімде бір саңы-

лау, ақыл сəулесі болмағандықтан неге сүйенерімді білмеймін.
Басым көңге айналып кеткендей ешнəрсенің түбіне жетіп, ой ой-
лай алмағандықтан, əр елестің шиырында бір кетіп, шым-шыты-
рыққа қаламын.

Тал түс болған кез. Байқаймын, Алақ та маңдайына көлденең
тастаған білектерін төсеп, маужырап жатқан. Бір уақытта жер-
дүниені дүрс еткізе Жолақ орнынан атқи жөнелді. Алақ екеуміз
басымызды жұлып алып, соңынан қарағанымызда Ақдидар өзі

отырған алаңқайдың ар жағындағы ағаш қалыңына қарай қаша
жөнелген екен. Кеудесі көйлегімен ұлпадай əсем, ақ балтырла-
ры шөп арасынан күнге шағылысып жарқ-жұрқ етеді. Жолақ оны

екі-ақ аттап қуып жетті де, шап беріп ұстап, қалыңға құлата салды. Ақдидардың бұл қашып құтылмақ ойы емес, тек қорлық пен зорлыққа көнгісі келмеген көңіл далбасасы болса керек. Жолақ аппақ денесінің əр жерінен ыршытып ұстап, орнына əкеп отырғызды. Ақдидар анық сорлы халге енді түсті. Маңдайын тізесіне басып, шын қамкөңілділікпен еңірей бастады: – Қыз болып желкілдедім деуші едім. Бар күткенім осы екенау. Апам қайда, көкем қайда? Қара түн боп кеп айырдыңдар-ау олардан. Өлім келіп өзімді ғана алсайшы, еш сорлы тағдырыммен оларға да қан құстырармын ба, тумай-ақ қойсамшы. Ата-анамды жылатып, қалың елді шулатқан жазықты басым қайтейін? Қай тасқа соғылып өлейін? Ақдидар түнде алғаш даусы шыққаннан бері өзінше бір жылау əдісін тапқан сияқты. Тап қазір ол ес-түссіз шырқырай беретін қуыршақтай Ақдидар емес, көпті көріп, көп жасаған қартаң аналардай өзінің ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажын, қазасын сиғызатын жоқтау сарынына түскен. Толғаудай ұзақ осындай бір күйініш шерін түсінетін өзімде де бір түйсік оянып қап еді. Менің назарымды аударған Жолақ. Ол байлаулы айғырдай Ақдидар маңынан айналып шықпады. Ақдидардың денесіне жаңа қолы тиюі оған бір міскін іс-əрекетті ойлатса керек. Енді ол оның шынтағынан ұстай тартып, өзінің дөрекі құмарлығымен Ақдидарды қинауға салатын түрі бар. Мен шыдамадым. Орнымнан тез тұрып бардым да, Жолақтың иығынан алып, кейін қарай жұлқып тастадым. Ол сонда маған бұрылып жаман көзімен қарап еді. Оның осы қарасы əлдеқалай бір əңгімеде айтылатын тарғыл мысықты есіме түсірді. Бір үй иесі тамаққа тигені үшін өзінің тарғыл мысығына қол жұмсап, əрі қатты зекіп жіберген екен. Сонда жəбірленіп қалған мысық күні бойы иесінен көз алмай қадалумен болыпты да, түнде ол ұйықтап жатқанда кеңірдегіне қонып отырыпты. Тарғыл мысықты ұруға, я зекуге болмайды деген ел аузында сөз бар. Жолақтың тап қазіргі қарасы иесіне қастық ойлаған сол тарғыл мысықтай жаулыққа толы көрінді. Бірақ оған назар аударып, мəн бере қалсам, оның алдында Сабанбай атым кішірейіп көрінер еді де, өзімді намыс күйдіріп кеткен болар еді. Сондықтан оған балуан жотамды бере Ақдидарды жөндеп отырғызып орныма жүре бердім. Алақ та жалма-жан түрегеліп қалыпты. Ол Жолақ екеуміздің арамызда əлдеқалай жаңсақ қимылдан бақастық туып кете ме деп жорамалдағанға ұқсайды. Егер шынында біз тіс салысып аңдарша айқаса кетсек, үшінші болып шығатын Алақ қайсымыздың болсын жеңісімізді пайдаланып, жеңгеніміздің басын алып үлгеруге жалақ қаққандай. Көздерінен жарқ етіп, тез сөнген сəуле байқадым. Мен

орныма келіп қайта жатқанымда, ол да тез аяқ-қолын бауырына бүге қойды. Жолақ жуан мойнын бұрып, ауаны иіскегендей біраз тұрды да, бұл жолы бізден аулақ барып жатты. Ішіне қара тастай кек түйгенге ұқсайды. Тап осы сəтке дейін дүние мені басқаша тербете бастап еді. Ашық аспандай уыз жастық көркі көкірегіме дес беріп, бұрын болмаған бір сезімдер, бақыт көлденеңдеп өткен. Соның бəрі енді бетпердедей жұлынып, жорық үстіндегі жау жүрек қатал қалпыма түстім. Көз алдыма Шалықбек келді. Оның жүндес қара жүзі қамығуға түсіп, менің Сабанбай атымды кінəраттап отырғанға ұқсайды. Мен тұғырында дүр сілкінген бүркіттей өз түсер аңымды анық болжап алдым. Ақдидар аппақ қозыдай момақан күйде иіліп күнсіп отыр. Біз үш арлан бөрі ортамыздағы жемді қайсымыз бұрын қағып түсеміз дегендей бір-бірімізді аңдып, кешке шейін үндеместен жаттық. Ол күні қайтып арамызда ешқандай оқиға болған жоқ. Күн батып іңір қараңғысы түсісімен Ақдидарды алып біз тағы қозғалдық. Бұл жолы да оны өзімнің алдыма алдым. Өткен түндегідей емес, бүгін алып жүру оңайға түсті. Бұлқынған да, дауыс та шығарған жоқ. Тек анда-санда жұмсақ үлпілдек денесіне қолым қатты тиіп кеткенде ғана «ың» деген дыбыс шығарады. Бүгін кешегіден өткен қара түн болды. Біз ұзақ жортып таң алдында ғана Ақдидарды Шалықбек үйінің алдына əкеп түсірдік. Шалықбек бізді ұйқысыз көзімен қарсы алды. Қасында еркек атаулыдан өзімен аталас, əрі сыбайлас бір шал ғана бар. Қалғандары – өзінің бəйбішесі, тоқалы көрінбейді, күң есепті кедей көршілердің əйелдері. Менің шешем де осында екен. Ақдидарды аттан түсіргенімде, ол аю үңгіріне келгендей бір орында қалшиып тұрып қалды. Алдындағы қараң-құраң адамдарды жатырқай шолып, түсініксіз көрініс еліткен жас баладай, осы түнде басының қандай сұмдыққа байланбағын ашып аңғара алмаған кейіп бар. Мен ары қарап тұрмастан, атымды Алаққа тастай сала өз үйіме қарай адымдай басып жөнелдім. Күндіз ел көзінен тасаланып жолда бекінгенімізде қыз қасындағы қисықтығы үшін Жолақты иығынан жұлқып тастағаннан кейінгі бір сəтте осы Ақдидарды Шалықбекке аман жеткізсем деген бір арман туып еді. Сабанбай атымның шаң жұқпас сұлу мұнарасын сонда ғана анық көрермін деп ойлағанмын. Бірақ бүгін түнгі жүрістен көңлім тағы бейжай қалды. Жоқ бұл сұлу қызды алдыма алып жүргендегі оянған жігітшілік сезімім ғана емес. Денем əлденеден қатты жаншылып, ұзақ ауыр дерт күші жеңгендей, дүниедегі қорлық сырын бүгін түнде жортқан тау мен дала өзінің селт етпес мылқау үнсіздігімен көкірегіме ұзақ уайым етіп құйған еді.

Сан рет түк таппай сандалақтап қайтсам да, өз басымнан қайта-қайта ақыл-парасат іздеп əуреге түсемін. Бүгін түнде алғаш рет мен өз шешемді жорық үстінде еске алып көрдім. Өңі, тұтас тұла бойы түгел селкілдеп, шел қаптап түсін айырғысыз, анық ғазап бейнесіне енді ғана ұқсаттым. Бұл шаққа дейін менде жіңішке түйсік, адам мен адамды тілсіз табыстырып, не алыстататын нəзік сезгіштіктен жұрнақ та болмапты. Атадан балаға беріліп, адамның өз басын көре білетін бір асыл қасиетін мен өзімнен таба алмағандаймын. Əлдекімнің қақпақылында кетіп жоғалттым ба екен? Ақдидарды Шалықбек үйіне түсіріп, өз лашығыма қарай адымдай басып жөнелгенімде қарсы алдымнан қара түн ұйтқып кеп, жерге қалай болса солай шоқайып отыра кетіп, жылап жіберердей төзбес қорлыққа ұқсас бір күшті сезім соққысы тиген. Жоқ, мұны жүз жерден құрастырсаң да жеңіл түсіндіргім келмейді. Егер бұл екі түн ат үстінде алдыма алып жүргендегі Ақдидарға бауыр басып қалғандығым ғана болса, басым мұнша сорға қалмас еді ғой. Мен қандай да болмасын бір ақыл керек қылдым. Бұл өмірден, бұл тіршіліктен өзімнің алыс екенім, оның таптырмас кілтін, дауасын жоғалтқаным айқын еді. Тап қазір екі түн жортқан ұйқысыздықтан соң өз үйіме жетіп құлағалы келе жатқан шағымда басымдағы сұрапыл ойлардан бір ажыратқаным, аңсап тілейтінім ел-елді кезіп, жер бетінде бір ақылгөй балшы мен бақсы тапсам, аяғына жығылып өмірімнің дауасы неде екенін сұрап білу еді. Бұл дүниеде көкірегімді күйдіретін дерт қана торып жүргендей, басымды, бақытымды арашалап алмаққа жанталасқан шағын сезіміме ұқсас. Мен үйге келе құлай кеттім. Шалықбек ордасында не болып жатқанын ойлағым келмейді. Көзімді жұмысымен бірауық ұйқыға емес, мұнар ішінде жүзіп жүргендей, əрі көкірегімдегі ыстық от басылмады ма, ояу жатып-ақ сиқырлы түс елітті. Бетіме аққу қанаты сарт-сұрт тигендей əрі жалын леп білінеді. Бірде көз алдымда аңдар шұбырады. Мекенінен мұз көшкін айдаған сорлы аңдар. Бірде олар ақ жаулық тартқан əйелдерге ұқсайды. Боздап, аңырасқан зарлы дауыс көтеріліп, дүниеде қандай мұңлық болмасын сор заманның қара туының астына жиналуға шақырғандай. Мен ұйқыдамын ба, ояумын ба, өзіме де айырғысыз. Тек өлі мен тірінің арасында жатып, екі дүниенің азабын бірдей шеккен, көр санасы оянған жанға ұқсаймын... Көп жатқан жоқ едім. Қазанды шақырлатып қырғандағы құлақ тітіркенетін жайсыз дыбыстай алыстан шарқыраған дауыс оятты мені. Басымды жұлып алғанымда мезгіл ай-жай, далада əлдеқашан күн шыққан. Уақыттың мұншама тез өтіп кеткеніне өзімнің де таңым бар. Киіз есікті мытап ұстай сыртқа атып шыққанымда

Шалықбек үйінің маңында тойға жиналғандай көп жұртты көрдім. Ауылдың ақсақал-қарасақалдарынан бастап, жігіт-желең, қызкеліншектеріне шейін қаптап кетіпті. Нағыз салтанат үсті дерсің. Қызыл-жасыл матаға бөленіп, сəнді киінгендер көз тұндырады. Жаңағы дауыс Ақдидардікі болып шықты. Ол қанатымен су сабалаған аққудай екі-үш жігіт пен ұзын кимешекті кемпірдің көп көзінше уысына симай жүр екен. Тұрғандардың барлық назары сонда ауса керек. Мынасына қарағанда Ақдидардың кешегі бізге көрсеткені қарсылық та емес еді. Топ ішінде даусы көкті жарып, жеке-дара ұлан-асыр қимыл жасауда. Қорлық пен зорлық ортасында тəнін қанға малып біткісі келген ақтық қайратына басып дүниеге өзінің қазасын адақтатқысы келгендей. Бірнешеуі бір-ақ жабылғанмен Ақдидарға əлі келмейді. Бəлекей кемпірлерді ұршықша иіріп, екі жағынан ұстаған жігіттерге де бой бермей өзінің кеудесімен босанып құтылып шықпақшы. Адам бойында бір жасырын қайрат болады. Мынау тап соның көрінісіндей. Басым тұман, көңілім көр еді. Мынау ертеңгілік шуақ пен күмісше жарқыраған Ақдидардың көрікті асау тұлғасы енді күн сəулесіндей бəрін ашып айқын етті. Көкірегіме құйын кіріп өз басымның орасан еркі оянды. Тау құлатып, тас домалататындай ғажайып ерік. Оның алдында өзім шыбықтай əлсіз, бағынбай бой тартына қалуым мүмкін емес еді. Мытап ұстаған киіз есікті артыма сілке тастап, топқа қарай тура жүрдім. Жақындап барғанымда келісіме назарын аударғандар жарыла жол берді. Мен енді ғана шындап байқадым. Ақдидардың өң-түсі адам танымастай қатты бұзылып кетіпті. Кеше ауыр уайым ғана бар аппақ бетін енді өліктей суықтық басқан. Тек дудыраған қою қара шашы ғана одан сайын сəнмен толқындана түсіпті. Олардан арырақта қолын алдына ербеңдете созып, əлдене айтқысы келгендей өзіне бағынышты кемпірлердің, əрі екі-үш жігіттің Ақдидармен арпалысына қарап Шалықбек тұр. Тісі тісіне тимей сақылдап тұрған сияқты. Ақдидардың көнбес қылығы өзін қатты шошытса керек. Діріл қаққан қос жанарында індегі суыр көзіндей еміс-еміс ақшыл сəуле ойнайды. Мен қастарына барғанда көмек күте өзіме қарағаны соншама жексұрын көрінді. Осы кезде тап бүйірімнен келіп қалған шешемнің саңқ еткен даусы маған оқыс тиген еді. Мен жалт қарағанымда, ол біржола ширығып оқтай ашумен атылғалы тұр екен. Жұрт назары да соған ауа қалды. Шешемнің күнге күйіп қап-қара болған қыртысқыртыс əжімді жүзінен екі-үш алмастай тамшы домалап, жол сызып өтіп үлгерді. Бірақ өзі тіпті де босаң емес: – Сұр жылан! Сен бала емес, ішімнен шыққан сұр жылан болдың!

Аямаймын сені! – Көзінен қат-қат тамшы тағы домалап кетті. Мен
өмірімде бірінші рет туған шешемді осы арада ғана аядым.

– Сенің əкеңді анау тұрған Шалықбек өлтірген! Ұқтың ба? Қаны-

қарызы соның мойнында! Соның ит тепкісінен өліп, құнсыз, дау-
сыз кетті. Сен, ақкөз сорлы, ер болсаң соны қусаңшы! Əке аруа-
ғын да ойлайтын күн туды!
Тұрған жұрт шашау шықпай тез иіріліп, селт етпестен қатып тұ-

рып қалған. Тек бір орта жастардағы ер адам ғана шешем сөзінің
тұсында:

– Апыр-ай, мына кісі қатты кетті-ау, – деп жүзі шыдамағандай

бұрыла беріп еді. Осы кезде қасыма шүйліге жеткен Шалықбек те:

– Мына қақпас шешең не дейді, мына кəрі қақпас?! Қураған,

қу заржақ! – деп бүркіт қанатындай қара қастары көзінің ортасы-
на шүйіліп кеп, түбінен қопарылатын кəрі терекше бар денесімен
қалш-қалш етті. Басыма екі тоқпақ қабат тигендей. Одан əрі мен
сөз ұқпайтын едім. Тек қана шешемнің:

– Жалғызымды қоса жұттың, сен Шалықбек! Жалғызымды жұт-

тың! – деген соңғы айбаты ғана пышақ кескендей айқын жетті.
Мен Ақдидарды желкелеген бəлекей кемпірлерді қаңбақ-
ша ұшырып, кешегі Жолақтың иығынан алғанымдай жігіттердің
бірін бар тегеурінмен шап беріп, артына қарай шалқаң еткіздім.

Қонжитып жіберуге дəтім жеткен жоқ. Қолдан босап қалған
Ақдидар жерге отырды да қалды. Осы кезде мен Шалықбек үйінің
сыртында үлкен мамаағашта байлаулы түннен суып тұрған боз
буырылыма қарай жүгірдім. Ері алынбаған тың қалпында ойнақ-

шып тұр екен. Мен шылбырын шеше үстіне қарғып мініп, үй ір-
гесінде шаншулы тұрған сойылды да қарыма іліп алуды ұмытпай,
топ ортасына құйғыта шауып келдім. Тұрған көпшілік менің не ой
ойлағанымды болжады ма, қайдам, əйтеуір Ақдидарға таяу тұр-

ғандары тым-тырақай маған жол аша серпіліп, топ ішіне сіңісіп
кетті.

– Ақдидар, кел бері. Өзім құтқарамын!  – деп қасына шауып

келгенімде айдалада жалғыз қалған ол ат үстіндегі маған көзі
түсіп шошып кетті білем, селт етіп қолын көкірегіне баса қойды.
Ай-шайға қарағам жоқ, жерден іліп алдым да, өзіміздің жайлау-
дан əрі күмбездей шошақ-шошақ боп көрініп, адам аяғы баспай-

тын қия тасты биік тау құздарына қарай шаба жөнелдім. Көз көріп,
құлақ естімеген бір оқиғаның басталғанына куə болғандай қалың
көпшілік артымнан аңтарыла қарап қалып еді.
Бұл жолы Ақдидар тағдырға біржола мойынсынған болды. Мен

оны алдыма алып ұзақ шаптым да, сар желіске түстім. Біраздан
соң аппақ-аппақ тау тастары кездесіп, одан қатты жүруге мүмкін
болмады. Боз бурылымды кей жерлерде лақша секіртіп кетіп

отырғанмен, енді қиялы жерде асықпай жай жүруге тура келді. Ақдидар қайда апарасың деп сұраған да жоқ. Мен енді оны біржола бауырыма қыстым. Əбден талықсып біткендігі ме, жоқ əлде көзіне аң болып көрінсем де екі түнгі жүрісте бойы үйреніп, залалсыз екендігіме көзі жетті ме, əйтеуір ол көкірегімді жатсынбады. Маған бетін басқан күйі суықтан қалтырағандай дірілдеумен келеді. Қыңқ етіп дыбыс шығармауы өзімді қатты қуантты. Қайда əкеле жатырмын, не үшін əкеле жатырмын, өзіме де бұлдыр. Бұл істің арты неге соғарын да білмеймін. Тіпті оны ашып айырсам деген талап та жоқ еді менде. Тек Ақдидардың от-жалындай денесін кеудеме еркімше қысып анық рақатты енді көріп келемін. Сол жағым биік құз, оң жағым құлама шыңырау, қараса адамның басы айналардай. Түс болып қалған. Елсіз тау болғанмен мұны да күн соншама қыздырып қия тастарда сəулесін ойнатқандай, аңның ғана мекені деуге адамның көзі қия алмайтын, немесе сенбейтін табиғаттың тылсым, бейкүнə жаратылысының бұл да əсем бөлшегі сияқты. Ақдидар кенет əбден қиюы кетіп талықсыған сыңай білдірді. Мен бір ойдым, тастақ жерге келдім де, оны аттан түсірдім. Боз бурылды ағаш түбіріне байлай Ақдидарды бір күннен ысыған тас үстіне жайлап отырғызғым келді. Оған өз денесін орнықты ұстау қиынға түсті. Тасқа енді өзім отырып оны жас баладай алдыма алдым. Ол бір сəтке болса да мауқын басып тыныққысы келгендей кеудеме басын сүйеді. Бұл мен тілеп көрмеген бақытым еді. Жастық шақтың нəзік ақ гүлі көкірегіме өзі келіп қадалғандай. Төбеміз құз, астымыз шыңырау. Алдымыздағы дүние кеңістігін тағы да осындай шашау-шашау биік құздар кес-кестеп алысқа көз жібертпейді. Тек қана оның ойпаң бір саңлауынан ғана алыста, көз ұшында құмдақ жағалы өзен жарқырап, жер-ананың таусыз жазық төсі көрінеді. Көк шымылдықтай көлегейлеген сағым толқынының аржағынан ұзыннан-ұзақ қоңырқай мұнар шудаланып шексіздік белгісіне ұқсайды. Менің алдымда Ақдидар, үлкен ақ тастың үстінде отырмын. Адам бой жазып жүре алмайтын құз, қия тау-тастар бізді əдемі алақанына алып, əлдилеп отырғандай. Əттең Ақдидарға аздап əл кірсе, сонау сағым толқыны жайқалған жер-ананың жазық төсінде екеуміз қол ұстасып, емін-еркін адасып жүрер ме едік деп те қиялдаймын. Бұл түріммен, енді өзіме көк иттей көрінсе де елге қадірлі Шалықбектің көзін ойғандай болып, ел ортасында жүре алмасымды ұғамын. Ақдидар оң көзін, бетін төсіме басып қатты ұйқыға кетті. Қыбыр етіп қозғалмай ұйқтады. Екі қолын бауырына қысқан. Көйлегінің етегі тізесіне дейін түріліп, қос ақ балтыры күнде жатыр. Ашық өңінде, аппақ мойнында да күн сəулесі ойнайды.

Көзінен аққан жас іздері, қайғы азап бейнесі атымен өшіп, монтансыған ерке асыл көркі ғана қалған. Қазіргі ұйқысы қасірет отына құлап түскендегі зардаптан емес, жастық мерейін, сұлу тəнін өзіме бергісі келген пейілінен сияқты. Мен осынау бақытты сəтіме қалай қарауды, оны қалай қадірлеуді ойладым. «Сүйген жар» деген сөз тап осы арада ғана аузыма оралды. Күндей көрікті сөз. Мен қарыма сойыл іліп, жылқы барымталауға түн жортқан шақтарымда өзімнің жас екенімді, адамның парасатты өмірі үшін сүйген жары болу қажеттігін бірдебір ойламаппын. Құбылмалы күз күніндегі бақташыдай қаршадайымнан бағып өскенім Шалықбектің ажары. Не істесем де соның жыртқыш тістерімен қабат езу күлкісін көру үшін ғана істеппін. Соның көңілін тоғайту болыпты бар арманым. Шешем, туған шешем! Ескі дүниенің асыл қоймасындай дер кезде ашылмапты маған. Оның жаңа əке тағдырынан не айтқанын мен тура түсіне алғаным жоқ. Туған əкең алдыңдағы біреудің қолынан өлді дегеннің не екенін түсіну үшін бұл басыма тағы бір сұмдық оқиғадан өту керектей. Əзірше ол бұлдыр елес, жат елес қана. Мен Ақдидардың арқасын, балтырын сипалап, шынтағын ұстаймын. Аппақ өңін күннен көлегейлеп сүйгім де келеді. Біраздан соң ол ұйқысын ашып, басын көтерді. Менің алдымда екі санымның үстінде отырғанына таңғалғандай, айшықтанып айналасы дөңгелек шеңбердей кірпиіп қалқыңқы тартқан көздерімен менің түр-түсімді бағдарлап қарайды. Əлден уақытта өзіне бірдеңе болғандай: – Құдайым-ай!  – деп алдымнан түрегелді де, маған арқасын бере аулағырақ барып тұрды. Алдында тіп-тік терең шыңырау. Мен соған құлап кетер ме екен деп аз қауіптенген едім. Тағы да жылапсықтағысы келгендей өрімі тарқатылған толқын қара шашының астынан аппақ желке етінің дір-дір еткенін байқадым. Ол бір ауық жүзін көтеріп күнге қарады. Күнмен, жермен қоштасқаны ма деп қалдым. Оны ажал айналдырғандай болуы маған сұмдық көрініс еді. Ендігі не пəледен болса да, оны өзімнің арашалауым керек еді. – Ақдидар, саған айуандық, малғұндық етіппін. Бірақ өз ойыммен істеген болсам, құдай ұрып кетсін мені. Аңғал басымды кім көрінген қаңбақ еткен екен. Өзіме жаңа ғана ес кіргенге ұқсайды. Бірақ сен қиналма, сен енді ешкімге де қор емессің. Не тілесең де орындаймын. Қаласаң үйіңе қазір апарамын. Бірақ өзің аздап тынықсаң қайтеді. Ол үндеместен селт етпей тұра берді. Мен тағы да үн қатып, жаңа ғана оянған түп ниетімді бір-ақ жеткізіп тастағым келді: – Бір сөзім, Ақдидар, оң көрсең де, теріс көрсең де өзің біл. Қыстайды деп ойламашы тек. Мен де сенен кем сорлы емеспін.

Менің ендігі өміріме ақ адал басшым, ақ сəулем өзің болсаң деп
едім, Ақдидар. Күңке апамыздың өзі де ақ батасын бергісі кеп
еді-ау.
Ақдидар бұл жолы да үндемеді. Жүзін күнге тосып ұзақ тұра

берді. Бірақ қолаң шашының астындағы аппақ желке етінің діріл-
дегені басыла бастағанын байқадым. Бір мезетте иығын қозғап
қайрат жиғандай болды да:

– Білуші ем мен сізді. Естуші ем атыңызды. Бірақ тап бүйтіп

ел шауып, сұмдық іс қылар деп ойламап ем, – деді. Бірауық бар
денесімен селкілдеп кетті. Өзін-өзі ұстай алмайтын халге жетіп
барып қайтқандай.

– Сұмдық іс қылғаным, қарабет болғаным рас, Ақдидар.

Амалым не, болары болып кетті ғой. Үгітіліп кетуге өзім де да-
йын тұрмын, сөге бермеші. Бұдан артық маған не ауырлық болар
дейсің? – дедім.
Бірақ ол менің сөзімді тыңдамаған сияқты:

– Не жаздым? Кімнің көзіне тікенек болып қадалдым екен? –

Тағы біраз үндемей тұрды да: – «апам, апам өлді ғой», – деп ең-
кейе еңіреп жіберді. Мен атып тұрып қасына бардым да, қолымды
ыстық етіне тигізіп:

– Ақдидар, жылама, сен апаңды бүгін көресің, – дедім. Ол тал-

маурап «апа, əже, көке» деп өзіне ең жақын адамдарды тізіп шық-
ты. Осы шақта жүзі қандай қасіретке толы еді десеңші! Шешесіне,
əжесіне, əкесіне деген көз жасын бөлек сақтаса керек. Боп-боз
кіршіксіз өңінен күнге жылтырасып, күміс тамшылар лек-лек

домалады.
Сорлылық Ақдидар екеумізде ғана емес, көр азабы бұл дүние-
де-ақ құлындағы даусын шығартып, төбесінен тиген күрзі соққысы
өмірін күл-топырақ етіп, жерге шоқайтқан көп мұңдық бейбақты

тап осы сəтте ғана көңіліммен болжағандаймын. Ақдидардың
сұп-суық көз жасы жүрегіме тамып жатқандай болғанмен, түп те-
реңімде бір сергектік пайда болғанға ұқсайды. Өмірдің өз қапасы
оятқан сергектік.

Бүркіт қана қонақтайтын қабырға қиядамыз. Төбеміз əлі де
биік құз. Қол жетпес аспан, алдымыз – шыңырау, аяқ тіреп тұрған
жеріміз – қолмен қопара алмас тас, аядай тас мекен. Өмірдегі бір
қиын-қыстау кезең дейтін емес, тіпті өз басым бұл шақтан шексіз

бақыт көріп тұрғандаймын. Содан да бұл бір берік қамалдың іші
мен сыртының қайсысын қаларымды білмей, не бақытыңмен жол
тауып кет, не қияда өлген қырандай тасқа қаныңды тамызып осы
арада біт дейтін жүрегімнің үкімін ұғамын. Бірақ бұл арада бітіп,

таусылғым келмейді. Өзім бұрын сондай жат көрген, жылы құшақ-
тай жаңа өмір бастасам ба деймін. Егер Ақдидар көнсе, ауылына,

əке-шешесіне апарып көрістіріп, Күңке кемпірдің өзі айтқан ақ ба-
тасын алсам ба деген ой келеді. Бірақ ол менің сабырым жетпейтін
күрделі, ұзаққа созылатын іс. Əрі оларға өшпестей жауыздық таң-
ба салып кеткенім өзімді қатты шошытады. Тіпті мен үшін барлық

ақниет, қайрат атаулының есігі жабылып қалғанға ұқсайды. Жүрек
жолым тек тау-тас, қия мекен болғандай. Бірақ бұл бір сəттік ой
ғана. Аппақ ұлпа көркі күн нұрына шағылысып, алдымда Ақдидар
тұр. Адамның қолына түсе бермейтін асыл қасиет, перизат көркі

ойда-жоқта өзіме пенде болғандай менің барлық ынта-ықыласым
сонда еді. Ендігі өмірім үшін қандайлық дұрыс жол, ақ жол бол-
масын соның бойынан тапқым келеді. Бұл – менің алғашқы сүйіс-
пеншілігім. Ақдидар тап қазір қандай күйде болса, өмірімнің жас

көркі ол да сондай жүдеу, сорлы шақта еді. Бірақ суық сорған ал-
ғашқы көктем гүліндей тез жайқалып кетіп өзімнің шексіз бақытқа
қалатынымнан да үмітім мол.
Қара тасты шаққанда да от шықпай ма! Қаншама тас жүрек

көрінсем де бойымда жігер ұшқынын тұтатып, оны өзіме жақындат-
пақ, баурамақ ниет əрекет еткім келеді. Ақдидар қарсыласпады:

– Апам-ай, анам-ай, мені де адам деп туып едің ғой. Не дерсің

маған?! Тау құзында, тас қияда аң бейнелес жүрек берген кім ма-
ған? Кімге жолығып, кімге еңсемді беріп тұрмын? Бұл не сұмдық,
не сұмдық бұл?
Мен денесін құшақтай бауырыма тартқандағы оң жақ иығымен

кеудеме құлай иегіме ашық маңдайын өзі тигізіп күбірлей айтқаны
бұл. Мен өмірімде көрмеген бақытты сəттер. Ақдидар құшағым-
да өз еркімен тұрып, маған қалай күмəндана қараса да, тұспал-
дап неге теңегісі келсе де, күнəлі басым бəріне көніп кішірейгісі

келеді. Мен адамның тіршілік үшін неге таласатыны, бұл дүние
несімен көз тартатыны жөнінде тап осы сəтте ғана айқын түсінікке
ие болдым.
Жастық шағымның ең бір қызуы мол шағы еді. Өзімнің осынша-

ма қасқа уақытта қаншалықты өзгергенімді саралай келіп, əттең-
ай, жас өмірімді қиқулаған түнгі жорық, барымтамен мұншалықты
сарп еткенше, осындай асыл көрік үшін күреспен өткізсемші. Тап
алдымда жарқ етіп жарық жұлдыз туып, көз жанарымды алмас от

алып түскендей бір сəтке соқыр бейбаққа ұқсап кетемін.
Айналам тау-тас, күнге шағылысқан жұмбақ сурет. Осынау үл-
кен бақытыммен қиясында қонақтатқан құлама құз түстегідей биік
көрінеді. Ақдидар əлсіз денесімен маған етене жабысып, мұның

ешбірін де байқамайтын сияқты.
Бір кезде өзіміздің келген жағымыздан тасыр-тұсыр естілді.
Ақдидар басын жұлып алған күйі кеудеме одан сайын жабы-
са түсіп, жасы кепкен айқын көздерінің ақ-қарасы елік лағындай

жалма-жан аласұра бастағанын байқадым. Бұлардың кім боп шығарын өз басым ойлап үлгермедім де, төбемізден түсердей ат дүбірі басып кеп қалды. Сұр тастардың ар жағынан алғаш көзіме шалынғаны, жүрісі қатты қара айғырдың басын шұлғып қалғандағы үлкен шоқ кекілі. Оның тасасынан Жолақтың басы, сом иықты балуан денесі қоса көрінді. Астындағы қара айғырын омыраулатып-ақ келеді екен. Артында төрт-бес кісі тағы бар. Бəрінің де аттарының бастары, өздерінің бастары қалтылдап көрініп, қаланып біткен сұр түсті ирек құламадан бойлары тез өсіп шыға келісті. Арттағы төрт-бесеудің бірі – Алақ. Қалғандарының ішінде де мен танымайтын жат ешкім болмай шықты. Бəрі де өзіміздің ауылдың, Шалықбектің қоластындағы, менің сапымдағы жігіттер. Мырзаның анық жанкүйерлері болып үлгерген, түнгі жорықта, барымтада бұғанасы қатып өскен үзеңгілес достарым. Бірақ бұл келістерінде жат пиғыл бардай. Əсіресе, оларды Жолақтың бастап келуі мені қатты тітіркентті. Ол астына тың ат мінген, кеудесі бұрынғыдан да түйедей болып зорайып, алдында көлденең жатқан сойылын бүктеген қамшыдайақ ықшам ұстаған күйде екен. Бастырмалап жұрттың алдымен жақындап келді де, құшағымда тұрған Ақдидарды түстеп көргендей түйіліп, сойылын сілке шанша ұстап алды. Атының басын ірке тоқтағанда арттағылар да құйрық тістесе қаумаласып, қоса тоқырап қалысқан. Жолақ: – Сабанбай! Қосағыңмен қоса ағар деп тілек тілеуге келгем жоқ! Қастықпен келдім! Құшағыңа алған сұлуыңды тартып əкетпекпін. Бас қорғап өлем десең қамдан! – деді. Мен де осал пенде емес едім. Жолақтың осылай бұйыра сөйлеуінен менің жыным қатты қозды. Қапыда қалмайын деп Ақдидарды шетке ығыстырып жіберіп, атыма жармастым. Шешуге уақыт жоқтықтан бұта түбірі шылбырмен қоса жұлынып шықты. Боз бурылдың үстіне ықшам қонып алдым да, кепкен қайың сойылымды алдыма соза ұстап, соғыса кетуге қас қаққандай уақытта дайын болдым. Бірақ ат басын еркін ұстайтын жер мұнда емес. Адамның ойына келмейтін əлдеқалай тау қиясындағы қыспақ. Өзімнің жолдастарыммен соғысудың өкінішке ұқсас бірдемесі бар көрінгенмен Жолақтың жауыздықтан қап-қара боп өртенген жүзі, жабайы мысықтай кішкене домалақ көздері бəрін əп-сəтте жуып кетті. – А, соңғы рет соғыспағым бір кездегі достарым өздерің болдыңдар ма! Басымыз шыңырауға домаласын деген екенсіңдер. Ажал тілеп келген болсаңдар қолымның қаруын аямаспын, келіңдер! – деп айбар көрсеттім. Ақдидар анадай шетте екі-үш қабат қаланған тас сатысына шығып алып, не болғалы тұрғанын түсінбегендей қалшиып тұрып

қалыпты. Аппақ өңінде ешқандай сезім белгісі қалмаған. Мен атымды тебініп қалғанда Жолақ тобы да сойылдарымен ауаны тілгілей қойқандатып мені қоршауға ала бастаған. Тағалы тұяқтар тасқа шақ-шақ тиіп, батырсынған сезімім бұрын-соңды болмаған жойқындықпен оянды. Алғашқы сілтеген сойылыма төртбес сойыл қабат тиіп, сарт-сұрт етті де, білегімнің сіңірі созылып кете жаздады. Бұларды Жолақ əбден қайрап келсе керек, менің Сабанбай екендігімнен жасқанар бірі жоқ. Бəрі де тон ішіндегі жыртқыш аңға ұқсайды. Жақындап келіп сойылымен емес, арбап алғысы келгендей көздерінің тереңі аса суық көрінеді. Аядай жерде көптік қылуын қылса да, мен олармен соғыса алар ем. Менің барлық алғашқы ынтам көзім қарауытып құмартқаным Жолақты түсіру еді. Бірақ ол ептілік жасап, мені басқалармен алдандыра беріпті де, ту сыртымнан тимекке əрекет етіпті. Ақдидардың шаж еткен даусы бəріміздің көңілімізді бөлді. Мен оған жалт қарағанымда ол суға құлап бара жатқандай бар денесімен қалтырап жерден иіле тас ала бергенін байқадым. Ақдидар бұл сəтке дейін əбден тағы болып кетсе керек. Ол жерден алған тасын əйелдік қимыл-қозғалысымен Жолаққа қарай пəрменінше лақтырды. Бірақ əлсіз қолмен лақтырылғандықтан тас Жолақтың үзеңгісіне, аяғының ұшына ғана жетіп тиген еді. – Ə, қаншық, солай ма? Шалықбектен біржола безген екен­ сің...  – деп Жолақ дойыр қолымен сойылын сілке көтерген күйі Ақди­дарға түтіге қарады. Оның ту сыртымнан келіп қалғанын Ақди­дардың оқыс ащы даусына елең еткенде ғана байқаған болатынмын. Енді бір сəтте мен оның сойылының жемі болар ма ем. Жандəрмен боз бурылдың басын шұғыл бұра беріп, қатты тебініп қалғанымда ол бір-ақ секіріп, Ақдидар жаққа шығып кетті. Ақдидар жазым бола ма деп енді оны қорғамақшы ем. Арт жағымнан басқалар да ентелей жетіп, сойылдарын маған сəл жеткізбей сілтеп жатыр. Жолақ жаңа менің ту сыртымнан келіп қалғанда оның сəл биіктеу жерде тұрғанын байқағанмын. Енді ол тағы мені басқалардың қоршап алуын күтіп тұрыпты. Астымдағы бозбурыл əншейіндегі бауырын жазып шабатын жазық даланың жоқтығынан мынау қыспаққа келіп қамалғанымызға шамданғандай менің еркіме көп бағынбай басын қатты шұлғып, бір орында айналсоқтай берді. Тап осы сəтте болар деймін, Жолақ сойылын көкке шанша көтеріп, бері, мен тұрған ойпаңға қарай атын ағыза беріп, қатты сілтеді. Тап осыдан қас-қаққандай бір сəт бұрын сойылыма тағы да екі-үш сойыл қабат тиіп, мен оның соққысын дарытпай тойтарып тастай алмап едім. Тек барынша тебініп қалып, аттың жалына басымды қойдым. Боз бурыл орғып кетіп, Жолақ екеуміз бір-бірімізге сойыл

тұрмақ қолымыз жететіндей жақын қалдық. Сөйтіп оның қатқан қайыңының ұшы емес, ұстаған қолына таяу жіңішкелеу жері келіп, жотамнан сəл төмен тиді. «А» деген Ақдидардың даусы қабат естіліп еді. Жалт қарағанымда Жолақтың кімді де болса сеспей қатыратын маған сілтеген сойылының сонау ұшы барып, Ақдидарға қақ бастан тиген екен. Бір дауысқа ғана шамасы келген Ақдидар аппақ ұлпа денесімен тас үстіне мамықтай шөкті. Жел кеулей шашылған көйлегінің етегінде күн сəулесі енді аса шаттықпен ойнады. Кіршіксіз таза тəн бірауық есінегісі келгендей жазыла беріп, ұмар-жұмар тас сатысынан төмен домалап түсті. Менімен сойыл соғыстырған жігіттердің бəрі бұл кезде іркіліп қалған. Жолақ та олардың аржағындағы сұр тас басқан құлама қияға атымен шоқыта шығып, атын бері бұра беріп тоқтап, қолын кеудесіне апарып тіксініп тұрып қалған. Батыр болып бақ қызғанған бейбақ ендігі жерде Шалықбектің өз қолынан алмақ жаңа мəнсабы көзінен бұлбұл ұшқандай. Мұнысы бір сəттік қана көрініс еді. Болған жағдайды жұрттан бұрын аңғарған ол атының басын қайта бұрып ауыл жаққа бет түзеді. Кімге болса да ажалша төне алатын менімен бұлардың басын өлімге байлап, енді қақтығыса беруінің еш қисыны жоқ еді. Бəрі де аттарының басын бұрып, тағалы тұяқтары тасқа шақ-шақ тиіп ұзап бара жатты. Тек Алақ қана ер үстінде қозғалақтап тыным таппай, Ақдидардың өлі денесіне аяныш білдіргендей көздерін сұқтана қадап барады. Кеше алып келе жатқанымызда өзі сұлулығына қатты сүйсінген жанның тап қазіргі бейшара халі оқыс көрініп, ойсыз басына саңлау түскендей еді. Мен боз бурылымды тастай сала Ақдидарға қарай жүргенімде қолымнан түсіп кеткен сойылыма өзім сүрініп кете жаздадым. Қиядағы тас мені қақпақыл қылып ойнағысы келгендей алғашқы рет үрейімді ұшырды. Ақдидардың денесін екі қолыммен көтеріп алғанымда жердегі жалпақ тасқа қаны жайылып кетіпті. Қызарып батқан күн шарасындай қою күреңденіп көлкіп жатыр. Адамнан мұнша көп қан кеткенін мен бұрын көрген жоқ едім. Көзі жұмылып, еті тартылған боп-боз сүйікті жүзінде тіршілікте болатын азап бейнесінің бірі де жоқ. Тек мойнында, аппақ иегінде əлдеқалай бір нала сезім ойнайды. Сұлқ етіп ессіз құласа да, соншама тыныш, тұнық оймен кеткендей. Тұла бойының суық тартуы көкірегінің қайтып дауыс шығармайтынына айғақ еді. Екі көзім оның жансыз денесіне қатып қадалып қалыпты. Ұзақ тұрып қаппын да, есім ауып бара жатқандай оқыс бір тербеліп кеткенімде ғана ояндым. Көз алдымда өмірім күл болып, жүрегімді əлдекім кесіп

ал­ғандай, мен Ақдидарға емес, өзімнің тұтас бір дəуренімнен,
жастық шағымнан айрылғанымды ұзақ ойлап ұқтым. Бойымда
қандай ырзық болмасын бəрін қан жуып кетті.
Мен Ақдидардың денесін күні бойы ұстап тұрып əбден қолым

талғанда ғана жерге қойдым. Сол жерден үлкен тастарды жиып
денесін жасырғым келді...
Мен сол бетіммен өз ауылыма бармай алыс жақты кезіп кеттім.
Не ой жетектегенін өзім де білмеймін.

Содан екі күн өткен соң сонау Ақдидардың əкесі Қазыбек бай
қалың қол жиып кеп, біздің ауылды шауыпты. Шалықбек шиге ора-
нып аман қалыпты да, Алақ пен Жолақты ұстап, аяқ-қолын кісен-
деп, өздерімен бірге əкетіпті. Ауылда жылқы атаулыдан тігерге

тұяқ қалдырмай, айдаладағы аң баспайтын тау қиясындағы мен
таспен жасырып кеткен Ақдидардың денесін тауып алып, өз еліне
апарып таза арулап қойыпты дейді. Жан-жақты барлай шабысып
мені таппай сүлдері құрып қайтса керек.

Бұл талай елдің жағасын ұстатқан нағыз қанды оқиғаның өзі
болып еді. Менің шешем ауылдың шабылғанын өз көзімен көріп
отырып көп кешікпей-ақ дүниеге «оқыс» қош депті. Бірақ ешкім
білмей айдаладағы қараша үйде өлі денесі бірнеше күн бойы

көмусіз жата беріпті. Құдайды, аруақты ойласып, шешеме кебін
киімін кигізіп, бейіт басына апарып қойған ауылдағы аз көрші- қо-
лаң, кедей-кепшік қана екен.
Мен сол кеткеннен мол кеттім. Талай жерді аралап, қазақ

жерін мекендеген орыстарға дейін бардым. Оның əл-ауқатты бір
семьясына жалға тұрып, жұмысын істесіп, егінін суарып жүрдім.
Сойылды тастап кетпенге де қолымды үйрете бастадым. Бірақ
тап сол кезде жаңа дүниенің лебі жетті де, мен содан ғана есімді

жидым. Бұл кездегі өмір туралы түсінігім тіпті басқаша еді. Бірақ
сонау жастық шағымның өкініші біржола жойылды деп айта ал-
маймын. Қазір де діни наным құрығынан аулақ қоғам орнағанмен,
мен сол күндеріме дұға айтам. Өз көкірегімнің дұғасы. Жаны шоқ-

қа күйіп, жалғызының тағдырынан аза бойы қаза боп өткен ғазиз
шешеме, Ақдидардай аруға айтам. Қызыл гүлім, жастық шағыма
айтам!..
1965 жыл

ОҢАШАДАҒЫ ОЙ Стол басындағы əңгіме мені жалықтыра бастады. Бұдан он-он бес жыл бұрынғыдай емес, қазір көп жұрт жиылған жердегі қызу əңгіме, ішімдік, суық тамақ, темекі түтіні мені қатты еліктірмейді. Сонда да мұндай жерден бас тартатын хал менде жоқ. Бар тірлік, қызық, қуаныш көзі ашылатындай болса оны осындай бас қосулардан күтіп, алаңдайтын дағды көзімді, санамды тұмшалап, бітеп тастағандай басқа жаққа бұра тартқызбайды. Əлі есімде 16-17 жасар қыз кезімде осындай жұрт жиналған жер десе ес-түсім қалмай бүгін түсер қалыңдықтан əрмен əуреленіп, қушықтай кеудемді неше бұрап, неше сықап, шар айнаның алдында істемеген əрекетім қалмайтын. Табиғаттың бермегені болса тап осы арада тартып алатындай, сыртқы ажар-нышанымнан əлдебір жаңсақтық белгілер көрсем қол күшіммен түзеп жіберетіндей жан-тəніммен беріліп, өзімдіөзім күйттей беретінмін. Бұдан шаршамаймын да, жалықпаймын да. Егер маған біткен шаш, қас-қабақ, тағы басқаларында сөйлер тіл болса олар менен көрген азабын зарлап айтар еді. Бірақ олардың зарына құлақ тігер мен жоқ. Өз шыбын жанымды осынша қинап жүргенде олардың шықпаған үн, бітпеген тіліне көңіл бөліп қайтемін. Жұрттың көзіне жарқ етіп көріну, жігіттерді, тіпті үйленгендерін болса да əлдебір жақтан ұшып кеп қонған, енді-енді ұшып кетер періштедей ғажап көркіммен естен тандыру тұла бойымды шып-шып еткен ыстық қанға толтыратын асыл арманым. Ешкімді шын көңіліммен сүйіп көрмеген сол бір бүлдіршіндей кезімде бəріне көктен қарап, бұл жеткен межем əлі аз, бұдан да биіктеп жұрттан оқшау əлі де даралана түссем, маған сұқтанатын көз молая берсе екен деп жатсам-тұрсам жалбарына тілейтінмін. Сонда кімді мұқатпақпын, қай бақталасымның ішін өртемекпін, оны ойлайтын мен емес. Өзім туралы ой-пікірімнің қаншама шырқау жатқанын айтсам, қазір ешкім сенбес те еді деп ойлаймын. Сол шақтарда біреу бəлен жерде сұлулығы сенімен тең түсер бір қыз бар деп əлдеқалай айта қалса, мен бəлкім еңіреп жіберер едім. Ал қазір ше? Қазір ондай тасығыш көңілден жұрнақ та жоқ. Жасым 35-те. Оны бəрінен жасырып, кейде жұрт ортасында жас мөлшерін амалсыз білдіруге тура келгенде оны ешкінің сақалындай шұнтитып, күзеп айтамын. Мынауың шындыққа сай емес, кішкене қосыңқыра деп, шаншу сөз қадайтын ешкімнің жоқтығына етім əбден үйренген. Сол он екіде бір гүлі ашылмаған балауса кезімдегі дағдыларымды əлі де жалғастырып келемін. Бұрынғыдай жігер, жалын, қуат болмаса да, əлі де көзге түссем, біреудің көңілін аударсам

деген ынта тереңімде жасырулы жатады. Ештемеге зауқым соқ-
пайтын салғырт көрінсем де көңіл көтеруден кет əрі емеспін. Ескі
көз, таныс құрбыларым көп-ақ, бəрі де үйлі-баранды, мен сияқты
бірі жоқ. Осы халіме мүсіркей қарай ма, үйлеріне əлдебір себеп-

пен дос-жарандарын жинаса мені қалдырмайды. Əсіресе, басы
бос біреулер келетін жерге ерекше ықыласпен шақыратындары
бар.
Бірақ осындай жерлерде отыру бұрынғыдай емес, ауыр тиеді.

Темекі түтінінен тез басым ауырады, шарапты да бұрынғыдай
көтере алмаймын. Жұрттың дабырласқан сөздерін де жақтыр-
маймын. Жүрегімнің жұмысы да нашарлаған ба, сол жақ кеуде
тұсым кейде қозғалтпай тастайды, ауық-ауық шаншып қоятыны

бар. Жансебілдікпен мұның бірін де елегім келмейді, екі қол-
ға ермек етіп, темекіні тастамаймын, шараптан да тартынбауға
тырысамын.
Бүгін де осы дағдылы халде едім. Құрбым Айсараның үйін-

деміз. Ұзыннан-ұзақ қойылған үстел басында мен танымайтын
адамдар да бар. Əсіресе, үнемі ыржиып, екі езуі құлағынан кет-
пейтін қозғалысы жеңіл, ашаң денелі бір жігіт назарымды аудара
берді. Өзінің қарасы жаман. Көздерінен қасқырға ұқсас жырынды-

лықты аңғарамын.
Оның осы назарын Айсара да байқады білем, маған игі тілек-
пен қарағандай күлімсірейді. Көздері ұшқын шашып, «жаным, құр-
бым, сен өз бақытыңа бетпе-бет келіп отырсың» дегенді айтатын

сияқты.
Бірақ менің жаным түршіге береді. Ол жігіт қараған сайын дос-
тық ниетінен гөрі əлдебір пайда түсіруді, бірдемені жымқырып
қалуды ойлайтын ысқаяқ алакөздігі кеудемді тесіп бара жатады.

Кəдуілгі темір пышақтың өзі қадалғандай шыбын жаным шығуға
шақ қалған. Тек жылдар бойы күстеніп қатпарланған көнбістігім
ғана қалпымды бұзбауға, теріс айналмауға демеу береді.
Сəлден соң үзіліс жарияланып, ер адамдар залдың бір бұры-

шында карта ойынына үймеледі. Əйелдердің біразы терезе ал-
дында тізіліп, қалғандары асүйге Айсараның қасына кетті. Үстел
басында қарақшыдай сопиып жалғыз қалдым. Жаңағының көзі-
нен енді құтылам ғой деп едім, жоқ ол əлі де картадан басын кө-

теріп қасқыр көздерін маған қадап қояды. Картаға онша ынтасы
жоқ сияқты. Орнымнан ебедейсіз түргеліп, терезе алдында өсек
айтып, ақырын сыңқылдасқан əйелдердің қасына барып едім,
олардың дағдылы тұрыстары бұзылғандай сөздері тыйылды. Əрі

жаңағы қасқыр көзді енді осы жаққа қарағыштай берді. Мұндай
тұрысым өзіме де, өзгеге де қолапайсыз көрінгендей, енді асүй-
ге беттедім. Айсара қасындағы екі-үш келіншек те əлденеге мəз

болып, дауыстарын қатты шығармай күлісіп жатыр екен. Мені көргенде бұлар да сап болды. Айсараның көзі менің тап осында келісімді жөнсіз көргендей жүзіне аяныш көлеңкесін түсіріп, залда неге отырмағанымды сұраған кейіппен қарады. Жаңағы жігіттің тап бір шипасы тиердей соған жақын болғанымды қалайтыны анық, ол қасқыр көздінің өңменімді тесіп бара жатқанын қайдан білсін. Мұнда да орын таппай айналсоқтап, енді қайда сырғимын деп сəл бас қатырдым да, бəріне қолды бір-ақ сілтеп, үстел басына, манағы өз орныма барып қайта шоқидым. Дастарқаннан əрнəрсені бір шұқылап алып жеген болып, карташылар жаққа қарамауға тырыстым. Сонда да киімімнің сыртынан əлдебір шанышқы көздің уыты өтіп бара жатқанын сеземін. Шыдап баққаннан басқа амал жоқ. Буы бұрқырап, бірнеше табақпен ет келді. Жұрт үстел жағалай орын-орындарына қайта жапырласты. Мен енді ғана ел қатарлы болғандай сəл көңілдендім. Бұл ұзаққа созылмады. Табақтағы еттің біраз мұрты ойылған соң жұрт қайта түрегеліп, үй ішінде топ-топ болып, гу-гу əңгімеге кірісті. Енді əйел-еркектің ара жігі ажыраған жоқ, бəрі аралас-құралас. Не ғажап екенін қайдам, мен қасқыр көздімен оңашалана беріппін. Тілі де шанышқыдай екен, айтқан əзілдері көңіл көтермейді, түрпідей. Менің жанымды ауырту үшін қасақана айтатын сияқты. Сөздері – көбіне сұрау. Мен тура жауап бермеймін. Сонда да ол өткір көздерін өңменіме шегендеп, өмірбаянымнан біраз деректерді тізіп алды. Бетін қатты қайтарып тастауға қайратжігерім де, батылым да жетпейді. Талайды беттен қағып, артынан опық жеген күндерім не мазаққа көнуге мəжбүр еткен. Өз бишаралығымды түсінемін. Содан да іштегі үміт сорлы мынаның қасқыр көздерінің тасасында жақсы ниет жатқан шығар деп, солай қарай шыр айналдыра береді. Қарайлаған сайын іштен үгітілемін. Бəрібір теріс айналар мен емес. Мынау да осы халімді біле ме, жабысып жүйкемді кеміріп барады. Ырсиған бет терісі мұны кейде күле қараған адамға ұқсатпайды. Жас та болса əжімі қалың, жаратылысы осы нағыз атжалман дерсің. Ақыры ыздиып маған қойған бір сауалы: – Сіз өміріңізде бір рет болса да біреуге құлай беріліп көрдіңіз бе? Егер мұндайлық жəйт өміріңізде бірнеше рет болса, соның ең алғашқысы туралы айтыңызшы? Тек нағыз махаббат шоғына өртенгеніңіз туралы. Сондай болды ма сізде? Болса қалай? – Сіз не, менен махаббат туралы сұхбат алмақ па едіңіз? – деп алғаш рет кесіп айттым.

Одан біржола күдер үзіп, теріс айналғаным да осы. Енді жабысатын болса бас-көз демей салып қалатын дөрекі сөз іздедім. Тəйірі, осы өмірімде бір сəт болса да үміт күткен жігіт осы ғана ма? Бұған шаңымды ғана көрсетсем маңдайымдағы жазмыш сызуы өзгеріп кетпес. Айсара үйінде би басталды. Қасқыр көзді мені іздей бастағанда-ақ залдан сытылып шығып, асүйдегі Айсарадан кетуге рұқсат сұрадым. Жағдайым болмай, басымның ауырлай бастағанын сылтау еттім. Айсара қаншама жік-жапар болғанымен ештеме өндіре алмады. Сыртқа шыққанда таза ауамен кеудем кеңейіп сала берді. Бұл ақпан айы еді. Қыс – жұмсақ. Жақында жауған қар қаланың өңін кіргізіп, жас баладай қас-қабағын мөлдіретіп қойған. Мен жаяу қала ортасындағы паркке тарттым. Біраз таза ауа жұтпасам тұншығып кететін сияқтымын. Ағашы қалыңдау тұста бір ұзын орындыққа отырып, мүлгіген тыныштықта ойға шомдым. Мұнда адам аз. Анда-санда қосақтасқан бүлдіршіндей қыз бен жігіт өтеді. Күн ақ мамық бұлт арасынан шұғыласыз көрінеді. Ол жарқырап шыға келсе, мынау ақ қар жидіп кетпек. Онсыз да анау қараағаштар мойылдай қалпымен сидиып тұр. Оған қар жұқпайды. Əне, алба-жұлба қарға басқа ағаштан ұшып келіп, бірінің бұтағына əрең жармасты. Тырнағы сəл тайқыса құлап кетер ме еді. Автобустың басқышына аяғын əрең салып, күйбежектеп елмен бірге əрең ілінетін кəрі-құртандай ол да сол бұтақтан айрылмау үшін қалбалақтап, қанат-құйрығымен жалп-жұлп етіп зорға орнықты. Оның желпуімен жерге бір уыс қар түсті. Қалың қараағаш пен алба-жұлба құсқа қарап отырып, жаңағы қасқыр көзді қойған сауалдың мəнін ашқым келді. Апыр-ау, ол менің өткендегімді білуге неге ынтықты? Біреуге құлай беріліп көрдің бе, шынайы махаббат сенде болды ма дейді. Тағы оның алғашқысын сұрайды. Апыр-ау, мұны білудің ол үшін не қызығы бар екен? Əлде маңдайымда сондай бір алабажақ жазу бар ма? Мүмкін менің осы түріме қарап, сен де бір кезде жаны таза, тəні таза қыз болдың ба екен, алғашқы құштарлық дегеннің қуанышы мен күйінішін сондай пəк күйде сезініп көрдің бе деген қитұрқы сыңайы ма? Көкірегіме у қорғасын құйғандай іші-бауырым талан-таражға түсіп, шөгіп барамын. Тағы бір сəтсіздіктен соң өзімді-өзім езгілейтін аяусыз сəттің туғанын байқаймын. Тек мұндай халден дер кезінде сытылып шығатын тəжірибем ғана біржола құрдымға кетуден сақтады. Сонда да дел-салдықтан ажырай алмаймын. Жаңағы қасқыр көзді ақсиған тістерін менің жанды жарама дəл бастырып, ушықтырып жіберді.

Қазір Айсара үйіндегі оның мен қатарлас құрбыларын қызға-
нышпен елестетемін. Тобынан өзім бөле-жаралғам жоқ, қасқыр
көздіні алға салып, мені тықсырып шығарғандай өз оқшаулығым-
ды жəбір көрдім. Өздеріне тең санамаған ішкі ызғар пейілдерін де

танығанға ұқсаймын.
Апыр-ау, мені бұл халге ұшыратқан кім? Жапандағы жалғыз
моладай дүниенің бəрі мені тосырқап, аулақтап кетуі қалай? Тең-
теңімен, тезек қабымен жиналған жерде маған орын жоқ.

Осы халім үшін кімді кінəлайын? Анау қараағаштарды ма,
жоқ алба-жұлба қарғаны ма? Жоқ, оларды кінəлауға болмайды.
Табиғат бұл қалпымен де тамаша, ауа тұнық. Қандай да қайғы-
қасіреттен соң тек осының аясынан дамыл табасың?

Біраз өрекпіп басылғасын алыс қиялға кеттім. Қасқыр көздіге
жауап үшін емес, өз балауса шағымды қызықтап, содан жұбаныш
таппақпын ба? Жоқ, бəрін сол алғашқы күйіп-жану, сəтсіздіктен
бастап, қайта қорытпақпын ба? Сондағы жетерім не? Оны өзім

де білмеймін. Бір ғана ажыратарым, тəтті қиял жетелей береді.
Соңына бір түссем ештемеге мойын бұрғызбайды.
* * *
Он сегізге жаңа іліккен, он екіде бір гүлі ашылмаған деген ша-

ғым. Студентпін. Кеудемде тау қопарар ыстық жалын бар. Осы жа-
лынмен кімді болсын ұрып құлатам деген сенім басымнан асады.
Əлдеқалай бір құрбым жаңа жыл қарсаңында туған күніне қо-
наққа шақыра қалды. Сыйлық алмаққа қала ортасындағы үлкен

дүкеннің баспалдағынан көтеріле бергенімде екі таныс қыз мені
көріп бас салды. Олар қасында екі жігіт бар, таудағы
«Просвещенец» демалыс үйінде өздері үстел ұйымдастырып,
жаңа жылды сонда қарсы алмаққа кетіп барады екен. Маған да

жүр деп жік-жапар болды. Ондай жерге баруға мені көндірудің
мүлдем қиындығы жоқ. Алдын ала шақырған құрбының туған күні
жайына қалды. Төрт кісілік таксиге шофердің көңілін тапқасын
мені де отырғызып, «Просвещенецке» тартып кеттік.

Күн аяз. Пальтомның жағасын көтеріп, бет-аузымды тұмшалап
алғанмын. Жеткенше ана екі жігіттің жүзін дұрыстап аңғара да
алмадым. Олар да мені байқамады. Тіпті өзара гуілдесіп осында
тығылысып отырған бесінші адамның барын ұмытып та кеткен.

Жол тайғақ, машина өрге қарай əрең жылжып келеді. Бұлардың
сөздерінен еміс-еміс ұққаным, ана екі жігіт Ленинградтан осында
киноға түсуге келген актерлер. Мына қыздар «Просвещенецте»
істейді. Енді əлдеқалай танысқан жігіттерін мынадай ғажайып

түнде тау баурайындағы көңілді кешке жаңа жылды бірге қарсы
алуға əкетіп барады.
Ақыры жеттік. Біз машинаны сайда қалдырып, қар көк мұз етіп
тастаған биік баспалдақ арқылы төбедегі демалыс үйіне жетіп,

ұзын коридорға ендік. Байқаймын, жиналғандар көп. Бəрі қосақ-
қосағымен жүрген өрімдей қыздар мен жігіттер. Кештің бас ұйым-
дастырушысы осы демалыс үйінің дəрігері, маған бұрыннан та-
ныс Марат екен. Ол іздегенге сұраған дегендей мыналардың қа-

сында басы артық менің келгеніме өлердей қуанды. Маған деген
бар қамқорлықты өз қолына алмаққа жан ұшыра бастап еді, мен
көп ырық бере қоймадым.
Қыздар таранып, жігіттер олардың пальтоларын құшақтап, бе-

зектеп жүр. Мен пальтомды Маратқа бермегем.
Көздері кінəсіз қарайтын, жүзі айшықты мейірбан Маратты
ренжіткім жоқ. Сонда да оның бас-көзсіз бірден ие бола кетуіне
көнгім келмейді. Пальтомды ең артынан іліп, босап қалған айна

алдында асықпай тарануға кірістім. Сол жақ есіктің ар жағында
үстел басына орналаса бастаған жұрттың үзік-үзік сөздерін, орын-
дық сықырын естіп тұрмын. Осы шуыл басылғанша тарана бер-
мекпін. Үстімде ол кезде сирек кездесетін қабылан терісі түстес

қоңырқай дақтары бар, сарғыш барқыттан тігілген ұзын көйлек.
Шашымды сол жақ иығыма түйдектеп тастап, табиғи сұлулығым-
ның жарқылын барынша аша түсуге күш салдым.
Ақыры залға кіріп барғанымда бəрі рюмкаларын қолдары-

на ұстап қалған екен. Маған тегіс жалт қарасты. Қыздардың да,
жігіттердің де өзіме көзі сүрінгенін ұқтым. Дегеніме жеткен едім.
Кешігіп кіргендегі мақсатым да осы болатын. Ең алдымен жұрт-
тың назарын мықтап бір аударып алып, тұла бойымдағы жарқыл-

мен, сұлулықпен əрқайсысының ішін үңги бермекпін.
Мен кіргенде сөйлеушінің де сөзі тиылып қалды. Жұрттың
бəрінде толқу мен абыржу пайда болғандай. Аяғыма дейін жауып
тұрған ұзын көйлек маған тосын айбат бергендей. Тап бір орманда

адам көзіне сирек ұшырайтын азулы, бірақ сойқан сұлу аң осын-
да кіріп келіп, отырғандар қалай бассауғалап, қайда жалт берудің
амалын ойлап қалғанға ұқсайды.
Тыныштықты мені осында əкелген манағы екі қыз бұзды. Солай

жылжығанымда қасындағы екі жігіт те атып тұрып, менің ыңғайы-
ма қарай төртеуі ауысып отырысты. Мен екі жігіттің ортасына,
қыздар шет жақтан орналасты. Біз жайғасқасын да үстел басын-
дағы жұрт бірден қарқын алып кетпей, тост көтеруші жігіт тамағын

қырнап, үзіліп қалған сөзінің жібін жалғай алмай əлекке түсті.
Екі-үш рюмкадан соң бəрі қалыпқа келген. Сонда да маған қа-
раушылар көп. Қарсы жақтағы жігіттер қастарындағы қыздарын

ұмытып, ең алдымен менімен рюмка соғыстырмаққа қолдарын соза береді. Марат та өзінен алшақ кеткенімді өкініш көріп, көздерін жарқ-жұрқ еткізіп қарап қояды. Осынша мол ықыласты топтың ортасында мені байқамаған өзіммен бүйір соқтығыстырып отырған екі актер жігіт қана. Мен оларды, əсіресе, орыс пен кавказ халқының тұқымдасуынан туған (бұл болжамым кейін дұрыс болып шықты) біреуін айнақатесіз бір қарағанда-ақ жадымда сақтап қалдым. Аты – Ровель. Анасы, атасы, есімі əр жақтан, бірнеше ұлттың ең жақсы қасиетінен жаратылғандай кесек сом жігіт. Сөз мəнерінде адамды қыртысынан аршып, түлетіп, түрлендіріп əкететін ерекше ілтипат, бөлек саз, ырғақ бар. Оның баурына кіре түсетін менің құрбым Ира ішкен шараптан емес, сол ырғақ күйімен от боп жанғандай, беті қызарып алыпты. Осы бақытын менімен де бөліспектей маған қарасында шарасынан асып-төгілген мейірбандылық бар. Менің халім он ұйықтаса түсіне кіретін емес. Бұл кеш мен үшін мəн-мағынасын жоғалта бастады. Ол кезде денсаулығым күшті ғой, сонда да шарапқа зауқым соқпай, не ішіпжесем де, бəрі тамағыма кептеліп тұрып қала берді. Əрі-беріден соң аузыңда еріп сала беретін суық тамақ емес, құм шайнап отырғанға ұқсаймын. Іштегі лапылдаған жалынмен кімді болсын ұрып құлатам деген басым Ровельдің өзіме деген бір сəттік нəркес ынтасын оята алмаған əлсіздігімді алғаш рет түйсіндім. Би басталды. Өзімді орнымнан көтеріп əкеткен Маратқа ықылассыз ілестім. Сыр алдырмаудың қамымен бас ауруына шағындым. Қиюы кеткен түр-түсіме қарап, неге бұлайсың деп, жабыспауы үшін айттым. Қазір бір ғана Ровельге үздігіп, басқаға келгенде сіркем су көтермейді. Ровельдің би үстіндегі мінсіз қимыл-қозғалысы мүлдем басымды айналдырды. Ираны құшағында толқытып, музыка ырғағымен аяқ басысы мені жар басында тұрғандай қалтыратады. Іші-баурымды сыммен жалғастырып, бұрап əкетіп бара жатқандай шыбын жаным шығуға шақ. Қолымның, иығымның терісіне дейін жыбыр-жыбыр етіп, əлдебір жəндік жорғалап жүргенге ұқсайды. Апыр-ау, бұл сойқан сезімге қалай қарсы тұрмақпын? Мен білемін, Ира өте жеңілтек қыз, Ленинградтан келген мынау сұлу жігіт оған опа бермейді. Ал менікі болса, мүлдем далбаса. Осыны өз санаммен қорытып, айқын түсінсем де оған деген ынтық көңіліме қайыру берер шама жоқ. Алматыда да жігіттің небір бағландары кездеседі. Олардың да біразын ұната тұра бүйтіп құлай берілген емеспін. Қайта оларды өзіме ынтықтырып, мөлиген көздерін көруді, ақырында жер соқтырып, опқа жығуды үлкен бақыт санайтынмын. Мұндай ғашық болушылар қадам басқан сайын жолыға берсе екен деймін.

Сөйтіп, бірінің аяғын екіншісі құшып, шаңыма ілесе алмай қалса деймін. Енді өз басым көлденең көк атты біреудің сондай көп құрбандығының біріне айналғалы тұрғанымды айқын болжамасым бар ма? Амал не, бұл да маған тоқтау бола алған жоқ. Кеш ортасына қарай аздап қайрат жидым. Ленинградтық актерге қарсы бір амал ойластыруға аңсарым ауды. Ол мені əлі де байқаған жоқ, бір рет те биге шақырмады. Қасақана менен теріс бұрылып, құлағым берекесіз ызың-шуға толы осы халімді ұзарта түскісі келген өшпенділігі бар ма деймін. Үстел басына қайта жиналғанда ол əдеттегіше менімен ірге тиістіріп отыра кетті. Рюмка қағыстырғасын, ол ащы ақ арақты қағып салғанда үстелден шанышқымен қияр алып, аузына тоса қойдым. Өзіне бұрылып қарамай, сырт жаққа керексіз бірдемені лақтырып тастағандай істедім. Өзім қарсы жақтағы біреудің əңгімесіне еліккендей, солай қарай кеудемді ұмсына қыбырсыз қалғанмын. Ол аузымен қиярды алғасын, шанышқыны үстелге тарс еткізіп тастай салдым. – Кешіріңіз, – деп, мен тастаған шанышқыны ол көтеріп ала қойды. «Кешіріңіз». Маған арнап айтқан ең алғашқы сөзі осы. Мен қияр ұсынғанда оны аузымен алған сөлекеттігін жуыпшайғандағысы екенін аңғарам. – Кешіріңіз. Сіз қандай мейірбанды жан едіңіз. Доғадай иіліп кеп менің көзіме қарамаққа əрекет жасады. Мен ештемені байқамаған адамша жаңағы қарсы жақтағы əңгіме айтушыға мойнымды созып, тұла бойымды гипспен қатырып тастағандай қозғалмадым. Ровельдің «кешіріңіз» деген алғашқы бір сөзі ішіме барып, бомбаша жарылғанын оның өзі байқамағаны анық. Бұл сөзде пəлендей көңіл көншітер мағына жоқ. Бар қасиеті менің өзіме арналып айтылуында. Ғажап көркі бар əдемі сыйлықты кеудеме басып, қайтып шығарып алмайын дегендей сол сөзден буын-буыныма жылу таралып жатты. Көз алдымда мұзайдынының тоңы жібіп, буы атқақтай бастағанын көргендей боламын. Сөзіне жауап болмағасын ба Ровель қайта басылып отырды. Сонда да назары менде. Өзімнің жеңе бастағанымды ұқтым. Ендігі міндет қатаң салқын қалпымды бұзбау. Ровель келесі биге мені шақырды. Оның құшағында жүріп, екі адам бетпе-бет тұрса да бит терісіндей жұқа қауыздың ішіндегі бірбірінің сырына көз жеткізе алмайтынына таңғалдым. Темір екеш темір де ішінен от жақсаң жылу таратып, айналаны жалынмен шарпиды. Ал адам терісі неше пəлені қымтап ұстайды. Мейлі ішінде от ойнап, өзегін кемірсін, көзге шалынбас дірілмен ғана болып, сырт жанға белгі шалдырмайды. Ровель өз құшағында жүріп, осы кеште менде оянған ынтызарлықтың қандай тегеурінді күшке айналғанын, ішімде ту-талақай

дүние дауыл мен өртке қабат ұшырағанын мүлдем аңғармайды. Бар ойы өзіне деген аз-кем ынтамды ояту, сөзге келтіру. Бір-екі рет өзіне тура қарап едім, адамның қиялында ғана болатын ғажап сурет көзіме оттай басылды. Аппақ өңіне жапсырылған қап-қара қастар, көкірегіңе үңгіп, тұла бойыңды қытықтайтын қос жанары, тек сүйіп рақаттану үшін ғана жаратылған əдемі еріндері қарай берсең, ішкен сайын місеңнен аса түсетін шарап қызуындай ішіме дендеп еніп, біржола əлсіретіп əкетерін сеземін. Сағат он екіні соқты. Бəрі толы бокал шампан көтеріп, жаңа жылға құтты қадам айтқанда мен осында отыруымның соңғы сəті екенін сездім. Ендігіні көтере алмасым анық. Ровель маған құрақ ұша бастады, маған енді керегі не еді, оны өзім де білмеймін. Əйтеуір көпті қалаймын, көпті, бірақ нені? Доғаша иілген сұрақ белгісі тағы көлденеңдейді. Байқаймын, Ровель мені екі рет биге шақырғанда, Ираны бір рет қана шақырды. Ира манағы көл-көсір қуаныштан арылып қалған. Шарап емес, су ішкендей бет-жүзі тоңторыс, босаң рең өңіне қалқып шығыпты. Жаңа жыл туғасын Маратқа бардым да, машинамен мені қалаға үйіме апарып тастауын өтіндім. Ол қуана келісті. Көзінің құртын жеген қызбен мынау залда болмаса да, машинамен қала ішінде қыдырыстауға мүмкіндік туғанын бір басына жетерлік бақыт санаған түрі бар. Ол машинасына от алдыруға кеткенде мен дәлізге шығып, киімімді алдым. Ровельді енді көре алмасымды ойлап, сол жерде көз жасым ақтарылмасы бар ма? Апыр-ау, бұл жерден ешкім мені қуған жоқ қой. Жұрт мына қалпымен таңға дейін отыратыны анық. Менікі не? Өзім кетіп, өзім өкінетінім қалай? Жоқ, іштегі мынау толқумен бəрібір ұзаққа шыдай алмаймын, залдың есігі ашылып, біреулер көрінсе бетімді жұмсақ шəлімен сипап тастаймын. Көз жасым қайта сорғалайды. Аздап ерік беремін де, есік сықыр етсе, не біреудің аяқ тықыры естілсе тағы сипаймын. Көз жасын сүрткен емес, басқа қимылға ұқсатып істеймін. Су толы шелекті еңкейткендей бұл толастайтын емес. Манадан ішімді кернеген ынтазарлық көз жасы боп жинақталып қапты. Залдан шыға бергенімде Ровельдің екі жарыла алмай сасқалақтап қалған түрін байқадым. Қалайда Ирамен жүрегін жалғаған жіп əлдеқайда мықты сияқты. Оны үзіп кете алмасы анық. Мен сыртқы есікті өмірімнің ең бір аяулы шағымен қоштасқандай жаптым. Тарс еткен дыбыс өзімді кілт шошындырып, қайтып қарасын шалдырмас үлкен бақыттан аулақ лақтырып тастаған құдірет үніндей құлағымды жарды. Жаңа жыл түніндегі суық аз-кем ғана демеу болған түрі бар. Апыр-ай, сол түнгі тау суреті əлі есімнен кетер емес. Аспандағы

жұлдыздар əрең-əрең шалынады. Белуарына дейін ағарып, қап-
қара боп тұтасқан қарағайға ұласып, төбеңнен төніп түсер құді-
реттің өзіндей мынау алып еміс-еміс шалынатын жұлдыздардан
алқа тағып, бас шайқайтын сияқты. Жұлдыздар ары-бері жосы-

лып, көз ілестірмейді. Тұла бойы күңгірт тартқан тау менің көңіл
күйімді күндізгідей танып, əлдебір ырғақпен билегісі келе ме?
Айнала тегіс қозғалыс үстінде сияқты. Аппақ қар түн дүниесі үшін
жарық көзі болып, сиқыр құбылыстар менің жасқа толы көз ал-

дымда бірінен соң бірі асыр салып өтіп жатыр. Мен алдымдағы
сай ернеуіне жеткенімді сездім. Төменде Мараттың машинаға
от алдырып жатқанын көрдім. Баспалдақ сатыларын қар асты-
нан əрең ажыратып, төмен түсіп келемін. Өз өмірімді өзім қиып,

мұхит тереңіне кетіп бара жатқандай көз жасымды одан сайын
бұладым. Апыр-ау, бұл қайдан шыға береді? Тап осы сəттің өзін-
де-ақ телегей теңіз боп ақтарылып келеді. Сарқылатын уақыты
болды емес пе? Мараттың қасына əрең жеттім. Көзімді сипалай

қазір ғана өзім түскен тау басына қарап едім, бір ғажап көрініс
оттай басылды. Анау қалың қарағайдың арасынан шыға екі аң
бірін-бірі қуып келе жатыр екен. Жоқ, аң емес, бірақ солай деп
алғаш көз тастаған сəтте кім де болса ойлап қалар еді. Тас түйін

боп таудан төмен домалаған екеуді басқаша жору мүмкін емес.
Жасты көзімді екі-үш сүртіп барып қана аңғардам. Пальтосының
екі өңірі далақтап Ровель, оның артынан Ира пəрменінше құлди-
лап келеді. Мынандай еңісте тайып жығылып, мертігеміз-ау де-

ген екеуінің де ойында жоқ, ақ тозаңды бұрқыратып, аяқпен емес,
кеудемен сырғанағандай шапқан атқа жеткізгісіз жылдамдықпен
зымырайды. Мен алғашқыда олардың түрін көріп шошып, бір сəт
аңырап қаппын. Тек бар дүниені артқа тастап, құйындай ұшқан

Ровельдің мынау жылдамдығы мені сілкіп оятты. Олар жеткен-
ше тез машинаның алдыңғы жағына жайғаса қойдым. Ровель сол
ағынмен кеп, машинаның есігін аша жарты кеудесімен ішке қарай
лап берді. Мені жаншып кетердей өзеуреп:

– Алаукеш, сен қайда кетіп барасың? Əлі ерте ғой, – деді. Мен

үндегем жоқ. Ира да жетіп үлгірді. Ол Ровельдің сыртта қалған
қолын шынтағына іліп, өзіне қарай əлсіз күшпен тарта береді. Сыр
алдырмаудың қамымен маған сырттан дауыстап:

– Алаукеш, шынында да əлі ерте ғой. Жұрт тарағанда бір-ақ

қайтпайсың ба?  – дейді. Даусында өтінгендік бар. Бірақ менің
қалуымды емес, осы бетіммен кете баруымды, Ровельді өзіне
қалдыруымды өтінгендік. Шынтағына ілген Ровельдің қолын жі-
бермей өлетіндей жабысып алғанын бір жақ қырыммен-ақ байқап

тұрмын. Менің қалатын ойым жоқ. Оны Ровельге ашық айттым.
Ровель:

– Ендеше мен де кеттім, – деп, машинаның артқы есігін ашты. – Мен де кеттім, – деп Ира жандəрмен ұмтылды. Ровель оны алдымен кіргізіп жіберді. Қалаға жеткенше жарытып ештеңе айта алмадық. Алғашқыда, Ровель қарсы алдындағы маған қолын созып, бетімді сипағысы келді. Қыздырынған темірдей ыстық алақанын кері ысырып, еңкейіңкіреп отырдым. Қасындағы Ира қызғанар деп ойламай ма, Ровельдің осы қылықтары маған біртүрлі көріне бастады. «Жаңа бəрі бітті, енді қайтып көру жоқ шығар» деген басым қазіргі халімді де жұбаныш ете алмаймын. Бар жетіскенім, көз жасым тыйылды. Ал іштегі алай-түлей ылаңын тоқтатқан жоқ, жан жүрегімді одан сайын ойрандап барады. Пальтомның жағасымен аузымды бүркей, тас түйін болып, тарс етіп жарылып кетуден сақтанғанға ұқсаймын. Ара-тұра Ира ғана Ровельге бірдеме деп қыңсылап қояды. Оның да жағдайы онша емес, бода-бода боп отырғанын аңғарамын. Ровельде үн жоқ. Анда-санда пальтомның сыртынан саусақтарының ұшымен ғана сипап өтеді. Қала ішіне келгенде біздің мына жүрісімізден түк түсінбей, рөл ұстап мелшиген Маратқа: – Мен Шевченко-Дзержинский көшелерінің қиылысқан жерінде тұрамын. Соған жеткізіп тасташы, – дедім. Ол үндеген жоқ, солай қарай бұрылды. Үйдің тұсына кеп, Марат тормозды басқанда мен «Сау болыңыздар» демекші едім, үнім шықпай қалды. Есікті тарс жауып, суық түннің құшағына қарай жалт бердім. Аяз емес, бетімді жалын шарпығандай, денем қатты қалтырап кетті. «Бітті, бітті, енді оны қайтып көрмеймін» деп жаңа жұрттың думанын тастап шыққандағы алай-түлей сезім өзімді тағы жұлқа тартты. Көз жасым шарасынан асар көлдей боп, іркіліп қалса керек, тағы ақтарылды. Үйге жетіп құлау үшін көшені кесіп өте бергенімде жаңағылар кеткен жақта бір квартал төмен машинаның ысқырып барып кенеттен тоқтағанын құлағым шалды. Мынадай үнсіз түнде Мараттың машинасы екенін айқын сезгенім соншалық, Ровельдің өзімді жоқтап, шыңғырған жан даусындай құлағымды жарды. Қиялмен ғана іздеген асыл арманым соңымнан елес боп, осы кеште əзір айрылмай келе жатқанын түйсініп, қаралы жүрегім сол сəтте қуаныштан қарс айрыла жаздады. Көк зеңгір аспанда алмас қанатымен жарқылдаған сұңқардың бетін осымен үш рет өзіме қайырғаным есіме түсті. Содан да қуанышқа тым ерік бере қоймай, дүрсілдеген жүрегімді саябырлатқым келеді. Артыма көп қарағыштамай, аяғымды жеделдете бастым. Тарс-тұрс еткен аяқ дыбысы естілер ме екен деп үміттендім. О, ғажап! Шынында естілді. Мен неден

үміттенсем соның бəрі қара борандатып кеп, табанда орындала
қалатындай ертегіде ғана болатын қасиет басыма орнағанға ұқ-
сайды. Сол қасиет жоғалмай тұрғанда тағы бір ең басты қажетіме
жаратып үлгермек пейілмен мынау жүгіріп келе жатқан Ровель

болып шығып, мəңгі ажырамас құшағына орауын жалбарына ті-
ледім. Бұл да табанда орындала кеткендей.

– Алаукеш, Алаукеш, тоқта!  – деген дауыс қақ желкемнен

естілді. Сəл тəкаппарлықпен аздап жүре түспек едім, екі аяғым
ағаштай қатып, қозғалмай қалды. Өзіне бұрыла тоқтаған мені жер-
ден көтеріп əкетіп, құшағына қысты. Сəл де қарсылық жасамадым.
Бір квартал өтіп барып, өзіме қарай машинадан шыға жүгірген

Ровельдің қазіргі қимыл-əрекетінен мұның басына да мендегі от
боп лаулаған ынтазарлықтан бір ұшқын түсіп, лап ете қалғанын
байқаймын. Асқар таудай басалқалы адамның бұлайша сабыр-
дан айрылуы тегін емес.

Мұның соңынан Ира көрінбеді, Мараттың машинасымен ары
кете барды білем. Аяқ-қолым тірлік нышанынан айрылып, алғаш
рет жігіт құшағының лəззатын таттым.
Аязбен құрсанған жаңа жыл түні сұрапыл жалын боп шарпып,

сықырлаған қар қып-қызыл шоқтай жаман табанымды дызылдат-
ты. Осы оңаша сəтте ол бет-аузымнан сүймеген жер қалдырма-
ды. Сəл ес жиғасын бір төрт қабатты үлкен үйдің ауласына барып,
бір қарыс қар басқан орындықты тазалап жіберіп, таң атқанша

сонда отырып шықтық.
Қызбен сөйлесуде, оның іші-бауырын өзіне бұрып əкетуде та-
маша тəжірибесі барын бірден аңғардым. Бірақ мұны құр жылты-
рақ сөзшеңдікке қимадым. Əр сөзіне үлкен мағына беріп, оның

тасасында мен күдіктенерлік ештеме қалмасын деп, астарын аша
сөйлейді.

– Адам қаншама жеңіл жүрісті көрінгенмен онда өзіне тең дос,

көңіліне күншуақ түсірер дос іздеген көңіл қашан да болады. Міне,
сен ойлайсың, мынау Ровель сонау алыстағы Ленинградтан кел-
ген актер, кеше Ирамен болып еді, бүгін маған қарай жалт берді.
Ертең кімге қарай тайқып кетер екен дерсің. Жоқ, бұл жолы мен

ешқайда тайқымаймын. Өзің көкірегімнен қақпасаң мен сендікпін.
Сонда да тап осы сөздерінің тұсында бір қорқыныш көкірегіме
ұрлана кірді. Менің алдымда ант-су ішкен сөздерімен бұл шақ-
тың жарқ етер бір көріністей алдамшы сəт екенін ұқтырып тұр ма

деген ой келді. Енді ол не айтса соның бəрін ұғатынға ұқсаймын.
Шынында бұл сонау қиырдан келген өнер адамы, ұшарын жел,
қонарын сай біледі, қайда барса да мынау кескін-келбетімен, сөз
мəнерімен өзіне құлша табынатындарды тауып алады. Осыған

келгенде мен шынында, тағдырдың қатал соққысына ұшырағалы

тұрғанымды сездім. Сол сəтте-ақ Ровель алтын кездіктің ұшындай
жарқылдап келіп, жаныңды ауыртатын, менің «ет пен сүйектен
жаралған» кеудеммен еш бірікпейтін алыс жат қасиеттей көріне
бастады. Махаббат құшағына малынған бүгінгі жаңа жыл түнінде

аспандағы жұлдыздардан көмек сұрағандай осындай бөгде бір
күдікпен арпалысып шықтым.
Таң атқанша Ровельдің құшағында отырып, еш суықты сез-
бедім. Көп сөйлеген де жоқ. Ұлпа қарға малынған ағаштардың си-

дам бұтақтарын, үй қабырғаларын, айналаны тегіс қараңғылықтан
арылтып, жаңа жылдың күні де туып келе жатты. Ұзақ уақыт ма-
хаббат пен күдік араласып, мұнартып, жұмбақ халде көрінген дү-
ниеге жарық түскендей. Енді санам айқынырақ, бəрін жіті көзбен

аңғарсам деймін. Ровельдің түнде өзімді құшқан қасы-қабағы да
айқынырақ шалына бастады. Кеше ғана анау «Просвещенецтегі»
жаңа жыл дастарқаны жайылған залда аспандағы сұңқардай
жарқ-жұрқ етіп, адам қолы жетпестей алыс көрінген жанның өзімді

құшағына қысып, бүк түсіп отыруы ғажап түстей осы халіме сенгім
келмейді. Ұйқысыз өткен түннің өзімді манауратып алдамшы бір
көрініспен селт еткізгені секілді. Айналаны байқастап, денемді
қимылдатып, басымды сілкіп, санамды қаншама айқындатсам да

бұл түс болмай, өңімдегі өзім өксіп іздеген бар қызығымдай көзіме
оттай басыла береді.
Биік үйдің алдындағы тасжолмен ары-бері жүргендер көріне
бастады. Енді отыра берудің мəні жоқ, уақытша айрылысу сəті

туды. Ровель қонақүйдегі бөлмесінің нөмірін, телефонын беріп,
біздің үйдің де телефонын жазып алды. Түстен кейін ұйқымыз
қанғасын сол қонақүйде кездесетін болдық.
Үйге келдім. Əке-шешем, олар да жаңа жыл кешінен соңғы

тəтті ұйқының құшағында екен. Менің келгенімді дыбысымнан
біліп, оянғанмен қайда болғанымды сұрамады. Бұрын да осылай
түнделетіп жүргенімде қайда болдың деп тəптіштеп сұрай қал-
са жөндеп жауап бермейтінмін. Бүгін мерекеге орай мүлде есеп

беріп жарытпасымды іштері сезгесін бе, лəм демеді.
Беу. сол күнгі ұйқымның тəттісін-ай! Балбырап, саған төрт ша-
масында оянғанымда жақсы тыңайып қалыппын. Кешегінің бəрін
есіме түсіріп, аласұра бастап едім, шешем:

– Саған жаңа бір орыс жігіті телефон соқты ғой, ол кім? – деді.

– Ол не айтты?

– Не айтушы еді, сені сұрады.

– Сен не айттың?

– Ұйықтап жатыр дедім.

– Ол не айтты?

– Олай болса ұйқысын бұзбай-ақ қойыңыз деді. Сəлден кейін

тағы телефон соғармын деді. Ол екінші рет қонырау шалғанда сен əлі ұйықтап жатқансың. Ол ұйқыңды бұзбауды тағы да өтінді. Ол өтінбесе де сені оятайын деп тұрған мен жоқ. Соншама ілтипат білдіре сөйлегенін айтам. – Шешемнің көзінде өзінің жеңілтек қызына деген таңырқау бардай. Телефонмен білдірген ықыласына қарап, менің тап сол жігітпен жүруіме қарсы еместей. – Үшінші рет телефон шалған жоқ па? – Жоқ əлі. Тап мынау – Ровель. Басқа біреу болса, менің ұйқыма бүйтіп қабырғасы қайыспас еді ғой. Шынында солай екен, үшінші ретінде тұтқаны өзім көтердім. Ол жаңа жылдағы алғашқы ұйқымның қалай болғанын, көңіл күйімді сұрады. Мен нақ-нақ жауап беріп жатырмын. Ақыры ол жатқан қонақүйге тарттым. Ровель мен келе ме, жоқ па дегендей қатты алаң боп отыр екен. Есік тықылдатқанымда осы сəтті кірпік қақпай күткен адамның қимылымен есік ашып, ішке қарай мені көтеріп əкетті. Тағы да ұзаққа созылған үнсіз сүйіс. Бөлме ортасында құшақтасқан күйі қалшиып, қозғалмай қаламыз. Екі балтырым дызылдап, аяз ба, от па, əйтеуір бірдеме қарып бара жатқандай, тəлтіректей жаздап, өзімді Ровельдің кеудесіне сүйеп, əрең тұрмын. Сəлден соң мені үстел басына жайғастырып, шарап, тамақ бəрін əзірлеп, құрақ ұша бастады. Ровельдің қасы-қабағы, жанары қандай көркем болса, айтқан əңгімесі, əзіл сөздері де соншама ашық, түсінікті. Іші-бауырыңа дендеп еніп, күлкіден қанат бітіргендей өз-өзіңнен шалқи бастайсың. Мағыналы сөздің ара-арасында өткір əзіл тастаса ол баяндап отырған шындық күшті жарық ағыны шалғандай, ерекше сұлулықпен көз алдыңда жарқ етеді. Осы отырыста бізді мазалаған Ровельдің көрші бөлмедегі жолдастары ғана. Алғашқы біреуі əлденеге кіріп, мені көргесін таңтамаша болып, Ровельге күдік көзімен қарай бастады. Олар мұның кешегі жаңа жыл кешін тастай жөнелген қылығына əлі дұрыс мəн беріп үлгермесе керек. Мəселенің байыбын енді ғана ұққандай одан кейін кірген тағы бір-екеуі де маған бажырая қарасты. Сірə, Ровельдің тобы көп. Бірінен-бірі естіп, оның бөлмесінде ай мен күндей болып отырған мені көрмекке мұнда бас сұғып шығу үшін енді сылтау іздей бастады білем. Келесі келушілер мүлдем жиіледі. – Ровель, сіріңкең бар ма? Бұл қалтасын шарлап, оған сіріңке суырып бергенше, келіп тұрған жігіт менің түр-түсімді барлап шығады. Аларын алғасын да қипақтап бірден кете қоймай, бөлме қабырғасы мен шкафты көзімен тіміскілей айналшақтап тұрғанын байқаймын.

– Ровель, сенде тұз бар ма?

– Ровель, пышағыңды бере тұршы?

Есік əр ашылған сайын басқа біреуі көрінеді. Бұлардың қылығы
Ровельді де мезі ете бастады. Əрі-беріден соң:

– Бұл сендерге немене, жабдықтау бөлмесі ме? – деп, соңғы

келген жігітке қыр көрсете есікті тарс жапты. Маған бері бұрыл-
ғанда жүзінде ашуланған белгі жоқ, жайдары қалпына көлеңке
түспеген күйде қарсы алдыма келіп отырды. Енді ол достардың
мазалауы тыйылды. Ровель жарқырап, өзіме одан сайын ашыла

түсті. Өз басым соншама рақатқа да батып отырғам жоқ. Ровель
іші-бауырыма дендеп енген сайын бір күдік алып бара жатты.
Не ішіп, не жесем де бəрі кеудемнен көтеріліп, тамағыма жет-
кен сол күдікке тіреліп қалатын сияқты. Ары қарай зорлап жұта-

мын. Əлі де санам айқын, мен істің соңын ойлауды да ұмытқам
жоқ. Күз түсе алыстағы оңтүстік құрлықтарына қарай, қанат сер-
мейтін қайтқан құсты ұстап қалу мүмкін емес. Темір торға салсаң
ол адам айтқысыз зорлық болады. Мынау уақытша киноға түсуге

келген Ровель де көзіме сол қайтар құстай көрініп, қиялымда ер-
тегінің аппақ шаһарындай жарқыраған Ленинград бұл бармай қой-
майтын оңтүстіктің жылы құрылығындай шалынады. Тек уақыты
жетпегесін ғана бұл көз алдымда көл-көсір болып отырған сияқты.

Жеңіл күлкі, жеңіл жүріс үшін ғана басымды байлап беріп отырғам
жоқ қой, өмірлік мұрат үшін тайталасар шағым екенін түсінемін.
Мен қалай да істің басын ашып алуды ойладым.
Шарап қызуы бойыма тараған бір сəттік батылдығымды пайда-

ланып, жанымды жегідей жеген осы күдігімді ортаға салдым.

– Ровель, сен мені кешір. Білесің бе?.. Мені қинаған бір нəрсе

бар.

– Ол не, айтшы, айтшы, жаным. Мен үндей қоймап едім, ол

аяғыма жығылғандай жік-жапар болды.

– Айтшы, жаным, қинамашы мені.

– Кеудемде бір күдік бар. Ол тікенектей қадалып алды. Тіпті

кетер емес. Сен мені өзіңе тартқан сайын ол одан сайын қадалып,
жанымды қинап барады.

– Қандай күдік? Ашып айтшы, қандай күдік?

– Өзім де анық білем деп айта алмаймын. Əйтеуір біздің осы

жарастығымыздың өмірі ұзақ емес сияқты.
Осыны естігенде Ровель тез салбырап, мені қатты бауырына
басты да қайта өз орнына оңдалып отырды. Байқасам, жүзін-
де менің күдігімнен абыржу жоқ, қайта əлде бір ұнамды нəрсені

көргендей көңілі жайланған сияқты. Көздерінде, ернінде шаттық
сезімі ойнайды. Мені сəл салғыртып барып айтқан сөзі:

– Ондай күдіктің болуы заңды. Ата-ана өздері шын сүйген

жалғыз баласының өмірінен үнемі қауіптеніп отыратыны сияқты сен де мүмкін, өз кеудеңді жайлаған осынау үлкен сезімнің тағдырына шошына қарайтын шығарсың. Мұндайда қорыққанға қос көрінеді дегендей қауіп пен күдік адамға өзінен-өзі келе береді. Осыны айтты да, бір өткір əзіл тастады. Қандай əзіл екенін ұмытып қалыппын, əйтеуір ішек-сілемнің қатқаны əлі есімде. Сол күлкімен бірге іштегі күдігім де бірауық сейіліп кеткендей. Содан бастап біз Ровельмен күнде кездесіп тұратын болдық. Ол киноға түсуден бос уақытын түгелдей маған арнады. Ал Ираның не күйде екенін мүлдем білгем жоқ. Ровельдің бөлмесінде мен түнге қарай да болып жүрдім. Осы уақытта оның тамаша адамгершілік қасиетін əлдеқайда терең ұқтым. Сонау Медеуде «Просвещенец» демалыс үйіндегі жаңа жыл кешінде оның жарқ етіп көзімді тартқан асыл қасиеті, алмастай көркі тегін болмай шықты. Мен қателеспеген екем. Мен оны қалай сүйсем, ол да мені солай сүйіпті. Көздерінен жүрегімді елжіреткен байсалдылық, мен шарт сынып кетер əйнектей немесе ұстауын білмесең бояуы оңар, əрі кетер жаратылысы аса күрделі нəзік дүниеліктей көретін ерекше ылтипатын, ыждағаттылығын бірден байқағам. Қолда тұрғанда іске жаратып қалайын деген жанталасқан обырлық, қомағайлық мүлдем жоқ. Мынадай салалы қолдары, аршын төс, арыстан кеудесі көрген олжасын тарпа бас салып, ұмар-жұмар жемтікке айналдыру үшін емес, қайта бұл өмірде кең дүниеден көз сүзіп іздеген аяулы қадірлісін əлпештеп, күннің көзінен, желдің өтінен қорғаштап, мəпелеу үшін жаралғандай. Əрбір дене мүшесінің анау екі көздегі сыралғы досқа лайық мейірімге сай ғана əрекет ететінін, оның өрісінен ешқашан аттап баспасын айқын сезінемін. Ровельдің бұл тəртібінің шынайылығы, ақықтай ішкі ажары – мен сияқты шəлкес мінезді, анау-мынауды белден басып, қың демей жүре беретін тəкаппар қызды ғана емес, тумысында қорқақ, қоян жүрек жандардың қайқайсысын болмасын иландырар еді. Сөйтіп, олардың шын сезімге көзін ашар еді. Өз танығаным, ол маған өз өміріндегі үлкен қайталанбас құбылыстай қарады. Бір көріп тастай салатын жай əшейін дүниелік емес, бүкіл өміріне сəуле шашар, жоғалтпай қастерлеп ұстауға лайық асыл зат деп, ең алдымен маған қауіпсіз орын сайлап, анау-мынау қаққы-соққыдан аулақ болуымды қадағалаған сыңайы бар. Қонақүйдің оңаша бөлмесінде ақ жаймасы ашулы төсекте жартылай жалаңаш жатқан мен мынау көрген түстей ғажайып сезім толқынымен оның еш сұғанақ əрекетіне қарсы тұра алмас едім. Бірақ ол мені зорлап көндірмекке күш жұмсап, қол батырар емес, тек өне бойыма жүгірген жұмсақ алақанында мен өмір бойы сезіп, білмеген бір шарапат оты бар. Ол алақанды өз қолыммен

тартып, кеудеме қаттырақ батырсам деймін. Тек артық қимылды
өз бетімше жасағым келмеген ұяңдық, əзірге беті бүркеулі құмар-
лық іштен тынып, қозғалтпады.
Əзіргі əлпештеуін де мен артық көріп тұр деп ойлады білем, ол:

– Мен білемін, сен затың  – əйелсің. Сенің организміңе қай-

шы келетін ешқандай əрекетке бармаймын. Егер қазір болмай-
ды десең мен бірден түсінемін. Қыстайды деп ойлама. Бəрі өз
қолыңда, – деді.
Иə, бəрі менің қолымда еді. Мен бұған шындап сендім.

Ровель сыпсыңы көп достарының көзінен аулақ оңаша болу
үшін «Арман» кинотеатрының сыртында, бір кемпірдің үйіне пə-
терге шықты. Бұл екеуімізге де жайлырақ болды. Қыдырыстап ке-
летіндер болмау үшін Ровель жаңа мекен-жайын ешкімге айтпап-

ты да. Белі бүктелген, беті əжімнен айғыз-айғыз үй иесі кемпірдің
де бізге ешқандай зияны жоқ. Аядай тар бөлме мынау кең дү-
ниенің қауашақтай ғана бөлшегі болса да, мұхит айдынындай
бізді еркін əлдиледі.

Даладағы тырс еткен дыбысқа дейін естілетін мылқау тыныш-
тықта мен махаббаттың отына жандым. Бұл менің өмірімдегі ең
бақытты күндер еді. Басыма қиын-қыстау іс түскенде, жалғыздық
тақсіретін тартқанымда сол бір күндердің рухына табынғандай,

тым болмаса соның лебі желпіп өтер ме екен деп тілейтінмін. Ол
қайталанбас шақ қиялшыл басым ойлап табатын небір ғажайып
бақыт аралынан, небір қызық дəурен дейтіннің бəрінен асып тү-
суші еді.

Белі бүктелген, беті əжім-əжім орыс кемпір періште бейнесі де,
ол шаң қондырмай ұстайтын аядай бөлме бізге арналған жұмақ
төріндей. Оны тілмен суреттеу қиын да, бəлкім.
Сонымен не керек, Ровельдің жұмысында бір айлық үзіліс жа-

рияланды. Бұл уақытта ол мұнда қала алмайды. Ленинградқа ба-
рып келуі керек. Жұмыс бабы солай.
Менің қатты жүдеп кеткенімді байқапты шешем. Əрі сабаққа
қырсыздығымның да қаншалықты дəрежеге жеткенін көрмей жүр-

ген жоқ. Осы Ровельмен достасқан күндерде қанша лекцияға қа-
тыспадым екен, оны өзім де білмеймін. Ровель қашан да өзінің
жұмысынан, менің сабағымнан тыс уақытта ғана жолығуды ұсы-
натын. Оның жұмысына бөгесін жасар мен жоқ. Ал өз сабағыма

баруға құлқым болмай көбіне қолды бір-ақ сілтеп жүре беретінмін.
Ровель «сенің лекцияң бар емес пе?» деп сұраса түрлі сылтау
айта саламын. Шешем осы жағынан сыр тартып көріп еді, ерке
өскендігімнен бе, бетінен алдым. Сосын оның сұрағы тыйылды.

Жалпы, əкем де, шешем де менің басымда апай-топай не пəле
болып жатса, оны білуге жандарын салған емес. Мейлі көл-көсір

көз жасымды, шектен тыс қуанышымды көрсін, мұның мəнісі не
деп екеуі болып ортаға алып сұрағаны есімде жоқ. Бір үйде тұр-
ғанмен, туыстығы жоқ, сырт бақылаушым ғана сияқты. Кейде бұ-
лар өз бастарындағы ескілікті бір мəселесі шешілмей келе жатқан

жандарға ұқсайды. Былай ерлі-зайыпты адамдардай екеуара бір
шүйіркелескенін де көрмеймін.
Əкем жұмыстан үнемі көзі жұмылыңқырап манаурап қайта-
ды. Киімін іліп, залда мол денесімен шалқасынан жатады да ше-

шемнің тамаққа шақыруын күтеді. Мен үйде бармын ба, жоқпын
ба аңғармайды да. Оқитыны тек халықаралық жағдай туралы бас-
қа əдебиетті баланың ойыншығы санайды шамасы.
Шешем де əкемнің осы қалпына орай мінез қалыптастырған.

Сырттан кірген өз жұбайы екенін сезсе де, асүйден бері шықпай-
ды. Тек əлден уақытта ғана оған келіп, салқын үнмен «тамақ да-
йын болды» дейді.
Екеуі тамақ ішкенде қастарында шыдап отыру мен үшін үлкен

азап. Əкем тамақты қарпытып асап жегенде аузынан, мұрнынан
шығатын неше түрлі дыбыс мені қатты жирендіреді. Əрі жүрегінің
жұмысы да ауырлау ма, көкірегінен шығатын бір сырыл да жетіп
тұрады.

Шешем оған сəл қырын беріп сазарған қалпын бұзбайды.
Тамақ желініп болғанша екеуінен лəм деген бір сөз шықсайшы.
Мұндайда үшінші адамның желкесінен зіл қара тас басып жер-
мен жексен болатыны сөзсіз ғой. Сондықтан мен олардан үнемі

бөлек тамақтанамын.
Егер екеуі жазатайым тіл қатыса қалса, сөздері мына құралпы-
лас болып келеді.
Əкем:

– Сен Құлықбектердің үйімен хабарластың ба? (Құлықбек де-

гені бұлардың ескі досы).
Шешем:

– Өзің неге хабарласпайсың?

Əкем:

– Мен енді еркек басыммен солардың алдында басымды кіші-

рейтейін бе?
Шешем:

– Əйел екенмін деп, менің де кішірейе беретін жайым жоқ.

Əкем одан артық сөз жарыстыруды жөнсіз көреді де, жұмсақ
диванға гүрс етіп, мемлекеттер арасындағы саясаттың ұзақ-сонар
шиырына ілесіп кетеді. Құлықбекпен хабарласуға əкемнің өзінің
де құлқы жоқтай. Тек ендігі мынау ұзақ үнсіздік ортасында өзінің

тілі, құлағы орнында, қызмет істеуге жарамды екенін тексеріп алу
үшін ғана айтқаны сияқты.

Кей-кейде жоғарыдағыдай сөздерінен кейін менің басыма
келетін ой, бұлар жас кезінде де бір-бірін елжірей сүйген емес.
Əлдеқандай келісім-шартпен бас қосып, кейін екеуінің де күткені
болмай шыққасын, тоң-торыс халге ұшыраған сорлылар сияқты.

Біздің үйде қонақ сирек болады. Онда да келген кісілермен бұлар-
дың пəлендей жүрекжарды сөз айтысып, көңілді күлісіп, шүйір-
келескені есімде жоқ. Кеңседегі іс адамдарынша ғана мəселе
шешісіп, тарасатынға ұқсайды.

Мен осы өзім тұрған шаңырақ астындағы даладай аңыраған
суық тірліктен бойымды аулақ ұстауға тырысамын. Дүниеде қан-
дай жылылық бар десе, оны тек сырт өмірден іздеп дағдыланған-
мын. Бұған əке-шешем де өз мінез-құлықтарымен жөн сілтеп тұр-

ған сияқты. Егер ара-тұра шешем заты əйел, ана екенін сездіріп,
менің ішкі ісіме араласпақ пейіл білдірсе қазіргідей беттен алып,
шаң-шаң етіп ұрсып тастайтынмын. Бұған оның да еті үйренген.
Бұл дағды арамызда қазылған орды одан сайын ұлғайта түскен.

Менің жүдеп кеткенім туралы жаңағы сөздерінен кейін оңа-
шада отырып шеше сөзіне мəн бере айнадан өзімді-өзім мұқият
барласам, шынында бұрынғы балғын жүзімнің сеңі бұзылғандай
сүйек-сүйегім айқындалып қалыпты. Бұл ненің əсерінен деп, көп

ойланып жатқам жоқ. Өмірімдегі өзгеріс ағайын-туғанға сырым-
ды ашпасам да, өзіме аян ғой. Оның кескін-сымбатыма осынша
таңба саларын алдын ала ойламаппын. Бірақ өкінетін не бар?
Өмірдің бұлай кілт бұзылғанына дəн ризамын. Өзімді тынымсыз

толқында жүзіп жүргендей сезінемін. Құшаққа симас теңіз жалда-
ры кеудемді ыстық ұрып, аспанға лақтырады. Күнге жарқылда-
ған күміс тамшыдай мендегі сойқан сұлулық мұндайда айналаны
тегіс жадырата ма? Қалайда кең дүние мендегі көрік, мен түйсін-

ген бақыт шұғыласынан жарқырайтын сияқты.
Ленинградқа кетуінің өз басым үшін қандайлық қияметі бола-
рын бірден аңғара алғам жоқ. Тіпті Ровельдің бұл аттанысы тура-
лы ойға дұрыс мəн де бермедім білем. Ол мені бір ғұмырға жетер

қуаныш қызығымен суарып, тоқмейілсітіп тастағандай. Бұл аңға-
русыздығымды мен ең соңғы сəтте ғана табаныма шоқ басқандай
жүрегім шар етіп жылап, сезгендей болдым. Ровельді əуежайға
шығарып сап, оныңұшаққамінер сəтін тосып, ресторанда отырға-

нымызда мен ештеңені сезбедім. Тек ол баспалдақпен көтеріліп,
ақ шағала құстай əсем, алып лайнердің бүйіріндегі үңірейген есік-
ке ене бергенде ғана жан даусым шыға жаздады. Мынандай ай-
рылысуға алдын ала өзімді əзірлемегенімді сезіп, тұрған орным-

да құлап қала жаздадым. «Ровель, Ровель»  – деп жан дəрмен
қайта шақырайын десем, маңымда топырлаған халық ашық алаң-
ды қоршай, арандай боп аспанға шаншылған істіктей қара темірге

айғайлап, тіл бітіре алмаған əлсіздігіме сақ-сақ күлетінге ұқсай-
ды. Шынында, темір шарбақ, тұмсығын сыртқа бұра бастаған ақ
самұрық құс менің ендігі талпынысымды мүлдем түкке тұрғысыз
еткендей.

Қазіргі халім, басқалармен бірге өзімнің де жұдырықтай жү-
регі бар жан боп жаратылғанымды, мынау қатал дүние өмір за-
ңын ышқынған үнмен өзгерте алмасымды сезуім, бастан ұшқан
дəуірді көзбен ұзатып салған мынау əлсіздігім мені секунд сайын

жермен жексен етіп бара жатты.
Апыр-ау, бұл менің Ровельмен ақтық қоштасуым емес қой. Бір
айлық қана үзіліс емес пе, мұншама күрт кетуім қалай, əлде бір
жамандықты жүрегім сезе ме деп, бұл жағдайымның төркінін сəл-

ден соң ғана сарапқа сала бастадым. Мен ес білгелі пəленше жыл
өтіпті, соншама мерзімнің көзге шалынбас бір айы ғана ғой. Иə,
тап солай. Ровель алдады дейтін емес, оның бір айға Ленинградқа
баруы керек екенін қасындағы жолдастары да айтқан.

Олардың көбі осында қалды.
Сонымен қойшы,өзімді əрең жөнге келтірдім. Тек Ровель кет-
кеннен бастап, күн санап, сағат тілін бақылайтынды шығардым.
Олар өтпей жүрмей бір орында қатып қалатын сияқты.

Ерте заманның қарттары кеш түссе бір күнім өтті-ау деп зар-
лайды дегенді естігенім бар. Мынау ауыр мұң дүниесі болып ба-
сыма төнген бір айды солардың үлесіне берер ме еді деп қиял-
даймын. Ондай атты құдіретке қолым жетпесін сезіп, бір орында

қатып қалған уақытпен бірге жермен жексен бола түсемін.
Көшеге шықсам күнге жарқырап, ақ шаңқан тартқан зəулім үй-
лер, менің қасіретімді сезіп аяушылықпен басын игендей үнсіз
мүлгіген тал-қайың, ашық аспан  – бəрі қабырсыз дүниенің осы

қалпын көкірегіме шоқтай етіп басып, ес таппай жүріп кетемін.
Қайда барарымды өзім де білмеймін. Ровельмен бірге жүрген
жерлерді шарлағым келеді. Бірақ оның бəрін жүріп өтуге тауаным
жетпейтін сияқты. Ал аялдасам көкірегімдегі Ровельді жоқсынған

алапат сезім жанымды шоққа салып шырылдата бастайды.
Əлдеқалай Ровельдің бір əріптесін ұшыраттым. Оны бұрын
көргеніммен пəлендей араласқанымыз жоқ еді. Ол Ровельмен тек
жұмыс бабы бойынша ғана жолығатын, былай бір-бірімен шаруа-

сы жоқ адамдар сияқты болатын. Мына кездесуінде маған көптен
бергі сыралғы досындай қатты жылы ұшырап, асты-үстіме түсе
бастады. Бір жақ маңдайына түсірген кіп-кішкене кекілі мен қой
көздері ілтипатқа толы. Ровельге түрі ұқсамағанмен, маған қара-

сында оның көп қылықтарын қайталайтын сияқты.

– Алаукеш, сен Ровель кеткелі бері жүдеп кеттің ғой.

– Қайдам, жүдеген жоқ сияқтымын.

– Ровель екеуміз жақын доспыз. Екеуміздің ұлтымыз бөлек. Ол

орыс, мен қазақ болғанымен, солай, арамыздан қыл өтпейді деу
өз алдына, былай ет бауыр туыс сияқтымыз.

– Ровельдің барлық достары да оны сіз сияқты жақсы көре ме?

– Қалай деуге болады. Əрине, оның көзінше бəрі де жылты-

райды. Бірақ біразында қызғаныш та жоқ емес. Кинода білесің
бе, актерлік талант қана емес, адамның сыртқы пішініне де көп
мəн беріледі. Бұл жағынан келгенде Ровельдің теңдесін таба қою
қиын.

Кішкене кекілі бар қазақ жігіті мұнымен де шектелмей, Ровельдің
мен білмейтін көптеген жақсы қасиеттерін тізбелей бастады. Мен
бұл əңгімені сүйсіне тыңдаймын. Ровель туралы жақсы сөз менің
ендігі халімнің шипасы сияқты.

Тұла бойымды жылы ағын кернеді. Байқаймын, Ровель кеткелі
мені қинаған айрылысу азабы емес, қатты зерігуім екен. Мына
жігіт соны байқады білем, қолтығымнан ұстап көтеріп əкетердей
өз ырқына көндіре бастады. Мен қарсылықсыз ере бердім. Жоқ,

мұның ешқандай сөкеттігі жоқ деп ойладым. Апыр-ау, өзім сонша-
ма өзеуреген Ровель туралы көбірек біле түссем оның не айыбы
бар. Əрі өзімді қинаған азаптан құтылу үшін де осылай істедім.
Мүмкін басқаша да шығар, қалайда бұл қылығымды өзім солай

түсіндім.
Ол алғашқыда киноға шақырды. Сосын кейде біраз уақыт
сыртта отырып қалатынды шығардық. Құрық тимеген қыр асауы
анау-мынаудың парқына бара бермейді. Мен өзімнің Ровель ал-

дындағы жауапкершілігімді бір сəтке болса да ойлағам жоқ. Тіпті
ондай атты жауапкершіліктің болатыны менің басыма кіріп шық-
папты да. Мен тек əңгімеге еліккен болдым.
Кішкене кекілі бар қой көзді қазақ осы біраз күннің ішінде

Ровель туралы маған не айтпады десеңші. Бірде ол солтүстік жақ-
тағы қалың қар басқан орманда аюмен де арпалысыпты. Əрине,
жалғыз өзі ондай қатерлі аңды ала алмаған. Достары келіп үлгер-
генше тек қорғанып тұрыпты. Біле білгенге мұның өзі қандай ерлік

десеңші.
Ровель əрі қысты күнгі қырық градус аязда қалың мұзды өз қо-
лымен ойып, оның астындағы терең суға да түсе береді екен.
Əсіресе, мына жігіттің көп айтқаны актерлік жұмыстың қыр-

сырлары еді. Тіпті Ровельдің өзі бұл хақында көп шешілмепті.
Ұғуымша, Ровель тумысынан өнер үшін жаратылған екен.
Мен енді кекілді жігітті біртүрлі жақсы көрдім. Əрине, Ровель
үшін. Маған ол осы бір ғажап жанның көптеген қасиеттерін ашып

берді ғой. Мен енді онымен сол Ровельмен бірге болған жерлер-
мен жүре бастадым.

Сірə, мен сияқты жеңілтек қыз үшін бір ай деген аз уақыт болмаса керек. Бірде əлгі белі бүктелген, беті əжім-əжім орыс кемпірінің үйінің тұсына келіп қалыппыз. Ешқандай кəдік көрмей-ақ: – Біз Ровель екеуміз, мына үйде жатқамыз,  – дедім. Кекілді жігіт мен нұсқаған үйді сыртынан барлап біраз тұрды. Сосын қой көздеріне барынша мейірім жиып: – Кірсек қайтеді? – деді. – Қой, ұят қой, не бар онда? – Солай десем де, Ровель екеумізге жылы ұя болған сол аядай бөлмені сағынғанымды сездім. Əрі кекілді жігіттің ұсынысынан мен ешқандай бөгде ойды сезгем жоқ. Оны Ровельге жанашыр дос деп түйдім. Əйтпесе, осы күндердің ішінде Ровель туралы соншама ілтипатты сөздерді шығын етер ме еді деймін. Сонда да алғашқы күні кемпірдің үйіне кіргеміз жоқ. Келесі кездесуімізде кекілді жігіт мені өзі солай бастап жүрді. Тағы да сол үйдің тұсына келгенде жігіт «кірсек қайтеді» деп аса инабатты түрде қолқа салды. Мұның ар жағынан ешқандай кесепатты аңғармай, апыр-ау, соншама неге керги беремін, мұнда тұрған не бар деген түйсік жеңіп шықты мені. Сөйтіп көзіме керемет жылы ұшыраған аулаға қарай бұрылдым. Кемпір мені байқап, қасымдағы жігітті Ровель деп ойлап, оған түстеп қарамаса керек, қың деместен баяғы біз жатқан бөлменің есігін ашып берді. Ол мені арсыздықпен иемденді... Мен өлі балықтай тұяқ серіппедім. Қайтып келген жоқпыз. Бұдан кейін жаңағы жігітті де сирек көрдім. Ол келеді де, анау-мынауды сылтау етіп тайып тұрды. Ровельдің келетін уақыты болды. Мен анау-мынаумен алданып жүріп, оны пəлендей сағына да алмағам ба, əйтеуір, оған деген жүрегімде бір түйткіл бардай лапылдап жана қоймадым. Телеграмма келгесін, əуежайға барып қарсы алғанымда ол мені баурына қатты қысты. Сол шақта ғана оған деген мендегі ынтызарлық сойқан күшпен қайта оянды. Бірақ бұл ынтызарлығым əлдебір кесепатқа ұшырғандай оған кесекөлденең тұра берген тағы бірдемені байқаймын. Бірде ол кішкене кекілі оң жақ маңдайына қайрылған қазақ жігіті боп елестейді. Оның қолында қанжар бар, сонысын көлденең қойса, Ровель мені кеудесіне қысқан сайын оның өткір жүзі кеудеме кіріп бара жатады. Ровельге мұңымды шығып, зар жылағым келеді. Бірақ қалай дауыс шығарайын, мұның не десе аузымда айтар сөзім жоқ қой. Ол қонақүйге орналасты. Кемпірдің үйіне екі-үш күннен соң ғана бармақшымыз. Алған нөмірі жақсы жиһаз қойылған тамаша бөлме екен. Кешке қарай оның құшағында жатып, шыдамымның жеткен жері осы

болса керек, ағыл-тегіл жыладым. Ровель алғашқыда өзі шошып
қалды.

– Саған не болды? Айтшы, Алуакеш... Біреу жаныңа тиді ме?

Не болды?
Аузым икемге келмей, солқ-солқ етіп, одан сайын еңіреймін.
Ровель мені жас балаша алдына алып, əлдилеп, əбден жік-жапар
болды. Енді кішкене кекілі бар қазақ жігітін бауырымнан жүгіріп

өтіп, уытын қалдырған сары шаяндай көре бастадым. Тіл қатсам,
сұмдық шындық аузымнан шығып кетердей екі ернімді бір-біріне
жапсырып, мұрныммен ыңылдап əн салғандай жылаймын. Маған
ненің салқыны тигенін біле алмай Ровельдің де зықысы шықты

білем, ақырында маған қатаңырақ сөйлеп, ұрса бастады.

– Алаукеш, сен де осындай ма едің? Əлде маған опасыздық

жасап, сол жаныңа батып жатыр ма? – деп сап еткізді. – Тіпті ұға
алмай қойдым ғой. Бұл не жылауың?
Неде болса тап осы тұста дүр сілкіндім. Ровель үстіме суық су
құйып жібергендей. Жылауым да қалт үзіліп, сыр алдыруға шақ

қалып едім. Санам айқындалып, енді не істеуім керек деп, қас
қаққандай сəт ойланғанымда есіме түскені ештеме болмағандай,
Ровель сөзіне мəн бермегендей жылай беруім керек. Тамағымды
күшпен қырнап, үзіліп қалған даусымды қайта жалғап ыңылда-

дым. Соңғы əуенім басқашалау естілгенмен өкпемдегі ауаны қат-
тырақ сығымдап, зорайта түскім келеді.
Байқаймын, маған ес кіре бастады. Құр жылау аяқсыз кете бер-
мейді. Қайтсе де мұны тиянақтайтын бір кез тауды. Сонда Ровельге

бір сөз айтуым керек. Тым болмаса осы жылау үстінде бұл мінезі-
ме қандай мəн-мағына беріп сөйлеуім керек, соны шешіп алмаққа
əрекеттендім. Енді даусым жарықшақтана шығады. Басымды сол
оймен қатты шаққаныма байланысты болса керек.

Көктен əлдене кеп үн қатқандай сөздің бір ыңғайы аузыма
оралды.

– Ровель, сен мені енді тастап кете көрмеші. Сен кеткелі менің

көрген күнімнің не болғанын білсең ғой. Бір ай дегенің мен үшін
бір ай отқа жанғаннан да артық азап болды. Басымды тауға да,
тасқа да ұрдым. Тіпті шыдай алмадым. Көшеде біреу келе жатса
көзіме сен болып көрінеді. Үйде телефон шылдырласа, не есіктің

қоңырауы шыр етсе сен екен деп ес-түсім қалмай ұмтыламын.
Бірақ бəрінде де көңілім су сепкендей басыла берді. Сенің əзір
келмейтініңді біле тұра сағат сайын, минут сайын алаң боламын
да отырамын. Тіпті сенесің бе, кейде сағынып, сарғайған шақ-

тарымда сен сол Ленинградқа біржола кеткен сияқтанасың да
тұрасың. Қайтып көрісу жоқ шығар деген қауіпті ойлағанда, мен
үшін мына дүние қараң қалғандай балконнан секіруді ойлаймын.

Сондай бір шақтарда морт кетіп, бір сəттік ессіздікпен өмірімді
үзіп ала жаздадым. Күні-түні өзімді қылыштың жүзінде тұрғандай
сезінемін. Айнала күңгірт тартып, көзім қарауытады. Өмірімдегі
жалғыз шамшырақ – сен мені адастырып кетіп, енді қайтып жүрер

жолымды көре алмайтын соқырға айналдым ба деймін. Мен де-
генде дүниенің де құлағы тарс бекітіліп қалған сияқты. Аһ ұрған-
дағы күрсінісім, тіпті ащы айғайым ешкімге естілетін емес. Тіпті
елең етер біреу табылсашы. Сені анада ұшаққа мінгізгенімде аэ-

родром алаңын қоршаған қап-қара істік темірлер мені бақытты
өмірден айырып, оған қайтып қолымды жеткізбеу үшін тізіліп тұра
қалғандай жүрегімді шошытты. Менің осы халімді ешкім байқағы-
сы да келмейді. Бəрі жөн-жөнімен кетіп барады. Тіпті, аспандағы

күнге дейін менен бетін аулақ салған сияқты. Ровель, жаным, мені
енді тастап кете көрмеші, тастап кете көрмеші. Егер айрылысу
азабына тағы душар болсам, мен оны көтере алмаймын, бірде-
меге ұшырап кетуім оп-оңай. Ровель, жаным!

Ол мені əрең тоқтатты. Тереңімнен суырылған осынау толға-
нысты сөздерді айту маған қиынға соққан жоқ. Шынында бұл сөз-
дерім кекілді қазақ жігітіне жолыққанға дейінгі халімді анық бей-
нелейтін еді. Содан болар, Ровель маған қатты сенді. Екі тізесіне

отырғызып, ыңылдап, маған бесік жырын айтқан сияқты. Өзіме-
өзім келгенге ұқсаймын. Қалайда Ровельге солай көрінгім келеді.
Тек жаңағы айтқаным тұнығы лайланбаған көңілімнен шықпады-
ау деген арман ішімдегі ала күшіктей тықыршыта береді. Қалай

да Ровельден таза еместігімді жасыра алмаған дəрменсіздігімнің
азабын шектім, білем. Сол азап белгісін танытпау үшін ғана қиғы-
лық сала бергім келеді.
Ақыры бұған да шек қоюға тура келді. Мен Ровель құшағында

күдік пен үрей түнін өткіздім.
Келісім бойынша ертеңіне кешкі сағат бестерде мен тағы
келдім.
Бөлмеге кірген бетте өзім көптен күдіктенген бəлекеттің қарсы

алып тұрғанын көрдім. Ол бəлекет Ровельдің қасы- қабағында жа-
зулы тұр еді. Мені көргенде ол əдеттегідей маған қарай жүрмеді.
Екі қолын салбыратып, тұла бойында жігер жоқ, дүниенің бəрінен
тұлдыр қалған адамша салы суға кетіп тұр екен. Көздерінде бұ-

рынғы от сəулесі жоқ, менің бет құбылысыма «енді қайтер екен»
деп сығалай қарасында көкірегімді табанда тіліп түсер бөлек пи-
ғыл бар. Мен осы сұмдық халін бірден байқасам да, өз бақытым
үшін ақырына дейін шыдамдылықпен айқасып бақпақ болдым.

Ештеме байқамағандай қасына өзім барып, екі алақанымды
кеудесіне қойдым. Осы əрекетіме жауап ретінде ол еш ишарат
білдірмеді. Көзіне тура қарағанымда өкініш табын қоса байқадым.

– Ровель, қалың қалай? – деп, сөзбен мазалай бастағанымда ғана екі білегімді қабат ұстап, мені сəл шегіндірді. Арамызда ашық кеңістік қалды. – Саған не болған? – деп, түйдек ашудың маған да келгенін сездім. Егер ол мені қинаған жəйтті тап басып айтар болса тарс жарылғалы тұрғанымды аңғардым. От тисе оқ-дəріше атылатын мінезіме ие болмасым анық. Күдік пен қауіптің жүйкемді жұқартуынан шығар. Өзі де солай болды. Ровельдің алғашқы айтқан сөзі: – Ана кемпірдің үйіне мен жоқта кімді ертіп бардың? – Қашан? Қайдағы жігіт? Бұлай деп саған кім көкіп жүр? Ровель қозғалған жоқ. Тек көзқарасы қоюлай түскенге ұқсайды. – Кім айтқанда шаруаң қанша? Онан да кіммен бардың, соныңды айт. – Ровель! – Менің ащы үнім шықты. – Сен осындай ма едің? Тым болмаса айтып өлтірші, бұлай деп саған сықпыртып жүрген қай досың? – Қай досым екенін өзім де білмеймін. Айтқан Ира, шауып алсаң? Мына есімді естігенде есімнен тана жаздадым. Ира, менің тамаша Ирам, саған жасаған қиянатым үшін, өзіңді қаншама рет қинала есіме алып едім. Енді мынадай сұмдықты менің алдыма тартқаның ба? Ау, мұндайлық та өнерің барын білмеп едім. Енді менен кек алу үшін қандай адам болып тұрсың? Сəл ес жиған болып, Ровельге: – Сол Ираның сөзіне сеніп жүрсің бе? Сені өзінен тартып əкеткенім үшін, қаны қарайып, маған зұлымдық істемек əрекеті ғой. Соны неге аңғармайсың? – Оған қапаланбай-ақ қой. Мен бəрін де аңғарамын. Ира қанша зұлымдық еткісі келсе де, сені басқа бір жігіттің қанжығасына байлап беріп, соған иліктіруге шамасы келмес, егер өзің жақсы болсаң. – Сен қалай сөйлеп барасың? Оның айтқаны шылғи өтірік деп тұрмын ғой. – Гəп сонда, бұл мəселе өтірік болмай шықты, – деді Ровель іркілместен. Манаурай қарағанда жүзінде əлі де ұстамдылық басым. – Қалай өтірік болмай шықты? Анық-қанығын тексердің бе? – Істің ақырына тез жетейікші деп жалбарынғандай, үнімнен бір жарықшақ байқалды, даусым қарлыққанға ұқсайды. – Тексердім. Кемпірдің үйіне барып едім, ол əнеугүні түнегендерің үшін ақша неге төлемей кеттіңдер деп өзіме кейіді. Ертіп барған жігітіңді мен деп ойласа керек. Оған не дейін? Тиесілі ақшасын бердім. Міне, тап осы жерде маған біткен ашу желке жүні күдірейген

жыртқыш аңдай ойнақтап шыға келді. Өзіме-өзім ие болудан бір-
жола кеттім, енді ешкімге қайыру бермесім анық.

– Сен мені, сондай деп ойлайды екенсің ғой. Солай деп ойлай-

ды екенсің ғой. Мен білмеппін. Мə, саған? Бұрқан-талқан болып
ең алдымен үстелде тұрған минералды су құмырасын сервант-
қа қарай жіберіп қалдым. Салдыр-гүлдір еткен əйнек дүние тарс
жарылып, оның қайтып оңалмасын аян еткендей. Құмырадан соң

стақан кетті. Оның да бүлігі аз болған жоқ. Қалғанын жұдырық-
пен қиратпақ болып, серванттың жақтауларында ілігіп қалған əй-
нек сынықтарын ұшырып түсіре бастадым. Егер осы бүлігім үшін
Ровель мені сойып салса маған көп жеңілдік болар еді. Бірақ ол

өйтпеді. Тұрған орнында қалшиып қозғалмады.

– Мə, саған, мə, саған! Мені кім деп жүрсің? Кіммен шатыс-

тырасың. Қолымды əйнек кесіп, қан судай ақты. білем. Əйнекті
тауысып болып, серванттың ағашына ауыз салдым.
Оны парша-парша етіп, тіспен кеміріп жіберуге шамам келе
қоймағасын, бөлменің ортасына, еденге отыра қалып бар дау-

сыммен жыладым.
Ровель мені алғашында жұбатпады да. Сəлден соң бөлмені
тым даңғаза етіп бара жатқасын ба мен кіргелі алғаш рет қозға-
лып, қасыма тізе бүкті. Құшағына қысып еді, мен бірден көндіге

қоймадым. Құлағыма сыбырлағандай байсалды үнмен:

– Алаукеш, осыншама шала бүлінетін не бар? Мүмкін, сен

кінəлі емес шығарсың? Жаныңды ауыртқаным үшін кешірім
сұ­раймын, – деді.
Ол тағы кеш бойы мені жұбатумен болды. Бірақ түнге қарай
оның қасында қала алмайтын сияқтымын. Ол да мені төсекке қа-

рай тартып, пейіл білдіріп тұрған жоқ. Ақыры мен көз жасымды
аз-кем тиып, шығуға ыңғайланғанымда екеуміз де үнсіз болдық.
Табалдырықтан аттап, есікті тарс жапқанымда осыншама аз ғұ-
мырда сүйініш пен күйініш толқынына батырған жалғыз адамды

біржола тастап шыққандай басым айналып, көзім қарауытты.
Тəлтіректеп, дәлізде құлап қала жаздап, мас адамша қабырға-
ларды сипалай сыртқы есікке əрең жеттім.
Ровель де, мен де бір-бірімізге ыстық-суығымыздың біржола

басылғанын ұққандаймыз. Əйтпесе, тап қазіргі айрылысуымызда
мұншама салқынқанды болар ма едік. Менікі өз күнəмді амалсыз
мойындап, көз жасым мен ашуым сарқылып, ұят жеңіп шыққан-
дағы қол-аяғымды қайда қоярға білмей тығырыққа қамалуым шы-

ғар. Ровельдікі менен көңлі қалған, маған деген үлкен сезім енді
дертке айналып, қанаты қайрылған шақтағы дəрменсіздік, шама-
сы. Мүмкін, буын-буыны икемге келмей бір сəт сал болғаны ма?
Мені өз бақытымнан айрылуымнан гөрі, Ровельді отқа

жыққа­ным қинайды. Маған деген сүйіспеншілігінің оңай-оспақ
нəрсе емес екенін баяғыда-ақ ұққанмын. Енді міне, жүрегінен
қара қан аққандай. Бұрынғы Ровель жоқ.
Үйге келдім. Тағы сол жылау. Əке-шешем менен ешқандай жауап

ала алмады. Шолжаң өскен қызының қандай қасірет шегіп жатқа-
нын мен қанша өкіргенмен олар болжап білмек емес. Оңай-оспақ
бірдемеден беті қайтқасын басына құрық тимеген еркелігіне басып,
қиғылық салғаны шығар деп ойлай ма, əйтеуір, көп жұбата қойма-

ды. Қайта шиыршық ата түс, ең ғұрмаса осы бойжеткен шағыңда
саған қаталырақ болайық, өмірді түсінгеніңе жақсы дегені сияқты.
Алматыдағы ең бір көрнекті қызмет иесі, ауқатты отбасы, ха-
лықаралық жағдайға байланысты əдебиетті ғана оқитын əкем,

соның ыңғайына қарай қалыптасқан шешем де, тап осы кімнің де
қол ұшын беруін керек етіп, қылғырған шағымда үйреншікті дағ-
дыларына басып, селт етпеді.
Бəрібір біздің ақылымызды тыңдап жатқан жоқсың, өз ақыл-

ойыңмен, қайрат-жігеріңмен тіршілік ет деп, мені тағдыр тəлкегіне
салғаны ма? Қалайда əке-шешемнің осы бейтарап мінездерін бұл
жолы ерекше сездім. Айтпақшы, мен тап осылай болып жүрген
күндердің бірінде біздің үйге əлгі Құлықбек деген ескі досы зайы-

бымен келді. Бірақ араларында пəлендей шүйіркелесу болған
жоқ. Залда ішмдік пен тамақтың неше түрі самсаған үстел басын-
да тым салқын отырысты. Ішіп-жеп жарытқандары да шамалы.
Тек əлдебір мəселенің шегіне жете алмай делсалдыққа ұшыраған

күймен бəрі қызмет орындағы ресми əңгімеге ұқсайды.
Құлықбектің зайыбы мен менің шешем асүйге кеткенде де жер
ортаға келген екі ер адам өздерінің осы оңашалығынан да көңіл
көтерерліктей ілік таппады. Сол бір салқын ресми қалыптарынан

аумады.
Мен шешемнің Құлықбектің зайыбымен асүйде біраз отырып,
бері шыққанда көзінің қызарып кеткенін байқадым. Əлдебір мұ-
ңын шағып, көңлі босағанға ұқсайды. Апыр-ау, бұларды осындай-

да да соншама толғандырып, ал жайшылықта оқтау жұтқандай
кекірейтіп қойған не деп, аз-кем дағдардым, білем.
Қоштасарда шешем:

– Келіп тұрсаңыздаршы, – деді. Құлықбектің зайыбы:

– Ау, өздеріңіз де үйді білесіздер ғой, – деді.

Бұл сөздерінде де пəлендей жылылық жоқ, айту, білдіру па-
рыз – бер жақтарындағы ғана лебіздері сияқты. Өздері осындай
адамдардан не қайыр деп артынан қортынды жасағаным да бар.
Мен кеткеннің ертеңіне не Ровель телефон соқпады, не өзім

бармадым. Ішім алай-түлей, аздап басым ауырды. Осылай
хабарсыз өткен бір жұмадан соң ғана Ровель біздің үймен

хабарласыпты. Мен жоқ едім, шешемнен Ровель телефон шалды деп айта салуын өтініпті. Осы хабарды есітісімен дүр сілкініп едім. Тез хабарласа қоюға телефон нөмірін білмедім. Əйтсе де мен білетін Ровель болса бүйтіп, бұл хабарласуын аяқсыз қалдырмас деп, үйден шықпадым. Ойлағандай-ақ телефон шыр етті. Ровель «татуласайық» деп мені нөміріне шақырды. Жан ұшырып келгенімде ол баяғысынша табалдырықтан көтеріп алды. Сөйтіп тағы қауыштық. Ол əнеугүнгі мен талқандаған сервант əйнегі үшін қанша төлегенін мəз-мейрам болып айтты. Осы күндерде ойлаймын, баяғы қой көзді кішкене кекілі бар қазақ жігіті оңашада ұшыраса кетсе бассалып түтіп жер едім. Оны менен тірі күйінде жан баласы арашалап ала алмас еді. Бірақ ондай атты күн кезікпеді. Ровельмен қайта қауышуым да ұзаққа бармады. Оның қараптан-қарап рухы түсе беретін болды. Кейде қолындағы рюмкасын, не шанышқысын жерге түсіріп ала жаздап, көзінің ағы молайып, маған қарағанда тап қазір шамасы келсе тарс жарылып жоқ болып кетуге əзір екенін байқаймын. Соңғы кезде маған ақыл кіре бастаса керек. Ровельдің осы халінің төркінін танысам да, мəн бермей байсалды болуға тырыстым. Амал не, мұның көмегі болмады. Бірде Ровель оңаша отырғанымызда арақты əдейі басыңқырап ішіп, батылданып алды да менің алдымда ағынан жарылып еңіремесі бар ма? – Алаукеш, түсінші мені, сені қанша сүйсем де əлденеден жабырқап, құлази беремін. Кеудемде жігер жоқ, жалын жоқ, бəрін əлдене сипап кеткендей үгітіліп түсуге дайын тұрамын. Мені кешірші, кешірші, өзімді-өзім қанша зорласам да ұмыта алмай қойдым. Бəрі тамағыма тіреліп, көз алдымда елестегендей болып, маза берер емес. Кешірші, мынауымыздан ешнəрсе шықпайды. Басым айналып, көзім қарауытқандай бір сəт ессіздіктен соң күш жиып, орнымнан тұрып жүре бердім. Енді сирек жылайтын болғам. Бірнеше күн хабарсыз болып, мені тағы шақырды. Ол десе менде не жан қалатын еді! Басымда қанша ой сапырылысқанмен бəрін ысырып, суық теңіздің толқынын жарғандай кеудемді күшпен, жігермен сірестіріп тағы келдім. Бұл қауышуымыз да келте болды. Ровель мені қимай бəрін ұмытқысы келсе де, оған шамасы келмей күрт кете берді. Мұнысына мен сұмдық долылықпен жауап беремін. Үстел үстіндегі ыдыстарын лақтырып жіберердей болып, өзіне шаптыға, біраз сөздерді айтамын да тайып тұрамын. Ақыры Ровель мен армандаған əрекетке өзі барыпты. Ол əлгі кішкене кекілді қазақ жігітін ұрып жығып, он бес тəулікке қамалды. Көп ұзамай жұмысынан да аластатылып, Ленинградына кетіп тынды.

Иə, шынайы махаббат отына алғаш рет күйіп-жануым туралы
əңгімемді біреуге айтар болсам, осымен тамамдауға да болар
еді. Бірақ айтар сөз тағы бар.
Ол Ленинградқа біржола кеткесін де біз телефонмен хабарла-

сып тұрдық. Бірде əлдеқандай көп адам жиналған кештен ора-
лып, ойыма көп нəрсе түсіп, мас күйімде телефон арқылы сөйле-
суге тапсырыс бердім. Бұл көп күттірген жоқ. Бір сағат өтпей-ақ
екеуміз бір-біріміздің даусымызды естідік. Мен жылап отырып,

өзімнің қиын халде екенімді, тез келуін өтіндім. Ол да мені қатты
сағынған үнмен келемін деп уəде берді.
Екі күн өткесін біз сол орталық мейманхана нөмірінде кез-
дестік. Алайда Ровель маған деген көзқарасы жөнінде əлдене- нің

салқыны тиген адамға ұқсайды. Алғашқы кездесу минуттары- мыз
қаншама ыстық болса, арты сонша тас кесек мұзға айналды.
Ол осы келісінде көп болған жоқ, үш күннен соң аттанып кетті.
Бір жыл бойы тек телефонмен хабарласушы едік. Кейін бұл

да мəн-мағынасын жоғалта бастады. Телефон арқылы əңгіме
екеуімізге өмірдегі жалғыз жұбаныштай көрініп еді. Байқасам,
Ровель бұған да сүлесоқ сияқты.
Екі жылдай уақыт өткенде Ровельді бір көріп қайтпаққа аңса-

рым ауды. Ол не күйде?! Мейлі тағдыр бізді алшақ етсе де, оны-
мен бір жүздесудің ешқандай айыбы жоқ. Мүмкін, оның басына
бөгде бір қасірет жабысқан шығар, менің көмегім керек болар.
Ондай атты күнде менің аянуым адамшылыққа жатпайды. Бұл са-

парымды өзіме-өзім осылай түсіндіріп, Ровельді сүйген жүрегімнің
əлегін есепке алмаған адамға ұқсаймын. Аттанар шақта оған те-
лефонмен хабарласып, қарсы ал деген едім. Ол қуана құптаған.
Ұшақтан түскенімде əуежайда жоқ болып шықты.

Əрбір тасы тарих ізіндей тамаша қала өзінің көл-көсір сұрапыл
бейнесімен көңілімді алаң етіп, қапалануға мұрша бермеді. Сонда
да қала тамашалауға əзір зауқым жоқ, ең алдымен Ровельді
тауып алуым керек еді.

Телефонмен де, мекен-жайы бойынша да іздедім, Ровель
ұшты-күйлі жоқ. Есігі тарс жабылған, ешкім дыбыс бермейді.
Көршілер үйінде сирек түнейтінін айтты. Ешбір қонақүйде орын
жоқ, түн болса вокзалда ұйықтап, күндіз оның пəтерінің алдында

басқышта отырумен болдым. Бір келер деп үміттендім. Ақыры ол
келді. Астыңғы қабаттан шашы жалбырап, қабырғаға сүйеніп бі-
реу көтеріліп келе жатты. Мас екенін бірден сездім. Бөгде біреу
деп ойлағам. Байқасам Ровель. Өңі адам танымастай өзгерген.

Тура тұсыма келгенде де маған түстеп қарамай, қалтыраған қо-
лымен есіктің құлпын ашып жатты.

– Ровель! – дегенімде ғана ол жалт қарап, талып түсе жаздады.

– Алаукеш, Алаукеш, бұл сенбісің? Мені сенен басқа кім іздеп ке-

луші еді, жаным, махаббатым менің, – деп құшағына қысып жатыр.
Бөлмесіне кіргенде ол жынынан айрылған бақсыдай тағы да
бұзыла қалды. Маған:

– Отыр! – деп бұйыра сөйлеп, қаңыраған бөлмесінің төрт бұ-

рышынан көздері тұрақ таппай, түбі кесіліп, енді-енді құлағалы
тұрған діңгек ағаштай қалт-қалт ете бастады.
Аядай бөлмеде темір төсек пен жалғыз үстелден басқа түк жоқ.
Қолқаны қабатын жаман иіс бар. Бұрыш-бұрышта түрлі шарап

пен тройной одеколонның бос шынылары бір-бірінің бүйіріне бас
сұққандай айқасып жатыр. «Апыр-ау, аналары несі, бұл шарапты
ішіп, артынан одеколонды төбесіне құятын болғаны ма?»
Сол шақта қиялым жүйткіп, сонау Алматыда Ровельмен ал-

ғаш ұшырасқан Медеудегі жаңа жыл түнін есіме алдым. Сондағы
алмастың жүзіндей жарқылдап, жүрегімді кескілеген Ровель бей-
несін қайта табар ма едім деп қанша үміттенсем де мынау көз
алдымдағы қалт-құлт еткен жан анау босаған шынылардай оның

босаған қалдығы ғана сияқты. Бұрынғы Ровель жоқ.
Бірақ мен ешнəрсеге мəн бермеуге тырыстым. Жер аяғы
құрдымнан кеп тұрғасын қалай да мұнымен ақыр аяғына дейін
түсінісіп кетуім керек қой.

– Ровель, сен мені неге қарсы алмадың? Əнеугүні телефонмен

сөйлескенде солай келісіп едік қой?

– Оһ, Алаукеш, мен ұмытып кетіппін. Сол өзіңмен сөйлескен

күні жолдастарыммен кетіп едім, міне, келіп тұрғаным қазір.

– Ровель, саған енді арақ ішуге болмайтын шығар. Тіпті түрің

өзгеріп кетіпті ғой.

– Иə, арақ ішуге болмайды, – деді ол жұлып алғандай. Көздері

ажырайып, шалқасынан түсердей екі иығымен теңселе баста-
ды. – Иə, арақ ішуге болмайды. Мұны жұрттың бəрі айтады. Бірақ,
сол арақты немен алмастыруға болады? Өмірдегі қызықпен бе?
Махаббатпен бе? Аһ, адал махаббат болсашы? Бірақ оған қолым

жетпей қойды ғой.
Мойны сылқ етіп, басы салбырап қалды. Жүрегім қысылды.
Маңдайымнан шып-шып тер шығып, əлдене алқымымнан алған-
дай тынысым тарыла бастады. Шіркін-ай, сол жерде мені біреу қы-

лышпен маңдайымнан қақ айырса, өлім азабы мынау қорлықтан
əлдеқайда жеңіл тиер еді. Олай етер кім бар? Сезім соққысына
қарсы тұрудан аз-кем тəжірибе жинақтауымнан ба, жоқ Ровельдің
мынадай халі тұсында өзімді-өзім ұстайын деген ниетімнен бе,

əйтеуір, жаңағы жерде міз бақпай шыдап бердім.
Ровель маған қайтып орындық ұсынған да жоқ, жайғас деген
ишарат та білдірмеді. Тікеңнен тік тұрған күйі шаруаңды бітір де

қайқай деген белгі сұрланған өң-түсінде жазулы тұрғандай. Тіпті жаңағы ең алғашқы көрген сəтте құшақтап, бетімнен сүйіп, сағынғандық белгісін көрсеткеніне өкініп тұр ма деймін. Адамның жалпы мінез-құлқында аз уақыттың ішінде осыншама өзгеріс боларын мен білмейді екем. Ровель алдындағы кінəмді, өзімнің де сүттен ақ, судан таза еместігімді қанша сезініп, шыдамдылық етсем де, Ровельдің мына қалпы мені түңілте бастады. Шығуға ыңғайланып көрсем қайтер еді. Мүмкін мені құшақтай алып, сəл кешірім сұрағандай өз қолымен аялап, аз да болса қонақжайлылық мезіретін жасар. Ал өйтпесе ше, шығуын шығып кетіп, бұл қозғалмай тұрып қалса қайтпекпін? Мұның біржола айрылысу боларын сеземін. Осы ойдан жүрегім шошып, не əрекет етуге ақылым жетпей қатты дал болдым. Ақырында түсінгенім, енді Ровель мен үшін жоқ. Жүйкемнің жұқарғанынан ба, енді бəрін шорт кесіп, батылырақ сөйлесуге аңсарым ауды. – Ровель, анау жатқан тройной одеколонның шынылары немене? Сен иіс суға шомылатын болғасың ба? – Мен оны ішемін, – деп салды. Сөйтті де көзінің ағын молайтып, маған сүзе қарады. «Одеколон ішетін адаммен мына тұрысың қалай? Неге кетпейсің?» дегені сияқты. Шыдамым осыған ғана жетті. Сумкамды ұстаған күйі: – Қош бол, Ровель! – деп шығып жүре бердім. Ол да: – Қош бол, – деп қалды. Бұл сөзді біртүрлі еңсесі көтерілгендей айтты. Манадан бері құтыла алмай, мен шыққасын ғана еркін тыныс алатынының белгісі сияқты. Есігін тарс жауып, баспалдақпен түсе бастағанымда оның төсекке гүрс етіп құлаған дыбысын естідім. Мен өзімнің алғашқы махаббатымды бастан осылай кешіп, онымен осылай қоштастым. Қазір де қолым бақытқа жетпегенімен біраз өмір өткелінен өткен шағымда, сол алғашқы шынайы сүйіспеншілік сезімімді еске алсам, оған біраз ой қосып, толғануды жөн көремін. Бұл сезім сонша неге лапылдап басталып, аяқсыз қалды? Жай алданыш нəрсе ғой, көңілдің бір ойсыз селт етіп, қайта басылғаны ғой дейтін емес. Қай қырынан қарасаң да бұл шынайы махаббат. Егер адамға тəн осындай атаулы қасиет бар болса, ол алғашқы сəтте Ровельге де, маған да қонғаны ақиқат, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Ал ол неге ғұмырсыз болды? Менің опасыздық етуімнен бе? Жоқ, бұған жауапты əріректен іздегім келеді. Менде сондай үлкен сезімге, үлкен махаббатқа ие болуға дайындық жоқ екен. Мен оның алтын қасиетінің сырын білмедім. Алтынды ұстай білмеген құм етеді дейді халық. Сонау кекілді қазақ жігітіне ойсыз берілген күнімді ғана қаралап, сол уақиғаны ғана қарғапсілеумен тынсам менікі біржақтылық болар еді.

Өмір атты ұзақ жолда жалғыз кішкене кекілді қазақ жігіті ғана
кездесіп қоймас. Өшпенділіктен, қызғаныштан қаны қарайып, əл-
декімдерді менің жолыма тосу үшін, батпаққа батыру үшін үгіттеп
айдап салатын менің тамаша құрбым жалғыз Ирина ғана болмас.

Ондайлар қысқа ғұмырдың қай кезеңінде болмасын ұшыраса
береді.
Бар гəп адамның өз басында. Мүмкін Ровель актерлік жұмы-
сында адамдағы асыл сезім туралы шындықты жаттап өскен бо-

лар. Оның махаббат туралы түсінігі сол арқылы қалыптасқан шы-
ғар. Иə, егер сонау Медеудегі Жаңа жыл түніндегі кешті, Ровельдің
сол кештегі мені тұтқан тұлғасын, қимыл-қозғалысын еске алар
болсам, ол шын мəніндегі кіршіксіз адал махаббатқа лайық адам.

Егер сонда оны шынайы сезім баурамаса, мен өз жеңілтектігім-
мен оған мұншалықты жер соқтыра алмас едім. Ол менен жалт
бергесін өмірдегі көп Ириналардың бірін құшақтап жүре берер еді.
Ровель өйтпеді. Ол тым күрт кетті. Кейін осы Алматыда соның

бір əріптесін жолықтырғанымда ол əлдеқалай Ровельдің актерлік
творчествосында да режиссерлердің пікірінше өзіндік мəнері ша-
лына қоймағанын айтты. Оның басына екі сəтсіздік қатар тиген
екен. Мейлі, солай-ақ болсын. Бəрібір мен өз басым алдында

қаншалықты жауапты болсам, оның тағдыры алдында сонша-
лықты жауапты екенімді, əрі оны түзетуге соншалықты дəрменсіз
екенімді түсінемін. Мейлі, Ровель сияқты махаббат тəлкегін кө-
тере алмайтындай адамдар өмірде сирек те болар. Мүмкін, өте

сирек шығар. Солай болған күнде де мен қорытқан ойға қайшы
келмейді.
Иə, Ровель мені шын сүйді, мен де солай. Сөйте тұра осы
сүйіспеншілік жүгін көтеруге менде қуат, дəрмен жетпеді.

Ол жөніндегі жауапкершілік турасында кезінде менің басым-
да піскен ой болмады. Алтын кездікпен ойнап, оны көзіне тигіз-
ген баладай, өз махаббатымды мен өз көкірегіме жəне Ровельдің
көкірегіне оқ қып аттым. Ол сезімді көтеріп жүре алмадым. Сол

кездегі қалпыммен оны көтеріп жүре алуым мүмкін де емес еді.
Ровельден кейін де оңаша түсініскен жігіттер болды. Бірақ
олардың бірін де тап сол Ровельдей көре алғам жоқ. Мүмкін олар-
дың ешқайсысымен де тұзымның жараспауы сол Ровельге деген

ықыласымның қасында бəрінің тым көрнексіз бола беруінен бе
деймін.
Оларды Ровельге тең көре алмай, біраз ауыз жаласқан соң
да қасақана кеудеден қағып, жөніме жүре беруші едім. Бұл бара-

бара мен үшін дағдыға айналды. Одан бас тартуға, бəрін ақыл-
мен шешуге іштегі бұрқан-талқан ашу кемерін соққан асау өзен-
дей лықсып, мүмкіндік бермейді.

Сол бір алғашқы жалын махаббат күйігі жазылмас жарадай
кеудеме бітіп, сəл толқыған шақта, не шарап қызуымен аузы ашы-
лып кететін сияқты. Сол-ақ екен мен өзіме ие болудан қаламын.
Бара-бара өз ортамда осы мінезім сөзге айналды. Жігіттердің

ең бір көнектілері мені айналып өтетін болды. Жұғыспаудың ама-
лын жасап, маған білдірген жылы лебіздері мені жұлып жеу үшін
тісін ақситқандай көрініп, жынымды келтіретін. Сондай шақтар-
дың бірінде, əлдеқандай басқосуда кеудемді көтеріп əкеткенде

ыза дауылымен айғайлап, шу шығарғаным бар. Менің дию мі-
незімнің қандай шапшаңдықпен көтерілетінін дер кезінде болжай
алмай қалған əлдебір биязы жігіттің бір жақ бетінде, мойнында
арлан тұяғындай боп өскен қып-қызыл тырнақтарым өзі түстес

бес жолақ із қалдырған. Бұл да маған аз даңқ əперген жоқ.
Мен бұл мінезімнен кейін келе денсаулығыма байланысты күш-
қажырым, жігерім сарқылып, басыма саңлау түскенде ғана арыл-
дым. Анау-мынау ашу əлі де бар, бірақ сыртқа бұлқынып шықпай

көкірегімде қорғасын ертіндісіндей тұнып қала береді. Өз халімді
əбден мойындасам керек. Бұрын басымнан құс ұшырмастай едім,
енді өзіме деген теріс пиғыл, жеңіл-желпі қиянат атаулыны да тө-
бемнен асыра беремін.

Жас жетіп, амалсыз дамыл табатын тұрмыс қамын ойлағасын
ғана үміт атты пəленің жетектеуімен Айсара үйіндегі езуі құлағы-
нан кетпейтін, қасқыр көзді жігіт сияқты суқаным сүймейтін біреу-
лердің мазағына көнуге мəжбүр боламын.

Иə, ол кездегі күніммен, бүгінгі күнімнің арасы жер мен көктей.
Өмірдің думанды шағына аттап басқандай адамда жауап-
кершілік, жақсыны қадірлеу жөнінде түсінік, дайындық болғаны
жөн. Бірақ оны кім береді, əке-шеше ме, орта ма? Менің қанша-

ма күйіп-жанған жүрісіме соншама салқын қараған əке- шешемді
кінəлауым орынды ма? Жоқ, орынсыз шығар. Себебі, əрбір тірі
жан сияқты мен де əке-шешемді жақсы көремін. Қазіргі қартай-
ған шағында бұлай деп олардың көзін шұқығым келмейді. Өз өс-

кен ортамды кінəлай алмаймын. Ол мені шалқытты да, толқытты
да. Сонда да жас балауса көңілге кімнің де тарапынан болсын
тағы бір көз, ынта, ұстаздық ықылас керек шығар. Егер менің осы
күнімде, мынау тым-тырыс дүние осынау сарғайған, аш өзегім

талған шағымда менің бақыт аңсаған көңіліме қол ұшын берер
болса мен бар даусыммен айғайлап, өмірдегі алғашқы бақытқа
дайындықсыз, мойны-басың сылқ-сылқ күйде ұшырасу дегеннің
не екенін жыр ғып айтар едім. Алайда, дүниенің құлағы адамға

бір кезде ғана ашылып, сол шақта оның құлақ құрышын қандырар
өнер таныта алмасаң кейін ол біржолата тарс жабылатын сияқ-
ты. Ішімдегі əлсіз наразылық осыны сезіп, ояна береді. Сонда да

айтарым, əлдебір француз жазушысы, адам ұзақ уақыт бақытты
бола алмайды депті. Қазақша оның семіздікті қой ғана көтереді
деген шорт кеспе баламасы бар.
Мен мұның екеуіне де қарсымын. Əңгіме адамның ол бақытқа,

семіздікке қалай, қаншалықты шыныққан күйде жетуінде болса
керек.
Бұлай деп жар салуға мен жалғызбын, əрі оның өз басым үшін
қажеті қанша деген пендешілікке де кетемін. Бəрібір кейде өз

үнімді өзім булықтырғым келмейді. Бақыттың да бақыты бар.
Оның аспандағы шоқ жұлдызына жұрттың бəрі қол жеткізіп жа-
тыр деймісің? Мейлі жеткізіп жатқандары да болсын. Мейлі олар
көп болсын. Сонда да жас адамдар өмірдегі, еңбектегі қиындық-

тан белі қайысса да, басына қонған жақсылықтан белі қайыспай-
тын болса екен деймін. Адамға ғана тəн үлкен сезімнің жүгін көте-
ретін болса екен деймін.
1974 жыл

АЯЗ БЕН АПТАП

Бұл сапар күздің бір қытымыр, қара суықты күнінде бастал-
ды. Аудан орталығына адам лықа толы үлкен автобуспен келдім.
Сыртқа шыға көптен көрмеген, сағынған жер жағдайын шола қа-
рауға мұрсат бермей ызғарлы жел бетке соқты. Алматыдан шық-

қанда оның өз күзіне лайық киінгенмен табиғаты бөлек мына жер-
де үстімдегінің лыпа құрлы жоқтығын сездім. Қалың матадан тігіл-
ген кепкім ұшып кетпесін деп, басыңқырай киіп, мойнымды ішке
тығып, қымтана түссем де сумаң ызғар қоятын емес екен. Бетімді

шарпып, тызылдатып болып, енді мұп-мұздай қолын бүкіл денеме
жүгірте бастады.
Мынау көптен көрмеген жер-ау, не өзгерісі бар екен деп алаң-
дап жатпастан қаладағы күнделікті мініп-түсіп жүрген аялдамаға

жеткендей-ақ, өзіме керек бағытқа қарай тез-тез басып жөнеле
беріппін.
Жаңбыр жауып өткен бе, жер лайсаң. Беті жылтырап, енді
ғана қата бастағаны білінеді. Қарсы беттен екілене ызғар соғып,

басымды көтере алмай келемін. Қалың күртеше енді биттің қа-
бығындай да қауқарсыз болып шықты. Оны желкемнің де жаурай
бастағанынан сездім.
Басын тік көтеріп келе жатқан, мойны ашық, сұңғақ денелі қарт

қазақ милиционер тар тротуардан маған қарсы ұшырасты. Халқы
аз шағын аудан орталығында жұрт бірін-бірі біле береді. Көп
жылдан кейін қайта оралған жерде кім де кім ең алдымен өзіне
таныс адам жүздерін іздейді ғой. Мына кісіні мен бұрын көрме-

ген екенмін. Бірақ өтіп кеткесін суыққа елең етпей мойнын ашық,
денесін тік ұстаған қалпы менің жадымда қалды. Бірақ суықпен
арпалысып келе жатып, оған көп мəн бермеген сияқты едім. Мен
үшін қазіргі бар арман осындағы мекен-жайы белгілі туысқанның

үйіне тез жету.
Кепкімді ғана емес, қанжардай қадалған жел өзімді де ұшырып
кетердей. Нағыз қыс киімдерімді алмағаныма енді өкініп келемін.
Жаңағы қарт милиционерден кейін де үш-төрт адам қарсы өтті.

Олардың үстінде тон, пальто, бастарында қауқиған бөрік. Адам
неге қат болса, бар жан-дүниесі соны ғана дəріптеп, басқаға кел-
генде көздері қарауытып, шелденіп, оның ар жағынан ештемені
көрмейді ғой. Шіркін-ай, тап қазір біреу қаудырлақ тон, сеңсең

бөрікті ұстата салар ма еді деп қиялданамын.
Енді аяз дегенің басымды темір құрсаудай қыспаққа алды.
Адам осындайда ауру табушы еді. Айналаны мүлдем көруден
қалдым. Бұл жақтың желі жиылып, түйіліп кеп, тап менің төбем-

нен ұрып жатқандай, тіпті бара-бара бір қияңға көтеріп əкететін

түрі бар. Тағы екі-үш адам қарсы өтті. Сылбыр, еркін жүрістеріне
қарағанда қалың киінген. Тағы да жаңағы ашық мойынды, сұңғақ
денелі, басында фуражкасы ғана бар қарт қазақ милиционерді
елестеттім. Оның қайтадан ойыма оралғанына, мазалағанына

қынжылғам жоқ. Бірақ оны неге соншама еске ала беремін, бəрі-
нен де соған таңырқаймын. Бар болғаны сидиған бойына, жұқа
киіміне назар аудардым ғой. Жоқ, ол ғана емес деген бір дүдамал
ар жағымнан тепкілеп тұрды.

Апыр-ау, мен осы ауылда азғана жыл қызмет істеп кеткелі бері
қанша уақыт өтті. Үсік шалғандай қатып, қарысып қалған жансыз
саусақтарыммен кепкімді тағы басыңқырап, оны да есептей қой-
дым. Аттай он бес жыл. Осы сапарға шығар алдында неше күн

ұйқым бұзылды десеңші? Кейбір өткен күндерің өз уағында қанша
ауыр тигенмен, кейін қайталанбас ерекшелігімен көкірегіңді ұлы-
тып, жоғалтқан асылыңдай уайым салатыны бар ғой.
Ол бір салт бас, сабау қамшылы кезім. Бірақ үйленетін шағым

жеткен. Үй жоқ, күй жоқ, белгілі бір сөз байласқан адамым тағы
жоқ, осы құмды өлкенің тусыраған қу даласына менің қушықтай
кеудем сай келгендей ол да жаңбыры жоқ, суы мен нуы жоқ боп
құлазып жүретін. Кейбір өмір қауырт басталады да, кейбірі бір-

ден арын ала алмай, қай сайға құярын білмей, биігі мен еңісі жоқ,
шетсіз-шексіз жазаңда адасқан судай əр жерде бір иірім жасап,
кешеуілдеп, төрт тағандай береді. Соңғысы менің сол кездегі қара
басы қалқиған қалпыма дəл теңеу боларлықтай. Əрі бас-аяғы жоқ,

бүкіл ғұмырыма байланған тағдыр тасындай сол бір сүреңсіз күн-
дер жылдар өтсе де мыңқ етпей тұра беретінге ұқсаған.
Туу, мына құдайдың күнін-ай! Алматыдан екі жүз шақырым-
дай ғана қашықтықтағы Бақанасқа емес, жер шарының жарты-

сын кесіп өтіп, жайнаған жаз ортасынан қақаған қыс, зəрлі боран
мекеніне келіп түскемін бе? Бұл жақта күн бір қатуланса қатты
кететінін білуші едім. Бірақ тап мынадай мезгілдегі мінезі есімде
жоқ. Тек қыс айларында ғана бет қаратпайтын аяз күндіз-түні бір-

дей бір адым кері шегінбей тұра беретін.
Бəрінен де бірақ жадымда қатты қалғаны бұл жақтың ысты-
ғы еді. Иə, суығынан да бас айналдырар ыстығы жаман бо-
латын. Қазір екі шекемді қысып бара жатқан аяз екпіні сол ыс-

тықтың қасында да ештеме емес шығар. Тағы да сұңғақ денелі
қарт милиционер елестеп, ол тағы да мені қиялға шақырғандай.
Апыр-ау, ол мүмкін танысым шығар. Жоқ, олай емес, таныс еш-
темесі жоқ. Көптен көрсем деген бұл өлкеге аяғым тигенде алғаш

көрінген адам болғасын шығар. Келіншектің бетін кім ашса сол
ыстық деген ғой. Іштегі дүдамал, қарсылық пікір тағы да оянып
тепкілей бастады. Əлі есімде,осы аудан орталығына облыстық

ауылшаруашылығы басқармасының жолдамасымен экономистік қызметке келгенімде ми қайнар нағыз аптаптың нағыз күшіне еніп тұрған шағы екен. Айнала аппақ топырақ қана осы жақтың барлық ырысымыз деп сақ-сақ күліп көз аштырмады. Тау баурайында, түгін тартсаң майы шығатын көгалы мол ауылда өскен маған алғашқыда кепкен жыланның қабығындай мынау керілген даланың кейпі мүлдем жат көрінген. Үйлері де жатаған, сулары сарсып, іркіліп қалған арық жағалауларында бастары қазандай боп мүлгіген қараағаштарда да көк түс жоқ. Бəрінің кірпіктеріне шаң ілігіп, ұн тартқан диірменшідей қасы-көзі көрінбейді. Апырау, басқа жерін қуаң дейік, ал анау арық жиектеріне жыпырлап шөп шықса қайтер еді? Су емекси өзі кеп тұрғанда көктің өнбейтіні не ғажап? Əлде жердің беткі қыртысында бір пəлекет бар ма? Алғаш беттескенде басыма сап еткен сауал осы. Көшеде қыбырлап жүрген белдеріне дейін жалаңаш балалар да осы жақтың күніне лайық туғандай. Еттері қап-қара боп күйген. Ештемені елең қылатын емес. Университет дипломымен алғаш еңбек жолын бастаған мен өз жұмысыма риза да емес едім. Күні бойы көз алдымда цифрлар құжынайды, кешке қарай тағы да көше кеземін. Күн мен ыстықтан басым ауырса да маған тоқтау жоқ, не іздейтінім өзіме де беймəлім, əйтеуір көрмеген жақ болғасын ба бірер жұманың ішінде бұл ауылдың мен бақыламаған ойшұқыры қалған жоқ. Қыздарға да көзім түседі. Бірақ олардан мандымды ешкім жоқ, бəрі сирағына дейін қап-қара, күтімсіз қос өрімі арқасында делбең-делбең еткен ұсақ-түйек бірдемелер. Байқаймын, бəрінен де менің сағымды сындыра беретін осы. Аш қасқырдың таудытасты кезіп кеп, түк таппай, башайымен тұмсығын қасығанындай. Орта жастардағы, жесір арық қара əйелдің үйінде пəтерде тұрамын. Бұл да менің рухымды түсіре берді. Түрмеде жатқан əлдекіммен хат алысатын, бос уақыттарында содан келген бірер тарақ жазбаларды қайталап оқуды ғана жұбаныш ететін біреу. Бұрын оны өзі көрмепті де. Хат арқылы танысып, кейін артынан іздеп барған екен. Ол кісі түрмеден босанысымен осы əйелге үйленуге ант-суын ішіп уəде беріпті. Жасы кеп қалған əйел үмітсіз өмірден мұны да шүкіршілік көрген бе, содан дəме қылып жүре беріпті. Қолында он төрт жасар баласы бар. Ол да түрмедегі кісінікі. Соның өтінішімен мына əйел Шөкен еліне арнайы іздеп барып, жетім қалған баланы алып келеді. Бұл да мойнына мініп алған бір шолжаң. Əкем сорлы анда жатыр ғой, пəлендей оған қосақ бола қоймаған мына əйелдің жүйкесіне тие бермейінші дейтінді ойлауға жарарлық естияр болса да, бұл оны туғанынан əрмен басынады.

Шөкеннің өзі де оған аздап құрық береді шамасы.
Жаңқалтасынан ақша ұрлап əкеткенін білсе:

– Қарағым-ау, сенің былай адам қатарына қосылатын уақытың

жетті емес пе? Ақша керек болса өзім беремін ғой. Неге сұра-
майсың? – деп жалбарына сөйлейді. «Əкеңнің үйінен алып келген
ақшаң жоқ!» – деп, қақ бастан қойып қалып, басқа біреулер болса
жөнге салар еді. Неге сөйтпейді деп кейде менің де зығырданым

қайнайды. Себебі, баланың еркелігі бастан асады. Үйде айғай-
лап, Шөкеннің өзін əжуалап, мазақ еткенде мен де теріме сыймай
кетемін.

– Қанат, қойсаңшы, мынауың нағыз бейбастық, басбұзарлық қой!

– Əкем-ау, осыған аздапақылайтшы, – деп, мағанжалбарына-

ды. Мені де тыңдап жатқан ол жоқ. Қол жұмсауға, біреудің баласы,
қалай барасың? Шөкеннің өтінішін орындап, ақыл айтқан бола-
мын. Қанат одан сайын өршеленеді. Бірде Шөкенді көйлек ауыс-
тырып жатқан кезінде бассалып жығып салды. Əйел ойбайлап жа-

тыр. Не болды деп түпкі бөлмеден атып шыққанымда, Шөкен де-
несінің ашылып қалғанына менен ұялып, одан сайын жан даусы
шығып, соқталдай немеге əлі келмей тырбаң-тырбаң етті. Əйелді
ұялтпау үшін есікті қайта жаба қояйын десем мына пəле умаждап,

тіптен жанын шығаратын түрі бар. Не де болса дедім де баланы
мойнынан қатты қысып ұстап, көтеріп есікке қарай пəрменімше
итеріп, ұшырып жібердім. Есіктің керегесін құшақтай жығылды.
Ағашқа беті де тиді-ау деймін, тізерлеп қайта түрегеле беріп, оны

елең қылмастан Шөкенге қарап, мəз-майрам болып:

– А, қатырдым-ау өзіңді! Көйлегің ашылып қап еді, шыжбаңдап

өле жаздадың ғой, – деп үңгірдегі жабайы адамдай сақылдап кеп
күліп берсін.

– Əй, сен не деген көргенсіз баласың? Шешесімен осылай ой-

нағанды қай атаңнан көрдің?
Менің сөзіме жауап жоқ. Шешесін одан сайын мазақтай берді.
Көйлегін əрең ғана оңдап киіп, жұлмаланған шашын саусақтары-
мен тарап, кейін қайырып, балаға қарағанда өңінің күлдей боп,

бозарып кеткенін байқадым. Енді ғана қабағына ашу жиналыпты.
Ашу ғана емес, осы өміріне деген наразылық, өкініш түйдектеліп
бірақ келген. Сонда ғана керегені құшақтап, ар жағындағы көме-
кейін түгел көрсете сақылдаған түйсіксіз балаға жаным ашыды.

Шешеден ерте айрылған, жалғыз əкесінің халі анадай, көзі бақы-
райған, жауырыны шодырайған осы жетімек енді жалғыз асырау-
шысы Шөкеннің қаһарына шындап ұшырады ма деп қауіптендім.
Жаңа өзімнің де күш жұмсап, тіл тигізгенім есімде жоқ. Шөкеннің

қабағындағы бұлайша үйірілген бұлт оның ендігі өмірінің біржола
тоз-тозын шығарып жібермесе не қылсын.

Бірақ баланың да сенгені бар екен. Шөкен тілі күрмеліп, қат-
ты дауыс шығарып, ештеңе айта алмады. Менен ұялғаны шығар,
əңгіменің көкесі, істің сойқаны мен жоқта туар, сорлы Қанат арқа-
сына шоқпытын таңып, келген жағына жаяу сапар шегер деп едім.

Оның бірі де болған жоқ. Шөкеннің бар бітіргені оңашада маған
мұңын шақты:

– Бұл айнала қазақ түгел дұшпан ғой. Мен айналадағы біреу-

мен хат алысып тұрады деп, соның өзін неше саққа жүгіртіп, өсек
қылады. Ал мына баласын асырап отырғанымды ел көрмеген,
жұрт көрмеген сұмдықтай, беттерін жыртып күліп жүргендер бар.
Ал енді солар мынаның бейбастығын көрсе одан əрмен шоқ-шоқ

дейді ғой. Соны мына Қанат неге ойламайды деп, жаным егіледі.
Оңашада талай айттым, əй, қарағым, сен ересек баласың, бұл
жұрттың өсегі деген жаман. Сен ақылды бол, мені масқара қыла
берме деймін. Бірақ түк ұқпайды ғой, санасына ештеңе бармайды

тегі.

– Мен не айта алайын?

– Кішкене қаталырақ қарасаңыз, қояр, – деп құлаққағыс етемін

де ар жағына аузым бармайды.
Қанаттың тағы бір ермегі – футбол. Көшені шаңдатып өзі қа-
тарлас балалармен доп қуып жүреді. Мұндайда ол күні бойы жоқ
боп кетеді де үйде тыныштық орнайды. «Қайраттың», одақтық,

шетелдік, басқа да фудбол командаларының ойындарын қалт жі-
бермей бақылайтыны тағы бар. Бұл маңға телевизияның құрығы
əлі жете қоймаған кез. Ал радиодан футбол репортажы берілген
күндер ол үшін нағыз мереке. Өзі жақтас командалар жеңіске жет-

се-ақ бақырып-шақырып, үйдің ішін тағы да даңғаза етіп, басына
көтереді.

– Қойшы, қарағым, айғайламашы, соның бізге бес тиынға ке-

регі жоқ, – деген Шөкеннің сөздері тау-тас жарылғанда қанаты за-
қымдалған бейшара құстардың шиқылындай ғана шығады.
Футбол ойындарының нəтижесін мұқият жазып жүретін кітапша-
лары да бар. Оған үңілгенде де жағы сенбейді ғой. Командаларды

өзара салыстырып, тыңдамасыңа қоймай қай ойынның қайсысы
үшін қандай маңызы барын құлағыңа құйып, таптап жеткізіп бол-
май тыныштық бермейді.

– Шөкен де, мен де көбіне оның сыртта жүргенін қалаймыз.

Аудандық мекемеде бірге істейтін, мамандығы агроном, ұзын
бойлы, бұйра шаш қара жігітпен (бұл да нағыз сүрбойдақтардың
бірі), көп ұзамай достасып алғам. Басқа барар жер, басар тауы
жоқ ол жұмыстан кейін менімен бірге сол жесір əйелдің үйіне

кеп қылқиып отыратын. Əйел оған ренжімейді. Қайта сол жігіттің
көзінше (Қанат жоқ болса, əрине) түрмеде жатқан сүйіктісінің кім

екенін, онымен қалай танысқанын айтып, көл-көсір боп ағытыла береді. Əрі түрмеде жатқан адам өлең, əн шығара да алады екен. Кенеземіз кепкен бізге шай құйып отырып, ар жағымызға бірдеңе барды-ау деген уақытта: – Кəне, сендерге Қайдаудың маған жазған өлеңін айтып берейінші, – дейді. Екі тізесін құшақтап, ашық тұрған аулаға телміре қарап, ыңылдай береді. Бұл көбіне таусылмайтын ұзақ өлең, əні де зарлы. Иі жұмсақ, əсерленгіш адамдардың кеудесін тітіркентіп, көзінен жас шығаруға да бар. Ұзын бойлы, бұйра шаш агроном жігіт, кесесін екі қолымен қыса ұстап, күлімсіреп тыңдайды. Əннің де, сөзінің де ең бір күрсіністі жерлері оның күлімсіреген көздеріндегі мысқылшыл сəулені одан сайын уытты етеді. Бұл екеуміздің арамыздағы кереғарлық тап осы тұстан басталады, білем. Көрер көзге айқын қылмыстары үшін түрмеге түскен, қыр-сырынан хабары жоқ біреумен хабарласып тұратын, бар ұшпақ мұратты содан күткен əйелдің тірлігі менің де көңіліме олқы соққанмен ол айтқан мынау ұзақ жыр пендешілік ғұмыр туралы жаман сарыуайымға салады. Жырдың ұзын-ырғасы сол адамның өз өмірі туралы. Жер бетіне пəк көңілмен, кіршіксіз күнəсіздікпен іңгəлəп келген жан иесі, міне, қылмыскер, жат пейіл атанып, атамекен топырағын бір иіскеуге зар болып, ел ортасынан аулақ күн кешуде. Бала кезімде табанымды тілген туған жердің шөңгесі қазір қолыма түссе, оны мойныма тұмар етіп тағар едім дейді. Жалғыз ол емес, тура жолдан қалай тайғанын да үзіп-жұлқып, бұлдырлатып білдіріп кетіп отырады. Анық қалай екенін сап еткізіп ашып айтатын тұстары жоқтың қасы. Аннан бір шалып, мыннан бір шалып, əлдекімдердің азғыруы түбіне жеткенге ұқсайды. Кім, қалай жетті, бəрін қолмен қойғандай айқын етуге ақындық қабілетінің қарымы келмей шатқаяқтай ма, жоқ, ашып сөйлеуге ары жібермей, іштегі зар күйіктің өзінше бей-берекет, бағыт-бағдарсыз атқылап шыққаны осы ма, қалайда қанша құлақ қойып тыңдасам да сол бір беймағлұм жан қасіретінің түп-төркінін ұға алмадым. Бірде осындай ұзақ жырдан кейін көзіне жас алыңқырап, болдырып тоқтаған əйелді жалғыз қалдырып, агроном жігіт екеуміз оңаша шықтық. Сондағы оның маған алғаш тіл қатқанда айтқаны: – Əй, соқыр тауыққа бəрі бидай, біздейлерге жай ермек қылуға таңдап жатудың қажеті қанша? Икемдемейсің бе анда-санда мына əйелді? Ол сенің жігіттік парызың ғой. Жаңағы ұзақ толғау-хат жөніндегі пікірі өзегін жарып шығар деп ойлаған маған мына сөздері бүйірден пышақ сұққандай еді. Өзімнен жиырма жастай үлкен əйелге итермелегені емес, жаңағы төгілген жол жиегіндегі ермендей ащы сырдың мұның көкірегіне

тигізген бар əсері осы ғана болғасын шығар. Мен оны тұңғыш рет іштей жек көрдім. Не айтарға білмей аңырып қалған маған ол жəдігөй ойын одан əрі жалғастырып жатыр: – Ол сені пəтерге жібергенде де бар көздегені сол ғой. Енді ғана тілім икемге келді. – Əй, кетші, сен!  – Тұрған орнында жалғыз қалдырып жүріп кеттім. Бірақ қалатын да ол емес, өкшелей қуып сөйлеп келеді: – Əй, өзің сарыауыз балапан екенсің ғой. Ананы олай деп, мынаны бұлай деп, күндегі сыбағамыздан айрыла берсек, ол не өмір? Қиғаш қас, күлімкөз деп, оны тапқанша неше заман өтеді, білемісің? Бұдан біздің достығымыз құрдымға кеткен жоқ. Екі адамды мойын бұрғызбай, тыпыр еткізбей мықтап қабыстыратын көзқарас, мінез бірлігі емес, мүдде ортақтығы ғой. Бір-бірімізге қанша ызғармен қарасақ та жұмыстан шыққасын бəрі тарайды да, ен дүниенің ортасында екеуміз-ақ қаламыз. Үйлі-барандылар бізді неғылсын, олар жөн-жөніне кетеді де, біз екеуміз бір-бірімізді қармап тауып аламыз. Агроном жігіт  – Тауап, негізі осы аудандық, əке-шешесі Іле өзені Балқашқа құятын, Бақанастан екі жүз елу шақырымдай төмендегі балық колхозында. Өзі осында мен сияқты біреудікінде пəтер жалдап тұрады. Алғаш келгенімдей емес, енді ауылдың ой-шұңқырын осы екеуміз аралаймыз. Оқта-текте ауылды жанамалай ағып жатқан Іленің суына шомыламыз. Құм-қайраңы мол жағалау бізге көп алданыш бола алмайды, бұл жерден кетуіміз тез. Оңашада сөзіміз тек қыздар туралы. Бірен-саран өзімізге ұшырасқандарын, әй, оңдырмай-ақ сөгеміз. Келіспей тұрған жерлерін бір қарағанда-ақ жаттап аламыз ба, жарыса айтып, бірбірімізден асыра суреттеп шығамыз. Сонда да құлазыған көңіл екеумізде де бар. Тым құлазып, құлап бара жатсақ, осы аудан орталығындағы жалғыз асхананың буфетінен екі-үш стакандатып, қызыл шараптан тартып жібереміз. Ол біраз желіктіреді де дүкеннен көкала мойынның бірін алып, мен тұрған жесір əйелдің үйіне келіп ішеміз. Көңілшек əйел бізбен бірге екі-үш рюмка тартып алса, бір көтеріліп қалады. Оған қарап жатқан ешқайсымыз жоқ, оны оңаша тастап, көшеге тағы шығамыз. Кешке қарай бар бітіретініміз осы. Темір етігінен теңгедей, темір таяғынан тебендей қалған жаяужалғыз жабығып, шөліркеген жолаушыға көз ұшынан бұлақ суының жылт ете қалатыны бар. Алдамшы сағымның жасап тұрғаны ма деп, сумаң үрей ішін қанша кеулегенмен соншама жолдан өткен оған ендігі қарға адым жер сөз болып па? Əне, көше басынан сондай бір елес жылт етті.

Күн сенбі еді. Соңғы кездері күннің ыстығы тым қажытып жі-
берді ме білмеймін, далаға аттап шықпастан үйде жатқанмын.
Тауап жұмыс бабымен совхоздардың біріне іссапарға кеткен. Ол
кезде жалғыздықтың жанға қатты бататынын ескерттім ғой. Сонда

да тапжылғам жоқ.
Түс ауған шақ.
Шөкен бір жақтан үйге келді де мазалана бастады:

– Ойпыр-ау, осы Қанат көрінбейді. Əншейінде жүретін жерлерін

байқастап едім, бəрі тып-типыл. Əлгі бірге ойнайтын балалардың
бəрі үйінде. Қанат жоқ. Міне таңертеңнен бері...
Мен мырс еттім.

– Құлағыңыздың етін жей бермейін, біраз ойнайын деген шы-

ғар. Келеді ғой, қайда барады дейсіз.

– Жоқ, мынаусы тегін емес. Бұрын үйде жоқ болса да сырттан

байқап қоюшы ем. Бүгін көзіме түспей қойды. Бəрінен де бұрын,
басқалардың балалары бар да мынау жоқ. Осы Іленің суына ағып
кетіп жүрмесін. – Аздан соң əйел жыламсырай да бастады. Құдай-
ай, бұл біреудің баласы деген пəле ғой. Айтты-айтпады, бірде-

меге ұшырап кетсе, əне тумаған шеше, жөндеп қарамай қолдан
шығарып алды деп, тағы да жалайырға жар салады. Осы бала
деп, намысқа тырысып, қарға адым жер аттасақ, бір көзіміз сон-
да болып, жар құлағымыз жастыққа тимей жүргенін қайдан білсін.

Жұрттың сөзі ту сыртыңнан оқпен атқанмен бірдей. Əй, қуарған
Қанат! Сорлы Қанат!
Мен əйелдің тым терең кетіп бара жатқанын енді ұқтым.
Текке аласұрғаны емес, жүрегі əлденеге сезіктенгенге ұқсады.

Немқұрайды қарай беруім теріс енді. Əншейінде жоқ болса қуана-
тын Шөкен сол сезіктен іштегі о бастан бірге жаратылған, аналық
əупірім жүрген дүниесі төңкеріліп түскендей. Өмірге қат- ты на-
разы жесір əйелдердің шарт кеткендегі түрі жан шошытаты- нын

білуші ем. Шөкенді оған жібермеуім керек.

– Апай, құр күйінгеннен ештеме шықпас, сəл сабыр етіңіз, мен

қарап келейін. Іленің жағасына барайын. Сонда жүрген балалар
болса, солардан сұрайын, – деп мен орнымнан тұрдым. Шөкеннің
өзі де көп жерді шарлап кеп отыр шамасы, ол таппағанды менің
табуым да неғайбіл, жəй, əйелді тыныштандыру үшін ғана сыртқа

шықтым. Бұрын Шөкен біліңкіремейтін тағы бір дос тауып, соның
үйінде отыр ма деген де жорамалым бар. Əйтпесе, мына ыстықта
қайда барады?
Міне, көше кезіп келемін. Ең алдымен аудан орталығын кесіп

өтіп, тура Іленің жағасына тартым. Лайланып аққан өзен тым мо-
мақан күйде. Адам əкетер қаһар жоқ. Пəлен деген біреу Іленің
суына кетіпті деген лақап бұл жақта жоқтың қасы.

Мынау ми қайнар ыстықта жағада ешкім көрінбейді. Қазақы
жердің белгісі ме, үйдің тап іргесіндегі ен-тегін суға шомылып,
күнге қыздырынған ересектерді мүлдем көрмейсің. Тек қара си-
рақ балалар ғана анда-санда жағалаудағы суды шалпылдатып

жүреді. Қазір олар да жоқ. Салқын үйден əке-шешелері шығармай
жатыр ма, жоқ, өздерінің де ұнжырғасы түсіп, ешқайда аттап басу-
ға құлықтары болмағаны ма? Əкем-ау, Қанат қайда? Мен осыны
іздеп шықпап па едім?

Ол кезде елегізген көңіл мені ешнəрсеге тиянақтатпай анда-
мұнда жұлқып əкете беретін. Жаңа ғана өзімнің жесір əйелдің сөзі-
не шыдамай Қанатты іздеп шыққанымды ұмытып кетіппін. Судың
ағысына көп алаңдамай орталыққа қайта бұрылдым. Аппақ топы-

рақты көше күн сəулесімен шытынап жарылардай бырысып-ты-
рысып жатыр. Қасы-қабағын шаң басқан жалаңаш бұт қараағаш-
тар бастарына орамалдарын жамылып, шаруасын істеп, тапжыл-
май отыра беретін кəрі əйелдеге ұқсайды. Іркіліп, көгерген арық

суларына ғана көлеңкесі түсіп тұр. Алғашқыдағы осы көріністерге
көз ашып қарай алмайтын дəрменсіздіктен құтылғаныма біраз
болған. Қазір аяғымды еркін-ақ басып келемін, бұрыш-бұрыштан
Қанат көрініп қалатындай.

Əне, көше басынан бір елес сылаң етті. Қанат емес, əрине.
Қанатты іздегеніммен көңіл көзінің андығаны басқа. Сылаң еткен
елессол көңіл көзіме керегі. Мен келе жатқан бас көшеден көлде-
нең көшеге қарай періштедей бір сұлу қыз бұрыла берді. Тəңірдің

өзі маған рақымшылық жасап, таяқ тастамдай жерге қондыра
салғаны деп ойласам да артықшылығы жоқ, шамасы. Себебі
мына сұлулық өзім ауасымен тыныстаған өлкенің табиғатымен
сыйыспайтындай бөлек көрінді. Қара жердің қыртысын қуырып

жіберетін күн көзі қыздың аяқ-қолын күйдірмек түгіл оған беттей
алмай тайып кете берген сияқты. Тек қалалық бикештерде бола-
тын кіршіксіз ақ тəн күмістей жылтырап əне, кетіп барады.
Ол бұрылған көшеге мен де бұрылып, соңынан ілестім. Мүмкін

қаладан келген біреу шығар десем, арқасындағы білектей қос бұ-
рым оған ұқсатпайды. Май жаққандай жылтыраған қос бұрымды
өзіне көрік ететіні қыздың ішкі сарайындағы бір жақсы нышанға
бұрады.

Соңынан сүйретіліп келе жатқан маған бір қарады да ары жүре
берді. Аппақ бет-жүзі де мен армандағандай екен. Шашы түстес
қою қара қасы-қабағы да бірден шалынды. Мен жүрісті тездеттім.
Тауаптың бір ескерткені бар. Бұрын көрмеген қызбен ұшырассаң,

оған байқап жақында, біреудің басыбайлым деп жүргеніне жуып
кетсең-ақ қып-қызыл пəлеге қалғаның, бұл жақтың жігіттері намыс
қорғауға келгенде өлер жерін аңдамайды.

Бұл сөздің мағынасы мені алаңдатпай қоймады. Аудандық
мекеменің жақында келген қызметкері біреудің бақшасына түсіп
ұсталыпты дегенге ұқсас өсек қазақ арасында бір лау етсе, оны
қылышпен шауып та құтыла алмайсың. Бара-бара байқадым, бұл

сақтықты өзімді-өзім алдау үшін кесе көлденең тартқан екем. Бар
хикмет өзімнің үркектігімде. Соқталдай боп осы көшелерді кез-
геніне көп болды, баққаны қыз екен, əне біреуінің артынан түсті
деп тұс-тұстан мені алып жейтіндей көздер қадалып тұрғандай

жүрегімді сескендірді.
Жоқ, кімнен жасқаншақтаймын осы, қалай да қызбен бір тіл-
десіп көрейін. Таз таранғанша, той тарқайдының кері. Мен өк-
шелеп енді жете бергенімде, қыз солға қарай кілт бұрылды. Бұл

төрт-бес үй бір-біріне ірге тиістіре біткен, ауыз толтырып айтар
ортақ ауласы да жоқ үйме-жүйменің өзі. Соның қуыс-қуысына
кірді де кетті. Көше ортасында тас төбемнен біреу ұрғандай тұ-
рып қаппын. Жаңағы сақтығым өз алдына, енді нағыз жаман сөкет

болатын нəрсе осы тұрысым екенін уақыт өткізіп барып ұқтым.
Мұнда шифермен жабылған стандартты жаңалары демесең
ескілері көбіне төбесі жалпақ, тоқал үйлер. Осындай жаппа үй,
тек ортасына бөрене сап, төбесін шатырша ғып көтергенді ит арқа

деп мұндағылар бұрын менсінбейді екен. Қазір анасы да, мына-
сы да қалған ғой, тек көненің көзіндей жаңбыр мен күнге мүжіліп,
жерге белуардан батып бара жатқан осындай бұрын салынып
қалғандары ғана бар. Міне, жаңағы қыз көрген түстей болып, со-

лардың арасына кірді де көзден ғайып болды. Ине өткен жерден
жіп өтеді ғой дейін десем, менің оған жалғанып қалатындай еш-
қандай таныстығым жоқ.
Көше ортасында əлі тұрмын. Айнала көрініс маған жылы ұшы-

рай бастады. Бір кезде көз ашып қарай алмайтын көшенің ақ
топырағы енді соншама ыстық көрінбесі бар ма? Көлденең көз-
ге түспей ары жүре берсем осы үйме-жүйме лашықтарды қайта
таппай қалатындай-ақ қай көшелердің қиылысына жақын, маңын-

да тағы қандай өзгешеліктер бар деп, соларды көкірегіме түюге
кірістім.
Оған көп күш жұмсаудың қажеті жоқ еді, алақандай аудан ор-
талығы, жұрт үнемі табалдырығын тоздыратын жалғыз ғана азық-

түлік дүкеніне қатарлас салынған стандартты үш үйден кейін
ғана. Мен сол дүкенге қарай өттім де кірген-шыққан адамдарды
кəперіме алмай жаңа ғана көрген адамша оның маңдайшасын-
дағы жазуларға қадалған болдым. Орысша-қазақша жазылған

«Азық- түлік дүкені» деген сөздердің айналасына суретшілік өнер-
ден жұрдай біреудің салған өрнегіне назар аудардым. Ойлаймын,
өзім болсам осыны қалай жасар едім. Бұл қас-қағымдай уақытқа

ғана миыма қонақтай, пыр етіп торғайдай ұшып кетіп қайта ора-
лып, қайта ұшып тұрған үзік-үзік берекесіз ойлар. Менің бар ынтам
жаңағы үйме-жүйме лапастар жақта. Кім білсін, періште- қыздың
мекен-жайы бұл емес, əлдекімдікіне бір шаруасымен бас сұққан-

дағысы болар. Сəл отырғасын көшеге қайта шығып, келген жолы-
мен қайта қайтар. Ондай атты күн туса тілдеспей қалмақ емеспін.
Жаңағыдай бір қуысқа кілт бұрылар жағдайдың да өмірде кезде-
сетінін тұсаулы аттай икемсіз басым бірден есепке алмай қапы

қалғаным үшін де өзімді-өзім біраз жерге жеткізе жазғырдым.
Періште-қыз қайта көріне қалса, мен аңдамаған тағы бір бұралаң
жол тауып кетіп адасып қалардай ең құрымаса ендігі сəтке сақа-
дай сай тұрсам деймін. Бір орында тықыршуым көп. Дүкенге кіріп,

сөрелерге қарадым. Не бар, не жоғын көзім көрмейді. Қайта сырт-
қа беттеймін де қыз суға сіңгендей жоғалған жаққа алаңдаймын.
Іздеп шыққаным Қанат екенін де ұмытпағам. Соқталдай бала-
ның жоғалуы, үйдегі жалғызілік əйелдің сырт көздің табалауынан

ба, жоқ өз басындағы улы шөптей ащы жəйттердің ішін күйдіре
беруінен бе, ағыл-тегіл жыларман халі тап қазір мен жоғалтқан
асылдың қасында жай əншейін ойыншық секілді. Біреудің жоғын
біреу өлең айтып жүріп іздейді деген мақал басыма сап еткен-

мен ол жанымды ауыртар емес. Бір жайдан оспадарсыз Қанаттың
жоғалуына əзір шошына қоюдың қажеті жоқ. Мен жесір əйелдің
үзілуге шақ үмітін бірқалыпта ұстап тұруға сеп үшін ғана көшеге
шықтым емес пе?

Күн еңкейіп барады. Бірақ ыстық басылған жоқ. Бір кезде əдейі
төселген тас түйіршіктері адам мен мал аяғымен, одан қалса
темір көлікпен таптала-таптала жерге əбден сіңіп, бетіне шаңы
шыға бастаған ескі көшенің кедір-бұдырлары күнге жылтырап,

маған сығырайып қарайтындай.
Уақыт жылжымай менің мойныма зіл қара тастай мініп алған ба
дерсің. Мен бəріне шыдадым. Көлеңке басы ұзарып, уақыт кешке
бейім алды. Жөн-жосықсыз жүріс-тұрысым өткен- кеткеннің көзіне

де түсе бастады. Періште қыз кіріп жоғалған үйлердің сырт пошы-
мын тағы бір барлап, өзімше белгі қойған болдым да үйге қайт-
тым. Шөкен мені көзі алақандай боп қарсы алды:

– Жоқ па?

– Жоқ! Сірə, тағы бір дос тауып, соның үйінде отырмасын.

Əйтпесе осы ыстықта қайда кетеді дейсіз? Су жағасында да ешкім
көрінбейді.

– Құдайдың басқа салған бейнеті деген осы да, – деп Шөкен

тағы да зарлай бастап еді, мен:

– Қойыңыз, сіз күйінгенмен ешнəрсе шықпайды, –деп сабыр

сақтауға шақырдым. Шөкен менің сөзімнен сəл саябырсығанмен

де ішінің ұлан-асар екенін түйсініп отырмын. Үй іші салқын. Күні бойы ыстықта тұрып қалған менің басым ауыра бастапты. Төрдегі киіз үстіне жастық алып жантайдым да тағы да қиялға көштім. Қайбір қиял дейсің. Сол жаңағы періште қыз көз алдымда көлбеңдей береді. Ақырын қойылған репродуктор ызыңдап тұр. Сағат жетіні соғып еді, радио даусы өзгере кетті, мен елең еттім. Алматыдан берілген футбол репортажы басталған екен. Қуанышты хабар айтатындай басымды жұлып алып, есік жаққа қарап: – Апа!  – деппін. Осындай футбол репортажы қарсаңында Қанаттың арсалаңдап құтырып кететіні бар. Оны жай тыңдау тағы жоқ, репортаж барысындағы əрбір қуанышты, өкінішті жайлардың ешқайсысын құр жібермей айғай сап бақырып, сонау астанада стадион алаңындағы қызуқанды жұрттың осындағы өкіліндей-ақ үй-ішін азан-қазан ететін. Менің «апа» деп, жастықтан басымды жұлып алуымда да сол Қанат жеңілтектігінен жұққан бірдеме бардай. – Апа! – деп, мен қайталап шақырғанымда, Шөкен табалдырықтың ар жағынан көрінді. – Апа, мына футбол ойыны басталды ғой. Қанат мүмкін біреудің үйінде отырып қалып, ойын уақыты кеп қалғасын осыны тыңдап бір-ақ шығайын деген шығар. Ойсыз жорамалдың қашан да нарқы төмен. Шөкен де соны сезіп, басын төмен салды. Сенгені байқалмайды. Мұның бəрін алдын ала біліп жүретін Қанат күнібұрын үйге келіп отырмай ма? Шөкеннің бетіндегі жазу осы. Мен оны сезсем де: – Осы ойын туралы хабар бітсін. Сосын жарты сағаттай күтіңізші. Қанат қайтсе де есіктен жайраңдап кіріп келеді, – деймін. Күтуден басқа шарасы жоқтығын сездіріп, Шөкен уһілеп қойды да теріс бұрылды. Футбол репортажын менің де тыңдайтынымды біліп, басын у-шудан аулағырақ ұстау үшін ары кетті. «Қайрат» Украина командаларының бірін қабылдап жатыр. Стадион лық толы шамасы. Жасыл алаңның ортасындағы ойыншылар қозғалысы репортердің сөзінен гөрі теңіздей ыңыранған көрермендер у-шуынан айқынырақ сезіледі. Мен үшін енді ғана өмірдің мəні бардай. Періште қызды қиялымда шарықтатамын деп естіген, білгенімнің бəрінен бір сүйкімділікті көре бастадым. Жасыл алаң. Алматыда оқып жүрген жылдары тамаққа деген аздаған тиын-тебеннен жырымдап, қызығына тоймаған жасыл алаң. Екіұдайылыққа ұшырағанға ұқсаймын. Бір жақтан сағыныш жұлқыса, екінші жақтан жаңағы қасы-көзі қиылған туысы бөлек жан осынау жер пұшпағында өзіммен ірге тиістіріп қана отырғаны жүрегіме неше түрлі қозғау салады. Қап, Тауаптың жоқтығын қарашы!

Ол мұндайда ойланбай-ақ ақыл табар еді.
Оның кейбір айтқан ақылы сау адамның өзін алжастырып
жіберердей көрінгенмен, əйтеуір жоқтан бар жақсы ғой, былай
өзіммен өзім болып, не онда жоқ не мында жоқ күйде тығырыққа

қамалмауыма жақсы. Оның айтқанын бұлжытпай істемесең де со-
ның төңірегінен өз қалауыңа лайық басқа бір саңылау, соқпақтың
ұшыраса кетуі ғажап емес.
«Қайрат» командасы бір гол жіберіп алды. Бірақ стадиондағы

жұрттың рухы түскенге ұқсамайды. Бəлкім, ойын барысы біздің
жерлестеріміздің үстемдігін танытып, көрермендер соны қанағат
тұта ма? Отыз мың көмекейден шыққан айқай кейде репортер
даусын естіртпей жібереді. Əне, əне, қайраттықтар қарсыластар

қақпасын нысанаға алды. Қап, қап! Кейін шегерілді. Тағы шабуыл,
тағы да əне, украиндықтар қақпасына таяқтастамдай ғана жер
қалды. Қорғаушылар шебін бір бұзып өтсе-ақ шекесі темірдей
буцы теңбіл допты торға апарып бір-ақ түсірері хақ. Қоғадай жа-

пырылған жұрт шегі үзілердей шуылдап барып, əлдене шорт үзіл-
гендей кілт қайтып, қатты ыңыраныса демдерін шығарды. Бұл ал-
пысыншы жылдардың орта шені, заманның тыныш бір тоға кезі.
Жұрттың футбол ойынына деген ол уақыттағы ықыласын атап сұ-

рама. Алматыдағы жастарды қойып кəрілерінің өздері жүздерінің
арса-арсасы шығып, өлердей қызықтап отыратынын талай көр-
генім бар.
Ал Қанат сияқты ұшқалақ, табанының бүрі жоқ, пісуі жетпеген

алаөкпелер ше? Оларды тіптен қой. Қанаттың радио тыңдап оты-
рып-ақ мұндайда жаны шығып кете жаздайтын. Отқа түсер көбе-
лектей ойнап, репортаждың рақатынан гөрі мехнатын көбейтіп
жіберетін. Байқаймын, осы үйде тұрғалы футбол ойынының ре-

портажын құлағымның құршын қандыра бір оңаша тыныш жатып
тыңдағаным осы екен.
Əне, біздің команда жауап доп соқты. Айғай-сүреңнен репор-
тер даусы тіптен жоғалып кетті. Ойынның аяғына қарай қайрат-

тықтар осы табысын қайталады. Тағы да сол.
«Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып», –
деген Абай сөздері ойыма оралды. Менің сорлы Көкбайым  –

Қанат. Мынадай өз жерлестеріміздің қолы сирек жететін мəрте-
бе Қанат үшін көктен алтын жаңбыр жауғанмен бірдей. Беймəлім
бір үйде осыны тыңдап отырған шығар деген жаңағы мойны-ба-
сы былқылдаған негізсіз жорамалым енді алдыма кесекөлденең

тартылып, осыдан Қанат жоғалса, ол үшін мен жауап беретіндей

күдікке ұшырадым. Апыр-ау, Шөкенді жаңа неге бөгедім екен?
Мүмкін ол жанына қанат байлап, жер-көкті шарлап тауып та келер
ме еді. Көшеден бір періштені көріп, сонымен басы айналған мен
мəңгі ондай жорамалмен жоғалған баланың бас иесінің аяғын тұ-

сап нем бар десеңші!
Репортаж бітті. Кеш түсіп, үй іші алагеуім тартты. Бірақ шам жа-
ғылған жоқ. Жарты сағат түгіл бір сағат өтті. Қанаттан еш тықыр
білінбейді. Ауызүйге шықсам, қу тізесін құшақтаған Шөкен қараң-

ғылықпен бірге шөгіп бара жатқандай. Əйел адам бүйтіп тізесін
құшақтамас болар. Ал Шөкендікі ескілікті салт- сана, дағды ере-
жесіне қарсы қасақана көрсетілген мінездей. Осы алагеуім шақта
да жүзінің одан сайын түтігіп бара жатқанын байқадым.

Мен періште қыз бен жаңағы футбол репортажының əсерінен
əрең арылып, бар көңіл күйімді енді осы əйелдің жай-күйіне ба-
ғыттағым келді.

– Апа, сіз көп қиналдыңыз. Мен тағы қарап келейін, – дедім.

– Жоқ, қарағаннан не пайда, оған бірдеме болды. – Шөкен жү-

регі құрғырының бір сұмдықты сезгенін айтқысы келді, шамасы.
Тек оған қауқары жетпей сөзі ортан белінен үзілгендей.
«Ең құрмаса тізеңізді құшақтамаңызшы. Үлкен адамсыз, мы-
науыңыз жаман ырым емес пе?» деп, ашулана сөйлеуге қанша

оқталсам да кеудемнен əлдене тіреп, жібермеді.
Мен тағы көшеге беттедім. Түнге қарай ауа салқын, жүрісің
ширақ. Көшеде сирек жағылған шамдар тек аяқ жолыңды ғана
көрсетеді. «Бұл пəлекет шынында қайда кетті екен, ə?» деген

шымшыма сұрақ мені алғаш рет мықтап қыспаққа алды, шама-
сы. Қыздармен жүрген шығар дейтіндей жаста емес. Үлкен ауыл-
дың қай пұшпағынан іздесем де ақыр таппайтыным белгілі, қалай
қарай жүрсем де маған бəрібір ғой. Сонда да буын-буыным өзі

қозғалып, орталыққа қарай тарттым, онда да манағы періште қыз
жоғалған жаққа. Бір-біріне ұйлыққан малдай ірге тиістіріле салған
үйлердің тұсына тағы да жетіп, төңірегінен ұзамай біраз қыды-
рыстадым. Жерге жақын кішкене терезелерінен жарық көрінеді.

Қыбыр еткен жан сол терезелерден де, не сыртынан да байқал-
майды. Есіктерін тас қып бекітіп алып, даладағы салқын ауаға қа-
рай аттап басатын ешқайсысында пейіл жоқтай.
Мен осы маңда біраз уақыт өткіздім. Ара-тұра Шөкенді қалай

тыныштандырудың да амалын іздегенге ұқсаймын. Əттең, анау
періште қыз бір жылт етсе, бəрінің амалы табылатын сияқты.
Аспанға қараймын. Бағаналарда шамдар шақырайып жанғасын
ба жұлдыздар əзер көрінеді.

Мен көп тұрдым. Ілезде қайтып барсам, Шөкен ренжитіндей.
Ақыры бұл сенделісті де шектеуге тура келді. Үйге келсем Шөкен

жоқ. Шүйкедей шашы дудырап, маңдайына түсіп, сəлден соң ғана
келді. Бірге ойнайтын балалардың үйін тағы да шолып шығыпты.
Кешкі шайды у ішкендей боп əрең тауыстық. Шөкенді жұбатпаққа
біраз сөзімді шығын қылдым. Сөйлей-сөйлей шешен боласың де-

ген. Бұрын аузыма түспейтін қазақтың көптеген сөз орамдары тілі-
ме үйірілді. Бірақ олардан Шөкенге жеңілдік кеп жатқан жоқ. Бар
айтатыны – біреудің баласы болғасын осылай. Өз ішінен шыққан
баласы бүйтсе қиналмайтындай-ақ. Бір ғана жаңа сөзі Қанат осы-

дан аман-есен қолына түссе, əкесінің өз аулыңда тұратын алыс
ағайындары бар көрінеді, соларға апарып салмақ.
Сөйлей-сөйлей жағым талғасын, шарасыз басым ұйқыға жат-
тым. Шөкен ауызғы бөлменің ашық есігінен даладағы қараңғылық-

қа қарап, шоқиған күйінде қалды. Қай уақытта жатқанын білмеймін.
Түн ортасында шаңырақты аспанға көтерген айғай-сүреңнен оян-
дым. Бір жаманат хабар естігесін шыққан Шөкеннің жаман даусы
ма деген үрей мені жұмсақ төсектен атып тұрғызды. Есімді жия

беріп, өз құлағыма өзім əрең сендім. Мынау Шөкен емес, Қанаттың
даусы. Онсыз да түте-түтесі шыққан Шөкенді жұлмалап, кеңірдегі
жыртылғанша айғайлап, бөлме ортасында секіріп жүр. Əп-сəтте
үйдің де берекесі кетіпті. Қанаттың бар екенін көңілге медеу тұт-

сам да, мынау мінезінен бірдеңенің шалығы шалып келген жоқ па
деген де ой жарыса оянды. Құлақ жарған алапат үн арасынан:

– Ой, бүгінгі «Қайраттың» ойыны-ай!   – дегенді ажыраттым.

Шөкенді екі-үш рет жығып сап, аунатып тұрғызса керек. Тағы да со-
нысын қайталар ма екен деп қауіптеніп, ол байғұс мынау секірген
сайын бөлменің бұрыш-бұрышына қашып, басын қорғаштап жүр.
Құдай бір тілегін берді, мынау аман екен, осыған жеткізсе, сөй-

темін дегенін ұмытпағаны, тіпті ол ниеті ендігі бар аңсарын ауда-
рып осындай жағдайда да жүзінен шалынып қалды. Шақырайған
шам жарығы ұйқыдан жаңа көзін ашқан менің жанарымды ауырта
тартып, əрі не нəрсені де соншама айқындықпен көзге түрте көр-

сетеді. Қанаттың арық өңіндегі онсыз да бақырайған көздері ла-
пылдап жанып кетіпті. Сүйек- саяғы шодырайған қаңқа денесі ро-
бот сияқтанып, əлдебір қуатты күш мұның тетігін бұрағасын жер-
ге тимей селкілдеп тұр ма дерсің. Даусы тіпті андыздап барады.

Байқаймын, бұл жаңа ғана басталған айқай емес, біраз уақыттан
бері жер-дүниені басына көшіріп, өзінің енді қайтып дамыл таба
алмас қарқынына жеткені, сөйтіп, Қанаттың қырылдай бастаған
тамағын сол қарқынмен одан əрі кергілеп, басыла қоймас дауыл

əлегіне ұқсайды.
Ой, «Қайраттың» бүгінгі ойынын көрсеңдер, құлап, талып, сен-
дер жатқан жерлерінде тырайып, бастарыңды көтеруге шамала-
рың келмей, ой бір қуаныштан жүректерін жарылып, ... ой ... ой,

өмірдегі көрмеген рақаттарыңды бір-ақ күнде тауысып қойып...
Ой... уй... Кəукеновтың бүгінгі ойынын көрсеңдер... украиндық-
тардың екі қорғаушысы, бір шабуылшысы алдына көлденең жа-
тып алып дым істей алмады ғой. Кəукенов оң аяғымен былай бір

теуіп, сосын аналардың қолтығының астынан жып беріп өтіп, тағы
қарсы жолыққандардың арасынан бүйтіп əкетіп, (Қанат «оң аяғы-
мен теуіп, бүйтіп əкетіп» деген сөздерін тек ауызбен ғана айтпай,
аядай үй ішінде киіз үстінде қимылмен де көрсетіп жүр) қақпа-

ға қарай соққанда бар ғой бүкіл стадион тамақтары жыртылып,
бастары айналып, ой... ой... не боларын білмеді. Олардың қақ-
пашысы аспанға секіріп барып, жерге түскенде маймылға ұқсап
бүйтіп, домалаң ете қалды, сонда да ұстай алған жоқ. Біздің ко-

манда ойынның басында да жеңіліп бара жатқан. Сосын Кəукенов
қайқайтып тұрып гол соққанда бар ғой, біздің ойыншылар бірден
жігерленіп, ойдайт дегендей шабуылды өкіртті ғой. Тұс-тұстан
кеп қақпаны бүйтіп, көздеп тұрып допты соққанда бар ғой... ой...

ой... Кəукенов молодец... украиндықтардың командасын көптен
бері жеңе алмай келе жатыр еді. Мына жолғы ойыны ой... ой...
«Қайрат» ойыншысы Кəукеновтың ерлік жасағанын мана ре-
портаждан да естігенмін. Қашанғы даурықпасына сай келгесін

бе алғашқыда Қанаттың сөзіне дұрыстап мəн де бермеппін. Əрі
ойын біткелі пəлен сағат өтті. Содан бері мынау көшеде айғайлап
жүрген бе... Тек мына қалпымен айғайлай берсе, сорлы бала өз
қызуымен өзі жанып кетер деп, қушиған екі иығынан шап беріп,

қыса ұстадым да қатты сіліктім. Оған да қоймағасын жаңа туған
бұзаудай ғана салмағы бар немені көтере бере аяғынан қайта тік
қойдым. Даусымды мен де қатты шығарып:

– Тоқтат енді? – деп, шарт кете айғай салдым. Мұның артында

тұрған Шөкенге көзім қоса түсіп еді оның қабағына ашу, өз өміріне
деген наразылық тағы түйдектеліп, өңінің күлдей боп кеткені осы
шақырайған шам жарығында сұмдық айқын еді. Ол менің қиты-
ғыма тиген Қанатқа наразылығымды одан сайын өсірді. Жаңағы

екпінімнен төмендеп қалмайын деп, көкірегіме күш жинап, барын-
ша қатты ұрсуға кірістім. Сол қарқынмен біраз барып, сөздерімнің
соңғы жағын ғана майдалаңқырадым:

– ... Жақсы, мысалы осы сен басқаны қойып, өз намысыңды

неге ойламайсың? Сен жігіт адам емессің бе? Мынадай қызбалық
сені жұрттың бəріне, бізге ғана емес, жұрттың бəріне жексұрын
етеді ғой. Мына қалпыңмен қыздар саған қалай қарайды?
Бір жақсысы, Қанат менімен сөз жарыстырмайтын. Шөкенге

болысып, денесіне қол батырсам да оны кек тұтпайтын.
Сол түні қайта жатқанда көпке дейін ұйқтай алмадым. Шөкеннің
де, менің де басыма мəселенің байыбы артынан жетті. Жеткенде

Қанаттың өзі анықтап айтқасын ғана. Əйтпесе, жұмбақтың шын
шешімін біз миымызды он рет шақсақ та таба алмағандай екенбіз.
Қанат Шөкеннен ұрлап бір, сұрап бір жиған ақшасына біреулер-
мен селбелесіп, Алматыға, тура стадиондағы ойынның өзіне ба-

рып қайтыпты. Бұл – ауылдың мұның жасындағы балаларына біт-
пеген бақыт. Əке-шешесінен жырмалап, киноға баруға əрең ақша
сұрап алатын қарадомалақтар сонау өмірі көрмеген жер шетіне,
астанаға сапар шегіп, футбол ойынын көріп қайтуды құдайдың ең

бір қалаулыларының ісі деп, оны армандамайтын да.
Осы сапарынан кейін Қанат көпке дейін басыла алмады.
Қашан көрсең де көшенің бұрыш-бұрышында үймелеген бала-
лар ортасында аузы ақжем-ақжем болып, сөйлеп тұрады. Келе-

келе құлағының құрты желінген тыңдаушылар азая бастаса Қанат
оларды өзі іздеп тауып алатын. Өздерімен өздері тұрғандардың
арасына киліге кетіп, əңгімені қасақана футболға қарай бұратын.
Басқаларға өктем сөйлеп, өзін футбол жөніндегі біліктілігі жағы-

нан ешкімді маңайлата қоймас бөлек тұлға, бəйтерек етіп көр-
сеткісі келеді.
Шөкеннің бар бітіргені ара-тұра Қанаттан тауы шағылып шөге
беру еді. Байқаймын, оқтын-оқтын бұған мұң-зарын қосып, үшбу

хат жолдайтын қайдағы Қайдау атты біреумен шүйіркелесіп, бір
шаңырақтың астында тату-тəтті өмір сүретініне пəлендей аспа-
нын тіреп тұрған сенімі де жоқ. Тек басқа жол таппағасын қалың
орманда жалғыз соқпақпен ғана қозғала беретін адасқан жанның

бағыт-бағдарындай соңы беймəлім митың тірлігі бар.
Шөкен бірде маған өткен өмірінен де біраз деректерді ұқтыр-
ған. Қыздай қосылған күйеуі соғыстан іш құрылысы зақымданып
қайтқан біреу екен. Оған əке-шешенің азғыруымен қосылса керек.

Бірақ ол көп жүрмепті. Сосын бала-шағалы басқа біреуге тұрмыс-
қа шығады. Жас өмірінің көбі соның есігінде өтеді. Бұл қосағына
да қаза жеткесін, оның ержеткен балалары Шөкенді керек қыл-
мастан жан-жаққа бытырап кетеді. Елім-телім боп еткен еңбегін

ешқайсысы ескермейді. Бұдан кейін де қосылған кісісі бар. Одан
неғып айрылғанын Шөкен тым күңгірт айтады. Маңдайға жазба-
ғасын солай шығар деп, жұмбақтай түйіндейді. Қазбалап не жұ-
мысым бар? Тек ескілік қаңқасына сүрініп, тағдырын сындырып

алғанын жадымда тұттым.
Мен ең құрмаса Қанатты осы кісіге жуасытып, иліктіріп беруге
қанша тырыссам да істеген əрекеттерімнің бəрінен түңіле бердім.
Шығын еткен сөздерімде қисап жоқ. Тіпті соның бəрі мұның мұр-

нына шыбын қонғандай да жыбырлатпаған із-тозсыздығын көр-
генде Шөкенге ұсап, өзім қан жылауға жақындаймын. Бара- бара
қолым үйренгесін бе, кемерімнен асып, бірде сабап та алдым.

Жоқ, етінен ет кесіп алсаң да Қанатқа түйсік бітіру мүмкін емес еді. «Əй, сені мына кісі қуып шықса қайтесін, қайда барып күн көресің, байғұс», – деп соңғы сөзімді де айтып көрдім. Жоқ. Адамның бір əлсіз жерінен ұстасаң, ол сенің небір сойқандығыңа көніп, жер бауырлап жатып та айтқаныңа жүреді екен. Қанаттың осы жасында мықтап бір меңгергені Шөкеннің өзінен əлсіздігін қапысыз танығандығы еді. Бұл қалай далақтап, Шөкеннің қалай есін шығарамын десе де аяқ-қолы тұсаусыз, алдында кең өрісі бардай. Соны көріп-біліп, ал енді маған не істейсің деген есерлігі сияқты. Міне, сол Бақанасқа арада он бес жылдай өткізіп келіп түсіп тұрмын. Күздің ызғарлы желі жер жағдайын, ел жағдайын есіме түсіріп, осының бəрі көз алдымнан суырылып өтіп жатыр. Денем қатып қалды. Шапшаң жүрісім ғана түбі босаған сексеуілдей біржола құлап түспеуіме сеп. Осы далада мынау желге тағы біраз қарсы жүрсем, оған да жететін сияқтымын. Бас сүйегімді аяз шағып бара жатыр да, оның ішіндегі клеткалар бұған селт етпей, өз жұмысын одан əрі жалғастырып, қиял тізбегін туындатуда. Бəріне қозғау салған жаңағы сұңғақ бойлы, мойны жалаңаш қарт милиционер. Апыр-ау, мынау сол шығар. Жоқ, ол мүлдем басқа адам-тұғын. Сонымен Шөкеннің үйінде тұра бердім. Қанат та басбұзарлығын қоймады. Шөкеннің біраз уақыт өткізіп барып тапқан айласы Қанатқа шағынып, əкесі Қайдауға хат жазу еді. Одан Қанатқа: «Қарағым, адам бол, менің жайым мынау» деген қысқаша ғана жауап келді. Кейінірек баласына арнап та ұзақ өлең жазып жіберді. Онысы аспандағы қыран, ұядағы балапан жəне жортқан көкжал, оның інде қалған бөлтірігі төңірегінде құрылған, əрі ескілікті діни мазмұндас жырлардың нұсқасына келіңкірейді. Бірақ мазмұны күңгірт, адамға əсері жоқ, тек ұзақ уайымға толы бір нала қисса. Мен өзім одан жылт еткен ештеме таба алмадым. Қайдауға ақындық бұйырмаған ба, жоқ менің қасаң миым ештеме қабылдамай ма, ол кезде мұны ажыратпаққа менде пейіл де жоқ еді. Шөкен бұл хатты неше мəрте Қанатқа оқытты да. Жыр етіп, əн ырғағымен айтып та көрді. Бірақ Қанатқа одан да ақыл қосылмады. Əлі де сол бес жастағы баладай үйдің əптер-тəптерін шығарып, жалғыз асыраушысы, əке мен шешеден əрмен қамқоршысы Шөкенді зар илетумен болды. Тек жаңағы жырдың Шөкенге əсері күшті. Адамның ішкі қасіретінен туғасын терең мəні бар деп қатты сенгендіктен бе өзін өртеп кетер шам төңірегінде тыпырлап қалбалақтаған көбелекке ұсап, сол жырды он мəрте, жүз мəрте мəнерлеп, қайталап айта береді. Жүрегін жандырған жыр лебімен балқып, жүзіне қызыл күрең қан жүгіреді.

Бірде Қанат күнде ойнайтын достарымен бірге біреудің өзі қа-
тарлас қызын қатты жəбірлепті. Сол қыздың шешесі келіп, Шөкенді
жерден алып, жерге салды. Шөкенде де тіл-жақ бар ғой, алғашқы-
да тойтарыс беруі жақсы-ақ еді, тек ананың əзірлеп əкелген құры-

ғы ұзын екен. Шөкеннің мойнына қыл бұраудың түскен жері:

– Жетім асырап, желкең шіріп, шағылатын күнің жетіп еді ғой,

сорлы. Енді осы жетім жеткізеді ғой деп, битіңді сығып, қаныңды
жалайын деп жүрсің бе? – деген сөздер еді.

– Жетімді жеткізсем, құдайдан қайтсын деймін. – Шөкен осы ба-

ғытта біраз оқ атып көріп еді, ана əйелдің жаңағы сілтесінің уыты
күшті екен. Мұның денесіне тез тарап, əлсіретіп иықтап əкетті.
Бұлардың айқайына көрші үйдің еркегі екеуміз кірісіп, тоқтат-
тық та екі айырып жібердік. Үйге келдім де Қанатқа тағы да қат-

ты ұрыстым. Енді-енді бұл тірліктен баз кешердей түтігіп отырған
Шөкенді де сол баяғы дəрменсіз үйреншікті сөздеріммен уатқан
болдым.
Осыдан екі-үш күн өтпей-ақ Қанаттың тым болмашы қиястығы-

нан шарт кеткен Шөкеннің:

– Менің кісіге қылған жақсылығым неге қайтпайды? – деп ағыл-

тегіл жыламасы бар ма? Мен шыдамай Қанатты сыртқа қуып
шыққасын, екеуміз оңаша қалғанда ғазиз əйел бұрын менен бү-
гежектеп, намыс ойлап жасырып жүрген біраз сырларын аямай,
шашудай шашты.

Оның соғыстан іш құрылысы зақымданып келген алғашқы кү-
йеуінің контузиясы бар екен. Сырты жылтырағасын əулие көрген
қараңғы əке-шеше ондайды елең қылмастан қызын жетектетіп
жіберіпті. Баламызды ақыл тоқтатқан адамға ұзаттық деп, біраз-

ға дейін олардың жағасы жайлау болып жүреді. Ал жалпы əйел
адамға жаны қас адамдай қарайтын дөйіт мінезі бар бұл жолда-
сы Шөкенді кісі орнына көрмепті. Іштегі, сырттағы ауру асқынған
сайын оның мінезі де, күтімі де қиындайды. Ол кезде жас қуаты

бойында Шөкен бəріне төтеп беріпті.
Ал келесі бала-шағасы мол үйге келіп түскенде, азан-қазанның
ортасында шарадай басы шақшадай болған нағыз зобалаңды
күндер туады. Өзі құрсақ көтермеген Шөкен алғашқыда бойы үй-

ренбей осқырынғанмен бара-бара күйеуінің ықпалымен бұған да
көндігеді.

– Өзімнен тумаған баланың алдына ас қойып, ол табақты аяқ-

пен теуіп қырсықтанса, «қарағым-ау, іше қойшы, қарның ашады
ғой» деп, көз жасымды сығып, көңлім босап, жалбарынушы едім.
Міне, сол балалар қайда, менің жасаған жақсылығымнан көкірек-
терінде бір мейірбандылық сезім оянса қайтер еді? Шеше орнына

шеше болып еді-ау деп, əмсе демей-ақ қояйын, оқтын- оқтын неге

бір соқпайды? Адамға деген жақсылықтың ешбірінің қайырымы
жоқ. Тек, əйтеуір, екі қолың алдыңа симағасын, елпелектеп, кім
көрінгеннің қамын жасап жүресің.
Соңғы күйеуі жөнінде бұл жолы да ашып-айырып ештеме айт-

пады. Тек кейбір тұспалдарынан өз ойымша жорамалдағаным
бұған дейін екі босаға көріп үлгерген (тағы ол қандай босағалар
дейсің) Шөкеннің бұрынғы жастық көркі жоқ, бара-бара бұл күйеуі
мұны менсінбей, басқаларға көзі түсе береді. Ақыры тайып тұра-

ды, шамасы.
Бұл соңғы күйеуін емес, одан бұрынғысының балаларын
елестеткім келді. Олар қайда екен? Шөкеннің өз басын, жалын
жастығын ұмытып, елім-телімі шығып, оларға қамқорлық жасаға-

нына еш күмəнсіз сендім. Сенбей қайтейін, көзіммен көріп отыр-
мын ғой. Ия, сол балалар қайда екен? Кісідегі қарызын ұмытып,
алаңсыз ғұмыр кешетіндерді табиғат басқа қоспадан соғады-ау
деймін. Əйтпесе, тап осы Шөкен тəріздес адамдар басын бақыт

неше айналдырса да олардай ноқтасыз, басы кекжиіп кете алмас
еді. Шөкеннің де ол балалардан көп күтері жоқ, тек анда-санда бір
соғып, жылы лебіз білдіріп кетсе екен дейді. Бірақ аналар мұндай
ишара, кішіктікке де жарамайды.

Жағалауға соққан теңіз толқынындай Шөкеннің өксігі өстіп
толқып, буырқанып қайта береді. Тірлікті өзгертер қауқар жоқ, ол
одан əрі жалғасады. Бүк түсіп біржола жатып та қала алмайды, ол
тірлігі құрғырдың қамын жасауы керек.

Менікі де сол бір сарынды өмір. Əлгі періште қызбен көп ұза-
май бетпе-бет ұшырасуға тура келді. Қасында біразға дейін жа-
намалай жүріп, таныспаққа тіл қатып едім, қыз оң шырайын бере
қоймады. Аты-жөнін, қызмет ететін мекемесін де соншама ықы-

лассыз, мен тақылдап қоймағасын ғана айтты, білем. Өзімді де
таныстырып көріп едім, ұқты ма, ұқпады ма, білмеймін, əйтеуір,
тым самарқау қабылдады. Бұл өзі мен алғаш байқағаннан да сұлу
екен. Тап қасында тұрып бақыласаң, көзің тұнады. Көкірегіңді өр-

теп кетердей өткір жанарын былай қойғанда, өңінің кіршіксіз ақты-
ғы қандай десеңші. Жеті қат жердің астынан алынған түсі бөлек
асыл тастан соғылған ба дерсің. Қара қасы да анада мені алыстан
арбағандай-ақ бар екен. Неге екенін білмеймін, екінші рет ұшы-

растырып, бетпе-бет келгенімде алғашқыдан да ғажайып көрінуі
мен үшін біртүрлі өкінішке ұқсады. Апыр-ау, ненің өкініші, айыра
алмаймын. Əйтеуір, кеудемдегі бір кесек ет қорғасынға айналып,
өз салмағымен бəрін төмен əкетіп бара жатты.

Сол екі ортада Тауап та іссапардан оралды. Мен амандық-
саулықтың орнына жаңағы қыз жайын сұрадым. Тауап мұрнын
шүйіре сөйледі.

– Ой, əлгі Қабылбектің қызы ғой. Онда қызығатын, қарағым, ештеме қалған жоқ. – Қалған жоғы қалай? – Ой, ол қыздың ана КазПИ-ді бітіргеніне, міне, үш жыл өтті. Осы үш жыл бойы ол дипломын ала алмай зарлап жүрді. Неге дейсің соның бəрін? Ақылың болса айтшы.  – Тауап маған тура өзінен он жас кіші інісіндей дікектеп сөйледі. Бірақ ашуланатын мен жоқ. Өстіп, там-тұмдап, ол қыздың жайын асықпай білмек үшін неге де көнбек сыңайым бар. – Түк түсініп тұрғам жоқ. Неге диплом алмайды, мен қайдан білейін? – Əй, адамдағы сұлулық дегенің кейде оның басындағы сорға айналатынын білемісің. Сол КазПИ-дің жастау оқытушысы, оқытушы болғанда жай оқытушысы емес, бір мықтысы болса керек, осы Күлімханға (періште қыздың аты солай) сен не маған тұрмысқа шығасың, не, əйтпесе, саған диплом жоқ деп, шарт қойғанына талай жыл өтті. Мұның студент күнінен-ақ бұған көзі түсіп жүрсе керек. Басқалары да жаңағы оқытушының сөзінен шыға алмайды екен, бұл Күлімханың мемлекеттік емтихан тапсыруға жылда барады, жылда құлап қайтады. Ал биыл диплом алып қайтты. Ал сонда не, жаңағы жырынды оқытушы мұны тегін жіберді ғой дейсің бе? Бұл пəле қыз не басқа бір мықтысының көңілін тапты, не жаңағы оқытушының өзінің көңілін тапты. Биыл сып еткізіп диплом алып келе қойғаны, арғы қолыңды бері əкел, тегін емес. Тауаптың сөздерінде мұның бəрі əурешілік екеніне менің көзімді жеткізерлік мəн жоқ еді. Тек періште қыздың соңына түскен жансебіл жалғыз өзім еместігімді, ол тұрғысында лақап көптігін ескерткендей. Адамның бір есіл-дерті ауса, одан маңдайына тас тиіп барып қана беті қайтпаса, одан беріде ол ешбір қайыруға көнбейтіні хақ қой. Жұмыстан кейін үнемі Күлімхан өтеді-ау деген жермен жүретінді шығардым. Тауапты да солай қарай тартқылаймын. Өміріме енген бір өзгеріс те бар. Ең алғашқы келгенде бұл ауылдың көз аштырмайтын ақ топырағына, бас айналдырар аптап ыстығына, ұн тартқан диірменшідей жапырақтарын шаң басқан қараағаштарына, көгеріп, іркілген шалшық суларына қарай алмайтын басым, қазір осының бəрінен аспанда ай мен күн шағылысқандай сұлулық іздеймін. Бар алтынын бауырына басып, бетіне шеңгелі мен табанға батар тастарын ғана шығарып қоятын бір көрімге ғана реңсіздеу қазыналы жерді еске түсіргендей. Аптап жаз өтіп, күз жақындады. Кешке қарай күн суытатын еді. Тауап екеуміз бірде тұмсығымызды плащтың жағасына тығып, клуб маңын кезіп жүрміз. Клубта бір қызық кино басталайын деп жатқан. Халық əдеттегідей аз емес, ығы-жығы. Кенет əлгі Күлімхан жалғыз өзі тап қасымыздан өтіп барады. Мен селк еттім, білем.

– Əй, ананың артынан бар. Мұрнынан су кеткен тоқтыға ұқсап

сорлы боп кеттің ғой. Бір ұрынып көрші, арты неге соқса да. Мен
қала тұрайын, – деді Тауап.
Тауап өйдемесе де мен қыздың соңынан жүгірмей тұра алмас
едім. Кеш қараңғылығында тез-ақ қуып жеттім. Ентікпей, сабыр-

лылықпен қатарласа бердім. Маған жалт бұрылып, екі көзін тіке
қадады. Жанарындағы жалын қуат осындай шақта да жарқ етті.
Мені əлдекім деп қалғанға да ұқсады.

– Күлімхан, аман ба?

– Аман, – деп, даусын еркіндей шығарды.

– Жалғыз өзің қайда шықтың?

– Қыдыруға.

– Қыдыруға?

– Иə.

Осыдан бұрын бір-екі рет көшеде ұшырасып қалғанда үнемі
асығыс екенін айтып, жөндеп сөйлеспеп еді. Тап қазіргісі маған
да мықтап бір пейіл бергісі келгенге ұқсап, əлдебір үміт шырағы
жылт еткендей еді.

– Жалғыздық бір құдайға жарасқан, адамға жараспаған дейді

ғой атамыз. Екеулеп қыдыралық та одан да.
Күлімхан үндемеді. Сол бағытымен жүре берді. Клуб маңын-
дағы жұрт ортасынан сəл ұзаңқырай қайта қайтты. Мен қалба-
лақтап, оның еркіне бағынып қалыспай келемін. Ананы- мынаны

бір айтып, қайткенде де қызды мырс еткізіп күлдірсем деймін.
Байқаймын, Күлімханның жүрісі тез. Ығы-жығы жұртты жарып
өтіп, екінші жағына шығып кетті. Мүмкін менің сөзімді осылай бі-
раз тыңдап, қыдырыстамақ шығар.

– Киноға кіресіз бе? – дедім біраз сөз аралатып барып.

– Жоқ.

«Кинода не бар, көрмей жүргеніміз сол ма еді, басымыз бос,
тірлігіміз тұрлаусыз біз үшін бəрінен де оңаша сырласқанға не
жетсін! Экраннан баз біреулердің күйініш-сүйінішін қызықтаған-
ша, солардың түскен талқысына өзімізді де салып сынаймыз

ба?» Мынау, қайтсе де зерделі қыз. Мүмкін соның бəрін ойлап,
талайдан бері аңдыған-баққаның мен едім ғой, кəне, ақтарыл-
шы, нең бар, нең жоғыңды бір шамалайын, сен де бір ұлы кеуде,
ер-азаматсың ғой, арманда кетерсің, мұрнымды көтеріп, шалқая

берсем, кесір шалар деп, бір толғағанда тапқан шешімі шығар
деймін. Қайта оралып, жұртты тағы да қақ жарып өттік. Мен жат-
қан үйдің иесі Шөкен қатты қорқатын, қорыққанда өсегінен қатты
қорқатын айнала қазақы жұрт қой. Бірақ ол тап мына Күлімханның

бақайынан да келер емес.
Қыздың өзіме деген мына ілтипатына жауап ретінде сөздің ең

бір сөлдісін таппаққа іш қазынамды ақтара бастап едім, Күлімхан кенет кілт тоқтап, бүкіл денесімен маған бұрылды. Көзінің астымен мені əлі де мұқият барлай қарап, құлаққа соншама жағымды үнмен сап еткізгені: – Мен сізге айттым ғой жаңа, қыдыруға шықтым деп! Бұл сөздің астарында не барын ойға салып та үлгермедім, оң жағымнан əлдене көзімді тартты. Жалт бұрылсам өзім қатарлас бір жігіт бізге соншама тақау келіп, мені бақылай қалыпты. Өзі биязы өңді, күлімсіреген жігіт. Мұның мəнісін сұраған кейіппен Күлімханға қарасам, ол əлі де мені көзінің астымен барлаған күйі «мəселені енді ұқтың ба?» дегендей тұр екен. Тілімнің мықтап байланған жері осы. Басқасында не қауқар бар болсын. Жаңағы күлімсіреген жігіт пен Күлімхан менен бөлініп ары жүре берді. Шегенделген орнымда мен қаттым. Өстіп мəңгібақи тұра берсем де ешкімге керегім жоқтай. Жоқ, керегім бар екен. Тап құлағымның түбінен Тауаптың даусы күңгір етті. Жаңағы күлімсіреген жігіттей мұның да мысық жүріспен жақындап келіп қалғанын аңғармаппын. – Иə, енді не шығардың, айта бер маған бəрін сап-сабымен. Дос көңілін сыйламаған оспадарсыз жүзіне қадалып, осымен нешінші мəрте екенін білмеймін, Тауапты тағы да жек көрдім. Ұрсыса кетуге намыс жібермеді. Аққуыңнан айрылған қаралы халің үшін менен кек алмақ па едің деп, іштегі жараны одан əрі түртпектеуден шіміркенетін Тауап емес. Қараңғылық түскен шақ қой, жүзім қаншама алабұртқанмен бұл байқамаған шығар деп орнықты сөйлеуге тырыстым. – Жаңағы кім? Кімі бұл Күлімханның? – Кімі? – деп Тауап мырс етті. – Кімі болушы еді? Жігіті! – Сонда мұның қайдан кеп қалған жігіті? Айта салсаң, жағың айырылып кетпейтін шығар. – Мен айтқаннан немене, майы шыға ма? Айтарымды саған баяғыда-ақ айтып ем ғой, əй, жігіт, аспандағы күнге қол созба, текке күйіп кетесің деп. – Сенің қай сөзіңе сенуге болады. Сен бұл Күлімханды Алматыдағы бір оқытушымен шатастырып, былай апарып, бір қойдың. Енді ол аспандағы жұлдыз, күн, қол созба дейсің. – Еркін, сен сөздің астарын танымайсың. Тіпті анау жеті қат жер қойнауында жатқан қара тас бар ғой, иə, ешкімге қажеті жоқ қара тас. Егер соны қазып алуға құрал-күшің жоқ болса, ол да сенен ана аспандағы күндей алыс емес пе? Күн деген сөз оның алыстығын білдіреді, қасиетін емес. Оны-мұны шатып-бұтып жауап тапқан Тауаптың қасында кетіп барамын. Жұрт жапа-тармағай клубқа кіріп жатыр. Осы маңда

айналшықтап біраз жүргесін түнгі көше Тауап екеуміз үшін тыныс
кеңейткендей босап қалды.

– Əй, сонда да сен бірауыз сөзбен хабардар етсеңші былай.

Жаңағы жігіт кім? Сен сырттай болса да танисың ба?

– Соның құдалығына қосақ боп барсаң, айтайын. Ол осындағы

Қарсақ дегеннің екінші баласы. Құрылысшы-инженер. Аты
Жанат. Үйленбеген. Күлімханмен бала жасынан таныс. Өзіміз
қатарлы. Арақты шамалап қана ішеді. Үнемі күлімсіреп жүреді.

– Үнемі күлімсіреп жүреді дейсің бе? Жаңа бізге де солай...

Жалт қарасам, тап қасымда сығалай қарап, күлімсіреп тұр.
Сығалағаны бір басқа былай, иманжүзді жігіт пе деп те қалдым.

– Е, енді сен сөйтіп өз бақталасыңнан жақсылық ізде.

Мен сəл бөгелдім. Не айтарымды сараптағаным еді.

– Жоқ, менің ойым басқада. Осы жақтың адамы ғой деп, ана-

ны, мынаны сұрап, саған құдайдай сеніп жүрген басыма мені ылғи
мұрнын тескен тайлақтай басқа жаққа бұрып салатының енді
жетті. Осы мен алғаш келгенде емес пе еді, сен «ойбай, көше-
де қыз көрсең, бірден жабыспа, бұл жақтың жігіттері намыс қор-

ғауға келгенде, өлер жерін аңдамайды» деп байбалам салғаның.
Құдайға шүкір, ондайы байқалмайды ғой. Қайта қылығы қыздай
біразының...

– Жаңа өзіңнен қызды жұдырықсыз алып кеткенін айтып тұр-

сың ба?

– Ал,соны-ақ айтайын. Тауап мырс етті.

– Ол күлімдеп келіп күңірентіп кететіннің нағыз өзі. Мысалы,

қазір өзің қалай боп тұрсың?
Қалай боп тұрмын. Ешқандай да боп тұрғам жоқ. Тауап енді
бүкіл денесімен селкілдей күлді.

– Немене, талқанға тойған баладай күлесің? – дедім. Оның мі-

незі тағы да қытығыма тие бастап еді. Сыр алдырмау керектігін
де естен шығара жаздадым.  – Өзің тіпті кереметсің. Саған бой
жеткізу де, ой жеткізу де қиын.

– Əй, Еркін! Мұнда ой жеткізетін ештеме жоқ. Жаңағы Жанат

сенен ол қызды жұдырықсыз-ақ əкететініне сенеді. Сосын қолын
ауыртып неғылсын. Əйтпесе, оның жұдырығы деген мəңгі есіңде
қалатын нəрсе.
Бұлардың арасында бұрын қандай оқиғалардың өткенін біл-

мейтіндігімнен ғой. Əйтпесе, осы арада Тауаптың өзі сыр алды-
рып тұр еді. Оны кейін ұқтым.

– Сірə, жоныңды тосып көргенсің ғой.

Тауап үндемеді. Енді қасында келе жатсам да бұдан ойым-
мен аулақтаңқырап, жаңағы Күлімхан мен Жанатты елестеттім.
Тауапқа тиісе айтқан сөздерімді біртүрлі мəнсіз көрдім. Бəрі де

іштегі ызаның айдап шыққаны сияқты. Иə, бойдақтардың сөзін де,
тірлігін де қойсаңшы.
...Өмір өтіп жатты. Күз өтіп, қыс келді. Оқуды биыл ғана бітіріп,
үстіме жаңа лыпа іліп үлгермеген мен студенттік жұқа пальтомен

жапырақтай қалтырадым. Əрі мұндай қысты көрмеген басым бұл
суықты бүгін-ертең басылар деп жүре бергенге ұқсаймын.
Екі жастың сөз байласулары тез піспеді ме, əйтеуір, əлгі иман-
жүзді жігіт Жанат пен Күлімханның тойы осы қақаған қыс күн-

дерінде өтті. Мені ешкім елеген жоқ. Тойға Тауап шақырылды.
Бекер обалы кəні, бірге жүр деп, Тауап қыстауын қыстады-ақ, мен
өзім тістеніп бармадым. Жат біреудің бақытына көзімді сатардай
көрініп, іштегі бір намыс тапжылтпады.

Сол той болған кеште мен қозғалмай жаттым. Суық тигенге
ұқсап, денем тоңазыды ма, əлдене күңгір-күңгір еткендей жай-
сыз бір күйге ұшырадым. Күлімханның бет-жүзі қайта-қайта көз
алдымда жалтылдағанмен дəп одан келер-кетер ештеме жоқтай,

себебі, мұндай атты күнге өзімді бұдан көп бұрын даярлағамын.
Күлімханды əлгі Жанат менен алып кеткеннен кейін де онымен
екі-үш рет жолығысқамын. Бұл жолдары əккі қыз барынша ақжар-
қын сөйлескенмен, текке əурешілікті неғыласыз дегенді дəлдеп-

ақ айтқан. Көңіл шіркін сонда да ұли бергенмен, оны күшпен ба-
сып, қайта оянуына ырық бермеп-ақ едім...
Тойға Тауаптың өзі барды. Бірақ бұл таяқ жеп қайтыпты. Екі-
үш күн жұмысқа да шықпай, бет-аузының жарасы жазылуын күтті.

Діні қатты ма, хал білмекке барғанымда пальтосымен бет- аузын
бүркеп, бас көтерместен жатып алды. Менің бір сұрағыма да
жауап берген жоқ. Жұмысқа шыққасын да екі-үш жұма менен қаш-
қалақтап жүрді. Не жағдаймен таяқ жегенін сұрай ма деп, содан

қашқалақтаған, шамасы. Сұрамай-ақ қойдым. Əркімнің түкпірінде
де жасырулы бір сандықша жатады ғой. Оны күнде бірге жүрген
досқа да аша бермейсің. Бұлдағаның сол сандықшаң болса, қоз-
ғамай-ақ қой. Кейін қайта жолығысқанда жүні жығылған ештемесі

жоқ, сол баяғысынша əлі де ірі сөйлейді.
Əйтеуір, күндер жылжып өтіп жатты. Тауаппен күнде бірге жүр-
сем де екеуміздің екі басқа адам екеніміз əрнəрседен шалына бе-
ретін. Бір ғажабы Тауап əлгі сотқар Қанатпен достасып алды.

Өзім Шөкен сияқты зəрезап болғасын ба, Қанаттың ойыны
түгіл қыңқ еткен бір даусын да көтере алмайтын шаққа жеткем. Ал
Тауап Қанатты сөзге өзі шақырып, мылжаңдасқанда тай- құлын-
дай тебісіп, бір төсекте жатып өскен егізектерден аумайды. Əр

кезде бір кəдеге жарап қалар деген əзірге басқаға мəні мəлімсіз
əрекеттері жиі шаң беретін. Мынаусы да соның бірі екені кейін
ашылды.

Бірде мен жоқта Тауап Қанатты ертіп, киноға да барыпты. Осы
үйдегі нағыз қожа кім екенін аңдаған ол дəл сол Қанатпен көп
шүйіркелескен күні біздікінде қонып та қалды. Мен Тауап екеуміз-
ге төсек қатар салынғанмен, бөлмеде жалғыз өзім жатқандай-ақ

қаперсіз ұйықтап тұрғам. Ертеңінде ұйқысы қанбай ауыр тұрған-
дай қабағында кірбеңі мол Шөкен оңашада маған:

– Ойбай-ау, мынау Тауапта ұят жоқ екен ғой, – деді.

– Неге?

– Қонақ болғасын тыныш жатпай ма? – Басқаға тілі келмей өңі

күлгін тарта əрі бұрылды. Менің ішіме сұмдық салқыны енді жетті.
Оңашада Тауапты иықтан пергілеп, қатты ұрыстым. Ол менің жұ-
дырығымнан бас сауғалай, сылқ-сылқ күле берді.

– Адам аласы ішінде дейді. Сенің алалығыңа осымен нешінші

мəрте көзім жетіп жүр. Мен саған турасын айтайын, көңілім сенен
қатты қалды.
Тауаптың да тіл-жағы қарысып қалған жоқ, ол кəдімгі арсыз
сөздерімен өзін ақтап жатыр. Мен онысын тыңдағам жоқ, қасынан

тайып тұрдым. Біразға дейін бұл досыма жоламадым.
Жаңа жылдың тап қарсаңы еді. Далада қақаған аяз. Жұқа паль-
тода қауқар жоқ. Жұмыстан шыға аяғымды тез-тез басып, үйге же-
темін де, қайтып ешқайда шықпай жата берем...

Шөкен де жұмыстан оралған. Қараңғылау ортаңғы бөлмеде
шүйкедей ғана шашын оңдап, кешкі тамақтың қамына кіріспекші.
Мен төргі бөлмеде жатқам. Шөкен мен жаққа басын сұға:

– Əлгі Қанат көзіңе түспеді ме? – деді.

– Жоқ.

– Осы суықта байғұс бала қайда қаңғып жүр?

Қазір қыста ортаңғы бөлмеден от жағылады. Ал жазда шай
ішетін ауызғы бөлмеге тек аяқкиім тасталады.
Шөкеннің пешке сексеуіл тығып, от тұтатқанын сезіп жатыр-
мын. Суықтан келген мен үйдің тезірек жылынуын қалаймын.

Балтамен бұталған сексеуілдің тек жіңішкелерін Шөкеннің одан
əрі тырс-тырс сындыруынан оның Қанатты ойлап, тағы да маза-
сызданып отырғанын ұқтым.
Сырттан күңгір-күңгір дауыс естілді. Қаңқылдап күлген күлісі-

нен Қанатты айырдым. Қасындағысы кім? Шөкен де елбелектей
қалды, білем. Ортаңғы бөлменің арғы есігін өзі ашты. Ауызғы
үйде тарс-түрс аяқкиім шешіліп жатқанына қарағанда, Қанаттың
ертіп келгені өзі тұрғылас балалардың бірі.

– Қайдан келе жатырсыңдар?  – деп Шөкен сыпайы сұрады.

Қанат пен оның досына бүйтіп қиыла қалу Шөкеннің үйреншікті мі-
незі емес. Қанаттың қасындағысы күңгірлеп жауап берді. Əлдебір
ала құс тырнағымен көкірегіме сап етіп жабыса кеткендей.

Мынау – Тауап. Екеуміз көптен бері жолығысқанымыз жоқ. Енді
неғып кеп тұр? Қанат екеуі дабырлай бері кіріп, сырттағы əңгімені
үзіліссіз одан əрі жалғастыра берді.
Мені сұраған да жоқ. Қанат та, Тауап та. Екеуі жайғасып, Тауап

біраз сөйлегесін Қанат оның сөзін бөлді:

– Жоқ, жоқ, Тауап, сен ана, сен ана, жаңа айттың ғой.

Кəукеновпен жаңағы үйден шықтық деп. Сосын ары қарай не іс-
тедіңдер? Айтшы.

– Сосын шықтық. Жаңа айттым ғой саған. Кəукеновтың жеке-

меншік машинасы бар деп. Соған мініп алдық. Сосын əлгі екі қыз-
ды қасымызға отырғызып алдық та, əйде шуу деп тартып отыр-
дық. Сосын анау Алматының аржағында Ұзынағаш деген село
бар. Сонда менімен оқыған бір жігіт бар еді. Ол екінші курстан

кейін институттың сырттайғы бөліміне ауысып, ерте үйленіп ал-
ған, əрі өзі қызмет жасайды. Əйда, солардың үйінде таң атқанша
би билеппіз ғой.
Шөкен:

– Əкем-ау, сонда əлгі сендерге еріп барған екі қыздың əке- ше-

шесі, ештеңесі жоқ па, олар іздемей ме? – деп сұрады. Тауап əңгі-
месіне мұның да құлағының құрышы қанып отырса керек.

– Əке-шеше қайда, ауылдарында ғой. Бұлар – Алматыда оқи-

тын қыздар. Қара бастары жүргендер. Оларды кім іздесін?

– А... а? Сұмдық-ай! – Шөкеннің қаңқ етіп күлгені маған ұна-

мады. Өзі тіпті Тауаптың сөзіне елтіп, мəз-мейрам бола баста-
ған секілді. Əнеугүні ғана оның тəртіпсіздігіне шағынып, өңінің
күлгін тартқаны есінде жоқ. Осыдан-ақ əйелдің намыс ойлатпас
бір əлсіздігі қылаң берді. Қанаттың бар есіл-дерті  – Кəукенов.

Республикаға есімі белгілі футболшы мұның табынар құдыреті.
Тауаптың тек сол жөнінде сөйлегенін қалайды.

– Сен айтшы, сонда Кəукенов қыздарға не айтады?

– Не айтсын, кəдімгідей сөздер айтады.

– Қыздар былай оның сөзінен қорықпай ма?

– Əй, Қанат-ай, баласың-ау! Қаланың алаяқ қыздары Кəукеновтың

сөзінен де, есімінен де қорықпайды. Ең ақыры, Кəукенов футбол-
шы ғой, бұларды аяқпен тебем десе де, ол қыздар мыңқ етпес еді.
Қайта Кəукеновтың өзінің аяғын бұрап алсын ол қыздар.

– Жо-о-о-қ! Кəукеновтың аяғын бұрау қайда? Кəукенов қақпа-

ға доп соққандай кеп, кеп, кеп... бір қайқатса, ол қыздарың анау
жердің түбіне ұшып барып, күл-паршасы шығар. Кəукеновтың доп
тебісін білесің ғой.
Тауап Кəукеновпен бірге жүргенін маған да жыр қып айтқан.

Енді онысын Қанаттың əлсіздігіне орай кəдеге асырып жатыр.
Түпкі бөлмедегі мені, өзім барып жабыспасам ешқайсысы керек

қылатын еместей. Біраз абыр-дабырдан соң Тауаптың өзі келді. Менің сөйлескім жоқ еді, сөйтсем Тауаптың қолындағы көзірі күшті екен. Ол ауруханада дəрігер, мейірбике болып істейтін үш қызбен Жаңа жылды бірге қарсы алмаққа келісіп қайтыпты. Осында келгеніме жарты жыл өтті, бір жиын-тойда, не бір үстел басында, көңілді əңгіме үстінде отырмаппын. Осы жағдайымда Тауаптың хабары мені елең еткізбей қоймас еді. Сыр алдырмауға қанша күш салсам да тоңым жіби бастады. Тауаптың тек бір ескерткені – олар үшеу, қыздар біздің де үшеу боп келгенімізді қалапты. – Екеуміз сопиып барсақ ұятқа қалармыз, тағы кімді ертеміз, соны ойлайықшы, – деді. Мұны көп ойлағанымыз жоқ, осында аудан орталығында істейтін біз қатарлы тағы бір бойдақ жігіт бар еді, сонымен сөйлесіп едік, ол пəлендей елпектемегенмен баруға келісімін берді. Дүмбілездеу, сонда да сөзіне сендік. Бұл неме тап ақырғы сəтте санымызды соқтырды. Қыздардың үйіне бармаққа енді жиналып жатқанымызда жаңағы жігіт кеп, бара алмайтынын айтып тұр. Тығыз бір шаруасы бар, Тауап екеуміз не болғанымызды білмей, жігітке қанша жалбарынсақ та иікпеді. Ақыры қойшы, екі кештің ортасында тағы бір жігітті қайдан таба қоялық, екеуміз ғана кеттік. Қыздар бірден бізді сынық қарсы алды. Үшінші адамды ұйымдастыра алмағанымызды көзбен де, сөзбен де мін ғып таға берді. Бұлардың біреуі ғана Тауаппен таныс, қалған екеуі осында жұмыс істеуге сырттан келгендер. Сол сырттан келгеннің біреуі дəрігер боп істейтіні үстел басына отыра бергенде-ақ əлі бізбен шүйіркелесіп үлгерместен мағыналы сөз тастады: – Институтта оқып жүргенде менің екі құрбым болды. Үшеуміз стипендиямыз таусылса, асханаға барып, үшеудің орнына екі порция котлет жеуші едік. Сөз астарын менен бұрын Тауап аңғарды: – Студенттік асханада үшеуге екі котлет аздау, əрине. Ал мейманханаға барсаңыздар, оның екі котлетіне үшеулеп те тоясыңдар ғой. Қыздар сылқ-сылқ етісті. Арақ-шарапты Тауап екеуміз мол етіп алып барғамыз. Тамақты бұлар да келістіріп жасап қойыпты. Тек үстелдің орта бөлігінде сыра түстес, бірақ одан сұйықтау ішімдік құйылған графин тұрды. Мен оны жеміс сөгі, не шарап шығар деп ойлағам. Барымызбен базар боп жайғасқасын, қыздар да ең əуелі сол графиндегіден құйды. Мен араластырмауды ойлап: – Шарап ішпеуші едім, – дегенім.

Тауаптың таныс қызы, осы үйдің иесі Гүлбаршын:

– Бұл шарап емес, коньягыңыздың өзі, – деді.

– Шарап ішпеймін деп шыр етуіңізге қарағанда, жаныңыз тəтті-

ау деймін.
Кеудесі кекшиген ұзын бойлылау, өңінде де асып бара жатқан
сұлулығы жоқ, тек мінез қатқылдығын алдына салып, бəрін со-
нысымен алмақ ойы бардай жаңа алғаш сөйлеген, сырттан кел-

ген дəрігер қыз – Шынар осы сөзімді мені бір түйреп қалу үшін
пайдаланды. Тауаптың өзіме қадалған көзінен мен де жігерлендім
білем:

– Қанжығаға байлап, қосақтап жүрген тағы бір жан болмаға-

сын, əрине, тəтті, – дедім.
Үй иесі Гүлбаршын қаз төсті, денесі толық, қызыл шырайлы
қыз. Əке-шешесінің бір жаққа кеткенін пайдаланып, осы кешті
ұйымдастырудың түп қазығы өзі болған. Біршама байсалды, тек

Тауапқа қарасында бір кекесін бар. Үшінші мейірбике – аласа бой-
лы, тығыршықтай қыз, дəрігер құрбыларының қасында өзін кішік
санағысы келе ме, көбіне жүзін төмен салып отыр. Өзі өңсіз де
емес, жанарындағы аласыз тазалық оқтын-оқтын жарқ етеді.

Мен осы қызға пейіл бергім келіп еді.
Жаңағы графиндегі аздап сыра қосылған спирт екен. Ауру­
ханада істейтіндер мұндай көлденең табыссыз жүрмейді. Бір ға-
жабы рюмкалары құнажын асығындай ірі-ірі болғанмен, оған құ-

йылғанды түбіне дейін ішкізбей қыздар қайта үстелге қойғызбайды.

– Ішіп қойыңыз немене, жаманнан жарты қасық ас қалады

дегендей.

– Ішіп қойыңыз, тауысып, тауысып...

Ол кезде ішімдік жөніндегі тəжірибем жоқтың қасы еді. Олардың
сөзіне қарсы дау айтайын десем, қыздардың өз сілтестерінің де
түрі жаман. Құнажын асығындай рюмканы ауызға апарып бір-ақ
төңкереді. Жəне шіміркенбейді де. Олардан қалыссаң, ер-азамат-

тығың қайда? Əрі мұны айтатын орақауыздар да сақадай сай тұр.
Гүлбаршын үн-түнсіздігімізді бұзып бір сөз айтты.

– Тауап, сен əнеугүні Жанат пен Күлімханның тойында сонша-

ма басыңа қара жамылғаның не?
Осы сұрақтан қалған екі қыздың көздері де жарқ етісті. Тіпті
кішік отырған мейірбике қыз – Раушан да аққұба жүзін төбеден
шақырайған шам жарығының астында соншама əдемі құбылтып

қойды.
Тауап жеген тамағына шашалып, бірден жауап бере алған жоқ.
Ақыры аузы босағасын қыздардың өзіне қарсы сұрақ қойды.

– Олардың тойында кім басына қара жамылыпты?

– Мына отырған сен.

Гүлбаршын енді қызарыңқы көзін оған тура қадады. Тауап та оған бұрылып, бар назарын салды. Екеуі осылайша тоқайласқанда, жанарын алдымен тайдырып əкеткен Тауап. Шанышқыны алып, картоп, ет аралас салатқа молырақ батырды. Аузы тағы да босамай отыр. Бірақ үш қыздың тура жауап алу үшін шыдамы бəріне жететіндей. Тауап ұзақ шайнады. Шанышқыға тағы да не ілінеді дегендей үстелге көзін жүгіртті. Пісірілген жылқының еті де бар еді. Оны ауызға бір салсаң, жұмсартып, кеңірдегіңнен əрі жылыстатқанша едəуір уақыт етеді. Тауап соған оқталды да, онымен де шалғай кетіп, жасырына алмасын сезіп, ақыры аузын босатты. – Басқа қара жамылды дегенді сендер қалай түсінесіңдер? – Мен қалай жамылдым? – Е, осы той одан əрі жалғасып, Күлімхан алды-артына қарамай Жанаттың соңынан кете берер болса, мен өлемін дегенді айттың. – Соқ, соқ, Гүлбаршын! Ауыз өзіңдікі! – Жалғыз мен емес, мына қыздар да естіді ғой. Тауап қыздарға қарап еді, олар да «естігеміз-естігеміз» дегендей ақ көбелек гүлдері күнмен ойнаған алмаағаштың қос бұтағындай жымыңдасты. Ал кеудесі кекшиген Шынар тап осы тұста ерекше ұстамдылықпен шалқая түсті. Тауаптың аузындағы сөзін қаққысы келмей үндеген жоқ. Өзім пейіл бергім келген кішік қыз – Раушан да жіңішке қабағын жоғары көтеріңкірей жұмықтау көздерінен Тауапқа қарай аяусыз от атқылады. Тауап үріккен аттай осқырынып, маңына жуыта қоймап еді, Гүлбаршынның тағы бір ноқтасы дайын екен. – Өзің Жанаттың ағасы мен інісінен не үшін таяқ жедің, есіңде ме? – Қалай таяқ жедім? Олардың көкесін мен де көрістірдім емес пе? – Жарайды, сен таяқ жеген жоқсың, сонда да осы төбелес не үшін басталды? – Маған Жанаттың ағасы келіп, бірдеме деп ақыл айтып тыржыңдайды, мен көтере алмадым. – Жақсы-ақ, солай-ақ дейік. – Гүлбаршын енді əңгімені тосын жайға қарай бұра тартуды ойластырып, алдымен екі құрбысын, сосын мені барлап алды. – Ал, ал, осы бір қаншырдай қатқан қатыбас қыз үшін біреудің бір үйір тұқымынан түгел таяқ жеп шықтым-ау деп зарлағаның не? Сонын мəнін айтшы, жарқыным. Төрт көзіміз түгелде біз де естіп қалайық. Енді Тауаптың көзі мықтап аларды. Осылай айтқан-айтпағаны өзіне де беймəлім бе, жоқ, кенедей жабысқан қыздың мойын бұрғызбас дəлелдері мұның бəрі жұрт куə болған бүкпесіз шындық екенін жеріне жеткізе түйсіндіріп отыр ма, əйтеуір, басына мықтап бұғалық түсті.

– Сөйтіп зарлағаның бəріміздің де намысымызға тиді. Жанаттың бір кездегі жұдырығы мұның жотасын əлі күнге шымырлатып тұр екен ғой деп ойладық. Əйтпесе, бұғанасы қатқан ер-азамат мұншалықты сыр алдырғыш келмеуші еді. – Байқаймыз, мына Гүлбаршын Тауапты мықтап-ақ иықтап барады. Əсіресе, дəтке қуат жалғыз досы – менен де бүркеп келген өмірінің бір ұятты кезеңін бүйтіп, ұзын-сонар шұбақтата жөнелуі Тауаптың қол-аяғын ғана емес, мынау төрт қабырғаны қоса сірестіріп тапжылтпайтындай. Бара-бара Тауаптың қапқара жүзінен қою күрең қызыл білінді. Ендігі отырысым досты табалағандық екенін сезіп, арашаға келдім: – Сендер не, Тауапты сот талқысына салып, соншама жан аларман боп барасыңдар. Той-томалақ болғасын ондай дуға жігіттің жігіті түседі. Бопсаға шыдамайтындар ғана тəртіптіміз деп, қыз боп қылымсып, тұмсығын жағасының ішіне тығып отырады. Гүлбаршынның қан түстес беті жаңағы ішкен арақтан ба, жоқ, Тауаптың ішкі сырына қызыға түскен ықыласынан ба, тіпті бөртіп кетіпті. Тауаптан көзін аударып, өзімді жанарының шалғайына ілгенде «сені де түлен түртті ме» деген кекесіні сығырайды. Бұл назары мен үшін де тегін кеткен жоқ. – Осы жазда, сіздің мұнда алғаш келген кезіңіз-ау деймін, клубқа жиналған жұртты ары-бері кескілеп, Күлімханның қасында сіз өз қалауыңыз бойынша жүрдіңіз бе, жоқ, Тауаптың тілегін орындадыңыз ба? Басы қатты қызды қайырып бер деп, осы Тауап жұмсаған жоқ па? Соны айтыңызшы. Менің үстелге астан зауқым қайтып қалды. Шанышқымды үстелге қойдым да төмен қарап ойландым... Енді ауыз ашарға да сақтық керек. Мына қыздар жан баласына білдірмедім деген небір құпияңды құстың көзіндей көздерімен бағдарлап, қартаға түсіріп жүріпті. Енді қип етсең, міне, мынау деп өзің ойламаған тағы бірдемеңді алдыңа жайып салар. Үндемей құтылар жер жəне бұл емес. Құдық түбінен су тартқандай, тамағымнан əрең сөз шығардым: – Жаз бойы, күз бойы тек Тауап екеумізді бақылағасыздар ма? Біздің көзімізге, əйтеуір, қыз-қырқын түспеуші еді. Сосын ба, бұл Бақанастың қыз-қырқынын жылан жалап кеткен бе, жоқ, о баста ол жағына кенде ме еді деп ойлаушы ем. Сөйтсем біздің кіргеншыққан ізімізге дейін аңдып жүргендері болыпты ғой. Сонда сендер, немене, бізді ағаштың басына шығып алып, бақылағасыздар ма? Жүрген жүріс, тұрған тұрысымыздың бəрін біліп, жіпке тізіп отырсыздар. Ұзын бойлы Шынар кеудесі кекшиген қалпында еш қиналыссыз бірден жауап қайырды.

– Адамның көзін қатты жарық шалса, басқа жаққа бұрылғанда ондағы дүниенің бəрі қарауытып кететінін білмеуші ме едіңіз? – Жарық шалғаны несі? Менің сөзіме үш қыздың үшеуі де мырс етті. Өзім пейіл бергім келген мейірбике қыз – Раушан да мына екеуінің қасында қаншама иманжүзді, кішік көрінгенімен тап осы жөнінде өз құрбыларымен берік одақтастықта екен. Ана екеуі құныққан сырға бұ да қансам деп іштен жанып тұр. Кейін ойлаймын, бұл қыздар бүйтіп бізді тергемесе қайтер еді? Иə, бұл кейінгі ой. Қазір Шынар тағы не пəлені суыртпақтатар екен деп, соның бетіне қарадым... Ол үндей қоймағасын Гүлбаршынға бұрылдым. Гүлбаршын ана екеуіндей емес, қаз төсті, толық денесі ойнап тұр. Жемге байланған семіз байталдай тықыршуы керемет. Мұның да жанары «шынында түсінбейсің бе» дегенді айтып, от төгеді. Тауапқа қарап едім, ол үстелдегінің бəрін шетінен қарпытып асап жатыр. Шынысын да кезексіз бір төңкеріп тастады. Маған қол ұшын берер емес. Мені көңілсіздік баурады. Жан-жағымнан салқын жел соға бастады, білем. Бір қарағанға көңілді Гүлбаршын аяқастынан бұзылып, дастарқанын жинап алып, ал енді кетіңдер дейтін сияқты. Тауаптың қомағайлығы соны сезгендіктен, шамасы. Шынардың меңзегені Күлімхан екен. Содан бастарың айналып, көздерің қарауытып, басқаны байқауға мұршаларың болмады ғой деген сөздің мəнін ащы ішімдіктің əсерінен бе мен бірден ажыратпаппын. Біз Тауап екеуміз болып, Жанаттың бағын қызғансақ, майдандассақ, бұлар Күлімханның бағына көз қызартып келген екен. Күлімханның басы боста қылт еткен біреуі жоқ еді, енді анталай қалыпты. Ай мен күн батқанда жыпырлап шығатын жұлдыздардай-ақ. Гүлбаршын музыка қойды. Үш қызды кезекпен шақырып, ықылассыз болса да билей бастадық. Ол кезде студенттік өмірдің табы, менің жұқа пальтомнан ғана емес, аяқкиімімнен де көрінетін. Жылы бəтеңкені ескермей Алматының қысына үйренген мен сол кездегі жастардың таңсығына айналған жұп-жұқа, тұмсығы үшкір қара туфлиіммен жүре беріппін. Оның қызығын қазір би үстінде ғана көрдім, білем. – Күлімхан жақсы билеуші еді, – деді кеудесі кекшиген Шынар. Үшеуінің ішінде осыған ерекше көңілім суыта бастады. Бұл өзіне өзі ор қазып жүргендей көрінді. Тауап еденді тарсылдатып, нағыз модалы биге көшті. Бəрімізден де көп жұтыңқыраған ол масаңдау да еді. Менен жасырған сырын қыздардың жайып салған қорлығына шыдамай енді-енді шарт кетуден осындай өжет қимылымен ғана сақтанып жүрген сияқты.

Мейірбике қыз Раушанмен көбірек билеңкіреп кетсем, Тауап
қалған екеуін бірге көтеріп əкетеді. Би əсерімен бе Раушанның аз-
дап сабырлы жүзінен өзім сағынған бір ізгі нышанды көргім келеді.
Бұл отырыста менің рухым тез түсе берді. Алыстан жарқыра-

ған жақұт тастай Күлімхан елестеді. Өзімнен Жанат бөліп əкеткен
кештегі «Қайда шықтыңыз» деген менің сұрағыма «Қыдыруға»
деп жауап беруінің өзі қандай еді. Кекесінді десем де турасы ба-
сым жауап. Мына қыздардан ол əлдеқайда биік көрінді. Жердегі

шөп-шаламдай бұлардың бұрын көрінбей жүргені де содан ба
деймін. Шынар мен Гүлбаршынды құшақтап, музыка ырғағымен
шырқ айналдырып жүрген Тауапқа бұл екі қыз тағы да бірдеме еді
білем, Тауап:

– Болды енді, қарақтарым!  – деп, қатты айқайлап жіберді.

Сөйтті де қыздарды тастай беріп, үстелдегі толы рюмкасын қағып
салды. Шынар:

– Іштегі күйікті басу үшін бұл аз. Былай ішкен дұрыс бола-

ды, – деп, минералды суға арналған бокалға өздері əкеп қойған
графиндегі сыра аралас спирттен толтыра құйып алдына тосты.
Біраз намысы қозған Тауап оны да бір-ақ төңкерді.
Шынар онымен де тоқтаған жоқ. Раушанмен билеп жүрген

менің иығыма қолын салып, толы бокал спиртті маған да тосты.
Ішімдік жағынан көп тəжірибем жоқ, ол кезде мұның арты неге
соғарын қайдан білейін. Тауап алдындағы үзеңгілестік, қарулас-
тық парызым деп ұқтым ба, екі сөзге келмей мен де түбіне дейін

қылқылдаттым.
Мен енді ғана көңілдендім. Көз алдымдағының бəрі нұрлы, ақ-
пейілді, бəрі де ауада қалқып жүргендей. Бұдан кейін еміс-еміс
білетінім, Тауап бір жаққа жоқ болып кетті.

– Тауап қайда? – деп сұраймын.

– Бізге тағы бір жігіт тауып əкелуге кетті,  – дейді кекшиген

Шынар. (Тап сол күйіңде қатып қалғыр!).
Тауапсыз ол үшеуімен тым ұзақ билеп жүргенге ұқсаймын.
Өзіме-өзім ерік беріп, би жағынан неше түрлі өнер көрсеттім, ша-
масы. Енді бір уақ қалың тұман арасынан Тауап көрінді. Мына

ішмерез үш қыздың ортасында ол соншама жылы ұшырар ма?
Шегірткеше селкілдеп жүріп, сен қайда болдың деп сұрауға ұмтыл-
сам, басқа бір құбыжық көзіме шегедей қадалып, дүр сілкіндірді.
Соқталдай қыздардың ортасында секектеп Қанат билеп жүр.

Қанат? Мынау қайдан келген? Бар жігерімді жиып, денедегі арақ
буынан босанып, санамды айқындап алмаққа күш салдым.

– Сен Қанатсың ба, ей? Сен қайдан келдің? – деймін қалың

толқынның арасында жүргендей оған қарай əрең ұмтылып.

– Тауаптың алып келген үшінші жігіті осы!

Шынар ма, Гүлбаршын ба, қайсысының даусы екенін аңғарғам
жоқ. Сұмдық қылмыс үстінде тұрғандай əлдекім төбемнен суық су
құйып жібергенге ұқсайды. Мен жандəрмен қимылға көшпекпін.
Даусым да ащы шықты:

– Қанат! Кет қазір бұл жерден!

Өзінен көп үлкен қыздармен жанаса селкілдеген Қанаттың
мені мазақтап сықылықтаған күлкісін естимін.

– Кет деймін мен саған! Саған мұндай жерге келуге болмайды!

Қанат одан сайын сықылықтайды. Бұған аз-кем қолым үйреніп
қалғасын ба, өзін біраз жүндеп жіберсем де қуып шықпақ ойым
бар. Тек мен жақындасам болды ол сып беріп қыздардың екінші
жағына шығып кетеді. Қалың қарағайдың арасында жүгірген қар-

сақтай ұстатар емес. Қыздарды қорғаныш тұтып жүр.

– Тауап, неге алып келесің ананы?

Иə, осымен нешінші мəрте, білмеймін, Тауапқа зығырданым
тағы қайнады. Мұндай топас жаратылармысың?

– Қанат! Кет деймін саған! Қазір мойныңды үземін! Ана шешең

де іздеп жатыр ғой қазір.
Оған қаттырақ ұмтылғанымда бір жағыма қарай тайып барып,
үстелді қағып кеттім. Шыны ыдыстар салдыр-күлдір етті. Бұл
ашуымды одан сайын күшейтті. Мен енді Қанатқа қабыланша

атылдым. Əбден шегіме жеткенімді ол да аңғарды-ау деймін, есік-
ке қарай ұмтылды. Сонда да желкесіне қолымды тигізіп үлгердім.
Бірақ қатты тиді.
Қанат қарасын жоғалтқан соң бəрі қалпына келер деп ойла-

ғам. Сонда да тым өрекпіген мен оңайлықпен басылар емеспін.
Құлақты ызыңдатқан музыка ырғағымен билеп жүріп те бүкіл дү-
ниеден жерігендей бір сезім енді-енді жерге алып түсерге ұқсай-
ды. Есіме Күлімхан да келе береді. Əрі мынау түйенің жарты етін-

дей бар қыздар оның қасында жерден, жапырақ арасынан жəндік
теретіндей болмашы, мардымсыз жандар секілді. Мынау би қа-
шан аяқталар екен? Жаңа жыл туды ма, туса оны қалай қарсы
алдық, одан қанша уақыт өтті, ешқайсысы есімде жоқ. Аяғымдағы

жұқа туфли еденді тесіп кетердей, əйтеуір, тарсылдай береді.
Графиндегі спирттен тағы қайталадық шамасы. Ары қарай
есімді білмеймін.
* * *

Шөкеннің ызың-ызың еткен даусынан ояндым. Есімді жиып,
көзімді ашсам, Шөкен менің бəтіңкемді шешіп, аяғымды темір ба-
тареяға басып жылытып отыр.

– Құдай-ай, Еркінжан-ай, сен де осындай ма едің? Алғаш құлағыма айқын шалынғаны осы сөздері. Қарсы алдымдағы қазыналық үйлерде болатын үлкен батареяға бірден мəн бермеппін. Астымда сықыр-сықыр еткен ағаш сəкі ғана Шөкен үйіндегі бұйым еместігі білініп, ең алдымен соған көңілім ауыпты. Иіліп төмен қараймын дегенде тас еден көзіме түсті. Апыр-ау, мен қайда отырмын. Жалма-жан жан-жағыма алақтай бастаппын. Сонда ғана желкемнен төніп тұрған қызыл жағалы қарт милиционерді көрдім. Шағын аудан орталығында жұрт бірін-бірі тани береді ғой. Мынау да күнде көріп жүрген адамым. Сөйтсем, мен аудандық милиция үйінде отыр екем. Менің жалт қарауыммен қарт милиционердің: – Қатты үсік болмаса ештеме емес, – дегені қабат шықты. Мені əлі есін жиған жоқ деп, бұл Шөкенге айтқан сөзі. Өзіне тура қарағанымнан кейін ғана ол менен екі-үш адым кері шегініп, түртүсімді бағдарлай бастады. Тілім байланып, мынадай масқара халімді жаңа-жаңа ажыратып жатырмын. Шөкен аяғымды батареядан ауық-ауық бері тартып, саусақтарымды шұлықтың сыртынан уқалайды. Сосын қайта жылы темірге басады. Мен мұнда қалай түстім? Шөкен қайдан келді? Бəрі жұмбақ. Сұрайын десем, ұяттан қысылып өліп барамын. Милиционердің сөзіне Шөкен: – Үсік жоқ сияқты əзірге, – деп жауап берді. Сосын маған қарады. – Еркін, өзіңе-өзің келдің бе, былай? Жүр, ендеше, аяғыңды ки. Таң атпай тұрғанда үйге жетейік. Қазір жер жүзі ағарғасын сенің бұл арадан шығып келе жатқаныңды анау-мынаулар көрсе өсек қылады ғой. Кəне, киін. Ана кісі мəтесекілімен апарып тастаймын дейді. Тез бол! Қызметіңе кесір келеді! Менің тапжылатын түрім жоқ, тек қалың киінген қарт милиционердің еңгезердей тұлғасы қозғау салатындай. Өзінің бойы биік, төбеге екі-ақ елі жетпей тұр. Əйтеуір, шам алысырақ ілінгендіктен жарық əлсіз түскен қалың қабақты жүзі ішкі наладан одан сайын күңгірттеніп, басына қара жамылудың бер жағында ғана ма дерсің. Тіпті қарттық уайыммен жерге шөккісі келіп, тек оған сүйекті бітімі, оқтау жұтқандай тік денесі ырық бермейтін сияқты. Ол жайшылықта маған аудандық мекеменің білдей қызметкері деп құрметпен қарайтынын тұрыс-тұлғасы, сөз мəнері арқылы көрсетпектей тамағын кенеп қойып, ақырын ғана сөз бастады: – Қарағым, анау-мынау емес, оқыған адамсың, мəдениетті адамсың. Жұртқа үлгі болатын биік мəртебең бар жансың. Осынша ішуге бола ма? Тағы аяғыңдағы анау биттің қабығындай бəтіңкең не? Есі бар адам осындай аязда сондай аяқкиім кие ме?

– Беу, құдай-ай, десеңші, соны айтам, – деп, Шөкен де қоса

зарлап қоя берді.

– Көп ішкен жоқ ем. Əрнəрсе араласып кетіп, көтере алмай қа-

лыппын, – дедім, тілім күрмеліп.
Байқаймын, есік жақта тағы бір жастау милиционер мені бақылап
отыр. Тегінде бізді мотоциклмен апарып тастайтын сол болса керек.
Шөкен бұлармен қалай тіл тапты, о жағы да маған қара тұман.

Кеудесі бəйтеректей қарт милиционер тағы сөйледі:

– Жақсы, біз сені тауып алдық. Сені періште қақты. Ал біздің

көзімізге түспесең қайтер едің? Өзіңе ұқсап қаншама адам дала-
да жатып қап, үсіп өлді? Құдай қақты, періште қақты дегендердің
өзі қол-аяғын кестіріп тынды емес пе? Бұл Бақанастың аязы кімді
аяйды дейсің.

Маған мəселе сыры енді ашылды. Мына кісі мені аязда дала-
да жатып қалған жерімнен тауып алып келген екен. Тауап қайда?
Оның саудасы бітті-ау, шамасы, деп жүрегім қысылды.
Шөкен одан əрі мазасызданды.

– Тез жинал. Ана кісі мəтесекілімен апарып салам деп отыр.

Жер жүзі ашылып қалды. – Мұны даусын қатты шығарып айтты.
Тап осы сəтте құлағыма тағы бір дауыс сап етті.

– Апа, мені де ала кетші!

– Мынау кім? – деп, Шөкенге елеңдей қарадым.

– Ойбай, ол Қанат! Қазір сені апарып тастағасын əкетпекпін.

Бəрібір мəтесекілге сыймайды ол! – деді Шөкен. Бір үйлі жан то-
пырлап милицияға бір-ақ түскендей жаным одан əрі шошынды.
Түс көріп отырған жоқпын ба осы? Мүмкін, Тауап та осында
шығар. Оны сұрауға енді ғана шамам жетті.

– Тауап қайда?

– Ой, Тауабың өлуші ме еді. Біздің үйде жатыр. Сол келгесін

іздеп шықтым ғой сендерді. Бол, жүр!
Бұл мен білетін Шөкен емес, сабыры мол, басқа біреу сияқты.
Осы түнде кеудесі шоққа өртеніп болып, біздің аман-сау екеніміз-
ге көзі жеткесін ғана жан шақырған шағы екенін кейін ұқтым.

– Апа, мені де ала кетші! – Қанаттың даусы тап бүйірдегі бөл-

меден шығады.

– Əй, сен жата тұр. Қазір келемін. Бəрібір мəтəсекілге сыймай-

сың, – деп маған көзін қысып қойды. Иə, Шөкеннің қазіргі сабыры
тіпті бөлек.

– Апа, мені де ала кетші! – Əншейінде бас бермейтін Қанаттың

жетімдік даусы енді шықты. Оған алғаш рет жаным ашыды. Қанша
шу асаусығаныңмен адам өмірінің əйнектей күрт сынатыны барын
анау бөлмедегі Қанат өзінің жетімдік даусымен зарлап айтқандай
жүрегімді тілді.

– Қанатты да ала жүрейікші, – дедім мен. – Жоқ, оны таң атқасын шешесі келсін, сосын бір-ақ жібереміз. Оның мəселесі басқа, – деп қарт милиционер бұл істің екінші жағын қатайтып қойды. Тағы сұрақ, тағы жұмбақ. Біз шығып бара жатқанда Шөкен орамалының түйіншегін шешіп, қарт милиционерге бес сом суырып берді. – Бүгін мейрам ғой. Таң атып, дүкен ашылғасын тамағыңызды жібіте тұрарсыз. Тағы келемін ғой. Қарт милиционердің мынадай адамгершілігі үшін мен мұны тым аз көрдім. – Ақсақал, сізге көп рақмет. Мен мұны өмірбақи ұмытпаймын. Қалған сөз таңертеңгісін айтылар, мен де келемін. Қарт милиционер ақырын ғана басын изеп қала берді. Аязды далаға шықтық. Бізді ешкім де мотоциклмен апарып тастаған жоқ. Жаяу кеттік. Аяқ астында қар сықыр-сықыр етеді. Жұқа бəтіңкенің табанында ешқандай қауқар жоқ, тіпті жалаңаяқ жүріп бара жатқанға ұқсаймын. Шөкен, мұның да аяқкиімі жайсыз ба, жоқ, əйел адамның жүрісі осылай ма, əйтеуір, менен озыңқырап, қиқалақтай басып барады. Таң алдындағы аязды ауаны күңгірлетіп, мəн-жайды үзікүзік етіп айта бастады. Мен бір сөзін де қақас жібермей тыңдайын деп, ентелей, оған əрең ілесіп келемін. Түнде қыздар қуғасын Тауап екеуміз бірге шығыппыз да, екі айырылып кетіппіз. Қанша айтқанмен сүйегі беріктеу Тауап Шөкеннің үйін тауып барыпты. Мен көшеде жатып қалыппын. Осыны ойласам, əлі күнге жаным шошиды. Сол түннен бергі өмірді маған мейірбанды қарт милиционер өзінің жұмсақ алақанымен сыйлағандай. «Сені періште қақты», – дейді қарт милиционер. Ол – періште өзі. Бір періште қанатын қатты сермеп, менен алысқа кетсе (Күлімханды айтамын), екінші періште тұңғиыққа, мəңгілікке кетіп бара жатқан жерімнен іліп əкетіп, қауіпсіз жазыққа қайта шығарыпты. Тауап екеуміз қыздардан кеткесін, Қанат əлдеқайда бірер сағат қаңғып жүріп, сол қыздарға қайта барыпты. Үйіне кіріп алып, үш қыздың ортасында сайран салып, Шөкенге жасайтын еркелігін бұларға көрсете бастапты. Гүлбаршындар мұны да қуып шығады. Онымен кете баратын Қанат емес, терезеге сырттан қар, тас лақтырып, өз лаңын одан əрі жалғастыра береді. Зықысы шыққан қыздар оған ештеңе істей алмайды. Ақыры Гүлбаршын көршілерін оятып, сол үйдің телефонымен милиция шақырады. Шөкен бізді іздеп шыққанда Тауаптың сөзінен ұғуы бойынша ең алдымен Гүлбаршындікіне келіп, милиция жаққа осы үйден беттейді.

Ертеңіне Шөкен екеуміз барып Қанатты да босатып алдық.
Қанаттың мүсəпір халі екі-үш күнге созылды. Ай, осы уақытта
Шөкен одан кегін алды-ақ. Бірақ бұл екі-үш-ақ күн еді.
Осы жағдайдан көп ұзамай Алматыға ауысып кеттім. Анда- сан-

да Тауаппен хат жазысып тұратын едім. Ол бір хатында Шөкеннің
түрмеде жатқан кісісі – Қайдаудың келгенін, ауыл- аймақтан біраз
адам шақырылған көп-көрім той болғанын, өзінің, ойдөйт, ішкілікке
басып, біраз билегенін хабарлады. Мен Шөкенге алыста жатып-ақ

өз ішімнен ең құрмаса осы шаңырағының берік болуын тіледім.
Осыдан жарты жылдай уақыт өтті ме, өтпеді ме, білмеймін,
Тауаптан басқа бір хат алдым. Қайдау Шөкенді тастап, баласын
ертіп, біржола еліне кетіп қалыпты. Сотқар Қанат жөнінде екеуі

келісе алмаған көрінеді дейді Тауап. Бұл хабар мұз сүңгідей тура
кеудеме қадалды. Екі тізесін құшақтап, ауызғы бөлмеден аулаға
қарап, мөлиген Шөкенді елестетемін. Бұл жолы ол ешқандай жыр
айтып отырған жоқ. Қайдау жазатын зар қиссаның бүкіл ұзын-

ырғасы оған енді ирелеңдеген сұр жыландай көрінетін шығар.
Біраздан соң басыма басқа да ой келді. Апыр-ау, мен ол Қайдау
шіркінді көргем жоқ қой, мүмкін ол түрмеде жатып, қаріп-қасір
халде арық қара əйел Шөкенге көзі тұнғанмен, былай шыға бере

қабырғасына май бітіп, оң-солына басқашарақ көзбен қарағасын
бұл сорлыны өзіне тең көрмеген шығар. Осы жағын білгім келіп,
Тауапқа хат жазып едім, ол: «Ойбай, жоқ, апама жездем сайдың
нағыз өзі, түр-ұсқыны Шөкеннен артыққа келетін емес, бар пəле

Қанатқа байланысты», – деп нықтап жауап берді. Тауап жауабы-
ның тəрізінен тағы бір байқағаным – Қанат əкесі келгесін тіптен
жетіссе керек.
Əкесі Қайдау жасарын жасаған адам ғой, ал осы барыста

Қанаттың болашағы не болар екен деп жүрегім ауырғаны бар.
Əке бір кезде өз қателігі үшін жазасын өтеді, сөйте тұра өз саба-
ғын «іштен шыққан шұбар жыланның» алдына неге кесекөлденең
тартқысы келмейді. Ия, пендешіліктің түр-нұсқасы алуан түрлі- ау.

Оны кім санап тауысқан.
Міне, содан бері он бес жылдай уақыт өтті. Өмірдің біраз ап-
табы мен шыбын жанды суырып əкетер қатаң аязынан өтіппін.
Міне, тағы бір ызғары қатты күздің күнінде Бақанасқа кейін көшіп

келген танысымның үйіне сол шыбын жанды шүберекке түйіп
келе жатып, жаңағы ашық мойынды, сұңғақ денелі қарт мили-
ционерді көргенімде делебем қозып, осының бəрі сап- сабымен
қас-қағымның арасында көз алдымнан өтті. Сол Шөкен қазір не

күйде екен? Алдын ала сұрарға Тауап та қазір бұл ауылда жоқ.
Ертеңдер біраз жайғасып, демалғасын Шөкеннің үйін іздеп бар-
сам, ол байғұс мені көргенде қатты жер болып ұялатын сияқты.

Ұялмай, жасымай қайтсін. Оның Қайдауды қалай тебірене күт-
кенін, сырт көздің неше табасына қыңқ демей, оның жүгенсіз ұлы
Қанатты шыдамдылықпен қалай бағып-қаққанын менен артық кім
білетін еді?

Мейлі он бес жыл уақыт өтсе де сол еш кеткен еңбектің қор-
лығы, қайырымсыз жандардың көкіректе қалдырған таңбасы өшті
дейсің бе? Менің осы жағдайда көзіне көрінуім оны табалағаннан
бір былай емес-ау.

Ойлаймын, əр кезде, əртүрлі жағдайда түрлі пəле-жаладан
мені періште қақты. Жалғыз мені емес, əкесінің соңынан түйсіксіз
басымен кете барған Қанаттың да осы Шөкен періштесі еді ғой.
Ондайлық басқалардың басында да болған. Ал сол Шөкеннің өзі-

не де періште құрғырлар бір қайырылып, мұны да бір рет қағып,
қауіпсіз жазыққа, миуасы мол алаңға шығарып салса қайтер еді?
Танысымның жылы үйінің табалдырығын аттай бергенімде менің
басым темір құрсаулы аяздан емес, осы сұрақтың жауабы жоқты-

ғынан қатып, тұла бойым əл-қуаттан айрылғанға ұқсады.
1978 жыл

БАҚ ПЕН СОР Күздің қара суық күндері еді. Мұндайда Алматы тіптен күңгірт. Жаңбыр, не қар жауардай аспан тас бүркеніп, шығысың, не батысың қайсы, ажыратып болмастай дөңгеленген дүниенің бір томпиған, ұмытылған бөлшегіне ұқсайды. Соңғы жылдардағы ылғалдың аздығы, есесіне үнемі төбеден бұлт үйіріліп, көкжиекті қымтауы жұрттың жүйкесін тоздырып, еңсесін басатындай. Табиғаттағы алай-түлей өзгерістерді жаны сүйетін жазушы Ерік Тінəлиев айналаның осындай не əрі, не бері емес тым-тырыс қалпына наразы. Сонау шығыста, биік таулардың қыспағында, Текелі қаласының түбіндегі кішкене ауылда өткен балалық шағында күмп берсе малтығып шыға алмайтын омбы қарды, күз түссе желдетіп, нөсерлетіп, толассыз жауатын жаңбырды аңсайды. Қыста қабақтарына қырау қатқан, күзде суық жаңбыр киімдерінен өтіп, сүйектеріне жететін шаруа адамдары неткен бақытты деп, қызғана еске алары бар. Бұл жазушы жасы ұлғайған, əрі жаратылысына орай қиялшыл адам еді. Бүгін де сондай бір қиялдың соңына түсіп, бесінші қабаттағы пəтерінің терезесінен тысқа қарап еді, биік қараағаштар мен үйеңкінің ұшар бастары өзінен əлдебір қайыр күткендей əйнектің сыртынан сығалай мөлиюде екен. Бұлар да ылғал мен жел аңсаған сұраншақ көңілмен бүгіліп-жазылып, мынау адам заттылар бір қол ұшын берер ме екен деп дəмететіндей. Осы көрініс жазушының қиялшыл басына басқа бағыт берді. Бұл өмірінде қанша кітап жазды, қанша тақырыптың басына су құйды. Сөйтсе де астаудан жеріген аттай тап экология мəселесінен ғана жалтарып жүріпті. Əлде бұл өзге өлкелерден гөрі оты, суы мол Жетісуда туып-өскендіктен бе екен? Осы біржақтылығының зардабы енді көз алдында кесекөлденең керілгендей бұл əлденеден іші қуыстанып, ештемесін ажыратқысыз бұлыңғыр белгісіздікке белуарынан шөгіп бара жатты. Енді қалай? Сақылдаған сары аяз, табан астында сықырсықыр еткен қар, терезеге қатқан қырау қайда? Сол терезедегі қыраудан бұл Ерік бала кезінде сан өрнек, сан суретті ажыратып, оның сызықтарын қуалай ойша одан əрі дамытып, онсыз да қамшы салдырмас қиялын қалай жүйткітуші еді? Бірінші шебер табиғаттың өзі деген қағиданы ерте ұққаны да сондай байқауларынан, айнала көрініспен ойша өнер жарыстырғандай талпыныстарынан ғой, əрине. Жапалақтап жауар қар қандай еді? Сəл жүгіріп қайта қайтсаң өз ізіңді таппай дал болатынсың. Бала көңілге оның өзі қандай күлдіргі? Ал қазіргі қар жоқ-жітік үйдің қабының түбіндегі құмшекердің бір уысын төбеңнен шашып жібергендей ғана

бірдеме. Оның өзі қас пен көздің арасында еріп жоғалып бара жатады. Көктемгі, не жазғы жаңбыр ше? Сай-саланы қуалап, кейде оның ернеуінен аса дүрілдеп, жалғызжарым тоқты-торымды, саяқ жүргіншіні ағызып əкетер сел қандай еді? «Ойхой, жаратқан иемнің жарылқауы-ай, бəрін көлкөсір еткен» дегізіп, ішкізіп-жегізбей-ақ шылқымай етпеуші ме еді. Қазір соның бірі жоқ, əншейінде жылдың жылауық мерзімі саналатын күздің өзі мынау. Терезеден телмірген қараағаш пен үйеңкінің ұшар бастарындай өзі көмек сұрайды. Кенет телефон шылдырлады. Диванда екі бүктеліп, маңдайын алақанына сүйеген жазушы денесін əрең жазып, дəліздегі аппаратқа қарай ілбіді. – Алло-оу! – Бұл, жазушы Ерік Тінəлиев ағамыздың пəтері ме екен? А, солай шығар... даусыңыздан таныдым. Сəлеметсіз бе? Денсаулық, үй іші бəрі дұрыс па? Сізді мазалаушы «Тəуелсіздік» газетінің редакторы ғой. Суырып салып айтардай не жаңалығыңыз бар, ағасы?! – Бізде не жаңалық болсын!? Ауа райындағы көңілсіздік бізге де əсер етпей тұра ма? Ау, айтпақшы, інішегім, мынау кеңістік не боп барады осы? Жаз жаңбырсыз, қыс қарсыз! Күздің өзінде тамшы тамбайды. Інішегім, ғаламшардағы жылылыққа орай бүгінгі таңда басқа құрылықтарда айлап, апталап құятын жаңбыр мен қардан, мұхиттың көтерілуінен талай ел қан қақсауда. Сондай молшылықтан түк бұйырмай біздің жылдан-жылға кеберситініміз қалай? Редактор сөзден мүдірді. Сірə, оның айтпағы басқа, жазушының əңгіме бағдарын салған жерден билеп əкетуі оны бір сəт ойынан жаңылдырғандай. Сəл дағдарып, қайта тілге келді: – Бізде не қауқар бар дейсіз, ағасы? «Экология» деген арнайы бөлім құрдық. Жұрт айтарын айтып жатыр. Сізге де ол бөлімнің есігі ашық. Тек бүгінгі шаруа басқа тақырыпта еді. Қазақ тілінің мəртебесін көтеру, аясын кеңейту жағын дұрыс айшықтамайсыңдар деп, жоғары жақтан төбемізден тоқпақтап жатыр. Қазір бір тілші қызды жіберсем бес-алты сауалына нақтылап-нақтылап жауап бере салуға қалайсыз? – Інішегім, əлгі газет-журналдарды жағалай ақтап, интервью беріп, аузымен орақ оруды кəсіпке айналдырған жазушылардың үйіріне мені де апарып қосақтайын деп пе ең? – Ағасы, сіздікі жүрегіңіздің түбін шымырлатқан таза көркем əдебиеттің гөй-гөйі. Бұл гөй-гөйге біздің де құлағымыз шамалап қанық. Ал менікі қоғамдық-саяси газеттің күнделікті мұқтажынан туатын мардымсыз қолқа ғой. – Газеттің мұқтажынан туатын қолқа деп, өзіңді-өзің арқандаулы

атқа ұқсатып, өз мүмкіндігіңді тарының қауашағына сыйғыза сөй-
лейсің. Біле білсең, суалған сиырдың емшегін қақтап, қайтсем сүт
шығарам деп, əлгі əдебиеттен баяғыда қол үзіп кеткен жазушысы-
мақтардың аттарын газет бетінде далитып, жаман үйреткен өзде-

рің емессіңдер ме?
Телефонның ар жағында тағы да үнсіздік орнады. Тек редак-
тордың ауыр тынысы білінді. Мұның бала кезінде тау аңғарынан
ышқына соғатын желдің тынысындай. Жазушы осыдан-ақ редак-

тордың жай-күйінде кісі қызығарлық ештеме жоқтығын сезіп, сөзін
жұмсартқысы келіп еді.
Жазушы бұл редакторды жақсы танитын. Жазушы жетпіске
таяса, ал редактор енді-енді алпысқа иек сүйеудің қамында жүр-

ген жан. Бір кезде үріккен асаудай əдебиетке де соқтыққаны бар.
Бірақ аздаған мансапқа қолы жетті де, аз уақыт екі тізгінді қабат
ұстаудың мехнатын шекті. Келе-келе екінің бірі деп, таңдауға
көшті. Ақыры, қазаққа тəн мансапқұмарлық өз дегенін жасады.

Əдебиетті ұмытып, лауазым үшін күрестің қан майданына сүңгіді.
Əу баста қолы жеткені ол шіркіннің алғашқы баспалдағы болса
қазір республикалық газеттердің бірінің дүрдей бас редакторы.
Мынадай өзінен жасы үлкен жазушылар, не басқа да танымал

біреулер демесең анау-мынауға пысқырмайды да.
Бастық адамдар сөзден ұтылса тағынан тайып кетердей қи-
палақтайды. Қазір де мынау тығырықтан шығу үшін қанша күш
жұмсағанын құдай білсін, редактор қылғыныңқырап, даусын да

өзгертіңкіреп, өзінше жауап тапқансыды:

– Өмір болғасын ондай-ондай болмай тұра ма?

– Жарайды, інім, көңіліңе алма! Қойшымен сөйлессең қолын-

дағы таяғын, қойының аяғын, саудагермен сөйлессең сауда-сат-
тығын айтады деген. Біздікі үйде сүржамбастанған кəрі қырқыл-
жыңның тиісерге қара таппағандағы іліп-қақпайы ғой. Өстіп, іші-
міздегі бітеу жараны өзіміздің тырнап алатынымыз бар. Бүгінде

шынайы көркем əдебиеттің жайы білген құлды қан жылататыны
кімнің қабырғасына батып жатыр дейсің. Жə, тағы да ауа жайыл-
майын, тілшіңді жібер, шама-шарқыма қарай сұрақтарына жауап
табуға талпынайын.

Қалайда қалам иелері баспасөз орындарына тəуелді емес пе,
осылай тез шегініс жасады. Редактордың да оны құп көрген райы
бар.

– Солай, аға! Бізді де сəл-пəл демеп жіберіңіз. Ал онысы да,

мұнысы да туралы теңіздей терең ойларыңыз мінез көрсетсе қа-
ғаз- қаламыңызға өзіңіз иесіз ғой. Ал бүгінгіңіз ауызша лебіз!
Редактор өз машинасын берсе керек, жарты сағатқа толмай-
тын уақытта тілші қыз есіктің қоңырауын шылдырлатып тұрды.

Бұл орташа ғана бойы бар, үріп ауызға салғандай əдемі, əрі тым
жас неме екен. Жарық мол кең залда ұзын столдың бір бұрышын-
да екеуі қарама-қарсы жайғасқанда жазушы ең алдымен тілші-
нің қарасындағы батылдықты таныды. Өзінің бастығы именетін

адамға мұның бүйтіп қаршығадай қадалуы бойына шақ еместей
шалынды. Көзінің астында қарамықтай меңі бар, мөлдіреген қас-
кірпігінде басы артық қозғалыс жоқ, томпиған ақшыл өңінде сүй-
кімділік пен селт етпестік өзара жарастықпен ұялаған. Осы заман-

ғы иіс май, опа-далап атаулыны жас мөлшеріне орай шақтап қана
пайдаланғаны көрініп тұр. Қос жанары «менен мін іздеме, текке
əуре боласың» дегендей анау-мынауға дес бермес тұйықтықпен
арбайды. «Тұндырған тостағанға қара шайдай» деп, баяғының

ақындары тап осындай жанарды атаған-ау» деп жазушы оны да
көңіл түкпірінің бір пұшпағына түйіп қойды.
Тілші қыз өзі сұхбаттаспақ адамның аузындағы сөздерін емес,
ең алдымен мұның өзі қай топ, қай сатыдағы пенде деп, соны

анықтамаққа, оның бітім-болмысын қатаң сын тезінен өткізгенге
ұқсайды. Қарсы алдында сүйек-саяғы адырайған, сақал-мұртсыз
ұзынша арық бет өңірінде көп өмірдің айқай-ұранды іздері сайра-
ған, көненің көзіндей ескі жазушы емес, өзінің сынынан өтпекші

шəкірт бала отырғандай-ақ қырағылықпен бақылайды. Ол ғана
емес, сеңі бұзылмас əдемі бет-əлпетінде үстемдік белгісі де ақ
қанатты көбелекше ұшып-қонып жүр ме дерсің. Ия, бұл қалай да
өзін-өзі еркін билейтін жас. Ал Ерік өзіне немере құралпылас не-

мемен амалсыз көз сайысына түскенде тұла бойынан бір діріл
жүгіргенін сезді. «Мына пəлең қандай еді, қайда əкетіп барады»
деп, əлдебір күйгелектікке бой алдырғандай қол-аяғы қауқарсыз-
данды. Мұның алпысты алқымдаған ысқаяқ бастығын сөзден жа-

ңылдыратын Ерік мына ұстаса уыс толмас қуыршақтың қасында
дəрменсіз шығарын болжағандай ондай аттының алдын алмаққа
жан-дəрмен əрекет жағын ойластырды.
Қалайда жазушы оттан, судан өтіп шыңдалған ғой, тез бойын

жиды. Енді қыздың өзін, қара шайдай тұнған қос жанарын ныса-
наға алып, оған өз қаһарын қарсы қоймақтай тесілді. Бірақ қыз да
бұған əзір екен, абдыраған жоқ, тек мұның жасы үлкендігін енді
ғана ескергендей көздеріндегі өзіңді ішіп-жеп бара жатқан та-

сырлықты сəл көлегейледі. Əлде жазушы жаңылысты ма, мұның
кейде көргені мен қиялдағысын шатастырып алары бар. Қазір де
солай ма? Шынында Еріктің ойлағанындай емес, бұл ақ шыныдай
ет біткен, қайың мүсінді талдырмаш сұлудың бұрын өзі талай кіта-

бын оқыған аққаптал қаламгердің түр-түсін бүйтіп мұрын түйісті-
рердей тым жақыннан тамашалауынан қобалжыған сиқы шығар.
Қалайда газет қызметкері, жұмыс бабымен жүрген жан, сосын да

сыр алдырмас үшін бет-жүзіне, көзінің айналасына бар жастық қуатын жиып, тастүйін бекінгендігі атойлаған бояунақыштарды бұл қырқылжың кəрі өзінше жорамалдап, басқаша көріп отыр ма? Тек тілші кішкентай төрт бұрышты диктофонын жазушының иек астына қарай ысырыңқырап, сұрақтарын қоя бастағанда бұл соңғы жорамалының жаңсақ екенін ұқты. Мына бүлдіршіндей газет қызметкері шынында Ерекеңді қыспаққа алуға келген екен. Сұрақтарының бəрі зілді, сірə, оларды дайындауға мана телефон шалған бас редактордың өзі де қатысқаны анық. Себебі, əр сұрақтан оның сол телефон арқылы тау бөктерінен ышқына соққан желді еске салған тынысы білінетіндей. Бəрі де атап айтпаса да ұлттық тіліміздің осыншама заман аяқасты етілуі, жұтаң тартуы, пайдалану аясының тарылуы, қазақ мектептерінің мүшкіл халі, интеллигенциямыздың ана сүтімен бірге сіңген ырзыққа мұрын шүйіруі сияқтыларды жайқап, осылардың обалы мына Ерік Тінəлиев сияқты елге тұтқа, мəшһүр тұлғаларға емес пе дегенге саяды. Тілші қыз енді ғана бет пердесін біржола сыпырғандай. Жоқ, мұның ұшпа қиялға еш қатысы жоқ, өзіңді алып жердей қасқайған шындықтың өзі. Жазушының сəл мүдірген түрін ажыратып, қыз енді үлкен кісі ұқпады ма дегендей кейбір сұрақтарын басқаша сөздермен қиыстырып, қайталай көлденең тосады. Бірақ Ерекеңе одан жеңілдіккелген жоқ.Сырт көзгеқарапайымдау сұрақтарының мəнмағынасы тіпті тереңдей түседі. Əрқайсысының тасасынан «сіз қазақ жазушысыз, ана тілімізде жазасыз, сол арқылы танылдыңыз, сөйте тұра жетпіс жыл бойы аяқ асты етілген сол ырзықтың қамын ойлап, бір мінез көрсетпегеніңіз, жоғарыға барып, бір есікті қақпағаныңыз қалай, ұлт зиялысы неге соншама боркемік, майысқақ, жағымпаз» деген сияқты жазғырулар биік қағылған қадалардай қатар түзеп, қаздиып, санын көбейтеді. Сол қадаларға мұның жалаңаш кеудесін көлденең салып, тəн азабының да дəмін татқызбақтай тілші қыз бастырмалатып бара жатқанға ұқсайды. Көзінің астындағы қарамықтай меңі де мұның өзімен бəсекелесіп жауап күткендей жылтырайды. Жазушы қалайда ұлтжанды пенде ғой, осындай жігерлі жастардың өсіп-жетілгеніне іштей разылығы да оянып еді. Бірақ өйтіп ауа жайылуға, қиял соңына түсуге бұл қойған сұрақтардың мойын бұрғызбастығын да қоса түйсінді. Жазушы қанша ойы онға бөлінгенмен де ол қойған сұрақтарға жауап қайтаруға күш тапты. Ал мына кішкентай неменің бəрібір тояттанған түрі жоқ. Бұл сықпыттыны кіріспе орнына қалдырып, Ерік Тінəлиевтің көмекейінің ар жағынан бөгде, соны бірдемелерді суыртпақтай өзінің келген негізгі шаруасын енді ғана жайып салмаққа ұқсады. Ерекең жүйрік қиялымен өзі өскен орта,

уақытты мыналардың заманымен ойша салыстырып, содан бір қармар тал іздегендей сəл үзіліс керексінгендей еді. Бірақ мына тілші қыз оған мұрсат беретін емес. Кешкілік қалың шилі өзен жағалауында көзге əрең көрініп ұшатын бұлдырықтай жаратылысымен-ақ аты дардай жазушыны жекпе-жек сайысқа шақырғанын осы отырыста осымен екінші мəрте паш етті. «Апыр-ау, өйтіп жекпежекке шақыратындай бұл бұлдырығың менің не теңім еді» десе де жалтаруға жол жоқ. Жазушы амалсыз өз бойына да шабыт тіледі. Бірақ тілші қызға да керегі кəнігі ой иесінің тап осындай шағы екен. Сұрақтың ең қытымырын оның осындай табанының бүрі кете бастаған, құдайдан көмек сұрағандай қайырлаған сəтіне сақтаған екен. Сонысын қойып қалды: – Сіз орыс, басқа да шетел жазушыларына, аты əлемге əйгілі классиктеріне табынасыз. Тіпті бір мақалаңызда жер тізерлеп табынатыныңызды да əйгіледіңіз. Өзіңізге дейінгілердің де сөйткенін кейінгі ұрпаққа үлгі еттіңіз. Ал сол орыс, басқа да шетел жазушыларының əрқайсысы өз ана тілдері үшін, олардың тазалығы, мəртебесі, аясының кеңеюі үшін қалай жан алып, жан беріскені хақындағы көптеген тарихи шындықтарды сіздің жақсы білетініңізге күмəніміз жоқ. Ал біздің газет оқырмандарының бір естігісі келетіні мынау: сіз сол өзіңіз пір тұтқан шетел ғұламаларына ұқсап, қазақ тілі үшін кешегі Кеңес дəуірінде найзаласқан əрекеттеріңіз хақында бірер мысал келтіре аласыз ба? Осы сұрағын айтып тауысқанда тілші қыз онсыз да жазушының иегінің астында жатқан диктофонын одан əрі тақаңқырап қойды. Ал сол шақтағы көздерінің қарасын тіпті атама! Рингте өз қарсыласын ұрып жыққан боксшыда ғана осындай қарас болар. Тіпті мынанікі қарсыласын жыққан боксшының маңғаздығынан əлдеқайда мол дүниені сыйғызатын ынта, ықылас еді. Сəл-пəл ұшқындағандай жанарына үңілсең «сіздікі экология, қазақ тілінің мəртебесі» деп, сөз жүзіндегі қынжылыс қана, ал шетелдік ғұламалардың өз ана тілдері жолындағы жанкештілігінің оннан бірін қайталай алған жоқсыз, өз əріптестеріңізді аузымен орақ орған деп кінəлайсыз, сөйте тұра осы мəселеде олардың кебін өзіңіз киесіз» деп, сайрап бергендей əсер етеді. Жазушы енді өзін екі оттың ортасында қалғандай сезініп, «о, құдайым, бұл да бір көретін күнім екен ғой» деп, сасқалақтаған күй кешті. Сөйтсе де мұның да кеудесінде бір азулы аң оянып келе жатты. «Сен ұстаса уыс толмас, көзін дүниеге жаңа ашқан қызыл шақа балапан не білесің, білсең менің осы отырысымды білерсің, кейбір жазбаларымды парақтаған шығарсың, ал өткен өміріміздегі бүркеулі, құлпы ашылмаған құпияларға, əрине, сен із сала алған жоқсың, сен түгіл менің өзім оған баратын жолды ұмыта

бастағандаймын, сөйте тұра осы дүниені өзің жаратқандай неге киіп-жарасың» деп, тілдеп тастамақтай қабағын ауырлатты. Əлденеден манағы газет редакторының «қағаз, қаламыңызға өзіңіз иесіз ғой» деген сөздері ойына оралды. «Жаратқан ием-ау, мұндай аттының бəрін мынау бұлдырықтай немеге қор қылғанша қағазға өзім неге түсірмеймін» деген сауал осы отырыста бірінші рет көкірек сүйегін ауыртып өтті. Өйтпесе өзін-өзі ешқашан ақтап ала алмастай көрінді. Ең алдымен мына баспасөз өкілінен құтылуы керек. Бірақ бұдан құтылудың да əуселесі біразға созылды. Қыз оқта-текте шаянша шағады. Тағы біраз сұрақтарды жинақтап əкеп, ауладағы қарша лақтырды да И.С.Тургеневтің орыс тілінің құдіреті хақындағы сөздерін келтірді. Неге келтіргенін атап айтпады, зерделі жазушының өз талқысына лайық сыбаға ретінде қалдырды. «Сіз қазақ тілінің құдіреті хақында осылай сөйлей алдыңыз ба?» дегендегісі ғой. Жоқ, жоқ, Ерекең бұл сұраққа шынында ауызша жауап бере алмайды. Қағаз, қалам қайдасың? Уһ, əйтеуір, бір кезде қыз кетті-ау. Жазушы оның бұлай келісіне назаланған жоқ, қайта ұйқысыраған самарқау қалпынан жұлқып оятқандай одан тосын, əрі өзі үшін өте бір қажет əрекет көрді. Ерекең шынында ұзақ та, ауыр ойға шомды. Апыр-ау, бұл қазақ тілінің мəртебесі үшін жан беріп, жан алыспап па еді? Бар кінəсі тек ол туралы жұмған аузын ашпай келіпті. Жаңағы тілші қыз мұның аузындағы тығынды жұлып əкеткендей-ау, шамасы. Бірақ бұл асықпады, сабыр сақтады, өткендегі өмірінің бір кішкентай кезеңінің бас-аяғын жинақтап, ойша салмақтады. Жазуға тұрарлық па? Əрине, тұрарлық. Тіпті бүгінгі күннің жарығын түсіріп, бажайлай қарасаң қаны тамшылаған ащы шындықтың өзі сонда жатқандай көрінді. Ерекең сынды тау мен тас жарған болат сүймендей қаламы бар тарлан ол төңіректе шер ағытса сөздің ең бір сирек қолданыстағы тың нұсқалары алтын асықша сыңғырамай ма? Бір аптадан соң «Тəуелсіздік» газетінде Ерекеңнің сұхбаты жарияланды. Газетті мұрнымен тесіп жіберердей шұқшиып оқып-ақ еді, өз көзіне өзі сенбеді. Тілші қыздың сұрақтары мен өзінің қайтарған жауаптарының оннан біріне тұрғысыз бірдеме. Жазушы соңынан ұқты, сірə, тілші қыз бен газеттің бас редакторының арасында үлкен түсініспеушілік туған, сосын да дайындалған материалдың құйрық-жалы əбден күзелген. Газеттің аты газет, мүмкін, оларға керегі де осындайлық қана шығар. Тіпті бұл ойлай-ойлай келе газет редакторына ешқандай сұхбаттың қажеті жоқ, тілші қызды тек жазушының тұнығын бір шайқап жіберіп, тосын бір тақырыпқа бет бұрғызу үшін ғана жіберіп алған ғой деген қорытындыға да жақындады. Мейлі, қалай болса олай болсын,

бұл шынында жаңа бір асуға қарай қанат қағардай өз бойынан бір
жастық қуат тапты. Сөйтіп жаңа шығарма жазуға оқталды. Сөйтіп,
еске түсірулер басталды.
* * *

1960 жылы Ерік Тінəлиев орта мектепті күміс медальмен бі-
тіріп, сол күзде конкурстың қаттылығына қарамай Алматыдағы
жалғыз университеттің филология факультетіне оқуға түсті.
Студенттік өмірдің алғашқы жылының алғашқы жартысы біршама

қызықты өтті, себебі, ананы-мынаны көрді ғой, тек екінші жарты-
сында, əсіресе, көктем туа басына мұң орнады. Бұл тоғыз бала-
лы отбасынан еді, əке соғыстан аурушаң оралған, тоғыз баланың
қамы мүжіген, əрі ашаршылықты, соғыс кезіндегі тыл өмірінің

ауыртпалығын көтерген шешеде қандай қауқар бар, ауылдан кел-
ген əрбір хаттан олар ашып айтпаса да жоқшылық, жетіспеушілік
аттылардың сояу тырнақтай белгілері көзге ұратын. Сол көкірек
сүйегін тырналайтын. Өзінің былай да халі мəз емес, жартымсыз

стипендия неге үнем болсын?! Қара нанға қарап қалған күндері
қаншама?! Өлең, əңгіме жазуды мектеп қабырғасында-ақ бастап,
баспасөз бетін көріп үлгерген бұл жоғарғы оқу орнына түссем тіпті
қатырам деген дəмесінің күлі көкке ұшты. Алматыдағы газет-жур-

нал біткеннің əдебиет бөліміндегілер аш-арық отбасынан екені
көзге ұрған Еріктің жазбаларын да соның өз түріне лайық жілігі
татымасқа балап, жуытпайды. Бір жылдық студенттік өмірде бір
жолдық дүниесі де баспасөз бетін көрмеді.

Мəселенің көкесі жазғы емтихан кезінде болды. Жоқ, бұл тір-
лікті тағы төрт жылға созудың еш реті жоқ, Ерік университеттің
сырттайғы бөліміне ауысып, еңбекке араласады. Бұл шешім бір-
ақ күнде басын дың еткізді де оның дұрыстығы сағат сайын, күн

сайын тұла бойын дертше жайлап, еркіне бағындырды.
Ерік əу баста жұмысты осы Алматының өзінен іздестірді. Сол
кезеңнен мынадай екі көрініс жадында қалыпты. Соғысқа дейін
салынған екі қабатты ұзын ескі ғимараттың бір пұшпағындағы га-

зет редакциясына келіп, бірден бастығына кіруге жүрегі дауала-
май əдебиет бөлімінің есігін ашты. Мұндағы төрт қабырғаға арқа-
ларын тіреп жайғасқан бесеу кабинетке адам кірді ме, жоқ басқа
кірді ме деген де жоқ, төр жақта телефонмен сөйлескен сап-сары

жалпақ бет, қасқабас біреудің сөздеріне жан-тəндерімен елітіп,
мəре-сəре екен. Ерік те амалсыз ықылас қойды. Өйтпеске амалы
да жоқ, қасқабастың даусы шыңылдап, құлағыңды тесіп жіберер-
дей айқындықпен жетіп тұр:

– Əй, сығыр, сенің сөзіңді дұрыс ұқтым ба осы, біртүрлі сеніңкіремей тұрмын. Осы сенің құрдастығың қалмайды, ия, бұл əзілдесетін шаруа емес, сонда да сен осылай айттың ба, Арқа жақта қазақша бес облыстық газет жабылды дедің бе? Ойбу, құдай-ай, əбден обал болған екен, қанша адам жұмыссыз қалды... Қасқабастың езбесінің негізгі түйіні осы ғана болғанмен бұл ұзақ сөйлесті. Телефонның ар жағындағы да мыжыма ма, мынаның сөздері сұйылып бара жатса қосалқы бірдемелерді қыстырып, отқа май құятындай. Ал кабинеттегі басқа төртеу мына сапсары, қасқабас неме көңілді əңгіме айтқандай-ақ қарқ-қарқ, жырқжырқ күліседі. Ерікте олардың күлкісін өздері жағалауға шығып алып, суға батқан басқа бір бейшараның тал қармаған əрекетін келемеж еткен жүгенсіздікке балаған рай бар. Бірақ Ерік зерделі жас еді. Сырт пішіндері шуақты күнгі қоғадай сəулеленіп, тым жайдары көрінгенімен күлкілерінің күлкі сияғы жоқтығы мұның ішіне бойлап-ақ енді. Кей жамандықты да адам алғашқыда сыр бермей байсалды қарсы алмай ма? Мынау тап соның қолмен қойғандай мысалы еді. Тіпті бұл өзінің келген шаруасын айтпай-ақ теріс бұрылып жүре беруінің де жөні бар, бірақ ондайлық мына отырғандарды сыйлағандыққа жатпайды ғой, сосын да амалсыз есікке таяулау жайғасқан, бұрын өзінің бір өлеңəңгімелерін оқытқан, көзтаныс біреуіне қарап ерін жыбырлатты. – Заошныйға ауыстым дейсің бе? Жұмыс іздеп жүр екенсің ғой. А-а-а, шырағым! – деп, əлгі көзтанысы даусын əндете созды да қолындағы шылымын құшырлана сорып-сорып тауысып, күлсалғышқа тастай салмақшы еді, бірақ оған жетпей түтінге емес, күлкіге шашалып булықты да қалды. Тек сəлден соң көмекейі босап, етсіз жақ терісі жиырылып, сары тістері жалаңаштанып, ой қарқылдасын келіп. Жасаураған көздері жылтырап, шын мəнінде төрт құбыласы сай, заманы түзу, өзінің сəл-пəл мейманасы асыңқыраған адамдай-ақ артқа қайырған қап-қара шашы қушық кеудесімен қосыла желп-желп етсін. Ерік Тінəлиев осы редакцияда қызмет істейтін, ара-тұра онда-мұнда өлеңдері, жаңа кітаптарға рецензиялары жарық көретін, отыз бен қырықтың арасындағы осы кісінің осы күлкісін өмір бойы жадында тұтты. Қазақ журналистерінің көбінде өтірік күлкі, сидиған сүйек-саяқ, жартымсыз көңіл басар сырластық болатынын да осы суретке қарап есіне алатын. – Əй, қарағым-ай, – деп, Ерік өз жөнін айтқан газет қызметкері қайта тілге келді. Бұдан əрі күле берсем онсыз да қырым ет жоқ, құр сүлдері жүрген балауса немеге обал болар дегендей өзін-өзі əрең тежеген түрі бар. – Өзің газет-журналға жақын адамсың, көп оқисың, сөйте тұра заманның ау-жайын түймейтінің қалай? Сен түгіл анау (төрдегі қасқабастың оң жағында, бұрышта көзін төмен салып

мөлиген егделеу адамды нұсқап) осы газетпен бірге жасасқан, баспахананың бояуы бойына бес батпан боп сіңген майталман журналистің зейнетке шығуына екі-ақ жыл қапты, осы кісі тап осы екі жылда жұмыссыз қалмас па екен деп, дұрыс зейнетке ілікпес пе екен деп, өзімізді емес, осы кісінің қамын ойлап, ішкеніміз ірің, жегеніміз желім боп жүрген жайымыз бар. Енді қайтейік, өзің құсап редакцияларды алғаш сағалап жүргенде жазғандарымызды түзеп, күзеп, іске жарататын со кісі болатын. Міне, інішек, жағдай осы. Бірақ сен біржола жерге қарап қалма. Екі қолға бір күрек табылады. Филология факультетінің қазақ тілі, əдебиеті бөлімінде оқисың, мұғалімдікке бар. Ана Оқу министрлігі тың өлкелерге мұғалімдер жіберіп жатыр екен. Немене, басың жас, өмір көріп қайтасың, сонда сұран! Еріктің ол кездегі қозғалысы желден ұшқыр еді. Оқу министрлігін тез тапты. Кадр басқармасының бастығы сүйек жақтаулы үлкен көзілдірігін маңдайына жапсырған, тапалтақ, есесіне тым кең иықты, толық адам екен. Еріктің өтінішіне жуан қарнымен алдындағы үстелін қаға түрегеліңкірей жауап берді: – Жаным, айым, күнім дейін, сен мені қинамашы! Тың өлкелеріне жолдамамен мұғалімдер жіберіп жатқанымыз рас. Бірақ бəрі солардың сұрауы бойынша. Олардың сұрайтыны орыс тілі, математика, физика, шет тілі, денешынықтыру мамандары. Ал қазақ тілі мен əдебиетін ауызға алып жатқан ешқайсысы жоқ! Министрліктегі Кадр басқармасының бастығы жас мөлшері, сыртқы пошым, мінез жағынан осының алдында ғана өзін шығарып салған газет қызметкеріне мүлдем кереғар жан еді. Сөйте тұра Ерік екеуінен бір ұқсастықты жаза баспай таныды. Бірақ ол қандай ұқсастық, соған бірден ой жеткізе алмай дағдарған. Тек теріс бұрылып, есік жаққа беттер сəтте ғана ол сауалдың жауабын тапты. Ерік оған соңғы рет назар салғанда оның екі қабағының түйіліп, көздері қоюланып, əлдебір жан жарасы ашылған сəттегідей бір тітіркеністі байқады. Ерік мұның өзіне деген аяушылық екенін ажыратты. Жаңа газет редакциясынан шығарда өзіне осылай қарай жөн сілтеген журналистің қарасынан да тап осындай аяушылықты сезіп еді. Бір жайдан Еріктің бұдан пəлендей жүні жығылған жоқ. Қалайда, бұл өмірді енді бастағалы тұрған жалынды жас жігіт, мыналардың кемтар бейшараны көргендей мүсіркеуіне не жорық? Ерік мұның мəнін кейінірек түсінді. Осылай бұл астанада Ерік аттамаған табалдырық қалмады. Тіпті өзінің мамандығына аса жанаспайтын мекемелердің де біразын сүзіп шықты. Бəрі де алыс терістіктегі мəңгілік мұздай тас бүркенген бірдеме. Ақыры Ерікке ой түсті. «Апыр-ау, кеңсе жағалап, нем бар, əлі жаспын, университеттің бір-ақ курсын тамамдаппын, қолыма жұғып қалмас, осы қара жұмысқа неге бармаймын?» Ол

кезде Алматыда завод-фабрикалармен қатар СМУ, РСУ1 дегендерің бықып жататын. Орталыққа ең таяу СМУдің кадр бөліміне кіріп барып еді кең кабинеттің қақ ортасында қолында қағаз папкасы бар, сап-сары жалбыр шашты, екі езуі екі құлағына жете жиырылған, кекселеу бір орыс тікесінен тік тұр екен. Ол көкпеңбек көздерімен Ерікті ескі танысындай-ақ қабылдады. Ал қарама-қарсы екі кенереге арқаларын жабыстыра жайғасқан, сырт бітімдері бөшкедей бар, еріндері мен тырнақтары шиқандай қып-қызыл, олар да сары шашты екі орыс əйелі кабинетке адам кірді ме, жоқ, шошқа кірді ме, мəн берген де жоқ. Кірген-шыққанның кім екенін ет терілері арқылы-ақ сезетіндей алдарындағы қағаздарынан бас алар емес. Олардың қасында мына түрегеп тұрған орыс «мұсылман» екен: – Немене, студентпісің? Жұмыс іздеп жүрсің бе? – деп, ыржиған жүзіндегі шуақты молайтыңқырай тіптен тесіле қадалды.  – Бізде жұмыс қайдан болсын? Бізде реорганизация жүріп жатыр! Ерік мұның мəнісін бірден түсінбеді, «апыр-ау, күрек ұстауға, зембіл көтеруге мойынсұнбақ адамға «реорганизацияның» қандай қатысы бар?» Орыс түсіндіргенсіді, Ерікке бəрібір жеткен жоқ, қалада талай жерде үлкен құрылыстар жүріп жатыр, қанша «реорганизация» дегенмен сол құрылыстардың кірпіштері одан əрі қалана бермей ме, саяси науқандардың қара жұмысшыға қандай қатысы бар деген сияқты сауалдардың төңірегінде шарадай басы шақшадай болды. Қалада жиырма шақты СМУ жəне сол шамалас РСУ-лар бар, талайының табалдырығында із қалдырды, бəрінде де «реорганизация» деген сөз алдынан шықты. Завод пен фабрикаларда да солай. Кейбір үлкен ұйымдардағы кіреберісте үлкен қақпалар ашылып-жабылғанда қоңырау шылдырлайтыны бар. Сірə, кіргеншыққан адамдар мен көліктер қарауылшылардың назарынан тыс қалмауы үшін əдейі істелген. Еріктің есіне əлденеден өзі алғаш кірген СМУ-дің кадр бөлімінде өзіне түстеп те қарамаған екі орыс əйелі түсті. Міне, «реорганизация» деген сөз сондайлардың өздеріне кіріп-шыққандар жөнінде бұларға шылдыр еткен қоңырауша белгі беруі үшін ойластырылған шараның бір түріне ұқсап кетті. Күні бойғы жүгірістен, əрі қаланың у-шуынан басы кəңгіріп, жүйкесі жұқара бастаған Еріктің ешқандай күлкіге зауқы соқпас еді. Тек сол қоңырау мен «реорганизация» деген сөзден ұқсастық тапқанына оңашада жынды кісіше мырс-мырс еткені бар. Өстіп, Ерік Тінəлиевтің тумай жатып тауы шағылғандай еді. Əлгі өзін Оқу министрлігіне сілтеген газет қызметкерінің аузынан СМУ, РСУ – (орысшасы) строительно-монтажное управление, ремонтно-строительное управление (Ұ.Д.)

шыққан «Екі қолға бір күрек табылады» деген мақалда қателік
бар екен деп түйді. Енді не істемек керек? Ендігі тапқан ақылы
ауылға кету. Бірақ онда мұны кім құшақ жайып қарсы алмақ?
Жоғарырақ курста оқитын бір таныс студент бұған: «Ауылға кет-

кеннің жөні осы екен деп, салып ұрып кете барма, комсомолдың
Орталық комитетінен жолдама əкет», – деді. Бұл енді сонда кел-
ді. Көп қабатты ғимараттың астыңғы қабатындағы ұзын дəлізде
өңі де, киім киісі де сыптай бір əдемі жігітке жолыға кетті:

– Ағай, комсомолдың Орталық комитеті осы ма? – деп сұрады.

Артқа қайырған шашы майша жылтыраған, қыздың қас- қабағын-
дай мінсіз қиылған қас-қабағы мен костюмі, галстугі де сол түстес
жігіттің жүзі кенет алабұртып сұстана қалды. Жаңағы əдемі көрін-
ген жүзінен көбік шашырағандай сөйледі:

– Сен не айтып тұрсың?

– Комсомолдың Орталық комитеті осы ма?

– Бұл ЦК комсомола!

– Мен енді соны сұрап тұрмын ғой.

– Дұрыстап айтпайсың ба? «ЦК комсомола» деп!

Осында істейтін комсомол қызметкерінің бүйтіп зірк-зірк етуін
Ерік бірден іште қорыта алмады. Ерік болашақ қазақ тілі мен əде-
биетінің маманы, қазақ газет-журналдарын үзбей оқиды, бəрінде
де бұл мекеменің атауы солай беріледі, енді мынау келіп орысша

атауымен неге атамайсың деп жазғырады. Ерік мұны бір түрлі
жанына ауыр алды.
Осындағы бір бастықсымақ қазақ қызының кабинетін əрең
тауып кірді. Бұл 1961-жыл ғой. Ол кезде қалалық қазақ қызда-

рын шаш кескен бе, кеспеген бе деп, екі жарып сөйлейтін. Ал
мынауың нағыз шаш кескеннің өзі екен. Қап-қара қалың шашын
иығына жетер-жетпес тұста шалғымен орып түсіргендей біркелкі
етіп қиыпты. Биік қабағының айналасындағы көкпеңбек дақтар,

суық ақ сұр өңі, тік мінезі, өктем даусы отызға таяса да өз те-
ңін таппағанын айғақтайды. Басын да, шалқақ кеудесін де шай-
қаңқырап сөйлейді екен. Əр сөзі сайын қос уысқа симас мол
шашы жылқының жалына ұқсап, екі иығын кезек-кезек қағады.

Көздерінде де өзіңді атып жіберердей долылық бар. Бұл сурет те
Еріктің мəңгібақи есінде қалды.

– Сен студент болғаныңмен малограмотный жігіт екенсің! деп

бастады ол сөзін.  – Біздің ЦК комсомола өзінің төменгі буын-
дарында қызмет істеу үшін ешбір комсомол мүшесіне жолдама
бермейді. Бəрі де сонау бастауыш ұйымдардан бастап көтері-
леді. Ал Қазақстан Магниткасы, басқа да ударный стройкаларға

путевка беру əзірге тоқтатылған. Себебі, олардың бəрінде қазір
реорганизация!

* * *
Ауылға, өзінің туған үйіне келгенде сол өзіне жақсы таныс жағ-
дайдың үстінен шықты. Аурушаң əке-шеше, шиеттей бала- шаға.
Бар талғажаулары нан, кəртөшке, жалғыз сиырдың сүті. Ал ау-

лада қыт-қыттаған он-он бес тауықтың жұмыртқасын шешесі осы
ауылды жанай ағатын Қаратал өзенінің арғы бетінде ұзыннан-
ұзақ созылған Текелі қаласының базарына апарып сатып, шай-
қанттарын айырады екен.

Еріктің туған ауылы осы Қаратал мен аудан орталығы
Қарабұлақ поселкесінің арасы, отыз шақырымға жетер-жетпес-
тей. Туған үйінде бір-ақ түнеп, таң бозында алғашқы «попутка-
мен» Қарабұлаққа жетті. Бірден орыс, қазақ тілдерінде шығатын

аудандық газет редакциясына тартты. Маңдайының сорына тағы
бір сор қосылғанын осында ұқты. Газеттің қазақ бөлімшесі жабы-
лыпты да тек орысшасы қалыпты. Ал ондағы қазақ журналистері
қайда кетті деп еді, орыс əріптестері иықтарын қиқаң еткізіп қана

жауап қайырып, Еріктің өзіне көздерін көтеріп қарамады да. Ал
ендеше, Алматыда бір жыл оқып, елге оралғанда туған жердің
төсін аймалап, мауқын баспақтай бір жылылықтан дəмесі бар еді,
байқаса өңкей бір тасқа желіндеп, мұзға бұзаулаған немелер мұн-

да да алдынан шыққан сияқты. Тіпті ақыл, жөн сұрайтын да пенде
жоқ. Аудандық газет редакциясынан сəл ұзағанда мұның кеуде-
сінде құр сүлдері ғана бар еді.
Бірақ бұл қалайда жас қой, əлі де үзілмеген үміт бар, уақыт

ұтқызбай осы Қарабұлақтан он шақырымдай ғана Талдықорғанға
келді. Бұл үлкен қала, əрі бұрынғы облыс орталығы, қалалық га-
зет бар. Тек, мұнда да газеттің қазақша бөлімшесі жабылған. Ол
бөлімнің, əрі бұрынғы облыстық газеттің қызметкерлері қайда,

бəрі хабарсыз. Ерікті адам екен-ау деп жатқан ешқайсысы жоқ.
Бұл енді осы қаладан, Қарабұлақтан мұғалімдік орын іздестірді.
Тек қайда барса да Еріктің қазақ тілі мен əдебиетінің маманы еке-
нін естіген бойда-ақ бірдемесі жұғып кетердей бəрі теріс қарап,

жота көрсетеді. Бұл енді жақын маңдағы көршілес аудандарға
көз алартқандай еді. Үштөбе қаласына барып түк таппай қайтты.
Талдықорған-Алматы тасжолының үстіндегі Көксу ауданының ор-
талығы Тентек селосына келді. Аудандық халық ағарту бөліміне

кіргенде кең кабинетте бір егде орыс пен қазақ əйелінің түрегеп
тұрғанын, ал есік жақта үш адамның ұйлығысып, тым басыңқы
отырғанын көрді.
Ерік қазақ əйеліне жақындап өз шаруасын айтып еді. Қазақ бол-

ғасын қазақша сөйледі емес пе? Қазақ əйелі аузын ашып үлгер-
меді, егде орыс дімкəс кеудесі сырылдағандай шаптыға жөнелді:

– Бізге қазақ филологтарының керегі жоқ! Əне филолог, əне

филолог, əне филолог! – деп, босағадағы үшеуді сұқ саусағымен
кезек-кезек нұсқады. Əлденеден ығыр болғандай ентіккен түрі
қоса бар. Ерік Тінəлиев қалайда болашақ жазушы, оқығаны көп,
зерделі жас қой, орыстың өзіне түйілген көздерінен «қазақ тілінің

дəурені əлдеқашан өткен, содан неге кəперсізсіңдер» деген жазу-
ды оқыды.
Сыртқа шықты. Күн сəскелікке таяған. Тентек селосы жасыл
жамылғысы мол, дəл түбінен ағатын Көксу өзенінің салқыны бі-

лінетіндей өте бір жанға жайлы мекен еді. Мынау жаздың жай-
ма-шуақ шағы көркіне көрік қосып, көше бойлап, ұзыннан- ұзақ
қатар түзеген көк теректердің жапырақтарына ұялаған сəуле көз
қытықтайды. Көгілдір аспандағы тазалықтың өзі қандай? Ерік се-

зімнің адамы ғой, осындай тамаша табиғат əлдиіндегі адамдар
неге соншама қатыбас, неге бəрінің соншама жүйкесі жұқа, таби-
ғат-ананың еркінен тыс басқа бір дүлей күш бұлардың іштеріндегі
бір бұранданы аяусыздықпен бұрап жатқаннан сау ма деген сияқ-

ты сұрауларды маңайлады. Ұзын бойлы, арық, мойны қылқиған,
үстінде көптен үтік көрмегендіктен бүктесіні біліне бастаған жаз-
дық жеңсіз сары жейде мен жіңішке қара жолақты ұзын шалбар.
Аяғындағы үшкір тұмсықты туфлиі сенің мына жүрісіңмен осы

жазға шыдас берер ме екем, жоқ, бермес пе екем дегендей ол да
қасы-қабағы бар жанды бейнеше мойнын созып қарайды, білем.
Ерік анық сенделіске енді ұшырады. Кенет жасыл жамылғылы
тамаша табиғат санасына су бүріккендей мұның алдынан бір өріс

ашқанға ұқсады. «Апыр-ау, бұл қалайда аудан орталығы емес
пе, аудандық газет мұнда да бар, тіпті ол жабылғанмен оның бір
жұрнағы қалған шығар, қанша күйе жалап бара жатқанмен де бо-
сағанадамдардың бірін табармын, олар не тірлікпен айналысуда,

соны білермін, ақыл сұрармын» деп, өзін-өзі қамшылап берді.
Бұл шаққа дейін газет шығаратын арнайы мекемелер атаулыны
өзінің ұмыта бастағанын, ондайдан күдер үзіп те үлгергенін Ерік
таңырқай түйсінді. Үшкір тұмсықты қос туфлидің жанын шығара

бұл енді солай қарай адымдады.
Жолай тағы бір сүйкімді ой мұның тұла бойын қуалай жүгір-
ді. Онысы бұл Көксудың басқалардай емес, біршама қазақы ау-
дан екендігін еске алуы еді. Жаңа ғана аудандық халық ағарту

бөліміндегі өзіне сілкіне сөйлеген орыстың сөздерін ұмытып та
кеткендей. Ұмытпаса да оны ойлағысы жоқ па, бəрін бұлаңдаған
елес-үміттің ырқына бағындырмақ па, əйтеуір, сондай бір аралық
хал мұны бұрынғыдан да жүрдек етті.

Ерік текке дəмеленбеген екен. Суға батқанның қарманар та-
лындай бір ілгекті осында тапты. Төбесі аласа үйдің екі-үш

бөлмесіне сығылысқан аудандық газет редакциясының қызметкерлері арасынан таныс біреу көзіне оттай басылды. Ол да мұны таныды: – Əй, əлгі өлең жазатын Ерік Тінəлиев деген бала сенбісің,ей? Сені мектепті күміс медальмен бітіріп, КазГУ-ге оқуға түсті деп естіп едік қой. Мына жүрісің не? Ə, қазір каникул екен ғой, е, қалай, хал жақсы ма? Оқу қалай? Еріктің тұла бойын жылы ағын кернеді. Тіпті жыларманға да шақ қалғандай. Енді ше...? Елге оралғалы мұның кім екенін, аздап қадірін білетін, бүйтіп қалбалақтап жөн сұрайтын адамды бірінші рет жолықтырып тұр емес пе? Əрі мынау «жабылу» деген зілзаладан аман-есен қазақ газеті екенін түйсінуі де кеудесіндегі жалпалақтап сөнуге айналған үміт шамының отын үрлеп, қайта лаулатқандай. Кабинетте қолқаны қабатын түтін исі бар. Бірақ соның өзі Ерікке жұпар аңқығандай əсер етті. Өзіне таныстан басқа үш-төртеудің де жұмыс істеген түрлері жоқ, қолдарындағы шылымдарын саусақ арасына қыстырып, шынтақтарын алдарындағы столға тіреп, состиыпсостиып отыр. Ерік бұлардан дəмеленсе, олардың мұның өзінен дəмеленген түрлері бар. Ерік пен оған көзтаныс егде журналистің шұрқырасуын бəрі қарасынан ағы мол көздерімен жіті бақылап тапжылмайды. Ерік мұны аса ұнатпаса да жаңа ғана бойын кернеген жылы ағыннан айрылғысы жоқ, бəрін жақсылыққа күштеп бұрғысы келді. Еріктің мұндағы танысы Құдыс Əлікбаев деген ескі журналист еді. Осыдан екі жыл бұрын Талдықорған мен Алматы облыстары біріккесін Талдықорғандағы жабылған бұрынғы облыстық газеттің байырғы қызметкері. Өлең жазуды он үш, он төрт жасында бастаған Ерік сегізінші, тоғызыншы сыныптарда оқып жүріп, облыстық, тіпті республикалық газеттердің бетін көріп үлгерген. Сол облыстық газеттің əдебиет, мəдениет бөлімінде істейтін Тоқтар Көшеев деген ақынға ара-тұра топ-топ өлеңдерін əкелетін. Тоқтар бəрін жаратпаса да ішіндегі бірер тəуірлерін іріктеп, өңдеп, газетке бастырған еді. Біраз мақалалары да жарияланған. Сонда Тоқтар Көшеевпен мына Құдыс Əлікбаев та бір кабинетте отыратын. Мұнымен көзтаныстығы содан. Ерік жай-күйін айтып үлгермеді, Құдыс қолындағы шылымын алдындағы күлсалғышқа сұққылап өшірді де өзі орнынан көтерілді. Мұнысы далаға шығып əңгімелесейік деген белгі екенін сезіп, Ерік сыртқа қарай қайта табалдырық аттады. Он адымдай ұзағанда іште қалғандардың бір дабыр-дұбыры естілді. Ерік оның не дабыр-дұбыр екенін ұға қоймады. Тек бəрін бұзыпжара Құдыс Əлікбаевтың: – Əй, бұл оқудағы бала, несі бар дейсің?! – деген өктем даусы

құлағына сарт етіп тиді. Мұның мəнісі не екенін іші сезсе де сезбегендей, тіпті өз құлағына өзі сенбегендей іштегі сезім атаулыны бұғалықтап, тағы да бəрін күшпен өз ырқына көндіруге əрекеттенді. Ерік əзірше Құдыс Əлікбаев пен оның қасындағыларға шаң жуытпауға барын салып баққандай. Енді қалай? «Келіншектің бетін кім ашса сол ыстық» – деген. Мұның балауса өлеңдерін қоламтадан суырғандай ыстық күйінде алғашқы оқитын сол Тоқтар Көшеев еді ғой. Бүгінде Алматыдағы газеттердің бірінде қызмет атқаратын сол ақын Тоқтар Көшеевті бұл Ерік ерекше қадір тұтады. Екі-үш мəрте жұмысына іздеп барғанда алақаны жұмсақ Қыдыр бабаны көргендей тұла бойының дірілдегені бар. Кейде ол түсіне де енетін. Мұндай күйді əдебиетпен, өнермен, не ғылыммен шұғылданған адамдар ғана жете байыптайтын шығар-ау! Ал мына Құдыс Əлікбаев сол Тоқтар Көшеевтің өзі болмаса да көзіндей адам. Талдықорған облыстық газет редакциясында Тоқтар Еріктің апарған өлеңдерін сызғылап, қызулана пікір айтқанда оған Құдыс та қосылып кететін. Кейде екеуінің пікірлері кереғар шығатын. Бірақ бəрібір жеңіс Тоқтар жағында қала беретін. Себебі, Тоқтар қалайда ақын, əрі əдебиет бөлімінде істейді, ал Құдыс өлең жазбайды, таза журналист адам. Міне, жұмыс та, ақыл да таппай сансыраған шағында құдай сол кісіні алдына көлденең тартты. Бəлкім, осы кісінің арқасында мына газетке корректор, тіпті үй сыпырушы болып та жұмысқа орналасармын деген үміт те ішінде жылт етті. Себебі, ол кезде Ерікке газет исі шыққан жердің бəрінде қасиет тұнып тұрғандай көрінетін. Аудандық газет редакциясы екі жағынан қатар-қатар биік теректер көмкерген, машина дегенің некен-саяқ, тыныш көшенің бойында еді. Құдыс сыртқа шыққасын екеуі сол көшені бойлап, биік теректердің көлеңкелі жағымен жүріп берді. Мұндай оңашалық Еріктің жанына тіптен жақты. Ең алдымен өзі екі жылдан астам уақыт көрмеген егде журналистің түр-түсіне сыналай қарағанда əлдене жүрегін осқылап берді. Құдыс күнге күйіңкі қара торы өңінде шешек дағына ұқсас секпілдері бар, онсыз да арық адам еді. Байқаса соңғы екі жылдың ішінде сол арық өңіндегі қалған-құтқан еттің өзі сылынып түскендей тіптен жүдеп кетіпті. Көздері ұзақ жабығудан соң қайта бойын жиған адамның көздеріндей жалт-жұлт етіп, енді-енді сөніп қалар керосин шамды еске салады. Сəл бойшаң денесіндегі қаракесегі де ояздаған шамасы, көнетоздау сұр костюмінің алдыңғы екі өңірі тым мол пішілген киімдей жалп-жұлп етеді. Жүрісінде де бір түрлі кібіртік бар. Ерік осы байқағандарын көңіліне ауыр алса да бəрін жастық жігермен еңсере берді.

Құдыс мына жас əріптесінің жай-күйін көзінен бір өткізгенненақ танып, екі-үш сұрақ қойды да сап тыйылды. Алыс көкжиекті шолғандай жүзін көтере баяу жүрісін жалғастыра берді. Ерікке керегі де осы. Адам іш құсасын төккісі келгенде тыңдар құлақтың табылғаны жарым бақыт қой. Ерік өзі ұшқан ұяның жағдайын, Алматыда өткен бір жылдық студенттік өмірін қысқаша сыпаттады да ондағы-мұндағы жұмыс іздеген хикаясын бүге-шігесіне дейін қалдырмай тізді-ау. Əсіресе, өзінің жанын ауыртқан тұстарды қазақтың небір əдемі сөздерін теріп əкеп суреттеуге жанын салды. Бұл мына ескі таныс кексе журналистке тым үлкен үміт артқанының белгісі еді. Көше тым ұзын екен, көлеңкелі теректер де таусылар емес. Тек бір тұсқа жеткенде Құдыс кілт тоқтап, көк теректерге арқасын беріп, жас əріптесіне біртүрлі қабағын кекжите қарады. Ерік те тоқтап, оған қарама-қарсы тұрды да баянын жалғастырды. Өйткені, мынау дүние не өзі, келбеті, бағдары қандай, осы жазда өзім бастан кешкендерімді қыл-қыбырына дейін тізсем мынау қалайда үлкен кісі осы сауалыма айыз қандыра жауап берер, мүмкін адасып жүрген жайым бар шығар, ақылыма ақыл қосылар деген дəмесі көпе-көрнеу еді. Мынау қаладағы тротуарға ұқсас, бірақ шөптесінді тар соқпақта екеуі бетпе-бет тұрысқанда амалсыз көздері түйісті. Енді қараса аға журналистің көздері сəлпəл өзгеріпті. Мынау алғашқыдағыдай оңай-оспаққа сөне қоятын көздер емес, ішінде кішкентай от лаулап, Еріктің көкірегінен суырылған хикаяттардың бəрі суретке айналып, қос жанарынан асығып-үсігіп өтіп жатқандай аласапыраны мол дүние. Ерік бірауық өзін кинозалда отырғандай сезінді. «Мұның бəрін маған айтып неғыласың, мен мұны сенен он есе жақсы білемін, өзің шайнағаныңды маған қайта шайнатпақсың ба» дегендей жазғыру да аралас. Сөйте тұра көздерінде шаршағандық, əлденеден беті қайтқандық, шөліркегендік, іштегі ескі кеселдің тепкіні сияқты белгілер бір-бірін баса-көктей атойлап берді. Кенет Ерік өзінің аңғарымпаздығына таңғалды. Кексе журналист арқасын берген көктеректер тап осы тұста сəл сирейді екен. Солардың сиреген қатар аралығынан арыға көз тастап еді, екі арқан бойындай қашықтықта айналасында аздаған қара-құрасы бар, жартысы кірпіштен, жартысы тақтайдан құрастырылған əлеміш-əлеміш қабырғалы дүңгіршекті көрді. Жамауы жалбыраған, қырық жылдық ескі дермантинмен қапталған ағаш есіктен жоғарыдағы маңдайшада «Шарапхана» деген жазу бар. Ерік мəселенің мəнісін енді толық түсінді. Мынау көз алдындағы өзі пір тұтқан адамы күрт құлдырап кеткендей. Тек онымен қайта көз түйістіргенде жанарындағы өзге белгілердің бəрі өшіп, шөліркегендік, өзінен көмек сұрағандық, дəметкендік сияқтылар

ғана қалыпты. Ерік осы жасында-ақ «не көрмеген бейбақпын, бұл сыннан да өтіп көрейін» дегенге бекінді. Көп бала тапқан аурушаң шешесі Текелі қаласының базарына апарып сатқан жұмыртқадан түскен ақшаның бір бөлігін «жолыңа» деп, осы Еріктің қалтасына салған еді. Ақыры, соған екі стақанға толтыртып шарап ішкізсе де кексе журналист арқандаулы аттай байланып, шарапханадан кете қоймады. Ерік өзіне жарты стақан құйғызып, дəмін ғана татқан. Енді үшінші стақанға құйғызғанда Еріктің қалтасында автобуспен өз аулына қайтуға əрең-əрең жететін елу тиын ғана қалып еді. Бұлар жаңағы көше бойлаған көк теректердің саясымен енді кері жүрді. О, ғажап! Құдыс жаңа ғана қаражаяу еді, енді атқа мінгендей жалы күдірейіп шыға келді. Қара торы өңіне қызыл жалқын бояу араласып, көздері де Ерік күткендей білімпаз, ақыл айтуға құштар, қамқор адамның ықыласын жиып, мұның көкірегінде сығымдалған мұң-наланы тінткілей, тіпті реті келсе оны тарқатып жіберердей өткір қарайды. Қушық денесіне қуат дарығандай бір түрлі арқасы қозғанға ұқсап шыға келді. Енді сөз тізгінін ол іліп əкетті. Еріктің айтары таусылмаса да айтқызбай білетін қырағылығын бал-бұл жанған жүзі мен көздері арқылы шатынатып, жас əріптесіне қайтіп ауыз аштырмады: – Шырағым, əңгімені мен мынадан бастайын. Біраз көсілдің ғой, енді маған мұрсат бер. Иə, иə, мені қалай сөйлетем деп, ындының құрып келе жатқанын өзім де сеземін. Əңгіме басы мынау болсын! Мұқият құлақ сал! Зерделі баласың, дұрыс ұғатыныңа күмəнім жоқ. Осыдан екі жыл бұрын, Талдықорған облысы таратылып, облыс орталығы Алматыға көшті емес пе? Сен келіп жүрдің, білесің, сол облыстық газетте небір сайдың тасындай журналистер қызмет етті емес пе? Өзіңе жақсы мəлім, өзіңнің алғашқы өлеңдеріңді газетке жариялап, жолыңды ашып берген ақын Тоқтар Көшеевтің бір өзі неге тұратын еді? Сөз маржанын тізген (бұл жерде Құдыс Əлікбаев Талдықорған өңірінен шыққан бірқатар журналистердің аты-жөндерін атады) қандай еді? Пай-пай, олар жазған көркем очерктер, репортаждар, фельетондар қазақ тілінің қаймағынан қалқығандай қалай дəмді шығушы еді? Бірде обкомның бірінші хатшысының өзі жаңағы мен атағандардың ішіндегі ең жасы үлкені Сапекеңді шақырып алып, «Əй, Сапеке-ай, сіз мына қалам сілтесіңізбен Сəбит, Ғабиттің қатарында жүретін адамсыз ғой» дегені бар. Сонда Сапекең де қарап қалмай, «Дұрыс айтасыз, біз партия мен үкіметке жан сала қызмет етеміз деп, басымыздағы көп ырзықтан көз жаздық қой, əйтпесе, жемдеуі мен бабы келіссе бұл ағаңнан көпкөрім жазушы шығар еді» деп салды. Жаным Ерік, ұғуға жарасаң, Сапекеңнің осы ағынан жарылуының тасасында үлкен трагедия жатыр. Сол обкомның бірінші хатшысы облыс

жабылғанда өзге түгіл Сапекеңе хош айтуға жарамады. Көшеде
қаңғып қалған партия сарбаздарының тілін шығарып алармын
деп қорыққаны ғой сығырдың. Сонымен облыс кетті, ал біз қазақ
журналистері қалдық. Орыс журналистерінің мұрты да қисайған

жоқ. Бəрі аудандық, қалалық газеттерге тарап жатты. Ал біз үшін
ондай барар жер, басар тау жоқ. Өрісіміздің таусылғанын алғаш-
қы күні-ақ топшыладық. Бухгалтериямен есеп айырысып, аздаған
көмек соманы алдық та редакцияға, бұрынғы орындарымызға

қайта жиналдық. Əлдебір күнəміз бардай бір-біріміздің бетімізге
қарауға жоқпыз. Кенет Сапекеңнің талағы тарс айрылды: «Əй, ба-
лалар, əкеліңдерші ана көк ала мойыннан» деп, үш-төрт қызыл
қағазды ортамызға лақтырды. Басқамызға да керегі сол екен, тек

жалғыз Сапекеңді шығындатып қоямыз ба, қызыл қағазды біз де
суырдық. Ол күнгі молқолдығымызда шек жоқ еді, ақыры «особый
мəскеускийдің» жиырма шақты шишасы инкубатордан шыққан ба-
лапандардай ортамызда жыпырлады.

Ішкілік көп болғанмен «зəкөске» жағы мардымсыз, оған қи-
налғанымыз жоқ, əкеміз арақтан өлгендей ой, өңешке құйдық-ау!
Екі-үш стақаннан соң Сапекең тағы бір өнерді бастады. Отырған
орнында маңдайын екі алақанына басып, солқылдап кеп жыла-

сын! Қазақта біреу жыласа екіншінің басу айтатыны бар ғой, ал
мына жерде ондай үрдіс қарасын да шалдырмады. Əрқайсымыз
өз орындарымызға шөгіп, біз де жыладық. Енді қалай, Ерік жа-
ным, Талдықорғанға бойымыз үйреніп, пəтер алып, орналасып

қалмап па едік, енді бір-ақ күнде бəрімізді күресінге лақтырды.
Сен сол кісілер қазір қайда деп сұрадың, тыңда, содан екі-үш
айдан соң Сапекең арақтан уланып өлді, ақын ағаң Тоқтар өзің
білесің Алматыда, ал басқалары аудан- ауданға, ауыл-ауылға та-

рап, тышқан аулап кетті ме, құдай ақына хабарым жоқ. Газетке
орналасты дейтіндей бұл қазіргі Алматы облысының көлемінде
қазақша аудандық газет дегенің некен- саяқ. Сен біздің газетке
мейлі корректор, мейлі үй сыпырушы боп орналассам ба дейсің,

мен қырықтағы білдей журналист, Ұлы Отан соғысының мүгеде-
гі, кешегі облыстық газеттің тəжірибелі қызметкері осы Көксу ау-
дандық газетінің корректорлығына əрең ілініп едім, енді мұнда да
астымыздан су шығып жатыр. Мына газет те жабылмақшы. Қазір

қазақ газеттерінің тиражы аз деген желеумен əлдебір білгіш ау-
данаралық газет дегенді ойлап тауыпты. Жаңа өзің əңгіменің ба-
сында айттың ғой, астанада республикалық газеттердің біріне бас
сұққанымда тың өлкесінде қазақша бес облыстық газеттің бір-ақ

күнде жабылып жатқанын естідім деп. Тек облыстық емес, мұндай
індет қазақша аудандық газеттерді де жалмап жатыр. Ал орысша
газеттердің мұрты ойылған жоқ.

Жаңа өзің Алматыда республикалық газеттегі өзіңе көзтаныс журналист пен Оқу министрлігінің Кадр басқармасы бастығының өзіңді сөзбен шығарып салғандағы көздерінен бір ұқсастықты аңғардым дедің. Сенің əдеби талантыңа күмəн жоқ. Иə, екеуі де сені аяушылықпен ұзатып салған, олардағы ұқсастықтың түп-тамыры сонда жатыр, сен оны тап басып байқағансың. «Балықтың тілін бақа түсінеді». Олар да, сен де, мына мен де бір қылбұрауға түскесін шығарда жанымыз бір, біздер бір-бірімізді түсінбесек бізді кім түсінеді? Ал олар саған неге аяңкөстік жасайды, сен қазақ тілі мен əдебиетінің маманысың, сені қандай тар жол, тайғақ кешулердің күтетінін олар алақандағы жазудай көріп тұр. Иə, олар жоғарғы қызметтегі адамдар ретінде бүгінгі заманның бет алысын анық зерделегендер. Мен де қаражаяу емеспін, өз білгенімді сарқайын. Сонау Арқа жақта бес облыстың есебінен Тың өлкесі құрылғаны белгілі ғой. Ол неме керек еді? Астық шарушылығына бас-көздікті күшейту үшін дейсің бе? Ай, Ерікжан-ай, қалайда шаласың-ау əлі, «қатын көп болса қазан қайнамайды» дейді қазақ, осы қазір мені ұстатып жіберсең де турасына көшейін, оларға керегі астық емес басқа. Қазіргі таңда «өндірістік бірлестіктер» деген тіркесті сонау «Правда» мен «Известиядан» бастап, бəрі жақтары талмай насихаттап жатыр. Ұққандарға ұқтырып, ұқпағандардың бастарының жарығын ашып шүмекпен құюда. Бұл ненің белгісі? Мына өңір астық шаруашылығына, мына өңір мақта өсіруге, мына өңір малға қолайлы деп, тек қазақтың емес, өзбектің де, қырғыздың да, тəжіктің де жерлерін сондай бірлестіктерге бөліпбөліп, пышақтап турап, республикааралық шекараларды жоқ қылып жібермекші. Тығындаулы бөшкедей ішімдегіні əрең сыйдырып жүр едім, тығынды өзің алдың, енді атқылауыма шыда! Ал республикааралық шекараны жою деген не, ол деген қазақ, өзбек, қырғыз, тəжік сияқтыларды ұлт ретінде жою деген сөз. Бұл, əсіресе, кешегі ашаршылықта оңбай қырылған, соғыста сан мың боздағынан айырылған, өз ұлтының тілі мен діліне паңсына қарайтын, қазақшаны əдейі бұзып, орысшаны шүлдірлеткенін сəн көретін, мансап жолында бəрін құрбандыққа шалуға əзір белсенділері тезекше ыбырсыған біздің қазақ үшін нағыз нəубеттің өзі. Айналайын, солай! Қарашы, өз сөзімнен өзім қызып, жүгені сыпырылған асаудай кетіп барамын! Бірақ сен сəл шыдай тұр! Иə, дұрыс, құлағыңның құрышы əлі қанбай жатыр. Қандай да шағын ұлт «мен бəрінен де зормын» деп кеуде қақса ол оның соры. Қазақ өз кемшілігін өзі көре білуі шарт. «Ауруын жасырған өледі» деген нақыл неге мирас? Қазақтың ең басты жетіспеушілігі ұлтым үшін жан пида дейтіндердің аздығы. «Білемін енді өзімдей ұл тумасын» деп, баяғының Кемпірбай ақыны зарлағанда осыны көре білген-ау, шамасы. Жарайды.

Ауызды құр шөппен сүрте бермейік, жақсы ұлдар болған. Қырық
бесінші жылы соғыстан келіп, университетке оқуға түскенімде бір
шал мұғалім оңашада Қостанай облысын Ресейдің құрамына қос-
қалы жатқанда Ахмет Байтұрсыновтың Мемлекеттік думада ар-

найы сөз сөйлеп алып қалғанын, Мұхтар Əуезовтің де Өскемен,
Семей өңірлері үшін құрақ ұшып, ара түскенін тілдің майын тамыза
жырлап еді. Ал ол деген Ахмет Байтұрсыновтың атын атағандар-
дың қамауға алынып жатқан кезі. Ал қазір сол Байтұрсыновтай,

осы биыл ғана арамыздан кеткен Əуезовтей адамдар тіпті тау-
сылды ма деймін. Неге бес облыстық қазақ газеті бірден жабыл-
ғанда «шəй» дейтін біреуі табылмай тұр? Азар болса тағымнан
таярмын, бес-он жыл түрменің дəмін татармын, есесіне қазағы-

ма қарлығаштың қанатымен су сепкендей бір серпіліс берермін
деп, тəуекелге басатындар қайда? Жүзіңнің алабұртуынан бай-
қаймын, «өзіңіз не тандырдыңыз» дейсің ғой. Тыңда ендеше, мен
кішкентай адаммын, соғыс мүгедегімін, сөзім жоғарыға жетпей-

ді, соңғы таянышым  – мына аудандық газет жабылғасын бала-
шағамды қайда апарып асыраймын деп басым əңкі-тəңкі, осы
əңгімеге өзің əперген үш стақан шараптың күшімен ғана жарап
тұрмын. Бірдеме десек қазақ оқырманы аз деп, өз бетіңе күйе

жаққандай қылыққа барады. Апырау, қазақ оқырманы қалай көбе-
йеді, жұрт жапа тармағай балаларын орыс- ша мектептерге беріп
жатыр. Əрине, ауыл-ауылдағы шаруа адам- дар жаңағы «өнді-
рістік бірлестіктер», «республикааралық шекаралар жойылады»

дейтіндерді əлі естімеген де шығар, бірақ бəрібір заманның со-
лай ауан алғанын жон терісімен сезіп отыр. Оның үстіне оқыған
білгішсымақтар, мансапқорлар сондай тұздықты үсті-үстіне құйып
жатса қалай сезбейді? Жалғыз заман ауаны емес, көп бəле қа-

зақ белсенділерінде жатыр. Қазір қазағым деп аһ ұрғанда аузы-
нан жалын ататындар жоқ, оларды қуыс кеуде, кеуек бас, жұрт
көзінше «лениндік ұлт саясаты» хақында топан сөзді боратып, тая
бере «бастықтар не айтадыға» көшіп, солардың ажарынан істің

бет алысын аңдап, əліптің артын бағатындар тықсырды. Олардың
көкейін тесетіні қара басыма не пайда, не олжа табам дегендік.
Қазағым деп, соның мүддесі үшін саусақ ұшын қимылдатайыншы
дейтіндерді емге таппайсың. Емге табылса, жаңағы бес облыстық

газет, көптеген аудандық газет жабылғанда қайда қалды?
Қарағым Ерік, болашағың алда, жас баласың, жаныңа батса да
мынаны ұқ, облыстық, аудандық газеттердің жабылуы, тіпті кейбір
республикалық басылымдар- дың шет-пұшпағының қырқылуы –

ол деген қазақ тілінің тамырының қиылуы! Ондай жағдайда қазақ-
тарды балаңды орыс мектебіне оқуға бер деп, үгіттеудің қажеті
жоқ, өздері-ақ сөйтеді. Сөйтіп те жатыр. Бұл деген қазақты ұлт

ретінде жоюдың тіптен пəрменді шарасы. Сөйтіп, бəрі қосылып,
өз дегенін жасауда. Сен қазақ белсенділеріне топырақ шашқан-
дай сөздерімді жақтырма- ған сыңайлысың. Мұны ашыңқырайын,
біле білсең бұл ағаң көп нəрсені біледі. Жаңа осыдан екі ай бұрын

ғана дүние салған Мұхтар Əуезовті атадым ғой. А солай ма? Ол
кезде Алматыда болған соң сен де топырақ салысқан екенсің ғой.
Өте дұрыс! Міне, сол Мұхтар Əуезов айдай əлемге атағы жайы-
ла тұра өзінің бір повесін дұрыстап жарыққа шығара алмай кетті.

Жиырмасыншы жылдардың соңында бір мəрте ғана латын əрпі-
мен басылған екен, аты «Қилы заман». Міне, мен соны кезінде
Академияның Орталық кітапханасында латыншадан оқып шық-
тым. Қайран Мұхаң-ай, саған жан жетпейді ғой, мен əдебиетпен

шұғылданған емеспін, таза журналиспін ғой, сонда да Мұхаңның
өлгенін естігенде жетім қалғандай күй кештім. Таза тақыр жетім
қалғандаймын! Міне, сол повесінде Əуезов 1916 жылғы əпсе-
леңде қазақ оқығандарының, тілмаштарының бет-бейнелерін,

іс-əрекеттерін жеріне жеткізе суреттейді-ау! Əлі күнге ұмытқам
жоқ. Мұхаң суреттеген сол белсенділерді ойласам сидиған сабау
аяқты, көйлектерінің етектері делбеңдеген жезөкшелерді көрген-
дей боламын! Болды, жаным, болды! Мені тілімнен тарта берме!

Іштегі запыран əлі сарқылған жоқ, сонда да тоқтадым, зорлық
жүрмейді, зорлық жүрмейді, тоқтадым, тоқтадым!
Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей! Оу, о-о-оу, о-о-оу!

* * *
Солжылдың 1-қыркүйегінде Ерік Тінəлиев Текелі қаласындағы
№6 орта мектепте мұғалімдік жұмысқа кірісті. Текелі мен мұның
туған аулы Қараталды осы аттас өзен бөліп тұратын. Мұның үйі

мен жұмыс орнының екі арасы жаяуға бір сағаттық жол. Екі күннің
бірінде кешкілік жиналыс. Не əртүрлі педагогикалық- мəдени шара
өткізілетін мектеп жағдайында бұл үлкен қиындық еді. Көбіне түн
жамылып, бір елді мекеннен шығып, арқырап аққан тау өзенінің

үстіндегі солқылдақ көпірден өтіп, екінші елді мекенге жетеді.
Мектептегі алғашқы күндерде-ақ орыс мұғалімдер (бұл қалада
қазақ мұғалімдер емге табылмайтын) небəрі жиырма жасар өрім-
дей жас жігіттің сонау Қаратал ауылынан жаяу қатынап жұмыс

істемек екенін білгенде көздері шарасынан шықты. Бұл жай та-
ңырқау емес, көздерін шарасынан шығарған болып, сəтті пайда-
ланып, бұл неғылған қаңғыбас, аты-заты кім, немен қоректенеді,
немен тыныс алады деген сұрауларына жауап алмаққа ындыны

құрығандық екені де аңғарылатын. Кейде сондай қарас жанына түрпідей тигенмен де Еріктің сыр бермеуге бекінбеске амалы жоқ еді. Жаңа оқу жылының басталуы ұстаздар қауымы мен оқушыларға мейрам күндеріндей мəре-сəрелі келеді. Үш айлық үзілістен соң қауышудың өзі, балалардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтіп, жаңа баспалдаққа көтерілуі, мұғалімдердегі ауыскүйіс, жаңа сабақ кестесіне бейімделу, тағысын тағылар тосын жаңалықтардай əсер етеді. Ең бастысы бəріндегі тазалық, жаңа форма, жаңа портфель, жаңа оқулық, жаңа үміт онсыз да алыпұшпа көңілге май құяды. Бұл өзі аса үлкен мектеп еді. Бір ғана бесінші сыныптың өзі «а», «б», «в», «д», «е» деп бөлініп, бес сыныптан тұратын. Ал біріншітөртіншіні құрайтын бастауыш сыныптардың əрқайсысының саны алтауға, тіпті жетеуге жетіп жығылады. Əрқайсысында қырықтан астам сары үрпектер дəріс алатын мұншалықты сыныптардың басын біріктірген бұл онжылдық былтыр ғана осындай оқу орнының түлегі атанған Еріктің өзіне жеке патшалықтай көрінді. Елдің ең шығыс қиырындағы Жоңғар Алатауының көп сілемдерінің бір қуысына сұғына біткен, соғыс кезінде қорғасын-мырыш комбинатымен даңқы шыққан бұл Текелі қаласында жеке-дара бастауыш мектептерді қоспағанда тап осындай он үш онжылдық бар екен. Зерделі Ерік Тінəлиев алғашқы күндерде-ақ бұл жағын мықтап кəперге алды. Өзінің туған ауылы, негізінде орыстар қоныстанған Қараталда қазақ сыныптары төртіншіден əріге аспады. Ал Ерік қалғанын қазағы баршылық көрші ұжымдардың орталығында кім көрінгеннің үйінде пəтерде тұрып, өлдім-талдым дегенде əрең тамамдады. Жартысына жуығы қазақ сыныптарынан тұратын сол мектептің өзін Ерік үлкенге балайтын. Байқаса ол мынаның қасында көңілге демеу етерлік қана жартымсыз бірдеңе екен. Енді қалай? Мұнда əлдебір жиын, не мерекелік шара үстінде мектеп ауласында, не ішкі кең сарай спорт залында орыс балалары мен қыздары су жағасындағы күзгі сап-сары қамыстай жапырылады. Ерік мұндай көпшілікті тіпті Алматыдағы бір жылдық студенттік өмірінде де көрмепті. Директоры да сондайға сай неме екен, əсіресе, ауладағы жиналыста саңқылдап сөйлегенде əлгі сап-сары қамысқа ұқсағанның үстінде аппақ шар тəрізді бірдемелер бір-біріне соқтығысып, ұшып-қонып жүргендей əсер етеді. Кейде директор өз даусымен осынау көптің төбесінде айшықты сурет салып, бəрінің назарын солай қарай үздіктіріп қоятындай. Қыздардың ақ бантик, ақ фартуктері, балалардың қоңырқай түсті арнайы форма-костюмі, əрі көпшілігіндегі айқасқан қызыл гүл талшығындай галстук, жирен, қызғылтқоңырқай шаштары директор

даусының əлдебір ырғаққа келетіндей тұстарында қозғалысын жиілетіп, биге басатындай. Бұл ұжымда, əрине, ең алдымен Еріктің көзін тартқаны осы мектеп директоры Алексей Никитыч Кузьмин еді. Қырықтың мол ішіндегі, тұла бойы оқтау жұтқандай тік жаратылған, кірпіше тікірейген ақ аралас сұрғылт шашы, қас-қабағы, күлгін сия түстес көздері, арық та емес, семіз де емес бет-əлпеті қашан да қайратжігерге толы. Мұғалімдер бөлмесіне кіргенде, не ұзыннан-ұзақ дəліздермен жымын білдірмес, жылан жүріспен ары-бері қозғалғанда күлгін сия түстес көздерінің тінткілемейтін пұшпағы жоқ, шашылған қағаз, басқа да бір ұсақ-түйектен бастап, мұғалімдердің, не оқушылардың бүгінгі көңіл-күйіне дейін тап басып байқайтын қырағылығы ересен. Сөздері де сондай, шашау, одағай біреуі жоқ, бəрі де орын-орындарын тауып, рет-ретімен қаланып жатқан тастай сыңғырап, тым жарасымды төгіледі. Тіпті одан оқушылар ғана емес, өздері де сондай сөз десе аттай желетіні бар мұғалімдер де лəззат алатынға ұқсайды. Олардың да ынтаықыласы, бірдеме ұқсам деген талпынысы сол оқушылардікінен кем емес. Ерікті тағы бір таңқалдырғаны осындай жиналыстардың бірінен соң Алексей Никитыч терісін ауыстырған түлкідей құбылып сала берді. Жиналыстың соңы ойын-сауыққа ұласып еді. Директор іштегі өз кабинетіне жып беріп кірді де аккордеон көтеріп шықты. Ендігісінен Еріктің көзі тіпті атыздай болды. Тікесінен тік тұрған күйі аккордеонды құлаштай созып, орыстың буыныңды балқытар ескілікті əуенін сызылтқанда өзіңдегі екі аяқ сенің ырқыңнан шығып, жаратылысы бөлек жан иесіндей биге қосылғысы келеді. Оны тежеу үшін де біраз күш-қауқар керек екен. Ерік тап қазір осындай күй кешті. Задында бұл бозбала жігіт би өнерінен мүлдем мақұрым қалғандардың бірі еді. Себебі, бес жасында оң тізесі ауруға шылдығып, ел ішіндегі емшілер емдегенмен үшінші, алтыншы сыныптарда екі мəрте қайталап, біраз əлсіз боп біткен. Екі мəрте бір сыныпта екінші жылға қалып, мектепті былтыр ғана, он тоғыз жасында бітіруі содан. Сосын да бұл өзі оқыған мектепте би үйірмелерінен оқ бойы аулақ жүретін. Сөйте тұра мына қаладағы орыс мектебінің директоры ойнаған аккордеон кəдімгі көмекейінен үн аңыратқан адамша екіленіп, Еріктің сол кемшілігінің орнын толтырмаққа «кəне, кəне, кеудеңде шыбын жаның болса кел, кел» деп биге шақырғандай. Аккордеон ғана емес, көз алдындағы көрініс те тап сонымен мұншама үндес шығар ма? Мектептің ине шаншарға жер жоқ кең ауласында иін тірескен ығы-жығы балалар дала төсінде қалың өскен гүлге құйын тиген сəттегідей ой мың бұралсын келіп! Орыс балалары мен қыздарының музыкаға мұншама

əсерленгіш екенін Ерік бұл өмірінде бірінші рет көргендіктен де
шығар, таңырқауына таңырқау қосылып, өз бойындағы бір жылы
ағын мен жігердің ноқтасын сыпырмаққа аңсары ауды. Өмірі би-
леп көрмесе де сол өнердің мынау қайнаған қазанына күмп бе-

руге шақ тұрды. Тек өзінің ендігі жерде оқушы емес, осы ұжымға
мұғалім ретінде жаңа ғана табалдырық аттағанын сезінуі ғана бұл
сыңайын мықтап ауыздықтады.
Мектеп ауласындағы тап қазіргі қозғалыс жай емес, Еріктің

ойынша бұл ұлы мерекелерде ғана ұйымдастырылатын үлкен
шаралардың бір бөлшегіндей. Биге көпшілігі əйелдерден тұратын
мұғалімдер де шет-пұшпақтап кірісті. Бұлар да сəнді киінген, əсі-
ресе, еріндері шиқандай қызыл, күн, жел тимеген аппақ өңдерінде

жасаңдық бар, шаштары төбелеріне соншама білгірлікпен түйіл-
ген əйел мұғалімдер мынау көріністің көркіне көрік қосты. Теңізге
тасталған ағаш жаңқалары алғашқыда жағалауға таяу қалықтап,
бара-бара алыс қойнауға қарай ығысады ғой. Бұлар да сөйтіп,

бірте-бірте нағыз қалыңның ортасына сіңіп бара жатты.
Директор аккордеонды бара-бара тіпті қызына құйқылжытты.
Бойы қоса тербеліп, тұрған орнында өзі де биге басқандай бүгіліп-
жазылып, кірпіше тікірейген шашты басын аямай бұлғаңдатады.

Былтыр ғана мектеп бітірген, бір жылдық студенттік өмірде қал-
тасының жұтаңдығынан көп ешнəрсені көріп үлгермеген Еріктің
мұндайлыққа көзі үйренбеген екен. Сəл қиял соңында кетіп, өзі
оқыған мектептің директорын елестетіп, мына директормен са-

лыстырып еді, о ғажап, екеуінен иненің жасуындай да ұқсастық
тапсашы. Екеуі екі полюстің тумаларындай бір- біріне мүлдем ке-
реғар жандар. Бұл бітірген мектептің директоры ұлты қазақ, ал-
пысты алқымдаған, күнге шығылысқандай аппақ кителді етжен-

ділеу кеудесінде салиқалылық тұнған, сонымен егіздің сыңарын-
дай ескілікті сырқаттың демікпесі де білінетін. Сонда да барша
дүниеге жел қақпаған жалпақ маңдай терісін керіп, сəл шалқая
қарайды. Қайда қараса да бүгінгі талапқа сай емес артық-ауыс

нақыштар көз алдында от боп жанғандай бетін ала қашқысы ке-
ліп тұратын түрі болушы еді. Ол директор мына директордың бұ-
лайша жеңілтектік жасап, аккордеон ұстаған түрін көрсе онсыз да
оқтын-оқтын соғып кетіп тұратын талма ауруы біржола алып ұрар

ма еді? Осындай елестер, салыстырулар бұл сабақ беруге кіріс-
кен күндерде тек директор ғана емес, өзге мұғалімдер жөнінде де
алдын кес-кестеп, алғашқы əсерлердің жүгін ауырлата түсті.
Міне, орыс директор бір əуенді тауысып, енді басқасына бас-

ты. Кең ауладағы иін тірескен балалар, мұғалімдер бұған дейін
мықтап репетициядан өткендей-ақ сол жаңа əуеннің ырғағына
кілт көшіп, мүлде басқаша серпіліс, қимыл арқылы басқа бір өмір

қарбаласын айшықтады. «Шебер, мыналар шебер, сахнадағы буынсыз бишілерден бір былай емес» деген сөздерді Ерік іштей қайталай берді. «Өзімнен өнері асқан мыналарға мен қалай дəріс оқымақпын» деген қауіп те тұла бойын мұздатқанға ұқсайды. Тек бəрінің жүзіндегі əдемі күлкі, жайма-шуақ рең ғана өздеріне қарай баурап, жылылық беріп, ешкімді жатсынбас пиғыл, райларын көлкөсір етеді. Ерік те содан жігер тапқандай. Директор осылай бірнеше əуеннің басын қайырған. Кенет тағы бір тың əуенді сыңқылдатқанда өзгелердің əсеріндей емес, мынау біршама жайсыз тигендей мұның іштегі қыл өзегін аямай тартып қалды. Соны бүкіл ауладағы қалың бишілер тобы бірден сезгендей бəрінің Ерікке жалт қарамасы бар ма? Ерік мектептің шығар есігінің алдындағы баспалдақта, аккордеон ойнаған директордан сəл аулағырақ оқшау тұрған. Баспалдақта бұлардан басқа ешкім жоқ, бəрі теңіздей толқыған көпшіліктің құшағында. Ерік өзінің оқшау ебедейсіз тұрысының сөлекеттігін енді ғана байыптап, бұдан шығар жолды жалма-жан қарастыра бастаған. «Əрі, мынау не əуен» деген сауал да алқымынан алып еді. Еріктің хал-жайын басқалардан гөрі директор жақсы ұғынған екен. Бұл да аккордеонды екпіндете ойнаған күйі Ерікке көз салғыштап еді, оның əрі-сəрі күйін танып, ондай халден тез арылту үшін «Ағажан Лəтипа» деп, аккордеонға қосылып əндетіп берді. Сонда ғана, «апырау, мынау қазақтың əні ғой» деген ой басын дың еткізді. Бұл кең ауладағы көпшіліктің өзіне қарасының мəнін енді ғана ұқты. Бəрі де бидің көкесін мына арамызға жаңа келген қазақтың өрімдей жап-жас жігіті көрсетер деген үмітпен қарайтындай. Əсіресе, тоғызыншы, оныншы кластарға аяқ басқан, бойжеткен, қырдың алқызыл гүлдеріндей пісіп, жетілген қыздардың көздері жалт-жұлт еткенде Ерік шынында кірерге жердің жарығын іздеді. Директор осы «Ағажан Лəтипа» атты ескілікті қазақ əнінің мəтінін бастан-аяқ біледі екен. Еш жерінен үзген жоқ, түгел айтып шықты. Əрине, бір көзі үнемі Ерікте болды. Мынау қалың көпшілік те солай. Өзге əндерге қарағанда мынаның ырғағы жиі, əрі ересен бастырмалатып əкететін тұстары көп. Мектеп ауласындағы асфальтті алаңға тарс-тұрс тиген табандар, бойжеткен сұлу қыздар мен басқалардың сондай екпінді би үстіндегі əуелгі бағыттан таймаған назары бірте-бірте Ерікті алып жейтін тажалға айналып бара жатты. Арасында «мынау директор шынында ғажайып адам екен, басқалары да соған сай, бұлардың арасына адасып мен қалай тап болғанмын» деген сауал да Еріктің басын айналдырып əкетті. Ол сауалдың жауабын бұл тез тапты. Баршасының бұған ауған оттан ыстық ынта-ықыласы да сол жауаппен төркіндес. Бұл мектепке Ерік қазақ тілі пəнінің оқытушысы болып орналасқан.

Енді мына қазақ əні асқақтағанда «кəне, сен қазақ екеніңді көрсетші, біз сенен осы жөнінде де тəлім алайық» деп, баршасының бұған сондай үмітпен жалт етіскені істің осындайлығынан еді. Бірақ Ерік бұл сынаққа əзір емес екен. * * * Еріктің бұл ортаға тап болуының да өзіндік алғышарты бар. Əрқайсысы оннан астам ірі-ірі шаруашылықтардың басын құрайтын екі-үш ауданды тінткілеп, түк таппай қайтқан Ерік осы өз туған ауылымен іргелес Текелі қаласынан жұмыс іздегенде де осы жаздағы сапарнамасының біразын қайта бастан кешкендей еді. Мұның өзі бөлек хикая. Мұнда да жұмыссыздық, мұнда да «реорганизация» деп, аузын қу шөппен сүрткендер. Тіпті қалалық жердегі жұмыссыздықтың сұрқы тіптен бөлек, жан шошытарлық белгілері болатынын да осы жолы түйсінді. Алғаш бетте «горком», «горисполком» атаулары бар екі ең шоқтықты мекемелер сығылыса орналасқан үш қабат үйдің алдында, қызылжасылды гүл шоқтары, ақ балтырлы қайыңдар, тау шыршалары безендірген əсем аулада түстері түндей түнерген, қабақтарында қорғасындай ауырлық бар, жұмыс киімді адамдардың отырғанын көрді. Бірақ олардың ол отырысына Ерік пəлендей мəн берген жоқ. Қалалық халық ағарту бөлімі де осы үйде, əрине, қазақ мектебін бітірген Ерікке орыс мектебінде сабақ беру қиындау, тек пионер жетекшісі, кітапханашы, лаборант сияқты бірдемелер табылып қалар деген үміт жетелеп əкелген. Ана жылдары аяғы ауырып жатып қалғанда көрші ұжымшардағы оқудан амалсыз қол үзіп, өз аулындағы орыс мектебіне біраз барып жүріп, аздап орысшаға тіл сындарған. Əрі орысша кітаптарды да көбірек оқып, ол білігін жетілдіре түскен. Міне, соның пайдасын енді көрмек. Мына үйге екі-үш мəрте қатынап, қалалық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Рыжов дегенмен əрең жүздесе алды. Бұл екі көзінің айналасына мəз-майрам күлкі табы үйірілген, сапсары бұйра шашты, тым биязы адам екен, «бізде мұғалімдер жетіспейді, Алматы облыстық халық ағарту бөлімінен қосымша мұғалімдер сұрап кеше ғана келдім, əсіресе, орыс тілі, шет тілі, математика, дене шынықтыру мамандарына зəруміз. Сіздің мамандығыңыз оларға келмейді, бізде мұғалімдік жұмысты ауырсынған соғыс, еңбек мүгедектері көп, кітапханашы, лаборант сияқты жеңіл-желпіні соларға тауып бере алмай жатырмыз» деп, бүкпесіз сөйледі. Бірақ Ерік бұл маңнан бірден кетпеді. Себебі, жұмыс іздегендер мұнда ат-көпір екен. Солар бірдеменің исін сезеді ғой деген ой матап-байлады. Өстіп айналшақтап жүріп

Еріктің бір білгені бұл қалада шахтадан басқа барлық жұмысқа қабылдау тоқтатылыпты. Құрылыс объектілері жабылған, көп мекемелерде аяусыз қысқартулар өткен, олар əлі жалғасуда екен. Мəселенің ушыққаны соншалық қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары ертеден қара кешке дейін тек сол жұмыс іздегендерді қабылдайды. Ілуде-шалуда біреуін болмаса ешқайсысын жарылқап жатқан ол жоқ, өтініш жаздырып алып, «сəл шыдай тұр, қазіргі заман осылай, көрерміз» деген сөздермен жұбатып, маңдайдан сыйпағансып, жуасытып қана жібереді. Мұны сол үшін ғана отырғызып қойған сыңайлы. Аулада жайғасқан, қабақтарынан қар жауғандай жұмыссыздардың сабырсуын басу үшін ғана қала басшылығының ойлап тапқан айласы, шамасы. Өткен жылдардың бірінде осы Текелі қорғасын-мырыш комбинатына қарасты шахталардың бірінде жарылыс болыпты. Сондай бір жарылыс мына жұмыссыздардың да ортасында, көкірек қуыстарында гүрс етпесін деп, сақтықты ойлағаны ғой. Ол төраға орынбасарының қабылдауынан Ерік те өтті, сондағы түйген ойы осындай. Сондай күндердің бірінде қалалық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Рыжов Ерікті өзі іздеп тапты: – Сен, жігіт, қазақ тілін жетік білесің бе? – Апыр-ау, мен қазақ тілі мен əдебиетінің маманымын ғой! деп, Ерік «сынақ кітапшасын» табанда суырды. – Онда былай! Бізге қазақ тілін үйрететін мұғалім керек. Бірақ ол өзгелердей міндетті түрде оқытылатын пəн емес, оқушылардың еркі, олардың ата-аналарының келісімі бойынша ғана факультативті сабақ ретінде жүргізіледі. Сабақ кестесіне де кірмейді, түске дейінгі, түстен кейінгі кезек аралығында немесе балалардың негізгі оқудан қолдары бос кезінде ғана өткізіледі. Əр сыныптардан қазақ тілін үйренуге тілек білдіргендердің есебінен кем дегенде он баладан тұратын топтар құрылып, бөлек сабақ кестесі жасалады. Сол бойынша жұмыс істейсің. Оқулықтар дүкендерде бар. Бұл айтуға оңай, тек сен сияқты педагогикалық тəжірибесі жоқ адам үшін ауырлық жасауы əбден заңды. Егер тəуекел десең... Ала жаздай бір қарманар тал таппай сенделген Ерікке кергу қайда? Рыжов оны №6 орта мектепке жіберді. Мына мектеп директоры Алексей Никитыч Кузьмин кірпіше тікірейген шашты басын төмен салып, көңілсіз қарсы алды. Еріктің сөздерін жауапсыз қалдырып, біраз салғыртты. Əлден уақытта ғана: – Бұл сен сияқты аузында ана сүті кеппегенніңалып кетеқоятын шаруасы емес. Өзіңді де, өзгені де əурешілікке ұшыратып, артық сөз, дау-дамайға белшеңнен батуың мүмкін. Кейбір мектептерде осылай қазақ тілін енгізгенде ата-аналардың бұрқ көтеріле

жаздағаны бар. Əрине, пəленбай жыл педагогикалық өтілі бар жасамыс мұғалім келсе əңгіме басқа. Ал сен сияқтыларға басқа еш жерден ештеме таппаған күнде ғана мұндайлыққа бел бууға болады,  – деп, Ерікті келген ізімен кері қайтарудың əрекетін жасады. «Басқа жерден жұмыс тапсам сенің қараңды көрер ме едім» деген кекесінді сөздер Еріктің тамағына кептелді-ақ, бірақ ондайды тістің арасынан шығару қайда? Бұл біраз табандылық көрсетті. Ақыры директор: – Жарайды, мен Рыжовпен телефон арқылы емес, барып ауызба-ауыз тілдесейін, – дегенді айтты. Бір ғажабы Кузьмин қалалық ағарту бөлімінің меңгерушісінен кілт өзгеріп қайтты. Байқаса бұл əуелгідей емес, өте елгезек, ашық-жарқын адам екен. Ерікті кəдімгідей қолпаштағансып, «Ерик Тиналиевич» деп атап, ұжымға уыздай жас маманның қосылғанын мақтан еткенге ұқсатып, өзге мұғалімдерге таныстыра бастады. Оқу жылы басталғаннан кейінгі алғашқы екі аптада осы директордың тапсыруымен əрбір сынып жетекшісі өз сыныбындағы қазақ тілінен дəріс алғысы келетіндердің тізімін жасап, Ерікке берумен болды. Кей сыныптардан 10-15 бала, кейінен 2-3-тен ғана жазылыпты. Солардың басын құрап, оқу бөлімінің меңгерушісімен келісе отырып, балалардың қолдары бос кезіне ыңғайлап, сабақ кестесі жасалды. Сөйтіп, бұл Ерік орыс балаларына қазақ тілін үйрете бастады. Тау қуысына ұзыннанұзақ созыла біткен Текелі қаласының бұл «Станция» деген өзінше атауы бар ең батыс бөлігі еді. Еріктің туған ауылы Қараталға ең жақын тұсы да осы. Бұл «Станцияда» № 6 мектептен басқа үлкен бір бастауыш мектеп жəне де мектеп-интернат бар еді. Еріктің «құзырына» олар да кіретін, бірақ олардағы еріктілер саны екіүштен ғана топ құруға жарады, сосын да мұның негізгі жұмысы осы № 6-мектепте еді. Алғашқы күндердегі дəріс беру ісі Ерікке қиынға соққан жоқ. Орыс мектебіндегі қазақ тілі пəніне арналған оқулықтағы рет бойынша жұмыс істеуге кірісті. Кірген-шыққанда «сəлеметсіздер ме», «келесі кездескенше» деген сияқтыларды қазақша айтып, бірте-бірте «тақтаға шық», «қолыңды көтеріп рұқсат ал», «орныңнан тұр», «қазақша жауап бер», «жақсы», «өте жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлық емес», «тыныш отыр», «сабаққа зейін сал», «кітап», «дəптер» дегендермен толықтырды. Алғашқыда мұның бəрі балаларға ұнағандай да еді. Араларында бір айтқаннан қағып алатындар да бар екен. Олар Ерікке əжептəуір жеңілдік əкелді. – Бұл оқытатын балалардың жас алшақтығы да біраз бар еді. Себебі, мұндай «еріктілер» 2-8 сыныптар аралығында іріктелген. Бастауыш сыныптардағы балалар көбіне бір тоға, тіл үйренуге

ынта қойғыш, олардан жоғарыдағылар, əсіресе, 8-сыныптағылар, араларындабойжетіпқалғанқыздары баршылық, тілден гөрі мынау ұлты бөлек жап-жас мұғалімнің өз басын таңсық көріп, топқа жазылған сияқты. Ерік алғашқыда ештемені байқамағансыды. Жұмысқа жан-тəнімен мойынсынды-ақ. Оған директордың да көптен-көп ықпалы тиді. Біраз сабақтардың басында, ортан белінде кіріп келіп, Қазақстан жағдайында қазақ тілін үйренудің қандай маңызы барлығын балаларға тəптіштеп түсіндіріп кетеді. Бір қызығы бұл ара-арасында қазақша да сөйлейді. Бұған балалар түгілі Еріктің өзі де оқшырая қараған. Бірде осындағы мұғалімдердің ең көнесі, зейнеткерлікке шыққанымен жұмыстан қол үзбеген, неміс тілі пəнінің мұғалімі, кепкен үйеңкідей денесі бар, арық əжімді жүзінде мейірім мол Лотте Романовна: – Бұл, Кузьмин, əрине, қазақшаға судай. Қазақтардың арасында балықша шоршып ойнаған кездері болған ғой,  – деп салды. Осылай деп, бəрінің төбесінен қойып қалды да «ол туралы əлі де талай нəрсе менің тілімнің ұшында» дегендей көмескі сəулелі қысыңқы көздерінен сəл-пəл ұшқын шашыратты. Бұл мұғалімдер бөлмесіндегі əңгіме еді. Аз-кем уақыттан соң ғана «менің тілімнен шыққанды ана директордың құлағына жеткізетін, маған жұлдызы қарсы жампоздар жоқ па еді» дегендей еркек, əйелі аралас мұғалімдерді секемшіл раймен бір-бір адақтап шықты. Ерік мұнысын кəріліктің алғашқы тұяқ серпісі сияқты бірдемесіне балады. Бұдан соң сəл үнсіздік орын алып еді. Тек Лотте Романовна қайта тықыршыды: Бұл Алексей Никитычтың ағаштан түйін түйетін де өнері бар. Əнші, биші, аккордеоншы, бильярдшы, анекдотшы, аңшы, саясатшы, тағысын тағылар... – дегенді қосты. Бұл неміс əйелінің директорға қатысты алғашқы қағытпасын жуып-шайғандағысы ма, жоқ, шындығы солай болғасын ағынан жарылғаны ма, ол жағын Ерік ажыратпады. Ал басқалар тілдерін тістеп бақты. Тек кəрі ұстаздың «саясатшы» деген сөзі тұсында ғана баршасының қас-қабақтарында бір сілкініс байқалды. Бұл сөз оң мағынасында ма, жоқ, теріс мағнасында ма? Егер теріс мағынасында болса бұл сөз майға сұққан қасықтай жылпостыққа меңзейді. Ал Еріктің өз басы Лотте Романовнаның сөзіне имандай сенді, сосын да ондағы кекесінді аңғармауға тырысты. Енді қалай, мектеп директорының басындағы біраз өнердің шетпұшпағын өзі де көріп үлгерді ғой. Тастан қашалған діңгектей тіптік, салмақты бітім-болмысы, көзге əрең шалынатын шатыраш өрнекті сұп-сұр пиджак пен көбіне басқа түсті шалбары, кірпіше тікірейген ақ аралас қысқа шашы, қас-қабағы, нық-нық аяқ басысы, қайда бұрылса да көргенінен көзақы алардай, немесе, іштегі бір қимасыңды

суырып əкетердей тесілуі, оған сегіз қырлы, бір сырлы қалпын,
тоқсан тарау өнерін қос, осылардың бəрі бұл адамның жара-
тылысын əр қырынан сырлап, бояп, Еріктің көз алдында асқан
əлеуетті жанның мүсінін сомдайды. Кейде директор мектеп үйінің

ұзыннан-ұзақ дəлізінде жалғыз келе жатып, не оқушылардың, мұ-
ғалімдердің ортасында əлдебір шаруамен ары-бері жүйткісе Ерік
əлденеден қалың жынысты орманда құлағын жымита жылыста-
ған жолбарысты елестетеді. Сөйте тұра ол өз-өзінен мəз-майрам

болып, күле сөйлеп, балаша елгезектенсе мүлдем басқа қырынан
аунап түскендей көрінеді. Міне, ол Ерікті жұмысқа осы соңғы қы-
рымен жұмылдырды:

– Сенің жұмысыңдағы ең басты көрсеткіш қазақ тілін оқуға ті-

лек білдірген балалардың сабаққа неғұрлым толық қатысуын қам-
тамасыз ету! – дегенді ол бірде Ерікке қадап айтты. – Ол үшін ба-
лалардың қызығушылығын тудыра білуің шарт. Əр сабаққа мұқият
дайындалып, əртүрлі тың əдістерді ойлап табудан жалықпа! Сен

ұстаз ретінде алғаш табалдырық аттадың. Демек үйрету, əрі үй-
рену саған қос сыбағаша тартылды. Қолың боста тəжірибелі мұға-
лімдердің сабағына қатысуыңа рұқсат. Анау орыс тілінің мұғалімі
Нина Николаевна, тарихшы Денис Антонович, математик Борис

Устинович, дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимович, неміс ті-
лін оқытатын Отто Филиппович шетінен тіс қаққандар. Оларға мен
де айтып қоярмын, солардан тəлім алсаң сен үшін мол ырзық. Ал
ана Лотте Романовнаға жуыма, ол өзін- өзі əбден сарыққан адам

ғой, əрі сөзі көп, жасын сыйлағасын ғана арамызда ұстап жүрміз.
Ал мына оқу ісінің меңгерушісін өзім де білмеймін, жаңа келген
адам.
Еріктің, əрине, алғашқы апталарда бар ынтасы жұмыста бол-

ды. Əр сабаққа жақсы дайындалады-ақ. Тек мұның ескермеген,
əрі директордың да ескертпеген бір нəрсесі бар екен. Ол 7-8- сы-
ныптардағы қыздардың тəртібі еді. Бұл Ерік оқыған қазақ мекте-
бінде бар пəле ер балалардан шығып жататын. Ана бала мына

қызды ренжітіп қойыпты, ал мына бала ана қызды жылатып қо-
йыпты, бірдемесін тартып алыпты деген сияқтыларға құлағы үй-
ренгелі қашан? Қыздардың үнемі ер балаларға шағынуы да дəс-
түрге айналған. Ал мына орыс мектебінде бəрі керісінше, мұнда

ұлдар қыздардан соққы жеп жатады. Ал ұлдардың намысқа ты-
рысқаны ма, нағыз «джентельменге» ұқсап баққандары ма, əй-
теуір ондайлыққа байланысты шағым айтуға əсте жоқ. Осы жағын
айна-қатесіз ұққан қыздар одан сайын есіреді, шамасы. Бірде са-

бақ арасындағы үзілісте Ерік, тарихшы Денис Антонович, Лотте
Романовна мұғалімдер бөлмесіндегі терезеден мектеп ауласын-
дағы балалар ойынын қызықтап тұрған. Сонда құшаққа сыймас

мол жирен шашты тайқардай бір орыс қызы көбірек көзге түсті.
Кенет ол алыс-жұлыс ойын үстінде аяғын басып кеткен бір бала-
ны көк желкеден жұдырықпен түйсін келіп. Бала етпеттей құлап,
маңдайын мектептің шығар есігінің алдындағы тас баспалдаққа

барып ұрды. Мұның құлауы жаман еді, екі-үш минут ес-түссіз жа-
тып қалды. Ерік шошына қасындағы Денис Антонович пен Лотте
Романовнаға бұрыла қараған. Денис Антонович əлдекімнің сер-
пінді қимылына айызы қанғандай жалпақ бетінде көңілді күлкі

ұялап, екі езуін құлағына жеткізе керді. Көздеріндегі құбылыс та
біртүрлі, тұңғиықтанып жансар жылтырайды:

– Эх, Лариса Недушенко, сенің болашақ күйеуіңе ешқандай

қызғанышым бола қоймас? – деді де етженді кеудесін шайқаңқы-
рап, оң алақанымен төсін сыйпалады. Еріктің көзі тағы да ұясы-
нан шықты. Қазақ мектебінде мұндайлық үшін ана қызды, немесе
осындайлыққа барған баланы мұғалімдер бөлмесіне шақырып

алып, бəрі жабылып, жер-жебіріне жетер еді. Ал мұнда мүлдем
басқаша «реакция». Сойқан қызды тəртіпке шақырудың орнына
мына тарих пəнінен дəріс беруші аққаптал неменің мүлдем басқа
əуенмен басы айналды. Əрі бұл əнеукүні ғана директордың Ерікке

ең бір тəуір ұстаздар қатарында атаған адамы ғой. Соғысқа қа-
тысқан, омырауында «Халық ағарту ісінің үздігі» деген төсбелгісі
жылтырайды. Сөйте тұра ол өстеді.
Ал Лотте Романовнанікі тіпті қызық. Онсыз да қысыңқы көзде-

рін одан əрмен сығырайтып, еріндерін жымқырып, өтірік күлкіге
кенелгендей тұрды. Арық əжімді жүзінде қызғаныш атты пəленің
жыбыр-жыбыр белгілері жүгіріп жүргенін зерделі Ерік анық аңғар-
ды. Апырау, сонда бұл анау тентек қыз Лариса Недушенконың

жастығын, сұлулығын, өзімен бірге оқитын баланы көк желкеден
ұрып құлатқаны үшін ешқандай жаза алмайтындығын қызғана
ма? Жастық пен сұлулықтың əуені өз алдына, ал жазаға келсек
ол осы көріністі өз көздерімен баққан мына екі əккі ұстаздың өз

қолдарында емес пе? Əлде өткендегі замана дауылдарында
абайсыз жоғалтқан өз жастық шақтарының өкініштері өзектерін
өртей ме? Бірақ мынау тап сондай өкініштің жүретін жері емес.
Еріктің таңырқағаны соншалық əлдекімнен ақыл-кеңес күткендей

арт жаққа жалт қарап еді, ортадағы ұзын столдың екі жағында, ау-
ладағы Лариса Недушенко қылығынан қаперсіз өзге мұғалімдер
əрқайсысы өз шаруаларымен мəре-сəре екен. Бұл Еріктің ішіндегі
желді одан сайын гуілдеткендей.

Мұндай таңырқаулар алғашқы айдағы жұмыс үстінде Ерікке
жиі-жиі қайта айналып соға берді. Жаңағы Лариса Недушенко де-
ген қызды бұл əлі білмейтін, мұның пəні жүрмейтін тоғызыншы,
не оныншы сыныптың оқушысы. Бірақ сол күннен оны жадында

тұтты. Себебі, өзі дəріс беретін 7-8-сыныптардағы кейбір өз сыныптастарынан жасы асыңқыраған қыздар да тап соның қылығына ұқсас əрекеттерге баратын. Былайша бұзықтау, қайраттылау көрінетін орыс балаларының осы қыздар дегенде жүні жығыңқы келетінін де алғаш рет ұқты. * * * Міне, Ерік Тінəлиев қолында сынып журналы бар сабаққа кірді. Бұл түске дейінгі жəне түстен кейінгі кезек аралығындағы уақыт еді. 8-сынып оқушыларынан құралған «еріктілер», айналасы 1516 бала, түске дейінгі сабақтан соң өзгелер үйлеріне қайтқанда бұлар алтыншы сабақ ретінде қазақ тілін үйренуге қалып отыр. Бұл əдеттегі қырықтан астам балаларды сыйғызатын сынып бөлмесі емес, зертханалық жұмыстарға арналған шағын қуыс. Өзгесі бос болмағасын қазақ тілі көбіне осында өтеді. Ерік əдеттегідей өзін орындарынан тұрып қарсы алған балаларға: – Сəлеметсіңдер ме? – деп тіл қатты. – Сəлеметсіз бе? – деп жамыраса жауап берді балалар. Сосын өз орнына отырып балалардың сабаққа қатысу мөлшерін тексерді де бүгінгі қазақша біліп келуге тиіс сөздерді сұрай бастады. Одан соң жеке сөйлемдер. Ерік өзі көбіне қазақша сөйлеуге тырысатын. Əр сөзді нық-нық айтып, көбіне ұғуға оңай қысқа сөйлемдерді көлденең тартады: – Бүгін ауа райы жақсы! Кəне, мен не айттым? Өстіп əзірге оқулықта жоқ сөздерді қыстырып, балалардың білігін тездете арттыруды амалдайды. «Ауа райы» дегенді түсініңкіремей балалар сəл тосырқады. Əсіресе, арт жақта жастары асыңқыраған, көздерін отша жайнатып, сабақтан гөрі Еріктің бітім-болмысындағы өздері ұнатқан белгілерді жіпке тізе бақылаған төрт-бес қыз ойланған сыңай танытты. Бірақ таппады. Енді олар ақ бантикті, сары қамыстай шашты бастарын бұлғаңдатып, бір-біріне көз қиықтарын тастап, күлкіге ілік іздеген, не соны керексінген раймен қарады. Мұны байқаған Ерік «жаңағы сұрақ сендерге де қатысты» дегендей түсін суыта қарады. Сонда сол ересек қыздардың бойшаң, елгезектеу біреуі орнынан көтеріліп, иіліп барып, алдыңғы партадағы ер баланың оқулығын рұқсатсыз, дəнемесіз жұлып алды. Ер бала оқулығын бергісі келмей жармаспақ еді ана қыз оның екі қолын бір шынтағыменақ қағып жіберіп жуасытты. Бұл Еріктің қитығына тиген: – Кəне, оқулығын өзіне қайтар! – деп, солай қарай екі-үш аттап,

қазақша ызғарлана сөйледі. Ана қыз көзімен бір атып қарағаны
болмаса былқ еткен де жоқ, жалма-жан кітапты ақтарып, «ауа
райы» дегеннің орысша баламасын іздей бастады.

– Кəне, оқулығын өзіне қайтар! – дегенді Ерік əрбір сөзін ғана

емес, əрбір əрпіне дейін өз орнына шегелеп дігірледі. Сонда ғана
қыз өз ісінің де текке əурешілік екенін ұғып үлгерді ме, кітапты
жауып, сол кітаппен баланы бастан бір нұқып қалып:

– На, подавись! – деп, алдына лақтырып тастады.

Ерік енді артық сөзге барған жоқ. «Балаларға орынды-орын-
сыз шыжбалаңдай беру педагогикалық қағидаға қайшы» дегенді
бұған дейін-ақ естіген. Сабақ жалғаса берді. Кенет жаңағы ересек
қыздардың бірі қолын көтеріп рұқсат алды да:

– Ерик Тиналиевич, как по-казахски «подавись»? – деп салды.

Тəжірибесіздігі ғой, Ерік сəл тығырыққа қамалды. Қазақша үйрене
берсін деп, «қақалып өл» дегенді айтуы керек пе, жоқ, мұндай жа-
ман сөзді сұрағаны үшін сөгіп тастағаны жөн бе, сол жағын бірден
ажыратпады. Тек бұлардың айдауына жүре берсем бара- бара

бұдан да сорақыны сұрар деген түйсік тоқтатты. Байқайды, Ерік
олардың өтінішін қанағаттандырмаса да сап-сары үрпек бас қыз-
дардың іштеріне бір құйын кіре бастапты.
Былтыр Алматыға оқуға барарда əке-шешесі бірер қой са-

тып, Ерікке қара костюм əперген. Ол кезде мынадай жазға бер-
гісіз ашық күз күндерінде ақшыл киім киіп, қараны қысқа қалдыру
Еріктің мүмкіндігіне сай еместігі өз алдына, тіпті ондайлық сана-
сына да ұяламаған. Міне, қазір де мұқият үтіктелген сол қара кос-

тюмі Еріктің ашаң денесіне жақсы қонып, əрі қара галстук, ақ жей-
десімен үндестік тауып, оқыған зиялы жандардың қатарына қоса
салғандай. Əрі Еріктің өзі де тым арықтығы демесең бір көрімге
бар жігіт еді. Кешегі шаң қапқан ауыл баласының бір-ақ күнде тү-

леп тұрғанындай қою қастарын керіңкірей таза ақшыл өңімен, қо-
ңырқай тұнық жанарымен тесіле қарағанда кім- кімнің де назарын
бір сəтке байлап ұстайтыны анық. Əрі мына таза орыс қауымының
ішінде мұның ұлты бөлектігі, əрі уыздай жас порымы анау артқы

парталардағы, əлі балиғатқа толмаған, бірақ сарбалақтанып пісе
бастаған егінжайдай мінездері бар қыздардың көңілдерін бұзады,
шамасы. Оның солай екенін туа бітті қырағылығы басым Ерік те
дəл таразылаған.

Міне, қазір де сондай бірдеме ол қыздарды булықтыра бастап-
ты. Ерік қабағын түйіп түсін суытады-ақ, бірақ аналардың іште-
ріндегі құйын басылар емес. Жүз жасырғансып, бастарын төмен
салып, Ерікке ме, жоқ, өзара ма, бірдеме айтқансиды, тек құр

пыш-пыштан өзге анық сөз нобайы құлаққа жетпейді. Көздерін
көтеріп қараса тіпті керемет, онсыз да қызыл шырайлы жүздері

отқа қойылған темірдей балқып бара жатады. Көздері де сондай аспаннан атылған найзағайдай өткір сəуле шашады. Бірінің аузынан ұшқан қандай да бір құпия сөздер легімен ер балалармен де, мұғаліммен де бөліскісі келеді-ақ, бірақ енді-енді тəуекелге басарда ұят қысып, орта жолда дымдары құритындай. Тек іштей булықтырған күлкіге ерік береді. Əсіресе, жаңағы алдындағы баланың оқулығын тартып алып, мұғалім зекігесін ғана намысқа тиер сөзді қосақтап өзіне қайтарған бойшаң да жасы үлкендеу Катерина атты қыздың екі иығының бүлкілі жаман. Нағыз жалын ойнаған түр-кескін де осынікі. «Апырау, бұларды отырған орындарынан көтеріп əкетердей кернеген не күлкі» деп, Ерік миына күш түсіре таңырқаса да басқа да бір жайға назар аудармай қала алмады. Иə, оған Еріктің қыршындай жастығы да сеп. Ол осы тұрыста өзі өскен ортадағы қазақ қыздарынан гөрі орыс қыздарының əлдеқайда көрікті екендігіне де ой жеткізді. Іріктеп жатар не бар, мына Катеринаның өзіне қарашы, тұла бойындағы тасып-төгілген жігерге қоса «маған жетер қай періштең бар» деп, айшықты əсем жүзін айнала дүйім жұртқа тосса еш сөкеттігі жоқтай. Сұлу десең сұлу. Қатарындағы екі-үш қыз да ол жөнінде Катеринамен таласуға бар. Өңкей бір беттерінен қаны тамған өңді немелер. Дүкен сөрелеріндегі көздің жауын алар қуыршақтардай бұлар қандай шебердің қолынан шықты екен деп қиялдасаң ұзаққа шабатындайсың. Əсіресе, Ерік сияқты қиялшыл адамға солай. Болашақ жазушы Ерік Тінəлиев көз ашып, ес білгелі қазақтың ескі қиссадастандарын талмай оқып, ондағы темір сауытты, көк найзалы батырлардың жүрегін тұтқан, аспандағы айдан аппақ деп əспеттелетін перизаттар сымбатына құмарын қандырған ғой. Көбісін əлі күнге жатқа да біледі. Соған орай мұның көкірегінде қалыптасқан сұлулық төңірегіндегі түсініктер болушы еді. Енді оның бəрі өз-өзінен ығыса бастапты да жаңа түсінік, жаңа елес, тіпті жаңа болмыстың өзіне орын бергендей. Бұл бір жайдан Еріктің жанына да бататындай. Мыналардың жүздерін жырға қосу үшін өткендегінің бəрін бір қолмен ысырып, мүлдем тың теңеулер іздестірген жөн-ау. Осылай ауа толқыса да Ерік өзін-өзі күшпен тізгіндеді. Катерина бастаған қыздар əлі тыныштала қоймаған. Бұлардың уыстан шығып бара жатқанын таразылаған Ерік өзінің ұстаз ретіндегі құқығын пайдаланып: – Катерина Осокина! Кəне, бері тақтаға шық!  – деп бұйырды. Оған керегі де сол екен, партадан ытқып шықты да өзгелерді қақ жара тақта қасына екі-ақ аттап жетті. Адымы да үлкен екен, жүрісіне Еріктің көзі де ілеспей қалғандай. Ерік те тап осы жерде ғой,

Катерина бұраң етіп, басын шайқаңқырап, қызарған жүзін онда-мұнда жүйткітіп тап қасына кеп бой түзегенде Ерік өзіне тағы бір сынақты тілеп алғандай күй кешті. Əлдене селк еткізіп, ол кеудесіндегі бір жыбыр-жыбырға айналып, төбесіне шығып, одан төмен қарай аяғының башайына дейін жүгіріске басты. Апыр-ау, бұл ненің соққысы деп, Ерік өзінен-өзі сұрап та үлгермеді, оның жауабы да кеудесіне оқша қадалды. Бұл мына Катяның, Катерина Осокина сұлулығының жаңа қырынан жарқ етуіне байланысты екен. Еріктің басында екі түйсік қоса-қабат атойлады. Апыр-ау, бұл небəрі 8-сыныпта оқитын, көп болса 16-17-дегі ғана қыз емес пе, бұлайша толысып үлгеруге қалай уақыт тапқан деген сұрақ та кептелді. Отша лаулаған жүзі ғана емес, аппақ жұмыр мойны, төсіндегі қос анары, ескілікті қыш құмырадай мінсіз белі, тап сондай зергерлік бұйымындай бұлшық етті қолдары мен аяқтары мына əлі жас, жар қызығы дегенді бастан кешпеген Еріктің іші-бауырын табанда бұрқан-талқан етті. Бір секөнттік қалтарыста мынаны миынан өткізіп үлгерді. Қазақтың ғашықтық хисса-жырларында сұлу қызды сыпаттау үшін оны үлде мен бүлдеге малындырып қоюшы еді, ал мынаған ондай аттының көк тиынға қажеті жоқ, қайта жалаңаштай түссең одан əрмен бас айналдыратын пəк сұлулығы аршылатыны хақ. Осыған жалғас шешесінің бір сөздерін де еске алды. Шешесі «Құдай сұлулықты орыстарғаберген ғой» деп тамсаныпотыратын. Оның себебін сұрағанда мынадай бір аңызды көлденең тартқан. Құдай өз елшісіне: «мына сұлулықты орыстарға, не мұсылман қазақтарға апарып беріп кел», деп тапсырады. Елші: «қайсысына берейін» – дегенде құдай «қайсысы түнде аз ұйықтап, көп жұмыс істесе соған бер», – дейді. Елші түнделетіп орыстар мен қазақтардың арасын кезеді. Қайда барса да қазақтар қорылдап, ұйқыдан бас көтермей жатады. Ал орыстар олай емес, ояулары баршылық, əсіресе, бір кемпір түнімен көз ілмей зырылдауық ұршықпен жіп иіріп отырыпты. Елші үш рет барғанда да осындай көріністің үстінен шығып, сұлулықты орыстарға қимай кері қайтқан екен дейді. Себебі, қазақ аңыздарында құдай да, оның елшісі де қазақ жағында ғой. Тек төртінші жолы ғана амалы құрыған елші сұлулықты орыстарға сыйлаған екен дейді. Осындай қиялмен бір сəт ауа жайылудан соң Ерік қасындағы қыздан: – Бұл не қылған күлкі? Қандай сөздің қазақша баламасын білгілерің келіп еді? – деп, орысша айғайлай сұрады. Сонда ғана Катерина жіңішке де, бірақ етті денесіндегі иірімдерді жөнге келтіріп, бой түзеді де өрт шалғандай жүзін Ерікке біржола бұрды. Бұл қызды тым жақыннан бірінші көруі ме тап осы сəтте Ерік бөгде бір ғажайыптың куəсіне айналды. Катерина көркіне көрік қосқан алтын жүзіктей асыл

бұйым оның əдемі қырқылған қоңырқай сары түсті кірпіктері мен сонымен көмкерілген жанарында екен. Былай қарасаң жанары кəдімгі жанар, тек ондағы өзіңе деген ықылас Еріктей сезімтал жанның ет жүрегі түгілі қара тасты езіп жіберердей. Көз бен кірпіктің жұмысын күлкі үйірілген əдемі еріндері одан əрі дамытып əкетті. «Апыр-ай, мына қыз қайтер екен», – деп, Ерік енді он екіде бір гүлі ашылмаған балауса жігіт емес, көпті көрген көнеше сақтық мəселесін ойлағанға ұқсады. Мына қызды тап қасына шақырып алғанына өкінді. Ерік деген бас білмес шүу асаудай қиялы онда-мұнда жұлқынған солқылдаған жас емес пе? Осы əсерімен қабат, əнеукүні ғана тарихшы мұғалім Денис Антонович, Лотте Романовна  – үшеуі мұғалімдер бөлмесінің терезесінен сыртқа, мектеп ауласына қарағанда жойқын қимылымен бұлардың тіл ұшына іліккен, əлгі құшаққа сыймас сап-сары шашты Лариса Недушенко дегеннің сын-сымбат жағынан мынаның қасында құла-төбел ғана екенін де ойлап үлгерді. Кенет арт жақтан жаңа ғана осы Катерина Осокинадан жəбір көрген ер бала қолын көтерді: – Кəне, не айтпақсың? – деп Ерік солай қарай иек қақты. Қазақ тілі сəл ығыса тұрды да Ерік орысша сұраған. Бұл маңдайын жартылай жапқан қою жирен кекілі бар, көздерінде үрей білінетіндей жыпылықтауы көп, өзі де, киімі де жүдеулеу бала екен. Көмекейіндегі сөзін де орасан күш жұмсап əрең шығарды: – Ерик Тиналиевич, бұл Катя сізден «мен сені сүйемін» дегеннің қазақшасын сұрады. – Осыны айтты да арт жақтағы қыздардың тағы біреуі көк желкемнен ұрар ма екен дегендей солай қарай бұрыла жалтақтады. Бұл Петя деген баланың Катерина Осокинадан жаңа ғана көрген сол жəбірі үшін кек қайтарғандағысы еді. Петя текке секемденген екен. Арттағы қыздар партаның астына түсіп кетердей бастарын төмен салып жіберіп, біржола жүз жасырудың қамына кіріскен. Екі иықтарының бүлк-бүлкі ғана шалынады. Қасындағы Катеринаға жалт бұрылып еді, Еріктің көздері тағы да ұясынан ұшып түсерге шақ қалды. Бұл – ауылда өскен бала, сосын да жақсы біледі, қыр басында жел соққанда қара жерге бас ұра жапырылған гүлдер болады. Өңі өрттей қызарған Катеринаның тап қазіргі дене қозғалысы тап содан бір былай емес. Апыр-ау, мынау тап қазір құлап түсер ме екен деп те ойлап еді, байқаса олай емес, серіппелі темірдей берік буындары оған жібермеді. Бара-бара бұл ұялғанға да ұқсамайды, қызарып, жүз жасырғансып, бұраң-бұраң еткенмен де іштегі басқа бір пиғылды өз мұғаліміне аңдатпақ талабы да танылды. Ол жағын қыз бір көзінің ұшығын Еріктің көкірегін ауырта қадап қалғанда ғана айырды. Мұнысы айна-қатесіз «біз сізді мұғалім емес, кавалер ретінде

көргіміз келеді» дегендік еді. Бұған қоса қырағы Ерік Катеринаның жаңағы Петяға қараған көздерінен наразылық емес, ризашылыққа толы ұшқын шашыратқанын да ажыратты-ау. Тап осы тұста ғана Ерік өзінше дүрс сілкінгенге ұқсап, тұла бойына қайрат жиды. Бүйтіп бұларды бетімен жібере берсе табанының астындағы қара жер тайып кетердей қорқыныш аулына қарай қадам жасады. Ала жаздай басын тауға, тасқа соғып, əрең тапқан жұмысынан айырылып қалса масқараның көкесі сонда болмай ма? Тіпті ішінде пайда болған Катеринаға деген бір елгезек сезімді де қақ маңдайдан ұрғандай күшпен басып, мынау Текелі атты үлкен қаланың ең үлкен мектептерінің бірінде өтіп жатқан сабақ екенін де ескере өз жігерін өзі жаныды. Катеринаға: – Орныңа отыр! – деп бұйырды. Енді Катерина бөксесін ойнатып, қырық құбылған жүріспен төрге озды. Арт жағынан да көздің жауын аларлық сымбатты мүсіні бары аңғарылады екен сығырдың. «Құдай сұлулықты орыстарға берген ғой» деген шешесінің сөзі тағы есіне түсті. Орыстар қазақтарға қарағанда еңбекке, өмірге əлдеқайда бейім, сосын да тұрмысты, қыздарының сұлу, жігіттерінің ірі келетіні содан дегенді Ерік əзірге ойға алмаған еді. Ерік мектепте оқып жүргенде-ақ орыс тілі мен əдебиетінен сабақ бергендердің балаларға айтатын кейіс сөздері есебінен өз ішінде біраз сөздік қорын жасаған. Осындағы бір айға жетер-жетпес уақытта да ол қорды сəл толықтырған. Міне, содан ең бір өткір шанышқыдай көрінетін біразын суырып, бастарына төкпелетті-ау. Əлі дауысында ұстаздық сарын, ырғақ қалыптаспағанымен қалайда жастық жігері бар ғой, соны еселей жұмсап, оқушылардың сəл-пəл құдайын ойлатуға жарады. Сынып ішінде тыныштық орнады. Катеринаға қадалғанда оның жыны басылған ештемесі жоқ, тек қалың тоғайда кездесетін түгі жылтыр əккі аңның сəл шегініс жасағанына ұқсас, басқаларға көз қылып қана саябырсыған түрі бар. Қос жанарынан шашыраған ұшқын бəз-баяғы қалпында. Ерік өзінің дайындап əкелген сабақ жоспарына сəйкес жұмысты жалғастыра берді. «Жо-жоқ, мына жерде сезімге берілуге болмайды, мыналардың оппаға құлатуы оп-оңай» деп, өзін-өзі іштей қайраса да өз табиғатына қарама-қарсы қылыққа барғанға ұқсас бөгде бір түйсік тағы да кесе көлденең килікті. Бұл əлгі мектеп ауласындағы үлкен жиналыстан кейін мектеп директоры Алексей Никитыч Кузьмин іштен аккордеон көтеріп шығып, баршасын биге шақырған орыс əуендерінен соң қазақтың «Ағажан Лəтипасын» құйқылжытқан күннің о жақ, бұ жағында болған оқиға. Бірақ мұның бəрі Ерік Тінəлиевтің ұстаздық қызметіндегі алғашқы аккордтар еді.

* * * Жұмысқа кіріскен алғашқы айда Еріктің тағы бір тындырған шаруасы осындағы мұғалімдердің түр-түстеріне көз құмарын қандырды-ақ. Өзі оқыған қазақ мектебіндегі мұғалімдерден гөрі мыналардың əлдеқайда қылаң жүзді, əрі сүйекті, етжендікелетінін, киім киістеріндегі кербездік, ара-тұра алабөтендік шалынатынын, ең бастысы тазалық деңгейі көп жоғары екенін ішке түйді. Иə, тазалық жағы түсінікті, қалайда, мал ұстап, бақша егетін ауыл мұғалімдері емес, көшелеріне көбіне асфальт төселген, олары ертелі-кеш сыпырылатын қала тұрғындары болғасын да солай ғой. Ал басқасында шынында да бір гəп бардай. Бара-бара бұл ғана емес, бұлардың сөз саптасы, ой өрісі, өзара қатынас, мінезқұлық сияқтыларында да үлкен алабөтендік барын аңғарды. Ерік, əсіресе, əнеукүні мектеп директоры атағын орыс тілі мен əдебиетінің мұғалімі Нина Николаевна, тарихшы Денис Антонович, математик Борис Устинович, дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимович, неміс тілін оқытатын Отто Филиппович пен Лотте Романовнаға көбірек ықылас қойды. Бірде сабақ орны боста осылардың бастары қосыла қалды. Еріктің де қолы бос еді. Мектепте сабақ жүріп жатыр, айнала тыныштық. Уақыт сəске түске таяу болғасын да мұғалімдер бөлмесіне үлкен терезеден жарық мол түсіп тұр. Сол жарыққа қарама-қарсы жайғасқан Нина Николаевна сөйлеп отыр: – Біз биыл жазда жақсы демала алмадық. Біздің Сережамыз тоғызыншыдан оныншыға өтті ғой. Келесі жылы мектепті бітіреді. Құдай қаласа Мəскеуге, Ломоносов университетіне жібермекпіз. Осы бастан дайындамасақ бола ма? Бір ай бойы мен оны орыс тілі мен əдебиеті, ал Тимофей физика-математика бойынша қайта оқыттық. Сосын Тимошаның өзі Алматыға оқуға кетті, ал қалған бір ай бойы мен кітап оқумен күн өткіздім. – Осыны айтты да сол кітаптардан алған əсері əлі тарқамағандай қып-қызыл шиқандай ерінді, аппақ толықша өңін, ішке кіріңкі, кірпіктері əрең шалынатын жіңішкелеу көздерін терезеден түскен жарыққа тоса шаршағандық па, жоқ, масаттанғандық па, əйтеуір, соның екеуіне де қатысты бір шыраймен мөлиді. Иығына жетержетпес етіп қырқылған, сəл қобырай бұйраланған сап-сары шашы мен аппақ жұмыр мойны да мінсіз жұптасқан. Мұндағы əйелдердің бəрінде дерлік көз тартарлық көрік бар, тіпті көркі жоқ дегендердің өздері де опа-далап, бояу арқылы сондайлықты құдайдың қолынан жұлып алғандай бет-жүздерін еркек атаулының назарын бір жұлқып қалуға жаратып қояды. Əрі өздерімен бірге біткендей жарасымды блузка, юбка, немесе көйлек, əрі туфли дегендерді қос. Алтын

сырға, алқа, сақина сияқтылар сирек, бола қалса қазақ əйелде-
ріндегідей ірі емес, шұқшиып қарағанда ғана жылт етері бар тым
ұсақ келеді. Оның да өзіндік бір жорасы бардай. Əлдеқалай ер
адамның көз ұшына ілінсе оның назары ауып, жақындап кеп бар-

ласын дегендей əдейі құрылған қақпанға ұқсайды.
Бірақ сонда да Еріктің пайымдауынша осындағы əйелдердің
ең сұлуы Нина Николаевна. Өңінің ақтығы, өзінің бақытты өмір
сүруде екенін айғақтайтындай көңілділік, əрі шеберлікпен пай-

даланған косметика  – бəрі қосылып, ерекше бір сүйкімділікті
құрайды. Даусы да ашық, əуезді, тек ара-тұра өктемдік килігеді.
Педагогиканың алғашқы дəмі таңдайына татыған Ерік «оқушы-
лардың назарын мықтап байлап-матап ұстайтын дауыс осынікі-

ау» дейді ішінен. Нина Николаевна түрегеліп ары-бері жүргенде
орташа бойлы, толықтау жан екені де білінетін. Бірақ іркілдеген
семіз емес. Қаз төсті кеудесі, жұмыр аяқтары əлдебір білгірлікпен
құйылғандай сом жаратылысымен-ақ əйелге тəн нəзіктік, сұлулық

нышандарын көл-көсір көлденең тартады. Қазір ол отырған күйде
сөзді ағытуда. Жаңағы Тимофей дегені осы қалада басқа бір мек-
тепте физика- математикадан дəріс беретін өзінің күйеуі еді. Оны
Ерік бір рет көрген де еді. Тұла бойында қырым ет жоқ, арық, ұзын

бойлы, қара шашты, тотыққан қоңырқай өңді адам.
Нина Николаевнаның жаңағы сөзі үстінде осындағы ағылшын
тілінің мұғалімі, дүңген əйелі Адалят Сализовна асығыс ішке та-
балдырық аттады да ұзын бойымен көк тіремектей қақ ортада кілт

тоқтады. Нина Николаевнаға бір қырын беріп, көзінің ұшымен ны-
санаға ала мұқият құлақ түрді. Бұл ағылшын тілі маманының қа-
расында бір обырлық барын Ерік алғашқы күндерде-ақ байқаған.
Онысынан аздап жайсызданған да. Енді сол қарасқа осындағы

«тарланбоз»  – Нина Николаевнаның «реакциясы» қалай бола-
рын көрмекке екі əйелге де жұтына телмірді. Бұл ретте Ерік іштей
«реакция» деген сөзді пайдаланды. Физик, химик мамандардың
ықпалымен бе, əйтеуір, осы ортада бұл сөз ауыз-екі тілде өте жиі

қайталанатын. Нина Николаевна Адалят Сализовнаның отты қа-
расына жауап ретінде жазғы демалысының жүдеулеу өткенінің
өзінде үлкен мағына, толыққанды өмір, тұрмыс нышандары жыл-
тырайтынын паш еткендей қас-қабағынан кірбең атаулыны сілкіп

тастап, терезеге, мол жарыққа көбірек ден қойып, жүзін жайната
түсті. Əсіресе, қып-қызыл шиқандай еріндері көз тартты. Аппақ
бетіне қан тамғандай бояуы əрленіп, Нина Николаевна мақтан тұ-
тар мəртебе атаулының ол да бір нақышындай сəулеленіп, белгі

береді. Жас баланікіндей аппақ толықша өңі сол арқылы тіптен
нұрланып, мұны там-тұмдап күлкі үйірілгендей сығырайған көзде-
рінің қылығы үстемелегенде бұл əйелдің шын пейілін сыртқа алып

шыққандай шырайына шырай қосылды. Тап осы тұста онсыз да
оған көзінің ұшын қадаған Адалят Сализовна шарт кеткендей:

– Оқу да оқу! Сіздің Тимофейіңіз былай да қу сүйек адам, бүй-

тіп оқи берсе не тамтығы қалады? Бір адамға бір диплом жетпей
ме? – Осылай зікірледі де, бір орында шырқ үйірілгендей қозғалыс
жасады. Енді Нина Николаевнаға екінші қырын берді. Тұла бойы-
нан бір мінез де біліне бастағандай. Бұл ағылшын тілінің маманы

нағыз құстұмсық адам еді. Қап-қара шашы ортан белінен шорт
қиылған, түсі де күңгірт, үнемі лайланып жүретін көздерінде жер
түбіндегіні шалатындай қырағылық бар. Кейде Ерік бұл əйелдің
осы түріне қарап биік бағанаға қонған қара қарғаны елестететін.

– Тимашоның қу сүйек болатыны тамаққа өте кірпияз,  – деп

Нина Николаевна жауап қайырып жатыр. – Менің өзімнің де ку-
линарлық қабілетім жаман емес. Сонда да Тимофейдің тəбеті
ашылар ма екен деп, бір айға анау рестораннан арнайы аспаз да
жалдадық. Бəрібір пайдасыз. Арақ ішпейді, бірақ шылымды көп

шегеді. Содан ба деймін. Ал оқуға келсек маған мұғалімдіктен гөрі
инженерлік қолайлы дейді, қайтейін? Бірақ оған оқу қиынға соғып
жүрген жоқ, онда да, мұнда да сол баяғы физика мен математика
ғой. Пединститутты қызыл дипломмен тамамдаған адам политех-

ті бір иығымен-ақ көтеріп əкетпей ме?
Осы тұста дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Михаил Ефимович
сыр берді. Кең иықты, етженді, жасы қырыққа енді- енді толса да
жалпақ жүзінде, ойсыз шақшиған көздерінің айналасында əйнек-

ше шытынаған əжім іздері бар бұл отырған орнында бүлк-бүлк
күлгенсіп:

– О, құдайым-ай, физика-метематикадан дəріс беру біз үшін қол

жетпес арман. Ал Тимофей Игнатьевич соны місе тұтпай завод-
қа инженерлікке кетпекші, – деп, қасындағы Денис Антоновичке
бұрыла көз тікті. Денис Антонович алдындағы газетке шұқшиған
күйі басын изеді. Тимофей Игнатьевичтің мəртебесіне екі бірдей

ер адамның қызғанышы оянғанын сезген Нина Николаевна тере-
зеден құйылған мол жарыққа жүзін одан əрмен тосты. Бұл Адалят
Сализовнаның шабына шоқ басылғандай əсер етті, білем, тұрған
орнында тағы да екі-үш қозғалыс жасады да Нина Николаевнадан

оқты көзін айырмады. Қалайда, Ерікке солай шалынды.
Ол жылдарда физика-математика пəнінің мұғалімдері қай жер-
де де қат. Биологтар, географтар, тарихшылар қалада да, далада
да жұмыс таппай тентіресе физиктер мен математиктер бір жа-

рым, не екі жүктемемен жұмыс істейтін. Ол жағын Ерік осы жазда
өз ет-сүйегімен сезген.
Осы отырыста ортадағы ұзын столдың есік жағында қарама-
қарсы жайғасқан екі неміс мұғалім Лотте Романовна мен Отто

Филиппович əзірге үнсіз. Отто Филиппович – аласа бойлы, толық
денесі дөңгеленген, басының қасқасы мол, жалпақ маңдайы мен
үнемі төмен қарайтын көздерінде əмсе ой тұнған жан. Қақ-соқпен
жұмысы жоқ, қысыр əңгімеге араласпайтын. Қазір де үлкен сүйек

жақтаулы көзілдірігін киіп, дəптер тексеріп отыр. Лотте Романовна
да тіл-жағына құлып салғандай, тек күлімсіреген арық əжімді жү-
зін Нина Николаевнаға бағыттап, əрі өзінің ту сыртында тікесінен
тік қақшиған ағылшын тілі маманының да сөзі мен əрекетіне мұ-

қият көңіл бөлген райы бар. Не көрді, не естіді бəрін іштей жіпке
тізетіні анық.
Бөлмеге оқу ісінің меңгерушісі Григорий Павлович Мосько əл-
декімді сүзердей ентелей кірді де төрге озды. Қап-қара қалың ке-

кілін оң жақ шекесіне қайырған, қошқылтым түсті мұрны бар, жал-
пақ бетті, жуан мойынды адам. Сол жуан мойнына əлденені асып
алғандай сəл еңкіштене басады. Басқалардай емес жейдешең,
əрі галстук тақпағасын да тамағы алқа-салқа, күре тамырлары

тым адырайып көрінеді. Галстук тақпауына сол күре тамырлар-
дағы қан соғысының күштілігі де себеп сияқты. Қара қастарына
көмулі сұрғылт көздері əлдекімге қадалса ұзақ бөгелетіні бар.
Сосын да онысын көп көтере бермейді. Ол өз орнына жайғасып

үлгерместен алдындағы үлкен ақ ватман қағазды көтере сол жақ-
қа қарай бір сілкіп тастап қайта жайды. Сосын жұмсақ қара қарын-
дашын алып, ватман қағазға мұрнын тигізердей бұл да шұқшиып
берді. Резеңке өшіргіш пен қара қарындаш оқу жылы басталғалы

бері мұның қолынан түспеген. Ақ ватман қағаздағы осы мектептегі
барлық сыныптардың сабақ кестелері еді. Қазір де соның бір пұш-
пағынан өзгертілуге тиіс сабақ орнын тауып, резеңке өшіргішпен
үйкелей бастады. Сосын оған басқа бір пəн атауын түсірді. Əлі де

басын көтерместен:

– Борис Устинович, қазір тоғызыншы «В»-да сіздің геометрия

екен, сабағыңызға кіремін. Сабақ жоспарыңызды бері тастаңыз,
деді. Столдың орта шетінде, манадан елеусіз, ол да басын тө-
мен салып, дəптер тексерген математик орнынан көтеріле берді.
Сабақ жоспары көк тысты, қатырма мұқабалы дəптерге жазылған

екен, сонысын билей басқандай сəнді жүріспен барып, оқу ісінің
меңгерушісінң столына қойды. Бұл өзі əскери адамша бойын тік
ұстайтын, сыптай денелі, киім киісінде де өзгелерден гөрі ерек-
ше қонымдылық бар, зиялылығы шыныдай мөлдіреген адам еді.

Оған күн көрінетіндей жұқа қыр мұрынды ашаң жүзі, сыпайы мі-
незі, кірпияздығы қосылып, тұла бойына бөлек сипат бергендей.
Жаңа ғана физик, математик мамандар өте қат дегенге қатысты
əңгіме өрбігенде Борис Устинович селт етпеген, тек енді ғана өте

селдір жіңішке, бурыл түсті қасын керіңкірей маңдайына, көзінің

айналасына кірбең жиып, «қызғаныштарыңа жол болсын, физикматематиктерге талап та жоғары ғой, міне, бастықтар оқу жылы басталмай жатып-ақ сабағымызға кіре бастады, кейінгісін тағы көрерсіңдер» дегенді айналасындағыларға айшықтап-ақ жеткізді. Мұны аққаптал мұғалімдер түгілі бұлардың қасында жұмыртқадан жаңа шыққан балапандай Ерік те түсінді. Григорий Павлович қасына кеп, тікесінен тік тұрған Борис Устиновичке əлі де көзін көтермеді, тіпті оның сабақ жоспарына қолын да созбады, құдай онсыз да иіңкі жаратқан жуан мойнын одан əрмен тұқыртып, сабақ кестесінің тағы бір тұсына өзгеріс енгізіп жатты. Борис Устинович сəл-пəл айналшықтап, басын сəл-пəл мазалана қозғады да оқу ісінің меңгерушісінен ешқандай ишара болмағасын бойын əлі де тік ұстаған күйі өз орнына барып шөкті. Сол кезде ғана Адалят Сализовна иығын қиқаңдатып, биік бағанаға ұқсас денесін екі-үш жерінен сындыра, жасына лайық емес қимылдар жасап, бұл да төрге, оқу ісінің меңгерушісіне жақындады. Биік өкшелі туфлиінің еденді тырс-тырс еткізуі де оғаштау еді. – Григорий Павлович! Менің жай-күйімді ұқсаңызшы! Құдай үшін, маған бейсенбіні бос күн етіңізші! – Адалят Сализовна, буынсыз жерге пышақ ұрмаңызшы! Əзірге олай ете алмаймын, қарамайсыз ба, күнде өзгеріс, күнде өзгеріс! – деп, оқу ісінің меңгерушісі енді ғана басын көтеріп, төбесінен төніп тұрған ұзын бойлы əйелдің тамыры күдірейген жалаңаш мойнына көздері байланды. Қайсымыздың мойын тамырларымыз берік деп, өзара сайысқа да түскендей. – Күнде өзгеріс ащы ішекше созылмас, бір күні бұл да мəресіне жетеді ғой. Сабақ кестесінің тұрақты нұсқасы жасалады ғой ақырында! Сонда ескерсеңіз болды! – Сабақ кестесінің тұрақты нұсқасы деген биыл бізде болмайтын нəрсе! Қараңыз, осы биылдың өзінде бізде бақандай бес əйел декреттік демалысқа шығады. Ал жасап көр тұрақты нұсқаны! Қазан айының соңына таман, сіздер əлгі Перепелка дейсіздер ғой, менің əзірге көрмеген адамым, өзі анау-мынау емес орыс тілəдебиетінің маманы екен, оған бір жарым жүктеме беру көзделіп отыр, сол оралады жұмысқа! Адалят Сализовна иығынан биігірек шорт кесілген қапқара шашты басын төмен сылқ еткізіп, құс тұмсығымен енді кімді іліп əкетпекті ойлағандай қыбырсыз қатты. Сосын қайта бой түзеп, кабинеттегі бес-алты мұғалімнен оқшау, терезе алдында табанша тақтайға оң шынтағын қойып, бəрін алыстан бақылаған Ерікті іздеп тапты. Ерік тағы да жайсызданды. Бұл ағылшын тілі маманының ешқашан тұрмыс құрмаған, өткен өмірінің бəрі бұлдыр, жеңіл жүрісті əйел

екендігін Еріктің құлағы шалған. Сосын да оның орыстардың тілінде «адамзаттың көркем жартысы» аталатын əйелдерге тəн тартымдылықтан ада, тым адырайған сүйек-саяғы, бет-əлпеті, күдірейген мойын тамырлары, құс тұмсығы, шорт кесілген шашы, ылғи лайланып жүретіндей көздеріндегі алып жермен қырағылық, шалт мінезі, кейде түйеден түскендей сөйлейтіндігі Еріктің тұла бойын түршіктіретін. Себебі, Ерік туып-өскен ауыл ортасында мынау тап осы қалпымен қара көрсетсе талайды шошындыратындай. Себебі, Алматыда бір жыл оқып, онда жыртылып-айырылған небір «стилягаларға» көз құмарын қандырып үлгерген Еріктің өзіне солай. Қазір де Ерік оған алыстан-ақ үрке қарап, əрі жаңа ғана оқу ісінің меңгерушісіқа «менің жай-күйімді ұқсаңызшы» деп жалбарынуының тасасында не жатыр деп, қоса ойланғандай. Жалғызілікті əйелде не жай-күй болуы мүмкін, бейсенбі бос күн болғанда тап бұған не ұшпақ əпермек деп, бұл да енді Адалят Сализовнамен амалсыз көз түйістіргендей. Жаңа ғана өте сұлу Нина Николаевнаның өз күйеуі, баласы, əрі солардың қамына орай жазғы демалысының көңілдегідей болмағаны хақында өрбіткен қысқа əңгімесі бұл Адалят Сализовнаға қадақтай тиген. Бай да, бала да бітпеген бұған кім де кім сондайлық хақында сыр ұшығын шығарса өзіне қарсы ұйымдастырылған шабуылдай көретін. Əттең, істер шарасы жоқ, сосын да ол іштегі жарасын жеңілдетпекке Нина Николаевнаның екінші диплом үшін оқуын жалғастырған күйеуінің тым арық екендігін бетіне басқансыды. Енді оқу ісінің меңгерушісі Григорий Павловичтен өзіне бейсенбіні бос күн етуді өтінді. Екеуінен де қайыр болмағасын денесін ары-бері қозғалақтатып, өзіне қашан да кезмайыс жайлардың ұшыраса беретінін көлденең көзге паш еткендей қимылдар жасады. Ерікке қадалуы сондай атты əрекеттерінің жалғасы еді. Бірақ Ерік енді тістене күш жиып, одан көздерін ала қашты. Тағы да бірдеме айтпақтай мəзмайрам реңді Нина Николаевнаға барынша сұқтанып бақты. Міне, Еріктің осы назары Адалят Сализовнаның одан əрмен қолтығына дым бүрікті. Не істерді ойланғандай аршындай адымдап ары-бері жүре бастады. Қас қылғандай оқу ісінің меңгерушісі Григорий Павлович басын көтеріп: – Мен қателескен екем, əлгі химия пəнінің жас мұғалимасын ұмытыппын ғой, биыл бес емес, алты əйел декретке шығады, – деп салды. Бұл ағылшын тілі маманының тіптен жынын қоздырды. Іштегі онсыз да өртше лаулаған қызғанышының отына əлдекім қасақана үсті-үстіне ожаулап май құятындай. – Ол «химичкада» да ақыл жоқ екен, тұрмысқа шыққанына небəрі үш-төрт-ақ ай. Жау қуып бара ма? Қосағым қандай адам, оған бала тауып берудің қажеті бар ма, жоқ па деп, сəл-пəл іркілсе қылшығы қисая ма? – деп, зығырданы қайнай сөйледі.

– Ой, Адалят Сализовна, махаббат жүрген жерде ойлануға

жер тар ғой, – деп, Нина Николаевна сыңғырай күлді.

– Махаббат?! Қайдағы махаббат? Жұрттың махаббат атап жүр-

гені еркектердің, не əйелдердің нəпсіқұмарлығы! Басқа дəнеме де
емес. Егер көркем əдебиетте дəріптелгендей шынайы махаббат
бар болса опасыздық, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп
салуы сияқты негативті құбылыстар əлдеқашан-ақ зым-зия жоға-

лар еді ғой!
Нина Николаевнаның екі қабағының ортасында əлдене жыбыр-
жыбыр етіп, көздері дүңген əйеліне тіксіне қарағандай. Шиқандай
қызыл еріндері қиюын өзгертіп, аппақ бетіндегі əдемі шұқырды да

қозғап жіберді. Адалят Сализовна көркем əдебиеттегі махаббат
сыпаттамаларын ауызға алып, мына Нина Николаевнаның бақ-
шасына тас лақтырғандай əсер еткені айдан анық. Бұл орыс тілі
мен əдебиетінің маманы, демек тап осы кішкентай ортада бұл мə-

селеде бұдан өткен білгір болмауға тиіс қой. Жоқ, қалайда Нина
Николаевна мына оспадарсыз əйелдің фəлсафасына жауап қа-
йыруы қажет, əйтпесе, тұғырынан тайып кетері сөзсіз. Тек сыр ал-
дырмауға тырысып, сөзін тым жайма- шуақтата бастады:

– Махаббат деген неге болмасын? Махаббат деген ешкімнің

ойдан шығарған ырзығы емес. Шын махаббат қонғанда шетсіз,
шексіз мұхитта жалғыз жүзгендей көзіңе ештеме көрінбей кете-
ді, өзгенің бəрін ұмытасың, кеудеңде от лаулап жанғандай соны
мұхит суымен баспақтай əрекетке ұмсынасың. Ерекше рахат се-

зімге бөленіп, ақыл-ой – бəрін тəрік етесің. Мұны нəпсіқұмарлық-
пен шатастыру, мен айтар едім, нағыз көрсоқырлық. Біріне бірінің
ешқандай қатысы жоқ. Тек бір ғана басын ашып алатын жəйт –
махаббат та адам таңдап қонады. Махаббат қону үшін сенің өзің

үлкен жүректі адам болуың шарт, тұла бойыңда сол махаббаттың
қонуына лайық тарамыстай тартылған қайрат, жігер, мол кеңістік
болуы керек. Менің бір нəрсе есіме түскенін қарашы, қоңыраудың
соғылуына қанша минут қалды? Айтып үлгерер ме екем?

– Қоңырауға дейін он минут бар, Нина Николаевна! – деп га-

зеттен бас алмаған тарихшы Денис Антонович сағатына қарап тіл
қатты.

– Қап, уақыт тым аз екен, айтып үлгермеспін, жарайды, кейінге

қалдырайын, тағы бір сабақ орны боста есіме саларсыңдар.

– Темірді қызған кезде соққан жөн, Нина Николаевна!  – Бұл

дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимович еді. Мұның да ойсыз
шақшиған көздерінде бір сəуле жүгіргендей.

– Он минутқа егер сығымдап баяндасаңыз тұтас бір романның

оқиғасын сыйғызуға болады, Нина Николаевна! – деп, əншейінде
жұмған аузын ашпайтын неміс тілінің мұғалімі Отто Филиппович

те көзілдірігін алып, басының қасқасын терезе жарығына шағы-
лыстыра қозғады. Оған қарама-қарсыдағы Лотте Романовна арық
əжімді жүзін одан əрмен шытынатып, жел шайқаған ескі қурайдай
тербеліс жасап, күле сөйледі:

– Сіздің, Нина Николаевна, махаббат туралы хикаяңызға бір

емес, үш бірдей еркектің ынтызары оянды ғой. Енді не жаныңыз
қалды?
Өзінен жасы үлкеніректердің мына сықпытты қолқасы Нина
Николаевнаны тез қанаттандырды:

– Менің туып-өскен жерім Хабаровск қаласы ғой. Сонда ме-

нің бір тамаша құрбым болды. Сөзге де, іске де ұшқыр, жанып
тұрған от, əрі сұлу қыз еді. Мектепте бірге оқыдық, кейін сонда-
ғы институтқа да бірге түстік. Бірақ факультетіміз басқа, ол жа-
ратылыстануды қалады. Құрбымның аты – Анисья, əке-шешеден

жалғыз еді, əрі əкесі соғыстан бір аяқсыз келген, шешесі аурушаң
болғасын өзі сабақтан соң онда-мұнда жұмыс істеп ақша тауып
жүрді. Мен сіздерге бұл Анисьяның қандай жан екенін дұрыс ұқ-
тыру үшін əңгімені мынадай штрихтан бастайын. Бірде институт-

тан шығып, автобус аялдамасына беттеп едім, артымнан Анисья
қуып жетті: «Ой, Нина, құрбым менің, ақыл бере гөр, мен бір ессіз
күйге ұшырадым», – деді. Шынында түрі өзгеріп кетіпті. Анисья
сияқты қайратты қызды бүйтіп сансыратқан не жағдай деп, мен

де шошыдым. «Иə, не болды, Анисья» деп, жік-жапар болғанси-
мын. Бірақ Анисья бірден сыр аша алмады. Оның іштегісін сыртқа
шығару үшін де біраз күш жұмсауыма тура келді. Сөйтсем мынау:
Хабаровскіге Мəскеудің Кіші драмтеатрының ұжымы гастрольге

келіп жатқан. Кісі дегенің қырғын, билет жоқ, мен өзім ол жолғы
гастроліне бара да алғам жоқ, Тимофеймен ол кезде танысып үл-
гермегенмін. Ал жаңағы Анисья барыпты, қазір ұмытып та қалдым,
Бернард Шоудың ба, жоқ, өзіміздің Александр Островскийдің бе

бір трагедиясы бойынша қойылған спектакльге барыпты. Сонда
бір жексұрын кейіпкердің іс-əрекеттері көрермендерге жаман əсер
етсе керек. Жаман əсері соншалықты жұрт сол кейіпкердің ролін-
де ойнаған актердің өзін жек көріп, атарға оғы болмай отырыпты.

Бір уақытта спектакль бітпей ме, міне, сонда шымылдық жабы-
лып, оның бер жағында қаздай тізіліп тұра қалған актерлерге жұрт
жапа-тармағай гүл шоқтарын тапсырыпты. Гүл ұсынушылардың
көптігі соншалықты актерлердің əрқайсысына бес-алтаудан букет

тиіпті. Тек қана жаңағы жексұрын кейіпкердің ролін сомдаған ак-
терге ғана ештеме тимепті. Əлде бір қылығы үшін кінəлі болған
жас баладай екі қолын салбыратып ол тұра беріпті. Жұрттың со-
ңын ала сахнаға менің құрбым Анисья да көтеріледі. Ол да жа-

ңағы актерден қатты жиренсе керек, оның басқалардай емес, екі

қолының бос екенін көре тұра одан өтіп барып, өз гүлін онсыз да құшағы толы басқа бір актерге береді. Қайта қайтқанда жаңағы актердің көзімен көзі ұшырасса керек. «О, ғажап», – дейді менің құрбым Анисья.  – Оның көзімен көзім түйіскенде мен ешқашан көрмеген, сипаттауға тілім жетпейтін таңғажайып сурет көрдім. Таңғажайыбы сонда, қос жанары мынау адамдікі емес, тіл-жағы, қол-аяғы, кеудесі бар бөтен бір жан иесіндей өзінше сайрап берді. Менің сорыма қарай оның бəрі маған соншама ұғынықты шығар ма? Ол мені үлкен айыпқа тартты. Көкірегіме əлдебір жабайы құс сояу тырнақтарын батыра қона кеткендей ойламаған жерден ауыр азапқа душар болмасым бар ма? Екі аяғыма тас байланғандай есімнен танып, кəне, сахнадан түсе алсамшы. Есімнен танып, есеңгірегенім өз алдына, іш дүниемді де əлдене бүре бастады. Ине шанышқандай жүрегім де ауырды. Апыр-ау, осы мен өмірі театр, ойын-сауық атаулының табалдырығын аттамаған түздіктер елінен емеспін ғой». Міне, осындай сөздерді үсті-үстіне жаудырып, Анисья жыларман халге жетті. «Апыр-ау, бұл актер жігіт бар болғаны сол жағымсыз кейіпкердің ролінде ойнады емес пе, бар жазығы сол жағымсыз, сүйкімсіз немені өмірдің өзінен ойып алғандай оның мінез-құлқын, психологиясын асқан шеберлікпен жеткізгені ғой, мен неге өз гүлімді соған тапсырмадым деп, міне, үш күн болды басымды тау мен тасқа ұрып жүрмін», – дейді менің құрбым Анисья. Осы тұсқа жеткенде Нина Николаевна өз хикаятынан өзі қызынғандай əрең сəл тыныс алып еді. Денис Антонович газеттен бас алмаған күйі: – Бұл тектес жайлар театрға байланысты көп айтылады ғой. Менің бір естігенім – өткен ғасырда Лондонның ең үлкен театрларының бірінде Шекспирдің «Оттелосы» қойылып жатқанда залдағы бір көрермен сахнада Ягоны ойнаған актерді атып түсіріпті, – деді. – Нина Николаевна! – деп, Адалят Сализовна шаңқ ете түсті. Сіздің ол құрбыңыздың күйініші жаңа өзіңіз ырғаған махаббат мəселесіне мүлдем қатысты емес қой! – Махаббат мəселесіне қатысты екеніне енді келе жатырмын. Дұрыстап зейін қойыңыздар. Уақыт тар, жинақтап айтайын. Біздің Хабаровскіде мынадай бір оқиға елді дүр еткізді. Сондағы облыс басшыларының бірі əйел адам еді, тұрмыс құрғанына неше жыл өтсе де бала көтермейді. Дəрігерлерге қаралады, ештеме өнбейді. Күйеуі серісымақ, көк жалқау, сутенер адам екен. Əйелі бала таппаса да одан кеткісі келмейді. Е, оған керегі осындай əйел ғой. Ақыры екеуі уағдаласып, мынадай амалға тəуекел етеді. Сутенер күйеуі он сегіз жастағы бір сұлу қызбен танысып, «мен əйелімнен жерідім,

бастықсынып басына береді, бала таппайды, сенімен жұптасқым келеді» деп, баурай бастайды. Оң мен солын танымаған аңқау қыз оның өзінен жасы үлкендеу болғанмен бір көрімге бар жігіт екенін, əрі қойны-қонышының ақшаға толы екенін көріп, қақпанға түседі. Жігіт оған қаладан бір бөлмелі пəтер де əпереді. Бірақ жігіт «сенімен қосылам-қосылам» дегенмен бұрынғы əйелімен ажыраса қоймайды. Екеуі қыздың бір бөлмелі үйінде жолығысып жүреді. Ақыры қыз одан жүкті болады. Осы екі ортада бұл қыз жұмысқа да араласып үлгереді. Қай құдайдың айдауымен екенін білмеймін, жұмыс болғанда қай жұмыс дейсің ғой. Ресейдің ең үлкен қалаларының бірі Хабаровскіде бөгде пұшпақ табылмағандай бұл əлгі өзіне қосылмақшы жігіттің бастық əйелі бар емес пе, міне, сол бастық əйелдің хатшылығына тұрады ғой. Бұған ана жігіт, не оның əйелі ықпал етті ме, жоқ, тағдырдың жазуымен солай тоқайласты ма, ол жағы маған да жұмбақ. Тек бір анығы сол, көп ұзамай бұл қыз өз жігіті мен мына бастық əйелдің ерлі-зайыптылар екеніне көз жеткізеді. Ал жігіт шын пейілі ме, жоқ, алдарқатқаны ма, қызды мына жұмыстан кет деп азғырады. Аздап ақыл кіріп қалған, əрі жігіттің көмекейінде адалдықтан гөрі арамдық басым екенін танып үлгерген қыз қасарысып кетпейді. Осында жүріп қызметтес əйелдердің пышпышынан өз жігітінің нағыз сутенер екенін, онда-мұнда тиіпқашып қана жұмыс істейтінін, мына бастық əйелге оның ақшасы, байлығы үшін ғана қосылғанын анықтайды. Ақыры қыздың іші біліне бастайды, соңынан декретке шығады. Сол тұста əлгі жігіттің қамқорлығы тіпті күшейе түседі. «Сен қорықпа, менің бір акушер досым бар, ол əйелдер босанатын үйде үлкен бастық, соның тікелей қарауында боласың», – дейді. Қыз жігіттің айтқанына көнеді. Тек бұл сонда босанып, енді есін жиғанда əлгі бастық акушер жігіт бұған «сенен өлі бала туды» деп мəлімдейді. Қыз «апырау, бала құрсағымда жатқанда ешқандай проблема болмап еді ғой, бұл қалай» деп жыламсырайды. Акушер-бастық «солай, өте өкінішті, біз шарасыз күйде қалдық» – дейді. Сосын қыз «өлі баланың денесін беріңдер, өзім апарып жерлеймін» десе ананы-мынаны сылтауратып, ол өтінішін де аяқсыз қалдырады. Сол-ақ екен, əлгі мұнымен тұрмыс құрмақшы жігіт бұдан біржола бетін аулақ салып, бастық əйелімен тұрып жатады. Ал қыз декреттік демалысы таусылғасын бұрынғы хатшылық жұмысына қайта кіріседі. Сол сəтте-ақ ана екеудің бір жаңа туған баланы асырап алғанын естиді. Қыздың ішінде алай-түлей дауыл орнайды. Осындағы қызметтес əйелдердің пыш-пышы арқылы ана жігітке керегі ақша, ана бастық əйелдің етегіне сол ақшасы, байлығы үшін жармасып жүргенін жете ұғады. Өз денсаулығы түзік бола тұра бала асырап алуы да соның айғағы емес пе? Əрі мына қыздың өзін де ана бастық қатынның ақшасы, дүниесі үшін тастап кетіп

отыр ғой. Осының бəрі қызды қалайда бір кек алуға итермелейді. Бірақ жас қыздың қолынан не келсін? Басын қанша шақса да ешбір амал-əрекет қара көрсетпейді. Сонымен екі жыл өтеді, ана екеудің асырап алған баласы екі жасқа толады. Ерлі-зайыптылар бұл баланың күтіміне əлгі акушер-достың қарамағындағы бір мейірбикені жалдаған екен. Бəрі шақырылып, баланың туған күнін тойлайды. Сосын бастық əйел күйеуін, баласын алып, Сочиге демалысқа баруға ниеттенеді. Ұшаққа билет алуға əлгі өзіне хатшы қызды жұмсайды. Бұлар қаланың сыртында екі қабаттық үлкен котеджде тұратын еді, хатшы қыз олардың қай күні ұшатынын біледі ғой, сонда да ешқандай қателік болмасын деген сақтықпен күндіз жан баласына көрінбей сол қаланың сыртындағы котеджге жақын келіп, алыстан торуылдайды. Бастық əйел арнайы машина алдырып, күйеуі, баласы – үшеуінің аттанып кеткенін көзімен көреді. Міне, қыз сол күні сол маңдағы бір тоғайда бой жасырып, түн ортасы ауа əлгі коттеджге келеді де оны өртеп жібереді. Бірақ құдай қас қылғанда бəрі басқаша шығады. Əлгі бастық əйелдің əуежайға жеткесін өз-өзінен қан қысымы көтеріліп беріпті. Сондағы медпункттегі дəрігер оның мына жағдайда ұшақпен ұшуы өте қауіпті екенін ескертеді. Сосын, бұлар амал жоқ, билеттерін өткізіп, кештетіп, əлгі коттеджге қайтып оралыпты. Ал тоғайда жасырынған хатшы қыз түнделетіп коттеджге от қойғанда бастық əйел, сутенер күйеуі жəне екі жасар бала бірге жанып кетеді. Тергеу кезінде əлгі хатшы қыздың күндіз осы коттеджді торуылдағаны анықталады, əрі басқа да жанама айғақтар табылып, ол қыз қамауға алынады. Бүкіл қаланы дүр сілкіндірген ашық сот болады. Міне, сол сотқа менің əлгі Анисья атты құрбым да қатысады. Ол соттың оқиғасын да маған талай жыр ғып айтты ғой. Талайдың жағасын ұстатқан көп сұмдықтың беті сол соттың үстінде ашылады. Айыпталушы қыздың адвокаты керемет екен, мəселенің ұңғыл-шұңғылын түгел қазбалапты. Айта берсең бас-аяғы жоқ əңгіме, мен жеделдетіп, ұсақ-түйегінен аттап өтіп, тек ірілерінің ғана басын шалып отырмын. Айыпталушы қыз коттеджді өртегенде əлгі ақшақұмар, байлыққұмар сутенерге аздап болса да залал шектіруді көздеген ғой. Сөйтсе былай екен. Мына қыз осыдан екі жыл бұрын босанар қарсаңда əлгі сутенер оны өзінің бір бастық акушер досының қарамағына бергенін айттым емес пе? Міне, сотқа сол акушер жігіт те, сондағы мейірбикелердің бірі – кейін мына бастық əйел мен оның сутенер күйеуі өздері асырап алған баласын бағып-қағуға жалдаған əйел де шақырылады. Міне, бар құпияны осы мейірбике əйел ашады. Сөйтсе, осыдан екі жыл бұрын айыпталушы қыз өлі бала емес, жап-жақсы дені сау тірі бала тауыпты. Тек оны əлгі бастық акушер жігіттің ұйымдастыруымен облыстық деңгейдегі бастық əйел мен оның сутенер күйеуі екеуі асырап алыпты да, қызға «сен өлі бала

тудың» деп, өтірік айтып, оның мойнын басқа жаққа бұрып салыпты. Бұл жағдайды мейірбике əйел өз бастығы акушер жігіттің көзін шұқып тұрып дəлелдепті. Ал бұдан да сұмдығы сол – айыпталушы қыз коттеджбен бірге өзінің ішінен шыққан туған баласын қоса жағып жібергені анықталады. Онсыз да темір тордың ар жағында отырған сорлы қыз есінен танып құлайды. Міне, сол шақта осы ашық сотқа қатынасқан менің құрбым Анисья қаһарына мінеді. Əлгі театрда өзі гүл ұсынғысы келмеген актердің көзімен көзі түйіскендегідей жойқын сезім əлегімен кетеді. Бірақ ол сезім мен мына сезімнің ортақ ештемесі жоқ. Екеуі бір-біріне кереғар. Бұл енді сотталушы қызға жаны ашып, соның кегін қайыруға аңсары ауады. Бірақ кімнен алмақ кекті, бастық əйел мен оның сутенері онсыз да күлге айналды, енді қалғаны əлгі бастық акушер жігіт қой, соның аты-жөнін, қызмет орнын мұқияттап, қойын кітапшасына түсіреді. – Нина Николаевна, бір жайды анықтай кетіңізші, – деп, дəптер тексерген математик Борис Устинович көзін көтермеген күйі тіл қатты. Сонымен ана коттедж өртеген қыздың жазасы не болды? – Е, ол қыздың жазасы не болсын?! Ол ə дегеннен-ақ қамауға алынып, тергеудің өзі алты айға созылған ғой. Бір басыңа жетерлік қайғы-қасіретің бар, жазаңның өтеуіне сол алты айың жетеді деп, босатып жіберіпті. Аздаған шартты түрде дегені бар ғой деймін. Жə, ол қыздың жыры сонымен тамам. Енді Анисьяға келейік, қоңырау жақын, бұл жағын тым шұнтитып баяндайын. Анисья əлгі акушер жігіттің үйіне қызметшілікке тұрыпты. Ол өзі бай неме екен, сырт көзге білдірмей қызметші əйел жалдайды екен. Бірде ол өзі сияқты тағы екі адаммен өз үйінде құпия кеңес өткізіп отырғанда Анисья олар ішетін тамаққа у қосып, үшеуін бірдей жайратады. Акушер жігіт пен бір досы табанда жан тапсырыпты да үшіншісі дəрігерлердің көмегімен тірі қалады. Бірақ мүгедектікке ұшырайды. Міне, сол тірі қалған мүгедек арқылы бұлардың үлкен қылмыстық топ екені əшкереленеді. Ал сот Анисьяны тоғыз жылға кесті. Сүйген жігіті бар еді, сол қоштасарда жыламсырап, «неге бүйттің» – дегенде Анисья: «жауыздықты көре тұра аттап өте алмадым, бүйткеніме өкінбеймін, мені сүйгенің рас болса күт, ал мен қайратыма басып, түрме түгіл одан арғысына жатқызса да пəктігімді жоғалтпаймын», – депті. Анисья екі жылдан соң босанып шықты, жігіті күтті, қазір үш балалы, сол Хабаровскіде тату-тəтті тұрып жатыр. Міне, енді мен құлағын шулатқан Анисья туралы фактілердің былай басын қосақтаңдаршы, шын махаббат, міне, осындай жандарға ғана тəн, кім көрінгеннің қоржынында жүретін арзан дүние емес. Нина Николаевна хикаяты таусылар-таусылмастан қоңырау шылдырлап, дəлізде балалардың тасыр-тұсыры білінді.

Сабақтағы мұғалімдер сынып журналдарын ұстап ішке топтала
енгенде орыс тіл-əдебиеті пəнінің маманы бір қызық жайдың ба-
сына су құйғанын аңғарысып, əрқайсысы өзінше қабақтарына өкі-
ніш райын жапсырғансыды.

– Мынауыңыз нағыз роман жүгін арқалаған əңгіме ғой. Он ми-

нутқа сыйғыза алмаспын деп, тайсақтап едіңіз, басы бүтін, шекесі
шетінемей, тіпті шекесі түгіл қылшығы қисаймай сыйып кетті.  –
Дене шынықтыру пəнінен дəріс беруші Михаил Ефимович орны-
нан көтеріліп, кең иықты, мол тұлғалы денесін жас балаша оңай

қозғап, көздерінің айналасындағы қос-қос əжімдеріне көңілділік
ұялата осылай сөзіне тұздық қоса сөйлегенде сабақтан шыққан
мұғалімдердің өкініші одан əрмен кемерінен асты. Ал тарихшы
Денис Антонович те одан қалыспай:

– Сіздің, Нина Николаевна, осы қуыршақтай болмысыңызда

ортаңқол бір жазушының таланты көмулі жатыр-ау! Əттең, не
керек?! – деп, ол да түрегелген бойда етженді кеудесінен əлде-
бір құмардан шыққандық белгілерін танытқандай сілкініп қойды.
Сыр бермеген тек математик Борис Устинович пен екі неміс мұ-

ғалім Отто Филиппович пен Лотте Романовна ғана. Ал оқу ісінің
меңгерушісі Григорий Павлович Мосько əлі де сынып кестесі шұ-
барлаған ватман қағазға кеудесін жапсыра көзінің астымен ғана
Нина Николаевна мен оны қолпаштаған ер адамдарға сығалай

қарап күлімсіреді. Қалайда, Еріктің осы тұрыста байқағаны əзір-
ге осы еді. Кенет ол жаңа ғана сабақтан шығып, осы мұғалімдер
бөлмесіне ентелегендердің ары-бері жүрісінен, аздаған дабыр-
дұбырынан өзі үшін ең қызықты бір көріністен құр қала жаздап-

ты. Ол Адалят Сализовнаның тұрысы еді. Ол есік жаққа таяу бұ-
рышта, өзгелерден оқшауланып, тікесінен тік қақиған күйі Нина
Николаевнаға жаман көзін қадауда еді. Нина Николаевнаның өз
баянының соңында махаббат кім көрінгеннің қоржынында жү-

ретін дүние емес, ол да қонатын адамына ғана қонады деп, əрі
ол шындықты өз хикаясы арқылы жайып салуы ағылшын тілінің
оқытушысына оқтай тиген. Оның солай екенін болашақ жазушы,
қырағы жас Ерік Тінəлив анық пайымдады. Енді «еруліге қарулы»

дегендей Адалят Сализовна да орыс тілі маманын қайтсем атып
түсіремін дегендей қап-қара боп түйілген көздеріне қаһар жиып
тұр екен.
Сол кезде қайта қоңырау шылдырлады.

– Ал кеттік! Мұғалім байғұстардың тіл-жағына тыным бар ма,

енді сабаққа барамыз! – деп, Нина Николаевна да орнынан тұрып,
Ерік состиған терезеге таяу қабырғадағы полкадан өзіне тиісті сы-
нып журналын суырды. Басқалар да сол маңда үймелесіп, пол-
каға қолдарын созып жатты. Нина Николаевна қаз төсті кеудесін

алға тосып, бөксесін ойнатып, жұмыр аяқтарымен еденді тырстырс еткізе шығар есікке беттегенде осындағы баршаның көшбасшысына ұқсаған. Себебі, бəрінің дерлік сабақтары бар еді. Бəрі де орыс тілі маманының соңынан қотарыла шығып бара жатты. Нина Николаевнаның хикаяты өзіне сұмдық əсер еткен Еріктің көздері бұрынғыдан да өткірленіп, мынау жасы үлкендердің əрқайсысына тəн белгілердің бəрін есепшотқа салып тізетіндей бір нүктеге байланып қалды. Отто Филиппович пен Лотте Романовна шығар есікте де бір-бірінен жұп жазбастай үйкелесе əрең өтті. Адалят Сализовна белін қиқаң еткізіп тарихшы Денис Антонович пен дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимовичтің екі ортасына сығылысып, бірін шынтағымен, екіншісін жамбасымен қағып, ол да ары табалдырық аттады. Ал сыптай денелі, бəрінен де сəнді киінген математик Борис Устинович асықпай мыналардан кейін де бес-алты мұғалімді өткізіп жіберіп, жүзін манауратып, жұрттың соңын ала ілбіген. Борис Устиновичті өкшелей оның сабағына кірмекші, оқу ісінің меңгерушісі Григорий Павлович ентелей басты. Жуан мойнын алға созып, етженді шымыр кеудесін күшпен еңкейтіп, тезтез жүргенде басы да бұлғақ-бұлғақ етеді. Адам сұлбаларын əртүрлі жанды-жансыз бейнелерге ұқсата бағалайтын дағдысы бар Ерік оқу ісінің меңгерушісінің мына түрінен Алматыдағы циркте өзі тамашалаған, жаттықтырушының ізімен əлдебір ойлы, мағыналы қимылдар жасап ерген, қорбаңдаған аюды еске түсірді. Мұнысы біреуді кемсіткендігі емес, керісінше, бұлардың бəрін өзінен жоғары қойғандағы көңіл райының бір қыры еді. Жаңа ғана Денис Антоновичтің бағалауынша болмысында ортаңқол бір жазушының таланты көмулі Нина Николаевна хикаятының мұның ішінде дауыл соқтырғаны соншалық шынында бұл кішігірім бір романды бастан-аяқ сүзіп, тез оқып шыққандай əсерде еді. Бөлмеде екі-үш мұғалім ғана қалып, тыныштық орнағанда Ерік орыс тілі пəнінің мұғалімі жаңа өз əңгімесіне арқау еткен Анисья атты қыздың тағдырын, бет-бедерін, мінезқұлқын өзінше елестетіп, қиялына «əйт, жануар, шүу» дегендей қалыпта еді. Кенет əлдене бір бүйірінен сұққылап берді. Апыр-ау, мұны не қара басты? Еріктің өзінің де сабағы бар екен ғой. Бұл санын бір соғып, сөредегі қазақ тілі пəнінің арнайы журналын жалма-жан суырып, апыр-топыр есікке беттеді. Бөлмедегі екі-үш мұғалім жас балауса жігіттің мынадай жаңғалақтығын байқап, бір-біріне езу тарта бұрылды: – Бұл бозбалада шынында бір түсініксіз мінез-құлық бар, десті бірі. – Мен де сондайын байқаймын. Не нəрсеге де тосырқай қарап, көктен түскен жанға ұқсайды, – деді екіншісі. – Орыс балаларына орыс тілін ұқтыру қиын. Ал қазақ тілін үйрету тіпті қиямет-қайым ғой шикі немеге. Содан сансырайтын шығар.

Ерік Тінəлиевтің бұл жолы кіргені бастауыш сынып еді. Олар
төртінші сабақтан кейін үйлеріне қайтады. Тек қазақ тілін үйрену-
ші тобы ғана бесінші сабаққа қалады. Бұл жоғарғы сыныптардағы-
дай емес, мұнда сабақ өткізу оңай. Сонда да Ерік жаңағы Анисья

атты қыздың жан-дүниесіндегі алуан түрлі ойрандарды өз басы-
нан өткергендей жан қиналысын сезді. «Иə, бұл орыс халқы біздің
қазақтан қай жағынан да көп озық халық қой» деген қызғаныш та
ішін қарыды. Əрине, бұл ретте ол өзі оқыған орыс классиктерінің

шығармаларын да есіне алған.
* * *
Осылай Ерік Тінəлиевтің алғашқы еңбек жолы жалғаса берді.
Алғашында бұл тағдыр тəлкегімен өзі он екі жыл оқып, зəрезап

болған оқу ордасы емес, əсте көріп-білмеген таңғажайып дүние
кейпіндей көңіл көзін жан-жаққа жұлқылай тартқылады. Иə, бұл
болашақ жазушының өмір тануда күрт шырқай көтерілген айла-
ры еді. Орыс балаларына қазақ тілін үйретудің мехнатынан гөрі

осылай жан-жағынан анталай топырлаған, бұл үшін сол таным-
дық мəні зор жағдаяттардың ала-құлалығы, əрі көптігі көңіл көзін
талдырып, қажытып бара жатқандай.
Бірде мектеп директоры Кузьмин:

– Балалардың сабаққа қатысу деңгейі қалай?  – деп сұрады

Еріктен. Бұл аузын ашып та үлгермеді, директор өз сұрағына өзі
жауап қайырғандай болды.  – Журналды тексеріп қарадым, аса
мəз емес сияқты ғой.
Еріктің ағынан жарылмасқа амалы жоқ еді:

– Рас айтасыз, Алексей Никитыч, кейбір балалардың сабақ-

қа қатыспай қашып кету фактісі орын алып жүр. Оларды ешкім
зорлаған жоқ, əу баста қазақ тілін үйренуге тілек білдіріп, топқа
жазылған өздері ғой.

– Мəселені олай қою адасқандық! Олар қазақ тілін үйренуге

тілек білдірді, демек оның қызықты болатынына үміт артты. Ал
сен солардың үмітін ақтауың шарт. Қайталап айтамын! Сабаққа
жоспар жасағанда оның қызықты, əрі алуан түрде өтуін өте-мөте
ескеруің қажет. Сен үшін əр сабаққа дайындалу, оның жоспарын

жасау ең өзекті мəселе. Біздің кітапханада педагогикалық, əдісте-
мелік газет-журналдардың тігінділері қат-қат, соларды көз майың
таусылғанша оқы, əрі мерзімді баспасөзге жазылу науқаны бас-
талды, өзіңе ең керекті одақтық, республикалық басылымдарға

жазылуды тездет. Тəжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыс де-
генмін... Иə, оның дұрыс. Сосын сабақтан қашқан балалардың

ата-аналарымен де жолыққан жөн. Сынып жетекшілерінен де көмек сұра. Осылай тастай қаланған сөздерді біраз төкпеледі де одан арыға уақытым жоқ дегендей кірпіше тікірейген сұрғылт шашты басын тез бұрып əкетті. Сол түстес қас-қабағының тасасындағы көздерінде «байқа, бала, біз сені алақанда аялап, еркелету үшін ұжымға қабылдағамыз жоқ» дегендей ызғар кетті. Осы тұрыста не тапсырмалар берді, солардың орындалу барысы алдағы күндерде сөзсіз тексерілетінін де ескерткендей. Сөйтіп, бұл күннен бастап, Еріктің жұмысы тіпті көбейді. Сонау қала сыртындағы ауылдан таң бозында шығып, жұмысқа келеді де кештетіп, ал жиналыс, не басқа да бір шара өткізілген күндері түнделетіп бір-ақ қайтады. Қуықтай тар үйге кіргесін де демалуға жағдай жоқ. Кəрі əке-шеше, шиеттей бала-шаға. Əсіресе, сол кішкентай іні-қарындастарының мазалауы көп. Олар көбіне күндіз шығара алмаған есептерін көлденең тосады. Кейбір жазу жұмыстарын тексеріп беруді өтінеді. Бірер сағат сонымен уақыт өткізеді. Осы тұста бір шындық Еріктің жүрегін осқылады. Ауылда қазақ мектебі ежелден жоқ қой, бұл балалардың бəрі орысша оқитын еді. Енді қараса Ерік орыс балаларына қазақшаны үйретем деп, табан тоздырып жүрсе үйге келгесінгі тірлігі мүлде қарама-қарсы екен. Мұнда өз іні-қарындастарына орысшаны ежіктеп зықысы шығады екен. Осы бір тағдыр тəлкегінің астарында не жатыр деген сауал кей-кейде көз алдында көлденеңдейді. Қалтадан суыра қоятын дайын жауабы тағы жоқ. Кейде сарыла іздеп, ол жауаптың ізіне түскендей болады. Байқаса, бұл қаладағы үлкен орыс мектебінде еріктілерден құралған, əрқайсысы небəрі 10-15 баладан ғана тұратын топтарға қазақ тілінен дəріс беремін деп, қандай əлсіздік танытса бұған ана сүтімен сіңген сол қазақ тілінің жалпы тағдыр-талайы да сондай əлсіз, болмашы күйде екен. Тіпті жаны қыл ұшында тұрғандай. Қазақ тілінің маманы, əрі осы тілде алдағы күнде көлемді əдеби шығармалар жазбақ дəмесі бар Ерік Тінəлиевке бұл бір бүйірден біз сұққандай əсер етті. Бірде жас ұстаздың тəнінде пайда болған осы бір жанды жараға əлдекім тырнақ салғандай бір оқиға болды. Мектепте əдеби кеш өтіп жатты. Сəнді киінген орыс балалары мен қыздары Пушкин, Лермонтов, Тютчев өлеңдерін бірінен соң бірі жатқа соқты, əрі Лев Толстой, Чехов, Горький шығармаларынан үзінділер оқылды. Ара-арасында əн мен биге де кезек берілді. Кенет кең сарай спорт залының сахна іспеттеліп қоршалған төріне əлгі Лариса Недушенко деген қыз шықты. Құшаққа сыймас мол жирен шашы бар бұл тайқардай орыс қызын Ерік əлі күнге жақсы білмейтін. Ара-тұра үзілісте ғана көретін. Тек анада аулада бұл бір баланы

көк желкеден ұрып құлатқанда тарихшы Денис Антоновичтің «эх, Лариса Недушенко, сенің болашақ күйеуіңе менің ешқандай қызғанышым бола қоймас» деп аһ ұрған күрсінісі көкірегінде хатталып қалыпты. Ал қазір ол сахнаға шыққанда əлдене өзгеріп сала бергендей. Құшаққа сыймас мол жирен шашы көк-жасыл ленталармен буылып, жөнге келтіріліп, тек екі иығына ғана құлай жиылып, күлтеленіп қалған. Есесіне, қызара бөрткен жүзіндегі арай кешкі электр шамының жарығымен қуатына басып, көрген жанның бірден назарын баурап əкетті. Шашты қоя тұрыңдар, менің мынау нұр шашқандай бет-жүзіме, тұңғиық көздеріме, əр талы күмістен құйылғандай кірпіктеріме, қырлы мұрныма, əдемі иегіме қараңдар дегендей көпшілікке қыр көрсете телмірді. Үстіне кигені кəдімгі мектеп формасы емес, онсыз да бойшаң адамды одан əрмен сырықтай ететін, тұтастай етіп тігілген ұзын ақшыл көйлек. Жағасында, жең ұшында, белінде, етегінде шашылған қарамық дəні сияқты ноқаттар бар. Кенет бұл Лариса Недушенконың осы түріне қатысты не айтар екен деп, Ерік ине шаншарға жер жоқ үлкен спорт залының өнебойынан əлгі Денис Антоновичті көзімен іздестіріп еді, таппады. Сірə, ол бұрынғы өз сөзінен өзі ұялып, бой жасырғандай. Ал мынау бұлайша құлпырған қызға жұтына қараған оқушы балалар мен мұғалімдердің көздері мүлдем басқа жайдың əуенімен төңкерілуде. Ол əуеннің атауын Ерік бірден тапты. Оның атауы – қызғаныш. Иə, тап солай. Тіпті бір бұрышта, балалар ең көп ұйлығысқан ортада отырған Нина Николаевнаның көздерінен ұшып түскен бір ақ сəуле Еріктің көкірегіне келіп қонақтап, «иə, солай, солай» деп сендіргендей. Кенет мынау үлкен залда басқа бір от шашырады. От емес, найзағай! Бұл Лариса Недушенконың даусы еді. Ол Иван Сергеевич Тургеневтің орыс тілінің құдіреті туралы кішкентай толғамын оқи бастаған: «Во дни сомнений, во дни тягостных раздумий о судьбах моей родины – ты один мне поддержка и опора, о, великий, могучий, правдивый и свободный русский язык! Не будь тебя – как не впасть в отаяние при виде всего, что совершается дома? Но нельзя верить, чтобы такой язык не был дан великому народу!» Міне, осы шақта кенет Ерік Тінəлиевті сең соғып өткендей болды да артынша адам айтқысыз бір дəрменсіздік жайлады. Қолаяғы қалтырап, ауасыз кеңістікте қалғандай. Тура əлгі ағын судан шабақ балықты қармаққа іліктіріп, көкке көтеріп қойғандай. Ұлы жазушының құдіреті, сол арқылы аспан мен жер арасындағы кеңістікті найзағайша тілгілеген орыс тілінің құдіреті, оны осылайша айшықтап құлаққа құя білген, Ерік Тінəлиев күнделікті еңбек еткен мектептегі жай оқушы қыз Лариса Недушенко даусының

құдіреті  – үшеуі бірігіп, бармақтың басындай ғана кішкене толғамды қара жердің кіндігін бұрап жіберер күшке айналдырғандай. «Эх, Денис Антонович, сен көпті көрген, соғысқа қатысқан тəжірибелі адам бола тұра енді елге қарар бетің болмас» деп, Ерік өз ішіндегі бір қылқобыздың ішегін қоса ызыңдатты. Сөйте тұра өз бойындағы жаңағы дəрменсіздікті қайта түйсінді. Сол дəрменсіздік күш алып мұны ауада тыпырлатқан күйі енді құрдымға тастап жіберердей қорқынышты қоса тартты. Əлденеден жүрегі қанжылағандай. Неге олай деп, алғашқыда өзіне өзі сұрақ қойғыштай бастап еді. Қараңғыда қарманғандай бұл сұрақтың жауабын тез тапты. Бұл өзінің ана тілі – қазақ тілінің жай-күйі мынадай құдіреттер бас қосқан ортада қалай екен деп, оны тез түйсінгесін дəрменсіздік пен қорқыныштың қара батпағына ұрыныпты. Иə, орыс тілі дария болса ал қазақ тілі сол дарияда адасқан жаңқадай ғана болмашы бірдеме. Апыр-ау, сол жаңқаға жармасып жан сақтардай Еріктің бүгінгі тірлігінің табан тірер бір ірге тасы болмағаны ма? Қаптаған орыс, ал қазақ дегенің емге табылмас мынау өндірістік қаланың бір мектебінде бұл жалғыз-жарымдап жүргесін солай көрінді ме екен? Иə, солай шығар. Қиялшыл Ерік осындай халдің үстінде де қазақ тілін Тургеневше əспеттей білген қазақ ұлыларының біразын көз алдында тізе бастады. Асан қайғы, Доспанбет, Бұқар жыраулар арғысы, Абай, Сүйінбай, Əуезов бергісі – бəрінің тірлігінен қасиет іздеп, көкірегінен алау от маздатып еді, оны əлдекім үрлеп өшіргендей тағы бір қиналысқа ұшырады. Оның мəні сол – сахнадан Лариса Недушенко кеткесін де ол жаққан от мынау кең спорт залында ине шаншарға жер жоқ, сары қамыстай жапырылған оқушы балалардың жүздеріне көшіп, тіптен етек алып кеткен екен. Бұған қоса сатырлаған қол, уілдей көтерілген дауыс Ерік көкірегінде шалықтаған кішкентай шырақты жоқ қылмай қайтсін?! Бұл ойын-сауық кешінің əсерінен Ерік біраз күн арыла алмады. Оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталып, қараша айының екінші жартысы туған күндер. Текелі қаласы екі таудың қыспағындағы қала ғой, қарашаның қара суығы мұнда екіленіп соғатыны бар. Əсіресе, қарсыз, жаңбырсыз күндерде оның өңменіңнен өтетін қатаңдығы мұндағы жұртқа ежелден мəлім. Ерік көнетоз жұқа плащының жағасымен, кепкісінің күнқарағымен ертелі-кеш басы-көзін тұмшалап, жұмысқа əрең келіп-кетіп жүрді. Осындай күндердің бірінде мұғалімдер ұжымы екі адаммен толықты. Оның бірі – физика-математика маманы Кузьмина Ирина Васильевна еді. Көздері əлдекімге күдікпен қарағандай қабағы тырысыңқырап тұратын, бірақ келбетсіз емес, ашық сопақ жүзі, бойшаң денесінің толықтығы да өзіне жарасымды, сəнді жүрісті əйел екен. Ерікті алғаш көргенде оған бір

қырынан қарап біраз сүзілді де қабағын сілке көтеріп, алға қарай тіке басты. Сосын қайтіп көпке дейін назар аудармады. Сөзі аз, мінезі бір тоға жан көрінді. Тек көңілкүйінің пəстігі Ерікке бірден шалынды. Мүмкін, бұл да анау дүңген əйелі Адалят Сализовна сияқты байы жоқ, от басы, ошақ қасы құлазыған біреу шығар. Тек көп ұзамай ол жорамалының күл-талқаны шықты. Бұл басқа емес, тап мына мектеп директоры Кузьмин Алексей Никитычтың зайыбы екен. Ерікті елең еткізген бір сұрақ, «апырау, оқу жылының басталғанына үш айға жуық уақыт өтті, бұған дейін бұл қайда жүрген, əлде декреттік демалыста болды ма? Жоқ, оған ұқсамайды». Қырағы Еріктің байқауынша декреттік демалыстан шыққандар, немесе, емшекте баласы барлар шеттерінен уылжыған жас келіншектер, ал мына директордың зайыбы дегенің қайтсе де қырықтың қырқасына көтерілген жан, мұның жасындағы орыс əйелдеріне бала көтеру дегенің жараспайтын-ақ нəрсе. Əлде бұл ауырып тұрды ма, оған да келіңкіремейді, өкшесімен ағаш еденді тықылдатып, тік басып жүргенде тұла бойының бұлың-бұлыңында мықты денсаулық, қайрат белгілері жылт-жылт ететінге ұқсайды. Өз жұмысының шиі шығыңқыраған Ерікке ол жағына бойлауға шама қайда, ал мұның директордың зайыбы екенін білгесін тіптен «екі елі аузыңа төрт елі қақпақ» дегендей күйге көшті. Еріктің бұған дейін-ақ бір білгені – жалпы мұндай ортада тіліңе сақ болмасаң, əсіресе, бұл сияқтыларға үлкен қатер. Бұлтсыз күнгі найзағайдай жарқжұрқ пəле туып кетуі оп-оңай. Тіпті кейбіреулер өз бастарындағы пəлені өздерінің қасында аузында ана сүті кеппегендей көрінетін Ерік сияқтылардың аңқаулығын пайдаланып, жапсыра салуы ықтимал. Мұның бар бітіргені кəрі мұғалима Лотте Романовна жаққа алаңдап, соның тістерінің арасынан шығатын əрбір дыбысты қақас жібермеуге тырысты. Не құпияны да сол ашуы мүмкін. Оның мектеп директоры Кузьмин жөніндегі қырыс сөздері жадында қалыпты. Əрі бұл неміс тілінің маманы мына Кузьмина Ирина Васильевна алғаш жұмысқа шыққан күндердеақ оның да ту сыртынан күлімсірей қарап, жүріс-тұрысынан келемеж етерлік бірдеме іздегендей сыңай танытты. Бірақ Лотте Романовна дағдылы мінезіне басып, əзірше ештемені қопсытпады, сосын да бұл мəселе Ерік үшін жабулы қазан күйінде қалды. Ал Ерікті нағыз таңырқатқан сол Кузьминамен қабаттаса ұжымды толықтырған екінші адам болып еді. Осы қарсаңда əлгі «Перепелка» деген, Ерік əлі көрмеген орыс тілі-əдебиеті маманының құлағын шулату жиіледі. Əсіресе, əлі де төрдегі өзінің жұмыс столында ақ ватман қағаздағы сабақ кестесін резеңке өшіргішпен, қара қарындашпен кезек-кезек сүйкеуден танбаған оқу ісінің меңгерушісі Григорий Павлович Мосько ол «Перепелка» дейтінді жақтырмай атайтындай.

Кенет онсыз да жарық мол мұғалімдер бөлмесінде заты бөлек шам жанғандай əлденеден Еріктің көзі қарықты. Есік айқара ашылды да ішке ұзын, ашық түсті тоқыма көйлек-сарафан киген, сұлу да ақшыл өңінде бұл ұжыммен сағынышпен қауышпақ адамның көңілді райы бар əйел кіріп келе жатты. Ол алғашында Ерікті байқаған жоқ, өзіне жақсы таныс мұғалімдерді бір-бір адақтап, бəріне көңілді жымиыспен ілтипат көрсетіп, амандықсаулық төңірегіндегі сөздерді көкірегіндегі асыл тастардай саудыратты: – Сəлеметсіз бе, Нина Николаевна, апыр-ау, сіз қалай жасарып кеткенсіз? Тура əлгі сахнадағы қуыршақ қыздай құлпырған түріңіз бар. Ах, Денис Антонович, сіздің де өңіңіз жақсы, тек əлдекімге өкпелегендей бұйығы тұрсыз ғой. Адалят Сализовна, сізді сағынып қалыппын. Ах, Михаил Ефимович! Болашақ спорт шеберлерін сомдап жатырсыз ба? Сіздің педагогтік қабілетіңіз ерекше ғой. – Осылай басқаларды да бір-бір жайқап өтті. Ерік Тінəлиевті бұл ең соңынан байқады. Иə, бұл Надежда Борисовна Перепелкина Еріктің ұстазы еді. Ерік оқыған қазақ мектебінде қазақ балаларына орыс тілі мен əдебиеті пəнінен дəріс берген. Осыдан екі жыл бұрын Ерік тоғызыншы класты тамамдағанда бұл мұғалима ғылыми жұмысқа ауысамын деп, онысына көнбеген күйеуінен ажырасып, Алматыға көшіп кетті деп естіген. Алты айдан соң күйеуі қайта табысуды ойлады ма, ол да Надежда Борисовнаның соңынан кетті деген дақпырт тараған. Бірақ анық па, жоқ па, ол жағы Ерікке беймəлім еді. Ал Алматы кетті деген мұғалима мына Текелі қаласындағы мектепке қалай тап болды, ол да түсініксіз, Əйтеуір, бəрі Еріктің жас басы үшін тоңы ойылмаған дүние, жұмбақ. Бірақ ашып сұрап білуге мұнда дəрмен жоқ. Надежда Борисовна Перепелкина өз шəкірті Ерікті мынау қаптаған қалалық орыс мұғалімдердің ортасынан көргенде жаман ішін тартты: – Тиналиев, сен мұнда неғып жүрсің? – деп сұрады. Ерік жөнін айтып еді. Надежда Борисовнаның көгілдір көздерінің тереңінде бір от жанып, соның сəулесі бет терісінде ойнап тұратынға ұқсайтын. Еріктің жауабын естігенде сол от тез сөніп ұстаз жүзінде қаталдық пайда бола кеткендей. Қалайда Ерікке солай көрінді. Бірақ ол назарын бұдан тез бұрып əкетті, əлі де жүздесіп үлгермеген адамдарым бар шығар дегендей қара-құраға толы кабинет ішін қайта сүзгілей бастады. Сосын бұл да өкшесін тықылдатып, төрдегі оқу ісінің меңгерушісі Моськоға жақындады. Ол Надежда Борисовнаның сəлеміне басын көтермеген күйі жауап берді. Екеуінің арасында аса көңілді емес дейтіндей күңкіл сөздер өрбіді. Əңгіме сабақ кестесінде осы Надежда Борисовнаға тиесілі сағаттардың орналасу реті жайында еді. Бұл – оқу ісінің меңгерушісі

мен мұғалімдер арасында ащы ішектей созыла беретін кикілжің. Надежда Борисовна үш айдай уақыт өткізіп, жұмысқа бүгін ғана шыққан адам. Соның өзінде де наразылығын білдірмей қала алмады. Ал анау да қырыс мінездінің өзі ғой: – Жолдас, Перепелка, биыл сабақ кестесін жасау қиынның қиынына айналғанын білесіз бе? – Григорий Павлович, менің фамилиям – Перепелкина. Ал перепелка деген даладағы жабайы құстың атауы. Оны маған неге жапсырасыз? Сіздің фамилияңыз  – Мосько. Егер оны мен мың құбылтсам қай қиырға апарып соғарымды сезінесіз бе? Оқу ісінің меңгерушісі басын столдан жұлып алып, шалқалай қарады. Көздері атызданып кетіпті. Онсыз да қошқылтым түсті мұрны мен жалпақ бетінде қызылала қан жүгіргендей түсі өзгеріп, тіпті оң жақ шекесіне қайырған қап-қара кекіліне дейін дүр ете қалғандай. Жуан мойнындағы күре тамыры да соншама зорая көзге ұрады. Бұл оқу ісі меңгерушісінің жаман қысылғандығының, əрі қорыққандығының белгісі еді. – Кешіріңіз, Надежда Борисовна, мен жаңа келген адаммын ғой. Осы үш айда мына жұмыстағы мұғалімдердің бəрінің атыжөндерін əлі толық біліп үлгергем жоқ. Шатастырып аламын. Ал өзіңіздің жүзіңізді бірінші рет көріп тұр емеспін бе? Бір қателікті кешіруге болатын шығар. – Бір қателікті кешірер едім, бірақ менің фамилиямды солай құбылтып сіздің құлағыңызға құйған адамдар бар сияқты. Осылай зікірледі де бойын тез түзеп, өзі жаңа ғана шүйіркелесе амандасқан адамдардың ішінен енді жау іздегендей қабағына мұз қатырып біразын шанышқылап өтті. Ерік терезе алдында оқтау жұтқандай тұр. Төбесінен əлдекім суық су құйғандай сілкінісі де бар. Бұл қалайда мектеп табалдырығын ұстаз ретінде аттады дегенмен əлі де шəкірттік сезімнен арылып үлгермеген жас қой. Жаңа Надежда Борисовнаны алғаш көргенде сол шəкірттік сезім бұрынғы қаз-қалпында қайта іш қойнауын құйындатып əкетті. Мына ұстаз мінезіндегі күрт өзгеріс ол шəкірттік сезімнің отына тіптен май құйды ма, əйтеуір, бұл тұла бойынан бір жайсыздықты сезінді. Иə, ғылыми əдебиетте жиі айтылатындай ұстаз бен шəкірт арасында бір аралық болады, қалыпты жағдайда оны ешқайсысы аттап кетпейді. Мысалы, ұстаз шəкірттер алдында үнемі бір қырынан көрінеді, ал өз отбасы, əріптестер сияқты сықпыты бөлек өзге де орталарда мүлдем басқа қырымен жарқ береді. Ерік те Надежда Борисовнаны бұған дейін бір ғана кейіпте қабылдап үйренген ғой, кенет оның ауыз тұшымас нəрсе үшін шарт кетуінен ыңғайсызданбасқа шарасы, кəне. Əрі бұл мұғалиманың əдебиетші екенін ескер, болашақ жазушы Ерік оның орыс классиктері

хақында тамылжыта сөйлеген сөздерін санасына қалай сіңіруші
еді? «Онегин скучает, Печорин страдает» деген сияқты үлкен əде-
биетті еңсеруде тұтқа боларлық тіркестері көкірегінде жатталған.
Мейлі, ондай аттылар Белинскийдің, не басқалардың қаламынан

тусын-ақ, бəрібір Надежда Борисовнаның аузымен жеткенде шоқ-
тай жарқырап жазу өнеріне деген ынтызарлықты қозғап оятушы
еді-ау!
Міне, сондай адам биіктен құлап, жердегі кəкір-шүкір қоқсық-

қа топ еткендей сезімтал Еріктің жанын ауыртты. Əрі Надежда
Борисовна өзі алғаш жүздескен, бұл ұжымға сонау алыстан ке-
ліп қосылған Мосько Григорий Павлович атты оқу ісінің меңге-
рушісімен əдептіліктен аттап, салған жерден омырауға ала кие

сөйлегенге ұқсады. Таныспай, біліспей жатып, тарпаң мінезге
басқандай. Бұл Перепелкина Надежда Борисовна тəрізді тəжі-
рибелі мұғалиманы мына əріптестері сыртынан аты- жөнін бұр-
малай «Перепелка» атап, мысқылдайтынына Ерік енді ғана көз

жеткізген. Сырттан келген Мосько сол басқалардың əуенімен ке-
тіп, абайсызда от басқандай. Сөйте тұра Ерік өз ұстазын тап осы
жолы іштей де ақтап ала алмады, жаңағы оқу ісінің меңгерушісі-
мен тым əдепсіздеу тілдесуін оның жіберіп алған бір қателігіне

балады.
Еріктің қуанышына орай сол күнгі алғашқы сабаққа шақырған
қоңырау тез шылдырлады да бəрін үдере көтеріп əкетті. Бұдан
əріде басқа сөзге қарамай қауырт келетін мектеп жұмысы мұға-

лімдерді біржола жұтқанға ұқсайды. Артық-ауыс кикілжіңге ешқай-
сысының мұршасы жоқ. Надежда Борисовна арада бір аптадай
өткізіп барып қана Ерікпен емін-еркін дидарласуға уақыт тапты:

– Байғұсым-ау, сен сонда осындағы орыс балаларына қа-

зақ тілінен сабақ беріп жүрсің бе? Өзі сабақ кестесіне кірмейді,
ауысым арасында ғана, не соңғы сабақтардың орнына өтеді.
Факультативті түрде. Яғни əркім өз еркімен ғана оқиды. Апыр-ау,
бұл сенің қолыңнан келетін шаруа ма? Сені қандай мұқтаждық

бұл жұмысқа желкелеп əкелді? – Осылай шыр-пыр болып, біраз
сусылдады да енді көздерін алайда Ерікке басқа бірдеме айтпақ-
тай тесіле қарады. Неге екені белгісіз сол алайған көздер сұлу
əйелдің көркіне нұқсан келтіргендей, əрі оның іштегі бір көптен

көмулі, енді сыртқа атылмақ теріс пиғылын табанда жалаңаштап
тастағандай жас неменің тіптен жанын ауыртты. Себебі, ұстаз
бен бір кездегі шəкірт көз түйістірген осы санаулы секундтерде
Ерік ұстаз əйелдің сол алғашқыда айтпаққа оқталып, іште іріккен

сөздерін де бет-жүзіндегі құбылыстардан оқып үлгеріп еді. Ол
«бұл заманда қазақ тілінің не емге қажеті бар еді» деген сұраулы
сөйлем. Мұны көлденең көк атты біреу емес, осынау жат ортада

өзінің жалғыз туыс, жалғыз жанашырындай жылы ұшыраған ке-
шегі ұстазының жүзінен тап басып тануы Еріктің мүлдем жігерін
құм етті. Бірақ бұл жолы Надежда Борисовна алғашқы пəрмені-
нен тез тайқып, көп ашылмады, мұның уақыты тар. Бұл беттесудің

бар нəтижесі сол – əнеукүнгі кешкілік мектептің үлкен залындағы
əдеби кеште Лариса Недушенко жатқа соққан Тургеневтің орыс
тілінің құдіреті хақындағы шымшықтың тұмсығындай қысқа тол-
ғамынан кейінгі мұның жан дүниесіндегі орнаған күйзелісті үрлеп

қайта тұтандырды. Осындай құдіреттер қасындағы қазақ тілінің
мүшкіл халі төңірегіндегі сарыуайымның тұңғиығына батып ұзақ
сарылды. Əлдебір сыз босағада жатып кеудесі мұздағандай күй
кешті. Айнала кеңістік, туған жердің тау-тасы жатбауыр тартып,

өгейсіткенге ұқсады.
Ол аздай тап осы күндерде Ерік үшін тағы бір ащы шындықтың
беті ашылды. Бұл өзі оқытатын 10-15 баладан тұратын топтарда-
ғы оқушылардың қазақ тілі сабағына неғұрлым толық қатысуын

қамтамасыз ету үшін ара-тұра сол балалар оқитын сынып жетек-
шілерінен көмек сұрауға мəжбүр еді. Жақында ғана математик
Борис Устиновичке ол жетекшілік ететін 7 «в» сыныбындағы топ-
тан екі баланың үнемі қазақ тілі сабағынан қашып жүретініне ша-

ғымданған еді. Борис Устинович қабағын кіжірейтіңкіреп, Еріктің
өтінішін үнсіз тыңдады да үнсіз басын изеген. Ерік онысынан біраз
тоғайғандай-ақ болған. Содан екі аптадай өткенде Ерік мектепке
қарай жан ұшырып келе жатты.

Бұл орта мектепке қарасты бастауыш сыныптардың біразы бұ-
дан екі кварталдай төмендегі басқа үйде еді. Сонда сабағын өт-
кізгесін мұндағы сабаққа үлгеру үшін жүрісін тездеткені. Мұндағы
балалар əзір сабақта, ұзыннан-ұзақ созылған дəліз боп-бос, тек

есік аузында швейцар əйел ғана мүлгіп отыр. Ерік сыртқы есік-
ті ашып, тез табалдырық аттағанда осындай көріністің үстінен
шықты. Тек дəлізбен жүріп барып, оңға қарай əкететін екінші бө-
лікке жақындағанда сондағы мұғалімдер бөлмесінен бір жайсыз

дауыстар құлағына жетті. Сірə, мұғалімдер бөлмесінің есігі ашық
қалса керек, сабақ уақыты ғой, ақырын сөйлейік дейтін емес, Ерік
жақындағанда еркек-əйелі аралас бес-алтауы бір дау-дамайға кі-
ріскендей тіптен шаң-шұң етісті. Тіпті жақындап қалғанда Еріктің

анық құлағына жеткені «волосатая рука», «камень на шее» сияқ-
ты тіркестер еді. Бұл тіркестердің мəн-мағынасын Ерік жақсы бі-
летін. Бұл ашық есікке енді тұмсық тығарда түрегеп тұрған мате-
матик Борис Устиновичтің арқасын көрді. Ол оң алақанымен өз

желкесін қаққылап:

– Вы правильно рассуждаете, Михаил Ефимович, да, в дейст-

вительности это камень на шее!  – деді. Борис Устиновичтің

аржағында бұған қарама-қарсы қарап, Нина Николаевна тұр еді. Ол дəлізден Ерікті көргенде аппақ жүзін дір еткізіп, қабағын сілкіп белгі бергендей болып еді. Борис Устинович арт жағына жалт қарап, сап тыйылды. Жалғыз бұл емес, бөлмедегі бəрі де солай. Тек бұл дау-дамайға араласпағандай көрінген неміс тілінің екі маманы Лотте Романовна мен Отто Филипповичтің жүздерінде күлімсірегенге ұқсас бір бөлек нышандар ерсілі-қарсылы жортып жүрді. Лотте Романовнанікі тіпті айқын, «сабазым, дəл үстінен түстің» дегенді құлағына сыбырлап тұрғандай. Адамның сезгірлігі оның соры да ғой. Еріктің жүрегін əлдене шым еткізді. Бұлардың дау-дамайы осы мектепте факультативті түрде болса да өтіп жүрген қазақ тілі пəні туралы екенін бұл жазбай таныды. Тіпті танымасқа шарасы кəне, жаңа ғана зіркілдей сөйлеген Борис Устинович ту сыртынан бастырмалатып кеп қалған Ерікке жалт бұрылғанда ұрлық үстінде ұсталғандай түсі бұзылып кетті. Селдір де жіңішке бурыл түсті қастарын əлдекім талдап жұлғандай сілкілеп-сілкілеп, əрең қалпына келтірді. Күн көрінетіндей жұқа қыр мұрны да ашаң да ақ сарғыш жүзінде арыбері тайғанақтағандай бір берекесіздікке ұшырады. Тек əскери адамша тік ұстайтын сыптай денесінде ғана қайрат мол екен, сол ғана былқ етпеді. Борис Устинович енді екі бетінің шұқырына күлкі ұялатты. Сондай күлкі көздерінде де бар, Еріктің жұмысқа жаңа киіммен келгенін көрген адамдай-ақ əлдебір қамқорлық, сүйіспеншілік ишарасымен оның бас-аяғын тегіс шолып шықты. Басқалар да солай. Тек бəрі үн-түнсіз. Ерік енді көзімен дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Михаил Ефимовичті іздеді. Жаңа ғана бұл табалдырыққа сүрініп жығылардай осы бөлмеге енерде Борис Устинович екіленіп, соның бір сөзін қоштап, ныспысын атап еді ғой. Ол ортадағы ұзын столдың бір пұшпағында қас пен көздің арасында алдындағы бір газетке аңсары ауғандай көздерін төмен түсіре қойыпты. Əйнекше шытынаған əжім іздері бар жалпақ жүзі бұл төмен қарағанда тіптен далиып кетеді екен. Еріктің өткір көздері оның сол далиған, салбыраған жүзінен ұят қысып, бет моншағы үзілген жанның нышанын аңғарды. Енді қайтсін?! «Иə, бұлар үшін қазақ тілі мойынға байланған таспен бірдей екен ғой» деген сөздерді Ерік осыдан бірнеше күн бойы іштей қайталады. Ал «волосатая рука» атағандары кім? Сірə, халқының тоқсан тоғыз пайызы орыстардан тұратын осы өндірістік қаладағы мектептерде қазақ тілін факультативті түрде болса да енгізуге күш салған жоғарыдағы біреу. Еріктің пайымдауынша ол сорлы да бұл шешімді оңайлықпен іске асыртпаған. Осындай біренсаран энтузиасттердің жансебілдігімен ғана Ерік өзінің теңіз бетінде адасқан жаңқаға ұқсап жүргенін пайымдады. Ерік еңбекке

жаңа араласқанмен де осы жағына ой жүгіртуге жарады. Əйтсе де Надежда Борисовнаның өз шəкіртінің мына тірлігі үшін жаны ашып шыр-пыр болуы мен мына соңғы көрініс Еріктің біраз ұнжырғасын түсірді. Осыдан кейінгі бірер аптада Борис Устинович пен Михаил Ефимович Ерікпен тұп-тура көз түйстіруден жалтарып жүрді. Оларға тарихшы Денис Антонович қол ұшын бергенсіді. Əнеукүні Ерік үстінен түскен мұғалімдердің дау-дамайы, əрі Борис Устиновичтің тісін шақыр-шұқыр еткізіп аузынан шығарған сөздері тұсында сол мұғалімдер бөлмесінде осы Денис Антоновичтің де төбесі қылтиған. Тағы бір осындай сабақ орны боста Денис Антонович өзінің тарих жөніндегі білгірлігіне басып, арғы-бергіні қозғап берді. Əншейінде мінезі қырыстау, əйелдерше ұрысқақтығы да бар Денис Антоновичтің ондай жыры кезінде тұс-тұстан іліп-қақпайлар да шаң беретін. Ал мына жолы бəрі уəделескендей-ақ ауыздарына су толтырғандай жым-жырт болысты. Денис Антонович үшін бұл үлкен кеңістік еді. Үлкен аудиторияда арнайы лекция оқығандай құлашты кеңге салды. Этнология, ұлтаралық қатынас сияқтыларды бір-бір сүйкеп өтіп, жағалата тіл мəселесіне келіп тірелді. Бөлмеде ары-бері ойқастай аузы көбіктеніп, құйқылжып, оның ең бір тұздықты жерін əдеттегідей терезе алдында шынтағын табанша тақтайға сүйеп, жалғыз состиған Ерікке жақындай ежіктеді. Алыстан даңғырасам жас жігіт мəн бермей, не естімей қала ма дегендей-ақ тіпті əдейілеп бұрылып, құлағына аузын тақап құйып жатыр: – Марксизм-ленинизм теориясы бойынша түптің түбінде жер бетінде бір ғана тіл үстемдік құрады, яғни бір ғана тіл қалады! Ол орыс тілі ме, жоқ, ағылшын, қытай, үнді, испан, неміс, француз тілдерінің бірі ме, əзірге белгісіз, əйтеуір біреуі ғана қалады. Ерік оған тағы бір жау тапқандай қарады. Бұған дейін математик Борис Устинович пен дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимовичті көргенде бір бүйірінен ызғар ескендей бойы мұздаушы еді, ал мынанікі одан он есе асып түсті. Ол заманның ең ауыр күрзісі маркстік-лениндік теория, міне, сол теориямен ол басқа соққандай əсерде қалды. Кəне, оған қарсы ауыз ашып көр! Егер Ерік осы тұрыста тарихшы мұғалімнің сол білігіне қарсы титімдей бір наразылық білдірсінші, ол өзі де тарихшы директор Алексей Никитыч Кузьминнің құлағына жетіп, онсыз да жұмысынан анаумынау шикілік байқалған Ерікті табанда тықсырар еді, немесе өзі мектептің шатырына шығып, содан құлап өлер еді. Ерік алғашқы сəтте тарихшы мұғалімге жау тапқандай жалт еткенмен соңынан өзі де жаман құлдырады. Денис Антонович осы түрін байқады ма, табаны тайғанақтағандай жас жігіттен тез ұзап,

сөзінің соңын анық тіл мəселесіне қатысы жоқ өзге шұбыртпамен алмастырды. «Иə, бұлар маған, жоқ, маған емес, қазақ тіліне қарсы анық шабуылға шықты» деп түйді Ерік. Мұның бəрі жас ұстазға үлкен ауырлық əкелді. Бірақ қалайда тірі адам тіршілігін жасайды ғой, Ерік мектептегі жұмысын жалғастыра берді. Тек түнге қарай ұйқыға жатқанда ауыр ойларға, уайымқайғыға батып, дөңбекшитінді шығарды. Көрген-білгенінің бəрін қайта салмақтауға ұйқыға арналған уақыттың біразын шығын ететін еді. Сондағы тірелетін бір тас қабырғасы мынау: «Менің ата-бабамның қонысында бой көтерген мына Текелі қаласындағы № 6-орыс мектебінің ұжымы қазақ тілі пəнінің жап-жас мұғалімін ұлы көште арбаға соғылған иесіз иттей көреді». Бұл сөйлемді қойын кітапшасына де жазып қойды. * * * Ерік Тінəлиев тағыбірдеосылаймұғалімдер бөлмесіне ентелей кіргенде өңкей əйел заттылардың отырғанын көрді. Ортадағы стол айналасында директордың зайыбы математик Кузьмина Ирина Васильевна, Надежда Борисовна қатар жайғасыпты да оларға қарама-қарсы Нина Николаевна аппақ маңдай терісін керіп, қарсыдағы екеудің əңгімесіне мұқият құлақ қойғандай қалыпта. Тағы үш-төрт жас мұғалима бұларды ту сырттан қоршай қоғадай жапырылып тұр екен. Ирина Васильевна мен Надежда Борисовна күбірлеп болса да бір-бірімен жарыса сөйлеуде еді. Тек Ерік табалдырық аттағанда сап тыйылысты. Бір-бірлеріне ішкі сырларын ақтарысқан əйелдер қауымының ортасына топ етуінен Ерік біртүрлі ыңғайсызданып, қайта шығып кетудің амалын таппай, қол-аяғы жіпсіз байланғандай терезе алдындағы үйреншікті өз орнына барып серейді. Байқаса, Кузьмина көзінің жасын сүртіп отыр екен. Ал Надежда Борисовна жылағаннан де əрмен, қабағы түйіліп, басын төмен салып, ауыр мұңмен шөккен. Тіпті кешегі өз шəкіртінің мұнда кіргенін де жақтырмағандай бұған желкесін беріп, мойнын салбыратып, өз басындағы қайғы-қасіреттің əлегімен əуре екенін анық аңғартады. Ерік іштей ауыр тыныс алды. Бұған бір қиыны мұндағы ұжым мүшелері мұны баласына ма, ешқайсысы жүрекжарды сырын ашпайды. Мына жолы да солай. Өз ұстазына жаны аши қарап, кеудесін кемірген қандай мұң-нала бар деп, қанша ынта-ықыласы оянғанмен олай деп, көп-көзінше де, оңашада да сұрай алмайды. Ирина Васильевнаның көзіндегі жас пен Надежда Борисовнаның жүзіндегі ауыр мұң бұл екеуінің жұмысқа үш ай кеш шығуларының

себебіне тікелей байланысты екеніне еш күмəні жоқ. Еріктің мұның мəн-жайын білсем деген ынтасын осы көрініс одан əрмен қыздырды. Көп ұзамай осындай біраз мұғалім үшін тағы бір сабақ орны боста Ирина Васильевна мен Надежда Борисовна жарыса сөйлеп, өз сырларын шет-пұшпақтап ашыңқырады. Мұнда ер адамдардан да үш-төртеу бар еді. Ирина Васильевна: – Бұл дəрігерлер институтта не оқиды деп таңырқаймын. Ауруды онда-мұнда сілтегенде əртүрлі сала мамандарының пікірлерін жинақтау үшін емес, өздері түк білмегесін сол басқалардың аузына алақтап, бір ілік іздейді, шамасы, əйтеуір, өз бастары үшін жауапкершіліктен қашқалақтап, қандайда да сүттен ақ, судан таза шығудың амалын қарастырады. Себебі, бірінің екіншісіне сілтеуі таусылмайды. Алдымен осы Текеліде, сосын Талдықорғанда Вовигімді екі қолыма көлденең салып, қаншасының табалдырығын аттадым. Ауру баланы емес, өтімсіз дүниені көргендей өңкей бір қабағы тырысқан, кейпі келіспеген дəрігерсымақтар. Ашып та сөйлемейді, жауып та сөйлемейді, тек сырғыма сөзбен шығарып салады, – деп барып, ат басын əрең тежеді. Сөйтіп, Ерік бұл математика пəнінің маманы, директордың зайыбы Ирина Васильевнаның кішкентай баласы ауру екенін осы жолы ғана ұқты. Бөлмедегі мұғалімдер оның жарымжан көңіліне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да септескені ме, əйтеуір өздері емделген өзге дəрігерлердің де білімсіздігі, ебедейсіздігі хақында үзіп-жұлқып, біраз жайды қопсытты. Надежда Борисовна ғана басын төмен салған күйі едəуір уақыт аузынан леп шығармады. Жұрттың дабыр-дұбыры сəл саябырсығанда ғана кенет ішінде қатты ашыған сырасы бар бөшкенің тығыны атылғандай бұл да атқақтай жөнелді: – Біздің мейірбанды Ирина Васильевна бұл дəрігерлер институтта не оқиды деп таңырқайды. Мен сіздерге айтайын олардың не оқитынын. «Балық басынан шіриді» деген халық даналығы текке сақталмаған. Жалпы бізде ғылым жүйесі дұрыс құрылған деу қиын. Мысалы, бір жетекші ғалымның қоластында бірнеше қызметкер, аспиранттар жұмыс істейді. Олардың ішінде жас сұлу қыздар, келіншектер жетекшінің нақсүйеріне айналады. Тіпті күндіз оның көңлін көтеріп, кешкісін үйіне барып, еденін жуатындар да бар. Ал қалғандары – жігіттер, олар шын мəнінде қабілеттілер болуы да мүмкін, міне, солар аш-жалаңаш жүріп, зертханалық жұмыстарды жүргізеді, сөйтіп, жетекшінің диссертациясын жазады. Егер жіті үңілсең олардың өзі үшін де, əлгі сұлу нақсүйерлер үшін де, жетекші үшін де жұмыс істейтінін көресің. Алатын жалақылары қайыршыға тастайтын садақаның о жақ, бұ жағында. Ал

осындай жансебілдердің институтқа барып лекция оқуға қолдары тие ме? Əрине, тимейді. Олардың орнына əлгі нақсүйерлер жүреді. Олар жоғары оқу орындарында лекция оқығандарына мəз. Төбелері көкке тигендей бақытты жүздерін көрсең олардың! Тек көз алдау үшін оқта-текте қабілетті жігіттердің бірен-саранын ғана жіберіп тұрады. Міне, көпшілігі сондай сұлу нақсүйерлерден дəріс алған студенттерде не білім болсын?! Бұған қарама-қарсы жайғасқан Нина Николаевна ойда жоқта өзінде жоқ мінез тапқандай қып-қызыл шиқандай еріндері дүрдиіп, қалыптан шығып бара жатты. Əсте қылау жуытпас аппақ өңінде де бір қозғалыс байқалып, табиғи көркіне нұқсан келтірерлік бір жаман ынта-ықылас оянғаны анық. Сығырайған көздері де Надежда Борисовнаға тесіле қарап, күлімсіреген сиқын бұзбағанмен де сайқымазақтана ойнақшып, əлдебір ашылған сыр магнитше тартып əкеткендей Нина Николаевнаның өз ішкі дүниесіндегі ырғаққа бағынбай өз əуенімен төңкерілді, шамасы. Кенет ол бетжүзіндегі тосын құбылысты күшпен жеңіп, терезе жақта, Ерікпен қатарлас қақшиған тарихшы Денис Антоновичке қарады. Бұл да сондай қарасқа дайын екен. Енді екі көз түйісті. Тек бұл да ұзаққа созылмады. Денис Антонович еркектік қайратқа басып, өз көздеріндегі ұстамдылықпен Нина Николаевнаны да сондай ұстамдылыққа шақырды. Надежда Борисовна тарапынан ашылған сыр бұған да қаз-қалпында жеткен. Тек «кəне, Нина Николаевна, онсыз да табаны тозып, маңдайы тасқа тиіп қайтқан адамды одан əрмен жерлемейік» деп, сабырлылық аулына бағыт нұсқағандай. Міне, осы көріністердің бəрі Еріктің көкірек сүйегіне ойылып жазылғандай мəңгілік есінде қалды. Ал осы шақта ол əрі ауыр қиналысты бастан кешірді. Өз басындағы проблемалары зіл батпан бола тұра өз ұстазы Надежда Борисовнаның тағдырында үлкен жарықшақ барын пайымдады. Алматыдағы ғылым адамдарының кескін-кейпін пышақпен аршығандай жаңағы сөздері, Нина Николаевнаның оны естігендегі түрінің соншама бұлаңқұйрыққа басуы, тарихшы Денис Антоновичпен көз түйістіруі, екеуінің үнсіз ұғынысуы Еріктің саңылауы мол басына көп жайды шөміштеп тұрып құйғандай. Бұл енді ғана осыдан екі жыл бұрын Надежда Борисовнаның ғылым жолын қуып, астанаға кеткенін, сол үшін күйеуімен шарпысып, соңынан татуласып, ол күйеуінің де солай қарай тартып отырғаны туралы алып-қашпа өсекті қайта санасында жаңғыртты. Бір анығы сол – Надежда Борисовнаның мына түрі ғылым жолында бағы жанғанға мүлдем ұқсамайды. Тіпті ол Алматыда көп болмаған да сыңайлы. Отбасының қабырғасы қаусап, қайта бүтінделіп, Алматыға барғанмен де еш барқадар таппағаны анық. Ол барған бетте əлдебір сенген адамдары тонын

айналдырып кигендей мұны қақ маңдайдан таспен ұрып, есіктерін тарс жапқаннан сау ма? Себебі, бұл сүйікті, əдебиетші ұстаздың мына Текелі қаласындағы № 6-мектепте бірінші жыл жұмыс істеуі емес екені де айқындалды ғой. Солай-ақ болсын, əңгіме басқада. Еріктің көкірек сүйегін ауыртқан сұрақ мынау: жарайды, Надежда Борисовна Алматыда жолы болмай кері қайтсын-ақ, бірақ одан беріде де едəуір уақыт өтті ғой, неге бұл кісінің соншама көңлі пəс, əлде Алматыдағы сəтсіздіктің жан жаралайтын жалғасы бар ма? Нина Николаевна сияқты өз өміріне дəн риза, сұлу əріптестері табалайтындай бұл кісі соншама не бүлдіріп қайтты? Тағы бір кеңірдекке кептелген сұрақ – бұл неге жұмысқа үш ай кешігіп шықты? Математик Ирина Васильевнанікі түсінікті, оның кішкентай баласы ауру екен, ал мынаған не жорық? Əлде мұның онысы мен мұнысының арасында жібі үзілмеген, тіпті шынжырдай керілген бір байланыс бар ма? Осы сияқты сұраққа тірелгенде Ерік шынында да өз басы əлде бір науқасқа ұшырағандай қиналады. Иə, болашақ жазушы Ерік Тінəлиевтің əдебиет əлемінің көп құпиясына өзінің көзін ашқан осы ұстазына деген құрметінің ерекше екендігіне бұл да бір мысал еді. Бұның сəл алдында Еріктің тағы бір аңғарғаны Ирина Васильевна мен Надежда Борисовна ұжымға қосылғаннан кейінақ Нина Николаевна үшеуі топ құрып, осындағы əйел біткеннің көсемдеріне айналғандай. Үшеуі де көрікті, сүйектері сұлу, өз істеріне шебер, бастықтарға ірі сөйлеуден де қаймықпайды, кіріпшыққанда биік өкшелерінің еденді тырс-тырс еткізуі де бөлек, кімкімнің де көзін тартатын өзге де қасиеттері жетерлік. Отбасылық жағдайлары да толыққанды. Егер үшеуі жұрттың көз алдында оңашаланып, əйелдік күбір-сыбырға берілсе, əсіресе, жас мұғалималар оларға қызғанышпен қарап тұрар еді. Олардың сыртында, жас деуге келмейтін, бірақ бұл үшеуіне аямай көзінің сұғын қадайтын тағы біреу бар. Ол – дүңген əйелі, ағылшын тілінің маманы Адалят Сализовна. Жаңағы Ирина Васильевна мен Надежда Борисовнаның зар төккен əңгімелерін олардың ту сыртынан мұқият тыңдағандардың бірі де сол. Бірақ өзгелер сияқты емес. Егер өзгелер ол екеуіне аяушылық білдірсе Адалят Сализовна олардың осы зар күйіне қызғанышпен қарап, көздері көмірдей қарауытып кетіпті. «Осылардың бастарындағы проблемаларды құдай маған неге бермеген» деген ыза мен налаға толы сөздер адырайған, құс тұмсықты бет-əлпетінде соқырға таяқ ұстатқандай айқын жазылған. Тіпті ол үш əйелге шап беріп тиісуге де бар, тек оған бір құйтымдай да ілгектің жоқтығы мысын құртып, екі иығын күшпен қиқаң-қиқаң еткізетіндей. Ақыры ол ілгек табылды. Адалят Сализовна шорт кескен қара

шашты басын бірер шайқап, бəйге атындай мойнын созғылап, денесін де ары-бері қозғап, тілге келді: – Надежда Борисовна, сіз ғылым адамдарының моральдық жағынан азғындағанына қапаланасыз. Мəселе соларда ма? Қазірде баршаның рухы түсіңкі екеніне неге назар аудармайсыз? Хрущевтің қалпағы көкте бұлғаңдайды, ал дүкенде ақ нан жоқ! – деп салды. Ол кезде ақ нан шынында қат еді. Үйінде ауру адамы бар, немесе, бала-шағасы көп жандар ғана арнайы дəрігерлік анықтама алып, дүкеннен сол бойынша ғана ақ нан сатып алушы еді. Жақында бір жас мұғалима шешесінің асқазаны ауру болғасын сондай анықтама үшін жүгіремін деп, жұмысқа кешігіп, директордан қатаң сөгіс естіген. Бұл жай мұғалімдер арасында біраз күңкіл сөз тудырған. Адалят Сализовна соны еске салып тұр. Мұның соңғы сөзі тұсында мұғалімдер бөлмесіне директор Кузьмин Алексей Никитыч кіріп келді. Бірақ ағылшын тілінің маманы ұзаққа шабуға оңтайланған екен, ет қызуымен тоқтай алмады: – Биылғы жыл адамның тұңғыш рет космосқа ұшқан жылы. Партия съезінде жеті жылда коммунизм орнайды деп жарияланған жыл. Оның есесіне Сталиннің басына қара бояу бөшке-бөшкесімен төңкеріліп, құйылып жатқан жыл. Осының бəрін көріп-біліп отырған мына мен, қарапайым мұғалім, кейде үйімде отырып, шай емес, у ішкендей боламын. Ал бізден гөрі зерделі ғылым адамдары қайтті екен? Олар қасиет тұтқан ғылым жетістіктері аяққа басылғанда қалай жүрегі жараланбайды? Коммунизмді жеті жылда емес, жетпіс жылда орнатсақ да жарар еді? Кеңес ғылымы барынша салтанат құрды деп, Гагариннің əдемі болмысынан бет перде жасағылары келеді. Ал шын ғылым ойыншыққа айналды. Коммунизмнің қай жылы орнайтынын саясатшылар емес, ғылым айтуы керек қой, Сталиннің еңбегіне де ғылым адамдарының баға беруі абзал. Ал бізде бəрі керісінше, сосын да ең бір қабілетті ғылым адамдарының өзегі өртеніп, азғындық жолға бастамауына не жорық? Қараңыз, осында тарихшылар барсыздар, Ресейдің бүкіл тарихында мұнда ең қуатты мемлекет осы Сталиннің тұсында құрылды ғой. Кəне, осы сөзімді жоққа шығарыңыздаршы! Мен сияқты дүңген, немесе, қазақ, өзбек, украин, белорус, грузин сияқтыларды білмеймін, ал орыс халқы ең алдымен осы Сталинге қарыздар! Адалят Сализовна əлі де көсілетін еді, директор Кузьмин тамағын кенеп, тықыршып, бəтіңкесімен еденді оярдай қимылдар жасады. Сосын шығып кетті. Бөлмедегі мұғалімдер сілтідей тынысты. Көп ұзамай қоңырау шырылдап, балалар да, сабақтағы мұғалімдер де үзіліске шықты. Үзілістен кейінгі сабаққа мына

отырғандардың бəрі де көтерілді. Ал келесі үзіліске шыққанда мұғалімдер бөлмесіндегі арнайы тақтада бүгін кешке, екінші ауысымдағы оқу аяқталғасын, сағат жетіде жиналыс болатыны туралы хабарландыру ілінгенін көрісті. Күн тəртібінде бір ғана мəселе. Ол – тəртіп мəселесі. Астына директордың қолы қойылған. Қаламұшты қағазға батыра долдана қойғаны көрініп тұр. Жиналысқа Ерік сəл ертерек келді. Мұндай бас қосулар қарсаңында мұғалімдер амалсыз иіріліп қалады да араларында əртүрлі сөз, əңгімелер өрбиді. Қала өміріндегі жаңалықтар да ортаға салынады. Ерік сондайларға құлақ тосуға құмар. Тек бүгінгі жиналыс қарсаңында мұғалімдердің бəрі де ауыздарына су толтырғандай тоң-торыс екен. «Бұл неліктен, сірə, бұлардың бір білетіні бар» деп, іштей өзіне-өзі күбірлеген Ерік баршасының жүздерінен əрқилы жазу белгілерін іздеп, əуреленді. Бірақ сыр алдыратын ешқайсысы жоқ. Кенет мұғалімдер бөлмесінің бір бұрышында əдеттегіден тыс жалғыз шоқиған Адалят Сализовнаға көзі түсті. Ол бетін басып, тым бұғыңқы отыр. Бұрынғы мінезімен сыйыспайтындай бір қылығы, сірə. Сол маңда Ерік ары-бері ойқастағасын ғана ағылшын тілі маманының көздері қызарып кеткенін көрді. Жақында ғана жылап алғаны ап-айқын. Жалғызілік əйелдің бұл сиқына Ерік жаны аши қарады. Жиналыс басталуға əлі де он бес минуттей бар. Еріктің төзімі жетер емес. Түр-түсінде одағай құбылыстар байқалмайтын, қашан да мейірбанды, үнемі күлімсіреп жүретін Лотте Романовнаға жақындап келді де басқаларға естіртпей ақырын ғана: – Ана Адалят Сализовна бірдемеден қамығып жылаған ба, түрі жаман ғой?! – деп сұрады. Сөйтсе ол дүңген əйелді манағы сөзі үшін директор түстен кейін кабинетіне шақырып, жерден алып, жерге салып ұрысқан екен. – Ұрысқанның көкесі қазір жиналыс үстінде болар! Содан қауіптенемін, – деп, сөзін қорытты Лотте Романовна. Неміс тілінің маманы, кəртамыс мұғалиманың айтқаны айдай келді. Жиналыс басталған бетте-ақ Алексей Никитыч ой төрт қабырғаны солқылдата айғайға бассын! Сөзінің кіріспе бөлігі біз партия саясатына терең үңілмейміз, күнді алақанмен көлегейлеуге болмайтыны сияқты көзден жасыру мүмкін емес жетістіктерді көрмейміз, біздің адам тұңғыш рет ғарышқа ұшқанда капиталистік алпауыттардың инсульт ауруына ұшырай жаздағанын естімейміз, социалистік жүйенің Шығыс Еуропада қарышты қадам жасағанынан бейхабармыз, партияның соңғы съезінде кеңес азаматтарының ең таңдаулыларынан іріктелген ең таңдаулылардың бірауыздан нені мақұлдағанын ұмытамыз, біз көрсоқыр, таскереңбіз, сондай сиқымызбен мектепте болашақ коммунизм адамдарын

тəрбиелеуге моральдық құқықтан айрылғанымызды ескермейміз
деп, баршасын бір үйіріп соқты да осы атағандарының əрқай-
сысын бөлек-бөлек жіліктеуге көшті. Сол кездегі саяси газеттер-
дің алғашқы беттерін шұбарлаған жəйттер директордың тілімен

қамшыдай қайта өріліп, бояу- нақыштармен əспеттеліп, құлақ-
тарға құйылып жатты. Тіпті мұндағы тыңдаушылар сол Алексей
Никитычтің өзі дəрежелес, тіпті кейбірі оның өзінен де жоғары
білімді, сартісті, аққаптал ұстаздар емес, күні бойы ебіл-себілі

шығып қара жұмыс істейтін, газет-журналға көз қиығын тастауға
да мұршасы жоқ жұмысшы- шаруалар отырғандай-ақ ол барған
сайын екіленді. Күнделікті ақпараттарға қанықтығы өз алдына,
мамандығының тарихшы екендігі, əрі осындағы ұжымның саяси

сауаты үшін жауаптылығы да мұның өстіп тілдің майын тамы-
зуына ықпал еткендей. Еріктің есіне əлденеден Абайдың «өзім
де басқа шауып төске өрледім, қазаққа қара сөзге дес берме-
дім» – деген жолдары түсті. Қалай түспесін, директордың мына

төкпесінен оның тіп-тік болмысы, тікірейген қысқа сұрғылт шашы,
құлағын жымитқан жолбарыстай бет-əлпеті, күлгін сия түстес көз-
дері тіпті сұрапыл көріністі құрайтындай. Оның уəждерінен бұл да
хабардар, сонда да өмірі естіп-білмеген құпияның қақпағы ашыл-

ғандай жас жігіттің тұла бойынан діріл жүгірді. Міне, шешендік
өнердің құдіреті!
Ерік бірауық өзін-өзі қолға алып, бөгде жəйттарға да көңіл
бөлуге күш тапқандай. Ең алғаш ескергені осының бəріне кінəлі

Адалят Сализовна не күйде екен деп, көп ішінен сол дүңген əйе-
лін іздестірді. Жиналыс мұғалімдер кабинетіне тақау үлкен бір сы-
нып бөлмесінде өтіп жатқан. Адалят Сализовна арт жақтағы бір
бұрышта өзі құралпылас жасамыс əйелдердің қоршауында жұрт-

қа қарарға беті жоқтай қос алақанымен көлегейленіп алыпты. Əлі
жылауы да басылмағансекілді, қасындағы əйелдер оны кезек-ке-
зек жұбататынға ұқсайды. Олардан беріректе етженді кеудесі пар-
таға əрең сыйған дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимовичтің

түр-ұсқыны көзін тартты. Əжімді жүзінде көңілді күлкі үйірілген-
дей көрінгенімен де біртүрлі дөңқабақтанған түрі де байқалады.
Əлде бір жайдан масайрап, екінші бір жайдың жетесіне жете ал-
май таңырқағаны ма? Қасындағы Денис Антоновичке əлсін- əл-

сін жалтақтап, соның аузынан бір жартымды жауап күтетіндей.
Қалайда Михаил Ефимович өз аузына берік. Тек іштей «балықшы
балықшыны алыстан таниды» дейтіндей. Мұның ойынша, Денис
Антонович те тарихшы, əрі бұл да мектеп басқарып көрген, əрі

осындағы кəсіподақ ұйымының жетекшісі, демек директордың
мына қатты кетісінің мəнін бір білсе осы біледі, шамасы.
Айтпақшы, осы айларда Денис Антоновичке де қатысты бөгде

бір жайлар бар еді. Текелі қаласының осы «Станция» аталатын бөлігінде тағы бір үлкен орта мектеп салынып жатқан. Ол «екпінді құрылыс алаңы» аталып, оның алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілетіні хақында қалалық газетте екі-үш мəрте жазылған да. Мұндағы халық саны күннен-күнге артып, бала дегенің мына № 6 мектептің аузы-мұрнынан шығып жатқан жағдайда жаңа мектептің керектігі баршаға аян. Тек сол мектептің құрылысынан гөрі оны кім басқарады деген сұрақ төңірегіндегі гу-гу əңгіме басым түсетіндей көрінетін. Міне, сол гу-гуге жаңа бағыт-бағдар берілгендей еді. Ол жаңа мектепке осы отырған Денис Антонович директорлыққа тағайындалады деген айқын сыбыс тараған. Ол аздай, жоқ, ол жаңа мектепке қалалық халық ағарту бөлімінің бастығы Рыжовтың өзі барады екен де, Денис Антонович соның орнына жоғарылатылады, шамасы, дегенді дүңк еткізгендер де табылды. Ерік үстерінен тау құласа да былқ етпес осы екі мықты мұғалімге көз тіккенде осы жайды да еске алып үлгерді. Еріктің пайымдауынша, ол сөздің жаны бар тəрізді. Дене шынықтыру пəнінің маманы өзіне жалтақтағанда оны өзіне тиесілі сыбағадай көрген пішіні бар Денис Антонович екі бетін одан əрмен жалпайтып төмен тұқырған күйі былқ етпеді. Сабақ орны боста газет оқудан бас алмайтын қалпына Еріктің көзі үйренгесін бе, қазір де оның осы түрінен оқшау ештеме көрмегенге ұқсап еді. Бақса, басқа екен. Алдында жаюлы газеті жоқ, сөйлеп тұрған директорға көзін де көтермейді. Тырсиған бетіне ызғар жиып, құлағына жеткен сөздердің бір де бірін шашау шығармай əрқайсысын бөлек-бөлек есепшотқа салып, ұстаз дəрісін тыңдаған зерек балаша көкірегіне тоқып отырған сыңайы бірден бетке ұрды. Жалпы дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимович пен тарихшы Денис Антоновичтің кеуде, иық бітімдері ұқсастау еді, тіпті мына бір партаға сыйып отырған түрлеріне қарасаң егізектерді де еске түсірердей, тек олардың хал-жағдайына қанық мына Ерік сияқтыларға ғана олардың арасында жер мен көктей айырма барлығы айқындалар еді. Дене шынықтыру пəнінің маманына бар керегі он сегіз сағаттық жүктемеге бес, не он сағатты қосып берсе жеткілікті, ешбір бастықтан одан зорғыны өтінбейді де, ал тарих маманы мұның қасында азуын айға білеген адам. Көрдің бе, ел аузындағы алыпқашпа сыпсың мұны қалалық ағарту бөлімі бастығының өзімен бақталастырып қойыпты. Оның қасында мына жай директор дегенің не? Міне, соның бəрін сезе жүріп, бұл іштей қоң жиятындай. Қазіргі сызданып отырысын, Михаил Ефимовичтің өзіне жалтақтауын пəруəйіне де ілмеуін Ерік іштей осылай бағамдады. Бір заманда директордың сөзі таусылды. Сынып бөлмесінде

ұшқан шыбынның ызыңы білінетіндей тыныштық. Сірə, директордың мына сілтесіне қандай «реакция» болады деген сұрақ бəрінің тіл-жағын қарыстырып, құрсаулап тастаған. Жасаңдау мұғалімдер бастарын төмен салып, ал жасамыстары көз жанарларын ғана қозғап, бір-бірінен сыр тартпақ пейілдері ұшқындайды. Сірə, олар өзара тілсіз ұғынысып үйренген жандар. Тыныштықты кенет Адалят Сализовна бұзды: – Алексей Никитыч! – деген даусы ауаны қақ айырып, бəріне оқыс тұстан пышақ сұққандай əсер етті. Бəрі де оған жалт қарасқан. Ерік те солай. Жаңа ғана бетін қос алақанымен көлегейлеген оны жылап отырғанға сайған, сөйтсе ондай ештемесі жоқ, көзінің айналасы мүлдем құрғақ, тек аздап қызарыңқы тартқан. Сірə, мұның аузынан баршасы «еруліге қарулы» дейтіндей адуын сөздер күткен. Бөлмедегі тыныштық орнынан көтерілген дүңген əйелінің өзіне де əлде бір үлкен тəуекелге бас тіккен жанның əрекетін еске салды ма, енді ғана сүйегі адырайған тұла бойында тербеліс байқалғандай мұның да аузына тұсау салынып сəл тежелді. Бірақ көмекейдегісін енді айтпасқа амалы жоқ, шегінуге жер тар, сосын да тамағын кенеп, құс тұмсықты бет-əлпетін сəл шайқаңқырап, тілге келді: – Менің жай-күйім болмай отыр, мына жиналыстан босатсаңыз қайтеді? Естірімді естідім ғой. – Бұл жолғысы тым жұмсақ шықты. Күрзідей ауыр сөздердің əсерінен жұрнақ та жоқ, жай екеуара сырластықпен қолы байланған əйелдей бұл арадан тез сытылғанды жөн көреді. Ерік мойнын ауырта солай бұрылып, ағылшын тілінің маманына қаршығадай қадалған, тек осы сəтте оған директордың берер жауабы емес, тарихшы Денис Антоновичтің түр-түсі елең еткізді. Апыр-ау, ол қалай? Бұл кəсіподақ ұйымының жетекшісі, омырауында «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісі жылтыраған байсалды адамның бет-жүзінде, отырысында ешқандай өзгеріс жоқ еді ғой. Жоқ, бар екен, Еріктің өткір көздері тарихшыдан бір өзгерісті тап басып байқады. Оның қос танауынан еріндерінің екі ұшына қарай жіңішке əжім сызықтары бұрала түсіп жатыр екен. Апыр-ау, Ерік оны бұрын неге байқамаған? Оның тырсиған бетіне əжім атаулы өмірі ат ізін салмастай көрінуші еді ғой. Сірə, соғысқа қатысқан, өз айтуынша сол жамбасында қорғасын оқ салған ойықтың сəл суықтан, не ауа райы бұзыларда сыздайтыны бар, əрі жеңіл-желпі контузиядан да құр алақан емес бұл адамның осылай əлдекімнің қылықтары тұсында ішкі жан күйзелісіне ұшырай қалса жабыса кететін бір қонағы сол бұраң бел əжім сызықтары ма? Ерік осындай ойлармен арпалысқанда директор сəл кібіртіктеп, бұл да жұмсақ үнмен Адалят Сализовнаға рұқсат берді. Кейде адамды күтпеген жеңілдіктің өзі тосырқатып тастайды. Сірə, бұл

да дүңген əйелінен оқшау мінез, қарымды жауап күтсе керек, тек оның кілт бейбіт қалпынан, өтінішінен өз көзі мен құлағына сенбеген бір күй кеудесіне жабыса кеткендей. Адалят Сализовна еденді өкшесімен тырс-тырс еткізіп, шорт кесілген қара шашты басын кекжите əрі биік бөренедей денесін екі-үш жерінен сындыра парталар аралығымен алға өтті де екінші қатардағыларды орағыта бұрылып, арт жақтағы есікке беттеді. Тіпті бұл əйел мынау жолбарыс пішінді директор өзінің ұзақ қаһарлы сөзінде мұның ныспысын атамаса да, ондағы у мен зəрдің бəрі негізінде өзіне арналғанын сезе тұра одан қағажу көргенге ұқсамай қайта осындай сəтте, бүкіл ұжымның төрт көзі түгелде оларға өз болмысын жарқ еткізіп бір көрсетуді мақсат тұтқандай. Адалят Сализовна кеткесін директор қабағын бұрынғысынан да кіржитіңкіреп, алдындағы стол бетінен қағаз, қарындаш сияқты бірдемелерді іздестіргенге ұқсап, сəл-пəл қибыжықтады. Сірə, бұл да жиналысқа ет қызуымен еш дайындықсыз келген. Енді жиналысты ары қарай қалай дамытпақ, біреулерге сөз беруі керек пе, жоқ, басқа мəселелерге көшкені жөн бе, соны тез анықтай алмай соқыр адамша столды оң алақанымен сипалай берді. Оның осы қалпына Денис Антоновичтің мейірі қанғандай. Жаңағы қос танауынан ерін ұштарына қарай құлаған қос сызық тереңдей түсіпті. Миығынан күлгенге де ұқсайды. Бірақ директор да əккі тарлан ғой. Өз бəсекелестерінің мұндай іркілісті сыбаға көретінін естен шығарсын ба, тілге тиек етерлік жайды тез тапты: – Мен мына ағылшын тілінің маманына шүйлігіп жатырмын. Басқамыз да сау сиырдың боғы емеспіз. Өзіміздің мынадай халқы тығыз өндірістік қаладағы ең үлкен мектептің оқытушысы екенімізді, жүріс-тұрысымыз, киген киіміміз бəрі жұрттың назарында жүретінін, ал тісіміздің арасынан шыққан əрбір сөздің радио хабарынша тарайтынын, кейбірінің түскен жерінде бомбаша жарылатынын ұмытамыз. Керек жерде екі елі ауызға төрт елі қақпақ қоюға қайратымыз жете бермейді. Нақтылы мысалға көшейін. Əйелдер туалетінде Адалят Сализовна туралы былапыт сөз жазылған. Оны жазғандар ондайды кім арқылы естіп жүр? Əрине, сендер арқылы! Ұстаз басымызбен өз əріптестеріміз хақында өсек таратамыз. Алдын ала ескертемін, кімде-кімнің аузынан жеке біреулердің жеке өмірі жайлы жаман қауесет шықса аяусыз жазаланады! Осы бағдарда тағы біраз көсілді. Бұрындары осы қала мектептерінде анау-мынау жел сөзге байланысты туған даудамайлардан екі-үш мысал келтірді. Сосын барып қана жиналыс өз мəресіне жеткенге ұқсатты. Дүңген əйелінің бір сөзіне бола бүкіл мұғалімдер қауымын қойша иіріп, осыншама уақыт жұтты деп, Денис Антонович секілді ешбір бақталас, бəсекелес иегін шошаңдата

алмастай етті. Ал жиналыстың ең соңына қалдырған тағы бір көзірі бар екен: – Ерик Тиналиевич, сен қазақ тілі пəніне оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз ете алмай жүрсің. Ертеңнен бастап, қолың боста олардың ата-аналарымен барып сөйлесуді қауза! Тіл үйренудің жас өркен үшін қаншалықты маңызы барын дұрыстап түсіндіруге тырыс! Ерік бірден орнынан көтеріліп: – Өзім де соған кіріскелі тұрмын! – деді. Сосын қазақ тілі сабағына қатысудан көбірек қашқақтаған он шақты баланың атыжөндерін де атап салды. * * * Ертеңіне Адалят Сализовна Ерікпен жылы ұшырай амандасты: – Ерик Тиналиевич, сен ана Ермохиндердің үйіне барады екенсің ғой. Құдай үшін, үлкен өтінішім, мен жетекшілік ететін алтыншы «В»-дағы Яков Рубцовтың да үйіне кіре шықшы. Сол Ермохиндермен көршілес. Кейін өзім де барармын. Менің сыныбымдағылар бұл «Станцияның» əр пұшпағында тұрады, аралап шығу бір ақырет! Яков Рубцовтың ата-анасына дұрыстап жеткізші, математика мұғалімі құлағымды мүжіп болды, Яковтің алгебра, геометриядан үлгерімі нашар, əрі сабаққа қырсыз, былай атаана болып қолға алмаса болмайды. Немесе өздері келіп, маған жолықсын. Рубцовтың күнделігіне де солай деп жазып беріп едім, бұл жасыра ма, əйтеуір ешқайсысы қара көрсеткен жоқ. Адалят Сализовнаның бұл сөздерін Нина Николаевна да күлімсірей тыңдап тұр еді. Сəл уақыт өткізіп, жұрттың көзін ала бере ол да оңаша дидарласты: – Ерик Тиналиевич, сен кеше он шақты баланың тізімін келтірдің ғой. Менің класымдағы Деренков та сол тізімдегілердің бірі Тимофейдің көршісі. Сол Деренковтің де үйіне кіре шықшы. Ата-анасы оны ұруын қоятын емес. Сен олардың үйінде көп омалмай-ақ, «Нина Николаевна баланы ұруды доғармасаңдар заң орнына шағынамын» деп жатыр дегенді жеткізсең болғаны. Үйлеріндегі ауа райына қара, егер реті келсе мына мақаланы оқып бер. Жас ұстазсың, бұл жайды сенің де біле жүргенің жөн, – деп, бір кішкентай газет қиындысын ұсынды. Ерік оны табанда оқып шықты. Онда бала кезінде таяқты көп жеген адамдардың миы генетикалық өзгерістерге ұшырайтыны, өзінеөзі қол жұмсайтындардың дені солардан шығатыны хақында Канада ғалымдарының тұжырымын қоштаған кеңес маманының түсініктемесі екен. Жас

жігіттің тұла бойы дүр сілкінді. Нина Николаевнаға «тапсырмаңызды міндетті түрде орындаймын» деп, жүзі сұрлана уəде берді. Енді қайтсін, бұл жерде мəселенің басқа да жағы бар. Ерік осы майталман ұстаздардың қай-қайсысына да тəуелді. Себебі, бұл қазақ тілін үйрететін топтардағы балалар мен қыздар осылар жетекшілік ететін сыныптардан жиыстырылған ғой. «Сіздің сыныбыңыздағы ана оқушы, мына оқушы қазақ тілі сабағына қатыспады» деп, талайының құлағының құртын жеп жүр емес пе? Сөйте тұра, олардың бір өтінішін бұл қалай жерде қалдырсын? Иə, бұл шақта үлкен мұғалімдердің орталарындағы жалғыз жас қазақ жігітін айтқандарына көндіріп, тіпті майлы ішекше айналдырып əкетуі оп-оңай еді. Енді, міне, сондай ауыр жүктерді арқалап бұл атааналарға кетіп бара жатыр. – Ей, жас жігіт! Қайдағы бір құдайдың қарғысына ұшырап, дəурені өткен тіл туралы əңгіме қозғауға сіздің қалай жүрегіңіз дауалайды?! – деп, Ермохинніңшешесітабаға қуырылғанбалықтай шаж ете қалды. Тарақ орнына саусақ қана жүретіндей дударланған қою сары шашты, жасына қарамай мойнында, маңдайында көк тамырлар білеуленген, сəл толықша келген, үстінде ішкөйлекке ұқсаған жамылғыдан басқа дəнемесі жоқ қырықтар шамасындағы орыс əйелі осылай ащы дауыспен қарсы алды. Көздері бір кезде көкшілдеу болғанмен тұрмыс тауқыметінен бояуы оңып, ақ қалайыға ұқсап кеткендей шатынай қарайды. Ауызғы бөлмедегі пеште тырс-тырс етіп от жанып жатыр, аласа, əрі тар болғасын ба үй іші тым ыстық, тұздалған капуста, қиярдың исі мұрын жарады. Қолындағы темір ожаумен Ерікті қақ бастан ұрардай бөлме ортасында қақшиған күйі қалш-қалш етеді. Ерікке де отыр деген жоқ, бұл да оған қарсы қарап, түрегеп тұр. – Жұмыс жоқ, ақ нан жоқ! Күйеуім құрылыста крановщик еді, ол істейтін объект «законсервацияға» ұшырап, қаңырап қалды. Міне, ол төрт ай бойы табан тоздырып жұмыс іздеп жүр. Бұрын шахтада істеген, аздап силикозы бар, шахтаға қайта қабылдамайды. Үш баламыздың соңғы екеуі мектепке баруға əлі жараған жоқ, өзім соларды, əрі ана бөлмедегі ауру кемпірді бағамын. Асқазаны ауырады ол кемпірдің, соғыс кезіндегі бейнеттің, ашаршылықтың зардабы. Күйеуімнің кішкентай жəрдемақысына сол кемпірге ғана беруге ақ нан іздеймін, өзімізге күріш, тары жармасын іздеймін. Ол да оңай шаруа емес, дүкеннен дүкен қоймай ақтап шығамын! Менің Колям қазақ тілі сабағынан қашса мен ұрысқасын, сол мен жоқта осы балалар мен ауру кемпірге қарай тұру үшін қашатын шығар. Сен сөйттің деп айтуға менің қалай аузым барады? Ауыздарың барса ана жоғарыдағыларға неге айтпайсыңдар, коммунизмнің төбесі көрінді деп, радиодан жар салғанда бұ жерде жоқ, нан екеш нанның өзіне зар қып қойды!

Ерік бұл сөздерді естігенде мынау Адалят Сализовна екеуі бірбірінің ауыздарына түкіріп қойған ба деп те таңырқады. Қалайда сергек ойлы жас қой, Ермохин шешесінің мына шаптығуына құлақ тосып тұрып, қалайда заман қиындығы жұрттың қабырғасына мықтап-ақ бата бастаған екен деп түйді. Ала жаздай өзінің жұмыс таппай осындай өзіне аса қол емес іске кіріскенін де естен шығарып, бар шындыққа осы əйелдің сөздері арқылы көз жеткізгендей тұрды. Тіпті осындай шақта да қиялы алып ұшып, əлгі кексе журналист Құдыс Əлікбаевтің төкпелерін де еске түсірді . Байқаса, мына Ермохиннің шешесі, Адалят Сализовна, Құдыс Əлікбаев – үшеуінікі бір мағыналы, бір мазмұндас жыр екен. Үшеуі үш ұлттың өкілі бола тұра қолдарына темір істік ұстап, ортақ жауға қарсы шабуылға шыққандай жұлқынады. Тек бұлар дəрменсіз. Ал бұларға қарсы беттегі ортақ жау орнынан дүр етіп қозғалған тау іспеттес, бəрін басып-жаншып кетердей тым зор да сұсты, əрі ымырасыз. Қазақ тілінің қамы үшін қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да əрекет жасамақ, қызмет етпек Ерік өз жұмысындағы қиындықтың түп-төркінін басқа ұлт өкілдерінің қиямпұрыстығынан іздеуші еді, байқаса ол пиғылында қателік бар екен. Бар пəле, сол бəрін басып-жаншып қозғалып келе жатқан тау іспеттес, аяушылықты білмейтін, сенің шырқыраған жан даусыңнан бір түгі де селт етпес замана сиқында екенін пайымдайды. Ермохиннің шешесі ұзақ сөйлеп еді, əйтеуір, бір межеге жеткендей болып, сəл аялдағанда ғана Ерік батылдыққа барып, қандай қиындықтың да өтпелі екенін, ал мына Қазақстан Республикасы аумағындағы орыс балалары аздап қазақ тілін үйренсе ертеңгі күні олар үшін кəдеге асар ырзық боларын сəл түсіндіргенсінді. Бірақ Еріктің бір де бір сөзі оның құлағына да кіріп-шықпағандай. Басын төмен сылқ еткізіп, тіпті езуіне күлкі үйірілгендей тұрды. Мұнысы не, мазақ қылғаны ма, жоқ, Ерікті қысыр қиялдың соңындағы алаңғасар бозбалаға ұқсатқаны ма? Қалайда, Ермохиннің шешесі екеуара салғыласудың соңына таман сəл жұмсарды, көк тамырлары білеуленген бет-жүзіне сəл мейірбандылық ұялатып, жаңа ғана өзінің тым қатты кеткендігін жуып-шаймақ ниеттің елесіне ұқсаған бірдемесін үрлеп оятқандай. Еріктің сөздері құлағына кірмесе де ұққан адамның пішінін қиыстырып-ақ бақты. Ақыры, Ерікке бір стақан алма компотын ішкізіп, шығарып салды. Ал Еріктің көкейінде заман дұрыста жап-жақсы қоғам мүшесі болатын-ақ əйел ғой деген тұжырым кетті. Иə, мұның бəрі əзірге жастықтың қызуы еді. Уақыт кешке бейім алған. Ұясына тақаған күн батыс көкжиекті қып-қызыл жалынға бөлеп, мына қала шетіндегі жыпырлаған кішкене үйлерді де өз бояуына малындырып, өңін кіргізгісі келетіндей.

Бірақ одан ешқайсысының өңі кіріп жатқан жоқ. Отызыншы жыл-
дардың соңында осы Текелі сайында қорғасын- мырыш комби-
натының ашылуына орай шахтерлерге керекті үйлер асығыс са-
лына бастап, қырқыншы жылдардың өнебойында тіптен үдеген

ғой. Ондай асығыстық қайбір оң нəтиже беруші еді? Бір-біріне
іргесі тиістіріліп, əрі нақтылы бір стандарттық форма да сақтал-
май талғаусыз қаланған үйлердің аз уақытта тозығы жетіп, қазіргі
күннің қызыл-жалқын сəулесінен аңғал-саңғалы көбірек ашыл-

ған сиқы бар. Еріктің қалайда ауылдық жерге көзі үйренген ғой.
Солауылекешауылдың өзінде үйлер бір-бірінен сəл аулағырақ
орналасып, айналасында бау-бақша егуге жер қалдырылушы
еді. Ал мыналарда ондай аттыдан жұрнақ та жоқ. Бір үйдің тере-

зесі мен екінші үйдің терезесінен екі адам бір-бірімен қол созып
амандаса алатындай ғана аралық қалдырылған. Əрі олпы-солпы
шатырларының күтімсіздігінен ол аралық одан əрмен тарылып,
көзге тым сұрқай көрінуші еді. Себебі, кезінде шифер мен ағашты

үнемдеу үшін бе ол шатырлардың қыр арқалары тым жатағандау,
əрі сапасыз етіп жасалған екен. Сосын да уақыт тезіне шыдамай
бұрынғысынан да жайыла, тіпті кейбіреулері бір жағына қисая
түскенге ұқсайтын. Қаланың осы пұшпағында жиі ұшырасатын

маскүнемдердің мыжырайған кепкілерін еске салатындары да
бар. Сосын да күн нұры бұларға қалай көрік қоссын.
Жыпырлаған үйлердің ара-арасымен жыландай жылыстап
өтетін тар көшелердің де сиқы қарын ашырады. Ірілі-ұсағы ара-

лас тас төселген көшеге қатқан мұз да сол тастардың сиқын қай-
талап, олар да тым қиқы-жиқы болып біткен. Ерік тобығын тайды-
рып алардай қиралаңдап, аяғын əрең басып келеді. Сырттан ба-
қылаған бəз біреулер мұны осындағы аталмыш маскүнемдердің

біріне ұқсатар ма еді, кім білсін.
Ерік қойын дəптерін суырып, келесі кіретін үйінің мекен- жайын
тағы бір пысықтап алмаққа үңіліп еді, əлдене жүрегін шым еткізді.
Аңдаса, ол тағы да жаңағы Ермохин шешесінің гөй- гөйіне байла-

нысты екен. Одан кетерде ол əйелге бір ризашылығы оянғандай
еді ғой, енді онысын бекершілікке балады. Бұл оның алғаш жүз-
дескен беттегі шаптықпасында не мағына жатқанын естен шыға-
рыпты. Ол əйел салған жерден қазақ тілін құдайдың қарғысына

ұшыраған, дəурені өткен тіл деп атады емес пе, сол бір шаныш-
қыдай тиген сөздерді табанда ұмытып, мына келесі үйге кірерде
ғана еске алғаны қалай? Сəл ойланып, оның байыбына барды.
Өзі бұл күнде сырттай оқитын университетбағдарламасына сəй-

кес анда-санда түртінектеп қоятын «Психология» пəнінің оқулы-
ғында айтылған «шартты рефлекс» дейтіннің белгі беруі екен.
Бұл осы қалада қазақ тілі хақында кіммен сөйлессе де оның осы

мағынада пікір, не ишара білдіретініне еті үйрене бастаған екен. Міне, келесі үйдің табалдырығын аттарда да сондайдың тұздай көздері ажырайып, қарсы алатынын ет пен терісі арқылы сезгендегісі еді. Осылай Ерік тағы да төрт үйге кіріп шықты. Олар Ермохин шешесі сияқты сөзшең адамдар емес екен, бірі жақтырып, екіншісі жақтырмаса да жас мұғалімнің басын көп шатпады. Енді əлгі Адалят Сализовнаның өтінішін орындауы керек еді. Қаланың осы пұшпағындағы ығы-жығының қақ ортасында, əрі нөмірі белгілі, əлгі математикаға шорқақ Яков Рубцовтың үйін тауып, сыртқы табалдырығына жақындағанда бұл өзінің тұла бойынан тосын қайратты сезді. Кім-кімді де ұрып жығардай қолында күрзісі бар адамға ұқсап, аузына да бет қаратпас добалдай сөздер үйіріле кеткендей. «Кəне, енді менімен салғыласып көріңдерші» дегендей ерсіне кірді. Бұл батылдығының жөні бар екен. Яков Рубцовтың əке-шешесі жас мұғалімнің сөздерін мойындарына су құйылғандай отырып тыңдады. Яков атты баланың өзі де төргі бұрышта бір уыс боп шөгіп қалыпты. Тап қазір Ерік ауылдық жерлердегі соғыс кезінің бригадирлеріне ұқсап, төбелерінен қамшы үйірсе де ешқайсысы қың дейтін емес. Мұның да себебін Ерік жаңа сыртта келе жатыпақ ұққан. Мұның қолына күрзі ұстатқан сол  – бұл осы жолы құдайдың қарғысына ұшыраған қазақ тілінің емес, бүгінгі тіршіліктің, ғылым мен техника дəуірінің ірге тасы алгебра мен геометрияның қамымен келіп тұр емес пе? Кəне, біреуі бұған қарсы ауыз ашып көрсінші! Ерік тым шектен шығып кетпейін дегендей аз-кем ғана сөйледі де Адалят Сализовнаның сəлемін жеткізді. Сосын тайып тұрды. Қазақ тілі жөнінде де бəрі осындай момақан болсайшы деген арман ұялады көкірегінде. Қараңғылық əбден түсіп еді. Ерік қаланың осы пұшпағынан сəл ұзаңқырап, қойын кітапшасындағы тізім бойынша өз шаруасымен де тағы екі-үш табалдырықтан аттап, ең соңында ғана Нина Николаевна өтінішімен əлгі Деренков дегеннің үйін іздеді. Міне, мұнда бас сұғуын Ерік өмір бойы ұмытқан жоқ. Бұл да қазақ тілінің қамы үшін емес, қай ата-ананы да, бүкіл ұстаз қауымын да толғандырар үлкен мəселе бойынша ат басын тіреп тұр ғой. Цивилизация барынша күш алған жиырмасыншы ғасырда, мынадай қала атауы бар елді мекенде баланы ұру не деген сұмдық! Тіпті Ерік мұндай мəселемен өзі қатты сыйлайтын, орыс əдебиетінің білгірі, тамылжытып талай əңгіме шерткен сұлу əйел Нина Николаевнаның сұрауынсыз-ақ өз еркімен де жүруге бар. Деренковтың əкесі қырықтар шамасындағы бұрынғы шахтер екен. Сол шахта жұмысын тастағаннан бері бетін жумағандай түсі қара, əрі жалпақ та етженді жүзінде əжім дегенің бірнеше жерден

сойылып түскен, көздерінің онда-мұнда жүйткуі тез, қолдары ал-
дына сыймайтын кеспелтек неме. Тар да ыстық бөлменің тап ор-
тасында екі шынтағын екі тізесіне қойып, алғашында Еріктің тұла
бойын бастан-аяқ шолумен болды, əйелі есік жақтағы пеш алдын-

да домаланған денесімен үй төбесін тірердей қақшиып тұр. Ескі
сұрғылт белдемшесінен төмен жуан да қып-қызыл қос балтыры
шалынады. Бөксесі томардай, төсі шығыңқы, мол пішінді келін-
шек. Саз балшықтай бетіндегі көздері де ортадағы күйеуінің көз-

дері сияқты секемшіл, шамасы. Ол да Ерік сөйлей бастағаннан-
ақ оның көк желкесіне қадалып, тырс еткен дыбыс шығармады.
Былай үй иелеріне ұқсап, жас мұғалімге орындық ұсыну ойлары-
на кіріп-шығатын емес. Ерік тізе бүкпестен сол тұрған бойында

сөйлей берді.
Ал осы кездесудің бəріне себепкер бұлардың жалғыз бала-
сы – арық, үшкір көзді, шашы ұйпалақтанған Гоша бөлменің төр
жақ бұрышында бір уыс боп, бүрісіп қапты. Ол Ерікті өзін қорғау

үшін емес, тағы бір мəрте соққыға жықтырып алу үшін келгендей
көріп, үшкір көздерімен бұған оқ жаудыра, əрі үрейлене қарай-
тындай. Ерік өз шамасынша сол Гошаның көзінше баланы ұру
оның сүйегіне таңба түсіретінін, денсаулығына, болашағына, дү-

ниеге көзқарасына кері əсерін тигізетінін біраз баяндады. Сосын
Деренков-əкенің көзімен көзі ұшырасып еді онда мүлдем бөгде
бір жайдың жарқ еткенін аңғарып, денесі шымырлады. Деренков-
əке басын көтере Ерікке бір жалт етті де төргі бұрыштағы баласы-

на мойын бұрды. Сол кезде Ерік оның мойын тамырларының тым
шығыңқы, əрі жуан екенін байқады. «Мынауың тоңмойын біреу»
ғой деді іштей. Айтса айтқандай. Баласынан назарын бері əке-
тіп, Ерікке қайта бұрылғанда бұл күлімсірегенге ұқсады. Бірақ бұл

күлімсірегендік емес, тісін ақситқанға көбірек келіңкірейді. Нина
Николаевнаның өзін мұнда жұмсауының мəнін Ерік енді түсінді.
Сірə, əйел ұстаз мұнда келе-келе табанынан таусылған ғой. Сөз
өтпейтін жандарға мектеп мұғалімі мың жерден тəжірибелі болса

да не істей алсын? Амалы құрығасын мына жас жігітке сен де бір
бас сұқшы дегені-ау, сірə.
Осы тұрыста Ерік кішкентай пəтердің іші ашық-шашық та еке-
нін көрді. Мына ерлі-зайыптылардың екеуара жалғыз баланы

сабағаннан басқаға қолдары тимейтіндей де. Бұдан Еріктің тіп-
тен зығырданы қайнады. Ең соңғыға қалдырған бір амалы бар,
бұл соған кірісті. Əлгі Нина Николаевна берген газет қиындысын
суырды да соны ежіктеп оқи бастады. Əне, бізден гөрі өркениетті

Канада ғалымдары, педагог-психологтары бүлдіршін кезінде ата-
анасынан көп таяқ жегендердің есейе келе өмірге өз еркімен қош
айтуға дейін баратынын дəлелдепті. Ал Мəскеу мамандары бұл

тұжырымды екі қолдарын көтере қуаттайды. Ерік еңғұрмаса мə-
селенің осы жағы мына ерлі-зайыпты Деренковтарда бір сілкініс
тудырар деп үміттенген. Деренков-əке керісінше бір көңілді əңгі-
ме тыңдағандай жырқ-жырқ күлсін келіп. Сосын тағы да бір мəрте

төрдегі бұрышта одан əрмен жермен-жексен болған Гошаға ащы
мысқылмен көз тікті. Еріктің шыдамы осыған ғана жетті. Газет
қиындысын қайта бүктеді де қойын кітапшасына сүңгітіп, есікке
беттеді. Гошаға қарауға беті жоқ. «Қуартқан құдай, мұнда несіне

кірдім» деп, ауылдың шал-кемпірлерінше іштей қан жылап, жа-
таған үйден ұзай берді. Бұл кеткесін мына тіл-жақтары қаңтару-
лы, жан баласына сыр алдырмас безбүйрек əке-шешенің сорлы
Гошаны қайта соққыға жығатынына мұның ешқандай күмəні қал-

мады. «Сенің бүйткен ұстаздық қасиетің құрысын» деп, өзін-өзі
қарғап-сілеп барады.
Бұдан соң бұл көшеден ғана емес, қаланың өзінен де ұзап шы-
ғып, тастай қараңғылықта Қаратал өзеніне көлденең тартылған

солқылдақ көпірден өтіп, одан арыдағы басқа елді мекен – өз ту-
ған аулына қарай тартты. Бір сағаттай жол жүріп, үйіне түнгі он
бірден аса жетті. Қайран, итжандылық-ай десеңші!
* * *

Осылай өмір өте берді. Жаңа жыл мейрамы келді. Балаларға
арналған балмаскарадтан кейін қысқы каникулдың алғашқы күн-
дерінің бірінде спорт залында үлкен дастархан жайылып, мұ- ға-
лімдер жаңа жылды өзінше тойлады. Əсем безендірілген шырша

айналасы, ересектер үйірі, арақ-шарап пен тамақ толы ұзын стол
мына кеңістікке мүлдем басқаша өң берген. Мұғалімдердің əр-
қайсысынан жиылған ақша толық жұмсалып, əрі жағдайы барлар
үйлерінен əртүрлі қосымша тамақ пісіріп əкеліпті. Мұнда Адалят

Сализовна сияқты үйірден ерте шыққан жəне Ерік сияқты үйірге
əлі түсіп үлгермеген бірен-сараны болмаса баршасы өз қосақта-
рын ерте келген. Əсіресе, өз күйеулерінің үлкен тұлға екенін, не-
месе, табысты жерде еңбек ететінін көйітіп жүретін əйелдер жағы

көбірек тыраштаныпты. Стол үсті əртүрлі салат, суық сіңір, торт
сияқты Ерік көп татып көрмеген тағам түрлеріне сықап тұрды.
Бəріндегі əрқилы өрнек іздері олардың аса дəмді, əрі жұғымды-
лығын көрер көзге айғақтайды.

Мұндағы Ерікті таң-тамаша еткен жағдай сол – əншейінде өза-
ра тоң-торыс мұғалімдердің тап бүгінгі бір-біріне деген ықыласын,
мейірім-шапағатын, жылы лебіздерін қара сөзден қаймақ сүзген
зергер жазушылардың өздері суреттеп бере алмас. Қараңдаршы,

езулерінде үйірілген күлкілері қандай əдемі, қаншама тұнық сыр
жатыр онда! Тек сол күлкілері үшін ғана кешегі ауыл баласы
Еріктің осындай ортаға тап қылған өз тағдырына мың да бір ри-
зашылығын білдіргісі келетіндей. Енді қалай? Ерікке жақсы таныс

ауыл қазақтары той жасаса салған жерден бір-бірін шаянша ша-
ғып, қағытып, сөз асырысып, дау- дамай, ұрыс-керіс, тіпті төбелес
сияқтылардың төбесін қылтитып қоюшы еді. Ал төбесі қылтиған
құбыжық бұлқынбай тұра ма? Тіпті ондайсыз күнде де бірі екінші-

сінің шоқтығы желкілдегенін жақтырмағансып, қабақтарынан қар
жаудырып, көздерін төмен салып, ызғар танытушылар қаншама?
Мына ортада ондайлықты емге таппайсың. Ал директор Алек-
сей Никитыч Кузьмин Адалят Сализовнаны биге шақырғанда

Еріктің көзі тіпті шарасынан шықты. Бұл жай би емес, вальс еді.
Аккордеон ойнаушы жұрт көзіне көп шалына бермейтін, тапалтақ,
ернін үнемі жымқырып жүретін егде адам, музыка пəнінің оқыту-
шысы еді. Бұл да өз ісінің құдайы екен. Ол аккордеонды құлаштай

созғанда Алексей Никитыч пен Адалят Сализовна айдын бетінде
қос аққу жүзгендей сурет салып еді. Кенет аккордеоншы əуенді
кілт өзгертіп, қысқа қайырымдармен бебеулеткенде ортада- ғы
екеу шырқ үйіріліп, əлде бір самұрық құстың өздерін жерден іліп

əкетпек əрекетінен қорғанғандай шапшаңдыққа басты. Бірақ осы
қорғаныстың өзінде адамның көз құмарын қандырар əсемдік бар
екен. Əншейінде түр-түсін өзі аса ұнатпайтын дүңген əйелін Ерік
соншама сүйсіне бақылағандай. Басында сəл шарап қызуы білін-

ген жас жігіт əсемдік əлемінің қиыр-шиырында адасқандай шара-
сыздық сергелдеңіне ұшырады. «Апыр-ау, мынадай өнермен, мы-
надай қабілетпен қиыр түкпірдегі бір қалада бала оқытып, шашта-
рын ағартқанша Алматыдағы үлкен сахнаға неге көтерілмейді бұл

сығырлар» деген сауалға да соқтықты.
Директор мен ағылшын тілінің маманы биді шынында əр кө-
рерменнің буын-буынын қоса қозғағандай келістіріп-ақ нақыштап
еді. Мұны Ерік бұл ортаға көктен түсе қалғандай өзі түгілі осын-

дайлықтың қазанында қайнаған өзгелердің көздеріне жас үйірі-
лердей күлімсіреп, сүйсінгенінен таныды. Тек вальс аяқталуға
таяғанда ғана тағы бес-алтауы қос-қостанып, ортаға шықты да
музыка ырғағымен жүзе жөнеліп, Алексей Никитыч пен Адалят

Сализовнаның асқақтаған беделінің жалына жабысқандай əсер
қалдырды.
Еріктің ішке сыйғыза алмаған тағы бір сауалы  – директор
əнеукүніғанаөзіжер-жебірінежеткендүңгенəйеліменмұншалықты

көздің жауын алар жарастықты қалай тауып алды, тапқан күн-
де де оған қалай дəті шыдады дегендік еді. Сəл бас шағып, иə,
бұлар жұмыс істей де, демала да біледі дегенге сайды. Арада

екінші би биленіп, үшіншісіне көшерде тағы бір өзгеріс елең еткізді. Директор өз аккордеонын ала келген екен, сонысына жармасты. Ал тарихшы Денис Антонович скрипкасын қорабынан суырып жатты. Осындағы еңбек пəнінің мұғалімі, ол да көзге көрнексіздеу адам, жалма-жан бір бұрыштан гитарасын əкеле қойды. Тағы біреулер гармон, балалайка, үрлеуіш аспаптарын тауып алды. Қаздай тізіліп, музыка пəнінің маманы өз аккордеонымен бір дыбыспен ғана белгі беріп, оны кілт үзіп еді бəрі сілтідей тынды. Сосын бас аккордеоншы əлде бір сыңсыған қыздың даусындай етіп, бірдемені сызылта бастап, кенет дүрсілдете жөнелгенде, басқалары қосылып берсін. Екі аккордеон, бір гармон, скрипка, гитара, балалайка, екі үрлеуіш аспап – біреулері ботадай боздап, екіншісі сыңқ-сыңқ етіп, үшіншісі əлдекіммен дауласқандай үзік-үзік дыбыс шығарып, ортақ бір əуеннің өнебойын əрлегенде Еріктің тұла бойы шындап-ақ тебіренді. Қас пен көздің арасында жоқтан бар бола кеткен оркестр мектептің спорт залын, əсем безендірілген шырша айналасын жұмақ төріне айналдырды. Бидің көкесі енді басталды. Ұзын стол басында қадау-қадау бес-алтауы ғана қалды, басқалары биге тегіс көтерілді. Ерік те биледі. Өз ойымен өзі əуре, алған əсерден сəл есінен адасқан Еріктің билеу ойында да жоқ еді, тек оны директордың зайыбы – Кузьмина Ирина Васильевна биге шақырды: – Сен сияқты өрімдей жас та сұлу жігітке мұндайда оқтау жұтқандай серейіп, жырақ қалу жараспайды. Осындай бас қосулардың жаны, көркі бола білу парызың, – деп əзіл аралас ақыл айтқансыды. Оның ишарасынан Ерік тіпті балқып кетті. Музыка ырғағына еліте өзінен жасы əлдеқайда үлкен əйелдің түр-түсін тым жақыннан қадағалап, бұдан да өзіне таңсық көп жайдың астарын аңдағандай. Бұл математика пəнінің маманында директордың зайыбымын деп паңсыну да, не баласының ұзақ науқастануына орай кірбең де атыбүтін жоқ, басқаларша бұл да осынау көңілді кешке өз бет-бедеріндегі қуанышты рең арқылы үлес қосқысы келеді. Осы мезетте бишілер арасынан өз Тимофейінің иығына қол артқан Нина Николаевнаның жүзі шалынғанда Еріктің əсерленгіш жанына тағы бір оқ атылғандай еді. Спорт залында шам сөне қалса да Нина Николаевна жүзінің ақтығы жоқтатпағандай екен. Шиқандай қызыл еріндері мен дудыраған сап-сары шашының да бояуы қанық. Би үстіндегі қозғалысы да музыка ырғағының тап өзінен туындап жатқандай онымен қойындасып алған ба дерсің. Сірə, орыс жəне шетел классикасын көп оқығаннан туған білгірлік оның осындайғы қимылына да басшылыққа жүретіндей. Кенет билеп жүрген Еріктің əлденеден жүрегі шаншыды. Ирина Васильевна мен Нина Николаевнаны көзбен адақтап тауысқасын

осында өзіне қадірлі үшінші адамның жоқтығын түйсінді. Енді қалай? Бүкіл мектеп ұжымының көркін құрайтын үшеудің екеуін көріп барып, соңғысын неге жоқтамасын? Оның үстіне ол өзінің ең қадірлі сүйікті ұстаздарының бірі Надежда Борисовна Перепелкина болса! Кенет манадан бергі көрген қызықтың бəрі Еріктің санасынан бу боп ұшуға айналғандай. Бұл əрі өзіне-өзі үсті-үстіне сұрақ та жаудырды. Мұндағы ерлер мен əйелдердің қайсысының басында проблема жоқ? Мысалы, анау директор Кузьмин мен оның мына зайыбының екеуара екі ұлының кішісі ауыр халде, бұлар соған қарамай өздерін соншама ашық, жарқын ұстауға қайрат тапты емес пе? Ал Надежда Борисовнаның өз күйеуімен екеуінің арасында ала мысық жүгіріп өткен екен деп, мынадай есте қаларлық тамаша кешке келмей қалуы не сəні? Əлде мұның Ерік білмейтін қосымша басқа да бір гəбі бар ма? Солай-ау! Надежда Борисовнаның мұндай көңілді кештер, ойынсауық десе ішкен асын жерге қоятынын, ондайлықтың қашан да бел ортасында жүретінін, би билеп, əн салуға келгенде аспандағы бір жұлдыз жерге құлағандай алау тудыратынын сонау мектеп қабырғасында шəкірт кезінде-ақ таныған. Осыған орай туған қапа Еріктің жүрегін одан əрі осқылады. Мұнда сондай-ақ Лотте Романовна мен əлгі айы-күні жетіп, декреттік демалысқа бет алған жас əйел мұғалімдер жоқ еді. Би ұзаққа созылып, стол басына қайта шоғарланғанда ішіпжеу үстінде қосылып əн салу басталды. Байқайды, көбісі Ерік бұрын естімеген орыстың халық əндері. Кейбірінің əуенінен гөрі сөздері көбірек құлағына жақты. Кейбір əндердің мəтіндері орыс халқының бүкіл тарихын сыйғызатындай соншама мазмұнды шығатынына бара-бара тіпті қайран қалды. Оларды кезек-кезек орындарынан атып тұрып, өз аспаптарымен сүйемелдейтін де əлгі музыка, еңбек пəндерінің мұғалімдері, немесе, директор мен Денис Антонович еді. Бұдан кейін тағы бір мəрте биге көтеріліп, қайта жайғасқанда əйелдер жағының өтінішімен осы заманғы əндерге көшті. Бұл жолы да əннің түбін түсірісті. Еріктің бір аңдағаны əлгі математик Борис Устинович пен дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимович қана анда-санда барша жұртқа естірте қысқақысқа əзіл тастағаны демесең көзге көп шалынбап еді. Би үстінде де шеткеріректе бір орында тұрып, кеуделерін селкілдете беруден əрі аспаған. Оның өзі де əйелдерінің нықыртуынан туған əрекет екені аңғарылған. Есесіне, стол басында екеуі қатар отырып алып, арақтың кезегін құр жібермеді. Ол алпысыншы жылдардың басында рюмка деген мына қала екеш қаланың өзінде көп тарала қоймаған. Оның орнына жарықтық қырлы стақан жүретін. Соған орталай құйылатын ащы ішімдік өңештерге жөнелтілгенде Ерік екі-үш мəрте ішін тартты. Ішін тартатыны сол – кештің бастапқы

кезеңінде соншама сұлу, интеллигент көрінетін əйелдердің өздері
қырлы стақанды бастарына төңкеріп, қылқ-қылқ жұтқанда өз кө-
зіне өзі сенбеп еді. Апыр-ау, Еріктің есебінше бұлар мынау хал-
қының негізі сол кездің тілімен айтқанда жұмысшы табынан тұра-

тын өндірістік қалада мəдениеттілік атаулының бірден-бір үлгісі
емес пе? Сөйте тұра мынаусы несі? Тек бара-бара ар жақтарына
ел қонды-ау дегенде ғана əйелдер жағы, бірен-саран еркектер
де шыны түбінде мөлдіретіп «сыбаға» қалдыруға көшті. Тек ма-

тематик Борис Устинович пен дене шынықтыру мұғалімі Михаил
Ефимович қана алғашқы қарқындарынан танбады. Бұлардың қол-
дарындағы қырлы стақандар түнгі шам жарығымен шағылысып,
көбірек сəуле шашатындай. Түбіндегісін сарқып ішпесе əлдене-

ден құр қалатындай еткен ашқарақтық ол стақандарды өзге бұ-
йымдардан гөрі «бағы жанғанға» ұқсатты. Қалайда, Еріктің көкі-
регіне сондай бір түйсікке ұқсас сезім ұялатты.
Ол екеуінің одан өзге өнері жоқтай да көрінді. Байқаса, Ерік

қатты қателесіпті. Кенет директор Алексей Никитыч Кузьмин қо-
лындағы аккордеонның ішек-қарнын ақтара созғылағанда Еріктің
құлағына жақсы таныс бір əуеннің нобайы өріле кетті. Ол қай əн
екенін бұл анықтап та үлгермеді, арақ қызуы еңсере бастаған

Борис Устинович оның қайырмасын айтып кеп берді:
Еду, еду қашықтан,
Мен водовоз асыққан,
Мөлдір су бар, достар-ей!

Мөлдір су бар, достар-ей!
Кому надо поскорей?
Иə, бұл сол жылдарда республика көлемінде кең тараған «Су
тасушы қыздың əні» еді. Бұл əннің негізгі мəтінін білетіндер тағы

баршылық екен, солар көтеріп əкетті:
Асыққан су тасушы, ей, водовозбын,
Талайды жолға тастап басып оздым.
Су емес қызға əлде шөлдегендей

Жігітім, мұнша неге мойның создың?
Ал Борис Устинович оның тек қайырмасына келгенде ғана дау-
сын сыңқылдата жөнеледі. Михаил Ефимович те аздап қосылады.
Ерік бұл екеуіне өмірінде тұңғыш рет риза болғандай қарады. Əн

аяқталып, Борис Устинович ақшыл өңінің қызарып кеткен ұшта-
рын орамалымен сүрте бастады да баршасына естірте үн қатты:

– Қазақта жақсы бір ғана əн бар екен, оның өзінің де сөздерінің

жартысы орысша. Сондай тілді үйренем, не үйретем деушілер не
барқадар табады?

– Борис Устинович, бұл əзіл əн ғой! – деп, шеткеріректегі Еріктің

жан даусы шыққандай болып еді. Жас жігіттің бұл қыстырмасына
еркек-əйелі аралас бір сыпырасы мырс-мырс етті.
«Əзіл əнге келгенде қазақтың сөзі таусылып қалады екен ғой»
дегендей сұрақ бəрінің қас-қабақтарында атойлады.

Арақтың қызуы ма, Еріктің миын, қушық кеудесін түйдек- түйдек
ашу-ыза кернеді. Осы математик пəні мұғалімінің аузынан шыққан
əнеукүнгі «камень на шее» деген афоризм де есіне түсіп, қалай-
да оған қарсы бір оқ атып қалуға аңсары ауды. Тек көпке топырақ

шашқандай болармын деп сəл райынан қайтқансыды. Бірақ Борис
Устиновичтің өзі батылдық қаруын қолына ұстатқандай еді. Ол тағы
бір қаға берісте сəл алабұртып, столдың шетінде түрегеліп тұрған
жас қазақ жігітіне қарай күлімсірей қарсы жүрді. Қияпатындағы сол

көңілді күлкі Ерікті жігерлендірді. Математик мұғалімнің өзіне не
үшін жақындағанын білместен ұрт мінезіне ерік берді:

– Борис Устинович, он тоғызыншы ғасырда орыс интеллиген-

циясы да ауызекі тілде француз сөздерін араластыра сөйлеуді
дағдыға айналдырған. Сенбесеңіз Пушкиннің «Евгений Онегині»
мен Лев Толстойдың «Война и мирін» қайталап оқыңыз. Бірақ
оған қарап, орыс тілі кедей деп тұжырым жасамайсыз ғой! Ерік

өзінше мынаның шабына шоқ тастадым деп ойлаған.
Байқаса, Борис Устинович бұған бетпе-бет жақындап келді де
мырс етіп күліп, көзін төмен салды. Жіп-жіңішке əжім сызықшала-
ры тілгілеген ақшыл етсіз маңдайында, бетінің ұштарында «əй, ба-

ламысың дегенге» ұқсас жазу тұр еді. Еріктің бір аңдамай қалғаны
қолында аккордеоны бар директор Кузьмин Алексей Никитыч ту
сырттан айналып кеп қапты. Сірə, ол математик мұғалімнің қазақ
тілін кемсіткенін де, оған Еріктің қалай жауап қатқанын да есті-

ген. Сөз реті математикте еді, бірақ директор бұзып-жарып əкетті.
Аккордеонды тез-тез қозғап, тағы бір таныс əуенді безілдетіп кеп
берді. Еріктің тұла бойын жылы ағын кернеді. «Ағажан-Лəтипа»
деп, қайырмасынан бастап, айта жөнелгенде тіпті шалқасынан

түсе жаздады. Кенет осы оқу жылы басталған қыркүйек айының
орта шенінде мектеп ауласындағы үлкен ойын-сауық келбеті көз
алдында жаңғырды. Директор əннің қайырмасын ғана емес, негі-
зігі мəтінін де айтты:

Лəтипаның қолында гауһар жүзік,
Бозбалалар қарайды көзін сүзіп.
Ауылыңнан мен шалғай жүрсем дағы
Кете алмадым өзіңнен күдер үзіп.

Еріктің əнге ебі жоқ еді. Амалсыз ернін жыбырлатып қосыл-
ғанға ұқсағанмен дұрыстап көтерісіп кете алмады. Бар жүк

директордың өзінде қалды. Оған деген Еріктің ризашылығында шек жоқ. Екеулеп, Борис Устиновичті қақ маңдайдан ұрдықау дегендей масайрады. Əн аяқталғанда Борис теріс бұрылып кетті, Ерікке неге жақындады, не айтпақ еді, бəрін жұмбақ күйінде қалдырды. Түрінде жеңілген адамның шырайы жəне шалынбады. Бұдан кейінгі отырыста би жағы сиреп, əн жағы тіптен басымдық етті. Тағы да сол орыстың халық əндері. Ара-тұра Стенька Разин, Иван Грозный, Пугачев, Фельдмаршал Шереметьев сияқты тарихи тұлғалардың есімдері жаңғырығады. Өзі əдебиетші, болашақ жазушы болғасын да ма, сол əн мəтіндерінде кесек тарихи оқиғалардың аз сөзбен шебер қиыстырылуы Еріктің тұла бойына жігер беретіндей. – Бұл кеш тым ұзаққа созылды. Ұзын үстел үстіндегі тамақ пен ішімдіктің əлі мұрты да ойылмағандай. Бара-бара Ерік қайта сарыуайыммен сарылды. Бұған еркек-əйелі аралас орыс мұғалімдерінің бəрі де жезтаңдай əнші көрінді, əрі білетін əндері де қисапсыз. Осы тұста жас неме басқа бір саясаттың пұшпағын тістегендей елең етті. Бұлар бір-екі қазақ əнін айтқансып, Еріктің алдына кішкентай жемтік тастап, шын мəнінде орыс халқының өнерін аспандатуға барын салған жансебілдерге ұқсады. Сол кезгі баспасөз ауанынан хабардар, əрі не жайға да өткен жазда замана болмысының ішек-қарнын ақтарған кəнігі журналист Құдыс Əлікбаевтың тұрғысынан қараған Ерік Тінəлиевтың əлі қалыптаспаған іш өзегі бұдан қалай босаңдық етпесін?! * * * Мектептегі оқу жылында ең ұзағы саналатын үшінші тоқсанда кейбір мұғалімдердің мінез-құлқында сəл-пəл өзгерістер байқалды. Əсіресе, директор болмашы кемшілік үшін судиірменнің тасындай гүрілдеп, мұғалімдерге тиісуді жиілетті. Декреттік демалыстан шыққан, емшекте баласы бар жас мұғалимаға төбесінен төне дігірлегенде ол жүрегін ұстай көзіне жас алып еді, ертеңіне бір оқушы бала арқылы өзінің ауырып қалғанын хабарлапты. Онсыз да бала табуына орай төрт айдан астам уақыт оқу ісінен қол үзген жас маманның бұл қылығын кейбіреулер өзара сыпсың арқылы еркелікке балады. «Тəйірі, бастық адам кімге жекірмейді?» Бірақ директордың дүлейлігі кемерінен асып бара жатты. Əлгі жаңа жыл кешінде гитарада ойнап өнер көрсеткен, түр-түсі көрнексіздеу еңбек пəнінің мұғалімін үзіліс кезінде баршаның көзінше жерден алып, жерге салды. Байғұстың бар кінəсі – еңбек пəні өтетін, мына мектеп ғимаратынан тысқарыда бөлек орналасқан

үйдегі осы қала кəсіпорындарының бірінен осы директордың бе-
делі арқасында алынған екі ескі станоктың бірі істемей қалыпты.
Мұғалімнің «босалқы бөлшек табылса оны өзім де жөндеймін ғой»
деп, мұрнының астынан міңгірлегенін құлағына да қыстырмады.

Содан бірер аптадай өткенде химия, биология пəндерінен
дəріс оқитын үш-төрт жасаңдау мұғалімдерге де қырғидай тиді.
Себебі, өзі олардың сабақтарына қатысқанда оқушылардың білім
деңгейінің төмен екендігін байқапты. «Сабаққа жете дайындал-

майсыңдар, ізденбейсіңдер, методикалық көмекші құралдардың
бетін ашпайсыңдар, халтурщиксіңдер» деген сияқты сөздерді
өзге бір дойыр ұғымдармен араластырып, салмағын арттырып,
ой төбелерінде ойнатты-ау.

Сəл іркілістің соң кезек Ерікке де келді. Оған да солай. Ең со-
ңында бұған күрзінің тым ауырын көрсетіп, қоқан-лоққы жасады.
«Егер қазақ тілін үйренуге өз еркімен тілек білдіргендер- дің са-
баққа толық қатысуын қамтамасыз ете алмасаң күзде жаңа оқу

жылында бұл мектепті маңайламай-ақ қой!» Ерікке бұл ескертпе-
нің ауыр тигені соншалық, пəлендей берекелі жұмыс емес, тас-
тасам қайтеді деген ой да басын айналдырды. Бірақ сол кездегі
жер-жердегі жұмыс орындарының тапшылығы, үйдегі шиеттей

бала-шаға бұны бетінен қайтарды. Директордың Ерікті қалай ны-
қыртқанына куəлардың ішінде тарихшы Денис Антонович пен шет
тілінің маманы Лотте Романовна да бар еді. Денис Антонович бұ-
ған дейін де осы үшінші тоқсан басталғалы бұрынғыдайгазетоқым

айүнемібасынтөменсалып,аяқұштарынан көз алмайтын əдет тап-
қан. Еркек-əйелі аралас ересек мұғалімдер бірде өзара: «Денис
Антоновичтің дəмесінен түк шықпады- ау осы, қалалық оқу бөлімі-
нің меңгерушісі Рыжовтың асығы алшысынан түсіп тұр-ау, шама-

сы» деп күңкілдесті. Ерік мұны өз құлағымен естіді. Ешкім талдап
жатпаса да жас жігіт əңгіменің не турасында екенін сезе қойды.
Сол баяғы осы «Станцияда» салынып жатқан үшінші аса ірі мек-
тептің директорлығына осы екі қасқаның қайсысы тағайындала-

ды деген сауал төңірегіндегі ырду-дырду бұл шақта өз мəресіне
жетіп те қалғандай еді. Тура əлгі Америка Құрама Штаттарының
Президенттігіне үміткер елдегі екі партия басшылары ұйымдас-
тырған сайлау науқанының дүмпуіндей-ақ.

Міне, түр-түсінде сондай ауыр жүк көтергендей реңкі бар Де-
нис Антонович еріндерін жымқыра, жалпақ бетін дөңгелекке ұқса-
та керіп, қысыңқы көздерін Еріктің өңменінен өткізе жақындады.
Сең соққандай тұрған жас мұғалім бұдан бір жан жадыратар ақыл-

кеңес күтіп еді. Тек тарлан тарихшы-ұстаз жақындап келді де əл-
дененің исін иіскегендей мұрнын көтеріп, үнсіз сілейді. Сосын
кілт теріс бұрылып кетті. Одан көмек күткенге ұқсас райда тұрған

Ерікке керісінше «сенің жаңағы естігенің аз» деп, Еріктің жан жа-
расын бұл да бір тырнап өткендей-ақ. Жоқ, мұның бəрі ауыр күй-
зеліс үстіндегі Еріктің қате жорамалы еді. Денис Антонович оған
жаны ашығандық бір лебіз тастауға жақындап, сол заманғы ішкі

жəне сыртқы саясаттың ауанын кірпік қақпай, қалт жібермей бағу-
ға мəжбүр өз жағдайы темір ауыздықша өз аузына сарт етіп тиге-
сін көнбістік жасап теріс бұрылып еді.
Мұның бəрін Лотте Романовна дұрыс бағамдаған. Енді ол та-

рихшы мұғалім қаймыққан іске өзі барды. Тек жасы ұлғайған неме
əр қадамым өлшеулі дей ме, Ерікке жақындаған жоқ, алыста тұ-
рып-ақ, арық бет-жүзін оған толық бұрып, сөздерін барынша кү-
лімсірете тіл қатты:

Бұл директор тамаққа тұзды тым ащы қып салатын боп жүр!
Құдай қарғағанда Лотте Романовнаның сол қағытпасын əл-
декімдер директордың құлағына тап сол күні жеткізіпті. Оны ди-
ректордың кірген-шыққанда неміс тілінің маманына оқты көзде-

рін қадауынан-ақ ұққандар бар. Ерік те одан шеткері емес. Сол-
ақ екен, Кузьмин Алексей Никитычтың белсенділігі тіпті артты.
Бұдан кейінгі екі-үш аптада ол қалалық партия комитеті, қалалық
атқару комитеті, оқу-ағарту бөлімі орналасқан орталық жаққа ке-

тіп жоғалатынды көбейтті. Оқу ісінің меңгерушісі Мосько Григорий
Павловичтің аузынан «директор бүгін жиналыста» деген сөздер
жиі естілетін болды. Ондайда мұғалімдердің арқа- бастары кеңіп
қалатын сияқты. Кенет баршасының төбесінен ашық күнде най-

зағай ұрғандай бір күн туды. Директор алдағы жұма күні кешкілік
кезектен тыс ашық партия жиналысының өтетінін өзі хабарлады.
Мұнда партия ұйымының хатшысы бұрын көп жылдар партия-ке-
ңес қызметінде болған, тек кейін денсаулығының жарамсызды-

ғына орай одан қол үзген, қазір осы № 6-мектепте кітапханашы
қызметін атқаратын кəрі орыс əйелі еді. Арық кеудесімен мектеп
дəлізінде, ауласында ары-бері əрең қозғалатындай көрінгенімен
жиналыстарда даусы саңқылдап шығатын, сол заманның тұрғы-

сынан алғанда саяси сауаты өте жоғары жан. Жиналыс туралы
хабарландыруды мектепте тарихпен қабат сурет салу пəнінен де
дəріс беретін Денис Антоновичке баттитып, жуан шрифтпен жаз-
дырыпты. Иə, бұл тарих пəні мұғалімінің өзгесімен қабат сурет

салатын да өнері бар еді. Əртүрлі мейрамдарға, даталы күндерге
орай қабырға газеттерін шығару да осының мойнында.
Иə, Денис Антоновичтің атқарар жұмыстары көп. Бұл осында
кəсіподақ ұйымының да жетекшісі ғой. Кейбір қалалық қоғамдық

ұйымдарға да мүше. Директор, осы Денис Антонович, партия
ұйымының хатшылығы жүктелген кітапханашы əйел  – үшеуінің
ара-тұра бірігіп, қалалық жиналыстарға кететіні де үйреншікті

құбылыс. Тек соңғы кезде ғана директор ары-бері жалғыз шапқылап жүр. Ақыры, ашық партия жиналысы басталды. Мұғалімдердің бəрі қатысты. Тіпті бала күтіміне орай декреттік демалысын соза түскен кейбір жас мұғалімдер де келді. Баяндамашы жұрттың күткеніндей директордың өзі. Ол сөзін алыстан орағыта бастаған. Компартияның соңғы съезі мен Орталық Комитеттің соңғы Пленумдарында көтерілген жайларды шет-пұшпағынан жұлқылап, баршасының төбесінен қаққылай бастады. Ол заманғы басшылардағы ортақ əдет – қандай да бір маңызды мəселені көтерерде сол партия саясатындағы негізгі желіні көздерінің алдына тосып, басқа дүниенің бəрін тасада қалдырып, тұмшалап тастайтын. Мынау да сөйтті. Еріктің есінде қалғаны Кузьмин ең алдымен кеңес-американ арақатынасына қара бояуды баттастыра жағып лапылдады. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада да біраз саяси күштердің үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін тудырып отырғанын əлдекімдерді төбеден тоқпақтап ұрғандай дігірлеп жеткізді. Баяндаманың осы тұсында оқтау жұтқандай тіп-тік жаратылған денесі тіптен сіресіп кетеді екен. Онсыз да кірпіше тікірейген ақ аралас сұрғылт шашы жан-жаққа атылғалы тұрған темір инелерше суық сəуле шашады. Қас-қабағы да солай. Күлгін сия түстес қос жанары өзіңді жеп жіберердей зəреңді ұшыра тесіледі. Тап осы сəтте кім-кіммен де айқаса кетсе бұл оны сөзбен де, қара күшпен де алып соғардай ересен қайраттың иесі екені көрер көзге айқын. Енді қалай? Туа бітті сүйекті жаратылысы өз алдына, бұл оның үстіне партия саясатын қатқан қайың сойыл етіп ұстап тұр емес пе? Кəне, оған қарсы жақ ашып көрші, не артық қимылға баршы. Мұндайда директордікі бір бөлек, оның үстіне түйдектеліп кеп замана мысының өзі желкелерінен басып тұрғанын қалай естен шығарасың? Кейде халықаралық саясаттың осынша ушығуына Кеңес елінің осы бір оңтүстік-шығыс пұшпағында, биік таулардың қыспағында Текелі қаласындағы мына алтыншы мектеп ұжымының оқу-тəрбие жұмысын солғындатып жіберуі себеп болғандай-ақ баршасының құлағының түбінде бір жаман ызың оянатын. Жəне де ол ызың көпке дейін үзілмейтін. Ерік жан-жағына қарағыштай бақылап еді, мұғалімдердің бəрі де жүздерін көтеріп, директордың сықпыт-сиқын қаршығадай баққан қалыпта екен. Тек арт жаққа жайғасқан Денис Антонович қана көзін төмен салған. Тіпті директордың салақұлаш баяндамасын, ондағы небір тұздығы ащы жайларды пішту демейтін тек осы сияқты ғана көрінді. Еріктің жас жанына мұның өзі де бір түрлі жайсыз тигендей. Еңбек жолын жаңа бастаған бұған алдағы өмірдің қияң-кескі шайқастарға толы сиқын құдайдың өзі жіңішкелеп жеткізгендегі түрі ме екен?

Директор халықаралық саясаттың тұнығын біраз шайқап ба-
рып, нақтылы тіршілік қамына көшкендей. Сондағы ойлап тап-
қа- ны болашақ коммунизмнің материалдық-техникалық базасын
жасау төңірегінде сөз өрбіту еді. Мұнда да біраз жайды қопарып

барып, партияның өндірістік бірлестіктер құру жөніндегі саясатын
сап еткізді. Ерік əлдекім төбесінен қара қамшы сілтегендей дүр
сілкінді. Көз алдына өткен жазда өзі дидарласқан ескі журналист
Құдыс Əлікбаевтың жанды бейнесі қаққан қазықша тұра қалды.

Осы сəтте мына үлкен сынып ішінде директор Кузьмин Алексей
Никитычтың сөзін Еріктен мұқият тыңдаған жан баласы болмаған
шығар. Былтыр Құдыс Əлікбаев «республикааралық шекаралар
жойылып, олардың орнына өндірістік бірлестіктер құрылады» де-

генді теория жүзінде пысықтаса мына орыс директор оны нақты-
лы жүзеге асыруға бел шеше кірісіп кеткендей. Ерікке манадан
бері құлағына сіңіргенінің бəрі у мен зəрге айналғандай. Бірер
мəрте көзінің қарауытқаны да ақиқат. Қалайда Ерік солқылдаған

жас қой, сол жастық қуаты ғана осыншалықты жаман сезім соққы-
сына төтеп беруге септесті. Иə, Арқа даласы астық егуге қолай-
лы, неге онда астық өндіретін бірлестіктер құрмасқа? Ал оңтүстік
өңірлер мақта өндірісі үшін өзі сұранып тұр. Басқа қиырлардың да

өз пешенесіне жазылғандары бар.
Бірауық Ерікке əлдекім осыншалық дүниежүзілік, қала берді
бүкілодақтық мəселелер шешімін таппай жатқанда əлдеқашан сү-
йегі қурап, күні озған қазақ тілін осы мектепке əкеп тықпалаудың

қажеті қанша деп, сұрақ қойып желкелеп тұрғандай əсер етті.
Ақыры Ерік бұл өткелектен де өтті. Ендігі кезекте директор сөз-
дің бұдан да нақтысын тіл ұшына ілді. Кадрларды жасарту, тың
күштерді іске көбірек тарту партия саясатының тағы бір өзегіне

айналғанын білдірді. Ерік бұл мəселені де жаңағы «өндірістік бір-
лестіктер» сияқты тап осы мектеп үшін келіп-кетері жоқ алыс даң-
ғаза ретінде қабылдамақ еді. Кенет мұғалімдер арасында бір қы-
былжыған мінез байқалды. Айналасындағы құбылысқа сауысқан-

нан сақ жас жігіттің құлағына «өзге жырдан мынаның əуселесі бө-
лек» деп, əлдекім сыбырлап кеткендей еді. Шынында солай ма?
Ысқаяқ директордың бұл жайды тап осы араға əкеп кіріктіруінде
бір мəн бар ма? Бұл сауалына жуарақпанда жауап таппаған Ерік

жан-жағына алақтауды көбейтті. Жаңағы қыбылжыған сыңай тез
басылғандай еді. Дауыл басылғанмен оның ізі қалады ғой. Бұл
енді сондай бір ізді іздеді.
Мұның білуінше, мұндағы ұстаздардың басымы жасаңдау

немелер. Əне, дені əйелдерден тұрғасын декреттік демалыс-
қа бірі кетіп, бірі келіп, оқу ісінің меңгерушісі Мосько Григорий
Павловичтің сабақ кестесін құрастыру жөніндегі жұмысын тіптен

бастан асырып жіберді. Демек, кадрларды жасарту проблемасы
тап осы ұжымның желкесіне салмақ боп түсіп тұрған жоқ. Əлде,
əңгіме жоғарғы басшы кадрлар жөнінде ме? Ал оған мына мектеп
ұжымының қатысы қанша? Бұлар неге қыбылжиды?

Кенет бұл сұрақтың жауабы өзінен-өзі табыла кетті. Арт жақ-
та Денис Антоновичтен де бірер парта кейінірек отырған Лотте
Романовнаның мəз-майрам жүзі Еріктің көзіне оттай басылды.
Енді қалай? Күн астында жайқалған күзгі бітік өскен қурайдай- ақ

кешегі ауыл баласының іштегі қыл өзегін қозғады. Бұл ортаға бі-
раз сіңісіп, ыстығына көніп, суығына тоңып, оң мен солын танып
үлгерген зерделі жасқа мына көрініс біраз жайдың бетін ашып,
сайрап кеп бергендей. Лотте Романовна бүкіл науқанның өзіне

қарсы бағытталып, əнеугүнгі сөздерін мына директор кек тұтып,
алда жаңа оқу жылында сен сияқты кəрі мыстанға бұл ортада
орын жоқ дегенді оның осылай жариялағанын сезгені анық еді.
Піспеген шалалығы ғой, басқа мұғалімдер неміс тілі маманының

бет-жүзінен көздерін ала қашса мына Ерік керісінше оған əлдебір
жоғалтқанын тапқандай жалтақтай беріпті. Əжімдерінің əр талы
шуаққа малынып, Лотте Романовна мұндай көңілділікті қайдан
олжалағаны белгісіз тіпті қуаныштан жүзі жасарғандай күлімсіреп,

директорға мейманасы аса қарайды.
Үлкен сынып бөлмесіне лық толы мұғалімдерді əлдененің
мысы шындап басты. Бəрі де бастарын салбыратып, өздерінің
саусақ ұштарын тамашалай қалған. Бір заманда директор сөзін

тауысты. Қара нар көтере алмас ауыр жүк желкесінен түскендей
жиналыс басқарушы, партия ұйымының хатшысы, кітапханашы
əйелдің қасындағы бос орындыққа барып сылқ отыра кетті. Бұдан
кейінгі сөздер көпке созылған жоқ. Екі-үш мұғалім «партия сая-

сатын қуаттаймыз» деген бағытта шолаққұйрық сөздерін айтты.
Бəрі де протокол үшін хатшы мен директордың алдын-ала дайын-
даған адамдары екені түсінікті.
Ертеңіне Лотте Романовна жас əйелше алқызыл гүлді жаңа

көйлек киіп кепті. Жүзінен де кешегі көңілділік кетпеген. Əйел
мұғалімдерге əлденені сыбырлап, сықылықтап күліп жүргені де
байқалды. Қалайда адамның көңілді жүзі басқаларға да жайлы
тиеді ғой. Ерік оған бір түрлі жанашырлықпен қарады. Ал Лотте

Романовна сабақ орны боста, үзілістерде өзінен жасы əлдеқай-
да кіші əйел мұғалімдерге жанасуын жиілетті. Тіпті өзі кекесінмен
қарайтын, əрі өзімен бақталас іспетті ағылшын тілінің маманы
Адалят Сализовнамен де ауыз жаласқандай оның да құлағына

əл- денелерді құйып жүрді. Көбіне шетқақпайланып, қағажу жүрген
дүңген əйелі өзіне мұндай одақтас табылғанына қуанғандай оны
бұл да өзіне жақын тұтқан сыңай білдірді. Бара-бара бұл екеуінің

оңаша күбір-күбірі тіптен жиіледі. Тіпті ол екеуі неміс пен дүңген сияқты басқа ұлттың өкілдері ғой, мына орыс қауымында оларға кəдікпен қарағандар да табылғандай. Соны Лотте Романовна дер уағында сезді ме, басқаларды да оңаша сыбырмен қарық қылуға тырысты. Бірақ Адалят Сализовна да шет қалған жоқ. Бірде бұл ағылшын тілінің маманы ана кəртамыс неміс əйелінің өсекаяңының əсерімен бе бірде тағы да аузынан қағынғанға ұқсады. – Біздің қоғамда мына тектес адамдар қаптап кетті. Олар ешкімді өлтірмеген, ештемені ұрламаған, ештемені бүлдірмеген, иə кеңестік заң жүзінде солай. Бірақ соларды мұрындарынан тізіп, өлім жазасына кессе құдайдың ең бір оң ісі болар еді! – деп салды. Бұл көп құлаққа сарт етіп тиді. Дүңген əйел кімдерді тілмен түйреді, басқаларға кім білсін, дəл Ерікке беймəлім еді. Осыдан бір күн өткізіп барып Лотте Романовна да бүйректен сирақ шығарғандай еді: – Іштегі ұлан-асыр дүние қазандай қайнайды. Былай сарқып төгейін десең жұрттың зейін қоюға мұршасы жоқ! Бұдан кейінгі үнсіздік Ерікке шындап дауыл соғар қарсаңдағы өлі тыныштыққа ұқсады. Көзі мен құлағына күш түсіре жан-жағын жіті бақылауды тіптен əдетке айналдырды. Өйтпеске амалы кəне, Лотте Романовнаның жаңағыдай жүрекжарды күрсінісінен соң оны əр қырынан аңдушылар көбейді. «Ішіңізге сыймай бара жатқан ырысыңыз болса былай ақтармайсыз ба?» деп жабысқандар да табылмады. Тек көзбен адақтасты. «Пəлесінен аулақ, өзінің тарс жарылуын күтейік» деп, сабыр сақтанғанға ұқсайды. Бұл оқу жылының ең ұзақ үшінші тоқсаны ғой. Наурыз айының алғашқы жұлдыздарының бірі. Енді үш аптадан соң оқушылар көктемгі жеті күндік каникулға шығады. Көктемгі мамыражай шақ. Кенет бір хабар мұғалімдер қауымының ортасында тез тарады. Мектепке қалалық оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Рыжов бастаған комиссия келеді екен. Мұндай комиссияға мұндағылардың көбісінің еті үйренген. Бəрі де өз ісінің шеберлері, сасатын дəнемесі жоқ. Тек бұл хабардың бұларға алабөтен көрінген екі ерекшелігі бар еді. Басқа уақыт жетпегендей неге бұл жоспарлы тексеру ең ұзақ, ең жауапты үшінші тоқсанның ең жауапты соңғы күндерінде өткізіледі? Бұл деген оқушылардың білім деңгейі жөнінде жылдық қорытындының негізі қаланатын кезең. Мұғалімдер дəріс оқуда неге қол жеткізді, неге қол жеткізе алмады, соны қырағылықпен сараптап салмақтайтын кезең. Тап осындай сəтте мынадай комиссияның жұмыс істеуі мұғалімдердің қолын қаққандай болып шықпай ма? Мұны басқа басқа, тап қалалық оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Рыжовтың түсінетін жөні бар ғой. Бұл хабардың екінші алабөтендігі неге бұл комиссияны

Рыжовтың өзі бастап келеді? Əншейінде оның орынбасары, не
солардың қоластындағы методистердің бірі бастап келетін. Міне,
мұның да түсініксіздеу бір қыры бар сияқты еді.
Əрине, мұның бəрін Ерік өзі топшылаған жоқ, жасы үлкен бес-

аспаптардың сөз саптасынан ұқты. Бұл күндері мұның да бейнеті
молайды. Өзі оқытатын топтардағы балаларға комиссия келетінін
айтып, сабаққа қатыспағандар жөнінде бөлек шара қолданылады
дегендей қыр көрсетті. Əрі үй-үйді ақтап, олардың ата-аналары-

мен сөйлесуден де жалықпады. Сөйтіп, мұрнынан шаншылып жү-
ріп, осындағы екі жан иесінің бет құбылыстарындағы өзгерістерді
танып, ет жүрегі сыздағандай күй кешті. Олардың бірі əлгі 8- сы-
ныпта оқитын, небəрі 15-16 жастағы қалпымен Еріктің іш дүние-

сіне құйын кіргізген Катерина Осокина деген қыз еді. Бұл əу бас-
тағы тəртіп бұзушылық сияқты қылықтарын доғарып, қазақ тілін
меңгеруге деген ынта-ықыласын барынша ашқан. Ерікке бал-бұл
жанған жүзін тосып, күлімсіреген көздерімен атқыласа да артық

сөз бен қимылға хош айтқандай еді. Қазақ тілін біраз еңсеріп те
əкетті. Əлде əке-шешесі, не көрші-қолаңдары қазақша біле ме,
сабақ жоспарында жоқ біраз сөздерді қоса үйреніп кеп, Ерікке
өзінің білгіштігін көлденең тартатын. «Ерик Тиналиевич, шалба-

рыңызға бор жағылды», «Ерик Тиналиевич, галстугіңіз қисайып
кетті» деген сияқтылардың күніне біреуін ұшыратын. Міне, сондай
алау отша тұтанған зерек те сұлу қыз осы үшінші тоқсан бастал-
ғалы күрт сынды. Кеудесіндегі темір өзекті əлдекім жұлып əкет-

кендей кеудесі бүгіңкі тартып, көздері қап-қара шоққа айналған-
дай. Бал-бұл жанған жүзі де бұрынғыдай емес, ондағы атойлаған
сезім белгісі сылынып түскендей тым сүлесоқтанды. Ерік сабақ
түсіндіргенде бұған көзінің астымен тұнжырай қарап, өте тұйық

отыратын. Бұл не? Əлде өз мұғаліміне деген ішкі сезімін қанша
бұрқыратқанмен оған тиісті жауап болмағандағы білдірген нара-
зылығы ма? «Иə, ақылы қысқа бойжеткен, мектепте өзіңе дəріс
беретін ұстаздан қандай жауап болуы мүмкін? Алды- артыңа неге

қарамайсың?» Бұл, əрине, Еріктің іште булыққан жауабы. Үнсіз
жауап, ананікі де үнсіз наразылық.
Ал Еріктің көз алдында күрт өзгерген екінші жан иесі – ол өзінің
кешегі ұстазы, бір кезде Пушкин мен Лермонтов өлеңдерін сабақ

үстінде шемішкеше шағатын Надежда Борисовна Перепел- кина
еді. Мұнікі тіпті жаман, тура басына қара жамылғаннан бір былай
емес. Ерікті қой, өзі қатарлас үлкен педагогтермен де ашып-жа-
рып дидарласпайды. Əлдеқалай тіл қатысса тек ресми сауал, тек

ресми жауап түрінде ғана.
Мұның себебін де Ерік сұрап біле алмайды, бұған келгенде де
тілі байлаулы. Қалай сұрасын, екі ортада бір арақашықтық бардай

бұл өзінің кешегі білдей ұстазы ғой. Сұрағанда да ол айта, ашыла
қоя ма? Қайта Еріктің өзі ыңғайсыздыққа ұшырап, жүдеп қалма-
сын. Міне, Ерікке бір үйлі жанның мақтанышындай тым көркем
перизат  – сол Катерина Осокина мен қабырғалы ұстаз, оңтайы

келсе ғылымның да бір тұтқасын бұрап жіберерлік қауқары бар
Надежда Борисовна Перепелкина сынды екі адамның кеуделе-
рінде əлдене біржола өшкендей көрінді. Бұған Еріктің өзін кінəлі
санағандай да сыңайы бар.

Тап осы екі ортада айтса адам нанғысыз бір оқиға болды. Үзіліс
кезінде бір сабақтан екінші сабаққа кіруге оқталып жан ұшырған
Надежда Борисовна бір сəттік уақыт тауып, Ерікке ажырая қара-
ды. Əншейінде қабағы салбырап, тұнжырауы көп көрінген ұстаз

əйел кенет басын жұлқа көтеріп, кешегі өз шəкіртіне алабөтен
назар салғандай. Келесі бір үзілісте Еріктің бұл жорамалы тіпті
расталды.

– Ерік, сенімен оңаша əңгімем бар, мен бүгін алтыншы сабақ-

тан кейін боспын, сенің уақытың қалай? – деп, жақындап кеп құла-
ғына сыбырлай сұрады. Еріктің ол дегенде не жаны қалушы еді:

– Алтыншы сабақтан соң мен де боспын, Надежда Борисовна! –

деп, жалма-жан жауап қайырды. Шынында мұның асақолы бос
та емес еді, кештетіп екі-үш баланың ата-анасымен сөйлесіп шы-
ғуды жоспарлап қойған. Бірақ сүйікті ұстаздың мына қолқасының
қасында ол жоспардың құны айтып ауыз жарымастай еді. Əлде

бір жазуы бар қағазды оның көз алдында қақ айырып жартқандай
желпініс сезімін бастан кешірді.
Бұл наурыз айының басында күн əлі ұзара қоймаған. Алтыншы
сабақтан соң шығып, қатаркележатқанекеу бір-бірініңжүзіндұрыс

көре де алмастай қараңғылық бар еді. Надежда Борисовнаның
үйі Қаратал өзенінің бергі жағалауында. Оған дейін де бір сыпыра
жер. Ал Ерік өз ұстазын жолда қалдырып, түнделетіп, өзеннен əрі
өтуі керек қой. Надежда қашан да асығып-аптығып жүрсе де тек

осы жолы тым жайбарақат қозғалды. Əрі бұлардың алдында, ар-
тында олар да мектептен шыққан ересек балалардың қара- құра-
сы көп еді. Біраз жүргесін олар аздап сейілді де есесіне қараңғы-
лық тіптен қоюлады. Кенет бұларды басқа бір жастардың шоғыры

қуып жетті. Бұлар мектеп оқушылары емес екені бірден білінді.
Надежда Борисовна оларды өткізіп жібермекке сəл шеттеп еді.
Ерік те солай. Кенет шоғырдың ішіндегі біреудің даусы түнгі ты-
ныштықты қақ айырды:

– Саш, а, Саш, а, слушай теперь мой анекдот. Мальчик при-

бегает домой, и говорит: «Мама, мама, городской вытрезвитель
сожгли!». «Откуда знаешь?» «Вон папа идет по улице, и поет пес-
ню: Враги сожгли родную хату!»

Кең жолда иін тіресіп, ұйлығыса қозғалған бес-алтау қарқылдасып, күлкісін аяқтап үлгермеді, екіншісі бір бүйірден қыстырылды: – Вовик, теперь очередь моя: Мальчик прибегает домой и говорит: «Папа, ты счастливый!» «Отчего так?», «Тебе не придется мне покупать новых учебников, меня оставили на второй год». Осылай бұл топ тез ұзап бара жатты. Надежда Борисовна осынау түннің өзіндей түнеріп, олардың соңынан ұзақ қарады. Бүкіл талдырмаш сұлбасы Еріктің көз алдында қараңғылықпен бірге еріп бара жатқандай да əсер етті. Тек қашанғы ашық та айқын үні жас жігітті ондай əсерден тез арылтты: – Əр орта өз проблемасын өлең-жырға, қала берді анекдотқа айналдырады. Қайтесің, халықты ішкілік дендеп барады. Алкаштардан туған балалар қайбір оңсын? Ол мыналардың сықпытынан-ақ көрінбей ме? Жарайды, уақыт оздырмайық, сенің барар жерің алыс. Сені, оңаша алып шыққандағы себебім мынау. Сен ауыл баласысың, көп нəрсені түсіне де алмай жүрсің. Тыңда! 8-сыныптағы Катерина Осокина деген қызды білесің ғой. – Білемін! – дегенде Еріктің даусы қаттырақ шығып кетті. Ал мына қараңғылық оны тіптен үстемелегендей. Оған қоса ішінде алабұртқан бір сезім бұрқ етті. Шошынғандық па, басқасы ма, тап қазір Ерік ол жағын ашып-айырмады. – Білсең тыңда! – Тіпті өте жақсы білемін! – деп Ерік тіптен екіленді. Надежда Борисовна сəуегейлік жасап, мұның өзіне онсыз да қойғысы кеп жүрген сауалын жан түкпірінен суырып алғандай көрінді. – Бұрнағы күні менің көп жылдық ұстаздық тəжірибемде кездеспеген дерлік бір оқиға болды. Мен үйге күн барда ертерек қайтып едім, тап осы тұста менің соңымнан сол Катерина Осокинаның жүгіріп келе жатқанын байқадым. «Надежда Борисовна»  – деп айғайлағанын да естідім. Сосын амал жоқ, мен жүрісімді тоқтатып күтіп алдым. Маған жетті де алқына, демін əрең алып, көзінің астымен мені атқылай бастады. Иə, мені шошытқаны сол – қарасы біртүрлі. Кəмелетке толмаған оқушы қыз өз мұғаліміне бүйтіп қарамас болар. Өзі де бір көрімге бар сүйкімді қыз ғой, енді сол сүйкімділігіне əлдекім у қосқандай менің жаныма соншама жайсыз тиді. «Не айтпақсың», – деп қатқылдау үн қатып едім, бет-жүзі дір етіп, маған ашықтан-ашық ызғар шаша бастағандай. Ол сөйтіп едəуір уақытымды жұтты. Ақыры, «Надежда Борисовна, ана қазақ тілінен сабақ беретін Ерік Тінəліұлы сіздің шəкіртіңіз екен ғой, соның мектепті күміс медальмен бітіргені рас па?», – деп сұрады. «Рас!» деппін мен бөгелместен. Солай десем де іш қуысымда бір суық жүгіріп өтті. Қыз сəл салғыртып барып, «Ол өзі түк түсінбейді ғой», – деп салды. «Нені түсінбейді?» деп мен де қадалдым.

Ол басын төмен салып, ұрлық жасаған кісідей көзінің астымен
сүзіле қарап, енді менің өзімді сынға алғанға ұқсады. Сəл ызала-
нып, мені жолдан бөгегенде не айтпақсың дегендей, шұқшидым
емес пе? Байқаймын, бұл қыз мені жайдан-жай жолдан бөгемепті.

Көздері қорқыныштан да, əрі басқа бір сезім тепкісінен де отша
жанып барады екен. Кенет оған жаным ашып, тым қысымға ал-
майын деп, сабырға көштім. Бірақ одан Катеринаның жүгі жеңіл-
деген жоқ. Өңі сұрланып, іштегі дүниесін менің ұға қоймағаныма

кейіс білдіргендей сыңайы бар. Тіпті көп жасап, бұл тіршілікте
дидарласар өзімен терезесі тең адам таппаған кексе данышпан-
ды есіме түсірді десем сен, Ерік, сенемісің? Менде де əккілік бар
ғой. Мен табанда түсіндім. Бірақ оның аузына сөз салып қайте-

йін? Əрі ұстаздық этиканы сақтауым керек. Ендігінің бəрін оның өз
еркіне бердім. Кенет өң-түсі бояуын ажыратқысыз басқа бір реңге
ауысып, екі көзінен жас парлатты. Сөйтті де жалт бұрылып, ме-
нен қаша жөнелді. Қашуы да біртүрлі жаман. Соңынан əлдекім

қосауызды мылтық алып қуғандай көше бойлап, жан ұшырып тез
қарасын батырды. Ерік, енді мына сөзді тыңда! Қалғанын бүйтіп
сағыздай созбай-ақ қояйын, зерделі жігітсің ғой, дұрыс ұғарсың.
Катерина Осокинаның бұл қылығына жерден жеті қоян тапқандай

таңырқаудың қажеті жоқ. Оның саған көңілі ауған. Бойжеткен қыз-
дың жас мұғалім жігітке ғашық болуы оқу орындарында жиі ұшы-
расатын құбылыс. Мынаусы басқа амал таппағасын суға батқан
тал қармайды дейтіндей бір ессіз қылығы. Менен бір ақыл қосар

деп дəмеленді ме, кім білсін? Жə, оған текке бас қатырмайық.
Саған айтқым келгені – сен көр балалыққа салынба! Ол қызға бой
алдырма! Өзіңнің мына жұмысты дұрыстап меңгере алмай жүрген
жайың бар, көшеде қаңғып қаласың! Онсыз да директор Кузьмин

сенің жұмысыңа риза емес. Оқу ісінің меңгерушісі Мосько да со-
лай. Өз ауыздарынан естідім. Өзің айттың ғой, бұған дейін еш
жерден жұмыс таппадым деп. Жə, көшеде жай қаңғып қалсаң бір
сəрі. Темір тордың ар жағынан шықпасыңа кім кепіл? Катерина

Осокинаның əке-шешесі осы қаладағы мықтылардың қатарын-
да. Кəмелетке толмаған қызымыздың басын айналдырдың, бұз-
дың деп, сені езіп жіберу олар үшін түкке тұрмайтын шаруа. Ал
Катеринаның өзіне келсек, сен мынаны мықтап кəперіңе ал! Сен

ауыл баласысың, білсең ауыл қыздарын, ондағы қазақ қыздарын
білерсің. Ал Катерина – орыс қызы, əрі қалалық қыз. Мұндай қыз-
дар ауыл қыздарынан гөрі əлдеқайда ерте піседі. Түсінемісің сен
мұны? Орыс тіліндегі əртүрлі əдебиет дегенің қазақ тіліндегіден

он есе көп. Соны жүзіп жүріп сусындаған мұндай қыздар талай
пəлені бұғанасы қатпай жатып бойына сіңірмей ме? Не ішіп, не
қоям дейтін емес, ауқатты отбасында бұла өскен қыздар əсіресе,

ғашықтық хикаяларының түбін түсіріп оқиды. Сондағы сүйдімкүйдімді өз бастарынан өткергесі келеді. Өзім оған дайынмын ба, жоқ па, жас мөлшерім лайық па, əрі өзімнің көңілім құлаған жан өзім деңгейлес пе деген сияқты сауалдар оларды маңайламайды. Сөйтіп күйіп кетеді. Өздері ғана күйіп қоймайды, сен сияқтыларды қоса күйдіріп, тіпті өртеп жібереді. Ұқтың ба, жаным? Бұл ойнайтын шаруа емес. Беті бүркеулі оппа секілді құлап түскеніңді сезбей қаласың. Жарайды, жаным, мен асығыспын, үйге барайын, өз басымның да неше қабат шырмауықпен шырмалып жүрген жайы бар. Надежда Борисовна қараңғылыққа сүңгіп жоғалғасын да Ерік сол орнында қаққан қазықтай ұзақ серейді. Бұл шынында өте тəжірибелі, əрі білгір ұстаз мына Еріктің кеше ғана сол Катерина Осокина жөніндегі ойларын қолма-қол одан əрі дамытып жібергенін бірден басында пісіре алмай дал болып еді. * * * Міне, комиссия мүшелері Еріктің тап осындай шағында таңертеңгілік сағат 8-ге он бес минут қалғанда сау етті. Айналасы он шақты адам, дені əйелдер. Басшысы Рыжов бірінші болып табалдырық аттағанда оның мəз-майрам жүзі баршасын таңқалдырғандай. Себебі, оның мəз-майрам жүзі ғана емес, сапсары бұйра шашы, қысыңқы көздері таңғы күн жарығынан тіпті сəулеленіп, жан жадыратардай еді. Бұл осы ұжым мүшелерінің жұмыс сапасын тексеретін комиссияны емес, бір мерекемен құттықтамақшы топты бастап келгендей-ақ осынша ақжарқын көрінуі тəжірибесі аз Ерікке оқыстау тиді. Бұл тексеріс небəрі үш-ақ күнге созылды. Алғаш келген бетте Рыжов тобындағылар əрқайсысы өз мамандығына орай өзіне керек мұғалімдерді көздерімен іздеп тауып, соларға ілесіп, сыныпсыныпқа сүңгіп жоғалғанда пəлендей бас жарып, көз шығарарлық ештеме шалынбаған. Ерік мектепте шəкірт кезіндеақ мұндай тексерістерді көзімен көрген ғой. Тек мына ортада мұны елең еткізгені тексерістің алғашқы күні-ақ кексе мұғалімдердің бір-біріне қабақтарын ажырайта қарап, əлденеден сескенгендей түрлері еді. Бұл көрініс Еріктің ұзақ уақыт есінде жүрді. Екінші бір ұмытаалмағаны Рыжовтың мінезі еді. Комиссияның өзге мүшелері өздері сабағына қатысқан мұғалімдермен оңаша дидарласып, пікірлерін айтып жатса Рыжовтікі басқаша шықты. Бұл ағылшын тілі пəнінің оқытушысы Адалят Сализовнаның сабағына кірген екен. Қоңырау соғылып, үзіліске шығып, мұғалімдер бөлмесінде баршасының

басы қосылған шақта Рыжов ыржиған түрін одан əрмен көл-көсір етіп, дүңген əйеліне жақындады да ашық та айқын дауыспен: – Вам далеко до учителя как мне до министра! – деп салды. Адалят Сализовна қарға тұмсықты түрімен жалт қарап, оны шоқып тастамақтай ашумен түйілді. Мұғалімдер бөлмесінде адам қарасы сонша көп болса да сыбыссыз ауыр тыныштық орнады. Əлдебір тарамыс жіппен бəрінің ауыздары ғана емес, аяққолдары да буылғандай. Тек бара-бара кейбіреулері сол тарамыс жіптің түйінді тұстарын тауып, саусақтарымен асықпай шешіп, өз тірліктерін жалғастырғанға ұқсады. Бұл сурет те Еріктің мəңгібақи есінде сақталды. Үш күндіктің соңында кешкілік комиссия мектеп ұжымын түгел жиып, бір сағаттық əңгіме өткізді де түнделетіп, үріккен тарақанша тарап бара жатты. Сол шақта неміс тілінің маманы Лотте Романовна комиссия бастығы Рыжовқа жəне сол құрамдағы екіүш өңі ескілеу мұғалімдерге қарап ащы əзіл айтқансыды. Мұнда орыстың ескі фразеологиялық сөз тіркестері басым еді. Сосын да Ерік оның мағынасын ұстай алмады. Тек Рыжовтың бетіндегі суық сəуледен оған ауырлау тигенін шамалады. Əрі директор Кузьмин де басын салбыратып, жақ сүйектерін қозғап, əлдекім тұнығын лайлағандай халде қалды. Лотте Романовнанікі «ақыр биыл жазда жұмыстан кетемін, маған не істейсіңдер, сығырлар, тіпті кетпесем де не істейсіңдер» дегендік екені бетжүзінде жазулы еді. Тек бұл осы ащы мысқылмен елден алабөтен ауыр таяқ жеген Адалят Сализовнаның жарасын жеңілдетпек пе, кім білсін? Келесі аптада тап осының жалғасы іспеттес екінші бір жай өзгені емес Ерікті тобықтан қақты. Рыжов қала басшылығының ұйғарымымен Текелі қаласының осы «Станция» атты бөлігінен бес шақырымдай ғана қашықтықтағы Эрнст Тельман атты ауыл тұрғындарына арнап концерт қою ісі белгіленгенін жəне бұл шараның осы № 6 мектеп ұжымына тапсырылғанын жеткізді. Мұнда да тұрған ештеме жоқ. Себебі, өткен жылдары қала орталығында көркемөнерпаздар үйірмелерінің байқауына қатысып, осы № 6 мектеп ұжымы екінші, үшінші жүлделерді иемденгенін Ерік жаңа жыл мерекесінен кейін əбден-ақ естіп білген. Бірер күн кешкілік мектептің əлгі спорт залында репетиция өткізілді. Жаңа жылдық шырша айналасындағы мереке осында жалғасын тапқандай. Репетиция үстінде директор Кузьмин Ерікке бетпе-бет келіп, саусағын көкке шошайтып, қадап тапсырды: – Біз бармақ Эрнст Тельман ауылының тұрғындары негізінен орыс, неміс десек те қазағы да баршылық. Сен қазақша өлең оқисың. Бес-алты шумақтан аспасын. Коммунистік партияны, кеңес мемлекетінің саясатын марапаттайтын өлең болсын!

Ол жылдары ондай мазмұнды өлеңдер қазақ поэзиясында аяқ
алып жүргісіз ғой. Мамандығы əдебиетші, болашақ жазушы Ерікке
ондай өлеңді тауып, жаттап алу сіріңке шаққандай ғана іс. Тек ол
неміс коммунистерінің көсемі атындағы ауылда қазақ тұрғындар

баршылық дегенмен олар балаларын жаппай орысша оқытып, өз-
дері де біржола орыстануға бет алғандар, менің қазақша өлеңімді
пəруəйіне ілер ме екен деген күдік кеудесіне ұрлана кірген. Бірақ
өйтіп ауа толқуға орын жоқ, директор бұйырды, ол орындалуы шарт.

Эрнст Тельман аулында бұл мектеп ұжымы концертті дүрілдет-
ті-ай келіп. Директор Кузьмин мен тарихшы Денис Антонович бас-
таған шағын оркестр төбесінде жалғыз ғана шам жанған ауылклу-
бынкөкке көтеріп əкетті. Сахнаға орыстың ұлттық киімін киіп шық-

қан Нина Николаевна əн салғанда көрермендер үсті-үстіне қол
шапалақтап, əрі «бис-бистеп» екі-үш мəрте қайта шақырып алды.
Надежда Борисовнаның да біраз əншілік өнері бар еді. Басын
шырмаған шырмауықтарды өз қолымен бырт-бырт үзіп алысқа

лақтырғандай бұл да бал-бұл жанған жүзін жарқырата ашып, тым
көңілді шықты. Мүлдем бөлек дауыспен сызылтып, мұндайлыққа
құлақтары тосаңсыған шаруа жұрттың алғысын алды. Басқалары
да солай. Бар сұмдық Ерікке кезек тигенде орнады. Бұл да неше

мəрте жаттығып, жете дайындалған ғой, қазақша өлеңді судыра-
тып-ақ оқып еді. Кенет залдың шеткерірек жағында отырған біреу
орнынан тұрды да барып төбедегі жалғыз шамды сөндіріп таста-
ды. Ал, ендеше...!

– Эй, имей совесть!  – деген екінші біреудің гүжілдек даусы

шықты да ол барып, шамды қайта жақты. Бұл, əрине, Ерікті бетке
қаққандай əсер етті. Бірақ бəрібір мүдірген жоқ, өлеңді дұрыстап-
ақ аяқтады.
Ертеңіне Ерік мұғалімдердің бет-жүзін бақылап, өзінің соққы

жегендей жағдайы барын пайымдады. Ешқайсысы Ерікке тура
қарамайды, бұл өзі қанша шұқшиғанымен бəрі де бұдан көздерін
ала қашатындай. Əсіресе, математик Борис Устиновичтің қыбы
қанған түрі бар. Себебі, ол көзін қанша төмен əкеткенмен шықшы-

тынан кекесінді күлкінің табы білінетін еді.
Жаңа жылдық ойын-сауық кешінде ішімдік қызуымен осы сірі
жанды қазақ жігітінің құлағына құймаққа əрекеттенген, бірақ оның
реті келмеген бір усойқы тұжырымын басқаның баттитып, бұл ой-

лағаннан он есе шымбайына батыра паш еткенін көргенде іші неге
майланбасын? Ерік өз аңғарымпаздығын асыра бағалаудан қаш-
қақтап, оны-мұныны сылтауратып, осы сұм тілді математик мұға-
лімді қысыр əңгімеге тартпаққа талпынып еді, мынауың үркек аттай

жалтырып, мойнын сыртқа сала берді. Əншейінде ағытылып тұрған
аузы да сараң үйдің есігіндей қара құлыппен бекітулі екен.

Осылай дүниенің беті теріс қараған тоң-торыстықта да бір жарықшақ, саңлау барын Ерік Адалят Сализовнаның бет ажарынан байқады. Бұл əйел концертке қатыспаған. Есесіне, қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі Рыжовтың əнеугүні дүйім елдің алдында бұған тастаған күрзідей ауыр сөздерінің əсерінен əлі айықпағанын байқатып, жүні жығылыңқы сыпатын айқара ашып тастағандай. Тап осы тұста зерделі Ерік анық бір түйінді ойға тірелді. Енді байыптаса бəрі мектеп директоры Алексей Никитыч Кузьминге барып тірелетін сияқты. Ол мынау дүңген əйелін өлердей жек көреді. Сабақ жүргізудегі кемшілігі үшін деуге келмейді, əрине. Бұл əйелдің басқалардай емес, аузына келгенін ірікпей, қандай ортада да лақ еткізіп төгіп салатыны бар. Мейлі ол партия, үкімет ісіне қатысты болса да солай. Бұл, əрине, мектепте саяси сабақты жұргізетін жəне оның сапасына өз басы тікелей жауапты директор үшін үлкен қатерге айналып кетуі əбден заңды. Қазір кім кімді аңдымай жүр, кім кімнің үстінен сыбыс таратпай жүр? Əсіресе, мынадай тап осы маңда тағы бір үлкен мектеп ғимаратының құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында ауыс-күйіс мəселесінің пісуі жетіп тұрған шақта. Əрине, мұндайда сыбыс, өсек-аяң атаулының салмағы тіптен артады. Демек, Ерік бір шындықтың бет пердесін ашты. Директор Алексей Никитыч Кузьмин ағылшын тілінің маманына бұл ұжымнан көзіңді жоғалт дегенді қалалық оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Рыжовтың аузымен жеткізді. Бұл мəселеде енді директордың жүгі жеңіл. Ал Ерік Тінəлиевке «əй, қарағым, былтыр қалалық оқуағарту бөлімі басшылығының тарапынан бір ағаттық кетті, біздің ортада қазақ тілі пəнін жүргізудің көк тиындық қажеті жоқ, солай деп мұғалімдер де, ата-аналар да құлағымыздың құртын жеуде, сен де осы ел аман, жұрт тынышта жөніңді тапсаңшы» деген райды білдіру үшін əлгі қазағы жоққа тəн ауыл клубында қазақша өлең оқисың деп əдейі тапсырған шығар. Тіпті сондағы концерт үстінде Ерік қазақша өлеңді саңқылдатқанда əлдекімнің қасақана шамды өшіруі осы қолы ұзын директордың ұйымдастыруымен болған іс емес пе? Сөйтіп, бұл пəленің осы дүңген əйелі мен Ерік жөнінде басқалардың қолымен от көсегендігі ғой. Еріктің бұлай толғауына басқа да бір объективті жағдай əсер еткен. Ол жылдарда «лениндік ұлт саясаты» төңірегінде орталық, республикалық баспасөзде етек-етек мақалалардың легі үзілмейтін. Авторлары сонау партия, мемлекет көсемдерінен бастап, атағынан ат үркетін қайраткерлер, академиктер еді. Ал Ерік қазақ, ал мына мектеп Қазақстан территориясындағы бір нүкте. Ерікке көпе-көрнеу кет деп жатса шағын ұлт өкілдерін, олардың тілін тықсыру деген сияқты қылықтың исі мүңк етпесіне кім кепіл? Дүңген

əйелі жөнінде де солай. Əрі Адалят Сализовна Ерік сияқты аузы-
нан сөзі, қойнынан бөзі түскен бозөкпе емес, ол жай кетпей ащы
даусымен жер-дүниені көшіріп, шаңырағыңды ортасына түсіріп
кетуі ықтимал. Əттең, бұл екеуі өз еріктерімен өтініштерін жазып,

табандарын жалтыратса ғой қасқыр да тоқ, қой да аман.
Кенет Ерікке бұл жайды Лотте Романовна басқалардан гөрі əл-
деқайда айқын сезіп жүргендей көрінді. Директор Кузьмин мұны
да кадрларды жасарту жөніндегі партия саясатын қолшоқпар етіп,

бір жайқап өтті емес пе? Бұл неміс əйелі шынында қартайған жан,
жетпіске иек сүйеген жайы бар. Бірақ өлсем сүйегім осы мектеп та-
балдырығынан шықсын дегендей жұмысқа жата жабысып жүрген
əлгіздігін қайда қоясың? Əрі мұның оқытқан шəкірттерінде қисап

жоқ, біразы осы мектеп ұжымында да бар. Басқа мекемелерде де
солай. Тіпті қала басшылығында да ұшырасады. Үйіне көмір түсі-
ру, басқа да бір көмек керек кезде Лотте Романовнаның соларға
шауып баратынын мұндағылардың біразы біледі. Егер директор

Алексей Никитыч «Лотте Романовна, шаршаған шығарсыз, де-
малсаңызшы, жастарға орын босатсаңызшы» дегендей емеурін
білдірсінші бұл кəртамыс əйел оның өзінің астындағы орынтағын
қозғап жіберсін. Сосын да директордың партия саясатын қолшоқ-

пар еткеннен басқа не амалы бар?
* * *
Ақыры, наурыз айының соңында оқу жылының ең ұзақ үшін-
ші тоқсаны аяқталып, көктемгі сегіз күндік каникул басталды. Ол

кездегі үрдіс бойынша каникул тек оқушылар үшін, ал мұғалім-
дер бəрібір күнде таңертең жиылып, бірер сағат жұмыста бо-
лып кетуі шарт. Сонда да бəрінің арқа-басы кеңіп қалатын уақыт.
Мұғалімдер бөлмесінде топырлай үймелесіп, ой, əңгіме тиегін

ағытады-ау! Директор мен оқу ісінің меңгерушісі мұнда көп бас
сұға бермейді, көбіне оны-мұныны сылтауратып, орталыққа, қала
басшылығы жаққа кетіп жоғалады. Мұның өзі мұғалімдердің əң-
гімеге деген шабыты мен ықыласын одан əрмен тұтандырады.

Бірде тап осындай жағдайда олардың арасында өрбіген хикаят-
тар Еріктің мəңгібақи есінде қалды.
Тап ортада Лотте Романовна еді. Оның айналасында, əрі
ұзын үстелдің өне бойында өзге əйелдер иін тіресе жайғасқан.

Ер адамдар сəл шеткеріректе. Ал Ерікке тіпті орындық жетпей,
ол сосын да терезе алдындағы өзінің дағдылы орнында, табан-
ша тақтайға шынтағын сүйеп түрегеп тұрған. Бұл бір жайдан жас
жігітке мына өзінен жасы үлкендердің баршасын назарда ұстауға

қосымша мүмкіндік те бергендей. Мұнда тек директордың зайыбы
Кузьмина Ирина Васильевнаның ғана төбесі көрінбейді, ол кани-
кул кезін пайдаланып, ауру баласын бұрынғы облыс орталығы –
Талдықорғандағы емханаға əкетіпті. Бұл жай мына отырыстағы

еркек-əйелі аралас бір қауым елге тіптен кең өріс ашқан сыңайлы.
Енді қайтсін, тап мұндай кеңішілікте күнде бүйтіп бастары қосыл-
майды ғой.
Əдеттегідей Лотте Романовна бүгін де көңілді. Үстіне де қызыл-

жасылы мол жаңа киімдерін жапсырып апты. Ең сорақысы сол –
ерніне де ақсұр бояуды аямай жаққан. Жасына лайық емес екенін
біле тұра əлдекімге көз қыла істегені сияқты. Бірақ одан жасарға-
ны шамалы, əжімі шытынаған арық жүзіне шат-шадыман райды

қанша үйіп-төккенімен кəрілік сұсы кері шегінбестей. Аңғарымпаз
Ерікке бұл неміс пəнінің маманы осы қылығымен өзіне өзі зорлық
жасап жүргенге де ұқсайды.
Еркектер үнсіз, ал əйелдер анау-мынау сөздерді сұрша құс-

тай ауыздарынан ұшыра бастады. Бірақ бəрінің көздері Лотте
Романовнада. Оның осыдан үш аптадай бұрын «іште ұлан- асыр
дүние қазандай қайнайды, былай сарқып төгейін десең жағдай
жоқ» дегені баршасының есінде. Ал енді сондай бəрінің көптен

көксегені тап бүгін, тап қазір туып отырғанын бұлар іштей түйсін-
ді-ақ. Бірақ солай деп кепкен қурайша таңқ етуге ешқайсысының
жүрегі дауаламайды. Ең ұтымдысы оны Лотте Романовнаның өзі
тап басып таныса ғой.

Кексе мұғалималардың бірі осыдан екі жыл бұрынғы бір оқи-
ғаны еске алды. Осы Текелінің жоғарыда Керімбек сайы атты бір
бөлігінде осындай үлкен орта мектеп бар еді. Сондағы бір жас
мұғалім сабақ үстіндегі тынышсыздығы үшін екі баланы сыныптан

қуып шығады. Ол екеуі қол боста не істемекші, барып сол маң-
дағы бір трансформатордың теміріне əлдекімнің қойып кеткен
шылым тұқылын аламыз дегенде ток соғып өледі. Жас мұғалім
жауапқа тартылады, ал сол мектептің директоры  – əйел адам

орнынан алынып, əрі партиядан шығарылған. Осыны тілге тиек
еткен мына кексе мұғалима сол əйел директордың өзінің курстас
құрбысы екенін, жақында оның жүйке ауруына шалдығып дəрі-
герге қаралғанын, əрі оған қатты жаны ашығанын айтып еді. Бұл,

əрине, Еріктен басқаның бəріне белгілі жай болатын.
Тағы бір екі-үш əйел осындай мектеп өмірінде болған, өздері
газеттерден оқыған ұстаз бен шəкірт арақатынасы төңірегіндегі
ірілі-ұсақты оқиғаларды көлденең тартты. Біреуінің айтқаны мы-

нау: бір мектепте ата-аналар жиналысына жоғары сыныпта оқи-
тын қыздың шешесі ғана барады екен. Кенет кезекті бір жиналыс
қарсаңында шешесінің қолы тимей жиналысқа əкесінің баруына

тура келеді. Мұғалима өте жас, əрі сұлу əйел екен. Мына оқу-
шы қыздың да əкесі қартайып тұрған жоқ, бұл да дер шағында.
Сөйтіп, осы əке мен мұғалима əйел арасында махаббат оты бұрқ
етеді. Бұрқ еткенде керемет, жалыны айналаны түгел шарпиды.

Ақыры, бұл əке өзінің заңды əйелімен ажыраспаққа ниеттенеді.
Осыған көзі жеткен оқушы қыз өзіне күнделікті дəріс беретін мұ-
ғалима əйелдің үйіне барып, қараңғы кіре берісте күтіп тұрады да
арматура темірмен ұрып өлтіреді. Əрі бұл оқушы қыз пəлендей

ақымақ та емес екен, жалған із тастап басқа біреуді кінəлі етуге
талпынады, бірақ онысы нəтижесіз, жасы он алтыға толғандықтан
ұзақ мерзімге сотталады.
Осындай мектеп өмірінің тұзы мен бұрышы шашалдыратын

тұстары хақында тағы бірер əңгіменің басы қайрылды. Еріктің ұс-
тазы Надежда Борисовна да қалыс қалмады. Ол өзі Алматыда
болғанда естіген бір жайды өрбітті. Техникумда бір қыз бен ер
бала парталас екен. Екеуі өзара жыбырши берді ме, оқытушы

əлгі ер баланы орнынан көтеріп, басқа бір қыздың қасына отыр-
ғызады. Енді ол екеуінің арасында жыбыршу басталады. Соны
байқаған алғашқы парталас қыздың ішін қызғаныш кернейді. Ол
жатақханада екінші қыздың таңертеңгілік бетіне жағатын иіс ма-

йына у қосады, сөйтіп, осы екінші қыздың бетіне жарақат түседі,
оған қоса бір көзінен айрылады.
Надежда Борисовна сөзін тауысқанда шеткеріректегі Денис
Антонович:

– Ау, əріптестер, осы біз өзара даурыққанда аспанды қақыра-

тамыз. Жер бетінде бізден асқан профессионалдар жоқтай елі-
реміз. Ал осы өз ісімізге неге сын көзімен қарамаймыз? Біз осы
кімдерді тəрбиелеп шығарып жүрміз? – деп жаралы жолбарысша
ыңыранды. Оның қасындағы дене шынықтыру мұғалімі Михаил

Ефимович басын тіптен төмен сала селкілдетіп, мырс-мырс күлді.
Ал əйелдер жағы бір-бірін ойлы жүзбен барлады. Терезе алдын-
да серейген Еріктің бұларға үңілгені соншалық көз еттері ауыр-
ғанға ұқсады. Лотте Романовнадан қызық күткен бұлар қызықтың

көкесін өздері бөшке-бөшкесімен ақтарғандай. Кенет Ерік қиял
соңына түсіп, бұл еркек-əйелі аралас мұғалімдердің бəрі жабулы
қазан, егер қақпағын ашсаң небір асыл жауһарлы қазына көздің
жауын алар еді, əттең осылардың қарындарын жарып, сол асыл

дүниені көркем шығармаларға айналдырса ғой деп армандады.
Енді Ерік көптің ішінен Нина Николаевнаны көзімен іздеп тап-
ты. Оның осы қыста Адалят Сализовнаның «махаббат жоқ, тек
еркек-əйелдердің нəпсіқұмарлығы ғана бар» деген қыңыр езулігі-

нен кейін сарайы ашылып, сонау Хабаровск қаласындағы Анисья
атты құрбысының жасаған ерлігін баяндаған ғой. Міне, сол баян

қыл-қыбырына дейін əлі күнге Еріктің есінде. Қазір де бұл та-
маша əдебиетші, əнші, қазбаласаң басқа да өнері табыларлық
əйел кезек алар деп үміттеніп еді, байқаса ол ақша қардай өңі,
шиқандай қызыл ерні бар сұлудың өнебойына бір мұң орнаған-

дай екен. Надежда Борисовнаның өрбіткені, əрі соған қатысты
Денис Антоновичтің қыстырмасы бəрін сең соғып өткендей еткен,
шамасы.
Кенет күш-қайрат тапқан Борис Устинович болды. Ол тарих-

шы Денис Антонович пен дене шынықтыру мұғалімі Михаил
Ефимовичтен сəл беріректе, Мəскеуде шығатын «Математика в
школе» атты журналдың кезекті санына шұқшиюда еді. Бəрібір екі
құлағы мұндағы сапырылған жайларға түрік.

– Мына Денис Антоновичтің аһ дегенде көкірегінен жалын ат-

қан күрсінісі менің де ішіме от тастады. Əлдебір сұмдық менің де
ойыма оралды. Біздер, ұстаздар, мектеп қабырғасында кімдерді
тəрбиелеп, өмірге кімдерді аттандырып сап жүрміз деген сұраққа
жиі байланамыз. Тек өзімізге қарауға əмсе мойнымыз жар бермей-

ді. Кешіріңіздер, мен мұндай жортаққа шорқақпын, сонда да шы-
дамдылық жасап тыңдаңыздар, жаңағы ойыма оралғанды ортаға
тастамасам бір бүйірімді өзі тесіп шығатындай мазалап барады.
Борис Устиновичтің сабақ үстінде алгебра мен геометрия-

ның формулалары мен теоремаларын түсіндіргенде əрбір сөзді
ғана емес, оның əрбір буынын, тіпті əрпін өз орнына шегелейтін
шеберлігі бола тұра былайғыда аса жүйрік емес екен. Өзін- өзі
зорлағандай күшене сөйлеп, қилы атаулар мен ұғымдарды бере-

кесіздеу қиыстырады екен. Сонда да заты мұғалім ғой, көмекейін-
дегісін түгел сарқа мəреге жетті. Онысының мазмұны мынау: Бір
жетім балалар үйінде директордың, əрі оның оқу- тəрбие жұмысы
жөніндегі орынбасарының келісімімен əлдебір алаяқтар күнде та-

ңертең топ баланы ертіп əкетіп, оларға вокзалда қайыр сұрата-
ды екен. Түскен ақшаны олар бір адамға беруге тиіс екен. Сонда
бір жетім қыз жиған ақшасын ол адамға бермегесін əлгі алаяқтар
оны аямай ұрады, ол қызға жандəрмен араша түскен басқа бір

ер баланы тепкілеп өлтіреді. Ал директор шындықты біле тұра
жоғарыға ол бала бізден қашып кетті деп есеп береді. Ал жаңағы
соққы жеген қыздың осы балалар үйінде тəрбиеленіп жүрген, өзі-
нен екі-үш жас үлкендеу, ол да жетім, апасы бар екен. Жасының

үлкендігіне орай, əрине, ол сəл естиярлау. Міне, сол апасына əлгі
қыз болған жайды құпиялап жеткізеді. Жетімдер үйіндегі озбыр-
лыққа онсыз да əрең шыдап жүрген бұл апасы бір амал қарас-
тырады. Мұнда түскі ас кезінде даяшылықты жетімдер кезектесіп

атқарады екен. Міне, апасы өз кезегі келгенде директордың та-
мағына у қосып береді, директор сеспей қатады. Сот үстінде істің

мəн-жайы толық ашылады. Тамаққа у қосқан қызға жаза шартты
түрде ғана белгіленеді де, өлген директордың оқу-тəрбие жөнін-
дегі орынбасары – əйел адам қамауға алынады. Борис Устинович
түшкірініп, қалтасынан бет орамалын суырып, ауыз-мұрнын сүрт-

кілей бастағанда Нина Николаевна сыңғырлады:

– Сіздің мына жырыңыз Антон Павлович Чеховтың «Алтыншы

палата» повесін еске түсіреді екен. Əрине, Чеховтікі тереңдеу,
ал сіздікі де жеткізіп түзсе біраз тұңғиықты бойлап қайтуға жарап
жатыр.
Мұғалімдердің бəрі сұлық қалды. Бəрі де тəжірибелі ұстаздар

ғана емес, аса терең білімді жандар ғой, патриоттық сезімнен де
таза тақыр емес, математиктің тілінен ұшқанды бəрі де ой тара-
зысына салып, сол кездегі КСРО атты алып елдің қандай еңіспен
төмен құлдилағанын елестеткен күй кешті. Зерделі Ерік те мұны

сергек пайымдады. Бірауық ол мынау ұжымды осы ұлы елдегі бү-
кіл оқу-тəрбие жұмысының жанды энциклопедиясына балады.
Сол сəтте Лотте Романовна бəрінің көңілін бөлді. Ол мұ-
ғалімдер бөлмесіндегі дабыр-дұбырдың бұлай ауан алғанын

ұнатпағандай қызыл-жасыл көйлекті арық кеудесін қузай қозғап,
ақсұр бояулы жұқа еріндерін судағы шабақ балықша ойнатты.
Көздеріндегі шат-шадыман көңілділіктің де ұшқыны молая түскен:

– Сіздер алыс-алыс қиырлардан тасылған жіп-ноқталармен біз-

дің басымызды шырмағыларың келеді. Ал арамыздағы замана бұ-
ралқылары жөнінде көздеріңді шел басқандай су қараңғы соқыр-
ша ауа қармап, дəрменсіз күйде жүресіздер. Неге соған көздеріңді
ашуға зауықсызсыңдар? Мен осыған кəрі басыммен қайранмын.

Баршасы дүр сілкінгендей болды да сап танысты. «Апыр-ау,
Лотте Романовна, өзіңіз санамызға су бүрікпесеңіз оның бəрін біз
қайдан білейік? Өзіңіз емессіз бе, аузыңызға телміретіп қойған?
Ырысыңыз сонымен кетсе де ашылсаңызшы былай» деген өті-

ніш бəрінің тамағына кептелгені айдан анық. Тек бəрі де саясат-
ты бірінші кезекке қоятындар ғой, ешқайсысы олай деп таңқ ете
қалмады. Бəрі де қағар олжаны үнсіз қарсы алмақ сыңайға көшті.
Тарихшы Денис Антонович басын бұрынғыдан да төменірек сал-

быратты. Дене шынықтыру мұғалімі Михаил Ефимович те əдетте-
гі дағдысымен соған еліктегендей. Ал жаңа ғана біраз суырылған
Борис Устинович қолындағы «Математика в школе» атты журнал-
ға тұмсығымен бұрынғыдан да тереңірек көміле түскен. Тек күн

өтетіндей жұқа құлақтарын Лотте Романованың аузына мұқият
тіккені осы қалпынан да аңғарылады. Ер адамдардан гөрі қайта
əйелдер жағы ештемеден жасқанбай неміс кемпіріне жүздерін кө-
тере күлімсірей қадалды.

– Мұндай операның увертюрасы қиынға соғады. Жаңа Борис

Устинович те тап осы мəселеде тапырықтап еді, бірақ жағдайдан жақсы шықты ғой. Мен де соған тырысып көрейін!  – Лотте Романовнаның бүйтіп «борозда бұзуы» математик мұғалімге ұнамағандай, ол қолындағы журналдан тұмсығын жұлып алып, тез қайта сұқты. – Адамдағы қандай білік те белгілі бір жағдайлардың өзара қабысуынан, сабақтасуынан қалыптасады ғой. Менікі де сондай. Оның бəрін тере берсем бүгін күн ұзаққа тамамдалмайды. Тек оның темір өзегін ғана өріп берейін сендерге. Артық түлкібұлаңның керегі не? Менің жырламағым өзіміздің директор Алексей Никитыч Кузьмин туралы болғалы тұр. Мен былтыр да айттым ғой. Оның бойында сан өнердің жұрнағы бар. Ағаш шебері, аккордеоншы, əнші, биші, бильярдшы, анекдотшы, аңшы, мəмлегер, саясатшы. Қазақ тіліне де судай. Немісше де осы өздеріңнің қай-қайсысыңнан да білігі зорырақ. Осындағы «саясатшы» дегенді тіл ұшына іліктірсем, байқаймын, біразыңа ұнамайды, ал бір қыдыруың оның байыбына бармағандай қабақтарыңды ажырайтасыңдар. Иə, «саясатшы» дегеннің тура да, жанама да мағынасы көп. Ал Алексей Никитыч өзінің ерекше жаратылысына орай соның қай мағнасында да бесаспап. Қазіргі жастар отызында да оңы мен солын танымаған əрі-сəрі күйде жүреді. Ал Алексей Никитыч туа бітті альпинистке ұқсап, сол жаста-ақ «саясат» атты істің биік жартасына өрмелеген екен. Оның ең басты қасиеті тура жолды таңдай білуінде екен. Тап осы тұста Лотте Романовна шынында да бороздадан шығып кеткендей еді. Сосын да ол Ерікке қызықсыздау көрінді. Сосын да жақсы есінде қалмапты. Тек мына бір тұсында елең етіп, мықтап жадына тоқи бастады. – Оның осындай-осындай тура таңдаған жолдарының бірі мынау екен. Алматыда ресторан, кафе, сырахана, қымбаттық мейманхана сияқтыларды жағалап жүріп, өзі де аздап ішкілікке салынғанға ұқсап, əртүрлі субъектілермен танысады. Əрине, ол мұндайда өзінің мəмлегер, саясатшы, анекдотшы сияқты қабілеттерін аямай-ақ жұмсайды. Сөйтіп, бұл ол субъектілерге емес, ол субъектілердің өздері бұған жабысатындай халге жеткізеді. Шын саясатшы үшін бұл жағының мəні зор ғой. Сөйтіп жүріп ол Алматыдағы үкімет басшысы орынбасарының көмекшісімен ұшырасады. Ол да бір күндізгі ресми жұмыстан соң ресторан, мейманхана сияқтыларды тіміскілеуге құштар неме екен. Бұл ретте Алексей Никитыч үлкен сақтыққа басады. Алғашқыда оның қызметінің не екенін білмеген, білсе де пəлендей мəн бермеген рай танытады. Е, тəйірі, кешкілік қызық іздеген жастарға өз «сыра достарының» қызметі не екенінің қажеті қанша, бұларға керегі «сыра достардың» ақжарқын көңілділігі, əмиянының қалыңдығы, анекдот, көрген-білген сияқтылармен қызыққа қызық

қосатыны, қызойнаққа икемділігі ғой. Міне, біздің Алеша əлгі көмекшіге осы жағынан қылаңдай бастайды. Сол барда анекдоттың да ең бір тұзы ащысын, бас жарып, көз шығаратын саяси мəні зорын ортаға салады. Өзінің аңшы, ағаш шебері, аккордеоншы, əнші, биші, бильярдшы сияқты өнерлерінің бар екенінен құлаққағыс етеді. Тек мəмлегер екенін жасырады, онысын онсыз да іс жүзінде көрсетіп жүр ғой. Міне, бірде мұның қармағына жайын балықтың өзі ілінеді. Əлгі көмекші күндердің күнінде біздің Алешаны аң аулауға шақырады. Сонда бұл Алешаға əлгі үкімет басшысы орынбасарының өзімен түстаныс болудың орайы келеді. Бірақ Алеша тағы да үлкен сақтық жасайды. Мұндайлық аса биік лауазым иесінен əлдене дəметкен жанға мүлдем ұқсамайды. Мүмкін көмекші де ол жағын алдын ала ескертті ме, кім білсін. Əйтеуір, бұл Алеша осы жолы бар қабілетін ашып қалуға жан салады. Қашқан аңды қайырып əкеп, үкімет басшысы орынбасарының көздеп атуына қолайлы тұстан шығаруда үлкен əккілік көрсетеді. Оған əлгі ұлты қазақ орынбасар да, көмекші де мəз. Соңынан ой аккордеонды құйқылжытып, қазақ пен орыстың небір тамаша халық əндерін созады-ау! Оған көңілді саяттанкейінконьяк ішіп, шашлық жеп отырған орынбасар мен көмекші одан сайын мастанады ғой. Өзінің ағаштан түйін түйген, бəстесіп небір дөкейлермен бильярд ойнаған жайларынан да күлкілі əңгімелер төгіп, ол екеуінің шек-сілесін қатырады. Бір жолға Алексей Никитыч үшін осы да жеткілікті. Бұлар өзара аса риза көңілмен айрылысады. Бірақ Алексей Никитыч үшін ең бастысы сыр алдырмау ғой, əлгі көмекшімен бұл тонның ішкі бауындай араласа береді. Осыдан жарты жылдай өткенде бұл үлкен секіріс жасауға бел буады. Бірде көмекшіден оның бастығының кəдімгі жыл сайынғы еңбек демалысына қашан шығатынын сұрайды. «Ойбай, бұл құпия, айтуға хақым жоқ» деп, анау азар да безер болады. Бірақ Алеша асықпайды. Құдай берген мəмлегерлік қабілет қайдасың? Бірде көмекшіні сабасына түсіріп, «сен өз бастығыңның демалысқа қашан шығатынын, қай курортта демалатынын айтсаңжеткілікті, мұндай ақпардысененалғанымды жан баласына сездірмеймін» деп, ант-су ішеді. Əрі аузын да алған шығар. Көмекші біраз солқылдап барып жөнге келеді. Ақыры, Алеша керек ақпарын қанжығасына байлайды. Сол жолы орынбасар зайыбын ертіп, Венгриядағы былайғы жұрт көп біле бермейтін бір курортта демалмақ екен. Қызықты қараңыз, енді Алексей Никитыч өзінің Ирина Васильевнасымен бірге сол курортқа одан он күндей бұрын барып жатып алады ғой. Осы уақыттың ішінде ол курортта, əрі оның маңында қандай дүкендер бар, қандай ойын-сауық кешендері жұмыс істейді, бəрін мұрнынан тізіп, қойын кітапшасына түсіреді. Бір уақытта орынбасар келеді. Оны көргенде мұндай«күтпеген» кездесуденАлексей Никитычтың

басындағы қалпағы ұшып түсе жаздайды. Айтпақшы, мұның актерлік қабілеті де бір үйлі жанды асырауға жетерлік. «Бұл менің мұнда келетінімді қайдан біліп жүр, əлгі көмекшінің қатысы жоқ па?» деген сияқты сауалдар үкімет басшысының орынбасарын маңайламайды да. Енді қалай? Мұның он күндей бұрын келіп жатуы, əрі осындағы «старожил» сияқты қарсы алуы да соған ықпал жасаған. Əрі бір кезде сан түрлі өнерімен өзін тəнті еткен таныс жігіттің мұнда ұшырасуына орынбасар да пəлендей өкінетін емес екен. Ондай лауазымдылар алыстан шолып ойлайды ғой, анау-мынау күнде бұл пəлені өзінің көмекшісі арқылы тауып аларына, əрине, нық сенімді. Сонымен, хош, Алеша, Алексей Никитыч алғашқы қарқындаақ оның асты-үстіне түсе бастайды. Бірер күннен кейін емдік шаралардан қол босағанда Алеша əзірше əйел мен еркектер бөлек қыдырсын деген желеумен орынбасарды өз қасында ұстайды да оның зайыбы мен Ирина Васильевнаны дүкен аралауға жібереді. Əрине, əйелдерді ең алдымен қызықтыратыны зергерлік бұйымдар сатылатын нүктелер ғой. Алеша да, Ирина да қазақтардың арасында өскен, қазақтың еркектерінің де, əйелдерінің де ең осал жерлері қайсы, ол жағына барынша жетік. Ирина Васильевна орынбасардың зайыбын сондағы Алеша екеуі алдын-ала белгілеп қойған бір зергерлік дүкенге ертіп кіреді. Ой, ондағы дүние қандай десеңші, көздің жауын алады. Орынбасардың зайыбы үлкен бір республиканың екінші, не үшінші орындағы басшысының қосағы бола тұра мынадай бұйымдарды көргенде бір сəт басы айналғандай күй кешеді. Ирина Васильевна оның дəл сол сəтін аңдып тұрып: «жеңеше (қазақтар өзінен жасы үлкен ер адамның əйелін осылай атайды), жеңеше, өтінемін мына сақинаны саусағыңызға кигізіп, өлшеп көріңізші», – дейді. Анау оның кішкентай бір өтінішін жерге тастауға жүрексінеді. Жаңа айттым ғой, қай əуеннің де увертюрасы қиынға соғады. Лауазымды адамның зайыбы үшін ең қиыны осы шақ еді. Бірақ басы айналып, көзі қарауытқан бейшара қыл бұрауға өз мойнын өзі салғанын сезбей қалады. Добалдай алтын сақина мұның саусағында тіптен құбылып, көз жанарын тартады. Мұны Ирина Васильевна үстемелейді. «Ой, жеңеше, сізге мына сақина тіптен жарасып кетті, өзіңіз де айдай көріктісіз, бірақ мынау сізді одан əрмен сұлуландырып жіберді ғой, сенбесеңіз осы қолыңызды көтеріп айнаға қараңызшы». Əйелге ең керегі сұлулық. Сол ең керегін Венгрияның осы түкпірінен тапқандай ол қазақ əйелі қорғасындай балқып-ақ кетеді. Тап осы сəтте Ирина Васильевна екінші бір ұсынысты суыра қояды. «Жеңеше, сізге үлкен өтінішім бар, қалай десем болады, тіптен үлкен өтініш, тап осы сақина менен ескерткіш болсыншы, ақшасын мен төлей саламын». Сөйтіп, орынбасардың əйелі ернін

қимылдатып үлгергенше Ирина кассаға апарып, сарт еткіздіріп,
ақшасын өткізе салады. Республикадағы ең бай адамның зайыбы
да қас пен көздің арасында осындай əлсіздікке бой алдырады.
Увертюрадан соң оркестр құлашты тіптен кеңге салады ғой.

Ертеңіне тағы осындай қыдырыс. Тағы да еркектер мен əйел-
дер бөлек кетеді. Екінші күні орынбасар зайыбының екінші қолын-
дағы аты жоқ саусағына2 дүррі гауһар тас орнатылған алтын са-
қина кигізіледі. Адамның тəбеті ас үстінде ашылады. Үшінші күні

одан да зорғысы. Төртінші, бесінші күндері де солай. Орынбасар
зайыбының мойнында алтын алқа, білегінде платина білезік,
тағысын тағылар. Бір ғана кілтипан, бұл əлсіз жыныстының өкі-
лі «апыр-ау, менің мұндай қомағайлығыма бастық күйеуім қалай

қарайды» деп қорқып жүрсе керек. Аңдаса басқаша екен. Үнемі
ауыр жұмыстан қабағы қыртыстанып, сіркесі су көтермейтін қоса-
ғы соңғы күндері мүлдем жадырап, екі көзі бал-бұл жанып, жаса-
рып кетіпті. Бұл қазақ əйелі оны өзінше жориды. «Е, еркектердің

мына жұмақ ұясындай ортада ішімдікке əуестеніп, анекдот айты-
сып, көңіл көтеруінің нəтижесі шығар». Орынбасар зайыбының
олай ойламасқа шарасы, кəне, себебі, өз қосағының тұла бойы-
нан мына майға сұққан қасықтай орыс жігіті сыйлады дейтіндей

ештемені байқамайды. Ал өз үсті-басы алтынға малынған. Бір
ғана гəбі анда-санда «неше жерден соқыр болса да күйеуім мұны
неге аңғармай жүр» деген сауалға тіреледі. Бір суықтық та ұрлана
кіреді. Бірақ бəрібір оны алтынның буы жеңе береді. Ақыры, бірде

Ирина Васильевна өз Алешасының бір базынасын бұған жақаура-
та жеткізеді. Ал қазақ əйелінде не жан қалсын. «Əй, пəлен жерде
бір жақсы қызмет орны вакансия екен, мынау деген бармағынан
бал тамған жігіт қой, дөңгелетіп-ақ əкетпесе мен басымды кесіп

берейін», – дейді. Күйеуі оған құлап түседі. Сөйтсе мұның да жұ-
мырына жұқ барған екен. Ирина Васильевнаның кейін білгеніндей
Алексей Никитыч осы жоғары лауазымды адаммен оңаша қыдыр-
ғанда бұл да уақытты текке жұмсамапты. Ол мына орынбасарды

осы Венгрияда да социалис- тік қоғам дегенмен мұнда аздап рұқ-
сат етілген сауналарға, сонда жас жалаңаш қыздардың қызығын
көруге апарып жүріпті. Кейін ол жағын Ирина біліп, Алеша екеуінің
арасында қан майдан болыпты ғой. Бірақ ол көп кейінгі оқиға. Ал

əзірге бəрі басқаша. Венгриядан оралысымен Алексей Никитыч
үлкен қызметке бір- ақ секіреді. Онда жыл жарымдай өліп-өшіп,
адал еңбек етіп, сүттен ақ, судан таза деген атақты иемденеді.
Сол шақта Қаза- станның алтын өндірісіне қатысты бір үлкен ме-

кемесінде шу шығады. Мемлекет дүниесіне суық қолын сұққан бір
Аты жоқ саусақ – орысша: безымянный палец (Ұ.Д.)

алаяқтардың ісі əшкереленеді. Кенет сол маңға бір іскер, адал
адамның қажеттігі туындайды. Əлгі үкімет басшысы орынбасары-
ның осы шақта Алексей Никитычке көзі түседі. Бір сынақтан сүрін-
бей өткен оған үлкен сенім артады. Қараңыз, сөйтіп, мамандығы

тарихшы-мұғалім Алексей Никитыч Кузьмин республикадағы ең
ірі алтын өндірісіне қатысты үлкен мекеменің үлкен креслосына
құйрығын апарап жапсырады. Бірақ амал не, қазақта «алтын көр-
се періште жолдан таяды» деген мақал бар, тап соның кері келе-

ді. Алешаң ол жерде үлкен пəлеге ұшырайды, тіпті жауапқа тар-
тылады. Сөйтіп, сонау Венгрияның жұмақ ұясындай бір курортын-
да алғашқы басқышы алтынмен қаланған баспалдақ асты-үстіне
келеді. Кешіріңіздер, ол қалай асты-үстіне келді, оның ықпал-жық-

пылын бір білсе мына араларыңдағы Денис Антонович біледі...
Бұл шақта мұғалімдер бөлмесіндегі баршасы неміс тілінің
маманыЛоттеРомановнаныңхикаятынан
айрандайұйыпқалып-

ты. Тіпті желкелерінен сол алтынның салмағындай бар бір бөгде
дүние басып, біржола орнығып алғандай мойын омыртқаларын
əрең қозғап, көздерімен шеткерідегі Денис Антоновичті іздей бас-
тапты. Бұл тарихшы мұғалім де өзге əріптестерінің күйінде екен.

Ол да зорлана ыңыранып, басын əрең көтерді де:

– Лотте Романовна, мен сізге зор құрметпен қарайтын пенде-

лердің біреуімін. Оған дауыңыз жоқ. Сосын да мен сізге бір үлкен
өкпе-назымды өзімсіне қатаңырақ арнаймын. Мені араластырма-
ңыз! Мен ешнəрсе білмеймін! Мен ешкімнің қойнындағы алтынын
өлшеп көрген емеспін!

Осы сəтте терезе алдындағы табанша тақтайға шынтағын сү-
йеп серейген Ерік өзінің аңғарымпаздығына қайран қалды. Бұл
манадан бері Лотте Романовнаға мұқият құлағын ғана тосып қой-
май оның əрбір сөйлем, əрбір оқиға бұлтарыстарына орай арық

бет өңіріндегі əжім талшықтарының қозғалысын, қос жанарының
ұшқындарын қалт жібермей баққан еді. Енді əлі де сол кемпірдің
болмысы арқылы мұның Деннис Антоновичтің сөзіне сенбегенін,
басқалардың да солай екенін көз еті ауыра бастаған, қатып-сен-

ген қалпымен анық ажыратты.

– Жарайды, Денис Антонович білмесе білмей-ақ қойсын! Мен

де ол жағына мақұрыммын. Тек оның сырт нобайы былай. Ол
алтын өндірісіне қатысты даудың шиеленіскені сонша манадан
бері мен құлағын шулатқан үкімет басшысы орынбасарының өзі
орнынан түседі, тіпті əлгі əуел баста Алексей Никитыч ауыз жа-

ласқан ол орынбасардың көмекшісі бар емес пе, ол да сотқа ша-
қырылады. Өз басына қатер төнгесін бе ол ағынан жарылып, бір
кезде осы орынбасар мен ана орыс жігіті Алексей Кузьминнің та-
нысуына мұрындық болғанын, пендешілік жасап, өз бастығының

Венгрияда қай мезгілде демалысқа барарынан оны хабардар
еткенін жариялайды. Бұл да біраз жайдың бетін ашуға, орынба-
сар мен Алешаны əшкерелей түсуге септеседі. Алайда, бұларда
да тіл мен жақ бар ғой. Азу тістері сақылдағанда от шығарады.

Сонысымен ғана аман қалып, бірақ бұлар бір-бірін көрместей бо-
лып екі айрылысады. Орынбасар сонау солтүстік жаққа төмендеу
қызметке кетеді. Ал Алексей Никитыч өздерің білесіңдер, мектеп
директоры. Қандай биіктен лақтырсаң да төрт аяғымен түсетін

мысық сияқты емес пе бұл?!
Мұғалімдер бөлмесінде жым-жырт, тіпті өлі тыныштық орнаған-
да Ерік терезе алдында одан əрмен кепкен ағаштай қатты. Бұған
мына бастары салбыраған, желкелері жуан, сүйектері ірі неме-

лердің бəрі де Лотте Романовна соншама əулием етіп, жіптіктей
созған жайдың бəрін бұрыннан-ақ білетінге ұқсайды. Ал Денис
Антонович бұл жайында батылдық жасап шешілсе неміс кемпі-
рінікін он орап алар тұтас роман оқиғасын көлденең тастардай

көрінді. Бірақ бұл да, басқалары да тап осы жолы ауыздарын тас
қып буған. Иə, Ерік те аса əңгүдік емес, қазір оқу жылының аяғы,
келесі оқу жылы қарсаңында кімге қандай жүктеме, қанша сағат
бұйырады, бұл негізінде осы директордың еркі бойынша белгіле-

нетінін біледі. Оны мұғалімдер өзара дуылдасқанда ішке бүкпей-
ді-ақ. Сонда да Ерік бір нəрсеге аң- таң. Бұл отырғандар пəлен-
дей жерде жатқан адамдар емес, шетінен майталман педагогтар,
өз ісінің асқан шеберлері. Сөйте тұра отыз тістің арасынан шыға-

тынды ақылмен өлшеп, елекпен елейтін шектен тыс мұқияттықты
неге бұлар соншалықты дағдыға айналдырады? Кімнен жасқана-
ды? Директордан ба? Егер Лотте Романовнаның əуені төңірегін-
де еңғұрмаса кейбіреулері таңырқаған, не сүйсінген, тағы басқа

да бір лебіз білдірсе күзге салым сол Лотте Романовнамен бірге
қоңыз теріп кетеміз деп қауіптене ме? Жоқ, ол мүмкін емес. Ерік
осы оқу жылының өнебойында өз жұмысымен ғана шырмалмай
басқа да көп шындықтарға құлақ асқан ғой. Соның бірі осы Текелі

қаласының оқу жүйесінде мұғалімдердің жетіспейтіні, осы жазда
Рыжовтың өзі, бір-екі медодист Алматыға барып, облыстық халық
ағарту бөлімінен қосымша кадрлар сұрайтыны, əсіресе, орыс тілі,
шет тілі, метематика, дене шынықтыру мамандарын талап ететіні

туралы еді. Қаңғыса қазақ тілінің мамандары, жалпы қазақ мекте-
бінің оқытушылары қаңғыр, ал мыналарға ондай зілзаланың аулы
алыс. Сөйте тұра бұлар осындай сақтыққа барады.
Əділіне бассаң осы мұғалімдерден өткен сөзуарлар жоқ, олар-

дың Адалят Сализовна сияқты ересен ашықауыздары кейде со-
нау мемлекет басшыларының шаңын қағады, ал өздеріне тікелей
бастық – мектеп директорына келгенде екі елі ауыздарына төрт

елі қақпақ қояды. «Тышқанға мысықтан азулы аң жоқ» дейтіннің кері ме? Еріктің бұларды олай құлдыратқысы жоқ. Қайта қай-қайсысын да кілтін тапсаң төбеңе хас ырзықша құйылатын асыл қазынаға балайды. Иə, болашақ жазушы, əрі осындай хикаяттарға əуес Ерік оларды өз тұрғысынан бағалайды ғой. Сонда да жаңағы неміс кемпірі сағыздай созған, Ерікті таңтамаша еткен жайларға там-тұмдап та өз көзқарастарын білдіруден ат-тондарын ала қашулары мұны біраз сансыратты. Қалайда жас, өмірлік тəжірибесі тым жұтаң жігіт ол оқиғаларға қай қырынан қарауды білмей тұр. Егер мына əккілер күбір-күбірге басып, көп қоқсықтың ішіндегі бірер алтын түйіршіктеріндей там-тұм ойды жылт еткізсе Ерік соған жармасып, арғысын өзі-ақ жорамалдап алар еді. Бірақ бұлардың тіл мен жақтарына кісен салынған. Ал Лотте Романовнаның тесік қаптай ақтарылуы осы оқу жылымен бірге өзінің аса ұзаққа созылған бүкіл ұстаздық өмір жолымен қоштасары белгілі болған соң ғой. Осыдан да Ерік əзірге өзіне барынша айқара ашыла қоймаған көп шиырлы, қым-қуыт тірліктің бір қырын танығандай. Иə, заман осылай екен. * * * Мектептегі оқу жылының ең соңғы, əрі ең қысқа төртінші тоқсаны Ерікке үлкен мехнат əкелді. Орыс балаларының қазақ тілін үйренуге қырсыздығы бастан асты. Математик Борис Устинович секілді мұғалімдердің жергілікті ұлт тілінің еш қажеті жоқ деген нақылы балаларға да көшкендей. Ерік те көрсоқыр емес, Борис Устинович ішкі пиғылын ашық айтса басқалары аузын буған өгіздей көрінгенімен балаларға өзі жоғалуға айналған ұлттың тілі не ұшпақ əпермек дегенді əртүрлі емеурін арқылы білдіретінін сезеді. Əрі мынау соңғы төртінші тоқсан, өзге негізгі пəндер бойынша оқу жоспары орындалмай балаларға онсыз да күш түсіп жатқанда арбаның бесінші дөңгелегіндей бірдемемен басты қатырмаса қайтеді? Əрі қазақ тілі факультативті түрде, яғни, əркімнің өз еркімен оқылатын пəн, одан алған бағалары жалпы үлгерімге кірмейді. Міне, осының бəрі жиылып кеп, Еріктің жұмысын қиындатпай қайтсін?! Күнделікті сабақ жоспарын жасағанда оны түрлендірудің неше амалын қарастырады-ақ. Бұл жағын директор мен оның орынбасары Мосько Григорий Павлович жіті бақылауды əдетке айналдырды. Балалардың сабаққа қатысуы қаншалықты, ол да екі бастықтың жəдігөй көздерінің назарында. Оған Борис Устинович сияқтылардың қаскүнемдігін қос. Сабақ жоспарын жасап, сабақ

өткізіп, қалған уақытта мектеп пен ата-аналар неғұрлым көбірек тұратын қала бұрыштарының екі ортасында айқыш-ұйқыш із қалдыру жас жігіттің бейнетін тіптен үстемеледі. Ата-аналар арасында да менмендік, шовинистік пиғыл атойлады. Кейде осының бəрін сараптай келе Ерік өзін «мыңмен жалғыз алысқан» жанкештіге ұқсатады. «Абай ата, сөзіңді ұрладым ба, кешіре гөр» деп, ұлы ақынның аруағына да тəу ететіні бар. Сөйтіп мұрнынан шаншылып жүріп, өзі еңбек еткен ортаны бақылаудан да жалықпайтын. Мұның байқауынша филолог Нина Николаевна мынау көктеммен бірге гүлдей құлпырып, ал Ирина Васильевна Кузьмина мен өз ұстазы Надежда Борисовна Перепелкина күнен-күнге солып бара жатқандай. Ерік оның да себебін білмейді емес, бірінікі науқас бала күйігі, екіншісінікі отбасының дау-дамайы. Осы тоқсанда Еріктің сезімтал жанын жадыратыр бір ғана болмашы көрініс жылт етті. Ол əлгі Катерина Осокина атты қызға байланысты еді. Бірінші май мейрамы кезінде алқызыл жалаулар, кеңестік ұрандар, қызыл галстуктер, барынша сəнді киінген ересектер мен балалар қала орталығын құлпыртып-ақ жіберіп еді. Мерекенің негізінде шеруден тұратын ресми бөлігінен кейін Ерік осы Катеринаны бір топ қыздың қоршауында шатшадыман күйде көрді. Мұнда əлгі бұдан жасы үлкенірек Лариса Недушенко да бар. Бəрі де қуанышты, жақсы киінген, сұлулықпен көз тартады. Бірақ Катерина Осокина бəрінен де асып түскендей. Ерік өзі күнде көріп жүрген осы қызды олардың ортасында танымай да қалғандай. Бір күннің ішінде ол есейіп, бүгін түсер қалыңдықтан əрмен жасанып, бақытқа бөленгендей. Бойы өсіп, денесі ұлғайып, ана томардай Лариса Недушенконың өзімен иық теңестіріп алған ба дерсің. Ең бастысы əлдекім қойын-қолтығына саусақтарын жүгіртіп қытықтағандай бұл шалқалай күліп, балбұл жанған жүзімен баршасының қызғанышын оятқаны анық. Күлкісі шынында керемет, тіпті ересен, сол маңдағы жыртылып-айрылған жұрттың мерекеге лайық ашық, жарқын жүздерін өзіне бір-бір қаратуға жарады. Ерік олардың қасынан тез өтіп кетті. Сонда да көкірегінде ерекше бір жылылық орнады. Көптен бері көзінің алды мұнарланып, өзіне ауыр мұңмен қараған қызға бұл аздап іштей аяушылық білдіруші еді. Кейде ол аяушылық жанын жегідей жеген қиналысқа ұласатын. Өткел бермес үлкен дарияның екі жағалауында тұрған ғашықтардың мехнатындай-ақ. Бірақ бұл біршама басы піскен Ерікке жеңілдеу, ал Катерина үшін, ойы шала, кəмелетке толмаған қыз үшін, əрине, мехнаттың зоры. Ал мына мейрам күнгі отша лаулаған жүзін, зергерлік бұйымдай мінсіз қашалған жұмыр мойнын, белін, аяқ-қолдарын көріп, аспанды шақылдатқандай көңілді

күлкісін өз құлағымен естіп, Еріктің кенет бойы жеңілейді. Сол
Катерина Осокина атты сұлу қыз жөніндегі бір ішкі дерт, ауырлық
мұның тұла бойын біржола тастап шыққандай əсерде қалды...
* * *

Хош, сонымен сол оқу жылы аяқталды. Маусым айының ал-
ғаш- қы жұлдыздарының бірінде Ерік Алматыға, өзі сырттай оқу-
ға көшкен университеттің екінші курсына қатысты емтихандарды
тапсыруға аттанды. Ол кездің тілінде бұл жаздық сессия делінеді.

Сол жаздық сессияға жол тартты. Текеліден Алматыға тура авто-
бус қатынаушы еді. Бірақ ол жолай Талдықорғанға соғып, қосым-
ша жолаушылар алу үшін оның автовокзалында жиырма минут-
тей аялдайтын. Ерікте алып-ұшқан көңілді мазасыздық бар. Енді

қалай? Өзі бір жылдай студенттік өмірдің қызық-шыжығын көрген
Алматыға бара жатыр ғой, онда бірге оқыған достар бар, көзін
талай сүйсіндірген қаланың көрікті жерлері, алаңдары бар, солар-
дың бəріне деген сағыныш сезімі жас жігітті алып-ұшпай қайтсін?

Кенет... иə, тағы да кенет Еріктің осы алып-ұшқан сезімі су сеп-
кендей басылды. Талдықорған автовокзалы ғимаратының сыр-
тында əртүрлі сусындар сататын дүңгіршектер бар-тұғын. Ары-
бері жосылған жолаушылар арасымен бұл солай қарай жылжы-

ған. Ойы – тамақ жібіту. Бірақ ол дүңгіршектердің бəрінде дерлік
тек қызыл шарап пен сыра ғана бар екен. Еріктің ондайға зауқы
жоқ, бұған бар керегі газды су, немесе лимонад. Бұл соларды
асықпай іздеп біраз уақыт ұтқызып алды.

Іздегенін енді ғана тауып, стақанды жартылай бергенде сол жақ-
тан бір жаман дауыс құлағын жарды. Бұл жалт қарағанда автовок-
залдың кісі аз сол жақ ауласында үш-төрт милиционердің қолды-
-аяққа тұрмаған бір қушық денелі арықтау адамды күштеп əкетіп

бара жатқанын көрді. Мас адам екені бірден танылды. Ол өз ая-
ғымен жүрмегесін екі қолынан, екі аяғынан ұстап, көлденеңдетіп,
көтеріп əкетіп барады. Жаңағы айғайлаған дауыс сол мастікі екен.
Ерік алғашқыда немқұрайдылау еді, кенет əлгі мас балықша тулап

қайта айғайлағанда Еріктің əлдене жүрегін осқылап кеп берді. Бұл
стақанын тарс еткізіп табанша тақтайға қоя салды да солай қарай
жүгірді. Милиционерлердің бəрі де түйедей-түйедей орыс жігіттері
еді, Еріктің ентелей жақындап келгеніне олар назар да салмады.

Өз жұмыстарымен болып, мастың тырбаңдаған аяқ-қолдарына ие
болудың қамында. Ерік еңкейіп барып, мас адамның бет-жүзіне
қадала қарап, оның осыдан бір жыл бұрын өзімен жақсы дидар-
ласқан Құдыс Əлікбаев екенін танығанда екі аяғы теңселіп кетті.

Сұмдық-ай! Сұмдық-ай! Не істеу керек? Бірақ басына қан шапшыған Ерік не істеу керектігіне ой жеткізе алмады. Құдыстың суланған шашы маңдайын, көзін жапқан, түрі адам бағыс екен. Əрі дене тұрқы бұрынғыдан де қу сүйектенген оған Ерік екі көзін бағжита қарай берді. Мұны таныды ма, жоқ па, белгісіз, əйтеуір, ол қайта айғайлағанда даусы тіптен ащы шықты. Түйедей төрт орыс милиционердің темірдей қолдарынан құтылып кетердей бұлқына береді. Еріктің бар ойлап тапқаны: – Ей, товарищи, это он известный казахский журналист! – дей берді. – Какой он журналист, это он известный пьяница! – деді милиционерлердің бірі. Бірақ Ерік те өлермен, тағы бірдемелерді судыратып, Құдысты босатып алардай əрекет жасап еді, дəл көкірегінен жұдырық тиді. Бұған шамданғансып: – Что вы делаете?! Вы сами хулиганите! Отпустите его, я его сейчас отправлю на такси домой! – деп, батылырақ зілденді. Милиционерлер бұның сөзіне құлақ асатындай емес, Құдыстың əуселесі де оларға жетерлік еді. Ақыры Ерік кимелеп, тіпті Құдысқа қолын жүгірте бергенде көкірегінен екінші жұдырық тиді. Бұл екіншісі қаттырақ еді, Ерік шалқасынан түсе жаздады. Сол кезде арт жатқан: – Эй, молодой человек, автобус отходит! – деп, оның жүргізушісі айғайлады. Байқаса, Еріктің қызыл жағалылармен тайталасын айнала жұрттың баршасы, тіпті өзі келе жатқан автобустың жолаушыларына дейін қызықтап қапты. Ал автобус жүргізушісі, үсті-басында қара қожалағы мол, жасамыстау орыс адамы көзін сығырайтып, Ерікті мазақтағандай қарап қапты. Бұл шақта Еріктің басында бір-біріне кереғар екі ой жұлқынды. Олар осы бетіммен Алматыға кете барайын ба, жоқ, одан чемоданымды алып, осында қалып, Құдысты босатып алудың басқа əрекеттерін жасайын ба деген ойлар еді. Бір-бірімен сыйыспайтын ымырасыз екі ой. Олар аяусыз жұлқысқанда Еріктің кішкентай басы шарт жарыла жаздады. Автобус жүргізушісі біршама басалқалы адам еді, сол Ерікке жақындап барып, жеңінен тартып, сабыр суын басатын сөздер айтып, автобусқа əкеп отырғызды. Сөйтіп, ойда жоқта осы автовокзалда көкірегінен екі жұдырық тиген Ерік Алматыға кете барды. Сырты бүтін, іші түтін десең оңайлатып жібересің. Ерік өзінің тап қазіргі халін қас дұшпанына тілемейді. Көзіне жас та іркілді. Қаладан шыға бергенде автобус жүргізушісі бері басын шығарып, Ерікке: – Əй, төрт милиционерге қарсы барып, олармен жұлқысасың, өзіңнің неше кісілік əлің бар еді? – деп, əзіл тастағансыды.

Жолаушылардың бір-екеуі қырқ-қырқ күлгенсіді. Ол күлгендер қа-
зақтар екен. Ерік олардың күлгендегі ырсиған бет терісіне қарап,
жаман тыжырынды.
Ол жылдарда автобус Алматыға дейінгі қашықтықты сегіз са-

ғатта əрең қусыратын. Салонда бос орындар бар, соларға, əрі
жолай түсіп қалатын жолаушылардың орнына басқа кісілер алу
үшін бірнеше жерде тоқтайды. Тоқтаған жердің бəрінде əртүрлі
сусындар сатылатын дүңгіршектер жеткілікті, Ерік кенезесі қанша

кепкенмен олардың біріне де жуыған жоқ. Тіпті Сарыөзекте жұрт-
тың түскі ас ішуі үшін отыз минуттай арнайы аялдайтыны бар.
Ерік өзегі талып, ішегі шұрылдағанмен асханаға да бас сұқпады.
Тамағынан ештеме өтпейтінін білді. Осы сегіз сағаттық ұзақ жү-

рісте Еріктің бар бітіргені  – мынау өмір, тіршілік, замана ауаны
жайлы небір усойқы ойларды басында сапырылыстыру еді. Тоғыз
балалы отбасында, таршылықта, жоқшылықта өскен, бойында
жыланқарағы аз, буыны біржола бекіді деуге де келмейтін жас

жігітті аяйтын адам бұл шақта мүлдем жоқ еді. Сөйте тұра бұл
Құдыс Əлікбаевты қатты аяды. Өткен жылғы жазда оның өзіне ар-
наған баянын бастан-аяқ бірнеше мəрте еске алды. Ол баянның
кей тұстарын ойша талқыға салудан да жалықпады.

Осының бəрінің соңында Ерік белгілі бір нық шешімге келді.
Бұл құдай оңдап, бүгін Алматыға аман-есен жетсе ертең таң бо-
зынан тұрады да Тоқтар Көшеевті іздейді. Сабақ, оқу, лекция –
бəрін қоя тұрады. Сондағы дəмесі белгілі ақын Тоқтар Көшеевке

жата-жастана жалынып, жалбарынып, оған Алматыдағы бедел-
ді біреуге Талдықорғанға телефон соқтырып, Құдыс Əлікбаевты
босатып алудың қамын жасамақ. Апыр-ау, неге өйтпеске? Тоқтар
Көшеевтің айы оңынан туып, астанаға орнығып, біраз кітаптар

шығарып, ақындық аты танылғанымен Құдыс Əлікбаев екеуі бір
өңірдің түлегі, құрдас, қаламдас, əрі етбауыр достар емес пе еді?
Сол қаламдас, жерлес досы үшін бір мəрте саусақ ұшын қимыл-
датуға жарайтын шығар?! Не бопты? Иə, Ерік осы шешім- нің құй-

рығынан қос қолдап ұстады.
Алматыға жетіп, сол түнде өзімен бірге оқыған студенттер
бөлмесінде қонып шықты да, таңертең сағат тоғыздан аса Тоқтар
Көшеев қызмет ететін редакция табалдырығын аттады. Тоқтардың

өзі көрінбеді, айналдыра бес үстел қойылған алакөлеңкелеу каби-
неттің қарсы бетіндегі екі үстел басында 35- 40-тар шамасында-
ғы екі адам шылым шегіп, ал оң жақ бұрышта бір егделеу адам
ала қағазға шұқшия бірдемені жазу үстінде екен. Еріктің сəлеміне

төрдегі екеу еріндерін əрең жыбырлатты, ал оң жақ бұрыштағы
егде неме көздерін бір көтерді де қойды. Аңғарымпаздық, іштегі
сезгір түйсік Еріктің бағы ма, соры ма, əйтеуір, əлдене мұнда да

Еріктің жүрегін солқ еткізді. Ол солқ еткізген нəрсе төрдегі екеудің көздерінде еді. Себебі, ол көздер апайқын сөйлеп берді. «Сен ауылдан келген жігітсің, не студентсің, бізге əкелген піспеген шикі өлеңдерің, не əңгімең бар, бізге керегі ол емес, біздің басымызды жазуды қалтаңның жағдайы көтере ме» дегенді қарасынан ағы молдау көздері кəдімгідей сампылдапақ жеткізгендей еді. Шынына басса Еріктің мұғалімдік жұмыстың қарбаласымен жүріп те жазған бір-екі əңгімесі бар еді. Бірақ ол қазір өзінде емес, студенттер жатақханасындағы чемоданының түбінде қалған. Əрі осы редакция табалдырығын аттауға мəжбүр ететін екінші бір жағдайы жəне бар. Ол мүмкін болса, Тоқтар Көшеевтің көмегімен, не өз бетімен редакцияларды аралап, ши жүгіртіп, өткен жылғыдай осы саладан жұмыс іздеу еді. Бірақ тап қазір олардың бірі де Ерікті толғандырудан аулақ, бұл мүлдем басқа мəселемен келіп тұр ғой. Əлдене ет жүрегін сыздатқанмен Ерік өзінен жігер тауып: – Ағалар, мен Талдықорған жақтан келіп едім, сонда мұғаліммін, Тоқтар аға осы газетте істейді деп естіп едім, ол кісі қазір қайда? – деп сұрады. Төрдегі екеу мырс етіп күліп, көздерін төмен салды. Ал оң жақ бұрыштағы егде адам жазуын тоқтатпағанмен мұрнымен столды тесіп жіберердей ол да тым төменшіктеп кетіпті. Ерікке бұлары тіптен ұнамаған. Ауыздарынан сөз шықпағасын Ерік сұрағын қайталады. Тағы осы үнсіздік. Іш мыстаны ішінде біреулердей тіпті бет-жүздерін бүркеп алудың қамын ойластырғанға ұқсас ұяңдық, жасқаншақтық екеуін де жайлап алған. Ерік едəуір абдырады. Бірауық Құдыс Əлікбаевтың жайын есіне алып, кері бұрылып шығып кеткенім тіптен дұрыс емес дегендей тұрған орнында күшпен шегеленді. Жылдай ауыр минуттерді өткізіп барып, ақыры төрдегі екеудің бірі тілге келдіау: – Қарағым, айыпқа бұйырма, сол Тоқтар ағаңның қайда екенін өзіміз де білмейміз. Міне, екі аптаның жүзі болды, ұшты-күйлі жоғалды! – Үйінде телефон бар ғой, хабарласпадыңыздар ма? – Е, өзің хабарлас, хабарласқыш болсаң! «Мыналар не тантып тұр» дегенді Ерік ішінен айтты. Ол кездегі мұның жағдайы түсінікті ғой, жазу жұмысымен түбегейлі айналыспақ ниеті бар уыз таланттың манадай жасы үлкен, əрі қазандықтың басында отырған адамдармен түс шайысуы мүлдем жақсылық емес. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі, қайда барсаң да сол қараңғы көрдей белгісіздік, бұл не заман», – деп жаман тебірендіақ. «Тіпті белгілі ақын Тоқтар Көшеевтің қайда екенін сұрап білудің өзі қияметке айналған ба? Ал басқасын не деп атар едік?». Осы шақта оң жақ бұрыштағы егде кісі кабинеттен шығып кетіп еді. Ерік те табандылық көрсеткендей:

– Ағалар, сіздер үйіне телефон шалып көрдіңіздер ме, əйелі не дейді? Сол кезде екеудің бірі шарт ете қалды: – Əй, қарағым, сен бізді тергейтін тергеуші ме едің? Өзің шал телефонды! Əйелінің не дейтінін өз құлағыңмен естисің! Бұлардан қайыр жоқтығын сезгесін Ерік амалсыз кері бұрылды. Бұл өзі бір қабатты ескі заманғы ағаш үй-тұғын. Ең сыртқы табалдырық биіктеу, əрі көп сатылы еді. Қараса, жаңа кабинеттен шыққан егде журналист осы табалдырықта оңаша шылым шегіп тұр екен. Енді Ерік сонымен дидарласты. Бұл егде кісі Еріктің көзіндегі жалыныш отын көріп, оңай-оспақ шаруамен жүрмегенін сезді ме, сəл жылы шырай танытты: – Қарағым, сен Тоқтар Көшеев екеуің бір жақтансыңдар ма? – Иə, иə, ағай, екеуміз де Талдықорған қаласының түбіненбіз. – Аздап жазатының бар-ау, шамасы, иə, иə, жаңылыспасам өткен жылдары осы редакцияға соғып жүрдің. Жас бала екенсің, мен сені көп салғыртпай бір нəрсеге көзіңді ашайын. Сен ана екі ағаңа өкпелемей-ақ қой, – деп, жаңағы екі журналист қалған ішкі бөлме жақты нұсқады. Бұл өзі самайын қырау шалған, ақ бəтестей арық өңі бар, əлдебір сақтықты ойлағандай көздерін қысыңқырап сөйлейтін адам екен. Ерікке аздап жанашырлықпен қарағаны соқырға таяқ ұстатқандай айқын. Бұл Ерікті əжептəуір жігерлендірді. – Сен тыңда, қазір ана екеудің де жағдайлары мəз емес, жамбастарына мұз батқандай қылпылдап отыр. Себебі, осы күзден бастап, біздің газет аптасына төрт рет емес, екі-ақ рет шықпақшы. Соған орай редакция ұжымының тең жартысы қысқартылады. Қайсымыз қаламыз, қайсымыз түз кезіп кетеміз, бір құдайға ғана аян. «Əй, ағайындар, зейнетке шығуыма аз-ақ қалды ғой, аяңдар» деп, мен екі қолыммен ғана емес, тісіммен тістеп те жармасып отырмын, бірақ қалай шешілері маған да жұмбақ. Жə, ол басқа мəселе, Тоқтар ағаңа келейік. Тек мынаған мықтап келісейік, бұл əңгімені менен естідім дегенді тісіңнің арасынан шығармайсың! – Жо-жо-жоқ, ағасы, о не дегеніңіз, сізден естідім деп ешкімге жақ ашпаймын! Ант-су ішуге де əзірмін! – деп, Ерік жік-жапар болды. – Ендеше тыңда! Қазір сонау Мəскеуден басталған бір саяси науқан жұрттың басын азан-қазан етіп жатыр емес пе? Əсіресе, кешегі ұлы көсем Сталиннің басына қара бояуды бөшкебөшкесімен құю асқынып тұр. Иə, иə, оны газеттен білесің. Тоқтар ағаң соғыстың соңғы жағына қатысып үлгерді ғой. Ал майдангерлердің ол көсемге көзқарасы қандай, иə, ол да саған таңсық емес. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері Тоқтар ағаң арақ-шараптан көз ашпайтын халге жетті. Соның еліртуімен бе, ол осыдан

екі апта бұрын, осындағы Бас пошта бар емес пе, иə, соған барып, Мəскеуге, тура Кремльге, сондағы жаңа Съездер Сарайына «мен майдангер ретінде Сталинді қаралауға қарсымын» деп, телеграмма беріп жатқан жерінен ұсталып кетті. Ал ендеше... – Сөздерінің осы тұсында егде журналист қырққырқ күлгенсіді. Көздерінде жас та білінгендей. – Содан бері ол ағаң зым-қайым жоғалды, қайда екенін өзіміз де білмейміз. Саған салар бір ақылым, Тоқтардың үйіне, əйеліне телефон шалмай-ақ қой, аттандап жылағаннан басқа ол əйелдің бітірері жоқ. Онсыз да аш өзегі өртенген, тағы тұтатып қайтесің? Ал, айналайын, уəде құдай сөзі, бұл əңгіме осы жерде қалсын! Ағаш табалдырықтан төмен түскенде Ерік басына тағы бір тоқпақ тигенін сезді. Қайда бет алғанын өзі де білмейді, əйтеуір бір жүріске басты. «Мына қарқыныммен бір күні жынданып өлермін», – дейді өзіне-өзі. «Бұл тағдыр қысастығына не зауал?» Құдыс Əлікбаевқа деген аяныш сезімі ішін оттай қарушы еді енді оған Тоқтар Көшеевтің күйігі қосылды. Не істеу керек? Не істей алады бұл? Мүйізі қарағайдай үйлі-баранды журналистер шарасыздық шырмауында, ал өмірден өз орнын таппай сенделген бұл жиырма бір жасар жас жігіт не тындырып жарытпақ? Осындай дел-салдықпен үш-төрт күн өткен соң ғана бұл Ерік өзіне-өзі келді. Сондағы түйген ойы: «Бұл күн санап, өліп-өшуге айналған қазақтың тілімен бірге бүкіл қазақ интеллигенциясының да табанының бұдыры кетіп барады-ау осы! Əйтпесе, дəл біздің қазаққа келіп-кетері шамалы қайдағы бір саяси фанатизмге бой алдырып, өз басын өзі жемтік ете ме? Жемтік болғысы келсе қазақтың ұлттық тілі үшін болмай ма? Мен көргенді бұлар көрмей жүр ме екен?» Иə, ашуға да, ақылға да, аянышқа да шырақ жаққандағы көзіне жарқ еткен бір сурет осы! Осындай сынық көңілмен ілініп-салынып жүріп, бұл бір айлық сессияны да өткізді. Ара-арасында басқа редакцияларды жағалап, екі-үш əңгімесін ұсынды, бірақ бір де біреуі қабылданбады. Сіркесі су көтермей отырған жұрт кірпияз да келе ме деп ойлады Ерік. Ал қызмет жайында қай-қайсысы да ауыздарын қу шөппен сүрткеннен басқа ишара білдірмеді. * * * Сонымен Ерік қайта елге оралды. Мұғалімдерге берілетін екі айлық демалысты үй сыртындағы бау-бақшаға, əрі кəрі əкесімен бірге таудан шөп шабуға арнады. Жаңа оқу жылында бұрынғы жұмысы өзіне қайта бұйырды. Бірақ мұғалімдердің бəрінің де бұған дегенде қабақтарының қорғасыннан əрмен ауыр тартқанын

байқады. «Маған десе біржолата үзіліп түсіп қалсын» дегендей іштей қарғыс айтқансыды. Бірақ көп жаңалық алдынан шықты. Ең басты жаңалық  – Текелі қаласының осы «Станция» аталатын бөлігіндегі тағы бір үлкен орта мектептің құрылысы аяқталып, бірінші қыркүйекте оқушылар табалдырығын аттап еді. Ал оның директорлығына келгенде бұрынғы сəуегейліктің бəрінің де күлталқаны шығыпты. Қалалық оқу-ағарту бөлімінің бастығы Рыжов та емес, мұндағы тарихшы мұғалім Денис Антонович те емес, осы Текелі қаласының сонау шығысында, тау қуысында «Рудник» аталатын тағы бір бөлігі бар-тұғын. Сонда сегізжылдық мектеп жұмыс істеуші еді. Міне, соның директоры осында шақырылыпты. Мұндай күтпеген оқыс тағайындауға осы № 6-мектеп мұғалімдерінің кейбірінің ауыл адамдарынша ерін шығарғанын байқады Ерік. Мұның білуінше бұл жаңалық, əсіресе, Денис Антоновичке ауыр тиіпті. Себебі, оның директорлықтан ғана емес, қалалық оқу-ағарту бөлімі бастығының орынтағынан да үміті бар еді ғой. Ақыры, терісіне сыймаған Денис Антонович осы «Станциядағы» сол жаңа мектепке жай мұғалімдікке сұранады. Қырсыққанда қалалық оқуағарту бөлімі оны да қанағаттандырмайды. Бұл, əйтеуір, болмай жүріп, қала орталығындағы басқа мектепке ауысады. Екінші жаңалық – осы жазда Надежда Борисовна өз күйеуімен екі рет ажырасып, екі рет татуласыпты. Арасында ол Алматыға да бір мəрте қатынап үлгеріпті. Мұның мəнісі не, ол жағын Ерікке ешкім түсіндірмеді де, əрі мұның өзінің де оны түсінуге зауқы соққан жоқ. Үшінші жаңалық – əлгі дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Михаил Ефимович мектептен теріскей беттегі, Қаратал өзенінің сол жағалауындағы өңкей көп қабатты жаңа үйлері бар мөлтек ауданда тұратын, қас қылғандай əлгі Рыжов дейтін дөкей бастықтың дəл өзінің көршісі еді. Неден қиялдағанын кім білсін, сол Михаил Ефимович жазғы демалыс кезінде арақ ішіп, Рыжовтың терезесіне бөтелке лақтырып, үйінің ішін əптер-тəптер қылады, əрі өз əйелін сабайды. Бұған милиция араласып, дəл бірінші қыркүйек қарсаңында жұмыстан шығарылып, үш күннен соң қайта алынып, мұның тəртібін № 6 орта мектеп ұжымында қарау тапсырылады. Міне, мұндағы жаңа оқу жылы сол Михаил Ефимовичтің ісін қараудан басталды. Бірақ ол жиналыс тез аяқталды. Себебі, дене шынықтыру пəнінің мұғалімі жұртқа жүз көрсетуге ұялып, төмен тұқырып, сілейді де қалды. Директор, оның орынбасары Мосько, үш-төрт кексе мұғалім Михаил Ефимовичтің атына ауыр-ауыр сөздер айтып, оған қатаң сөгіс жариялаумен тынысты. Еріктің пайымдауынша, мұндайда сонау қазақ ауылдарындағы қазақ мұғалімдері көшеде қаңғып қалар еді, ал орыс мұғалімдері олай емес, себебі, олар қалада да, далада да жетіспей жатыр.

Ерік Алматыда, сессияда, əрі демалыста болған осы жаздағы ең соңғы бір жаңалық, əрине, біраз мұғалімдердің, əсіресе, жасаңдауларының əлгі жаңа мектепке ауысуы еді. Бұлар сөйткенде, тəжірибелі ұстаз, мүйізі қарағайдай белгілі адам – Денис Антонович оған неге қол жеткізе алмады, бұл да Ерік үшін жұмбақ күйінде. Осы жазда біржола жұмыспен хош айтысады делінген Лотте Романовна өз орнында. Өткен оқу жылында мектеп директоры Кузьминнің сан мəрте қаһарына ұшыраған Адалят Сализовна да солай. Неге екені белгісіз, Ерік бəрінен де сол Лотте Романовнаның биыл да өз жұмысын жалғастыратынына іштей қуанғанға ұқсады. Аз-кем тəжірибе жинақтауының ықпалы ма жаңа оқу жылы Ерікке біршама оңай басталды. Сабақты түрлендірудің, қызықты етудің неше қилы амалдарын іске қосты. Міне, сол күзде осы мектепте өткен екі жиналыс Еріктің мəңгі-бақи есінде қалды. Бұл əлгі атышулы Кариб дағдарысы орын алған 1962 жылдың күзі ғой. Орыс-қазақ газеттерінің бəрі американ империализмінің араны ашылып, Кубаны енді-енді жұтатыны жайында өңештері жыртылғанша айғайлап жатты. Ал шындығында мұның бəрі КСРО атты елдің сол кездегі жеңілтек басшысының қылығынан туған қатер екенін ол шақта көп ешкім білмейтін. Кубаны қорғаймыз деген желеумен оның жеріне кеңестіктер аса күшті стратегиялық қаруларды орналастырып, ал АҚШ үкіметі өзінің тап өкпе тұсынан қадалғалы тұрған қанжарды көріп, бүкіл соғыс күштерін тік көтеріп, Куба мен Кеңес елінің ең маңызды нысандарын бір сəтте талқандауға сақадай сайланып еді. (Ол нысандардың қатарында Ташкент қаласы да бар еді). Міне, сол жеңілтек, əрі таяз ойлы, маскүнем, жеті жылда, соңынан жиырма жылда коммунизм орнатпақшы басшының кесірінен адамзат бұған дейін бастан кешпеген аса сұрапыл соғысқа душар бола жаздап еді. Ал баспасөз мүлдем басқаша сайрайтын. Бəрі де американ империализмінің тойымсыздығына, кеңес үкіметінің ұстамды, кемеңгерлік саясатына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының екі ортада шыр-пыр болуына саятын. Міне, Текелі қаласындағы № 6 орта мектеп ұжымының жиналысы тап осындай жағдайда өтіп жатты. Партия бастауыш ұйымының хатшысы, кітапханашы, денсаулығында дімкəстік бар, бірақ бұрынғы көп жылдық партия саласындағы қызметіне орай қалыптастырған саңқылдаған даусы керемет, арық, кəртамыс əйел баяндама жасап тұрды. Осы шақта Ерікті таңғалдырған бір нəрсе бар. Ол осындағы мұғалімдердің баршасының жүздеріндегі байсалдылық, байыптылық еді. Кəтте екі ұлы державаның тіс салыса кетуге шақ пиғылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының, басқа да əлемдік қайраткерлердің емес, тап осы Текелі

қаласындағы № 6 орта мектеп ұжымының мойнына артылған
ауыр жүк пе дерсің. Бұл көріністі Ерік ешқашан ұмытқан жоқ.
Екінші бір осындай жай кəсіподақ жиналысында орын алды.
Өткен жылғы осы ұжымның төрағасы Денис Антонович бұл мек-

тептен кеткенмен де кəсіподақтың бір жылдық жұмысы туралы
есепті баяндаманы өзі келіп жасады. Еріктің ұғуынша жоғарыда-
ғылар солай шешкен сыңайлы. Мұнда көзге бадырайып тұрған
алабөтен ештеме де жоқ еді. Тек баяндамашы салған беттен мек-

теп директоры Кузьминге жабайы бүркітше шүйілді. Əншейінде
жиырма минуттай ғана уақыт алатын баяндама бір жарым сағатқа
созылып, Кузьмин қызметінің ішек қырындысына дейін сараптал-
ды. Ерік бұл тарихшы мұғалімнің үлкен-кіші жиналыстарда сөз-

дерін тыңдаған, бірақ мұншалықты шешендігі барын білмепті.
Жалпақ бетін шам жарығына əдейілеп тосқандай кербезденіп,
көздерінің айналасына білгір, əрі əділ адамның сын-сыпатын үй-
мелетіп, кеудесін қыбырсыз ұстап, тілдің майын тамызғанда мұ-

ның өнеріне КСРО мен АҚШ атты екі ұлы елдің арасында шыр-
пыры шыққан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының өзі қызғана
қарайтындай еді.
Осы бір жарым сағатта Денис Антоновичтің директорға таққан

кінəсі көп-ақ. Ұстаздық тəжірибесі жартымсыз Ерік оның көбісін
ұстай да алмады. Баяндамашы Кузьминнің дөрекілігін де бетіне
басты. Нақтылы мысалдар келтірді. Мұның кəріне ұшыраған мұ-
ғалімдердің ныспыларын тізді. Ерік мойнын бұра қарап, Адалят

Сализовнаның баяндамашы сөздерінен жайқалып отырғанын
көрді. Басқа да бірен-сарандарында сондай нышан бар.
Баяндаманың орта тұсында Денис Антонович бұл Кузьмин
жолдас өз орынбасары Моськоның жұмысын тіптен қадағаламай-

ды, бұл Мосько ертеден қара кешке дейін сабақ кестесін шимай-
лағаннан басқа түк бітірмейді деп салды. Мосько өз лауазымына
лайықсыз мінез көрсетіп:

– Былтыр біздің мектепте сегіз мұғалима декреттік демалысқа

шықты, бесеуі декреттік демалыстан оралды, басқа да ауырған-
сырқағандар бар, аздаған ішкі кадрлық өзгерістер де болды, сон-
дай жағдайда сабақ кестесін жасау аз жұмыс па сіздіңше, Денис
Антонович? – деп, отырған орнынан айғайлады.

Ал баяндама аяқталғанда бірінші болып, Кузьмина Ирина
Васильевна жұлқына көтерілді де:

– Мынау не, кəсіподақ ұйымы төрағасының өз жұмысы туралы

есепті баяндамасы ма, жоқ, директордің бір жылдық жұмысы ту-
ралы есеп пе? – деп салды.
Жиналыстың екінші жартысы ұзақ дау-дамайға айналды. Тап
осының үстінде жұрт күтпеген тағы бір оқиға орын алды. Мектептің

кəсіподақ жиналысына қалалық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Рыжов кіріп келіп, шеттегі бос орынға лып етіп жайғасты. Небəрі он минуттей үнсіз мөлиді де шығып кетті. Оның бүйтіп кіріп-шығуы жиналыс барысына иненің жасуындай да өзгеріс енгізген жоқ. Біршама мұғалімдер Денис Антоновичтің пікірін қолдап, мектеп жұмысындағы кемшіліктерді сынағанда Ерік іштей «иə, бұлардың ешқайсысы жерде жатқан адамдар емес, өз ісінің асқан шеберлері, сосын да ешкімнен жасқанбайды» деп, осымен нешінші мəрте екені белгісіз қортынды жасады. Осыған жалғас күндіз есінен, түнде түсінен кетпеген əлгі Құдыс Əлікбаев пен Тоқтар Көшеевті ойлады. Кенет бұл жас жігіт өзінше бір жаңалық ашқанға ұқсады. Қалайда, өз қазағын орыс, неміс сияқты халықтармен салыстырып жүретін əдеті ғой. Ашқан жаңалығының мəні сол – қазақтың облыс, тіпті республика көлемінде белгілі деген адамдары мынау бір қиыр түкпірдегі, тау қуысындағы шахтерлер қаласындағы орта мектеп мұғалімдерінің деңгейінен төмен жатқанын түйсінді. Қазақта оқу аз, білім төмен. Диплом жеткілікті, тек шынайы білім қысыр сиырдың сүтіндей саусақтарыңа ылғал болып қана жабысады. Қазақтың өз жерінде өз ұлттық тіліне ие бола алмай жүргені содан. Сол Тоқтар Көшеев, Құдыс Əлікбаев сынды қазақ зиялыларының орнында мыналар болсыншы ұлттық тіліне көз алартқанды сыра толы бөшкедей-ақ аударып тастасын. Осы жаңалығы буыны аса бекімеген Еріктің тұла бойын жаман солқылдатты. Кəсіподақ жиналысының соңына таман Денис Антонович қайта шығып сөйлеп, директор Кузьминнің қаржы ісіндегі жаңсақтықтарын да ашты. Бұл шақта əбден бет ашысып үлгерген Кузьмина Ирина Васильевна қайта атып тұрды: – Денис Антонович, осы сөздеріңіз арқылы сіз өзіңізді ақ қарға етіп көрсеткіңіз келеді, ə? Қандай оңтайлы əдіс?! Анау су бойындағы үйді салуға ақшаны қайдан таптыңыз? Оңтүстіктен қайтқан тырналар тұмсығымен тістеп əкеп берді ме? Шынында, Денис Антонович өзгелер сияқты жаңа көп қабатты, не ескі, бір қабатты қазыналық үйлердің бірінде тұрмайтын. Қаратал өзенінің жағалауына таяу, бау-бақшалы жекеменшік оңаша үйі бар-тұғын. Бірақ бұл директор зайыбының соқтығуынан абдыраған ол жоқ: – А вы с Алексеем Никитычем золотом обжирались! – деп салды. Міне, тап осы тұста бəрінің ауыздарына құм құйылды. Директордың зайыбы да, басқалар да солай. Ерік амалсыз жұрт лық толы үлкен сынып бөлмесінің арт жағындағы Лотте Романовнаға бұрылды. Өткен көктемгі каникул кезінде осы неміс əйелінің директор Кузьминнің бұрынғы жүрістері, алтынмен басталып, алтынмен тамамдалған мансаптары хақындағы баяны

қаз-қалпында ойына оралды. Ол жайында осы Денис Антоновичтің
да білігі барын ескертіп еді-ау! Бірақ ол жолы бұл тарихшы мұға-
лім ат-тонын ала қашқан. Ал қазіргісі мынау. Бірақ Ерікті көбірек
алаңдатқан Лотте Романовнаның түр-түсі еді. Кешегі өз баяны-

ның бүгін көп көзінше расталғаны қарт мұғалимаға үлкен бедел
əкелгендей. Арық жүзіне əлдекім алқызыл бояуды шашып жібер-
гендей кəрі кісінің мұншама сұлу көрінгеніне Ерік əжептеуір-ақ
таңырқады.

Жиналыс соңында директордың өзі де сөйледі. Бірақ бұл бұ-
рынғы директор емес еді, табанда жүнжіп қалғаны білінді. Осыдан
үш апта өткенде қалалық «Текелиский рабочий» газетінде Денис
Антоновичтің мақаласы жарияланды. Мазмұны аталмыш кəсі-

подақ жиналысындағы баяндамасының ықшамдалған нұсқасы
дерлік. Директордің қала орталығына қатынауы жиіледі. Бұл ор-
нынан алынады деген де сыбыс тарады. Осы қарқында Еріктің
құлағы шалғаны өткен жазғы қадрлық ауыс-күйістер кезінде

Денис Антоновичтің не оған, не бұған қол жеткізе алмауы Кузьмин
Алексей Никитычтың қатысуымен болған іс дегендік еді. Сол үшін
кек алу мақсатында ол тарихшы мұғалім осындағы жылы орнын
тастап кетіпті.

Бірақ директор Кузьминді ешкім орнынан қозғамады. Тек оқу
жылының соңына таман бұл да, оның орынбасары Мосько да
Ерікке жаман көзбен қарады. Ұжым ішінде қазақ тілін арбаның бе-
сінші дөңгелегіне балаған сөздер ашықтан-ашық өрбитін еді.

«Ағынға қарсы жүзіп қайтесің» деушілер де көбейді. Бұдан
арыға Еріктің шыдамы жетпеді. Келесі оқу жылының қарсаңында
бұл өз туған аулы жататын аудандағы басқа бір мектепке ауысты.
Тағы бір-екі жыл өткенде жер-жерде қазақ газеттері қайта ашы-

лып, оған дейін əртүрлі жазбаларымен баспасөзде көрініп үлгер-
ген Ерікке алыстағы бір аудандық газетке жұмысқа тұрудың сəті
түсті. Бұл жылдары Ерік Тінəлиев біраз өндіріп жазып еді. Соның
көмегімен сəл кейін Алматыдағы үлкен редакциялардың біріне

кеп орын тепті. Үйленіп те қойған. Енді қараса, ең алғашқы еңбек
жолын бастаған Текелі қаласынан кеткеніне сегіз жыл толыпты.
Əлдебір өкпесі бардай ма, өз туған аулына ара-тұра соққанымен
онымен іргелес сол Текелідегі № 6-орта мектепке бір де бір рет

бас сұқпапты. Өзіне жақсы қарады ма, жоқ па, бəрібір бұл сон-
дағы кəнігі ұстаздарды ара-тұра сағынышпен еске алатынын да
сезеді. Қалайда, олардан көп үлгі, өнеге үйренді ғой.
Бұл уақыттың ішінде Құдыс Əлікбаев қайтыс болған. Ал Тоқтар

Көшеев қатты науқас. Ара-тұра газеттерде өмірдің баянсыздығы
хақында ащы сарыуайымға толы шумақтары жылт етеді. Ақыры
бірде Ерік Текелі қаласына жолы түсіп келді-ау. № 6 орта мектепке

кіру ойында жоқ, кенет автобекетте əлгі неміс тілінің маманы Лотте Романовнаны ұшыратпасы бар ма? Ерік кəтте туған шешесін көргендей қуанды. Мұның бағына орай бұл кəрі неміс əйелінің бет əлпеті бұрынғыдан да əрмен көмескіленгенімен көзі, құлағы, тілі бəрі сау, тап баяғысынша сақылдап тұр. Осы автобекеттен бір жаққа жолға шықпақ емес, əңгімелесіп шер тарқатысар кісі іздеп жүрген сыңайлы. Еріктің «Мені таныдыңыз ба» деген сауалына «Қайдан таниын, мен оқытқан балалардың шет-шегі бар ма, қайсы бірің есте қалғандайсың», – деп жауап қайырды. Иə, бұл қария адам Ерікті өзінің əріптесі емес, шəкірті ретінде қабылдады. Ерік те ол жағын түзетіп, ежіктеп жатпады, сол № 6 орта мектептегі біраз мұғалімдердің өзі кеткеннен кейінгі хал-жағдайын білуге асықты. Сонда Еріктің бұдан ұққаны мынау: Мұның сүйікті ұстазы Надежда Борисовна Перепелкина ақыры күйеуімен біржола ат құйрығын кесісіп тыныпты. Есесіне филологиядан кандидаттық диссертация қорғапты. Бірақ өзі ауру көрінеді, небəрі сегізсағаттық қана жүктемемен жұмыс істейді екен. Бұл толық жүктеменің жартысына да жетіңкіремейді. Ағылшын тілінің маманы, дүңген əйелі Адалят Сализовна Теміртауға кетіпті. Ал директордың орынбасары Мосько Григорий Павлович бұл Қазақстанда тұрақтамай өзі келген Ресейдің ішкі облыстарының біріне қарай табан тайдырыпты. Тарихшы Денис Антонович соғыстан алған жарасы қайта қозып, былтыр дүниеден өтіпті. Ал дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Михаил Ефимович араққа салынып, түрмеде жатып шығып, тек қазір біраз оңалған сыңайлы, баяғы № 6 орта мектепте жұмыс істейтін көрінеді. Математик Борис Устинович те сонда, сол бұрынғы қалпында. Ең жаманы – ерлі-зайыпты Кузьминдердің жағдайы екен. Бұлардың əлгі ауру кіші баласы өліпті де, Алексей Никитыч жас қызға үйленіп, бағыт-бағдары белгісіз бір жаққа қарасын батырыпты. Ал Ирина Васильевна қоса қабаттасқан екі күйікті көтере алмай психиатриялық ауруханаға түсіпті. Ал қараусыз қалған үлкен баласын Иринаның бір сіңлісі бауырына басыпты. Бұлардың ішінде бəрінен де жолы болған орыс тілі мен əдебиетінің маманы, ерні шиқандай қызыл, аппақ өңді сұлу əйел Нина Николаевна екен. Ол директорлыққа көтеріліп, оны төрт-бес жылдай атқарғасын Текелі қалалық халық ағарту бөлімі бастығының креслосына қонжиыпты. «Иə, сол баяғы Рыжов дейтін марғасқаның орнында», – деді Лотте Романовна. Кəрі кісі осының бəрін тауысып, бір іркілгенде: – Сіз № 6 орта мектепке анда-санда кіріп шығатыныңызды да келтірдіңіз, демек сіз білесіз. Тап қазір сол орыс мектебінде қазақ тілі пəні оқытыла ма? – деп сұрады. «Іште пікір өлгенше айтып

өлейін» – деді ме Лотте Романовна тура жауаптан жалтара бұл
жолы да ұзаққа шапты:
Сіздер, қазақтар, қызық халықсыздар. Қазақ тілін онда-мұнда
құр тықпалағанмен іс бітпейді. Шағын ұлт атана тұра көп жай-

ды елеусіз қалдырасыздар. Үлкен ұлттар өз проблемасы өзімен!
Ағылшын, неміс, француз, итальян сияқты, басқа да қабырғалы
ұлттар көп, əрине, бір күнде олардың сапына қосыла алмассыз-
дар, бірақ солардың сапына қосылуға, солардың дəрежесіне же-

туге дұрыс бағыт ұстау керек қой. Бұл – кезек күттірмеес шаруа.
Ал, ұлттық намысымызға тиді деп, мені айыпқа бұйырмаңыз,
сіздердің ұстаған бағыттарыңыз дұрыс емес. Оған бір дəлел сіз-
дерде даңғаза көп, нақтылы ұлттық патриотизм жоқтың қасы, жұт

жылғы қонақасыдай тым мардымсыз. Басқа да кемшіліктер аяқ
алып жүргізбейді. Қолдағы барың тиімді пайдалансаң ол бағың,
керісінше шықса ол сорың. Сіздер барды баққа емес, сорға ай-
налдырып аласыздар. Иə, бақ пен сор, бірі жоқта екіншісі оның

орнын басады.
Бұл кемпірмен қоштасып, жөніне кеткенде осыдан он жылға
тарта уақыт бұрын осы қалада орыс мектебінде қазақ тілінен дə-
ріс беремін деп, «ағынға қарсы жүзген жігіт» атанған, «мыңмен

жалғыз алысқан» аса бір ауыр да азапты күндері басына қайта
айналып соққандай əңкі-тəңкі күй кешті. Мына немістің кейуана-
сы қалай сілтейді, ə?! Кенет Еріктің ойына қазақтың үлкен ақыны
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қазақтың кең жері оның бағы да,

соры да деген бағдардағы ұлағатты сөздері оралды. Қазақтың тілі
жөнінде де сөйдеу артық па? Мына нəсілі бөлек, алжыған деуге
де келетіндей неме тап соның төбесінен түсіп тұр емес пе? Иə,
бақ пен сор! Бұл екі сөз Еріктің көпке дейін көкірегінде жаттаулы

күйінде қалды.
Енді, міне, одан беріде де жарты ғасырға жуық уақыт өтіп, Ерік
Тінəлиев көп кітаптар шығарып, жазушы атанып, жетпістің жел-
келігіне жармасқанда жаңа заманның жаршысы «Тəуелсіздік» га-

зетінің шымшықтай ғана бойы бар тілші қызы келіп, шымшыма
сұрақтар қойған күннен соң осының бəрі сап-сабымен тұла бойын
жайлады. Анық дұрыс қорытындыны ойлы оқырманның өзі жаса-
сын деген ниетпен бəрін қаз-қалпында қағазға түсіруге тырысты.

2009–2011 жж.

ҚАРА ҚЫЗҒАНЫШ Бұл 1965 жылдың жазы еді. Аудандық газет редакциясында жұмысқа кіріскеніме бір аптадай ғана уақыт өткен. Кеңсеміз ортан белінен кіретін есігі бар бір қабатты ұзынша үй, міне, екі-үш ағаш баспалдақты табалдырығы бар сол есіктен ішке еніп, көсе-көлденеңдеген дәлізбен оңға бұрылсаң баспаханаға тірелесің, ал солға беттесең ашық-шашық редакция бөлмелері. Ашық-шашық болатыны мұнда жаздың ауыр ыстығында есіктер де, терезелер де жабылмайды, ары-бері жүргендер іштегілердің не істеп, не қойып жатқанын көзімен сүзіп өтеді. Солға бұрылғанда алғашқы есік біз отырған бөлменікі, мұнда барлығы бес адамбыз. Менің столым сол жақ қабырға жақта, әрі төрдегі үлкен терезеден жарық бәрінен де маған молырақ құйылғасын ба, әйтеуір, дәлізбен ары-бері өткендердің назарына көбірек ілігетіні менің сұлбам, шамасы. Біздікінен арғы есік редактордікі, ал қарсы бетте тағы екі кабинет бар, оның бірінде редактордың орынбасары мен жауапты хатшы, ал екіншісінде бухгалтер, машинистка, корректор ұйлығысқан. Аудандық газет редакциясының бүкіл ұжымы осы ғана. Әне, редактор дәлізбен өз кабинетіне қарай өтіп бара жатып, ашық есік арқылы бізге көрінетін тұста қалтасынан бірдемесін түсіріп алғандай бүгежектеді. Шалбарының бір жанын тарбиған саусақтарымен сипалап, тар дәліздің еденіне бір, маған бір алақтап, қалтасындағы бір асыл затын осы жаңа қызметкер суырып әкеткен жоқ па дегендей көздерін алайтып, ақыры дүниесінің өз орнында екенін сезгесін ғана бойын түзеп, ары сүңгіді. Мұндай көрініске осы аз уақыттың ішінде менің де етім үйрене бастаған. Редактор ғана емес, басқалар да, тіпті келімді-кетімді кісілер де тап осы біздің есіктің тұсында сүрінген, не табаны тайған, немесе, бірдемесін жоғалтқан жанның қимылын жасап, мені бағжиған көздерімен атып қалуды кәсіпке айналдырғандай. Әне, редактор үш әйел  – бухгалтер, корректор, машинистка жайғасқан бөлме тұсынан да өтіп барып, оңға, өзінің орынбасары мен жауапты хатшыға қарай бұрылды. Маған ол арғы есік көрінбейтін, оның солай бұрылғанын тек дыбысынан сезесің. – Мына шаруа орнынан тырп етер емес қой, бәрі де қатыпсеміп қалған бірдеме. Мына ергежейлің біздің көзімізше бірдемені түртінектейді. Бірақ өзгерген ештеңе жоқ! Не қарекет керек? Алматыға, облпечатқа қайта звандаймыз ба?  – Редактордың ыңылдаған баладай даусы бізге ап-айқын жетіп тұр. Бірақ оған жауап қайырған ешкім жоқ. Тыныштық. Сәл уақыт өткізіп барып, редактор қайта ыңылдады. – Сенің пікірің қалай? Біле білсең осының бәрі сенің құзырыңдағы шаруа ғой!

Мұның алғашқы сөздерді орынбасарға қарап айтқаны анық, оның аузынан ешқандай леп білінбегесін соңғысын жауапты хатшыға арнады. Жауапты хатшы орынбасардан гөрі сөзге шапшаң, бірден қу шөпке от тигендей тарсылдай жөнелді: – Мен баяғыда-ақ мәселені тікесінен тік қойдым емес пе? Бұл ергежейлі немеңіз линотиптен мүлдем хабары жоқ адам! Облпечать бізге мұны жібергенде үлкен қателік жасаған. Олар мұны линотипті біледі деп ойлаған, шамасы! Ал бұл түк білмейді! Тағы да үнсіздік. Ол бөлмеде нағыз дағдарыс туғанын біз, мұндағы бес адам, ет пен теріміз арқылы түсіндік-ақ. Сәлден соң ғана редактордың орынбасары таза жібектен өргендей майда сөздерді күлтелендіре тізді: – Сірә, облпечатттың бастығына, не бас инженеріне қоңырау шалып, мән-жайды дұрыстап түсіндіргеннен басқа лаж қалмаған да тәрізді. Газетіміз уақытында шықпай жатыр. Міне, шілде де туды. Енді екі айдан соң баспасөзге жазылу мерзімі басталады. Оған дейін дұрыстап жүріс түземесек оқырмандар алдында абыройымыз төгіледі.Шықпай жатқан газетке жазыл деп, оларға не бетімізбен жар саламыз? Ия, ол үш бастықтың басын шыр айналдырған мәселеге біздер де қанықпыз. Кесе көлденеңдеген дәліздің оң жақ шетінде тура ашылатын үлкен ағаш есігі бар баспаханада жұмыс жүрмей жатыр. Мен осында қызметке тұрған осы бір аптаның ішінде газеттің үш нөмірі шығу керек болса оның біреуі ғана қолымызға тиді. Оның өзі де шала үйтілген бас құйқасындай болып, қап-қара бояуға малшынған бірдеме. Ұстасаң алақаныңда, саусағыңның ұштарында ойдым-ойдым дақтар қалады. Оған да шүкіршілік дер еді, келесі аптада осындай бір нөмірге де зар болатын түріміз бар. Менің ұғуымша осыдан ай жарымдай бұрын газетте жұртты бетінен бастырған масқара қате кетіп, арты үлкен айғай-шуға айналып, баспахана бригадирі мен газеттің тиражын басатын қыз жұмыстан қуылған екен. (Ол жылдарда аудандық газет баспаханасына жетекшілік ететін адам бригадир аталатын). Сосын Алматы облыстық баспасөз басқармасын мазалап, осындағы баспахана бригадирлігіне жаңа біреуді жіберткізіпті. Қазір ғана редактор мен жауапты хатшының ержегейлі атағаны сол. Бұл өзі жасы отыздан асқанмен түтін түтетпеген, үй-күйі жоқ, бойы тапалтақ, бет-аузы күйелеш-күйелеш, көздері де қос тана түйме секілденіп, жансыздана қарайтын, даусы да жеті қабат көрпенің астынан шыққандай тұншығып, сөздері де қиралаңдап, бірін-бірі басып-жаншып, құлаққа әрең жететін болымсыздау біреу еді. Салған жерден-ақ адамның қарны ашатындай осындай ұсқынсыз түрімен облыстық

мекеменің назарына ілігіп, ондағылар Балқаш аудандық баспаханасын кадрмен нығайту мақсатында қалай жіберіп жүр деген сұрақ өзінен-өзі туындайтын. Жұрттың бәрі бірдей іштегісін іркуге қабілетті емес қой. Баспаханада терімші, бет қаттаушы, тираж басушы әйелдердің бір-екеуі алғашқы күні-ақ «сонау Алматыдан, облыс орталығынан әулием етіп алдырған адамдарың осы ма, ол үлкен қаланың қай қоқсығынан қазып әкелдіңдер?» – деп қақсап бергенде редактор мен жауапты хатшы екеулеп, олардың үндерін әрең өшіріпті. Ұсқыны келіспейтіні өз алдына, мұның қарамағындағы әйелдерге түйеден түскендей сөйлейтіні де бір алуан әңгіме. Ал редакторды, орынбасарды, жауапты хатшыны астарынан су шыққандай еткен мұның ұсқыны мен сөзі емес, баспаханадағы осы бригадир тікелей жауап беретін, материал теру үшін қойылған линотип атты машинаның жұмыс істемейтіні еді. Бұл сонау Алматыдан осындағы әйелдерді басқаруға адам таппағаннан емес, осы линотиптің әуселесі бойынша шақырылған ғой. Оның үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, бұзылса жөндеу тиісті маман ретінде осының мойнындағы шаруа. Ергежейлі неме мына редактор, немесе өзге екі бастықтың бірі бас сұға қалса сол линотиптің оны-мұнысын шұқылап бүгежектеп кеп береді, тіпті мұрнынан су кетіп жүргенге де ұқсайды. Тіпті күндегісі осы, бірақ одан еш пайда жоқ, кісі бойындай бар үлкен машина ішек-қарнын әлдекім сылып әкеткендей қаңқиған күйі тұра береді. Сосын да бұл бригадир өз қарамағындағы әйелдерді газет материалдарын қолмен теруге көшірген. Ал қолмен теру осы линотипке дейінгі, яғни, бағзы заманғы әдіс. Біраз жыл осы жаңа заманғы техникаға арқа сүйегесін де әйелдер кішкенекішкене қырық бір қобдишаға толтырылған темір әріптерді саусақ ұшымен бір-бірлеп алып, сөз құрастырып отыруға тосаңсып та қалған. Бұл аса өнімсіз, әрі адамның ұнжырғасын түсіретін де жұмыс. Енді сол ұмытылған, біршама жабайы еңбек түріне сонау астанамыз, әрі облыс орталығы Алматыдан арнайы жолдамамен келген маманның арқасында қайта көшу жұмысшы әйелдердің іштегі ала күшігін оятпай қайтсін?! Газет материалдарын қолмен терудің өнімсіздігі өз алдына, бұл әрі абыройсыз да нәрсе. Себебі, линотиппен тергендей емес, бұл әріп санап, саусақ ұшымен атқарылған іс қағазға басылғанда да ластау шығады. Ол редакция ұжымының кіржіңіне ұласады. Ауыз-ауыздан шапқа тиетін шанышқы сөздер борайды. Онсыз да жүйкесі жұқа қатындар оны қалай көтерсін? Міне, менің осындағы алғашқы күндерім редакция мен баспаханадағы осындай жағдаймен тұспа-тұс келіп еді. Редактор қарсы бөлмеде ұзақ бөгелмеді. Аяқтарын тапырақтата

басып, бергі дәлізге шықты да өз кабинетіне кіруге жүрегі дауала-
мағандай енді сонда бөгелді. Тап осы мезетте біздің бөлмедегі
телефон екі рет шылдырлады. Екеуі де осындағы бесеудің ең
үлкені Елеу Шытыров деген кісіні іздегендер еді. Бұл Елеу, біз-

дің тілімізбен атағанда Елекең, қырықтың қырқасына шықса да
бір орында байыз тауып отырмайтын, самауырда қайнаған судай
сақылдап, тасып-төгіліп тұрған, бұл да аласа бойлылау, бірақ ақ
сары жүзді басының аздаған қасқасы бар, ашық маңдайлылау жан

еді. Қой көздері кім-кімге де достық пиғылмен қарағандай елжіреп
тұратыны бар, өте-мөте кішіпейіл пендеге де ұқсайтын. Бірақ қи-
мылы алып ұшпа, шапшаң. Бәрімізге ортақ жалғыз қара телефон
терезе жақтағы столы менің столыма түйістіріле кесекөлденең қо-

йылған, менен бір жас қана үлкендігі бар үшінші жігіттің алдында.
Телефон шылдырласа көбіне трубканы терезеге арқасын берген
сол жігіт көтеруші еді.
Бұл біршама жұмыскер жігіт. Қашан көрсең де ала қағаздан

басын көтермей бірдемені сүйкектеді де жатады. Қазір де екі
мәрте телефон көтеріп, екеуінде де қабағын шытынатып, Елеу
Шытыровқа тұтқаны ұсынды.
Елекеңнің телефонмен сөйлесуі де қызық. Тұтқаны алады да

«ә-ә-ә», «ия-ия-ия», «ә-ә-ә» деп, даусын созғылап барып тастай
салады. Қазір де сөйтті. Оны дәлізде басы сансыраған редактор
естіді де өзіне ермек табылғанына қуанғандай желпініспен екі-үш
аттап біздің бөлмеге кірді.

– Әй, Елеу, саған телефонмен көп звандайды, өзің де сөйтесің,

мына бөлмеде дабыр-дұбырды көбейтіп, сен мына жас жігіттер-
дің жұмыс істеуіне бөгесін жасама! Сенің бұлардан жасың үлкен,
сосын да бұлар саған қарсы жақ ашып, өкпесін білдіре алмайтын
шығар, соны пайдаланып шектен шықпа! Редакцияға қатысы жоқ

шаруаларыңды мұнда тоғытып, құйын боп соқпа! Оларыңды жұ-
мыс уақыты біткесін сыртта тындыр! Әкелме мұнда!
Бұл редактор, аты-жөні Мәлік Қуатов, орта бойлы, шымыр де-
нелі, толықша бет өңірінде қара реңі басымдау, қою қасты, шашы

қысқа қырқылған, даусы жақын жерден өктемдеу естілетін, жас
жағынан мына Елеу Шытыров екеуі қарайлас адам еді. Мына сөз-
дерді Елекеңе арнап едіреңдей айтып тұрып, екі-үш мәрте мені
де көзімен атып қалды. Осы бөлмедегі бес үстелдің үшеуі мен

арқа сүйеген қабырға жақта да екеуі бізге қарама-қарсы бетте еді.
Соның терезе жақ жоғарғысында қонжиған Елекеңнің редактор
зіркілінен бір қылы да қисаймай, күлегештеніп, ашық ақ сары маң-
дайын жарыққа молырақ тосып, жадыраған реңін айқара ашты:

– Мәке, осы бүгін көңіл-күйіңіз пәстеу ме өзі? Басын аша

кетіңізші!

– Осындай түйе қотыр сөздеріңді қашан тыясың? Мынадай жағдайда, шаруа жүрмей жатқанда көңіл-күйдің не сәні келісуші еді? Немене, жаңа тудың ба? Енді радактор бастық екенін былай қойып, Елеу Шытыровқа ежелгі сырмінез құрдас сияқтанып, екінші бүйірден соқтыққанға ұқсады. Елекең де көрсоқыр емес, қой көздерінің айналасына кішіктік, мейірім, жанашырлық тәрізді қырық құрау нышандарды жыпырлатып, әрі ащы мысқыл аттыдан да тұздық қосып, екі иығы селкілдей, масайрай күлді. Мұнысы онсыз да халі мүшкіл Мәлік Қуатовтың одан әрмен титығына тигендей еді. Бұл бөлмеге мына Елекеңе ескертпе жасаймын деп кіріп, енді оның мазағына ұшырағандай қалпын тез бажайлады да, әрі мені де көзімен тағы бір атып, екі қабағынынң ортасына тік сызықша түсірді. Сөйтіп, қатты түйіліп барып, Елеу Шытыровқа енді қалай соқтығарды ойлап, сәл-пәл тізгін тартқандай. Есесіне, «түбі арам жылымсың ғой сен» деген жазу бұрынғысынан да қабарып кеткен бет-жүзінде сойылып түскенге ұқсады. Соңынан ең абыройлысы мұнымен көп салғыласпау екенін ұққандай теріс бұрылып, аяғын тапырықтатып, табалдырықтан әрі аттады да өз кабинетіне бұрылды. Сәлден соң орынбасар мен жауапты хатшыны өзіне шақыртты. Енді үш бастықтың мәслихаты «жабық есік жағдайында» өтіп жатты. Біздің кабинеттегі тағы екеудің бірі Елекеңнен төмен есік жақта да, ал екіншісі, ол да маған оң қол жақтан үстелін тиістіре жайғасқан. Жас шамалары мен қатарлас бұл соңғы екеу кабинетте не сөз қотарылып, қандай рай білінсе де бәрін қаршығаша баққан күйде ауыздарынан артық бір леп шығармайтындай. Менің жасым жиырма төртте, Алматыдағы сол кездегі С.М.Киров атындағы жалғыз университеттің филология факультетіне түсіп, онда бір жылдай ғана оқып, сосын оның сырттайғы бөліміне ауысып, үш-төрт жыл сонау өзімнің туған жерім Талдықорған өңірінде мұғалімдік жұмыспен айналысып, өзім көптен аңсаған журналистік жұмысқа енді ғана бас қойған бетім еді. Сырттайғы бөлімде оқу алты жылға созылады, биыл бесінші курсты ғана тамамдап үлгердім, университет допломын алуым үшін келесі жылдың жазында тағы бір мәрте емтихан, ашыңқырап айтсам мемлекеттік емтихан тапсыруым керек. Ал терезе жақтағы «жұмыскер» жігіт те кезінде менімен бірге университетке түскен, тек оның жағдайы дұрыстау болды ма, бес жыл бойы стационарлық бөлімде оқып, мұнда менімен бір мезгілде дерлік дипломмен жұмысқа келіп отыр. Кезінде бір жылдай студенттік өмірді бірге кешкенмен, дұрыстап араласпаған екенбіз, бір-бірімізге сырмінез емеспіз. Тіпті аты-жөнін де ұмытыппын,

екеуміз осы аудандық газет редакциясында танысқандай едік. Бұл Рақыш Сәдібеков жұмысқа жаңа тұрған секілдіі емес, осы ұжымның байырғы мүшесіндей-ақ қағазға көміліп, арық қара бет өңіріне күш түсіре қалам сілтесі бөгде бір ысқаяқ жанның болмыс-бітімін еске салатындай. Біздің кабинеттегі бесеудің лауазым атаулары былай түзілуші еді. Мен осындағы ең жауапты жұмыс – ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісімін. Ал Елеу Шытыров менің қарамағымдағы әдеби қызметкер саналады. Жоғары білімді сақа журналист, әрі жасы да үлкен ол Елекең неге өзінен көп кіші, әрі журналистік қызметті жаңа бастаған маған бағынышты күйде? Бұл сұраққа жауап іздеп бас қатырарым жоқ, әрі ол жағын маған ешкім түсіндірген де емес, сосын да өз бетімше сұғанақтық жасап қайтемін? Бұл жөнінде бір елі ауызға екі елі қақпақ қойған абзал. Ал Рақыш Сәдібеков өнеркәсіп, мәдениет-тұрмыс бөлімінің меңгерушісі де, қалған екі жігіттің бірі, менің оң жағымда, маған үстелін тиістіре орналасқан Атымтай сол Рақышқа қарасты әдеби қызметкер. Бұл бөлмедегі бесінші жігіт – қарама-қарсы беттегі Қабылтай жай әдеби қызметкер, ашыңқырап атасам радио-ұйымдастырушы. Бұл аудан орталығынан аптасына екі мәрте қырық минуттік радио хабары таратылады, Қабылтай соның материалдарын әзірлейді, әрі оларды газетке беруге де құқылы. Алғашқы аптада бір ұққаным жас шамалары мен қатарлас бұл Атымтай мен Қабылтай осы Алматы облысы Балқаш ауданының түлектері. Солай екенін олардың отқа қарығандай күйген бет әлпеттерінің өзі-ақ жариялап тұрғандай. Екеуі де үйлі-баранды, екі-үштен балалары бар. Менің салт басты, сабау қамшылы екенім, әрі төбелерінен топ еткендей ойда жоқта орталарынан табыла кетуім оларға біршама одағай көрінгендей. Бұл аудан орталығы Бақанас ауылында, төменгі кеңшарларда да жастардың тым ерте, 18-19 жаста-ақ түтін түтететіні үйреншікті құбылыс екен. Тағы бір дерек – бұл екі жігіт Атымтай мен Қабылтай оныншы сыныптан соң оқуды жалғастырмаған, сол орта біліммен-ақ осы аудандық газет редакциясында қызмет атқарғандарына үш-төрт жылдың жүзі болыпты. Бұлар да ауыздарына сақ, Іле жағалауының ыстық күні адамның бет, мойын терісіне ғана емес, көздерін де қарайта ма, қап-қара бояу тұнғандай жанарлары терең шұңғылдан жылтырағандай, әрі қабақтарына да әлдебір ой ма, таңырқау сезімі ме, әйтеуір, маған әзірге беймәлім бірдеменің мұнары қоса ілігіп, үнсіз қадалады. Бұл 1965 жылдан бұрын сол кездегі КСРО атты елдің бірінші басшысының шоқ-шоғымен Қазақстанда облыстық, қалалық, аудандық қазақ тілді газеттер жаппай жабылып, тек кейбіреулері

ғана шөл даладағы тамырын тереңге салған қараағаш, тораңғы, не сексеуіл тәрізденіп, жан сақтап қалған. Сөйтіп, жан сақтап қалғандардың бірі – осы Алматы облысына қарасты Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газеті екен. Тек ол соңғы екі-үш жыл бойы аптасына үш емес, бір рет қана шығып келіпті. Тек өткен 1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында басшылық өзгеріп, құрдымға кетуге айналған қазақ тілі сәл-пәл жанданып, ұлттық газет-журналдар көбейіңкіреп, осы «Балқаш еңбеккері» де аптасына бір емес, үш рет шығатын мәртебеге жетіпті. Ал оған дейін мұнда жоғарыда аталған үш бастық, Елеу Шытыров, Атымтай, Қабылтай – алтауы ғана жұмыс істепті. Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы менің мақала, әңгімелерім жарияланған газет қиындыларын сұрыптап қарап, жолдама берерде «Балқаш ауданы Жетісу өлкесіндегі ең қазақы аудан, ондағы газеттің деңгейін күрт көтеру парыз, қаламыңның желі барын сезіп, сенім артып отырмын, несі айып, әзірге салт жүріп жұмыс істеуге орайлы екенсің, журналистика көкейіңді тессе оны содан бастағаның жөнақ» тәрізді сөздерді біраз шұбыртты. Мұнда алғаш қонжиған сәтте менімен бірінші шұғылданған, әрине, редактордың орынбасары еді. – Орныңыз осы! Қалам, қағаз сізге берілді ме? Ендеше мына кішкентай жұмысты тездетіп дайындаңыз! – деп, оқушы дәптерінің бір парағының екі бетіне толтырып, қолмен жазылған кішкентай хатты алдыма жайды. Бұл орынбасар өте инабатты жанға ұқсады, өзінен көп кіші менімен «сіз» деп сөйлеседі, әрі сөздері де күлтеленген жібектей майда, құлаққа жағымды екен. Киім киісінде де нағыз зиялының ұқыптылығы білінеді. Галстукті жейдесі, ақ сары кең шалбары мұқият үтіктелген. Қысыңқы көздері, көтеріңкі қабағы, түзу мұрны, таза қырқылған иегі, сәл жалпақтау қоңырқайлау жүзі өзінің иықты тұлғасына жарасып-ақ тұр. Қазақтар мұндайларды бітімі дұрыс пенде екен деп сыпаттайды. Бұған, әрине, құлаққа жағымды даусын, өте инабатты мінезін қос. Редактордан гөрі оның осы орынбасарының маған салған жерден ұнағаны да шындық. Алдыма қойғаны алыстағы кеңшар фермаларының бірінен мал қыстатуға қатысты кейбір шаралардың жүргізілуі аса қанағаттанарлық емес деген бағдардағы кішкентай сыни мақала еді Ол жылдарда негізгі бағыты мал шаруашылығы саналатын кеңшар бөлімшелері «ферма» деп аталатын. Редакцияға қызметке жаңа тұрды дегенмен мұндай мақалалардың талайын аудандық, тіпті облыстық, республикалық газеттерге өз атымнан жазып, жариялап үлгерген шағым ғой, орынбасар берген хатты табанда әдемілеп қайта көшіріп шығып, қарсы бөлмедегі бір қолына таяқ ұстаған, отыздан

асыңқыраған, етженді машинистка қызға бердім. Оның да басуы тез екен, дайын материалды үстінен қайта қарап, орынбасарға апарып едім, он минуттей уақыт өтті ме, өтпеді ме, қайдам, ол соңымнан қуа кіргендей біздің кабинетке қайта бас сұғып: – Материалды жап-жақсы дайындапсың! Бәрі дұрыс!  – деп салды. Енді «сенге» көшіп сөйлесе де бойыма бір жылылық енді. Бөтен ел, бөтен жерде тосаңсыған жағдайымда осы орынбасар сынды өзіме бір таяныш табылғанына шүкіршілік еткендей де күйім бар. Тек бір есімде қалғаны, редактор орынбасарының сол сөзі тұсында кабинеттегі менен өзге төртеу бір сәтте, ұйымдасқан тәртіппен көздерін төмен түсіре қойды. Ішіме әлдебір күдік ұрлана кірсе де оны тежеп ұстауға күш салдым. Үш күннен соң бәрі өзгеріп шыға келді. Орынбасар, аты-жөні Құлым Сақанов, тағы бір тапсырма берді, оны да мен табанда орындап едім. Бұл мақала емес, машинкаға басқанда жарты бетке толмайтын газеттік хабар. Құлым Сақанов оны да тез оқып, бізге кірді. Жақсы лебізге дәнігіп қалған басымды әлдене дың еткізді. Жаңа ғана мен әзірлеп берген, машинкаға басылған жарты бетке толмас хабарды бұл Құлекең, редактордың орынбасары үстінен өз қолымен қайта жазып шығыпты. Енді кеудесін тік ұстап, маған бір қырын беріп: – Кіп-кішкентай хабарға бір-біріне қарама-қайшы екі пікірді тоғытқаның қалай?! – деп дік-дік етті. Менің жауабымды күтпестен шығып кетті. Ал кабинеттегі менен басқа төртеу көздерін көтеріп, бүршік жарған көктемгі жас ағаштардай жадырай қалыпты. «Мынау қандай мінез көрсетер екен» деген сұраулы сөйлем де қабақтарына іліккендей. Әрине, мұның бәрі мен үшін жайсыз көрініс еді. Бар бітіргенім, Құлым Сақановтың қайта жазып шыққанын мұқияттап, екі-үш қайталап оқып, өз жазғаныммен үсті-үстіне салыстырдым. Байқаймын, мен жазған нұсқада бір-біріне қарамақайшы дейтіндей дәнеңе де жоқ. Бұған қоса Құлекеңнің нұсқасы әлдеқайда жүдеу, таптаурын сөздерге толы көрінді. Сонда да ішкі наразылығымды бүгіп ұстап, өзімді-өзім тежедім. «Сабыр, сабыр, жұмысқа жаңа ғана тұрдың, бұл журналистиканың сен білмеген қырлары болуы ықтимыл, аужайын түй» дегенді өзіме-өзім сыбырлап жеткізгендеймін. Ал үлкен бастық, редактор Мәлік Қуатовтың дәлізбен біздің есіктің тұсынан ары-бері өткенде сүрінген, не қалтасынан бірдемесін жоғалтқан адамның қимылын жасайтыны тап осы мен екінші материалды әзірлеген күннен басталды ма деген де сезігім бар. Себебі, бастық пен орынбасар жабық есік жағдайында оңаша күңкілге басуды жиілеткенге ұқсады.

Үшінші, төртінші дайындаған материалдарым да осылай ре-
дактор орынбасарының қолымен бауыздалған жабайы аңдай
қанжоса болып жайрап жатты. Мен оларды машинисткаға қай-
та бастыртып, үстінен қарап, қайта ұсынатынмын. Таяқ ұстаған,

жүргенде қатты ақсайтын толық денелі, қызыл сары рең аралас
қоңырқай жүзді машинистка қыз алғаш көргенімдей емес, қаба-
ғы салбырап, екі ұрты бұлтиып, қайта басуға берген материал-
дарды жаман раймен қабылдады. Мұны жұрт сыртынан Кәріқыз,

ал көзінше «Қыз-ау» деп атайтын. Айқын кемістігі бар, сосын да
орнын таппай оң жақта ұзақ омалған жанның басындағы бақыт-
сыздықты бір-бірінің көзін шұқып көрсеткендей сыртынан болса
да «Кәріқыз» атауы алғашқы күндерде менің де жаныма түрпідей

тиген. «Осы қазақтардың оспадарсыздығы-ай» дегенді өз ішімнен
бірнеше мәрте қайталап үлгердім.
Анығына көшсем, Алматыдан 220 шақырым қашықтықтағы
сол Бақанас ауылындағы редакция ұжымына кірген күндерім мен

осы жолдарды қағазға түсірген шағымның екі арасында көп заман
өтті. Екі аралықта заман да, адам да көп өзгерді. Сол өтіп кеткен
кезеңге қайта оралып, оның әлдеқашан уақыт топырағына көму-
лі қыл-қыбырын түгендеп, тізбелеуім әлдекімдерге ұнамай мені

тырнақ астынан кір іздеген жанға да ұқсатуы ғажап емес. Алайда,
сол жылдарда өзім көрген, бастан кешкен өмір шындығы топырақ
астынан өніп шығып, құлақтарын қалқитып, «жазушы мырза, бізді
неге ұмытасың, өзгенің бәрін шимайлап, тап бізге келгенде сияң

таусылып қалды ма?» деп, жазғыра, кейде түсіме де еніп, маза-
лауын қояр емес. Сосын да амалсыз ат басын осылай бұрдым.
Сөйтіп көп уақыт өткесін де шығар, сол Кәріқыздың шын ныс-
пысын ұмытыппын. Әрі-бері бас қатырып, қанша зорлансам да

есіме түсіре алмадым. Жерлестеріне телефон шалып, сондағы
көне көздерді мазалауға, неге екені белгісіз, мойным жар бермеді.
Осылай тағы да ек-үш апта уақыт өтті.Орынбасар мен қорыт-
қан материалдарды қанжоса етіп, талқандауын қояр емес. Тағы

бір материалды қайта басуға апарғанымда Кәріқыздың көңіл-күйі
нашар екен:

– Сен келгелі мен сорлының жұмысы көбейді ғой! – деп сал-

ды.Қабағынан қар жаудырып төмен тұқырғанда түсі тіптен бұзы-
лып кетеді екен. Өзімнен он жастай үлкен, кемістігі де көпе-көр-
неу, толған торсықтай денесі бар әйелмен салғыласу мен үшін
жат нәрсе еді. Тек оның екі жағындағы екі әйел – бухгалтер мен

корректордың түр-түстері менің көзімді тартты. Бұлар да бет-мо-
йындары қарайған, толықша денелі, бірі бойшаң да, екіншісі ала-
салау, қырықтар шамасындағы жандар. Кәріқыздың қыжыртпа-
сын естігенде екеуі де көздерінің ағын маған қарай атты. Әлдебір

олжадан дәмеленгендей маңдай, бет терісі сияқтыларында жыбыр-жыбыр бірдеме білінді. Әсіресе, бойы аласалау, тығыршықтай денелі бухгалтердің жүзі тым ашқарақ көрінді. Әлдекім жемтік тастаса бірінші болып тарпа бас салардай аяқ-қолдарына дейін қимылға дайын секілді. Бұл да жағымсыз көрініс еді. Мен өзім отырған кабинетке қайта кіргенде Елеу Шытыров пен өнеркәсіп, мәдениет-тұрмыс бөлімінің меңгерушісі Рақыш Сәдібеков қана бар еді. Елекең мен басқаратын бөлімнің қызметкері, ал Рақыш бұрынғы курстасым болғасын өзіме жақын тұттым ба, сәл-пәл ашықауызданып: – Елеке, мына кабинеттегі бухгалтер мен корректордың көздерінің қарасы жаман! Не қылған әйелдер өздері? – деп сұрағаным бар. Рақыш қағаздан бас алмаған күйі мырс-мырс етті, ал Елекең, керісінше, аузын кере ашып шалқалай күлді: – Корректор аупарткомдағы үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің зайыбы, ал бухгалтердің байы да осал емес, аудандық құрылыс саласындағы бір бастық. Екеуі де арты мықты қатындар! Байқа, бала!  – деді Елекең. Ал Кәріқыз жайлы сыр бөлісуге батылым жетпеді. «Танымаған жердің ой-шұңқыры көп, шынында байқа, оппаға құлайсың» деп, өзіме-өзім тізгін тартқыздым. Сол күндері менің тағы бір тындырған шаруам орынбасар шимайлаған өз жазбаларымды және оның енгізген түзетулерін қайта саралап, сын тезінен өткізу еді. Әрі ол Құлекеңнің таза өз қолынан шыққан мақалаларды, хабарларды да сүзіп оқыдым. Байқаймын, асып бара жатқан дәнемесі жоқ, өңкей бір таптаурын тіркестер, құлақты жауыр еткен сөздер. Әсіресе, «қамтамасыз етілді», «жан-жақты әзірленуде», «белсенділік танытуда» тәрізді тіркестер мақаладан мақалаға көшіп отырады екен. Тіпті кейбіреуі бірер беттік жартымсыз дүниенің өзінде әлденеше бой көрсетеді. Менің жазбаларыма да осындайларды сына қаққандай зорлықпен кіргізіп, алашұбарлай беріпті. Бұл жай мені едәуір ойландырды. Редакцияда қызмет етіп көрмесем де автор ретінде олардың талайына қатысым болған ғой. Құлекеңе қарсы ашық шайқасқа шығудің қажеттігі өзінен-өзі кесекөлденеңдеді. Сондай күндердің бірінде кешкілік Рақыш екеуміз жұмыстан бірге шығып едік. Бақанас аулының шаңдақ орталығындағы клуб, бір қабаттық майманхана, дүкен айналасында аздап жүріңкірегесін Рақыш маған бір сыр ашты: – Сен, Ерік, білесің бе, мына редактордың орынбасары Құлым Сақанов ішіне шынашақ айналмас шырт етпе, қызғаншақ адам. Мына аупарткомға барып сен екеуміздің үстімізден пыш-пыштап жүрген сыңайлы. Әнеукүні Елеу Шытыров өзіңе айтты емес пе, біздегі корректор әйелдің күйеуі аупарткомда үгіт-насихат

бөлімінің меңгерушісі деп, міне, соған да барыпты. Идеология жөніндегі хатшыға да кіруі ықтимал. Сен екеумізді соларға ғайбаттап, бұрын газетте істемеген, тәжірибесі жоқ бозөкпе біреулерді аудандық газеттің бөлім бастықтары етіп қоя салдық, бұл үлкен қателік қой дейтін көрінеді. Осы сөздері тұсында Рақыш Сәдібеков көзіме керемет жылы ұшырағандай еді. Менің де іште симаған дүниемді ақтарып қалудың ретін таппай жүрген кезім ғой. Тығынын алған бөшкедей мен де атылып кеттім: – Бөлім меңгерушісі қызметін біз ешкімнен тартып алғамыз жоқ қой, бізге дейін біраз уақыт бұл екі орын бос тұрыпты. Бұлар өз ішінен адам таппағасын облыстық партия комитеті жіберді емес пе бізді? Әрі сен екеумізді ұнатпай жатса газет редакторы Мәкеңнің де, Мәлік Қуатовтың да өз құқығы бар емес пе? – Сен, Ерік, мынаны түсін, бұл Мәкең мен Құлекеңнің арасында үлкен ор қазылып жатыр. Екеуі бір-бірімен ит пен мысықтай. Тек төбелерінен аупартком төніп тұрғасын тырп етпейді. Құлым Сақанов бізді бұл орындарға лайықсыз санап, пыш-пыштап, сол арқылы редакторға көлеңке түсірмекші. Мәлік Қуатов адам танымайды, кім көрінгенді жұмысқа ала береді дегенге саяды ғой сөзінің бәрі. Құлекеңнің редакторлыққа иегі қышығалы қашан? Менің енді ғана санама саңлау түскендей еді: – Сөздеріңнің жаны бар! Мен не жазсам да, қалай жазсам да жаңқа-жаңқасын шығарып балталайды да тастайды, – дедім. – Оны бәріміз де көріп жүрміз, соқыр емеспіз ғой? Осындай әңгімелерден соң менің іш қуысымда сояудай бір сұрақ туындады: – Рақыш, сый қылсаң сыпыра қыл деген. Сен де менімен бір мезгілде осы редакцияның табалдырығын аттадың. Редактор мен орынбасардың арасындағы осы құпия тайталасты қайдан біліп үлгердің? Рақыш қарқылдай күліп, өңіне қою қызыл рең араласып, мені баласынған пішін көрсетті: – Мен КазГу-дің филология факультетінің сен сықылды қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде емес, журналистика бөлімінде оқыдым емес пе? Мен осы «Балқаш еңбеккері» газетінде екі мәрте практикада болғанмын. Оны азсынсаң осы ауданның біраз шаруашылығын да аралағаным бар. Диплом алысымен республикалық, не облыстық газеттердің біріне табан тірей алмасаң бізге кел деп, мына Мәлік Қуатовтың өзі маған емеурін де білдірген. Ал, ендеше... «Айлас қатын мұңдас» деген, сенен жасырарым жоқ! Менің Рақыш Сәдібековке ризашылығымда шек жоқ еді. Мына сөздерін анық іш тартқандыққа баладым.

Осы күндері баспахана жұмысы аздап жүріс түзегенге ұқсады. Ондағы әйелдер кей материалдарды линотиппен, ол қу ағашқа ұқсап қаңтарылса өзгелерін қолмен теріп, әйтеуір, газеттің аптасына үш рет шығуы Құлым Сақановтың тілімен айтқанда «қамтамасыз етілді». Уақыт сәске түске таман еді. Біздің кабинетке редактор кірді де тап ортада үнсіз состиып тұрды. Рақыш Сәдібеков орнынан көтеріліп маған: – Тұрсаңшы, мына Мәкең шақырып тұр ғой!  – деді. Ойымда ештеңе жоқ мен: – Қайда? – деппін. Рақыш мырс етіп күліп: – Мәкең демалысқа шығып барады ғой. Соған орай үйіне түскі асқа шақырып тұр! – деді. Бұл мен үшін ол шақта көз алдымызда құлағы қалқиған шайтан пайда бола кеткеннен әрмен оқыс жағдай еді. Рақышқа бір, редактордың өзіне бір алақтаппын. Сол сәттегі редактордың маған салған назарын айтсаңшы. «Мынауың шынында бір әумесер неме ғой» деген жазу баспаханадағы бірде ауру, бірде сау линотиппен терілгендей ап-айқын көзіме басылды. Қалайда, болашақ жазушымын ой, редактордың осы назарының тасасынан оның орынбасарының күнделікті пыш-пышының да әсерін сездім. Редактордың үйі аса алыста емес, бір-бірімен ұйлығысқан шатырсыз тоқал тамдардың бірінің кішкене үш бөлмесіне орнығыпты. Аядай залға редакцияның шығармашылық құрамы түгел сыйды. Баспаханадан әлгі жұрт ергежейлі атайтын, шынында бойы тапалтақ, бет-аузы да күйелештеу бригадир шақырылыпты. Ол есікке таяу, бәрімізден төмен отырып, сәл шалқая қос тана көздерін бірімізден екіншімізге жүйткіте берді. Редактордың зайыбы өзі қатарлас сүйектілеу, жалпақ бетті, қимылы шапшаң, даусы да өктемдеу жан екен. Екі-үш үстелді бір-біріне тиістіре қойып, соларға жайылған дастарқан мәзірін жіті бақылап,анау-мынау жетпейтінін асүйден әкеліп, безек қағумен болды. – Сіздер үшін жайылған дастарқан, бастықтың шаңырағы деп қымсынбаңдар, ана ащы судан құйып жіберіңдер, қасық, шанышқы бәріңе жетті ме? – Редактор зайыбының бұл ықыласы, әсіресе, Елеу Шытыровқа ұнағандай. Ақ сары жүзі тіпті сұлу да көрінгендей. Алғашқы рюмкеден соң редактор өзі бір сөз бастады. Онысы есікке таяу омалған баспахана бригадиріне арналған еді. – Әй, жаным, мен осы демалысқа әрең қол жеткіздім. «Газет­ терің уақтылы шықпай жатыр, қайдағы демалыс саған» деп, аупартком біраз уақыт рұқсат бермей қойды. Сәл-пәл жұмыс жанданды-ау деймін. Енді мен жоқта газет тағы шықпай жатса ешқайсымызға абырой емес!

– Жоқ-жоқ, аға! Газет шығады. Алаңдамаңыз! Жақсы демалып

қайтыңыз! – деп, бригадир сәл-пәл теңселіп қойды.
Құлым Сақанов маған қарама-қарсы отыр еді. Екі-үш стакан-
нан соң сәл-пәл дабыр-дұбыр көбейді. Бәрімізден елгезектеу кө-
рінген Елеу Шытыров пен үй иесі Мәкеңнің өзі көбірек сөйлейтін-

дей. Жартылай құйылған қырлы стақандағы арақты түбіне дейін
сарқып ішіп отырған сол екеуі ғана, ал өзгелері шыны түбінде
мөлдіретіп аз-кем «сарқыт» қалдырады.
Тек маған қарама-қарсы жайғасқан орынбасар Құлым Сақанов

қана стаканды ерніне тигізгені болмаса былай татып алмады.
Қасындағы жауапты хатшы, шашы бұйраланған, қасы да қалың,
ұзын бойлы ашаң жүзді жігіт:

– Құлеке, алдыңыздағы арақтан сәл-пәл алсаңызшы! Мәкең

күнде демалысқа шығып жатқан жоқ қой! – деп әзіл тастаса да
орынбасар былқ етпеді.
Арақ қана емес, ол тамаққа да зауқы жоқ адамға ұқсады.
Редактордың әйелі алдымен қойдың бауыры мен картөшке ара-

ласқан қуырдақ, соңынан қазақша ет ұсынып еді. Өзгелер аш қас-
қырша бәрін талапайға салып жатқанда Құлым Сақанов шаныш-
қының ұшымен ғана оны-мұныны тауықша шұқып алады да ау-
зына апарады. Әрі онысының өзі сирек. «Е, сұңқар тәбетті нағыз

зиялы жан осы екен ғой» дегізгендей.
Есесіне бұл орынбасар басқа бір міндетті тамаша орындап
шықты. Редактор үйіндегі осы «жол жуу» шарасының өнебойында
тапжылмай маған қараумен болды.Кірпік қағу деген жоқ, қысың-

қы көздері қабырғаға ілінген әлдекімнің суретіндегі жансыздықты
бейнелейді. Қос жанары қап-қара бояудың екі тамшысындай олар
да қатып-семген. Көтеріңкі қабағы, жалпақ қоңырқайлау жүзі сол
көздегі тәртіпке бағынып, тырп етпей, сауысқанша сақтықпен қо-

нақтап отырғандай. Жұртқа ілесіп, аузынан бір лебіз де білдір-
меді. Бала емеспін, жасым жиырма төртте, мектепте біраз дәріс
беріп, әрі мақала, әңгіме жазып, әрі олардың біразын жоғары бас-
пасөз беттерінде жариялатып, едәуір сары табандап қалған кезім

ғой, редактор орынбасарының бұл қалпын айна-қатесіз таныдым.
Қалай танымайсың, оның өзі-ақ іштегі мерезін соқырға таяқ ұстат-
қандай алдыма көлденең жайып отыр емес пе? «Е, шырағым, ре-
дактор демалысқа кетті, енді сен менің жеке илеуімде боласың»

дегенді құлағыма айқайлап айтқандай-ақ. Ия, өзім үшін аса бір
ауыр күндердің туатынын табанда болжадым.
Бұл болжамым анық шындыққа айналды. Құлым Сақанов мен
не жазсам да үстінен шимайлап алабажақ етуін тіпті үдетті. Осы

материалдардың бәрін қайта басуға мәжбүр әлгі Кәріқыз дегеннің
тіптен беті ашыла бастады:

– Мен сорлының сорына біткен біреу ғой мынау! – деп салды

бірде. Бұл сөздер өкпе тұсымнан пышақ ұрғандай тисе де шыдас
беруге бар едім, оның екі жағындағы екі әйел  – корректор мен
бухгалтер оған көмекке келді. Домаланған денесі бар, беті был-
шиған тышқан көз бухгалтер әйел:

– Оң жамбасыңа келмес іске басыңды шатып нең бар, бой-

дақ жігіт? – деді. Екінші жақтағы беті бұдан да қаралау, бадана-
дай көздері бар,сүйектілеу жаратылған корректор әйел де қарап
қалмады:

– «Қолың көтере алмас шоқпарды беліңе байлама» деген сөзді

осы жасқа келгенше естімегенсің бе?
Редакциядағы барлық кабинеттердің есіктері ашық-шашық қой,
бұл қыжыртпаны қатарлас кабинеттегі редактор орынбасары мен
жауапты хатшының да, біздің кабинеттегі менен өзге төртеудің де

естіп отырғандары беп-белгілі. Ешқайсысынан дың еткен дыбыс
білінбейді. «Мен не айтар екен» дегендей бәрі ауыздарын буып,
көздерін төмен түсіргенін еслестеттім. Әрі Елеу Шытыровтың
әнеукүнгі «корректор аупартком үгіт-насихат бөлімі меңгерушісі-

нің қатыны, байқа, бала» деген ескертпесі де есіме түсті. Қайда
қарасам да Қорқыттың көрі, өзімді жау ортасында қалғандай се-
зіндім. Сонда да мына кабинетте мынадай ауыр сөздерді естіп
үндемей құтылудың қисынсыздығын сезген басым зиялылық тұр-

ғысынан көрінуге тырыстым:

– Егер менің қолымнан іс келмесе оны бақылаушы адамдар

бар. Арыз-шағымдарыңызды соларға жолдаңыздар, ханымдар
мен бикештер!
Өз орныма барып жайғасып, көзімді көтере жағалай қарап
едім, Елеу Шытыров бастаған төртеудің «әжі қабыл болғандай кү-

лімдегенін» байқадым. Сол шақта телефон шырылдады. Рақыш
Сәдібеков тұтқаны Елеу Шытыровқа берді. Елекең «ә,ә, е,е»
деді тұтқаны тастай салды. Сосын бәрі түскі үзіліске көтерілді.
Басымды әрқилы ойлар меңдеген мен сәл бөгеліп едім, алқын-

жұлқын бір жүзі күнқақты арық әйел кіріп келді:

– Елеу қайда мына? – деп шақылдай сұрады. Мен:

– Түскі үзілісте ғой бәрі, – дедім.

– Әй, адам емес екен, адам емес екен! – деп таусыла сөйлеп

ары табалдырық аттады да дәліздің еденін тасырлата жоғалды.
Тап осындай көріністер бұған дейін де бірнеше мәрте қайтала-
нып еді, әлдекімдер үнемі Елеу Шытыровты телефонмен іздеп жа-
тады, ал Елекең «ә, ә, е, е» дейді де тұтқаны тастай салады. Егер

олар редакцияға келсе Елекең орнында болмай шығады. Елеу
Шытыров мұнда әдеби қызметкерлікпен бірге жарты жүктемемен
фототілші міндетін қоса атқарады екен. Бұл аудан орталығында

фотостудия бар, ондағы жас қыздар шығарған суреттердің сапа-
сы төмен, сосын да кейбіреулер әртүрлі құжаттар үшін, немесе,
басқа да бір мақсатпен суретке түскісі келсе Елеу Шытыровқа жү-
гінеді. Ал Елекең оларды шырт еткізіп пленкаға түсіріп, ақшасын

алып, сосын не сурет жасап бермей, не ақшасын қайтармай әу-
ре-сарсаңға салады да қояды. Оны іздеушілердің көп болатыны
содан екен. Әрі күнделікті Елекеңнің аузынан арақ-шараптың иісі
мүңкіп тұратыны да үйреншікті құбылыс.

Сол редактор демалыста жүргенде орынбасар осы Елекеңді
ең жақын кеңшарлардың біріне үш күнге іссапарға жіберді, ол бір
аптада бір-ақ оралды. Тағы екі күн өткенде орынбасардың каби-
нетінен бір жаман айқай-шу шықты. Құлым Сақанов пен жауапты

хатшы бір жақ, Елеу Шытыров екінші жақ болып, ой шайнасты-
ау келіп. Түйдек-түйдек айыптау сөздер, қағытпалар екі жақтан да
бір-бірін бастырмалата төгілді. Алғашқыда бұл керістің мәнін мен
түсіне де алмадым. Тек Құлым Сақановтың қойыртпағынан бір ұс-

тағаным: «редактор оралғасын сені қызметтен босаттырам» деге-
ні еді. Ал Елеу Шытыровтың одан қылы қисаятын емес, «қойдың
қорасын тазалайтын неме,өз орныңды тапсаңшы, журналистика
сенің маңдайыңа бітпеген өнер» деп салды. Елекеңнің мұнысынан

менің ішіме сәл-пәл жылылық барды. «Е, Құлым Сақановтың жур-
налистік қабілетінің кемшіндігі менің ғана емес, басқалардың да
қабырғасына батып жүрген шындық екен ғой» деп түйгенім есімде.
Орынбасар мен Елекеңнің айқай-шуы оңайлықпен басылатын

емес еді. Баспаханада екі жастау, бір қартаңдау үш неміс әйелі
және екі қазақ әйелі жұмыс істейтін. Екі қазақ әйелдің бірі, аты
Шекер, мына Елекеңнің зайыбы. Сол Шекер жүгіріп келіп, өз кү-
йеуінің бір шынтағынан қос қолдап ұстап, «қой-қойлап» кері тарт-

қылады. Қалайда, Елекең мен басқаратын бөлімнің адамы ғой,
мен де жүгіріп барып екінші шынтағынан ұстап, басқалар да бо-
лысып, оны бері дәлізге шығарып әкеттік.
Елекең орнына кеп жайғасқасын да бұл шиеленістің мән-жа-

йын сұрай алмадық, екі беті нарттай қызарып, алдындағы қағаз-
дарын жұлып жеп қоярдай сатыр-сұтыр еткізіп, аударып-төңкере
берді.
Қызықтың көкесі ертеңіне болды. Енді Елекең әлгі аласа бой-

лы, тығыршықтай денелі бүхгалтермен шайнасты. Бухгалтер де
жертемір әйел, қазақтың небір жанға батар былапыттарын қолтоқ-
паққа айналдырып, басқа-көзге ұрғылап еді, Елекең қалайда «тіл-
дің адамы» ғой, одан да асырып жіберді. Корректор мен Кәріқыз

өз беттерін өздері жыртардай шымшылап бастарын төмен салды.
Елеу Шытыровтың шанышқысына шыдамаған бухгалтер әйел бо-
тадай боздап, көрші кабинеттегі Құлым Сақановқа жүгірді.

– Құлеке! Айналайын, ағатай! Мына дүлей мені алып жерге айналды! Не Елеуді, не мені, екеуміздің бірімізді ғана қалдырыңыз мына жерде! Алиментті ол төлейді, пәлесіне мен қаламын! Қатынды үйір-үйірімен ал деп, мына желаяғыңызға мен ақыл салып па екем?! Қаңғырған неме, неше жерді түртінектеп, неше жерге ұрығын шашып қайтты, адам баласы біліп болмайды! «Таз ашуын тырнадан аладының» керін келтірмек! «Балақтағы бит басқа шықты» деген осы! Оннан қашқан, мұннан қашқан, өңкей бір қу борбай, қу тақым сымпыс шолақтарды осында жиып, басына үй тігіп беріп, адам санатына қосам деп ойлайсыздар ма, не мені, не мына қаңғыбасыңызды қалдырыңыз! – деп бастады да одан әрмен жұлына қай-қайдағы, жай-жайдағыны қоса шұбыртты. Орынбасар оған бірден басу айтпады. «Арылып қал» дегендей ол тараптан ешқандай үн шықпады. Мен бұдан өзімше қорытынды жасадым. Бұған дейін тағы бір біліп үлгергенім  – осыдан үш-төрт жыл бұрын Елеу Шытыров осында шынында салт басты, сабау қамшылы келіпті. Бірер жыл сылпың жүріспен күн өткізген соң Мәлік Қуатов бастаған редакция ұжымы, «әй, Елеке, сен балақ жүні жетпеген бала емессің, әрі қолынан іс келетін адамсың, мына сойдиған қалпың өзің түгіл біздің көзімізге сүйел, сен үйлен» дейді. «Ау, Мәке, маған ыңғай берер шашбаулы шалынбайды, әрі шалынған күнде де оны қайда апарамын, үй-күйсіз тентіреген түрім мынау» деп, Елекең де ақтарылады. «Саспа, өзің келіссең бәрін ұйымдастырамыз» дейді де бүкіл редакция, баспахана ұжымы болып, басы бос, әрі жақын-жақыбайдан да жұрдай осы Шекер атты, ол кезде 27-28 жасар қызбен таныстырып, аудан орталығында қазыналық саналатын тоқал тамдардың бірер бөлмесін босаттырып, әрқайсысы бір-бір көрпе-жастықтан, аяқ-табақтан, аздаған тиынтебеннен жиып, кәсіподақ ұйымынан, газеттің қаламақы қорынан там-тұм ақша бөлдіріп, Елеу Шытыровты бір-ақ күнде отбасы иесі қып шығарады. Міне, қазір Елекең мен Шекер екі үш жасар ұл баласы бар, сол үйде әлі тұрып жатыр екен. Бухгалтер әйел редактордың орынбасары Құлым Сақановқа көз жасын көлдетіп келіп жер тепсінгенде сол жағын ескертіп өткенге ұқсады. «Қу борбай, қу тақым, сымпыс шолақтар» деген тіркестері арқылы мені де іліп кеткені анық. Орынбасардың мені жаратпай жүргенін білетін залым да заржақ қатын оның құлағына жағымды бірер сөз тастап, өз жағына шығарып алудың қамын жасағаны көзге бадырайып көрінгендей. Менің әлі күнге бойдақ екенімді басқалардан гөрі жиірек бетіме басатын да осы бухгалтер екенін білетін Құлым Сақанов та өзге бір қулықты ішке бүккендей. «Бұл жаңадан келген, әрі жазу жұмысына орашолақ, бос белбеу, бота тірсекті де Елеу Шытыров

секілді қатын әперіп, басына үй тігіп, осы Бақанасқа шегелеп қой-
мақсыңдар ма, ол жақсылыққа апармайды» деген уәждерді жер-
темір әйелдің аузынан шыдамдылықпен күткендей.
Бухгалтер әйел ұзақ, әрі өті жарыла екіленді. Елеу Шытыровтың

атына тіптен жан түршігерлік тұрпайы сөздерді қарша боратты.
Әсіресе, оның бұған дейін көп қатын алып, әрқайсысын әр қиыр-
да жерге қаратып кеткеніне айналшақтап соға берді. Әрі Құлым
Сақанов шыдамдылықпен күткен сөз орамдары да дәл ол дә-

меткендей күйде болмаса да сәл басқаша үлгіде әр тұстан қы-
лаң берді. Осы жай менің де қитығыма тие басатаған. Қарсыдағы
Елеу Шытыровқа қарап едім, оның бетінің қызылы тіпті қоюлан-
ғанмен сәл жыны басылып қалғандай күйде екен.

Сол сәтте мен күтпеген басқа жай килікті. Баспахана жақтан
Елекеңнің жас зайыбы Шекер жүгіріп келіп, бухгалтер әйелді көк
желкеден басты. Қолмен емес, сөзбен. Бухгалтер аузынан ұшқан
«Елеу көп қатын алды, онда-мұнда ұрық шашты» секілділер мұ-

ның да іштегі ала күшігін оятқан екен:

– Сұрқия қатын, жұртқа тиісті тиын-теебенді дұрыс есептей ал-

май, мұрныңнан сораң ағып жүріп, жұрттың алған қатынын, шаш-
қан ұрығын шотқа салғаның не сасқаның?! Жұрттың тиын-тебенін
жегенің аздай, енді басқадан пайда тауып, жалап-жұқтап, мына
қампиған қарныңды бір емес, енді екі тең қып артып алайын деп

пе ең?! Басқанікін түгендегенше, өз байыңдікін неге түгендемей-
сің?! Соры сопақ астаудай қар! – Осылай бастап, отыздан енді
ғана асқан талдырмаш қана денесі бар, ақ сары жүзді қуыршақ-
тай келіншек бұл да жер тепсіне дүниені көшірді. Мұның да ау-

зынан құлаққа түрпідей тиетін жаман сөздер қорғасын оқтардай
бытырлай ұшты. Бұл өзі жас дегенмен қазақы ортдағы ұрысқақ
қатындардың «тіл байлығын» молынан меңгерген екен. Тіпті сол
сары қарын қатындардың өздері сирек қолданатын темір істіктей

теңеулерді іріктеп әкеп, бухгалтердің шымбайына батыра қадады.
Жалпы, бұл кикілжіңнің негізінде Елеу Шытыровтың жала-
қысынан, қаламақысынан ұсталып, екі-үш мекен-жайға қарай
жөнелтілетін алимент көлемін бухгалтер дұрыс есептемей жүр

деген күдік жатыр еді. Сол күдікпен басы шырмалған Елекеңнің
оқта-текте бухгалтер әйелге соқтығатыны бар. Отағасының бұл
пиғылын Шекер де қостайды білем. Осылай бухгалтер әйелдің
жер-жебіріне жетіп, осы жағын да аңғарта кетті.

Енді ғана редаактор орнынбасары Құлым Сақанов пен жауап-
ты хатшы орындарынан көтерілді. Баспахана жақтан әлі бет-аузы
күйелеш-күйелеш ергежейлі бригадир де жүгіріп жетті. Сөйтіп үш
еркек екі әйелді әрең екі ажыратып әкетті. Онсыз бұлар енді-енді

шаш жұлысарға барарлықтай еді.

* * *
Осылай күндер жылжи берді. Құлым Сақанов бухгалтер әйел-
мен, Елеу Шытыровпен, оның баспаханадағы әйелі Шекермен
жеке-жеке әңгіме өткізіп, оларды сәл-пәл тыныштандырғанға ұқ-

сады. Ал маған қарсы әрекетін күннен-күнге өңін өзгертіп жалғас-
тыра берді. Бірде мен дайындаған бір материалды өз жұмысының
көптігін сылтауратып, жауапты хатшыға оқуға беріпті. Әншейінде
биязы мінезді, жауапты хатшы мені өзіне шақырып:

– Әй, айналайын, мына материалды қайта қарашы – деп маған

дүрсе қоя берді. – Мына сөз екі рет қайталанған! Мына сөз де со-
лай. Ал мақаланың өз ішінде де жинақылық жоқ!
Оған қарама-қарсыдағы Құлым Сақановтың бұл қыжыртпадан
қыбы қанғандай еді. Мәселе сырын тез бағамдап, мен қасарыстым:

– Егер сіздер дайындаған дүниелерді мен үстінен қарасам

олардың халі нешік болар еді? – дедім.

– Әй, қарағым, ондай дәурен басыңа қонса көре жатармыз.

Ал әзірге мына газет үшін Құлекең, сосын мен жауап беремін.
Тақаспай айтқанды істе!
Мен алыстағы шаруа адамының атынан жазылған ол кішкен-
тай нәрсені үстінен қарап қайта ұсындым. Тап соның ертеңіне

газетке кезекші едім. Жартылай линотиппен, жартылай қолмен
терілген материалдар толтырылған газет версткаларын мұқият-
тап оқып, қателерін шығарып, қол қойып, баспаханаға тапсырып
отырдым. Ал Құлекеңнің сол күнгі белсенділігінде тіпті шек жоқ

еді. Мен баспаханаға өткізген бетті жүгіріп барып, өз кабинетіне
қайта әкетіп, қайта оқып, қате тапқансып жүрді. Ал ол беттердің
соңғы оқылымының астына мен кезекші ретінде «қателерді түзе-
тіп басуға рұқсат» деп жазып, әрі тағы да қол қойып едім. Құлым

Сақанов мұны да аңдып тұр екен.
Баспаханада ол соңғы оқылымдағы соңғы қателерді түзетіп,
енді газеттің тиражын басуға дайындап жатқанда бұл тағы жүгі-
ріп барып, бір-екі беттің версткасын тағы да алып, тағы қателер

«тауыпты». Тіпті бір-екі сөйлемді редакциялаған болып, қол ба-
тырып та жіберіпті. Бұл әрине, ондағылардың ашу-ызасын туды-
ратын жағдай еді. Әлгі ергежейлі бригадир дәлізбен Құлекеңді
дәл біздің кабинеттің тұсында қуып жетіп ата көгаршындай зікір

салды:

– Сіздер не бізге «издеваться» етесіздер ме?! «Қатесін түзетіп

басуға рұқсат!» деп бересіздер де қайта оқып, қайта қате шығара-
сыздар?! Әр істің өзінің шегі бар ғой!
Редактордың орынбасары бұған қарсы қалтасынан сөз іздеп
жатпады:

– Әй, жаным, анау (мені нұсқап) газеттің иісін сезбейтін жан. Бұрын мұндай жерде жұмыс істемеген! Ештеме білмейді! Оны ол орынға мен әкеп отырғызғам жоқ. Пәленбай тиражбен тарайтын газеттің әрбір оқырманына соны айтып, түсіндіріп жатуға біздің мұршамыз бар ма? Сосын да газет дұрыс шықсын деп, екі ортада өкпемді қолыма ұстап жүгіріп жүр емеспін бе? Бұл Құлекеңнің алдын ала әзірлеп жүрген сөздері екені соқырға таяқ ұстатқандай айқын еді. «Ә, Құлеке, қармақты тым тереңге салған екенсіз» дедім ішімнен. Ертеңіне ол редакцияның ұжымымен кішкене жиын өткізді. Ең алдымен Рақыш Сәдібековтің жұмысына баға берді. «Өнеркәсіп, тұрмыс мәселелерін айшықтап жазғың-ақ келеді, бірақ жеріне жетпей жатқан жағы көп» дегенге сайды. Атымтай мен Қабылтайға қатысты да болмашы ескертпелер жасалды. Елеу Шытыров хақында жұмған аузын ашпады. Ал маған ең соңынан соқтықты. – Ал, жарығым Ерік, осындағы ең жетекші бөлім, ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі сенің материалдарың түгелімен қайта жазылып жатыр! – деп салды. Мен мұндайлықты күткен де едім: – Мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін! – дедім. – Ол жағын сезіп жүрміз. Оны өзің де айтып жүрсің. Ал мен ақымақ болайын, кеше ғана бір материалыңның күл-талқанын шығарған мына жауапты хатшы да ақымақ па? – Бұл жауапты хатшы сіздің алдын-ала дайындап маған қарсы қойып отырған адамыңыз! – Қалай ауа толқып барасың? Сонда мен біреуді екінші біреуге қарсы қойып жүр ме екем? – Мен сәл бөгеліп едім, жауапты хатшы орынбасарға көмекке келді. – Коммунист адамға жазықсыз жала жабудың жазасы ауыр екенін білесің бе? – деп салды. Қалай да жасаңдау кезім, редакциядағы қызметке алғаш кіріскенім де рас, екі дөйге бірдей қарсы тұрудың қиындығын сезіп: – Жарайды, редактор жұмысқа шықсын, көреміз әлі! – дедім. – Қарағым-ау, ол редактор да көктен түскен біреу емес, сан жылдан бері осы қабырғада көз майымызды бірге тауысып, баспаханадағы бояудың иісін бірге иіскеп келе жатқан жан. Ол да біздің пікірімізді қайталайды. Тіпті бізден де қатты кетуі ғажап емес. Мәкең, Мәлік Қуатов жұмысқа асқан ыждаһаттылықпен қарайтын, өте талап қойғыш адам. Суға батқанның қармайтын талы емес. Мен мәселенің байыбына енді бардым. Мына Құлекеңнің жауапты хатшыны өзіне одақтас етіп, «сол редактор жұмысқа шыққанша сен өз еркіңмен қараңды батыр» деп отырғанын айнақатесіз ұқтым. Бұл менің де іштегі жынымды қоздырды. Сілтідей тынған жігіттердің бет-жүздерін бір шолып шыққанда бәрінен де

Елеу Шытыровтың болмысы оқыс әсер етті. Енді Құлым Сақановқа тіктей қарап: – Журналистика сіздің маңдайыңызға бітпеген өнер! Текке білгішсінбеңіз! Одан да ең алдымен өзіңіз жөніңізді табыңыз! – деп салдым. Сөйтіп, Елеу Шытыровтың әнеугүнгі осы Құлекеңе бағыштаған сөзін жартылай қайталап, сәл-пәл осылай өзімше дамыттым. Құлекеңнің қысыңқы көздері түйіліп, онсыз да күнге күйіңкі өңі отқа қойған табадай қарайып кетті. Бұдан ең алдымен жауапты хатшы шошынған екен: – Жарайды, осымен доғарайық! Редакторды күтейік. Ол кісі алдағы дүйсенбіде жұмысқа шығады ғой! – деп бипаздады. Жұмыс соңына қарай Елеу Шытыров мәз-мәйрам еді. Маған тиісіп: – Әй, бала бастық, менің сөзімді пайдаланғаның үшін маған қаламақы төлейсің! – деді. Оны жұмыс соңына таман аудан орталығындағы асханаға апарып, екі стакан қызыл шарап ішкіздім. Өзім де жұттым. Себебі, менің де ішім алай-түлей еді. * * * Сонымен редактордың демалысы аяқталып жұмысқа шықты. Алғашқы екі күнде Құлым Сақанов сол редактордың кабинетіне кіріп, екеуден-екеу ұзақ қамалуды көбейтті. Дәл өз басым одан еш жақсылық күткем жоқ. Ал Елеу Шытыров беті қызарып, көзі күлімсіреп, маған телміре қадалатын еді. Бұрынғыдай емес, ол да аузына сақ. «Бала, бәрін өзің таразыла» деген ишара жасағандай. Ал одан басқа тағы екі әдеби қызметкер Атымтай мен Қабылтай ауыздарына қара құлып ілгендей тіпті тас бекініп алды. Темір қышқашпен тілінен тартсаң да бір леп шығармастай. Тек осы екі күнде бұлардың үсті-бастарында бір оң өзгерістер бар еді. Күннің ыстығына орай киген жеңсіз ақ жейделері, сұрғылт шалбарлары мұқият үтіктелген. Таққан галстуктері де жап-жаңа. Аяқкиімдері де дүкеннен бүгін ғана сатып алынғандай жылтырайды. Сақал-мұрттарын да жақсылап қырып, бет-жүздерінен мұнтаздай тазалықты білдіреді. Тіпті жүріс-тұрыстарының өзінде де зиялылар аулының дағдысын жапсырып алғандай кербездік жағы әлсін-әлсін көзге ұрады. Жұмысқа емес, тойға келгендей-ақ шырайларынан көңілділік те мен мұндалайды. Бұл жағын да амалсыз ішке түйдім. Менің бұл жерден табаным тайса бөлім меңгерушісі қызметіне екеуміздің біріміз ілігерміз-ау деген есек дәменің тепкіні екені беп-белгілі. Онжылдықтан кейін оқуды жалғастырмаған, арнайы білімі жоқ, әрі журналистік қабілет жағы да тапшы, қулығына

құрық бойламас пенделердің тірлігі әмсе осылай келерін болжау үшін пәлендей қырағылықтың қажеті шамалы. Тек бір ғана мәселеге, бұл Атымтай мен Қабылтайдың менің орныма иегі қышуы редактор орынбасарының маған деген ашықтан-ашық теріс көзқарасынан ба, жоқ, Құлекеңнің өзі сондай бірдемені құлаққағыс етіп, желіктіріп қойды ма, міне, соған ғана ақылым жетпеді. Ал екінші бөлімнің жетекшісі Рақыш Сәдібековтің сол баяғы қалпы. Ештеңе естімеген, көрмеген, сезбеген тәрізденіп, алдындағы ала қағазға шұқшиып, алтын жалатқан сары қаламсабын сықырлатып, басқа, көзге қарамай, төпелетті де жатты. Редактор жұмысқа шыққаннан кейінгі үшінші күні таңертеңгілік оның кабинетінде жиын басталды. Бірінші кезекте Құлым Сақанов сөйледі. Бірақ оның сөздері мен күткеннен мүлдем басқаша ауан алды. Бұл өзі төс сүйегі шығыңқы, ұзын бойлы, денелілеу кісі еді. Қатты шүйліккенде екі иығы, төсі қоса селкілдеп, зығырданы қоса қайнайтын мінезі бар. Міне, қазір сол мінезінің бәрі біздің көз алдымызда қайнаған қара қазандай сақырлай жөнелді. Құлекең маған емес Елеу Шытыровқа тиісіп кеп берді: – Мәке, Мәлік Қуатов мырза, сізге партия үлкен сенім артып, осы ұжымды басқаруды табыстады. Сосын да біздің зарымызға да бір мәрте құлақ асыңыз. Біз мына Елеу Шытыровты төбемізге шығарып алдық. Мұның қоғамға жат қылықтары бастан асты! Кеше ғана мына бухгалтер әйелді зар еңіретті! Оның алдында мына ең жақын шаруашылыққа іссапарға жіберіп едік, онда бір апта жоғалып, бір түйір материал беруге жарамады! Өзгесі тағы бар! – деп бастады да бұған дейін мен естімеген біраз сұмдықтарды суыртпақтатты. Шынында, бұл Елеу Шытыровтың неғылған пенде екеніне менің енді ғана көзім ашылғандай еді. Құлекеңнің баяндауынша, бұл Елекең осы соңғы іссапарда сондағы жергілікті тұрғындардың біразын өз фотоаппаратымен пленкаға түсіріп, суреттеріңді шығарып беремін деп, олардан ақша жиыпты. Әрі сол кеңшар кеңсесіндегі қабырға газет пен Құрмет тақтасын да безендіруге қолқабыс жасаймын деп, сондағы бухгалтериядан да едәуір қаржы алады. Сөйтіп, сәл-пәл қалтасы қалыңдаған соң бұл оған да, бұған да қыр көрсеткендей үш-төрт күн бас алмай ішкілікке басады. Тіпті бір мәрте ауылдық дүкен маңында, далада түнеп қалыпты. Кеңшар директоры мен партком хатшысы екеулеп, Елекеңді кеңсеге алдырып, бұған біраз уағыз оқыпты. Қалайда, Елекең олардан бір саты жоғары аупартком органы – «Балқаш еңбеккері» газетінің қызметкері ғой, сосын да оған аса тістері батпайды, тек уағыз оқып болған соң, «тезірек жоғал бұл жерден» деп кеңес береді. Бұл жоғалғанмен сондағы жергілікті тұрғындардан арыз-шағым түсіп жатқан көрінеді.

Аттың басын емін-еркін қоя берген Құлым Сақанов ауыр жүк көтергендей алқына тоқтады. Елеу Шытыров та оңай-оспақ емес, өзіне сөз берілуін күтпестен орнынан атып тұрып, бұл да қайнаған самауырдай сақылдады: – Құлекең түймедейді түйедей етуге әбден кәсіптеніп алған! Қолынан іс келмейтін адамның солай болатыны пешенеден белгілі. Мен ол кеңшарда кімді пленкаға түсірдім, бәрі сақтаулы, тек қағаз жоқтықтан шығарып үлгермедім. Әлі уақыт бар, жау шауып бара жатқан жоқ, алдағы күнде шығарып, поштамен жөнелтемін. Ал бухгалтер әйелдің өз обалы өзіне, болмашы тиын-тебенді дұрыс есептемейді, маған дегенде қателеседі де жатады! Осыған жалғас тағы біраз дүниені бұл да қопарды. Құлекеңді де, бухгалтер әйелді де жерден алып, жерге салды. Расына көшсем осы ұжымда мен үшін жайсыз осы екеуі еді, осы сөздері үшін Елекеңе тілектестік білдіргендей де жайым бар. Құлым Сақанов та орнынан атып тұрып, тағы бірдемені шұбыртпақ еді, редактор «Құлеке, сабыр, сабыр» деп оны басып тастады. Сосын бухгалтер әйелді шақыртты. Ол бірден көз жасын төгіп-төгіп, әрі жер тепкілей шаңқылдады: – Алты қатын алған адамның алименттерін есептеп шығару да оңай-оспақ шаруа емес. Мен ол турасында жалғыз рет қана қателестім, ол қатемді соңынан түзедім. Ревизия жасаушылар оны өздері қадағалап тексерді. Қандай күнде де мұндай жағдайда Шытыровтың тапқан табысының тең жартысы алиментке кетеді. Жалақысының да, қаламақысының да. Шытыров та, оның мына кеңкелес қатыны да соны түсінгісі келмейді! Екеуі екі жақтап, мені аларманға айналды! – Әй, сен менің алты қатын алғанымды қалай санап шығардың? Осындағы еркектер қанша шашбаулының қойнына сүңгіді, солардың бәрін заңды қосағына жатқызсаң бұлардың әрқайсысы қанша қатын алған болып шығады? Соны да есептесеңші! Осы өзің кеңкелес емессің бе? – деп Елекең бұл жолы да бір бүйірден қосылып еді, редактор ашу шақыра айқайлап, мұны да тоқтатты: – Шытыров жолдас, қандай күнде де күнә сенен! Егер бухгалтер қателессе, тексерушілердің көзі ағып түскен жоқ қой, солар көруге тиіс! Ал мына іссапарда кімнен ақша алдың, бәрімен жуық арада өзің есептес! Өзің тындыр! Ал тиісті мақаланы бүгін-ертең жазып бермесең жұмыстан босатыласың! Ал, әзірше, саған сөгіс жарияланды. Жиналыс мұнымен біте қойған жоқ. Құлекеңнің қайта желке жүні күдірейді. Редактордың бұл шешіміне риза еместігін ашықтан-ашық білдірді. Елекең де қарап қалмай «жыртығыңды сөйтіп жамағың келеді ғой» деп салды. Құлекең одан әрмен тұлан тұтты.

Оған бухгалтер әйел қосақтасты. Енді бұл екеуі бір жақ, редактор
мен Елекең бір жақ болып шарпысқанға ұқсады.
Қалайда жас кезім ғой, бұған дейін ауылдық мектепте мұғалім-
дік қызмет атқарған мен одан бір саты жоғары аудандық мекеме-

де мұндай шарпысулар болады-ау деп ойлаған да жоқ едім. Осы
жиынның өзі менің көп нәрсеге көзімді ашты. Тіпті талантты жур-
налист, жақсы фототілші саналатын Елеу Шытыровтың өзі менің
көз алдымда басқа қырымен аунап түскендей.

Қойшы, әйтеуір, бір жарым сағаттай уақыт өткенде ғана ре-
дактор Мәлік Қуатов бәрін ауыздықтап үлгерді. Өзінің алғашқы
шешімін күшінде қалдырды. Елекең жиналыстан жеңіске жеткен
адамның пішінімен шықты. Бірақ сол қалпымен сыртқа беттеді де

қайтып оралмады. Ертеңіне, тура сағат тоғызда жұмысқа келсем
Елекең жалғыз өзі кабинетте мені тосып отыр екен:

– Әй, Ерікжан інім, өзің жақсы жігіт екенсің, қаламың жүйрік,

анау Құлым Сақанов сияқты халтурщиктер сен сияқтыларды көре
алмайды. Түбінде орныма осы таласады-ау деп, сені кетіргісі
келіп жүр. Менің де соңыма түсетіні содан. Кеше арақты өкіртіп
ішіп,басым жаман дыңылдап тұр, соған қарамай құлқынсәріден

тұрып мына нәрсені сүйкеп тастап едім. Сен үстінен қарап, ре-
дакциялап, Кәріқызға бере салшы. Қолыңды батыра бер, мен
оған ренжімеймін! Әкем-ау, қалай ренжимін, сен менің тікелей
бастығымсың ғой, сенің міндетің де ғой ол! Қолыңды батыра бер,

жасқанба! – деп маған екі-үш парақ қағазды ұсынды. Бұл сөздері,
әрине, маған томпақтау көрінген. Тек сөздерінен гөрі Елекеңнің
түрі жаман әсер етіп еді, ақ сары бет терісі жаман қызыл күрең-
деніп, тіпті ол бояу аздаған қасқасы бар ашық маңдайына дейін

жайылған. Бұрынғы қой көздері тышқан көзденіп жұмылып кетіпті.
Даусы да қырылдап, түнімен ән салған адамның реңкін береді.
Елекең менің келісімімді күткен де жоқ, қағазын ұстатты да ай-
шайға қарамай тағы да тайып тұрды. Мен амалсыз сол қағазға шұқ-

шидым. Мың жерден қабілетті дегенмен басы дыңылдаған адам-
нан қандай оңған дүние шығушы еді, жартысынан көбін қайта кө-
шіріп шықтым. Сөйтіп, Кәріқызға машинкаға басуға бердім. Түс ауа
Елекең қайта көрінді де, басылған мақаланы өзі оқып, редакторға

апарып берді. Жарты сағаттан кейін редактор бізге кіріп, Елекеңе:

– Міне, өстіп жұмысты уақтылы тындырып тұрсаң жұрттың сен-

де не әкесінің көз құны бар? – деді.
Бұл аудан орталығында мен бір қартаңдау жалғызілік әйел-
дің үйінде пәтерде тұрушы едім. Тамақ жағы жұтаңдау, сосын да
кейде жұмыстан соң асханаға барып, аздап жүрек жалғап алаты-

ным бар еді. Тап сол күні де кешкілік сонда барып, табалдырық
аттап үлгермей асхана буфетінің алдында редактор мен Елекең

тікелерінен тік қақайған күйде қырлы стақанмен қызыл шарап ішіп тұрғанын көрдім. Мен бетімнен басып, олардың көзіне түспей кері қаштым. «О, дүние-ай, тағы қай түлкі бұлаңыңмен көзімді тарттың» деймін іштей. * * * Мәлік Қуатов мен ойлағандай аса жеңілтек адам емес екен, тап осы күннен бастап, біздің кабинетке кіруді жиілетті. Пәлендей жұмысы жоқ, бері ішке қарай табалдырық аттайды да тығыршықтай денесін аса көп қозғалысқа келтірмей қатып-семіп бәрімізді бір-бір шолып шығады. Ең алдымен Елеу Шытыровты, сосын, Рақышты, Атымтай мен Қабылтайды, ең соңынан мені көзімен атады. Қою қасты қабағының астындағы қос жанарының уытын төге қарайды. Демалыс уақытында күнге күйген бе, жоқ, ішкілікке салынғаннан ба, әйтеуір, қара реңі басым бет өңірі қабарып, етженденіп, біртүрлі түйіліп тұрады. Маған қарасында ішін бір-біріне қарама-қарсы ойлар алай-түлей еткендей дағдарыс та бар. Осы қалпын және әнеугүнгі жиналыста мен хақында бірауыз сөз көтерілмеуін өзімше жоримын. Сонша уақыт маған тісін басып жүрген Құлым Сақановтың бұл редакторға мен турасында тіс жарып, бірауыз пікір білдірмеуі мүмкін емес. Тек Мәкең «жарайды, бұл жігіт облпарткомның жіберген адамы ғой, мен өзім бақылап көрейін» деп, өз орынбасарының сабыр суын басқанға келіңкірейді. Бұлай деп ойлауыма тағы бір себеп, осы күндерде мен дайындаған мақала, хабарларды Мәкеңнің өзі қарап жүрді. Бұл маған аздап жеңілдік те әпергендей. Себебі, Құлекеңе ұқсап Мәкең олардың бірде-бірін қайта жазған жоқ, тек ара-тұра бірер сөзді ғана өзгертеді. Бірақ оған қарап редактордың маған қабағы ашылды деу де қиын. Ал Құлекең бұрынғысынан да жаман тоң-торыс. Редактор демалыстан келгесін үш аптадай уақыт өткенде ғана мені кабинетіне шақыртты: – Сен дайындаған хат-хабарларда бір сарындылық басым екен. Кейбір сөз орамдары жиі қайталанады! – деп бірден дікіңдей жөнелді де мәселе бағдарын өзгертті. – Жә, ең бастысы ол емес! Сен мұнда қандай қызмет атқарасың? Сен ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісің! Бұл аудандық газеттегі жетекші бөлім, соның бастығысың! Ал бізде басым бағыт мал өсіру, соның ішінде қой өсіру. Мұндағы әр кеңшарда 25-30 отардан қой бар, кейбірінде одан да көп. Ал сен келгелі сол түлік қамы хақында бір өзекті жайды қозғамапсың!

Мәкеңнің бұл қыжыртпасы менің ішімдегі отқа май құйғандай
еді:

– Ағасы, мұнда қызмет істегеніме үш айға тарта уақыт өтті, ал

бірде-бір рет іссапарға шыққаным жоқ, анау Құлекең дегенің еш-
қайда қия бастырмайды! Сосын да тек телефонмен, өз аяғымен
келіп түскен хат-хабарлармен ғана жұмыс істедім. Бұл менің туған
жерім емес, мұндағы шаруашылықтардың түрі, бітімі қандай, жер

бедері қалай, ешқандай түсінігім жоқ! – деп суырылдым. Бұдан ре-
дактордың сәл мұрты сынғандай көрінгенмен, «сен сенімсіз адам
болған соң сөйткен шығар» дегендей одан әрмен бүгежектеді.
Құлым Сақановтың маған берген сипаттамасы расқа айналған-

дай ішінен екі дай болып, тығырыққа қамалған түрі тіптен жала-
ңаштанды. Қысқа қырқылған шашына дейін тікірейіп, іштегі у мен
зәрді бұдан әріде кімге бағыттауды ойлағандай ұзақ томырылды.
«Ия, Құлым Сақанов бұрауын әбден-ақ қатайтқан екен» деймін

іштей. Өстіп салғыртып барып:

– Жақсы, іссапар жайын ақылдасармыз! – деп сөзді доғарды.

Бұл ақылдасуға да үш-төрт күн уақыт жұмсалды. Құлым
Сақанов бұған да қарсы қасарып бақты ма деп ойладым. Осы
екі ортада менің өмірбақи есімнен кетпес тағы бір жәйт килікті.
Мені аупарткомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі шақыртты.

Кәдімгі біздегі корректор әйелдің күйеуі, орта бойлы, шикіл сары
кісі. Оны бірінші көруім емес, осында келген бетте аупартком хат-
шысы мен осының алдынан өткенім бар ғой. Оған барар жолда
мені басқа бір күдік меңдеді. «Ау, жаным, кешір, сені мұндағы-

лар ұнатпай жатыр, жөніңді тап» сықылды сөздер естимін ғой деп
іштей алабұртқаным да рас. «Облыстық, тіпті республикалық ба-
сылымдарда үлкенді-кішілі жазбаларын жариялап үлгерген адам-
ның аудандық газетте жұмыс істей алмауы неткен сұмдық» секілді

сұрауларды да өзіме қарай төпелете тоғытамын.
Екі қабат шағын үйдің үстіңгі қабатында жеке кабинетте отыра-
тын бөлім меңгерушісі мені жылы қарсы алды:

– Е, Ерікжан, жұмысқа кірісіп кеттің бе? Бәрекелде, бәрі дұрыс,

орнықты! – Осылай біраз сөзді саудыратып барып, өңін одан әрі
көлгірсітіп: – Маған елу сомдай ашқа берші, – деп салды.
Бұл, әрине, мен үшін тосын жағдай. Ол кезде онсыз да Кеңес өкі-
меті кеңсе қызметкерлерін жарытпай жартылай қайыршылық жағ-

дайда ұстаушы еді ғой. Ауылда, әке-шешемнің қолында әлі әжетке
жарамаған іні-қарындастарым бар, шама-шарқымша соларға да
жәрдемдесетінмін. Сондай күйде айлық жалақымның жартысын әл-
декімге опырып берсем олардың да, өзімнің де күнім не болмақ?

– Ондай ақшам жоқ, – деп бірден айттым. Ол артық сөзге бармады.

– Жарайды, бара ғой, – деп биязы ғана үн қатты.

Бұл оқиға менің ішімді әптер-тәптер етті. Қалайда жас кезім,
бүкіл ауданда әділет, тазалық атаулыны қаршығадай баққан ме-
кеменің жетекші қызметкері өзіне аса сырмінез емес адамнан пұл
дәметуге қалай жүрегі дауалайды деген сауал мені бір жағалау-

дан екінші жағалауға сүйреп апарып тастағандай еді. «Жарайды,
бәрінің аужайын түйе жатармын» деп, өзімді-өзім ол жолы әрең
саябырсыттым.
Кейін ойлағаным да бар, ол жылдарда аудандық газет бөлім

меңгерушісінің қызметі сол аупарткомның номенклатурасына кі-
ретін, бәлкім Мәкең мен Құлекеңнің мен жөніндегі кереғар ұста-
нымдары оған да барып тірелді ме, сондай күйде маған болыс-
қансып, менен бір кесек майлы етті қарпып қалғысы келген шы-

ғар! Іштеріне кім кіріп-шығыпты ол сығырлардың?!
* * *
Сонымен, мені Бақанастан аса алыс емес, «Ақкөл» кеңшарына
жөнелтті. Журналистикаға ден қойғандағы ең алғашқы іссапарым

осы, сосын да оның қыл-қыбырына дейін жадымда сақталыпты.
Жалпы, бұл Балқаш ауданы өрдегі Малайсары тауынан басталып,
Іле дариясының екі жағалауын да қамтып, өзі аттас көлдің оңтүс-
тік жағалауына дейін жайылған. Әрі осы Алматы облысында жер

көлемі жағынан ең алдыңғы орында. Теріскейден түстікке қарай
шаншыла созылған Балқаш көлінің шығыс жағалауының үштен
бірін қамтитыны тағы бар, сосын да бұл ауданға аталмыш табиғи
су қоймасының атауы берілген. Ал «Ақкөл» Бақанастан Іле бой-

лап құлдиласаң алпыс шақырымдай қашықтықта жатыр. Былай
алыс емес, тек ол жылдарда құмды-шөлейтті өлке саналғасын ба
мұндағы елді мекендердің бірде-біріне асфальт жол тартылмаған.
Ойдым-ойдым шаңдақ жолмен тек УАЗ, немесе, жүк машинала-

ры тәрізді «вездеходтар» ғана жүре алады. Есесіне, Алматыдан
ұшып шығатын «кукурузниктер» сондағы шаруашылықтардың бә-
ріне дерлік қонады. Мен де «Ақкөлге» сол кукурузникпен жеттім.
Қасы-көздерін шаң басқандай сұрғылт та жүдеу ауыл осы

«Ақкөл» кеңшарының орталығы екен. Кеңсесі де тым жатаған, әрі
ескі, ал едені кірген-шыққандардың аяғымен ойылып кеткен ойқы-
шойқы. Тек директор мен оған бірінші орынбасар есепті бас зоо-
техниктің ғана кабинеттерінде сәл-пәл тазалық, жинақылық бар,

әрі жарық та молырақ. Басының қасқасы мол, арық та жасамыстау
директор мені бірден бас зоотехникке қосып берді. Бұл жас шама-
сы 35-36-дағы бүйрек беттеу, қол-аяғы балғадай, көздері де, өзі
де жұтынып тұрған дұрыс бітімді, қайратты жігіт екен. «Аудандық

газеттің тілшісі, малшыларды араламақшы» деген сөздерді естігенде қуанып кеткен де рай білдірді. Бұл байқауым расқа айналды. Уақыт сәскелікке таяу шақ еді. Жүк машинасының кабинасына, шофердің қасына екеуміз қоса сығылысып жүріп кеткенде-ақ бас зоотехник кеңшардың, малшылардың жайын сипаттап саудырай жөнелді. Мұнысы маған әбденақ ұнады. Ал одан да көбірек ұнағаны бұл бас зоотехниктің бетжүзіндегі ақжарқын көңілділік еді. Осы ауданға жұмысқа келген үш айдай уақыттың ішінде өзімді үнемі көзінің астымен баққан, қай жерде сүрінер екен, қай жерде омақасар екен деген дәмесін ашықтан-ашық айшықтап, ашкөзденіп қарағандардың қыспағында жүргесін бе мына бас зоотехниктің сағынысып көріскен жандай жарқылдай жөнелуі іш дүниемді бір жайқалтып тастағандай. Өзімнен он жастай үлкен, әрі осы өңірдің түлегі бұл бас зоотехник менің журналистік қызметіме енді ғана кіріскенімді білгесін бе ең алдымен осы «Ақкөл» кеңшарының жай-күйін, небәрі жиырма төрт отар ғана қой, бір табын ғана жылқы барын, сиыр жағы мүлдем мардымсыздығын, қазір осы қыркүйек айында шопандардың қыстауларға орналасуда екенін, құрылыс материалдары тапшы, сосын да бас кеңсесі Бақанаста орналасқан «ПМК» (передвижная механизированная колонна) атты мекеменің жаз айларында мал қораларын ғана жөндеуге, салуға мұршасы жетеді, ал шопандардың қысқы үйлерін өз күшімізбен жөндейміз. Әйнек, шифер, кірпіш, тақтай, шеге секілділердің жетіспеуінен бұл жұмыс шалашарпы атқарылады деген сияқтыларды жасырмай баяндады. Әрине, менің құлағым бас зоотехникте, ал көздерім мынау жүк машинасы гүжілдеп, қақ жарып келе жатқан құмдауыт, тақырлау кеңістікте еді. Шоқ-шоқ орманды тұстар да көп. Қарағаш, тораңғы, жиде, әсіресе, мол өседі екен. Біраз жүрістен соң сексеуілді жазық құмайттар да тосып тұрып еді. Біз оны жиектеп өтіп, қайтадан шоқ-шоқ орманды тұстарға сүңгідік. Ашық алаңқайлар да көп. Малшы ауылдар енді ғана көріне бастады. Осы алаңқайларда әлдекім қолмен қазғандай түп-түзу өзен сұлбасына ұқсаған жыраларды көрдім: – Мынау не қылған жыралар? Қолмен қазылған ба? – деп сұрадым. Бұл сұрауым бас зоотехникті одан әрмен желпіндірді: – Осы Іле жағалауында ертеректе егіншілік жақсы дамыған екен. Кейінірек бәрі күйрепті ғой! Мынау сол арық, тоғандардың іздері, – деді. Ол жылдарда Мәскеудегі орталық үкімет мал шаруашылығын өрге бастыру үшін сұлы, арпа, жоңышқа, басқа да екпе шөп егістіктерін қоса кеңейту хақында ұран салып жатушы еді. Сол есіме түсті де:

– Ағасы, бұрынғы аталарымыз егіншілікті қаузайды, қолмен арық, тоған қазып су жүргізеді, ал бүгінгі техника заманында оның күйреуіне не жорық? – деп, өкпе тұстан пышақ сұққандай етіп, тіке сұрақ қойдым. Бас зоотехник сәл қабағын кіржите ойланды да: – О, мұның тарихы тым әріге кетеді! – деп барып күрт бөгелді. Себебі, машина бір малшы қыстауының тұсына кеп тоқтаған екен. Мұнда малшы қыстаулары бір-бірінен атты адам ғана қатынай алатын қашықтықта, әрқайсысы өз алдына жеке ауыл сияқтанып, бөлек-бөлек отыратын. Біз машинадан түскенде қолында темір сүймені, басында сеңсең бөркі бар, көзінің асты іріңдеген, қап-қара ұзынша сақал-мұртты егделеу адам қарсы алды. Осы қыркүйек айының соңында-ақ мұнда қара суық соға бастайды екен. Біз машина кабинасында сығылысып білмей де қалыппыз, сыртқа шыға-ақ қатты жел бетімізден қаққанда мүлдем басқа ауа райы жағдайына тап болғандай күй кештік. Егде адамның сеңсең бөркінің тамақ бауы мен сақалының ұшын майыстыра соққан жел біздің құлағымыздың түбін қоса мазалап, малшылар тұрмысы жайында қосымша ақпар бергісі келгендей екіленді. Мына кісі осындағы аға шопан екен. Мұның ту сыртында қабырғасы әктелген шиферлі шатыры бар үй тұрды. Үй ауласында ши мен тақтайдан құрастырылған кішкене лашық тұрмыстық қажетке ғана жарайтын түрімен адамша мөлиіп қапты. Ал оң жақта сәл еңісте ұзыннан-ұзақ созылған мал қорасы қараяды. Бұл қора үш бөліктен тұратынға ұқсайды. Төбесі жабық қора, төбесі ашық қора және сондай төбесі ашық тағы екі кішкене бөлік бар екен. Сірә, соңғы екеуі көктемде мал төлдегенде қажетке жарайды, шамасы. Ал қорадан әріде шөп, қи үйінділері де өзінше көл-көсір боп жатыр. Мал атаулыдан бірер ерттеулі ат пен екі-үш бұзауды ғана көре алдық. Сірә, әзірге жер қара, сосын да бәрі жайылымда екені ап-анық. Аға шопан бізді үйге, шайға шақырып еді, бас зоотехник «Біздің баратын жеріміз көп, сізбен осы қалыпта тілдесіп жүре берейік!» деп, азар да безер болды. Шопанның күткені де сол екен, қолындағы сүйменді жерге дүрс еткізіп шаншыды да сөзді бастады: – Шырағым, «айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман», жазда жайлауда отырғанда-ақ құлақтарыңа құйғанмын, мына үйдің арғы бұрышында төбедегі шифер бырт-бырт сынып кеткен, жазда жаңбыр дегенің қоя ма, сосын да су тамшылап, қабырғаны әбден бүлдіріпті. Шифердің төрт-бес қалағын жеткізіп берсеңдер өзіміз-ақ жөндейміз деп зар қақсадым емес пе? Әрине, қалпақты шегесі де керек. «ПМК»-ның жұмысшылары мал қораларын көреді, ал біз бала-шағамызбен паналаған үй жаққа көз қырын да салмайды. Егер жаңбыр, не қар төпелеп берсе көрген күніміз тіпті

қараң. Мұнда қыстауға орныққанымызға үш аптадай, ұнымыз тау-
сылуға шақ. Тұз да солай, керосин емге табылмайды. Автодүкен
барады деп емексіткенсіңдер, ол жер жұтқырың көрінбейді...
Аға шопан осы қызуымен тым ұзаққа сілтеді. Бір жайдан жаңа

жолай бас зоотехниктің айтқандарын да қайталағандай. Мен ма-
шинаның темір тұмсығына қойынкітапшамды жайып, суық желдің
жағаласқанына қарамай аға шопанның аты-жөнін, аузынан ұшқан
деректерді тез-тез қағазға түсірдім. Бас зоотехник те оны-мұныны

түртіп алып жатты.
Ден қойып тыңдасаң бас шопанның арыз-мұңы таусылар емес-
тей. Бас зоотехник оны ортан белінен үзді:

– Ағасы, шифер мәселесін мен өз жауапкершілігіме алайын.

Бір, ары кетсе екі аптының ішінде жеткіздіремін. Ал өзгесіне фер-
ма меңгерушісі жауап береді. Бүгін, не ертең оның мойнын бұрай-
мын. Ал...

– Ой, тұқымың өскір-ау, ол «заппермеңе» өзім де өлердегі тіле-

гімді айтып сарнадым. Тіл мен жақтың несін аяйын! Ол неме қар-
ны шертиіп, қуырдаққа тоймайтын пәле! Қуырдақты жеп тауыс-
қанша бәріне құлақ асады. Сосын өзің құсап мынадай машинаға
мінеді де жым-жылас жоғалады. Сөзді аяқасты қылады.

– Жоқ, ақсақал, ол қуырдақ жегіштің жегенін желкесінен шыға-

рамын! Тіпті директордың өзі де оған тісін басып жүр. Саспаңыз!
Ал автодүкен келеді. Райпотребсоюздың бастығымен директор-
дың өзі сөйлесті кеше ғана. Райпотребсоюздың бастығы қосымша
тауарлар күтіп отырмыз, соларды алғасын автодүкендерді аузы-

мұрнынан шығара жабдықтап жөнелтеміз депті. Так что, автодү-
кендер келеді. Сәл шыдай тұрыңыздар!

– Е, біз шыдау үшін жаратылғанбыз ғой, қайда қашып құтыла-

ды дейсің?!

– Ағасы, аман-сау болыңыз, біздің әлі де баратын жеріміз көп! –

деп, мені жеңімнен тартқылай машина кабинасына қарай беттеді.
Осылай алғашқы күні-ақ бес-алты шопанның қотанына ат ба-
сын тіредік. Қыс қарсаңы болғасын ба, бәрінде де осы тектес ке-
зек күттірмес мәселелер бұтаққа қонған торғайша шырылдап тұр

екен. Шопандар шетінен суырылған, зар жақ шешендер деу де
қисынсыз, кейбірі тым қысқа сөйлейді, есесіне сөздері добалдай.
Ал кейбіріне бас зоотехник өзі тілінен тартып әрең жөн айтқы-
зады. Тағы бір қыстауда аға шопан науқастанып қалыпты, оның

орнына денесі еңгезердей, күн мен желден әбден ысталған қай-
рақтай жалпақ беті бар әйелі шықты. Даланың суық желі көнетоз
ақ сұр орамалының астынан дудыраған шашын жұлқылағанмен
қас-қабағы, кірпігі, көз жанары ондайға мыңқ етер емес. Бұл әйел

ең алғашқы дидарласқан аға шопандай су жұқпас нағыз тілдің

адамы екен. Бұл да соққан желмен жарысқа түскендей ой сұң-
қылдады-ау келіп. Өз отағасының сырқатынан бастап, басқа да
кем-кетіктерді әдемілеп, бояу-нақыштарын жарастыра тізбеледі.
Ұн, тұз, керосин, терезеге керек әйнек, көмір тәрізділердің жоқ-

тығы, не таусылуға шақ екені көлденең тартылды. Мал дәрігерін
де бір сипап өтті.Онымен тояттанбай әлгі қуырдақ жегіш ферма
меңгерушісінің де сыбағасын берді. Оның құлағын біраз шулатып
барып:

– Есіңде ме, қайным, былтыр сол сужұқпасың байы жоқ, жалғы-

зілік малшы қатынның қытығына тиіп, малшы қатын мына отарың-
ды өткізіп ал деп, көз жасын төгіп, директорға дейін барғаны?!.

– Жеңеше, ескі дауды жаңғыртып қайтеміз? Мынадай адамның

алдында ішек-қарындарыңыз зеңбірекше атылып тұра ма, неме-
не, сол былтырғы қылығы үшін ферма меңгерушісі жазасын тарт-
қан! Күл-қоқысты қопармасаңыздар көңілдеріңіз көншімей ме?
Басқа айтарыңыз бар ма, жоқ болса бізге рұқсат беріңіз!

Мына аға шопанның әйелі бас зоотехникке ырық берер емес:

– Өздерің сөйтіп жүріп, жастар жағы мал бағуға құлықсыз деп

зар қақсайсыздар. Жастар мал бағуға қалай барады, малшылар-
дың көрген күні мынау! Қылышын сүйретіп қыс келеді, біздің үйдің
отағасы әне, үйде төсек тартып жатыр. Ол оңалғанша бірер кө-
мекші неге тауып бермейсіздер?! Шемішке шағып, шылым шегіп,

кеңсені айналшақтаған соқталдай жігіттер қаншама, біреуіне сөз-
дерің өтпейді!
Бас зоотехник ертең орталыққа жетісімен үйіңізге фельдшер
жібертемін деп, бұл әйелден әрең қашып құтылды. Сол күні кеш-

кілік ең шалғайдағы қыстаулардың біріне түнемелікке тоқтадық.
Біз қонған малшы үйі өзгелерге қарағанда кең де, әрі бұлар жаз
жайлауда жүргенде жақсы жөндеуден өткені көрініп тұр. Бас зоо-
техник қонуға бұл үйді таңдағаны құлағының тыныштығын ойла-

ғаннан болса керек.
Біз кірген бетте ең алдымен ыстық шай іштік, сосын қазанға ет
салынып жатқанын көрдік те бас зоотехник екеуміз төр жақта оңа-
шаланып, әрқайсымыз өз шаруамызбен шұғылдандық. Мен өзім

күндіз естіген ақпарлардың кейбір қағазға түспей қалғандарын
ойша қайта іріктеп, бас-аяғын жинақтап, қойын кітапшама сүңгіте
бердім. Бас зоотехник те солай. Бұл шаруа сәл-пәл тиянақталға-
сын жастыққа жантайған күйде екеуден-екеу қысыр әңгімеге көш-

тік. Кеуде қуысымда біраз сұрақтар кептеліп қапты:

– Ағасы, манағы науқастанып қалды деген шопанның еңгезер-

дей қатыны әлгі «қуырдақ жегіш» ферма меңгерушісі хақында бір
жаман әңгіменің пұшпағын қылтитты ғой. Бір жесір әйелдің қыты-
ғына тиді дей ме, ол көз жасын көлдетіп, «мына отарыңды өткізіп

ал» деп, директорға дейін барды дей ме, мен түсінбедім, осы оқиғаның астарын ашыңызшы. Бас зоотехниктің күрт түсі суып, томпиған бүйрек беттері төмен тартты. Еріндерін де жымқыра сөзден тыйылды. Сәл-пәл уақыт өткізіп барып: – Інішегім, ел ішінің анау-мынау ызыңына көңіл қоя берсеңіз жолыңыздан қаласыз. Ол сіз секілді ресми тұлғалардың ықыласына арзымайтын дүние. Ия, тым нарқы төмен әңгіме. Оның бәрін директор екеуміз реттегеміз, бәрінің аузына қақпақ қойғамыз. Тек манағы ауру отағасының еңгезердей қатыны сияқты тісімен тас шайнаған заржақтар ғана анда-санда қопсытып қояды. Сіз оған мән бермеңіз. Оның орнына өзіңіз жазатын мақалаға керекті деректерге шұқшиыңыз. Мысалы, сол заржақ қатын айтты емес пе, мына отағасы жазылғанша уақытша болса да бір көмекші шопан тауып беріңіздер деп. Ал біз өйте алмаймыз, неге, негесі сол, мұның бір кілтипаны бар. Өзіңіз де байқадыңыз, кейбір қыстауларда тұрақты көмекші шопан жұмыс істейді, ал кейбірінде ол мүлдем жоқ! Неге? – деп бастады да ол біраз сырды ағытты. Ол жылдарда Балқаш ауданы Алматы облысындағы ең артта қалған аудан санатында екен. Табиғаты қатаң, жазы ыстық, қысы суық, мал өлімі көп, кеңшарлардың бәрі жылды зиянмен аяқтайды, бүкіл аудан бойынша да солай. Әрбір шопанға көмекші беру үшін оған да бір қыстық үй салып беру керек. Ал мұнда кірпіш, ағаш, шифер, әйнек дегендерің қарлығаштың қанынан қат. Жастардың мал бағуға құлықсыздығы өз алдына, оған тиісті жағдай да жоқ, жазда киіз үй тігіп отырар, ал қыста аға шопанның бір бөлмесіне бала-шағасымен сығылысқысы келмейді. Әрі олардың мектепте оқитын да балалары бар ғой, өзге аудандарда малшы балаларына арналған интернат бар, ал мұнда жоқ. Өзге аудандарда қысы-жазы малшыларды аралайтын жылжымалы автомонша бар, ал мұнда аудан орталығы – Бақанастың өзіндегі жалғыз монша бірде істеп, бірде істемейді. Мал өлімінің көптігі жемшөп жетімсіздігінен. Мәскеудегі орталық үкімет мал өсіру бағытындағы өлкелерде егіншілікті қоса дамыт деп жар салады-ақ, бірақ оған қаржы қарастырылмаған. Мана біз күндіз көрген, ерте-ерте замандарда ата-балаларымыз қолмен қазған арық-тоғандардың бүгінде күйреп жатуы содан. Республикалық үкіметтің де, облыстың да бізге көзқарасы солғын. Өткен жылдардың бірінде осы «Ақкөл» кеңшарына оқу бітірген бір агроном жұмыс істеуге келіп, мұнда небәрі он гектар жерге ғана астық егілетінін білгесін «немене бес жыл оқып, менің бар егетінім он гектар ғана болып па?» деп, бұлқан-талқан ашуланып кетіп қалыпты. Ал осы ауданда кейбір қолы ұзындар ғана жазда аздап қауын егеді екен, ал қияр,

қызанақ, кәртөшке, қырыққабат, сәбіз секілділерді ешкім көрмейді де. Сосын да бұл өңірде жұрттың ас-тағамы өте жұтаң. Нан, сүт, ет төңірегіндегілер ғана, оның өзі де аста-төк емес. Іш ауруы, тіс ауруы, жүйке-тамыр жүйесінің аурулары өте көп. Бәрінен де жаманы әлгі атышулы құрт ауруының бүкіл облыстағы негізгі ошағы осында екен. Бақанаста арнайы ғылыми-тәжірибелік участок бар, оның қызметкерлерінің дәлелдеуінше бұл ауданда аталмыш көкөністер түгілі басқа жеміс-жидектердің бәрі де өседі екен, соны біле тұра қолға алып жатқан ешкім жоқ. Тек «ет өткіз, жүн өткіз» деп басқаға мойындары жар бермейді. Ия, ол 1960-65 жылдар құмдауытты-шөлейтті Іле атырабы үшін ең бір тауқыметі мол кезең еді. Жоғары-төменде бұл өлкеге ерін шүйіріп қарайтындар бастан асатын. Ол жағын облыстан келген лауазымды біреудің аудан активімен өткізген жиналысы үстінде өзімнің де түйсінгенім бар. Осы тектес деректерді төгіп келіп, бас зоотехник сырт көзге ұсақтау бөгде бір жайды да қыстырды: – Сіз манағы отағасы ауру еңгезердей қатынның «уақытша болса да бір көмекші тауып бер» дегенін естідіңіз ғой. Уақытша емес, ол үшін тұрақтысын табар едік, себебі, ол отағасының денсаулығы сыр бергені бір бұл емес, тек бір адам ол шопанның қатынымен қоңсы қона алмайды, тіпті уақытша көмекшілікке барудан осы ауылдың иті мен құсына дейін азар да безер. Ол қатынның даукестігі бұл маңда аңыз-жырға айналған. Ия, сондай қазақ ішінің бір-бірімен сиыспастығы тағы бар. Жарайды, ол ет пен терінің арасындағы ғой, онымен басыңызды шатпайын. Тап қазір бізге керегі егіншілікті дамыту. Өзгесін қой, егіннің қалғанқұтқаны, сабаны мен топаны, басқасы да мал жеміне айналмай ма? Менің тісімнен шықты деп ешкімге жар салмаңыз, інішегім, осыны түсіндіріп, жоғарыдағы қаржы ұйымдарының желкесінен қысатын бір темір саусақтар табылмай тұр. Осылай төгіліп кеп, мана өзіміз көрген ескі арық-тоған іздерінің тарихына көшті. Ол тарих тым әріге кетеді екен. Бұл тұста бас зоотехник тіптен шабыттанды. Мұның сілтеуінше бұл Жетісу өлкесінің, оның ішінде осы Іле жағалауының тарихы біздің эрамызға дейінгі 9-10 ғасырларда басталады екен. Егіншілік тарихы да солай. Әрдайым шаруашылық жылды шығынмен аяқтайтын кішкентай кеңшардың мал маманын мұншама білгір деп ойлаған жоқ едім. Осы Іле жағалауын, оның әрқилы мүмкіндіктерін зерттеген неше ықлым заманғы ғалымдардың ныспыларын тізіп, олардың кейбір ой-түйіндерін алдыма тосты. – Бұдан ұғатынымыз, – деп қадай сөйледі бір тұста бас зоотехник. – Кім ерін шүйіреді мейлі, бәрібір бұл Іле жағалауы ешқашан жер сорлысы болмаған. «Сельхозды» бітіріп, диплом аларда мені

мал әлдеқайда көп өсірілетін, әрі көп өнім беретін басқа өңірге
жібергілері келді. Ал мен «жоқ, қаншама құмды-шөлейтті атанса
да осында, өз туған аулыма барамын» деп қасардым.
Ия, бас зоотехниктің тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні тап

осы екпінінде жатыр еді. Өз туған жерін жанындай сүйетін, оның
мұң-мұқтажын ақынша жырлап, мүддесін қарлығашша қорғайтын
осындай жігіттер көбейсе қазақтың көсегесі көгерер еді-ау деген
сенім тұлабойыма дендеп енді. Алғашқы журналистік іссапарым-

да осындай адамға жолықтырған тағдырға да ризалық сезімім
мол.
Сөзінің соңында бас зоотехник үй иелері ас-су қамымен сырт-
қа шыққанда бір сәттік оңашалықты пайдаланып, аузын құлағыма

тақап, сыбыр-сыбырға басты. Бұдан ұққаным – осыдан аттай отыз
бес жыл бұрын, яғни 1930 жылдың сәуір айында осы Ақкөлде әр
үйден тұқымдық астықты тартып алып жатқанда Кеңес өкіметіне
қарсы көтеріліс бұрқ етіпті. Еркек-әйелі аралас біразы қамауға

алынып, ал он бір адам сотсыз, тергеусіз жұрттың көз алдында
атылыпты. Бұл жай егіншілік кәсіптің маңдайына қалай тас бо-
лып тимесін?! Сол «Ақкөл көтерілісінің» барлық сұмдығын көзі-
мен көрген, тіпті аздап қатысқан жандар әлі күнге баршылық, тек

ешқайсысы ол хақында тіс жармайды, ұсталып кетуден қорқады.
Бұл бұған дейін блокнотыма түскен деректерге аса құнды қо-
сымша еді. Қалайда, болашақ жазушымын ғой, бас зоотехник жы-
рынан алақандай аудандық газетке арналған мақала ғана емес,

алда жазылар әдеби көркем шығармалар нобайы да қарасын
шалдырғандай еді.
Ертеңіне түске дейін тағы біраз қыстауларды аралап, кешкілік
Бақанасқа қарай ұшақпен ұшып кеттім. Келесі күні таңғы сағат то-

ғызда жұмысқа келісімен сол «Ақкөл» кеңшарындағы мал қыста-
туға әзірлік, шешімін күткен мәселелер, олардың кезек күтетіні,
кезек күтпейтіні бар, бәрін өз орындарына қойып, үлкен мақала
жазуға кірістім. Табиғат жағдайын суреттеуге өзімнің жазушылық

қабілетімді де іске қостым. Аудандық газеттің көлемі кішкентай,
сосын да мұнда әр мақаланың көлеміне де қатаң шектеу қойы-
лады. Пәлен жол, төлен жол деп санап жататындары да бар. Тап
осы қарқында оған қарамадым. Қаламды айызым қанғанша сілте-

дім-ақ. Кабинеттегі Елеу Шытыров, Рақыш Сәдібеков және екі ат-
жалман Атымтай, Қабылтай мені көздерінің астымен бағып, тырс
етпей отырып еді. Соңғы екеуді атжалман атайтыным кейінгі кез-
де бұлардың да көздерінен бір жамандықты сезгендей халім бар.

Осы алғашқы жарты күндікте Елекең, Елеу Шытыров қана көзі-
нің айналасына қызыл бояу жиып, маған бір тіл қатты:

– Әй, бала, бұл сенің алғашқы іссапарың екен, «Ақкөлдің»

тырысқақ мінезді басшыларымен тіл табыса алмай қарның ашып
қалмады ма? Материалға керек деректер уысыңа түсті ме?

– Түсті ғой, түсті Елеке! Ол жағынан кенделік жоқ. Жазуға сұ-

ранып тұрған дүниелерге аяқ сүрінеді,  – деп жауап қайырдым.
Елекең одан әрмен ыржия күлді. «Аяқ баспас жерге аяқ басып
ұрынып қалма» деген ескертпесі ме, жоқ, «сөйтсе сөйтсе екен»
деген мысық тілеуі ме, сол жағын ғана ажыратпадым. Сосын бұл

Елекең де аузына біржола құлып салды.
Түскі үзіліс қарсаңында мақаланы бітірдім де Кәріқызға апарып
бердім. Ол кәрі қыз кәрі қатынша шабаланды:

– Мұнша қағазды шимайлап, немене, сайтан азғырып роман

жазғансың ба?
Мен аузымды ашып та үлгермедім, желке тұсымнан басқа бі-
реудің гүр еткені естілді:

– Роман жаза ма, басқасын қаузай ма, сенің шаруаң қанша?

Тез басып бер андағыны! Басқа материалдарды былай ысыра
тұр! – Бұл редактор Мәлік Қуатов еді. Оның ту сыртымнан қалай
өсіп шыға шыға келгенін аңғармай да қалғанмын. Кәріқыздың ау-
зына құм құйылды. Ал оның екі жанындағы корректор мен бухгал-

тер әйелдер астарынан су шыққандай жыбырлап, көздерін ойна-
та мені де, редакторды да, машинистка Кәріқызды да кезек-кезек
нысанаға алды.
Әділет үшін айтайын, бұл жерде машинистканы да түсінуге бо-

лады. Мен дайындаған материалдардың көбісін бұған дейін ре-
дактордың орынбасары Құлым Сақанов қарап келген ғой. Құлекең
олардың бәрін әлдекімде кегі кеткендей ызбайлықпен қырқып,
жонып, тіпті қайта көшіріп жаңқалаудан танбады емес пе? Міне,

олардың бәрі Кәріқыз үшін қосымша жұмыс. Ал мына бүгінгі он
парақтай тым көлемді мақала да сондай жаңқалаулан өтіп, қайта
басылып жатса машинистка үшін шынында қосымша бейнет емей
немене?

Түстен кейін менің қолым сәл-пәл бостау еді. Көбіне өзім жоқ-
та редакцияға келген республикалық, облыстық газеттерді қа-
раумен шұғылдандым. Әрі кабинетте бірге омалғандардың түр-
түстерін бақылаймын. Олар қойындарына бір-бір тас тыққандай

безеріп ауыздарын ашар емес. Бәрінің де маңдай сүйектерінен
қорғасындай ауырлық сезіледі. Сірә, мен жоқта осы редакция ша-
ңырағының астында бәрінің көзіне шыққан сүйелдей боп жүрген
тап мен хақында ары тарт та, бері тарт, көп ырду-дырдудың орын

алғаны ап-анық. Ол жағын ішкі табиғи зердемді барынша оятып
ажыраттым.
Ия, мына «Ақкөл» кеңшарына барған іссапарым, әрі соған
орай жазған мақалам мен үшін соңғы сынақ екені көпе-көрнеу.

Редактор мен орынбасардың солай деп сөз байласқаны, одан мына төртеудің де хабардар екені, әрі соған орай алдағы бірер күннен жағымды жаңалық дәметкені тайға таңба басқандай айқын еді. Кәріқыздың машинка басуда ыждаһаттылығы біраз баршылық. Жұмыс аяғына қарай бітіріп берді. Ол басылған материалды мен үйге әкетіп, кешкілік шам жарығымен мұқият оқып, қатесін шығарып дайын еттім. Таңертеңгілік сағат тоғызда қалыптасқан тәртіп бойынша оны жауапты хатшының алдына қойдым. Жауапты хатшы оны тіркеуге алып, редакторға, не орынбасарға өз қолымен беруге міндетті. Тек бұл жолы да редактор ту сыртымнан сап ете қалды: – Әкел! Андағы материалды мен өзім қарайын! – деп, жауапты хатшының қолынан жұлып әкеткендей қимыл жасады. Ал жауапты хатшыға қарама-қарсыдағы Құлым Сақанов тағы бір майлы жемтікке иегі қышып, ол майлы жемтік қолынан сусып түскендей көзінің ағын молайта алақ-жұлақ етті. Сонымен мен өз орныма кеп отырдым. Қара басым саудаға салынғандай бір жайсыз күй меңдеді. Оған кабинеттегі төртеудің де түр-түстері ықпал еткендей. Менімен ешбір артық сөзге жоқ, сауысқандай сақтықпен екі елі ауыздарына төрт елі қақпақ қойып бәрі тым-тырыс. Судай тұнық. Әлсін-әлсін телефон шырылдап, Рақыш Сәдібеков тұтқаны көтереді де Елеу Шытыровқа береді. Елекеңнің сөзі қысқа: – Е, е, уәде— уәде, болады, болады! – дейді де тұтқаны сарт еткізіп қайта орнына тастайды. Менің түске дейін тындырған бар шаруам газет оқу еді. Түскі үізілістен кейін осы кабинеттегі бесеудің бастары түгенделгесін бізге редактор кірді. Үнсіз кірді де тап ортада бойымен көк тірердей серейіп тұрып алды. Бетін маған бұрып, жақ ашпаған күйі ұзақ телмірді. Қою қасты, қара реңі басым толықша бет өңірі бұрынғыдай емес, тым бейбіт көрінді. Орта бойлы, шымыр денесінде де алып-жұлып бара жатқан қайрат жоқтай, сәл-пәл жүдеу тартқанға ұқсайды. Әдетте біздің кабинеттің табалдырығын аттасымен-ақ оны-мұнымен біздің көзімізді шұқып, саудырай жөнелуші еді, енді ол мінезінің бәрі адырам қалғандай, бұл да осындағы менен өзге төртеуге ұқсап, аузына су толтырғандай тұр. Сәл салғыртып барып, маған тесіле қараған күйі: – Сен мақалаңа «Мал қыстатуға әзірлік мәселелері» - деп тақырып қойыпсың ғой, бірақ онда біраз кемшін жайларды да көрсетіпсің, сосын мен «Мал қыстатуға әзірлік мәселелері және байқалған кемшіліктер» - деп, тақырыпты сәл-пәл ұзарттым, – деді. Хас шындықты ту етсем өз құлағыма өзім сенбедім. Мақала

тақырыбының тым ұзақ болуы да жарасымсыз, бірақ оны ойлап жатқан мен жоқ. «Әй, шырағым, көр-жерді тізіп, мақала көлемін далитып жіберіпсің, нақтылы іс-шара жоқ, сірә, газет жұмысы сенің қолың емес, уақыт оздырмай жөніңді тапсаңшы» тәрізді сөздер еді ғой менің күткенім. Құлым Сақановтай орынбасары күнделікті құлағының құртын жеп жүрген аламнан басқа қандай лебіз шығушы еді? Әрі кабинеттегі менен өзге төртеудің де күткені жаңағы мен ойлағандай сөздер ғой. Мен қалай есеңгіресем осы төртеу де тап солай есеңгіреді, шамасы. Кабинетті тағы да ауыр үнсіздік басты. Тек мен сәл-пәл ес жия бастадым. Себебі, редактордың тым бейбіт қалпы, әрі мақаланың тақырыбына ғана тиісуі оның өзге жағын мойындағаны тәрізді емес пе? Бірақ олай ашып-айырып сұрауға батпадым, өзі де бұдан әрі ашыла қоймады. Тап осы екі ортада әлдекім екі мәрте Елеу Шытыровты телефонға шақырды. Екеуінде де Елекең әдеттегіше «е, жарайды, жарайды» деп, қысқа қайырып жауап берді. Мәлік Қуатов оған бұрылып қарады да жақтырмаған түр көрсетті. Тек бұл жолы «Елеке, жұрт саған көп звандайды, мына жастарға жұмыс істеуге мешәйт етесің» секілділерді ішінде бүгіп ұстады. Сәлден соң ғана сол үндемеген қалпы шығып кетті. Жүрісінде де өзіне тән емес бір байыптылық бар. Қызықтың көкесі осыдан тағы бір күн өткенде болды. Менің аталмыш мақалам газеттің екі бетін тұтас алып, шұбалаң құйрығы үшінші бетке ауысып жарық көрді. Аудандық басылымға мұншалықты ұзақ материал әсте берілмеген екен. Газет нөмірі қолыма тиген бойда бас-аяғын түгел көзімнен өткізіп, мұқият қарап шықтым. Редактор әлгі «және байқалған кемшіліктер» дегенді қосып, тақырыпты ұзартқаны болмаса мақаламның бір сөзіне де қол тигізбепті. «Мақалаң сондай екен, мұндай екен» дегендей ешқайсысының да аузынан лебіз білінбеді, бір жайдан мен оны керек те қылмадым. Құлым Сақанов бұрынғыдан ұзарып кеткендей көрінген мұрнын алдындағы үстеліне шаншырдай көзін көтерер емес. Бәрібір ары-бері кіріп-шығып жүріп, бұл неме бет-жүзінен сыр аңдатпағанмен басына қара жамылғандай күйде екенін таныдым. Есесіне, бір бәстікте жеңіліске ұшырап, екінші бәстікке барын салмақшы жанның жан пидалылығы да атойлайды. * * * Бәрін айт та бірін айт, тап осы күннен менің редакция шаңырағының астындағы жағдайым тіпті жақсарды. Мұндағы аяқ басысым да бұрынғыдан әлдеқайда салмақты шығатындай. Оған басқа да

бір себеп табылды. Мен қызмет бабымен аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына, аудандық статистика бөліміне, олардың басшыларына, мамандарына жиі барғыштаушы едім. Олардан әрқилы дерек аламын, әрі газетке автор, маман ретінде қатысуға тартамын, ыңғайлаймын. Кейбір жеңіл-желпілерін олардың аттарынан өзім жазып тастаймын да қол қойдырып аламын. Мұның бәрі күнделікті жұмыс, сосын да олармен таныстығым аз уақытта жақсы-ақ нығайды. Бірде сол ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі толық қызыл жүзді, мығым денелі жігіт сондағы екіүш маманның көзінше: – Әй, Ерік Тінәлиев жолдас, әнеугүнгі «Ақкөл» кеңшарындағы жағдай туралы мақалаң керемет қой! Бәрін ашып жазғансың. Тіпті біздің кәперімізде жоқ кейбір мәселелерді көтергенсің. Молодец! Нағыз жазушыша сілтепсің. Тіпті сенің мұныңа аупарткомның бірінші хатшысы риза болып, кейбіреулердің құлағын бұрап жатқан көрінеді! – деп салды. Аудандық мекемедегі бас маманның бұлайша ақтарылуы менің көп нәрсеге көзімді ашқандай. Кенет «ата жауым» Құлым Сақановты елестеттім. Редакцияның тап іргесіндегі аупартком кеңсесіне күнде қатынайтын бұл Құлекең аупарткомның бірінші хатшысының бұл шырайы хақында қайтсе де естіді. Редактордың менің тым ұзақ мақаламды қол тигізбестен газетке шығартуы ол үшін ауыр соққы болып еді, ал аупартком бірінші хатшысының мына пиғылы оған тіптен жығылғанға жұдырық болған ғой. Аупарткомның бірінші хатшысы мұндағыларға құдайдан кейінгі екінші тұлға. Мен өз жағдайымның қаншалықты нығайғанын енді ғана тереңірек түсіндім. Бір ғажабы менен оң жақта, терезеге арқасын сүйеп отыратын курстасым, өзіме тілеулес санаған Рақыш Сәдібеков екеуміз бірде телефонға таласып, шайнасып қала жаздадық. Редакция жұмысымен сол аудан орталығындағы бір мекемеге телефон шалмақшы едім, Рақыш тұтқаны көпе-көрінеу қолымнан жұлып әкетті: – Немене, жұмыс сенде ғана бар ма? Біз де қоңыз теріп жүргеміз жоқ! – деп зірк-зірк еткені тіптен одағай шықты. Өзімнен бір жас қана үлкендігі бар оның бұлайша құбылуы мұндағы мен күтпеген көп құқайдың бірі еді: – Немене, әйнекше шытынап кеттің? Телефон бос болғасын алдым емес пе? – дедім мен де. Мұнымен екеуара дауымыз басылмады, ол да, мен де екіленіп біраз шарпыстық. Бізді жасы үлкендігін пайдаланып, Елеу Шытыров саябырсытты. Ал корректор әйел қап-қара негрдей бетін көлденең тосып, есіктен бір сығалап кетті. Ертесіне осындай екеуара тағы бір шарпысу болды. Айтуға ұят бір өнімсіз іс үшін. Тағы да Елекең килікті. Үшінші күні жұмыс

соңында Елекең мені орталықтағы асханадан бір-бір стақан шарап ішуге шақырды. Сондағы айтқаны: – Мен мына Рақыш Сәдібековтің саған тиісіп жүргенін редакторға оңашалап жеткіздім. Мәкең ол Рақыштың мойнын бұраймын деп уәде берді. Елеу Шытыровтың сөздері шындыққа ұқсады. Рақыш актерлік қабілеттен құралақан емес екен. Шынында келесі күндері оның күнге күйіңкі, қара торы өңі майша жылтырап сала берді. Тым биязы, әрі кішік сөйлейді. Маған деген мұндай ілтипатын іс жүзінде де дәлелдеді. * * * Мен осы Бақанаста бір толық денелі қартаң әйелдің үйінде пәтерде тұрушы едім. Жалғыз қызы сонау Қапшағайдан әрідегі Жетіген кеңшарындағы бір жігітке тұрмысқа шығып кетіпті. Кең үш бөлмелі үйге бір өзі симағандай көрінгесін де мені пәтерге жіберген. Осы кемпірдің үйіне арық қара өңді, тым сөзуарлау, қырықтар шамасындағы келіншек жиі кіргіштейтін. Бұл өзі бала-шағалы, бірақ менің байқауымша күйеуі жоқ әйел. Мен тұратын үйдің иесі – кемпір екеуі ұзақ отырып шай ішіп, өзара қысыр әңгімеге басатынын талай байқағанмын. Әдетте әлгі көрші әйелдің тым ақырын сөйлеп, ал мен келгенде тым самбырлап кететіні де бар. Ныспысы Қалыш, өзі дүкенде істейтін. Тап сол күндердің бірінде де тап солай шықты. Мен жұмыстан келгенде үй иесі кемпір мен сол көрші дүкенші әйел екеуі ауызғы бөлмеде ортадағы ақ самауырдың шүмегін кезек-кеезек ағытып шай ішіп отыр еді. Мен табалдырық аттағанда сол көрші әйел Қалыш тағы да қаңқылдай жөнелді: – А, жігітім, келдің бе? Бәрі дұрыс екен. Осы сендердің жұмыстарың аса бір беделді жұмыс қой. Баяғыда бала кезімізде ауыл қазақтары «корреспондент» дегенге тілі келмей сендерді «қараспан» атап, «ойбай, қараспан келе жатыр» деп, үлкен-кішінің зәресін ұшырушы еді. Ол да бір заман екен-ау!! Тек бір айыбы – осы сендердің бастықтарың жаман! Анау Мәлік Қуатов дегенің қып-қызыл маскүнем ғой. Құдайдың құтты күні менен арақ әкетеді. Кейде қарызға сұрайтыны бар. Бірер мәрте қарызға беріп едім, ертеңіне әйелі келіп, күйеуі алған арақтың ақшасын төлеп, соңынан «Мәкеңе қарызға арақ берме» деп жер тепсінді. Сосын қарызға беруді доғардым. Оған мойыған Мәкең емес, басқадан ала ма, әйтеуір, бәрібір ақша тауып, көкаламойынның біреуін қойнына тығып әкетеді.

Бұл дүкенші әйел Қалыштың сөздеріне сенбеске амалым жоқ. Расында, Мәкең соңғы кездері ішуді тым жиілетіп жіберді. Қашан көрсең де аузынан арақ исі мүңкиді де тұрады. Ал бұдан орынбасар Құлым Сақановтың іші шылқымай болған түрін де байқадым. Сірә, бұл Құлекең «мына Мәлік Қуатовтың шабысы ұзаққа бармайды, мынадай ішкілікпен көп ұзамай аяғы аспаннан келеді, сосын ол босатқан орынға мен қонжимай немене» деген үмітті малданып жүргені ап-анық. Түнеугүні Елеу Шытыров та маған сол төңіректе құалққағыс жасады емес пе? Редакция ұжымында қандай да бір қаламы жүйрік журналист пайда бола кетсе оның дереу табанын тайдырып жіберіп, айналасын таза тақырлап ұстауды кәсіп еткені бірінші жыл емес сияқты. Тап сол күндері ойда жоқта мен тағы бір адаммен ұшырастым. Ұшырасқанда айдалада емес, ол өзі жылмаң етіп, редакцияға кіріп келді. Сәл-пәл бойшаң, иықты, бұл да қара торылау, сәнді киінген, қырықтар шамасындағы кекселеу жігіт десем дұрыс, шамасы. Әсіресе, тұлабойына дәл қонып тұрған шетелдік ақ сұр костюмі, таққан галстугы, жейдесінің жағасы бірден көз тартады. Алпысыншы жылдардың орта шенінде сол Бақанастағы өзін зиялы қауымға жатқызатындардың үстінен мұндай киім киісті сирек көресің. Өзі аса көңілді де адам екен, аппақ күрек тістерін жалаңаштай ыржия күлгенде алабөтен кербездік те шалынады. Бұл өзі редакцияға келгенде бастықтардың емес, бірден біздің кабинеттің табалдырығын аттады. Әрі аттаған бойда: – Әй, Ерік Тінәлиев сенбісің?! Қаламың да, қадамың да құтты болсын! – деп бірінші кезекте менің қолымды алып,қатты қысып, ұзақ сілкіледі.Сосын ғана Елеу Шытыровпен, басқаларымен ескі таныстай амандасып жатты. Бірақ екі көзі менде еді. Сәлден соң: – Газеттеріңді үзбей қарап тұрамын! Мына Ерік атты ініміздің жазғандары шынында алабөтен-ау! – дегенді тағы қосты. Елекең де қарап қалмай: – Ау, Шақа-ау!Құр мақтаудан май шықпайды, Ерік Тінәлиев атты қаламы жүйрік жас кадрымыз осы, ал байғазы сізден! – деп қалжың айтқансыды. – Байғазы артық болмас еді-ау! Тек оқудағы адамның қалтасы тесік қой! – деп құтылды әлгі келімсек. Ал менің ішімде «қырықтың қырқасындағы адамға қайдағы оқу» деген сұрақ кесе көлденеңдеді. Бұл өзі сөзуарлау жан екен, кабинеттегі менен өзге төртеудің де хал-жағдайларын қысқа-қысқа сұрап, әрі сол кездегі замана ағымы, саясат төңірегіндегі жайларды біраз қопарып тастады. Сөйтті де аяғын тез-тез басып шығып кетті. Редакторға, орынбасарға соққан да жоқ. Сөйтсем, бұл Шафқат Насыров осы «Балқаш еңбеккері»

газетінің бұрынғы басшыларының бірі екен. Ертеректе мұнда редактор да, орынбасар да болып қызмет атқарыпты. Сосын аупарткомда бірер жыл бөлім меңгерушісі атанып, одан сәл төмендеп, ауаткомда жұмыс істепті. Сол ауаткомнан Алматыдағы екі жылдық Жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберіліпті. Осы алдағы жылдың жазында, сол партия мектебін бітіріп, өзі туып-өскен осы Бақанасқа қайта оралмақшы екен. Оралғанда оның бұл жақтан кеткен де ештемесі жоқ, әйелі, бала-шағасы түгелімен осында. Бұған қосар тағы бір ақпарат – аупарткомда іс басқарушы қызметін атқаратын толық денелі, тымырайып, қабағын әмсе төмен салып жүретін бір әйелді көруші едім, сол осы Шафқат Насыровтың зайыбы болып шықты. Соның ертеңіне ол Шафқат Насыров редакцияға тағы кірді. Бізге ғана емес, бастықтарды да адақтап, әзіл-күлкісі аралас бірдемелерге қарық қып кетті. Үшінші күні бірден біздің табалдырықты аттап, маған және менің сол жағымдағы Рақыш Сәдібековке бір-бір парақ қағаз ұсынды. Маған ұсынғаны сонау Балқаш көліне таяу бір шаруашылықтағы ферма меңгерушісінің еңбегі жайлы қолмен жазылған қысқа-қысқа деректер ғана. – Екеуің осы деректер негізінде менің атымнан кішкене екі мақала жазып, менің атымнан шығарып жіберіңдерші. За скорость больше благодарности! – деп, сөзінің соңын орысшаға ауыстырды. Мұнысы Елеу Шытыровтың қытығына тигендей: – Лучше бы вы заявили «Гонорар вперед»!  – деп қалды. Шафқат Насыров миығынан күлгенсіп, әрі ақ тістерін жалаңаштай Елеу Шытыровқа бұрыла зілденді: – Әй, Елеке! Сен мына коммунизмнің іргетасын қалаушы жастарды бұзғанды қашан доғарасың? Қу бастан қуырдақ шығарып, сен-ақ кенел! Жастарға залал келтірме! – деді. Сосын өз қарсыласын сөзбен ұрып жыққандай түрмен сәл кекірейді де, тағы да аяқтарын тез-тез басып шығып кетті. Ол кезде аудандық газет жағдайында осындай деректер негізінде бөгде біреулердің атынан кішкене хат-хабарлар, мақалалар жазу, ұйымдастыру пәлендей таңсық дүние емес. Оқырмандардан хат дегенің өте сирек түседі, егер ол хаты, үлкен бе, кіші ме, мейлі, жариялана қалса алатын қаламақысы сол кездегі ақшамен бір сом ғана. Бұл асханадан түстік ішуге әрең жетеді. Аудан жері кең, байланыс нашар, телефонға кезек-кезек мінгесіп, алыс-жақындағы шаруашылықтардан осындай деректерді әрең жиямыз. Әрі Бақанасқа келген шаруашылық басшыларын, мамандарын, басқаларын аңдитынымыз да бар. Біз газетке ұсынатын материалдар осындай қиындықтармен жасалып жатады. Міне, сосын да Шафқат Насыров ұсынған бір парақ қағаз маған ойда жоқта

жолыққан олжадай көрінді. Рақыш Сәдібековтың не істерін кәперге алмадым, өзім екі сөзге келместен сол деректер негізінде Насыровтың атынан кішкене мақаланы зырқырата жаздым да Кәріқызға бастырып, жауапты хатшының орнында жоқтығын пайдаланып, бірден редакторға апарып бердім. Редактор үстеліне одақтық, республикалық, облыстық газеттерді айналдыра жайып тастап, бірдемені сойдақтатып жазып жатты. Мен ұсынған материалды сол қолының саусақтарына қыстыра оған ынтамен, жылы шыраймен қарағандай еді. Кенет автордың аты-жөні назарына іліккенде басын аспанға сілке көтерді. Көзінің ағы әлдекімнің көкке лақтырмақ аппақ тасына ұқсап кетті. Біршама сырмінез адамның мұндай қырын бұрын байқамаған екем. – Мынаны Насыровтың өзі жазды ма, жоқ, сен өзің ұйымдастырдың ба? – деп салды табанда. Мен шынына көштім: – Деректерді қағазға түсіріп әкеп берді. Мәтінді жазған мен! Мәлік Қуатов екі ойлылық меңдегендей басын бұлғаңдатып, ақыры: – Сен жазсаң дұрыс шығар! Мә! – деді де мәтінді оқымастан қол қойып берді. – Жауапты хатшыға бер! Келесі нөмірге салсын! Осы екі ортада жауапты хатшы да келе қалыпты. Редактор қол қойған материалды қолына ұстатып едім, оның да сіркесі су көтермей тұр екен: – Төбеден аттап түсетін жолға әуессіңдер! – деп тарс жарылды. – Әй, ағасы, орныңызда жоқ екенсіз, сосын бастыққа апарып бере салдым! – дедім мен. – Немене, аяқты қия бассақ жоққа саналамыз ба?  – деп ол одан әрмен екіленді. Бұл менің де шамыма тиіңкіреді: – Үйдегі жеңгей тұнығыңызды шайқап жіберген бе, не сонша, жоқ жерден пәле іздеп тұрсыз? Бұл мақаланың авторы жерде жатқан әлдекім емес, осы «Балқаш еңбеккерінің» бұрынғы басшысы Шафқат Насыров! – деп мен де таптай сөйледім. Жауапты хатшы тіптен қатты кетпекке оқталып еді, өзіне қарсыдағы редактор орынбасарының маған қарай басын сілке көтергенін байқады да сап тыйылды. Мен Құлым Сақанов тарапынан да бір жамандық күттім. Сөйтсем, онікі тіптен керісінше шықты. Қашан да маған қабағынан қар жауардай қарайтын оның жалпақтау қоңырқай жүзінен бір жылы нышан елес берді. Менің күтпеген дүнием. Қысыңқы көздері де бұрынғыдай қап-қара көмір түйіршіктеріне ұқсамайды. Тіпті күлімсірей мені ішке тарта тіл қатпақ пейілі соншама жан жадыратар көктемнің нұр шуағындай мені жібітіп жіберсе қайтерсің. Бұл байқампаздығым жалғандыққа жатпайды екен, себебі, сөздері де соншалықты майда шықты:

– Ерікжан, ол Насыров ағаң бұл мақаланы өз қолымен жазып

берді ме? Жоқ...
Мен Құлекеңді одан әрі сөйлетпей жаңағы редактордың тап
осыған ұқсас сауалына қайтарған жауабымды қайталадым.
Құлым Сақанов енді ашықтан-ашық күлімсіреді. Маңдайын сәл

кіржите төмен қарағанмен де сол күлімсіреген қалпының етек-же-
ңі бұзылмады.
Редакцияның ішкі тірлігінде бола беретіндей осы бір кішкентай
оқиға менің көкірегіме тікенектей қадалып, тіпті мәңгібақи есімде

қалды. Ал кабинетте өзіммен бірге отыратын өзге төртеуге осы
жайында сыр бөлісіп, мән-жайды сұрауға батылым бармады. Түр-
түсі де, киім киісі де жылтыр, таза Шафқат Насыровқа қатысты ре-
дактордың да, жауапты хатшының да, өзіме жаңа ғана дағдыдан

тыс көлгірси қараған Құлекеңнің де ішінде бір жанды жара барын
пайымдағандай артық сөзім үшін тағы бір пәле туар деген сақтық-
пен әліптің артын бақтым. Елеу Шытыров қызарған жүзін төмен
салып, Рақыш Сәдібеков те солай алдындағы қағазға шұқшиып,

ал Атымтай мен Қабылтай ғана «ел жатса да енекем жатпайды»
дейтіндей көкке шаншылған сиырдың қос мүйізіндей қалпымен
мені бақылап қатып, сіресіп қалыпты.
Осыдан бір күн өткесін газетке әлгі Шафқат Насыровтың мен

дайындаған кішкентай мақаласы шықты. Ол хақында ешкім ләм-
мим демеді. Тап соның ертеңіне «Лениншіл жас» газетінде менің
қойшы қыз туралы әңгімем жарқ етті. Шынына көшсем, жасым
жиырма төртте дегенмен бұл менің республикалық баспасөз бе-

тінде жарияланған тұңғыш көркем шығармам еді. Редакция ұжы-
мындағылар сәл-пәл еріндерін жыбырлатып мені құттықтағансы-
ды. Есесіне, маған қарап тіл қату жағы күрт азайды.
Содан тағы бір аптадай уақыт өтті-ау деймін, редакция кеңсе-

сінің дәлізінде бір у-шу басталды да кетті. Мен аздап дүр сілкін-
гендей едім. Ал өзгелер өздеріне таныс дауыстар естілгендей бір
қылы да қисаймастан тым-тырыс. Сосын әлгі у-шу бері лықсып,
біздің кабинетке қарай тоғытылды. Сөйтсем бұл келгендер әлгі

Шафқат Насыров, Іле өзенінің арғы жағалауындағы «Топар» атты
кеңшар парткомының хатшысы Қарабек Оралов деген кісі және
өзіміздің редактор Мәкең, Мәлік Қуатов екен. Алдыңғы екеуге
Мәкең қалай қосылды, сырттан бірге кірді ме, жоқ, іште, шаңырақ

иесі ретінде қарсы алды ма, ол жағын ажырата алмадым. Үшеуі
бірдей ырду-дырду болысып, біздің кабинетке қарай табалдырық
аттағанда аяқтарымен ағаш еденді ойып жіберердей тасыр-тұсыр
еткізіп, іштегілермен амандасу да ойларында жоқ, сыртта шеше

алмаған дауды осы іште бөліске салмақтай түр көрсетті. Сол сәт-
те Құлым Сақанов пен жауапты хатшы да жылмаң етіп, осында

кірді. Енді олар бесеуге айналып, біздің аядай кабинетті қан май-
данның ортасына айналдырмақтай шуды тіптен үдетті.
«Топар» кеңшарының парторгы Қарабек Ораловтың қолында
бір буда қағаз. Сонысын көкте бұлғаңдатып, улыған-шулығанды

бәрінен де ұлғайтып бара жатқан сол. Аузы көпіршіп салғылас-
қанда бұл жерде жоқ:

– Жо, жоқ, ағайындар!Аяқтан шалмаңдар! Қара емен қайысса

да Қарекең қайыспайды! Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» рома-
нындағы жас ақын Кәкітай айтқандай Қарабек жеріне жетпей тоқ-
тамайды! Менің нағыз сыншым сендер емессіңдер!

– Әй, Қареке! Манағы менің замечанияларымды басшылыққа

алып, тағы бір қол жүгіртсең поэмаң мынау болып шығады! Мен
саяси жағын қаузап, соның шымын бекіте түсуді кеңес еттім ғой.
Қазіргі заманда саясатқа пейіл беріп, соның ауанына үйлестірмей
ешбір «щедеврге» жол жоқ. Партияның соңғы Пленумының мате-

риалдарын қайталап оқышы! – дейді Шафқат Насыров.

– Көптің аты көп, Қарабек жолдас! Мен мына Шафқаттың сөзі-

не жығылдым! Партияның бүгінгі саясатына құлақ түрмей, соның
шашбауын көтермей өзіңе де қиын, әрі біз де жеп отырған наны-
мыздан айырыламыз! – деп азар да безер болады біздің редактор
Мәлік Қуатов. Оның орынбасары мен жауапты хатшы да бір-бір

сөзді қыстырып үлгерді. Ал Қарабек Оралов бетінен қайтар емес:

– Сендер осы бүгінгі поэзияны түсінесіңдер ме? Алыстағы кіш-

кене аудан орталығындағы оташы дәрігер жұмысын сонау үлкен
партия саясатына тіремей-ақ өз алдына өлең сөзбен өріп шыға-
рудың не күстаналығы бар?  – деп Қарекең тағы біраз сөзді то-
ғытып барып маған қарай жалт бұрылды. Кабинеттегі бесеумен

сәлемдесу қажеттігі енді ғана есіне түскендей өңін де, сөзін де
кілт жұмсартты:

– Әй, Ерікжан, амансың ба, айналайын! Ау, Елеу Шытыров,

осы дүниенің бір діңгегі сенсің ғой, бармысың бауырым! Рақыш
Сәдібеков, Атымтай мен Қабылтай, қалайсыңдар!
Бұл Қарабек Оралов та қырықтың қырқасына көтерілген, то-
лық, сарғыштау өңді, ұзын кірпікті, тәмпіш мұрынды, жуан мойын-

ды, кесек денелілеу адам. Аса сырмінез емес, аупарткомда бір-ақ
рет жолығып, әрі телефон арқылы байланысып, екі-үш мәрте ақ-
парат алғаным бар. Өзі біраз мінездің де адамы. Екпіндете сөйле-
генде ышқырлығын әрең жапқан үстіндегі кең ақ жібек жейдесінің

етегі желп-желп етеді. Ол кабинеттегі менен өзгелерге де сәлем
сөзбен бір-бір сыбаға тастап, маған қайта бұрылды:

– Әй, Ерік Тінәлиев інім! Мен сені іздеп келдім! Сенің әнеугүнгі

«Лениншіл жаста» жарық көрген әңгімең мына Шафқат ағаңның
тілімен бейнелегенде нағыз «щедевр». Әй, Ерік, сен жалпы осы

аудандық газеттің ауқымына симайтын адамсың! Бұл шеңберде қалып қойма! Үлкен өріске бетте! Мен мына дастанымды әдейі саған оқытуға әкелдім. Мына білгіштер мұны саған жеткізбей орта жолдан маңдайдан қақпақшы. Ал мен жаңа ырғадым ғой, Мұхаңның атақты роман-эпопеясын сен, әрине, оқыдың. Сондағы Абай шәкірттерінің бірі Кәкітай өзінің бір өлеңін жаратпаған өзгелердің гөй-гөйін құлаққа қыстырмай, «Кәкітай жеріне жетпей тоқтамайды» деп өзеуреп, ұлы ақынның өзіне оқытып әділ бағасын алғаны бар ғой.Сен Абай емессің, әрине! Бірақ осындағы нағыз көркем әдебиетке бір табан жақын сенсің. Оны әнеугүнгі әңгімеңнен білдім. Қойшы қыздың да, оның әкесінің де психологиясын дәл бергенсің. Қой бағып көргенсің-ау, сірә! Ладно, это не важно! Айналайын, Ерікжан, менің осы поэмамды үйіңе апарып, жұрт көзінен тасада дұрыстап, зер салып оқышы! Сен қалай сын айтсаң да мейлі, ол мың жерден ащы болса да мен жонымды тостым. Ондайға менің терім жұқалық етпейді. Тек қана үлкен өтінішім – ақ сөйле, бұқпантайлама, ештемені бүркемелеме! Біреулердің тіліне ерме! Өз пікірің ауадай қажет маған! Тағы біраз сөзді қобдыратып барып Қарабек Оралов қолындағы бір буда қағазды алдыма қойды. Машинкаға басылған, көлемі шамамен жүз беттей дастан екен. Ал біздің аядай кабинетті қан базарға айналдырған бұл бес қошқардың дау-дамайы мұнымен де бетпеді. Одан әрмен кеу-кеулесті. Себебі, «Топар» кеңшары парторгының мен хақындағы төрт қабырғаны селкілдете жариялаған пікірі қай-қайсысының да жандарына жақпаған. Ал Құлым Сақановтың бет-жүзі тіпті қан түленіп кетті. Өзіме біршама оң шырай танытушы редактор Мәкеңнің де қабағына кірбең ілінген. Ондайдан басқалары да құр алақан емес. Бұлардың одан арғы дау-дамайынан қосымша ақпарлар да алдым. Сөйтсем, мәселе сыры былай екен. Осы Бақанастағы аудандық ауруханада Лепес Қыранбаев атты оташы-хирург жұмыс істейтінін естігенім бар. Айналдырғаным ауылшаруашылығы жағы болғасын ба онымен әзірге жүз таныстығым жоқ. Тек «Қыранбаев құдай емес, құдайдан былай емес» дегенді құлағым шалғаны анық. Басқалары да бар. Бұл атақты оташы-хирург әрқилы ауыр науқастарды, жол апатына, басқа да жағдайларға ұшырағандарды кеудесіне қандауырын жүгіртіп емдеп, қатарға қосқаны хақында сөздер шаш етектен. Тіпті бір жас жігіт әйелімен ажырасып, соның күйігінен өзіне өзі оқ атып, өлім халінде жатқанда Лепес Қыранбаев оған ота жасап, аяғынан тік тұрғызыпты. Бұдан айнала ел-жұрттың көзі атыздай болмай қайтсін?! Ал мына Қарабек Ораловтың аздаған өлең жазатын өнері бар екен. Өзі, не жақын туыстарының бірі қолының шипасы мол сол

Лепес Қыранбаевтың алдынан өткен бе, қалайда ықыласы ауып, сол дәрігер хақында көлемді дастан жазыпты. Бірақ бұл дүниесі өзін біраз жыл ит ырғылжыңға салыпты. Ең алғашқы нұсқасын осы газетке Шафқат Насыров редактор болып тұрғанда арқалай жетіпті. Екіншілей, осы Мәкеңнің, Мәлік Қуатовтың тұсында әкепті. Екі ретінде де бұл дүниеңіздің бірер қайнауы ішінде, әлі де ауы мен бауы бар деп, тағы басқа сылтаулар айтып қайтарыпты. Ал мынасы үшінші келісі екен. Әрине, Іле дариясының арғы бетіндегі бір кішкентай кеңшар парторгының мені осындағы «бес қасқаның» бәрінен жоғары қойып, бұлайша жер-дүниені көшіре жетуі, әрине, ешқайсысына ұнамады. * * * Ақыры бәрі тарады. Оташы Лепес Қыранбаев туралы дастан менде қалды. Алматыдағы үлкен әдеби басылмдардың бірі болса әңгіме басқа, көлемі де, тиражы да мардымсыз аудандық газетке мұншалықты дүниенің топ етуі мен үшін, әрине, бас жарып көз шығарардай оқиға еді. Соны ойлап, әрі жаңағы бесеудің бұлайша тоқайласуынан біршама басым кәңгірген мен не істерімді білмей дағдардым. Кабинеттегі төртеуге абайлап көз жүгіртсем олардың да халі мәз еместей. Менің атыма арналған мақтау сөз олардың да ұнжырғасын түсіріп әкетіпті. Ыржыңдасып, сыр білдірмегенсиді. Сонда да сездім-ау, ішкені ірің, жегені желім болған жандардың шырайы бет-жүздерінде етек-жеңін желпілдетіп-ақ тұр. Мен де оны байқамағансимын. Керісінше, өзіме қосымша бейнет табылғанына ренжігендей қабағымды төмен сала беремін. Кенет менен сол жақта, терезеге арқасын беріп отырған Рақыш мырс-мырс күліп, жеңілтектік көрсеткендей еді. Мен амалсыз оған жалт қарадым. – Әй, Ерік! – деді ол күлкісі ішін одан әрі кернегендей селк-селк етіп.  – Жаңағы бес претендент сенің төбеңе шай қайнатардай шұқшиғанда, алтыншысы да сумаң етер ме екен деп ойлап едім, ол ойым жүзеге аспады. Кабинеттегі менен өзгелер Рақыштың бұл қақтықпасынан ду күлді. Тіпті жасы үлкен Елеу Шытыровтың өзі Рақыштың жан жадыратар әзіл тастағанына ризалықпен қарағандай. – «Претендент?» Қайдағы «претендент»! Нені көңірсітіп отырсың өзің? – деп мен жақтырмаған сыңай білдірдім. Менің сөзімнен кабинеттегілер одан әрмен қарқылдасын кеп. Жаңа ғана мақтау естіген мені бұлар енді осылай әжуа, күлкі арқылы қайта төменшіктетіп тастауға бет бұрғандай-ақ. Рақыш Сәдібеков қайта тілге келді:

– Америка Құрама Штаттарында Президент сайлауы қарса-

ңында сол орынға үміткерді ресми тілде қалай атайды?

– «Претендент» аталады! Бірақ ол әуен мен бұл әуеннің ара-

сында неше шақырымдық байланыс бар. Ол жағын сезесің бе
өзің? – дедім. Рақыштың жаңағыдай таңдайы тақылдауы, әрі бас-
қалардың қосыла күлісі менің де қитығыма тие бастаған. Әрі бұ-
ларды бірдеменің шалығы шалғанға да ұқсаттым. Бірақ тап сол

сәтте Шафқат Насыров пен Қарабек Ораловты сыртқа шығарып
әкеткен біздің үш бастық қайта оралып, дәліз арқылы өз кабинет-
теріне өтіп еді. Рақыш тілін тарта қойды. Сәлден соң ғана:

– Жарайды, жұмыс соңында бірге шығайық. Бір стақан шарап

менен!  – деді. Өзгелері тым-тырыс. Әншейінде кенезесі кеуіп
отыратын Елекең де «мен бірге шығайын ба?» дегендей ұмтылыс
білдірмеді.
Асханада Рақыш біраз нәрсеге менің көзімді ашты. Сөйтсем ма-

нағы «Топар» кеңшарының партия ұйымының хатшысы Қарабек
Оралов ол да ертеректе осы «Балқаш еңбеккері» газетінің редак-
циясын басқарыпты. Шафқат Насыров та солай. Әрі ол алдағы
жазда Жоғары партия мектебін бітіріп келгелі отыр. Ал жауапты

хатшы да сол алдағы жазда менің өзім сияқты Алматыдағы Қазақ
университетінің сырттайғы бөлімін журналистика мамандығы бо-
йынша бітірмекші екенін білетінмін. Бірақ оның жағдайы менікінен
өзгерек, ол біраз жылдар осы газетте еңбек еткен, коммунистік

стажы да әжептеуір, аудан басшыларына әбден танымал жан.
Оның да өлең, фельетон, очерк жазып, әдебиетке ықылас білді-
ретіні бар. Құлым Сақановың анау қайраулы пышақтай.

– Енді әрі тыңда, – деді Рақыш сөзін жалғастырып. – Бұлардың

бәрі де анау Мәкеңнің, Мәлім Қуатовтың, яғни, біздің бастықтың
орнына иегі қышығандар. Анау «Топардағы» Ораловтың бала-
шағасы көп. «Балалардың оқуына осы Бақанас лайық, әттең, бұл
жерде үй сыпырушы болып та істер едім» дегенді аупарткомның

онысына, мұнысына жиі-жиі пыш-пыштайды. Ораловтың бұл
пыш-пышының мән-мағынасы айқын. Екі дипломы бар оны кім үй
сыпырушы етіп қойсын? Көздегені анау ғой. Бұлардың қай-қай-
сының да балалары мектеп жасындағылар. Сонау шаруашылық-

тардың бәрінде дерлік мектеп үйлері тым сұрықсыз. Мұғалімдері
де солайға ұқсайды. Сосын да бәрі осы Бақанаста табан тірегісі
келеді. Қызықтың көкесі алдағы жазда Насыров пен мына біздің
жауапты хатшы диплом алып келгенде болайын деп тұр.

Осы тұста мен сөз қыстырдым:

– Басқалардікі түсінікті. Ал жауапты хатшының қолына диплом

тисе-ақ осы қызметі тақиясына тар келмек пе?

– Ау, көке-ау,  – деп Рақыш енді даусын соза сөйледі.  – Бұл

қазақта тыныш жүретін адам таппайсың. Ол жауапты хатшының
аупарткомда өз сыбайластары жеткілікті! Оны өзгелерден төмен
санама! Тағы, Ерік, сен мынаны ұқ! Бұлардың бәрін қоздырып
жүрген бөгде бір жай бар! Бәрі де Мәлік Қуатовтың түбірін бос

санайды.
Осылай төгіліп кеп, Рақыш жан-жағына күдікпен қарап:

– Өйтетіні біздің Мәкеңнің мынаусы бар ғой!  – деп, мойнын

қисайта өз кеңірдегін өзі шертіп қалды. Ия, бастықтың ішкілікке
әуестігін меңзегені. Осы тұста мен әлденені саусағымды бүгіп са-
нағандай күй кештім. Кенет өзімді дағдартқан нәрсе есіме түсті де
Рақышқа шап етіп жабысқандай қимыл жасадым:

– Әй, Рақыш, сенің бес претендентің түгенделді, бәрінің жайы

белгілі, ал мана алтыншысын жоқтағандай тәрізің бар еді ғой, –
дей беріп едім, ол табаға қуырылған балықтай шаж етті:

– Ә-ә-ә! Есіме салғаныңа мың да бір рақмет! Алтыншысын тарс

жадымнан шығарыппын ғой. Ол, ол алтыншы претендентсіз бұл
жырдың мазмұны келіспейді. Сен түнеугүні «Ақкөл» кеңшарында
іссапарда болдың ғой, сонда Жапақов деген мектеп директоры-
мен ұшырастың ба?

– Жоқ! – деппін мен.

– Ұшыраспасаң, жарайды, айыбы жоқ. Сондағы Ақкөл орта

мектебінің қазіргі директоры Жапақов деген кісі де осы «Балқаш
еңбеккері» газетінің бұрынғы редакторы.

– Сонда қалай? Аудандық газеттің редакторы ауылдық мектеп-

ке директорлыққа ауыстырылған ба?

– Оның не сөкеттігі бар? Пединституттың филология факуль-

тетін бітірген, аздап жазатыны бар, онда да, мұнда да жұмыс істей
бермей ме? Өзің де бұған дейін мектепте сабақ беріпсің ғой. Міне,
сол Жапақов «Ақкөлге» барып алып бармағын шайнап жүрген кө-
рінеді. Ол Жапақов мұнда мына Мәкеңнің, Мәлік Қуатовтың дәл

алдында болыпты. Жай, ішіңде жүрсін, мен айтты деп ешкімге
жар салма, Мәкең, Мәлік Қуатов осындағы аупарткомның бірінші
хатшысының алыс ағайыны, әрі жерлесі, мұнда сол кісінің қол-
дауымен келіп, Жапақов «Ақкөлге» қарай ығыстырылған ба деп

топшылаймын. Мәкеңе сен сөйттің, бүйттің, арақ іштің деп ешкім-
нің тісі батпайтыны содан, бәлкім. Жарайды, ол басқа әңгіме. Ал
«Ақкөлдегі» Жапақовтың жағдайы манағы Шафқат Насыровтың
жағдайымен үндес. Өзі сонда болғанмен Қалыш атты әйелі шиет-

тей бала-шағасымен осында.
Рақыштың соңғы сөздері басымды дың еткізгендей еді.

– Әкем-ау, қай Қалыш? Қай Қалыш? – дей беріппін. Сөйтсем

мен тұратын пәтер иесі кемпірдің көршісі, өзім күнде көріп жүрген
дүкенші әйел Қалыш сол «Ақкөлдегі» мектеп директоры Жапақов

дегеннің зайыбы екен. Мынау заман, көз алдымдағы дүние кеңіс-
тігі өз-өзінен тарылып бара жатқандай әсер етті.

– Міне, сол Жапақов та біресе облысқа, біресе осында қаты-

нап, бұрынғы орнына қайта оралмаққа ши жүгіртіп жүрген көрі-
неді. Мана кабинетте бес қасқа сенің төбеңнен төнгенде алтын-
шы претенденттің жетпей қалғанын айтып күлгенім содан! – деп
Рақыш сөзін түйіндеді.

Мен ертеңіне Қарабек Ораловтың Бақанастағы атақты хи-
рург хақындағы дастанына барынша пейіл беріп шұқшидым.
Зырқыратып бірден аяғына шығу мүмкін емес, ара-арасында
ұсақ-түйек редакция жұмыстары килігіп кетеді. Дастанды тағы бір

күн өткізіп барып оқып тауыстым. Көп ойланатын дәнемесі жоқ,
қолжазбаны алып, бірден редакторға кірдім. Мәкең қабағының ай-
наласында әлдебір жыбыр-жыбырды көбейтіп, көзінің қарашығын
да әлденеше құбылтып, маған қатігездене қарады. Оны «Топар»

кеңшары парторгының қаламынан туған әдеби шығарманың көр-
кемдік деңгейінен гөрі менің өз басымның сол авторға деген пейі-
лімнің «оң» мен «теріс» аралығының қай пұшпағында, қайсысына
жақынырақ, қайсысынан қашығырақ екені көбірек қызықтыраты-

ны тайға таңба басқандай айқын еді. Осындағы орынбасар Құлым
Сақанов, тағы басқалардан гөрі адалдығы басым адамның осы
қалпы жаныма біршама ауыр тигендей де. Мен ештемені аңғар-
мағансып, өз сөзім үшін өзім жауап бере аларымды сездіре нақ-

нақ сөйледім:

– Мәке, әдебиет, оған қойылатын биік талап тұрғысынан ал-

сақ Ораловтың мына дастанында ақсап жатқан жайлар көп-ақ.
Алыстағы шаруашылықта басы қатып жүрген пендеден бұдан зор-
ғыны күту де қиын-ау. Сірә, автор бұл дүниесін Алматыдағы үлкен
әдеби басылымдарға жіберіп, сондағы сақа жазушылардың тал-

қысына салып, бақ сынағаны абзал. Біздің газет әдеби басылым
емес, сонда да өз ауданымыздағы атақты адам хақында болғасын
мұның кейбір іске татыр бөліктерінен газеттің бір бетіне ме, жоқ,
жарты бетіне ме, лайықтап, үзінді алып беруге болады! – дедім.

Өзгесі өзге, Мәлік Қуатов менен тап осындай жауап күтпеген
екен, төбесінен әлдекім қойып қалғандай тағы да тез құбылып,
енді маңдайымен жер сүзердей басын төмен салып, өзінің орны-
на таласып жүрген адамның мына дүниесі өзін алып жер обырға

айналып кетпес пе екен деген күдікпен арпалысуға тура келгенін
сезгендей едәуір тұқырды. Ең соңында қайратқа басып, қалпына
келді де:

– Жарайды, сен әдебиетті танисың ғой, пікірің айшықты, тек

әлі де ақылдасайық, басқалар да оқысын! – деді де қолжазбаны
үстелінің астындағы суырмаларының біріне сүңгітті.

Осыдан тағы бірер апта өткенде әлгі мен пәтерде тұратын кемпірдің үйіне кешкілік көршісі, дүкенші әйел Қалыш тағы кіріп келді. Оның «Ақкөлдегі» мектеп директоры Жапақовтың зайыбы екенін білгеннен кейінгі алғашқы көруім еді. Бұл жолы біршама сыналай қараған жайым бар. Сөйтсем, ол үшін пәлендей көз майымды тауысудың қажеті жоқ екен, өзі-ақ іші-сыртын тегіс жалаңаштай ақтарыла жөнелді: – Әй, апажан-ау, бұл адамға өліп жатса қарамау керек екен ғой, қарадың ба өзің пәлеге қалады екенсің, мен сөйтіп кеп тұрмын, әй, корреспондент қайным, сен де тыңда, сенің де бір түкпіріңде жүрсін бұл жай! Кеше ғана, корреспондент қайным, сенің бастығың Мәлік Қуатов дүкенге келіп, менен бір жартылық арақты қарызға сұрады. Мен «бермеймін» дедім. Ол өлердегі сөзін айтты. Өзі аздап қызыңқырап алған. Бұрын да осылай келіп, бір бөтелкені қарызға сұрап әкетіп, көпке дейін қарызын қайтармай қойған. Кеше де сөйтіп қиылып тұрып алды. Мен де қасарыстым. Ақыры, Мәкең «әй, келін, мына партбилетімді кепілге беріп кетейін, әпкел бір жартылықты. Ертеңнен қалдырмай қарызымды қайтарамын» деп партбилетін төсқалтасынан суырып алмасы бар ма? Мен оның ондай түрінен шошып кетіп, бір жартылықты алдына қалай қоя салғанымды өзім білмей қалдым. Ал бүгін ше, оның балабақшада жетекші болып істейтін адуын қатыны келіп, байының кешегі алған ақшасын төлеп, әрі өзімді жерден алып жерге салды. «Сен неге оған қарызға арақ бересің?» деп бастап, айтпаған сөзі қалмай, тіпті төбе шашымды жұларға жақындады. Мен сорлы шыдап бақтым. Енді қайтейін, дүкенде бөгде кісілер де бар еді, әрі Мәлік Қуатов өзімнің «Ақкөлдегі» байымның әріптесі ғой, соны ойладым ба, әйтеуір, тілімді тарттым. Ал мен кеше Мәкеңнің өзі ұсынған партбилетін қағып алып, райкомға апарып берсем не болар еді? Мәкеңнің аяғы аспаннан келер еді! Соны анау тіліне шоқ түскір жертемір қатыны неге ойламайды? Неге менімен оңашалап сөйлеспейді? – деп бастап, Қалыш ой біраз сөзді сапырды-ау. Үй иесі кемпір оны әрең тыныштандырды. Ал мен өз басымды өзім екі алақаныммен қысқылап, ауыр ойларға шомдым. Ертеңіне жұмысқа келгенде редактордың қабарып іскен бет әлпетіне, тым құлазыған көңіл күйіне қарап, дүкенші әйел Қалыштың айтқаны риясыз шындық екенін түйсіндім. Тек бұл жайды тісімнің арасынан шығармадым. Менің аузымнан бұл хақында бір ызың ұшты ма, әлгі бір шоғыр «пертенденттердің» бірінің құлағына сол заматта-ақ сап етіп, ол есебін тауып, аудандағы бірінші бастыққа, тіпті одан да зорғыға табанда жеткізер еді. Бұл ретте әлгі «Ақкөлдегі» алтыншы претендент» қана қалыс қалуы мүмкін. Себебі бұл жай оның өз зайыбының аузынан тараған ақпарат

қой, сосын да әлдекім оны жалақорлық ауылына итеріп тастауы
ықтимал.
Ал Құлым Сақанов сияқтылар мұндай ақпарларды аш қасқыр-
дай бағып отыр емес пе? Ол кездегі тәртіп, талап жағдайында

партияға мүшелік билетті бір шиша арақ үшін кепілге беру аты да,
заты да жаман қылық. Онысы үшін, Мәкеңнің, Мәлік Қуатовтың
бір-ақ күнде жалаңаяқ, жалаңбас көшеде қаңғып қалуы оп-оңай.
* * *

Осылай өмір өтіп жатты. Күз түсті. Редакциядағы ұсақ-түйек
кикілжіңдер қайталана берді. Құлым Сақанов маған алакөзденіп
қараудан танбады. Елеу Шытыров та ішкілікті жиілетті. Жұмысқа
қып-қызыл мас күйінде келгені де бар. Пәлендей ай-шай дейтін

ешкім жоқ, бастықтардың бәрі өзімен-өзі. Елеу Шытыров әлгі
бухгалтер әйелмен тағы шарпысты. Оған Елекеңнің баспаха-
нада істейтін әйелі Шекер келіп килікті. Бір жағынан біз, екінші
жағынан әлгі беті күйелеш-күйелеш, ергежейлі баспахана бри-

гадирі жүгіріп жетіп қой-қойлады. Мұның сыртында осындағы
әйелдердің өз арасында да талас-тартыс, қаңқу сөздер көбей-
ді. Оларға не жетпейтінін түсініп жарытқан емеспін. Олардың,
әсіресе, редактор жоқта жалы күдірейіп, тілдері ұзарып кетеді.

Ал Құлым Сақанов олар шайнасып жатқанда жұмысының көп-
тігін сылтау етіп, ала қағаздан бас алмай бірдемені түртінектей
береді. Сірә, осындай шарпысулар оның құлағына жағатын да
тәрізді. Немесе, содан бір олжа таппақ сыңайына кең өріс ашы-

латындай. Редакция ұжымындағы осындай шаң-шұңдар басқа-
ларға да естіліп, оның бірінші басшысы, газет редакторы Мәлік
Қуатовтың бедел-абыройын кертіп жей беретіні пешенеден бел-
гілі ғой. Міне, Құлым Сақановқа керегі де осы. Сосын да редак-

циядағы тәртіп жағдайын реттеуге ол бастықтың орынбасары
ретінде бір түйір үлес қоспайтын.
Мен жұмыстан соң Іле дариясының жағалауына кетіп, сонда
ұзақ қыдырыстап, адамдар арасындағы алауыздық төңірегінде

ұзақ-ұзақ ойларға шоматынмын. Ол жылдарда осы Балқаш ау-
данына топ-тобымен «арамтамақтар» жіберілетін. Яғни, олар
еңбектен бой тасалап, ұрлық-қарлықпен күн көргісі келетіндердің
бір бөлігі осылай қарай жер аударылатын. Олардың көбісі кең-

шарларға, құрылыс мекемелеріне таратылып, бір бөлігі осы ау-
дан орталығында қалатын. Бір ғажабы, осы аудан жұртшылығы
мынадай үлкен судың жағасында тұрып, балық аулау, балық етін
жеу дегенді білмейтін. Міне, осындағы «арамтамақтардың» көбісі

алба-жұлба болып, қайыққа тиеліп, осы маңда балық аулаумен
шұғылданатын.
Рас, Іленің сонау төменгі сағасында, Балқаш көліне құяр тұс-
та осы ауданға қарасты екі-үш арнайы балық ұжымшарлары бар-

тұғын. Тек олардың көлден сүзген ақ сазан, ала бұғасы арнайы
машиналарға тиеліп, бірден Алматыға жөнелтілетін. Ал Бақанас
үшін титімдей де сыбаға бұйырмайтын. Міне, осындағы «арамта-
мақтар» сол олқылықты толтыру үшін пайдаланылатын.

Бір жаманы олардың түр-ұсқындары мені жаман жирендіре-
тін, қайда ұшырасса да көзімді ала қашатынмын. Ал былайша,
Іленің бергі жағалауы қанша жалаңаш көрінсе де ондағы таби-
ғат көркі маған ұнайтын, сосын да ондағы қыдырысым кешкілік

екі-үш сағатқа созылып кететін. Оһ, сонда менің басыма нелер
келіп, нелер кетпейді десеңші. Өзімді іштей әдеби қызметке әзір-
леп жүрген шағым ғой, содан туындайтын қиялдар да қай қияңға
шығандап барып, ат басын іркерін мөлшерлей алмаймын.

Осы күзде мен тағы екі-үш кеңшарда сапарда болдым. Талай
мақала жаздым. Шаруашылықтары шағын, керісінше жер көлемі
құс қанаты таларлықтай кең осы аудан хақында түсінігім күрт зо-
райды. Әлгі «Ақкөл» кеңшарында естіген 1930 жылғы «Ақкөл кө-

терілісі» хақында қосымша ақпараттар өз-өзінен көкірегіме құйы-
лып жатты. Сөйтсем, оның шарпуы бүгінгі бір шаруашылық орын
тепкен аядай мекенде ғана емес, өзге де қиырларға жетіпті. Оның
сыртында осы Іле жағалауында тарихи-археологиялық мәні бар

Көктал, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген, Бархан атты ескі
қалашықтар орны бар екен. Ал оларды зерттеген орыс және бас-
қа да шетелдік ғұламалардың аты-жөнін тізсең тым ұзаққа шаба-
сың. Сонау он үшінші ғасырда өмір сүрген В.Рубрук, П.Карпини

сындылар бастаған жиһанкездер легі бүгінгі Кеңес дәуіріндегі
орыс-қазағы аралас оқымыстылармен әрең тұйықталады.
Міне, осындай ұзын-ырғасына көз жеткізгісіз деректер менің
басымды тағы да онда-мұнда жұлқа тартты. Кейде осындай тари-

хы мол өңірдің кіндігі іспеттес аудан орталығында неге соншама
ұсақ, деңгейі төмен жандар құмырсқаша құжынап жүр деген сауал
басымды айналдырып, ұзақ-ұзақ сарыуайымға ұласатын.
Күз өтіп, қыс түсті. Бұл қыстың алғашқы қарқыны тым қатты

еді. Осы Бақанастың өзінде бет қаратпас аязды жел үлкен-кішіні
тегіс темірдей саусақтарымен бүріп әкеткендей еді. Ал төменгі
шаруашылықтар үшін тіпті алапат. Сол қыстың алғашқы айында-
ақ аупарткомға мал шығыны жөнінде аса жайсыз хабарлар түсіп

жатты. Осы аралықта болған бір оқиға әлі күнге есімнен кетер
емес.
Бірде осындай қатал қыстың абыр-сабыры күрт басталған

шақта редактор мені Іленің арғы бетіндегі «Желтораңғы» кеңша-
рына жұмсады:

– Сонда жем-шөп аз дайындалған ба, содан үнемшілдік жа-

саймыз деп, осы қыстың басында-ақ ұсақ малдан аз-кем шығын
беріпті. Аудан басшылары да жаман түтігіп жатқан көрінеді. Сен
барып жағдайды көзіңмен көріп, сүбелі мақала жазып қайт!
Ол кезде Іленің арғы жағалауына өту де өзінше бір жыр. Көпір

жоқ, осы Бақанастан сонау Балқаш көліне дейін ирелеңдеген
Іленің бір тұсында ғана паром жұмыс істейтін. Асфальт төсеу
ісі бұл қиырда әлі қолға алынбаған. Ұңғыл-шұңғылы көп шаңдақ
жолмен ол паромға жете қою бас-аяғы үш жүз шақырымға созыл-

ған аудан тұрғындарының бәріне бірдей қолайлы емес. Ал қыста
жағдай басқаша, мынадай қауырт аязда Іленің қатуы да тез. Кез
келген тұста мұз үстімен арғы бетке топ етесің. Жаз айларында
арманға айналған арғы жағалау қыста жаяу жүргіншілердің өздері

үшін 15-20 минуттың ғана хикметіне айналған. Сосын да олай қа-
рай ат ізін салушылар көбейген.
«Желтораңғы» Іленің арғы бетінде жатқаны өз алдына, әрі
аудан орталығынан тым қашықтағы кеңшар есебінде ғой. Оған

бару үшін ұшаққа билет алуым керек еді, сөйтсем аудандық ауыл
шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, өзіме бұрыннан
таныс Кендебай деген жігіт сол шаруашылыққа «Газикпен» кетіп
барады екен. Қысқасы, сол машинаға мінгесіп, мен де аттанып

кеттім. Бұл сапар да барлық алмағайып қызық-шыжығымен жа-
дымда жақсы сақталып еді. Сол жолы бұл өлкенің қысқы табиға-
тын, қалың қар астында маужыраған орман-тоғайын, адам түгілі
машинаның өзін ұшырып әкетердей жұлқынған боранын мейірім

қанғанша тамашаладым.
Біз «Желтораңғыға» арада бір қонып жеттік. Себебі, Кендебай
жолай басқа екі кеңшар, үш-төрт ферма орталықтарына бас сұ-
ғып, анау-мынау ұсақ-түйек шаруаларын бітіріп шықты. Оның мы-

надай қыстың көзі қырауда шалғайдағы кеңшарға ұшақпен емес,
машинаға мініп жөнелуінің себебі де сонда жатыр екен. Мен мұн-
дай бұралаң бұрылыстарға қуанбасам ренжігем жоқ, қалайда
дүниені көбірек көрсем, танысам деген шағым ғой. Сол сапарда

көзіме түскен кейбір табиғат құбылыстарының кейпін кейінгі жыл-
дарда жазған көркем шығармаларымда сәл айшықтап пайдалан-
ғанымды да жасырмаймын.
Ақыры, біз «Желтораңғыға» жеттік. Мұндағы қиындықтың мәні-

сі мынау еді. Жалпы бұл өзі аудандағы алдыңғы қатарлы шаруа-
шылық атанғанмен осы жолы тосын пәлеге ұшырапты. Қыстың
басқы күндерінде қалың қар үсті-үстіне төпелеп жауыпты да, со-
сын күн сәл жылынып, жел де, қар да басылып, біраз күн аспан

ашық тұрыпты. Сөйтіп, малшы ауылдардың аз-кем арқа-басы
кеңейген шақта қайдан екені белгісіз құдай бірнеше түйдек қара
бұлтты қайта айдап әкеліп, енді қар емес, кәдімгі жаңбыр төбе-
лерінен себелеп кеп беріпті. Ол жаңбырдан соң бұл жақтың кәрі

жолбарыстай үйреншікті аяусыз аязы әлдекім құйрығын басқан-
дай жұлқына оянып, бар салмағымен қайта бассалыпты.
Бұл аяз, әрине, өз дегенін жасайды ғой. Енді әлгі ылғал, жаң-
быр суы тиген қардың беткі қабаты бір-екі елідей мұз кесектеніп

қатыпты да қалыпты. Бұл, әрине, табиғаттың сирек құбылысы.
Малшы қауымы қардың сол мұз кесектенген беткі қыртысына
«мұздақ» деп өздерінше атау беріп те үлгеріпті. Ең жаманы осын-
дай мұздақтың үстімен қысқы жайылымға қарай қойды айдаған-

да олардың аяқтары сол мұздаққа кірш-кірш етіп кіреді екен де
сирақтарының терісі сыдырылып, қызыл еті жалаңаштанып қала-
ды екен. Мен бұл жайды малшы ауылдарын аралап, өз көзіммен
көрдім.

Әлі есімде, сол «Желтораңғы» кеңшарының бас зоотехнигі,
ферма меңгерушісі, ферма зоотехнигі және бір кексе шопанның
өзі – төртеуін ақ қар, көк мұздың үстінде аяқтарына бір-бір қызыл
жамау жапсырғандай үйірілген үлкен отар қойдың шетінде тұрып,

Кендебай сұраққа алғанда бәрінің мойындарына су құйылғандай
еді. Ол жылдарда Қазақстанда негізінде биязы жүнді қой өсіріле-
тін. Тек мына табиғаты аса қатаң Іле-Балқаш өңірінде ғана суыққа
төзімді, қылшық жүнді, құйрықты, етті, Еділбай аталатын қазақы

қой тұқымын өсіруге рұқсат етілген. Бұлардың әрі биязы жүнді-
лерге қарағанда дене тұрқы да едәуір ірілеу, әрі бастары да үл-
кен болып көрінетін. Ауданнан келген бас зоотехник шаруашылық
басшыларына:

– Мынау не сұмдық? Қайдан келген зобалаң? Не қарап жүрсің-

дер?! – деп зіркілдегенде сол қылшық жүнді қойлар үлкен баста-
рын, тұмсықтарын көтеріп, олар да сол Кендебайдың сұраулары-
на жауап күткендей еді. Ұжымшар бас зоотехнигі негізгі салмақ-
тың өз иығына артылғанын сезіп:

– Не қам-қарекет керек еді бізден? Малды өріске айдағанда

бір елідей қалыңдығы бар мұздақ сирақтарының тобық тұсын
қиып-қиып кетті. Енді бір отарда 500-600 қой бар, әрқайсысының
төрт аяғына бір-бір етік, не шәркей кигізе алмаймыз. Қайтпекпіз?
Табиғаттың ісі! – деп аудандық өкілдің өзіне қыр көрсете жауап

қайырды. Кендебай одан әрмен тұлан тұтты:

– «Үйшінің үскісіндей өткір тілің бар» деуші еді баяғының бір

заржағы. Сенің ондай өткір тілің маған қарсы айбат шегуге жарар!
Ал мына ашатұяқтылардың халі одан оңалмайды. Сен нені ыңыл-
датсаң да осылардың қамы тұрғысынан аңдат!

– Ау, Кенеке, мен тіл-жағымды біржола буып тастайын! Өзің ақыл айтшы! Біз не қателік жібердік? Соны көзімді шұқып көрсетші! – Неге мынадай жағдайда малды өріске шығарасың? – Енді осы бастан малды қорада ұстасаң қысқа дайындаған жем-шөбімізден не қалады? Кейде қыстың арты созылып кететіні де бар! – Соны ойлап, жем-шөпті молырақ әзірлеуге мойындарың жар бермеді ме? – Е, ол айтуға оңай! Оның бәрі менің қолымда емес! Осы тұста кеңшардың бас зоотехнигіне өзінің бойымен бірдей ұзын таяқ ұстаған, қаракөл жағалы ұзын ішігі бар кексе шопан көмекке келді. – Айналайын, жарығым, өкіл бала, менің мына таяқты жолдас еткеніме отыз жылдың жүзі болыпты! Сол отыз жылда мынадай сұмдықты көрсем көзім шықсын! Жұттың, созылмалы қыстың талайын өткердік қой мына қу бастан! Бірақ мынадай қардың беті әйнек сияқтанып қатып қалғанын бұрын көрмеппін! Малды қысқы қара отқа қарай айдағанда бәрінің жаппай қызыл тірсектеніп қаларын мен де білмедім! Ал мен білмегенді мына бала қайдан білсін?! Шопанның осы сөздері Кендебайға бұғалық тастағандай еді. Кешкілік кеңшар кеңсесінде шаруашылық басшыларымен жиын өткізілді, бәрібір кеңшар басшылары мен малшылары кінәлі деп танылды. Бұған әрі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Кендебайдың осы сапары үстінде байқалған кейбір қосалқы кемшіліктер де септесіп еді. Мұның бәрі менің, Мәкең, Мәлік Қуатов тапсырғандай бас-аяғы өткір сынға құрылған сүбелі, әрі көлемді мақала жазуыма мұрындық болды. Ол мақаланы Кәріқызға үш дана етіп бастырдым да бір данасын әдеттегідей жауапты хатшыға тапсырып, бір данасын ешкімге сездірмей Алматыдағы облыстық «Жетісу» газетіне жөнелттім. Үшінші дана өзімде сақталды.Ішінде көтерілген мәселесі көп, бір емес, бірнеше лауазымдының қытығына тиер тұстары болғасын, әрі мұның соңынан әлдебір қиқу естілетінге ұқсағасын да сақтық жасаған түрім еді. Бекер обалы кәне, Мәлік Қуатов мақалама қалам ұшын тигізбестен, тек шекесіне өзінің қолын қойып, «мынау кезексіз жіберілсін» деген ауызша нұсқауын қоса қосақтап беріпті. Екі күннен соң ол газеттің тұтас бір бетін алып жарқ етті. Басшылар да, басқалар да үнсіз. Әдетте, тап осы күндері апталық «летучка» өткізілуге тиіс еді, ол да жоқ, бәрі жым-жырт. Құлым Сақанов әкесін бүгін жерлеп келгендей түнеріп, отырған орнында біржола шегеленді. Біздің кабинеттегі менен өзге төртеу де, жақсылық па, жамандық па екені

белгісіз әлдененің исін сезгендей тіл мен жақтарын қарыстырып
бақты. Менің мақаламды мұрындарымен жер тесердей шұқшиып
оқығанмен ләм-мим деуге жоқ. Тек бір байқағаным Мәкеңнің ау-
партком мен редакцияның екі ортасында ары-бері жүрісі көбейді.

Осы жарияланымнан үш күн өткесін ғана, онда да келесі нөмір-
дің қамына орай редактор бәрімізді кабинетіне шақыртты. Сөзінің
кіріспесін маған арнады:

– Осы сен, Ерік Тінәлиев жолдас, өткір сынға тым әуес екен-

сің! «Желтораңғы» аудандағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтар-
дың бірі, әрі оның директоры да, парторгы да сыйлы адамдар. Біз
бәріміз пендеміз, анау-мынау пендешілік те болмай тұрмайды.
Аздап аупарткомның да қабағына қарау керек. Егер қыстауларда-

ғы малшы үйлері жақсы жөнделмесе оған тек кеңшар басшыла-
ры ғана кінәлі емес. Сонау жоғарыдан кірпіш, тақтай, әйнек, шеге
сияқты құрылыс материалдары уақтылы, әрі жеткілікті мөлшерде
жеткізілмейді. Ол да қолбайлау. Бұл сықпытты сынның бір ұшы

аудан басшыларына да тиіп жатады. «Сендер не «жер астынан
жік шықты, екі құлағы тік шықтының» керін келтіресіңдер» десе қа-
лай ақталамыз? Ал ана «мұздақ» атаулың «стихиялық апат» қой.
Ол үшін кімді жазғырамыз? Сын керек, бірақ бәрін шаруашылық

басшыларының басына үйіп-төге беру қиянат. Ақ-қарасын ашқан-
да «объективті» болу шарт!
Редактор сөзін тауысып та үлгермеді, оның орынбасары Құлым
Сақанов шарт ете қалды. Орнынан атып тұрып, Мәкеңнің үстелі-

нің шетін дәу жұдырығымен қойып қалды:

– Мәке, біз бұл Ерік Тінәлиевті өтірік мақтап, тым құтыртып жі-

бердік. Тым басқа шауып, төске өрлеп барады. Мына соңғы жаз-
ған «Мұздақ қана кінәлі ме?»деген мақаласы наласынан жаласы
көп, шикі, шатпақ бірдеме. Бұл Тінәлиев партия саясатынан хаба-
ры жоқ жігіт. Партиялық баспасөз орнында қызмет етуге табиғаты

келмейтін жан! Мәке, жаңа сіз баяндаған жайдың бірін де ол ұққан
жоқ. Ондайдың көбісі бұған айтылған да! Бірақ оны ұқсам, байы-
бына барсам деген онда ынта-ықылас та жоқ. Жазушы боламын
дейтін шығар, болса сонысына барсын! Партиялық саясат, пар-

тиялық баспасөз мұның қолы емес! Көр де тұрыңыз, мына соңғы
мақаласы, Мәке, ең алдымен сіздің мойныңызға қара шұбар жы-
лан боп оралады!
Осылай бастады да өзін-өзі ұстай алмай ой қара борандатты-

ау! Мына қарқынынан Мәкеңнің өзі шошыды, білем, көзінің ағын
молайтып,өз орынбасарына қарап тасмүсіндей қатты. Бастық үс-
телінің шетін жұдырығымен ұруы да әдепсіздік қой, ал Құлекең
мына сөздерімен тіптен шектен шығып бара жатты. Көптен қыс-

тығырылып терісіне симай жүргені, енді ғана шарт жарылып, іште

шынжырланған ала шұбар төбетін бос қоя бергені мен түгілі өзінің
құпия жақтастары – жауапты хатшы, Атымтай, Қабылтай сияқты-
ларға да айқын еді. Ал Мәлік Қуатов екі оттың ортасында қалған
сыңай байқатты. Маңдайын алақанына сүйеп, өз орынбасарының

ендігі шаж-бұжын солай төмен тұқырған күйі тыңдады.
Ал Құлым Сақанов ат басын іркер емес. Біреу тежеу салмаса
сол тікесінен тік қалшылдаған күйі бір жағына жалп етіп құлардай
түбірі босап, солықтап бара жатқанға да ұқсады. Үш құпия жақта-

сы да соны сезгендей көздерін Құлекеңе қарай бақырайта ашып,
не қимылға да әзір екендіктерін білдіргендей.
Бір шамада Құлекеңе басқа екі «көмекші» табылды. Бірі – өз тү-
кірігіне өзі шашалуы, екіншісі, тамағы қырылдап, әлдебір жіңішке

тамырлары үзіліп кеткенге ұқсап, даусының бұзылуы еді. Сосын ба-
рып қана аузын күшпен тыйып, жаңа ғана өзі отырған орындықтың
арқалығын дірілдеген қолымен іздеп тауып, өзгеріп кеткен бет-әл-
петін қайда қоярды білмей қипақтағандай әрең-әрең құйрық басты.

Құлекеңнің бұл кейпіне Елеу Шытыров қана мәз-мәйрам еді.
Көзінің айналасындағы қызылын тіпті молайтып, «мына сығыр
жеріне жетпей демі таусылды-ау» дегендей ашық ақ маңдайын-
да бір өкініш табы тұрды. Бұл ысқаяқ Елекеңе керегі редактор

орынбасарының мені одан әрмен жерлей түсуі емес, сол тұрған
орнында жалп етіп құласа қызықтың көкесін көрер едік-ау деп,
сондай бірдемеге иегі қышығандық, әрине. Ал басқалары, керісін-
ше, Құлекеңнен бұрын өздері көріп-білмеген одағай мінез тауып,

соны іштерінде қорыта алмаған кейіппен қатып-сенді.
Шынына көшсем Құлекеңнің мұнысынан менің де ішімде ала
күшігім оянды. Дереу қолымды көтеріп, сөз сұрадым. Редактор
маған қарсы өзі де қолын көтеріп, «жә болды, қажеті жоқ еште-

ңенің» деген белгі берді. Сосын бірден газеттің кезекті нөмірінің
қамына кірісіп кетті. Орынбасардың осыншама сілкінісін еш жа-
пуапсыз қалдырды.
Осыдан тағы екі күн өтті. Ешкім ештеме демейді. «Аузымыздан

бір леп шықса пәлеге ұшырармыз» деген үрей билегендей. Екі
бастықтың арасында жік шығып, оған мені себепкер санағандай.
Менің болжамым бойынша солай. Ал үшінші күні?.. Ия, үшінші күні
ортамызда бомба жарылғандай еді. Әлгі менің атышулы мақалам

Алматыдағы облыстық «Жетісу» газетіне жарияланбасы бар ма?
Олар да қалам ұшын тигізбей газеттің негізгі экономикалық мә-
селелерге арналатын үшінші бетіне жақсы айдармен, тақырыбын
үлкен әріптермен теріп, дұрыс әдіптеп, айқайлатып-ақ беріп жі-

беріпті. Сірә, мына қыстың көзі қырауда мал қыстатуға арналған
сыни материалдарды өздері де қажетсініп отырған ба, менің дү-
ниемді қолдарына тиген бойда нөмірге салып жіберсе керек.

Ол жылдарда облыстық партия комитетінің органы – «Жетісу»
газетінің бұл қиырдағы жұртшылық үшін беделінде шек жоқ еді.
Құлым Сақановтың басына қара тоқпақ тиіп қақ айырғандай. Өзі
үш күн жоғалып кетті. Қайда жүрді, осыншама уақыт жұмысқа кел-

мегені үшін редактордың алдында қалай есеп берді, ол жағы бізге
жұмбақ күйінде қалды.Тек бір анығы – маған қарарға беті жоқ. Ал
Мәкең, Мәлік Қуатов әдеттегідей біздің кабинетке кіргенде орта-
мызда шошайып үнсіз қақаяды да, маған қадала қарайды. Тек

бұл қарасы бұрынғысынан сәл өзгеше. «Жауын жайратқан батыр,
халің қалай?» деп масайрағанға да ұқсайды. Сірә, редактор мен
оның орынбасарының арасында бір түсініспеушілік бары да шын-
дыққа жақын.

* * *
Осылай тағы да өмір өте берді. Жаңа жыл туып, оның соңы-
нан көктем айларының да өңмеңдей жақындағаны күнпарақ бет-
терінен белгі беріп тұрды. Бірақ ысқырық желді аяздың мұрты

сынбады. Қыстың арты созылмалы болуы шынында баршаның
да зықысын шығара бастады. Тіпті наурыз айының орта шенінде
де айықпай соққан қарлы боран аудан орталығы  – Бақанастың
өзіндегі жаяу жүргіншілерді қаңбақша көтеріп, ұшырып әкетерге

ұқсаған сәттер көбейді. Ал Іле бойындағы, әсіресе, оның сонау
Балқаш көліне таяу кеңістіктеріндегі шаруашылықтар үшін бұл,
әрине, нағыз мехнаттың өзі. Мал шығыны хақындағы ақпараттар
жер-жерден көптеп түсіп жатты. Тек бір «пайдалысы» егер жур-

налистер мал қыстатудағы кемшіліктер хақында сыни мақлалар
жарияласа «сен неге сөйтесің?» деп ешкім де жазғыра алмайтын
жағдайға жетті.
Ал Құлым Сақановтың маған деген көзқарасы сәл-пәл жұмсар-

ғанға да ұқсады. Арамызда анау-мынау көңілді әңгімелер де орын
алды. Бірде редактор жоғарыдан келген аса «мәртебелі» өкілдер-
мен бірге аудан орталығына таяу шаруашылықтардың біріндегі
алқалы жиынға қатысу үшін үш күндік іссапарға аттанды. Онымен

бірге мәдениет-тұрмыс бөлімінің меңгерушісі Рақыш Сәдібеков те
кетті. Сол екі ортада Құлым Сақанов мені өзіне шақыртты:

– Сен, Ерік, осы Бақанаста үлкен балалар бақшасы бар ғой,

сол жөнінде бір сүбелі мақала жазсаң қайтеді? Бұл сенің бөлі-
міңе қатысты емес, бірақ мына Рақыш та онда-мұнда шыққанда
ауылшаруашылығы тақырыбына орай бірдемелер әкеп жүр ғой.
Әне, Мәкеңнің өзімен бірге кетті, одан да құр қол қайтпас. Сен де

мәдениет, тұрмыс мәселесі жаққа бір ат ізін салсаңшы. Әрі осы

балабақша төңірегінде алып-қашпа өсек көп, соған тереңдеп, бір бойлап көрші! Мен екі сөзге келместен бірден сол балабақшаға тарттым. Тек бір кілтипаны ол балабақшаның меңгерушісі өзіміздің бастық – Мәкеңнің, Мәлік Қуатовтың зайыбы екенін тарс есімнен шығарыппын. Бірақ ол кісі мені жылы жүзбен қарсы алды. Былтыр жазда Мәкең еңбек демалысына шыққанда өзіміз қолынан дәм татқан сүйектілеу, жалпақ бетті, қағылез де кекселеу әйел «мен бастығыңның қатынымын, байқа, бала, от басып алма» дегендей кекірейген дәнемесі жоқ, өздеріндегі жай-күйді бірсыдырғы етіп баяндап, әрі оның іші-сыртын тегіс аралатып көрсетті. Әрі кешкілік мұнда қайта соғып, балаларын алуға келген ата-аналармен де жүздестім. Қысқасы бір мақалаға жарарлық деректер қойын кітапшама түсті. Жетістік, кемшілік сияқтылары аралас. Тек бұл мақаланы жазуға кірісіп те үлгермедім, Мәкең іссапардан оралып, ол да мені дереу өзіне шақыртты: – Сен неге балабақшаға барып жүрсің? – Мына Құлекеңнің тапсырмасы! – дедім бөгелместен. – Менің әйелім сонда меңгеруші болғасын жіберіп жүр ғой! – Оны жазуға қолым қышып бара жатқан жоқ. Егер керегі жоқ десеңіздер қоя қояйын. – Керегі жоқ! – деп, Мәкең кесіп айтты. Осы әңгімеден соң әлгі Құлым Сақанов тағы екі үш күн менен жүзін жасырып жүрді. Кейін білдім, Құлекең бұл шараны «өткір сынға әуес» маған редакторды қарсы қою үшін ойлап тапқан екен. «Ой, құдайым-ай, кешіре гөр, біз сияқты сырты жылтыр, іші қуыс пенделерді» деймін ішімнен. Әдетте, әдебиет әлемінде «көркем шығармада жағымсыз кейіпкерді сыпаттағанда үнемі қара бояуды баттастырып жағу оқырманды сендірмейді, себебі сол теріс мінезді жанның өзінде де жылт еткен сәулелі тұстар табылады» деген қағида бар. Алайда, біз суреттеген Құлым Сақановта сондай жарқын нышандар бар ма? Әрине, бар... Ең алдымен бұған дейін оқырманды хабардар еткеніміздей оның бітімінің дұрыстығы, таза киінетіні, күлтеленген жібектей майда, әрі құлаққа жағымды даусы, кім-кіммен де өте ибалы сөйлесетіні, кішік мінезділігі, арақ ішпейтіні, жұмысқа уақтылы келіп, уақтылы кететіні, журналистік қабілеті кемшін бола тұра не жазса да бас-аяғын дұрыс тиянақтауға тырысатыны, сол заманғы саяси ахуалға құлағының түріктігі, зиялылығы, қазақ ішінде жиі қолданыстағы терминді пайдалансақ, оның өте «респектабельный» азамат екені көзге түспей тұрмайды. Көңілшек басым оның осындай порыммен маған қарсы тас ататыны, аяқтан шалатыны, жазғандарымды орынсыз шимайлайтыны сияқтыларын еске алғанда қимасымды жау қолына

тапсырғандай алай-түлей жайсыз сезімдердің қыспағында қалатынмын. Ия, бұл хас шындық! Ал біз жоғарыда тізген қылықтары – ол да хас шындық. Алайда, Құлекеңнің мені аудан орталығындағы, Мәкеңнің зайыбы басқаратын балабақшаға жұмсауы оның маған қарсы соңғы тұяқ серпісіне ұқсап еді. * * * Сол көктем айлары мен үшін қарбаласқа толы болды. Себебі, сол жылғы маусым айында Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің сырттайғы бөлімінде оқитын мен Алматыға жаздық сессияға барып, соңғы курсты тәмамдап, әрі мемлекеттік естихан тапсыруым керек еді. Сосын да кешкілік көп үйден шықпайтынмын, алдыма қалың-қалың оқулықтарды жайып тастап, онсыз да газет жұмысынан шаршап жүрген басым одан әрмен көз майымды тауысып, сол емтиханға дайындалатынмын. Сәуір айының басында біздегі баспаханаға бір Нұрша атты жас қыз жұмысқа тұрды. Алғашында мән бермегем, бір шаңырақтың астында болғасын кірген-шыққанда амалсыз көзің түседі ғой, бақсам орта бойлы, беті томпақтау, қара торылау өңді, көз жанарында, ұзын кірпіктерінде бір сүйкімділік тұнған, жүріс-тұрысы да дұрыс, ибалылау қыз екен. Жасым жиырма төртте, әрі осы қиырда кексе жігіт саналатын менің алғашқы күндерде-ақ сол Нұршаның көкірегіме бір жылылық ұялатқаны да ақиқат. Сол-ақ екен әлгі корректор, бухгалтер, машинистка Кәріқыз – үшеуіне бір қосымша ермек табылды. Олар мені аңдуды күшейтті. Әсіресе, әлдебір шаруамен баспаханаға кіріп-шықсам, немесе, сыртқы табалдырықтан ары-бері аттағанда сол Нұршаны ұшыратсам қай-қайсысы да дереу менің қас-қабағымды жәдігөйлене бақылауды дағдыға айналдырды. «Бойдақ неменің мына сайтандай қызға көңілі ауған жоқ па?» дегендей бет-ауыздары қисайып, көздері жансар жылтырап, тапжылмай қадалатынын қайтерсің? Кәріқыздікі түсінікті, ал қалған екеудікіне не жорық, түсінсем бұйырмасын! Мына бір болмашы оқиға, арада елу жылдай уақыт өткенмен кеше ғана болғандай-ақ қаз-қалпында көкейімде тұрғанына оқырманды сендіре алар ма екенмін? Бірде жұмыста отырғанымда аупартком үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, біздегі беті қара күйелеш корректор әйелдің күйеуі, әлгі менен елу сом сұрайтын шикіл сары телефон соқты: – Әй, Ерік Тінәлиев жолдас, бастықтарың қайда жоғалған? Ешқайсысы тұтқа көтермейді ғой!

– Мәкең тұмауратып қалыпты! Құлекең іссапарда! Ал жауапты

хатшы орнында ғой, жай бірер минутке тысқа шыққан шығар! –
деп жауап қайырдым.

– Ендеше, Ерік, саған партийный тапсырма! Сендерде баспа-

ханада бір жас қыз істейді екен ғой. Соны бізге жіберші. Бірінші
мамыр мерекесіне дайындыққа орай шаруалар бар еді, келіп,
біздегі әйелдерге бірер сағат болыссыншы! Бастықтарыңа өзім
айтармын!

Баспаханада сол кезде газеттің кезекті нөмірі басылып жатқан.
Ол жылдарда аудандық баспаханада газет басатын машина іске
қосылса одан тарс-тұрс дыбыс шығатын. Сосын да аупарткомда-
ғы өзімізге тікелей бастықтың тапсырмасын Нұршаға ұғынықты

жеткізу үшін оны амалсыз бері дәлізге шақырдым. Екеуміздің бұл
оңашалығымыз екі-үш минутке ғана созылды. Әлденеден бері
өзіміздің кабинетке қарай бұрылсам қалай үлгергенін қайдам,
корректор, бухгалтер, Кәріқыз  – үшеуі бірдей есіктен бастарын

шығарып, бізге қарап қапты. Жаман тіксініп, мен оларды үш әйел
емес, үш басты жыланға ұқсаттым.
Ал одан кейінгі мына көріністер мені тіптен жаман тітіркендірді.
Түскі тамақты кейде аудан орталығындағы асханадан ішуші едім.

Кісі аз болғасын тез тамақтанып, үзіліс уақыты бітпей-ақ жұмыс
орныма оралып едім. Қарасам, редактордың орынбасары Құлым
Сақанов аталмыш үш әйелдің бөлмесінде олармен бірге шай ішіп
отыр екен. Түсте Құлекең әдетте үйіне кететін, ал мынаусы несі?..

Жә, онда таңғаларлық ештеме жоқ, бәлкім, бір себебі болған
шығар. Таңғаларлығы сол үнемі қабақтарынан қар жауып жүре-
тін бұл төртеу тойда отырғандай-ақ мәз-мәйрам. Тіпті жағалары
жайлауға кетіп, шалқалай күлген күлістерін де көзім шалды. Мен

ешкімге жамандық тілейтін жан емеспін. Көңілді адамды көрсең
өзің де жақсы әсерде қаласың ғой. Ал мыналардікінен олай емес,
ормандағы жыртқыш аңдардың ақбөкенді сағағынан тартып құла-
тып, соның тойын тойлаған жырындылыққа ұқсаттым. Олай сезік-

тенуім де тегін емес секілді. Тап соның ертеңіне корректор әйел
маған күлімсірей жақындап:

– Әй, Ерік, кеше Құлекең бізбен бірге шай ішкен. Бүгін түсте

сен бізбен бірге шай ішсеңші!
Мен бірден бас тарттым.

– Немене, үйіңде күтіп отырған қатының бар ма? Кергу неге

керек?
Мен сонда да илікпедім.

– Жә, сонда да түсте біздің бөлмеге кіріп шық! Оңаша құлағыңа

құяр бір сыр бар еді, – деді.
Кешегідей тағы да жұмыс орныма ертерек келіп, солардың

бөлмесіне, амал жоқ, бас сұқтым.Олар шай ішіп боп қалған екен, сонда да маған да шай құйып жік-жапар болысты. Ақырында, бухгалтер әйел домаланған денесін қайда қоярды білмегендей аударылып-төңкеріліп, томпақ беттерінде шұңқыр ойылып, жымия күліп, маған тіл қатты. Күшенгенде қос жанарының ойнақшып кететінін байқағам, сонысы да қайталанды. Ал бойшаң денелі, беті қара күйелеш, қалың ерінді корректор әйел ақ тістерін жалаңаштай жайқалып, бухгалтердің маған арнаған сөздеріне өзінің де зор мән беретінін білдіргендей. Ал Кәріқыз үстелінің бір жанына сүйеулі таяғын өзінен аулағырақ ысырып, сосын бір алақанын екінші қолының сыртына жапсырып, жүзін төмен салған. Қызыл сары рең аралас қара торы өңінде бұған жараспайтын бір салтанаттылық орнаған. Қабақ жағында ой тұнғандай көрінгенімен иегінің айналасында сәл-пәл күлімсірегендік нышаны бар. Кәтте өзін айттыруға келген болашақ құда-жекжаттар алдында бет моншағы үзілгендей-ақ өзінде жоқ әдептілік атаулыны біреуден қарызға сұрап алғандай. Бухгалтер әйел сөзін бастай бергенде сондай бірдеме көкірегіме ұрлана кіргендей тұла бойым шіміркенді. «Немене, бұлар он жастай үлкен, түйенің жарты етіндей тұрпаты, шынжырға байлаулы төбеттей арпылдаған мінезі бар мына Кәріқызға мені қоспақ па?» деген сауал алып жығарға ұқсады. Мен сонда да шыдап бақтым. – Жаным, Ерікжан, біз саған жамандық тілемейміз, – деді бухгалтер әйел сөзінің кіріспесінде. – Біз тек сенің болашағыңды ойлап қобалжимыз. Сен анау Нұрша қызбен сөйлесіп жүрсің ғой. – Сөйлескен ештемем жоқ! Сөйлессем, жұмыс бабымен шығар! – дедім мен шарт кетіп. – Сонда да көзің түсіп жүр ғой сол қызға! – Сонда не, ол қыз қарсы ұшырасса мен екі көзіме қара шүберек байлап алуым керек пе? – Сабыр! Сабыр! Бұл апаң саған ол қыздың кім екенін ашып бергелі отыр. Шыбық тимей шыңқ етпесейші! Сен жігіт адамсың ғой! – деп екінші жақтан корректор әйел қосарласты. Енді іштей тас түйін бекініп сөзге қонақ беруге тура келді. Бухгалтер үзілген әуенін былай жалғады: – Біздің жерімізге ерін шүйіретіндер көп. Сосын да шығар оннан шыққан, мұннан шыққан қаңғыбастар, ішкіштер, тунеядецтер осылай қарай айдалып келіп жатыр ғой. Бұл шара осыдан жиырма жылдай бұрын басталған еді. Ал Нұршаның шешесі қыз кезінде-ақ жеңілтек қылықтарымен аты шыққан пәлекет. Оны жұрт «шөпжелке» атайтын. Міне, сол шешесі, осыдан жиырма жылдай бұрын күйеуі бола тұра тунеядецтер, ия, сендердің айтуыңша, арамтамақтар алғаш айдалып келгенде солардың біреуімен

жүріп қойып, мына Нұршаны содан тапқан. Оны күйеуі біліп, ол
«шөпжелкені» ұрып өлтіре жаздаған. Кейін ол кетіп қалған. Ия,
солай, бұл Нұрша жай жетім қыз емес, тегі жаман жетім қыз. Әке
жағынан да, шеше жағынан да. Соны кәперіңе түйіп қой!

– Немене, мен біреудің тегін қазбалап, диссертация жазбақ па

екем? Бұл ақпарларың неме қажет?!

– Әй, Ерікжан, сен қызбаланба! Сен өте жақсы зиялы жігітсің!

Ұрынып қалмасын деп ескерткені ғой апаңның! Өмірлік жар таң-
дау оңай-оспаққа жатпайды! – деді корректор әйел.

– Біздің еш шығынымыз шықпайды! Соқа басы сопайған біреу-

сің, сорласаң сен сорлайсың! – деп салды бухгалтер әйел.
Тұрған бойымда көзім қарауытып, әнеугүні ғана осы үш әйелді
үш басты жыланға ұқсатқаным есіме түсті. Бұлардың уы дары-
май тұрғанда қашып құтылайын дегендей есікке қарай жалт бер-

дім. Осы естігенімді кейін жан баласына сыр етіп ашқан емеспін.
Әгәрки, әлдеқалай бұл жайды тісімнің арасынан шығарсам бұл
басқаның емес, менің аузымнан ұшқан өсекке айналып кетері оп-
оңай. Ия, бұл сақтығым негізсіз емес еді.

Менің ол Нұршаға пәлендей көңілім ауған ештемем жоқ. Сонда
да сол қызға жаным аши бастады. Тіпті ерегескенде соған шын-
дап пейіл беріп, оған үйленсем қайтеді деген де қиялға шомдым.
Тек ол жылдарда менің үйленуге жағдайым шамалы-тұғын. Туған

жерімнен жырақта, тіпті түптің түбінде өзім біржола қоныс тебу-
ді көздеген астанамыз Алматыдан да алыс жатқан мына ортада
үйлі-баранды болып маталсам кейін өзге жаққа қозғалуым тіптен
қиямет-қайымға айналады ғой, деген ой мені шегендеп тастады.

Бір ғана шығар жол – бұл жақтан тезірек табанымды жалтырату
деген шешім басымды дың еткізді. Ия, сол жолы бұл Бақанастан
кету туралы ой алғаш рет мені шырмап алды.
Бірақ бұл да бір күнде шешілер мәселе емес. Алматыда ол за-

манда газет, журнал дегендерің саусақпен санарлықтай, қызметке
тұру қиынның қиыны. Әрі осы маусым айында мен мемлекеттік
емтихан тапсыруым керек. Осыдан өтейін. Жоқ, шын талпынсаң
бәріне қол жеткізесің, ол үшін асықпай, аптықпай қимылға көшкен

жөн. Сөйтіп, мен жаңағы шешімге біржола жармастым.
* * *
Мамыр айы туды. Менің Алматыға соңғы жаздық сессияға қа-
тысып, емтихан тапсыруға жүретін уақытым таяды. Ол жылдар-

да мамырдың алғашқы онкүндігі толған мейрам, сол дүрілдеп
өткесін сәл тыныштық орнауға тиіс. Сөйтсем, олай емес, біздің

редакцияда басқа бір дүріл белең алды. Ең алдымен Атымтай ауаткомға, жалақысы тәуірлеу бір жұмысқа ауысып, оның орнына қайдан шыққаны белгісіз, Берен атты бір жігіт сумаң етіп кіріп отыра кетті. Сол-ақ екен, біздің кабинетке қарай әйелдер легі қаптады. Ең алдымен әлгі мен «мансұқтаған» үш әйел – бухгалтер, корректор, Кәріқыз кіріп келді: – Ой, Берен, Беренжан, келуіңмен! – Ой, Берен, жаңа орның құтты болсын! – Бұл өзіміздің Берен ғой. Өзіміздің Берен! – десіп оны жауды жеңіп келген батырдай қолпаштап, шашбауын көтеріп жатты. Баспаханадағы әйелдер де солай. Елеу Шытыровтың зайыбы Шекер, тағы бір кексе қазақ әйелі, үш неміс әйелі, тіпті араларында Нұрша да бар, бәрі төбелерінен алтын жауғандай қуанышпен Беренге қол беріп, құттықтап, әрі жай-күйін сұрап жатты. Шекер күйеуінің көзінше Береннің кеудесіне қолын жүгіртіп, маңдайынан «шөп» еткізіп сүйіп те алды. Ол ғана емес, аупартком, ауатком, тағы басқа мекемелерде хатшы, машинистка қызметін атқаратын бірқатар қыздар да редакцияға келіп, Береннің алдынан өтті. «Осы редакцияда бізге жұмыс табыла ма?» деген жас перизаттардың да біраз қарасы көбейді. Оларға керегі жұмыс емес, Береннің көзіне бір көрінуге асыққан түрлері соқырға таяқ ұстатқандай еді. Бұл Берен Іленің сонау Балқашқа құяр сағасындағы балық ұжымшарларының бірінде туып-өскен екен, әке-шешесі әлі сонда, ал өзі онжылдықты осы Бақанаста тамамдапты. Одан соң ешқайда оқуға бармаған. Осы редакцияда корректор болып істеп, армияға кетіп, содан оралған беті екен. Өңі қазанның түп күйесіндей қап-қара, есесіне жақ сүйектері шығыңқы, маңдайы кең, кесек мұрынды, иықты да бойшаң, тұлғалы жігіт. Қос жанары шарасынан асып төгіле жаздап тұрған, мол сәулелі сұйық затқа ұқсайды. Ия, қалайда қарасы өткір. Бұл сипатына салалы кеспелтек қолдарын қос. Бұған қағаз бен қаламнан гөрі балта, күрек-кетпен көбірек жарасатын секілді. Қыздар ғана емес, мұнымен біздің үш бастық та біршама ибалы сөйлесетінін байқадым. Ал Құлекең: – Әй, Ерік, мына Берен өзің сияқты әдебиетке бейімі бар жігіт, өлең жазады. Әскерге шақырылардан бұрын ана клубта көпшілік алдында өлең оқыған. Газетке де жариялағанбыз. Сен дұрыстап достасып қой! – деп бәйектеді. Мәлік Қуатов пен жауапты хатшы да біздің кабинетке кіргенде бойларын сорайтып, осы Беренге көзқарас атаулының бөлек екенін білдіргендей. Кәтте, бұл палуан денелі жігіт осындағы әлдекімнен қағажу көретіндей-ақ оны жас балаша алақанда аялап, шаң жуытпас қамқорлық аясында

ұстауды бізден талап еткендей. «О, құдайым-ай, тағы не қызықты көлденең тосар екенсің» деймін ішімнен. Тек мәдениет-тұрмыс бөлімінің меңгерушісі Рақыш Сәдібеков қана өзінің қарамағына алынған жаңа әдеби қызметкерді мүлдем жаратпағаны анық. Менің оң жағымда бұрынғы Атымтайдың орнына жайғасқан Беренге алғашқы күндерде түс тоқтатып қарамады да. Алдындағы ала қағаздан бас көтермей кіржиген күйі тіл-жағын да құлыптап ұстады. Елеу Шытыров та солай, бұрынғы жайдары ашаң жүзі кіреукеленіп,көңіліне қаяу түскендей міз бақпай қатты. Мінезіндегі бұл өзгерісті жасырмағандай да. Өзіне қоңырау шалған біреулерге дүңк етіп, дөрекі жауап қайырып, тұтқаны тастай салатынды шығарды. Ал Береннің ештемеден қылы қисаяр түрі жоқ. Тікелей бастығы Рақыш өзін ұнатты ма, жоқ па, ішіне кіріп шығар емес, үнемі өзінен-өзі масайрай күлімсірейді. Кейде қысқа қызық жайлар, анекдот сияқтыларды көлденең тартады, онысына кабинетте өзінен басқа ешкім күлмейтін де. Ал өзінің күлісі керемет, тартқан шылымының түтініне шашала ескекті қайықта отырғандай иықты тұлғасы селкілдей жөнеледі. Қос жанары да ақ сәулеленіп, толқып, шалқи бастайды. Мұның мінезінен менің ең алғаш байқағаным сөзшеңдігі, әрі көкірегінде жанып тұрған от бардай жігерлілігі еді. Алғашқысын аса жаратпасам да, соңғысын құп көрген райым бар. Тек кабинеттегі басқалар мүлдем керісінше, көңілге салқын, көзге жат бөгде бірдеме орталарына топ еткендей бет-әлпеттеріндегі ашық-жарқын реңді біржола сылып тастаған. Соны біле тұра мен алғашқы күндерде-ақ осы Береннің жетегінде кеттім. Үйге барып, емтиханға дайындалу қажеттігі де бола тұра оның жас балаша қиылған түрін көріп, көңілін жыққым келмей сыраханаға қарай ілесетінмін. Ия, бұл жаңа қызметкердің тағы бір ерекшелігі қап-қара жүзін жәудіретіп, өзіңнен бірнәрсе өтінсе қимасыңды суырып беретіндей халге ұшырайды екенсің. Редакциядағы дүрбелеңнің тағы бір ұшығы сол  – былтыр Рақыш Сәдібеков «бес претендент» атаған әлгі бес қасқа тағы да біздің кабинетте тоқайласты. Алматыда, Жоғарғы партия мектебінде оқитын Шафқат Насыров мейрам, не каникул емес, кәдімгі ресми жұмыс күндерінің бірінде біздің кабинетке жылмаң етіп кірді. Бізбен амандық-саулық айтып та үлгермеді, оны аңдып тұрғандай осы Бақанастағы атақты хирург хақында дастан жазатын, Іленің арғы жағалауындағы «Топар» кеңшарының парторгі Қарабек Оралов та жетіп келді. Бұл соңғының бүйтіп көрінуі мені сәл-пәл қымсындырды. Себебі оның аталмыш дастаны сол күйінде әлі күнге редактордың суырмасында жатқан. Бірер мәрте есіне салғанымда Мәкең қолын бір сілтеп, «жата тұрсын» деген белгі берген. Лебіз білдіруге бірауыз сөзін де қимаған.

Бір жеңілейгенім Қарабек Оралов та амандық-саулықтан әріге үлгермеді, бұлардың дабыр-дұбырын естіген өзіміздегі «үш қасқа» – Мәкең, Құлекең, жауапты хатшы – олар да бізге қарай табалдырық аттады. «Е, енді Қ.Ораловтың дастаны жайында өздері келісер дегенім еді. Біздің аядай тар кабинетте ине шаншар жер қалмады. Әрі «бес қасқаның» жамырасуы, әзіл-оспақтары, күлкілері қандай, біз түгілі редакция кеңсесінің төбесін көтеріп әкетердей даңғаза етті. Алыстағы үлкен шаруашылық басшыларының бірі болғасын ба, әсіресе, соңғы кірген Қарабек Ораловтың даусы еренірек. Ырду-дырду желісін билеп әкеткен ол редактордың суырмасында сүрленген өз туындысы жайлы тіс жармады. Тек өткен қыстың ауырлығы, мал шығыны, жем-шөп, көмір, бензин, қосалқы бөлшектер тапшылығы, облыс, аудан басшыларының тоқпағы төңірегінде сөзді аямай-ақ қопсытты. Тап осы тұста мен өз аңғарымпаздығыма өзім таңғалдым. Жаңа алғаш бас сұққан, онсыз да үнемі таза киініп жүретін Шафқат Насыровтың үстінде тіптен алабөтен, көз тартар сәнді костюмнің барын байқағанмын. Ия, сәнқой адамның мұнысы үйреншікті құбылыс. Ол жылдарда қарапайым қазақтардың аузында «импортный» деген сөз жиі жаңғыратын. Алматыда оқитын мынау да сондай «импортный», яғни, шетелдік, тігісі бөлек костюмдердің бірін қолға түсіріп, үстіне жапсырған ғой деймін. Бажайласам, жалғыз Шафқат Насыров емес, аузынан көбігі шашырап, бәрін өзіне телмірткен Қарабек Ораловтың да костюмы жайшылықта иыққа ілетін дүние емес. Сонау астанадағы опера және балет театрының ғимаратына осымен кіріп барсаң сондағы зиялылардың көздерін ағызып түсіретіндей асылдың өзі. Партия ұйымының хатшысы дегенмен бұл да сол алыс шаруашылықтағы адам ғой, қаншама тыраштанғанмен олардың киімдерінің анау-мынау олпы-солпысы білініп тұратын. Ал Қарабек Ораловтың қазіргі тұрысынан ондайды іздесең таппайсың. Пәле, мына қызықты қара! Өзіміздегі үш бастық та түз аңындай құлпырып кетіпті. Ине-жіптен жаңа шыққан, тігісінде де мін жоқ, өздерін едәуір жасартып жіберген костюмдерімен қалыңдығын бүгін көретін жас күйеу жігіттерге ұқсап-ақ қалыпты. Аузы арақтан босамайтын, өзінің түр-түсіне салақтау қарайтын Мәлік Қуатов та химиялық талшық аралас, бояуы қанық жасыл жүн матадан тігілген пиджагімен ауызға іліккісі келетіндей. Сол түстес, әрі жақсы үтіктелген шалбарының пышақтай қырында осы Бақанаста балабақша меңгерушісі қызметін атқаратын, сүйектілеу дене бітімі бар, жалпақ бетті зайыбының қолдарының ізі білінетіндей. Біздің ұжымда бәрімізден де «респектабельный» көрінетін Құлекеңнің өзі бұл жөнінде бұрынғысынан да бірер саты жоғары көтеріліпті.

Қарапайымдау, бірақ «саяси ахуалға» құлағы түрік жауапты хат-
шы да солай. Қысқасы, бәрі де көздің жауын алатындай сын-сы-
паттарымен біздің алдымызда билеп тұрғанға ұқсады.
Тағы бір таңырқағаным – редакцияда ойдан-қырдан жиылған

шен-шекпенділер, лауазымдылар бас қосса олар әдетте редак-
тордың кабинетінде тоқайласатын, ал бүгін біздің кабинетті, қара-
пайым қызметкерлер сығылысқан, онсыз да аядай тар кабинетті
таңдапты. «Неге олай» деймін ішімнен. Сөйткенше болмады, бұл

таңырқауым келесісінің шаңын қауып қалды. «Топар» кеңшары-
ның парторгі, жартылай ақын Қарабек Оралов сөзін тауысып та
үлгермеді, мына Рақыш Сәдібеков кезінде «алтыншы претен-
дент» атаған, бұрын осы «Балқаш еңбеккері» газетін басқарған,

бүгінгі «Ақкөлде» мектеп директоры, әлгі Жапақов деген кісі кіріп
келді. Мен бұл кісіні бұған дейін аупарткомға кіріп-шығып жүрге-
нінде бірер мәрте алыстан көргенім болмаса, жақыннан бетпе-бет
келуім бірінші рет еді. Бұл Жапақов әрі өзім тұратын пәтер иесі –

кемпірдің көршісі, дүкенші әйел Қалыштың күйеуі ғой. Сосын да
оның осы сөзуар әйелінен, әрі осындағы өз әріптестерімнен ол
кісі туралы естігенім қисапсыз-тұғын.
Бірақ оның бәрі әзірше екінші саптағы дүние. Ені мен ұзыны

бірдей дерлік аласа бойлы ол төртпақ кеудесін оңай қозғап, тез
табалдырық аттағанда менің ең алғашқы «реакциям» сол жақ те-
резе жақтауына арқасын сүйеген Рақыш Сәдібековке жалт қарау
еді. Ол да менің «реакциямды» дәл ұқты-ау деймін, мырс-мырс

күлді. Менікі «көптен аңсаған алтыншы претендентің табылды»,
ал оныкі «е, құдайың жарылқады» дегенге келіңкірейтін. Бұған
қоса мені мықтап есеңгіреткен жай жуан папкасын бір жанына
қыса ұстаған Жапақов киім жөнінде өзіне дейінгі «бес қасқаның»

бәрінен де асып түскендей. Сірә, шүберек адамды жасартады
деген рас-ау. Күн сәулесін ұялатардай бар жылтыр да ақ боз ма-
тадан молынан пішіліп тігілген костюмы қолпылдақ емес, қайта
кеудесінің олпы-солпысын жасырып, төгіліп тұр. Нағыз әдемі сын-

сыпат осынікі дегізгендай-ақ. Біз кинодан ғана көретін шетелдік
жуан қарын дөкейлердің бірі ойда жоқта арамызға сұғына кірген-
дей. Ия, ол жылдарда оңайлықпен қолға түспейтін, әрі екінің бірі-
нің қалтасы көтере бермейтін қымбаттық «дефицитный» костюм

Жапақовтың иығына ілулі еді.
«Апыр-ау, аупартком мен ауатком бұл қасқаларды көрмеге
қоюға шақырған ба» деген сауал басыма тоқпақтай тиді. Ия, мен
мұның бәрінің себебін кейінірек білдім.

Бұл Жапақов кіргеннен кейінгі әңгіме мазмұны ала-құлаланды.
Бұдан да бір түйгенім – қай-қайсысы да бір тақырыпты пұшпағы-
нан тістейді де жеріне жеткізбей тастай салады. Бұларға керегі

оны жеріне жеткізу емес, соған орай жақ сүйектерін қимылдатып тұрып, сол екі ортада өзгелердің бет-пішіндерін қырағылықпен аңдап қалу сияқты. Тек бет-пішіндерін ғана емес, бір-бірінің киген киімдерін де көз мөлшеріне сиғызып үлгереді, шамасы. Одан не пайда таппақ бір а Аллаға ғана аян. Бір-бірінен үрке ме, әлденеге орай сезіктене ме, жоқ, керісінше, өзара иық тигізіп, күш сынасудың әрекетіне көшуді ойлап, тек бөгде бір жайдың қолбайлау екеніне орай дымдары құри ма, осындай аралас-құралас сезімдердің шайқасы қас-қабақтарында әлсін-әлсін атой береді. * * * Маусымның соңғы күндерінің бірінде мен және жауапты хатшы екеуміз Алматыға, соңғы жазғы сессияға, мемлекеттік емтихан тапсыруға аттандық. Астанада өткерген қырық күннің ішінде ол үш-төрт рет қана көзіме ілікті. Мен университеттің филология факультетінің тіл-әдебиетінде, ол журналистика бөлімінде оқығанмен, сабақтарымыз қатар аудиторияларда өтеді, әрі мұғалімдердің көбісі ортақ. Сөйте тұра ол жауапты хатшының санда бар, санатта жоқтай өте сирек ұшырасуы мені бірнеше мәрте таңырқатты да. Қысқасы, бұл қырық күнді өткеріп, дилом алып, Балқашқа, бұрынғы жұмыс орныма қайта оралғанымда мен көп жаңалықтың үстінен түстім. Ең біріншісі – Мәлік Қуатов осы облыстағы Талғар аудандық газетінің редакторлығына ауысып, Рақыш Сәдібековті өзімен бірге әкетіпті. Мәкеңнің орнына Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген Шафқат Насыров қонжиыпты. Ал қырық күндей астанада менімен бірге болды дейтін жауапты хатшы да тек лекция тыңдап, емтихан тапсырумен шұғылданбапты. Ол басқа да бір шаруаның басына су құйып үлгеріпті. Ол Қаратал аудандық газеті редакторының орынбасарлығына тағайындалыпты. Кетерінде «менің алдымда Шафқат бар, Құлекең бар, бұл туған ауданымда таяу уақытта менің иегімді қышытатын дәнеме жоқ» депті. Оның орнына түр-түсі сол бұрынғы жауапты хатшыға ұқсастау, тек одан гөрі денесі жұтаңдау, әрі басы да сопақтау, бет-әлпетінің сарғыш реңі басым, қозғалысы ширақ, көздері көкпеңбек Майтан деген кекселеу жігіт үй ішімен көшіп келіп орналасты. Оны өзге жақтан кім шақырды, пәтерді кім тауып бере қойды, қай бастықтың ықыласын иемденген жан, бәрі мен үшін беймәлім жәйттер. Алғашқы күндерде-ақ байқағаным, жоғары білімі жоқ, есесіне өзге ауданда жауапты хатшы қызметін атқарып ысталған, көкпеңбек көздерінің онда-мұнда жүйткуі керемет бұл Майтанның менің

оң жағымда жайқала күлімсіреген, палуан пішіндес Беренге сезіктене қарайтыны еді. Өзіне-өзі «байқа бала, бұл сенің тиісетін адамың емес» деп ескерту жасағандай. Есесіне маған қадалғанда көкпеңбек көздері түнгі шам жарығындай жарқ етеді. Өзіне-өзі «міне, түсер аңың мынау» дегендей. Бұл болжамым да теріске шықпағандай. Алғашқы күндердеақ ол Майтан өзінің баспахана төңірегінде жұмысымен қатар мен басқаратын ауылшаруашылығы бөлімін де көз қырына алғаны айқын еді. Ары-бері жүйткіп жүріп, Шафқат пен Құлым Сақановтың көзінше мал өсіру, егін баптау, топырақ күтімі хақында проблемалық мақалалар жетіспейтіні жайында сөз өрбітіп үлгерді. Ал мұнысы әдеттегідей шыттай киінген, өзінің редакторлық қызметін тым биік мәртебе санағандай манаураған түрі бар Шафқаттың құлағына жағатын тәрізді. «Мына жаңа жауапты хатшының ойы дұрыс-ау» дегендей өз орынбасары Құлым Сақановқа қарайды. Бұл қарасында, сесті тұрысында басқа қосымша мағына да бар. «Газетті орынбасар, жауапты хатшы болып екеуің басқарсаңдаршы, мен мұндай кәкір-шүкірден жоғарырақ тұрған жанмын ғой» дегендей. Айтса айтқандай-ақ, осы алғашқы күндерде-ақ бұл «ине-жіптен жаңа шыққан» редактордың кабинетте жалғыз шоқайып шіренуі, әрі аупарткомға, тағы бір жаққа кетіп жоғалуы жиіледі, алдына келген материалға көз жүгіртіп, қол тигізуге жоқ, бәрін орынбасар мен жауапты хатшыға қарай итере салады. Бұл үрдіс сол баяғы қабағы салбыраған қалпын сақтаған Құлекеңе қанша ұнағанын қайдам, ал Майтанның белсенділігін тым үдетіп жіберді. Бара-бара ол осындағы жалғыз қожайын менмін дегендей, баспахана жақтағыларға, корректор, бухгалтер, машинистка – үшеуіне де даусы қаттырақ шыға бастады. Жұмысқа бес минут кешіккендерге бұл жақтың «лексиконында» жоқ томардай сөздерді алдын ала әзірлеп қойып, сол сөздермен маңдайдан ұруға көшті. Тек осы алғашқы қарқында оның тісі сынды. Оның тісін сындырған кім? Ол, әрине, әлгі менің оң жағымда қап-қара бет терісінде күн сәулесі ойнаған Берен еді. Мынадай суреттер әлі күнге көз алдымда. Бірде Берен жұмысқа жарты сағаттай кешігіп келді. Мұны осындағы еркек-әйелі аралас баршасы көрді. Енді жауапты хатшы Майтан оған не «сыбаға» әзірледі екен деп, баршасы есік-есіктен мойындарын созып, тың-тыңдап, қыбырсыз қатқан. Бұл екеуі дәл біздің кабинеттің есігі алдында, дәлізде беттескен. Редактор Шафқат сағат тоғызда келгенмен кабинетінде бес-ақ минут отырып, тайып тұрған. Ал Құлекең орнында, басқалар да солай. Майтан: – Немене, аударылып-төңкеріліп, сүрініп-қабынып, жолдың

кедір-бұдырына шонданайыңды ұрғылап, әрең жеттің бе? Әне,
сағаттың тілі тоғыз жарымды көрсетіп тұр! – деді.
Берен:

– Жолда кедір-бұдыр жоқ, көңірсіген иісі бар қоқсығы көп. Аяқ

алып жүргізбейді. Сен барып, андағы ұзын тіліңмен жалап тазарт-
пасаң жүрісіміз өнер емес! Ақыр екі қолың алдыңа симай жүрген
адамсың, сондай пайдалы іспен шұғылдансаңшы! Арамтамақтық
адамды бұзады! – деді. Майтан «а-а-а» деп сөзге қақалды. Сол

қақалысында «мен арамтамақ болсам мына аспан құлап кетпей
неғып тұр» деген сауал бар еді. Береннің бойы жауапты хатшы-
дан биік, әрі жалпы тұлғасы да молынан пішілген ғой. Ол жоғары-
дан төменге шұқшиғанда Майтанның көкпеңбек көздері ұясынан

ұшып кете жаздады. Әрі қушықтау денесі де жел шайқаған қурай-
дай иілді. «Мына пәлең көзбен ғана емес, қол күшін де жұмсап
жіберер» деген қауіп меңдегендей. Табаны тайғанақтағандай тез
жалт берді. Сәл бұдырсыздау жан екені алғаш рет осылай бай-

қалды. Ал Құлекең сол өз орнында шоқайған күйі бұлардың теке-
тіресіне араласқан жоқ.
Тап осы күндерде біздің ұжымға тағы бір адам қосылды. Ол
мамандығы заңгер, бұрын осы Бақанаста прокуратурада басшы-

лық қызмет атқарған, кейін басқа ауданға кетіп, араға он жылдай
уақыт салып, қайта көшіп кеп отыр екен. Мақала жазуға ебі бар,
ертеректе заң қызметкерлері өмірінен кітап шығармаққа да тал-
пынып, тек күнделікті қызмет бабы мұрша бермей ол мақсатына

жете алмапты. Ныспысы Алашбай, бетін шешек дағы шұбарла-
ған, бір көзінің ағы бар, бойшаң, бірақ өте арық, қу сүйек деуге
болатындай адам. Жасы сол қырықтар шамасында, редактор мен
оның орынбасары қатарлас. Өзі өте сауатты, орысша-қазақшаға

бірдей ағып тұр, сөзшең, әсіресе, саясат тақырыбына ауысса сар-
желіске салатын дағдысы бар екен. «КСРО» атты елдің бірінші
басшыларының әрқайсысына кезек-кезек сыпаттама жасағанда
бәріміздің аузымызды аңқитып-ақ тастады.

Алғашқы күндерде тізгіні бос жүрдек аттай тіптен жосылды.
Тіпті Құлекең мен жауапты хатшы Майтан да біздің кабинетке кі-
ріп, оның жырына ұзақ-ұзақ құлақтарын тосты. Алашбай ағамыз
бұдан одан әрмен шабыттанып, бұрын біз естіп-білмеген небір

сұмдықтарды суырды. Бұл өз кабинетінде ауық-ауық шоқия-
тын, саусағының ұшын қимылдатып жұмыс істемейтін Шафқат
Насыровтың құлағына жақпаса керек. Бірде ол осындайда біздің
кабинетке ентелей кіріп:

– Әй, Алашбай, сенің заң орындарында сан жылдар тіс сар-

ғайтқаның рас. Онда бәрі ауызша сөзбен шешіледі. Ал мынау
прокуратураның кеңсесі емес, лекция оқитын аудитория емес,

бұл редакция. Бізге керегі газетке жариялайтын жазба материалдар, хат-хабарлар! – деді. – Тәңірім-ау, Шафқат-ау, шамдануыңа жол болсын! Мына жігіттердің анау-мынауға көзін ашқаным ғой! – деп ақталды Алашбай. – Ондайға жұмыстан соң да уақыт табылады! – деді де редактор есікті тарс жауып шығып кетті. Оның соңынан Құлекең мен Майтан да жота көрсетті. Бұл Құлекең, мына Алашбай, редактор Шафқат Насыров  – үшеуі де осы ауданның түлектері, бір-біріне ертеден сырмінез жандар екенін осындай алғашқы сөз саптастарынан-ақ ұққанмын. Тек Құлекең, Құлым Сақанов өзіне-өзі ұқсамай барады. Томағатұйық, аузына су толтырғандай бұртияды да отырады. Сірә, мен Алматыға оқуға кеткенде тақ таласы үстінде өзінің аты озбағанына назалы ма деймін. Ия, мына Алашбай, Алекең әлгі Рақыш Сәдібековтің орнына, өнеркәсіп-мәдениет бөлімінің меңгерушісі ретінде жайғасқан. Менің оң қол жағымдағы Берен енді осы Алекеңе бағынышты әдеби қызметкер. Алғашқы күндерде осы екі «су жаңа» кадрдың бірі оңымнан, бірі солымнан өзара көз түйістіргендегі түрлері маған қызық та көрінген. Қызыл тіл, ет пен сүйектен басқа дәнемесі жоқ сидиған бөлім меңгерушісі Алашбай ағамыз Америка Құрама Штаттарындағы негр боксшылардың болмысын еске түсіретін Беренге шошына қарай ма, жағына қарай ма, әлде сол екеуінің қоспасынан үшінші бірдемені ойлап тауып, сонысын алға тоса ма, әйтеуір, өзгемізден гөрі сол Беренге көзқарасы бөлек. Әңгіме айтқанда көбіне сол Беренге бағыттап сөйлейді, ондайда жүзінде күлкі нышаны көбірек ойнайды, әрі ағы бар көздері жасаурап, шешек дағы шұбарлаған арық бет терісі де дір-дір қағатындай. Ал Береннің сырт қалпы ғана емес, іш дүниесі де кең, әрі алғыр. Өз бастығының осы райын дәл тани ма, шалқая, мұртынан күліп, қабағының астынан қос жанарын сығырайта мелшиеді. * * * Мен Алматыда болған қырық күнде және одан бергідегі бірер аптада осы Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінің редакциясында орын алған осыншама кадрлық өзгерістер өзімді таңырқатқан да еді. Алайда, екінші бір бөгде өзгеріс одан да асып түсіп, тіптен жағамды ұстатты. Ол мына оң жағымда омалған Беренге байланысты. Мен оқуға кетерден бір ай бұрын осында сумаң етіп кіріп жайғасқан Берен осы аудан орталығындағы бүкіл қыз-келіншек атаулыны естен тандырмап па еді? Әртүрлі сылтаумен осы

редакция кеңсесіне кіріп, мұның алдынан өтпегені қалып па еді? Енді солардың бәрі мұны көрсе теріс айналатынды шығарыпты. Сырттағыны қой, өзіміздегі төмен етектілер бұл жуып кетсе пәлесі жұғардай жыландай жиырылатынын байқадым. Бірде нөмірге кезекші Берен өзі оқыған газет версткасын корректорға ұсынып, негізгі түзетуін түсіндіре бастап еді, ол әйел: – Әй, жарығым! Маған қарап аузыңды ашпашы! Бар ана жауапты хатшыға! Айтарыңды соған айт! Текке ысылдама! – деп, үйдің төбесін басына көтере шаңқылдады. Ал Берен бұл әйелдің алдында күнәсі бардай жымиды да қойды. Бухгалтер әйел мен Кәріқыздың да бұған тісін басып жүретінін байқадым. Ал баспаханадағы Елеу Шытыровтың зайыбы Шекер, ия, осыдан екі жарым айдай бұрын осы Беренді алғаш көргенде күйеуінің көзінше мұның кеудесіне қолын жүгіртіп, маңдайынан «шөп» еткізіп сүйетін Шекер бірде таңертеңгілік редакция ауласында осы Берен екеумізге бетпе-бет ұшырасып қап еді. Берен: – Халіңіз қалай, жеңеше? – деген. Шекер: – Немене! Менің халімді езіп ішпексің бе? – деп аузын қисайта, тістерін ақсита жауап қайырды. Кім-кімге де «ә» десе «мә» деп сөйлейтін Береннің бұл жолы да тілі байланды. Ал Нұршанікі тіпті қызық. Қалайда, редакция мен баспахана бір үйдің ішінде болғасын екі арада дәліз арқылы ары-бері жүріс көп қой. Береннің ерсі қылыққа, түйе қотыр сөзге әуес екенін аңғарыпақ қалған кезім. Дәлізде екеуміз оңаша тұрғанда Нұрша баспахана есігінен шыға келді де қолындағы жалпақ верстка қағазын желпілдетіп, екінші шеттегі жауапты хатшының кабинетіне апармаққа тұсымыздан өте беріп еді. Берен осы сәтті пайдаланып, оның жалаңаш шынтағына жай алақанын тигізді. Оһ, сондағы ауылдық жерде қазақы тәрбие алған жуас қыздың шаж еткен даусы әлі күнге құлағымда тұрғандай. Тіпті жылан шаққанда да нәзік жандылар бүйтіп шыңғырып, естіген жанның төбе құйқасын шымырлатпас. Нұршаның кигені баспахана бояуының таңбалары бар шолақ жең ескі жұмыс халаты еді. Есесіне қара торылау томпақша бет өңірінде, ұзын кірпікті көздерінің айналасында мінсіз тазалық менмұндалайды. Қара дақты ескі жұмыс халаты да орта бойлы, дұрыс бітімді болмысына залалын тигізе алмаған. Міне, осындай бір көрімге бар әдемі қыздың кенет жүзін көкке беріп шаж еткендегі түрі әлдекімнің қолындағы өткір қара қайшыға ұқсап кетті. Бірінші болып жауапты хатшы Майтан кабинетінен атқып шықты. Сосын корректор бастаған үш әйел бастарын көрсетті. Баспаханадағы әйелдер, араларында әлгі ергежейлі бастық та бар, олар да көрініп:

– Әй, шырағым, не болды, не болды? – десіп жатыр. Береннің

халін қайдам, мен жерге кіріп кете жаздадым. Берен:

– Жай, шынтағына қолым тиіп кетті, бас жарып, көз шығара-

тындай дәнеме болған жоқ! – деп ақталғанмен оның сөзіне ешкім
сенер емес. Оған, әсіресе, әйелдер жағы көздерімен атып жібе-
рердей қарайды. Береннің сөзін растап мен де бірауыз лебіз біл-
діріп едім, құлағына қыстырар жан табылмады.

Кешкілік қызмет аяғында Берен екеуміз, екі бойдақ жігіт, кө-
шеде қыдырыстауға бірге шыққанбыз. Ішімді тесіп бара жатқан
сауалды ірке алмадым:

– Әй, Берен, екеуіміздің бөлісе алмайтын түгіміз жоқ, сен құдай

үшін ағыңнан жарылшы! Осыдан үш айдай бұрын сен алғаш жұ-
мысқа тұрғанда осы Бақанастағы қыз-қырқын, әйел біткеннің бәрі
сенің алдыңда қоғадай жапырылып еді, ал қазір, керісінше, сені
көрсе азар да безер, бұл қалай? Осы жұмбақтың шешуін іздеп

ақылымды тауыстым. Қол ұшын берші! Екі стақан шарап менен!
Берен, әрине, асхана буфетінің алдында мен әперген қып-қы-
зыл шарапты қылқылдата жұтты. Тек жауапқа жарытпады:

– Азар да безер болған, не теріс қараған ештемесі жоқ, мені

бірінен-бірі қызғанған сорлылар ғой.Күйі басылмаған қатындар
емес пе?
Ертеңіне мен корректор бастаған үш әйелді жағаладым. Жылы
сөйлеп, естіген бір қызық жайлармен бөліскенсіп, әңгімені Беренге

апарып тіредім:

– Тұлғалы жігіт, күш-қуаты тасып тұр, мұндайларға қыз-келін-

шектер көзін сүзуші еді. Ал тап қазір Береннен бәрі ат-тондарын
ала қашады! Бұл ненің соққысы?
Корректор мен бухгалтер әйел маған көздерінің астымен сына-
лай қарады. Мынау Берен жіберген тыңшы емес пе дегендей. Ал

мен ақжарқын көрінуге тырыстым. Ақыры олар шешілді.
Бірінші тіл қатқан корректор әйел:

– Мына Берен армиядан бұзылып кепті. Бұл бұрынғы Берен

емес! – деді.

– Сіздер өткен жолы ана Нұрша қызды анау-мынау дедіңдер,

енді мына Беренге ауыз салдыңдар! Енді оның да кілтипаны бар
шығар, бұзылғаны қалай, адам ұғатындай етіп айтсаңдаршы!  –
деп мен де қоймадым.
Корректор әйелдің бұдан әріге жүрегі дауаламады, ал орта-

дағы Кәріқыздың тіпті түрі жаман еді, сосын да мен ендігі үміт-
ті бухгалтер әйелге арттым. Оның да пәлендей жадыраңқы реңі
жоқ. Алдында қопсыған есеп-қисап қағаздарын реттегенсіп, екі
ұртын томпайтып, әлденеге назалы жанша тығыршықтай денесін

қозғап-қозғап қояды. Менің өзіне ауған назарымды байқап, іштегі

запыранды құсып тастаудың реті келгенін сезгендей дүр сілкіне сөйледі: – Сен де бойдақ, ол да бойдақ! Бір-біріңнің не істеп, не қойып жүргендеріңді білмейсіңдер, ә?! Таскерең сияқтанып түк сезбегенсіп, өзгенің аузына телміріп, кімнен естідің десе ананың аузынан естідім деп, басқаны қосақтап қоймақ айла сендерде жетіп-артылады. Егер тіліңді тістеп жүрсең айтайық! – деді. Мен бұл хақында тілімді тістеп жүретініме ант-су іштім. Сол-ақ екен, бухгалтер тоспадағы судай ағытылды. Түсініксіздеу шатыс-бұтыс бірдемелер. Ішіне симай жүрген жайлар бір-бірін басып-жаншып, жентектеліп, артық-ауыс сөз орамдарын қоса илектей тоғытып, әй, біраз нәрсені сапырды. Ақыры бұдан ұққаным мынау: Бұл Берен осы Бақанастың шет-пұшпағында тұратын, самогон қайнататын орыстың кәрі қатындарының үйіне барып жүреді екен. Олардың шошқа қорасын тазалап, басқа да жұмыстарын істеп, соның ақысына қолдан жасалған ащы суға өлгенше тояды екен. Тіпті кейбірінің қойнына да жатады екен. Мен оқуға кеткенде бұл Берен соның әуселесімен бір апта із-түзсіз жоғалыпты. Бұрынғы редактор Мәлік Қуатов мұны жұмыстан шығара жаздап, өзі басқа жаққа ауысып бара жатқасын да, әйтеуір, бір жолға деп, кешірім жасапты. Ал мұның өсегі осы Бақанастағы елдің үрген итінің құлағына дейін жетіпті. Сол үрген итке дейін Береннің қылығын жариялап, қылғына арпылдайды екен. Мен мұны естігенде мінез-құлықтары жағымсыз көрінетін үш әйелдің алдында өзім қарабет болғандай теріс айналдым. Енді осы үшеуі емес, Береннің өз бет-әлпеті қара майша жалтыраған нағыз абжыланға ұқсады. Онымен бірге қыдырыстауды біржола доғаруға тырыстым. Әрі уәде бойынша, бұл естігенім жайында оған тіс жармадым да. Әйелдердің, қыз-келіншектердің мұны көрсе неге осқырынатынын енді байыптадым. Үш айдай бұрын осы Беренмен алғаш кездескенде оған көңілі ауғандай көрінген жас бойжеткен Нұршаға жаным да ашығандай. * * * Мен осы Бақанаста редакцияға жұмысқа тұрғаннан кейінгі екінші жаз айлары да үн-түнсіз осылай сырғып өтіп жатты. Беренмен енді бірге қыдырыстамаймын деген басым онымен ауық-ауық кешкілік бірге уақыт өткізетін едім. Енді қалай, кеңседен одан бұрын, не кеш шығып кетсем де ол мені бір бұрыштан аңдып тұрып тауып алатын. Сөйтетін де қиылып жабыса кететін, сыраханаға,

не шарапханаға шақыратын. Көңілшек жаратылған мен оның
өтінішін жерге тастай алмайтынмын. Қол бос уақыттарда әмсе
зерігіп жүретін менің де осындай бір осал тұстарым баршылық
еді. Салт басты, сабау қамшылы, үй-күйсіз бойдақ жігіт өзіне бір

ермек керексінбей тұра ма, сосын да Береннің жетегінде қалай
кеткенімді өзім де білмей қалатынмын.
Ал Берен осы жазда менің көз алдымда бұзылып бара жат-
қанға ұқсады. Қалайда, болашақ жазушымын, адам психология-

сын аңғаруда сәл-пәл зеректігім бар ғой, менің пайымдауымша
бұл Береннің басындағы ең үлкен кемшілік – іш дүниесін кеулеген
қызғаныш сезімі еді. Кейде осындай оңашалықта менің осы жазда
Алматыдан университет дипломын алып келгенімді, не респуб-

ликалық баспасөзде жылт еткен екі-үш әңгімемді көзі жасаурап,
аузынан сілекейі шұбыра сөз қылатын. Кейде бұл дағдысын жиі-
летіп те алатын. Ал менің «бүйткенше сол университеттің сырт-
тайғы бөліміне түспейсің бе, ал әңгіме жазу сенің де қолыңнан

келетін сияқты ғой» деген уәжіме немқұрайдылық жасайтын.
Бірде екеуміз сыраханада тұрғанда, бізге бір жігіт қосыла кетті
де осы Берен екеуімен мектепті бірге бітірген басқа бір жігіттің
Алматыда бір дөкейдің қызына үйленіп, жақсы жұмысқа тұрып,

тіпті қаладан пәтер алып үлгергенін, өзінің оларда қонақта бол-
ғанын, тұрмыс жағдайының тым жақсы екенін аузы ақжемденіп
едәуір жыр қылды. Ол жігіт кеткесін Берен қолындағы сыра толы
шыны саптыаяғын қыса ұстаған күйі жүзін төмен салды. Мен қай-

тіп оны сөзге тарта алмадым. Ертеңіне жұмысқа тоғыз болмай-ақ
келіп едім, мені аңдып тұрғандай Берен де жетіп келді. Түсі адам
танығысыздай өзгеріп кеткен. Қабағы ісіңкі, шашы да дударлан-
ған, гастугі жоқ.

– Ерік, аға дейін, похмельге бірдеме берші! Басым сынып ба-

рады. Кеше кешкілік аттың басын біржола қоя беріппін ғой. Әкем
арақтан өлгендей сілтеппін!
Кейін білдім, әлгі сыраханада жолыққан жігіттің әңгімесінен іші
күйіп, асханаға барып, расында ащы суды місесінен асқанша сі-

міріп, онымен қоймай сонда төбелес шығарып, ақыры милицияда
түнеп шығыпты.
Екі-үш күннен соң редактор Шафқат Насыров мені кабинетіне
шақырып:

– Әй, Ерік Тінәлиев мырза, мына Берен екеуің асханада мас

болып төбелес шығарыпсыңдар ғой, – деді.

– Өй, Шақа, мен онда жоқпын! – деп қылғына сөйледім.

– Неге? Сол күні екеуіңді бірге көргендер көп қой!

– Ағасы! Ол күні мен асханаға бас сұққан жоқпын! Көрсе күндіз

көрген шығар, ал кешкілік жатын үйімде тырп етпей жаттым!

– Сендер мені бір пәлеге ұрындырарсыңдар! Жарайды, бара

тұр!

– Сендер деп көпше түрінде атауыңызды түсінбедім. Мен асха-

нада болған жоқпын ғой.

– Жарайды, бара тұр! Сен сүттен ақ, судан тазасың!  –

Редактордың сөзіндегі кекесін жаныма түрпідей тиді. Береннің
қалай ұйымдастырғаны маған беймәлім, әйтеуір, бұл жай жабулы
қазан күйінде қалды.
Ал газеттің мәдениет-тұрмыс бөлімінің меңгерушісі, жасы үл-

кен Алашбай, Алекең өзіне тікелей бағынышты әдеби қызметкер
Беренге үрке қарайтынды шығарды. Бөлім жұмысының көбісін өзі
істейді, Береннің дайындаған жартымсыз хат-хабарларын қурай-
ша иіліп, сау көзінің жанарын бұлтитып, қайта көшіріп отырады.

Береннің бет-әлпетінде ондайда «мұным ұят-ау» деген сияқты-
ның көлеңкесі де білінбейді, қайта «кәрі тарлан көндіге берсін»
дегендей шалқая жайғасып, мұрны пысылдап, жағасы дайлауға
кетіп отыратыны бар.(Ия, Береннің ашқұрсақ жүргенде, не ішкілік-

тен басы мәңгіргенде мұрнының пысылдайтыны да бар). Жаңадан
келген әлгі пысықай жауапты хатшы Майтан да осы Беренді іштей
жек көретіні біліне тұра оған тісі батпайтыны сол алғашқы кезең-
де-ақ айқындалған. Біздің кабинетке кіре қалса Беренге тұздай

көздерін қадаудан әрі аспайтын. Ал басқамызға тағар кінәсі қашан
да табылып жатады. Тіпті редактор Шақаң мен оның орынбасары
Құлекең де бұл томардай, қара нәсілді өзге ұлт өкіліне ұқсайтын
Беренді әмсе айналып өтуге тырысатындай. Қабақтарын түксите,

әлдененің исін сезгендей мұрындарын жыбырлата оған қараудай-
ақ қарайды, тек тіл-жақтары ол дегенде қашан да қаңтарулы.
Бір аңғарғаным, осы редакцияға кім жұмысқа тұрса да барша-
сын жалғыз өзі билеп-төстеп әкетердей менмендігін, білімпаз-

дығын қоса арқалап әкелетін сияқты. Мұндай мінезді бұрынғы
Рақыш Сәдібековтен де, мына Алашбайдан да, жаңа жауапты
хатшы Майтаннан да байқағанмын. Ал бірінші бастықтар Шафқат
Насыров пен Құлым Сақанов болса да солай. Ал соңғы апталар-

да осы аталғандардың бәрінің тістері сынып, бұл аудандық газет
редакциясында негізгі қозғаушы күш мына менің оң жағымда өңі
көмірше қарауытқан, көз жанарлары күн сәулесін барынша мол
ұялатқан, жарытып жұмыс істемейтін Берен боп шыққандай. «О,

құдайым, өзің сақтай гөр» деймін ішімнен.
Сондай күндердің бірінде корректор, бухгалтер, Кәріқыз отыра-
тын кабинеттен шу шықты. Мұның алдында тығыршықтай денелі,
беті бұртиған бухгалтер әйелдің өзінен-өзі жұлынып жүргенін бай-

қағанмын. Кенет корректор екеуінің, екі кексе қатынның шарпысуы
басталды. Майтан жүгіріп шығып, оларды сәл-пәл саябырсытты.

Бухгалтер өз терісіне өзі сыймай, біраз кіріп-шығып жүрді де кетіп қалды. Ал корректор әйел газет корректурасын алып, жұмыс бабымен бізге кіргенде: – Апай, сіздерге не жорық? Бұл не шарпысу? – деп жамырай сұрасып едік, ол бар ынта-ықыласымен жауап берді: – Байы бұл бухгалтер апаларыңды көкала қойдай қып сабапты! «Таз ашуын тырнадан алады» емес пе? Тиісерге қара таппай маған соқтыққаны ғой! Байының оқта-текте қолы қышығанда сөйтетіні бар. Мұның өзінің де оңған дәнемесі жоқ, тілімен шаяндай шағады да, сонысы үшін таяққа жығылады. Өз обалы өзіне бұл шашты албастының! Тек түстен кейін бұл шарпысу қайта бұрқ етті. Кәріқыз да қосылып кетті. Ол аздай баспахана жақтан әлгі Шекер жүгіріп келіп, білек сыбанып ол да майданға түсті. Бұл Елекеңнің зайыбының не қимасы қышығанын адам түсініп болмайды. Өңкей беті ашылып кеткен қатындар жан түршіктірер сөздерді сұр жебеше ұшырғаны өз алдына, тіпті бір-бірінің шаштарына қол салуға да жақындады. Тура былтырғы шарпысу қаз-қалпында қайталанды. Оларды саябырсытпақшы Майтанның әрекеті музыкалы ойын-сауық кешінде бір топ қатынның ортасында жалғыз секектеп би билеген ер адамның қимылын еске түсірердей еді. Құдай жарылқап, жауапты хатшыға көмекшілер көбейді. Елеу Шатыров жетіп барып, өз зайыбына жалына-жалбарына басу айтқансыды. Баспаханадан ергежейлі бастық, екі-үш қазақ-немісі арлас кексе қатындар жүгіріп келіп, бәрін екі айырып жатты. Тіпті мұндайға араласпайтын Нұрша қыз да жетіп, Елеу Шытыровқа бас бермеген Шекердің бір жеңінен тартқылап, «апатайлап», арашашыларға қолғабыс жасады. Бұл кикілжің аяқталғасын біздің кабинеттегілер Елеу Шытыровты ортаға алды: – Елеке, мына бухгалтер қатын бастаған үшеудің шарпысуына дәліздің екінші жақ шетіндегі баспаханада істейтін сіздің үйдегі жап-жас жеңгейдің қанатты құсша ұшып жетіп килігуі қалай? Нені бөлісе алмай жүр бұлар? – Ия, соны басқамыз да түсіне алмадық? Елекең жауапқа мүдірмеді: – Қатындардың шарпысуы үшін бөліске салар дүниенің қажеті шамалы. Мектепте биология пәнінен оқымадыңдар ма, көктемде, күзде жыл құстары жылы жаққа ұшарда сондай қарсыз, аязсыз кеңістікке барамыз деп баста қорытып жатпайды, тек ұзақ-ұзақ қанат сермеуді керексінген шартты рефлекс түріндегі ынта көтеріп әкетеді. Қатындар да солай, іштерінде әмсе у мен зәр түйдектеліп жүреді, онысы симай бара жатса қалай лақ

еткізбесін?! Аса жиренбеңдер, сендерге қазақтың тіл байлығын
игеруге септеседі ғой!
Біз мырс-мырс етіп күліп қана қойып едік. Тек кейін бұл
Елекеңнің аузына құдай салған сөздей көрінді. Осыдан үш-төрт

күн өткенде әлгі Талдықорған қаласының түбіндегі Қаратал ау-
дандық газетіне редактордың орынбасары қызметіне жоғарыла-
ған біздің бұрынғы жауапты хатшы қоңырау шалды. Елекеңді,
ия, мына Елеу Шытыровты өзі істейтін газетке жауапты хатшы-

лыққа, әрі жарты жүктемеге фототілшілікке шақырыпты. Ыстық,
суық суы бәрі ішінде, ортақ жылу жүйесіне қосылған, жаңа типті
екі бөлмелі пәтер де дайын депті. Елекең көп ойланып жатпа-
ды. Бақанаста бұл қимайтын не бар, басшылар жоғары білімді,

әрі тәжірибелі бұған бөлім меңгерушілігін де бермей келеді, әрі
осындағы тауық қораға ұқсаған, қырық жылғы бір бөлмелі пәтерін
қыста сексеуіл жағып та жылыта алмайды екен.
Ал Шекердің қуанышында тіпті шек жоқ, жүгіріп келіп біздің кө-

зімізше күйеуін құшақтап, басы-көзінен түк қалдырмай сүйе бер-
ді. Қолын шапақтап, секектеп, сыңғырлай күліп кішкентай бүлдір-
шін қызға ұқсады.
Қысқасы, бір аптаның ішінде бұлар есеп айырысып, үйлерін-

дегі дүние-мүлікті екі-үш қап, екі чемоданға сыйғызып, рейстегі
автобустардың бірімен көшті де кетті. Жол жуу, қоштасу сиқты-
ларды ескерткендердің тілек-талабын Елекең құлағына да қыс-
тырмады. Дәл кетерінде бір қағаберісте маған сыбыр етіп, маған

ғана жол жуу мезіретін жасамақ екенін білдірді. Тек мұның жол
жуу мезіреті былай болды, әлгі аталмыш асхананың буфетінің
алдында түрегеп тұрып, менің есебімнен екі стақан шарап ішті.
Ал өз есебінен мені сөзге қарық қылды.

– Сен, Ерік, менің ғақлияларымды көңіл қойып тыңда,  –

деп бастады Елеу Шытыров.  – Сенде сөз ұғарлық зерде бар!
Мұндағылардың бәрі, тіпті қатындарына дейін саған қызғаныш-
пен қарайды. Бәрінен де жаманы ана сенің «айлас қатын мұң-
дас» дейтіндей өзің секілді бойдақ досың – Береннің қызғанышы

жаман!
Осы тұста мен де шарт жарылғандай едім:

– Ағасы, ашыңқырап жырлаңызшы! Олар менің немді қызға-

нады? Күркіреуі күшті, жауары аз мына өкіметтің жарытпаған жа-
лақысын қызғана ма? Оны қызғанса ондайлық бәрінде бар ғой.
Әкем соғыстан аурушаң боп оралды, шешемнің денсаулығы да
оңып тұрған жоқ, өздері шиеттей бала-шағалы, алған жүз сомым-

ның жартысынан көбірегін ай сайын соларға жөнелтемін! Кейде
бір жейде, тіпті шұлық сатып алуға шамам жоқ. Үйсіз, күйсіз,
соқа басым тентіреген біреумін. Жатын орным да жайсыз, ішкен

тамағым да айтуға ұят дейтіндей. Сонда бұлар менің немді көре алмайды? Немді қызғанады? Осылай саудырап кеп бергенімде мұндайды менен күтпеген Елекең жаңағы елжірей қараған қалпын күрт өзгертіп, әлдене есіне түскендей аздаған қасқасы бар ашық маңдайлы жүзін төмен тұқыртты. Мен не айтсам сондайдың бәрі өз басынан да өткендей сәл-пәл шіміркене өзін әрең тежеп, билеп әкеткенге ұқсас түр көрсетті. Сонда да алғашқы әуенін жалғастыруға күш тапты: – Сұрағың өте орынды! Нақтылы жауап менен! Олар бәрін қызғанады. Сенің осы жүрісіңді қызғанады! Жап-жас басыңмен аудандық газеттің бөлім меңгерушісі екеніңді, биыл оқуға барып, диплом алып қайтқаныңды, оқта-текте республикалық газеттерде жылт ететініңді, оны аз десең сенің түр-түсіңді де қызғанады. Сенің қияпатыңда бұл жақтың мойны-басы былқылдаған, көздері бадырайған, өздері де, сөздері де добалдай қазақтарына ұқсамайтын бөлек нышан бар. Аузыңда артық бір қыл-қыбыр кетсе қазақ соны да қызғанады. Сен Алматыдағы зиялы қауымның қақ ортасында алшаң басатын жанға көбірек ұқсайсың. Кейде адамның сырт пішіні мен ішкі жан-дүниесі бір-біріне сай келетіні бар. Ия, былтыр «Топар» кеңшарындағы партия ұйымының хатшысы Қарабек Оралов саған не айтты? Есіңде ме? «Әй, Ерік, сен аудандық газеттің ауқымына симайсың, бұл шеңберде қалып қойма, кең өріске бетте» деді. Біле білсең ол мірдің оғындай етіп дәл көздеп жеткізді. Сен түгілі сонда мен тебірендім. Жаным, Ерік, көңіліңе келмесін, бұл Бақанас дәл бүгінгі таңда оннан қашқан, мұннан қашқандардың, өмірде жолы болмағандардың табысатын пұшпағына айналып тұр. Мысалы, арамтамақтардың, орысша айтқанда, «тунеядецтердің» осы қиырға жер аударылуы ненің белгісі? Жә, ол саяси мәселе! Оған ұрынбайық. Мысалы, мына Алашбай, сендер Алекең дейтін кісінің тілімен тас жарып, тау бұзған, зіркілдеген бұрынғы прокурордың бармаған жері, баспаған тауы жоқ, біраз жерді өртеп, біраз жерді ластап, ақыры тауы шағылып, қайраты қайтқасын келіп отыр. «Қайтып келген қыз жаман» деген, сосын да аудандық газеттің бөлім меңгерушісі қызметіне мойынсұнған жайы бар. Мұның да қазіргі алып отырған әйелі – үшінші әйелі. Құдай кешірсін, мен өзім де сау сиырдың боғы емеспін, білетін де шығарсың. Мен де анау-мынауға бой алдырып, аяғымды көп шалдырып, жүрер жолынан адасқан жанмын. Мына Алашбаймен сан жылдарды араға салып, тар бөлмеде қайта қауышуым соның айғағы. Бұл қиырда мен ауыз толтырып атар нағыз зиялы, нағыз интеллигент адам таппайсың, өңкей деңгейі төмен, кісі етіне жерік, біреуді аяқтан шалмаса ішкені бойына тарамайтын тым жүдеу жандар көпшілігі. Қызғаныштан іші өртенгендер, аузымен

орақ орғандар. Менің тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйіні сол –
көп арқандалмай сен де өкшеңді көтер! Сонау Алматыдағы үлкен
ортаға бар! Мынаны айыра біл! Қызғаныштың да түр-түрі бар.
Мысалы, ана өзіңмен «айлас қатындай» Береннің қызғанышы

аты бөлек, заты бөлек мүлдем басқа дүние. Онікі қазанның түп
күйесіндей қара қызғаныш. Ол армияға кетердің алдында да бі-
раз қазан-ошақты бүлдіріп аты шыққан көкжал. Сөйте тұра оған
ақымақ қыз-келіншектердің еметайы езіліп тұратынын да білемін.

Ол тап қазір сенің соңыңнан көзінің сұғын қадап жүр. Іші түндей
қараңғы Шафқат Насыров бастаған басшылардың да саған де-
ген көзқарасы оңып тұрған жоқ, ол өзінше жыр. Тек ең соңында
мынаны ескертемін. Мұндағы көргендерің, мұндағы бақастық, ки-

кілжің, қызғаныш атаулының бәрі түйіндей бейнелесең орысша
айтқанда «Буря в стакане воды». Алматыда да сені ешкім аяғың-
ның астына кілем төсеп, құшақ жайып қарсы алмақ емес. Нағыз
шайқас сонда. Әрі онда шайқастың ең ірісі, жан беріп, жан алы-

сар ымырасыз жойқындары алдыңнан шығар. Бірақ сен мойыма,
сенде қабілет мол, соны қалқан да, қару да ет! Ал, інім, құдай
алдыңнан жарылқасын! Мен кеттім!
Сол сәтте әлдене ішімнен үзіліп түскендей тұлабойым солқ

етті:

– Аға! Үшінші стақан шарапты да іше кетіңіз! – дей беріппін.

– Жоқ, жаным, Шекердің мені жоқтап безілдеп жатқаны анық.

Біздің буын-түйін шаруамыз әлі біткен жоқ. «Кедей болсаң көшіп
көр» деп қазақ тегін айтпаған ғой.
Елекең асханадағы буфет алдында мені жалғыз тастап жө-
неле бергенде шын мәнінде әлдебір қимасымнан айрылғандай

көзіме жас үйірілгенін қайтерсің. Туған-туысқан, жанашыр жо-
ра-жолдастан ешкім жоқ, жат жердегі тірлігім енді ғана жамба-
сыма аяз боп батқандай тұла бойымды діріл биледі. Бір жарым
жылдай өзіме қарасты әдеби қызметкер болған, бірде бағынып,

бірде бағынбаған, жасы үлкен аса қабілетті журналист, тек тір-
лігі берекесіздеу көрінген осы адам осы аудан орталығындағы
мен жаныма жақын тұтар ырзықтың бәрін арқалап әкетіп бара
жатқандай жаман-ақ құлазыдым. Маған арнаған ұзақ жырында

кейбірі өзіме бұрыннан аз-мұз таныс жәйттер баршылық десем
де Елекең тереңнен сүзіп, шындықтың ең бір таза жауһарларын
айқынырақ етіп, жалаңаштап жайып тастағандай. Оның бәрін
қайта саралап, өткелектен өткізуге бұл жолы қауқарым жетпеді.

Тек бар бітіргенім әлгі өзім атаған үшінші стақан шарапты жалғыз
қылқылдаттым.

* * * Осы Бақанаста сол жылдары «Халық театры» атағын алған аудандық үлкен театр ұжымы бар еді. Сонда әрі әнші, әрі актер, конферансье қызметін атқаратын, әрі мақала, өлең жазып, оларын бізге жиі-жиі әкелетін, жүріс-тұрысы шапшаң, салдыргүлдір сөздерімен қай ортада да жұртты өзіне қаратар өнері де жеткілікті Зорбай деген жігітті танушы едім. Сол ойда жоқта Елеу Шытыровтың орнына маған қарасты әдеби қызметкер болып шыға келді. Мына Берен сықылды оның да бет терісі қап-қара, бірақ дене бітімі одан әлдеқайда жұтаң, нәзік, арықша неме. Сөйтіп былтыр мен алғаш келгендегі газет ұжымының мына Қабылтай, Құлым Сақанов үшеуімізден басқасының бәрі өзгеріп сала берді. Зорбай үстел басында кеудесін тік ұстап, баршамызға жоғарыдан қарамақ кекжиген мінезді екенін бірден аңғарғанмын. Әрі орындыққа құйрығы тиер-тиместен сампылдап, театр ұжымымен ауыл-ауылға шыққандағы дастарқан, ішіп-жем мәселесін сапыра бастады. Ол кездегі газет жұмысындағы бір қиындық еңбекші хаттарының сирек түсетіні еді. Тап сол күні әлдеқалай мен басқаратын ауылшаруашылығы бөліміне қатысты үш бірдей хат қолыма тиді. Үшеуіне де тез-тез көз жүгірттім, біреуін өзіме қалдырдым да екеуін Зорбайдың алдына қойдым: – Зорбай, мына екі хатты тез дайында! – дедім. Зорекең мен үстеліне тастаған хаттарға қолын да созбастан: – Екеуін де мен дайындаймын ба? – деп маған көздерін сүзе қарады. – Сен дайындайсың!  – деп мен де оған нығарлай сөйлеп бедірейдім. Сөйтіп, онымен ең алғаш рет осылай көз тірестірдім. Алашбай, Берен, тіпті Қабылтай біздің осы көз тіресімізге миығынан күліп еді. Зорбай әлгі екі хатты әрең алып, шешуі қиын кроссвордқа тап болғандай қабағынан қар жаудыра шұқшиды. Әлденені жақтырмағанда қара табаға ұқсас дөңгелек бетінің екі ұшы жыбыршитынын да байқадым. Қып-қысқа екі хатты дайындауға Зорбай түске дейінгі уақытты жұмсады. Қалыптасқан үрдіс бойынша Зорбай ол екі материалды Кәріқызға бастырып, үстінен қарап, сонан кейін ғана маған беруге тиіс. Әлденеден күдіктенген мен оларды машинкаға бастырмай тұрып қарадым. Екеуі де өте шикі дайындалған. Біреуін өзім қайта редакцияладым да, екіншісін: – Мынаны қайта дайында, кішкене қол батыра түс, немесе қайта көшір! – деп өзіне қайтардым. Сондағы Зорбайдың түрі тіпті жаман еді, бет-әлпетінде «мынауың жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықтының өзі ғой» деген жазу бар. «Сен Елеу Шытыров

емессің, жыныңды қағып аламын» дегендей мен де сұс көрсеттім. Асып бара жатқан жазу қабілеті жоқ, онжылдықтан соң оқуды ешқайда жалғастырмаған бұл жігіттің мұнда келгендегі алғашқы кескіні маған да ұнамаған. Алғашқы кескіні ғана емес, жалпы жұмысқа қыры жоқтығы да бірден секемдендірді. Есесіне сол ағыл-тегіл самбырлауы көп. Бір-екі рет Алекеңнің, Алашбайдың сөзін бөліп, қысыр әңгіменің тиегін ағытты. Сол баяғы ішім-жем, қыз-қырқынға қырындауы төңірегінде көсіліп барып, өзі менен бір жас кіші бола тұра әйелі, үш баласы бар екенін ара-арасына қыстыра кетеді. Мұным тікелей бастығыма қалай әсер етті дегендей жымия маған көзінің ұшығын тастайды. Ол ниетін Алекең, Берен, Қабылтай үшеуі де ұғып, олар да маған сығырая қарайды. Жалпы бұрынғы Рақыш Сәдібековке ұқсап, бұл Зорбай да осы кабинеттегілердің бәрінен өз шоқтығын жоғары қоюға жан салғандай. Мұны Шафқат Насыров та байқап, түнеугүнгі Алекеңе, Алашбайға жасаған ескертпесін бұған да арнап қайталады: – Әй, Зорбай, бұл театр сахнасы емес! Бұл редакция! Жазу жазатын жер! – деп зілденді. Бірақ одан Зорбайдың жүні жығылған жоқ. Бір қызығы бастықтарға бас бермейтін еңгезердей тоңмойын Береннің өзі Зорбайдың алдында кішіктік ететіндей. Әлде Зорбайдың сілекейін шұбыртып төккен көпіртпелері мұның құлағына ерекше жаққаннан ба екен? Көп ұзамай бұл Зорбайдың да тісі сынды. Бұл Зорекең жұмысқа тұрған алғашқы күндердің бірінде-ақ мен жоқта, өзгелердің төрт көзі түгелде «әй, жарандар, бұл Ерік Тінәлиевтің ісін мен де атқара аламын, мен болсам қазірдің өзінде қыз-келіншектердің қайқайсысын да бір көргенде-ақ қағып түсіремін, әйелім, бала-шағам бар, ал мынау Ерік дегенің сүрбойдақ, сайда саны, құмда ізі жоқ қаңғыған біреу, оның қазіргі отырған мына орны менің орным ғой» депті. Оның бұл сөздерін Құлым Сақанов пен жаңа жауапты хатшы Майтан да естіп тұрыпты. Бұл соңғы аталған екеудің маған жұлдызы қарсы екенін біліп үгергесін Зорекең солай емексіді ме екен? Ол жағы маған жұмбақ. Зорбайдың осы есек дәмесін мен бірден естіген жоқ едім, тек кейін ғана құлағыма жетті. Ол да Зорекеңнің тісінің сынуына байланысты еді. Күздің ақырғы күндері болатын. Сыртта жаман қара суық соғып тұрған. Редактор мені кабинетіне шақыртты да: – Ерік, «Ақкөлге», сондағы үлкен жиналысқа сен екеуміз баратын болдық! Міне, төлқұжатым! Бухгалтерден жол-пұлыңды ал да аэропорттан өзіңе де, маған да бүрсігүнге ұшаққа билет алып кел! – деді. Бұл «Ақкөлдегі» үлкен жиын жөнінде мен алдын ала естіп те

жүр едім. Аудандағы үлкен шаруашылықтардың бірі осы «Ақкөл»
кеңшарының құрылғанына отыз жыл толмақшы, әрі биылғы көр-
сеткіштері де жаман емес, алайда, жалпы аудан бойынша жетіс-
тік жоққа тән, көп кеңшарлар жылды шығынмен аяқтағалы отыр.

Осындай күнде «Ақкөлде» той өткізсек төбемізде әңгіртаяқ ойна-
май ма деп, аупартком мен ауаткомдағылардың бас шаққанына
біраз болған. Ақыры, ойласа келе тосын айла тапты. «Ақкөлде»
биылғы қиын жылдың қортындылары, жіберілген кемшіліктер ха-

қында барлық шаруашылық басшылары, мамандары, еңбек озат-
тары қатысқан үлкен жиын өткізейік, соңында ақкөлдіктерге азда-
ған құттықтау сөздер арнайық, әрі аудандық «Халық театрының»
күшімен концерт ұйымдастырайық деп шешілген. Сонда «қасқыр

да тоқ, қой да аман» дескен.
Мен Шафқат Насыровтың тапсырмасын екі етпей орындадым.
Тек ертеңіне ол шала бүлінді. Өз иығын өзі жұлып жердей әлде-
кімге кіжініп, редакция мен аупарткомның екі ортасында ары-бері

шапқылауды көбейтті. Не дүние бүлінгенін түсінбедім. Өз орында-
рында шегенделген Құлым Сақанов пен Майтаннан мәселе сырын
сұрағым келмеді. Ал маған қарасты әдеби қызметкер Зорбайдың
бет-әлпеті әлденеден сыр бергендей. Енді қайтсін, қулығы кө-

ген басынан аспайтын жартымсыз пенде ғой ол. Алдындағы ескі
материалдарды аударыстырып, жұмыс істеген болып, сол жаз-
баларға қадалып қапты. Ара-тұра маған ұрлана көз тастайды.
Сонысын кәдік көріп, енді оны қатаңырақ бақыладым. Бірден

шалғаным, қап-қара дөңгелек бетінің екі ұшында енді сайқымазақ
күлкінің табы білінді. Кәтте әлдекімді көздеп атқан оғы дәл тиіп,
іші майланған мергеннің жайқалысы бар. Әлденеден өзімді найза
ұшында отырғандай сезіндім.

Түскі үзіліс қарсаңында редактор аупарткомға жасаған соңғы
сапарнамасын аяқтап, кабинетіне кіріп, орындықты дүрс еткізіп, өз
орнына құйрық басқанда оның дыбысы есіктер ашық-шашық бол-
ғасын ба баршамыздың құлағымызға жетті. Сосын ол өз орынба-

сарын, жауапты хатшыны, бухгалтер әйелді, мені және Зорбайды
шақыртты. Ешқайсымызға «отыр» деген ишара жасамады. Бәріміз
тікемізден тік қақайған күйде Шафқаттың аузын бақтық. Сөз қысқа
болғасын бастықтың өзінің қалауы да солай екен:

– Сен, Ерік Тінәлиев, мені кешір! «Ақкөлге» сен бармайтын

болдың! Алған билетіңді қайта өткіз! Сенің орныңа мына Зорбай
баратын болды! – деп, ең бірінші сөзді маған арнады. Орынбасар
мен жауапты хатшы екеуі бірдей бебеу қақты:

– Шафеке-ау, «Ақкөлде» аудандық үлкен жиын болады, ол ха-

қында сүбелі мақала жазылсын деп, аупарткомның бірінші хат-
шысы өзі тапсырма берді ғой!

– Бұл Зорбайыңыз жақында ғана «Қараойға» іссапарға барған! Әкелген материалдарының татымы жоқ! Бұл жолға Ерік Тінәлиев оңтайлы еді ғой! Редактор екі қолын бірдей аспанға көтеріп: – Бұл уәждеріңді екі есе қып, үш хатшының да табалдырығын аттап, құлақтарына тамылжыта құйдым! Былқ етер түрлері жоқ. Кім барады, бәрінің тізімін үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі жасап, бекіттіріп алыпты. Онда жиын ғана емес, үлкен концерт болады, Зорбайдың соған қатысуы керек екен! Болды! Сөз таусылды! Барыңдар! – деді. Әрине, менің «Ақкөлге» барғым-ақ келген, өткен жылғы ең алғашқы іссапарым сол кеңшардан басталған ғой, сондағы алған әсерлерім, сондағы білімді де іскер жас зоотехниктің хикаяттары бәрі қаз-қалпында жадымда. Сонда да бұл өзгеріс мені пәлендей құлазытқан жоқ. Есесіне, Зорбай асығы алшысынан түскендей, сол кеңшарға үлкен жиынға орай жайылатын астатөк мол дастарқан басында мұрты майланарын алдын ала сездіре танауын көтере біртүрлі сеспен аттанып кетті. Бұлар бес күн өткізіп барып оралды. Іссапардан соңғы алғашқы күнде Зорбай жұмысқа бір сағат кешігіп келді. Ал әдеттегіден әлдеқайда ерте келген редактор оған дүрсе қоя берді: – Сен қайда жүрсің осы уақытқа дейін? – Ау, Шафеке-ау, мынандай сапардан соң адамның бойы сәлпәл байсал тартпай ма екен? – Сен, қақсауық, тіліңмен бидай қуырма! – деп бастап редактор одан әрмен зікір салды. – Кәне, кіріс! Түскі үзіліске дейін баспаханаға теруге беруге тиіспіз! Ертеңгі нөмірге жоспарланған нәрсе! Зорбайдың қаламсабын тауып, алдына қағаз жайып, алғашқы сөйлемді түсіргенге дейінгі аралық өзінше бір салтанатты жағдайда өткендей. «Мұндай кәкір-шүкірмен шұғылданғанша «Аққөлде» ақ арақты қалай қылқылдатып, майлы етке бес бармақты қалай батырғанымды мына ашкөздерге айызым қанғанша жырлап, бәрінің ауыздарынан сілекейін шұбыртқаным әлдеқайда абыройлы емес пе?» деген жазу бет-жүзінде кино экранындағыдай көз қарықтырып тұрды. Бұл күнгі Шафқат Насыровтың қиналысында шек жоқ еді. Біздің кабинетке деміл-деміл кіріп: – Әй, қанша жаздың? Әкел! Мен шетінен қарай берейін! – деп дікіңдейді. Ал Зорбай он салса бір баспайтын өгіздей бір орында табандап тұрып алды. Тіпті алғашқы бір парақ қағазды өзінің айдақ-сайдақ жазуымен толтырғанша бастықты ығыр қылып бітті. Бұл күннің алғашқы жартысында мен, Алашбай, Берен, Қабылтай төртеуіміз де жұмыс істеп жарытқан жоқпыз. Зорбайдың түйсіксіздігі, редактордың біздің табалдырықтан ары-бері

тапырықтай аттауы бәрімізді іштей күлкіге қарық қылды. Қатты күйінгеннен бе, бірде редактор сол табылдырыққа сүрініп құлай жаздады. Оқта-текте мені ала көзімен бір атып қояды. Материалды Зорбайдың қолынан жұлып алып маған берейін десе ол жиынға қатыспаған менен не шығады деген сауал мысын құртатындай. Өзінің жазуға отыруы да бұл қиырдың шариғатына симайды. Екі дипломы бар адамның мұндай қара жұмыспен шұғылдануы, бас жарып, көз шығаратындай жарасымсыздық қой. Қойшы, қысқа қайырсақ, бұлар екеулеп түскі үзіліс қарсаңында бірдемені ұмарлап-жұмарлап баспаханаға әрең тапсырды. Ертеңіне ол газетке шықты. Сол ертеңгі күні түстен кейін Шафқат Насыров аупарткомға шақырылып, одан жүнін жұлған тауықтай болып оралды. Ешкімге қарар беті жоқтай. Біраздан соң орынбасар мен жауапты хатшыны шақырып, үшеулеп ұзақ кеңесті. Әңгіме мына Зорбай жазған мақала жөнінде болғанын бәріміз сездік. Себебі, оның мынандай атышулы үлкен жиын қорытындысына лайықсыздау қораш дүние екені бәрімізге де танылған. Сол күннің ертеңіне Құлым Сақанов пен Майтан бізге кірді. Құлекеңнің аузы құлыптаулы, ал жауапты хатшы Зорбайға қарап: – Сен әрі әнші, әрі актер, әрі конферансьесің! Ондай өнерлеріңде қапы жоқ. Сондай қабілетіңмен мұнда қор болғанша, театрыңа кетсеңші! – деп салды. Біздің кабинетте сілтідей тыныштық орнады. Сосын екеуі де қайтіп жақ ашпай үн-түнсіз шығып кетті. Ал Зорбай жұмыстан кеткен жоқ, тек бір аптадай сең соққандай жүрді. Сөйтсек, редактор Шафқат Насыровқа аупартком басшылары қатаң сөгіс жариялапты. Шафекең Зорбайдың газет жұмысына икемсіздеу екенін қалқан етіп көріпті. Аупартком басшылары «өзің неге жазбадың, ол жиынға өзің де бастан-аяқ қатыстың ғой» деп зіркілдепті. Өзі қалай жазсын, екі дипломы барын саусақ ұшын қимылдатып жұмыс істемеу үшін пайдаланып жүрген адам ғой. Бұрынғы бастық Мәкең, Мәлік Қуатов ара-тұра бас мақала, редакциялық мақала дейтіндерді жазып тастайтын. Тіпті іссапарға шығып, очерк, суреттеме сияқтыларды да әкелгені бар. Ал Шафекең осы редактор орындығына байланған бес-алты айдың ішінде өзі басқарған газетке арнап, бір жолды да қағазға түсірмеді. Тіпті оның қолына қалам ұстағанын көрмейтінбіз. Егер қалам ұстаса оны біз дайындаған материалдардың шекесіне қол қою үшін ғана пайдаланатын. Шафекең қатаң сөгіс алғасын ауырғанын сылтау етіп, үш күн үйінде жатып алды. Төртінші күні жұмысқа шығып, таңертең бірден мені өзіне шақырды. Көзінің айналасы қабарып, ісіңкіреп кетіпті. Даусы да жуандап, тау өзенінің гүріліне ұқсайды. Сірә, ауырғаны рас, қан қысымы көтерілгенге ұқсайды.

– Әй, Ерік, құдайшылығыңды айтшы, мына әртісің, Зорбайың

бізде жұмыс істей ала ма? – деп сұрады.

– Жұмысқа былай мойынсұнса істейтін секілді. Бірақ мойын-

сұнғаны білінбейді. Аузымен орақ орған пәле! Өтірік пен шын-
дықты жентектеп, ертеден қара кешке дейін сарнайды да отыра-
ды. Қайта жұрт соңынан неше түрлі сөз өрбітсе де кешегі Елеу
Шытыровтың өзі дұрыс еді! – дедім мен.

– О, шырағым-ау, Елеу Шытыров пен бұл тең бе? Елеу құдай

ақылын алып, адастырып қойған дуана ғой. Оңтайлы күнде ол
журналистиканың су төгілмес жорғасы емес пе? Жарайды, ол
басқа әңгіме. Саған өтініш, сенікі де жалаң сөз болмасын! Сен
мына Зорбай газет редакциясында жұмыс істеуге қабілетсіз деп,

маған жазба түрінде рапорт берші!
Мен ол рапортты редактордың көз алдында отырып, сыдыртып
жазып бердім. Тағы жарты сағаттан соң ол бәрімізді өзіне жина-
лысқа шақырды. Редактор қысқа сөйледі. Сөйтсек бұл Зорбайың

«Ақкөлдегі» жиын, концерт, той дастарқаны сияқтылардың үстін-
де маскүнемдікпен де көзге түсіпті. Соны баяндай келіп:

– Міне, Зорбайдың тікелей бастығы, ауылшаруашылығы бөлі-

мінің меңгерушісі Ерік Тінәлиев бұл Зорекеңнің газет жұмысына
жарамсыз екені хақында ресми түрде рапорт берді! – деді де, оны
дауыстап оқыды. Сол сәтте Зорбай отырған орнынан ыршып-ыр-
шып түсті.

– Мен Еріктің маған неге тісін қайрап жүргенін білемін! Түнеугүні

осы Ерекеңнің отырған орны менің орным деген сөз абайсызда
аузымнан шығып еді, соны біреулер жеткізген сыңайлы!

– Әй, сен ондайды қашан айтып едің, естісем оңбай кетейін! –

деп қарғана мен де бір бүйірден қосылдым. Арты аздаған дау-
дамайға ұласты. Ақыры Зорбай сол күні жұмыстан босатылды.
Сөйтіп, «тоқал сиыр құдайдан мүйіз сұраймын деп, көзін шыға-
рыптының» кері келгендей еді. Тек тағы үш күн өткенде осы ара-

лықта аупарткомның табалдырығын біраз тоздырып үлгерген
Зорбай өз орнына қайта оралып орнықты.
Осы Зорбайға қатысты кикілжіңнен соң Шафқат Насыров күрт
сынды. Көбіне жұмыста болмай, әрі жиі-жиі аузынан арақ исінің

мүңкитінін қайтерсің?! Бірақ ол хақында ешқайсымыз тіс арасы-
нан леп шығармаймыз. «Шафеке, мынау сіз туралы өсек таратып
жүр» дегенді оның құлағына қай-қайсының да саңқ еткізері сөзсіз.
Журналистік қабілеті тапшы, бірақ дәмесі зор, бір-бірінің аузын

қаршығадай баққан, көздері жыпылықтаған қу қапталдар ондай-
дан олжа табуға неге құлшынбасын?!
Байқаймын, редактор өзінің үстінен қараған аупартком басшы-
ларының әрекетінен де жүйкелейтін тәрізді. Редакция ұжымындағы

соңғы өзгерістер, қайдан екені белгісіз, жоғары білімі жоқ жауапты хатшы Майтанның топ етуі, жасы егде Алашбайдың, беті қара майша жылтыраған томырық Береннің, бұл күнде мойнына сәлпәл бұғалық түскен әнші, конферансье Зорбайдың осында кеп ірге тебуі – бәрі Шафекеңнің еркінен тыс болған жәйттерге ұқсайды. Осы аталғандардың қай-қайсымен де беттессе қабағында кірбің жүгіреді, әрі олардың сөздерін жүре тыңдайды. Тіпті көрген-білгені ұшан-теңіз, қу мүйіз, кәнігі Алашбай бір қызық хикаятты біздің кабинетке бас сұққан Шафекеңе арнап суыра бастаса бұл жалт бұрылып жота көрсетеді. Ал Алекеңнің ондайда суық соққан гүлдей реңі қашады. Бұл жасы үлкенге ондайда жанымыз ашиды. Шафқат Насыров көбіне өз орынбасары Құлым Сақановпен ғана сұхбаттасады. Қайда кететінін соған ғана айтады. Тіпті редакция жұмысынан біржола қол үзді десек те ақиқаттан аулақ емес. Бірер мәрте Шафекеңнің аупарткомда іс басқарушы қызметін атқаратын әйелі бізге телефон шалып, өз отағасының қайда екенін сұрағаны да бар. Сондай сауалмен басқа жолы өзіне құрбы есепті корректор әйелді де мазалағанын байқағанмын. Мұның бәрі ол редактор хақында біраз сезік тудыратын. Бірде ол редактор жоқта әлгі бухгалтер, корректор, машинистка Кәріқыз үшеуі тағы да өзара шарт та шұрт ұрсысты. «Бұлттан шыққан күн ащы, жаман қатынның тілі ащы» деген. «Кеңкелес», «шөп желке», «сайқал», «қуаяқ» сияқты адамның төбе құйқасын шымырлатар атаулардың біразы редакция үйінің қабырғасын солқылдатты. Баспахана жақтан жүгіріп келетін Шекер жоқ, есесіне үшеуі сондағы әлгі бейкүнә Нұрша деген қызды да ауыздарына алысты. Қойдан қоңыр, жылқыдан торы, аса момын, көздері жәудіреген, ісіне аса ұқыпты, елгезек, артық сөзі жоқ ол қыз бұлардың қай дүниесін опырып кетті, сол жағы ғана бұлдыр. Өз ныспысы құлағын жарса да Нұрша бұлай қарай жүгірген жоқ, тек Құлекең мен Майтан қабаттаса жетіп, бәрінің аузына қақпақ қойды. Осы у да шудан соң менің де іш дүниемде ызғар орнағандай елегізіп, әрі өзімді кірпік қақпай баққан Береннен бөлек кету үшін қызмет аяғында сәл ертерек өкше көтеріп, ләм-мимсіз жылыстай жоғалдым. Бұл Іле-Балқаш өңірінде қыс түсіп, қарлы аяздың толық күшіне енген шағы еді. Аяқтың астында мұз кесектер сықыр-сықыр етеді. Бұл жақтың тағы бір ерекшелігі жаз, күз айларында көбіне ауа тыныш та, ал қыс біліне-ақ суық жел дегенің әлдекімде аласысы бардай екіленеді. Үстімде жұқа польто, соның жартымсыз жағасымен, әрі бөкебаймен мұрнымды, құлақ-шекемді бүркемелей аудан орталығын қақ жарып келемін. Бұл менің осы қиырда қарсы алған екінші қысым. Сосын да бәрі аздап үйреншікті көрініс еді.

Орталықта клуб, мейманхана, дүкен сияқтылардың тұсында
Іле дариясына, түстікке қарай тура шығатын көлденең жол бар-
тұғын. Сонымен бұрылып, өзен жағалауына тарттым. Бұл шақта
Іле дариясы біржола қатып, тап-тақыр мұз үстінде жел қуып әкел-

ген қардың айшықтары әрқилы суреттерге, ою-өрнектерге айна-
лып, бас-аяғы жоқ ұзаққа созылып кетіп жатыр. Мұнда аяздың да
екпіні қаттырақ. Соған қарамастан осында жер аударылған, әлгі
үсті-бастары алба-жұлба арамтамақтар қызу жұмыс үстінде екен.

Жағалауда астауша төңкерілген қайықтардың қасында бір тобы
отты лаулатып жағып, тамақ пісіруде ме, жоқ, басқа бір темір дү-
ниені қыздырып жатыр ма, әйтеуір, күйбең-күйбең қимыл үстінде.
Ал басқалары жел ойнақтаған айдын үстінде бір-бірінен елу-ал-

пыс қадамдай қашықтықта мұз ойып, содан қармақпен, кішкен-
тай сүзгілермен балық аулауда. Бұлар ресми тілде арамтамақтар
атанғанмен жұмыстары айыз қандырады. «Әттең, екі дипломы
бар біздің редакторды да осыларға әкеп қосақтар ма еді» деген

қиял басымды дың еткізді. Әрі өз ойымнан өзім мырс етіп күлгенім
де есімде.
Енді қалай? Бастығымыз күннен-күнге нілдей бұзылуда.
Әнеугүнгі Зорбай оқиғасы бір жайдан мұның бет пердесін ашып

жібергенге де ұқсады. Бұған қазіргі отырған орны аз, шексіз би-
лікті қажетсінетіндей, аупарткомның төбесінен қамшы үйретіні,
сөгіс жариялайтыны, Зорбай сындыларды ұжымнан қуып шығуға
қауқарсыздығы екінші диплом алып келгендегі күтпеген құқайла-

ры екені хақ. Әзірге Шафекеңнің бір ғана арманы орындалып тұр,
ол саусақ ұшын қимылдатып жұмыс істемейтіндігі. Әрі үстіне қыл
жуытпай өте таза киінетіні. Басқалары көзінен бұл-бұл ұшқандай.
Тап сол күндерде қазақ зиялыларының, тіпті зиялы еместерінің

ішінде де ортақ еңбекке тиіп-қашып қана қатысатын, ал кейбреу-
лерінде ол да жоқ, тек қабақ кіржитіп, айнала ортаға наразылығы
шарасынан асып-төгілетін, сол наразылықпен ғана, байбаламмен
ғана жұрттың көңілін өзіне аударып, дүниені жалғыз өзі төңкеріп,

бар ауыртпалықты өз желкесіне ғана артып алғандай әсер қалды-
рып, бетке қалқып жүретін жандар бары туралы түсінігім қалыпта-
са бастаған еді.
Есесіне Құлым Сақановтың белсенділігі артты. Материал қа-

рау, редакция мен баспахана жұмысына бас-көздік ету  – бәрі
Майтан екеуінің құзырында. Бұл қосымша бейнет Құлекеңді қа-
жытар емес, қайта одан әрмен жігерін жанитындай. Бір кезде
Елеу Шытыровтан «бұл Құлекең әліптің артын баққыш» дегенді

естігенім бар. Кеше Мәлік Қуатовтың омақасар күнін ыждаһатты-
лықпен күтсе, енді сондай үміт мына Шафқат Насыровтың жұмбақ
мінезіне орай қайта иегін қышыта бастады ма?

Ертеңіне де жұмыстан ертерек шығып кетіп едім. Қашсаң құтылмайтын Берен бұл жолы соңымнан қуып жетті: – Әй, Ереке, Ерік, мына Шафекең екеуің бір тосын мінез таптыңдар. Қара көрінсе тұра қашатын үркек қояннан бір былай емессіңдер. Мәнісін айтшы! – Мен бетімді ыржиттым да қойдым, жауап бермедім. Майша жылтыраған жақ сүйектерінде жылылық мол, алпамсадай денесімен қорбаңдай басқан Берен қайта күмбірледі: – Кеше мына үш қатынның неге шайнасқанын ұқтың ба? – Ұқсам желкемнің шұқырын көрмейін! – Қырсықпай сөйле! Желкеңнің шұқырын онсыз да көрмейсің. Ұқпасаң тыңда! Тілінің бізі бар Кәріқыз күннен-күнге күйлеп жүр емес пе? Сол қарап отырмай «мына екі сүрбойдақтың ең құрымаса біреуінің маған көңілі ауар еді-ау, ана сайтандай Нұрша екеуінің де көздерін тұмшалап тастады» деп көкіпті де, ол қыздың арғы-бергісін әбден ит-сілікпелепті. Бұл бухгалтер қатынның әлденеден қитығына тиіп, «бейшара қызда не шаруаң бар» деп ол ара түсіп, даудан дау туындап, корректор қатын араласып, арты насырға шауыпты. Байқа, бала, бізді сыртымыздан бөлісе алмай жүргендер бар! Бұдан әріде сөзіміз аса жараспады. Мұз кесектерді сықырлатып, біраз уақыт үнсіз көше кездік. Әлдене есіме түскендей Беренге жалт бұрылдым: – Әй, Берен! Сен осы ауылдың тумасысың! Тұрақтанып қызмет атқаратын жерің осы Бақанас! Уақыт оздырмай сол Нұршаға неге үйленбейсің?! Өңді де тәрбиелі қыз! Бір үйді гүл-гүл жайнатарлығы бар. Жаман сөздерге араласқанын, өсекке үйірсектігін көрсем көзім шықсын! Бір жайдан сүрбойдақ деген атақтан құтылғаныңа да жақсы! – Ондай ой болып еді менде, – деп Берен танауын көтере сәлпәл ыңырси жауап қатты. – Тек мен армиядан келер қарсаңда сен сол қызбен жүріпсің ғой! – Не тантып тұрсың! Мен ол қызға жуысам құрып кетейін! Бір жылы лебіз білдірген жерім жоқ. Кім таратып жүр ондай лақапты? – Кешегі шарпысқан, мына өзің білетін үш қатын айтты шауып алсаң! – Өй, шырағым, аузымен жер өртеген ол қатындардың тіліне ерсең сен бір күні мына Іленің суына батып өлесің! Біреуді біреуге телімесе іштері бұзылатын қаскөйлер емес пе олар?! Соған ақылың жетпей ме? Берен басын төмен салып, біз тағы біраз үнсіз ілбідік. Кенет ол жүрісті үзіп, маған бүкіл тұлабойымен жалт бұрылды: – Өзің неге үйленбейсің ол қызға? Жақсы қасиеттерін көріп жүр екенсің ғой! Менің басымдағы хал сенің басыңда да бар ғой! Береннің өзімді мағыналы әңгімеге тартпағын сездім де,

бөгеліп мен де оған қарама-қарсы бой түзеп, сіресе қаттым.
Әріптес неменің өзіме оқтала қарасын сәл-пәл тамашаладым да
оған лайықты құрмет көрсету керек-ау деген рай жеңіп, іште сы-
ғымдалған ойларыммен бөлісуге тырыстым:

– Сен ешкімге дабыра қылма, мен Алматыға кетіп, сонда үлкен

әдеби ортаға жақын жүріп, көркем шығармалар жазуға біржола
көшсем орайлы секілді. Алматы менмен қала деседі, сол расқа
ұқсайды. Мұнда күн өткізсем менің жазушылығым әлгі «Топар»
кеңшарының парторгы Қарабек Ораловтың ақындығынан әрі ас-

пайтындай. Әне, оның осындағы атақты хирург хақындағы даста-
ны осы аудандық газеттің өзінде сүрленіп жатыр. Ал астанадағы
мүйізі қарағайдай қасқалар оны неме жаратсын?! Егер үйленіп,
мойныма қамыт кигізсем мұнда біржола шегенделіп, олай қарай

қоныс ауыстыруым тіпті қиындайтын түрі бар.
Мен сөзімді тауысып та үлгермедім, Берен:

– Алматыға барып биылғы әкелген дирломыңды көлденең

тартпақсың ғой! – деді. Даусы біртүрлі қатқылдау шықты.

– Енді оны да көрсету керек шығар! Дипломды бөшкеге салып

тұздап қою үшін алғаным жоқ қой! Керегі болмаса сол үшін сонша
жыл сабылып нем бар?!
О, ғажап! Өзімнің қарсы алдымда сорайған Береннің сонда-
ғы түсінің қалай бұзылғанын суреттеуге шеберлігім жете қоймас.

Әлденені аузына сап күшпен шайнағандай онсыз да шығыңқы
жақ сүйектері садақ адырнасындай керіліп бара жатты. Бұдан ең
алдымен зардап шеккен шарасынан аса жылтыраған қос жанары
еді. Сиқы бүлініп, енді-енді шашыла төгілер сұйық майға ұқсап,

суық сәуле ойнатып, әлденені жеткізе алмай зар қаққанға ұқсай-
ды. Аспан бұлтты, күн бұлыңғыр еді. Енді Береннің көздеріндегі
сол суық сәуле қанатын жайып, мұның қап-қара бет терісіне де
жарық түсірмектей онда-мұнда жұлқынады, шамасы. Жалғыз ол

ғана емес, ашық кең маңдайы мен кесек мұрны да әлдекімнен жә-
бір көргендей «бізді аясаңшы» дегенге ұқсас ишара жасағандай.
Иықты, бойшаң тұлғасында да бір өзгеріс бар. Кеспелтек салалы
қолдары да тыныштықтан айырылған. Апыр-ау, мына кеспелтек

қолдар сол бет-жүзіндегі, көздеріндегі жалынышты, жаны шыға
шыңғырғанға ұқсас белгілерді де танып, оларға көмекке ұмтыл-
мақшы ма? Ол қолдардың көмегі сол – Береннің қарсы алдында
қаққан қазықша қақайған мына менің кеңірдегіме шап беріп жа-

быспақ па? Мені шынында үрей билей бастады. Бұл сурет өмір-
бақи менің көзімнен де, көңілімнен де кеткен емес. Айтса адам
нағысыз, екі аяқты пенденің де тұла бойында бір демде болатын
мұндай сұрапыл өзгеріс әзірге ғылымға да белгісіз жат пішінді

мүлдем бөгде құбылыс-ау!

Міне, осы көрініс мен үшін Беренді танудағы жаңа бетбұрыс
еді. Әлдене ішіме шемен боп байланғандай мен де дүр сілкіне
оны мүлдем басқаша сыңаймен бақылауға көштім. Әлгі Елеу
Шытыров ағамыздың менімен қоштасардағы сөздері қаз-қалпын-

да тасқа басылған жазудай көз алдымда тізілді. «Қазанның түп
күйесіндей қара қызғаныш қой Берендікі» демеп пе еді? Әрі одан
сақтанып жүр деген бағдарда да ой өрбітпеп пе еді? «Қайран,
Елекем-ай, сен шынында да тағдыр тәлкегіне ұшыраған жан

екенсің, әйтпесе, сен дүниенің тұтқасын бұрар үлкен тұлғалардың
біріне айналар едің-ау». Міне, мына Берен «диплом» аталатын
мендегі кішкентай қатырма қағазды, үлкен әдеби ортаға бармақ
ниетімді қызғанып, табанда ішіндегі ысқыра оянған жыланы оқша

атылардай бетпе-бет тұр. Егер менің ол армандарым жүзеге асса,
шынында үлкенді-кішілі әдеби шығармаларды дүниеге әкелсем
мына сығыр не күйге ұшырар еді, қандай әрекеттерге барар еді?
Кеудеме қадақтай қадалған осы сауалдардан өзім шошып, ағаш

боп қатқан аяқтарымды әрең қозғап, Беренді көше ортасында
жалғыз қалдырдым да теріс бұрылып жүре бердім.
* * *
Бұдан кейінгі күндер мүлдем басқаша ауан алғандай. Шафқат

Насыровтың сыптай киініп алып, өтірік байбалам салып жүруі,
оның орынбасары мен жауапты хатшының бәрімізді қабағы-
ның астымен бағып, еңбек тәртібіне тым «ыждаһатты» қарауы,
Алашбайдың бақсының жынындай шабыты қозып, көрген-білгені

төңірегіндегі хикаяттарды оқтын-оқтын айызы қанғанша төгіп са-
луға аңсары ауатыны, Зорбайдың соққы тиген шекесінің «жара-
сы» жазылып, мені отырған орнымнан аударып тастаудың ұзақ
мерзімді стратегиялық жоспарын жасауға көшкен жасқаншақ та

ұры мінезі, Қабылтайдың тау құлап, тас өртенер, бірақ мен өзгер-
меймін дегендей мызғымас қалпы, тіпті қатындар жақтан, баспа-
хана ұжымы тарапынан жететін ұсақ-түйек қаңқу сөздер де – бәрі
жайына қалды. Бұдан кейінгі күндерде осы ұзын дәлізді, бір қа-

батты ескі үй шаңырағының астындағы баршаны мына Береннің
қылықтары өзіне тартып, бәрін билеп-төстеп әкеткендей.
Сөйтіп, жоғарыда аталғандардың, тіпті олардан бұрынғы кей-
біреулердің қолы жетпеген «мәртебеге» қара томардай болмысы

бар Берен бір-ақ күнде көтерілгендей. Енді басқалардың сөзін
жүре тыңдайтын Шафекең емес, осы Берен болып шықты. Тіпті
Құлекең мен жауапты хатшы Майтан біздің кабинетке кіріп, әл-
дебір тапсырма айтса Берен желкесімен тыңдайды. «Жарайды»,

«құп» деген жауабын желкесімен белгі беріп жеткізеді. Бірақ ол
тапсырмалардың көбісі аяқсыз қалатыны да әдетке айналды. Бұл
жағдай, әсіресе, іш дүниесі кең, бірақ тұзы жеңілдеу Алекеңе,
Алашбай ағамызға қиын тиді. Осыған орай мына бір оқиға да әсте

есімнен кетер емес.
Осы қыс күндерінің бірінде кабинетте бүрісіп отырған біз әл-
денеден әлгі «Томар» кеңшарындағы партия ұйымының хатшы-
сы, әуесқой ақын Қарабек Ораловтың редактор үтелінде әлі күн-

ге жабулы қазан күйінде жатқан поэмасын сөз қылдық. Ол шы-
ғарманың бас кейіпкері, осы Бақанастағы атақты хирург Лепес
Қыранбаевтың да құлағын шулаттық. Бұл Алекеңнің, Алашбайдың
делебесін қоздырды:

– Әй, Берен! – деп өзіне қарасты әдеби қызметкерге тіл қат-

ты. – Беренжан! Біле білсең бұл медицина тақырыбы біздің бө-
лімге қатысты нәрсе. Қыранбаев шынында қолының шипасы
бар, әлеуетті дәрігер. Мен өзім де сан мәрте оған қаралғанмын.
«Топар» парторгының дастанында менің жұмысым жоқ, ол өзі

бұрынғы бастықтың тұсында келген екен ғой, мына Шафекең де
оған салқын қарауда, жарайды, олардың өз еркі өзінде, өздері
шешсін! Ал, біз, Беренжан, сол Лепес Қыранбаев туралы бір жақ-
сы мақала ұйымдастырайық! Қаламыңның желі бар ғой, ол кісіге

барып, дұрыстап сөйлесіп, осыны өзің жаз!
Берен басын изеп келісімін берген-ақ еді. Бір апта өткенде
Алашбай осы тапсырмасын тағы қайталады:

– Әй, Беренжан, ұмытып жүрсің бе? Лепес ағаңа бардың ба?

Сөйлестің бе?
Бұл соңғы күндері Берен тіптен тұңғиыққа түскендей түнеріп
жүр еді:

– Барамын ғой! Жау шауып бара ма? – деп, өз бастығына дікең-

дей жауап қайырды. Берен ол шаруаға келесі аптада да кіріспеді.
Әрі жұмыс уақытында тысқа шығып кетіп, ұзақ-ұзақ жоғалатынды
жиілетті. Сондай күндердің бірінде Берен жоқта редакцияға сол
атақты хирургтің өзі кіріп келді. Соңғы кезде ол аудандық ауруха-

на бас дәрігерінің орынбасары қызметін қоса атқаратын, аурухана
жанында медбикелер әзірлейтін курс ашылатыны жөнінде хабар-
ландыру әкеліпті. Алекең оны орнынан атып тұрып қарсы алды:

– Ой, Лепес, Леке! Сіздің мұнда табалдырық аттауыңыз үлкен

қуаныш! Мен осында бір жігітке сіз туралы сүбелі мақала жазуды
тапсырып едім, оны-мұнымен қолы тимей сенделіп жүр, сізге ба-
рады, хабарласады, түбінде жазады! – деп, дағдылы сөзшеңдігіне
басып жалпылдай жөнелді.

Лепес Қыранбаев зор денелі адам еді. Үстіндегі кең қара тоны-
мен, басындағы түлкі құлақшынымен біздің кабинеттің жартысын

бір өзі алып тұрғандай. Даусы да жуан, тау суының гүріліндей шы-
ғады екен:

– Сіздің маған жібергеніңіз әлгі биыл армиядан келген жігіт пе?

Аты Берен бе еді? Ой, Алеке, ол мен туралы өлсе жазбайды!

– Неге жазбайды? – деп Алашбай да шап етті.

– Ой, Алеке, бұл Берен деген қасиетсізің өткен аптада

Қасабектің тойында жұртты қырып кете жаздады емес пе? Өзі ол
тойға шақырусыз келіпті. Соған қарамай Қасабек, Қасекең жал-
пылдап, мұның асты-үстіне түсіп жүрсе, «жаман сыйлағанды
білмейді» деген, жұртқа тиісіп, қатындарға тиісіп, әптер-тәптерін

шығарды. Сосын қайтейін, дәу жұдырығымды тұмсығына әдемі-
леп қондырдым, табалдырыққа қарай ұшып түсті. Сөйтіп, ит боп
қарасын өшірді.
Осыдан тағы бір апта өткенде Алашбай ол хирургке өзі барып,

бірдемені шатпақтап газетке шығартты.
* * *
Бұл Іле-Балқаш өңірі үшін аса ауыр қыс еді. Аяз қатты, үскірік
жел көшеге шықсаң-ақ бет қариды. Зорбай көзін жыпылықтатып,

кескен томардай болып омалған Беренге қарағыштап, сосын ма-
ған назар аударады. Ішіне әлдене симай отырғанын сездім де,
бірде кешкілік оны оңаша алып шықтым. Зорбай суық сорған қос
томпақша бетін ысқылап-ысқылап, маған бір сыр ашты:

– Әй, Ереке, мына Беренің түнделетіп ішіп-жемі молдау жесір

қатындардың үйіне баруды жиілетіп жіберді. Тіпті біреуінің алтын
сақинасын ұрлап, ол қатын милицияға шағынам дегесін қайта
апарып беріпті. Сен бұған көп ерме, пәлесі жұғады! Егер ондайға
бірге барсаң ондағының басқа бірдемесін ұрлап саған жауып жі-

бермесін! Бұл әңгіме осы жерде қалсын! Мен саған ештеме айт-
қам жоқ!
Мен Зорбайдың мұнысына риясыз сендім. Береннің ондайын
өзім де байқаған едім, тек алтын сақина жөніндегісін бірінші ес-

туім. Зорбайдың өзіне тән кемшіліктері болса да бас жарып, көз
шығарар ештемесі жоқ, Берен іспеттес жырынды емес. Бір жай-
дан бұл өзіме қарасты әдеби қызметкерге жаным да ашитын.
(Жаңағы сөздері өзіммен татуласпақ ниетінен екенін сезсем де

солай). Себебі, Зорбай қалайда әнші, актер, аудандық театр ұжы-
мының ұйытқысы, оның газет редакциясына келуі, тіпті менің ор-
ныма иегі қышуы –бәрі әйелі, үш баласы бар мұның сол кездегі
өнер адамдарын тапшылықтың құрсауында ұстаған қоғамдық құ-

рылымның қолы қысқалығынан еді.

Ал Берен бара-бара жұмыс істеуді тіпті доғарды. Алашбайдың сау көзі түгіл ағы бар көзі қоса шатынап, оған үрке қарап, онымұныны айтқансиды, ал Берен-екең былқ етпейді. Кейде бұл серісымақтың өзге қызық мінездері де шаң береді. Қарап отырып, өзінен-өзі күлетіні де бар. Әлдене есіне түскен іші майлы адамның қылығына ұқсас жыбыр-жыбыр бірдемелерді қап-қара бет терісі арқылы, орынсыз саусақ қимылдары арқылы білдіреді. Ішін не буып отыр оны ешкіммен бөліспейді. Сірә, өзі түнеп шыққан үйдегі әлдекімдермен болған жайлы да жайсыз да оқиғалар іште тыныш жатпай мұның мазасын ала ма? Сірә, солай-ау! Одан қалған уақытта шарасынан асып-төгіле жаздаған қос жанарын маған бағыттайды. Бұлыңғыр қыс күнінде сол қос жанарда аппақ сәуле ойнайды. Өте суық сәуле. Езуінде жеңіл күлкі табы бар. Бұл көңілділіктен емес, керісінше, іштей қанжылаған адамның өз алақанымен көзін көлегейлеп, шын бет-ажарын жасырмақ пиғылына келіңкірейді. Оның мұндай қарасына етім үйрене бастаған мен ауық-ауық Елеу Шытыровты елестетемін. Ол саусағын ұштап, «әне-әне көріп ал» деп, осы оң жағымда омалған Беренді нұсқап тұрғандай. Ия, ия, Береннің маған жаман қызғанышпен қарайтынын неше жерден меңіреу болсам да ұғатын кезім жетіп еді. Қазақтың жегі құрты қызғаныш екенін де сонда шырамыттым. Бірде Құлым Сақанов мен дайындаған бір мақаланы өзіме қайта әкеліп: – Мынаны Кәріқызға қайта бастыршы! Көп қол батыруға тура келді! – деді. Бұл менің де біраз тілім шығып қалған кез ғой, қысқа дүниенің өнебойына тез көз жүгірттім де Құлекеңнің өзіне дүрсе қоя бердім: – Өзіңіздің «қамтамасыз етілді», «жан-жақты қызу әзірленуде» деген дағдылы тіркестеріңізді бас-көзге қарамай тықпалай беріпсіз, егер біздің ауданда бәрі қамтамасыз етіліп, бәрі қызу дайындалып жатса мына кеңшарлар түгелімен дерлік неге жылды шығынмен аяқтады?! Құлекең аузын ашып та үлгермеді, бір бүйірден Берен килікті: – Әй, Ерік, аупарткомның ұстанған саясаты сенен гөрі Құлекеңе көбірек мәлім ғой! Мен оған жалт қарағам, Құлекең де сөйтті. Кенет Құлекеңнің қарасы мені жаман таңдандырды. Бұл өзін қолдай ара түскен Беренге разылыққа ұқсас дәнемесі жоқ, керісінше, тап өкпе тұсынан улы жылан ысылдағандай одан бойын тарта, сескене, бет терісі, көзінің айналасы дір етіп, екі-үш секундтай ғана бөгелді де тайып тұрды. Құлекеңнің осы кірісінде қалай сыр алдырғаны ең әуелі Алашбайға, сосын Зорбай мен Қабылтайға, тіпті Береннің

өзіне де дәл танылғаны ақиқат еді. Ұға білгенге осы титімдей көрініс көп дүниенің бетін ашатындай. Тағы бірер аптаны Беренге деген наразылықпен өткіздім. Осындай күндердің бірінде әлгі баспаханадағы Нұрша қыз есеп айырысып, жұмыстан шығып кетті. Осындағы қатындардың түртпегіне шыдамады ма, басқа себебі бар ма, маған беймәлім. Тек ол кеткесін айнала тірлік тіптен сұрқай тартқандай көңілім одан әрмен жабырқады. Тезірек бұл жақтан өкше көтерсем деген ынта ішімде от боп жанды. Ал Берен маған кенет көзқарасын өзгертіп, асты-үстіме түсуді жиілетті. Бірде кабинеттегілерге менің журналистік, жазушылық қабілетімді мақтап, аузының ақжем болғаны бар. Сол күні кешкілік мені асханаға шарап ішуге шақырды. Мен үзілді-кесілді бас тарттым. Сол өтінішін ертеңіне де қайталады. Ішімде мұз боп қатқан бірдеме әлі де ерімепті. Осыдан тағы үш-төрт күн өткенде мен жұмысқа сәл ертерек келіп, кабинетте жалғыз отыр едім. Ағаш еденді тасыр-тұсыр еткізіп, Берен жүгіріп кірді: – Әй, Ерік, жалғыз отырғаның жақсы болды, бір қуанышты хабарым бар! – деді. – Қуаныш әкелетіндей түрің жоқ еді, не сайтан сені құлпыртып жіберген? – деп мен де қитыға сөйледім. – Жарайды, өзгені қоя тұр! Өкпе-наразыңды бүгінше тұсап қой! Осында Есенәлі деген қарт кісі бар. Бұрын біраз шаруашылықта бас зоотехник, директор қызметін атқарған. Сол соғым сойыпты. Сен екеумізді кешке біраз кісімен бірге соғымның басына шақырды. Сені ерте кел деп маған қиылып өтініш айтты Есекең! Кенет әнеугкүнгі Зорбайдың ескертпесі есіме түсті: – Ол Есенәлінің түсін танығаным болмаса дұрыстап сөйлескен адамым емес, ол неге мені ақай жоқ, тоқай жоқ соғымның басына шақырады? Неден еметайы езіле қалды? Қайдағы бір бойдақ қатынның үйіне апарып, мені масқара етпексің бе? – Ой, Ерік, қайда лағып кеттің? Бойдақ қатының не? Бойдақ қатындар менің өзімнен де артылмас! Өй, барғанда көресің ғой, бойдақ қатынның үйі ме, жоқ, ауласында жерошақта, үлкен тайқазанда ет асылып жатқан, қонақтары бірінен соң бірі сапырылысып келіп жатқан үлкен еңселі үй ме? Айтқаным өтірік шықса жалт бұрылып кетіп қалуың қиын емес қой! Ешкім сенің мойныңа қыл арқан тастамайды! Сені шақыратын себебі, шырағым-ау, сен аудандық газетте дүркіретіп мақала, оның ішінде өткір сыни мақала жарялап жүрсің ғой. Республикалық баспасөзда көрінуің анау! Есенәлі аға осы Бақанастағы ең оқымысты шал. Газет-журнал, кітап дегеніңді бас алмай оқиды. Үйі толған сондай дүние, сенің жазғандарыңды ұнатқасын бір дәм татқызайын дегені шығар, қайдан білейін?!

Екеуміз едәуір салғыластық, көңілшек байғұспын ғой, ақыры
Береннің айтқанына көндім. Біз ол үйге шақырылған қонақтар бі-
раз жайғасып үлгергенде кірдік. Есенәлі шынында да қонақжай,
еңселі, ел ағасы дейтіндей жан еді:

– Ой, қадамдарыңа құт бітсін! Келіңдер! Төрлетіңдер!  – деп

бірден жік-жапар болып, бізді өзі шақырған сыйлы қонақтарының
қатарына отырғызды. Қонақтардың басымы Есенәлінің өзі құрал-
пылас зейнеткерлер, әрі олар да бұрын көп шаруашылықтарда,
балық ұжымшарларында, тіпті осы аудан орталығының өзінде әр

сатыдағы басшылық қызмет атқарған, сөздері, әзіл-қалжыңдары
жарасымды салиқалы жандар екен. Береннің аузы буулы, мен де
жасы үлкендердің лебіздеріне құлақ түріп, жақ ашпай отырғам.
Біраз көңілім көтеріліп қап еді.

Бір кезде үлкен-үлкен жайпақ ағаш табақтармен алдымыз-
ға қазақтың негізгі асы – ет тартылды. Беренге қызық әңгіменің,
басқаның керегі жоқ, бірден қазы-қартаға бас қойды. Оның тым
ашқарақтығын байқап, мен ағаш табаққа сәл тартыныңқырай қол

созуда едім. Сол шақта үй иесі Есенәлі баршасына естірте маған
қарап:

– Шырағым, Ерік Тінәлі баласы, сен біршама ыңғайсыз отыр-

ғандайсың! Оныңды таста! Біз қазақпыз! Қазақта шақырусыз
келген қонақ – құдайы қонақ делінеді. Ал құдайы қонақ мына ша-
қырылған қонақтардан әлдеқайда сыйлы. Сондықтан да сен ал-
дыңдағы соғымның жал-жаясынан қолыңды батырыңқырап же! –

деді. Үй иесі қарттың мына сөздері мені қақ бастан қойғандай еді.
Көзімнің алды тұманданып:

– Шақырусыз келгені қалай? – дей беріппін. Қасымдағы Беренге

жалт бұрылдым. Ол табақтағы етке одан әрмен шеңгелді тереңі-
рек салып, қомағайлана қылғытып жатыр екен. О, сондағы мені
кеулеген ашу-ызада шек жоқ еді. Қол жетер жерде айбалта, не
басқа да қару жатса сонымен оны көкжелкеден ұрудан тайынбас

едім. Сәл ес жиып, үй иесіне:

– Аға, онда кешіріңіз! Бір ұятты іс екен мынау! – деп мен ор-

нымнан көтерілдім. Зерделі Есенәлі жағдайды тез ұғып:

– Ой, айналайын, мені сыйласаң, ешқайда кетпейсің? Қайдан

шыға қалды аузымнан жаңағы антұрған сөз! – деп, мені екі иы-
ғымнан басып, одан әрмен құрақ ұшып, күшпен қайта отырғызды.
Тек ендігісінде тамақ емес, у ішкендей жайым бар еді. Міне,
осы оқиғадан соң мен Беренмен біржола ат құйрығын кесістім.

Жауын жеңген батырдай масайраған оның арсыз түрін көрсем
жер басып жүргеніме арланғандай күйге ұшырайтын едім.
Осыдан тағы бірер аптадан соң жексенбі күні табиғатты сү-
йетін мен қарлатып, борандатып, Іле жағалауында қыдырыстап,

қайтарда орталықтағы асхананың тұсынан өтіп едім. Кенет асха-
надан ақ халатты жап-жас даяшы қыз жүгіріп шығып:

– Аға! Аға! Ана Берен досыңызды алып кетіңізші! Аяқ-

табағымызға дейін тас-талқан етті! Өзіміздің әліміз келетін емес!
Алып кетіңізші! Құдай үшін! – деп жата жабысты.

– Немене, осындағы маскүнем біткеннің бәріне мені біреу қа-

рауыл етіп қойып па? – дедім де жайыма жүре бердім. Жан дау-
сын шығарып:

– Апыр-ау, досыңыз емес пе? – дегеніне де қарағам жоқ.

Ертеңіне жақ жүні үрпиген, үсті-басы да адам қарағысыз, әрі
жұмысқа да тым кеш келген Берен оңашада маған:

– Кеше асханадағы қыздар шақырғанда келе қалсаң қайтетін

еді? – деді.

– Сонда кім шақырса соның жетегінде кете беруім керек пе? –

деп мен де қырыс жауап қайырдым.

– Сен арамза жігіт екенсің!

– Арамзалық сенен артылып, маған жетіп пе?

Сөйтсем, асханадағы қыздар, әйелдер милиция шақыртып-
ты. Мына Берен сол милиция үйінде түнеп шығыпты. Бұл оқиға
костюмінің омырауына екі ромбик таққан, екі дипломды, бірақ
әсте қолына қалам ұстауды кәсіп етпеген редакторымыз Шафқат

Насыровқа үш-төрт аптаға нәпақаға жарады:

– Сендер мені тірідей жерге тығуға айналдыңдар! Бұзақылықты

жасайтын сендер! Ал оның ауыртпалығын мен көтеремін! – деп,
баршаға естірте қанжылағансып, жотасына артылған зіл көтерем
жүктен жаны шыға қиналғандай дағдылы байбаламын жалғасты-
рудан жалықпады.

Ал редактордың орынбасары Құлым Сақанов пен жауапты хат-
шы Майтан бұл оқиғаға өз тұрғысынан қарады. Біздің кабинетке кір-
ген-шыққанда Беренді бір шолып, сосын мені көздерінің астымен
ұзақ бағатын. «Сол милицияға сен түссең нетті?» деген жазу бет-

жүздерінде соқырға таяқ ұстатқандай айқындықпен атойлайтын.
* * *
Осындай тірлікпен ұзаққа созылған қыс та аяқталды. Көктем
шыға мен Алматыдағы республикалық Радио Үйіне жұмысқа

ауыстым. Сол жылы радио-теледидар жүйесі қанатын кең жая
бастаған, соның пайдасы маған да тиді. Тек бухгалтериямен есеп
айырысып, Алматыға ұшаққа билет алу үшін екі ортада әрі-бері
жүгіріп жүргенімде әлгі Нұрша қызды жолықтырдым. Әлдене жү-

регімді осқылап кеп берді. Сонда да сыр алдырмай:

– Нұрша амансың ба? Халің қалай? – деппін. Нұрша бұртиған

қара торы жүзін маған бұрып, оқты көзін бірер қадады да, ләм-мим
деместен теріс бұрылып кетті. Мен тұрған орнымда шегенделіп,
жүрегімнің дүрсілін басуға біраз уақыт жұмсадым. Сол шақта ғана
іш дүниемде Нұршаға деген сүйіспеншілік сезімінің көптен бері

бүркеулі жатқанын ұқтым. Ол сезім енді ғана бұлқына оянғандай.
«Бұған дейін ай қарап жүрдің бе?» деген сауалды өзіме-өзім қоя
беріппін. Нұршаға бұған дейін көңіл білдірмеуім бұл Бақанаста
біржола байланып қалам-ау деген күдіктен емес, жұрттың қап-қап

өсегіне қалам-ау деген үркектіктен, жігерсіздіктен болған жай се-
кілді. Кімнен туса, одан тусын, бұл қыздың тамаша перизат еке-
ніне енді ғана көз жеткізгендеймін. Енді бәрі кеш! Нұршаға іштей
бақыт тіледім де Алматыға кете бардым.

Бұл хикаят осымен тамамдалар да еді, тек оның мен ойлама-
ған тағы бір жалғасы табыла кетті. Республикалық Радио Үйінде
қызмет еткеніме алты-жеті айдың жүзі болған. Бақанастан қатына-
ған біреуден әлгі редакциядағы машинистка Кәріқыз бала тауып,

«мұның әкесі Ерік Тінәлиев, ол Еріктің жұмыс орнына арыз жазып,
алимент өндірмекпін» деп өсек таратқанын, сондағы естияр жан-
дар «қой, үлкен жерге барып табан тіреген жас қой, обал болар»
деп саябырсытқанын естідім. «О, тәңірім-ай» деп өз басымды

өзім ұзақ құшақтадым. Осы хабарды жеткізген адамға «нан ұс-
тап, құран ұстап, ант-су ішейін, ол Кәріқызбен ешқандай шатағым
болған жоқ» дей беріппін. Кейінірек осындай хабар әкелген басқа
біреулерге де сөйткенім бар.

Кәріқыздың бұл қылығы сондағылардың бәрінің менің соңым-
нан у шашып қалғанындай әсер етті. Айтуға ауыр, бірақ шындығы
солай!
Дәл осыдан тағы жарым жылдай өткенде Алматының қақ ор-

тасында әлгі атышулы Елеу Шытыров ағамызды ұшыраттым.
Қасында өрімдей жап-жас келіншек. Тек баяғы мен білетін Шекер
емес. Азды-көпті хал сұрасудан соң менің сұраулы жүзімді танып,
Елекең өзі ағынан жарылды. Сөйтсем бұл кісі мына жаңа пери-

затқа үйленіп алыпты, ал Шекерді соңғы жұмыс істеген жерінде
«ұмыт» қалдырыпты. Осы тұрыста Елеу Шытыров жақында өзінің
Бақанасқа, редакцияға телефон шалып, сондағы Құлым Сақанов
арқылы әлгі Берен деген жігіттің кенеттен ауыр науқасқа шалды-

ғып, сосын Іленің сонау төменгі сағасындағы әке-шешесіне ба-
рып, сонда жарты айдай ес-түссіз жатып қайтыс болғанын есті-
генін де жеткізді. Бұл ақпарлар да мені «үлкен философияның»
ағынына ілестірді.

О, оқырман, ендігісін өзің таразыла! Менің Бақанаста еңбек ет-
кен және осы жолдарды қағазға түсірген күндерімнің аралығында

жарты ғасырдай уақыт өтіпті. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда
қазан» деген. Қазір онда мүлдем жаңа ұрпақ өсіп шықты. Мен
ондағы өзім көргендердің бәріне топырақ шашқым жоқ, тек сөз
атасы – шындық деп, есте қалған жүрек қыжылдатар кейбір көрі-

ністерді ғана тіздім.
Әділіне бассам, ол тарихы бай Іле жағалауында, Балқаш өңі-
рінде небір тамаша адамдарды да көрдім. Табиғаттың қатаңдығы-
на қарамай мал бағып, ет, сүт, жүн, тері өндірген малшылардың,

қысы-жазы толас таппайтын балықшылардың, орманшылардың,
сондай-ақ білгір мамандардың, басшылардың небір маңғаздары
сондағы мен жазған очерктердің, суреттемелердің, кейінгі әдеби
туындыларымның кейіпкерлеріне айналды. Әрі өзімнің жазушы-

лық кәсіпке құлшынысымды біржола қалыптастырған да сондағы
еңбек ортасы. Әрине, оның бәрін бұл хикаятқа сыйғыза алмадым.
Бар өтінерім – осы тізгендерімді оқырман өз дәрежесіне орай дұ-
рыстап ой елегінен өткізсе екен!

20 қазан, 2015 жыл

¦ҢГІМЕЛЕР

ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП

Тамбурға шығып, вагон есігінің əйнегінен сыртқа үңілген Шəкір
көз сүрінері шамалы Арқаның даласын тапжылмай ұзақ қызық-
тады. Мұның басқа ермегі де жоқ. Осыдан үш сағаттай бұрын ірі
станция, əрі аудан орталығы саналатын елді мекенде поезд тоқ-

тағанда мұның купесіне баса-көктеп кірген совхоз директорлары
Шəкірді қақпайлап қуып шыққандай еді. Қуып шыққанда ондай
«мейірбанды» ишарат жасаған ешқайсысы жоқ (өйтуге олардың
құқы кəне, купедегі бір орын заңды түрде осынікі ғой), тек олар

көрші купелерден өз əріптестерін қонаққа шақырды. Аудандық
мəслихаттан қайтқан, əрі қалталары қашан да қалың директор-
лар поезға мінерден бұрын портфельдерін ішімдіктің қызыл-жа-
сылды неше түрлісімен, піскен тауық, сервелад, балық консерві-

лері, тіске жұмсақ басқа да тағамдармен сықап-ақ алыпты. Көбіне
қоңды, біразы түйенің жарты етіндей бар директорлар екі полкаға
қарама-қарсы отырысып, жайғаса бастағанда небəрі отыз жасар
Шəкірдің онсыз да қушықтай денесі, бұлардың қасында одан са-

йын көрнексізденіп, жеп-жеңіл арзан дүниедей есікке қарай ығыс-
тырыла берді. Келген қонақтар енді бір толқыса бұл тіпті қабырға-
ға жаншылып кетердей.
Ішу-жеу басталды. Ұзақ жолда зеріккен Шəкірдің де аузына сі-

лекей толды. Енді қайтсін. Əлі көп жүреміз ғой, қарыздары кет-
пес мойнымда, не бопты деп, бұлармен араласып кетуді ойлаған.
Бірақ бекер дəме қылған екен, сілекейін ішке жұтып отыра берді.
Қонақасы иелері – осы купеге орныққан директорлар жас жігітке

ішімдік ұсынбады, дəм ал да демеді. Басқалардың да бұған көзі
түскен жоқ. Шиенің суындай шетелдік коньяк жартылап құйылған
қырлы стақан бəрін екі жағалағанда да бұған соқпай өтті.
Шəкірдің шығып кетпесіне амалы жоқ еді. Вагон-ресторанға

барып, екі шыны сырамен тамағын шайды, шөлін басты. Өзі ор-
наласқан вагонның тамбурына қайтып келіп, əлдекімнен жəбір
көргендей терезеге ұзақ қадалды.
Бара-бара соншама қуаң, бұдырсыз, біркелкі көрінген Арқа

жерінің бедері мұның кірпік қақпай қадалған көздеріне көбірек
шалына берді. Қараса дүние көшіндей білінбей өтіп жатқан сары
дала тақтайдай жазық емес, адамның алақаны сияқты ойлы- қыр-
лы болып келеді екен. Кеуіп қалған өзен сұлбасына ұқсас иректер

де шималай беріпті.

Бұл көрініс поезбен бірге жарысып, қалыспай келе жатқандай. Ұзақ жүрісте осылай алма-кезек көзіне түсіп, мықтап назарын аударған тағы бірнəрсе бар. Ол ауық-ауық қазақ зираттарындағы қызыл кірпіштен қаланған, сəулет-бітімі əр алуан, бірінен екіншісінің еңсесі жоғары күмбездер шоғыры еді. Көбіне киіз үй сияқты, бірақ одан биігірек кетіп көкке шаншылған, төбесіне жарты ай қондырылған сиықтары көбірек қайталанады. Қалайы түстес ақ қаңылтырдан жасалған айдың екі-үш жаңасындағы қалпы темір жол жақтан əртүрлі қырынан көрінеді. Кейбір зираттарда олар əлденеден орман ішінде өскен саңырауқұлақтарды еске салады. Шəкір терезе алдында мұңға батқандай ұзақ тұрды. Аяғы талса да қозғалар емес. Мұның купесі жақтан кеуделеріне жел біткен директорлардың қарқ-қарқ күлкісі естіледі. Республикалық мəдениет саласындағы мекемелердің біріндегі қатардағы қызметкер, іссапарға көп шығып үлгермегендіктен ел ішінің жағдайын жақсы біліңкіремейтін Шəкір алғашқыда олардың жолаушы көршіні елемеген паңдығына қарны ашса, енді мүлдем жирене бастады. Бір шаруашылықтың тұтқасын ұстаған, ақыл-өнеге, нұсқау-бұйрық ауыздарынан саңқылдап шығатын адамдардың ел көзінен тая бере істейтіні осы екен-ау деген түйсік мұны жарға тірегендей. Бұл сар даладағы күздің бір ашық күні еді. Күнде көріп жатқам жоқ қой деп, Шəкір вагон терезесінен көз жетер кеңістіктегінің бəрін байқап өткісі, керек жерде жадында тұтқысы келді. Тек бір көргені қайталана бергесін бұл ермегі ұзаққа созылмады. Енді осы байқағандарынан мұны бір түйінді ой елең еткізді. Ол да жаңағы ауық-ауық көздің жауын алып қала беретін зираттарға, ондағы күмбездерге байланысты еді. Ара-тұра жол жиегінен қашығырақта елді мекендер де ұшырасады. Олар көбіне совхоз, не бөлімше орталықтары. Тек бұлардағы бір өзгешелік – араларында бой көтеріп, алыстан көз тартатын, сəулелі бөлек бір шаңырақ жоқ, бəрі жермен-жексен, белуарынан батып бара жатқан, жатаған үйлерден тұрады екен. Не төбесін шифермен жауып, сырты мұқият əктелген стандартты да емес, төбесін жалпайтып, əркім өз қора-қопсысының ыңғайына қарай тұрғыза салған тоқал үйлер. Олардың ішінде де не жиһаз, дүниелік барынан Шəкір бұл жолы хабардар болып қайтқан. Өзі тексерген аудан орталығына таяу екі-үш совхозда болып, есігінен еңкейіп тоқал үйлердің біразынан дəм татып та шыққан. Оқтатекте ғана біреудің төрінде қымбаттық кілем ілулі тұрады. Басқа дүниесі əбден тепкісі шыққан қырық жылғы алаша, пұшпақтары ит тістегендей жырым-жырым ескі киіз, көн тулақ, тағы осыларға ұқсас ұсқыны кетіп, тіршілік көркін құрауға қабілетсіз нəрселер болып келеді. Тек көрпе-жастықтардың ішінде ғана, онда да

қонаққа арналған біразының атлас, шайы жібекпен тысталғанда-
ры бар.
Мəдениет саласындағы басқару мекемесінің қызметкері Шəкір
тұрмыстағы бұл жүдеуліктің түп-тамырына ден қойғысы келген.

Мүмкін қаражат жағы бұдан арғыға көсілуге мүмкіндік бермейтін
шығар. Жоқ, тоқалтамның іргесінде есігі мұқият бекітілген қора-
ның ішінде үйездеп тұрған «Жигулиді» талайынан көрді. Үстел ба-
сындағы əңгімелері де сол темір көлік төңірегінде. Ақшасы бола

тұра машина ала алмау, «Жигулиді» сатып, «Волга» алғандардың
мейманасының асуы, кімде қанша машинаның пұлы бар, ол пұлы
сандық түбінде ме, жинақ кассасында ма, аяқты мал түрінде жа-
йылымда жүр ме, осы мəселелерден арқандаулы аттай ұзасашы,

кəне. Тыңдағыңкеле ме, жоқ па, оған қарамайды, осындай əңгіме-
лермен құлағыңды сарсытып қоятынын қайтерсің...
Міне, осы адамдардың тұрағы, əне. Қара жердің бетіне біткен
сүйелдей, мықтаса одан екі-ақ елі көтеріңкі, əлдеқашан тасталған,

бүгінгі ұрпақ маңына жуымайтын, тек жын-шайтандар ғана айна-
ласында күнге қақталып өріп жүрген, атам заманғы қаңыраған ме-
кен-жайға ұқсайды.
Шəкір мұндағылардың түсіне де кірмейтіндей əсем шаһар ас-

танаға кетіп барады. Ал анау жатаған үйлердегілер сол қалпын-
да осында қала бермек. Осыны ойлағанда Шəкірдің оларға жаны
ашып, іші де ұлып қоя берді.
Енді бір кезекте əртүрлі ғимаратқа толы тағы бір зират

көрінді. Бұл жаңағы елді мекеннен тұрпаты мүлде басқа, тап бір
Самарқанның сонау Ақсақ Темір заманынан қалған, көк тастан
қаланған қаласы дерсің. «Апыр-ау, мұны орнатқан оның астында
жатқан өліктер емес, тірілер ғой. Олар ең алдымен өз тіршілігін

неге ойламайды?», – деп салды Шəкір іштей.
Купеден ішкен-жегендері міселерінен асып, ауыздарынан буы
бұрқыраған екі-үш директор да тамбурға шығып, темекі тартты.
Жалғыз тұрған Шəкірді бұл жолы да көзге ілетін емес. Өзара əңгі-

мелері жұмыс күші жайында. Іштерінде өңі ақшыл, қасы- көзі, ше-
бер қол əдемілеп қырыққан шашы қап-қара, басқаларға қараған-
да жасырақ, əрі иманжүзділеу біреуі сөйлеп тұр:
Əлгі механизаторым əлі райынан қайтпапты, ертеңіне келіп

тұр, қолына арызын алып. «Əй, қарағым,  – дедім оған,  – сен
бала емессің, шаға емессің, алды-артыңды болжайтын адам-
сың. Осыдан кетсең біржола кет! Бірақ қайтып келуші болма!
Ұқтың ба?! Біздің совхоз жұрттың ойы былай толқыса шығып,

былай толқыса кіре қоятын ешкімнің жекеменшік үйі емес. Мұны
сен мықтап жадыңда тұт! Əрбір жанұялы, бала-шағалы адамдай
жауапкершілікпен қара! Ал егер шештім, түйдім деп, біржолата

өкінбестей болып бекінсең, сені ешкім де зорламайды. Арызыңа қол қоям да берем. Бірақ қайталап ескертемін, сен қайтып келуші болма! Саған ендігі жерде мұнда орын жоқ», – дедім. Сөйтіп, ақыры ол қалатын болды. Сосын мен де əлгі жұмысты тездеткіздім. Шалғайдағы шаруашылықтар қашан да мұқтаж, тоқсан түрлі техниканың тілін түсінетін механизаторды көшіп кеткелі тұрған жерінен өзінің мысы басып тоқтатқанын мақтанкөрушілік жоқ, тек болған жағдайды болған күйінде айтып, əріптесін өз совхозының жай-күйінен хабардар етпек директорға Шəкір түсінгендікпен қарады. Бұл үшеудің əңгімесі біразға созылып, аздан соң соңғы сөзді айтқан иманжүзділеу, жас директор басқалардан сəл шеттеп, бөлініңкірегенде Шəкір оны өзіне қаратты: – Айтыңызшы, анау зиратты көрдіңіз бе? Мен бірнəрсеге қатты таңырқап тұрмын. Осы жол бойы көріп келе жатқаным екі-ақ нəрсе ғана. Ауық-ауық кездесетін осындай зираттар мен ауыл орталықтары. Мынау зиратқа қараңызшы. Анау күмбездер қандай шеберлікпен жасалған. Өрнегі қандай тамаша. Құдды əлгі ертегіде айтылатын су астындағы патшалықтың қаласы сияқты. Ал тірі адамдар мекендеген ауылдар неге осылай емес? Түрінен адам шошитын тоқал тамдардан3 басқа ештемесі жоқ, жерменжексен болып жатқан бірдеме. Бұл жұрт өз тіршілігін ойламайтын болған ба? Иманжүзді директор қалалық жігітке енді ғана бажайлап қарап, əзілге сая жауап берді: – Анау уақытша да, мынау зираттағысы мəңгілік мекен болғасын сөйтетін шығар. Бұл сөз Шəкірге түрпідей тиді. Сəлден соң ғана директор жөніне көшті. Оның пайымдауынша ерте замандарда адамдар əкелеріне ас беріп даңқын шығарса, қазір осылай бірінен-бірі асырып, күмбез орнатып, абырой тапқысы келеді. «Пəлен сөйтті, төлен бүйтті» деген сияқты дақпырттан олжа жию үшін жан беруге əзір жүргендері де бар. Үй іші тұрмысы нашар бола тұрып, машина алуға құмарлық қалай деген Шəкір сұрағына ол да осы атаққұмарлықтың бір қыры деп жауап берді. Шəкірдің сөзге ашықтау, иманжүзді директордан тағы бір ұққаны  – теміржол бойы дегенмен бұл маңда қызыл кірпіш, цемент, ағаш сияқты құрылыс материалдары жəне оларды бабына келтіріп, ұқсата алатын адамдар жоқтың қасы, ал күмбез орнатуға шын кіріскен адам тиісті мөлшерден кем дегенде бес есе артық шығынға батады екен. Бірақ оған қарамай пұлын шашқанда Там – бұл жерде үй деген мағынаны білдіреді. (Ұ. Д.)

керемет. Əрі өздерінің де ала өкпесі шығып жүргені. Сонау жер түбінен керек нəрселерді жеткізу ақшалы адамға да орасан мехнат қой. Сосын мұны айтушы өз басында да бір кінəрат қалмасын ойлағандай осында директорлыққа жақында ғана ауысқанын, шаруашылығы бірнеше жылдан шығында, құрылысқа бөлінген қаржының өте аз, əрі баяу игерілуде екенін, мал өсіру, егіншілікке байланысты кадрларды тұрақтандыру ісінің басқаға көп мұрсат, мүмкіндік бермейтінін ескертіп өтті. Жаңа шет-жағасын мұның аузынан өзі де естіп қалған Шəкір ол жағын көп қазбаламады. Тек жоқтан бар жасайтын қазекеңнің кей кездегі өлермендігін өзінше салмақтап тұрды. Аузы-мұрнынан жалын шашып, шаң бұрқыратып, кірпіш заводтары жұмыс істеп жатқан қала болса бір сəрі, ондай орталықтардан құстың қанаты талатын қашықтықтағы жұрт үшін анау күмбездерді орнатуға кеткен əрбір кесектің өзі аттың жалы, түйенің қомындағы нəрсе ғой. Жоқ, керек етсе, делебесі қозса адам таппасты табады. Тек оны оң мақсатқа бұра ала ма? Жиырмасыншы ғасыр сүйегің жер астына түскеннен кейінгі, күмəнді о дүниелік өмірді емес, ең алдымен жер бетіндегі тіршілік қызығының шашбауын көтеретін-ақ кезең емес пе? Тіпті пайғамбар қолынан туған құранның да соған меңзейтін сүрелері бар ғой. Бұл қазақ соны неге ұқпайды? Шəкір осы білген-түйгенімен Алматыға келді. Ертеңіне өзі есеп беруге тиіс бастығына кірді. Іссапарда көрген-түйгенінің біразын ауызша, біразын жазбаша баяндап, сөз арасында жол бойы байқағанын да қыстыруды ұмытқам жоқ. Қалайда бұл мəдениет мəселелерімен шұғылданатын республикалық басқару мекемесі ғой. Мүмкін шамадан тыс дарақылыққа шектеу қойып, ең алдымен жұрттың қиын-қыстаудан болса да қолға түсіре алатын құрылыс материалдарын, қысқа тірліктегі жылы ұя – баспана салуға бұратындай, соған ынтасын оятатындай бір шараның оңтайы келмес пе екен деген сыңайы. Шəкірдің бастығы қазақшылығы басым, егде адам еді. – Неғыласың ол жағына тиісіп? Əрқайсысы бір ауылдың ұранына айналған, сыйлы, аруақты деген адамдарына орнатқан күмбездері шығар,  – деп, Шəкір сөзіне пейіл бермеді. Шəкірдің де одан арыға батылдық жасауға ықыласы жетпеді. Мүмкін барабара мұны өзі де ұмытар ма еді. Бірақ бұл жайды миына шегедей қадаған тағы бір тосын құбылыс қарсы алдынан шықты. Келесі жазда Шəкір демалыс алып, жанұясымен туған еліне кетті. Мұнда өліп-өшіп, аңсап күтіп отырған ешкімі жоқ, тек əкесін көрген, шешесін көрген, біраз жақын-жақыбайлары ғана бар. Солардың үйінде аз күн қыдырыстап қайтпақ.

Туған жерге деген сағыныш бұл жолғы демалысты осылай жос-
парлатқан. Өткен жылғы Арқа жаққа барған іссапарының əсері əл-
деқашан өшкен.
Мұның туған жері Талдықорған облысының таулы аймақтарын-

дағы бір көрікті тұс. Бала кезінен жадында тұтқан ақ бас шыңдар,
иір-иір қойнаулардан соққан салқын самал алғашқы күні-ақ қайта
түлеткендей. Əйелін, балаларын жатқан үйінде қалдырып, жал-
ғыз өзі тау жақты кезіп кетті. Бір жайдан əке-шешесінің де мола-

сын көре қайтпақ. Неге екені белгісіз бала- шағасын олай қарай
ерткісі келмеді.
Жаз жауынды болып, бұл аймақта көк дегенің қаулап, мол шық-
қан екен. Жолсызбен тартқан оның Саржотаның төбесіне қарай

жүрісі тым өнімсіз еді. Оған өкінген жоқ, қайта көптен көрмеген
туған жерді мейлінше қызықтамақ.
Төбе басына жеткенше қара сорпасы шықты. Сонда да да-
мылдамады, ата-бабалары жатқан зиратқа қарай жылжи берді.

Төбенің арғы еңісінде соғыс алдында ғана орнаған Текелі атты
шағын өндірістік қала бар еді. Оның шет-пұшпағы осы арадан да
көрінеді екен. Жылдан-жылға қанат жайған қаланың бүгінгі аума-
ғын ойша мөлшерлеген болды.

Зиратқа келді. Бұл жақтағы халықтың бір ерекшелігі өндірісті
қала ірге тиістіріп тұрса да Самарқанның ғимараттарындай күм-
без орнатуға құштарлығы аса белең алмаған. Оны ілуде- шалуда
біреу істейді. Кейбір қолы жеткендер темірмен қоршай салады.

Ал кей жағдайда өлген адамға қоятын белгісі – көп болып күрек-
пен үйген топырақ қана. Сосын да мұндағы зират көбіне көзге ша-
лына бермейді.
Шəкір қатар қойылған өз əке-шешесінің моласын əрең тапты.

Алпысыншы жылдардың басында қайтыс болған оларға саман-
нан төрт құлақты қорған тұрғызылған. Қазір оның үш қабырғасы
құлапты да, шыдамдылық еткен бір қабырғасын күн мен жел ор-
тан беліне дейін мүжіпті.

Өзін дүниеге əкелген адамдарға тауап етіп біраз тұрғасын ескі
зиратты жағалай шолды. Бала кезінде атасы мен əжесінің де мо-
ласын көргені бар еді, қазір олардың қай тұста екенін ұмытыпты.
Қайтсе де туған жері ғой, мұнда кеп, тыным тапқандардың ішінде

өзі танитындардан кімдер бар екен деп, қағылған ағаш қадаларда-
ғы, темірқоршаулардағы, əр жерде бір бой көрсетіп тұрған, қызыл
кірпіштен қаланған күмбездердегі жазуларды оқи бастады. Көбісі,
өзінің əкесі тұстас егде адамдар екен. Шəкірдің бір қиналғаны

соғыс біткеннен кейінгі жүдеу тірлік жағдайында қайтыс болған,
есімі ел аузында, біраз айтулы адамдардың қазір қайсысы қайда
жатқаны белгісіз екен. Топырағының торқасы шығып, тегістеліп

кетіпті. Өткен жылы Арқа жақта көрген əсем күмбездерді есіне
алып, əттең сондай ғимараттар осы шын мəнінде есімі ел аузын-
да қалған азаматтардың басына қойылсашы деп армандады.
Бірауық адамның тіршілікте еткен еңбегі, ол үшін кейінгі ұрпақ-

тың жасар ілтипаты, азын-аулақ ырым, көрсетер құрметі қашан
да өз нысанасын тауып жата ма, жоқ, даңғаза – шумен өз міндетін
орындауға асықтырған аңдаусыздық адастырып əкете ме? Сүйегі
қойылған жердегі белгі ғана емес, сонау өнер, ғылым тарихы төңі-

регінде де айтылатын қошемет, қолпаштау сөздер пышақ қырын-
дай ғана əділет ізімен тура тартылып жата ма? Жоқ,
«Тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегеннің де кері келетіні бола
ма? Осы тұста Алматыда өзі таныс орталардағы жүрек қыжылда-

татын кейбір жағдайларды ойына алды. Иə, əлі де дұрыстап еске
түсіретін бағзы есімдер, жағдаяттар көп-ақ қой. Мынау өлгендер
мекен-жайының əсерінен бе, мұның өзі Шəкірдің басында ұзақ са-
рыуайымға айналатын сияқты.

Ара-тұра қыршын кеткендердің де моласын ұшыратты.
Соңғы кезде тұрғызылған, басқаларға қарағанда биігірек те,
мұқияттырақ жасалған бір күмбез назарын ерекше аударды.
Қайтсе де халқына қадірлі, зиялы біреудікі-ау, кім екен деп, жа-

зуына үңілгенде бір тосын жəйт көзіне оттай басылды. Алғашқыда
жазуында қате бар деп ойлаған. Енді қалай? (Əбдірахман
Зəуірұлы. Төретай руынан. 1887–1955 жыл). Ширек ғасыр бұрын
өлген адамның күмбезі кеше ғана қаланғаны кірпіш, сылақтары-

нан көрініп тұр. Ал уақыт өткізіп барып, белгі орнату қай жақтың
қазағы болса да салтта жоқ нəрсе.
Жазуға одан əрі үңіле түскенде тағы бір тосын сұмдық жүрегін
осқылап өтті. «Əкем-ау, мынау сол Əбдірахман ба? Баяғы өз-

дерінің көршісі, көзі тұздай ерші шал ма?».
Жоқ, ол емес, өзі білетін Əбдірахман шалды қайта есіне алғанда
мына жазуда бір қателік барына күмəні де қалмап еді. Бірақ олай
дейін десе тағы бір бөренедей сұрақ кесе көлденең келді. Ел боп,

жұрт боп, зəуіммен бір жазатын жазудан қате жіберіп не көрініпті?
«Апыр-ау, мен бірдеменің шалығы шалғаннан саумын ба?». Көзін
жыпылықтатып, уқалап, қайта оқыды. Тап солай. Шалдың өзінің,
əкесінің есімдері ғана емес, шыққан руы, өлген жылына дейін мен

солмын деп ұрандап тұр. Ештемесін ұмытпаған айқын, сергек ойлы
Шəкірге мұның өзі бір жайдан шынында үлкен жұмбақ еді.
Енді есінде қалған адам жүздерін, олар хақында білетіндерін
басында қайта сапырыстырып, алыста қалған күндер мен оқиға-

ларды тізбектете бастап еді, жүрегі одан сайын өрекпіді.
Сəлден соң ғана бұл қиналыс, қамаудан құтылып шығу үшін бір
саңлау тапқандай. Əкем-ау, бұл шынында сол жұрт тірідей өлікке

санап, маңына жуымай қойған, көзі тұздай, қаныпезер ерші шал
болса оған көл-көсір құрмет көрсетіп, бұл жақтың дағдысында көп
дейтіндей емес, мұншалықты төбесі көк тіреген, даңғарадай күм-
без орнатарлық ешкім жоқ еді ғой. Соңын шулыған етіп, алыста-

ғы біреумен қашып кеткен жалғыз қызы ғана болған. Оның қайда
екенін қазір көп ешкім біле де бермейтін шығар. Қыздың аты қыз,
Дарабоздай4 саңлақ қасиеті жоқ қарапайым ғана қыздан мұндай
өнер, құрмет шығар деуге тағы да ауыз бармайды.

Жоқ, мынада бір кілтипан бар деп шешті. Оның түбіне жетпей
дамылдай алмасын сезіп, ауылға қарай асықты. Бала кезінде
сан қызықтаған, кейін сан рет сағындырып, іш-құста еткен туған
жердің тау-тасы бұдан жүз жасырғысы келгендей.

Жанұясымен тоқтаған жақын ағайынының үйіне келді. Шəкірді
күткендіктен түскі шайдың дастарқаны əлі жайылмапты. Жеңгесі
сөзуар мол денелі, сары қарын əйел. Шəкірдің қуаңқы жүзіндегі ой
табын бірден аңғарып, саңғыр етті.

– Көбелек қуып кеттің бе, қайда жүрсің із-тозсыз жоғалып?

Əлде бала кезінде ғашық болған қыздарыңның (келініне көзін қы-
сып қойып) мен сияқты томардай қатын болғанын көріп, қиялдап,
соның мехнатын шегіп қайттың ба? – деді.
Шəкір жеңге əзіліне қарсы ештеңе айтпады. Тек сыйлы адамы-

на көрсеткен жылы шырайындай мырс еткен болды. Шай үстінде
зиратқа барып, көргенін баяндай келіп:

– Сол күмбез баяғыда біз білетін Əбдірахман шалдың басына

қойылған ба? – деп сұрады.

– Тап сол қақпастың басына!.. – Жеңгесі күле жауап бермекші

болып, шайына шашалып қала жаздады.

– Апыр-ау, оған соншама бауыры езіліп жүрген кім? Əрі ол кісі

өлгелі қай заман? Ал мынау – жаңадан орнатылған күмбез ғой?
Жеңгесінің өңі қызарыңқырап, іштен лықылдап көтерілген
күлкісін əрең басып, қалпына келді. Сосын ғана мəн-жайды
түсіндіре бастады.

– Əй, қарағым-ау, бұл күндегі байлық, тоқшылық адамды қалай

секіртпей жүр дейсің. Есіңде бар ма, жоқ па, білмеймін, ол кезде
баласыңдар ғой, осы Əбдірахман шалдың баяғы заманда сырт бі-
реумен қашып кеткен қызы бар емес пе еді. Аты – Оразгүл, мүмкін
білерсің де.

– Оразгүлді білемін ғой. Əп-əдемі келіншек болатын.

– Білсең сол əдемі келіншегің қазір аяғын алып жүре алмай-

тын, сал ауруы бар кемпір. Тұлыптай болып семіріп кеткен екен
Дарабоз – Жалайырдан шыққан ақылгөй, шешен əйел, Абылай ханның
замандасы.

өзі. Осы жаққа келгенде оны түстеп таныған да бір адам жоқ. Сол Оразгүл, барған жері бұл арадан алыста ғой, басқасымен бірге басына қан шапшитын да ауруға шалдығыпты. Ер жеткен балалары көп екен, олар қанша емдеткенмен болмайды. Ақыры дəрігерлер, сен туған, өскен жеріңе бар депті ғой. Ауруыңның бір емі болса сол болар депті. Сосын амалы қанша, шалы қайтыс болған екен, бір баласымен мына қалаға көшіп келді. – Жеңгесі мана Шəкір барып қайтқан зираттың арғы ойысындағы қаланы атады. – Келуін келді, бірақ ауруының сап басылған ештемесі жоқ. Өзі былай, адамды мазасыз ететін ауру ғой деймін, шамасы. Əйтеуір, бір кездегі əкесін ойлап жылай береді екен. «Өліміңнің өзі анадай, менен басқа ешкімің жоқ, басыңа бір белгі де қоя алмадым ғой», – дейді екен. Шамасы бұлардың келген жағында өлген кісінің басына бірімен-бірі бəсекелесіп, күмбез орнататын дағды болса керек. Əйтеуір, не керек, шешесінің осы сөзін ести берген баласы, бірдеме ғып, оның көңілін көтерейін деді ме, өзі құрылысшы, тіпті гілəуный інженер дей ме, ақшаны төгіп жіберіп, атасының басына бірақ күнде қоқырайтты да қойды ғой сол күмбезді. Бұл ауылда ол туралы неше қаңқу сөз туды десеңші. Мұның ерсілігін өзі де сезді ме, жоқ əлде жанына жақты ма, содан бері, олардың көшіп келгеніне үш-ақ жыл болды ғой, Оразгүл біраз тынышталыпты дейді. Шəкір жеңгесінің сөзін одан əрі тыңдамай өзімен-өзі болып кетті. Басына бала күннен есте қалған жайлар бірінен соң бірі келе берді. * * * Соғыстан кейінгі жылдар. Шəкір ол кезде тоғыз жасар бала. Əкесі Жақыпбек пен шешесі Айтбала жұмыстан кеш қайтатын да, бұл есік алдында іңір қараңғылығында жалғыз өзі оларды күтіп отыратын. Кейде мұндайда оны қорқыныш билейтін. Анаумынау қауіп туса кімнің үйіне қашып тығылуға болатынын ойша мөлшерлейтіні бар. Ондайда басқанікіне болар, тек жолдың ар жағындағы ерші Əбдірахман шалдың үйіне ғана артынан азу тісі сояудай қабылан қуса да беттей қоймасын топшылайтын. Ол пана болып жарытпас. Оның үйінде Шəкір бір ұстап көруге соншама құмартатын шаппа шоттың неше түрлісі бар. Оған көзі де, көңілі де суық Əбдірахман жан баласын жуытпайтын. Бір рет Шəкір ол үйге шешесіне еріп барып, шаппа шоттың біріне қолын тигізе бергенде, Əбдірахман Айтбаладан ұялмастан «тəйт» деп, қатты жекіріп қалған. Шəкірдің селк етіп, шошынғаны соншалық, бірнеше күн кеудесіне үрей ұялап, арыла алмап еді. Шалдың мұнысы Айтбаланың

жаман көңліне келген, əй-шəй десер қатары емес, баласын жетек-
теп, келген шаруасын айтпастан тез шығып кеткен.
Əбдірахман насыбай атады, апиын ішеді. Қақырық түкіртетін
көкжөтел ауруы жəне бар. Сонау жаз шыққанша жағылатын темір

пештен шығатын ыс, насыбай, апиын, үйдің көгерген бұрыш- бұ-
рыштары бəрі қосылып, адамды дем алдырмайтын ауыр иіс ба-
сып тұрады. Шəкір шаппа шоттарды қызықтағаны болмаса бұл
үйде отырғысы келмейтін, бара қалса кетейікші деп шешесін ма-

залай беруші еді.
Əбдірахман үйінде балалардың көзін тартатын тағы бір оқшау
нəрсе, оның бақшасында өсіп тұрған көкнəр гүлдері. Кішігірім
тостағандай ақ, сары, қызғылт, басқа түсті гүлдер алыстан көздің

жауын алатын. Оны үзуге Шəкірдің қолы жеткен емес. Көзі тұздай,
сақалы сапсиған Əбдірахман шал осы көкнəр гүлі дегенде аса қа-
терлі. Оның бір түбі үшін ол кім-кімнің де басын шаппа шотпен қақ
айырудан тайынбайтындай.

Əке-шешені жалғыз күткен бейуақ кештерде сəби көңілі мұз-
дап, дүние құлазығандай көрінгенде Шəкірдің жанын селт еткізер
жақсылық, қуаныш атаулы сол Əбдірахман шалдың бақшасында-
ғы көкнəр гүліндей нелер бір сұмдық қатердің ар жағында қалған-

ға ұқсайтын.
Иə, Шəкірдің ағасы да бар. Бірақ мұның өзінен көп үлкен, он то-
ғыз жасар Марқабай Айтбаладан туғанмен əкесі бөлек. Марқабай
Шəкірдің əкесі Жақыпбектің ерте қайтқан жақын ағасынан қалған

тұяқ еді. Жеңге алған Жақыпбек үшін ол өз ұлынан бір былай
емес.
Бірақ Марқабай колхоздың онда-мұнда деуімен үнемі сырт жұ-
мыста жүретіндіктен Шəкір оны айында, жылында бір-ақ рет кө-

реді. Бұл үйде кішкентайдан өзінен басқа ешкім жоқ.
Шілденің қайнаған күндерінде əркім өз тірлігін істейді.
Əбдірахман шал насыбай атып, талмастан ер шабады. Күзде
малы семірген, жабағысы піскен шопандардың жайлаудан етекке

түсіп, ауыл үстінен өтетінін біледі.
Малшылар колхоз малын баққанмен өздерінің де он шақты,
жиырма шақты тұяқтары болмай қоймайды. Жас төлдер өсіп
жетілгесін бір малы екеу болған олар сəл нығайып, анау-мынау

салтанат қамын да ескереді. Соғыс тоқтап, жұрттың мауқы басы-
лып қалған шақ қой, ендігі тірлікке біраз көрік беруді де ойлас-
тырады. Малшылар арасында, əсіресе, бозбалалары, олардың
келіншектері, тіпті қартаңдаулары да көш үстінде əдемі жасалған

ер, күмістелген айыл-тұрман сияқты бұйымдарға қатты көңіл бө-
луші еді. Ондайда атағы біраз елге тараған Əбдірахман сияқты
ершілерге соқпай өтпейді. Мұның бітулі дүниесі болмай қалса

қиылып өтініш етеді. Жарамды қой, бітімі мол жабағы, қозыларын
да аямайды.
Əбдірахман бір ерді бір бас малдан кемге бермейтін. Тек тау-
дан ағаш тасығандар екі ер шығатын қайың шауып əкелсе басқа

ақы алмай соның біреуінен өзіне ер жасап беретін. Малға шама-
сы жоқ кейбіреулер сөйтетін.
Күзгі, көктемгі көші-қон кезінде Əбдірахманның ырысы əбден-ақ
мол. Ертелі-кеш үйіне келіп түсетін атты адамдар көбейеді. Ара-

кідік белсенділер де бар. Қой, жарамды тоқты өңгеріп əкеледі де,
қызыл, сары, қараға боялған əдемі ерлерді аударып, төңкеріп, қы-
зыға қарап əкетіп бара жатады.
Əбдірахманның осы жазда туған інісі көшіп келген.

Ағасының үйімен қатар үйді сатып алды. Əбдірахман осындай
еңбеккерлігіне қарамай ғұмырының аз қалғанын жыланып жиі ай-
татын. «Ауырсам басымды сүйейтін адам да жоқ, өле кетсем кө-
мусіз қаламын-ау» деп боздай бергесін інісі шыдамап еді. Олар

жаздың соңын ала дəл жиын-теріннің үстіне келген. Қазір ол інісі
арбамен астық тасиды, əйелі қызылша жонуда.
Інісінің үйіне Əбдірахман бір қойын сойып берді.
Шəкірдің əке-шешесі ерулікке шақырды. Інісі қаншардай қат-

қан арық қара əйелімен, Əбдірахман кемпірімен – бəрі келді. Риза
боп шықты үйден. Бір-біріне бұлардан өткен бауырмал адам жоқ
сияқты еді. Кенет тап сол күзде бұл ауылдағы жұрт ашық күнгі
найзағайдай бір сұмдық оқиғаның куəсі болды.

Əбдірахман шалдың ұзатылған қызы бар-тын. Күйеуі соғыстың
бітуіне бір жыл қалғанда ғана майданға кетіп, жас бейбақ сол бет-
те-ақ ауыр жараланып қайтқан. Қыздың барған жері ат аяғы əрең
жететін Жаркент жақта. Əбдірахманның күйеу баласын бұл жақ-

та көп ешкім көрмеген де еді. Міне, сол бала ауыр жарақатының
азабын аулында көріп, биыл ерте көктемде қар кетпей-ақ қайтыс
болғанын мұндағы жұрт тегіс естіген.
Күйеуінің əкесінен қалған үй-жайы бар екен. Опырайып жал-

ғыз қалған жас Оразгүл, оны бірден тастап кете алмай, осы күзде
əкесі қолына алдырғанша сонда тұрып қалған.
Ерте ұзатылған Оразгүл биыл он тоғызға ғана толады. Анау-
мынаудай тез сыны кете қойған ештеңесі жоқ, еліктің лағындай

əсем, ойнап тұрған бала. Күйеуге тиген дейтіндей де емес. Осы
ауылдағы ең кəрі кемпірлердің бірі  – Ақлима Шəкірдің шешесі
Айтбаланың қолынан шəй ішіп отырып, үйінің алдында оны- мұ-
ныны істеп жүрген Оразгүлді көріп, күрсініп салды:

– Қу соғыс-ай, бесіктен белдерің шығып болмай, көздеріңді

төрт қылып мұндақ етіп, бастарыңа қара жапты ғой. Əйтпесе бүй-
тетін заман ба еді?

Оразгүлге Айтбала да қызығатын. Бір күні күлімсіреп отырып,
күйеуі Жақыпбекке ақыл салды:

– Əй, осы Əбдірахман шалдың қызын күйеуге тиіп шықты деп

ешкім айтпайды. Осыны Марқабайға айттырсақ қайтеді?
Жақыпбектің өзінен туған бала Шəкір тоғызда ғана. Мына ой
оған біртүрлі қызық көрінген. Марқабайға туған шеше Айтбала
сөзін бұл да күлімсіреп құптады.

Бұл колхоздың малы Қора, Шажаның суы барып құятын
Қаратал өзенінің төменгі ағысының бойын қыстайды. Мұнда күн
суық болғанмен қар жұқа, қыс айларында мал жайылымына ың-
ғайлы. Марқабай сонда қора салушылармен бірге. Анда-санда

көлік қатынағанда ғана келеді. Осындай бір келісінде Айтбала сыр
тартып айтып көріп еді, жуастығы басым Марқабай «керегі жоқ»
деп, теріс бұрылып кетіп, сөйлеспей қойды. Айтбала Оразгүлдің
өзімен де үйде ешкім жоқта шақырып алып, сыр тартып көрді. Қыз

сəл бұйығыланып, басын төмен салып алып, ештеме айтпады.
Бір ыңғайын аңыстаған болып, Айтбала көп ұстамады. Енді əке
мен шешенің өздерін шақыртып, солармен сөйлеспек. Сөз солар-
да қалған.

Бір күні ерші шал кемпірімен екеуі шартта-шұрт шатақтасты-
ай келіп. Əбдірахманның мінезі жойқын. Кемпірі Үмітейді дəу жұ-
дырығымен ұрып жығады. Үмітей есі кіргесін бода-бода болып
жылап, «қартайғанша ұрғаныңды қоймадың, кетемін» деп арпа-

лысады. Əбдірахман үлкен тонын жамылып, «жібермеймін» деп,
табалдырықта отырып алады. Айтбала осы халдерінің үстіне
барған. Ол біраз татуластырды. «Кешкісін біздің үйге келіп ашу-
ларыңды басыңдар», – деп қонаққа шақырды. Екеуі де ештеме

болмағандай аспай-саспай келіп тамақ ішті. Шəкір ерші шалдың
тұздай көздерін төмен салып, келіп отырғанына таңдана қараған-
дай, əке-шешесіне алақтай «бұларды неге шақырдыңдар» деп сұ-
рағысы келгендей. Олар қайтуға ыңғайланғанда Айтбала:

– Ал, енді тату болыңыздар, ұрыспаңыздар бір-біріңізге. Қайта

бала-шағаға тоқтау салатын үлкен адам емессіздер ме, шатақтас-
паңыздар, – деп шығарып салды.
Осыдан бірер жұма өткесін оларды енді əдейілеп шақырды.
Марқабай да үйде. Сөзді Айтбала айтты. Жауап берген Үмітей.

Ол шалының жақтырмаған қабағын байқаған.

– Қайдам, қарақтарым, пəлен деп, төлен деп, тап қазір қызы-

мызға ен салар жайымыз жоқ. Қыз жат жұрттық қой. Сонда да
болса қолымызға жаңа келді. Анау-мынау шаруамыз бар соған
болыссын. Əзір басқа ойымыз жоқ. Осы ел-жұрт тап қазір қызға
кенде емес. Бізге əуре болмаңыздар.

Анық жауабын жаттап келгендей бұлай тақ еткізеді деп

ойламаған Жақыпбек пен Айтбала дағдарып қалды. Өз құлақтарына сенбегендей тағы да байқастап көріп еді, екі кəрі міз бағатын емес екен. Жақыпбек пен Айтбаланың сырт ешкімге дабыра қылмаған бір құдалыққа аттанысы осылай аяқталып еді. Ал Əбдірахман кемпірі екеуі өздерін бір əлекке əзірлеп жүргенін аңғармапты. Əбдірахманның інісі Əлібек біртоға, жұмысқа ерте кетіп, кеш келгеннен басқа, қақ-соқпен ісі жоқ, өзі денесі еңгезердей жуас адам болатын. Анда-санда біреуге қадала қараса ағасына ұқсас тұздай көк көздерін əлдебір мұң шалғандай қозғалмай қараушы еді. Жаңа қоныстағы адамның шаруасы да көп. Жаз, күз бойы колхоз жұмысында ебіл-себілі шығып, қолы қалт еткенде екі үйдің отын-суын, шөбін тасумен жүретін. «Қың» деген сөзін ауыл-аймақ естімейтін. Əлібектің бойындағы осы олқылықты толтыру үшін жаралғандай-ақ оның арық қара əйелі Қатшаның жүрісі мен сөзі көп екен. Мұнда көшіп келген бірер айдың ішіндеақ, көшенің басаяғына əлденеше рет шығып, жұрттың бəрімен таныс-біліс болып алған. Оразгүл осы Қатшамен бірге егін басында қызылша жонуда. Ерке өскен қағылез Оразгүл жеңгесінің қасында əлдеқайда басалқалы көрінуші еді. Қатшаның əңгімесін тыңдаймын деп, онымен жүрсе аузын ашпайды. Алғашқы қар түсті. Сонда да қызылша жиналып біткен жоқ. Енді анау-мынау жұмыстағы ер адамдарға шейін қызылша жонуға шықты. Осы аз күндік қарбалас үстінде Қатша бір істің басын қайырып та үлгерген екен. Бір жауған қар еріп, жер қарайып күн жылынғанмен бригадирлер тынышсыздануын қоймаған. Үйді-үйге кіріп, кəріқұртандарға дейін жұмысқа қууменболды. Көбі «қазір жаздағыдай емес, əнеукүнгі қардан кейінгі топырақ суық, қызылша жона алмаймыз» деп зар илесе де, «ойбай аз күнге өлмейсіңдер» деп дігірлеген бригадирлерге лажы болмай кəрі сүйектерін сүйретіп барып жүрді. Айла тапқан Əбдірахманның кемпірі Үмітей. Оның сəл суық тисе тұла бойы қақсайтын ескілікті ауруы болушы еді. Содан сақтанып, бригадирлерге өзін-өзі желкелетпес үшін тап осы күндерде көрші колхоздағы бір туысқанының үйіне жатып қайтуға кетті. Сөйтіп «құланның қасуына мергеннің басуы» дəл келген. Үмітей жоқта Қатша өз елінің бір жігітімен Оразгүлді уəделестіріп, қашырып жібереді. Барлық пəле осыдан басталады. Ол жігіттің Қатшамен алыс туыс екенін Əбдірахман білетін. Кемпірі екеуінің іштей сөз байласулары бойынша бұлар Оразгүлді сыртқа қарай қия бастырмақ емес еді. Кім де болса қолдарына келіп,

бұлардың отымен кіріп, күлімен шығатын, сөйтіп шыбын жанға тыныштық əперетін біреуге қоспақ. Сол бір соғыстан кейінгі еркек қара сиреген жылдары ондай дайын жұмыс күшін бұларға біреу жетелеп əкеп бере қоя ма, жоқ па, ол жағын ақыл тезіне салмады. Уыздай жастың обадай омалып, өңінің сынып, ажарының тайып, жұлқысаң үзілмес, тістесең шешілмес жалғызбастылыққа біржола байланар қауіп барын қырқылжың немелер ескеріп жатпады. Тіпті ондайлық ақыл-сана бұларға дарымағандай да еді. Міне, енді о бастағы көп опырсам деген ойдың, тəтті қиялдың күлі аспанға ұшты. Оразгүл ата-анасы бар, ағайыны мол біреудің жетегінде кетіп отыр. Ол кезде қазақтың сыңаржақ ғұрпы өз күшінде. Атасызенесіз əлдекімдер болмаса, алған əйелінің, оның ата-анасының үйіне «күшік күйеу» боп кіруді ел естімеген қорлық санайтын. Міне, Оразгүл сондай малды-басты, «намысты» ойлай білетін, ірге бауы мықты біреудің уысына түсті. Əбдірахман мұны алғаш сəтте-ақ айна-қатесіз түйсініп үлгерді. Бұл Қатшаның ісі екенін қоса сезіп, сол күні-ақ інісінің үйін қырып кете жаздады. Əлібек «Оразгүлдің басын айналдырған мен емеспін, араластырмасын мені» – деп ант-су ішкен Қатшаның бұрынғы қылығынан хабарсыз екен. Қартайса да қарулы ағасының тарамыс қолдарынан өз басын, əйелін арашалап, бір-екі рет үйден күштеп шығарып, есікті іштен жауып алды. Əбдірахман – əрі қайратты, əрі бірбеткей, бір бүлінсе қайтып жөніне келмейтін айтулы тоңмойынның өзі. «Биыл ғана менің кəрі басымды сыйлап көшіп келіп отырған жалғыз інімнің үй іші ғой» – дейтін ой адамға тəн басқа да көп қасиет сияқты мұның басынан алыс айналып ұшқандай. Көп кешікпей Үмітей де келді. Көрші-қолаңның жүрегісездіме, байқастап отырып, «жаманат» хабарды оған абайлап, там-тұмдап жеткізді. Үмітей аузын жыбырлатып, көкіп отырған əйелдерді тұмсықтан салып жіберердей оқты көзімен атып, кенет босаға жақта қасы-қабағы салбырап, жұрттың аузындағы «жаманат» хабарды үнсіз растап отырған Əбдірахманға ұмтылды: – Қақпас, сенің көзіңді шел басты ма? Неңді бақтың, қақпас? Мен сенің сақалыңды жұламын, жалғыз қызға ие бола алмаған, қақпас! – деп, əншейінде одан таяқ жейтін кемпір бұл жолы шалынан əлдеқайда мықты болып шықты. Жұрт араша түсіп үлгермеді, шалын жығып салып, үстіне мінді. Енді сақалға қол салмақшы болғанда ғана айырып алысты. Əбдірахман кемпірі тап бергенде əбден күш-қуаттан айрылған адамдай қиралаң етіп, түк қарсылық білдірмеген. Түбі шіріген кəрі теректей сұлап түсті. Шарт-шұрт, қырыс мінезі бар Əбдірахманның сырына қанық жұрт олардың мына халдеріне қайран қалысты.

Үмітей «қақпас, сені тұншықтырып өлтіремін, ажалыңнан бұрын көрге тығамын» деп жұрттың қолында тулады. Сол күні көрші-қолаңның қатындары тегіс Үмітеймен арпалысты. Басына қара жамылғандай Əбдірахман шал кемпірі тап қазір өзін үйтіп жесе де тұяқ серпе алмастай жерге қарап, безере бақты. Осы істің ақырына таман бұл үйге Айтбала да барған. Екі беті қап-қара боп түйілген Үмітей оған қарай алған жоқ. Екі иығынан дем алып тұрып, бір əдікте айтқан сөзі: – Əлжуаз қақпас, құдай сені алайын десе бүйтіп ала алмай тұрғанын білгенімде мына Айтбалаларға əнеугүні оң сөзімізді айтатын едік қой. Мұны күтпеген Айтбала өңін өрт шалғандай өзіне жалт қарасқан көршілердің көздерінен қалай жүз жасырарын біле алмай, сасқанынан: – Ой, жеңеше-ау, өткен іске өкініп не қыласыз? Болары болды, сабыр қылсаңызшы, басылаңыз енді. Тең теңімен, тезек қабымен деген. Оразгүл малға, жалға кеткен жоқ, өз қалауымен теңін тауып кетіп отыр емес пе? Оған күйінетін не бар соншама? Қайта ақ бата айтудың орнына, не мынау? Тіпті жараспайды сізге! – дей берді. Айтбаланың «ақ бата» дегені Үмітейдің бет-жүзін одан сайын қара күреңітіп жіберді. Мына сөзін айтуын айтқанмен Айтбала көлденең жұртқа дабыра қылмайық деген бір сырды оспадарсыз кемпірдің төбеден қойып қалғандай жария етуінен қатты қипалақтаған. Сол күні Үмітей лаңының ақыры ұзақ күңкілге айналып, түннің бір уағына дейін басылмағанын көршілердің құлағы естіп отырды. Ертеңіне Үмітей қаһарына қайта мініп, Əбдірахманның мүлдем басына шықты. Арашалайтын ешкімнің жоқтығын біліп, тақыр басына, бетіне тырнақ ізін салып, сақалдан жұлқылап та алды. Атып тұрып, қайратына мінсе атан түйе секілді Əбдірахманның мынау шүйкедей кемпірді шыбын ғұрлы көрмей жаншып кетері анық. Сөйте тұра оның осыншама жүні жығылып, көнбіс болуы жұрттың жағасын ұстатты. Ерші шал тіпті бірдеменің шалығы шалғанға да ұқсайды. Тағы үш күн өткен. Үмітей күңкіліне көршілердің құлағы үйреніп те қалды. Ағалы-інілі Əбдірахман мен Əлібек үйлері бірбіріне сыртын беріп, өзара қатынаспай қойды. Сырт көзге осылай доң араздықпен ғана даудың аяғы бітетінге ұқсап еді. Əбдірахман қайтып інісінің үйінің əлек-шəлегін шығарған жоқ, тіпті олай қарай аттап та баспады. Тек күндіз баласы кемпірінің күңкіліне шыдамағасын ба, үйінің арт жағында ірге тасқа арқасын сүйеп жол жаққа қарап отырады да қояды. Тек əрі-бері өткен адамдар тұздай көздерінің нала, мұңмен шыланып, өзгеріп кеткенін аңғаратын. Мұны Шəкір де байқап, Əбдірахман үйінің тұсынан өтуге қорқатын болды. Əлібек арық қара əйелін үйде жүмпездеп алып:

– Көлбеңдеп, ана шалдың көзіне көріне берме, құртады сені! –

деп, қатты ескертіп қойды.
Кешке ел жұмыстан қайтқан шақ, қазір суық түсіп, əйелдердің,
басқалардың қызылша жонуға қолы шыдамағасын күн барда-ақ
оралатын. Əлібек те ертерек келіп ауыл сыртындағы бір шөмеле

шөбін осы екі кештің ортасында əкеп алмаққа арбасына шарбақ
байлап, жан-дəрмен қимыл үстінде еді.
Ағалы-інілі екі үйдің арасы отыз-қырық қадамдай ашық жер.
Арба Əбдірахман үйіне қараған қабырға сыртында. Əлібек ол жақ-

қа арқасын беріп, еңкейе бір шегені тықылдатып қағып жатқан.
Кенет Əбдірахман үйінен бір буда қыл арқанды алып шықты да
алдын ала əзірлеп қойған тұзақ жағын аяғының дыбысын білдір-
мей келіп, інісінің мойнына салып жіберді.

Кəрі қабылан бар қайратын осындай жауыздыққа жиып жүр-
гені енді анық еді. Мойнына арқан түскенде бойынан əл кеткен
Əлібек шалқасынан құлады. Əбдірахман оны он қадамдай жерге
сүйретіп барды. Одан əрі қарай əкетпекші еді Əлібектің бір иығы

ағаш түбіріне тіреліп, қозғалта алмай қалды.
Айтбала оларды тап осы хал үстінде көріп, өз үйінің табалды-
рығынан бері секіре аттан салды. Жұмыстан қайтқан Жақыпбек
те өз үйінің тұсына кеп қапты. Ол əйелінің даусынан бала жазым

болған екен деп ойлаған.

– Əй, не болды? – деп ол да бері қарай жүгіргенде жүрегі алқы-

мына тірелді. Алғаш сəтте есі шыққан оның көзіне арқан шұбатқан
Əбдірахман ғана түскен. Көзі тұздай қырыс мінезді шал балаларға
сұмдық рахымсыз. Өзінің кішкентай Шəкіріне бұл қайтсе де кəкір
келтірді деп, қас қаққандай сəтте жаман ойлар басынан зу-зу етті.

Кенет арыстандай боп сұлап жатқан Əлібекті көріп, миының тағы
бір бұрандасы қозғалып кеткенге ұқсады.
Шəкір де үйден атып шығып, осылай қарай жүгірген. Жақыпбек
оның амандығын жаман көзімен ата барлап алды да Əлібекке ұм-

тылды. Мойнындағы қыл арқанды көріп:

– Өй, қақпас! – деп Əбдірахманға ақыра ұмтылды. Айтбала оның

қолына жармасып, арқанды енді жұлқылаттырмауға күш салып
жатқан. Жақыпбек арқанды күшпен өзіне тартты да Əлібектің мой-
нын тұзақтан босатып алып, басын сүйеді. Кірпігі əрең қозғалады.
Əбдірахман енді Айтбаламен арқанға таласып, онысын шала-

жансар інісінің мойнына қайта салмаққа өңмендей берді. Қарулы
Жақыпбек атып тұрып, шалды ұрып жықпақшы еді, Əлібекті тас-
тап кете алмады.
Əп-сəтте у-шуласып, көршілер де жиналып қалды. Əлібектің

əйелі Қатша да зар еңіреп күйеуін бассалды. Əлдеқайдан брига-
дир Сəмет пайда бола кеткен.

– Сəмет-ей, Əлібектің басына келші, мен ана қақпасты біржолата сұлатайын, – деген Жақыпбекке ол қолын бір-ақ сілтеп, «сабыр ет, неғыласың, болар іс болды» деген белгі берді. Салы суға кеткен адамша, ол да тізесін бүгіп Əлібектің жүзіне үңілді. Əбдірахман көп адам топырлап қалғасын арқанын жиып, үйіне кетті. – Керегің сол еді, керегің сол еді! – деп барады. – Бармысың, жоқпысың, ойбай!  – деп аттандаған Қатшаның үнін жұрт əп-сəтте өшірді. Күдік пен үміт жүздерінде алма-кезек ауысып, жиналғандар үнсіз қимылдады. Бастығы Сəмет пен Жақыпбек. Кемпірлердің бірі Əлібекті осы жерде ұшықтап, балаларды аздап тəуіптігі бар Ақлимаға жүгіртті. Ақлима жүзге келсе де бойы тіп-тік, жұрттан еңсесі биік, қолы шипалы, көзі қарақты жан еді. Астында қамыты жаңа сыпырылған қос аты бар бір жас бозбаланы жолдан бұрып алып, оны жекеменшік мал қамалатын қораға жөнелтті. Ол Əлібек үйінің бір қойын алып кеп, оны сол алагеуім кеште бауыздап, етін терісіне дейін Қатша көрші-қолаңға табанда үлестіріп берді. Ырым бойынша садақаға сойылған малдың етін иелері татпауға тиіс. Қанын итке жегізбей жерге көмді. Қараңғы түсе Ақлимаға тағы ұшақтатып, Əлібекті үйіне енгізді. «Бармысың, алтыным, ойбай»  – деп Қатша тыныштықты бұза сұңқылдап қоя берсе, бəрі жапа-тармағай ұмтылып, тістерін сықырлатып, жабыла нығарлай үнін өшіреді. Əлібекті ешқайсысы тарамай күзетісті. Үйлері алаңашық қалса да азаматтың жаны үшін бəрі садақа дегендей əрқайсымыздың қол ұшымыз алда-жалда бір керек болып қала ма деп, кірпік қақпай қарауылға тұрған. Мұндайда туған бауырдың да ауылы алыс қалып, жан алқымға тірелген қиын шақта қасынан табылған көрші-қолаң еді. Əбдірахман үш-төрт күннен бері өзін көк тулақша үйірген кемпіріне ата жауынан кек алып қайтқандай айдынын асыра келді. Үмітей мұның не істегенін терезеден көріп қап еді. Енді үйден шыға алмай отыр. Шалына үн қатпақ түгіл көзіне тура қарауға дəті жоқ. Қанға малынған шеңгелін ашу үстінде енді өзіме салып жібере ме деп денесі қушиып, терезе алдында бүк түсіп отырып қап еді. – Атаңа нəлет, барсын баратын жағына, барсын баратын жағына. Қаншырдай қатқан қатыныңа ие бола алмайсың. Сені аяудың қажеті жоқ. Баратын жағың сол болса, қидым сені, қидым сені! Əке-шешемнен де əулие емессің. Олар да сол жақта. Əбдірахман есік пен төрдің арасында ерсілі-қарсылы дамыл таппай алабұртып, сөйлеп жүр. Сырғауылдай бойына лайық

жүндес бет-өңірі, көз бен жақ сүйектерінің қыры ерекше айқында-
лып кеткен. Қозғалысы – ширақ. Қарсыласын тез сұлатып салып,
күреске тоймай қалған кəрі балуандай аласұрып, тиісетін қара
таппағанға ұқсайды. Көптен жатып, тот басқан ескі балта сілтесең

əлі де қатты тиеді. Əбдірахманда да сондай тозбаған ескі қайрат
тұла бойында буырқана оянып, қызыл ала түске боялғандай қол-
дары не қимылға да əзір, қалт кетіп, тая сағатын емес.
Үмітей басын шағып, шалына қайтіп жағудың, тым болмаса

осындай қанқұйлы кеште өз басын қауіпсіз етудің амалын таппай
азулы аң мен тас қабырғаның ортасында қалғанын сезіп, астын-
дағы қара жер ойылып кетер ме екен деген əлсіз үмітпен ғана бір
уыс бола түсті. Тысқа шығып, жан баласына көрінер бет жоқ. Үйде

мына арыстанның ойнағында отыр. Барлық тірлік- тынысы бір тал
қылға ілініп тұрғаны өзіне айқын.
Апыр-ау, үндемесем осы күйімде тұншықтырар. Бірауыз сөз
айтуым қайтсе де керек шығар. Бірақ, не деу керек? Əлібектің үйі-

не барып, жұртпен бірге басын сүйесейін бе? Жоқ, «Əбдірахман,
отыр, тыныштал, мен шəй қояйын дейін бе?» Адуын шалдың
мына сойқан мінезі үстінде қанды шеңгелін өзіме бұрып алмауым
үшін бұған қай қырынан келуім керек? Ажалдан бас сауғалауды

ойлаймын деп, əлсін-əлсін өзінің жұртқа бет көрсете алмайтынын
да ұмыта береді.
Үмітей бар мен жоқтың арасында осылай екі-үш сағаттай отыр-
ды. Əбдірахман есік пен төрге талмай жортуылдап, ақырында сол

жақ босағаға барып, бір жамбасымен дүрс етті. Сансырап жығыл-
ған. Қайтып қозғалған жоқ. Ұйқтаған адамша тынысын ауыр ала-
ды. Үйреншікті қорылы естілер ме екен деп Үмітей жаны шыға
күтті. Қорылы естілмеді, əрі ояу адамға ұқсамайды. Түннің бір

уағы боп қалған.
Арыстай азамат бар мен жоқтың арасында жатқан көрші үйден
дауыс шықпады. Демек Əлібектің кеудесінен əлі жан кетпеген ғой.
Кеудедегі жан дегеннің қадірін Үмітей шалының табанында тапта-

лу қаупін өткерген осы кеште ұқты. Ағайынды екеуді көпе- көрнеу
бір-біріне қол салдырған өз əрекет-тірлігін ақылмен болса да бір
шолып сарапқа салуды ойламады. Тек күнəсін іштей сезіп, осы қа-
терден өз басын аман алып шығудың ғана төңірегінде ес таппай

амал-шара ойластырды.
Əлібек үйінен жұрт ел жатар уақытта ғана тарады. Бəріне бас-
шы Ақлима: «Қарақтарым, сендер қайтыңдар, өзім осында бола
тұрамын»  – деген. Сөзі салмақты, ажары салқын кəрі кемпір

Əлібек басындағы жастыққа шынтағын сүйеп, түнімен өз білген
дұғасын əлденеше рет қайталап шықты.
Таң ата ғана аурудың кірпігі қимылдады. Ертеңгісін жұрт

жұмысқа кетерде Əлібектің халін біліп шықпаққа бірінен соң бірі
осы үйге келе берді. Бірақ Ақлима бірін де «аурудың мазасын ал-
масын» деп, Əлібек жатқан бөлмеге жолаттырмаған. Күн шыға
осы ауылдағы жалғыз молда келіп ауруды үшкірді. Ол қазір түн

баласы арбаға жегілетін, басқармалар мінетін жұмыс аттарын ба-
ғатын. Кеше кешкісін оған жүгірткенде ол аттарды айдап, ауыл
сыртынан ұзап кеткен екен.
Осылай əрі-сəрі халде жатқан Əлібек үшінші күнде ғана басын

көтерді. Аяғын басып жүре алатын да шаққа жетті. Бірақ тым сүл-
десоқ, басын ауырсынғандай жастыққа қайта қисая береді. Жұрт
өзімен жарқылдап сөйлесейін десе бұл бір сөзді де көтере ал-
майды. Ендігі тірлікке жатбауыр тартып, бəрінен теріс айналған.

Ешкімге тіл қатпайды. Бір кесе сұйық тамақтың өзін жарты сағат-
тап, сораптап отырып, əрең ішеді.
Саржотаның арғы ойысында жаңадан түтін түтеткен Текелі
қаласы бар. Аз уақыттың ішінде алыстан ақ жұмыртқадай болып

көрінетін əсем екі-үш қабат үйлері пайда болып еді. Сонда кере-
мет дəрігерлер бар деген еміс-еміс хабарлар осы ауылға да же-
тетін. Жұрттың қараңғылығына дауа бар ма, ауру-сырқау көп бола
тұра осы таяқ тастам жерге бұл ауылдан ешкім аяқ аттап басқан

емес. Қатша, көрші-қолаң Əлібекті сол дəрігерге барып көрін деп
қажай бастады. Əлібек бұл сөзге мəн беретін емес. Кейде жұрт не
айтып отыр дегендей болып, ағасына ұқсаған тұздай көк көздерін
көтеріп, ес-түс жоқ адамдай ұзақ самарқау қарайтын.

Қатша бұдан не келісім, не қарсылық белгісін көре алмай ақы-
рында өздерінің биесін арбаға жегіп, күйеуін сүйемелдеп отырғыз-
ды да сол қалаға қарай тартты. Бұлар сол күні-ақ оралып, Əлібек
қайтадан бас көтерместен жатып алды. Дəрігердің не дегенін

Қатша білмейді, көрші-қолаң қайта-қайта келіп, Əлібектің аузына
қарап ділгір болды.
Осыдан тағы он күн өткен соң ғана Əлібек тілге келді. Үйде
Ақлима кемпір, Айтбала, тағы екі-үш əйел шай ішіп отырған. Бəрі

жан-жақтан анталап:

– Қарағым-ау, ауруын жасырған өледі деген. Ең ғұрмаса дəрі-

гер не деді, соны айтсаңшы. Егер ол дəрігердің қолынан ешнəрсе
келмесе, онда емші іздесеңдерші. Бүйтіп оңған шүберектей бо-
лып жантая бергенің жақсылық емес қой, – десті. Əлібек сонда
ғана мұрнынан леп шығарып, бір ыңылдап алды да жөнге келіп,

тіл қатты:

– Менікі жасыратын жара ма? Жұртым, мен біткен адаммын, –

деп, маңдайын сүйеп, төмен тұқырып аз отырды да, тағы сөйледі. –
Дəрігердің өзі маған қайран қалды. Мұндай сұмдықты көрмеп едім
деп, жағасын ұстап шошыды ғой. Өңешіңнің бір жағы жыртылған

деді. Аттан жығылдың ба, ағаштан құладың ба деп, жанымды қой-
май сұрай берген соң, иə аттан жығылдым дей салдым. Сосын
біз əперəсия жасаймыз, бірақ бұл хауіпті əперəсия, өле кетсең біз
жауапты емеспіз, соған тілхат бересің деді. Əрі əперəсия кезінде

ең жақын туған-туыстарың қатысып отырады деді.
Əлібек басын төмен салбыратып, əлденеден қатты шалдық-
қан адамша ауыр тыныс алып, біраз отырды да сөзін ақырына
жеткізді.

– Иə, ең жақын туған-туысқандарың деді. Сондағы туған- туыс-

қан мынау Əбдірахман ба? Жоқ, ағайын, мені əуре қылмаңдар,
мен бəрібір мал болмаймын.
Əлібек осылай үйінде тырп етпей жатып, тағы бір ай өткесін
қар əбден бекіген кезде қайтыс болды.

Əлібек ауласы ағыл-тегіл улыған-шулыған боп жатқанда
Əбдірахман шал өз үйінің сыртында арқасын қабырғаға жапсы-
рып, қасында ешкім жоқ, қара басы «жалғыз қалдым-ау, жалғыз
қалдым-ау» деп кемсеңдеп, күн ұзаққа жылап отырды. Кеудесінен

жаны шыққан Əлібектің екі туып, бір қалған дейтін бұл жалғыз
бауырына ешкім қайрылып көңіл айтқан жоқ.
Өлік шыққан үйді балалар алыстан торуылдап, көздерін қа-
даумен болып еді. Мұндай жерге өздерін жолатқысы келмеген

үлкендердің қаһарынан именіп, көлденең көшенің ар жақ бетінде,
көршілер ауласында, қора-қопсыға, ағаштарға сүйенген күйі əр-
қайсысы өз орнында тапжылмаған.
Шəкір Əбдірахман үйіне таяу тұста еді, ерші шалдың елден оқ-

шау отырысын, тұздай көздері тап бүгін ағып түскендей оларын
қолымен басып, жүні жығыла еңкілдеп жылауын қызық көріп, анау
дүрмектен гөрі осыған көбірек алаңдаған.
У-шу жылаулар ортасынан бригадир Сəмет бері бөлініп шық-

ты. Бұл ауылдағы ең беделді адам еді. Ол Əбдірахманның халін
алыстан байқап, оған қыли қарап келеді. Шəкір бұл мына шалды
жұбатпақшы шығар деп ойлаған. Олай болмады. Əбдірахманға
таяқтастам жер қалғанда екі мықынын тіреп, оған қалшия қарап

тұрып қалған. Шəкір де, оның қасындағы балалар да мұның жүзі-
нен бір кекесін көрді.
Сəмет мұртын тістелеп, Əбдірахманнан көзін айырмай біраз
тұрды да:

– Əй, Əбеке! – деп саңқ ете қалды. – Енді сені кім көмеді?

Сəметтің мына сөзі Шəкірге анық жұмбақ еді. Ол жұрттың өл-
ген Əлібекті бейітке апарып көму үшін жиналғанын, өз əкесінің бі-
раз кісімен бірге ақым қазып келгенін мана ұққан. Кеудесінен жан
шыққан адамның қандай болатынын білмейтін Шəкірге енді мы-

нау ерші шал да өлген сияқты көрінді. Сəметтің жаңағыдай сауал

қоюы, жұрттың бəрі Əлібекті жерлеуге жиналып, ал Əбдірахманды көмуге ешкімнің қолы тимейтініне қабырғасы қайысқаны деп ұқты. Мүмкін Əлібек те осы ерші шалға ұқсап, анау аңыраған жұрттың ортасында екі көзін басып еңкілдеп отырған шығар. Ақыры Əлібектің бəйтеректей ұзын денесін киізге орап арбаға салғанда жұрт зорлықпен үнін өшіріп, жер астына тастауға əкетіп бара жатқанға ұқсады. * * * Сонымен өмір өте берді. Бір қызығы Шəкір осы жасында-ақ Əбдірахман шал, оның ел аман, жұрт тынышта жесір қалған келіні Қатша жөнінде өзінің əке-шешесі, басқа да ересектер не айтады деп, соған көп алаңдайтынды шығарды. Ертелі-кеш от басында ерші шалды айыптаған, ел арасынан тып-типыл жоғалған Əлібекті аяушылықпен еске алған сөздердің талай көкесін естіді. Тек Қатшаны ғана жұрт не даттамайды, не мақтамайды. Сөздерінің бас-аяғында оның есімін қыстырғанмен қай мағынада екенін Шəкір біртүрлі ажырата алмайтын. Енді Қатша жөніндегі жұрт пейілін олардың бет құбылысына қарап қана тану қалып еді. Шəкірдің оған да аңсары ауды. Міне, бірде Шəкірдің əкесі жұмыстан қайтып, көлденең көшеден үйіне бұрыла бергенде марқұм Əлібек ауласында Қатшаның көйлегі бұлғаң етіп, ғайып болды. Далаға əлдебір шаруамен шыққан бетінде Жақыпбекті көріп, кері қарай жалт берген. Жақыпбек жүрісін тоқтатып, аз-кем ойланып қалды. Əкесімен бірге назарын солай аударған Шəкірдің көзіне жолдың төмен жақ ойысындағы Əлібек үйі көрнеу көзге аласарып кеткендей тым қушиып көрінеді. Əншейіндегі жеңілтек əйел Қатша да соңғы кезде жұрт көзіне көп түсе бермейді. Қайта елден, жұрттан жүз жасырып, бойын аулақ алып қашқысы келеді. Күйеу баласы өлісімен осында көшіп келген Қатшаның шешесі де айнала көрші-қолаңмен табыса қоймады. От басына үңіліп, қатып-семіп қалғандай көршілердің бірінің де табалдырығын аттаған жоқ. Шəкірдің кейін есейе келе ойлағаны бар. Əкесі осылай қараған кезде Қатшаның ең алғаш көшіп келгендегі мінезін еске алатын шығар. Ол кездегі Қатша мүлдем бөлек еді ғой. Кім-кімге де қазіргідей емес, басқа қырынан танылған. Көшенің бас-аяғына бір-ақ күнде шығып, бірер жұмада-ақ жұрттың бəрімен танысып алған. Ал қазіргісі мынау. Күйеуі соғыста емес, қасында өлсе де бəрібір ер қазасын көтерген қаралы əйел ғой. Бет-жүзін неге жасыра береді? Басқа жесірлер өйтпек түгіл, маңынан жүріп кетсең-ақ шартта-шұрт бүлініп, жер-көкті күңірентіп дауыс салуға əзір тұрады.

Ал Қатшаның мінез-құлқы оларға тіптен қарама-қарсы. Ел
көзінше бір ұрлығы ашылғандай өз-өзінен жүз жасырудың қамын
жасап жүреді. Əлдебір жастардың сауабын алам деп, оның ар-
жағынан мұншама сұмдық туындарын болжамай ойсыз от басқан

өз қылығының нəтижесінен өзгерген сын-сипаты ма? Жоқ, бұл
күнде қасында жоқ күйеуін «ақыр шығасы адамсың, күйігіңді мұн-
да көтерткенше ел қатарлы кешегі соғыстан неге қайтпай қалма-
дың» деп, іштей жазғырғаны ма?

Ел қорғап шəһит болғандарды жұрт құрметпен еске алады.
Олардың жетім-жесірі не деп қиғылық салса да бəрі орынды, мы-
науың олай емес, былай дейтін ешкім жоқ. Мұны Қатша түсін-
бейді дейсің бе? Қанша санасыз болса да, өз қасіреті мен мұның

мұңын мұңдасарлық ел-жұртының арасында бір ор қазылып қал-
ғанын көріп жүр ғой.
«Ағаңның жанына көшіп келемін деп, ит өлімімен өлген сені
кім құрметтеп еске алар дейсің. Біздің босағамыз ойрандалды

дегенге кімнің қабырғасы қайысар? Қазақтан күлге аунап өлді
деп, ең ақыры оның өлімін де қорсынар пендесі өзің болдың ғой».
Шəкірдің түсінігінше əкесі Жақыпбек қана емес, басқа ересектер
де Қатшаның ішкі дүниесінің жай-күйін өз көкіректерінде осылай

сайратады. Оны зерделі Шəкір үлкендердің кейбір сөздерінен де
ұстап қалатын. Əйтпесе, Қатша ауыл-аймақ алдында абыройы
төгілгендей көлеңкесін көрсетпей, жымын жасырып, өз үйінде
ғана моладай жапырайған күйге түсер ме еді.

Ары-бері өткен-кеткен, көрші-қолаң Əбдірахман шалдың үйі-
не жаман көзін ата қарағанмен ол жақтан да жан баласы көрін-
бейтін. Қайта Қатша оқта-текте жұрт көзіне көлбең етсе ерші шал
кемпірі екеуі жердің жарығына біржола түсіп кеткендей.

Əлібек өлімінен соң үш жыл өткенде Шəкірдің шешесі Айтбала
біраз жыл өткізіп барып қайта құрсақ көтерді. Ақыры толғақ сəті
келіп, көрші-қолаңның əйелдері жиналғанда лып етіп, есіктен
ерші шалдың кемпірі Үмітей де көрінді. Шəкірдің көптен бері ал-

ғаш түстеп танығаны осы еді. Бұл кезде аздап естияр Шəкір оның
қатты өзгеріп кеткенін байқады.
Шар етіп, бала туғанда əйелдердің бəрі сергек қимылдады.
Бірақ солардың ішіндегі ең елгезегі Үмітей сияқты. Сəл беті ісіп

домыққан ол Айтбала төңірегінде не көмекке де дайын шапшаң-
дықпен лыпып тұр. Аласа бойлы, толық, қалың киім кисе мүлдем
домаланып қалатын бұл қартаң əйелдің түр-түсі қазіргі қозғалы-
сына лайық қажыр-қайрат молдығын танытпайды. Көзінің айна-

ласы көлкілдеп, тамағы қырылдап, төсек тартып жатқан жерінен
оқыс шаруа қамы атып тұрғызған жанға көбірек ұқсайды. Сонда
да қозғалысы ширақ. Лажсыздың күнімен елпеңдеп тұрғанын

көлденең көзден жасыру үшін ауық-ауық орынсыз ыржиып, зорлана күлген күлкісі айналасы іскен қысыңқы көздерін жаман үңірейтеді. Ал айнаға қарап, өзінің түр-түсін əрқилы бет құбылысы үстінде бақылау ол заманда Үмітей ғана емес, жалпы шаруа адамына бітпеген, естілмеген дағды ғой. Бір кезде діні қатты, көзі тұздай апиыншы Əбдірахман шалды еркіне бағындырып, тіпті оны қандықол қылмыскер етуге де құдіреті жеткен Үмітейдің осындай күйгелек бейшара қалпының төркінін танудың қиындығы жоқ. Інісінің мойнына арқан тастап ажалына себеп болған ерші Əбдірахман бұл кезде қатты ауру. Жан баласы оның халін сұрап, үйіне бас сұққан емес. Шаппа шоттардың неше түрлісі ілінген, ыс басқан тар бөлмеде көкірегі күрілдеп, сарылдап, қақырып-түкіріп, төсек тартып жатқанына көп болған. Ешкімді көрмей, кемпірі Үмітейден басқа адам жүздерін ұмыта бастағандай да еді. Төрінен көріжуыққалған Əбдірахманшалдың ондайқылмысқа неге барғанын анық біліп болған жұрт бұлардан əлдеқашан теріс айналған. Көздеріне көрінбейтін, үйінен шықпайтын Əбдірахманды небір, улы сөздермен ғайбаттаса, Үмітейді одан əрмен қағып-соғатын. Еркек атаулы көсенің сақалындай селдіреп, жесірлердің даусы құлақ тұндырған мына заманда қызының теңін тапқанына шүкіршілік етудің орнына əңгүдік шалының қолын қанға малғанын кім кешіре алсын. Ол кездегі жұрт қазақшылыққа салынып, Əбдірахманның ісін заң орнына жеткізген де жоқ. Əбдірахманның қаза болған інісінің əйелі де бұл күнде көшіп кеткен. Оның арғы түбі Арқа жақтан еді. Күйеуінің жалғыз ағасы мынау Əбдірахман шал болса оған қарайлап қайтсін? Баяғыда осы көрші шалдың қызы Оразгүлді өзінің көмегімен алып қашқан ағайыны сол атамекен – Арқа жаққа қайта көшуге ыңғай білдіргесін, Қатша ешбір ай-шайға қарамай солармен бірге кете барған. Қазір ерші шалдың үйі үй емес, төңірегі тап-тақыр, елсіз жазықтағы жалғыз молаға ұқсайды. Міне, Үмітейдің сол моладан шығып, тірлік иелерін іздегендегісі осы. Айтбала толғатып, жұрттың жас нəресте күткендегі абыр-сабыры, Үмітейдің осы абыр-сабыр ортасындағы емін-еркіндігі мұның басына күн орнағандай шамадан тыс зор бақыт еді. Айтбала толғағына арнайы шақырған да ешкім жоқ. Жаңа өз үйінің ауласында тұрып, осылай қарай самбырлай жөнеліскен кемпірлердің сөздерін естіп қалғасын келіп отыр. Басқалар мұның келуін жаман ырымдай көріп, жақтырмаса да «кет» деп қалай айтсын. Өз үйі, өз босағасында əдейілеп кісі шақырып жасаған той-томалағына сұраусыз басакөктеп кіріп келіп отырған жоқ. Көрші əйелдің толғағы үстінде бұл да

қол ұшын бермек боп, қайтсе де жақсы ниетпен жетті ғой. Сол ғана
бұлардың қатал кəріне тұсау сияқты.
Үмітейдің зорлана күліп, өтірік ыржиюы мынау жұрт ішінде
емін-еркін болуын өз басының қипалақтамай, ауырсынбай көте-

ретін қуанышындай көрсетпек пиғылынан да еді. Ешкімнің мұны
бөле жармауы, қырыс қабақпен атпауы үйдегі шалының қақырық-
түкірігінен кейін көз алдында айқара ашылған жұмақ төріндей
мұның қасаң жанына жылы ағын берді. Тек оқта-текте ауылдас

əйелдердің мынадай ізгі, жақсылық ниетіне қатты тосаңсып қал-
ған ол өз қимылы өзіне дөрекі көрініп, салдыр-гүлдір еткізіп ойда
жоқта бірдемені қиратып алудан қатты сақтанады. Үмітейдің осы
түр-түсі Шəкірдің біржола есінде қалыпты.

Тағы бірер жылда Əбдірахман ершінің өзі де өлді. Шəкір осы-
дан біраз жыл бұрын бұл шалдың өз інісінің қайғылы қазасы үстін-
де у-шу жұрттан аулақ жалғыз кемсеңдеп отырған түрін көріп,
бригадир Сəметтің «сен қақпасты енді кім көмеді?» деген сөз-

дерін еске алды. Сонда жас баланың ерші шалға қарап, «өлген
деген осылай болады екен-ау» деп ойлағаны да басына сап етті.
Шəкірдің көкірегіне бірте-бірте дендеп енген шындық – ерші шал
сонда расымен-ақ өлген екен, тек кеш көміліпті.

Тек «сені кім көмеді» деп Сəметтің таңырқауы бос болып шық-
ты. Апиыншы шалдың өліміне ауыл-аймақтың аяғын сүйреткен
кəрі-құртаңдары тегіс жиналды. Баяғыда қашып кеткен қызы сонау
жер түбінен қойылуына келе алмаса да, жетісіне үлгеріп, күйеуі

екеуі ырым етіп, шалдың моласына бір-бір уыс топырақ тастады.
Қай жағдайда да қазақтың өлсек көмусіз қалармыз деп жылайты-
ны нағыз пақыршылық екен. Кеудеден жаны шыққан пенде жер
бетінде қала бермек емес, ерте ме, кеш пе бəрібір жүзін топырақ

бүркейді. Қарға-құзғын жесе де солай. Қарға-құзғынның да өмірі
қанша ұзақ болғанмен мəңгілік емес қой. Тым құрмаса олардың
тамағынан өтпес сүйек-саяғыңды жел үрлеп, шаң-тозаң басып,
жер астына қарай тереңдете береді.

Иə, адам көмусіз қалмайды.
Қайта не хикметтің бəрі барлық пен байлыққа тірелген күнде
мейлі сен өмірбақи өз басыңды күйтте, ата-бабадан қалған, əрі
болашаққа да жетер тозбас қасиет атаулыға тас лақтыр, не оны

аяққа бас, тірлігіңде жүзіп жүріп адам қанын іш, бəрібір уақыты
келгенде жүзіңді топырақ жасырады. Тіпті онымен қоймай осы
жалғанның ендігі хас əулиесіндей болып, басыңа зəулім күмбез
орнамасын де. «Естімеген елде көп» деген сөз бізге тегін мирас

етілмеген ғой.
1980 жыл

ТАРИХ САБАҒЫНДА

(Бірінші новелла)
Мұғалімнің жүзі сұрланып кетті. Əлденеден тіксінген адамша
қабағы тез жиырылды да, дімкəстігі бар ауыр денесі құрыса, əрі
деміккендей болды. Оның оқыс жағдайға қалай тап бола кет-

кенін ешқайсымыз байқамай қалғанбыз. Тарих пəнінің оқытушы-
сы Кəріпжан ағайды не де болса əлдебір елес ұрымтал жерден
соққандай.
Біз ол кісінің жанарынан жасқанатынбыз. Кластағы небір ере-

сек, немесе өткір дегендердің өздері де оның бетіне тура қарау-
ға батылы бармай, тіпті қадалған көздеріне түспеуге тырысатын.
Қазір сол көздер іштегі бір сұрапыл толқу күшімен лайланып, өз-
геріп кеткен сияқты. Тек қана сұрғылт жүзіндегі суық тас секілді

жансыздық оның өз бейнесінің елесін ғана сақтап тұр.
Бұл сəт ұзаққа созылған жоқ. Қырау шалғандай жүндес қаба-
ғын кенет тік көтеріп, маған қарады.

– Өркенов!

Орнымнан тұрған мен жəне күллі класс болып ұстаз жүзіне қа-
дала қатып қалғанбыз.

– Сен айт!  – деді ол менен көзін аудармай.  – Біз кімдермен

соғыстық?
Өтіп жатқан тақырыбымыз Ұлы Отан соғысы болатын. Кешегі
майдангер-ұстаз осы сəт соғыс туралы бірдеме айтар ма екен деп
үміттенген едік. Біздің сол ынтамызға қарсы шырай білдіргісі кел-

гендей өңі бұзылған күйі ол тым-тырыс отыр.
Кəріпжан ағайды ұғу соншама қиын еді. Жаздай жадырап оты-
рып, əп-сəтте өзгере қалатын қызық мінезді адам екендігін де бі-
леміз. Біреулер оны соғыстан алып қайтқан мінезі десетін.

– Немістермен дейсің бе?

Менің жауабым оған оқыс əсер етті білем, сұқ саусағын маған
оқтай қадап, «отыр» деген ишара білдірді де, тұнжырап жүзі күрт
төмен түсіп кетті.
Кəріпжан ағай қайтып ешқайсымыздан ештеңе сұраған жоқ.

Оның мұндайда даусы да ғажап еді. Егер ойда жоқта біріміздің
фамилиямызды атаса, сөз жоқ, ол өзіне бір үлкен істің кезегі кел-
генін жан-дүниесі, алпыс екі тамырымен сезетіндей. Оның бізді
соған қимайтыны көрініп тұр.

Жүзіндегі кірбең қатерлі дауыл алдындағы сабырлы тыныш-
тыққа ұқсайды. Ауық-ауық көкірегінің сырылдағаны естіледі.
Біздің мектептің терезесінен аспанның ашық айнасы көрініп тұ-
ратын. Қалың ағаш арасына жайғасқан үйлердің шатырлары күнге

шағылысып, айналасында бір топ көгершіндер ұшып жүр. Ал анау ауыл шетінде оқшау тұрған Бекбосын атайдың үйі. Ол кешегі қан майданда бес баласынан бірдей айрылған ақсақал. Кемпірі осынша ауыр құсаны көтере алмай осыдан бірнеше жыл бұрын өлді десетін. Үйінің алдында басын найзағай өртеп кеткен зəулім терек бар. Қазір ол маған бұрынғысынан əлдеқайда сымбатты, сұлу көрінді. Менің бір сəт көңілім ауа толқып, көзім сол терекке түсті. Кəріпжан ағаймен назарым қайта ұшырасқанда, оның жүзі əлі алабұртып тұр екен. Оның жан-жүрек жарасына бірдеме ауыр тиген сияқты. Бірақ сыр бермей, өз шəкірттеріне іш сарайындағы арпалысты сездіргісі келмейтіні байқалып тұр. Бірде ол өзінше бір тебіреніп отырғанға ұқсайды. «Сендер анау жаны жарым теректі көрдіңдер ме? Сендер оның күн сүйген көңілін, жаз күні аялаған жанарын аңғарасыңдар ма? Мен оның бəрін өз көзіммен, өз жаныммен түйсінемін. Мен тереңнен толғаймын. Өмір мені темірден соғып, темірмен шынықтырып, соны жаныммен сезінуге үйреткен». Жүрек тынысымен қоса қабат тырсылдап минуттар өтіп жатты. Көзім ұстаз жүзінен тайқып кетеді де, далада сап тұнған ауаға, Бекбосын атайдың ауласындағы кəрі терекке, қалың ағаш, жарқыраған үй шатырларына қараймын. Солай алаң көңіл болып отырып, Кəріпжан ағайдың қолын сермеп қойып, сөйлей бастағанын əлден уақытта əрең сездім. Сөздері алғашқыда құлаққа жағымсыз, əрсіз шықты. Оның үстіне ауық-ауық сырылдаған көкірегі жел майыстырған ағаштың уіліне ұқсап, даусын бұза берді. Біздің жақта ауа райы құбылмалы келеді. Терезе əйнегін жел сипап өтті де, далада шуақты күннің абыр-сабыры басталды. Батыстан шоғырланған қара бұлт та көрінген болатын. Осы мезгіл Кəріпжан ағайдың да даусы қатты шықты. – Біз Бетховенді тудырған неміс халқы екендігін білеміз. Далада жел күшейіп, ақ көгершіндер үй шағырларына жапырласа қонып жатыр. Бауырын төмен түсірген бұлт біртебірте тұтасып келе жатты. Бекбосын қарттың ауласындағы зəулім терек теңселе шайқалып, жапырағын желге бермейін дегендей аласұрып тұр. Бұлт тез жақындады. Класс іші күңгірт тартып, бой мұздай бастаған. Терезе əйнегін алғашқы тамшылар қаға бастады. Осы уақытта жер ана өзінің ұлы рухын танытып, қара бұлттың бауырын жарқ еткізіп тіліп түсті. Енді жер мен аспан ашық беттесіп, бір-біріне қарсы майдан ашқандай. Ауыл үсті сұрғылт перденің ар жағында қалған. Төбесінен от шағала ойнап, қалың ағаш қатты жапырылады. Бекбосын қарттың

ауласындағы терек те жалаң көкірек қариядай қатты шайқақтап
тұр. Күркіреген аспан астында көк сөгіліп, бұлт омырылып, най-
зағай шақпақ отынша ұшқын шашып, алмас сəуле ұстаз жүзін дір
еткізіп жалап түсті.

– Біз тарих бетін ашқан сайын адамзат жеңісінің ізін көреміз.

Əлбетте, ол жеңістер өз бетімен емес, керемет қан төгістер арқы-
лы келгені белгілі...
Жауын дүниені селге айландырып барады.

– Ол күн ұмытылмақ емес, ұмытылмайды ол!

Мен селт оянып, Кəріпжан ағайға қарағанымда оның беті сұр-
ланып, жанарының ұшқындап кеткенін көрдім. Манадан сабақ
тыңдамай қақас қалып отырғанымды байқап қалған адамша көз-
дері маған шатынай қарады.

«Ұмытылмаймын, ұмытылмақ емеспін», – деп, оның сөздерін
жаңғырықтыра күркіреген күн алыстан естілді. Көкжиектен аспан
қиығы көрініп, жер мен көктің жаңағы қақтығысы ұмыт болған.
Ауыл аспанында көгершіндер сайрандап жүр.

1963 жыл

ТАРИХ САБАҒЫНДА

(Екінші новелла)
«Лениншіл жас» газетінің 1978 жылғы 2-қыркүйектегі санында
менің «Тарих сабағында» атты новеллам жарияланды.
Бірер күн өткесін Жазушылар одағына кіреберісте өзім қатты

сыйлайтын үлкен жазушылардың бірімен жолыға кеттім. Ол қалың
мұрты бар, əлдекімге тісін басқандай еріндерін қатты жымқырып
жүретін адам. Ондайда қабағы да қатулы. Үнемі ойдан арылмай-
тын жандардың бет құбылысында жылдар қалыптастырған өзге-

ше бір өрнек бола береді. Əрі көз алдындағыны көріп тұрып та
оның кім, не екенін бастағы сол ойдан бірте-бірте арылып барып
қана ажырататын дағды жанарын, қарасын суық еткен. Əрине,
алғашқы жүздескенде солай. Бұл кісіні жақсы танитындар оның

сол кейпінің тасасынан көктемнің шуағындай ақжарқын мінездің
де ақтарыла кететінін біледі.
Ол қазір маған біртүрлі қатал қарады. Амандығымды да сал-
қын алған адамша мені бастан-аяқ бір шолып шықты.

Сəл үндемей тұрып:

– Новеллаңды көрдім. Бірақ оқығам жоқ! – деді жұлып алғандай.

– Неге?

– Сол, оқығам жоқ!

Дағдарып қалған мен не дерімді білмей үнсіз тұра бердім. Енді
ол «қайтар екен?» дегендей мені көзінің астымен барлай қарай
бастапты. Өзінен кейінгілерге алдымен зекіген болып, артынан
тез жадырай салатын сол баяғы қызық мінездерінің бірі шығар

дегем.

– Сонда да бір себебі бар шығар. Дүниедегі шөп-шаламның

бəрін оқып тауысу мүмкін емес. Ал сіздің бұлай «оқымадым» деп
кесіп айтуыңызға қарағанда, əсіресе...

– Аты нашар екен, сосын оқымадым.

– Ағасы-ау, шығарманың мəні мен сөлі атында емес, затында

жатпаушы ма еді?

– Жоқ, мынаның аты тым жаман, сосын оқымадым.

Бұл сөзінің де айқын түп-төркіні қарасын шалдырмады. Қайта
одан əрі құрдымға жоғалғандай. Сонда да алып-ұшпай сабыр сақ-
тап тұра бердім. Мұндай тоң-торыс қалпының мағынасынан бір
ілгек табуға жазушы көбіне өзі көмектесетін. Қазір де солай бол-

ды. Сəлден соң суық өңінің тоңы жібігендей бір белгі айқындала
бастады.

– «Тарих сабағында» деген атауы басқа бір нəрсені есіме

түсірді. Мынау да сондай бірдеме жайында шығар деп, іштей
көңілім қалып оқымадым.

– Новелланың атына қарап, көңіліңіз қаларлықтай ол не нəрсе

еді сондай-ақ?
«Неғыласың» дегендей қабағын төмен салды. Байқаймын, ол
енді сондағы есіне түскен нəрсені ойлап тұр. Жердегі қыл- қы-
бырға дейін қадағалап қарағанында бірауық сол жұмбақ жəйт-

тің тереңін бойлап, қызығына түсті білем, жүзі жадыраңқы тарта
бастапты.

– Айтып берсеңізші, мүмкін оның мен жазған новеллаға қатысы

да бар шығар.
Айтып беруге енді өзі де қарсы емес екен. Екеуміз Жазушылар
одағына кірмей, оның ауласында сыртта тұрып қалғанбыз. Ол
сұқ саусағымен əлденені нұсқағандай ишара жасады да əңгімеге

көшті...
Енді жүзінде шат-шадыман күлкі бар. Бет терісінің əр жерінде
көзге əрең шалынатын кішкене жіңішке сызықтар жүйткіп жүр. Əр
адамға тəн шабыт алдындағы көңілділік екені айқын.

– Осы алпысыншы жылдардың басында, анық қай жылы еке-

нін ұмытып қаппын, бір жазушы екеуміз Талдықорған облысы- ның
Қоғалы ауданына бардық. Əйтеуір, ол кезде Шоқанның ескерткіші
қойылғанына көп болмаған.
Ондағы «Шоқан» атындағы колхозда сол асыл ердің ескерткіші

орнатылған төбеден алыстаңқырап бір көгалды сайда қыдырыс-
тап жүрдік. Сонда, шамасы, екі жүздей-ау деймін, ны- ғылса да
одан көп емес, қой бағып жүрген біреуді көрдік. Мен қасымдағы
жазушыға айттым: «Əй, мынау колхоздың қойы емес, колхоздың

қойы десек бұл кемінде бес жүзден асып жығылуға тиіс. Оған қоса
бағылатын шопанның өз қойлары қаншаға жетіп жүр, білесің ғой.
Ал мынаның алдынан мен ондай нəн отарды көріп тұрғам жоқ.
Мынау сонда неғылған мал екен, білейікші» дедім. «Білсек бі-

лейік», – деді ол. Жақындап бардық. Қой бағушы біз қатарлы ала-
са бойлы, төртбақтау адам екен. Жел мен күн жеген жалпақ беті
қыртыстанып түр. Киім киісінде де көзге ұрып тұрған ештеме жоқ,
табаны қисайған керзі етік, брезент күртке мен шалбар. Басында

трактор майы жұққандай қарайған таңбалар бар, о бастағы түсінің
қандай екенін айырғысыз, күнқағарының шеті мұжылған ескі кепкі.
Даланың желі суырып əкеткендей көздері де нұрсыз қарайды.
Сəлемімізге ернін ғана жыбырлатты. Бізді көктен түскен адамдай

көріп, таңырқаған пішінін танып тұрмыз.

– Мына баққаныңыз колхоздың малы дейік десек, бір отардың

жартысындай да болмайды. Сонда бұл кімнің малы? – дедік біз
төтесінен түсіп.

– Иə бұл колхоздың малы емес, осындағы мұғалімдердікі.  –

Тамағын кенеп даусы əрең шығарды.

– Сонда сіз...

– Арнайы бақташы жоқ, кезектесіп бағамыз. Бүгін менің кезегім

еді. – Даусы енді ғана икемге келді.

– Сонда сіз... мұғалімсіз бе?

– Иə.

–Біз бірден ештеме демедік. Мұндайда сыр алдырмаудың көп

мəні барын екеуміз де білеміз.

– Қай пəннен бересіз?

– Тарихтан.

– Тарихтан ба?

– Иə.

– Ə, солай деңіз. Тарихтан деңіз.

Не сұрасақ та қой баққан мұғалім іркілмей жауап беріп тұр. Бет
жүзінде қаймыққан, қажыған белгі атымен жоқ. Біз де еркінси бас-
тадық. Сұрағымызды да аннан-мыннан орағытып, өзімізше сыр
тартып жатырмыз.

– Тарих деген қызық пəн ғой. Бұл пəни дүниеде не болып, не

кеткенінің бəрін білесің. Мектебіңізде қанша бала оқиды?

– Баршылық қой.

– Сонда да əр класта қанша баладан? Былай орта есеппен

алғанда дегеніміз ғой.

– Біраз бар ғой. Осылай өзі пəлендей маңызы жоқ дейтін сұрақтарға келгенде үстірт қана жауап беретіні тағы бар екен. Мұндай іші берік, мызғымас пендеден сұрақпен ғана айла асырып, сыр тарту өте қиынға түсетінін мойындай бастадық. Əлден уақытта басыма қалай түскенін білмеймін: – Анау төбенің басындағы қарайған не өзі? – дедім Шоқанның зиратын иегіммен нұсқап. – Мола ғой. – Кімдікі сонда? – Жай біреудікі ғой! – деді мұғалім тағы да ол жаққа жуығысы келмегендей. – Өзін əдемі тастан ойып, келістіріп жасаған-ау деймін. Кім де болса тегін адам емес, сірə. Мұғалім үндемеді. Нұрсыз көздерінің айналасында шаруа адамының бейнетқорлығы белгісіндей ұсақ əжімдер сызықталып тұр. Басқаның бəріне адал көңілмен жауап қайырған ол тап осы тұста ғана біздің сөзімізге мəн беретін емес. Қайта, өздерің кімсіңдер, қайдан жүрген жансыңдар деп, соған көшкелі тұрған пейілін аңғардық. Бірақ біз оған жібермей ескерткішке таңғалумен болдық. Қасымдағы жолдасым екеуміз əр қырынан келіп, əрқайсымыз өзімізше тамсанып жатырмыз. Тіпті аспаннан түскендей-ақпыз. Осының алдында ғана əлдебір тоңмойын Шоқан ескерткішінің тасына қызығып, оны кесіп əкетпек болып жатқанда бір сынығы ұшып барып, көзіне тиіп, жанарын ағызып түскесін қоя қойғанына дейін де естігеміз. Бірақ оны қалай ауызға аларсың. Біз ештеме білмейтін адамға ұқсадық қой. Мұғалім аузын ашатын болмағансын: – Өзіңіз осы ауылда тұрып, ол кімнің бейіті екенін қалайша білмейсіз? – деп, енді бастырмалай сұрап едік. Сонда ғана оның ағынан жарылардай өңі қозғалысқа келді. Түсіне қарап ішін тану оп-оңай, ешқандай жатыпатар мысқылшыл мінезі жоқ, өзіне құдай берген бар аққөңілдігімен шын ойын, шын білгенін айтып салды сонда: – Ол осы жаққа қаңғып келіп өлген бір арғын төресінің бейіті. Терең суға шым батып бара жатқандай болдық. Қой баққан мұғалімнен теріс бұрылып жүре бергенде екеуміз екі жаққа лағып кетіппіз. Біраз ұзап барып қайта түйістік. Ауылға кірдік. Көшеде он екі, он үш жасар бала ұшырасты. Оны тоқтаттық. – Əй, кімнің баласысың? – Төлепбектің. – Атың кім? – Жұқабай.

– Қай класта оқисың?

– Алтыншы.

– Математикадан кім береді? (Біз сұрағымыздың мəнісін аң-

ғартпау үшін осылай алыстан бастадық).

– Кісенбаев.

– Əдебиеттен кім береді?

– Ырысбаев.

– Тарихтан кім береді?

Осы жерде жаңағы біз жолыққан мұғалімнің аты-жөнін сап
еткізді.

– Ол сендерге сабақты қалай береді?

– Кəдімгідей.

– Жоқ, кəдімгідей болғанда қалай, не үйретеді сендерге?

– Не үйретуші еді? Бəрі кітапта жазулы ғой.

– Жоқ, сонда да сен анықтап айтсаңшы, былай.

Біз енді жаңағы мұғаліміне ұқсатып, бұл баланы да тұс-тұс- тан
шабуылдап, сыр ашпауына қоймадық. Ол біздің анық нені сұрап
тұрғанымызды ұқпағандай мүдіре берді.

– Сен мынаны айт. Мысалы, мұғалім класқа кіреді. Сосын əрі

қарай не істейді?

– Не істейді? Класқа кірген соң бізге оқулықтың осындай бетін

аш дейді. Біз ашамыз. Осыдан сондай бетке дейін оқыңдар дейді.
Біз оқимыз. Сосын сабақ біткенше не ұққанымызды сұрайды деді.
Міне, сенің «Тарих сабағында» деген новеллаң да осыған ұқсас
бірдеме шығар деп оқымадым, – деп жазушы əңгімесін аяқтады.

– Ағасы-ау, осыны неге жазбайсыз?

– Жазайын десем, мұғалімдерге тиіп кете ме деймін.

– Мұғалімнен бəріміз оқыдық қой.

– Атамыз қазақ реті келгенде мұғалім түгіл құдайын да қарғау-

шы еді ғой.

– Жоқ, жазбаймын, – деп қолын бір-ақ сілтеді.

– Ендеше, осыны маған жазуға рұқсат етесіз бе?

– Жаза ғой.

Келесі аптада осы очеркті тап осы жеріне дейін жеткізіп, өзі-
не алып келдім. Ол бұған дейін менің газеттегі новелламды да
оқыпты. Ал мына қолжазбаны шұқшия қарап, əрбір əрпіне дейін
саралап шықты да сəл ойланып отырды. Кəнігі жазушы мұның

түйінделмей тұрғанын айтты. Мен жетілдіре түсуге уəде бердім.
Жазушы əлі де ойланып қалды. Сөйтсем енді ол осы тақырып-
тағы екі нəрсені салыстырып отыр екен.

– Сенің мына екі дүниең бір-бірімен тіптен байланыспайды.

Ортақ ештемесі жоқ. Өмірге символика арқылы да келген дұрыс.
Оның да өзінің өлшеусіз артықшылықтары бар. Мəселен, ана

бірінші газеттегі новеллаңды мен пəлендей дəріптеп тұрғам жоқ,
бірақ ол өзінің табиғаты жағынан соған жатады. Ал мына қолжаз-
баңдағы сияқты өмірге төтесінен де барып тұрған дұрыс. Егер
қаз-қалпындағыны ара-тұра болса да қағазға түсіріп, əрине, оны

іскерлікпен түсіре алсаң əдебиетке еш зияны тимейді. Қайта өңіне
қан жүгіргендей жараса кетері хақ. Өмірге философия да қажет.
Бірақ осылай оның күнделікті қант пен шайы, ет пен майы сияқты
түп тірегіне қатысты мұқтаждарын да қозғап тұрған жөн. Көрген

көз бен естіген құлақта жазық жоқ деген.
Сіздің осы сөзіңіз бұған түйін болса қайтеді?
1978 жыл

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДА

Төр жақта, киіз үстінде үш бала ойыншықтарын жайып салып,
оюлы өрнегі бар тік бұрышты кірпіштерден үй қалауда. Сейіл
оларға емес, төсек басына бар салмағымен асылып, сықырла-
та түсті де, аядай бөлменің орта тұсында, қазан-ошаққа таяулау

аласа үстелде нан ашытып отырған зор денелі, мойнының тамыр-
лары күдірейген, бадана көз, жалпақ бетті əйелге қарады. Ол бі-
легіне жабысқан қамырды сыдырып, үлкен тегештегі илеуге қайта
сұғады...

Етженді болғанмен сүйектері шығыңқы, иықты, еркек тұрпат-
тас əйел. Маңдайын, мұрнын, шықшытына дейінгі бүкіл бет терісін
шешек дағына ұқсас қып-қызыл безеу басып, шықшыттан төмен,
мойнына қарай ғана сирей түседі. Бірақ мойнынан да адам үңіліп

тартымды көрік таба алмайсың.
Сейіл осы бір жаратылысы оғаш кеспелтек əйелдің өз қоса-
ғы екенін мойындағысы келмей, ондай ойдан жиіркене қашады.
Бірақ тағдыр табандатып тап алдына қарсы қаратып отырғызып

қойған соң амалсыз көзі түсе береді. Оның бойынан, бет əлпеті-
нен өзіне жақпайтын белгілерді іздейді.
Өзінің бір кездегі Қанымкүлін де қатар еске алады. Мөп-мөлдір
айшықты көздері, қыз кезіндегі реңінен көп алыстай қоймаған

мейірімді ақшыл өңі, сəл толықша кеудесі, немесе ең соңғы кез-
десуіндегі көзіне жас іріккен аянышты мұңымен əлсін-əлсін бір
көрініп кетіп, өмірдің солып, немесе аулақтап бара жатқан ақ тал-
шықты гүліне ұқсайды. Мұндайда Сейілдің кеудесін тағылық қы-

сып, өкініш пен ашу-ыза бəрі лықсып бір-ақ келетін.
Төргі бұрышта ойнап отырған үш бала төсек басына асы-
лып, іштей күйзелген адамның өздеріне жақын екенін, əкедей-ақ

іш тартатынын жақсы біледі. Оған еттері де əбден үйреніскен. Сондықтан үйде бөгде адам бар деп білмейтін. Өздерімен өздері болған алаңсыз күйде. Бірақ, зəрлі шеше олардың жұрттың мазасын алуына, тартысып, жұлқысуына қатты тиым салған. Əлде бір қауіптің барын ыммен ескерткендей, қабағын түйіп, жермен жексен етіп отыратын, сондай қабақ сыңайын ұққан балалар да көп мазасыздыққа бара бермейтін. Бұл үйде ол үш баладан ересектеу тағы екі бала бар. Олар көрші үйлердің балаларымен ойнап кеткенге ұқсайды. Бұрыштағы балалар жаққа аз-кем назар аударуы Сейілдің ішкі сезіміне ешқандай өзгеріс əкелген жоқ. Ол тек осы жолы қарақан басының ғана қамына бойлап, мықтап ден қойған сияқты. Сондағы бар бітірмегі – қарсы алдындағы аласа үстелде үлкен тегешке нан илеп отырған еңгезердей əйелге қарап, ең бір ащы, улы сөздерді айтқысы келеді. Жанына шанышқыдай тиіп, өзінің осы бір бақытсыздығы үшін кек алсам дейді. Тек бұл əйелге лайық шанышқы сөздерді таба алмай əлдебір дəрменсіздік қолын байлап, зығырданын қайнатады. Төсек басын бар кеудесімен жанши одан сайын сықырлатып, əйелдің бетіне тағы тура қарады: – Сен өзіңді менің əйелім санамақшысың ғой, ə? Қасыңа матап-байлап, айрандай ұйыған жанұямыз мынау демексің ғой жұртқа! Күндіз-түні құдайдан жата-жастана сұрайтының менің саған мейірімімнің түсуі ғой, шамасы. Ондай атты күнге иегің қышымасын сенің... Сейілдің қатқыл шыққан үнінен Бəтима оған жалпақ бетін төңкере қарады. Көз жанары мен бет терісінің арасында ешқандай шекара ізі білінбейді. Өлі мен тірінің өңінде бола беретін ақсұр, сарғыш рең бітестіріп, тек өзіне-өзі батыл болып қараған адам ғана екі көз орнынан дөңгелек қос ойықты ажыратар еді. Кеудесіндегі сана-түйсікпен ешқандай байланысы жоқтай қарасында жансыздық, қимылсыздық басым. Сейіл сөзін жалғастыра берді: – Менің байғұс ағайым басына күн туып жүрген шақта саған иліге салған, білдің бе? Қиыншылық адамды қандай жарға соқтырмайды дейсің. Бірақ сен, көр қуысты бейбақ, менің ықыласымнан үміттенбе. Ондай жақсылықтан біржола күдеріңді үз, ұқтың ба? Сен бəрібір маған Қанымкүлімдей бола алмайсың. Бəтиманың көкірегі қор еткендей болып барып, аузынан дыбыс шықты: – Тетежан-ау, балаларға əке болмайсың ба? Ағасының балаларын жетім етпесін дедім ғой. – Сен өйтіп, арбама мені. Менің ағайымның балалары онсыз

да жетім болмайтын еді. Жетімдік көрсетпейтін едім оларға.
Бірақ менің өз өмірімді отқа күйдіргеніңді ешқашан кешірмеймін.
Кешірмеймін, білдің бе? Кешірмеймін. Менің отқа түскен басым
бір басқа. Ал мен өзімнен де Қанымкүлімді қатты аяймын. Білесің

бе, ағайымның өлгені туралы хабар келгенде Қанымкүл де қатты
қайғырды. Балаларды қайтеміз, біздің баламыз жоқ қой. Бір бала-
мыз бар, оның өзі де қайнағамдікі, ана балаларын да қолымызға
алмасақ болмайды ғой деп, көздері жасаурай берді.

Тіпті, əке орнына əке, шеше орнына шеше болған жалғыз аға-
йым көз жұмған қаралы күнде де Қанымкүліме сол сөздері үшін
қатты риза едім. Бірақ менің ағайымның өлімі оның өз басы үшін
қандай қасірет əкелетіндігін ол бірден түйсінген жоқ. Істің ақыры

осымен тынатындығына Қанымкүл, тіпті менің өзім де ешқашан
ақылымды жеткізе алмас едім. Мұның өзі ауыр қазамен қоса қабат
келген, жас өміріміздің тұнығын лайлап, ұйқы-тұйқы еткен тағы бір
кесапатты пəлеге айналды. Осыны түсінетіндей сенің кеудеңнен

бір саңылау табыла ма, жоқ па?
Есіңде ме, ағайым өлген күні біз Қанымкүл екеуіміз бірден
осында жеттік. Улаған-шулаған жылау ортасында жүріп, өліктің
артын күттік. Енді жетісіне дейін өз үйімізде болып қайтпаққа

жүрейін деп тұрған шағымызда ақсақалдар мені қалқалап, жеке
алып қалды. Қанымкүл қайтып кетті.
Жалғыз ағайымнан айрылып, қаза күйігінен арыла алмай тұр-
ған, талай елмен көрісіп, азан-қазан жылау ішінен бордай егіліп

шыққан мені ақсақалдар өз ырқына оңай көндіріп алды. Мен
өзімді айтпай, Қанымкүлге обал ғой деп тартыншақтап көріп едім,
Қанымкүлді өзіміз көндіреміз, оған қиналма, тек сен келісіміңді
берсең жетеді. Қанымкүл немене, жаны жоқ дейсің бе, біз айт-

сақ түсінеді. Əлде Қанымкүлдің бір басы үшін ағаңның шиеттей
бала-шағасын жетім етіп қоймақсың ба, десіп, бермесімді тартып
əкеткендей сөзімді алды.
Амалым қанша? Аға дегенде менде не жан қалатын еді. Ол

маған тек аға емес еді ғой. Əлі есімде сонау отызыншы жылдар-
дағы қиыншылық кезде əкемізден, шешемізден қабат айрылдық.
Ыстық ұя, кең сарайдай көрінген үйіміз тап бір бағзы заманнан
қалған кəрі моладай біздің үрейімізді ұшырды. Қос жетімек өз үйі-

нен шошитын халге жеттік. Ылғи ағайын, жақын дегендердікінде
түнеп жүрдік.
Əке-шешеміздің қастерлеп жиған дүниесі тістегеннің аузын-
да, ұстағанның қолында кетті. Оған қабырғасы қайысып жатқан

біз жоқ едік. Бірақ ағайым сол кезде-ақ маған əжептəуір ересек
көрінетін. Ол көп абыржымай, естиярлықпен маған қамқорлық
жасады. Кімнің босағасына барып сығалап отырсақ та, олардың

«əй, байғұстар-ай, мə, мынаны жеңдер» деп ұсынғанының ең бір
дəмдісін, жұмсағын маған беріп алдандырып, өзінің де қарны аш
екеніне қарамастан үнемі тоқмейілсіп отыратын. Кейде көшені
көп кезгендіктен жалаңаш аяқтарым тілініп кетіп, жүруге жарамай

қалсам, ол мені арқасына салып алатын. Əлденеден беймазала-
нып жылай бастасам, əдемі-əдемі ертегілер айтып жұбататын.
Иə, тіпті əбден ес біліп, қатайғанша оның арқасынан түспедім де-
сем де артық емес.

Кім білсін, егер сол ғазиз бауырым, жалғыз ағайым болмаса,
менің тағдырым əлде не күйге ұшырар еді? Оның алдында қан-
шалықты борышты екенімді ойласам, жүрегімді у қорғасын жай-
лағандай егіліп түсе жаздаймын. Иə сөйткен аға еді ғой.

Ақсақалдардың үйретуімен ағайымның жетісін өткізетін күні
мен əлденені сылтауратып, үйде қалдым да, осында Қанымкүлдің
өзін ғана жібердім. Сол жолы ақжем ауызды ақсақалдар мен бə-
лекей кемпірлер оны да қатты қысымға алыпты. Қанымкүл үйге

есі ауғандай, аяғы əрең сүйретіліп жетті. Аузынан сөз шықпайды,
көзінен жас бұршақтап, өзінен-өзі талықси береді. Тек біраз уа-
қыттан соң ғана тілге келіп, маған қарап:

– Сейілжан-ай, ағаңның жетісіне неге бармады десем, осындай

себеппен бармаған екенсің ғой. Рұқсатымды бердім, бар, жолың
болсын. Мен үшін ағаңның балаларын жетім етпей-ақ қой. Қысқа
өмірімде аз бақытты өзіңмен бірге көріп едім, қайтейін, тағдыр
жазуы солай шығар, – деді. Сонда мен оны қалай аяп кеттім де-

сеңші. Бірақ ақжем ауызды ақсақалдар мен бəлекей кемпірлердің
сөздері мені əлдебір мойын бұрғызбас құрыққа салып қойғандай
еді. Мен онда өзімнің осыншама өкінішке қалатынымды, манда-
йымның тасқа тиетінін жете ойламаппын. Сорлы басым сенімен

тұрмыс құрып кетермін, басқасы ұмытылар, жөнге келер деп ой-
ладым, білем. Бірақ тіпті олай емес екен.
Осының бəрі сенің шоқ-шоқ деуіңмен істелді ғой. Егер сенен біз
ауыз адал сөз шықса бұлай іс насырға шаппас еді. Сен көзің қан-

талап, жемтік аңдыған жыртқыш құстай маған қадалдың. Сөйтіп
дегеніңе жеттің. Бірақ сен қу шөңгедей менің денеме қадаласың.
Оған мен шыдай алмаймын.
Білесің бе, Қанымкүлден кетер сəтте өзіме-өзім болып түтін тү-

теткен отауға қаншама қарайладым десеңші. Біздің үйдегі Еркебай
бар ғой, ол да сендердің балаларың емес пе? Бізде бала жоқ бол-
ғасын асырап алмап па едік. Қазір ол Қанымгүлді туған шешем деп
біледі. Мен оны да алып кетейін дегенмін. Бірақ ол бар даусымен

шырқырап, Қанымкүлден айырылғысы келмеді. Оның сол сиқын
көрдім де Қанымкүлге «жарайды, Еркебай сенің- ақ балаң болсын,
ішетін тамағын, киетін киімін беріп тұрармын» дедім.

Бірақ өзім де үйден шығуын шыққанмен Қанымкүлімді, өз үй-өлең төсегімді қимай, арқандаулы аттай айналсоқтап, орта жолдан бес рет қайта оралып бардым. Ең соңғысында шыдамы таусылған Қанымкүл: «Сейілжан-ай, мені қайта-қайта өлтіре бермей, бар, барсаңшы, енді келме!», – деді. Міне, сол бойыммен кете бардым. Ал қазіргі өмірім өмір ме? Жоқ, өмір емес. Бəтима тегештегі нанды енді тым баяу аударыстырып отыр. Алдының бəрі тегіс ұн. Сейілге қараған көздері арылмас қалың сордан, уайымнан шелдене түскен. Дыбыс шығарсам дүние бүлініп кетер дегендей еріндері қыбырсыз тұр. Барлық сормаңдайлығы бетіне кілкіп шыққан Бəтиманың кескін-кейпіне одан əрі қарағысы келмеген, əрі іштегі күйігі қозғалған сайын өртене түскен Сейілді əлдене қудалап сыртқа шығарды. Орталықтан жырақта, Іле өзені сонау Балқаш көліне барып құятын сағаға тақау орналасқан ауыл бұл. Айнала құмайт жазық. Селеу-селеу болып өскен ши шоқтары ғана алыстан бұлғаңдап күн сəулесіне инедей жылтырайды. Ауыл үйлері сағым мұнарына көміліп, аласарып кеткен сияқты. Сейілді осы үй алдынан басталып, ауылдан тысқары ен далаға қарай шығатын жалғызаяқ жол жетелегендей. Ол бұл жолмен бір кезде сонау жарқырап жатқан құм шағылдардың ар жағына жасырынып қалған басқа ауылдағы үйінен Қанымкүлмен қоштасып шыққанда соңғы рет жүріп келген еді. Енді сол жолға тағы түсті. Келгендегі ізімен кері қайтып бара жатқанға ұқсайды. Қанша жерге барып тоқтар екен? Жоқ, əлде, барлық шырмауды серпіп тастап, біржола кеткені ме? Оны өзі де білмейді. 1969 жыл МӨЛДІР ТАМШЫЛАР Жаз айының тамаша бір күндері еді. Демалыс кезінде Алматыдан ауылға кеп жатқаныма бірнеше күн болған. Жолым түсіп көрші колхозға да бара қалдым. Күн ыстық, тал түстің кезі. Көшені көлденең кесіп өтетін əлдекімдер болмаса, көп ешкім көрінбейді. Жан баласы түгел саяда жатқан. Айнала тыныштық. Мені күннің ыстығы қажады білем, жол шетінен аулақтап, жер бауыр бұта аралас өскен қалың ағаш арасымен жүре бастадым. Мұнда дем аларлық сая көп екен. Тамағымды ағытып, салқындай бастағанымда бір үйдің ауласына тірелгенімді білмей қалдым. Саялы маңға тиістіре салынған үйдің өзге үйлерден оқшау ештеңесі жоқ.

Үйдің тап қасында арық суымен ойнап отырған бір балдақты
қызды көрдім. Шешесі есік алдында кір жуып жатыр. Қыздың жас
шамасы 14–15-терде ғана. Алғашқыда маған назары ауа қойған
жоқ. Сіз оның балдағына қарап, қанатынан айрылған қарлығаш-

тай жаутаң көзді дерсіз, жоқ тіпті де олай емес.
Қайнап жатқан бұлақ көзіндей бар болмысын өзі айтып, бойын-
дағы ынта-ықыласқа өзіңнің де еріксіз мейірімің түсетін əдемі қыз
екен. Ашылмаған жауқазындай көркінде жұқа əсемдіктің үлпілдек

реңкі бар.
Артындағы айқасып жатқан қос балдақ та оған көзтүрткі бол-
май, тағдырдың бұл қиянаты оның бал-бұл жанған жүзінде мұң-
ның ізін қалдыра алмаған. Ол арық суын аспанға атады да, көктен

сорғалаған мөлдір тамшыларды тілімен қағып алып отыр.
Бір байқағаным, бұл қыздың іс-əрекеті, қимылы жасына лайық
емес. Өзінен жас шамасы əлдеқайда төмен, тұлымшығы желбі-
реп, күні бойы қуыршақпен болатын кішкентай қыздардай қозға-

лысы тым шапшаң, ұсақ.
Ол маған көзін жаудырата қарады да, су аққан иегін жеңімен
бір сүйкеп қойды. Қасы-қабағы түгел шықтанып тұр. Мен оның қы-
лығына қызыққан көзбен сəл жымидым.

Шешесі күнқақты жүзін маған бір-ақ рет көрсетті де өз жұмы-
сымен бола берді. Желке шашының түбіт сияқты бояуы оңып, кір
шайқаған суы шылп-шылп етіп көбігі аса төгіліп жатыр.
Көк əуеде сағым ойнап, жарқыраған үй шатырларында, да-

ланың барлық көлеңкесін бауырына басып алған қалың ағаш
желбіршек ұштарында төгілгелі тұрған бір əдемі əуез бардай. Тек
қана үнсіз өтінішпен ұйтқы тілеп тұр ма дейсіз.
Мен осы тұста біраз жүріп қалған едім. Кенет таңғы ұйқыдан

оятқандай ғажап бірдеме əсер етті. Торғай шырылы сияқты шыр-
қап салған əрі қысқа, ақықтай жіңішке дауыс көктен үзіліп түскен-
дей көрінді маған.
Жалт қарасам, жаңағы қыз екен. Жүзі жанып кеткен. Бірақ ол

дейтіндей емес едім. Əлдебір əн періштесі төбемнен құйылып
жоқ болғандай, дүние көркін бір ашып тастайтын əдемі дауысқа
кенет еліккенім соншалық, жан-жағыма жалтақтап, иесін аласұра
іздей бастаппын.

Бір таңғалғаным, балдақты қыз бен оның шешесіне бұл дауыс
əсер етпеген. Неге екені белгісіз, шешесі көзімен ата қарағанда
қыз өзінің əлдебір жаман ырым жасап қойғанын шындап мойын-
дағандай өлгенше қызарып, төмен тұқырып кетті. Апыр-ау, ол не

істеп қойды? Жаңағы дауыс қайда? Бірақ оны ұмыта беріп, бал-
дақты қыздың қысылған түрін көріп, оған соншама бір нəзік ая-
нышпен елжірей қарадым. Шешесінен жасқанғаны емес, шаңқан

тартқан күн сəулесінен қарай алмайтындай. Басыкөзіндегі кебе бастаған су тамшылары ұсақ шыны түйірлеріндей күнге шағылысып, əлдебір ынта-ықыласқа толы балалық назары байқалады. Үзіліп түсердей еркелік наз ілігіп тұрған кірпіктері əлсін-əлсін көміп қалып, жанары жасырынбақ ойнайтын сияқты. Көлеңке қуысынан шыққанымда, амандығыма əйел ернін ғана жыбырлатып, ишара білдірді. Менің бағанадан осы маңда жүріп алғанымды кəдік көргендей еді. Мен шешесінен сөз тартқым келіп: – Мына қарындас əн салатын көрінеді. Даусы қандай жақсы өзінің? – дедім. «Əй, қарағым-ай, оның несін айтасың»  – дегендей, шешесі салғырт тұрды. Қолының сабынын сыпырып, қасы-қабағы ауырлай берді. Одан кейін маған таныс көзбен қарады да, манадан бері неге үйге кірмей тұрғанымды сұрады. Бұл əйел мені сырттай танитын болып шықты. – Сен мына «Қызыл күншығыстағы» шал Бейісбектің үнемі сыртта жүретін баласы емессің бе? – деді. (Шал Бейісбек дейтіні, біздің ауылда екі Бейісбек бар). – Тап өзімін, – деппін. Ақыры мен үйге беттегенде, қыз да орнынан атып тұрып, қос балдағымен тақ-тақ етіп жүре бастады. Ұшқанда қанаты ұзын келетін қарлығашқа ұқсап кетті ол. Əлденеден апыл-ғұпыл қуанышқа бөленіп жүзі шұғылаланды. Мен есіктен енгенде табалдырықты тарс еткізіп, ол да аттап түсті. Үй іші қазақша жиналған. Топырлайтын ешкім жоқтықтан бəрі де өзінің ескі орнында міз бақпай тұрған сияқты. Төрге төселген киіз, ағаш керует, арзандық тұскиіздер бұл үйде ескі көзқарастың барын көрсетіп тұр. Еденге су себілген, салқындау. Мен алғаш отырыста-ақ қызға бұрылдым: – Атың кім, қарындас?  – Төсектің басына иегімен асылған күйі: «Əйкен», – деді сыбырлап қана. Ұзын көйлегін салбыратып, иліге шешесі де кірді. Жүзінде жабырқау немқұрайдылық бар. Алғашқыда ұстамдылықпен сыр бермей-ақ отырып еді, артыншаақ қызының жайын жылап отырып айтты. – Біреу бақ тілейді, біреу байлық тілейді. Тілеудің де тілеуі бар. Пенде шіркінде астамшылық та бар ғой, қарағым. Басың жас көрінеді. Ұқпағаның да, көрмегенің де бар шығар, зиялы адамның баласы деп айтып отырмын. Өзім үшін құдайдан сұрайтын да ешнəрсем қалған жоқ. Бар тілекті осы үшін ғана үйіп-төгіп отырушы едім, қайтейін. Бірауық дір-дір етті де, көзінен жас ыршып түсті. Таусыла сөйлейін десе, тамағына тас тығылып отырғандай, күйініш оты жанып-жанып барып қайтады: – Мұның əкесі соғыстан болған жарасы қайта ашылып, былтыр

қайтыс болған. Көз нұрым, бақытты бол деп кетіп еді, мұндай боларын қайдан білсін. Менің қызым əнші болады, ержеткенде даусын радиодан тыңдайсыңдар деп, сорлы жазған елге жар салушы еді. Тойда болсын, жиында болсын, ал менің қызым өлең айтады, ал менің қызым... деп, тізесіне отырғызып алып, асқақтата беруші еді. Өзім сонысын онша жақтырмасам да, көз ашып көрген қызығы сол болған соң, қайтып бетінен қағайын. Асыра мақтау, қошемет десе ел қандай? «Ойбай, Əуелбектің қызы мұндай болып туыпты». «Ойбай, Əуелбектің қызының таңдайы жез екен». «Шешесі мұны көтергенде неге жерік болған екен?» Əй қарағым-ай, бұл елді қойсаңшы. Ол ол ма, біздің арғы аталарымызға шейін сан-саққа жүгіртумен болды. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады» – деп қазақ тегін айтпаған ғой. Сөйтіп елдің тіл-көзі қойсын ба? Осында бір Байсалбай деген бар. Өзі бізге құдандал адам. Сайтандай соның баласына той жасай қалғаны. – Сонда ал Əуелбектің қызы əн салады дегенге, қасынан тастамай алып жүретін əлгі сорлы əкесі қандай, тотыдай сайратыпты. Сонда тіл-көзің тасқа болғыр əлгі Байсалбайдың əйелі отырып: «Əуелбектің бір қызынан қырдағы қазақтың қырық қызы садаға кетсін»,  – депті. Сол күні-ақ үйге келе қызым аяғым дей бастады. Əкесі байғұс мұның қасында шыр көбелек айналды да қалды. Қанша аңғал болғанмен о дүниелік адам ғой, сезіктеніп қалса керек. Өзім болсам көп есім шыға сасқалақтағам жоқ. Алғашқыда күні бойы секектеп шаршағансың ғой дедік. Бірақ ертеңіне де ауырсына тұрды. Сөйтіп бір-екі күн жүрді де, қайта сақ-сақ күліп кетті. Одан кейін оған назар аударған ешкім болған жоқ. Осы сəтте мен сəл елеңдей Əйкеннің қып-қызыл боп ұялған жүзіне қарадым. Жаңа сыртта осы үйдің маңында жүріп естіген қысқа, ақықтай таза жіңішке дауыстың əсері менен əлі кете қоймап еді. Бір сəт шеше əңгімесінің жетегінде барып, қалың топтың жүзін жандыра қырық қыздың көркін бір өзі берген Əйкеннің күндей тұлғасын тап қасымнан көріп, оны періштедей мəпелейтін қиялыма ерік бергім келді. Содан көп кешікпей-ақ біздің үйге ақырет орнады. Ескі жараның орны ушығып əлгі сорлы əкесінің өзі құлады. Бірден күрт төмендеп кетті де, ертеңіне-ақ о дүниелік екені көзінде ойнады. Жаны шықпаған адамға қалай дауыс шығарайын, ішімнен үгітіліп отыра бердім. Жыланкөз, сұп-сұр, бөріге ұқсап кетті. Халін сұрап келген жұрт жағасын ұстап шықты. Түн болса ағайын-туғандар жиылып күзетіп отырды. Содан бір күні қатты даусымның қалай шығып кеткенін білмеймін, талып түссем керек. Заржақ қатынның даусын білетін шығарсың, қарағым. Арғы-бергіні айтып, аза шақырып отырып, ес жиғанымды білемін. Ал содан өлік шыққан үй

қандай, көріскен ел ат-көпір болып, кімнің келіп, кімнің қойғанын
білмеймін. Сол Əуелбекті жөнелткен уақыттың ішінде Əйкенді бір
ойласамшы. Өкірген елден шошып екі-үш күн сызды жерге жатып
қалса керек. Үй іші ел аяғынан арылғаннан кейін қызымның қат-

ты жүдеп қалғанын көрдім. Шашы маңдайына түсіп, жасқа толы
көздері жыламсырап қарайды. Сезікті басым аяғынан секем алып
қалдым. Көтеруге қиынсынып тұр екен.
Төсек салып жатқызсам, қатты қиналғандықтан ба, басының

қызуы көтеріліп барады. Бірақ сонда да оны жақсы күте алғам
жоқ. Əлі келіп болмаған шет жақтағы жұрт-жұрағат тұс-тұстан ат
қойып бір басылмады. Содан аза бойы қаза болды ма, қызым
күннен-күнге нашарлап барады. Үйден өлік шыққанға шошығаны

ғой дейін десем, аяғым деп ыңырси береді. Ақыры болмаған соң,
көрші-қолаңды жиып алдым да, келген елді жылатпадым.
Мен болсам бас жарған тіл-көзге, көңілі көл-көсір боп өткен əке
тағдырына, тəні ақаулы тоты қызға, ақырында жаны қаяулы шеше

əңгімесіне де сыншылдықпен қарағым келген сияқты. Қайғыдан
қарайған шешенің етсіз жүзіне қарап отырып, өзімнің сонда не ой-
лағанымды қазір есіме түсіре алмаймын.
Далбасалықпен қызыма бір себеп бола ма деп өзінің тəуіп-

тен тəуіп қоймағанын жаны күйзеліп отырып айтты. Осы отыр-
ған көрші-қолаңдардан да емшілердің сан бесаспабы шығыпты.
Жемтік ілген құстай, тұмсығы иіліп, тамыры күдірейген арық, етсіз
қолдардың талайы тізесінен сипағанмен ешқайсысының шара-

паты тимейді. Қайта аяғын құрт жей бастағандай, түн баласы
шырқырап шығатын болады. Есі шыққан шеше өзі қосыла бебеу
қағып, ермеген сөзі, істетпеген емі қалмайды. Ақыры ауылдық
фельдшерге апарысады. Қазақы жердің топырағын жақсы білетін

ол бас шайқап сөйлесе керек.
Ақыры құдайдан сұрағаным адамнан келіп сол пелшірдің қолы
жеңілдік етті, қарағым. Сонда да сап басып жүріп кеткен ештемесі
жоқ. Əйтеуір, алғашқыда ұйқысы тынышталып, бара- бара бал-

даққа сүйеніп, үйге кіріп шығатын болды. Ал əлгі пелшір Алматыға
апарып үлкен лөктірге əперəтсия жасату керек дейді. Əкем-ау,
оған кім апарады? Өзім болсам тілін де, жолын да білмеймін
оның. Үйде баққаннан басқа менде не бар? Сонымен отырмын,

қарағым.
Ішіндегі күйік бірден-бірге өршіп бара жатқандай, қыз шешесі
көзіндегі жасын сығып алды. «Жалғыздығым ғой, қарағым» деп
тамағына тас тығылғандай дір-дір етіп, үні шықпай қалды. Дауыс

салып жібере ме деп, тұла бойым мұздап кетіп еді, бірақ қабағын
сəл көтерді де, жүзі ашыла түсті. Əйкенге бұрыла қарап, өңінің
күлдей оңыңқы екенін енді ғана байқадым.

– Əйкенді Алматыға мен апарсам қайтеді деген бір ой сап ете

қап еді менде... Бұл сыңайыма шешесі көп қарсы болған жоқ.
Алғашында қолың кесіп біреуге қимаған адамша біраз сипақтады
да, «болсын» деген шарасыз кесімге келді.
Қандай іске тəуекелдік еткенімді толғап шешпедім де. Жаздық

демалысым аяқталудан бір жұма бұрын Əйкенді қасыма алып,
осы үйден жүріп кетпекші болып келістім. Қыз шешесі бүгін де қо-
нып кетуімді қиыла сұрады. Көңілі жарым адам ренжіп қалар деп
оған да ықылас білдірдім.

Сол күні көбінесе, бүкіл кеш бойы менің əңгімем Əйкенмен
болды. Біркелкі боп қиылған кірпіктерінің астындағы жанары бір
қалыптан аумай, жанып тұра беретін түн жауынындағы жарық
шам сияқты.

Мен аздап əн салдырып көргім келген еді. Тіл-көз десе шаншу
тигендей болатын шешесі оның таңдайына да қатты тыйым сал-
са керек. Бірақ бұл жолы менің алдымда оған кеңшілік еткеніне
Əйкеннің өзі де қатты қуанды.

Алғашқыда ол бəсең дауыспен айтты. Екі-үш əннің басын шал-
ғанда-ақ мен оның қақпағы ашылмай тұрғанын сездім.
Төселмеген жас тосаң дауыс əн өнерінің тайғақ өрісінде қалт
кете береді де, ашық шырқап көтеріле алмайды. Тек əлдекім өзін

көктен шақырып тұрғандай жердегі қыбырлаған тіршілікке көнгісі
жоқ, қанатына оқ тиіп, тыпырлаған балапан құс сияқты. Бір əнді
бастап, деміккендей көздері айшықтанып қайта жалғастырды.
«Жоқ, жоқ, сіз мені сөкпеңіз, мен жаралы киік, қанатын оқ қиған

балапанмын» дегендей, əннің əрбір қалтарысында көздері жарқ-
жұрқ етеді.
Түнде төсек салып жатқызып, шам сөндіргеннен кейін, əлден
уақытта шешесінің:

Əйкен, сен неге көзіңді ашып жатырсың, ұйықтамайсың ба? –
деген дауысын естідім.
Əйкен екеуміздің таныстығымыз осылай басталды. Ақыры уə-
делескен күн жетіп, Алматыға өзіммен бірге ала шыққанымда,

жол бойы ол маған қатты бауыр басып қалған. Бұрын ешқайда
шығып көрмеген жас қыздың көз алдында дүние сағым құшағын
ұқсатып-ақ аша берді. Даланың ақ селеу басқан бұйрат-бұйрат
төбелері жол үстінде тау-тау боп үйіліп жатады да, тез жалтарып

кетіп, алыста қала береді.
Бірде астық даласы басталады.
Əйкен поезд вагонының ішіндегі тар купеде маған жабыса оты-
рып, түрлі сұрақтар береді. Ол бұрын жер бетінде мұндай кеңшілік

барын, адамды биікке, əнге шақыратын тылсым жаратылыстың
сағымша ойнаған сиқыр күші барын ойламаса керек. Дүниедегі

тірліктің, бақыт пен қуаныштың сарқылмас көзі, күйініштің шипасы, сұңқар өлімінің кезбе рухына орын осынау кеңшілікте, осынау ұлы дарқандықта екенін ол бала көзбен ұғып отырған сияқты. Əйкен тіпті бұрын танымайтын адамның белгісіз бір жаққа алып бара жатқандығына қауіптенбейтін сияқты. Қайта өзіндегі бар жақсыны, аласыз көңілі мен айтылмаған əндей ықыласын маған, осы сапарға арнағандай. Алматыдағы орталық госпитальдің биік қабырғасы бізді суық қарсы алды. Міз бақпай биіктеп алысқа қарасында ішіңе ұрлана кіретін қорқыныш бардай. Баспалдақ айналасында өмірі күнмен жайқалып көрмеген, түсі солғын гүлдер өскен. Екі-үш қабат биіктегі ашық терезелерден аурулардың ыңыранған үні келетін сияқты. Əйкен жүрексінбеді ме екен деп, жүзіне қарасам, қос балдағымен тас сатыларды тақ-тұқ басып, əлі жүзіндегі өше қоймаған жол қуанышының өлеусіреген нұрымен өзіме талпына қарайды. Біз алғашқы күні-ақ осы госпиталь үйінде орналасқан экспериментальдық хирургия институтының ортопедия бөліміндегі үлкен дəрігердің алдынан шықтық. Алтындай сары мұртты толық адам біздің келісімізге онша таңданған жоқ. Сырт пішіні қазақтан гөрі орысқа жақын, сары жолақ қасы көзін жауып, мұртынан кем төгіліп тұрған жоқ. Ол Əйкеннің аянышты тағдырын күнде көріп жүрген үйреншікті нəрсесіндей жеңіл сырғыта салғысы келген адам сияқты. Менің үсті-үстіне мəнерлеп айтқан түсініктерімді ұқпайтындай, тіпті Əйкеннің аяғын сипағансып, сырт айнала береді. Қатал мінезді адам ба деп, өкінішке ұқсас бірдеме тамағыма кеп қалды. Ақыры ол Əйкенді басқа бөлмеге шақырды. Мен тұруына көмектестім де, ол тақ-тұқ басып жүре бастады. Бетімнен қаққандай ақ халатты дəрігер есікті тарс жауып алып, мен ауызғы бөлмеде жалғыз қалдым. Үлкен мансаппен денесі ауырлағандай ол көп зарықтыратын емес екен. Артынша-ақ қайта шықты. – Қыз осында қалатын болады! Аяғын паралич соққан! – деді. Түрлі емдік шаралардан кейін, күрделі хирургиялық операция жасалатындығын өз кабинетінде айналып жүріп айтты. Қалың мұрты тісін жауып сөйлейді екен. Мен өзімнің студент екенімді, осында оқитынымды айтып, күнде келіп тұрудың жөні қалай болатындығын білгім келген еді, бірақ оның түсініксіз райы бетімнен қаққандай əсер еткендіктен тоқтап қалғамын. Əйкен сол күні-ақ ақ арулы палаталардың біріне орналастырылды. Əлденеден үлкен дəрігердің бет-бейнесі алғашқы күндері менің көкейімде суық күйінде қалды. Мен госпитальдан ұзап шыққанымда ғасырлар қашауынан шыққандай биік тас қабырға

өмірге, тіршілікке ісі түспей, адамға гүлдей нəзік көңіл бере білген тылсым жаратылыстың бұл да бір бойсынбаған суық бейнесіндей қарайды. Əйкенді осында қалдырғанымда, оның маған ұшқынды көзі жалтырап, «сіз дəрменсіз екенсіз, сіз дəрменсіз екенсіз» дегенін ұққандай, естігендей боламын. Күні бойы сондай сарсаң мазасыздықтан арылмай, өзімнің ескі пəтеріме кешінде бір-ақ оралдым. (Əйкенді қонақүйге түнетіп шығарғанмын). Алдымен асықпай отырып, Əйкеннің апасына хат жаздым. Мекен-жайын толық көрсетіп, бір-екі рет атын ескерткеніммен қоймай, үлкен дəрігердің мақтауын асырдым. Басаяғын тап-тұйнақтай етіп, өз жанымнан да жылылық қостым. Ертеңгісін қалт оянғанымда таңғы жарық бөлмені сықап тұр екен. Кешегінің бəрі есіме бірден оралды. Киіне сала солай қарай жүгірдім. Жолдағы дүкендерден қағазға ораулы шоколад конфеттердің екі-үш түрлісін сатып алуды да ұмытпадым. Мен Əйкен жатқан бөлмеге бірден бас сұғып кіре алғам жоқ. Сарғыш шашы маңдайына түсіп тұрған ақ халатты орыс қызы бірден қойып кете жаздаған «тəртіпсіздігіме» езуінде күлкі ойнап, кекіл астынан біраз ежірейе қарап тұрды да: «Сізге не болған?» – деді. Мен оның мысқылды қарасынан ажуа көргендей болып, өзіме ештеменің болмағанын айттым. Бірақ ішімнен қысылғанымды анық аңғарттым білем, қыз да менімен қоса ұялғандай болып, бөлме есігінен жоқ болды. Аздан кейін қайта шығып, маған ақ халат берді. Əйкен мені көргенде шалқасынан жатқан күйі жастықтан басын жұлып алып көздері шағаладай ойнап жалт-жұлт етті. Ол төргі терезеден оң жаққа жатқызылған екен. Бөлмеде небары төрт- -ақ төсек бар. Оның біреуі бос та, қалған екеуінде ақ жайманы иегіне дейін тартып, маңдайында қара меңі бар, тана көзді жас сұлу əйел мен қабырғаға қарай аунап түсіп, бурыл шашты бір кəртамыс кемпір жатыр. Кемпірдің ақ пістедей құлағының астынан суалған жағы көрініп тұр. Əйкен ол екеуімен əлі тіл қатыспаған сияқты. Менің жай бұрылған назарыма ілесіп, қазір де оларға ілкі бір секемділікпен қарап қойғанын байқадым. Сонда да ол жаңа ортаның тынысын тыңдауға құныға кіріскен екен. Əлі айналасына қарап та болмаған сияқты. Палата бөлмесі төбесі биік, ақ арулап тастаған аядай ғана. Люстра шамының аспалы шарлары қозғалмай тұр. Мүмкін, Əйкен түнімен ұйқтамай соның жанғанына қарап шыққан болар. Мен барып қасына отырдым. Ол мені бір-ақ түнде сағынып қалған сияқты. Үстіне ақ жолақ халат киген, ашық омырауынан ақ көкірекшесі көрініп тұр. Одан жоғарырақ қылдырықтай мойны, иегі, сəби

күлкісі бар жіңішке езуі, ойылған қос шұқыр бəрі де жас балаға бітер нəзік, гүл көрікті танытады. Өзімен көп сөйлесе алғам жоқ. Көзі танадай сұлу əйел мен бурыл шашты кемпір қабағын шытар деп ойладым. Сонда да болса Əйкенге бір жақсы сөздер айтқым келіп, өзімнің босауыз келгеніме қатты өкіндім. Тек қайта-қайта халін сұрай беремін. Менің алдымда ғана кешегі үлкен дəрігердің келіп кеткенін, өзіне көп кідірмегенін айтты да, «өзі бір асықпайтын адам ғой деймін» деді. Оның үлкен дəрігерді «асықпайтын адам ғой» деп жазғыруы, менің алдымда сол үлкен дəрігерді ақтап алмақ пейілі сияқты. Көзінде дала құсындай асық бір сезім оянғанға ұқсайды. Бірақ өзінің тордағы тотыдай тағдырын көрмеске лажы болмай, ауылдан шыққаннан бергі жол бойы көріп келген кеңшілікке деген жалын құштарлық алғашқы күні-ақ жүзін шалып қап, сол жүзіндегі əдемі биязылық жүрегіңді кесіп түскендей болады. – Аға, ертең де келесіз бе? – Күнде келіп тұрамын саған,  – деймін де, өзім ықыласпен орындайтын бір тілектің болғанына қатты қуанамын. Содан кейін ол басын жастыққа жабыстырып ұзақ жатады да, ертегі айтшы деп аузыңа қарайтын зерек балаға ұқсайды. Біздің жолымызға бар бақытты төсеп қалған анасын аузына алатын емес. Мен келген сайын осы көріністер аз ғана өзгеріспен қайталана берді. Əйкендегі маған деген ықылас күннен күнге құбылып, жаңара түседі. Мен оған үнемі əртүрлі сыйлықтар ала барамын. Тіпті Алматының дүкендерінде шоколадты конфеттердің мен сатып алмаған түрі қалған жоқ. Аурухана қабырғасында Əйкенді оқуға қоспайтындықтан, түрлі суретті кітапша, тіпті атақты əншілердің де портреттерінен бірнешеуін апарғаным бар. Əсіресе, оған соңғы сыйлықтарым қатты ұнайтын. Ол қандай да үлкен əншінің бет-бедерін алдына ұстап, көпке дейін көз айырмайды да, кірпігі сөніп-жанған ыстық жалынның тіліне ұқсайды. Нəркес жанары өзіме жарқ ете қалғанда, көкірегіме ұшқын үзіліп түскендей болады. – Мына əншінің түріне қараңызшы. Өзі соншама сұлу түскен. Көзі күліп тұр. Жаңа ғана əн салып шыққанында түсіріп алған ғой деймін, – дегенді өзі де көзімен күліп айтады. Кім білсін, мен де Əйкен сияқты тəтті арманға көп берілетін шығармын. Əйтеуір, оған келіп-кетіп жүрген осы күндерімнің ішінде мінезіме көп өзгеріс кірді. Əрдайым бос уақыттарымда ол үшін жақсы сөздер жаттаумен боламын да, кеш болса бос алаңқайларда, адам аяғы аз аллеяларда жүріп алатынды шығардым. Əрнəрсені аңғарғыш та болған сияқтымын. Астананың шулы өмірі, гүжілдеген машина, адамдардың ақ жарқын жүздері – əйтеуір осы

абыр-сабыр дүние толқынындай ығыстырып, мені бір бақыттан
қақпайлай бергендей болады да, əрі өзім де үнемі аулаққа шық-
қанды ұнатамын. Қаланың шетінде жағасынан балдыр исі аңқы-
ған əдемі көл бар. Көбінесе соның жағасына келіп күнді батыра-

мын. Мен мұнда өзімнің болашағымды, Əйкенді ойлаймын.
Осы госпитальда өзімше ұғыспай жүрген тағы бір адам бар.
Ол  – үлкен дəрігер. Өзін алғашқы күндегіден кейін бір-ақ рет
көрдім. Онда да жанымнан қиыс өтіп кетті де, ұзын коридорға

ауыр салмағын түсіріп бара жатты. Білектері жуан, басында үл-
кен ойлардың торабы тоғысқан адамның кескіні бар. Ол көзінен
сіріңкенің талындай ұшқын ойылып түскен Əйкеннің ақ шағала
тағдырын уысына қысып бара жатқандай, коридордың ұзына бо-

йындағы қараңғылықта дыбысы үзіліп өшкенше артынан сілейіп
тұрдым.
Бірде госпитальдың ішіне жан жібермей, уақытша қатаң тəртіп
орнады да, шыны есіктің аржағынан ақ халатты швейцар əйелдер

сұрағыңа бəлсінген көзбен қарап, өздеріне біткен «мансаптың
ауырлығын» өзара əңгіме етумен болды. Үш күндей бос лағып
жүрдім де, төртінші күн дегенде ғана госпитальдың қабырғасы
сөгілгендей есік сықыр етіп, жол ашылды.

Əйкенге кіре алмаған осы үш күн маған аса ауыр тиді.
Бірде ол «сен есейген жансың, бірақ ауыз тұшытарлық еш-
темең жоқ. Сені жас сұлусыз, жаныңның көркі ашылмаған күйде
көргім келмейді, сүйегің сорайған, студенттік өмір бойыңа шақ

емес», – деп кінə таққандай.
Бірде аяғының жарасы қинап кеткендегі жасты көзін көремін.
Енді ол у қорғасын ішкен жас тоты, жатқан ортасы, ақ жаймасы,
бурыл шашты жəне тана көзді екі аруақ жан – бəрі де көзіме елес-

тейді. Əсіресе, сол екі ауру маған əркез жаман əсер қалдырушы
еді. Тана көзді əйел ақ жаймасын иегіне дейін тартып сірескен
күйі, ерте заманғы бір қираған сұлу мүсіннің қалдығына ұқсайтын.
Ал кемпір болса біресе ары аунап, біресе бері аунап жататын.

Көкірегінде кейде ұзақ сарылға басатын деміккен үн бар. Ішінен
күбірлеп жатқандай, ерні жыбырлай береді. Бұл да бір қарапайым
тіршіліктің адамы емес, көктегі құдайдың əмірімен тақыр жазық-
қа қуылып, апанға байланумен келген көр мехнатты ғазалы жан

сияқты. Бір кезде шешесі айтқан əңгімесі есіме түсіп, Əйкеннің де
сондай көр мехнаттан үлесі бардай, кейде басымда ақты-қаралы
ойлар арпалысады. Міне, осындай шақтарда қатты ұнататын бал-
дырлы көлге барып күн өткізетінмін.

Ақыры госпитальдың есігі ашылып үйреншікті ағаш баспалдақ-
пен жоғары көтеріле бастағанымда, сол ойлардың бəрін бұрын
басымда болмағандай сыпырып тастағым келді.

Əйкен жататын палатаға екі-үш бұрылыстан кейін жеттім. Қайдан шыққанын білмеймін, сары кекілді орыс қызы пайда бола кетті де, мені бірден танып қасыма жақын келді. Ойнақы мінезін тежей ұстап, тұла бойынан орнықты қарапайымдылық көрсеткеніне іштей риза болдым. Менің қабақ қана қаққан көзтаныс сəлемімді байқамағандай құлағыма шың еткен дауыспен: – Сіз келіп жүрген қызға операция жасалды, – деді. Мен əлдеқалай алаңғасарлық еттім білем, ашық дауыспен, біркелкі етіп сөзін қайталады. – Сəтті аяқталды. Тіпті Сыдық Иманберлиновичтің өзі де қатты сүйсінді. Операцияны сол кісі жасаған,  – деді. Сыдық Иманберлинович деп тұрғаны үлкен дəрігер. Менің алғаш қатты таңырқағаным сол кісінің қалай сүйсінгені болды. Мұртынан мырс етіп, атып жіберген мысқылы сияқты елестеттім. Палатаның ауызғы жарық бөлмесіне ендім де, арғы есікті аштым. Бурыл шашты кемпір төсегінде түрегеліп отыр екен. Жүзі айғыз-айғыз, жанарында от бар. Əлдеқалай ауру адамның көзіне көрініп, қонып отыратын баяғының шашы дудыраған желаяқ кемпіріне ұқсайды. Тана көзді жас əйел де иегін қозғап қойып жатыр. Төрдегі Əйкеннің денесі төсекке төмен түсіп кеткен, ал аяғын қаптап қойған сияқты. Көз шарасы мен көкке көтерген иегінде жансыздық бар. Қасына екі аттап бардым да, қазықтай тұрып қалдым. Оның жақ сүйегі, суалған жүзі мені бетке қаққандай əсер етті. Көздері үлкейіп кеткен. Күшті жарықпен жарқ етіп сөнетін электр шамының ақырғы қуатындай. Жанары мені көргенде бірден-бірге төңкеріле түсті де, самал ескен түнгі көл бетінде ай сəулесі ойнап кеткендей əсер етті. Бірте-бірте демін ішке тарта бастады да, өзөзінен жетімсірегендей, бір кезде тізесіне отырғызып əн салдыратын əкесінің жоқтығын сезгендегі жүдеу ой жүзіне ойнап шыққанға ұқсайды. Сол ақжүрек аяулы əкенің керегі енді білінгендей. Соны түйсінгенімде жүрегімде қадақтай бір сезім пайда болды. Мені, əсіресе, қатты қобалжытқан етінің сылынып түскені еді. Өңіндегі бұрынғы ойылған шұқыр мен əнқұмар сүйкімділік бу боп ұшып кеткендей, көз сүйегінің пышақтай қыры ғана қалған. Самайына қарай мөп-мөлдір екі тамшы бірін-бірі қуалап өтіп, жастыққа сіңіп жоқ болды. Бурыл шашты кемпір гүжілдеген зор дауыспен: – Мына бала кімің болады, қарағым? – деді. Артыма бұрылып қарағанымда, ол алды түгел жасқа жуылып отыр екен. Бірақ жылап отырған адамға ұқсамайды, бойынан қайраттылық байқалады. Көкірегі қор-қор етті де, ықылық атып басылды. – Құдайдың көк соққысы ғой бұ да. Желкеңнен түйіп жер

құштырып қан тамырыңды қоса солқылдататын. Мына бала түні-
мен жылап шықты. Аузына шайтан салған сөзді айтып, қылғыр-
сиды, жазған. Аға, аға, дейді. Əн салайын ба дейді. Əп-əдемі-ақ
бала екен өзі. Тырнағын жазбай келіп жабысқан қара түйін дерт

қой, зар илетіп шыққан. – Осыны айтты да, қолын алдына салып,
денесімен жартастағы бүркітше сілкінді. Көзінің алдына ірің жина-
лып, ертеңгілік шық жылтыраған ақ тақырдай түсі бозарып кетті.
Мен Əйкенге қарағым келгенімен, оған да жалтақтай беремін.

Əйкен бесіктегі баладай қозғалар емес. Ұшқынды жанарында аяу-
лы жұмсақтық та, өзінен биіктегінің бəрін жұлып түсетіндей күшті
қаһар да бар.
Мен «Əйкен» деп жүзіне жақындай түскенімде, жанары қоюлай

тағы да екі-үш тамшыны ытқытып жіберді. Бірақ одан реңі бұзыла
қойған жоқ, ерні де жыбырламады. Əлден уақытта ғана:

– Аға, – деп болымсыз дыбыс шығарды. Мен де:

– Əйкен! – деп, оны демей түскендей болдым. – Əйкен, енді

бəрі бітті. Сен тез жазылатын болдың. Ертең-ақ өз аяғыңмен
жүріп, керемет сұлу қыз болып шыға келесің. Сонда бар даусың-
мен сахнада тұрып əн салатын боласың.
Кемпірдің көкірегі қор ете қалды да, менің сөзімді бөліп əкетті.

Əйкеннің жүзінен бір тамшы қан жүгіріп өтіп, дəл мұрнының үстін-
де тоқтап қалған. Кемпір бірден басыла алмады. Көкірегі тасыр-
лап барып, тамағынан лоқсық қайтқанда ғана еңсесін жазып алды.

– Азулы құдай жер жаратқан соң қалай қасармасын. Он екі ба-

ланың анасы болған заржақ сұңғыла мен едім, бесеуін жау алды,
жетеуін жер алды. Ең кенжесі ұршықтай иірілген қыз болатын.
Төсек салып жатқыза қалсам, тап алдыңдағы баладан аумай көзі
жылтырап жатушы еді. Азулы құдайдың ішін жылан жалады ма,

ақырында ең соңғысының қазасынан кейін ол да аяқ серіппей
кетті.
Оның сөздері аса суық еді. Ішін жылан жалаған, жер жаратқан
азулы құдай да, адаммен ойнайтын да мұның өзі сияқты көрінді

маған. Енді ол теріс бұрылып, күрк-күрк етіп, төсегіне бүк түсіп
жата бастады.
Əйкен екеуміздің үлесімізге тиген ендігі минуттарды бір- біріміз-
ге үнсіз қараумен өткіздік. Əйкен бойындағы барлық жас ынта-

жігер құлаққа ұрған танадай үнсіздікпен ғана ояна бастағандай.
Қимылсыз өңінде қарғыбаулылық бар. Менің ұзақ отырғанымды
қалайды да, тұра кетсем қолымнан ұстай алып, шырқырап жібе-
ретін сияқты.

Бірақ мұндай қимылсыз шақтар есте қаларлықтай көпке созыл-
ған жоқ. Жүзіне қызыл қан түйіршіктерінің реңі жайылып. Əйкен
екі-үш күннен кейін-ақ оңала бастады. Оның пышақ қырындай көз

сүйегі, қара қастары іштен жымдасқандай өңінде жарастық туып
келе жатты. Бурыл шашты кемпір болса қайтып еңсесін көтерген
жоқ. Анда-санда бұрқ-сарқ етіп көкірегі ғана күркіреп басылатын.
Əйкенге операция жасалғаннан кейінгі осы үш-төрт күннің ішін-

де мен көбінесе өз сабағыммен болып, бағдарсыз ойларға беріл-
гем жоқ. Əйкеннің сөз айтарлық шамасы бар болғанымен, үзбей
келіп-кетіп жүрген маған қақпағы ашыла қоймады. Қайта қарасы
күннен-күнге тереңдей өзім күнде көретін кешкілік көл бетіндегі

бауырын төмен түсірген бейуақ, тылсым жаратылыс көлеңкесін-
дей баяу леппен орап, түндік ашқысы келгендей əсер етеді.
Бірде одан он бес жасар қызға ұқсамайтын басқа бір назарды
көремін. Менің қара басымда оның көзіне бұрын ілікпеген бірде-

ме бардай. Күннен-күнге отша жана бастаған жанары қаршығадай
қарайды.
Енді бірде оның қарасында жеңілейгендік, ара-тұра əуесқой-
лық болады. Сонау бір ауылда үй алдындағы арық суымен ойнап,

арт жағында қос балдақ айқасып жатқан Əйкенді алғашқы көр-
генімдегі оның ұялшақ жүзін, ғайыптан шыққандай алмас даусын,
шешесінің атып жіберген қатулы қабағын есіме түсіремін...
Əйкен осылайша бір ай жатты да, дəл шығатын қарсаңында

ауылдан шешесі жетті.
«Жол тауып жүре алмаймын» деген шешенің мұнда келгеніне
мен таңданғам жоқ. Сұрай-сұрай Меке барған деген ғой. Көз нұ-
рындай жалғыз қуанышын қолға беріп қарап отыра алмасы хақ.

Қызының балдақсыз өз аяғымен тік басып жүре алғанын көріп,
алғашқыда талып қала жаздады. Аузынан сөзі түсіп қалғандай,
көкірегі дір-дір етіп, көзінен жасын бұршақтата берді.

– Қарағым-ай, сені бізге құдай жіберді ме? Сен болмасаң бұл

қияңға кім бастап əкелер еді? Тілегенің жолыңда, не сый дəмет-
сең де өзің біл, қарағым. Аулыңа барғаныңда біздің үйге де кел,
келіп тұр.
Алматыны екі-үш күн аралатып, ауылға аттандырып жібер-

генімше ғазиз шешенің маған айтпаған алғысы, шығармаған мəр-
тебесі қалған жоқ.
Нəркес жанары күлім қағып, Əйкенде де айтылмаған сұлу
сезім, бір түйсік кете барды.

Оның шешесіне ешқандай сый дəметпейтіндігімді, мұнда үл-
кен дəрігердің барын, өзімнің Əйкенге қылған жақсылығым қарлы-
ғаштың қанатымен су сепкендей екенін қанша ұқтырғым келген-
мен санасына жеткізе алмадым...

Содан бері екі жыл өткен. Мен университет қабырғасындағы
соңғы айларымды өткізіп, мемлекеттік емтихан қыспағы қарса-
ңында жүргенмін. Əйкен болса жақында ғана осы Алматыда опера

жəне балет театры жанындағы вокальды жəне хор училищесіне
келіп түскен. Бірде ол маған филармонияда жас орындаушылар-
дың концерті болатынын, оған өзінің де қатынасатынын айтып,
«Сіз де келіңіз», – деді.

Аяғы жазылғаннан кейін онда тез есейгендік байқалған. Бірде
ауылға тағы бара қалғанымда, көрші колхоздағы Əйкеннің де үйіне
соққаным бар. Сонда ол бұрынғыдан ұяң, бірақ от тілеп тұрған көз-
дері соншама сұлу көрінген. Маған ыстық ықыласпен ұзақ тесіле

қарайды да, бұрынғыдай алаңсыз бала көңілмен жанаса алмайды.
Шешесінің қозғаласында, сырт болмысында еш өзгеріс жоқ.
Тек қана əйелдік бар қимыл ұсақтығымен менің алдымда аянбай,
қалтқысыз қызмет еткісі келді.

– Əйкен-ау, ағаңның жанына отырсаңшы, – деп, ауық-ауық қы-

зына шаншылады.
Əйкен тартыншақтай жүзі бал-бұл жанып, бойын ауыр сыр тол-
қыны жеңген адамша, жүрегін қалтыратқан бір сезімін жасыра ал-
майды. Аяғын ептеп басып, қаншама қарапайым болам десе де,

бойындағы шарасынан асқан сұлулық оған көл-көсір сурет бей-
несін беріп, жарқ-жұрқ еткізетіндей.
Ол менің қасыма келмейді. Сонау бір кездегі госпитальда
жатқандағысындай нəзік үнсіздікпен ғана табысқысы келе ме?

Екеуіміздің жас шамамызда көп айырмашылық болғанмен, өзіміз-
бен ғана бірге туып жасасқан жақындық, бауырмалдық бар, соны
қастерлей ме Əйкен? Əйтеуір, менің ұғуыма қиын тиген бір сыр
бар еді онда.

Ол Алматыдан кеткеннен кейін, госпитальдың биік тас қа-
бырғасына əлдебір тамаша құстың жылы ұясындай екі-үш рет
көз сүзіп өттім де, қайтып маңына жуыған емеспін. Ондағы сары
кекілді орыс қызын да, ол да бір күн көзі тимеген солғын гүлдей

ойымнан қақпайлап, ұмытқым келетін. Байқасам, Əйкеннен маған
бір-ақ ескерткіш қалыпты. Ол қала шетіндегі балдырлы көл еді.
Жағасына сыңсып өскен ағаш үстіне төгіліп, сол көлдің көк-
пеңбек аясынан да аспан, жасыл желек көрінетін. Маған Əйкен

берген əлдебір ғажайып сезімталдық осында оянып, сол аспан
суретті тұңғиық жүрегіме от беріп, адамға тəн ең бір сұлу сезімге
баулитын еді.
Батқан күн дүниені соңғы жалынымен шарпып, ұлы рухты ты-

ныштық көл үстіне қоса төңкерілгенде, оның қызғылт шырайы сол
бір сұлу сезім, асыл сырды алтынша жарқыратады. Жасыл же-
лекті жапанда саңқ ететін құс үнінде де əсемдік бар. Бірте- бірте
қараңғылық торғындай оралып көл бетіне шөге береді де, батыс

жиекте оттан суырған темірдей күннің сары жалқын сəулесі ғана
қалады. Ауада балдыр исі күшейіп, көл рухы көтеріле бастайды.

Жапырағына түн оралған ағаштар бірте-бірте мақпал қараңғылыққа араласады. Осы кезде осынау түн дүниесі айтылмаған əндей шарасыз ұлылықпен бас көтеріп, аспандағы жұлдызға кол созғандай, өмірдегі ең бір аяулыны жоқсынған қарттық наламен белі қайысады да, «Əйкен» деп үн қатқандай болады... Мен филармонияның үлкен залына сахна ашылардан азақ бұрын келіп, алдыңғы орындардың біріне жылыстап өттім. Алғашқыда ырғақты музыка басталды да, таң көтергендей біртебірте еңбек күйіне айналды. Көрушілердің ақ сары маңдайлары бір-біріне тиістіріліп қойылған табан тастай қаланып, сонау зал түкпіріне дейін самсап біткен. Ара-тұра соғылған алақан бұршақша төгіп өтеді. Өзім болсам Əйкен қашан шығар екен, ол қысылмас па екен деп ұстараның жүзінде отырғандай қыпылдаудамын. Жарқырап жүздері ашыла бастаған жұрт менің сол ойымнан қақас, ешнəрсені елең қылар емес. Сахнаға бірде аққу қыздар шығады. Ақ көйлектер сусылдаған қанаттай тізбектеліп, адам жүрегін əсемдікке, баладай сезімталдыққа шақырады. Көзге ұстатпайтын нəзік қимылмен жердегі тіршілікті гүлдей жайнатып, дел-сал көкірекке нұр құяды. Көл бетінде сайраңдап, бірде оның қайраңына соқтыққандай іркес-тіркес болады да, оқтай түзу қатарын түзеп, қайта зулап өте шығады. Сахнада əн де шырқалды, үлде мен бүлдеге оранған бишілер де лек-легімен өтіп жатты. Бəрінде де ашық сұлулық, айқын дене қимылы басым. Люстра шамынан жарқылдап көрінетін ақ балтырлар ойнап, қыздар көкірегіне ауада қалықтағандай қалт діріл бітіреді де, аспан биігіне ұласқан созалаң, нəзік тербелісті қимылмен жалғасады. Араларынан суырылып шыққан жас арудын дөңгеленген жүзі, қайырылған қолдары сұңқар өрлігін танытып, аш көкірегіне ауырлық түседі де, сол ауырлықтан бүкіл залды кернеген тыныштық белі сықырлап бара жатқанға ұқсайды. Осынау көрініске күш түсіріп, басқарып отырған қайратты музыка да біртебірте құрдымға айналып, кенет сұңқар төсті аруды белінен қапсыра құшақтай лақтырып тастайды да, дəуірлеп ала жөнеледі. Кең залға қуаныш секундтық жылдамдықпен жалын сеуіп өтіп, көруші жұрттың қалың шоқ жүздері қайта жарқырап ашылады. Енді сахнада шырқ айналған қыздар тобының иірімі кетті. Ақ желпуіштер тұтас матадай оралып, жүздерін жауып кетті де, толысқан көкіректер тізбегі мен ұшқыр жылдамдықпен айналған ақ балтырлар ғана қалды. Бəрі де люстра шамының жарығына шағылысып суырылып өтіп жатқан асыл суретке ұқсайды. Құс қанатты қыздардың жас тұлғалары көзге оттай басылып, сол толысқан көкірек, ақ балтырлар жарқылынан əркімде өзінше бір түйсік қалып жатқан сияқты.

Бір кезде кəрі құлақ домбыра күйі үн көтеріп, қазақтың ғасыр-
лық тарихынан сөз бастап, құлаққа таныс үнмен күмбірледі. Жаз
жайлауы, салқын самал, сахара даласынан сəлем əкелгендей.
Бірақ соның бəрінің үстінде ақты-қызылды елес өргенге ұқсап,

көз алдымда бір көрініс аумай тұр. Əлі де сол аққу қыздардың
толысқан көкіректері, ақ балтырлары ойнап, үлбірек сезімдерге
жол беретін сияқты.
Мендегі шытырман елесті серпілткен концерт жүргізуші əйелдің

саңқ еткен даусы болды. Əйкеннің аты аталған еді. Алғашқыда
ол қысылмас па екен деп ұстараның жүзінде отырған басым тап
қазір өзімді соншама бақытты сезіндім. Баладай жеңілтектігім ұс-
тап, арт жағыма жалтақ-жалтақ қараймын да, өз бақытымды паш

еткендей боламын.
Қанатын алтынға малғандай нұрға балқып шықты Əйкен.
Айдын көлдің бетінен кəусер ілген аққудай су жұқпас сұлу көрінді.
Ол əнін өмірге, оның жастық нұрына арнады. Дүрліккен

көпшілік дария тасығандай гу етті де, шың басында ойнағандай
ару қыздың алмас даусы шың етіп, серпіле тартты. Əйкен шыған-
ға талмай шырқады. Найзағайға жанын жалатқандай өткір кескін
бар. Люстра шамдарының күшті жарқылын оның даусы одан са-

йын шақырайтып, құлаққа құрыш құйып жатқандай.
Тап осы сəтте мен өз жүрегімнің орасан қатты соққанын сездім.
Алғашқы əн аяқталған кезде сатырлаған қол, айқайлаған
дауыстар арт жағымнан толқындай жауып кетіп, басымды жұлып

алып қайта қарағанымда сахнадан күнше жарқыраған Əйкенді
көрдім. Бойына біткен ұяңдығы осы арада ғана келіп, бетіне қан
теуіп кеткен сияқты. Концерт жүргізуші əйел шығып, жаңа əннің
атын айтты. Гуіл аралас сатырлаған қол тағы да көтеріліп ба-

рып, тасты жарып шыққандай созыңқы жіңішке дауыстан демігіп
басылды.
Маған Əйкеннің бір кездегі тіл-көзден жасқанып, əнге қиян-
кестік еткісі келген өз шешесі де көпшілікпен бірге осынау

дауыс астында көзіне жас алып тұрғандай көрінді. Мүмкін, қа-
сы-қабағы екі жылдай көз алдымнан кетпеген үлкен дəрігер
де жұбайымен осында отырған болар. Жүзінде көмулі тұрған
жіңішке нышанымен мұртының астынан оған күбір етіп, мана

қызды мен емдеп жазып едім деп емес, менің қарауымда бол-
ған еді деп қана айтты ма екен? Кім білсін, көкірегі құйын бурыл
шашты он екі баланың анасы да қу мекен құла дүзде жатқан
жерінен бас көтеріп, нажағай жарқылдап өткен көк аспаннан

мынау дауыстың ізін көрген болар. Бұл мен үшін көз ілеспей
өткен жаңашыл сəттер еді. Бірде сонау қала шетінде балдыр-
лы көл жағасында отырғандай сезініп, жапырағына түн оралған

ағаштар күнмен жайқалып, аспан суретті тұңғиық жарқырап ашылғанын көремін. Бұлтқа кірген болат сүңгідей жоқ болып, Əйкен даусы қайта шырқап көтеріліп, соңғы шабытпен өзіне бақыт шақырды: «Міне, менің көкірегім ашық, көңілім сау, қайдасың махаббат, қайдасың махаббат?». Ашық аспан астындағы ғажайып тілек, үн кесегі еді бұл. Сатырлаған қол орнымнан көтеріп əкеткендей, ақыры гүл құшақтаған Əйкен сахнадан жоқ болғанда, мен өзімнің бұл орында отыра алмайтындығымды ұқтым. Көрермен жұрт қошеметі толқындай қақпайлағанына қарамай қатар аралығынан жылыстай жөнелдім де, залдан шыға бірден фойеге бет қойдым. Аққу қыздар шешініп таранатын бөлмеге қойып кетудің қалай екендігі туралы өзіме есеп беріп үлгергем жоқ. Есігін ашып, табалдырығынан аттап түскенімде топтан бөлініп жүгіре басқан Əйкенді көрдім. Өзін құттықтай жамырасқан жас əртістердің арасынан сытылып шыққан беті болса керек. Көкірегін қуанышпен ашқан құс балапаны сияқты біраз жүгіріп келіп, мені көргенде қалт тоқтай қалды да, қолын қабырғаға апарды. Мен қасына адымдай жетіп, тұңғыш рет Əйкен алдында əдепсіздікке бардым. Жүрегім тамағыма тығылғандай, тұла бойым түгел тарс-тарс етіп, əлдебір үлкен сезімнің сағаты соққанын айтқан еді. – Əйкен, мен сені сүйемін, – дедім. Сонда оның түрі қалай өзгерді десейші. Сонау əнмен шақырған бақыты қара бұлт боп үйіріліп келгендей, өңі боп-боз тартып қуарып, суықтан қалтыраған адамша жұқа еріндері дірілдеп кетті. «Жоқ, мен сізден мұны күткен жоқ едім» дегені сияқты. Əлі демігі басылмаған кеудесін қатты-қатты қағып, қабырғаға сүйеніп шалқалай берді. Көз алдымда əлі де əн салып тұрғандай гүл көкірегі ақ талшығын ашқан. Бір кезде өзім үшін дүниенің көзін аршыған, ойлауға, сезімге үйреткен Əйкеннің шағаладай нəркес жанары қазір де ыстық отпен жарқ етіп сөніп, көзінің астынан мөп-мөлдір екі тамшы дөңгеледі. 1962 жыл ҚЫЗ ӘКЕСІ Қыс құшақтан арылып, көгілдір көктем келді. Тау етегіндегі колхоз малы көк үзе бастаған үлкен аңғарды əлі де болса оқтыноқтын суық кернеп кететін. Сонау колхоз башыларынан бастап, ауылдың малға дегенде көзі ашық, сөзі пысық қарияларына шейін

ақ қар басқан кəрлі шыңдардың түсін суытып тұрғанын ұнатпай, жайлаудың əлі тоңы жібімей тұр деген тоқтамға келетін. Сонымен қойлы ауыл жаз қызығын етекте тосып отыра берген. Колхоз бастығы Артық мал аяғы ұзамай тұрғанда қауырт жұмыстың бір ығын тауып, шопандардың түтін түтеткен қостарына бас сұғып қайтпақшы болды. Биылғы мал төлдетудің де қорытындысы оны қызықтырған. Əлгі жас зоотехниктің берген ақпарына қарағанда шопандардың тап осы жылы бақ жұлдызы жанып тұр. Жалғыз ол емес. Көңіліне тиянақ тіршілігіндегі қызығы жалғыз қызының халі не күйде екенін де білмек. Халимашы қолына таяқ алғалы сол қойлы ауылға бүйрегінің бұрып тұратынын да сезіп жүр. Бір жайдан үйдегі əйелінің де қыңқылы шығар. Бала дегенде ана шіркін ішкен асын жерге қоймай ма? Əйелінің айтқан бір қап сəлемін қоса артып, Арекең бүгін таң бозын ала аттанып кетті. Жүрерінде əйелі: – Мен де бір ат тауып, қоса жүрсем қайтеді? – деген еді. – Тəйт, əрі! Барсаң кейін ел жайлауға шығып, аяқ-қолы жазылған соң бара жатарсың да. Не дегенің бұл? Арекең бəйбішесімен əлден жайлауға тартты деп, дүйім ел өсек қылсын дегенің бе, – деп тойтарып тастаған. Шарипа жеңгей ерте келген кəрілік күйбеңі жылдан-жылға еңсере бергенмен, алды-артына көзі жіті адам. Қызы осыдан екі жыл бұрын қойға барам деп, алғаш өнер шығарғанда, өзіне шаншудай тигенмен, күйеуінің қуана құптағанына көп қарсы болған жоқ. – Жазған-ай, қайтсін? Заманы қалай десе солай дейді ғой. Елге басшы болған соң, көзге сүйел болсын ба? – деген ішінен. Бірақ сонда да мазасы кетіп еді. Қызының болашағын да ойлап мезі болған. Қыс қыстауы, жаз жайлауы сүлдерін сорып, бой түзеткен ол жоқ. Малшылықтың көші-қоны-ақ түте-түтесін шығарған. Жақында малшылар Балқаш құмындағы қыстаудан қайтып, ауыл жанынан мал айдап өткенде қызын көріп зəресі ұшқан. Өзі мақтаныш ететін уыз өңін шаң жұтып қойғандай, қас-қабақтан ештеңе көрінбейді, қос түймедей екі көзінен ғана таныды. Толық, алма бетінің нобайы ғана бар. Ақ күріштей тістері сызылып, «апа» деп, ат үстінен наз айтқанда қыстай сағынған таныс даусы қираған шыныша сыңғыр етіп, денесін шымыр еткізген. – Шұнақ құдай-ай, қызым не болып кеткен? – деп, буыны үзіле берген. Арекең де о жолы қызын көргенде бір орында шегенделіп қалған. Қыз баланың бақыты өңінде ғой дейтіннің бір ұшығы мұнда да бар еді. Қазір ол таудан соққан жел өтін бетке алып, сар желіп келеді. Сары дөңді қиялай салған тақыр сүрлеулер таң жарығында ағарып көрінеді.

Көде басы қылтиып жансыз қыбырлайды. Жалтарма мінезді
астындағы шақпақ торы аяғын жаңылып басады. Туған далаға
көктеп кірген жас көктемнің салқын лебін Арекең жан-тəнімен қа-
былдап келеді. Жаңа туған сəбидің жас исін сезген мейірбан əке-

ге ұқсайды. Сонау тау сілемдерінің терең шатқалдарынан баста-
лып, батысқа, сонау көкжиекке шейін көсіліп, əлі көгеріп болмаған
үлкен өңір рауандап атқан таңға жонын беріп, бүлк етер емес.
Артық күн шықпай таң қылаңында жер ұтуға тырысты. Шақпақ

торы қиялаған сүрлеудің азабынан құтылып, жайпаң жолға түсе,
майталман жорғасына басты. Сазарған таңның салқын сұсы жо-
йылып, енді шығыс аспанында қызыл күрең бояу тарай бастаған.
Торсықшекеге бөрікті баса киген Артық жүзі қырау қабақта-

нып, бурыл мұртын астыңғы ернімен жымқырып алған. Ер мүсін-
ге лайық дөңес мұрынның үстінен шақпақ жанарлары суық ес-
кен лептен жасаурап келеді. Етек те болғанмен таза қоныс қой.
Халимашының шаң-тозаңнан арылған ақ жүзін көріп, тезірек қуан-

бақ ойы бар. Көш азабын Арекең өзі көрмеп пе? Сонау Балқаш
құмынан бастап жайлауға дейін қандай тосқауылдар барын өз
бетінің ажымынан жақсы біледі. Балқаштан бері шыға ебінің
желіндей аңызағы жаман сары өзек басталады. Топырағы дым-

қыл сары кіріш, қой тұяғы орнына оймақтай таңба тастап отыра-
ды. Кейде жолды зəрлі аңызақ алыстан айдап əкелген сары құм
басып қалады. Онсыз да қуарған өлі даланың шіріген ескі шөп-
шаламын таптап тастайды да, маңырап-боздап қой баласы көш

бойы іліп-шалар ештеңе таппайды. Жер танабын жалынша жала-
ған бұл аңызақ, кейде нағыз ебі желінің өзіне айналғанда, инедей
өткір құм тозаңы күні бойы бүркіп тұрады. Мұндайда адам екеш
адамға да қиын. Көзді құм сабалап, ес таптырмайды. Бірінің бау-

рын бірі қалқа көріп, тұмсық тығысқан қойлардың су аққан танауын
құм бітеп, көз сорасына шейін құммен баттасатын. Бұл жағдайда
бір-екі күндік қалқа тауып, аял жасауға да болар еді. Бірақ мал-
шылар күйек түспей тұрғанда мал төлдететін пунктке жетіп алуға

асығады. Онсыз да шетінен бірді-екілеп қоздап, шала туған шара-
наларды енесінен айырып, көш арбасына тиеп əуре болысады.
Аласапыран көш үстінде топтан бөлініп, толғақ қысып қалатын
саулықтар ғана азап емес, жаңсақ басқан адымынан жығылып,

қой шұбырған жол үстінде үйелеп қалатын тоқты-торым жəне бар.
Көш арбасын маңыраған дауыс кернейді. Үсті-басы сағызша бат-
тасып, шаранасын жаңа ашқан қозылардан енелері жеріп кетпес
үшін, қонған жерде ертелі-кеш табыстыру керек.

Осыны ұзақ ойлаған Арекең көзі-басын құм басқан көп мал-
шылармен бірге ат үстінде болдырып, сансырай шалдыққан қы-
зының тұлғасын қаншама елестетем дегенмен, жайдары күндегі

жарқын нұры жеңе береді. Тамағына күн сəулесі ұялап, жас қуаты балғын тартқан. Жалт-жұлт еткен жанарларынан күлкі ұшып, жасырын қулықпен, «көке» деп құлағына сыбырлағысы келеді. Халимаш көбінесе анасынан именетін. Əсіресе, оның қабағы дір етіп, бет қайтарғыштығына істер шарасы жоқ. Сондықтан ол ойын айтуды əрдайым əкесінен бастайтын. Енді шығыс аспанында алтын шатыр ашылып, кең дүниені сəулесімен құшақтапалған. Бірақ қызуыжете қойған жоқ. Ат тұяғы жер ұтып, тау бөктері алақанға түскен сайын, кəрлі шыңдардың ызғары жақындап,таң лебі қатая түскен. Қыстан шыққан сидам бұтақ табиғаттан мейірім тілеп, бас ұрып жалбарынуда. Дала үсті жылу кірмей түсі бозарып тұр. Шақпақ торы ұзақ жолға түскенін жаңа мойындап, өз бойынан тың серпін тапты. Арекеңнің де дені көтеріліп, ертеңгілік шуақпен сауыққан кескін пайда болды. Көп жылдық басшылықтың қарекеті оның тұла бойында тамырланып алған еді. Қазір де ойы əр саққа жүгіріп келеді. Кейде осы атқа мінісін өзіне мін де көреді. Бірақ малдың басы-қасында жүрген зоотехник жас еді. Елгезек неме, мыңғырған малдың даусы жалғыз өзінің шекесіне тиіп, ес таппай жүр ме, не де болса бір көрініп қайтуды дұрыс көрді. Жаңа оқу бітіріп келген бала мінезді жас зоотехниктің кейбір қылықтары оқыс көрінетін. Өзінше басқан əр адамына тақақ, жағдаймен санасуға орашолақ, киіз кітапқа табынғыш мінездерін еске алып, Арекең мұртының астынан ақырын мырс етті. Арекең өзі болжаған тау бөктеріне деген шақта-ақ жеткен еді. Мына сайдан өтіп дөңеске шықсаң-ақ қойлы ауыл көрінуге тиіс. Ол шақпақ торыны бар пəрменімен соқтыра жөнелді. Бірақ мыңғырған малды ойлап келе жатқан Арекең құлан-таза даланың үстінен шықты. Қой тұяғы таптап кеткен дөңес үстінен жаңа көшкен елдің жұртын таныды. Қиға айналып үлгермеген қой қорасының орны, қазылған жерошақ, қадалған діңгектер жақында ғана көшкен елдің күйін айтып тұр. Қарға-құзғындардың анадай жатқан бір өлік үстінде бірбірінен қызғана қарқылдасып, шүйліге ұшқан тобы көрінді. «Тегі, бұлар жайлауға бірден үрке көтеріліп кеткен бе? – деп, Арекең өзіне-өзі ызың етті. Тағы біраз жер шалып көрмек боп, желіп берді. Келесі белді иектей бере, сауыры бір өңірдей алшиып тұрған керала өгізге тұз артып жатқан қойшы жігітті көрді. Екі бас қаптың бірін тізесімен, екіншісін иығымен демеп, жан тəсілім етердей мықшыңдап жатыр екен. Арекең аттан аунап түсе қалды да, демесіп жіберді. – Түу, атаңа нəлет-ай, бұ дүниеде тұздан ауыр нəрсе бар ма екен, жоқ па екен,  – деп қойшы жігіт күйініп кетіп, маңдайынан терін сыпыра берді. Сəлем беруге де асықпады.

Кенет қарсы алдында тұрған бастықты танып, көзі алақандай
болды.

– Салаумəликом, Əреке!  – дегені айдалада жаңғырып шық-

ты. – Сіз екенсіз ғой.

– Е, мен болмасам төбемнен аттап өтейін деп пе едің? Мына

ел қайда?

– Басеке, жайлауға шығып кеткен. Екі күн болды.

– Е, əлден жайлауға шығып, қозының терісін басына жамыл-

мақ болды ма бұлар?

– Əлгі өзіңіздің күйеу балаңыз... – Осыны айтып қалды да, қыл-

мыс істеп қойған кісіше күрең жүзін ұят ізі жауып өтіп, көзі қыли
қарай берді. Енді даусы бəсең шықты.  – Əлгі өзіңіз қойған зоо-
техник бала енді күн жылынбақшы деп, жоғарыдан нұсқау алған
көрінеді...

Сөзін ары тыңдауға Артықтың мұршасы келген жоқ, атына ыр-
ғып мінді де шоқыта жөнелді.
«Аузынан сөзі түскен неме, не оттап тұр, күйеу баласы несі,
қайдағы күйеу?» деп қойды да, атын тебіне беріп, «жайлауға

тарттым»  – деп ойлады. Ат қызуы қоса ала жөнелген еді оны.
Алаңғасарлығы үшін жас зоотехникпен қайткен күнде де түс ша-
йысып қайтпақшы болды.
«Əлгі қу шешенің келмегені мұндай жақсы болар ма? Қызының

орнын сипап қалғандай болып, көңілі босаң байғұс еңіреп жібе-
рер ме еді, əлде қайтер еді?»  – деп, үйдегі Шəрипасын да ой-
лап үлгерді. Бұл колхоздың жайлауы осы шаңырағы биік тұрған
«Сарноқай» тауының үсті. Ту сырты күмбезше қаланып біткен құ-

лама тік, көш жолы бұралаң ирек салып шығады. Тау үсті тосын
қараған адамға тым жақын.
«Төбесінен қыз бұлғаған орамал.
Қылаң етті-ау етектегі жігітке», – деген əн жолдары халық ара-

сында бекерге сақталмаса керек. «Сарноқай» тауының келбеті
көз алдыңа келгенде, осы əн иесін тапқандай, қайта жаңғырып
шыға келеді. Шынында онша алыс емес, мүйізі кесілген өгіздің
шекесіндей болып тұрған сонау Иықтасқа іліксең-ақ, аржағында

жайлау басталады.
Күн түске тырмысқанда Арекең де Иықтастың үстіне шықты.
Жайлау үсті көгілдірленіп, қоймалжың ауасы тынық үйіріліп жат-
қанға ұқсайды. Тоңғақ суықпен құнысқан шағын төбешіктер шық-

ты көзін мөлдіретіп, көктемгі жылымыққа жадырай, бел көтере
бастаған. Арекеңе киіз үйлер бірден көріне қоймады. Тағы біраз
жер шалдыруға тура келді. Жайлау шөбі ат тұяғымен сусылдап,
шым құйқасы былқ-былқ етеді. Көктем мұнда ерте келіп, жасарын

жасап кеткен сияқты. Салқын самалы ырғалып еседі. Арекең шың

қабағын жағалай салды. Бұжыр беті жарықшақтана бастаған бір зембіл тастың тұсына келгенде тап қасынан ат кісінеді. Оған қоса Арекеңнің де астындағы шақпақ торы бар денесімен селкілдей, шұрқырап қоя берді. Тасты айнала беріп қарап еді, кəдімгі өзі тісін басып келген зоотехник Мəмбеттің ерттеулі құла жорғасын таныды. Атын тақымдай, қабақтан түсе бермекші болды да, шыңға құлай жайылған бір отар қойды көрді. Сөйткенше болған жоқ, дəл иегінің астынан жас дауыстар естілді. – Мəмбет! – Кəдімгі өз Халимашының даусы. – Ау?  – дейді əлгі зоотехник. Оған деген ашуы тарқап кетсе керек, олардың даусын естігенде ішінен жас балаша лепірді: «Мынау Халимашымның отары ғой» деп, зембіл тастың сыртына қайта бұрылып, аттан түсті. Өздерінің қайда жүргенін дəлдеп көріп алмақшы болып тасқа өрмелей шыңға қарай мойын созып еді, бірі таяқ, екіншісі қамшы сүйреткен күйі бір-біріне беттеп келеді екен. Ашық дауыстары шың тастарына соғылып, жаңғырып естіледі. – Қалай, Халимаш, жайлау шөбі шүйгін бе? – Шүйгін, шүйгін, – дейді Халимаш, аяғындағы саптама етігімен адымдай басып. – Шіркін, жайлау, өн бойыңа нəр жүгірсе өзінің ғана емес, өзгенің де рақаты ғой. – Осы сенің өлеңдетіп сөйлейтінің-ай! Рақаты рақат-ақ. Халимаш бетін күнге тоса қарады. Арекең бүйтіп қызының жігітке ашық жүз көрсетіп сөйлесуге барғанын бұрын көрген жоқ еді. – Өлең деген жақсы нəрсе ғой, Халимаш. Əркімнің де көкірегінде өмір бойы қайталап өтетін бір өлеңі болады. Біреулер оны дауыстап айтуға құмар, біреулер ішінен ғана өзінің бойындағы бір алтын қасиетіндей көріп, ардақтап, жұртқа есіттірмей айтады. – Өлең бары рас əркімде. Бірақ дауыстап айтуға құмар сені ғана көріп тұрмын осы. – Қайтесің, кінəламашы, осы үшін. Адамда өлең болумен қатар, өзіндік көңіл де болады емес пе? Жер бетіндегі барлық жанға қуаныш деген бір мезгілде келе ме? Ау, Халимаш, қозыларың тіпті марқайып кеткен бе, мен əуелде тоңғақ суыққа ұрына ма деп жүрсем. – Тоңғақ суық тұрмақ, ызғарыңа да бой беретін емес. Енелерін басқа теуіп келеді. – Апыр-ай, ə?! – Бірақ сен осың үшін таяқ жейсің. – Ау, кімнен, Халимаш! – Менің көкемнен, – деп ер балаша бұртаң етті де, ақ тістерімен ашыла бере сақ-сақ күліп жіберді. – Өз қатысуынсыз істеген іске

əкем қырын қабақ еді, соны айтам. Біздің жайлауға көшкенімізді
естіп, қазір шала бүлініп жатқан шығар. Малды суыққа ұрындыр-
дың деп саған кəрін төге ме деп қорқам.

– Ей, Халимаш-ай, қорқынышың қиын екен. Бұл жөнінде ба-

секеңнің алдында жауапқа қысыла қоймаспын. Ол өзі түсінетін
адам. Өткен жаз қуартып, етекте ескі шөп қалмапты. Қой ба-
ласы іліп-шалар ештеме жоқ. Биыл күйек ерте түскен жыл ғой.
Қозыларымыз да марқайып, тұяғы қатайды. Жөпшеңді суыққа

шалдыға қоймас. Жəне ауа райын зерттейтін арнаулы орындарда
республикамыздың шығыс аудандарында ыстық ерте түспек де-
ген топшылаулар бар. Ертең колхозға жүргелі отырмын, осы дə-
лелімнің бəрін жайып саламын да.

Арекеңнің одан əрі қарап тұруға дəті шыдамады. Тастан төмен
түсті де, айналасындағы аспанмен астасқан жайлаудың көк өрім
белдеріне күдік көзімен қарап алды. Қастарына қалай баруды ой-
ластырып та үлгірмеді.

– Халимаш, тойымыз қашан? – деген Мəмбеттің жарғақ даусы

саңқ ете қалды. Арекең, неге екені белгісіз, үйдегі Шəрипадан ал-
ған əдетіндей-ақ қабағының кіржің еткенін сезді. «Қайдағы той? –
деп күбірлей берді де, «Қайдан білейін?» – деп сыңғырлай күлген
қызының шарасыз даусын естігенде, тіпті масқарасы шыққандай

болды. Тегі, Арекең өз Халимашының бойжетіп қыз болғанын əлі
мойындамайтын болса керек.

– Күзге болсын!  – дейді Мəмбет даусымен əлдеқандай сал-

танат құрап.  – Биылғы күз біз үшін əрі мерейлі, əрі бақытты
күз болғалы тұрған сияқты. Ойда жоқта басталған біздің сүйіс-
пеншілігімізге көп болмаса да елге тарап кетіпті. Мені сыртымнан
жұрт атымды атамай, немесе жаңа зоотехник те демей, бастық-

тың күйеу баласы дейді екен. Атағымды дабырайтып, бұл ауылға
нағыз ұрын келген күйеу мен болдым ғой. Бірақ кім түсініп, кім
бағалай алар дейсің. Мүмкін, басқаға жорушылар да табылар,
сен бастықтың қызы болғасын дер. Сенің қара көз, қиғаш қасың,

ыстық қаны тасып төгілгелі тұрған балғын сұлу өңің алдындағы
менің дəрменсіздігім кімге дəрі. Осы күзде өз бақытымызбен жарқ
етіп көрінейік, Халимаш.
Осыдан кейін олар үндемегендей болды. Артық өзінің нені бас-

тан кешіріп тұрғанын сезбейтін сияқты. Халимашым қайтіп тұр де-
ген ой шымшылап кеп, оның көз алдын ғажайып сурет басты. Міне,
ол өз қызын көріп тұр. Оның Мəмбетке қалай қадалғанын, жүзінен
алау оты шығып, асық сезімі көкірегін буып, тасып-төгілгелі тұр-

ған кейпін Артық зембіл тастың сыртында тұрып толық елесте-
те алды. Халимаштың уыз өңіндегі сəбилік нышанының бірі де
қалмаған, тек ыстық қан түйіріндей жаңа бір бұрын болмаған сыр

толқыны жеңіп шыққан. Ол алдындағы жігітке қыз көзімен қарайды. Қыр гүліндей ырғалып, толғанын айтады. Мұндайда бір қалт етіп көкесін де еске алмайды Халимаш. Өзіндегі бақыт қуанышы мен сұлу дүниесін жанына сыйғыза алмай тұр. Сол асыл қуаныш пен сол сезім оты оның жанын жігіт алдында ақықтай жарқыратып тұрған сияқты. Арекеңе енді күтетін ештеме қалған жоқ. Енді кешіккен əр минуты өзіне күнə артпақ. Атына міне салды да, сол келген ізімен етекке қайта түсіп кетті. Ол күні бастықтың жайлауға келіп кеткенін көрген де, естіген де ешкім болған жоқ. Тек кешіне етектен тұз артып қайтқан қойшы жігіттен бастықтың осында бет алып шыққанына жайлаудағы ел тегіс құлақтанған-ды. Бүгінгі күнді Арекең өз басының қызығына айналып соққан бір ыстық сəтіндей көрді. Ол жайлаудан əрі елжіреп, əрі қысылып қайтты. Күнделікті шаруашылық істерді де ойына алмады. Өз қызының өскенін көріп бүйтіп арса-арса боламын деу оның мақсатында жоқ еді. Тіпті Халимаш кеше ғана ешкінің лағындай төсінде ойнап, əкелік сезіміне жан берген нəрестесі емес пе еді. Оның қой бағып, кісілік қылғанынан да ешқандай өскендікті көрген жоқ болатын. Жаз жайлауы, қыс қыстауында жүргенде ең алдымен оның бала мінезін жоқтамаушы ма еді. «Көке» деп мойнына асылғанда Артық қандай қайғы-күйінішті болсын ұмытып, бойындағы бар асылды соған ғана берсем дейтін. Кей-кейде əлдеқалай «оның алдында əкелік парызың көп қой, қайсысын өтедің?» деп өзіне-өзі сұрау қойғанында, қызының əлі жас екендігін, əкелік парыз өтеуге əлі уақыт барын айтып, бəрін соған саятын. Бірақ солай дегенмен де əкелік парыздың не екендігін өзі де жете біле бермейтін. Оны оқысын, өссін деді, еңбекке барсын деді. Бірақ сол əкелік парыз болып па? Əлде əкелік парыз сол оқысын, өссін деумен ғана шектелмек пе екен? Ал Халимаш өзінің балалық парызын өтеді ме екен? Иə, өтеген. Тіпті оның «көке» деген бір сөзінің өзі неге тұратын еді? Сол «көке» деген бір сөзбен-ақ ол көктегі жұлдызды əпермеп пе еді. Шəрипамен қосақтасқан көп өміріне көрік берген де соның өзі. Енді соның бəрі жоқ болған, қайтып оралмайтын, өткен өмірдің бір нəркес нұры сияқты. Сөнбейтін, өшпейтін нұр өзі үшін алыстап қалған. Бірақ ол өзінің кешегі Халимашы екендігіне сенбейтін сияқты. Жанына ең қатты батқаны осы еді. Табиғат заңы өз қаталдығына басып, қызын қайтып алақанында аялатпайтынын түйсіндірді. Оған жалғас қайта-қайта бір өкініш тыз еткізіп, өзінің бар екендігін білдіріп кетіп отырады. Ендігі əңгіме сонда ғана қалған. Жалт еткен елеске қол созған

алаңғасар əрекет бар сияқты. Ол өзінің құс қанатты екендігін білдіріп абайсызда ұшыпты... Арекең ешқайда бұрылған жоқ. Үй алдында ат тұяғын дүсірлетіп келіп қалған күйеуінің күреңіткен жүзін көргенде, Шəрипаның жаман есі шықты. Сауырынан тер тамшылап, аты да зорығып қалыпты. – Құдай-ау, не бəлеге жолықты, қызымның дені-қарны сау болса екен!  – деп, Арекеңнің мінезіне қанық Шəрипа ат тізгініне жармаса ішінен зар қақты. Ісі оңға баспай, əлдекімнен түңіліп қайтқанда осылай келуші еді. Бірақ Шəрипаның ойлағанындай болмай шықты. Арекеңнің сөзі өзінің өктем ырғағынан жаңылмаған екен: – Қызың көп сəлем айтты. Биыл күзге күйеуге шығамын, қарап отырмай жасау-жабдығымды əзірлей берсін дейді. Тағы бір сəлемі: күйеуім өзім теңдес жас жігіт. Ат атандырып, сүйек сындыратын мен емес, оны білсін дейді. 1962 жыл ПРОФЕССОРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ Қала мейманханасында біздер əр жақтан кештете келіп түйісіппіз. Үшеуміз люстра шамының жарығында таныстық. Менен басқа екеудің бірі – Алматыдағы белгілі ғалым, профессор, жалпақ сары жүзді, зор денелі адам. Екіншісі, сыптай киінген таза өңді жас жігіт. Шамасы студент болуы керек. Бізбен көп отырған жоқ. Əлденеге қапалы жүзбен төсегіне шалқасынан түсіп жатып қалды. Сіріңкедей ашаң жүзінде люстра шамының тура түскен сəулесі ойнап, қыр мұрнының ар жағында көлеңке қарауытады. Мені таңырқатқан  – профессордың сабырлылығы. Ол қарсы алдындағы жас жігіттің жай-күйін аңғармаған адамша алдына қағаздарын жайып салып, əр жерінен шұқылап оқи бастады. Менімен сөйлескен жоқ. Өзім ауылдық мұғаліммін. Алматыдан, білім жетілдіру институтынан қайтып келе жатқан бетім. Алғашқы танысқан сəтте осындай атағы бар ғылым адамымен жолыққаныма іштей қуанып едім. Бірақ бұл қуанышым ұзаққа барған жоқ. Енді көңіл құлазытқан осы екі мінез ортасында бір дəнекер табуға құмарттым. Не де болса, студент жігіттен жағдай сұрасып, сыр тартып көргім келді. Ол көзін сығырайтып ашты да, менің түр-түсімді бағдарлап жатты. Көздері терең, ақылды. Маған жауап беру керек екендігін ескерген жоқ. Қайта одан сайын сырын ішіне бүгіп тұйықтала берді. Сөзіміз жараспағандай тағы да томаға-тұйық қалдық.

Қала түнінің алыстан естілген мазасыз шуы енді дəл құлақ
түбіне келіп, неше түрлі сыбызғы үніне салатын сияқты.
Студент жігіт сары ауру меңдеген адамдай қинала сөйледі:

– Адамға сенуге болмайды ғой, қараңызшы, дүниеде алдамшы,

қиянат қандай көп, тіпті аяқ алып жүргісіз, – деді ол.
Бұл сөзді не мақсатпен айтқанын түсінгеніміз жоқ. Күн тимей,
жел қақпай өскен жұқа өңі люстра шамының сəулесіне малынып,
соншама сұлу көрінді.

– Мысалы, сізде жазық жоқ қой. Сіз тек адамға тəн бақыт құш-

қыңыз келеді. Соның шылауында жүріп-жүріп, тап жеме- жем-
ге келгенде тақыр мұзға отырып қалсаңыз, ол қалай болғаны?
Жалпы, дүниеде əділет жоқ, біз тек оны бар деп əсірелейміз. Ал
шындығында əділет пен əділетсіздіктің бір-бірінен ажырамастай

айқасып жатқанын көре бермейміз.
Профессор өзінің салқын қалпын бұзған жоқ. Жүзі бөрткен күйі
терең зейінмен отыр. Студент жігіт одан кейінгі сөздерінде осы
қалада өзінің періштедей мəпелейтін сүйген қызы болғандығын,

араларынан сағыныш арқалаған хат үзілмей тұрғанын, енді оның
күйеуге тигенін, бұған дегенде құлағының тарс бекітіліп қалғанын
соншама қаралы етіп айтты.
Мен студент жігіттің бала кезін елестеттім. Мүмкін ол зерек,

оқытушыларға ұнамды, үлгілі бала болған шығар. Оның сергек
ойы сол кезде-ақ сонау болашақтың төрін мың-сан рет шарлап
шықты ма екен.
Менің бақылағаным – профессор. Оның бет терісі жылтырап

əйнектей суық тарта бастады. Қалай да бір тегеурінді күшті жеңе
алмай отырғанға ұқсайды.

– Біз қашанда қиялдауды сүйетін халықпыз ғой, – деді ол газет-

тен көзін айырғысы келмей. Сөздері соншама байыпты шықты, бі-
рақ сыртболмысыменүйлеспейтін нəзік тебіреніскетолы еді. – Біз
таң атырып, күн батырып қана қоймай, өз қолымыздан шыққандай
арғы-бергіні түгел айтамыз. Қара жерден қол үзген адам өзін ой-

шылдардың санатына қосылдым деп ойлайтын болса керек.
Профессор аз тыныс алды да, сөзін жалғастырды. Даусында,
адамға турақарамайтынкөздерінде кімнің де болса ұққысы ке-
летін бір тартымдылық бар. Ол сөзін кімге, неге айтып отырғанын

біздің дұрыс ұғынып отырғанымызға күмəн келтірмейтін болса
керек. Шалқасынан жатқан студент жігіттің сарылған жүзінде еш
өзгеріс жоқ.

– Біздің қашанда жаңа сөздер айтқымыз келеді. Жаңа болжау-

лар, дүниенің жаратылысы туралы өз ойларымызды, өз топшы-
лауларымызды жеткізуге асықпыз. Кейде соншама батылдық-
қа барып, шектен шығамыз. Қайталап айтайын, ол жастықтың

жалыны болуы да мүмкін. Бірақ əңгіме онда емес. Сол батылдық-
тың кейде адастыратыны соншалық, адам өзіне өзі ие болудан
қалады. Тас болып үгітіліп кетуге дайын тұрады. Сіз дүниедегінің
бəрі алданыш, əділетсіздік, өмірге сенуге болмайды дейсіз. Сіз

осы сөзді айту үшін неше рет толғандыңыз? Жарқ еткен бір
көріністен шешкен мəселеңіз емес пе екен? Жердегі тіршілікті,
сол тіршілік қызығы еліткен адамдарды кемсітушілік бар мұнда!
Ал осындай түңілушілікті адам қайдан алар еді? Бұған кінəлі

кім? Кездейсоқ, күтпеген жағдай ма екен? Жоқ, бəріне кінəлі сол
адамның жерден алғаш қол үзгендегі балаң ойшылдығы болса
керек.
Профессордың қабағы жазылып, шабыт шақырған адамның

реңі байқалды. Мандайында, бет əлпетінде айқыш-ұйқыш жазу-
лар толы, бірақ оны көру үшін тереңірек үңілу керек сияқты. Ол
газеттен көзін əлі айырған жоқ. Қала шуы енді көп ішекті оркестр
үніне ұқсайды. Студент жігіттің жарық шағылысқан сары тапты ақ-

шыл өңінде қайғылы адамның өз тəкəппарлығы бар. Бірақ оны
профессор əңгімесінің əсері деп айту да қиын еді.

– Мен сіздерге өз басымның бір оқиғасын айтайын. Қырқыншы

жылдардың аяқ кезі, ел арасында соғыс дүмпуі əбден басылып
жайшылық тұрмыс орнап жатқан кез.
Мен онда университетте кафедра меңгерушісі болып істеймін.
Докторлық диссертациям аяқталып, соны қорғау қарсаңында-

ғы қарбаласта жүргем. Жолдастарым менің еңбегімді асыра мақ-
тап, бұл бүгінгі физика ғылымына қосылған зор үлес деп тапты.
Мəскеуден, Ленинградтан, тіпті басқа қалалардан да еңбегіммен
танысқан əріптес достардан телеграммалар келіп жатты. Əйтеуір

қуанышымда шек жоқ. Маған күн көзі де бөлек сияқты. Жүріс- тұ-
рысымда, мінезімде шектен тыс мейірімділік пайда болды. ғы-
лыми журналдарда, газеттерде етек-етек мақалалар басылып,
менің еңбегімде үлкен ғылыми проблемаға жол ашылғаны айқын

болды.
Бірақ мен жолдан таймайтын едім. Қаншама сезімге бөленгіш,
əсерленгіш жан болғаныммен өзіме-өзім қатал болатынмын. Жиі-
жиі қонақасыда болу, стақандар сыңғыры мен суша ысырап етіл-

ген қошемет лебіздер, даңқ сəулеті – соның ешбірі де басымды
айналдыра алған жоқ. Мен қайта берік бола түстім. Бұл шығар
межемнің осымен шектелмейтіндігінің айғағы еді.
Менің сол бір қарбалас қуанышты уақытым біздің университет-

те жыл сайын болып тұратын қабылдау емтиханы қарсаңына тап
келгені. Сонда оқуға түсуге нелер бір қазақтың жасөспірім бала-
лары келеді ғой. Көбінесе ауылдық жерден келеді. Бұрын ешқай-
да аттап шығып көрмеген олар сыпайы, ұяң, адаммен ашық тілге

келіп сөйлесе алмайды, тек тереңірек үңілген адам ғана күн табы ұялаған көздерінен зерек ынта байқар еді. Қабылдау емтиханы үстінде барынша əділ қадағалап, ойсанасына, қабілетіне жанжақты шолу жасағың келеді. Ішіндегі ең бір саңлақтары сараланып бетіне шықса өз еңбегіңнің гүл-гүл жанғаны дей бер. Мұнда университетте істейтін ғалымдардан, оқытушылардан екінші қабілет талап етіледі, ол – педагогикалық қырағылық, адам танығыштық. Болашақ мамандарын, табиғатқа сыр шерткізер шеберлерін өзің таңдап ал дейтін ұлы сенім тудырылып отырған шақта ізгі парасатты, адамшылық,орасан əділетшіл сезімді басшылыққа алмай болмайды. Ол адамшылық, əділет жолы дегеніміз – өткірдің жүзіндей көзге көрінбейтін жол. Оң жағың өрт, сол жағың теңіз сияқты бір шетіне тая бассаң қиянат, екінші шетіне тая бассаң опасыздық, ал дəл басып жүру үшін өз бойыңнан сұрапыл күш-қуат табуың керек. Өзімнің сол үшін қаншама өлермендік еткенім əлі есімде. Ары-бері кіріп шығып сапырылысқан талапкерлер арасында менің тұлғама елдің көзі көбірек түсетін сияқты. Мүмкін олар өздерінің мерейі үстем жансебіл қамқоршысын таныған болар деймін. Кім білсін, өз бойы бұлтқа жеткенде адам жердегі жыпырлаған балапанның да көтеріліп ұшқанын қызғанбай, қайта алып қанатының астына алып бауырына тартқанды бақыт көрер. Мен өзім əрі емтихан алуға қатысып, əрі сол емтиханды қабылдаушы жолдастардың үстінен қарайтын болғандықтан маған тілек-талап та, шағым да көп болатын. Сол қарбалас күндердің ішінде адам оңай шатасатын қауырт жұмыстың шиырында кетпей, өзімді барынша қырағы ұстадым. Алдыңа жас бала, талапкер келеді. Көзінде өздерінің ой-санасын, қабілетін көтере көрсетсем бе деген ынта-жігер, сонымен қабат жалынышты тілек байқалады. Дүниеде адамның бетін қайтарғаннан қиын не бар дейсің. Біздің университет оқытушылары сол қабылдау емтиханы үстінде ойы, психологиясы адамнан көрі, математикалық дəлдікпен басқарылатын машинаның жұмысын атқаруға мəжбүр. Егер дөрекі тілмен айтсақ «сенің конкурстан өтуге шамаң бар ма, жоқ па?» деп бір ғана талап қоямыз да, құлаш-құлаш тізімде əр тағдырдың белгісіндей етіп нұқат қалдыра береміз. Бірақ сол белгілердің қаншалықты дəлдікпен қойылып жатқанын өз басың шешіп, үнемі аңғара алмайтындықтан ырықсыз, тосын бір бөгде күшке бағынғың, сүйенгің келеді. Бірақ ол күшті қайдан табасың, амалсыз сыртқы жағдайға да көз сүзуге тура келеді. Қабылдау емтиханының барысында біз жасқаншақ жауқазын көздердің ар жағындағы зердені танып саралауда көп жағдайда өз іскерлігімізге іштей сүйсініп те жүрдік.

Емтихан қабылдау əдістерінің сан қырлы сапасы мен машақа-
тын бойыңа сіңіріп, ыстық-суығын сезінбей одан жақсы нəтиже аң-
ғару мүмкін емес. Өзіңнен жап-жақсы баға алып кеткен талапкер
келесі емтиханнан құлап қалса, ол қандай абыройсыз- дық. Бірақ

ол кім үшін? Сен үшін бе, жоқ өзіңнен кейінгі мұғалім үшін бе?
Қайсымыз жаза бастық. Əйтеуір, біреуміздің қылыш қырындай із-
ден ауытқып кеткеніміз айқын.
Міне, осындай аласапыран, əрі кеме капитанындай қырағы-

лықты талап ететін аса маңызды жұмысты біз, университет оқы-
тушылары болып, жұп жазбастан жүргізе бердік. Міне оның да ең
соңғы, қиын жауапты кезеңі келді. Емтихан аяқталып енді бар та-
лапкерді конкурс елегінен өткізу керек. Бір өзгешелігі бұл біздің

оңаша жұмысымыз.
Тап соның қарсаңында маған ойда жоқта бір ескі досым те-
лефон соқты. Əңгіменің бəрі сол достан басталды. Дос болған-
да қандай, көп жылдар бірге оқып, етене бауыр болып кеткенбіз.

Əттең-ай, екеуміздің біріміз болып тұрсақ, екіншімізді қолтығынан
көтермес пе едік деп те қиялдайтынбыз. Міне, сол қиял шын-
дыққа айналып, қалай желкемізден төніп қалғанын аңғармай да
қалыппыз.

– Əй, Сəлім, – дейді əлгі таныс дауыс. Өзің шаршап жүргенде

көптен көріспеген доспен шүйіркелесу деген қандай, бойыңдағы
жүгің жеңілейіп, қалбаңдап бір көтеріліп қалмайсың ба!
Дос сөзінің мазмұны мынау болып шықты. Біздегі бір талапкер
туған ағасының баласы екен. Ағасының сəлемі бар, ал баланың

өзі емтиханнан кілең үштік баға алып, конкурстан өтетін түрі жоқ,
досымның жаны соған қиналып тұрса керек.
Ол да ұмытпаған екен. Бала кездегі қиялды бір ескертіп өтті.
Мен оны одан əрі сөйлеткем жоқ, болсын-болсын деп өзім жік-

жапар болдым.
Сөйтіп менің бір іске қолым барғаны. Ол баланың фамилиясын
қағазға жазып алдым да, конкурстан өткен көп фамилиялардың
қайсысының орнына қыстыруды қарастырдым. Иə, қай фамилия-

ны алып тастау керек, қайсысы біздің университет үшін арзан-
дау? Университет үшін арзандауын іздеуімде иненің жасуындай
болса да дұрыстық болғанымен, осы пəрменімде қандай қылмыс
жатқанын қасапшының пышағындай қалтыраған қолым ойлат-

пады. Əйтеуір бір «Өмірбеков» деген фамилияның көзіме қалай
сұрықсыз көрінгенін қайдам. Өмірбеков! Көз алдымнан қаншама
студенттер өтті. Олар оқу бітіріп, жылдар өткен соң, бəрінің де
бет əлпетін, сырт қасиетін ұмыта беруші ем. Студенттердің қан-

дайы болмады дейсің. Олардың жүзінен мен өз суретімді көруге
дағдыланғамын. Мысалы бүгінгі лекциям қалай өтті, сол əр күндік

еңбегімнің жемісін де жəне өз басым, болмысым, ойым қандай
сатыға көтеріле алды – бəрін де соларға қарап бағалайтынмын.
Бірақ солардың ешқайсысының əсері тап осы жасөспірімдей бол-
ған жоқ.

Сонымен əлгі досымның өтінішін тілегеніндей-ақ орындадым.
Конкурс қорытындысы шығарылып жарияланғаннан кейін теңіз-
дегі дауыл басылғандай тыныштық орнады. Оқуға қабылданған-
дарды бір-екі айлық жұмысқа жіберетін болып шарт жасастық

та, енді университет маңында ешкім қалмауға тиіс еді. Осындай
қауырт жұмыстан кейін жанға жайлы жақсы бір демалыстың ке-
летіні бар ғой. Оған кім шығуға құмартпайды. Бірақ мына соңғы
құжаттарды реттеп тапсыру бəрімізге қол байлау болып жүрген.

Кафедра есігінен кіріп-шығып жүргенімде əмісе бір өздігінен
тапжылмай тұрған балаға көзім түсе берді. Əлдекімді тынысы та-
рыла сағаттап күткен түрі бар. Алғашқыда аңғармаппын, былай
көз қырымды салып байқасам, оның бар ынтасы менде сияқты.

Конкурстан өтпеген соң өтінішпен кеп тұрған талапкер ғой деп ұй-
ғардым да өте бердім.
«Ағай», деген дауыс мені еріксіз кілт тоқтатты. Əлдене иығыма
қона кеткендей бір ауырлықты сездім. Даусы нəзік қалтыраңқы,

бірақ алыстағы теңіз сарынындай құлақтан өтетін бір қасиет бар.
«Ағай» деді ол тағы да, маған қарай бір аттап. Мен оның көзін-
дегі ғажап жайды анық көрдім. Жоқ, бұл соншама сұрапыл қарас
еді. Жас баладан өңменіңнен өтетін мұндай қаһарды ешқашан кү-

туге болмас.

– Менің бес сабақтан жиырма екі балым болған. Ал Жапаров

қалай өтіп кетті, оныкі небары жиырма-ақ бал ғой?

– Əй қарағым, – дедім мен даусымды қатаң етіп. – Жапаров

менің əкем-шешем емес. Елдің алған бағасын дұрыс есептерлік-
тей шамамыз бар.
Жапаров əкем-шешем болмағанмен досымның ағасының ба-
ласы деп қалай айтайын. Оның күнəлі жерімді тап басып келіп

тұрғаны маған оқыс, əрі қатты тиді. Жанымдағы жарық сызатын
қақыратып алмай тұрғанда сусып кете бергенді жөн көрдім.
Сол күні ұзақ уақыт кафедрадан шықпадым. Есік алдындағы
тұрған баладан жасқандым ба, жоқ əлде жұмысбастылық па, ол

жағы есімде жоқ. Тек əлден уақытта аласапыран қағаздардан бас
көтеріп қайтатын уақыт болғанын ескергенім бар. Сол кезде са-
нама ең алғаш келген нəрсе манағы баланың шарасынан шыққан
көздері еді. Күні бойы əлдене желкемнен басып ауырлатып тас-

тапты. Жұмысым – бейберекет. Қағаздарымды жинастырып есікті
сықыр еткізіп шыға берсем, манағы бала əлі тұр екен.
Коридордан күндізгі жарық əлі кетіп болмаған. Мен баланың

кескін-кейпін анық көрдім. Манағы көздегі ғажайып қаһар оты
сөніп, енді жыламсырай бастапты. Өңі – боп-боз. Күздің қара суы-
ғында тізесінен су кешіп, үсіп-жаураған балаға ұқсайды. Өзіне на-
зар аударту үшін тағы бір қырынан көрінгісі келген жас баланың

бұл да бір айла-əрекеті сияқты. Бірақ басына сөз жоқ қиын іс түс-
кенін ұқтырмай кетер емес.

– Ағай, – деді ол тағы да, – менің фамилиям – Өмірбеков. Сіз

қайталап қараңызшы, ана...
Мен жалт қарадым. Ол көзін бір жарқ еткізді де сөзін жалғас-
тыра берді.
Ағай, сіз қараңызшы...

Аяқастынан жынша ойнақтап кеудемде дауыл тұрғандай
сөзінің артын тыңдауға дəт қылмадым. Бір қисыны кеп тұр деп
білдім бе, əйтеуір, өзіме өзім ерік бергенім соншалық, бетіме қан
тепкендей əлдене тамағыма кептеліп қалды. Көзім де одан сайын

шатынап кетті-ау деймін. Жаман тілдеп тастағым келгенмен, ау-
зыма түскен сөзді ғана айтуға шамам келіп шарасыз тыйылдым.

– Қарағым, өзің желімдей жабысқан бала екенсің. Көктен түс-

кен біреу болсаң да жөніңді неге таппайсың, – дедім.
Мен осы шақта өзімді-өзім түсінбей кеттім. Балаға ашуландым
ба, өзіме ашуландым ба, əлде жұмысқа ма, кімге ашуланғаным-
ды айыру қиын. Тек бір түсінгенім – ойым, сөзім, ісім – үшеуі үш

бөлек.
Шыға берістегі швейцар шалмен əңгімелесіп аздап ашуымды
басқым келді.
Мен онымен сөйлесіп тұрғанымда, жаңағы баланың құр сүл-

дері өтіп бара жатты жанымыздан. Ол табалдырықтан аттап, есік
жабылғанда мен селк етіп оянып, əлдебір нəзік қымбаттымнан
айрылғандай əлденеден жүрегім қысылғаны. Көз алдымнан қор-
қынышты елес жүгіріп өтіп, басыма үйдей бақытсыздық келе қал-

ғандай жандəрмен қауырт қимылға көштім. Далаға жүгіріп шыққа-
нымда ауа салқындау тартып, күннің қою күрең шапағы ағаштар-
дың тасасына жасырынып, түн қараңғылығы тез түсіп келеді екен.
Мен университет ауласындағы тас төселген үлкен алаңға

көз жібердім. Өкшесі тырс-тырс тиіп жаңағы бала ұзап барады.
Қараңғылыққа енген сайын денесі зорайып, елеске айналып бара
жатқандай. Дүлей сезім əлдеқайда жұлқа тартты. Тап осы сəтте
мен өзіме біткен күллі атақ-абыройдың күл боп ұшқанын көрдім.

Аллея ағаштарының ар жағынан биік үйлер қызыл көзденіп ма-
ған жексұрын қарайды. Өзіме алтын ошақ болған қала енді тап
осы сəттен бастап суық тас қабырғалы қамалға айналып бара
жатқандай.

Жоқ, қалайда бір шара қолдану керек еді. Не істесем екен?

Баланы қуып жетіп мойнынан құшақтап жалбарынсам ба деймін. Бірақ бір сəттік ойдың дұрыс-бұрыстығына көзімнің жете қоймауы тұсау болды. «Жоқ, бұл бала жөнімен бара берсін, нем шайқалып кетер дейсің, өкініш орны ушыққан жарадай бір күні жазылар, уақыт жұтар мұны». Осы оймен орнымда қатып, тыйылып қалып едім. Бірақ бұл бос далбаса боп шықты. Уақыт жұтудың орнына қайта өзімді сілкілей түсіп, ойымды шым-шытырақ етті. Бір күн өтті, екі күн өтті, бір жұма өтті. Осыншама қысқа уақыттың ішінде адам айтқысыз, ауыр азапты бастан кешіргенімді сіздерге қалай баяндасам екен. Кеудем алай-түлей, көзім қарауытатынға ұқсайды. Қайда барсам да сол баланың найзағайлы көз қарасы, аш сүлдері, тағдырына бойсынып, салбыраған басы кейде орнымнан ұшып тұрғызып, ес таппай жүріп кетемін. Менде ешқандай жұмыс қабілеті қалған жоқ. Қызмет орным, ғылыми зертханам бəрі де қаңырап бос қалған. Тіпті, қарапайым адамға тəн өмір қалмаған сияқты. Есейген шақта да адамның осындай күйгелектікке душар болуы мүмкін-ау деп ойламап едім. Өзімді қоршаған адамдардан, жолдас-жоралардан да қол үзе бастағандаймын. Олар маған таңырқай қарасып, өзара сөз қылатын сияқты. «Əкем-ау, бұл не, бұл не қапа мені алып жегісі келетін», – деп кейде өзім таңғаламын. Бірақ түбіне жетіп басымды арашалаудың жолын таба алмаймын. Тіпті, психикалық ауруға ұшырамасам жарар еді. Айналадағы дүние көзіме дұрыс көрінбей, бəрі де қисық айнадағы сурет сықылды, парша-парша əйнек сынықтарындай күнге шағылысып сақ-сақ күлгенге ұқсайды... Осы тұста профессордың жүзі адам аярлықтай болып қатты өзгерді. Тосын көздердің алдында басын кемітуі мүмкін, адамның өз ішінде ғана сақталып, өкініші жылдар бойы жанына азық болатын жасырын жайтты əңгімелеп отырғанына өзін кінəлі санағандай нала сезім бар. Үлкен адамның əңгімесін қалт еткізбей бағып отырмын. Студент жігіт қыбыр етпей жатыр. Тек андасанда қаққан кірпіктері «тірімін, ояумын» дегендей. Сырттан ызыңдаған қала шуының шиырына ілесіп, өзінше бір ойға беріліп жатқанға ұқсайды. – Жоқ, сіздер ойларсыздар. Мен осындай бейшара халге қалай түстім. Мүмкін мұны сіздерге түсіндіріп те болмас. Себебі, адамның осынша күрт кетуі сирек нəрсе ғой. Мысалы, бір көп балалы ананы алайық. Егер ол балаларының бəрін жақсы өсіріп, тек біреуінің ғана бақытына ақау түсіріп алса, қандай азапқа душар болар еді. Сау өскен, жақсы өскен балаларын көрмей, тек жаны жарым жалғызының ғана тағдыры көзіне көк шеңгелдей қадалатыны даусыз. Мен де сондай бір ессіз жүдеткен сезімді бастан кешірдім.

Міне, кең даланың бір түпкіріне өз басымнан қатты түңілген бір жан кетіп бара жатты. Мүмкін өзімді биік сезінгендіктен болар, ешқандай ұяттан, жаманаттан жүзімді жасыра алмайтын халде едім. Қанша айтқанмен санам айқын, денім сау, бұл делсалдықтан қалай да бір ебін тауып сытылып шығуға əлім келетін сияқты. Бірақ жаныңа түскен жараны түк болмағандай қайта жаза салу қиын, тек алғашқы беттегі зəрін қайтару керек. Ол өз басымның жұмыс қабілетінен айырылмауым үшін, титықтаған дегбірсіз көңілімнің өрекпи тұншығуынан арылуым үшін қажет. Сондықтан осы жағдайыма себі тиер деген бір іске бел будым. Жоқ, мен ол баладан барып кешірім сұрағым келген жоқ, ішімдегі құсаны басу керек еді. Күз күндері тақау қалған, қабылдау комиссиясының портфелін ақтартып сол баланың аты-жөнін, мекен-жайын толық мұқияттап жазып алдым да, ешкіммен тіл қатысып кеңеспестен бимəлім сапарға поезбен жүріп кеттім. Жыл сайын барып тұратын курорт, демалыс үйлері болмаса ауылдық жерлерге сирек шығушы едім, тіпті өзіме-өзім есеп беріп қарасам, соңғы бес-алты жылдың ішінде ел ортасына аттап баспаппын. Бірде ойпат, бірде қырат болып тез алмасып отыратын туған дала сағынышы көзіме оттай басылып, ойыма нəр, көңіліме жайдарлылық, қуат берді. Тек қана алып ұшқан поезд дүрсілі ғана өзімді не жетектеп бара жатқанын есіме түсіріп əлсін-əлсін ескертіп қояды. Вагон терезесінен көрінген далада күз белгісі ойдым-ойдым боп көрінеді. Əсіресе, ерте пісетін ақселеулі беткейлер алтын шашты арудай желкілдеп күнге шағылысады... Алыстағы таулардың бөктерін көлегейлеп сағым толқиды. Жаз көркімен ойнап құбылады. Əлі сарғыш таңба түспей бəйшешегі көз тартқан көгал тұстар өзінің балауса шағына өкінішсіз қарайтын сияқты. Олар «күзім тақау, бояуым оңбақ» демейді, сонау алтын шашты жапанмен де қол ұстасып, өзінің мəңгі жас екенін, уылжыған жастық көрікке, сезімге толы екенін айтады, əлденеге мезіреті жасағандай бас изеген бір үзілістен кейін қайта толқып көтеріліп, қандай да болмасын ішіндегі бір қапасын ұялшақ көздер жасыра алмай қарашықтары шықтана күлімсіреген жас балаға, немесе ер жетіп, ұясынан əлдеқашан ұшқан ұлының маңғаз көркін көріп, қызара қызықтап, ештеме дəметпейтін ананың қызғаныш па, қуаныш па екені айырғысыз жақұтша құбылған көз жанарына ұқсайды. Туған дала, қандай айтпақ ойың бар деймін. Дəл сенің қуыс қолтығыңда тумағанмен, мен туғанда тап осындай күміс белдер шаттана қарап тұрмаушы ма еді, мен қазақ ұлымын, ендеше күллі қазақ жерін туған далам десем сөкеттік пе, ал сен мені өз ұлым десең «жатбауыр тарттың» дегізем бе деймін.

Поезд тынымсыз жүріп келеді. Түн келді, таң атты. Темір дөңгелектер қаншама қарыштай басқанмен жалпақ дүние өзінің шегін көрсетер емес. Бір жарым сөткеден кейін ғана тау барайына орналасқан шағындау станцияға келіп түстім. Айналада көп адамдар көрінбейді. Күн кешкіріп, төңірек қып-қызыл албырт нұрға бөленіп тұр. Мен біреулерден өзіме керек колхозға қалай бару ыңғайлы екенін сұрастырдым. Жастау арбакеш бала сол колхозға ала кетуге келісе кетті. Жолдасым денесі қунақ жас бала. Жұқа өңі күн мен желден қатты қарайған. Көптен қырылмаған мұрты тебіндеп, иегіне де бірнеше қылтанақтар өскен. Жол бойы сұрап келемін. Өзі сол колхозда істейтін боп шықты, ат-арбасы колхоздікі. Əкесі соғыста өлгендіктен онжылдықтан кейін əрі оқуға жағдайы келмей колхоз жұмысына араласыпты. Сөзі ашық, өміріне дəн ризалығы байқалады. – Шүу, ə!  – деп аттарды əлсін-əлсін дүркіретіп айдап келеді. Жағалай келіп, «Өмірбеков Қонысбай» деген бала осында тұра ма деп сұрадым. – Осында. Жақында оқуға барып, конкурс қатты екен, өте алмай қайтты. Бір ауылдан жалғыз өзі кетіп еді... Бірақ өкінетіні жоқ. Былтыр кешке оқи жүріп тракторшы мамандығын алған. Қазір зябь жыртып жүр. Аттарға тағы бір ысқырып қойып, қамшы үйірді. Біз ауылға жеткенше күн ұясына кіріп, дем арасында көз байлана бастады. Кенет бала аз-кем сасқалақтағандай маған жалт қарады да: – Анау жүрген сол, – деді оттары жарқырай бастаған ауылдың оң жақ сыртындағы биік қошқыл төбені нұсқап. – Түнгі кезегім бар деп мана солай бара жатқан. Мен жаңа байқадым. Ауылдан сыртқары түн қараңғылығында қызыл шоқтай болып трактор жүзіп барады екен. Үні де құлаққа ап-айқын жетіп тұр. Ел ортасынан аулақ жүргені маған ұнап қалғандай еді. Мен қоштасып арбадан түскенімде бала аттарын одан сайын ысқыртып айдай жөнелді. Ол ұзап кетісімен менде сүлдесоқ суық үрей пайда болды. Мен Қонысбаймен қалай жолықпақпын, не демекпін, тіпті оны тап осы сəтке дейін шешпей келуім өзіме ауыр тиді. Тіпті келген сапарымның түп мағынасын жоғалтып алғандаймын. Мен біресе үңірейген қараңғылыққа, біресе ауыл оттарына қарап, алыстағы трактор үніне құлақ түріп, өзімді осында нендей жан толқынының айдап келгенін көкірегімде қайта тірілтіп, талдау жасағым келді. Кенет сонау университет коридорындағы жас талапкер баланың қаһарлы қарасы көз алдымда айна-қатесіз тұра қалды да, ырқына көндіріп алған таныс бір сезім сол трактор отына қарай асықтырды.

Ауылдың сыртымен өтетін тар соқпақты қараңғыда көре алмай келемін. Бірде теңкиген ши түбіне сүрініп, бірде жатқан кесекті басып кетемін. Жақындаған сайын трактор үні зорайып, қорқыныш, үрей аралас тайсақтаған бір сезім пайда болды. Бірде алдымда аңғарды кеулеп үлкен өзен жатқандай дүрілдеген үн шалынады. Ендігі жерде өз еркімнен тыс ессіз бір күштің біржола жетектеп алғанын аңғарып келемін. Жоқ, бұл минуттардың мен үшін зор мəні бар еді. Мен өмірімді қайта бастап, бұрын жете бағаламаған өрісті дүниенің қиын-қыстау шақта ғана сезілетін ыстық, алғыр тынысы бетіме соққандай əсер етті. Күнəлі жанның бүкіл пендешілік өмірінде байқамай, тек өлім жазасы алдында ғана аспандағы күнге көзі түсіп, оның соншама ыстық нұрлы екенін көрген пақыр сезіміне ұқсас еді бұл. Сүрлеу соқпақтар біржола адастырып кетті де, енді жолсызбен келемін. Ауадағы ащы исі мұрын жарып, бұл өңірде шоқат-шоқат жусанды төбелердің қойнауын қуалап басқа да ермен, құлқайыр, қау өсетінін аңғартады. Маған енді трактордың өз нобайы да анық көріне бастады. Екі көзінен от шашып, мүлгіген түн қараңғылығын жеңем деп тағдырдың қара түнегіне айбат шеккен абзал жүректі шойқара дəуге ұқсайды. Жарқ-жұрқ етіп жалын шашып, түнекқұмар шайтан шымылдығын тіліп түседі. Оқатшоқат жердің қыртысын тілгенде қаһарына от түсіп өртенгендей көзі одан сайын бағжиып түн көрпесін алысқа лақтырады. Бірақ қараңғылық қарысып баққандай. Екі көзі лапылдап трактор маған қиыстау болса да қарсы келе жатқан. Көкірекке от құйып, асқаралы ұлылыққа бастайтын қаһар бар. Түнек қаншама шексіз болғанмен оны дүр сілкінте, етегін аяусыз уыстай жұлқып бұл дүниеде тұрлаусыз етердей. Сонау аңша тіршілік еткен алғашқы адамның қараңғы санасын айқын еткен адал еңбекке дегендегі от-жігерін, айбатын көз алдыңа əкеледі. Міне, осы көрініске қарап мен өзімнің бүгінгі ғылымға сарсылуымның сонау ата-бабамыздың арғы тегінен бастап дару болған қарапайым адал қол еңбегінің жалғасы, кіршік көтермес мөлдір арнасы екенін ұқтым. Оған жүзіңді жалтыратып жат пиғылмен бару  – өзіңді өмірден аластау, халыққа бөтен болу деген сөз. Мысалы, көпшілік шомылып жатқан таза суға күс басқан денеңізбен қойып кетсеңіз, жұрттың бəрі сізден тыжырынып, ол арадан тез қараңызды өшіруге мəжбүр боласыз. Өмір өзегі – еңбек айдыны да сол көл суы тəріздес. Сол көл суының тəн тазалығын көрсетуге мəжбүр ететіні сияқты, еңбек те адамның ақ-қарасын бірден ашады. Өмірде қаншама ұлы ғазиз жандар өткен, солардың қайсысы болмасын əділетсіздіктен жаны қиналған шақта адал еңбекке табынған. Еңбек кескінді əділ көрсететін айна десе де болғандай.

Міне, сонау жапан далаға ұжданым айдап апарғанда түнек пен жарық арбасқандай сол бір суреттен жылт етіп осы бір түйсік оянған еді менде. Трактормен арамыз жақын қалды. Тағы да бір дүниені басына көшіре бір орында ырғалып қап гүж еткенде, от жанары мені де шалып қап, өзіме тура жүрді. Алдым теп-тегіс жарық боп кеткенмен, ешнəрсені көрмей тік басып қарсы жүріп келемін. Адам тəніне жылылық беретін от күші осындай-ау деген мұнар ішіндегі сəуледей ой жүгіріп өтеді. Бірақ тап қазіргі сəтке қандай оралғы болмасын, бəрін басымнан аластау керек еді. Жүрегімнің қатты соққанын, балтырымның дірілдегенін байқаймын. Табаным астындағы жердің солқылдағанын сездім. Сол кезде мені де көрген болуы керек, трактор тоқтай қалды да, екі-үш қаһарлы үн қатып барып, күрт бəсеңдеді. Мен ши қалпағымды бұлғап шақырған ишара білдірдім. Əлдекімнің нобайы от сəулені кесіп, өзіме қарсы жүргендей болды. Бой шамасын болжатпайды, тек ұзынынан сұлай түскен көлеңкесі ғана көрінеді. Тап иегіме тақалғанда ғана жас баланың жұқалтаң нəзік денесі ашылып айқын көрінді. Ол тағы да аттап басуға қорыққандай тоқтай қалып, мені барлап тұр еді. – Аман ба, Қонысбай, – дедім мен жақындай түсіп. – Сəлеметсіз бе... Мен оның бет əлпетін анықтап көргім келіп тағы бір аттап, жарық ағынынан жасқанғандай оң жақ қырын ала тұрдым. Ол маған бұрыла қарағанда сонау университет коридорында есімде қалған ғажайып жүзді көрдім. Таңырқап тұрғаны байқалады. – Мен саған келдім, Қонысбай. Танисың ба? – Танимын, – деп тағы бірдеме айтқысы келгендей тоқтап қалды. Үнінде кішілік ибалықпен қабат күтпеген оқыс оқиғаға түсіне алмаушылық бар. – Трактор айдап жүрсің бе? Мұның аса дұрыс болған. Егер арың таза болса еңбек ешкімді де жатырқамайды. Сен анада оқуға түсе алмай қайттың ғой, Қонысбай?.. Сен мынадай жағдайды осы бастан ұққаның абзал. Өмірде əділет қанша басым дегенмен, оның ары-бері ауытқуы, сəтсіздік деген бола береді. Ондай ауытқуларды адам өз қайрат, жігерімен түзеп жіберуі қажет. Сен бір рет оқуға түсе алмадым деп тауың шағылса оның дұрыс болмағаны. Қандай жағдайда да адам алдағы үлкен нысанадан, биік мұраттан көз жазбауға тиіс. Ары қарай не айтқаным есімде жоқ, бірақ ұғымды етуге тырысып, жұбату, көкіректе талап отын өшірмеу сияқты біршама уағыз сөздер айттым. Бірақ бұл сөздерім кімге жұбаныш, кімге қажет. Жапан түзде еңбек отын жағып жүрген балаға ма, жоқ менің өзіме ме, ол жағын ақтармадым.

Ақырында Қонысбайға: – Сен ендігі жылы оқуға кел, түсіп кетесің, – дедім. Кейін сұрастырып білдім, келесі жылы ол оқуға келуін келіпті, бірақ біздің университетке емес, ауыл шаруашылығы институтына емтихан тапсырып, сонда қабылданыпты. Міне, менің басымнан осындай бір жайт өткен еді. Ойлап қараңызшы, егер сол бала сонау бір беті қайтқаннан кейін өмірде əділет жоқ, ақ жүріп, адал ізденумен ешнəрсеге қолың жетпейді дегенге бекіп, соған бойын алдырса, оның тағдыры қандай сорға соқтығар еді?! Сіз өмірге сенуге болмайды дейсіз. Бұл сөзіңізде ешқандай негіз жоқ. Ал мен сіздің сөзіңізге сенуге болмайды десем, оған негіз де, дəлел де көп. Жарайды, сіз бір кезде сұлуға құлай берілдіңіз, ғашық болдыңыз, дүние сізге үлде мен бүлдеге оранған алқызыл гүлге ұқсап, сіз оны қалай дəріптедіңіз екен? Ал енді ғашығыңыз сырт бергенде дүниеге топырақ шашып, қаралап масқара еткіңіз келеді. Қайсысы дұрыс? Ал егер, жазатайым сол сұлу аяғыңызды қайта құшса, сіз дүниеге көзқарасыңызды тағы өзгертесіз бе? Шындығында дүние сондай құбылмалылыққа көне ме? Ол адамға жер, су, ауа, күн сəулесін береді. Мұның бəрі адал еңбек, саналы өмір үшін сарқылмас көздер. Дүниенің осы дарқандығына пейіл беріп сүйгендіктен ғана халық өркендеп өсті. Тарих бетіне қараңызшы, күн көзін қолмен көлегейлегісі келген қаншама өрескел жауыздық іздерін көресіз. Жер күйіп, орман өртеніп, су ылайланғанына кімнің жаны түршікпес. Бірақ солардың қайсысы дүние, өмір пейіліне нұқсан келтірді. Жоқ, халыққа, өмірге жат пиғыл, əрекеттің қандайы болмасын мəңгі үстем болып тұра алған жоқ, тұра алмақ та емес. Сол өмірдегі, халықтағы оң, ақ пиғылды дұрыс танып, оның қайнар күшіне сеніп бейімделген күнде ғана адам қолы бақытқа жетпек, шырағым! – деп профессор əңгімесін аяқтады. «Шырағым» деген соңғы сөзі оған əкелік көрік бергенмен, қаталдық белгісіндей еді. Өзіне арналып соншама сөз айтылғанын ұқпағандай студент жігіттің жатысы мені қайран қалдырды. Маған ол қарсы сөзге жоқ, тауансыз көрініп еді. Реніш, қайғы ма, өкініш пе, əлде ұялғандық па, не екенін айырғысыз, əйтеуір, сарыауру таңбасындай бір белгі жүзінен кеткен жоқ. Мен оның ойына жел бергім келгендей профессорға: – Ағай, сонда да өмірдің шытырман сыры көп қой, кей кезде ұғуға қиын соғып, миға зіл түсетіні де бар,  – дедім. Профессор жұлып алғандай: – Ал сол ұғуға қиын, миыма зіл түседі деп, өз ойыңның қара

көлеңкесімен дүниені көлегейлеймін деу неткен, қайдан келген
есерлік ол? Ойлаңызшы, тіпті бұл кешірерлік қылық па?!  – деп
салды. Іште жатқан ыза салқыны сезілді.
Бұл кеште арамызда қайтып ол мəселе туралы сөз болған жоқ.

Əңгіме шаршатқан болу керек, профессор жатысымен тез ұйқыға
кетті. Мен оның ендігі тыныш жүзіне қарап отырып, жер жүзінде
қанша адам болса, солардың барлығының да жүрегін байланыс-
тырып, ешкім үзіп-ырғап кете алмай келе жатқан қандай да бол-

масын көзге көрінбейтін бір желі бар-ау деп түйдім.
1963 жыл

ҚОЙ КҮЗЕТІНДЕ

Бұл маңда кеше ғана жұқа қар жауып өткен. Бір отар қойды
алдында салып мынау екі үй көшіп келгенде, маңырап-боздап қо-
зыларынан айрылған саулықтардың табанында тапталып, құрғақ
қар құммен араласып кеткен. Тек кей тұстар ғана қар емес, ұн

шашылғандай ақ ала болып жатыр еді. Бүгін ол жым-жылас жо-
ғалған. Ауада тоңазытқан леп байқалса да күздің күні ашық. Əр
жерде бұталары қалқиып, желді күнгі теңіз жалдарындай неше
бүктетіліп біткен сұрғылт дала өз сұрқымен ғана қалған.

Екі киіз үй тігілген жер құмдауыт, кей жері сары керішке ұқсаған
шөбі жоқ тақыр тұс. Аға шопан Сүмбіле кеше бұл жерге жүктерді
түсірткенде түнде мал күзетінің оңай болуын ойлаған. Шөптесін
жерде қойлар түнімен бет-бетімен жайылып тыныштық бермейді.

Əйтпесе, осы екі үй орнаған алақандай тақыр тұстан былай шыға
берсең-ақ қой баласы сүйіп жейтін күйреуік, өлең шөп дегенің тұ-
нып тұрады.
Бұл мал аяғы бара қоймаған алыс тың жайылым болғасын

қарт шопан Сүмбіле қыстауға барар алдында осы шалғайға əдейі
бұрылып, біраз күнде мал қоңын көтеріп тастамақшы еді. Көмекші
шопан Ердəулеттің əйелі жас босанып отырса да оларға да қолқа
салып, өз ойын дəлелдеп баққан. Аманшылық болса мұның өзі

көп қиындық емес, тек біраз күн ел-жұрттан тым аулақта демесең,
қыс қарсаңындағы оңтайлы шара, малдың өлім- жітімсіз болуы-
на жақсы деген. Ердəулет əйелінің қасы-қабағына қарап, өздерін
қияңға əкетпектей көрінген əккі қойшының мына қылығын бұл қа-

лай көреді деп, оны қоса бақылаған.
Ердəулеттің алып отырғаны ол да қойшының қызы. Осыдан
бірер жыл бұрын ғана зейнетке шыққан тақақ шалдың тəрбиесін
көрген Сақыш аузынан емшек ажыраса шырқырап қоя беретін

мазасыз қызыл шақа нəрестесін ойласа да қарт қойшының сөзіне бүйрегі бұрды. Малдың қысқы қамы дегенді ол жақсы білетін. Одан əрі Ердəулет артық сөзге келген жоқ. Екі шопан семьясының Іле өзенінің бойындағы қайдағы бір адам аяғы баспас ен аулаққа көшіп келіп отырғаны сол. Кешкі уақыт. Бүгін мал күзетінде Сүмбіленің өзі тұруға тиіс еді. Аузы ақжемденіп, көзінің нұры тайған кəрі төбет Жолдыаяқ «əне кісі келді» деп үй иесіне сездіргендей киіз үйдің іргесіндегі жайлы жатысын бұзбастан екі-үш рет үріп қойды. Бұл Сүмбіленің сырмінез жолдасы. Түн күзетіне өте сақ кəрі төбет дала арланымен талай жекпе-жек айқасқа түсіп, жауының таңын айырғаны, өзінің де дал-далы шығып, қалжырап өлімші болғаны бар. Сонда да беті қайтқан емес. Дала тағысының шабуылын желігіп аңсай ма, əйтеуір, Сүмбіле асықпай ішкен кешкі астан соң үлкен ішікке оранып, ұзын таяқ ұстап, сыртқа шықса-ақ бұл да айбатына мініп, жусап жатқан қой отарын айнала безектей жүгіріп, қарлыққан ескі үнімен əупілдеп үре бастайды. Содан таң атқанша жағы сенбейді. Малшылар мұндай итті үлкен олжа көреді. Мал беріп, сатып алатындары да бар. Түн баласы үріп шығатын ит мал қораланбайтын күзгі, көктемгі көші-қон кезінде, əсіресе, жаз жайлауға барғанда үлкен көмек. Дала тағысы ит даусы шыққан жаққа көп бара қоймайды. Түнгі шабуылдың қаупі аз. Ондайда малшыларға күзет те жайлы. Жолдыаяқтың қазіргі жайбарақат үрісі Сүмбіленің құлағына əлдебір қуаныш үніндей сап етті. Анау-мынау жаманшылық кезіндегі даусы мүлдем басқа. Төбет тұмсығын көтеріп, əупілдеген жаққа бұл да қарап еді, көк аспанның пұшпағын неше қиюлап, қырқаланып жатқан құм төбелердің арасынан əр кесекті бір түртпектеп өтетін қоңыз сияқтанып бұлталақ-бұлталақ еткен жеңіл газикті көрді. Алыс жайылымның түкпірінде жоғалған екі малшы семьясының киіз үйлерін таяқ тастам жерден көргенмен енді соған тура апаратын жолды таппай əлекке түсіп келе жатқандары байқалды. Қарт шопан миығынан күлді. Қойлы ауыл қонақ келсе қуанады. Мұның өңінде пайда бола кеткен шат көңілділік дағдылы қуаныштан емес. Мына келе жатқан совхоздың бас зоотехнигі екенін Сүмбіле бірден аңғарған. Өзінің күтпеген өнер көрсетіп, шалғайға шырқап қонысы совхоз басшыларына да дүрбелең тудырып, олардың ақыл-ойларын мынау келе жатқан машинадай бір сəтке болса да құмға қайырлатып, қалтырақтатып тастағанын қызық көріп, балаша мəз болғандағысы еді. Бас зоотехник ойлап істеген ісі үшін өзін сөге қоймасын біліп, көңілі мығым тұр. Тыныш, өлі бейуақ орнаған далада алыстан жеткен машина дүрілін естіп, Ердəулет те тысқа шыққан. Ол шалдың кешкі шапақ

қонған жүзін, сесті тұрысын көріп, ішінің де ұлан-асыр екенін бірден аңғарды. Жас жігіт аға əріптесінің мінезін жақсы білетін. Бас зоотехниктің машинасын бұл да көріп, «Əй, шалың бүгін бір есетін болды-ау» деп ойлады да, бүгін менің орныма қой күзет деп айтар ма екен деп, əрі қуыстанды да. Ақыры солай болды. Бас зоотехник машинадан түсіп, дауыстай сəлем бергенде шалдың ішін күлкі тіреп тұр екен, дағдыдан тыс қарқылдап кеп бермесі бар ма? Ердəулет ыңғайсызданып қалды. Шалдың мұншама ішегі ақтарылар деп ол да ойламаған. Бас зоотехник Сүмбіленің мінезін түсінген раймен қол алысып болысымен, үндеместен басын төмен салыңқырап, сəл жымия үйге қарай жылжи берді. Шалдың сергек даусы оятты білем бас зоотехник басын жұлып алып, енді өзара сөз қатысқан шопандарға қайта қарады. Сүмбіле даусын қаттырақ шығарып: Ердəулет, үлкен қонақ үлкен үйге түсуші еді ғой. Мұндағы үлкен шаңырақтың иесі мен емес пе ем? Бүгінгі күзетке сен тұрсаң қайтеді?  – деді. Ердəулет үлкен кісінің ойын дер кезінде дұрыс ұғып үйренген жігіт, жымиып қана қойды. Бұл құп алғаны екенін білетін Сүмбіле оған дұрыстап көзін де тоқтатпады. Бас зоотехниктің иығына қолын салып, екеуі əрі жүрді. – Ердəулет Сүмбіле үйінде бас зоотехникке асылған еттен апылғұпыл екі-үш асағаны болмаса онда жайғасып отыра алған жоқ. Дағдылы қоныс, жайлау, күзеулерде келген кісі екі шопанның қайсынікіне түссе де ел жатқанша бірге гулесіп, əңгіме сөзге мейірлерін қандыратын. Үй ішінің ояу отыруын сақтық көріп, мал күзетіне жұрт ұйқыға ыңғайланғанда ғана тұрушы еді. Бүгін олай емес. Күн бата-ақ қораланған қойдың басы-қасында болмаса, мынау жаңа қоныс күтпеген жаманшылыққа ұрындырып, тақыр мұзға отырғызып кетпесіне кім кепіл. Етегі аяққа оралатын ұзын ішік, маңдайын баса елтірі бөрік киген Ердəулеттің денесі түн ішінде мүлдем зорайып, алпамсадай боп көрінеді. Өз үйінің есігінен əрең еніп, сығырайған шамнан аулақ, жаюлы төсек қасында бала емізіп отырған əйеліне тіктеп ұзақ қарады. Жарық аздықтан, əрі шамға сəл қиыс отырғаннан əйелінің бет жүзінде қара көлеңке мол. Емшек сорғылап, мазасыздана қыңқылдап қоятын баламен бірге сол қара көлеңке де əлдебір құс қанатындай желп-желп етеді. Осы отырысынан жұбайының шаршаған, ұйқысыраған түрін таныды ма, оған ішінен аяушылық білдірді. Қастарына жақындап, баласына əлдебір əкелік көзбен сес көрсеткендей, қабағын кіржитіп, жұдырығын түйіп: «ох, сені ме», – деп қойды. Сөйтті де жұбайының көңіл күйін енді ғана дұрыстап ажыратпаққа жақындай үңіліп, бір сергітіп қоймақ пейілмен маңдайынан сипады. Жас

əйел осы ілтипатты түсінген сыңаймен екі иығын сəл қозғалтқанға ұқсады. Сол кезде бала шыр етті. Аузынан емшек шығып кеткен екен. Шешесі оны қайта саябырлатқасын Ердəулет сыртқа шықты. Иірілген қойдың көбісі түрегеп тұр. Шопан таяқпен соғып қайырады-ау, əйтпесе шөп иісі мұрын жарған осынау далаға түн демей босып кетер едік деген оймен бəрі оқшырая қарасқандай. Өздерін ит-құстан қорғаған Ердəулетті түйсік жоқ көздерімен барлап, қарасын қашан батырады деген үмітпен ғана бастары қарауытып, елеңдескен түрлері бар. Мал иірілген тұс бір тал жоқ тақыр құмайт, сонда да өздерінің қиы, иісі сіңбеген жерге жата қалатын дағды бұларда жоқ. Жас шопан отарды бір айналып шықты да, өзінің етегін иіскелеп, адамның жүрегін ерітер жалынышпен аймалағысы келген Жолдыаяққа назар аударды. Оған сəл иліге адамның аяқ жолы əрең шалынатын қараңғылықта жарқырап жанған көздерін көрді. Сүмбіле сияқты бұған да бауыр басқан ит еді. Ердəулет кəрі төбеттің жансар жалтыраған көздерінен əлдебір ой, ниетін танығандай секемденді де. Бірдемені сезініп тұрғаннан саумысың деп, онан сайын үңілді. Жолдыаяқты еркелік қысқан баладай қиыла қарағанға ұқсатты. Жə, не болар дейсің, анау-мынау жағдайда, əу деген даусымыз шықса бас зоотехник шоферімен, Сүмбіле кемпірімен, бес кісі қиқу салсақ, əрі атан түйені жілігінен алатын өзің барсың, неше қасқыр келсе де қойымыздан бір талшық бере қояр ма екеміз. Жолдыаяқтың еркелігі жалықтыра бастағасын зекіп тастайын деп бір оқталды да райынан қайтты. Кəрі ит қой, мүмкін қарны ашып тұрған шығар деп, Сүмбіленің кемпіріне барып, тамақ құйғызды. Жолдыаяқ оны шалп-шалп еткізіп, ықылассыз ішті, тауысқан жоқ. Айсыз қараңғы түн. Кеше де осылай болған. Осымен екінші түн қой күзетсе де Ердəулет ұйқысыраған жоқ. Күндіз Сүмбіле шал малды өріске əкеткенде бұл ұзақ жатып тұрған. Қазір қойдың арғы-бергі шетіне шығып, ширақ қимылдап жүр. Жаңа қонысқа қой баласы тосаңсығандай жамбасын тигізе қоймады. Өріп жүре бергісі келеді. Барынша сақ болып, матап ұстамаса бұзылған сеңдей жыртылып айырылып, бет-бетімен кетуге дайын. Алғашында Сүмбіленің киіз үйінен шалдың қарқ-қарқ күлген күлкісі жиі естіліп тұрды. Қартың мақтангөйлеу болатын. «Жаңа қоныс, жаңа жайылым іздеген бағытыңыз игілікті болсын», – деп еді зоотехник. Артынан бұл отар шығандап қайда кетті, əуелде құм арасында бірі қарт, бірі жас екі шопан семьясы адасып кетті ме деп, көңіліне секем алып, іздеп шыққанын, адасып жүріп, əрең тапқанын да жасырмай айтты.

Сүмбіле одан сайын көсіле түсті. Енді ол баяғы жылдары өстіп, көшіп-қонып жүріп, бұл совхозға қарасты жайылымды кеңітіп бергенін жыр ғып айта берді. Ердəулет талай естіген əңгіме. Бұл сыртта тұрып, суықтан құныса түсті де, қонағының аузын ашырмай отырған Сүмбілеге сəл назаланды. Қой өз аяғымен жүріп жеткен жерге машина, ат аяғы жетпейді деп ойлай ма екен, соншама Американы ашқандай есіп сөйлемесе қайтеді деп қойды. Совхоздың өрісін ұзартып бердім дегені қай сасқаны? Бұл Іле өзенінің бойында жер өлшеушілердің есебіне кірмей қалған тұс жоқ, бəрі де совхоздың жері. Одан шығындап кетсе басқа совхоздың жайылымына ауыз салғаның. Бүйте берсең сен шал басшыларды ұрыс-керіске душар етерсің. Даудың басы Дайрабайдың көк сиырындай атың сонда шығар. Абырой-атаққа сонда белшеңнен батарсың деп, Ердəулет аға əріптесін ішінен біраз түйреп алды. Сөйтті де өзінің де шектен шығып бара жатқанын сезіп, «игере білгенге жер кең ғой, жан тыныштығын ойлап, осы аядай жердің шет-пұшпағына қарай аттап басқысы келмейтін малшылар қаншама», – деп қойды. Олар малды өріске шығарғанда да белгілі бір соқпақ ізден аумайды. Ал біздің шал малдың бүйірін қайтсем шығарам деп, жар құлағы жастыққа тимейді. Өзімен бірге, өзгені де сүйреп, совхоз малының күйі үшін айлап, жылдап, ел-жұрттың бетін көрмей кетуге бар. Бір абыройсыздыққа ұшырап, ақ таяқтан айрылсам, күн көре алмай қалам ғой дейтін емес, бұл кісінің бала-шағасының өзі бас құраса бір ауылдың шоғырына жетерлік топ. Бірақ тынымсыз шал жантайып жатып, келінінің құйған шайын ішіп, кəріліктің артын күтуден ат-тонын ала қашқалы қашан. Балалары болып-толып тұрса да, оларға салмағын салған емес, қайта қысқы соғым, жазғы құрт, ірімшік болсын, шалдың оларға берері көп. Мылқау түн қоршаған далада Ердəулет сəл жалғызсыраған сезіммен өзінің аға əріптесі туралы ойлап, ұзақ-сонар қиялға да көшкендей. Отар тыныштала бастаған. Əуп-əуп еткен Жолдыаяқ қана малшылардың құлағына жағымды əуенін бастаған. Ол Ердəулеттің басын тұмшалаған қиялға бөгет емес, қайта құлаққа ұрған танадай осы тыныштық мұның көз алдында одан сайын бұйығы халге келіп, ой-қиялды одан сайын құрдымға тартып əкеткендей. Сүмбіле шалдың үйінде дастарқан əлі жиналмаған. Мол асылған еттен кейінгі асықпай ішілетін шай көпке созылып, Сүмбіленің əңгімесі əнші көкіректен ағытылған əндей бас зоотехникті осы түн жарымға дейін ұйытып отырғанын Ердəулет сыртта жүріп сезді. Жаңа ет үстінде кірген, енді осы шайдан да екі-үш шыны ішіп бой жылытып шыққысы келгенмен қайтақайта жылтыңдап бара беруді ыңғайсыз көрді.

Бір сəт домбыра ыңылдап, бір сəт Біржанның «Жанботасы»
аңырады. Сүмбіленің əжептəуір даусы бар болатын. Кейде өріс-
те, қой соңында жүріп, сол Біржан салдың өзіндей-ақ ат үстінде
қамшысын мықынына таянып тұрып, дүйім елдің алдында дауыс

салғандай шырқайтынын Ердəулет талай рет байқаған. Елсіз ау-
лақтағы дағдысы сол болса мынадай қадірменді қонақ алдында
бар нəрін төгіп аңырамаса Сүмбіле бола ма?
Олар түн ортасы ауа барып жатты. Ай тумаса да, жұлдыз жиі.

Аздап ызғарлы жел соға бастады. Ауа қозғалысы əсер еткендей
жұлдыздарда тербеліс байқалады. Суық дірдектеткен балапандай
бір-біріне жақындасып, ұйлыға қалудың амалын таппай, қанатта-
рымен ғана қыбырлап, бір орында шегенделген дəрменсіздік аң-

ғарылады. Арасы таяқтастам ғана жер, жақын тігілген екі киіз үй
енді қараңғылықтан мүлдем шөгіп, жермен- жексен болып бара
жатыр. Сүмбіле үйіне тақау бас зоотехниктің газигі тұрған, жақын
барып қарамасаң ол мүлдем көрінбейді.

Енді ғана тыныштала бастаған бір отар қой да бастарына қара
жамылғандай, қараңғылыққа үйренген Ердəулет көзіне құйқасы
тілгіленіп текке қопарылған жер қыртысындай қиқы-жиқы бірде-
ме боп шалынады. Күйіс қайырған қойлардың бас шұлғысы жел

қозғаған үлкен жапыраққа ұқсайды. Əупілдеген Жолдыаяқ үнін
Ердəулет мүлдем естімейтін сияқты. Ол иттің даусы тек Сүмбілені
ғана тыныш ұйқыға батырып, ескі кеудесін киіз үйдің іргесінде
«дамылда, дамылда» деп тербеп жатқаны анық.

Осы шақта мынау түнге бір ғана адам баласы үн қатып, оның
меңіреу қалпына сəуле төккендей. Ердəулеттің үйдегі кішкене нə-
рестесі оянған еді. Кейде осы шақтан бастап таң атқанша шешесі-
не көз ілдірмейтін. Тағы да осы дағдысына басар ма екен деп, өзі

де кірпік қақпай отырған Ердəулет жас жұбайының баламен бо-
латын түнгі тынымсыз тірлігін ойлап, мұны тағы да аяныш сезімі
биледі.
Туғанына үш ай толмаған қызыл шақа жан иесі көз ашпай жа-

тып көрген зорлық-зомбылығына шағым еткендей тынымсыз жы-
лайды. Сүт сорғалап тұрған анасының ақ мамасын аузына ала
қоймай шырқырайтынын қайтерсің.
Қазір өйтіп қатты жыламай кішкентай көкірегінен əлсіз күй

ырғағын тауып, Ердəулеттің бірте-бірте тұла бойын шымырлата
бастады. Бұл ұзаққа созылды. Ағыл-тегіл ақтарылып кетпей са-
быр сақтап, өз ойын байыптап мезгегісі келгені ме? Қалайда «уə,
уə, уə» деген бір қалыпты əуенінде салиқалы ой, мағыналы сөз

түйіні бардай. Əлде бұл бар болғаны қой күзетіндегі əкені көмек-
ке шақырып, кішкентай жүрегімен бұлқына тіл қатқаны ма? Жоқ,
өзін үнемі ұға қоймайтын мынау көші-қоны мол абыр-сабыр тірлік

иелерін айыптап, өзінің сəби көңілінің тұрғысынан қатал үкім айтқысы келе ме? Қалайда іштегі бір аласұрған құйынның əлегінен мазасыздана беретін сияқты. «Науқастанып қалмаса игі еді» – деп Ердəулет өз-өзінен тығырыққа қамалды. Ен аулақта қол ұшын берер дəрігер қайдан табыла қойсын. Зырқыратып барып, алып келе қоятын машина да жоқ қой. Бас зоотехник мұнда күнде қонақ бола береді дейсің бе? Күздің түні енді мүлдем қатал қаһарына мініп, Ердəулетті жанжақтан қысымға алып бара жатқандай. «Ай мазасыз, шалай, қызыл шақа балапанын ілдалап бауырына басып отырған бізді сен қалай ғана көндіре қойдың», – деп, Ердəулет сəби даусынан күрт қатайып, аға əріптесін тағы да кінəлауға кірісті. «Жаңа қоныс». Осы сөзді ащы мысқылмен тағықайталады. Сəл ойланған болып, басын кекжите қалғанда аспандағы жұлдыздарды көріп, басына бір ой түсті. Анау жұлдыздарда адам аяғы баспаған кеңістік бар емес пе? Шалың оны неғып байқамай жүр екен. Мырс етіп, Сүмбіленің тым қораш түрін елестетті. Егер бұл осы заман оқымыстыларының бірі, ал мен көмекшісі бола қалсам, шаранасын жаңа ашқан баламмен бірге солай қарай сүйреуден тайынбас. Баласын бауырына басып, көкке ұшқан ғарышкерді əлі естігеміз жоқ. Ол мына біздің шалдан ғана шығатын өнер. Осылай ойын шарықтатып барып, өз баласының қазіргі халіне, уілдеген үніне сылқ етіп құлағандай қайта оралды. Əй, салт басым келмей, қатын-баланы да мұнда сүйреуімді қарашы. Адамның ең бір əлсіз буыны баланың халін ойлағанда кім де болсын үгітіліп кетуге дайын тұрады. Сондай бір шарасыздық үстінде Ердəулет өзін-өзі қинап, жан қысымына түсіп, осы тірлігінде істеп жүргенінің бəрі өрескелдік, шектен шығу деп тапты. Ал Сүмбіленікі болса, бұл шешесінен қолындағы ақ таяқпен бірге туған, даланың киігіндей ойқастап ел-жұрттан қашаңдап жүру мұның тұла бойына бес елі боп жабысқан арылмас дағды, мұнымен бірге өрекпісең бала-шағаның обалына қаласың деген сияқты назалы ойларды бірінен соң бірін шұбыртты. Енді түн қараңғылығы мынау екі иығына асылған дүние ауырлығындай болып, қапаланған ол өз үйіне бас сұғып шықпаққа бұрыла беріп еді, дүр етіп қой үрікті. – Ай! – деп, Ердəулет қатты дауыспен, таяғын қойқаңдата бері ұмтылды. Мұндайға қойлы ауыл өте сақ. Сүмбіле шал кемпірімен атып шықты. Үшеулеп қиқу салғанда, үрген иттің даусы қоса түнді басына көтерді. Азан-қазан дауыстан жата алмаса керек зоотехник шофері екеуі де көйлек-дамбалшаң киіз үйдің есігінен ағараңдап көрініп, бұлар да дауыс салып, қойларды қайырып иіруге кірісті.

Сəл естерін жиғасын ғана Сүмбіле мен Ердəулет:

– Тыныштық па?

– Тыныштық, тыныштық, – десіп бір-біріне үн қатысты.

– Бұл неден үрікті, жаман бірдеме байқалған жоқ па? – деп зоо-

техник істің байыбына бармақ болып сұрап жатыр. Оған Сүмбіле
жауап берді:

– Неден үркуші еді. Қой баласы кейде түнде ұшқан жапалақтан

да үркеді, кейде əлдебір жаманшылықты сезіп те үркеді. Мынау
жаңа қоныс болғасын тіпті солай. Қарайғанның бəрі қос болып
көрінеді.
Отар иіріліп, қараң-құраң еткен адамдар бір сəт саябырлаған

шақта Ердəулет үйінен жаңағы жылаған баланың даусы бəз қал-
пымен тағы естілді. Сəби үні үзілмеген екен.

– Балаңның ұйқысы бұзылды-ау. Жаңағы біздің айғайымыздан

оянған болар шамасы, – деп Сүмбіле қараңғыдан қалқиып төбесі
ғана көрініп тұрған Ердəулет үйіне қадалды. Ердəулет үндеген
жоқ. Енді бəрі біржола тынышталып, сəби үніне ғана құлақ тіккен-
дей қалшиып тұрып қалыпты. Сүмбіленің кемпірі Ердəулеттікіне

қарай кетті. Бұл кісінің баланың бағым-күтіміне көп көмегі тиюші
еді. Алғашында сəби бір мазасызданғанда таңдайына шыққан ақ
таңдақ бірдемелерді қолымен жарып бір тыныштандырып берген.
Одан кейін арқасына шаш сияқты бідемелер шығып оны да май-

мен сылап кетірген болатын. Қазір де сəбидің бір қиюы кетіп жат-
қан жағы бары анық. Оны бір білсе осы кісі біледі.
Күзгі түн суық еді. Көйлек-дамбалшаң шыққан зоотехник пен
шофер дірдектей бастапты. Сүмбіле ғана сəби даусы шыққан

жаққа қадала қарап, осы түн қойнауына жас балғын өмірдің кел-
генін алғаш ұққан адамша қасындағы жұртты қоса сілейтіп əлі тұр.
Жылы төсекке қарай үй иесінен бұрын қозғалуды қисынсыз көр-
ген екі қонақ қарт қойшыдан тың аталы сөз күткендей енді соның

аузын баққан күйде. Ақыры шал үндемегесін зоотехник:

– Мына баланың жылауы жаман, мына жерде суық тигізіп ал-

мас па екенсіздер? Анау-мынау болса дəрігер шақыртып алула-
рыңыз да қиын ғой, – деп қалды.
Сүмбіле енді ғана қатып қалған күйінен оянып, зоотехникке
бұрылды.

– Жоқ, о не дегеніңіз. Малшының баласы суыққа шыдамды ке-

леді. Тіпті оның жылаған даусын естіп, мына менің тоңазыған кəрі
денем рахатқа бөленеді. Жылынғандай боламын. – Осыны айтты
да қараңғы түнде бас зоотехникке жүзін анық көрсетпей жақын-
дай түсті. – Осы білесіз бе? Адам қай қиырға кетсе де алдынан

осындай жас баланың, кейінгі ұрпақтың даусы жетіп тұрса баты-
лырақ болатын сияқты. Кеше осылай көшкенімізде Ердəулеттің

салт бас, сабау қамшылы келмей кішкентай баласын, келінді ала
жүргеніне қуанып қалдым. Қазір осы ызғарлы түнге ана бала жылу
беріп тұрғандай көрінеді. Иə рас, шалың не тантып тұр демеңіз-
дер, мынау түнге ана бала жылу беріп тұр. Ол – анық.

Шалдың бұл не сөзі екенін ешқайсысы байыптап шешіп жат-
пады. Тіпті ұйқысырағанда айтқан шұбыртпасы шығар деген де
пейілдері бар. Олар барып қайта ұйқыға кіріскесін жалғыз қалған
Ердəулет жылаған нəрестенің даусына құлақ салып, тағы біраз

тұрды. Үні енді талмаусырай үзіліп-үзіліп шығады. Сірə, тынышта-
ла бастаса керек. Сүмбіленің кемпірі де өз үйіне барған.
Ердəулеттің қиялы тағы да шарқ ұрды. «Апыр-ау, жаңағы шал
не айтып кетті?» – деп, енді соның төңірегінде неше түрді болжам

құрып, осы түн қойнауында бұл аңысын аңдап, аңғара алмай тұр-
ған бір қасиет бардай көздерін бағжита қадалып, əлденені көзімен
де, ойымен де аласұрып іздей бастады.
Аспанда дірдек қаққан жұлдыздар енді мұны өзімен сыр-

лас болуға шақырғандай жиі жыпылықтап, көздерін тарта берді.
Көкжиекте мұнарға көмілген құмайт қырқалар Ердəулет көкірегін-
де бір жүдеулік тудырып, алыстан жанғаны болмаса тек аспан
жұлдыздары ғана сөнбес сəуле, таусылмас тірлік белгісіндей жан-

сар жарқырап, мұның көңілін аулады.
Шал жаңағы ұйқылы-ояу айтқан сөзімен мұның назарын солай
қарай бағыштап кеткен сияқты. Сүмбіле аңсайтын, арқа-басты
кеңге салып көшетін кең шалқар қоныс, жайылым, сонау қолға ұс-

тап жүрер шырақтай ғана кішкентай жұлдыздарда қалай болуы
мүмкін, жоқ ол мүмкін емес-ау деп, бұл да өз басын шытырман
ойлармен шырмай бастап еді. Қолға ұстаған ұзын таяқ осы ойдың
түбіне жетер жалғыз сүйенішіндей оған салмағын салыңқырай ас-

панға ұзақ көз тікті.
Жоқ, Ердəулет шопан аулына ауық-ауық топталып бір-ақ ке-
летін газеттерді мұқият оқитын жігіт. Ондағы халықаралық, спорт,
ғылым жаңалықтары мұның көзіне ең алдымен ілігетін. Қазіргі

аспан денелері, олардың əр елде зерттелуі жайлы жалпы жұрт
түсінігі мұның да басында бар. Сонда да тап қазір мұны осынау
түннің мысы басып, сол жұлдыздардан адам қонысын іздеген
тірліктің баянсыздығын көргендей.

Қыңқ еткен бала дыбысын естіп ол қайта сергіді. Осыған ілесе
Сүмбіленің де жөткірінген даусы шыққанға ұқсады. Көз алдында
жұлдыздар тербеліп кеткендей де болды. Ердəулет бəрін сана-
сынан ысырып, өзі үйі жаққа құлағын тігіп еді, сəби үні қайтып

естілмеді.
Шопан қиялы кейде уақыт өткізудің жақсы құралы. Ердəулет,
тіпті сұңғыла көкірек Сүмбіленің өзі де қолдағы ақ таяқпен

жұлдыздарға қарай ешкімге жол нұсқап жібере алмайды. Сонда да оған барар жолды енді ғана кəнігі көзбен аңдағысы келген бір түйткіл ойы бардай-ақ түйілді. Тағы да түн қараңғылығы кесе көлденең тұрды ма, Ердəулет бұл райынан қайтқанға ұқсады. Сірə, Ердəулетті сол аспан шырақтарына апаратын бір алып қуат, жылылық көзі керектей. «Мынау далаға ана бала жылу беріп тұр» деген жаңағы шал сөзін есіне алды. Иə, солай деп еді. Шалдың жұмбақ ойының мəнін енді ғана ұстаған түрі бар. Жұлдыздар алыстан күнəсіз көзбен жымыңдаса да мейлінше қатыбас, оң шырайы жоқ, қыры мен сырын жер адамына бірден аңдатпайтын түсі суық жат жаратылыс қой. Мынадай іңгалаған сəби үні жетпей жалғыз-жарым адамның аяқ басуымен тоңы жібіп, мұзы сөгіле қоймас. Қара жер адамның өркенін өсіргені үшін қымбат. Аспандағы жұлдыздар да адамның туғаны мен болғанын өз көзімен көрмей, адам баласына жылы құшағын біржола ашып, елжіреп, еміренбес. Мына шалдың жүйрік көкірегі соны аңғарып тұрған шығар. Қашан да шалғай барып, шалқая қонып, жұрт дүрмегінен бұра тартып жүретін аға əріптесінің жүзін енді ғана жарық шалғандай қиял суретіне үңіле түсті. Адамның биікті, ғарыш кеңістігін аңсайтын іш түйсігі Сүмбіленің қалың қыртысты əжімінің тасасында көмулі жатқандай. Ол осындай қоныс ауыстырар кезде белгі беретін сияқты. 1970 жыл АЯУЛЫ Нартай тапа-тал түсте бөлмеде жалғыз өзі қалғанда қолын қоярға жер таппай əлденеден елегізе берді. Сыздана сықырлап, қиюы көрінген есіктің ар жағынан сыңқылдай əзілдескен екі əйелдің даусы қоса естілген. Бірі – осы үйдегі жеңгесі, жаңа ғана өзін жалғыз қалдырып кеткен əйел. Екіншісі кім? – Былай өзі өзгеріп пе? Тани алар ма екенбіз? – Е, неге танымайсың? Сол баяғы Нартай. Тек ақ қағаздай өңі жұқарып кетіпті. Күн тимей, жел қақпай жүрсе керек. – Рас па, дала адамымыз, үстіне баса-көктеп кіргенімізді жақтырмас, ендеше. – Кім білсін. Жə, қойшы əрі. Ашықтан-ашық мұның басын сарапқа салып келе жатқан екі əйелдің бұған бейтанысы да көрінді. Сұңғақты да балғын

денесіндегі сымбатын ірікпей төгілдірген сұлу бейне даланың хош иісін өзімен бірге əкеле жатқандай Нартайға бірден жақсы əсер етті. Ол есіктен еңкейе кірген. Нартайдың көзіне сұлу келбет оттай басылды. Салмағынан айрылып, су бетіне қалқып шыққандай бір сəттік еріксіздікпен орнынан көтерілмесі бар ма? Мұнысы кірген кісіге көрсеткен инабаты емес, сасқалақ мінезінің əперген «ұшпағы» екенін, немесе өткендегі бір ағат ісінің көлденең көзге емес, өз көзіне ғана ашылған тұстағы ойсыз қимылы екенін өзі де тез түсінді. Қайта отыра қалудың мəнісін таппай, үнсіз дағдарып, оғаш қылығына жаман қысылды. Елесі жылдар бойы жадында сақталып, көңілі құлазыған шақтарда көкейін сезім алауымен жылытып жүрген таныс жүз еді бұл. Соңғы уақытта жансар сəулесі еміс-еміс шалынатын таң алдындағы жалғыз жұлдыздай өшуге айналған. Тұла бойын тыз еткізіп лап ете қалған бір сезімді жұқа өңі жасыра алмай, жақтаулы көз əйнегінің ар жағынан берекесіз кірпік қағысы байқалады. – Жəния, аманбысың!  – дегені өзіне де сөлекет естілді. Келіншектің соңын ала кірген жеңгейінің алдында сөкет боладыау деп қиналды. Жəнияның амандығын шала естіді. Тек сөз соңында: – Соншама сағындырдыңыз ғой. Келгеніңізге бəріміз қуаныштымыз, – дегені айқын жетті оған. Жəнияның мұндай сымбат мүсінін Нартай ешқашан елестете алмас еді. Көзден тасада қалып, тұла бойында жастық қуат қайнап, бұла өскен қыр асауындай серпінді көрінді. Жұқа еріндері бірігіп, əдемі ойылған сызат ұшында жарасымды күлкі нышаны тұр. Қыл қаламдай қиылған қасы қимылға икемді көрінгенімен қанат серіпкен жоқ. Осы бір табиғи қалпында өзімен бірге жаратылған асыл сымбат, нұр сəуле бардай. Ғайыптан шыққандай көз алдындағы таң-тамаша сурет Нартайдың есін кетіріп, əрі көкірегін қызғаныш отындай қарыды. Бірақ Жəнияның байсалды қарасынан тез бойын жиды. Үй иесі  – əзілқой жеңгей, Нартай жүзіндегі оқыс құбылысты күлкі үйірілген көзімен бағып тұрғанымен, бетіне баспады. Өз əзілінің аш етіне ине сұққандай тиетінін сезгендіктен бе, қонақжай пейілмен оларды жайғастырып отырғызды. Нартайдың оған деген ырзалығы шексіз еді. Көңілдегі сол бір көмескі сəуле, сөнген от қайта жанданып, лаулай бастады. Бірақ Жəния мен екеуінің арасында асу бермес бір бел қалғанын сезген Нартайдың жүрегі қалтырап, алтын жақтаулы көз əйнегінің ар жағында сабырсыз сəуле ойнады. Күзгі селеу

түстес ашаң жүзі қуқыл тартқан. Жəния қазіргі қалпымен бір көрінер елестей қапияда тағы да тайып кете ме дегендей қыпылдап отыр. Жəния бұл кездесуге пəлендей мəн бере қоймаған сияқты. Бұл пəни дүниеде кімдер кездесіп, кімдер айрылмайды дейсің. Үй иесі – жеңгейдің мол ықыласындай кең дастарқан да жайылды. Сəлима қайын атаулыны тілмен шағатын сөзуар болғанмен, тап осы арада өзін салауатты ұстады. Нартай мен Жəния екеуінің оқыстан бетпе-бет келуіндегі өзі көрген шырай жүздестігін ара ағайын ішінде суық сөз тудырар нəрсе деп, оны өз ойының өресінше шешті. «Əкем-ау, қайтіп ашна боп жүр бұлар»,  – деп те қойды, Нартайдың жеті-сегіз жылдай оқудың соңында жүріп ауыл адамдарына жат болып кеткенін есіне алып. Əлдебір əуестікпен осы күдікке тірелген Сəлима бұл ойым жаңсақ па деп те іркілді. Шай құйып отырып, осы бір жастық сырға қызыққандай сөз əлпетін сыбыссыз бағып, орамалын көзіне таман түсіріп қойды. Таза, ашық көңілмен Жəния Нартайдың хал-жағдайын сұрады. Нартай енді өз сөзіне өзі қылғынбай тіл орамын жуасытып, ырқына оңай көндіріп те алды. Күрең шайды ұрттай отырып, сөз тізгінін Жəния еркіне қарай ұстауға тырысты. – Тірлік жолы сан тарау ғой. Соның бір саласында кетіппіз. Сол үшін сарп еткен көп жылымда өкініш жоқ сияқты, Жəния. Бірақ сонда да істеген ісіңнің көп көзіне көрінбегені қиын екен. Бұрынғы ауылдас, ағайын-тумалардың көзі сан жылдар сырт жастанып жүргенде жеткенің не, тапқаның қайсы деп қарағандай болады. Соған қысылады да екенсің. Керілген төсіне діріл кіргендей Жəния майда күлді. Ақ бəтестей өңінен жеңіл ғана ойнақы сəуле жүгіріп өтіп, əсем құбыла сөйледі. – Сіз шыққан биік – қыран ғана қонақтар құз емес пе! Техника ғылымының кандидаты дей ме сізді! Бұл ауылдастарың, біздер үшін, аспандағы күндей алыс биік қой. Оған масаттанбай, қысылатыныңыз жаман екен. Нартай жүдеу райынан тез арылды. Енді өз бойын нық ұстап, мақтаныш иесі ретінде отырды. Жəния сөздері айқын көрінгенмен астарлы сияқты. Қақас жібермей əр сөзін дəл ұғуға тырысты. – Біз бірге өстік. Бір бұлақтан су татып дегендей, бірге жетілдік. Арамыздан ешқайсымызды даралап, тасымызды өрге домалатқан ешкім жоқ. Бірақ адамды тағдыр билейді деген рас екен ғой. Жолымыз басқа болып шықты, – деді Жəния. Нартайдың көз алды бір ауық тұманданып, сезім дүниесі алысты кезді. Елес қызығына түскендей. Шынында да бірге өскен еді олар. Жалаңаш балтыры күнге күйген құбақай өңді қыз еді Жəния

ол кезде. Нартай екеуі күні бойы бірге асыр салатын. Бір қызы-
ғы Жəния тау, дала көріністеріне дəл бір қимасындай қарайтын.
Ауыл сыртындағы жасыл шалғыны мол тау бөктеріне Нартайды
үнемі бірге ертіп шығатын. Өзінің қызық мінезі де көп. Балтырын

қытықтай сипалаған шөптесін соқпақпен тез басып барады да, ар-
тына шұғыл бұрылып, əлденеден тұнжырап селқос келе жатқан
Нартайды күтіп алады. Нартай бұл серуенді бос əуре дегендей
кейде іштей қынжылатын-ды. Бірақ кешірімпаздық жасап, əлдене-

ге жүрегінде Жəнияға деген ризалық пайда болады.
Олар тау етегіне тырмысқанда күн ыстығынан денелері балбы-
рап, жас қуат бойға дарығандай еді. Қоңыр салқын самал еседі.
Жапырыла құбылған көк майсадан жұпар иіс аңқиды.

Олар қашан да шаршап қайтады. Бірақ əрдайым көңілдері кө-
теріңкі. Ауылға жете бере айрық жол оларды іліп алып, екі бөліп
əкетеді. Бірде осылай екеуі ауылдан ұзап кетіп, күн артын аңда-
мапты. Батыс жақтан түйілген бұлт қанатын кеңге салып, қара

бауыры жер сызып келіп қалған екен. Олар жауын астында қал-
ды. Күн күркіреп, аспан қақ айрылғандай дыбыс жетеді.
Желбіреген тұлымшағын жаңбыр жуып, самайы айғыздалған
Жəнияның түсі бозарып, тұла бойына қорқыныш кірді. Жаңбыр

астында жапырақтай қалтырап, иегінен су тамшылайды, Нартай
суға малшынған жейдесін шешіп берді.

– Жоқ, жоқ, Нартай, өзің жаурайсың. Қайта ки, мен жаурамаймын.

– Жоқ, сен басыңа жамылып ал. Əне көрдің бе, жаурап бара-

сың, тіпті тісің сақылдады ғой.
Жəния Нартайдың жейдесін жамылды. Ауылға қарай жүгірісті.
Жел қарсы беттен соғып, Нартайдың жалаңаш көкірегін бұршақ-
тай тамшылар ұра бастады. Жəния оның ығын қалқа көріп келе

жатыр. Су болған шалғын қызарған балтырларын ысқылап, ды-
зылдатып барады.
Бірақ күн қаһары ұзаққа созылған жоқ. Нақ төбеден зіркілдеп
өтті де, қара бұлт тау шоқысына бауырын төсей батыс жақтан

етегін түрді. Шайдай ашық аспан жиегі де көрінді. Жаңбыр соңғы
ұсақ селдір тамшысын бүркіп, өткінші екенін көрсетті. Опырылған
жардай күркіреген күн енді алыстан естіліп жатты.
Жəния жүзінен қуаныш аралас нұр жүгіріп өтіп, Нартайды

шексіз бақытты етті. Төгілген шуақ астында құлпыра, жүз көрсете
қыр мəуесі де күлімдейді.
Олар ауыл сыртындағы айналасын құрақ басқан айрық жол-
ға жеткенше киімдері дегдіп қалған. Бұл жолы олар бірден айры-

лысып кеткен жоқ. Түсініксіз бір сезім алқымдарына тірелгендей
алаңдата берді. Үнсіз қипақтасқан екеуі қимасына қолқа салған-
дай болып тұрды да, кенет əлденеден ұят қысып, бір-біріне сырт

беріп кетті. Он адым ұзамай-ақ ұры көздер соқтығысып қалды да, одан əрі айрық жол алаңсыз-ақ бұларды екі жарып өз бағыт-бағдарымен əкете барды. Бұл кезде соның бəрі елес қана қалдырған түстей еді. Он жылдықтан кейін тумысында сергек Нартай жоғары оқу орнына түсті. Қабілетті жасты ол да қанағаттандырмады. Аспирантурада оқып, астанадағы ғылым ордасының тас қабырғасы Нартайды көкке көтерді. Міне, тап осындай жолмен бұл күнге шейін толысу үстіндегі шəкірт сезімінен арылмаған ол бір дүниеден қақас қалып бара жатқанын сезген жоқ. Жасы отызды алқымдағанмен үйлену мəселесін шешпеген-ді. Қала салтындағы қынама бел əйелдердің сұлу мүсінін іштей қызықтаумен тынатын. Оның өзі де бір сəттік құмарлық. Ой қызметінің тауқыметі басып, одан арыға апармаған. Туған ауылдан жырақта мойынға жылдар асып, оқу мен ізденуге берілген ол, ауыл салтындағы адам мен адам арасындағы қарапайым қатынас, сөз сипатын ұмытыпты. Мана Жəния кіріп келгенде көрсеткен жеңілтектігі де содан еді. Осы уақыттың ішінде Жəния, оның аяулы Жəниясы, тап осындай қалыппен жүзбе-жүз келіп, көз алдында қатаң тəртіппен отырар деп ойлап па еді. Күйеуге шыққанын жасырмай ашық сездіріп отырған сияқты. Сол үшін аздаған наразылығы бар. Ауылдан Жəнияны қатты сүйген шағында аттанса да, онымен қайтып хабарласқан жоқ. Тек кəрі əкесіне сирек жолдайтын қысқа амандық хабардан басқа хат жазуға да машықтанбаған. Бірақ тап қазір оны ойламады. Қабағына аз кірбең жинай біраз үнсіз отырып, сонау ауыл сыртындағы көк құраққа сүйір тұмсығымен сұғына кіріп жататын айыр соқпақты көзіне елестетті. Кім білсін, Жəния одан кейін де сол соқпақпен сан жүрген шығар. Бір кезде өзі де түсініп болмаған сəби сезім енді махаббатқа айналғанда жас жанын от болып шарпыды ма екен? Ол Нартай сияқты білім қуған жоқ, өзі сүйген туған даланың өңірінде қалды. Нартай мұны сабырмен ойлады. Шымбайына батқан жан толқынын бүркеп, сыр сақтай сөйледі: – Ұшпа көңіл біткен адамбыз. Өзіміздің қай санатқа қосылатынымызды о баста білмесек керек. Мақсат қумас адам бар ма? Туған жерге көп жылдар көлеңкеміз түспепті. Өзің де адаспапсың. Туған жер игілігін бірге жасасып, ел ортасында жүргенге не жетсін. Бірақ екеуміз бірге туғанмен бөлек есейіппіз. Жəнияда да шешілген түр бар. Байсалды салқын жүзінде кешкі самал үйірген көл бетіндей мазасыз кірбең жүгіріп өтті: – Дұрыс айтасыз. Туған жер  – бесік, ел-ана, жұтқанымыз ел мерейі. Адам үшін одан артық не керек? Бірге туып, бөлек есейгеніміз де рас. Талайлардың алдынан бір айрық жол шығар да.

Мүмкін, ол көбіне мақсатқа жеткізер игі жол да бар. Бірақ соның əуенінде кейде бір серпінсіз бағынышпен жүре береміз. Құрыққа түскендей, мойынға жылдар асып та кетеміз. Əлдебір жақын адамның өзіңе бергісі келген асыл сыйын қадірлемей ұмытамыз. Бəрімізде кездесе беретін көп ақаудың бірі ғой бұл. Бұл сөздер Нартайға ашық, таза үнмен жетті. Алдын ала өлшеп-пішілген, мұның жас өміріне деген кесім үлгісіндей. Нартай осы тұста өзін-өзі алғашқы рет аяусыз кінəлады... Уақыт кешке бейім алған. Ауыл аймағы ыстық шарапатпен көңілге талай ой жүгіртіп, өкінішке де, қуанышқа да жан бітіріп, өзінің кең тынысты шалғай қойнауына тартады. Нəзік үнмен тербелген көк əуені, ауа толқыны сыбыссыз жетіп, жүрек тереңін қытықтайды. Ауыл сыртына шыққан Нартайдың көзіне адырланған көк жон төскейлер күнмен күліп, жалтаң көңілін сиқырмен құбылта берді. Етегін еңіске салған жүзі таныс таудың ақ шоқысы шаңқан жарқырап, асқақ сезімімен қоса өріліп тұр. Жай аяңдаған Нартай соған өз өресін созып бара жатқандай. Ол кілт тоқтады. Тосын көзге аяқ астында қым-қиғаш сүрлеу іздер басқан көк құрақты құнарлы жер ғана жатыр еді. Ол өз сүрлеуін, өзінің гүл атып, махаббатқа жалғаса алмаған бір кездегі сəби достығынан айырған айыр соқпағын ажырата алмады. Бірақ соны өзі тап басып тұрғандай əлденеден бойы тебіренді. Нартайды көп алаңдатқан мына бөгде сүрлеу соқпақтар. Кімдерді айырып, кімдерді табыстырды екен бұлар? Ол айналасын шола қарады. Бір кезде ұшан-теңіз көрінетін туған жер, енді айналасы атшаптырым ғана, алақандай аяға сыйып тұрған сияқты. Ана көзіндей кең мейірім, əрі ыстықтық бар. Сол мейірімнен, сол ыстықтан жеткізгені де, жеткізбегені де мол, ол да бір өткен аяулы шағы екенін ұға ма? 1961 жыл АДАМНЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ Ағаштардың сарғайған жапырақтары арасынан күннің сəулесі төгілген күздің ең бір саябырлы, мейірбандығы мол шағы еді. Анна Дмитриевна соңғы стақан шайын ішіп болып, стол үстін жинамастан терезеден бақ ішіндегі шуақты қызықтағандай үнсіз отырып қалған. Ауызғы бөлменің едені тарс-тұрс етіп сырттан пəтерші жігіт Хамит кірді. Ол əйелі, үш жасар баласымен Анна Дмитриевнаның дəлізден шығатын бөлек есігі бар жеке бөлмесінде тұратын.

Əлдене айтпақшы екенін ұққан кемпір мол денесін қозғауға ерінгендей, мойнын болар-болмас бұрып, қабағын кере қарады. Хамит қуанышты, əрі асығыс екен. – Анна Дамитриевна, бүгін біздің үйге Совет Одағының халық əртісі келеді,  – деп белгілі əншінің құлаққа əбден сіңісті болған аты-жөнін қоса атады. Анна Дамитриевна əн өнерін соншама сүйетіндіктен де, оның хабарына кəдімгідей елегізіп қалды. Хамит үйленгенде достары оған сыйға тартқан магнитофоны болушы еді. Оған əр жақтан əндер жазып, ленталардың неше орамын толтырып тастаған. Сонда да Хамит қанағат тұтқан емес. «Мына əндердің жазылу сапасы аса жақсы емес, шіркінай, белгілі əншілердің тура өз қасында тұрып, микрофон арқылы түсіріп алғанға не жетсін», – деп аузының суы құритын. Өзі телевидениеде аға техник болып істейді. Қалайда қызметіне орай өнер адамдарының көбісімен жүзтаныс қой. Бүгін ішіндегі ең мықтыларының бірін ұстап, соның орындауында біраз əндерді жазып алудың сəті түскен секілді. Хамит сияқты елгезек, құлағының дəл түбінен сыңсып əн естіліп тұрмаса ішкен асы бойына дарымайтын жігіт үшін бүгінгі қонақ өзімен бірге бір қап ырзық əкеле жатқаны анық. Хамит кеткесін Анна Дмитриевна үй ішін тəртіпке келтіре түскен болып, əрі-бері қимылдады да, айна алдына барды. Маңдайынан жоғары, əрі құлағының түбінде желбіреп тұрған ақ шашқа бүгін аса бір ілтипатпен қарамақ пейілі бардай. Маңдай терісін жазып, иегін ары-бері бұрып, бет-жүзін, мойнын бір сəтке болса да қыртыстанбаған əжімсіз күйде көргісі келіп, сырттан біреу бақылай қалса осы жасына лайықсыз қимыл жасап тұрғанын да ескермеді. Сəлден соң иығын салбыратып, мұңайған пішінмен қыбырсыз тұрды. Уақыт мəнеріне қарсы адамның ақыл-ойы дəрменсіз екенін сезген, бірақ ол мұның бір басының ғана мұңы емес, нелер ұрпақ шешуін таппаған, тек əнмен, күймен айбат шегіп келген қатыбас тағдыр сызуы екенін ойлаған бет-бедер бар. Бұл оймен Анна Дмитриевна көп болған жоқ. Ауырсынған шəлісін мойнынан сыпырып тастағандай тез жеңілейіп үй шаруасына қайта бұрылды. Бөлмелері онсыз да тап-тұйнақтай еді, жаңа ғана басынан қуған уайымды қайта жолатпауға себі тиетін қолға ілігер бір іс таппай сəл бөгелді. Ары-бері еш себепсізақ бұрылып байқап еді, қол-аяғы бүгіліп-жазылмайтын ағаш сияқтанып мүлдем оңтайсыз көрінді. Апыр-ау, жаңағы Хамит айтып кеткен хабар мұны соншама тұралатқаны несі? Белгілі əртіс келсе не болушы еді? Анна Дмитриевна осыншама жыл Алматыда тұрса да телевизордан

болмаса сол əншінің өзін көрмепті де. Əлде өзіне-өзі мойындамағанмен белгілі əртістің осында келуі мұның өмір бойы сарғая күткен бақытындай, бұл үшін қайталанбас үлкен оқиға ма еді. Анна Дмитриевна өзінің осы өмірінде аз нəрсені күтті ме? Күйеуі майданнан оралғасын көп жүрмеді. Бала кезінде екі қабырғасын сындырып, кемтарлыққа ұшыраған жалғыз ұлы соғыс кезіндегі ауыр жұмыстан қосалқы ауруға ұшырап, ол да қыршын кетті. Сол жылдарда мойымай осынау бастағы тірлікті өгіздей өрге сүйреп келген бір өзі ғана. Қазір қартайды. Қолдағы күрек пен кетпеннің табы əлі кеткен жоқ. Енді өткен күндеріне бүгінгі тыныш қалпынан қарап өкініш айта ала ма? Əрине, онсыз өмір болушы ма еді? Бірақ санын соғып, бармағын тістейтін оқыс сəтсіздіктерді қанша зорланса да есіне түсіре алмайды. Алыс Сібірде Обь өзенінің жағалауындағы шағын селода қаршадайынан мұз кешіп өсті. Есейе келе өгіз айдап, жер жыртты. Мұны жастайынан сомдап соғып, қайратты еткен өлмелі əкешешесінің қамы еді. Өз құрбыларынан тұлғасы бөлек екенін іштей сезе ме, əйтеуір, əлсіз жыныстанмын ғой, бұл іс маған қол емес дегенді қаншама тау көтеріп жатса да ойына алған емес. Колхоздың сол қиын кездердегі мойынтұрықты өгізге емес, өз мойнына ілгендей шаруасына жанын салып, кейбір жеме-жемге келген сəттерде жігіттерден де қайратты шығатын. Сол тірлік кешегі зейнетке жеткен күнге дейін жалғасты. Қол бостықтан, іш пысудан ба, өмірдің қара еңбектен басқа да жақтары барын осы соңғы шақтарында сезінді. Анна Дмитриевнада қиялшылдық та пайда болған. Кейде күрсіне отырып «Заманым болса ғой», – деп сөйлейтін. Онысы көбіне жаңағы Хамитпен əңгімелессе айтатыны. Хамит магнитофонды жүргізіп, одан бірінен бірі өткен таза дауыстар төгілгенде: «Мынау мынадай əнші, мынау мынадай əнші»,  – деп, əр дауыстың иесіне анықтама беріп жатқанда Анна Дмитриевна əн тебіренткен қалпымен шарасынан аса төгіле жаздап, үйреншікті күрсініс сөздерін айтатын. Жас шағында онда əдемі дауыс болғаны анық. Бірақ оның осылайша сайрап шықпағанына кім кінəлі? Оқу оқымай, қала көрмей алыс деревняда ауыр еңбекке қыңқ демей өскені ме? Əлде мұның жас өміріне салмағын артқан кембағал əке-шеше ме? Əлде сол дене, бұлшық еттерімен жұмыс үшін туған қыршын қыз Аняда əдемі дауыс барын ойлап, оған көңіл қоймаған айнала жұрт па? Жоқ, табиғаттың бергенін жұлқып, көкке көтере алмаған, сондай серпіліске мойны жар бермеген өзі ме? Осы ұзақ өмірде «Мен сөйтпедім-ау», – деп, артына қарайламаған болса, ондай əдет тау бұлағы көлге құйып тыншу тапқан

қазіргі шағында ғана көкірегін шым-шым еткізіп, əлсінəлсін келіпкетіп тұратын болған. «Заманым болса, тап осы əншінің орнын мен басар едім», – дегенді Хамитке талай рет айтқан. Немесе: «Заманым болса, осы күнгі əн айтам деуге талабы барлардың жұлдызы өзім едім ғой», – деген де осының сөздері. Хамит – қу жігіт. Анна Дмитриевнаның көңіліне тиіп кетпейін деп, күлкісін тежеп ұстайтын. Ол сыңайды Анна Дмитриевна да байқамайды емес. «Сенбейсіңдер ғой, қарақтарым», – деп іштен тынады да, сонау балалық шағы өткен Обь өзенінің жағалауын көз алдына келтіретін. Теңізге ұқсап, кең жайылған тұманды су жағасындағы қалың ағаш, бұта, тіпті жер бауырлап өскен жатаған шөптерге дейін мұның көз алдында тіріліп, «рас, рас» десіп, қол соғып, тербеліскенге ұқсайды. «Жас қыз Аняның дауысына құлағымыздың құрышы қанған». Осы бір үн жердің көкірегінен шығып тұрғандай Хамит сияқты елгезек жастарға сондай бір куəгер тілін ұғарлық ақыл-сана бітер ме еді деп те армандайды. Соғыс біткен жылы сол өзен жағасында жүзі жүдеу, иығына артқан қапшығы бар майданнан қайтқан бір жауынгер жолыға кетті. – Қарындас, сіз мені танымассыз, – деді ол өзіне шошына қараған Аняға. – Осыдан төрт жыл бұрын майданға кетіп бара жатып, тап осы маңнан сіздің шырқаған даусыңызды естігенмін. Жүрісіміз шұғыл еді, сізге бір қайрылып, есіміңізді сұрай кетуге мұрша болмады. Бірақ тірі қайтсам сізді іздеп табармын деп, өзіме ант бергенмін. Сіздің сондағы даусыңыз маған төрт жыл бойы қуат берді. Небір оттан, оқтан аман өтуіме көмектесті. Жер төсеніп, топырақ жастанып жатқанымда сіздің дауысыңыз құлағыма құйылып, тұла бойым жылынып сала беретін. Міне, енді бəрі артта, сізді жолықтырғаныма өлердей бақыттымын. Анна Дмитриевна оған не айта алсын? Бұл кезде оның басы бос емес еді. Артық киім-кешегін иығына салған жауынгер сол бетімен кете барды. Осының бəрін Анна Дмитриевна кімге сыр ғып айта алады? Сөзіне сенетін кім бар? Тек тұман арылмайтын алып өзен жағалауындағы қалың ағаш жайқалады. Бəрі – алыс арман. Тəтті қиял ғана тудырарлық арман. Бүгінгі тірлікке пері мен періште қалай өгейлік етсе, ол да сондай көз көріп, құлақ естімейтін жырақта қалған, жұрттың санасына қанша жырласаң да енбейтін, бірақ соншама таңғажайып өмір аралы. Анна Дмитриевна оны кəрі жасының жұбанышы үшін ғана жолдас етеді. Сыртқы қақпа ашылды. Анна Дмитриевна терезеге қарап еді, Хамит, артынан аласа бойлылау сұрғылт плащты біреу өтті.

Хамиттің алақ-жұлақ еткен жүзінен мана соншама сабырсыздана атаған қонағын ертіп келе жатқанын ұқты. Анна Дмитриевна бұл кезде көйлек ауыстырып киген. Жаңағылар Хамиттер тұратын бөлмеге кіргенде, бұл да соңдарынан барды. – Амансыз ба, шеше? – деп, өзіне ибалы амандасқан əртістің түр-түсіне бажайлай қарады. Көңіліне бірден олқы соқты. Бойы да, өңі де көрнексіздеу, кішкене адам екен. Өзі қазақ па, ұйғыр ма, жоқ қай ұлтқа жататынын ажырату да қиын. Үстіндегі сұрғылт плащы да ұнамады. Көнетоздау сияқты. Тек шеше бастағанда ғана аңғарды, түз аңының жонындай құлпырып тұратын асыл матадан екен. Хамит əйелі екеуі бəрін дайындап қойған. Ортадағы столда қымбат шарап, түр-түрлі дəм бақшадағы шоқ-шоқ гүлдер тобындай сəнмен орналаса қалыпты. Сондай бір нəзік құрмет көркі бар. Бірақ жапа-тармағай отырыса кетіп, қол салатын бұлар емес. Əртіс үйреншікті адамдай аяғын еркін тастап, бөлме түкпірінде тұрған магнитофонға қарай жүрді. Хамит те ленталарды дереу іске қосты. Əртіс микрофонды қолға ұстады да, арт жаққа бұрылып, Хамиттің келіншегі мен есік қасында орындыққа отыра кеткен Анна Дмитриевнаны бір барлап алды. Хамит те кемпірдің мұздай киінісін осы кезде байқап, аз-кем қысылып қап еді. Мына түрімен сөкет боларлық бірдеме айтып қалмас па екен деп ойлаған. Кемпірдің ондайы болушы еді. Əртіс микрофонды аузына тақап, терезеге қадалып, қиялға кеткендей баяу бір үн шығарды. Анна Дмитриевна «Ол даусын тексеріп тұр»,  – деп ойлаған. Жоқ олай емес, магнитофонның лента орамдары айналып жатыр. Хамит үнсіз қалшиып қалған. Даусы шынында жақсы болар деп ойлады Анна Дмитриевна бірте-бірте іші-бауырына еніп бара жатқанын байқап. Тағы бір ойына келгені, бұл əртіс соғыста болған адамға ұқсайды. Айтқан əндері орталық Ресей далалары туралы, сол бір қаһарлы жылдарда белі қайысқан Отан-ананың жүрек лебізін осы бір кішкене адам жиып əкеп, өзінің қауашақтай жүрегінен шығарып тұрған сияқты. Анна Дмитриевна қатты тебіреніс үстінде əлденеден қиялы ауытқып кетіп, сонау Обь өзенінің жағасында өзімен кездескен жүзі жүдеу жауынгердің осы бір əн ырғағымен құбылып тұрған бет-əлпетін көрді. Туған жердің ыстық лебі шалқыды. Толарсақтан саз кешкен жауынгер сəтсіз махаббат жүгін арқалап кете бармақ емес, қайта қан майдандағы жігерін шақырып, əнші қыздың жүрегін қайтсе де өзіне бағындырмаққа Обь өзенінің құдіретіндей жойқын қуатпен жар салғанға ұқсайды. Мынау

дауысқа неткен тас жүрек болса да жібімей қалмақ емес. Мəңгілік
мұз еріп, тоң жібіп, көктемнің ақ балауса гүлдері шешек атып, жаз
орнайтыны анық.
Анна Дмитриевнаның тəтті қиялы əнмен бірге үзілді. Шағын

денелі əртісі ол енді ғана байқады. Апыр-ау, радиодан, телевизор-
дан мұның даусын неге өстіп естімейміз деп бір қойды.
Техника дегенмен, адамның өз аузынан шыққанға жетпейді
екен ғой.

Анна Дмитриевна əртіс өңіндегі əрбір даққа дейін есінде сақ-
тап қалғысы келіп, қанша үңілсе де, ол əн айтқан сайын бар тұлға-
сы көз алдынан өшіп кете береді. Дұрыс, қиял да қияңға сермейді.
Адамның көкірегі ғана аңсайтын бақытты тірлік мынау асқардың

арғы бетінде ғана, ебін тауып, үстінен ұшып өтсең болғаны, ұшар
басына соқтығып, құздан құламасаң болғаны. Тірлік еткен, бұқ-
пантайлық жасамаған адамға бəрі жақын. Тек жастық жігер, жа-
лын қуат керек.

Бірнеше əн жазылып бітіп, бəрі стол басына жиылғанда Анна
Дмитриевна бұлармен бірге көп отыра алмады. Мынау қадірлі қо-
нақтың алдында көз жасын көлдетіп алудан қорықты. Бұлармен
бірге таныстық үшін бір рюмка ғана жұтты да, рұқсат сұрап, өз

бөлмесіне кетті. Атақты əртіспен бір стол басында отыру тап қазір
қандай ғанибет екенін ұқса да, бұдан арғыға дəрмені жетпеді.
Шынында, көңілшектік пе, жоқ, əлденеге зығырданы қайнай ма?
Оны да ажырату қиын. Өз бөлмесіне кіре көз жасым ақтарылар

деп ойлаған. Бірақ іс басқаша шықты. Сұлқ тұрып, суық көрге кір-
гендей əлденеден бойы тоңазыды. Ана бөлмеден кетіп қалғанына
енді ғана өкініп, əлдене көкірегіне қадақтай тиді. Қайта барудың
реті тағы жоқ. Ұзақ тұрды ол.

Əртіс Хамиттің бөлмесінде көп жайғасып отырмады. Аздан
соң екеуі терезе алдынан өтті. Сонда ғана Анна Дмитриевна бір
қымбаттысынан айрылып, əлдене көкірегінен үзіліп түскендей
бар салмағымен төсегіне құлады. Бірақ тез атқып тұрып, терезеге

барды. Жаңағылар ұзап кеткен екен.
Апыр-ау, бұл өң бе, түс пе? Анна Дмитриевна осы ұзақ жыл-
дарда алыс арман, көз жетіп, құлақ естімес жырақ, жұмбақ қор-
шаудағы ерекше тірлік аралындай көрген өнер атты дүние өзінің

қақ қасында жапырақ жайып, шешек атып тұрғанын аңдамапты.
Бақшадағы мол шуақ қиялдағы суреттің жарқылын молайтып, кəрі
кісінің санасына сəуле құйғандай. Сол шаңқан сұлулықтан қақас-
та өткен ауыр өмірі мен қиын тағдыры жанын жегідей жеді ме,

енді ғана көзінің жасын ірке алмай терезеге ұзақ қадалды.
1971 жыл

САҒЫМ

Садық өзінің маған деген көңілімен, ашық мейірбан жүзімен
елсіз далада буалдырланған сағымға ұқсайды. Мен оны елегім
келмейді. Дала көрінісін сол қалпында, ешқандай ауа қозғалысы-
нан селт етпеген күйінде көрсем деймін. Ал сағым жоғалмайды.

Қабағымды серпіп, көзімді ашып-жұмып қайта қарасам да, ол көз
алдымнан кетпейді. Далада туып-өскен мен мынау абыр-сабыр
қала тіршілігінің ортасында да сағым қуған күндерімді ұмытпай-
мын. Мен оны қатты ұнатушы едім.

Тастары күміс үйінділеріндей жарқырайтын, баурайы көк шал-
ғын, жоғарылай келе қоңырқай түске айналатын тау өңірі осы
сағыммен белдеуленіп, əлдебір үн ырғағымен теңселіп тұрғанға
ұқсайды. Егертаудыңсол иіліп жазылған тұсына жетеқалсаң табан

астындағы жер селкілдегендей қызық күйге ұшырауың мүмкін-
ау деп, сағым қуалаған басым, қиыршық тас пен белуардан ке-
летін шалғынды кешіп талай рет биікке көтеріліп қайтқаным бар.
Құлама құздары мен қалың жыңғылына жетсең, тау одан сайын

құбылып, тарбиған бұталары мен жоталарына дейін оның мың
сан көздеріне ұқсап, асты-үстіңнен тегіс анталап қарап тұрады.
Іздеген сағымым үшті-күйлі жоғалса да, не кейінде қалса да
мен мұнда келгеніме өкінбеймін. Бұрын көзім шалмаған ғажап

өмір аралының ен ортасына қонғандай енді осыдан қалай қол үз-
беуге болатынын ойланыңқырай сəл уақыт өткіземін де, кенет мы-
нау жабайы табиғат селт етпеген қалпымен, көкірегімде сұмдық
қорқыныш тудырып, кейін қайтамын. Табаным астындағы қиыр-

шық тастардың шықыры одан сайын шошытып, енді анталаған
таудың мың сан көзі жан-жақтан қамап алған жыртқыш аңдардың
отты жанарына ұқсап, жаным мұрнымның ұшына келеді. Бұл қор-
қыныштан таудан ұзап, оның сағым дірілдеткен белдеулері қайта

шалынғанда ғана арыламын.
Иə, қазіргі есейген шағымда да мынау Садық сол сағымды
еске түсіреді.
Мен қаладағы аспирантпын. Жасым жиырманы қусырып, отыз-

ға таяп қалған. Дене бітімім кесек, етжеңдімін. Қол- аяғым анау-
мынау ер адаммен тайталасу үшін жаратылғандай кеспелтек, ірі
жанмын. Жасым əлдеқашан жеткенмен менде семья жоқ. Ғылым
жолына түскен қыздардың көпшілігі ол жағынан кешеуілдеп жү-

ретін əдеті. Академияның жатақханасында өзімнен көп кіші қыз-
дармен бірге тұрамын. Садық болса үйлі-баранды, қалада өзінің
жеке пəтері бар. Сонда əйелі, бала-шағасымен тұрады. Алайда,
менің төңірегімде көлбеңдеп жүргеніне де көп болды. Маған

«сүйдім-күйдім» деген сөздерді судай сапырып ешқашан айтқан

емес. Бəрін емеурінмен білдіреді. Егер салт басты, сабау қамшы-
лы біреу болса əлдеқашан-ақ құшағына кіріп алатын жігітім.
Біреудің өзімдей қызын алып отыр ғой, əрі екі-үш баласы бар.
Солардың бəрін ұлардай шулатып, мен мұны тартып əкетсем ар-

тында қалғандардың қиқуы мен зары құлағымнан кетпейтіндей
көрініп, ондай ойдан басымды ала қашатынмын. Сонда да оның
сөзін шарт үзіп, кеудесінен қатты қаққан емеспін. Денем еңгезер-
дей болғанымен көңілшекпін. Жұқа өңді, жібек мінезді, маған де-

ген мейірбандығы керемет Садық та көңілшек. Маған қарасында
күннің көзінен үзіліп түскен сəуледей ыстық ықылас бар. Бəрін
көріп-біліп тұрамын да оның осы қалпына дақ салмайын деген
оймен қатты сөйлемеймін.

– Садық менен көп еш нəрсе дəметпейтіндей. Бар болғаны

онымен бірге анда-санда сəл серуендесем, киноға барсам, сəл
құшақтассам, соны ғана қанағат тұтатындай. Менімен ең ақырын-
да көңілі көтеріле ризалықпен қоштасады.
Сөйтіп, кейде екі қолым алдыма сыймайтын бос уақытымды

өткізу үшін ғана онымен жүріп қалатыным бар. Бірде оған осы
жүрісінің мəніне көзін ашқым келіп:
Садық, менімен осыншама көп уақытыңды рəсуа ететінің қа-
лай? Екеуімізді байланыстыратындай еш нəрсе жоқ қой. Ана ба-

ла-шағаң болса сені күтіп, екі көздері төрт болып отырған шығар.
Сен болсаң менімен бірге еріккеннің ермегін істеп жүрсің. Онан да
осылай өз əйеліңмен қыдырсаң қайтеді?
Ол мұндайда бірден жауап бермейді. Жауап берген күнде де

мен қанағаттанарлық еш нəрсе айтпайды. Ақшыл өңі, қап-қара
көздерін уайым басқандай салғырт күйге түсіп, мені батылырақ
бауырына тартады. Мен онысына көнбей, қалай да түпкі ойын
ашып айтуын тілеп, екі қолын күшпен жазып жіберемін. Ол сонда

да үндемейді. Сəлден соң ғана жігерсіз адамның қалпына түсіп:

– Жаным, сені қалап тұрса қайтейін. Əрине, семьям бар, ба-

сым байлаулы екені рас. Сен соны айтып, несіне көзімді шұқи бе-
ресің? Бəрібір мен сенсіз тұра алмаймын. Осыны түсінетін уақы-
тың болды ғой, – дейді.
Мұның ар жағында оның да, менің де көкейімде бір сөз тұрады.

Оны айтуға екеуміздің де батылымыз жетпейді. «Басы байлаулы
болса оны босатып алар хал мұнда неге жоқ? Бүйтіп екі жарыл-
ғанша жолындағыны бұзып-жарып бір жағына неге шықпайды?».
Бар гəп осыған тіреліп тұрған сияқты. Оны қайсымыз айтып сал-

сақ та үлкен дүниені бүлдіріп, сау басқа сақина тілеп алатындай
көреміз. Мұны айтқызбайтын Садықтың əлде ішкі бір жағдайы бар
ма? Қашанда мұндай қамал бұзар сөздің шиін мен шығарсам дұ-
рыс па деймін? Қанша рет оқталғанмен көз алдымдағы аз күндік

болса да алданыш Садықтан айрылып қалатындай, немесе он-
дай атты күңкілім оған қамшымен басқа соққандай тиіп, əйелінен
ажырасуға шындап бет қояр деп қауіптенемін. Біреудің семьясын
бұзайын деген жаман атақтан жалтарғаным емес, қалайда əл-

декімдердің обалына қалудың да, шынымды айтайын жақсылық
емес екенін жүрегіммен сезінуші едім. Адамның ең жоғарғы ақыл-
ойы қызмет ететін ғылым жолына түскен басымды, ондай пəле-
жаладан аулақ ұстаймын деген нық шешімім əлдеқашан қалып-

тасқан. Оның шеңберінен ауытқып шығар күш менде жоқ.
Сонда да Садық осы қалпымен де, ыстық суығына араласпаған
осы күйде де өмірдің аса бір қызық төріне шақырған, соған көзімді
ашқан асыл бейнедей. Оны қаншама елегім келмесе де сол елес

боп көлбеңдеген өмір төрінен көз жазып қалмау үшін ғана мынау
қол ұшын берген Садыққа ес-түссіз жұмсаратын сияқтымын.
Садықтың бала кезімде көп көрген, көп қуған сағым бейнесін
ойыма салатыны да сондықтан болса керек. Дірілдеген ауа қа-

батымен белдеуленіп жатқан тау өңірі сол Садық нұсқаған өмір
төрі, оның қызығы мен қуанышы. Оны осы ақшыл өңді мейірбан
жүзді жігіт арқылы ғана көріп тұрғандай енді Садықтың көлеңкесін
сағалап, өзім аңсаған қиырға жетіп алсам деймін. Бұл жолы сағым

қуған бала кезімдегідей тек таудың тасы мен шалғынын таптап,
үрейлене кері қайтатын емес, ғұмырлық игілікке белшесінен бата-
тын сəт сапарының бастамасы сияқты.
Мүмкін Садық қолымнан жетектеп, ол қиырға алып бармас,

сонда да оның бір адамға жетерлік қасиеті мен көркінің жарығы
арқасында түпкілікті нысанамнан адаспауыма жақсы ғой.
Кім білсін, бұлай ойлауым Садықтан басқа көңілдес жігіттің
маңымнан табыла қоймауынан да шығар. Мейлі, солай-ақ дейік.

Қалайда адамға жабыққанда мұң шағу үшін болса да, бір таяныш,
əлсіз жұбаныш керек қой.
Оқу-шоқудан табысым баршылық болғанымен, ішкі өмірім иен
қалған үйдей құлазиды да тұрады. Онда жарық жағып, ел- жұрт-

тың отының басындай киіз-алаша төсеп, тұскиіз, перде іліп, тұр-
мыс көркін құрайтын дүниеліктермен əшекейлейтін күн мен қанша
аңсағанмен алыс сияқты. Мен қиялдап, солай қарай шарқ ұрған-
мен ол жел қуған шаң мен құм тозаңындай сейіліп, көз алдымда

ғайып болып, тіпті елесіне дейін жоғалады. Мұндайда ауыр мұң-
ға түсемін. «Суға батқан тал қармайды» дегендей, сөйтіп, басым
айналып күш-қуатымнан айрыла бастағанда нені болсын сүйеніш
етуге əзір əлсіздікпен Садыққа қол артамын. Мұндайда ол маңда-

йының жұлдызы жанғандай бір жасап қалады.
Тағы айтайын, тек көшеде жүріп қайтамыз, киноға кіреміз, шет-
кері жұпынылау кафелердің бірінен дəм татамыз.

Осылай жылдар өте берді. Мен кандидаттық диссертация қор-
ғадым. Бірақ жатын орным сол баяғы. Садықпен арақатынасымда
да ешнəрсе өзгерген жоқ. Біздің жүрісімізді байқаған жұрт неше
алуан лақап таратып, кейін келе ол лақап өрге баспады... Садық

екеуміздің достығымыздағы басы ашық шынайылық басқаның да
көзіне шалынды білем. Ақыры олар бұлардың арасында еш сүйіс-
пеншілік жоқ. Қызмет бабы ма, жоқ ғылымдағы мақсат па, қандай
да бір төтенше жағдай тудырған іліктестік қана бар деп жорамал-

дауға көшті. Сөйтіп Садық екеуміздің қыдырысымызды таныстар-
дан ешкім байқамайтын да болған.
Осы уақыттың ішінде Садықтың келіншегін бір-екі рет қана
көрдім. Онда да əлдеқалай екеуі көшеде бір шаруамен келе жат-

қандарында ұшырасып едім. Сонда есімде қалғаны ол да мен
сияқты еңгезердей əйел екен. Өз пішінімді көргендей болып, мұн-
шама ұқсастыққа қатты таңқалғанмын. Тек қана көздеріндегі оты
бөлек. Көмірдей қарауытқан жанарында түйдек-түйдек жалын ла-

пылдап тұрғандай, аса жігерлі өжет əйелдің қарасын танытады.
Мұны көргенде аздап бойым тітіркенген. Садық əлдеқалай сыр
үстінде əйелінің өте ашушаң, жолында кесекөлденең біреу тұрса
бас салып шайнап жіберуден тайынбайтынын айтып еді. Айтса

айтқандай-ақ екен. Менің осынша жылдар ішінде күйеуімен бір
ілік-шатысы бар адамдай-ақ қосақтасып жүргенімді сезсе, мына
айдаһар əйел оның ақ-қарасына бармай-ақ бар сұрапыл қайраты-
мен найзағайша атылмасына кім кепіл.

Бұл болжамым айтқандай-ақ расқа шықты. Əңгіменің көкесі
мен пəтер алып, жеке шыққасын болды. Төрт қабырға өзіме оңа-
ша тигесін тынысым кеңіген басым алғашқыда қатты қуанып едім.
Байқасам, менікі Садық қуанышының қасында түк емес екен. Ол

осы кеңшілікке өз басының азабымен жеткендей-ақ құлашты кере
созып, менің төрімде шалқалап жатып алды. Қанша дегенмен көп
жылдардан бері үйренісіп қалған адамбыз ғой, алғашқыда мұ-
нысына аса мəн бермеп едім. Сөйтсем, мұным жаңсақтық екен.

Оның маған көзқарасында шұғыл өзгеріс байқалды. Енді ол ақай-
тоқайға қарайтын емес, менімен біржола бас қосу жөнінде сөз
шығара бастады.
Өй, қарағым-ау, мұныңды естіртпе! Мен саған талай рет ұқты-

ра айттым ғой. Біздікі жай достықтан ары бармауы тиіс. Енді оны
естен шығарып, бұлай деп қолқа салып тұрғаның қалай? – деп
өзіне ашуландым да. Байқаймын, бұл сөзіме Садық құлақ асар
емес. Бірақ мен де өз дегеніме берік едім. Ал Садықтың өлер-

мендігі менен де басым сияқты.
Сөйтіп жүргенде, бірде ол өз əйеліне ажырасатынын ашық
мəлімдепті. Маған онысын соншама сендіре айтты.

– Мұның не, Садық, мен сенің бала-шағаңның, өзімдей жас

келіншегіңнің обалына қала алмаймын ғой. Менің басымды бүйтіп
шатастырмасаң қайтеді? – деп ренжідім. Ал Садық болса бұған
бүлк етпейді.
Көптен бергі сыралғы досты қыз мінезді көңілшек жігіт ретінде

білсем де, енді оның осы жолы күрт кеткенін сезгендеймін. Мұның
ақырынан үлкен сұмдық көріп, мен қатты шошыдым. Басымды
пəле-жаладан аулақ ұстайын деп əрекет жасадым. Садыққа аты
жоқ, мағынасы жоқ бұл жүрісті тиямыз, енді менің үйіме келуші

болма деп, кесіп айттым. Қараңыз, соншама көңілшек көрінген
Садық тіпті селт етпейді. Мен жақсы айтайын, жаман айтайын
мұның миына кіріп шықпайтын сияқты. Сол мейірбан қалпымен,
ашық, ақ көңілділігімен көз алдымда күн сəулесінің шұғылысына

малынғандай жарқырап тұра береді.
Өз басымды таза ұстау үшін бұдан əрмен қайрат қылуға менде
дəрмен жоқ. Көп жылғы сырластық, достық ондай қимылға жібер-
мей қол-аяғымды матап ұстайтын сияқты.

Бір күні Садықтың келіншегі өзім жоқта менің жұмысыма келіп
кетіпті. Кабинетте бірге отыратын көңілдес құрбым бар еді. Ол
маған мұны үлкен қауіппен айтты. Келісінің түрі жаман, сақтан-
басаң болмайды деген жазу тұр еді, көзінде. Мен оны айтқызбай

ұқтым. Өмір күнде той емес, енді оның үлкен бір лаңы төбемнен
қара бұлт боп төніп келе жатқаны анық. Мен одан қашып құты-
ла алмаймын. Осы қаланың қай қалтарысынан болмасын тауып
алатын лаң. Əлде бəрін тастап басқа қиырға тайып тұрамын ба?

Өйтіп, бас сауғалау қайда? Бар өмірімді, жалын жастығымды ар-
наған ғылым жолындағы арман-мұратым бəрі осы қаламен бай-
ланысты. Басқа қай жерге барсам да оны дəл осы қалпында таба
алмасыма көзім жетеді.

Иə, бəлен жерде бақыр бар деп, қызықтырушылар табыл-
са да Садықтың келіншегінен қорқып олай қарай қия басар мен
жоқ. Соншама сорлы болатындай мен де оңай пенде емес шы-
ғармын. Егер ағына барыссақ ол замандасымның алдында судан

ақ, сүттен таза екенімді дəлелдеп шығармын. Қолынан жетелеп,
Садығының алдына апарып, өз басымды ақтап алармын деймін.
Егер жетегіме көнсе солай, көнбесе ше?
Абұйыр болғанда, ол екінші рет келгенде де мен жоқ едім. Бұл

жолы қызметтес құрбыларым көздері алақандай болып, тіпті жа-
ман шошып, ұлардай шуласып қарсы алды. Мыналардың айты-
сына қарағанда ол менің жетегіме жүріп, істің байыбына баратын
жан емес. Көрген жерде бас салып, əлі жетсе басымды кеудемнен

бөліп тастайтын сияқты.
Күйеуінің өзінен ажырасу пейілін танығасын оның осылай

ауытқуының түп қазығы қайда, əуелі соны жұлып тастамақ болып, онсыз да бұзық қаны көп, білектегі күшіне сеніп үйренген тайқардай долы келіншек жатқан жерінен ұмтыла түрегелгенге ұқсайды. Бір сəт мен тоғайда əлдене аяғын басып, ұйқысынан оятқан жыртқыш аңды елестеттім. Адамның да, аңның да қас қаққандай сəтте ештемені болжамай, иілген серіппелі темірдей өзіне-өзі ие болудан кетіп, өлер жерін аңдамайтын сойқандықпен найзағайша атылатын қатты бір шамырқанған шақтары болады. Садық келіншегінің сондай бір сəтіне тағдыр жазуымен дөп келгенімді ұқтым. Бір сəт ойым ауа толқып, апырай, қыз мінезді Садық мұншама адуын жанға қалай тап болып жүр деймін. Кезінде оның өз келіншегі жайында айтқан үздік-үздік сырларына мен үшін келіп-кетері жоқ нəрседей жете мəн бермеген едім. Енді оның кейбір сөздері құлағымда қайта жаңғырғандай дұрысырақ мағынасын ұстағым келді. Иə, солайы солай, мынау оңай жан емес. Сонда оның уысына Садық қалай түсті? Жоқ, бұл өмірдің қат-қабат шытырманына əкететін бас-аяғы жоқ ұзақ философия. Оның соңына түсіп, сағым қуалаған бала кезімдегідей босқа сенделетін шама қазір менде жоқ. Басыма құлағалы келе жатқан зембіл тастан қашып құтылудың əрекетін ғана жасауым керек. Жоқ, мен Садық келіншегінің жойқын күшіне төтеп бере алмаймын деп, қорқып жүргем жоқ. Əйтсе де бұл сойқанды болдырмаудың жолы қалай? Садықты арашаға салмақ ойым бар еді, бірақ оның мəнісі қалай болады? Сен біздің отбасымызға ойран салған біреуді қорғайсың деп, дию қатын Садықтың өзіне төнбей ме? Жоқ, Садықтың онсыз да көріп жүрген машақаты бір басына жетерлік шығар. Оны араластырмай-ақ қояйын. Сонда бұл істің басқа шешуі бар ма? Міне, осы сұрақтармен басым қатып, мен есімді жинап үлгермедім. Таңертеңгілік институттан алған жұмысымды оңашада істейін деп үйде отыр едім. Көзім талғасын əлдеқалай балконға шыққанымда біздің подъезге кіріп келе жатқан Садықтың келіншегін көріп қалдым. Ойбай, енді қайттым. Алғашқыда осылай шошып қалсам да, тез қалпыма келдім. Есік кілттеулі еді. Оны ашпай, үйде жан баласы жоқ сияқтандырып, үн шығармай отырып қалсам, қоңырауды шарылдатып-шарылдатып, жөніне кетуден басқа айласы қалмасы анық. Жан жоқ үйдің құлпын бұзып кіру ол үшін мүлде мағынасыз іс. Тіпті солай тағы бір жолға құтылуға да болар еді. Бірақ, қас пен көздің арасында келген ой, жоқ, бұл пəледен бəрібір қашып құтыла алмаймын. Не де болса тап осы жолы қарсы алайын. Қазір көршілердің бəрі жұмыста. Егер мұнда қарсы алмасам бəрібір жұмысыма барады ғой. Ел-жұрттың анталаған көзінің алдында

масқара болғанша бəрі оңашада бітіп тынсын. Қыз үшін ең басты нəрсе оның жаман атының шықпауы ғой. Міне, оның баспалдақпен көтеріліп келе жатқан аяғының тықыры естілді. Бүкіл қабырғаға дейін солқ-солқ етеді. Əлде жүрегімнің соғысы жиілеп, маған солай көрінді ме? Оның аяғының тықыры жақындаған сайын мен үшін бейбіт шақ судың соңғы тамшыларындай мөлдіреп, біржола сарқылып бара жатқанға ұқсайды. Бұл кезде: «Апыр-ау, мен бүкіл өмірімді адамның ең жоғарғы ақылойының жемісі – ғылымға арнап едім. Адам қол еңбегінен біртебірте арылып, сана, ой қызметіне көп ауытқып бара жатқан шақта менің мынадай халге тап болуым қалай? Ғылым құдіретіне, адамның асыл ойының дəрежесіне деген сенім мен үшін сонау бала кезімде қуған сағымдай жоғалғаны ма? Тас дəуірінде өмір сүрген тағы адамдай өз басымды осы кеспелтек қолдарыммен арашаламақпын ба», – деген ой жанымды жегідей жеп тұр еді. Апыр-ау, бұл сұмдыққа қашан, қай жерде, қалай ғана жол беріп алдым?! 1972 жыл ЖОЛДА Машина бұзылып, үміт үзген біз шаңдақ жолға тақау қырқаға шығып, төңірекке көз тігіп едік, алыстан қалың ши арасында күн аптабына көміліп тұрған жалғыз киіз үйді көрдік. Шофер бізге ілескен жоқ. Осы жолмен шөп таситын машиналар өтуге тиіс, солардан керегін алып, жөндеудің қамымен қала берді. Бұл тарбиған бұта, түбі теңкиген шилерден басқа түгі жоқ, шілденің күндерінде жаңбыр жаумай мүлдем өң-түсінен айрылып бозарып жататын қуаң дала. Тек алыста Іле өзенінің жағалауында ғана қалың ағаш бары байқалады. Бірақ оның көлеңкесі, саясы мұнда жетпейді. Қойлы ауыл қашанғы əдет бойынша ондай қалыңнан аулақ, айналасы тақыр жазаңға шығып қонады. Жоғалған мал оңай табылады жəне анау-мынау ит-құстан да қапы қалмауға осындай ашық алаңқай жақсы. Бұл маңда егін шықпайды, тек мал жайылымы үшін пайдаланылады. Онда да қой баласы тірнектеп, тісімен жұлып жейтін шөпті əрең табады. Тек жер молшылығы медеу. Арқаны кеңге салып, қанша көшсең де бұл даланың ұшы-қиырына жетпейсің. Тас төбеден шыжыған күн бізді сая іздеуге мəжбүр еткен. Кенеземіз кеуіп, айдалада жалғыз жапырайған киіз үйде ғана біз үшін бар жақсылық тұнып тұрғандай соған қарай жылжыдық.

Мен осы өлкенің жер қыртысын зерттеуге келген алматылық ғалыммын, қасымда совхоз басшылары қосып берген жолбасшым жергілікті адам, екіншісі, сырқаттанып қалған малшы, орталықта дəрігерге көріну үшін біздің машинамызға міне шыққан. Келген үйімізде кісі көп екен, даладағы жерошақта үлкен қазанда ет қайнап жатыр. Бізден бұрын келген кісілер шайларын асықпай самарқау ұрттап, ет түсірілгенше уақыт өткізудің ғана қамымен отырғаны аңғарылады. Үй иесі ұзын бойлы, қара торы өңінде бір жылылық бар, үлкен қыр мұрынды елгезектеу жігіт екен. Біздің тосыннан келуімізге дəн риза сияқты. Əйелі толық кеуделі, орамалын көзіне түсіре тартқан, сүйкімді көздерінде адамға деген ықылас мол кісі екен. Сірə, адам көркі ілтипат екені екеуінен де аңғарылып тұр. Киіз үйдің төрінде бізбен қатар отырған кісілер осы жас малшы үй иесінің келіншегіне жиі үн қатып: «Бибіш, орамал əперіп жіберші», – деген сияқты күйеуінен гөрі оның өзіне көбірек назар аударып отырғанын байқаймын. Қонақтар Бибішке не айтса да бəрін істейтін күйеуі, жауап беретін де сол. Далада ас қамдап жүрген жас келіншектің үйге кіріп-шығысы көп. Үлкендер құрметін сезгендей аса көңілді күйде, қимылы да сергек. Кейде күйеуіне қадала қараса, екі бетінде албырт нұр бұрқ ете қалып, мүлдем құлпырып кетеді. Қонақтар жас жұбайлардың бақытты тірлігіне қызыққандай алақ-жұлақ етіседі де, қайтадан көздерін төмен түсіреді. Біз болсақ осы тал түсте ет астырып, бас қосуларының не мəні барын əлі ұққамыз жоқ. Алшақ отырған қойлы ауылдардың бір-біріне жай қатынауы ғана шығар деп жорамалдағамыз. Бұрыннан отырғандардың ішінде қатпа қара шал көбірек сөйлейді. Еңсеріп əкеткен кəрілігі де жоқ, болса алпысқа жаңа ілінген. Иегіндегі ұзын сақалы үшкірленіп, сиырдың мүйізі сияқтанып, бір жағына қарай иіліп тұр. Екі көзі осы жақтың тақыр даласындай бозарып, нұрсыз қарайды. Күн мен жел қаққан өңі тобылғы түстес. Бізден көп жөн сұрасқан да осы. Елдің бəрі кесесін төңкерсе де, бұл шарт жүгінген молдаларша дастарқанға кеудесімен ентелей шайды жалғыз өзі ішіп отыр. Есіктен көрінген жерошақ басындағы жас келіншек қозғалысын қоса бақылап, сірə, еттің пісуіне біраз бар, оған дейін шай жиылмасын дегендей тырп етпестен кесесін сораптап, самаурын қасында шай құйып отырған кексе əйелді қоса салғыртып қойған. – Иə, солай деңіздер! – деп қойды шал əңгіменің бір үзілген тұсында. Бибіш қазандық астына салуға қурайларды жиыстырып, жерошақтан арырақ кеткенде жаңағы қатпа шал соңғы келген үшеумізге

қайта бұрылып, көздеріндегі сөнген отты үрлеп жандырмақ сияқ-
ты бір күшті тегеурінмен бағжия қарап сыбыр етті.

– Ана жас келіншектің мына Құланды сайындағы əкесі өліп

отыр. Соны естіртуге келдік. Неғыласыз, əкесі жап-жас, қайратты
еді, аттан жығылып мерт боп кетті. Аузымыздан жаманат шығару-
ға да батылымыз бармайды. Сол...
Осы кезде дүр етіп, есік алдына біздің машинамыз да келді.

Біз қыпылықтап, мұндағы жұртқа бөгесін болып отырғанымызды
сезіп, орнымыздан тұруды ойластырғанда, жаңағы қатпа қара
шал мұнымызды ұға қойып:

– Жоқ, ет жеп кетіңіздер, – деп салмақты айтты.

Біз қайта отырып қалдық. Сонда да бұрынғыдай жайғаса ал-
май қипалақтай бердік... Шынында, енді бөгелуіміз қисынсыз да
сияқты. Əзір жүре қоймайтынымызды біліп, шофер да үйге кірген.
Ешнəрседен хабарсыз ол машинаны жөндеймін деп қатты шал-

дыққаны байқалады. Оның да сəл тынығуы керек еді. Əсіресе, үй
иесі Бибіштің күйеуі бізге жік-жапар болып, дайын асқа қарамай
кету қазақ салтын аяққа басқандық деп, қалжың аралас сөзін де
айтып қалды. Келіншегінің алаңсыз жүзіне қарағанымда, шыған-

дап шырқырар шағын сезбеген адамның қазіргі көңілді қалпының
өзінде көзге шалынар-шалынбас бір көлеңке дір-дір қағып тұрған-
дай. Мені бір мазасыздық иектеп алды.
Ас түсірілгенде мен өзімнен-өзім кекірік атқандай халде отыр

едім. Білеу-білеу боп асылған қой еті аппақ қардай екен. Ыстық
күннен қашып келгендік пе, жоқ осы үйдің тап қазіргі қалпында-
ғы көңілді қонақжайлық бір сəттік алдамшы құбылыс сияқтанып
кеңірдектен ала ма, қалай да мынау кесім ет жоқ қалақ-қалақ май

бір қарағанның өзінде-ақ жүрегімді айнытып, тап қазір оны аузы-
ма біреу зорлап салардай дəмін татпай жатып- ақ тартыншақтай
бердім.
Ет тураған қатпа шал маған қасақана істегендей жұдырықтай

бір кесегін ұсынбасы бар ма? Алмасқа, тағы онысын тауысып же-
меске лаж таппай, аузыма күштеп тықпалай беріппін.

– Ал, алыңыздар! – деп, қатпа шал табаққа бас бармақты ба-

тыра салды. Осы тамақпен бірге іргедегі сандықтың түбінен шы-
ғарылған бір жартылық арақ құйылды. Шофер екеуміз онысынан
татқамыз жоқ. Енді ғана қатпа шал: «Мынау қандай адам өзі», –
деп, табақтағы етті шеңгелдеп жатып, мені көзімен бір атып қой-

ды. Онысын аузына салып, шықшытын екі-үш рет қана бүлк-бүлк
еткізіп, маған сөз қатуға аузын əрең босатты. Алдында қырлы
стақанға аз-ақ толмаған арақты жұтып салған. Тек сол екі көзіне
əр кіргізгендей маған қарағанда қос жанарының сіріңке талындай

сəуле ойнап, қоюлап қалғанын аңғардым.

– Сен бала, өзің қалай тартыншақтап отырсың? Арақ ішпедің, ол өз алдына, тіпті мына еттен жөндеп аузыңа бір салмадың ғой. – Ой, ақсақал, шамамыз осы ғой. Майлы етті жей алмаушы едім. Жаңа өзіңіз берген бір кесек еттен күпті болып қалыппын. – Бəле, сендер жігіт емес екенсіңдер. Өзіміз майды нанша жейміз. Табаққа қолды бұрынғыдан да молырақ салып, ірі туралған қойдың ақ сарғыш сүбесін көмейлеп кеңірдекке қарай тоғытып жатыр. Басқалардың да мынау шалыңдай опырып бара жатқан ешқайсысы жоқ. Əлдекім қолдарынан қаққандай ортадағы асқа қадала қарағандары болмаса, басқа тұстан табақтың мұрты ойылмады. Үй иесі жас жігіт пен келіншегі Бибіш: «Жеңіздер, жеңіздер», – дей отырып, басқалардың жайын анық ұққандықтан ба, етті қатпа шалдың алдына қарай көбірек ысыра береді. Осынша тəбетпен бұл қалай семірмеген адам деп, шалға қайран қалып отырмын. Шалды жалғызсыратпау үшін үй иесі мен Бибіш қана тамақ алған болады. Бибіш күйеуінің, басқалардың «əке-көкелеуімен» жаңағы арақтан елу грамдай ғана жұтқан. Қазір бұрынғысынан да құлпыра түсіп, қонақтарына бейіл беріп отыр. Ақыры төпелеме табақтан жұғын да қалмады. Сорпа келді. Бес елі май мұнда да кілкіп тұр. Ауыз тиіп қана кесесін қайтып бердім. Қатпа шал бұдан да есесін жібермеді. Ыстық сорпаның үштөрт кесесін сораптай тартып ішіп алды. Ақыры оны да місе тұтпады. – Бибішжан, анау тұрған не? – деп босағада уықтағы шегеге ілулі бидонды көрсетті. – Қайырылған май еді, ата? – Бір кесесін берші, шырағым. Бұл жақта көшпелі жұрт сары майды қайырып ұстамаса сақтай алмайды. Бибіш оны кесеге құйғанда сұйық майдың қызғылт күрең түсін көріп одан сайын жүрегім айныды. Шалың одан екіүш рет қайталай құйғызды. Өмірімде мұндай адамды бірінші рет көруім еді. Енді ғана шалдың жүзіне қызғылт шырай кіріп, əсіресе, менің таңырқаған пішінімді бір барлап алды да: «Асықпа, бала, əлі сұмдық алда», – дегендей өз өмірінен сөз бастады. Бірақ əңгімесі аса қызғылықты емес. Айтуынша соғыстан кейінгі алғашқы жылдары бұл осы маңдағы белсенділердің бірі екен. Ақ айғыр мен көк айғырлардың нешеуін алмастырғанын біраз тізбелеп кетті. Бірде сол айғырлардың бір шəлкестеуі əлдеқалай өзін қызықтаған бір жесір қатынның жалғыз баласын иықтан тістейді. Бала есі танып құлап қалады. Оны көрген шешесі аттандап, байлаулы тұрған айғырға балта лақтырады. Бала да аман, айғыр да аман. Айғырдың тек

балта тиген тұмсығы ғана қанаса керек. Сол өзі мінген жылқының
қанаған тұмсығы үшін əлгі жесір қатынның бір бұзауын орталыққа
өткіздіреді. Мұны тым созбұйдалап, өзінің айдынын асыра айт-
ты. Сол кездегі жігітшілік өнерлерін де ұмытқан жоқ. Ойлаймын,

кезінде шаш ал десе, бас алатын баяғының ұр да жықтарының
бірі болса керек. Ол кездегі зорлық- зомбылығын жаймаламайды
да, қайта далитып көрсеткісі келеді. Сөзінде шашыраңқылық, үзік
тұстар тым көп. Мені елең еткізген əңгімесінің тігісі жатық мына

тұсы ғана:
«...Несін айтасың болып тұрған дəурен ғой. 1948 жылдың күзі
ғой деймін. Мал əбден семірген уақыт. Сонда дүркіреп аты шыққан
атақты қойшы, əрі өзіммен құрдас Қаймолда дейтін кісінің үйінде

отырмыз. Əлгімен сөзден-сөз шығып отырып: «Мен бір қойдың
құйрығын бір отырғанда жеп қоямын», Қаймолда болса: «Жей
алмайсың», – деп екеуміздің шартта-шұрт бəсекелесе кеткеніміз.
Құрдас адамдар бір-бірімен ілігісіп отырмай ма?! «Ал жей алма-

саң сен не бересің?», «ал жесем сен не бересің?», «Мен нəн бір
қой өңгертемін», «мен де соны беремін», «ал ендеше болсын»,
сол- ақ екен Қаймолда əйеліне қойдың тегенедей құйрығын асты-
рып, алдыма қойғаны. Қасымда екі-үш белсенді бар, олар да көз-

дері алақандай боп қарап отыр. Жаңағы құйрықты шетінен кесіп
жеп отырмын. Ара-арасында су ішіп қоюға ғана рұқсат алғанмын.
Қаймолда əйелі екеуі, басқалар да мен қанша жерге барып сүрі-
нер екен деп, көз алмай қадағалап отыр. Дегенмен олар қалай

да мен ұтылады деп, жандары ашығансып қарайтын сияқты. Ал
мен болсам бірте-бірте тамақтан өткізіп отырмын. Бір уақытта
жаңағы тегенедей майдың үштен екісін еңсердім. Сонда тұрып,
Қаймолдаға айтқаным. «Əй, Қаймолда, мына қалғанын мен қайт-

сем де жеймін. Мұнымен онан да мына қонақтарыңды сыйла, сөйт
те жаңағы нəн қойыңды ұстап əкел», – дедім. Қаймолда: «Жоқ,
қонаққа беретін ас табылады, мынаны же, же түгел, əйтпесе сен
ұтыласың», – деп маған одан сайын қадала түсті. Ақыры онысын

да тауыстым. Қаймолда да, қонақтар да бəрі сылқ түсті.
Киіз үй еді, кешкісін бізге төсекті сыртқа салып берген. Таң ала-
геуім боп қалған шақ екен деймін, тұла бойымды тұп-тура жалын
шалып барады. Алақаныммен кеудемді ұстасам тұп-тура май жа-

ғып қойғандай жылт-жылт етеді. Өкпем өшіп, жүрегім алқымыма
тіреліп, өліп барады екем деп ойладым. Ешнəрсені ойлауға ша-
мам жоқ, төсектен атып тұрып от ортасында кетіп бара жатқандай
жүріп кеттім. Сонда бұлаққа кезіге кеткен екем. Айналасына қа-

лың құрақ өскен батпақты жерден қайнап шығып жатыр. Қай жа-
ғынан келу ыңғайлы екеніне қарағам жоқ, тіземе дейін шалшық-
қа батыра-матыра бұлақтың дəл көзіне барып жата кеттім. Беу,

сонда судың ішінде жатып көрген рақатым-ай. Анадан шыр етіп
туа ондай рақатты сезінгем жоқ шығар деймін. Одан тез тұра қоя-
йын ба, жата бердім. Сол елең-алаңда бір əйел иін ағашпен суға
келе жатыр екен. Неғылса да есімді жиып қалған шағым екен,

атып тұрып, қалың құрақтың арасына жасырына қалдым. Əйел
мені байқаған жоқ, лайланған суға қарады да, аз бөгеліңкіреп тұ-
рып: «Мынаған қай иттің малы аунап кеткен», – деп, қасында əл-
декімге арнап айтқандай-ақ саңқ ете қалды.

«Тіпті, бетінде майы шылқып тұр ғой мына судың», – деп тағы
бір қойды. «Ой, пəлекет-ай»,  – деп жүріп, шелегімен судың
бетін толқыта ысырып, біраз тазарғанша күтті де, ақырында керек
суын алып кете берді...».

Біз бұл үйден аттанып шыққанда қатпа шалдың əңгімесінен
бе, жоқ əлде төбесінен тоқпақ ұрғандай жаманат хабарды естігелі
отырған Бибіштің алаңсыз жүзінен бе, болмаса сол екеуінің бір-
біріне ешқандай жалғассыз алабөтен көрінуінен бе, əйтеуір көкі-

регімде оқтай қадалған бірдеме кетті. Біз енді Іле өзенінің жаға-
лауындағы қалың ағашты жанамалай жүрдік. Биік тораңғы, үйеңкі,
шіліктің желбіршек ұштарында жан даусы шығып, енді ғана шыр-
қыраған Бибіш даусы ілігіп тұрғандай. Мейлі, ауыр қаза, жаманат,

мейлі, шат-шадыман қуаныш үстінде болсын адамның бұрқ етіп
шырқап шығатын құйын көңілі аспанда ғана ұшып жүретін сияқты.
Ауық-ауық биік ағаштарға қонақтап, солардың желбіршек ұш-
тарында сəл дамыл тауып, қайта шырқайды. Зеңгір көк те, ақ ма-

мық бұлттар да, асқар таулар да адам көңілінің сазына қосылады.
Мейлі, ол саз қасірет, мейлі, шаттық күйі болсын адамның ең бір
шиыршық атқан шағыңда, оның оңайлықпен көзі ашыла қоймас
шабытынан туғандықтан нағыз асыл өнердің өзіндей өлмес-өш-

пес қасиетке бөленеді.
Ал жаңағы қатпа қара шалдың мешкейлігі сияқты жан қойнауы-
нан серпіліп, қанат қағып шықпаған оғаш қылық, арзан өнер ас-
панда қалықтап ұшпай адамның жердегі тұнығын ғана лайлайды.

1972 жыл

ҚҰС ҮНІ

Қабырғасы көптен əктелмеген, күтімсіз шатырлы үйдің сырт
жағындағы үлкен алмаағаш көлеңкесіндегі ескі кереуетте жатқан
ауру адам бүгін мүлдем бəсең. Күрт төмендеп кеткен халін ауру
өзі сезсе де басқаларға үндеместен сұлық жатыр.

Сəл аулағырақта, мыжырайған ескі тауық қорасына таяу қа-
зылған жерошақта, үлкен қазанға толтыра іркіт қайнатып, əрі- сəрі
болып жүрген Бибіш күйеуінің қыбырсыздығына мəн беретін емес.
«Қашанғы аунақшып, шарқ ұра берсін, іштегі дауыл дерттің бір

сəт тыншығаны шығар», – деп ойлаған. Үнемі қолбайлау болып,
кесе-көлденең тұратын кесапаттың дамыл тапқанын пайдаланып,
таудай боп үйіліп қалған шаруасының тым құрыса біразын тынды-
рып тастамаққа жан ұшыра кіріскені еді.

Бала-шаға бəрі ержетіп, үйлі-баранды болып кеткенмен, бұл
үй əлі күнге екі сиыр сауады. Ауру Еркінбек сүт атаулыны аузына
татып алмағалы қашан. Бибіштің өзі де шайға қатқаны болмаса,
ақты оншама опырып бара жатқан жоқ. Сонда да екі сиырдың

ағыл-тегіл сүтін ол далаға төкпейді. Қарын-қарын май шайқап,
ең ақыры оның іркітін де кəдеге жаратады. Қалада тұратын ба-
ласы əйелімен, қызы күйеуімен əке-шешесінің үйіне опыр-топыр
боп келген сайын, тораша, сөмкелерін сары май мен құртқа, ара-

тұра ірімшікке толтырып əкетеді. Бірде баласы шешесіне жаны
ашығансып:

– Апа-ау, əкемнің сал боп жатқаны анау. Ақыр өздерің ішіп- жеп

жатқан жоқсыңдар. Осы екі сиыр ұстап əуреленбей-ақ қойсаңдар
қайтеді? Біз аштан өлер деп пе ең? Қалада дүкенде май дегенің
толып тұр, – деген. Бары сол ғана. Ал келіншегі ақ білегін олжаға
молырақ батырып, енесі берген май мен құртты барынша мұқият-

тап, буып-түйіп алды.
Еркінбек өзінің күрт төмендеп бара жатқанын ұқты. Сонда да
осы соңғы тынысымен жұртты мазалап, масыл болудан жаны бір-
жола безгендей тістеніп баққанын ешкім байқамас та еді. Қайта

кереует үстінде ақ жаймада рахат тыншу тапқанға ұқсайды. Жан
жолдасы Бибішті көрсоқыр еткен де сол. Əйтпесе жанкешті əйел
күйеуінің қазіргі халін ұқса, құлындағы даусы шығып, шырқырап
естен танар еді. Бірақ Еркінбек жақтан тек тыныштық байқала-

ды. Күйеуінің ыңқылы естілмеген əрбір минутты өзіне олжа көріп,
Бибіш қол-аяғын барған сайын ширақ қимылдатады.
Еркінбектің жейдесін шылқылдаған су еткен мұздай тер енді
бүкіл денесін, аяқ-қолына дейін дірдектете бастаған. Күн шуаққа

шығарса қандай жақсы болар еді деп ойлады. Бірақ оны айтар
дəрмен де, ниет те жоқ.
Көптен қырылмай қаптап шыққан сақалының ағы көкке талау-
рай қараған жүзіндегі бозғылтым жылтыр реңді молайтып, бет

өңірі де мойнымен қоса ұзара түскен. Ақпен қаптаулы көрпесі
көкірегін жартылай ғана жауып, жағасы ішке бүктелген жейдесінің
сарғыш түсі айқын байқалады. Үнемі термен ағыл- тегіл болып жа-
татын ауру адамның ішкиімдері қанша жуғанмен ашылмайды ғой.

Бұл қарт майдангер адам еді. Сонау жалындаған жас шағында
Сталинград шайқасына қатысып, талай бетпе-бет келген ажал-
дан да аман қалған. Өз басын өлдіге санап үміті үзілген сəттер-
де- ақ көктен періште кеп көтеріп əкеткендей ажалдан құтылған

шақтары да болған.
Бірақ сол шақтағы өмір, тірлік қуанышы, əсіресе, қайта қауыш-
қанда қандай жарқын болса, тап қазір, ол аулақ, алыс қалып, боз-
ғылт тұманға оранғандай сұрғылт, түсі суық.

Өзі жатбауыр тартқан өмірден қашықтап, қайта шығар бас-
палдағы жоқ, терең тұңғиық жиегіне келіп тұрғанын сезеді. Соңғы
қуат-күшпен тыныстап, тек қалт кетіп, үзіліп түсер шағын күткен
сыңайы бары өзіне соншама айқын. Осы сұмдық шындық үстінде

қыңқ демей тістенуі өзімен бірге туған такаппарлықтан екенін де
біледі.
Ол түске шейін осылай жатты. Бибіш сал ауру күйеуіне бір- екі
рет байқастап қарағанында көз шырымын алып жатыр деп ұққан.

Үй шаруасы Бибіш үш күн, үш түн дамылсыз қимылдаса да тү-
гесілмейтіндей, қарап қалған шаруа қоя ма, бірінен соң бірі ан-
талап, ес таптырмады. Əрі бүгін демалыс. Қаладан балалары,
немерелері ошарылып, келіп қалатын уақыт та таяу. Май да шай-

қады, сиырларының сүті қойдікіндей маңызды еді, ала қоржынның
бір басы толарлық ірімшік те дайын болды.
Сыртқа шыққан сайын күннің төбеге қарай көтерілуін де бір аң-
дып қояды. Балалары мен немерелерін бір жұма өтпей- ақ сағы-

нып қалушы еді. Олар келетін қарсаңда ауру адамнан қолының
босағанына да дəн риза.
Маңдайында жақұттай жылтырап, тізіліп қалған терін сүртуге
де шамасы жоқ. Бұл тер өзіне де пайда, денесі бусанса қол-аяғы

қайратқа толып, анау-мынау қимылға дес бермей кететіні бар. Тек
ауру тыныш болса екен.
Есік алдына көлденең тоқтаған машинаға қарап, көйлегінің
жеңімен маңдай терін асықпай бір сыпырып тастады.

– Əже! – деп, үлкен немересі өзіне қарай бірінші жүгірді. Бұл

келген – қызының үй іші. Күйеу баласы да енесіне жылы ұшырай
қарап, қолындағы екінші ұлын тоса берді:

– Ой, бұзық, əжеңе амандаспайсың ба? «Амансыз ба» – де,

«ой!» – деп, тілі шықпаған баласының əжеге бажырая қарағанын
өзінше қызық көріп, майда сөйледі.
Бибіш бəрінің де өзіне деген қошемет екенін біліп, күйеу ба-
ласының осы ықыласын жерге тастамайын деген оймен, жұмыс-

тан шаршаған денесін сəл босаңсыта кіші немересінің де бетінен
сүйді. Жатырқап, қолын ербеңдеткен нəрестенің жас исі мұрнына
келгенде, қарт ана шын мейірленді.

Қызы сəл жымиғаны болмаса, əже мен немеренің табысуына
аса мəн беретін емес. Бұл өзі бітімі сұлу келіншек еді. Əрі ерке
өскен ол əке-шеше ошағының басына келсе қаршадай кездегі мі-
незін қайта табуға бейім тұратын. Сол бала күніндегідей аласұ-

рып кетпегенмен, аяғын сəнмен тастап, айналасына басқаларда
жоқ еркіндікпен қарайды.
Қыз да, күйеу бала да алмаағаш түбінде жатқан əкеге сəлем
берген жоқ. Олар аурудың тыншу тапқан халін анадайдан-ақ бай-

қаған. Тек күйеу бала қолындағы нəрестемен келіп, оның басына
төніп, біраз қарап тұрды. Қызы сəл аулағырақтан əкенің бас-аяғын
бір шолып шықты да, шешесіне қарай бұрылды.
«Зинам, Зинашым!», – деп өзеуреп, үн қататын əке жоқтығын

ол көптен білетін. Екі дүниенің ортасындағы қылдай шекарадан
ары-бері ауа толқып тұрған əке өмірінің барлығы мен жоқтығын,
көзбен көріп, көңілге тоқи салар дағды қалыптасқан. Одан ары
жетелейтін түйсік атаулыны ұзаққа созылған əке ауруының өзі-ақ

жуып-шайып əкеткен.
Зина шеше шаруасына да қолқабыс етуге илікпейтін. Тек ауыл-
дағы майда-шүйде, кəкір-шүкір тірліктің қасында өзінің сұлу сым-
баты ерекше жарқырап көрінетінін түйсінген сыңайы болушы еді.

Зиналардан соң Бибіштің ұлы əйелімен келді. Екі үйдің бала-
лары ата мен əже ошағының басында табысып, мұндағы топыр-
ды көбейтті. Əжелеріне маңдайларын бір-бір иіскеткеннен кейін,
олардың бітіретін шаруасы – ойын.

Бұл  – Алматыдан елу шақырымдай жердегі ауыл. Зиналар
сол астанада, ал соңғы келгендер аудан орталығында тұрады.
Бəрінің бастары қосылғанша Бибіштің немерелері бір-бірін қатты
сағынысып қалатын.

Зина мен келін бала екеуі тату құрбыдай. Бір-бірін көре қал-
са оңаша əңгімелері таусылмайтын. Темірбек пен күйеу бала да
сондай. Өздері асын ішіп, аяғын босатып жатқан шеше халін олар
осындайда жөндеп аңдамайды да.

Ал əке мүлдем ұмытылған. Жүректі сыздатқан жараға да адам-
ның еті өліп үйреніп кете ме? Əке басындағы хал бұлардың көкі-
ректерін ауыртпайтын болған.
Еркінбек балаларының келгенін немерелерінің у-шуынан білді.

Сəл сергігісі келіп, денесін қимылдатып көріп еді, арқасына мұз-
дай термен жабысқан шыт жейде тітіркентіп, ауру адамның халін
түзете бастағандай еді. «Ə, бүгін жексенбі екен ғой», – деп ша-
малады. Апыр-ау, осы мен оңалып бара жатқам жоқ па деп мех-

наты көп тірліктің қайта оралуын онша хош көрмеген лажсыз
пішіні бар сияқты. Əйтпесе, тап бүгін таңертеңгілік, тіпті одан
беріде кім келіп, кім қойып жатсын, жексенбі ме, басқа күн бе оны

шамалайтындай жағдайы жоқ еді. Мойнына қыл арқан біржола оралғандай күрт кетіп бара жатқаны айдан анық болатын. Əлдене осы тұста Еркінбектің көңілін босатты. «Зинашым, Темірбегім!» дегісі келіп, келін, күйеу балалардың есімдерін қоса атамаққа əрекеттенді. Бірақ үні құрғыр жоқ. Өз əлсіздігіне қатты шамырқанған ол іштей булығып, түйдектелетін ашу-ызаның да тап қазір қарымы кішірейіп, сөніп бара жатқанын байқады. Еркінбек қинала түсті. Кеңірдегін əлдекім темірдей саусақтарымен қылғындырып, кеудесіне тізесін салып, жаншып бара жатыр ма? Адамдағы əлсіздіктің ең бір жетер шегі осы екенау деп ойлады. Қу сүйегі енді өзінен-өзі ауырлап, мұның шыбын жанын шырылдатып, қаусап бара жатқан сияқты. Əлде үстіндегі бір қабат жейде мен көрпені ауырсынғаны ма? Қайтсе де Еркінбек өзінің бүгіннен қалмасын сезді. Ақыр кетер адаммын, өтер дүние ғой, балаларымды ары-бері сабылтпайақ, олар қайтқанша тап осы келістерінің үстінде-ақ бітер сағатым бітіп тынсашы деп қиналды. Осы ойының түбінде қандай сұмдық салқындықтың жатқанын сезіп, ауру тəні дүр сілкінгендей болды. «Апыр-ау, жарық дүниені осылай оп-оңай қиып кетуге мені көндірген кім? Ауру ма, жоқ, ол емес, мен жаны сірі жауынгермін, егер басқалардың көзіне сүйел болып жабыспасам, тап мұндай сал жатысты, дерт азабын əлі талай уақыт талмай көтерер едім. Жоқ, кімнің көзіне сүйел болмақпын, өлгенде де алар орным осындайақ қой. Бəрі өз күнімен, өз шаруасымен болып жатыр емес пе? Менің ыңқыл-сыңқылмен аунақшуым сағат тілін тоқтатып, ағын суды кері қайтармас, біреудің күнін түн ете қоймас. Жарық дүниеге алғаш келгенде мен де шырылдап туған бала емес пе едім? Енді тұяқ серіппей, үн шығара алмай, соншама дəрменсіз бейшара халде кетіп бара жатқаным қалай? Өлімге бой бермей қасарып көрсем қайтеді? Өзім бойсұнбасам күштеп əкетер деймісің? Қайда барсам да бұдан кең орын сұрамаймын ғой. Апыр-ай, бұлай деп неге өзеурей беремін? Мен орын сұрайтындай адам емес едім ғой? Майдан даласына көкірегімнің қыпқызыл қанын төгіп, əлемдегі бостандық атаулыға өзім орын босатыспап па едім? Енді қазіргі шағымда өгіз терісіндей жерді менен ешкім қызғана қоймас». Əлдекім өзімен салғыласып тұрғандай, осындай даукес ойлар билеп алған да, қазір ол соның жетегінде еді. Бұл минуттар оған ауыр тиіп, сұлқ кетіп бара жатқан жағына тез ойыса бастады. Түс ауа бұған ең алғаш Бибіш назар аударды. – Əй, ана əкелеріңді байқасаңдаршы. Күні бойы аунақшып, ыңырсумен болушы еді, тіпті бүгін таң атқалы қыңқ демеді ғой.

Қарт ана өз қосағының халін көзден қағыс қалдырғанын
енді ғана сезіп, сонысын күнə көргендей бір сəт жанын қинады.
Балаларының бəрі əке төңірегіне топырласқан. Ауруға үрпие
қарасып, сұмдық сырын ұққан олар əп-сəтте тыныстары тары-

ла бастады. Өз байқауларын бір-біріне ашып айтудан шошып
дағдарысты.
Қастарына Бибіш те жеткен. Жүрегі əлденеден секем алған ол
да алғашқыда өңі бозарып, сəлден соң қайта қара күреңітті.

Балалары қатты тықыршып кетті. Енді олар туған ананың не
күйге түсетінін аңдап, əлдеқалай күн туса, сүйеу болмаққа əзір
тұрған, соған бейімделген түрлері анық. Бірақ ана олардың күт-
кендегісінен көп сабырлы екен. Екі қастың ортасындағы терең

əжім қатты жиырылып, мынау кетіп бара жатқан адам есінен ай-
рылмай тұрғанда соның атынан балаларына үлкен ұлағатты сөз
айтпаққа ұқсайды.
Осы екі арада шыдамсыздық еткен Зина:

– Дəрігер шақырсақ қайтеді? – деді.

Басқалары оны көзімен атқандай. Əкенің соңғы сəтін
өзіміздің күзетуімізден артық не бар десіп, жазғыра қарағанға
ұқсайды.
Бірақ Зина ешкімге дес беретін емес. Көрші үйдің ересек бала-

сын дəрігерге жүгіртті.
Ақ халатты мосқал адам бұл үйдің ежелгі танысы. Қу сүйегі
саудырап жатқан ауру адам да осы халімен оның көз алдынан
талай өткен. Бүгін ол Еркінбекке əрең иіліп, соншама ықылассыз

қарағанын Бибіш те, балалары да анық байқады.
Дəрігер үлкен шприцпен укол салып, жүруге ыңғайланды да:

– Қарақтарым, қолымнан келер бар көмегім осы,  – деді.

Бибіш: «Жарықтық-ау, азырақ қасында болсаңызшы еңғұрмаса,
жөн көрсетер адам да керек қой мұнда» – дегісі келіп еді, бірақ
тілі байланып, ештеме айта алмады. Зина ғана дəрігердің ал-
дында жік- жаппар болып жатыр. Бəрібір қырыс мінезділеу қарт

көнбеді.
Ол кеткесін бəрінің ұнжырғасы одан сайын түсті. Суға кеткеннің
тал қармағанындай бір ессіз əрекет жасаудың амалын таппаған
түрлері байқалады.

Тек Зина ғана оқшау мінез көрсетті. Өзін көп еркелеткен осы
адамның ақтық сапарына сенгісі келмей ме, əлде өмірінде тұң-
ғыш рет бастан кешкен қаупі осы ма, əйтеуір ол бəрінен де қау-
қарсыздық көрсетіп, жапырақтай қалтырады.

«Зинам, Зинашым!» – деп əкем үн қатар деп үміттенді. Ең ақы-
ры немерелеріне дейін Еркінбек жатқан төсектің аяқ жағына асы-
лып, барлық балалық қылық пен оспадарсыздықтан құлан-таза

айрылған, көкейлерінде бір түйсік оянған күйде. Қыбырсыз ауру адамға көз қарашықтарының қадалуы солай. Еркінбек балаларының қобалжуын айқын сезді. Көптен күткен қаралы, қайғылы істің болып тынатынын олардың дəл ұғынғанын да хош көрді. Кірпік қимылдатудан қалған қазіргі халі енді өзіне де біртүрлі аянышты түйсік тудырды. «Апырау, шынында өлмекпін бе? Өлім деген адамның шешеден туардан бұрынғы жоқтығындай, ештемені сезінбегеніндей өмір, тіршілік атаулыдан мүлдем бейхабар кетуі болса, онда соңғы сағатқа дейінгі пендешілік тірліктің не қажеті бар? Жазмыш бұйрығы баршаға осыншама қатал ма еді? Көп жасап, көпті көрдім дегенмен тап осы бір заңдылықты неғып байқамағанмын, неғып ертерек көкірегіме түймегенмін? Ылайым тағы бір қуат бойға оралып, тағы бір дəурен өз қалпымен тағдыр сыйлығындай бұйыра кетсе, мүмкін, жазмыштың мойын бұрғызбас осы қаталдығына қарсы бір амалды ойланып көрер ме едім. Адамның бар қасіреті оның пендешілігінде екен ғой. Өмір барда қаза барын ұға жүріп, осыншама қапы қалуымды тым болмаса кейінгіге жыр ғып айтар сəт үшін ғана тағдырға жалбарынып көрсем қайтер еді? Мүмкін, ол аяушылық жасап, мейірбандық етер». Бірақ ондай жалбарынуға құлқы болмады, икемі келмеді. Ол өз басына топырласқан балаларының дабыр-дұбырын, таныс қарт дəрігердің келіп-кеткенін, өзін мазалағанын еміс-еміс қана аңғарды. Соңғы қиналыс сəтін бастан кешіру үстінде кенет ол бір ғажап қызық жəйтке тап болды. Өзі саясында жатқан алмаағаш бұтағына қонған кішкентай бозша торғай соншама тамаша ашық үнмен сайрап кеп жіберді. Екі аяғымен жармасқан бұтақтан құлап кетердей жан салып шырылдауына Бибіш пен оның балалары мүлдем назар аударған жоқ, тіпті байқамады да. Ашық құс үнін ауру адам ғана бар жан-тəнімен сезінді. Сезініп қана қоймай, ол дүр сілкініп, басын көтерді. Жаңағы зар тілегіне орай жазмыштың бір еткен мейірбандылығы деп ұққан оның тұла бойын кернеген қуаныш дерт құрсауынан əлдеқайда басым шықты. Кеудесі əлі төсекте жатыр еді, тек басын көтерген бойда, балаларына, жар қосағына естіртіп: – Мен өлмеймін! – деп салды. Бұл қарт майдангер сонау соғыс кезінде Сталинград шайқасына қатынасқан. Қалатүгелімен қираған ең бір арпалысты сəтте Еркінбек бел ортасынан жоғары жағы бомбаның күшімен опырылып түскен үлкен үй қабырғасы мен биік-биік кірпіш үйінділерінің ортасында жалғыз қоршау ішінде қалып еді. Өзі оң жақ санынан жараланып, қансыраған əлсіз күйде мынау қоршау ішінен шыға

алмасын анық сезді. Əрі төбеден бұршақша ұрған оқ топырақ
үйінділерінің əр жерін бұрқ-бұрқ еткізіп жатты. Өлген жерім осы
екен ғой деп ол дəрменсіз күйде өмірмен қоштаса бастаған...
Кенет сол тарсыл-гүрсілдің үстінде қайдан адасып келгені

белгісіз бір кішкене құс, тап осындай бозша торғай топырақ ара-
сынан сойдиып шығып, иіліп тұрған жуандығы бармақтай ұзын
темірге қонып, Еркінбектің дəл төбесінен шырылдап қоя беріп
еді. Ақырзаман күніндегідей дүниенің ойраны шығып, топырақ

үйіндісіне айналған қауіп-қатерлі шақта табиғат күйі бұзылмаған
өзінің жүрек үнімен бұған тіл қатқандай. Өмірге деген ендігі тал-
пынысын тежеп, өлімді мойындатқан, соның мысы басып, тіпті
ендігі жерде өз еркімен құлап түспектей есі кіресілі-шығасылы

сəтте бұған ашық дауыспен аян берген еді.
Тұла бойына тіршілік толқыны қайта лап берген Еркінбек осы-
нау оқ пен оттың арасында өзінен де бұрын сол шынашақтай құс-
қа өмір тілеген. Үрікпей құшағыма кірсең саған деген ажал оғына

өз жонымды тосып, сонау бейбіт өлкеге, ақ бауыр бұлттар жүзген
кең ашық аспаны бар сахараға өзім жеткізіп, қолымнан ұшырар
едім дегенді шын ниетімен егіле елжірей айтқан.
Құстың тілі адамға жеткенмен, адам тілі оған жеткен жоқ.

Бозша торғай ғайып болғасын Еркінбек бар күшін жиып, оң жақ
санының қанын тоқтатты. Кенет аспаннан күн шыққандай қала-
ның бұл ауданында атыс бəсеңси бастап еді. Үйінді ортасында
əлсіреген күйі жарым тəуліктей жатып қалып, ақыры одан жол

тауып шықты. Сол бетте өз адамдарының көзіне шалынып, гос-
питальға жөнелтілді...
Өмірден күдер үзіп кетіп бара жатқан шағында жігер беріп,
кері қайтарған құс үнін Еркінбек күні бүгінге дейін ұмытқан жоқ.

Ол бұған бұл соғыста қаза жоқтығын, əлі де көрер қызық, сүрер
дəурені барын айқын еткен. Алдағы тіршіліктің хабаршысы, боз-
ша торғайдың даусы арада отыз жылдан астам уақыт өткен соң,
қазіргі халі үстінде құлағында қайта жаңғырықты. Бұл жолы да

кетіп бара жатқан бетінен қайта қайтатынына анық сеніп, соның
қызуымен кеудедегі жан қыбырының соңғы сарқыншақ қуатымен
басын көтерген бойда:

– Мен өлмеймін!  – дегенді қайталап айтты. Бірақ жастыққа

қайта құлай бере үзіліп кетті.
Жар қосағы Бибіш пен балалары Еркінбектің соңғы тыныс-
пен бас көтеріп, осы сөздерді соңғы аманатындай екі рет қайта-
лап айтуының байыбына бара алмай, көпке дейін таңырқасып

жүрді.
1973 жыл

КҮЗГІ ДАЛАДА

Жаз айлары əлдеқашан таусылған. Бақша ішінде алтын күздің
шашағы төгіліп тұрған шақ. Ертелі-кеш үзіліп соққан қырдың желі
ғана мұның берекесін кетіреді. Кəрінің шашындай дудырап, жа-
пырағы жұлқыланған тал-қайың мезгілсіз жапа шеккенге ұқсайды.

Жаз рахатын еске түсіретін шуақ күндер сирек.
* * *
Қарт ана Ақбибі бүгін елең-алаңда оянысымен-ақ, өзін əдет-
тегіден ширақ сезіне бастады. Сонау егін даласынан əрі сары то-

пырақты төбе басында мен мұндалап тұрған бейіт барын біледі.
Сондағы топырағы борпылдақ бір жас қабір қарт ананың көзіне
ерекше ыстық. Бүгін сонда барады.
Туған ұлының басында отырып, соңғы күндері көрген- түй-

гендерін түгел тəптіштейді. Алдымен біраз уақыт өткізбек керек.
Төсегінен тұрды да оны-мұныны қолымен іліп-шалып, келінінің
жұмысына қолқабыс тигізді. Оның қабағын баққан күндегі күйбең
əдеті де жоқ. Бүгін мұнда да ұл барын, бұл да апталдай азамат-

тың анасы екендігін кімге де болса білдірмек, ұғындырмақ секілді.
Келінінің сиыр сауып, табынға қосып қайтқанын дыбысынан
білді де, от жағуға кірісті. Маздаған оттың ыстығы жүзін шалып
өтіп, іші-бауырын түгел жылыта бастады. Есікті сықыр еткізіп, ер-

теңгілік суыққа қымтанып киінген келіні Қалима кірді. Ол енесінің
ерте тұрып бүкшеңдеп от жаққанын көргенде, ақбоз өңінің құты
қаша таңданды. Оған ең ауыр тиетіні осы еді. Енесіне жалыныш-
ты көзбен қарап:

– Ене-ау, соншама ерте тұрып шала бүлінгеніңіз не? Өзім-ақ

қайнатам ғой бұл шайды. Ұйықтай бермейсіз бе? – деді. Сөзінен,
даусынан сағы сынған адамша жетімсіреген күй байқалады.

– Қарағым-ай, кəрі кісіде ұйқы бола ма? Сен жұмысқа кешіге

ме деп...
Келініне ол кісі əрдайым сақтықпен қарап, олай-бұлай боп кет-
се, абай боларлық бірдеме іздегендей болатын. Жағаласа жүгір-
ген екі қолдан дəті шыдамағандай жез шəугім тас-талқаны шығып

ілезде қайнады.
Ертеңгі шай олар үшін сын сағат еді. Ақбибінің түлкідей сақ
көздері аннан-мұннан қылаң етіп, келінінің мейірбандығы төгілген
жұмсақ назарын адастырып кетеді. Алдына қызылы үйірілген ыс-

тық шай келгенде, оның жүзінен танитын барлық жақсы нышаны
бу боп ұшып кеткендей бір қас қағысып, көз түйіскен сəтте ғайып

болады. Одан кейін əлдекімнің жүрісін аңдыған кəнігі көзбен Қалиманың күнге күйіп тотыққан ашаң сұлулығының ой-шұқырынан əлденені іздеп үнсіз бағады. Қалима осы бір жыл ішінде қандай күйде болды десеңізші. Күніне он қараса тоймайтын күйеуінің қас-қабағынан көз жазып қалғаны толмас өкініш еді. Жас қабірдің топырағын құшып солқылдап жылаған қаралы күндері жас тəнге таңба басып, ағаш көміріндей қарауытып қала берген. Бейіт басына бұл да барып тұратын. Бірде енесінің үстінен шығып, сырттан бақылағанында Ақбибінің баласының басындағы ерекше ұстамдалығына қатты таңқалған. Неткен тас түйін адам десеңші. Көзіне шық түсірген жоқ. Қоңыр даусы күмбірлеп шуаққа маужырағандай жас топырақты жаныштап отыра берді. Айтқанын баласы көз алдында мақұлдап отырғандай өзі де иегі кемсеңдеп, жүдеп-жадаған кейпімен мейірлене бас изейді. Сонда Қалима өткен бір бақытты күндерді еске алып, бір босағада бəрі қайта қауышқандай, кездесу шаттығына ұқсас ең бір ғажап сезімдер ағыны бойын билеп əкеткен. Осы үшеуін саябырлатқысы келіп, жер-ана əлди жырын айтатын сияқты. Бірақ, бұл тəспінің моншағындай жылт ететін өткінші сəт еді. Күрт төмендеп кеткен ене жүзіне қарап, Қалиманың қайғысына қайғы жамалатын. Енді қараса мұны қинайтын жар күйігі ғана емес, сол арманда кеткен, жас қосақтың жалғыз аманаты боларлық тағы бір міндет бар екен. Ол – мына кемпірді жылатпау. Қалима күйеуінің басында соңғы болған кездеріңде өзіндегі ойды жеткізсем дегендей тұла бойы қалт-құлт етіп ұлықсат сұрауға аузы бармаған адамша ерні дірілдеп қатты қиналысты бастан кешіретін. Бірақ Алмабектің өзі қабір ішінен қайрат беріп, өмірдегі бар іс пен қызықты бұған тапсырғандай бойын тез жиып алатын. Сілейтіп соққан сол Алмабек қазасының шері тарқамайақ ене мен келін арасында бір үлкен ор қазылып қалғандай еді. Содан бері өзіне сенімсіз қарайтын ененің жабырқаңқы көздерін көргенде, ол ішінен қан жылайтын. Енеме адал көрінсем дейтін емеурін оны соңғы кезде жаман күйрек етіп, кейде өзінен сылтың мінез көрсетіп алатын. Қазір де ене алдында кірпиіп сұлқ отыр. Оның самаладай ақ жаулығына көз қиығымен ғана қиыла қарайды. Анда-санда енесіне жалт ете түсетін жанары «ене-ай, неге маған күдіктене қарайсыз, мен сізді тастамаймын ғой» дегенді шыншыл сырымен жеткізетіндей. Ақбибінің əншейінде «қайтейін, жас адам ғой» дейтін кешірімді кең дүниесінің қайда екенін мұндайда өзі де ойламайтын. Күндегі əдет – осы. Келіні екінші рет шайы шығарылған шəйнекті

енесінің алдына сырғытып, жұмысына тұратын. Ақыры жиналып болып, есіктен көйлегінің етегі бұлғаң еткенде, ақтық көріп қалғаным ба дегендей енесінің қандай көзбен қарап қалатынын іштен сезетін ол, жігері құм болатын. Бүгін де Қалима үйден көңілсіз шықты. Жүгіре басып сонау қыр басына жеткенше бас көтерген жоқ. Бұл кезде колхозшы əйелдер қызылша жинауды суыққа, қыс қарына қалдырмау үшін жанталасып жатқан. Колхоз шаруашылығының да ендігі қарбаласы соған ауған. Соңғы кезде жүрегіне жақын тұра бастаған бір адамның өзін жолда күтіп тұратынын біліп, оған бүгін тіл қатпай өтуге нық бекіді. Қалима жас қой. Сол жастықтың сарқылмаған қуаты тар кеудесінде бұлқына соқса ше? Бірақ, енесінің қара жалындай түйдектеліп өңешінен күйік ататынын ойлағанда, Қалиманың ерні жыбырлап, жүрегі қысылғандай болды. – Жаным, неге асықтың, сабыр етші... Сөйлесейікші азырақ... – Тоқташы! – Жоқ, жоқ, Жанай, сөкпе мені,  – Орамалын қолымен түзей жүгіре басты Қалима. Əйелдердің ақ жаулықтары көкпеңбек көктем жаннаты түстес қызылша егістігіне шашырап түскен ақ гүл сияқты. Көз ұшында түймедей болып, оларға тағы бір ақ жаулық қосылып, көк өңірге жарасымды тағы бір ақ гүл қадалды. Төбе басында ұзақ тұрып қалған көзі баданадай, кеуделі жігіт Жанай, шарасыздықтан иығы теңселіп барып тракторына мінді. Əлдекімнің ашу ызасын білдіргендей трактор көмейінен қара түтін атты да күш алған гүрілімен жер солқылдатып ырғала қозғалды. Артына тіркелген соқасы сары аңызды қынадай тіліп төңкеріп барады. * * * Ақбибі бүгін бейіт басына баратындығын келініне айтпай, өзіне де күңгірт əлдебір ой түйінімен іркіп қалған. Енді соған жинала бастады. Жолда келінінің көзіне түспеуін тілейді. Ертеңгілік суықтың беті қайтқан. Түннің бір уағынанбасталған таң желінің ғана желігі басылмай, дала үстінде оқтын-оқтын ойнақ сап кетеді. Ауыл сыртына шыққан Ақбибінің кəріліктен жіңішкерген сүйегі аздап жазыла түсіп, туған даланың өңіріне аттап басқан сайын өзіне бір жақындықты сезеді. Бұл өңірде күз мезгілінің толысқан шағы екенін айыру оңай.

Кейбір қыраттарды түгел көмкеріп, сонау көк жиекпен астасқан
аңыз даласының бетінде сарғыш сəуле ойнап еркін құбылады.
Асқақ көрінген құзар тауда күздің шуақ күніне деген жылы шырай
бар. Алтынға малған алып құс қанатындай бөктеріліп жатқан осы-

нау туған өлкеге алғыр күн қадала қарайды. Бір кезде жаз же-
легімен желкілдеп, сағым құлпырған даланың өмірге деген соңғы
ажарын танытатын сияқты. Ақбибі аңыз даласының үстімен өтіп,
маңдай алдындағы қырқадан қайқаң етіп шығатын қара жол-

да талған белін көтеріп, таяққа сүйенген күйі ілбіп басып келеді.
Астық бастырылып болып, колхоз төңірегіндегі тіршілік бұл кезде
саябырлап қалған. Тек əлдеқайда алыстан трактор гүрілі жетіп
тұр, сары күздің соңын ала далада аябь жырту басталған екен.

Қаңқылдаған дауысы құлақ жарып, қарға-құзғындар жайыла ұшып
жүр. Кең өлкенің есірткен еркесі бұл күнде өздері болғысы келеді.
Бұл далада кімдер болып, кімдер баспаған? Ақбибінің маңда-
йына сыймаған жалғыз ұлы Алмабек те күні кеше ғана осындағы

ерлердің бірі емес пе еді? Ол бəрін есіне алды. Маңдайын күн
қақтаған қара домалақ баланың асыр салып ойнағанын көрген-
де, «жалғызым» деп, өмірінде қорлық дегеннің не екенін білмеген
адамдай сезінетін өзін.

Сол көзінде күн табы бар жұп-жұқа сүйкімді бала Алмабектің
көз алдында бұғанасы қатып, ержеткенін аңғарып па Ақбибі.
Тіпті, сол Алмабектің өскенін, есейгенін көрсем деп аңсамай-
тын да, тек көзімнің нұры, көңілімнің оты болудан жазбасын деу-

ден əрі аспайтын бір тілек қана көкірегін жандырмаушы ма еді.
Күйбеңмен өткен күндер жағаға біткен жас шіліктей Алмабектің
күш-қуатын толықсыта беріпті.
Ол, міне, иығымен аспан тірердей көрінеді ананың көзіне.

Қалима, Қалима, ше? Ол бұл үйге күнше жарқырап түскендей
еді. Атам қазақтың салтын аяққа баспай, оның да алғашқыда
жүзі төмен болғанмен, жалт-жұлт еткен жанары көрініп қалатын.
Сүйгенімен ұғысқаны секілді.

Жас жұбайлар шынымен бақытты еді. Сол бақыттың жалы-
ны шарпыған Ақбибі қайда шалқып, қайда төгілерін білмеді. Ол
үшін бұл дүниеде бар алтын сарайдың есігі ашық болды. Сол
күндердің жалт еткен елестей жоқ болғаны несі? Көзі қанталап,

дүние тез тарылған еді. Қара түнді жамылып кеп, алқымынан
алардай не жауыздық дерті билегенін кім білсін. Алмабектің өлімі
кенет болды. Өткен жылдың жаз айында ол үш күн дамылсыз жер
жыртып, төртінші күнінде ғана өз кезектесіне тракторын тапсыр-

ған. Сол бетімен жүре берді де ұйқы қысқасын айдалмай жатқан
жерге құлай кетіп, тас ұйқыда жатқанында трактор денесін жан-
шып кеткен.

Егер Ақбибі сол бір сұмырықтай кеп қанатымен қаққан қара түнді еске алар болса, екі қолы көкте дірілдеп, кеудесінде бұл дүниеге деген ешқандай рақымшылық қалмай кетеді. Ол күйік басқан аспанды ғана көріп, өрт шалған өңеші түйдектеп қара жалын атады. Мүмкін, күйініш атаулыны кəріліктің мехнаты да демейтін шығар, əйтеуір Ақбибінің мұндайда терісі тым жұқа. Ол артынан бір аттылы адамның қуып жеткенін біліп, тезек терген адамдай бұрыла қарады да, осы ауылдағы бригадир Бегімбайды таныды. – Уа, шеше, жер көріп, арқаңызды кеңіткелі шықтыңыз ба? Ақбибі – əрқашан жақсылықты есте тұтатын адам. Алмабекті бейіт басына апарғанда, шаршы топқа басшылық етіп жүрген осы Бегімбайдың суырыла сөйлегені, өлі аруақтың есімін ардақтап атап, жас бағланға арнаған жалынды сөздерін еске алған Ақбибі, оған барынша жылы ұшырай қарауға тырысты. Соның сөздерінен ғана жалғызының ақықтай қасиеті көп алдында күнше жарқырап қалғандай еді. – Қарағым-ай, «жарлының көзі жаутаң» деген. Қара емендей қайыспаған болмасақ та, сүлдерін сүйреген жан болған соң тірлік дүниесін көрмеске лажымыз бар ма? Жұлдызым сөнген соң, арқамның кеңдігінен не пайда? Баламның басына барып қайтпақпын. Ендігі бетім сол жақ. Жайшылықтағы ділмарлығын қазір де көрсетіп тұр. Сөзінде тұнығы шайқалмаған сау күнінің жүйрік серпіні бар. Бегімбай оған таңданған жоқ. – Қайғырма деп кім айтар, шеше, сізге, орны толмас өкініш азасыз қала ма! Бірақ, бəрімізді балаңыздай көріңіз, баласыз ана болмас, бəрімізге де анасыз, – деді ол, тар қапаста булыққан ана көкірегіне кеңшілік бергісі келіп. – Бəріңнің де айтатының осы, қарақтарым, жақсы сөзің үшін рақмет! – деді Ақбибі шын ықыласымен емірене. Төмен тұқырған көзінен жас ыршып түскенге ұқсайды. Жақсы сөзге жаны иігендегісі сияқты. Бегімбай биылғы шаруашылықты, колхоз жайын Ақбибінің керек қылмайтынын біле тұра əңгіме етті. Жұмыстағы Қалиманы аузына алды. Онымен біраз қаңғырлады да, асыққан адамның кейпімен оза беріп, артына қайрыла сөйледі: – Дүние шіркін кең ғой, шеше. Өмір күн санап өсіп келеді, соны ойлаңыз. Өзіңіз қарт болғанмен, кеудеңізде жастың жүрегі болса бəрімізге нұр емессіз бе? – Нұр болып батып, күн болып шығатын болсам жер басып жүремін ғой, қарағым, – деген Ақбибінің ашық даусы даланың көк

зеңгір ауасын пышақтай тіліп өтті. Бегімбай енді бірер минуттан кейін соқтыра жөнелген еді. Тайпала басқан тағалы тұяқтар жердің кесегін ұшырып барады. Ер үстінде ол жартасқа қонған бүркіттей кеудесін кере қозғалмай отырған. Үзеңгіге шірене салған аяқтары ғана ат бүйірінен қылтылдап көрінеді. Жақсы адамның лебі желпіп өткендей, Ақбибіні бұл дүниенің таңқаларлық жасамыстығы туралы ойлар баурап, кəрі шеңгел түбіріне ұқсаған оның қарт көкейінде тіршілікке деген жылы мейірім сарғайған сəуле отындай жылт етті. Көптен бері қара суық ескен тоңғақ далаға көктен күн елжірегендей оның кəрі жүзінде бусанған шырай пайда болды. Ақбибі қырқаға шыққанда күн түске таяп қалған. Айналасындағы аңыз даласы оған алшиып көрінеді. Арғы түсе берісте жаңа ғана мұрты ойылған дерлік қызылша егістігі де көкпеңбек болып жатыр. Қызылшашы əйелдер егістікке шашырай түскен. Ақ жаулықтар əр жерден бейқам ағараңдайды. Күні бойы алыстан құлақ тұндырып тұрған гүріл, енді өзіне таяуда екенін сезген Ақбибі оңға бұрылып əудем жерден қырқаға тырмыса берген соқалы тракторды көрді. Кішкене шұқанақтарға соқтыққандай тоңқаңдап барып, Ақбибінің көз алдында кілт тынып қалды. Одан алыстан сидам көрінетін тракторшы жігіттің сұлу денесі сырғып түсіп, беталды жүріп кетті. Бұл қайда барады дегендей, Ақбибі көзімен оза қарап еді, əріректен көйлегі желбіреген таныс тұлғасы көзіне оттай басылған бір ақ жаулықты əйелді көрді. «Əкем-ау, мұнысы кім?» – деп маңдайын көлегейлей бере тани кетті. Қалима! Көргенім анық па дегендей, көз еттерін шытынатып қайта қарады. Бұл жолы да өз келіні екенін айна-қатесіз таныды. Қызылша тазалаудан бір сəтке сытылып шыққан беті сияқты. Маңдайын күнге беріп, қары талған қолдарын жанына сірестіріп тұр. Жігіт қасына жақындап барғанда да селт еткен жоқ. Тек қана талмаураған жүзінен алау көрсетіп, «сен менің шаршапшалдыққаныма қарама, мен жаспын, мен жалынмын» деп тұрғандай. Айдалада табысып, бетпе-бет келген екеуге, көк аспанда бұлт көшкінін түре айдаған дала желі ғана анда-санда бұрқ етіп, жан бітіргенге ұқсайды. Мұндай тұрыс бұларды қинайтын сияқты. Əлден уақытта жігіттің əлуетті қолдары сымдай тартыла қалды да Қалиманы өзіне баурады. Сонда ғана ол жан-жүйесі босап, ақтық қорқынышын жұтқандай, ақ орамалының ұшын желге беріп, оның иығына құлады. Тағы бір бұлқыныспен шалқая күнге шағылысқан ақ тамағын жарқ еткізді. Ақбибінің сорына қарай біткен өткір көздерінен мұның ештемесі қақас қалған жоқ. Оның жан дүниесін бұрап, ішіндегі ең бір аяулысы үзіліп түскендей болды. Емшегін көкке сауып, балаға

деген қарғысты қара беттікпен айтатын заржақ анаша жүзін тəңір-
ге тосқандай көкке көтеріп, жерге таяғын тарс қойды.
Аспандағы ақ бұлтты да көзі көрмей «бітті... бітті...» деп жан-
дəрмен сыбырлай берді. Көз жастары ыстық добалдай бетін си-

пап өтті.
Бұл көрініс оның бүгінгі баламның басына барам деген құлшы-
нысын қиып түскендей болды.
Жоқ... жоқ! Мына фəнилікті, мына дүниенің опасыз қу пен-

дешілігін қойнына суық тастай тығып, баласының басына апара
алмайды Ақбибі...
Жоқ... жоқ! Жат несіпті жеткізіп, жалғызының жанын жарала-
майды Ақбибі. Осының бəрі бір сəттік кідірісте шешілді. Ол кəрі

діңгектей шайқатылып кейін бұрылды. Төбе басындағы екеуге
қайта қарағысы келген жоқ. Шалғайы кең ақ көйлегінің етегіне
сүріне-қабына келген жолмен қайта салды. Таяғын жерге тарс-
тұрс қояды. Бұл жерге шейін қалай келгенін байқамаған Ақбибіге

ауыл жер шетінде қалғандай алыс көрінді.
Мүмкін, үйге жетпей үзіліп кетермін деп ойлады. Егер алда-
жалда жетіп құласам, қайта бас көтеру жоқ шығар деп, өзін дү-
ниеден көшіп бара жатқандай сезінді.

Ақбибінің қазіргі кейпі ақ бұлт көшкен аспаны бар ұшан-теңіз
кең дүниенің бетінде қанатының далба-дұлбасы шығып жантаң-
дай басқан жаралы құстай еді. Əрбір тас кесекке соқтығып, бəрі-
нен қағажу көретін бейшара халде. Оны нықырта түскісі келген-

дей, ойда жоқта жел көтеріліп, етек-жеңін жұлқылап бара жатты.
Ақбибі барынша қатты адымдауға тырысты. Аяққа оралған етегін
де қатты бүріп ұстап алған.
Бірақ, əудемжер жүрмей-ақ, дымы құрып қалды. Маңдайын

таяқ ұстаған қолына сүйеп, қайта жұлып алды да, есі ауып бара
жатқан адамша тəңірге жалбарынды.
Көктен күн көзі шелденіп, оның таза ақ маңдайына, жұмулы көз-
деріне ыстық табын басып, жан жарасын ауырта түсті. Өзіне қазір

күн ғана емес, табиғаттың барлық түйсік көздері қадалып, таба-
лап тұрған сияқты. Көлденең көршінің мазағына душар болғандай
қатты қылғына қорланды Ақбибі. Аяғын аттап басып, сенделе қоз-
ғалды. Таяғы жер құдіреттің маңдайын тесіп жіберердей тарс-тарс

тиеді. Көз алдындағы жаратылыстың бəрі ерсі еді қазір оған.
Өлімге асыққандай өзеурей ұмтылды. Иə, тек сол ғана құтқара
алады оны, осынау пақыршылық дүниесінің топас мазағына қар-
сы тұрар күш тек өлім.

Орта жолдан əрі асқанда ғана ол есін жиды, жоғары қарап еді,
көк зеңгір ауаның теңіз түбіндей алыс қабаттары мен өрекпи соқ-
қан жүрегінің деміккен дүрсілін қабат сезінді.

Ол сонау қасқа жолды көрді. Күнде көріп жүрген қасқа жол бол-
ғанмен, көз жұмар алдында ақтық рет бар өмірін еске алғысы кел-
гені сияқты.
Аңыраған көш. Шұбырған шаң. Аттылы-жаяу түйе жетектеген

жүн шекпенді адамдар. Солардың арасында-ақ Ақбибі делеңдеп
қыз боп өсіп, сол қасқа жолдың бойынан талай рет көшпен бірге
өтпеп пе еді.
Онан кейінгі уақыттың да дүбелеңін еске алмай қойған жоқ.

Қаншама кісі өлімі болды. Осы өкімет келердің алдында құбыла
шеттен ығысқан қашқындардың лаң түсірмеген үйі жоқ. Біреудің
аты ұрланды, біреулердің түйесі жоғалды. Сонау қасқа жолдың
бойында Ақбибінің туған інісі мен екі-үш ағайынын бандылар

шауып өлтірген болатын.
Одан кейінгі тыныштық... Қайта дүрбелең... Соғыс...
Ақбибінің көз алдынан қанша заман өтсе де мынау жаратылыс
əлі өзгермепті. Сол дүние əлі дүние. Қыз төсіндей керілген дала

таңы айрылып жіпсіген күйімен өзінің шалқар ұлылығын кімге де
болса танытатын еді. Үстінен бу көлбеп ұшқан өзіңдегі бар жар-
қын қуатты ашып тастаған.
«О, жасаған-ай. Өлім пендеге бар, мынау дүниеге жоқ», – деп

толғана бір ащы ой ойлап, өзінің де дəрменсіз пенде болып жа-
ралғанына зығырданы қайнады.
Басын қайда қоярға білмей жүрегі айныған адамша біраз тұр-
ды да ауырып қалған сүйек-сүйегіне күш сала қозғалып тағы да

алға аттады. Бірақ енді асыққан жоқ. Іші-бауыры түгел қозғалып,
бір-ақ лоқсықпен түсіп қалатындай денесі дір-дір етеді. Болары
болып, бояуы сіңген іске көнгісі жоқ.
Зорлықшыл дүниенің қай қылығына көнбеп еді Ақбибі. Бірақ,

бүгінгі көріп-білгені көрер көзге жылтыр тіршіліктің бет-пердесін
жұлып тастапты.
Қызық бар, дəурен бар дегендегі өмір осы. Ол аяғын аттап бас-
қан сайын өз денесінің ауырлап бара жатқанын сезді.

Бұл кезде күн қатты жылына бастаған болатын. Сарғыш тарт-
қан күз даласы рахат шуаққа батып тұр. Ақбибінің аздап басы
ауыра бастады. Ол құдайдан ақтық күш, қуат сұрады. Бірақ, ұзақ-
қа емес, өз үйіне жеткенше ғана. Не де болса өз төрін көріп, өз

табалдырығын аттап құлағаны тəуір еді.
Егер Ақбибі қазіргі күйігін бір сəтке ұмытып аспанға қараса,
əттең. Көкірегіндегі ескі даналық, ізгі сезім атаулы суық сорған
көктем гүліндей көріктеніп, жас баланың көңіліндей ынтыға оя-

нар еді. Күміс қанаттарын күнге шалдырып, сойқан сұлулықпен
оянған қос көгершін ұшып жүр. Көк жүзінде жарысып, тұмсық
түйістіргенге ұқсайды. Бірақ, Ақбибі оны көрген жоқ. Көрген күнде

де одан еш түйсік көкейге қонбас та еді. Біраз жер жүріп барып,
таяғына сүйеніп тағы тоқтап, өрекпи соққан жүрегінің басылуын
күтті. Жас толған көздері айналаны түгел бұлдыратып, ешнəрсені
аңдататын емес еді. Тек күз күнінің қатты жадырағанын байқады.

Буын-буыны, жотасы түгел тершіп, бұл кезде денесі де жылына
бастаған. Алдындағы күз даласы теңіз суындай жарқырап, көз
шағылыстырады.
Дүниедегі бар жасырын сұлулық оның көзін тағы да табала-

ғысы келгендей, жүрегін онан сайын шайлықтыра береді. Ол бұл
көрініске қайтып қарамауға тырысты. Аяқ жолын ғана көретін
адамдай басын төмен тұқырта ұстап, алға қарай ырғатыла басты.
Əйтсе де, көзіндегі жасына əлсін-əлсін күн сəулесі шағылысып,

жанарын өртеп кететіндей.
Жүзін одан сайын жасыра түскісі келеді. Ақбибі осы күйімен
үйіне де жетті. Бау-бақша, қора-жай бəрі де аңырап бос тұр.
Табалдырықтан аттап түскенінде аядай екі-үш бөлме ішіндегі пен-

дешілікпен жиған дүние мұның көзіне бос көрінген жоқ. Мұндағы
əрбір зат кешегі Алмабегінің тірі көзін, осы Қалимамен қосылған
шақтағы бақытын еске түсіретіндей. Бəрін де сол жалғызының бо-
лашағына жинап, қастерлемеп пе еді.

Ақбибі біраз сілейіп тұрды да, ақыры ақ кимешекті аласа ауыр
денесі бүлк етіп қозғала таяғын бұрышқа тастап, төсегіне барып
қисайды.
Ол күні бойы бас көтерместен жатты. Уақыттың да қалай өт-

кенін білген жоқ. Əйтеуір, ашық сəуле төккен терезеден ғана сырт-
та күн қыздырған күзгі дала көл-көсір болып жатқанын ұмытпай-
ды. Ақбибі жаңағы қайтар жолда қатты шалдығып қалған. Қазіргі
жатысы кəрі буынына əрі жайлы тыныштық та еді. Манаурап,

ұйқыда ма, ояу ма, өзіне де айырғысыз. Бірде көзін жұмып, түс
көріп жатқандай неше түрлі елес қуып кетеді де, бірде тап қа-
сында əлдекімдер анталап кеп тұрғанға ұқсайды. Жоқ болмаса,
тұп-тұнық теңіз жағалауында отыр ма? Жап-жалтыр су бетінде

ойнаған ақ сəуле, күн сəулесі көзін шағылыстырып аштырмайды.
Жұмсақ жайлы төсекте біраз арқасы кеңіген соң, басын көтеріп
терезеге қарағанда даладағы күндізгі жарық күрт өзгеріп, күңгірт
тарта қалыпты. Сарғыш сəулелер де көлбей жосылып түскен.

«Бұл қалай?» деп біраз таңданған Ақбибі кеш болып қалғанын
аңғарып, осыншалық азап уақытының тез өткеніне іштей қуанды
да. Төсекті сықыр еткізіп, кеудесін көтермекші болды. Қысыңқы
тартқан көздері сүп-сүйір екі қара қиыққа ұқсайды. Аздап беті де

іскен.
Өзінің бұл жатысының себебін іздеп, бүгінгі өз күйігін көкірегін-
де қайта тұтандырып, өртенбекші еді, сыртқы есіктің ашылған

дыбысы оны қалт сергітті. Əлденені жасырғысы келгендей дыбыс естілген жаққа үрке қарап, жастығына қайта құлай кетті. Енді бергі есік те ашылып, бөлмеге кірген келіні Қалима екендігін Ақбибінің іші аса суықтықпен сезді. Бірден қозғала қоймай, бір сəтті өткізе беріп қана есінегендей басын көтерді де, табалдырықтан бері аттап əлденеден қалшиып тұрып қалған келініне қарады. Қалиманың кірпігі төгіліңкі, көздерінің күнсіп қарайып, шаршап шалдыққан, шаң басқан қуаңқы ажарының астынан, тал бойында, денесінің бұлшық еттері білеуленіп көрінген бұлтың жерлерінде жас күштің толықсып тұрғанын көзі шалды. Бұл да өзегіне өрт болып тигендей. – Қалимаш-ай! Балам деп бауырыма басқаным рас еді, құдайдың қу тақыр еткеніне амалым бар ма? Жолың болсын, қарағым! Мен сұңғыланы тербете беруден ештеме өнбесін ұққандығың шығар бұл. Ақ жүріп, адал бас! Теңіңді тапқаныңа сөкпеймін сені, кінəламаймын. Қалима алғашқыда оның түрінен шошыған. Енді мына сөздері анық сордың лебіндей, қатал ызғарындай кеудесін суық кернеп кетті. – Апа-ау, сіз не деп тұрсыз, есіңізді жисаңызшы азырақ? – деп, көзінен жас домалай енесін құшақтай алды.  – Мұныңыз қалай, тіпті түсінбедім ғой сізді. Ақбибі оның ендігі сөзіне құлағы бітеу қалғандай көзін жұмып жастыққа қайта қисайғысы келді. Қалима қасында шыр қақты: – Балам деп бауырыма басып едім дейсіз, тіпті соның бəрі өтірік екен ғой. Жаныңыз бір иісеші тегі маған. Не жаздым сізге? Баласынан кем көрмес деп қаншама үміттенсем де, қара боран болып есуіңізді қоймадыңыз ғой. Не қылығым болса да сізге жатбауыр тартар жөнім жоқ. Өле-өлгеніңізше өз қолыммен əлпештеймін, маған сеніңіз, апа. Суық сөздің керегі не осы? Ендігі жерде ол сіздің жолдасыңыз болмай-ақ қойсын. Сол кешті, түнді ене мен келін бір-бірін құшақтаумен өткізді. Бірақ Ақбибі жібіген жоқ. Мұз болып қатқан күйі сазара түсіп, келініне оң шырай бермеді. Жансыз денесі өлікке ұқсап, жүрексіз, мейір-шапағатсыз жаралған тас кесектей өзінің қатыбас қаһарлығына салып бақты. Қаза дертінен айығып, қу даланың жетім шыбығындай бой жаза бастаған Қалимаға бұл тағы да бір айналып соққан, ара тұрарлық ешкім жоқ адасқан дерттей көрінді. Аласыз көңілмен ана алдында қаншама жарқырағысы, ақ болып көрінгісі келгенмен тағылық тасы маңдайына тигендей, бетін қайтарып жасыта берді. ...Осыдан кейін біраз күндер өтті. Даладағы жұмыс əбігері аяқталысымен іле-шала қыстың алғашқы қары да түсті. Бірақ қыс

жұмсақ келді. Жапалақтап қар жауып, жер-дүние əп-сəтте ақ бə-
тестей болады да, кенет күн қыздырған соң, үстіне киген ақ ша-
паны іріп тозғандай, ойдым-ойдым жер қарасы қайта көріне бас-
тайды. Көше көбіне лайсаң, ауыр жүкті арбалардың доңғалағы

ары-бері тілгілеп, белуардан батпақ болып сойылып жатады. Тек
түнгі суықтан соң, таңертеңгі шақтарда ғана ауыл қыдырғандар,
арбакештер қатқақ жолмен ерсілі-қарсылы ширақ өнімді қимыл-
дайды. Түске қарсы тағы да жол бұзылып сала береді.

Осындай күзді көктемнен айырғысыз бір шақ еді.
Ауылдың біраз адамдары Ақбибінің үйіне жиналды. Жас же-
лең аса көрнекті емес, көбісі Ақбибінің өз тұстастары дерлік қар-
таң, немесе, орта жастағы адамдар. Бегімбай сияқты көп ұйтқы-

сы бірлі-жарым белсенділер де бар.
Ақбибі келген жұрттың пейілін түстеріне қарамай-ақ түсінген-
дей, терезе алдында төселген көрпе үстінде тізесін қолымен құ-
шақтаған күйі сұлық түсіп отыр. Жұрт сөзіне құлақ қоймағандай,

құлақ қойса да естімегендей тырп еткен белгі бермейді. Қалима
болса ауызғы үйде жұрт көзіне көрінбей, ас- су қамдап, қызмет
етіп жүр. Ауыл адамдарының бұл келісі салт- дəстүр бойынша
болғанмен, олардың əрқайсысында біразына өз аузымен, біра-

зына басқалар арқылы Қалима таптап тапсырған бір сыр бар.
Қалима өз енесін даладағы жазықсыз қайыңдай бір тілегіне бой-
сұндыра алмап еді. Көпшіліктен соны сұраған.
Қақ төрде қысық көз, сирек шоқша сақалды, бар болмысы бір

уыстай ғана шал отыр. Сөйлесе, сағыз шайнағандай аузы шап-
шаң қимылдайды. Сырт пішіні жинақы, қутың, көбіне елгезек жас
баланың отырысын еске түсіреді. Жұрттың тыныштығын бұзып,
қайта-қайта дабырлап қойып отырған сол:

– Биыл өзі қыс қалай болар екен, ə? Мынау лайсаң тіпті, жүру-

ден қалдырды ғой. Таза қарымның өзі жақсы еді бұдан да.
Бірақ оның сөзіне мəн беріп отырған ешкім жоқ. Ешкім оның
сөзін артық та көріп отырған жоқ. Күнделікті өздері көріп жүрген
лайсаң, табиғат құбылысы. Оны айту артық та, сөкет те емес.

Отырған жұрт əрқайсысы маңызды іс туралы ой үстінде сияқты.
Бегімбай болса төмен қарап, семіз түкті саусағымен киіз үстін-
дегі əлдебір қиқымдарды жинап, сыпырып, іштегі мазасыздығын
өзінің ер кеудесімен бүктеп отырғандай. Тек ортаға шай келген-

де ғана жұрт еңсесі біраз көтеріліп, жабығыңқы отырыстарынан
айыға бастады.
Дастарқан жайып, самаурын кіргізіп жүргендер көрші үйлердегі
жас келіншектер, Қалиманың жақын сырластары. Қалиманың өзі

жұрт көзіне əлі көрінген жоқ.
Ақбибі жансыз өңімен бұрылып, алдындағы кесені қолымен

алғанда ғана жұртқа соншама бір секемдікпен шоли қарады.
Өзіне жақсы таныс емес адамдар бар ма деген де ой келген еді.
Əсіресе, Бегімбайдың сол жағында бір адамнан кейін дастарқан-
ға аса ентелемей қиыс отырған жас адам бейнесі көзіне оқыс ша-

лынды. «Əкем-ау, соқталдай болған бұл кімнің баласы?» – деп,
өзінің үйіне шақырусыз келген бөгде біреуге тыжырына қарады.
Мұның үйіне, мұның дүние-мүлкіне бас-көзсіз осылай басқалар
иелік етіп, өзінің барлық биліктен, иеліктен ада бола бастаға-

ны ма? Енді Ақбибінің көзіне жиналғандардың бəрі дұшпандық
ниетін бүркеніп келіп отырғанға ұқсады. Осы бір түйсік оны одан
сайын қатыгездендіре түсті. Ақбибі санасы айқын, көкірегін-
де күмбірлеген толқын, ашу-айбат, аталы сөз, татымды байлау,

кесім бəрі бар. Ол жүдеп-жадап аза шеккен, қаза күйігін тартқан
адам емес. Сүт еміп жараған бедеудей жүйрік көңілі, өр тынысы
бар жан.
Міне, қазір де осы жұртшылық пейілін, міскін ниетін осындай

көңілі биік, өр тынысты күйінде шешті. Жас тағдыр тағатсыз тал-
пынады. Оның алдында өріс кең. Бірақ Ақбибі өз еркін, өз басын
біреудің байлауына беріп, əлдекімнің бақшасында қауыз жарған
гүлге көзін қызартпақ емес. Өз нұры сөнген болса, сол сөнген

шыраққа, өлген жанға да тірілерден бір сүйеніш керек қой. Егер
Ақбибі бұл үйдің түтінін өшіріп, қуыс көрдей етіп қалдырып кетсе,
Алмабегінің киелі аруағы орнын сипап қалмай ма. Жоқ, жұртым,
кешір.

Ақбибі өзінің жан дүниесін бүрген осы оймен бекінді.
Жұртшылыққа да осы кесімін айна-қатесіз танытты.
Ең алдымен тағатсызданып сөз бастаған төрдегі қысық көз,
сирек шоқша сақалды елгезек шал. Ол Ақбибінің тұстасы ретін-

де оған жылпос жігіт шағындағыдай-ақ қыр көрсеткенсіп, емекси
сөйледі.

– Ақбибіжан-ай, ауыл көшіп, қырдан асып бара жатқанда,

өзіміз өңкей бозбалалар, қыз-келіншектер тасада үлкендердің
көзінен қақаста қалып, тас лақтырып ойнамаушы ма едік. Сонда
біздің қылығымызды көзі шалып қалған ақсақалдар: «əй, жас-
тар- ай, жастық қуат жалын атады. Сендердің бұл қылықтарың

өздеріңе жарасады. Бірақ біздің сендерге айтатынымыз нала ғой,
өзімізге келген кəрілік наласы», – деп қариялар мұң шағушы еді.
Енді сол мұңды біздің айтпасымызға шара қайсы? Кəрілік жетіп,
көзіміздің алдын мұнар басты ғой. Қазір жақсының не, жаманның

не екенін айыра аламыз ба? – деп, Ақбибінің шымбайына тиіңкі-
реп, əрі оны сөзге тартқысы келгендей екі жақтап сөйледі.
Біраз жұтынып, дамылдап алды да, тағы да, енді екі тізер-
леп отырып сөйледі. Сөзі біраз ұзақ кетті. Бірақ сонда да болса

жұртты мезі ететіндей емес еді. Ол Алмабекті аузына алды. Орны толмас қаза. Бірақ тағдыр жазуы солай. Оған қарсы тұрар күш қайсы. Ол сөзін былай бітірді: – Дүниеде өлмейтін-өшпейтін де салт-дəстүр, тіршілік, пендешілік дегендер бар ғой. Біздің ойымыз саған Алмабекті жоқтатпау. Анау жас жігіт осы отырған көбімізге дос-жар адамның баласы, – деп, Бегімбайдан бір адам төмен дастарқанға аса ентелемей, қиыс орналасқан жігітті нұсқады.  – Жақсы адамда жаттық жоқ деген, жақсының ұрпағы ғой. Келінің бұрынғы келін, балаң бұрынғы балаң. Тек сен мейір-шапағатың мен ризалығыңды берсең болғаны. Қалима да бізге ағатайлап қиылып, сенің көңіліңді жібітіп, туған анам етіп беріңдер, деп өтініш етіп еді, Ақбибіжан. Жұрт сілейіп, үнсіз тұнып қалғандай. Ақбибі енді ғана өзіне-өзі келді. Алдымен төрде молдаларша шарт жүгінген елгезек шалға жаңағы сөздің бəрін маған айтты ма дегендей сұқтана бір қарап алды да кеудесін сəл теңселте ыңғайланды. – Жұртым, бұл лебіздерің, қадір-қошеметтерің үшін рақмет. Бəріңнің де адал ниеттерің, ақ көңілдеріңді танып, біліп отырмын. Жаманшылық айтпассыңдар, жақсылық айтарсыңдар. Жастың жалын қуаты бойында. Су бүркіп суытып, қапасқа шегендеп отырғызар мен емес. Жолы ашық, ақ батамды беремін. Бірақ Алмабегімнің түтінін өшіріп, ешкімнің босағасына бармақ емеспін, түйіп айтарым осы. Ақбибіні бұл байлауынан ел болып та қайтара алған жоқ. Осыдан кейін екі жұмадан соң, алдына пар ат жегілген арба келіп тоқтады. Біраз көрші қолаң да жиналып қалды. Қалима табалдырықтан бері бір адым ғана пеш қасында сілейіп тұр. Ақбибі үшін тағы бір азалы сəт туатындай жұрттың бəрі тұнжырай, істің ақырын үнсіз күткен күйде. Келгендерді Ақбибі өзі серпілткісі келіп, ашық, ширақ дауысымен Қалимаға бұрылды: – Қалимаш-ай, қиналып, дағдаратын ештеме жоқ. Бұл үйде өзіңе не керек болса, бəрі сенікі, ала бер. Қолыңды қағатын мен бар ма едім? – деді. Бірақ Қалиманы алаңдатқан дүние емес еді. Соны ана көңілі сезбеді, түсінбеді. Қалима үйден азын-аулақ нəрселерін алды да, арбаға отырды. Жұрттың бəрі далаға шыққан. Қалиманың құлағына естіртіп қана біразы «бағың ашылсын» айтып жатыр. Арба қозғалып кеткеннен кейін көрші-қолаң бəрі көп тұрысқан жоқ, үйді-үйіне тарады. Алыстап бара жатқан арбаға Ақбибі жалғыз өзі қарап тұр. Өлінің аруағын ардақтап, тірінің тіршілігіне тəкаппарлықпен елікпеген Ақбибі енді өзіне бұрынғыдан əлдеқайда зор азалы күндер мен

түндердің келетінін, жалғыздық пен торығушылықтың қорғасын-
дай ауыр зілі басып, дүние темір татығандай, көкірегіне ауыр зар-
дап оты орнап, көз жасының көл болып ағатынын ұқпады. Өлген
жаннан емес, тіршілік қызығынан тірі болып айрылып, моладай

қарауытып қалуының қандай өкініш əкелетінін пендешілікпен
ұқпады.
1962 жыл

«ЖОҚ, ЕШКІМ КЕЛГЕН ЖОҚ!»

Мен соғысты Прагада аяқтап, сол қаладан қайттым.
Надежда Сергеевнамен Мəскеу-Новосібір пойызында кездес-
тім. Ол вагон сөресінде жантайып жатқан күйеуінің қасында оты-
рып, əртүрлі əңгімелер айтады. Бет жүзінде ендігі бейбіт күннің

де алғашқы ауыртпалықтарын сезінген байсалдылық бар. Өткен
соғыс тауқыметі бұған еш белгі салмаған, қажығандық нышаны
мүлдем байқалмайды. Анда-санда ғана екеуара əңгімемізге жеңіл
күлкі, əзіл араласып, ішкі сарайына сəуле құйылып, жадырап қа-

латыны бар.
Бұл əйелмен ең алғаш Солтүстік-Батыс майданның госпита-
лында танысқанмын. Алғашқы күйеуі сонау Фин соғысында қаза
тапқан ол өз еркімен от пен оқтың арасына санитарлық жұмыс-

қа аттанған. Қауіп-қатерді басқалармен бірдей көріп, қайтып келе
жатқан беті.
Қасындағы қос балдақты кексе солдат Белоруссияның неміс-
тер жермен-жексен етіп кеткен бір селосынан екен. Бір аяқтан

айрылған кемтар адам соңғы жарым жылдың ішінде əйелі, бала-
ларын қоса іздестірген. Орман-орманнан ағылып, күлге айналған
өз селоларына келіп жатқан жандардың арасынан өз туғандарын
кездестіре алмайды. Ауылдастарынан сұрап білгені бұл село тұр-

ғындарының көбін фашистер жойып жіберіпті.
Əбден күдер үзген Степан Григорьевич ендігі халін анық бол-
жап, өзін госпитальда ұзақ күткен Надежда Сергеевнамен көңіл
қосады. Ақыры онымен Қазақстанға жүріп кетпекке келіскен.

Степан Григорьевич бізді оңаша қалдырғанда Надя мұның бəрін
шыншыл жүрекпен айтты.
Ресейдің бір қаласында үшеуіміз Алматыға апаратын поезға
ауысып міндік. Мұнда Надяның үй-жайы, кəрі шешесі бар екен.

Сонда бұлар тұрмыс құрмақ. Бұл кезде жиырма бірде ғанамын.
Менің де он екі мүшем сау емес. Оң қолыма протез кигенмін.
Алматыда университетке оқуға түсуім оңай болды. Алғашқыда

үш айлық дайындық курсынан өттім де, сол жылдың күзінде-ақ студенттер партасына отырдым. Сырт болмысымнан жалындаған жастық ажары байқалғанмен сұрапыл жылдар санамды сартап қалып тастаған ба, маған оқу қонбай қойды. Жатақханадағы у-шу кедергі жасап жүр ме, оңашада бағымды сынайыншы деп, Надежда Сергеевнанның үйіне келдім. Ол қуана-қуана маған бір бөлмесін босатып берді. Мұнда да оқуды өгіздей өрге сүйреп əкетпегенмен тыныштықтың қолайлы жағы болды. Лекциядан келген бетте кітапқа жармасып, түнгі сағат үште əрең бас көтеремін. Өң мен түстей өтетін осы ұзақ уақыт ішінде тырс еткен дыбыс беріп ешкім көңілімді бөлмеді. Надя менің жағдайымды ұғып, күйеуімен сыбырласып сөйлеседі. Тек анда-санда балдағымен еденді тоқ-тоқ еткізіп, Степан Григорьевичтің ары-бері өткенін естимін. Маған ең жеңіл пəндердің өзін игеру қиынға тиді. Үш бетті он рет оқып шығып, соның үш сөзін дұрыстап ұстай алмған шақтағы қынжылғаным əлі есімде. Бірақ табандылығым басыма шығушы еді. Өзімді тасқа жанығандай жігерлене түсетінмін. Кейде көзімнің майы таусылып, қажалған шақтарда Надежда Сергеевнамен дидарласып, желпініс жасайтынмын. Надежда Сергеевна: – Қалқам-ау, соншама неге көп сарғаясың? Миың айналып кетпей ме? – дейді. Мені шын ниетімен аяйтынын аңғарам. Осы аяныш көңілімді босаң ете ме: – Миымның өзі де айналып кеткен ғой, Надежда Сергеевна, – дейтінмін оған мұңымды шағып,  – тек оқу оқып, оның бұрынғы тоңын, қатпаршағын қайта кигізбесем бола ма? Сонда Надя соғысты, қолынан өткен жаралы жауынгерлерді елестете ме, бүкіл денесімен күрсініп салып, өзі де ұзақ мұңға бататын. Тек Степан Григорьевичті көріп, селк етіп оянатын да оған тағы қандай қамқорлық жасау керек екенін бірден есіне түсіре алмай əлек болатын. Степан Григорьевич – өмірі үндемейтін адам. Біз Надямен сөйлесіп отырғанда ол еденді тоқ-тоқ еткізіп қасымыздан өтіп кетеді. Балдаққа əлі үйрене алмаған ба, жүрісі ауыр, жүзін жерден алмай, баяу қозғалады. Қос ағашқа бар салмағын салғаннан емес, қай жерде сүйегі қалғаны белгісіз бұрынғы қатын-баланың қайғысы желкесінен басып тұрғандай, қос жауырынының ортасы терең шұңғылданып тұратын. Ал Надя осы кембағал адамды қалай күтті десеңші. Бөлме еденін əйнектей жалтыратып, ақ сүлгімен сүртіп алсаң кіршік жұқпайтындай етіп, үйді сондай таза ұстайтын адам еді. Степан

Григорьевичті тамаққа шақырғанда дастарқанына көзің түссе,
ыдыс-аяқтарынан ерекше тазалық белгісіндей бір сəуле төгіліп
тұратын. Кексе солдаттың өзі алақанда аяланған нəрестеден
айырғысыз. Ескі қауызынан арылып, күннен-күнге ағарып, ақ

жұмыртқадай бола бастаған. Адамның шын сарайы осындайда
ашылатын сияқты. Степан Григорьевичтің анда-санда өзіме бір
қадалып қалатын көкшіл жанарындағы айқыш-ұйқыш сурет сəу-
лесі де молайып, қатпар-қатпар өмір белестерінің арғы тасасы-

нан қарап тұрғанға ұқсайды. Надежда Григорьевнаның күніне үш
мезгіл тамақтың ең жеңіл, жұғымды түрлерін жасап, стол үстінде
буы бұрқыраған күйінде құлпыртып қоюына қарап, сірə, жарым-
жан солдаттың аяғында ғана емес, іш құрылысында да бір ақау

бар ғой деп ойлаймын. Себебі, Степан Григорьевич осы тамақтың
өзінен аз жейді. Олармен бірге мен де талай рет дəмдес болғам.
Надя не жасаса да аузыңда еріп, жеген сайын тəбетің ашыла тү-
сетін. Степанның осындай дастарқан үстіндегі салқынқандылығы

оған деген аяушылығымды молайта түсетін.
Степан Григорьевич біраз оңалғасын бір мекемеге вахтер
болып орналасты. Надя майданнан қайтқан алғашқы күннен-ақ
осындағы ең үлкен мейманханада кезекшілікке тұрған. Соғыс

кезінде шұғыл дайындықтан өтіп қана сестра болған. Ол жағынан
арнаулы білімі жоқтықтан бейбіт күнде осы орналасқан жұмысына
да көңілі тоқ еді. Бір тəулік мейманханада болып, демалуға тиіс
үш тəулігін түгелдей жан-тəнімен Степан Григорьевичке арнайды.

Оның түстік тамағын жұмысына апарып береді.
Таңертең əлдекімге өкпелі адамдай жауырынын күжірейтіп,
қос балдағымен еденді тоқ-тоқ еткізіп кетіп бара жатқан күйеуіне
Надя:

– Степан Григорьевич, бүгін түсте қандай тамақ апарайын?

Ыстық борщ пен қуырылған жұмыртқаға тəбетің шабар ма екен? –
деп сұрайды. Күйеуі артында қалып бара жатқан лажсыз дүниеге
бір қайрылғанындай қинала тоқтап, бар денесімен бұрылады да,
əйеліне қабағын барынша көтеріп, ажырая қарайды:

– Менің қандай тамаққа болсын тəбетім шабады, Надежда

Сергеевна!  – деп, осындай болымсыз сұрақпен өзін тоқтат-
қан əйеліне бүкіл тұла бойымен наразылық білдіріп, қалтырақ-
тап, қайтадан өз жөнімен жүре береді. Надя бүкіл кеудесімен
ауыр тыныс алып, оның соңынан қараған күйі тəрбиеге көнбей

кетіп бара жатқан бала күйігін көтерген анаға ұқсап, қос қолын
қарынан айқастырып ұзақ телміріп тұрып қалады. Күйеуі сырт-
қы есікті баяу сықырлатып, бір қолының шынтағымен жауып,
əрі қақпа сыртында балдағының тоқ-тоқ еткен үні өшкенше

қозғалмайды.

Надежда Сергеевна өмірі бала сүймеген адам екен. Тағдыр
ондай бақыттан ада қылғанмен көкірегіне қамқорлық сезімін тол-
тырып, соның шарасынан асып-төгіліп тұрған шағы ма? Кейде
Надяны аяймын да, онымен əңгімелесуге бір сəт уақыт бөлемін.

Екеуміз оңаша қалғандағы осындай сирек əңгіме үстінде
Надяның көңілі тез босаңси қалады.
Соғыс тауқыметі бұған оңай тиді ме? Шайқастың неше түрін
көрген мен, ұрыс болып өткен даладан теріп алатын жаралы

жауынгерлерді құрғақта қалып, жан тəсілім етердей тыпырлап
жатқан балықтарға ұқсататынмын. Шым-шымдап аққан қанды
шандып орап, онымен бірге сусып кетіп бара жатқан адам жа-
нына қайыру бергенде, үсті-үстіне келіп, толастамайтын, таусыл-

майтын осындай жұмыс Надяның өз жанын қалай суырып əкет-
педі екен деп таңданатынмын. Міне, қатер дегенің көз алдыңда
қызыл қан болып аққан сол сұрапыл күндердің ақыр соңына дейін
жеткен жігері тап осы қара басы қалқиған Степан Григорьевичтің

оңайлықпен ашыла қоймайтын қыңыр мінезі алдында мұқала бе-
ретіні түсініксіз еді.

– Қамал-ай, қарашы! Дүние аударылып-төнкеріліп тұрмаса,

біркелкі алға баса алмай ма? Осы соғыс қанша адамның со-
рын қайнатты. Аман қалған Степан Григорьевичтің өзі мынау.
Құлағының түбінен шыбын ызыңдап ұшса соған тыжырынады.
Аузына ас салуының өзі бір қиямет іс. Қайтсем бабын табамын?

– Надежда Сергеевна, оған неменесіне сонша көп күрсінесіз?

Мүмкін, аяғының жарасын ауырсынып жүрген шығар. Иə, соғыс
кімнің басына қасірет əкелмеді? Аман қалған менің де қолым
мынау, қыста да, жазда да қара қолғап киемін. Оны да қойшы,
бəрінен де басымда бір тесік саңлаудың қалмауы жаныма қатты

батады. Оқу қонатын емес.
Сөйтіп, Надяны сергітпек боламын да өз мұңыма түсіп кет-
кенімді аңғармай қалатынмын. Кім білсін, контузияның əсері шы-
ғар. Ондайда дереу əңгімені доғаратынмын. Бар күшім осыған

ғана жетеді. Өзі қамкөңіл əйелдің мойнына су құйып қайтейін. Ал
көңілді əңгіме үшін тілге тиек етерлік бір нышан таба алмай өз
бөлмеме сүңгіп кетіп, маңдайымды столға тарс қойып, ұзақ қы-
бырсыз қаламын. Степан Григорьевичтің мінезін өз басымдағы

хал арқылы Надяға баяндап беруге батылым бармайды. Надя
күйеуін жұмысқа, мені өз бөлмеме жөнелткеннен кейін ғана
қалпына келетін сияқты. Оны үй шаруасын істей бастағанынан
аңғарамын.

Бір күні Степан Григорьевичке хат келді. Почтальон есік то-
қылдатқанда ол жұмыста болатын. Мен өз бөлмемнің есігінен
сығалап, коридорға Надяның конверттегі мекен-жайға ұзақ үңіліп

тұрғанын байқадым. Ақыры Надя ол хатты ашқан жоқ. Хаттың
күйеуіне екенін менің бөлмемнің тұсынан өтіп бара жатып, маған
сыбырлап қана айтты. Əлденеден өңі бозаң тартып, көзінен бір
жарқ еткен отты байқадым.

Степан Григорьевич жұмыстан келіп, ол хатты төсегінде шал-
қасынан жатып оқыды. Надя:

– Бұл неғылған хат?  – деп, сыр тарта сұрағанда, Степан

Григорьевич төсекке асықпай түргеліп отырып:

– Мұнда сені де, мені де қуантарлық ешнəрсе жоқ!

Неғыласың? – деп, əдеттегідей сабырмен жауап қайырды. Үлкен
тарақ қағазды ұйпалақтай қалтасына сала салды. Надя одан
кейін ол хатқа мəн берген жоқ, тіпті ұмытып та кетті.
Күндер өтіп жатты. Надяның кəрі шешесі, өзінің бөлек кіш-

кентай бөлмесінен ешқашан шықпайды. Шашы аппақ қудай,
өзі етжеңді болғасын белі бүгіліп одан сайын домаланып қал-
ған. Оның ас-суы да бөлек, осы үйде тұратын қалған үш адам-
мен тіл қатысып, олардың тіршілігіне араласып көрген емес. Тек

Надя ғана анда-санда оның бөлмесіне бас сұғып, өлі ме, тірі ме,
соны ғана біліп шығатын сияқты. Оның бар ынта-ниетін Степан
Григорьевичтің қамы жұтып бара жатқандай. Бірақ сарылып, сар-
қылатын Надя емес, қайта күннен-күнге өңі кіріп, жасара түскенін

байқайтынмын.
Степан Григорьевичтің оңаша маған бір айтқаны:

– Қамал, егер менің атыма хат келе қалса, почтальон Надежда

Сергеевна жоқта сенің қолыңа берсе, сен оған көрсетпей-ақ, жа-
сырып бергін.
Мен «құп» деп бас изедім. «Біреудің семьясы – қараңғы ор-
мандай» дейді орыс мақалы. Тағы жарымжан адамның сырына

сұғынып нем бар? Оның мəнін сұрамадым да. Оқу қинаған өз тау-
қыметімді де көтере алмай жүрген шағым ғой.
Содан бері Степан Григорьевич жұмыстан қайтқан сайын мен
жаққа алаңдайтын болды. Мен Надяға білдірмей басымды шай-

қаймын. Ол жауабымды ұғысымен басын салбыратқан күйі өз
бөлмесіне қарай өтіп кетеді.
Тағы үш-төрт айдың ішінде екі рет хат келді. Бірақ екеуі де
ең алғаш Надяның қолына тиіп, ол конвертті ашпастан күйеуі-

не өзі ұсынды. Ол хаттар да Степан Григорьевичтің қалтасына
сүңгіп, сол күйі жым-жылас болды. Егер мұның жоғалған əйелі,
балалары табылып, хат солардан келіп жатса, Надя оны конверт
сыртындағы мекен-жайдан-ақ ажыратар еді ғой. Тағы ондай жағ-

дайда Степан Григорьевич өзін тап мұндай салқынқандылықпен
ұстай алмасы хақ. Мүмкін, алыс ағайын, туғандарынан болар деп
жорамалдайтынмын. Тағы бір байқағаным, Надяның осындай

белгісіз хаттар келген сайын жарымжан күйеуіне ықыласы арта түсетін. Оның алдында қауындай жарылып, тіпті біржолата өліп түсердей, бойындағы барлық ыстық ықыласын аямай төгіпшашатын. Надежда Сергеевнаның жас кезінде де бастан кешпеген, бірақ өмір бойы жан түкпірінде жасырулы жатқан құштарлыққа ұқсас сезімді осы бір кексе солдат өз болмысымен оятты ма екен деймін. Менің бұл үйде тұрғаныма жылға жуық уақыт болып қалған. Алайда өзіммен парталас студенттердің алған білімін мен ала алғам жоқ. Университет мұғалімдеріне сырымды айтып қойғанмын, олар жегуге жарамаған өлмелі атты арбаның артына жетекке байлағандай, əйтеуір алға ілбітіп əкете берді. «Соғыста көрсеткен табандылығыңды енді оқуда көрсет, енді біраздан соң қатарға қосыласың», – деп жігерлендіріп те қояды. Шынында да соңғы кездері кітаптан оқығаным там-тұмдап болса да есімде қалатын. Мұны миымның соғыстың шаң-тозаңынан арыла бастағаны деп ұғып, əрі мұғалімдердің сүйрелеуімен одан сайын оқуға құныға түстім. Барлық тыныс-тіршілігім осымен ғана шектеліп, оған етім өліп, үйреніп те кеттім. Бір күні əдеттегідей кітапқа үңіліп отырғанымда ауызғы бөлмеде кір жуып жатқан Надя аяғын еппен басып келіп, менің бөлмемнің есігін ашты. Қолында ұйпалақтанған ескі қағаз. Осыдан бір күн бұрын ғана Степан Григорьевич вахтада тұрғанда киетін арнаулы киімдерін жудыруға ала келген. Надя сондағы көп қалтаның бірінен тапса керек. Бүктеулі жерлерінен қақырап, үлбіреген ескі қағазды абайлап менің көз алдыма жая ұстады. Надяның өз жүзінде ешқандай белгі жоқ, тек менің сабағыма кедергі жасадым ба деген əдеп қана бар. Қағаздағы жазу мынау: «Құрметті Смеляков Степан Григорьевич! Сіздің туғантуыстарыңызды іздестіру туралы өтінішіңізді алдық. Іздеу қорытындысын өзіміз хабарлаймыз. ПНМ бюросы. Минск қаласы. 12 сентябрь, 1945 жыл Үлкен табақ қағаздағы бар жазу осы ғана. Надяның жүзіне қайта қарағанымда ол аңырайған күйінде екен. Қайғы табын көрем бе деп сəл бағдарлағанымда Надя ондай осалдықпен сыр алдыратындай емес екен. Қайта осы іске өзі де мүдделі адам секілді. – Мынау ПНМ бюросы деген қандай бюро болды екен? – деп сұрады. Оны мен де ажырата алғам жоқ.

– Кім білсін, соғыс кезінде батыс республикалардың көбі тоз-

тоз болып кетті ғой. Ағайын-туғандарынан айрылғандардың
өтініштерін орындайтын уақытша құрылған бір мекеме шығар.
Надяның өз шамалауы да солай. Қағазды қолына ұстап сəл
ойланды да:

– Жарайды, мен бұл қағазды көрмеген болып, бір жерге тығып

қояйын. Егер Степан Григорьевич іздеп қалғандай болса жай еш-
темені аңғармаған болып бере салайын.
Ол хатты Степан Григорьевич сұраған жоқ, тіпті Надяның өзі
де ұмытып кетті білем.

Соғыс аяқталғаннан кейінгі келесі жылдың күзі келді. Бұл
ауылдық жерлерде егін жинаудың ең бір қарбаласы мол шығы.
Қалада ағаш жапырағы сарғайған сабырлы күз ғана. Жаз бойы
көк мауыты киген жөке, шілік алтын түске боялып, өзгеше өңмен

құлпырған.
Тап осы күзде Степан Григорьевичтің семьясы табылғаны
жөнінде хабар сап ете қалды. Бұл іздеу бюросынан еді. Осыдан
екі- үш күннен соң əйелі мен балаларынан хат келді. Мекен-

жайларын айтып, егер тез келе қоймаса өздерінің сағыныштан жа-
рылғалы жүргенін аямай сойдақтатып, ұзақ қып жазыпты. Бұрын
əр жаққа бір ши жүгіртіп, семьясына іздеу салғанын, одан жауап
хаттар келгенін ішіндегі бітеу жарадай сақтап, ол турасында жұм-

ған аузын ашпағанмен мына соңғыларын Надяға бірден айтыпты.
Мен өз бөлмемде сабаққа үңіліп сарылып отырғанымда
Надяның жылаған дауысын естідім. Ол шыңғырғандай ащы үн
шығарып барып бірақ тез тыйылып еді. Қатты аңыраған мен кү-

йеуі соншама жанын ауыртқандай не айтты екен деп дағдардым.
Жарымжан солдаттың түсініксіз мінезінен көп нəрсені күтуге бола-
ды ғой деген ащы ойға да барып қалғам. Бірақ екеуі бөлмелерінен
шыққанда Надядан жəбір көрген, жылаған адамның түрін байқа-

мадым. Тек бет-өңірін, тұла бойын сірестірген бір салқынқанды-
лық бар. Ақыры ол бүгінге дейін нəрестедей əлпештеген күйеуін
сонау Белоруссияға аттандырып салғанда да өзін жақсы ұстады,
осы сабырлылығы мен салқынқандылығын жоғалтқан жоқ.

Степан Григорьевичті поезға отырғызуға мен де бардым.
Вокзал басында Надежда Сергеевна соншама таза киінгендіктен
бе бұрынғыдан да сұлулана түскендей көрінді. Екеуі қысқа ғана
сүйісті. Өзіммен қоштасқанда Степан Григорьевичтің сəл жасау-

рай налыған көздерін байқадым. Бұл адамның халін енді ғана ұқ-
қандай оның осы кейпі көпке дейін жадымда қалды.
Надя екеуміз автобусқа мініп вокзалдан қайтқанда жол бойы,
тіпті үйге келгенде де сөйлескеміз жоқ. Сəл қабағым тұнжыра-

са қазіргі қалпым, сұлу реңім сеңдей бұзылып сала берер деген

қауіппен тұла бойын, бет өңірін күшпен сірестіріп, зорлана ұстап тұрғанын аңғарамын. Артық сөзім жанына тиіп кетер деген сақтықты ойлап, мен де тіс жарып үндегем жоқ. Үйге келісімен ол жатып қалды. Бұл кешкі уақыт еді. Сол жатқаннан ертеңіне күн еңкейгенде бір-ақ тұрды. Осы бір ұзақ жатыстан соңғы тəулік ішінде ол қартайып қалған шығар деп, түр-түсіне абайлай көз салғанымда өзім күтпеген суретті көрдім. Ол ұйқысы қанып тұрған баладай тың, ширақ екен, жүзінен ешқандай қайғының табы білінбейді. Осыдан кейін Надежда Сергеевна бір түрлі күтініп жүрді. Жұмыстан бос уақыттарында өз бөлмесінде иегін қолдарына сүйеп, əлдеқандай көңілді ойда отырады немесе кітап оқиды. Степан Григорьевич кеткеннен кейін көп ұзамай кəрі шешесі де өлген. Надежда Сергеевна ендігі жалғыздығына өз бойындағы қуат, жігермен көрік бермектей киім киісін, шаш түйісін түрлендіре түсті. Табиғатында реңді əйел ғой, өз бағасын өзі ұғатын да шығар, бұл күтінуі оның сымбатын жарқыратып жіберді. Сол сымбаттың тасасында көкірек тұсында шынайы өмір ағынын аңсаған бір алапат күштің де дүрсілдеп соғып тұрғанын аңғарушы едім. Иіліп тұрған кəрі емес, бəрі кешірімді де ғой. Надежда Сергеевнаның бір рет жұмыстан өзі қатарлы екі ер адамды ертіп келгені бар. Бұлар Степан Григорьевичтей емес, тым көңілді еді. Алғашқыда, Надежда Сергеевна қонақтарымен өз бөлмесінде жақсы-ақ отырған, кенет ол жақтан шу естілді. Бұл Надежда Сергеевнаның дауысы еді. Ол қонақтарын қуып шықты. Олардың өздерін тəртіпсіз ұстағанын аңғарып қалдым. – Жоғалыңдар, қара ниеттер. Сендер, адамдық ардан безген ақымақсыңдар. Қолдарыңнан жақсылық келмейді, тек қана жаманшылық үшін жаралғансыңдар. Өздеріңді үлкен қызметкер санайсыңдар, бірақ арамдық пен мансаптан басқа ешнəрсені ойламайсыңдар. Маған қарай мұндай оймен аяқтарыңды қия басушы болмаңдар! – деп, Надя шаптыға сөйледі. Олар кеткесін Надежда Сергеевна тағы да өз бөлмесінде қамалумен болды. Енді жарық дүниеге көрінуге беті жоқтай. Ана екеуді қуған даусын естіп, коридорға мен де жүгіріп шықтым. Көрмегенім көрмеген, егер менің көзімше Надяға жəбір боларлықтай артық сөз айтса, сəл қимыл-əрекет жасаса, қан көріп келген басым шыдай алмасым анық. Протезді қолыммен-ақ шайқасып бағар едім. Мұның оларға жақсылық əкелмесіне сенімім мол. Бірақ олар жел қуған қаңбақтай аударылып-төңкеріліп, тез қараларын батырды. Тістері ақсия күлімсіреген жүздерінен жемтікке аузы жетпей қалған қасқырды елестеттім. Надяның бөлмесіне кіріп, оны жұбатуым да ыңғайсыз. Əрі баласындай менен өзі де ұялып, жерге кіріп кете жаздады ма?

Екі-үш күндей бір-бірімізді көрмей жүрдік. Əрқайсымыз өз бөлмемізде шегелендік. Əлдеқалай күніне бір рет ерін жыбырлатып амандасу ғана парызымыз сияқты. Ондай жолығысулар үшін себеп табу да қиын. Мен шайды өзім қайнатып ішетінмін, əрі күніне екі мезгіл институт асханасынан тамақтанамын. Бір-бірімізге бара-бара ашыла бастадық. Надя да жайдары қалпына түсті. Енді жұмысқа бармайтын күндері мұздай киініп, көшеге шығатын. Өзінің айтуынша, көбіне күндізгі киноларды көріп қайтатын. Кейбір мейрамдарда Степан Григорьевичтен телеграмма, не хат келуші еді. Оларды Надя ұзақ отырып оқиды. Тіпті төрт-бес күнге дейін қайта-қайта қарағыштап, əрі қастерлеп сақтайтынын да байқағам. Бір қызығы, осы күндерде Надежда Сергеевнада бір тосындау əдет пайда болды. Жұмыстан, не кинодан, мейлі қай жақтан болмасын, келе сала менің бөлмеме басын сұғады да: – Маған біреу келді ме? – деп сұрайды. – Жоқ, ешкімкелген жоқ? – депсыпайыжауап беремін. Алғашқы күндері əлде кімді күтіп жүр ме деп ойлағам. Менің жауабымды естігенде қабағынан кейіске ұқсас еш белгі байқалмайтын. Менен амандық білген қалыпта ақырын есік жабатын. Қисынсыз ғой деп те ойламайды, бір жақтан оралған сайын есігімді ашады да дағдылы сауалын қояды. Көңілі жарым əйелдің онысына кейіп қайтейін, «Жоқ, ешкім келген жоқ» деген жауабымды айтамын да іштен тынамын. Апыр-ай, тым болмаса өзі жоқта біреу келіп күтіп отырсашы, сонда Надя келгенде алдынан шығып: «Надежда Сергеевна, сіз қайда жүрсіз? Сізді бір адам келіп күтіп отыр ғой», – деп жазғыра сөйлеп күлімдер ме едім деп қиялдайтынмын. Бірақ ешкім келмейді. Надяның да ол үшін жабырқаған түрін байқаған емеспін. Осылай күндер өтіп жатты «Маған біреу келді ме?» – деген сауалына бара-бара етім үйреніп кетті. Кейін мен оқуды бітіріп, астанамен қоштастым да алыстағы туған аулыма тартып отырдым. Тірлік тынысынан уақыттың қалай өткенін білмедім. Соғыс ерте есейтті дегенмен шындап есейгенім сол еңбек жылдарында еді. Ой өсті, бой өсті дегендей кейін бір үлкен шаруашылықтың басшысы болып кеттім. Сөйтіп жүріп астанаға 15 жыл өткенде бір-ақ соғыппын. Осы уақыттың ішінде мен Надежда Сергеевнаны мүлдем ұмытқам жоқ. Алғашқыда өзім келіп түскен мейманханадан іздегем. Бұдан білгенім, зейнетке шығып кетіпті. Үйіне іздеп барғым келді. Бəрінен де кейінгі тағдыры не болғанын білу қызық еді. Жаңа құрылыс Алматының ол кездегі бейнесін мүлдем өзгертіп

жіберген. Ойша шамалап жүріп, Надежда Сергеевнаның тұрағын əрең таптым. Айналасы бау-бақша бұрын үлкен сарайдай көрінген Надяның үйі өзіне ірге тақастырып, төніп кеп қалған бес қабатты сұрғылт үйлердің қасында мүлдем аласарып, жерменжексен болып кеткен. Жан-жағыма алақтап, оның қақпасына жақындай бергенімде көшенің қарсы жағынан аласа бойлы бір кемпір келе жатқанын байқадым. Ол да сол қақпаға бұрыла берді. Шамасы бір жақтан келе жатқан адам, үстінде плащ, ұстаған сөмке, қолшатыры бар. Ол да менің осында бұрылатынымды байқап, бір-бірімізге бағжия қарап қалыппыз. – Надежда Сергеевна!  – деп, мен балаша қуанып, айғайлап жіберіппін. – Қамалмысың!  – деп көзінің айналасындағы əжім қаптаған еттерін барынша керіп жымиғанында өзім үнемі есте сақтаған сұлу көркін сол көп жылдар тасасынан қайта көргендей болдым. Қазіргі халі де толғантпай қойған жоқ. Бір кездегі сұлу тұлғасы анау зəулім құрылыстардың қасындағы өзінің ескі мекенжайындай бір уыс болып, қушиып қалуынан аз-кем шіміріктім де. Осы жайымды ұға қойғандай Надежда Сергеевна менің түртүсіме əлі де бажайлай қарап: – Біз қартайдық қой, Қамал. Сонау соғыс біткен жылдары біздің үйде тұрғаныңда сүйегің қатып-сенген, қырым ет жоқ, түсің бозарған жас бала едің. Енді қарасаңшы, қарның шыққан, өзің еңгезердейсің, үлкен беделден де құралақан емес сияқтысың. Бұл уақыт қой! – деді. Бірақ қапаланып көңілі босайтындай түрі жоқ. Ендігі əңгімені үйге кіріп сөйлесейік деп, қақпадан ішке ендік. Үйреншікті аула көзіме оттай басылды. Мұнда ешнəрсе өзгермепті. Тіпті сонау Степан Григорьевичтің іздері де сайрап жатқандай. Есік ашық екен. Е, іште біреуболғаны ғой. Ол кім екен? Мүмкін, ол жылдары мен кеткесін күйеуге тиіп, қазір де қосағымен қоса ағарған жайы бар шығар. Үйдегісі сол болар, бəлкім. Таныс коридормен өтіп, баяғыда мен жатқан бөлменің тұсына тоқтадық. Надежда Сергеевна оның есігін ашып, ішке басын сұққанда оның төбесінен асып, мен де қарағам. Баяғы менің столымда өрімдей жап-жас қазақтың баласы сабағын оқып отыр. Студент екенін байқадым. Надежда Сергеевна ішке сəл сұғыныңқырай: – Маған біреу келді ме! – деп сұрады. Студент жігіт кітаптан басын əрең көтеріп: – Жоқ, ешкім келген жоқ, – деді. 1971 жыл

ДӘМЕШ Дəмеш табалдырықтан секіріп түсіп, аула ортасына жүгіріп барды да, қалт тоқтады. Үй ішінде лап ете қалған өрттен қашып шықты ма дерсің. Екі алақанын кеуде тұсына қойып, өң-түссіз бозарған жүзін көкке көтере берді. Үйден шаңқ еткен шеше даусы жетті. – Көрмегенім осы ма еді, қу құдай, шулатқан құдай, жылатқан құдай. Жалғызыма тас қашатып, көрмегенім осы бопты-ау, құдай! Дəмеш талықсып есі ауғандай боп тұр. Көзінен аққан мөпмөлдір тамшылары, ертеңгілік күн сəулесіне күмістей шағылысып жерге құйылып жатыр. Бұл – шешесінің көптен бергі гөй-гөйі. Бірақ соңғы кезде тым үдеп барады. Ет бауыр жақындардың келіп-кетісінде, не ертелікеш, əйтеуір, ауық-ауық өстіп бір шер ағытып тастамаса еңсесі көтерілмейді. Осыдан жарым жылдай бұрын Дəмештің əкесі созылмалы өкпе ауруынан қайтыс болған. Қызыл шырайлы, сақалмұрты қап-қара, əрқашан шапшаң қозғалатын əке ағаштай қатып, боп-боз болып, оң жақта жатқанын көргенде Дəмештің жүрегі жаман шошыған. Өлік туралы бұрын да басында азкем ұғым болғанмен, тап өз əкесінің мұндай халге ұшырауын көрем деп ол ешқашан ойламас еді. У-шу болған ел ортасында шешесінің даусы ерен шықты. Ол өзінің жар қосағын, жан жолдасын жоқтаған жоқ. Сонау бір кезде соғыс қыршынынан қиып əкеткен арыстай қос ұлын жоқтады. Бір қаза екінші қазаның жарасын ашып, ушықтырған. Міне, одан бері күз өтті, қыс өтті. Бірақ шеше өзегін жарып шыққан өлік азасы əлі сарқылып, таусылар емес. Бұл Дəмешті əбден мезі етіп болған. Қар ойдым-ойдым болып еріп жатқан ерте көктемде сонау қыр басында ақ-сарғыш гүлдер бас жарады. Күн жылт етсе əлсіз бастарынбұлғақтатып, көз тарта құбылады. Етек-жеңі қымқырыла бастаған қыс қаһары əлдеқалай оянып, суық соғып өтсе, өңтүсінен айрылып, оңып түседі. Бірақ біржола солып қалмайды. Табиғат мейірімін жансебілдікпен күтіп, өкпек желмен қасарысып шыдамдылық етеді. Шешемен бірге жаратылған жан туыстығы, жақсылыққа да, жаманшылыққа да ашық жас көкірегі осындай шеше гөй-гөйі төгілген шақта суық кəріне ұшыраған нəзік қыр гүліндей Дəмеш өз жанын қоярға жер таппайтын. Бірақ дүние кең болғанмен өз шешесінен тыс, осы бір гөй-гөй естілмейтін аулақта барқадар табуды ойламайтын ол шеше дауысын өзіндегі бір азалы жүрек діріліндей сезінетін. Міне, қазір де сондай бір халде. Көп тұра алған жоқ. Күндегі жұмысқа баратын жолмен тұра

жүгірді. Шаңдақ кең көшеге дейін қатты екпінмен барған ол, біраз
саябырлады да, көкірегінің қатты деміккенін сезді. Сөкет жүрісті
əлдекімше, біреудің көзіне түсіп қалмадым ба деп жан-жағына
алақтай қарады. Тұла бойы əлі де ду-ду етіп, ыстық қан ойнаған-

дай. Тегінде Дəмештің жаны серіппелі темір тəріздес. Саусақ тиіп,
сəл дір етсе, бірден қалпына келе алмай, ұзақ тебіреніс, толқу
үстінде болады. Ауылдан шыға бере ол тағы жүгірді.
Жаңа үйден шыққанда шеше гөй-гөйімен жаны ұйқы-тұйқы бо-

лып еді. Енді ауылдан тысқары, көк-жасыл мəуесі ойнаған қыр-
ға көтеріле бере самал жел тағы бір жанына шанышқыдай тиген
өсекті сыбырлады. «Аулақ, аулақ, естімеймін» дей ме. Дəмеш
жүгіреді. Бірақ, ол жүгірген сайын қарсы беттен соққан самал өші-

ге өршелене қиянат сөздерді қайталайды. Дəмеш оны бойына да-
рытқысы келмейді.
Бұл өзі тау етегіне ұқсас қыратты аймақ болғанмен, батыс көк-
жиек жақтан ұшан-теңіз жазық далаға ұласып жатады. Егіс да-

лалары жаз айларында сағыммен мұнартып, ертегінің еңіреген
ерлері адасқан ғажайып кең көрініс көз алдыңа келеді. Қазір де
солай қарай осы төбелерді кемерлей ағатын канал жаңартылып
жатыр.

Дəмеш сонда істейді. Қыздар мен жігіттер онда цемент құяды,
құм, тас тасиды. Шешесінің «жалғызыма тас қашаттың» деп, құ-
дайдың атына қарғыс айтатыны сондықтан. Қатты адымдай бас-
қан Дəмеш қазір жұмыс басына жақындап қалды. Бұраң-бұраң

ирек сызық тəрізденіп жатқан канал бойында құм, тас үйінділері
ағарып көрінеді. Əлдекім атпен шоқытып канал бойын жағалап
барады. Дəмеш оның колхоз агрономы Жақаш екенін таныды.
Канал құрылысының аяқталуына соншама тағатсыздық етіп жүр-

ген осы Жақаш.

– Шырақтарым, тездетейік, əйтпесе анау астықты күйдіріп

аламыз. Күнді қарасаңдаршы, сондай ыстық, жаңбыр жоқ, – деп
осындағы онсыз да жақтары сенбестен айғайлап жүрген брига-
дирлермен жағаласа бір дігірлеп кетеді. Жақаш Дəмештің үй ішіне
туыс болмағанмен іш тартар жақын ағайынның бірі іспеттес. Оған

Дəмештің анасы Əнипа да себепші. Ол өзінің соғыста жоқ болған
екі ұлының үлкенін үнемі осы Жақашқа ұқсатып отыратын.
«Жүрген жүрістері, тұрған тұрыстары бір-бірінен айнымайды
ғой. Екеуі дос еді. Соғысқа да бірге кетті. Жақаш аман келгенде

Жолдасқаным да келеді ғой деп сеніп едім деп, жайшылықта,
көңілі көтеріңкі отырған шақта үнемі айтып қоятын.
Дəмеш Жақаштың үй іші жағдайын да жақсы біледі. Жақаштың
көлденең көк аттының көзіне түспей қала алмайтын, əдемі

сұлу келіншегі бар. Ол өз жұбайының көркін, майда мінезін

ауылдастары алдында қымсынбастан мақтан тұтып сөйлей бе-
руші еді. Қазір оның аяғы ауырлап жүр, үйге кіріп-шығуы да қиын-
ға айналған. Сөйтіп, Жақаштың сұлу келіншегіне деген қамқорлы-
ғы тіпті күшейген. Оны да жасырмай мақтанышпен айтады.

«Əйелім ұл туа ма, қыз туа ма» деген ой Жақаштың түнде түсі-
нен, тұрса есінен кетпеуші еді. Ұлы да бар, қызы да бар, бірақ
тап осы жолы қайсысын қалайтынын ешкімге ашып айтпайтын.
Жақаштың бұл сиқы да жұрт арасында бір алуан сөз болып қал-

ған. Дəмеш оның бəріне қанық.
Жұмыс басына əлі ешкім келе қоймапты. Дəмеш жүрген жал-
ғыз аяқ соқпақ жолдың оң жағында бір терең ұзынша сайдың
ауыл жақ қырқасында жұрт «əулие ағаш» деп атайтын сексеуіл

тəрізденіп, бүкірейіп, тарбиып өскен жалғыз ағаш бар. Оған ешкім
тимейді. Бұрынырақта біреу оны шабам деп, балтасын тізесіне
тигізіпті деген қауесетті Дəмеш естіген. Сол «əулие ағаш» күнде
таңертең жұмысқа келетін Дəмешке əлдебір күдік бейнесіндей

жаратылғанға ұқсайды. «Жақсылыққа ма, жаманшылыққа ма»
дейтін ескілікті қазақ ұғымына тəн қияли елестер де мазалайды.
«Əулие ағаш» түбінен күнде Ақтан мен Зура қосақталып қатар
шығатын. Олар жұмысқа сол жолмен келуші еді. Дəмеш жіңіш-

ке соқпақтың оқат-шоқатына сүріне-қабына жүрсе де, сол жақтан
көзін алмайды. Жап-жасыл желекпен жайқалып созылып, сұлап
түсіп жатқан төбелерде күннің көзі жас баланың өңіндегі бола-
тын ерке сезімге ұқсас сəуле ұялатып, оңай құбылтады. Əсіресе,

ертеңгілік шақтың осындай бір əсем келбеті бар. Дəмешке оның
бəрі тап қазір көз алдында көлбеңдеп ойнайтын мазасыз сиқыр
құбылыс тəріздес. Бөгде ешнəрсеге көңілін алаң еткісі келмеген
Дəмештің көздері «Əулие ағаш» жаққа қаршығадай қарайды.

Жаңа ғана шеше зарынан үйден аза бойы қаза боп шыққан ол,
тағы бір күйінішті қақас жібергісі келмегендей.
Əне, біреудің басы қылтиып көрінді. Бойындағы толқу, діріл
əрбір ілкі көріністен туатын қорқыныш, үркек сезімге бейім еткен

Дəмеш тамыр-тамырының тыз етіп, əлдене бүріп түскендей бол-
ғанын сезді.
Көрінген адамның бөгде, əрі жалғыз екені көз түйсігі арқылы
санасына жетіп үлгергенше бір сəттік ауырлықты, ессіздікті бас-

тан кешірді.
Дəмеш енді аяғын аңдап басқысы келгендей, жайлап адым-
дап, салмақты қалыпқа түсе бастады. Шалғынды төбелердің оқыс
самалдан ойдым-ойдым болып құбылған көріністері көз жанарын

тарта береді. Енді ол төбені қиялай сайға түсті. «Əулие ағаш»
жаққа бірер көз тастағаны болмаса көп сүзіліп қараған жоқ.

– Дəмеш, аман ба, шешеңнің саулығы қалай? – деп, алыстан

айғайлаған Жақаштың дауысы оқыстан естілді. Канал бойын жа-
ғалап, кешегі жұмыстың қорытындыларын қарап, енді колхоздың
шығыс жағындағы ақ жазыққа қарай тартып бара жатқан болуы
керек. Ол атының басын шұғыл бұрып, Дəмешке қарай тұп-тура

қарсы жүрді.  – Мына жұмыс əлегімен ол кісінің халін де барып
сұрай алмай жүргенімді қарашы.
Дəмеш жарау ат мінген адамның өзіне бастырмалата төніп кеп
қалғанынан сескенгендей, соқпақ жолдан ығыса берді.

Үлкен адамның сəлеміне ибалық көрсете ернін ақырын ғана
жыбырлатып, əлсіз нəзік дауыспен:

– Жақсы, жаман емес, – деп жауап берді.

– Апыр-ай, мына жұмыс өніңкіремей жатқан сияқты. Ана шо-

ферлар сендерді күттіріп қойып жүр-ау деймін. Бетон ерітіндісі
жетіспей-ақ қойды. Əрі оның өзін алыстан тасимыз. Тіпті соны та-
сығаннан алғашқы кездегідей құм, тас араластырып, өздеріңнің
шылағандарың өнімді-ау деймін. Бірақ ол да көп күшті керек

етеді-ау, – деп, Жақаш ерге қисая отырып, канал жаққа қиналған
кейіппен бұрыла көз тастады.

– Кеше аздап күтіп қалдық, əсіресе түстен кейін бетон аз бол-

ды, – деді Дəмеш. Жақаштың нарттай қызыл жүзінен жадыраң-
қы- лық байқалады. Бала кезінен кəсіпқой! Əке қамқорлығында
болған ол шынында пысық, осы колхоздың бір тірегіне айналған.
Отызды қусырып, қырықтың қырқасына шыққанымен, ол өзінің

жастық шағын қимай, қарайлай беретін адамша, жастар арасын-
да көбірек болып, олармен өз тұрғыластарындай-ақ қалжыңдасу-
ды ұнататын. Бірақ оның көп реті келе бермейтін. «Батпақтыға»
асығып барамын деп Жақаш əңгімені күрт үзіп, алғашқы беттеген

жағына қарай тартып кетті. Жүрдек ат мінген ол көзден тез ғайып
болды.
Сонда ғана Дəмеш Жақаштан оның əйелі Сақыш жеңгейдің
халін сұрамағанына аз-кем қысылып тұрып қалды. «Мүмкін, оны

əйелдер босанатын үйге жатқызған да болар, неге білмедім келін-
шегінің жайын» дегендей оны біраз ұят қысты.
Дəмеш канал жағасына келіп, тапталып кебе бастаған сары то-
пырақтың үстіне отырды. Күн көтеріліп қалған. Ол екі алақанымен

бетін басып шекесін тізесіне қойды. Өз-өзімен тым- тырыс отырғы-
сы келді. Жастардың жұмыс басына жиналатын уақыты да болып
қалған. Бірақ əлі ешкім көріне қойған жоқ. Ашық желкесі күн сəу-
лесінен аз-кем қыза бастағанда даурыққан жастар даусын құлағы

шалды. Басын көтеріп алғанда екі-үш топ болып шыққан қыз-жігіт-
тер қарсы алдындағы жарқабаққа таяу түйісіп қалыпты. Бір-біріне
қалжың айтыса, қақтығыса амандасып жатыр. Араларында елден
ерекше көңілді, ерке қыз Зура мен қара кекілі оң жақ шекесіне

бұп-бұйра боп жабысқан Ақтан да бар. Зура Ақтанның алдына қа-
рай ойқастап шыға берді. Көзіне көбірек түссем дей ме? Адамда
табиғи мінез, табиғи еркелік те болады ғой. Бірақ Дəмеш Зура бо-
йындағы барлық құбылысты басқаша жоруға дағдыланып бара

ма? Төбе басында біраз отырып тыныстап, көкірегіндегі діріл мен
толқу, əрі шеше гөй-гөйінен туған күйік оты біраз саябырлап қал-
ған Дəмештің Зураға қарағысы келді. Бірақ жаңа бір ыстық толқын
оған көп дендетпеді.

– Дəмеш, мен сені сонау алыстан таныдым. Елден ерек жал-

ғыз келгенің бе? – деп Зура Дəмешті құшақтай қасына отырды.
Жалаңаш қолдарымен Дəмештің мойнын орап, өзіне қатты
қыса тартты. Дос құрбы, тату көңіл райындай кіршіксіз шырай-
мен еркелей аймалап, Дəмешті ары-бері шайқап ойнай бастады.

Сарғыш гүлді арзан шыттан тігілген көкірекшесі Зураның кеудесін
керіп, жұмыр денесі шиыршық атады.

– Дəмеш, десе, кеше киноға неге бармадың? Қандай тамаша

десеңші, бір поляк қызы өзінің ақылдылығымен, сабырлылығы-
мен өзіне мүлдем жат болып кеткен, баяғыда бүлдіршіндей кезін-
де достас болған жігітін өзіне қайтарып алады. Тіпті ол қыздың
қылығы, сөздері қандай десеңші. Қарап отырып қайран қаласың.

Ақылдымсыған талай дəулердің өзін ақымақ қылып кетті ғой.
Түу, Дəмеш сенің бармағаның-ай, не істедің кешке жақын? – деп
Дəмешті одан сайын құшағынан босатпай жұлқылай бастады.

– Апам ауырып, жағдайы болмады, содан кейін барғам жоқ, –

дей салды Дəмеш.
Ақтан Дəмешке шеттен қарап тұр. Оның маңдайына жабысқан
кекілі, қап-қара қасы, ақшыл жүзі алыстан тым сұлуланып тұрады.
Оған Дəмештің ғана көзі түсіп кетті. Жастардың көбісі қолда-

рына құрал-саймандарын алып, каналдың ернеуіне шоғырлана,
дабырласып жатыр. Жастар бригадасының бригадирі Ахмет ауыл
жаққа жалтақ-жалтақ қарап:

– Апыр-ай, жаңағы шофер кешікті-ау, – деп, қойды да Дəмеш

пен Зураның қастарына жақындады, – Дəмеш, сендер кеше анау
үйеңкінің тап тұсынан ары қарай бірталай жерді күрекпен аршып
тазалап қойыпсыңдар. Сол тұстың өзі біраз қинайды-ау деймін.
Оған бетонды жақсылап құймаса болмайды. Кеше Жақаш та, бас-

қармалар да соны айтып еді. Былтыр сол жерді су жырып, су-
шылар əбден азап шегіпті. Е, əне, машина да көрінді. Ал, қане,
жұмысқа! – деп, жұмыр денелі жас жігіт Ахмет қыздардан шұғыл
сырт айналды.

Жастар бір-бірінен бытырай қашықтап, біразы күрекпен ка-
налдың ескі қыртысын бойлай аршып, біразы каналдың иін тұс-
тарына бетон құю үшін тақтай шегелеуге кірісті. Сондай иіндердің

бірінде ашпалы құлақ жасау керек. Дəмеш сонда. Ол үлкен қалақ
күрекпен жерге бетон ерітіндісін төккен самосвал кузовын қырып
тазалай бастады. Үйден ере шыққан алай-түлей мазасыздық,
қызғаныш сезімі қазір дене қимылымен тарап жадырай бастаған.

Ақтан болса ашпалы құлаққа бетон құю үшін оның ені мен биіктігін
көз мөлшерімен өлшеп, күрекпен қиюлап аршып, артық топырақ-
ты сыртқа лақтырып жатыр. Дəмеш оған сыр білдірмейтін адам-
дай-ақ өз жұмысына жан сала кіріскен.

Бетон ерітіндісі түсіріліп болды. Енді оны ашпалы құлақ кене-
ресі мен оған тақау етіп шегеленген тақтай арасына құю керек.
Дəмештің ендігі жұмысы сол.
Ауыр зембіл иығын ауыртқандай болған Дəмештің тұла бойы

күн түске тырмыса тегіс тершіді. Бұл жұмыстың қызған шағы.
Сөзуар жастар даусы оқта-текте ғана естіледі.
Жазық дала, мен мұндалап сағым құлпыртқан биік жоталар
күн нұрынан бусанған жайма шуақ күйде. Мұндайда адамды

жайбарақаттық меңдеп, жан тыныштыққа қарай бой ұра береді.
Бірақ канал бойындағы шашау-шашау жастар тобы тағатсыз
қимылдайды.
Былтырдан қалған, қар астында жатып, қыстап шыққан қурай,

түбірлер каналдың өн бойын басып жатыр. Төрт-бес қыз бен
жігіт оны қара топырақты жер құйқасымен қоса аршып, сыртқа
лақтыруда. Бұл каналдың бір ерекшелігі төбе-төбелерді қиялай
қазылған. Міне, осыны ескерген колхоз басшылары жастар бри-

гадасын осында əкеліп, су жыратын қойнаулы тұстарды, əрі су
ағытылатын құлақтарды ашпалы-жаппалы етіп, бетоннан құюды
тапсырған.
Зура екі-үш қыз-жігітпен каналдың ескі қыртысын бойлай ар-

шып, алға ұзапкеткен. Дəмеш тапосы сəтті пайдаланып қалғысы
келді. Иə, неге пайдаланбасын? Ақтанға кімнен де болсын бұрын
ықыласы ауған өзі еді ғой. Мүмкін ондай асыл ынтықтығын, жас
ықыласын дер кезінде таныта алмаған шығар. Енді кеш те бол-

са неге танытпасқа. Ақтан бəрін түсінуге тиіс. Қазір Дəмеш оған
қандай да қылығымен көрінуге тиіс. Бірақ қалай? Тап осы ниет-
ке тірелгенде Дəмеш өзінің нені қалап, қандай шешімге келгенін
ұмытып, əлденеден жаңылысқандай болды.

Ұзын бойлы, жотасы бүкірлеу жігітпен бірге зембілді көтеріп,
ашпалы құлақ кенересі мен шегеленген тақтай арасындағы қуыс-
қа бетон ерітіндісін құя бергенде, зембілдің екі ағаш сабы қо-
лынан шығып кетті. Əдейі істеді ме, жоқ па, өзі де аңғарып бол-

майды. Зембілдің алдыңғы жағын көтерген ұзын бойлы жас жігіт
Жүсіп зембілдің екінші жағы жерге түсіп кеткенде ауыр салмақ
оның бүкіл денесін артқа қарай жұлқи тартып, шалқаң ете қалды.

Зембіл оның да қолынан шығып кетті. Жел майыстырған теректей екі-үш иіліп барып бойын əрең түзеп алды. – Дəмеш, абайласаң етті, – деп сасып қалған Жүсіп қызға қынжыла қарады. Қайратты қыздың мұндай оқыс дəрменсіздігіне таңданған ол əрі ешнəрсе бүлінбеді ме, ешкім зақымданбады ма дегендей аз-кем сасқалақтаған күйде еді. Дəмеш болса ол жігітке емес, Ақтанға қарап, өзінің барлық ішкі арманын, жасқаншақ тағатсыз үмітін тап осы арада төгіп салғысы келгендей қос беті лап етіп қызарып, екі қолы, денесі жардан құлағалы тұрғандай теңселіп кетті. Көздері бір өшіп, бір жанған алғыр сəулемен жарқ-жұрқ етіп, Ақтанның өңменінен өтті. Ал ол Дəмештің өзіне деген ұшқыр да нəзік ынтасын əрдайым сезіп жүруші еді. Бірақ оның үміт дүниесін текке үрлеп қалмас үшін, оған əрдайым жолдастық салқындықпен ғана қарап, ішкі ыңғайсыздығын бүгіп ұстайтын. Қазір де жоғарыда тұрған Дəмешке төменнен қараған ол оның барлық жай-күйін, арман шоғындай болып жанған көзіндегі алғыр сəулені көргенде ер жігітке тəн беріктікпен өз жүзінен Дəмеш күткендей белгі танытпай, сыр сақтап қалды. Бұл жерде арада жүретін сыпайылық қана. Дəмешке өз ынтызарлығын жеткізу үшін соншама қажет болған сəттен ешнəрсені аңғармайтындай-ақ ол сөзбен ғана жұмсарта салғысы келді. – Ештеме етпейді, бүлінген ешнəрсе жоқ, күрекпен қайта салып жіберейік, – деп, аяғымен жерді бір теуіп, қолы мен балағына шашыраған ерітіндіні сүрткен болды да, шашырай жайылған ертіндіні тақтайдың ар жағындағы қуысқа тастай бастады. – Кешір, Ақтан, – деген сөз Дəмештің аузынан кешігіп барып шықты. Бірақ ол «шынымен кешірім сұрап тұр-ау» деп ойлау мүмкін емес еді. Одан да жарқ-жұрқ еткен көзімен жеткізген ұшқыр да нəзік ынтасына Ақтан Дəмештің сүйгіш жүрегі талап еткендей қара кекілі шекесіне жабысқан ақшыл қуаңқы жүзінен тең сүйіспеншілік сезімін танытпағаны үшін оған зіл тастағаны секілді. Осыны түсінген Ақтан көтере берген күрегіндегі бетон ерітіндісін жерге қоя беріп, өзінен жарым кез жоғары тұрған Дəмештің бетіне қарады. Барлай қарады. Енді Дəмеш жаңағы өзінің зембілді тастап жіберген оқыс босаңдығынан туған ұялшақ қызғылт нұрынан айрылып, əлсіз өңінде ыза екпіні, наразылық пен өкпе аралас жалын теуіп шыққандай, күрт өзгеріп кетіпті. Əлде бір жүрек сезіміне бағынған Ақтан, канал ернеуіне қарғып шығып, Дəмештің арқасына алақанын басты. – Дəмеш, не бір жерің ауырып қалды ма? Зембілді соншама толтырмай көтерсеңдер де үлгересіңдер ғой,  – деп Дəмешпен бірге бетон тасыған ұзын бойлы, жотасы бүкірлеу жігітке кейістік көрсетті.

– Жə, мен дейсің бе, Дəмештің өзі үсті-үстіне төпелеме қып салатын. Қыз болсам да қайратым сенен кем емес деп, ылғи қыр көрсетеді де жүреді, – деді ойда-жоқта бір зембіл ерітіндіні шашып алғанына сасып қалып, енді-енді ғана өзіне-өзі келе бастаған Жүсіп əрі ақтала, əрі Дəмешті қағыта сөйлеп. Ақтан алақанымен Дəмештің денесінде қатты толқу барын сезді. Екінші қолымен иығын қысыңқырай, жүзіне еңкейе жылы ұшырай қарағанда Дəмеш əлсіз қимылмен қорғанып, денесін жиыра берді. Бірақ жүрегінің қатты дүрсілімен қоса теңселіп, Ақтанның əлуетті қолдарының ырқына көнгісі келген кейіппен кеудесін сəл шалқайта жүзін Ақтанның кеудесіне қарай бұрды. Ақтан осындай толықсыған қыр гүлінің үзілуге мойын сұнған ықыласы алдында дəрменсіздік етіп, Дəмешті баурай түскісі келіп еді. Бірақ Дəмеш Ақтанның қолдарын жазып жіберіп, құшағынан сытылып шыға берді... * * * Ақтан, Дəмеш, Зура  – бəрі мектепті осыдан екі жыл бұрын бітірген де, аттестат қолға тиісімен Ақтан мен Зура колхоз басқармасының жолдамасымен Алматыға барып, бірі мал дəрігерлік, екіншісі педагогтік институтқа сырттай түсіп келген еді. Дəмеш болса, ол кезде ауру əкесінің аса қиын халде жатқандығынан ешқайда аттап шыға алған жоқ. Мектеп қабырғасында жүргенде Ақтан мен Зураның арасында дəнекерболарлық ешнəрсе жоқ та сияқты. Егер бала кезден бергі достыққа көз жүгіртетін болсақ, Ақтан жүрегінен Дəмештің орын аларлық жөні бар еді. Бірақ олардың тағдыры оқу соңында жүргенде жақындасты ма? Əйтеуір, Ақтанның Зураға бүйрегі бұрды. Елгезек мазасыз көңілді Дəмеш өзіне жақын санаған Ақтаннан айрылыпты. Жұмысқа қайта кірісе бастаған сəтте, қас қаққандай уақыттың ішінде, Дəмеш осыны түсінді. Мүмкін, Дəмештің мұндайлық сүйіспеншілік отына күйіп-жанатын шағы тумаған да шығар. Толассыз шер ағытып, сонау соғыста жоқ болған арыстай қос ұлын жоқтап, жар қосағын, өзінің қаралы өмірін зарлы үнге сыйғызған шеше өзінің осы гөй-гөйімен Дəмештің де ойын сан тарапқа шашырататын. Дəмеш, міне, осындай шақтарда терең жан толқуына беріліп, бара-бара əлдебір жақын адамды көксейтін əдет шығарған. Сөйтіп Ақтанға деген ынтазарлығы оқыс бұрқ етті. Ақтанға ең үлкен жүрек сыйын тартқысы, оның көңілін аулап, тіпті, қолынан келсе оның барлық ынта-ықыласын өзіне бағындырғысы келді. Бірақ осы бір ықыласы оған беттеген сайын, өкініш пен қайғы қабаттасып, оның

өрге, биікке ниеттенген көңілін кері серпіп жасыта берді. Үміттің
үзілетіні де болады. Бірақ оның ауырлығы Дəмештің дімкəс көңілі-
не еселеп тигендей.
Сағат бір шамасында бір жерге шоғырланып, үйден біреуі то-

рашаға, біреуі былғары сөмкеге салып əкелген тамақтарын ша-
ғын төбешік баурайындағы ашық көгалға жайып салған жастар-
дың аузы сөз бен тамақтан дамыл таппайды. Əсіресе, қыздар
жағынан сықылық атқан күлкі жиірек естіледі.

Арқасын тақтайға сүйей отырған, Зура əсіресе, думан күлкінің
жаны болып отыр. Оның тамақ жегеннен сөйлеуі көп.

– Қыздар, десе, жақында біздің ауылға Мəскеу эстрадасы-

ның Мюзик-Хол деп аталатын ұжымы келейін деп ойлапты. Бірақ
біздің жаңа клубтың бітпегенін естіп, соқпай кетіпті. Көре алмай
қалғанымызды айтсайшы.
Зура өзінің Алматыда бірнеше рет, ал тоғызыншы класта оқып

жүргенде, үлгілі табиғат зерттеушілер қатарында Мəскеуде болып
қайтқанын көлденең тарта бергісі келе ме, əйтеуір, осындай орта-
лық қалалардағы өнер иелері туралы үнемі тамсана сөйлегенді
жақсы көреді. Не айтса да Ақтанды арқасынан қақпайлап, қоса ма-

залай сөйлейді. Көпшілік жерде ашықтығымен көзге түсе қоймай-
тын Ақтан оның сөздеріне бас изеп, мейірімді көздерімен қоштап
отырады. Задында, Зураны шолжаң өскен қыз деуге де болады.
Əке-шешенің көп ұлы ортасындағы жалғыз жауқазын көктем гүлін-

дей ол қағажу көрмеген. Көп құбылмалы оқыс мінезді болғанымен,
Зура өз құрбылары арасында жұғымды, сүйкімділігі басым.
Дəмеш болса өзін көпшіліктен оқшау ұстағысы келеді. Туа біт-
кен бе, жоқ жолай қалыптасқан ба, əйтеуір мұнда да бір өзгешелік

бар. Қандай да бір өз қасиетін таразыға салатын сəтте бұл мінезін
өзі де қош көрмейтін. Адамның дене бітімінде бола беретін, бірақ
жұлып тастай салу қиын бір келісімсіздіктей көре ме, əйтеуір, ол
мінезінен арылуды ойлаған емес. Қайта мұны жалғыздыққа итер-

ген жан мұңы, суықтық күннен-күнге дендеп, өзінің бүкіл достары-
на жат бауыр тартып бара жатқанға ұқсайды. Мұның түп төркіні
ішкі дəрменсіздікте екенін де ұғады Дəмеш. Оны да мойындайды.
Бірақ өзін-өзі қолға алу, жұрттың көз алдында еңсесін көтеріп ұс-

тау, тіпті қала берді басқаларға ұйтқы болу өз табиғатына мүлдем
жат сияқты.
Түскі тамақ желініп болғаннан кейін, көгалға жантая бастаған-
дарды Зура көзінің астымен аңдып тұрып, секіріп, иығынан неме-

се тізесінен жұлқып өтеді. Сөйтеді де аулақ барып, екі қолымен
көкірегін басып, ішек-сілесі қатқанша күледі. Ақтан болса өзіне
Зура барда тыныштық жоқ екенін біліп, ол да езуін керіп, Зураның
ерке қылықтарына сүйсіне қарайды.

– Түу, шіркін, мынаның нардай болып жатысын қара, жалғыз

жүріп тау қопарған батырдай-ақсың өзің. Тұр қозғал, жұмыс істе-
ген жалғыз сен бе? – деп жуас Жүсіпті мазалады. Ол Зураға қияс-
тық көрсеткендей болып жатқан қалпынан қозғала қоймады. Тек
Зура екі-үш жұлқығанда ғана шалқасынан аунап түсіп, күн сəу-

лесінен маужырай қалды.
Жүсіпке сөз, қол батпайтынын аңғарған Зура оған енді тиіс-
кен жоқ. Анадай шетте, үйеңкі бұтағының мардымсыз көлеңкесін
паналағансып отырған Дəмешті көрді де, жүзін кілт өзгертіп, са-

бырлы қалыппен өзінің ең жақын тату құрбысының жанына келіп
отырды. Құшақтай қысып бауырына тартып көріп еді, Дəмеш оны
ауырсына қиналғандай кейіп білдірді. Зураның құшағынан босан-
ғысы келгендей қабағына кірбең жиналып, құрбы қызға лайық ақ-

жарқын шырай танытқан жоқ. Зура Дəмештің көңіл күйіне көбіне
қанық болатын. Оның үй-іші жағдайына, анасының беймазалығы-
на, ащы даусына талай рет куə болған.
Сондықтан Зура Дəмешке аяушылықпен де қарайды. Енді

одан бойын жиыңқырап:

– Дəмеш, жүр, Ақтан үшеуіміз ана төбенің басына шығып ке-

лейік. Одан Қаратал өзенінің бойы тегіс көрінеді ғой. Буалдыр тұ-
ман шөгіп жатқан көкжиек қандай тамаша десеңші. Əттең, біздің
ауылға бір суретші келе қалса, мен оны сол төбенің басына ертіп
барар едім, – деді.

– Ол төбеге Дəмеш Зурамен бірге талай рет шыққан. Туған өл-

кенің шет-шеңберіне қанша рет көз жүгіртсең, ол сонша рет құбы-
лады. Бірақ Зураның тап қазір «буалдыр тұман шөгіп жатқан көк-
жиек қандай тамаша» деп кітап сөзімен сөйлеуін, өзінің ой- өрісін
биік етіп танытпақ болған ұшқалақ мінезі-ау деп қалды Дəмеш.

Əлі де болса бойын жия түскендей болып:

– Ол қанша рет шықпаған төбеміз еді? Жаңарып тұратын дү-

ние дейсің бе, – деп құрбысына қыңыр жауап берді.

– Жоқ, жүрші, жүрші деймін, – деп Зура оны қайта қапсыра құ-

шақтап, ары-бері теңселте бастады. Бұларды көзінің астымен ба-
ғып, таяқ тастам жерде тұрған Ақтан Зураның өтінішін қолдағысы
келіп, оларға жақындап келді де Дəмештің қасына тізесін бүкті.

– Жүр, Дəмеш, барсақ барып қайтайық, шынында күнге күйіп

отыра бергеннен не шығады? – деп қолқалай бастады. Ақтанның
бұл қолқасы Дəмеш жүрегіндегі бір шекті қозғап жібергендей бол-
ды. Енді көнбеске шарасы жоқ. Ол екеуінің демеуімен түрегелді
де, найзадай шаншылған төбеге қарай үнсіз жүре берді.

Бірақ Дəмештің ынсапсыз жүрегі аңсаған үміт қарлығашы тым
болмаса басынан бір айналып ұшпай, тіпті алысқа біржола ғайып
болғандай. Зура оның зығырданын қайнатып, жігерін жасытқан

қимылдар жасады. Ақтанды біресе алдынан, біресе арт жағынан еркін құшақтап, беті ашылған адамның мінезін көрсетті. Тіпті олар кейде өздерімен бірге келе жатқан үшінші адамның барын ұмытқандай тістескен құлындай секірісе ойнап, оқшау кетеді. Зура ойнақы мінезімен еріншек қимылды Ақтанды өз ырқына əбден көндіріп алса керек. Олар төбеге барып көкжиекті, Қаратал өзенінің жағалауындағы ауыл көріністерін сəл қызықтап қайтқанша Дəмеш үндеген жоқ. Тек ойда қалып, сəл тыншыққан жастар тобына жақындағанда ғана, шарасынан асып төгілген қызғаныштан ба, жоқ əлде ойынкүлкіге өлердей құмар жаны жарқын ерке қыздың мінезі мезі етті ме, оны өзі де білмейді, қатқылдау сабырлы үнмен Дəмештің айтқан бір сөзі: – Түу, Зура, немене, соншама, сен-ақ шаршамайды екенсің. Елден ұят емес пе? Əне, Жақаш та келе жатыр. Тым болмаса жасы үлкендер барда қоя тұрсаңшы. Осы жер бетінде жалғыз сен ғана ма? Дəмеш сөзін бітіре алмай, тамағына бірдеме тығылып қалған сияқты. Ол өзін осылай сезінді. Адамды қатты лоқсытқандай меңзең етіп келетін өксік екпіні, кеудесін керіп-керіп кеткенге ұқсайды. Сəл есін жиып, сыр алдырып қойдым ба дегендей, Зура мен Ақтан жүзіне үрке қарап, оқшау бір жеңілтектікті өзінен аңғартып алды. Мұны Дəмештің сыр-сипатына əрқашан қанық Ақтанның таптаза тұнық көздері түп-төркінімен тегіс ұққан еді. Бұл күнгі жұмыс біркелкі өтті. Жастар күрек-саймандарын жиыстырып ауылға беттей бастаған. Зура түстегідей емес, тұла бойында бір ауырлықты сезгендей, Ақтанға наздана қарайды. Енді бір сəтте олар да жастар тобы арасында аяңдап кетіп бара жатыр еді. Дəмеш əдеттегідей олардың артын ала жүріп келеді. Жұмыстан қайтқан қыз-жігіттер сайдан өтіп төбені қиялай бергенде, Дəмеш төте соқпаққа түсіп, өз үйіне бұрылып кетті. «Əулие ағаш» көрінетін биікке шыға бергенде қарсы алдынан бір атты қылаң ете қалды. Тағы да Жақаш. Тыным таппайтын агроном Жақаш. Ол Дəмешке мана ертеңгі шақтағыдай тағы да бастырмалата қарсы келді де, атының басын тартты. – Дəмеш-ау, жастардан бөлініп жүретінің не? Əлде шешеңе асығып бара жатырмысың?  – Дəмеш үндеген жоқ. Жақаш енді тың қалыпқа келе бастаған. Батыс жаққа жүзін бұра қарағанында көзінде қып-қызыл от сөніп, толық кесек өңіне қара көлеңке ұялағандай. Күні бойы жүрісте болған жарау аты ғана арынын баса алмай тықырши берді. Жақаш жеңіл қимылмен ер үстінен жерге топ етіп түсе қалды да, атын тізгінінен жетектеп Дəмешпен біраз жер қатар жүргісі келді.

– Дəмеш-ай десеңші, сендер əлі баласыңдар ғой. Кейде мен сені көргенде, сенің шешең анау Əнипаны көргенде осы дүние туралы бір ой ойлағым келетін сияқты. Сен мынадайсың, ал шешең анау. Жақашбұлсөздерді неге айтыпкележатыр, оны Дəмеш түсінген жоқ. Ауыздан шыққан əр сөзді қақас жібермей əрқайсысының мəнін тақақтап сұрайтын Дəмеш тағы жоқ. Ол тек мана ұмытқан нəрсесін енді есіне түсіріп, Сақыш жеңгесінің халін сұрауға бір оқталып еді. Жақаш шынында терең ойға түсіп үлкен бір түйінді сөз тамағына келіп тұрғандай Дəмешке жалтақтай берді. Бір сəттен соң ғана батылдыққа барып, еңсесін жинай бере: – Дəмеш, саған бір жəйтті айтып қойғым келіп еді. Бір кезде сенің ес біліп, ержетуіңді күттім, бір кезде соны айту үшін қолайлы сəтті күттім. Енді əбден реті келген сияқты, – деді. Дəмеш Жақаштың жүзіне сескене қарады. Не айтпақшы бұл? – Ол сонау соғыс алдында болған оқиға еді,  – деп жалғастырды сөзін Жақаш. – Сенің ағаң Жолдасқан екеуміз он алтыға жаңа іліккенбіз. Асаудың құлағында ойнап болып, енді сұлу əйел атаулыға көз тастай бастаған шағымыз еді. Ол кезде осы Сақыш жеңгең жап-жас бүлдіршіндей қыз болатын. Бірақ қыз деген халық қырмызы тартып, сұлуланған сайын құдайын ұмытқыш келеді ғой. Сақыш талай жігітті дəмелендіріп, талайын тақыр мұзға отырғызып та кетті. Құдай-ау, сонда Сақыштың да он алтыға жаңа толған кезі. Бірақ сөйтіп тұрып, оның сол кездегі ақылы, тапқырлығы, батылдығы екі-үш адамға жетерлік еді. Несін жасырайын, Сақышқа бас қойып құмартқандардың бірі сенің ағаң Жолдасқан екеуміз болатынбыз. Əттең Жолдасқан соғысқа аттанғанда сен ес білмейтін бала едің, оны көрмей-білмей қалдың ғой. Ол жігіттің жігіті-ақ еді. Бірақ амал не, əлі күнге шейін өкінемін, керегі не еді деймін, əйтеуір сол Жолдасқанмен бақталас болып жаралыппын. Мен Сақышты онан қызғанамын, ол менен қызғанады. Бірақ Жолдасқанның батыл ер тұлғасы Сақыштың көзіне ерте түсті-ау деймін. Оның бағы ерте жанғандай көрінді маған. Күнде кешке аңдып торитынымыз осы Сақыштың үйінің маңы. Жолдасқан бір жақтан, мен бір жақтан торимыз. Басқалар да біздің кəсібімізден құр алақан емес. Сенің шешең Əнипа қандай ол кезде. Толық денелі, бетінен қаны тамған жап-жас келіншек еді. Ол Жолдасқанның қызға қырындаған сыңайын қызық көрді ме, біздің сырымызға əбден қанық боп алды. Кейде Сақышты болашақ келінім деп санағандай оның үйіне барғыштап, Сақышпен оңаша сөйлесіп, оны өзіне баурай берді. Мұнысы Жолдасқанға көмектескендік еді. Сақыштан менің де дəмелі екенімді Əнипа білетін. Егер Сақыш суға барғанда, немесе, кешке өрістен қайтқан мал алдынан шыққанда мен оның

маңында тап бола кетсем, сенің шешең Əнипа маған жетіп келіп, жоқтан өзгеге ұрысатын. Əрине, бұл Сақыш жөнінде ғана. Түптеп келгенде ол Жолдасқан екеуміздің арамыздағы достыққа қимастықпен қараушы еді. Егер Жолдасқанмен бірге үйлеріңе бара қалсам, шешең екеуміздің бірдей асты-үстімізге түсіп, ешқашан бөле-жарып қарамайтын. Сонымен не керек, Сақыштың көңілі Жолдасқанға ауды. Енді мен бақталастықты қоя бастадым. Егер Сақышты ауылдың сыртында немесе өз ауласының жанында Жолдасқанмен бірге көре қалсам, бұрынғыдай жəдігөй көзбен қарамауға тырысатынмын. Жақаш енді жүрісін тіптен баяулатып, жетегіндегі атына от шалдыра жүрді. Дəмеш осы Жақаш бастаған тың сырға құныққандай, оның əр сөзін қақас жібермей бағуға тырысты. Айнала үйіріліп қоюланып келе жатқан шымқай қараңғылық бұрын беймəлім жұмбақ ғажайып құбылыстай енді тым жақын келіп баурай бастаған. Ауыл оты да тез тізіле қалыпты. Жақаш емес, осы адырлы таулы аймақ, өзінің алыс-алыс қараңғы қойнауларымен, саф таза салқын ауасымен аймалай келіп, сыр шертіп тұрғанға ұқсайды. Жақаш тағы біраз адымдай түсіп, сөзін жалғастырды. – Бірақ не керек, сол-ақ екен соғыс бұрқ ете қалды. Əжетке жараған бізден бастап жасы елуге таяп қалған еркек тұяқтың бəрі майданға аттанды. Жолдасқан екеуімізді бірге шақыртып, бірге əкетті. Сенің шешеңді мен аса қайратты адам ғой деп ойлаушы едім, бірақ тап өзіміз аттанатын күні о кісіде де босаңдық барын аңғарып қалғанмын. Енді қайтсін, бізден бір ай бұрын əкең де соғысқа кеткен болатын. Ал біз кететін қарсаңда Жолдасқаннан кейінгі екінші ұлы Аманқанға да шақыру қағаз келген. Ол да қайтпай қалды ғой. Сонымен не керек, шешең Əнипа бізді көз жасын көз қылып шығарып салды. Жолдас айрылмайды, жол айрылады дейді ғой. Майданға бараақ бізді екі бөліп жіберді. Жолдасқан өзің білесің, Сталинград шайқасында қайтыс болды. Жақында Сталинград жеңісінің 25 жылдығы құрметіне үкімет қаулысы бойынша Мамай қорғанында орналған батырлар ескерткіші қабырғасындағы ерлік өліммен өлгендердің тізімінде Жолдасқанның да фамилиясы бар деп естідім. Алдағы қыста демалыс алып, сонда барып қайтпақ ойым бар. Иə, ол солай. Мен басқа жақта соғыста болдым. Соғыстың барлық тауқыметін тартып, 1945 жылы ауылға оралғанымда мүлдем есейіп қалыппын. Шешең Əнипа мені көргенде мүлдем құбылып кетті. Төрт жылға созылған сарыла күту азабын бірақ серпіп тастап, тіпті майданға бара мерт болған Аманқанның, одан кейін қаза тапқан Жолдасқанның да қайғысын ұмытып, мені қарсы алған

ағайын-туысқандардың ен ортасында болды. Тіпті екі ұлының екеуі де аман келгендей-ақ мені көргендегі қуанғанына əлі күнге дейін таңым бар. Соғыс отына шарпылып, жаралы болып қайтқанымдағы шешеңнің сол бір маған көрсеткен ылтипатын өле-өлгенше ұмытпаймын. Ал Сақыш қайтті дейсіз ғой. Ол Жолдасқанның өлімін өзінше ғана аза тұтып, ешкімге сыр бермесе керек. Төрт жыл деген қыз бала үшін аз уақыт па? Оның үстіне қиыншылық жылдары адам тез есейеді емес пе? Соғыстан кейін Сақышты алғаш көргенімде оның тұла бойының іріленіп, жүріс-тұрысының салмақтанып қалғанын аңғардым. Екі қабағының арасында кірбең ұялап, ойнақы алғыр көзқарасындағы бұрынғы от сөніп қалыпты. Иə, кейін ол менің жұбайым болды ғой. Шешең маған осы үшін біраз наразы болып жүрді де, бірақ көп ұзамай-ақ қайта жадырап кетті. Бірақ мен мұны өзім жиі-жиі ойыма алатын Жолдасқанға жасаған қиянатым емес, қайта оның шынайы достық, ақтық аманаты деп ұқтым. Иə, тірілердің бəрінде де бір-бір, тіпті одан да көп аманат бар ғой. Ол солар бастаған жақсы тілек, ізгі ниетті алға бастыру. Қазір Сақыштың аяғы ауырлап жүр ғой. Тап осы жолы ұл тусын, мейлі қыз тусын, оның есімін Жолдасқанға ұйқастырып қойсам деймін. Алғашқы балаларым туғанда да мұндай ойым болғанымен, оны Сақышқа айтуға жүрексінген едім. Енді нық бекідім. Жəне Жолдасқан жер астын зерттейтін маман болып шығуды арман етуші еді. Мейлі, осы жолғы балам болсын, мейлі бұрынғылары болсын, əйтеуір қайсысының қабілеті сəйкес келсе, сонысының геолог болуын қалаймын. Дəмеш Жақаштың соңғы сөздерінің мəнін түсінген жоқ. Тіпті, мұның бұдан кейінгі сөздерінің бəрі құлағынан қақас кетіп жатты. Оның Сақыш туралы айтқан шындық сыры сұмдық лебіндей есті. Дəмеш өзіне-өзі бірден келе алмады. Жақаш өз қасындағы қыздың бұл күйін қараңғыда аңғарған жоқ. Ол біраз сыр ақтарғанын өз бойына ауыр алғандай, тағы аз-кем уақыт сөзін түйіндеді де атына мініп, ауылға қарай тартып кетті. Дəмеш осы бір шақта Жақаш айтқан сырға қандай баға береріне, өзінің одан қандай əсер алғанына бірден ой жеткізе алмады. Тұс-тұстан торыған тау қараңғылығы ішінде Жақаш мінген ат тұяғының дыбысы өшкенше, оның артынан сілейіп қарап тұрды. Аспанда жұлдыздар жиілеп, күндізгі жарықтың қалдығы іспеттес шашау-шашау болып жарқырап жанады. Тек жеті қарақшы ғана аспан тереңіне сүңгіп, алыстап кеткен. Сəулесі тым көмескі. Көкжиектен қылтиып жаңа туған жұлдыздар осы жер бетіндегі

қараңғылықты жарып, жақындап келгісі келген əлдебір тылсым
табиғи күштің сақ өткір көзін еске түсіретіндей. Салқын тау ауа-
сы толқи желпуін қойған. Бірақ сонда да алуан түрлі шөп иісі мұ-
рын жарады. Дəмеш енді ауылға асыққан жоқ. Басында тоғыс-

қан түрлі ойлар мен əсерлерді өзімен өзі болып сарапқа салғысы
келді. Оған Жақаш емес, əлдекім аяқ астынан пайда бола кетіп,
күтпеген таңқаларлық нəрселерді сыбырлап, қараңғыда қайта жоқ
болған сияқты.

Дəмеш түн қараңғылығын бүркенген төбе баурайын жанама-
лай жүріп келеді. Енді кісі бойы шөптесінді қақ жарып өтетін соқ-
паққа түсті. Жиі-жиі жалғыз аяқ жолға көлденең жатып қалған тіке-
нек шөптер кездесіп, балтырын тыз еткізеді. Енді ол аяғын көтере

еппен басып келеді.
Кенет түнгі тыныштықтан əлдене оған тағы бір күтпеген жер-
ден сұңқ етті. Тап өзі жүріп келе жатқан жолдың жиегінен адам үні
естілді.

– Ақтан, Ақтан десе, сен өзің қарашы, солай емес пе? – Ерке

қыз Зураның дауысы, соның назы.
Ақтан да бірдеме деп міңгірлейді. Қолын төсіне басып, тіксіне
тұрып қалған Дəмеш, өзі ой жеткізе алмай келе жатқан əлдененің
ұшығын аңғарғандай. Түн қараңғылығын тегіс шолып аспанға

қарады. Осынау түнгі жаратылыс, салқын тау ауасы, аспандағы
жұлдыздар мүмкін осы екеуі үшін ғана тіл қатып, телміріп келіп,
төніп тұр ма?
Дəмеш сыбыс білдірмей олардың тұсынан өтіп кетті. Біраз

ұзағаннан кейін алдындағы еңіспен төмен қарай жүгіре жөнелді.
Сайға жеткенде ол ентігін басқандай тағы тұрып қалды. Иə, шы-
нында солай.
Ақтан мен Зураны елестетпек болып еді, бірақ көз алдына

мүлдем басқа бейнелер келді. Өзі көріп түсін танып үлгермеген
ағасы Жолдасқан, оның ауыл көркіндей сұлу қыз Сақышқа де-
ген ыстық, албырт ынтызарлығы, өз үйінің ауласында, немесе
кешкісін төбе басында Сақыш Жолдасқанмен кездесіп тұрғанда

ту сыртынан келіп, олардың аңысын аңдитын бала жігіт Жақаш...
Бəрін, бəрін айқын көрді. Тіпті шешесінің тап бүгінгі қаралы бей-
несін ұмытып, бойынан қайраты қайтпаған жас əйелдің тұңғыш
ұлы Жолдасқанның жүрегі қалаған Сақышты Жақаштан қоры-

ған түрін де елестетті. Міне, енді сол шеше Жақашты майдан-
нан қайтқан бетінде өз ұлындай қарсы алып тұр. Елгезек ана
көңілі Жолдасқаным да келер деп үміттенеді. Бірақ қиналмайды.
Жүзінде шаттық нұры басым.

Дəмеш алға қарай адымдай басты. Адамның табиғатында бо-
латын бір үлкен бетбұрыс кезеңдерде тұс-тұстан ағылып келетін

ой толқындары басын он орап алған. Шынында Дəмеш өзінің бүкіл өмірінде, келешектегі ұзақ жылдарында жауап іздеп табатын үлкен бір сұрақпен қақтығысып қалғандай. Оның солай екеніне ой жеткізе алған жоқ. Бірақ, неғұрлым тезірек ой жеткізсем деп соншама тағатсыздық етті. 1969 жыл АҚЫН Бүгін көңілі қатты бұзылды. Сірə, көңілі бұзылатын да күн емес еді. Ақын болам деп алғаш талпынғаннан бері желпініп отырып-ақ жазған өлең жолдарын бұтарлап сызып, күні бүгінге дейін ақыл сарабынан өткен сөздерін аямайтын ұстаз, аға ақын Кемелдің кеше елу жасқа толған мерекелік кешінде оған арнаған өлеңін оқыды. Сердақ аға тойына ала қағаздың бетіне жабысып, əдейі əзірленген жоқ. Көп жылдар ұйқас көзін іздеп машықтанудан ба, шабыт шақырып алуы оп-оңай төкпе ақын ба, аға мерекесі таяп қалса да қам жасамай дəл кешке барар алдында арсы-күрсі болып келіп, бес-алты шумақты сүйкеп тастады. Бірақ өлең даярлығынан көңіл даярлығы басым болып шықты. Аға тойында соншама жалынды өлең оқимын деген көптен бергі күмəнсіз ниеті ойда жоқта тасқа тиіп, быт-шыт болғанын ең соңғы сəтте сезді... Сердақ осылай болар деп ойлады ма? Мың ұйықтаса түсіне кірмеген тағы бір тағдыр ғаламатындай көріп, əлдекімге жауыққандай ауыр қиналыста қалды. Осы күйі мен аға тойында мінбеге көтерілген шақтағы көңіл күйі арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Болашағыма, қабілетіме күмəнданып жабыққанда жадау ақын көңліме қарлығаштың қанатымен су сепкен, Кемел аға, өзің шыңға шыққанда көз алдыңда бауырымды жазып шаба алмасам менікі не? Өлеңін соншама қатты дауыстап оқыды. Кеште отырған көзтаныс ақын-жазушылардың, қонақтардың мінбеде қолын сілтеп, өлең оқыған ақыннан гөрі қан төгіс ұрыс алдында жауынгерлеріне қатаң бұйрық беріп тұрған, жүйкесі осалдау командирге ұқсаған түріне таң-тамаша болып қарап қалған. Сердақтың жан сезімін ешкім түсінбейтін сияқты. Ақын жан сезімін жеткізудің алмас құралы – өлең мəні сұйылып кетіп, құр дауыспен кең залда қаздай тізіліп отырғандардың төбесінде əңгіртаяқ ойнатып жатқандай. Жұрттың өзіне аударған назарынан осыны аңғарды. Кемел ағасы ғана президиумда отырған əйелінің қалқасынан

бұған денесін мол көрсете еңкейіп, қуанышпен күлімсіреп, құптай
қарайды. Сердақтың сəтті шыққан өлеңдерін оқығанда ол осылай
қараушы еді.
Қалайда мынау оқылып жатқан өлең жолдары Сердақтың тап

қазіргі жойқын сезіміне сай келмеді. Қатты дауыстан үгітіліп ұн-
таққа айналып, өзінің де, өзгенің де, мысын құртып, жидіп бара
жатқандай.
Аға тойына осындай нəрсіз өлеңмен келуі мінбеден түскенінде

жүрегін шоқтай қарыды. Осы жолы өзінен мұндай өлең шығуын
ауыр қылмысың деп тақса да, күрт кетіп мойнына алатындай.
Қолмен істеп, көңілмен көтереалмағансəтсіздігін осышумақтарды
оқып тұрғанда ғана аңғармасы бар ма? Əлде, бұл шəкірттің ұстаз

шыққан биікке қанатын қанша қайқайтқанмен шыға алмайтынын
ақтық рет танытып, табандағы тасқа құлағандай мойнынан бір-ақ
қайрылып түскені ме?
Жоқ, Сердақ өзін іштей ақынмын деп жариялағаннан бері мұн-

дай ащы оймен ешқашан ымыраға келген емес. Жасы қырықтан
асса да өмірінің мұраты боларлық заңғар белеске енді- енді ұшы-
раса кететіндей тынымсыз жүрдек көңілді астына ат қып мінген
жайы бар. Алдына бір қора шабан өгіздерді салып беріп, оны қоса

айдауға мəжбүр еткен тағдырға ғана наразылығы күшті. Сонда да
Сердақ мойымайды. Ақын тəкаппарлығына қарсы тұрар күш қай-
да дейсің. Тарихқа қарашы, шын ақынға көкірек тескен у қорғасын
да мазақ болған.

Осы ой сарыуайымға салынып, күрт түсіп кеткен шағында ас-
панға атып, бұлтқа шырқатар жасырын қуаты еді. Балтасы тасқа
тиіп, жабығып, көңлі қарайғанда шақырып алатын қуаты.
Міне, осы қуатты тағы шақырмақшы. Бірақ бұл жолы оңайлық-

пен оралмайтын түрі бар.
Ақын ағаның кеші өткен күннің ертеңіне таңертеңгісін өзі іс-
тейтін газет редакторының қабылдауында болды. Бұл  – аласа
бойлы, мойынсыз, тойған қозыдай ғана жұп-жұмыр адам. Осы

пішініне қимылының тездігі үйлеспейтін де. Ары-бері, жоғары- тө-
мен бұрылып қарағанына үйренбеген адам көз ілестіре алмайды.
Жұмысты да қазанның түбін шақырлатып қырғандай қазымырла-
нып істейді. Оп-оңай қайыра салуға болатын бір түйіншек істі жеті

қат сөзден өткізіп, өз қарамағындағы адамдардың жанына тиіп те
қоятыны бар. Осы мінезі өзі жоқ жерде қуақы жігіттер арасында
бір алуан күлкілі əңгіме де еді.
Редактор Сердақтың жақында іс сапардан оралғанда жазып

қайтқан очеркін оқып шығып, бұлан-талан болған екен.

– Біз өмірді білмейміз, біз өмірден аулақпыз. Қашан да оның

бетінде қалқып, жанамалап жүргенді тəуір көреміз. Жеңілдің асты,

ауырдың үсті. Өзің айтшы, біздің өміріміздің өзегі қайда жатыр? Сол туралы түсінігің қалай, саралап берші, – деп, ол тамағын қырнап, шиқылдай сөйледі. Столындағы əйнекті ойып жіберердей жұдырығымен сүйкелейді. Екі көзі түрегеп қарсы тұрған Сердақтың өңменінен өтіп бара жатыр. Редактор Сердақты сөзбен жемей, сол көздерімен қараса да жеткілікті еді. – Біз сені сондай іргелі шаруашылыққа жібергенде ауылдың өзіңе ұнаған сұлу қыздарын тізіп қайт дегеміз жоқ. – Енді олар колхозшы қыздар болса қайтеміз? – деп, міңгірлеп еді Сердақ. – Жоқ, мен мəселені бұлай қойып отырғам жоқ, – деп, редактор мойынсыз басын былқ-сылқ еткізіп, тығыршықтай денесі терісіне сыймай одан сайын шамданды. – Қай шаруашылық болмасын ол туралы жазарда əуел бастан экономикасын зерттеп, даму тұрғысынан қарап, мəселені шешу бар емес пе? Экономика, білдің бе? Экономика дегеніміз – сұлу қыздың шырайы емес, колхоз, совхоздардың күре тамыры. Егер біз газетті сымбырлаған сұлу сөздің шылауына айналдырайын демесек, сол күре тамырдан ұстауымыз керек. Сердақ қабағын тұнжыратып, ернін тістелеп, ішінен «шіркінай, сен де жас болып, өміріңде қыз сүйіп көрдің бе екен, қыз десе шаян шаққандай екі бүктетіліп түсесің, əлде сені тірі күйіңде алған құдай сол ма», – деп ойлады. Редакторды атарға оғы жоқ. «Апыр-ай сұлулықты жырлауға, дүниенің көркін паш етуге тап осы редактордай қарсы тұратын адам бар ма екен? Тағы мұның өз айтқаны болмаса, шегенделіп отырып алатынын қайтерсің?» Редактордан қатты құлазып шықты. Кабинетіне бармай сыртқа беттеді. Қаланың ең шулы көшелерінің біріндегі тротуармен бағыт-бағдарсыз жүре беріпті. Көп жүргені соншалық, бір кезде өзіне-өзі келіп, артына бұрылып қарағанда неше көшеден өтіп кеткенін, қаланың қай пұшпағынан шыққанын бірден ажырата алмады. Кілт кейін бұрылды. Редакция үйі аса қашықта қалыпты. Басында судай сапырылысқан ойлар, қиял мен суреттер тағы кескестеп, біржола шырмап алды. О, Кемел аға, сен шыққан биік маған қашан да ғажап! Ойы осылай болғанмен жүрегін шақырлата қырған қызғаныш бар. Ұстаз ақынға деген кешегі жұртшылық құрметін көпсінгендік пе? Жоқ, қызғаныштан гөрі өз басының тəлкек болуына көнгісі келмей ширыққан шақтағы іші-бауырын өртеген ащы дəмге ұқсайды. Өлімнен бетер ұят құрсауы қоса минут сайын тарылып, қысымға алып бара жатқандай. Сердақ кешегі кешті бастан аяқ қайта елестете берді. Өлеңің көңілден шықпады деп бетіне басқан да ешкім болған жоқ.

Былайша кеште отырғандар тегіс қол да соқты ғой. Кемел ағаның да шəкірт өлеңіне балаша мəз болғанын аңғарып қалды. Амал не, сол өзі жазған өлең жолдарын оқып тұрғанда мұның тасқынды лепірме көңілімен туысып кете алмады. Көз алдында көптің ашық маңдайлары үстінде шақпақ отындай ұшқындап ұшпады. Өлең сазы ауада қалықтап тұрмай, зал керегелеріне соғылып, жаңғырықтай таралып, із-түзсіз жоғалып жатты. Сөйтіп, оқып болмай-ақ өзінің еңсесі түсіп кетті. Бүгінгі редактордан естіген сөз осы сəтсіздігін жанды жарадай ушықтырып, басындағы əлекті одан сайын күшейтті. Сірə, дауылдатқан ақпа ақын болғаныммен адамдық жағына келгенде шикілігім бар ма дейді ішінен. Бұл оған бірінші рет келген ой емес. Қашан да əлденеден қағажу көріп, сарыуайымға түсіп, өзін қажағысы келсе осы ойды жанынан суырып ала қоятын. Анау Кемел ағаны қарашы, жарайды ол менен он жас үлкенақ бола қойсын. Бірақ ол жазған өлеңдер жиынтығында мендегі жалын бар ма? Ол табанынан таймайтын, құзға біткен жақпар тастай берік адам. Өлеңдерінің де бір қалыптан аумай Арқаның өкпек қоңыр желіндей бүйіріңді мұздатып қана отыратын əсері бар. Сол өлеңдердің ең тəуірлерін алшы, тіпті сыншылар кейінгіге үлгі етеміз деп цитаталап-ақ жұртқа жаттатып болған өлеңдерінде де менің жинақтарымдағы, жазылып жатқан дүниеліктерімдегі тереңдік, терең саз, қасиет бар ма? Бұл бағасының əділетсіз екенін өзі де іш тереңінде түйсінгенімен, жазғанын, жазбағанын асқақ көңілмен əсірелеп үйренген ол бəрінің басын қосақтап, Кемел ағасының дəл бүгінгі жеткенінен биік қояды. Кемел ақыннан ғана емес, кемеліне келген, келмеген басқалардан тап бүгінгісінен артық ешнəрсе шығады деп ойлаған емес. Тіпті ондай ой келе қалғанның өзінде де басынан аулақ ысыратын. Тісін əлі күнге қайрайтын өміріндегі көп сəтсіздігі үшін өзін ғана əлі күнге өсу үстіндемін деп санайтын сыңаржақтылығын қайда қоярсың? Əлемдік поэзия алыптарының бар екені қандай шындық болса, дүниенің бір қабырғасы сөгіліп, содан суырылып өсіп шығып келе жатқан Сердақ атты тағы бір алпауыттың бар екені сондай шындық. Мейлі, ол қалың тоғайдағы əзірге елеусіз саңырауқұлақтай қалқайып тұрғанымен тап ертең дүние назарын өзіне аударып алары хақ. Бұған біржола күмəнданған күні Сердақ өлімнен артық, өлімнен қастерлі ешнəрсені тілемес еді. Мұның бəрі солай. Бірақ Сердақ адамдық жағынан келгенде өзінде шикіліктің көп екенін өз бетіне өзі баса беруден жалықпайтын. Тіпті əрбір көңілін кірбің шалған сəтте де ойы осылай қарай ауа толқып кететін. Əлде осының бəріне үйде болсын, түзде болсын қабағы

ашылмай, түлен түртіп отыратын əйелім кінəлі ме екен? Сердақ
енді ішкі қаһарын қосағына қарай бұрды. Иə, сəтсіз махаббат шын
ақынның көлеңкедей ерген жолдасы ғой.
Кемел ақынның кешегі кешін елестетті. Əйелінің президиумда

отырысын қарамаймысың? Күйеуінің көңіліне қаяу түсірейін де-
ген пейіл ондай əйелдерде ешқашан болмайды. Қайта қосағына
көрсеткен құрметті бірге қабылдап, ақынға сай əйел жолдастай
ешкімнің құрметінен өзін кем көрмейтін көтеріңкі, қуанышты жүз-

бен отыр.
Бір сəт тағы қиялдап кетіп, өзі елу жасқа толғанда əйелім
президиумда қасымда қалай отырар екен деп, соны елестетті.
Көпшіліктің құрмет сөзі судай сапырылып жатқан аса салтанатты

жағдайда қадалған жұрттың көзін алып əуреленбей-ақ əйелі бар
денесімен бұрылып, бүйірден түртіп қалып, «Ряженканың кефир-
ден майлы екенін саған қашан ұқтырып боламын. Дəмі жоқ, татуы
жоқ іркіттен жасалған кефирден гөрі мына балаларға майлырақ

нəрсе беру керек екенін былай əке болып ойласаң қайтеді?», –
дейтін жүрек қыжылдататын сөзін айта жөнелсе қайтерсің. Иə,
өзің елу жасқа толып, соның құрметіне президиумда отырсаң.
Жұрттың көзін бақырайтып қойып, бір кесек етіңді жұлып əкетер-

дей бүйіріңді бүріп отырған əйеліңмен қалай ұрысарсың?
Екі жаққа бөлініп, үзіліп кетердей жанталасып, ес таппай отыр-
ғанда мынау салтанат қызығынан бір ұшқын қалар деймісің.
Апырау, елу жыл өмір сүріп, тырбанып еңбек етіп, тырнақтап өлең

жазып, соның үшін көпшілік құрметіне бір қалған екенмін. Əлде,
ол да менің жырық ауызымнан еріген майдай ағып кеткені ме?
Өмірден еселі сыбағасын ала алмайтын соншама ұшып-қонба
сорлы көбелек болып жаралмасам дүниенің бір кемісінің орны

толмай қалатындай тағдырдың маған соншама шұқшиғаны не?
Көптің құрметі десе Сердақта не жан қалушы еді? Аспандағы
бұлтқа мініп, көк төсіне бір-ақ шырқап шығатын сəт Сердақтың
жалын жастығы бойында тұрғанда ұйықтаса түсінен кетпейтін.

Ондай қиялдан қазірде де басы аман емес.
Сондай мəртебе биігіне көтерілгенде де көңілі бұзылмақ па?
О, əйел шіркін, біреуге аққусың да, біреуге бүйірін бұрап жейтін
алармансың-ау. Апыр-ау, сонда болашақта да менің сəулелі күн-

дерім тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткені ме?
Е, Кемел аға, сіз шыққан биікке шыға алмаспын. Əйел деген
адамның ұлпа қанаты ғой. Сіздің қанатыңыз жаныңызды рахатқа
батырып, ауаны алмастай тіліп, асуларға апарса, менің қанатым

жаныма мұз болып қатып, төмен құлдыратады. Сол мұз қанат-
ты қайырып, қасыңызға шырқап шығатын қуатты табиғат маған
бермепті.

«Өзің адам болып қалыптассаң ғана қауырсын қаламды мық-
тап ұстай аларсың» дегенді қай классик айтып еді? Ə, Гоголь
екен ғой. Даңқ тұғырынан табаны таймайтын сондай бір мықты
болмаған соң менікіндей майда-шүйделіктен не шығады дейсің?

Алғашқы ойынан ауытқып кетіп, енді қалың мұқабалы кітаптар-
дың алғашқы беттерінен көріп үйренген алыптардың суреттері көз
алдынан қаздай тізіліп өтті. О, шіркін-ай! Еңсесі одан сайын күрт
түсіп кетті.

Бірақ, олар нағыз адамдар ғой деді бойын сəл қайта жиып.
Алыптарды қойшы. Тіпті Кемел ағадай емес, қай істе болма-
сын жеме-жемге келгенде шикілігімнің байқалып тұратыны несі?
Қанаты қайрылған құстай əуеде қалықтап ұшпай, өз-өзімнен жұл-

ма-жұлмам шығып, далбаңдап, жерге топ етіп, күйреп түсудің аз-
ақ алдында жүретінім қалай?
Сердақ редакцияға өзегін қырнаған осындай ащы ойлармен
жетті. Редактордың есігі алдынан басын бүркеп алғандай ентелей

басып өтті. Өз кабинетіне кіргенде əріптес жолдастары ауызда-
рын майлы қасықпен сипағандай бəрі ақсия дуылдасты.

– Сердақ-ау, редактор сұрағасын, сені іздейміз деп, бір бо-

лыс елді жапырып кете жаздадық. Кірмеген кабинетіміз қалмады,
бəріне кіріп сұрадық, ұшты-күйлі жоқсың.

– Тура екі сағат боп қалды шамасы, іздегенімізге.

– Əуелде бір жерде құлап қалды ма деп сан бұрышты іздеп

бардық.

– Ха-ха-ха... ха!

Манадан бері редактор мен өз əйелін дұшпан санаймын деп
көкірегі қос қыртыс наразылыққа толған Сердаққа енді мынау жұрт-
тың бəрі төніп келіп, табалап тұрғандай көрінді. Жолдастарының
қалжың аралас тікенек сөздері жайсыз тиіп, жанын ауырта түсті.

Жаңа ғана болып шығып едім ғой! Мынау қалжыңдарың ба,
шындарың ба? – деді Сердақ сұрлана үн қатып.
Мұның жайын ұғып қалған жолдастарының бірі:

– Қалжыңдасақ сені редакторға жұмсап, қалжыңдайды дейсің

бе? – деп, Сердақтың қаһарын дер кезінде қайыра қоятын жұмсақ
сөз айтты.
Редактор Сердақты өз кабинетінен жөнелтіп салысымен де-
реу қайта шақырып алмаққа əрекеттенгенінде оның орнында

болмай шыққанына қатты шамданып, терісіне сыймай отыр екен.
Сердақты іздеткен екі сағат бойына жұмыс істей алмай ділгіріп,
отырып қалса керек. Сердақ кіргенде бас алмай жұмыс істеп жат-
пай түрлі түсті стерженді жуан қаламын ұзын столының бір шеті-

не домалатып жіберіп, соны алуға қолы жетпегендей дəрменсіз
қиналыс үстінде еді. Сердаққа кейіді ме, алыс домалап кеткен

қаламға ма, кімге кейісе де ақын жанды Сердақтың басындағы жай бұған да тап болған сияқты. Бұл да жай ұрып кеткен кəрі ағаштай ұшар басынан айрылып, қара жерге діңгектей қадалып қалған ба дерсің. Сердақ мұны көріп өз халінен біраз айыққандай болды, жүзін сəл жұмсарта, қабағын жазып, өз бастығына алаңсыз қарады. Редактор басын көтерді, Сердаққа қадалған көздері аз-кем сығырайып тұрды. Бұл да өз қасындағы адамның тұнық кескінін көріп, басындағы тұман ойлары бірте-бірте таралып, жан сарайы ашылғанға ұқсады. Сонда да Сердақты шақырғанда айтамын деген сөзінен жаңылып қалды ма, жоқ айныды ма, əйтеуір күтпеген жағдаймен мүлдем басқа əуенге көшті. Терезеге қарап, даладағы күншуақ əсер еткендей сөйледі. – Бүгін күн жақсы ма деймін осы. – Иə, бүгінгі күн шынында жақсы! – деп, Сердақ жаңа ғана алайтүлей болып, көшелерді кезіп келгенде мынау терезеден төгіліп тұрған шуақты түйсінбегеніне қайран қала жауап берді. Өзі үнемі жайсыз сөйлесетін адаммен арадағы əңгіменің тап қазіргі сəтте күннің шуағына ұқсас жылылық əкеле жатқанына қуанбасы бар ма? – Осы байқайсың ба, мынау Қапшағайдың құрылысы басталғалы Алматының ауа райы жұмсарып кетті. – Иə, иə, дұрыс айтасыз, жұрт солай дейді.  – Бұл жауабында Сердақтың өз бастығына жылы сөзі үшін елпілдей түскені байқалды. – Жұрттың сөзін қоя тұрғанда, былай да қарамаймысың. Шымшыма аяз дегені болмаса қыс та жұмсақ болды, жазы да мынау. – Иə, биыл қыс жұмсақ болды ғой. Жұрт та солай дейді. «Шымшыма аяз қыста да, жазда да сізден есуін қойса екен» дегенді ішінен айтты. Жалт қараған редактордың көзінен «осы сен жұрттың айтуына ғана сүйенесің, өздігіңмен ешнəрсе түйсінбейсің» деген жазуды оқуға болатын еді. Енді редактор кілт өзгерді. – Осы Қапшағай құрылысы біз үшін тың жатқан дүние, тыңайып жатып, сарғаятын дүние болды ғой. Жарқыратып бір жаза алғамыз жоқ. Мына сөз Сердақтың жанына қатты тиіп еді. Шіркін-ай, ендігі бір кезекте іс сапарны сол жаққа жаздырып, мына құбылмалы пəленің көңілін бір ашпасам болмас. Əй, сонда да шымшыма аяз болып есуін қояды дейсің бе? Қазақстанда жалғыз Қапшағай ма? Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша жыпырлап өсіп шығып жатқан кəсіпорындар ше? Тұтас қалалар ше?

Бірінен болмаса бірінен ұстамас дейсің бе? Жоқ, бұл редактор-
дың көңілінен шығатын сəтің өмірде болмайды.
Сердақтың жүйрік қиялы осылай ауытқып кеткенде, редактор
өзін бұлан-талан ете жаздаған ойдан даладағы күншуаққа тағы

көзі түсіп, айықты ма, əйтеуір, Сердаққа қайта қадалғанда жүзі
жадыраңқы еді. Тіпті миығынан күлгісі келіп, тебірене сөйлеген
болды:

– Жұмыс-жұмыс деп, демалысты да ұмыттық-ау. Біз, журналис-

тер, адамға не қажеттің бəрін жазамыз. Адам баласына тіпті қай
мамандықтың адамына болсын ақыл айтқанда тілдің майын та-
мызамыз. Сөйтіп, өзіміз дегенде ақыл-есіміздің бір бүлк етпейтіні
қалай? Мысалы, сен екеуміз болып па, басқалар болып па сол

Қапшағай теңізіне барып, балық аулап, жақсылап бір демалып
қайтсақ не болар еді? Ондай нəрсенің бірі де жоқ. Демалыс болса
үйден шықпай, қаламақы үшін өзімізше тағы бірдеме жазып, ала
қағаздан басымызды алмаймыз. Осы да өмір ме, жоқ жете алмай

келе жатқан бірдемеміз бар ма?
Осындай басыңқы сөздерді айтқанмен де редактор көңілді
отыр. Сердақ редактордың өз алдында бұлайша шешіліп сөй-
леуін сирек көретін. Редактордың мына шақыруынан əлі ақыл-

есін жиып үлгермегендей ойсыз жауабын бөгелмей айтты.

– Ə, ондайды месткомның ұйымдастыруы керек-ақ қой.

– Ой, местком, местком деп, өз қырсыздығымызды бүркеме-

леу үшін тілге тиек ететінді тапқыш-ақпыз... Екеуара демалысқа
сол месткомды шатастырмай-ақ қойсақ қайтеді. Даланың ауасын
өзімізше де барып жұта аламыз ғой.
Даланың ауасы! Осы сөз Сердақ көкірегінде күрсініс тудыр-

ды. Қаланың шаң-түтінінен аулақ сонау саф күмістей жарқыраған
ашық кеңістік, аспан астында жабайы бүркіттей еркін қалықтап
жүрсем, мазасыз ақын жаныма барқадар табатын жер сонда ғой.
Енді мына тұрысымды қара! Редактор тағы не айтады деген күдік

пен жорамал қол-аяғымды шырмап тастаған темір құрсаудай тап-
жылтсашы, кəне. Ақын бола тұрып, шамның əйнегін қанатымен
қаққылап, шыр айналатын ақылсыз көбелектей мені осы қаланың
шуынан ұзап шығартпай қойған қандай құдірет?

Тіршілік күйбеңімен жүргенде жан тыныштығына жылы ұядай
көрінетіні үшін ғана ма? Апырау, қала деген шын ақынның жаны
сиятын жер емес қой.

– Иə, жақсы бара тұр, жұмысыма кедергі келтірмеші,  – деп

редактор стол шетіне домалап кеткен қаламын еңкейіп алды
да, Сердақты енді керек қылмай алдындағы алабажақ қағазына
үңілді. Осы сыңайынан шабыт шақырып алған адамның кескінін
аңғарды Сердақ.

«Апыр-ау, мені неменеге керек қылып еді», – дейді ол ішінен шығып бара жатып. Екі сағаттай даланы кезіп кеткенде манағы айтқан қатулы сөздері өзінің де ақыл-есіне оралғы болып, жұмыс істетпей қойған шығар, сірə. Қайта шақырғандағы ойы мені сылап-сипамақ емес, өзінің бұзылған көңілін жазбақ екен ғой. Сердақ үйіне кеш қараңғылығы қоюланғанда қайтты. Жұмыстан кейін қалып, жолдастарымен бильярд ойнаған болатын. Уақытында келе қоймаған күйеуінің қылығынан тұлан тұтып отырған əйелін елестетті. Сердақтың көздегені де осы. Бүгін қасақана əйелінің шабына тимек ойы бар. Ол қиын да емес. Əйелінің ашуынан өз ашуын басым қылып, қабағын шытып барса болғаны. Əйелі Жамаш күйеуінен мынадай қабақ көрсе, оның да аңдығаны осы, құдайы жарылқады дей бер. Самбырлап өзі сөйлей жөнеледі. Оның даусы шыққанда оған жекіруден Сердақ та жасқанбайды. Сөйтіп, бұл да бір өшін алса қайтеді. Ненің өшін алмақ, ол өзіне де жұмбақ. Кешегі Кемел ағаның тойындағы салтанатты шақ тағы да көз алдынан көлбеңдеп өтіп, соның бəріне ақын жұбайының жалғыз өзі болып көрік беріп отырғандай, Сердақ көкірегін қайтсе де қызғаныш қарыды. Осы қызғаныш өз əйеліне деген жанының тереңінде жатқан бір шақар мінезін оятқандай. Бұлардың үйі қаланың шетінде еді. Оған жеткенше тағы біраз уақыт өтті. Есіктен кіре бере-ақ Сердақтың дегені болды, əйелі шап ете түсті. Сен түнемелеп жүрмесең ас батпайды. Мына түріңмен осы қырыққа келгенше көше кезетін біржола кезбе болып кетпегеніңе таңым бар. Қатын, бала, үйді сен қашан ойлайсың, айтшы, қарағым. – Бəрі сенің қылығыңнан болып отырған нəрсе ғой, Жамаш. Өзің де, сөзің де тікенек. Тыншу таптырып бір рахатқа бөлейтін кезің жоқ. Кезбе болатыным содан. Арқандаулы аттай қазығыма қайта оралғаным болмаса кезбе екенім кезбемін. Мынау нағыз сұмдық сөз еді. Сердақтан ешқашан шықпаған сөз. Алдын ала дайындап алғандай сап-сабымен шімірікпей айтуы Жамашты басына тоқпақ тигендей етті. Біраз жылғы қосақтасқан өмірде күйеуі өзінен сөз асырмай келсе де, тап қазіргісі оның əйел жанын бір сəтке тұралатып тастады. Жамаш сонда да есін тез жиды. – Мына сөзді қашаннан бері ойланып айтып тұрсың?  – деп, Жамаш екі алақанын бір-біріне жабыстырып, қос қолдаған жұдырықпен ауаны тіліп өтті. Демі үзіліп қалардай, өзін-өзі қинап, көзінен жас шығарғысы келіп, жыламсыраған болады. Сонда да көздерінен қаһар оты ұшқындай түсті. Мына айтқан сөзінің Сердақ алдында тым жалынышты болғанын аңғарғандай, енді мүлдем басқа əуенмен даусын күшейтті:

– Солай ма? Тікенек болсам бар, бар, босаттым сені. Үй, бала

бəрі менікі. Басың бос сенің. Арқандап қойдың деп жазғырсаң, ол
арқанды өз қолыммен қиып берейін.
Енді ғана Сердақ өзінің асыра сілтеп жібергенін ұқты. Тұнық
суға тас түскендей өз семьясының əлегін шығарып алып, құйры-

ғын артына қысқан бөрідей мына дау-дамайдан сытылып шық-
паққа жарқ берген пейілі бар.
Қайда сытылмақшы, кірген есіктен қайта шығып, қарасын ба-
тыра ма? Жоқ, үйдей пəледен үндемей құтыла ма? Əйелін сөзбен

ала алмасын өткендегі тəжірибеден біледі.
Бар тапқан ақылы, басын қаппен бүркемелеп алғандай ұйық-
тайтын, əрі жазу бөлмесіне қарай зып берді.

– Қайдағы арқанды айтып тұрсың. Қиылмайтын арқан жоқ,

үзілмейтін жіп жоқ. Некені айыруды айтсаң заңда оған рұқсат
берілген. Біреуді біреу шынжырлап ұстай алмайды! – Енді өксік
буғаны дауысынан айқын аңғарылды.

– Бала бар деп алаңдама. Шешесі бар бала жетім емес.

Олардың бағына əзір тірі болармын.
Шамырқанған осы ашуынан əйелдік əлсіздігі қоса аңғарылып
еді. Семьяның быт-шыт болуы ең алдымен əйел өміріне ақау ғой.
Сондай қауіп тамағына қара қанжар болып тірелгендей тітіркеніп

барып тоқтады.
Сердақ бергі бөлмеге қайтып шықпады. Жұмсақ креслоға ба-
сын ұстай отыра қалды да селт етпеді. Жамаш ауызғы үйде ыдыс-
-аяқты сылдырлатпай, аяғын да аңдап басып, ас қамдап жүр.

Сердақ асыра сілтеп жібергенін, əрі əйеліне жақсы сабақ бергенін
ұқты. Оған жаны да ашыды, балаларын бағып-қағып жүрген жан
жолдасына бұлай сөйлемесе қайтетін еді? Осыны ойлағанмен өз
басына жеңілдік таппады.

Сердақ енді мүлдем терең ойларға кетті. Бүгінгі халінің түп-
төркінін жүйткіген қиялымен шарқ ұрып іздеді. Бəріне кінəлі ке-
шегі Кемел ағаның тойына арнаған өлеңнің нəрсіз шыққаны, та-
ңертеңгілік редактормен болған жайсыз əңгіме деген ойдан, бəрін

соған аударудан ат-тонын ала қашты. Қалайда мұның жан тереңін
қазандай қайнатып жатқан бір өкініш бар.
Көз алдынан Кемел ақын мен редактор барлық тұрғысымен
зуылдап өтті. Апыр-ау менің өмірімнің не гəбі бар екен? Сірə,

олар мен сияқты тұралатып кететін сезім соққысына ұшырамай-
тын шығар. Қалайда мені сыртқы дүниемен жалғастырып тұра-
тын бір саңлаудың бітеліп қалғаны ма? Ешнəрсеге ақыл жеткізе
алмауым қалай?

Басын тұмшалап тастаған ойлар атып тұрғызды. Əйелі ас
қамдап жүрген бөлмеден адымдай басып сыртқы есікке қарай

беттеді. Əншейіндегідей балалар бөлмесіне барып, солармен ой-
нап жатып алатын дағдысын да ұмытқан.
Далада нағыз тымық түн туыпты. Аппақ толық ай төбеден төніп,
жерге жақындап келіп тұрған сияқты. Қаланың шеті болғасын ба,

мұнда шаң-топырақ жоқ, көк исі аңқиды. Салқын ауа бойын жеңіл-
деткен Сердақ алға қарай тез қозғалып, айлы жарық түнге сұғына
көз сала бастады.
Бұл бір серпіліс тудырды. Өлең жазатын халіне келген бе? Иə,

шынында солай. Сердақ бəрін ұмытып, мынау əсем түннің қой-
науынан бір асыл тас іздегендей жұтына қарайды.
Неге баяу дүние айлы түнде?
Міне, өлеңнің алғашқы жолы туды. Көңілін жарқ еткізіп ашып

тастардай бір сəтті жолдардың басы сияқты. Қалай жалғастыр-
сам екен?
Неге баяу дүние айлы түнде? Айлы түнде.
Əлдене бетіне сарт етіп тигендей тұла бойы дүр сілкінді. Осы

оқыс жайды өзін қинау үшін одан сайын күшейте түскісі келген
тағы бір қиянатқа тірелген.
Айлы түн. Айлы түн. Қазір ол да сұлулық бейнесі болудан қалды
емес пе. Адам баласы айдың ақ топырағын шығарып қазып, тасып

жатқанда менің өйтіп өзеуреуіме жол болсын. Көз алдында редак-
тор айлы түнде сұлу қыздың балтырын ғана көресің деп жерлеп
тұрғандай көрінді. Апырау, сұлу қыздың балтырын қайдан тауып ал-
дым... Редакторды елестеткенде оның төбесінде ойнап тұр ма еді.

Ə, жаңағы өлеңді енді болмаса солай жалғастырмақ екем ғой.
Сірə, бұл заманда шын ақындықтың, таза лириканың өрісі та-
рылған ба қалай?
Апыр-ау, осы таза лирикаға неге мен ғана əуеспін? Анау ре-

дактор неге əуес емес? «Экономика» деп зарлап отырғаны қашан
болсын. Е, ол ақын емес, жүрегі мұздан жаралған неме, таза ли-
риканы не қылсын?
Ал Кемел ше? Оны ақын емес деп кім айта алар? Ол ақын бол-

маса кешегі көпшілік құрметін қайда қоямыз?
Осы сəтте тісі ауырғандай жағын ұстап тұрып қалды. Кешеден
бері өз көңілінің бұзылуына себеп іздегенде соған ұқсас əлде-
ненің ұшығын көргендей, ойының бағыты кілт өзгерді.

Кемел ақынның Ембі мұнайшыларының өмірін дастан етемін
деп, «Мұнайшы ақын» атанғанын еске алды. Қара жұмыс істеп
белшесінен батқаны бар еді-ау. Қарап тұрсаң жалғыз ол емес,
басқа да туындыларынан түтін будақтаған заводтар мен астық та-

сыған машинаның соңынан желдей есіп өмір кешкенін түйсінесің.
Оның өлеңдерін оқығанда қаланың емес, даланың шаңын жұт-
қандай болатының содан шығар.

Апыр-ау, редактордың «экономика» деп зарлайтыны да тегін
емес шығар. Кемел ақын да өмірдің қыл өзегін ерте аңғарып со-
лай еткен ғой. Жарық дүниеде жүріп суқараңғы болған мен пақыр.
Мана редактор Қапшағайды еске салды. Күнге қыздырынып,

таза ауамен дем алуды айтты. Иə, ол төрт қабырғаның ортасында
ала қағазға үңіліп қартайған жан ғой. Қапшағайда демалыс қызы-
ғын сен-ақ көр. Сондағы алып турбиналарға мен ақындық қуатым-
ды жегіп, неге қоса айналдырмаймын.

Осы ойы көкірегінде сұмдық шабыт серпінін тудырып, мына
тірлігіне қатты қапаланды. Шын ақындықты қойып, от басы, ошақ
қасындағы тентекке айналғанмын деп, жаңа ғана өз қиялымен
келіп, тектен-текке əйелінің көңілін қалдырғаны жанын жегідей

жеді. Менің орным қағазбастылар емес, еңбек адамдарының ор-
тасында ғой.
Осы ой толқыны қатты еңсеріп əкетті.
Айлы түнді қайтып қызықтамастан үйіне келіп, өзіне жауап қат-

пай қойған əйелімен біраз ымыраласқандай болды. Балаларын
ойнатты.
Қайтып жатса да, тұрса да сонау кең даланы, астықты алқапты
аңсаған көңілі тыныштық бермеді. Нақты шешімге келіп, істі неден

бастайтыны қатты тығыршыққа қамады.
Қаладағы пəтерді тастап, Сарыарқаны бетке алып, көшіп ке-
туден жүрегі шошыды. Сонда да көкіректегі дертіне шипа көзін
тапқандай қиялы бос лағымай, осыған қадалды.

Неге баяу дүние айлы түнде?
Осы бір өлең жолы көкірегіне қадалып, «дүние баяу ма, мен
сияқты шет қақпайланып қалған пендеге ғана солай болар» деп
өзін жазғыра түсуден де жалықпады.

Көкірегінде оянған шабыт дүрсілін əйеліне де айтып, ақылдас-
пақ болды. Сол үшін екі-үш күн қатар əйелімен жақсы сөйлесіп,
көңілін көтерумен болды.
Міне тағы кешке жұмыстан оралған шақ. Залдағы диванға шал-

қая отырып, стол жасап жүрген əйелін бақылады. Тап қазір көкі-
регін жандырған ойын төгіп салмақ. Орнынан тұрып, нан турап,
қолқабыс еткен де болды. Жаңа піскен жұмсақ нан екен. Аузына
салып еді, бала кезінде ауылда шешесі жаңа орылған астықтың

ұнынан пісірген жұмсақ қалашты құшырлана асайтыны есіне түсті.
Көкірегіндегі ой одан сайын жүрегін жандыра түсті.
«Алтын астық-ай, сені өз бабыңмен, өз иісіңмен бір жырла-
маппын ғой. Айлы түн мен сұлу қыздың балтырын ғана күйттеп

жүргенмін бе?» Бұл шаққа дейін жазғандары өз көзіне сұрықсыз
көрінді.
Ойын əйеліне айтуға шындап оқталды. Сөзінің кіріспесі ретінде:

– Жаңа пісіп шыққан нанның дəмдісі-ай! – деп күрсінген кейіппен əйеліне қарады. Екі-үш күннен бері енді ғана ашыла сөйлеп, əйелі жауап берді: – Мынау – қаланың шеті. Орталықта тұрсақ қой. Ондағы дүкендерде түнемеге нан қалмайды. Жаңа піскен жұмсақ нан жегің келсе, сол орталықтан біреумен пəтер ауыстырайық та. Əйелінің аузынан шыққан осы қарапайым сөздер неше күннен бері шиыршық атқызған көкірегіндегі шабыт толқынын түк болмағандай сипап кетуі не ғажап? Буыны босағандай аз-кем есеңгіреп тұрды да, диванға құлап түсті. Əйелі стол басына əрең келтірді. Ендігі осы халіне көнгендей тамақты ықылассыз жеді. 1971 жыл ҚҰРБЫЛАР Жас та сұлу əйел Айша медицина институты жанындағы стоматологиялық емханананың тіс емдейтін кабинетіне қайта кірді. Көптен қызмет істейтін адамның өзін еркін ұстайтын əдетімен, əрі қазіргі ашулы қалпына сəйкес есікті жұлқып ашып, қатты жапқан. Əлдекім жанына тиіп, содан тұнжыраған қабағын мұндағы жұртқа бірден танытқысы келіп, шаңқ-шұңқ сөйледі... – Қарашы мұны! Екі бірдей кезекте істеймін дейді. Оған екінші кезекте істеуді біреу зорлап, таңып бергендей-ақ! Енді келіп, үзіліс боп қалды, шаршадым деп, түстен кейін келсін дейді. Өйтіп, шаршап-шалдығып, шамасы келмейтін болса, екінші кезекте жұмыс істеуге келісім беріп несі бар? Биік терезелер алдында қаз-қатар қойылған орындықтардың бірінде аурудың шалқая ашқан аузына үңіліп жатқан сол Айша қатарлас дəрігер Сыбан Молдахметұлы оның жүзіне бір бұрылып қарады да, сəл аңырап, жұмысын одан əрі жалғастыра берді. Айша жаңа ғана өзінің бір туысқанын осында ертіп келген. Сыбан Молдахметұлы оның ауырған тісін қарап, жұлдыру керек деген. Бұл тек емдеу кабинеті болғандықтан Айшаны тіс жұлатын дəрігерге өзі жіберіп еді. Беті қайтып, ренжіп отырғаны сол əріптесінің əлегі. Мұндай үлкен ұжымда лаулап жанбай, шаладай сөнетін біреудің біреуге деген қырыс қабағы, көзден тасада адамды сырттан осқылайтын қамшы сөздердің бола беретінін Сыбан Молдахметұлы жақсы білетін. Сонда да Айшаның қазіргі күйін танып, оған өз тарапынан қандай көмек керек екенін қоса ойланған. Бұл алдындағы ауруды қарап болғанша, Айша тоқталмай ағытылды-ақ.

– Егер жалғыз басты, немесе бала-шағасы көп біреу болса

бір сəрі. Күйеуі екеуінің ортасындағы жалғыз бала. Сөйтіп жүріп,
екінші кезекке жабыспаса қайтер еді. Мен бəрін білемін. Бас дəрі-
гердің аузын алып жүріп, қолы жетті оның екінші кезекке. Өткен
сенбіде Ғалияның базардан қаз, қолдан сойылған қойдың етін

алып жатқанын өз көзіммен көрдім. Мен жолығып қалғанда:
«Қонақ шақырмақшы едім»,  – деп сызылып еді. «Қонағың
кім?» – деп сұрасам, «Ауылда тұратын адамдар», – деп, мені бас-
қа жаққа бұра салды. «Айтқаныңа болайын», – деп ішімнен мырс

еттім де қойдым. Қазбалап қайтем ондай тісінен сыр шығармас
пəлені. Ауылдан қонақ шақырмай-ақ тап соның ертеңіне бас дəрі-
гер Ғалияның үй жағынан таксимен келе жатты. Ғалияның үйінен
шықпағанда қайдан шықты дейсің? Қаланың ол жақ шетінде бас

дəрігер қыдыратындай жер жоқ. Басқа уақытта олай қарай барға-
нын көрген емеспін.
Айшаның сөзін Сыбан Молдахметұлының қасындағы сары
шашты сестра да тыңдап тұрған. Ол да жап-жас келіншек, əрі бір

қарағанға сыр сақтайтын əдепті жан.

– Ғалияның үйі қай жақта еді? – деп сұрады.

Айша түтіге оған қарамастан сөзінен жаңылған адамша сəл бө-
геліп қалды.

– Орбитада тұрады, – деп жауап берді де, бірден қарқын ала

алмай ары қарай ойын əрең жалғастырды. – Сол жақтан өткен
жексенбі күні бас дəрігер таксимен соқтырып келе жатыр. Қасында
жайындай болып, буы бұрқырап ханымы отыр. Біреудің берген та-
мағын кім аясын. Əбден міселерінен асып, бөгіп қайтқаны көрініп

тұр. Менің көзімнен ештеме қақас қалмайды. Сөйтіп, барын алды-
на салып жүріп алады бұл Ғалия екінші кезекті, онымен қоймай
шаршадым-шалдықтым деп менменсиді. Бір адамның тісін жұла
салуға шамасы келмей қалды деймісің, тамағы тоқ, сүйеніші мық-

ты болғасын шалқайғаны емес пе?
Бұл кезде Сыбан Молдахметұлы да алдындағы ауруды қарап
болып, ол кеткесін дəлізде кезекте тұрғандарды бірден қабылдай
қоймай Айшаның бабын қалай табуды əлі де толғап отыр еді.

Сары шашты сестра сыр мінез адам болғасын ол да еркін
сөйлейтін:

– Сыбан Молдахметұлы, өзіңіз-ақ жұла салмайсыз ба? Тіс

жұлу деген сізден қалған өнер еді ғой.
Сыбан Молдахметұлы осыны өзі де ойлап отырса керек.
«Керек аспаптарым бар ма», – дегендей күн сəулесі шақырай-
ған үлкен терезе алдындағы столды бір барлап алды да:

– Жақсы, жаңағы кісің қайда? Осында тұр ма? Келсін кəне,

өзім-ақ тындырайын, – деді.

Сыбан Молдахметұлының келісіміне Айшаның пəлендей қуанған реңкі болған жоқ. Жай бұрылды да, бұлардың ойынша сыртта күтіп қалған туысқанын қайта ертіп келуге шығып кетті. Əдетте əр ауруды тиісті кабинетте қарау тəртібі мүлтіксіз сақталғанымен өз адамдарына келгенде ондай шеңберден сəл ауытқып шыға беру бұлардың дағдысында бар-тын. Сыбан Молдахметұлы орнынан тұрды да, терезе алдындағы столда күмістей жылтыраған аспаптарды аударыстыра бастады. Есіктің ашылған дыбысы мен сыңқ еткен күлкіге жалт қарады. Бұл – Айша еді. Енді қараса жаңағы Айша жоқ. Қайта қайтқанда ол керемет мəз-мейрам екен. Жаңа ғана бозарған жүзі енді кешкі күн шұғыласының шашырандысындай қызарып, қатты қысылып, əрі қуанғандай, іштен булығып шыққан күлкіден денесін де ұстай алатын емес: – Ғалия ақыры оның тісін жұлыпты! – дегенді күлкіден тыйыла алмай əрең айтты. Ғалияны манадан бері сырттан ғайбаттаған сөздерімен ұялтып, жеңсікке жеткендей-ақ масаттанғаны секілді. Ғалия Айшаға көңілдес құрбы ретінде жұмыс көптігін шағым ете: «Үзіліс те боп қапты-ау, бұл екі кезек дегеннің өзі шаршатады екен», – деген жай сырластық сөзін айтқаны үшін оның басқа кабинетке барып, қаншама дауыл соқтырғанынан мүлдем бейхабар еді. Ол екі ортада Айша əкелген адамның тісін жұлып та үлгерген. Сыбан Молдахметұлы əлі де ештемеге мəн бермей қайта орнына отырды да сестраға: – Кірсін, – деп, кезекте тұрған аурулардың бірін шақыруға нұсқады. Сестра есікті аша беріп, өзі кері шегініп кетті. Бас дəрігер қарсы ұшырасқан еді. Ақ халатты үлкен мосқал адам түрегелген Сыбан Молдахметұлына, сестраға қарап, сосын Айшаға көбірек үңілді. – Айша, сен осында ма едің, халің қалай? Мен сені жаңа кабинетіңе іздеп барып едім. – Менің бір туысқаным кеп қалып. Тісін жұлдыру керек екен. Ауылдағы жұрт дəрігер болсаң болды бəрі қолыңнан келеді деп есептейді ғой, əйтеуір. Тісімді жұлып бер деп, жата жабысқасын алдымен Сыбан Молдахметұлына көрсетіп алайын деп ем. – Ə, солай ма? Осы сен демалысқа шықпақ едің ғой. – Иə, шығайын деп едім. Келесі дүйсенбіден бастап. – Ендеше, өтінішіңе қол қойдырып ал. Маған Мəскеуге барып қайтуға жол түсіп тұр. – Осыны айтты да бұрылып кете бермекші еді, əлдене есіне түскендей қайта бөгелді.  – Осы біз жылына бір келетін демалысқа аңсарымыз ауады да жүреді. Бəрін соған жүктеп, күнделікті, тіпті апта сайынғы демалысымызға көп мəн бермейміз. Бізді де дəрігер дейді-ау. Алматының төңірегі тұнып

тұрған жасыл бақ. Қоңыр салқын самалы қандай əсіресе. Мен
өзіме саяжай сатып алып, сол таза ауаның қызығын көрсем деп
едім. Мынау «Орбитаның» ар жағында бір саяжай сатылады екен.
Өткен жексенбіде жеңгеңді ертіп барып, иесімен келісіп қайттық.

Жеңгеңе де қатты ұнады. Амандық болса сатып алатын түріміз
бар.
Мосқал дəрігер тағы бірдеме деп дабырлады да, шығып кетті.
Айша құлағы шуылдап соңғы сөздерін естімеді. Сары шашты

сестраның ащы мысқылмен қараған көздері өңменінен өтті.
Кезекте тұрған аурулардың бірі кіріп, орындыққа жайғасып,
Сыбан Молдахметұлы оның ауру тісін шұқып қалғанда «а» деген
жаман дыбысы шықты. Айша оған қызғанышпен қарады. Мұның

қазіргі жан жарасы Сыбан Молдахметұлы апандай ашқан аузын
темірмен үңгіп жатқан осы ауру адамның халінен əлдеқайда қиын
еді. Мұның орнына тісі қақсаса, дүниедегі бар қорлықтан қорған
боларлық нағыз жан рақатына айналатындай.

Сары шашты сестраға тағы көзі түсті. Ол енді жанарындағы
уытын мұның дəл жүрегіне бағыттапты. Апыр-ай, мынау бас дəрі-
герге жаңағы сөзімді айтып баруы да мүмкін-ау. Айша əлденеден
іштей қысылып-ақ отыр. Басқа кабинеттегі Ғалия өз құрбысының

өтінішін орындағанына бір қарыздан құтылғандай жеңіл отырса,
мұны зіл қара тас болып қорқыныш басты.
1970 жыл

АҚ ГҮЛ

Досбол екеуінің үйлену тойында құрбыларының бірі Айжанға
ақ гүл ұсынды. Бұл жас отауға жан күйер жақын достар, ағайын-
туғандар əкелген небір əдемі, көз тартар, əшекейі мол дүниелік-
тердің бəрінен де қастерлі, Айжан көкірегіне ыстық оттай басыл-

ған сыйлық еді.
Той өткен күннің ертеңіне Айжан ақ гүлді тумбочка үстіндегі үш
жақты айна алдына қойды. Бұл жерде ол тіптен тамаша екен. Оң
жақ бұрышта бір шоқ емес, бірнеше шоқ ақ гүл қатар тізілгендей

Айжан бөлмесіне ерекше сəулет енді.
Тегінде Айжан гүл атаулыға бала жастан құмар. Оның ішін-
де күнге тосқан алақандай ақ жапырақтылары қандай тамаша.
Жанының ең бір күйлі пернесін дəл басып, осындай сыйлықты ес-

керген құрбысын Айжан əлсін-əлсін ойына алып, іштей білдірген
ризалығында шек жоқ.
Бұл қуанышын Досболдан да жасырмады. Қолынан жетектеп

айна алдына ертіп келді де, гүл көркін қоса қызықтатты. Жас жұ-
байының қуанышына еліккен Досбол осы шақта жас жарына мүл-
дем сүйкімді көрінді.
Айжан екі қолымен мойнына асыла кетіп, өзіне қарай күшпен

тартып, кеудесінде лаулаған сезім отына қарай иліктіруге əрекет-
тенді. Жас жұбайдың көңіл күйіндегі теңіз толқынындай тербеліп
келе беретін бақытты сəтті тез таныған Досбол қарсыласқан жоқ.
Сөйтіп, дала ауасының, қыр лебінің барлық қою иісін, жұпар

демін саф таза күйінде əкелген ақ гүл алдында екеуі табысқандай
ұзақ сүйісті.

– Бұл гүлге жай ыдыстан гөрі ақ фарфордан ойып жасалған

өрнегі бар ваза болушы еді ғой, соны əкеп қойсақ дұрыс шығар, –
деді Досбол Айжанның құшағынан босана беріп.

– Менің ойымның дəл үстінен шықтың, Досбол. Мен де соны

айтпақшы едім, – деп қуанышы қойнына сыймай жүзі алабұртты.

– Тоқта, Айжан. Өзіміздің игілікті нəрсеміз. Фарфордан гөрі

хрусталь ваза əкелсек қайтеді? Ақыр алғасын тəуірін алайық, бір
күндік дүние емес қой.
Айжан қасын кере созыла қарап, белін қоса бұраңдатты:

– Хрусталь дұрысы дұрыс-ақ. Бірақ оны қайдан табамыз? Əрі

ол қымбат та ғой. Əзірге біздің қаржылық жағдайымыз оған қалай
қарар екен?

– Шындап іздесең ол, біріншіден, табылады. Ал қаржыға кел-

сек, сені шын қуантқан нəрсеге ақшаны аяп неміз бар? Ештеме
етпейді. Сенің бір күндік қуанышыңа тұрмайды ол.
Бірер күнде ақ гүл көздің жауын алар əдемі хрусталь вазаға
орнатылды. Əлі дүние-мүліктің басы құралмаған жас отау үшін

бұл үлкен жаңалық еді. Хрусталь ваза «мен қымбатпын, əлі маған
жетерештемелерің жоқ» дегендейкеудесін кереқарағанғаұқсай-
ды. Досбол мен Айжан оны кезек-кезек қызықтап қолдарын жүгір-
те береді. Тек Айжан оған емес, ақ гүл үшін көбірек қуанды. Жан

дүниесінде жай тауып, жапырақ жайған бақытының хас бейнесі
ақ гүлге құрмет көрсетіліп, хрусталь вазаға орнатылғанына көңілі
тоқ. Қалалы жерде өскен ол əр нəрсенің бағасын жақсы білетін.
Бірер жұма өткен соң ақ гүл жапырақшаларының айналасын-

да қара сызат пайда болып кішірейе түсті. Бұрынғы кіршіксіз ақ
түстен де айрыла бастағаны айқын еді. Бірақ Айжан оны əлі де
қызықтай бергісі келеді, айрылғысы жоқ.
Бір күні жұмыстан оралып, өз бөлмесіне енгенінде оқыс сурет

беттен ұрғандай əсер етті. Ақ гүл жоқ. Оның орнына қызыл, сар-
ғыш түсті тамырынан жаңа үзілген басқа гүлдер шоқтала қалып-
ты. Тұрған орнында шегенделіп, қатты да қалды. Хрусталь ваза
бұған түсі суық, əрі жат көрінді. Есін жия көрші бөлменің есігін

итере ашып Досболға барды. Ол чемоданды ақтарып, ескі қағаз-
дардың арасынан əлдебір нəрсені таба алмай əуреленіп жатыр
екен.

– Досбол, ақ гүл қайда? – деді даусын əрең шығарып.

– Ол солып, жаман болып қалды емес пе, көрмейсің бе оның

орнына жаңа гүлдер əкеп қойдым ғой, – деп жауап қатты Досбол
басын көтерместен.

– Қайда тастадың оны, айтшы? – деп жан дəрмен тағы сұрады

Айжан.
Досбол ақтарып жатқан чемоданнан бас көтеріп, Айжанның өз-
геріп кеткен кейпіне таңданған пішінмен:

– Анда, – деп сырт жақты нұсқай салды. Бұл сөздерді естігенде

Айжанның мүлдем үрейі ұшты. Басқаны елең қылмастан сыртқа
ұмтылды.
Ендігі тағдырына өкінішсіз мойынсынып сұлап жатқан ақ гүл- ді
тез тапты. Жерден көтеріп алып, көзін бағжита тігіп, айналдыра

қарап ұзақ тұрды. Ақ гүлдің нəрсіз бейнесі оған мұңдас үнмен ұзақ
сыр шертіп, Айжан ұйып тыңдағанға ұқсайды. Көзінен ұсақ мөлдір
тамшы екі-үш рет домалап түсті.

– Сен мендей болма, – дегендей ақ гүлдің өсиеті жанын қатты

толқытты.
1970 жыл

БАҚЫТ

Тал түсте табиғат күн қызуын көтере алмай талмаурап тұрған.
Үстіндегі қара май баттасқан көнетоз гимнастеркасы бар сидам
жігіт, жыңғыл мен шілік аралас өскен қалың ағаш арасындағы
шөптесін соқпақпен жедел басып барды да, сирақ бойы шалғын-

ды жапыра етпеттей құлап түсті. Маңдайын білегіне басып, тұм-
сығымен көкке көміліп жатыр. Өксік буған адамдай желкесінің қы-
быр-қыбыр еткені байқалады.
Көкте шақырайған күн сəулесі ашық мойнына ұйып, күнге күйіп

бұйрасын тартқан желке шашы жылт-жылт етеді. Айнала ауыр
ыстықтан басы зеңгігендей бүлк етер емес. Көлеңкедегі адамға
жайлы тыныштық бар. Ағаш жапырақтары да қыбырсыз. Күнге
тосқан алақандай жарқырап, біркелкі боп тұтасып тұр. Безек қақ-

қан бозторғай шырылы ғана жатқан жігіттің құлағына жетіп, дү-
ниенің үйреншікті көркі өз қалпында екенінен хабар береді.
Ол ұзақ жатты. Əлден уақытта арқасынан күн өтіп бара жат-
қанын сезді. Тұла бойын қызу алып барады екен. Ол көлеңкеге

қарай бауырымен жылжи сүйретілді. Бірақ сəтті тыныс тапқан
жоқ. Осы көк шалғынға алып түскен ауыр қапа, шыдамсыздық
желігі іште қайта буырқана күш алып аударып тастады. Əлдебір
өзі аңсаған ыстық сезім ұшығынан селт етіп ояна, көңіл қуысына

жіптіктей ақ сəуле түсті. Екі қолын жанына қысып қара қылтанақ
басқан иегін көкке бере күнге тотыққан қоңырқай жүзін молынан
төңкерді. Өзінің сəуле толы жанарындай тұнық иірім тұңғиыққа тұ-
тасқан ағаш желегінің ойдым-ойдым ашық жерінен асықпай көз

жіберді. Биікте іркілген ауаның біркелкі ырғалған сағым жолағы-
нан басқа көңілге түрткі болар ештеме таппады. Манадан дауы-
сын естіп жатқан бозторғай ғана қанатын дірілдетіп, көк жүзінде
қалықтап тұрды да, атылған кесектей тас түйін боп көзден ғайып

болды.
Ұзақ сарғайтқан сағыныш ұнжырғасын түсіріп, мұны қағажу ет-
кен. Түкті жүзінде күн табымен қоса қажығандық байқалады.
«Шынында келмейтін болғаны ма екен», – деп ол өзіне өзі сы-

быр етті де, сұлық түсіп, басы бір жағына қисайды. Жапырылған
көк майса бетіне салқын тиді. Маңдайына басылған сулы шүбе-
ректей тəнінің қызуын қайтарған сияқты.
Ұзақ жатыстан жотасы талып, денесі құрысып, қимылдағысы

келсе де құлқы болмай жата берді. Қасы төмен иіліп, ұзын кірпік-
тері сəулесі сұйылған əлсіз жанарын бүркей ойға батты. Иек арт-
пада ғана қалған мектеп өмірінің анасынан-мынасынан бір шы-
ғып, қиялы ұзақ жүйткіді. Көз алдыңа əкеле қалсаң ыстық көрі-

нетін елестердің көбі жадында екен.
Бірде Əбікен жолдасы екеуі оныншы сыныптың соңғы айында
ойда жоқта Рахимамен қағысып қалғаны бар. Өз дегені болма-
са көнбейтін Рахима екілене сөйледі, ана екеуінің де беті қайтар

емес, шөгірдей қадалып, қарысып бақты. Айтқаны ақ бола тұра
тілмен қағытып, екеулеген озбырлыққа Рахима шыдасын ба, ақы-
ры жылап тынды. Бұршақтай жастары төгіліп, партасына бара сұ-
лық құлады. Маңдайын қос білегіне басып, мына екеуінен шын

қиянат көргендей терісіне сыймай булыға жылады.
Дереу сынып жетекшісі Мағира апай сынып бөлмесіне шақы-
рып жатыр дегенді естіді балалар. Əбікен жолдасы екеуінің сөгіс
естиміз ғой деп іштері қуыстанып еді, бірақ сөз төркіні мүлдем

басқадан шықты.
Айтпақшы, сол ұстаздың бейнесі он рет отқа жансаң көз ал-
дыңнан кетер ме? Мағира апайда үлкен ақыл сарабынан шыққан-
дай ерекше кескін бар. Күміс қырау дендеген шашында тау шоқы-

сының сəулеті ұялағандай. Көл аясындай тұнық жанары əрдайым
айқын қарайды. Көзінің қиығына ілінген адам не ыңғайсыздана-
тын, не жүрек қуанышымен іштей күпсініп бір көтеріліп қалушы

еді. Ол сөзді ең алдымен балалықты бақыт санаудан бастайтын. Бүгін де сол ойының үстінен шықты. Ол кісінің балалыққа осыншама мың қарайлап, мың толғана телміруі Əбікендерге өздері бала болып жүргесін бе, көбіне артық сөздей көрінуші еді. Қазір де олар өздеріне бүге-шігесіне дейін таныс ұзақ сонар əңгіме тыңдаймыз деп ойлаған... Алғашқыда солай болды да. Сөз əсері бұларды бара-бара тұралатты. Көп тыңдалған өсиет дегенмен бұл жолы бөлек ащы мəні бардай Əбікеннің көкірегіне əлденеден уайым енді: құлақ сарсытқан ескі мінажат секілді ұстаз сөздері кеудесіне ұрлана кіріп, ойран салғандай. Əбікенге ғана емес, барлық шəкірттерге алғаш соқтыққан сезім құйыны, дүлей толқыны секілді көрінді. Мағира апайдың көзінің астында көлеңке ұялап, бірауық жүзі мұнартты. Қарсы алдынан теңіз желі соққандай əлем-тапырық дүниеге көз сала, оның өткені мен бүгінгісін еске алып жаны тітіркенге ұқсас бір қалпы бар. Əлде өзі өткерген, өзі көргенбілген ұрпақтар легі, олардың кешкі шапақ бояған алуан түсті тағдырлары елестеді ме, əйтеуір өз ойына беріле сөйледі. – Сендер солай ойларсыңдар, мынау дүние сендер үшін бір орында қатып тұрып қалған сияқты. Мысалы, сыныптағы парталас достарың сендермен тап осылай үнемі, тіпті ғұмыр бойы иық қағыстырып отыра беретін сияқты. Ал шынында солай ма? Сендер үшін нағыз өмір иек артпада ғана тұр. Оған бір іліксеңдер кеттіңдер. Сендер өстіп, бəрің бір бөлменің ішінде ешқашан бас қоса алмайсыңдар. Сонда осы күндеріңді аһ ұрып, еске аласыңдар. Мектепте оқып жүріп, сыныптас досыңа, құрбықұрдасыңа жасаған аз қиястығың үшін бармақ шайнайтын да күн туады. Сонда өздеріңе өздерің сұрақ қоясыңдар. Апыр-ай, жылт етіп, өте шыққан балалық шағымда өз достарымды жанымдай сыйлап жүруге неге шыдамым жетпеді екен дейсіңдер. Иə, бүгін кетіп, ертеңіне қайтып оралмайтын не нəрсеге де адамның мықтап қарайлап алғаны дұрыс қой. Өздерің ойлап қараңдаршы, осы адам үшін не қымбат? Əрине, қайтып қолыңа түспейтін нəрсе қымбат. Бүгін жоғалтып, ертеңіне дүкеннен сатып алуға болатын нəрсе үшін адамның қабырғасы көп қайыса қоймайды. Дүниеде ең қат – қайтып оралмайтын нəрсе. Əбікенге Мағира апайдың сөздері үзіліп-үзіліп естілгендей болды. Əр үзілісі сайын арасына бір əлем сыйып жатқандай. Бұдан кейінгі айтқандары да солай. Осы мұғалиманың көзіне өзі тілге тиек ететін шалқар дүниенің суреті түсіп тұратын. Қандай да іш толқуыңмен, əлдеқалай бейбас сезіміңмен оның шалғайы кең жанарынан қақас қала алмайсың. Қайта сол кездегі суретпен бірге еріп, араласып кеткендей қысылып-қымтырылған аласапыран бір хал кешесің.

Жаңағы айтқандарын Əбікен пəлендей ой талқысына сала қойған жоқ. Бірақ сонда да сырлы астарында бір дəн жасырынғандай көңілінде мазасыздықтуған. Күнделікті құлаққа сіңімді сөздерінен бүгінгісі оғаш. Əбікеннің де, өзгенің де құпия іш түйсігімен үндес сияқты. Сол мектеп жылдарында Əбікеннің Рахимаға деген көкейіне ұрлана кірген жасқаншақ сезім, жіңішке ықылас бұл күнде оның жаны мен санасын əміріне көндірген алпауыт күшке айналыпты. Тап қазір де өзінің сүйгені Рахиманы күтіп, сағыныш құсасына батып жатқан шақта ақ бұлт астынан ұстаз жүзі шалынып, сол күш əлдеқандай сұрапыл қуатпен тар кеудеде бұлқына соқты. Аспан тереңі, жасыл желек, сонау көрінген тау шоқысы – бəрібəрі дүниенің бетіне қалқып шыққан көріністей елтіп, əрі көзін тұндырды. Аты беймəлім əн жолдары оралып, Рахиманың албыраған жүзін атқан таң арайына балап, тосын көзге бөтенше көрінердей кезерген еріндері жөнсіз қыбырлап жатты. Таң атқанда гүл бағын суарамын, Күнде ертемен өзеннен су аламын... Ұзақ маужыраңқы күйі осымен болды да, ұстаз бейнесі қайта оралды. Əлсін-əлсін елесіне жүгінетін сияқты. Көкіректегі кей нəрсе не ұмытылуға жақын, не ұмытылса да оның əсері адам еркінен тыс тамырдағы қан соғысындай өзінен-өзі белгі беріп тұрмақ. Мейлі ақыл мен зейін ол белгінің түп-төркінін ашыпайырып жатпаса да бəрібір көңілге бір түйткіл орнап, өзара берік байланысы бар əсерлер тірі жанның ішкі сарайында бөлек майдан құрып, тоғысып жатпақ. Əбікен де қазіргі өз халінің жетесіне жетпесе де қым-қиғаш қиял суреттерінің куəсі болды. Сүйгенін күткен шақта тұнығына ұстаз жүзінен де сəуле түсті. Əбікен сирек еске алса да өзінің Рахимаға деген ықыласын мықтап шегелеп берген де сол кісі еді. Тартысып, бақталасушы Əбікен мен Рахима көкірегіндегі тұнық мөлдірді Мағира апай байқап та, ескеріп те жүріпті. Олардың бір-біріне қиянкес əрекеттері үстінде іштеріндегі оянғысы келе беретін əлдебір балалық ұялшақ сезім ұстаз көзіне жазықсыз жəбір көргендей болған екен. Үнсіз томсарысып, қабақ астынан ғана аңдысумен жүрген екеуіне бір күні сабақ соңынан арнайы айтып: «Бүгін түстен кейін сен екеуің мектепке келесіңдер, химиялық зертхананы келесі сабаққа дайындаймыз», – деді. Кластағы басқа балалар бұған ешқандай мəн берген жоқ. Ал Əбікен мен Рахима іштерінен қатты күпсіне табысу, татуласу сəті күтіп тұрғанына бала жүздері аңдаусыз жарқ етіскен. Тек оны көп ешкімге аңғартпай қабақтарын қайта түсіре

қойды. Енді бос уақытта мектепке қайта келуге мəжбүр еткен мұ-
ғалима нұсқауына аса ырза емес шырайлары ғана бар.
Сол күні олардың арасында қайта шаң қаппастай жарастық
туып еді.

– Əбікен жаратылыс ғажайыптарына таңырқай білмейтін.

Мағира апай не айтып жатса да кейбір сергек ойлы балалардай
селт етіп, жүзі сұрлана томсарып, жан-жүрегімен еліккен емес.
Бəрі жай əшейін өз орындарында тұрған, тек бүгінге дейін бұлар-
дың көзіне шалынбаған алыс жағдаят сияқты ғана көрінетін.

Тек бүгін ғана басқаша əсер етті. Əбікен келсе Мағира апай
мен Рахима осында екен. Апай бұрыштағы кішкене үстелде жұ-
мыс жоспарын қағазға түсіріп отыр. Рахима бойы сидиған прибор-
лар тасасында қалың орманда жүргендей көрінеді. Жай жүрген

емес, бұта, түбірлерді байқастаған кəнігі көзі бардай. Апай жазу-
дан басын көтеріп:
Əбікен, мензуркаларды штативтен босатуға Рахимаға болы-
сып жібер, – деді.

Əбікен Рахима шұғылданып жатқан шаруаны енді ғана аң-
ғарды. Солай қарай əлденені ебедейсіз денесімен қағып кететін
сияқтанып, əрең жылжыды. Рахимаға көзі түсіп еді, қабағын күш-
теп шытқанымен Əбікен көмегіне зəру екенін де жасыра алар

емес. Бір өзі болып оңына келтіре алмай жатқан іске қарап, дағ-
дарған қалпында көп мəн бардай. Оны Əбікен қанша аңғырт бол-
ғанмен аңғармай қалған жоқ. Жүрегіне жылулық берген де осы.
Ол Рахимаға тез жақындап штативке қолын созды.

– Апай, мына қышқылдар мен сілтілерді не істейміз?  – деді

Рахима.

– Оған тимей, тұра тұрыңдар. Қазір менің айтуым бойынша

реттейсіңдер.
Əбікен қозғалмай тұр. Рахима да қайтып үндеген жоқ. Жаңа
қолдары жұғыса кеткенде бір-біріне еттері ыстық көрінген, тиген
жерін күйдіріп жіберердей тыз-тыз еткізеді. Қазір Əбікен соның

əсерінен арыла алмай басын əлдене соғып өткенге ұқсайды.
Байқайды, бірлескен бұл жұмыс Рахима үшін де тегін кетпепті.
Жүзін айқын мейірбандылық жеңіп шыққан. Əбікенге қылдай да
кінə тағар түрі жоқ. Сонда да оңаша үнсіздік бұларға ауыр тиді.

Мағира апай қасақана үстелден басын көтермей осы үнсіздікті
соза түскісі келгенге ұқсады.
Сəлден соң ғана ол өз оқушыларына жақындап, бұрынғы зерт-
ханалық жұмыс кезінде пайдаланылған сілтілер мен қышқылдар-

ды өз орындарына қойғызып, басқаларын алдырды.

– Біз соңғы сабақтарда металдардың химиялық қасиеттерін өтіп

едік қой. Металдар немен, қандай элементтермен əрекеттесе- ді,

немен қосылады? Қандай құрамалар түзеді? Міне, осы тақырып-
тар жөнінде зертханалық жұмыстарды əзірлеуіміз керек. Сен
екеуің көмектеспесеңдер, менің жалғыз өзіме қиын ғой.
Əбікен де, Рахима да бұл сөзге бір көтеріліп қалды. Əбікен

түрлі түсті мырыш, қорғасын, мыс ұнтақтарына қызыға қарады.
Темір затына деген ықыласы тап осы жерде пайда болғандай.
Жұмыс жарты сағатқа созылды. Мағира апайдың қысқа-қысқа қо-
ңыр даусы Əбікен мен Рахима қимылдарына бағыт беріп тұрды.

Сұйық заттарға қарағанда металдар қасиетін ашатын əдістер де,
оның приборлары да басқа. Ұстаз қасындағы мына екі оқушы өз
сыныптастарынан тап осы тақырып жөнінде бүгінше бір қадам
озық кеткенін түсінді. Ол басқа да бір жақсылыққа мегзегендей.

Зертхана дайын болғанда:

– Міне, біз істі тамамдадық. Адамдардың бірлескен қимылыңа

не жетсін. Тау қопарып, тас қашасаң да – бəріне де адамдардың
бірлескен қимылы керек, – деді.
Əбікен ұстаздың күміс қырау дендеген шашын, белдеулі ақ жа-
зық маңдайын алғаш көргендей телміре қарады. Осы апай сол

адамдар бірлестігі үшін осынау темірлер əлемінің қасында қар-
тайғандай көрініп, одан бөле-жарып əкетуге Əбікен қиялының
икемі жетпей аз-кем тынысы тарылды. Өмірде бос тұрған еш нəр-
се жоқ, бəрі сарп етілген жігер мен қайрат, бірлестік, достық ар-

қылы келеді дегенге ұқсас бір түйсік Əбікен көкірегінде шағылған
сіріңке отындай жылт етті.
Мағира апай соңынан ұлы химиктер мен физиктер өмірінен
қысқа-қысқа бірнеше əңгіме айтып берді. Əсіресе, Ампердің көше-

де келе жатып, ойына түскен формуланы қалтасындағы бормен
ұшыраса кеткен қара тақтаға жаза бастағанда жұрттың өзіне қарқ-
қарқ күлуінен қалт оянғаны, сөйтсе мұның тақта дегені бір бай
семья мініп бара жатқан биік каретаның артқы беті екені жөніндегі

əңгімеге Рахиманың ішек-сілесі қатты. Алабұртқан жүзін Əбікенге
бұрғанда бұл да шын ниетімен-ақ күлегеш адамға ұқсады. Əңгіме
қызығынан емес, Рахиманың өңіне шаттық нұрының жарасымды
екенін көріп, жүрегі дір етті.

Апай Рахима екеуін бірге қайтарды. Жоқ-жоқ, Əбікен Рахимамен
енді қайтып, ешқашан керіспек емес. Бұл қандай ой, бақылаудың
жалғасы, оны салмақтап жатпады. Рахиманы үйіне таяу тұсқа
дейін шығарып салды. Бір кездегі шөгірдей тілді қыз мұнысына

мүлдем қарсылық еткен жоқ. Үлкен бір татулық кезеңінің бой ал-
ғанын екеуі де сезді.

МАҚАЛАЛАР

ЖАЛАЙЫР ӨТЕГЕН СӘБДЕНҰЛЫ

ХАҚЫНДА

Он сегізінші ғасырдың орта шені тек қазақтар үшін ғана емес,
жалпы Орта Азияны мекендейтін барша халықтар үшін үлкен со-
ғыстарға, аласапыран оқиғаларға толы жылдар болды. Әрине,
мұндай ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен кезең-

дерде әр халық, тіпті оның ішіндегі әрбір ұлыс өз орталарынан
көпке басшы, қамқор боларлық өз қайраткерлерін ұсынады.
Мысалы, сол бір ел аузында «ақтабан шұбырынды, алқа көл
сұлама» деген атпен сақталған заманда Ұлы жүз  – Жалайыр

елінің ең шоқтықты адамдары ретінде Ескелді би Жылгелдіұлы,
Балпық батыр Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы, сондай-ақ
атақты «Аңырақай шайқасында» Ұлы жүз қолына бас сардар
болып бекітілген Саурық батыр Қайдауылұлы аталады. Алайда,

бұлар жалғыз-жарымдап жүретін адамдар емес қой, әрқайсы-
сы өз айналасына көптеген кіші қолбасыларды, рубасыларды,
би-шешендерді топтастыра білген. Міне, солардың толық емес
тізімі мынадай: сиыршы Жақсымбеттен шыққан, немере аға-

йынды Малтабар және Құлжан батырлар, күшік Жолбарыс би,
Тәттібай мерген, мырза Өтеген Сәбденұлы, әрі осы Сәбденнің
Қайыр, Бекен атты балаларынан туған немерелері Тұрлымбет,
Жайнақ батыр, орақты Төке батыр, Кәшке батыр, андас-жанбай

Шопабай батыр, мырза-қарашапаннан туған әйел адам Дарабоз,
тағы басқалар. Сөз реті келгесін айта кетейін, мен осы аталған-
дардың баршасын, әрі бұлармен замандас қазақтың ұлы ханы
Абылай Сүйінішұлы, төбе биі Төле Әлібекұлы сынды аса белгілі

тұлғаларды өзімнің «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы»
атты, барлығы төрт кітаптан тұратын тарихи романыма кейіпкер
етіп, олардың өмірі мен істеген істерін тізбелеп, суреттеп шығу-
ға тырыстым. Ол міндетті мен қандайлық дәрежеде атқара ал-

дым, оны оқырман қауым өзі анықтай жатар. Ал бүгінгі әңгіме
олардың баршасы жайында емес, тек жоғарыда аталғандардың
ішіндегі жалайыр-мырза әулетінен шыққан Өтеген Сәбденұлы
хақында болмақ. Біз ең алдымен осы адамның аз-кем ата тегіне

тоқталайық.
Сонау 1955-56 жылдарда сол кезде көзі тірі болған атақты
шежірешілердің жазбаларынан алынған деректер бойынша,

былай: Жалайырдан үш бала – Сырманақ, Шуманақ, Бірманақ
туады. Сырманақтан Арықтыным-Бәйшегір, Балғалы, Қайшылы;
Шуманақтан Күшік, Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты, Сыпатай,
Ақбұйым, Қалпе; ал Бірманақтан тек Сиыршы туады. Ал осын-

дай шежірелердің тағы бір нұсқасында Бірманақтың аты атал-
май, Сиыршы Сырманақтан туған делінген.
Алайда, басқа бір шежірешілердің жазбаларынан мынаны да
анықтадық. Шуманақ пен Мырзаның арасындағы көп аталар ел

есінде қалмаған, сөйтіп қағазға түспеген екен. Тек біразының
ғана ныспылары белгілі. Шуманақтан Ахметқожа, Қарақожа,
Қанқожа, Тұрлықожа деген төрт бала туады. Тұрлықожадан
Шөгел, Шөгелден Әбен, Әбеннен Қарақараш, Қарақараштан

Мырза туады. Тек бір ескертетін жай осы соңғы аталғандардың
аралығында Таңқы деген тағы бір ата болған екен. Ол қай ата-
лардың аралығында екенін анықтай алмадық. Осы мақаланы
оқыған кейбір зерделі азаматтар ол жағын толықтыра түсуге өз

үлесін қосар деп үмітенеміз.
Құйма құлақ қарттардың айтуынша, Мырза өз кезіндегі еті
тірі, ықпалды азаматтардың бірі болған екен. Ол хақында бі-
рер аңыздар да бар. Осы Мырзаны таратсақ, одан Бәйдек (үл-

кен әйелі Бәтиқаның есімімен Бәйбіше атанған), Жаппарберлі,
Әлібек деген үш бала туады. Ал Жаппарберліден Аман, Аманнан
Қожаназар туады. Әлікенің тұқымдары негізінде Талдықорған
өңіріндегі Көксу өзенінің сол жағалауындағы мырзалардан тұ-

рады (елуінші жылдардың орта шеніндегі есеп бойынша). Ал
Аманның Есберлі, Қожаназар, Бабаназар, Артық атты төрт ба-
ласы болған. Осылардың ішіндегі Қожаназарды білімдар бол-
ған деп, шежірешілер ерекше атайды. Міне, төрт әйел алған

осы Қожаназардан Сәбден, Асан, Үсен, Есенбай, Есенғабыл,
Есқара, Досқара атты жеті ұл туған. Осылардың ішіндегі
Сәбден мен Асанның балаларынан көптеген батырлар шыққан.
Мысалы, атақты Қабан (Қабылиса) жырау осы Асанның бала-

сы. (Қожаназар мен Қабан жырау арасындағы аталар легін сәл
басқаша қиыстыратын шежірешілер де бар). Сәбден балалары
да солай. Ретімен айтсақ, Сәбденнің Өтеген, Темірбек, Қайыр,
Бекен, Тоқсары, Баба, Абыз атты жеті баласы болған. Демек, біз

сөз еткелі отырған Өтеген осы Сәбденнің бел баласы, әрі жоға-
рыда аталған жеті ұлының ең үлкені. Өтеген, Темірбек, Қайыр –
үшеуі Сәбденнің Алтынай атты бәйбішесінен туған. Ал Бекен —
Мапа атты екінші әйелінен туған, қалғандары үшінші, төртінші

әйелдерінен.
Міне, Сәбденнің үлкен ұлы Өтеген және немерелері Жайнақ
батыр Қайырұлы, Тұрлымбет Бекенұлы он сегізінші ғасырда

жалайырдан шыққан ең атақты адамдардың санатына кіреді.
Себебі, бұл үшеуі де сол кездегі жалайырдың әйгілі көсем-
дері  – Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан
(Қабылиса) жырау Асанұлы сияқтылардың үзеңгілес серіктері –

батырлар, мәмлегерлер болған. Сәбден балаларынан көптеген
атақтылар шыққан делінетіні содан.
Енді біз өзіміз тақырып етіп алған Өтеген Сәбденұлының өз
басына келейік. Ең алдымен осы адамның өмірі мен тындыр-

ған істерін бейнелеуге себі тиер дейтін үш қасиетін бөліп атаған
жөн-ау дейміз. Бірінші қасиеті  – батырлығы, өзінің айналасын-
дағы жас қолбасыларға, батырларға ұстаздық етуі, қарапайым
жұртқа, әрі өз туысқандарына көмек көрсетуі.

Екінші қасиеті – мәмлегер ретінде танылуы. Он сегізінші ға-
сырдың 30-40-шы жылдарында қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбет
және онымен терезесі тең Абылай сұлтанның қасында болып,
сол кездегі қазақ билеушілерімен тізе қосып, қазақ елінің ішкі,

сыртқы саясатын белгілеуге қатысуы.
Үшінші қасиеті – жиһанкездігі.
Енді осыларды тарқата сөйлесек, шежірешілерден, құйма
құлақ қарттардан, әрі Өтегеннің өз ұрпақтарынан алынған де-

ректер бойынша былай боп шығады. 1723-жылы Жоңғария
Қазақ ордасына шабуыл жасағанға дейін, яғни, ел жадында
«ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» аталған заманға дейін
жалайыр Өтеген Сәбденұлы сонау Текелі қаласынан шығысқа

қарай созылған қалың таулардың ішін қоныстанған екен. Сонда
араларын атты адам әрең жүріп өтетін терең сай бөліп тұрған
Мыңжылқы және Екіайырым атты екі жайлау бар. Міне, осы екі
жайлаудың бірі Мыңжылқы Өтегеннің жайлауы болған екен.

Соған қарап, Өтегеннің мал-жаннан үлесі мол дәулетті адам
екенін де шамалаймыз. Әрі өзінің бойы биік, екі кезге (метрге)
жуық, атқа мінгенде екі аяғы аттың бауырынан көп төмен салақ-
тап жүреді екен. Түсі суықтау, мінезі бір- беткей, қаталдау адам

деседі. Қолында айбалтасы бар, көбіне ат үстінде жүретін, ай-
наласындағы елге ықпалы зор адам екенін де көптеген аңыздар
дәлелдейді. Бойында қайраты бар,ойы сергек жастарды баулып,
аңшылыққа, батырлыққа үйреткен. Мысалы, осы жалайыр ішін-

де белгілі батырлардың бірі Кәшкенің азан шақырып атын қойған
осы Өтеген. Кейін оның азамат боп қалыптасуына да көп әсерін
тигізген. Мысалы, бір үлкен әпселең кезінде осы Кәшке өзінің
жастығына қарамай тапқырлық жасап, үлкендердің басына келе

қоймайтын бір шешім тауыпты. Тап сол тапқырлығы үшін Өтеген
алқақотан ел алдында «бұдан былай бұл Кәшке батыр атансын»
деген екен. Кәшкенің кейін қазақ-қалмақ соғысына бастан-аяқ

қатысып, бұл атауды барынша ақтап шыққаны тарихтан белгілі.
Кейін Өтеген мен Кәшкенің бір бейітте жерленуі содан болса ке-
рек. Жалайыр Өтеген Сәбден баласының ел есінде қалған тағы
бір ерекшелігі – қолы ашық жомарттығы. Кедей-кепшіктерге әрі

әртүрлі жағдайларға орай қиыншылыққа ұшыраған батырлар-
дың отбасыларына аз-аздап мал үлестіріп отырған. Басқа да кө-
мегін аямаған. Бір аңыз бойынша Өтеген қалмақ ішіне барып, екі
сұлу қыз әкелген. Ол кезде өзі де бойдақ бола тұра ол қыздарды

өзі алмай, өз туыстарының ішіндегі қалыңмал төлеуге шамасы
жоқ кедейлеу екі жігітке беріпті.
Өтегеннің тағы бір қыры, оның діндарлығы. Мұсылман дініне
қатысты парыздардың бәрін мұқият орындап отырған, әрі басқа-

ларды да соған үгіттеген.
Біз мақаламыздың басында Өтеген Сәбденұлының негізгі үш
қасиетін бөліп атап, соның екіншісі ретінде оның шешендігі, мәм-
легерлігін айтып едік қой. Енді осы екіншіге келейік. Тарихтан

белгілі, он сегізінші ғасырдың орта шенінде, қазақ-қалмақ соғы-
сы тым ұзаққа созылған жағдайда Болат ханның үлкен баласы
Әбілмәмбет ұлы хан сайланып, Абылай сұлтан екеуі тізе қосып,
көп жылдар бойы елге басшылық жасаған еді. Бұлардың, әсіре-

се, Ұлы жүз бен Орта жүзге ықпалы көбірек болған. Сондай шақ-
та ұлы хан мен сұлтан өз қастарында әрбір үлкен рулардан көзі
қарақты бірер адам ұстаған. Міне, Ескелді би, Балпық батыр,
Қабан жырау үшеуінің шешімімен жалайыр елінің атынан ұлы

хан қасында отыруға Өтеген Сәбден баласы жіберілген. Өтеген
онда көп жылдар болған. Осында ұлы хан мен сұлтан қасында
өзге де көп рулар мен ұлыстардан келген небір марғасақалар-
дың, от тілді, орақ ауызды шешендердің бел ортасында сол за-

манғы Қазақ ордасының ішкі және сыртқы саясатын белгілеуге
қатысқан. Осының өзінен-ақ жалайыр Өтеген Сәбден баласының
өз заманындағы аса көрнекті қайраткерлердің бірі екенін аңға-
рамыз. Ел ішіндегі аңыздар, жекелеген тарихи құжаттар Өтеген

өмірінің бұл кезеңінен де көп деректер береді. Мысалы, Абылай
сұлтан қатты ашуланғанда жан-жағындағы уәзірлерге, төлеңгіт-
терге ие бермей кетеді екен. Осындайда оның сабыр суын баса-
тындардың бірі осы жалайыр Өтеген екен делінеді бір аңызда.

Жалайыр Өтеген сондай-ақ, Әбілмәмбет хан мен Абылай
сұлтанның барлық жорықтарына қатынасқан. Салбурынға шыға
ма, әлдебір мәмлегерлік мақсатпен жол жүре ме, анау-мынау
соғысқа кіре ме, бәрінде де Өтегенмен олардың жұбы жазыл-

маған. Мысалы, Алтынемел тауында Әбілмәмбет хан, Абылай
сұлтан азғана күшпен келе жатқанда қалмақ әскеріне жолыға-
ды. Қалмақ көп, қазақ аз, не істеу керек? Аңыз бойынша тап

осы беттесуде Өтеген тамаша айла тауыпты. Тез кері шегініп,
Алтынемел тауының бір жақ шетіне бекінеді. Бірден лап қоюға
батылы бармаған қалмақтар да екінші жақ шетке бекінеді. Түнде
қазақ жағы таудың әр тұсында от жағып, өздерін тым көп қып

көрсетеді. Онымен қоймай, түн ортасы әбден ауғанда, қалмақ-
тар ұйықтады-ау дегенде қазақтар лап қойып, қалмақтарды бөрі
тиген қойдай қылып, дүрліктіре қуады. Көп адам, көп жылқы қол-
ға түседі. Осы тапқырлығы үшін Әбілмәмбет хан мен Абылай

сұлтан жалайыр Өтегенді тіптен ішке тартқан екен.
Тарихтан белгілі, 1741-жылы ақпан айында Жоңғарияның
сол кездегі ең атақты қолбасыларының бірі Септен Есіл бойын-
дағы қазақ қоныстарына он мыңдық әскермен тап берген ғой.

Ал наурыз айында Шідерті өзенінің бойында аң аулап жүрген
Абылай сұлтанды екі жүз адамымен қолға түсіреді. Міне, сол
екі жүз адамның ішінде жалайыр Өтеген Сәбден баласы да бар
еді. Бұлар Жоңғария қонтайшысы Қалдан-Сереннің ордасында

екі жылдай тұтқында жатады. Бұл Абылай сұлтан өміріндегі ең
қиын кезең. Бұл кезең туралы жазба құжаттарда да, ауыз әде-
биетінде де көптеген деректер сақталған. Біз олардың бәрін
тізбелемей-ақ қоялық. Бір анығы қазақ баласының қас жауы  –

абжыланның аузында жатып, бұл топтың одан аман-есен шы-
ғуы тарихта сирек кездесетін ғажайып құбылыс. Оның үстіне
Абылай сол Қалдан-Сереннің туған күйеу баласы, әйгілі қолба-
сы Шарышты сонау «Аңырақай шайқасында» жекпе-жекте өлтір-

ген ғой. Сол үшін де қалмақ қонтайшысы бұған жаман ызалы
еді. Алайда, Абылай сұлтан тұтқында жатып, үлкен ұстамдылық
көрсетті, шешендік өнердің де шыңына көтерілді. Міне, осындай
күнде Абылай қасындағы Барақ сұлтан Тұрсынханұлы, жалайыр

Өтеген Сәбденұлы, басқа да көрнекті адамдардың күнбе-күнгі
ақыл-кеңесінің орасан зор рөл атқарғанын дәлелдеп жатудың
өзі артық. Соның арқасында, әрі Ресей патшасының ықпалы-
мен Абылай сұлтан тобы босанып шықты. Тіпті қонтайшы олар-

ды мол тарту-таралғымен, салтанатпен шығарып салды. Бұған
жалғастыра айтатын тағы бір шындық бар. Абылай сұлтан бас-
таған топтың тұтқыннан босаған күні 1743-жылдың 5-қыркүйегі.
Оларды алып қайтуға қазақтың ұлы биі Төле Әлібекұлы баста-

ған тоқсан адамдық елшілік барған. Бұл елшіліктің құрамында
жалайыр биі Ескелді Жылгелдіұлы да бар еді. Міне, олар қайтар
жолда Текелі сайына жетпей, сондағы қалың таулардың орта-
сында Қытайдың бір шоғыр әскерінің шабуылына ұшырайды.

Абылайдың өз қарамағында екі жүз адам бар, оған Төле би бас-
таған тоқсан адамдық елшілікті қос, әрі Жоңғария қонтайшысы
біраз жерге дейін шығарып салуға деп берген азғана күзет әскері

де әзірге қастарында. Бәрібір бұлар жақсы қаруланған Қытай әскерінің қасында азшылық еді. Міне, осындай қысылтаянда жалайыр Өтеген Сәбденұлы ерекше қабілет иесі ретінде танылады. Бұл деген Өтегеннің ата-бабасынның, әрі өзінің де жайлау, қыстауы болған өңірдің маңы ғой. Демек, Өтеген жер жағдайын өте жақсы білетін еді. Міне, сол білігін ол асқан шеберлікпен пайдаланады. Жалайыр Өтегеннің ақылымен бұлар таудың екі қуысына бөліне қашқан сыңай танытады. Бұлар шынында екі бөліне қашқан екен деп қытайлықтар да екі бөліне қуады. Міне, сонда Абылай тобы бір қалтарыста жасырынып, қытайлықтардың бір жартысын қақ маңдайдан ұрып тас-талқан етеді. Мұны кейінірек сезген қытайлықтардың екінші жартысы өздері бассауғалап қашып кетеді. Сөйтіп, Абылай сұлтан, Төле би бастаған үш жүзге жуық адам аман-есен елге оралған екен дейді. Сондай-ақ, Жалайыр-мырза Өтеген қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан қасында ошарылған көп жылдарда сол хан ордасында үш жүзден құралған ығай мен сығайдың ортасында Ұлы жүз, оның ішінде Жалайыр тайпасына қатысты көптеген тарихи оқиғаларды, аңыз-жырларды, шешендік сөздерді оларға жеткізе білген. Өзі де олардың айтқан осындай хикаяттарын жадында тұтып, кейін Жетісуға біржола оралғанда өз ел-жұртына тілдің майын тамызып, баяндап берген. Бұл жағдайдың маңызын да арзан бағалауға болмайды. Ел мен ел, ру мен ру өзара осындай аса зерек, әрі шешен жандар арқылы бір-бірін рухани жағынан байытып отырған. Ал мұның өзара танымдық, әрі бір-бірін бауырластыққа, достыққа, тату-тәттілікке шақыратын сыпаты болғанын айтып жатудың өзі артық. Енді Жалайыр Өтеген Сәбденұлының жоғарыда аталған үш қасиетінің соңғысы – жиһанкездігіне келейік. Бұл өзі бала кезден жол жүруді ұнатқан, қасына 2-3 не 5-6 адам ертіп, кейде жападан-жалғыз ұзақ-ұзақ сапарларға шығып кетеді екен. Аңыз бойынша, бұл бірде Жетісудан сонау Қаратау бойындағы қалың елге кетеді. Қаратаудың күнгейі мен теріскейіндегі елді тегіс аралайды. Бірде сол маңда Тарпаң атты қызға үйленіп, ол қыз бұдан жүкті болады. Бірақ, Өтеген мұнда тұрақтамай тағы жол жүріп кетеді. Араға жиырма жылдай уақыт салып, бұл күнде сарықарын әйелге айналған Тарпаңға қайта соққанда оның қасынан бір жас жігітті көріп, қызғаныштан оны шауып тастай жаздайды. Сонда Тарпаң ара түсіп: – «Әй, Өтеген мырза, бұл сенің балаң ғой» дейді. Кейін Өтегеннің сол Тарпаңнан туған баласынан көп ұрпақ тараған екен дейді. Енді бірде Өтеген Ауғанстан жеріне сапар шегіп, онда да үйленіп, екі-үш бала сүйеді. Бұл ауған жерінде жай уақыт өткізбей

арабша сауат ашады, діни кітаптарды көптеп оқиды, әрі сондағы
ғұламалардан ислам дініне қатысты көптеген тарихи жағдаят-
тарға қанығады. Міне, жалайыр Өтегеннің діндарлығы сол кезең-
нен басталса керек. Кейін Жетісуға қайта оралғанда өзімен бірге

көп кітаптар әкелген екен. Оларды зейінді жастарға таратып, әрі
өзі ауызша да «исламның бес парызы» және басқалары хақын-
да үгіт-насихат жұмысын талмай жүргізіпті. Мысалы, Әзіреті Әлі,
басқа да мұсылман әлемінің үздік қаһармандары хақында көп-

теген қиссалардың едәуір бөлігі осы жалайыр Өтеген арқылы
келгенге ұқсайды.
Алайда, Жалайыр Өтеген Сәбденұлын алты алашқа әйгілі
еткен мына төмендегі оқиға: 1740-жылдардың орта шенінде қа-

зақ-қалмақ соғысының тым ұзаққа созылуы қазақ билеушілерінің
біраз бөлігінің ұнжырғасын түсірді. Әрі қалмақтың ар жағында
Қытай атты аждаһаның тұруы да көп қауіп ойлататын еді. Біз
бұларды жеңе алмаспыз, мүмкін қазақты анталаған жауы жоқ,

шөбі шүйгін, суы бал басқа бір қиырға көшіру керек шығар деген
ой да еңсере бастағаны тарихи шындық еді. Бірақ ондай «же-
рұйық» қайда бар, оны ешкім білмейтін. Міне, сондай жағдайда
қазақтың ұлы билерінің бірі Төле Әлібекұлы ұзақ жүріске берік

отыз төрт адамды жасақтап, сол «жерұйықты» іздеуге жібереді.
Ертеде өткен ақын Күсеп Жиенқұлұлы, оның немересі Сүйінбай
Аронұлы, Жамбыл Жабаев жырлаған «Өтеген батыр» атты дас-
танға арқау болған осы оқиға еді.

Бұл жерде мынаны мұқият ескерген жөн. Қазақта не көп, ат-
тас адамдар көп. Міне, сол он сегізінші ғасырдың орта шенінде
халыққа белгілі үш Өтеген болған. Уақ Өтеген, дулат-жаныстан
шыққан Өтеген Өтеғұлұлы және біз арнайы мақала арнап оты-

рған жалайыр-мырза Өтеген Сәбденұлы. Ал жоғарыда аталған
«Өтеген батыр» дастанының бас кейіпкері ретінде дулат-жа-
ныс Өтеген Өтеғұлұлы ғана аталады. Ол үшін Күсеп, Сүйінбай,
Жамбыл сияқты ұлы ақындарды жазғыру үлкен ағаттық болар

еді. Бар кінә сол ұлы ақындардың жырларын қағазға түсірген бү-
гінгі заман адамдарында болса керек. Көптеген аңыздарды сүзіп
қарасақ, ол «Жерұйықты» іздеуге шыққан отыз төрт адамның
басшылары ретінде дулат Өтеген мен жалайыр Өтеген – екеуі

де аталады. Демек ол сапарға екі Өтегеннің екеуі де аттанған.
Кейбір аңыздарда қос Өтеген деп те аталады. Төле бидің жа-
лайыр Өтегенді бұл топқа қосуы қай жағынан алсақ да заңды.
Себебі, ол оған дейін де әйгілі жиһанкез ретінде төбе көрсеткен

адам ғой.
«Өтеген батыр» дастанында жеріне жеткізе баяндалғанындай
бұл сапардың қазақ тарихы үшін үлкен маңызы болды. Дүниенің

төрт бұрышын екі жылдай кезген олар өзіміздің Алатауға,
Қаратауға, Алтайға, Сарыарқаға, Сыр өңіріне, Жайық бойына
жететін жер жоқ, демек, ешқандай «Жерұйық» та жоқ, ең дұрысы
осы атамекенімізді қасық қанымыз қалғанша жаудан қорғау де-

ген ұран тастайды. Бұл, әрине, қазақ билеушілеріне ой салып,
олар Жоңғарияға қарсы күресті күшейте түсті. Соның нәтижесін-
де болар тағы бір он жылға жетпейтін уақыттың ішінде атаме-
кеніміз қалмақтардан толық азат етілді.

Жалайыр-мырза Өтеген Сәбденұлының өмірі мен ісі туралы
толық емес осы мәліметтердің өзі-ақ оның кейінгі ұрпаққа үлгі
боларлық, әрі оның құрмет тұтуына лайық ірі тұлғалардың бірі
болғанын толық дәлелдейді. Жалайыр Өтеген өмірінің соңғы ке-

зеңінде, яғни, жау қарасы біржола жоғалғаннан кейін Қаражиделі
атты қонысты иемденген екен. Бұл қазіргі Алматы облысы
Қаратал ауданы Елтай-Сарыбұлақ ауылдары тұрған жер. Қазақ
көшпелі халық қой, кейде Өтеген ауылы Іле өзені маңындағы

қары аз, құйқалы өңірлерді де қыстау етіпті. Сосын да шығар
жалайыр-мырза Өтегеннің моласы Қапшағай су қоймасының
астында қалыпты. Әйтсе де, сол жалайыр Өтеген моласы тұрған
жердегі үш төбешік суға батпапты, самолеттен қараған адамға

айқын көрінеді екен. Алайда, кейбір зерттеушілер, өлкетанушы-
лар Қапшағай су қоймасының астында қалған дулат-жаныс
Өтеген Өтеғұлұлының моласы деп шатастырып жүр. Бұл жер-
де мынаны да ескерткіміз келеді. Белгілі бір тарихи тұлғаның

өмірбаянын жазғанда оны көтеру үшін міндетті түрде екінші бір
тұлғаны аласарта түсуге біз жан-тәнімізбен қарсымыз. Дулат-
жаныс Өтеген Өтеғұлұлы сөз жоқ қазақ тарихындағы айтулы ба-
тырлардың бірі, әрі Төле бидің жақын туысы. Жоғарыда аталған

«Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы» атты тарихи романда-
рымда дулат Өтеген батырдың да біраз ерлік істерін ашып көр-
сетуге тырыстым. Тек бүгінгі ұрпақтан шыққан бізден де зерек,
білімдар азаматтарды осы таңда қолға алынып жатқан «Мәдени

мұра» бағдарламасының аясында сол дулат Өтегеннің моласы
анық қай жерде екенін іздестіруге, анықтауға шақырар едік. Ел
қамы үшін тізе қосып, дүниенің төрт бұрышын шарлап қайтқан қос
арыстың есімдерін талас, дау-дамай дүниесіне айналдырмай-

ық. Қапшағай су қоймасының астындағы жалайыр-мырза Өтеген
Сәбден баласының моласы екендігіне дәлелдеріміз шаш етек-
тен. Сол дәлелдердің бірі мынау: Жалайыр Өтегеннің осындағы
негізгі шаңырағының астында Тоқтарбай, Өгізбай, Төке атты үш

ұл қалған. Осылардың ең үлкені Тоқтарбайдан тараған ұрпақтың
көбісі сол Қапшағай су қоймасының түбіндегі Шеңгелді ауылын-
да тұрады. Олар Қапшағай су қоймасы салынардан бұрын сол

өздерінің атақты бабалары – Өтегеннің басына барып үнемі та-
уап етеді екен. Қаражиделіде, Талдықорған маңында, Алматы
қаласында тұратын, Өтегеннің кейінгі екі баласы – Өгізбай мен
Төкенің де үрім-бұтақтары сол дәстүрден жаңылмаған екен.

Біздің сөзімізге күмәнданушылар сол жалайыр Өтегеннің ұр-
пақтарын тауып дидарласса олар көп жайдың бетін ашып бе-
рер еді. Себебі, олардың арасында әр жерде үлкен-кіші қызмет-
тер атқарып жатқан, өз ортасында сыйлы, көзі ашық, сауатты,

зерделі азаматтар көп-ақ. Біздің осы мақаламызға үн қосып,
Жалайыр-мырза Өтеген Сәбден баласының өмірі мен атқарған
істері хақында баспасөз беттерінде қосымша деректерді жария-
лаушылар табылса оларға ризашылық сезімдерімізде шек бол-

мас еді.
2 қазан ,2008 жыл

АТТАС ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ

ШАТАСТЫРМАЙЫҚ!

Еліміздің аға газеті «Егемен Қазақстанның» 2009 жылғы 25 ақ-
пан күнгі санында менің «Үш Өтегеннің біреуі» атты мақалам жа-
рияланған еді. Бұл мақаланың сәл-пәл толығырақ нұсқасы одан
бұрынырақ Алматы облыстық «Жетісу» газетінде де (14-ақпан,

2009 ж.) «Өтеген батыр» деген атпен жарыққа шыққан болатын.
Мұнда Ұлы жүз — Жалайыр елінің мырза тайпасынан шыққан
Өтеген батыр Сәбден баласының кейбір ерлік істерін баяндау-
ға күш салғанмын. Алайда, көп ұзамай-ақ бұған қарсы «Егемен

Қазақстан» газетінің бетінде екі бірдей мақала жарияланды.
Алғашқысы «Бәйдібек баба қашан өмір сүрген?» – деп аталатын
мақала (3-наурыз, 2009 ж.), авторы Тараз инновациялық-гумани-
тарлық университетінің ҒЗО директоры, белгілі жазушы-журна-

лист Бақытяр Әбілдаұлы, ал екінші «Баба аруағымен ойнамайық»
деп аталатынның (14-наурыз, 2009 ж.) авторы, белгілі жазушы
Марал Ысқақбай.
Ең алдымен осылардағы дау-дамайдың негізгі түйіні неде екенін

оқушы қауымға ескерте кетелік. Мен өзімнің аталмыш мақаламда
сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған қаһарлы
заманда өмір сүрген жалайыр-мырза Өтеген Сәбденұлының ерлік
істерін баяндаумен қатар ол аруақты бабаның сол заманда қазіргі

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Шеңгелді ауылының
қасында, Іле өзенінің оң жағалауында жерленгенін айтқан едім.
Алайда, көп уақыттан бері біраз ағайындар ол жалайыр емес,
Ұлы жүздегі дулат-жаныстан шыққан Өтеген Өтеғұлұлының мо-

ласы деп атап жүргенін білетінмін. Тіпті сол дулат-жаныс Өтеген
Өтеғұлұлының біраз ұрпақтары Қапшағай су қоймасы салына
бастаған кезде батыр моласы теңіз астында қаларынан қауіпте-
ніп, 1973-жылдың шілде айында сол Шеңгелді түбіндегі бейітте

жатқан сүйекті алып кетіп, Жамбыл облысы, Қордай ауданына
қарасты «Өтеген» ауылына (бұрынғы атауы «Кеңес») апарып,
қайта жерлегені де ақиқат. Иә, ол солай. Міне, осындай шатасу-
лар қайдан шығады? Бұрынғы бір мақаламызда айтқанымыздай

қазақ тарихында аттас тұлғалардың көптігінен олардың өмірін,
ерлік істерін зерттеуде әрқилы қиындықтар туып келеді. Әрине,
шынайы зерттеу жұмыстары жүргізілсе ондай қиындықтарды же-
ңуге болады. Алайда, біздің қазақтың табиғатындағы бір ерекше-

лік – бір жерден бірдемені көре қалса ат басындай алтын тапқан
адамша еліріп шыға келеді, мәселенің байыбына бармай оны ас-
пандата көтеріп, жалпақ жұртқа жариялап, тіпті «аста-төк» той жа-
сауға дейін барады. Тек сабыр сақтап, шынайы ғылыми-зерттеу

жұмыстарын жүргізуге ғана орашолақ. Бұған мысал ретінде мы-
наны айтуға болады. Осыдан екі жыл бұрын Астанада болғаным-
да, қаладан шамамен жиырма шақырымдай қашықтықта атақты
Қаракерей Қабанбай моласына қойылған үлкен мазарға барып,

сонда ұлы батырдың аруағына тәу еткенім бар. Басындағы шы-
рақшы бұрынғы партия-кеңес қызметкері, Қабанбай туралы кезін-
де бірнеше мақала жариялаған, талдықорғандық азамат Камал
Әбдірахманов екен. Алайда, ресми түрде Қабанбай моласы сон-

да делінгенмен өзге біреулер басқа бес жерден осы батырдың
моласын тауып, олар әлі күнге күңкіл сөзді жалғастырып келе-
ді. Бұған себеп, әрине, шынайы ғылыми-зерттеу жұмыстарының
жоқтығы. Бізде әрі кейбір ғылыми зерттеулердің өздері де оңып

тұрған жоқ. Осыдан бірер жыл бұрын республикалық «Ақиқат»
журналындағы «Шанышқылы Бердіқожа» деген мақаланы, өзі-
ме керек деректер бар шығар деп, мұқият оқып шықтым. Авторы
жап-жас тарихшы аспирант қыз екен. Бұл жас талапкер тарихшы

өз мақаласында қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалар Барақ сұлтан
Тұрсынханұлы мен Көкжарлы Көкжал Барақ екеуін бір адам етіп
жіберген. Міне, сөйтіп аттас адамдарды тарихшы мамандардың
өздерінің шатастырып жүрген жағдайы да бар. Міне, осындай жағ-

дай дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлы мен жалайыр-мырза Өтеген
Сәбденұлы төңірегінде де қалыптасып отыр.
Жоғарыда аталған маған қарсы жазылған екі мақаланың ал-
ғашқысының авторы Бақытяр Әбілдаұлы Іле өзенінің жағасында,

Шеңгелді ауылының түбінде жерленген екі Өтегеннің қайсысы
екенін анықтау үшін бүгінгі ғылым мен техника жетістіктерін пай-
даланып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтады.
Мен бұл пікірге толық қосыламын. Себебі, ғылым деген дами бе-

ретін нәрсе. Ал екінші мақаланың авторы Марал Ысқақбай олай
емес, бәрін біржола өлшеп-пішіп болғандай, түпкілікті шешім мы-
нау дегендей тым өктем сөйлейді.
Мақтанғаным емес, шындығы, мен бұл мақаланы жазуға

Марал Ысқақбайдың пікірін оқығасын бірден отыра кеткем жоқ,
осы Алматыдан сол жалайыр Өтегеннің тікелей ұрпақтарын іздеп
тауып, дидарласып, сосын Алматы облысы Талғар ауданына қа-
расты Шеңгелді атты мекенге (бұл Шеңгелді қазір Қапшағай қа-

ласының құрамына енгізілген екен), Қаратал ауданына қарасты
Елтай, Сарбұлақ (бұрынғы атауы Қаражиделі) ауылдарына ар-
найы сапар шегіп, онда да қыруар ізденіс жұмыстарын жүргізіп,
сосын ғана қолға қалам алдым. Кәне, осы сапар үстінде және

одан бұрын да тапқан деректерімді пайдалана отырып, Марал
Ысқақбайдың жазбасына талдау жасап көрейік.
Әу бастан байқағаным, бұл Марал туысқанымның мақаласында

үстірттік дегенің аяқ алып жүргізбейді. Мысалы, салған жерден
автор былай дейді: «Ұзақбай інім бұл кісі туралы біраз мәлімет
жинапты... 1741-жылы Абылай тұтқынға түсіп, Қалдан-Сереннің
ордасында екі жыл тұрғанда, қасында Өтеген Сәбденұлы бір-

ге болыпты, осы кісінің ақыл-кеңесінің арқасында пенделіктен
құтылыпты».
Ау, ағайын, мен осылай деп пе едім? Өз мақалаңнан өзіңнің
цитата келтіруің ұяттау сияқты, бірақ мына жерде мен солай етуге

мәжбүр болып отырмын. Міне, менің сөздерім бұлайша түзілген
еді:
«Абылай сол Қалдан-Сереннің туған күйеу баласы, әйгілі қол-
басы Шарышты сонау «Аңырақай шайқасында» жекпе-жекте өл-

тірген ғой. Сол үшін де қалмақ қонтайшысы бұған жаман ызалы
еді. Алайда, Абылай сұлтан тұтқында жатып, үлкен ұстамдылық
көрсетті, шешендік өнердің де шыңына көтерілді. Міне, осындай
күнде Абылай қасындағы Барақ сұлтан Тұрсынханұлы, жалайыр

Өтеген Сәбденұлы, басқа да көрнекті адамдардың күнбе-күн-
гі ақыл-кеңесінің орасан зор рөл атқарғанын дәлелдеп жатудың
өзі артық. Соның арқасында, әрі Ресей патшасының ықпалымен
Абылай сұлтан тобы босанып шықты. Тіпті қонтайшы оларды мол

тарту-таралғымен, салтанатпен шығарып салды».
Бұл екі мысалды салыстырып, ежіктеп жатқым келмейді, себе-
бі, зерделі оқырман өздері-ақ салыстыра оқып, М.Ысқақбайдың
менің пікірімді қалай бұрмалағанына көз жеткізер деп үміттене-

мін. Жарайды, мұндай ауытқулар ұсақ-түйек нәрсе, енді негізгі
мәселеге көшейік.
Біз ең алдымен мынадай сұраққа жауап берейік. Менің мақа-
лама арқау болған жалайыр-мырза Өтеген Сәбден баласы тарих-

та болған адам ба, жоқ па, әлде кейбіреулердің айтып жүргенін-
дей жалайыр Өтеген мен дулат Өтеген екеуі бір адам ба? Марал
Ысқақбай да өз мақаласының басында жалайыр-мырза Өтегеннің
тарихи тұлға екенін мойындаған болып, соңында екеуі бір адам-

ау дегенге саятын пікірлер қоздырады. Ең дұрысы, осы мәселе-
нің дұрыстап басын ашып алайық. Ол үшін Марал Ысқақбай ма-
қаласының ең бір түйінді тұсы осы-ау деген жерден бір цитата
келтірелік.

«Ұмытпасам, сонау 1992, әлде 1993 жылы болу керек.
Талдықорған облыстық газетінде Мүйізді Өтегенге қатысты бір
мақала жарияланды. Сонда Қаратал ауданының Абай атында-
ғы ауылында Өтегеннің қалмақ әйелінен туған Тоқтарбай, Төке

дейтін балаларының ұрпағы саналатын жиырма шақты үй бары
айтылған екен. Мен оны елдегі ағайындарға жеткіздім. Батырдың
300 жылдығын кең көлемде атап өту үшін даярлық жұмыстар

басталған кез. Егер шынында да бабамыздан қалған ондай ұрпақ бар болса, алдағы жиынына шақыру парыз деп есептелініп, аталмыш ауылға қордайлық төрт кісі – Болат Оңғарбаев (марқұм), Қуаныш Нұртаев, Сағын Жәпеков (марқұм), тағы біреу  – әдейі ат ізін салған. Бәрі де Өтеген Өтеғұлұлының ұрпақтары-тұғын. Алыстан арнайы іздеп келген ол ағайындарды қараталдық азаматтар қой сойып, қол қусырып дегендей қарсы алады. Жасы үлкен бір қарияның үйіне бас көтерер туыстары жиналып, ауылдың басшы азаматтары да қатыса отырып, әңгіме-дүкен құрды. Олар өздерін Мүйізді Өтегеннің тұқымы санағанмен, жалайыр мырзаға жатамыз деп есептейтін көрінеді. Әрине, Мүйізді Өтегеннің жалайыр емесі белгілі, қордайлықтар соны айтып түсіндіреді. Амал жоқ, екі жақ отырып шежіреге жүгінуге мәжбүр болады. Сонда анықталғаны – қордайлық Өтегендер мен қараталдық Өтегендер ата таратқанда, ата саны Өтегенге дейін бірдей болып келіп, ал Мырзаға дейінгі бірнеше ата үзіліп қалыпты. Олар бұған дейін Өтегенді бірден Мырзадан шығарады екен. Әңгіме ішінде бірге болған өзге жалайырлар өз аталарын Мырзаға дейін үзбей санап бергенде, бұлар олай ете алмапты. Содан кейін Абай ауылындағы Тоқтарбай, Төке ұрпақтары қордайлықтарды өздерінің бауырлары санап, мырза ішіндегі дулат екендеріне көз жеткізген сияқты болады. Соның әсері шығар, маған олар өздерінің шежірелерін де берген-ді. Мен оны әуелі «Мүйізді Өтеген» кітабына, кейіннен «Жаныс шежіресіне» қостым. Жаңылыспасам, Төкенің тұқымы болу керек, Абай атындағы Ұлттық педагогика университетінің география факультетінде сол кездегі деканның орынбасары болып істейтін жас жігіт «Мүйізді Өтеген» кітабын шығаруға қаржылық көмек ретінде маған 100 доллар ақша бергені есімде. Әттең, қайтып хабарласпай кетті де, есімін ұмытып қалыппын. Бұл енді мен дәлелдейтін, мен шеше алатын мәселе емес. Кімнің тұқымы екенін әркім өзі анықтап, өзі шешуге тиіс. Ал Ұзақбай бауырым «шаш етектен дәлелін» айтып сестеніп, текке «шошытқанша», осы мақаласында-ақ өзге деректерін де санамалап отырып ұсынуы керек еді». Бұл ұзақ үзіндіні текке келтіріп отырғанымыз жоқ. Мұндағы пікірлердің бәрі де алда айтпақ сөздерімізге мұрындық болғалы тұр. Біз тек жалайыр-мырза Өтеген Сәбден баласы тарихи тұлға екендігін дәлелдейтін дәйектерімізді алға тарта пікірімізді жалғастырайық. Жоғарыда осы мақаланы жазуға кіріспес бұрын Алматы қаласында көп адамдармен кездесіп, одан соң Шеңгелді, ЕлтайСарбұлақ елді мекендеріне сапар шеккенімізді ескертіп едік қой. Міне, сонда осы Алматыда ең алғаш дидарласқан адамдарымның бірі – осы үзіндіде Марал Ысқақбай атаған, бірақ анық ныспысын

есіне түсіре алмаған, Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогика
университетінің жаратылыстану-географиялық факультеті дека-
нының орынбасары, елтану және әлеуметтік география кафедра-
сының доценті Талғат Ошанұлы Уәлиев.

Бұл жерде мынаған назар аударыңыз. Марал Ысқақбай зерт-
теу мақала жаза отырып, өзімен бір қалада тұратын, қызмет орны
белгілі адамды тауып дидарласуға мойны жар бермегенін ашық
мойындайды. «Әттең... есімін ұмытып қалыппын» дейді. Апыр-ау,

шын зерттеушілер шаң басқан архивтерді ақтарып, неше ғасыр
бұрынғы оқиғаларға, адамдарға қатысты деректерді тауып жат-
қанда М.Ысқақбайдың мұнысы несі? Мақаламыздың кіріспесінде
айтылғандай бұл кісінің менімен дау-дамайға бара отырып, мәсе-

леге тым үстірт, жеңіл-желпі қарағанына тағы бір мысал осы.
Оның үстіне бұл Абай атындағы Ұлттық педагогика универ-
ситетінің доценті Талғат Уәлиевтің қос Өтеген жөніндегі пікірі
М.Ысқақбай пікірлеріне мүлдем қарама-қарсы. Ол ең алдымен

мені өзінің үйіне апарып, 92 жастағы әкесі Ошан Уәлиевпен та-
ныстырды. Менің қуанышыма орай әкелі-балалы екеуі де құйма-
құлақ шежіреші адамдар болып шықты. Оның үстіне Ошан ақса-
қал жай шежіреші емес, өз заманының өте білімдар, өмірбаяны

өте бай адам екен. Қараңыз, ол жоғарыда біз атаған Қаратал ау-
даны Сарбұлақ ауылында, шешесінің айтуынша, ақ патша құла-
ған – 1917 жылы туыпты. 1939 жылы Омскідегі қысқа мерзімді әс-
кери артиллерия училищесін, сосын ауылшаруашылығы технику-

мын бітірген. 1941-жылдың көктемінде Батыс Украинада Дербес
Сібір артполк құрамында соғысқа алғашқы күннен қатысып, 1945-
жылы екінші топтағы мүгедек ретінде елге оралған. Ұжымшарда
партия ұйымының хатшысы, төраға, МТС-те агроном, ал соңында

жиырма жыл бойы ауылдық кеңесте төраға қызметтерін атқарған.
Көптеген сайланбалы органдарға мүше, депутат болған. Орден,
медальдары санап тауысқысыз. Қазірде кәрілік меңдеп, денсау-
лығының нашарлауына, құлағының ауырлау еститініне қарамас-

тан ақыл-ойы бәрі орнында, тіл-жағы сайрап тұр. Доцент Талғат
Уәлиев те өз әкесіне сай туған адам екен. Бұл әкелі-балалы жан-
дар ең әуелі жалайыр-мырза Өтеген Сәбденұлы мен дулат-жаныс
Өтеген Өтеғұлұлы екеуі екі басқа адамдар, жай аттас, әрі заман-

дас болғасын жұрттың шатастырып жүргені дегенді кесіп айтты.
Әрі Өтеген Сәбденұлының осыдан үш ғасыр бұрын, қалмақ шап-
қыншылығы кезінде жалайыр көсемдері Ескелді Жылгелдіұлы,
Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау (Қабылиса) сияқты тұлғалар-

дың үзеңгілес серігі болғанын дәлелдейтін біраз аңыздарды көл-
денең тартты. Дулат-жаныс Өтеген Мүйізді Өтеген атанса, жала-
йыр Өтегенді елі Түкті Өтеген дейді екен. Себебі, соңғысының екі

құлағының сыртында екі шоқ шаш желкілдеп тұрады екен. Сосын
әкелі-балалы Уәлиевтер Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыры
ауылының тұрғыны, осыдан бір-екі ай бұрын ғана өмірден озған
ақсақал Рахметолла Толқымбекұлы құрастырып, жарыққа шығар-

ған «Жалайыр: он екі ата» атты шежіре кітабын (Алматы, «Дәуір»
баспасы, 2000 ж.) көрсетті. Бір қолмен әрең көтеруге болатын үл-
кен басылым екен. Атақты Диқанбай батыр, басқа да ғұлама ше-
жірешілердің жиған-тергені, басқа да қосалқы мәліметтер іздес-

тіру негізінде құрастырылған мұнда он екі ата жалайырдың бір
тайпасы Мырзаның үрім-бұтақтары жайлы егжей-тегжейлі дерек-
тер бар. Олардың бәрін келтірсек мақала көлемі тым қампиып ке-
теді, ал Мырза мен Өтегенге дейінгі жалаң тізбе бойынша былай:

Мырза – Жаппарберлі – Аман – Қожаназар – Сәбден – Өтеген. Ал
бұл жерде әкелі-балалы Сәбден мен Өтегеннің неше ағайынды
екенін төменде айтпақ пікірлерімізге қажет болғасын толық келтір-
мекпіз. Сәбденнің Алтынай атты бәйбішесінен Өтеген, Темірбек,

Қайыр атты үш ұл, екінші әйелі Мападан  – Бекен, үшінші, төр-
тінші әйелдерінен Тоқсары, Баба, Абыз атты тағы үш ұл туған.
Ал Өтегеннің осы Жетісу өңіріндегі негізгі шаңырағының астында
Төке, Тоқтарбай, Өгізбай атты үш ұл ғана (қыздарды қоспағанда)

қалған.
Ал мына Уәлиевтер Марал Ысқақбай айтқандай Өтегеннің
үлкен ұлы Төкенің емес, екінші ұлы Тоқтарбайдан тараған ұрпақ
екен. Талғат әкесі Ошанның көзінше өзінің жеті атасын қағазға

былай түзіп берді: Сәбден  – Өтеген  – Тоқтарбай  – Қосақбай  –
Бастаубай  – Уәли  – Ошан  – Талғат. Қарап отырсаңыз, атақты
Өтеген батыр Ошан ақсақалдың бесінші әкесі, ал Талғаттың ал-
тыншы әкесі екен. Ал бұларды жеті атасын дұрыстап таратып

бере алмайтын адамдар атауға аузым бармайды. Ал мына үлкен
шежірені құрастырғандардың білігін теріске шығару тіптен әбес-
тік. Доцент Талғат Ошанұлы Уәлиев мұны ғана емес, өз атасы
Тоқтарбайдың өзге балаларын, сондай-ақ Төке мен Өгізбайдың

да үрім-бұтақтарын рет-ретімен сол шежіре бойынша қағазға
мұқияттап түсіріп берді. Бірақ қазір оған жүгінгім келмейді, сол
үрім-бұтақтардың бүгінгі өкілдерімен ауызба-ауыз сөйлескім ке-
ліп еді. Осы Алматыда сондай-ақ Сәбденнің тағы біраз ұрпағын

таптым. Олардың бірі — Алматы қалалық мал дәрігерлік-бақылау
инспекциясының бас маманы Ақан Әділханұлы Байшоранов еді.
Ол өз жеті атасын қағазға былай түсіріп берді: Сәбден – Тоқсары
(Өтегеннің төртінші інісі)  – Жетен  – Алдасүгір  – Қапсалам  –

Байшора – Әділхан – Ақан. Бұл Ақанның екі інісі – Алматыда Газ
шаруашылығында басшылық қызмет атқаратын Ерғалық пен жай
шаруа адамы Айқан да бұл жазбаны бас шұлғи мақұлдады. Ал

Сәбденнің Темірбек (Өтегеннің өзімен тетелес інісі) атты баласынан тарайтын Болатбек Әбдірәсілұлы да сол Сәбденге барып тірелетін өз аталарын тізіп берді. Бәрі де Сәбденнен, не Өтегеннен, не оның інілерінен тарайды. Бәрі де жалайыр Өтеген туралы әңгімеге желіп тұр. Мұндай Сәбден – Өтеген ұрпақтарын бұл Алматыдан іздей берсең тағы да табуға болады екен. Алайда, мен олардың қалың ортасына, Талдықорған өңіріндегі Елтай-Сарбұлақ ауылдарына асықтым. Жоғарыда аталған доцент Талғат Уәлиев екеуміз солай арнайы сапарға шықтық. Онда бұл Талғаттың маған көп қолғабысы тиді. Себебі, ол өзі сонда туып-өскендіктен СәбденӨтеген ұрпақтарының қайсысы қай үйде тұрады, қайсысы шежіреге жетік, білімдар, сол жағын алдын ала ескертіп, жұмысымызға нақтылы бағыт беріп отырды. Біз ең алдымен осы Талғаттың туған інілері  – осы ЕлтайСарбұлақ ауылдарының әкімі, мамандығы агроном Ғалым Ошанұлы Уәлиевпен, мұғалім-географ, көп жыл мектеп директоры қызметін атқарған Марат Ошанұлы Уәлиевпен дидарластық. Бұлар да өте білімдар, әкелері Ошанға тартқан шежіреші жандар екен. Ата таратуда әкелері мен үлкен ағалары Талғаттың пікірлерін айна-қатесіз қайталады. Газетте жарияланған менің мақалам мен оған қарсы жазылған Марал Ысқақбайдың мақаласын да мұқият оқып шығыпты. Соңғы мақаланың бұл ауылда біраз адамның күлкісін келтіргенін жеткізді. «Біздің бәрімізді жеті атасын дұрыстап таратып бере алмайтын топас етіп көрсеткені несі, бізді апарып дулаттармен шатыстырғаны тіпті ерсілік қой» десті. Осы тұста мен оқырман қауымға жоғарыда Марал Ысқақбай мақаласынан келтірілген үзіндіні қайта бір оқып шығу жөнінде өтініш білдірер едім. Онда дулат-жаныс Өтеген ұрпақтарының бір тобы кезінде осы Алматы облысы Қаратал ауданына қарасты ЕлтайСарбұлақ ауылдарына арнайы келгені айтылған ғой. Міне, солардың түскен үйі, жалайыр-Өтегеннің тікелей ұрпағы Сейсенғали Смайыловтікіне асығып едім. Бірақ ағайынды Уәлиевтер ең алдымен осы Сейсенғалидің шешесі, он бір бала өсіріп Ер-Ана атанған, ауылымыздың ақсақалы есепті, анау-мынау әулиелік қасиеттері де бар Мәкен Есжанқызы Смайылованың шаңырағының астына кіріп, сәлем беріп шығуымды қалады. Қонақ қойдан жуас, мен келістім. Сейсенғалидің өзі Өтегеннің үлкен ұлы Төкеден тарайды екен. Сәбден – Өтеген – Төке – Есімбек – Есіркеп – Смайыл – Дүйсенбек  – Жексенбі  – Сейсенғали болып келеді. Жеңгеміз Мәкен Есжанқызы Сейсенғалидан кейінгі балаларының бірі осы ауылда жалайыр-Өтеген ата атындағы мешіт тұрғызғанын, әрі осындағы бір көшеге сол кісінің есімі берілгенін мақтанышпен баяндады. Сосын өз басында болған бір қызық жәйтті жеткізді.

«Тоқсаныншы жылдардың басында-ау деймін, осында бір көшеге Өтеген атаның есімі берілді. 1992-жылы күйеуім Жексенбінің әкесі, менің қайын атам Дүйсенбек өлді. 1993-жылы Алматыда, сондағы бір баламның үйінде қонақтап жатқанмын. Сонда түсімде өлгеніне бір жыл толған қайын атам Дүйсенбек үйге еңгезердей біреуді ертіп келеді. Атамның өзі де ұзын бойлы, аса денелі адам еді. Ал ертіп келгені өзінен де биік, мұрны дәу, қарасұр, құлағы қалқиған, әрі құлағының сыртында жүн өскен біреу. Бір ғажабы, кескін-келбеті бір жайдан қайынатамның өзі құралпылас. Бұл түсімнің мәнін алғашқыда ұғыңқырамадым. Сосын ауылға оралғасын, біраз уақыттан соң, осында Жақан Бәлшенов деген бір туысқанымыз болған, өзі де қаражаяу емес, мақала жазатыны бар, қазір марқұм, сол біздің үйге бір сурет әкеліп, «мынау, атамыз Өтеген Сәбденұлының ел аузында сақталған сипаттамасы бойынша салынған суреті» деді. Суретке қарап, талып түсе жаздадым. «Апыр-ау, мынау менің анада Алматыдағы баламның үйінде түсімде қайын атам Дүйсенбек ертіп келген адамның тап өзі ғой», – деп салыппын. Жақан Бәлшенов қайным «ендеше саған аруақ қонды» деді. Ол кезде Өтеген атаға ас береміз деп, бұл ауылда мәселе көтеріліп жүруші еді, мен оған қарағам жоқ, ауылаймақты шақырып, өз үйімде ас бердім. Мүмкін аруақтың қонғаны да шығар, он бір баламның бәрі аман-есен, тұрмыстары да жақсы. Ал жаңағы сурет осындағы Рысбала деген қайынсіңлімнің үйінде, барып көрерсіздер», – деп әңгімесін аяқтады. Ал Сейсенғали Жексенбіұлы Смайылов бұрын кеңес дәуірінде осы Елтай-Сарбұлақ бірігіп, «Абай» кеңшары атанғанда соның директоры болған екен. Қазір сол Абай атындағы бір шаруа қожалығының төрағасы. Ал оның інісі Алтай Жексенбіұлы Смайылов осындағы екінші шаруа қожалығының төрағасы, әрі қажылыққа барып келген жігіт екен. Осы Сейсенғали үйіндегі басқосуға осы інісі, әрі Алматыдан менімен бірге келген Талғат Ошанұлы Уәлиев, әрі оның інілері  – ауыл әкімі Ғалым, Марат, сондай-ақ осындағы көзі қарақты, білімді саналатын біраз адамдар қатынасты. Былайша айтқанда, осындағы Қожаназар-Сәбден балаларының «төрт көзі түгелде» дейтіндей әңгіме болды. Сейсенғали сөзге ағып тұрған адам екен: «Мен бабамыз Өтегенге қатты ұқсап туыппын, маңдайымдағы екі имек сызық, одан төменгі тік сызық, бет-әлпетімдегі басқа да айшықтар соны айтады. Оны Рысбала қарындастың үйіндегі баба суретімен салыстырып көз жеткізерсіздер. Қасиет жағынан да ұқсастығым бар. 1973-жылғы шілде айында түсімде емес, өңімде Өтеген баба «мыналар мені байлап жатыр ғой», – деп, әлдекімдердің атына балағат сөздерді араластырып шағым айтады. Үлкен қара сұр кісі көлденеңінен жатқан

күйі маған тағы бірдемелерді баяндайды. Кәдімгідей анық көріп
тұрмын. Менің кейбір сөздеріме жауап береді. Кейін білдім, тап
сол күндері жамбылдық ағайындар Шеңгелді түбіндегі Өтеген ба-
тыр денесін қазып әкеткен екен. Ал «байлап жатыр» дегені осы

жұмыстың барысында олар үнемі дұға оқыған екен. Сол дұға-
ның күші екен. Ал кейінірек түсімде бір бейіт басына қойылған
кесене көрдім. Кімдікі екенін білмеймін, кейін бір інім Қордайда
Өтеген басына қойылған кесененің суретін түсіріп әкелгенде мы-

нау тап сол өзім түсімде көрген кесене екенін айттым. Сіздің ма-
қалаңызда жазылғанындай жалайыр-мырза Өтеген Сәбденұлы
тек батыр, мәмлегер, жиһанкез, діндар ғана емес, көріпкелдігі де
болған. Мысалы, мен ат бәйгесінде кімнің аты бірінші келетінін

алдын ала болжаймын. Қабан жырау Асанұлының 300 жылдық
тойындағы үлкен аламан бәйгеде Көкен Құсайынов дегеннің аты
бірінші келетінін алдын ала болжап білдім. (Сейсекең осындай
көп мысалдарды тізді). Сенбесеңіз мына отырғандар оның бәрі-

не куә. Алматыда албан Райымбек бабаның басында болғаным-
да бір сұрапыл жел өзінен-өзі дүр ете қалды. Осындағы Ескелді
әулие Жылгелді баласының басына барсам оның үнемі сөзін ес-
тіп тұрамын. Түркістанға Қожахмет Яссауидің күмбезіне бас сұқ-

қанымда оң жақта кенереден кіретін есігі бар бір бөлмеге кіріп,
қайта арт жаққа қарағанымда Қожахмет Яссауи моласына қо-
йылған тас өзінен-өзі көтеріліп, ауада дірілдеп тұрды. Қасымда
Ескелді әулиенің шырақшысы, өзі де сол әулиенің ұрпағы, жала-

йыр-сиыршы Бақберген деген кісі бар еді, менің түрімнің өзгеріп
кеткенін көріп, «Не болды» деп сұрады, мен көргенімді айттым.
Бұдан әріде отырғандар Сейсенғали Жексенбіұлы Смайыловтың
бұл хикаятын одан әрі дамытып әкетті. Мұның көріпкелдігі, бұ-

рын өтіп кеткен аруақтардың мұны үнемі қолдап жүретіні, кейде
олармен тілдесетіні жайында қыруар мысалдарды бірінен соң
бірі қоздатты-ау. Әсіресе, соңғы жиырма жылда осы Талдықорған
өңірінде, Алматыдағы ипподромда бұлар қатысқан қанша бәйге

болды, соның бәрінде осы Сейсенғалидің кімнің аты озып келерін
алдын ала дәл болжағанын айтып, таңдай қағысудан жалықпа-
ды. Егер Алматыдан келген қонақ ретінде өзім тоқтатпасам бұл
жырдың ұзақ таңға созылар түрі бар еді. Тек бұл жайларды неге

келтіріп отырмын, соны ескерткім келеді. Бұл Қаратал ауданын-
да мен дидарласқан адамдардың жерде жатқан ешқайсысы жоқ,
бәрі де білімді, шежіреші, құймақұлақ, өз орталарында белгілі,
араларында Мекке-Мединеге қажылық сапарға барып қайтқанда-

ры да бар, анау-мынау ерекше қасиеттерден де құралақан емес,
Құдай, аруақтан қорқатын, өтірік айтуға жүректері дауаламайтын,
тәрбиелі, кең көкірек жандар екенін атап өтпекпін. (Ал бұған қоса

талдықорғандық жас журналистерді осы Сейсенғали Смайылов жөнінде арнайы мақала жазуға шақырар едім). Қордайдан келген, дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлының ұрпақтары осы Сейсенғали үйіне түсіп, шынында біраз әңгіме болып, шежіреге жүгініскен екен. Төрт ер адам, бір әйел бар, бәріне басшы Сағын Қыдырмаұлы Жәпеков деген кісі Қордайда Өтеген батырға орнатылған мазардың шырақшысы екен. Алайда, бұлардың арасында болған әңгіме Марал Ысқақбайдың мақаласында айтылғанға мүлдем ұқсамайды екен. Мысалы, бұлар менің көзімше Маралдың «қордайлық Өтегендер мен қараталдық Өтегендер ата таратқанда ата саны Өтегенге дейін бірдей болып, ал Мырзаға дейінгі бірнеше ата үзіліп қалыпты» деген сөзін қалай түсінеміз деп дал болысты. Ол қос Өтеген өмір сүрген замандағы адамдардың баршасы бүгінгі ұрпақтың жетінші, не сегізінші атасы. Онда тұрған не бар екен? Әлде Марал Ысқақбайдың Өтегенге дейінгі аталар есімдері екі жақта да бірдей дегісі келіп тұр ма? Оған тіпті келмейді. Жалайыр Өтегеннің ұрпақтарын жоғарыда біраз келтірдік қой, ал дулат-жаныс Өтегеннен Қосағал, Қосдәулет, Бертіс, Асау, Ылау, Аюса, Тарпаң, Базарбай атты сегіз бала туған. Ал олардан тараған ұрпақтар да жалайыр Өтеген ұрпақтарынан мүлдем басқа, шатастырарлық ештеңесі жоқ. Осы отырыста, әсіресе, Марал Ысқақбайдың қараталдық Өтегендердің шежіре таратуынша «Өтегеннен Мырзаға дейінгі бірнеше ата үзіліп қалыпты» деген тұжырымы кекесінді күлкі тудырды. Біз ол келген қонақтарға өйтіп айтуымыз мүмкін емес, бәрі М.Ысқақбайдың ойдан шығарғаны, шежіреде «Мырза  – Жаппарберлі – Аман – Қожаназар – Сәбден – Өтеген» болып келетінін осындағы бесіктегі балаға дейін біледі десті. «Бәрімізді түк білмес меңіреу етіп көрсеткеннен бұл жазушы қандай олжа таппақ» деген бағдардағы сөздер әлденеше нұсқада қайталанды. Ал аталмыш автордың мына сөздеріне тіпті ішек-сілелері қата күлісті. Жоғарыдағы ұзақ цитатада бар, сонда да қайта келтірейік: «Содан кейін Абай (Елтай-Сарбұлақ. Ұ.Д.) ауылындағы Тоқтарбай, Төке ұрпақтары қордайлықтарды өздерінің бауырлары санап, мырза ішіндегі дулат екендеріне көз жеткізген сияқты болады». Апыр-ау, мынау күлмесіңе қоятын сөйлем бе? Марал Ысқақбай бұл жерде не айтып тұр? Оқырман қауым, сіздер де мұқият зер салыңызшы. Марал туысқанымның айтуынша Жаныс, Ботбай, Сиқым, Шымыр атты төрт атадан тұратын қалың дулат он екі ата жалайырдың Мырза атасынан шыға ма? О Құдайым, өзің жар бола гөр. Одан әріде М.Ысқақбай былай көсіледі: «Маған олар (қараталдықтар. Ұ.Д.) өздерінің шежірелерін де берген-ді. Мен оны әуелі «Мүйізді Өтеген» кітабына, кейіннен «Жаныс шежіресіне» қостым». Бұл деген не? Бұл деген

онсыз да шатысып жүрген қазақты одан әрмен шатыстырып-бытыстыру деген сөз. Оның солай екенін мына жерде дәлелдеп жатудың өзі артық. Еш барып, қазақтың бір тайпасының шежіресін екінші бір тайпасының шежіресіне қосақтап жібергені несі? Міне, біздің тарихымыздағы, шежіреміздегі былық-шылықтар қайдан шығады? Сөз соңында Сейсенғали Смайылов өз үйінде отырғандарды куә ете отырып, қордайлық ағайындар келгенде жалайыр, дулат шежірелері жайында ғылыми конференцияға ұқсаған үлкен әңгіме болған жоқ, олар да, біз де өз білгендерімізді ортаға салдық, сосын алыстан келген ағайындар болған соң мал сойып, сыйлап қайтарғанымыз рас деді. Ертеңіне жоғарыда аталған Өтегеннің Тоқтарбайынан тарайтын, мамандығы бухгалтер Рысбала Есбаланованың үйіне келіп едік, ол агроном күйеуі Бақыт екеуі ең алдымен өз үйлерінде сақтаулы, қалампыр гүлінің кепкен дәндері себіліп, ақ шүберекке оралған Өтеген батырдың кісесін көрсетті. Ескіліктің дүниесі екені бірден аңғарылатын, бұзау терісінен жасалған, жарты ай тәріздендіріліп, қалта ретінде жасалған бұйымның шет-шетін әлдекімдер кесіп әкетіпті. Сірә, тұмар етіп тағу үшін әкеткен. Біз мұндайлық асыл мұраға «біссміллә» деп, қолымызды әрең тигіздік. Ерте кезде осы Өтеген ұрпақтарының үйінде оның баскиімі, белдігі, қорамсасы, сауыты болыпты, тек сонау бір қиын-қыстау жылдарда әркім әрқайсысын қалап-сұрап әкеткен екен. Мен «мүмкін ол бұйымдардың біразы музейлерге өткізілген шығар, солардан іздеп көру керек» деген кеңес бердім. Ал мына кісені Рысбалаға шешесі – жалайыр-сиыршы қызы Гүлдана Нәдірбайқызы берген екен. Ал Гүлданаға енесі – найман қызы Нұрила беріпті. Бұл да осы асыл мұраны арғы өз енесінен алыпты. Рысбала қарындас әлгі Сейсенғали айтқан, жалайыр Өтеген Сәбденұлының Алматыда Ғылым Академиясында батырдың түр-тұлғасы жөніндегі аңыз-әңгімелерде сақталған деректер бойынша белгісіз біреудің қолмен салған суретін көрсетті. Екі құлағының сыртында жүн өскен, жүзі сұсты адам болып көрінеді. Мен ол суреттің ксерокөшірмесін жасатып, осы мақалаға қосып беріп отырмын. Егер оқырман дұрыстап зер салса батырдың Түкті Өтеген атануы тегін емес сияқты. Ал Мүйізді Өтеген дейтіндей басқа тосын белгісі жоқ. Сосын осындағы Сейсенғали інілері салдырған, жалайыр-мырза Өтеген Сәбден баласы атындағы мешітке келдік, осы заманғы архитектуралық ізденістер негізінде тұрғызылған, алыстан көз тартатын, іші де, сырты да әсем ғимарат екен. Мешіттің имамы, қажы Мақсат Жақсыбекұлы Қалдыбаев Өтегеннің Баба атты інісінен тарайды екен. Өз ататегін қағазға былай түсіріп берді: Қожаназар – Сәбден – Баба – Айтуған – Шалқошқар – Аққошқар – Қалдыбай – Жақсыбек – Мақсат.

Осы қажы имамның айтуынша мұның арғы атасы Баба Өтегеннің кенже інілерінің бірі екен, әкесі Сәбден Бабаның бес жасында ақырет сапарға аттанып, өлерінде үлкен ұлы Өтегенге «мына бес жасар Бабаны саған тапсырдым» деген екен. Өтеген Бабаны қасынан тастамай жастайынан батырлыққа баулыпты.Имамның тағы бір түйінді сөзі мынау еді: - «Менің әкем Жақсыбек асқан шежіреші, әңгімеші адам еді, Өтегеннің көп ерлік істері, Шеңгелді түбіне қалай жерленгені, оның зиратының қасында тағы да кімдердің жатқаны жөнінде көп жазбалар қалдырған адам, керек жағдайда алдағы күнде ол жазбалардың ең бір құнды тұстарын бөлек қағазға көшіріп беремін» - деп уәде етті. Иә, осы Қаратал ауданында қанша адаммен сөйлестім, бәрі де өз ата-бабаларын сонау арғы Мырзаға дейін тізе отырып, Түкті Өтеген Сәбденұлының сонау дулат-жаныстан шыққан Мүйізді Өтеген Өтеғұлұлына ешқандай қатысы жоқ, әрі Іле өзінінің Шеңгелді тұсындағы бейітте жерленген жалайыр Өтеген деп, қадап айтады. Оған мынандай дәлелдері бар: Шеңгелді айналасы қалың жалайырдың жері, онда дәл жалайыр Өтегеннің сүйегі жатқан зиратта оның әйелдерінің, басқа да мырза адамдарының молалары бар болатын. Оны сондағы тастардағы жазулардан аңғаруға болатын еді. Онда жалайырдың Мырза ғана емес, Балғалы атасына жататындардың да үлкен бейіті бар, себебі, мырзалар мен балғалылар қатар қоныстанған ел ғой дейді. Жергілікті тұрғындардың бұл пікірлерін мен өз тарапымнан да дәлелдей аламын. Өткендегі мақаламда айтқанымдай «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы» атты, барлығы төрт томнан тұратын тарихи роман-эпопеямның соңғы тарауларын жазу үстінде атамекеніміз қалмақтардан азат етілген соң қазақтардың босаған жерлерге қалай орналастырылғаны жөнінде деректер жинағаным бар. Сонда көз жеткізгенім – сол жер бөлісі кезінде Малайсары тұсындағы Іле бойын балғалылар, ал Жоңғар Алатауының соңғы бөлігі Шолақ тауын, әрі Шаған тауынан Малайсарының теріскейіне дейінгі аралықты мырзалар иемденіпті. Жетісу географиясынан хабары бар адам бұдан мырза мен балғалылардың қоңсы қонғанын сезер еді. Мырза мен балғалының қалың бөлігі әлі күнге сол орындарында. Көбіне, бұл екі тайпаға қатысты зираттардың қатар болатыны да содан. Бұған қоса қыстыра кететін бір дерек – мұндағылардың айтуынша, осы жалайыр-мырза Өтегеннің әкесі Сәбден сонау Шу өзені маңында Шұбарайғыр деген жерде жерленген екен. Демек, ол кісі қалмаққа қарсы соғыс әлі аяқтала қоймаған шақта қайтыс болған. Енді мына жағдайға назар аударыңыз. Біз Қаратал ауданынан қайтар жолда Шеңгелді ауылына да соғып, Өтеген моласының Іле өзенінің қай жағалауында болғанын дұрыстап анықтадық.

Шеңгелдінің байырғы тұрғындары  – бұрынғы зоотехник, қазір мұ-
рап Олжабек Қалиақпаров, жұмысшы Ерасыл Иманқұлов, оның
тап осы күндері Қапшағай қаласында тұратын әкесі, зейнеткер
Молдақұл Иманқұлов және басқалар Өтеген моласы Іле өзенінің

осы теріскей оң жағалауында, Іле мен Шеңгелдінің екі ортасындағы
Әулиетөбенің етегінде болғанын бірауыздан мақұлдады. Енді бұл
фактіні ішке түйейік те жалпы дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлының
осында жерленуі мүмкін бе деген сұраққа тағы бір жауап іздейік.

Кәне, біз тарихқа жүгінейік. Белгілі тарихшы-ғалым, кешегі Кеңес
дәуірінде ҚазПИ-де көп жылдар дәріс оқыған, бүгінде Ресей тұр-
ғыны Владимир Анисимович Моисеевтің «Джунгарское ханство и
казахи ХVІІ–ХVІІІ вв» (Алматы, «Ғылым» баспасы, 1991 ж.) атты

аса сүбелі еңбегінің «Борьба ойратских феодалов с Кокандом и
позиция казахских владетелей» (161-173-беттер) деген тарауын
мұқият оқып шығыңызшы. Мұнда кәнігі ғалым өзі пайдаланған де-
ректерді қай түпнұсқалардан алғанын әр бет сайын нақтылап көр-

сетіп отырған. Міне, осында қазақтың дулат-жаныстан шыққан ұлы
биі Төле Әлібекұлы сол Қоқанның Әбдікерім бек атты басшысымен
одақтастыққа барып, он сегізінші ғасырдың қырқыншы жылдарында
жоңғар басқыншыларына қарсы бірнеше дүркін соғыс ұйымдастыр-

ғаны егжей-тегжейлі баяндалған. Міне, осы соғыстарда қазақтың
ата жауы қалмақтар қатты әлсіреген. Жоңғарияның біржола күй-
реуі осы соғыстардан басталады» деп дәлелдейді В.А.Моисеев.
Ал сол заманда қалың жаныс пен шымыр Ташкент қаласының

айналасын, Қазығұрт тауының теріскейін, тағы да сол маңдағы ке-
ңістіктерді мекендегені тарихтан да, ауыз әдебиетінен де белгілі.
Әрі осы аталмыш соғыстарда дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлы мен
дулат-шымыр Қойгелді батыр Сартұлы Төле бидің үнемі қасында

болған. Енді қараңыз, Төле би 1756-жылы ақтық сапарға аттанған
ғой. Өлерінде өз інісі Өтегенге «жаныс болып Ташкентке ие болып
тұрсаңдар жаман емес» деген («Өтеген батыр», Алматы, «Мерей»
баспасы, 1994 ж. 11-бет) өсиет айтады. Мұндай деректерді басқа да

басылымдардан кездестіреміз. Демек, қалың жаныстың сол маңда
тұрғанын, әрі Төле биден соң ол жаныс еліне басшылық жасаған
Өтеген Өтеғұлұлы екенін дәлелдейтін бұл да бір дерек.
Енді мынаған қараңыз: «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының»

3-томының 555-бетіндегі «Жаныс» атты мақалада «1867-жылғы
санақ бойынша (жаныстар Ұ.Д.) Әулиеата, Верный уездерінде
700 үй, Шымкент, Ташкент, Перов уездерінде 3374 үй болған»
делінген. Ғылым тілін түсіне білетін адам үшін бұл жаныстардың

қалың ортасы сол Ташкент маңында, яғни, Қаратаудың күнгей
бетінде болғанына бұлтартпас дәлел емес пе? Ал Қаратаудың
теріскейіндегі аз жаныс Төле би, Өтеген замандарынан соң ел

ішіндегі анау-мынау ырың-жырыңның кесірінен бері көшіп келгені аталмыш «Өтеген батыр» кітабында жақсы айтылған. Ал осының бәрін ескерсек, Төле биден он жеті жыл кейін дүниеден өткен Өтеген Өтеғұлұлы өзі басқарған қалың жаныс ортасын тастап, бері Қаратау асып, Шу, Іле өзендерін кесіп өтіп, қалың жалайырдың ішіне келіп өледі дегенге кім сенеді? Ешкім де сенбейді. Өтеген Өтеғұлұлы өлерінде «сүйегімді ақ нарға тиеп жіберіңдер, ол қай жерге шөксе сол жерге қойыңдар» деген аманат қалдырғаны туралы аңыз бар. (Мұндай аңыз албан Райымбек батырға қатысты да айтылады). Бұл шындық дегенмен де түйе жарықтық қанша шыдамды болғанмен ол да арқасындағы жүгімен Қаратау асып, арнасы бүгінгіден бес-алты есе үлкен болған екі бірдей дарияны кешіп өтіп, Жетісуға жетіпті деушілік ақылға сыймайды. Бұл мәселеде осы айтқандарымыз жетер. Марал Ысқақбай өз мақаласында Шеңгелдідегі сүйекті Қордайға апарғандардың іс-әрекеті, соған қатысты құжат төңірегінде біраз сөзді қобыратқанмен дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлының Іленің арғы теріскей бетінде, жалайыр бейітінде жерленгенін дәлелдейтін бірде-бір ғылыми дерек келтіре алмаған. Орыстың «қараңғы бөлмеден қара мысықты табу қиын, әсіресе, ол онда жоқ болса» деген сөзі бар. Иә, жоқ нәрсені іздеп арамтер болғанның не пайдасы бар? Менің ұсынысым – дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлының моласын Ташкент маңынан, Сарыағаш, Төле би аудандарының жерінен іздестірген дұрыс. Тіпті бұл аруақты батыр, өзі өмір бойы пір тұтқан Төле би Әлібек ұлы жерленген сол Ташкент қаласының өзіндегі Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның кесенесі маңында жатпасын. Ал Күсеп, Сүйінбай, Жамбыл жырлаған «Өтеген батыр» жырындағыдай «Жерұйықты» іздегендердің ішінде қос Өтегеннің де болғаны туралы жалайыр ішінде біраз аңыздар бар. Бірақ аңыздың аты аңыз. Сосын да бұл мәселені әзірге ашық қалдырайық. Менің әріптесім, жазушы-журналист Бақытяр Әбілдаев ұсынғандай зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін қайталап айтамын. Кезінде белгілі тарихшы-ғалым Болат Көмеков, тағы басқалар «Ұлы жүз тарихы жөнінде шын мәнінде жаңалық ашамын дегендер парсы тілін меңгеріп, Ташкенттегі сол парсы тіліндегі қыруар ескі кітаптарда, қолжазбаларда бар деректерді тарих ғылымының игілігіне айналдырсын» деген бағдарда ой айтып еді. Өте дұрыс ой. Демек, қара суды текке сапырғанша ҚР ҰҒА-дағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында екіүш аспирантты тап осы тақырыпқа отырғызу керек. Ендігіде сол болашақ тарихшылар сөйлесін! 2009 жыл

БЕДЕЛ ІЗДЕП, ХАЛҚЫМЫЗҒА БҰҒАУ

САЛМАЙЫҚ!

Соңғы жылдары қазақ баспасөзінде мынадай үш мәселе үл-
кен дау тудырып келеді. Біріншісі, бәрінен бұрынырақ басталған
латын әліпбиіне көшу жағдайы. Екіншісі, республика бойынша
мектептерді он екі жылдық оқу жүйесіне көшіру. Үшіншісі, халы-

қаралық терминдерді жаппай қазақшалау. Тек соңғы кезде ғана
осы үш мәселенің алғашқысы өзінің оң шешемін тапқанға ұқсады.
Белгілі жазушы-журналист Сабыржан Шүкіров «Қазақ әдебиетін-
де» (5.09.2008 ж.) жарияланған «Тіл баяндылығының кепілі  –

әліпби» атты мақаласын былай бастайды:
«Тәубе, жаны сірі Қазақ тілі тағы бір басына түскелі тұрған бұ-
ғаудан аман өтті. Он жеті жылғы айтыс, соңғы екі жылғы тартыс
қазіргі Қазақ әліпбиінің пайдасына шешілді. Елбасы тоқтамын айт-

ты, латыншылардың меселі қайтты. Иә, тәубе, Жаратқан жар бо-
лып, Қазаққа өзі берген тілін ғұмырлы қыла гөр. Кемел әліпбидің
бұзылмай аман сақталуы – игі нышан, тіліміз ғұмырлы болар-ау!»
Біз бұл цитатаны неге келтіріп отырмыз? Автор мұнда латын

әліпбиіне көшсек ол қазақ тілінің мойнына бұғау түскенмен бір-
дей болар еді дейді. Біз бұл пікірге толық қосыламыз! Ия, ол шын
мәнінде солай. С.Шүкіров одан әріде Елбасының мына бір сөзін
келтіреді:

«Дегенмен, қазақ алфавиті Интернетке жарамайды деген ал-
ғашқы кездегі қауіп орынсыз болып шыққанын, қазір қазақша жа-
зылған мәтіндердің Интернет сайттарында да, порталдарда да
бар екенін, электронды поштамен де жөнелтіліп, тиісінше ашы-

лып, оқылып, қайта басылып жатқанын ескеру керек». Демек,
«латын әліпбиіне көшеміз, қазіргі әліпби компьютерге, интер-
нетке жарамайды» деп даурығып, кеудемсоқтық жасап, өздерін
Жалаңтөс батырға ұқсатып жүргендердің пікірі негізсіз екендігі

анықталды емес пе? Біз бұл мысалдан нені көреміз? Көретініміз
сол  – бүгінгі заманның «жалаңтөстері» қандай да бір ұсыныс
жасағанда ол ұсынысым дұрыс па, бұрыс па, ол жағына терең
зерттеу жұмыстарын жүргізуге мойындары жар бермейді, тек осы

дүрмектің үстінде көзге көрініп, бедел алып қалудың қамымен
өңештері жыртылғанша айғайлап береді. Бүйтіп тұнық суды лай-
лау жақсылыққа апармасын кәперге алмайды.
Хош, С.Шүкіровтің аталмыш мақаласына сенсек латын әліп-

биіне көшу туралы дау-дамай осымен доғарылған сияқты. О құ-
дайым, артық көрме, біз де бұл төңіректегі сөзімізді осымен тия-
нақтап, келесі жайға көшейік. Ол мектептерді он екі жылдық оқу
жүйесіне көшіру туралы. Бұл сөзді өз басымнан өткен мына бір

мысалдан бастамақпын. Бала кезімде мен қатты ауырып, әрі өз
туған ауылымда қазақ мектебінің жоғарғы кластары болмай, әлде
орысшаға ауысқаным дұрыс бола ма деп, онда-мұнда шатылып,
әйтеуір, онжылдықты он екі жылда әупірімдеп әрең бітірген адам-

мын. Әсіресе, соңғы екі жылда, тоғызыншы, оныншы кластарда
бұл мектептегі оқу дегенің ешқашан таусылмайтын, бас-аяғы жоқ
ауыр азаптай көрініп, тіпті оны тастап кетсем бе дегендей де бо-
лып жүрдім. Бірақ мен оқу үзідігі едім, онжылдықты бітірмесем

ешбір жоғары оқу орны өзімді қабылдамасын білгесін ғана тістеніп
шыдауға тура келді. 1960-жылы мектепті күміс медальмен аяқ-
тап, сол жылдың жазында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Алайда,

мен тоғыз балалы отбасынан едім. Студенттік өмірдің қызық-шы-
жығын бір жыл ғана көріп, келесі жылдың жазында университеттің
сырттайғы бөліміне ауысып, 1961-жылдың 1-қыркүйегінде өзімнің
туған ауылыма ірге тиістіріп тұрған Текелі қаласының (Алматы

облысы) бір мектебінде мұғалімдік жұмысқа кірістім. Демек, мен
мектепте он екі жыл оқу дегеннің не екенін де, әрі сол мектепте
дәріс беру дегеннің не екенін де өз басымнан өткерген адаммын.
Бұл жерде, әсіресе, қадап айтарым – мынау, мұғалім ретінде

алғаш табалдырық аттағаннан кейін бұл өзімнің он екі жыл сарға-
йып оқып, әбден запыс болған мекемем емес, өзім өмірі көріп-біл-
меген, мүлдем тосын дүниенің құшағына күмп бергендей әсерде
қалғаныма жұртты қалай сендірсем екен дегендік еді. Баз біреу-

лер мектеп дегенің бәріміздің де оқыған жеріміз ғой, білеміз ғой
деп, орта дәрежелі білім беру ісінің проблемаларына бел шеше
кіріскенде бар ғой, тіпті бұ жерде жоқ, бетің бар, жүзің бар де-
мей өршеленеді-ақ. Тіпті оны қой, осындай мектепте бір күн сабақ

беріп көрмеген адамдардың сонау Білім министрлігінде, облыс-
тық, аудандық оқу бөлімдерінде жауапты қызметтер атқаратынын
қайтерсің?
Кәне, мына жайға назар аударыңыздаршы. Осы мектептерді

он екі жылдық оқу жүйесіне көшіру туралы науқан ҚР Білім және
ғылым министрлігінің бұрынғы басшысы Жақсылық Күлекеев
дегеннің кезінде басталды. Егер ол кісіні жақсы білеміз деген-
дердің сөзіне сенсек ол бұрынғы министр Жақсылық Күлекеев

орта мектепте бір күн де дәріс беріп көрмеген адам екен. Сөйте
тұра бүкіл халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халы-
қаралық стандартқа сай етеміз деген желеумен он екі жылдық
оқу жүйесіне көшуді күрт қолға алды. Біраз абыр-сабыр бастал-

ды. Ал әртүрлі қалаларда, ауылдарда 20-30 жыл бала оқытумен
шаштарын ағартқан тәжірибелі ұстаздардың пікірін кім тыңдады?
Ешкім де тыңдаған жоқ. Тіпті осы он екі жылдық оқу жүйесіне

көшу дегенді олардың талқысына салу қажеттігін ойлаған адам
бар ма? Әрине, жоқ.
2007-жылдың аяқ шенінде-ау деймін, бүйтіп мектептерде оқу
мерзімін ұзарту мәселесі кейінге қалдырылды, тіпті оған біржо-

ла тоқтам салынды дегендей де пікір таратылып еді. Біз, құдай
жарылқады, уһ деп еркін тыныс алғандай болып едік. Алайда,
«Егемен Қазақстан» газетінің 2008-жылдың 20-мамыр күнгі са-
нында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев өз

сұхбатында осы мәселеге орай берілген сұраққа «он екі жылдық
оқу жүйесіне көшеміз, әлемдік көштен қалмауымыз керек қой, бі-
рақ оны әзірге кері шегеруіміздің объективтік себептері бар» деп
бастады да материалдық база мәселесін тізбектеп кетті. Біз ми-

нистрдің бұл сөзінен шошынбап едік, қалайда, ұзын арқан, кең
тұсау ғой, әлі де ойланатын уақыт бар, мүмкін басшылар қауымы
әлі де болса ақылға келер деп үміттеніп едік. Жоқ, олай болмады.
Сол «Егемен Қазақстан» газетінің 2008-жылдың 27-маусым күнгі

санында ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі мынадай
хабар жариялады.
«12 жылдыққа көшу мерзімі анықталды.
Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 622

Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өз-
герістер енгізілді. Жарлықта 2010 жылдан бастап 12 жылдық білім
беруге көшу мерзімі анықталған. Білім беруді дамытудың мемле-

кеттік бағдарламасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкестендірілді. Осы өзгерістер 12 жылдық білім берудің
жаңа үлгісіне көшу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған».
Тап менің өз басыма бұл хабар ашық күнгі найзағайдай әсер

етті. Маған солай. Ал мен ұстаздық жұмысты жас кезімде үш жа-
рым жылдай ғана атқарып, журналистикаға ауысып кеткен адам-
мын. Ал бүкіл өмірін сол мектептерде дәріс беруге арнаған ақ-
қаптал ұстаздар қауымы үшін жоғарыдағы хабар найзағайдан да

жаман әсер еткеніне күмәнданбаймын. Ашып айтайын, қолыма
қалам алып, осы тақырыпта арнайы мақала жазуға ниеттенгенім
де тап осы хабар жарияланған күннен басталды. Бірақ та әртүрлі
тіршілік қамы бірден отыруға мұрша бермеді, әрі әртүрлі деңгей-

дегі тәжірибелі ұстаздармен ақылдасу үшін де уақыт керек еді.
Мен бұл бағдардағы сөздерімді мынадай мысалдан бастасам
деймін. Кешегі Кеңес дәуірі кезінде, шамамен өткен ғасырдың
жетпісінші жылдарының орта шенінде бір топ педагог-психолог

ғалымдар баспасөз бетінде бір мақала жариялады. Олардың ай-
туынша қазақ қыздары, тек қазақ емес, жалпы Орта Азияны ме-
кендейтін халықтардағы әйел жыныстылар ең дені сау, мықты

балаларды 15-16 жасында табады екен. Оның ең басты себебі,
олардың организмі тап осы жаста өте жақсы пісіп-жетіліп, қа-
лыптасады екен. Бұл бұрынғы ата-бабаларымыздың қыз баланы
тым ерте ұзататын үрдісінен туындайтын жағдай екен. Бұл анық

шындық. Сенгісі келмегендердің мұны тексеруіне толық жағдай
бар. Арамызда сексеннен асқанша ауру-сырқаудың не екенін
білмедім, дәрігердің алдын көрмедім дейтін адамдар баршылық
қой. Егер сұрастырсаңыз солардың түгелге жуығы шешелерінің

бүлдіршіндей кезінде дүниеге келгендер болып шығады. Мен өзім
соңғы жиырма жыл бойы архивтердегі көне жазбаларды, ескі құ-
жаттарды сүзіп оқып, барлығы төрт томнан тұратын «Қызыл жол-
барыс», «Абылайдың ақ туы» атты тарихи роман-эпопеяны дү-

ниеге әкелген едім. Міне, осыған байланысты осындай зерттеу
жұмыстарын жүргізу барысында сонау «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» аталған аса қиын кезеңде елге қырық-елу жыл-
дай басшылық жасап, әрі ата жауға қарсы шабуылды ұйымдас-

тырған, әрқилы тән жарасы, жан жарасына қарамастан өте ұзақ
ғұмыр кешкен аса атақты бабаларымыздың өз шешелерінің өте
жас кезінде туғанын анықтадым. Енді қалай? Бұрынғыдан «он
үште отау иесі», «қалпақпен ұрғанда құламаған қызды ұзата бе-

руге болады» деген сөздердің қалуы тегін емес қой. Жалпы ескі
замандардағы адамдардың соғыс, үркіншілік, талас-тартыс, көші-
қон ауыртпалығы сияқтыларды оңай еңсеріп, бәріне төтеп беруі,
ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етуі, ұлан-байтақ жерімізді сақ-

тап қалуы олардың сол туа бітті беріктігінен, денсаулықтарының
мықтылығынан, қан тазалығынан, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс
істеуінен екендігі дау тудырмаса керек. Ескі заман адамдарының
аса қуаттылығын, шыдамдылығын растайтын аңыз-әңгімелерде

қисап жоқ. Ал қазір ондай адамдар сиреп барады. Ал балалардың
жағдайын тіпті атап сұрама! Қазіргі балалар тумай жатып, іште
жатып-ақ дәрігерлік көмекті керек етеді. Туғаннан соң да қанша
емдеу, профилактикалық шаралар мұқият ұйымдастырылғаны-

мен де балалардың әлсіздігі, аурушаңдығы, психикалық жағда-
йының нашарлығы көрнеу көзге айқын. Қолын сәл жарақаттап
алса оңай-оспаққа қаны тоқтамай безілдейтіндері қаншама?!
Ол ғана ма? Менің туыстарымның ішінде ұстаздық ететіндердің

саны біразға жетеді. Әрі өзім облыстарға, аудандарға, ауылдарға
сапарға шыққанда еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде баста-
ғандықтан да шығар, солардағы оқу ісінің жағдайына үнемі құлақ
түріп жүретінім бар. Ол жайында біраз мақала да жазғанмын.

Сол мұғалімдердің бәрі бірауыздан мақұлдайды, қазіргі мектеп
оқушыларының кем дегенде он процентін ақыл-есі толық емес,
жарымжан балалар оқып, тәрбиеленетін арнаулы мектептерге

ауыстырған жөн екен. Алайда, сол балалардың ата-аналарына
осындай ұсыныс жасасаң олар үйлерінен өрт шыққандай шажыл-
дап-бажылдап, сен неге менің ұлымды, не қызымды кемсітесің
деп, өздерімен жаға жыртысуға дейін барады екен. Әрине, бұл

жерде мұғалімдерде жазық жоқ, бар кінә сондай кемтар бала-
ларды дүниеге әкелген ата-аналардың өздерінде. Көп адамдар
мұндай толыққанды денсаулығы жоқ, тумысынан кеміс балалар-
дың көбеюін әке-шешелерінің арақ-шарапқа сылқия тойып жүруі-

мен түсіндіреді. Біз мұндай түсінікте де шындықтың үлесі барын
мойындаймыз. Әрине, әке-шешенің ішімдікке салынуы, әсіресе,
бала бітер кезде мұндайлықпен әуестену сөз жоқ жас нәрестенің
құрсақта дұрыс қалыптасып, дамуына залалын тигізеді. Мұны

медицина мамандары зарлап айтып жүр. Сонда да болса мұның
басқа бір үлкен себебі, бүгінгі қыздардың уақытында теңін таппай,
тұрмысқа кеш шығып, уақыт оздырып, жасы асыңқырап кеткенде
балалы болтындығы екені даусыз.

Ағайындар, енді сәл сабыр етіп, мына мәселеге назар аудары-
ңыздар. Иә, қыздар неге тұрмысқа кеш шығады? Жігіттер неге кеш
үйленеді? Енді осы сұрақтарға жауап іздейік. Қазір қай үйге бар-
саңыз да тұрмысқа шықпаған, үйленбеген, отыздың ар жақ, бер

жағындағы сойталдай қыздар мен жігіттерді көресің. Жастардың
уақтылы өз алдына отау тікпеуі қазір үлкен проблемаға айналып
кетті. Бұрындары 24-25 жастағы жігіттер мен қыздарды кәрі бой-
дақ, кәрі қыз атайтын. Қазір ондайдың бәрі дағдылы көрініске ай-

налды. Енді қалай? 24-25 түгілі 30-35 жастағы әлі теңін таппаған
қазақ жігіттері мен қыздары сеңдей соғылысады. Балаларының
отыздан асқанша салт басты, сабау қамшылы күйінен іштей қын-
жылып, қасірет шегіп, тіпті әртүрлі ауруға шалдыққан ата-аналар-

ды да білеміз. Иә, бұл шын мәнінде үлкен проблема! Жай проб-
лема емес, ұлттық проблема десе де артық емес. Бұл күнде ара-
мызда жоқ, әдебиетші-аудармашы ағамыз Ісләм Жарылғаповтың
бір жиналыста айтқан сөзін пайдалана сөйлесек, мұндай жайды

көрмеген адам соқыр, естімеген адам саңырау, білмеген адам
меңіреу дер едік.
Иә, осы жастар өз алдына отау тігуді, отбасын құруды неге ой-
ламайды? Бұл сұрақтың ең толық, дұрыс жауабын іздесеңіз біз

жоғарыда атап өткен, әртүрлі елді мекендердегі орта мектептерде
20-30 жыл дәріс беріп, шашын ағартқан қадірменді ұстаздармен
сөйлесіңіз. Олардың бәрі бірауыздан растайды, бәріне кінәлі бізде
осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын енгізілген он бір жыл-

дық оқу жүйесі. Есептеп көріңіз, жеті жаста мектеп табалдырығын
аттаған бала он бір жылдықты он сегіз жасында бітіреді. Ал кейбі-
реулер әртүрлі жағдайларға орай он тоғыз, тіпті жиырма жасында

бітіруі мүмкін. Ал қазақ қыздарының биологиялық ерекшеліктерін дұрыс ескерсек олар бұл жаста бір-екі, тіпті екі-үш баланың анасы болуы шарт. Ал олар өйтудің орнына мектеп бітіру, тағы жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарына түсем деумен уақыт оздырады. Жігіттер де солай. Біз мұны неге айтып отырмыз? Бұл сұрақтың да жауабын сол педагог-психолог мамандардың тұжырымдарынан табамыз. Бұрынғы замандарда қазақ қыздары мен жігіттерінің ерте тұрмыс құратынын жоғарыда ескерттік қой. Енді сол педагог-психолог мамандардың зерттеу қорытындылары бойынша сол ескі үрдіспен дәл уақытында, яғни, ерте тұрмыс құрып үлгермеген жігіттер мен қыздардың санасында психологиялық тосқауыл, кедергі (психологический барьер) пайда болады екен. Бұл деген не? Бұл деген шектен тыс ұялшақтық, жасқаншақтық, үркектік, өз күшіне сенбеушілік, тағысын тағылар. Мысалы, көзі қырағы адамдар мынаны да байқайды, отыздан асқанша оң жақта отырып қалған қыздар өздерінің қызға лайықты нәзіктігінен, тартымдылығынан айрылады, сөйлеу мәнері де өзгереді. Сөздері бояусыз, көбіне добалдай болып келеді, өздеріне көңіл білдіргісі келген жігіттерге лайықты жауап қайтару, иба білдіру сияқтыларға дәрменсіздік етеді. Жігіттердің оларға ішінің тез салқын тартып шыға келуі содан. Ал отыздан асқанша үйленбеген сол жігіттердің өздері де сондай одағай сыйымсыз мінез тауып алады. Бұлардың да сөздері тым кеспелтек, қатқыл келеді. Қызды сөзбен, мінезбен баурып әкету сияқты қабілеттен айрылады. Тіпті денсаулығына да кәкір келуі ғажап емес. Өз теңін таппай отыздан асқанша жүріп қалған қыз-жігіттердің көбеюі осыдан туындайды. Ал отыздан асып, тұрмысқа шыққан қаздардың денсаулығы нашар, өте нәзік, әлсіз балаларды дүниеге әкелуі заңды нәрсе. Міне, осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын енгізілген он бір жылдық оқу жүйесінің әперген «ұшпағы» осы. Ал енді, ағайындар, ойлаңыздар, он екі жылдық оқу жүйесін енгізсек қалай болмақ, бұл жағдай тіпті ушықпай ма? Ұлттық генофонд деген бар. Ол тіпті нашарламай ма? Шетелде солай екен деп, бәрін сол күйінде өзімізге көшіре салу үлкен апатқа апарып соқпай ма? Ағылшын, неміс, француз, итальян, жапон сияқты аса мықты дамыған ұлттармен жазу мәдениетінің қалыптасқанына бір ғасыр толмаған біздің қазақты шендестіру жөн бе? Өзін Жалаңтөс батырға ұқсатқысы келген қандастарымызды бұл жағына байыптап ой жүгіртуге, сабыр сақтауға шақырар едік. Орта мектеп проблемаларын шешуде ешқандай қателікке жол беруге болмайды. Себебі, бұл барша халқымыз өтетін кезең. Орта мектепке байланысты әрбір үлкен-кіші қателік бүкіл халқымыздың өсіп-өнуіне, хал-жағдайына, мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей

зардабын тигізетіні даусыз. Сосын да оған қатысты әр мәселені
жүз ойланып, мың толғанып шешу керек.
Мен 2007-жылдың басында осы мәселе жайында ҚР Білім
және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың атына арнайы

хат жазып, өз пікірімді білдіріп едім. Сол министрлікке қарасты
Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры
С.Есбосынова қол қойған жауап хат алдым. Жазған хатыма мұн-
дай көлемді жауап қайтарғандарына рақметімді айтамын. Алайда,

бұл жауап менің осы мәселе жөніндегі көзқарасымды өзгертуге
ықпал етпеді. Керісінше, ішкі күдігімді одан әрі қоздырды. Жауап
хаттың бас жағында Еуропа Кеңесінің 1992-жылы қабылданған
Декларациясына сәйкес әлемнің көптеген елдерінде 12-жылдық

мектеп жүйесі қалыптасқанын айта келіп, Департамент директо-
ры С.Есбосынова ханым сөзін былай жалғастырады:
«Өзіңіз көріп отырсыз, тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда
біздің елімізде жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар қа-

лыптасты. Ақпараттық-компьютерлік техника кеңінен қолданысқа
енгізілді. Осындай жедел өзгерістер заманында өмірлік маңызды
мәселелерде өзіндік көзқарасы, азаматтық ұстанымы бар, білімді
де білікті, басқа елдердегі замандастармен иығы тең тұратын жас

ұрпақ үшін 12-жылдық білім беруге көшу қажет болды». Бұл жерде
де менің дауласарым бар. 1969-74-жылдары Қазақ КСР-і Баспа,
полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік ко-
митетте қызмет істеп, «Мектеп» баспасының кураторы болған

едім. Қызмет бабына сәйкес мектеп оқулықтарын, бағдарлама-
ларын құрастыруға тікелей қатысқаным бар. Демек, бұл мәселе-
де де мені алдай қою қиын. Оқу бағдарламаларын онжылдыққа,
онбіржылдыққа, онекіжылдыққа, тіпті одан да көп мерзімге лайық-

тап, қайта құра беруге болады. Әңгіме тек олардың ең тиімдісі
қайсысы, соны анықтауда ғой. Оқу мерзімін он бес жылға ұзартып
та аталмыш бағдарламаны соған лайықты қайта құруға болады.
Бірақ одан жастардың білім деңгейі көтерілмейді, керісінше, зә-

резап болып, оқуға деген ынтасы, ықыласы жойылатыны ақиқат.
Мектептен кейін оқуын жалғастырып, мамандық алудан тіптен ат-
тонын ала қашатыны сөзсіз. Басқа зардабын былай қоя тұр.
Департамент директоры С.Есбосынова хатының мына тұсына

назар аударыңыз:
«10-сынып бітірген негізгі орта мектеп түлектері үшін одан әрі
оқуын жалғастыруға, мамандық алуға кең жол ашылады. Олар
кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждерде (30-40%),

жоғары техникалық мектептерде 10-15%), жалпы білім беретін
мектептердің, гимназиялардың, мектеп-интернаттарының 11-12
бейімдік оқыту сыныптарында (50-55%) өз оқуларын жалғастыра

алады. 12 жылдық аясында негізгі орта білімнен кейін оқытатын әртүрлі оқу орындары қызмет етеді. Олардың бағыт-бағдарлары, оқу бағдарламалары әр алуан. Алайда олардың бітірушілерінің бәріне өз бейімдері бойынша жоғары оқу орнына – университеттерге түсу үшін бірдей құқық берілген». Бұл цитатадан ұққанымыз онжылдықтан соң әртүрлі кәсіптік оқу орындарына түсіп, білім алуға болады екен. Бұл өте жақсы. Ал университеттерге түсу үшін 12-жылдықты бітіру міндет екен. Біздің жоғарыда айтқан күдіктеріміздің бәрі ең алдымен осы университетке оқуға түсіп, бірден жоғары білім алуға талпыныс жасайтындарға қатысты. Алты жаста мектеп табалдырығын аттаған бала оны уақытында бітірген күннің өзінде 18-ге толады. Тәжірибелі мұғалімдер біледі, жас балалардың даму деңгейі әртүрлі, сосын да кейбір ата-аналар балаларын тек жеті жасқа толғанда береді. Тіпті сегіз жаста беретіндер де ара-тұра табылады. Сөйтіп, мектепті 18-19 жаста бітіріп, университетке түссін. Оған бірден түсіп кете ала ма, әлде арада тағы бір-екі жыл, тіпті одан да көп уақытты өткізіп ала ма? Сонда есептеп қарасаңыз олар университетті негізінде 25-26 жаста бітіреді. Бұл деген жігіттердің ата сақалы аузына шыққан кез ғой. Қыздарды тіптен атап сұрама! Міне, сүрбойдақ, кәрі қыз дегендерің бүгінгіден де жаман болып қаптамай ма? Педагогикаға қатысы жоқ адамдар «бір-екі жылдың әрі-берісінің аса зияны жоқ» деуі мүмкін. Жоқ, ағайындар, педагог-психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша жас буынның даму, өсу, қалыптасу кезеңіндегі бір жылдық тежелістің өзі оның психикасына ауыр соққы болып тиюі мүмкін. Оқу мерзімін ұзартқаннан жастардың білім деңгейі көтерілмейді, егер олдардың шын мәнінде білімін жақсартамыз десек мектептердегі педагогикалық жұмыс сапасын көтеруіміз керек, мұғалімдер даярлау ісін жетілдіруді ойластыруымыз керек, мұғалімдерге жағдай жасап, олардың беделін өсіру, бүгінгі заманғы электрондық техникамен барша мектептерді толық қамтамасыз ету, әрі оларды оқыту ісінде тиімді пайдалану сияқтылармен шұғылдануымыз керек. ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «Егемен Қазақстан» газетіндегі жоғарыда біз атап өткен сұхбатының бір тұсында былай дейді: «Басын ашып алатын нәрсе, оқулықтың авторлары қарапайым адамдар емес. Шетінен ғалым, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессоры деген атақтары бар адамдар, тіпті араларында академик мәртебесіне ие тұлғалар да жүр. Сөйте тұрып, оқулық жазуға селқос қарау мәселесін мен кешіруге болмайды деп ойлаймын. Біз оқулық авторларына талай рет ескертулер жасадық. Ақыры 200-ден астам оқулықты тексергенімізде көптеген

кемшіліктер анықталды. 17 оқулық қолданыстан шығарылып,
100-ге жуығына өзгерістер енгізілді. Оқулық жазу жөніндегі тәжі-
рибеміздің аздығы да кемшілікке жол ашқан секілді».
Міне, министр мырза, сіз шұғылданатын мәселе қайда жатыр?

Ғылыми атақтардың неше алуанын жапсырып алған марғасқа-
лардың дұрыстап оқулық жазуға да шамасы келмейді. Олардың
көбісінің негізгі ғылыми еңбектерінің нарқы да осындай сын көтер-
мес дәрежеде екені баспасөзде үнемі әшкереленіп келеді. Жазған

еңбектері ауыз тұшытпайды, сөйте тұра ғылыми атақтарға қалай
қарқ болып жүр? Әрине, министр мырза, сіз өткендегіні түзете
алмассыз, бірақ келешекте мұндайлыққа тосқауыл қою сіздің ті-
келей міндетіңіз. Ол үшін мектептерде оқыту мерзімін ұзартудың

түкке қажеті жоқ, тек педагогикалық жұмыс сапасын көтеру керек,
әрбір ғылыми еңбектің дәрежесі бүгінгі талапқа сай болуын қада-
ғалау керек.
Қорытынды пікіріміз: бізге 12-жылдық оқу жүйесінің түкке қа-

жеті жоқ. Тіпті жоғарыда айтқанымыздай жастарымызға көп за-
лалын тигізген 11-жылдық оқу жүйесінің өзін жойып, кешегі Кеңес
дәуірінде әбден сыннан өткен және де өзін-өзі толық ақтаған
10-жылдық оқу жүйесін қайта қалпына келтірген жөн. Осы он-

жылдық жағдайында да балалар мектепке алты жасында барып,
оны он алты жасында бітіріп жатса нұр үстіне нұр. Осы жаста-
ақ олардың университеттерге, кәсіптік білім беретін колледждер-
ге түсуіне, еңбекке араласуына, отбасын құруына құқық берілуі

тиіс. Тап осы мәселеде педагог-психолог ғалымдар, медицина
мамандары, тәжірибелі ұстаздар, ауылдық жерлердегі көп бала-
лы ата-аналар өз пікірлерін ашық білдірсе жарар еді. Тіпті рес-
публика Президентінің өзі де онжылдық оқу жүйесін қолдап сөз

айтқан екен. Егер шетелдік ұйымдар оқу ісін халықаралық стан-
дартқа сай етіңдер деп, бізге әртүрлі деңгейде талап қойып жатса
бұл 12-жылдық оқу жүйесінің қазақ халқының менталитетіне сай
келмейтінін дипломатиялық жолмен оларға түсіндіру шарт. Ал өз

ішімізде мектепте дәріс беріп көрмеген адамдарды бұл мәселені
талқылауға қатыстырмаған жөн, олардың пікірін баспасөзде жа-
рияламау керек, әрі ондайларды республикалық, облыстық, ау-
дандық деңгейдегі білім беруге байланысты басқару аппаратта-

рына қызметке тағайындамау керек. Себебі, олар мектеп ісін біл-
мейді, ал білмеген адамның білгішсінгені үлкен қасіретке апарып
соқтырары шүбәсіз.
Айтқасын арыла айт деген ғой, бұған тағы бір мәселені қыстыр-

ғымыз келеді. Жоғарыда қазақ қыздарының тұрмысқа кеш шығуы,
жас жұбайлардың ішке бала бітер кезде арақ-шараппен әуесте-
нуі денсаулығы нашар, ақыл-есі кем балалардың дүниеге келуіне

себепкер екенін айттық қой. Мұның тағы бір себебі бар. Қазақта жеті атаға дейін, тіпті одан да әріге дейін қыз алып, қыз беріспейтін үрдіс болған ғой. Бұл өте дұрыс. Алайда, алыстағы ауылдық жерлерде, тіпті шағын қалаларда да жастар өзара қаншалық туыстық іліктестігі барын ескерместен, әрі ата-аналарымен ақылдаспай «сүйдім-күйдіммен» қосыла береді екен. Ата-аналары болған жайды көзімен көргесін амал жоқ, келісімін береді екен. «Қыз алысуға болмайтын жақындығымыз бар» дейтіндер өстіп құда-құдағиға айналады екен. Ең жаманы осы «сүйдім-күйдіммен» қосылған, өзара туыстығы бар жас жұбайлардан туған балалардың бәрі дерлік аурушаң, ақыл-есі түзік еместер. Сорлы ата-аналар осыны көріп-біле тұра істер шарасы жоқ. Әрине, мұндайлықтың алдын алу үшін мектеп мұғалімдерінің көмегі қажет. Жоғары сынып оқушыларына биологиялық заңдылық бойынша өзара туыс жұбайлардан кеміс бала туатынын, керісінше ері мен зайыбы рулық шежіре бойынша бір-бірінен неғұрлым алыс болса солғұрлым олардан денсаулығы жақсы, күшті бала туатынын түсіндіріп, олардың алдында дер шағында тиісті дәрежеде үгіт-насихат жұмысы жүргізілуі шарт. Бұл іске жергілікті дәрігерлердің де қатыстырылғаны жөн. Мектеп ісіне қатысты республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі басқару аппараттарының жауапты қызметкерлері сырттан тон пішпей, ауыл-ауылда жата-жастанып, тәжірибелі ұстаздар мен көп балалы ата-аналардың сөздеріне құлақтарының құрышын қандырса мұндай шешімі кезек күттірмес өткір проблемалардың барына көз жеткізер еді-ау, шіркін! Енді оқығансымақ, «бүйректен сирақ шығарушы» замандастарымыздың гуілдетіп жүрген үшінші мәселесіне келейік. Ол тілге, терминге байланысты. Тіл туралы сөзді «Ана тілі» газетінің 2007-жылғы 42-43-сандарында жарияланған ғалым Тәуекел Жаңақұловтың «Терминдегі псевдопатриотизм туралы» атты мақаласынан бастаған жөн-ау деймін. Бұл мақалада автор бұрын қазақ ішінде қолданыста болмаған халықаралық терминдерді жаппай қазақшалау ісін қатаң сынға алған, әрі халықаралық терминдердің қазақша баламасын қаншама сәтті таптық дегеніңмен екеуінің мағыналық салмағының теңбе-тең шықпасын ғылыми түрде дәлелдеген. Ең бастысы ойдағыдай, жеріне жеткізе дәлелдеген. Алайда, көп адамдар мұндай терең білгірлікпен жазылған мақаланы қолдаудың орнына шәлкес мінез көрсетіп, ғалым Тәуекел Жаңақұловқа қарсы дүрсе қоя берді. Сол «Ана тілі» газетінің бетінде (1-қараша, 2007 ж.) Т.Жаңақұловты қолдап, «Халықаралық терминдерді қазақшалауға тыйым салынсын» деген тақырыппен мен де кішкене пікір білдіріп едім, Т.Жаңақұлов екеумізді қосақтап қойып сынағандар

табылды. Біздің сынға етіміз үйренген адамдармыз ғой, бірақ сол сынаушылардың тұжырымдарынан ақылға сыйымды дәйек таба алмай қиналғанымызды қайтерсің? Жә, сынаушылар тұра тұрсын, ең алдымен Т.Жаңақұловтың газеттің екі санына жарияланған атылмыш мақаласын қолдаушылар сапына қарай бір сәт ат басын бұрайық. Олардың бірі – инженер-құрылысшы Санақ Құлжағаров. Оның «Бояушы бояушы» дегенге тырнағымызды боямайық» атты кішкене пікірі жоғарыдағы менің пікіріммен қосақтастырылып, «Ана тілінің» сол санына, тіпті сол бетіне беріліпті. Таңданарлығы сол – бұл С.Құлжағаров өзі инженер-құрылысшы бола тұра мұның тіл туралы пайымдаулары біздегі кейбір аққаптал тіл мамандарының пайымдауларынан асып түсіпті. Нағыз білгірлік деп осыны айтар болар. Кәне, жай тамсанғаннан гөрі осы инженер-құрылысшының кішкене пікірінен кішкене цитата келтірейік: «Біз де алғашқы қарсаңда сөз, атау біткенге қазақша тон-тымақ кигізбек болғанбыз. Егемен атанып, мәре-сәре боп жатқан ілгергі уақытта мұның өрескелдігі онша байқала да қоймаған. Қазір олпы-солпысы одырайып көрініп тұратын болды. Себебі, Тәуекел ағамыз талдап берген тілдегі жалған патриоттық жалпы үдеріске айнала бастады. Осы істі реттеуші, үйлестіруші ғана емес, қадағалаушы болуы тиіс. Мемлекеттік терминологиялық комиссия екі-үш айда бір жиналып, жаңадан термин бекітіп, тарап кетеді. Естуімше, шетелде жаңадан еніп жатқан сөз-аталымдарды қадағалап, тозаңын сілкіп, қолданысқа ұсынып отыратын мемлекеттік орган бар екен. Соның арқасында, жоғары технологияға байланысты күніге әлденеше сөз енетін ағылшын тілі сөздік қоры жағынан дүниежүзіндегі ең бай тілге (12 мың сөз) айналып шыға келді. Ал біздегі Мемтерминком өзі бекіткен «кредит» аталымын кең қолданысқа сала алмай пұшайман. Термин мәнін білмейтін қазақ пайыздық өсімді білдірмейтін «несие» сөзін «кредит» атауы орнына пайдаланып жүр. Кез келген сөзді осылайша төпеп аудара берудің зардабын тартқан біздегі француз елшілігінің мәдени атташесі (ұмытпасам, аты-жөні Клод Круай не Круайя) біраз жыл бұрын теледидардан мұның теріс көзқарас екендігін айтқаны есімізде». Байқаңызшы, осы кішкентай абзацта біздегі «псевдопатриотизм» дегеннің неден басталғаны, жоғары технологияға байланысты ағылшын тілінің күннен-күнге байып жатқаны өте дәл айтылған. Бұдан әрі жоғары технология тек ағылшын тілді елдерде ғана емес, неміс, француз, итальян, жапон, испан сияқты басқа тілді елдерде де жасалады, тек ол технологияны ағылшындар өздеріне енгізгенде оның ағылшынша баламасын іздеп әуреленбейді, оны сол атауымен қабылдайтынын ұғамыз. Ағылшын тілінің байи түсетіні де содан. Сонда ағылшын патриоттарының

деңгейі біздің қазақ патриоттарының деңгейінен төмен болғаны
ғой, шамасы! О, құдайым, өзің сақтай көр!
С.Құлжағаров пікірінен біз келтірген цитатаның соңғы жағын-
да «кредит» орнына пайдаланылып жүрген «несие» сөзінің оған

тең балама бола алмайтыны айтылған. Міне, осындай мысал-
дарды қаншама келтіргенімізбен аққаптал және аққаптал емес
жас тіл мамандарының, кейбір журналист-жазушылардың соған
көзін жеткізе алмай келеміз. Бұлай күйінетінім, тап осы тақырыпта

баспасөз бетінде мен де бұрын арнайы мақала жариялаған едім.
Ол мақалам 2006-жылы Алматыдағы «Қайнар» баспасы арқылы
жарыққа шыққан «Ғарыш әні» атты кітабыма да (348-357 беттер)
кірген болатын. Амал жоқ, бұл тақырыпқа осымен үшінші мәрте

қайта оралуға тура келді.
Хош, енді «Терминдегі псевдопатриотизм туралы» атты мақала
авторы Тәуекел Жаңақұловқа қарсы шоқпар ала жүгірген автор-
лардан бірер мысал келтірейік. Жоғарыда аталған С.Құлжағаров

екеуміздің кішкене пікірлеріміз жарияланған «Ана тілі» газетінің
сол санында, сол бетінде филология ғылымдарының кандидаты
Бейбіт Жәлелұлының «Сөздің бәрі термин емес» деген қысқаша
мақаласы беріліпті. Әділет үшін одан да бір цитата келтірейік.

Философияда өз қарсыласыңды сол өз қарсыласыңның тұжы-
рымдарын теріске шығару арқылы да жеңуге болады дегенге ұқ-
сас қағида бар. Біздің мақсатымыз біреуді жеңу емес, оның дұ-
рыстыққа көзін жеткізу.

«Өйткені, адамға бөтен тілден гөрі өз тілі әлдеқайда түсінікті,
жетімді болған соң, ең әуелі өз ана тілі немесе ана тіліндей боп
кеткен басқа тіл арқылы дүниені оңай танып-біледі. Бірақ сол
тілде ғылым тілі қалыптаспаса ше, сіздің қолыңызға алған тер-

минологиялық қазақша сөздігіңіз: «апофиз  – апофиз, адсорба-
ция – адсорбация, бутирол – бутирол, бюретка – бюретка, гидро-
лиз – гидролиз, ингредиент – ингредиент, корригент – корригент»
деп сөйлеп тұрса, ал қазақша ғылыми еңбегіңіз: «Апофиз абсор-

бацияланып, бутирал мен бюреткаға гидролизденіп ингредиент-
теледі және корриген түзеді» деп тұрса, не түсінер едіңіз? Осы
ма халықаралық терминдермен тіліміздің байығаны, көркейгені?
Жалпы сөз немесе термин сөз дегеніміз не? Дүниежүзінің даныш-

пан ғалымдарының айтуынша, ол – айналып келгенде, ұғым мен
мағынаның шартты атауы, басқаша айтсақ, ұғым мен мағына –
зат десек, сөз – сол зат салынған ыдыс».
Айналайын, інім Бейбіт Жәлелұлы, осындағы «Өйткені» де-

ген сөзден басталатын алғашқы сөйлеміңіз түсінікті, бірақ ол сіз
сияқты ғылым адамының аузынан шығатын сөз емес. Ал екінші
сөйлеміңіздегі «сол тілде ғылым тілі қалыптаспаса ше» деген

тіркесіңіз өте даулы. Ал егер «ғылым тілі» деп, халықаралық терминдерді жаппай қазақшалауды атасаңыз ол мүлде дұрыс емес. Осы цитатадағы «Апофиз» деген сөзден басталатын сөйлемді келтіріп, мұны кім түсіне алады деп дал боласыз. Мүмкін сіз бен біз сияқты филологтар түсінбес, ал физика, химия мамандары неге түсінбейді? Жарайды, сіздің емеурініңіз белгілі. Бейбіт інім, сіз ғылым адамысыз ғой, ғылым дегенің тәжірибе арқылы жасалады. Енді сіз де бір тәжірибе жасаңыз. Осы сөйлемдегі барлық терминдерді қазақшалаңыз да сөйлемді сөйтіп қазақша құрыңыз. Сонда сол өзіңіз құрған қазақша сөйлемнен өзіңіз не түсінер едіңіз? Әрине, түгіне түсіне алмайсыз, сіз не, қандай да бір халықаралық не ғылыми терминді қазақшалай салса ол барша қауымға түсінікті болып шыға келеді деп ойлайсыз ба? Егер олай ойласаңыз, филология ғылымдарының кандидаты атанғаныңызбен шын мәнінде ғылымға бойламаған адам екендігіңіз айқындалады. Жоғарыда сіз келтіргендей терминдер ғылымның барлық салалары бойынша бар, әрі жылма-жыл әлемдік ғылым дамыған сайын толығып келе жатқан нәрсе. Егер олардың бәрін қазақтың жалпақ тіліне салып, шатты-бұтты етіп, тәржімалай берсек түпнұсқасын бір, оның қазақша баламасын бір есте сақтаймыз деп, жас мамандарымыздың тумай жатып шашы ағарып кетпей ме? Сөйтіп, олар үшін ғылымға барар жолды біржола жаппаймыз ба? Әрі аталмыш цитатадағы «ұғым мен мағына  – зат десек, сөз сол зат салынған ыдыс» деуіңізде адамның күлкісін келтіретін өрескел қателіктер бар. Қашаннан бері «ұғым» мен «мағына» зат атанып еді? Ал «сөз – сол зат салынған ыдыс» деуіңізден кейбір оқырманның ішегі түйіліп өлетін шығар. Бейбіт Жәлелұлы інім, бұл сөзді сізге ғана емес, халықаралық терминдерді қазақшалауға шақырған барша кеудемсоқ қандастарымызға да арнап айтып отырмыз. «Ана тілі» газетінің 2008-жылғы 17-шілде күнгі 29-санында ҚР Мемлекеттік Терминология комиссиясының мүшесі Байынқол Қалиұлының «Қол көтере алмайтын шоқпар немесе Жаңақұловтың термин төңірегіндегі «жаңалықтары» атты көлемді мақаласы жарияланды. Тақырыбынан да көрініп тұрғандай бұл да сол Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Тәуекел Жаңақұловтың жоғарыда біз атаған мақаласына қарсы жазылған дүние. Бұл да терминдерді қазақшалай түсуді жақтап, Жаңақұловты өлгенше жазғырған. Жай жазғырып қоймай, оның намысына тиетін сөздерді айтады. Мысалы, «Жаңақұлов өзінің арам ойын біреудің тасасына тығылып тұрып жүзеге асыруды баяғыдан-ақ меңгеріп алған тәрізді», – деп жазғанын қалай түсінеміз? Байынқол Қалиұлы інім, осындағы «арам» деген сөз

сіздің мәдениетіңіздің төмен екендігін көрсетпей ме? Ал мәде-
ниетсіздік жүрген жерде білімсіздіктің қоса жүретіні бесенеден
белгілі. Және де Т.Жаңақұлов өз пікірін біреудің тасасында тұрып
білдірген жоқ, «Ана тілі» газетінде ешкімнің бет-жүзіне қарамай,

өз тұжырымдарын нақтылы мысалдар арқылы жеріне жеткізе дә-
лелдеп, ашық айтты емес пе?
Байынқол Қалиұлы інім, сіз мақалаңыздың бірнеше жерінде
Т.Жаңақұловты өтірікші атайсыз. Ал мына жазбаңызды мұқият

оқыған адам ең алдымен сіздің өзіңіздің өтірікті судай сапыраты-
ныңызды аңғарады. Кәне, мысал келтірейік: «Т.Жаңақұлов өзінің
жаңсақ пікірлерін шындай ғып айтып қана қоймайды екен, соны-
мен бірге, ол арасына өтірікті де қосып жібереді екен. Мысалы, ол

былай деп жазады: «Миграция термині 3-4 мағынаны қамтиды: 1) адамдардың, 2) жануарлардың, 3) геологиялық элементтердің,

судың, желдің, 4) капиталдың және т.б. Ал біз болсақ, осыншама
ауқымы кең терминнің аясын тарылтып, адамдардың орын ауыс-
тырып көшуіне ғана қолданып отырмыз», – дейді.
Жаңақұлов орыс тілін, сөз мағыналарын С.Ожеговтан артық

білмейтін шығар. Біз С.Ожегов сөздігіне қарап едік, онда миг-
рация сөзінің «переселение, перемещение» деген бір-ақ мағы-
насын беріпті (1990, 353). Сонда Т.Жаңақұлов мырза жоғарғы
мағыналарды қайдан алып отыр?». Мына пайымдауларыңызға

күлеміз бе, жылаймыз ба? С.Ожегов «миграция» деген терминді
бір ғана құбылысқа пайдаланыңдар деп, бізге нұсқау беріп кетіп
пе? С.Ожегов қаншама ұлы ғалым болғанмен мұндай терминдер
оның жекеменшік дүниесіне жатпайды. Ол халықтың дүниесі.

Халық оны қалай пайдаланса да өз еркінде. Әрі «миграция» де-
ген термин адамдардың көші-қонына ғана емес, басқа да табиғи
құбылыстарға байланысты баяғыдан бері пайдаланылып келеді
емес пе? Келешекте ғылымның дамуына орай бұл терминнің

пайдаланылу аясы бүгінгіден де кеңейе түсуі ықтимал. Мысалы,
С.Ожеговтің сөздігінде «революция» деген сөз қоғамдық-саяси
қатынаста, өмірдің, ғылымның, өндірістің кей салаларында бола-
тын түбегейлі өзгерісті бейнелейді деген анықтама беріліпті. Ал

«революция» дегенің осы аталғандарда ғана емес, адамның ішкі
жан дүниесінде де болатын құбылыс. Оны солай деп айту үшін
менің Ожегов Сергей Ивановичтен рұқсат сұрап әкелуім керек пе
екен?

Байынқол Қалиұлы, сіз не айтып отырсыз, өз сөзіңіздің байы-
бына баруға дәрменіңіз жете ме? Т.Жаңақұловтың өте дұрыс ай-
тылған пікірлерін теріске шығарып, ғайбаттап, абырой табамын
деп дәмеленесіз бе? Жоқ, абырой таппайсыз. Ғылыми термин

қай елде, қай ғалымның лабораториясында дүниеге келсе сол

қалпында басқа тілдерге көшірілуі керек. Ағылшыншаға да, немісшеге де, орысшаға да, қазақшаға да. Себебі, ол терминнің дәлмедәл аудармасын табу мүмкін емес. Тіпті оны іздеп жатудың өзі күлкілі нәрсе. «Қолың көтере алмас шоқпарды беліңе байлама» дегенді сондайда айтқан жөн. Себебі, жоқты іздеген адамның оны тапқанын кім көріпті? Өз тарапымыздан да бір мысал келтірейік. Қазақта «кәсіп» деген сөз бар. Осы бір сөз тап қазіргі таңда неше мағынада пайдаланылып жүр, ойланыңыздаршы: бизнес  – кәсіп, бизнесмен – кәсіпкер, профессиональный – кәсіби, профессия – кәсіп, промысел  – кәсіп. Бұл жерде «кәсіп» деген сөздің «бизнестің» толық мағынасын бере алмасын дәлелдеп жатудың өзі артық. Әрі бір сөзді онда-мұнда жұлқып, бәріне жапсыра бергеннен не ұтамыз? Ал осындағы «профессия» сөзімен түбірлес «профессор» сөзін неге сол күйінде алып жүрміз? Мүмкін оған да «кәсіп» деген сөзге «жұрнақ» пен «жалғаулардың» бірін жалғап, қазақша балама табармыз. Себебі, терминдерді қазақшалауды жақтап жүргендердің көбісінің «профессор» атағы бар. Ә, бұл сөзді қазақшаласақ ол бұрынғыдай құлаққа жағымды, әрі сұсты көрінбейді екен ғой. Дегенмен, «профессор» атағы барлардың көбісі өз бедел-абыройын сақтаудың амалын біледі, ал басқа сөздерді шатты-бұтты етіп, қазақшалай беруді ұсынады. Т.Жаңақұловты жақтаушы жалғыз біз емес, сол «Ана тілі» газетінің өзінде, басқа да басылымдарда көптеген адамдар халықаралық терминдерді басқа елдер сияқты қазақтардың да сол күйінде алуын құптап пікір білдірді. Әрі Санақ Құлжағаров атаған француз елшілігінің атташесі ғана емес, теледидардан басқа да көптеген қайраткерлер, іс адамдары бизнес, музей, абитурент, архив, аргумент, глобальный, цивилизация, процент, претендент, ресторан, аптека, тағы басқа терминдердің зорлықтың күшімен қазақшалануы салдарынан өздерінің әртүрлі қиындықтарға ұшырауда екенін ашына айтты. Және қазақшалағанда қайбір оңдырып қазақшалап жатыр дейсің. Мысалы, Алматы қаласының көшелерін кезіп, кулинария, юрисконсульт, тағы басқа тұрмыстық мекемелер атауларының қалай қазақшаланғанын көрсеңіз орыстың Михаил Жванецкиі мен қазақтың Оспанхан Әубәкіровінің түкке керегі жоқ, оларсыз-ақ ішек-сілең қатып, күлкіге кенелесің. Ал «Заң» газетінде (№102, 9.VІІ.08 ж.) филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы осы терминдер жөніндегі мақаласында кей жерлерде «генерал-майор» деген сөздің «қыран», «капитанның» «қаршыға» болып аударылғанын келтіреді. Ал күлмей көр!... Мұндай сорақылықтардың біразын бұрынғы мақалаларымызда да атап өткеміз. Жоқ, ағайындар, терең ойланайық, ақылға келейік! Сау басқа сақина тілеп, бүйректен сирақ шығарып, онсыз да

көресіні көп көрген халқымыздың басын шатпайық! Бұл мәселеде біздің қорытынды пікіріміз: Тәуекел Жаңақұловтың «Терминдегі псевдопатриотизм туралы» мақаласы ең дұрыс бағдарда жазылған еңбек ретінде негізге алынсын! Бұрын да айтқанымыздай халықаралық терминдерді қазақшалауға үкіметтік деңгейде тыйым салынсын! Тек таза орыс тілінен ауысқан сөздер болса, онда да олардың ең дұрыс, сәтті баламалары табылған жағдайда ғана қазақшалайық. Бүгінде цивилизациялы елдерде ғылым дегенің қиял екеш қиялдан да озып кетті. Сондай жағдайда латын алфавитіне көшеміз деп, мектептерде оқу мерзімін ұзартамыз деп, халықаралық терминдердің жарық дүниеде жоқ баламаларын іздейміз деп, жас ұрпаққа «а» мен «б» -ны қайта үйретіп, малтасын ездіріп қойсақ не болғаны? Ұшпаққа шығамыз ба? Жоқ, ұшпаққа шықпаймыз! Осындай «жаңашылдықты» ұсынушылар кімдер? Олардың көбісі ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтқандай, ғылыми атақтары дардай болғанмен дұрыстап оқулық жаза алмайтын, білімі таяз, қабілеті шамалы ғалымсымақтар. Бұлардың сыртында солар құралпылас журналистсымақтар, жазушысымақтар да бар. Олар өздерінің жазған негізгі еңбектерінің көк тиындық құны жоқтығын іштей сезіп, қалай да бедел, абырой жағын мықтап алу үшін осындай ұсыныстар жасап, көзге көрінуге құлшынады, шамасы. Бұлардың қылығына қарасаң бұрынғының «жалаңтөстері» қару ұстап, жауға қарсы шапса бүгінгінің «жалаңтөстері» өздерінің қабілетсіздігімен, білімсіздігімен, өз мұрнынан арғыны көре алмастығымен өз халқына қарсы шабатындай әсерде қаласың. Жоқ, ағайындар, қандастар, туыстар, өз халқымыздың тағдырымен ойнамайық. Айтылған сөз ауыздан шыққан жел есебінде қалмасын, сабыр сақтап, осы мақалада тізілген жайларға мұқият көңіл қойыңыздар! Ойымызға дұрыс ой қоссаңыздар тіпті тамаша! Қыруар шаруамызды шетке ысырып тастап, бұл мақаланы бедел, абыройдан бір қарпып қалу үшін жазғамыз жоқ, жүрегімізді сыздатқан ойлар, пайымдаулар, уайымдар күндіз-түні мазалап, қолға күштеп қалам алдырды. Ұғатын адам мұны дұрыс ұғар деп үміттенемін. 25-желтоқсан, 2008 жыл

ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫНЫҢ БІР ЖАҚ

ҚАБЫРҒАСЫНДАЙ

Шериаздан Елеукеновті өткен ғасырдың алпысыншы жылы,
яғни, өзім Қазақ мемлекеттік университетінің филология фа-
культетіне оқуға түскен жылы алғаш рет көрдім. Біз оқыған осы
факультеттің қазақ тілі және әдебиеті бөлімінде емес, мұнымен

егіздің сыңарындай журналистика бөлімінде дәріс беріп жүрді.
Көп ұзамай өзіне де, есіміне де қанықтым. Бұрын Үкімет үйі ор-
наласып, кейін Қазақ университетінің орталық ғимаратына айнал-
ған, қазіргі Бөгенбай батыр, Панфилов көшелері қиылысқан тұс-

тағы бітім-пошымы, архитектурасы алабөтен үйдің коридорында
қолтығында папкасы бар, орта бойлы, жолындағы көп ешкімге бұ-
рылып қарамайтын, қозғалысы ширақ, тіпті үнемі асығып-аптығып
жүретін жас мұғалім бейнесі тап өзіме лекция оқымаса да жақсы

жадымда қалыпты. Мұның өз жөні бар, ол кезде біз парақтамай-
тын газет-журнал болушы ма еді, міне, солардың ара-арасында
сын мақала, рецензия, очерк, фельетон, публицистика, тағы бас-
қалардың авторы ретінде Шериаздан Елеукеновтің аты-жөні де

көзімізге түсуші еді. Әрі сол университеттің өзінде шығарылатын
«Қазақ университеті» көптиражды газетінің де жауапты редакто-
ры болатын. Кейінірек ол оқытушылық жұмыстан қол үзбей өзінің
саяси, әдеби сауатын жетілдіре түсті, әрі ғылыми жұмыспен ай-

налысты, соның нәтижесінде «Қазақ романы және қазіргі заман»
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл диссер-
тация сол кезеңдегі ең таңдаулы ғылыми жұмыстардың бірі са-
налғанына өзіміз куәміз. Себебі, бұл еңбектің көптеген тараулары

алдын ала баспасөз бетінде жарияланып, қалың оқырман тара-
пынан өзінің тиісті бағасын алып жатты. Себебі, роман жанры
ең қиын, әрі аса күрделі жанр болғандықтан нақтылы жекелеген
туындылар негізінде оның қыр-сырына үңгу асқан еңбеккерлікті,

ыждаһаттылықты, дайындықты керек етеді. Міне, Ш.Елеукенов
осы сынақтардан сүрінбей өтіп, әдебиет зерттеушісі, әрі сыншы-
сы ретінде филология ғылымының алғашқы сатысына зор абы-
роймен көтерілді.

Алайда, Ш.Елеукенов саяси, әкімшілік жұмыстармен айналы-
суды ешқашан тоқтатқан емес, Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінде аса жауапты жұмыстар атқарды, он бес жыл бойы
Қазақ КСР Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетті басқар-

ды, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының директорлығына да таға-
йындалды. Соңғы жылдары жасының ұлғайғанына қарамастан
осы М.О.Әуезов институтында бөлім меңгерушісі, бас ғылыми

қызметкер ретінде еңбек етіп келеді. Мұның сыртында қаншалықты қоғамдық жұмыстармен айналысты, оның бәрін санап тауысудың өзі қиын. Солардың ішіндегі ең көрнектілерін ғана атасақ, Ш.Елеукенов Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі, депутат, республикалық Жазушылар және Журналистер одақтарының басқарма мүшесі, Шетелдермен байланыс жөніндегі қазақ қоғамы басқармасының мүшесі, ГДР-мен достықтың Кеңес қоғамы қазақ бөлімінің төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссия мүшесі, тағысын тағылар. Былай қарасақ, бұл кісінің ғылыми жұмыспен, әдебиетпен айналысуға көп уақыты да болмаған сияқты. Сөйте тұра өзіндегі еңбеккерліктің арқасында қос тізгінді қатар ұстауға дәрмені жеткенін сүйсіне айтамыз. Жоғарыда аталған Қазақ КСР Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте тағдыр жазуымен осы жолдардың авторы да біраз жыл қызмет атқарып, Ш.Елеукеновті тіптен жақыннан бақылау мүмкіндігіне ие болған еді. Біздің мақаламыздың тақырыбы Ш.Елеукеновтің саяси-қоғамдық қайраткер ретіндегі еңбегі емес, әдебиет ғылымы, сыны саласындағы еңбегі еді ғой. Сөйте тұра сол Баспа комитетінде төрағалық еткендегі бірер ерекше есте қаларлық істерін айналып өте алмадық. Сол жылдарда кітап қалашығының салынуы, екі корпусты 500 орындық жастар жатақханасының бой көтеруі, Баспагерлер үйінде компьютерлік жүйенің енгізіле бастауы, Республикалық кітап музейінің, жаңа кітап баспаларының ашылуы Ш.Елеукеновтің тікелей араласуы, тіпті жар құлағы жастыққа тимей мазасызданып, басшылық жұмысты барынша пәрменді етуі нәтижесінде жүзеге асқан шаралар екендігіне мен өз басымды куәлікке тартамын. Жә, бұл мәселенің бір жағы ғана. Сол жылдарда кітап баспаларының, әсіресе, «Жазушы», «Жалын» баспаларының жылма-жылғы тақырыптық жоспарларына енгізілетін қолжазбалардың неғұрлым әділ іріктелуі, сұрыпталуы ең үлкен дау-дамай, талас-тартыс тудыратын жағдай еді. Әсіресе, осы аталмыш баспаларда біренсаран болса да майға сұққан қасықтай жылпос, таза әдебиет мүддесінен гөрі қара басының қамын көбірек ойлайтын немесе көркем әдебиет туралы түсінігі жоққа тән кейбіреулердің жауапты қызмет атқаруы мәселені қиындатпай қайтсін. Соның салдарынан оқтын-оқтын аса ірі көлемде әділетсіздіктерге жол берілгені де ақиқат. Міне, Ш.Елеукенов осы тектес әділетсіздіктерге тойтарыс беруге бел шеше кірісті. Ол да нәтижесіз болған жоқ. Көптеген алақолдылар тиісті жазасын алды. Ш.Елеукеновтің бұл тектес ісәрекеттері жөніндегі сөзді соза беруге болады. Бірақ біз өзіміздің негізгі тақырыбымызға қайта оралайық. Иә, бұл кісінің әдебиет зерттеушісі, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист ретіндегі еңбегіне ат басын бұрайық. Бұл тарапта

әңгіме өрбіту үшін ең алдымен оның қаншалықты ауқымды екенін оқырман қауымның елестете алуы үшін анау-мынау ұсақ-түйектерді есепке алмай, кітап баспалары арқылы жарыққа шығарған ең көлемді туындыларының тізімін келтірейік. Шыққан жылдарының ретімен алсақ ол былай түзіледі: 1) «Замандас парасаты», қазақ әдебиеті: социалистік реализм мәселелері, (Алматы, «Жазушы» баспасы, 1977 ж.) 2) «От фольклора до романа-эпопеи», идейно-эстетическое и жанровое своеобразие казахского романа (монография), (Алматы изд-во «Жазушы», 1987 г.) 3) «Жаңа жолдан» («С новой строки»), әдеби портреттер, зерттеулер, (Алматы. «Жазушы» баспасы, 1989 ж.) 4) «Мағжан» өмірі мен шығармагерлігі,(«Санат» баспасы, 1995 ж.) 5) «Әдебиет және ұлт тағдыры»,(Алматы, «Жалын» баспасы, 1997 ж.) 6) «Сұлулыққа іңкәрлік», толғау-эссе, хикая, әңгіме, очерк, пьесалар, әдеби сын-зерттеулер,( Алматы, «Білім» баспасы, 1999 ж.) 7) «Әттең, дүние», роман, эсселер, әңгімелер,(Алматы, «Фолиант» баспасы, 2002 ж.) 8) «Ғасырмен сырласу», (Астана, «Елорда» баспасы, 2004 ж.) 9) «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде», (1991–2001 жылдар, Алматы, «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы, 2006 ж.) 10) «Казахская литература: новое прочтение 11) «Тәуелсіздік биігінен», зерттеу, эссе, әңгіме, (Алматы, ТОО ИПК «Алатау», 2007 г.маты, «Арда» баспасы, 2007 ж.) Жоғарыда айтқанымыздай өмір бойы аса жауапты басшылық қызметтер атқарған, әрі ұстаздық еткен адамның қаламынан әрқайсысы шамамен жиырма баспа табақтық осыншама дүниелер туды дегенге бір жайдан сенгің де келмейтіндей. Бірақ бұл шындық. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын шындық. Ал енді осы басылымдарға енген негізгі зерттеулер, сыни мақалалар, көркем шығармалар, естеліктер, эсселер арқылы Шериаздан Елеукенов шығармашылығының біраз қырларына ой жүгіртейік. Жоғарыда келтірілген тізімнің ең басындағы «Замандас парасаты» атты кітап шыққан жылынан да білінетіндей кешегі Кеңес дәуірінің ең бір өрлеп тұрған шағында жазылған ғой. Сөйте тұра қазақ елі тәуелсіздік алған бүгінгі күнде қалыптасып үлгерген көзқараспен оқығанның өзінде де одан Ш. Елеукеновтің тар қауызға симайтын бұла талант екенін танимыз. Рас, кітаптың басқа

бөлігінде сол заманда үстемдік алған социалистік реализм әдісі
хақында біраз толғаулар орын алған. Көптеген шығармаларға сол
аталмыш әдіс тұрғысынан талдау жасалған. Бірақ оның қыспа-
ғында біржола байланып қалмай ара-тұра батыл пікірлерге ба-

рып, өзінің ой айту көкжиегін біраз кеңейте алған. Соның жарқын
мысалы ретінде осы кітаптың екінші бөліміне кірген «Тарих және
көркем шындық» атты аса көлемді мақаланы атар едік. Мұнда
автор ең алдымен шетелдік біраз тарихи шығармаларда қалып-

тасқан үрдістерге шолу жасай келіп, сосын ол кезде бізбен отан-
дас саналған орыс қаламгерлерінің осы бағдардағы еңбектеріне
тоқталады. Әсіресе, сол елдерде сол тарихи шығармалар қалай,
қандай көзқараспен бағаланды, міне, осы жағына мықтап назар

аударады. Себебі, мұның біздің қазақ әдебиеті үшін де принципті
маңызы зор екенін білеміз ғой. Оны Елеукенов те терең дәлел-
деп, әрі соған байланысты ой-пікірлерін сап-сабымен төкпелейді.
Бұл ретте әдебиетші-ғалым ең алдымен М. Әуезовтің «Абай

жолы», С.Мұқановтың «Ботагөз», «Өмір мектептері», «Аққан жұл-
дыз», Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Ғ. Мұстафиннің «Көз көр-
ген», З.Шашкиннің «Тоқаш Бокин», Х.Есенжановтың «Ақ Жайық»,
І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» атты романдары-

на үңіліп, өз ойларын солардың негізінде өрбітеді.
Әдебиет тарихынан білетініміздей өткен ғасырдағы қырқыншы
жылдардың басында алғашқы кітабы жарық көрген М.Әуезовтің
«Абай жолы» романындағы еуропалық классикалық әдебиет дең-

гейіндегі аса биік көркемдік жетістікті көре-біле тұра оған осқы-
рына қараған бірқатар әдебиетші-ғалымдардың, жазушылардың
қам-қарекеті жайында автор сыпайылап болса да шолу жасайды.
Қандай шығарманы тарихи шығармаға жатқызуға болады, та-

рихи шығармалардың негізгі ерекшеліктері қандай деген сауал-
дарға жауап бере келе осы ұлы туындының қазақ топырағында
туу жағдайын аз сөзбен-ақ жеткізе бейнелейді. С.Мұқановтың,
Ғ.Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, З. Шашкиннің, Х. Есенжановтың

жоғарыда аталған шығармаларына да сондай тұрғыдан талдау
жасайды. Ал қазақ әдебиетінде ең толғағы қатты болған тарихи
шығармалардың бірі сөз жоқ Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»
трилогиясы еді. Сосын да Ш.Елеукенов өз мақаласында бұл дү-

ниеге көбірек орын берген. Әлі есімізде, «Көшпенділер» баспа
бетін көргеннен соң мынау шектен тыс тарихшылдық қой, тарихи
шындық пен көркемдік шындықтың ара жігі қандай болуы керек де-
ген сияқты мәселелер төңірегінде айқай-шулы мақалалар бірінен

соң бірі жамырады. Олардың көбісінде бір-біріне кереғар пікірлер
аяқ алып жүргізбейтін. Міне, осылардың бәрін електен өткізген-
дей саралай келе Ш.Елеукенов өзінше ой түйеді. Ең алдымен бұл

кереғарлықтың түп-төркіні қайда жатқанына оқырман назарын аударады. Өткен заманды көрсетуде көбіне біржақтылықтың белең алғанын, қазақ жұртшылығының сондайлыққа бойы үйреніп қалғанын, сосын да кейбір тосыннан ашық та батыл айтылған жайларға сенімсіздік білдіру қарапайым адам табиғатының реакциясы екенін ескертеді. Бұл кешегі Кеңес дәуірінде жазылған мақала болса да сол дәуірдің үрдісіне пәлендей қамшы сілтемей-ақ қазақ халқының ұлттық мүдделерінің қандай талап-тілектер қойып отырғанын сыналай, сыпайылай жеткізеді. Біле білгенге бұл да оңай шаруа емес. Себебі, «Көшпенділер» трилогиясы «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш бөліктен тұратыны белгілі. Осы үштікте қазақ тарихының неше ғасырлық тарихы қамтылған десеңші. Анау Бірінші Әбілхайыр мен бергі Кенесары Қасымов қозғалысына дейінгі аралық кезең-кезеңімен оқырманның көз алдынан өтеді. Ал соңғы үш ғасырда Ресей империясының қол астында болғандықтан не айтсақ та сол империяның да мүддесін ұмытпауға мәжбүр болдық. Міне, Ш.Елеукенов І.Есенберлин трилогиясын талдау үстінде жазушының өткір ұстараның жүзінде отырғандай қалпын, сөйте тұра көп жайда ашып-айыра жазуға ниет еткенін, ол ниетінің қаншалықты жүзеге асқанын кәнігі ғалым ретінде ашып-айырады. Кәне, Ш.Елеукеновтің аталмыш мақаласынан алынған мына цитатаға оқушы қауым өзі ой жүгіртсінші: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи трилогиясы төңірегіндегі айтыстар бүгінгі күні біздің бәріміздің де, тіпті, сонау ХV ғасыр сияқты алыс замандардың, қазақтар өздерінің дербес хандығын құрған кезеңнің тартыс-таласы мен күресіне де селсоқ қарай алмайтынымызды тағы да көрсетіп отыр. І.Есенберлин қазақ ұлтының қалыптасу шағын зерттей отырып, күрделі де айрықша жауапты проблема қозғаған. Әдебиетті белгілі бір мағынада халықтың өзін-өзі тануына септесетін нәрсе деп те қарауға болады. Жеке бір адамдардың өз қызметінің мәнін түсінген соң белді-беделді тұлғаға айналатыны сияқты, ұлттар да бүкіл адамзаттың әлемдік мәдениеті құрамында өзін-өзі нығайтуы арқылы қанатын қомдап самғайды. Бұрынғы патшалық Россияның әбден езілген, қорланған, қаналған халықтары, соның ішінде қазақтар да социализм тұсында толық еркіндік алып, бұған дейін алдыңғы қатарлы ұлттар шешіп келген көптеген міндеттерді енді бүгін өздері де кәміл атқара алатынын көрсетті. Осының бәрін таныпбілудің нәтижесінде бұған дейін болмаған ынта-жігер, энтузиазм, өз күшіне деген сенім туды. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың өзін-өзі тануы айқын көзге түсті! Міне, І.Есенберлиннің тарихи романдары нақ осындай

жағдайда дүниеге келді. Бұлар қазақ халқының мүмкіндіктері-
не шәк келтірушілерге қарсылықтан туған реакция нәтижесі еді.
Және бұл әзір кешіге де қоймаған реакция болатын. «Тарихи және
тарихи емес» ұлттар кейбір елдер мен халықтардың «артықшы-

лығы» жайындағы мифтердің күл боп көкке ұшқаны баяғыда-ақ.
Осы күні бұл жалған мифті империалистік, һәм ревизионистік
экстремистер әлдеқандай қылып, төбесіне көтеріп жүр. Бүгінгі қа-
зақ әдебиетіндегі тарихи романдар да осы тектес «теорияларды»

жоққа шығара отырып тарихты суреттеуде.
Ұлттық «тегі» белгілі бола тұра «Көшпенділерде» кімнің ханы
күштірек, кімнің тауы биігірек, кімнің әдет-ғұрпы жақсырақ деген
сұраулар төңірегінде сәуегейлеу атымен жоқ. Романның мақса-

ты бұдан мүлдем басқаша. «Біздің де өзгелермен тереземіз тең,
бұған куә – тарихымыз», – міне, І.Есенберлин шығармаларының
айтпағы осы. (106-107-беттер).
Бұл жолдардан І.Есенберлин шығармасының ерекшелік-

тері ғана емес, Ш.Елеукеновтің өзіне ғана тән қалам сілтесі, әрі
әдебиетші-ғалым ретіндегі қарымдылығы айқын аңғарылады.
Осы цитатадағы әр сөйлемнің тасасынан екінші бір шындықтың
төбесі көрініп тұрғандығы айқын ғой. Ол шындық қалайда қа-

зақ халқының бірте-бірте санасы оянып, қанаты қатайып, шын
мәніндегі тәуелсіздікке деген іңкәрлығының аршыла бастағанына
байланысты.
Кешегі Кеңес дәуірінде де қазақ теория жүзінде тәуелсіз ел са-

налды. Алайда, ол «саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қара-
ған» тәуелсіздік болатын. Шынайы тәуелсіздік қиялдағы ғана дү-
ние еді. Сосын да ол ара-тұра І.Есенберлин сияқты батыл ойлы
жазушылар, кейбір ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер ұстаған

қалам ұшына ғана ілігетін. Міне, осы үрдістен Ш.Елеукенов те
шет қалмай І.Есенберлин трилогиясын тілге тиек ете отырып, сол
шынайы тәуелсіздікті аңсаған қазақ жұртының көкейіндегісін аша
түскісі келген талпыныс байқатады.

І.Есенберлин туындысына байланысты тағы бір дау-дамай
оның шектен тыс тарихшылдығына, көркем әдебиетке тән бояу-
нақыштардың жетіспеушілігіне байланысты еді. Мұндай пікір
айтушыларға «мұның дұрыс емес» деп, бәрін қасқа маңдайдан

ұрудан біз аулақпыз. Әрине, ол пікірлерде де шындықтың жұрна-
ғы жоқ емес. Ш.Елеукенов те сондай позиция ұстайды. Алайда,
Ш.Елеукеновтікі жай «позиция» емес, әдебиетші-ғалым ретінде
оның түп-тамырын қазып, аршып, талдап көрсетеді.

Оқушы қауымынан кешірім сұрай отырып, Ш.Елеукеновтің
өзіміз шұқшия ежіктеген осы мақаласынан мына бір шағын цитата-
ны да келтіре кетейікші: «І.Есенберлин үшін керегі де, маңыздысы

да қазіргі қазақ әдебиетінде әзірше зерттелмей жатқан ғасырлар қойнауына із салу. Хроникалық, суреттеудегі сырдаңдық, адам аттарының молдығы мен оқиғалардың қоюлығы, монологшылдықтың күштілігі, міне осының бәрі қазақ мемлекетінің іргесі қалана бастаған сол бір алыс дәуір жайында неғұрлым көбірек материал беруге талаптанудан туған. Бұл, асылы, тың жерді жыртып игеру емес, оны тек келешек егіс үшін атыздау тәрізді жұмыс. Романхроникадан бұдан артықты күтудің де реті жоқ. Бұл – тек алдағы неғұрлым алуан салалы, тереңнен қозғайтын көркемдік зерттеулердің бастамасы ғана болмақ». (108-бет). Міне, бұдан артық дәл сыпаттап жеткізу мүмкін де емес шығар. Бұл цитатадағыдай құбылыс С.Мұқанов тәжірибесінде де болғанын білеміз. «Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді» дегендей І. Есенберлин трилогиясының әу баста біршама қатаң сынға ұшырауы да оның сондайлығында жатыр. Алайда, І. Есенберлин бұл жөнінде өз арманына жетті деп есептейміз. «Көшпенділерден» соң қазақ әдебиетінде тарихи романдар малдың көктемдегі төліндей қаптады. Олардың бәрі бірдей жоғары талапқа жауап бермегенмен мықтап бір бетбұрыс жасалды. Қазақ үшін бұл ырыс емей немене? Бұдан әріде Ш.Елеукенов осы жәйтті нақтылы мысалдар арқылы дамытады. Автор І.Есенберлин жөнінде осы пікірлермен ғана шектелмеген. Еліміз шынайы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде шыққан «Ғасырмен сырласу» атты кітабына кірген «Ілияс Есенберлин» атты аса көлемді арнайы зерттеуінде жазушының аса бай шығармашылық мұрасына толықтай дерлік ғылыми талдау жасайды. Ең алдымен өмірбаянынан деректер келтіріп, әу баста шығармашылық жолын өлеңнен бастаған қаламгердің қазақ поэзиясына қосқан үлесі төңірегінде ой толғайды. Көптеген өлеңдерді, қырық шақты ән мәтіндерін, «Әділбек», «Біржан сал», «Қазақ қызы», «Көңілдастан», «Айша», «Адам - мәңгілік», тағы басқа көптеген поэмаларды дүниеге әкелген І.Есенберлиннің жас шағында-ақ құлашты кеңге сермегенін дәлелдейді. Әдебиетші-ғалым Ш.Елеукенов осы жағын ескерте келіп, Ілияс поэзиясындағы негізгі ерекшеліктер, көркемдік жетістіктер, тіпті ара-тұра кездесетін кемшіліктер автордың өзі өмір сүрген ортаға тән саяси ағымдарға, үрдістерге тікелей байланысты екенін айырып-ашады. Кейін бұл жазушының прозалық кесек шығармалар тудыруға ойысуы жайдан-жай емес, оның поэ-маларында да сюжеттілік, қым-қиғаш оқиғалардың орын алуы сияқты нышандардың байқалғанын дәлелдейді. Біраз повестері арқылы өзінің көркем прозаға деген икемділігін танытып барып, «Айқас» романын жазуы бұл қаламгердің шығармашылық өміріндегі үлкен белес болғанын атап көрсетеді. Мұны бір жайдан өмірбаяндық роман атасақ та жөн. Мамандығы инженер, соғыстан сәл

мүгедек болып оралған, Геология министрлігінде қызмет еткен, Ақтөбе маңындағы Берсүгір шахта басқармасының бастығы міндетін атқарған Ілияс Есенберлин осы «Айқас» романындағы бас кейіпкер Дәуренге өзінің бастан кешкендерін теліп, сол арқылы оның бейнесін сомдайды, сол заманның қыр-сырларын ашады. Социалистік реализм әдісі негізінде жазылғанмен адам мен адам арасындағы талас-тартыс, күйініш-сүйініш арқылы оқырманға ой салады. Бұған жазушының өмірді жете білетіндігі де көп септігін тигізген. Міне, содан да болар І.Есенберлин осы туындысы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иемденді. Осы еңбекті ғалымның, сыншының көзімен жіліктеп талдаған Ш.Елеукенов «Айқас» романы әлі де өмір сүру құқынан айрылған жоқ, «өйткені адамның адамдығы үшін күрес әрдайым жалғаса бермек» деген ой түйеді. Әрине, І.Есенберлин артына шектен тыс мол мұра қалдырған адам. Оны «Ғашықтар», «Махаббат мейрамы», «Аққу құстар қуанышы», «Алтын құс», «Аманат», «Маңғыстау майданы», «Қатерлі өткел», «Мұхиттан өткен қайық» атты романдар, «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогиялары сияқты толық емес тізімнен-ақ байқаймыз. Бұл романдардың тақырыптары да алуан түрлі. Бірі өндірістік тақырыпқа, екіншісі тың игеру кезеңіне, үшіншісі театр саңлақтарының өміріне, төртіншісі уылжыған жастық, махаббат мәселелеріне арналған. Ал соңғы аталған екі трилогия жоғарыда да атап өтілгендей қазақтың бұрынғы тарихының сан ғасырлық ықпыл-жықпылдарына арналған. Енді осы дүниелерді көз майын тауысып оқып шығып, оларға әдебиетшіғалым, сыншы ретінде талдау жасау оңай жұмыс емес. Алайда, Ш.Елеукенов «Ілияс Ееснберлин» атты осы мақаласында ол жұмысты ыждаһаттылықпен атқарып шыққан. Қай романды сөз етсе де әдебиетші-ғалым онда замана бейнесінің, проблемаларының тұнып тұрғанын бірінші орынға қояды. Бұл мақаланың әрбір бөлігіне «Жазушы және өмір» деген атау берілсе де қателік болмастай. Тек Ш.Елеукенов бұл шығармаларды сыпыра мақтай беруден аулақ. Қандай кемшіліктері бар, оны да көрсетеді. Кей романдардағы композициялық селкеулік, көркемдік талдау мен тарихи-социологиялық талдаудың өзара қабыспай қалуы, кей тұстардағы шұбалаңқылық сияқты жетіспеушіліктер зерттеуші назарынан тыс қалмаған. Соның өзінде де бұл мақаланы оқу үстінде І.Есенберлиннің қазақ әдебиетінің тарихында аса күрделі үлкен тұлға болғаны туралы пікір қалыптасатыны ақиқат. Шериаздан Елеукенов осылай ғылыми-зерттеу мен әдебикөркем сынды ұштастыра отырып, жоғарыда біз тізімін келтірген көлемді он бір кітабында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, М.Жұмабаев, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, З.Шашкин,

З.Қабдолов, тағы басқа үлкенді-кішілі көптеген қаламгерлердің
шығармашылық әдісіне, жетістіктері мен кемшіліктеріне жарық
сәуле түсіреді. Солардың ішінде Ш.Елеукеновтің, әсіресе, көп
талдағаны Мағжан Жұмабаев еңбектері екені даусыз. Иә, Мағжан

Жұмабаев! Бұл есім жеті қат жердің астында көмулі жатқанда да
қай саналы қазақтың көкірегін ауыртпап еді? Кейбір өлеңдерін бі-
реуден біреу көшіріп, сандық түбінде сақтап, тек оңашада оқып,
ақын аруағымен сырласушы еді ғой. Міне, енді осы қаламгердің

барлық жазбалары оқырман қауымның игілігіне айналып, ал
Шериаздан Елеукеновтей тәжірибелі де білімді әдебиетші-ғалым,
сыншы оның өмірі мен шығармашылығы жайында «Мағжан» атты
көлемді кітап шығарып отыр. Тап осы бір фактіден-ақ біздің көз

алдымызда өмірдің қалай құбылып жатқанын аңғарасың-ау!
Кітап екі бөлімнен тұрады. «Өмір өткелдері» атты біріншісінде
қазақтың аса көрнекті ұлттық ақынының азап пен қасіретке толы
өмір жолы суреттеледі. Мақаламыздың басында Ш.Елеукеновтің

очерк, деректі проза сияқтылармен де айналысқанын ескертіп
едік қой. Міне, осы бағдардағы автор таланты «Мағжан» атты кі-
таптың бірінші бөлімінен айқын көрініс тапқан. Көптеген нақтылы
құжаттарға, замандастар пікірлеріне сүйеніп жазылған бөлімде

Мағжанның өмірі ғана емес, сол заманның бет-бейнесі де то-
лық ашылған. Жүрек тітіркентер тұстары қаншама десеңші. Ал
«Сағындырған сұлу жыр» атты екінші бөлімі ақынның шығарма-
шылық жолына, ізденістеріне, асауға тұсау салмақ әрекет-бұл-

қыныстарына арналған. Ш.Елеукенов кітабының осы бөлімін
оқып отырғанда бірінші бөлімдегі ақынның қайғылы тағдыры енді
поэтикалық туындылар арқылы қайта өрілгенін көргендей бола-
сың. Ол жағын зерттеуші, сыншы ағамыз ойдағыдай-ақ жеткізген.

Мұнда Мағжан поэзиясының өзі ғана емес, зерттелу барысы қан-
дай халде деген сұраққа да жауап беріледі. Бұл зерттеулердің
бұрынғы, соңғы нұсқаларына талдау жасалады. Орашолақтық,
үстірт топшылау, жекелеген өлең жолдарының нақтылы қандай

жағдайда туғанын ескермеу, тіпті кейде көркем әдебиетке тән
сын-сипаттардан көз жазып қалу сияқты кемшіліктер Мағжан
поэзиясын дұрыс түсініп, қабылдауға залалын тигізуде екенін тіл
ұшына іліктіреді. Міне, Ш.Елеукеновтің тап осы тараптағы талдау-

ларын неғұрлым дұрыс елестету үшін мына бір жолға мұқият зер
салыңызшы:
«Мағжан жаңа заманнан теріс айналған жоқ. Көрген-білгенінің
бәрін шындық тезіне салды. Жүсіпбек Аймауытов 1924-жылы 16

мамырда Мағжанға жазған хатында: «Ең ғажабы өлеңіңнің өтірігі
жоқ», – дейді. Жүсекеңе ғажап көрінетіні – шындықты жазу. Мұны
оқыған енді бізге қайран қалмасқа амал жоқ. Сол кездегі қазақ

өлеңінде шындықты жазған бір кісі болса, оның өзі сенсация көрінсе, дүниенің өтірікке, жалғандыққа қаншама толып кеткенін мөлшерлеу қиын емес шығар... Мағжанның ұлылығы  – ол шындықтың көзін жазбай тапты. Қағазға бедерлеген сөзінің салмағын сорлы халқының пайдасын таразылайтын безбенмен өлшеді. «Жаралы жан» өлеңі осы айтқанға дәлел типтілік шығарма. Өлең қазақ халқының төңкеріс қармағындағы хал-жайын бейнелі түрде сараптайды. Бұл бейне ақын жүрегінде неліктен туғанын білгісі келетін кісі алысқа ұзамай-ақ 1916-жылға көз жіберсін. Көтеріліс қазақты бір есеңгіретуін есеңгіретіп жіберді. Жүздеген мың қазақ оққа ұшты, елдерін тастап қашты. (185-бет). Ш.Елеукеновтің қаламынан туған осы жолдарда мысқалдай да әнтек кеткен жерің бар деп кінәлай алмаймыз. Бәрі де ақын поэзиясындағы тосын жаңалық, тосын мінез, ащы шындыққа үйірсектік сияқтылардан туындап отыр. Мұндай пікірлерді Ш.Елеукенов «Мағжан» атты кітабындағы ақынның поэмаларына арналған тарауда тіптен дамыта түседі. Әдебиетші-ғалымның анықтауынша М.Жұмабаевтың шығармашылық ғұмыры небәрі он алты жылға ғана созылған екен. Әртүрлі саяси қысымдар, айналадағы дос-дұшпанның бірде түсініп, бірде түсінбей ұйымдастырған әрекеттері сияқтылардан тақсірет тарта жүріп, осы қысқа уақыттың ішінде өзге қыруар дүниелерімен қатар «Ертегі», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қанышбай қиссасы», «Толғау», «Тоқсанның тобы» сияқты тамаша поэмалар да тудырған екен. Алайда, ақын бұларды жазу үстінде әбден қалыптасқан үрдіске бағынып, сартаптанған тақыр сүрлеумен жүре бермей аса зор талант иесі ретінде тың әуен табуға тырысады. Жай тырысып қана қоймай оны табады да. Міне, осындай тұстарда ақын поэмасын зерттеушілердің көздері шарасынан шығып, қорқыныш атты сезімге бой алдырады. (Өздерінің айтуынша қорқыныш, ал шындығында ол қызғаныш та болуы мүмкін). Мысалы, аңызға құрылған «Қойлыбайдың қобызы» атты дастанында Қойлыбай бақсы біреулердің түртпектеуінен кейін Қақаман бастаған жындарын шақырып, қобызын бәйгеге қосып, қобыз байланған сексеуілдің ербеңдеп, сөреге бірінші жеткенін асқан шеберлікпен суреттеген ақынның бұл шығармасына тосыннан қараған адам пәлендей бас жарып, көз шығарарлықтай ештеме таппас еді. Тек бұл жерде зерттеуші Ш.Елеукенов оның соңғы жағындағы мына шумаққа оқырман назарын аударады: «Айрылдық балпаң басқан батырлардан, Аузынан уыз төгілген маңғаз байдан. Құдай-ау албастының ойнағындай,

Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан?
Шіркін-ай, кер заманды құл қылар ем,
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан». (248-бет).
«Оқжетпестің қиясында» атты келесі поэмасында да ақынның

осындай сарын табатынын ескерте келіп, Ш.Елеукенов бұлардың
тасасында не жатқанына оқырман қауымның көзін ашады. «Ұлт
азаттығы – киелі идея» дей келе, мұның бәрі ол үшін тәуекелге
мін, тайсалма деген үндеуге жалғасатынын дәлелдейді. Бағаналы

Қойлыбайдан бата алсам деген ақын арманы мен «Оқжетпестің
қиясында» атты поэмасында суреттелген Кенесары Қасымов көз-
деген ойлар, міне, осы арнада тоғысады.
Зерттеушінің саралауынша Мағжан Жұмабаев хан-сұлтандар-

ды, байларды және қарашаны, кедей-кепшікті бір-біріне қарама-
қарсы қойып, бірін мақтап, екіншісін даттау сияқты таптаурын
әдістен аулақ. Ақын поэмаларында бодандық санаға кім қарсы
көтерілсе ол шын мәнінде халық қаһарманы, қалай мақтасаң да

сыяды, ал керісінше, бодандыққа мойынсұнушылар ол хан ба,
қара ма, бай ма, кедей ме, бәрібір азғындық жолға түсушілер,
оларды айыптау ел намысын жыртқандардың баршасының қас-
терлі міндеті деген ой тасталады. Осы жағын зерттеуші ағамыз

сипаттай келіп, «Оқжетпестің қиясында» атты поэмасынан мына
шумақты да келтіреді:
«Заман азған шағында адам азбақ,
Көп ерлер жаумен бірге елін шапқан.

Кешегі Абылайдан азып туған
Уәлі анау қар қатынмен басы қатқан.
Шормаңдай шолтаңдаған шолақ билер
Орыстың шекпеніне елін сатқан». (249-бет).

Иә, бұл шумаққа комментарий беріп жатудың қажеті бар ма?
«Арқада Бурабайға жер жетпесе, қазақта Кенекеме ер жет-
пейді» деп толғаған ақын Мағжан Жұмабаев осы аталмыш дүние-
леріндегі идеяларды өзінің «Батыр Баян» атты дастанында одан

әрі тереңдетеді. Бұл шығармаға да Ш.Елеукенов егжей-тегжейлі
талдау жасап, ел тәуелсіздігі үшін барым садақа деп, ештемеден
қаймықпаған қалам иесінің шығармашылық ерекшеліктері тура-
лы түсінікті кеңейте түседі. Сондай-ақ, Ш.Елеукеновтің аталмыш

кітабына енген «Мағжан Жұмабаевтың әдеби-эстетикалық көз-
қарастары» атты мақаланың мәні зор. Мұнда ақынның замана
ағымына орай тудырған шығармаларында революцияны қалай
бағалау керек, осы революцияға орай қазақ әдебиеті қалай да-

муы тиіс, әдебиеттің негізгі қасиеті неде, көркемдік критерийлер

қалай анықталады, Плеханов, Ленин, Бухарин, Клара Цеткин,
Луначарский, Троцкий сияқты орыс ойшылдарының нақылда-
рын қалай қабылдағанымыз жөн деген сияқты сұрауларға қалай
жауап берілгені талданады. Бұдан байқайтынымыз М.Жұмабаев

ең алдымен әдебиет реалистік тұрғыда жоғары көркемдік талап-
тарға жауап беруі қажет, түпкі идеялар ұлт мүддесімен қабысуы
лазым деген тұжырым жасайды екен. Міне, осы пікірлерден-ақ
ақынның ерен тұлғасы ашыла түспей ме? Ш.Елеукенов бұл жа-

ғын кәнігі зерттеушінің көзімен саралап, нақтылы мысалдар арқы-
лы түйіндейді.
Иә, сөз жоқ, Ш.Елеукеновтің «Мағжан» атты монографиясы қа-
зақ әдебиеттану ғылымына қосылған сүбелі үлес. Бұл еңбегі үшін

автордың ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атануы өте та-
биғи құбылыс.
Тек Мағжан Жұмабаев қана емес, алаштың аса көрнекті тұл-
ғалары – Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып

Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқтылардың өмірі мен шығар-
машылығын зерттеуге бел шеше кіріскен Ш.Елеукенов алғашқы
қарқында-ақ біраз шаруа тындырды. Қазақ әдебиеті тарихының
«ақтаңдақ беттерінің» орнын толтыру, ұлттық әдеби мұраны лег-

легімен қайта құрастыру, барын-жоғын анықтау, түгендеу, оларды
ақтауға байланысты әртүрлі құжаттарды шаң басқан архивтерден
тауып пайдалану, аталмыш боздақтардың өмірі мен шығармашы-
лығындағы негізгі ерекшеліктер, саяси көзқарастары мен әдеби

көркемдік жетістіктері қандай деген сұрауларға жауап беру – міне,
мұның бәрі бір күннің шаруасы емес, маңдай терді сыпырып тас-
тап отырып, жылдап, табандап еңбек етуді керек ететін жайлар.
Міне, осындай жұмыстарға Ш.Елеукенов басы бүтін беріліп, әлі

күнге сол қалпынан аумай келеді. Соның нәтижесінде «Жаңа
жолдан» («С новой строки») атты екі тілде жазылған зерттеу ма-
қалалардан құрастырылған кітап дүниеге келді. Сөз реті келгесін
айта кетейік, ғалым, сыншы ағамыздың орыс және қазақ тілдерін

теңдей білуі өзіміздің ұлы көршіміз Ресей оқымыстыларының әде-
биет тарихы жөніндегі негізгі бағдарламаларын терең меңгеріп,
өзі қосылатын жақтарын таратып айтып, ал өзіне күмәнді көрінген
тұстар бойынша олармен полемикаға барып, көптеген даулы мә-

селелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік берген. Ш.Елеукеновтің
бір ерекшелігі – бұл кісі қашан да таптаурын жолдардан қашық жү-
реді. Соңғы жылдарда әдебиет және тарих ғылымдарында үрдіске
айналған бір жағдай қандай да бір зерттеуші қолына қалам алса

өз мамандығына орай шын мәнінде зерттеу жұмысын жүргізудің,
жаңалық ашудың, соны іздер тартудың орнына өзіне дейінгі, өзі-
мен тақырыптас басқа біреулердің дайын дүниелерінің бас-аяғын

өзгертіп, жұқалап, дөңгелетіп, өз дүниесіне айналдырып әкетіп
жүр. Бұл жайында баспасөз бетінде біршама ащы пікірлер жария-
ланды да, бірақ оларға пәлендей құлақ асып жатқан ешкім жоқ.
Міне, осындай күнде Ш.Елеукеновтің шын мәнінде тосын, тың

пікір айтуға деген құлшынысын жоғары бағаламасқа лажымыз
жоқ. Бұған мысал ретінде ғалым-сыншының «Тәуелсіздік биігі-
нен» атты кітабындағы «Абайдың эпистолярлық романы» деген
қомақты зерттеу мақаласын алайық («Казахская литература: но-

вое прочтение») деген орысша кітабына осы мақаланың «Пушкин
и эпистолярный роман Абая» деген тақырыппен сәл өзгертілген,
толықтырылған орысша нұсқасы да беріліпті).
Мұнда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың орыс поэзиясының шыр-

қау шыңы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қазақ жұр-
тына жеткізуге қалай талпынғаны сөз болады. Біз бұған дейін
оның бәрін Абай аудармалары деп келіп едік қой. Ал Ш.Елеукенов
кәнігі ғалым ретінде бұл мәселеге сәл басқаша қарайды. Орыс

ақыны мен қазақ ақынының мәтіндерін салыстыра отырып, әрі
бұл «аударма» аталған дүниелердің қай кезеңде туғанын ескере,
саралай келе Абай орыс ақынын қазақша сөйлеткенде алдына
қандай мақсат қойғанын тілге тиек етеді. Он тоғызыншы ғасыр-

дың екінші жартысында, елді жаппай сауатсыздық жайлаған, со-
сын да жазба әдебиеті мүлде қалыптаспаған жағдайда «Евгений
Онегин» сынды дүниежүзілік әдебиеттің інжу-маржанын таза қал-
пында, яғни, шын мәніндегі аударма ретінде қазақтарға ұсыну-

дың реті бар ма еді? Бұл сұраққа ғалым-сыншы бірден «жоқ» деп
жауап береді. Міне, сосын да Абай Пушкин поэзиясын өз халқы-
на жеткізудің тосын айласын тапқан. Ол «Евгений Онегиннің» ең
бір жан тебірентерлік тарауларының өзіндік қазақша версиясын

жасаған. Мысалы, Пушкин романындағы «Татьянаның Онегинге
жазған хатын» алайық. Орысшасы қандай терең, ал қазақшасы
өзінше бір құбылып тұрған ғажайып, ал екеуін салыстырсақ екеуі
екі бөлек дүние. Демек, Абай Пушкин еңбегін қазақшаға аударма-

ған, тек қазақтарға ұғынықты боларлықтай оның қазақша нұсқа-
сын жасаған. Демек, бұл философияға толы махаббат хикаясын
Абай өзінше жырлаған. Осындай тосын пайымдауларды, жаңа
пікірлерді аталмыш кітаптағы «Ә.Нұрпейісовтің шығармалары

ТМД елдерінің әдеби сынында», «Орыс әдебиетіндегі қазақ та-
қырыбы», «Өндірістік роман» сияқты күрделі тақырыпты қозғаған
мақалалардан да ұшыратамыз.
Ш.Елеукеновтің «Жаңа жолдан» атты кітабында «Мұхтар

Әуезов роман жанры хақында» деген сәл эссе түрінде жазыл-
ған мақала бар. «Абай жолындай» төрт томдық ұлы роман-эпо-
пея авторының бұл жанр хақындағы пікірлері шынында әдебиет

жұртшылығы үшін аса құнды екені даусыз. Міне, Ш.Елеукенов сол пікірлерді екшей отырып, ұлы жазушыға құр тамсана бермеген, оның толғамдарындағы шын мәніндегі кейінгі ұрпақтың санасына су бүркетін айшықты тұстарын жіпке тізіп, ашып көрсете алған. Міне, осы тұрғыдан Ш.Елеукенов кешегі жиырмасыншы ғасырдың өне бойында төбе көрсеткен барлық қазақ прозашыларының, кейбір қазақ ақындарының ең бір татымды туындыларына талдау жасап шыққан. Әрине, олардың бәрі бір мақаланың шеңберінде атап айтылатын нәрсе емес. Жалпы алғанда, Ш.Елеукеновтің жоғарыда біз тізімін келтірген он бір кітабын қазақ әдебиеті тарихының бір ғасырдан астам кезеңін қамтитын энциклопедиясы десек те жарасатындай. Мақаланың басында Шериаздан Елеукеновтің ара-тұра прозашылардың да «егініне түсіп», біраз көркем шығармалар, очерктер, естеліктер тудырғанын да ескерттік қой. Алайда, бұл кісінің ол саладағы еңбегі хақында сөйлеу бізге сәл жеңілдеу. Себебі, бұған дейін Ш.Елеукеновтің «Әттең, дүние» атты прозалық кітабы туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің (№10, 11.03.2005) бетінде «Тасбақаның көз жасы» деген тақырыппен арнайы рецензия жариялаған едік. Бұл рецензия «Тіл өнері – дертпен тең» атты кітабыма да («Мария» баспасы, Алматы, 2006 ж.) кіргізілген болатын. Сонда да осы кітапқа атау болған «Әттең, дүние» романының бір қыры хақында қосымша пікір айта кеткім келеді. Шериаздан ағамыз Өскемен, Семей топырағында дүниеге келгендіктен де шығар Абай поэзиясын жас басынан бойына сіңіргені анық. Оны мына романынан да байқаймыз. Қазақ жауынгері Можан мен неміс қызы Инганың арасындағы кіршіксіз таза махаббатын суреттегенде сол Абай әсері әлсін-әлсін сезіліп отырады. Абай поэзиясы, оған неміс халқының ұлысы Гете поэзиясының ықпалы осы Можан мен Инга арақатынасы үстінде әлсін-әлсін лирикалық шегіністер күйінде оқырманды ыстық сезім құшағына баурайды. Орыс білгірлері «Поэзия нового времени будет обращена на строительство души человека» деп түсіндіріп жатыр. Мұның қазақшасы  – жан бағуға келіңкірейді. Тән мен жан бағуды рухымен, тәңірмен ұштастыру. Оңай шарт деп атай алмайсың. Абай бір өлеңінде: Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл Өзгесі хаққа қол емес, – деген ғой. Ұлы ұстаз рух тереңіне сүңгудің бір мүмкіншілігі шығармашылықта деп білген.

Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты
Махаббат қылса тәңірі үшін.

Шығармашылыққа, өнерге бар шабыт, қуатыңмен күш салған-
да, тәңірге махаббатың ашылғанда ішкі жан сарайыңа нұр төгі-
леді, кеудеңде сәулең болса рухың биіктеп, сөз сарасын тудыруға
жол ашылады дейді.

Жаңа ғасыр поэзиясы осыны меңгеруі керек. Тіл, діл, дін өзара
ұштасса өңшең сұлу келісім сонда ғана тумақ. Сөйтіп жаңа әде-
биет адам жанын бағуға кіріседі. Құралы, әрине, әдебиет. Ендігі
әдебиет бар күшін шындық дүниеден жаңа тұрпатты жағымды

кейіпкер іздеп табуға салуға тиіс. Бұл кейіпкер – биік рух қаһар-
маны. Ол жаңағы айтылған күштердің, алдымен махаббаттың үй-
лесім, келісіміне жете білген, асқан жігер-қайрат иесі болмақ.
Жазушы, сыншы, әдебиеттанушының бар қасиетін бойы-

на жинақтай отырып жазған «Әттең, дүние» атты романында
Шериаздан Елеукенов осындай жаңа тұрпатты характерді жас та
болса хас батыр, кешегі Ұлы Отан соғысының жауынгері, қазақ
офицері Можанның жарқын бейнесінен табады.

Шериаздан Елеукеновтің жоғарыда тізімі келтірілген, қазақ
әдебиеті тарихының бір жақ қабырғасына балауға тұрарлық кө-
лемді он бір кітабын түгелдей сүзіп шыққандағы жинақтаған ойла-
рымыз негізінде осындай. Бұған алып-қосарлары барлар табылса

құлақ түруге әзірміз.
27 қараша,2000 жыл

ТОҚСАН ТАРАУ МҰРА ҚАЛДЫРҒАН Шамамен 1958 жылдың қыркүйек айының соңы еді. Жетісудің дағдылы сап-сары желекпен көмкерілген алтын күздерінің бірі. Шұбар ауылы. Бұл әлгі сол жылдарда атағы жер жарған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов басқарған «ХХІІпартсъезд» атындағы ұжымшардың орталығы. Сол жылдарда-ақ көшелері жақсы асфальтталған, төбесі шиферлі стандартты үйлер қатар-қатар сап түзеген, көгалдандыру жағынан да өзгелерге үлгі боларлық тамаша елді мекен. Өз туған ауылымда қазақша мектептің жоғарғы сыныптары болмағандықтан осы Шұбар ауылындағы орта мектептің тоғызыншы сыныбында оқып жүрген кезім. Мен тұратын туысқандарымыздың үйі ауылдың дәл орталығында, жаздық және қысқы деп аталатын екі клубты біріктіретін Мәдениет үйінің тап іргесінде. Осында екі көше қиылысқан тұста, биік бағанадағы радио күні-түні қақсап тұратын. Үйдің тап іргесінде болғасын да ма, қолым боста осы радиодан түрлі концерттерді, әрі әртүрлі әдеби хабарларды құлағымның құрышы қанғанша тыңдайтынмын. Бірде домбырамен күй тартылып жатты. Радио ілінген бағанадан он, он бес қадамдай жерде өзім тұратын үй жақта мен мелшие құлақ тосуда едім. Байқаймын, бағананың арғы жағынан да бір бейтаныс адам жақындап, жүзін көкке төңкере ол да мына күйге барынша ықылас қойды. Күй аяқталғанда: – Шіркіннің құйқылжытуын-ай! Неткен шеберлік десеңші! – деп, маған қарады да, менен де бір жауап күткенге ұқсас жүзінен ишара білдірді. Ал маған күйден гөрі сол адамның өз түр-түсі көбірек әсер еткендей еді. Бұл ауылдық емес екені салған жерден танылатын, жасы 35-40 шамасындағы, орта бойлы, басы айнадай жалтыр, бет-аузында да қылау жоқ, күн тиіп, жел қақпаған ақшыл, таза өңді адам еді. Тосырқай қараған түрімді танып, маған жігер бергісі келді ме, әлгі кісі қайта сөйледі: – Шын күйшілерде бір құдірет болады. Қандай да бір күйді орындау барысында сол құдіреті, аруағы оянады. Міне, сондайда ғана күй тыңдаушының көкірек сүйегіне енеді. «Күй жүрек жарады», – деген сондайдан қалған. Мені баласынбай, әрі өзіне көзтаныс жандай көріп, мынадай терең мағыналы сөздер айтуы тұрған орнымда одан әрі шегенделуіме мәжбүр етті. Бір уақытта ғана: – Әй, бала, бері кел,  – деп, мені сұқ саусағымен ымдап өзіне шақырды. Мен жақындадым. Бұл кезде екінші күй орындалуда еді. Оны да бұл кісі еліте тыңдады. Ал мен бұл кісінің түртүсін тым жақыннан бақылауға мүмкіндік алғаныма қуанып, бар

назарымды соған аудардым. Байқаймын, мынау жай тыңдаушы емес, күй өнеріне қатысы бар біреу сияқты. Күн тимеген, жел қақпаған таза өңіне, сәл күлімсірегенге ұқсас қой көздеріне күй ырғағына орай ұялайтын ұсақ тербелістер бұл жұмбақ жанның ішкі жан дүниесін қоса айқара аша бастағандай. Қасындағы мені ұмытып, бағана басындағы репродукторға бұл енді мойын сүйегін ауырта бір жақ қырын беріп біржола қыбырсыз қатты. Сәлден соң ғана сол қатып-сенген күйі көз жанарын маған қарай жүйткітіп, «саған бірдеме жетіп тұр ма» деген сауал тастағанға ұқсады. Мен жасы үлкен, әрі қалайда бір қалалы жерден келгені анық адамның сөзін сыйлағансып, күйге еңсем ауғанға ұқсадым. Бірақ бәрібір менің бар назарым мына кісінің бет-жүзінде, оның күй тыңдағандағы қарапайым шаруа адамдарында бола бермейтін алабөтен ықыласында еді. Шаруа адамдарында бола бермейтін дейтін себебім, бұл осы қалпында күй тыңдаған ересек жандардан гөрі әке-шешесі әперген жаңа қуыршаққа қуанған жас баланың елгезектігіне ұқсас алып-ұшпа жеңілтектікке де бой алдыратындай. Әлденеден сол жағы қарын ашыратындай да. Қас-қабағының айналасындағы дір-дір еткен ұсақ қозғалыс, көз жанарындағы өшіп-жанған ішкі сезім тепкіні сондайлыққа бұрмай қайтсін. Концерт аяқталғасын бұл жалтыр басын сипалап, іштегісін әрең қорытқандай біраз томырылды да менен жөн сұрады. – Ә, сен баланың бұл ауылға келгеніңе үшінші жыл екен. Зерделі жанға үш жыл деген аз уақыт емес, ел танып, жер тануға толық жетеді. Мына үйде кімдер тұрады? – деп, сол маңдағы үлкендеу көрнекті үйлердің бірін нұсқады. Мен ондағы үй иесін, әйелін, бала-шағасын, кәрі кемпір-шалдарына дейін қалдырмай тізіп, бәрін айтып бердім. «Ана үйде ше», «ана үйде ше». Осылай бірнеше үй жөнінде менен егжей-тегжейлі ақпарат алды да өзімен бірге қыдырыстауға шақырды. Енді екеулеп көше бойлап келеміз. Күз уақыты ғой, жиын-теріннің қызған шағы. Тұсымыздан ары-бері жүк машиналары, бірен-саран арбалар өтеді. Олардағы жүргізушілер жөнінде де менен аз-кем мәлімет алды. Сәлден соң ғана сәл тоғайған көңілмен маған сәл ризалық сезіммен қарағандай болды. Соны пайдаланып, сәл батылдана: – Аға, сіз кім боласыз? – деп сұрадым. Бұл сұрағым селт еткізгендей маған кілт бұрылып қарады. Түр-түсімнен енді бөгде бірдеме іздегендей қой көздерін бір оймен түйілткенге ұқсап, біраз сүзілді. Сосын ғана: – Сен өзің кітап оқисың ба? – деді. – Оқимын. – Қандай кітаптарды оқисың? – Романдарды, повестерді, өлең жинақтарын оқимын.

– Олардың бәрін қайдан алып оқисың? Өзіңде бар ма?

– Өзімде ешқандай кітап жоқ, мен мына колхоз кітапханасына

жазылғанмын. Содан алып оқимын. Біздің колхоздың кітапханасы
өте бай, ескі кітаптар да, жаңа кітаптар да көп.

– Иә, көрдім, көрдім. Кітапханаларың шынында бай екен.

Кітапхана өз алдына, жаңа түскен газет-журналдарға арналған
арнайы оқу залына дейін жасап қойыпты. Мұндай кітапханалар
өзге ауылдар түгілі көптеген аудан орталықтарында жоқ. Жалпы,
бұл Нұрмолда Алдабергенов деген мұндағы жұрттың маңдайы-

ның бағына біткен адам ғой! Сен, бала, кітап оқиды екенсің ғой.
Ал «Дина» деген повесті оқыдың ба?

– Оқыдым, ағай! – деппін жалма-жан.

– Жылаған жоқсың ба?

– Жоқ! – деппін тағы да. Алғашқы жауабыма қуанып, соңғысы-

на ренжігендей маған оқшырая қарап, біраз үнсіз қалды. Сәлден
соң ғана:

– Сол «Дина» атты повестің авторы – Сәуірбек Бақбергенов

деген жазушы ағаң мына мен боламын!
Менің тіл-жағым қарысқандай еді. Оны сенбегеніме балап,
қалтасынан кішкентай суреті бар жазушылық куәлігін суырды.
Оны көргенде тағы бір сұрақ тамағыма кептелді. Оны да айтқыз-

бай танып:

– Ә, бала, сен мына тақыр басыма, ал мына суреттегі ұзын

шашқа қарап тосырқап тұрсың ғой, жақында ғана шашты алды-
рып тастап едім, – деді.
Міне, қазақтың үлкен жазушысы Сәуірбек Бақбергенов аға-
мызбен таныстығым осылай басталды. Бұл кісі сенің сұрақ қой-

ғаныңды күтіп салғыртып қоймайды, көп жайды өзі-ақ ақтарып
салады екен. Осында жаңа ғана аталған, екі мәрте Еңбек Ері,
жоғарғы, төменгі көптеген Кеңестердің депутаты, көптеген пар-
тия съездерінің делегаты, көптеген халықаралық саяси-қоғамдық

ұйымдардың мүшесі, сол жылдарда атақ-даңқы жер жарған әйгілі
ұжымшар төрағасы Нұрмолда Алдабергенов туралы кітап жазуға
келгенін, анау Мәдениет үйіне қарама-қарсы, көшенің екінші жақ
бетіндегі кішкентай мейманханада жатқанын айтты. Ол мейман-

ханада бұған дейін қазақтың басқа бір белді жазушысы Ғабдол
Слановтың да айлап-апталап жатып кеткенін білуші едім. Жалпы
ол жылдары бұл ұжымшар орталығына арысы Мәскеу, берісі
Алматы, басқа да көптеген шаһарлардан атақты адамдардың ке-

луі пәлендей таңсық та емес еді. Қателеспесем, дәл сол 1958-
жылы КСРО Жазушылар одағының бірінші хатшысы, атақты орыс
ақыны Алексей Сурков, өзіміздің Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов
сынды алыптарымыз бастаған жазушылардың үлкен тобы келіп

кеткен. Ал ауыл шаруашылығы ғылымына қатысы бар үлкен-кіші ғалымдар, саясаткерлер легі тіпті үзілмейтін еді десе де болады. Шетелдік қонақтардың қаншамасын көрдік десеңші. Сөйте тұра өзім жақында ғана бір шығармасын оқып шығып тәнті болған мынадай жазушының өзіммен тең адамша сөйлесіп, қатар келе жатуы мен үшін күтпеген жағдай еді. Осы күннен бастап мен Сәукеңді күнде көріп тұрдым. Мені, әсіресе, таңғалдырғаны бұл кісінің бала мінезділігі еді. Болымсыз бір жайды айтсаң сол болымсыз жайға қабағын ажырайтып, барынша зер салатыны үлкен басына жараспайтындай көрінетін. Онымен қоймай сол жайдың ұңғыл-шұңғылын қазбалап, қосымша әртүрлі сұрақтар қоятын. Қызық бірдеме естісе балаша қуанып, артынан тез түнере қалатын жүзіндегі құбылмалылық та «Дина» сияқты тамаша повесть авторымен сыйыспайтын мінездей шалынатын. Бірде оның тағы бір жақсы көңіл күйлі сәтін пайдаланып, өзімнің де әдебиеттен дәмем барын, облыстық газетте бірер өлеңдерімнің жарияланғанын айтып едім, «сенің жасыңда бәрі алдамшы болуы мүмкін, сен болашақта әдебиетпен шұғылданасың ба, жоқ па, бәрібір тап қазір барлық пән бойынша жақсы оқуға тырысуың керек, ол саған қандай жағдайда да керек болады» деген кеңес берді. Осыған жалғастырып, өзінің жетімдік тақсіретін тартқанын, қоғамдық формацияның өзгеруі, соғыс сияқты жағдайлардың кесірінен кезінде оқып білім алуда көп қиындықтарды бастан кешіргенін әңгімеледі. Жалпы, бұл кісінің тағы бір үлкен ерекшелігі – осы әңгімешілдігі еді. Жоғарыдан келген кейбіреулердің ауыл адамдарына көктен қарап, ал балаларды одан әрмен жаратпай сұстанып, сызданып, ауыздарына су толтырғандай кекірейетініне етіміз үйренген ғой. Ал мына кісі оларға мүлдем қарама-қарсы. Ағылып, ақтарылып тұрған біреу. Бұл кісі осы ауыл, осы ұжымшар, оның төрағасы жөнінде кітап жазуға келген адам ғой. Ол үшін айнала жұртпен, әрине, сөйлесуі керек. Ол үшін Сәукең әркімге бір сұрақ қойып, оның аузына телмірмейді. Мысалы, менің өз көзіммен тамашалаған мынадай көріністер әлі есімде. Жоғарыда аталған ұжымшардың қос клубының бірінде күнде кешкілік не кино, не концерт, не әртүрлі басқа бір шаралар өткізіліп жатады. Демек, оның алдында күнде алдын ала адамдар жиналады. Солардың жасы үлкендеу бір тобына Сәуірбек ағамыз өзі жақындайды да амандық-саулық арқылы сөзге тартады. Сосын ортада туған қандай да бір сөзді ілік етіп, өзі әңгіме бастап кетеді. Тігісін жатық етіп, әрі әзіл араластырыла төгілген хикаятқа шұбарлықтар мәз-мейрам болады. Сосын желік басталады. Олардың да арасынан осындай хикаят айтушылар табылады. Ал Сәукең деген керемет тыңдаушы да. Бұл жағы

әңгімешінің шабытына шабыт қосады. Одан соң әңгімеден әңгіме туындайды. Бұл дегенің белгілі бір тақырып бойынша материал жинаған жазушыға таптырмайтын олжа. Ел өмірінің қызық-шыжығын, әртүрлі деректерді ол осылай жиып-тереді. Кейін біраз жылдар өтіп, ол кісімен қызметтес болған кезімде де осындай әңгімешілдік қасиетіне талай рет тәнті болғаным бар. Өзінен бұрынғы өнер, әдебиет, саясат қайраткерлері хақында, соғыс кезінің, соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тауқыметтері төңірегінде неше түрлі оқиғаларды ауызша шеберлікпен қиыстырып-ақ беретін. Бұл кісі соғыстан келген бетте «Социалистік Қазақстан» газетіне қызметке орналасып, сол арқылы сонау жас кезінде-ақ жер-жерді көп аралаған ғой. Міне, сондағы көрген жайлары таусылмайтын хикаяттарға айналатын. Оларды ауызша да, жазбаша көркем шығармалар түрінде де тарата беретіндей көрінетін. Сөз реті келгесін айта кетейін, мен «Тарих сабағында» деген атпен екі новелла жариялаған едім, соның екіншісі осы Сәукең айтқан әңгіме негізінде жазылған болатын. Жалпы бұл кісінің өмірді зерттеудегі тынымсыздығы жас қаламгерлерге үлкен сабақ. Өзі істейтін газет редакциясының шаруасымен жүріп, қазақ тіршілігінің қиын да неше алуан қатпарларына қырағылықпен үңілуге, сол кездің ең белгілі адамдарының еңбегі мен тағдыры арқылы заман ауанын терең тануға жанын салатын. Бұл жағын бірде өзі де ашып айтыпты. Кәне, Сәуірбек ағамыздың мына бір жүрекжарды лебізіне құлақ қойыңыз: «Социалистік Қазақстанға» мен әскери шинелімді шеш-пестен 1945 жылы келдім. Бірден айтайын, өзімді осы газет өсірді. Баулыды. Ол маған ұшатын қанат, қонатын құйрық, баратын мұрат, жететін нысана берді. Әйтпесе, мен сонау Елтай Ерназаров заманында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі Нұрифа Досхановамен, немесе 1937 жылғы КСРО сайлауындағы бірінші шақырудың депутаты Салиха Оңғарбаевамен кездесе алар ма едім? Бұл екеуі де өмірде елеулі еңбек еткен ер мінезді әйелдер. Еңбек батыры Нұрмолда Алдабергеновпен, соғыс батыры Талғат Бигелдиновпен де «Социалистік Қазақстан» газеті кездестірді. («Егемен Қазақстан», 23-желтоқсан 2009 ж.) Бұл жолдардан жазушының аға газетке деген құрметін ғана емес, үлкен әдебиетке келер қарсаңдағы тірлігін де айқын аңғара аламыз. Замана тынысы оның жүрек тынысына айналғанын да шамалаймыз. Егер кімде-кім Сәукең шығармаларымен жақсы таныс болса бұл жағына өзі-ақ көз жеткізе алады. Сонау Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты тарихы мол, қасиетті Созақ даласында дүниеге келіп, жастайынан әке-шешеден айрылып, Түркістан жетім балалар үйінде тәрбиеленген Сәуірбек

Бақбергенов қаламға тым ерте-ақ жармасқан екен. Балалар үйі-
нен кейін сол Түркістан қаласындағы теміржолшылар мектебінде,
педучилищеде оқып жүріп-ақ өлең, әңгіме жазуға машықтанып-
ты. Алғашқы талпыныстары пәлендей нәтиже бермегенмен де

оның әдебиетке деген құштарлығын шыңдай түсіпті. Соғыс қар-
саңында Мәскеу қаласындағы әскери училищеде дайындықтан
өтті. Соғыс басталғасын Солтүстік Батыс майданында Новгород,
Псков, Калинин, Холм, Великие Луки түбіндегі ұрыстардың от-

жалынын бастан кешті. Атақты Панфиловшылар дивизиясында
взвод командирі, байланысшы офицер болып істеді. Міне, мұның
бәрі «көргенінен көзақы алмай» тынбайтын Сәукең сияқты қа-
ламгерге қаншама азық болды десеңші. Сөйтіп, осындай жағдай

ол кісінің өзімен замандас, қатарлас Әбу Сәрсенбаев, Қалижан
Бекхожин, Сырбай Мәуленов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи
Ахтанов, Тоқаш Бердияров, Ғаббас Жұмабаев, тағы басқалар
сияқты майдангер ақын-жазушылардың сапына енуіне себепкер

болды. Демек, Сәукеңнің бейбіт тірліктегі еңбек тақырыбы мен
соғыс тақырыбын өз шығармашылығында қатар алып жүруіне
ықпал етті. Әрі көркем проза, деректі проза аталатын екі жанр-
да еңбектенуге де итермеледі. Сондықтан да Сәукең тудырған

алуан кітаптардың басты кейіпкерлері ойдан шығарылған әдеби
образдар емес, өмірде болған нақтылы адамдар. Олар  – Дина
Нұрпейісова, Шоқан Уәлиханов, Кенен Әзірбаев, Нұрмолда
Алдабергенов сияқты тарихи тұлғалар, әрі Ұлы Отан соғысы-

ның қаһармандары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов,
Рамазан Елебаев, Бақтияр Меңдіғазин, Темірбек Көкебаев.
* * *
Бұл жерде қайталап ескертетін бір жай  – жазушы Сәуірбек

Бақбергеновтің Оңтүстік Қазақстан өңірінде, оның ішіндегі атақ-
ты Созақ жерінде дүниеге келуінің өзі ол кісінің әдеби еңбегіне
өзінше өрнек салғандай еді. Мысалы, кезінде Сәукең арнайы тап-
сырыспен жоғарғы сынып оқушылары үшін «Менің Қазақстаным

сериясы» бойынша «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген
атпен сол Оңтүстік Қазақстан облысы туралы кітап («Жалын» бас-
пасы, Алматы, 1984 ж.) жазған екен. Мұнда сол өңірдің ерекшелік-
тері, арғы-бергі тарихы, географиясы, өсімдігі мен жан-жануарлар

дүниесі өте қызықты баяндалған. Сыр бойы, Қаратаудың теріскейі
мен күнгейі хақындағы небір ғажайып аңыздар жып-жинақы етіп
келтіріліп отырған. Соның ішінде күй дарыған Созақ өңірінің кере-
меттері де, әрине, назардан тыс қалмаған. «Қаратаудың үшқаты

мен аршасы, Сырдың қамысы мен құрағы өзінен-өзі тұрып, әнде-
те жөнейді» деп жазады автор атылмыш кітаптың бір тұсында.
Сосын осында туып-өскен бұрынғы мен соңғының тамаша ақын-
дарын, жыршы-термешілерін тізе келіп, Әлшекей, Ықылас, Сүгір,

Жаппас, Төлеген, Қасымбек, Файзолла тәрізді атақты күйшілерді
де қадап айтады. Иә, Созақ шын мәнінде күй дарыған өлке.
Кезінде ұлы Мұхтар Әуезовтің «Шаянға барсаң әншімін деме,
Созаққа барсаң күйшімін деме» деп аһ ұруы да тегін емес. Демек,

біз өмірі мен шығармашылығы хақында сөз қозғаған Сәуірбек
Бақбергенов қазақ күй өнерінің ең бір қайнаған ортасында көз
ашып, оның кәусәрімен бала кезінен сусындаған. Демек, мақала-
мыздың басында айтылғандай жазушының сонау соғыстан кейінгі

жылдарда-ақ, еліміздің батыс қиырларының бірінде, күй өнерінің
тағы бір үлкен ордасы Жайық өзенінің бойында туып-өскен, қа-
зақтың ұлы күйші-композиторы Дина Нұрпейісова туралы арна-
йы повесть жазуы, әрі бұл дүниенің сол жылдарда оқырмандар

тарапынан үлкен сұранысқа ие болуы, әрі орысшаға аударылып,
одақтық «Детская литература» баспасы арқылы басылып шығуы
жайдан-жай емес.
Алайда, Сәуірбек Бақбергеновтің күй өнері төңірегіндегі тол-

ғамдары осымен таусылмапты. Ол Дина Нұрпейісова жөніндегі
тақырыпқа қайта оралды. Осының нәтижесінде «Қайран шешем»
атты роман дүниеге келді. Бұл жерде мынаны ескерткіміз келеді.
«Қайран шешемде» бұрынғы «Дина» атты повестің кейбір эпи-

зодтары қайталанғанмен екеуі екі бөлек шығарма ретінде өмір сү-
руге құқылы. «Динаны» негізінде жасөспірімдерге арналған шы-
ғарма ретінде қараған жөн. Ал соңғысы, яғни «Қайран шешем»
ересектерге арналған толыққанды роман ретінде бағаланатыны

дау тудырмайды. Біз осы соңғысына аз-кем талдау жасамақпыз.
Дина Нұрпейісова ең алдымен көптеген өлмес-өшпес күй-
лердің авторы, ұлы композитор, орындаушы ретінде ел жадында
қалған ғой. Сосын да болар Сәукең осы романын жазуда, оның

оқиғаларын құрастыруда күйші-композитордың ең негізгі шығар-
маларының дүниеге келуіне байланысты жағдайларды жіпке тізіп,
роман сюжетін соған орай құрған екен. Шығарманы оқып отыр-
саң мұның өте бір ұтымды тәсіл болғанын аңғарасың. Динаның

өнер адамы ретінде ел ішінде атағы ерте дабырайғаны шындық.
Сосын да Жайық бойы, Атырау теңізінің жағалауы, Нарын құмы
сияқты етек-жеңі кең-кең аймақтарда өмір сүрген, өзімен заман-
дас күйші, әнші, ақын-термеші сияқтылардың көбімен дәмдес-тұз-

дас болған. Солардың ішіндегі ең шоқтықтысы, әрине, күй ата-
сы Құрманғазы Сағырбайұлы. Әрі атақты күйші Дәулеткерейдің
баласы, ол да күйші-композитор Салауаткерей, Түркеш, Сейтек,

кіреші Жапақ дегеннің қызы, соқыр әнші Балғын, жеңгесі, әнші әйел Кербез, осы Кербезден туған атақты Кеней әнші, тағы басқалар бар. Міне, Нарын құмының қақ ортасында өзі қара шаруа, әрі атбегі, әрі балуан Кенже дегеннің үйінде дүниеге келген Дина тез есейді. Өзі қыз бола тұра сотқар, кейбір ер балалардың өздеріне жәбір көрсетуден тайынбайды. «Иә, балуан әкесіне тартқан сүйекті, әрі қайратты ғой» деседі жұрт. Бірақ сол жұрт, сол әке мен шеше кішкентай Динаның басқа бір әуестігін де байқай бастайды. Міне, бұл әуестіктің сыры осы Кенже балуанның үйіне ойда жоқта Құрманғазы келгенде барынша ашылады. Әрине, бұл кездесу Динаның есінде мәңгібақи қалды. Оның себебі көп. Ең бастысы ел ішінде атақ-даңқы әртүрлі дүмпу тудырып жүрген Құрманғазы атты кісіні көруі, әрі оның «Ақсақ киік» деген күйінің осы кішкентай Дина қыздың көз алдында дүниеге келуі еді. Сол Құрманғазы келетін күні күндіз, небәрі он жасар бойшаң қыз Дина бір топ баланың қоршауында қалың құмда киік қуған аңшыларды көрген еді. Жазушы оны былай суреттейді. «Балалар, оның ішінде, әсіресе, әлгі ересектеу қыз бала соңынан шауып, алға түскен қуғыншының ызғарлы өңі мен қаһарлы тұлғасына, шапқан ат үстіндегі еңкіштеу көрінген күңгірт кейпіне қызығып емес, әлдебір қорқынышпен тіпті бір үреймен қараған сияқты болатын. Ол әлсіз аңның соңына түскен аңшылар қылығынан әлдебір тұманды, өзіне де түсінікті емес, тым бір күңгірттеу қаталдықпен, жүрдек аяғынан басқа сенері жоқ қорғансызға төнген озбыр қара күшті аңғарған ба еді. Не де болса жас қыздың әлі сынға түспеген нәзік жүрегінен осы бір көрініс өз орнын мықтап алған сияқты. Елестей боп өте шыққан аңшыдан да гөрі, сонау көкжиектен көтерілген ақиық қыран  – дала бүркітінің ақсаңдай басып жортқан тірі жемтік үстінен ойқастап, айнала ұшқаны балалардың назарын өзіне көп тоқтатты. Ол кейде жемтікке әдеттегідей көп шүйілмей, асығыс ұшпай, кейде тіпті қанатын қақпай, сабырмен жай сермеп, қалықтап қана шарлады». (Сәуірбек Бақбергенов, «Қайран шешем», роман, «Ерен» баспасы, Алматы, 2000 ж., 20-бет). Бұл цитатада да тас бұлақтың суындай сыңғыраған тіл, бейнелілік, әрі символика да бар. Қыз байыптап байқаса, әке үйіне қонаққа кеп отырған Құрманғазы, бетінде найзаның терең түскен таңбасы бар аса сүйекті адам сол аңшылардың біреуі екен. Ақсақ киікті тезірек өлтірудің қамын жасаған да осы кісі екенін танығанда Динаның тұла бойын тіптен үрей жайлайды. Одан әрі тыңдаса бұл кісі сол ақсақ киік үшін өзінің де тым қамкөңіл екенін аңғартады. Сол күні Кенженің әйелі Жанихаға сол өзі атқан ақсақ киіктің етін қазанға салғызбайды, өзінің енді қайтіп киік етін жемеуге ант бергенін баяндайды. Мұның бәрін Дина кейін

біледі. Біледі де қайта шошынады. Себебі, кейін ол киіктің етінен
әке-шешесімен бірге өзі де дәм татқан еді. Әрі Құрманғазы тарт-
қан күйлердің әсері бар, «Ақсақ киік» күйінің қалай туғаны туралы
ел ішіне тараған аңыздардың неше түрлі нұсқасы бар, бәрі қо-

сылып, Динаны ауру етеді. Ол бір ай жатып, әрең жазылады. Ол
осы уақыттың ішінде едәуір есейіп, өзгеріп кеткенге ұқсайды. Бұл
болашақ дарын иесіне күй өнерінің алғашқы әсер етуі еді. Бұдан
әріде «Қайран шешем» романында көп ұзамай Кенже балуан мен

оның кішкентай қызы Динаның күй атасы Құрманғазымен екінші
мәрте кездесуі суреттеледі. Бұл оқиға осы Нарын құмындағы
атақты тұлға Ақбай ауылында болады. Бұл шаққа дейін Дина сәл-
пәл домбыра өнеріне жаттығып та қалған еді. Анау-мынау күй-

лерді нақышына келтіріп орындап та береді. Міне, осындай шақта
Құрманғазыны қайта көруі оны қанаттандырмай қайтсін. Алайда,
Ақбай үйіндегі көп кісі қатысқан кешкі ас, әртүрлі жиындар үстін-
де Дина басқа жағдайларға да қанығады. Сарыарқаны, Алатау

айналасын талмай кезіп, ел-елдің тұрмысын, жағдайын көзімен
көрген Құрманғазы бір алуан жаңа күйлерді шығарумен қатар
басына бұлт үйіріліп жүрген де адам екен. Оның өнерпаздығын
көре алмаған көп дұшпаны сыртынан әртүрлі қауесет тарататын

әдет тауыпты. Мысалы, ел ішінде барымташылар, ұры-қарылар,
баскесерлер көбейді, соның біразына осы Құрманғазы ұйтқы бо-
лып жүр деп, беттері шылп етпей сөйлейді екен. Ол ғана емес,
Құрманғазы жазадан қорқып, Қоқан патшалығына өтіп кетіпті, егер

қазақ ішінде қара көрсетсе сол Қоқан патшалығының тыңшысы
ретінде келіп жүргені деп, қоса көйітеді. Ал ондай керауыздармен
дауласып көр! Мұның үстіне Нарын құмындағы атақты да беделді
байлардың бірі осы Ақбайдың Әубәкір атты оқыған баласын жа-

қында ғана теңіз байынан келген барымташылар сойылға жыққан
еді. Ақыры ол содан оңала алмай өледі. Міне, соның өлімін де
сол Құрманғазыға апарып телиді. Дегенмен Ақбайдың өз басы те-
рең ойлы, аңғарымпаз адам еді. Бұл өсекке ол сене қоймайды,

сосын да ел ішіне келген атақты күйшіні өз үйіне қонаққа шақыра-
ды. Есесіне оның екінші баласы, ол да оқыған Қасғали өз ағасы
Әубәкірдің қазасын осы Құрманғазыдан көріп, жоғарыдағы ұлық-
тардың келісімінен кейін оны ұстап берудің әрекетін жасаған. Ал

әкесі Ақбай оған үзілді-кесілді қарсы шығады. Баласына былай
сөйлейді:

– «Мен бәрін де түсініп тұрмын. Сен ұлықтан қорықсаң, мен

халықтан қорқам. Сөйтіп аталы-балалы екеуміз су жүрек болып
тұрмыз. Құрманғазы халықтың адамы, ол көптің, мына жайыла
қонған қалың елдің сүйіктісі. Ертең Ақбай үйінен Құрманғазыны
солдат ұстап, аяқ-қолына бұғау сап, айдап кетіпті десе, мына

жақтан жалпақ елдің жақсы-жаманы менің ақ сақалыма, қала берді ас-табағыма түкірмей ме?! Еділ – Жайық екі егіздің ортасындағы Нарынның кең жазығын жайлаған ат төбеліндей аз қазақ бір-біріміздің бетімізге түкіріп, ас-аяғымызды ластап жатсақ, жаманымызды жасырып, жақсымызды асыра алмасақ, несіне түтін түтетіп, несіне тымақ киеміз. Елдің еркесін құрмандыққа шалмайақ ат мініп, ас ішуге болмас па еді?.. Менің айтпағым осы еді, тыңдамасаң бетіңнен жарылқасын. Өзің айтып тұрсың. Әубәкірдің моласының топырағы да кепкен жоқ...» (Бұл да сонда. 51-бет) Міне, өзіне ең үлкен ұстаз, ұлы күйші Құрманғазы басындағы осындай қауіп-қатерді өз көзімен көрген Дина ерте есеймей қайтсін. Бұл Құрманғазы басындағы жағдай ғана емес, Еділ мен Жайық арасындағы Нарын құмын мекендеген қалың қазақтың қасіретінен елес беретін көріністер екенін де ойға түйеді. Жалпы, Дина романда тек домбыра тартумен, күй үйренумен ғана әуестенген жас емес, ән айтуға да, ел ішіндегі ертегі-аңыздарды жақсы есте сақтап, таратуға да ебі бар құймақұлақ қыз ретінде де танылады. Бұл қасиеті кейінірек Дина есейіп, балиғатқа толып, тұрмысқа шығар қарсаңда, той үстінде толығырақ ашылады. Динаның Нұрпейіс шалдың баласы Нұралы деген жігітке ұзатылу сәті романда ұзақ та, әрі егжей-тегжейлі суреттелген. Мұның да себебі бар. Дәл осы кезде түрмеде жатқан Құрманғазы ойда жоқта босанып шығып, Кенже балуан үйіндегі тойға келіп, Динаға бата беріп үлгереді. Сірә, қазақ ішінде қыз баланың, келін баланың домбырашы, күйші немесе басқа да бір өнер иесі атануына наразылық сияқтылардың жиі шаң беретіні бар ғой. Сондай бір үрдіс осы той үстінде Кенже мен оның қызын әкетуге келген құдалар арасындағы әңгіме үстінде де орын алады. Әрине, Кенже сөзге кенде емес, қызының ғажап күйші, әрі әнші екенін жақтай сөйлеп, оның бұл өнерін ешкімнің аяққа басуына жол бермейтінін білдіреді. Ал құдалар жағы да өзінің қыңырлығына басады. Дәл осы әңгіменің үстінде мұнда Құрманғазының келмесі бар ма? Бұған Құрманғазы да, Динаның әке-шешесі де қатты қуанады. Содан не керек, соңында Құрманғазы Динаға ақ батасын беріп, оның отбасылық тұрмыста күй өнерін де өзіне жолдас етуін қалап, жалынды сөздер айтады. Бұл, әрине, тасыр мінезді құдалар жағының сабырсуын мықтап-ақ басады. Сөйтіп, Дина отбасылық өмірде де домбыра тартумен, күй шығарумен, өзге күйші-композиторлардың шығармаларын ел ішінде таратумен, басқа да өнерпаз жастарға ұйтқы болумен айналысуға зор мүмкіндік алады. Бұған, әсіресе, Динаның өз басының көп қырлы, бір сырлылығы да ықпал етеді. Ежелден белгілі, бір алуан қабілетті қыздар өнердің не ғылымның бір түріне икемді бола тұра отбасылық өмірде көбіне орашолақ, бойкүйез, сосын

да жолы болмаған жандарға айналады ғой. Ал Дина, керісінше,
он саусағынан күміс күй төгілген өнерпаз атана тұра өзі келін боп
түскен Нұрпейіс шалдың баласы Нұралы шаңырағын шайқалтпай
ұстайды. Бес бала тауып береді. Бұл жерде Дина күйшінің әйел,

ана, адам ретінде ерекше жаратылысын оқушы қауымның дұрыс
елестетуі үшін мына бір эпизодты ортаға салайық. Мұның әкесі
Кенже тек балуан ғана емес, әрі атбегі де еді. Өзінің қарақасқа
жүйрігін талай бәйгеге салып, олжа алған. Міне, сол қарақасқа-

дан туған құнанды, ол да қарақасқа, Кенже осы Дина ұзатыл-
ғанда бәсірең деп соған береді. Алайда, Дина келін боп түскесін
көп ұзамай оның күйеуі Нұралы осы қарақасқаны мініп, сайысқа
түсемін деп, ат бауырына құлағанда аяғы үзеңгіден шықпай бі-

разға дейін сүйретіліп, ақыры содан кемтар болып қалады. Әкесі
Нұрпейіс «мына күйші келін мен оның бәсіресі – қарақасқа бізге
сор боп жабысты», – деп қатты қайғыланады. Оны Дина біліп жү-
реді. Тап сол бір кезеңде «жығылғанға жұдырық» дегендей бұл

Нұрпейіс шалдың азын-аулақ жылқысын барымташылар қуып ке-
теді. Оның соңынан шабар Нұралыда шама қайда, кемтар болып,
омалып жатыр. Нұрпейіс шалда қауқар жоқ. Ал жалғыз жылқышы
баланың бетін барымташылар оп-оңай қайтарып тастап кетеді.

Міне, бұл шақта Нұрпейіс шалдың басындағы қара тұман мүлдем
қоюлайды. Кенет жұрт күтпеген жәйт болды. Дина ауыл-аймақ-
тың көз алдында өзінің бәсіресі-қарақасқаға мініп, барымташы-
лардың соңынан шабады ғой. Дина да, ол мінген қарақасқа да

бір-біріне сай еді. Барымташылардың бірі найзамен қаруланған.
Ең қауіптісі сол екенін табанда сезген жас келіншек тайсалмай
соған қарай тіке шауып, оның найза ұстаған қолын талма жерден
көк құрықпен аямай салып өтеді. Найза жерге ұшып түседі. Енді

барымташылардың өзгелері де Динаны қоршауға алып, ұрып
түсірмекке әрекет жасайды. Ал Дина ерлікпен шайқасып, олар-
дың айдауындағы Нұрпейіс шалдың жылқыларын кері қайтарып,
айдап әкетеді. Ал барымташылар мына қуғыншының әйел екенін

білгенде тіптен көздері ағып түсе жаздайды. Бұл оқиғаны суреттей
отырып, Сәуірбек Бақбергенов ағамыз өзінің тамаша қаламгерлік
қасиетін ашып көрсеткен. Мұны өз басым романның ең бір жо-
ғары көркемдік дәрежеде жазылған беттері деп атар едім. Міне,

Динаның осы қылығы оның есімін ел ішінде одан әрмен дабырай-
тады. Күйші, әнші, үлгілі келін, жас ана сияқты атаулардың үстіне
сайыскер, ержүрек деген атақтарды қоса жапсырады. Динаның
барымташылардан өз үйінің жылқысын айырып әкеткен ерлігінің

осы роман сюжетінің кейінгі дамуына қажет болған тағы бір қыры
бар. Құдай қор қылғанда әлгі барымташылардың біреуі қазақтың
тағы бір болашақ ұлы күйші-композиторы, атақты Сейтек еді. Бұл

Сейтектің аса күрделі жағдайда өмір сүргенін, әрі өз басының да жаратылысы адам сенбестей бөлек болғанын осы Сәуірбек ағамызбен бірге атақты Созақ өңірінде дүниеге келген, екінші бір үлкен жазушымыз Тәкен Әлімқұловтың шығармалары арқылы да білетінбіз. Сейтек бұдан кейін сонау алыс Сібір, Қиыр Шығыс жаққа жер аударылып, талай өткелектерден өтіп келген ғой. Көп жылдардан соң Дина Нұрпейісованың күйші-композитор ретіндегі атағы жер жарған шақта, екі ұлы күйшінің кездескені де белгілі. Сейтек сонда өз өмірбаянынан сыр шертеді. Тіпті Мәскеуде болғанын да айтады. Содан сөзден сөз шығып, екеуінің сонау жас кездерінде барымта үстінде бірінің барымташы, екіншісінің қуғыншы ретінде жолыққандарына көз жеткізіседі. Иә, мұның бәрі жан тебірентерлік оқиғалар. Замана қыспағы, таршылық, өзара дұшпандық қазақтың ең бір марғасқа жайсаңдарын, ақын-жыршыларын, жалынды күрескерлерін қандай тәлкекке салмаған? Сол Сейтек жас кезінде қайбір жетіскеннен жылқы барымталауға қатысты дейсің. Осының бәрі С. Бақбергеновтің осы «Қайран шешем» романында сап-сабымен ашылып отырады. Иә, бұл Сейтек пен Динаның соңғы кездесуі кейініректе болған жай. Ал оған дейін Дина өмірі қалай дамыды, ол жағына романда, әрине, кең орын берілген. Бұл күйші-композитор әйелдің отбасылық өмірінде көптеген трагедиялық жағдайдар да орын алды. Әкесі Кенже ұзақ ауырып, өлді. Нұрпейіс шал мен оның баласы Нұралы да бақилық дүниеге аттанды. Айында, жылында бір көрсе де өзіне ұстаз, әрі арқасүйер таяныш ретінде сезінетін Құрманғазы да солардың соңынан кетті. Бес баламен қалған жесір Дина ақыры Нұрпейіс шалдың жамағайыны, аздаған байсымақ Жәпек дегенге әйел үстіне тиді. Бірақ жігерлі әйел «тоқал» деген ұғымдағы тірлікке тас лақтырғандай үйі бөлек, күйі бөлек тәуелсіз жан ретінде күн кешті. Бұл Жәпекке де Дина алты бала тауып берді. Сөйтіп, Дина он бір балалы ана атанды. Өстіп, отбасылық өмірдің ащы-тұщысын көріп жүріп, Дина өнердің де қияң өріне басты. «Төремұрат», «Жігер», «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп», «Кішкентай», «1916жыл», «Жеңіс», «Ана аманаты», тағы басқа санап тауысқысыз терең мағыналы күйлердің бірінен соң бірін қоздатты. Бұл күйлердің әрқайсысының туу тарихы өзінше бір-бір хикаят. Роман авторы ол жағын оқырманның мәңгілік жадында қалардай етіп бейнелейді. Мысалы, «Төремұрат» күйін алайық. Ең алдымен сол Төремұрат дегеннің өзі кім, соған назар аударыңыз. Баяғыда Кенже балуанның әйелі Жаниха босанып, осы Динаны табатын түні бұл Төремұрат түнделетіп осы ауылға қыз аңдуға келген жас жігіт ретінде көрінеді. Сосын да осы жаңа туған қызының атын қоюды әкесі Кенже әлгі Төремұрат дегенге тапсырады.

Сөйтіп, ол Динаға өкіл әке атанады. Кейін, бұл Төремұрат басы-
нан біраз әпселеңдер өткергесін осы Динаның сұлу да өнерпаз,
әрі ақылды, жесір жеңгесі Кербезге үйленеді. Енді Төремұрат пен
Кербезден Кеней атты тамаша әнші бала туады. Бұл Кенейдің

әншілігі соншалық, мұны кейін ұлы күйші-композитор Дина
Нұрпейісова өз қасына серік етеді. Кейінгі заман өзгерісіне бай-
ланысты оқиғаларға осы Дина мен Кеней бірге қатысады. Тек
бір өкініштісі Төремұратты, жаңа заманға тез бейімделе баста-

ған Төремұратты, көзі ашық, көңілі ояу, әрі балуан Төремұратты
Сұлтанғали қажы дегеннің тапсыруымен Жылқайдар деген банды
шапқылап өлтіреді. Ал әйелі, әрі әнші Кербез бұл қорлыққа шыда-
май күйіктен өледі. Міне, бұлардың бәрі Динаның ежелгі таныста-

ры. Ерлі-зайыпты Төремұрат пен Кербез өмірлерінің осылай қиы-
луы, олардан Кеней атты күміс көмей, жез таңдай әншінің қалуы
Динаның жанына үлкен қозғау салады. Ішінен ауыр зар төгердей
ауыр қиналыста жүреді. Ақыры, «Төремұрат» атты күйді шығара-

ды. Өлмес, өшпес шын өнер туындысының дүниеге келу тарихы
көбіне осылай болатынын жазушы Сәуірбек Бақбергенов оқыр-
манға әдейілеп құлаққағыс еткендей болады.
Романдағы кіреші Жапақ дегеннің қызы, соқыр әнші Балғынға

қатысты беттерді де сүйсінбей оқу мүмкін емес.
«Болғанмен атым Балғын жүрегім тас,
Кетті ғой, бас сауғалап құрбы-құрдас.
Әз болған әнім үшін Балғын едім,

Күй тартып, ең болмаса, мауқымды бас.
Арқаның мен де жүйрік Балғыны едім,
Көкорай сазға шыққан шалғыны едім.
Кезінде ән мен күйден көрік басқан

Тайпа елдің тамаша еткен айдыны едім» –
деп шырқағанда тыңдаушының сай-сүйегін сырқыратар еді. Иә,
қазақ даласы қашан да осындай қасіретті тағдырларға толы бол-
ған ғой. Кейініректе Дина осы Балғын мен Кербез жеңгесі тағ-

дырларындағы ұқсастықты ойша елестетіп, ұзақ-ұзақ саруайым-
ға бататын да әдет табады. Бірақ жігерлі әйел тез қайраттанып,
басындағы ауыр-ауыр мұңдарды домбыраның қос ішегі арқылы
күмбірлеген күйге айналдырады. Динаның Түркеш, атақты күйші

Дәулеткерейдің баласы Салауаткереймен кездесулері де осындай
қырларымен оқырман есінде қалады. Жалпы, С.Бақбергеновтың
«Қайран шешем» романының әсері соншалық, бұл шығарма тура-
лы сөзді соза бергің келеді. Бірақ мақала көлемін де ойлау керек

қой. Тек өзіміз аз-кем талдаған осы шығарманың тағы бір қырын

ашпақ ойымыз бар. Сәуірбек Бақбергенов мейлі күй ме, мейлі ән
бе, қандай да бір музыкалық шығарманың әуенін көркем сөз ар-
қылы жеткізуде қазақ жазушыларының алдыңғы сапында тұрған
қаламгер деп атауға толық негіз бар. Бұл жағы бұдан бұрынғы

«Дина» повесінде де анық байқалған, ал мына «Қайран шешем»
романында тіптен дамытыла түскен. Төгіліп тұрған ғажап тіл ар-
қылы суреттелгенде сен кітап оқып емес, сол күйдің, не әннің өзін
тыңдап отырғандай әсерде қаласың. Табиғат суретін бергенде де

солай. Романның бас кейіпкері қазақтың әйгілі күйші-композито-
ры туралы болғасын да ма, мұндағы құмды кеңістіктер, олардағы
өсімдік дүниесі бәрі ән салып, адамның ішкі дүниесімен үндестік
іздегенге ұқсайды. Оқушыдан кешірім сұрай отырып, бұған да бір

мысал келтірейікші:
«Жұпыны ауылдың төңірегін қоршаған жалаңаш сары ша-
ғылды сұрша құм қандай түссіз, қандай реңсіз болса, сондай
бір түссіз де, ізсіз де белгісіз өткен және өтіп жатқан қоңырқай

күндердің қисабы жоқ еді. Қайда кетіп жатыр, мына ауылды қай-
да алып бармақ, жөн сұраған, жол-жобасын білген, ертеңгі күнін
болжаған ешкім жоқ. Таздың басындай жалтыраған сары бел міз
бақпастан, бедірейіп ауыл сыртында көлденең түсіп маңқая сұ-

лап жатады да қояды. Осы белге қарай тұрып, Дина кейде ғажап
бір ойға қалатын. «Егер осы бел, жалаңаш сары шағыл болма-
са қайтер еді, онда осы ауыл мына меңіреу тыныштықтың, кең
даланың әлдебір белгісіз тұңғиығына батып кетер ме еді, қайтер

еді?.. Тіпті, кейде осы ауылдың жылжымай бір орнында тұрғанын
тек осы бір бел, өліктей сұлаған сары төбе ғана аңғартып тұрған
сияқты болатын. Шаңқай түсте сары белдің басын түссіз бозаңғыл
сағым басады. Киіз үйдің іргесін түріп тастап, Дина осы бір бел-

ге ұзақ-ұзақ сарғая қарайды. Түссіз сағымға қарайды. Түссіз са-
ғымға оранған сары бел үй іргесінен қарағанда Сарыарқаның кең
етек даласындай, ұстазы Құрманғазы тартқан «Сарыарқа» күйінің
сәнді суретіндей ынтықты көрінетін. Қарағанда көзді талдырып,

мұнар басқан, сағым шалған сары бел кең жазықта, майдан да-
ласында сұлап жатқан өліктей жұмбақ сыры көп, айтар мұңы көп,
бірақ, қозғалар жаны жоқ, сөйлер тілі жоқ, кенет өлген майдан
еріндей немесе табытта жатқан тарих шежіресі сынды міз бақ-

пастан кең жазықта самарқау жататын. Ән мен күйді сүйген үлкен
де нәзік жүрек осы белдің сырын ұғуға қанша ынтыққанмен бәрі
де жұмбақ болып қала береді. Осы бел кейде үнсіз тілмен зарлы
ән салғандай болса, кейде сазды күй тартқандай, кейде қой боп

маңырағандай, кейде шөге жатып боздаған аруанадай мұң төгіп
тұрады. Дина жүрегіне кейде күй мен ән боп төгілетін, кейде оған
ащы ақау тастайтын». (Бұл да сонда. 150-151-беттер)

Міне, нағыз суреткерлік деп осыны айтар болар. Кітаптың соң-
ғы бетін жапқанда қазақтың кең сахара даласымен бірге, сол да-
ланың өз үніндей болып күңіренген күйлер тудырған ұлы компози-
тор, адал жар, мейірімді ана, күрескер әйел бейнесі көз алдыңда

тұрады.
* * *
Сәуірбек Бақбергенов өз шығармашылығында тек өнер атты
дүниенің ғана төңірегінде айналшақтап қалған жоқ. Замана тыны-

сына мұқият құлақ түре жүріп, басқаларымен бірге ауылшаруа-
шылығы тақырыбына арналған «Адам және көлеңке», өндірістік
тақырыпқа арналған «Кентау» атты романдарды да жазды.
Алғашқысының бас кейіпкері – кезінде атақ-даңқы бүкіл Одаққа

жайылған атақты ұжымшар төрағасы, екі мәрте Социалистік
Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов еді. Мақаламыздың басын-
да ескерткеніміздей бұл тақырыпты Сәукең 1958-59 жылдары
зерттей бастаған ғой. Солай десек те бұл шығарманың алғаш-

қы тараулары сол жылдарда қағазға түсірілгенмен жазушы көп
ұзамай ол жұмысты доғаруға мәжбүр болды. Себебі, Нұрмолда
Алдабергенов басқарған шаруашылық ол жылдарда ет, сүт,
жүн, қант қызылшасы, бидай, тағы басқа да ауылшаруашылығы

өнімдерін мемлекетке тапсыру жөнінде бүкіл республика, тіпті
Одақ бойынша алдыңғы орынға шығып жүрсе де кенет ақай-
тоқайсыз бұл атақты ұжымшар төрағасы орнынан алынды.
Осыған байланысты берілген ресми түсініктемеде «ауыл- ша-

руашылығының оқымаған академигіне» әртүрлі жалалар жа-
былды, қара күйе жағылды. Енді Нұрмолда Алдабергенов тура-
лы роман түгілі, баспасөз бетінде кішкентай жылы лебіз білді-
рудің ауылы алыс қалды. Мұндай жағдайда Сәуірбек ағамыз-

дың жұмысты тоқтатпауына амалы қайсы? Тек СОКП Орталық
Комитетінің 1964-жылғы қазан Пленумынан кейін жағдай сәл
өзгерді. Жоғарғы басшылар Нұрекеңе сәл жұмсақ қарай баста-
ды. Жұмыссыз жүрген оны көп ұзамай Талдықорған өңіріндегі ең

артта қалған ұжымшарлардың бірі – Мұқырыға төраға сайлады.
Жаңа жұмысқа асқан жігермен кіріскен Н.Алдабергенов оны екі
жылда аспанға көтерді. Күнді қолмен жабу мүмкін емес қой, сол
сияқты мұны да көрмей қалу мүмкін емес еді. Нұрекеңнің тең-

десі жоқ ұйымдастырушылық қабілетін, жаңа жетістіктерін әс-
петтеген мақалалар Одақтық, республикалық баспасөзде қайта
бұрқ етті. Міне, сол шақта Сәуірбек Бақбергенов осы кісі тура-
лы үзіліп қалған жұмысын қайта қолға алып, оны «Адам және

көлеңке» деген атпен 1969 жылы «Жазушы» баспасы арқылы
жарыққа шығарды.
Әділіне көшсек, бұл роман оқырман қолына тигесін көп ұза-
май атақты Сәбит Мұқанов, ол кезде жас жазушы санатын-

дағы Ғаббас Қабышев, тағы басқалардың сынына ұшырады.
Неге? Әрине, Сәбит Мұқанов Нұрекеңмен жақсы қатынаста
болған. Сондықтан да ол кісіні жақсы біледі. Бір жайдан мұн-
дай қатаң пікір айтуы дұрыс та еді. Мұндағы кілтипан неде?

Кілтипан сонда – төсінде қос Алтын Жұлдыз жарқыраған атақ-
ты ұжымшар төрағасының ақай-тоқайсыз орнынан алынуы-
ның нақтылы себебін ол кезде былайғы жұртшылық білмейтін.
Нұрмолда Алдабергеновтің нағыз бағы жанып тұрған шақта ор-

нынан алынуы ол кезде КСРО атанған ұлы елдің Бірінші бас-
шысының кесірлі мінезіне байланысты еді. Ал оны солай деп
айтуға кеңестік идеология талабы жол бермейтін. Сосын да
С.Бақбергенов алғашқы тараулары бұрын жазылып қойған ро-

манның осы тұсын қиыстырғанда амал жоқ Нұрекеңнің орны-
нан алынуын ойдан шығарылған басқа бір себеппен байланыс-
тырды. Яғни, оны ұжымшардың отыз жылдық тойын аста-төк
етіп ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп санағандардың іс-әрекет-

терімен байланыстырды. Әрине, бұған оқырман да, сыншылар
да сене алмап еді. Әрі роман оқиғасындағы ішінара олқылық та
осыдан туындап еді. Бұған сол заманның ыңғайына орай объ-
ективтік себеп те болғанын мұқият қайталап ескерткіміз келеді.

Алайда, сондай бірер «әттеген-айы» болғанмен «Адам және
көлеңке» романы сол кездегі ауыл өмірінің көп қыр-сырын аш-
қан, әрі дұрыс ұйымдастырушылар табылса халықтың еңбекке
деген құлшынысының еселеп артатынын, жер-ананың да иіп

сала беретінін, жер мен адам қашан да ана мен баладай туыс-
тықта екенін дәлелдейтін елеулі туынды. Осы мақаланы жа-
зарда оны қайта оқып шығып, бұған әбден көз жеткіздік. Әттең,
бүгінгі ауылды көтереміз деген қазақ зиялылары, мамандары

бұл шығарманы зерделеп оқыса көп тағлым алар еді.
Ал осы «Адам және көлеңкеден» соң көп ұзамай жарық көр-
ген «Кентау» романын жұрт бірден жылы қабылдады. Жақсы
пікір білдірілген рецензиялар жарияланды. Өткен ғасырдың

жетпісінші жылдарының орта шенінде Қазақстан Жазушылар
одағының «Қазақ әдебиетіндегі жұмысшы образы» деген тақы-
рыппен өткен бір жиынында С.Бақбергеновтің осы «Кентау» ро-
маны жан-жақты талқыланып, әжептәуір жақсы баға алды. Сөз

реті келгесін айта кетейік, сондай бір шыққан кітаптар табанда
ауызша да, жазбаша да талқыланып жататын заман, сондай бір
әдеби орта да көзімізден бұл-бұл ұшты-ау бұ күнде.

Осы «Кентаумен» бір мезгілде жазылған дерлік көлемді
«Өрімші» повесін де С.Бақбергенов шығармашылығындағы
үлкен бір бел деп атар едім. Бұл повестің құрылымының өзі
әдеттегіден тыс. Бірнеше «өрімнен» тұрады. Ал «өрім» дегені

бұл жерде тарау дегені. Әрине, шағын тараулар. Сөйте тұра
олардың әрқайсысында қазақ өмірінің ішкі сан қилы қатпар-
лары жатыр. Жазушы Қаратаудың терістігіндегі Аққолтық де-
ген жердегі өз туған ауылына барып, Құдайназар деген өрімші

шалмен ұзақ-ұзақ сұхбаттасады. Ел ішінде Найзабас шал деген
тағы бір лақап есімі бар бұл қария Сәукеңнің әңгімеге зейін қой-
ғыш, әрі ұғымтал екенін біліп, ой айызы қанғанша ақтарылады-
ау. Сонда оның төккені не жыр дейсіз ғой. Әр «өрімде» өзінше

өрілген қысқа-қысқа хикаялардың кейіпкерлері бұрынғының ел
қорғаған батырлары, ел аузына іліккен сұлу қыздары, атбегі-
лері, шабандоздары, тігіншілері, етікшілері, үйшілері, зергер-
лері, өрмекшілері, киіз басушылары, ши тоқушылары, тағысын

тағылары. Мұндай өнерпаздар қай ұлтта болса да кездеседі
ғой, алайда, қазақтан шыққан мұндайлардың кескін-келбеттері,
үрдістері басқа бірде-бір ұлттікіне ұқсамайды. «Міне, біз на-
ғыз қазақпыз» деп, өздері-ақ сайрап тұр. Бұл жағына келгенде

«Өрімші» біз жоғарыда сөз еткен «Дина» повесімен, «Қайран
шешем» романымен аздап үндеседі де. Тек бұл соңғысының
жазылу формасы, түйген түйіндері мүлдем өзгеше. Әттең, осы
«Өрімші» повесін дұрыстап өзге тілдерге аударса бұл қазақ ұл-

тының салт-дәстүрі үшін нағыз насихат құралына да айналар
еді. Себебі, мұның көркем шығарма ретіндегі қасиеті өз алды-
на, бұған қоса этнографиялық қырлары да көз тұндырады, көңіл
көкжиегіңді кеңейтеді. Қазақ деген халықтың тұрмыс-тіршілігін,

психологиясын, жетістіктері мен кемшіліктерін тереңірек тануға
жол ашады.
Ал С.Бақбергеновтің соғыс тақырыбына арналған шы-
ғармалары өзінше бір төбе. «Қарға тамған қан», «Алтын кү-

рек» атты романдары мен «Жанғожин», «Белгісіз солдат»,
«Барлаушылар» повестері кезінде қазақ жастарының сүйіп оқы-
ған шығармаларына айналып еді. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан
Уәлиханов өміріне арналған «Қоянкөзге құлаған жұлдыз», тағы

басқа деректі повестері де солай. С.Бақбергенов сондай-ақ
ауыл шаруашылығының өзекті проблемаларына орай көптеген
әңгімелер, очерктер, өткір мақалалар да жариялаған. Спорт
тақырыбына да қалам тартып, «Он үшінші ойыншы» атты по-

весть те тудырды. Әттең, осылардың әрқайсысына жеке-жеке
талдаулар жасалса ғой. Сондай-ақ, С.Бақбергенов шығарма-
шылығы өзінің ғылыми зерттеушілерін де күтіп тұр. Ол кісінің

қаламынан туған роман-повестердің, деректі туындылардың
көркемдік деңгейі, өмірлік шындықтары, қуаты, тілдік қасиет-
тері, ғылыми негіздері, этнографиялық қырлары арнайы дис-
сертацияда ашылуы керек деп ойлаймын. Біздікі тек туғанына

тоқсан жыл толып отырған ағамыздың тоқсан тараулы әдеби
мұрасында бүгінгі шын әдебиет ауылынан алшақтап кеткен
жастардың көңіл қоюына, тағылым алуына тұрарлық құндылық-
тар бар екенін ескерту ғана.

25-қаңтар 2010 жыл

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗҒА ҚАТЫСТЫ (Исай Калашниковтың «Сұм заман» атты роман-дилогиясының қазақша аудармасы жайында) Аударма өнері адам баласы ойлап тапқан еңбек түрінің ең бір қасиеттісі десек артық айтқандық емес. Қай адам да, мейлі ол мың жерден полиглот атансын, дүниежүзіндегі барлық тілді меңгере алмайды. Алайда, дүние жүзіндегі барлық ұлттардан шыққан ең озық ойлылардың жасаған ең үздік еңбектерін білуі шарт. Онсыз ғылымның, әдебиеттің, өнердің, бұған қоса бүкіл өндіріс атаулының да ешбір саласы алға баспақ емес. Орыстың Г. В. Плеханов, Н. Г. Чернышевский бастаған ұлылары, басқа да шетелдік қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар сондықтан да аударма өнерін өз дәрежесінде жолға қоюды барынша насихаттап, әрі өздері де бұл жұмысқа белсене араласқан. Бұл жағын өзге жұрт білмейді деп, айтып отырғамыз жоқ. Біз бүгінде қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деп, бүкіл ел болып тырбанып жатқанда аударма өнерінің ерекше маңызға ие болатынын тағы бір ескерткіміз келеді. Иә, аударма жұмысына кең өріс ашып, сапасын қадағалап, әрі оның үлкен бір жүйеге айналуына жағдай жасау бүгінде кезек күттірмес міндет. Мысалы, ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, жапон сияқты өркениетті елдердің қабілетті жастары қандай да бір ғылым, өнер саласын игеру үшін басқа тілдерді үйреніп әуре болмайды, себебі, сол басқа тілдегі құндылықтардың барлығы дерлік табанда олардың өз ана тіліне аударылып, басылып шығып жатады, Себебі, ол елдерде бағзы заманнан аударма ісі аса маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қадағаланып, кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Біздің де сондай жағдайға қол жеткізуіміз керек. Онсыз қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейте алмаймыз. Сондықтан да осы іске бір тамшыдай болса да үлес қосу мақсатында орыстың белгілі жазушысы Исай Калашниковтың екі кітаптан тұратын «Сұм заман» («Жестокий век») атты тарихи романының қазақша аудармасының сапасы хақында аз-мұз ой толғап көрейік. Аударманы жасаған белгілі баспагер, жазушы-журналист Нұрғазы Шәкеев. Бұл жұмыс аталмыш аудармашының тырнақалды дүниесі емес, бұған дейін ол орыс және басқа да шетел жазушыларының көптеген кітаптарын қазақ оқырмандарының игілігіне айналдырған танымал қаламгер. Н. Шәкеевтің бұл саладағы еңбегін көпшілік қауым дұрыс елестете алуы үшін оның қаламынан туған аударма туындылардың толық емес тізімін келтіре кетейік: орыстың классик жазушылары Н. В. Гогольдің «Күйме» («Коляска»), И. С. Тургеневтің «Шалғайда»

(«Затишье») повестері, Н. С. Лесковтың таңдамалы повестер
жинағы, үнді жазушысы Кришан Шандардың таңдалмалы повес-
тер мен әңгімелер жинағы, болгар жазушысы Стефан Продевтің
«Данышпанның көктемі» повесі, венгр жазушысы Тебор Деридің

«Махаббат» повесі, армян жазушысы Нар Достың «Махаббат
серенадасы» повесі, қазақстандық орыс жазушысы Дмитрий
Снегиннің «Қолыңа не себепті қалам алдың?» атты қазақтың ай-
тулы ақыны Ілияс Жансүгіров туралы естелігі. Мұның сыртында

Нұрғазы Шәкеев кешегі Кеңес дәуірінде сол кезгі заман талабына
орай туған көптеген саяси, публицистикалық кітаптар мен мақала-
ларды да аударуға қатысқан. Енді ойлап қараңыз, «Социалистік
Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, «Мектеп» баспасының

бас редакторы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиг-
рафия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік Комитеті
Бас редакциясының Бас редакторы, «Ара»-«Шмель» журналының
бас редакторы, Қазақ Кеңес Энциклопедиясының жауапты хатшы-

сы, «Кітап жаршысы» газетінің бас редакторы сияқты аса жауап-
ты қызметтерді атқарып, өмір бойы солардан қол үзбеген адам
үшін жоғарыда біз келтірген аударма еңбектер, әрине, аз жұмыс
емес. Н. Шәкеевтің сондай-ақ журналист ретінде көптеген мақа-

лалар мен очерктер жазғанын бұл жерде созбұйдалап жатпай-ақ
қоялық. Жалпы адам еңбегін бағалағанда оған сан тараптан көз
салып, бақылағанның артықшылығы жоқ, сірә. Бірақ бұл сөзімізге
қарап, Исай Калашниковтың атақты романының қазақша нұсқасын

талдағанда аудармашы жұмысына белгілі бір дәрежеде кешірім-
паздықпен қарауды мақсат тұтып отыр деген ой тумауы керек.
Мысқалдай да кешірімпаздыққа жол жоқ. Біз кешіргенмен қалың
оқырман жұртшылық кешірмейді. Демек, аталмыш роман аудар-

масының сапасына мүмкіндігінше ең биік талап деңгейінен қарау
біздің міндетіміз. Егер одан сәл ауытқысақ былайғы көпшіліктің
«әй, мынауың қалай» деуге құқы бар.
Бірауыз сөз Исай Калашниковтың осы «Сұм заман» романының

өзі туралы. Бұл ретте ең алдымен бізге өткен ғасырдың қырқын-
шы, елуінші жылдарынан таныс, белгілі орыс жазушысы Василий
Григорьевич Янның «Моңғол жаугершілігі» атты трилогияға бірік-
тірілген «Шыңғыс хан», «Батый», «Соңғы теңізге» романдары есі-

мізге түседі. Осы үш романның алғашқы екеуін біз бала кезімізде
өз ана тілімізде жата-жастана оқып, әбден санамызға сіңірген де
едік. Алайда, ол кезде Шыңғыс ханға, оның немересі Батыйға де-
ген көзқарас мүлдем басқаша еді ғой. Ол заманда олар «кімдер»

деген сұраққа тек «басқыншылар» деген біржақты жауап алатын-
быз. Мұнда орыс халқы ғалымдарының сол Шыңғыс пен Батыйға
деген әбден қалыптасқан көзқарасының да салқыны бар еді.

Енді одан бері едәуір уақыт өтті. Шыңғыс хан заманы хақын-
да ағылшын, басқа да өркениетті елдер тарихшыларының әр ға-
сырда жарияланған сүбелі зерттеулері біздің игілігімізге айналды.
«Моңғолдың құпия шежіресі» сияқты бұрын жұрт көзінен тасада

болған жылнамалар да жарыққа шықты. Міне, Исай Калашников
тарих ғылымындағы осы соңғы жарияланымдарды мықтап ескере
отырып, ол заманның бетпердесін мүлдем басқа қырынан ашады.
Егер В. Г. Ян өз романында атақты қосбасшының жаугершілік жо-

рықтарына баса назар аударса, И. Калашников оның адам ретін-
дегі бет-бейнесіне көбірек үңіледі. Шыққан тегін, өскен ортасын,
қолбасшы ретінде қалыптасуын, сол заманның кең панорамалы
көріністерін реалды өмір шындығы фонында алға тосады. Мұнда

асқақтаушылық, ауа жайылушылық жоқ, кәнігі суреткердің оқыр-
манды баурап әкететін, шеберлікпен түсірілген ою-өрнектері бар.
Мұның сыртында бір айтарымыз – Шыңғыс ханға қазақ оқырманда-
рының ерекше ықылас қоятын тағы бір себебі бар. Егер арғы-бергі

шежірелерді ақтарсақ, Шыңғыс хан қайдағы бір Моңғолия деген
елдің бағзы бір заманғы қайраткері емес, осы өзіміздің қазақтың
арғы ата-бабаларының бірі болып шығады. Егер шежірелердің
тағы бір парасына көз салсақ біздегі төре тұқымдары дейтіндердің

түп-тұқияны сол Шыңғыс ханға барып тіреледі. Егер мұның бәрін
тарата сөйлесек бас-аяғы жоқ ұзақ-сонар жырға ұрынамыз. Тек бұл
шегінісіміздің мәні сол – Шыңғыс хан тарихы қазақтың төл тарихы-
ның бір бөлігі екенін ескерте кету. Демек, ол заман туралы қандай

да туынды, мейлі ол көркем шығарма ма, жоқ, ғылыми еңбек пе,
қай-қайсысы болса да қазақ топырағын айналып өте алмайды.
Қалай айналып өте алсын, мына сөз болып отырған еңбектің өзін-
де қазақтың ежелгі рулары  – найман, керей, қоңырат, жалайыр,

меркіт, басқалардың сол кездегі тарихы, тұрмыс-тіршілігі кеңінен
суреттелген. Романның бас кейіпкері Теміжүн-Шыңғысхан өзінің
өсу, қолбасы, қайраткер ретінде қалыптасу жолында осы қазақ ру-
ларынан шыққан көптеген аса дарынды адамдарды өзіне одақтас

етеді, соларға арқа сүйейді. Солардың бірегейі – жалайыр Мұқали
деп атап айтуға да болады. Міне, Исай Калашниковтың белгілі жа-
зушы-журналист, аудармашы Нұрғазы Шәкеевтің қаламы арқылы
қазақ оқырманына жеткен «Сұм заман» роман-дилогиясының қа-

зақша нұсқасына мұншалықты шүйлігуіміздің сыры осында жатыр.
Хош, ендігі сөзді аударма сапасына арнайық. Егер бірден
ашығына бассақ, кезінде орысша нұсқасын оқыған біздің өзіміз-
ге бұл романның қазақша аудармасы да бірден жылы ұшырады.

Аударма емес, кәнігі суреткердің қаламынан туған өзіміздің төл
туындымыздай ағынға ілестіріп әкетті. Мақаламыздың басында
Н. Шәкеевтің Н. В. Гоголь, И.С. Тургенев, Н. С. Лесков сияқты

орыс классиктерін және басқа да бірқатар елдер жазушыларын
қазақшалауға қатысқанын ескерттік қой. Лесков повестері мен
әңгімелері жинағының аудармасы жөнінде баспасөз бетінде әр-
қилы пікірлердің болғанын да ұмытқан жоқ едік. Алайда, мына екі

кітаптан тұратын тарихи романның аударылу сапасына тікелей
өз көзқарасымызбен, кәдімгі әдеби сын тұрғысынан қарауға күш
салдық. Сонда кітаптың алғашқы тарауын оқығанда-ақ қарсы бет-
тен сары даланың самалы ескендей әсерде қалдық. Н. Шәкеевтің

аудармашы ретінде өзінің барлық қабілетін, тәжірибесін сарқа
жұмсағанын бірден байқадық. Мұндай пікірді жалғыз біз емес,
басқа да айтатындар табылады. Мысалы, романның қазақша-
сы Астанадағы «Аударма» баспасы арқылы 2004-жылы жарық-

қа шыққасын көп ұзамай аудармашының Халықаралық «Алаш»
сыйлығын иемденуі де сөзімізге айғақ. Сыйлық өз алдына да, біз-
дің пікіріміз өз алдына бөлек дүние ғой. Біздің өз тарапымыздан
таптап айтар бір шындығымыз сол – аударма жақсы оқылады. Ал

оқылған нәрсенің жаман болмасына ешкім шәк келтіре қоймас.
Аудармашының негізгі міндеті орысша мәтінді қазақша ұғынықты
етіп қана жеткізу емес, романның көркемдік қасиетін де сақтай
білу. Бұл жағынан келгенде аудармашының табысы аз емес.

Кәне, бір мысал келтірейікші (Біз Исай Калашниковтың орыс-
ша нұсқасында «Жестокий век» аталатын романының 1980-жылы
Мәскеудегі «Советский писатель» баспасы арқылы шыққан басы-
лымын негізге алып отырғанымызды, әрі бұл орысша басылымда

романның екі кітабы біріктіріліп шыққанын, ал қазақша басылым-
да әрқайсысы жеке-дара бөлек шыққанын ескертеміз):
«Первым бил Джамуха. Он долго целился, щуря глаза с длин-
ными, загнутыми вверх, как у девушки, ресницами. Бросок по-

лучился слишком слабым. Бита, прискакивая, шла по льду, на
глазах теряя скорость, в круг она еле вползла. Джамуха, неловко
улыбаясь, полез за пазуху доставать проигранную бабку.
Настала очередь Тэмуджина. Он сбросил овчинные рукавич-

ки, потер руки, прошептал: «Мать – земля, вечное небо, помоги-
те мне!» Бита заскользила по льду и кувырком ушла в сторону.
Тэмуджин, не скрывая досады, зло пнул биту носком гутула.
Хучар кинул свою биту, почти не целясь. Большую часть расс-

тояния она пролетела по воздуху, плавно опустилась на лед и,
быстро вращаясь, врезалась в ряды бабок. Сухо щелкая, они раз-
летелись, три штуки оказались за чертой – выигрыш Хучара. Ну
что за бита, что за рука у этого Хучара»! (60-стр)

Орысшасы осы, ал енді бұл үзіндіні аудармашының қазақ
оқырмандарына қалай жеткізгеніне екі мәтінді салыстыра оқып,
мұқият зер салыңызшы:

«Әуелгі кезек Жамұқанікі еді. Қыздың кірпігіндей өсіңкілеу, әрі
ұштары қайқылау біткен кірпікті көздерін сығырайтып қойып, ол
ұзақ көздеген. Атуы да тым әлсіз болғандай. Мұз бетімен секең-
деп кеткен сақа көрінеу көзге екпінінен айрылып қалып, шеңбер

ішіне әупірімдей кірді. Ұтылып, ыңғайсыздана жымиған Жамұқа
қойнынан тағы бір асығын алып тіккен.
Темүжіннің кезегі келді. Ол қой жүнінен тоқылған қолғабын лақ-
тыра сап, қолдарын уқалап-уқалап алды да: «Жер-анам, көк-тәңі-

рім, қолдай көріңдер!», – деп күбірледі. Сақа мұз бетімен сырға-
нап барып, аунап түсіп, айдалаға лағып кетті. Темүжін ыза болға-
нын жасырмай, жетіп келіп гутулының тұмсығымен сақасын теуіп
жіберген. Құшар тіпті көздеп жатпай жай ғана жібере салып еді.

Оның сақасы тігулі тұрған асықтар мен арадағы аралықтың біраз
жеріне дейін ұшып барып, мұз бетіне жайлап түсті де, шыр ай-
налған күйімен нысанаға барып тиді. Бірін-бірі құлатқан көп асық
жусап түсті де, солардың үшеуі енді шеңбер сызығынан аса бара

жығылды – бұлар Құшардың ұтысы еді. Айтты-айтпады, сақасын-
да не пәле, қолдарында не гәп бар осы Құшардың! (Бірінші кітап,
86-бет).
Міне, үш баланың асық ойынынан шап-шағын көрініс. Мүдірмей

оқып шығасың, әрі көз алдыңда сол үш баланың өзіндік бет-бей-
нелері қоса қалады. Бұл асыра мақтау емес, әдебиетті түсінетін
адамның жанымен түйсінер ақиқаты. Осы мысалдың орысшасын-
да «Мать-земля, вечное небо, помогите мне» деген сөйлем бар.

Кейбіреулер осындағы «вечное небо» дегенді дәлдікті сақтаймыз
деген желеумен «мәңгілік аспан» деп алар еді. Ал Н. Шәкеев
«көк тәңірі» деп алған. Қайсысы дұрыс? Егер осы тіркестің түп
мағнасына бойласақ, ол қай тілде қалай ұғынықты, қаншалықты

бейнелі шығатынын ескерсек, аудармашы өте дәл тауып кеткен.
Қазақша аспанның өзіне емес, соны жаратушы тәңірге табыну-
шылық әлдеқайда табиғи екені білінеді. Бұл аудармашының сөз
жоқ шығармашылық ізденісінің белгісі. Мұндай ізденіс белгілерін

аударманы оқу барысында көптеп ұшырастырдық.
Тағы бір мысал келтірейік. Әңгіме аударма сапасы туралы ғой,
мұндай мысалдар келтіруімізге оқушы кешіріммен қарайды деп
ойлаймыз. Екі тілдегі мәтінді салыстыра қарап талдамай аударма

сапасы хақында айшықты пікір білдіру бір жайдан мүмкін де емес
қой. Орысша мәтін мынау:
«У входа в шатер на огромном войлоке в окружении старших
нойонов стоял Тогорил. Из-под островерхой шапки, опушенной

мехом соболя, на виски опускались черные с проседью косицы,
малиновый халат тяжелого крученого шелка стягивал пояс из зо-
лотых пластин с узорной чеканкой, на гутулах с круто загнутыми

носками поблескивало золотое шитье. Хану что-то говорил его
брат Джагамбу, стройный, подтянутый, тоже в шелковом хала-
те, но без золотого пояса. Сын хана Нилха-Сангун поехал на во-
роном коне по проходу, выравнивая ряды воинов. На нем был

позолоченный шлем с назатыльником, набранным из колец,
чешуйчатый железный куяк тускло взблескивал на солнце, меч
в серебряной оправе позванивал о стремя. Молодое, безусое
лицо Нилха-Сангуна с полными щеками и тупым подбородком

было надменно-недоступным, голос звучал уверенно, властно, и
Джамуха почувствовал зависть к великолепию его воинских дос-
пехов, к его власти над этим многолюдным, хорошо уряженным
войском. Глянул на свой ременный куяк, на яркий, но местами

уже протертый шелковый пояс, на своих нукеров в простеньких
халатах из мягкой кожи и нахмурился, стыдясь недавней гордос-
ти за дружину. (124-стр)
Ал енді, осы орысша мәтіннің қазақшаға қалай жеткізілгеніне

мұқият зер салып, асықпай оқып шығыңызшы:
«Сәргер алдындағы кіреберіске қапталдай төселген мол теке-
меттің үстінде, ылғисын бір ығай да сығай нояндардың арасында
Тұғырылдың өзі тұр. Ханның төбесі шошақ, айналасы бұлғын те-

рісімен жиектелген бөркінің астынан көкшулан тартқан қара бұ-
рымшығы самай тұсына салбырап қалыпты. Жібі қалыңдау ауыр
жібектен тігілген қызғылтым желеңін алтын тілімшелермен тор-
ланып, оқаланған белдемше беліне қымтай тартып тұр, тұмсығы

қайқия біткен гутулының сыртына оюланып салынған алтындай
әсем өрнектер күн көзіне шағылысып, жалт-жұлт етеді. Әлгідей
белдемшесі жоқ, желеңін иығына іле салған ұзын бойлы, жинақы
да сымбатты жігіт Жағамбы інісі хан ағасына бірдеңелерді айтып

жатыр. Астына баран ат мінген ханның ұлы Нилха-Сенгүм әлгі
өткелеңмен шоқырақтай жүріп, сарбаздар қатарын түзете өтті.
Мұның басына кигені алтынмен апталған дулыға, дулығасының
желкелігіне жыпырлата танашықтар қадалыпты, үстіне кигені

күн көзінде болар-болмас қана жылтырап көрінетін қабыршықты
темір сауыт, беліне байлаған күміс қынапты қылышының ұшты-
ғы үзеңгімен қақтығысып, сарт-сұрт. Нилха-Сенгүмнің томпақша
біткен, моқал иекті, мұртсыз, балаң бет-әлпетінде омыраулаған

ожарлық пен тәкаппар өркөкіректік белгілері анталап тұр. Даусы
өктем, һәм «өзім білем». Сарбаздарының жараса қалған әскери
қару-жарағына және жақсы жабдықталған көп адамдық әскерін
Нилха-Сенгүмнің өзі өктем басқарып келе жатқанына қарап қалған

Жамұқаны қызғаныштың қызыл оты шарпып өткендей болды. Ол
өзінің тері қалпағына, қажала-қажала әр жерінің әрі кеткен ашаң
түсті жібек белдемшесіне, жұмсақ теріден тігілген жұпын желеңді

нөкерлеріне көз салып өтті де, қосын-жасағын әлгіде ғана мақтан
тұтып, марапат қылғанына өз-өзінен қысылып, тұнжырап кетті.
(Бірінші кітап, 190-бет.). Асырып айтпай-ақ, дәл өз дәрежесінде
сипаттай сөйлесек бұл төгіліп тұрған таза қазақ прозасы емес пе?

Тіпті аударма деп атаудың өзі қиянатқа ұқсап кететіндей. Бұл қа-
зақша нұсқаны жасаушының қаламының желі бар, үлкен қабілет
иесі екендігін толық дәлелдейді. Міне, екі кітаптан тұратын үлкен
аударма еңбекті қолына алып, зейін қойып оқыған адам осылай

сау желіске түсіп отырады. Тағы мынаған назар аударыңызшы.
Осы орысша мәтіннің алғашқы сөйлемінде «шатер» деген сөз
бар. Оны Н. Шәкеев қазақша «сәргер» деп алыпты. Ал неге «ша-
тыр» емес? Енді сәл ойланайық.

Қазақта «басына шатыр тікті» деген тіркес бар. Бірақ
Шыңғысхан заманы осыдан неше ғасыр бұрын өтіп еді? Егер тіз-
белесек, орысша «шатер», «палатка» деген сияқты біраз атаулар
табылады. Аудармашы осы жағын мұқият електен өткізіп, мына

мәтіндегі «шатер» дегенді біз көп пайдалана бермейтін «сәргер»
деген ескілікті баламамен алып отыр. Меніңше, бұл өте дұрыс,
әрі аудармашының тапқырлығына айғақ. Шын жақсы аударманың
қазақ тілінің сөздік қорын байытуға да септесетінін көреміз.

Исай Калашниковтың орысшасында «Жестокий век» аталатын
бұл роман - дилогиясын оқыған адамдар біледі, мұнда жас ба-
лалардың ойыны, күнделікті салт-тұрмыс суреттері, сол заманғы
тарихи тұлғалардың өз отбасындағы қарапайым тірлігі, әртүрлі

келіссөздер, ырғасулар, шайқастар, жауын-герлердің жорық үс-
тіндегі қимыл-әрекеттері, бет-әлпеттері, киген киімдері, қару-жа-
рақтары молынан суреттелген. Міне, осы жайларды қазақшаға
жеткізгенде Н. Шәкеев қазақтың тіл байлығын молынан игергені

ап-айқын білінеді.
Романда сондай-ақ небір тамаша табиғат суреттері де бар.
Орыстың белгілі жазушыларының қай-қайсысы да табиғатты су-
реттегенде бірінен-бірі асып түседі. Олардың бұл жөніндегі тәжі-

рибесі ұшан-теңіз. Міне, сол тәжірибені, И. Калашников та жақсы
меңгерген екен. Оқушы қауымнан кешірім сұрай отырып, орысша-
қазақша нұсқалардан табиғат суретіне арналған үшінші соңғы бір
мысалды да келтіре кетейікші:

«Под копытами скрипел снег, потрескивали сухие ветки и сучья.
Ехали по знакомым с детства местам. Где-то по правую руку оста-
лось урочище Делюн Болдог. Там он родился, там прошли самые
счастливые детские годы. Юрты обычно стояли на возвышении

недалеко от озера. Солнечным утром, щурясь от света, бежал он
по тропинке к воде. Роса холодила босые ноги. Из-под берега,
заросшего осокой и редкими камышами, взлетали утки. Сделав

круг, они садились на серединку озера у круглого, как шапка, ост-
ровка, и ровная блестящая гладь воды взламывалась, от остров-
ка к его ногам бежали пологие волны. Такие же волны разбега-
лись кругами, если он бросал в воду камень. Противоположный

берег, заросший кустами ивняка и темными елями, оставался в
тени, оттуда плыли клочья белого тумана, огнем вспыхивали на
солнце и медленно таяли. (199-стр).
Енді осының қазақшасын оқыңыз:

«Ат тұяғы түскен жерден қар сықырлап, кеуіп қалған ағаш
бұтақтары бытыр-бытыр сынып жатыр. Келе жатқан жерлері
Темүжінге бала күннен жақсы таныс. Оң қол жақтан көрінген әне
бір тұста Делуін-бұлтық сайы қалып барады. Сол сайда бұл дү-

ниеге келген, сол сайда мұның ең бақытты, базарлы балалық шақ-
тары өткен. Киіз үйлер көлге таман жақындау жатқан көтеріңкілеу
жерде тұратын. Таңертеңгі күн нұрынан көздерін аша алмай, күн
көзіне сығырая қараған ол сыңараяқ жолмен суға қарай жүгіріп

ала жөнелуші еді. Сонда таңғы шықтың салқын табы жалаңаяғын
тоңдырып жіберердей болатын. Сол бір шақ өлеңті шөбі мен си-
рек өскен қамысты жағалау астынан пыр етіп көк ала үйрек үйірі
сымпылдай жөнелер еді. Үйрек үйірі бір айналым жасайтын да,

көл ортасына, тұп-тура бөрік сияқты дөп-дөңгелек боп төңкеріліп
жататын шағын аралға таяу келіп қона қалатын. Сонда судың ай-
надай жалтыраған теп-тегіс беті сынып кетер шыныдай бұзылып,
аралшықтан шыққан жайпақ ұсақ толқындар мұның аяғына қарай

жүгіре жеткендей күй танытар еді. Ал егер дәп осы судың бетіне
бала тас жалатып жіберер болса, дәп әлгідей толқындар шеңбер
жасап шиырыла есер еді. Қарсы беттегі жайыла өскен қара қош-
қыл шыршалар мен тал түптері, жағалау көлеңкеде қалып тұр,

сол жоқ беттен жүзіп шыққан ақ тұманның тұтам-тұтам бөліктері
оттай жанған күн көзіне шыдай алмай, жаймен ғана ыдырап, сел-
діреп бара жатқан сияқты (Бірінші кітап, 313-бет). Бұл үзіндінің
аудармасын марапаттап әуреленбей-ақ қоялық. Әдебиет сүйер

оқырман өзі-ақ оп-оңай бағалап алады. Мұндай мысалдарды кел-
тіре берсек рецензияның көлемі тым ұлғайып кетерінен қорқып,
осымен шектелуді жөн көрдік. Иә, әу баста айтылған жайды қайта-
лай сөйлесек, аталмыш роман аудармасының ең басты қасиеті –

оның тілінің жатықтығы, кідіріссіз оқылатындығы, аударма емес,
қазақтың аса тәжірибелі төл жазушысының қаламынан туғандай
болып оқырманды тартып әкететіндігі. Әрі қазақша мәтіндегі тіл
байлығы. Қаза берсең, іздей білсең қазақ тілінің байлығында шек

жоқ. Аудармашы мыңдаған тонна кенді ақтарғандай сондағы ең
бір нәрлі де бейнелі сөздерді іздеп таба білген. Мысалы, роман-
ның орысша нұсқасында «караул» деген сөз жиі ұшырасады.

Ал байырғы аудармашылар оны «қарауыл» деп алып жүр емес пе? Ал Н. Шәкеев ондай таптаурын жолмен кетпеген. Ол заманғы және бүгінгі заманғы ұғымдарда айырмашылық барын ескере отырып, сол ескілікке лайықты басқа бір ескі сөзді қолданған. Иә, «караул» Н. Шәкеев аудармасында «мышрап» деп алынған. Бұл қайдан шыққан сөз? Кезінде атақты «Мың бір түннің» төрт томын тәржімалаған аға буын өкілі, ана тіліміздің білгірі, ақын да прозашы Қалмақан Әбдіқадыров осы «караул» сөзіне осындай балама тауыпты. Н. Шәкеев енді сол баламаны өз тарапынан кәдеге асырып отыр. Бұл ізденгіштік емей немене? Ал қазақша бірінші томның ең соңғы 550-бетінен мынадай сөйлемді оқимыз: «Бірақ көзге көрінбес сол бір бәләй-мәтер ғапылдықтан бұл аттап өтті, ол ғапылдық енді артта қалды» деген сөйлем бар. Былай қарасаң түсініксіз сөздер сияқты, ал сол тұстағы абзацты толық оқысаң бұл «бәләй-мәтер ғапылдық» деген тіркес әлденеге күмәндана ойлана қарау дегенді білдіреді екен. Аудармашы бұл тіркесті Мұхамед пайғамбардың хадистерінен алыпты. Екінші томның 14-бетінен мынадай сөйлемді оқимыз: «Ол тұла бойы мәлкіл тартып, қимылсыз жатыр». Осындағы «мәлкіл» деген сөз қазір қолданыста жоқ болғанмен ерте заманғы ата-бабаларымыздың ауыз-екі әңгімесінде жиі қолданылады екен. Және де «әлсізденді» деген мағына береді екен. Осылайша өз орындарын тапса сондай ескілікті сөздер де жарасып тұратынын көреміз. «Айтпаса сөздің атасы өледі» деген. Қазір барлық баспасөз беттерінде белең алғандай қазақ журналистері ешбір өркениетті елде жоқ қылық көрсетіп, халықаралық терминдерді жаппай қазақшалаймыз деп, құлаққа түрпідей тиетін жасанды сөздерді қаптатқанша көне заманнан өзімізге мұра боп қалған, қазірде көбісі ұмытыла бастаған осындай архаизм-сөздерді қайта тірілтіп, игілікке айналдырса ғой қандай тамаша іс болар еді. Әрине, ол үшін Н. Шәкеевше тер төгу керек. Роман аудармасының аса жатық шығуына тағы бір себеп, Н. Шәкеев қазақ тіліндегі санап тауысқысыз фразеологиялық тіркестерді орынды жерлерінде өте ұтымды пайдаланған. Фразеологиялық тіркестер орыс тілінде де ұшан-теңіз, оны кезінде Исай Калашниковтың мына шығармасының тұпнұсқасын оқи отырып та көз жеткізген едік. Алайда, Н. Шәкеев те қазақ тілінің осы жөніндегі мол мүлкіндігін барынша кәдеге асыруға күш салып баққан. Көптеген ұғымдардың сөзбе-сөз баламасын бере салмай оның небір бейнелі, ойнақы түрлерін іздеп тапқан. Міне, сондай ізденістердің нәтижесінде Исай Калашниковтың бұл «Сұм заман» («Жестокий век») атты, қазақ халқының да өткендегі тарихына тікелей қатысы бар роман-дилогиясы қазақ әдебиетінің тамаша ырысына айналған.

Құрметті оқырман! Жоғарыда ескерткеніміздей орыс жазушысының бұл шығармасының қазақша нұсқасы Астанадағы «Аударма» баспасы арқылы екі мыңдық тиражбен жарыққа шығып, еліміздегі ең үлкен кітапханаларға таратылды. Екі мың дана! Әрине, бұл халқымыздың санына шақсақ өте аз. Алайда, барымен базар деген. Сол кітапханалар қызметін пайдаланып, бұл шығарманы өз ана тіліңізде оқып шығуға шақырамын. Өкінбейсіз, қайта сүйсінесіз, көңіл көкжиегіңіз кеңейеді, таным-біліміңіз толығады. Егер біздің айтқанымызға кереғар пікірлер туындап жатса оған да құлақ асуға әзірміз. 2007 жыл

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ОҚУ —

КРОССВОРД ШЕШУ ЕМЕС

Қалихан Ысқақов әдебиет додасына абайсызда көктен түсе
қалған жан емес, осыдан 45-50 жылдай бұрын-ақ баспасөз бетін-
де өзінің әңгімелерімен, «Қоңыр күз еді» повесімен көріне бас-
таған қаламгер. Алғашқы «Қоңыр күз еді» повесін дәріптеп, мақ-

таушылар, қолпаштаушылар да аяқастынан табыла кеткен еді.
Мүмкін аяқастынан емес шығар, ол кезде жас болсақ та аталмыш
дүниемен өзіміз де танысып, «оқылатын нәрсе» екен деп, іштей
қорытынды жасағанбыз. Алайда, ол кезде Қ.Ысқақов шығарма-

шылығына бұл ең бірінші, әрі ең соңғы берер оң бағамыз екенін
болжамаппыз. Кешіріңіз, бұл Қ.Ысқақовтың сол шағын повеспен-
ақ күш-қуаты, қабілеті сарқылып қалды деген сөз емес, жазушы
бұдан кейін де көл-көсір әңгіме-повестерді, пьесаларды, роман-

дарды тудырды. Сөз солардың сапасы жөнінде болса керек-ті.
Қ. Ысқақовтың бұл күнде жетпістің желкесіне мінген жағдайы
бар. Қолынан әлі де қаламы түспегенге ұқсайды. Бірақ, қалай-
да, ол өзінің барлық тәжірибесі мен білігін сарқа жұмсап, «мы-

нау менің негізгі еңбегім» дейтін туындыларын беріп үлгерді деу-
ге толық қақымыз бар. Демек, жазушының бүкіл шығармашылық
жолына, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне дәйекті
талдау жасау, әділ де, толыққанды бағасын беру сияқты шара-

лардың мезгілі жеткеніне ешкім күмәндана қоймас. Біз, әдеби
сынға аздаған қатысы бар адам ретінде осы іске тарының бір
түйір дәніндей болса да өз тарапымыздан үлес қосуға ниет еттік.
Қ.Ысқақов жоғарыда аталған повесть, әңгімелерден кейін

«Тұйық», «Қара орман» атты романдарын көпшілік қауымға
ұсынған еді. Өз басым алғаш рет «Тұйықтың» «Жұлдыз» журна-
лында жарияланған нұсқасын оқуға бас қойғанмын. Бірден шы-
нын айтайын, алғашқы екі-үш беттен соң-ақ әлденеден авторға

деген көңілім суып сала берді. Соқтықпалы, соқпақсыз қайдағы
бір қуыс шатқа тап болғандай аяқ басып жүре алсамшы. Кейін
осындай сөздерді басқалардан да ести бастадым. «Қара орма-
ны» шыққан кезде бұл сөз жазушылар қауымының арасында

тіптен өршіді. «Әй, ол Қалиханның сонау «Қоңыр күз еді»-сінен
кейін бірде-бір шығармасын бастан-аяқ оқып шыға алған емеспін,
өңкей бір кроссворд, жаңылтпаш, репортаж деген жазушының
өз құрдас-құрбылары, жерлестері, жанашырлары тарапынан да

наразылықтар білінді. Алайда, одан кейін де біраз заман өтті.
Қ. Ысқақовтың 1989 жылы «Жазушы» баспасынан «Ақсу — жер
жаннаты» атты ең көлемді романы жарық көрді. 1992 жылы осы
шығармасы үшін Республикалық Мемлекеттік сыйлықты иеленді.

Байыптап қарасақ, бұл Қ. Ысқақов шығармашылығындағы ең биік асу. Жазушының ең негізгі туындысы. Демек, оның өз халқына бердім деген игіліктерінің ең дәмдісі, ең татымдысы ретінде осы аталуға тиіс. Демек, біздің оқырман ретінде, жай әдебиетші ретінде, әдебиет сыншысы ретінде жазушының еңбегін бағалауда осы дүниеге сүйенсек еш қателігі жоқ. «Жаздым, жаңылдым» дейтін емес, автор бұл романды мол тәжірибе жинақтап, өзінің ең бір кемелденген шағында ұсынып отыр. Біз осы рецензияны қағазға түсірерде бұл автор мен сыншы арасындағы жағдай емес, ту сыртымыздан қалың оқырман қауымның, әдебиет жұртшылығының да қалт жібермей қатаң бақылап тұрғанын кәперге алдық. Мұның мәнісі сол – біздің қате пікір айтуға, авторға қылдай қиянат жасауға ешқандай хақымыз жоқ, тіпті мүмкіншілігіміз де жоқ. Иә, сонымен, әңгіме Қалихан Ысқақовтың «Ақсу— жер жаннаты» романы туралы (Романның атауында бір кілтипан бар, мұндай атауды көркем шығармадан гөрі очерк, мақала сияқтыларға қойған лайықты сияқты). Кітапты оқи бастағанда-ақ бір түсініксіз жағдайға тап боласың. Сенбесеңіз қараңыз. Сонау Алтай өңіріндегі Күлмес өзенінің жағалауындағы бір кішкентай қортық тамды аэропортта аптасына бір қатынайтын кішкентай «кукурузниктың» келуін күтіп, он шақты адам отыр. Олардың арасында Алтай өңіріне сонау Алматыдан өз жүрек қалауымен жұмыс істеуге келе жатқан Бекет деген жас жігіт бар. Ол одан арыдағы, қалың тайгадағы «Ақсу» атты лесхозға жетіп алмақшы. Кенет аэропорт начальнигі осы Бекетке «әй, анау бұзау-торпақты қайырып таста» дейді. Міне, қызықты қараңыз, жас жігіт аэропорт начальнигінің тілін алып, аэропортта жүрген бұзауларды әрі қуып тастаймын деп, тап осы екі ортада келе қалған, аптасына бір-ақ рет қатынайтын самолеттен қалып қояды. Дұрыстап елестетіп көріңізші, алақандай аэропорт, әрі Бекет ол бұзауларды алысқа қуа қойған жоқ, оқығаны бар, зерделі жігіт Бекет ол самолеттің келіп қонғанын қалай көрмей қалды, неғып даусын естімей қалды, екі көзі төрт болып, күтіп отырғаны сол еді ғой. Жарайды, аэропорт бастығы алаңғасар неме шығар, ал Бекеттің алаңғасарлығын немен түсіндіреміз? Адам сенбейтін нәрсе. Егер мұндай оқиға өмірде болған десек автор онда оны адам сенерлік етіп бере алмаған. Бұдан кейін аэропорт начальнигі Қылаңхан Бекетті су жаңа көк «Москвичімен» қыр басындағы өз үйіне әкеледі. Оның үй ішін сипаттағанда автор оқырманды тағы бір оппаға жыға жаздайды. Мұнда жасы жүз жетіге келген, «көлдей сеңсең тұлыптың астындағы аппақ қудай шалдың серейіп жатысын» суреттейді. Бұл шал солай болғанмен тіл-жағы сау екен, Бекеттен хал-жағдай сұрайды. Бекеттің әкесі Есімхан ертеде үлкен қызмет атқарған, Кеңес

өкіметінің нығаюына бар күш-жігерін жұмсаған біреу екен.
Қаусаған шал сенің әкеңді де, әкеңнің әкесін де білемін деп, бір-
түрлі қырыстау сөйлейді. Жарайды, ол жағына әзірге тереңдемей
тұралық. Ертеңіне осы аэропорт начальнигі Қылаңхан ауласында

құлынды биесін, сиырларын жабық қораға қамап жүрген Жанжігіт
атты екінші шалды көреміз. Өзінің Дәу-аға деген де атауы бар
екен. Апыр-ау, бұл шал қайдан шыға келді? Әлде кешегі Бекет
дидарласқан жүз жетідегі аппақ қудай қаусап жатқан шал ма?

Жоқ, оған ұқсамайды. Автордың суреттеуінше ол шал мен бұл
шалдың арасы жер мен көктей. Мен осы беттерді екі-үш мәрте
қайта оқып шығып қана ол екеуінің бір адам екеніне көз жеткіздім.
Апыр-ай, ә, осыншама тәжірибелі жазушының кейіпкерді сахнада

шығарудың ең қарапайым әдісін меңгермегені қалай? Қылаңхан
да солай, аэропорт басында бір басқа да, өз үйіне келгенде мүл-
дем басқаша көлбең-көлбең етеді. Мүлдем басқа адам. Жалпы,
орыс классиктері өздерінің әдебиеттануға арналған мақалала-

рында кейіпкерді сахнаға шығару, олардың түр-тұлғаларын там-
тұмдап сипаттай бастап, бірте-бірте оқушы толық елестететіндей
етіп бояуын қанықтыру мәселесі төңірегінде өз тәжірибелерін көп-
теп ортаға салған ғой. Қалихан Ысқақов әдебиет жайында осын-

шама еңбек еткенде солардың бәрінен бейхабар ма деп қынжыл-
масқа шарамыз қалмады. Осы Қылаңхан үйіне кірген, мына кәрі
шалдың көп жиендерінің бірі – тракторшы жігіт Қотиынды, оны қуа
кірген, аузынан сөз саудыраған оның әйелін суреттегенде, сон-

дай-ақ осы аулаға келіп, біраз сөзді сапырып кететін «буаз қайна-
ға» дейтінді көрсеткенде бұл қынжылысымыз ұзақ сарыуайымға
айналғандай. Себебі, қаншама сөз ысырап етілгенмен бұл атал-
ғандардың

ешқайсысының
бет-бедері
жадыңда
қалмайды.

Бәрінен де көп бипаздалатын Қылаңханның өзінің «мен мынадай-
мын» дейтіндей бейнесі жоқ. Тек Бекетті вертолетпен Ақсу лесхо-
зына апарып тастауға мәжбүр болған ол өткендегі өмірін, қалай
соғысқа қатысқанын, тағы басқаларды еске алып, әрі қасында

отырған Бекетті қыжыртып, Бекетті де, оқырманды да ығыр қыла-
ды. Осымен кітаптың отызыншы бетіне әрең жеттік-ау. Тіпті тап
осы арада бұл шығарманы одан әрі оқудың мәні бар ма деген де
ойға тірелдім. Енді қалай, қаптаған суреттеулер, баяндаулар, то-

пан сөздер, әрі екі-үш мәрте оқымасаң миыңа қонбайтын түсініксіз
абзацтар аяқ алып жүргізбейді. Отызыншы бетке кітап оқығандай
емес, өрге қарай тас арқалағандай әрең жеттім. Жазушылық ше-
берлігі баршылық адам осы отыз беттегіні бес-алты бетке сиғы-

зып, оқушыны одан әрмен ынталандыра түсер еді-ау деп қиялда-
дым. Біздің бұл сөздерімізге сенбеген адам осы отыз бетті көз
жүгіртіп емес, мұқият оқып шығар ма еді деген арман көкірегіме

қоса ұялады. Жарайды, мүмкін мұның бәрі алдағы үлкен сүйекті
оқиғалардың прологы, бастамасы шығар деген үмітпен өз жі-
герімізді өзіміз жанып, романды одан әрі оқыдық. Келесі екінші
тарауда «Ақсуға» жеткен Бекет ең алдымен Асхат деген қисық

мұрын бас орманшымен кездеседі. Ал енді тілі тұздай шалдың
сөздеріне шыдап көр. Бас-аяғы жоқ сапырылған диалог. Бұдан
әріде бұрын бастауыш мектептің мұғалімі болған, бүгінде біреудің
тілінде «бизнесмен», екінші біреудің тілінде «тірлікті тышқан

терісіне айырбастаған» браконьер Ситан дегенмен танысамыз.
Тәрізі, осы Асхаттың бұл өмірде жүйкесін жұқартып жүрген ең ке-
сепатты адамдар қатарына осы Ситан жататын сияқты. Оған
Бекет те аздап куә болады. Бұлардың бәрін жазушы шымыр оқиға

желісі арқылы жеткізбейді, топан сөздерге, басы артық баяндау-
ларға, суреттеулерге толтырылған қап-қап бірдемелердің арасы-
нан оқушы өзі әрең ажыратады. Кейбір беттерді қайталап оқыма-
саң, кроссворд шешкендей кейбір абзацтарға ұзақ ой жүгіртпесең

мұнда не баяндалғанын ұқпайсың да. Осылай ежіктей, қайталай
оқығанда білгеніміз бұл Асхаттың туған жері сонау түстіктегі
Қаратау бойы екен. Сондағы атақты Мыңжылқы маңындағы
Шолақтам атты мекендегі бала кезінде көрген қиыншылықтарын

әлі ұмытпаған. Ол соғыс кезі еді. Әкесі майданға аттанған, Асхат
небәрі сегізде, шешесі жиырма бесте. Әке өліп, одан кейінгі бала
мен шешенің онда-мұнда сенделісіне біраз орын берілген. Кейін
тағдыр жазуымен сонау Алтай өңірінде өмір сүріп жатқанда сол

балалық шақ әлсін-әлсін есіне орала береді. Міне, осы әдісті Қ.
Ысқақов басқа кейіпкерлерді суреттегенде де пайдаланады.
(Міне, осы Асхат сияқты егде адамдардың балалық шағы мен
бүгінгі жас мөлшерін есептей отырып, автордың бүгінгі күн деп

баяндап отырғаны өткен жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші
жылдары деп, шамалауға негіз бар.) Осы Асхат, Ситанға қатысты
беттерді оқи отырып, бұл «Ақсу — жер жаннаты» романының
(егер роман деп атауға тұрарлық болса) ең басты кемшілігінің

неде екеніне көз жеткіздім. Романның ең басты кемшілігі сол  –
мұнда әрбір нағыз көркем шығармаға тән сюжеттік желі жоқ. Бас
кейіпкер етіп алынған Бекет ана ортаға бір түссе соны топан сөзді
қаптатып, ежіктей суреттеп кетеді, басқа ортаға түссе оны да

сөйтіп, қыл-қыбырына дейін тәптіштеймін деп, оқушысын ығыр
етеді. Мысалы, бас кейіпкер Бекет шығарманың өне бойында еш-
қандай өзекті оқиғаға қатыспайды. Мұның бір әуселесі сол – әкесі
Есімхан сонау отызыншы жылдары нағыз «шаш ал десе бас ала-

тын» белсенділердің бірі болған екен. Екі сөзінің бірі «арыстауа-
йат», «расстрелять» болып келеді. Міне, әкенің осы қылықтары
Бекеттің алдынан шыға береді. Бұл шындығында жазатын-ақ

тақырып, бірақ автор оны үлкен деңгейге көтеріп, Бекет, әке қы-
лығы және ол әкенің зардабын шеккендер – осы үштіктің арасын-
да жан толғандырар оқиғалар құрып, Бекеттің аласапыран психо-
логиялық иірімдерге батуын көрсете алмаған. Үнемі бір-бірімен

байланыссыз
көріністер.
Топан
сөз,

түсініксіз
абзацтар.
Мақаламыздың басында келтірілген «Қ. Ысқақов шығармалары
өңкей бір кроссворд, жаңылтпаш, репортаж сияқтылардан тұра-

ды» деген баз бір әріптестеріміздің аузынан шыққан сөздерді қай-
таламасқа лажымыз қалмады. Расында Қ. Ысқақов кітабындағы
кейбір абзацтарды оқи отырып, кроссворд шешкендей қара терге
түсесің. Немесе нағыз жаңылтпаштың өзіне тап болғандай тілің

күрмеледі. Өзара байланыссыз көріністерден тұратындықтан ор-
тақ өзекті роман емес, репортаждар жиынтығына ұқсап кетеді.
Сосын да бас кейіпкер Бекеттің образы мүлдем ашылмаған, шы-
ғарманың бас жағындағы ой-сезімсіз қатып қалған қараағаштай

кейпінен соңғы бетіне дейін мүлдем өзгермейді. Романның ортан
белінен әрі асқанда оқу тіптен қиындады. Бір көрініс туралы оқып
шығып, екінші көрініске көшкенде бұған дейінгі оқығанымды ұмы-
тып қалып, қайта-қайта бас шатумен отырдым. Сосын да кей тұс-

тарын конспектілеп оқуға тура келді. Әрине, көлемі отыз баспаға
жуық, ұсақ әріппен терілген 524 беттік романды бастан-аяқ конс-
пектілеп шығу да мүмкін емес-ау. Мен қалайда осы туынды арқы-
лы Қалихан Ысқақовтың жазушы ретіндегі шама-шарқының қан-

шалық екенін оқушыға неғұрлым нақтылап, дәлелді түрде жеткізу
үшін алған бетімнен қайтпай оқи бердім. Мұнда көп орын берілген
тағы екі кейіпкер бар. Бұлар Сапа балалары – Шерубай мен Сиғат.
Сапа сонау 1928 жылғы кәмпескеге дейін үш мыңдай жылқы біт-

кен атақты бай. Бірақ ол жай сасық бай емес, алды-артын дер
кезінде болжай білетін зерделі жан. Ол тіпті саяси тұтқын ретінде
қазақ жерінде жүрген орыс учителін сабақ беру ісіне жегу үшін
сонау губернаторға өтініш салып, бұл учительдің саяси тұтқын

екеніне қарамастан сенімді адам екені жөнінде қолхат береді.
Бекеттің әкесі Есімхан ол орыс учителінен дәріс алыпты. Алайда,
бұл жағдай Сапаның жағдайын жеңілдеткен жоқ, қайта сол
Есімханның әпербақандық, белсенділік әрекетінен Сапа қамауға

алынып, сонда о дүниеге аттанады. Бұл шақта отыз жасар
Шерубайды нұсқап, Есімхан «мына құйыршығын да ала кетеміз»
дегенмен сол Сапаның алдын ала «бәрін маған жауып, өздерің
аман құтылыңдар, тек мына Шерубайды да ала шығыңдар» деп

өз жерлестеріне айтқан аманаты арқасында ғана бұл тірі қалады.
Ал Шерубайдың інісі Сиғат ол кезде Ленинградта оқуда жүрген,
оның жан сақтауына сол себеп еді. Мұның бәрі Шерубайдың, кей-
де Сиғаттың өткен күндерді еске түсірулері арқылы беріледі.

Осындай еске түсірулер және өткен ғасырдың шамамен жетпісінші жылдарындағы жағдайды қоса суреттеу арқылы автор Алтай тұрғындарының екі замандағы тағдыр-талайын ашпақшы болған. Дұрыс-ақ талпыныс, тек кейбір еске түсірулерді келтіргенде автор өзінің көркем шығарма жазып отырғанын ұмытып кететін сияқты. Публицистикалық жанрға тән құрғақ баяндауларға ұрынады. Мысал ретінде 305-307 беттерді оқып көріңіз. Мұндайлық кітаптың басқа тұстарында да кездеседі. Ал Сиғат өз ағасы, тек саудамен ғана айналысуға ебі бар Шерубайға мүлдем ұқсамаған. Орман шаруашылығының директоры, осындағы елдің тілімен айтқанда «лесхозбастық». Әрі палуан, әрі сері, әрі әнші, әрі жомарт. Анау-мынау жырындылықтан да құралақан емес. Бір карта ойынында пұлы таусылған Сиғат Қарадию деген шалдың шалбарын шештіреді. Алайда, Қарадию намыстанып, оған тіл тигізеді де сонысы үшін Сиғат Қарадиюды түрмеге жаптырады. Қыз-қырқынға қырғидай тиетін қылықтары және бар. Сөйте тұра, Сиғат біраз ақылдың да адамы сияқты. Мысалы, 1728 жылғы кәмпеске қарсаңында әкесі Сапаны үш мың жылқыңды өз еркіңмен орталыққа өткіз деп үгіттейді. Ленинградта оқыған. Соғыс кезінде ерлік көрсетіп, партия билетін окопта Ленинград партия ұйымының бірінші жетекшісінің қолынан алған. Бұған қоса осы романда суреттелген бүгінгі күн дейтін заманда әлдекімдердің арызы бойынша аудандық партия комитетінде ісі қаралғанда ол өзін де, марқұм әкесі Сапаны да абыроймен ақтап шығады. Басқа да бастан өткергендері бар. Алайда, соның бәрін қаншама ойша тізгеніңмен көз алдыңда бір адамның бейнесі тұрмайды. Қырық құрау бірдеме сияқты. Романның соңында Бекет жоғарғы жаққа қызметке ауысып, ал Сиғат бақилық дүниеге сапарға аттанды делінгенмен де оқушы толғана қоймайды. Әсіресе, Сиғаттың іс-әрекеттері бір адамның басына сия қоятындай емес көрінеді. Бұл, әрине, романның жазылуындағы орашолақтыққа, түсініксіздікке, басынан аяғына дейін созылған ортақ сюжеттік желінің жоқтығына байланысты екені даусыз. Романды оқу барысында көп нәрсе тез ұмытылады. Ал олардың ұмытылмауы үшін бастан-аяқ конспектілеп шығу керек сияқты. Қарапайым оқушы ондай азапқа басын байлап неғылсын. Тіпті конспектілеген күнде де жазушының суреткерлік қарымы, шеберлігі жұтаңдық ететін тұстарының көптігі оны одан әрмен зәрезеп қылмай қайтсін?! Мұнда әлгі Сиғат түрмеге жабатын Қарадиюдың баласы Жақып деген біраз орын алған. Мұның екі бірдей лақап есімі бар: бірі Тасқабақ та (84-бет), екіншісі Қарашелек (110-бет). Романда көбіне осы Қарашелек деген атпен көрінеді. Бұндайлық ат қою ел ішінде көп-ақ, бірақ бір адамға екі бірдей лақап есімнің таңылуы сенімсіздеу. Сондай-ақ әрі «лесничий», әрі

«завферма» Тынымқұл (Тынекең) дегеннің де жыры біразға созылады. Бұл да сәл еркетотай адам болып көрінеді. Бұлардың сыртында тақпақшы Бескемпір деген бар. Ол кейін Любаша деген қызға үйленеді. Әбдіжаппар деген де бар. Бұл аталған Жақып та, Бескемпір де, Әбдіжаппар да әлгі біз жоғарыда сөз еткен «лесхозбастық» Сиғаттың шылауында жүргендер. Үшеуі де шектен тыс сорлылар болып көрінеді. Бірақ бұлардың да анық бейнелері ашылмаған. Көбіне топан сөздің, басы артық суреттеулер мен баяндаулардың тасасында қалып, бет-жүздері көрінбей кетеді. Романдағы барлық кейіпкерлерді тізіп шығудың өзі қиын. Біз біразын ғана келтірейік: Мешел, Сән, Меруерт (Сиғаттың қызы), Сарқыт, Әсем, Леся, Осип. Мұндағы адамдардың өздері де қырық құрау: орманшылар, ағаш кесушілер, бұғышылар, тентіреген саяқтар, әртүрлі пайда, кәсіп іздеген келімсектер, тіпті орыстардың ескі діннен қол үзбеген кержақтар дейтіндеріне дейін кездеседі. Бұлар өз тірліктерімен роман мазмұнын байытуға септеспеген, қайта одан әрмен бұлыңғыр етеді. Қ. Ысқақовтың біз талдаған осы «Ақсу — жер жаннаты» романының тағы бір кемшілігі тіліндегі кібіртіктер. Бұл пікірімізге дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейік: «…Тайганың жарты сағат ұйқысы жарты жылға азық. Жарты сағат ләззаттың тең жартысын жаңа бүрлей бастаған қарағай мен шыршаның иісі ұрласа Асекеңдердің құс ұйқы болмасқа шарасы қайсы. Тек Бекет сияқты балта ұстап, ағашпен алысқан адамдардың ғана түні тыныш; жастыққа басы тисе аяғының қайда қалғанын білмейді. Ұйқы екеш ұйқы да мидың азабын емес, дене салдығын тілейді. Жүрген елік, ұлыған ит-құсқа дейін сәкі астында жатып даусынан танитын егерьге түн баласы өзінше бір дүние. Түн баласына жердің суреті аспанның айнасына көшетін болуға керек, он бес жылдың ішінде Асекең Алтайдың қарақұрық тұңғиығын Шолақтамның боз шағырмақ шаңытымен шатастырған емес, сәкі астында жатып көз іліп, тоқал тамның үстінде оянатыны бар…» (134-бет). Осындағы екінші сөйлемдегі «…ләззаттың тең жартысын… қарағай мен шыршаның иісі ұрлады» дегенді қалай түсінеміз? Қандай бейнелілік бар мұнда? Одан кейінгі «ұйқы екеш ұйқы да мидың азабын емес, дене салдығын тілейді» дегенде қандай мағына бар? Әрине, бұған үлкейткіш әйнекпен (лупамен) қарасаң автордың көкейіндегісін тануға болатын сияқты, бірақ мына күйінде іске алғысыз бірдеме. Одан кейінгіде «үрген елік» деген тіркес жүр. Онысы несі? Біз де таулы жерде туып-өскен едік, бала кезімізде таудағы еліктерді көрдік те, әкелеріміздің елік туралы талай хикаяттарын да тыңдағамыз, бірақ «елік үріпті» дегенді естісек қос құлағымыз бірдей саңырау болсын. Соңғы «Түн

баласында» деп басталатын сөйлемде пәлендей «бас жарып, көз
шығаратын» қателік жоқ болғанмен оқушының жанын жадырата-
тындай айшықты сурет жоқ, ұғымға өте ауыр, екі-үш мәрте оқып
қана мәселенің байыбына барасың.

«Ақ бас шалдың қайда қарап қайтқанында Асхаттың шаруа-
сы қанша, әншейінде жүк артында тығылып жатып, жұрт көзінше
жүгіре бермейтін шығырықты жез леген мен қара құман қасына
келіп тұра қалған екен, қонақтардың қолына су құямын деп ақ бас

шалдың алақанын шала пісіріп тастаған. Иранбақ ертеңгісін үй
төбесінен сирағынан суырып түсіргенде ақ бас шал да, қауын бет
ақ сары жігіт те ізім-қайым жоқ болыпты». (136-бет). Ал, ағайын,
осы сөйлемдерді маған түсіндіріп беріңдерші. Иранбақ кімді си-

рағынан суырып түсіріпті? Асхатты ма, ақ бас шалды ма, әлде ақ
сары жігітті ме?
«Бекет суфлер бола ма деген үмітпен Сан Санычқа қарап еді,
ол да жауаптан қашып, добалдай саусақтарын езуіне сыйғыза

алмай тісінің жықпылында қап кеткен ет қиқымдарымен алысып
келеді екен. Шашы жирен, сақалы жез, түксиген қап-қара қалың
қасы күзге салымғы сарғайған тоғай ішіндегі қара самырсындай
бөтен, ала-құла жыныстың ортасындағы түпсіз көлшіктей қос жа-

нарында сыртқа шыға бермейтін тұнып жатқан бір жылылық бар».
(196-бет). Ал осы суреттеулерді Қ. Ысқақов сияқты тәжірибелі жа-
зушының қолынан шығыпты дегенге адам сене ме? Көз алдыңыз-
да Сан Санычтың бейнесі қалды ма? Екі-үш мәрте қайталай шұқ-

шисаңыз ғана бірдемені өздігіңізше долбарлай аласыз. Ал әрбір
оқырман, өстіп әрбір абзацты қайталап ежіктей берсе мұншалық-
ты көлемді романды бастан-аяқ оқып шығуға шыдамы жете ме?
«Шықардағы шашлықтың мангалы жылан жалағандай кеуіп

жатыр екен» (318-бет). Ал осы суретті елестетіп көріңіз.
«Жатақтар жұртының үңірейген терезелері ұлып қарсы алды.
Шекесіне шам жағып алған көтергіш кранның орманы қалың мүр-
дені төбесінен тінткілеп тұр екен. Шақырайған жарық сары топы-

рақпен шағылысып, запырандай сап-сары сағым шашып тастап-
ты. Сары сағымның астында Бибисара кемпірдің жалғыз терезесі
сықсиып жатыр.» (325-бет). Бұл сөйлемге біз ешқандай коммен-
тарий жасамай-ақ қоялық. Ол жағын оқырманның өз еншісіне қал-

дырайық. Қалайда бізде зерделі оқырмандар баршылық қой.
«Қыстың күндерінде асықпай жыла қонып жүргенді жақсы кө-
ретін Сиғат қаңтардың аязына қарамай аудан басына ат-шана-
мен келіп еді. Қайтарда Меруерт пен Қылаңханға соғып біраз

аялдаймын, көлігіңді бөлек мін деп Бекетті де ертпеген. Жасауын
алуға бір дүркін төркіндеп қайтқаны болмаса, тұрмысқа шыққа-
лы жалғыз қыз әке шаңырағын қайтып көрмеген. Аттанарда теріс

қарап көзінің жасын сығып тұр екен, көңілінде қаяу бар ма деп күдіктеніп еді: «папа, мен сені тағы да сағынатын болдым ғой!» – деп мұңайып кетті. Алпысқа келгенде ұл сүйсе де әке шіркінге қыз деген қымбат екен, туған шаңырағына қайтып оралмайтынына көзі жетсе де көңілі сенер емес, әлде биылғы мүшел жастың зілі ме, әйтеуір, көңілде бір құлазу бар. Бұрын түзге қарап елегзитін сақа сері бүгінде үй сағынатынды шығарды. Мүмкін, шау тартқанның белгісі болар, бала деп, ағайын-жұрағат деп өмешек үзуді білмейтін суық жан аяқастынан осындай бір мінез тапты. Қарағайлыға әрі сағыныш, әрі қобалжумен асыға келіп, енді, міне, қыз-күйеуіне де соқпастан, алды-артына қарамай қайта салып барады. Бюро мәжілісіне өзінен кейін кірген Бекетті де күткен жоқ. Былғары мүңкіп, кілем сасыған тәкаппар кабинеттен тұншығып зорға құтылып еді, енді ойлап отырса шамырқанатын да, шағылатын да дәнеңе жоқ екен, тілегі бір, үміті алда жас жігіттің қолын қысып, қуанышын бөліп-жармағанына өкініп келеді. Өзін-өзі сөкті не, сөкпеді не, бір осалдық жасағаны рас». (503-бет). Мұндай ұзақ цитата келтіргеніміз үшін кешірім өтінеміз. Осы рецензияға бас қойған әрбір адам тап осы цитатаға мұқият үңілсінші. Мұндағы Меруерт пен Қылаңхан дегендері Сиғаттың қызы мен күйеу баласы. Осындағы «Аттанарда» деп басталатын сөйлемге назар аударыңыздаршы. Мұнда «Аттанарда» деген сөз кімге қаратылып айтылып тұр. Қызына ма, жоқ, Сиғаттың өзіне ме? Екі-үш мәрте оқып, «қызына шығар» деп топшыладық. Бәрібір бұл сөйлем қиқы-жиқы, біраз редакция тілеп тұр. «Алпысқа келгенде ұл сүйсе де әке шіркінге қыз деген қымбат екен» деген тұжырымды қалай түсінеміз? Егер ұл сүймесе қыз арзан болуға тиіс пе? О, тоба-ай! Әрі осы сөйлемде де мұқият бақылаған адамға айқын байқалатын стилистік қателік бар. Басы бір әуенмен басталады да соңы басқа әуенмен аяқталады. Ал енді осы абзацтың басқа сөйлемдеріне қайта көңіл бөліңізші. Ауданнан қайтар жолда қызы мен күйеуіне әдейілеп ат басын бұрамын деп шыққан кәрі сері неге оларға енді соқпай кетті? Аудандық мәжілістегі ырду-дырдудан көңілі бұзылған соң ба, олай болса абзацтың орта тұсындағы қызын ойлап елжіреуін қайда қоямыз? Демек, бұл абзацта логикалық қайшылық та бар. Міне, осындайлардың бәрі жиылып кеп, Қ.Ысқақов прозасын мүлдем ұсқынсыз, алабажақ етеді, оқуды қиындатады. Талай тұсында «әттең, мына беттерді ықшамдап, редакциялап, қайта көшірер ме еді», – деп қиялдағанымызды да жасыра алмаймыз. Сондайақ, мұнда тұрпайы былғанышты сөздер, кейіпкерлердің бір-бірін сондайлықпен нықыртуы шаш етектен. Олардан мысал келтіруге оқушы қауымнан біз ұялдық. Балағаттасып, шарпысудан орыстар

ешкімнен кем түспейді, алайда, орыс жазушылары сол өз қарапа-
йым қандастарының тұрмысын суреттегенде ондай тұрпайылық-
қа ілуде-шалуда бір болмаса көп бара бермейді, көбіне ондайды
ыммен жеткізеді. Оның үстіне көркем әдебиеттің жанама түрде

болса да тәрбиелік мәні болу керектігін ұмытпағанымыз жөн.
Әрі мұнда «ұрғашы» деген сөз шамадан тыс көп кездеседі. Бұл
негізінде мал жөнінде айтылады. Ал адам жөніндегісі көбіне әйел
заттыны кемсіту үшін, немесе, аса қатты күйінгенде ғана ауыздан

шығады. Ақын Сараның:
Қажеке-ау, күні құрсын ұрғашының
Билігі болмаған соң бір басының, – деуі бұған жарқын мысал.
Романның беташарында «Наурыз туысымен белгі беретін

Алтай жылымығы» деп басталатын суреттеулер бар еді. Осы су-
реттеулер кітаптың соңғы беттеріндегі эпилогта сөзбе-сөз дерлік
қайталанған. Онысы несі? Автордың өзінен-өзі ұрлық жасағаны
ма? Жоқ, белгілі бір мақсатты көздегені ме? Кейбір кинофильм-

дерде бастапқы кейбір эпизодтардың ең соңында қайталанатыны
болады. Ал прозалық шығармаларда ондай әдіс мүлдем жарас-
пайды. Мұнда да бұл қайталау ескі киімнің жамауындай жалбы-
рап, жаман көзге ұрып тұр. Автор Алтайдың сол әсем табиғатын

оқушының қайта есіне саламын деген күнде де оны басқа сөздер-
мен сипаттауы керек еді. Тіпті ешқашан мызғымастай көрінетін
табиғат екеш табиғат та адамның әртүрлі көңіл күйі үстінде түрлі-
ше құбыла бермей ме?

Көпсөзділік, түсініксіздік, кейбір абзацтардың жаңылтпашқа
ұқсауы, бейнелілікке қол жеткіземін дей ме, автордың кейбір ең
қарапайым ұғымдарды сөз топанымен бүркеп, адам шеше алмас
жұмбаққа айналдыруы сияқты кемшіліктер тізе берсең таусыл-

майтындай. Сосын да бұл шығарма қалай оқылсын?! Сөз реті
келгесін айта кетейік, белгілі әдебиет сыншысы, өзіміздің қазақс-
тандық, бүгінде Украинада жауапты қызмет атқарушы Рүстем
Жанғожин ертеректе орыс әдеби журналдарының бірінде осы

Қалихан Ысқақовтың бір шығармасының күл-талқанын шығара
сынап, «пусть такое произведение лучше умрет» деп қорытқаны
жұртшылықтың есінде шығар. Рүстем Жанғожин орысша жазатын
автор, қалайда, ұлы орыс әдебиетінің өкілі, демек, ол бізден гөрі

шындыққа бір табан жақын. Сосын да ондай сынға немқұрайды-
лықпен қарауға болмайды. Қ.Ысқақовтың да өз шығармасына
берілген ондай бағаны кезінде мықтап кәперге алуы қажет еді.
Қайталап айтайық, Қалихан Ысқақовтың мұнысы аса көлемді

еңбек. Өзімізден аздаған жас үлкендігі бар ағамыздың мұншалық-
ты зор дүниесіне мұншалықты ащы сын айту қалайда жазу аза-
бынан аздаған хабары бар бізге де оңайға соққан жоқ. Алайда, біз

әдебиет мүддесін, бізге қарап көз тіккен қалың оқырман мүддесін
жеке бастың әуселесінен жоғары қоюға тырыстық. Сол тұрғыдан
өз пікірімізді одан әрі жалғастырсақ бұл талданған «Ақсу — жер
жанатының» ең басты кемшілігі сол – мұнда айқын сюжеттік желі

жоқ, шығарманың темір өзегі мұнау дейтіндей нақтылы сүйекті
оқиға құрылмаған, басы артық суреттеулер, баяндаулар бастан
асады. Оған жоғарыда біз нақтылы мысалдар арқылы келтірген
тілдік кемшіліктерді қосыңыз. Сосын да бұл оқылмайды. Ес біл-

гелі көркем шығарма оқудан көз ашпаған адамбыз. Солардың бір-
де-бірінде тап осы жолғыдай қиналған жоқ едік. Ал Қ.Ысқақовтың
аталмыш романын бастан-аяқ оқимыз деп, бес-алты тал шашы-
мыздың ағарғанын айтсақ жұрт сенер ме екен? «Сені бұл азап-

қа қай Құдай соншама итермеледі», – деп күлкі қылар ма екен?
Мейлі, жұрт не десе о десін, біз осы дүниенің әділ бағасын беру-
ге жан салдық. Егер біздің пікірімізді теріске шығармақ автордың
«жанашырлары», жандайшаптары табылса біз ондайларға «аға-

йындар, шыдамдарың жетсе сендер мұны дұрыстап бастан-аяқ
оқып шығыңдар, дау-дамайға сосын көшіңдер», – деп кеңес бе-
рер едік.
Қазіргі заманда мемлекеттік сыйлық, орден, медаль, әртүрлі

атақ сияқтыларды түгендеп алып, өздерінше қоқырайып жүрген-
дер тезекше ыбырсып кетті. Жазған дүниелерінің көктиындық
құны бар ма, оларын ешкім оқып жатыр ма, ешкім қажетіне жара-
тып жатыр ма деген сауалдарға бас қатырғысы келмейтін, сөйтіп,

өз халқына өнер туындысын ұсынудың орнына құм асатып, тас
шайнатқан замана бұралқыларын аздап болса да ауыздықтай-
тын, зерделі азаматтар, қайдасыңдар, қане, сендер де бұл пікірге
үн қосыңдар дегіміз келеді.

16 ақпан, 2006 жыл

«ҮШБҰЛАҚ, ҚЫЗЫЛБҰЛАҚ,

БҰЛАҚ, БҰЛАҚ»

Міне, қолымызда белгілі ақын Есенбай Дүйсенбайұлының «Екі
томдық шығармалар жинағы». ҚР Мәдениет және ақпарат ми-
нистрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әлеуметтік маңызды
әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша еліміздегі ең

белгілі әдеби баспа «Жазушы» арқылы 2008-09 жылдары жарық
көріпті. Көңіл қоюға тұрарлық мәдени құндылық санатына енгізіл-
гендіктен де болар бәлкім, екітомдықтың полиграфиялық орында-
лу сапасы өте жоғары. Мұқабасы да, қағазы да, пайдаланылған

шрифт түрлері де, безендірілуі де осыны дәлелдейді. Бұл да поэ-
зияға деген бір құрметтің белгісі-ау деп, аталмыш дүниені көрген
сәтте-ақ көңілімізге жылылық ұялады.
Иә, бұл «жылылықтың» басқа да бір себебі бар, Есенбай

Дүйсенбайұлы поэзиясын енді ғана, осы қостомдық арқылы ғана
білгелі тұрғамыз жоқ, өз басым оның өлеңдерін, толғауларын, па-
родияларын, достық әзілдерін, дастандарын соңғы қырық жыл
бойы газет-журналдардан үзіп-жұлқып оқып келе жатқан адамдар-

дың бірімін. Соңғы жиырма жылдықта қазақ елі тәуелсіздік алып,
шекарасын белгілеп, бекітіп, ішкі-сыртқы саясатта, экономикада
зор табыстарға жеткенмен дәл көркем әдебиетте бір селкеулік-
тен арыла алмай келеді. Оның басты себебі – осы көркем әде-

биет ісін ұйымдастырудың шалалығы. Сосын да баспасөз бетінде
шынайы әдебиетке жатқызу қиын сүреңсіз өлеңдер, әңгімелер
қаптап кетті. Соның өзінде де ара-тұра сол көп қоқсықтың ішінен
жылт ететін асыл тастай аты бөлек, заты бөлек аз-кем жыр жол-

дарының ұшырасатыны бар. Міне, Есенбай поэзиясын сондай бір
сирек кездесетін, сирек шалынатын дүниелікке жатқызушы едім.
Сосын да мына екітомдықты құныға оқымай қайтейін?
Мұның алғашқы томына ақынның өлеңдері мен толғаулары,

ал екіншісіне дастандары, толғаулары, сондай-ақ Құл Қожа Ахмет
Иасауи рухымен сырласу сыңайындағы шағын көлемді жырлары
топтастырылыпты. Ежелден келе жатқан бір шындық – әрбір қа-
ламгер ең алдымен өзінің туған жерін, өскен ортасын жырлайды.

Сосын қай қиырға шарласа да өзінің солардан бастау алатынын
ескертіп отырады. Міне, Есенбай Дүйсенбайұлы да осы үрдістен
аттап кете алмаған. Бірінші томның аннотациясында айтылған-
дай осыдан қырық жыл бұрынғы алғашқы өлеңдерінің бірінде ол

«Боз құсы болып бір белдің, мен сені, Өмір, қорғаймын діріліме-
нен гүлдердің, шырылыменен торғайдың» деп, уәде берген екен.
Ал мына кітапты бажайлап, мұқияттап оқып қарасаң автордың
сол уәдесінде тұрғанына көз жеткізесің. Мұнда автор қандай ойды

өрбітсе де өзі туып-өскен жер-ананың кескін-келбетімен байла-
ныстырады. Мысалы, «Төрт бояу» атты өлеңінде адам тағдырын-
дағы неше түрлі құбылмалылық та сол табиғатқа тән кескіндерге
ұқсайтынын символикалық әдіспен бейнелейді.

Көріп тұрып көктегі ала бұлтты,
Табиғаттан таптым бір даналықты.
Боз, ақ, қызыл, һәм қара – төрт бояудан
Адамның да тағдыры жаралыпты, –

деп толғайды ақын. Адам жарық дүниеге іңгәлап келгеннен-ақ
өмір оны қандай сынақтардан өткізеді, адам бәріне көнеді, шың-
далады, жетіледі, ал кейде ол сынақтардан өте алмай шарт сы-
нып кететіні де болады. Сөйте тұра өмірдің, табиғаттың сол қа-

тыгездігінің тасасында адамның өсіп-жетілуі үшін зор кеңістік бар
деген ойға бағыштайды.
«Жетім құлын» өлеңінде қызыл іңірде, айды бұлт басып айна-
ла қараңғыланғанда ұзаңқырай жайылып кеткен құлынды биенің

жайы суреттеледі. Кенет дала көкжалы сол биенің тамағын дәл
бауыздау тұстан орып жібереді. Ойда жоқта енесінен айрылған
байғұс құлын аспанға қарап, мелшиеді де қалады. Ия, жетім құ-
лынның мұндайдағы халі белгілі ғой. «Ей, құлыншақ, ет-жүректі

сыздатпа»,  – деп ақын оған өз атынан тіл қатады да оны енді
күздің қара суығы мен қыстың аязы күтіп тұрғанын, «қара шөпті
қар астынан теуіп жейтін» күндердің туатынын білдіреді. Біз де,
соғыс кезінің балалары, өңкей жетім құлындар, сондайлықтар-

дан мойымай өтіп, қатарға қосылғамыз дей келіп, тағдыр жазуы
туралы шынашақтай ой тастайды. Осындай символикалық әдіс
арқылы Е.Дүйсенбайұлы отызыншы, қырқыншы жылдардағы ел
өмірінен әрқилы елес беріп отырады. Сондай бір өте сәтті шыққан

жыр шумақтарының қатарына «Ай көрдім» атты өлеңін (32-бет)
жатқызар едім. Кәне, біз мұны толық келтірейікші:
Ай көрдім жаңа туған, арай көрдім!
«Жаңа айда жарылқай көр,

Ескі айда есіркей көр» –
Ел сөзі еске түсіп, қарай бердім.
Ертегідей ай көрдім, арай көрдім!
Ертең ауыл көшеді,

Уық бауын шешеді,
Ауыл отыр астында талай белдің.
Ертең ерте тұруға жараса игі,
Әлдеқашан енген-ді жұрт ұйқыға.

Әкем жатыр шырт ұйқыда
Қорылымен көшіріп қараша үйді...
Айы жүзді аспанда талайлы елдің!
Айдалада кемедей қайырылған,

Ала өгізді аяусыз айырлаған
Алыс жылдан, әкем-ау, қалай келдің?
Ауыл қайда шөп шапқан, бала сүйген?
Ағараңдап ақ жаулық ала шиден:

«Қалма енді жолыңнан,
Айың тусын оңыңнан!» –
Аттандырып салып ед қараша үйден...
Міне, сол пәлен жыл бұрын өтіп кеткен балалық шақты, ту-

ған-өскен ортаны, табиғатты, сол кездегі адамдар тіршілігін ав-
тор есейген шағында қалай елестетіп отыр? Экраннан жүйткіп
өтетін кинокадрлардай көкірек қуысыңда, санаңда қаншама су-
реттер қалдырады? Аз сөзге көп мағына, көп мазмұн сыйғызып,

оқырманды елең еткізетін ұтымды шумақтар осындай-ақ болар.
Мұндай сыйымдылықпен қатар бұл өлеңнің маған қатты ұнаған
тағы бір жағы оның жазылу формасы. Еске түсірулер сияқты шұ-
батылғанмен тап бүгіннің өзінде болып жатқан көріністердей тым

«шымшыма» тұстары да жеткілікті. Әрине, бұл ақынның көп із-
деністер арқылы тапқан олжасы, оқырманға көлденең тартқан
сыйы. Бұдан кейінгі «Шұңқыркөлден шыға бере», «Менің жолым»,
«Интернатта» сияқты өлеңдерден де осындай ізденіс іздерін жаз-

бай танимыз.
Ал мына «Кешқұрым» атты өлеңін де (48-49-беттер) оқырман
қауымның сынына толық ұсынбақпыз. Себебі, бұл өлеңде де ақын
Есенбай Дүйсенбайұлының өзіндік қолтаңбасы мен мұндалап тұр:

Улап-шулап көктемнің көлде құсы,
Көкжиекте кешқұрым жалт ойнайды.
Жап-жарық боп сәт сайын бөлмем іші,
Ойшыл қара көлеңке қайта орнайды.

Бұлттан аса шарт сынған шартыл қаптап,
Тау жағында барады ту қадалып...
Жол жағында жотасы жарқылдап қап
Жолаушылар поезы зулап ағып.

Алға, поезд!
Төк, бұлттар, домаланып!
Көк нөсерлер – көңілге керек өзен.

...Көке, неге көңілсіз бола қалып,
Көкжиекке телмірдің терезеден?!
Әлде алыс жылдардың өлшеп ізін,
Ойыңда сол оянып тасқын әлем,

Жарқ етті ме от кешкен он сегізің
Жасыл түскен аспанның астыменен?!
Улап-шулап көктемнің көлде құсы,
Көкжиекте кешқұрым жалт ойнайды.

Жап-жарық боп сәт сайын бөлмем іші,
Ойшыл қара көлеңке қайта орнайды.
Міне, осы бес шумақ өлеңде қаншама сурет ойнайды, адам-
ды ауыр-ауыр ойларға бастайтын қаншама табиғат құбылыста-

ры бар? Адамға оқта-текте айналып соға беретін шабытты шақ,
аңғарымпаздық, өмір философиясы қабаттаса келіп, жарқ еткен
найзағайдай жарық түсіріп, оқырманның көз алдында көп нәр-
сені айқара ашады. Әрі өлеңнің қашалған тастай мінсіздігін айт.

Сосын да оны қайталап оқи бергің келеді. Иә, ежелден белгілі бір
жәйт – қандай да бір шығарманы, мейлі ол поэзия ма, проза ма,
бәрібір, бір оқып шыққасын оған қайда оралғың келіп ындының
құрып тұрса ғана оның үлгі етуге тұрарлық оңды дүние болғаны.

Мына «Кешқұрым» өлеңі соған анық мысал. Мұны неше рет қай-
талап оқығанымды өзім де білмеймін. Бұл Есенбай ақынның ғана
іш толқуынан туған дүние емес, өз басымнан да өткерген бір жай-
лармен үндес, әрі жалғасып жатқандай әсер ететін сияқты.

Ал «Жол балладасы», «Ниеттес күлкіңе көш», «Адамдардың
арасын...»,
«Сөз
есту»,

«Ақиқаттың
тура
қарап
бетіне»,

«Шындықтың қызыл шырайы» сияқты өлеңдерде адам мен адам
арасындағы күрделі қатынас түрлері, аса дөрекі қазақы мінез,
ұятсыздық, тәрбиесіздік, мәдениетсіздік сияқты сүреңсіз рең
атаулы поэзиялық өрнек арқылы сипатталады, әрі үлкен ойларға

бағыттайды.
Мысалы, осындағы «Шындықтың қызыл шырайы» атты өлең-
де (213-214-бб.):
Ұят керек!

Ұлы ауылға –
Көңілдерге жол шегер
Көкірегінің күйі ақ бөбек
Ақын болғың келсе егер!» –

деп қарқын алады да адамдар арасындағы жақсылық пен жа-
мандық, арлылық пен арсыздық, адал еңбекті дұрыс бағалау, өз

халқыңа қандай жағдайда игілікті қызмет көрсете аласың деген сияқты мәселелер төңірегінде пікір білдіреді. Бұл тек жалаң пікірлер емес, поэзиялық бейнелілік бар пікірлер. Ақынның осы екі томдық шығармалар жинағының екінші кітабының басында «Ұшбұлақ, Қызылбұлақ, бұлақ, бұлақ», «Сызу», «Қайта бастау», «Паркте», «Көртышқандар», «Дос сыры» атты шағын көлемді алты дастан беріліпті. Алайда, осындағы алғашқы екі дастанды мен бөлек қояр едім. Олар көркемдік дәрежесі, көтерген проблемалары, ой-идеялық пәрменділігі жағынан бүкіл кітаптың лейтмотиві сияқты роль атқарып тұр. Себебі бұдан кейінгі дастандар да, толғаулар да, өлеңдер де осы екі туындының жалғасы, тіпті шашыранды кесектері сияқты әсер етеді. Бұған ақынның туған жерге, елге, кешегі және бүгінгі өз замандастарына қатысты тебіреністерді әрдайым көкірегінен суырып, қалам ұшы арқылы қағазға түсіруге бүкіл өмірін арнағаны ықпал еткен, әрине. Мысалы, алғашқы дастанның алғашқы беттерінің бірінде мынадай бір шумақ бар. «Үшбұлақ, Қызылбұлақ, бұлақ, бұлақ, Қаз тұрып кетіп едім құлап, құлап. Жағаңа көп жылдан соң қайта оралдым, Жанымнан менің де бір нұр атқылап! (4-бет) Міне, ақын осы келісінде өз туған жерінің бала кезден көңіліне ұялаған бел-белестерін, өзен-суларын іздейді. Жетімдік тақсіретін тартып жүргенде таңдайға бал татыған интернаттың қара нанын еске түсіреді. Қанша жетім дегенмен өзіне сәл-пәл қамқорлық жасаған адамдар көзіме түсер ме екен деп алаңдайды. Алтын жеңгем, Қыжбан шешем, Шарқат апам қайдасыңдар деп, жан-жағына алақтайды. Тіпті олар түгілі соғыс және соғыстан кейінгі кезеңде ауыл ортасында, егіс басында айғайлап, төбелерінен қамшы үйіріп жәбір көрсеткен, былапыт ауызды бригадирлерді көрсем деген де арманы оянады. Бірақ олардың қазір ешқайсысы жоқ. Тек туған жердің үйреншікті жазықтары мен құм төбешіктері, Жем өзенінің жағалауы жатыр. Иә, балалық шақтан бері көп өмір өтіп кеткен. Бұл уақыттың ішінде елге де, жерге де талай өзгерістер келді. Елдің күйі жақсарды. Сөйтсе де әлдебір жағдай ақынның бүйіріне өткір темірдей қадалады. Байқаса бір жамандықтан құтылғанмен оның орнына екінші бір жамандық орнығыпты. Ес жиып, етек жапты-ау! Бірақ, бірақ, Көңілім қорқыныштан құрақ-құрақ: Қасыңа «ядролық қатер» келді,

Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ?! Құм асап қалды Жем де құлап, құлап, Ұзатпай толқындарын ұбақ-шұбақ (12-бет) Кешегі «қызыл империя» коллективтендіру, соғыс сияқты кезеңдерде ақынның туған жерін, елін аяусыздықпен пайдаланғаны өз алдына, міне, енді кейінгі бейбіт күнде де оған ажал құрсауын салып қойыпты. Үшбұлақ, Қызылбұлақ... бұлақтар-ай, Тікейген шаңырағың құлап талай... Жебірлік жемсауына Жемді жұтып, Аздай-ақ сені сонша жылатқаны-ай: Әскери полигон кеп тұрақ тепті, Басыңа тұрымтай-бақ тұрақтамай! Естілсін жан айқайың қуаттырақ, Аяздай ауызынан бу атқылап! Шыңғыртып шындық деген шырақты жақ! Үрейің – қара дауыл аспан кернеп, Үмітің қалмасыншы құлап, сұлап! Үшбұлақ, Қызылбұлақ, бұлақ, бұлақ... (13-бет) Иә, бұл жолдарды кім-кімнің де тебірене оқитыны ақиқат. Алайда, автор оқырманды тебірентіп қана қоймай, мына цитатадан да көрініп тұрғанындай оның іштегі жігерін жаниды. Бүгінгі тәуелсіздік қадірін білейік, өзімізді-өзіміз қорғауға әзір, әрі қабілетті болайық, ешкім ештеңесін бізге тегін бермейді деген уағызға меңзейді. Бұл жай уағыз емес, өзіндік философиясы бар уағыз. Екінші «Сызу» атты дастаны да ой-идея жағынан осы алғашқымен сарындас. Тек мұнда мәселеге саяси қырынан қарау басым. Кешегі «қызыл империя» үстемдік еткенде қазақ тарихынан кімдердің есімдері өшірілмеді десеңші. Бұрынғы хан-сұлтандар түгілі кейінгі кеңес үкіметін таныған қайраткерлердің, оқымыстылардың өздеріне де қара күйе жағылып, тарих бетінен сызылып, алынып тасталды емес пе? Ол ғана ма? Тағдыр басқа салмасын «Аша тұяқ қалмасын!» – Отызыншы жылдары асыра сілтеу ызғары Ұлтымыздың жартысын Аштықпенен сызғаны, – дей келіп, ақын «Алаш деген жалғыз сөз, болып шықты қайтерсің Антатадан қауіпті» деп түйеді. Бұл дастанның алғашқыға қарағанда әрі ішкі динамикасы күштірек. Мына бір цитатаны мұқият оқып қараңызшы:

«...Сапқа тізіп теп-тегіс интернаттың баласын,
Сары ағамыз бір күні айтты сөздің сарасын:
«Сатқын екен Берия,
Тартты кеше сазайын,

Қанішердің тезірек жоғалтыңдар қарасын!»
Айтты – бітті...
Уақыт жоқ кідіруге жайқалып,
Әз әулие портрет әзірейілге айналып,

Қабырғадан жұлып ап халық жауы бейнесін,
Қаңғып келген бір иттің құйрығына байладық.
Жарымаған жарлы едік – жанбай бізде туа бақ,
Жүгірісіп үзілісте жайылатын жуа қап,

Алып қашқан «Берияны» ала қаншық соңына
Түсіп бердік...
Ауылды айналдыра қуалап!
Кеудемізде керемет кек тұтанып, от жанып,

Озбырлықты осылай өзімізше соттадық.
Көзін таспен ағызып, басын жарып біріміз...
Қызыл табан, ала өкпе болып барып тоқтадық». (19-бет).
Мұнда ішкі динамика өз алдына, жас балалардың, тіпті үлкен-

дердің де сол замандағы озбырлық саясатқа деген ішкі наразы-
лығы тайға таңба басқандай айқындалып тұр емес пе? От тисе
тұтанып кетердей шаққа жеткені балалардың қылығы арқылы
керемет суреттелген ғой. Сол замандағы жас жеткіншектердің

психологиясы, қайталанбас замана кейпі де ішек-қарнына дейін
ақтарылып, «мен мұндаймын» деп тұр-ау. Иә, ақын-жазушылар-
дың шеберлігі сол өзі суреттеген уақыт, өмір кейпін дұрыс нақыш-
тай білуімен де анықталады. Мен өз басым «Сызу» дастанын

Есенбай Дүйсенбайұлының үлкен табысы деп есептеймін! Қалған
төрт дастанда да ақын жетістігі деп атарлық нышандар көп.
Екінші томның қалған бөлігін құрайтын жырлар, толғаулар
«Ауыл қайда, су қайда», «Жорық жолымен», «Қандасқа хат»,

«Рухпен мұңдасу» деген тақырыптармен бөлек-бөлек топтасты-
рылыпты. Мұның алғашқысына өзінің өнер жолына қалай түскені,
алғашқы дем берушілері кімдер, өзіне әрқилы дәрежеде ықпал
еткен замандастармен қарым-қатынас, ақын мен заман, әділет

пен әділетсіздік, тағы басқа тақырыптар жөнінде жыр шумақтарын
төгілтіп, оқырманды сыр бөлісуге шақырады. Халыққа шын мәнін-
де қызмет көрсетудің, пайдалы еңбектер берудің орнына «аузы-
мен орақ орған» жылпостардың көбіне төрге озып кететіндеріне

күйініш білдіреді. Бірақ Есенбайдікі жай күйініш емес, өлеңнің

соңы қалайда бір қомақты, айқын идеяға барып тіреледі. Қазірде
қазақ әдебиетіндегі қолда бар поэзиялық шығармаларды саралап
оқысаң олардың ең басты кемшіліктерінің бірі ойға жұтаңдығы,
идеялық салмақтың аздығы екенін көрер едің. Егер осы жағдай-

ды ескерсек Есенбай ақынның өзінің көп әріптестерінен озық кет-
кенін көреміз. Бұған бір ғана мысал келтірейік. «Демократия да-
рағы немесе дүние деген ұршықты» атты ұзақ жырдың мына бір
шумағына назар салыңызшы:

Алшаң басып ақшалы,
Адыра қалды шақшалы.
Арамнан адал қақсады,
Ар аяқтан ақсады.

Көлігі күйлі кәуірдің
Коттеджі де бақшалы.
Қара қытай қаптап кеп,
Ашып-жапты жақшаны.

Қазақтың болашағы хақында қатаң ескерту жатқан жоқ па
мұнда?! Бұл шумақты одан әрі талдауға мен жоқпын, оқырман!
Қалғанын байыптап өзің зерделерсің. Екінші томға кірген өзге топ-
тамалардан да осындай жүректі солқ еткізетін пайымдауларды

көптеп кездестіреміз. Бұл қос томдық сонысымен құнды!
Мақаламыздың соңында бас жарып, көз шығаратындай алабө-
тен қорытынды жасағымыз келмейді. Қорытынды орнына оқыр-
манға мынандай арнау сөз айтқанды жөн көрдік: «Құрметті оқыр-

ман, ақын Есенбай Дүйсенбайұлының осы «Екі томдық шығарма-
лар жинағын» мұқият оқыңыз. Оныңыз үшін өкінбейсіз. Күмістей
мөлдір жырлардың кәусарына сусыныңыз қанады. Қазақ елінің
бүгінгі мен болашағы хақында қыруар болжамдар мен толғамдар-

ға кенелесіз. Әр алуан ескертпелерді көкірегіңіз сыздай отырып
қабылдайсыз».
2010 жыл

МАЗМҰНЫ ПОВЕСТЕР Көне қобыз күйі.............................................................................................3 Оңашадағы ой............................................................................................ 32 Аяз бен аптап............................................................................................. 66 Бақ пен сор................................................................................................105 Қара қызғаныш..........................................................................................231 ӘҢГІМЕЛЕР Естімеген елде көп....................................................................................329 Тарих сабағында (Бірінші новелла).........................................................353 Тарих сабағында (Екінші новелла)..........................................................355 Алыстағы ауылда......................................................................................360 Мөлдір тамшылар.....................................................................................364 Қыз әкесі....................................................................................................380 Профессордың әңгімесі............................................................................388 Қой күзетінде.............................................................................................401 Аяулы.........................................................................................................410 Адамның кейбір кездері............................................................................415 Сағым.........................................................................................................421 Жолда........................................................................................................427 Құс үні.........................................................................................................432 Күзгі далада...............................................................................................440 «Жоқ, ешкім келген жоқ!».........................................................................453 Дәмеш........................................................................................................463 Ақын...........................................................................................................478 Құрбылар...................................................................................................490 Ақ гүл..........................................................................................................493 Бақыт..........................................................................................................495 МАҚАЛАЛАР Жалайыр Өтеген Сәбденұлы хақында....................................................501 Аттас тарихи тұлғаларды шатастырмайық!............................................510 Бедел іздеп, халқымызға бұғау салмайық!..............................................524 Әдебиет тарихының бір жақ қабырғасындай..........................................540 Тоқсан тарау мұра қалдырған..................................................................555 Төл тарихымызға қатысты........................................................................573 Көркем шығарма оқу – кроссворд шешу емес........................................583 «Үшбұлақ, қызылбұлақ, бұлақ, бұлақ»....................................................594

ДОСПАНБЕТОВ ҰЗАҚБАЙ

Редакторы Ерсінбай Манашов
Техникалық редакторы Абылайхан Кәукенұлы
Безендіруші Нұргелді Серғожаұлы
Дизайнын жасап беттеген Әйгерім Молдахметова

Басуға 20.03.20 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Әріп түрі “Arіal”. Офсеттік қағаз. Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы 37,75. Таралымы 1000 дана. ИП «Немцев», Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 93А.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙