Жүрегімдегі періштем
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Динара Мәлік
Динара МӘЛІКОВА ЖҮРЕГІМДЕГІ ПЕРІШТЕМ Өлеңдер Алматы УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз) - 44 М-35 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді МӘЛІКОВА Д. ЖҮРЕГІМДЕГІ ПЕРІШТЕМ. Өлеңдер/ Д.Мәлікова – Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 173 бет. ISBN 978-601-03-0282-2 Динара Мәлікова Ерболқызы 1988 жылы 16 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. «Тәңір сыйы», «Қиялыма сия алмаған екенмін...», «Гүл қауызындағы хаттар» жыр кітаптарының авторы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0282-2 © «Хантәңірі», 2014 М-35
Жүрегімдегі періштем Ерік берсе, жыр жазар ем көз ілмей, Алғаш рет ақын болған кезімдей. Ей, тәкаппар! Ей, аяулы қарт ғасыр! Болмысымнан жүрмін әлі безінбей. Жыр жазар ем, жұрттың бәрін таң қылып, Тауларды да, бауларды да ән қылып. Қазанымды айырбастап қаламға, Кетер едім ен далаға қаңғырып. Өлең шіркін, болар ма едің, тым аппақ, Кетсек пе екен, көшсек пе екен, жырақтап. Соңғы демде сөйлермісің сезім боп, Жүрегімде қалармысың тұрақтап. Ошағыма жарды тастап баланы Құшағыма ап кетсем бе екен даланы! Жарты жолдан бұрылам ғой, о, тоба, Ақын етіп жарата ма ананы! Күндіз-күлкі, жаныңды арбар жалған бақ, Мені қойшы, өлең қалай қорғанбақ? Ағыл-тегіл жылап алды ол бүгін, Аспан жақты жалғыз өзі армандап...
Динара МӘЛІКОВА *** Өзімменен жылап алып қосыла, Кірпігімде ұйықтап қалды асыла... Кеуде тұсым бара жатты алқынып, Жүрек дейтін осы ма? Өлең болып, төгілмесе тұншығар, Өзің келіп, мұң ішінен аршып ал! Өн бойымда саған деген іңкәрлік Сезім деген шын шығар... Құстай ұшып жетесің де асыға, Бақ әкеліп қондырасың басыма... Ақталмай-ақ, адалдығың аңқиды, Сенім дейтін осы ма? Шыбын жаным шерге қалай көнді екен? Маған енді бола алмайды Жер мекен. Ұшам десем, құшып тұрсың жібермей, Өмір дейтін сен бе екен?
Жүрегімдегі періштем *** Балпаң басқан қара бұлт, Жорғалайсың, жаумайсың. Көкке ұшқан балалық, Қай қиырда аунайсың. Аспан, аспан, аспан-мұң, Қашан туар Ай күліп? Жылауға да жасқандым, Қара жерден қаймығып. (Тірлік түбі түрленіп, Тереңімен арбайды, ә? Өмір шіркін, бір көріп, Өбіп кетсе болмай ма?) Есі жоқ жел еркелеп, Етегіммен ойнайды. Біздің бақты келте-деп, Бәлкім...бұл да ойлайды! Құлап тынса тірегім, Түн естімес мұңымды. Жалғыз шындық білемін, Жүрек менен ғұмырлы! Динара МӘЛІКОВА ***
Пендеге керектің бәрі бар, Әйелмін, баласы, жары бар! Адам боп жүремін ақылды, Жан екем жалғанда бағы бар. Бақытты болуға талпынып, Ешқашан болмады жарты-үміт. Түн сайын тілеймін тыныштық, Күн сайын атады таң күліп. Қуантқым келеді барлығын, Өзім боп күледі әр күнім. Құдай-ау, Қалайша жүре алам, жүректің тыңдамай жарлығын? Жүректің мазасыз шақтары, Жанымды өртейді оттары. Сенгісіз сезімдер бар онда, Белгісіз қай кезде тоқтары!
Жүрегімдегі періштем *** Сағынуға неге сонша құштармын, Құшағымнан саған қарай ұшқан-мұң. Күрсінемін күліп тұрып неліктен, Жалғаныңа жылау үшін келіп пе ем? Мұңаямын сәл нәрсеге күрмеліп, Әр таң сайын, сен тұрсаң ғой гүл беріп! Жанарымда жәутеңдеген сұрақтар, Жолдарымда жасырынған сынақ бар! Әйел едім, әлемім бар әдемі, Көзі барлар кызғанбай-ақ көреді! Көйлегімнің ес ұрламай етегі, Аңғал болып, еркелегім келеді. Еркелете қояр ме екен, ай, кайдам, Тағдыр тағы салып өтер маңдайдан! Жер айтады жанбай жатып сөнбе деп, Бара жатыр дала – ғұмыр дөңгелеп...
Динара МӘЛІКОВА *** Гүлден де нәзік жанымның, Керегін таппай жаңылдым. От болып жанған өмірдің, Шоқ болар сәтін сағындым. Базары басым көңілдің, Жүзіне қарап жеріндім. Көппенен бірге күліп ап, Елеусіз қалып егілдім. Достың да білмей ниетін, Сенім бар бірге жүретін. Құдай-ау, бір жан бар шығар, Күнәсіз келіп сүйетін! Сезім жүр мені басқарып, Ақыл тұр одан жасқанып. Көзімде уақыт көктейді, Барады өмір басталып. Адалмын десем пендемін, Жаман да емен, сенбегін. Күрсінгім келген... шүкірмін, Жалғызбын десем Елдемін. Жүрегімдегі періштем Тағдырдан нені таба алдым? Табайын десем таландым. Еркекпен құны өлшенген, Әйел боп қана жаралдым!
Динара МӘЛІКОВА *** Аспан мынау пенделердің дәптері, Әлдебіреу парақтайды Көктегі! Көздің жасын, құйып-құйып селдетті, Жүректерді нұр иiсiмен гүлдеттi! Табиғатта сөйлемейтін сұлулық, Тіршілікті жібереді сұлу-ғып! Аппақ бұлттан құлап жатыр ақ хаттар, Жазуы жоқ сыбырларды жаттап қал! Бір Аллаға жарасады бұл-кеңдiк, Күн көзінен төгіледі көркемдік! Жапырақтар мың адамның жүрегi, Сырғаларын сылдырлатып күледi. Біледі олар қурайтынын түбiнде, Өмір жайлы, Өлең жатыр үнінде... Жүрегімдегі періштем ДИАЛОГ
– Қара жер алшы мені құшағыңа, Пенде ғана пендені құшады ма! Күлкімді көз жасыма құйып алдым, Күбірлер аяғымды тұсады да. Қара жер саған ғана сыңар едім, Адамдарға аярлы сұрақ едім. Өзің ғана көтеріп бар күнәмді, Өзің ғана табасың бір-ақ емін! Жер-Ана тапшы менің қалауымды, Қара түн жасырады қаламымды. Ақ қағаз менде сендей аппақ едім, Бақытым қайда қалды бала күнгі? Әлдименен тербетпес бесігіңді, Өмірдің сүйрейді екен көші кімді? Сенен ғана көре алам кеңшілікті, Сенен ғана сұраймын кешірімді. Қара жер қабағыңнан айналайын, Топырақ боп төсіңде ойланайын. Жұлдыздар жыр түсінсе жетер маған, Жібектей сәулесіне жалғанайын!
Динара МӘЛІКОВА Қара жер бұршы маған назарыңды, Сенде жатып естиін ғажап үнді. Құшағыңнан тарыдай орын сыйла, Тастап кетем тіршілік тозағымды!
– Тамшы боп жанарыма түнегесін, Жан едің ғой қарағым білер есін. Құрсағына сиғансың тар өмірдің, Анаң байғұс арыңды тілегісін. Алла білер ақсың ба қарамысың, Сен де бір Ақжауынның жанарысың. Тамшыны жел әкетер бағытымен, Өмірің қайда ұзап барады шын? Өмір саған келмеген күйік үшін, Сенде бір топырақтың түйірісің. Мен үшін көп күнәнің біреуісің, Аспан үшін арманның биігісің! Қанша рет қан кұйылды жүрегіме, Пенде біткен күйімді тіледі ме? Жапырақтар құлайды мезгілімен, Қара жердің қадірін біледі де. Ием маған сыйлаған кеңшілігін, Адам маған қимайды бір шыбынын. Жүрегіме сәжделер жайылады, Аллаға аманаттап құлшылығын.
Жүрегімдегі періштем Мен солай бар күнәмен қоштасамын, Таңертең таңмен бірге басқашамын. Кең болу сүю екен – Жаратқанды, Аппақ аппақ тілекпен астасамын. Кеше емес пе үмітпен түлегенің? Бұл қалай күдікпенен жүдегенің? Сендегі сағынышты басу үшін– Мендегі сабырлықты тілер едім.
Түнерсең мен де бірге түнеремін, Тыныштыққа қонатын тілек едім. Сендегі өкінішті өртеу үшін – Мендегі мейірімді тілер едім. Бақытқа бастар жолды өткел етіп, Өмір сені жүр ме екен өкпелетіп?! Жанарымнан бір тал гүл үзіп ал да, Шашыңа тағып алшы көктем етіп! P.S. Жер–Ана сөйлеп тұрды сағынышпен, Көкпенен Жерге ғана бағынышты ем. Жасымды жұтып алдым, күліп тұрып, Өртеніп бара жаттым жанып іштен.
Динара МӘЛІКОВА АНА МЕН БАЛА Құшағына ап сүйсе де ыстық Күн өртеп, Нұрға малып тербеткенмен Түн ерке. Ана сүтін еме алмады сәби боп, Тағдыр оны жазалады тым ерте. Шуақ шашып күлгенімен аспаны, Туған әке бауырына баспады. Ана болып әкелгенмен өмірге Шешесі де тәрік етіп тастады. Дүниеге келген алғаш таңында, \Бұл тағдырдың соры мүлде қалың ба?! Шыр-шыр етіп жетім үні шырқырап, Қала берді күл-қоқыстың маңында. Бұл өмірге бұлай келген – құрысын, Осы ма еді бақ пен бақыт, ырысың?! «Іңгалаған» сәби үні дәрменсіз Бұзып жатты ала таңның тынышын. Мына жарық дүниеге құлшынып, Көкжиектен көтерілді Күн шығып. Сәби үні түніменен жылаған Түнге қарай құлап жатты тұншығып.
Жүрегімдегі періштем Бұрылмады қимастық пен көңілге Жұлдыздар да қайғы жұтып сөнуде. Көрдідағы тұрып қалды бөбекті Кейуана келген қоқыс төгуге. Тұрып қалды әуелгіде тосылып, Содан кейін жылап алды қосылып. Ешкім аяқ баспас қоқыс маңында Бірін бірі тапты осылай қос үміт. Біріншісі ана безген бала-тын, Екіншісі бала безген Ана-тын. Кейуана құстай ұшты қалықтап, Емдеп алған жараланған қанатын. Сұм тағдырдан жүрген мүлде түңіліп, Жан-жағына қарады Ана үңіліп. Байқай қойған жан жоғына сенген соң Баланы алып кетті үйіне жүгіріп. Көтерді Ана міне осылай еңсені, Елжірейді мейіріммен көрсе оны. Бауырына басқан күні баланы О, керемет, иіді оның емшегі. Бірге көріп аяздар мен аптапты, Тіршілікті қара тастай қап-қатты. Шаттық пенен қуанышқа бөленіп, Екі мұңлық ғұмыр кешті тәп-тәтті.
Динара МӘЛІКОВА Ұл да бүгін жігіт болды, ер жетті, Есіне алмай кешегі ащы кермекті. Кейуана тірі жетім баланы Аялады, ақ бесікте тербетті. Талай түнді көзін ілмей өткізді, Бастан кешіп ауыр тағдыр – от-мұзды. Болар-болмас зейнетақы – тиынмен Сол баланы кәмелетке жеткізді. Сол баланы Азамат қып өсірді, Жоғалтпады, жоғалтпады есімді. Сол баланың болашағы үшін де Өкпелеткен бар тағдырын кешірді. Жомарт деген жанның бәрі мәрт емес, Бұл жалғанның алды – тұман, арты – елес. Ерлік жасау керек деген ұғымға Отқа оранып, оққа ұшу шарт емес. «Ерліктер» бар ерлігіне күлерлік, Қасиеті жоқ ондайдың да бір емдік. Нәрестені сұм ажалдан құтқарған Кейуананың бұл тірлігі ұлы ерлік! Тақта отырған мықты түгел батыр ғой, Бірақ оны мойындамас ақылды ой. Кейуананың тірлігінде елеусіз Нағыз, нағыз Қаһармандық жатыр ғой.
Жүрегімдегі періштем МЕН ҚЫЗҒАНЫП ҚАЛДЫ ЕКЕН ДЕП ОЙЛАМА Мен қызғанып қалды екен деп ойлама, Терең сырды тебірентер ой ғана. Сен қарайсың терезеге күбірлеп, Мен қараймын алабұртып айнаға. Бір бөлмеде екі түрлі толғаныс, Бір бөлмеде екі түрлі алданыш. Бізден бұрын жүрек кетіп барады, Лүпілімен сезіндіріп жолды алыс. Алыс жолға беттей алмай күрмелдік, Жүрексіз-ақ, жүзімізбен түрлендік. Аяғымыз өзі бастап баратын, Өмір дейтін қараңғылау көрге ендік. Жүрек кетті сия алмады бөлмеге, Сырын айтпай, мұңын айтпай гүлге де. Мұп-мұздай боп құшақтасып отырмыз, Ақиқатты айта алмайды түн неге? Бір бөлмеге шектеледі шындығым, Жалғаныма жауапты екен бір күнім. Есім түзу болғанына өкінем, Жүрегім жоқ болғаны үшін жындымын.
Динара МӘЛІКОВА *** Күнәмді кімнен іздедім, Кінәмді неге сезбедім. Өлең боп сайрап жатыр ғой, Өмірде жүрген іздерім. Жанымды неге жылаттым, (Күрсіне қойсын бірақ, кім?) Адамнан қашып адамды, Адасып неге ұнаттым? Жүректі неге тыңдадым? Жүрегін неге ұрладым. Қалайша қатты боп кетті, Мақтадан жұмсақ бұл-жаным. Өлеңдей аңғал Елімнің, Шындығы қайда шегіндің? Өртемек болған өмірге, Еркелеп неге берілдім. Арманға нені сиғыздым, Жырымнан қамал тұрғыздым. Тұрлаусыз кеткен дүние, Қорғаусыз қалған бір қызбын!
Жүрегімдегі періштем ӨЛЕҢ БЕРДІ. Алла өзі кешірген соң пендесін, Өлең берді өлеріме сенгесін. Бірін-бірі жерлеп жатқан тіршілік, Бөліп бере қояр дейсің кім несін? Алла өзі өмір берді күрделі, Сәби-жүрек сыналарын білмеді. Азабымнан арман жасап алғанмын, Мазағына күйдіре алсын кім мені? Жүрек өзі істей алды дегенін, Жүрек дейтін жалғызыма сенемін. Бір ғасырға қайта келер хақым бар, Бұл ғасырға болмаса да керегім! Сезім өзі жасырмады шындығын, Ақиқатым аласарып жүр бүгін. Мен сияқты ойлай алар көп адам, Мен сияқты айта алады мұңын кім? Жиырма төрт жыл соғып тұрған кеуденің, Қашан-қай кез, жаңыларын білмедім. Көңіл болып құбылады құрғырлар, Өлең болып ойланғанын көрмедім!
Динара МӘЛІКОВА *** Шын айтам, бәрінен жалықтым, Күтумен күн сайын зарықтым. Адам боп туылдым арман не, Кешірші, киелі Жарық күн! Кешірші киелі түндерім, Жүрегім ауырып жүр менің... Ауылдың қызындай аңғал ем, бағымды қызғанды кім менің? Жалғаннан жерідім тап бүгін, Қолымнан сүйеді пәк күнім. Қай кезде сөнді екен шырағым, Қай жерге шашылды шаттығым? Қайғының алдында өр едім, Ал, бүгін алаңсыз көнемін... Тұңғыш рет түнеріп келеді, Жылауды білмейтін өлеңім...
Жүрегімдегі періштем *** Жазылмас жараны емдеймін, Дертімнің дауасы кім деймін? Басқа бір құшақты аңсап ап, Басқа бір құшақта гүлдеймін. Бақытты болып та мұңайдым, Пенде боп пендені сынаймын. Қуанғым келіп тұр жүрекпен, Жас болып неліктен жылаймын. Бір құлы болсам деп Құдайдың, Жаңылмай жүз бақыт сұраймын. Басқаша жыр жазғым келіп тұр, Басқаша шумақтар құраймын. «Дәл қазір шуақ боп төгілсем, Әйелдей алдыңда жеңілсем», деп келе жатамын ал, сосын, Жек көріп тұрамын көрінсең! Талай рет қоштасқам түнменен, Қоштасып көргенмін, үнменен. Ал, сөздер басқаша сөйлеп тұр, Ерінімді есітіп ап шөлдеген.
Динара МӘЛІКОВА Ішімде ерегес, төбелес, Көзімде құбылған көп елес. Мен солай екеумін өмірде, Жер басып жүргені мен емес! Жалғыз боп қалғандар елемес.
Жүрегімдегі періштем *** Тілекке түнеген тамшымын, Кеудемді күдіктен аршыдым. Қағазға қармандым, жалған жоқ, ...Төгіліп бар шыным! Қапасқа қамалған үнімнің, Зарынан шошындым бүгін мың. Кетем деп бәрінен қашқанмын, ...Етегіме сүріндім... Тірлікке бұрылып жанарым, Тағы бір жылусыз қарадым. Анам тұр алыста жетті үні, «...Отыңды өшірме, қарағым»! ...Қиялға сабақтас сырымның, Бөлектеу екенін ұғындым. Жырдың да отынан тым бөлек, ...Ошағым отына жылындым... Сансыз ой санама соғылдың, Тағдырды қай жаққа жорырмын? Үстімде сағыныш көйлегім – ...Күз болып кезерген қоңыр мұң...
Динара МӘЛІКОВА *** Мешітте тәубаның таңдары, Тірліктің белгісіз ар жағы... Қара жер қойнында ериді, Пенденің қар-жаны... Жанымның көгершін құстары, Белгісіз қай кезде ұшқаны. Қона алмай жүр ме екен бақтарға, Жібермей жүр ме екен аспаны?... Далада шашылған тағдырлар, (Балаға тән емес бір мұң бар...) Ақпаным аялдап көп тұрды, Ажалдың қақпаны кімді ұрлар?! Таудан да тәкәппар көрінген, Ақын да көшеді-ау өмірден. Фариза-поэзиям жоқ енді... Көре алмай көп жүрмін өңімнен. Іздедім, салтанат кештерден, адам боп жүруші ем ес білген. Өмірді ертегі деп ойлап, Ертегі емесін кеш білгем.
Жүрегімдегі періштем Үйімде үміттің жырлары, Байқалмай қалады мұң бары... Ауаны нұрменен сөйлеткен, Бұл үйдің кешкентай ұлдары! Анасы біртүрлі күйге еніп, Жүрегін іздейді түнге еріп. ...Мен осы бақытты шығармын, Армандап алған соң үйреніп...
Динара МӘЛІКОВА *** Туған ауыл шақырады алыстан, Сағынышпен түсімде сан табысқам. Уақытымды саған қашан бұрармын, Тағдырыммен жарысқан? Туған ауыл түкситеді қабағын; «Өз жолыңды тауып едің қарағым. Атаңа кеп сәлем беріп тұрсаңшы, Әжеңнің біл» хабарын. ...Біздің тілек, сүрінбеуің, самғауың, Армансыз боп, қорғансыз боп, қалмауың. Туған ауыл сыр айтады, сыбырлап. Тыңдатады толғауын. Шақырғанда кете бердік жол алдан, Бізбен бірге жылылық та жоғалған. Атамызды «шығарып сап» әжем де, Тым тұйықтау боп алған. Әже деймін, адалдығым, киелім, Намысымды қайратыңа сүйедім. Сенің басқан топырағыңды аялап, Маңдайыммен сүйемін!
Жүрегімдегі періштем ...Бір үмітке елеңдеймін, жарыққа, Сыйған емес, кәусар жаным қалыпқа. Туған жер мен ақ тілегі әжемнің, Жырым жетсе халыққа. Динара МӘЛІКОВА *** Күнәға жазба, Тәңірім, Тірлігімнің жарымын. Бұлайша өмір сүргенім, Жалғыз сенің Әмірің. Суығына тағдырдың, Өлеңімді қалдырдым. Сүйеніп ап бір күні, Қабіріңде қалғырмын. Шаттығыма шалқиын, Мәлім саған бар күйім. Құшағында – Ғашықтың, Қиялымда балқиын. Кімге керек қиялым? Арымды кімге қиямын? Қара жердің бір күні, Нүктесіне сиямын! Үмітімнен үркідім, Санамды ойдан сілкідім. Біреулерге – арманмын, Біреулерге – күлкімін.
Жүрегімдегі періштем Әйелдікке олақпын, Үйретем дейді шолақ күн! Өлгендердің ырысын, Ұрлап жүрген қонақпын!
Динара МӘЛІКОВА *** Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? Көктен биiк ұмыттық-ау Хақ барын! Мақтан деген тiршiлiктiң талқаны, Қара нанды еңбегіңмен тапқанын. Не тәйiрi, бақ болып па байлығың, Қанша сағат, қанша қалды ай-күнің? Құдай дейміз жалынамыз имансыз, Жолымызға жайғасқанда қайғы-мұң. Пенделерге алдамшы-ғып арманды, Арманменен ардың жолы таңдалды! Қара жердің мезгiл шешер көйлегiн, мәңгiлікке жүрегінде кім қалды?.. Күңгiрт кешке көз жасыңды төкпешi, Күлiмде де Күнге қарай беттешi! Тарам-тарам тағдырлар бар жазулы, Барінің де болар бірақ, нүктесі! Біз жүрейік нүктелерді сөйлетіп, Жанардағы мұңның өзін билетіп, Адалдықты кірлетпейік күбірмен, Адамдықты жібермейік күйретіп!
Жүрегімдегі періштем *** Сыр бойынан келгенбіз, Қасиетті Елденбіз, Қасіретті Жерденбіз: Қызығымызды қымбат, таң – Зымыранын күнде атқан, Жан-тәнімізді улатқан, Ұлардайын шулатқан – «Байқоңырға» бергенбіз. Ажар-көркімізден айрылып, Қыл-омыртқамыздан майрылып, Құс-қиялымыздың қанаты Қатаймай жатып қайрылып, «Жетісудың» қойнына Жылап-еңіреп енгенбіз. Мұнда да біздей бар екен, Ұя-мекені тар екен. Зар-Нарық... киер киім мен Ішер асына зар екен. Ескексіз тесік қайықтай Қалт-құлт еткен ғаріп тірлігіне Бір Алла ғана жар екен. Жуатыны – жаңбыр-қар екен, Тапталатыны – ар екен...
Динара МӘЛІКОВА ...Несіне айта берейін, Киелі деген Елденбіз, Сыр Елі деген Жерденбіз. Ақ басты Алатау-Шалға Ауылды тастап келгенбіз. Ия... Ауылдан келген қыз... Жүрегімдегі періштем АСТАНАҒА Сұлулығың тоңдырады жанымды, Қатігездеу қаласың. Менің жаным, ауыл иісін сағынды, Аялайтын баласың. Кірпіктерім көркемдікке қонады, Биік үйлер ғаламат. Болмысымнан бақытымды тонады, Талантымды талап ап. Қара күздің суығын да түк етпес, Қыз жүрегім қорлана. Анам жүр ғой ауылымды тілектес, Аяйтыным сол ғана. Қу тірлігі тиынына телмірген, (Жастарға шын обал,ә?!) Сұлу қала сымбатына сендірген, Баяндысы бола ма?..
Жан-жүрегім жапыраққа айналған, Сілкіп тастап шықтарын. Мен өзімді тағдырдағы айнамнан, Көріп тұрып ұқпадым. Динара МӘЛІКОВА Жалақыға жалданамын жасқана, ...Әй, менікі нан-талап. Пәтер іздеп кетіп барам, Астана, Бір сөмкемді арқалап!..
Жүрегімдегі періштем ӘКЕ Әке десем, кінәлідей сезіндім, Еске түсіп өкпелеткен кезім мың. Әке десем қуанғандай боламын, Ұшып келіп, айдыныңа қонамын. Бүгін тағы Өзің жайлы ойладым, Бүгін тағы Өмір жайлы ойладым. Қайғы ғана құша алмаймын білемін, Дертің әлі табатындай бір емін. Әке десем, жылай алмай өксідім, “Қызым” деген дауысыңды естідім. Көңілімде неге әлі күдік тұр, Тірісің ғой есігімнен күліп кір! Ұлы Уақыт күннен күнге көркем ет, “Елу” тұр ғой есігінде еркелеп! Шүкір, Шүкір, жетті тағы көктемге, Таудай еді, аласарып кеткен бе? “Әке” десем жігерімді жаныдым, Көзіңмін ғой, қарасымын, ағымын. Адам менен ғалам қалай ұғыспақ, Дәл осылай дерт бермесін уыстап!
Динара МӘЛІКОВА Ол ауырса қалай бізде Күн күлмек, “Ата” дейді періштелер шүлдірлеп. Әкем тағы алақанын жайып тұр, Құдіреттім Қасіреттен айықтыр! Жүрегімдегі періштем *** Туған жердің салқын тартқан құшағы, Жат көре ме баласын. Таныс аула табанымнан құшады, Жасыра алмай жарасын! Ауыл – сырқат. Тіксінеді түнеріп, Шұрқ-тесік шапанына оранып. Жас жүрегім «әлди-әуен» тіленіп, Қайтып барам тоналып! Құрты қайнап, Пісілетін күбісі – Берекесі безген екен үйімнен. Анамның да баяулапты жүрісі, Демін әзер алады Екі иінінен.
Динара МӘЛІКОВА *** Анамның көз жасында іркілемін, Мұңсыздау сұқтанды екен көркіне кім? Жырымды жайнамаз ғып жайдым, Алла, Құлыңның қабыл етші бір тілегін! Әкемнің қиялында үзілемін, Ілесе алар оның ізіне кім? Өмірдің саусағынан сүйіп тұрмын, Тірі боп одан қалай безінемін? Әжемді әнге қосты дала бүгін, Ғасырлар жазып алып даналығын. Ақылымен есейтіп жіберді ме, Жаулығына байланып бала күнім. Ауылды аңсағанмен бара алмадым, Жат жер үшін рас екен жаралғаным. Қара жолда қалды ма аласарып, Әке сенің аяулы ақ арманың? Бүгінде неге сонша мұңданамын, Табанында тозамын бір қаланың. Жаныңның ауырғанын жаным сезді, Осы екен ғой өмірде мұздағаным...
Жүрегімдегі періштем ТҮНГІ КЛУБ Түнгі клубтың желге ашылып етегі, Желбең-желбең етеді! «Мен де, Әншейін... Кіріп-шықсам нетеді?!» - Жә! Жетеді! Жетеді! Құпия-өмір жалаңаштанып қарады, Тылсымына тәнті етіп! Әйел – арым жанышталып барады, Бура саны жарқ етіп! Аңға айналып адамзаттың баласы, Жемтігіне қарайтындай тамсанып. Хайуандықтың харам тұнған қаласы, Жатсынбайды – қарсы алып! Күң пұлдайтын, құл сататын базары, Тазалықтан жерінген! Түнгі клуб өлген тәндер мазары, Тозағына телінген! Динара МӘЛІКОВА Безінбейтін, сезінбейтін соқырлар, Ластығыңа түкірдім! ...Кірмей, Кетіп қалуыма – Хақым бар, Шүкір?! Шүкір?! Мен – Әзірге шүкірмін!..
Жүрегімдегі періштем * Кіріпігіңнен күн күледі, ақылдым, Ерініңе емірентіп барасың. Саусағыңның сиқырына сатылдым, Жүрегімнің жазып берші жарасын! Алақаныңа алданады арманым, Төзімім кеп құшағыңа құлайды. Тынысыңнан тылсымыңды жалғадым, Жүрегімде бір нәресте жылайды. Жылағанын есітіп тұрды жүрегің, Көздеріңді жұмып алып тыңдадың. Мұңдарымды мазақ етіп күлемін, Өксігіңде ұғасың ба, сыр барын?! Әр әйелдің жүрегіне түнеген, Нәресте бар тағдырына таразы. Сол сәбидің жыламауын тілегем, Бірақ, қазір әміріме наразы! Қарашығымнан қиялым боп қиялдың, Теріс қарап, от құшақты аңсадың. Нәрестемнің пәктігіне сиындым, Сүйіп тұрып, сүйілмеуден шаршадым.
Динара МӘЛІКОВА *** Өлең қалып барады жолдарымда, Өмір кетіп барады арманымда. Бір-ақ күнде бақытты бола салдым, сол бір жанға ғашык боп қалғанымда. Жұлдыз құлап барады аспанымда, Сезім бұлай сөнбейді қас-қағымда! Сен тұрсың, «келдім ғой» деп, «сәл кешігіп», жүрегімнің есігін ашқанымда. Күндер өтіп барады кірпігімде, түнім жылап тұрады түндігімде. Тыншымаған жаныңды тығып қойып, сабырлықтың салмағы көндігуде! Қиял күліп қарайды миығынан, төгілген сезімімді жиып алам. Тәп-тәтті сағынышқа сыр ашам деп, байқамай жүрегіме кұйып алам!
Жүрегімдегі періштем *** Көңіл де бүгін басылған, Жасырғаным көп ғасырдан. Өткергенім бар басымнан, Бес күндік мына өмірде, Пенде де болып тасынғам. Түңілгенім көп өлмедім, «Білемін» дедім, білмедім. «Сүйемін» дедім, сүймедім, Сынағында сындым Алланың, Болмады сабақ түйгенім. Құлақ жоқ жерде мақтандым, Жүрек жоқ жерде шаттандым. Тілімнен қайғы тапқанмын, Мүмкін мен талай адамның, Аузында сөз боп қақталдым... Бақытымнан да жеріндім, Жаны жоқ сөзге семірдім, Содан соң, іштей егілдім, Дөңгеленген мынау дүние , Дымымды қоймай кемірдің. «Алла» деп тілім сайрайды, Қолымды қулық байлайды,
Динара МӘЛІКОВА Жанымды жын кеп жайлайды, Оңаша ойда қалған соң, Өзімнен қашам сол қайғы. Тереңге жетіп тамырым, Мәңгі өмір берші Жарығым. Анамның қалған арымын, Барымды шашып алмайын, Сарқыла көрме сабырым!
Жүрегімдегі періштем *** Жер басып жүретін пендемін, Аспанға арналған жаным бар. Мәңгілік қайғыға сенбедім, мәңгілік махаббат табыңдар! Өмір де қайтарар бетіңді, басыла қоймаса желігің. Дәл осы өмірім секілді, расында сүйеді мені кім? Бақытты жоғалтып алам да, бақытсыз шақтарға тоқталам. Кінәмді жасырып қаламға, күнәсіз кештерге ақталам. Көз жасым қуаныш хаттарым, күлкімде ғұмырдың өлшемі. өміршең өлеңдер жаттадым, Өмір боп сүйейін мен сені! Тағдырда бір тылсым сыр барын, ұғындым сен келіп өпкенде. Жанымды жетектеп жылдарым, әкетіп барады көктемге.
Динара МӘЛІКОВА *** Сайран да салған сайран күн, Есімді алып еліткен. Көзімнен ұшқан қайран күн, Қыз-жүрегімді еріткен. Талайдың көзін сүрінтіп, Көңілінде жүрген қыз едік. Қабырғасын ердің бүгілтіп, Көкірегінде қалған күз едік... Ерніне салып естелік, Бал болып тамған сөздер-ай... Кездесуге де кеш келіп, Төзімін үзер кездер-ай... Жанына дерт боп жабысып, Жігітке болдық арман-қыз. Тәнімен түн боп алысып, Әйел боп әзер қалғанбыз... Жүректе қалды сызат-мұң, Уақытқа сендік өтпелі. Жылайтын болдық ұзақ-түн, Аллаға айтып өкпені...
Жүрегімдегі періштем Ол мұңның бәрі мөлдір ед, Махаббат еді желісі... Бұл күнгі жарым кім білед, ...Сол сезімдердің жеңісі...
Динара МӘЛІКОВА *** Жүрегімде шертілетін күй бөлек, Күй шертілсе күнім қалай күйремек. Өмір мынау арманымнан қысқалау, Тәңір өзі тілді берді сөйле деп. Күндер келді сылаң қағып таңменен, Шұғыласы қиялыма тән дер ем. Мұп-мұздай боп, түн де сүйген ернімнен, Жылы жаққа ұшам дей ме жан менен?! Көгершін-ау, көп тілегі мойныңда, Қанатыңды шыныменен жайдың ба? Күліп тұрып, кетер ме екем қартайып, Құдіреті бар ма мендік ойдың да! Қайғы деген қабағыма жат, Ана, (Сен тілеген таңым енді ата ма?) Барлығына қырық жаным қырқылар, Тағдырыма тең келмедім, о, тоба! Жұпарыңды аңсадым-ау қайран жыр, Ей, дүние, елесіме айнал бір! ...Үйге келсем, қос құлыным Құдай-ау, Үмітімді жинап алып ойнап жүр!
Жүрегімдегі періштем *** Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да, Ыстық деміңе малшынамын ба? “Сүйем” деп мені құрақ ұшпағын, Көзімде қалсын қуаныштарың. Менімен іштей жарасар жаның, Таудай боп тұршы аласармағын! Күн қондырам деші ала таңыма, Ай әкеліп берші алақаныма... Музалар үнін жазсын аспанға, Бейкүнә әлем бүрін ашқанда! Табиғат сүйер әнімді салдыр, Жаныштап барып, жанымды қалдыр! Ернімнен сезіп еркелігімді, Өлтіріп алмай, өрте-мұңымды!
Динара МӘЛІКОВА 8 НАУРЫЗ АНАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЙМЫН Гүлсіңдер, Адалдықтың өзіменен бірсіңдер, Сұлулықты әйгілеп ап әлемге, Әрбір үйге шуақ шашып жүрсіңдер! Армансыңдар, Жан баласы баспаған ормансыңдар, азаматтың арқалап аманатын, Көлеңкесін кірлетпес қорғансыңдар! Бұлақсыңдар, Жалғандықтан барынша жырақсыңдар. Жауабы жоқ, жауабы жұмақта бар, әр кеудеде жүретін сұрақсыңдар... Анасыңдар, Бар бақытты баладан табасыңдар. Тіршіліктің жүрегін соқтыратын, Бұл өмірде өздерің ғанасыңдар!
Жүрегімдегі періштем ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАҒА Сені жалғыз дейтіндерді жек көрем, Тағдырыңа таңба болған текті өлең! Бір құдірет төгілсе де көзіңнен, Шертілмеген күйлеріңді көп көрем! Таңмен бірге жырларың тұр ән сала, Табиғат та тілін тартты тамсана. Сені сырттай құрметтейді сан адам, Ал, сездірмей сүйетіндер қаншама! Әр шашыңда тағдыры тұр өлеңнің, Өлең болып бір ғұмырға бөлендің. Жарқылдаған жырың қалар жолдарда, Айтылмаған арманыңды білер кім?! Жолдарыңда жүрек жүрді лүпілдеп, Жүрек қалай жалғандыққа жүгінбек. Бұлттай болып түйілгенмен бір демде, Ақ жүрегің сөйлеп тұрды «шүкір» деп. Сені қатал дейтіндерді жек көрем, Қаталдықтан қайырымды көп көрем. Әйел дейтін күз-ғұмырлы ақынның, Өнеріне Жарық берген өткел ең.
Динара МӘЛІКОВА Қара сөзге қиған едің адалдық, Адалдықтан аңсар жырды таба алдық. Қиял болып шумақтарда шырмалып, Өлең болып кітабыңнан оралдық ...Сен әлі сүйеді екен гүл-өлең, Қауызына қап-қара түн түнеген. Киесіне сидырып ап тұлғаңды, Өміріңді Алла болып тілеген!
Жүрегімдегі періштем ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ ЛӘЗЗАТ АСАНОВАҒА Мұнар да мұнар, мұнар күн, Көзімнің жасын бұлармын. Өлгеннен кейін аһ ұрып, Жоқтағандарға сыңармын. Өрімдей едің жоқ болдық, Еліңе туған жат болдың. Дәл осы менің жасымда, Ақ өлімге тап болдың. Желтоқсан сені жылатты, Желтоқсан желі жұбатты. Атыңды жазып аспанға, Жаныңды жерге құлатты. Қазақтың қызы жігерлім, Гүл жасап жырдан жібердім. Азаттық таңын арқалап, Жаныңа бір күн түнермін...
Динара МӘЛІКОВА *** Өлетініңнен қорыққан жоқпын бәрібір, Тағдырың басқа салған соң. Жоқтайтындардың, жоқтағандардың әні бір, Жүрегің тоқтап қалған соң. Өмірге деген құштарлық еді үніңде, Жүрсе де мейлі жылатып. Ажалың ғана бақытты боп тұр бүгінде, Құшағына алған құлатып. Адамның басы, Алланың добы болмайды, Алла да сүйер пендесін. Көзіміз көріп көметініміз ғана қинайды, Қара жер орын бергесін!
Жүрегімдегі періштем ЖҮРЕГІМЕ Жүрегімді аямадым дәл бүгін, Жарланып жыласын. Шаттығының шашып алып барлығын, Биігінен құласын! Жұбатпадым, жек көрдім де жерініп, Бағынбайтын тәніме. Жыла тағы, жылай түсші егіліп, Кінәлісің бәріне. Жаратқанған жалынасың жығылып, Жарылқа деп құлыңды. Тәнімнің кеп тасасына тығылып, Ұмытасың мұңыңды. Иманыңды үйіресің ақталып, Сол пәктікке сеніп пе ең? Мені жүрсің жоғалтуға шақ қалып, Ұғынбайсың неліктен? Сырласым деп, сырыңды ашып аласың, Ақымағым, аңғалым. Сосын соған тәуелді боп қаласың, Мен көтерем салмағын.
Динара МӘЛІКОВА Сарайымды таңмен бірге қағасың, Оятады тәтті үнің. Енді бүгін қайда әкетіп барасың, Пейілімдей пәктігім?! Жүрегімдегі періштем ТЕКТІЛІК ТУРАЛЫ Ұрпақтың тектілігі – Әйелдің жатарында. Баламның бектілігі – Әкенің ақылында. Заманның зары мынау – Ірі едік, майдаландық. Сөз ұғар ақыным-ау, Қазақтар қайда қалдық? Жігіттер мігіт болды, Жоқ, мінез, шымырлық та. Тектілік ұмыт болды, Епті боп туылдық па? Тарихтың таңбасындай, Ұлдардың ұнтағы едік. Жақсының жалғасындай, Заты әйел ұрпағы едік. Өктемдік өрлігі жоқ, Аяймын жігітті кей. Еркектік ерлігі жоқ, Ол жайлы үмітті үрей...
Динара МӘЛІКОВА Тіріліп батыр бабам, Көрсең ғой мына жайды. Жігерсіз жатыр ғалам, Жүрегі жыламайды... Ей, қайран қасиетім, Тірілші, өлеңдерде! Еркекке бас иетін, Азайды-ау, әйелдерде... ...Ұрпақтың тектілігі – Әйелдің жатырында! Баланың бектілгі – Әкенің ақылнда!
Жүрегімдегі періштем БІЗ, ӘЙЕЛДЕР... Біз, әйелдер, Сүйілуге жаралдық, Сүйілуден қашамыз. Кірпияздау боп алдық, Келесісін тосамыз! Біліп тұрып, білмейміз, Азаптаймыз жанды құр. Сүйіп тұрып, сүймейміз, Өтіп жатыр бал-ғұмыр. Күтеміз-ау, асқақтық, Жығылса деп тұрамыз. Сөйтіп талай бас тарттық, ...Сұлулардан сұраңыз! Гүл сыйласа жайнайсың, Қызғанасың бақылап. Бұрымыңа байлайсың, Құшағында жатып ап. Жалт еткенге елеңдер, Жанарың от сезесің. Жоғалта алмас әйелдер, Әлемінің егесін!
Динара МӘЛІКОВА *** Мынау жатқан төмпешік... Өзіңменен жатады екен үндесіп. Қайтып барам желге беріп жасымды, Қара жермен тілдесіп. Мынау тұрған көктасың, Сағыныштың сары өлеңін сақтасын. Қара көзге қайғы құйып барамын, Топырақтан тағыдырыңды тапқасын. Мынау тұрған мазарың, Адамдардың арқалайды азабын. Сен ұйықтаған төмпешіктің жанына, Гүлмен өлең жазамын. Мынау тұрған бейнеңді, Таңмен келіп Күн сәулесі сүйді енді. Есігімді қағарыңа сенбемін, Жалғыздығым үйренді...
Жүрегімдегі періштем *** Алла ғана безінбейді адамнан, Алла ғана бөлінбейді ғаламнан. Жердің беті, жүректердің жұпары, Бір Алланың мейірінен жаралған. Жалғыз саған құлшылығым белгілі, Аян екен, мендік өмір ендігі... Ақыл айтып, батыр болып бұл күнде, Адамдардың өлшеніп жүр ерлігі. Сен барлығын естіп тұрсың кешіріп, Еркелейді пенде біткен есіріп. Бірін-бірі Құдай тұтып құлдарың, Шын Алласын тауып жатыр кешігіп. Сезем, ол да, кешіреді пендесін, Бұл жалғанға бірінші рет келгесін. Бір Аллаға тең келер ме құдірет, Айтар пенде “Алла ғана кең” десін. Келген таңды сүйіп тұрдым “тәубе” деп, Тәубеліктен тауып жүрмін бір медет... Құран ғана қадіріңді арттырып, Алла ғана азабыңды емдемек.
Динара МӘЛІКОВА *** Маған таныс, сенен алыс түн келді, Тар-тағдырым бір бөлмеде түрленді. Күтпесем де, түн келіп тұр тағы да, Бақытына бөлер екен кімдерді? Жаз айының жалқау еді, бұл кеші, ...Анау үйдің жабылмапты пердесі. Жұлдыздар да жиылыпты сол маңға, Айға ғана адал ме екен бөлмесі? Маған қарай қадағандай көздерін, Бөтен бөлме, сенен нені іздедім?.. Мен де бүгін жаба алмадым пердемді, Мен де бүгін... үмітімді үзбедім. Мен де бүгін, адалдықты аңсадым, Сіз деп қалдым, тереземе қонса Күн. Бір бөлмеде шайқасады шындығым, Бір бөлмеге жерленді екен қанша мұң? ...Жанарымда жапырағы солған күз, Қарыңғылык қыла алмайды қорғансыз. Жалғыздықтан сақтап қалған Жаратқан, Жалғыз емен, жүрегімде Сіз барсыз!
Жүрегімдегі періштем *** Дала сенің қайталайды атыңды, Көңілімді көкжиекке батырды. Ақымақтау қиялыма күлемін, жиып алып ақылды. Бір ауада тыныстаймыз екеуміз, бір қаланы мекен еткен екенбіз. Бәрі бір де бақыттымыз басқамен, жолықтық-ау, бекер біз. Жалғыз аяқ жолда қалып іздерім, Желмен бірге жұтылады сөздерім. Қабағымда ұйықтап жатқан қаладан, сені ғана ізедім. Көгімізде тұрушы еді Күн күліп, Өмірімді жіберуші ең гүл қылып. Ауыр ойлар езгілейді еңсемді, жоқтығыңды білдіріп. Аспан ғана азабымды көріп тұр, Жүрегіме жіберсе ғой төгіп нұр. Қаладан да ауадан да алыстап, Кетіп қалғым келіп тұр!
Динара МӘЛІКОВА *** Жаныма кеп жасырынып түнменен, жүрегімнің терезесін қағасын. Сендік болу санама да сіңбеген, Құшағымда ғанасын. Тыныштықта тірлік етіп жүресің, Үндемейтін әлемімнің ішінде. Саған сырттай тәуелдімін білесің, Мейлі, мүлдем түсінбе. Аспанның да ар жағында арманым, Қара жердің тамырына жалғанған. Өмір өзі шешер дедім қалғанын, шешуі жоқ болғаннан! Сүйіп тұрып безінгім де келмейді, Көңілімнің сен білетін күйі бар. Жаратқанды пендесіне кең дейді, Уақыттың да сыйы бар! Шын сүюдің соңы үйлену демеймін, Айтылмайтын сырым болып қалмашы. Көрінбей кеп күндеріңе түнеймін, Жырларымның жалғасы.
Жүрегімдегі періштем *** Жабырқап қалған жанымды, жадыратып кетсең қайтеді? Сұрап бір қойсаң хәлімді, Көңілім күйін шертеді. Жаныңда жүріп сағынам, Үйреніп қалдық жақын боп. Жырақтап кетсең неғылам? «Кетпеші» деуге қақым жоқ. Ернімде қалып елесің, Сені ойлап күндер өткердім. Мен жаққа қашан келесің, Жұпарын жұтып көктемнің. «Күнім» деп тұрып мұңайдың, Тағдырдан сені тауыппын. күлімдеп тұрып жылаймын, Сүйісем деп сүйіп қалыппын. Жүректің жырын қозғапсың, «Кетем» деп бір күн келмеші, Түндерден сәлем жолдапсың, Жеткізді Айдың сәулесі. Динара МӘЛІКОВА
*** Кезім жоқ өзіңді жек көрген, Қызғанып едім ғой көктемнен. Ол сені сүйеді жыл бойы, Ол сені менен де көп көрген. Сырдың бұл сиқырын кім білген, Қызғанып жүр едім гүлдерден. Аз ғұмыр жайқалып тұрса да, Құшақта қуанып үлгірген. Қызғандым, Сен тұрған қаладан, Көркіңе сүйсініп қараған. Көзіңе мен ғана сыюшы ем, Дәл қазір сыйып тұр бар адам. Жып-жылы шуағың тараған, Қызғанғым келмеді ауадан. Періштем, білем ғой мен оны, Ауасыз қай маңнан таба алам? ...Қызғанбау үшін де күрестім, Көктемге, гүлге де тірексің. Қалада, ауада жүр аман, Мен саған болайын тілекшің...
Жүрегімдегі періштем *** Ұмыта алмай келемін... ұмыта алмай, Жанымдағы жарды да жылыта алмай... Қай жерге жарасты екен Жарық әнім, Сағындым ғой, әлi де сағынамын. Көркімді кеміріп жүр көздер менің, Сүйемін ғой, әлi де өзгермедім! Күбір-сыбыр мен жайлы айтылады, Білем сосын, оңымнан Ай туады. Жүрек қана қалады алып-ұшқан, Жолдар сайрап жатады жаңылысқан. Біз жүреміз сезімге бекем болып, Өмір сынап тұрады бөтен болып. Адалдықты аңсармыз егіліп-ап, Қара жерде күнәға семіріп-ап. Махаббатты күлерміз мазақ етіп, Махаббатсыз өмірді ғажап етіп! Біз солайша сүймеуге асығамыз, Жан қалауын уақытқа жасырамыз.
Динара МӘЛІКОВА Тіршілікте тұтынар зат екенбіз, Сағынуға, құшуға жат екенбіз. Тағдыр сенің ызғарлы өтіңдемін, “Неге сүйдім” деп қана өкінбедім...
Жүрегімдегі періштем *** Сол күндер елес, Тұрақтамасын соны ұқтым, Күрсініп алды кеудеге сіңген ғаріп-мұң. Жаңбырдың иiсiн ұқсатып сенiң иiсiңе, Деміңдей болып, аймалаушы еді-ау Жарық Күн! Сол күндер елес, Елес боларын сезген кім? Сүйiсiп тұрып, сүйем деп тұрып өзгердiм. Біздегі сезім, сөзге де сыймас сиқыр-ау, Жанарындай бір, жарқылындай бір көздердің. Сол күндер елес, Елеске сыйды ессіздік, Күндерді ауыр, кірпікпен сүйеп өткіздік. Сол сезім сені жіберді ме екен жайсаң ғып, Сол сезім мені жіберді ме екен кексіз ғып...
Сол күнгі шақтар, Шамдарын бүгін сөндірді, Лаулаған ләззәт лап етіп сөніп үлгірді. Адалдау кейпін көшіріп алдық уақыттың, Жазылған жырды, жаңылған сәтті кім білді?... Динара МӘЛІКОВА
*** Мен сені сеземін жүрекпен, Біздерді қоспай-ақ бір еткен. Жайыңды айтқызбай білемін, Сағыныш сені де жүдеткен. Мен сені сеземін алыстан, Бақылап жүрмей-ақ ғарыштан. Күйіңді көзсіз де көре алам, Ып-ыстық сезіммен алысқан. Мен сені сеземін жақыннан, Таң болып талай рет шақырғам. Ал енді, сен сағын, мен құсап, Адасып көр сен де ақылдан. Мен сені ойлауды доғардым, Аспаннан адасып оралдым. Көзіңді ұқсатпай ешкімге, Өзіңді күтпейтін боп алдым. Ал, енді сен қайтер екенсің? Бейтаныс жандардай бөтенсің. Соңғы рет сағынып отырмын, Соңғы рет көрінер ме екенсің?
Жүрегімдегі періштем *** Бүгін де таң атты, Бүгін де... Жүрегім соғып тұр... Күн шығып, тіршілік таратты, Көктем кеп, көгіме қонып тұр. Бүгін де сағыну, Хат күтем, жәшікті тексеріп, Күндерде болмайды жаңылу, Бірдеңе дей салшы ескеріп. Түндегі мұңдарым, Оянып тіктейді еңсесін, Сені әлі сүйеді бұл жаным, Келем деп, сендіріп кеткесін. Тағы да өзіммін, Мен сені үндемей сағындым, Аймалап тұратын көзіңнің, Дәл мендей, жарқылын таныр кім?
Динара МӘЛІКОВА *** Біздің сезім өлшенбеген бір түнге, Келуің де, келмеуің де, еркіңде. Өзім жайлы ойлауды да ұмыттым, Ғашық болып жүрмін осы мен кімге? Ізгілік кеп жығылды ма жолыма, Бұл уақыттың соры ма әлде, бағы ма? Күткен кеште келмейтінің ақиқат, «Кешір» дейсің, күле салам тағы да. Сүйем дейсің, сүйгендігің осы ма? Сүйген адам жетеді ғой асыға. Сені іздеп бір қыз отыр, бұл өмір, Мұнша бақты қалай қиды басыңа? Қайтем енді солай болса сынағың, Жұмысың мен үйің болды тұрағың. Күтіп тұрып, кінәләймін, кешірмей, Көріп, тұрып көздеріңнен ұғамын!
Жүрегімдегі періштем *** Не деймін жаным саған?... ...Сағынып қалдым десем, Күйімді көресің бе? Көктемде тоңдым десем, Мейірім төгесің бе? Оңаша жүрмін десем, Іздеп кеп табасың ба? Сенсіз-ақ күлдім десем, Қызғанып қаласың ба? Ұмытып бар кінәңді, “Сүйем”деп сыбырлаймын. Сен тыңдар сол бір әнді, Мен айтып ыңылдаймын. Ертеңақ, келер деймін, Еңсемді түсіре алмай... Жүрек боп елеңдеймін, Өзімді түсіне алмай...
Динара МӘЛІКОВА *** Қайырлы түн, қымбаттым!... Түсіңде көр, арманыңның бейнесін. Жүрегім кеп сүйем десін, сөйлесін. Есімімді айтып қойма, абайсыз, Ұйқысыздар ұғып қойып жүрмесін. Сағынышты жаратпаған күз етіп, Ойларынды оқиыншы түзетіп. Селт етпесін, селк етпесін кірпігің, Иығыңда отырайын күзетіп. «Жаным» дейін құлағыңа сыбырлап, Ұйықтап жатқан келбетіңнен сыр ұрлап. Сенің тәнің, бір көрпеге алданыш, Менің жаным, тыныштыққа тығылмақ. Шертілмеген күйге толып көмейім, Түн лебі боп шаштарыңнан өбейін. Ұйықтап қалшы, сан сұрақтан арылып, Кірпігіңе жұлдыз тағып берейін.
Жүрегімдегі періштем *** Сезім болғым келеді, саған ғана ынтызар, махаббаттың мәңгілік болатыны шын шыгар... Ерін болғым келеді, саған ғана арналған, үміт үзіп беруші ем, үкі таққан таңдардан!... Көзің болғым келмейді, қарап қойсаң гүлдерге, мен кызғанып қалам ғой, ақылды боп жүргенде... Жүрек болғым келмейді, көп адамның мұңы бар, қуанышым қайғының қанатына тығылар... Ауа болғым келеді, секундтарың тәуелді, қағазға емес, жаныңа, жазушы едім өлеңді!... ...Өзім болсам деп едім, бір өзіңе ғашық қыз, сүйе бергім келеді, жылап алып жазықсыз...
Динара МӘЛІКОВА *** Темекі секілді төзімнің, Түбінде тұншығып көз ілдім... Көгілді қиялдар төбемде, Түтінге айналып кетер ме? Мен саған өкпелеп қалғанмын, Сен болсаң ұмытып алдандың... Бір рет те наздансам болмай ма? Күнім деп күле сал ондайда... Өзіңді аңсатқан елес түн, Әйтпесе ренжіген емеспін... Осылай бітер ме жалғасы, Тек үнсіз...үндемей қалмашы...
Жүрегімдегі періштем *** Қала мынау қабағында мұңы бар, Дала анау құшағында гүлі бар. Қара жолдар менің қара көздерім, Күтіп жүрмін кім ұғар? Өзім жүрмін бағытыма бал ашып, Ізгі жаным күз елімен жарасып. Көңілімді көктем сұрап тұрады, Өмір қалды адасып. Төзім мынау тағы мені сынады, Жалғыздығым теріс қарап жылады. Аз ғұмырға, жаз-жырымды қалдырып, Кеткім келмей жүр әлі... Төгілген түн сенің қара шашыңдай, Сырымды айтам, шынымды айтам жасырмай. Нөсерлетіп өтер мынау дүние, Сен қаларсың жасындай. Жарқ етерсің аспан жақтан атылып, Сосын мені құс тілінде шақырып. Түсінерсің, кешігерсің, мойындап, Сүйем дерсің «аһ» ұрып...
Динара МӘЛІКОВА *** ...Деміңменен өртедің де бір демде, Нөсер болып шашылдың. Бұл жауынның жауратпасын білдім де, Қауыз болып ашылдым. Аппақ бұлтты бесік етіп тербеттің, аспанына асылып... Шөліркеген шөл далаға мен кеттім, Құмға ізімді жасырып. Жалғаса да берер ме еді Жарық күн, Жасын келіп түспесе, Жай отына жанып бір сәт жатыппын... ...Дәл осы сәт бітпесе!
Жүрегімдегі періштем *** Күн болып сынап ем ерідім, Көгіме шығарды Сені кім? Ай болып сынап ем алдандым, Жүзімді жасырып қармандың. Нөсер боп төгілдім бір демде, Ақ бұлттай арыңды көрдім де. Сезім боп сын айтқым келмеді, Сендіріп жүрген соң Сен мені. Жүрек боп жүрмін ғой дүрсілдеп, Жаураса жылынып жүрсін деп. Хат болып көзіңе асықтым, Сен болсаң жауапсыз жасыттың. ...Түн болып сынап ем түнердім, Мен саған жай ғана біреумін...
Динара МӘЛІКОВА *** Сен кеткелі өлең жаза алмадым, Өзіңсіз-ақ,өзге жолды таңдадым. Сезіп жүрсің, біліп жүрсің, апыр-ай, шексіз сүйер жан барын! Сен кеткен күн, пенде болып жыладым, періште-үміт, сөндірген соң шырағын. Өмір жатты құшағымда бұлқынып. Қаша алмадым құладым! Сен кеткен соң, тағдырымды тастадым, Төсегінде түн өткізіп басқаның. Қара жерге қайғым сіңді қаншама, Арманымды арқалап жүр аспаным. Сен кеткенде өкiнбедiм өткенге, Бола алмадым, кiнәсi көп, кек-кеуде. Болады екен, сағынсаң да іздемеу, Болады екен, көз жасыңды төкпеуге!
Жүрегімдегі періштем *** Демiңе менi, кiргiзiп алшы бiлдiрмей, Сөнейiн сосын, сөйлеуiме де үлгiрмей! Байқайын бәрiн, сезiмiн алар төгiп кiм? Көзiңе менi қондырып алшы көрiктiм. Езуге енер күлкiң боп қана тұрайын, Жүзiңе жылы үйiрiп иман шырайын! Иығыңа сенің, періштелер түнеп сөйлесін, Атымды атап, сол қызды ғана «сүй» десін! Ойыңда сенiң қалуға бармын адасып, Жұбымыз ендi... жүре алмаса да жарасып. Тәнiңде ғана қалар ем жаным, тұрақтап, Өмiрдi қойшы...болмайды мендей тым аппақ. Түніңді түріп, сәуле боп сүйсін Жарығым, Сағынып жүрмін... сынаққа түсіп сабырым..
Динара МӘЛІКОВА *** Көңілді сүйретіп ескірген, Күнәнің көзіне көштім мен. Тағы да түн дедім кінәлі, кешірім сұрамай ешкімнен. Бақытты болуға беттегем, Ай жүзін жасырды бұлтпенен. Өзіңді жек көргім келді де, сөзіңді ұмыттым ‘күт’ деген. Қызғаныш көрінді қылтиып, Гүл-үміт дір етті бүрсиiп. Көзімді жұмдым да күрсіндім, Өзге жан ернiмнен тұр сүйiп! Кiнәні iздемей өзгеден, осылай қоштастық бiз деген. Сағыну жайлы сыр қозғама, Көре алсаң, көр енді өзгерем!
Жүрегімдегі періштем *** Қарашығым, Өзіңдей табар ма екем, жан асылын? Жерден ұзап жүрміз-ау, қол ұстасып, Көңілдің жасап алып жарасымын. Көгершінім, Қазір келіп, кейпімді көремісің? Әдемі елесіңе жан бітіріп, Секунд сайын сүйем ғой сенемісің? Өлеңімсің, Есігімнен күн болып енемісің? Мен саған шумақ болсам шұғылалы, Сен менің шабытым боп келемісің? Бәйтерегім, Сабырыңа жинайсың ой тереңін... Жырым болып, қонасың дәптеріме, Жарың болып, жаралсам қайтер едім?
Динара МӘЛІКОВА *** Сағыныштың болар ма екен өлшемі, Қайда жүрсің, жүрегімнің бөлшегі? Көздеріңнен қиялыңды құлатып, Әкетті ме, жел сені? Қайда жүрсің, мекенің де беймәлім, Сүйер болсаң өзің келіп, сүй, жаным. Тағдырыңды бұйырмаған қайтейін, Сезіміңді қи, жаным. Қайда кеттің, сағынышқа айналып, көрінбей-ақ, жүрмін саған байланып. Сені аңсаған түндерімді сезбедің, Жүрсе деп ем ойға алып. Мен сендегі сабырлықты таныдым, Тереземе тұрып алды тағы мұң. Бақыт болып жүр екенсің қай жерде, Жанардағы Жарығым?
Жүрегімдегі періштем *** «Жаным» деп құшақтап аласың. «Жаным» деп шығарып саласың. Сұпсұлу көзіңмен сиқырлап, Қай жаққа әкетіп барасың? «Сүйем» деп сендіріп кетесің, Түсіме асығып жетесің. Жайымды білер деп сен мүмкін, Менен де бір хабар күтесің. Мен кейде сен болып сөйлесем, Ұқсағым келгендей күй кешем. Жүресің басқарып, бұйырып, Мен саған және де үйлесем. Көзімнен сөйлер деп қиялым, Өзіңді көргенде ұялдым. Сен кетсең сөнем де бір демде, Өртенген өлеңге сиямын!
Динара МӘЛІКОВА *** Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз, Саған деген сағынышым сенгісіз. Кімді күттім, дәл осылай зарығып, Мекенімнен, мезгіл-айдан жаңылып. Кімге осылай еркінсідім, еркелеп, Неге біздер жолықпадық ертерек? Саған ғана арналған ба iңкәрiм? Мойынымнан шешiлмейді алқа-мұң. Саған ғана жете алмайтын жан екем, Екеуміздің таразымыз ар екен. Екеуміз де екi үйдiң тiрегi, Жүрегiмiз бiзсiз өмiр сүреді. Тағдыр-Ана, түсін мейлi түсінбе, Оны сүйген, бар қылмысым ішімде. ...Өлең оқып отырамын ақ қарға, Сағынышты сиғыза алмай хаттарға...
Жүрегімдегі періштем *** Сен маған Өмір боп қарадың, Жүзіңнен жақсылық табамын. Қалайша сезбейсің, қадірлім, Өлеңге айналып барамын. Тәкаппар тау сынды көріндің, Басыңды сүйейтін Көгің кім? Сен қалғып кеткенде қойныңа, Жып-жылы жаңбыр боп төгілдім. Мен саған бұлақтай көріндім, (Бұлаққа қандырсын шөлін кім?) Бейнеңді көшірдім кеудеме, Тұтқыны боп алдың төрімнің. Күйзелсем, Күнменен емдедің, Шуақпен шыңдалып гүлдедім. Адамға айналған жүрегім, Мәңгілік өзіңмен біргемін!
Динара МӘЛІКОВА *** Осылай біткені ме? Махаббат дастанымыз... Көп болды күткеніме, «Бұл қалай қашқаныңыз?» Есім бар ескеретін, Білем ғой қосылмаймыз... Сүюге сескенетін, Адамдар осындаймыз... Өрің бар өктем едің, Жігерсіз емес едің. «Бәрібір жек көремін, Мен Сізді демес едім». Үйреніп кетіп едік, Үйленіп қалмасақ та... Сезімге берік едік, Мәңгілік болмасақ та... Өзгердің неден бұлай? Түсінсем – түңілмеймін. Мен енді бұрынғыдай, Сіз жаққа жүгірмеймін!
Жүрегімдегі періштем *** Бұл қалай, шыныменен ұмытқаның? Жалған ба, құшағымды жылытқаның?! Айрылғаным рас екен, қайрылмадың... Көз алдыңа келмей ме қылықтарым?.. Көз алдыңнан күндердің көшкені ме? Мен жақтан сағыныш жел еспеді ме? Менің кінәм – үмітім үсіп өлген, Сенің кінәң – сезімнің өшкені ме? Сенің кінәң – уақыттан қорыққаның, Менің кінәм – жазықсыз жолыққаным. Өзімшіл көңіліңді алдау үшін, Қиялдың қақпанына құрықтадың. Сезімнің сыры білем, арзандады, Азап қой ақ пейілдің алданғаны. Сендегі көңіл шығар көнергені, Мендегі үміт енді жалғанбады... Өйткені жалған бәрі...
Динара МӘЛІКОВА *** Сенімен сөйлесу – азап, Тілдеспеу – сағыныш. Жүрегім – тозақ, Өмірім – жаңылыс. Кездесіп – қимадым, Қоштассам «кел» деме. Мен жерге симадым, Сиямын кеудеңе! Қоңырсың, суықсың, Мен бармын торыңда. Ашылмас құлыпсың, Кілтің бар қолымда! Періште емессің, Тазасың пендеден. Сен маған керексің, Өмірім - өлмеген.
Жүрегімдегі періштем *** Айтылмаған махаббат, Жазылмаған дастанбыз. Жалғыздықты қалап ап, Бірімізден қашқанбыз. Мүмкін емес мұңымыз, Көтереміз бүгілмей. Біз уақыттың құлымыз, Жұтыламыз білінбей. Іштей ғана күйзеліп, Бетімізде гүл әлем. Мұң тілінде биледік, Сағынышқа түнеген. «Қайтеміз» деп күрсіндік, Жан мен тәндей бөлекпіз.. Айтылмады бір шындық, Айтып өту керекпіз...
Динара МӘЛІКОВА *** Cезімнің тербеп ерке елесі, Ұмыта алмайтын шығарсың. Пендеге ұқсап өкпелемеші, Періштелерге сыңарсың. Ойымда ылғи жүресің неге, Тарқата алмас түн келіп. Сен мені енді «сүйемін» деме, Армандарыма гүл беріп. Қалауым менің алыста ғана, Тау жақтың өстім гүлі боп. Ақиқат деген ғарышта ғана, Өтірігім жүрер тірі боп. Адасып жүрген талғамым екен, Үміт боп жүрек тіл қатсын. Мен сені неге таңдадым екен, Қосылмауың үшін қымбатсың.
Жүрегімдегі періштем *** Мәңгілік қала гөр деп жалынбадым, Мәңгілік керек емес сағынғаның. Жалп етіп өшсе сезім өкпелеме, Жарқ етер жанарыңа дамылдадым. Мәңгілік кімге керек күрсінгенің, Жалғанға Жарық беріп жүрсін дедім. Өмірдің әр сәтінде сағыныш бар, Бізге де жат емесін білсін дедім. Мәңгілік керек емес «мен» болғаның, Керек еді сүюге кең болғаның. Жүрегіңмен жақсы көр жердің бетін, Көрсем деп көзіңе нұр қонғанын. Жетер ме екен, тек мені іздегенің, Жақсы екен ғой үмітті үзбегенім. Мәңгілік жатсынады адамдарды, Мәңгіліктің ғашығы біз дегенің.
Динара МӘЛІКОВА *** Сен үшін неге жаралмаған екем? Мен үшін ғана оралмаған екем... Екеуміз енді екі әлембіз, Ұйқасы келмес екі өлеңбіз. Саусағың сүйер гүлің де әдемі, «Менікі» болар кімім бар еді? Бәрі де бекер сағынбаған соң, Жүрекке тағдыр бағынбаған соң... Күндер де сен боп күліп кірмеді, Сүйсек те жолдар біріктірмеді. Көрмей-ақ жүрсем көнеді ме екем? Сүймей ақ кетсем сөнеді ме екем? Арман боп қана аяла мені, Тағдыр боп сен де аяма мені...
Жүрегімдегі періштем *** Өлетінімнен қорықсам, Кездеспес едім тағы да. Күнім-ау, менен жалықсаң, Жылылық екпе жаныма. Күнәсімен сүйер өмірді, Көзіме келіп тоқташы. Сағынышым тағы сөгілді, Төзім боп теуіп тасташы. Күзімді мынау жаз қылшы, Деміңе жүрем емделіп. Ақылды болып азғыршы, Сүймей-ақ кетем сенделіп. Күндерді жұтып даусыңа, Телміртіп солай зарықтыр. Түн болдым десем таусыла, Аялдамасың анық бұл. Бұрылмай кетсең бақыттым, Сезім боп сөзсіз кішірдім. Тәуелді саған уақыттың, Тәкәппарлығын түсіндім!
Динара МӘЛІКОВА *** Жүрегім-ау, жүрегім, Бақытты боп жүр едім. Күзге келіп сыр айтып, Сізге келіп түнедім. Тіршілігім, тынысым, Жүрмін осы кім үшін? Бір адамға жар болдың, бір әйелдің мұңысың. Сырбазым-ау, сымбаттым, Өлең болып үн каттың. Жел боп келіп аймалап, Ерінімді кұрғаттың. Жалғыз жанға жуық-мұң, Түнмен келіп жылыттың. Бақытым боп алдап ап, Уақыт болып ұмыттың. Өзгелерден ерексің, Есімді алды-ау елес-күн! Маған ғана жетпейсің, Барлығына керексің. Жүрегімдегі періштем Кездестірмей келте-күн, сағынышпен өртедің. Қиялыма қонып кет, Қайда жүрсің ертегім?
Динара МӘЛІКОВА *** Терезенің әр жағында тағдырым, Терезенің бер жағында бар мұңым. Еркелігім қалып қойды ерніңде, Бесігімде қалып қойды бал күнім. Тыныштықтан тынысыңды естідім, Көңілімнің күрмеу жібін шеш, күнім! Қандай жақсы, ұйықтай алам сенсіз-ақ, Жалғыз төсек жайылғанда кешқұрым. Күндерімде тіршіліктің күйбеңі, Жүрегімде жырлар ғана сөйледі. Өн бойыма өмір әкеп сыйлаған, Сүйер болсаң көктем құсап сүй мені! Сәуір-күндей таңдарыма тұрақта, Жауын болып, жаным мені жылатпа. Көз алдымда сөніп жатыр сағаттар, Дәл осылай сағындырып сынатпа!
Жүрегімдегі періштем *** «Сүйем» деп, «күтем» деп жүргенде, Сағынбай қалсаң ше бір күнде? Шын айтып, сыр айтып тұрмасаң, Солатын кезі бар гүлдің де. Ал, кейін суынып кетсең ше, Алыстан асығып жеткенше. Қызғаншақ көзімді жылатып, Дәл мендей өзгені өпсең ше?.. Қайтер ем өзгерсе ниетің, Жолың бар бағытын білетін. Көңіл деп, өзім деп ақталып, «Жарым»бар, десең ше, сүйетін? «Сүймеген екем» деп шегінсең, Тұрақсыз талғамға берілсең. Жарымжан жүректі сүйретіп, Кім ұғар еске алып егілсем. Болса ғой сүймеуім еркімде, Сезімім көктемнің көркінде. Сен жайлы бейкүнә арман бар, Дәл солай болуы мүмкін бе?
Динара МӘЛІКОВА *** Хабарсыз қалғаның не қамықтырып, Жанымды жіберсеңші Жарық қылып. Сен мені жалғыздықпен жазалайсың, Күйімді көлеңкеде бағып тұрып. Хабарсыз қалғаның не тiршiлiгiм? Мен әлі күтіп жүрмін білші күнім. Қандай қиын, гүлдердің қурағаны, Қандай жақсы, естіген гүл сыбырын! Хабарсыз қалғаның не аңсағаным, Күндерді сенсіз қалай тауыса аламын? Өн бойыңды өлең боп жылытайын, Көктемде Күн астында тоңса жаның... Сағаттар жылжып жатыр үндемедің, «Менсіз-ақ бақытты боп жүр» демегін. Өртенуге жаралған өмір мынау, Сағынуға жаралған түн дегенің...
Жүрегімдегі періштем *** Аппақ қар ериді ернімде, СЕН құсап сүйісе алмайды. Келмейді бақытқа сенгім де, Оныңда баяны болмайды. Аппақ қар құлайды кеудеме, Көгершін - көңілді алдайды. Дірілдеп тоңады гүл-дене, СЕН құсап жылыта алмайды... Аппақ қар арманым үзілген, ОЛ мені аңсайды түбінде! Бір сезім оқыдым көзімнен, тек қана махаббат тілінде!
Динара МӘЛІКОВА *** Не істесең де, не десең де, өзің біл, Сені сүйіп көз ілгем. Тура қарап айта алатын сөзім бұл, Сескенбедім сезімнен. Тым ақылды болғаныңның зардабы, Ұстанымың тазалықтың күшінде. Бұл өмірдің керек екен жалғаны, қателесу үшін де. Келмей кетсең, жек көрер деп ойлама, о, бастан -ақ, ойларыңды түсінгем, мен өзіңе өкпелеймін жай ғана, сүйіп тұрып ішімнен. Ақыл айтып, алдандыра алмайсың, шуағымен жібітсе де күн келіп. Кұшағыма құлап кете жаздайсың, кетем бе деп өртеніп!
Жүрегімдегі періштем *** Бұрын мені сүймегендей жан адам, Ой ішінен сезім таппай оралам... Көңілімді қыс кетті ме суытып, Кім болды екен, тонаған? Бұрын мені құшпағандай бір адам, Сезім қалды су бетінде жылаған... Толқынменен тербелгенім есімде, Ол кім еді ұнаған? Үмітіңді нұр етеді үн деген, Мен ешкімді тәріздімін сүймеген. Бір құшаққа құлап барып қурайтын, Бақытты ма гүл менен? Махаббаттың маздаттым ба шырағын, Қашан, қай кез, кімге арналды бұл әнім. Гүлді адамдар бақытты деп ойлайды, Бөліп алып сыңарын. Көкіректің көзін ашып күн көрер, Табиғат та тілін жұтып сенделер. Жұп болуға міндетті екен тек қана, Жер бетінде пенделер!
Динара МӘЛІКОВА Тау секілді кеудемізде орман-құз, Бұл жалғанда, бір арманға қорғанбыз. Сыздататын, мұздататын сыр бермей, Әр жүректе жылап жытыр бір-Жалғыз...
Жүрегімдегі періштем *** Әйел боп саған ораламын да, Құшағыңда мәңгі қала аламын ба? Ән салсын дала, ән салсын әлем, Тіршілік тынып, тамсансын деп ем. Білдірмей келші, сезімін бәрін, Сағынта түсші, төземін жаным. Тұманнан ізде түн болып еніп, “сүйемін” деші күрмеліп келіп. Жазылмай қалсын өлеңдегі үнім, Шабытың қалсын денемде бүгін. Ұшайын сосын, жасымды тимай, Ақша бұлттарды басуға қимай. Мендегі нұрды жастанды дала, арқамды жайдым аспанға ғана! Қап-қара жерге батыра берме, Шарықтап кетсем шақыра көрме! Мендегі жүрек, асықты көктем, Сендегі тағдыр бақытты неткен!
Динара МӘЛІКОВА *** Нені күттің? Сабырлық па керегі? Жүректің де бола бермес дегені. Ақиқат қой алданыш қып арманды, Бұл жалғанның көзімізден сөнері. Жүрем онда, асқақ болып, паң болып, Енді мүлдем, оятпаймын таң болып. Көріп қалсам, кете берем бұрылмай, сені мүлде байқамаған жан болып. Өр болайын, қаталдау боп көрініп, Төзім шіркін, кете қоймас сөгіліп. Сезбедің деп кінәламай жүрейін, көздерімнен өлең тұрса төгіліп. Не істе дейсің? Өзгерейін ендеше, соқыр сезім бұғаулауға көнбесе! Махаббаттың мәні болмас деп едім, сүйген адам сырларыңды білмесе.
Жүрегімдегі періштем *** Мен сүйсем, сүйемін өртеніп, Кірпігің ішінен гүл теріп. Жастығым жиылмай күтемін, Сенбесең көзіңмен көр келіп! Мен сүйсем, сүйемін сағынып, Күдіктен, қайғыдан арылып. Ернімді ерніңе қондырып, Жолыңды күтемін зарығып. Кейбіреу жүрсе де сөз қылып, Көзіңде тұрамын үздігіп. Мен құшсам, жанымды жаямын, Әйелдің әлемін сездіріп! Қайтемін жаратса от қылып, Жалғандық бойыма-жат қылық. Мен сүйсем сүюді үйретем, Ләззаттың бағасын ұқтырып!
Динара МӘЛІКОВА *** Көктем кепті менсіз-ақ, көктем келді сенсіз-ақ. Қыстың қалды қырауы, көңілімде бір сұрақ. Жеріп кетсең үндеме, Күрсініп-ап жүр деме. Қуануды үйрендім, сен болмаған күнде де. Сүймей кетсең ақталма, (бұл сезімге сот бар ма?) Өмір сүріп жүресің, жолданбаған хаттарда. Гүл тақпай-ақ шашыма, Көктем келді асыға. Ұйықтап қалғым келеді, Ұйықтамай-ақ қасыңа. Өмір мынау бір сынақ, Жаным калай тыншымақ? Күліп қойып жүремін, Көз жасымды сүртіп ап.
Жүрегімдегі періштем *** Бір жанға жолықтым, Тірлігім-түнерді. Ғашық боп қалыппын, Кеудемде – түн өлді. Бір жылу сезіппін, Сезімге шөлдегем. Абайсыз кезіктім, Алаңсыз көнген ем... Арымда адалдық, Жүр оны кім ұғып? Әйел боп жаралдық, Ұятқа жығылып. Ол мені сезбейді, Аңсаудан арылар. Мүмкін, шын іздейді, Бір күні сағынар... Жауапсыз кездесу, Сені де қинады... Сағынып күн кешу, Сабырлық силады... Динара МӘЛІКОВА Қаламым шешеді, Қара түн түймесін. Көңілім – көшеді, Сен қандай күйдесің? Мен өмір сүрермін, Өлеңнің ішінде. Ол маған келер күн, Тек қана түсімде!
Жүрегімдегі періштем *** Өзің жайлы ойлар болды-қорегім, Өзің жайлы оймен өмір сүремін. Сенің демің шаштарыма шашылған, Көзім жұмсам кірпігіме түнедің. Сенің демің қалып қойды денемде, Сенің сөзің сақталады өлеңде! Сенен кетсем дәл өзіңдей сүйсініп, Мені бір жан шуағына бөлер ме? Сен туралы сырлар айттым мезгілге, Күндерімнен күдігімді үздім де. Өзің жаққа бұрылдым да адастым, Ақылымның алданғанын сездің бе? Сен туралы жұлдыздар да біледі, Жұлдыздардың жұмсақ екен жүрегі. Сенің бір күн кетеріңді сыбырлап, Айдағы қыз теріс қарап күледі.
Өзің жайлы ойлар болды арманым, Әйнекке кеп ән айып тұр таңдарым. Саған жету мүмкін емес білемін, Саған жетер өлең ғана арнадым! Динара МӘЛІКОВА *** Дауысың көңілді, Күндерің шуақты көрінді. Салқындау сәлеммен қоштастың, Өзгертпей өңіңді. Ойымнан ұялдым, Сен қалай сезімге сия алдың? Ішімде ұлыған қызғаныш, Алдыңда ұяңмын. Сенде жоқ ұмтылыс, Хатың да, хабарың тым-тырыс. Жалғыздық жаныма жат емес, Күлкімдекүрсініс. Әзірге шүкірмін, Жүректің жасына жұтылдым. Ләззәттың азабы осы ма, Түніңе түкірдім! Қайтемін өкініп. Жүр деме «арына» бекініп. Сен және мен сүрген бұл өмір, Тәп-тәтті өтірік!
Жүрегімдегі періштем *** Түн түрткілеп оятады, ақырын, Ысырамын көрпемді. Жетер емес, жетер емес ақылым, ...Тәнім неге өртенді? Тынығын-ай, тымығын-ай даланың, Өз деміме тұншығамын, масқара! Анарымды Айға төсеп барамын, Сүйгізбеген басқаға! Жалғыз екем, жалғыз екем шынында, Түн ием-ау, сабырыма табыстыр! Сүрініп кеп сымбатыма тығылма, ...Жүрегімнен алыс тұр. ...Ал, таңертең мүлдем басқа бөтенмін, Өзім қаппын шашылып. Қиялыма сия алмаған екенмін, ...Көрпем жатыр ашылып...
Динара МӘЛІКОВА *** ...Сусып түсіп жангүлім, Ақ бұлттарда қалғыдым. Кірпігімде жұлдыздар, Желге қонып бар мұңым... Қиялдарым жігерсіз, Бәлкім, айтсам... күлерсіз? Ойларымның есі жоқ, ...Тағы бір күн түнерсіз? Мезгілдің қай, кеші ме? Нелер түсті есіңе? Жалынышым жауапсыз... ...Асығасыз несіне? Тәнім ұйықтап барады, Жанымқалды жаралы. Тереземде Ай жатыр, Төсегімнен тоңады. ...Қазір кетсең, келмеңіз! Сағынар деп сенбеңіз. Түніңізді түнерген, ...Тағы... менсіз, емдеңіз!
Жүрегімдегі періштем Мынау... белбеу, сағатың, Қамықтырды ау, Қара түн. Бақыттысың менен Сен, Бағытың бар баратын. Уақыт неткен келте-еді, Үнсіздік күй шертеді... Тәніме емес, Жаныма ...Аялдасаң қайтеді?
Динара МӘЛІКОВА *** Қала мені шамдарымен арбайды, Бұл қалаға болмайды екен ар-қайғы. Жарықтардың жанарына мұң сіңген, Жанымды бір шарықтата алмайды. Бұл қалаға керек екен махаббат, Сезімім жүр суық қарды аралап. Бір досым кеп, сенімімді жылатты, Бір досым жүр, тағдырымды табалап. Адамдарға тән болған соң жаңылу, Жүректерде болады екен жабығу. Бұл қалаға керек екен мен құсап, Бір адамды, бір жүрекпен сағыну! Керек екен бұл қалаға жылылық, Дала туған, Ана туған ұлылық. Қызыл гүлдер бүршік ашса қыста да, Аппақ қардың жалғыздығын ұғынып. Ал көктемдер, серік болса күзге ше? Жып-жылы жаз, желтоқсанды іздесе. Бұл мезгілдер қосылмайды ешқашан, Біздің тағдыр сондықтан да өзгеше.
Жүрегімдегі періштем Біздің қала содан болар суықтау, Сіздің қала содан болар тұйықтау. Құмарымды сезсең, жаным шегі жоқ, Қиялымды керек шығар құлыптау... Динара МӘЛІКОВА *** Тағы бір шылымның сорабы, Бос қалған қорабы... Дүние түтінге тұншығып, Бүрсиіп тоңады... Гүлдердің қауызы жабылған, Ақ моншақ тағынған. Өкшесі езілген көліктің, Шалшығын жамылған. Жәутеңдеп жандарға жанары. Қайыршы қарады... Көп адам ішінен жас бала, Қалтасын қағады... ...Қаланың шамындай жарықтар, Сөнетін уақыт бар... Адасқан жүректер, жылаған, Жоғалған бақыттар. ...Тағы бір шылымның сорабы Ашылған қорабы...
Жүрегімдегі періштем *** Балалығым – үйімде еркелейді, Даналығым – сөйлеуге ерте дейді. Бұл қала құшағыма кіріп алып, Өзің болып өппейді, өртемейді. Өзің құсап сүюге сескенеді, Сенім серті бұл жақтан көшкен еді. Мен егер сүйіп қалсам өзге жанды, Даланың киесіндей кешпе мені! Жүрекке жүрмесе де бұл -әмірім, Шыдам боп, шың үстінен сына Күнім! Желменен домалайды жалғыз басым, Жанымның сая болар сыңары кім? Барымды шашып алдым бір адамға, Сезімде суыт келіп сынаған ба? Өмірдей ойлануға дәрменім жоқ, Әйел боп әлеміңді ұға алам ба?
Динара МӘЛІКОВА *** “Жаным” дегенің жалған ба, “Жарым” дегенің арман ба? Тағы да сені сағындым, Ойларға еніп алғанда. “Сүйем” дегенің сөз бе екен? Сендірген сезім көзде екен. Тағдырым менің үйімде, Талғамым неге түзде екен? “Келем” дегенің-сендіру, “Кетем” дегенің-көндігу. Сағыныш сыры осы екен, Сағымдай жолда бір қылу. Бәрі де деймін бекер ме, Таусылған үнім жетер ме? “Сүйемін” деген сол бір жан, Сый болмай маған кетер ме? Уақытқа сыйған-заңдылық, Сөндірер сосын жандырып. Кең жүрек берген пендеге, Дүниені қойған тар кылып.
Жүрегімдегі періштем *** Ерлігім болсын ер үшін, Күтуге берші келісім. Өкпешіл мынау өмірдің, Жаба алмай жүрмін есігін. Шашырап тұрса шұғылаң, Тасаңда тұрып жылынам. Арманнан қысқа ғұмырда, Адасып қалдым...неғылам? Ақ таңдар берген әр үміт, Жанарда сөнді зарығып. Сен болып өлең жазайын, Мен болып көрші сағынып. Алсам да жиі есіме, Оралмай қойдың түсіме... Бейнеңді алғам көшіріп, Қап-қара көздің ішіне. Жабығып сенде жүрсің бе, Сабырға сезім көнсін бе? Қиялға құрбан болайын, “Күтемін” десем күрсінбе!
Динара МӘЛІКОВА *** Сенің күйің – Алматының аспаны, Менің күйім – махаббаттың дастаны. Бір ғұмырды жылыта алмай жабықты, қыз-көктемнің жас жаны. Сенің күйің – көңіліңнің кептері, Менің күйім – күнделіктің дәптері. Жазған хатың көздерімнен сүйгенмен, Құшағыма өзің болып жетпеді. Сенің күйің – қарашаның қабағы, Сол қараша жасын жұтып қарады... Жалғызым-ау, жанарыма симаған, Аппақ қарда арым қалғып барады...
Жүрегімдегі періштем *** Сен келер күн, Нұр жауады аспаннан! Армандарым түседі алыс-алыс асқардан. Аспаным да күліп тұр, қарашығы көрініп, Кездерін бір ұмытып, көздерінен жас тамған! Сен келер күн, Өз-өзімнен жаңылып. Кірпігімде гүлденді, уақыт жаққан әр-үміт. Екеуміздің табысқан құшағымыз күрсінді, Қайырылмас өмірдің қайырымын сағынып...
Динара МӘЛІКОВА *** Бір жұлдыздың сәулесіне жалғанып, Жерге түскен бір өмірді жалға алып. Саған ғашық болған екем, қайтейін, Бұйырмаған тағдырыңа алданып. ...Бір өткінші нөсер болып селдетіп, Дала дертін мөлдір сумен емдетіп. Кетіп қалсам, сөніп қалсам деп едім, Ешкім білмес жалғыздықты әндетіп... Ошағымда мені күткен жар қалып, Ол адамға жалғыз өлең арналып. Оқып тұрсам сені сүйген қыздарға, Саған жазған жүз өлеңді қолға алып! ...Сосын, сосын кінәласын Жарық Күн, Түн ішінен таң іздеген ғаріппін. Ақ қағазға армандарым шашылып, Күндей ыстық күнәһар боп қалыппын...
Жүрегімдегі періштем *** Дәл бұлай боларын білген кім? Көктемсіз ғашық боп үлгердім. Гүлдердің белдері майысып, Құшағын жыр етер кімдердің?! Көктемдей жанымды алып ұш, Өпкің кеп, көркімнің балын іш. Гүлдердің ерніндей бейкүнә, Сен жоқта сөйлейді сағыныш. Сен жоқта сөйлейді уақыттар, көзімнен төгіліп жақұттар. Жанарға жиып ап, жымидым, Көктемде біз күткен бақыт бар! Іңкәрлік іздеген періштем, Көркіне сымбаты келіскен. Жүректің қауызын аша алмай, Ынтығып отырмын, тек іштен...
Динара МӘЛІКОВА *** Келіп тұр даусыңды естігім, Сағыныш меңдейді кешқұрым. Тұтқаны көтеріп дей салшы, «Сөйлесе алмаймын кеш, күнім...» Даусыңның дірілін сезініп, Деміңде кетейін үзіліп. Аспанның аңсары адассын, Жұлдыздың жанары көз іліп. Хат жазғым келіп тұр қамығып, Бір бөлме барады тарылып. «Сүйем» деп сөз жазсам сескенбей, Жүр деме есінен жаңылып. Уақыт та ұйқыда...түнжарым... Білсем де жаныңда кім барын. Тып-тыныш әлемді жылытып, Келіп тұр даусыңды тыңдағым...
Жүрегімдегі періштем *** Сағынып жүрмін, Сағынбай қалу мүмкін бе? Тамшылап жиған, тағдырым кетті күлкіңде. Сағынышыма даланың өзін сендіріп, Келмейсің неге бір күнге? Сағынып жүрмін, Бұл дертке қалай шыдаймын. Заңдылық шығар қосылмауы да Күн, Айдың. Сен жүрген жерге табаным тиген талай рет, Сенсіз-ақ, елге ұнаймын. Азабың шығар, Сиғыза алмайтын сөзге де... Қазанда туып қайғыра алмадым Күзге де. Сағыныштың да бояуы қалар бұлыңғыр, Сағынбай кетсең іздеме...
Динара МӘЛІКОВА *** Сүюге iңкәр кезiм бе? Жүрегiм тұрды көзiңде. Даусыңа қалдым байланып, Айналып кетiп сезiмге. Сағыныш па екен сыңарым? Жете алмай тұрдым бір-адым. Алыстап кеттім абайсыз, Қай жерде жүрсің, құмарым? Қай жерде жүрсің, алтыным, Таусылар күннiң арты-мұң. Сен жақтан көктем еседi, Сездiрмей күздiң салқынын. Гүлдетіп жүрмін күз-жанын, Желдің де сүйiп ызғарын. Мезгiлге төктiм мейiрiм, Бiлген соң онда біз барын!
Жүрегімдегі періштем *** Дауысыңды естуім де мұң болды, Келеді ме кездескің? Батыл едім, жігерім де құм болды, Келеді ме өзгерткің? Кетем деп ең, әлі кеткің келе ме? Аңсарыңды ұмытып. Кетер болсаң ләззатыңа бөлеме, Сөнер мейлі, бір үміт... Бұл үміттің өмір сүрген кезі жоқ, Өз сәулесін таппаса. ...Әйелдердің арманынан сөзі көп, Менде бәрі басқаша... Мұңлы өлең жазды екен деп жызғырма, Өкпелеуге батырмын. Жанарыма жырлар жазып алып алдым да, Кірпік ілмей отырмын. ...Кетем десең, жыламайтын шыгармын, «Дұрыс» дермін өтірік. Үнсіз ғана құшағыңа құлармын, Ұмытуға бекініп.
Динара МӘЛІКОВА *** Мына күндер жақындатты өзіңді, Түн кірпігі сағынумен көз ілді. Аңсарымдай саған жетіп жығылған, Аспан жақтан бір түйір гүл үзілді. Жерге жетпей кеудеме кеп құлады, Бұл жүректің сезім екен сыңары. Қауызында мөлдірейді есімің, Өзің жайлы сырлар айтып тұрады. Хат та жазбай камыктырып жүресің, Нендей күйді сабырыңа бүгесің? Ой түбіне алған мәңгі қондырып, Сені бір қыз сүйетінін білесің. «Жаным» десең жылытады тағдырым, Сен жайында ұмытамын барлығын. «Жаным» десең жабырқамай жүре алам, Жанарыма құйып алып таң нұрын...
Жүрегімдегі періштем *** Жанымды шүберекке түйіп, Сағыныш көйлегін киіп. Өмірден өтеді ме екем, Өзіңді ғана сүйіп! Сиқырлап сендегі көрік, Кетесің жұлдызға көміп. Жүрсем деп қиялдаймын, Өзіңді ғана көріп! Көзімде өмір жайнап, Уақытты қойдым байлап. Ай, күнді аялдатып, Өзіңді жүрмін ойлап!
Динара МӘЛІКОВА *** Қыс та кетті өртеніп, Құшағында көктемнің! Құлап кетті еркелік, Қанатына кептердің! Сәуір сүйген армандар, Мамырлаған таңдар бар! Жып-жылы түн жүректер, Жолығыспай қалмаңдар! Аппақ-аппақ сезімдер, Қара жердей төзім бер. Оралмаса сол бір жан, Үмітімді үзіңдер! Керек емес ойланып, Кетем десе Айға алып. Жұмыр жерді жүз көрем, Жүрегімде айналып. Бұлтта болса тұрағым, Жұртта қалса жыр-әнім. Періштеге айналса, Пенде кейіп сыңарым. Жүрегімдегі періштем Келген жаңа көктемдей, Өмір сүрсем кектенбей... Жердің бетін сүйемін, Жауымды да жек көрмей! Арда қалсам биіктеп, Арманымды ұқ, сүйіп кеп. Аллаға паш әлемде, Ақ некемді қиып кет!
Динара МӘЛІКОВА *** Еріп кеткім келіп тұрды ерніңде, мендік емес құшағыңа ендім де. Темірдейін мүжілмейтін төзімнің, Түбі бір күн үзілерін білдің бе? Сөніп қалғым келіп тұрды сезімде, бақыт тұрды бір-ақ ауыз сөзіңде! Қоңыр кеште қолтықтасып жүрсек қой, Қоңыр үміт әлдилесең безінбе! Күз болмай-ақ,сағынышқа орандың, мен кеткелі күдіктерге тоналдым. Жер бетінің ең ақылды қонағы, Өмірімді басқаратын боп алдың. Не құдірет бар екенін білмедім, Ұмытуым мүмкін емес білгенім, арманымды аласартпай алдыңа, Өзің жаққа жеткім келіп жүр менің!
Жүрегімдегі періштем *** Бір күнәні бөліп алып екеуміз, Періште емес пенде ғана екенбіз... Жүрші жаным, кетейікші алысқа, Аспан осы Қара жерден алыс па? Қойшы, Күнім, әңгімені, күлкіні, Әңгіме де ұмытылар бір күні... Неге мені сағындыра бересің, Сезімімнің қиып қойып некесін...
Динара МӘЛІКОВА *** Телефоның өшірулі, кім үшін? Ойларымның өрнегінен жаңылдым. Жүрегімнің ішіндесің, тірісің, сақтап жүрмін, сабырлым. Ақ шәлі мұң сыйлап кетті елесің, Күндерімнің жанарына үңілмей. Неге мені зарықтыра бересің, жалықтырып жібермей... Көктем болып жетер деп ем өлеңім, Қиял шіркін, қыр астында күліп тұр. Жүрегімді көтере алмай келемін, ...мықты болсаң ұмыттыр! Қайтем енді жазылған сол маңдайға, Сүйегіме сіңіп кеткен сырым ең... Қабағыңа бір тамшы мұң қонбай ма, ...сүймейсің бе, шынымен?
Жүрегімдегі періштем *** Мен сенсіз-жартымын, Өксікке тығылып алқымым. Құшағыңда егілгім келіп тұр, Езгілеп барады жарты-мұң. Мен сенсіз-басқамын, Төбемнен түнеріп аспаным. Ол менің жанымды жұбатпақ, Сездірмей көзінде жас барын. Төгілтіп жауса-шы нөсері, Жылынсын қара жер төсегі. Аспанмен астасып арманым, Кеудемнен шаттығым көшеді...
Динара МӘЛІКОВА *** Мен сол күні сұлуланып, Қарай бердім жүзіңе жиі ұрланып. Көкте тұрды Күн ием көмкеріліп, Ұялшақтау қызының күйін бағып. Мен сол күні күліп жүргем, Кездеріңді ұмытып түңілдірген. Саған деген сезімнің жалын болып, Өзімді өртейтінін бүгін білгем. Сен сол күні қарамадың, Өзің жаққа құмартып қадаламын. Қабақ түйсең-күйзеліп, күлгеніңкүлімсіреп отырам бар амалым. Сен сол күні бөлек едің, Намыспенен ашуға бөгелемін. Бүінгі азабыңды сезген болсам, Сол түні құшағыңда сөнер едім!
Жүрегімдегі періштем *** Көзіңізден жоғалдым, Көңіліңде қалдым ба? Өзгешелеу боп алдым, Кінәлісіз алдымда. Түсінгенім – сағындым, сүйгендігім – қателік. Жауабымнан жаңылдым, Жауапсыз-ақ жат едік. Жылу іздеп мұздадым, Кімге керек бұл пәктік. Сезінбейсіз қыз-жанын, Сезінгенің бір сәттік!
Динара МӘЛІКОВА *** Сүйіскім келмейді ешкіммен, Ернімнің тоңарын кеш білгем. Сен жайлы өлеңдер сөйлейді, жақын кеп дауысын естір ме ең? Сағынғым келмейді басқаны, Жүрегің маған жол ашпады. «сүйем» деп айтқанда жоқ едің, Тыңдады гүл-дала аспаны. Сен енді тілегім ғанасың, Сезімнің суретін саласың . Ұшақтар әкетер сені алып, Ал, мені қай жерден табасың? Бақытқа құштар бұл күндерім, мен,сірә мұңлы өмір сүрмедім. Тұп тұнық сезімге адал деп, Дәл мендей сағынып жүр дедім. Болмай ақ, жүрмей ақ қасыңда, Түсінгім келеді расында. Көңілде жүресің көркем боп, Көрінбей көзімнің жасында!
Жүрегімдегі періштем *** Мен қазір тұйықпын, Сабырға салмақсыз сиыппын. Өмірден өзімді бөлуші ем, Ал, қазір, алаңсыз қиыппын. Мен қазір басқамын, Бағымды байлап жүр бас қамым. Жақындап жүретін армандар, Алыстап кетіпті аспаным. Мен енді сүймеймін, Сүйетін жан мені кім деймін? Үзіп ап, күтусіз қалдырған, Құмыра кемірген гүлдеймін. Мен қазір елеспін, Елес боп несіне егестім? Мен де бір бақытпын баянсыз, Сондықтан бақытсыз емеспін...
Динара МӘЛІКОВА *** Қарлығаштың қанатында тілегім, Сен де оны оқып қойдың білемін... Періштелер пейіліме сүйсінсе, Құпияңа кейіпкер боп жүремін. Кірпігіңнен күлкі көрсем қуандым, Саған шаттық әкелуге құмармын. Таңмен тұрып, түргеніңде пердеңді, Терезеңде тамшы болып тұрармын. Хат жазуға сабырыңды сыйладың, Қара көзге гүлдің шығын жинадым. Түсіме кел түсіндірмей ештеңе, Еркелетіп, есімді алып, сүй, жаным! Қара түнге кетсем бе екен білінбей, Құшсам деп ем, жүрсем деп ем түңілмей. Мені өзіңдей сүйген адам болмаған, Сүйгендер бар жүрегіме үңілмей!
Жүрегімдегі періштем *** Жанарым ғой жасқанып төгер сырын, Көп екен ғой әлі де көрер сыным. Мен жақтың сағаттары жылжымайды, Сен жақтың күні қалай көгершінім? Жас болып, жалғыз үміт жаншылады, Бұл тірлік, бір тағдырды жаусынады. Сен жақтың түнін қайтем, ал, өзімнің, Құшағымда қара түн таусылады. Сен жақтың күнін қайтем күлімдеген, Хат жазып, хал сұрадың бүгін менен... Өмірді сүріп жүрмін сен білмейтін, Сағыныш пәктігім бар бүлінбеген. Сен жақтың тауын қайтем мұнарлаған, Қасиет боп сөйлейді Құран-далам. Сен жайлы айтылмаған әңгімелер, Жазылатын өлеңдер сыңар маған. Мендегі сыр ғана ма сыңар болған, Қосылмас тағдырыңа құмар болған. Ұяң саған ұшуды үйретті де, Қиял сені, самғатып қыран қылған.
Динара МӘЛІКОВА Сен солай қырандарға ұқсағасын, Аспанның тілегінен күш табасың. Әдемі өмірім боп көз көрмейтін, Тап-таза түс ішінде басталасың...
Жүрегімдегі періштем *** Сағыныштан қалар ма екем тұншығып, Шаштарыма кеткен екен түн сіңіп. Хабарласпай қинағаның қайткенің, Тірімісің, тіршілік? Тағы бүгін өз-өзімді алдаппын, Көктемге деп, саған өлең арнаппын. Хаттарыңды қарға орап жолдаушы ең, Аманбысың, ардақтым? Көңіліңді тауып жүр ме көп керім, Саған енді таға алмаспын өкпе мін. Секундтарды сезім болып құшушы ең, Шынымен бе кеткенің? Мені қойшы, жыр жазуым еркімде, Сені аяймын, сағыныш бар күлкіңде. Көз-жасыңды Алла көрді, мен көрдім, Ұмытуың мүмкін бе?
Динара МӘЛІКОВА *** Мұңайып жүрмін білдірмей, Үміттің отын сөндірмей. Өзіңмен болған бал-шақтар, Өтіп бір кетті бір күндей. Жымиып жүрмін қуанбай, Бақыттың күні туардай. Айта алмай жүрмін ардақтым, Айтқызбай келіп ұғардай! Сездірмей жұмбақ сырыңды, Жүрегің кімге жылынды. Өзіңсіз қалай өткізем, Ұп-ұзақ мынау ғұмырды. Күлімдеп жүрмін күйзеліп, «Сүйемін» деші, сөз беріп! Көктем боп жүрген көркіме, Қонақтап алды күз келіп.
Жүрегімдегі періштем *** Көктем келсе, күнім қалай гүлдемек, Өзің жақтан әкелер ме бір дерек? Әппақ қарлар билеп жатыр алаңсыз, Көз алдымда дөңгелеп. Жер үстінде, өмір жатты қаланып, Аспан жақта құдіреттің бары-анық. Көз алдымда ұшып жатыр ұстатпай, Мендегі ізгі балалық! ...Жасымнан да, ғасырдан да жаңылдым, Қармен бірге, қара жерге ағылдым. Адамдарға үлестіріп үмітті, Періштедей танылдым! Сөйлемедім, сезінбедім, уақытты, Ай аймалап, Күн күлімдеп жатыпты. Жалғыз сөзді түсіндім де қалғыдым, “Қарлар екен бақытты!” Жұлдыз, аспан, көз алдымда Ай-анық, Кеттім бір сәт, жай түскендей оянып. Жер үстінде барады екем иленіп, Ақ көйлегім, қара түске боялып!
Динара МӘЛІКОВА *** Сағынсам да ыстық отқа оранып, Кездесе алман, ол - анық. Екеумізді алыстатып сынаған— Жер мен Көктей аралық. Сен жүретін көшеменен, қаладан, Сенсіз жүріп соқпағымды қалағам. Бұрылуға, ұғынуға, хақым жоқ, Жалғыз болсаң, жалғыз жүріп таба алам! Іздегенде мұң татыған уым боп, Тіл ұшында күрмелесің жырым боп. Сен болмаған тағдырымды қайтейін, Құмырсқадай құным жоқ! Күнә жайлы, ей, Жарық күн, қозғама, Күнәм жайлы күбірлесін сөз ғана. Өмір сүріп кетуіме рұқсат ет, Сүйіп тұрып, сағынайын... аз ғана!
Жүрегімдегі періштем *** Қиялым қай жаққа шақырдың, Жүрекке мұң дәмін татырдым. Жырың боп төгіліп тынсам ғой, Кімің боп сағынып отырмын... Бал ернін сүйгізсе шекер-күн, Өзіңдей жаныма жетер кім? Бақыттың бәрін де жатсынып, Кімің боп кездесер екенмін? Желдің де лебінен мұздамақ, Өмірде қонар ма қызға бақ? Өз дертін өзіне өрт санар, Жұп-жұмсақ жүрегін жұлмалап... Көңілдің көйлегін шеш, келіп, Өлеңде қалдырып естелік... Ақылды болып та адастық, көрейік сабырдан сескеніп!
Динара МӘЛІКОВА *** Жанымның саулап жапырақтары, Өзіңсіз күліп, таңым атпады. Сүреңсіз тірлік қуартып кетті, Жазықсыз әлем жадыратпады. Қап-қара күзде көктеген екем, Шұғылалы шақ та өппеген екен. Көктемдер, сірә, жайқалып тұрып, Мендегі мұңды шекпеді ме екен? Қиялым сүйген көрем ертегі, (Не болар екен өлең ертеңі?) Аспанға қарап алақан жайдым, Тауларды ертіп көлеңкемдегі. Нұр жауып тұрды сезімдеріңнен, Іңкәрлігіңнен безінбедім мен. Сен жайлы жырға айналып кеттім, Қоп-құю түнде көз ілгеніммен!
Жүрегімдегі періштем *** Ерекше көңілдімін, Алтын түске бояды көгімді кім? Күтпеген сый көрердей күмілжимін, Келетін кезің бе еді сенің бүгін? Ауамен тілдесемін, Жыр жазуға асығам түнде несін? Дала мені құшады әлсін-әлсін, Кешір енді... жалғыздық күндемесін! Сен бардай назданамын, Саған жетер бірінші жазған әнім. Мен сыйлаған бақыттың бәрін сезін, Сен сыйлаған жетеді аз ғана мұң. Ақ қардай алып-ұштым, Сырын ұққым келді ме сағыныштың. Қауырсын қанатымнан қалам жасап, Жұп-жұмсақ жерге түсіп жаңылыстым. Ал, бүгін қуанамын, Жанын жайған шыршалар куә, жаным! Адам болып жүргенім қандай бақыт, Ақ қар болып қайтадан туа аламын!
Динара МӘЛІКОВА *** Өз денем теріме симаған, Құдірет әлде, сорым ба? Алланың өзі сыйлаған, Аманаты бар қолымда. Алтын күннен арайды, Аппақ жаным іздейді. Сағынышты тонайды, Қара түннің көздері. Шаштарым да күбірлеп, Жыр тілінде сөйлейді. Аймаласа бүгін кеп, Айналамыз гүлдейді... Ай нұрынан құлайын, Самал болып үп етсең. Жауып барып тынайын, Теңізіңе түнетсең. Бұлттар көшсе күркіреп, Дала шошып даусымнан. Найзағайдай сілкіп өт, Төмен түсіп тау-шыңнан! Жүрегімдегі періштем Түн сыбырын естісем, Күрмелемін күлкісіз. Не істе дейсің енді сен, Сағынышым сенгісіз?
Динара МӘЛІКОВА *** Өзіңді іздейтін күні-түн, Жүректің сөйлеттім лүпілін. Қай жерде отырсың жарқылдап, Қай жерге гүлдендің үмітім? Қай үйдің шырағы екенсің, Пейіліңді періште көтерсін. Бағыма қонақтап қала алмай, Жаныма жарасып жетерсің. Соңыма сан мұңды ертемін, Тағдырдың сүйретіп тәлкегін. Ақ бұлттан жасап ап ақ өмір, Күндердің сүремін көркемін. Сен құшқан кештерге қайранмын, Сәт сайын сенделіп ойға алдым. Жолыңда тұруға дәрмен жоқ, Ақ ұлпа арманға айналдым. Сезімге күдікті қоспадым, Тербемей ешқашан басқа-мұң. Тек менің жанымдай көгілдір, Төбеңнен тыңдасын аспаным!
Жүрегімдегі періштем *** Мейірім боп елжіредім көзіңде, Мен ұйықтамай, мен тыншымай көз ілме! Ерік беріп, еріп кетіп тыңдайық, Біздер жайлы жыр жаздырып сезімге! Мен ұйықтамай, өзге жанды ойлама, Құшағыңа қысып жатшы жай ғана. Екеумізді ақ некемен аластап, Сән-салтанат құрып жатсын айнала. Мен тыншымай, теріс қарап күрсінбе, Тал бойымда тамыр болып дүрсілде! Тіршіліктер тасқа ұқсап барады, Аңсарымды дәл өзіңдей білсін бе? Дала жақтың заңдарына үңілмей, Аппақ таңның ақ пердесі түрілмей! Екі көздің кірпігіндей айқасып, Құлап кетсек қара түнге білінбей...
Динара МӘЛІКОВА *** Сен өмірдің көзінде мөлдіредің, Мен өлеңнің ішінде үлбіредім. Біз екеуміз болып алдық бір адам, Енді қалай қаша аламыз күнәдан? Күннің нұры гүлдің ернін сүйгендей, Кіріп келдің жүрегіме именбей... Өзіңменен тынысым да бір - денем, Ұйықтап қалсам сүйіп кетші түнменен. Ал...түсімде сені іздеп табайын, сосын таңда...оянбай-ақ қалайын..
Жүрегімдегі періштем *** Қып-қызыл күннің шұғыласында, Сүйетініңді ұғынасың ба? Тірлігіңді де тұншықтыра алмай, Пейіліме кеп жылынасың ба? Тағдырыма кеп тұрақтадың да, Кінәсіздерді жылатпадың ба? Арымды алып, аспанға ұштың, Жердегілерден жырақтадыңда. Қызғанып қалсам, кінәлай көрме, Қызғанып алып, жыламай жүр де. күтейін сені көзіңдей болып, Сүйейін сосын, ұнамай елге. Білмедім, күнім, жүрегіңде кім? Күтіп-ақ өмір сүремін дедім. Адамнан аяр сырыңмын асқақ, Алладан сұрар тілегіңдемін...
Динара МӘЛІКОВА *** Менің жанымды саласың неге егеске, Сені ұғу үшін, есейіп кеттім емес пе? Сені сезу үшін қайғыңды сұрап бір құштым, Ауада қалып адасып кетіп тұншықтым. Сабырлы болып, жұмсарып кеттім мақтадай, Аялдап тұрған армангға кеттім тоқтамай. Қызғанба дедің, сыз қалар бәлкім жүректе, Тірі жүрдім ғой, сен жайлы ғана тілекте! Сені күту үшін, кешіктім талай кештерден, бақытыңмын ғой, уақытыңмын ғой кеш келген. Жастығымнан бүгін, сағыныш көрдім төгілген, Сені түсіну үшін, түңіліп кеттім өмірден! Саусағыңнан сүйіп, сезімнің әнін шырқадым, Үзіліп кетті, жалғауға енді қорқамын. Сені сүйгенім, өлең қондырдың басыма, Жанымды жейтін, жалғыздық дейтін осы ма?! Аласарып кетіп, алақанына қондым жалғанның. Сен болып өмір кешіргенім үшін қорландым...
Жүрегімдегі періштем *** Өлердей аңсауыма болады ма, Сезімнің қалмаймыз ба, обалына? Уақыт та кірпік ілмей күзетеді, Қара жер қалғып кетіп табаныма. Бір өксіп жылап алсам, қайтер едің, Ақтарсам ба алдыңа ой тереңін? Түн ауа өзің жаққа жетіп келсем, Ұстар едің бұрышын қай кеменің?! Түн келсе, кімнен сені қызғанамын, елесіңе ерінбей жүз қарадым. Біресе алдап кеттің, арбап кеттің, білсең ғой, бір жүректің сыздағанын! Саған арнап жұздыздан жыр үзейін, түсіңде гүл ішінде кезігейін. Жанарыңнан таң ата аунап түсіп, Жалғыз тал шашың болып көз ілейін...
Динара МӘЛІКОВА *** Түн келіп, сүйсе деп тіледім, Тілімді тіліне байлатып. Мойныма асылған білегін, Қойныма жіберсем ойнатып. Жүректі соқтырып жандырып, Тіршілік тәнімде сөйлесе. Есімді тандырып, таң қылып, Ал, ертең ештеңе білмесе! Ғажапқа шөлдеген азаппын, Деміңде дүрсілдеп тынайын. Құласын кеудемде тозақ-түн, Жаным-ау енді не сұрайын? Аялдап тұрар ма азырақ, Айрылысу қасірет араймен. Көзіме кіл өлең жазып ап, Өмірді сүрейін қалай мен? Ләззат деп атай ма мұны да, Әйелмін, айыпты емеспін! Бар бақыт сыяды жырыма, Бақытсыз демейді мені ешкім!
Жүрегімдегі періштем *** Үйімнен безсем бе екен? ...Жылытқан тоңғанымда... Күйеуден безсем бе екен, Қолына қонғанымда. Отаннан безсем бе екен, Опасыз болып қалып. Ақ бұлтқа көшсем бе екен, Арманым солып қалып. Өлеңді құшсам-бөтен, Қалды ма жазаланып. ...Қай жаққа ұшсам екен, Қауырсын жасап алып?! Жүрексіз жүрмін жүдеп, Бұл тірлік тірілте ме? Көлеңкем ол да-түнек, Шөктіріп, шегінте ме?! Қара жер, қия алмадым, Көзіңде жас қалардай. Жыр жазбай жүре алмадым, Бір кеуде бос қалардай..
Динара МӘЛІКОВА *** Көз ұшына шыбын-жаным ілініп, Сөз ішіне қайта келдім тіріліп. Сенің ғана сағынышың сыздатты-ау, Менің ғана жалғыздығым білініп. Елдесің бе, жердесің бе таппадым, (Жалғыз ғана таға алмадым, Хаққа мін.) Адамдар-ау армандары аяулы, Жанарымда ол біледі от барын. Күздесің бе, гүлдесің бе білмейін, Дауысыңда дем боп шығып бүрлейін. Ең әдемі сөздеріңмен алдап кет, Шындығыңды іздеп өмір сүрмейін! Бақытсыздық үйіріліп күлкіме, Не десең де сене берем, сертіңе! Өмір шіркін, қанатымен байлап ап, Жібермейді біз ойлаған еркіне!
Жүрегімдегі періштем *** Бұралаң жолдар бұралаң, Ес жиып талай құлағам. Өмірді қойшы өң мен түс, Күйімді кім бар сұраған?! Белгісіз мұңға түнегем, Сенгісіз ғұмыр сүрер ем... Жиылмай жүрсе көз-жасым, Бұйырмай жүр де бір өлең! Үндемей жүріп сөйледім, Күлімдеп тұрып күйредім. Тағдыры бөлек о, тоба, Жолыққан жалғыз сүйгенім... Ашылса таңмен есігім, Сыбырлап сүйдім есімін. Түннен де тығам сол жанды, Күннен де сұрап кешірім. Ақ пенен қара арасын, Аралап нені табасың? Алладан түскен шыбын-жан, Шырылдап қайда барасың?!
Динара МӘЛІКОВА Тұтанбас қайта сөнген-шоқ, Түңілгем ажал төнген жоқ. Ойға да баттым тұңғиық, ақылды болып көргем жоқ! Қалжырап қалған қаладан, Тұнжырап ауып бара ма ән... Түнектен жырмен тіріліп, Жүрек боп қайта жаралам!
Жүрегімдегі періштем *** Балапаным, Жақсылығын әкелсін жаңа таңың... Күн иіскейді шашыңнан сеземісің, Отаныңның аялы алақанын. Гүл-жүрегім, Періште боп көзімде үлбіредің... Апыл-тапыл басқанша аяғыңды, Құшағымды ойнатып, күлдіремін. Тіршілігім, Жаратқанға бітпесін құлшылығың. Отан-Ана тербейді шуағымен, Бақытыңның қадірін білші, күнім. Ержетерсің, Әкеңнің тілегімен бір ме екенсің? Бір Аллам, ғұмырыңды бере көрсе, Жаныңды иманменен гүлдетерсің. Аманатым, көңілімнен көркем ой таратамын... Атаң бар, елі сүйген маңдайынан, Естілмесін сенің де «жаман атың».
Динара МӘЛІКОВА Ойдың да орманы бар, Уақыттың шындығы мен жалғаны бар. Жеріңнің әрбір гүлін аялап өс, Тамырында анаңның арманы бар! Жетеледім, Бір сен үшін еңсемді көтеремін. Туған елге тамшыдай еңбек етсең, анаңның адал сүтін өтегенің!
Жүрегімдегі періштем *** Ұлым! Сен бар кезде өзге мұңға оранып, Жүрегіңнен кеттім бе екен жоғалып. Қарызымды Құдай ғана біледі, Парызымды сезіндіріп аналық. Тоғыз ай, күн, жүрегіме түнетіп, Тәңір сені берді маған тірі етіп! Меніменен сенде өлең жаздың-ау, Меніменен бірге кейде дір етіп... Бағалауға жетер ме екен бұл күшім, Періштенің естідім-ау күлкісін! Мен бақытты іздемеймін ешқашан, Құшағымнан күнде көрем түр-түсін. Ең биіктен, ең биіктен жанатын, Жұлдызың бар жанарыңа қонатын. Сәл мұңайсам, емдеп жібер күлкіңмен, Күндерім жоқ, сағынусыз қалатын! Пендеден де періштелер жаралып, Уақытпенен жақұттар тұр қаланып. Бір бөлмеме құйылады бар бақыт. Құлынымның табанынан таралып...
Динара МӘЛІКОВА Құрсағымнан қайғымды бір ұғынған, Өзің едің мендегі бар ғұмырлы-ән... Адаммын ғой, ақылыңды қи маған, Қымсынамын сен оқитын жырымнан!
МАЗМҰНЫ «Ерік берсе, жыр жазар ем көз ілмей»...................3 «Өзімменен жылап алып, қосыла».........................4 «Балпаң басқан қара бұлт»........................................5 «Пендеге керектің бәрі бар»......................................6 «Сағынуға неге сонша құштармын».......................7 «Гүлден де нәзік жанымның»...................................8 «Аспан мынау пенделердің дәптері»...................10 Диалог.............................................................................11 Ана мен бала.................................................................14 Мен қызғанып қалды екен деп ойлама….............17 «Күнәмді кімнен іздедім».........................................18 Өлең берді…...................................................................19 «Шын айтам, бәрінен жалықтым»........................20 «Жазылмас жараны емдеймін»..............................21 «Тілекке түнеген тамшымын»................................23 «Мешітте тәубаның таңдары»................................24 «Туған ауыл шақырады алыстан».........................26 «Күнәға жазба, Тәңірім»..........................................28 «Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?»..................30 «Сыр бойынан келгенбіз»........................................31 Астанаға..........................................................................33 Әке...................................................................................35 «Туған жердің салқын тартқан құшағы»............37 «Анамның көз жасында іркілемін».......................38 Түнгі клуб......................................................................39 «Кіріпігіңнен күн күледі, ақылдым»....................41 «Өлең қалып барады жолдарымда».....................42 «Көңіл де бүгін басылған».......................................43 «Жер басып жүретін пендемін».............................45 «Сайран да салған сайран күн»..............................46 «Жүрегімде шертілетін күй бөлек»......................48
«Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да».......49 8 наурыз аналар мерекесіне арнаймын................50 Фариза Оңғарсыноваға.............................................51 Желтоқсан оқиғасының құрбаны Ләззат Асановаға.........................................................53 «Өлетініңнен қорыққан жоқпын бәрібір».........54 Жүрегіме........................................................................55 Тектілік туралы...........................................................57 Біз әйелдер...................................................................59 «Мынау жатқан төмпешік...»..................................60 «Алла ғана безінбейді адамнан»............................61 «Маған таныс, сенен алыс түн келді»..................62 «Дала сенің қайталайды атыңды».........................63 «Жаныма кеп жасырынып түнменен».................64 «Жабырқап қалған жанымды»...............................65 «Кезім жоқ өзіңді жек көрген»...............................66 «Ұмыта алмай келемін... ұмыта алмай»...............67 «Сол күндер елес»......................................................69 «Мен сені сеземін жүрекпен».................................70 «Бүгін де таң атты».....................................................71 «Біздің сезім өлшенбеген бір түнге»....................72 «Не деймін жаным саған?»......................................73 «Қайырлы түн, қымбаттым!»..................................74 «Сезім болғым келеді, саған ғана ынтызар»......75 «Темекі секілді төзімнің».........................................76 «Қала мынау қабағында мұңы бар»......................77 «...Деміңменен өртедің де бір демде»...................78 «Күн болып сынап ем ерідім».................................79 «Сен кеткелі өлең жаза алмадым»........................80 «Демiңе менi, кiргiзiп алшы бiлдiрмей»..............81 «Көңілді сүйретіп ескірген»....................................82 «Қарашығым»...............................................................83 «Сағыныштың болар ма екен өлшемі»................84 «Жаным» деп құшақтап аласың»..........................85 «Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз».....................86 «Сен маған Өмір боп қарадың»..............................87
«Осылай біткені ме?»................................................88 «Бұл қалай, шыныменен ұмытқаның?»..............89 «Сенімен сөйлесу – азап»........................................90 «Айтылмаған махаббат»...........................................91 «Cезімнің тербеп ерке елесі»..................................92 «Мәңгілік қала гөр деп жалынбадым»................93 «Сен үшін неге жаралмаған екем?»......................94 «Өлетінімнен қорықсам».........................................95 «Жүрегім-ау, жүрегім».............................................96 «Терезенің әр жағында тағдырым»......................98 «Сүйем» деп, «күтем» деп жүргенде»..................99 Хабарсыз қалғаның не қамықтырып»...............100 «Аппақ қар ериді ернімде»....................................101 «Не істесең де, не десең де, өзің біл»..................102 «Бұрын мені сүймегендей жан адам»................103 Әйел боп саған ораламын да.................................105 «Нені күттің? Сабырлық па керегі?»................106 «Мен сүйсем, сүйемін өртеніп»...........................107 «Көктем кепті менсіз-ақ».......................................108 «Бір жанға жолықтым»..........................................109 «Өзің жайлы ойлар болды-қорегім»..................111 «Дауысың көңілді»..................................................112 «Түн түрткілеп оятады, ақырын».......................113 «Сусып түсіп жангүлім»........................................114 «Қала мені шамдарымен арбайды»....................116 «Тағы бір шылымның сорабы»............................118 «Балалығым - үйімде еркелейді».........................119 «Жаным» дегенің жалған ба»...............................120 «Ерлігім болсын ер үшін»......................................121 «Сенің күйің - Алматының аспаны»..................122 «Сен келер күн»........................................................123 «Бір жұлдыздың сәулесіне жалғанып».............124 «Дәл бұлай боларын білген кім?».......................125 «Келіп тұр даусыңды естігім»...............................126 «Сағынып жүрмін»...................................................127 «Сүюге iңкәр кезiм бе?».........................................128
«Дауысыңды естуім де мұң болды»...................129 «Мына күндер жақындатты өзіңді»...................130 «Жанымды шүберекке түйіп»..............................131 «Қыс та кетті өртеніп»............................................132 «Еріп кеткім келіп тұрды ерніңде».....................134 «Бір күнәні бөліп алып екеуміз».........................135 «Телефоның өшірулі, кім үшін?»........................136 «Мен сенсіз-жартымын»........................................137 «Мен сол күні сұлуланып»....................................138 «Көзіңізден жоғалдым»..........................................139 «Сүйіскім келмейді ешкіммен»...........................140 «Мен қазір тұйықпын»...........................................141 «Қарлығаштың қанатында тілегім»...................142 Жанарым ғой, жасқанып төгер сырын»............143 «Сағыныштан қалар ма екем тұншығып»........145 «Мұңайып жүрмін білдірмей»..............................146 «Көктем келсе, күнім қалай гүлдемек».............147 «Сағынсам да ыстық отқа оранып»....................148 «Қиялым қай жаққа шақырдың»........................149 «Жанымның саулап жапырақтары»..................150 «Ерекше көңілдімін»...............................................151 «Өз денем теріме симаған»....................................152 «Өзіңді іздейтін күні-түн».....................................154 «Мейірім боп елжіредім көзіңде».......................155 «Сен өмірдің көзінде мөлдіредің»......................156 «Қып-қызыл күннің шұғыласында»..................157 «Менің жанымды саласың неге егеске»............158 «Өлердей аңсауыма болады ма»..........................159 «Түн келіп, сүйсе деп тіледім»..............................160 «Үйімнен безсем бе екен?»....................................161 «Көз ұшына шыбын-жаным ілініп»....................162 «Бұралаң жолдар бұралаң»....................................163 «Балапаным»..............................................................165 «Ұлым».........................................................................167
Динара МӘЛІКОВА ЖҮРЕГІМДЕГІ ПЕРІШТЕМ Редакторы Алмагүл Ниязбекова Қате түзеуші Назерке Кәкен Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы Техникалық сарашы Ержан Жамалбаев ISBN 978-601-03-0282-2 ИБ №61 Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым. Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 8,0 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 61 «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру