Мазмұнға өту
Home

Жұмыр жердің жұмағы

Қуат Бораш

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жұмыр жердің жұмағы

Авторы: Қуат Бораш

Қуат Бораш ЖҰМЫР ЖЕРДІҢ ЖҰМАҒЫ Алматы, 2014 УДК 070 ББК 76.01 Б76 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Бораш Қ. Жұмыр жердің жұмағы / Қуат Бораш. – Алматы: Баспагерлер мен кітап таратушылар ассоциациясы, 2014. - 320 б.: суретті

ISBN 978-601-74-59-03-1 «Жұмыр жердің жұмағы» атты бұл кітап «Жұмыр ой», «Жұмыр жер», «Жұмыр мүсін» деген үш бөлімнен тұрады. Кітап авторы Қ. Бораш жинақтың бірінші бөлімінде еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси даму саты­ лары бойынша сараптамалық ой-толғамдарын ұсынса, екінші бөлімде журналистік қызметінде әлем елдеріне жа­саған сапарларынан әзірленген мақалалары берілген, үшінші бөлімде елге танымал тұлғалар, ата-ана, досжаран туралы очерктері мен естеліктері топтастырылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. УДК 070 ББК 76.01 © Бораш Қ., 2014 © «БКА «Баспагерлер мен ISBN 978-601-74-59-03-1 кітап таратушылар ассоциациясы», 2014 Б 76

Жұмыр жердің жұмағы Журналист жолының жемістері «Ақшаның ауыздықталмауы туралы тағы бір мысал. Ресми дерек бойынша Албанияда әр азаматтың орташа айлық табысы 70 доллар болса, бүгінде бұл елдегі 3,2 миллион тұрғынға 500 мың автомобиль тіркелген. Әрі елдегі жеңіл автокөліктердің 60 пайызы аз ақша тұрмайтын «Мерседес» маркалы мәшинелер болып табылады». Өзі Еуропадағы ең кедей елдердің бірі болса, өз­ деріндегі айлықтың түрі 70 доллар болса, хал­қының саны небәрі 3,2 миллион адам болса, отба­сының са­­ны миллионға да жетпейтін болса, онда бұл елге жарты миллион жеңіл көлік қайдан біткен? Екі үйдің біріне автокөлік қайдан келген? Оның 60 пайы­зы қалай қымбат бағалы «Мерседес» болып жүр? Көлеңкелі экономиканың көлемін көрсететін, оның кез келген ел қашып құтыла алмас кесапат құ­ бы­лысқа айналғанын бұлтартпастай етіп айтатын бұл мысал мына кітаптағы «Көлеңкеде» көлбеңдеген көп ақша» деген мақаладан алынып отыр. Танымал журналист Қуат Бораштың «Жұмыр жер­­ дің жұмағы» аталған жаңа жинағынан басыңды қа­ тырмай қоймайтын, ойыңа ой қосатын осындай та­ғы­ лымды толғамдарды ойып-ойып ала беруге болады. Журналистиканың дамуындағы әлемдік үрдістер

Жұмыр жердің жұмағы дегенде алдымен айтатынымыз – ақпараттың жаһан­дануы, одан кейін ауызға алатынымыз – жур­ налистика мен экономиканың қойындасып кеткен­ дігі, бірігіп, кірігіп бара жатқандығы, содан соңғы сөз арқауы ететініміз – саралану мен мамандану десек, кітаптан осы сипаттардың бәрін де көреміз. Қуат Бораш қаламына кең құлаштылық, нені болса да әлемдік ауқымда қарастыруға тырысушылық тән. «Егемен Қазақстанның» журналисі ретінде ол Елбасының шетелдік сапарларының қай-қай­сы­ сынан да олжалы оралып отырған. Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы құжатқа қол қоюмен аяқталған Елбасы сапарын жазған тұста да («Ғасыр шарты»), Президенттің мұхиттың арғы жағындағы мы­ғым мемлекетпен әріптестік қарым-қатынас орнату жо­ лындағы қажыр-қайратын тарата айтқан та­рауда да («Армысың, Америка, есенбісің, еңселі ел»), Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс жеріндегі кез­десулері мен келіссөздерін көрсететін репортаждарда да («Еуропа төріндегі етене әріптес») журналист Мемлекет басшысының сан қырлы қызметін айшықты ашады. Қуат мемлекеттік дипломатияның нәзік нақыштарын дәл таба да біледі, әсерлі жаза да біледі. «Елбасы ресми сапарын ә дегеннен Вашингтон қайдасың деп аттың басын Америка астанасына қарай бұра жөнелмей, қазіргі күндері Атлант мұхитының жағасындағы жасыл желекті шағын қа­ла Кен­ не­бункпорттағы ранчосында қамсыз қарттықты өткізіп жатқан үлкен Джордж Бушпен кездесуден бастады. Бұл шешім, біріншіден, үлкенге сәлем беру сияқты қазақы сыйластықтың шынайы өнегесін танытса, екіншіден, екі жақты қарым-қатынастың

Жұмыр жердің жұмағы сан қырларын әуелі көпті көрген үлкен Бушпен ақылдасып алу оның белбаласының беделін арттыра түсетінін Елбасы шығыстық ұстанымның негізімен аңғарғандай еді. Айтса-айтқандай-ақ, кейіннен Мем­ лекет басшысының АҚШ Президентімен өткен екеу­ара кездесуінде Джордж Буш сөзінің басын: «Мен үшін Қазақстан басшысын Ақ үйдің осы доғал залында қарсы алу үлкен құрмет. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін менің әкем президент болған кезде осы залда келіссөздер жүргізген еді» деп бастауы сөзімізді растай түседі. Бұған қоса, тәуелсіздіктің он бес жылдығы қарсаңында еліміз­дің егемендігін алғашқылардың бірі болып ресми түрде таныған АҚШ-тың сол кездегі Президенті үлкен Джордж Бушқа арнайы аялдау нышандық тұрғыдан кездесудің өзіндік мәнін арттыра түсті деу­ге болады», – дейді автор. Дәл солай. Қуат қаламына тән белгілердің тағы бірі сыртқы саясат, экономика сынды қасаңдау көрінетін тақы­ рып­тардың өзін «түңдігі бүтін, түтіні түзу ұшқан түмен жұрт», «қалтарыста қалған қаражатты қа­зы­ наға қайтару», «аспаннан ырымға алашабыр бұлт таппайтын аптап-аңызақта ілбіген іңгендерін ілес­ тірген керуеншілер», «көсеуі ұзын көрінетін Кеңес одағы күйрегеннен кейін» деген сияқты нәрлі ғана емес, әрлі де тіркестермен әдемі әдіптеп отырады. Соның өзінде де әуезділікті әуезе етіп, жеткізер сөзі­ нің жүгін жеңілдетіп жібермейді. Автордың отаншылдық туралы ойлары да «Бүгін­гі заманда Отанды қорғау, еліңді сүйетініңді дәлел­деу деген ұғым білтелі мылтық, қайқы қылыш асынып, бетпе-бет келген жаумен аяусыз кескілесу емес. Бүгінгі патриотизм көзге көрінбейтін, кө­

Жұмыр жердің жұмағы леңкесі қол­ға ұстатпайтын мылтықсыз майдан, ақпараттық со­ғыста өзіңнің, туған еліңнің бітімболмысын тұтастай сақтап қалу жолында күрес жүргізудің үлгі-өнегесі. Ол үшін әлемнің астыүстінен ағылып-төгіліп жатқан сан алуан ақпараттар тас­қынына төтеп берер рухани күш-жігеріңді, ұлт­ тық иммунитетіңді шыңдауың керек. Дәлірек айтсақ, еліңнің тарихын білуге, даңқты бабаларыңның ерлік шежіресін мақтан тұтуға әрі солардай болуға ұмтылуың қажет» деген сияқты орнықты болып келеді. Солай дейді де, Қуат Бораш туған еліміздің қадір-қасиетіне көзімізді жеткізіп, көңілімізді сен­ діреді. Сондықтан да кітапты жабарда Атырау мен Алтайдың арасындағы ұлы кеңістікті жайлап жатқан, бір бойында бүкіл планетаның бар қасиетін жинақтаған – асқақтаған тауы да, жайқалған бауы да, суы шалқыған көлі де, құмы балқыған шөлі де, арқыраған ақ бораны да, аңызақ аптабы да, құлан жортса тұяғы тозатын, құладын ұшса қияғы тозатын ұшы-қиырсыз даласы да, алыс пен жақынды, Батыс пен Шығысты таңдандырып, тамсандырған қаласы да бар, ең бас­тысы ортақ мақсатқа біріккен сан ұлттың баласы бар, елін бір биіктен бір биікке бастаған данасы бар қайран Қазақстанымызды «Жұмыр жердің жұмағы» демеске болмайтынына кім-кімнің де күмәні қалмайды. Сауытбек АБДРАХМАНОВ

Жұмыр жердің жұмағы ЖҰМЫР ОЙ (Ойлар, толғаныстар, сараптамалар)

Жұмыр жердің жұмағы Жұмыр жердің жұмағы Дүниенің дөңгелек екенін шыр айналған ұршы­ ғымен ұғындырып отыратын жарықтық әжеміздің замана, ел, туған жер тарихы туралы айтатын әңгі­ мелері әсерлі еді. Дала мектебінің сол бір салиқалы сабақтары бізді бағзы бабалар қадымнан қазық қақ­ қан өскен өңірді қадірлеп-қастерлеуге, кие тұтуға баулыды. Есейе келе ұядай ауылға деген ұлпа сезім ұлан-байтақ қазақ жеріне деген ұлағатты сезімге ұласты. Университет қабырғасында табысқан достар арқылы бәріміздің бойымызда Сарыарқаның сағымды белдері мен Алтайдың сабынды көлдеріне, Каспийдің толқын ұрған шомбал тастары мен Түркістанның күн сүйген көне күмбездеріне деген ерекше махаб­ бат оянды. Мен және менің достарым жұмыр жердегі жұмақ мекен дәп осы кең көсілген қазақ жері еке­нін ешбір жасандылықсыз, ешқандай боямасыз се­зін­ дік, айрықша ұлағат тұтып келеміз. Қос формацияны қолтықтап, егемендіктің елең-алаңын көзімен көрген, көкірегімен сезінген біздің буынның қазақы патриотизмі, міне, осындай саф күйінде сақталып қалды. Жалпы алғанда, патриотизм ұғымы еліне, жері­не, заманына қарай ерекшелене ме? Әлеуметтік психо­ логияның классикалық ұғымында патриотизм – жекелеген ұлттың салт-дәстүрінің, мінез-құлқының, тарихы мен мәдениетінің негізінде құралатын халық бірлігінің ұлттық және мемлекеттік идеясы екенін ұғамыз. Ол ғасырлар бойы тарихтың өтпелі әрі сындарлы сәттерінде Отанды қорғаудың қуатты құралы, идеологиялық қағидаты ретінде бағаланып келді.

Жұмыр жердің жұмағы Яғни, патриотизм белгілі бір нысананы көздеп, оған қарсы оқ ату емес, қоғам мен адамның өзі қалайтын құндылықтарға қарай қадам басуы, адамдарды туған елінің игілігіне құлшындырудың жолы. Ой сарабын одан әрі тереңдете түссек, патриотизм ерекшеленіп қана қоймай, бөлшектеніп, салалана түсетінін байқауға болады. Әлемдік ой-сана алыптарының бірі Лев Толстойдың 1896 жылғы «Пат­риотизм және бейбітшілік» деген дүниесіндегі «Адамдарды мемлекетке біріктіріп келген нақ сол патриотизмнің өзі бүгінде осы мемлекеттерді күй­ре­ туде. Егер патриотизм біреу ғана болса, оны бірік­ тіруші, жарылқаушы деуге болады. Ал бүгінгідей бір-біріне қарама-қайшы келетін америкалық, ағыл­ шындық, немістік, француздық, орыстық патрио­ тизм­дер халықтарды біріктірмейді, керісінше ажыратады» деген сөзі еске түседі. Олай болса, қазіргі жаһандану дәуіріндегі ақпараттық қоғамның па­трио­ тизмі не­сімен ерекшеленеді? Қазіргі қазақ патрио­ тизмінің қағидаттары қандай? Әлбетте, бүгінгі патриотизм күрделі әрі сан­қыр­лы құбылысқа айналғаны ақиқат. Бүгінгі заман­да Отан­ ды қорғау, еліңді сүйетініңді дәлелдеу деген ұғым білтелі мылтық, қайқы қылыш асынып, бетпе-бет келген жаумен аяусыз кескілесу емес. Бүгінгі патрио­ тизм көзге көрінбейтін, көлеңкесі қолға ұстатпай­ тын мылтықсыз майдан, ақпараттық соғыста өзіңнің, туған еліңнің бітім-болмысын тұ­тас­тай сақтап қалу жолында күрес жүргізудің үлгі-өнегесі. Ол үшін әлемнің асты-үстінен ағылып-төгіліп жатқан сан алуан ақпараттар тасқынына төтеп берер рухани күшжігеріңді, ұлттық иммунитетіңді шыңдауың керек. Дәлірек айтсақ, еліңнің тарихын білуге, даңқты

Жұмыр жердің жұмағы бабаларыңның ерлік шежіресін мақтан тұтуға әрі солардай болуға ұмтылуың қажет. Заман соншалықты ақпараттанды, жаһандану дәуірі адамзат мінезқұлқының өзгеруіне мейлінше ықпал етті десек те, ата-анаңды, туған жеріңді, Отаныңды сүю сияқты қасиетті құндылықтарды әлі күнге еш­бір тылсым күш адамзаттың жан-жүрегінен жұлып алып тастай алған жоқ. Ол Алланың адамзатқа берген ең ұлы сыйы, мейір-шапағатының түгесілмес сәулесі. Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грекияны мекен еткен Тоқсары (Токсарис) бабамыздың сөзімен айтсақ, «рух өлмейді, рух көшеді». Біз тек сол ізгілік ұры­ ғын қуратып алмастан құнарлы топыраққа сеуіп, көкте­те бергенде ғана қазақ патриотизмінің шынайы кескін-келбетін сомдай алмақпыз. Ал, нақ бүгінгі күн шындығының көзімен қа­ра­ сақ, біз сол ұрықты өндіріп, өсіріп, жапырағы жай­­ қалған алып дараққа әлі де жеткізе алмай жатыр­ мыз. Бейнелеп айтсақ, ұлттық патриотизм ұры­ғынан көктеген бүгінгі талдың бұтақтары иқы-жи­қы­лау, жапырақтарының өңі солғындау. Құдды қазақ пат­ рио­тизмінің асыл тұқымын көне қала, көде­лі даланың бір тұсында түсіріп алғандай әсер қалды­ра­ды. Әйт­ песе Елбасының ерен шешімімен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдерде бұған дейін оқыған жастардың бірқатар легі туған елін тойған жерімен оңай айырбастап кетер ме еді? Немесе зіңгіттей қазақ жігіттері туған елін­де егін салып, ел несібін еселеудің орнына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Сирияға барып, жихад жариялап, қару асынар ма еді?. Елбасы биылғы жылы «Қазақстан – 2050» стра­ те­гиясында «дәстүр мен мәдениет – ұлттың генети­

Жұмыр жердің жұмағы калық коды» екенін ерекше атап өтті. Стратегияға сәйкес, қазақстандық бірегейлікті, яғни идентификацияны нығайту арқылы ұлттың тарихи санасын жаңғырту ісі нақты қолға алына бастады. Мем­ ле­кеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен биылғы жылы ақпан айында отандық ақпараттық са­ ла басшыларымен өткен алқалы кеңес пен маусым айында өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы сеңнің қозғалуына серпін берді. Сол арқылы жаһандану тұсында тіл, тарих, дәстүр, құндылық, мәдениет сияқты ұлттың генетикалық кодын сақ­ таудың бағыт-бағдары айқындалды. Енді әңгіме арнасын Мемлекеттік хатшының бас­ тамасымен өткізілген ақпарат және тарих мәселе­ ле­ріне арналған байсалды жиындардың ұлттық идео­логияға жаңа бағыт нұсқаудағы мән-маңызына бұрып көрсек. Әуелі отандық ақпараттық қауіпсіз­ дік мәселесі төңірегінде ой өрбітейік. Мына мысал­ ға назар аударып көріңіздер. Ертеде бір тасбақа өмір сүріпті-мыс. Ол жолай кездескендерге өзінің зілбатпан тас сауытын арқалаудан шаршайтынын, қорғасын көтергендей ауыр қозғалысына нала болатынын айтып, ұдайы шағынады екен. Мұны құ­ла­ғы шалған түлкі орманнан заңгерімен бірге келіп, оған тас сауытын сатуды ұсынады. Бірақ түл­кі­нің түпкі мақсаты тас сауытты пайдалану емес, жалаңаш­ танған тасбақаның дәмді етін жеу-тін. Қанша ашық­ ауыз болса да тасбақа өзін қорғап, аман алып қалып жүрген осы сауыты екені есіне түсіп, айлалы ұсы­ нысқа келісімін бермеді. Уақыт өте келе орманда жаңа телекоммуникациялық құралдар пайда бола бастады. Бірде тасбақаны орман ағашына ілінген

Жұмыр жердің жұмағы теле­экрандағы керемет көріністер есінен тандыра жаздады. Экранда аспанда еркін қалықтап, көк жүзінде самғап жүрген тасбақаларды көрсетуде. Экран сыртынан әсем әуенмен ілесе «Нет­кен керемет! Неткен жеңілдік! Неткен бақыт! Қандай сұ­ лу­лық!» деп тамсанғанда таңдайы тақылдап, тұм­ сы­ғы тоқылдайтын тоқылдақ диктордың дауысы ес­ті­леді. Көз арбаған көрініске арбалған тасбақа әлгі нәсілдестері сияқты әуеде ұшып жүруге бел буды. Кенет түлкі есіне түсті. Бірақ кеше ғана осы экран арқылы берілген орман жаңалықтарында түлкінің ендігі жерде ет жеуден бас тартып, вегетариандық өмір салтына көшкені айтылған еді. Яғни, қауіп жоқ, жеңіл өмірге жол ашық. Ақыры тасбақа тас сауытын шешіп, алға бір-екі қадам жасайды. Өкініштісі, бұл оның соңғы қадамдары болатын. Ақпараттық соғыста түлкі әуел бастан зымияндықпен жобалап қойған мақсатына осылай қол жеткізеді. Қазіргі заманға бейімделген бұл «ертегінің» астарында ащы ақиқат жатыр. Жаһандық ақпараттық соғыста өзіңнің қорғаныс қабілетіңді күшейтпесең, Абайша айтқанда «ақырын жүріп, анық баспасаң», ұлттық рухани сауытыңнан бір күнде айырылып, кез келген әккі жүйенің жеміне айналасың деген­ ді сездіреді. Сонымен ақпараттық тасқынға төтеп беруде біз қандай әрекеттер жасаудамыз? Бұл мә­се­ леде статистикалық дерекке көз жүгіртейік. Бү­гін­ де елімізде тіркелген 2111 бұқаралық ақпарат құ­ра­ лының 70%-дан астамы мемлекеттік тілде жарық көреді. Шүкір делік. Десек те, біз мынадай кө­кей­кесті мәселені естен шығармауымыз керек. Қазіргі таңда отандық БАҚ нарықтық экономика қағи­дат­тарына сәйкес, ашық бәсекелестік ортада дамуда. Бүгінде

Жұмыр жердің жұмағы рес­публика аумағында 2600-ден астам шетел­дік БАҚ, оның ішінде 185 шетелдік телеарна хабар таратады. Мінеки, осындай аса тартысты бәсекелес ортада бәсі биік болу үшін қазақтілді ақпарат құрал­да­ ры­ның алдында үлкен жауапкершілік тұр. Өйткені, қазақтілді БАҚ өнімдерінің сапасы артпайынша мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, қазақ тілінің қол­даныс аясын кеңейту, жастарды ұлттық рухта, қазақы патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін түп­ кілікті шешу мүмкін емес. Бүгінгі таңда еліміздің ақпараттық кеңістігіне қатысты түйіні тарқатылуы тиіс бірнеше күрделі мәселелер бар екені де жасырын емес. Бірінші кезекте, қазақ тіліндегі ақпарат өнімдері орыс тіліндегі өнімдермен толық бәсекелесе алмай отыр. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің бәсекеге қабілетті болуы демеушілер мен жар­нама берушілерді өзіне тартып, ақпарат құралы­ның қаржылық жағын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Ал, қаржы мәселесі ақпарат құралының одан әрі өркендеуінің негізгі тетіктері екенін түсінуге тиіспіз. Бүгінгі ақпараттық заманда кез келген ел ғалам­тор­ дағы, яғни интернет жүйесіндегі өзінің орнын нықтап алуға ұмтылуда. Сол себепті, өткен жылы бекітілген «Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағ­дар­­ламасы аясында алдағы кезеңде қазақстандық БАҚ-тардың 95 пайызын интернетте орналастыру жөнінде міндеттің қойылуы аталған саланың заман ағымына ілесуіне жол ашады. Алайда, БАҚ-тың бұл бағытта табысқа жетуі интернет аудиториясының сұраныс пен талаптарына икемделуіне байланыс­ты екенін ескеруіміз керек. Ол үшін кез келген ақпа­рат құралы ең әуелі сайттың техникалық сипаттамасын, дизайнын, жедел қосылу

Жұмыр жердің жұмағы мүмкіндіктерін реттеуі тиіс. Өкінішке орай, қазақтілді бірқатар БАҚ-тар жо­ғарыда аталған талаптарға әлі де сай келмей отыр­ғанын мойындағанымыз абзал. Елімізде баспа БАҚ-тарының толыққанды интернет редакцияларын құру жөніндегі жұмыс тиянақ­талып, биылғы жылы мемлекет қаражаты есебінен осындай үлгі бойынша 400 веб-сайт интернетке кө­ші­рілетіні істің тиегі ағытылды деген сөз. Отандық ақпарат құралдарының бұдан бөлек елеулі түйткілдерінің бірі білікті мамандардың жеткілік­ сіздігі екені басы ашық әңгіме. Бұл жөнінде респуб­ ликалық масс-медиа өкілдерімен өткізген кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин нақты ашып айтып, шешу жолдарын көрсеткен еді. Ұзақ жылдар өзіндік дәстүрі мен сабақтастығы орныққан, халық­қа талай жарқын тұлғаларды таныт­ қан қазақ журналистикасы тарихында мұндай келең­ сіз жайттың қалыптасуы қолына қалам ұстаған бар­ша ағайынды алаңдатуы тиіс. Бұл журналис­ тика мамандығын таң­даған қазіргі жастардың уа­қыт талабына сай із­де­ніп, заман ағымына ілесуге тал­ пын­байтындығын аңғартса керек. Аталған мәселені лайықты шешу мақсатында Астанадағы «Қазмедиа орталығы» аясында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері журналистерінің біліктілігін арттыратын арнайы медиа мектептің ашылуы осы бағытта жіберілген олқылықтың орнын толтырса игі. Осыған орай, мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілетудің бірқатар өлшемдері айқындала түс­ кен­дей. Бірінші кезекте, ол ақпараттық өнімдердің сапа­сын заман талабына сай жақсарту, екіншіден, шетелдік озық тәжірибиені енгізе отырып, қазақ тілді журналистердің қазіргі заманғы отандық мектебін қалыптастыруға ұйтқы болды.

Жұмыр жердің жұмағы Сонымен бірге, бүгінде мемлекеттік тілде сөй­лей­ тін халық санының артуына байланысты қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныс көлемі де арта түскенін байқап отырмыз. Жалпы халықты алмай-ақ, мектеп жасындағы жеткіншек­тер туралы статистикалық мәліметке ден қойып көрейік. 19901991 оқу жылында елімізде 2768 мек­теп қазақ тілінде білім беріп, олар барлық 8146 мек­теп­тің 33,9 %-ын ғана құраған еді. Ал, 2012–2013 оқу жылындағы есеп бойынша Білім және ғылым ми­нис­трлігіне бағынысты барлық 7402 мектептің 3819-ы қазақ тілінде оқытуда. Нәтижесінде, қазақ тілінде оқитын жеткіншектер қатары үздіксіз өсу үстінде. Биылғы оқу жылында 3819 таза қазақ тіліндегі және 2113 аралас мектептерде 1 608 337 оқушы қазақ тілінде білім алды, бұл барлық оқушылардың 64,8%-на тең. Өткен жылмен салыстырғанда қазақ тілінде оқи­ тын балалар саны бір жылда 26,1 мыңға көбейген. Соны­мен бірге, биылғы оқу жылында 34 084 бас­қа ұлт балалары қазақ тілінде оқыды. Бұл орайда, мем­ лекеттік тілде шығатын БАҚ-тар ең әуелі халық­ тың, әсіресе үлкен толқынмен келе жатқан осы қа­ зақ­тілді жеткіншек жастардың сұраныс-талғамына сай болудың барлық мүмкіндіктерін ойластырса нұр үстіне нұр болар еді. Жағымды деректің бірі бүгінде ұлттық «Қазақ­­­ с­тан» немесе «Балапан» телеарналары өзінің тұрақ­­ ты аудиториясын айқындап, орыстілді ақпарат құ­рал­ дар­ымен еркін бәсекелестікке түсуде. Кей жағ­дайда көпшілігінен ілгері озып келе жатқаны да жақсы нәтиженің көрінісі. Мысалы, «Гэллоп медиа» зерттеу орталығының мәліметі бойынша, соңғы уақытта «Қазақстан» телеарнасы республикамыздағы бар­

Жұмыр жердің жұмағы лық электронды ақпарат құралдары ішінде екінші орында нық тұр. Бұл дегеніміз, қазақ тілінде шыға­ тын газеттер, интернет ресурстары мен телеарналар­ дың жыл өткен сайын ықпалы артып, көкжиегі кеңейе түсуде деген сөз. Өткенге көз салсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары отандық бұқаралық ақпарат құралдарының шетелден ағылған ақпараттық тасқынға толық төтеп бере алмағанын аңғаруға болады. Ол тұста елімізде небәрі 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал және 21 телерадио арна ғана жарыққа шықты. Алдында айтқанымыздай, қазір бұл көрсеткіш 2111ге жетсе, оның 79%-ы мемлекеттік емес ақпарат құ­ рал­дары болып табылады. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезең тұсында шетел­ дік ақпарат өнімдеріне қазақстандық эфирден көп орын ұсынылып келді. Әрине бұл жас ұрпақты ұлт­ тық рухта, қазақи патриоттыққа тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізгені де рас. Алайда, жаһандану дәуі­ рінде мұндай күрделі проблемалармен әлемнің көп­теген мемлекеттері де бетпе-бет келіп, әлі де шама-шарқынша күрес жүргізіп жатқанын мойындауымыз керек. Аталған проблеманы бірқатар елдер сан түрлі тәсілмен шешуді жолға қойды. Мәселен, Қытай, Иран, Солтүстік Корея сияқты мемлекет­тер сырттан келетін идеологиялық импортқа тосқауыл қою мақсатында халыққа жететін ақпаратты қатаң сүзгіден өткізу тәсілін қолданып келеді. Бірақ, уақыт көрсетіп отырғандай, мұндай тәсілдер өміршең емес. Сондықтан да, еліміз аталған проблеманы шешуде отандық медиа өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы ашық тартысқа түсіру жолын таң­ дауы уақыт талабына сай келеді.

Жұмыр жердің жұмағы Мәлімет үшін айтсақ, соңғы деректер бойынша Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылардың үлесі халықтың 63 пайызын құрауда. Ал, сандық хабар тарату жүйесін қазақстандықтардың 23 пайы­зы пайдалануда. 2017 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетіп, қазақстандық телеарналар әлемнің 110 елінің аумағына қолжетімді болады. Қазірдің өзінде отан­ дық телеарналардың шетелге таралуы бойынша спут­ никтік «Kazakh TV» телеарнасы 93 елде, оның ішінде АҚШ, Еуропа, Азия және Африка құрлығының солтүстігінде таралады. Аталмыш арна тәулік бойы 50 пайыз – қазақ тілінде, 25 пайыз – орыс және 25 пайыз – ағылшын тілінде таралуда. Қазіргі ақпараттық ғасырда тұтынушы талғамын дөп басу өте қиын шаруа, соған қарамастан БАҚтар хабар таратудың қалыптасқан байырғы нормаларынан бас тартып, отандық аудиторияны отан­дық өнімдерді тамашалауға тартудың жаңа жол­дарын іздестіріп, өмірге енгізгенде ғана өзге қарсы­лас­та­ рымен еркін бәсекелесе алмақ. Әйтпесе, қол жет­ кізген табыстарға тоқмейілсіп қалу отандық жур­на­ лис­тиканың болашағын бұлыңғыр ететіні сөзсіз. Түптеп келгенде, жастарды жаһанданудың жалды толқынында есеңгіретпей, бойларына қазақы патриотизмді сіңіру деңгейі ең әуелі отандық бұ­қа­ ралық ақпарат құралдары атқарған қызметтің маз­ мұнды сапасымен өлшенбек. Өйткені қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздікті қорғау мемлекеттік қауіпсіздікті қорғаумен тең екені әмбеге аян. Әңгіменің әлқиссасын ұлы мәртебелі тарих та­қы­ рыбына ойыстырсақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ «егер біз мемлекет боп тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз

Жұмыр жердің жұмағы келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын ұмыт­пауымыз керек», деген сөзі көпшіліктің есінде. Әлбетте, халықтың руханиятының бастауы – ұлттық тарих. Бүгіндері еліміздің бұқаралық ақпарат құрал­да­ рында ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі ұлттық тарихты зерделеу мәселесі. Соңғы екі ай ішінде республикалық басылымдар беттерінде 250-ге жуық мақала, интернет ресурстарында 500-ден астам осы тақырыптағы материал орналастырылды. Алпыс күнге аз нәтиже емес. Әлбетте, бұл Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің маусым айында республика тарихшыларымен өткізген келелі кеңесте жасаған мазмұнды баяндамасынан кейін туған тың серпілістің нәтижесі. Жарыққа шығып жатқан материалдарға көңіл ау­ дарсаңыз зиялы қауым, әсіресе тарихшы-ғалым­ дардың қалам сілтесінен өзгеше рухани сілкіністі аңғарасыз. Тіпті мақалалардың мазмұнына ден қой­ саңыз, көпшілігі сағынышпен сарыла күткен бауы­ ры­ның аман-есен оралғанына сүйінші үлестіріп жатқандай сезінесіз. Орынды-ақ. Алайда, мақала­лар екі ай бойы байыпты бастамаға қолдау тұрғысын­ да жазыла беру керек пе? Немесе тарихшылар мен жазушылар арасында «тарихты кім, қалай жазу керек?», деген сыңайдағы келіспеушіліктермен «кестелене» бергенін қалайсыз ба? Пікірталастың болғаны әбден дұрыс. Бірақ ендігі мақалалар Мемлекеттік хатшы ұсынған жоталы жобаларды іс жүзіне асырудың нақты механизмдері төңірегінде, мейлінше тарихтың соны әдістемесіне қатысты жазылса құба-құп болар еді. Мемлекеттік хатшы сол баяндамасында: «Тарихшының міндеті – ұлттық тарихты қайдағы бір

Жұмыр жердің жұмағы әмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жібермей, ұлттық тарихтың жанды, бөлекше ағза­ сының қалай дамитынын түсіну» екенін айтты. Олай болса, тарихшы-ғалымдар ұзақ жылдар ой санды­ ғын­да сары майдай сақтап келген жаңа тұжырым­ дамалары мен әдістемелерін ақтарып жіберіп, «біз­ дің тарих міне осындай тәртіппен өрілу керек» де­ген ғылыми негіздемелерін қалың жұртшылықтың тал­қы­ сына неге салып жібермей отыр? «Ештен кеш жақсы» демекші, ұзаққа созылмай бұл тілектің де ернеуі то­ лады деген үміттеміз. Енді негізгі тақырыпқа оралсақ. Сол алқалы жиында Мемлекеттік хатшы: «Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құн­ дылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жү­ ріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жо­лы», екенін қадап айтты. Ендеше әңгіме басында айтыл­ған қазақы патриотизмнің басты іргетасы – ұлттық тарих болмақ. Патриотизм көне гректің «patris», Отан деген сөзінен шығып, Отанға деген сүйіспеншілікті біл­ діреді. Ал, Отанды оның терең тарихын білмей шынайы сүю мүмкін емес екені ақиқат. Дәлірек айтсақ, Отан дегеніміз бүгінгі өмір сүріп жатқан еліңнің нақты көрінісі ғана емес, оның өткені, өрелі жолы, ерлік шежіресі екенін ұғынуымыз керек. Бір ғұлама «тарихқа қырын қарау арқылы халық жадынан айырылады, ал жадынан айырылған халық өмір сүруін тоқтатады», деген екен. Сол себепті, тарих пен патрио­тизм егіз ұғымдар. Ата-бабаның асыл мұраты мен асқақ арманын біліп, сезініп, мақтан тұтып, бойына барынша сіңіріп өскен өреннің ертеңгі күні мем­

Жұмыр жердің жұмағы лекеттің болашағын баянды етуге перзенттік жүрек­ пен аянбай еңбек ететініне сенімді болуға тиіспіз. Егер керісінше, өскелең жасқа оның бабалары­н оң­ба­ған, ал өзін өмірде жолы болмаған сор­маң­дай деп ұдайы айта берсе, ондай адам ел­дің ертеңін ойламақ түгілі, өзінің қарақан басын алып жүретін қауқары да қалмайтыны түсінікті. Оқу­шы кезіміздегі кейбір сәттер ойға оралады. Ке­зін­де жоғары жақтың нұсқауымен айтылатын «қазақ­тар­дың 2 пайызы ғана сауатты болды, 98 пайызы мал соңында жүрген «малғұн» болды» деген «тарихи дерекке» жігеріміз жасып, өзіңді жабайылау сезініп, бала жүрекпен еңсеміз езілетін еді. Сабақ­қа салғырттау қарайтын дос­тарымызда «аталары­мыз оқымаса да өліп қалма­ ған екен ғой. Біз де оқы­май-ақ қойсақ болады екен» деген жаңсақ пікір қалып­та­сатын. Міне, тарихтың өңін айналдырып санаға сіңірудің қарабайыр мысалдарының бірі осы. Біз кәсіби тарихшы емеспіз. Бірақ, жалпы оқыр­ ман ретінде ой айтсақ, осы байыпты бағдарламаны іске асыру барысында ғалымдарымыз бен зерт­теу­ шілеріміз мына бір түйткілді мәселеге жете назар аударса деген ойдамыз. Атап айтсақ, айтулы тарихи оқиғалар кезеңі мен халықтық тұлғалардың туған жылына қатысты даталарды нақтылап, олардың жүйелі хронологиясын түзудің ортақ ғылыми ере­жесін бел­ гілейтін уақыт жетті. Өйткені біраздан бері белгілі бір тарихи оқиғалардың датасы әр әдебиетте әрқалай жазылып, сананы сан саққа бөліп, елді шатастыра бас­ тады. Мәселен, Қазақ хандығы құ­рылған мерзім 1465 немесе 1466 жылдар деп екі түр­лі жазылып келеді. Абылай ханның туған жылы­ның 1711 немесе 1713 деген екі нұсқасы бар. Сол екі­ұштылықтың салдары-

Жұмыр жердің жұмағы нан даңқты тұлғаның 280, 290 жылдық мерейтойлары 1711 жылмен есептеліп атап өтілсе, биылғы 300 жылдығы 1713 жылмен сәй­кестендіріліп тойланғалы отыр. Айта берсе мысал көп. Мәселен, жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы жақында баспасөзге шыққан ұлттық тарихты қау­заған мақаласында: «Райымбек батыр төңірегінде де түгелденбеген әңгіме көп. Соның бірі – батырдың туған жылы. 1705-жылы туды деген деректі жақ­таушылар оның 300 жылдығын ақыры 25 жыл ерте тойлатты», деген пікір айтады. Сондықтан да тарихи даталар бойынша мамандар мұрағаттық деректер мен түрлі археологиялық, антропологиялық зерттеулердің нәтижелерін салыстыра, сараптай оты­ рып, мемлекеттік деңгейде нақты бір тоқтамға келу қажет деп есептейміз. Қалай десек те, келелі іске кең дария жол ашылды. Біз өз кезегімізде білмейтін іске білек сыбанып, елден естіп алған теориясымақтарымызды баспасөз бетіне жөнсіз тықпалап, артық-ауыс ақыл айтудан аулақпыз. Ұлттық тарихты жаңаша зерделеу ісі те­рең­ нен қауға тартатын қабырғалы ғалымдардың үлесіне тиді. Енді мемлекеттің негізін құраушы қазақ ұлты этногенезінің мыңдаған жылдық даму ше­жіресі осы тарихшыларымыздың білім-білігі, таным-түйсігі ар­ қылы таразыланбақ. Түптеп келгенде, дала төсін ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың біз әлі естімеген ерліктерін мақтан тұтып, жұмыр жердің бетіндегі қазақ топырағындай жұмақ мекен жоқ екенін жан-жүрегімізбен сезінетін боламыз.

Жұмыр жердің жұмағы ИПОТЕКА: аңыз бен ақиқат Жиренше шешеннің ханның салтанатты сарайы­ нан сая іздемей, жапандағы жарты лашығынан жан рахатының табу астарында терең әлеуметтік маз­ мұн жатыр. Қоғам барда отбасының болатыны, отбасы барда баспана қажеттілігі туындайтыны туралы қарапайым өмір қағидасы қай заманда да өзінің өзектілігін жойған емес. Тек бағзыдан бері күн тәртібінен түспеген баспана проблемасы әр қоғамда әрқалай шешіліп келді. Қазақтың киелі киіз туырлықты тұрмысы біз қозғағалы отырған тақы­ рыппен тамырласқанымен де, ойымыз тым орағы­ ты­лып кететіндіктен әңгімені беріден бастасақ. Кеңес­тер тұсындағы кезекпен тегін берілетін пәтер “кере­мет сый” саналғанымен, аға-апаларымыздың орта жасқа дейін отбасын сүйрелеп пәтерден-пәтер жалдап жүретін пәруана тірлігі әлі естен шыға қой­ ған жоқ. Тіпті Қазақстан Компартиясының бі­рін­ ші хатшысы болған, “желтоқсан жендеті” Г. Кол­ биннің қазақстандықтарды тұрғын үймен толық қамтамасыз етуге бағытталған “Тұрғын үй-91” бағ­ дарламасы қиял күйінде кеңістікте қалқып қалса, М.Горбачевтың КСРО-дағы барлық отбасы 2000 жылды жеке пәтерінде қарсы алады деген ұранпаз уәдесі ұмытылып та кетті. Социалистік қоғам бас­ пананы басыбайлы ақы-пұлсыз берді десек де, пәтер иесі оны еті сылынғанға дейін еткен еңбегі мен өтеді. Ал ауадан басқаның бәрі сатылады дейтін капиталистік қоғам салтын санамызға сыйдырмай өскендікпен көбіміз тегін үйден үмітімізді дәл бүгінге дейін жоғалтпай келдік. Алғашында аумал-саумал келіп, қазір қаһарына

Жұмыр жердің жұмағы шын мінген нарық қаған “тегін нанның тек тышқан қақпанында ғана болатынын” бәрімізге толық тү­ сіндіріп берді. Жиренше бабамыздың аяғын сыртқа көсілтіп тастап жататын “өз үйім, кең сарайдай боз үйімді” өкіметтің емес, тек өзіңнің “өгіз қара кү­ шіңмен” ғана ала алатын заманның туғанын ендіенді мойындап келеміз. Еліміздегі тәуелсіздіктен ке­йінгі тұрғын үй мәселесі “жабайы коммерциядан” бүртік жарған бүгінгі бүтінделген бизнес сияқты осы уақытқа дейін нарық айдынында бей-берекет, стихиялы жағдайда жүзіп, енді ғана экономикалық механизмдері жүйеленген секторға айналды. Соған сәйкес әуелгіде тұрғын үй бағасы да республика халқының әлеуметтік қабілетінің деңгейіне сәй­ кес табиғи жағдайда реттеліп отырды. Бірақ эко­ номиканың осы маңызды сегменттерінің бірі мүл­ дем тізгінсіз кетті деу асырып айтқандық бо­лар еді. 1993 жылы Мемлекет басшысы еліміздегі жаңа тұрғын үй саясаты жөніндегі Жарлыққа қол қойып, оны жүзеге асы­ру­дың тетіктері құрылған болатын. Осы құнды құжат бізді бұдан бұрын еш жерде естіпбілмеген “ипотека” сөзімен құлақтандырды (Ипотека дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда қарыз ақшаға үй сатып алу екенін енді ғана түсіне бастадық қой). Аталмыш Жарлықта еліміздегі тұрғын үй саласы бойынша қалыптасқан проблемаларды оңтайлы шешудің жолдары жан-жақты қарастырылғанымен тоқсан үштегі экономикалық тоқырау ипотекалық жүйені жүзеге асыруға еш мүмкіндік бермеді. Мамандар ипотеканың бірінші кезеңінің нәтижесіз аяқталуын тұрғын үй құрылысына қажетті айналым қаржысының қандай жолмен өндірілетіндігі дәл айқындалмағанынан дейді. Мемлекет, банктер

Жұмыр жердің жұмағы және коммерциялық құрылыс компаниялары ара­ сын­дағы ипотеканың құлағын қайсысы ұстайды деген мәселенің туындауы тәжірибенің белсенділігін төмендетті. Әуел баста басымдық құрылыс компа­ ния­ларына берілгенімен, несиелік қорды қолында ұстап отырған банктер көрпені өзіне қарай көп тартуға талпынды. Соңынан сала жұмысын үйлестіруші мемлекеттік орган Құрылыс министрлігінің таратылуы, банктердің дербес шешімдер қабылдауға қауқарсыздығы ипотеканың алғашқы тәжірибесін апатқа алып келді. Мұндай ары тарт та-бері тарт алауыздықтың тууына ең бастысы әркімнің міндеті мен жауапкершілігін жіктеп-жіліктейтін заңнамалық құжаттың болмауынан еді. Бұл олқылықтың орны араға жеті жыл салып толтырылды. 2000 жылғы желтоқсанда күшіне енген “Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құ­ры­ лысы жинақтамалары туралы” Заң осы сала сая­са­ тындағы сеңнің қозғалуына септігін тигізді. Аталмыш мемлекеттік құжаттың арқасында осыдан екі жыл бұрын елімізде енгізілген тұрғын үй ипо­текалық несиелеу жүйесі АҚШ және Малайзия елдері тә­жі­ рибесі негізінде әзірленді. Қос деңгейлі жоба бірінші ипотекалық несиелеумен тікелей айналысатын банктер мен банктік емес ұйымдар арқылы жүзеге асы­ рылса, ал екінші ипотекалық несие берушілер ұсы­ натын талаптар мен кепілдік құқықтарды сатып алу арқылы қызмет көрсететін қайта қаржыландыру ұйымдары болып табылады. Бұндай ұйым функциясын қазір “Қазақстан ипотекалық компаниясы” ЖАҚ атқарып келеді. Ұйым жарғысында көрсетілгендей акционерлік қоғамның міндеті республикамыздағы тұрғын үй рыногына бюджеттен тыс қаржы тарту

Жұмыр жердің жұмағы және ипотекалық несие жүйесін енгізу болып табылады. Осыған сәйкес компания ішкі рынокта ипоте­ калық облигациялар шығарылымдарын орналастыру арқылы салаға инвестиция құюмен айналысып келеді. Ипотекалық жүйе тұрғын үйді сатып алуда бірден санап бере салатын қаражаты болмаса да несие қайтаруға қабілетті орташа табысы бар отбасы­лар­дың мүддесіне оң жауап берді. Осы тақырыпты зерттеу барысында Жанахмет деген әріптесімнің Астанадан ипотека арқылы пәтер сатып алғанын естіп, арнайы жолықтым. Жанахмет былтыр осы жүйе арқылы Ас­ тананың шеткерілеу аудандарының бірінен бір бөл­ мелік пәтер сатып алыпты. Баспананың жалпы ба­ ға­сының 30 пайызын, яғни 4000-нан астам АҚШ дол­ларын алғашқы сома түрінде банкке салған. Енді банк­пен жасасқан келісім-шарт бойынша ол енді сегіз жыл бойы ай сайын тұрақты түрде 250 АҚШ долларын төлеп тұруға міндетті. Бұл ұлттық валютаға шаққанда 37 мың теңге. Сонда орташа табысты отбасыны Жанахметтің жағдайымен таразыласақ, он­ да әр үйге ай сайын шамамен алғанда 60-70 мың теңге кіріс кіріп тұруы тиіс. Ол қазіргі өмір салты­ мен сәйкес келеді ме? Қазіргі нақты жағдайды ба­ яндағанымызда қарапайым мемлекеттік қызмет­кер мен өнер саласындағы адамның айлық жалақысы 1012 мың теңге шамасында екенін ескерсек, олардың бұндай жолмен пәтер алуға талпынуы айға қол созғанмен тең болмақ. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қазір республикамызда орташа есеппен 1,3-1,4 миллион адам тұрғын үй мұқтаждығын тартуда. Мұның басым бөлігі табысы орташадан төмен адамдар десек ипотеканың барлығы бірдей икеміне

Жұмыр жердің жұмағы қарай илей беретін қамыр емес екендігін сезе беруге болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ипотека ешбір елде тұрғын үй проблемасын толықтай шешіп берген емес. Сондықтан жаңа бағдарлама ел тұрғындарының баспана ауыртпалығына байланысты созылып кеткен проблемаларды аз уақытта аяқтап тастайды деу алаңғасарлық болар еді. Ипотека қазіргі өлшемде отбасылық бюджеті 60 мың теңге шамасын құрайтын қоғамның “орташа табысына” орайластырып әзірленген “мәзір”. Мұндай қаражат таба алатындар қатары көбейген сайын ол жалпыхалықтық сипатқа ие болып, қимылы ширатыла түспек. Сондықтан да банктер үшін байлығы асып-тасқан аз шоғырлы бақуаттылардан гөрі осындай орта буын отбасылардың көбірек тартылуына мүдделі. Осы орайда банк саласы мамандығының мынандай қызықты мысалын кездестірдім. Айталық, сізге 15000 кг-дық бағананы жерге қағу керек болды. Жалаңаш қолмен әрекет ету бос әурешілік болатындықтан, сізге 200 кг-дық балға қажет. Егер осы балғаны дұрыс ұстап, пәрменмен сілтей алатын сіздің күшіңіз болса алып қада қағылды дей беріңіз. Бұл жерде 15000 кг-дық бағана осындай сомадағы пәтер болса, 200 кг-дық балға сәйкес көлемдегі ай сайын төленетін ипотекалық несие екенін түсініп отырған боларсыздар. Балғаны ұстап тұрар күшің жеткіліксіз бе, әлсіздігіңді басқадан іздеме. Туралап айтқанда табысты көп табудың жолын тап. Кейінгі кезде телеарналарда бірқатар банктердің аз пайызбен ұзақ мерзімге ипотека беретіндігі туралы жарнамалары көбейді. Бұл банктер үшін тұрғын үй несиелік жобасы әжептәуір табыс көзіне айналып келе жатыр деген сөз. Осы орайда банк мамандары ел

Жұмыр жердің жұмағы ішіндегі қаржы институттары арасында ипотеканың несиелік ставкасын төмендетпеу туралы қағазсыз келісім бар деген қауесеттің шындыққа жанаспай­ тынын айтады. Әр банк бәсекелестік жағ­дайында жұ­мыс істеп, өз қалтасы үшін қарбаласта болатындықтан мұндай операцияларда ақпарат алмасу мүмкін емес деген тоқтам жасайды. Байқасаңыз­дар уақыт өткен сайын ипотекалық несиенің банктік ставкалары төмендеп келеді. Мәселен, 2001 жылы ипо­те­ ка бес жыл мерзімге ғана беріліп, жылдық үсте­ ме төлемі 20-дан 24 пайызға дейін болса, 2002 жы­лы төлеу мерзімі 10 жылға дейін ұзартылып, пайыз­дық ставка 19-дан 16-ға дейін төмендеді. Ал биыл­­ғы жылдан бастап 15 жылға 12,5 пайызбен несие алуға мүмкіндіктері берілуде. Осы істің басықасында жүргендер егерде құнды қағаздар рыногына ипотекалық облигацияларды орналастыруда банктердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, ипотекалық не­сиелеу жүйесін инвестициялауға дайын шетелдік қар­жы институттарын молынан тартқан жағдайда пайыз­дық ставкаларды 8-10 пайызға дейін түсіруге бо­латынын жасырмайды. Бірақ, мұндай төмен ставка көптеген банктердің ипотекалық портфельдері 6-7 млрд. теңгеге жеткенде ғана мүмкін болмақ. Ал енді пайыздық ставканың төмендеуі баспана сатып алушылар үшін қандай көмек болмақ? Ипо­ теканың ырғықтылығын арттыруда ықпал ете алады ма? Арифметикаға жүгінейік. Айталық, сіз 12,5 пайыздық ставкамен 15 жылға 1,5 миллион теңге ипотекалық несие алыңыз делік. Оның ай сайынғы міндетті төлемі 18 847 теңге болса, банк тарапынан талап етілетін отбасылық кіріс көлемі 55 461 теңгені

Жұмыр жердің жұмағы құрамақ. Енді осыны төмендетілген 11 пайыздық ставкамен есептеп көрейік. Бұл жерде енді міндетті төлем 17 048 теңгеге азайып, талаптағы отбасылық кіріс 55 144 теңге болмақ. Қарап отырсаңыздар екеуі­нің арасындағы айырмашылық 1 439 теңгені ға­ на құрап отыр. Бұл отбасылық бюджетке азын-ау­лақ сеп болса да, тұтастай алғанда ипотеканың ты­ны­сын кеңейтіп, оны пайдаланушылар шеңберін кеңейтуге керемет кепілдеме болмақ емес. Бұған қо­са несиелік жоба негізінен жүзеге асырылып жат­қан Астана мен Алматы қалаларында баспана ба­ға­сының күрт шарықтап кетуі ипотеканың ілгері басуына қолбайлау болуы мүмкін. Десек те қос шаһардағы пәтер бағасының “ғарыштық бағанаға” дейін өсуіне тұрғын үй несиесінің оңды-солды беріле бастауы себеп болып отыр деген де болжам айтушылар бар. Қаржыгерлер бұндай болжамды жоққа шыға­ ра­ды. Осыған байланысты келтірілген деректерге тоқталсақ, былтырғы жылы Алматы қа­ла­сындағы жылжымайтын мүлік жөніндегі орта­лық­­тың мәлі­ ме­тінше 28 000 үй сату-сатып алу келі­сімдері жаса­лып, ай сайын 250-300 ипотекалық несие бері­ліп отырған. Яғни, бұдан оңтүстік астанада сатылған үйлердегі ипотеканың үлесі 13 пайызды ғана құрап отыр, қалған келісімдер (87 пайыз) төлемі төс қалтадан төленген болып шығады. Он­да бағаның өсуінің басқа да себептерін іздестіріп кө­ рейік. Экономикалық тілмен айтқанда сұраныс пен ұсыныс арасында айырмашылықтың пайда болуы тауар бағасының өсуіне әсер етеді десек, еліміздің жылжымайтын мүлік рыногындағы ұсыныс – саты­ латын пәтерлердің, сұраныс-сатып алатын адам­ дар­дың саны мен есептелінбек. Соған сәйкес қазір Астана мен Алматыға ағылып келіп жатқан кәсіп

Жұмыр жердің жұмағы іздеушілер мен бизнесін өркендетушілердің саны­ мен салыстырғанда сатылатын немесе салынатын үй­дің көлемі әлдеқайда аз болып шығатынына көз жет­кізуге болады. Мысалы, Астана қаласының хал­ қы бар-жоғы 5 жыл көлемінде бірден 1,5 есеге артып кетсе, Алматыға жыл сайын 22 000 адам қо­ ныс­­танады екен. Сондай-ақ сұраныстың артуын мұн­дағы демографиялық өсіммен қатар тұрғындар ара­­сында дөңгеленген табысы барлардың көбейіп келе жатқанымен түсіндіруге де болады. Бұл ойды түйін­­десек, баспананың қымбаттауы банктер мүд­де­ сіне жауап бермейді. Еліміздегі тұрғын үй саясатын жетілдіруде мем­ лекеттік қолдау аз болып жатқан жоқ. Оған биыл­ ғы жылдан бастап ипотеканың сыртында тұр­ғын үй жинақтау жүйесінің құрылуын атауға болады. Бұл жобаның ипотекалық несиеге қарағанда қарға адым айырмашылығы бар. Жинақтау жүйесі ипотеканың асулы белдерінен өтуде “белі де, белбеуі де” шыдамайтындар үшін шын көмек болып көрініп отыр. Ағайынға аз-кем мағлұмат. Аталмыш жүйе жам­ ба­сыңызға жайлы тиетініне сенімді болсаңыз “Тұр­­ ғын үй жинақтау банкіне” кем дегенде 3 жыл мер­ зім аралығында өзіңіз шамаңызға қарай бел­гі­ле­ген несиенің 50 пайызын ай сайын құйып оты­руыңыз керек. Тараптық келісім шартта одан да ұзақ мер­ зім­дерге соза беруге мүмкіндігіңіз бар. Тағы бір ес­­кер­тер жәйт, сіз банкке салуға тиісті несиенің 50 пайы­зын 3 жылдан ертерек жинап, өткізіп қойсаңыз да тұ­тастай соманы бәрібір алдын-ала түзілген кес­ те бойынша кем дегенде 3 жылдан кейін аласыз. Жаңа жүйе Германиялық үлгінің көшірмесі болып табылады. Экономикалық тұрақтылыққа бейім­дел­ ген немістер көздеген мақсаттарына қарай асық­пай

Жұмыр жердің жұмағы жылжуды өмір салттарының бір бөлшегіне айнал­ дырғандықтан жинақтау жүйесі осы елде тиімділігін жан-жақты дәлелденген. Бізде ше? Тағы да есептеп көрелік. Сізге 10 мың АҚШ доллары қажет делік. Елу пайыздық тиісті төлемді төлеуде сіз өз шамаңызды есептей отырып ай сайын 5 мың теңгеден төлеп тұруға келісім жасастыңыз. Сіз мұндай жүріспен 10 000 долларлық несиеңізді 22 жылдан кейін ала алатын боласыз. Ал 50 пайыздық межені 3 жылда аяқтағыңыз келсе онда әр ай сайын 38 мың теңгеңізді сайлап отырыңыз. Бұл аз ба, көп пе оны өзіңіз ой­ша таразылай беріңіз. Енді жинақтаманың тиімді тұс­ тарына тоқталсақ. Мысалы, сіз аталмыш банкке ай сайын 10 мың теңге аударып тұрдыңыз делік. Бес жылдан кейін сіз 600 мың теңге жинадыңыз. Оған енді банк тарапынан қосылатын 3 пайыздық үс­те­ме төлемді қосыңыз. Бұл бір. Енді жинақталған қара­ жат көлеміне қосылатын 20 пайыздық мем­ле­кеттік сыйақыны тағы еселеңіз. Нәтижесінде 900 000 тең­ге шығады. Сіз енді оған қосылатын 50 пайыз­дық несие арқылы 1 800 000 теңгеге, яғни қазір­гі ба­ғам бойынша 12000 АҚШ долларына қос қол­ды ыс­қы­лап пә­тер іздей беруіңізге болады. Бірақ бұн­дай несие бел­гілі бір мерзімдерді артқа тастап алы­натын­дық­­тан адам­дардың төзім­ ділігін сынайтын құ­рал іспет­ті. Та­ғы бір басын қылтаңдатып тұрған проб­ле­ма­лардың бірі баспана бағасы жыл өткен сайын қым­­баттап жатқан заманда сіз тасбақа жүріспен «бауыры жазылған» бағаны қуып жетуіңіз неғайбыл. Бұдан кейінгі күмәнданатын жәйт елімізде (Алла сақтасын) күшті инфляция бола қалған жағдайда сіздің жинақтаған ақшаңызды индексациялаудың қарастырылмағандығы. Яғни, тең­генің құны күрт құлдырап кеткен жағдайда сіз

Жұмыр жердің жұмағы пәтер емес, су жаңа компьютер сатып алатын несиеге қол жеткізуіңіз мүмкін. Тұрғын үй жинақтау жүйесінің әлеуметке тигі­ зетін пайдасы немесе зияны 4-5 жылдан кейін ғана белгілі болатындықтан, бұл ойларды бопса емес, болжам деп түсінгендеріңіз жөн. Ал қозғап отырған тақырыпта жүйенің қолайсыз деген тұстарына көбі­ рек тоқталып кетіп жатсақ, ол әрбір отандасымыздың осындай шешімге келерде шама-шарқын мейлінше жете таразылап, алды-артын түгел ойластырып алса деген абзал ойымыз. Астана қаласында 1 қазаннан бастап ашылған “Тұрғын үй жинақтау банкінің” тұрғындармен келісімдер жасасу өкілдігіне күніне 15-20 қоңырау шалынғанымен, әзірге 16 ғана келісім шарттың бекітілуі астаналықтардың әлі де әліптің артын бағып отырғанын байқауға болады. Ойымызды түйіндер тұста жақында Үкімет басшысы Д. Ахметовтың қаржы, экономика және бюд­ жеттік жоспарлау министрліктері ұсынған мем­ ле­кеттік жеңілдетілген несиелеу жолдарының қос жо­басын мақұлдағанын атап өтпекпіз. Премьер-министр банк жүйесі және жергілікті атқарушы орган­ дары тарапынан қаржыландыруға негізделген екі жобаға қосымша ауылдық жерлердегі табысы аз тұрғындар үшін де тиімді жүйені енгізуді тапсырды. Бұдан еліміздегі тұрғын үй несиесі жүйесі уақыт өткен сайын жетілдіріліп, қазақстандықтардың төлем қабілетіне сәйкестендіру жүйеленіп келе жатқанын, ең бастысы ауылдарда да баспана проблемасын несие арқылы шешу қолға алынуын жақсылықтың нышаны деп есептегеніміз дұрыс. «Егемен Қазақстан» 10 қаңтар 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ИННОВАЦИЯ Оның еліміз экономикасы үшін маңызы қандай?

Жаңалық – жаратқанның сыйы. Адам адам бол­ ғалы жаңалық табудан әсте жаңылған емес. Адам­ зат­тың Айға аяқ басып, жерді жеті айналуы арасында жеткен толайым жаңалықтар “топтамасы” ақыл ие­сінің бірде төрткүл дүниеге төрелік етсем деген ұш­қары ойымен ұштасып, енді бірде өселең ұрпақ өмірін жеңілдетсем деген ізгілік ниетімен қабысып жа­тады. Қалай десек те, ізденіс пен жаңалық дөң­ ге­ленген дүние тіршілігінің бойында айналған қан­ мен тең. Қан айналымы тоқтаса, қаңсыған күбідей тір­шілік те суалмақ. Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтсақ, “Адамды құстай ұшырып, отынсыз тамақ пі­сі­ріп, сусыздан сусын ішірген” адамзаттың инте­л­­ лек­туалдық мүмкіндігінің шексіздігі осы ғасырда одан сайын айқындала түсуде. Сондықтан да XXI жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ға­ сырына айналатындығын қазірден-ақ ұғындыруда. Кейінгі кездері құлаққа сіңісті бола бастаған “тегі бөлек” инновация термині өзінің қолданыс аясын кеңейтумен қатар, өндірістің ажырағысыз “атрибутына” айналып келеді. Сондықтан да әңгімені әуелі инновация деген не сұрағына жауап беруден бастасақ. “Инновация” ағылшын тілінен аударғанда жаңа­ лық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік процесті, өнімді немесе қыз­ метті игеру, қазіргі тілмен түсіндіргенде жаңа­лық­­ ты инвестициялау дегенге саяды. Ал тамыры те­ рең­де жатқан термин латын тілінде жаңару, өзгеру

Жұмыр жердің жұмағы сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын бол­ма­ған жаңа­лық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағат­тан­ дырудың жаңа әдісі деген түсініктерді береді. Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық про­г­­ресті инновациялық қызметтің интеллектуал­ дық өнімсіз елестету мүмкін емес екендігіне байла­ ныс­ты бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі негіз­ делуде. Осыған орай аталмыш сала қызметін жік­­теуші ғалымдар “инновация – жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған мате­ риал­дық игілік, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа да жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйым­ дастырудың жаңа формалары” деген анықтама бе­ реді. Яғни, осы сипаттамаларды жинақтай келе ин­ но­­вацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу екенін түсінуге болады. Бұл тұрғыда алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтып өткен жөн. Атап айтқанда, іргелі мін­деттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игі­ лік­­терді тарту етпейтіндіктен де ол ғылыми ізде­ ністердің жемісі ретінде ғана есептелінеді. Қазіргі әлемдік экономикада инновацияның алар орны орасан. Инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсауда. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестиция­ лар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа рыноктарды, оның ішінде сыртқы рыноктарды бағындырудағы аса тиімді әрі таптырмас құралға айналуда.

Жұмыр жердің жұмағы Оқымыстылар инновацияны технологиялық сипаттарына байланысты өнімдік және процестік деп екіге бөледі. Өнімдік инновациялар жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана оты­­рып жаңа өнім алуға негізделсе, процестік инновациялар өндірісті және технологиялар арқылы ұйымдастырудың тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету аясына қарай әлемдік салалар үшін, елішілік салалар үшін белгілі бір кәсіпорын үшін инновациялар деп жіктейді. Енді технологиялық процесті немесе кәсіпорын шығаратын өнімнің жаңаша өзгертілген түрлерін инновация деуге бола ма деген сұраққа жауап бе­ рер болсақ, бастапқыда айтқанымыздай, аталған са­ланың басты сипаты ғылыми-техникалық ізденіс­ тердің нәтижесі болып табылатындықтан да өнім түрінің, формасының өзгеруі сияқты жаңашылдық­ тар инновацияға жатқызылмайды. Өйткені, өнім ішінара өзгерістерге ұшырағанымен ол өндірісте бұ­ рын болмаған жаңалық емес. Жалпы инновация­лық жаңалықтар 1992 жылы Осло қаласында қабылдан­ ған шешім бойынша оның технологиялық сипаттары мен нарықтық ұстанымдарын айқындайтын халықаралық стандарттарына сәйкес келу керек. Инновацияның дамуына қозғаушы тетік – бі­рін­ ші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағ­дарысты бол­ дыр­маудың жолы мен тауарын өт­кізетін жаңа рыноктарды іздестірумен болады. Сон­дықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдыққа ие бола-

Жұмыр жердің жұмағы ды. Бүгінгідей жаңа өнім түр­лері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уа­қытта әсіресе шағын кә­ сіп­орындардың икемділік қабі­леттерін күшейту аса қажет екенін көрсетіп отыр. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай шағын ша­бақтар “қайраңда қалып қоймаулары үшін түрлі сала­дағы жаңа өнімдермен жаңа технологияларды” шы­ғарудың алдыңғы сапында жүреді екен. Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімді өмірге әкелу процесін жеті элементпен жіктейді. Ол инно­ ва­циялық идеяның тууынан бастап, оны өткізу ры­ ногын анықтау, өнімді шығару, сату болып жал­­ ғаса береді. Соның ішінде әуелі жаңа тауарды аз көлемде шығарып, оны жарнамалау, сауда про­це­­ сін ұйымдастыру арқылы оның өміршеңдігін не­­ месе өмір сүру жасын анықтау болады. Бұл орай­да инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өт­кі­зу көлемін арттыру, сұранысын молайтуда тауар ба­ ғасын төмендету, тұтынушыға қосымша сый­лық­ тар ұсыну сияқты қосымша тәсілдерді қолданудың артықтық етпейтінін айтады. Сонымен бірге белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновация мүл­ дем ескіріп кетпеу үшін оны келесі аймаққа немесе басқа рынокқа көшіру қажеттігін ескертеді. Нарықтық экономикада инновациялық идеяларды жүзеге асыру процесінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоймақ. Өйткені, “ақшаинновация” ережесіне негізделген жүйеде тезірек табыс табу үшін басқа кәсіпорындар біраз уақыттан бері жүзеге асырылмай келе жатқан жобаға ұқсас нұсқаларды ойлап табу арқылы оның алдын алып кету оқиғалары аз кездеспейді. Қазақта “Ас жиямын десең – ыдысын тап” деген

Жұмыр жердің жұмағы қарапайым да, қанатты сөз бар. Ендігі жерде тақырып­ ты Қазақстанда қолға алынып жатқан инновациялық қыз­меттер, яғни жаңа өнім өнді­ру барысына ойыс­ тырсақ. Қазіргі уақытта елі­міз­де бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге не­гіз­дел­ген жаңа ақпараттық технологияларды иге­ру, рес­пуб­ли­камыздың өнеркәсіп және ғылыми-техни­ка­дағы әлеуетін дамыту басты стра­тегиялық мін­дет­тердің бірі болып отыр. Соған сәй­кес өткен жылы рес­пуб­ликамыздың индустриялыин­новация­лық да­муы­ның 2003-2015 жылдарға арнал­ ған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты – шикізат ба­ғы­тынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сер­вис­ тік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Қазақстанның мұндай маңызды қадам жасауына әлемдегі экономикалық даму қарқыны да негіз болып отыр. Бір кіндіктен тараған адамзат баласының түптің-түбінде біте қайнасып, оқу-білімі ортақтасып, саудасы сапырылысып кететінін қазіргі жаһандану үрдісінің алғашқы адымдарынан-ақ аңғарамыз. Осы орайда Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты инсти­тут­ тардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі Қазақстан сияқты дамушы ел­дерге тезірек инновациялық игіліктерді игеруге түрткі бо­луда. Өйткені, әлемдегі шеткері жатқан дамушы елдер шикізат жеткізуші қызметін атқарып, ал атал­мыш институттардың құрылуына негіз қалаған орта­лықтағы іргелі мемлекеттердің оны өңдеп, олар­ ға қайта сату үрдісі болашақта шикізатқа бағыттал­ ған мемлекеттердің әлемдік тауар рыноктарында­ғы

Жұмыр жердің жұмағы жағ­даяттарға тәуелді болып қалу қаупін тудыруда. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір табысқа ие болады да, өнеркәсіптің жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда, шикізат қоры бір кездері сарқылатындықтан да тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты ел елеулі проблемалармен бетпебет келеді. Бастапқыда шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық сая­сат­­ты қолдану, яғни сервистік-технологиялық эко­номи­ка­ ға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді. Елбасы биылғы жылы Шығыс Азия елдеріне жасаған ресми сапарында осы елдердің тәжірибесін қабылдау Қазақстан үшін тиімді болатынын жеткізді. Индустриялық-инновациялық стратегияға сәй­кес өңдеуші саланы дамытудың алғашқы қадам­дары қолға алынды. Атап айтқанда, жоғары тех­­но­­ло­гия­ лық және ғылыми өндірістерді құру жо­ба­­ларын да­ мыту, оларды қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инно­вация­ лық қорлар, Даму банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы сияқ­ ты даму институттары құрылды. Даму банкі құ­рыл­ ғалы бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұ­ ра­тын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық опе­рация­ларды жүзеге асыруға қатысты. Сонымен бірге, бүгінде аталмыш даму инс­титуттарына республикамыздың жеке кәсіпкерлік секторына ха­ лық тұтынатын тауар түрлері бойынша жүздеген жо­ба­лар келіп түсті. Алдағы жылдан бас­тап жаңа

Жұмыр жердің жұмағы өнім түрі мен сапасына жасалған сараптамадан өт­кен жобалар қаржыландырыла бастамақ. Осы орай­да отандық инновациялық жобалардың нарық айдынындағы бәсекелестікке төтеп беруі үшін қатаң талаптар қойылып, оларды мемлекеттен емес, даму институттары арқылы ғана инвестициялау қа­ рас­тырылды. Қазақстандық мамандар мұндай ше­ шімге 1979 жылы Филиппин үкіметінің елде жаңа мүмкіндіктерді туғызу ниетімен толық талданбаған “ірі индустриялық жобаларды” қаржыландыруда еш нәтиже шығара алмау тәжірибесі негізінде келді. Іргелі істерге Алматы қаласының маңындағы Алатау кентінде ақпараттық технологиялар саласында экспортқа бейімделген және импорт алмастырумен айналысатын “Ақпараттық технологиялар паркі” ер­­кін экономикалық аймағы іске қосылуын атап өту керек. Болашақта Степногорда биотехникалық ор­талық, Курчатов қаласында ядролық техноло­ гия­­лар орталығы ашылмақ. Сонымен қатар, еліміз­ де­гі бәсекелестікке қабілетті салалар бойынша са­ рап­тамалық зерттеулер жүргізілуде. Оның ішін­де әлем­дік, өңірлік, рыноктарда бәсекелестікке тө­теп беретін өнім түрлері іріктеліп алынбақ. Кәсіп­орын­ дардың инновациялық әлеуеттері талдануда. Қа­ зақ­­стандағы машина жасау, жеңіл, жиһаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсіптің басқа да бірқатар өң­деуші салаларын дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. АҚШ доллары, ал мұнай саласында 1773-тен 2300 млн. АҚШ доллары салынды. Ауылшаруашы­лық саласы бойынша астық, мақта, ет өнімдерін өңдеу, сыртқы рынокқа экспорттау кеңі­нен қолға алынбақ. Қазақстанда шығарылатын көмірсутегі шикізаты

Жұмыр жердің жұмағы мен табиғи газдың түгелдей дерлік көлемінің өң­ делместен экспортқа шығарылуы өнеркәсіптің мұ­ най-химия саласын даму жағынан артта қалдырып келеді. Болашақта осы шикізат қуаттарын өңдейтін сырттан өнеркәсіп саласы өркендеп, оның дамуына сырттан инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызылмақ. Осыған байланысты 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай-химия саласында іске қо­ сылған жаңа өндірістік нысандар 5 жылға дейін кор­ поративтік табыс салығынан босатылатын болады. Әлемдік талаптарға жауап беретін жаңа өнімдер шығаруда халықаралық стандарттарға көшу жүйесі қолға алынуда. Бүгінде елімізде 39 мың жаңа стандарттар тізбесі әзірленген. Ол алдағы жылдан бастап өңдеуші өнеркәсіп саласына кезең-кезеңімен енгізіле бастамақ. Мұның барлығы қазақстандық иннова­ цияны өркендетуге жасалған алғашқы қадамдар. Тағы бір атап өтер жәйт, еліміздегі білім беру жү­йесін жетілдіруде, инновациялық бағыт ерекше жағдайда жүзеге асырылмақ. Оның ішінде ин­ но­­вациялық бизнесті дамытуға қабілетті менед­ же­­р­лер дайындау бірінші кезекке қойылмақ. Осы орайда жақында үкіметтегі жас мамандардан құ­ рыл­ған топ Қазақстан мен Германия мемлекеттері бас­шыларының екіжақты уағдаластықтарының ар­ қасында өмірге келген “Шредер-Назарбаев” бағдар­ ламасы бойынша Германиядағы ақпараттық технологиялар паркінде болып, осы елдің инновациялық жетістіктерінен тәжірибе жинақтап қайтқанын атап өткен жөн. Еліміздегі ғылыми-техникалық және инновация­лық қызмет саласындағы мемлекеттік сая­ сат бағыт­тары белгіленді. Аталмыш саясатты жү­ зеге асыруда келешекте мемлекеттің қатысуымен

Жұмыр жердің жұмағы ма­манданған қорлар құрылып, онда жинақталған қар­жыны ин­но­вациялық салаға тарту, инновациялық ин­фра­құ­рылымдар құру, кадрлар даярлау, авторлық құ­­қық­ты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау, отан­ дық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәй­кес сапа стандарттарына өту, халықаралық ұйым­дар мен қаржы құрылымдарының гранттарын тарту көз­делген. Таяуда Қазақстан халықтары Ассамблеясының Х сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Биылғы жылы қолға алынған индус­трия­ лы-инновациялық саясат бойынша біз алдағы 12 жылда шикізаттық бағыттан толықтай өңдеуші салаға ауысамыз. Алайда, бұл аса күрделі процесс. Инновация дегеніміз жәй ғана зауыт салу емес, әлемдік, өңірлік, республикалық рыноктарда сұраныстарға ие, тұрақты табыс әкелетін өнімді шығаратын кә­ сіпорын құру” дей келе, даму стратегиясын жүзеге асыру арқылы еліміздегі еңбек өнімділігі келешекте 3 есеге өсетінін айтты. Қарапайым тілмен айтқанда, 2015 жылы қазақстандықтардың айлық табысы қазіргімен салыстырғанда 3 есеге дейін артады, деді Мемлекет басшысы. Ойымызды түйіндер тұста айтарымыз, дүние­жү­зілік экономикамен ықпалдастыққа тас-түйін дайындықпен жақындап келе жатқан Қа­ зақстанның инновациялық әлеуетінің де мол екеніне ешкім шүбә келтіре қоймайды. Алла жазса, алдағы 10-15 жылда мұхит асып, айшылық алыс жерлерге барған отандасымыздың “Қазақстанда жасалған” деген та­уармен табыса алатынын сеніммен айтқымыз келеді. «Егемен Қазақстан» 2 наурыз 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Күн шұғыласын қарсы алатын қақпа Бір адырдың астында аспан елі жатқан Достық шекара өткелі Қазақстанның таңғы нұрын бірінші болып қарсы алатын қақпасы. Кіндіктегі жалпақ жұрт қонысынан екі сағат бұ­ рын осында құланиектенетін күннің күміс шұғы­ ласы шапқан тұлпардың тұяғы тозып, ұшқан құс­тың қанаты талатын баябан даламыздың түкпір-түк­ пірін алма-кезек apaйғa малындыра бастайды. Бейнелеп алғанда да бұл бекет алдағы болашақта елі­ міздің күншығыс елдерімен сауда-экономикалық бай­ланыстарының көкжиегіи кеңейтетін шұғылалы өткелі болмақ. Қазақстанның 2030 жылға белгілеген стратегиялық бағдарламасында және биылғы Қазақ­ стан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Достық стансасын дамыту, оның өт­кі­­зілім қабілетін 10 млн. тоннаға дейін жеткізу мәселесін астын сыза отырып, алға міндет етіп қоюы да өткелдің стратегиялық маңыздылығының аса жоғары екенін айқындап береді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жылы ашылған Трансазиялық темір жол магистралының жетекші саласы саналатын Достық өткелінің жыл сайынғы өткізім қабілеті арта отырып, 2000 жылы жүк тасымалының көлемі 4,3 млн. тоннаны құрады, бұл 1994 жылмен салыстырғанда тоғыз есеге артық. Ал былтырғы жылы тасымал көлемінің деңгейі 7,2 млн. тоннаға жетті. Қадым замандарда-ақ Қытай жібегін, Үнді асыл тастарын, Иранның күміс бұйымдарын, Афрасияб құмырасын теңселдірген ұлы керуен тізбектері дәл

Жұмыр жердің жұмағы осы жерлер арқылы құрлықтарды жалғастырғаны белгілі. Өткен ғасыр ішінде Ұлы Жібек жолы бойы болат белбеу тартынғалы Еуропа мен Азия ара­сын­ дағы теңіз тасымалын күрт өзгертіп, Париж бен Пекин аралығындағы сапарды үш есеге қысқартып, Тынық мұхиты арқылы бір ай жүретін алып контейнерлер мен жүктер Достық-Алашанькоу арқылы 1214 күнде жеткізілетін болды. Өткелдің өткеніне көз жүгіртсек, Қытайдағы Шың­­жан мен Қазақстанды қосатын темір жол салу жо­басы жиырмасыншы жүз жылдықтың 50-60 жылдары қолға алына 6астаған екен. 1956 жылы келе­ шегі мол болжам алып екі ел тарапынан да қуат­ талып, мамандар өзара кездесулер өткізеді. Сол кездесулер туралы газет беттерінде жазылған ма­ қалалар­да шекаралық стансаға ат қоюға келгенде екі жақ та тізе қоса ақылдасқаны айтылады. «Біз адамға достық­­тан артық қымбат не бар деп өз стансамызды Достық деп атадық; ал қытайлар достықты - юхао деп атайды, өздерінде юхао деген екі станса бар екен, жұрт шатасатын болады дeп, сол жердің негізгі тұрғын­дары ұйғырлардың тілінде достық, яғни Эрхорлили деп атады». Алайда кейінірек Кеңестер Одағы мен Қытай арасында орнаған саяси салқындық экономикалық тиімділігіне қарамай ғасырлар бойғы қан тамырдай бүлкілдеген ғажайып қатынасты кідіртіп келді. Қытаймен арадағы байланыс түзелген, яғни 1986 жылға дейін станса аң­ ғарларында танктер орна­ласты. Достық өлі қала күйінде құлазып тұрды. Жылымық орнай бастаған 1988 жылы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Достық стансасында

Жұмыр жердің жұмағы болат жолдың құрылысын жалғастыру үшін ақыл­ дасуға Кеңес пен Қытай теміржолшылары бас қосты. Осы кездесуден кейін Қытай жағы Үрімжі­ден Достыққа дейін 460 шақырым жол тартуға кірісті. 1990 жылы қыркүйекте бірінші поезд жылжып, 1995 жылы толық пайдалануға берілді. 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай­ ға жасаған ресми сапары барысында ДостықАлаш­­анькоу темір жол өткелдері арқылы жүк та­ сы­­малының көлемін арттыру туралы жасасқан келі­сімінен кейін өткелдің жаңаша өмірі басталған еді. Қазіргі уақытта Достық стансасында еліміздің 29 ұйымының өкілдері жұмыс істеуде. Ауа райы аса қатал өңірде теміржолшылар мен кеден, шекара, тағы басқа да салалардың өкілдері ел дәулетін еселеуге аз үлес қосып жатқан жоқ. Оларға жүкті өткелден өткізуден бастап, оның қауіпсіздігін сақ­ тау, контрабандалық әрекеттердің жолын кесу сияқты аса жауапты міндеттер жүктелген. Табиғаты қатал деуіміз осындағы Жоңғар қақпасы бейне қор­ ған­­сыз даланың үстіне жылдың 300 күнінде үзбей сұрапыл жел үрлейтін аэродинамикалық құбыр секілді. Егер дүлей жел шығыстан соқса қазақтар оны Сойқан деп, ал терістіктен соқса Ебінің желі деп атайды. Екеуінде де жел екпіні секундына 40-50 метрге жетеді. Ал жел екпіні секундына 15 метрден асса, кран қондырғысында жұмыс істеуге тыйым салынатынын айтып өткен жөн. Бүгінгі таңда станса тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары кең түрде қолға алынуда. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК ЖАҚ аталған ұйым­ дармен бірлесіп тұрғын үйлер салу жобаларын

Жұмыр жердің жұмағы жүзеге асыруда. Қарап отырсақ, мұнда 2002 жылға дейін 1960 жылдары іргесі қаланған 16 үйден бөлек тұрғын үй құрылысы мүлдем жүргізілмеген екен. Ал он жыл ішінде ортасы толып теміржолшылар отба­ сы баспана тапшылығын тартып келгені рас. - Біз ең әуелі елдің әлеуметтік жағдайына назар аударуымыз керек - деген еді алғаш рет өткел жағдайын өз көзімен көруге арнайы барған сапарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы­ның президенті Ерлан Атамқұлов. Болашағынан зор үміт күттіріп отырған халықаралық шекара өткелінде қысы-жазы тынбай еңбек етіп келе жатқан отандастарымызды тұрғын үйсіз қалдырып, олардың балаларын, яғни осы өткелдің болашақ мамандарын тиісті білім, сапалы тәрбие беру мәселесінде олқылықтарға орын беруімізге еш негіз жоқ. Бүгінде Достық стансасындағы 700-ге жуық бала білім алатын мектеп ғимаратын кеңейту жұ­мыс­ тары жүргізілуде. Осында Қазақ қатынас жол­дары университетінің филиалы ашылып, жас темір­жол­ шылардың өндірістен қол үзбей сырттай білім алуларына мүмкіндік алған. Сессия уақытында Алматыдан арнайы оқытушылар құрамы алдырылып келеді. Осындағы 15,5 мың кітап қоры бар кітапхана да жастардың игілігіне жұмсалуда. Ал әр жыл сайын теміржолшы күнінде табанды еңбегімен танылған мамандар марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етіледі. Көптен түйіні тарқатылмай келе жатқан ауыз су проблемасын шешу мақсатында өткелден 12 шақырым қашықтықта жатқан суы таза Шындалы өзенінен құбыр тарту жұмыстары қолға алынған. Достық темір жол стансасы екі ел арасындағы

Жұмыр жердің жұмағы сауданың алтын дәлізі ғана емес, Еуропа мен Азия елдерін жалғастырған экономикалық көпір. Өткелдің ашылуымен Еуропа мен Азия елдері арасындағы жол аралығының ұзындығы кеме қатынасымен салыс­ тырғанда елу пайызға төмендеген. Маршрут Батыс Еуропа мен Қытайдың оңтүстік жағалаула­­рын және Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь елдерінің өнеркәсіп және сауда орталықтарымен қосып келе­ ді. Осы өткел арқылы Қытайға Еуропа мен Ор­ та­­лық Азия елдерінің тауарлары тасымалдануда. Был­­тырғы жылы Алматыда өткен Қазақстан мен ҚХР теміржолшыларының басқосуында Трансазия­ лық теміржол магистралының солтүстік дәлізін өркендету мәселелері талқыланып, онда Үкімет басшысы Даниал Ахметов 2006 жылы Достық стансасындағы жүк ағынының көлемін мемлекеттік құжатта межеленген 10 млн. тоннаға жеткізу жос­ парланып отырғанын айтты. Ал келешекте күн шұғыласын қарсы алатын ел қақпасының тасымал күші осы күнгі Ресей мен Қытай арасындағы негізгі жүк тасымалын өткізіп отырған Забайкальск стансасының қуатынан екі есе артық болмақ. «Егемен Қазақстан» 4 маусым 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы 777-ші шақырымда түйіскен Түрксіб Кең-байтақ қазақ жерінде ғасырлар бойы толас­ тамаған керуендер легін жиырмасыншы жүз жыл­дық­ тың басында темір жол алмастырды. Соның ішінде Ұлы Жібек жолының сүрлеуін жаңғыртқан Түрксіб темір жол желісінің маңызы отандық көлік жүйесінде елеулі болып қала бермек. Тарих бет­те­рін қайта парақтар болсақ, әлемде бұдан бұрын дәл осындай аңызақ дала, асулы тауды тіліп өткен темір жол құрылысы жоқтың қасы екен. Сондық­тан да небәрі екі жарым жылда салынып біткен әйгілі құрылыс адамдардың асқан төзімділігі мен қаж­ымас қажыр-қайратының жарқын үлгісі ретінде ұрпақтар жадында сақтала бермек. Бір атап өтерлігі, аталмыш желі құрылысы кездейсоқтық па, жоқ әлде жобаны жасаушылар қазақ халқы үшін қасиетті саналатын сол санның киесіне жүгінді ме, әйтеуір қарама-қарсы бағыттағы Cемей мен Луговая стансаларынан тартылған екі жақты жолдың түйіскен тұсы дәл 777-ші шақырымға дөп келген. Сондықтан да темір жол тарихын зерттеушілер оны Гиннес рекордтар кітабынан орын алуға әбден лайық деп есептейді. Және ол тек қасиетті санға ғана қатысты емес екені рас. Аса ауыр климаттық жағдайда жүргізілген құрылыс кезінде жазғы аңызақ алпыс градусқа дейін көтерілсе, қыстың қыраулы суығы қырық градустан асып отырған. Табиғаттың тарпаң мінезімен арпалыса жүріп, адамдар төтенше жағдайлар кезінде де төзімділік танытқан. Естеліктер сыр шертеді. Осы құрылыста Іле өзені арқылы темір жол көпірін салу кезінде таудан еріген қар суы өзеннің арнасынан асып, көпірдің ағаш қадаларын асау ағыс алып кете бастайды. Екпінді ағыстан жұмысшылар құшаққа әзер сыятын

Жұмыр жердің жұмағы бөренелерді ұстап қалып, ерекше қажыр-қайратпен көпірді аз уақытта қайта қалпына келтіреді. Тағы бір оқиғада Ертіс өзенінің келесі жағалауында жаңа салынған темір жолға сынақтан өткізу үшін қатқан мұз үстімен арғы жағаға автокеруенмен паровозды алып өткізбек болады. Ол үшін бірнеше арнайы шана жасалынып, паровоз соған тиеледі. Алайда шандып тартылған темір белдеу ауыр салмаққа шы­ да­май, үзіліп, мұз шытынайды. Төтенше жағдай ке­ зін­де жұмысшылар үрейге бой алдырмай, салқын­ қандылық танытып, қауіпті орыннан паровозды ке­­лесі жағаға әзер дегенде әупірімдеп алып шығады. Түрксіб темір жолының құрылысын алғаш орыс патшасы Александр ІІ 1887 жылы қолға алған еді. Онда Түркістан, Жетісу және Сібір өңірлерін өзара байланыстыра отырып, Ресейдің Қытайдың шека­ра­ лық аймағындағы соғыс қимылдарына қатысу қар­ қынын арттыру, Түркістан аймағынан Сібірге мақта және керісінше Жетісу, Сібір жерлеріндегі арзан астықты Түркістанға жеткізуді жеңілдету мақсаты қарастырылған болатын. Сол кезде жолдың бірне­ ше нұсқасы қарастырылды. Олар Омбы-ҚұлындыСемей және тағы басқалары. Кейінірек, 1906 жылы министрлікаралық комитет Барнаул-Семей-Вер­ныйЛуговая-Арыс желісінің құрылысына қаржы бөлді. 1916 жылдан Барнаул-Семей телімі тұрақты пай­ даланыла бастады. Ал Арыс-Луговая-Пішпек желісі қазан төңкерісінен кейін іске қосылды. Ендігі жерде Луговая-Семей стансаларының аралығын қосу ғана қалған еді. Бұл жоба араға 49 жыл салып қайта қолға алынды. Түрксіб темір жолын салу шешімі 1926 жылы Бүкіләлемдік большевиктер коммунистік пар­тия­

Жұмыр жердің жұмағы сы­ның мәжілісінде қабылданды. Құрылысты осы өңір­дің әскери комиссары, әрі жол қатынастары министрі Владимир Шатов басқарды. Тәжірибелі бас­шы адамдарды ауыр жұмысқа жұмылдыра білді. Құрылысқа тартылған барша ұлт өкілдері оның басқару қабілетіне, ақыл-парасаты мен ерік-жігері­ не тәнті болатын. Түркістан-Сібір темір жолы бірінші бесжылдықтың белгілі құрылысына айналды. Ғасыр құрылысына “Гудок” газетінің тапсыр­ масы бойынша арнайы іс сапармен барған әйгілі қаламгерлер Ильф пен Петров “Түрксіб темір жолы­ на қажетті тапсырыстар бойынша еліміздегі рельс шығаратын зауыттар үш жыл бойы рельстерді кеспе өндіргендей үздіксіз төкті” деп бейнеледі. Айт­саайтқандай, құрылыс жұмыстары сол жылдары тың серпінге ие болып, оған жаңа желі маңында қо­ныс­ танған қазақ ұлтының өкілдері көп тартылды. Бас­ ты еңбек құралдарына айналған кетпен мен күрек ұстаған адамды көргенде жергілікті тұрғындар оларға құрметпен жол беріп, жолдың құрылысынан жаңа хабар естуге асығатын. Еңбекпен есейген қазақ азаматтары арасында Қалтықов, Байжанов, Сыз­ ды­қов және тағы басқалары Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Сол жылдардағы баспасөз бет­ терінен жас жұмысшы Мұхтар Қаптағаев туралы “аз уақытта машинист көмекшісі мамандығын иге­ р­ді. Кейіннен ол тәжірибелі машинист болып, бес­ жыл­дық жоспарын орындауда локомотивтің орта­ ша тәу­ліктік жүрісін арттыру арқасында 600 тонна кө­мір мен едәуір көлемдегі қаржыны үнемдеді”, – деген ақпараттарды кездестіруге болады. Дінге, ұлттық дәстүр-салтқа қарсы аяусыз күрес жүргізі­­ліп жатқан сол заманда жергілікті қоғам қайраткер­­лері

Жұмыр жердің жұмағы ұлттың асыл қазынасынан аттап кетпей, алғашқы паровоздың тұсаукесер сапарын қазақи дәстүрмен ашты. Онда халық рәсімімен жолы ақ болсын, шаңы­ рақ киесі қолдап жүрсін деген ниетпен Луговая стан­сасынан шығатын алғашқы паровозды арнайы әзірлеген шаңырақ кескініндегі доғадан өт­кізді. Тағы бір оқиғада Жоңғар Алатауынан өтетін жол­дың жобадағы құрылысы Үштөбе елді мекені маңында­ ғы Молалы стансасында әйгілі Балпық би әулиенің мазарының үстінен өтетін болып сызылған. Мазар маңында болған оқиғаға кейіннен жағасын ұстама­ ған адам қалмаған. Жергілікті халықтың наразылық білдіргеніне қарамастан, құрылыстың әпербақан басшылары жолды әулие бейітінің үстімен салуға мәжбүрлейді. Ел мұндай есерсоқтықты әулие әруағы текке жібермейтінін де сезеді. Расында да әскери күзет қойылғанына қарамастан, ерекше тылсым күш бір түнде салынып қойған барлық жолды қиратады. Жұмысшылар келесі күні рельс шпалдарының бейберекет шашылып жатқанын көреді. Мұндай қа­ дамның жақсылыққа апармайтынын сезген құры­лыс басшылары жолды Балпық би зиратынан айналып өткізуге шешім қабылдайды. Тарихи деректерде аталмыш темір жолды салу мақсаттарының бірі Шыңжаң өлкесіне батыс-еу­ ропалық капитализмнің енуіне тосқауыл қою екені де ашық айтылған. 1451 шақырымға созылған рельс таулы өзендер мен шатқалды, құмды жерлерге төселді. Жолдың Семей стансасынан шығатын және Луговая стансасынан кері бағытқа шығатын ал­ғашқы қадасы 1927 жылдың қыркүйек айында қағылды. Дәстүрлі “күміс қазық” 1930 жылдың 28 сәуірінде қағылды. Бұл белгіленген мерзімнен 8 айға

Жұмыр жердің жұмағы ерте орындалды. Алғашқы пойыз 1929 жылы 19 маусымда Алматы қаласына келді. 1974 жылы темір жол құрылысына қатысқан жұмысшылардың еңбектегі ерлігіне көрсетілген құрмет ретінде алғашқы паровоз еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласына орнатылды. Түрксібтің жүк тасымалы көлемі әр бес жыл сайын өсіп отырды. Бұл Орал-Кузнецк комбинаты­ның құрылуына байланысты қалыптасқан жүк ағынына да қатысты еді. Кейінірек, Ұлы Отан соғысы жылдарында Түрксіб арқылы жүк тасымалы бір жарым есеге төмендеді. Соған қарамастан, 1943 жылы Көк­ су-Талдықорған тармағы салынып, Текеліге жаңа тармақ тартылды. 1958 жылы Түркістан-Сібір темір жолы Қараған­ ды темір жолымен қосылып, Қазақ темір жолы болып құрылды, осы жылдары Ақтоғай стансасынан Қытайдың шекарасындағы Дружба стансасына дейін жол салынды. Алайда қытай елімен орнаған салқын қарым-қатынас салдарынан бұл жол екі ұлы державаны байланыстырушы көпір ретінде емес, керісінше шекара маңына әскер шоғырландыру қызметін атқарды. Бақытқа орай, лап ете түскелі тұрған соғыс өрті тұтанбай, 1985 жылы жол батыс бағытта Саяқ стансасына дейін, шығысында Үрім­ жіге дейін ұзартылып, Трансазиялық теміржол­дың жетекші жүйесіне айналды. «Егемен Қазақстан» 8 маусым 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Қазақстан Мұнайы: Маңғыстау мұнаралары Мұнара біткен табандап сенде өр төсіменен көк­ тіреп, Жетіқат жердің Тілгенде бауырын өртті леп, Аруана дүниеге ағыл да тегіл иіп бір Мың бұлақ атты-ау Көкірегіңді тепкілеп. Меңдекеш САТЫБАЛДИЕВ.

Сөз басы Жұмыр жердің тарамыс тамырын қуалай аққан тіршілік қаны мұнай қателеспесек қазір құдды бір дүниенің қазынасын “қарауылдаған” қара құлыптың кілті секілді. Кім білсін ақылы аспантау адамзат бәлкім ендігі бір жүз жылда отынды ғарыштан сауып, мұнай мұзарт биік мұратқа айналмай да қалар. Не десек те дәл бүгін “мұнайы бардың, құдайы бар” екеніне ешкім шәк келтіре қоймасы анық. Бастапқыда балақты былғағаннан басқа пайдасы жоқ делінген қара май бас-аяғы бір жарым ғасырда алтыннан да ат оздырды. Адам жылтырақтың жылу болмайтынын, ал жылусыз тіршілік өңі бозғұлт тарта бастайтынын аңғарды. Әлемдік экономиканың ең тез зерттеліп, ұшқыр игерілген салаларының бірі саналатын мұнай өнер­ кәсібі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қолға алынды. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1859 жылы бүкіл жер шары бойынша күніне 100 баррель­ дей қара алтын өндірілсе, 2001 жылы тәулігіне 75 млн. баррель мұнай бұрқақша атқылады. Мұнай өндірісі көлемінің мұншалықты шамадан тыс ша­ рық­тап өсуін адамзат қоғамының энергетикалық

Жұмыр жердің жұмағы қорларын тұтыну қажеттілігінің күрт артуына байланысты болса, көмірсутегі технологиялық жағынан оңай өндірілетін өнім ретінде ерекшеленеді. Айдарлы тақырыпқа ойыспас бұрын оқырман танымы үшін әлемдік қара алтын қорының жалпы көлемі мен өңешінде мұнай кілкіген өрісі майлы елдер туралы да бірер ауыз сөз. Бүгінге дейін жер жүзіндегі анықталған мұнай қоры 1,050 млрд. баррель немесе 143 млрд. тоннаны құрайды. Оның 2-3 бөлігі Таяу және Орта Шығыс өңіріндегі Сауд-Арабиясы, Ирак, Кувейт, БАӘ, Иран елдерінің енші­сін­ де. Екінші орында тапжылмай табан тіреп отырған Америка құрлығының Венесуэла, Мексика, АҚШ, Канада, Бразилия елдері жалпы қордың 15,2 пайызын жамбасына басқан. Сатылап санағанда бұдан кейін Африка елдерінде 7,2 пайыз, ТМД елдерінде 6,2 пайыз мұнай қоры жер астында жасырынып жатыр. Халықаралық статистикалық агенттіктердің мәліметінше Таяу Шығыс елдерінің мұнай қоры 685,6 млрд. баррель болса, Оңтүстік және Орталық Америка елдері – 96 млрд. баррель, Африкада – 76,7 млрд. бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдерде – 65,4 млрд., Солтүстік Америкада 63,8 млрд., Азияда 43,8 млрд., Еуропа елдерінде – 18,7 млрд. баррельге бағаланып отыр. Қазақстан әлемдегі мұнай қоры дәлелденген 55 елдің ішінде 12 орынды иемденеді. Республикамыз көмірсутегі өнімінің стратегиялық қорын иемденіп, әлемдік энергетикалық ресурстар рыногын құруда елеулі рөл атқарады. Қазіргі уақытта рес­публикамызда жалпы өнім көлеміндегі мұнайгаз өнеркәсібінің үлесі 30 пайызды құрап отыр. Мұ­ найдың Қазақстандағы бастапқы және қалдықты

Жұмыр жердің жұмағы қоры 2 млрд. тонна шамасында болса, еліміздің батыс бөлігінде табылған мұнай қорларын қоса есептегенде оның көлемі 6 млрд. тоннадан асып отыр. Ел аумағыда 70 мұнай кеніші әлі игерілу үстінде. Ал зерттеу нәтижелерін әлемдік экономикада сен­ сациялық құбылыс ретінде танылған Қашаған кені­ шіндегі болжамды мұнай қоры 7 млрд. баррельге жететінін ескерсек, көрсеткіш бағанасы бірден 13 млрд. баррельге көтерілмек. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік ірі мұнай державаларының ал­ ғаш­қы ондығына орын сайламақ. Қазақстан мұ­ найы­ның бар қазынасы еліміздің батыс бөлігіндегі 5 облыстың қойнауынан табылды. Атап айтқанда, мұнай күбісін күмпілдеткен Атырау облысы жал­пы қордың 39,3 пайызын иеленсе, Батыс Қазақстан облысы 10 пайызын, Қызылорда 15 пайызын, Ақтөбе 8,2 пайызын, ал біздің әңгімеміздің өзегіне айнал­ ғалы отырған Маңғыстау облысының қойнауы Қазақстан мұнайының 27,5 пайызын алып жатыр. 362 әулие қолдаған мекен Қазақтың бағын асырып, байлығын еселеп отыр­ған мұнайдың шыққан жерлерін көзбен көріп, көңілге түйгенді оқырманға жеткізу жөніндегі редакция тапсырмасымен Маңғыстау өңіріне бағыт түзедік. Маңғыстау деген майлы қиян, кең түбектің мұнай мұнаралары қашанда ақын­дар жырына арқау. Десе дегендей, облыстың жал­пы өнеркәсіп өндірісі үлес салмағының 95 пайызын кен өнеркәсібі құрайды. Ақын Сабыр Адаев айтады: Маңғыстау деген ақ шағыл мекен, аппақ нұр, Ар-иманыңменен ақ босағасын аттап кір. Шынында да қазақтың о

Жұмыр жердің жұмағы ше­ті мен бұ шетіндегі кие қонып, құт дарыған сансыз қасиетті мекендерінің бірі Маң­ғыстау ел арасында ”Үш жүз алпыс екі әулиелі“ өңір саналады. Жұртшылық бұл өлкеде осыншама әулие тектен-тек жерленіп жатқан жоқ, бір қасиетті біліп жатыр ғой дейді өңірдің мәртебесін асырып. Сарабдал суреткер Әбіш Кекілбаев бұл жөнінде: «Болжамдарға келетін болсақ, 360 әулие сөзі – басы Мекке-Мединеден бас­ тап, ар жағы Синай түбегінен келе жатқан дәстүр. Құдайдың 360 күнінің иесі бар дегеннен шыққаннан болуы керек деп есептеймін», − дейді. Жергілікті халық ертеде бұл жерге сонау Арабия­ дан мұсылман дінін тарату мақсатымен 362 шәкірт келіп, жерленіпті деген жорамал айтады. Әйтеуір, тізімі хатталып, тіні тартылмаса да мұнаралы мекенде Шопан-Ата, Шақпақ-Ата, Қошқар-Ата, Қо­ сай-Ата, Қараман-Ата, Қаңға-Баба, Кентті-Баба, Сұлтан-Епе, Сейсем-Ата, Масат-Ата, Бекет-Ата деп жалғасып кете беретін әулиелер сағаналары көп. Тарихи жәдігерлер мен мыңдаған сүрлеулер өл­ кесі, қазыналар түбегі саналатын Маңғыстау облысында 350 мыңға жуық тұрғын бар. Жалпы респуб­ лика халқының 2,1 пайызын құрайды. Жалпы ішкі өнім өндіруде республика бойынша үшінші орында тұрған аталмыш облыста 485 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең сүйектілері мұнай өндірісімен өнікті айналысып келе жатқан “Маңғыстаумұнайгаз”, “Өзен­мұнайгаз” және ”Қаражанбасмұнайгаз“ ашық акционерлік қоғамдары болып табылады. Негізінен Маңғыстау мұнайы жөніндегі алғашқы мәліметтер Каспий теңізі мен оның шығыс жаға­лау­ ларын зерттеу жөніндегі экспедицияларға қатыс­қан

Жұмыр жердің жұмағы белгілі саяхатшы әрі табиғат зерттеушісі Г. Ка­ ре­линнің есімімен байланысты. 1832-1836 жылдары Қайдақ шығанағы арқылы баркаспен жүріп өткен ол өз көрген-білгені туралы былай жазған: “Ескекті су түбіне жақындата тартқан сайын майлы ақшыл заттың үлкен шеңберлері су бетіне қал­ қып шығумен болды. Үңіліп қарағынымызда бұның Каспий теңізінің батыс және оңтүстік-шығыс жаға­ лауында молынан байқалатын тап-таза ақ мұнай еке­нін білдік”. Өкінішке қарай Г. Карелин бұл жерді дәлелдеп көрсетпепті. 1899-1900 жылдары әскери топограф Аспар Насибьянц Таспас құдығының маңындағы ойдымнан қара май тәрізделген қою мұнай іріндісін тапқан. Геологтар Н. Андрусов пен М. Баяранус ойдым беткейлеріндегі мұнай сіңіп қалған кесектер мен құмдақтарды көрген. Ал 1911 жылы М. Баяранус Түбіжік алаңына тұңғыш рет орта альб құмдақтарының үлкен бөлігін тауып, зерттеді және сипаттамасын жазды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары жазу­ шы Константин Паустовский Ембі мұнай кәсіп­ші­ ліктеріне аялдап, Маңғыстау түбегіндегі Түбіжікте болғанда, тас боп қатқан мұнаймен тұтасып қалған құм кесектерді көрген. Кесектерден қара мұнайдың иісі шығып тұрған. Сонымен бірге академик Н. Андрусовтың шә­ кірті В. Мокринскийдің Таулы Маңғыстаудың геологиясы мен көмірсутектерін зерттеу жөніндегі геологиялық зерттеулерінен басқа С.Алекейчиктің Беке-Басқұдық белдігі мен Түбіжік дөңінің гео­ло­ гия­лық құрылымы мен мұнай-газ болашағы туралы арнаулы зерттеулерін атап өткен жөн. Ол 1941 жылы Маңғыстау түбегінің геологиясы мен мұнайгаздылығы туралы монографиясын да жариялаған

Жұмыр жердің жұмағы еді. Мұнай мен газға бай жаңа ауданды ашуға бұ­ рынғы Ленинград қаласындағы Бүкілодақтық ғы­ лыми-зерттеу институтының ғалымдары көп еңбек сіңірді. 1950 жылы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты Баудин кентінде кешенді геологиялықгео­физикалық экспедиция құрды. Ол карталау және құрылымдық іздестірудің бұрғылау қондырғыларымен, сейсмикалық және геология­лық пар­тия­лармен жа­сақталды. Жүргізілген жұмыстар­ дың нәтижесінде 1956 жылы Маңғыстаудың гео­ ло­гиялық картасы мен тектоникалық схемасы жа­ сақталып, ол бұдан әрі зерттеулерге негіз болды. Геологиялық мұнай мен газға байланысты ғылымитеориялық бол­жам­дар бұрғылау кезінде нақтыланып, кен орнын­да мұнай мен газ көзін ашуға қол жеткізуі тиіс. Осы заңдылық Маңғыстауда да толықтай көрін­ді. 1961 жылдың 5 шілдесінде Жетібайда бол­ған орасан зор мұнай бұрқағы Қазақстан жер қой­нау­ла­рындағы үлкен мұнайдан хабар берген алғашқы қарлығаш еді. Сөйтіп, Маңғыстау жерінде мұнайлы аймақ өмірге келіп, ол республикамыздың мұнай әлеуетін он еседен астам ұлғайтты. Ал 1961 жылы 5 қаңтарда бұрғылау шебері Ғ. Әбдіразақов қазған Өзендегі К-18 ұңғыдан бірінші газ бұрқағы, Өзендегі бұрғылау шебері М. Кулебянкин қазған ұңғыдан мұнай атқылады. Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражанбас және басқа да ірі кен орындарының тынысының кеңеюі Қазақстанды әлемнің ірі мұнай державаларының қатарына қосты. “Өзен” жағалағанның өзегі талмас” Өзеннің өмірі құлазып жатқан құм даладағы дү­ бірі 60-жылдары Қызылсай қойнауындағы бірін­ші

Жұмыр жердің жұмағы ұңғыдан мұнай бұрқағы атқан күннен басталады екен. Сол аралықтан бергі қырық жыл уақытта кә­сіп­ о­рын да адам ғұмырының бұралаң-бұлтарысты жолдарына ұқсайтын қалыптасу, өсу, құлдырау, қайта еңсе тіктеу сияқты соқпақтардан өткен. Өндірістік филиал басшысы Мұрат Құрбанбаев жейдесіне қара иісін сіңіріп, күнге қақталған қара бала кезінен-ақ ұңғы мен бұрғыны бұғаулаған кәдімгі мұнайшы екен. Албырт шағында кеніштердегі жатаған барактардың едендерінде бірер сағат көз шырымын алып, қалған уақытта тынымсыз еңбекке жегіліп, күн-түн демей тер төккен ол мұңсыз тірлік мұнайшыда болмайтынын алақанымдағыдай анық білемін, дейді. Манағы өндіріс орнының қаз тұрып, қадам басты, кейде қиыншылыққа тап болып, тұйыққа тірелді деген “тіркесімізге” ол кісі барлығы мұнайшы қауымының қажыр-қайраты, алғы күндерге деген нық сенімі, тиісті орындардың қамқорлығы мен қолдауы нәти­ жесінде акционерлік қоғам еліміздегі мұнай алып­ тарының біріне айналды деп жауап берді. Шынтуайтында да тоқсаныншы жылдардың ба­ сындағы экономикалық тоқырау кезінде кен орнының кетеуі кетіп, өнім өндіру көлемі жыл сайын құлдырай бастаған еді. Сол тұста істің жөнін білетін мамандар тығырық соңы неге алып баратынын анық бажайлап, ел басшылығын мәселенің мән-жайымен хабардар етті. Нәтижесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен инвестор тарту қолға алынды. 1994 жылдың қарашасында “Өзенмұнайгаз” өндірістік бірлестігі құрылды. 1997 жылы Әлемдік банк Өзен кен орнын қалыпқа келтіруге 109 миллон АҚШ доллары көлемінде несие берді. Осы орайда бірлестік бас­шы­лығы инвесторларға скважиналар-

Жұмыр жердің жұмағы ды күрделі жөн­деу және басқа да геофизикалық жұмыстарға заманға сай компьютерлік жүйемен іс атқаратын құрал-жабдықтар мен техникалар алып, оларды игеруге жеткілікті мамандарды оқытып үйретуді ұсынады. Тіпті, талап қойды деуге де болады. Соның нәтижесінде америкалық “Кардвелл” атты бұрғылау қондырғысы мен үш “Кремко” маркалы скважиналарды жөндеу қондырғылары іске қосылады. Сондай-ақ шегендеу қондырғылары, қоспа дайындайтын шағын зауыттар, скважина­ ларды геофизикалық зерттеу қондырғылары мен ға­рыштық байланыс арқылы жұмыс істейтін гео­ гра­фиялық ақпараттық жүйе алып, олармен жұ­ мыс істейтін мамандар арнайы дайындықтан өткі­ зілді. Мұндағылар мұнайды алғаш судан тазарту қондырғысымен құбыр жөндеу базасын санаулы уақытта сапқа қойғандарын мақтанышпен айтады. Өзен өндірістік бірлестігінде қазіргі уақытта ша­ мамен 18 филиал, 16 жауапкершілігі шектеулі серік­ тестік бар. Оларда мұнайшылар, көлікшілер, энергетиктер, тағы да басқа мамандық иелері, жалпы саны 13 мыңдай адам жұмыс істейді. Қазыналы аймақтың мол мұнайы ел экономи­ ка­сының дамуына серпін беріп қана қоймай, өңір­ дегі өркениет талаптарына жауап беретін жас қа­ла­ лармен кенттердің бой түзеуіне жол ашты. Ақ­тау­дан 150 шақырым қашықтықтағы мұнай­шы­лар ордасы Жаңаөзен қаласына ат басын тіредік. Ұшы-қиыры көкжиекпен ғана көмкерілген торғыл өңді тозаңды даланың ортасында тотыдай таранған Жаңаөзен құдды бір аспаннан түскен астероид сияқты. Қала сыртында сәл аттап бассаңыз шіліңгір шілдеде шы­ бын­даған аттардай тоқтаусыз бас шұлғыған сан-

Жұмыр жердің жұмағы сыз скважиналарға көзіңіз түседі. Кен орнына кел­ ге­німізде аты да айтып тұрғандай бірінші болып №1 мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Қайырбек Елеусіновпен кездестік. Қазақ мұнайы­ ның майталмандарының бірі Сағымбай Сариев­тың ұлымын деп перзенттік мақтанышпен өзін таныс­ тыр­ған Қайрекеңнің әңгімесінің әлқиссасы­нан-ақ өзім істедім деп өзеуремейтінін, “мен істедім деген­ ше, ел істеді десейші” деген есті сөзді санасына сіңі­ ріп өскенін аңғардық. Мамандардың айтуынша, Өзен кен орнының бар­­ланған геологиялық қоры 1 млрд. 100 мың тонна мұнайды құрайды. Ал соның нақты өндіріліп, алы­­натыны 488 млн. тонна ретінде болжанған. Қы­ рық­­тың қырқасына көтерілген өндіріс орны бүгін­ ге дейін соның 291 млн. тоннасын өндірген. Жыл соңына дейін мерейтойға сый ретінде жалпы көр­ сет­кішті 300 млн.-ға жеткізу әлі ешкімге жария бо­ла қоймаған ішкі жоспарлары екен. Оған негіз де бар. Бірлестік 5 айдың өзінде 3 млн. тоннаға жуық мұ­ най­дан өндірген, бұл жоспардағыдан 200 мың тон­ надай артық. Мұнда әр жыл сайын істі жаңаша бас­ қару жөнінде өндірістік бағдарламалар әзірленеді. Биыл­ғы меже бойынша 100 скважинаны жұмыс іс­ тету жоспарланған. Жалпы өндіріс орны еңсесін түзе­ген 1999 жылдан бері үздіксіз жаңа ұңғыларды қатар­ға қосып келеді екен. Бір қуанарлығы бір­лес­ тікте кейінгі кездері сатып алынған өндіріске қа­ жетті станоктардың дені Қазақстанда шығарылған. Еліміздің индустриялық-инновациялық бағдар­ла­ ма­сын жүзеге асыру бастамасы сайын дала төсінде де қоңырау қаға бастағаны сүйінішті жәйт. Америка станоктарының аты дардай демесек, Петропавл зауытынан шығарылатын өз бұрғылау ста­

Жұмыр жердің жұмағы нок­тарымыз­дың қылаудан да кемдігі жоқ, дейді Қайырбек Елеусінов. Жерасты жұмыстарын жүргі­ зетін бригадаларға қажетті, құрал-жабдықтар да Қазақстан зауытынан жеткізілуде екен. 2003 жылдан бері жасалатын жаңа технология­лар бағдарламасына сәйкес бүгінде мұнда өнім шыға­ ратын көздерді ашатын технологиялар пайда­ла­нуда. Соның нәтижесінде бұрын қысыр сиырдай тәулігіне 3 тонна ғана мұнай беріп тұрған сква­жи­налардың қазір өнімділігі артып күніне 25-27 тоннаға дейін мұнай соруда. Мына кереметке қараңыздар. Кен орнында жер асты қысымымен мұнайдың өзі шығып жатқан 5 сква­жина бар екен. Бұ­лардан тәулігіне 80 тонна мұнай алынады. Маман­дардың айтуынша, жалпы бір скважи­наны орнатуға шамамен 45 млн. теңге жұмсалады. Ал ол майды масылданбай сорған жағдайда 2-3 айда кеткен шығынның ор­ны толтырылмақ. Мұның сыртында мұнайды уақы­ тында сорып алып жер бетіне шығару, Өзен кен ор­нын қалыпқа келтіру және сауықтыру сияқты бағ­дарламалар бірлестіктің біртіндеп алыпқа айналуына жол салуда. Оған жоғарыда айтқандай, әуелгіде Бүкіләлемдік банк қолдау көрсетсе, қазіргі уақытта Қазақстан инвестициясы да қарап қалған жоқ. Осыған дейін ғылыми тұрғыда егжей-тегжейлі тексеруден өткен кеніште қырық шақты ғылыми зерттеу институттары жұмыс істеген. Соған сәйкес Өзен кен орындарының мұнай құрамы басқа өн­ діріс орындарындағы қара алтын қабаттарына мүл­ дем ұқса­майтыны анықталған. Бұл жөнінде бізге мағлұмат берген бірлестіктегі мұнай қабатының өнімін арт­тыру жөніндегі арнайы басқарма бастығы Қолқанат Құлсариев жыл өткен сайын мұндағы мұ­

Жұмыр жердің жұмағы най құра­мында су мөлшерінің көбейіп, керісінше газ­дың азайып, көмірсутегі өнімінің ауырлап келе жат­қа­нын да жасырмады. Арнайы басқарма бүгінде бұлақ­тың көзін ашқандай жерасты қабаттарына су айдап, мұнай өндіру көлемін арттырудың дәстүрлі тәсіл­дерін іске асыруда. Өндірістік филиал Жаңаөзен қаласындағы әлеу­ меттік салаға мұнайшылардың тұрмыс-тіршілігін жақ­сартуда үнемі батыл шешімдер қабылдап отырады. Ұжым қаладағы мәдени ошақтарға, балалар үйіне, аурухана, емхана, мүгедектер үйіне тұрақты түрде көмек көрсетіп тұрады. Аталмыш компания­ ның әлеуметтік даму департаментінің директоры Жанна Жақыпова осында жаңадан ашылған мұнай­ шылар емханасына алып барды. Жұмыртқа­дай ақ­ шаң­қан ғимарат іші түгелдей қазіргі заманғы емдеу жабдықтарымен жарақталған. Былайша айтқанда, бас ауырып, балтыр сыздаса мұнайшылардың баратын жері орнықты. Әр жазғы маусымда кәсіпорын күшімен 35 мыңнан астам өндірісші еліміздегі және таяу шетелдердегі шипажайларға демалысқа жібе­рі­ ліп тұрады. “Бейнеттің де зейнеті бар” деген осы да. Қаламқастың қазынасы Маңғыстау мұнайы туралы шежірелегенде осын­ дағы алып өндірістің атасы қазіргі уақытта “Маң­ ғыстаумұнайгаз” ашық акционерлік қоғамы аталатын байырғы кәсіпорын екеніне көз жеткізесіз. Қазыналы өңірде қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың ин­дус­ триялық өркендеуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады. Сондықтан да кәсіпорын ғимараты Маң­ғыс­ тау мұнай өнеркәсібінің қара шаңырағы саналады.

Жұмыр жердің жұмағы Акционерлік қоғамға келгенімізде бізді компа­ нияның бас директоры Сағын Қырымқұлов күтіп отыр екен. Омыртқалы өндіріс орнының шылбырын ұстаған білікті басшы өлке тарихымен өзектесіп кеткен өз кәсіпорындарының тарихы мен бүгінгі жағ­ дайын тігісі жатқызылған әңгімемен өріп берді. Еліміз нарықтық экономикаға көше бастаған ал­ ғашқы жылдары “Маңғыстаумұнайгаз” ашық ак­­ цио­­нерлік қоғамы да өтпелі кезеңнің ауыртпа­лық­­ тарын аз көрген жоқ, деп бастады әңгімесін Сағын Қырымқұлов. Өнім өндіру құлдырап, 1998 жылы не­бәрі 3,3 миллион тонна мұнай өндірілді. Сол жы­ лы Қаламқас кен орны ұзақ уақытқа тоқтап қал­ды. Жетібайдың әлеуеті азая бастады. Міне, осындай күр­делі кезеңде Қазақстан Үкіметі акцио­нерлік қо­ ғам жұмысын жүргізуді шетелдік ин­весторларға беру жөнінде тендер жариялап, қар­жы­лы алты үміткердің ішінен оның акцияларын “Сентрал Азия Петролеум ЛТД” компаниясы жеңіп алды. Сол сәттен өндіріс ошағының мемлекет үшін де, Қазақстан халқы үшін де мұнайшылар үшін де, акционерлік қоғам үшін де бірдей тиімді жаңа тарихы басталды. Мұнда жүйелі жүргізілген шаралар еңбек өнім­ді­ лігін барған сайын арттыра түскен. Атап айтқанда, 1998 жылы акционерлік қоғам бойынша барлығы 3347336 тонна өнім өндірілсе, 2001 жылы 4408980 тоннаға жеткен. Қазір тәулігіне 13 мыңнан астам мұнай өндірілуде. Түбектегі ең байырғы Жетібай және оның төңірегіндегі Асар, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Оймаша, Бұрмаша, Солтүстік Қарақия, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар, Солтүстік Аққар, Айран-тақыр, Придо­ рожное шағын кен орындарының әлеуеті арта түскен.

Жұмыр жердің жұмағы Қоғам басшысы бізге Ақтаудан 270 шақырым қа­шықтықта орналасқан етегін қарт Каспийдің ақ­ жал толқындары аймалап жатқан Қаламқас ке­ні­­ ші­­не барып қайту жөнінде ұсыныс білдірді. Жол көр­сетуші ретінде жанымызға компанияның жұрт­ шы­лықпен байланыс жөніндегі бөлім бастығы, ақын Мырзағали Іңірбаевты қосып беріп тұрып, кенішті өз көздеріңізбен көрмей тұрып, келісті дүние жаза алмайтындарыңызды білем. Аңызақ далада арқа еті арша боп жүрген мұнайшылар туралы қалам тер­ бесеңіздер олар да бір марқайып қалар еді деді біз­ бен қоштасып. Бозащы түбегіне қарай қара жолды тіліп бара жатқан көлігіміз Қарақия ойпатынан біркөштік жер жүргеннен кейін алдымыздан ақшаңқан адырлар менмұндалады. Ақеспе тауы табиғат шебердің он саусағын майыстыра отырып оймыштап жасаған озық туындысы екен. Ашық даладағы ақтастарды ғасырлар бойы жел үңгіп, жаратылыс қайталанбас мүсіндерді асықпай сомдап-ақ берген. Қаламқас кен орнында бізді басқарма бастығы­ ның орынбасары Бауыржан Жолшоринов қарсы алды. Сонымен қаздай тізілген скважиналар топ­ тарын, кішігірім төбедей алып қазандарды, мұнай­ шылар жатағын аралауды бастадық. Қаламқас кен орны 1979 жылдан игеріліп келеді. Оның қойнауларында жалпы мұнай қоры 510 миллион тоннадан астам 13 өнімді деңгей бар. Бізбен жол серіктес ақын Мырзағали Іңірбаевтың өлеңдерінің дені мұрты бұзылмаған мұнай тақы­рыбына арналған. Бозащының алып мұнай алаңы Жаутаң-жаутаң көкке тіктеп жанарын. Қаламқасты дамбы мығым қорғап тұр, Секілденіп Ұлы Қытай қамалы.

Жұмыр жердің жұмағы Қаламқасқа Қытай қорғанын салатындай сонша­ ма не болыпты. Әлде қара алтынға көз алартушы­ ларға қарсы қойылған қақпа ма екен? Көкейдегі түйткілді көзбен көрген көрініс лезде тарқатып жіберді. Бақсақ, жоғарыда айтқанымыздай, теңізбен қоңсы қонған кенішті бір жылдары көк толқынды көршісі көшіріп жібере жаздаған екен. Теңізден келетін қауіпті ойлаған мұнайшылар жағалауды бойлай ұзындығы 31 шақырымдық бөгет салған. Каспийді жағалаған жасанды жал батыстан-оңтүстік шығысқа қарай созылып жатыр. Жүріп келеміз. Көріп келеміз. Көзге бір түскені электр бағандары белуарына дейін қапталып тас­ талған. Әлгі жерде не екенін сұраймыз ғой. Сөйтсек, темір бетоннан жасалған зілмауыр бағанның сира­ ғын сор жердің топырақ құрамындағы тұтқыр тұзы жегі құрттай жеміріп діңге түскен дерт сорлы бағаның діңкесін құртып құлатып тынады екен. Бетон бағана қымбат әрі ауыр. Оны ауыстырудың бейнетін айтсаңшы. Мұнайшы электрик мамандар бұл бейнеттің де қисынын тауыпты. Тапқан амалдары бағандарға етік кигізу. Оның мәнісі бағанның сирағын тереңдете қазып, диаметрі үлкен тұрба кигізіп, аралығын бетонмен құйып тастайды екен. Қазақы сөздің майын тамызып айтатын Бауыржан Жолшоринов жол-жөнекей бас шұлғи беретін басыбайлы құлға ұқсап кететін ұңғылардан бөлек тәпелтек бойлы “мінезі мізбақпас” скважиналарды көрсетті. Мұндай бұрандалы сорап мұнайды насос арқылы сорады екен. Байырғыларға қарағанда тө­зім­ ділігі де жоғары. Қақ маңдайымызда төредей болып төрт қазан тұр. Қаламқастағы 2000-ға тарта скважиналардан со-

Жұмыр жердің жұмағы рылатын шикі мұнай осы қазандықтарға құйылады екен. Ал одан әрі халықаралық құбырларға құйылып “Кетпен тау” асып кете барады. Қаламқаста кілең қазақтар. Барлығы отыз бен қырықтың арасында қалшылдап тұрған жас перілер. Барлығымен амандасып жүрміз. Әңгімелерінен өн­ дірістің тамыр бүлкілін таныған кәнігі мамандар екенін байқайсың. Ара-тұра қазақша нұсқау беріп қояды. Өзімізге де әлі өгейсініп жүрген мұнай са­ ла­сындағы қазақшаланған бірқатар жаңа терминдер олардың іс жүргізу тіліне баяғыда-ақ кірігіп кеткенін аңғардық. Кеніште вахталық әдіспен 2500-дей адам еңбек етеді. Акционерлік қоғам басшылығы барлық жағ­ дайды жасапты. Теңізбен тілдесіп еңселі-еңселі жа­ тақ­ханалар қалашығы тұр. Іші мұнтаздай. Самаладай бөлмелер. Жаңа жиһаздар. Тұрмыстық қызмет жүйелері, кітапхана, дене шынықтырумен айналы­ сатын орындар, пошта және телефон байланысы жұмыс істейді. Мұнайшыларға үш мезгіл тегін та­ мақ беріледі. Осы жерде басқарма басшылары мы­­на­дай қызық жәйтті айтып берді. Бір кез­дері түн­гі ауысымдарға баратындардың біразы байқа­ май уақыт оздырып алып, кешкі тамақтарын ішпей жұ­мысқа шығып кетіп жүріпті. Ал аш адамның өнік­ті жұмыс істей алмасы белгілі. Бұған қоса отбасынан жырақта жүрген азамат қапелімде ауру тауып жатса ол да жақсылық емес. Соған сәйкес акцио­нерлік қоғам басшылығы мұнайшылардың тамағын уақытылы ішуді қадағалау жөнінде арнайы бұйрық шығарып­ты. Езу тартқызса да есті шешім екенін аңғаруға болады. Акционерлік қоғам барлық кеніштерді қоса есептегенде жылына 80 млн.

Жұмыр жердің жұмағы тең­гені жұмысшылардың ас-суына бөліп тұрады екен. Сонымен бірге әр оқу жылының алдында мұнайшылар отбасындағы әр балаға киім-кешегі үшін 5 мың теңгеден беріліп тұрады. Қаламқастан қас қараймай аттанып кеттік. Артта қол бұлғаған мұнайшылар, бас шұлғыған “сорғылар” қалып бара жатты. Маңғыстау облысы. «Егемен Қазақстан» 29 маусым 2004 ж. Электронды үкімет Өркениеттің озық үлгісі туралы не білеміз? Адамзат түйсігінің қырқыншы қатпарында әлі аршылмаған таңғажайып жаңалық болмаса бүгінде осы заманғы озық үлгілермен ешкімді таң­қал­ды­ ра алмайсыз. Өйткені, қазіргі жаһандану тұ­сын­ да жаңашыл игіліктердің барлығы дерлік жал­пы адамзаттық сипатқа ие болып отыр. Адамның ин­ тел­­лектуалдық мүмкіндігі XX ғасырда-ақ Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтсақ «Адамды құстай ұшы­рып, отынсыз тамақ пісіріп, сусыздан сусын іші­ріп» қойған. Сондықтан да өзіміз «электронды ғасыр» деп ат қойып, айдар тағып жүрген жаңа жүз­жылдықтың «туындысына» айналатын электронды үкімет аспаннан түскен астероид емес. Өр­ке­ниеттің жаңашыл жүйесі қарапайым тілмен айт­қанда адамдар арасындағы қағазбасты қарымқатынасты электрондық үлгімен жеңілдететін құ­ рал. Ал ресми түсініктеме бойынша электронды үкімет халыққа ақпараттық технологиялар, дәлірек

Жұмыр жердің жұмағы айтсақ интернет жүйесі арқылы жедел, сапалы әрі арзан бағада мемлекеттік қызметтердің барлық тү­ рін ұсыну болып табылады. Бірақ, республика­мызда ғана емес, тұтастай ТМД елдері шеңберінде әлі күнге дейін толысқан интернеттік инфрақұры­лым қалыптаспағандықтан да мемлекетті электронды бас­қару жүйесін бір ауыз түсіндірмемен қа­былдай салу оңай емес. Мысал үшін айтсақ, электроника саласын игеруге икемі мол Ресей елінің жалпы мемлекеттік шенеуніктерінің 70 пайызы бү­ гінде дербес компьютерді иемденгенімен, олардың небәрі 2 пайызы ғана әлемдік интернет желісіне қосылған. Соған сәйкес осы елде электронды үкімет құру мәселесіне орай өткізілген үлкен басқосуда жоғары лауазымды шенеуніктердің бірінің «елімізде қалыпты қызмет етіп жатқан үкімет барда қосымша электронды үкімет жасақтаудың қажеті қанша? Оның премьер-министрі кім болмақ?» деуінің өзінен бұрынғы кеңестік кеңістік аясында орнықты ақ­параттық технологиялар жүйесінің ауылы әлі де алыс­тау жатқанын аңғаруға болады. Алайда, өркениет көшіне өз ықтиярыңмен шұ­ ғыл қадам баспасаң, заманның жаңа үрдістерін бір демде-ақ жатырқап шыға келуің анық. Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізге әлем­ дегі ең озық үлгілер мен үрдістерді енгізуге деген табанды бастамашылығын атап өткен жөн. Таяуда өткен республикамыздың биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық да­му қорытындыларына арналған Үкіметтің қеңей­ тіл­ген отырысында Елбасы мемлекетіміздің келе­ шегі үшін маңызды осы мәселені тағы бір рет тереңінен қозғады. Игілікті істің кешеуілдеуін сын

Жұмыр жердің жұмағы тезіне ала келе, «бұл қазіргі шенеуніктер қызметін қарапайым автоматтандыру емес, басымдықка ие маңызды міндет. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін осы жүйе арқылы барлық аппарат жұмысын тереңдете қайта құруға және тұрғындар мен кәсіпорындардың билікпен өзара қарым-қатынасын жеңілдетуге қол жеткізуге болады деп, Үкіметке нақты бағытты айқындап берген еді. Тақырыпты таратар болсақ, қазіргі уақытта елі­мізде электронды үкімет құрудың тұжырым­ да­­масы мен стратегиясының басымдықтары ай­ қын­­далу үстінде. Оған үстіміздегі жылдың нау­ рыз айында Қазақстан Республикасы АҚШ-тың «Mic­rosoft» компаниясымен ақпараттық техноло­ гия­ларды дамыту және енгізу жөніндегі ынтымақ­ тастық туралы меморандумға қол қойып, онда елі­ мізде ақпараттық қауіпсіздікті камтамасыз ету жә­не ақпараттық технология саласы бойынша тұрғын­ дардың сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар ұйымдастыру мәселелерінің қарастырылуы өзек болып отыр. Жалпы, электронды үкімет ол интернет арқылы жекелеген ведомстволар арасындағы өзара қарымқатынас тетігін жеңілдету ғана деп түсіну жаң­сақ­ тық. Дәлірек айтсақ, бұл жүйе арқылы келешекте республикамыздың шағын және орта бизнес өкілдері уақыты мен қаржысын ысырап етпей, өз үйінде немесе кәсіпорнында отырып-ақ жекелеген құжаттарын электрондық құралдың күшімен тір­кеуге, ресімдеуге, лицензия алуға, қосымша құн салығы бойынша есеп беруге, кедендік декларация­ларды толтыруға, статистикалық органдарға ақпа­рат беруге және

Жұмыр жердің жұмағы мемлекеттік сатып алу іс-шарала­рына қатысуға кең мүмкіндіктер алады. «Microsoft» компаниясының өкілдері бизнес­мен­ дердің мемлекеттік органдармен интернет арқылы өзара қарым-қатынасты жандандыруы өндірістік қызметпен қосамжарлана жүретін ресми ресімделу шаралары мен кеңселік сөзбұйдалықтың жолын кесіп, жеке компаниялардың бәсекеге қабілеттігін күрт арттырады дейді. Айта кету керек, электронды құжат айналымы жеке тұлғалар үшін де тиімді болмақ. Айталык, әрбір азамат тұрғылықты жеріне тіркелу, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін ресімдеу, салық декларациясын толтыру және ұсыну, туу немесе неке туралы куәліктерін алу үшін ендігі жерде ертелі-кеш бір ведомстводан екіншісіне сабылып жүрмейді. Сондай-ақ құлқынсәріден қара кешке дейін кезекте тұру сияқты берекесіз бейнеттен құтылады. Жаңа құжат айналымында барлық өтінімдер формасы мен электронды адрестер тиісті сайттарға орналастырылып бермек. Мұндай жағдайда үйіңізде тек интернетке қосылған компьютеріңіз болса жеткілікті. Бұған қоса жеке тұлғалардың мемлекеттік органдар қызметі туралы ашық ақпаратпен қамтамасыз етілуі қарапайым тұрғындардың қоғамдық өмір мен демократиялық процестерге белсене араласуларына ұйтқы болмақ. Осыған орай электронды құжат айналымы Үкімет тұжырымдамасының жобасында «коммуникациялық жүйесі мен талдау және шешім қабылдау құралдары орналастырылған, ауқымды және икемді мәліметтер базасы бар бірыңғай организм» деп көрсетіледі. Тұтастай алғанда, электронды үкіметті енгізу нәтижесінде мемлекеттік басқару

Жұмыр жердің жұмағы жүйесі бойынша ақпараттық ашықтық арттыры­­ лып, азаматтардың жекелеген және қоғамдық ма­ ңызға ие құпия емес мемлекеттік акпараттарды ер­ кін алуларына жағдай туғызылмақ. Қазіргі уақытта осы бағытта ақпараттык телекоммуникациялық ре­ сурстар құжаттамаларын мемлекеттік тіркеу, са­рап­­­ та­малық жүйелер мен бағдарламаларды сертификаттау, сондай-ақ ресми электронды адрестер мен анықтамаларды құру жұмыстары жүргізілуде. Ал электронды үкіметтің инфрақұрылымы әлі де әзір­ лену үстінде. Бүгінде осы мәселемен айналысатын мемлекеттік органдар озық жүйенің техникалық сипаттамалары мен нормативтерін реттейтін құ­ жат­тар жобасын әзірлеп, сатып алынатын құралдар бағасын анықтауда. Қазақстан 2005-2007 жылдар аралығында, осы жүйенің инфрақұрылымын то­ лық­­тай енгізуді межелеп отыр. Бірінші кезеңінде сайт­­тарда министрліктердің жалпы сипаттағы ақ­ па­рат­тары жарияланады. Атап айтқанда, тиісті тұл­ ғалардың тізімдері мен байланыс телефондары, өтініш иелерін кабылдау сағаттары және құжаттар үлгісі орналастырылады. Екінші кезеңге салық және статистикалык есептерді ұсыну, бос жұмыс орындарын іздестіру сияқты қарапайым интерактивті сервистер жүзеге асырылады. Ал үшінші кезеңде, онлайн режимі бойынша екі жақты, яғни қаржылық және заңдық операциялар толығымен жетілдірілмек. Осыған сәйкес қызметтер тізбесі қажеттілік ауқы­ мына қарай арта бермек. Негізінен аталмыш жүйе бүгінде Еуропа, Орта­ лық және Шығыс Азия елдерінде кең қанат жайып отыр. Мәселен, Германияда егер де салық төлеуші өз құжаттарын электрондық үлгімен ұсынатын болса,

Жұмыр жердің жұмағы онда жеке тұлғадан алым алынбауы қарастырылған. Ал АҚШ жыл сайын елдегі ақпараттандыру және онлайн-сервисті жеңілдету жөнінде конкурстар ұйым­дастырып отыруды дәстүрге айналдырған. Со­ ған сәйкес таяуда өткізілген кезекті байқау барысында озық деп саналған салық декларациясының оңайлатылған нұсқасы көпшілікке ұсынылды. Осы орайда озық технологияларды енгізу бойынша әрдайым алда жүретін Англияның өзі 2005 жылы үкіметін осы жүйеге енгізіп, әзірге ел тұрғындардың 70 пайызы ғана жаңа қызмет үлгісін пайдалана алатынын ескерсек, жас мемлекетіміз бұл бағытта аршынды қадам жасап отыр деп баға беруге болады. Және де орайы келгенде айта кетер жәйт, көршілес Ресей мен Қырғызстан елдері бұл жүйені 2010 жылға дейін енгізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда орталық мемлекет­тік органдардың ресми түрде 32 сайты тіркелген. Аталған сайттарға әзірге министрліктер туралы ақпараттар, нормативтік актілер мен статистикалық көрсеткіштер және сала қызметіндегі азын-аулақ жаңалықтар ғана орналастырылған. Ал бұл бағыт­тағы ілгері істерді санамаласақ, бүгінде Қаржы минис­трлігі өз сайты арқылы салық төлеушілермен интерактивті қатынас режимі бойынша байланыс­ты орнықтырса, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек рыногы­ның мәліметтер базасын ашқан. Сондай-ақ, Мемлекеттік сатып алу жө­ніндегі агенттік өткізілетін тендерлер, олардың қоры­тын­дылары туралы мәліметтерді жариялап, жет­кізілімшілер мен тауарлар туралы ақпараттар ұсынып, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асырып келеді. Бұған қоса Үкіметтің салық және кеден салала­

Жұмыр жердің жұмағы рының ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі іс-ша­ ра­лары оң нәтиже бере бастады. Былтырғы жылы салық төлеушілер осы жүйенің интерактивті режим үлгісімен салықтың барлық түрлері бойынша дек­ ла­рацияларын ұсынып, өз жеке есеп-шоттарына еркін кіруге, қайта тексеруге мүмкіндік алды. Алайда мамандардың пікірінше, аталмыш электрондық фор­малар әлі де жетілдіруді қажет еді. Мәселен, ақ­­ параттарды жаңарту кезінде есептердің кілттеліп қалу оқиғалары аз тіркелмеген. Сонымен бірге тиіс­ті ақ­ параттық қамтамасыз ету жұмыстарында болатын ақау­лар кезінде электронды форматтағы сандар­­ дың өзгеріп кетуі қосымша қиындықтар әкелуде. Яғ­ ни, бір қарағанда кәсіпорын жұмысын жеңіл­детеді деп есептелінген жүйе керісінше си­патқа да ие болып кетуде. Салық саласының маман­дары осыған дейін электронды есеп беру жүйесі дәстүрлі қағаз үл­гісімен балама түрде жүргізіліп келсе, енді барлық салық төлеушіге электронды формамен есеп беру мін­деттеліп отырғанын айтады. Ал әзірге қабілеті аз байланыс арналары мұншама мол ақпараттар ағынын толықтай өткізуді қамтамасыз ете алмауда. Бұған қо­ са сыртқы экономикалық қыз­метке қаты­су­шылар биылғы жылдың басында ашылған кеден саласының ақпараттық жүйесі (ТАИС) бойынша электронды үлгімен кедендік декларацияларды тол­тырғанымен, оны электронды пошта арқылы жол­дау­ға толық мүмкіндік ала алмай отыр. Және де элек­тронды фор­ мадағы өзгерістер өз уақытында енгі­зілмеу салдарынан клиенттер мен брокерлік ком­паниялар шығынға ұшырауда. Қазіргі уақытта елімізде электрондық формат

Жұмыр жердің жұмағы пен мәліметтер алмасудың ұлттық стандарты әзір­ ленуде. Бұл ведомстволық ақпараттар жүйесінің өзара ықпалдастығын арттыруға сеп болмақ. Жалпы, құжат айналымын электрондық форматқа көшіру, электрондық қол қоюды мемлекеттік тұр­ғы­да заңды және жеке тұлғалар арқылы нақтылау үшін тиісті құқықтық тетіктер түзілуі тиіс. Осыған байланысты елімізде «Ақпараттандыру туралы» және «Электронды құжат және электронды сандық қол қою туралы» заңдар, бірқатар тиісті қаулылар қабылданды. Ақ­параттандыру агенттігі жаһандық желіде «kz» ұлттық сегментін дамытуға қатысты бұйрықтар жобасын дайындауда. Мамандардың айтуынша, бү­ гінде үкіметті электрондауға қажетті қаржы көлемі толық есептелінбеген және оның эко­номикалық тиім­ділігі мен өзін-өзі ақтаудың болжамды мерзімі ай­қын­далмаған. Тұжырымдама жобасына мұндай көр­сеткіштер енгізілмегендіктен, тек Ақпараттанды­ ру агенттігі 2005 жылы бұл шараға 6,3 миллиард теңге кажеттігі жөнінде есеп берген. Ендігі жерде бұл жүйе елімізде жоғары мемлекеттік билік тарапынан саяси шешімін тапқандықтан да мемлекеттік бағдарлама жобасына енгізіліп, оның нақты есебі анықталмақ. Көрші елдердің есебіне жүгінсек, бүгінде Ресей бұл жүйеге 2,4 миллиард доллар инвестиция тартуды көздеп отыр. Оның сыртында білікті мамандар даярлауға қосымша, қаржы қарастырған. Әзірге көзбен көріп, қолмен ұстап көрмеген­дік­­ тен бе, электронды құжат айналымының табыс­ты­ лығына күмәнмен қараушылар аз емес. Олардың айтар уәждері осыған дейін ешкімді есігінен сы­ға­латпай келген шенеунік енді кеңсесінің едені тоздырмайтын

Жұмыр жердің жұмағы электронды формадағы құжаттарға қарауды сиретіп, бюрократия одан әрі өршіп кетуі мүмкін. Немесе осыған дейін ашықтығын қамтамасыз ете ал­маған ведомстволар электрондық форма арқылы құ­шағын бірден айқара аша салады деу артық деген де пікірлер кездеседі. Алайда азаматтарға электрон­ды құжат бұрынғыдай көп қағаздың арасында көміліп қалмай, нақты тапсырманың орындалуы тиісті органдар тарапынан қатаң бақылауда бо­ла­тынын еске салмақпыз. Электронды үкіметті қол­данысқа енгізуде бірқатар күр­делі мәселелер көл­денең тартылмақ. Оның негіз­ гі­сі ақпараттық қауіп­сіздік дер едік. Мамандардың айтуы бойынша «Microsoft» корпорациясымен өзара түсінік және ын­ты­мақтас­тық туралы қол қойылған меморандумда аталған салада электронды үкіметті жүзеге асыру әзірге ха­лық­аралық тәжірибелер жолымен ғана қолдау көр­сетіледі делінген. Ал онлайн карточкаларын бұзу қаупі әлі күнге сақталып отырған уақытта ақпа­раттың ұрлануына тосқауыл қою қызмет көр­сетуші компанияның мемлекет меншігінді болуымен шешілмек емес. Осыған орай Ақпараттандыру агенттігінің өкілдері бүгінде желідегі ақпаратты қор­ ғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етудің мүм­кін деген барлық жолдарын қарастыруда. Жасыратыны жоқ, ел тұрғындарының электронды желіде жұмыс істеу сауатының жеткіліксіздігі және халық санының аздығы тағы бір түйіні тар­ қатылмаған проблема ретінде қарастырылып отыр. Мамандар таяу арада отандастарымыздың жаңа жү­ йе­ге жаппай құлшыныс білдіріп, сингапурлық дең­ гейге бірден секіруіміз неғайбыл екенін айтуда. Зерт­теу орталықтарының мәліметтері көрсетіп отыр­

Жұмыр жердің жұмағы ған­дай, бүгінгі таңда қазақстандық студенттердің 92, басшылық қызметтердегілердің 72 пайызы, түр­лі са­ ла мамандарының 64, қыз­метшілердің 62 пайы­зы компьютерді мең­гер­ген. Сондай-ақ, елі­міздегі кәсіп­ кер­лердің 51 пайызы электронды жүйемен жұмыс істей алса, үй шаруа­сындағы және жас аналардың 35 пайызы, жұ­мыс­сыз­дар мен уақытша жұмыссыздар­ дың 32, жұмысшылардын 28, зейнеткерлердің 6 пайы­зы ғана компьютерді үйренген. Бұған ауыл­дық аумақтарда әлі компьютердің маңы­на жуыма­ған тұр­ ғындарды қосатын болсақ, статистикалық әлеует­тің шынында да төмен екендігін аңғаруға болады. Үкімет тұжырымдамасында аталған проблема­ ны түпкілікті жою үшін жоғары оқу орындары мен мектептерде жаңа бағдарламаны оқыту шара­лары қа­растырылған. Ал техникалық жағынан өңір­лер­ге бұл жүйені дамыту бірінші кезекте «Қа­зақ­те­леком», «Қазпошта» кәсіпорындарының ком­­му­ни­кация­лық инфрақұрылымдарын жетіл­ді­ру­мен ті­ке­лей бай­ла­­ нысты болмақ. Ең бастысы, Үкімет тұжы­рым­да­ма­ сында жаңа ақпараттық комму­ни­ка­циялық қыз­мет­тер мен әлеуметтік маңызды ақ­па­раттар аза­мат­тар­дың түрғылықты орны мен әлеу­меттік-эконо­микалық жағ­дайларына қарамас­тан барлық қазақ­стан­дыққа тең жағдайда қамтамасыз етіледі деп қа­дап көрсетілуі дәт­ке қуат береді. «Егемен Қазақстан» 21 тамыз 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы «Көлеңкеде» көлбеңдеген көп ақша

Қай заманнан бері көлеңкелі экономика атала­ тын жетіқұрттай жемір құбылыс әлем елдері эко­но­ микасының діңіне түсіп, діңкелетіп келеді. Соңын­ да шырақ алып түссең де шым батып кетпейтін «кө­­леңке» «дәніккен қарсақ құлағымен ін қазарды» айтқан қазаққа да жат емес. Соңғы дерекке жүгін­ сек, республикада жасырын экономиканың көлемі 30% өсіп кеткен. Алайда «көлеңкенің» көр­сет­кі­ шін азайтуда Үкімет үнсіз қалып отырған жоқ. Елі­міз екі жыл бұрын бұл жат құбылысқа қар­сы күрес шараларын бастап кетті. Қалтарыста қал­ған қаражатты қазынаға қайтаруда Қазақстан ТМД ел­ де­рі ішінде бірінші болып қаржы амнистия­сын жариялады. Ұлттық экономиканың денесіне дендей бас­таған дертке «дем салу» үшін қазіргі уақытта ел Үкіметі көлеңкелі экономика көлемін азайту жө­нін­ дегі ұйымдастыру шаралары және эко­но­ми­ка­лық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде 2004-2010 жж. арналған бағдарламаның жобасын тал­қы­лауда. «Балапанды күзде санайтындай», енді бұл талпыныстың тағдырын болашақ көрсетпек. Статистика мамандарының пікірінше, көлеңкелі экономиканың дәлме-дәл көлемін анықтау аса күр­ делі шаруа. Өйткені аты айтып тұрғандай-ақ, жасырын сипатта жасалатын ұрлықты тірлік заңды өл­ шемге әсте көне бермейді. Оның болжамды кө­ле­мін есептеуде лажсыздан жанама тәсілдерді қол­да­нуға тура келуде. Австрия экономисі Фридрих Шнай­ дердің айтуынша, бүгінде әлемде жыл сайын 8 триллион АҚШ доллары жекелеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми статистика­лары

Жұмыр жердің жұмағы мен кәсіпорындарының бухгалтерлік есептеріне енбей қалуда. Таразылар болсақ, сонда жаһандық жасырын қаржының 12 айлық көлемі әлемдегі ең ірі алпауыт – АҚШ экономикасының деңгейімен пара-пар. Тақырып аясын таратар болсақ, өткен ғасырдың 95-ші жылдары дамыған елдерде көлеңкелі экономика ІЖӨ-нің 12%-на, өтпелі экономикалы елдерде 23%-на, дамушы елдерде 39%-на тең. Бір қызығы, салыстырмалы көрсеткіштен бай­­қап отырғандарыңыздай, нарықтық экономикасы өр­ кен­деген елдерде көлеңкелі сектор дамылсыз даму сипатына ие болып отыр. Таяуда ғана Олимпия ойындарын өткізген Грекияда 1998 жылы көлеңкелі сектордың көлемі ресми мәліметте ішкі жалпы өнім­ нің 29 пайызын құраған. Бұдан кейінгі сатыда Италия – 27%, Испания – 23,4%, Бельгия – 23,4% тұрақ­ таған. Ал Ирландия, Канада, Франция, Германия елдерінде жасырын қаржы айналымы 14,9%-дан 16,3% аралығында болса, төменгі деңгейде деп сана­ ла­­тын Австрияда – 9,1% , АҚШ-та – 8,9%, Швейцарияда 8,0% болған. Соның өзінде аз көрсеткішті ақ­шаға шаққанда Құрама Штаттардағы «жүгенсіз» қар­жы 700 млрд. доллар, Италияда – 310 млрд., ал Ұлы­британияда 190 млрд. долларға жеткен. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» де­ мек­ші, Нигерияда көлеңкелі экономика елдің ішкі жалпы өнімінің 76 пайызына дейін тұсаулап алған. Бұл тізімге Тайланд – 71%, Египет – 68%, Боливия – 66%, Панама 62%-бен енеді.­ Енді бір кездері іргесі мен ішіп-жемі ортақ кеңес­тік кеңістікке оралсақ, Мәскеу әлеуметтік-эко­но­мика­лық проблемалар инс­ титутының мәліметінше, 1973 жылы КСРО-ның көлеңкелі секторы 3% болса, 1990-1991 жылдары

Жұмыр жердің жұмағы 10-11%, ал сол ортақ қазанның құлағын ұстап келген Ресейде 1996 жылы жасырын қаржы айналымы бірден 46%-ға шарықтап кеткен. Статистикалық зерттеулерге сәйкес 90-жылдардың басында Грузия экономикасында көлеңкелі сектор 43-51% болса, Әзірбайжанда 34-41% құрады. Бұл кестеге Қазақстан 23-30%-бен енген. Ақшаның ауыздықтылмауы туралы тағы бір мысал. Ресми дерек бойынша Албанияда әр азаматтың орташа айлық табысы 70 доллар болса, бүгінде бұл елдегі 3,2 млн. тұрғынға 500 мың автомобиль тір­ келген. Әрі елдегі жеңіл автокөліктердің 60 пайызы аз ақша тұрмайтын «Мерседес» маркалы мә­ши­нелер болып табылады. Зерттеушілер бұл құбылыс өзгелерге қа­ра­ғанда әсіресе жаңа экономикалық реформалар жүр­гізіп жатқан жас мемлекеттер үшін аса қауіпті еке­ нін алға тартады. Өйткені, мұндай елдерде эко­но­ микалық тетіктерді реттейтін құқықтық база толық жетілдірілмегендіктен де тиісті реформалар шұғыл өзгерістерге ұшырап отырады және де мемлекеттік органдар немесе кәсіпкерлік саладағы мамандардың өтпелі кезеңдегі жұмыс тәжірибесінің аздығы да бұған өз әсерін тигізеді. Мұның сыртында нарыққа икемделген кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер са­ ны­ның күрт өсуі, шаруашылық субъектілерінің се­­нім­­сіз қаржылық есебі және есептік тәртіптің тө­мен деңгейі көлеңкелі экономиканың кесе-көл­ де­­нең­­деуіне жол ашпақ. Сондықтан да Қазақстан да өзге транзиттік экономикасы бар ел­дер­дің бі­ рі ре­тінде бақылаусыз сектор көлемі едәуір мем­ ле­кеттің қатарына жатады. Республика Ста­ тис­тика агенттігінің есептеуінше, 2002 жылы

Жұмыр жердің жұмағы рес­­пуб­­ликамыздағы ішкі жалпы өнім көлемі 24,637 млрд. доллар құраса, оның 5,667 млрд. доллары бақы­лаусыз секторда өндірілген өнімнің үлесіне тиеді. Яғни, осыншама орасан қаржыдан мемлекетке бір тиын да салық түскен жоқ. Егер де сол кездегі өлшеммен корпоративтік салықтың ең жоғары ставкасы 30 пайыз деп есептесек, онда ел бюджеті ең аз дегенде 1,7 млрд. доллардан айрылған. Ең аз деуіміз елі­міз­дің салық салу тәртібінде қосымша құн сияқты өзге де салықтар мен төлем түрлері бар екенін ес­ ке­руіміз керек. Отандық статистер көлеңкелі экономиканы түпкілікті түсініп, оған объективті баға беру үшін бұл құбылыстың астарында не жат­қа­нын анық айқындап алған жөн деп есептейді. Олар­дың пікірінше, кейінгі кездері көлеңкелі экономика ұғымын айқындауда және терминді тиісінше қол­дануда бірыңғай жүйе қалыптаспаған. Айталық, халықаралық ұйымдар стандарты бойынша жұмыс істейтін республика Статистика агенттігінің бұл бағытта бақылаусыз экономика деген терминді қол­­данысқа енгізген. Ал бұл атау заңсыз, жария етіл­­меген және бейресми қызметтер түрлері деген ұғым­да береді. Аталған терминдерде түрлі мазмұн бе­ріліп жіктелуіне байланысты аталмыш құбылысты ресми түрде айқындайтын нақты ұғымның қажет­ тілігі туады. Бір қарағанда, бақылаусыз экономика заңсыз экономика қызметімен қабыса келсе, есірткі бизнесі, жезөкшелік, қару-жарақ саудасы, контрабанда сияқты қылмыс түрлерін белгілейтіні анық. Бұған сонымен бірге қылмыстың парақорлық, ұрлық сияқты өндірушінің қолындағы кірісті қайта бөлуді ғана көздейтін экономикалық емес заңға қай­ шы қызмет түрлері де енеді. Қазіргі уақытта статис­

Жұмыр жердің жұмағы тика мамандары еліміздің макроэкономикалық көр­ сеткіштерінің есебіне сүйене отырып, бақылаусыз экономиканы жария етілмеген және заңсыз деп екі­ге жіктеп отыр. Әрине, жария етілмеген қызмет бі­рін­­ ші кезекте қолма-қол есеп жүргізетін тауарлар мен қызметтер сатылымында көп көрініс табатыны анық. Бақылаусыз экономиканың динамикалық өз­ге­ рісін тұтастай алып қарасақ, ол 1996-97 жылдары шарықтау шегіне жетіп, еліміздегі ІЖӨ-нің 4044%-ына дейінгі үлесін иемденген. Бұл сол кезеңде Қазақстанда мемлекет меншігіндегі ірі нысандарды жекешелендіру шараларының жаппай жүргізілуіне байланысты орын алған. Соның ішінде қаржы айналымы мығым мұнай-газ және металлургия са­ла­ла­ рының нысандарын бірінші кезекке қоюға болады. Бақылаусыз экономиканың ел дамуына бөгесін болар кері әсері мен проблемалық күрделілігі бесенеден белгілі. Мәселен, 2002 жылы еліміздің ішкі жалпы өнім құрылымындағы сауда үлесі 12% құра­ ды. Ал осы сауда саласынан ел бюджетіне түсетін са­ лық мөлшері небәрі 4,4% болған. Ал ІЖӨ бойын­ша қызмет көрсету саласы 51% құрағанымен, бюджетке республикадағы түсуі тиіс барлық салық түрлері­нің үштен бірі ғана аударылған. Статистика мамандары еліміздегі тауар өндірісі са­ласында ауыл, орман және балық шаруашы­лық­­ тарының ІЖӨ-ге шаққандағы үлесі және осы са­ла­­ лардың бюджетке төлейтін төлемдерінің үле­сі бірбіріне сәйкес келмейтінін жеткізеді. Бұл әсі­ре­се ауыл шаруашылығына тікелей байланыс­ты. Бірқатарлары ауылдықтар өз кіріс­терін жасыруға бейім деген жауаппен тү­сі­нік бергісі келеді. Ал оған тереңірек үңілсек, көп­теген салаларда өнім өндірісінің айтарлықтай

Жұмыр жердің жұмағы үле­сі бөлшек-сауда, көлік сияқты басқа да қызмет түр­лері енетін үй шаруашылығына тиеді. Бүгінгі таң­да осы қызметтердің нақты есебі тіркелмеген. Және де үй шаруашылығында өнім өндірудің ұйым­ дас­ты­рушылық құрылымы отбасылық қатынастарға құрылғандықтан да еңбек пен капиталдың нақты бөлі­нісі күңгірт күйінде қалып қоюда. Бұған сондайақ көптеген кәсіпорындардың өнім көрсеткіштері дең­гей­ін төмен көрсетуі мен ресми мекемелерден тіркеуден өтпеген өндіріс орындарын, күнделікті ассуын айырып жүрген жалдамалы жұмысшыларды да қосуға болады. Мамандар сондай-ақ бейресми өндірістің есе­ бін жүргізуде қиындықтардың туындауы үй шар­ уа­шылығындағылардың өз өнімдерінің нақты мөл­ шерін көрсетуге деген талпыныстың болмауы­нан емес, алғашқы есепті мүлдем жүргізбеуінен еке­нін айтады. Оған әсіресе ауыл шаруашылығы өнді­ру­ шілерінің есеп жүргізудегі білім деңгейінің төмен­ ді­гі себеп болуда. Сондықтан да бейресми өндіріс туралы, оның ішінде ауыл шаруашылығы, сауда, құры­лыс және қызмет көрсету салалары бойынша ста­тистикалық нақты ақпараттар алуға жүйелі бақы­ лау арқасында ғана қол жеткізілмек. Республикамызда бейресми экономиканың салалар бойынша үлесі әрқалай. Атап айтқанда, 2002 жылы ауыл шаруашылығындағы жария етілмеген және бейресми қызметтің үлесі қосымша құнның шамамен 5%-на, өнеркәсіпте 3%-на тең болса, жылжымайтын мүлік, жалға беру және қызмет көрсету операцияларында кәсіпорындардың бақылаусыз эко­но­микадағы үлесі 4%-ды құраған. Байқап қарасақ, бақылаусыз экономиканың ел да-

Жұмыр жердің жұмағы муына тұсау салар тұстары аз емес. Айталық, бі­рінші кезекте салық салу көлемі азаяды. Соның салдарынан экономиканың жариялы секторына салық салу көлемі өсіп, олардың бәсекелестік қабілеті тө­мен­ дейді. Бұл экономикадағы басқа да құрылымдардың да «көлеңкеге» қарай ойысуына итермелейді. Түп­ теп келгенде, жемқорлықтың аясы кеңейіп, оның ресурстық қоры күшеймек. Мұның сыртында бақы­ лаусыз қаржы ресурстарының мем­лекеттік саясатқа, БАҚ және түрлі деңгейдегі сайлау компанияларына қыз­мет етуі ұлттық қауіпсіздік талаптарына қайшы келмек. Ұлттық кірісті тұрғындардың жеке­ леген «айтөбел» топтарына бөлу күрт белең алып, қоғамның мүліктік жіктелуі күшейе береді. Бақылаусыз экономиканың орнығуы елдегі ма­ к­­ро­экономикалық тұрақтылықты сақтауды уа­қыт өт­кен сайын қиындата түспек. Мәселен, кө­лең­ке­лі бизнестің банк жүйесі мен құнды қағаз­дар рыногынан алшақтауы валюталық саясатты бір­ден әл­сі­ ретеді. Сондай-ақ ресми статистикаға мак­­ро­эко­но­ ми­калық қызмет туралы нақты емес көр­­сет­кіштер түсе бастамақ. Тағы бір проблема – ба­қылаусыз эко­­ номика ресурстарды бөлуге де кері әсер етпек. Кө­ лең­келі бизнесте еңбек заңнамалары қол­да­ныл­май­­ тындықтан да жат құбылыс еңбек рыногын бір­ден жаулап алады. Дәлірек айтсақ, көлеңкелі бизнес өз қызметінде салық төлемейтіндіктен, салық тө­лей­ тін бизнестің сұранысы мен тапсырысын өнім ба­ ға­сын арзандату арқылы өзіне тартады. Кө­леңкелі экономиканың әлеуметтік аспектілеріне тоқ­тал­ғанда ел-жұрттың мемлекеттік институттар мен заң­на­ма­ лар­ға деген сенімі азаятынын айтуға болады. Батыстық зерттеушілер бақылаусыз экономи­ка­

Жұмыр жердің жұмағы ның көлемі қандай жағдайда өседі деген сұраққа – бі­рінші кезекте ауыр салық салу жүйесі, төмен кіріс мөл­шері, жұмыс уақытының ұзақтығы, жұмыс­сыз­ дық­тың кең етек алуы және мемлекеттік сек­тор­ дың рөлі әсер етеді деген жауап ұсынады. Алайда, еліміздің Премьер-Министрі Д. Ахметовтың ай­туынша, салық ауыртпалығын төмендету көлең­ ке­лі экономика көлемін азайтуға көп әсер етпейді. Мы­салы, Қазақстан өзге ТМД елдеріне қа­ра­ғанда, са­лық деңгейі айтарлықтай төмен, бірақ эконо­ми­ ка­дағы көлеңкелі жағдай өзгеріссіз қалу­да. Үкі­мет бас­шысы бұл өндірістік еңбектің төменді­гіне бай­­ ла­нысты болуы мүмкін деген байлам жасап отыр. Бұ­ған қоса Экономика және бюджеттік жос­пар­лау министрлігінің тиісті зерттеулерінде елі­міз­де кө­лең­ келі экономиканың белең алуына кә­сіп­орын­дар­дың материалдық-техникалық база­сы­ның тө­мен болуы, қосалқы өнімдерге деген бәсе­ке­лес­тік­тің әл­сіз­дігі, шағын және орта бизнес үшін несие алудың қиын­ дығы, мемлекеттік қызметшілер жауап­кер­ші­лі­гінің аз­дығы және олардың қызмет бабын пайдалану ке­ зін­дегі әрекеттеріне төтеп бере алмаушылық деген анық­тама берілді. Бұл орайда Қазақстанда басқа транзиттік экономикалы елдер сияқты көлеңкелі секторды ырықтандырудың заңнамалық базасын бекітіп, кәсіпкерлердің эконо­ми­калық және қаржылық кө­ лең­кеден шығуын қам­тамасыз ететін әкімшілік және заңдылық сипаттағы шаралар қарастырылуы қажет. Олай болмаған жағ­дайда жемқорлықтың әлі де тамыр жайып, бизнестің көлеңкеге көшуі жалғаса беретін болады. «Егемен Қазақстан» 17 қыркүйек 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Кластер Нарықтық қатынастың әлемдегі ең озық деген тәжірибелерін батыл қабылдап келе жатқан Қа­ зақстан үшін кластерлік жүйе алдағы уақытта инно­ ва­циялық дамудың негізгі құралына айналмақ. Естеріңізде болса бұл жөнінде халыққа арнаған Жол­дауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «биылғы жыл­дың соңына дейін біздің келешегі бар барлық қазақ­стандық, ауқымды өңірлік және аймақтық клас­ терлерді айқындап алуымыз керек», деп атап көр­ сеткен болатын. Жалпы, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр­ған­ дай, кластерлік тәсіл ұлттық экономиканың басым­ дық саясаттарын айқындап, оның бәсекеге қабі­лет­ тілігін арттыруда орасан рөл атқарады. Әңгімені одан әрі өрбітпес бұрын әуелі «кластер» дегеніміз не деген сұраққа жауап іздеп көрсек, кейінгі кездері кластер ұғымына ғалымдар мен экономист маман­дар әрқалай ғылыми түсініктемелер беріп келе жат­қа­нымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал ғылыми сипаттамаларына үңілсек клас­тер дегеніміз – бұл қосымша құнды құру процесі бары­сында өзара байланыста жұмыс істейтін жет­кізім­шілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Сон­дай-ақ, қалыптасқан термин мазмұнына назар аударғанда кластерлер – тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Ал мұны қазақша ұғымдағы қарапайым мысалмен түсіндіретін болсақ, отбасы­ лық әулет бір отар қойды иелігіне алды делік. Мін­

Жұмыр жердің жұмағы деттік бөлініске орай отағасы малды бағумен айналысса, үлкен ұлы әйелімен бірге тек жүн қырқумен, қыздары ол жүннен жемпір тоқумен, келесі баласы мен келіні мал сойып, шұжық әзірлеумен айналысып, қалған отбасы мүшелері дайын өнімді сатуға кіріседі. Яғни, бұдан бір шаруашылықтың өзінен тізбектелген өндіріс арқылы соңғы өнімге қол жет­ кізіліп отыр деген сөз. Кластерлер әлемде мұнай мен газ өндіру, көмір бассейндерін игеру, түсті металл өндірісі, сондай-ақ ірі агроөнеркәсіп секторы сияқты салаларда кең қанат жайған. Мұндай өнеркәсіптік топта компаниялар жаңағы айтқандай ортақ іс-қи­ мыл­мен бірін-бірі толықтырып отырады. Кеңестер кезінде «ғылыми-өндірістік» кешен, «аумақтық-өндірістік кооперация» сияқты шаруа­ шы­лық субъектілері болғаны белгілі. Экономис­тер кластерлердің социализм тұсындағы осы өнді­ріс­тік кешендерге жат емес екенін, тіптен тікелей тамыр тарататынын айтады. Мысалы, одақ кезінде елі­ міздің жоспар жасаушы органдары ірі үш ау­мақ­­ тық-өндірістік кешенді құрумен айналысты. Олар Павлодар-Екібастұз, Маңғыстау және Жам­был-Қа­ ра­тау өндірістік кешендері. Өз кезегінде Қазақ­с­ тан­ның ірі ғылыми-зерттеу институттары олардың кешенді түрде дамуын зерттеп келеді. Олай болса мұны ұмытыла бастаған ұтымды тәжірибелерді қайта жаңғырту тәсілі деп түсінуге болар еді. Бі­рақ кеңестік экономикадағы жоспарлы жүйе мен са­ ла­лық басқару принципі олардың қалыпты жұмыс ырғағын аса қатаң жағдайда шектеп келгенін айта кеткен жөн. Мысалы, жеткізілімшіні іріктеу шаралары кәсіпорынның келешектегі табысын көздей­тін мүддесіне қарай емес жоғарыдан түскен тапсырма

Жұмыр жердің жұмағы бойынша таңдалынды. Соның салдарынан бір өңір­ ге қажетті бөлшектерді ұзақ тасымал арқылы келесі рес­публикадан жеткізуге тура келді. Ал әңгіме өзегі болып отырған кластерлердің негізгі айырмашы­ лығы онда нарықтық тетіктер мейлінше ескеріліп, жанама кәсіпорындар бәсекеге кабілеттілігін арттыру үшін өз тарапынан маңайындағы кластерге кіруге ұмтылыс жасайды. Сондықтан да мамандар клас­ терлер мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты түбірлі өзгерте алатын тәсіл деген баға беруде. Қазақстанның қазіргі экономика мектебі тиімді мемлекеттік басқару мен жаңашыл нарықтық игілік­ терді терең игеруі арқылы өзгелерге үлгі болып келе жатқаны аян. Соның бір дәлелі жаңаша талдаулар мен ұзақ жылғы қалыптасқан тәжірибелерді байыту арқылы өндіріске өзара байланысты тізбектел­ген технологиялар енгізу мен жинақы аумақ аясында өнеркәсіптік топтарды құрудың тетігін тапқаны дер едік. Мамандардың пікірінше, Қазақстан аумағында мынадай үлгідегі кластерлер құру тиімді болмақ. Айталық, еліміздің батыс өңірінде Қазақстан уыл­ ды­рығының өңдеу өнеркәсібін шоғырландыру, оң­ түс­тік аймақта голландық тәжірибе бойынша гүл өнді­рісін өркендету, ал Алматыда өңдеуші кластерді дамыта отырып генетикалық жағынан таза сортты алма шаруашылығын дамыту қарастырылған. Сонымен бірге, Шымкент және Алматы облыстарында калифорниялық шарап жасаушы кластерлердің үлгісін жасаған технологиялық университеттермен ынтымақтастықты тереңдете отырып шарап жасау индустриясын жолға қою жоспарланса, Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және өңдеу ісін ілгерілету, Батыс Қазақстан өңірінде Хьюстонның

Жұмыр жердің жұмағы жо­ғары сапалы пластмасса өнімін шығаратын мұ­ най кластері негізінде мұнай-химия өндірісі мен мұнай сервисін дамыту жөніндегі өнеркәсіптік топ құру, ал еліміздің табиғатымен ерекшеленетін жекелеген аймақтарында Тайланд және Коста-Рика тә­­жірибелерінің негізінде туристік кластерлерді дамыту керек деген тұжырым жасайды. Бұған қоса сарапшылар келешекте Орталық Азия өңірінде мемлекетаралық кластер құру жөніндегі ұсы­ныстарын ортаға салады. Соған сәйкес шарта­ раптан келген туристер Өзбекстандағы ежелгі Са­ мар­қан, Бұхара қалаларын аралап, Қазақстанда тауда шаңғымен сырғанап, Қырғызстанда Ыстық көл­ге шомылуға мүмкіндік алмақ. Осы орайда бірың­ғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер Қа­зақ­ стан, Ресей, Беларусь, Украина басшыларының таяуда Астана бас қосуында ғарыш өнеркәсібіне байланысты бірлескен корпорация құру туралы уағ­даластығы осындай мемлекетаралық кластерлер құру үлгісінің алғашқы қарлығашына айналмақ. Бо­ла­шақта Каспий өңірі елдерінің ұжым­дасуымен мұ­най-химия кластерлерін құру мәселесі алға тар­тылмақ. Бүгінде атынан ат үркитін әйгілі компаниялар кластерлік тәсілді жүзеге асыру арқасында шаруасын дөңгелете алғанын айтқан жөн. Атап айтқанда, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарындағы тоқыма-тігін кәсіпорындары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автомобиль жасау компаниялары, Ита­ лиядағы модельдік аяқ киімдер өндірісі, шарап жа­­саушылардың Калифорниялық тобы, Португалия мен Швециядағы ағаш өңдейтін өнеркәсіптер деп тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады. Ал Голливудтағы ойын-сауық индустриясы мен Нью-

Жұмыр жердің жұмағы Йорктегі қаржы кластерін, тіпті Карлсвадтегі гольф үшін құрал-жабдықтар шығаратын өндірістік топты бос орыннан болашағын баянды еткен ком­па­ния­ лардың қатарына жатқызуға болады. Дүниежүзілік World Economic Forum зерттеу орталығы 2003 жылы шығарған талдау қорытын­ ды­ларында Финляндия индустриялық жағынан кемелденген АҚШ, Жапония, Ұлыбритания сияқты алпауыттар бастаған 102 елдің ішінде бәсекелестік қабілеттілігі бойынша қатарынан үшінші рет бірін­ ші орынды иеленіп отырғанын жариялады. Оған қалай қол жеткізілді? Байқап қарасақ, Фин үкіметі 1995 жылы ел аумағында құруға негізі бар деген клас­терлердің құрылымын, олардың даму тенденцияларын, келешектегі тиімділігін егжей-тегжейлі зерттеуге кіріскен. Мұның сыртында шұғыл түрде жаңаша іске серпін бере алатын сауатты менеджерлер іріктеліп, олардың біліктілігін арттыру шаралары қолға алынды. Нәтижесінде сауатты жүргізілген менеджмент көп кешікпей-ақ өз жемісін бере бастады. Мәселен, әлемдегі ұялы байланыс құралы саласында аз уақытта көшбасшылық орынға көтерілген Nokia телефон маркасын алайық. Қазір екінің бірі­ нің қолында жүрген «қалтафон» Финляндияның ба­лық­шылар мен бұғы өсірушілердің мекені ретін­ де ғана белгілі Оулу қаласында шығарылады. Қазір жоғары технологиялар шығаратын орталық ретін­де әйгіленген бұл қалада 100 мың тұрғынның 6 мы­ңы «Нокиа» өндірісінде еңбек етеді. Осындағы бас ком­ пания телекоммуникациялық құралдарын шыға­ра отырып микроэлектроника жабдықтары мен түр­­ лі бағдарламалар жасайтын 120 кәсіпорынды ма­ ңа­йы­на шоғырландырған. Өткенге көз жүгіртсек,

Жұмыр жердің жұмағы 1980 жылдары дағдарысқа тап болған Оулу қаласы тұйық­тан шығу үшін жаңа технологиялар өндірісіне мо­лынан инвестиция тартуға күш салады. 1992 жы­ лы аталған телефон құралының 50 миллион данасы шы­­ғарылса, 1999 жылы оның сату көлемі бірден бес есеге көтеріледі. Нәтижесінде Финляндия 2002 жы­ лы сыртқы рыноққа Nokia-ның 1 миллиард данасын сат­қан. Өзге де өркениетті мемлекеттердің тәжірибе­ ле­­ріне көз салсақ,1990 жылдардан бастап әлемнің бір­­қатар елдерінде экономикадағы бәсекелестікке тө­теп бере алатын жетекші салалар мен бизнес түр­ лерін шұғыл дамыту процесі белең алды. 1998 жылы Ұлыбританияда бәсекелестік артық­шы­лығы айқын­ далған салаларды дамытудың жаңа инно­ва­циялық бағдарламасы жарияланса, Еуропа­лық Ке­ңес 2000 жылы қоғамдастыққа мүше елдердегі тұрақты эко­ но­микалық өсу мен қолайлы әлеуметтік климатты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бағ­дар­ла­ ма­ларды мақұлдады. Сондай-ақ 1998 жылдан бас­ тап Дүниежүзілік экономикалық форум әлем ел­ де­­рінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін таразылау мақ­­сатымен рейтингілік мониторинг жүргізіп келе­ ді. Соңғы кездері икемді технологияларды игеруге жол ашып, жаңа тауарлар мен қызметтердің еркін қоз­­ғалысын қамтамасыз ете алатын инновациялық жү­йеге көшу үрдісі Азия құрлығында да жетекші орынға көтерілуде. Қазақстанның бүгінгі ұшқыр дамып келе жатқан экономикасының жағдайында ұлттық бизнестің қа­ наттануына қажетті деген факторлар мен мүм­кін­­ діктер, тиісті институттар екі бас қаланың ау­ма­­ғына орналасқан. Осы орайда қалыптасқан факторды қа­

Жұмыр жердің жұмағы же­тінше пайдаға асыруда Қазақстанға Жапония­ ның тәжірибесі аса қажет деп есептелінуде. Онда ел­­дегі барлық өнеркәсіптік шығарылымдардың елу пайы­з­ға жуығы Токио мен Осако қалаларының мұқ­ таж­­дығына бағытталған. Қазақстандық маман­дар аталған тәжірибені ұштай келе Астана шекара­сын одан әрі кеңейтіп, жаңа елді мекендердің құрылуына жағдай туғызу керек деген түйін жасайды. Қазақстан аса үлкен аумақты өндірісті, бай мине­ ралдық базаны, ірі ауыл шаруашылығы алқаптарын иелене отырып өңірлік кластерлерді құруда бір­қа­ тар проблемаларға тап келуде. Айталық, Алматы, Степногорск, Шортанды, Приозерск қалаларында тех­нопарктер негізінде құрылатын республикалық ауқымдағы кластерлер Үкімет тарапынан қолдау тауып отырғанымен облыс­тық, қалалық, тіпті ауылдық деңгейдегі кластерлер құруда жергілікті биліктің бастамашылығы бәсеңдеу бо­лып отыр. Жергілікті жерлерде шағын құрылыс өн­­ді­рістерін құру, көк­ө­ ніс өнімдерін дайындай­тын кәсіпорындар салу сияқ­ ты шаралар әлі қарас­тырылмаған. Елі­міздің жал­пы тұрғындарының 44 % ауыл шаруа­шылығы қыз­ме­ ті­мен тікелей бай­ланысты болға­нымен, бүгін­де еттің 30 %, өсімдік майының 70 %, балық өнімдерінің 50 % шет елдерден тасымалдануда. Ал алдағы уа­қытта Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіретін Қазақ­стан өз ау­мағындағы агроөнеркәсіптік кластерлері шы­ғар­ ған өнімдері арқылы әйгілі Голландия, Австра­лия, Жаңа Зеландия, Канада мемлекеттерінің тауар­ ла­­ры­мен үзеңгі қағыстыруға тура келетінін естен шы­­ғармауымыз керек. Сонымен бірге, жоғары оқу орын­дары мен техникалық мектептер үшін орта­лық­ тан даярланған оқу бағдарламаларында елі­міздің

Жұмыр жердің жұмағы жекелеген өңірлерінде ірге қалайтын клас­тер­лердің ерекшеліктері ескерілмегендіктен де, олардың қа­ жет­­тіліктерін өтей алмауы мүмкін. Ал өз кезегінде өңір­лердегі баяғы қалыппен дербес отау құрып, «өз қо­тырын өзі қасығысы келетін» жекелеген компаниялар да бұл істің ілгері басуына тежеу салмақ. Халықаралық сарапшылардың пікірінше экономикасы дамушы елдерде кластерлердің еркін дамуына бірінші кезекте мамандардың білімі мен біліктілі­гі­ нің төмендігі, тиісті қаржының жеткіліксіздігі және қоғамдық институттардың баяу дамуы бөгет бол­мақ. Американың белгілі экономисі Пол Самуэльсон нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы «нарық пен үкіметті ел экономикасының тұрақты қызметін қамтамасыз етудегі ажырағысыз қос құ­ра­ мы деп есептеген жөн. Қазіргі заманғы экономиканы оларсыз басқару бір қолмен шапалақ ұрғанмен тең» деген екен. Бұл тұрғыда ел Үкіметі кластерлерді өркендету үшін жекелеген кәсіпорындар мен са­лаларға тікелей қолдау көрсетіп қоймай, жеткі­зім­шілер мен тұтынушылар, өндірушілер мен үкі­меттік институттар арасындағы өзара байланыс­ты нығайтуға күш салу керек, деп есептейді отандық эко­номист-мамандар. Кластер­лердің кең құлаш жаю­ы­на ішкі сауда мен инвестиция ағынының және іш­кі бәсекелестіктің дамуы да мұрындық болмақ. Со­ған сәйкес ішкі бәсекелестік жергілікті органдар мен жергілікті институттардың өзіндік дамуына жол ашып, ішкі сауданың қарқын алуы халықаралық са­па дең­гейіне көтерілуге серпін бермек. «Егемен Қазақстан» 15 қазан 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ҒАРЫШТЫҚ ДЕРЖАВА Қазақстандық Жер серігі қашан ұшырылады?

Өткен күндерге ой аялдатқанда таяқты тай етіп мін­ген біздің ауыл балаларының көбі ғарышкер болам деп армандайтыны еске түседі. Кейінірек, яғ­ ни ересек тартып, ел аралағанда көз жеткізгенім – Қазақияның қай түкпірінде де ұшқыр қиял мен зор биікке самғап, Ай үстінде асық ойнасам деген ақиық арманын желкен еткен замандастарымыз аз бол­маған екен. Осы шақта ой мен ойды безбенге сал­ғанда жұмыр жүректі кілең ауыл балаларының тікелей ғарышқа қарай қол созуының себебі кеңестік идеологияның қуатты ықпалы ғана емес, тартылыс күші таяу орналасқан басқа да табиғи құбылыстың арқасы шығар деген байламға келем. Жақауратпай айтсам, маған дәл біздің жерімізде бала қиял мен Байқоңыр ғарыш айлағы арасын жалғап жататын нәзік арналар о баста-ақ тартылып қойған сияқты кө­ рінеді. Әлем тарихында Қазақстанның аты адамзаттың Жер бетінде ғарышты игерумен тығыз байланысты еке­ ні белгілі. Жеті қазынаның бір өкілдері Лайка, Бел­ка, Стрелкалардың Жер-ана бауырынан тұңғыш кіндік үзуі мен адамзат тарихында алғаш ғарышқа самғаған Юрий Гагарин сапарынан бергі жарты ға­сырға жуық уақыт ішінде еліміз үстінен жүздеген зы­мырандар жұлдыздар әлеміне жол тартты. Бүгінгі таң­да Байқоңырда 15 ұшыру қондырғысы бар старт кешендері, 34 монтаждау-сынақ корпустары мен тех­никалық жабдықтау жайғасымы, 2 аэродром жә­не әлемдегі бірден бір оттегі – азот зауыты жұмыс іс­теп тұр.

Жұмыр жердің жұмағы Тарихи құжаттарды парақтасақ, кезіндегі алып держава Кеңестер Одағының ғарыштық қуатының символына айналған Байқоңыр айлағы КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы 2 ақпанда “№5 ғы­лыми-зерттеу тәжірибелік полигонын құру туралы” қаулысына сәйкес салына бастаған екен. Бі­ рақ, ұлтымыздың құс ұшса қанаты талатын осынау ұлан­ғайыр даласы ғарыштық мақсаттарға бұған дейін де пайдаланып келген. Сол кездегі жобаға сәй­кес Қызылорда облысымен қатар Жезқазған, Қа­рағанды өңірлеріндегі Сарыарқаның сары даласы әскери-стратегиялық нысан ретінде ғарыштық бағ­дарламаларды жүзеге асыратын аумақ болып бел­гіленген. Көзкөргендердің жазуынша, Кеңес кос­монавтикасының атасы Сергей Ковалев КОКП Орталық комитетінің кезекті жиындарына келген қазақстандық делегацияны көрсе болды “қазақтар Ковалев жерімізді тартып алып жатыр деп тағы да шағымданатын болды ғой”, деп қуыстанады екен. Мұнда айлақтың алып жатқан жалпы аумағының өзі Еуропалық бір мемлекеттің территориясымен теңестірілетіні ескерілсе керек. Тұтастай алғанда Байқоңыр ғарыш айлағының ауданы 6717 шаршы метрге тең. Тәуелсіздіктен кейін етек-жеңімізді жиыстыра бастаған тұста Байқоңырды Ресейге жалға беретіні­ міз туралы әңгіме бәзбіреулердің құлағына түрпі­дей тигені рас. Әрине, бодандық құрсауынан құтылып, бостандықтың бозжуан самалын жаңа жұта бастаған сәтте алып көршінің маңызды нысанға қайта көз жүгіртуі көп ойлардың оянуына себеп болған еді. Бірақ, дәл қазіргі өлшеммен алғанда дер кезінде қабылданған бұл шешімнің бірінші кезекте еліміз

Жұмыр жердің жұмағы үшін маңызы зор екенін ескергеніміз жөн. Таратып айтсақ, егемендіктің алғашқы жылдарында әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының бірі “ауада қалықтап”, заңдылық және қаржылық мәртебесі айқындалмаған күйінде тұрды. Бұрындары тікелей орталықтан қар­ жыландырылып келген Байқоңырдың алып ин­фра­ құрылымын ұстап тұру сол кездегі Қазақ­стан үшін еш мүмкін емес еді. Сол өтпелі кезеңнің бастап­­қы 1992-93 жылдары күнкөріс көзін іздеген көпші­лік­ тің космодромның аса бағалы коммуникациялық же­лі­леріне қол салу қаупі де туған екен. Ал Ресей жағы өздерінің пайдасы үшін ұйымдастырыла­тын коммерциялық ұшырылымдарға ғана қаржы бөліп, Қазақстанға тиесілі қаражатты аудару туралы ой қаперіне де кірмеді. Ел басшылығының Байқоңырды мемлекетіміздің меншігі ретінде тану жөніндегі табанды әрекетінің нәтижесінде 1994 жылғы 10 жел­ тоқсандағы Қазақстан–Ресей үкіметтері арасында жасалған шартқа сәйкес ғарыш айлағы көрші мем­ лекетке 20 жыл мерзімге жалға берілді. Ресей рес­ пуб­ликамызға жылына 115 миллион АҚШ долларын төлеп тұру туралы міндеттеме алды. Осындай тиімді әрекеттердің арқасында әйгілі ғарыш айлағы біржолата құрып кету қаупінен аман қалып, әлемдегі бұрынғы мәртебесін қайта иеленді. Осындай біраз жылдар бұрын бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде ресейліктер ғарыш­ тық бағдарламаларын Байқоңырда емес, өз аумақ­ та­рындағы Плесецкіде жүзеге асыруы мүмкін деген жорамалдар жарияланған болатын. Алайда, көр­ші мемлекеттің Байқоңырдың ғарыш айлағын жал­ға алу мерзімін биылғы жылы 2050 жылға дейін ұзар­ туы мұндай қауесетке бірден нүкте қойды. Ресейлік

Жұмыр жердің жұмағы мамандар ғарыш – бұл интеллектуалдық күш-қуат пен қаржылық мүмкіндіктерді топтастыруды талап ететін күрделі де маңызды бағыттағы қыз­меттердің бірі екенін ұғынды. Сарапшылардың ай­туынша, Ресей бұл шешімге келмес бұрын біраз уақыт Қазақ­ стан­ды сырттай бақылаған. Ресей Плесецкіге қарай ойысады екен деген сөз 5 жыл қатарынан ел аузында жүргенімен, көрші елдің лауазымды мамандары нақты жауапты бұл­ тарып келді. Өз кезегінде Қазақстан осы уақыт ішінде ресейліктерге сенімді де әлеуетті әріптес еке­ нін дәлелдей білді. Және де еліміздің дербес түр­де космонавтикамен айналысуы аса көп нәтиже бер­ мей­тіндіктен де бірлескен жобаларды жүзеге асыру біз үшін де аса қажет екенін ұғындық. Мұндай ынтымақтастық ғарыштық бағдарламалардың эво­ люциялық яғни, кезең-кезеңмен дамуы және жаза­ тайым қатерді азайту үшін де аса маңызды бол­ мақ. Плесецк туралы айтсақ, ресейліктердің бұл ай­лаққа маңыз бергені ақиқат. Көршіміз бірінші ке­зекте өз аумақтарында тиісті инфрақұрылымды ор­нық­тыруға мүдделілік білдірсе, екіншіден, өзге ел­дің аумағында әскери жобаларды жүзеге асы­ру­ ға аса ықыласты болмады. Бірақ, бұл жоба эко­но­­ ми­калық жағынан қымбатқа түсетіні әу баста-ақ айқын еді. Мәселен, аталған айлақ солтүстік ен­дік­ те орналасқандықтан да Байқоңырға қара­ған­да жүк массасы 15-20 пайызға ауыр болды. Осы фактор 1996 жылдан бері жүзеге асырыла бас­таған ком­ мер­циялық жобалардың нәтижесінде Байқоңыр­ дың инфрақұрылымы сақталып қана қоймай, қазіргі заманғы әлемдік стандарттардың деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызған еді. Сонымен бірге

Жұмыр жердің жұмағы геостационарлық орбитаға қымбат тұратын спут­ никтерді Байқоңырдан ұшыру жер жағдайына байланысты көп пайда әкелмек. Дей тұрғанмен, бүгінгі таңда Ресей Байқоңырмен қоса Францияның Куру айлағынан да зымырандар ұшыру тәжірибесін қолға алғанын айта кеткен жөн. Ескере кетер бір жайт, адамзаттың ақыл-ойы ке­мелденген жаңа ғасырда табиғи байлықтар тас­ қынын көсей бергеннен гөрі, бірінші кезекте ға­ рыштық қуатты игере алған мемлекеттің келешегі кепілді деуге болады. Бұл ретте биылғы жылы Қазақтан мен Ресей елдерінің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Астанадағы кездесулерінде ғарыш саласы қызметінде ынымақ­ тастықты дамыту туралы мемлекет аралық келісімге қол қоюларын тарихи құндылығы жағынан аса маңыз­ды қадам деуге болады. Осы кездесуде Бай­ қоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беру мерзімі 50 жылға ұзартылып, Қазақстанның зымырандықғарыштық кешенді пайдалану және құру шараларына қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өттік. Іргелес мемлекеттің басшысын еліне шығарып салғаннан кейін әуежайда журналистерге сұхбат берген Елбасы былайша ақтарыла сөйлегені есімізде: “Ата-бабаларымыз жол салған қазақ-орыс қарым-қатынасы неше түрлі қилы-қилы кезеңдер­ мен өрілді. Оның ішінде халқымыздың бодандықта болуына байланысты ашына айтатын сөздеріміз де аз емес шығар. Дегенмен, жаңа тәуелсіздік жағ­ дайында құдай қосқан көршімізбен байланысты арттыру өте дұрыс деп есептеймін. Біз енді Ресеймен қарым-қатынасты Біріккен Ұлттар Ұйымының тең қатарлы мүшесі ретінде сенімді әріптестік

Жұмыр жердің жұмағы жағдайында жалғастыратын боламыз”. Яғни, жаңа келісімнің екі жақты тиімділігі бұған дейін жанжақты сарапталған. Мамандардың пікірінше де тараптар бұл шешімге аса байыптылықпен келген. Дәлірек айтсақ, Ресей Қазақтстанның ғарыш саласында келелі жоспарлар жасай алатынына көз жеткізсе, біз қауқарлы қоңсымызбен бірге бұл салада ірі жобаларды жүзеге асыра алатынымызды ұғындық. Соның нәтижесінде Ресейдің “Ангара” зымыран тасығышының базасында ауыр класты зымырандарды ұшыру жөніндегі “Бәйтерек” зымыран кешенін іске қосу туралы шешім қабылданды. Жобада зымырандық жүйелерді пайдаланудағы апатты болдырмаудың барлық қырлары қарастырылған. Сөз реті келгенде кішкене шегініс жасасақ, Қа­ зақстанның осыған дейін Ресейдің улы отынды пайдалатын “Протонға” қатысты ұстанымы аса қа­­ таң болғаны белгілі. Ондағы гептильдің эко­ло­гия­ ға зияндылығы дәлелденіп, оның ғарыш айла­ғы­нан әкетілуі ұсынылған болатын. “Бәйтерек” жо­­басы осыған дейін мамандармен тыңғылықты зерт­­теліп, жан-жақты әзірленген. Осы ұлттық жоба тура­­лы қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһар­маны Тоқтар Әубәкіров таяуда республикалық “Ай­қын” газетіне берген сұхбатында “мен Ресеймен жә­ не де басқа елдермен де бірлескен кәсіпорын құ­ру керектігі туралы әлдеқашан айтқан болатынмын. Бір кездердегі түсінігім бойынша, Байқоңыр ха­ лық­­аралық ғарыштық айлақ болуы тиіс еді. Қазір ме­нің сол айтқандарым жүзеге асып келеді” депті. Ға­лым­дардың берген бағасы бойынша жаңа жоба қол­даныстағы инфрақұрылымға толығымен сәйкес ке­ліп, сәтті жүзеге асырылатындығы айқындалды.

Жұмыр жердің жұмағы Жаңа кешен жоғарыда айтқан “Протон” зымыра­ нын ұшыратын қолданыстағы техникалық кешен базасын кеңейту арқылы құрылмақ. Сонымен бірге бұл кешен қазіргі заманғы байланыс және телеметрикалық ақпарат тарату жүйесімен жаб­ дық­талмақ. Ел басшылығы осыған сәйкес үлкен стратегиялық шешім қабылдады деп есептеу­ге болады. Бүгінде Ресейдің технологиялық жобаларына Қазақстанның қаржысы игерілуде. Бұл шамамен 65 млн. АҚШ долларын құрайды. Егер де орбитаға бір спутникті ұшырудың әлемдік бағасы 40 миллион тұратынын ескерсек, біздің аталған сомамен бүтіндей бағдарламаны жүзеге асыруымыз үлкен жетістік болмақ. Бұл еліміз ғарыш саласы қызметіне шын мәнінде аяқ басты деген сөз. Рес­пуб­ ликалық аэроғарыш комитетінің төраға­сы Мейірбек Молдабековтің бұған дейін басқа басылымдарда жарияланған зерттеулерінің ең басты бағыттары бұл тарихи ресурстар мен геофизикалық жағдайларға мониторинг жүргізу, медициналық-биологиялық зерттеулерді үйлестіру, ғарыштық тағам түрлерін анықтау, ақпараттық қамтамасыз ету және тағы бас­қа маңызды жобалар екені айтылған. Қазіргі уа­ қыт­та қол жеткізілген осы оң нәтижелерді экономи­ камызда қолданудың алғашқы қадамы жасалынуда. Мұның ішінде ғарыштық ақпаратты белсенді тұтынушылардың бірі ауыл шаруашылығы саласы бо­лып табылады. Бүгінде ғарыштық құрал­дарды жер сілкінісін болжау қызметіне де пайдалану тәжірибе­ге енгізіле бастады. Тұтастай алған­да бүгінде елімізде ғарыш саласын дамытудың бағ­дар­ламасы егжейтегжейлі әзірленіп, қолдан­балы зерттеу шаралары жетекші орынға көтерілді. Бұл жерде ғарыштық тех-

Жұмыр жердің жұмағы нологияларды игерудің нақты базасы қалыптаспақ. Ғарыш саласындағы коммерциялық бағдарла­ма­ ларды дамыту бағытында жерді дистанциялық зондтау жобасы алдыңғы қатарда тұр. Бүгінде ға­рыштан жерді суретке түсіріп, топырақ жағдайын егіс­тік алқабы мен су шаруашылығы, экология, тех­ни­калық жүйелер, жол және тағы басқа жүйелер­дің ахуалын анықтап отыратын тағы бір қазақ­стандық спутникті ұшыру туралы жоба әзірленген. Әрине, мұндай ақпараттар әскери шараларға да қызмет етеді. Қазіргі аса қарқынды дамып келе жат­қан уақытта ғарыштық бағдарламалар экономи­ка­лық жағынан аса тиімді жүйеге айналмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, 1980 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағын кеңейтіп, онда “Энергия” зымыран тасығышы жобасы қолға алынған болатын. Мүмкіндіктер екшеле келгенде, бұл технологиялық жағынан озық бағдарлама болғанымен, экономикалық жағынан тиімсіз екені расталған. Негізі, аталған жоба кеңестік кезеңде экономикалық мүдделерді көздеуден емес саяси көзқарастар тұрғысынан дүниеге келген еді. Айталық, әлемдегі екі алпауыт держава тірескен сол жылы америкалықтар орбиталық кемесі бар зымыран тасығыш жасап шығарса, кеңестер елі әлемге әйгілі “Боран” зымыранын ұшырған болатын. Әлемдік космонавтика тарихында бұл жоба аса қымбаттығымен есте қалды. Нақтырақ айтсақ, “Энер­ гия” үлгісіндегі зымыран тасығышындағы орбиталық корабльдің бір ұшырылымы 500 миллион АҚШ долларын құрады. Кейінірек АҚШ еш пайда әкелмейтін мұндай ғарыштық кеудемсоқтықтан бас тартып, бір реттік ұшырылымдағы “Дельта” және “Титан” зымырандарына ауысқан еді. Бір кездері сыртқы державалар бәсекелестігінің тәжірибе алаңына айналған Байқоңыр ғарыш айла­ғын

Жұмыр жердің жұмағы енді нақты жобалар арқылы дамыту Қазақстанның өзін ғарыштық державаға айналдыра алатыны ақиқат. Қазақстанның 2005-2007 жылдарға арналған ға­рыштық саланы дамыту бағдарламасының жобасын талқылау барысында Премьер-министр Даниял Ахметовтың “бұл бағдарламаның қабыл­да­ нуымен біз экономикамыздың даму философия­сын өзгертетін боламыз. Егер біз бұған дейінгі бағ­дар­ ламаларымызда қуып жету шараларын қа­рас­тырып келсек, бұл құжат басып озуға бағыт­талған” деген пікірі біздің осы ойымызды қуаттай түспек. «Егемен Қазақстан» 30 қараша 2004 ж. Интернеттен именбе Әнебір жылы қазақтың қабырғалы бір ақыны “ақырзаман келді деген осы шығар, қаламымды қабірге салып, компьютермен өлең жаза бастадым” деп, өзегін өртеген өкінішін жыр жолдастарымен жаң­бырша себелеткенін көзім шалғаны бар. Сонда қаламның қасиетін бір кісідей білетін мен де техникалық прогресстің телегей тасқынымен ентелеп келе жатқан темір қораптарға тіксіне қарап, ақын ағамның өзегін сарымсақтай қуырған ащы өкінішін бірге бөліскім келген. Айтты-айтпады, арадағы тәйірі 7-8 жылда асау уақыт ақын ағамның да, менің де абыржыған кө­ңі­ лімізге пысқырмастан-ақ, ақпараттық технологиялар жүйесінде аса үлкен төңкеріс жасап үлгерді. Сол жолы шайыр көктемнің шатасқанын қазіргі күндері қаламымды қаңтарып тастап, ақбас сиырдың бауырына жабысқан сауыншыдай күнұзақ компью-

Жұмыр жердің жұмағы тер клавиатураларын тықылдатып отыруыммен өлшеп жүрмін. Сөйтіп, ендігі жерде ертеңгі өмірді тұрмысымыздың ажырағысыз бөлшегіне айнала бас­таған компьютерсіз іле-шала оның ізін басқан “әлемдік шырмауық” аталып кеткен интернетсіз елес­тету қиын екенін мойындай бастадық. Жалпы, адамзаттың ақыл-ой жемісінің кез кел­ ген кезекті кесек үлгісі қоғамдық дамудың жаңа сатысына көтеретінін ешкім жоққа шығара алмайды. Интернеттің қазіргі ауылына ат шалдырғанға дейін де адамзат ақпараттық-коммуникациялық жүйеге оқтын-оқтын таңғажайып өзгерістер әкеп тұрды. Айтпақшы, белгілі өнертапқыш Гутенберг ойлап тапқан қаріп басу станогы ғасырлар бойы шектеліп келген кітап таралымдылығына тың тыныс беріп, адам­дарды ақпарат алмасудың күрделі хат түрін­дегі бейнетінен бірден босатты. Осы заманғы байланыс саласының құлашын кеңге жаюы виртуалды кеңістікте тұтастай қауым­ дас­тықтардың құрылып, мүдделері тоқайласқан адам­дар тобының өзара ақпарат алмасуына ер­кін жол ашты. Жаңа технологиялар бәсекелестік ортасы қатаң түрде қалыптасқан жаһандық жаңа рынокты құра бастады. Мұндай жаһандық рынок өздерінің әлеуетті тұтынушыларын бірнеше есеге кеңейте отырып, жаңа мүмкіндіктердің түңлігін түре түсуде. Мамандардың есептеуінше, болашақта дәстүрлі байланыс арналары өз маңыздылығын тү­бегейлі жоя қоймағанымен, жаңа ақпараттық-ком­му­никациялық технологиялар аз шығынмен ел ішін және сыртқары елдерді бір-бірімен жеткілікті ақ­паратпен жедел байланыстырып отырмақ. Қазақстанда интернеттің даму барысы мен бо­

Жұмыр жердің жұмағы лашағы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі өткен ғасыр соңының ғаламат жаңалығы туралы мағлұ­ мат бере кеткен жөн. Интернет дегеніміз, дейді осы сала мамандары, компьютерлік желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымның кооперативтік бас­ қару жүйесі. Әрине, мұндай терминдік сөйлем құ­ ры­лымын ә дегеннен кез келгеннің түсіне қоюы қиын. Ойды қарапайым етіп таратсақ, мысалы, өз компьютерімен біртұтас интернет желісіне қо­сыл­­ ған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған ке­ ле­сі компьютерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде ақпарат алмасу бірыңғай тәртіпке негізделген. Әрбір пайдалану­ шы интернетке қол жеткізу үшін бірлескен желі­ лер­дің бірінің пайдаланушысы болса жеткілікті. Мем­лекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютерлік желілердің мұндай жиынтығы бірбірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы бай­ ла­ныстырылған. Дәлірек айтсақ, интернетке кіруде телефон байланысы немесе технология тілінде “шлюз”, “гейт” деп аталып жүрген транс­мұхиттық талшықты-оптикалық желілер мен ғарыш­тық арналар пайдаланылады. Қызметтері дербес жүргізілген мұндай жүйелер арқылы бүкіл жер шарын қамтитын біртұтас жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда интернет әлем­ нің барлық елдерін түгел қамтып, оның қыз­ме­тін 500 миллионнан астам адам пайдалануда. Және де ай сайын бұл көрсеткіш 7-10 пайызға өсіп отыр. Интернеттің кіндігін Америка Құрама Штаттары кескен. Қос алып державаның ашық қақтығысынан өршіген өткен ғасырдың екінші жартысындағы қырғи қабақ соғыстың бел баласы болып санала-

Жұмыр жердің жұмағы ды. Тарихты қайта парақтасақ, 1957 жылы КСРО өзінің алғашқы жасанды жер серігін ұшырып, басты бәсекелесін шаң қаптырды. Осыған жауап ретінде АҚШ-тың қорғаныс министрлігі озық зерттеу жобалары агеттігін құруға мәжбүр болды. 60-жылдары аталған агенттіктің негізгі міндеті компьютер­лер­ді бір-бірімен қосу әдісін әзірлеуге бағытталды. Оның ішінде әуе арқылы бомбалау кезінде болуы ықтимал зақымдарға төтеп беретін желілердің құрылуы тыңғылықты зерттелді. Зерттеу шаралары интернеттің бастапқы құры­ лымы саналатын ARPAnet тәжірибелік желісін өмірге әкелді. Желі 1969 жылы әскери тапсырыс­ тарды орындайтын америкалық бірқатар университеттер мен компанияларды өзара байланыстыра алды. ARPAnet үлгісі желілік қатынас бойынша ақпарат тарату мен ақпарат қабылдау негізінде қа­ лып­тасқанымен, онда кез келген уақытта ақпа­ рат­тың жойылып кету сенімсіздігі сейілген жоқ. Мұндай қауіпке бой алдыруға 1994 жылғы “Шөлдегі дауыл” операциясы кезінде сол кездегі Ирак пре­ зи­денті Саддам Хусейннің ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде НАТО әскері Ирак армиясының басқару жүйесін түкпілікті бұзу­ға қауқары жетпеуі де себеп болған еді. Интернеттің ресми туған күні 1969 жылғы 29 қазан болып есептеледі. Сол күні ARPAnet ар­қы­ лы тұңғыш рет Стэндфорт ғылыми-зерттеу институтынан Лос-Анжелестегі Калифорния уни­вер­ ситетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі ар­қылы ғылыми-зерттеу нәтижелерімен жедел алмасу тиім­ ді­лігіне орай ендігі жерде оған АҚШ-тың басқа да университеттерінен компьютерлер қо­сы­луға мүд­

Жұмыр жердің жұмағы де­лілік білдіре бастады. Біртұтас желі ар­қы­лы ше­ ші­летін азаматтық мәселелердің молынан топтасуы нәтижесінде 1983 жылы АҚШ-тың қор­ғаныс министрлігі желіні екіге бөлуге мәжбүр болды. ARPAnet ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі MILnet қорғаныс министрлігі­нің құзы­ры­ на қалдырылды. Егер интернеттің бүкіләлемдік ресми тарихы 1957 жылдан тарқатылса, бұрынғы Кеңестер кеңістігінде ол 1982 жылдан бастап қолданыла бастады. Осы жылы Мәскеудегі И. Курчатов атындағы Атом энергиясы институты бірқатар ғылыми-зерттеу инсти­ тут­тарының мамандарымен бірлесіп, отандық опе­ ра­циялық жүйені құру жұмысына кірісті. “Өзара үндес біртұтас мобильдік операциялық жүйе” деп аталған кеңістік желі кейінгі жылдары түрлі элек­ трондық мәшинелерге енгізіле бастады. 1990 жы­ лы 1 тамызда Курчатов технология институтын­да алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосыл­­ды. Ол бірқатар уақыт жаңа құрылып жатқан коммер­ циялық құрылымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды компьютерлік желімен өзара бай­ла­ ныс­­тырды. 1990 жылғы 28 тамызда кеңестік желі алғаш рет халықаралық телефон байланысымен жаһан­дық интернет желісіне қосылды. Ал араға ай салып жоғары деңгейлі тарату желісі тіркелді. 1991 жылы сәуір айынан бастап интернет елі­міз­ дің аумағында еркін тарала бастады. Алматы қала­ сында тірелген “Парасат” фирмасы RELCOM өңір­ лік желілік торабы арқылы орыс тілінде ақпа­рат алмасатын электронды пошта қызметін іске қосты. Қазақстандықтар жаңа құбылыстың мүмкіндігі шек­­сіз екенін 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз

Жұмыр жердің жұмағы оқи­ғасы туралы ақпараттарды болғанын болғандай тара­та бастағанда-ақ айқын аңғарған. Құланның қасуына, мылтықтың басуы дәл келгендей, бұл оқи­ға елімізде интернетті кеңінен насихаттаудағы нақты дерек ретінде ұсталды. Тығыны ашылған процесстің енді тынысын тарылту мүмкін емес еді. 1993 жылы қазақстандық желі АҚШ-тың негізгі байланыс жүйе­сіне еніп, бұл мерзім еліміздегі интернеттің ресми туған күні болып белгіленді. 1994 жылғы 19 қыр­күйекте Халықаралық желілік ақпарат орта­ лы­­ғында отандық сайттар шоғырын топ­тастырған жо­ғары деңгейлі kz, домені тіркелді. Нәти­жесінде қа­­зақстандық сайттар өндірісі аса сер­пінді күшпен өріс­тей бастады. Статистикалық мәлі­меттерде 1995 жы­лы тұңғыш рет қазақстандық сайттардың ал­ғаш­ қы тізімдемесі пайда болып, 1996 жылы тұң­ғыш элек­тронды басылымның ресми түрде тіркел­­гені жазылады. 1997 жылы қазақстандық сайт­тар бүкіл­ әлем­дік деңгейде өзінің сапалылығын айқын­дап, ха­ лық­аралық наградаларға ие бола бастаған. 1999 жылдан әлемдік интернет жүйесін үйлес­ ті­руші IANA халықаралық ұйымы “Қазақ желілік ақпарат орталығы” мекемесіне «kz» жоғары дең­ гей­лік доменге менеджерлік қолдау көрсету мін­ детін жүктеді. Сол кезеңнен бастап аталған ақпарат орталығы арқылы интернеттегі домендік аттарды дербес түрде тіркеу тәртібін енгізген болатын. Бұл кез келген жеке тұлғаға өз веб-сайтын ашуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта сіз «kz» домені бойын­ша жеке сайтыңызды ашқыңыз келсе тір­ке­лім баға­сы 100 АҚШ долларын құрайды. Көр­се­­тілген сомаға тіркелген мерзімнен бастап екі жыл қата­ ры­нан тұрақты қызмет көрсетілмек. Соны­мен бірге

Жұмыр жердің жұмағы 1999 жылы “Қазақтелеком” ААҚ-тың мәлі­меттер тара­ту желілері дирекциясы Қазақстан рыногында “Қа­зақстан онлайн” сауда маркісі бойыша “Интернет аймағы” жобасын көпшілікке ұсынды. Жобаны жүзеге асыруға 8 миллион АҚШ доллары бөлініп, әрбір облыс пен басқа да ірі қалаларда желіні құру және дамыту жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Жаңаша қадам арқылы Қа­зақстан тұрғындары ар­ найы тіркеуден өтпей-ақ еліміз­дің кез келген нүк­ тесінен 87501010101 телефон нөмірі арқылы авто­ мат­тандырылған халықаралық байланысқа шығып, өз компьютерімен “әлемдік шырмауыққа” шығуға мүмкіндік алды. Акционерлік қоғам қол жеткізілген жетістіктерге тоқмейілісіп қалмай, 2000 жылғы ма­ мырда, “Қазақстандық интернет” атты тағы бір біре­ гей жобаны іске қосты. Қазақстан халқы жаңа дәуір туғызып отырған талаптар биігінен көрінсін десек, интернет, сөз жоқ, аса қажет құрал. Біріншіден, жаңа технология­ ларды жақсы меңгерген адамның бойында жаңаша ойлау қабілеті қалыптасса, екіншіден, интернеттің қазіргі мүмкіндігінде аса мол ақпаратпен қамтылу мүмкіндіктері кеңейеді. Ал қазіргі заманғы түсінік­ пен өлшесек, ақпарат алтыннан да қымбат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы Қазақстан халқына жолдауында 2005 жылдың өзін­ де-ақ мектептердің кемінде 70 пайызының интернетке қосылуын қамтамасыз ету қажет деп Үкіметке үлкен міндет жүктеуі тектен-тек емес. Осы орайда интернеттің қазақстандық аудиториясының құ­ рылымына назар аударып көрсек. Бүгінгі таңда әлемдік шырмауықтың қазақстандық негіз­гі тұ­ты­ нушылары шамамен 26 мен 35 жас аралығын­дағы

Жұмыр жердің жұмағы қыз-жігіттер болса, оның 44 мыңдайы ер азаматтар да, 56 мыңнан астамы қыз-келіншектер. Интернетке икемділік танытып отырғандардың дені жастар екенін цифрлар тілі айтып тұр. Тағы бір дерек. 2003 жылғы дерек бойынша интернетке кірушілердің 34,3 пайызын студенттер, 36,7 пайызын түрлі дең­гей­дегі мекеме басшылары құраған. Бұл тізімде жұмыс­ шы­лар мен зейнеткерлер ең соңында тұр. Бұдан ин­­тернетті пайдаланушылардың саны білім және қыз­меттік салада уақыттың өзі талап етіп отырған мә­селелер бойынша мұқтаждық молайғанда және ин­тернеттің жалпыға бірдей қамтылуы кеңінен қамтамасыз етілгенде еселене түсетінін көрсетеді. Енді өңірлердің интернетке тартылуы туралы да азкем ақпарат. Дерек көздері көрсеткендей, бүгінде әлемтордың тұрақты тұтынушылары Астана (13%), Алматы (21%) қалалары мен Батыс Қазақстан (28%) өңірінде шоғырланып отыр. Бұл жерде де елорда мен бас қаржы-мәдени орталығының және көмірсутегі шикізатын өндіріп жатқан өңірдегі артықшылықтар айтпаса да айқындалып тұр. Интернеттің ақпаратты көзді ашып-жұмғанша тарату қабілетін таразылаған бірқатар сарапшылар болашақта әлемдік шырмауық дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын тұншықтырып жібереді деген болжамдар жасауда. Әрине, ғаламдық желінің қа­­зір­гідей ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқанын ескерсек, ондай ойларға да ерік беруге бо­лады. Бірақ оған уақыт төреші болмақ. Сөз реті кел­­генде айта кету керек, интернетті тілдік орта аясын кеңейту сияқты ұлттық мүдделер тұрғы­сы­ нан мей­лінше мол пайдаланған кез келген ел еш­ қа­шан ұтыл­мақ емес. Өйткені алдағы 15-20 жыл

Жұмыр жердің жұмағы аралығын­да әлемдік шырмауық тұрмыстағы теледидар сияқ­ты әрбір шаңырақтың күнделікті қа­ жеттілігіне ай­налатыны айна-қатесіз. Айталық, жа­ ңа ғасырдың өзінде орыс тілінің қолдану аясын тарылтпауға интернет аз еңбек сіңіріп жатқан жоқ. Ресейде интернеттік жүйелерді дамыту мәсе­ле­сіне орай өткізілген кеңесте осы сала маманы Д. Алек­ сандровтың баяндамасы көзіме түсті. Маман Ор­та­ лық Азия өңіріндегі интернетте орыс тілінің пайдалану мүмкіндігін саралайды. Сан тілімен сөйлей оты­рып, жеткен жетістіктерге марқаяды, кеңістігін кеңейте түсу туралы ой білдіреді. Жасыратыны жоқ, интернетте қазақ тілінің пайдалану деңгейі көңіл қуантарлық емес. Жеке веб-сайттарын ашқан әрбір мемлекеттік мекеме жоғары жақтың қырын қабағына ұшырап қаламыз ба деген қауіппен орысша ақпараттарының аудармаларын ғана орналас­ тырумен шектеліп келе жатқаны рас. Сонымен бір­ ге таза мемлекеттік тілдегі интернет-басылымды ырым­ға табу қиын. Әрине, жоғарыда жазғанымдай, азын-аулақ ақша төлеп кез келген адам жеке сайтын аша алатындықтан оны мемлекеттік тұрғыдан реттеу оңай емес. Бірақ арнайы тіркеуден өткен ау­ ди­ториялық тартымдылығы жоғары интернеттік басылымдарға кезінде қазақ тілінің еңсесін көтеруге сеп болған “елу де елу” тәжірибесі сияқты нақты қадамдар қажет сияқты. «Егемен Қазақстан» 20 наурыз 2005 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ӘУЕДЕГІ “ЖІБЕК ЖОЛЫ” Бәлкім, осыдан бірнеше ғасырлар бұрын сахара даламыздың төсінен тізбектелген түйелер керуеніне тең-тең қытай жібегі мен үнді шәйін тиеп жол тарт­ қан саудагерлер жұлдызды көкке жол тастап, соқ­пақсүрлеуі айшылық жерлерге созылатын. “Ұлы Жібек жолының” әудем жерге әп-сәтте әуе арқылы жет­ кі­зетін аспани баламасы болса ғой деп армандаған бо­лар. Аспаннан ырымға алашабыр бұлт таппайтын аптап-аңызақта ілбіген інгендерін ілестірген кер­ уеншілер сол кездің өзінде-ақ қазақтың даңғайыр даласын басып өтпей ешқашан үлкен саудаға жол жоқ екенін аңғарып баққан. Енді есте жоқ ерте замандардың қиял-ғажайып ертегілерінде айтылатын ұшатын кілемнің күміс қа­ натты ұшаққа айналған бүгінгі кезеңінде әуедегі “Жі­бек жолының” тарам-тарам жолдарын тарқатып көрсек. Жалпы, еліміздің Еуразия құрлығының ортасында орналасқан географиялық жағдайы бүгінгі таңда Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қа­ты­ найтын негізгі әуе тасымалы рыногына айналуына мол мүмкіндіктер туғызып отыр. Екі құрлық ара­ сын­дағы негізгі ұшырылымдар үш бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Олар біріншіден, Қазақстан әуе кеңістігін кесіп өту, келесісі Ресей, Моңғолия, Қытай кеңістігі және соңғысы оңтүстік бағыт бойынша Қара теңіз, Иран және Түркіменстан аумағындағы ас­пан асты арқылы шарықтау. Трансазиялық мар­ шрут­тар желісінің Қазақстан арқылы өтетін үлесін есеп­тегенде Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік қоз­ғалыстың жалпы көлемінің 30 пайызы еліміздің үлесіне тиеді. Соған сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан

Жұмыр жердің жұмағы аспанында транзиттік ұшырылымдарды жүзеге асы­ руға арналған халықаралық әуе трассаларының же­ лі­лері тартылған. Көлік және коммуникациялар ми­ нис­трлігі Әуе қозғалысын ұйымдастыру және әуе қозғалысының орындалуын реттеу бөлімінің бас­ты­ ғы Олег Авдеевтің айтуынша, бүгінде еліміздің әуе трассалары желілерінің жалпы ұзындығы 60 мың ша­ қырымды құрап, көршілес елдермен шектесетін 66 әуе дәлізі бар. Сонымен бірге Қазақстанның әуе ке­ ңіс­тігіндегі жалпы ұшырылымдар көлемінің 70 пай­ ыз­дан астамы транзиттік тасымал болып табылады. Ендігі жерде біздің алдымызда жердегі мол бай­ лық­қа малданып қана қоймай, әуедегі әлеуетімізді игеру міндеті де тұрғанын ескеруіміз керек. Бұл орайда республикамыздың аумағы арқылы қосымша ұшырылымдар ағындарын тарту үшін Көлік және коммуникациялар министрлігі, Сыртқы істер ми­ нистрлігі, Қорғаныс министрлігі және Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттік бірлескен күш­ пен кешенді шараларды қолға алып отырғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер шең­ бе­рінде аэронавигациялық жобалар жөніндегі “Еуразия” үйлестіру кеңесі құрылды. Аталған ке­ңес әуе қозғалысын ұйымдастыру саласындағы бір­лескен іс-қимылды жетілдіру, Ынтымақтастық ұйы­мына мүше елдердің әуе кеңістігі арқылы ұшатын тран­ зиттік ұшырылымдар көлемін арттыру жөніндегі мә­селелермен тыңғылықты айналысып келеді. Мағ­ лұмат үшін айтсақ, кеңес 1999 жылы Қазақстан, Қыр­ ғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Өз­бек­стан аэронавигациялық кәсіпорындарының өзара мүд­ делерін қанағаттандыру мақсатында құрыл­ған бола-

Жұмыр жердің жұмағы тын. Таяуда Мәскеуде өткен кеңестің 12-ші отырысында транзитік ұшырылымдарды арт­тыру мәселесіне орай “Восток” халықаралық аэ­ро­навигациялық қызметін құру жөнінде келісім жа­сал­ды. Ендігі жерде аталған қызмет қатысушы мем­ле­кеттердің тоғысқан мүдделері аясында әуе қоз­ғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ке­лісілген саясат жүргізуіне жол ашпақ. Бұған қоса елі­міз қазіргі уақытта жаңа әуе трассаларын ашу жө­нінде халықаралық деңгейде дербес келісімдер жасауды қолға алып отыр. Жалпы алғанда, 2003 жылға еліміздегі әуе транзитінің ұзындығы 68,5 млн. ұшақ-километрді құрады. Мұның сыртында Алматы және Астана әуежайларының қайта жаңғыртылуы шетелдік авиакомпаниялардың Боинг-747 жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің транзиттік қонуына мүмкіндіктер ашты. Бүгінде “El AI”, “FeDex”, “Polar Air Cargo”, “KLM” және тағы басқа бірнеше шетелдік компаниялардың ұшақтары аталған әуежайлардың қызметтерін пайдалануда. Биылғы жылы Астана әуежайына халықаралық стандарттар негізінде қо­ну­ға кіруді қамтамасыз ететін жарық-дабылдық жүйе орнатылды. Енді-енді от ала бастаған отандық авиация саласы еліміздің басқа да индустриалдық құрылымдары сияқты тоқсаныншы жылдардың “тар жол тайғақ кешу” өткелінен сүрініп-қабынып өткені белгілі. Ма­ мандардың айтуынша, етек-жеңі әлі жинала қой­маған сол кезеңдерде қазақстандық авиация бәсекелестік ортадағы қабырғалы қарсыластарынан әжептәуір ұтылыс тапқан. Айталық, аталған мерзімде елімізде авиациялық рыноктың жылдық үлесі 800-900 млн. АҚШ долларын құрап келсе, соның 120 миллионы ғана Қазақстанға тиесілі болған. Тәуелсіздіктен кейін

Жұмыр жердің жұмағы КСРО Азаматтық авиация министрлігінен бөлініп, бастапқыда басқарма, соңынан “Қазақстан әуе жо­ лы” болып құрылған компанияның тарихын таратушылар құрылымдағы жағдайды ішкі текетіреспен, жаңадан құрылған шағын әуе тасымалдаушылармен жүргізілген айқас-тартыспен байланыстырып жүр. Осындай өзара ырың-жырыңға елдегі экономикалық дағдарыс жағдайы қосылып, компанияның өмір сүру қабілеті бірте-бірте азайған. Артынша қолға алынған реттеу шараларына байланысты 1993 жылдан бастап тайталасқа ноқта салынғанымен, “Қазақстан әуе жолындағы” әрбір отряд пен құрылым дербес отау құру шаруасына кірісіп, жеке есеп-шоттарын аша бастаған. Соның салдарынан іргелі құрылым күн өткен сайын құлдырап, Ресей авиазауыттары алдында қарызға белшеден батқан. Компанияның ақыр аяғында банкрот болып тынғаны баршаға белгілі. Бұдан кейін 1994-1996 жылдары батыстық на­рық­ тың бағдарын ұстана келген “Эйр Қазақстан” компаниясы “Қазақстан әуе жолының” қалдырып кеткен миллиондаған қарыздарының үстіне құрылды. Әрине, жас кәсіпорын баяғы қарызды байлауға ал­ май өз өмірін жаңа парақтан бастаған болатын. Компания сол кезде нарық заңдылықтары бойынша тек өзіне тиімді деген жобаларды ғана жүзеге асыра бас­ тады. Ә, дегенмен авиация саласында бұрыннан келе жатқан 20 мың қызметкерден 6 мың адамды ғана алып қалды. Тұтастай сала инфрақұрылымының бір бөлігін ұшақтар паркінің оннан бір бөлігін ием­ денді. Қалыптасқан тұрақты рейстердің санын азайт­ты. Үйлестіру жұмыстарына Америка ма­ман­ дары тартылды. Тіпті бортсеріктерді, тамақ әзір­ леу­ші мекемелерді іріктеу үлкен байқау арқылы

Жұмыр жердің жұмағы жүр­гізілді. Әуе лайнерлері Голландияда сырланды. Атал­ған компанияның рыноктан шығуына тексеру­ ші органдардың әуе қауіпсіздігі шараларына байланысты тапқан кінәраттары себеп болған. Мәлімет бойынша, сол кезде елдегі әуе техникаларының 75 пайызының пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Әуеде орын алып келген оқыс оқиғалардың 52 пайызы тех­ никалық ақаулардың салдарынан болған. Бүгінгі таңда республикамыздағы жолаушы және жүк тасымалын 24 авиакомпания жүзеге асырады. Солардың ішінде 9 авиакомпания тұрақты ұшуға не­ гізделген. Тұрақты авиарейстердің негізгі көлемін “Эйр Астана” авиакомпаниясы орындайды, ол опе­ ра­циялық лизинг негізінде Боинг-757-200 және Боинг-737-700 әуе кемелерін пайдаланады. Биылғы жылы аталған компания Фоккер-50 өңірлік әуе ке­ ме­лерін пайдалана бастады. Сонымен бірге елдегі 24 авиакомпания халық шаруашылығының әр түрлі салаларында авиациялық шараларды жүзеге асыруға негізделсе, соның 17-сі маусымды авиациялықхимиялық жұмыстар жүргізуге мамандандырылған. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, былтырғы жылы еліміздің авиакомпаниялары 1 миллион 379 мың жолаушы тасымалдаған. Бұл 2000 жылмен са­ лыс­тырғанда екі есеге көп. Мұны саланың аяқтан тұрғанының нақты көрсеткішіне балауға болады. Сонымен бірге, елімізде әралуан меншік нысанындағы 22 әуежайлардан 1,6 млн. жолаушы жөнелтілген. Бұл 2002 жылдың сәйкес кезеңінен 18 пайызға ар­ тық. Экономикалық жағынан өркендеп келе жат­қан өңірлер болғандықтан, жүк тасымалындағы өн­ді­ рістік көрсеткіштердің аса белсенді өсуі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау әуежайларында тіркелген.

Жұмыр жердің жұмағы Әуедегі “Жібек жолынан” ұшақтар керуендері легін толастатпау бүгінгі таңдағы еліміздегі авиация саласын дамытудың стратегиялық мақсаты болып табылады. Осыған орай былтырғы жылы қабылданған азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында қа­зіргі заманғы авиакөлік жүйесін қалыптастыру жө­нін­де бірқатар маңызды міндеттер қарастырылды. Атап айтқанда, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қа­уіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нормативтік-құ­қықтық базаны жетілдіру, сала нысандарының қыз­метіне негізгі экономикалық, техникалық және бі­ліктілік талаптарын арттыру, әуе айлағының өн­ді­рістік қуаттылықтарын қайта жаңғырту мен жаңарту алға тартылып отыр. Ал әңгіме өзегі болып отыр­ған транзиттік әлеуетті дамытуда халықаралық әуежайлар қызметін оңтайландыру, әуе қозғалысын басқару мен бақылау жөніндегі қуаттылықтарды дамыту, трафиктік саясатты реттеу мәселелері енгі­зіл­ген. Мамандар алдағы уақытта Астана мен Алматы әуежайларынан сыйымдылығы 300−350 адам болатын алып лайнерлер аспанға көтеріліп, алыс шетелдерге сапар шегеді дейді. Сол кезде соқпақсүрлеуі айшылық жерлерге созылатын “Ұлы Жі­бек жолының” әудем жерге әп-сәтте әуе арқылы жет­ кі­зетін аспани баламасының бағы да аса түсетіні ақиқат. «Егемен Қазақстан» 4 желтоқсан 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Арқадағы Ақорда алашымның айбыны Еуразия құрылығының төрінен орын тепкен елордамыз Астана күннен-күнге сәулеті көз сүйсінтетін жаңа ғимараттармен толығып келеді. Бүгін Есіл өзенінің сол жағалауынан бой көтерген Президент­ тің жаңа резиденциясы салтанатты жағдайда пайда­ лануға беріледі. Ендігі жерде еліміздің ертеңгі өміріне қатысты қабылданатын тарихи шешімдер осы ғимараттан өмірге жолдама алмақ. Өткенге көз жүгіртсек, осыған дейін елімізде Мемлекет бас­шы­ сының арнайы бас сарайы салынбаған екен. Ай­та­ лық, Алматыдағы резиденциясы бұрынғы Ленин мұражайының қайта жаңғыртылған үлгісі болса, елордадағы қазіргі резиденция бастапқыда облыстық әкімдіктің ғимараты болған. Сондықтан да алыстан көз тартатын Ақорданы азаттығымыздың айбынды символы деуге болады. Президенттің жаңа резиденциясына көшудің басталуына орай біз Қазақстан Республикасы Пре­зи­ денті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасым­бековпен сұхбаттасып, жаңа ғимараттың бола­шақ­тағы қызметі туралы кеңінен мағлұмат алған едік. - Махмұт Базарқұлұлы, ай өткен сайын ажарланып келе жатқан Астанадағы Есіл өзенінің сол жағалауы алып құрылыстар алаңына айналды. Әрине, жаңа салынып жатқан іргелі ғимараттар ішінде Президент Резиденциясының алар орны ерекше. Осындай айшықты ғимаратты салу жөніндегі ой қашан туды? - Тәуелсіздігіміздің бір белгісі – өз астанамызды алғаш рет өзіміз таңдауымыз десек, еліміздің

Жұмыр жердің жұмағы тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын кезеңдегі көрегендік пен аса батыл шешімінің нәтижесінде 1997 жылы елордамыз ару Алматыдан арқа төсіндегі Ақмолаға қоныс аударғанына бүгінде бүкіл әлем куә. Әрине, туған елдің төріндегі қонысымыз қан­ шалықты жайлы болғанымен де, бұрынғы облыс орталығында салынған ғимараттар өскелең еліміз астанасының бүгінгі күннің барлық талаптарына жауап бере алмасы белгілі еді. Сондықтан орталық басқару органдарының көпшілігі алғашында не­гі­ зінен уақытша белгіленген ғимараттарда қы­сылыпқымтырылып тұрып жатты. Олар біртіндеп басқа мекен-жайларға көшірілуде. Қай елде болмасын, астана – сол елдің айнасы. Ол – елдің күш-қуатының, өсіп-өркендеп, ке­ мел­­денуінің басты белгілерінің бірі болуы тиіс. Астанаға жолы түскен әр азаматтың жүрегінде өз елордасының кескін-келбетіне, рухани күш-қуатына деген мақтаныш сезімі оянатындай болғаны жөн. Елдегі жаңалық пен жақсылық атаулының көпшілі­гі ең алдымен осы елордадан жан-жаққа тарап жатуы да заңды. Сондай-ақ, бүгінгі жаһандану процесі күш алып, туризм ісі дамып, елдер мен елдер арасындағы сан алуан байланыстар ұлғайып келе жатқан заманда Қазақстан астанасына жолы түскен қонақтарымыз елордамыздың сәулетіне сүйсініп, дәулетіне тұшы­ нып қайтатындай болғаны мақұл. Әрине, ең бастысы – негізгі әкімшілік орталығы ретінде астанамызда еліміздің басқару органдарының тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сол себепті астанамыз Ақмолаға көшіп келе

Жұмыр жердің жұмағы са­лысымен-ақ Президенттің күнделікті тікелей қадағалауымен және әлемнің әйгілі сәулетшілерінің атсалысуымен Есілдің сол жақ бетінен қаланың жа­ңа орталығын жобалау ісі қолға алынғанын білесіздер. Бұл істің жай-жапсарынан Қазақстан жұртшылығы жақсы хабардар деп ойлаймын. Бүгінде онда орталық басқару органдарының ғимараттарымен бірге әсем тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық кешендер де зор қарқынмен салынуда. Бірқатар министрліктер қазірдің өзінде сонда көшіп барып, жұмыс іс­теуде. Енді, міне, сол жақ жағалаудағы негізгі ғима­рат­тар­ дың бірі – Президент резиденциясының да құрылыс жұмыстары толық аяқталды. - Мемлекеттік дәрежедегі мәртебелі меймандар бас сұғатын Президент резиденциясы өзгеше көркемдік шешімімен ерекшеленуі тиіс. Жаңа ғимараттың архитекторы кім және құрылысты қандай компаниялар жүргізді? Және де бас са­ рай­дың құрылыс жұмыстары қанша уақытқа созылды? - Резиденцияның құрылысы 2001 жылдың мау­ сым айында басталған болатын. Көптеген отан­ дық және шетелдік құрылыс компаниялары қа­ тыс­қан тендерде бұл ғимаратты салу құқығын Гер­манияның «Kruger ErdBau GmbN» фирмасы жеңіп алды. Ғимаратты жобалаған да осы фирманың өз сәулетшілері. Құрылысты бүгінде осы фирманың астаналық филиалы жүргізуде. Әрине, құрылысқа ретіне қарай бұдан басқа қазақстандық фирмаларда тартылған. Шетелдік фирмада негізінен біздің жұмысшыларымыз еңбек етеді. Олар үшін бұл жақсы тәжірибе мектебі болды деп ойлаймын. Ашық кеңістікке, төңірегіндегі өзге ғимараттар­

Жұмыр жердің жұмағы мен үйлестіре салынған Президент резиденциясы бес қабаттан тұрады. Оның сәулет өнерінің туындысы ретіндегі кескін-келбетіне уақыты келгенде тиісті мамандар өз бағаларын бере жатар. Менің ойымша, резиденцияда Мемлекет басшысы мен оның жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне жан-жақты жағдайлар жасалған. Сарайда әр түрлі деңдейдегі, түрлі құ­ рам­дағы іс-шараларды өткізуге арналған аумақты әрі салтанатты залдар бар. Олар сәулет пен дизайн өнерінің бүгінгі жетістіктеріне сай, ұлттық на­қыш­ тарымыз ескеріле отырып әрленген. Әрине, мұндай сарайлар қай елде де жылда салына бермесі белгілі. Сондықтан оның сән-салтанаты жарасқан, ел игілігіне ғасырлар бойы қызмет ете­тін­ дей болғанына не жетсін! Солай болсын деп тілейік. - Бүгін ресми түрде іске қосылған Президент­ тің жаңа резиденциясында қандай құрылымдар орын теппек? - Президент резиденциясына негізінен Елбасы­ ның күнделікті қызметіне бірінші кезекте қажетті құрылымдар орналастырылады. Олардың қатарына Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Елбасының кеңесшілері мен көмекшілері, Президент Кеңсесінің, Президент Протоколының, Баспасөз хатшысының қызметкерлері, тағы басқа да бірсыпыра құрылымдар бар. Әрине, бұл күнделікті істің ыңғайына қарай өзгеріп отыратын мәселелер ғой. - Есілдің сол жағалауындағы жаңа ғимарат пайдалануға берілгеннен соң осы уақытқа дейін болып келген Президент резиденциясы қандай мақсаттарға қолданылады?

Жұмыр жердің жұмағы - Қазақстан Республикасы Президентінің қазіргі резиденциясы - ел өмірінде маңызды рөл атқаратын талай-талай тарихи шешімдер қабылданып, аса ау­ қым­ды іс-шаралар атқарылған ғимарат. Мәсе­лен, 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Респуб­ли­­ касының Парламенті мен Үкіметінің бір­лескен мә­ жі­лісі кезінде осы ғимараттың Күмбезді залында Ел­басы Ақмола қаласын ел астанасы етіп жариялау ту­ралы Жарлыққа қол қойды. Ғимараттың өзіндік архитектуралық келбеті бар. Адамдардың жұмыс істеуіне қолайлылығы жағынан да жақсы жақтары аз емес. Сондықтан Елбасының Жарлығымен бұл ғимарат Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің мұражайына айналдырылмақ. Ендігі жерде барлық өркениетті елдердегі сияқты, мұнда тәуелсіз еліміздің жаңа дәуіріне байланысты құжаттар, Президенттің қызметіне қатысты экспонаттар қойылады. Айталық, Елбасына әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекет басшылары мен қай­рат­ керлер тарту еткен сыйлықтардың бәрі осы жайға топтастырылады. Оның есігі келушілерге ашылып қана қоймай, мұнда мамандар ғылыми-зерттеу жұ­ мыс­тарымен де айналысатын болады. Арқадағы Ақорда Астананың ажарын ашып, алаштың айбынына айналары анық. Еліміз еңселі, көшіміз көлікті бола берсін деген тілек айтамыз. - Әңгімеңізге рахмет.

«Егемен Қазақстан» 24 желтоқсан 2004 ж. Жұмыр жердің жұмағы ТУЫСТЫҚ ТУЫ немесе Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдасу мүмкіндігі туралы бірер сөз

“Бір ананың сүтін тел емген” Ұлы Тұранның құтты төсін арда еміп, төскейдегі төрт түлігін бөле жаймаған алты алаштың, яки Орталық Азия елдерінің саяси-экономикалық жа­ ғы­нан ықпалдасып, мәдени-тарихи құндылық­та­­рын ортақ игілікке айналдыру қажет­тілігін уақыттың өзі алға тартып отыр. Тарихта Тұран, Түркістан, Дешті Қып­шақ, Мәуреннахр тәрізді конфедера­циялық одақтарға шоғырлана алған осынау байтақ өңір ха­ лықтарының өнбойында бағзыдан өзегін үзбей келе жатқан ынтымақтастық рухы әлі де жойылмағанын ескерсек, жаңа ғасырда Орталық Азияда геосаяси одақтың орнығуына негіздер баршылық. Өткенге көз жүгіртсек, оғлан баба­ларымыз, яғни ежелгі түркі қағанаттары қазық қағып, қабырғалы мемлекеттілігін қалыптастырған Орталық Азия аймағы кейінге дейін әлемдік тарихта “ішкі Азия” деген атпен белгілі болып келген. Өңірдің нақты өлшем-шегін айырып бере алмайтын бұл атаудың шығуының өзі Азияның біз мекендеген кіндік тұсының түрен түспеген тың жердей түбегейлі зерт­телмегенін айғақтайды. Ал ХІХ ғасырда баябан өлкенің байлығына көз алартқан империялық Ресей мен Британия өз зерттеушілерін кезекпе-ке­ зек жұмбақ аймақтың сырын шешуге аттандыра бастағаны белгілі. Кейінірек Ш.Уәлихановтың, Семенов-Тян-Шанскийдің және басқа да зерттеуші­

Жұмыр жердің жұмағы лердің еңбектері Ресей мен Еуропаға өңір қақпасын ашып берген болатын. Кеңестер кезінде мектеп қабырға­сы­нан өткен кез келген замандасымыз геог­рафиялық картадан біздің аймақты Орта Азия және Қазақстан деп оқығаны белгілі. Осы орайда Қазақстанды тұтас өңірден жеке-дара бөліп қарағанын қа­растырсақ, зерттеушілер мынадай пікір­лерге сүйенеді. Біріншіден, Қазақстан­ ның Ресейдің қол астына басқа туыста­рынан ертерек кіруінен ел тұрғындары­ның сапалық деңгейі са­ лыстырмалы түрде жоғары болған әрі түркілік емес ұлттардың өкілдері көбірек шоғырланып үлгерген. Екіншіден, еліміздің ұлан-ғайыр даласының солтүс­ тік шеті ланд­шафтық-географиялық жағынан Батыс Сібір аймағына жатқызылды. Осыған орай ХІХ ғасырда Ресей империясы әкімшілік-аумақтық бөліністі жүзеге асырғанда Қазақстанның оңтүстік өңірі Орта Азия елдерімен бірге Түркістан генералгубернаторлығына енсе, шығыс аймағымыз Батыс Сібір губернаторлы­ғына, солтүстік батыс жағы Орынбор, Маңғыстау жағы Закавказье генерал-гу­ бернаторлығының құрамына кірді. Тек өткен ға­сыр­ дың соңында ғана тамыры тереңде жатқан тарихи өңір елдері тұтастай енген Орталық Азия өз атымен атала бастады. Қалам ұстаған жандарға жеңсік ас тәрізді таңсық тақырыпқа айналған Орталық Азия мәселесі төңі­ ре­гінде ой қозғап жүрген базбір сарапшылар әр за­ маналарда Шыңғысхан, Александр немесе Сталин сияқты билеушілердің қарулы қолдарының кү­ ші­мен ғана өзара түйісу нүктелерін тауып келген өңір елдері өз егемендіктерін еншілегеннен кейін енді ешқашан да бас біріктіре алмайды деген тоқ­

Жұмыр жердің жұмағы там­ға келеді. Бәлкім, аса байыптылау болмаса да бұл пікірдің астарында ақиқат жатқан болар? Өйт­ кені, түркітанушы бір ғалымның былай дегені есте қалыпты: “Түркі тілдес халықтар өздерін алдап жат­ қанын аңғарғанда ғана бірлесе қарсы тұрды, сон­ дай-ақ соққыға жыққанда ғана бірігуге ұмтылды. Ал біртұтас одақ бол­ғанда орасан зор кеңістіктерді ба­ ғын­­дырып, өз билігін жүргізе білді”. Әлбетте, өткен ғасырдың 90-шы жыл­дарынан кейін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін ауызға жаңа алған кезеңде қай мемлекет болмасын Жаратқан Ием ұсынған бақты уыстан шығарып алмауға ұмтылды. Сол жылдары Кеңестер одағы құрсауынан құтылған кез келген жас мемлекет үшін қайта одақтасу келісімі мойынға келесі құрықты салумен барабар елестеді. Алай­да, әлем елдерінің ықпалдасу үдерісіне жаппай кірісуі, дүниежүзілік экономика­ның біртұтастық қағидатына қарай қадам басуы әлі де табанын жалпақ басып үлгер­меген жас елдер үшін елеулі қауіп туғы­ за бастағаны жасырын емес. Сон­дық­тан да аталған жаһандық талап кінді­казиялықтардың ішінара ішкі кірпияз­дықтарын ысыра тұрып, берік ынтымақ­тас­ тыққа бел шешуге итермелеуде. Әрине, әлем алпауыттарының аузы­мен “стандар” елдері атанып кеткен Ор­талық Азияны біріктіре алатын дәйекті факторлар аз емес екенін алдында айт­тық. Түбі бір туыстық, ажырағысыз өрке­ниет бастауы мен ортақ діни наным-сенімін қоса есептегенде кеңестің шекпе­нінен шыққан бұл елдердің соңғы әлеу­меттік-саяси құрылымдары да бірдей болды. Сондықтан да кейбір зерттеуші­лер өңір ел­ де­рін бөле-жармай, әлі күнге дейін тұтас геосаяси субъект ретінде де қарастырып келеді. Сонымен

Жұмыр жердің жұмағы бірге тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары бірқа­ тар зерттеушілердің көкейінде Орталық Азия елдері Түркия тәрізді зайырлы бағытты таңдай ма, болмаса ирандық үлгідегі исламдық фундамен­талистік негізге бет бұра ма деген сұрақ тұрған болатын. Өзіміз куә болғандай, өңірдегі барлық елдер осы заманғы өрке­ниеттік бағытқа бет бұрып, әлемдік эконо­миканың жаһандануы мен ақпараттық-ком­ муникациялық кеңіс­тіктің кеңеюі тұсында ұлттық экономиканы мем­лекеттен ажырату үрдесіне кі­рісті, лаңкестік пен экс­тре­мизмге қарсы күрестегі мүд­де­ лері де ортақ арнада тоғысты. Осы ойды өрбіте түсу үшін енді кіндіка­зиялық­ тар ықпалдастығының бастауына азын-аулақ тоқ­ талсақ. ТМД-дағы ішкі саяси құрылым аясындағы ин­теграциялық үдерістердің сыртында өңірлік то­ ғы­судың дербес саясаты да жүргізіліп отырғаны бар­шамыздың есімізде (Тақырып аясы тым кең бол­ғандықтан, бұл мақалада Қазақстан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан елдері арасындағы қарым-қатынасты ғана сөз еткенді жөн көрдік). Тәуелсіздіктің алғаш­қы жыл­дары Қазақ­стан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан арасында жа­салған мәңгілік достық туралы шарттар осының бір ай­ғағы. Өңір елдерінің экономикалық ықпалдас­ тығының қайнар көзі 1993 жылғы Қазақ­стан мен Өзбекстан арасындағы экономи­калық интеграцияны тереңдетудің 1994-2000 жылдарға арналған шаралары туралы келісім мен 1994 жылғы қаңтарда қол қойылған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбек­стан елдері арасында Біртұтас экономи­калық кеңістік құру туралы келісімнен бастау алады. Аталған құжаттарда аталған елдер арасында өзара тиімді сауда-эконо­ микалық және өндірістік қарым-қатынас­тарды да-

Жұмыр жердің жұмағы мыту қажеттілігі туып отырған­дығы, аймақты мекендеген халықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ортақ экономикалық әлеуетті тиімді пайдалану, со­ ған сәйкес тауарлар, қызмет түрлері, капитал мен жұ­мыс күшінің еркін қозғалысына жағдай туғызуға баса маңыз аударылатыны айтылған. Бұл келісімдер шеңберінде өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру жұмыс­тары атқарылды да. Атап айтқанда, элек­тротехника, мәшине жасау, фармацевтика, тау-кен өнеркәсіптерінде тұ­шым­ды нәтижелерге қол жеткізілген. Келісімге қаты­су­шы­ лардың негізгі мақсаты еркін сауда айналымы мен жеке өндірістен шыққан тауарлардың кедергісіз айналымын қамтамасыз ету екенін ескерсек, 1996 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасында еркін сауда айналымы туралы келісімге қол жеткізіліп, 1997 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан арасында нақ осындай келісімге қол қойылды. Бірақ бұл өзара топтасуға негіз салатын аса үлкен мәселенің бір үзігі ғана екенін естен шығармауы­мыз керек. Өйткені, өңір елдерінің өзара тоқайласу мүдде­лерінің сыртында осы “алтын сандық” аймаққа ықпал етуден дәмелі алпауыттардың да шағын әрі жас елдерді жеке-дара емес, тұтастай билесем деген үміттері де жоқ емес екенін айтпай кетпеуге болмайды. Британдық геосаясаттың негізін қалаушы Хальфорд Маккиндердің мына пікіріне сүйеніп көрелік: “Кім Хартлэндті билесе, сол Еуразияны билейді, ал кім Еуразияны билей алса; сол әлемге билік жүр­гі­ зеді”. Сонда Орталық Азияға деген мұншама қызығу­ шы­­лықтың астарында не бар? Біріншіден, Орталық Азия өңірі Еура­зияның кіндігінде орналасуы арқылы

Жұмыр жердің жұмағы алып құрлықтың едәуір бөлігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін стратегия­лық ма­ ңыз­ға ие болып отыр. Екіншіден, өңірдегі әрбір мем­лекетті дамытуға бағыт­талған сыртқы ықпал құр­лық кеңістігіндегі күштер арасалмағында айыр­ машылықтар қалыптастыруы ықтимал. Үшіншіден, осы өңірде әлемдік маңызы зор минералдық ресурстар қорының көп шоғырлануы. Оларды игеруге әлемдік державалар – АҚШ, Қытай, Ресей, Еу­ ропалық Одақпен қатар ірі мемлекеттер тізіміндегі Түркия, Жапония, Пәкстан да емеурін танытып отыр. Төртіншіден, өңірдің еуразиялық көлік дәліздері­нің түйісер тұсында орналасуы және осында кеңейтілген көлік-коммуникациялық желінің қалыптасуы “ал­ пауыт­тардың” шынайы қызығушылы­ғын арттыра түсуде. Айталық, Орталық Азия елдері Иран арқылы Парсы шығана­ғы­на шыға алатын болса, Ауғанстан мен Пәкстан арқылы Үнді мұхитына, ал Қытай арқылы Тынық мұхитына жол тарта алады. Аталған тақырыпқа әлемдік оқиғаларды жіті ба­ қы­лап отыратын көзі қарақты оқыр­манның АҚШтың бастапқыда Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде­гі әуе базаларына өз ұшақтарын қондыруға келісімін алып, оның ақыры дүрдараздыққа ұласуы, сондай-ақ аталған ел­дердің Ресеймен арада салқындай бастаған қарым-қа­тынастарын қайта қалыпқа келтіруінің астарында “алпауыттар тартысының” жатқанын аң­ ға­ратыны анық. Бұл тұрғыда Елбасы өткен жылы өз байламын қадап айтқан еді. Егер есте болса, Мемле­кет басшысы Н.Назарбаев былтырғы жылғы Қазақ­ стан халқына Жолдауында: “Біздің алдымызда таңдау тұр: бірі – әлемдік экономиканың мәңгілік

Жұмыр жердің жұмағы шикізаттық қоржыны болып қалу, екіншісі – тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия­ ның барынша интеграцияла­нуына қарай қадам жасау. Мен осының соңғысын ұсынамын”, дей келе өңірлік ықпалдастықты орнықтырудың тиімділігін талдап көрсеткен болатын. Соның ішінде транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайта отырып, әлемдік ры­нок­ қа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шаруа­ шылығы ши­кізатын шығаратын өңірге айнала баста­ ғанымызды жеткізді. Елбасы осы Жолдауда Орталық Азия одағын құру жөніндегі ұсынысын көпшілік талқысына ұсынды.

Өзбек өлкесінде Әуел бастан саясаттанушылар арасында Орталық Азия өңірінің көшбасшылығына кім лайық деген сұрақ туындағаны ақиқат. Ашығын айту керек, әлемдік “ойыншылар” әуелгіде Өзбекстанға мойын бұрғаны ақи­қат. Оған мынадай негіздер себеп болған еді. Біріншіден, Өзбекстанның география­ лық жағынан нақ ортада орналасуы өңірдің геосаяси мәйегіне айналуына тиімділік туғызады делінді. Екіншіден, осы елдегі тәуелсіз шикізаттық және энергетикалық база мен үлкен адам ресурсы ерекше ескерілді. Үшіншіден, Орталық Азияның өзге төрт республикасымен шектесетіндік­тен оның әскерисаяси бағытта стратегия­лық маңызы зерттелсе, соңғысы осы ау­мақта құрылған көне Мәуреннахр зама­нында түрлі интеграциялық орталықтардың дәстүрлі мекені болғандығы алға тартылды. Бірақ көрші елде экономикалық рефор­малардың тым ке­

Жұмыр жердің жұмағы шеуіл­деуі және басқа да әлеуметтік-саяси факторлар Өзбекстанды болжанған мәртебелі мінберге шығу мүмкіндігінен айырды. Ашық бәйгеге шықпаса да Қазақстан­ның эко­но­ микалық жағынан кең серпіліс жасауымен қатар, елдегі ішкі тұрақтылық, әлемдік аса маңызды ша­ раларға белсене араласуы, халықаралық ұйым­дар­дың беделді мүшесіне айналуы елімізді бір­ден бірінші сатыға көтерді. Бірақ өз кезегінде Өз­бек­стан­ның да ойыннан шығып қалмай, үнсіз бәсеке жүргізіп келе жатқаны ақиқат. Әрине, мұндай бәсекенің ашық текетіреске ұрынбай, табиғи тартыс жағдайында өрби беруі екі елдің де жан-жақты өрлеуіне оң әсер етпек. Дегенмен, таяуда Қазақстанның Саяси жаңалық­ тар агенттігі жариялаған Л. Гусев­тің “Қазақстан мен Өзбекстан – еріксіз қар­сыластар” атты сараптамалық материа­лында екі ел арасында кеңестер кезінен қалған мәселелердің сарқыншақтары әлі де сақ­та­ лып келе жатқаны айтылады. Шын мәнісінде де қос мемлекет арасында оқтын-оқтын туындап қала­ тын шекаралық мәселелерден бастап, елімізге ағыл­ ған заңсыз мигранттар жағдайы, өзбекстандық құқық қорғау органдары басшылары тара­пынан “Қазақ­ стан лаңкестерді жасырып отыр” деген дәйексіз мәлі­мдеме­лері өзара бәсекелестікті оң арна­ға емес, солақай соқпаққа қарай тарта түсетіні рас. Өзбекстанның Қазақстанмен үзеңгі қағыстыруға тырысатын тағы бір мүмкіндігі ол республика­ ның жер қойнауында табиғи байлықтар қорының шоғырлануы. Ресми мәліметтер бойынша, Өзбекстан­ ның жер астында 100-ден астам минералды шикізат

Жұмыр жердің жұмағы түрлері орналасқан. Олардың қатарында алтын, жез, уран, күміс сияқты әлемдік ры­ноктағы аса бағалы металдар бар. Сонымен қатар, осы заманғы отынның озық түрі – таби­ғи газдың да мол қоры бар деп есеп­ теледі. Мемлекет Одақ тұсынан қалып­тасқан қуатты аграрлық әлеуетін кеңірек игеруге ыңғай танытуда. Дерек көздерінде республикада жылына 4 миллион тонна мақта шикізаты өндірілетіні көрсетіледі. Көршілеріміз экономиканың осы секторын басым бағыт ретінде бағалап, өңірлік рынокты жаулауда да көп үміт күтеді. И. Каримов өзінің “Өзбекстан бүгінде” атты кітабында “Біз Орталық Азияның өзіне ғана тән жер мен суға ерекше құрмет көрсету дәстүрін жаңғыртуымыз керек” деуі тегін емес. Республика өз егемендігінің елең-алаңында нарықтық реформаларға бірден кірісіп кетпей, индустриялық, энергети­ка­лық және авиациялық базаларын бұрынғы қалпынша сақтап қалды. Өнеркәсіптің басым бағыттары ретінде автомобиль, ұшақ шығару, фармацевтика өндірістерін таңдап алды. Алайда өңірдегі тұтынушылық қабілеттің тым төмендігі және автомобиль, ұшақ жасау салаларын о баста-ақ мен­шіктеп алған дүниежүзілік алпауыттардың өзбекстандық өнімді әлемдік рыноктың маңайына да жолатпауы үміт жібін үзуге әкеліп соқтырды. Ерекше иек артқан екі сала да қарыштап қанат қағып кете алмады. “Аспандағы тырнадан, қолдағы шымшық артық” екенін ұғынған көр­шілеріміз енді 2010 жылғы кезеңге дейін экономикалық реформаларды тереңдетудің негізгі бағыттарының бірі ретінде құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуды қолға алғалы отыр.

Жұмыр жердің жұмағы Осы жерде экономиканы қоя тұрып, саясатқа қайта ойыссақ, былтырғы жылы Өзбекстан өзінің халықаралық бағыттағы саясатына күрт өзгерістер енгізді. Осы елдегі Әндіжанда болған оқиғаға байланыс­ты Өзбекстан АҚШ, Еуропалық Одақ тарапынан қатты сынға ұшырап, өзінің батыстық бағыттағы саясатын әлсіретіп алғаны белгілі. “Ат айналып қазығын табатыны” тәрізді Өзбекстан ақырында өз жұрағатына қарай қайта мойын бұрса артықтық етпес еді. Мұның өңірлік ықпалдастыққа да соны серпін беретіні ақиқат еді. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың қаңтарында Астанада өткен Қазақстан басшысының лауазымына ресми кірісу рәсімінде Елбасымен кездескен И.Каримов екі ел арасындағы қарым-қатынастың ендігі жерде қалай өрбігенін қалайтынын тілек түрінде жеткізді: “Алла тағала Сіздің бойыңызға толайым талант берді. Ең әуелі өз халқыңызды сүю, өз халқыңыздың алдында және ата-бабалар қалдырған өсиеттерге адал болу қабілетін берді. Ал ең бастысы, халықты ынтымақ­тастыру, адамдардың бойына нық сенім ұялату қасиетін берді. Біз әрдайым бірге болдық. Біздер ешқа­шан ажырағанымыз жоқ. Мен өзбек пен қазақтың әрдайым бір-біріне иық сүйей беруін шын жүректен тілеймін. Өзбек халқында “Жолдасың қазақ болса, жолдан адаспайсың” деген мақал бар. Шын мәні­сінде де біздер түбі бір туыстармыз. Мен Алла тағаладан осы қарым-қатынас­тарымыздың дәйім сақталуын тілеймін”, – деді Өзбекстан басшысы. Көрші ел президентінің нақ осындай пікірді Астанадағы халықаралық маңызы зор үлкен шара-

Жұмыр жердің жұмағы да айтуы Өзбекстанның Қазақстанмен ықпалдасуға мүдделілік танытатынын айғақтайды деп ойлаймыз. Айыр қалпақты ағайын Алатаудың баурайын мекендеген 4,6 млн. айыр қалпақты ағайынның бақ-талайына Жаратқан Ие тамаша табиғат сыйлағанымен, қойнауында қазба байлық­тар қорының тым тапшылығы, мұнай және газ қорының мүлдем болмауы бұл елдің өңірдегі өзге мемлекеттерге деген эконо­микалық тәуелділігін күшейтті. Табиғи ресурстардың жоқтығымен қатар ел аума­ғының 95 пайызы таулы өлке болғандық­тан, жер жыртып, егін салу да мұнда мардымды нәтиже бермек емес. Бүгінде Қырғызстан Орталық Азия елдеріне таудан құлайтын мол суымен ғана “ашық әңгі­меге” бара алады. Мұндағы су күретамы­рынан бірнеше елдің ырысы саналатын Сырдария өзені бас­тау алып жатыр. Қырғызстан ел дамуының негізгі бағыт­тарын айқындауда әуел баста-ақ жоғарыда аталған факторлардың жоқ екенін мойын­дай келе, басқаша бағдарды таңдайтынын жеткізген. Бұған дейінгі үкімет басшылығы “Бізде Қазақстан, Өзбекстан, Түркімения елдеріндегідей мұнай мен газ жоқ. Біз шағын мемлекетпіз, соған сәйкес бізге көп нәрсе де қажет емес. Біз бай көршілерімізге түрлі қызмет түрлерін ұсыну арқылы жет­кілікті түрде пайда табуымызға болады”, дей келе қаржылы көршілерін өзіне тарту үшін салық жеңілдіктерін ұсынуға да қадам жасамақ болды. Асылы, Орталық Азияда осыған дейін біршама негізі қаланып қалған одақ идея­сының жүзеге асырылуының кешеуілдеуіне былтырғы жылы

Жұмыр жердің жұмағы Өзбекстандағы Әндіжан оқиғасы себеп болса, Қырғызстандағы сарғалдақ төңкерісі де кері әсер еткені өтірік емес. Қырғыз мемлекетінің басына жаңа басшылардың келуімен орын алған саяси науқандар, ел астанасындағы жаппай қиратулардан онсыз да әлсіреп тұрған экономиканың күйрей түсуі, елдегі түрлі топтардың өзара шешімге келе алмауы шағын мемлекеттің проблемасын одан сайын шаш етектен етті. Былайша айтқан­да, “байтал түгіл, бас қайғының” кебін кие тұруларына тура келді. Республиканың алдағы кезеңдегі даму ба­ғыт­ та­рын енді-енді қайта қарастыра бас­таған қыр­ғыз ағайындар қазіргі таңда жа­лаң “ұлттық идея­дан” гөрі адамдардың эко­­н­омикалық белсенділігіне қол­ дау көрсе­тудің нақты тетіктерін жүзеге асыруды қол­ға ала бастады. Ел басшылығы басым бағыттар ретінде отандық тауарлар сапасын арттыру, олар­дың өзіндік құнын азайту, кәсіпкерлер алдындағы түрлі бюрократиялық тосқауыл­дарды жою, бюджеттік сала қызметкер­лері­нің жалақысын өсіру, ипотека­ лық негізде тұр­ғын үй құрылысы саласын дамытуды ал­ға шығарған. Бір қараған адамға Қазақ­ стан­ның бүгінге дейін жүргізіп келе жатқан ке­лелі реформаларын көрші ел үздік үлгі ре­тінде қабылдап отырғаны байқалатыны рас. Экономикалық секірісте еуразиялық кеңістікке құлаш сермей алмайтынын жете түсінетін Қыр­ ғызстан тым болмаса Ор­талық Азиядағы өз орнын айқындап алу­ға мүдделі. Бішкек экономикалық тал­дау орталығының директоры Сапар Ороз­ба­ков “Жолбарыс­қа” айналу. Бірақ қа­лай?” атты са­рап­­ тамалық материалында осы мәселені кеңінен қау­зай­ ды. Эконо­микалық стратегия республи­ка­ны элек­

Жұмыр жердің жұмағы тро­ни­ка, туризм, сервистік орталықтарға айнал­дыру жобалары Қырғызстан үшін нақты нәтиже бере қойған жоқ дей келе, Қыр­ғызстан ендігі жерде тігін өндірісімен өңірлік рынокты жаулай алатынын айтады. Ол 1970 жылдары Жапония мен Оңтүстік Азия жолбарыстары өз дамуларын тігін өндірісінен бас­ тап, кейіннен тігу станок­тарын шығарып, ары қарай сатылап үлкен технологияларды игеруге көшкенін дәйек етеді. Расында да қазіргі уақытта орта дең­гейлі қа­зақ­ стандықтардың үстіне жапсыр­ғаны негізінен қыр­ ғыз­дық өнімдер екені ешкімге жасырын емес. Бірақ бұл көрсет­кіш (бір кездері қаптап кеткен қытай тауар­лары сияқты) рынокты жаулаудың нақты нә­ тижесі емес, уақытша құбылыс болуы да мүмкін ғой. Сапар Орозбаков мұ­ны да жоққа шығармайды. Көрші елдердің, атап айтқанда, негізгі тұтынушылар Қазақстан мен Ресей халқының әл-ауқаты аздаған жылдарда күрт өскен кезде тұр­ғындары тарапынан да таңдау мүмкіндігі өзгеріске ұшырап, неғұрлым сапалы өнімдерге бет бұра бастауы ықтимал еке­ нін көлденең тартады. Сондықтан да, дейді ол, қыр­ ғызстандық тігіншілердің кәсіптік деңгейін арттырып, өндірісті жаңа техноло­гиялармен жабдықтауды ұсынамын. Соны­мен қатар сарапшы Қырғызстанда жұ­мыс күшінің біразға дейін арзан бо­луымен өнім бағасы да төмен болатынын, соған сәйкес жалақы мөлшері көп талап етілетін Қазақ­станда тігін өнер­ кәсібін әзірге тұсаулап ұстап отыра алатындық­тарын айтады. Орталық Азиядағы ықпалдастықтың терең­деуіне ең мүдделі елдердің бірі Қыр­ғызстан екені айдан анық. Таяуда осы елде шығатын “Вечерний Бишкек”

Жұмыр жердің жұмағы газетінде “Ко­чевая конфедерация” деген тақырыпта ма­териал жарық көрді. Мақалада Қыр­ғыз­станның Қазақстанмен конфеде­рация­лық одаққа бірігу мүмкіндіктері сөз болады. Жарияланымда пікір білдірушілердің қатарында Қырғызстанның бұрынғы сырт­қы істер министрі, “Жаны бағыт” қоз­ғалысының көшбасшысы Мұратбек Има­на­лиев қырғызстандық билік Қазақ­ стан­мен одақ құруға талпыныс жасар еді, алайда бұған өзіндік дамуы бар Қазақ­стан келісе қоя ма? деген күмәнін ортаға салады. Ал сол елдегі белгілі депутат Қубат­бек Байболов Қазақстанмен конфедера­ция құру Қырғызстан үшін өте тиімді бо­ла­­тынын жеткізеді. Қырғызстанда мем­ лекеттік басқарудағы әлсіздіктер (пре­зидент пен парламент арасындағы қыр­ғи-қабақтық, т.б.), күйреген экономика, тым өршіп кеткен қылмыстық ахуал орын алса, нақ жанымызда таяу жыл­да­ры әлемнің ең дамыған елдерінің қата­ры­н­а енетін қарышты өркендеп келе жат­қан Қазақстан тұр, дейді ол. Бұл саясаткер Қазақстан тарапынан осындай қадам жасалса деген үмітін білдіреді. Осы мақалада пікір білдірген қырғыз­стандық зиялы қауым өкілдері пікірле­рінің мазмұнынан олардың өңірлік одақ­ тың құрылуында Қазақстанның бас­тамашылығын күтетіндіктерін байқауға болады.

Орталық Азия барысы “Бізде Жолбарыстар жоқ, ал таула­рымызда тір­ шілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғам­дас­ тыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас бол­

Жұмыр жердің жұмағы ғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғыр­ лы­ғы­мен, жасқануды білмейтін тәкаппар­лығы­мен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ”, деген баянды болашақты нұсқайтын жолдары бар “Қазақстан-2030”стратегиялық бағ­ дарламасы қабылданғалы бері 9 жылға жуық уақыт өтті. Бастапқыда маңайы­мыздағы қоңсыларымыздан бастап, көптеген сыртқары жұрттың мұны құр қиялға балап, сенімсіздік танытқаны рас. Жоқ, бұл құр қиял емес еді. Егер бағдар­ламада Азия немесе Еуразия барысына айналады делінсе, ол шынында да езуіңізге еріксіз күлкі шақырған болар еді. Стратегияда Орталық Азия барысына айналатыны тайға таңба басқандай көрсетілді. Мұны құлашы жетпейтін жерге қолын соза бермейтін қазақы даналықтың, далалық сабырлылықтың үлгісі деуге болады. Орталық Азия елдерінің интеграция­лануы жө­ нінде қалам тербеп жүрген зерттеуші Рүстем Жан­ғо­ жин өзінің таяуда жарық көрген “Орталық Азия­ның жаңа тәуелсіз мемлекеттері халықаралық қарымқатынастар жүйесінде” атты монографиясында “бүгінге дейін қалып­тасқан шаруашылық-эко­но­ микалық және әлеуметтік-саяси даму құрылым­ да­ры­ның әркелкілігі, ресурстық-экономи­калық мүм­­кін­діктері мен либералдық-демократиялық соқ­ пақ­­тарының түрлі деңгейі, тағы да басқа кешенді мә­селелер өңірдегі республикалардың ықпалдасуы­ на шын кедергі болып келе жатқанын” алға тартады. Бұл – факт. Асылы, болып-толған адамның жанындағы әл-ауқаты төмен жандарға қарамай кетуі жағымсыздау болса да табиғи жағдай. Бірақ ашығын айту керек, Қазақстан өзінің ерек даму секірісіне

Жұмыр жердің жұмағы тоқмейілсіп қалмай, қай кезде де маңайындағы ағайынның бас бірік­тіруіне ұйытқы болып келеді. Санамалап айтпай-ақ соңғы Орталық Азия одағы идеясы осының нақты дәлелі. Қазақша айтқанда, Қазақстан “арғымаққа міндім деп артқы топтан адас­ па” ұстанымына берік. Әрине, бұл өңірлік ықпалдастық елі­міздің алдағы кезеңде дамуы жолындағы өз мүдделеріне де сай келетінін айта ке­туіміз керек. Еліміз аймақтық интег­рация арқылы Еуразия құрлығындағы көлікком­муникация транзитінің мүм­кіндік­терін жүзеге асырып, Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесін қалыптастыруды қарастыруда. Сонымен бірге Қазақстанды Орталық Азия өңі­рінде инвестиция салушы ғана емес, ал­дыңғы қа­тар­лы әлемдік техно­логия­ларды, білім мен басқару тәжіри­ белерін негізгі “тарту орталығына” айналдыру көз­ деліп отыр. Елбасы сөзімен айтсақ, “Қазақстанды Орталық Азия айма­ғындағы тораптық ел, ішкі эконо­ микалық байланыстар­дың ықпал­шы­сы, капиталдар мен инвести­ция­ларды тарту ортасы, Орталық Азия рыногына бағдар ұстаған әлем­дік ірі компания­лар­ дың өн­діріс­т­ерін немесе филиал­дарын, халық­аралық сервистік қызметті орналастыру­шы елге айналдыру” алдағы уақыттың еншісінде тұр. Қазіргі таңда халықаралық сарапшы­лар Қытай мен Үндістан экономикасы­ның аса шапшаң қар­ қын­мен дамып келе жатқанын ескере отырып, сол маңайға орналасқан Орталық Азияның да кең құлаш сермейтінін ашық меңзеуде. Таяуда Азия Қайта құру және даму банкі “Орталық Азия 2015 жылы” деген тақы­рыпта жүргізген зерттеуінің қорытын­ дыларында алдағы үш жылда Орталық Азиядағы

Жұмыр жердің жұмағы экономикалық өсім жылына 9 пайызды құрап, өңір­ дегі бағалы ресурс­тар саналатын мұнай, газ, мақ­та, алтын өнімдері негізгі тірекке айналатыны көр­се­ тілген. Сарапшылар алдағы 10-15 жылда Үндістан мен Қытай экономикаларының дамуымен Орталық Азия өңіріндегі өңдеуші салаға үлкен рыноктар қақпасы айқара ашылатынын айта келе, ол үшін өңірдің интеграциялануын жеделдету қажеттігіне тоқталады. Мақала барысында біз “бір ананың сүтін тел емген” Орталық Азиядағы үш барыстың қазіргі таңда қалыптасып отырған ықпалдастық деңгейін мейлінше ашып көрсетуге тырыстық. Азын-аулақ кедергілерге қарамастан, қос ағайынның да бұл мәселеде түптеп келгенде Қазақстан барысына қарайлайтыны аңғарылатын тәрізді. Ал бұл тұрғыда Елбасы Н.Назарбаев “Орталық Азия ықпалдастығы бастамасы бұл “көрініп қалу” немесе көшбасшылық ету дегендей қандай да бір қазақстандық кеудемсоқ­ тық емес екенін, бұл біздің өңірімізде өмір сүріп жатқан бауырлас халықтардың ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетініне сенімді екенін” қадап көрсеткен бо­латын. Ендеше “бойына дамудың алдың­ғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген Батыстың талғампаздығы мен Шығыс­тың кемеңгерлігі мен төзімділігі тән” қазақстандық Барыстың тағы бір сыналар сәті туып тұр. «Егемен Қазақстан» 2 наурыз 2006 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ТУЫСТАС ПАРТИЯЛАРДАН ТУ ҰСТАР ПАРТИЯҒА ДЕЙІН Түңдігі бүтін, түтіні түзу ұшқан түмен жұрт қана елдегі саясат қазаны қалай қайнап жатқанының жай күйіне баға беріп сол қазан ішіне салынған тоқпан жілік пен тоқты асығымен айырып бере алатыны анық. Қарашаның соңындағы қара суық қарға ұласқан жер беті ақ көрпеге оранғалы дос пен қоңсы-қолаң қолтықтас үшін түнемелігінде қаужап шықпаса да түстігінде түбін түсіріп айтар тақырыпқа тамызық табылған. Қай-қайсысы болмасын шамасына қарай шауып, талғам таразысына сай талдау жасайды. Ешкім ертеңгі өмірімен өзектесіп келетін саяси оқиғалардан сырт қалғысы жоқ... Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қоз­ ғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси кұрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бір партиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы респуб­ликамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки, көппартиялы жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талаптілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси кұрылымдар шоғыры қалыптасты. Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған тәуелсіз Қазақстан демократиялық, ашық қоғам құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған коғамдық бірлестіктер мен саяси партия-

Жұмыр жердің жұмағы лар жас мемлекетте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. «Қазақстан» энциклопедиясының 5-ші томының беттерін парақтап көрсек, 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың қатарында: «Достастық» азаматтық қозғалысы, «Форум» қоға­ мы, «Инициатива» әлеуметтік-саяси бірлестігі, «Қа­ зақ тілі» қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, «Бірлесу» тәуелсіз одағы, «Желтоқсан» қоғамдық ко­митеті, «Бірлестік» аза­маттық қозғалысы, сондайақ қо­ғамдық бірлестіктердің ірі экологиялық ұйым­ дары – ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді. Сонымен қатар, қызметі тарихи-ағарту сипа­ тын­дағы бір­лес­тіктерден «Ақиқат», «Мемориал», «Әділет» та­рихи-ағарту қоғамдары, «Жерұйық» та­ рихи-этног­рафиялық бірлестігі жұмыс істесе, қо­ғам­ дық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж., шілде). «Поко­ление» (1992 ж., 24 қараша), «Лад» (1993 ж., мамыр), «Азамат» азамат­тық қоз­ға­лысы (1996 ж., 20 сәуір) өз хал-қадірлерінше аза­мат­тық қоғамға арна салды. Қазақстанда қо­ғам­дық бір­ лестіктердің қалыптасуының келесі ке­зеңін­де Қа­ зақ­станның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін’’ (1998 ж., ақ­пан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін»

Жұмыр жердің жұмағы (1998 ж., 6 қазан) қоғам­дық қозғалысы, «Өр­леу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), тағы басқалары құрылды. 1989-1994 жыл­дар­дың аяғын­да Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бір­ лестік Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 жы­ лы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жыл­дың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тір­­кеу­ ден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Сол кезеңде аталған қозғалыстар мен қоғамдық бір­лес­ тіктердің нақты стратегиялық тұғырнамалары және соңынан ерткен орнықты идеялас электораты бола қоймаса да, олар егемен елде көппартиялық құ­ры­ лыстың іргесін қалаулары мен тарих беттерінен орын теппек. Қазақстандағы саяси партиялар мен қо­ғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу республикамыздың Конституциясында, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.05.1996) «Саяси партиялар туралы» (15.07.2002) заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстандағы аталған саяси партиялар мен қо­ ғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демо­кра­ тия­лық-құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуда осы уақытқа дейін аз қызмет атқарған жоқ, атқара да бермек. Алайда алдына әлемдегі бәсекеге барынша қа­ білетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл мін­дет қойған Қазақстанның жедел саяси жаңаруына көп­ теген саяси партиялар мен қозғалыстардың «сылбыр әрекеті» сай келмейтіні анық еді. Партиялардың саяси жүйедегі рөлін нығайту ар­­қылы ғана демократиялық реформаларды алға бас­ты­р­у­ға болатынын Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев бір­неше peт алқалы жиындарда атап көрсеткені соның айқын мысалы. Президент саяси партиялар мұнан былайғы сая-

Жұмыр жердің жұмағы си жаңа үрдістердің қозғаушы күшіне айналуға тиіс екенін және партиялық жүйенің дамуы ел заңдарын берік ұстана отырып жұмыс істейтін неғұрлым күшті әрі қабілетті партиялардың табиғи түрде іріктеліп шыға алатынына сенім білдіргені көпшіліктің есінде. Бұл ретте елдегі саяси партиялар өз өкілеттіктерін елеулі түрде кеңейтуге дайын ба, өздерінің еселеніп отырған ықпалын қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай қаншалықты пайдалана алады деген заңды сұрақтың туындайтыны жасырын емес. Өйткені өт­ кен тәжірибе көрсетіп отырғандай, осыған дейін Қазақстан қоғамында көпшілік партиялар тек өз­ де­рінің саяси жетекшілері мен қаржылық демеу­ ші­лерінің, мүдделері аясында қызмет етіп келгені ақиқат. Осыған орай мемлекет басшысы қоғамның барлық буынының қолдауы мен сеніміне шын мәнінде ие болған бірнеше ірі бұқаралық партияның құрылуын өмірдің өзі талап етіп отырғанын қадап айтқан еді.Өзара идеялас партиялардың «Отанның» айналасына топтасу үрдісіне орай бұдан былай қазақ­стандық партиялық жүйе қандай болады деген дү­дәмал әңгімелердің туатыны шындық. Бұл сауалға жауапты Президент таяуда Азаматтық партияның кезекті съезінде өзі айтты. Бәзбіреулер Қазақстанда бірпартиялық жүйе болуы керек деген пікірлер айтып қалатынын, бірақ біздің бұл жолдан өткенімізді, ондай қадам тұйыққа әкеліп тірейтінін Елбасы нақты айтты. Сондай-ақ енді біреулер екіпартиялық жүйе тиімді болады десе, келесі біреулері нақты өмірден мүлдем алыс экзотикалық схемаларды ұсын­ған. Менің көзқарасымша, деген еді Елбасы, мұн­дай әңгімелерді саяси үдерістер мен партиялық

Жұмыр жердің жұмағы алаң­ның құрылуын жасанды шеңберлермен шектеуге болмайтынын ескермейтіндер шығарып жүр, бізге демократиялық стандарттар мен нормаларға сай келетін партиялық жүйе керек. Біз осындай анық та айқын қағидатқа тоқтам жасауымыз керек. Пре­зидент, түптеп келгенде, бізде бірнеше қуатты, бәсекеге қабілетті көшбасшы партиялардан құралған демократиялық көппартиялы тұрлаулы жүйе қ­ұ­­ ры­луы тиіс деп есептейтінін, еліміз басшылық жа­ сауға жауапты әрі реформаларды жүргізе алатын, ха­лықтың мүдделерін қорғай алатын бірнеше іргелі сая­си партиялар болуына қадам жасауы керектігін, жаңа ұйым негізінде біз шын мәнінде бұқаралық халық­тық партия жасай алатынымызды ашып айтты. Өткенге көз жүгіртсек, биліктің партиясы саналатын «Отан» өзінің жетіжылдық белесінде бір­ неше шағын саяси құрылымдарды қата­рына қосып келе жатқанын аңғарамыз. Мәселен, 1999 жылғы 19 қаңтарда Елбасы Н. Назарбаевтың кандидатура­ сын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб түрінде құ­ рыл­ған саяси құрылым, соңыра 1 наурызда ал­ғаш­ қы съезін өткізіп, сол жиында «Қазақстанның халық бірлігі», Қазақстанның демократиялық пар­тия­сы, «Либералдық қозғалыс» және басқа да қоз­ға­лыс­тар­ ды өз қанатының астына алды. Ал 2002 жылы рес­ пуб­ликалық Еңбек және Халықтық-кооперативтік партиялары «Отанның» құрамына енді. Сол жылы аталған саяси партияның құрамы 111 мың адамға жетті. Бір қарағанда, бас партия ұсақ шабақтарды қылғыта беретін алып жайынға ұқсап кетуі әбден мүмкін. Бірақ бағыты мен бағдарламалары қос тамшыдай өте ұқсас мұндай ұсақ саяси бірлестіктер ешқашан қоғамда қозғаушы күшке айнала алмасы

Жұмыр жердің жұмағы белгілі жәйт еді. Өз кезегінде «Отанның» мығым күші саяси белсенді топтардың идеялық көзқарастарының өмірге енгізуіне мүмкіндік туғызып берді. Әңгіме тиегі ашық айтылып отырған соң «Отан» осы уақытқа дейін де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аса күшті саяси беделімен сусындап келе жатқанын да жасырмауымыз керек. Мемлекет басшысы бұл жағдайды таратып айтпаса да саяси идеяларды жеке тұлғаның күшімен ғана емес қоғамдық ұйым негізінде жүзеге асыруға қабілетті партияның құрылуы қажет екенін жеткізген болатын. Бізге қуатты әлеуметтік тірегі бар, жұртшылық­ тың мүддесін анықтай алатын, соны жеткізе алатын, сайлаушылардың дауысы үшін бір-бірімен өрке­ ниетті түрде тіресе алатын күшті, бәсекеге қабілетті партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңірегінде біріккен, сындарлы тұрғыдан өзара ынтымақтасатын партиялар болуы тиіс. Елдің жедел дамуына бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдыруға, қолға алынған өзгерістерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабілетті болуы керек. Біз іс жүзінде күшті әрі бәсекеге қабілетті пар­тиялары бар осы заманғы партиялық жүйені қа­ лып­­тастыруға кірістік, деді Елбасы. Сонымен қатар, Қазақстанда басым күшке ие орнықты партияның құрылуы жалпыұлттық қоғам­ дық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмақ. Стратегиялық келешекте таңдап алынған бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етпек. Бұған қоса, қол­ басшы партия Парламентте басым дауысқа ие бола отырып алдағы реформалардың заңнамалық негізін қалауға атсалыспақ. Әлбетте, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай

Жұмыр жердің жұмағы кез келген іргелі мемлекетте ірі партиялар өз халқын жалпыұлттық мақсаттарға жұмылдыра отырып, елдің дамуына қуатты серпін беріп келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын тарту­ дай-ақ тартқан Жапония саяси жаңғыру кезеңінде елдегі ірі партияның күшіне иек сүйеп, сол мем­ле­ кет­тегі либерал-демократиялық партия өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде дәйім билік басындағы партия болып келеді. Азия жолбарыстары Сингапур мен Малайзия, демократиялық кұрылымының сан ғасырлық тарихы бар Еуропаның көптеген елдері де осы жолды таңдаған. Мұндай қуатты партиялар ел өмірін сәтті ре­ фор­малауға, саяси тұрақтылықты қолда ұстауға қабілеті жететінін, айқын идеологиялық негіздерге арқа сүйеп, қауіпсіздікке, мемлекеттікке, ұлттық мүдделерге орнықты нарықтық реформаларға ба­ сым­дық беретінін өмірдің өзі дәлелдеген. Осы орайда «Отан» сияқты орасан зор қуаты бар саяси құрылымды бірізді монополияға ұрын­ дыр­май, оны заман ағымына сай дамыту да ал­ дағы уақытта атқаруға тура келетін сындарлы мін­ дет­тердің біріне айналмақ. Атап айтсақ, заманауи менеджментке негізделген ішкі құрылымды құру, партияның басшы органдарын оңтайлы ұйым­дас­ тыру, үлкен бюрократиялық ұйым болмауына, басшы органдардың арасында функциялардың қай­та­ ла­нуына жол бермеу бас партияның болашақтағы бағ­дарын айқындай түспек. Жалпы, қоғамның барлық жасампаз күштерінің топтасуы ел дамуының басты стратегияларының бірі – Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 ел­дің қатарына кіруіне ұйытқы бола алады. Яки,

Жұмыр жердің жұмағы пар­тия жалпымемлекеттік мүдделер аясында қыз­ мет етіп, саяси бәсекелестіктегі идеялар тартысында қоғамға дамудың мейлінше тиімді стратегия­сын ұсынып отырмақ. Сондай-ақ партиялардың рөлін арттыру арқылы Парламенттегі партиялық фрак­ циялардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси пар­тия­ ларды мемлекеттік қаржыландыру, Үкімет жа­сақ­ тауда Парламенттегі партиялық фракциялар­дың қатысу тетігін жасау мүмкіндіктері жүзеге асы­рыл­ мақ. Ықпалды біртұтас партия реформа барысын­да қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына мүм­ кін­дік бермек, стратегиялық келешекте жүргізіліп жатқан саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ететінін де ұмытпауымыз керек. Біз бұдан былай «Отанның» кемелденуін Қазақ­ станның қаншалықты қарышты дамуымен де қатар өлшеуімізге болады. Өйткені, соңғы жылдары ты­ ғырықтан шығып, көшін түзеп, көшелі жолға түс­ кен көршілес Ресейдің осы жетістіктері тегеуріні темірдей «Единая Россия» саяси партиясының идея­ лық мақсат-мұраттарының орындалуымен қа­бы­ сып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сөз орайы келгенде айта кетер жәйт, соңғы күндері қа­ та­ры толысып жатқан «Отан» партиясының атын өзгер­ту жөніндегі ұсыныстар да қызу талқыға түсіп келеді. Сол ұсыныстардың ішінде «Нұр Отан» атауына көпшіліктің көңілі түсіп тұр. Газетімізге осы тақы­рыпта келіп түсіп жатқан хаттардың ішінде жақында Акмола облысының тұрғыны Ғалымбек Айтмурзиннің аталған мәселе жөніндегі ойы басылым бетіне жарияланды. Хат авторы «Hұp Отан» сөз тіркесінің мағынасы «нұр елі», «нұр жауған ел» дегенді білдіреді дей келе, сондықтан да «Нұр

Жұмыр жердің жұмағы Отанды» жамағат ел, халыққа нұры, шапағаты түсетін партия деп қабылдайтын болады деген байламын айтады. Әрине, бұл пікірдің аталған партия көшбасшыларының бірінің емес, қарапайым ауыл адамының аузынан шыққан ақжарылқап тілегі екенін ескерсек, жаңа атауға халайықтың шынайы ниеті түсіп тұр деп те түсінуге болады. Бірақ бұл мәселенің түпкі шешімі тек «Отанның» алдағы күндері өтетін съезінің үлесінде тұрғанын да ұмытпауымыз керек. Қорыта айтсақ, Қазақстан саяси дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Енді салалық партиялар сая­ сатта басымдыққа ие болмай, идеялық бәсекелестік бірінші кезекке шығарылмақ. Отандық саяси жүйе, өркениетті елдердегідей бір-бірімен шынайы бә­ се­келесе алатын босағасы берік оңшыл, солшыл, центристік тармақтар бойынша дамымақ. Саяси сарапшылардың пікірінше, «Отанға» осыған дейін «Асар» және Азаматтық партия біріксе, алдағы уақытта Аграрлық партия бір сапқа тұрмақ. Сонымен, «Отанның» кемелдену үдерісі аяқталып, сол тұрғыда толысуға тоқтам жасайтын қазақстандық жаңа іргелі саяси ұйымдармен демократиялық негізде тартысқа түспек. «Егемен Қазақстан» 14 желтоқсан 2006 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ЖАҺАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Отын деген ұғымды қора жанында үйілген тезек пен бақа теректің дөңінен жарылған ағашты, болмаса қыс қарсаңында есік алдына бір үйме ғып түсіріп алатын тас көмірдің аясында ғана түсінетін бізге бірде жағрапия мұғалімінің Күннің басты отын екенін айтып, бала қиялымыздың быт-шытын шығарғаны бар. Сонда Жерден 150 млн. шақырым шалғайда жатқан легендей ғана Күннің қалай отын болып, ошаққа жағылатынын отыз баланың бірде-біреуі түсінбеген еді. Сөйтсек, дүниежүзілік ғұламалар мен ғалымдар сол кездің өзінде ХХІ ғасырдың соңына таман Күн энергиясы бүкіл адамзат қолданатын барша қуат көздерінің 86 пайызын құрауы мүмкін деген болжамдар жасай бастаған екен ғой. Бұл жөнінде кейінірек кеңірек тоқ­талармыз. Ал жалпы, Алла-тағала бастап­қыда балшықтан жа­ра­ тыпты-мыс дейтін адам баласының алдынан үшінші мың­жыл­дықта үркер шоғырдай үрей ретінде энер­ гетикалық қауіпсіздік проблемасы бетпе-бет келеді деп кім ойлапты. Қазіргі уақытта жаһан жүзін алаңдатып, сарапшыларды сарсаңға салып отырған энер­гетикалық қауіп­сіз­дік мәсе­лелері түптеп келгенде, әлемдік энергетикалық рынокта тең бәсекелестік орнап, әлем елдері түгелдей қуат көз­де­ріне тұрлаулы қол жеткізбейінше бүгінде дүниежүзінің отын ресурстарынан мүлдем ада-күде 2,4 млрд. адамы мен “Ильич шамының” жарық жалғанда бар екенінен тіптен бейхабар 1,6 млрд. жер тұр­ғы­ны үшін осынау өркениет игі­ліктері оларға “ұшатын кілем” секілді қиял күйінде қала бермек. Былтырғы жылы әлем­

Жұмыр жердің жұмағы дік “сегіздік” елде­рінің Санкт-Петербургте өткен басқосуына жиналған жаһанның жақсы­ла­ры мен жайсаңдарын толған­дырған толғақты мәселенің бастысы да осы болғаны есі­мізде. Сол алқалы жиынға қатысушы­лар халықаралық қоғамдастық айқын саяси ерік-жігер таныта отырып, әлемдегі энер­ге­ тикалық қауіпсіздік, экономикалық өсу және эко­ логиялық ахуал сияқты өзара өзектес үш міндетті адамзаттық деңгейде шешуге дайын екендіктерін жария етті. Жаңа ғасырда жаһандық эко­номиканың күрт өсуіне орай олардың энергетикалық қуат­тарды тұ­ты­ну деңгейінің қалыпты деңгейден артып кетуі, сон­дай-ақ әлемдегі мұнай және мұнай өнімдері ры­ нок­тарындағы баға­ның тұр­лаусыздығы салдары­ нан энергияны тұ­тынушы өңір­лер­дің қуат көздерін та­ратушы мемлекеттерге деген тәуелділігін үде­те түсті. Осы орайда Қазақстанның жаһандық энерге­ ти­калық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлем­дік қо­­ғамдастықта сенімді, тұрақты әрі келешегі зор мем­­лекет ретінде қарастырылуын қазақ­тың маң­ дайын­­дағы батпандай бағы, Елбасының қажырлы ең­бегінің өтеуі деп түсінген жөн. Таяу болашақта әлемдегі бәсекеге қа­білетті елу елдің қатарына кіру жөнінде ал­ды­на өршіл міндет қойған Қазақстан әлем­дегі мұнай және газ экс­порт­ таушылардың алғашқы жетілігіне кіруді бек жос­ пар­лап отыр. Егер еліміздің әлемдік мұнай сұра­ нысы үрдісіне шұғыл икемделе бастауын ескеретін болсақ, мұны қол жетпес қиял емес нақты мақсат деп бағалаған жөн. Сондай-ақ, энергетикалық қауіп­­сіздікті қам­тамасыз етуде қуат көздеріне деген жаһан­дық сұраныстың келешекте өсе түсетінін ескеретін болсақ, Қазақстанның бұл бағыт­тағы рөлі

Жұмыр жердің жұмағы жыл өткен сайын арта түспек. Дерек көздеріне жүгі­ ніп көрелік. Айталық, 1999-2004 жылдар аралығында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл сайын 15 пайызға ұлғайып отырды. Тұтастай алғанда, осы уақыт ішінде еліміз мұнай көлемін өндіруді 2 есеге арттыра алған. Сонымен қатар, Қа­зақстан соңғы 15 жыл ішінде мұнай экс­порты көлемінің өсу қарқыны жөнінен әлемде екінші орынды иеленіп келеді. Қа­ зір­гі уақытта еліміз күніне 1,3 млн. баррель мұнай өндіріп, 1 миллион баррельден астам мұнайды экс­ портқа шығаруда. 2015 жылы бұл көрсеткіш бойынша күніне 3,5 млн. баррель мұнай өндіріліп, оның 3 миллионы экспортталады деп күтілуде. Осыған байланысты еліміз өзінің энерге­тикалық ресурстарын одан әрі дамыту жө­нінен аса жоғары әлеуетке ие мемле­кет­тердің қатары­нан саналады. Бұған сондай-ақ әлемде соңғы 25 жыл ішінде ең ірі мұнай кен орнының тек Қазақстан аумағынан ғана табылғанын да атап көрсеткен жөн. Жаһан алпауыттарын соңғы кезде қатты алаң­ датып отырған мәселелердің бірі әлем­дік мұнай мен газ қорларының басым бөлігі нарықтық қарымқатынастарды мойын­дамай­­тын мемлекеттердің ау­ мақ­тарында орын тебуі болып отыр. Жаһандық зерттеу орталықтары­ның деректерінше, дүниежүзі­лік мұнай қорының 77 пайызының мұ­най­лы елдердегі ұлттық компаниялар арқылы ғана бақылау жасалады екен. Бұған қоса, экспорттаушы мемлекеттер­ дің өз елінің энергетикалық рыноктарын монополиялау үрдістері анық байқалып қалуда. Бұл әрекет біріншіден, табиғи қоры басым елдерде қажетті инвестицияның тапшылығы сал­дары­нан өндірістік және өңдеуші қуаттарды арттыруға, ал екіншіден,

Жұмыр жердің жұмағы инновациялық технологияларды көптеп енгізуге кері әсерін тигізіп келеді. Сонымен бірге бұл экс­ порт­тық маршруттар экономикалық және ры­нок­ тық шешімдер арқылы емес, геосаяси ұстанымдар негізінде айқындалуына әкеп соқтыруда. Әңгімеміздің басында айтқанымыздай, ашық әрі бәсекелестік жағдайында жаһанға қажетті энер­ гетикалық ресурстар өндірісіне екпін беріп, оның тасымалын қамтамасыз ету үшін кең ауқымды инвестиция тарту проблемасы да бүгінде күрделі күйінде тұр. Халықаралық энергетикалық агенттіктің баға­ лауынша, 2030 жылға дейін әлемдік энергетика 17 триллион доллар инвестиция қажет етпек. Алай­­ да бүгінгі таңда көптеген мұнай және газ өн­ді­ру­ші елдердегі саяси және экономикалық ахуалдар ірі инвести­циялық жобалардың жүзеге асуына ке­дер­гі келтіріп келуде. Бұл орайда, Қазақстанның энер­ге­ тика­лық рыногы сыртқы ойыншы­лар­дың қа­тысуы үшін ашық әрі айқын айдынға айналған, елі­мізде оң инвестиция­лық ахуал қалыптасқан. Сө­зіміз дәлелді болу үшін көп­теген талдаушылардың пікіріне сүйен­ сек, Солтүстік теңіздегі мұнай кен орын­дарының ашылу кезеңінен бергі уақытта нақ Қазақстанның энергетикалық рыногы ғана шетелдік инвестицияны тартудың жаңа әрі маңызды нысаны­на айналған. Мәселен, соңғы 15 жылда елімізге тікелей шетелдік инвестиция түрінде 50 млрд. АҚШ доллары тартылған екен. Соның басым бөлігі көмір­сутегі шикізатын өндіру және өңдеу саласына салынған. Республикамыз өзін саяси, экономика­лық және басқа да факторларға тәуелді емес, әрі жаһандық экономикадағы энерге­ти­калық тепе-теңдікті қалып­ тастыруға қомақ­ты үлес қоса алатын жауапты әрі

Жұмыр жердің жұмағы сенімді ел ретінде таныта алды. Бұл орайда, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев­тың Қазақстан өз шикізатын өндірушілер мен тұтынушыларға да эконо­микалық жағынан тиімді саналатын маршрут­тар арқылы ғана экспорттай­тынын атап көрсеткен болатын. Тағы бір мәселе. Энергетикалық қауіпсіз­дік­ке төнетін қатерлердің келесісі жер жүзін­дегі көптеген өндірісі өркендеген елдер мен ірі өңірлердің жеке энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етіл­меуі салдарынан олардың қуат көздеріне деген мұқ­таж­ дығының орын алуы болмақ. Егер де 1990 жылы мұндай елдер әлемдік ІЖӨ-нің 87 пайызын өн­ді­ріп келсе, осы ғасырдың басында олар өндіретін әлемдік ІЖӨ көлемі 90 пайызға жетті. Мұның өзі қойнауы қазынаға толы Қазақстанды жаһан­дық энер­ге­ти­ калық қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дегі жетекші рөлге шығаратынын айқындап бермек. Дүние дидарында энергия қуатының импорты­ на деген тәуелділіктің аса ұшқыр­лықпен өсе түсуі көп жағдайда энергетикалық импорттың орнық­ ты сақталатынына кепілдік берілмеген дамушы мемлекеттерді қатты алаңдатып келеді. Соған сәй­ кес, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қам­та­ масыз етуде дүниежүзілік энергетикалық инфра­ құрылымды тарам-тараммен көп бағытта дамыту үлкен рөл атқармақ. Бұған қоса ОПЕК-ке кірмейтін өңірлерде энергия ресурстары қорының түге­лісе бас­тауы түбінде сойылы белдеуге бай­ланбай келе жатқан Таяу Шығыстағы мұнай өндірісіне деген мұқтаждықты арттыра түспек. Ал аталған өңірдегі жаңағы тілге тиек еткен тірексіздікті ескерер болсақ, жаһан бұл өңірдегі энергия көздері мен оны жеткізуші маршрут­тарға балама бола алатын басқа бағыттарды дамытуға барынша пейіл танытпақ.

Жұмыр жердің жұмағы Енді, жоғарыда атап көрсеткендерді ек­шейтін болсақ, Қазақстанның жаһандық энергетикалық инфрақұрылым жүйесінде маңызды орынға шығары анық болмақ. Елімізді көрсетілген ереже сызбасымен қарас­тыратын болсақ, ол жеке энергетикалық ре­сурс­тарды жеткізуші функциясымен ғана шек­ теліп қалмақ емес. Атап айтсақ, Қазақстанның бір шетінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын ірі өңірлермен, ал екінші жағында энергия ре­сур­с­ тарының бай қоры орналасқан елдермен көр­шілес орналасуы респуб­ликамызды келешегі зор тран­ зит­тік елдердің қатарына кіргізе алады. Алайда, Қа­зақстанның бұл бағыттағы әлеуеті әлі толықтай игеріліп болмағанын жасырмауымыз керек. Соның ішінде теңіз порттарына тікелей жолдардың болмауы еліміздің әлемдік көмірсутегі рыно­гына шығуына қолбайлау жасауда. Расында, қазақтың “көпшіл болсаң, кекшіл бол­ май­сың” деген сөзінің жаны бар. Экс­порт­тық ба­ғыт­ тарды дамытуда Қазақстан­ның көп бағ­дар­­лы саясаты жаһандық энергетикалық инфра­құ­­рылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып ке­ле­ді. Бұл сондай-ақ Таяу Шығыс мұнайына деген жа­һан­дық тәуелділікті айтар­лықтай азайтуға септігін тигізуде. Мәселен, өткізу қуаты жылына 20 миллион тонна мұ­найды құрайтын Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының салынуы, Қазақстанның алдағы уақытта жылына 25 миллион тонна мұнай өткізе алатын Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесіне қосылуы, Солтүстік Каспий мұнай құбырын дамыту арқылы оның қуаттылығын 23-тен 60 миллион тоннаға дейін арттыруға қатысты жүргізіліп жатқан қарқынды жұмыстар Қазақ­стан­ ның жаңа экспорттық маршруттарды дамы­ту­дағы

Жұмыр жердің жұмағы салиқалы саясатын айқындап бере алады. Алып құрлық Еуразия ендігіндегі мұнайға деген мұқ­таж­ дықты ең әуелі шығыс бағыттағы экспортты қам­ тамасыз етумен шеше бас­тау керек екені айдан анық. Соның ішінде бір жарым миллиардтық халқы бар, сойқан шапшаңдықпен дамып келе жатқан Қы­ тайдың көмірсутегі сұранысын қамтамасыз етудің маңыздылығы зор болмақ. Атасу-Алашаңқай мар­­шруты арқылы ҚХР-ге Ресей мұнайы да тасымалданатын болады. Бұдан бөлек, Қазақ­стан Украинаның энергетикалық инфрақұры­лымына ат салысу жөнінде де белсенді жұ­мыс­тар жүргізіп келе жатқанын айтуымыз керек. Атап айтсақ, ЮжныйБроды-Вентспилс мар­шрутын ұйымдастыру, сонымен бірге Дружба-Адрия мұнай құбыры жобасына қосылу жөнінде уағдаластықтар жасалу үстінде. Со­нымен қатар Қазақстанның Одесса облы­сындағы Южный портынан мұнай терминалы құрылысын жүргізу мүмкіндіктері де қарас­тырылуда. Енді жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қам­ тамасыз етудің келесі көзі көгілдір отынға тоқ­та­ лып өтсек. Әлемдік энергетикада табиғи газ тек өткен ғасырдың ортасына таман пайда болды және негізгі отындар көмір мен мұнайға кейінгі кез­ ге дейін бәсекелес бола алмады. Алайда оның бар­ лан­ған қоры жыл өткен сайын үстемеленіп, 2002 жылы оның жаһан­дық қоры 155 трлн. текше метр­ ге, ал әлеуетті қоры 280 трлн. текше метрге жетеді деп бағаланды. Газдың негізгі қоры Ресей мен Таяу Шығыс аймағының қойнауында қоныс тепкен. Өз кезегінде Қазақстан да көгілдір отын қоры жөнінен кенде емес. Қазіргі таңда Қазақ­стан газын тасымалдау саласында екі маңызды бағыт қарас­

Жұмыр жердің жұмағы ты­рылуда. Бірінші бағыт, Ресей аумағы және Каспий теңізі арқылы Түркияға шығару жобасы. Бұл Баку-Тбилиси-Эрзрум газ құбыры жобасын іске асырудан кейін жүзеге асырылмақ. Қазақстан газы экспортының солтүстік бағыттағы көлемін арттыру үшін Орта Азия-Орталық магистральды газ құбырының қуаттылығын кезең-кезеңімен арттыру да қарастырылып отыр. Бұл қазіргі жылына өн­ ді­рілетін көгілдір отынды 55 млрд. текше метр көлемнен жүз млрд-қа дейін жеткізуге мүмкіндік туғызады. Келесі келешегі зор бағыттардың бірі ретінде қазақ, түркімен және өзбек газдарын Қытай рыногына шы­ғаруға мүмкіндік беретін Шығыс маршрутын атауға болады. Және де таяу уақытта өткен жылғы желтоқсандағы екі ел басшыларының келісімі бойынша Қытай жағымен бірлесе отырып, Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысын жүргізу жұмыстары басталмақ. Елімізде өндірілетін газ көлемі жыл санап өсіп келеді. Бұл негізінен мұнай өндірісі кө­лемінің артуы нәтижесінде ілеспе газдың өндіріле бастауына байланысты болып отыр. Бұған сондай-ақ мұнай өңдеуші компания­лардың ілеспе газды өңдейтіні жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы да негіз болып отыр. Болжам бойынша, 2013 жылы еліміз жылына 50 млрд. текше метр, ал 2015 жылы әр жыл сайын 80 млрд. текше метр шамасында газ өндіруді межелеп отыр. Әлбетте, соншалықты мөлшердегі газды экспорттауда жаңа көлік дәліздерін дамыту, қуат көздерін әртарап­тан­дыру шаралары мейлінше маңызды орынға шығарылмақ. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тө­нетін тағы бір қатер – ол әлемдегі мұнай өңдеуші өндіріс

Жұмыр жердің жұмағы көздерінің төмен деңгейде екендігі. Мысалы, соңғы он жыл шамасында мұнай өндіру көлемі аса жоғары қарқынға ие болса, оны өңдеушілік қабілет керісінше тым төмендеп кеткен. Дүние жүзінде мұнай өңдеуші зауыттардың тапшылығы уақыт өткен сайын айқын сезіле бастады. Мұндай үрдістің сақталып отыруы мұнайды тұтыну өсімін тежейтін басты факторлардың біріне айналуы ғажап емес. Қазірдің өзінде мұнай бағасының шарықтап кетуінің өзі негізінен өңдеуші салаға бөлінетін инвестицияның төмендігі, мұнай өңдеуші зауыттар құрылысының жоғары бағасы, сондай-ақ, экологиялық шектеулер мен ережелер себеп болып отыр деген тұжы­рым жасауға болады. Осыған байланысты қазір­гі уақытта мұнай өндіру көлемін артты­рып қана қоймай, энергия ресурстарына деген сұранысты қанағаттандыруға қабілеті жоғары технологиялық өңдеу қуаттарын жандандыру жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты шарттарының бірі ретінде қарастырылуда. Мамандардың пікірінше, бүгінгі таң­да әсіресе, құрамында күкірті мол қышқыл мұ­ найды өңдейтін зауыттар тым тапшы болып отыр. Мұндай мұнайлар ОПЕК елдерінің рыногынан ға­ на жеткізіледі. Өз кезегінде Қа­зақстан да әлемдік энергетикалық рынокқа күкірті мол мұнайды жеткізіп ке­леді. Сон­дықтан да, әлемде нақ осы қышқыл мұ­ най­ды өңдейтін нысандар салу басымдыққа ие болып отыр. Бұл орайда Қазақстан аталған пробле­ма­ны түпкілікті шешуге бел буа кірісті. Айта­лық, был­тыр Атырау мұнай өңдеу зауытында қайта құру жө­нін­ дегі ірі жоба іске асырылып, соның нәтижесінде зауыт қазіргі заманғы халықаралық стандарттар мен экологиялық та­лаптарға сай келетін мұнай

Жұмыр жердің жұмағы өнімдерін өндіруге икемді жаңа технологиялық қон­ дыр­ғылармен жарақтандырылды. Соған сәйкес автомобиль бензинінің өндірісі 2,5 есеге, ал, жоғары ок­тан­ды отын көлемі 9 есеге артпақ. Нәтиже­сінде қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттар мөлшері 3 есеге, ал суды ластау мөлшері 130 есеге азаймақ. Атал­ған зауытты қайта құру жұ­мыс­тары Қазақстанда өңдеу саласын жаңартудың қайнар бастауы болып саналады. Қазақстанның таяу орналасқан өңірлерде өзінің өңдеуші қуаттарын ұлғайту бастамалары да айрықша атап өтуге лайықты шешім. Атап айтсақ, Түркия аумағындағы Қара теңіз жаға­лауында Қазақстан мұ­ найын өңдеуге негіз­делген мұнай өңдеуші за­уыт­тың құрылысы, Грузия жерінде жоғары тех­нологиялық мұнай өңдеуші зауыт жобасы және Қазақстан-Ресей Орынбор газ өңдеуші зауытының екінші кезегін іске қосу шаралары осы игілікті істің жоталы жобалары болып табылады. Қазіргі уақытта сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Душаньцзы жерінде өз мұнай өңдеу зауытын салу және Украинаның Броды қаласының аумағынан отандық мұнайды өңдеу жөніндегі жобалар да келешекте өз тиімділігімен ерек­­ шеленбек. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің та­ғы бір қатерлі тұсы қазіргі заманда энергия­ның жаб­дық­талуын жаңа қуат көздерімен және техноло­ гия­лық инновациялар есебінен әрта­раптандыруға деген сал­ғырттық немесе сал­ғыласушылық себеп болып отыр. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша таяудағы 25 жыл ішінде әлемнің энергия ресурс­тарына деген қажеттілігінің 90 пайызы қазба байлықтар есебінен қамтамасыз етілмек. Егер де 2030 жылдарға таман әлемде мұнай мен газ-

Жұмыр жердің жұмағы ды өндіру көлемі төмендейтінін ескере­тін болсақ, онда ұзақ мерзімді келешекте энер­гия ресурстарына деген мұқтаждықты көмір­сутегі шикізаты есебінен жабуға деген мұқ­таж­дық сейілуі әбден кәдік. Сонымен қатар, ма­ман­дардың пікірінше, сол кезеңдерде қорша­ған орта атмосфераға таралатын көмірқыш­ қыл және басқа да газдардың көп көлеміне шыдас бере алмауы мүмкін. Осыған байланысты жаһандық энергети­калық қауіпсіздікті қам­та­ма­сыз етуде бола­ шақ ұрпақ үшін мейлінше кө­мір­тегі аз ба­ламалы және жаңадан табылған қуат көз­дерін сондай-ақ, инновациялық энергети­калық технологияларды пайдалану тиімді болмақ. Бұл орайда, атом және термо­ ядролық энергетика балама қуат көздері ретінде негізгі рөлге шығатыны анық. Бұл тұрғыда да уран қоры бойынша әлемде екінші орынды иеленетін және әлемдік рынокқа уран шикізатын жеткізуде жетекші мемлекеттің қатарынан орын алуға әлеуеті зор саналатын Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үдерісі басымдыққа ие болмақ. Әлемде бұған дейін жинақталған уран қорларын пайдалану әрекеттерінен кейін таяудағы бес-алты жылда уран шикі­затына деген тапшылық 16 мың тоннаға дейін ұлғаймақ екен. Ал еліміздің 2010 жылға қарай уран шикізатын өндіруді жы­ лына 15 мың тоннаға дейін арттыруды жос­парлап отырға­нын ескерсек, онда Қазақ­стан соңғы уақытта әлемдік рынок­тағы уран отынына деген өсіп отырған қажеттілікті қанағаттан­дыруға орасан зор үлес қосаты­ны бесенеден белгілі. Мұның сыртында республи­камыз басқа да уран өндіру­шілер қата­рын­да өзіндік артық­шылыққа ие екенін атап көр­сетуіміз керек. Бұл, біріншіден, елі­

Жұмыр жердің жұмағы міз игеріп келе жатқан кен орындары­ның ерек­ ше­ліктеріне байла­ныс­ты болса, екіншіден, біз­дің аумақта уранды өзіндік құнынан төмен деңгейде өн­ діруге мүмкіндік бар. Бұл ба­ғыт­та бүгінде Қазақстан тек Ресей реакторлары үшін отын “таблеткаларын” өндіру тех­нологияларына ғана ие болып отыр. Сон­ дықтан да алдағы кезеңде еліміз үшін батыс мем­ лекеттердегі реак­тор­лар түрлеріне ядролық отын өн­ді­ру мақсатында шетелдік ком­паниялар мен стра­ тегиялық әріптестікті орнықтыру мей­лін­ше маңызды саналмақ. Қазақстанның уран сала­сын дамытуға қатысты экс­порттық межелері әлем ел­дері­нің таяудағы жиырма жылда атом энергетикасын дамытуға деген мүдде-ние­тімен сай келіп отыр. Дәстүрлі ресей­лік бағытпен бірге келешекте Қытай отыз, ал Үн­діс­ танда жиырма атомдық энергоблоктар салуды жос­ пар­лауда. Сонымен бірге Жапо­ния, Оңтүстік Корея және Еуроодақ мемлекеттері атом электр стансаларын тұрғызуды серпінділікпен жалғастыруда. Жақын жылдары энергети­калық тепе-теңдікті атом энергетикасының пайдасына шешу жөнінде Германия, АҚШ және Ұлыбритания елдері ашық түрде мәлімдеп отыр. 2050 жылға қарай Құрама Штаттар атом электр стансалар санын 104-тен 200-ге дейін өсіруді меже ғып белгілеген. Қазақстан өз кезегінде дербес атом энергетика­сын дамытуға да күш салуда. Бүгінгі күндері Кур­чатовтағы ядролық тех­но­логиялар паркінде энер­ге­тикалық қон­дырғының барлық ерекшеліктері ен­гі­зілген, қуаттылығы шамамен 700 мегаваттық реактор жасау жөнінде жобалау жұмыстары жүргізілу­де. Ресей­ ліктермен бірлесе жүргі­зіліп жатқан бұл жоба транс­

Жұмыр жердің жұмағы ферттік технологиялардың жаңаша үлгісі болып табылады. Мұндай технологияларды игеру еліміздің дербес атом энергетикасын құрып қана қоймай, АЭС салу арқылы дамушы елдерге энергетикалық тұр­ ғыдан жәрдем­десуге мүмкіндік бермек. Әңгімеміздің әлқиссасын Күн энер­гиясы жөнінде бастағанымызды мақаланы бастан-аяқ індете оқып отырған оқырма­ны­мыздың есінде болуы тиіс. Соны­ мен жаһан­дық энергетикалық қауіпсіздікті қам­та­ масыз етудегі Күннің қуаты қандай болмақ? Негізі, біздің планетамызға төгілетін күн энергия­сының бір апта ішіндегі көлемінің өзі жаһандық мұнай, газ, кө­ мір және уранның барша қорынан асып түседі екен. Оқымыс­тылардың зерделеуін­ше, күн элементіндегі бір кг. кремний 30 жыл бойына сағатына 300 МВт электр қуатын өндіре алады екен, немесе 75 тонна мұнайға барабар. Соны­мен, күн қуатымен күш алатын электр стансалардың негізгі тұтыну өнімі кремний болмақ. Бұл тұрғыда да Қазақстан өзінің шикі­заттық, өн­ дірістік және ғылыми-техникалық әлеуетіне иек арта отырып өзіндік кремний өндірісін жолға қойып, гелиоэнергетиканы дамытуына мүмкіндік жеткілікті. Мұны бұған дейін жүргізілген геологиялық-тех­но­ логиялық сараптама нәтижесінде респуб­ликамызда кремний өндірісіне қажетті кварц қоры 65 млн. тонна, ал кварцит қоры 265 млн. тоннаға жететінін нақ­ тылаған. Қазақстан жаһандық энергетика қауіп­сіздігі саласында қойнауындағы табиғи қазынамен ғана емес, өркениетті қоғамның іргетасы бола алатын қазіргі заманғы, бәсе­кеге қабілетті және бір ғана шикізат сек­­торының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық

Жұмыр жердің жұмағы нарық экономикасымен де үлес қоса алмақ. Үс­ті­ міздегі жылғы экономикалық өсудің “Давостық” Бәсекеге қабілеттілік индексінде 117 елдің ішінен алғашқылар қатарына Финляндия, АҚШ, Швеция, Тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, Канада, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Израиль шықса, Қазақстан 61-ші орынға көтерілді. Экономиканың даму деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде әлемнің барынша сер­пінді дамып отырған елдерінің ондығына кірді, мұны ІЖӨнің өткен жылғы 9-10% деңгейіндегі экономикалық өсуі дәлелдейді. Мұның барлығы еліміз меже еткен елуліктің қол жетпейтін асқақ арман емес, мазмұнды мақсат екенін айқындап берді. Арналы тақырыптың ауқымы кең бол­ғандықтан, жаһандық энергетикалық қауіп­сіздік хақындағы қолдағы бар деректерді пайдалана отырып, аударып-төңкеріп айта да беруге болады. Бірақ, кез келген түйткілді мәселенің түйіні болуы тиіс. Әңгіме барысында тізбелегеніміздей, Қазақстан қай тұрғыдан, қандай энергия түрінен келсе де жаһанды жарық етіп, қойнауындағы қызуқуатымен Жер-Ананы жылытуға үлес қоса алады. Бұл тұрғыда тәуелсіз Қазақстан­ның әуелі өз мүддесіне толық сай келетін көп бағытты сындарлы саясаты табиғи ресурс­тар үшін тартыс-тайталасқа тү­сіп жатқан өзге де өңір­лер елдері үшін өне­ге болуы тиіс. «Егемен Қазақстан» 16 қаңтар 2007 ж.

Жұмыр жердің жұмағы  Жұмыр жердің жұмағы ЖҰМЫР ЖЕР (әлем елдеріне жасаған журналистік іссапарлар­дан жазылған мақалалар)

Жұмыр жердің жұмағы Терезесі тең әріптестік Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жаңа­ша сипатта дамуына екі ел басшы­ла­рының кезде­сулері мен келіссөздері негіз қалады Сенбі күні Ресей Президенті В. Путиннің елі­міздегі ресми сапары жалғасып, ол Астана ажарын ашқан сәулетті ғимараттар құ­ры­лыста­ры­мен танысты. Түстен кейін Ресей Пре­зиденті еліміздегі сапарының аяқталуына бай­ланысты Мәскеуге ұшып кетті. Мемлекеттің бас қаласын ел орталығына көші­ ріп, аз уақытта елорданың еңсесін тіктеген Қазақ­ стан тәжірибесі қазір әлем деңгейіндегі бірегей үлгі болып табылады. Ресей Президенті В. Путин Астанадағы Президенттік Мәдениет орталығы, “Бәйтерек” мұнарасы, “Думан” сауық кешенінде болып, өзіндік көркем шешіммен салынған мәде­ни нысандардың сәулетіне жоғары баға берді. Аста­ наның алып құрылысы жаңа ғасыр жобасы екеніне көз жеткізді. Түс ауа Астана әуежайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманды еліне шығарып сал­ды. Мемлекет басшылары достық рәуіште төс қағыстырып, жылы шыраймен қош айтысты. Бұдан кейін Елбасы Ресей Президентінің елімізге жаса­ған сапарының қорытындылары, қол жеткізген уағ­да­ лас­тықтар туралы мемлекеттік тілде журналистерге сұхбат берді. Жаңа жылдың алғашқы айында және Ресейдегі Президент сайлауының қарсаңында В. Путиннің Қазақстанға ресми сапармен келуі жылдың жақсы

Жұмыр жердің жұмағы бастамасы болып табылады, деп баға берген Мемлекет басшысы екіжақты кездесуде қозғалған келелі мәселелерді жіктеп берді. Былтырғы Ресейдегі Қазақстан жылында көрші мемлекетте түрлі сала бойынша өткізілген 150-ге тарта шара қос ел арасындағы ықпалдастықтың артуына арқау болды. Кеңестер кезінде тәжірибеде болған он күндік шаралар аясында экономикалық келісімдер сыртта қалып, кездесулер мәдени мерекелер деңгейінде ғана жүзеге асырылатын. Ал достық байланысқа тұтастай жылдың арналуы ауқымды жобалардың ширатылуына жол ашты. Бұған дейін хабарлағанымыздай өткен жыл ішінде Ресеймен жасалатын сауда-саттық көлемі 30 пайызға артып, Қазақстан импортының 38 пайызы, экспортының 15 пайызы Ресейдің үлесіне тиді. Бұл бұған дейін “сырын алып, сыпасын түйген” алып рынок кеңістігінен ойып тұрып қайта орын сайладық деген сөз. “Өндірісті қанша өсіп-өркендесек те сол өнімі­ мізді сататын рыногымызды таппасақ, ол дамуға жатпайды. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстан Ресейдің 72 аймағымен сауда-саттық қарым-қа­ тынасын қалыптастырған. Бұл тек Мәскеу мен Астана немесе Мемлекет басшылары ғана берік бай­ланыста деген сөз емес, өңірлер де өзара тиімді алыс-берістің көкжиегін кеңейтті деп бағалаған дұрыс”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Мемлекет басшысы өткен жылы елімізге жұмыс сапарымен келген Ресейдің мемлекеттік жоғары билік басшылары мен ғалымдары Қазақстанда са­ лауаттылықпен жүргізілген экономикалық рефор­ ма­ларға жоғары баға бергенін, біз үшін бұл өте қуа­ нар­лық жайт екенін айтты. “Қай уақытта Қазақстан

Жұмыр жердің жұмағы Ресейден асып-түсіп, іргелі көршімізге үйретіп еді. Бұл да тәуелсіздіктің жемісі”, – деген Елбасы дер кезінде білгірлікпен жүргізілген реформалардың жетістігі туған халқымыздың тұрмысының түзелуіне де қызмет етіп жатқанын атап өтті. Ресей Президенті В. Путин мен ол бас­та­ған ресми делегацияны Астананың қарқынды құры­ лысы мен биік талғаммен салынатын келешек келбеті таңдандырды. Астана құрылысы Қазақ­стан­ ның қабырғалы ел екенін танытып, бай әлеует­тік мүмкіндігін паш етті. Елорда құрылысы эконо­ми­ камыздың тағы бір жетекші саласының дамуына мұрындық болды. Екі мемлекеттің бірнеше ғасырлық қарым-қа­ты­ насы тарихында бұралаң-бұлтарысы тұстардың да бар екенін жасырмаған Нұрсұлтан Назарбаев: “Ата ба­баларымыз жол салған қазақ-орыс қарым-қа­ты­ насы неше түрлі қилы-қилы кезеңдермен өрілді. Оның ішінде халқымыздың біраз уақыт бодандықта болуына байланысты ашына айтатын сөздеріміз де аз емес шығар. Дегенмен, жаңа тәуелсіздік жағ­ дайында құдай қосқан бас көршімізбен байла­ныс­ты арттыру өте дұрыс деп есептеймін. Егерде жаман­ дықтың барлығын санада сақтап, кектене берсек, Гер­маниямен байланысты үзу керек еді. Бірақ, еш­ кім ондай қадамға барған жоқ. Ресеймен өткен ға­ сыр ішіндегі индустриялық саясатты жүзеге асырып, Ұлы Отан соғысында аталарымыздың ортақ дұш­­панды бірге жеңуі, осы елдің араласуымен тың жерлерге түрен салынып, солтүстігіміздегі байтақ жерді игеруге септігін тигізуі, білім, мәдениеттің өркендеуге өріс ашуы аз игілік емес. Ол ─ біздің өшпес тарихымыз. Біз ендігі жерде Ресеймен қарым-

Жұмыр жердің жұмағы қатынасты Біріккен Ұлттар Ұйымының тең қатарлы мүшелері ретінде сенімді әріптестік жағдайында жалғастыратын боламыз”, – деп сөзін сабақтады Мемлекет басшысы. Тәуелсіз көршілер тиімді қарым-қатынасты өріс­ тету керектігіне тоқталған Нұрсұлтан Әбішұлы, бізге АҚШ пен Канада арасындағы қазіргі қарым-қаты­ нас үлгі болу керектігін айтты. Мұхиттың арғы жағын­дағы қос алып ел байланыстың соны жүйесін жетілдіре отырып, бүгінде екі елдің күнделікті сауда айналымы 1 млрд. долларды құрап отыр. Қазақстан құрлықтың тұйығындағы теңізге шықпайтын ел бол­ ғандықтан Ресей рыногының республикамыз үшін маңызы зор. Көрші ел Президентінің Қазақ­стандағы ресми сапарында қол жеткізген маңыз­ды келісімнің бірі ғарыш саласына қатысты. Екі ел бас­шыларының келіссөзі барысында Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану мерзімі ұзартылып 2050 жыл­ға дейін жалға берілетін болды. Қазақстан Ресей­ден ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін жылына 115 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржы алып қана қоймай, ресейлік мамандардың күшімен ғарыш кешенін сақтап отыр. Қол қойылған құжат негізінде енді екі ел мамандары ғарышты игеруде бірлесіп жұмыс істейтін болады. Ол үшін отандық жастар Мәскеудегі авиация институтында білім алады. Еліміздің өз ғарыш мамандары даярланады. Осы салаға қатысты келісімде сонымен бірге қоршаған ортаны ластайтын “Протон” зымыранын экологияға зиянсыз жанармаймен ұшатын “Ангара” зымыранымен ауыстыруға қол жеткізілді. Қазақстан ғарышты игеруші мемлекет деп танылуы үшін 1994 жылы қол қойылған құжатқа өзгерістер енгізілді. Бұдан бөлек мұнай-газ, энергетика са-

Жұмыр жердің жұмағы лалары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде ендігі жерде Ресейге электр қуатын сата аламыз. Сондай-ақ, Сібірдің электр энергиясын Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға тасымалдауда көлемді транзиттік ақы алатын боламыз. Мемлекет басшылары екі ел Үкіметіне шекараны делимитациялау мәселесіне осы жылы нүкте қоюға байланысты тапсырма берді. Елбасы В. Путинмен екіжақты саяси ықпалдас­ тықты арттыру, жаһандану үрдісінде ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ ұйымдарының болашағы, Еуропа құр­ лығы, АҚШ, Қытай сияқты әлемдік державалар қарым-қатынасты өрбіту жолдары туралы да әңгіме қозғалғанын айтты. Біз қандайда бір халықаралық ұйымға мүше болып, қарым-қатынасты қалай қалыптастырайық барлығы түптеп келгенде қазақ жерінің тұтастығы мен қауіпсіздігі үшін жасалатынын және ол болашақта да осы мүддені көздей беретінін жеткізді. “Қазіргі дос іздейтін, жақсы көрші іздейтін заман. Оның ішінде аймақтағы көршілермен қоян-қолтық жұмыс істейтін уақыт туды. Соның ішінде тығыз қарым-қатынас бірінші кезекте Ресеймен орнығатын болады”, деп түйіндеді ойын Мемлекет басшысы. «Егемен Қазақстан» 13 қаңтар 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Еуропа төріндегі етене әріптестік

17 сәуір күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үш күндік жұмыс сапарымен Германия Федерациялық Республикасына келді. Сенбі күні Президент ұшағы ГФР-дің батыс бөлігінде орналасқан Төменгі Саксония жерінің орталығы – Ганновер қаласына қонып, онда аталған аймақтың бас­шылығы Қазақстан Президентін калыптасқан дәстүрге сай салтанатты жағдайда қарсы алды. Бұл – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ тың Еуропа төңірегіндегі экономикасы төске өр­ле­ ген Германия Федерациялық Республикасына жасап отырған төртінші сапары. Қазақстан үшін қабыр­ ға­лы әріптес тұрақты инвестор ретінде танылған ГФР-мен дипломатиялық қарым-қатынас жыл­дың ақпан айынан орнап, содан бері аршынды дамып келеді. Бір мүшел уақыт аралығында екі ел ара­сындағы барыс-келіс аясы мейлінше кеңейіп, бүгінге дейін Германияның Р. Киншер К. Кинкель, И. Фишер, Г.Шредер, сияқты түрлі деңгейдегі жоғары мемлекеттік билік өкілдері қазақ жерінде ат шалдырды. Жексенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан­ мен өзара тиімді, қарым-қатынас орнатуға ықылас­ ты болып отырған Германиядағы өнеркәсіптік әлеует­тері жоғары ЕАДС, Ферросталь, Винтерсхалл ком­панияларының басшыларымен кездесті. ЕАДС аэроғарыш және қорғаныс компаниясы қарт құрлықтағы көлік ұшақтары, тікұшақтар, зымыран тасығыштар жүйесі мен жер серіктерін шы­ға­ратын ең ірі екі компанияның бірі болып табылады. Жыл өткен сайын өндірісі өрге домалаған кәсіпорынның

Жұмыр жердің жұмағы жылдық қаржы айналымы шамамен 25 млрд. долларды құрайды. ГФР, Англия, Франция, Испания және тағы басқа да Еуропа елдерінде орналасқан ЕАДС кәсіпорындарында 90 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен бірге көлік ұшақтарын шығару бойынша әлемде екінші орынды иемденіп, әйгілі «Боинг» фирмасының басты бәсекелесі болып есептеледі. Қазақстан Президенті аталған компанияның бас­ қарма мүшесі, қорғаныс және қауіпсіздік жүйесі, бө­лімінің бастығы Томас Эндерспен кездесуінде ком­панияның қорғаныс саласына қатысты жобалар­ мен танысты. ЕАДС өкілі еліміздің ұшуларды бас­ қаратын біртұтас жүйені құруға байланыс­ты өт­кі­зетін халықаралық тендерге қатысуға ниет етіп отыр­ғанын жеткізді. Келешекте аталған компа­ния­ның ұсыныс жобалары тыңғылықты зерттелетін болады. «Ферросталь» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Маттиос Мичерлихпен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ секторына қажетті өндірістерді бірлесіп құру төңірегінде ой қозғады. Әлемдік рыноктың қажеттілігін қана­ғаттандыру үшін өндірістік қызметтер мен өнеркәсіп жүйлерін ұсынып келе жатқан компанияның әлем­нің 60 елінде филиалдары мен өкілдіктері орна­ласқан. 2002 жылғы қаржы айналымы 2,916 млрд. еуроға жеткен. Өндірістік нысандар салу, өнеркәсіп жаб­ дық­тары мен жүйелерін шығару – болат саудасы кәсіпорынның негізгі қызметтері саналады. Мат­ тиос Мичерлих Қазақстан аумағында да ірі жоба­ лар­ды жүзеге асыруға пейіл танытты. Атап айтсақ, жеңіл­детілген бағамен Мульденштейн қала­сын­да­ ғы зауыттың жөндеуден өткізілген жаб­дық­та­рын

Жұмыр жердің жұмағы жеткізу туралы ұсынысын білдірді. Атал­ған жаб­ дық­тар арқылы Ақтау қаласында үлкен диа­метрлі құбырлар өндірісі зауытын салуға болар еді. Соны­ мен бірге, фирма басшылығы магистральді газ өткізу желісін жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобаларын алға тартты. Желі кеңейтілген жағдайда құбырдың көгілдір отын өткізу қуаты кезең-кезең­мен арттырылып, 2010 жылы жылына 40 миллион текше метр газ жіберу мүмкін болады. «Ферросталь» басшылығы, сондай-ақ Павлодар қаласындағы алюминий зауытына балқыту цехын жеткізуге құлық танытып отыр. Ганновер – Германиядағы өнеркәсіп және қыз­ мет көрсету салаларының орталығы саналады. Еу­ ро­палық үлгідегі көне ғимараттар көп шоғырлан­ ған қалада 500 мыңнан астам адам тұрады. Төменгі Саксония жерінің үштен екі бөлігі ауылшаруашы­ лық алаптары болғандықтан, мұнда азық-түлік өнеркәсібі де кең қанат жайған. Жер көлемі жағы­нан ГФР-де екінші орынды иемденетін төменгі Саксонияда әлемдік индустрияның алыптары – «Пройссаг» «Континенталь» компаниялары, автомобиль шы­ғарумен айналысатын «Фольксваген» концерні орналасқан. Жексенбі күні түс әлетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Төменгі Саксония жерінің Премьерминистрі Кристиан Вульфпен кездесті. Мемлекет басшысы Кристиан Вульфке Ганновер қаласының тарихы сұлу келбеті неміс халқының бай мәдениеті мен даңқты тарихын паш етіп тұрғанын жеткізді. Қазақстан басшысы Төменгі Саксония жерімен өңірлік деңгейдегі өзара байланыстарды нығай­ туға мүдделік білдіріп, Қазақстанның жетекші бір облысымен қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері

Жұмыр жердің жұмағы қарастырылатынын айтты. Сонымен қатар, Қазақ­ стан мен Германияның өңірлік байланыстарын нығай­туға бағытталған Қазақстан – төменгі Саксония үкіметаралық жұмыс тобы құрылмақ. Сол күні түс ауа Президент кортежі Ганновер қа­ ла­сындағы Конгресс-орталыққа бағыт алды. Осы жерде Нұрсұлтан Назарбаев Берлиннен арнайы келген ГФР-дің Федералдық канцлері Герхард Шредермен кездесті. Екі ел басшылары халықаралық деңгейдегі іргелі іс-шаралар ұйымдастырылатын Конгресс-орталықтың күмбезді залында тарихы жар­ты ғасырлық Ганновер жәрмеңкесінің ашылу сал­­танатына қатысты. 1947 жылы Германия тауарлары экспортының еркін қозғалысына мүмкіндік ту­ғызып, соғыстан қирап қалған шаруашылықты қал­пына келтіруге инвестиция тарту мақсатында ұйым­дастырылған жәрмеңкені жыл сайын тұрақты өт­кізіп тұру дәстүрге айналған. Жәрмеңкенің былтыр өткізілген жарты ғасырлық мерейтойына әлемнің 180-нен астам елінен үкіметтік делегация келген. Жәрмеңкеге жыл сайын дүние жүзінің 70 елінен 7500 фирма өз өнімдерін ұсынады. Жаһандық дең­ гейдегі жаңа өнімдерді ұсынумен ерекшеленетін жәрмеңкеге биыл Қазақстан тұңғыш рет қатысып отыр. Салтанатты рәсімде Нұрсұлтан Назарбае­в сөз сөйлеп, өнеркәсіп жәрмеңкесінің әлемнің көп­ те­ген іскер адамдарының қызығушылығын тудырып отырға­нын «инновация», «жаңа технология­ лар» атау­­лары о бастан-ақ жәрмеңкенің ұранына ай­нал­ға­нын атап өтті. Көрмеге Қазақстанның неміс фирмалары­мен жұ­­мыс тәжірибелері орныққан, өз тауар­ла­ры­ның сырт­қы рыноктарға тұрақты жет­кі­зі­ лімін қам­та­масыз ете алатын компаниялары қа­тыс­

Жұмыр жердің жұмағы ты­ры­лып отыр. «Қазақстан бизнесі өз әріптестері мен тұ­ты­ну­шыларын тауып, екі елдің сауда-эконо­ ми­калық ын­ты­мақтастығына қолайлы жағдай туғызады деген үміт­теміз», − деді Н. Назарбаев. Мемлекет басшысы өз сөзін бейнелі ойлармен қорытындылады. Төменгі Саксонияда көрікті кө­ пір­лер Венеция мен Амстердамдағыдан да көп саналады. Біз бірлескен күш-жігермен елдерімізді, екіелдің іскер адамдарын байланыстыратын тағы бір көпір салатынымызға сенімдімін. 19 сәуір күні халықаралық жәрмеңке аясында Қазақстан экономикасы күнінің тұсаукесері болды. Аталған шараға еліміздегі түрлі шаруашылық салалары үшін сапалы өнімдер өндіріп, өнікті қызметтер көрсетіп келе жатқан 49 кәсіпорын қатысты. Жи­ нал­ғандар алдында сөз сөйлеген Н. Назарбаев Қа­ зақ­станның қазіргі уақытта сауда-экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Аз уақыт аралығында қол жеткізген негізгі табыс­ тарымыз туралы мағлұмат берді. Қазақстан мен Гер­ма­ния ынтымақтастықтың үлкен әлеуетіне ие екенін жеткізіп, неміс кәсіпкерлерін бірлескен кә­ сіп­орындар мен өндірістер құруға шақырды. Оған еліміздің қаржы мүмкіндіктері мен жайлы инвес­ тициялық ахуалы бар екенін жеткізді. Қазақстан басшысы энергетика, телекоммуникация темір жол сияқты стратегиялық салалар биылғы жылдан бастап монополиясыздандырылатынын жә­ не осы бағытта елімізге өндірісті өркендетуге қа­ бі­­летті сенімді әріптестер мен инвесторлар қажет екенін атап берді. Көрмеге қатысып отырған отан­ дық компаниялардың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ресурстары жеткілікті.

Жұмыр жердің жұмағы Ганновер жәрмеңкесінің аумағы атшаптырым. Жалпы көлемі 15,5 мың шаршы метрді құ­рай­ды. Қазақстандықтар көрмесі №8 павильонға орна­лас­ тырылған. Көрме кезінде “Қазақтелеком” ком­па­ ния­сы Ганновер – Астана конференц байланысын ұйымдастырды. Бір атап өтерлігі – аталған көпір бір апта бойы тұрақты қызмет көрсетіп, сол арқылы еліміздегі неміс диаспорасы мен тарихи отандарына келген байырғы қазақстандықтар еркін қарымқатынас жасамақ. Осы шарада “ҚазМұнайГаз” және “Винтерсхал” компаниялары өзара ынтымақтастық туралы және технологиялық паркті жаңарту жөнін­ дегі ведомствоаралық меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасы кү­ ні­нің салтанатты ашылу рәсімінен соң Германия­­ ның белгілі “Сименс” АҚ көрмесінде болды. Электротехника мен электроника өнімдерін шығаруда әлемдегі жетекші кәсіпорынның басқарма төрағасы Хайнрих фон Пирермен кездесуінде Н.Назарбаев осы сала жетістіктерін біздің елімізде де енгізу мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ганновер-Лангенхан әуежайынан Президент ұша­ ғы ГФР астанасы – Берлинге бағыт түзеді. Онда Қа­ зақстан басшысы ГФР канцлері Герхард Шредермен ресми кездесу өткізеді. «Егемен Қазақстан» 20 сәуір 2004 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Тағдыр байласқан татулық Өткен ғасырдың үш ширегінде қабырғасынан Қазақстан тағдырына қатысты талай-талай тарихи шешімдер қабылдап келген Мәскеудің қарт Кремлі үшін бір мүшел уақыттан бері Қазақ елі терезесі тең стратегиялық әріптеске айналған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сырт мемлекеттерге жылашар сапарын сыралғы көршінің табалдырығын аттаудан бастады. Кеше Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ресми сапармен Ресей астанасы Мәскеуге ұшып келді. Екі күндік сапар барысында Елбасы Ресей Президенті В. Путинмен жеке кездесу өткі­зіп, ҚазақстанРесей шекараларын делимитациялау, “ҚазСат” қазақстандық байланыс және жер серігін жасау, екіжақты әскери-техникалық ынтымақтас­тық барысында пайдаланылатын интеллектуалдық қыз­меттің нәтижелерін қорғау туралы және басқа маңызды құжаттарға қол қоймақ. Мәскеудің Внуково-2 әуежайында салтанат­ты қар­сы алу рәсімінен кейін Қазақстанның Ресейдегі ел­шілігінде Елбасы М. В. Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, ака­ демик Виктор Садовничийді қабылдады. Елбасы атал­ған жоғары оқу орны басшысын Ресейдің та­ри­­ хы, ғылымы мен мәдениетін өркен­де­туде өл­шеу­­сіз үлес қосып келе жатқан Мәскеу уни­­вер­ситеті­­нің 250 жыл­дық мерейтойымен құт­­тық­­тады және де аталмыш оқу шаңырағы­­ның Қазақстан мен Ресейдегі жалпы білім беру кеңіс­­тігін құрудағы маңызына тоқталды. Қа­зақс­тан Пре­зиденті Еуразиялық одақ идеясын тұң­­ғыш рет Мәскеу мемлекеттік университетінің қа­быр­ға­сын­да жариялағанын, аталмыш идеяның

Жұмыр жердің жұмағы ең маңыз­ды тұстары бүгінгі таңда АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, БЭК сияқты мемлекетаралық құры­лым­дар­дың қызметінде мейлінше кеңінен жү­ зеге асырылып келе жатқанын айрықша атап өтті. Мен сізге және Мәскеу университетінің барлық про­фессор-оқытушы құрамына жеке бастамаларыма осы жылдар ішінде үлкен қолдау көрсеткендері үшін терең ризашылығымды білдіремін деді. Университет ректорына алғыс сезімін жеткізе отырып, Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнының жаңа іргелі кітап­ханасының қорына Қазақстанда соңғы жылдары жарық көрген ғылыми-танымдық кітаптар топтамасын сыйға тартты. Жалпы Қазақстан мен Ресейдің әлемдік саясат­ тағы ортақ ұстанымдары мен өзара мүдделер тоқай­ ластығын, экономикалық бағыттағы түсінік сипа­ тын бейнелесек, екі елді бастапқы бағдарынан әсте жаңылмай, бір арнада қатар жүзіп келе жатқан қос кемеге теңеуге болады. Барыс бейнелі және қос самұрық елдері арасындағы алтын арқаудың беріктігін мына басты мысалмен-ақ айқындап беруге болады. Айталық, 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Бұл жылдар науқандық мәдени шаралардың ығында кетпей, екі елдің де экономикалық толысуына қалтқысыз қызмет еткенін атап өттік. Бұдан кейін Мәскеудегі елшілік резиденция­сын­ да Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын нығай­ туға елеулі үлес қосқан және Қазақстандағы Ресей жылының табысты өтуіне күш салған Ресейдің бірқатар қайраткерлерін еліміздің мемлекеттік наг­ ра­даларымен марапаттау салтанаты өтті. Нұрсұлтан Назарбаев РФ Қорғаныс министрі Сергей Ивановқа

Жұмыр жердің жұмағы және осы елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа “Достық” орденін табыс етті. Марапаттау рәсімінде Елбасы Ресейдегі Қазақ­ стан жылы азаматтарымыздың айнымас досты­ғын одан әрі нығайтып қана қоймай, барлық страте­гия­ лық салалар бойынша ынтымақтастықтың терең­ деуіне, ең бастысы ХХІ ғасырға бағытталған екі ел арасындағы мәңгілік достық туралы келісімнің уығын бекітуге жол ашты деді. Ресейлік қос министр аталған салтанаттан кейін Қазақстан журналистеріне берген сұхбатында бұл екі ел арасындағы татулықты бекітуге қызмет етуімізге арналған құрмет деп есептейміз деді. Қазақстан басшысының Ресейдегі ресми сапа­ рының бірінші күні көрші мемлекетке қоныс тепкен қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуі арқылы ерек­шеленді. Мәскеу, Астархань, Самара, СанктПетербург, Омбы және тағы да басқа Ресейдің ірі қа­ла­лары мен өңірлерінен келген қандастарымыз­ бен Елбасы арасында емен-жарқын әңгіме өрбіді. Президент қатысушыларға Қазақстанның қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық, саяси да­ муын­­дағы оң үрдістер туралы әңгімелеп берді. Мем­­лекеттік саясаттың басымдықтары туралы пікі­ рінде Елбасы Ресей аумағында кіндік кесіп, топы­ рағына тамыр жіберген ресейлік қазақтар мәденигуманитарлық, білім, ғылым, экономика, шағын және орта бизнес салалары бойынша екі жақты ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруға елеулі үлес қоса алатындықтарын жеткізді. Кездесуде көрші елдегі қазақ диаспорасының өкілдері сөз алып, Елбасыға сыртта жүрген қандастарына деген қамқор көңіліне, өздерінің хал-жағдайларын үнемі назарда ұстап келе жатқан жітілігіне шынайы ал­

Жұмыр жердің жұмағы ғыс­­тарын білдірді. Ресейдің түкпір-түкпірінен арнайы ат шалдырған ағайындарымыз көкей­ле­рінде жүрген көп ойларын да ортаға салды. Атап айтқанда, Мәскеуде Қазақстан мәдени-іскерлік орталығы­ның құрылысын аяқтау, Астраханьда негізінен Қазақстан қаржысына салынып жатқан мұражайлық кешеннің мемлекеттік мәртебесін айқындау, тағысын-тағылар. Ашық-жарқын әңгімелесу аясында Мәскеуде Науаи, Руставели, Низами сияқты бізге жақын бірқа­тар халықтардың ұлттық мақтаныштарының ескерт­ кіштері бар екені, осы орайда қазақ пен орыс ха­ лықтары арасындағы достық іргесінің нығаюына аз үлес қоспаған ұлы ойшыларымыз Абай ескерткіші Ресей астанасында бой көтерсе, жаужүрек батыр Баукеңнің ескерткіш-тақтасы орнатылса, қазақ ұл­ ты­ның мәртебесі одан әрі асқақтай түсер еді деген тілектер білдірілді. Мұның сыртында Мәскеуде тұ­ ратын қандас тарихшы ғалымдар ХІХ-ХХ ғасырлар ішінде Ресейдің Қазақстанға қатысты қабылдаған құжаттарының көшірмелерін елге алдыру, басқа да мәдени құндылықтар, мұрағаттармен алмасуды жолға қою жөнінде ұсыныстар айтты. Екі сағатқа жуық созылған кездесуді қорытындылаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезінде тарыдай шашылған қазақ қай жерде жүрсе де қаны бір екенін ұмытпауы керек, сіздердің барлықтарыңыз осы елдегі біздің бір-бір елшімізсіздер деген жүрекжарды тілегін жеткізді. Сол күні Мемлекет басшысы Мәскеу мэрі Юрий Лужковпен де кездесу өткізді. Негізі ресми кездесулер бүгін, яғни 18 қаңтарға жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Кремльде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин арасында кездесу өтіп, мемлекеттік

Жұмыр жердің жұмағы маңызы зор бірнеше құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Мәскеудегі ресми сапары аясында Елбасы соны­мен бірге Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Фрад­ковпен де жолығысып, екі ел арасындағы эконо­мика­лық жаңа жобалар туралы талқылауы жоспар­лан­ған. Сапар қорытындысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кез­ десіп, журналистер сұрақтарына жауап бермек. «Егемен Қазақстан» 18 қаңтар 2005 ж. ДОСТЫҚ ПЕН СЕНІМ ШЕКАРАСЫ Атамекеннің сүйем жерін сертке балап қорғап келген бабаларымыздың туған топырақтың шетшегін бүтіндесек деген асыл арманының тағы бірі, бірегейі жүзеге асты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев делимитациялау процесі аяқталған Қазақстан-Ресей шекарасына осындай баға берді. Сейсенбі күні Қазақстан Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей астанасы Мәскеудегі ресми сапары одан әрі жалғасты. Кейінгі бір-екі жыл бедерінде Қазақстан мен Ресей басшылары жылашар сапарларын бір-біріне мәртебелі мейман болудан бастап, бұл оң үрдіс мемлекеттер арасындағы сан салалы ынтымақтастық­ты одан әрі тереңдетуге ықпал етуде. Дипломатиялық түсінікте елдердің өзара шынайы құрмет мен берік ынтымақтастығын нақты айқындайтын екі ел бас­ шы­ларының биылғы жылы алма-кезек сапарларын саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары сан

Жұмыр жердің жұмағы саққа жүгіртіп, хал-қадірлерінше болжам жасауға тырысты. Дәлірек айтсақ, өткен аптада, Ресей Пре­ зиденті үстіміздегі жылғы алғашқы сапарын Алматыдан бастап, артынша-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапарға шығуын бірқатар басылымдар тіпті өңірлік саясатқа қатысты селт еткізетін сенсациялық шешім қабылданады деген түйін де жасап үлгерді. Алайда мұндай сапарлар бірінші кезекте қарышты дамып келе жатқан қос мемлекеттің өзара экономикалық мүдделерінің то­ ғысуы мен айнымас әріптестігінің нәтижесінде ор­ ны­ғып отырғанын осы сапар тағы да айқындап берді. Осы тақырыпқа қатысты азын-аулақ шегініс жасасақ, былтырғы жылдың оныншы қаңтарында Ас­танаға Қазақстандағы Ресей жылының ашылу сал­танатына Президент В. Путин арнайы келіп, сол мерекелік шарада Елбасы Нұрсұлтан Назар­ баев: “Бүгінде тәуелсіз мемлекеттер бола отырып, біз тату көршілікті, сенімді сақтадық. Біз өз­деріміз үшін ортақ өзекті құндылықтардың мыз­­ ғы­мастығын мойындай отырып, бабаларымыз ор­ нық­­тырған дәстүрлерді ұстанып келеміз”, – деп ағайын­дық байланыстың бүгінгі деңгейін нықтап берген болатын. Сол салтанатта Ресей басшысы В. Путин де ақтарыла сөйлеген еді. Оның: “Соң­ғы он­жылдықтың күрделі жағдайларында Ресей мен Қазақстан экономикалық тұрғыда орны­ғып, ық­ пал­ды демократиялық державаларға айнала алды. Біз Ресейде Қазақстан­­мен ізгі көршілігімізді өте қадірлейміз, біз үшін сіздердің елдеріңіз етене әріп­ тес, одан да гөрі тереңдей түссек, бұл жақын дос, бұл шешуші одақтас және сенімді іскерлік әріп­тес” дегені есімізде. Тату көршілердің бір-біріне деген ыстық ықылас, ақадал пейілдерін бұрынғы­дан да

Жұмыр жердің жұмағы арттыра түскен осы екі жылдың, оның алдындағы жылдардың жемісін Мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойылуымен де өлшеуге болады. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Пре­ зидентімен кездесуінің алдында Мәскеудегі Белгісіз солдат бейітіне гүлдесте қойып, тағзым етті. Бұдан кейін Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев әуе­лі Владимир Путинмен екеуара әңгіме өткізіп, соңы осындағы Әулие Екатерина ордені залында кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге ұласты. Келіссөздер қорытындыларын баяндау мақса­тын­ да журналистер алдына шыққан ел басшылары соң­ ғы екі аптадағы Алматы, Мәскеу кездесулерін­де­гі уағдаластықтардың негізгі мәйегі мемлекеттік шекараны реттеу сияқы принципті мәселеге арналға­нын айтты. Сонымен бірге Владимир Путин кездесу мен келіссөздер тек шекаралық мәселелермен шектеліп қоймай, екі жақтың мүдделеріне сай келетін басқа да перспективалық ірі жобалар талқыланғанын атап өтті. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, былтыр­ғы жылғы қаңтар-қараша айлары арасындағы өзара тауар айналымы 2003 жылғы көрсеткішпен салыстыр­ ғанда 47,6 пайызға артқан. Былтырдың өзінде сауда айналымы екі есеге өсіп, 7,5 миллиард долларлық көрсеткішке жеткен. Оның ішінде Қазақстанның экспорттық үлесі 2,57 миллиард доллар болса, им­ порт­тық үлесі 4,33 миллиардты құрады. Бұған қоса Каспий теңізінің қазақстандық қайраңындағы мұнайды бірлесіп игеру, отын-энергетикалық салалар бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыруға, бірлескен газ альянсын құруға, әскери-техникалық байланысты нығайтуға орай аршынды қадамдар жасалды. Қорғаныс саласына қатысты айта кететін жәйт, өзара келісімдер нәтижесінде бұдан былай

Жұмыр жердің жұмағы Қазақстан Ресейден әскери техниканы аталған елдің ішкі бағасының деңгейімен сатып алмақ. Кеңейтіл­ ген құрамдағы келіссөздерден кейін Қазақстан мен Ресей елдері арасындағы екіжақты құжатқа қол қою рәсімі болды. Атап айтқанда, еліміздің сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Терминов екі ел үкіметтері арасындағы ҚАЗСАТ байланыс және хабар тарату қазақстандық техникасын жасау жөніндегі ын­ты­мақтастық туралы, Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшысы мен Ресейдің Әділет министрі Юрий Чайка екі ел үкіметтері арасындағы екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық барысында пайдаланылатын және алынған зияткерлік нәтижелері мен құқықтарын өзара қорғау туралы келісімге қол қойды. Аталған рәсімдегі орасан зор маңызы бар тарихи сәт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан-Ресей мем­лекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюы болды. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекара асқара­ лы Алтай тауларынан Атыраудың толқынды жаға­ла­ рына дейін созылып жатқан әлемдегі ең ұзын шека­ра болып табылады. Жалпы ұзындығы 7591 ша­қы­рымды құрайды. Шекараны делимитациялау ту­ралы мәселе ең алғаш 1998 жылғы екіжақты Мемо­ран­дум және 1999 жылғы желтоқсанда қабылдан­ған екі­жақты Хаттамаға сәйкес жүргізілді. Арадағы ал­ты жыл ішінде екі жақтың сарапшылары асқан ыжда­һат­тылықпен тынымсыз еңбек етті. Президенттер сарапшылардың қыруар еңбегіне алғыстарын біл­дір­ді. Қол қою рәсімінен кейін сөз бастаған Владимир Путин былай деді: ─ Жаңа ғана біз Мемлекеттік шекара туралы

Жұмыр жердің жұмағы шартқа қол қойдық. Екі жақты қарым-қатынас­ тың келешегі үшін бұл аса үлкен табыс. Аталған тарихи шешім елдеріміз арасында тең құқықты және өзара тиімді байланыстарды өрістетуге және бауыр­лас халықтардың игілігі мен келешегі үшін қызмет етпек. Бұл − Ресейдің Қазақстан егемен­дігі­не құрметпен қарауының айғағы. Шынайы достықтың үлгісін көрсететін бұл шартқа ұзақ жылғы қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді. Шекараны бел­ гілеуде, әрине, даулы тұстары да кездесіп отырды. Соның бірі ретінде Имаш газ конденсаттық кеніші аумағын айтуға болады. Біз өзара түсіністіктің арқа­ сында аумақты және кенішті тең бөлу туралы уағ­ даластық, − деді. Ресей Президентінің айтуынша, ендігі жерде екі ел үкіметтері аталған аумақ пен кенішке қатысты құқықтық, кедендік, екіжақты бірнеше келісімдер жасамақ. Ресей басшысы кейінгі кездесулерде интегра­ция­ лық процестерге кең серпін беру мәселесі де жанжақты талқыланып, бұл тұрғыда Қазақстан бұрынғы кеңестер кеңістігіндегі басты бастамашы ретінде үлкен рөл атқарып келе жатқанын да атап көрсетті. Осының нәтижесінде ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы, ЕурАзЭҚ, БЭК аясындағы ықпалдастық шаралары жалғаса бермек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде былай деп атап өтті: ─ Біз бүгін аса үлкен тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Өйткені қадым замандардан қазақорыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр. Жаңа қадам халықтармызды ұйыстыратын және тату көршілікті нығайтатын белгі болып табылады. Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихы қалыптасқан. Біз қай кезде де қуаныш

Жұмыр жердің жұмағы пен қайғыны бірге бөлістік. Жарты бидайды жарып, бүтін бидайды бөліп жедік. Жиырмасыншы ғасыр­да әлем тарихындағы ең зұлмат соғыста бірге шайқастық, жауды бірге жеңдік. Сондықтан да рухани жағынан аса жақынбыз. Екі елді бірігіп өркендетуге ортақ көзқарасымыз, стратегиялық әріптестігіміз, саяси сеніміміз, кең кө­ лемді іскерлік, ғылыми-техникалық ынтымақ­тас­­ тығымыз даңғыл жол ашпақ, деді. Президент сонымен қатар осы достықтың берік үлгісін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айта келе, жаһан­дану тұсындағы интеграциялық байла­ныс­ тар­дың тиімділігіне тоқталды. Сөзінің соңында Елбасы шекараны белгілеу шарасы Ресей үшін де тарихи оқиға екенін, бұған дейін империялық Ресей деген идеология енді түп-тамырымен жойылып, халықтар арасындағы сенімді бекіте алғанын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік алдында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының өзара сенімге негізделген жаңа кезеңі басталғанын қадап айтты. Сапар соңында Елбасы Ресейдің бұқаралық ақ­парат құралдары өкілдерімен кездесіп, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының берекелі бүгіні және кемел келешегі жөнінде егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Астана – Мәскеу – Астана «Егемен Қазақстан» 19 қаңтар 2005 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ҒАСЫР ШАРТЫ Дүние жүзіндегі ең ұзақ Қазақстан-Ресей шекарасын айқындап берді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың 2005 жылғы қаңтарда Ресей Фе­де­рациясына жасаған ресми сапары кезінде екі ел ара­сындағы шекараны делимитациялау туралы құ­жат­ты «Егемен Қазақстан» «Ғасыр шарты» деп ата­ды. Сол атауды Қуат Бораш інімізге сыйлаған мен едім. Ұшақ бортында: «Аға, қорытынды материалға не ат қойсам деп ойланып тұрмын», – деді. Бірден аузыма əлгі атау оралды. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Ер қазақтың нар заманы (Саяси жазбалардан) Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат, деп өткен бабаларымыздың сол ата қоныстың шекара­ сын қамту жөніндегі ғасырлар тереңінен жеткен аманаты Қазақстанның тәуелсіз дамуы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың сарабдал саясаты арқа­ сында орын алды. Тарихтың қатпар-қатпар қойнауларына қайта бойлап көрсек, кейбір қитұрқы саясаттың салдарын ысырып тастап қарағанда, екі ұлт арасындағы ағайындық өлшемнің сатысы орыстың “жирен шаш­ты аға”, қазақтың “қара домалақ іні” ретінде өрбі­гені баршаға аян. Тәуелсіз даму жылдарында Ресей үшін Қазақстан бұрынғы кеңестік ортақ отан­ дағы он төрт інінің ішіндегі ерекше іш тарта­тын бауырдың бірі ретінде саналды. Өйткені, бұрынғы одақтас республикалардың қатарында Қазақстан орыс ұлтының өкілдері мен орыс тілді тұрғындар ең көп қоныстанған ел болды. 1989 жылғы халық

Жұмыр жердің жұмағы са­на­ғының мәліметтері бойынша, Қазақстандағы тұр­ғындардың тұтастай алғанда қазақтардың саны 40 пайызды ғана құрап, сол кездегі 19 облыстың тек алты облысында ғана қандастарымыздың саны басым болды. Ал Астана мәртебесін иемденіп тұрған Алматыда қазақтар жалпы тұрғындардың 22 пайызын, Петропавлда 16 пайызын ғана құраған. Бұған қоса республикада тілі орысша шыққан қазақтар санының да көп болуынан Қазақстан Ресейдің “түсі бөлек, тілі бір” жалғасы сияқты есептелінді. Абай айтқан “орысша оқу керек, хикмет те, мал да, ғалым да – бәрі де орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын біл­ мек керек” деген байлам орысқа оңтайлылау келді. Ал қазақтар оның зарарына онша көп мән бер­меді. Әрине, орыстың озық білімі қазаққа қиянат жасаған жоқ. Ұлтымыздың Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев сынды ұлы тұлғаларынан бастап қазақтың көптеген қадірлі ұл-қыздары Ресей қалаларынан білім алды және олар қазақ халқының өсіп-өркендеуіне қалт­ қысыз қызмет етті. Тіпті, Ресей Президенті В. Путин­ нің әнебір жылы Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарында “Қазақстан Үкіметі мүшелерінің басым бөлігі Мәскеу мемлекеттік университетінің түлектері екені Ресей үшін де өте маңызды саналатынын” мақтаныш сезімімен айтқаны да есімізде. Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің бір мүшелі ішінде Қазақстанды ежелден етене болып келген Ресеймен мейлінше тең дәрежелі әріптес етуге барынша күш салып келе жатқаны тарихи шын­дық. Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы сындарлы саясатының бір парасы мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ете отырып, интеграциялық процестерді мейлінше өрістетуге бағытталғанын, таңдалған жол­

Жұмыр жердің жұмағы дың табыстылығы екі ел арасындағы тиімді эконо­ микалық байланыстың орнығып, ынтымақ­тас­тыққа серпін беретін мемлекеттік шека­раның тартылуымен өлшенетінін басты назарда ұста­ғаны анық. Әуелдегі бауырлас елдердің өзара байланысын тереңдете түскен кейінгі екі жылдың қорытын­ ды­ларын сараптасақ, аталған кезең мемлекет­тер ара­сын­дағы бұдан бұрынғы өзара іс-қимыл байла­ ныс­тарының жағымды сипатының жарасымды жал­­ғастығын көрсетіп берді. Мемлекет басшыла­ ры­ның 2003-2004 жылдарды Ресейдегі Қазақстан және Қазақстандағы Ресей жылдары ретінде жария­ лауы арқасында көптеген қоғамдық-саяси, эконо­ микалық және мәдени-гуманитарлық бағытта ау­ қым­ды іс-шаралар жүзеге асырылды. Өзара сенім дең­гейі Қазақстан мен Ресейдің ТМД, ЕурАзЭҚ, ОАЫҰ шеңберіндегі интеграциялық процестердің көшбасшысына айналуына кең мүмкіндіктер ту­ ғыз­ды. Былтырғы жылдың қаңтар айында Ресей Пре­зиденті Қазақстанға жасаған ресми сапарында ынтымақтастықтың жетекші бағыттарын ай­қын­ дайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, сауда-энергетикалық кешен, ғарыш кеңіс­ тігін игеру, әскери-техникалық сала мен шека­ра­ лық қызметтегі іс-қимыл ықпалдастығы, тағысын та­ғылар. Сонымен бірге, келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, тариф саясатын реттеу мәселелері де осы кез­­десуде оң шешімін тапты. Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың 2004 жылғы 29 маусым мен 4 шіл­ де аралығында Ресейге, оның ішінде Татарстан жә­не Башқұртстан Республикаларына жасаған жұ­­мыс сапары Қазақстан-Ресей қарым-қатынас­та­­ ры­ның өрістеуіне қосымша серпін берді. Ресей бас­

Жұмыр жердің жұмағы шылығымен және Федерацияның жетекші субъек­ тілері көшбасшыларымен жүргізілген келіс­сөз­дерде іскерлік байланыстарды жаңа сапаға кө­теретін келісімдер өмірге келді. Екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы ын­ты­ мақтастық Каспий теңізіндегі кеніштерден мұ­най­ ды бірлесіп өндіруге жағдай туғызды. Кас­пий теңізі солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы екіжақты келісімнің халықаралық хаттамасына сәйкес бүгін­гі таңда “Құрманғазы”, “Орталық” және “Хва­лы­н­­с­кое” кеніштерінде көмірсутегі қорларын игеру жобалары жүзеге асырылуда. Екі жақты бай­ла­­ныстардың маңызды тұстарының бірі ретінде отын-энергетика саласындағы ынтымақтастықты да атап өтуге болады. Бұған қоса, кеден саласында да берік байланыс орныққан. Айталық, былтырғы жыл­дың жел­тоқ­са­ нында Ресейдің Алтай өлкесімен шек­тесетін Павлодар облысында “Шарбақты” бір­тұ­тас бақылауөткізу бекеті ашылды. Бекеттің бір ерек­шелігі, мұн­да жергілікті кеденшілер ресейлік әріп­тес­терімен Қа­ зақстанның экспортталатын тауарларын бірлесіп тек­середі. Бұл елден шығарылатын жүктердің Ресей аумағында кедендік тіркелуін оңайлатты. Нә­ти­же­ сінде бұл қадам мемлекеттер ара­сындағы тауар ай­ на­лымының артуына жол ашып берді. Транзиттік көлік әлеуетін дамыту мәселесінде де ілгерілеушілік бар. Ресей үкіметі қазақстандық көлік иелерінің Ресей аумағындағы азаматтық жауап­кер­ шілігін сақтандыруда төмендетілген коэфициент қолдану туралы қаулы қабылдады. Екі елдің шекаралық ынтымақтастығын арттыру арқасында ортақ экономикалық әлеуетті тиімді пайдалануға мейлінше маңыз беріліп келе­ді. Қа­ зақ­станда Ресейдің 70-тен астам өңірінің эко­но­ми­

Жұмыр жердің жұмағы калық мүдделері қалыптасқан. Әсіресе, Ресей­дің Сібір Федералды округіндегі субъектілер Қазақ­с­ танмен белсенді сауда-экономикалық байланысқа серпін беріп келеді. Оның ішінде Омбы, Кемеров, Иркутск, Новосібір облыстары мен Алтай жә­не Краснояр өлкелері, Хакас Республикасы Қа­зақ­­ станмен тығыз қарым-қатынас орнықтырған. Қазір­ гі уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының 70 пайыздан астамы осы шека­ра­лық өңірлердің үлесіне тиеді. Қазақстан-Ресей ше­ка­ ралық аймағында 300-ден астам бірлескен кә­сіп­ орын жұмыс істейді. Бұған қоса бүгінгі таңда екі елдің шекаралық өңірлерінің өзара іс-қимылын одан әрі өрістетуге елеулі әлеуеттің де бар екенін атап өткен жөн. Ресей өңірлері өкілде­рінің пікірін­ ше, шекаралық ау­мақ­тарға еркін эконо­микалық ай­ мақ­­тар құру тәжі­ри­бесі келешекте үлкен табыс­тың ке­пілі болмақ. Екі ел арасындағы тауар айналы­ мы­­ның артуы инвестициялық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына да ықпал етті. Қазіргі уақытта Қа­зақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын тіркелген. Еліміздің экономикалық өсу жағдайында мәшине жасау, түсті металлургия, жоғары технологиялық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы, шикізат, құрылыс материалдарына ресейлік инвестицияның бағытталуы басымдық алып отыр. Осының нәтижесінде екі ел басшылары Мемлекетаралық инвестициялық банк құру туралы тың бастама көтеріп келеді. Былтырғы жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстандағы Ресей жылы аясында өткізілген ұлттық көрме екі мем­ле­ кеттің сан салалы байланыстарын дамытуға екпін берді. Көрмеге Ресейдің 60-тан астам компаниясы­

Жұмыр жердің жұмағы ның өнімдері қойылып, бірнеше іскерлік кездесулер өткізілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы аптадағы Ресейдегі ресми сапарының ең елеулі жетістігі екі ел арасындағы Мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойылуы екенін Мәскеуден жа­ зыл­ған мақалада атап өттік. Мұны Мемлекет бас­­ шы­лары тарихи оқиға екенін бірнеше рет атап көр­ се­туі­нен-ақ аңғаруға болады. Нұрсұлтан Назар­баев мемлекет­тік шекара туралы шарт бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең ірі деген екі мемлекеттің тең құ­қық­ ты ынты­мақтастығын жаңа белеске көтеретінін жет­кізді. Әлем­дегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жал­пы ара­лығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шека­раны біздің мемлекеттер арасындағы мызғы­ мас дос­тық­тың сенімді кепілі ретінде бағалаймыз, деді Президент. Шекара бізді алыстатпақ емес. Бұл нағыз достық пен сенімнің шекарасы болмақ. Шекаралық мәселені шешуде осыған дейін орасан жұмыстар атқарылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл мәселе алғаш рет 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімде­ ме­сінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мем­ ле­кеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хат­ та­­ма­дан бастау алды. Алты жыл аралығындағы құ­­жат­­тарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Ал даулы учаскелер тұсында сарапшылар шекаралық аумақтарда тұратын азаматтар өміріне қиындық туғызбайтын жаңа нұсқаларды шұғыл арада тауып, қолданысқа енгізіп отырды. Ендігі жерде маман­дар тобының алдында мемлекеттік шекара туралы шартты жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешенін тиянақтау,

Жұмыр жердің жұмағы жер бағдарының нақты карта­сын әзірлеу міндеттері тұр. Ресей басшысы Владимир Путин шекарадағы қарым-қатынасты реттеу өзара сенімді арттырып, Қазақстанның егемендігін Ресей тарапының то­лық­ тай тануы және республиканың тәуелсіздігін ны­ ғайтудың маңыздылығына баса мән берілгенінің белгісі, қол жеткізілген нәтижелер негізінде біз ин­ тег­рациялық процестерді одан әрі дамыта алаты­ нымызға сенімдімін, Қазақстан қай кезде де берік ықпалдастықтың бастамашысы бола білді және осы тұрғыдағы ұсыныстары маңызды үйлесімділік сипатқа ие болып келеді, деді. Ресей басшысының пікі­рінше, қол қойылған Мемлекеттік шекара туралы шарт бауырлас халықтардың жан-жақты толысуына бағытталған тең құқықты стратегиялық әріптестігінің жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Аталған құжат іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және адамдар арасындағы байланысты кеңейтуге мол мүмкіндік туғызбақ. Әрине, бұл шешім бірінші кезекте екі елдің шека­ ралық өңірлері үшін оң табыс әкелмек. Ресми сапар аясында өткізілген кеңейтілген құ­ рам­дағы отырыста экономикалық ынтымақ­тас­тық­ ты кеңейту мүмкіндіктеріне байланысты қадауқа­дау мәселелер талқыланды. Аталған отырысқа екі елден де экономикалық саладағы мәселелерді ті­келей шеше алатын министрлер мен ведомс­ тво­­лар басшыларының қатысуы келешекке жос­ пар­ланған жобалардың өмірден нақты көрініс таба­ты­нының кепілі секілді көрінеді. Келіссөздер ба­ры­сында шекаралық шартпен қатар қосымша тағы екі маңызды құжатқа қол қойылды. ҚАЗСАТ байланыс және хабар тарату қазақстандық техникасын жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы, екі­

Жұмыр жердің жұмағы жақты әскери-техникалық ынтымақтастықтың барысында пайдаланылатын және алынған зияткерлік нәтижелері мен құқықтарын өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімдер елімізді дамудың жаңа сатысына көтеретініне шүбә жоқ. Мемлекет басшысының Ресейге жасаған ресми сапарының қорытындыларын сөз еткенде осын­да­ғы қандас бауырларымызбен болған мазмұнды әңгімені айналып өтуге болмайды. Мағлұмат үшін айтсақ, 1989 жылғы санақ бойынша РСФСР-да 635900 қазақ тұрған, 1989-1998 жылдар аралығында қазақтар­дың өсімі 68800 болған. – Жүйрік уақыт жүрісінен танбай, мінеки жаңа 2005 жылдың басында сіздермен қауышудың сәті түсіп отыр. Өздеріңізге мәлім, еліміздің алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде әрдайым халқы­­ мыз­бен және әлемнің әр тарабында тұрып жатқан қан­дас­тарымызбен ақылдасып отыру дәстүрге ай­ нал­ған. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы бері өз­геріске толы он үш жылдық мүшел жолымызды бірге жүріп, оның ыстық-суығын бірге татып келе­ міз, – деп бастады әңгімесін Елбасы Ресейдегі қазақ диас­порасы алдында. Бұдан кейін Президент еліміздің дәулетін анық­ тайтын ішкі жалпы өнімнің 2000-2003 жылдар ара­ лығында 45 пайызды құрағаны, республикамыз­ да атқарылып жатқан жалпы іргелі істер туралы әңгі­мелеп берді. Әңгімелесу барысында ресейлік қан­дас­тарымыз ұлттық тұрғыдағы мәселелер төңі­ ре­гінде шешіле сөйледі. Мәскеудегі “Мұрагер” қазақ мәдениеті қоғамының президенті, осындағы “Қазақ тілі” мәскеулік қоғамының төрағасы Жәнібек Елекбаев, Астраханьдағы “Жолдастық” атты қа­

Жұмыр жердің жұмағы зақ мә­дениетінің өңірлік қоғамдық ұйымының тө­ра­­ға­сы Никита Ысқақов, халқымыздың көр­нек­ ті ғалымы Е. Бекмахановтың қызы, тарих ғы­лым­ да­­рының докторы Нәйлә Бекмаханова және тағы бас­қалары, алдыңғы репортажымызда хабар­ла­ ға­нымыздай, ресейлік қандастарымыздың елмен емін-еркін қарым-қатынасын жандандыру, көрші е­лдің бас қаласы мен басқа да өңірлерінде қазақ халқының көрнекті тұлғаларының есімін жаң­ғыр­ ту мақсатында ескерткіштер мен тақталар орнату сияқты ой-пікірлерін бүкпесіз ортаға салды. Атап өтер бір жәйт, Санкт-Петербургтен келген “Ата­мекен” қазақстандық қоғамының президенті Сәрсенғали Құспановтың қазақ тілінің шұрайын келтіріп, жатық сөйлеп тұрғанын байқаған Елбасы Ресейде неше жылдан бері тұрып жатқанын сұ­ра­ды. Санкт-Петербургтік қандасымыз 43 жылдан бері деп жауап бергенде Нұрсұлтан Назарбаев ата­жұр­ ты­мызда қалың қазақтың ортасында отырып ана тілімізді ұмытқан қандастарымыздың да бар екенін қынжыла айтты. Оларды бәлкім сіздерге қазақ тілін үйренуге жіберерміз, деген астарлы пікір білдірді. Елбасының бұл сөзі еліміздегі туған тілін ұмыта бастаған қандастарымызға қамшы болып тисе керек. Екі күндік Мәскеу сапарында Президент Нұрсұлтан Назарбаев М. Ломоносов атындағы Мәс­ кеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен, Мәскеу мэрі Юрий Лужковпен де кездесті. Бүгінде 250 жылдық мерейтойы тойла­ нып жатқан Мәскеу университетінде Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Еуразиялық одақ идеясын жариялаған болатын. Бүгінгі таңда атал­ған оқу орнымен тәжірибе алмасу оң бағытта өріс­теп, елорда­

Жұмыр жердің жұмағы дағы Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде ММУ-дың филиалы ашылған. Елбасы Мәскеу мэрі Юрий Лужковпен ресми әріптес қана емес, етене жақын замандас. Осыған орай екі елдің бас қалалары арасындағы байланыстарды тереңдетуде де игілікті істер аз атқарылып жатқан жоқ. Атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада “Мәскеу” сауда үйі, Мәскеуде “Астана” сауда-офистік орталығы ашылмақ. Екінші жаһандық соғыста қазақ жауынгерлері қолына қару алып, өзге ұлт өкілдерімен, оның ішінде ресейліктермен бірге ортақ жауға қарсы соғысты. Дерек көздері көрсетіп отырғандай, сол бір сұрапыл соғыста 650 мың қандасымыз қаза тапқан екен. Сапар барысында Президент Мәскеудегі белгісіз солдаттың бейітіне барып тағзым етіп, гүлдесте қойды. Елбасы журналистермен жүздесуінде Қа­ зақстан мен Ресейдің ортақ тарихы қалыптасқан, біз жиырмасыншы ғасырда әлем тарихындағы ең зұлмат соғыста бірге шайқастық, жауды бірге жеңдік, деді. Бұл Президенттің ертеңгі ұрпақтың сәулелі болашағы үшін жанын пида еткен аталар рухына деген тағзымы екенін ұғындық. Осы сапарда Елбасы екі ел арасындағы байла­ ныстарды нығайтуға нақты қызметтерімен елеулі күш салған Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Ивановқа және Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа “Достық” орденін табыс етті. Бұл елі­міз­дің аса жоғары мемлекеттік наградасы “Достық” орде­ нінің өзінің шын дос пейілді иелерін тапқанының айғағы болса керек. Қазақстан Президентінің Ресейге жасаған ресми сапарының нәтижелі қорытындыларын екі елдің

Жұмыр жердің жұмағы бар­лық бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты хабарлады. Оның ішінде Ресейдің “Инвестиция”, “Комсомольсая правда”, “Российская газета” және тағы басқа ірі басылымдары мен отандық бұқаралық ақпарат құралдары Елбасының аталған сапары Қазақстан-Ресей арасында жалғаса беретін тиімді бай­ланыстардың жаңа кезеңіне жол ашты деген баға берді.

«Егемен Қазақстан» 21 қаңтар 2005 ж. Берік шекара – ірге бүтіндігінің кепілі Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада еліміздің бұқаралық ақпарат құралда­ры­ ның өкілдерімен кездесіп, осы аптада Ресей астанасы Мәскеуге жасаған ресми сапары барысында қол қойылған Қазақстан-Ресей Мемлекеттік шекарасы туралы шарттың тарихи маңызы жөнінде айтып берді, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды. – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміз тәуел­ сіз­дік алғаннан кейінгі Қазақстан сыртқы сая­ са­тының ең үлкен жетістігі деп шекара мәсе­ле­ ле­рінің оңтайлы шешілуін айтуға болады. Бұл бағыт­тағы жұмыстар қалай басталып еді? – Кез келген мемлекет, ең алдымен, мемлекеттік ше­ка­радан басталатыны белгілі. Сол себепті біз еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін іргемізді бекітіп, шекарамызды айқындауға кірістік. Шынын айтайын, шекара мәселесі өте қиын мәселе. Әлемдегі ең үлкен қарулы қақтығыстар мен сансыратқан со­ ғыс­тар қашанда осы жер дауынан, шекара дауынан басталған. Сондықтан бұл іске келгенде бізге Абай

Жұмыр жердің жұмағы атамыз айтқандай асықпай, аптықпай «ақырын жүріп, анық басуға» тура келді. Оның үстіне тағдыр бізге Қытай мен Ресей сияқты екі алып көршімен қатар өмір сүруді жазды. Әуелі Қытай Халық Республикасымен шекара айқындауға кірістік. Анығын айту керек, кешегі азуын айға білеген Ресей империясы да, жарты әлемді билеген Кеңес одағы да Қытаймен шекара мә­селесін ешқашан толық шешкен емес. Аға буын өкіл­дерінің есінде болар, осы шекара мәселесінің шие­ленісуі салдарынан алпысыншы жылдары Қиыр Шы­ғыстағы Даманскіде, сондай-ақ осы күнгі Алматы облысының Жалаңашкөл деген жерінде қарулы қақтығыстар болып, оның аяғы соғысқа айналып кете жаздаған. Міне, бізге осындай күрмеуі қиын мұра қалды. Аллаға шүкір, бүгінде біз соны еліміздің есесін ешкімге жібермей шеше білдік. Қытай Халық Респуб­ликасымен, оның сол кездегі басшысы Цзян Цзэминмен әрбір кездескен сайын біз шекара мәселесін пысықтап, оны реттеуде кездескен қиын­ дықтарды біртіндеп шешіп отырдық. Бұл оңай­ лық­пен жүзеге асқан жоқ. 1994 жылы басталған бұл процесс тек 1998 жылы ғана аяқталып, екі ел ара­сындағы мемлекеттік шекараны айқындайтын құжатқа қол қойылды. Бұл шындығында Қазақстан дип­ломатиясының аса үлкен жеңісі еді. Шекараны анықтауда Қазақстан мүддесі түгелдей ескерілді деп нық сеніммен айта аламын. Тіпті біздің үлкен көршіміз Ресей Қытаймен екі арадағы шекаралық келісімге бізден кейін төрт жылдан соң қол қойғанын ескерсек, біз оны сәтімен шештік деп айтуымызға толық негіз бар. Оңтүстік көршіміз Өзбекстанмен екі арадағы ше-

Жұмыр жердің жұмағы кара мәселесі де оңтайлы шешілді. Ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған халық бол­ған­дықтан, екі ел арасындағы шекара ауыл-ауылдың үстімен, тіпті кейде үйлердің арасымен өтті. Солай бола тұр­ са да біз оны асықпай ақылға салып талқыладық. Нә­ти­жесінде өзбек ағайындармен де ортақ тіл табысып, оңтүстіктегі шекарамызды бір­жолата бекіттік. Қыр­ғыз, түркімен бауырларымызбен де мемле­кеттік ше­караны ешбір дау-дамайсыз бітірдік. Сөй­тіп, өзімізбен көршілес төрт мемлекетпен мем­лекеттік шекара мәселесін біржолата шешіп алған соң Ресеймен басталған келіссөздерді жалғастырдық. – Ресеймен шекара мәселесін анықтауды осы елдің бұрынғы президенті Борис Ельцинмен баста­ғаныңызды білеміз. Ресеймен шарт неге ең соңында жасалды? – Оның ешқандай құпиясы жоқ. Егер біздің құрғақтағы шекарамыздың жалпы ұзындығы 14 мың шақырым болса, соның жартысынан астамы, яғни 7591 шақырымы Ресей арқылы өтеді екен. Сон­ дықтан бұл шекараны реттеуге өзгелерден көбірек уақыт кетті. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны реттеу жөніндегі хаттамаға алғаш 1998 жылы қол қойылған болатын. Содан бері, міне, алты жылдан астам уақыт өтті. Бұл жылдар ішінде екі елдің мамандары карталарын алдына жайып салып, көптеген келіссөздер жүргізді. Тіпті, басқаны былай қойғанда, ұзындығы 7,5 мың шақырымдық шекараны жүріп өтудің өзі қаншалықты қиын екендігі айтпаса да түсінікті жай емес пе? Ал шекара мәселесіне келгенде, ұсақ-түйек деген мүлде болмайды. Біз үшін атабабаларымыздан қалған ұлы мұра – атамекеніміздің

Жұмыр жердің жұмағы әр пұшпағы аса қымбат екендігі әркімге де аян болса керек. Сондықтан бұл істе біз асқан ыждаһаттылық пен қырағылық таныттық. Мен қандас бауырларыма мына бір жәйтті де ерекше атап кеткенімнің артықтығы болмас. Ке­ше­ гі Кеңес одағы кезінде де, еліміз тәуел­сіз­дік алған алғашқы жылдарда да кейбір Ресей сая­сат­кер­лері Қазақстанның солтүстік облыстары туралы мәселе көтеріп, оны айғайшыл, даңғазашыл бас­пасөз құ­ рал­дары арқылы іліп әкетіп, біраз шу көтергенін ағайын­дар әлі ұмыта қоймаған болар. Сол саясаткер­ лер әлі де бар және менің ресми сапарым кезінде осы әңгімені біраз жалаулатып, кейбір баспасөз құ­рал­ да­рында айғай-шу туғызуға әрекет жасады. Бірақ, соған қарамастан, біз Ресей президенті В. Путинмен 18 қаңтарда Кремльдің қақ төрінде Қазақстан-Ресей Мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа қол қойдық. Жасыратын ештеңесі жоқ, екіжақты келіссөздер соңғы күндерге дейін жүргізілді. Дәл осы мәселе үшін Ресей Президенті биылғы жылдың алғашқы сапарын менің шақыруым бойынша Қазақстаннан бастап, біз бірнеше күн бойына пікір алмастық. Нәтижесінде Қазақстан мен Ресейдің арасында ғана емес, әлемдегі ең ұзын шекара болып саналатын қашықтығы 7591 шақырымдық шекара мәселесі бір­жолата ресімделіп, халықаралық құжатқа қол қойылды. Бұл – екі ел мен олардың басшылары арасында­ ғы шынайы достық пен берік сенімнің, тең дәрежелі іскерлік әріптестіктің орныққандығының белгісі. Ресей – солтүстіктегі ең үлкен көршіміз. Біздің тарихымыз ортақ, мәдениетіміз ұқсас. Кезінде бір мемлекет құрамында болып, қуаныш пен қайғыны қатар бөлістік. Аға ұрпақ Ұлы Отан соғысында

Жұмыр жердің жұмағы ресейліктермен бірге ортақ жаумен шайқасып, Ұлы Жеңісті жақындатты. Кезінде хан Абылайға: «Ресеймен соғысып, басыңа жаулық сағынба» деп Бұқар жырау бабамыз өсиет еткендей, бізге Ресеймен әрдайым тату-тәтті көрші болғанымыз керек. Жалпы, экономикасы жыл сайын өсіп-өркендеп, әлеуеті артып, халықтың тұрмысы барған сайын көтеріліп келе жатқан еліміз үшін әрдайым тыныштық, татулық қажет. Ол үшін бас аман, ірге бүтін болу керек. Сонда ғана біз одан әрі өсіпөркендеп, қарыштап алға дамитын боламыз. Анық та айқын әрі берік шекара – соның басты кепілі. Сондықтан қол қойылған тарихи құжаттар әлі талай жылдар тіпті ғасырлар бойы ел игілігіне қызмет істейтін болады деп сенемін. Баршаларыңызды сол қуаныштарыңызбен құттықтап, ол әрдайым баянды болсын демекпін. «Егемен Қазақстан» 22 қаңтар 2005 ж. Армысың САКУРА елі Алып лайнер биязыдай тұтасқан ақшаңқан бұлт­ тарды аршып жібергенде зеңгір көкке шашылған жұлдыздар секілді алдымызда сансыз аралдар шашылып жатты. Біз жалыны мәңгі сөнбейтін жанартау­ лар мекені, сайыпқыран самурайлар елі Жапонияға жақындаған едік. Ашығын айтсам, жеті атамның табаны тиіп көр­ ме­ген Жапонияға бару менің бертінгі “бесжыл­дық” жоспарымда жоқ болатын. Өткен жылдың соңын­ да осы сапарға барушылардың тізіміне “Еге­мен Қа­зақстанның” бірінші басшысы Сауытбек аға­

Жұмыр жердің жұмағы ның менің есімімді енгізгенін естігенімде елең­деп қалғаным рас. Сол аралықтағы үш-төрт айда қыз­­ мет ауыстырып, қыраулы қыстың “қызығын” өт­ ке­ріп, өзіммен-өзім болып жүргенде, ойда жоқта Жап­ония халықаралық ынтымақтастық ұйымының Ас­танадағы өкілдері шұғыл жолға дайындалуым ке­ рек­тігін хабарлады. Орталық Азия жастары үшін Токио, Хиросимо қалаларында ұйымдастырылатын үш апталық оқу курсы Жапонияның бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі даму деңгейіне арнал­мақ екен. Жолға анық шығатынымды білгенде бұйыр­ған қашпайды деген осы, бәлкім жапонның дәм-тұзы тартып тұрған шығар деп ойладым іштей, қазақы ырыммен. Жағрапиялық жадыны жаңғырту үшін Жапония туралы азын-аулақ мағлұмат. Жапония төредей – төрт аралы: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсюден өзге мыңдаған ұсақ аралдарының басын құраған ел. Аралдардың жалпы саны 7 мыңға жуықтайды. Ел аумағының 80 пайызы таулы өлке. Бас қалалары Иокогама, Осака, Нагоя, Саппоро, Кобе, тағысын-та­ ғы­лар. Халқының саны 126 миллион. Елдегі де­мог­­ ра­фиялық дағдарысқа байланысты 2050 жылдары тұрғындарының саны 100 миллионға дейін қысқаруы ғажап емес. Астамшылық болмасын, бұл туралы жа­ пондардың өздері жастарымыз отбасын құруға, қа­ рия­ларымыз арғы дүниеге қайтуға асықпайды деп қал­жыңдайды. Өйткені мұнда орташа өмір сүру 88 жас болғандықтан, ешкім жарық дүниеден тоқсанын тол­тырмай кете қоймайды. Ал жастар жағы асықпай 30-дан кейін отау құруды дағдыға айналдырған. Не­ гізгі діндері синтоизм, буддизм, христиандық. Күн­ шы­ғыс елінде 30 мыңнан астам жапон ислам дінін ұс­танады.

Жұмыр жердің жұмағы Елдегі аудандардың орналасуына қарай климат­ тық жағдай әрқалай болып келеді. Айталық, Хоккайдо субарктикалық, Окинава субтропикалық аудан болып табылады. Яғни, жылдың бір мезгілінде елдің екі ауданында екі түрлі ауа райы қалыптасады. Сондықтан жапон мәдениеті дәстүрлерінің бір бұ­ тағы жыл мезгілдеріне сәйкес тарқатылады. Жапон поэзиясындағы хайку жанры дәл осы жыл мез­ гілдерін жырлауға негізделген. Қазақстандық жастардан құралған делегация Ыстамбұл, Вена арқылы тәулікке жуық уақыт ұшып Токионың Нарита әуежайына келіп қонды. Қазақы таңданыспен айтсақ, Токио тотыдай та­ ра­­нып тұр. Әлемдегі тұрғыны көп саналатын, тір­лі­ гі ию-қию бұл метрополисте 12 млн. ха­лық тұ­рады. Қала тілмен жалағандай мұн­таз­дай таза. Жа­пон­ дардың өздері айтатындай, То­киода бәтең­кеңді сүртіп әуреленудің қажеті жоқ. Қаза­қы тез қа­был­да­ ғыш қасиетімізбен 3-4 күннен кейін енапат шаһарға да етіміз үйреніп, байырғы токио­лық­тардай қаланы еркін аралай бастадық. Хатагая, Сасасуки, Сибуя, Синжуку метростансалары өзіміздің Абай мен Абылайхан көшелеріндей етене болып кетті. Электр тауарларын сататын Акихабара кешені аспанға мойын созған зәулім ғимараттардан құралған. Алдыңызға Жапонның электротехникадағы соңғы жетістіктерін жайып салады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келуші­ лер көп. Сондықтан сатушылар бірнеше тілді меңге­ ріп алған. Кейбірі орысша саудаласқанда анау-мы­ науы­ңа есесін жібере қоймайды. Орайы келгенде ай­та кетейін, Акихабараға барар жолда кілең қара кәс­төм, ақ көйлек киген дөкейлердің аумағы екі шар­шы метрлік жеке-жеке құдыққа қар­мақ салып отыр­ғандарын көрдік. Сұрастырып білсек, бұл түс

Жұмыр жердің жұмағы әлетінде жұмыстан қажыған шенеуніктерге жұ­мыс­ тан жұқарған жүйкелерін түзеу үшін арнайы жа­сал­ ған балық аулайтын орын екен. Аквалангис­тер су астына түсіп, қолдан балық салады да, қыз­мет­керлер “асыранды” балықты қармаққа іледі. Кетерінде ау­ ла­ған барлық балығын құдыққа қайта қотарады. Солай. Жапондар адамның жағдайы үшін осындай орындар да ойластырып қойған. Ал біз мұны бір-ақ ауыз сөзбен “еріккенің ермегі” дер едік. Жапондардың сыпайылығына сөз жетпейді. Дүке­ ніне бас сұқсаң болды-ақ “аригато гоззаймас” (көп рахмет) деп жапа-тармағай шулап қоя береді. Мұны бір жағынан нарық үстемдігінің нағыз үлгісі деуге де болады. Яғни, тұтынушы сауда қозғалысының мызғымас тұғырының біріне айналған. Салғыласып тұратын сатушыларымызға бойымыз үйреніп кеткен біздер үшін кейде қиық көз жапон сатушылары таспаға жазылып қойған “аригато-алғысын” үздіксіз қайталай беретін жасанды қуыршақтар сияқты елес­ теп кетеді. Ең қызығы ештеңе алмасаң да оларды ел деп, ескеріп кіріп шыққаның үшін алғысын жаудырады. Ал жөн сұрайын деп көшедегі кез келген жапонға “сумимасэн” (кешіріңіз) деп сызыла қалсаңыз болды алып-ұшып айтқан жеріңе дейін ертіп баруға әзір. Әрине “сумимасэннен” әріге тілдік қорымыз жете қоймағандықтан, біз де оларды көп мазалай бермейміз. Соңыра соншама сыпайылықтың астына самурайлық жаужүректікті жапондар қалай жасырып жатыр деген ой келеді. Жалпы, жапондық оқымыстылардың бірқатары ұлт тарихын таратқанда біз Алтай жақтан қоныс аударғанбыз, түбімізде түркілік қан бар деген тео­ рияға да ден қояды екен. Мұны бізге дәріс оқыған профессор Танака айып берді. Әсіресе, дейді ол, біз­

Жұмыр жердің жұмағы дің түр-келбетіміз қазақтар мен қырғыздарға көп ұқ­сайды. Сөйлегенде де бастауышты сіздер сияқты баяндауыштан бұрын қоямыз. Мысалы, “ваташи-ва Кадзафустан кара кимашта” (Мен Қазақстаннанмын). Дархан пейіл, қонақжайлық дәстүрлерімізде де өзектестік бар. Профессор мырза мынадай әпсананы әңгімесіне арқау етті: Азынаған суық. Елсіз аралда арып-ашып келе жатқан бір самурай жапандағы жалғыз лашыққа кезігеді. Үй иесі бейтаныс қонаққа құрақ ұшып, алдына ас қояды. Үйінде біраз жылдардан бері өсіріп отырған жалғыз ағашын шауып, отын қылады. Дәлірек айтсақ, қонағының бойын жы­лыту үшін жалғыз тал тамызыққа айналады. Ол мұндай мәрт мінез қазақтарда да бар екенін айтады. Сол мезет Т. Айбергеновтің “Мәрт жі­гіт­тер бар қазақта, Маңдайындағы бір атын, Жай­ратып салып жарқылдап күліп тұратын” деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Бұл жерде мақ­сат жапон мен қазақтың кіндігін біржолата бай­лап беру емес, оқымыстының ойын жеткізу деп түсі­ніңіз­дер. Әйтпесе, кім білсін, пайымымыз жапон ағай­ын­дардың жақындығымызды орталық-азиялық жас­тарының санасына сіңіре берейік деген ішкі есеп­те­рі де бар шығар деген пендәуи күмәнға да бой ал­дырады. Олай дейтінім, жыл сайын Токиодағы халық­аралық ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің жастарын қыруар қаржы бөліп оқытып келеді. Мұның сыртында біздің өңірдегі елдерге түрлі көмек шараларымен қайтарымсыз қаржы бө-лу­де. Осы жерде қартаңдау бір жапон журналисі әріп­тес ретінде өздерінің мынадай бір түпкі ойла­рын жақаурата жеткізгені есімізде. Жапония сейсмикалық жағынан аса қауіпті аймақ саналады. Ғалымдардың болжауынша, бір замандарда сансыз аралды тылсым мінез Тынық мұхиты (беті

Жұмыр жердің жұмағы аулақ) жұтып қоюы да ықтимал. Әгәрки, сондай аласапыран заман туа қалған жағдайда біз Орталық Азия өңіріне қарай үдере көшуіміз мүмкін деген ойын ол жасырмады. Әрине, апат айтып келмейді. Тек Аллатағала әр ел­дің ақырын берсін. Дәстүрлерін дәуірлер дауылының тозаңына ай­ нал­дырмай дәріптей білетін Күншығыс еліне бар­ ған­да император сарайын көрмей кету әрине, күнә. Үзіліссіз 125 ұрпағы таққа отырып, тәж киіп келе жатқан император әулетінің өмірін қарапайым жа­ пон­­дықтар қатты қадірлейді. Тіпті ондағы отбасы, ошақ қасындағы кикілжіңдердің өзіне алаң­дау­ шылық білдіреді. Айталық, қазіргі император Аки­ хитодан тараған мұрагер ханзадалар Нарухито мен Акисинодан еркек кіндік емес, үш қыз өрбіп отыр­ ған­дықтан, келесі тақ мұрагері кім болады деген сауал кез келгенін толғандырады. Сонымен бірге хан­зада Нарухитоның зайыбы Масако ханшаның им­ператор сарайындағы қапас өмір мен қатып қал­ ған консерваторлық рәсімдерден денсаулығы на­ шар­лағанын естіп, оқиғаның өрбуін назарларынан бір сәт те сыртқары жібермеуде. Бізге император са­ райы­­ның айналасын тамашалауға ғана тура келді. Өйт­­кені жылына тек екі рет қана ішке кіруге рұқсат бе­ріледі екен. Асылы жапондардың жүрген-тұрғаны, ішкенже­­генінің бәрі дәстүр. Ескісін дәріптейді де жаңа за­манға жаңа дәстүрлер тудыра береді. Айталық екі жапон бір-бірімен танысарда әуелі бастарын иеді. Қаншалықты төмен исе соншалықты сыйлап тұрғаны. Бұл ежелгі дәстүр. Содан кейін жаңа танысына қос қолымен ныспылық (визитка) қағазын атыжөні оқылатын жағымен ұсынуы керек. Бұл жаңа дәстүр. Ныспылық кейін әжетке жарай ма, жоқ па ол

Жұмыр жердің жұмағы жағы тіпті маңызды емес. Өзіңді-өзің сыйлайсың ба солай істеуге міндеттісің. Дәстүр дегеннен шығады, оқу бағдарламасы барысында гүлдерді безендіруге негізделген экибана жасау, шәй әзірлеу салтанаты өт­кі­зілді. Әр кәллада бір қиял сияқты, әр дәстүрде терең мазмұн жатыр. Жалпы, Жапониямен жақын таныстыру, Күншы­ ғыс елі жайында жақсы әсер қалдыру жағын ұйым­ дас­тырушылар аса мұқият ойластырған екен. Жапон тілін тәжірибеде үйрену үшін жаныңа жапонның мөлдіреген бір қызын қолтықтатып қаланың орта­ лығына аттандырады. Таңазаннан қара кешке дейін қолдан орысша-жапон сөздігі түспейді. Көңіліндегі ойды көшеде парақтаған кітабыңның беттерінен іздейсің. Түсінбей қалсаң ыммен ырым жасайсың. Бұл елде еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін ұялы телефон ұстайды. Бүгінге дейін елде 90 млн. дана ұялы телефон сатылған. Аталған байланыс қыз­ ме­тін пайдаланушылардың 80 пайызының телефондары интернетке қосылған. Автомобильдің аймүйіз серкелері шығатын Күншығыс еліндегі бар­лық отбасыда жеке көлік бар. Тіпті жалпы тұр­ғын­дардың 40 пайызы қос-қостан мәшине мінеді. Енді сапарымыздың негізгі бөлігі Жапонияның бұ­қаралық ақпарат құралдары туралы сөз етсек. Оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырушылар жас жур­ налистер тобын осы елдегі газет шығарушылар мен редакторлар ассоциациясына, Эн-эйч-кей телекор­ по­рациясына, Йоумиори газеті мен Киодо Цусин ақ­ парат агенттігіне, Тиба телехабарлар тарату корпо­ ра­циясына алып барды. Ақпарат құралдарының бар­лығы жеке тұлғалардың меншігінде. Бірақ еш­ қай­­сысы жекемін деп жел сөзге бара бермейді. Қайқай­сысы да ұлттық мүдде, мемлекеттік мәсе­лелер

Жұмыр жердің жұмағы тұр­ғысынан толғайды. Бұл елде теледидар мен газет негізгі ақпарат құ­рал­дары болып табылады. Алғашқы ақпаратты теледидар арқылы алып, сол оқиғаның сараптамалық нұс­қасын газет арқылы сіңіреді. Статистика бойынша әрбір жапон орташа есеппен күнделікті уа­қы­тының үш жарым сағатын теледидар алдында өткізіп, газет оқуға деген құлығы жойыла бастауы жа­пондық газетшілерді қатты алаңдатуда. Бүгінгі таң­да мұндағы негізгі оқырмандардың орташа жасы 50-ден асқандар. Соған қарамастан, Күншығыс елінде күніне 70 млн. дана газет шығарылады. Бұл дегеніңіз әрбір отбасы бір-бір газет алады деген сөз. Жапония дүние жүзінде газет таралымы бойынша 2-і орында тұр. Сөз реті келгенде қоса кетсек, Иокогама қаласында жапон газеттерінің тарихын баяндайтын арнайы мұражай ашылған. Жапондық газеттер үш түрге бөлінеді. Жалпы сипаттағы орталық газеттер, өңірлік және спорттық және арнайы газеттер. Иоумиори, Асахи, Майнити, Никкэй, Санкэй сияқты орталық газеттерінің ең аз таралымының өзі 2 миллион данадан асады. Мамандандырылған салалық газеттер арнайы ассо­циацияға топтасқан. Металлургтер мен химиктер, электротехниктер, тұрғын үй, балық шаруа­ шы­­лығы тәрізді түрлі салалар тақырыбына қалам тер­­бейтін журналистердің бәрі шоғырлана келе ба­ қан­­дай 117-і басылымды жарыққа шығарады. Әрбір редакция тұрақты түрде тәулігіне екі рет, яғни таңертеңгілік және кешкілік нөмірлерін шы­ ғарады. Елдегі газеттердің 90 пайызы үйді-үйге таратылады. Мұндай тарату жүйесі салықтан бо­са­тылған. Сондықтан дүңгіршектегі газеттен 30 пайыз­ға арзан. Басылым таралымын көбей­ту үшін редакция­ лар өзара келісе келе пошта тасы­мал­дау­шыла­ры­

Жұмыр жердің жұмағы ның агенттіктерін құрған. Газет та­ра­туға негізінен мектеп окушылары тартылады. Таңер­тең­гі­лік газет азанғы 3-4-терде пошта жәшік­теріне салы­на бастайды. Жарнама әрбір газеттің өмірлік деңгейінің өлше­ міне айналған. Сондықтан да басылымның жалпы көлемінің 40 пайызы жарнамаға бөлінген. Әлемдегі қоғамдық теледидардың бірден-бір үл­ гі­сін жасақтаған Эн-Эйч-Кэй телекорпорациясы жа­пон­дардың ұлттық мақтанышы. Аталған ақпарат құ­ралы тұтынушылардың жарнасы арқылы өмір сү­реді. Әрбір отбасы ай сайын 2500 жапон иенін төлейді. Біздікімен шаққанда шамамен үш жарым мың теңге. Жарна төлемеген жапондық заңмен қуда­ ланбайды. Бірақ тиісті төлемін төлеуді әрбір тұрғын өзімнің азаматтық міндетім деп сезінеді. Дүние жүзінде Эн-Эйч-Кэйдің 34 филиалы бар. Корпорацияда 12 мың адам жұмыс істейді, 22 тілде хабар таратады. Жақында Эн-Эйч-Кэй өзінің хабар тарату жүйесін ұялы байланысқа қосыпты. Яғни, телефоннан теледидар жаңалықтарын тыңдай аласың. Корпорация басшыларымен кездесуде біздің Орталық Азия елдерінде тілшілер қосынын ашу туралы жос­ пар­ларыңыз бар ма? деген сауалымызға биылғы жы­ лы тек Алматыдан ашуды межелеп отырмыз деген жауап кайтарды. Сол мезет өзбек әріптестеріміз ір­ ге­лі елдердің бәрі бізді сырттап, Қазақстанға қарай бет бұратыны несі екен, деген қызығушылығы мен өкпешіл сезімдерін қатар сездіріп үлгерді. Әріп­тес­ тердің өрескелдеу пікірлеріне қарнымыз аша тұрып, ұлттық мақтанышымыз кеудемізді кернегенін де жасырмаймыз. Жапондық журналистер қоғамдағы бай адам­дар­ дың қатарына жатады. Жақсы жалақы мен кәсіби беделі үшін тынымсыз тырбанып еңбек етеді. Жы-

Жұмыр жердің жұмағы лына небәрі 4-5-ақ күн демалыста болады. Демократия қанат жайған қоғамда соңғы елу жылдан бері бірде-бір журналист сотқа тартылмаған. Токиомен жапсарлас жатқан Тибо префектура­сындағы теледидар арқылы жоғары білім беретін университетте болдық. Университеттің 20 жылдан бері 70 мың кассета бейне дәріс қоры жинақталған. Мұнда сырттай 95 мың тыңдаушы оқиды. Тындаушылар үйінде отырып дәріс тыңдайды да, емтиханды оқу орталығында тапсырады. Ынталы тыңдаушы, талантты оқушы 5-6 жылда табақтай дипломды қол­тығына қыстырады. Әйгілі «Панасоник» орталығында болғанымызда электроника әлеміндегі соңғы жетістіктермен та­ ныстық. Соның бір ғана мысалын келтірсек, шағын экранның ішіндегі ғаламшарды саусақпен айналдыру арқылы әлемнің кез келген ірі қаласы көрсетіл­ ген нүктені басасыз. Сол сәтте спутниктік байланыс арқылы таңдаған шаһарыңыз экранға қосылып, онда не болып жатқанын көзбен көре аласыз. Париждегі Эйфель мұнарасының маңын, Вашингтон көшелерін көрдік. Үш апталық курстың белортасынан асқанда біз Токио қаласынан Хиросимоға қарай жол тарт­тық. Біз отырған аса жүрдек Синкансэн пойызы саға­ты­на 300 шақырымды алады. Бір қызығы, мың шақы­рым­ нан астам жүрген жол бойында бірде-бір елсіз жер кездеспеді. Бір қаладан екінші қала үзіліссіз жал­ға­сып кете береді. Сол кезде шеті мен шегі көрін­бейтін қайран біздің Сарыарқаның сардаласы-ай дейсің са­ғы­нышпен. Отагава өзенінің жағасында мамыражай тірлік кеш­кен Хиросимо о баста Жапонияның ірі мәдени орталықтарының бірі болған. Кейінірек мұнда әс­ке­ ри ауыр өнеркәсіп өндірісі көшіріліп, екінші дүние­ жү­зілік соғыста Жапонияның батыс әскери базасы­на айна­лыпты.

Жұмыр жердің жұмағы Хиросимо адамзат тарихындағы ең зұлмат оқи­ ғаның зардабын аяусыз тартқан қала. 1945 жылғы 6 тамызда АҚШ тастаған атом бомбасы бейбіт қа­ ла­ның бір сәтте шаңырағын ортасына түсірген. Жа­ ры­лыс кезінде ауаның температурасы 300 мың гра­ дус­қа бірақ көтеріліп, отты шар жер бетін тамұққа айнал­дыр­ған. 1942 жылы АҚШ үкіметінің әзірлеген «Манхэттен жобасы» негізінде құрамында бар-жоғы он килограмм ураны бар «Сәби» деген жасырын атпен жасалған атом бомбасы жарылыстан кейін 140 мың адамды ажал тырнағына іліктірген. Бұған қоса, дәл сол күні қалада тазалық күні ұйымдастырылып, көшеге 8400 оқушы шыққан. Бейкүнә сәбилер әпсәтте аждаһа отына жанып, жан тапсырған. Аман қалған адамдар балалары мен бауырларын іздес­ тіруге сыртқа шыққанда, жарылыстан соң жарты са­ ғаттан кейін жауған қара жаңбырдың астында қал­ ған. Адамдардың ағзасына енген жарылыс пен қара жаң­быр зардаптары әлі күнге жазылған жоқ. Хиросимода жан түршіктірер сол бір сойқан оқи­ ғаның құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін Бей­ біт­шілік мемориалдық паркі мен мұражай кешені салынған. Мұражайды аралаған адам осыншама оз­ бырлық пен оспадарлық әрекетке тіксінбей қал­май­ ды. Қала мэриясының басшылары бұған дейін бір топ семейлік бауырларымыз осында болып, музей­ ді аралағанда көздеріне жас алғандарын айтты. Сол кезде қазақтың қасіретін көкірегіңе құндақтап тұрып «Жарылыстан көз ашпаған заман-ай» дейсің қамық­ қан көңілмен. 1952 жылы парк аумағына жапондық ескі қор­ ғандардағы бейіт үлгісінде жасалған мемориалдық кенотаф тұрғызылған. Ортасына орнатылған тас қа­ бір­ге опат болғандардың барлығының тізімі жа­зыл­

Жұмыр жердің жұмағы ған. Тізім жыл сайын толықтырылуда. Қабірге жапон иероглифтерімен тыныш ұйықтаңыздар, өткен іс енді қайталанбайды» деген құйқа тамырыңды шымырлататын қасіретті сөз жазылған. Алапат жарылыс­ тан кейін Хиросимода тек өнеркәсіп тауарларының көрмесінің үйі ғана аман қалған. Қазір ғимарат Атом үйі деген атпен сақтаулы тұр. Жарылыс зардабынан жазылмас науқасқа ұшы­ раған бүлдіршін қыз Сасаки Садака туралы оқу­шы кезімізде кітаптан оқыған едік. Өмір үшін ар­па­ лысқан өрімтал сәби күнде қағаздан тырналар жасап, аман қалсам деп Жаратушыдан тілек тіле­ген екен. Мемориалдық паркте елдің жинаған қар­жысы есебінен Сасакидің ескерткіші орнатылыпты. Ес­ керт­кіш жанына әлемнің түкпір-түкпірінен жол­дан­ ған қағаз тырналар ілінген. Ескерткіш «Қағаз тыр­на­ лар обелискі» деп аталады. Тіршілік ағысын тоқтатпаған Хиросимо алапат апаттан кейінгі алпыс жылда тек алға жылжып келеді. Қала басшылығы Хиросимоны әлемге қасіретті мекен түрінде емес байырғы мәдени орта­лық қалпында танытуға талпынуда. Біз шаһар бас­шы­лығына «Қазақ халқының мәдениеті» деген кі­тапты тарту еткенімізде олар ерекше ілтипат біл­дірді. «Сіздер де Семейді жарылыс аймағы емес, мәдениет ошағы ретінде әлемге мәшһүр етіңіздер» деген жүрекжарды тілектерін білдірді. Жапон өміріне етене кірігу үшін біздің алдымызда тағы бір «сынақ» күтіп тұрған еді. Ол жапон отбасында тұру. Кестедегі күн жақындаған сайын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан ел­де­рінен жиналған 20-ға жуық журналист тыпырши бастадық. Жат ел, бөтен тіл, бөгде дәстүр. Келісілген күні бәрімізді «ата-аналарымыз» қолымыздан жетектеп үйді-үйге алып кетіп жатты. Маған аппақ

Жұмыр жердің жұмағы Тойота мінген алпыстың ар жақ бер жағындағы қар­ таң­дау әйел Хироши-сан келді. Хироши-сан мәшине мінгені болмаса, ауылдағы дөңгелек жүзді апаларымыздан аумайды. Ол маған қазақша «балам» деді, мен жапонша «ока-сан» (шешей) дедім. Сол жердеақ жатырқаушылығымыз жарастыққа ұласып кетті. Негізі, Жапонияда жер өте қымбат болғандықтан, үйді шағын етіп салады. Бөлмелері де қуықтайқуықтай. Артық жиһаз жоқ. Дастархан басында жапон отбасына Қазақстанды таныстырдым. Тілімнің жеткенінше байтақ даламыз бар, сұлу қаламыз бар, абат Астанамызға қонақ болыңыздар дедім. Дайын­ далған сөздік қорым түгесіле бастаса атлас картасына қол созам, болмаса қағазға сурет салам. Олар да сөйтеді. Үй иесі мен сыйлаған қазақы тақияны киіп, мен самурай кимоносын үстіме жап­сырып естелік суретке түстік. Бәріміз Тынық мұ­хитындағы шағын аралда орналасқан Миядзимо тауын араладық. Сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан көне Будда храмдарын көргенде, өткен дәуірлерге саяхатқа шық­қандай сезінесің. «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, жапон отба­ сыларында азын-аулақ уақыт болсақ та бәріміз үйре­ нісіп қалған екенбіз. Хиросимодан қайтарда «атааналарымыз» вокзал басына келіп, біздермен қимай қоштасты. Қалам шіркін қағысынан жаңылмаса, көзбен кө­ріп, көңілге түйгенді жаза бергің келеді. Жапон жас­тарымен өткен көшпелі семинар мен пікірсайыс­тың өзі жеке тақырыптың әңгімесі. Жапон жастарының Қазақстанға қатысты қойған қитұрқылау сауалдарына салмақты жауаптар тауып, қарсы сұрақтар арқылы бетін қайтару сынынан да өтуге тура келді. Тіпті ара-тұра қойылатын Ресейдің ядролық нысандары Қазақстан аумағында

Жұмыр жердің жұмағы әлі күнге тұрғанына сіздер қалай қарайсыздар? Сіздер еуропалықтар болған соң Казақстан футбол құрамасы Еуропаға өтті ме деген бірқатар ұғы­ нық­сыз сұрақтарынан жа­пон­дық достарымыздың дайын­дықсыз келгенін де аңғарасың. «Қырық қадам сыртқа шықсаң мүсәпірсің» дегендей, қайран елдің қадірі де сондайда білінбей ме? Казақстанды таныстыру рәсімінде дүйім жұрттың алдында еліміздің жеткен жетістіктерін жария етіп, әнұранды қосыла шырқадық. Жанымызда жүрген тілі орысша кұрбымыз Динара қазақша қалай сөйлеп кеткенін байқамады, ұлты неміс досымыз Игорь қазақы тақия киіп бізбен бірге әуелетіп «Менің Қа­ зақстанымды» орындады. Жапонның сүйікті асы сусиден жерініп, бір табақ етті аңсадық. Біз Күншығыс еліне тап сакура ағашы гүлдеген шақта келдік. Жапондар үшін мезгілдік мерекелер ішінде сакураның гүлдеуінен асқан салтанат жоқ екен. Тіпті телеарналардан ауа райын хабарламас­ тан бұрын елдің кай өңірінде сакура гүлінің қауызы қанша миллиметрге ашылғанына дейін құлағдар етеді. Қарапайым шие ағашының гүлдеуін жапондар өмір философиясымен өрнектейді. Сакураның бес-алты күннің ішінде жайқала гүлдеп, артынша күл­тесін желге ұшырып үлгеруін адамның қам­шы­ның сабындай қысқа өміріндегі қызығымен байланыстырады. Біздің де Жапониядағы бір айға жуық қысқа да ұзақ оқу бағдарламамыз аяқталды. Алып лайнер аспанға көтеріліп, Қазақстанға қарай бағыт түзеді. Сол кез Алматының алма ағаштары гүлдеп жатқан шақ еді... «Егемен Қазақстан» газеті 1 маусым 2005 ж.

Жұмыр жердің жұмағы ТАЛАЙДЫ ТАҢҒАЛДЫРҒАН ТАРЬЯ немесе Финляндия президенті Тарья Холонен туралы бір үзік сыр Иә, Еуропадағы еңсесі тік, етек-жеңі кең елдердің бірі Финляндияны бүгінде алпысты алқымдаған Тарья Холонен деген әйел басқарып келеді. Оның таяуда осы елде өткен кезекті президенттік додада келесі мерзімге сайланғанын ескерсек, финдіктерге ол тағы да алты жыл билік жүргізбек. Жалпы, дүние тарихында асауды ауыздықтап мі­ ніп, қаптаған қалың қолға қарсы шапқан батыр қыз­ дар да, қара қылды қақ жарған, билігімен қараша ел­ ге қадірін арттыра білген ханшалар да аз болмаған. Несі бар, алып та анадан туады. Т. Холонен әлем тарихында президенттік билікке келген алтыншы әйел. Осыған дейін мұндай оқиғалар Исландия, Ир­ландия, Латвия, Панама, Шри-Ланка елдерінде тір­келді. Солай. 2000 жылдың 6 ақпанында Финляндия та­рихында тұңғыш рет әйел заты елдің жоғары лауазымын иеленеді. Үшінші мыңжылдыққа үкілеп қосқан талай тарланбозды шаң қаптырған Т. Холонен бұған дейін де биліктің бишігін нық ұстаған, оң мен солын оңай айыратын тісқаққан саясаткер болатын. Ол президент болмастан бұрын Финляндия­ның сыртқы саясат ведомствосын басқарып келді. Оның тал бойындағы туа бітті алғырлығын өскен орта мен өмір безбені өзінше шыңдай түскен тәрізді. Фин президенті қарапайым жұмысшы отбасында өмірге келген. Әкесі құрылысшы, анасы өмір бақи үй шаруасында болған. Өмірдің ыстық-суығын өн­ дір­дей кезінен өнбойына сіңірген. Сондықтан да ол қашан да қарапайым елдің ортасынан табылады. Ел тұрғындары өз президенттерінің дүкенге сөмке кө­

Жұмыр жердің жұмағы те­ріп, азық-түлік алып жүрген кездеріне талай куә болған. Жастайынан өткірлігімен танылған Тарья 1968 жы­лы Хельсинки университетін заң ғылымының кандидаты дәрежесімен бітіріп, оқу орнынан фин тілімен қатар швед, ағылшын, неміс тілдерін таза меңгеріп шықты. Бұдан кейін оның өмірінде бірден өрлеу кезеңдері басталды. Финляндия кәсіподақтар орталық ұйымында адвокат, премьер-министрдің пар­ламенттік хатшысы, Хельсинки қалалық кеңе­ сінің мүшесі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі министр, әділет министрі қызметтері Т. Холоненнің билік баспалдағындағы ілгерілеу сатылары саналады. Ол ешқашан ресми биліктің қызық-шыжығын толық місе тұтып қалған емес. 1979 жылдан бері қосымша түрде парламент депутаты, нәсілшілдікке қарсы кү­рес қоғамының мүшесі, “кішкентай Финляндия” ба­ла­лар театры басқармасының белсендісі тағысын-тағы­лар. Өткен ғасырдың 60-жылдары сту­дент­тік қоғамның белсенді мүшесі Холонен әйгілі Че Гевараны өзіне идеал санайды. Тарья Холонен сымбаты елден ерек, келісті келін­ шек деуге бола ма? Бұл сұраққа пікір білдіруші­лер былай дейді: “Оның қысқа қырқылған қызыл жар­ қын түсті шашы сұлу ханшадан гөрі іскер әйел кейпін елестетеді. Ал үшкір мұрны карикатурашылардың Буратиномен салыстыра отырып, бейнелік бедерін сомдау тақырыбына айналды”. Оның отбасылық жағ­ дайына келсек, Тарья ел парламентінің әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі коми­ те­тінің хатшысы, заңгер Пентти Араярвимен азаматтық некеде тұрады. Тұтас алғанда, фин әйелдеріне өзге елдердегі құр­ былары қызыға да қызғана қарауларына негіз бар. Финляндия парламентіндегі 200 депутаттың 47-і

Жұмыр жердің жұмағы қыз-келіншек екен. Фин парламентінің спикері де Рита Уосукйнен деген әйел. Ал алдыңғы үкімет құ­ ра­мында 1999 жылға дейін Элизабет Рен қорғаныс министрі болды. Бұған қоса, сол үкіметтегі 17 министрдің 8-і әйел болғанын да айта еткен жөн. 2000 жылғы президенттік додада да фин әйелдерінің “сайысқа шығу” сайлауы атанды. Өйткені, осы сайлауда жоғары мемлекеттік лауазымды иелену үшін бақандай төрт нәзік жан тартысқа қатысты. Сол сайлаудағы екінші турда Т. Холонен ел­ дің премьер-министрі 45 жастағы Эско Ахомен тайталасқа түскенде, финдердің көкейінде елді әйел басқарып көрсе қалай болар екен дегендей, ішкі қызығушылықтың болғаны рас. Себебі, сайлау барысында екеуінің де елге ұсынған бағдарламалары бірдей болды деуге болады. Қос үміткер де Фин­ ляндияның Еуропалық Одақ шеңберінде мейлін­ше кірігуі, АҚШ-пен байланысты кеңейту, Финлян­ дия­ның НАТО-ға кіру мәселесінде бейтарап саясат ұстану мәселелерін алға тартты. Тарья Холонен үміт үдесінен шыға білді. Таяуда өткен президент сайлауында тағы да жеңіске жетті. Билік жүргізген кейінгі жылдар Финлян­дия тарихында тек өрлеу кезеңі ретінде есте қалмақ. Атап айтқанда, Бүкіләлемдік экономикалық форум соңғы үш жыл ішіндегі экономикалық көрсеткіш бойынша бәсекеге қабілетті Финляндияны дүниежүзі­лік рейтингте бірінші сатыға көтерді. Финляндия халықтың ең жоғары өмір сүру деңгейі, сыбайлас жемқорлықты құрықтау, салауатты қоршаған ортаны қалыптастыру көрсеткіштері бойынша да әлемде көш бастап келеді. «Егемен Қазақстан» 10 маусым 2006 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Армысың Америка, есенбісің еңселі ел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары жалғасуда. Жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні кеш­ кісін, ал Астана уақытымен сәрсенбі күні таң арайлап атқан кезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Боинг” ұшағы АҚШ-тың Портсмут қаласындағы (Нью-Гемпшир штаты) әуежайына ке­ ліп қонды. Осылайша Қазақстан басшысының Аме­­ рика Құрама Штаттарына ресми сапары бас­тал­ды. Ресми Вашингтон Қазақстан Президентінің әлем­ нің осы аса ірі алпауыт еліне жасап отырған ал­ тыншы сапарына ерекше маңыз беріп, екі жақты стра­тегиялық әріптестік аясы жаңа сапалық дең­ гейге көтерілетініне бек сенім артып отыр. Апта басында Арқа төсінен аспанға көтерілген Елбасы ұша­ғы қарт Еуропадағы қазыналы тарихы, мыз­­ ғымас дәстүрі қалыптасқан Испанияға аялдап, сей­ сенбі күні түстен кейін байтақ еліміздің байрағы түстес көк жүзі мен көгілдір мұнарлы Атлант мұхиты ара­сындағы кеңістік аралығын тіліп өтіп, алып мемлекет Америка Құрама Штаттарына қарай қанат қақты. Өз басым журналист ретінде жалпақ дүние жаһандану дәуіріне көш-керуенін тартқан тап қазіргі кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ тың осы ресми сапар аясында алдын ала келісілген бағдарламаға сәйкес дүние дамуы тамыршылары­­ ның бірі іспеттес АҚШ-қа ресми сапармен келіп, осы ел Президенті Джордж Бушпен, Құрама Штаттар Сенаты мен Конгресі өкілдерімен және басқа да аса ірі лауазымды тұлғалармен кездесетінін,

Жұмыр жердің жұмағы қос құрлықта орын тепкен өзара қолтықтас елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі те­реңдете түсудің қадау-қадау мәселелерін талқы­ лай­тынын еске түсіргенде тағы бір аса құнды әрі қайталанбас тарихи сәттің куәсі болатыныма ерекше қуандым. Тәуелсіздігімізге тәу етіп, Елбасының жаһандық деңгейдегі сарабдал саясаткер екеніне тәубешілік жасайық. Әңгімеміздің әлқиссасын бұлай бас­ тауы­мызға себеп, Ақ үйдің аса лауазымды өкілі, АҚШ Президентінің Баспасөз хатшысы биылғы жылғы 12 қыркүйек күні бұқаралық ақпарат құ­ рал­дары арқылы алдын ала мәлімдеме жасап, Қа­ зақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапар жасайтыны жөнінде жан-жақты жария етті. Ақиқатын айтсақ, ресми Ақ үйдің қалыптасқан дәстүрі бойынша АҚШ-қа келетін ірілі-ұсақты болсын кез келген мем­­лекет басшысының сапары жайындағы тиісті ха­бар бұған дейін арнайы баспасөз хабарламасы ар­қылы ғана таратылып келген. Елбасы сапары ха­қында АҚШ Президенті Джордж Буштың Бас­ па­сөз хатшысының ақпарат құралдары арқылы арнайы мәлімдеме жасауына халықаралық дипломатия тұрғысынан баға бергенде алып державаның біздің елімізге, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Пре­зидентіне жасаған айрықша құрметі және осы сапарға ерекше екпін түсіретіндігі айқын аңға­ры­ лады. Ай­тыл­ған ойды айқындай түсу үшін мәлім­ деме мә­ті­­нінен аз-кем үзіксөз келтіре кетсек, онда былай де­лінеді: “АҚШ Президенті Джордж Буш Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­ты 2006 жылдың 29 қыркүйегінде қарсы

Жұмыр жердің жұмағы алады. Қазақстан Орталық Азиядағы Америка құ­ рама Штаттарының аса маңызды стратегиялық әріп­ тесі болып табылады. АҚШ Президенті Джордж Буш және Қазақстан Президенті Н. Назарбаев осы кездесуде бірқатар мәселелерді талқылайды. Соның ішінде демократияны алға бастыру, лаңкестікке қар­ сы күрес, энергетикалық әртараптандыру және екі елдің гүлденуін, азаттығы мен қауіпсіздігін одан әрі кеңейту мәселелері осы екеуара кездесуде тал­қы­ ланатын болады”. АҚШ-тың уақыт белдеуі бойынша сейсенбі күні кешкісін (Астана уақытымен шамамен 11 сағат айыр­ машылық бар) Президент ұшағы Нью-Гем­п­шир штатының Портсмут қаласына келіп қонды. Ел­басы Құрама Штаттарға жасап отырған ресми сапарының бісмілләсін ел егемендігінің елең-алаңын­да Қазақстан тәуелсіздігін танып, екіжақты ын­ты­мақтастыққа жол салған сол елдің бұрынғы Пре­зиденті үлкен Джордж Бушпен кездесуден бас­тады. Өзара сенім екі араны мұхит бөліп жатса да мұ­қал­майды Асылы, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу ке­ зеңінен қазіргі қарышты қадам басу сатысына дейін­ гі аралықты зерделеп көрсек, тақырыбымыз­дың басты тамызығына айналған АҚШ-тың Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған ел екенін әсте естен шығармауымыз керек. Әңгіме өзегін әлемге әйгілі қолбасшы Наполеонның “әрбір мемлекеттің саясаты оның сыртқы географиялық ауқымымен айқындалады” деген көрнекті сөзімен көмкере түссек, Нұрсұлтан Назарбаев басшылық

Жұмыр жердің жұмағы ететін тәуелсіз Қазақстанның жүргізіп келе жат­ қан өзара мүдделілік тұрғысындағы көп бағытты сыртқы саясаты өз мәуесін жылдан-жылға молынан жайып келе жатқанын өмірдің өзі дәлелдеді. Со­ ның ішінде ұлттық сыртқы саясаттың көпбағыт­ты көк­жиегінде АҚШ-тың алар орны Қазақстан үшін айрықша екені ақиқат. Айталық, жаһандық даму мен әлемдік экономиканың ырғақты алға басуында АҚШ-тың атқаратын дербес рөлін ескерсек, аталған алып дер­жаваның дүниежүзілік қауіпсіздік пен іс­кер­ лік байланыстарға қолдау көрсету жөніндегі жауап­ кершілігі біздің мемлекеттік мүдделерімізге сай келеді. Осы орайда өткенге аз-кем шегініс жасасақ, 1992 жылы елімізде Президенттік биліктің жүз күндігіне орай өткен жиында Қазақстан халқы алдында сөз сөйлеген Елбасы былай деп ой түйіндеген еді: “...Менің көзқарасым бойынша, Жер шарындағы құрлықтың алтыдан бір бөлігінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау үшін қазір бұрынғы қай кез­ дегіден болса да Батыстың көпсалалы көмегі қажет. Жағдайдың қазіргі дамып келе жатқанына қара­ ғанда, мұндай көмек егер ол құнарлы топыраққа мақ­саткерлікпен себілген жағдайда ғана неғұрлым тиімді бола алады”. Рас, мақсаткерлікке негізделген сенім мен келі­ сім ұйғарымы мазмұны аса бай ынтымақтастыққа ұласты. Екіжақты ынтымақтастық дамуының бас­ тау көзінен таратып айтар болсақ, Елбасының Аме­ ри­каға жасаған алғашқы сапары тәуелсіздіктің таңы жаңа ғана атқан 1992 жылғы мамырдың 18-і мен 20-сы аралығында өтті. Осы сапар аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-тың бұрынғы Президенті үлкен Бушпен, сол кездегі Мемлекеттік

Жұмыр жердің жұмағы хатшысы Джеймс Бейкермен кездесулерінің нәти­ жесі егемендігін енді алған ел Қазақстан мен азуын айға білеген АҚШ-тың терезесі тең әріптестікке ұмтылып отырғандығын бүкіл әлемге паш етті. Сол сапарда қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы­ ның маңызды бөлігі мұнай-газ саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан америкалық Шеврон компаниясымен “Теңіз-Шевройл” бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Теңіз кен орнын игеруге білек сыбана кіріскен америка­ лық компанияның 1997 жылғы табысы 80 миллион доллардан асты. Дәл мұндай толағай табысқа бұған дейін әлемнің ешбір компаниясы қол жеткізбеген болатын. Соның нәтижесінде Қазақстанға “Мобил”, “Амоко”, “Экссон” сияқты америкалық компаниялардан инвестиция ағыны келе бастады. Елбасының АҚШ-қа жасаған 1994 жылғы 13-19 ақпандағы екін­ ші сапарының қорытындысында Қазақстан Рес­ пуб­­ликасы мен АҚШ арасындағы Демократиялық әріп­тестік туралы хартия сияқты аса маңызды не­ гіздемелік құжатқа қол қойылды. Ал содан кейінгі кезекті, яғни 1997 жылғы 17-23 қараша аралығында өткен ресми сапар шеңберінде АҚШ-тың сол кездегі Президенті Билл Клинтонмен және Вице-прези­ден­ ті Альберт Гормен, сондай-ақ АҚШ Әкімшілігі­нің бірқатар лауазымды тұлғаларымен өткен кездесу­лер барысында Каспий маңындағы мұнай-газ кен орындарын пайдалану жөніндегі келісімге, Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік ісқимыл бағдарламасына және басқа да бірқатар маңызды деген құжаттарға қол қойылды. Нақ осы сапар барысында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон әлем алдында Қазақстанды АҚШ-

Жұмыр жердің жұмағы тың Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі деп жария­лады. Әлқисса, тағы бір табысты кездесу 1999 жыл­ ғы 17-21 желтоқсан аралығында өтіп, сол сапар­да Қазақстан Республикасы мен АҚШ үкіметтері ара­ сындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға, консулдық мәселелер жөніндегі ынтымақтастық және басқа да келісімдерге қол қойылды. Осы сапар кезінде Сайлау жүйелерінің халықаралық қоры демократияны алға бастырудағы сүбелі үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы дипломын табыс еткенін атап өткен жөн. Ал 2001 жылғы 18-25 жел­ тоқ­сандағы АҚШ Президенті Джордж Бушпен кездесуінде мемлекет басшылары ұзақ мерзімді стра­­тегиялық әріптестікті дамыту туралы құжатқа қол қойды. Нақ осындай дәйекті әрі серпінді даму ырғағын танытқан қарым-қатынастар деңгейі экономикалық тұрғыдағы әріпестік сатыларымен сабақтаса берді. Атап көрсетсек, АҚШ Қазақстан экономика­сын­ дағы ең ірі шетелдік инвестор болып табылады. Америка инвестициясының жалпы көлемі 12 миллиард доллардан асады. Бұл елімізге салынған тұтастай шетелдік инвестиция көлемінің үштен бірін құрайды. Америка елімізге ірі инвестиция салумен қатар, осы заманғы озық технологияларды, білім-ғылым мен инновацияның ізашар үлгілерін енгізіп келеді. Экономикалық ынтымақтастық ырғағының одан әрі өрбуі жайында сөз етсек, 2 ел арасындағы жалпы тауар айналымының көлемі өткен жылы 2004 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайып, екі миллиард долларға жуықтады. Сөз орайы келгенде айта кетер жәйт, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орталық

Жұмыр жердің жұмағы Азия істері жөніндегі орынбасары Фейгенбаумның биылғы жылы Алматыда “Өзгерген әлемдегі Қазақстан мен АҚШ” атты тақырыпта жасаған баяндамасында “осыдан жарты ғасыр бұрын теңіздерге шығатын жолы жоқ, жақын деген теңіз порт­та­ры­ ның өзі мыңдаған миль шалғайда жатқан Каспий жағасындағы қайсыбір белгісіз елдің мұнай мен газына Мальмеден Мадридке дейінгі жерлердің бар­­лығы мұқтаж болады деп кім ойлаған еді”, деген сөздері еске түседі. Табиғат тарту еткен мол қазына, сол дәулетті ел игілігі жолында игеруге ден қойған сындарлы сыртқы саясат уақыт сынынан өтті. Қазіргі таңда америкалық “Шеврон Тексако”, “Мобил”, “Филипп Морис” және басқа да әлеуеті зор ком­паниялар Қазақстан экономикасының толыса түсуіне үлес қосуда, ал тұтастай алғанда, бүгінгі таң­да Қазақстанда америкалық капиталдың қаты­ суы­мен 374 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп, АҚШтың 91 компаниясының ресми өкілдігі тіркелген. Сонымен қатар, Қазақстан – АҚШ-тың қару-жарақ таратпау, қауіпсіздік және энергетика саласындағы берік әріптесі ғана емес, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге қарсы күрестегі, Ирак пен Ау­ған­ с­танды қайта жаңғыртудағы сенімді одақтасы. Өткен жылдың қазан айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың, биылғы жылдың мамыр айында Құрама Штаттардың вице-прези­денті Ричард Чейнидің Қазақстанға жасаған сапар­ла­ры, сондай-ақ АҚШ Президенті Джордж Буштың Ел­ ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауын­ дағы айқын басымдықпен жеңіске жетуіне орай алғаш­қылардың қатарында құттықтау хат жолдауы қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың

Жұмыр жердің жұмағы өзара сенім мен құрметке құрылғандығын айғақтап берді және мұны мұхиттың ар жағындағы алып елдің Қазақстанды Орталық Азия көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі деуге болады. Бұған дейін хабарланғанындай, Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның оң­ түстік-батысында орналасқан еліміздің іргелі әріп­ тесі – Испания Корольдігінде аялдаған болатын. Испания қазіргі уақытта Еуроодақ елдерінің ішіндегі экономикасы ең серпінді дамып келе жатқан мемлекет қатарында саналады. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос І-мен кездескен кезінде қалыптасқан өзара қарым-қатынастар аясын одан әрі кеңейту, әсіресе экономикалық ынтымақтастықты сапалық жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқы­ лаған еді. Экономикалық байланыстардың табысты дамып келе жатқанын үстіміздегі жылы екі жақты тауар айналымы 1 миллиард доллар көлемінен ас­қа­ лы отырғандығы айғақтай түссе керек. Алайда, қос мемлекетті, әсіресе экономикалық аспектіден гөрі, қазіргі әлемде орын алып отырған маңызды мәселелердегі көзқарастары мен ұста­ нымдарының ұқсастығы жақындастырып келе жат­ қаны екі ел басшысының екеуара кездесуі кезінде кезекті мәрте айқын көрініс тапты. Өзара түсіністік, сенім танытылған достық рәуіште өткен кездесу барысында Испания Королі өз елінің Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне үміткер ре­ тін­дегі кандидатурасын қолдайтынын қуаттады. Сондай-ақ ол жақында Астанада болып өткен Әлем­ дік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІ съезінің қо­ры­

Жұмыр жердің жұмағы тындылары Испанияның Өркениет альянсы туралы бастамасының идеологиясы мен қағидат­та­рына шын мәнінде үйлесіп жатқанын атап көрсетті. Жуық арада Хуан Карлос жауап сапармен біздің елімізге атбасын тіреуі де ықтимал. Бұл ниетін ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгі­ мелесу барысында қуаттады. Тәуелсіздік бастауындағы тағылымды жылдар Елбасы Америкадағы ресми сапарын АҚШ-тың бұрынғы Президенті үлкен Джордж Бушпен кездесуден бастады. Үлкен Джордж Буштың резиденциясы Портсмут қаласының маңындағы Мэн штатының Портленд қаласында орналасқан. Портленд америкалық тірлігі қайнаған қарбаласқа толы өзге қалаларынан мүлдем бөлек, тұмса табиғатқа көмкерілген көркем де тыныш қала екен. Әлемдік деңгейдегі қос саңлақ саясаткер қалыптасқан байырғы ізгі ниеттер негізінде өзара достық рәуішпен жүздесті. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басындағы біз­ дің, Қазақстанның болашақ даму мәселелерін бірге талқылап, бірлесе жұмыс істеген уақытымызды ыс­тық ықыласпен еске аламын. Менің сапарымның Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында өтіп жатуы да ізгі ниеттестіктің нышаны болса керек. Осы жылдар ішінде біздің талай арманда­ рымыз бен мұраттарымыз жүзеге асты, демек, мем­ лекетіміздің таңдаған бағытының дұрыстығы дәлел­ дене түсті, деді Елбасы. Сондай-ақ Президент бүгінгі күндері Қазақстан

Жұмыр жердің жұмағы халықаралық аренада абырой-беделге ие болып, өзін-өзі мойындатып отырғанын, 130 ұлт пен 40-тан астам діни конфессия өкілдері тұратын елде тұрақ­ тылық, бейбітшілік пен келісім қамтамасыз етіліп, қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі де ұдайы жоға­ рылап келе жатқанын жеткізді. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың бастауында АҚШ-тың бұрынғы Президенті әрі әлемдік деңгейдегі саясаткер Сіздің тұрғаныңызды атап айту – мен үшін зор ғанибет, дей келе Елбасы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы өзара тығыз ісқимыл ядролық қарусыздану және қару-жарақты таратпау саласында басталғанын атады. Сондықтан да, тап бүгінгі күні ядролық қатерді төмендетуде шешу­ ші рөл атқарған біздің қарым-қатынастарымыздың сол бір елеулі кезеңі туралы әлем алдында жарқын дауыспен айтып отыру парызымыз деп білемін, деп ойын сабақтады Н. Назарбаев. Бүгінгі таңда АҚШ Президенті кіші Джордж Буштың қолдауының ар­ қа­сында біздің ынтымақтастығымыз стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Қалыптасқан достық қарым-қатынастар сабақтастығы – елдеріміздің арасында екі жақты ынтымақтастықтың барлық сала­ лары бойынша қол жеткізілген өзара сенім мен тығыз іс-қимылдың жоғары деңгейінің айғағы. Енді біз тиімді нарықтық экономиканы қалып­ тастырып, азаматтық қоғам орнықтырған мемле­ кет құру жөніндегі барша міндеттерімізді табысты орындағаннан кейін алдымызға халықтарымыз­дың жалпы игілігі жолындағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтатын жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отырмыз. Бұл арада да Америка Құрама Штаттары біздің ұзақ мерзімдік жоспарларымызды жүзеге

Жұмыр жердің жұмағы асырудағы дәстүрлі де басты әріптесіміз болып қала береді, деп сөзін түйіндеді Қазақстан басшысы. Үлкен Джордж Буш Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ-қа жасап отырған рес­ми сапарының басында арнайы ат басын бұрға­ ны­на шынайы алғысын білдіріп, Елбасының екі ел ара­сындағы тығыз қарым-қатынастың нығаюына қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалады. Сындарлы үнқатысуларға сүрлеу салған сапар Кеше Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары одан әрі жал­ға­сып, Қазақстан басшысы Сенат және Конгресс мүше­лерімен, мем­ лекеттік лауазым иелерімен, сондай-ақ ірі компания­ лар басшыларымен кездесулер өткізді. Елбасының әлемнің әлеуеті зор мемлекетіне жасап отырған ресми сапары аясында екі жақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелері бойынша өзара тиімді шешімдер табу үшін сындарлы үнқатысуларға мүмкіндіктер туғызылды. Атап айтқанда, ресми сапардың екінші күнгі жұмыс кестесі өте тығыз болды. Келесі кездесулер кезегі бірінен кейін бірі арна тауып отырды. Сонымен, сәрсенбі күні АҚШ-тың бұрынғы Президенті үлкен Джордж Бушпен өткен жылы жүзді кездесуден кейін Елбасы Вашингтонға ұшып келді. Америкалықтар тілімен айтқанда, “ақ жағалылар” қаласында Президент Сенат және Конгресс мүшелерімен кездесті. Кешкі қонақасыда Құрама Штаттардағы халық қалаулылары Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастары қанатының беки түскенін жеткізіп, конгрессмен

Жұмыр жердің жұмағы Том Лантос Елбасына әлемде ірілігі жөнінен екінші орында болған Қазақстандағы қауіпті ядролық по­ ли­гонның жабылуына 15 жыл толуына орай Өкіл­ дер палатасының түйіндемесін табыс етті. Сон­дайақ Конгресс мүшелері Джозеф Питтс пен Роберт Векслердің өтініштері бойынша Қазақстан Пре­зи­ дентінің АҚШ-қа жасаған ресми сапарының құр­ ме­тіне Капитолий ғимаратының төбесіне Құрама Штаттар туы көтеріліпті. Америкалық заң шығарушы орган өкілдерімен өткен кездесуде Елбасы республикамызда жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық реформалар барысы жөнінде әңгімеледі. “Қазақстан эконо­ микасының дамуы Орталық Азия елдері мен Оң­ түс­тік Кавказ республикалары экономикаларының дамуын қоса алғандағыдан асып түсті”, дей келе Президент Қазақстан бүгінгі таңда өңірлік инвес­ торға айналып, бұрынғы кеңес елдері кеңістігіндегі тұрақтылық пен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге ниеттеніп отырғандығын атап көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерге арналған брифингте сенатор Сэм Браунбек Қазақстан-Америка ынтымақтастығының мәні зор екенін және экономика, адам құқықтарын сақтау, қауіпсіздік салаларындағы қатынастарды жандандыра түсу қажеттігін айтты. Қазақстан соңғы 15 жылда таңғаларлық табыстарға жетті, деді сенатор. Елдеріңіздің одан әрі өркендей беруіне тілектеспін. Конгрессмен Джим Сакетон Қазақстан-АҚШ ын­тымақтастығында экономикалық әріптестік пен жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл бірінші кезекте тұру керек деген ойын жеткізді. Ал сенатор Мэри Ландрье: “Біз Қазақстанның қол жеткізген та­быс­

Жұмыр жердің жұмағы тарына және Президент Н. Назарбаевтың демок­ра­ тия­ны алға бастыру, сондай-ақ өзге де бас­та­маларға же­тудегі құлшынысына тәнті болдық. Мен өзім нәзік жан­дылар өкілі ретінде оның әйелдердің білім алуына, қоғамдық өмірге атсалысуына жағдай туғызып отыр­ғанына ризашылығымды білдіремін”, деді. Кон­грессмен Дэррел Айсса Қа­зақ­стан мен АҚШ ара­ сындағы байланысты нығай­та түсетін ортақ мә­се­ лелер көп екенін және екі ел басшыларының кездесуі өте жоғары деңгейде өтеді деп сенетінін айтты. Келесі кезекте Елбасы АҚШ Сауда министрі Карлос Гутиерреспен кездесті. Жалпы, АҚШ Қа­ зақстанның ірі сауда әріптесі саналады. Былтырғы жылғы екі жақты сауда айналымының жалпы көлемі 1,87 млрд. долларды құраса, биылғы жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 794,2 млн. долларға жетті. К. Гутиеррес кездесуден кейін журналистерге берген шағын сұхбатында бұл өзінің Қазақстан басшысымен арадағы екінші кездесуі екенін, әр кездесу сайын Қазақстанның таңғажайып экономика­­лық табыстары туралы еститінін мәлімдеді. “Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасын әрта­раптандыру жөніндегі бастамасын жоғары бағалаймын. Нақ қа­ зір­гідей қуат көздері қымбат кезде бұл шешімді қажеттілік деп санамай, қоя салуға да болар еді, бірақ бұл Назарбаевтың стратегиялық тұрғыдан көрегенді басшы екенін көрсетеді. Біз кездесуде, сондай-ақ Қазақстанның БСҰ-ға кіру мәселесін талқыладық. Мен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық деңгейіне толық қанағаттанатын­ды­ ғымды білдірдім”, – деді АҚШ Сауда министрі. Нұрсұлтан Әбішұлының АҚШ Энергетика ми­ нис­трі Самуэль Бодманмен кездесуінде энерге­ти­

Жұмыр жердің жұмағы калық қуат көздерін игеруде өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Майкл Хайденмен және әлемдік еврей лидерлерімен жүздесті. Вашингтонда Қазақстан Тәуелсіздігінің мону­менті ашылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің жанынан орын тепкен ел Тәуел­сіздігі монументінің ашылу салтанатына қа­ тыс­ты. Бұл еңселі ескерткіш Америка астана­сы­ның нақ ортасында орналасқан. Монумет Алматыда­ғы Тәуелсіздік ескерткішінің шағын үлгісі негізінде жасалған. Осы салтанатта құттықтау сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев мұндай монументтің АҚШтың бас қаласында ашылуы екі ел арасындағы жақын әрі сенімді қарым-қатынастар деңгейін айқын дәлелдейтінін көлденең тартты. Президенттің айтуынша, еркін әрі болашаққа батыл көзқараспен қарап тұрған сақ жауынгерінің келбеті Қазақстанның бүгінгі таңда жүргізіп отырған саясатын паш етеді. Елбасы сондай-ақ әлемдегі бейбітшілікті қамта­ма­ сыз етуге қолдау көрсетіп келе жатқан біздің мемле­ ке­тіміз тәуелсіздіктің бірінші күнінен ядролық қарудан бас тартқанын және дүние жүзінде ядролық қарудың таралуына қарсы күресте белсенділік танытып келе жатқанын айрықша атап өтті. Осы салтанатқа қатысқан АҚШ Энергетика ми­ нистрі Самуэль Бодман құттықтау сөз сөйлеп, бұл ескерткіштің екі ел арасындағы берік достықты айғақтап тұрғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ бұған

Жұмыр жердің жұмағы дейін Астанада сапармен болғанда “Бәйтерекке” кө­ те­ріліп, еліміздің еркін әрі еңселі түрде дамып келе жат­қанын өз көзімен көргенін айтты. Кеше Мемлекет басшысы Н. Назарбаев сондай-ақ АҚШ вице-президенті Роберт Чейнимен және Құрама Штаттардың “Эксомобиль”, “Коноко­фи­липп”, “Хауллибертон”, “Аксес Индастриз”, си­яқ­ты ірі компаниялар басшыларымен кездесті. Бүгін Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Ақ үйде АҚШ Президенті Джордж Бушпен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың кең ау­қым­ды қамтитын мәселелерін талқылайды деп кү­тіліп отыр. «Егемен Қазақстан» 29 қырқүйек 2006 ж. АҚ ҮЙ МЕН АҚОРДА арасындағы ынты­мақ­тастық Елбасының АҚШ-қа ресми сапары нәти­же­сінде жаңа деңгейге көтерілетіні анық Қазақстан Президенті Нұр­­сұлтан Назарбаев кеше, яғни АҚШ-қа ресми сапарының төртінші күні Ақ үйде Америка Құрама Штаттарының Президенті Джордж Бушпен кездесті. Екі ел басшысы Қазақстан – Америка қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың басым­дықтарын айқындап, халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қаты­ нас­тардың стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін көтерілуіне жаһандық проблемалардың түйінін тар­ қатудағы екі ел ұстанымдарының ұқсастығы, ірі энергетикалық жобаларды жүзеге асырудағы өзара

Жұмыр жердің жұмағы сенімге қалыптасқан экономикалық ынтымақтас­ тық және басқа да маңызды саяси шаралар игі ықпал етіп келеді. Құрама Штаттар компанияларының Қашаған кен орнын игерудегі инвестициялық және технологиялық қолдау жөніндегі ықпалдастығы, Қазақстанның биылғы жылдың маусым айында Баку-Тбилиси-Жейһан жобасына қосылуы сенімді серіктестікке серпін бере түсті. Сонымен бірге, Қазақстан тарапынан АҚШ-тың өндіру ғана емес, өңдеу саласында да инвестор ретінде қалуына мүд­ делілік танытылды. Бүгінгі таңда тараптар Америка капиталының Қазақстан мұнай-химия өнер­кәсібін дамытуға қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізуде. Өзара іс-қимылды өзектестіретін тағы бір ма­ ңыз­ды қадам, ол – екі елдің жаһандық энергети­ка­ лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету идеологиясында ортақ байламдар ұстануында дер едік. Биылғы жылы Санкт-Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” самитінде Қазақстан мен АҚШ басшыларының осы бағыттағы ойлары бір арнаға тоғысқан болатын. Ақ үйде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевты Америка Құрама Штаттарының Прези­денті Джордж Буш бастаған ірі мемлекеттік лауазымды тұлғалар ерекше салтанатпен қарсы ал­ ды. Ел басшылары екеуара әңгімеде қауіпсіздік, қару-жарақты таратпау, сауда-саттық, энергетика, де­мо­кратияны дамыту салаларында қол жеткізген өзара табысты іс-әрекеттер жөнінде сөз етті. Біз жоғары технологиялық әрі инновациялық өндірісті дамытуға Америка бизнесінің белсенді тар­ тылуын қош көреміз. Бүгінгі күндері біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси да­му­да қомақты табыстарға қол жеткізіп отыр. Қа­

Жұмыр жердің жұмағы зақ­станның экономикалық дамуы салиқалы саяси ырықтандыру арқылы нығайтылып отыр. Бүгінде біздің елімізде екі мыңнан астам тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, бес мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар мен он бір саяси партия өз қызметін жүргізуде, − деді Елбасы. Қазақстан Президенті мұның барлығы таяу жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық және сая­ си өмірінде батыстық стандарттарға қол жеткізу, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қата­ рына кіру жөнінде өршіл міндеттерді алға қоюға мүм­кіндік беретінін атап көрсетті. Сонымен қатар Құрама Штаттармен арадағы қарым-қатынастарды тереңдетіп, кеңейте түсу Қазақстан үшін бұрын да маңызды басымдық болғанын және бүгін де, алдағы уақытта да осылай болып қала беретінін екпін түсіре жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан-Америка Бірлескен мәлімдемесі қа­ былданды. Онда Қазақстан мен Құрама Штат­тардың стра­те­гиялық әріптестік бағытындағы қол жеткен табыс­тарға қанағаттанғандық білді­ріліп, Орталық Азия мен одан сыртқары жерлер­де тұрақтылық, өркендеу мен демократиялық рефор­малардағы ортақ көзқарасқа жақындық жария етіледі. Мәлімдемеде сонымен қатар екі елдің жаһан­ дық және өңірлік мақсаттарға жетуге ықпал ете­тін ырғақты және көпқырлы әріптестік деңгейі­нің өсе түсіп отырғандығы қуатталады. Біз халық­а­ралық лаңкестік пен жаппай қырып жоятын қару-жарақ­ тың таралуына қарсы күрестегі ынтымақтасты­ғы­­ мыз­ды тереңдете түсетін боламыз. Бұл ынтымақ­

Жұмыр жердің жұмағы тас­тықты біз өңірлік қауіпсіздікті, экономикалық ин­тег­рацияны нығайту және Ауғанстан мен Ирак­ты қал­пына келтіру мақсатында күшейте береміз. Біз энергетикалық ресурстарды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қызметімізді кеңейтіп, сонымен бір мезгілде экономиканы диверсификациялау мен нарықтық қағидаттарды бекемдеуге, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсететін боламыз. Біз бейбіт демократияландыру азаматтарды елдің болашағына деген қызығушылыққа алып келетінін мойындаймыз. Осы­лайша демократиялық институттарды дамыту ұзақ мерзімді тұрақтылықтың шешуші факторы болып табылады, деп атап көрсетіледі мәлімдемеде. Бірлескен құжатта сонымен қатар демократиялық дамудың маңызы қуатталады. Бұл ретте Қазақ­стан­ ның азаматтарды саяси үдерістерге, тәуел­сіз БАҚтарға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, халықаралық стан­дарттар бойынша еркін де әділетті сайлауға тереңірек тартатын өкілдік институттарын нығайту жөніндегі күш-жігері көлденең тартылады. Екі ел үкіметі адам құқы саласындағы халықаралық кон­ ве­нцияға қол қойды, екі ел Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымды қоса ал­ ғанда мақсаты демократия мен адам құқын қолдау болып табылатын ұйымдарға мүше болып табылады, делінеді мәлімдемеде. Осылай дей келініп, Құрама Штаттардың Қазақстандағы демократияны ілгері жылжыту, діни сенім-наным бостандығын нығайту және азаматтық қоғамды дамыту жөнінде­ гі күш-жігерді қолдайтыны аталады. Барлық саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар толық қатысқан жағдайда Құрама Штаттардың Демок­ра­

Жұмыр жердің жұмағы тия­лық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қыз­ метіне қолдау көрсететіні нақтыланады. Ал Қа­зақ­ станның осы мақсаттарға қол жеткізуде аме­ри­ка­лық және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйым­ дардың ықпал етуін қолдайтыны және олардың заң шеңберіндегі қажетті қадамдарын қамтамасыз ететіні мәлімделеді. Құрама Штаттар Қазақстандағы діни төзімділік дәстүрін және халықаралық үйлесімділік пен ынты­мақтастықты ілгері жылжытудағы күш-жіге­ рін жоғары бағалайды. Біз Қазақстанның діни се­ нім-наным бостандығын күшейтудегі және өзара тү­сі­ністікті арттырудағы Әлемдік және дәстүр­лі дін­дер лидерлерінің съезі секілді, сондай-ақ бей­біт­ ші­лікті нығайтудағы Азиядағы өзара ықпал­дас­тық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты бастамаларын қуаттаймыз. Бұл бастамалар дінаралық және этносаралық төзімділікке үл­ кен үлес қосады және оның маңызы халықаралық қауіпсіздік пен жанжалдарды шешуден бір де кем емес. Біз өзара түсіністік пен әлемдегі бейбітшілікке ықпал ету мақсатында ынтымақтастығымызды те­ рең­дете беруге мүдделіміз, делінеді мәлімдемеде. Құжатта сонымен бірге Құрама Штаттардың Қа­ зақстанның көшбасшылығын танитыны және оның жаппай қырып-жоятын қаруларды таратудың алдын алу бойынша күш-жігерін жоғары бағалай­ты­ны атап өтіледі. Бұл жаһандық қауіпсіздікті нығайтады. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы ыды­рағаннан кейін өзінің ядролық сынақ полигонын жауып, ядролық қаруынан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды. Бұл үлгі қауіп-қатерді азайту, жаһандық және

Жұмыр жердің жұмағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күшжігердің ортақтығын білдіреді. Біз Қазақстандағы жоғары байытылған уранды араластыру жөніндегі жаңа келісімді қуаттап, Қазақ­станның ядролық салада таратпау режимін нығайту бағытындағы берік саясатын қолдаймыз. Бұл Ядролық терроризммен күрес жөнінде басталған жаһандық бастаманы қолдаудағы нақты қадам да болып табылады. Қазақстан мен Құрама Штаттардың лаңкестікке қарсы халықаралық күресте сенімді әріптестер болып табылатыны да атап көрсетіледі. АҚШ Қазақстанға Иракта тұрақтылықты нығайтуға деген айнымас ұстанымы үшін ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар, халықаралық лаңкестік пен есірткінің, адам­ дардың және қауіпті қарулардың заңсыз саудасымен күрестегі тығыз ынтымақтастықты күшейте түсуге деген ұмтылысы қуатталады. Біз қарулы күштеріміздің екі жақты негізде, сонымен қатар НАТО-ның “Бейбітшілік жолын­да­ ғы серіктестік” бағдарламасы шеңберінде контр­ террористік және бітімгершілік операцияларға қаты­­суы бағытындағы одан арғы ынтымақтасты­ ғына жақындығымызды мәлімдейміз, деп атап көр­ се­тіледі біріккен құжатта. Мәлімдемеде сондай-ақ Қазақстанның көмірсу­ тегі шикізатын өндіруде әлемдегі алдыңғы қатарлы және сенімді елдер қатарына кіруіне жәрдем көр­ се­тілген энергетикалық әріптестік жоғары бағала­ натыны көлденең тартылады. Құрама Штаттар Қа­ зақ­станның жақында Баку-Тбилиси-Жейхан тұрба құбырына қосылғанын қуаттайды. Бұл аталған маңызды да көпқырлы жобаға құнды үлес қосты. Біздің энергетикалық әріптестігіміз америкалық

Жұмыр жердің жұмағы ком­паниялардың Қазақстандағы қорларды игеруге, оның ішінде ядролық энергетиканы дамытуға қатысуына ықпал ететін болады. Біздің елдеріміз энергияның жаһандық көздерін кеңейту жөніндегі ортақ күш-жігерді белсенді ете түсуге міндеттеледі және аталған ресурстарды халықаралық рыноктарға шығарудың жаңа мүмкіндіктерін іздейтін болады. Біз экономиканың барлық салалары мен сектор­ ла­рында диверсификацияға жақындығымызды бө­ лісеміз. Қазақстанның макроэкономикалық реформалары мен әсер етерлік деңгейдегі экономикалық табыстарын мойындай отырып, Құрама Штаттар Қазақстанның қуатты, экономикалық дамыған мем­­ лекет болып қалыптасуына ықпалын күшейте бе­ ретін болады. Екі жақ та экономиканың ырық­тан­ дырылуы мен диверсификациялануын тұрақты өсу­дің кілті ретінде қарастырады. Құрама Штаттар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясына сәйкес Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену жоспарын қолдайды. Заңның үстемдік құруын күшейту, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ша­­ ралар мен бизнес үшін тәуелділіктің төмендігі де ортақ мақсатқа үлес қосады. Біз мұнай және өнді­ру­ ші компаниялардың транспаренттік пен есептіліктің ха­лықаралық стандарттарын қамтамасыз ету жө­­нін­ дегі бастамаларына қолдау көрсетуді міндеттенеміз, делінеді одан әрі мәлімдемеде. Құжатта Құрама Штаттардың Қазақстанды Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуге деген ұмтылысына байланысты қолдайтыны айтылады. Өйткені, рынокқа қол жеткізу туралы келісім еркін саудаға ықпал етіп, жаңғыртылуы жалғастырылып

Жұмыр жердің жұмағы жатқан Қазақстан экономикасына үлес қосады. Құ­ рама Штаттар алдағы айларда біріккен жұмысты жал­ғастыру үшін Қазақстанға сарапшылар тобын жіберетін болады. Тараптар Қазақстанды ДжексонВэник түзетуінің әсерінен шығаруға ықпал етуді міндеттенеді. Халықтарымыздың арасындағы достықты ны­ ғай­ту мақсатында біз студенттер алмасуын қоса алғанда мәдени және гуманитарлық ынтымақтас­ тықтар ауқымын кеңейту ниетіндеміз, делінеді одан әрі мәлімдемеде. Біз сондай-ақ университеттерде, зерттеу институттарында және жеке секторда зерттеушілер мен студенттер арасындағы ғы­ лы­ми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуды қалаймыз. Құрама Штаттар Қазақстанның Еуразия мен Ауғанстанға айтарлықтай инвестицияларын қоса алғанда өңірлік интеграциялардағы көшбасшы-лы­­ ғын қолдайды. Біз тәуелсіздікті, егемендікті, қауіп­ сіздікті бекемдеуге, өңір елдеріндегі демокра­тия­ лық институттар дамуын, олардың тұрақты өсуі мен өркендеуін қамтамасыз етуде ортақ көзқарас ұс­ танатындығымыз туралы жария етеміз. Біз заң шең­ берінде жүзеге асырылып жатқан сауда-сат­тық­ты шекаралық өткелдер мен кедендік процедура­ларды жақсарту, көліктік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, трансшекаралық ресурс­тарды пайдалану жолдарымен қолдауды міндет­те­неміз. Мәлімдеме қорытындысында тараптар бүгінгі қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойын­ша ортақ көзқарас танытуға құлықты екен­ дік­терін жария етіп, өздерінің энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда-саттық пен инвестициялар

Жұмыр жердің жұмағы және демократияландыру жөніндегі үнқатысуларды әрі қарай да стратегиялық әріптестік жолымен нығайта түсуге ниеттес екендіктерін хабарлайды. Біз, дейді олар, елдеріміздің стратегиялық әріп­тес­­ тігін кеңейту ХХІ ғасырда қауіпсіздікке, өсіп-өр­кен­ деуге және демократияны дамытуға оң ықпал ете­ тініне нық сенімді екендіктерімізді білдіреміз. Екеуара кездесуден шыққаннан кейін АҚШ Пре­ зиденті Джордж Буш журналистерге былай деді: “Мен үшін Қазақстан басшысын Ақ үйдің осы Сүйір залында қарсы алу үлкен құрмет. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін менің әкем президент болған кезде осы залда келіссөздер жүр­гіз­­ ген. Біз өте маңызды мәселелер төңірегінде әңгіме­ лестік. Экстремизмге қарсы соққы беру жө­нін­дегі ұмтылыстарымызды талқыладық. Және де біз­дің ұмтылысымыз әлемде тұрақтылыққа құл­шы­ныс жа­ сағандарға қолдау көрсету болып табылады. АҚШ Президенті сондай-ақ Қазақстан басшысына Ирактағы демократиялық құрылысқа қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс білдіргенін айтты. Сондайақ Ауғанстанда демократиялық қоғам құрудағы ынтаықыласына терең ризашылық сезімімді жеткіздім. Біз Қазақстанның БСҰ-ға кіру қарсаңындағы бір­ лес­кен күш-жігерімізді талқыладық. Бұған қоса Қазақстандағы еркін қоғамның гүлденуіне мүмкін­ дік туғызатын демократиялық институттардың құ­ рылуы жайында да әңгімелестік. АҚШ осы маңыз­ ды елге тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап қолдау көрсетіп келеді, − деді Дж.Буш. Бұдан кейін сөз алған Н. Назарбаев өзінің мұнда Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық әріптесі екенін тағы бір нақтылау үшін келгенін көлденең тартты.

Жұмыр жердің жұмағы Сонымен қатар Қазақстан мен Америка арасындағы экономикалық ынтымақтастық, халықаралық лаң­ кестік пен экстремизмге қарсы бірлескен іс-қимыл шаралары екі елді одан әрі жақындастырып отыр­ға­ нын жеткізді. Қазақстан бүгінде өзінің даму дең­гейі бойынша іргелі мемлекетке айналды. Егер маңайы­ мызда біз өз еркімізбен бас тартқан жаппай қырыпжоятын қаруы бар ел пайда болса, онда Қазақстан мен көрші өңір ешқашанда тыныш өмір сүре алмайды, − деді Елбасы. Қазақстан басшысы сондайақ АҚШ-тың Қазақстан үшін ірі инвестор екенін, елімізге келген тікелей инвестицияның үштен бір бөлігі Құрама Штаттардың үлесіне тиетінін атап өтті. Бұдан кейін Джордж Буш Нұрсұлтан Назарбаевты келу құрметіне орай түскі қонақасына шақырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапармен келуіне орай Конгрестің бірқатар мүшелері екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды екенін атап көрсетті. Мәселен, Өкілдер палатасындағы Юта штатынан сайланған Конгресс мүшесі Крис Кэннон былай дейді: “2015 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың алғашқы ондығына кіреді деп күтілуде. Бүгінгі таңда бізге Құрама Штаттардың досы мен одақтасы болып табылатын нақ осындай энергетикалық әріптес қажет. Қазіргі уақытта АҚШ үшін де Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті тереңдете берудің маңызы аса зор”. Ал Конгрестің тағы бір мүшесі Чарли Милансон Қазақстанда қол жеткізіліп отырған түрлі бағыттардағы табыстарға шын ниеттен қуанатынын айтты. Ол былтырғы жылдың қарашасында Қазақ­ станда болыпты. Қазақстан халқының қонақ­жай­

Жұмыр жердің жұмағы лығы мен ізгі ниеті өзінің туған штаты Луизиананы еске түсіріпті: “Егер сіздер Қазақстанның астанасын бұған дейін көрмесеңіздер, міндетті түрде бару­ла­ рыңыз керек. Байтақ даладағы осы заманғы жаңа қала өзінің көркемдігімен көкжиекті көм­ке­ріп жатыр. Астана шын мәнінде Қазақстан халқы­ның бола­ шаққа деген айрықша ұмтылысының үлгісі болып табылады. Ол кеңестік тәуелділіктен егемендігін алған елдің алға ұмтылуының нақты нышаны”, − деді конгрессмен. Эдеусус Таунус Қазақстанның экономикалық дамуы жағынан көршілес елдер жә­ не дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінен әл­ деқайда алда келетінін алға тартты. Менің ойымша, деді ол, Қазақстан азаматтарының келешегі зор, өйткені, ел басшылығы өз азаматтары мен өз еліне мүмкіндігінше қамқорлық жасау үстінде. Елбасының АҚШ-қа ресми сапары сыртқы сая­сат саласындағы ең маңызды оқиғалардың бірі ретін­де бағаланып отыр. Ол өте өнікті әрі нәтижелі өтті. Екі ел басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдемеде, жоғарыда атап өтілгеніндей, Қазақстан-Америка ынтымақтастығының басым бағыттары айқын­дал­­ ды. Бұған қоса, қос мемлекет ынтымақтастығын те­ рең­дете түсетін бірнеше құжаттарға қол қойылды. Атап айтсақ, Қазақстан Үкіметі мен “Федерал Экспресс корпорация” арасындағы әуе жүк тасыма­ лы туралы келісім, Қазақстан мен АҚШ ауыл шар­уашылығы министрліктері арасындағы ынты­ мақ­­тастық туралы меморандум, “Қазақстан темір жолы” ҰК мен америкалық бірнеше компаниялар ара­­сын­дағы өзара келісімдер. Сонымен қатар, осы сапар­да Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйы­мы­­ на кіруі­не байланысты АҚШ тарапынан нақты қа­

Жұмыр жердің жұмағы дамдар жасалатыны аталды. Соның ішін­­де, Құ­рама Штат­тар 1974 жылы Кеңес Одағына қар­сы қабыл­ да­ған Джексон-Вэник түзетулерінен Қазақ­станды шы­ғару туралы келісімге қол жеткізілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасының Америкаға ресми сапары толассыз һәм толымды кездесулерімен ерекшеленді. Бейсенбі күні түстен кейін Президент бір топ америкалық компаниялар басшыларымен кездесті. Оған дейін Елбасы Н. Назарбаев Ва­шингтондағы Қазақстанның Тәуелсіздігі ескерт­ кі­шінің ашылуы салтанатына қатысқан кезде “Болашақ” стипендиясы бойынша оқитын қазақстандық студенттермен кездескен болатын. Қазақстан Пре­ зиденті жастармен қысқаша сұхбаттасып, ескерт­­ кішке суретке түскен еді. Қазақстан экономикасын өркендетуде қарымды қызметімен танылып келе жатқан “Эксон Мобил” компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Р. Тиллерсон Елбасымен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында өзі басқаратын компанияның Қазақстанда мұнай кен орындарын игеруден өзге басқа да басым жобаларға қатысуға ниетті екенін жеткізгенін айтты. “Коноко Филиппс” компаниясының президенті Дж. Мулво Қазақстан Президентімен кездесуінде Каспий қайраңының қазақстандық бөлігін игеруде жаңа жобаларға қатысуға әзір екендіктерін жеткіз­ді. Қазақстанда инвестициялық оң ахуал қалыптасып, шетелдік компаниялардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылғанын атап көрсетті. Бұдан кейін Қазақстан басшысымен кездескен “Халлибертон” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Д. Лезар еліміздегі мұнай-газ кен орын-

Жұмыр жердің жұмағы дарын игерудегі өз компаниясының қызметі мен алдағы уақытқа межелеген жоспар-жобалары туралы әңгімеледі. Қазақстан мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі әлемдегі ең зор мемлекеттердің бірі, − деді Д. Лезар кездесуден кейінгі журналистерге арналған брифингте. Ал “Аксесс Индастриз” компаниясының төрағасы Л. Блаватник Елбасымен кездесуден кейінгі қыс­ қаша сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шы­ лығымен жүргізіліп жатқан реформалардан өңір елдері ғана емес, бүкіл әлем мемлекеттері өнеге алуы керектігін айтты. Осы сапарда екі жақты экономикалық ынты­мақ­тастықтың жандана түс­ ке­нінің жарқын көрінісі ретінде “Қазақстан темір жолы” Ұлттық ком­па­ния­сы мен “Дженэрэл электрик” компаниясы арасында Қазақстанға жалпы құны 650 млн. долларды құрайтын 310 локомотив жет­кізу жөнінде келісім-шартқа қол қойылғанын атау­ға болады. Сол күні кешкісін Америкадағы “Ядролық қа­ тер­ді азайту жөніндегі бастама” қоры Елбасының АҚШ-қа жасап отырған ресми сапарының құрме­ тіне қонақасы ұйымдастырып, игі жақсылар бас қосқан алқалы кездесуде Мемлекет басшысы сөз сөйледі. Президент жаһандық қарусыздану проб­ ле­масы ядролық және ядролық емес мемлекеттер қоғамдастығы бірігіп күш жұмсағанда ғана шеші­ мін табатынын атап өтті. Сондай-ақ ядролық қаруға ие емес мемлекеттер­ де шешуші дауыс құқығы­ның жоқтығынан қару­ сыз­­дану және тарат­пау үдерісі жәй ғана ста­тистік қа­лыпқа енгенін, егер ядролық ел­дер өзге елдерді түр­лі келісімдер мен уағдаластықтарға шақырған жағ­дайда олар өз тарапынан кезекті қадамдар жасап,

Жұмыр жердің жұмағы дауыс берудегі теңдік қамтамасыз етілетінін қадап айтты. Сөзінің соңында Елбасы: “Ядролық қаруға ие мемлекеттер ядролық қаруды қысқартуға қайта­ рымсыз бағыт түзеп, қарусыздану барысын бақылау жө­нінде келісім жасауы қажет. Ядролық сынақтарға мораторийді сақтау жөніндегі міндеттемелерін қуаттауы тиіс. Қазақстан қару-жарақ, аса қауіпті ма­ те­риалдарға қатысты қатаң бақылауды қамтама­сыз ету керек деген пікірді қостайды”, − деді. Келелі жиын барысында аталған қордың тең тө­ ра­ғасы, есімі әлемге белгілі тұлға Т.Тернер және басқа да танымал қоғамдық ұйымдар мүшелері Қа­ зақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тарту әрекетін дүние жүзіндегі теңдесі жоқ оқиға ретінде бағалады. Өз кезегінде мінберге көтерілген Конгресс мүшесі Е. Фалеомавайга әлемдегі ең ірі деген ядро­ лық арсеналдан бас тартып, дүние жүзіндегі бей­біт­ шілікті сақтауға қомақты үлес қосып келе жатқан Елбасы Н. Назарбаев екенін құрметпен атады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Президентінің АҚШқа жасаған ресми сапары екі жақты ынты­мақ­тас­ тықты жаңа сапалық деңгейге көтеретін болады деуге толық негіз бар. Өйткені, бұл жолы берік сенімге негізделген стратегиялық әріптестік аясы сан салалы уағдаластықтар мен келісімдер арқылы кеңейе түсті.

«Егемен Қазақстан» 30 қыркүйек 2006 ж.

Жұмыр жердің жұмағы Батыс елдерімен бәсекеге әзір Барыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жа­са­ған сапарынан кейінгі ой Түгел сөзді түйіп айтатын қазекем “өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ” деген екен. Атлант мұхитының арғы жағында жатып алып-ақ әлемдік саясаттың сақасын иіріп отырған Америка Құрама Штаттарына Елбасы ресми сапармен ба­ рады деген хабар осыдан бірер ай бұрын отыз тіс­ тің арасынан шығып, отыз рулы елге тарағандай еді. Өткен аптаның соңында сол сапар өз мәресіне жетіп, тарихтың тағы бір бетін мазмұнды оқиғалармен толықтырды. Халықаралық дипломатияның өлше­ мінде салмағы басым саналатын бұл сапар Қазақ­ станның сыртқы саясатының қоржынын немен то­ лық­тырды? Сан салалы мүдделер мен мүмкіндік­тер таразысында қазақстандық ұстанымның сал­мағы қаншалықты болды? Сапар қорытындыларын саралап, ой сарабынан өткізгенде осындай сауал­дар­дың толассыз саулай бастайтыны түсінікті болса керек. Газеттің өткен аптадағы нөмірлерінде Америкадан хабарлап отырғанымыздай, Елбасының ресми сапары барысында Құрама Штаттардың Қазақстанға өз құшағын айқара ашқаны айтылды. Бұл туралы ой қозғағанда, біріншіден, АҚШ үшін белдесе кетсе беріле қоймайтын алып Ресей мен алпауыт Қытайдың қақ ортасында орналасқан Қазақстан­ мен стратегиялық әріптестікті тереңдету Америка елінің сыртқы саясатына сай келсе, екіншіден, Азия­дағы аршынды қадаммен алға басып келе жат­

Жұмыр жердің жұмағы қан дәулетті әрі тұрақтылықты тұрлау еткен елмен етене болуы жаһандық саясатта жалғыз жорта бастаған АҚШ үшін аса қажет екені анық. Бұл ретте есімдері әлемге танымал америкалық саяси стратегтер З. Бжезинский, Г. Киссинджер, С. Хантингтон, Ф. Фукуямалардың өз елінің дүниежүзілік аренадағы беделіне алаңдап, АҚШ халықаралық сахнада өзіндік оқшаулану қаупінде тұр деп дабыл қаққандары тегін емес екенін айта кеткен жөн. Ал саяси тұрғыдан алғанда Қазақстан АҚШ үшін әлемдік державаларды байланыстырушы қызметін атқара алады. Атап айтсақ, еліміз уақыт өткен сайын өзінің геосаяси салмағын арттырып келе жатқан ШЫҰ-ның белсенді мүшелерінің бірі, сондай-ақ биылғы жылдың маусым айында ТМД төрағалығы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа тапсырылды. Ал еуразиялық ынтымақтастық институттарының маңыздылығы мемлекетаралық қатынастардың жа­ ңа және дербес мәдениетін қалыптастыруымен де айқын­далып келе жатқаны белгілі. Құрама Штаттар жыл өткен сайын беделі биіктей түскен Қазақстан мен елімізге етене осы екі ірі саяси құрылым арқылы державалар арасында бірде жылып, бірде суып тұратын қарым-қатынастарын тұрақтандырғысы ке­летіні анық. Америкалық саясатшы әрі дипломат Генри Киссинджердің: “Сыртқы саясат жоспарларын жасау дегеніміз, егер олар өздерінің нақты орындаушысына тапсырылмаса – босқа уақыт жоғалтқанмен бірдей” деген сөзі осы ойымызды қуаттай түспек. Өз кезегінде Қазақстан осы сапар арқылы өзінің сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі саналатын көп бағытты жүйесінде төрт құбыласын түген­ дей түсті. Бұл жерде төрт құбыла деп отырғанымыз

Жұмыр жердің жұмағы дүние жүзі саясатының төбе билері тәрізді Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропа Одағы екені рас. Осы орайда Елбасы Н. Назарбаев 2005 жылы халыққа Жолдауында “Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтары­ мыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл – ХХІ ғасырдың қыр көрсетулеріне қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге ба­ ғыт­талған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақ­пен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді” десе, биылғы жылғы Жолдауында “Қазақстан мен АҚШ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар орнаған, бұлар халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес, демократиялық өзгерістерді жалғастыра беру мәселелері бойынша өзара іс-қи­ мыл­дың кең ауқымымен сипатталады”, деп екі ел ара­сындағы қарым-қатынас аясын нақтылай түскен болатын. Жоғарыда аталған төрт тағанның қай-қайсысы да Қазақстан сияқты қадамы шұрайлы елмен қарымқатынасты тереңдете түсуге мүдделі. Өз тарапынан Қазақстан да жеке мүддесіне сай келетін қадамдардан қалыс қалмауда. Айталық, күллі әлем көз тіккен көмірсутегінің бай қорын әлемдік рыноктарға тасымалдауда басты стратегиялық әріптес Ресейге қарай жалпы қуаты 60 млн. тоннаны құрайтын Солтүстік Каспий мұнай құбыры тартылса, жыл өткен сайын энергетикалық мұқтаждығы артып бара жатқан Қытайға қарай Атасу-Алашаңқай желісі арна тартты, сондай-ақ соңыра АҚШ әу бастан мүдделілік танытып келе жатқан Баку-Тбилиси-Жейхан құбы­ры­

Жұмыр жердің жұмағы на қосылдық. Отандық табиғи ресурстарды әлемдік рыноктарға шығарудағы инфрақұрылым құруда тең әрі іскерлік шешімдерді таңдаған Қазақстан бас­ шы­сының мұндай қадамын сарабдал саясат деп ба­ ғалауға әбден болады. Сонымен, АҚШ сапарына қайта оралсақ. Елбасы ресми сапарын ә дегеннен Вашингтон қайда­ сың деп аттың басын Америка астанасына қарай бұра жөнелмей, қазіргі күндері Атлант мұхиты­ның жа­ға­сындағы жасыл желекті шағын қала Кенне­ бунк­порттағы ранчосында қамсыз қарттықты өткі­ зіп жатқан үлкен Джордж Бушпен кездесуден бас­ тады. Бұл шешім, біріншіден, үлкенге сәлем беру сияқты қазақы сыйластықтың шынайы өнегесін танытса, екіншіден, екі жақты қарым-қатынастың сан қырларын әуелі көпті көрген үлкен Бушпен ақылдасып алу оның белбаласының беделін арттыра түсетінін Елбасы шығыстық ұстанымның негізімен аңғарғандай еді. Айтса-айтқандай-ақ, кейіннен Мемлекет басшысының АҚШ Президентімен өткен екеуара кездесуінде Джордж Буш сөзінің басын “Мен үшін Қазақстан басшысын Ақ үйдің осы доғал залында қарсы алу үлкен құрмет. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін менің әкем президент болған кезде осы залда келіссөздер жүргізген еді” деп бастауы сөзімізді растай түседі. Бұған қоса, тәуел­сіздіктің он бес жылдығы қарсаңында еліміздің егемендігін алғашқылардың бірі болып ресми түрде таныған АҚШ-тың сол кездегі Президенті үлкен Джордж Бушқа арнайы аялдау, нышандық тұрғыдан кездесудің өзіндік мәнін арттыра түсті деуге болады. Ал осы сапардың ең маңызды тұсына тоқталсақ, АҚШ Президенті Джордж Буш Қазақстан басшысы-

Жұмыр жердің жұмағы мен екеуара кездесуде Құрама Штаттар мен Қазақ­ стан арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі қалай өрбитіні жөніндегі өз “картасын ашып берді”. Басқа басылымдарға шолу жасағанымызда, журналист ағайындарымыз: “Джордж Буш Н. Назарбаев­ тың сапарының алдында АҚШ-қа келген Пәкстан және Ауғанстан елдерінің басшылары П. Мушараффпен және Х.Карзаймен өткен кездесулерінде селқос қана күнделікті айтылып жүрген лаңкестік тақырыбын қаузап отырды. Ал Н. Назарбаевпен кездесуінде оның жүзі бал-бұл жанып, энергетикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы саласы, Қа­зақ­ станның БСҰ-ға кіруіне қолдау көрсету сияқты сан салалы тақырыптарды талқылауға құлықты болды. Ақ үйде тек кез келген келіссөзге даяр және өзіне сенімді әріптестер ғана мұндай әңгімені өрбіте алмақ”, деп жазыпты. Осы жерде Дж. Буштың сол кездесуде сөйлеген сөзінен қайта үзінді келтіре кетсек артық болмас. Ол Елбасымен кездесуде өте маңызды мәселелер төңірегінде әңгімелескендерін, экстремизмге қарсы соққы беру жөніндегі ұмтылыстарды талқылағандарын айта келе, Қазақстан басшысының Ирактағы демократиялық құрылысқа қосқан үлесі мен қолдауына, Ауғанстанда демократиялық қоғам құрудағы ынта-ықыласына терең ризашылық сезі­­мін білдіретінін жеткізді. Осы әңгімеде ол Қазақстан­ның өңірдегі көшбасшылық рөлін мойындады. Сонымен қатар, осы сапарда қабылданған Қазақстан-Америка Бірлескен мәлімдемесі екіжақты ынтымақтастық­ тың жаңа сатыға көтерілгенін айқындап берді. Егер АҚШ басшысы бұған дейін Елбасына жолдаған хатында Қазақстандағы тұрақтылық пен өсіп-өркендеу үрдісі өңірдің өзге елдері үшін үлгіге айналып отыр

Жұмыр жердің жұмағы немесе біз Сіздердің табыстарыңызға септескіміз келеді деген тілектер аясында ғана пікірін білдіріп келген болса, жоғарыда айтылған Джордж Буштың сөзі мен Бірлескен мәлімдеме мәтіні АҚШ тарапынан Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылығын және Құрама Штаттар үшін еліміз өңірдегі ең се­нім­ ді стратегиялық әріптесі екенін мойындауы деген бай­ламға келуге болады. Еліміздің АҚШ-тың терезесі тең әріптесі екені осы сапарда Вашингтон орталығындағы жаяу жүр­ гінші үшін Ақ үйден 10 минуттық қана қашық­тықта орын тепкен 16-шы көшенің бойынан Қазақстан тәуелсіздігі монументінің ашылуы дер едік. Атап өтерлігі, қолына қыранын қондырып, қос қанатты Барыстың үстінде болашаққа батыл қарап тұрған сақ жауынгерінің, яғни ұлы бабаларымыздың жиын­тық келбеті кескінделген тәуелсіздігіміздің бұл символикасы шет мемлекеттер ішінде тұңғыш рет АҚШ астанасында бой көтерді. Вашингтонда Барыстың тұғырға қонуын АҚШ-тың Қазақстанды Азия Жолбарыстарымен тең қатарға қоя бастағаны деп түю­ ге болады. Осы жерде Елбасының ұзақ мерзімді “Қазақстан-2030” стратегиясында “Орталық Азия бары­сы жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқ­ пақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс” деген сөздері еріксіз еске түседі. Сапар мақсаты бастапқыда көзделгендей-ақ, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, жаһандық қатерлер саналатын лаңкес­тік пен экстремизге қарсы күрес, Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне АҚШ тарапынан қолдау, демократияны дамыту және басқа да келелі мәселелерге арналғанын

Жұмыр жердің жұмағы хабарлаған болатынбыз. Жіліктеп айтқанда, эконо­ микалық ынтымақтастық турасынан бастасақ, екі елді энергетикалық саладағы өзара іс-қимылдар то­ғыстыратыны анық. Елбасы атап көрсеткендей, АҚШ Қазақстан үшін үлкен инвестор болып табыла­ ды және елімізге келген тікелей инвестицияның үш­ тен бір бөлігі Құрама Штаттардың үлесіне тиеді. Өт­кенге көз жүгіртсек, АҚШ инвестициясының басым бөлігі “Шеврон Тексако”, “ЭксонМобил”, “Халли-бертон”, “КонокоФиллипс” сияқты америкалық ком­паниялардың Каспий қайраңының қазақстан­дық бөлігіндегі кен орындарын игеруге салынып келеді. Жасыратыны жоқ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалпақ әлемге әлі бейтаныс, қаржылық қор­ жыны бос Қазақстан үшін өзінің шикізат қорын игеруге инвестиция аса қажет болды. Сол тұстан бері шетелдік инвестиция негізінен өндіруші салаға ғана тартылды. Ендігі жерде еңсесін тіктеп, бүкіл әлемге өзіндік келбет-кейпімен таныла бастаған Қазақстан іргелі елдер соқпағымен индустриялықинновациялық бағытта даму жолын таңдады. АҚШ сапарында Елбасы Н.Назарбаев жоғарыда аталған шет ел компаниялары басшыларымен кездесуінде, егер Қазақстанның индустриялық бағыттағы жобаларына, яки өңдеуші салаға инвестиция салғанда ғана жаңа жобаларға қатыса алатындықтарын ашық айтты. Яғни, бұдан еліміздің ендігі жерде терезесі тең әріптестік аясында кез келген транс­ұлттық компанияға өз мүддесіне сай талап ете алатын іргелі мемлекетке айнала бастағанын бағам­дау­ға болады. Сонымен қатар, сапар барысында айтыл­ ғандай, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйы­мы­­ на кіруіне АҚШ тарапынан қолдау көрсетіліп, Ке­

Жұмыр жердің жұмағы ңес­тер Одағына қарсы жасалған “Джексон-Вэник” түзетуінен шығаруға уағда жасауын Құрама Штат­ тар­дың екіжақты экономикалық қарым-қатынасты тең дәрежедегі дүниежүзілік талаптар шеңберінде өрбітуге әзір екендігін танытты. Естеріңізде болса, Елбасы былтырғы Жолда­ уында “біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көп­ ұлт­ты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ес­ ке­ріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық. Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз еке­ нін ешқашан естен шығарғамыз жоқ. Біз демокра­ тияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік. Біздің елі­міз өз саяси дамуының үлгісі жағынан Батыс де­ мок­ратиясына және әлеуметтік ілгерішілдігі мен саяси саналуандығы бүкіл әлемге танылған “жа­ ңа” азиялық демократия дегенге де жақын” деген еді. Сапар барысында америкалық сенаторлар мен конгрессмендердің елімізде орныққан осы де­мок­ ра­тиялық жүйені сырттай бақылап отыратыны бай­ қалды. Елбасымен кездескен бірнеше сенатор мен Конгресс мүшесі біздің экономикалық табыс­та­ ры­мызбен қатар, демократиялық қоғам құрудағы же­тіс­тіктерімізді ашық айтты. Соның ішінде Кон­ гресс мүшесі Эдолф Таунстың Қазақстанда де­ мок­­ратиялық институттардың дамуы дәйекті жүр­­гізіліп, Қазақстанда саяси саналуандық және көп­партиялылық орныққанын, 5 мыңнан аса үкі­ мет­­тік емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қо­ ғам институттары мен құрылымдары жасақталып, тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланғанын айта

Жұмыр жердің жұмағы келе, Қазақстанның осы “еркіндік ендігін” небәрі он жылдан астам уақыттың ішінде ғана құрып үл­гер­ генін атап көрсетті. Күн мен түн алмасып, ақ пен қара жағаласып, жақсылық пен жамандық итжығыс түсіп жататын бұл дүниедегі басты тірек тыныштық пен бей­ бітшілік емес пе. Жалпы, статистикалық мәлімет­ терге жүгінсек, бүгінде әлемнің 40 елінде қарулы қақтығыстар жалғасуда. 25 млн. босқын ресми тір­ кел­ген. Жыл сайын Жер шарында 14 млн. адам, оның ішінде 6 млн. сәби аштықтан көз жұмады екен. Жаһандық қатерлерге қарсы күрес, жаппай қырыпжоятын қаруларды таратпау саласында Қазақстан әлемдік аренада өнегелі ісімен танымал. АҚШ-тағы ресми сапар аясында “Жаһандық қатерлерді азайту жөніндегі бастама” қорының ұйымдастырған алқалы жиынында еліміздің бұл қадамын америкалық дегдарлар тобы ашық мойындады. Тәуелсіздіктің ал­ ғашқы жылдарында Кеңестер Одағынан мұра боп қалған Семей ядролық полигонын және ондағы өзінің күйретуші қуаты жөнінен әлемде екінші орында тұрған ядролық арсеналды жою немесе жоймау таңдауы тұрды. Еліміздегі бәзбір саясаткерлер бұл біздің қауіпсіздігіміздің кепілі деген желеумен полигоннан бас тартпау керек деген ұстанымда бол­ды. Бірақ Елбасы мұндай қауіптілігі орасан зор қарудың егемендігін жаңа алған елді ешқашан ұш­ паққа шығармайтынын анық ұғынған еді. Бүгінгі көзқараспен өлшеп көрсек, Президенттің бұл қадамы көрегенділікпен бағамдалған тарихи шешім екеніне көз жеткізесің. Қазақстан халқы ядролық қарудың барлық залал-зардабын тартты. Семей ядролық полигонында 456 ядролық жарылыс болды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙