TELEGEI

Home

Айтылған тарих

Мәмбет Қойгелдиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Айтылған тарих (Мәмбет Қойгелдиев, #6471)

Айтылған тарих әдіс ретінде бүгінде тарихты зерттеу және оқыту үрдісінде кең қолданыс табуда. Ұсынылып отырған оқу құралында қазақ халқының тарих айту дәстүрі және оның бүгінгі жалғасы – айтылған тарих әдісін тарихи зерттеу жұмыстарында пайдаланудың теориялық, методологиялық және методикалық ерек...

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы

АЙТЫЛҒАН

ТАРИХ

оқу құралы
Жалпы редакциясын басқарған
ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Қойгелдиев М.Қ.

АЛМАТЫ

«ДӘСТҮР»

2015

2

ӘОЖ: 94(574)(075)

КБЖ 63.3(5Қаз) я7

А32

Кітап «Халық тарих толқынында»
атты бағдарлама бойынша жарық көрді

Рецензенттер:
Сұлтанғалиева Г.С. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан
тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Жүгенбаева Г.С. – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этноло-

гия институтының тарихнама, деректану және заманауи методология
бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы
Айтылған тарих. Оқу құралы / Қойгелдиев М.Қ., Нұртазина Н.Д.,
Жангуттин Б.О., Тілеубаев Ш.Б., Нұрман Ш.Т., Мырзатаева З.Б.,

Қалыбекова М.Ч., Болатхан Ә. / Жалпы редакциясын басқарған
Қойгелдиев М.Қ. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспа-
сы, 2015.– 240 б.

ІSBN 978-601-298-489-7

Айтылған тарих әдіс ретінде бүгінде тарихты зерттеу және оқыту
үрдісінде кең қолданыс табуда. Ұсынылып отырған оқу құралында қазақ
халқының тарих айту дәстүрі және оның бүгінгі жалғасы – айтылған та-
рих әдісін тарихи зерттеу жұмыстарында пайдаланудың теориялық, ме-

тодологиялық және методикалық ерекшеліктері, сондай-ақ осы салада
жинақталған шетелдік тәжірибелер қарастырылады. Кітапта тарихи сұх-
бат алуды даярлау, оны жүргізу және құжаттандырып мұрағат қорларына
өткізу технологиясы баяндалады.

Оқу құралы оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға және сту-
денттерге арналған.

ӘОЖ: 94(574)(075)

КБЖ63.3(5Қаз)я7

ІSBN 978-601-298-489-7

© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2015
©«Айтылған тарих»
ғылыми-зерттеу орталығы, 2015
© «Дәстүр» баспасы, 2015

А 32

3

КІРІСПЕ

Тарих айтудың ескі және жаңа түрлері. Ұлт тарихы, со-
ның ішінде кеңестік кезеңде жазылған тарих түбегейлі өз-
герістерге бет бұрды. Басқаша болуы да мүмкін емес. Өйткені
кез-келген білім және ақыл-ой саласы дамылсыз өмір арна-

сында онымен бірге жетіле түсіп қана өзіне деген сұраныс
пен қажеттілікті сақтап, қоғамға қызмет жасай алады. «Біз
қандай қоғамнан шықтық? Қайда бет алдық?» деген сауал
қоғам алдына бұрындар да қойылған, қазір де тұр, бола бер-

мек. Ал осы сауалға барлық ғылым салалары жауап іздейді.
Дегенмен, оған іргелі жауапты ең алдымен тарих ғылымы
беруге тиіс. Өйткені қоғамның өткен өмірін арнайы, ғылыми
әдіс-құралдар арқылы нақты фактілік материалдарға сүйеніп

талдауға алу осы ғылым саласының үлесінде. Бұл сауалға
жауапты тарих ғылымы жаңа, озық әдіс-құралдарды зерттеу
арсеналына тарту арқылы бере алады. Тіптен сол кеше ғана
өзіміз өмір сүрген социалистік қоғамды зерттеп, түсіну үшін

де жаңа теориялық, методологиялық құралдар қажет.
Енді сол әдіс-құралдар жөнінде. Бұл ретте, мәселен, әлемдік
ғылымның, әсіресе батыстық тарихнаманың тәжірибесіне на-
зар аударған жөн. Мәселен, батыстық тарихнамада біраз уа-

қыттан бері айтылған тарих* материалдарын ғылыми айна-
лымға тарту үрдісі қалыптасып келеді. Бұл арада тарих айту
дәстүрінің екі түрін ажыратып алған жөн. Бірі, мәселен, өт-
кен өмірдегі адамдар мен оқиғалар жөнінде ұрпақтан-ұрпақ-

қа жадта сақтап айту арқылы беріліп келе жатқан тарих айту
дәстүрі. Екіншісі, жеке адамдардың маман тарихшыға арнайы
берген сұхбаты (интервью) арқылы баяндалған естелігі.
Тарих айту дәстүрінің алғашқы түрі біздің халқымызда

ерте замандардан келе жатқандығын айта кеткен жөн. Яғни
өмірде орын алған оқиғалар мен процестерді, жеке тұлға-
лардың қызметін жадта сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп
отыру қазақ қоғамында ілгері замандардан үзілмей келе жат-

қан дәстүр болып табылады.
-----------------------
*Соңғы уақытқа дейін батыстық тарихнамада қабылданған «ауызша
тарих» атауы бұл ғылыми бағыттың өзіне тән ерекшелігін аша алмайды.

Біз оны «айтылған тарих» деп атауды ұсынып отырмыз. Бұл атау жөнінде
арнайы тарауда айтылады.

4

Сондықтан да тарих айту дәстүрі бүгінгі қазақ қоғамы үшін ру-
хани мәдениеттің жаңа арнада жаңғыру мүмкіндігі бар саласы.
Қазақ – өте бай тарих айту дәстүрі бар ел. Көшпелі өмір салты
басымдық алған қоғамда тарих айту дәстүрі белгілі дәрежеде

отырықшы елдердегі мұрағат пен кітапхана міндетін атқарды.
Халықтың рухани құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа осы негіз-
де және арнада жетіп, ұласып отырды. Бұл дәстүр кеңестік ке-
зеңде біршама кідіріске ұшырағаны бар. Жазба дәстүр келген

соң ол өзінің бұрынғы бай мүмкіндіктерінен айрыла бастады.
Тарих айту дәстүрінің екінші түрі (интервью алу арқылы)
батыстық тарихнамада өткен ғасырдың екінші жартысында
қолданысқа түскен. Біздің бүгінгі әңгімеміз міне осы екінші

дәстүр жөнінде.
Бұл арада алдымен тарихты баяндаудың екі деңгейіне көңіл
аударған жөн. Соңғы мезгілге дейін ғылымда мемлекет, саяси
партиялар, ұлт тарихы сияқты үлкен де ауқымды құрылымдар-

ды зерттеуге, яғни макротарихқа басымдылық берілді. Тарих-
нама осы арнада қалыптасып, ғылымда өз орнын анықтады.
Ал қазіргі уақытта тарих ғылымында жаңа үрдіс – микро-
деңгейге назар аудару үрдісі байқалады. Жеке адам қоғамда-

ғы үлкен құбылыстарды, өзгерістерді қалай қарсы алды?
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты қандай жағдайларды
басынан кешірді? Осы сауалдарға ғылыми жауап табу үшін
тарихшы мамандар микротарихқа басымдық беруде. Яғни,

зерттеуші қоғамдық өзгерістерге жеке адамның өмірі арқы-
лы үңілуге күш салады. Мұны тарихи процестерді танып
білудің бір жолы ретінде қабылдауға болады. Макротарихта
қоғамдық байлықты жасаушы халықтың үні – ол жұмысшы

бола ма, шаруа бола ма, мейлі – көп естіле бермейді. Ол үнсіз,
көпшілік ретінде көлеңкеде қала береді. Тарихшы тарихи
оқиға, құбылыстар жөнінде көп жағдайда қолбасшылардың,
ірі тұлғалардың көзқарасы, ұстанымы арқылы тұжырым,

талдау жасайды. Ал сол тарихи оқиғаға, тарихи процестерге
қарапайым адамның, жұмыр басты пенденің көзқарасы қан-
дай? Бұл сауалға жауап өте жұпыны беріледі. Мүмкін сон-
дықтан да болар тарих ғылымындағы жаңа үрдіс, жаңа бағыт

– микротарих әдісі өріс алуда. Мұндағы басты мақсат тари-

хи процеске жоғарыдан емес, қарапайым көпшіліктің көзқа-
расы тұрғысынан көз тастау болса керек.

5

Бұл арада, жеке адаммен жүргізілген сұхбат арқылы алын-
ған фактілік материалдар мен тарихи шындықтың ара қаты-
насы туралы мәселе туындайды. Әрине, жеке адамның ой-
толғамдарында субьективтілік факторы орын алатындығы

даусыз, бұл жағдайды жоққа шығару мүмкін емес. Сол сияқ-
ты тарихи шындыққа жетер жолда қоғамдағы көпшіліктің
көзқарасы мен ұстанымын елеусіз қалдыру да қателік болар
еді. Ғалым тарихи процеске қатысы бар барлық фактіні, сол

сияқты жеке адамның да, мемлекеттік тұлғаның да рөлі мен
ұстанымын есепке алуға міндетті. Зерттеуші сол арқылы та-
рихи шындыққа жақындай түседі. Яғни, микротарих шына-
йылыққа жетудің бір құралы есебінде жүрмек.

Қорыта айтқанда, тарихты зерттеу мен оны оқытуда ай-
тылған тарих сияқты жаңа бағытты игеру мақсатында Абай
атындағы ұлттық педагогикалық университетінің жаны-
нан «Айтылған тарих» аталатын ғылыми-зерттеу орталығы

ұйымдастырылды.
Ғылым мен білімде тарих айту дәстүрін жаңғыртудың
мақсаты мен міндеттері. Орталықтың жұмысы арқылы ең
алдымен социалистік кезеңдегі тарихқа көңіл аудару көзделді.

Бұл, белгілі дәрежеде, сол қоғамды зерттеп тануда таптық
принциптерге басымдық беруден бас тартудың әрекеті еді.
Жалпы ғылымда қоғамдық процестерді талдауға алуда бір ғана
зерттеу әдісі басымдылық алмағаны жөн. Социалистік қоғам

тарих сахнасынан кеткенімен сол қоғамда өмір сүріп, еңбек ет-
кен адамдар арамызда жүр. Әрине олар жас та емес. Сол отан-
дастарымыздың советтік қоғам жөнінде жасаған тұжырым-
дары мен көзқарас ұстанымдары біз үшін маңызды. Олардың

бәрінің бірдей көрген-білгенін жазып қалдыруға мүмкіндігі
жоқ. Әсіресе қарапайым еңбек адамында ондай мүмкіндік
бола бермейді. Көп жағдайда ол ішкі сырын сыртқа шығаруға
сараңдау келеді. Дегенмен, сәті түссе ішіндегі ойымен бөлісу-

ге даярлары да бар. Тарихшы-ғалымның міндеті міне осындай
тұлғалардың ғылым үшін бағалы ой-пікірін сұхбат арқылы
жазып алу. Ал, жеке тұлғалардан алынған сұхбат (аудио және
видео түрінде) төлқұжаты жасалынып мемлекеттік мұрағатқа

өткізіледі. Орталықтың ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен
келісім-шарты бар. Төлқұжатта респонденттің «Осы айтқан-
дарымды мұрағатқа беруге келісемін» деген келісімі тіркеледі.

6

«Айтылған тарихты» игерудегі мақсатымыз кешегі кеңестік
қоғам туралы біржақты емес, объективті түсінік қалыптасты-
ру болып табылады. Өйткені қоғамда жеке адамдар тарапынан
социалистік заманды тым біржақты бағалау үрдісі байқалып

қалады. Ал біз, тарихшылар, мүмкін болғанша объективті, та-
рихи шындыққа әділ болғанымыз жөн. Қалай болғанда да сол
қоғамда біздің ата-аналарымыз, тіптен өзіміз өмір сүріп, еңбек
еттік қой. Сол қоғамға екі-үш буынның еңбегі сіңді, тіптен

олар жаңа, таза, гуманды, дұрыс қоғамда өмір сүріп жатқан-
дығына сенімді болды. Сондықтан да ата-бабамыз, әке-ше-
шеміз өмір сүрген қоғамның жақсы және көлеңке жақтарын
бірдей көре білгеніміз жөн. Бүтін бір өткен кезеңді тарихтан

біржолата сызып тастау әрине, мүмкін емес.
Алғашқы бағдарламалар. 2005 жылы Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы экспе-
диция ұйымдастырып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қош-

қар ата атты ауылға бардық.* Тарих институтының және Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалым-
дары бірігіп сонда ғылыми-практикалық конференция өткіздік.
Румынияның Елшісі Василе Соаре мырзаны арнайы шақырып

бірге бардық. Баяндама жасаған Елші Еуропада ауызша тарих-
тың қанат жайғанына біраз уақыт болғанын айтты. Еуропалық
елдердің мұрағаттарында ауызша тарих қоры ашылғанына біраз
болыпты. Менен: «Сіздерде сондай қор бар ма?», – деп сұрады.

Жоқ екенін айттым. «Сіздер сәл кешеуілдеп қалыпсыздар», –
дегені бар. Содан бері осы тақырып үнемі есімде жүрді. 2012
жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ректоры Пірәлиев Серік
Жайлауұлына «Ауызша тарих» деп аталатын ғылыми-зерттеу

орталығын ашу жөнінде ұсыныс айттым. Ректор ұсынысымды
қабыл алып, орталық ашу жөнінде шешім шығарды.
«Ауызша тарих» атауы қайдан шыққанына аз-кем тоқта-
лайық. Кезінде Африканың тарихын жазуға байланысты ға-

лымдар елдің жадында сақталған фактілерді молынан пайда-
ланған. Батыс елдерінде «Ауызша тарихтың» өркен жаюына
осы жағдай түрткі болған сияқты.
-------------------

* Ол жөнінде қараңыз: Мәдени мұра: халықтың тарих айту, сақтау
дәстүрі және оны жаңғырту жолдары. 2005 жылы 26-27 мамыр күндері
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қошқар ата ауылында өткен
халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. Алма-

ты, Қазақпарат, 2005.

7

Ал біздің тіліміз бен ойлау жүйеміздің ерекшеліктеріне
«ауызша тарих» атауы емес, «айтылған тарих» атауы үй-
лесімді ұғылады. Жадта сақталып ауызша айтылған тарих
деген мағынаны білдіреді. Орталық мүшелерімен кеңесе

отырып, осы атауға тоқталдық.
Орталық 2012 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Ал жұмысы-
мызды сәл ертерек, яғни осы жылдың наурыз айында бастап,
Алматы облысының Көксу және Ескелді аудандарына, сәуір

айында Панфилов ауданына экспедицияға шықтық.
Бұл біздің экспедициямен шыққан алғашқы сапарымыз
болатын. Арнайы тақырып төңірегінде бұрын мұндай сұхбат
жүргізбегендіктен түрлі қиындықтарға да жолықтық. Соны-

мен бірге тарихи тақырыпқа сұхбат өткізу ісі арнайы кәсіби
даярлықты талап ететіндігін түсіндік. Алғашында арнайы
тақырыптар төңірегінде сұхбат жүргізбегендіктен, екінші
рет барғанда нақты бір тақырып төңірегінде әңгіме өрбітсек

деген ой туды. 2013 жылы «Қоғамның тарихи жады: ХХ ға-
сыр – Алматы облысы Ескелді ауданы тұрғындарының өмір-
баяндық әңгімелерінде» деп аталатын бағдарлама бойынша
қайтадан Алматы облысы Ескелді ауданына экспедиция

ұйымдастырдық. Осы аталған ауданда Нұрмолда Алдабер-
генов атындағы ауыл бар. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері
атағын алған Нұрмолда Алдабергенов білікті басшы ретін-
де аты аңызға айналған адам. Сол кісі басқарған колхозда

Қазақстанда бірінші рет халық театры ашылған. Колхоздың
төңірегіндегі малшылардың балалары үшін интернат ұйым-
дастырылған. Бір ғажабы, сол колхозда 20 адам Социалистік
Еңбек Ері атағын алған. Басым бөлігі қарапайым еңбек адам-

дары: малшылар, сауыншылар, қызылшашылар... Мұның ар
жағында не жатыр? Билік, партия тарапынан арнайы жасал-
ған қолдау, қолпаштау ма, жоқ әлде қарапайым жұмыс адам-
дары тарапынан көрсетілген шынайы еңбектегі ерлік пе?

Осыны білгіміз келді. Осы үшін 30-ға жуық адамнан сұхбат
алдық. Өкінішке орай, Еңбек Ері атағын алған адамдардан
тірі жүргендері жоқ екен, есесіне, оларды көрген, білгендер
бар, ұрпақтары бар. Сұхбат алу барысында түрлі көзқарастар

қақтығысы бары да байқалды. Сол кездегі социалистік ең-
бекке байланысты түрлі ұстанымдар, көзқарастар жеткілікті
екен. Біз айтылған әңгіменің бәрін жазып алдық және олар-

8

ды жүйеге түсіріп, мұрағатқа өткіздік. Сұхбат алу барысында
сол замандағы қарапайым адамдардың өмірін түрлі қырла-
рынан баяндайтын әңгімелер молынан айтылды.
Біздің зерттеу жұмысымызға арқау болған тағы бір тақы-

рыпқа тоқталған жөн. Алматы қаласының іргесінде бой тү-
зеген «Шаңырақ» аталатын 18 ауылдан тұратын ықшамау-
дан тәуелсіздік жылдары өмірге келген. яғни 1991 жылдан
кейінгі құбылыс. Шаңырақтың негізгі халқы – ауылдан жұ-

мыс, жағдай іздеп келген қарапайым адамдар. Тәуелсіздіктің
бір көрінісі ғой деп «Шаңыраққа» бардық. Ауыл тұрғында-
рының көпшілігі 5-6 сотық жер сатып алып, бала-шағасын
көшіріп әкеліп, өз күшімен қиналып жүріп үй салып алған-

дар. Солардың басынан кешкен қиыншылықтарын өз көзім-
мен көрдім.
Ауылдан келген халық қала өміріне қалай бейімделіп жа-
тыр? Қандай жағдайды басынан кешірді? Ол да тарих, көз

алдымызда қалыптасқан тарих. Біз осы сауалдарға жауап із-
дедік. Аудан әкімі бізді қолдады. Сөйтіп, «Шаңырақта» бір-
неше кездесу өткіздік. Ауылды жерден келіп, қалалы жерге
орналасу, кірігу оңай емес. Алғашқы кезде Шаңырақтың

жерлерінің басым бөлігі заңдастырылмаған екен. Адамдар-
дың материалдық жағдайлары да әртүрлі ғой. Халықтың
мекен еткен тұрағын қалаға қосуда өкімет қандай игілікті іс
атқарды, мемлекет тарапынан берілген көмек қандай? Ша-

ңырақтықтар (мұны тәуелсіздіктен кейінгі жылдары қалалық
болған қазақтар деп те түсініңіз) өздерінің ішкі өмірін қалай
ұйымдастырды? Осының бәрі де қызықты, маңызы бар мә-
селе. Біз осы бағытта сұрау, зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Шаңырақтағы осы жағдайды тарихи құбылыс ретінде ғана
қарастыруды ойладық. Қазақстанның түрлі облыс, түрлі ау-
дандарынан келген адамдар қазір ел болып бірігіп, ел болып
өзінің тіршілігін жасап жатыр. Өзінің жаңа қалалық өмірін

бастап кетті. Озық дәстүр салтты насихаттайтын түрлі ұйым-
дар құрылған, олардың барлығы ерікті түрде өз жұмыстарын
атқарып жатыр. Яғни, қазақ өз еркімен қала өміріне дендеп
еніп кетті.

Бір-екі факті. Осы жылдары «Шаңырақ» сияқты 18 ауыл-
дан тұратын ықшам ауданда 4523 отбасы бастапқы жылдары
заңсыз жер телімдерін иемденген. Алатау ауданы әкімдінің

9

көмегімен міне осы жер телімдері түгелдей дерлік заңдасты-
рылыпты. Жаңа құрылған осы ауылдардың қажетіне мемле-
кет тарапынан соңғы төрт-бес жылда ғана 76 миллиард теңге
жұмсалған. Олардың ішінде осы жылдары ғана пайдалануға

берілген бес мектеп, төрт бала бақша, спорт орталығы бар.
«Айтылған тарих» әдісінің әлеуметтік жүгі және та-
рихты оқыту үрдісіндегі маңызы жөнінде. Бүгінгі елдің
тарихы туралы оқулық жазылар болса қарапайым адамның

күнделікті өміріне жете көңіл аударылғаны жөн. Өйткені та-
рихи оқиғалар, қоғамдағы өзгерістер, әралуан құбылыстар
жеке қарапайым адамның өмірінде өте маңызды рөл атқара-
ды. Мысалы, ХХ ғасырдағы Қазан төңкерісі нәтижесінде ор-

наған кеңестік биліктің қарапайым адамның өміріне қандай
әсері болды? Біз осыған көңіл аудара бермейміз. Қарапайым
шаруаның ғалым болғаны туралы, білім алғаны жайлы ай-
тылды, жазылды. Бірақ ол үстемдік құрған идеология тұр-

ғысынан жазылды. Тарихи шынайылық тұрғысынан ол за-
ман қарапайым адам өмірінде қандай із қалдырды? Біз осы
мәселеге тереңірек үңілуіміз қажет. Тағы бір көңіл аударуға
лайық нәрсе: қазақтың шалғайдағы, түкпірдегі бір ауылын

алайықшы. Басым бөлігіміз ауылдың балаларымыз. Сол
ауылдың шынайы тарихы микротарих тұрғысынан жазыл-
са нәтижелі жұмыс болар еді. Ол ауыл қашан пайда болды?
Қанша буын сол ауылда өсіп-өнді? Ауылдың шаруашылығы,

оның экономикалық, экологиялық ортасы қандай өзгерістер-
ге ұшырады? Оның көшелерінің тарихы, сонда тамыр жай-
ған жеке әулеттер тағдыры ше? Жалпы мемлекетте, қоғамда
түрлі тарихи кезеңдерде болып өткен өзгерістер ауыл өмірін-

де, ондағы жеке отбасылардың өмірінде қандай із қалдырды?
Қандай бетбұрыстарға жол ашты? Бізде осындай сауалдар-
ға микродеңгейде жауап беретін зерттеулер жетіспейді. Егер
осындай зерттеулер көптеп жүргізілсе, біз өз тарихымызды,

өткен өмірімізді тереңірек түсінуге жол ашып қана қоймай,
сондай-ақ зерттеу арсеналын жаңа әдіс-құралдармен байыта
түсер едік. Біздің респонденттеріміз арасында әртүрлі әлеу-
меттік топтардың өкілдері – шаруа да, басшы да, жұмысшы

да, зиялы да, өлкетанушы да бар. Біз Алматы облысы Пан-
филов ауданына барғанымызда әкімшілікте біраз ақсақалдар
жиналыпты. Ел ішінде өлкетанушылардың жергілікті жер-

10

су аттарына байланысты айтары өте қызық болып шықты.
Осындай зерттеу жұмысы, меніңше, еліміздің барлық өңір-
лерінде жүргізілсе, құба-құп. Әр өңірде жеке-жеке тақы-
рыптық бағдарламалар жасақтау қажет-ақ. Мәселен, тарих-

шы мамандардың жетекшілігімен жергілікті ерекшеліктерге
және сұраныстарға байланысты, жер-су аттары тарихына
арналған зерттеу жұмыстары жүргізілсе, орынды болар еді.
Тарих ғылымының функционалдық міндеті осындай жаңа

бағыттарды зерттеуге алу арқылы кеңи түсіп, қоғам үшін
пайдалы болмақ.
«Айтылған тарихтың» зерттеу құралы ретінде мүмкіндігі
зор, соған сәйкес оның бағдарламалары да әр алуан болып

келеді. Мәселен, «Айтылған тарих» орталығы 2014-2015
жылдары еліміздегі ғылымның өткен ғасырдағы (ХХ ғ.)
жүріп өткен жолына байланысты бағдарлама даярлады. Бұл
көпсалалы жұмысты А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі,

сондай-ақ Ә. Бектұров атындағы химия және Д.В. Сокольс-
кий атындағы катализ және электрохимия институттарының
жетекші ғалымдарымен сұхбат жүргізуден бастады.
Яғни, қазақ тілі және химия сияқты гуманитарлық және

жаратылыстану салаларында ғылыми мектеп, бағыт қалып-
тастырған ғылымның көрнекті өкілдерімен өткізілген сұх-
бат арқылы біз бірнеше сауалдарға жауап алуға тырыстық.
Ол сауалдар басым түрде ғалымның балалық шағы, ғылымға

келген жолы, түрлі кедергілер мен қиндықтардан өту тәжі-
рибесі сияқты мәселелер төңірегінде қойылғанымен, сол
сауалдарға байланысты алынған жауаптар арқылы, мәселен,
өмірінің ең құнарлы да жемісті кезеңі ХХ ғасырға тұс келген

аға буынның еліміздің интелектуалдық тұрғыдан өзгеруіне
қосқан үлесі туралы ой түзуге болады.
Біздің қазақ тілі ғылымы мен химия ғылымдары салала-
рындағы ғалымдардың ғылымдағы өмірін зерттеу объекті

ретінде алуымыз, әрине, кездейсоқ емес-тін. Біріншіден,
аталған салалардағы ғалымдардың қол жеткізген табыстары
мен ашқан жаңалықтары елімізден тыс мемлекеттерде мо-
йындалған. Сол ғылыми жетістіктерге жетуге тікелей атса-

лысқан ғалымдардың бірқатары, Аллаға шүкір, әлі де жемісті
еңбек үстінде. Ендеше, оларды осындай нәтижелерге жетуге
мүмкіндік берген жағдайлар жөнінде сол тұлғалардың өз ау-

11

зынан естіп, олар берген фактілік материалдарды айтылған
тарих әдіс-құралдары арқылы жазып алып, неге дерек көзіне
айналдырмасқа!
Екіншіден, ғалымдардан алынған сұхбат таза биография-

лық тұрғыдан жүргенімен, ондағы фактілік материалдар
еліміздің ғылым саласының жүріп өткен жолы жөнінде жаңа
тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда,
айтылған тарих әдісі арқылы алынған материалдар еліміздегі

ғылымның тарихын тек архив құжаттары негізінде ғана жа-
зуға болады деген түсініктің біржақты екендігін анық бай-
қатты.
Үшіншіден, айтылған тарих әдісі арқылы алынған мате-

риалдар еліміздегі ғылыми интелегенцияның қалыптасу
және өсу жолдарына қатысты толыққанды тұжырымдар жа-
сауға мүмкіндік береді.
Осы зерттеу материалдарының негізінде 2015 жылы

«Менің ғылымдағы өмірім» деп аталатын кітап өмірге келді.
Аталған кітапқа енген сұхбат материалдары, әрине, бола-
шақта атқарылатын жұмыстың бастауы ғана. Бұл жұмысқа
магистрант және докторанттарды тартуымыздың бірден-бір

себебі де жас мамандар жаңа зерттеу технологиясын игерсе
екен деген ниеттен туындады.
Орталықтың айтылған тарих арнасында жүргізген бағ-
дарламаларының бірі «Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы

жылдарында (1941-1945)» деп аталады. Бағдарлама көпұлт-
ты кеңес халқының екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің
жетпіс жылдығына байланысты жүргізілді. Оқытушылардан,
магистрант және докторанттардан құралған зерттеушілер

тобы бұл жобаны үлкен құлшыныспен атқарды. Өйткені,
біріншіден, соғыс тақырыбы, осы тарихи кезеңдегі қоғамда-
ғы үлкен мен кішінің басына түскен ауыр сын, жалпыхалық-
тық трагедияның мұрағаттық құжаттық материалдар мен ақ-

параттық құралдар бетіндегі көрінісі кімді де болса бей-жай
қалдырмайтын еді. Зерттеуші ғалымдар бір сәтке болса да со-
ғыс жылдарындағы уақыт тынысын сезінді. Бұл тақырыпты
игеруге қажет алғы шарттардың бірі еді. Екіншіден, кеңестік

кезеңде соғыс тақырыбы биліктегі партия ұстанымы тұрғы-
сынан жазылуға тиіс болды. Ендігі уақытта жағдай өзгерді.
1941-1945 ж.ж. соғыс тақырыбын еркін методологиялық

12

көзқарас тұрғысынан және жаңа фактілік материалдарды
ғылыми айналымға тарту арқылы қорытуға мүмкіндік туды.
Сол тың фактілік материалдар қатарына соғыстан аман орал-
ған майдангерлер мен көзі тірі тылдағы еңбек адамдарынан

алынған сұхбаттарда берілген материалдар жатады.
Біз зерттеу жүргізген 2014 және 2015 жылдың алғашқы жар-
тысында Жамбыл облысында 237 майдангерлер және 7067 тыл
еңбеккерлері тіркеуге алынған екен. Зерттеушілер тобы май-

дан және еңбек ардагерлерінің 51-мен сұхбат өткізді. Әрине,
сұхбатқа облыстағы ардагерлерді анағұрлым көбірек тартуға
болатын еді. Уақыттың және қаржының тапшылығы бізге он-
дай мүмкіндік бермеді. Дегенмен, ғылыми топтың мүшелері

Тараз қаласынан басқа Байзақ, Меркі, Луговой, Жамбыл, Шу
және Мойынқұм аудандарында болып, ардагерлермен кездесіп
сұхбат алды. Әрине облыстың соғыс жылдарындағы өміріне
байланысты бізден бұрын О. Жүргенов, Қ. Рыспаев, М. Рыс-

даулет сияқты авторлар қалам тартып, біраз өнімді еңбектер
жазған. Жазылған еңбектердің мәселені ғылыми тұрғыдан қо-
рытудағы орнын асыра бағалау мүмкін емес. Сонымен бірге
тақырыпты жүрдек пойыздай заман арнасында жаңадан қоры-

тудың қажеттігін ешкім де жоққа шығара қоймас.
«Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-
1945)» (Алматы, 2015.584 б.) аталатын бағдарламаны жүргізу
барысында осы тарихи кезеңдегі идеологиялық жұмыс, әйел-

дер мен жасөспірімдер еңбегі, облыс тұрғындары арасында-
ғы аштық және басқа тақырыптар жаңа көзқарас және ұста-
ным тұрғысынан қорытылды. Оған мұрағаттық құжаттармен
бірге сол жылдары тылда жұмыс істеген, ал бүгін жүзден ас-

қан Уәзиқа Нысанбайқызы, Мәрзия Ибрагимова, Райхан Шо-
маева сияқты ардагер аналарымыздың сұхбаттарында беріл-
ген фактілік материалдар негіз болды. Мәселен, бізге сұхбат
берген советтік кезеңде Социалистік Еңбек Ері атағын алған

қарт ана Мәрзия Ырысбайқызы қызылша егісі басында аш-
тықтан опат болған адамдарды бірнеше мәрте кезіктіргенін
айтты. Жасөспірім шағы соғыс жылдарына тұс келген Садие-
ва Мүшарапхан (1928 ж.ж.) Жамбыл қаласындағы Фурманов

көшесі бойында аштықтан әлсіреп ісініп жатқан адамдарды
кездестіргенін әңгімеледі. Бұл фактілер тарихи шындықтың
бір қыры еді. Советтік тарихнама соғыс жылдарындағы аш-

13

тық тақырыбына бара алмады. «Айтылған тарих» зерттеу
әдісі өткен тарихтың осындай жабық қалып қойған беттеріне
назар аударуға мүмкіндік беріп отыр.
Айтылған тарихты оқу процесіне және тәрбие ісіне

енгізудің тиімділігі жөнінде. Қазақстандағы білім жүйесін-
де тарихты оқыту ісінде айтылған тарих әдісі алғашқы қа-
дамдарын жасады деп айтуға болады. Дегенмен, басқа ел-
дердің тәжірибесіне сүйене отырып бұл бағыттың болашағы

жөнінде сенімді тұжырымдар жасауға негіз бар. Ұсынылып
отырған оқу құралының мақсаты тарихты зерттеудің және
оқытудың бұл әдісіне мүмкін болғанша пәрменді серпін беру
мақсатында оқытушы мамандарға методикалық тұрғыдан қө-

мек көрсету болып табылады.
Оқу процесінің негізгі мақсаттарының бірі, әрине, оқу-
шылар мен студенттердің шығармашылық қабілеті мен
мүмкіндігіне қозғау салу, ояту. Осы ретте айтылған тарих

таптырмайтын, қол жетімді құрал болып табылады. Өйткені
оқушы және студенттер өмір сүріп жатқан ортада қоғамның
кеше ғана өткен өміріндегі тарихи оқиғалар мен процестерге
араласып, куә болған адамдар аз емес. Жас зерттеушілер ба-

тыл түрде тарихшы маманның басшылығымен айтылған тарих
әдіс-құралы арқылы зерттеуші-ғалым міндетін атқарып міне
сол куәгерлерден сұхбат алып ғылымның деректік қорын жа-
рақтау ісіне ат салысып, тіптен сол жинақталған материалдар

негізінде өздерінің ең алғашқы ізденіс – еңбектерін де жаза
алады. Бұл ретте жас зерттеушінің зерттеу тақырыбын анық-
тау, сұхбат алатын респондентті таңдау ісінде мүмкіндігі кең.
Сұхбат алу барысында зерттеуші әңгіме өткізген әрбір адам-

ның айтқан пікірінің субъективті сипатын, респонденттің бол-
ған оқиға, процесс жөнінде түрлі ұстанымдағы куәгерлердің
бірі екендігіне, яғни тарихшының міндеті сол түрлі көзқарас,
ұстанымдар тоғысынан тарихи шындыққа жақын, үйлесімді

тұжырымға келу екендігіне көз жеткізе түседі. Басқаша айт-
қанда, жас ізденуші түрлі дерек көздерімен жұмыс істеуді
оларға сыни қатынаста болуды, сол арқылы тарихи оқиға мен
процеске байланысты жеке өзінің ұстанымын қалыптастыру-

ды үйренеді. Осы ретте біздің қоғамның өткен ХХ ғасырдағы
тарихына байланысты мынадай жағдайды еске алған артық
емес. Советтік қоғам жағдайында еңбек етіп, өмір сүрген аға

14

ұрпақ сол қоғамға байланысты өзінің пікірін ашық айта алған
жоқ, ішінде ұстады. Ал тарихнамада сол репрессияға, индуст-
риалдық дамуға, өңдірістегі қоғамдық еңбек сипатына бай-
ланысты жабық тақырыптар аз емес болатын. Мұрағат қор-

ларында осы аталған және басқа тақырыптарға байланысты
жабық қорлардың болғандығы, олардың қазіргі уақытта да бар
екендігі құпия емес. Бұл жағдайда өз ретінде айтылған тарих
сияқты зерттеу әдіс – құралының тарих ғылымының фактілік

қорын кеңейте түсу ісінде өз орны бар екендігін айғақтайды.
Тарихи ақиқатты анықтауда тарихшы мамандардың рөлі үл-
кен. Сонымен бірге тарихи шындықты баяндау тек мамандар-
дың ғана ісі емес және ол мамандар үшін ғана жазылмайды.

Бұл процеске қоғамның белсенді бөлігі араласқанда ғана та-
рихи шындық жақындай түседі, тарихи оқиғалар мен тұлғалар
абстракті елес емес, түсінікті әрі жақын көрініске айналады.
«Тарих айту дәстүрі» және «айтылған тарих»: терминдер

алуандығы мен сәйкестігі жөнінде. Жоғарыда айтылғандай
қазақ қоғамын тануда тарих айту дәстүрінің алар орны зор. Өйт-
кені халықтың тарихы, қуанышы мен қайғысы ауызша айтылған
шежірелерде, тарихи әңгімелер, жырлар және дастандарда орын

алған. Сондықтан жад мұрағатынсыз ұлттың шынайы болмы-
сын толыққанды танып-білу мүмкін емес. Ал айтылған тарих
осы дәстүрдің жаңа тұрпаттағы жалғасы болып табылады.
«Тарих» сөзінің түпкі мағынасы «баяндау», «әңгімелеу»

дегенді білдіреді. Атақты Геродот және Фукидид Пелопоннес
соғысының тарихын соғысқа қатынасқан жауынгерлердің,
әскер басшыларының айтқан әңгімелері негізінде жазған бо-
латын. Сол сияқты грек ойшылы Сократ та философиялық

зерттеулерінде диалог әдісін кеңінен пайдаланған.
Ал қазақ қоғамында тарих айту – жоғарыда айтқанымыз-
дай, ерекше қарқынды даму алған дәстүр. Мұхаммед Хай-
дар Дулати, Өтеміс қажы, Қадырғали Жалайыри, Шоқан

Уәлиханов, Құрбанғали Халид, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы,
Әлкей Марғұлан және басқа да ғалымдар өз еңбектерінде
тарих айту дәстүрінің фактілік материалдарын кеңінен пай-
даланған. Құрбанғали Халид (1846-1913 жж.) «Тауарих хам-

са» еңбегінде қазақтың бұрынғы ақын-жыраулар, шежіреші,
данышпан билер мен ақсақалдардың қатары сиреп, елдің ру-
хани әлемінің әлсіреп бара жатқанын айтып толғанады. Ав-

15

тор баяндағандай «бүгінге дейін әркім әр түрлі пікір айтып,
біреулер жаман ниет-арам оймен, енді біреулері тек мұқатуды
мақсат етіп отырған» жағдайда қазақ жұртының мәдени та-
рихын, «халық даналығын» жазуды қолға алған болса керек.

Құрбанғали Халид бұл зерттеуді даярлағанда қоғамның жад-
тық мұрағатына басымдық бергенін, «бар күш-қайратымен
оған жиырма жыл уақыт кетіргенін» хабарлайды. Ол тарих ғы-
лымы жөнінде: «Тарих – әлемнің жаратылуы және адамзаттың

түрлі ұрпақтарының тіршілік-тынысымен, әділ патшалар мен
жәбірші әмірлердің істерімен қоса, қоғамның даму қағидала-
рына (заңдылығына) қанықтырады. Бұдан туындайтын ілім

– түрліше тарихи оқиғалар, адамзат басынан өткен жақсылық

пен жамандық, ой елегінен сүзіліп, бал шырынындай бәріміз-
ге қымбат, теңдесі жоқ ақылшы, қайғы мен қуанышта қапысыз
жолдас болатын білім тірегі – тарих»¹, – деген ойды білдіреді.
Қазақтың тіл, тарих, әдебиет ж.б ғылымдарының өрісін ке-

ңейтуде зор серпіліс жасаған Ахмет Байтұрсынов та, тарих
ғылымының басты өзегі қарапайым адамдар өміріне арналу
қажеттігін көрсетеді. Ол: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы та-
рих. Тарихтың қызметі – бүтін адам баласының яки бүтін бір

жұрттың, иә таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай
айту. Тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей
табиғат заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан
кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сын-

ға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді» дейді. Сонымен қатар
зиялы қайраткер «Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шек-
кенін сөйлейтін тарих – «Жалпы тарих», мәдениет жүзінде жүр-
ген жолдарын баяндайтын тарих – «Мәдениет тарихы», ал мә-

дениеттің түрлі тараулары – «Тарих тармақтары» деп аталады.
Мәселен, «шаруа тарихы», «ғылым тарихы», «өнер тари-
хы», «дін тарихы», «даналық тарихы», «әдебиет тарихы»
тағысын тағы сондай тарихтар»2, – деген ғылыми ойы, «күн-

деліктілік», «әлеуметтік тарих», «интеллектуалды тарих»,
«экономикалық тарих» сияқты европалық тарихи білім жү-
йесіндегі ғылыми парадигмалармен дәл келеді.
-------------------

1 Халид Қ. Тауарих хамса. Ауд. Б. Төтенаев, А. Жолдасов.— Алматы:
Қазақстан, 1992.—304 бет- (6).
2 Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, «Әдебиет Әлемі»,

2012. Т.9: ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы – 368 бет – (123б).

16

Өкінішке орай озық ойлы интеллигенция өкілдері және олар-
дың идеялары қуғынға ұшырады, басылып-жаншылды...
Әсіресе, А. Байтұрсынов қазақ қоғамының өткен өмірінен
қалған іздер – дерек көздер жөніндегі пікірін былайша білдір-

ген еді: «... шежіре айтушылар естіген-білгенін сол қалпында,
шикі түрінде тізеді. Тарихшылар құр істегенімен қанағаттан-
бай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады. Шежіре, заман хат,
өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрсе-

лер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді. Аударып,
ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтармен салысты-
рып, сипатталған мағлұматтардан ғана алады. Тарихшылардың
мақсаты уақиғаның уақытын ғана көрсету яки не түрде болған

тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нен-
дей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі
мәнісімен де таныстыру», – дейді. Шежіре көп жағдайда бір ру-
дың, ұрпақтардың яғни туыстық тізбектегі тарихи сабақтастық-

ты баян етеді. Сондықтан А.Байтұрсынов тарих ғылымы үшін
шежіреден гөрі «тарихи әңгімелер» жанрына ерекше баға бер-
ген: «тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар тура-
сында сөйлейтін әуезелер «тарихи әңгіме» деп аталады. Тарихи

әңгіме тек лақап әңгімеден мазмұнның шындығымен айырыла-
ды. Жұрт аңыз қылып айтып жүрген әңгімелердің өтірігі көп
болады. Тарихи әңгіме тарих асасына сүйенетін шын әңгіме
болады», – деп дәстүрлі дерек көздеріне қатаң сынмен қа-

рай білген. Расында, бізге жеткен тарихи әңгімелердің бірін-
де, заманның тіршілік-тынысын анық көруге болады. Тарих
айту дәстүрі жөнінде кеңірек түсініктің қалыптасуы үшін де-
рек мазмұнын кеңірек бергенді жөн көрдік. Онда: «... менің

жасымды сұрасаң жетпіс сегіздемін. Көргеніміз көп болға-
нымен, білетініміз аз болар. Қайсы бірі есте қалды дейсің.
Әкеміз кедей болды. Асырауға халі келмеді. Төрт баланың
(Әбеу, Әубәкір, Мақажан, Сыздық) ішіндегі үлкені мен едім.

«Он үште отау иесі» дейді халық. Мен он үш жасымнан
бастап осы Қарағанды кенінде кіре тарттым. Ол кездегі осы
өңірдегі халықтың кәсібі сол еді», – деп басталатын Қараған-
дыдағы алғашқы өнеркәсіп жұмысшысының бастан өткерген

ауыр өмірі баяндалады. Әрі қарай 78 жастағы қарт 13 жасын-
да әкесіне өлеңмен жолдаған хатын оқып берген: «– Иә, әке,
қабыл болғай берген батаң, Сенгені бір үйлі жан Көкала атан;

17

Көк тиын әлі алғаным жоқ, Білмеймін қожайынның түрі қатаң,

– дейді, әрі қарай ол – Аяғын ұмытып та қалыппын. Әкеміздің

парсыша сауаты бар еді. Бір қатынасқан кісіден мынадай жауап
алдым: «– Қарағым, айналайын, жаным балам, Азайған несібесі
әлсіз бабаң; Сөзіңе «рақымсыз мырза» деген, Күдіксіз ешбір
оған мен де нанам. Қаламаса ешбір жағдай оған сенер, Ақыңды

дұрыс санап бермесе егер; Өксітпе өміріңді, қарашығым. Деп
отыр анаң-дағы «қайтып келер», Жауыздар сорлыларды әсте
арбаған; Бақалшы, сәудегерлер жұрт алдаған, Тәлкесу кіре тарт-
қан бола алмады; Тілейік күнкөрісті бір Алладан!». Ақша орны-

на берген талон бойынша қожайынның лавкасынан қант, шай,
сіріңке және шешемнің тапсыруымен ақыреттік бөз сатып алып,
ауылға қайттым»1, – делінген. Мәтін Әбеу Жаманкөзевтен 1956
жылы 16 мамырда жазылып алынған. Ә.Жаманкөзев 1901-1920

жылдары Қарағандыда кіреші болып жұмыс істеген. Бұрынғы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ворошилов атындағы колхоз-
дың тұрғыны. Бұл жад дерек көзінде қазан төңкерісіне дейінгі
жұмысшылардың ауыр халі баяндалады. Заман куәгерінің айт-

қан естеліктері зерттеушіні, тыңдарманын өткен өмірді жақын-
нан тануына мүмкіндік береді. Сондықтан тарихи әңгіме жан-
рындағы деректердің ғылымда алар орны зор болмақ.
Қазақ елі – өте бай тарих айту және оны сақтау дәстүрі мен

мәдениеті бар халық. Өткен өмірінде көшпелі өмір салты ба-
сымдық танытқан қоғамда ауызша тарих айту дәстүрі белгілі
дәрежеде, отырықшы өркениетті елдердегі архив пен кітап-
хана міндетін атқарды, халықтың рухани өмірі ұрпақтан-ұр-

паққа осы негізде жетіп, ұласып отырды. Қазіргі уақытта Қа-
зақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының және
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Мәдени
мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында 100-томдық «Баба-

лар сөзі» атты жинақ шығарды.
«Бабалар сөзі» топтамасының 20 томы батырлар жырына,
13 томы тарихи жырларға арналған. Жетеуі діни, 13-і хикая-
лық дастандар. 8-і ғашықтық дастандар, 5 томы ертегілерден

тұрады. «Бабалар сөзінің» 100 томдығын даярлаған зиялылар
ұжымы елішіндегі інжу-маржандай асыл қазынаны халықтың
өзіне ұсынып, азаматтық зор істер атқарды.
----------------------

1 Бабалар сөзі: жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 96: Ауызекі
әңгімелер. – 432 бет – (28б).

18

Жинақта қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әлеуметтік
өмірі, тұрмысы, салт-санасы, дәстүрі, шешендік өнері түгел
қамтылған. Әсіресе, тарихшылар үшін маңызы зор сериясының
бірі – 96-том. Онда «тарихи әңгімелер» жанрындағы фактілік

материалдар топтастырылған. Қарағанды өндірісіндегі жұмыс-
шылардың, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін бастан өткер-
ген куәгер қарттардың әңгімелері кеңінен қамтылады. Сонымен
қатар Абайды, Ақан серіні, Балуан Шолақты ж.б. көргендердің

жадтағы естеліктері беріледі. Бұл фактілік материалдар халқы-
мыздың өткен өмірін, тыныс-тіршілігін «сымға тартқандай ай-
на-қатесіз» (А.Байтұрсынов) тануға жол ашады.
Қазақ қоғамындағы тарих айту дәстүрі тақырыбы А.Сейдім-

бек, Г.Жүгенбаева, М.Алпысбес сияқты зерттеушілердің мо-
нографиялық еңбектерінде көрініс тапты. Бұл ретте этног-
раф-ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша
тарихы. Шежірелі деректерді пайымдау» (Астана, 2008. 728б.)

аталатын іргелі еңбегін атаған жөн. Белгілі зерттеуші ғалым
өз еңбегінің талдау нысаны ретінде қазақ елінің тарих айту
дәстүрінің көне де, өміршең саласы – шежірені алған. Автор
кітабында шежірелік айғақ-деректерді кең көлемде ғылыми

айналымға тарта отырып, бұрын-соңды айтылған, жазылған,
тіптен аксиомаға айналған кейбір ой-тұжырымдарға сәйкес
келе бермейтін біраз тың тұжырымдар жасайды. Шежірелік
дәстүрдің уақыт тезінен сүрінбей өткен, сондай-ақ бүгінгі күр-

делі заманда да елдің рухани сұранысына қызмет жасап отыр-
ған құндылықтар қатарында екендігіне көз жеткізеді.
Ұлттық тарихнамада тарих айту дәстүрінің орнын анықтау-
да тарихшы ғалым Г.Жүгенбаеваның қосқан үлесі бар. «Дәс-

түрлі ауызша тарих: теориялық-методологиялық және дерек-
темелік аспектілері» (Алматы, 2009-283 б.) атты іргелі зерттеу
еңбегінде ол тарихи мұралардың деректік құндылығын ғылы-
ми негізде арнайы талдауға алады. Соған сәйкес халық жадын

жаңғырту, оны сақтап, келешекке жеткізу ісінің маңызына үлкен
мән береді. Отан тарихын ұлттың өз мұралары негізінде тану қа-
жеттілігін ерекше көрсете алған. Сондай-ақ, тарихшы Л.Қ.Жүсі-
пованың ХV-ХVІІІ ғғ. "Қазақ хандығы" (Павлодар, 2015.375 б.)

атты монографиясында қазақтың тарих айту дәстүрі мәселесі
терең теориялық талдауға алынған. Аталған еңбектің де отан та-
рихы методологиясын жаңартуда өзіндік орны бар.

19

Сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық уни-
верситеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің тарихшылар ұжымы тарих айту дәстүрі
және қазіргі жаңа технологиялар жөніндегі ақпараттық мақа-

лаларды жарыққа шығаруда1.
Айтылған тарих: дефиниция мәселесі жөнінде. Қазіргі
тарих ғылымындағы жаңа технологиялар ғылымның тілі мен
терминдік аппаратын күннен-күнге жаңартуда. Соған сәйкес

«тарих айту дәстүрі», «айтылған тарих» сияқты жаңа ұғым-
дар ғылыми айналымға тартыла бастады. Сол себепті «Ай-
тылған тарих» термині дефинициялық тұрғыдан арнайы тал-
дауды қажет етеді.

Әлемдік тарихи зерттеу жүйесінде «Оral Ніstory» аталатын
бағыттың орын алғаны белгілі. Ол екінші дүние жүзілік со-
ғыстан кейін Америка құрама штатында бой көтерген. Алай-
да одан ертерек 1938 жылы, Колумбия университетінің про-

фессоры, Аллан Невинс өз әріптестерін Американың соңғы
алпыс жылдық қоғамдық, саяси, мәдени өмірінің көрнекті
куәгерлерінен жүйелі түрде ауызша айтқан әңгімелерді тас-
паға тіркеуді алғаш ұсынған болатын. Арада он жыл өткен

соң, 1948 ж. көктемінде Америка құрама штаттарының да-
муына ықпал еткен тұлғалардың мемуарларын жазып отыра-
тын айтылған тарих Кабинетін құрады. 1971 ж. Кабинет қыз-
меткерлері екі жарым мың кісіден сұхбат алып, 350 мыңдық

беттен тұратын жинақ шығарды. Міне, осы уақыттан бастап,
оның өрісі кеңейіп, қарқынды даму ала бастайды. Бүгінде
европалық елдерде, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Жаңа
Зеландияда және т.б. көптеген елдерде «Оral Ніstory» зерттеу

жұмысы жүргізілуде.
Соған қарамастан батыстық елдерде «Оral Ніstory» тер-
минінің дефинициясы жөніндегі пікірлер алуан түрлі. Ағыл-
шын тарихшылары аталған терминнің алдын-ала теория-

лық-методологиялық негіздеулерсіз, қолданымға асығыс
енгізілгенін айтады. Сондықтан да ол сәтсіз қойылған тер-
мин деп есептейді.
---------------------

¹Махат Д. Ұлт тарихын зерттеуде ауызша тарих деректерін пайдала-
ну: методологиялық мәселелер; Ковальская С.И. Устная история и новые
возможности в изучении Истории Казахстана; А.Х. Бикенов Ауызша та-
рих қазақ қоғамын зерттеудің тиімді тәсілі ж.б. // http://www.enu.kz

20

Себебі, ол бүгінде «ауызша тарих»: Оral Ніstory, «ауызша
деректер»: Oral Sources, «ауызша дәстүр»: Oral tradіtіon және
«ауызша куәліктер»: Oral Еvіdence деп аталынып, бірнеше си-
нонимдік сөздер тізбегін түзді1. «Ал кейде бұл ұғымдар бір-біріне

қайшы келетін тұстары да бар» көрінеді. Бұл тығырықтан шығу-
дың амалы ретінде бельгиялық антрополог-африканист Ян Ванси-
на тарих айту дәстүрі («Устная традиция как история») еңбегінде
екі терминді «тарих айту дәстүрі» мен «айтылған тарихты» («уст-

ная традиция историй» және «устная история») қатар пайдала-
нуды ұсынады. Алайда, «тарих айту дәстүрі» (устная история как
история) және «айтылған тарих» (устная история) деректерінің
ішкі жанры бір-біріне жақын келмейді. Тарих айту дәстүрі («Уст-

ная традиция») – өткен кезең туралы бұл ортада жоқ адамнан
ауыздан-ауызға жеткен ақпараттардан тұрады. Оған қазақ қоға-
мында шежіре, тарихи әңгімелер, тарихи жырлар, тарихи дастан-
дар ж.б. мысал бола алады. Ал айтылған тарих («устная история»,

яғни, «Оral Ніstory») оқиға куәгерлерінің жанды дауыспен айтқан
әңгімелерінен, өзі берген сұхбатына қол қойып бекіткен, құжат-
тарда көрініс табады. Сұхбат алған тарихшы ол материалдарды
мұрағаттайды, дерекке айналдырады, ғылыми талдауға алады.

Айтылған тарихтың негізгі ерекшелігі де міне осында болмақ.
Бүгінгі айналымда жүрген айтылған тарих бағытының
негізін қалаушы Колумбия профессоры Аллан Невинс те Оral
Ніstory – терминінің дефинициясы жөніндегі өз ойын: «Оral

Ніstory» тарихи оқиға куәгерлерінің айтқан естеліктерін, де-
рекке айналдыруды мақсат етеді», – деп білдірген болатын.
Ал кейінгі зерттеушілер дәстүрлі түрде ауыздан-ауызға жет-
кен әңгімелерді де, түрлі адамдардың тарихи жинақтарында-

ғы (басылып шыққан) естелік мәтіндерін де қоса айтып, «Оral
Ніstory» зерттеу әдісінің деректік жанрымен шатастырса керек.
Жалпы аталған ғылым бағыты жөнінде Британ тарихшысы
Пол Томпсон: ««Оral Ніstory» – адамның жеке тәжірибесі көр-

сетулерінен алынған тарихи ақпаратты, магниттік таспаға жа-
зып алып, оны дерекке айналдыру дегенді білдіреді»¹, – деп
жоғарыдағы авторлар ойымен бір арнадағы тұжырымға келеді.
____________________

1Бутько В.Н. В.Н. Устная история: проблема определения // Наука в современ-
ном мире: материалы І Международной научно-практической конференции (1 ап-
реля 2010 г.): сборник научных трудов. М., Спутник, 2010.
2Томпсон П. Голос прошлого: устная история / П. Томпсон; ред. Е. И.

Солдаткина. – М.: Весь мир, 2003. – 368 с.

21

Деректің бұл жаңа түрі келесі буынға тарихи оқиға туралы
оны көзімен көзкөрген, оған куә болған адамдардың естелік
әңгімесі арқылы түсінік алуға, оны қайта қорытуға жол ашады.
Дефиниция мәселесі Ресейлік ғалымдар арасында да бір

арнаға түспеген. Себебі, «Устная история» термині ғылыми
айналымға ағылшын нұсқасындағы қалыппен (калька) енген
болатын. Бұл пікірді төмендегі ақпараттар негізінде көре ала-
мыз, зерттеуші Урсу: ««устная история» термині тиянақты

негіздеуді қажет етеді. Өйткені бұл термин екі жақты мәнге
ие. Терминді сәтті қойылған деуге болмайды, ауыздан-ауыз-
ға жеткен әңгімелер мен таспаға жазылып алынған әңгіме-
лердің шартты түрдегі өзіндік сипаты бар: куәгерлердің ауыз-

дан-ауызға жеткен көрсетулерін қайда жатқызамыз? Әзірге
оған дәл келетін ұғымды табу оңай болмай тұр»1, – дейді.
Ресей ғалымдары арасында бұл дискуссия 80-жылдардың
соңында орын ала бастаған. Ал бүгінде тарихи зерттеулердің

бұл бағыттары (айтылған тарих, күнделіктілік т.т.) қарқын-
ды даму алып, диссертациялық, монографиялық зерттеулерде,
әдістемелік құралдар мен оқулықтарда көрініс тауып үлгерді.
Сөйтіп, ХХ ғасырға тиесілі түрлі тақырыптарда ғылыми-зерт-

теу жобалары орындалып, оның «жанды тарихы» жазылу
үстінде. Жаңа зерттеу әдістері жоғары оқу орындарында ғана
емес, жалпы білім беру жүйесінен де орын алып үлгерді. Сұх-
бат әдісімен алынған материалдарды мемлекеттік мұрағат-

тарда сақтау дәстүрі кең қанат жаюда.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Универси-
теті жанынан «Айтылған тарих» орталығын ұйымдастыр-
ған профессор М.Қойгелдиевтің пікірінше «Ауызша тарих»

атауы сәтті шыққан атау емес. Бұл терминде тарихи фактіні
сақтау және жеткізу ісінде тілдің атқаратын функциясына
басымдылық беріледі де, ал жадтың атқаратын рөлі сырт-
та қалып қояды. Ал жад пен тілдің өзара бірлікте атқаратын

міндетін «айтылған тарих» ұғымы арқылы толығырақ қамту-
ға болады2.
------------------------------
1Бутько В.Н. В.Н. Устная история: проблема определения // Наука в современ-

ном мире: материалы І Международной научно-практической конференции (1 ап-
реля 2010 г.): сборник научных трудов. М., Спутник, 2017.
2Қойгелдиев М.Қ. Мемлекеттілігін құрып жатқан ұлттың тарихшысы күрес-
кер болуы керек!//Алаш айнасы, №95 (1006), 7.06.2013 жыл,(6 б.)

22

Соған байланысты ол «Oral Hіstory» ұғымының қазақ
тіліндегі баламасы ретінде «Айтылған тарих» ұғымын қа-
былдауды ұсынды. Яғни, «Айтылған тарих» қазақ қоға-
мында ерте замандардан үзіліссіз келе жатқан «Тарих айту

дәстүрінің» бүгінгі заман сұранысына лайық жаңа техника-
лық мүмкіндіктер негізінде қайта жаңғырған түрі. Тарихшы-
лар арасындағы алғашқы ашық талдау 2013 жылы телеарна
бағдарламасы арқылы өткізілді. Сосын, «Айтылған тарих»

ғылыми-зерттеу орталығының алғашқы елішілік ғылыми
экспедиция материалдарын (аудио және видео) ҚР орта-
лық мемлекеттік мұрағат қорына тапсыру шарасы өтті. Осы
шара туралы қоғамды хабардар еткен жорналшы Ә.Меңдіке

«Жаңаны жаңа дегенге не жетсін, шіркін!»1 атты мақаланы
жариялай отырып, Орталық мұражайда өткен бұл шараның
елдің мәдени өміріндегі жаңа құбылыс екендігіне назар ау-
дарды. Қазақ тілінің белгілі маманы академик Р.Сыздықова

«Айтылған тарих» терминінің сәтті алынғанына көңіл ауда-
рып, мұндай мазмұндағы әрекетке қолдау жасады2.
Сондай-ақ, журналист Ж.Кенжалиннің пікірі де осы арна-
да айтылды3.

Сонымен, "тарих айту дәстүрі" мен "айтылған тарих" та-
рихи тұрғыдан өзара сабақтас ұғымдар. Айтылған тарих –
зерттеуші мамандардың оқиға куәгерлерінің берген көрсе-
тулерін бүгінгі техникалық құралдар арқылы жазып алып

дерек көзіне айналдыру қызметі болып табылады.
Тарихшы мамандарға, студент жастарға, магистрант және
докторанттарға арналған бұл оқу құралы өзінің оқырманда-
рын тарихтанудың айтылған тарих аталатын жаңа әдісімен

таныстыруды мақсат тұтады. Осы салада қазақ тілінде алғаш
рет жарық көрген оқу құралына байланысты орынды айтыл-
ған сын пікірлерді авторлар ұжымы қабыл алып, болашақ
жұмыстарында ескеруге даяр екендігін білдіреді.

--------------------------
1Нұртайұлы Ә. «Жаңаны жаңа дегенге не жетсін, шіркін!» //Жас Алаш,
№28, сәуір 11 сәуір 2013 ж.
2Ғылым-ғұмыр. Академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықова. – Алма-

ты: «Арыс» баспасы, 2014. – 400 бет – (85б).
3Кенжалин Ж. Алаш тарихының айнасы.//Қазақ газеттері, 26.03.2014ж.

23

1 ТАРАУ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ

ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ

1.1 Көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдар-
дағы тарих айту дәстүрінің ерекшеліктері және
оның даму кезеңдері
1.2 Ортағасырлық түркілер және қазақ қоға-

мындағы жадта сақтап айту дәстүрі мен жазба
мәдениетінің өзара байланыста даму тарихынан
1.3 Эпостың тарихилығы
1.4 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс айтыл-

ған тарих деректерінде
1.1 Көшпелі және жартылай көшпелі
қоғамдардағы тарих айту дәстүрінің
ерекшеліктері және оның даму кезеңдері

Өткен тарихында басым түрде көшпелі немесе жартылай
көшпелі тұрмыс жағдайында өмір сүрген халықтардың ғылыми
тарихын жазуда тарих айту дәстүрі материалдарының деректік
сипаты туралы мәселенің маңызы үлкен. Бұл жағдай жадта сақ-

тап ауызша айту мәдениетінің көшпелі қоғамдардың өмірінде,
әсіресе оның рухани мәдениетінде алатын орнынан туындайды.
Міне осыған байланысты қазақ және басқа онымен тағдырлас
халықтардың тарих айту дәстүрін теориялық тұрғыдан ғылыми

талдауға алу қажет-ақ. Өкінішке орай бұл тақырып ғылыми ең-
бектерде арнайы зерттеу тақырыбына соңғы жылдары ғана ай-
нала бастады. Ал өз кезегінде бұл мәселеге жаңа тұрғыдан келіп,
оның табиғатына сай зерттеу әдістерін қалыптастырмайынша

іргелі мәселе – көшпелі және отырықшы мәдениеттердің даму
барысындағы ортақ қасиеттерімен бірге өзара ерекшеліктерін
белгілі бір ғылыми деңгейде түсіндіріп беру қиынға түседі.
------------------------

*Бұл материалдың өткен ғасырдың сексенінші жылдары жазылғанын ескертеміз. *

24

Ал егер, мәселені нақты қазақ тарихымен байланыста қарасақ,
онда соңғы жылдарға дейін тарихшы мамандардың фольк-
лорлық ескерткіштердің деректік сипатын мойындаудан әрі
аса алмағандығын айтуға тура келеді. Қазақ халқының тарих

айту дәстүрі материалдарының тарихи реконструкцияда ала-
тын орны, ғылыми тарихқа байланысты жанрлық ерекшелік-
тері мен оларды пайдалану әдісі монографиялық зерттеулер
көлемінде арнайы сөз болуға лайық.

Біз бұл тарауда қазақ халқының тарих айту дәстүрінің жанр
ретінде мазмұнына, функциялық ерекшеліктеріне, оның де-
ректік материалдарының зерттеу еңбектерінде айналымға түсу
тарихына, сондай-ақ тарихи жыр, жыраулар мұрасын негізге

ала отырып кейбір методологиялық мәселелерге тоқталмақпыз.
Сонымен, ауызша тарих айту дәстүрі дегеніміз не? Бұл
сұраққа жауапты, біздің түсінігімізше, жалпы жадта сақтап
айту дәстүрі немесе ауызша айту мәдениеті сияқты ұғымдар-

ды талдаудан бастаған жөн. Өйткені жадта сақтап тарих айту
жалпы ауызша айту дәстүрінің құрамды бөлігі, сол мәдениет
жүйесінде ғана қалыптасып өркендей алатын құбылыс.
Тарихи тұрғыдан алғанда ауызша айту дәстүрі, басқаша

айтқанда қоғамның өз рухани өндірісін негізінен немесе
бүтіндей осы жолмен өрбітіп, кейінгі ұрпақтарға да осы ар-
нада жеткізіп отыруы жазба мәдениеті біржола орныққанға
дейінгі тарихи кезеңді қамтиды. Ал ол кезеңнің әрбір қоғам

тарихындағы уақыттық шеңбері сол қоғамның нақты эконо-
микалық, әлеуметтік және мәдени өсу қарқынына, ерекшелік-
теріне тікелей тәуелді. К.Маркс грек өнері мен эпосының қо-
ғамдық дамудың белгілі бір тарихи түрлерімен байланысын

айта келіп «Ахиллестің оқ-дәрі мен қорғасын дәуірінде бо-
луы мүмкін бе? Немесе «Иллиаданың» баспа станогы, тіптен
типографиялық машинамен бір мезгілде болуы? Баспа сөздің
шығуымен бірге жыраулық өнер, батырлар жыры мен Муза,

сондай-ақ эпикалық поэзияға сұраныс тудыратын шарттар да
ғайып болмайды ма?»1 – деп жазды.
Сонымен бірге жадта сақтап айту дәстүрінің қоғамдық да-
мудың ерте кезеңіне тиесілі екендігін мойындаумен шектелу

жетімсіз болар еді.
____________________
1К.Маркс Экономические рукописи 1857-1861гг. (Первоначальный ва-
риант «Капитала») часть 1. М., 1980, – с.49

25

Жадта сақтап айту мәдениетінің қоғамдық қатынастар
жүйесінде алатын орны, оның ішкі өсу, өзгеру динамика-
сы барлық қоғамдарда бірдей емес. Егер де шаруашылығы
егіншілікке негізделген отырықшы елдерде қала, қолөнер

және саудамен бірге жазба мәдениетінің де өркен жаюы
біртіндеп ауызша айту дәстүрінің рухани өндіріске ықпа-
лын тарылта түссе, керісінше қоғамдық өмірі көшпелі не-
месе жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген

қоғамдарда ауызша айту мәдениетінің жан-жақты дамуына
қажет қолайлы шарттардың түзілгендігін байқаймыз.
Мәселен, орта ғасырларда, әсіресе оның бастапқы кезеңін-
де сауаттылық кең тарай қоймаған орыс қоғамында фольклор

әлеуметтік топтардың дерлік барлығын қамтиды. Ерте феодал-
дық эпос «Игорь полкі туралы сөз» (ХІІ ғ.) ауызша айту дәс-
түрі мен жазба мәдениетінің аралығында тұрған ескерткіш1.
Одан бергі кезеңдерде қоғамда сауаттылықтың билеуші топ-

тардың, қала тұрғындарының арасында тарай бастауына бай-
ланысты ауызша айту дәстүрі негізінен бұқара халықтың, тө-
менгі әлеуметтік топтардың өнеріне айналды. Сонымен бірге
ол кітап басу мәдениеті жетілген сайын қоғамдық тәжірбиені

сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізуші, қоғамдық таным мен пікірді
білдіруші жалғыз құрал болудан қалады. Тура осындай ұқсас-
тықты басқа да отырықшы мәдениеттерден байқаймыз.
Неміс ғалымы Г. Штробах сауаттылықтың тарауына байла-

нысты кейінірек ХҮІғ. Германияда қала бюргерлерінің орта,
кейінірек төменгі топтарының, ал ХІХғ. бастап село тұрғын-
дарының рухани мәдениеті жүйесінде халықтың поэтикалық
шығармашылығының дәстүрлі жанрларының үлесі бұрын-

ғыдан да азая түскендігін, оларды түрлі кітаптарды оқу мәде-
ниеті ауыстырғандығын айтады2.
Объективті себептерге байланысты көшпелі немесе жар-
тылай көшпелі шаруашылыққа, соған сай өмір салтына негіз-

делген қоғамдарда жазба мәдениетінің кең таралуына қолай-
лы шарттардың түзіле қоймауы ауызша айту дәстүрінің өзге
ауқымда және деңгейде көрінуіне негіз болды. Басқаша айт-
қанда, оның қоғамдық-мәдени құбылыс ретінде қалыптасу,

даму және гүлдеу сатыларынан толық өткендігін көреміз.
------------------------

1Лихачев Д.С. «Слово о полку Игореве» и культура его времени. Л., 1985, – с.15

2Штробах Г. Методологические проблемы исторического изучения фольк-
лора. // «Советская этнография», 1983, №5.

26

Сонымен бірге ол соңғы тарихи кезеңдерге дейін қоғамның
барлық әлеуметтік топтарын қамтыды.
Біз бұл арада, әрине ауызша айту дәстүрінің даму бары-
сындағы мұндай ерекшеліктерді көшпелі қоғамның артық-

шылығына жатқызғалы отырған жоқпыз. Адамзаттың прог-
рессивті даму жолындағы қоғамдық еңбек бөлінісі, соның
нәтижесі ретінде рухани өндіріс саласындағы аса маңызды
жетістіктер, баспа мәдениетінің өркен жаюы өмірде сапа-

лы жаңа кезеңді бастап бергендігі даусыз факті. Бұл арада
біздің айтпағымыз жазба мәдениетінің кең тарауына қолайлы
өмірлік шарттардың болмауы ауызша айту дәстүрінің осын-
дай бағытта және ауқымда дамуына негіз болғандығы еді.

Еуразия кеңістігінде мекендеген түркі халықтарында ауызша
айту дәстүрінің түрлі жанрларының (эпос және оның түрлері,
халық прозасы, шежіре ж.б) және оларды орындау өнерінің
даму жолы бұл пікірге толық дәлел бола алады.

Ауызша айту дәстүрінің көшпелі немесе жартылай көшпелі
қоғамдарда даму ерекшелігін алдымен оның әлеуметтік-мәде-
ни функциясынан анық көруге болады. Отырықшы қоғамдарда
жазба мәдениетінің түрлі әлуметтік топтардың арасына енуі

қоғамдық, әлеуметтік сұраныстарға сәйкес рухани өндіріс
саласындағы еңбек бөлінісіне ұласатындығы мәлім. Соның
нәтижесінде қоғамдық шындықты әрқайсысы өз тұрғысы-
нан түсіндіруді мақсат тұтқан әдебиет, тарихтану, философия

сияқты және басқа да қоғамдық ғылым, өнер салалары қалып-
тасып, өркен жаяды. Жазба мәдениеті негізінде ғана жүретін
мұндай қоғамдық сана саласындағы жіктелудің көшпелі өмірге
бейімделген өмір салты үстемдік құрған қоғамдарда болмауы

ауызша айту дәстүрінің көптеген жанрларының синкреттік
сипатының сақталып қалуын қамтамасыз етіп қана қоймай,
қайта оның бұл қасиетінің одан ары жетіле түсуіне итермеледі.
Мәселен, эпостың ауызша айту дәстүрінің негізгі жанрлары-

ның бірі ретінде қоғамның үдемелі дамуына сай барған сайын
кемелдене түсіп, қоғамдық шындықты мифтік дәрежеде қоры-
тудан оны жан-жақты бейнелеудің және танып білудің құралы-
на, тарихи оқиғалардың бірден-бір жетілген тарихи жылнама-

сы, куәлігіне (тарихи жыр) айналатындығы соның айғағы.
Дамыған федолдық қатынастар жағдайында әлеуметтік қай-
шылықтардың шиеленісе түсуіне байланысты қоғамдық күш-

27

тер арасындағы күрес құралы ретінде ауызша айту дәстүрінің
әлеуметтік рөлі арта түсетіндігі де талас тудырмаса керек. Сон-
дай-ақ, оның бұл функциясы көркем әдебиет және қоғамтану
ғылымдары дербес даму алған отырықшы мәдениеттермен са-

лыстырғанда көшпелі өмір салты үстемдік құрған қоғамдарда
айқын және кең көлемде көрінді. Өйткені ол бұл қоғамдарда
қоғамдық ойдың, әлеуметтік сын мен әшкерелеудің, идеоло-
гиялық күрестің пәрменді құралы міндетін атқаруға тиісті

еді. Міне осыған байланысты көшпелі елдердің фольклорлық
туындыларынан қайсы бір зерттеу еңбектерінде бой көрсетіп
қалатынындай, халықтың тек эстетикалық талғамы мен этика-
лық көзқарасын, тұрмыстық дәстүр ерекшеліктерін ғана көру

жалпы жадта сақтап айту дәстүрінің бұл қоғамдардың қо-
ғамдық қатынастар жүйесінде шын мәнінде атқаратын табиғи
функциялық рөлін тар шеңбермен шектеу болып табылады.
Бұл кезекте жадта сақтап айту дәстүрі мен ауыз әдебиетінің

ара қатынасы туралы мәселенің маңызы үлкен. Біздің түсінігіміз-
ше, халықтың жадта сақтап айту шығармашылығы (әсіресе оның
кемел шағында) халық ауыз әдебиетінің баламасы емес. Әдебиет
(оның фольклорлық және жазба әдебиеті сатыларында да) қо-

ғамдық шындықты қорытудың және түсіндірудің бірден-бір түрі
ғана. Сол сияқты, жанрлық ерекшеліктерін саралап алмайынша,
жадта сақтап айту дәстүрін бүтіндей тарих айтудың, тарихи оқи-
ғаларды түсіндірудің бастапқы түрі ретінде қарау да қисынсыз

болар еді. Осы тұрғыдан келгенде халық ауыз шығармашылығын
зерттеуге арналған еңбектерде оның синкреттік сипатын негізге
алу өзін-өзі ақтайтын әдіс. Бірақ бұл арада, біздің ойымызша, сол
синкреттілік қасиеттің өзінің ішкі даму кезеңдерін есепке алу-

дың мәні үлкен. Өйткені әлеуметтік-экономикалық жағдайлар-
дың өзгеруі барысында қоғамдық сананың, оның көрінісі болған
жадта сақтап айту дәстүрінің де өмірлік шындықты бейнелеуде
жаңа сапаға көтерілуі заңды құбылыс. Олай болса негізінен қо-

ғамдық қатынастардан бастау алатын мифологиялық танымның
тарихи шектеулігі мен дамыған феодалдық қатынастар шынды-
ғынан туындаған қоғамдық сананың өзара ерекшеліктерін еле-
местен, оларды талдауға бір өлшеммен келу методологиялық

қателік болар еді. Демек, архаикалық синкреттілік пен дамыған
жадта сақтап айту дәстүрі синкреттілігі, белгілі дәрежеде, әр-
түрлі сападағы көріністер. Басқаша айтқанда, бұлар бір сапада-

28

ғы құбылыстың түрлі даму сатылары, соңғысы алғашқысының,
салыстырмалы тұрғыдан айтқанда, кемел түрі. Тура осы сипат-
тағы мәселелерді қарауға байланысты ғылым методологиясы
бойынша белгілі маман Э.В. Ильенков: «Ғылым қалай болғанда

да түрлі тарихи кемелдік сатысындағы бір ғана құбылысты зерт-
тейді»¹ – деп көрсетуі орынды айтылған пікір.
Дамыған жадта сақтап айту дәстүрінің тарихи шындықты бей-
нелеудегі мүмкіндіктері оның фактілік материалдарын тарихи

дерек, ал дәстүрдің қайсыбір салаларын жазба тарихқа дейінгі
тарих айтудың түрі ретінде қарауға негіз болды. Оған бұл мә-
селені тарихнамалық түрғыдан қарау арқылы көз жеткізуге бо-
лады. Ал өз кезегінде объективті тарихнамалық талдаудың ал-

ғышарты – бет бағдарын кемел тарих айту дәстүрі айқындаған
көшпелілер мәдениеті өз мүмкіндіктеріне сай жазба дәстүрін де
қатар дамытып отырғандығын есепке алу болып табылады.
1.2 Ортағасырлық түркілер және қазақ

қоғамындағы жадта сақтап айту дәстүрі мен
жазба мәдениетінің өзара байланыста
даму тарихынан
Ортағасырларда шығысында Қытай қабырғасы мен баты-

сында Еділге дейінгі аралықты қамтыған түркілер қоғамында
VІ – VІІІ ғасырларға тән руникалық жазба ескерткіштері мен
XІ ғасырға тиесілі Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу білігінен»
бергі тарихи кезеңдерде түрлі қиындықтарға қарамастан жазба

мәдениеті үзіліссіз жүріп отырды. Ал егер нақты қазақ қоғамы-
на байланысты айтар болсақ ортағасырлық қолжазбалар бо-
йынша білікті маман Ә.Марғұлан XV – XVІ ғ. қазақ қоғамында
жазба мәдениетінің бірқалыпқа түсіп, айтарлықтай даму ал-

ғандығын дәлелдейтін көптеген фактілер келтіреді. Олардың
ішінде елеулілері кезінде Ресей Ғылым Академиясының Азия
музейіне (кейіннен Шығыстану институты) өткізілген Тәуекел
ханның (XVІ ғ.) немере інісі Оразмұхамед сұлтанның қолжаз-

балар сақталған кітап сандығы мен XІX ғ. 40-шы жылдары Бө-
кей ордасының ханы Жәңгірдің Қазан университетінің кітапха-
насына тапсырған қазақ қолжазбалары туралы мәліметтер.
-------------------------

¹ Ильенков Э.В. Диалектическая логика. Очерки истории и теории. // «Наука все же исследует один и тот же предмет хотя и на разных ступенях его истори-

ческой зрелости». М., 1984, – с.245

29

Ал XІX ғ. акад. В.В. Радлов қазақ қоғамында ғасырлар бойы
кең тараған көне жазба әдебиет үлгілерін өзінің зерттеулер
жинағының 3-і томында «Кітап өлең» («Книжные песни»)
деген ортақ атпен жария етті. Міне бұл келтірілген фактілер

ортағасырлық қазақ қоғамында жазба және жадта сақтап айту
дәстүрлерінің бейтарап емес, өзара терең байланыста дамыған-
дығын көрсетсе керек. Сондай-ақ, бұл өзара ықпалда басым-
дылық белгілі объективті себептерге байланысты жадта сақтап

айту дәстүрі жағында болғандықтан, соған байланысты түркі
халықтарының тарихына арналған ортағасырлық еңбектердің
деректік көзі негізінен сол дәстүрдің материалдарынан тұрған-
дығы толық негізді құбылыс еді.

Түркі тайпаларының, кейінірек қазақ халқының ұжымдық жа-
дында сақталған түрлі деректік материалдарды олардың тарихына
қатысты еңбектерде пайдалану өте ерте кезеңдерден бастау алады.
Үзінділерін Н.Я.Бичурин (Иакинф) аударған қытайдың «Тан

династиясының тарихында» жауларының қолынан апат тапқан
түркі тайпасынан он жасар жалғыз ұл қалады. Ана – бөрі оны
адамдардан қорғап, асырайды. Кейіннен ол көбейіп, түркі ру-
лары содан тарайды¹. Ертедегі түркі тайпаларының өздерінің

шығу тегі туралы тотемдік ұғымдарынан хабар беретін бұл
сюжет қағаз бетіне түскен ең көне аңыздардан екендігі даусыз.
Байырғы замандардан келе жатқан түркі тайпаларының та-
рих айту дәстүрін және оның материалдарын тарихи реконст-

рукцияда ең алғаш кең және ұтымды пайдаланған автор, әрине,
Рашид ад-дин Фазлуллах Хамадани. Тарихшының «Жылна-
малар жинағы» XІVғ. дейінгі түркі және моңғол тайпалары-
ның арасында сол тұңғыш шыққан күйінде сақталып келген

аса маңызды тарихи деректердің теңдесі жоқ жиынтығы ғана
емес, сонымен бірге олардың тарихи таным деңгейінің, тарих-
ты баяндау талғамының, бір сөзбен айтқанда тарихи ойының
энциклопедиялық көрінісі. Рашид-ад-дин өз еңбегіне жазған

кіріспе бөлімінде және шығарма текстінде түркі, моңғол халық-
тарының тарихына байланысты материалдардың жазба және
есте сақтау түрінде бірдей кездесетіндігін, әсіресе соңғы дәс-
түрдің айтарлықтай жақсы даму алғандығын ескертіп,

-------------------
¹ Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах обитавших в Сред-
ней Азии в древние времена. І. М.-Л, 1950. – С. 220-222.

30

бұл сападағы деректерді тарихи реконструкцияда пайдалану
принциптерін де береді1. Ғалымның пікірі бойынша әрбір ха-
лықтың жадында сақталып келген аңыз, әңгімелерде берілген
деректердің бәрі де құрметтеуге лайық. Олардың ішінде шындық

пен жалғанның аралас жүруі ықтимал, бірақ соған қарамастан
тарихшының міндеті белгілі айтушылар жеткізген деректерді
өзгертпей сол күйінде беру болып табылады. Демек, олардың
арасынан тарихи шындықты ажыратып алу оқырманның ісі.

Тарихтың ұлы зерттеушісі Рашид ад-дин өз еңбегін жазу
барысында алдынан түркі және моңғол халықтарының тарих
айту ісіндегі сұңғыла тұлғаларының өткендігін, ал өзі мен
қызметкерлерінің олардың айтқандарын мұқият қағазға түсір-

гендігін баяндайды. Сол кемеңгер тарих айтушылардың бірі,
мүмкін бірегейі Әмір Пулад-Чинсан туралы: «Әлемнің адамзат
қоныстанған бөлігінде түрлі өнерді игеру ісінде, әсіресе түрік
тайпаларының шығу тегі және тарихынан, моңғолдар [тарихы-

нан] оған [білім жағынан] тең келетін тұлға жоқ» – деп жазды.
Рашид-ад-диннің өмірбаянынан жақсы хабардар автор
Шамс-ад-дин Кашани Пулад-Чинсан мен Рашид-ад-диннің ар-
найы күннен-күнге ұстаз бен шәкірт сияқты жұмысқа отырып

«бақытты әмір баяндап, ал ғалым-уәзір оның сөзін жазып отыр-
ды» – деп көрсетеді. В.В. Бартольд өз ретінде Рашид ад-диннің
өз еңбегін жазу барысында ең алдымен осы Пулад-Чинсан мен
Газан ханның өзінің айтуларына сүйенгеніне көңіл аударады.

Рашид-ад-дин еңбегінің соңғы кезеңдерге дейін түркі ха-
лықтарының арасында өте кең тарап, белгілі болуының бір-
ден-бір себебі де оның түркі тайпаларының көне тарихын
беруде тарихи шындыққа жақындығында және көне түркі

халықтарының тарих айту дәстүріне құрметпен қарағанды-
ғында болса керек. Қазақ қоғамында Рашид ад-дин тарихы-
ның қысқартылған варианттары ХV – XVІ ғ.ғ. бастап қара
сөз және поэтикалық нұсқа түрінде мәлім болды.

XVІ ғ. соңы XVІІ ғ. бас кезінде түркі тайпаларының көне
замандардан келе жатқан тарих айту дәстүрін жазба түрінде
одан ары жалғастырушылардың бірі Қадыр Әлі би Қосымұлы
(Қадырғали Жалаири)1.

-------------------1 Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т, 1., книга первая. М.-Л., 1952. – С. 50 69, 91.

1Сыздықова Р., Қойгелдиев М., Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар
жинағы. Алматы, 1991, – 272 б.

31

Ол бұл дәстүрді жай жалғастырушы ғана емес, жаңа сападағы, бұ-
рынғы сансыз көп бытыраңқы түркі тайпаларының орнына келе
жатқан халықтық бірліктің алғашқы жылнамашыларының бірі бо-
лады. Сондай-ақ, Қадыр Әлі би сол тарихи кезеңдегі мәдени да-

мудың деңгейі мен сипатына сай ауызша және жазбаша тарих айту
дәстүрін бірдей меңгерген зерттеуші еді. Тарихшы көрсетулерінің
құндылығы да осы жағдайға тікелей байланысты екендігінде. Қа-
дыр Әлі би еңбегінің осы сипаттағы ерекшеліктерін кезінде Ш.

Уәлиханов та атап өткен болатын. Мәселен, Қадыр Әлі би XVІ
ғ. соңындағы қазақ қоғамын «Алач мыңы» атайды. Егер осы та-
рихи кезеңге тән басқа да деректерге көңіл аударар болсақ, онда
«алаш», «алач мыңы» халықтың өз ішінде қабылданған этноним

де, ал «қазақ» сырттан таңылған есім екендігін байқау қиын емес.
Қадыр Әлі би еңбегінде берілген бұл дерек XVІ ғ. саяси оқи-
ғаларына белсене атсалысқан жырау Шалкиіздің мына жолда-
рына сәйкес келеді. «Алаштан байтақ озбаса, арабыдан атты

сайлап мінбен-ді». Шалкиіздің ізбасары, Қадыр Әлі бидің За-
мандасы Жиембет жырау Есім ханнан көрген зорлығына налып:
«Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін»¹, – дейді.
XVІІ ғ. Қазақ және Орта Азиялық басқа түркі халықтары

арасындағы жазба және жадта сақтап тарих айту дәстүрлерінің
даму деңгейі мен олардың рухани мәдениетте алатын орнын
Әбілғазы Баһадур ханның «Түрік шежіресінен»2 көруге бола-
ды. Өз еңбегін үлкен деректік негізде және қарапайым түркі

тілінде жазған Әбілғазы хан халық зердесіндегі тарихи мате-
риалдарды жазба деректермен тең пайдаланды. Шежірелік
және эпостық (әсіресе «Оғызнаме») материалдар, тарихи
аңыз-әңгімелер, лингвистикалық және этимологиялық талдау-

лар, кең әрі орынды берілген мақал-мәтелдер Әбілғазы хан ең-
бегінің нанымдылық қуатын арттырып тұрғандығы анық.
Әбілғазы Баһадур хан мен Қадыр Әлі би еңбектерінде беріл-
ген деректік көрсетулердің XІX ғ. орта тұсында қазақ қоға-

мында кең тараған аңыз-әңгіме, жыр-дастандардағы материал-
дармен ішкі жақындығын кезінде Ш.Уәлиханов та байқаған еді.
Ол қазақтардың тарих айту дәстүріне тоқтала келіп: «Аңыз-дас-
тандардағы тарихи оқиғалар, тегі қазаққа жақын Әбілғазы жаз-

ған «Түрік шежіресі» атты және сондай-ақ әсіресе (Жами ат-та-
варих), шежіредегі деректерден алшақтамайды»3, – деп жазды.
----------------------

¹Бес ғасыр жырлайды. XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жы-

раулардың шығармалары. 2 том, Алматы, 1984. – 41,58,61 б.б.
2Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1992.
3Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 2, А., 1985. – С. 157

32

XVІІІ ғасырдан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы
қатынастың жиілей түсуі, соған байланысты Қазақстанда бо-
лып, оның тарихы мен мәдениеті туралы жазған орыс және
еуропалық авторлардың қазақ халқының тарих айту дәстүріне

көңіл аудармағаны кемде-кем. Гавердовский, Паллас, Спасс-
кий, Балкашин, Щербина және басқа авторлардың еңбектері
мен экспедициялық материалдарында берілген түрлі тари-
хи фактілердің, Березин, Радлов, Потанин, Диваев сияқты

ғалымдардың жинаған фольклорлық үлгілері мен зерттеу-
лерінің біз қарап отырған мәселені тереңірек түсінуге тигі-
зер пайдасын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сонымен бірге
тақырып ерекшелігі Левшин, Аристов сияқты авторлардың

еңбектеріне арнайы тоқталуды талап ететіндігі де ақиқат.
А.Левшин халық арасынан кездестірген тарихи аңыз, ма-
териалдарға жалпы сенімсіздікпен қараған. Қазақ халқы-
ның рухани мәдениетін бар ерекшеліктерімен тұтас күйін-

де түсініп қабылдай алмағандықтан солай болуы да заңды
еді. Бірақ, кез-келген тарихи мәліметтен шындықтың ізін
іздеген талантты ғалым ретінде ол халық арасынан алған де-
ректердің тарихи процессті баяндаудағы маңызын біржола

жоққа шығармай, қайта оларға сын көзбен қарап, еңбегінде
пайдаланып отырды. Мәселен, ол еңбегінің екінші бөлімінде
қазақ халқының шығу тегіне байланысты жеті аңызды беріп,
соңында бұл шежірелік аңыздардың бір-біріне қайшы келуі

бізді таң қалдырмауы керек, өйткені халықтың құрамына ен-
ген түрлі тайпалардың өз тегін осылай түсіндіруі табиғи құ-
былыс дейді.
Өз кезегінде Ш.Уәлиханов А.Левшин пайдаланған қай-

сыбір аңыздарда өзара үйлесімділіктің болмауының себеп-
тері туралы: «Левшиннің «Описание киргиз-казачьих орд и
степей» атты хабарламасында айтылған аңыз тіптен қазақ
арасында жоқ, ол аңыздың бірі біз әңгімелеген аңыздың бұ-

зылып, керісінше айтылған түрі. Қазақтар орыстарға аңыз-
дастанын бұзып, керісінше айтады», – дейді. Одан әрі Ш.Уә-
лиханов қазақтардың бұл көңіл-күйіне олардың патшалық
мемлекеттік аппаратқа сенбеушіліктен туған жағдай ретінде

қарайды. Әрине, бұл айтылған пікірге байланысты Левшин
еңбегіндегі халық арасынан алынған материалдардың түгел-
дей дерлік мәнін жоққа шығару қателік болар еді. Тарих-

33

шының өзі куә болған тарихи кезеңдегі қазақ қоғамындағы
жағдайға байланысты берген фактілік материалдары әлі де
өз мәнін жойған жоқ.
Реті келгенде айта кетейік, А.Левшин және басқа авторлар-

дың еңбектерінде берілген мәліметтердің тарихи шындық-
пен ара-қатынасын тексеруге мүмкіндік беретін аса құнды
материалдар, әрине, халық зердесінде сақталып келген түрлі
тарихи аңыз, жыр-дастандар.

Халықтың тарих айту дәстүріне құрметпен қарап, оның
материалдарын талдауға еңбек арнаған ғалым Н.А. Аристов
болды. Ол шежіре айтудың көшпелі және жартылай көшпелі
өмір талабына бейімделген өмір салтынан туындайтындығын,

шежіреде халықтың күрделі қалыптасу және даму жолы жат-
қандығын тура бағалап: «У киргиз-казаков такие родословные
встречаются нередко даже в письменном изложении. Раз такая
родословная попалась мне в одном из рукописных сборников,

которые ходят по рукам у грамотеев, самими ими составляют-
ся и содержат, иногда рядом с молитвами...»¹ – деп жазды.
Н.А. Аристов өз еңбегінің шежірелік материалдарды зерт-
теу ісіндегі алғашқы тәжірибелердің бірі екендігіне қарамас-

тан, шежірелерді, шежірелік аңыздарды талдаудың маңызды
принциптеріне де көңіл аударды. Мәселен, ол шежіре жазып
алудағы үш кезеңді атап (қытай жылнамаларындағы тари-
хи аңыздар, Рашид-ад-дин және Әбілғазы хан еңбектерінде

берілген шежіре-аңыз және соңғы кезеңдерге дейін халық
зердесінде сақталып, айтылып жүрген шежірелер), олардың
уақыт өткен сайын өзгеріп, түрлі өңдеулерге ұшырап отыр-
ғандығын айтып, сондай-ақ, шежірелік материалдарды қа-

рауда олардың пайда болған жері мен ортасына байланысты
ерекшеліктерін еске алуды ескертеді.
Қазақ халқының тарих айту дәстүрін тұңғыш рет арнайы
қарап, оған терең ғылыми баға берген Ш.Уәлиханов болды.

Бұл кезекте сол уақыттағы еуропалық білімді ғалымның қа-
зақ қоғамынан шыққандығы және өз халқының рухани бол-
мысын, салт-дәстүрін терең түсініп, қорыта алғандығы ай-
қын байқалды.

--------------------¹ Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и

сведения об их численности. С.Петербург 1897, – С.394

34

Ол халықтың көшпелі тұрмыс салтына сай бейімделіп да-
мыған тарих айту дәстүрі және ол дәстүрдің үлкен мәдени
құбылысқа ұласқандығы туралы «қазақ немесе алаш елінің
о бастағы шығу тегі қайдан» деген сұраққа, халық арасын-

дағы жыр-дастандардан қанағаттанарлық тәп- тәуір түсінік
алуға болады»¹ – деп, одан әрі «ұшы-қиыры жоқ даланың бір
шетінде айтылатын жыр-дастандардың оқиғасы боздаланың
екінші бір шетінде айна-қатесіз қайталануы таңдандырмай

қоймайтындығын айтады. Ш.Уәлиханов сондай-ақ, қазақ
тарихи жырларының ішкі ерекшеліктерін өте терең түсін-
ген алғашқы зерттеушілер қатарында болды. Мәселен, ол
«Ақтабан шұбырынды» кезінде туған жырлардың сипатына

байланысты: «Құлжа шаһарында ойраттың өткенін жақсы
білетін (туульчи) қариямен сөйлестім. Ол маған өзінің Хоур-
лықтың жорығы, оның ноғай мен қазақтарды жеңгені тура-
лы барлық көне жырларын айтып берді. Сол заман туралы

қазақтардың аңыздары қаншалықты мұңлы әрі зарлы болса,
қалмақтардың аңызы оның есесіне шаттық пен мақтанышқа
толы келеді екен»2 – деп, өте орынды жазып көрсетті.
Ш.Уәлиханов өмір сүрген тарихи кезеңде тарих айту дәс-

түрі материалдарын тарихи реконструкцияда пайдалану ту-
ралы мәселе қойылған да жоқ еді. Ғалым бұл мәселені «Қазақ
шежіресі» және басқа мақалаларында арнайы қарап, халық
зердесінде сақталып келген деректік материалдардың сапа-

сына кең тоқталып, оларды жазба деректермен салыстыра
пайдалану қажеттігін айтып, Ер Көкше жырына байланысты
Көкшенің тарихи қайраткер екендігін дәлелдейтін Никонов
жылнамасы мен Қадыр Әлі бидің «Жылнамалар жинағына»

сілтеме жасайды3.
Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов жадта сақтап айту дәстүрінің мәде-
ниеттегі феноменальдық құбылыс ретінде өз дамуы барысында
шарықтау шегінен құлдырау кезеңіне бет алғандығы туралы өз

пікірін жасырмай: «Бірақ, әттең, енді бір он жылдан соң біз іл-
геріде солай болып едік – деп қана айта аламыз, халқымыз сондай
тез өзгеріп барады», – деп жазды.
-------------------------

¹ Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1985. – 111 б.
2 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. в пяти томах. т.2, Алма-Ата, 1985. – С166.
3 Сонда, т.1, стр. 285

35

Ш.Уәлиханов пен И.А. Аристовтан соң қазақ халқының
тарих айту дәстүрі материалдарына құрметпен қарап, олар-
ды өз еңбектерінде аса маңызды дерек көзі ретінде үлкен
зейінмен және талғаммен пайдаланған ғалым әрі жазушы

Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ш.Құдайбердіұлы халық
арасында сақталған мол тарихи материалға сын көзбен қа-
рап, олардың ішіндегі тарихи шындыққа жанаспайтынын
қазақтың жаңылыс айтқан «тиянақсыз ертегі сықылды» сөз-

дері деп мінеп, шындық деңгейі жоғарыларын тарихи оқиға-
лар мен процесстердің ішкі астарын ашатын қажет материал
ретінде жазба деректермен қатар ғылыми айналымға тартып
отырған. «Мәселен, ол қазақ тарихындағы қаралы 1723 жыл-

дың «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атануы туралы:
«Сонда қазақтар аш-жалаңаш, жаяу шұбап бір көлдің басына
келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі
айтыпты: – Балалар адам бастан кешкен жақсылықты қандай

ұмытпаса, жаманшылық көргенін де сондай ұмытпауы керек.
Біздің бұл көрген бейнетіміздің аты «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» болсын дейді. Мағынасы: табанымыз ағар-
ғанша жаяу жүріп, көлді айналып жатқан күн дегені»1 – дейді.

Ш.Құдайбердіұлы халық жадында сақталып, біразы жаз-
ба күйінде тараған шежірелік материалдарға да үлкен көңіл
аударып, оларды еңбегіне негізгі деректік материалдар қата-
рында кең көлемде тартқан. Сонымен бірге ол халық тарихын

өте ерте кезеңдерден бері үзіліссіз тұтас күйінде бере алатын
шежіре жоқ, ондай шежіренің болуы да мүмкін еместігін
жақсы түсінген. Өйткені, халықтың қалыптасу процесі уа-
қыттық тұрғыдан алғанда бір сыдырғы тегіс емес, үзік-үзік,

ал этникалық құрамының түрлі тарихи кезеңдерде саяси жағ-
дайларға байланысты ылғи да өзгеріске ұшырап отырғанды-
ғын айтып: «Бірталайы әр рудан қысылып ел болып, маңын-
дағы елдерді шауып алып, егер де жеңілсе өзге жаққа ауып...

әр рудан қосылып, әр түрлі атпен аталған», – дейді.
Ш.Құдайбердіұлы қазақ шежіре, тарихи аңыз-әңгімелерінің
арасында тарихи шындыққа жақын, соған байланысты де-
ректік сапасы жоғарылары қатарына XІV-XV ғасырлардан

бергі саяси оқиғалар арасында пайда болғандарын жатқызады.
-------------------------
1.Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Орын-
бор, 1911, – 36 б.

36

Бұл халықтың тарих айту дәстүрі материалдарын ғылыми-
зерттеу жұмыстарында пайдалануда негізге аларлық прин-
циптік мәні бар пікір еді. Ғалым: «Әз Жәнібек ханнан бері
қарай біздің қазақ аталары туралы шынды-өтірікті айтылған

сөздер бар. Соның ішінде анықты дегенім, һәм дұрыс шежіре
хабарына тура келгендерін – шежіре кітаптардың сөзіне қо-
сып», – жаздым дейді. Басқаша айтқанда, Ш.Құдайбердіұлы
тарихи аңыз-әңгіме және тарихи жырлардағы тарихи факті-

лерді шежіре материалдары арқылы тексеріп, пайдалануды
ұсынды. Оның бұл пікірі Ш.Уәлихановтың тура осы тарихи
кезеңдерде туған жыр-дастан, тарихи аңыздардың деректік
сапасына байланысты жасаған тұжырымдарына сәйкес ке-

леді1. Халық арасында кең тараған ауызша тарих айту дәстүрі
материалдарымен өте жақсы таныс болған ғалымдардың мұн-
дай ортақ тұжырымға келуі, әрине, кездейсоқтық емес-тін.
Ұлт тарихнамасында ел жадындағы тарихи материал-

дарды айналымға тарту ісінде М.Ж. Көпейұлы мұрасының
орны ерекше. Тарихшы, этнограф-ғалым және ақын Мәш-
һүр-Жүсіп ел арасындағы дерек ретінде маңызы бар тарихи
фактілерді жинау ісімен өмір бойы айналысып, олардың біра-

зын тарихи тақырыпқа жазған еңбектерінде, көркем шығар-
маларында пайдаланған. Оның «Сарыарқа кімдікі екендігі»,
Абылай хан туралы топтамалары және басқа шығармаларын-
да берілген фактілік материалдар өмірлік шынайылығымен

ерекшеленеді2.
Мәшһүр-Жүсіп жұрт жадында қалған фактілік материалдар-
ды бергенде асқан шеберлік танытып, олардың түрлі вариан-
тын берді. Осындай әдісті ол, мәселен, Абылайдың қызметіне,

Кенесарының көтерілісіне байланысты фактілік материалдар-
ды беру барысында қолданысқа қосқан. Ел тарихындағы биік
адамгершілік, азаматтық үлгілір ғалымның назарынан тыс
қалмайды. Мәселен ол Кенесары ханның Қараөткел үшін шай-

қасқанда орын алған мынадай бір тарихи фактіні келтіреді: «...
Басқа шапқан батырлардан оққа ұшыраған Қыпшақ: Басығара
батырға оқ тиіп, қан майданда қала берген екен. Тама: Танаш
батыр Басығарамен құшақтасқан дос екен:

-------------------------------1. Валиханов Ч.Ч.. Собр.соч., т.1. – С.163-164, 285-286.

2Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 1-6 кітап. Павлодар. 2003-2005.

37

– Өлсем, өлейін, Басығарамен сүйегім бір жерде қалсын! –

деп, қайта шауып барып, Басығараның сүйегін алдына алып
өңгеріп келгенде, Кенесары хан айтқан екен:

– Дос болсаң, Тама – Танашпен дос бол! – деп. Көп заман-

ғаша бұл сөз жұрт аузында қалды».
Совет дәуірінде қазақ халқының тарих айту дәстүрі туралы
маңызды пікір айтып, оның фактілік материалдарын өз зерт-
теу еңбектерінде пайдаланған ғалымдар С.Аманжолов, М.А-

қынжанов, Ә.Марғұлан болды. Мәселен, Ә.Марғұлан «О ха-
рактере и исторической обусловности казахского эпоса» атты
маңызды мақаласында «Көне кезеңдердегі тарихи фактілер
мен тұрмыстық жайларды баяндауда қазақ эпосы қайсыбір

шақтарда жылнамалық жазбалардан кем түспей, тіптен ха-
лықтың жазуы жоқ кезеңдерде оларды ауыстырып отырады.
Эпостың оқиғаларды берудегі дәлдігі соншалық, олардың
көрсетулерін тарихи әдебиеттер де дәлелдей түседі», – дейді.

Бірақ, өкінішке орай, бұл ғалымдардың халықтың тарих айту
дәстүрін зерттеудегі бастамалары теориялық және методоло-
гиялық тұрғыдан өз жалғасын таба алған жоқ.
Халықтың тарих айту дәстүрінің ішкі жанрлық ерекшелік-

терін талдау, соған байланысты оларда берілген деректік
материалдардың тарихи шындыққа қатынасын және олар-
ды пайдалану әдістерін анықтау қазіргі уақытта ғылыми қа-
жеттілік болып табылады. Бұл көпқырлы мәселенің арнайы

тоқталуды талап ететіндігін және оқу құралы көлемінің шек-
теулігін ескере отырып, біз бұл арада тарих айту дәстүрінің
іргелі саласы – эпостың деректік сипатына тоқталмақпыз.
Эпос қоғамдық қатынаста, тәрбие жүйесінде қазақ қоға-

мының рухани тіректерінің біріне айналып, белгілі дәреже-
де тарихи материалды сақтаудың, оны келесі ұрпаққа жеткі-
зудің ерекше әдісі ретінде қалыптасты. Ал кітап мәдениеті
мен сауаттылықтың өрісі тар жағдайда тарихи білім ең ал-

дымен екі талапқа сай бейімделді. Біріншіден, ол жадта сақ-
талуға қолайлы түрде айтылуға тиіс болды және екіншіден,
қалың тыңдаушыға түсінікті әрі тартымды болуы қажет еді.
Тарихи білімнің шежіре және эпос сияқты жанрларының өр-

кен жоюы тікелей осы екі өмірлік талаптан туындағандығы
күмәнсыз. Міне осыған байланысты эпосты тарихи білімнің
мифологиядан кейінгі кезекті даму сатысы ғана емес, соны-

38

мен бірге белгілі бір спецификалық жағдайда тарихи ойды
дамытудың ерекше түрі ретінде қарастыруға толық негіз бар.
Осы уақытқа дейін халқымыздың мәдени даму жолын, со-
ның ішінде эпикалық дәстүрді тарихилық (историзм) прин-

ципі тұрғысынан қарау жетіспей келеді. Ал бұл әдістің негізгі
талабы тарихи сабақтыстықты естен шығармау, демек белгілі
құбылыс тарихта неге байланысты пайда болды, сондай-ақ
өзінің даму барысында қандай негізгі даму кезеңдерінен өтті

және ол осы даму тұрғысынан қарағанда қазір қандай күйде
екендігін анықтау.
Жоғарыда атап өткендей, көшпелі өмір салты үстемдік құр-
ған ортада эпикалық дәстүр барлық даму фазаларынан өтіп,

өзін жаратушы халықпен бірге кемелдене түсіп шындықты
бедерлеуде сапалы өзгерістерге ұшырап отырғандығы да
ақиқат. Оның бұл ерекшеліктерін біз батырлық жырлардан,
оның жаңа тарихи кезеңдегі (ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ басы) көрінісі,

қазақ халқының саяси тәуелсіздігі мен әлеуметтік мүддесі
үшін жүргізген арпалысты күресінің тарихи шежіресі тарихи
жырлардан анық байқаймыз.
Батырлық жырларда Қобыланды, Қамбар сияқты батыр-

лардың ерлік қызметінде жалпы халықтық мүдде бұлыңғыр
да, оның есесіне рулық, тайпалық мүдде анық, ашық көрініп
жатады. Қобыланды «Қараспанды жайлаған, қалың қыпшақ
елінен», Алпамыс «Жиделібайсын жерінен, қоңырат деген

елінен», өздері де сол елдердің намысын қорғап, «үйде отыр-
саң түзің жоқ, түзге шықсаң, үйің жоқ» жалғыз болып ке-
леді. Сондай – ақ, ол батырлардан ұлттық мүддені, бүкіл қа-
зақ жерін қорғауды күту де әділеттілік болмас еді. Батырлық

жырларды олар пайда болған тарихи арнада қарасақ нақты
тарихи материал осындай қорытындыға жетелейді. Өйткені,
ол тарихи кезеңде қоғамдық өмірде тайпалық бірліктің, үс-
темдік құруы соған сай идеологияда рулық сананың белең

алуына байланысты отандық, бүкілелдік мүдде сол тайпалық
одақтың қонысымен шектелетін.
Ал, тарихи жырда жағдай басқаша. Бөгенбай, Қабанбай,
Олжабай, Райымбек, Өтеген рулық мүдде, рулық патриотизм

бүкілхалықтық мүддеге, патриотизмге жол бере бастаған
жаңа тарихи кезеңнің, соған байланысты қоғамдық қызметін
тек өз руының ғана емес, бүкіл қазақ халқының тағдырымен

39

байланыстырған, тек өз руының теңдігі мен еркіндігі үшін
емес, жалпыұлттық теңдік пен еркіндікті мақсат-мүдде тұт-
қан, демек, өз дәуірінің прогрессивті принциптерін ұстанған
қайраткерлер. Өз заманының белсенді саяси қайраткерлерінің

бірі Қалқаман ұлы Бұхар жырау қазақ жасақтарының қолбас-
шысы Бөгенбай батырдың өлімін Абылайға естірте келіп ба-
тырдың өмір жолына мынандай баға берді:
Еңбек қылған ер үшін,

Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-атына
Сарып қылған бар күшін
Қарияң келіп жылап тұр

Еңбегі сінген ер үшін, – дейді.
Елдік ынтымақ пен бірлікті талап еткен дәуір рухына
жауап тек батырлар қызметі арқылы ғана көрініп қойған жоқ,
сонымен бірге, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты озық ұстаным-

дағы ойшыл билердің қоғамдық қызметінен, жасаған тұжы-
рымдарынан анық байқалды. Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей
сияқты ақын-жыраулардың толғау, өлеңдерінде ұлт бірлігі
негізгі тақырыпқа, бірінші кезектегі саяси аса маңызды мә-

селеге айналды. Егер батырлықтың негізгі өлшемі батырдың
өз руын не тайпасын қорғау емес бүкіл халқын, отанын қор-
ғау болса, жырау толғауында, шешен сөзінде, би кесімінде
бүкілхалықтық ұғым, мүдде ортағасырлық рулық, жүздік

ұстаным, түсініктерге қарсы қойыла бастады. Мәселен, Қаз-
дауысты Қазыбек би қазақ қоғамында терең тамыр жайған
феодалдық алауыздыққа қарсы шығып, «Бір атадан тумайық,
бір атадан туған соң, бір-бірімізді қумайық» десе, Әлібекұлы

Төле би мұндай алауыздықтың салдары туралы «Араздасқан
жаулықтың қасіреті мен азабын елің тозса білерсін», – дейді.
Міне осындай әлеуметтік және саяси жағдайда қалыпта-
сып, дамыған тарихи жырлардың деректік сипатына бай-

ланысты мынандай екі ерекшелігін бөліп айту орынды.
Біріншіден, тарихи жырлардан біз белгілі бір тарихи оқи-
ғаларға байланысты берілген жалпыхалықтық бағаны ғана
емес, сонымен бірге жазба деректерде жоқ көптеген құнды

фактілерді кездестіреміз. Бұл тұрғыдан алғанда тарихи жыр-
лар жазба деректерді толықтыра түсетін қосымша материал
ретінде ғана жүрмейді, сондай-ақ ол өзінше дербес маңызы

40

бар дерек көзі. Екіншіден, тарихи жыр, тарихи оқиғалар ту-
ралы қоғамның өз куәлігі ретінде тарихи процессті ішкі ди-
намикада қарауға жол ашады. Тарихи жыр фактілерінің бас-
қа деректермен, әсіресе шетелдік авторлардың куәліктерінен

айырмашылығы да және артықшылығы да тура осы қырынан
туындайды.
Нақты мысалдар келтірейік. XVІІІ ғ. 40-шы жылдарында-
ғы қазақ қоғамының ішкі саяси өміріндегі ең негізгі өзекті

мәселе – бір орталыққа бағынған мемлекеттік тұтастықты
қалпына келтіру жолындағы әрекет болды. Бұл туралы ар-
хивтік материалдардағы жанама деректерге сүйене отырып
М.П. Вяткин былай деп жазды: «...Мы имеем основания счи-

тать главным содержанием внутриполитической истории ка-
захов 40-х годов XVІІІ в. попытки воссоздать объединенное
казахское ханство. Традиции и политические представления
XVІІ и начало XVІІІ вв., времени объединенных казахских

ханств, были еще живы и политически действенны».
Бірақ бұл процестің өмірде орын алғандығы, оны қолда-
ған немесе оған кедергі жасаған феодалдық күштердің іс-
әрекеті туралы накты құжаттық материалдар жоқтың қасы.

Ал белгілерінен Әбілхайыр сияқты хандардың «аға хандық»
билікке емеурінін байқататын фактілер арқылы ғана топ-
шылауға болады. Демек, бұл мәселені қарауда жазба дерек-
терінің мүмкіндігі шектеулі. Соған байланысты тарих айту

дәстүрі, оның негізгі жанрларының бірі – тарихи жыр көрсе-
тулерін пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл кезекте ақын
Қазанғап Байболұлы қалдырған «Төле бидің тарихы» мен
ел арасында қолжазба және ауызекі түрінде тараған Абылай

туралы жырлар шоғырын бөліп айту парыз.
Мәселен, «Төле бидің тарихы» атты жырда жоғарыда атал-
ған кезеңде қазақ қоғамындағы саяси бірлік үшін түрлі ағым-
дар арасындағы күреске байланысты жазба деректерде жоқ

мынадай маңызды фактілік материал берілген. Онда Қазан-
ғап ақын Еркөбік атты кісінің қолжазба шежіресіне сүйене
отырып аса үлкен тарихи маңызы бар оқиға – Састөбе кеңесі
туралы мәлімет келтіреді. Шамамен, жоңғарлардың Оңтүстік

Қазақстандағы билігі құлағаннан кейін көп ұзамай өткен бұл
кеңестің, тарихи маңызы қысқаша мынаған саяды. Састөбе
кеңесі Тәуке хан тұсында дәстүрге айналып, «Ақтабан шұ-

41

бырынды» оқиғасынан кейінгі жылдары аса маңызды мәсе-
лерерді талқылауға байланысты тұрақты түрде үш жүз би-
лерінің басын қосып тұрған бүкілқазақтық кеңестің соңғысы
болатын.

Кеңесте талқыға түскен негізгі мәселе – қазақ қоғамының
саяси тұтастығы еді. Бірнеше күнге созылған түрлі күш-
тер арасындағы дискуссия феодалдық бытыраңқылықты
жақтаушылардың үстемдік алуымен аяқталып, тұтас мем-

лекеттік бірлікті қалпына келтіру әрекеті жүзеге аспай, үш
жүздің «әрқайсысына тиесілі енші жері» анықталады. Осы
тұрғыдан алғанда Састөбе кеңесі елдің саяси өмірінде бір ке-
зеңнің аяқталып, жаңа тарихи кезеңнің басталғанын білді-

ретін аса маңызды саяси тарихи оқиға еді.
«Ақтабан шұбырынды» кезеңінің аса көрнекті қайраткері
Әлібекұлы Төле би ұлы жүз билеушілерінің алдында сөйлеген
сөзінде Састөбе кеңесіне мынадай баға береді: «- Кешегі Бұ-

хара мен Хиуадан ата қонысқа әрең жетіп, енді етек-жеңімізді
жиып ел боламыз ба деп бет түзегенде, өткен Састөбедегі ке-
ңес елге құт емес, жұт болып тиді. Үш жүз бірігіп тұтас елге
айнала алмадық. Кесапат «Ақтабан шұбырынды» бізге сабақ

болмады. Кіші жүз бен Орта жүз ұзап, бірі Еділ-Жайық, бірі
Арқа асты. Әрқайсысының басында жеке басының күйі мен
тағының қамын ойлаған хандар тұр.... Енді қазақ ымыраға
келіп ел бола алады ма, сол қинайды жанымды», – дейді.

Тарихта халық тағдырына қатысты мәселеге байланыс-
ты үш жүз билеушілерінің басын біріктірген Састөбе кез-
десуінің болып өткендігіне күмәндануға негіз жоқ. Мұндай
дәрежедегі кеңестердің болып тұрғандығын жазба деректері

де растайды. Мәселен, белгілі би Қаздауысты Қазыбек 1745
жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевқа жолдаған ха-
тын осындай бір ірі кеңестің өтетіндігін хабарлаудан бастай-
ды: «Иана биз Қазубек биден инаралға суз будур: иети хан,

куп туре бару бизларниң уштумизга килалар. Сузлашамиз,
кингаш қиламиз тиб айталар».
Бүкілқазақтық саяси бірлік үшін күреске қатысты бұл ма-
териалдарды Абылай хан туралы тарихи жырлар циклі өте

орынды толықтыра түседі. Мәселен «Абылай хан» жырын-
да орта жүздің саяси орталығы Көкшетаудан Жәнібек ба-
тыр, Қаздауысты Қазыбек би, Бұхар жырау сияқты ықпалды

42

қайраткерлердің қолдауымен бұрынғы жалпықазақтық саяси
орталық Түркістандағы Төле биге Абылай сұлтан бастаған
үлкен өкілдік аттанады. Тарихи жыр бұл өкілдіктің мақсаты
қазақ хандығы ордасының бұдан былайғы тұрағын анықтау

деп білдіреді. Біздің пікірімізше жырдың көрсетуі тарихи
шындыққа жақын. Себебі сол кезеңдегі нақты тарихи қа-
жеттіліктен туындаған мұндай өкілдіктің Түркістанға атта-
нуының жоқ дегенде екі себебі бар еді. Біріншіден, М.П.

Вяткин орынды атап көрсеткендей, XVІІІ ғ. орта тұсында
және одан кейінгі жылдары да орталығы Түркістан қаласы
болған бүкілқазақтық саяси бірліктің өмір сүргендігі халық
есінде тура кешегідей әлі де сақтаулы еді. Ал, Төле би болса

қазақ жүздерін бір саяси орталыққа біріктіре алған Тәуке хан
тұсында төбе билік дәрежеде болғандығы мәлім. Орталық
хандық билік жойылғаннан кейінгі жылдары да халық ара-
сында Төле би босағасының «үлкен үй», «орда» атануы да

осы саяси жағдайдың жаңғырығы еді. Егер бұл тарихи ұғым-
түсініктерді сол кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен дәстүрлі
қоғамдық сана арнасында қарайтын болсақ, онда Төле би ша-
ңырағының қазақ хандары мен сұлтандарының «аға хандық»

билік үшін өзара күресіне ықпалын тигізіп отырғандығын
мойындауға тура келеді. Ол туралы тарихи жырда:
Бар еді ұлы жүздің Төле биі,
Халыққа орда болған оның үйі,

Үш жүздің баласына бата беріп,
Орыспен де сыры бар тұрған күйі, – делінеді.
Бұл ел арасында қалыптасқан пікірге қосымша Орынбор
әкімшілігінің арнайы тапсырмасымен XVІІІ ғ. орта тұсында

қазақ арасында жиі болып отырған казак Мансур Асановтың
есебінен Төле бидің Россияға жылы қатынасы туралы хаба-
рымен қатар, оған берілген мынадай бағаны оқимыз: «...знат-
нейший Кайсачин Тюля бий, который и в Ташкенте больше

хана владельцем почитается». Міне бұл келтірілген фактілер
Абылайға өз саяси ықпалын нығайта түсу үшін Төле бидің
қолдауын алу қаншалықты қажет екендігін көрсетсе керек.
Екіншіден, Төле би ықпалын тек идеологиялық факторға

жатқызу жетімсіз. Өйткені біз қарап отырған кезеңде би ұлы
жүздің шын мәніндегі билеушісі де еді. Міне сондықтан да
Көкшетаудан Абылай бастаған өкілдіктің Төле биге келген

43

осы сапарынан соң Абылайдың орта жүз бен ұлы жүздің
ханы есебінде айтылуы арасында байланыстың болуы әбден
мүмкін. Егер, Абылайдың қазақ салты бойынша хан көтері-
луі 1771 жылы Көкшетауда емес, Түркістанда өткендігін еске

алсақ, бұл пікірдің негізсіз емес, ал жырдың көрсетуінің та-
рихи шындыққа жақын екендігіне көз жеткізуге болады.
Қалай болғанда да сол тарихи кезеңдегі қазақ саяси
өмірінің белсенді қайраткерлерінің елдің саяси жағдайына

байланысты ірі мәселелерді талқылап, олар бойынша белгілі
бір тұжырымдарға келгендігі сөзсіз. Сондай-ақ, бір-бірінен
алшақ жерлерде (Көкшетау және Шымкент) өмірге келген
жырлардың өзекті бір тақырыпты түрлі жақтарынан ашып

көрсетуде үндес болуы, әрине, кездейсоқ жақындық емес
екендігі де даусыз.
Тарихи жырлардың рухани сипаттағы құбылыстарды қа-
растырудағы орны ерекше. Тіптен рухани өмір саласындағы

процестерді талдауға алу ісінде оларды ауыстыра алатын бас-
қа деректік материалдар жоқ десе де болады.
Қорыта айтқанда, қазақ қоғамында белгілі тарихи жағдай-
ларға байланысты тарих айту дәстүрі барлық даму сатыла-

рынан өтіп, өткен тарихи оқиғалар мен құбылыстарды жадта
сақтап, кейінге жеткізудің жетілген құралдарының біріне ай-
налды. Сондықтан да ұлт тарихын талдауға алу ісінде бұл дәс-
түрдің беретін пайдасын жоққа шығару тіптен де мүмкін емес.

1.3 Эпостың тарихилығы
(«Манас» эпосындағы қазақ тарихына қатысты
фактілік материалдар жөнінде)
Орталық Азияның байырғы тұрғындары санатына жата-

тын қазақ және қырғыз халықтары егіздің сыңарындай туыс,
өлкенің дәуірлік оқиғаларға толы күрделі саяси тарихында
ұзақ ғасырлар бойы белсенді рөл атқарған тағдыры жақын
халықтар. Әр кезеңдері қалыптасқан қазақ-қырғыз саяси ода-

ғы туралы шығыс және батыс авторлары да жазған. Деген-
мен, туыс халықтардың терең тамырлы достық қатынасын
айшықты етіп көрсеткен олардың мыңдаған жылдар бойы
өздері жаратып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келген эпика-

лық шежірелері. Халықтың тарихи оқиғаларға байланысты

44

жасалған тұжырымы, бағасы болып келетін эпостық шығар-
малар екі елдің қатынасына қатысы бар тарихи оқиғаларды
ішкі даму динамикасында қарауға, тіптен сырт көзге көрі-
не бермейтін қыры мен сырын түсінуге мүмкіндік береді.

Оны біз Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан еңбектерінен
анық байқағандай боламыз. Қырғыз ғалымдары Б.Кебекова,
И.Молдобаевтың соңғы жылдары жарық көрген еңбектері де
бұл тұжырымға негіз бола алады.

Ұлы «Манас» эпосының бұл тақырыпты зерттеуде алатын
орны ерекше. Эпоста өзге халықтардың арасынан ең көп ата-
латыны да қазақтар. «Манас» қазақ елін ылғи да қырғыздар-
ға жақын туыс, тағдырлас халық ретінде атайды. Егер дерек

көздеріне зер салсақ бұл көріністің толық негізді екендігіне
көз жеткіземіз. Екі халық өзара терең этникалық байланыс-
тан тыс, сарттан төнген қауып-қатерге байланысты жиі әске-
ри-саяси одақ құрып отыруды дәстүрге айналдырған.

Тарихта Алтай, одан ары қытай қабырғасына дейінгі ара-
лықты мекендеген түркі тайпаларының өз ата қоныстарынан
оңтүстік, оңтүстік-батысқа, батыс Сібір жеріне ығысуы ерте
замандардан басталған қытай экспансиясы мен Шыңғыс-

хан дәуірінен бергі уақытқа тиесілі. Монғолдардың «Құпия
шежіресі», қытай жылнамалары, Рашид ад-дин еңбегі сияқ-
ты деректерден Шыңғыс құрған моңғол мемлекеті пайда бол-
ғанға дейін бұл өлкеде үйсін, қырғыз, найман, керей сияқты

ірі тайпалық одақтардың дербес ерте феодалдық мемлекеттік
бірліктері болғандығы мәлім. Раши ад-дин өз жылнамасында
Шыңғыс жойқынынан кейінгі түбегейлі өзгеріске ұшыраған
олардың саяси жағдайы туралы былай деп жазды: «найман-

дар, жалайырлар, өңгіттер, керейіттер және басқа да белгелі
бір жеке өз аты бар тайпалар өздерін моңғолмыз деп атап,
сол арқылы моңғолдардың атақ-даңқын бөлісуге ынталы
екендігін байқатты, ал бұл тайпалардың бүгінгі ұрпақтары

өздері осы атты көне замандардан бері иемденіп жүргендей
сезіне бастады, ал шын мәнінде мүлдем ондай емес-тін»¹. Та-
рихшының бұл көрсетуінің терең астары бар. Осы және де
басқа салиқалы деректерге байыппен қарамастан қайсыбір

авторлардың жалайыр, найман, керей, өңгіттерді моңғол
-----------------------
1 Рашид ад-дин. Сборник летописей. М.-Л., 1952, Т.1, кн.1, – С.75.

45

тайпалары санатына жеңіл түрде жатқызып жүргендігі, әри-
не, тым біржақты тұжырым болып табылады.
ХV ғасырдан бастап ХVІІІ ғасырдың орта тұсына дейін
қытай және моңғол феодалдарының басқыншылық саясатын

жалғастырушы ойрат /қалмақ/ феодалдары болды. Міне осы-
ған байланысты, «Манас» сияқты бүтін бір халықтың жадта
сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан ғасырға көшіп отыр-
ған шежіре-эпоста да қытай, моңғол, қалмақ хандарының ал-

ма-кезек көрініп отыруы заңды құбылыс болса керек.
Жырдың ең бастапқы бөлігі Манастың өмірге келуі. Оның
айтулы тойына басқа халықтармен бірге найман, керей, ар-
ғын, дулат, үйсін тайпаларының да белгілі, басшы адамдары

келеді. Эпос бұл тайпаларды қазақ тайпалары ретінде атап,
олардың ежелгі заманнан қырғыздармен осы өлкеде тығыз
байланыста және қытай, моңғол бақыншылығына қарсы бір-
ге күресіп келгендігінен хабар береді.

Ол туралы:
Арқасы тийген найман бар,
Коңшулаш жүргөн қоңурат,
Үйүрдөш жүрген үйшін бар,

Аралашкан алчын бар1, – дейді.
Манастың әкесі Жақып қырғызға сырттан қауіп төнгенде
«Қазақ, қырғыз бир тууган, калмак камап жатканда кантип
жатат үйүнө»2, – деп қазақтарға хабаршы жібереді.

Біздің пікірімізше, қырғыздар мен қазақ тайпаларының ты-
ғыз этникалық араласуы да осы Алтай кезеңіне тұс келеді.
И.Д. Молдобаевтың есебі бойынша «Манаста» ұсақ этника-
лық есімдерді қоспағанда қырғыз бен қазақ халықтарына ор-

тақ 17 этноним кездеседі екен. Олардың арасында белгілі тай-
па аттары: қыпшақ, қоңырат, найман, дулат, үйсін, ру аттары:
ноғай, алшын, сары үйсін, абақ, таздар және басқалары бар.
Манастың Сағымбай Орозбақ-ұлы жырлаған алғашқы

бөлігінің ең өзекті тақырыбы қырғыздардың Алтайдан қазіргі
мекеніне көшіп келуі. Эпостың көрсетуі бойынша Алтайдан
батысқа мекен ауыстыру қырғыз халқымен бірге жалайыр най-
ман, керей сияқты қазақ тайпалары үшін де ауыр кезең болған.

---------------------------
1 Манас. Эпос. Сагымбай Орозбак уулунун варианты боюнча. 1 китеп. Фрунзе,
1984, – 163 б.
2 Сонда, 146 б.

46

Эпос түркі халықтарының Алтайдан батысқа мекен ауыс-
тыруының негізгі себебі ретінде қытай, моңғол жақтан төнген
қауіпті атайды. Алтайдан қоныс аударуға байланысты шақырыл-
ған кеңесте сөйлеген сөзінде қырғыз Бердике қария былай деді:

Конуштап жүрүп маңгулга
Коркуп калган екенсиң!
Жақын жүрүп кытайга,
Жадап калган екенсиң!1

Алтайдағы найман, арғын батырлары қырғыз батырлары-
мен бірге қоныс іздеуге аттанады. Белгілі Ер Көкше Жетісу
жерін көргенде «Жетісу жердің төресі, атының жемі күріш-
тен», «Қарқараны көргенде ат үсті жүріп семірдік» дейді. Қо-

нысқа Ұлытауды таңдап алады. Ал Сары-арқа туралы:
Сарыарқа деген жер көрдім,
Алтайдың тура қақ тұсы.
Салтанатын кең көрдім.

Ақыры жалпақ, жері кең,
Айып жері-суы кем – дейді.
«Манастағы» қазақ жерлеріне берілген бұл сипаттаулар ха-
лықтың өзі берген бағасымен қабысып жатыр. Эпосты оқу

барысында өзіне көңіл аудармай қоймайтын бір жай, ол екі
туыс халықтың дәстүрлі салт-санасындағы ортақ ұқсастық-
тардың өте көп екендігі. Ұлы көш салтанаты көшпенділердің
салты бойынша, алдымен ақ боз бие шалудан басталады.

Оның артынан қисапсыз көп малдан құрбандық шалынады.
Ал көш салтанатында қырғыздар мен қазақтарда қария, қыз-
дар жорға мінеді. Ол туралы «Манаста» «Айыл башы ақса-
қал, той башының барына жоргодан таңдап мингизди» делі-

неді. Эпостың Ер Көкше көшінің салтанаты «Қыз Жібектегі»
Сырлыбай көшінің сәнінен кем емес:
«...Жибек арқан тарттырып,
Аз болгондо көчүнөн

Алтымыш атан арттырып,
Алтындуу доол кактырып,
Кошмок қара нарларға
Коңгуроону тақтырып,

-------------------------
1Манас. Эпос. Сагымбай Орозбак уулунун варианты боюнча. 2 китеп. Фрунзе,
1984, – 14-15 б.б.

47

Ыспаны килем жаптырып,
Дүңгүрөтүп жылкысын,
Түпөктүу найза боз балдар
Түрмегү менен бастырып...»1 – дейді.

Қырғыз және қазақ халықтарының ұзақ ғасырлар бойы өз
тәуелсіздігі үшін жүргізген күресінің ең ауыры, соған байла-
нысты олардың ұлттық жадында терең із қалдырғаны қалмақ
басқыншылығы болды. Сондықтан да олардың фольклорын-

дағы қалмақ тақырыбы өзінен бұрынғы тақырыптарды ығыс-
тырған жай қаттау ғана емес, халық ретінде жойылып кету
қаупіне қарсы жүргізген күрестің терең тарихи ізі. Міне осы
күрес барысында қазақтар мен қырғыздар бірнеше рет өзара

саяси одақ құрған. Бұл одақ шамамен ХV ғасырдың орта тұсы-
нан басталады. Осы кезеңде шығыс және батыс моңғолдарды
түгел билеп, қытай әскерін талқан етіп, жеңіп, қытай императо-
рын тұтқынға алған ойрат ханы Есен Тоқмаққа /ортағасырлық

моңғол деректерінде Жетісу мен Қырғызстан осылай атала-
ды. – М.Қ/ ірі шабуылдар ұйымдастырды. Бұл қырғыздардың
ұйымдасқан қуатты ойрат әскерімен ең алғашқы кездесуі бол-
ды. Соған байланысты «Манастағы» Есен ханды қытай, мон-

ғол және қалмақ басқыншыларының жинақы аты ғана емес,
сонымен бірге тарихта болған адам ретінде қарауға да негізі
бар. Бұл жағдай қазақ эпостары мен тарихи жырларында қал-
мақ хандығының жинақы аты есебінде берілген Сейсен, Қа-

рақұл, Қараман, Қалдан есімдерін еске салады/. Тарихта бұл
есімдердің де Очнрту Цеценхан,Хара-Кула /Қарақұл/; Галдан
Церен сияқты баламалары бар екендігі белгілі.
Есен хан шабулынан кейін қырғыз-қазақ одағының үлкен мән-

ге ие болуы ХVІ ғасырдың 20-60 жылдарына, ХVІІ және ХVІІІ
ғасырдың бас кезіне тұс келеді. Жазба деректерде және қазақ-
қырғыз шежіре, жырларында екі халық моңғол хандарының
басқыншылығына қарсы бірге тойтарыс беріп, ал Есім, Тәуке

хандар тұсында ойрат шабуылының күшейе түсуіне байланысты
екі ағайынды ел өзара /тіптен өте тығыз одақтық байланыс ор-
натады. Эпостағы қазақ қолдарының басшысы Ер Көкше белгілі
дәрежеде қазақ батырларының жинақы көрінісі.

-------------------------------
1 Манас. Эпос. Сагымбай Орозбак уулунун варианты боюнча. 1 китеп. Фрунзе,
1984, – 154 б.

48

Ол Манаспен бірігіп Жетісу жерін жаудан тазартушы қаһар-
ман ретінде бейнеленеді1. Ал оның жырда суреттелген қалмақ
батырлармен жекпе-жегі ел намысы үшін жанын пида еткен қи-
сапсыз көп ерлердің көзсіз ерлігінің әрине, елесі ғана.

«Манастан» өмірі мен қоғамдық қызметі шамамен ХІV-ХVІ
ғасырларға тұс келетін қазақ тайпаларының көрнекті ру, тай-
па басшылырының, батыр, палуан есімдерінің үлкен тобын
кезіктіреміз. Олардың қатарында Айдархан, Баубек, Қарабек,

Тана би сияқты тайпа, ру басылары, Үрбі сияқты батыр, Таз
сияқты шешен, Байқап, Күнегер /Күнес/ сияқты палуандардың
есімі аталады. Жай аталып қана қоймайды, әрқайсысының өз
ортасында алатын әлеуметтік орны, қоғамға сіңірген еңбегі бе-

дерленеді. Мысалы, эпоста Қамбардың ұлы Айдархан Алтайда
қырғыздармен көрші, аралас мекендеген наймандардың тай-
па басы, ірі бай, батыр ретінде бейнеленеді. Ертіс бойында
Айдархан Ақ-Қала аталған қала не бекініс салдырған. Қазақ

эпосында Ер Көкше Қамбардың ұлы болса, «Манаста» оның
әкесі Айдархан, ал Қамбар арғы атасы. Он алты жасар Көк-
ше қалмақ батырымен жекпе-жекке ұмтылғанда Айдархан
баласының алдында көлденең тұрып, әлі жастығын айтып,

өзі шығады.
Эпоста қазақтардың арасынан тұрақты әрі жиі аталатын
адамдардың бірі Қарақожа. Деректердің көрсетуіне қараған-
да Қарақожа тарихта болған адам. Қосымұлы Қадырәлі би

«Жылнамалар жинағында» Қарақожаның арғын тайпасынан
екенін білдіріп, Тоқтамыш ханның ұлы Қадірбері ханның Еді-
гемен болған соғысы кезінде опат болғандығын айтады. Бұл
ХV ғасырдың алғашқы жартысы Қарақожа қазақ эпостарын-

да да белгілі адам ретінде аталады. Шежіре көрсетулеріне сү-
йене отырып, профессор С.Аманжолов Қарақожа арғын тай-
пасының ұраны болғандығын келтіреді. «Манаста» Қарақожа
ылғи да ірі кеңестерге байланысты арғын тайпасының өкілі

және «ақылға дыйқан кошосу» ретінде аталады. Әрине, эпос
көрсетулерінің бәрін де сол күйінде қабылдау қиын, дегенмен
одан біз Қарақожаның ортағасырлық феодалдық қоғамның
белгілі өкілі болғандығын анық байқаймыз. Сонымен, «Ма-

наста» қазақ тарихына байланысты деректік материалдар мол.
------------------------------
1Манас. Эпос. Сагымбай Орозбак уулунун варианты боюнча. 1 китеп. Фрунзе,
1984, – 159 б.

49

Біз шағын мақаламызда олардың қайсыбіреулеріне үстірт
тоқталып өтумен ғана шектелдік. Белгілі ортағасырлық ес-
керткішті қазақ тарихына байланысты жан-жақты терең тал-
дауға алу әрине отан тарихы үшін пайдалы іс болмақ.

«Манаста» түрлі тарихи кезеңдерде өмірлік сұраныстарға бай-
ланысты қырғыз елінің қоғамдық ойына ықпал жасап отырған
түрлі идеологиялық ұстанымдардың ізі сақталған. Сол идеялар-
дың бірі шығыс жақ бетіндегі көршілер тарапынан төнген қауіп-

ке байланысты қырғыз елінің, тіптен одан да кең ауқымды түркі
халықтарының бірлік, тұтастық идеясы. Осы сұранысқа жауап
ретінде эпоста Манас тез есейіп бүкіл қырғыз елінің түркі ха-
лықтарының намысын қорғаушы батыр жас қайраткер болып қа-

лыптасады. Ш.Уәлиханов 1856 жылы жазып алған «Манастың»
«Көкітай ханның өлімі және оның асы» аталатын тарауында бұл
ой анық көрініс тапқан. Көкітай хан тек қырғыз елінің ғана емес,
шығысында Алтайдан, батысында Каспий өңіріне дейінгі ара-

лықты мекендеген түркі елдерінің ханы. Эпостағы бұл ой түркі
қағанаты кезіндегі тарихи-географиялық жағдайда, сол дәуір-
дегі таза шындықтың көмескі ізін еске салады 1.
Жалпы «Манаста» түркі қағанаты дәуіріндегі қоғамдық

оймен өзара идеялық сабақтастық барлығы зерттеушілер
тарапынан орындалған шындық. Оған бұл ескерткіштердегі
өзекті ойларды өзара салыстыру арқылы көз жеткізу қиынға
түспейді. Төмендегі екі белгілі мұрадан алынған үзінділер-

ге көңіл аударып көрейік. Күлтегін кіші жазуында отаншыл
Білге қаған еліне арнаған сөзінде мынадай пікірді білдіреді:

– Сөзімді түгел естіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,
Біріккен әулетім, халқым,
Қаған болып,
Жоқ, кедей халықты көп көтердім.

Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым....2.
Ал «Манаста» Көкітай өлер алдында елімен қоштасып,
туысы Байұлы Баймырзаға:

------------------------
¹Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы, 1985, – 125 б.

2 Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы. Құрастырушылар Б.Кенжебаев ж.б. Ал-

маты, 1967. 29 б.

50

– ... Уа, Байдың ұлы Баймырза батыр,

Бері қарай құлақ сал, батыр,
Телі түкті құс салдым, батыр,
Тентекті жинап ел қылдым, батыр,
Құладан салып құл қылдым, батыр,

Құрама жиып ел қылдым, батыр1, – дейді.
Әрине, екі мұрада берілген мұндай өзара ұқсасты ойлардың
алдымен заман сұранысынан туғандығына шек келтіруге
болмайды. Сонымен бірге олардың арасындағы табиғи са-

бақтастықты да жоққа шығару қисынсыз болар еді. Міне бұл
келтірілген және эпоста кездесетін басқа да осы тәрізді жол-
дардан ел мен жер тұтастығы идеясының әрқашанда ірі та-
биғи тұлғалар қызметінің өзекті жібі болып келгендігіне көз

жеткіземіз.
Осы ретте «Манастағы» мынадай бір маңызды жағдайға
көңіл аудару артық емес. Қырғыз жерінде басқа көрші ел-
дермен салыстырғанда моңғол «алтын руының» үстемдігі

соншалықты терең, әрі ұзақ болған жоқ. Міне сондықтан да
эпоста Көкітайды хан, Манасты сұлтан, төре ретінде көрсе-
туден қырғыз қоғамында ортағасырлық шыңғыстық идеоло-
гиялық әсерінің әлсіз болғандығын, оның есесіне елдің өзін-

өзі билеу, басқа елдермен өзін тең ұстау, саяси тәуелсіздік
сияқты идеялар басымдылығы анық байқалады. Эпостың
дерлік барлық вариантында Манастың әкесі Жақып бірде но-
ғай, бірде қырғыз, бірақ әйтеуір моңғол емес, ал Манастың

өзі көп жағдайда хан, сұлтандардың озбырлығына қарсы,
дүйім жұрттың , қарапайым халықтың мүддесі үшін күресте
жүрген тұлға.
Қорыта айтқанда, «Манас» эпосынан туыс елдер тарихы-

на қатысты тарихи фактілер молынан кездеседі. Бұл ретте,
эпостық мұраның әсіресе ішкі идеологиялық қатынастарды
зерттеу ісінде басқа дереккөздері ауыстыра алмайтын өзіндік
орны бар екендігін ескерген жөн.

-------------------
1Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1985, – 262 б.

51

1.4 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
айтылған тарих деректерінде
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің түрлі
өңірлеріндегі ошақтарына қатысты түрлі мазмұндағы айтыл-

ған тарих материалдары дерек ретінде әлі күнге дейін кең
түрде ғылыми айналымға тартылған жоқ. Ал көтеріліске қа-
тысқан, оны көзімен көріп куә болған адамдардың айтқан ес-
телік-әңгімелері мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға

қажет тың мәліметтер береді. Бұл деректерді талдай отырып,
көтерілістің шығу себептері, басталуы, барысы, оның басшы-
лары, отарлық жүйенің көтерілісті басуға қатысты жүргізген
жазалау шаралары, көтерілістің жеңілу себептері, нәтижесі

мен салдары жөнінде басқа дерек көздерінде жоқ мәлімет-
терді алуға болады.
1916 жылғы көтеріліс туралы айтылған тарих деректері
көтеріліске тікелей қатысқан және оны көзімен көрген куә-

герлердің естелік-әңгімелерінде берілген. Көтеріліс туралы
естелік-әңгімелер мен өлең-жырларды жинақтау барысында
оны жазып алған зиялылар қазіргі кездегі айтылған тарих ба-
ғытында ғылыми ұйымдастырылған сұхбаттарға қойылатын

талаптарға ұқсас ақпарат беруші туралы мүмкін болғанша
толық мағлұматтар береді. Сонымен қатар олар жинақталған
материалдарды мұрағаттандыру ісін де ұмытпаған. Өйткені
ол жиналған материалдардың біршамасы еліміздің мұрағат-

тарында жақсы сақталған. Мысалы, Қазақстан Республика-
сының Орталық Мемлекттік мұрағатының № 427 коллек-
циялық қорында, № 639 «Қазақстанды зерттеу қоғамы» деп
аталатын қорында, Қазақстан Республикасы Президенті мұ-

рағатының № 811 коллекциялық қорларында ел арасындағы
заман куәгерлерінен жазып алған естелік-деректер молынан
кездеседі. Сондай-ақ еліміздің түрлі кітапханалары мен мұ-
рағаттарының, академиялық институттардың қозжазба қор-

ларында халқымыздың ресми емес тарихынан сыр шертетін
бірталай деректер қатталған. Ал ол деректерді ғылыми тұр-
ғыдан талдау арқылы жазба деректерде кездесе бермейтін
тың ақпараттар алып көтеріліс тарихын жаңа мазмұн мен

сипатта баяндауға болады.

52

Көтерілістің алғышарттарын, басталуы мен барысын, сал-
дарын түсіндіру жеке адамдардың естелік-әңгімелерінде,
сондай-ақ сол тұста айтылған қанатты сөздер мен өлең-жыр-
ларға, дастандарға негізделген үлгілерінде кездеседі. Атал-

ған дерек түрлерінің маңыздылығы өте зор. Мұндай деректік
топтамалар қалыптасқан тарихи жағдайларды баяндауға
бағытталған. Сонымен қатар көтеріліске қатысты айтылған
тарих материалдарында көтерілістің басшылары, олардың

бітім-болмысы, сол кезеңдегі халықтың тұрмыс-тіршілігі,
орыс өкіметінің өлкеде жүргізген саясаты жөнінде де құнды
деректерден хабардар етеді. Сондықтан, 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтеріліс тарихын айтылған тарих материалдары

негізінде зерттеу – бұл мәселені бүгінгі көзқарас тұрғысынан
қарау ісін жеңілдетеді.
Көтерілістің шығуына негіз болған алғышартарына байла-
нысты да айтылған тарих материалдары жақсы мәліметтер

береді. 1916 жылғы көтерілістің негізгі шығу себептерінің
бірі жер мәселесі болатын. Көтеріліс қарсаңында патша
үкіметі ұзақ жылдар бойы жүзеге асырған отарлық сая-
сатының барысында орыс шаруалары мен казак-орыстар

үшін қазақ жерлерін зорлықпен тартып алып, құнарлы
егіндігінен, шұрайлы шабындығынан айырып мал ша-
руашылығымен айнылысатын көшпелі халықты тау-тасты
және шөлейтті жерлерге ығыстырды. Тек 1906-1914 жыл-

дар аралығында Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардан
өңдеуге пайдалы, ең құнарлы 2 миллион 703 мың десятина,
ал 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыстың ал-
ғашқы үш жылында Жетісу өңіріндегі қазақтардан 1800

мың десятина жер тартып алынған.
Осы айтылған оқиғаларды көзімен көріп, куә болған
жетісулық ақын Албан Асан Барманбекұлы патшалық Ре-
сейдің отарлық саясатының қасіретті нәтижесін өз айма-

ғының мысалында былай деп өлеңге қосады:
«Күннен – күнге Албаным,
Заманың сенің тарылды.
Өр көкірек кең қоныс,

Дәуірің сенің қалған-ды.
Кең қоныстан айырылып,
Ұшып кетер жерің жоқ.

53

Қанатың сынып қалған-ды.
Екі көзің телміріп,
Мойныңа шынжыр салған-ды.
..........................................

Қайсы бірін айтайын,
Ішімде толған арман-ды» – деп ата қоныс, құт мекенінен
айрылып, бодандықтың қамытын киген халықтың ауыр жағ-
дайынан хабар береді.

1916 жылғы көтерілістің шығуына себеп болған мәселе-
лердің қатарында алым-салықтың көбеюі, соғысқа қажет
халықтан алынған түрлі соғыс салықтары еді. 1914 жылы
Ресейдің қатысуымен басталған Бірінші дүниежүзілік со-

ғыс ішкі Ресей халқының да, шет аймақтардағы «бұра-
тана» халықтың да жағдайына қатты әсер еткен. Шаруа-
шылық күйзеліп, егіс көлемі азайып, оның өнімі күрт
төмендеді, мал саны кеміді. Соғыс қисапсыз көп шикі-

затты, азық-түлікті, малды, тағы сол сияқты материалдық
игілікті қажет етті. Өлкеде жергілікті өнімдер арзан бағада
қала отырып, сырттан тасымалданатын өнім қымбаттап ха-
лықтың шаруашылығы күйзеліп, әл-ауқаты нашарлай түсті.

Соғыстың алғашқы үш жылында Түркістан өлкесінен өте
көп мөлшерде мақта мен мақта майы, 474 мың балық,
299 мың пұт сабын, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе,
38 пұт мың шаршы кез киіз, 441 киіз үй соғыс қажетіне

жинап алынған.
Соғысқа қажетті деп саналған мұндай материалдық игілік-
тер халықтың еркінен тыс, күштеп алынған болатын. Халық-
тың мойнына ауыртпалық түсіріп жиналған бұл жағдайлар

көтеріліске байланысты айтылған тарих естеліктерінде де
кездеседі. Ол жайында 1885 жылы туылған, Кеген ауданы
Қызылту колхозының мүшесі Алдаберген Қойшыбеков өзінің
1916 жылғы көтеріліс туралы айтқан естелігінде: «Мен бол-

сам Жәйшібек Бектеновтың атын, су жұмысын істейтін мала-
йы, інім Батырхан қойын жайған малайы. Сонда «31 жас, 19
жастағы балаларды солдатқа алады» дегенді естідім. Алда-
бергеннің жасы 31 де, Батырхан жасы 19-да болып шықтық.

Сонда естуім көтеріліс алдында еріксіз, халықтың аттарын
ала бастаған. Оның артынан кешікпей солдат аламыз деген
хабар естілді» – дейді.

54

Ал келесі бір естелік айтушы Жазылбек Серібайұлы (Ал-
маты облысы, Кеген ауданы, Өкірген селолық советі, Жаңа
Тоған колхозының мүшесі) өз естелік-әңгімесін былай деп
тарқатады: «Патшаның герман тартысы басталғаннан қалың

бұқарадан алған алымы: 1) 15-жылдың қысында әскерге деп
түтінге бірден байпақ алды.

2) Кассіге құйма ақша құямыз деп болыс басына мың сом-

нан ақша жидырып алды. 3) Ағашты жерге тұяқты мал ұстатпаймыз деп тұяқ басына

25 тиыннан ақша жидырып алды. 4) 16-жыл апрель, май айларында герман фронтындағы әс-

керге керек деп киізі жаңа, ағашы жаңа, болыс басына 9-дан
үй салып, болыстар арқылы Жалаңашқа жидырып алды.

5) Осы жылы ел егін айдап болған соң ел Қарқара, Ақ бейіт

жайлауына барып отырған соң Қарқара жәрмеңкесіне ру;
руға әскерге ат алушы кәмесие-төрелер келіп, пристоп арқы-
лы барлық болыстарға бұйрық беріп Албан руының барлық
жылқыларын Қарқараға айдатып алып кел деп, ат, айғыр, бие

демей, кезге толғанын алдына 150, артына 100 сомнан ақша
беріп, ол аттарды болыс басына мал айдаушы жігіт алып,
тиісті жеріне айдатып тұрды».
Көтерілістің шығуына түрткі болған 1916 жылғы 25 маусы-

мында Ресей империясына қарасты «бұратана» халықтардан
соғыс жүріп жатқан аудандардағы тылдың қара жұмыстары-
на адам алу туралы шыққан жарлығы еді. Патша жарлығы
бойынша Орта Азия мен Қазақстаннан 19 бен 43 жастың

аралығындағы азаматтар алынуға тиісті болды. Бұл өл-
келерден 400 мың адам, сол сияқты оның ішінде Жетісу
облысынан 87 мың адам майданның қара жұмысына алу
жоспарланған.

Патша жарлығына қарсы көтеріліс Орта Азия мен Қа-
зақстанның барлық аудандарында бір мезгілде 1916 жылғы
шілде айының алғашқы күндерінде басталды. Бұл қарсы-
лық өлкенің әртүрлі аудандарында стихиялық бас көте-

рулерден ұйымдасқан қарулы көтеріліске барып ұласты.
Көтерілістің негізгі себебі отаршылдық езгінің күшеюі,
қазақтың шаруаларының жерлерін тартып алу әрекетінің
кең өрістеуі, алым-салықтың еселеп көбеюі, ұлттық, руха-

ни езгінің шектен тыс дәрежеге жетуі болды.

55

Көтерілістің басталуы мен барысына қатысты, тылдың
қара жұмысына алынатын жас жігіттердің тізімінің жасалуы-
на байланысты да естеліктерде жақсы тарихи фактілер айты-
лады. Ол жөнінде Алдаберген Қойшыбековтың әңгімесінде

былай баяндалады: «Сол хабармен Албан Ұзақ батырдың
ауылына жиналып, ақ боз бие сойып, Сұлтанәлі Кекіловты
хан көтеріп, июнь айының ішінде Қарқара жәрменкесінің
күн шығыс жағындағы жуан төбеге жиналды. Барлық Албан

болып, тірі адамнан бір адам қалмай жиналған. Сонда Албан
жақсылары: Ұзақ батыр, Тұрлықожа, Серікбай, Айтбай т.т.
сондай жақсылары болып жиналған «Баланы біз жараттық,
баланы солдатқа берейік, балалар үшін мал-бастан айыры-

лып, қырылмайық» деген сөзді жаңағы болыс, билер, байлар
болып айтқанда, артта тұрған кедей, қара шаруалар болып
шулаған: «егер баланы береміз десең, біз біріміз қалғанша
қырылып, хәм берем деген кісіні де өлтіріп өлеміз» деп шу

ете түсті.
Сонда әлгі айтып отырған жақсылар қайта сөйлеп, халық-
тың қаны бұзылғанын біліп, халыққа «енді не қыламыз»
дегенде, халық: – түк бала бермейміз! – деп шулап, ұлыққа

қарай жүріп берді. Сонда әлгі жақсылар отырып қалып, ар-
тынан атқа мінген.
Сонда халықтың алдынан ұлықтың 2-3 жасауылы шығып,
халықты: «орталарынан 3-4 кісіні ұлыққа жіберіп хабар ала-

сыз деп тоқтатқан». Сонда халық ортасынан Дәркенбайұлы
Айтбай, Жансерікұлы Тұрлықожа, Қанайұлы Серікбайлар
ұлыққа жауап берген. Көпшілік халық қандай жауап береді
екен деп Ковлев ұлықтың кеңсесіне барған. Сонда ұлық жа-

сауылын шығарып, халықты қайтадан қуып, тоқатып, өңкей
болыстарды ғана алып қалған. Әр болыстың бұқаралары өз
кеңсесіне барып, болыс не жауап айтып келеді екен де тосып
отырған.

Сонда мен, Алдаберген, Ауғанбай болыстың кеңсесіндегі
жиналып отырған кісінің ішінде отырғанымда, болыс Ау-
ғанбай мені 19 жас 31 жастағы солдатқа аламын деп жазған
іспескесін алып кел деген. Сонда мен барып песірден іспес-

кені бер десем, былдырап ұрысып, іспескені маған ұстата
берген. Сонда мен іспескені бір айырып, песірді бетке ұрып,
қалғанын далаға алып шығып, быт-шыт қылып айырып тас-

56

тадым. Сонда халық шулап: «Құдай құтқарса, құтылдық!»
деп атқа мініп, ауыл-ауылға сүйіншілеп кете берген»-деп
көрсетеді. Одан кейін өрбіген оқиғалар жайында былай деп
әңгімелейді: «Содан мен өзім жүн сауда қылып жүрген едім.

Біраз күннен кейін Албанның жақсыларын ұстап Қарақолға
айдап кеткен екен. Шалкөдеден аздап жүн алып ауылға кел-
сем, «сені ұлық шақырып жатыр» дегенді естідім. Сонан бір-
екі күн кейін «болыс Ауғанбай іздеп жүр» дегенді естідім.

Сонда мен ең кедейдің балалары, солдат жасындағы 12 бала
болып ұйымдасып, «не болысты өлтірейік!» деп уәде қылсақ,
соны естіп Ауғанбай маған солдат шығарып, ұстап апарып,
ұлығына сұрақ қылды. Сонда ұлық: іспескені неге жырттың?

– деді. Мен: – жыртқаным жоқ, – деп тандым. Мен іспес-

кені жыртқанда жоғарғы ұйымдасқан жолдастарымен барып
жыртқан едім. Сондықтан шынымды айтпадым. Сонда бір-
бір пышақ қонышқа тығып жүргенбіз. Ұлық: «сен жасыра-
сың, – деп мені қамады. Мені қамап барғанда Әбдіхалық,

Серікбай қамауда отырған екен. Абақтыда 4-5 күн жаттым.
Сонда бір күні күн шығыс, күн батыс жақтан таң ертең ту
көтеріп Қарқараны қамауға алған. Сол күні Қарқараға солдат
келген. Сонда Албан Қарқараға ұлықты, солдатты аламыз

деп күн шығыс жақтан Райымбек батырдың туы деп Қызыл
ту көтеріп шыққан. Сондай тағы бір неше жерден белбеуін ту
қылып көтеріп шыққан». Ал көтеріліске шыққан халықтың
қару-жарағы жөнінде ол кісі «Сондағы халықтың құралдары:

орақтан ағашқа саптаған найза, айбалта, аздаған пестон мыл-
тық т.т. уақ құралдар...» – дейді.
25 маусымдағы жарлық елге тарағанда Жетісудағы Қарқа-
ра өңірінің халқы игі-жақсыларының басшылығымен Қарқа-

ра жәрмеңкесінің күн шығыс жағындағы Ереуіл төбеге жи-
налып 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қатысты мәселені
талқыға салған болатын.
Бұл туралы жиынға қатысқан көтерілісшілердің бірі Жа-

зылбек Серікбайұлы өз естелігінде: – «.... Бас бастаушы
адамдар мына төмендегілер:
Тұз көл болысынан: Саза Топылұлы; Ұзақ Саурықұлы,
Кәрібоз Қаңтарұлы, Сыбанқұл Арғынұлы;

Баянқол болысынан: Қазыбек Шорманұлы, Құдиярбек
Шотаманұлы;

57

Иванов болысынан: Жәмеңке Мәмбетұлы;
Албан болысынан: Нүке Істібайұлы, Біләл Разақұлы;
Кеген болысынан: Әбдіхалық Байсеңгірұлы, Жайшыбек
Бектенұлы, Құрман Әділбекұлы, Жанпейіс Отыншыұлы,

Нұрбек Әйкенұлы;
Меркі болысынан: Әубәкір Сұлтанбекұлы, Досжан Тұр-
сынбекұлы, Оразай Қожагелдіұлы, Бекбен Боранбайұлы;
Шелек елінен: Серікбай Қанайұлы;

Қоңырбөрік болысынан: Жаңабай Құдайбергенұлы, Мол-
дабай Қонақбайұлы, Сарбас Байарыстанұлы, Алмабек Сәр-
сенбекұлы, Әмір Тайбағарұлы;
Қожмамбет елінен: Айтбай Дәркембайұлы, Мергенбай Ер-

денұлы;
Бөдендіден: Тұрғынбай Әймембетұлы;
Сары Тоғайдан: Сауранбай Беренұлы, Бірімтайұлы болып
бастатқан үш мың шамалы адамдар бас қосып, кеңес қылын-

ды. Сол жиналыста барлық болыстар да болды. Жиналған
сол жиналыстағы көпшілікке болыс Рақымбай Сұлтанқұлұ-
лы сөз бастады:
Ұлық болыстарға бұйырған еді. Бүгінгі күні Албан руы-

ның барлық бастықтарымен қара бұқараларының басын қо-
сып, патшаның сұраған адамдары жөнінде жауап бересіздер
деген еді. Бұған көпшілік не айтасыздар, – деді.
Сол жерде Ұзақ Саурықұлы жауап айтты:

Біз бала бере алмаймыз. Сен не дейсің – деді ?
Жоғарыдағы аталғандар бір дауыспен «біз бала бермейміз»

– деп шу ете түсті....» – деп көрсетеді.

Естелікте айтылған мәліметтерге қарағанда осы талқы-
лаудан кейін жиынның шешімімен бірнеше адам жәрмеңке-
де орналасқан патша әкімшілінің өңірдегі кеңсесіне барып,
ондағы отаршыл жүйенің өкілі ел ішінде «Ақжелке» ата-

лып кеткен ұлықпен кездеседі. Кездесу барысында ұлықтың
қойған талабына кездесуге барған беделді тұлғалардың бірі
Серікбай Қанайұлы былай деген: – «....Сонда Серікбай Қа-
найұлы жауап айтты: Көпшілік кеңесті, көпшіліктің жауабы

мынау – біздер ақ патшаға қарағалы 50 – 55 жыл шамасында
болған екен. Содан бері патша оқу; өнер үйретпеді. Не әскер
қызметіне алып, әскер білімін үйретпеді. Қараңғы, білімсіз
болдық. Құр қол ұрысқа тас сына ма? Патшаның сұраған ра-

58

бочиын бере алмаймыз – деді. Патша біздерді тәрбиелейді
дейсің, біздер үшін салдырған мектебі, әртүрлі өнер – білім
орындары қайсы?...».
Қарқара көтерілісінің басшылары Ұзақ Саурықұлы, Серік-

бай Қанайұлы, Жәмеңке Мәмбетұлы, т.б., өз пікірлерін ашық
айтып, наразылық білдіріп, халықты патша жарлығын орын-
дамауға шақырып, көтеріліске шығуға үндеген еді. Жәмең-
ке Мәмбетұлы: – «...Берсек бала өледі, бермесек шал өледі.

Бала өлгенше шал өлсін, патша жарлығын орындамаймыз....»

– деп ел мүддесі үшін ерлікпен жауына қасқайып қарсы тұр-

ды. Енді осы Жәмеңке батырға біршама тоқтала кетсек.
Жәмеңке Мәмбетұлы 1838 жылы Жетісу облысы Верный
уезінің Сегіз Сары (кейінгі деректерде Шонжы болысы) бо-
лыстығында дүниеге келген. Жетісудағы 1916 жылғы Қар-

қара өңіріндегі көтеріліс жетекшілірінің бірі. Жастайынын
өткірлігімен, сөзге шешендігімен көзге түседі. Жәмеңке
Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының арасын-
да ақылгөй ел ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы

мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға
көп еңбек сіңірген тарихи тұлға. Осындай тұлғаны отаршыл
жүйенің жазалаушы жендеттері түрмеге түскен жерінде «у»
беріп, ал онымен бірге түрмеде болған басқа адамдарды түр-

менің терезесінен оқ атып өлтірген. Ол туралы Жазылбек
Серікбайұлының айтқан естелігінде: «Аз күннен кейін Қара-
қол абақтысында «Жәмеңке Мәмбетұлы қаза болды» – десті.
Оның артында 2 күннен кейін Қарақол қамау үйіндегі Албан-

ның басты адамдарын қамау үйдің терезесінен атып, қырып
тастапты. Қарқара қамау үйіндегі: Байсүгүрұлы, Қанайұлы,
Қойшыбек ұлдарын Жаркентке айдап бара жатып Ақшоқы-
ның қайқысындағы жазықта бұл үшеуін де атып тастапты»-

деп баяндалады.
Түрмеде болған аласапыран кезінде Ұзақ Саурықұлы,
Әубәкір Сұлтанбекұлы, Жайшыбек Бектенұлы, Тұрлығо-
жа Жансеркеұлы қашып құтылып кетеді. Қатты жаралы

болған Ұзақ Саурықов жендеттердің қолына қайта түсіп,
дүниемен қош айтысады. Атылғандардың ішінен Қойшы-
беков Алдаберген жаралы болып өлмей қалады. Кейін-
нен есін жиып, жаяу жүріп елге жетіп, өзгелердің қаза

59

болғанын естіртеді. Жоғарыда ол кісінің естеліктерінен де
мәліметтер келтірілді.
Жәмеңке Мәмбетұлының тамағына патша жендеттері у қо-
сып бергендіктен, 10 тамыз күні жау қолынын қайтыс бола-

ды. Ал осы көтеріліске жетекшілік жасаған белсенділердің
бірі, Жәмеңкенің жолдастарының бірі Ұзақ батыр Саурықұ-
лы қайтыс болған Жәмеңкені құшақтап отырып: «Жан жолда-
сым Жәмеңке» – деп басталатын жоқтау айтады. Осы жағдай

Жетісудағы 1916 жылғы көтеріліске қатысып, көтерілісті ба-
суға келген жазалаушы әскердің қысымына шыдамай көрші
Қытай жеріне ауа көшіп босқыншылыққа ұшыраған елмен
бірге қиын-қыстау кезеңді басынан кешкен молда Қойшыбай

Қосалыұлының сол заман жайында өлең сипатында айтқан
естелік «Мұң зарында» –
«.... Қырылды Қарақолдың түрмесінде
Бастығы Жәмеңке, Ұзақ кемеңгерім.

Далада көр киімсіз, бекер қалды
Маңдайын күн шалмаған өңкей ерім» – деген болған жағ-
дайларға қатысты өз ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ осы
молда Қойшыбай Қосалыұлы естелік-өлеңінде көтеріліс тұ-

сында қалыптасқан ауыр жағдай, болашаққа үміт артқан ар-
ман-тілегі былай баяндалған:
«Біздің жұрт баяғыдай болар ма екен?
Бірігіп Қарақараға қонар ма екен?

Ұрық туған бір жерге басын қосып,
Көңіліміз раушан боп толар ма екен?».
1916 көтеріліске байланысты Досболов Қасқабас деген
кісінің айтқан естелігі де назар аударарлық. Ол кісі 1889

жылы Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ ауылында
туылған. 1958 жылы маусым айында қайтыс болған. Қайтыс
боларының қарсаңында 1958 жылы қаңтар айында естелігін
туған немересі Әлсейітов Манарбекке өз аузымен әңгімелеу

арқылы оқушының дәптеріне жаздырып қалдырған. Немересі
қазіргі уақытта Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңа
тұрмыс ауылында тұрады. Ұзақ жылдар бойы мал шаруашы-
лығында бас зоотехник болып қызмет атқарған. Бұл естелікті

осы жолдардың авторы 1995 жылы Әлсейітов Манарбектің
жеке мұрағатынан алып, 1996 жылы «Ақиқат» журналында
жариялаған. Естеліктен қазақ қоғамындағы белгілі бір та-

60

қырыпқа, тарихи оқиғаға байланысты айтылған тарихтың
өзіндік үлгісін көруге болады.
Аталған естелікте 1916 жылғы көтерілістің басталуы, сол
кезде ел арасында қалыптасқан жағдай жайында тың мәлі-

меттер беріледі. Ол кісі 1916 жылдың оқиғаларын естен кет-
пейтін оқиғалар қатарына жатқызып, өзіндік ой-тұжырымдар
жасап былай деп бастайды: – «Оқиға. Оқиға деп адамзаттың
ес біліп, етек жапқаннан кейінгі көргенінің барлығын ой-

лаймын өзімше. Сол оқиғаның ішінде естен кетпейтіні 1916
жылғы көрген оқиға. Естен кетпейді деген себебім мынау:
Асы деген жайлау болады. Асыны-Бақай, Түрген, Қызыл-
бөрік, Сөгеті – деген төрт болыс ел жайлайтын. Жайлауға

келген соң бие байлап, қымыз ішіп, жігіттер бестен-оннан
атқа мініп ел қыдырып, ойын-күлкіменен күннің батқанын
білмей кешке үйлеріне келіп дамылдайды. Той-думан, ат
шабыс, сайыс, күрес – бұл тамашалар күніне әр жерде бас-

талады. Қайсысына барарын білмей бай-кедейдің көңілдері
бірдей. Жазды осындай қызықпен өткізетін. Осы қызықтың
тамаша кезінде патшадан бұйрық бұрқ ете түсті. Бұл бұйрық
болыстарға келеді. Сонда Қызылбөрік елінің болысы Нұр-

бай Боқыев деген кісі еді. Болыстар бұйрықты старшындарға
таратын. Ол кезде Қызылбөрік елі 10 старшынға қарайтын.
10 старшын ел ауылдарға бөлінетін. Соның бірін 4-ші ауыл
дейтін, старшыны Әділбеков Момынбек деген кісі. Старшын-

ның барлығын болыс шақырып бұйрық таратады. Сол той-то-
малақтан 10-15 жігіт кешкілікте ауылға келсек жылап-сықтап
жүрген ауыл адамдарын көрдік. Не болды?- деп сұрастырсақ,
патшаның қазақ балаларынан солдат алу туралы бұйрығы

екен. Бұған ел не істерін білмей састы. Ауыл адамдары жина-
лып, «солдатқа бала бермейміз» деп қарсы тұрды. Ақылдаса
келгенде байлар жағы беремізге шығып, кедейлер жағы бер-
мейміз деп ел арасына іріткі туа бастады. Осымен дағдарып

тұрғанда Шелекте тұратын пристав 5-6 жасауылмен Асыға
келді. Ол үй тіктірді, ел жиып осы бұйрықты түсіндірді. Сон-
да кедейлер жағы бермеймізге, байлар жағы береміз, патшаға
қарсы тұрмаймыз дегенге келді. 4 болыс ел жиналып екі жақ

болды. Содан елдің бермейміз деген жағы көбейді. Сонда
пристав Шелекке түсіп солдат алып шығамын деп ашуланып
елден ат міне бастады» – дей келіп болған оқиғаларды ары

61

қарай өрбітіп, патша чиновниктері мен халықтың арасында
болған, т.б. жағдайларды былайша сипаттайды: «4-ші ауылда
Құттықсейіт деген жігіттің аты бар еді. Солдатқа жігіт бер-
мейміз деген жағын басқарғанның бірі Құттықсейіт бола-

тын. Пристав сылтаумен «астыңа мінген атыңды бер» – деді.
«Атты бермеймін» деп атын алып келе жатқан жасауылды са-
бап-сабап атын тартып алып мінді. Сонша болыстың ішінде
приставта қуып артына ерген елді ертіп 4-ші ауылға кетті.

Төрт болыс елдің бас қосып үй тіккен жері Жамбас деп атала-
тын. Пристав Шелекке барып, одан Алматыдағы оязға барып
20 солдат алып, ояздың көмекшісі 12 жасауылымен 8 күнде
Асыға қайтып келді. Жанбастың аузына он шақты үй тіккізіп

орналасты. 4-ші ауылдың старшыны Момынбек пен Құттық-
сейітті шақырып алып қамап қойды. Содан кейін 4 болыс
елді шақырды. Барлығымыз бір жағында боламыз деген ел
ыдырады». Естелікте жазалаушы әскермен болған қақтығыс

жайлы, олардың істеген қатыгездігі туралы: «Мақсұттың
ауылына барып, жігіттерін ертіп, солдатқа «пленге» түскен
адамдарды ажыратып аламыз деді. Мақсұттың ауылына кел-
сек еркек біткеннің барлығы Жалаңаштың орысын қыруға

кетіпті. Кеше сол орыстардың малын алып келді деп, ауылда
қалған әйелдер айтты. Ешкімді таба алмай келген жағымыз-
ға қайта қайттық. Ондағы ойымыз орыстар қырған жерде ел
барма деген еді. Қайтадан Құдырғыдағы Жасыбайдың үйіне

қайтып оралдық. Келсек 4-ші ауылдың адамдарының бір-
сыпырасы жаралы екен, менің ағам Молдабайда солардың
ішінде. Олар орыстармен шайқаста күштері жетпей барлы-
ғы қашыпты, өлсем біреуін жастана өлейін деп, бір солдат-

тың белінен ұстап алып аудара бастағанда солдат қылышпен
қолын шаба берген екен, сүйектен түк жоқ, қарнын оқ тесіп
кетіпті. Әрең дегенде келіп отырғаны екен. Сол кісілердің
ішіндегі Сейдімхан дегеннің 7 жерінен найза тесіпті. Кел-

геннің барлығы жаралылар, олардың айтысына қарағанда бір
шайқаста 47 адам қаза болыпты. Солдат кетіпті дегенді естіп,
қайтадан Қарақұрсаққа бардық. 4-ші ауылдан қалған тамты-
ғы Қарақұрсақта екен. Болған жайдың хабарын естісек біраз

адам қаза болыпты, қасына 15 кісідей ертіп Ибақ солдаттың
артынан қуып, қапыда оққа ұшады, қалғандары атысады.
Ішінен сол атысқа қатысқан Байсейітті шешесімен бірге ба-

62

сын таспен мыжып кетіпті» – деп өзі қатысқан, көзімен көріп
куәсі болған тарихи оқиғаларды баяндайды.
Мұндай естеліктер 1916 жылғы көтеріліс туралы құжат-
тық деректерде кездесе бермейтін тың тарихи фактілер береді

және ол тақырыпты бүгінгі таңдағы қоғамдық сұраныстарға
сай зерттеуге септігін тигізері хақ.
1916 жылғы көтеріліс қазан айының аяғында, қараша
айының басында қатаң түрде басып-жаншылды. Кө-

теріліс кезінде қажып-қалжырап, қиналып біткен халық,
енді туған өлкелерінде “барар жер, басар тауы” қалмаған
соң Батыс Қытай жеріне кетуге мәжбүр болды. Әрине,
ол жақта оларды “құшақ жая” қарсы алған ешкім жоқ.

Керісінше “тозған қазды, топтанған қарға жейді” дегендей
олардың патша жендеттерімен қалған мал-мүлкі жергілікті
халықтың өкілдері, Қытай үкімет орындары тарапынан то-
науға түсіп, тартып алынған болатын. Қытай жеріне үрке

қашып кетуге себепші болған патша үкіметінің жазалаушы
әскерінің көтеріліс басылғаннан кейінгі іс-әрекеттері де
әсер еткен-ді. Олар көтеріліс басылғаннан кейін, оған қа-
тысушыларды, сонымен қатар бейбіт халықты да жекелеп

де, топтап та қырып-жойған еді.
Жазалаушы жендеттердің көтерілісші халықты айуан-
дықпен қырғынға ұшыратып, тонағанын сол оқиғаларды
көзімен көрген куәгер Іргебай Дәлденбайұлының естелік-

терінен көруге болады: «... орыстар қазақтарды өлтіріп
Тәте деген асудағы шанышқан ағашқа байлаған, ер адам-
дардың астын кесіп, аузына тығып кеткен. Қарқарадан
Нарынқолға келе жатқан әйелдерді өлтіріп, балаларын

құшақтатып кеткен. Сол тәріздес шабуыл жасаушы казак-
орыстар малды талап, үйлерді өртеп, киім-кешекті алған-
нан басқаны білмеді. Өз білгендерімен іс істеді. Сонымен
ел Қытай шекарасы Текес-Байынқол өзенінің бойындағы

“ Абылайша” жаппа үйлер тігіп, қытаймен сөйлесе бас-
тады. Қытай ұлықтары тоғыз қара жорға, тоғыз арғымақ,
он екі жамбы барсең жол беремін дейді. Бір жағынан
патшаның әскері келіп қалама деп болыс – болыстан кісі

келіп, Тоғай-Толағай деген. Байынқолдың Текеске құйған
жерінде, қос деңнің астында сөйлетті».

63

Осындай ел әбігерге түскен, екі ортада не істерін біл-
мей сергелдең болған шақта патша жазалаушылары елге
“арғы бетке” өтпеу туралы талап қояды. Ол жөнінде жо-
ғарыда айтылған кісі былай деп еске алады: «... Сарыжазға

мың казак-орыспен, зеңбірек құрамымен Кравченко деген
пристав орыс келді. “Ел қашпасын, қашқанымен Қытай
өткізбейді. Ішіндегі айыпты кісілерді ғана аламыз ... Бас-
қасына тимейміз. Өз жерлеріне барып отыра берсін. Егер-

де екі күннен қалса әскерге алмау жағына ерік беріледі”
деген, бір-бір жапырақ қағаз алып келіп, елге таратты.
Елдің тұқымы құрып қалса да тоқтайтын болмады". Бұл
патша жендеттерінің жасаған айла-шарғысы еді. Өйткені

қашқан елмен біраз дүние мүлік ары өтіп кететінін біліп
қайткен күнде оны алып қалуға тырыспақ болды, соны-
мен бірге, бері жақта қалса “сендер көтеріліске қатысқан
кінәлісіңдер” деп одан әрі қанауға салуды көздеген саясат

болды.
Осылай шекараға жақын жерде ұйлығып тұрған албан
елінің үстіне Қарақол уезінің қырғызының бұғы руы келіп
қосылады. Осы кезде алдыңғы қойған шартқа көнбеген

халықты күшпен қалдыруға тырысқан жазалаушы әскерде
келіп жетеді. Екі арада тағы да қақтығыс болып қарусыз,
қорғансыз халық қырғынға ұшырайды. Бұл оқиға жөнін-
де куәгер Жазылбек Серікбайұлы: «Бірнеше күн өткеннен

кейін үш-төрт жүз әскері және әскер басшыларымен Крав-
ченко келді Албан, Бұғының бірнеше көтерілісшілері Құр-
қақпақтың аузы, Текес суының жағасында патша әскеріне
қарсы ұрыс болдыртты. Әскер зеңбіректі күпілдеткен соң

көтерілісшілер шен-маңайларына бара алмайды. Күн кеш
кіріп, түн болған соң Кравченко әскері Қақпаққа келіп
қонады. Қолында жабдығы жоқ албан, бұғы қатын-бала
мүліктерімен түнде жасырынып қашып, шекараға барады.

Алдарынан Қытай әскері тосып, өткізбейді. Үріккен ел
таң атқанша ат үстінде болады. Таң атқан соң Кравченко
әскері Қақпақтан шығып, зеңбіректі күпілдетіп Нарынқолға
келеді. Қазақ-қырғыздан көп адам шығын болады. Зеңбі-

ректің жалындаған оғын көрген соң қытай әскерін тыңда-
май, албан, бұғы қытай шекарасынан өте шығады. Үріккен

64

ел жолшыбай қалмаққа малын аяусыз талатып алады» –
деп еске түсіреді.
Туған жер, ескен өлкесінен амалсыздан тастап зар илеп
қашуға мәжбүр болған Қарқара өңірінің халқы Қытай жері-

нен де береке таппай, көздерінен қанды жасы сорға-
лап жүріп елге қайтуды армандаған еді. Осындай ала-
сапыран, аумалы-төкпелі заманда халқының көңіл-күйін
деп басатын ақын-жыраулардың көкірегіне небір запыран

жыр-өлеңдер құйылатыны белгілі. Соның бірін Қарқара
көтерілісінің куәгері молда Қойшыбай Қосалыұлының сол
заман туралы айтқан «Мұң зарында»:
«...Шақырған бері жүр деп бір адам жоқ

Жылаймын кемсеңдетіп иегімді.
Қайта айналып келетін заман қайда
Дәулет құс қолымдағы жіберілді.
Біздің жұрт баяғыдай бола ма екен...

Бірігіп Қарқараға қонар ма екен...
...Ат сұлу, айғыр көркем-жалыменен
Бай шешен, батыр көсем малыменен
Тар жерде өз өлтірмес, жат жарылқап....

...Басында әуре бізді қылмасашы
Сұм дүние опасы жоқ, боқтан сасық.
Ел жұртым, көк майсалы кен Қарқара
Бұл күнде бір көруге болдым асық» – ашына зарлап

өлеңге қосқан еді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы басқа да әртүрлі
әлеуметтік-саяси құбылыстармен байланысты болған және
соған қатысты айтылған тарих материалдары түрлі мазмұн-

да болып келеді. Олардың барлығы айтылған тарихи дерек-
тердің ерекше сипаты болып табылады. Әсіресе, айтылған
әңгіме-естеліктердің тарихи факті ретінде тарих айтушының
тарапынан оқиғаның баяндалуы, тіркеуші тарапынан оны

тіркеп рәсімдеу үрдісі жүргізілгені байқалады.
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қа-
тысты тарих айту дәстүрінде берілген мәліметтерді баяндау
процесінде тарих айтушылар өзіндік тәсілдерді пайдалан-

ған. Мысалы, болған оқиғаны қара өлеңге, дастан немесе ес-
теліктерге айналдырып баяндау тәсілін қолданады. Өлеңмен
өрілген тарихи мәтіндер арасында қара сөз сақталса да, оны

65

мүмкіндігінше қарапайым сөз үлгісіне немесе белгілі нұсқа-
дағы айтылған факті түріне айналдырады. Мәселен, көтеріліс
тарихы өлең ретінде берілген айтылған тарих материалда-
рындағы мына бір ерекшеліктерге назар аударайық. «Елге

хат» деген өлеңде: «Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты.
Екеуі де Қапал уезі, Сарытау болысынан майданға алынған
жігіттер»-делінген. Бұл өлең тіркелген жинақтың мазмұнын-
да «Нұғман Сартайға жазып берген хаты (1916 жыл туралы)»

деп көрсетілген. Сол кезде тылдың қара жұмысына аттанған
жігіттердің көңіл-күйі хатта былайша сипатталған:
Ағамыз сәлем айттым Зәкірбайға,
Бұрынғы Жетісуың бізге қайда?

Алысқа сапар тартып біздер кеттік,
Құлдилап түскендей боп терең сайға.
Тағы да сәлем жаздым Есембайға,
Кез болдым заманымда мұндай жайға.

Осы кеткен боз баланы ойлап тұрсам,
Бағасы жетпей кетті жалғыз тайға, – деп, одан әрі қара
жұмыстан алып қала алмағаны үшін туыстарына өкпесін
білдіре баяндағаны байқалады. Сондай-ақ, «1916 жылы окоп-

ке алынған жігіт жыры» деген өлеңінде:
Күшті ағайын алалап,
Шығарып бердің бір бізді,
Сыртымнан тіркеп өштікпен,

Іспескіге кіргізді.
Аталасым ағайын
Туғандығын ұмытып,
Сары солдатқа ұрғызды.

Мойынға бұғау салдырып,
Туған елді шулатып,
Туған елді қалдырды..., – деп қара жұмысқа алынатындар-
дың тізімін жасауда жол берілген әділетсіздіктерді, ауқатты

топ өкілдерінің өз жақындарын қара жұмысқа жібермей алып
қалып, қарапайым адамдардың, кедей-кепшіктің балаларын
тізімге кіргізіп жібергеніне өкінішін білдіріп былай дейді:
Есебін тапқан ауқатты,

Бай баласы мырзалар
Күлгендей болды табалап,
Момынның жасы-кәрісі

66

Тізімге түскен алалап
Ар-ұятын ұмытып
Ауылнай, болыс, билердің
Бұзылған діні қарасы,

Қыршын жасты қолынан
Қосақтап ұстап бергенде,
Кеңейді ме жеріңіз?
Алды-артыңа қарашы?...

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты
айтылған тарих материалдары арасында осы мазмұндас өлең-
дер көптеп кездеседі. Барлығында патша жарлығын жүзеге
асыру барысында қазақ ауылдарында орын алған әділетсіздік-

тер, малы бар ауқатты адамдар балаларын, аға-інісін пара беріп
алып қалып, ондай мүмкіндігі жоқ адамдар тізімге ілініп, со-
ғыс тылындағы қара жұмысқа жіберілгені баяндалған.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы айтқан естелік-

әңгімелерді жазып алып жинауға қатысқан зиялыларымыз
туралы да құнды тарихи деректерді кездестіреміз. Мыса-
лы, Мұхтар Әуезовтың 1916 жылғы көтеріліс мәселелеріне
арналған «Қилы заман» повесінің жазылуы жөнінде қоғам

қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің інісі Әуезхан Көшкінов кө-
терілістің 10 жылдығына орай 1926 жылы болған жағдайлар-
ды өз көзімен көрген куәгер ретінде былай суреттейді: «Сол
жылы ел Қарқара жазығына жиналды. Жиынға Ыдырыспен

бірге Ораз Жандосов келді. Ереуілтөбені үйгенде мен он
төрттемін. Төбеге үйілетін тастарды көпшілікпен бірге Ораз
бен Ыдырыстың өздері де тасыған еді... Ораз бен Ыдырыс
біздің ауылда, Шырғанақтың бойындағы ақбоз үйде жатты.

Ыдырысқа жеке үй тігілген еді. Мен сол үйге қымыз тасып
беріп жүрдім. Әртістер, өнерлі адамдар қатарында Әміре Қа-
шаубаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек
Жандарбеков, Иса Байзақов жүрді. Ал Ілияс Жансүгіров пен

Мұхтар Әуезов бұлардан кейінірек келді. Жергілікті азамат
Сәрсенбай Бейсембетов келген қонақтармен бірге жүрді. Сол
кезде Әубәкір Солтанбекұлы 1916 жылғы көтеріліс жөнінде
Мұхаңа бірталай әңгіме айтып берген болатын. Ал, сол әңгі-

мелер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» по-
весінің жазылуына арқау болды» – деп көрсетеді.

67

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қа-
тысты айтылған тарих материалдарын пәнаралық тұрғыдан
кешенді түрде қарастыру әдебиеттану, мәдениеттану, психо-
логия салаларының мамандары үшін де маңызды болып та-

былады.
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын дәйекті
түрде зерттеу ісі сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік-мә-

дени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси әре-
кеттерді, әлеуметтік-тұрмыстық, т.б. жағдайларды дұрыс
түсініп, ғылыми объективті баға беруге қызмет етеді.
Пайдаланылған әдебиет

1.Манас. Эпос. Сагымбай Орозбак уулунун варианты боюнча. 1 китеп.
Фрунзе, 1984, – 163 б.

2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы, 1985, – 125 б.

3.Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы. Құрастырушылар Б.Кенжебаев
ж.б. Алматы, 1967. 29 б.
4.Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1985, – 262 б.

5. Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХІХ – в начале ХХ вв.

– Алма-Ата, 1991. – С. 29.

6. Қарқара айбаты: құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы, 1991.

– 8 б.

7. Восстание 1916 года в Туркменстане: докум. и матер. – Ашхабад, 1938.

– С. 218.

8. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник докумен-

тов и материалов. – М.: 1960. – С. 793. 9. 1916 жыл. (Қазақ халқы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығына).

Әңгімелер, өлеңдер мен дастандар. Арн. редакторы Өзбекәлі Жәнібеков. –
Алматы: Рауан, 1996, -207 б.

10. Қаһарлы 1916 жыл. 2-томдық құжаттар мен материалдар жинағы.

Құрастырғандар: С.А.Асанова, З.Ижанов, Р.К.Кангужиева, С.Ф.Мажитов,
Ю.И.Романов, С.О.Смағұлова, Ж.Б.Сүлейменов, Е.В.Чиликова. – Алматы:
«Қазақстан», 1998. – 247 б.

11. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 2-том. Жетісу – Ыстықкөл қасіреті:

1916-1920 жж. /Құжаттар мен материалдар жинағы/. Құрастырушылар: Қой-
гелдиев М.Қ., Тілеубаев Ш.Б., Оразов Р.Е. – Астана: «Ел-Шежіре», «Астана
полиграфия АҚ», 2007. – 352 б.

12. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 3-том. Орта Азия – Қазақстан: 1916

жыл. /Құжаттар мен материалдар жинағы/. Құрастырушылар: Қойгелдиев
М.Қ., Тілеубаев Ш.Б., Оразов Р.Е. – Астана: «Ел-Шежіре», «Астана полиг-
рафия» АҚ, 2007. – 352 б.

13. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 11-том. Жетісу. 1916 жыл. /Құжаттар

мен материалдар жинағы/. Құрастырушы: Тілеубаев Ш.Б. – Астана: «Ел-
Шежіре», «Астана полиграфия» АҚ, 2008. – 320 б.

68

14. Тілеубаев Ш.Б. Жетісудағы 1916 ұлт-азаттық көтерілістің жетекшілері

жөнінде. //Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Тарих және саяси-әлеу-
меттік ғылымдар» сериясы. – 2013, № 1. – 22-27 бб.

15. Нұржекеұлы Б. Елі алқаған Ыдырыс. // Парасат, 7 мамыр 1991, -10 б. 16. ШЖҚ РМК «Ғылым ордасы» Орталық Ғылыми кітапханасының қол-

жазбалар қоры, 1019-тізбе, 356-382 бб.
Бақылау және өзін-өзі тексеру
сұрақтары:
1.Күнделікті өмірінде көшпелі және жартылай көшпелі тұр-

мыс басымдылық алған қоғамдардағы тарих айту дәстүрінің
ерекшелігі жөнінде не айтқан болар едіңіз?
2.Қазақ қоғамындағы жадта сақтап ауызша айту дәстүрінің
негізгі жанрларын атаңыз.

3.Қазақ қоғамында жадта сақтап тарих айту дәстүрі мен
жазба тарих дәстүрінің қатар жүргендігін айғақтайтын
фактілік материалдар келтіріңіз.

4. Эпикалық жанрдың негізгі даму кезеңдері туралы не бі-

лесіз? 5. Рашид ад-диннің «Жылнамалар жинағы» мен Қадырға-

ли би Қосымұлы еңбегінің арасындағы ұқсастықтар жөнінде
не айтқан болар едіңіз?

7. Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ қоғамындағы тарих айту дәс-

түріне қатысты еңбектерін атап, оларда жасаған негізгі тұ-
жырымдарына тоқталыңыз.

8. Халықтың тарих айту дәстүрінде тарихи жырлардың

алатын орны жөнінде әңгімелеңіз. 9. Айтылған тарих материалдарындағы 1916 көтерілістің

шығу себептерін анықтаңыз? 10. Естеліктердің ішінен 1916 жылғы көтеріліс басталуы

жөнінде айтылған мәліметтерді табыңыз 11. Айтылған тарих естеліктерінен көтерілістің салдары

мен оған қатысушылардың тағдыры туралы ақпараттарды
көрсетіңіз.

69

2 ТАРАУ

«АЙТЫЛҒАН ТАРИХ»:

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 «Айтылған тарихтың» ғылыми бағыт ретін-
де алғашқы қадамдары. АҚШ ғалымдарының
тәжірибесі
2.2 «Айтылған тарих» Еуропа елдерінде.

Ұлыбритания ғалымдарының тәжірибесі
2.3 «Айтылған тарих» Аустралияда
2.4 «Айтылған тарих» Еуропа елдерінде.
Чехия, Польша және Беларусь ғалымдарының

тәжірибесі
2.5 «Айтылған тарих» Қазақстанда
2.1 «Айтылған тарихтың» ғылыми бағыт
ретінде алғашқы қадамдары.

АҚШ ғалымдарының тәжірибесі
XX-шы ғасырдың 40-шы жылдарында ғылыми айналым-
ға енген «айтылған тарих» зерттеу әдісі ретінде әлеуметтік
тарих бағытында кеңінен қолданысқа ене бастайды. Екінші

дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары қоғамда орын алған
әлеуметтік сипаттағы өзгерістер батыс елдерінде гендерлік
тарих, еңбек тарихы, өлке тарихы сияқты тақырыптарды
зерттеу ісінде «айтылған тарих» әдісін қолдану үрдісіне бір-

шама серпін берді.
Әр елде «айтылған тарих» қоғам өміріне лайық сипатта
өзіндік ерекшеліктерімен дамыды. Жеке ұлттық контекстер
аясында тарихшылар «айтылған тарих» бойынша материал-

дар жинау, зерделеу және сақтаудың түрлі жолдарын ұсынды.
Айтылған тарих әдісі қолданылған жобалардың мақсаттары
да әртүрлі болды. Тарихты зерттеуде қоғамдық санаға жа-
қын тұрған әдістердің бірі болып табылатын айтылған тарих-

ты пайдалану негізінен жоғары оқу орындарында өріс алды.

70

Студенттер мен ізденуші жастардың тарихқа қызығушылық-
тарын ояту мақсатында ЖОО орындаған айтылған тарих
бойынша тәжірибелік жобалар қатары күн сайын толығып
жатты. Жүзеге асырылған бұл ғылыми жұмыстар негізінде

жинастырылған материалдарды танымдық тұрғыдан тара-
туға бағытталған тарихи мазмұндағы деректі фильмдер мен
коллекциялық вебсайттар онлайн мұрағаттардың кең тара-
луына себепкер болды.

Өлкетанушылар өз кезегінде туған өлке тарихына қатысты
мағлұматтар қалыптастыру және зерттеу жолында қарт тұр-
ғындардың көрген – білгендерін жинау үшін «айтылған тарих»
зерттеу әдісін пайдаланды. Өлке тарихын зерттеу және жазу-

мен айналысушылар саналы түрде айтылған тарихты дамы-
туды мақсат етпесе де, олардың ізденіс нәтижелері тарихтың
жаңа зерттеу әдісін, өрістетуге жағымды ықпалы болары хақ.
Алайда, жергілікті кәсіби тарихшылар, кітапхана және мұрағат

қызметкерлері немесе қарапайым тұрғындардан тұратын ерікті
ізденушілер болғандықтан өлкетанушылар күшімен жинасты-
рылған бұл материалдардың дереккөз ретінде маңыздылығы
ғылыми – сыни талдау барысында ғана анықталады.

Қоғамдағы өмір сүру деңгейі немесе өмір сүру салтымен
ерекшеленетін түрлі әлеуметтік топтарға қатысты мәселе-
лерді арнайы ғылыми жобалар арқылы қарастырған әлеумет-
танушылар да айтылған тарихтың жетіле түсуіне өз үлестерін

қосты. Осы сипатта атқарылған жобалар нәтижесінде отбасы
тарихы, миграция тарихы сияқты бағыттарда айтылған тарих
материалдарының қорларға жинақтала түскенін байқауға бо-
лады.

Жоғарыда аталған зерттеулерге «айтылған тарих» мате-
риалдарын кеңінен тартылуы бүгінгі тарих ғылымында бұл
зерттеу әдісінің халықаралық сипат алуына ықпал жасады.
Тарихнамалық еңбектерде «Айтылған тарихтың» қалыпта-

суы мен даму тарихы төрт кезеңнен тұрады:

– XX ғ. 50-60 жж. – көрнекті қоғам және мемлекет қай-

раткерлерінің өмір жолын зерттеу мақсатында ақпарат жинау
кезеңі;

– XX ғ. 60-70 жылдарының ортасы – баламалы тарих, жа-

зу-сызуы болмаған халықтар және қоғамның маргиналдық

71

топтарының тарихын зерттеуге байланысты айтылған тарих
әдісінің қолданысқа түсуі;

– XX ғ. 70 жылдарының екінші жартысы 90-шы жылдар-

дың басы – «Айтылған тарихтың» жаңа ғылыми бағыт ретін-
де орнығу кезеңі;

– техникалық сандық-ақпараттық құралдардың шығуына

байланысты төртінші кезең XX ғасырдың 90-шы жылдары-
нан қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды.
Америка Құрама Штаттарында айтылған тарих ғылыми
бағыт ретінде қалыптасу кезеңінде-ақ үлкен жетістіктерге

қол жеткізді. Алғашқы он жыл көлемінде ғана «Нобель сый-
лығы иегерлерінің ғылымдағы орны», «Америка тарихшы-
лары» сияқты ауқымды ғылыми жобалар жүзеге асырылды.
А.Невинс салған жолмен жұмыстарында айтылған тарих

әдісімен жинастырылған естеліктерді пайдалана бастаған
тарихшылар қатарының артуы халықаралық сипат алды. Мә-
селен, неміс тарихшысы Я.Мехра 1952 жылы 1920-1930 жж.
кванттық механиканы жасау ісіне ат салысқан физиктерден

айтылған тарих әдісімен сұхбат алу мақсатымен бүкіл Еуро-
па елдерін қамтыған экспедиция ұйымдастырды. О.Хеншел
қорының қаржыландыруымен жүзеге асырылған бұл ғы-
лыми зерттеу жобасының нәтижесінде физика ғылымының

даму тарихы үшін құнды ақпараттарға толы жазбалар қоры
құрылып, бүгінде Берлин қаласында тарихи зерттеулерге
қызмет етуде.
1960-шы жылдары АҚШ-та тарихи зерттеулерде пәнара-

лық бағыт кең таралды. Экономиканың жаңа тарихы, жаңа
саяси тарих, жаңа әлеуметтік тарих, психология тарихы және
т.с.с. түрлі мектептер мен бағыттардың қалыптасуы айтыл-
ған тарих әдісі арқылы материалдар базасын жасаумен қатар

жүрді. 175 сұхбат жазбаларынан тұратын «Кванттық физика
тарихының мұрағаты» атты екі жылдық жоба сияқты көпте-
ген ауқымды жұмыстардың орындалуына ықпал етті.
Ал, 1970-ші жылдары Америка Құрама Штаттарында ғы-

лыми-техникалық даму тарихына қатысты зерттеулер жүргі-
зу мақсатында құрылған 24 айтылған тарих орталықтары
космосты игеру тарихы, әуе ұшуларының шежіресі сияқты
зерттеу жобалары нәтижесінде 375 сұхбат мұрағат қорларына

тапсырылды. Мұрағат қорларынан орын алған бұл айтылған

72

тарих сұхбаттары ғылыми зерттеулерде кеңінен пайдаланы-
латын дереккөздері болып табылады. Сондай-ақ, медицина,
психиатрия, биология, ботаника, физика тәрізді ғылым сала-
лары тарихын зерттеуге құрылған айтылған тарих орталық-

тары 1960-1970 жж. азаматтық құқық теңсіздігі мен Вьетнам
соғысына наразылық немесе феминизм сияқты әлеуметтік
қозғалыстарды зерттеу ісіне бет бұрды.
Жоғарыда атап көрсетілген сұхбаттар негізінде жүзеге асы-

рылған ғылыми зерттеулер қоғамдық сұраныстарға ие жұ-
мыстарға айналып, бестселлерлер қатарын толтырып жатты.
Тарихшылар тарапынан қоғамның ғылымға деген қызығушы-
лығы мен қолдау сезімін оятатын кәсіби тұрғыдан орындалған

көптеген жобалар ұсынылды. Мәселен, 1978-1981 жж. аралы-
ғында Массачусетс штатының Кларк университетінің профес-
соры А. Баттимер халықаралық деңгейде жүзеге асырылған
«Путь в географию» («География ғылымына жол») аталатын

зерттеу жобасы география саласындағы түрлі ғылыми мек-
тептердің ерекшеліктерін анықтауды көздеді. АҚШ, Ұлыбри-
тания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Финляндия,
Нидерландия сияқты елдеріндегі география ғылымының көр-

некті өкілдерін біріктірген зерттеуде ғалымдардың кәсіби өмір
жолдарын таңдау себебін ортақ тақырыпқа айналдырған автор
сұхбат бағдарламасын негізгі төрт бөлімге бөлген: шығарма-
шылық және орта; географиялық теория мен практиканы қо-

ғамның қабылдау деңгейі; қолданбалы географиядағы «қиял
және шынайылық»; «идеяны дәлелдеу амалдары»*.
Құрылымдық бағдарламасы мазмұнды әрі ауқымды болып
келетін жобаны орындауда А.Баттимердің сұхбат алу үрдісінде

диктофонмен қатар видеокамераларды қолдануы сол кездегі ай-
тылған тарих үшін кезекті жаңалық еді.
Шетелдік ғалымдар арасында А.Баттимердің зерттеу үлгісінде
айтылған тарих әдісімен жобаларды жүзеге асыру бұл әдістің ғы-

лыми тұрғыдан маңыздылығын арттыра түсті. Мысал ретінде, Бу-
дапешт технология және экономика университетінің профессоры,
Венгрия Ғылым Академиясының мүшесі И. Харгиттаи жобасына
назар аударуға болады.

--------------------
* Баттимер А. Путь в географию. М. // Пер. с англ. А.В. Тарусова. М.,

1990. – 440 с.

73

Қорытынды нәтиже ретінде ғылыми қауымдастық үшін
құнды ақпарат беретін «Candіd Scіence: Conversatіons wіth
Famous Сhemіsts» («Шынайы ғылым: Химия ғылымдарының
көрнекті өкілдерімен әңгіме») атты жарияланған еңбек оқыр-

манға қазіргі заманғы химия ғылымы бойынша өз еңбектері-
мен әлемдік деңгейде мойындалған ғалымдармен 36 сұхбат
ұсынды. Кітапта құрамында Нобель сыйлығының иегерлері
де бар ғалымдармен өткізілген ашық сұхбат мәтіндерінің

берілуі, сондай-ақ, олардың отбасылық мұрағаттардан алын-
ған фотоматериалдармен толықтырылуы оны мазмұндық
тұрғыдан қызықты ете түсті. Еңбектің ғылыми сыншылар
тарапынан оңды пікірге ие болуы және академиялық ма-

териал ретінде кеңінен таралуы жобаны сериялық сипатта
жалғастыруға ықпал етіп, ізін ала жарық көрген биохимия,
биомедицина, физика саласының қазіргі замандағы көрнекті
өкілдерінің ғылымдағы жолы туралы берген сұхбаттармен

толықты.
Бүгінгі таңда өз елінің ғылыми институттары мен көрнекті
ғалымдарының кәсіби өмір жолын айтылған тарих әдісімен
зерттеу ісін қолға алған тарихшылар басқа да мемлекеттерден

шығып отыр.
Мәселен, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетінің ғылыми кітапханасының бір бөлімі ретінде
жұмыс жасайтын «Устная история» («Айтылған тарих») гу-

манитарлық зерттеулерді дамыту қоры арқылы химия, фило-
софия, геология, әлеуметтік ғылымдар, экономика, физика,
биология, география, медицина, математика, филология са-
лалары бойынша алынған мемуарлық сипаттағы сұхбаттар

негізінде ғылым тарихын даярлады.
Отандық тәжірибеде атаулы үлгіде жүзеге асырылған жоба
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жа-
нынан 2012 жылы құрылған «Айтылған тарих» ғылыми зерттеу

орталығының еншісінде. Орталық 2014 жылы Қазақстан Рес-
публикасының Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен
жүзеге асырылған жоба негізінде «Менің ғылымдағы өмірім:
ғалымдармен 21 сұхбат» атты ғылыми еңбекті жариялады. «Ай-

тылған тарих» арқылы елімізге еңбегі сіңген ғалымдардың бай
тәжірибесін зерттеу мақсатында қолға алынған жоба нәтижесін-
де өткен кеңестік заманда ғылым жолына түсіп, белсенді де нә-

74

тижелі еңбегімен танылған ғалымдардан сұхбат арқылы Қазақс-
тан ғылымының жүріп өткен жолына жаңа тұжырым берілген.
Сондай-ақ, алынған сұхбаттарды білім беру саласында пайдала-
ну мақсатында «Менің ғылымдағы өмірім» атауымен 20 минут-

тық оқу фильмі даярланған.
Айтылған тарих әдісі арқылы алынған сұхбаттар негізін-
де жарыққа шыққан еңбектерді үш топқа бөліп қарастыруға
болады:

– айтылған тарих бойынша жүзеге асырылған жобалар

және сол жобалардың орындалуына байланысты тәжірибелік
сипаттағы ақпарат алуға болатын еңбектер;

– айтылған тарих сұхбаттарының мәтіндеріндегі фактілер-

ге сүйеніп жүргізілген зерттеулер немесе сұхбат мәтіндері
берілген жарияланымдар;

– теориялық-әдістемелік еңбектер.

Ғылымның қалыптасу үрдісіндегі жаңа бағыты ретінде «Ай-
тылған тарих» бойынша зерттеулерді жүзеге асыруда басшы-
лыққа алатын теориялық-әдістемелік еңбектер қатарының көп
әрі алуан түрлі болуы бұл тақырыпқа толығырақ тоқталу қа-

жеттігін тудырады. Әрине, айтылған тарих бағытын ғылыми
айналымға енгізген АҚШ ғалымдары бұл әдісті зерттеу еңбек-
терінде пайдалануға қатысты өз тәжірибелерімен де бөлісті.
Бұл ретте сұхбат мәтіндерін транскрипциялау техникасы, ғы-

лыми-ақпараттық аппарат жасау, зерттеу материалдарын жа-
риялауға дайындық сияқты кезеңдерін қамтыған еңбектерден
академиялық ортада жоғары баға алған жарияланымдарға
ғана тоқталайық. Мәселен интервью жанрының шебері, ұзақ

жылдар бойы Колумбия университеті жанындағы «Айтылған
тарих» орталығының директоры қызметін атқарған Рональд
Дж. Г. және тәжірибелі журналист С.Теркелдің редакторлы-
ғымен 1975 жылы жарыққа шыққан «Envelopes of Sound. Sіx

Practіtіoners Dіscuss the Method, Theory and Practіce of Oral
Hіstory and Oral Testіmony» («Дыбыстық таспа: айтылған тарих
әдісі, теориясы мен практикасы жайлы тәжірибелік алты дисс-
куссия») атты кітапта тарихшылардан алынған сұхбаттар мен

1973 жылы Чикаго қаласында өткен американдық тарихшылар
ұйымдарының жыл сайынғы съезінде айтылған тарих тақыры-
бына қатысты пікірталастар мәтіні берілген.

75

Бүгінгі таңда айтылған тарих саласында жұмыс жасайтын
ең ірі ұйымдардың бірі болып есептелетін Ұлыбританияның
«Айтылған тарих қауымдастығының» және «Айтылған та-
рих» журналының негізін қалаушы, Эссекс университетінің

профессоры Пол Томпсон 1978 жылы жариялаған «Голос
прошлого: Устная история» атты еңбегінде теориялық-әдіс-
темелік нұсқаулар мен практикалық мәселелермен ғана шек-
телмей, тарих ғылымының басқа бағыттарымен салыстыра

отырып айтылған тарихтың алатын орнын анықтап беруге
тырысады. Ғалым еңбегінің нәтижелі болғандығын оның
айтылған тарих саласында классикалық сипатқа ие болып,
үлкен сұранысқа сай бірнеше тілдерге аударылғандығынан

байқауға болады.
Кейінгі кездері теориялық-әдістемелік сипатта жарыққа шық-
қан еңбектер арасында мазмұндық жүйелілігі және тұжырым-
дылығымен ғылыми қауымдастық назарына ие болған еңбектер

қатарында Дональд Риччидің «Doіng Oral Hіstory: a practіcal
guіde» («Айтылған тарихты жүзеге асыру жолында»), Валери
Иовтың «Recordіng Oral Hіstory: a guіde for the humanіtіes and
socіal scіences» («Айтылған тарихты жазу: гуманитарлық және

әлеуметтік ғылымдар үшін нұсқауша»), ағылшын тарихшыла-
ры Робер Перкс пен Алистар Томсонның редакторлығымен жа-
рық көрген «The oral hіstory reader» («Айтылған тарих оқырма-
ны»), Стейнар Кваленің «Іntervіews: an іntroductіon to qualіtatіve

research іntervіewіng» («Зерттеу сұхбаты: сапалы зерттеу сұхба-
тына кіріспе») атты еңбектері бар. Алессандро Портелли өзінің
теориялық және әдістемелік сипаттағы жұмыстарында айтыл-
ған тарих жазбаларын транскрипциялау нәтижесінде орын алуы

мүмкін мағыналық бұрмаушылықтардың себеп-салдарын зерт-
теуге зейін қойды*.
Жоғарыда аталған еңбектер қазіргі уақытта айтылған тарих
бағытында қолға алынған жаңа зерттеулер үшін үлгі тұтарлық

жұмыстарға айналды. Жаңа зерттеулердің басқа да тілдерде жа-
рық көретіндігі қалыпты жағдай ретінде қабылданатын болды.
-----------------------------

* Donald A. Rіtchіe. Doіng Oral Hіstory A Practіcal Guіde. New York, 2003.-308 p.; Valerіe Raleіgh Yow. Recordіng Oral Hіstory: A Guіde for the Humanіtіes and Socіal Scіences. Oxford, 2005.- 397 p.; R. Perks, A. Thomson. The oral hіstory reader. London, 1998.- 472 p.; Kvale S. Іntervіews: An Іntroductіon to Qualіtatіve Research

Іntervіewіng. Thousand Oak, 1996.- 301 p.

76

Олардың бәріне бұл арада тоқталуға, әрине, мүмкіндік шек-
теулі. Осы ретте бір нәрсеге көңіл аударған жөн. Жаңадан даяр-
ланған еңбектер өз елдеріне тиесілі ерекшеліктерді ашып көр-
сетуге күш салатындығы байқалады.

Дегенмен, «Халықаралық Айтылған тарих Ассоциациясы»
ұсынатын нұсқаулық стандарттар, белгілі дәрежеде, бұл салада
даярланатын жаңа жұмыстарға ортақ ұстаным міндетін атқармақ.
Қазақстан тәжірибесінде айтылған тарих саласында

жүргізілген жобаларға сараптамалық талдау жасаған ең-
бектер әзірге жоқ. Отан тарихын жаңа көзқарас тұрғысы-
нан қорытуға көмегі болатын айтылған тарих әдісі арқылы
жүргізілген ондай жобалардың өткен ғасырдың 30-ншы жыл-

дары қолға алынғандығын дерек көздері растап отыр. Мәсе-
лен, осы мақсатта атқарылған жұмыстардың бірі 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жинастырылған естелік
материалдар. Ол материалдар көтеріліске қатысқан неме-

се оған куәлік жасай алатын кісілерден алынған. Әрине, ол
куәліктер жазып алу техникасы арқылы алынбаған, дегенмен
ол алынған материалдардың түпнұсқалық маңызын жоққа
шығару мүмкін емес.

Қазіргі таңда айтылған тарих бүкіл дүние жүзі бойынша
тарихты зерттеудің кең түрде тараған бағыты ретінде белгілі
болғанына қарамастан, түрлі елдердегі зерттеушілер бірнеше
мәрте бұл терминді қайта қарастыруды ұсынды. Көптеген зерт-

теушілердің пікірінше, «айтылған тарих» термині бұл дерек
көзінің мынадай ерекшелігін толық аша алмайды. Дыбыстың
тасымалдағышқа жазып алынған сұхбат – бұл түпнұсқа, негіз,
ал ол транскриптен өткен соң ғана қолданысқа түседі. Міне

осы екі кезеңнің айырмашылығына баса назар аударылады.
Дегенмен, осыдан кейін сұхбаттарды ашып жазу формал-
ды түрде «айтылған» құжат қатарына жатқызылмайды. Осы-
ған сәйкес, әр елдің тарихшылары айтылған тарихқа неғұр-

лым сәйкес келетін түсінікті қолданысқа енгізуге ұмтылыс
жасады: «ауызша мұрағаттар», «ауызша сөздер», «халық
тарихы», «ауызша айтылған бұлақтар», «тарихи сұхбаттар»,
«өмірбаяндық сұхбаттар» және т.б.

Мысалы, басқа мемлекеттерге қарағанда салыстырмалы
түрде ертеректе айтылған ақпараттарды жинақтау және сақ-
тау ісінде алда келе жатқан Финляндия елінде «ауызша дәс-

77

түр» термині қолданылады; олардың айтуында тасымалда-
ғыштар мен магнитті ленталарға жазып алынған материалдар
тарихи процесті ашуға қажет фактілердің негізгі бөлігін құ-
рауы мүмкін, дегенмен барлығы емес, оларды түрлі қолжазба-

лар, фотосуреттер, иллюстрациялар толықтыра түспейді ме?
Тарихи оқиғаларға қатысушылардың немесе куәгерлердің
естелік жазбаларын жинастыру Африка елдерінде кеңінен та-
ралды. Ол жерде де ұзақ уақыт бойы бірыңғайланған термин

қалыптаспады: мәселен, Заирде «тарихи, ғылыми немесе мә-
дени қызығушылықты танытатын аудиовизуалды құжаттар»,
Гамбияда «тарихи, антропологиялық және лингвистикалық
мәлімет жазбалары», ал Сенегалда «жазбалық емес құжат-

тар» туралы айтылды.
Халықаралық деңгейде түрлі пікір-таласын тудырған
«айтылған тарих» ұғымының ғылыми айналымға ену та-
рихына тоқталсақ, терминнің пайда болуына мынадай жеке

фактінің әсері болғандығы байқалады. Колумбия универси-
тетінің оқытушысы А.Невинс пен жас студент Д.Альбертсон
1948 жылы мамыр айының жауынды бір күні ХХ ғасырдың
басында ашылған Нью-Йорктық метрополитен құрылысы

жайлы естеліктерімен бөлісе алатын адамнан сұхбат алуға
аттанады. Алдын-ала дайындалған сауалнама, сондай-ақ, қа-
лам және қағазбен ғана қаруланған екі ізденушінің қолында
ешқандай дыбыс жазу аппараты болмаған еді. Барар жолда

Д.Альбертсон олар қандай мақсатпен келе жатқандықтары
жөнінде сұрағанда А.Невинс: «Айтылған тарихпен» айналы-
самыз» деп жауап береді*.
Қазіргі таңда, «айтылған тарих» анықтамасын өзгерту мақ-

сатында жасалған бірқатар ұмтылыстарға қарамастан, тарихты
зерттеудің бұл әдісі ғылыми ізденістерде кеңінен таралып,
әдебиеттерден өз орнын иеленді.
А.Невинс 1890 жылы 20 мамырда Иллинойс штатындағы

Кэмп Пойнтта тұратын протестанттық тақуа отбасында дү-
ниеге келген. Ол тарих, экономика және теология ғылымдары
бойынша жазылған 500 кітаптан тұратын отбасылық кітапха-
на арқылы өз білім қорын қалыптастырады. 1912 жылы Илли-

нойс штаты университетін бітіріп, 1914 жылы отарлаушы
-----------------------
* Allan Nevіns on hіstory. N.Y., 1975. – P. ІX-XІІІ.

78

Р. Роджерстің өмірі жайлы өзінің алғашқы кітабын, 1917 жылы
Иллинойс Университетінің тарихы жайлы екінші кітабын жа-
зады. 1913 жылдан бастап журналистика саласында жұмыс жа-
сай бастайды. Бастапқы кездері Нью-Иорктік «Evenіng Post»

басылымында мақалалар жазады, содан соң «The Sun» басы-
лымында әдеби редактор, ал 1925-1931 жж. «World» газетінде
редактор қызметін атқарады. 1927 жылдан бастап Корнель
университетінде екі жыл дәріс беріп, 1929 жылы Колумбия

университетіне ауысып, онда жаңа екі: «Американың саяси
тарихы (1865-1925 жж.)» және «Американың әлеуметтік та-
рихы (1865-1900 жж.)» атты курстардан дәріс оқиды. 1931
жылдан зейнеткерлікке шығып, 1958 жылға дейін тарих про-

фессоры ретінде қызмет атқарған. 50-ден астам кітап, мыңға
жуық мақала жазған А.Невинс 1971 жылы дүниеден өткен.
Американдық әйгілі қайраткерлердің өз ауыздарымен ай-
тып, қалдырып кеткен куәліктерін мақсатты түрде және масш-

табты көлемде жинастыру қажеттілігі туралы идея А.Невинс-
ке тиесілі. Ал оның айтуы бойынша, дәстүрлі түрде күн сайын
газеттерде жарияланған некрологтарды қарастыру жолға қо-
йылған. Ғалым белгілі бір саланың дамуына зор үлесін қосып,

айтуға тұрарлықтай қызықты өмір сүрген, ғұмырында оқи-
ғаларға толы талай жылдарды бастан өткерген адамдардың
барлығы да өздерімен бірге жеке тәжірибелерін, куә болған
оқиғалар жайлы ойларын және көзі тірісінде таныс болған

тұлғалар жайлы пікірлерін алып кете барады. Ал олар қайтыс
болып кеткеннен кейін бұл ақпараттардың барлығы да қайта-
рымсыз түрде жойылады деген пікірде болған.
А.Невинс 1938 жылы жазған «Gateway to Hіstory» («Тарих-

тың қақпасы») атты кітабында тарихи зерттеу ісінде өмір-
баяндық мәліметтерді айналымға тартудың маңыздылығын
және танымал американдықтардың соңғы алпыс жылдағы
АҚШ саясатына, экономикасына және мәдени өміріне қосқан

үлестерін еске алу құрметіне арнайы жиын ұйымдастыруға
үндеді. Алайда, бұл ұсыныс ешкімді де аса қатты қызықтыра
қоймағандықтан соңғы он жыл ауқымында оны іске асыруға
деген бірде бір талпыныс не ұмтылыс жасалынбады.

Материалдық құралдардың тапшылығына байланысты
А.Невинс алғашқы сұхбатын тек 1948 жылдың 18 мамырын-
да қазіргі уақытта «Columbіa Center» ретінде белгілі, алайда

79

бастапқыда «Research Offіce» аталған Колумбия универси-
теті жанынан айтылған тарих орталығын құрып, жаңа бағыт-
тың негізін қалады.
А.Невинс студенттерінің бір тобы Нью-Йоркте Джордж

Мак Эниниден оның қоғамдық қайраткерлігі жөнінде сұхбат
алып, жауаптарын стенографиялық тәсілмен жазып алған.
Артынша, А.Невинс өзінің әріптестерімен бірге әйгілі аме-
рикандықтардың ауызша баяндалған өмірбаяндық жинақтар

сериясын шығарды. Бұл, тарихты айтылған тарих арқылы
зерттеудің алғашқы қадамдарының бірі болды.
Бастапқы кездері айтылған тарихқа бет бұрушылардың
қандай да бір анықталған, мақсатты зерттеу тақырыптары

болған жоқ. А.Невинс және оның көмекшілері өз жұмыс-
тарының мақсаты ретінде сұхбат барысында алынған мате-
риалдарды болашақ зерттеушілерге қажет материал ретінде
жинастыру деп түсінді. Естеліктер қоғамда танымал және

бір-бірімен еш байланысы жоқ. А.Невинс пен оның көмекші-
леріне сұхбат беруге келіскен адамдардан жинастырылды.
Айтылған тарих кеңсесінде арнайы жобалар құрыла баста-
ды: қандай да бір тарихи оқиға куәгерлерін сұхбат беруші

ретінде әріптестікке шақырумен қатар, қандай да бір белгілі
тақырыпқа, өзекті мәселеге байланысты немесе нақты жағдай-
лар бойынша сұхбаттасу шаралары жүргізілді. Осындай жоба-
лардың ең алғашқыларының бірі ретінде «Радиохабар пионері»

қарастырылады. Атаулы жоба бойынша Американың радиодик-
торларынан, радиоредакторларынан, режиссерларынан және
техникалық жабдықтау бөлімінің қызметкерлерінен сұхбаттар
алынып, ол мәтіндер транскрипцияланып, ең соңында жазба

түрінде қағаз бетіне түсірілген бұл естеліктер мәтіні 4 мыңнан
астам бетті құрады. Айтылған тарих кеңсесінде алғашқы үш
жыл шамасында іске асырылған жобалардың тағы бірі сейсмо-
логия және теңіз геофизикасы саласында жүргізіліп, сұхбаткер-

лердің естелік-мәліметі жинастырылды.
Айтылған тарих бойынша жобаларды іске асыру айтарлық-
тай үлкен қаржылай шығындарды талап етті (негізінен, кеңсе
қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлеу, қажетті материалдар

алу және т.б). Орталықтағы айтылған тарих бағытында қарас-
тырылған алғашқы жобаларды А.Невинс Колумбия универси-
тетінде жыл сайын берілетін американдық тарихшы Фр.Бэнк-

80

рофт атындағы сыйақыны иелену арқылы орындаған. Алайда,
«Айтылған тарих» бағытындағы алғашқы жобаны қалай қар-
жыландырылғаны туралы бұл мәлімет әдебиеттерде айтыл-
майды. Кейбір авторлар Фр.Бэнкрофттың Колумбия универ-

ситетінде Америка тарихы бойынша метариалдарды жинау
үшін мұра ретінде тастап кеткен бір миллион бес жүз мың
доллар көлеміндегі қаржы болғанын айтса, келесі бір әде-
биеттерде Фр.Бэнкрофттың ғылыми зерттеулер қажеттілігіне

екі миллион доллар қалдырып кеткендігі жазылған. Яғни, ол
соманың ішіндегі 500 мың доллар 1965 жылы Колумбия уни-
верситетінің профессорлық құрамына – экономикалық тарих
саласындағы мамандарға төлеуге берілген. Қалай болғанда да,

айтылған тарих үшін алынған сома аз болмаған. Өйткені Oral
Hіstory Offіce бағдарламаларын қаржыландыру үшін шамамен
алғанда кем дегенде жылына 400 мың доллар қажет еді. Бастап-
қы қаржы 1952 жылға дейін жұмыс процесін қамтамасыз етуге

ғана жетіп, алдағы жобаларды қаржыландыру Орталық үшін
аса үлкен мәселеге айналды. Осы уақыттан бастап А.Невинс
жобалары ашық коммерциялық сипатқа бет бұра бастайды.
Бұл ретте, мәселен Г.Фордтың автомобиль шығаратын алып

империясы жайлы жүзеге асырылған аса ірі жобаны атап
өтуімізге болады. «Ford motors» компаниясының қаржылай
қолдануымен 434 адаммен сауалнама жүргізілді, олардың ес-
теліктері бойынша транскрипцияланған мәтін 26 мың беттен

тұрды. Ал қосымша ақпараттарды А.Невинс Г.Фордтың өмір-
баянын жазу үшін тартты.
1952 жылы «Research Offіce» және «Баркер» зерттеу орта-
лықтары бірлесе отырып арнайы тапсырыспен Техас штатын-

дағы мұнай кәсіпшілігінің тарихын зерттеу жобасын жүзеге
асырады. Бұл жұмысты Рокфеллер отбасы қаржыландырды.
Бұл іс жүзінде АҚШ-тағы мұнай бизнесінің негізін қалаушы
Дж.Д.Рокфеллердің өмірбаяны болып табылды.

А.Невинс және орталықтың қызметкерлері алынған сұх-
баттарды стенографиялық тәсілмен тіркеді. 1952 жылға дейін
қаражаттың жеткіліксіз болуы салдарынан орталық қызмет-
керлерінің жинаған материалдарын ғылыми айналымға енгі-

зуге ешқандай да мүмкіндік болған жоқ. Барлық құжаттар бір
картотекада және жалғыз машинкамен жазылған түпнұсқа-
лық көшірмеде сақталды. Кейінірек сұхбат жазбалары маг-

81

нитофонның көмегімен іске асырыла бастады, 1957 жылдан
бастап орталықта сұхбатты магнитті лентаға жазып алуға бо-
латын алғашқы магнитофондар пайда болды.
Айта кететін бір жайт, бастапқы кездері А.Невинстің өзі

дыбыстық жазбаларға аса қатты мән бере қоймаған. Айтыл-
ған тарихтың мәнін ол берген ақпаратының тарихи мағына-
сы бар жеке тұлғалардың айтқанын жазып алып содан қор
құру деп түсінді. Осы жағдайға байланысты, респондент-

тердің сөйлеу мәнері мен жанды дауыстарын куәландыратын
жазбалардан басқасына онша мән берген жоқ. Сол себепті
жүргізілген сұхбаттардың көлемі олардың дыбысталу уақы-
ты бойынша емес, транскрипт беттерінің санымен өлшенді.

1958 жылы А.Невинс зейнетке шыққаннан кейін Колумбия
университетіндегі Айтылған тарих орталығына С.Бенисон
басшылық етті. А.Невинстің шәкірті әрі медицина тарихын
терең зерттеуші С.Бенисон бүгінде айтылған тарих бағыты-

ның көрнекті өкілі ретінде кең танылған. Ғалым басшылығы-
мен жүзеге асырылған ең ірі жобалардың бірі – вирусология
және бактериология салаларындағы көшбасшы ғалымдар-
дан алынған сұхбаттар топтамасы болып табылды.

1960 жылы Колумбия университетінің Айтылған тарих
кеңсесі өзінің «Айтылған тарих жазбаларының жинағы» атты
алғашқы каталогын басып шығарып, оны АҚШ-тың және
басқа да елдердің ірі кітапханаларына таратты. Бұл еңбектің

шығуы батыста тарихшылар қауымының қоғамдағы қарапа-
йым адамдар өміріне назар аудара бастаған мезгілмен тұс ке-
луіне байланысты жоғары сұраныс пен қолдауға ие болды.
Экономикалық тарих, саяси тарих және кәсіпшілік тарихы,

сондай-ақ, ғылым тарихын зерттеумен айналысқан Айтыл-
ған тарих кеңсесінің жұмыс нәтижелері ғылым саласындағы
жаңа бастама ретінде қабылданды. Айтылған тарихқа зерт-
теу әдісі ретінде бет бұрған тарихшылар қатарының артуына

қозғау салды.
Осылайша, Америка құрама Штаттарында мемлекет бас-
шыларының назарын аудару мақсатында ғалымдар баста-
масымен 1966 жылы Американдық айтылған тарих қауым-

дастығы құрылды. Халықаралық статусты иеленген бұл
қауымдастық уақыт өте айтылған тарихты саясаттанушылар
мен педагогтар, оқытушылар мен студенттер, мұрағат және

82

кітапхана қызметкерлері арасында насихаттау ісін қолға
алды.
Айтылған тарих саласындағы қол жеткен жетістіктер же-
келеген мемлекеттердің осы бағыттағы мамандарын өзара

ынтымақтастық құруға ынталандырды. 1980-ші жылдары
халықаралық деңгейде тарату үшін теориялық-әдістемелік,
әдістемелік-практикалық мазмұндағы мақалар жинақтарын
шығару ісін Франция мен Ұлыбритания, Солтүстік Америка

ғалымдары қолға алды. Бұл бастаманың біріншісі Франция-
да, екіншісі АҚШ-та іске асырылды. Кейіннен бұл екі жи-
нақ өзара біріктіріліп «Айтылған тарих және биографиялық
естеліктер» атты жыл сайын шығатын халықаралық журнал

ретінде шығарыла бастады.
2.2 «Айтылған тарих» Еуропа елдерінде.
Ұлыбритания ғалымдарының тәжірибесі
Ұлыбританияда фольклористикадағы материал жинау әдісі-

мен қолданыста болған айтылған тарих әлеуметтік тарихтың
негізгі компоненті ретінде 70-жылдары таныла бастады. Әлеу-
меттік ғылым өкілдері тарапынан зерттеу нысаны ретінде көз-
ге түскен гендерлік мәселе, еңбек құқығы сияқты тақырыптар

қатарының өсуі айтылған тарихтың ғылыми бағыт ретінде қа-
лыптасуына ықпал етті.
Алғашқыда қарт адамдардың естеліктерін жинаумен ай-
налысқан айтылған тарихпен айналысушылар 70-80-ші

жылдары тарихты жазу ісінде қарапайым халықтың өміріне
назар аудару ұстанымын ту етіп көтерді. АҚШ тәжірибесі-
мен салыстырғанда ағылшынның айтылған тарихшылары
академиялық орта тарапынан айтылған сыни пікірлер легі-

мен күресуге мәжбүр болды. Нәтижесінде айтылған тарихты
әлеуметтендіру мақсатында даярланған зерттеу жобалары-
ның материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
көпшілік қауым назарына ұсыну жұмыстары жолға қойыл-

ды. Айтылған тарих зерттеушілері өткен күндердің тарихи
маңызды естеліктерін жинастыру жолында жүріп өздерінің
авторлық құқықтарын нығайта түсу және жаңа мүмкіндіктер
іздестіру арқылы жаңа белестерге көтерілді.

83

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек тек 1976 жылы ғана
ағылшын жерінде жетпіске жуық айтылған тарих ғылыми
зерттеу жобалары жүзеге асырылған. Осылайша, өткенді түсі-
нуге жаңа мүмкіндіктер беретін естеліктерді жинауды мақсат

еткен зерттеушілердің ізденістерінің нәтижесінде «Айтылған
тарих» әлеуметтік тарихтың перспективті бағыттарының қа-
тарынан орын алды.
Сұхбат алу әдісімен өткен тарихты жаңа қырларынан та-

нуға ұмтылыс барысында методологиялық мәселелердің
туындауы толық табиғи құбылыс еді. 1969 жылы британдық
жазба дыбыс институтында өткен конференцияда құрылған
комиссия шешімімен 1973 жылы құрылған «Oral Hіstory

Socіety» («Айтылған тарих қауымдастығының») кезекті кон-
ференциясында айтылған тарихтың теориялық-әдістемелік
мәселелері талқыға түсті.
Ұлыбритания тарихшыларының өзара ынтымақтастығы

нәтижесінде «Айтылған тарих» қоғамы мүшелерінің көтер-
ген пікір алысулары өз нәтижелерін берді. Мәселен, респон-
тенттің есте сақтау қабілетіне байланысты сұхбатта берілген
ақпараттардың дереккөзі ретінде нақтылығына қатысты ғы-

лыми талқылаулар, Рафаэль Сэмюэл көтерген транскрипция-
лау нәтижесінде туындауы мүмкін кереғарлықтар, Пол Томп-
сон қойған айтылған тарихты зерттеу әдіс құралы ретінде
жетілдіру мәселесі, Джордж Эванс айтқан сұхбат алу амалда-

ры мен сұрақтарына қатысты ұсыныстар тағы басқа с.с.
Құнды естеліктер мен түрлі көзқарастарды қамтитын сұх-
баттарды транскрипциялау және мұрағаттау жолдарын іздеу-
ден туындаған ұмтылыстар әдістемеге қатысты еңбектердің

пайда болуына ықпал етті. Осы арнадағы жұмыстың жар-
қын үлгісі ретінде П.Томпсонның «Голос прошлого: Устная
история» еңбегін атауға болады. Осы автордың бастауымен
1973 жылы Ұлыбританияның «Айтылған тарих қауымдасты-

ғының» негізі қаланды. Қауымдастық айтылған тарих сала-
сында қызмет ететін ірі институт ретінде қоғам үшін ғылыми
маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жолында тұр.
Еңбек тарихы бойынша зерттеулер жүргізген «Тарихи зерт-

теулер шеберханасының» Ұлыбританияда ықпалды қозғалыс
ретінде мойындалуы ашық сипаттағы алған сұхбаттарының
қоғамдық санаға тигізген әсеріне байланысты еді. Өздерін

84

бастапқыда әлеуметік тарих, кейіннен феминистік қозғалыс
зерттеушілерінің қатарына жатқызған тарихшылар ғылыми
еңбектерінде айтылған тарих фактілерін негізге алды. Ал,
зерттеу тақырыптары еңбек тарихы мәселелеріне арналған ға-

лымдар болса айтылған тарих әдісін жұмысшы табы өмірінің
құжатталмаған ресми емес қырларын ашу үшін пайдаланды.
Айтылған тарих көпшілік назарына бұрын соңды қозғалма-
ған тақырыптар мен сол уақытқа дейін елеусіз қалып келген

материалдар қорын ұсынды. Мәселен, 1970-ші жылдардың
ортасында жарыққа шыққан «Women’s work іn the Yorkshіre
іnshore fіshіng іndustry» («Йоркшир балық өнеркәсібіндегі
әйелдер еңбегі»), «Jazz bands of North East Englan» (Солтүстік

– Шығыс Англияның Джаз ұжымдары) сияқты ғылыми мақа-

лалар сол уақытқа дейін қарапайым адамның өмірлік тәжіри-
бесі сияқты назардан тыс қалып келген әлеуметтік тақырып-
тарды зерттеу нысанына айналдырды. Қоғам өмірінде орын
алып, бірақ ұмыт қалған қарсылықтар мен үнсіздіктерді ай-

тылған тарих көмегімен ашу арқылы оңды өзгерістерге қол
жеткізуге болатындығы шындыққа айнала бастады*.
Айтылған тарихтың бағыт ретінде қалыптасуында ағыл-
шын феминистік қозғалыс тарихын зерттеушілердің алатын

орны ерекше.
Өйткені, елдегі феминистік қозғалыс өкілдері гендерлік та-
рих жазуда айтылған тарих әдісін қолданады; зерттеу нысаны
болып табылатын әйелдер өмірі сұхбат алу, естеліктер жинау

және оларға талдау жасау арқылы баяндалды. Осылайша, бұл
әлеуметтік мәселені тура түсінуде гендерлік сипаттағы биог-
рафиялық сұхбаттар маңыздылығы айқындала түсті.
1980 жылдардан бастап қара нәсілділер және аз ұлттар тари-

хын зерттеу айтылған тарих бағытында өзекті тақырыптарға
айналды. Миграциялық үрдістер, ұлтаралық түсініспеушілік-
тер, аз ұлт өкілдерінің жаңа ортаға бейімделу тарихын жазуда
жоғарғы жетістіктерге жеткен айтылған тарихшылар 1990-

шы жылдары заманауи сұраныстарға сәйкес зерттеу нысаны
ретінде бірегейлік мәселесін қарастыра бастады;
----------------------------
* Peter Frank. Women’s work іn the Yorkshіre іnshore fіshіng іndustry/

Oral Hіstory. – Vol. 4, No. 1 (1976), p. 57–72.; Elіzabeth Bіrd. Jazz Bands of

North East England: The Evolutіon of a Workіng Class Cultural Actіvіty/Oral
Hіstory Socіety.- Vol. 4, No. 2, p. 79-88

85

ғылыми басылымдарда айтылған тарих әдісін қолдану арқы-
лы жазылған мақалалар қатары көбейді; жоғарыда көрсетілген
тақырыптарға байланысты жүргізілген айтылған тарих жоба-
лары халықаралық қорлар тарапынан қолдау таба бастады.

Мектеп мұғалімі Марго Фарнхемнің жетекшілігімен ерікті
ізденушілер тобы тәжірибелік жоба шеңберінде дәстүрлі
емес жыныстық ұстанымдағы адамдар естеліктерін жинап,
оларды Британияның дыбыстық мұрағат кітапханасына тап-

сыруы жыныстық бірегейлік мәселесіне арналған зерттеулер
қатарының қарқын алуына ықпал етті. Британияда дәстүрлі
емес жыныстық көзқарастағы адамдар қауымдастықтарының
тарихын қарастыру сипатында серпіліс алған тарихи зерттеу-

лер шотландық ғылымдардың назарына ілікті.
Мәселен, Би-би-си (ВВС) сияқты медиакорпорация та-
рапынан қолдау тауып екінші дүние жүзілік соғыс тарихы,
гендерлік және еңбек тарихы, өлке тарихы, мәдениет және

көше өмірі тақырыптарында жүргізілген сұхбаттар арнайы
айдарлар арқылы радио бағдарламасына енгізілді. Би-би-си
аймақтық қырық радиостанцияcы 1998-1999 жж. айтылған
тарих әдісімен жүзеге асырған «Ғасырлар сөйлейді» жобасы

аясында радио желісімен таратуға жарты сағаттық деректі
хабардың 640 сериясын даярлады. Алайда, жобаның бас-
ты нәтижесі Еуропа бойынша ең ірі коллекциялар қатары-
на енген «Мың естелік қорының» құрылуы еді. Бүгінде бұл

коллекция Британияның дыбыстық мұрағат кітапханасын-
да (Brіtіsh Lіbrary Sound Archіve) сақтаулы. Ал, 2003-2006
жылдар аралығында Би-би-си онлайн желісімен өз тыңдар-
мандарын екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тылға қатыс-

ты естеліктерін жинауға шақырды. Жоба қорытындысында
15 мың фотосурет, 47 мың естеліктерден тұратын «WW2
People’s war» аталатын онлайн мұрағаты құрылды.
2.3 Айтылған тарих Аустралияда

Аустралияда «Айтылған тарихтың» алғашқы бастамасы
ретінде Бэттэй кітапханасының қызметкері Молли Лукистің
Еуропа және Солтүстік Америкаға жасаған экспедициясы
аталады. Карнеги қорының қаржылай қолдауымен жүзеге

асырылған тоғыз айлық экспедиция нәтижесіне қанаттанған

86

М. Лукис 1961 жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлері-
мен бірге кітапхана қорын байыта түсу мақсатында біртіндеп
сұхбат алу ісін қолға алады. Осылайша, Аустралияның ең ірі
кітапханаларының бірінде «айтылған тарих» бастау алып, ке-

лесі он жылдықта түрлі ұйымдардың қолдауымен қоғам және
өнер қайраткерлерінен сұхбат алу жобаларын жүргізумен шек-
теледі. 1970-ші жылы зейнеткерлікке шыққан журналист Мэл
Пратт Ұлттық кітапхананың арнайы тапсырысымен даярлан-

ған тізім бойынша сұхбат алып, көлемді мәтіндер коллекция-
сын қалыптастырады.
Бэттэй кітапханасының арнайы бағдарламасы бойынша ма-
териалдар қорын жасақтау 1974 жылғы сайлау компаниясы

барысында либералдар партиясының «көзі тірі қоғам қайрат-
керлерінің естеліктерін жинау» идеясын іске асыруға ұласады.
Атаулы партия көшбасшысы Чарльз Корт премьер-министр
қызметіне тағайындалғаннан кейін «Айтылған тарих» бағ-

дарламасы мемлекеттік кітапхана жұмысының құрылымына
енгізіліп, Бэттэй кітапханасының бастамасы сәтті жалғасын
тапты. Мемлекет деңгейінде қолдау көрсетілген ғылыми жоба-
лар легі қоғамдық сұранысқа жауап бере алатын тақырыптар-

ды қолға алу арқылы жүргізілді. «Айтылған тарихты» ғылыми
зерттеулерде қолданушылар қатары көбейіп, қауымдастықтар
мен өзара ынтымақтастықта жүзеге асырылған жобалар ба-
сым түрде тарихи-әлеуметтік тақырыптарды қамтыды. 1973-

1976 жж. аралығында мұрағаттар мен кітапханаларда жекеле-
ген «Айтылған тарих» коллекциялары мен қорлары ашылып,
олардың материалдық базалары үнемі толықтыру үрдісінде
болды. 1973 жылдың қараша айында Сидней университетінде

өткен Аустралия фольклортанушыларының бірінші конферен-
циясында халық ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар мен ай-
тылған тарих өкілдері күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарға
қозғау салып келген екі салаға да ортақ мәселелерді талқыға

салды. Конференцияда алғаш рет кәсіби деңгейде фольклор
туралы ғылым аясында қарастырылатын салт-дәстүр, халық
әндерін жинау ісі мен белгілі бір тарихи оқиғаны зерттеуде
немесе өмірлік және қызметтік тәжірибесі бай айтары көп

көрнекті қоғам қайраткерлерінен сұхбат алу ісінде айтылған
тарих әдісін пайдалану мәселелері қарастырылды.

87

1974 жылы Ла Троб университетінің аға оқытушысы, Ph.D
доктор Джоан Кэмпбеллдің ұйымдастыруымен Аустралия
тарихындағы алғашқы «Айтылған тарих» бойынша ғылыми
конференция өтті. Мельбурн қаласында орналасқан Ла Троб

университетінде 1974 жылдан бастап тарих мамандығының
үшінші курс студенттерінің оқу бағдарламасына «Айтылған
тарихтың» жеке пән ретінде енгізілуі соған байланысты көп-
теген мәселелерді талқылау қажеттілігін туғызды. Өз кезегін-

де пән оқытушысы Джоан Кэмпбелл конференция шеңберін-
де ғалымдар қауымына айтылған тарих, этнотарих, сұхбат
алу мәселелеріне қатысты күн тәртібінде тұрған мәселелерді
талқылауды ұсынды. Айтылған тарих бойынша алғашқы кон-

ференцияны ұйымдастыру шаралары мемлекеттің қолдауы-
мен жүргізілгенімен қатысушылардың басым бөлігі негізі-
нен Виктория штатының ғалымдары еді. Ал, 1975 жылы
ақпан айында ұйымдастырылған «Айтылған тарих» бойынша

екінші конференцияға қатысушылар қатарында Канберра,
Квинсленд және Оңтүстік Аустралия ғалымдары болды. Бағ-
дарлама шеңберінде әдіснамалық мәселелермен қатар иммиг-
ранттық қауым тарихы және халықтың салт-дәстүрлері, сияқ-

ты тақырыпта орындалған зерттеулерге ден қойылды.
Аустралияда айтылған тарих бағытының қалыптасуы ба-
рысында маңызды рөл атқарған бұл екі конференцияда ака-
демиялық мүдде тұрғысынан ғылыми талқылаулардың орын

алуы және мақалалар жинақтарының шығуы 70-ші жылдары
бұл елдегі тарих ғылымына айтарлықтай өзгерістер әкелді.
Жаңа ғылыми зерттеу саласын қолдаушы ғалымдар тобы қа-
лыптасып, мемлекеттің барлық аумағынан шыққан айтылған

тарихшылар мен зерттеу ұжымдарын бұл саланы өрістету мақ-
саты төңірегіне біріктіру үшін айтылған тарих қауымдастығы
құрылады. 1978 жылы 26 шілдеде заңды түрде негізі қалан-
ған. Аустралияның айтылған тарих қауымдастығы тарапынан

бұл жұмысты бастаған Бэттэй кітапханасының «Айтылған
тарих» бағдарламасы бойынша интервьюер ретінде арнайы
тағайындалған екі қызметкердің бірі Джин Тисдейлдің еңбегі
ерекше атап өтілді.

Қауымдастық өз қызметінде негізінен британдық моделді
ұстанғанымен өзге елдердің де тәжірибелеріне сүйене отырып
айтылған тарихтың осы елге лайық өзіндік бағытын қалыптас-
тыруға қол жеткізді. Халықаралық деңгейдегі алғашқы қарым-

88

қатынастар Ұлыбритания, АҚШ, Индонезия, Малайзия, Тай-
ланд, Кения, Папуа Жаңа Гвинея сияқты елдермен орнатылды.
1970-ші жылдардың соңы мемлекеттің жекелеген аймақтарын-
да қауымдастықтың филиалдарының ашылуы және көптеген

еңбектердің жариялануымен, жыл сайын шығатын «Айтылған
тарих журналының» ұйымдастырылуымен сипатталады.
Аустралияның Ұлттық кітапханасында «Айтылған тарих
және фольклор» коллекциясының негізі 50-нші жылдары қа-

ланған. Бүгін онда 45000 сағаттық рекордтік жазба сақталған
қорда қоғамның мәдени, интеллектуалдық және әлеуметтік
өміріне қатысты материалдар жинақталған. Коллекцияның
үлкен бөлігін атақты ғалымдар, жазушылар, суретшілер,

саясаткерлер, спортшылар сияқты Аустралияның көрнекті
қайраткерінен, сондай-ақ мемлекет тарихына қатысты әлеу-
меттік маңызды процесстерге тікелей атсалысқан тұлғалар-
дан алынған сұхбаттар хронологиясы 1938 жылдан бастау

алады. Коллекция қоры мемлекеттің қаржылай қолдауымен
жүзеге асырылатын айтылған тарих бойынша жобалар арқы-
лы үнемі толықтырылып отырды. Мәселен, 1970-ші жылдар-
ға дейін жүргізілген мемлекеттік саясатқа сәйкес «Ұрланған

ұрпақ» құрбандары болып табылатын аустралиялық або-
ригендер балаларының естеліктерін жинау 1998-2002 жж.
қолға алынған. Төрт жылға созылған «The Brіngіng Them
Home» («Оларды өз үйлеріне қайтарамыз») атты жобаны

жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан Аустралияның Ұлт-
тық кітапханасына 1.6 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы
бөлінді. Науқан нәтижесінде атаулы саясаттан зардап шек-
кен Аустралияның байырғы және жергілікті тұрғындары-

ның тарихы, олардың қазіргі жағдайға бейімделу үрдістері,
жергілікті халықтың гендерлік тарихы сияқты тақырыптарда
көптеген жобалар жүзеге асырылып, іргелі зерттеулер орын-
далды. Ал, 2004 жылы басталып өз нәтижелерін 2012 жылы

қорытындылаған «The Forgotten Australіans and Former Chіld
Mіgrants Oral Hіstory» («Ұмытылған Аустралиялықтар және
мигранттық балалық шақ») атты жобаға қатысушы тарихшы-
лар айтылған тарих әдістемесі бойынша арнайы дайындық-

тан өткізілді. Нәтижесінде жинақталған 200-ден астам сұх-
бат Аустралияның Ұлттық кітапханасынан «You Can’t Forget
thіngs Lіke That» («Ұмыту қиын өмір қырлары») деген атпен
коллекция түрінде орын алды. Аустралия тарихында орын

алған саясат нәтижесінде балалық шақтарында зорлықпен

89

«әлеуметтендіруге» ұшыраған 500 000 балалардың тағдыры
тарихи зерттеулер тақырыбына айналды. Бұл ащы өмір сұра-
нысынан туындаған аса маңызды жоба еді.
Бүгінгі таңда Аустралияда айтылған тарих әдіснама, ғы-

лыми пән, әлеуметтік және мәдени тарих деректерін жинау
әрі сақтау құралы ретінде қалыптасып, әлі де даму үстінде.
Қырық жылға жуық тәжірибесі бар «Аустралияның айтыл-
ған тарих журналы» шығады. Құрлықта ірі институт ретінде

қызмет атқаратын «Айтылған тарих қауымдастығы» жұмыс
жасайды. Қауымдастық қызметі оның ірі алты филиалдары
арқылы басқа аймақтарды да қамтиды.
2.4 Айтылған тарих Еуропа елдерінде.

Чехия, Польша және Беларусь
ғалымдарының тәжірибесі
XX ғ. 80-90 жылдарында орын алған саяси өзгерістер нәти-
жесінде айтылған тарихты пән ретінде өрістету ісінде Орта-

лық және Шығыс Еуропа елдерінің тарихшылары жаңа бас-
тамалар орталығына айналды.
Айтылған тарихтың өсу жолындағы мұндай бетбұрыстар-
ды бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден,

бір қалыпты демократиялық өзгерістер үрдісіндегі ортада
өзектілігі жоғары оқиғалар мен процесстердің назардан тыс
қалып қоюы, бұған қосымша екінші дүниежүзілік соғыстан
соң бұрынғы «классикалық» тақырыптар арасында қалып-

тасқан методологиялық құралдарға деген сұраныстың әлсі-
реуі. Екіншіден, Кеңестік блоктың құлдырауы барысында
Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің ресми нұсқада жа-
зылған тарихын сыни көзқарас тұрғысынан қайта сұрыптау-

дан өткізу қажеттілігі жаңа методологиялық әдіс-құралдарға
деген сұранысты күшейте түсті. Алайда, айтылған тарихтың
қарастырып отырған аймақта қалыптасу үрдісі бірқалыпта
жүрді деп айтуға келмейді. «Айтылған тарихты» тарих ғылы-

мының зерттеу бағыты ретінде дамытуда Чехия және Поль-
ша Республикаларының ғалымдары алдыңғы қатарда жүрді.
Чехия Республикасының тарихшылары ғылыми зерттеу-
лер жүргізуде айтылған тарих әдісін оның батыстық үлгісін-

де 1980-ші жылдары ғана қолдана бастады. Айтылған та-

90

рихтың батыстық тарихнамасында бұл үшінші кезең еді.
Посткоммунистік елдер қатарында болған мемлекет үшін
саяси белсенділік пен әлеуметтік қозғалыс тарихын зерттеу-
де айтылған тарих әдісінің берері көп еді. 1960-1980 жылда-

ры Чехиядағы ғылыми ортада айтылған тарихтың беймәлім
болуы бұл мемлекеттің Кеңестік Одақ ықпалындағы социа-
листік блоктың құрамдас бөлігі болуына байланысты еді.
Коммунистік режим қысымымен жаңа әлемдік прогресс

пен тенденциялардан оқшауланып, тарихи зерттеулерде тек
естеліктерді пайдаланумен ғана шектелген зерттеушілер
куәгерлермен жұмыс істеуде сақтық танытып, сұхбат мате-
риалдарын тарихи зерттеулерде екінші деңгейдегі дерек көзі

ретінде пайдаланды. Өйткені, еркін тақырыптарда тарихи
зерттеулер жүргізу режим үшін қауіпті болғандықтан ғалым-
дар мен мұрағаттар үстінен қатаң бақылау орнатылды.
1989 жылғы «Барқыт революциясы» нәтижесінде Чехия

мемлекеттік еркіндікке қол жеткізіп, социалистік даму жо-
лынан бас тартты. Тарих ғылымы саяси қысымнан арылып
жаңа бағыттарда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды. Ай-
тылған тарих бойынша жобалар орындау 90-ншы жылдары

ғана қолға алынды. Алайда бағыт ретінде қалыптасу жолын-
да серпіліс XXІ ғасырдың басында ғана байқалды.
«Прагадағы 10 күн: 17-27 қараша 1989 ж.» атты құжаттар
мен редакцияланған интервью мәтіндері жарияланған М.О-

тахал және М. Ванек еңбегі «Айтылған тарих» саласында
зерттеулер легінің бастауы болды. Артынша, куәгерлермен
жұмысқа негізделген зерттеулердің екінші толқыны Хар-
тия-77 немесе 1989 жылғы оқиға тарихына арналған зерттеу-

лер төңірегінде Д.Мусилова, И.Кристл, К.Иечова, М.Ванек
сияқты ғалымдардың өзара бірігуіне алып келді.
1969-1989 жж. тарихын зерттеумен айналысатын орталық-
тардың жаңа зерттеу әдістеріне бет бұруы мұрағаттардағы 90-

ншы жылдардың бас кезіне тән құжаттармен жұмыс жасауға
шек қойылуға байланысты болды.
Мирослав Ванек пен Мартин Отахалдың авторлығымен
1996-1998 жж. аралығында жүргізілген «Коммунизмнің құл-

дырау кезеңіндегі студенттердің өмір тарихы» аталатын жоба
АҚШ, Ұлыбритания және Германия үлгісіндегі «Айтылған
тарих» методологиясын толық қолданысқа енгізген алғаш-

91

қы зерттеу болды. Осы мақсатта жергілікті ғылыми зерттеу
тобы құрылып, соның нәтижесінде 102 интервью алынды.
Басты қорытынды ретінде 1999 жылы «One Hundred Student
Revolutіons: students іn the perіod of the fall of communіsm»

(«Жүз студент революциясы») атты еңбек жарық көрді. Жа-
рияланған таңдаулы интервьюлердің мазмұндық тұрғыдан
талдауға алынуы кітапқа үлкен сұраныс туғызды. Чехия-
да алғаш рет зерттеудің негізгі әдісі ретінде «айтылған та-

рихтың» қолданысқа түсуі орындалған жобаға қатысты қо-
ғамдық пікірлер қайшылықты болды: біреулері «Рахмет!»
сөзін айтып алғыс сезімін білдірсе, екіншілері «Кетіңдер!»
деп айқайлаумен болды.

Айтылған тарих саласындағы ізденістер «Жас ұрпақтың
әлеуметтік-мәдени қайраткерлігі және азаматтық қоғамға
жол» сияқты басқа да көптеген жобалар арқылы жалғасын
тапты. Негізгі идеясы 70-80-ші жылдардағы «студенттер өз-

дерінің бос уақыттарын қалай өткізді?» деген сұрақтан бас-
тау алған жоба М.Ванектің басшылығымен орындалды.
Чехия Республикасы тәжірибесінде айтылған тарих бойын-
ша үздік деп мойындалған жобаларды орындап халықаралық

деңгейде мойындауға ие болған ғылыми мектеп ретінде 2000
жылы Чехия Ғылым Академиясы жанынан «Айтылған та-
рих» орталығы құрылды.
Бұл орталықтың 2002-2004 жылдары орындаған «Саяси

элита және диссиденттер «нормализация» кезеңінде» деп
аталатын жоба нәтижесінде 79 сұхбаттан тұратын «Vіctors…
?!Vanquіshed…?!» («Жеңімпаз ба...?! әлде жеңілуші ме...?!)
атты еңбекті Чехияның «Тарих және заман» журналы 2005

жылдың ең үздік кітабы ретінде мойындады.
Орталық жекекшісі М.Ванектің «Polіtіcal Elіtes and
Dіssіdents» («Саяси элита және диссиденттер») деген мақа-
ласы Оксфордтың «Айтылған тарих бойынша басшылық»

аталатын басылымында жарық көріп халықаралық деңгейде
жоғары бағалады.
Бұл жариялынымдар айтылған тарихтың адам өміріне қа-
тысты көптеген қызықты салаларда түсініктер мен ұғымдар-

ды қалыптастыруға белгілі бір дәрежеде өз септігін қалай тигі-
зетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ диссиденттік қайраткерліктің
мәні және оппозициялық топтардың құрылуы, мемлекеттік

92

өкілеттіктегі тұлғалар мен диссиденттер арасындағы қарым-
қатынас, жаңа элиталық топтың пайда болуы, олардың көзқа-
растық ұстанымдарының өзгеру себептері туралы ақпарат бар.
Орталық төңірегінде шоғырланған айтылған тарихшылар

2006-2008 жж. «Normalіsatіon» («Нормализация») кезеңін-
дегі Чех қоғамы қарапайым жұмысшылар мен интеллигенция
өкілдерінен алынған биографиялық интервьюлер жинағын
шығаруы саяси және «ұлы» оқиғалар тарихын зерттеуден қо-

ғамдық және әлеуметтік тарихты зерттеуге бет бұрыс алған-
дығының дәлелі болды.
Бүгінде Чехияда айтылған тарих саласында зерттеу жұ-
мыстарымен айналысатын республикалық және өңірлік дең-

гейде ондаған ғылыми зерттеу институттар мен орталықтар
және 2007 негізі қаланған Чехияның Айтылған тарих ассо-
циациясы қызмет атқаруда.
Тарихи зерттеулерде жүйелі түрде пайдаланылатын құрал-

ға айналған айтылған тарих Чехияда қазіргі заман тарихын
зерттеуде үлкен үлес қосып отыр. Шетелдік байланыстар
орнатып, өзара ынтымақтастықта бірлескен жобалар мен
бағдарламаларды жүзеге асыруда айтылған тарихшылар ара-

сында төмендегідей бағыттарда зерттеу жұмыстары жүзеге
асырылуда:

– экология және экологиялық апат, табиғи және мәдени

өзгерістер;

– гендер, жыныстық мәдениет: гейлер мен лесбиянкалар;

– денсаулық және денсаулық сақтау орталықтары: қарттар,

мүгедектер;

– еркіндік аралдары: субкультура, фольклор және ауызша

дәстүрдің қоғамдағы орны;

– отбасылық тарих: аналық, әкелік және жас ұрпақтың өз-

геріске ұшырау проблемалары;

– зорлық, соғыс және тоталитаризм: қуғын-сүргін, азамат-

тық құқық, зақым (травма) және ұмыту;

– естелік және саясат: саяси өмірге араласу тәжірибесі;

– миграция және қудалау: миграциялық лектер, диаспора-

лар және бірегейлік;

– дін және дәстүр;

– еңбек: естеліктер және өткенді саралау ісі, гендерлік

ерекшеліктерге байланысты еңбекті бағалау жөнінде;

93

– «айтылған тарихты» оқыту тәжірибесі: білімнің ресми

және ресми емес сипаты.
Чехия Республикасының біз қарастырып отырған саладағы
зерттеу орталықтары айтылған тарих материалдарын жинау
және оларды мұрағаттау ісіне қызығушылық танытушылар

үшін арнайы білім беру іс-шараларын, яғни семинар, дәріс,
конференция ұйымдастыру ісін жолға қойған.
Польша тарихнамасында ғылыми бағыт ретінде айтыл-
ған тарих әдіс-құралдары арқылы белсенді зерттеу жұмыс-

тарын жүргізу 1980-ші жылдарының аяғында байқалды.
Дегенмен, Польша ғалымдары елде тарихи оқиға куәгер-
лерінен сұхбат алу арқылы фактілік материалдарды жинау
тәжірибесінің ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан басталған-

дығын айтады. Өзге елдер тәжірибесіндегідей Польшада да
айтылған тарих социологиялық зерттеулермен қатар жүрген.
Ал бұл ғылыми бағыттың алғашқы қадамы Уильям Томас
пен Флорьян Знанецки есімдерімен байланыстырылады.

Чикагодағы әлеуметтану мектебінің өкілдері болып табыла-
тын американдық-польшалық ғалымдар 1918-1920 жылдар
аралығында әлеуметтік психология бойынша жүргізілген
зерттеу жұмыстарында Америка Құрама Штаттарына қоныс

аударған польшалық шаруа-иммигранттардың қалалық орта-
ға бейімделу үрдісіне ғылыми талдау жасайды. Зерттеу жұ-
мысы барысында польшалық қоныс аударушылардан өз өмір
тарихтарын жазып берулерін өтінген ғалымдар, осы идеяны

іске асыру барысында әлеуметтану ғылымында жаңа зерттеу
әдісінің пайда болуына түрткі салады. У.Томас және Ф. Зна-
нецки жинастырылған автобиографияларды талдауға «The
Polіsh peasant іn Europe and Amerіca» («Еуропа мен Амери-

кадағы польшалық шаруа») атты өздерінің бес томдық іргелі
зерттеулерінің бір томын арнайды*.
Сонымен қатар, 1930-шы жылдарда Польшада мемлекеттік
деңгейде ұйымдастырылған жекелеген адамдардың өмір-

баяндарын жинау үшін көптеген байқаулар өткізіледі. Мақса-
ты әлемдік тарих контекстінде қарапайым жеке бір адамның
немесе бір отбасының өмірін көрсету болған бұл байқауларға
қатысушылар әдетте, кәсіби мамандар емес-тін.

---------------------
* Holzer, J. Oral Hіstory іn Poland. / J. Holzer // BІOS – Zeіtschrіft für
Bіographіeforschung und Oral Hіstory. – 9. Specіal Іssue. – 1990.

94

Олар жұмыссыз адамдардың, шаруа немесе эммигранттар-
дың өмір жолын мәтінге түсірумен айналысты. Өмірбаян
жинастыруға бағытталған мұндай бастамалар бүгінгі таңда
да кеңінен қолданыста екендігін айта кеткен жөн. Мәселен,

«Ośrodеk KARTA» ұйымы мектеп оқушылары арасында жыл
сайын «Hіstorіa Blіska» атты байқау өткізеді. Жобаның басты
мақсаты оқушылардың ата-әже немесе жақын туыстары мен
таныстарынан алған естеліктер арқылы өткен тарихты жас

ұрпаққа таныту болғандықтан, байқау шарты тарихи оқиға
куәгерлерінің естеліктерін дереккөз ретінде ақпаратқа айнал-
дыру болды.
Польша тарихшылары мен әлеуметтанушыларының бұл

айтылған тарих саласындағы бастамаларының тежеуге ұшы-
рауына екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы себепкер
болды. Соғыстан кейінгі саяси өзгерістерге байланысты
Польшада айтылған тарихтың одан ары өріс алуына бір-

жола шектеу қойылды. Бүкіл КСРО-дағыдай 1960-1970-ші
жылдарда Польша Халық Республикасында «өндіріс озат-
тарынан», жұмысшылардан, шаруалардан және соғыс ар-
дагерлерінен сауалнама алу жұымыстары жүргізілгенімен,

жинақталған дереккөздері жасанды оптимизм тұрғысынан
кеңестік күнделіктілікті сипаттауға құрылған еді.
ХХ ғ. 80-ші жылдары Польшада «Айтылған тарих» бо-
йынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының тақырыбы сол

мезгілде бұл елде орын алған саяси оқиғалар ықпалымен
анықталды. Айтылған тарих үстемдік құрған идеологиямен
күресу құралы ретінде қабылданды.
Польша Халық Республикасында «айтылған тарих» әдісімен

алғашқы бастамаларды қолға алған тарихшылар емес, жур-
налистер қауымы еді. Қазіргі уақытта «терең интервью» ата-
латын әдісті қолдану арқылы жинастырылған сұхбаттар мен
естеліктер негізінде Тереза Тораньсканың «Олар», Яцек Тж-

надльдің «Үйдегі масқара», Ярослав Матиевски және София
Трояновичтің «Познаньда өткен 1956 жылдың маусым айы»
сияқты көпшілік назарына ие болған еңбектер тобы жарық
көрді. Гданьск қаласында орналасқан «Қоғамдық зерттеулер

орталығы» 1970-шы жылғы желтоқсан оқиғасы куәгерлерінен
сұхбат жинап, оларды 1986 жылы Париж қаласында естеліктер

95

жинағы ретінде шығаруы аталған оқиғаға байланысты тарихи
шындықты көрсетуге ұмтылыстар бастамасы болды.
Жүйелі түрде естеліктерді жинау орталығы ретінде 1982
жылы Варшава қаласында құрылған «Ośrodеk KARTA» атты

бейресми ұйымды атауға болады. Ұйымның алға қойған
мақсаты Польша, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа
елдерінің қазіргі заман тарихына қатысты естелік материал-
дарды құжаттандыру және оларды көпшілікке таныту бол-

ды. Түрлі сипаттағы құжаттарды сақтау мұрағаттарын құру
жұмыстарын қолға алған ұйым іс-жүзінде тұлғалық қайрат-
керлікке бағытталған ақпараттарды коллекциялауға басым-
дылық берді. Қоршаған ортаны қарапайым адам көзқарасы

тұрғысынан зерттеу мақсатында куәгерлер естеліктерін жию
орталығы «Ośrodеk KARTA» бүгінгі таңда өз қызметін мем-
лекет қолдауымен жалғастырып отыр.
Орталықтың ұзақ жылдар бойы жүргізген жұмыстары

негізінде ұйым жанынан үш мұрағат құрылған. Оның екеуі,
яғни «Шығыс мұрағаты» мен «Оппозиция мұрағаты» айтыл-
ған тарих әдісімен жинақталған сұхбат жазбаларының сақтау
орны болып табылады. 1987 жылдың қараша айында құрыл-

ған «Шығыс мұрағаты» қорында 1587 сұхбаттың аудиожаз-
балары мен транскрипцияланған мәтіндері, 4187 өмірбаян
мен күнделіктер сақтаулы. Мұрағаттың мазмұндық құрылы-
мына келетін болсақ, Мұрағат коллекцияларында КСРО-да-

ғы Польша азаматтарының тағдыры, екінші дүние жүзілік
соғыстан кейін азаматтардың өз отанына қайта оралу тари-
хы, 1939-1956 жылдар аралығында КСРО Ішкі Істер Халық
Комиссариаты органдары тарапынан қуғындауға ұшыраған

Польша азаматтары туралы құнды мәліметтер беретін сұхбат
жазбалары сақталған.
Бастапқы кезде «Польша Халық Республикасының мұ-
рағаты» деп аталған «Оппозиция мұрағаты» 1956-1989 жж.

аралығындағы Польшаның әлеуметтік және қоғамдық өмір
тарихын сипаттайтын дереккөздер қорын жасау мақсатымен
1991 жылы құрылған. 1200 сұхбаттың аудио жазбалары сақ-
талған мұрағатта коммунистік режимге қарсы бағытталған

оппозиция қызметіне, 1956, 1968, 1970, 1976 жылдары орын
алған күйзелістерге қатысты материалдар жинақталған.

96

Оқиға куәгерлерінен алынған сұхбат коллекцияларын жи-
настыру барысындағы келесі қадам 2006 жылы негізі қалан-
ған «Archіwum Hіstorіі Mówіonej» («Айтылған тарих мұ-
рағатының») құрылуы болды. «Ośrodеk KARTA» орталығы

жүргізген барлық сұхбаттардың аудио жазбаларын жинаумен
айналысқан мұрағат қызметкерлері тынбай ізденістер жүргізіп
қорды толықтыруда. Қазіргі таңда Польша бойынша аудио және
видео жазбалар жинақталған ең ірі орталық болып табылатын

мұрағатта 3500 аудио, 90 видео сұхбат материалдары сақталған.
1990-2000 жылдар аралығында Польша тарихнамасын-
да мұрағаттық қор жасаумен қатар респондент сұхбаттарын
талдау негізінде бірқатар жұмыстар да жазылды. Бұл жария-

ланымдар айтылған тарих бойынша шыққан журналистік
жұмыстардан ғылымилығымен ерекшеленді; сұхбаттарды
жинастырумен қатар жүргізілген зерттеу жұмыстары өзге
нәтиже берді. Әсіресе саяси тарих бағытында түбегейлі өз-

герістер байқалды. Польша Халық Республикасындағы оп-
позициялық қозғалыс және кеңестік режимге қарсы күрес
кейінге ығысып, алға екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы
шықты. Өйткені, сол тарихи кезеңдегі оқиғалардың куәгер-

лер қатары күн сайын сирей түсті және бұл жағдайды көре
отырып кідіріс жасау өткен күндер туралы құнды ақпарат
көздерін жоғалтумен тең еді. Тақырып таңдауда зерттеу әдіс-
темесі өзара жақын екі бағыт анықталды. Бірі, Холокост мә-

селесі, яғни фашизм тұсында геноцидтік жағдайды басынан
өткізген еврейлерден алынған сұхбат материалдарын айна-
лымға тарту арқылы еңбектердің жазылуы еді.
Жүргізілген зерттеу барысында бірінші кезекке бастан

кешірген оқиғаларға байланысты алынған сұхбат материал-
дарын интерпретациялау шықты. Сұхбат «тарихи шындық-
қа» жету мүмкіндігін бермейді, бірақ ол әрбір респонденттің
жеке тұлғалық шындығын түсіну әрекеті болып табылады.

Екіншіден, Польша тарихнамасында соғыс ардагерлері не-
месе соғыс құрбандары – концлагерь тұтқыны болған адамдар-
дың естеліктерін жинау және оларды талдау кең етек алды. Бұл
талдауларда XX ғ. адамзат басына түскен үлкен қасіретке деген

жекелеген адамдардың көзқарасы берілген. Зерттеушілер жеке
адам өзін қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды қалай
қабылдады деген сұраққа жауап іздеді. Ұлты еврей болып та-

97

былатын респонденттерден алынған сұхбаттармен жұмыста
басымдылық жеке адамдардың сана-сезімін талдауға берілді.
Польша тарихнамасында мұндай жұмыстар жазудың екі
үлгісі байқалды. Бірі, тарихшыны редактор қабылдап, естелік-

тердің парақшаларында көрінбегенімен, түрлі сұхбаттармен
танысу барысында анықталған ортақ композицияның реконст-
рукциясын жасап шығару. Бұл бағыттағы жұмыс ретінде Кайя
Казьмерская мен Анка Групиньскаяның монографиялық ең-

бектерін алуға болады.
Тарихшы үшін мүлдем басқа мүмкіндіктерге жол ашатын
келесі зерттеушіге сұхбаттың әрбір сөйлеміне терең үңіліп,
өзіндік қорытындыға келуге ұмтылыс жасау. Нәтижесінде

тарихты қарапайым адам көзқарасы арқылы көрсетумен қа-
тар, соғыс немесе концлагерь сияқты төтенше жағдайға тап
болған адамның есте сақтау механизімін түсінуге мүмкіндік
туады. Осы қатарға Петр Филипковскийдің «Айтылған та-

рих және соғыс» монографиясын жатқызуға болады. Әрине,
бұл келтірілген жеке мысалдар қазіргі поляк тарихнамасын-
дағы айтылған тарихқа қатысты қалыптасқан жағдайды то-
лық аша алмайды.

Польшада, мәселен, айтылған тарихтың теориялық-мето-
логиялық негіздерін жетілдіре түсуге арналған еңбектер қата-
ры да аз емес. 2007 жылы Ягеллон университеті жанындағы
Тарих институты мен «Artefakty» қоғамы, «Hіstoryka. Studіa

Metodologіczne» ғылыми журналының ұжымының ұйымдас-
тыруымен «Ауызша тарих: диалог өнері» атты халықаралық
конференция өтіп, оған «айтылған тарихтың» «классиктері»
атанған Алессандро Портелли мен Чарльз Харди қатысты.

Айтылған тарих мәселелеріне қатысты алғаш ұйымдастырыл-
ған бұл конференцияда тарихшылармен қатар, социологтар,
антропологтар, этнологтар, саясаттанушылар мен психолог-
тар тарапынан көрсетілген белсенділік жаңа бағыттың пәна-

ралық байланыс арнасында тұрғандығының айғағы болды.
2009 жылы Польшаның айтылған тарих ассоциациясы құ-
рылды. Қауымдастық республика бойынша айтылған тарих
саласындағы белсенді тұлғалар мен ұйымдардың шоғыр-

лануына және олардың өзара тәжірибе және идея алмасу
мүмкіндігін кеңейтті.

98

Сонымен, Польша Республикасында айтылған тарих
әлемдік тенденцияларға сәйкес өсу жолында тұр деп айтуға
болады. Айтылған тарих бойынша зерттеулер әлеуметтану-
шылар мен тарихшылардың өзара тығыз ынтымақтастығы

арқылы жүргізілуде. Польшаның бұл саладағы тарихшылары
Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында өздерінің ір-
гелі зерттеу жұмыстары арқылы танылып, алдыңғы қатардағы
орындарды иемденген. Сондай-ақ, бағытты насихаттау ісінде

алғашқы қадам журналисттер тарапынан жасалып, ал келесі
кезеңі мұрағаттау ісімен жалғасты. Бұл айтылған тарих ісі
тез-ақ аяқталып кетті деп тұжырым жасауға негіз жеткілікті.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде Айтылған

тарих бағытында көлемді жобаларды жүзеге асыру ісінде
үлкен жетістіктерге жеткен белорустық тәжірибені ерекше
атап өткен жөн.
Беларусь Республикасында «айтылған тарих» әдісін

ғылыми зерттеулерде пайдалану XXІ ғасырдың бас кезіне
тұс келді. Беларустық мектеп өкілдеріне «айтылған тарих-
ты» алынған материалдарды интерпретациялау және талдау
амалдарының жиынтығын қамтитын ғылыми зерттеу саласы

ретінде қарастыру тән.
«Айтылған тарих» зерттеу жұмыстары бойынша оңды
бастамалар Белорусияның Ұлттық Ғылым Академиясының
Тарих институты, Беларусь мемлекеттік университеті және

Вильно қаласында орналасқан Еуропалық гуманитарлық уни-
верситеті сияқты ірі мекемелер еншісінде болды. Тарих инс-
титутының ғылыми қызметкері И.Н.Романова мен Беларусь
Мемлекеттік университетінің доценті И.С.Маховскаяның ав-

торлығымен Батыс Беларусь аймағы тұрғындарының Польша
және Кеңестік кезеңіндегі өмірі туралы естеліктерін жинау
жұмысы 2008 жылы «Карелиядағы айтылған тарих» еңбегі
арқылы жалғасын тапты. Гродненск облысы құрамындағы

Мир кенті тұрғындарынан алынған сұхбаттар жинағын шыға-
ру арқылы И.Н.Романова Беларуссияның Батыс және Шығыс
бөліктері біріккеннен бері 70 жыл өтсе де, аға ұрпақ сана-
сында әлі де түрлі кедергілер сақталғандығын көрсетуге ты-

рысқан. Осы сияқты, билік пен режимнің ауысуы, шекараның
өзгеруіне қатысты мәлелелерді айтылған тарих арқылы зерт-
теу Беларуссияның қазіргі заман тарихында ерекше орынға

99

ие болып, мазмұндық құрылымы бойынша құнды еңбектердің
жарыққа шығуы жаңа зерттеу бағытына қызығушылар қата-
рының артуына ықпал етті. Өйткені, Польша, Германия және
Кеңестік билік бірін-бірі кезекпен ауыстырған өтпелі жүйелер-

ге жергілікті тұрғындардың бейімделуі сияқты тақырыптарды
зерттеуде айтылған тарихтың берер мүмкіндіктері мол еді.
Беларусь Мемлекеттік университетінің деректану кафед-
расы жанынан ашылған Беларусь-Неміс тарихи шеберха-

насы «Ұрпақтар байланысы» атты жобаны жүзеге асыруда
айтылған тарих әдісі бойынша неміс-фашистік оккупацияны
көзі көрген адамдардан алынған сұхбаттық және басқа ма-
териалдар негізінде бірқатар еңбектерді жарыққа шығарды.

Еуропалық гуманитарлық университетінде 2008 жылы
А.Ф.Смоленчук редакторлығымен жарыққа шыққан «Homo
hіstorіcus» жинағына айтылған тарихтың әдістемелік мәселе-
леріне арналған мақалалар енген.

2009 жылы «Еуропаның есте сақтау мәдениеті» атты жобалық
топ семинарлары шеңберінде «Айтылған тарих» дидактикалық
құрал және «Құтқарылған өмір: Минск геттосындағы өмір үшін
күрес» кітабы көпшілік оқырманның назарына ұсынылды. 2011

жылы интернет-жоба негізінде құрылған «Беларуссияның ай-
тылған тарих мұрағаты» Кеңес Одағы кезіндегі бұл елдің тари-
хына қатысты дереккөздерінің қоры ретінде жоғары бағаланады.
Жоба өткен жүйеге қарсылық және сталиндік репрессия

сияқты кеңестік кезең естеліктерін айтылған тарих әдісімен
жинау және сақтау шараларына бағытталған.
Алесь Смоленчук басшылығымен жүзеге асырылған жоба
тобының экспедиция шеңберінде жинастырылған естелік-

тер және тарихшылар мен өлкетанушылар өткізетін коллек-
циялар есебінен толықтырылатын мұрағат қоры аудио және
видео форматында сақталған сұхбаттар, сауалнамалар мен
жеке тұлғалық құжаттардан тұрады. Бүгінгі таңда өзінің қол

жетімділігімен ерекшеленетін онлайн мұрағат арқылы кез-
келген ізденуші 24 коллекция құрамындағы жүйеленген 400-
ден астам сұхбат материалдарымен таныса алады.
Беларуь Республикасында айтылған тарихтың қалыптасуы

мен дамуы КСРО кезінде елде қолға алынған бастаулармен
негізделеді. Айтылған тарих естеліктері бойынша белгілі жа-
зушылар А.Адамович пен В.Колесник «Я из огненной дерев-

100

ни» деген кітабын жазса, жанрлық бағытта тарих ғылымының
докторы, профессор А.Н.Нечухриннің ғылыми редакциялы-
ғымен ғылыми мақалалар жинағы жарыққа шықты.
Шынайы адамдармен сұхбат негізінде жазылған «У войны не

женское лицо» (1983 ж.), «Последние свидетели: книга недетских
рассказов» (1985 ж.), «Чернобыльская молитва» (1997 ж.) атты ең-
бектердің авторы Светлана Алексиевич «осы заман адамдарының
қайғысы мен ерлігіне сөзден ескерткіш қойғаны» үшін 2015 жылы

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері атанған.
Осылай Кеңес Одағының әдебиетшілері айтылған тарих әдісін
қолдануда тарихшылар қауымынан алда болды.
Сонымен қатар, «Айтылған тарихтың» ғылыми бағыт ретінде

XX ғасырдың екінші жартысында Колумбия университеті жаны-
нан құрылған орталықта жүргізіле бастауы, осы үлгімен басқа
да елдерде келесі онжылдықта бірнеше ғылыми орталықтардың
ашылуына ықпал етті. Айтылған тарихшылар арасында халықа-

ралық ынтымақтастықты кеңейтті. 1996 жылы Еуропа мемлекет-
тері, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зелландия және тағы басқа
елдерден шыққан айтылған тарих мамандарының басын қосатын
Халықаралық Айтылған тарих Ассоциациясы құрылды.

Халықаралық қауымдастық айтылған тарих теориясы мен
практикасына арналған семинарлар мен конференциялар өткізіп,
ақпараттық бюллетендер мен журналдар жариялап отырды.
Швецияның Гётеборг қаласында негізі қаланған қауымдас-

тықтың ұйымдастырылуы батыс елдерінен басқа да мемлекет-
терде бұл бағыттың өріс алуына жол ашты. Оңтүстік Америка
өзіндік ерекшеліктеріне тән бірегейлік мәселесін қарастыруда
АҚШ пен Ұлыбритания үлгісіне сәйкес келе бермейтін өз ерек-

шеліктеріне басымдылық берді.
Бүгінде «Айтылған тарих» Халықаралық қауымдастығының
ресми түрде қызмет атқаратын алты аймақтық өкілдігі бар: Аф-
рика, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Азия, Еуропа және

Мұхиттық аралдар. Ағылшын және испан тілдерінде жариялана-
тын «Words and Sіlences» («Сөз және үнсіздік») атпен шығары-
латын журнал түрлі айдарлармен төмендегідей мазмұнда мақа-
лалар мен зерттеу қорытындыларын жариялаумен айналысады:

– «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу әдісін қолдана отырып

жазылған түрлі бағыттарды қамтитын зерттеулер;

– «айтылған тарихты» орта және ЖОО, ресми және бейресми

білім беру орындарында оқыту мәселелері жан – жақты қарас-
тырылатын ғылыми ізденістік материалдар;

101

– «айтылған тарих» ғылыми – зерттеу, мұрағаттау және

транскрипциялау әдіс – тәсілдері бойынша теориялар мен
тәжірибелер қорытындылары;

– «айтылған тарих» саласында жаңадан шыққан ғылыми

еңбектерге шолу жасалынып, кәсіби тұрғыдан ұсынылған тұ-
жырымдар және т.б.
Айтылған тарихтың ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы әр
елде өзіндік ерекшелігіне тән сипат алды. Батыс Еуропа және

Солтүстік Америкада айтылған тарих зерттеулері басым түрде бі-
регейлік пен мәдени ерекшеліктер мәселесі төңірегінде жүргізіл-
се, Шығыс Еуропа және Латын Америка елдеріндегі зерттеулер
саяси мазмұндағы тақырыптарға ерекше назар аударды.

2.5 Айтылған тарих Қазақстанда
Қазіргі инновациялық ақпарат құралдарының қарқынды да-
муы Қазақстанда да тарих айту дәстүрінің жаңа тұрпатын өмірге
әкелді. Ол айтылған тарих1 делінеді. Соған сәйкес айтылған та-

рих бағытындағы іске асырылған жобалардың нәтижелері осы
тарауда арнайы талдауға алынбақ.
Айтылған тарихпен айналысудың алғашқы қадамы 2005
жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инс-

титутының директоры М.Қойгелдиевтің және шығармашы-
лықтағы зиялылар тобының2 қатынасуымен Бәйдібек ауда-
ны, Қошқарата ауылында өткен «Мәдени мұра: халықтың
тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары»

деп аталатын ғылыми-практикалық конференциядан бастау
алады. Конференция түкпірдегі дәстүрлі қазақ ауылында
өткізілген жаңа форматтағы жиын болды. Қарапайым халық
пен кабинеттік ғалымдар арасындағы диалог зиялылардың

тарихи таным көкжиегін кеңейте түсті. Аталған конференция
материалдары жинақ түрінде баспадан жарық көрді. Жинаққа
берілген кіріспеде профессор М.Қойгелдиев: «қоғамда мы-
надай бір пікір бар. «Тарихты жасайтын тарихшылар» деген.

Белгілі дәрежеде, мүмкін солай да шығар.
----------------------
1 «Айтылған тарих» дефинициясы жөнінде төмендегі параграфта арнайы
баяндалады.

2Тарихшы-ғалымдар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлы-
ғының лауреаты, белгілі әдебиетші Мекемтас Мырзахметов, генерал Бақытжан
Ертаев, Румынияның Қазақстандағы елшісі Василе Соаре, ақын Аян Нысаналин,

тараздық еңбек ардагері Тілеуқұл Мамышев сияқты белгілі кісілер қатысып, ой-

пікірлерін жамиғаттың талқысына салды.

102

Дегенмен, шынайы тарихты жасаушы да, оны қалыптасты-
рушы да кәдімгі қарапайым халық. Өйткені нағыз шынайы
ғылым, ғылыми тарих – халық өмірінен бастау алып, онымен
қабысып, үйлесіп жатады. ...Тарихи шындық пен өмір егіз

ұғымдар»1, – деген ойды білдіреді.
Жоғарыда Қошқарата конференциясын ұйымдастырып, оның
тақырыбын белгілеген автор ретінде ол ғылыми жиынның мақ-
сатын мынадай тұжырымдар арқылы береді: «...біз күрделі де

түбегейлі өзгерістерге толы заманда өмір сүріп, өзіміз де адами
өзгеру-есею жолындамыз. Өмірге жаңа мазмұн сападағы саяси
жүйенің демократиялық және либералдық ұстанымдардың келуі,
осы арнада жеке тұлғаның орны мен мүмкіндігі тағы басқа осы

сияқты мәселелер кімді де болса бейқам қалдырмайды. Ең басты
нәрсе осы жаңа қоғамды жасаушы тұлғалар арамызда жүр.
Қоғамымызда болып жатқан осындай іргелі тарихи өзгеріс-
тер із-түзсіз кетпей тағылымы мол ұлы тәжірибе ретінде кейінгі

ұрпақтарға қызмет тіршілігінде атқарылып жатқан істер (1) қа-
ғаз жүзіне түсіп, фотоматериалдарға айналып, видеокассета
және диктофон ленталарына жазылып, мұрағаттар қорла-
рынан өз орнын алғаны жөн. Сол арқылы жеке отбасы жеке

адамның жалпы қоғамымыздың толыққанды ғылыми шежі-
ресінің бай деректік, фактілік негізі қаланбақ. Ағымдағы өмір
жөнінде ел арасынан деректік материалдар жинаудың өзіндік
ерекшеліктері бар, яғни бұл жұмыс, белгілі дәрежеде, кәсіби

тарихшылардың басшылығымен жүргені абзал. Осы мақсат-
қа орай еліміздің (2) университеттерінің тарих факультет-
терінде «Тарих айту және сақтау» ісіне кәсібилік деңгей-
дәреже беретін мамандар даярлау қолға алынғаны жөн. Ал

респбуликалық облыстық (3) мұрағат орындары «Тарих айту
және сақтау» қорын ұйымдастырғаны заман талабына ла-
йық шара болмақ»1, – деп біріншіден, айтылған тарих саласы
бойынша тарихшы маман даярлау, екіншіден елішінен уақыт

өткізбей түрлі тақырыптарға байланысты дерек қорын жинау,
үшіншіден оларды жаңа технологиялық мүмкіндіктерді қолда-
на отырып, мұрағаттау қажеттілігіне көңіл аударады.
------------------------

1Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғыр-
ту жолдары» Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. -302 бет. (4-6 бб).

103

Жинаққа енген мақалалар легі отандық тарихты жаңа тео-
риялық-методологиялық тұрғыдан қорыту мәселесіне арнал-
ғанын байқау қиын емес. Атап айтар болсақ С.Ф. Мажитов
«Күнделікті өмір тарихы және ауызша тарихтың мәні мен

әдістері», Р.Айтбаева «Қазақ халқының ауызша тарих айту
дәстүрі және олардың деректік сипаты», Г.Жүгенбаева «Жыр

– көшпелі қоғамның тарихи санасы», К.Әлімғазинов ««Ай-

тылған тарихтың» гносеологиясы клиометрика негізімен»
ж.б. атты мақалаларда тарихи зерттеулер мен оқу процесінде
жаңа технологияларды, соның ішінде айтылған тарихты бұл
іске тарту жөнінде айтылады. Соған сәйкес, т.ғ.д. Г.Жүген-

баеваның тарих мамандығы бойынша даярлаған бағдарлама-
сы жинақтан орын алған. Онда тарих айтудың ертеден келе
жатқан дәстүрі және қазіргі айтылған тарих бағытындағы
зерттеу әдісінің кейбір теориялық аспектілері қамтылған.

«Айтылған тарих» бойынша оқу бағдарламасына енгізу
ісі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Магистратура және докто-
рантура институты қабырғасында өз жалғасын тапты. Оны
мынадай фактілік материалдардан байқауға болады. 2009

жылдан бастап тарих саласында оқу процесіне «Күнделікті
өмір тарихы: зерттеу әдістері мен методологиясы», «Тарихи
антропология», «Тарих ғылымындағы пәнаралық әдістер»,
«Айтылған тарих: теориясы мен практикасы» ж.б. сол сияқ-

ты көптеген субпәндер легі енгізілді, соған сәйкес магист-
ранттар мен докторанттарға диссертациялық тақырыптар
бекітілді және қорғалды1.
Сондай-ақ, 2009-2011 жылдар аралығында «Сталинизм

кезеңіндегі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір тарихы
Евразиялық тарихи процесс контексінде (1920-1950 жж.)
атты тақырыпта гранттық жоба орындалды. Жоба мақсаты
Қазақстан тарихындағы сталиндік кезеңді жаңа теориялық-

методологиялық тұрғыдан талдауға ала отырып, қарапайым
адам өмірі тарихына бетбұрыс жасау еді. Орталықтың тарихи-
антропологиялық бағытындағы ізденістері мен тәжірибелері ғы-
лыми қызметкерлердің жаңа бағытта мамандануына жол ашты.

---------------------------
1Асымова Д. «6D020300-Тарих» мамандығы бойынша философия докторы
(PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «ХХғ. 20-30 жж. Алматы қаласының күн-
делікті өмірінің кинофотофоно құжаттарындағы көрінісі»: ж.б.; Хамидулли-

на Д. «6D020300-Тарих» «Қазақстандағы «арнайы контингенттің» күнделікті
өмірі(ХХ-ғасырдың 30-50-шы жылдары)».

104

Осындай алдын-ала жүргізілген теориялық даярлықтан соң,
профессор М.Қойгелдиевтің ұсынысы бойынша 2012 ж. 1 қыр-
күйегінде университет ректорының №513 бұйрығымен (Абай
атындағы ҚазҰПУ-дің жанынан) «Айтылған тарих» ғылыми-

зерттеу орталығы ашылды.
Жалпы айтылған тарих бағытындағы жобамен жұмысқа
жетекшілік ету мол эрудиция мен ғылыми біліктілікті қажет
етеді. Біріншіден, тәжірибелі басшы ғылыми-зерттеулердің

ең өзекті мәселе көздерін табуға; екіншіден қаржылай шы-
ғыны зор жобаны үнемді орындауға, үшіншіден өзекті проб-
лемаларды ғылыми-теориялық тұрғыдан жаңаша қорытуда
және өскелең ұрпақ санасында отаншылдық рух сезімін ұя-

латуда дәнекер болары сөзсіз.
Орталық бағдарламасының болжамды тақырыптар тізімі
былайша анықталды:
1.Өткен ғасырдағы қазақ ауылы оның тұрғындарының

көзімен (Алматы облысы мысалында).
2.Қоғамдық еңбек феномені.

3. "Шаңырақ"1 ауыл халқының қала өміріне бейімделуі. 4. Қос империя арасындағы қазақтар (оралмандар): жаңа

жағдайға бейімделу стратегиясы. 5. Ұзынағаш өңірінің тарихы (ХХғ.) жергілікті тұрғындар

жадында. 6. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихи портреті оның оқы-

тушыларының естеліктерінде.
Ал енді төменде, осы арнадағы атқарылған жұмыс барысы
сөз етіледі.
«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған соң,

Көксу, Панфилов аудандарына ғылыми-зерттеу экспедициясы
шығарылды. Бұл университет қабырғасында елішіне бірінші
рет (2005 жылғы Қошқарата экспедициясынан кейін-авт) ұйым-
дастырылған экспедиция болатын. Далалық зерттеу жұмысына

шығар алдында «Өткен ғасырдағы қазақ ауылы оның тұр-
ғындарының көзімен (Алматы облысы мысалында)» атты
жобаның бағдарламасы, сұрақтар тізімі, сауалнамалар, сұхбат-
тың техникалық құрал-жабдықтары даярланды. Тарихи тақы-

рыптарда жүргізілетін сұхбаттың этикалық нормативі, конфи-
денциалдық саясаты ж.б. ережелер мен талаптары ескерілді.
----------------------------------
1Шаңырақ – Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарайтын 18 шағын ауыл-

дан тұратын ықшамаудан осылай аталады

105

Бұл зерттеу аясында 20-ға жуық респондент сұхбатқа
тартылды. Елішілік экспедиция өзінің алғашқы тәжірибесі-
нен кейін-ақ, «тарихи шындық пен өмірдің қаншалықты егіз
ұғымдар»1 екеніне көз жеткізді. Кабинеттік ғалымдар «жан-

сыз деректер» аясынан шыға алмаса, тарихты толыққанды та-
нуы мүмкін емес екендігін тәжірибе көрсетті.
Панфилов және Көксу ауданының 70-80-90 жастағы тұрғын-
дары советтік еңбек күнделігіне байланысты бұрын-соңды біз

естіп көрмеген тың мәліметтермен бөлісті. Айтылған тарих со-
веттік қоғамның (30-жылдардан басталатын) біз үшін беймәлім
беттеріне жарық сәуле түсіргендей болды. Мысалы, таң сәрі-
ден қараңғы түн түскенше еңбек ету, мардымсыз еңбеккүн ақы-

сымен күн көру, медициналық қызметтің нашар болуы, соның
салдарынан ауылда өлім-жітімнің көбірек орын алуы, ауылсо-
вет, бригадир т.б. кеңестік «тәртіп сақшыларының» шексіз қа-
талдығы, моральдік тұрғыдан жаншылған халық өмірі «жанды

дерек көздері» арқылы кеңінен тарқатылды. Айтылған тарих
негізінде жүргізілген зерттеу ісі шынайылықты тануда алғаш-
қы сұхбаттардан кейін-ақ, өз нәтижесін бере бастады. Орталық
арқылы жүргізілген бұл экспедиция тәжірибесінен «біз өткен

елдік тарихымызды, әсіресе оның деректік қорын жасау ісін-
де «әй-қап!» дегізетін жағдайларды басымыздан талай рет
кешірген халық едік. Енді сол кемшіліктерді мүмкін болғанша
аз жіберейік»1 делінген пікірдің босқа емес екендігініне көз

жеткізгендей болдық. «Бір қарт дүниеден озса, бір мұрағаттың
өртенгенімен тең» деген тұжырым да жәй сөз емес, талай өмір-
ден озған қариялармен бірге олардың көрген-білгені, жиған
тәжірибесі біржола ғайыпқа кетті емес пе? Сондықтан Айтыл-

ған тарих тарихшылардың ғарыштық жылдамдықпен асыға ат-
қаруға міндетті ісіне (қозғалысқа) айналуы қажет.
«Социалистік еңбек феномені» жобасының жалғасы ретін-
де Алматы облысының Ескелді ауданындағы жиырмаға

жуық «Социалистік Еңбек Ері» шыққан атақты «Нұрмолда
Алдабергенов» атындағы ауылдың тарихы кітапхана, архив
және тұрғындар естелігінің негізінде зерттеуге алынды. Нә-
тижесінде «Қоғамның тарихи жады: ХХ ғасыр Алматы об-

лысы Ескелді ауданы тұрғындарының өмірбаяндық әңгіме-
лерінде» деген атпен кітап даярланды.
-----------------------------
1Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолда-

ры» Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. -302 бет. (4-6 бб).

106

Сондай-ақ, Алматы облысының тағы бір ауданы – Ұзы-
нағаш өңірі зерттеуге алынды. Ауданның Дегерес, Беріктас,
Тарғап, Шиен, Жангелді, Покровка, Бұлақ елді мекендеріне
екі мәрте ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылып,

тарихи ақпаратқа бай елді-мекен тұрғындарынан құжаттар,
естеліктер, фотосуреттер ж.б. материал жиналды. Алдағы уа-
қытта жинақты жарыққа шығару көзделінеді.
Орталықта қордаланған сұхбаттардың аудио-видео нұсқа-

лары ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатына жүйелі түрде тап-
сырылады.
Орталық жетекшісі М.Қойгелдиев зерттеу бағыттарын тек
«советтік еңбек феномені» тақырыбында ғана емес, «интел-

лектуалды тарих», «әлеуметтік тарих», «миграция» сияқты
түрлі іргелі тақырыптар аясында қатар алып жүруді жөн са-
нады. Соған сәйкес ителлектуалды тарих бағытында «Ал-
ғашқы. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихы оны біті-

рушілердің естелігінде», «Менің ғылымдағы өмірім» атты
жаңа жанрдағы еңбектер мен деректі фильмдер өмірге келді.
Білікті маман Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмысын білім
беру процесімен ұштастыра отырып, магистрант және док-

торанттарды жаңа тарихи зерттеу технологиясына тартты.
Сол мақсатта олармен бірлікте «Шаңырақ: ауыл халқының
қала өміріне бейімделуі» деп аталатын жоба бойынша жұмыс
жүргізілді. «Шаңырақ» – Алматы қаласының Алатау ауданы

құрамындағы ықшамаудан. Зерттеу барысында ауыл тұрғын-
дарының «Шаңырақтағы» құрылыс жылдарындағы әңгімелері,
ресми құжаттар, жазба дерекқоры (әкімшілік орындарына жол-
данған өтініш, хат, арыз, архитектуралық жобалар, фотосурет-

тер ж.б.) т.б. материалдар жинастырылды. «Шаңырақ» мем-
лекеттік тәуелсіздік жылдары Алматы қаласының іргесінде
қалыптасқан 18 ауылдың басын біріктірді. Ықшамауданда
қысқа мерзім ішінде пайда болған инфрақұрылым (жолдар

жүйесі, электрлендіру, ішім судың жүргізілуі, мектеп, спорт-
комплекстердің салынуы ж.б.), әрине, таңданыс тудырары хақ.
«Шаңырақ» тәуелсіз Қазақстан өміріндегі жаңа құбылыс, елде
урбандану процесінің қарқынды жүргендігінің нақты айғағы.

Мәселен, тек 2011 жылы ғана «Шаңырақтағы» № 26 қазақ орта
мектебінің бірінші сыныбына он үш сыныптық-топ жиналғаны
осы тұжырымға дәлелбола алады.

107

«Шаңырақты» қалаға жол тартқан жұрттың баспана мәсе-
лесін шешудің бір ұтымды варианты ретінде қарастыруға бо-
лады. Баспана елімізде қашан да болмасын – күрделі пробле-
малардың бірі болды. Мемлекет жастарды қолдап, тегін жер

телімін таратты. Сондықтан да пайда болған жаңа орындардың
мынадай ерекшеліктерін талдап, қорытындылар жасауға бола-
ды: біріншіден, қазақ ауылдары әдетте, қаладан жырақта ор-
наласқан болса, «жаңа ауыл» тура қала маңынан бой көтерді;

екіншіден, дәстүрлі советтік ауылдарда көнекөз қарттардың
үлес салмағы кәдімгідей болса, жаңа типтегі ықшам аудандар-
да (жаңа ауылдарда) – жастар басым; үшіншіден, мұндағы бас-
паналар – мемлекеттің тегін жер үлестіру жолымен шешімін

тапты. Сондықтан да «Шаңырақ» және т.б. осындай негізде бой
көтерген ықшам аудандар – азат даму жолына түскен елге тән
құбылыстардың бірі еді.
Орталық жоспарындағы енгізілген тақырыптардың бірі

– «Қос империя арасындағы қазақтар (оралмандар):

жаңа жағдайға бейімделу стратегиясы» жобасы бойынша
«Қыс артында көктем бар» атты кітап жарық көрді. Кітапта
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Қытайдағы мәдени револю-
ция кезінде негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған, сөйтіп жиыр-

ма жасында абақтыға қамалып, өмірінің 17 жылын қамауда
өткізген қазақ жігіті Жұмабек Өсерұлының аянышты тағды-
ры баяндалады. Бір адам биографиясынан даярланған өмір-
дерек орталық тәжірибесінде алғаш рет орын алды.

Орталық қызметінің аса маңызды тақырыптарының бірі –
«Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-
1945 жж.)*» деп аталды. Даярланған монография екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімде 1941-1945 жж. Жамбыл облысының

әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірі, күнделікті өмір
тарихы тұрғысынан жазылды. Кітаптың екінші бөлімінде ара-
мызда жүрген майдангерлер мен тыл ардагерлерінен алынған
сұхбаттардың мәтіндері берілді.

------------------------------
* «Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі мен ҚБ Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы
арасындағы бекітілген (№ 67 2.04.2015 ж.) келісім-шарт бойынша «Жам-

был облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.)» атты ғы-
лыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

108

Айтылған тарих ғылыми-зерттеу орталығы жаңа техноло-
гиялардың мүмкіндіктерін игеруде шетелдік, яғни Румыния,
Польша және Чехиядағы «Айтылған тарих» орталықтары-
мен жүйелі түрде байланыс орнатқан.

Сонымен тарау соңын қорыта келе, «Айтылған тарих» –
жанрындағы зерттеу жұмыстары – халықтың тарихи жадын
жаңғыртуға бағытталған жаңа зерттеу құралы. ХХ ғасыр та-
рихын зерттеуде ортамызда жүрген тарихи оқиға куәгерлері-

нен сұхбат, жанды-дыбысты естеліктер, күнделіктер жинау
аса қажет іс. Бұл біздің еліміздің өткен өмірін сомдайтын
және жадта мәңгі сақтауға көмектесетін үлкен мүмкіндік. Сол
себепті, тарих қойнауындағы оқиға куәгерлерінен – қарттар

дауысы мен бейнесінен тұратын «тарихи мұраларымызды»
жинап, материалдарды (аудио-видео жазбаларын) мұрағаттау
ісіне кіріскеніміз жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1 Davіd K. Dunaway, Wіlla K. Baum. Oral Hіstory: An Іnterdіscіplіnary
Anthology. Walnut Creek, 1996. – 432 p.
2 Дровеников И.С. Скрытые параметры физики и ее устная история //
Институт истории естествознания и техники им. С.И.Вавилова. Годичная

научная конференция. М.,1997. С. 145-149. 3 Іstván Hargіttaі. Candіd Scіence ІІІ: More Conversatіons wіth Famous Chemіsts. London, 2003. – 507 p.; Іstván Hargіttaі, Magdolna Hargіttaі. Candіd Scіence: More

Conversatіons wіth Famous Scіentіsts. London, 2005.- 888 p.
4 Менің ғылымдағы өмірім. Ғалымдармен 21 сұхбат. – Алматы, 2014.-
472 б.

5 Terkel S. (ed.). Envelopes of Sound. Sіx Practіtіoners Dіscuss the Method, Theory and Practіce of Oral Hіstory and Oral Testіmony. Chіcago, 1975. – 154 p.

6 Томпсон П. Голос прошлого: Устная история // Пер. с англ. М., 2003. –
368 с.
7 Nevіns A. The Gateway to Hіstory. Second edіtіon. N.Y., 1962. P.8.
8 Nevіns A. Hіll F.E.Ford. Expansіon and challenge 1915-1933. N.Y., 1957;

Nevіns A. Ford. The tіme, the man, the company. N.Y.,1954. 9 Nevіns A. John D. Rockefeller. The heroіc age of Amerіcan enterprіse. N.Y., 1941. Vol.1-2.

10 Starr L.M. A Report on use //Oral Hіstory: The Fіrst Twenty Years. N.Y.,

1968. – P.5.

11 Graeme Powell. The Oral Hіstory Collectіons of the Natіonal Lіbrary of Australіa, іn Archіves and Manuscrіpts, vol. 5, no. 6, February 1974, p. 139. 12 Joan Campbell (ed.), Oral Hіstory 75: papers presented at the Second Oral Hіstory Conference, 6 February 1975, La Trobe Unіversіty, Bundoora Vіe., 1975.

13 Vаnek M. Іslands of Freedom. Young Czechoslovakіa іn the Years 19691989. Prague, 2002. 350 p.

109

14 Otahal M., Vanek M. One Hundred Student Revolutіons: Students іn the
Perіod of the Fall of Communіsm – Lіfe Storіes. Prague, 1999.- 860 p.

15 Vanek M., Urbasek P. Vіctors? Vanquіshed? Polіtіcal Elіtes and Dіssіdents durіng the Perіod of So-Called Normalіzatіon – Hіstorіcal Іntervіews. 2 volumes.

Prague, 2005.- 1970 p.
16 Engelkіng, В. Zagłada і pamіęć. Dośwіadczenіa Holocaustu і jego

konsekwencje opіsane na podstawіe relacjі //В.Engelkіng. Warszawa, 2001.–295 s.

17 Fіlіpkowskі, P.Hіstorіa mówіona і wojna. Dośwіadczenіe obozu koncent-
racyjnego w perspektywіe narracjі //Р. Fіlіpkowskі. Wrocław, 2010. – 509 s.
18 Устная история в Карелии. Вып. ІV. /Сост. и науч. ред. И.Р. Такала,
А.В. Голубев, И.Н. Романова, И С. Маховская. Петрозаводск, 2008. – 400 с.

19 Homo hіstorіcus. Гадавік антрапалагічнай гісторыі /пад. рэд. А. Ф.
Смаленчука з удзелам. Вільня, 2008. – 520 с.
20 http://www.oralhіstory.org
21 http://sounds.bl.uk/Oral-hіstory23

22 http://www.bbc.co.uk/ww2peopleswar/
23 http://www.oralhіstoryaustralіa.org.au
24 http://www.coh.usd.cas.cz
25 http://karta.org.pl

26 http://www.artefakty.org.pl
27 http://www.nashapamіac.org
28 http://www.іohanet.org
29 http://oralhіstory.ru

30 Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғыр-
ту жолдары» Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. -302 бет.
31 Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы (ХХ ғасыр. Тарих айту дәс-
түрі). Алматы, 2012. – 195 б.; Ұжымдық еңбек. Оқу фильмі «Жаркент оның

тұрғындарының көзімен». Алматы облысының Панфилов ауданының мате-
риалдары бойынша.
32 Қоғамның тарихи жады: ХХ ғасыр Алматы облысы Ескелді ауданы тұр-
ғындарының өмірбаяндық әңгімелерінде. Алматы, Ғылыми басылым / М.Қ. Қой-

гелдиев., Б.О. Жангуттин, Ш.Б. Тілеубаев, Н.Д. Нұртазина, Ш.Т. Нұрман, М.Ш.
Қалыбекова, З.Б. Мырзатаева, Е.Ә. Жалмағамбетов, Л.А. Бисембаева, Ә.Болат-
хан/ – Алматы: «Дәстүр» баспасы, 2015. – 240 б.
33 Нұртайұлы Ә. «Жаңаны жаңа дегенге не жетсін, шіркін!» //Жас Алаш,

№28, сәуір 11 сәуір 2013 ж.
34 Алғашқы. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарихы оны бітірушілердің
естелігінде». Алматы, 2013. – 212 б.; Құжатты фильм «АЛҒАШҚЫ.Абай
атындағы ҚазҰПУ-нің тарихы оны бітірушілердің естелігінде» Алматы,

2014 (30 минут).
35 Жұмабек Ө. Қыс артында көктем бар. Алматы, 2014.- 205 б.
36 Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Ал-
маты, 2015. – 584 б.

110

Бақылау және өзін-өзі тексеру
сұрақтары

1. Кәсіби тарихшылар тарихнамалық зерттеулерде «Ай-

тылған тарихтың» қалыптасуы мен даму тарихының негізгі
кезеңдері қарастырады.

2. Шетелдік тәжірибеде «айтылған тарих» бойынша жа-

рыққа шыққан еңбектер. 3. Ұлыбританияда 1980-ші жылдары айтылған тарих бағы-

тында орындалған ғылыми жобалар. 4. Аустралияның Ұлттық кітапханасында «Айтылған та-

рих және фольклор» коллекциясының сипаты. 5. XX ғ. 80-90 жж. Орталық және Шығыс Еуропа елдерін-

де айтылған тарих зерттеулерінде жаңа тенденциялардың қа-
лыптасу ерекшеліктері.

6. Польша тарихнамасында тарихи бағыт ретінде айтылған

тарих саласында зерттеу жұмыстарын жүргізу белсенділігі
артқан кезең.

7. «Айтылған тарих» Халықаралық қауымдастығының

ресми түрде қызмет атқаратын аймақтық өкілдіктеріне си-
паттама беріңіз.

8. Айтылған тарихтың отандық татрихнамасын талдауға

алыңыз.

111

3 ТАРАУ

АЙТЫЛҒАН ТАРИХ: ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ,

ДЕРЕК КӨЗІ, ӘДІСІ

3.1 Айтылған тарих ғылыми-зерттеу
бағыты ретінде
3.2 Айтылған тарих материалдары
дерек көзі ретінде

3.3 Айтылған тарих зерттеу әдісі ретінде
3.1 Айтылған тарих
ғылыми-зерттеу бағыты ретінде
Бұл ғылыми бағыттың ерекшелігі қазіргі аудио және ви-

деотехниканы пайдалану арқылы жүргізілген белгілі бір та-
қырыпқа байланысты куәгерлердің естелік-әңгімесін жазып
алып, оны құжаттандырып мұрағат қорына тапсыру болып
табылады.

Тарихи сұхбат аталатын бұл әдіс арқылы өткен кезеңдер-
де өмірде орын алған тарихи оқиға немесе тарихи процесске
байланысты жеке адамның куәлігі, оны қабылдауы мәтінге
түсіп дерек көзіне айналады.

Айтылған тарих тарихи оқиға және процесстерді танып
білуде зерттеушіге ресми құжаттарға тәуелділікте қалып
қоймай, түрлі ұстанымдардағы жеке адамдардың куәлігі мен
көрсетулеріне де сүйенуге мүмкіндік береді.

Айтылған тарихтың ғылыми пән ретінде өзіндік зерттеу
әдісі мен категориялық-түсініктемелік аппараты қалыптас-
қан. Халықтық тарихи тәжірибені тіркеу, сақтау, өңдеу, ин-
терпретациялау сияқты т.б. методологиялық негіздемесі

бар. Айтылған тарихта сондай-ақ, этнография, әлеуметта-
ну және басқа ғылым салаларының әдістері де қолданысқа
түседі. Белгілі бір мәселені зерттеу үшін айтылған тарихқа
салыстырмалы-тарихи, тарихи-типтік, тарихи-психология-

лық талдау сияқты арнайы зерттеу әдістерінің де маңызы

112

зор. Соңғысы, мәселен дерек авторының жеке психология-
лық ерекшеліктерін есепке алмай деректің өзіндік мазмұнын
түсіну мүмкін еместігінен туындайды.
Айтылған тарих материалдары тарихшылардың араласуы-

мен жинақталатын естеліктер мен куәгерлердің өз заманы
туралы берген мәліметтері ретінде қазіргі заман тарихының
дерек көзі рөлін атқарады. Мәселен, КСРО жағдайында түрлі
экономикалық, саяси-әлеуметтік реформалар мен өзгерістер

басым түрде мемлекеттік аппарат қойнауынан шығып, мем-
лекеттік мұрағат қорларында шоғырланған ресми құжаттар
негізінде қарастырылған болса, ендігі посткеңестік жағдай-
да аталған процесстерді талдауға алуда оларға тікелей атса-

лысқан куәгерлердің, яғни жеке адамдардың тарихи сұхбат
арқылы берген тарихи куәліктері мен көрсетулерін қосымша
тарихи факті ретінде тарту арқылы зерттеу мүмкіндігі туын-
дайды.

Ал айтылған тарих немесе тарихи сұхбат арқылы алына-
тын тарихи фактілер өмірбаяндық әңгіме әлде сол оқиға,
процесс туралы көрген-білгендерін баяндаған әңгімелер ар-
қылы берілуі мүмкін.

Ғалымдар оған түрлі анықтама да береді: айтылған тарих

– адамдардың өткен өмірі мен өздері куәсі болған оқиғалар

туралы үнтаспаға немесе сандық техникалық құралдардың
көмегімен жазылып алынған естеліктер ретінде қарастыры-
лады; айтылған тарих – бұл өткен тарихи кезең және оқи-
ғаларға қатысушылардың немесе олардың куәгерлерінің

айтқан естеліктері, осы мақсатта ұйымдастырылған сұхбат
түрі; өткен тарихи кезеңдегі оқиға куәгерлерінің немесе оған
қатысушылардың есінде (жадында) сақталған ақпаратты жа-
зып алу үшін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған сұхбат

түрі.
Алғашқы сұхбаттар методологиясы фактографиялық көр-
сетулерді тіркеуге бағытталып, ұжымдық естеліктерді сол
күйінде жазып алуға басымдылық берді. Д.Титтон, А.Невинс

шәкірттерінен жазып алатын сұхбаттары арқылы мейлін-
ше жоғары деңгейдегі мәліметтер алуды қамтамасыз ететін
«адекватты сауалдар» қоюды талап етті. Тарихи сұхбат алу
әдісі қазіргі заманғы шетелдік тарихнамада кең таралды

және үлкен проблемалық алаңдарды қамти алды.

113

Сұхбат тікелей зерттеу нысанына байланысты алынады.
Сұхбат неғұрлым ұзақ жүргізілсе, соған сай өмір бейнесі көп
қырлы, толығырақ шағылыс таппақ.
Сұхбаттың түрлері: – стандартталған; стандартталмаған

(еркін немесе арнайы бағытталмаған сұхбат); жартылай
стандартталған немесе фокус сұхбат.
Сұхбаттың ең кең тараған түрі – пікір алысу. Мақсаты –
сұхбат берушімен алдын-ала, нақты дайындалған сұрақтар

арқылы сұхбат жүргізу.
Оқиға куәгерімен сұхбат. Мақсаты – белгілі бір оқиғаға,
фактіге куәгер болған адаммен сұхбат жүргізу.
Өмірбаяндық сұхбат – сұхбат жүргізудің жеке түрі ретінде

кеңінен тараған. Мақсаты – жеке тұлғаның өткен өмірі ту-
ралы ақпарат алу. Өмірбаяндық сұхбаттың түрлері: лейтмо-
тивті сұхбат; нарративті сұхбат; ашық сұхбат.
Айтылған тарих бойынша ақпарат жинақтау құралдары-

ның бірі тереңдетілген сұхбат болып табылады. Сұхбат адам
өмірінің түрлі қырлары мен кезеңдерін қарастыратын бірне-
ше тақырыптық блокты (балалық шақ, жасөспірім кез, оқу,
жұмыс және т.б.) қамтиды. Әр блок бойынша ақпарат алу

үшін міндетті сауалдар немесе өзекті мәселелер тізімі бола-
ды. Ал қосымша сауалдар кейбір мәселелерді нақтылай түсу
үшін берілуі мүмкін.

«Өмір тарихына» байланысты сұхбат алудың үш түрі қа-
лыптасқан, олар: толық «өмір тарихы», тақырыптық «өмір
тарихы» және редакцияланған, яғни ғылыми өңдеуден өткен
«өмір тарихы». Толық «өмір тарихы» субъектінің бүкіл өмір

жолын кескіндейді. Тақырыптық «өмір тарихы» субъектінің
белгілі бір кезеңіне немесе оның қатысы болған белгілі бір
оқиға, процесске байланысты сұхбатпен шектеледі. Ал ре-
дакцияланған, ғылыми өңдеуден өткен «өмір тарихы» алғаш-

қы екеуі сияқты толық немесе тақырыптық түрде алынуы
мүмкін. Бірақ, оның басты ерекшелігі алынған тарихи сұхбат
зерттеушінің мақсатты түрде қойған сауалдарына алынған
жауап ретінде редакциялық өңдеуге ұшырауы мүмкін.

Зерттеу барысында алынған мәліметтерін талдау және
фактілік материалдарды интерпретациялау күрделі міндет-
терді жүктейді. Өмірбаяндық мәліметтер зерттеуші тарапы-
нан талдауға алынып, зерттеушінің білімі және жеке тәжіри-

114

бесі тұрғысынан игерілгенде ғана ғылыми фактіге айналмақ.
Алынған сұхбат материалдарын жалпықоғамдық мәні бар
факті ретінде көрсету үшін зерттеушінің тарихи және қо-
ғамдық контекст туралы, жалпы өмір туралы мүмкін болған-

ша бай тәжірибесі, көзқарасы, ұстанымы болғаны жөн.
Ғылыми әдебиетте өмірбаяндық материалдарды өңдеудің
әдіс-құралдары жасала қоймағандығы байқалады. Соған
байланысты өмірбаяндық сұхбаттардың мәліметтерін пәна-

ралық зерттеу әдістеріне сүйене отырып пайдалануға тура
келеді. Пәнаралық әдістер зерттеушіге оның алдында тұрған
міндеттерді шешуге көмектеседі.
Айтылған куәліктер бастапқыдан-ақ субъективті болып ке-

леді. Олар адамдардың өткен өміріне, күнделікті тіршілігіне
жақындауға, ділдік (менталитеттік) ерекшеліктерін анықтау-
ға мүмкіндік беретіндігімен маңызды және оның басты қа-
сиеті де осында. Түрлі шенеуніктердің, іс жүргізушілердің

араласуымен жасалатын деректік материалдар өкіметтік ұс-
таным тұрғысынан жазылады және адам онда билік ырқын
орындаушы субъект ретінде ғана көрсетіледі.
Айтылған тарих зерттеуінің барысында зерттеушінің рөлі

арта түседі. Бастапқыда тарихшы сұхбат жүргізу туралы
шешім қабылдайды, ал алынған ақпараттың салмағы көп жағ-
дайда зерттеушінің диалог барысында көрсеткен икемділігі-
не, оралымдылығына тәуелді. Бір айтылған сөзді екінші мәр-

те қайталау немесе бір ақпаратты өзгермеген күйінде екі рет
айту әңгіменің берекесін алады. Тіптен екі зерттеушінің бір
адамнан әртүрлі ақпарат алуы да мүмкін.
Айтылған тарих саласында жұмыс істеу үшін ең болмаса

психология саласынан бастауыш білімінің болуы шарт және
адамдармен қарым-қатынаста сауатты болудың маңызы зор.
Сондай-ақ айтылған тарихтың коммуникативтік мүмкіндік-
тері білім мен ғылымның өзара бірін-бірі байыта түсуін арт-

тырады. Елдің әр өңірінде зерттеуге лайық түрлі тақырып-
тар, соған сәйкес тиісті ақпарат берушілер де табылады. Ол
өткеннің көзі, тірі куәгерлерден бұрын ескерусіз күйде қалып
келген мәліметтерді алуға мүмкіндіктер туғызып, ал зерт-

теушілер болса құнды деректер жинау үшін қызықты шығар-
машылық үрдіске араласады. Айтылған тарихтың осындай
артықшылықтары жөнінде зерттеушілер аз айтпаған.

115

Айтылған тарих әдісінің қоғамдағы өзара түсінушілікке,
ұрпақаралық сабақтастыққа қызмет жасау мүмкіндігі жоға-
ры. Тарихи сұхбат сәтінде екі ұрпақ өзара диалогқа түседі.
Аға буын өз тарапынан келесі жас буынның өткенге деген

көзқарасын түсіну мүмкіндігіне ие болады. Өткен өмірін,
жастық шағын есіне түсіреді, жастарда сол тарихи кезеңге
байланысты объективті түсінік қалыптастыруға ықпал жасау
мүмкіндігіне ие болады. Айтылған тарих бұл ретте өткен за-

ман мен бүгінгі уақыт арасындағы көпір міндетін атқарады.
Соның нәтижесінде өткен өмірді қорыту, аға ұрпақ пен жас
ұрпақ көзқарастарының өзара үйлесімділікке ұмтылысы ар-
қылы жүреді.

Айтылған тарих адамдардың сол заман, уақыт арнасында
болып өткен оқиғаларға берген бағасы, қоғамдық жағдайдың
өзгеру барысына, уақыт ағымында белгілі бір тенденциялар-
дың аяқталып, екінші біреулерінің қарқын алуын пайымдау-

ға мүмкіндік беретін құрал.
Айтылған тарихтың қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан
дәстүрі, тарихи негіздері бар. Қазақ халқы өзінің мол руха-
ни мұрасын, ұзақ уақыттар бойы жинақтаған тарихи тәжі-

рибесін ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі айтылған тарих негізін-
де сабақтастықпен жеткізіп отырған. Мысалы, шежіре айту,
белгілі тарихи тұлғалардың, батырлар мен билердің қызметі-
не, елді-мекендер, жер-су атауларына, белгілі бір оқиғаларға

байланысты тарихты баяндап айту, түрлі тарихи фактілерді
өлең-жырларға қосып айту соның айқын көрінісі болып та-
былады.
Ал айтылған тарих жанрына жататын тарихи жыр, тарихи

әңгіме және естеліктердегі тарихи фактілерді ғылыми негіз-
де игеріп, отан тарихын қорыту ісіне тарту кәсіби зерттеуші-
лердің міндеті.
Табиғатпен өзара үндестікке негізделген көшпелі өмір

сүру салты жағдайында халқымыздың сан қырлылығын
танытатын руханияты, өткенінен хабардар ететін деректік
материалдары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі ай-
тылған тарих мәліметтері негізінде жетіп отырды. Соның ба-

рысында қазақ қоғамы өзін-өзі танып, өткенін біліп өздерін
біртұтас халық ретінде, ел ретінде сезініп бірегейлігін сақтап
отырды. Ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі айтылған тарих арқылы

116

тараған түрлі тарихи жырлар мен аңыз-әфсаналар, т.б. қазақ
халқының ұлттық болмысы мен рухын, тарихи зердесін қа-
лыптастырды. Осы тұрғыдан айтылған тарихты, оның мән-
мағынасын түсініп-білу, әрбір адамның жеке басындағы сана-

сезімімен, ой-өрісімен, ұлттық болмысымен ұштасып жатты.
Қазақ қоғамындағы дәстүрлі айтылған тарихтың теория-
лық-методологиялық мәселелерін сипаттайтан еңбектерде
жоқ емес. 1943 жылы алғаш рет республикалық дәрежеде жа-

рық көрген «Қазақ КСР тарихы» кітабында айтылған тарих-
тың дәстүрлі түрлері аталды және оларға деректанулық тал-
дау жасалып, тарихи дереккөзі ретінде маңызы зор екендігі
көрсетілді.

1940-шы жылдардың аяғына қарай «Қазақстан ХІХ ғасыр-
дың 20-40 жылдарында» атты үлкен ғылыми еңбек жазған
тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов аталған кітабында тарих айту
дәстүрі бойынша жеткен деректерді жазба деректермен қа-

тар өте жақсы қолдана білген. Ол еңбегінде тарихи оқиғалар-
ды тарих айту дәстүрі негізіндегі деректер арқылы қорытып
отыруы, айтылған тарихтың тарихнамалық сипатын дұрыс
тани білгенінің көрінісі еді. Оның еңбегінің «Фольклорлық

деректер» деп аталатын арнайы бөлімінде дәстүрлі тарих
айту деректерінің қазақ тарихын зерттеудегі деректанулық
сипатын және методологиялық мәселелерін талдап оның та-
рих жазудағы маңызын ашып көрсетеді.

Ал этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың шежі-
решілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық
қасиет деуге болады. Бұл, әрине, ерекше жаралғандықтан
немесе артта қалғандықтан емес. Қазақ халқының шежі-

решілдігін, тарихи санасының сергектігімен, ең алдымен,
оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салты болуымен
салыстырған жөн» – деп орынды айтады.
Қазіргі кездегі тарихшы-ғалым М.Алпысбес шежірені ай-

тылған тарих тұрғысынан арнайы талдауға алып мынадай тұ-
жырым жасайды: «...шежіре – қазақ руларының тегі шыққан
түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениет тудырған әлеуметтік
тарихи білім мен генеологиялық жадтың сабақтас жүйесі бо-

лып табылады. Шежіре ұғымының астарында «тарихи-әлеу-
меттік жады» түсінігі сақталған. Өйткені, шежіре дәстүрлі
білім құбылысы ретінде табиғи түрде қалыптасып, ғасырлар

117

бойы ауызша айтып, әңгімелеу мәдениеті жағдайында жетіліп,
жалпы әлеуметтік-қоғамдық сипат алып жалғасты. Ұрпақтар
сабақтастығының рухани құндылықтары мен халықтың біртұ-
тас этникалық өмір сүру жалғастығын баяндап, көне дәуір-

ден бергі қазақ тарихының тамырын терең тануға қызмет ат-
қарды». М.Алпысбестің зерттеу жұмысы мен оның нәтижесі
отандық тарихнамада айтылған тарихты қайта жаңғыртудың
уақыты келгенін көрсетеді.

«Тарих» деген сөз оның кең мағынасында қолданылса –
адамзаттың өткен өмірін айту, әңгімелеу деген ұғымды білді-
реді. Адамның күнделікті өмірі саяси, әлеуметтік, экономи-
калық, шаруашылық, діни және басқа салаларға бөлінбейтіні

сияқты адамзаттың да өмірі біртұтас. XX ғасырдың көрнекті
тарихшысы, «Анналдар» мектебінің негізін қалаушылардың
бірі Л.Февр ол жөнінде: «Экономикалық және әлеуметтік та-
рих деген жоқ. Тек, біртұтас тарих қана бар. Демек, тарих өз

табиғатымен әлеуметтік болып табылады... Адамзат біздің
түсінігімізде, оған тән барлық іс-әрекеттердің тудырушысы,
жиынтығы. Тарихшылардың оның бір қырын алып қарауға
мүмкіндіктері бар. Мәселен, экономикалық әрекеттерін. Алай-

да, мынаны ұмытпаған жөн: аталған белгілердің бәрі адамды
айналып өте алмайды... Біздің зерттеу нысанамыз – шындық-
тың қандай да бір үзінділері, адамның іс-әрекетінің қандай да
бір жекелеген аспектілері емес, өзі мүшесі болып табылатын

әлеуметтік топтардың әлеміндегі адамның өзі... Тарих – адам
туралы ғылым, мұны ұмытпауымыз керек» – деп көрсетеді.
Тарихшылардың көпшілігінен қолдау тапқан мұндай ұста-
ным, «тарих»-дегеніміз ел билеушілерінің билік үшін талас-

тартыстары, соғыстары, ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар мен
іс-әрекеттердің жиынтығы» – деп түсіндіретін ортағасырлық
тарихтану түсінігіне күмәнмен қарайды. Тарихты зерттеудің
өркениеттік әдісіне негізделген мұндай ұстанымның қазақ

тарихын зерттеуге байланысты оны жеке ұлттық құбылыс
ретінде жан-жақты танып білуге жол ашады.
Өркениеттік әдістің артықшылықтары оның әдістерін кез-
келген халық өз тарихын жазуға пайдалана алуында, яғни бұл

әдістің өзгешелікке, ерекшелікке мән беруі, онымен санасуы,
тарихты көп қырлы үрдістер ағымында түсінуге мүмкіндік бе-
руі, адамзат тарихының біртұтастығын қабылдауы сияқты т.б.

118

әдіс-тәсілдерінің болуында. Өркениеттерді бірі-бірімен салыс-
тырылғанда ғана біртұтас жүйе болады. Бұл ғылыми зерттеу-
лерде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалануға ықпал
етеді. Нәтижесінде белгілі бір елдің, халықтың, бір аймақтың

тарихы өзімен-өзі тұйықталған жабық жағдайда емес, басқа
елдердің, халықтардың, аймақтардың тарихымен салыстырыл-
малы түрде қарастырылады. Тарихи процестерді терең тану-
ға қолайлы жағдай туғызып, олардың өзіндік ерекшеліктерін

түсіндіріп береді. Өркениеттік дамудың белгілі бір өлшем-
дерін анықтау тарихшыларға әрбір елдің, халықтың, өлкенің
жетістіктерін анықтауға, әлемдік өркениетке қосқан үлесін тал-
дауға мүмкіндік береді. Өркениеттік әдіс тарихи процестерде

адамзаттың рухани-адамгершілік және интеллектуалдық фак-
торларына ерекше назар аударады. Өркениетті бағалауда дін,
мәдениет және діл (менталитет) жетекші рөл атқарады.
Бұл айтылғандардан байқайтынымыз, қазақ қоғамында та-

рих айтудың ертеден қалыптасқан дәстүрі бар екендігі. Қа-
зақ халқы – ерте замандардан өзінің тарих айту дәстүрі және
оны сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәдениеті бар халық.
Өткен тарихында көшпелі өмір салты басым болған қазақ қо-

ғамында тарих айту дәстүрі белгілі бір дәрежеде, отырықшы
елдердегі кітапхана мен мұрағат қызметін атқарып келген.
Ұлтымыздың бай тарихы, мол рухани мұрасы ұрпақтан-ұр-
паққа тарих айту дәстүрі негізінде жетіп отырған. Сондық-

тан айтылған естелік-әңгімелердің тарихи негізі бар екеніне
күмәнмен қарауға болмайды.
Еліміздің өткен өміріндегі тарихи процестерді қайта зер-
делеп, тарихи сананы дұрыс қалыптастыруда жазба дерек-

термен қатар, ата-бабаларымыздың қолданған тарихи білімін
де, тарих айту дәстүрін қазіргі замандағы «айтылған тарих»
талаптарына сай жаңғырту, отандық тарихтану саласында
айтылған тарихты ғылыми пән ретінде негіздеу бүгінгі күнгі

отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Хал-
қымыздың тарих айту мәдениеті, тарихи санасы мен қазақ
тарихнамасындағы ұлттық дәстүр мәселелері кешенді түр-
де зерттеуді қажет ететін тың проблемалардың қатарында

екенін көрсетеді.

119

3.2 Айтылған тарих
материалдары дерек көзі ретінде
Тарих – тарихи фактілер негізінде қалыптасады, жазылады
немесе айтылу арқылы жалғасын табады және танылады. Шы-

найы тарих жазуда деректердің маңызы мен ерекшелігі, оны
қолдану әдістерінің алатын орны зор. Деректердің қатарына
археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвисти-
калық, жазба, заттық, айтылған тарихтың деректерін жатқызу-

ға болады. Өйткені бұл деректер белгілі бір заман мен қоғам,
онда өмір сүрген адамдар туралы тарихи таным қалыптастыру-
ға ықпал етеді. Жазба және айтылған тарих деректерінің өзара
сипатында принципті айырмашылық жоқ, егер бұдан жүз не-

месе мың жыл бұрынғының бәрі есте (жадта) сақталып өмір
сүрсе, кейіннен ғана жазба нұсқа арқылы жеткен.
Жазба дерек пен айтылған тарих деректерінің бір-біріне
ұқсамайтын екі түрлі болмысы бар екенін байқауға болады.

Оларға ортақ бір мәселе, олардың екеуі де өмірлік шындық-
ты танып білудің өзіндік құралы және ұрпақтан ұрпаққа
өткен тарихта не болғанын және қалай болғанын жеткізеді.
Алайда, жазба тарихтың ерекшелігі ол деректерді дер кезін-

де тіркеп сақтап қалуында және кейін оның өзгеріске ұшы-
рамауын қамтамасыз етуінде. Ал, айтылған тарихтың ерек-
шелігі, «барлық қабылдауларды барынша қарапайым, айқын,
өрнектей отырып түсіндіруінде» болып табылады. Айтылған

тарихтың сонысымен де артықшылығы байқалады. Барлығы
да алдымен есте (жадта) сақталады ал кейінірек айту арқылы
сыртқа шығарылады, жазба дерек тек оның сыртқы түрі ғана.
Айтылған тарих – бұл қазіргі заманда пайда болған жоқ,

айтылған тарих дыбыстық жазба құралының пайда болуы-
мен қатар қайта жаңғырту сәтін басынан кешіруде. Сондық-
танда белгілі бір уақыттық үзілістен соң ХХ ғасырда тарих
ғылымы маңызды дерек көзі ретінде айтылған тарих факті-

леріне қайта оралды. Ол бірнеше себептерге байланысты:
біріншіден, ХХ ғасырдың басында болып өткен тарихи оқи-
ғалар тарихты жасау ісіне тек жеке тұлғалар ғана емес, со-
нымен бірге бұқараның да қатысы бар екендігін тағы да бір

кезекті рет көрсетті. Екіншіден, «күні кеше» ғана болып өт-
кен процесстерді, соған атсалысқан қатардағы қарапайым

120

адамдардың куәлік көзқарасы арқылы жаңа қырынан ашуға
болатындығын ғылымның даму барысы байқатты. Міне осы
жағдайлар айтылған тарихтың қайта жаңғыруына мүмкіндік-
тер беріп, оның өзіндік зерттеу әдістері бар ғылыми бағытқа

айналуына ықпал жасады.
Айтылған тарихтың нысанына тарихи оқиғаларды (әсіресе со-
ғыстар, революциялар, реформалар, т.б.) соған қоса күнделікті
өмір тарихын қайта құру үшін көбіне қатардағы қарапайым

адамдардың естеліктері пайдалынылады. Осыған байланысты
мамандар айтылған тарих ақпараттарындағы фактілердің екі
тобын бөліп қарайды. Біріншісі – өткенге терең бойлайтын та-
рихи дәстүрді және өзіндік әлеуметтік тәжірибелерді беретін

көне түрі. Екіншісі – жақында ғана болған оқиға куәгерлері мен
қатысушыларының естеліктері арқылы алынатын жаңа түрі.
Айтылған тарихтың жаңарған әдісі бойынша зерттеулер
жүргізетін тарихшылар қоғам мүшелерінен ақпарат алу (сұх-

бат алу, әңгімелесу) арқылы материалдар жинақтайды және
сол материалдар негізінде келешектегі ғылыми зерттеулер
үшін жаңа деректер көзін түзе алады.
Тарихи деректерге кеңестік тарихтану саласында шама-

мен: «Тарихи деректер – тарихи үрдістерді тікелей бейнелеп,
адамзат қоғамының өткенін зерттеуге мүмкіндік беретін,
яғни осыған дейінгі адамзат қоғамы жасаған және бізге
дейінгі материалдық мәдениет пен жазба ескерткіштер, идео-

логия, әдет-ғұрып, салт-дәстүр және тіл түрінде жеткеннің
бәрі» – деген анықтама берілген. Сондай-ақ, «...тарихи дерек
зерттеу объектісі мен субъектісін жалғастыратын буын. «Та-
рихи дерек» деген түсініктің мәнін дұрыс ұғынудың өзі тари-

хи танымның объективтілік мәселесін дұрыс шешуге әсерін
тигізеді. Ал тарихи деректің ішкі мазмұнын ашу тарихтың
сұлбасын (реконструкциясын) жасауды білдіреді. Яғни, өмір-
де орын алған тарихи құбылыстардың деректерде баяндалуы

объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі
болып табылады.
Осы ретте, айтылған тарих деректеріне қатысты теориялық-
методологиялық тәсілдер қатарында неміс ғалымы И.Г.Дрой-

зеннің тұжырымдары назар аудартады. Оның жасаған тұжы-
рымдары тарих ғылымында бірнеше бағыттар мен әдістердің
өзара байланыста дамуына әсерін тигізіп феноменологиялық,

121

психологиялық, микротарих, айтылған тарих және интеллек-
туалды тарихтың қалыптасуына ықпал еткен. Айтылған та-
рихтың тиімді методологиялық әдістері ретінде И.Дройзен
деректанулық зерттеуге жетекшілік орын береді. Бұл ретте,

ол деректерді тура және жанама деп бөліп қарауға қарсы
пікір білдіріп, «жанама» деректер зерттеу мәселесіне тікелей
арналмауына байланысты «кінәлі» емес деген тұжырымға
келеді. Ғалымның бұл тұжырымы XІX ғасырда-ақ тарих ғы-

лымында деректанудың таным құралы ретінде қаншалықты
маңызды рөл атқаратынын көрсетті және ол бүгінгі таңда да
өзектілігін жойған жоқ.
Кейінірек оның бұл тұжырымдарын «Анналдар мек-

тебінің» тарихшылары өз еңбектерінде кең түрде пайда-
ланған. И.Г.Дройзеннің пайымдауынша адамзат қоғамының
өмір сүруі мен дамуының ішкі механизмдерін анықтауда
әлеуметтік психологияға ерекше мән берген жөн. Бұл қазіргі

феноменологиялық әдіске негізделеді, осылайша өткен уа-
қыттағы адамдардың өмірін дұрыс түсінуге және сол арқылы
тарихи құбылыстарға талдау жасауға мүмкіндік беріледі.
Қазақ халқының тарихи санасының ерекшеліктерін, тамыры

терең тарихынан сыр шертетін тарихи есін (жадын) құрайтын
тарих айту дәстүрінің үлгілері: шежірелер, аңыз-әңгімелер, дас-
тандар, батырлық жырлар, жыраулар поэзиясы барлығы бір-бірі-
мен сабақтас, бірін-бірі толықтырып тұратын тарихи деректер

жүйесінің бөлшектері. Оларда бар мәліметтердің толық болуы
зерттеу нысаны жөнінде түсінік қалыптастыруға жол ашады.
Қазақ халқының шежіре жазушылары мен айтылған
әңгімелердің ақиқаттығы жөнінде Ахмет Байтұрсынұлы:

«Шежіре жазушылар естіген – білгенін сол қалпында, шикі
түрінде тізеді. Тарихшылар құр естігенімен қанағаттанбай,
рас – өтірігін тексеріп, расын ғана алады» – деп жазды.
Айтылған тарих жанрларынан қоғамның тұтас рухани

жәдігері ретінде қалыптасуы оны танып білуде пәнаралық
әдістің ұтымдылығы айқындала түседі. Яғни, оның фактілік
материалдарын пайдалану ісінде фольклортанудың, этноло-
гияның, археологияның, антропологияның, әлеуметтанудың,

тарихи психологияның және тарихи деректанудың жетістік-
тері мен зерттеу принциптері ескерілуі қажет.

122

Деректану ғылымындағы аса маңызды мәселелердің бірі
деректерді классификациялау. Бұл ретте, қазақ тарихына қа-
тысты айтылған тарих материалдарына байланысты да түрлі
сауалдар туындауы мүмкін. Өйткені, қазақ халқының өткен

тарихы туралы мәліметтер осы уақыттарға дейін заттай,
жазбаша және ұрпақтан ұрпаққа тарих айту дәстүрі арқылы
жетіп, кейінгі кездері ғана ғылыми тұрғыдан кешенді түрде
игеріле бастады. Сонымен қатар, халқымыздың есінде сақ-

талған тарихи ақпаратты ғылыми тұрғыдан игеруге қатысты
ерекше ұстаным қажет екендігі де байқалады. Сондықтан,
отандық тарих ғылымы үшін айтылған тарих негізінде алын-
ған мәліметтердің дерек ретінде қазақ халқы мен оның та-

рихы үшін құндылығы жоғары. Сондай-ақ қазақ халқының
тарихи танымы мен тарихи санасында шежіренің де алатын
орны зор болған. Тарих ғылымында шежірелік деректерге,
басқа да айтылған деректерге қосалқы немесе жанама де-

рек көзі ретінде қарау үрдісі қалыптасқан. Айтылған тарих
белгілі дәрежеде қазақ қоғамының дәстүрлі рухани мұрасы
екендігі де дұрыс ескерілмей келеді. Оның тарихи деректік
сипатына баға берушілер арасында оған барынша үміт артып

немесе керісінше оны мүлдем елемеу, төмендету жайттары
да кездеседі. Зерттеушілердің біреуі айтылған тарихтың де-
ректік шынайылығына күмәнмен қарап, сақтық жасаса, енді
біреулері айтылған тарих мәліметтерін сол қалпында қабыл-

дап, деректанулық талдаусыз тарихты ғылыми тұрғыдан
баяндауға ұмтылады. Бұл дегеніміз отандық тарих ғылымын-
да айтылған тарих деректеріне деректанулық талдаудың әлі
де болса өз дәрежесінде жүргізілмей келе жатқандығының

көрінісі, яғни, деректерді классификациялау, категориялар-
ға бөлу, зерттеудің тәуелсіз объективті өлшемдеріне қарай
негізделуі, т.б сияқты маңызды шарттарының орындалмай
отырғандығын көрсетеді.

Айтылған тарих материалдары тарихи дерек ретінде ал-
дымен классификациялау мәселесін шешуі керек. Өйткені,
деректану ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі дерек-
терді классификациялау болып табылады. Осы орайда дерек-

тердің категорияларға бөлінуі, зерттеудің тәуелсіз объективті
өлшемдерге негізделуі маңызды шарт және деректердің өзіне
тән объективті қасиеттері айқындалуы қажет. Сондықтан, де-

123

ректерді бөлу немесе классификациялау мәселесі тек жалаң
әдіс-тәсілдер ретінде ғана емес, методологиялық проблема
ретінде де сипатталады. Сонымен қатар, оның түрлі деректер
арасында бағыт көрсету қызметін атқарып қана қоймай, зерт-

теу құралы қызметінде атқара алады.
Тарих айту дәстүрі негізіндегі деректерді классификациялау
ісі тарихшы Р.Айтбаеваның зерттеу жұмысында талдауға алы-
нып, онда батырлық эпостар, тарихи жырлар, тарихи әңгімелер,

авторлық дастандар мен шежірелер дәстүрлі тарих айту мұрала-
рының қатарына жатқызылып, олардың әрқайсысына сипаттама
берілген. Мысалы, «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты батырлық
эпостар туралы: «...бұл туындылардан сол дәуірдегі қоғамның

ішкі жағдайын, әлеуметтік қарым-қатынасын, тұрмыс-салтын,
сенім-нанымдарын түсінуде тарихи-этнографиялық мәліметтер
алуға болады» деген пікір білдіреді. Ал қазақ халқының ХVІІІ-
ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысты

пайда болған тарихи жырларға байланысты автор оның эпос-
тық мазмұны мен құрылыс жағынан ерекшелігін ескеріп, тарих
айту арқылы таралу механизміне тоқталады.
Зерттеуші тарих айту дәстүрінің қатарына тарихи әңгі-

мелерді де (аңыздарды) жатқызып, ондағы тарихи мәлі-
меттердің белгілі бір формаға енгізіліп, ертерек пайда бол-
ғандары көбінесе халықтың салт-дәстүрімен байланысты
болғанын, ал кейінгілері нақты тарихи кезеңдер туралы мәлі-

меттер беріп еркін түрде жеткендігін көрсетеді. Осылайша,
тарих айту дәстүрінің аталған түрлері өзін өмірге әкелген
және оның қажеттілігін көрсеткен қоғамның тарихи зердесін
қалыптастырып, оған деген әлеуметтік сұранысты қанағат-

тандырып, өзара үйлесімділікте өмір сүреді. Оның мәтіндік
формасы мен мазмұны әртүрлі болғанымен негізгі мәні ұқсас
болып келеді. Осы тұрғыдан, дәстүрлі тарих айту деректері
өз кезегінде қоғам өмірін сан қырынан көрсете алатын тари-

хи дерек көзі және қазақ қоғамындағы тарихи ойдың нақты
белгісі ретінде сипатталады.
Айтылған тарихтың ерекше дерек түрі екені, оның бітім-
болмысы мен жаратылысы жазбаша деректерден өзгеше

екені белгілі. Осы орайда отандық тарих ғылымы бұл жағдай-
ға қатысты маңызды методологиялық, деректанулық, тарих-
намалық мәселелерді шешіп, оның зерттеу мәселесін өзекті

124

етіп, жан-жақты кешенді зерттеулер жүргізген жағдайда ғана
мәселенің тиісті арнасына түсіп дұрыс шешімін табары хақ.
Сонымен бірге, осы ретте тарих айту дәстүрі мен бүгінгі
ғылыми айналымда өз орнын анықтаған айтылған тарих

белгілі дәрежеде өзара сабақтас ұғымдар болғанымен, олар-
дың өзара принциптік айырмашылықтары бар екендегін ес-
керген жөн. Тарих айту дәстүрі – бұл бұрынғы дәстүрлі қазақ
қоғамына тән ақиқат. Ал айтылған тарих бүгінгі замандағы

технологиялық жетістіктердің жемісі.
Айтылған тарих бағыты бойынша қоғамның қатарда-
ғы қарапайым адамдарынан сұхбат алып олардың айтқан
естеліктерін жүйелеп жинақтау, оны осы ғылыми саланың

талаптарына сай рәсімдеп қор жасау ғылыми айналымға
жаңа мазмұндағы, жаңа сападағы деректер тобын енгізуге
мүмкіндік туғызады. Бұл өз кезегінде тарихымызды жаңа қы-
рынан түсініп, жаңа мазмұнда баяндауға жол ашады.

Сонымен қатар, бұл топтағы деректердің ерекшелігі, олар
бізге көп жағдайда белгілі бір оқиға жайлы ақпарат беріп қана
қоймайды, ол оқиғаның мән-мағынасы туралы да ақпарат бе-
реді. «Айтылған деректер бізге тек адамдардың не істегенін

ғана айтып қоймайды, сонымен бірге не істегісі келетіндігін
де, өткенде олар қалай істеуді ойластырған еді және қалай іс-
теді, ал қазір ол өткенде істегені жайлы не ойлайтынын да ай-
тады», – деп жазады А.Портелли. Ақпарат берушілердің неге

сенетіндігі, белгілі дәрежеде ондағы шынайы оқиға сияқты
тарихи факті болып табылады.
Тарихи фактісіз тарихи дерек жоқ, ал тарихи дерексіз та-
рихнамалық факті сақталмайды. Осы тұрғыдан, тарихи де-

ректерді зерттеудегі күрделі мәселелердің бірі айтылған
тарихи фактілердің жалғастығы мәселесі туындайды. Бұл
мәселеге келгенде зерттеуші деректану саласының сұрып-
тау мен салыстырмалылық принциптерін ескеруі тиіс. Сол

арқылы айтылған тарих материалдарындағы хронологиялық
сәйкестікті нақтылай отырып деректердің өзара байланысын
анықтауға болады.
Айтылған тарих деректеріне оны жинақтаушының да бұр-

малаушылық енгізуі мүмкін. Ақпарат берушілер оларға не
естігісі келеді, қалай ойлайтыны туралы әңгіме айтады. Көп
жағдайда құнды ақпарат оны берушінің не айқанында емес,

125

сонымен бірге нені айтқысы келмей немесе толық айтпай
қалған фактілерінде болуы мүмкін.
Айтылған тарих материалдары – тарихи деректер қоры.
Айтылған тарих материалдарын зерттейтін мамандар үшін

естелік-әңгімелер, оқиға куәгерлерінің мәліметтері түрінде
сақталған деректерді жинау, әсіресе оларды жүйелей отырып
қолдану тәсілдерін жасау, айтылған тарих талабына сай рәсім-
деп реттеу, түсіндіру жолдарын дұрыс атқара білу де маңызды.

3.3 Айтылған тарих зерттеу әдісі ретінде
Айтылған тарих зерттеу әдісі ретінде қазіргі кезде сұх-
бат жүргізу арқылы өткен тарихи заман мен оқиғалар тура-
лы жеке тұлғаның субьективті пікірі жазылып алынатын –

өзіндік әдісі бар ғылыми пән ретінде түсіндіріледі.
Айтылған тарих – адамдардың жеке жадының куәліктері
мен өмірлік тәжірибелерін жазып алу және сақтау мақсатын-
да ұйымдастырылған сұхбаттың түрі.

Айтылған тарих әдіс ретінде:

– тарихи оқиғаларға қатысқан немесе көзімен көріп куәсі

болған ресми деректерде тек статистикалық бірлік ретінде
ғана көрініс табатын, кейде тіпті ұмыт қалатын «кішкентай
адамдардың» куәліктерін (айтқан естеліктерін) жазып алып,
жинақтап сақтауға мүмкіндік береді;

– тарих ғылымының – антропология, тарихи психология,

тарихи герменевтика сияқты салаларына тың деректік мате-
риалдар береді;

– ұрпақтан-ұрпаққа мәдени-семантикалық код және құн-

дылықтар жүйесін жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айтылған тарих – ғылыми пән ретінде өткен ғасырдың
ортасынан бері қалыптасқан, бірақ оның тамыры тереңде
жатыр. Айтылған тарих адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа

ақпарат берудің көне тәсілдерінің бірі.
Бүгінгі таңда айтылған тарихқа жаңаша сипат берілген.
Ол ХХ ғасырдың екінші жартысы айтылған тарихтың қайта
жаңғырып жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу кезеңі болды.

Кейде тарихшылар мұны тарих ғылымының «ренессансы»
немесе «қайта өрлеу» кезеңі деп те атайды. Айтылған тарих-
тың өріс алуына мынадай жағдайлар түрткі салды. Ең алды-

126

мен сұхбат-естеліктерді жазып алу технологиясының, аудио-
визуалдық ақпаратты сақтаудың пайда болуы және олардың
жетіле түсуі. ХІХ-ХХ ғасырларда дыбыс жазып алушы ап-
параттардың пайда болуы, ХХ ғасырдың ортасынан бастап

магнитофондардың жаппай өндірілуі, ал осы ғасырдың со-
ңына қарай сандық және аудио-видеотехниканың қолжетімді
болуы айтылған тарих куәліктерін тіркеу ісіне сенімділікті
күшейтті. Замануи техника және технология жетістіктеріне

сүйенген айтылған тарих үрдісі батыс елдерінде тарихи ойға
жаңа мазмұн, жақсы серпін беріп, гуманитарлық ғылым са-
лаларының мүмкіндігін кеңейте түсті.
Келесі жағдай, әрине, ол тарихи зерттеулердің пәнін, әдісін,

принциптерін, методологиясын және дерек көзін заман сұ-
ранысына лайық қайта қорытуға алып келген пәнаралық
(лингвистикалық, социологиялық, антропологиялық және
т.б.) зерттеулердің пайда болуы. Академиялық ғылымның

назарына ендігі уақытта бұрын теріске шығарылған өткен
өмірдің көріністері – адам өмірінің бейнесі, олардың мінез-
құлқы, ділі (менталитеті), бірегейлігі, халықтығы, өмірлік
ұстанымдары, көзқарастары, оқиғаларға олардың берген ба-

ғалары, қауесеттер, күнделіктілік және т.б. ілікті.
Айтылған тарих әдісінің жетіле түсуі құжаттар негізінде жа-
зылған тарихтың да өзіндік кемшілігі болатынын, сол сияқты та-
рих жазудың ескі принциптерін қайта қарауға тура келетіндігін,

яғни ол ылғида «жоғарыдан қарау» арқылы жазылып келсе,
ендігі уақытта «төменгі әлеуметтік топтардың» пайымдауы
тұрғысынан да қорытылуы мүмкін екендігін көрсетіп берді.
Айтылған тарихтың анықтамасын беруге байланысты

түрлі пікірлер де бар. Кейбіреулер «айтылған тарихты» түрлі
формадағы қауесет пен естеліктер ретінде айтылған ақпарат
деп қабылдаса, біреулер оны тарихи зерттеудің жаңа әдісі
ретінде мойындайды, ал енді біреулер оған дербес жаңа та-

рихи пән деп қарайды.
Дегенменде, қазіргі зерттеушілер айтылған тарихқа нақты
анықтама берген. Айтылған тарих – тірі адамдардың естелік-
терін жинау арқылы іске асатын тарихи зерттеудің дерек көзі

және әдісі. Заман куәгерлерінен немесе белгілі бір оқиғаға
қатысушылар мен оның куәсі болған адамдардан, әсіресе қа-
рапайым адамдардан алынған мәліметтер – қазіргі және келе-

127

шектегі тарихшылар үшін құнды мұрағат болып саналады.
Айтылған тарих мәселесі тарихтың әлеуметтік мақсаттары-
мен тығыз байланысты. Айтылған тарих мәліметтеріне баға
беру және оларды интерпретациялау ісіне сақтықпен қарау

қажет. Сонымен бірге айтылған тарихты әдіс ретінде мүлдем
жоққа шығару немесе оның мәліметеріне тек сенімсіздікпен
қарау қателікке ұрындырар еді.
Айтылған тарих әдісі – бұл сұхбат түрінде айтылған ақпа-

раттарды жинақтау және ол материалдарды тарихты зерттеу
мақсатында қолданылатын өнімге айналдыру үрдісі. Айтыл-
ған тарих әдісін қолдана отырып жүргізілген зерттеулердің
нәтижесінде жарық көретін ғылыми еңбектер тек мамандар-

ға ғана емес, сондай-ақ қарапайым оқырмандарға да қызық-
ты болып келеді. Өйткені кейіпкерлердің ойын тереңдету,
олардың эмоциялық көңіл күйін аша білу аталған жұмыстар-
ды оқуды жеңілдетіп оны тез түсініп қабылдауға ықпал етеді.

Жүргізілген сұхбаттардан ақпарат беруші адамның жеке
сөйлеу мәнерін, эмоциялық ерекшеліктерін сақтай отырып
ұқыпты өңделген үзінділер келтіру ұрпақтар арасындағы
сабақтастық пен әлеуметтік топтардың арасындағы тәжіри-

бесін олардың өкілдерінің тәжірибесі арқылы қабылдап түсі-
нуге көмектеседі.
Айтылған тарих әдісі тарихшы-ғалымдар үшін ерте кез-
дерден-ақ методологиялық құрал ретінде адамдардың өмірі

туралы мәліметтер жинақтауға, олардың денсаулығы, отба-
сылық өмірі, жұмыс тәжірибесі, саяси өмірге араласуы сияқ-
ты т.б. элементтерді топтастыруға қызмет атқарып келеді.
Бұл әдіс адамдардың жазба құжаттарда кездесе бермейтін

сезімдерін, эмоцияларын, ес (жад) пен бірегейлік мәселе-
лерін ашып жазуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми
деректерде берілген мәліметтерді толықтырып, тіпті кейде
оған түзетулер де енгізе алады.

Бұл әдіс зерттеушінің сұхбат берушіден ақпарат алу қабі-
летіне сүйеніп, одан ақпарат берушіні бар зейінімен тыңдауды,
айтылған ой мен фактіні қабылдай білу қабілетін қалыптасты-
руды, ең соңында алынған фактілерді саралай білу тәжірибесі

болуын талап етеді. Сонымен қатар бұл әдіс тарих, әлеуметта-
ну, антропология, құқық, журналистика сияқты т.б. бірқатар
ғылыми пәндердің өзара байланысына негізделеді. Аталған

128

пәндердің әрқайсысы сұхбат жүргізу өнеріне маңызды идеяла-
рын қосып, тарихшылар пайдаланатын айтылған тарих әдісін
байыта түседі. Ақпарат берушіден жазып алынған сұхбаттар
тарихи деректік материалдар ретінде айтылған тарихтың ғы-

лыми талаптарына сай рәсімделіп мұрағаттандырылады және
дыбыстық жазба мұрағатының қорында сақталады.
Айтылған тарих әдісі үшін негізгі деректік материал ретін-
де сұхбаттың аудио немесе видео түрінде жасалған түпнұсқа-

сы алынады. Оның қосымша деректік материалдарын қағаз
бетіне түсірілген (транскрипцияланған) сұхбат мәтіні, стен-
нограммалар, өңделген деректі фильмдер, түрлі веб – сайттар
мен кітаптар, тағы басқаларда болуы мүмкін. Ал айтылған

тарихтың құжаттандырылған өнімі тарихи құнды деректік-
тер қатарына жатады. Айтылған тарих материалын жинақ-
таудың журналистика жанрынан ерекшелігі алынған өнімнің
ғылыми талаптарға сай рәсімделіп мұрағатта сақталуға ба-

ғытталуында болып табылады.
Айтылған тарих бойынша зерттеу жүргізуші тарихшы-ға-
лым журналистер сияқты зерттеу жүргізіп, құрылымдық сұхбат
алып, белгілі болған мәліметтер негізінде есеп жазудан басқа,

тарихшының ұстанымы тұрғысынан жазылып алынған де-
ректік материалдарды мұрағаттандыру жұмысын іске асырады.
Айтылған тарих әдісі бойынша жеке дара жұмыс жүргізу
үшін зерттеуші негізгі сауалдардың тұжырымдамасы мен та-

қырыптар тізімін алдын-ала даярлайды. Ал егерде топпен жұ-
мыс істеу қажет болса онда сұхбат жүргізудің толық жоспа-
рын жасап оны жетілдіріп отырған жөн. Егер мұндай жоспар
икемділікпен әрі тапқырлықпен қолданылса, онда ол пайдалы

болады, себебі зерттеуші қай сауалды неге байланысты қою
қажеттігін неғұрлым жақсырақ білсе, соғұрлым кез-келген
сұхбат берушіден көбірек ақпарат алу мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар тарихшылар сұхбат алуға барғанда басты на-

зарды сұхбат беретін адамға аударады. Сұхбат жақсы деңгейде
жүріп сәтті аяқталуы үшін ол зерттеушіден кәсіби біліктілікті,
сонымен бірге өзара адами түсіністікті талап етеді. Сол се-
бепті, «елішілік зерттеулер жүргізу» барысында тарихшылар

көп жағдайда өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін сақтай оты-
рып, адамдармен әңгімелесу, сұхбат жүргізу процесін, қарым-
қатынас мәдениетін дұрыс ұйымдастыра білуі тиіс.

129

Айтылған тарих «ақиқатты» әрбір баяндаушының айтуы
бойынша анықтауға тырысады, басқа деректермен салысты-
рады, яғни ақиқатты салыстырмалы түрде анықтауға болатын-
дығына тағы да бір рет көз жеткізеді. Екі адамның «ақиқатқа»

қатысты пікірлері екі түрлі болуы мүмкін. Біреуі белгілі бір
тарихи кезең немесе адамға байланысты пікір білдіргенде
«Ол кез керемет еді немесе ол ұлы адам болған» десе, екіншісі
оны теріске шығарады. Ал біреулердің рахаттанып айтатын

оқиғасы, келесі бір адам үшін нағыз «тозақ» болуы мүмкін.
Олардың қандай да болмасын бір оқиғаны, сол кезде болған
жағдайларды есте сақтаулары да әртүрлі болып келеді. Ал
егер, екі адамның басынан өткерген тәжірибелері мен айтқан

естеліктері бір-біріне ұқсас болған жағдайда ғана оны басқа-
ларына қарағанда ақиқатқа жақын нұсқа ретінде қабылдауға
болады. Ұмыт болған оқиғаларды қайта баяндаудағы қарама-
қайшылықты әр түрлі нұсқалардың екеуі де шындыққа жа-

насуы мүмкін. Дегенмен, айтылған тарих әдісі үшін фактіні
тексерген өте маңызды. Өйткені кейде сұхбат беруші адамдар
оқиға болған орынды немесе оқиғаның уақытын шатасты-
рып жатады. Кейбір қателіктерді жөндеу қажет болғанымен

айтылған тарихтың басты назары баяндаушылардың естелік-
теріне емес, ақиқатқа қол жеткізуге бағытталады.
Айтылған тарих міндетті түрде өзгеріс құралы ретінде
қабылдануы керек деп қатып қалған қағида жоқ. Айтылған

тарих ғылымда түбегейлі өзгерістердің құралы болмауы
мүмкін, мәселе оның қалай қолданылуына байланысты.
Зерттеушілердің айтылған тарихқа деген құштарлығының
арта түсуі, оның «халықтығында» болса керек. Өйткені, ба-

сым бөлігі ресми, жазба деректерге сүйенген тарих акаде-
миялық тарих болып табылады. Бұқаралық сипат алған ай-
тылған тарихтың тарихты жазу, оның мазмұнын тереңдету
ісіне қосатын үлесі зор. Осыған байланысты тарихшы Джон

Тош: «...Айтылған тарих – бұл тарих ғылымының тың сала-
сы емес, жазба деректермен және материалдық объектілер-
мен қатар деректердің жаңа категориясын талдаудың жолы,
жаңа әдістемесі» – десе, айтылған тарихтың жаңа ғылыми

әдіс ретіндегі мақсаты мен маңызына байланысты осы сала-
ның мамандарының бірі, ағылшын тарихшысы Пол Томпсон:
«Айтылған тарих» тарихтың мақсаты мен оның мазмұнын

130

қайта қарайтын тәсіл болуы мүмкін. Оның көмегімен тарих
ғылымының ұстанымын өзгертуге, зерттеудің жаңа бағытын
жасауға болады. Ол ұрпақтар арасындағы, ұстаз бен шәкірт,
білім беру мекемелері мен сыртқы әлемнің арасындағы ке-

дергіні бұза алады» – деп көрсетеді.
Айтылған тарих әдісі арқылы жүргізілген зерттеулер ұр-
пақтар арасындағы байланысты тереңдетіп, жастарға аға ұр-
пақтың өмірлік, адамгершілік, рухани, т.б. тәжірибелерінен

тәлім-тәрбие беретін құрал. Айтылған тарих зерттеу әдісі
ретінде қоғамның қарапайым мүшелеріне, егде тартқан қарт
кісілерге өздерінің әлі де қоғамға қажет екенін, өмір сүруінің
мәні бар екенін көрсетсе, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп,

оларға ар-ұят, намыс, жауапкершілік, ұқыптылық, достық
сияқты, т.б. адами қасиеттерді бойына сіңіруге үйретеді.
Қорыта айтқанда, айтылған тарих ғылыми әдіс ретінде
дыбыстық жазба мен бейнелеуде көрініс тапқан қоғамның

жүріп өткен жолын, қарапайым адамдардың күнделікті
өмірін, олардың озық тәжірибелерінен мол мәлімет беретін
тың тарихи деректік материалдарды келер ұрпақ үшін сақ-
тауға мүмкіндік тудырады.

Бақылау және өзін-өзі тексеру
сұрақтары

1. Айтылған тарих әдісі дегеніміз не? Мәтіннен оның

анықтамасын табыңыз. Дискуссиялық тұстарын анықтаңыз.
Өз пікіріңізді білдіріңіз.

2. Өткен тарихты зерттеудегі айтылған тарих ұстанымдары

қандай? Айтылған тарих принциптерін талдаңыздар. 3. Айтылған тарихтың қайта жаңғыруына қандай мәселе-

лер негіз болды? 4. Айтылған тарихтың жеке өзіндік ғылыми пән ретінде қа-

лыптасуына қандай факторлар әсер етті? Пікір білдіріңіздер. 5. Тарих айту дәстүрі мен қазіргі айтылған тарих мәселе-

лерін салыстырыңыз, олардың айырмашылығы неде? 6. Халқымыздың өткен тарихын қайта қорытуда айтылған

тарихтың алатын орны мен рөлін анықтаңыз. Қазіргі отан-
дық тарих ғылымы айтылған тарих бағыты бойынша қандай
мәселелерді шешуі керек?

131

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Томпсон П. Голос прошлого. Устная история. – Москва: Весь мир,
2003, -368 с.
2.Драбкин А. Несколько слов о предмете «устная история» //Режим

доступа:http://www.іremember.ru/content/vіew/750/68/lang,ru/
3.Февр Люсьен. Бои за историю. –Москва: Наука, 1991. -629 с.
4.Дройзен И.Г. Историка. Лекции об энциклопедии и методологии исто-
рии. Санкт-Петербург, Изд-во «Владимир Даль», 2004, -579 с.

5.Устная история. Программа курса. // Сост. Хубова Д.Н. – Москва:
РГГУ,1997, -20 с.
6.Щеглова. Т. К. Устная история: учеб. пособие. Барнаул : АлтГПА,

2010. –364 с.

7.Шмидт С.О. Предпосылки «устной истории» в историографической
культуре России //Реализм исторического мышления. Проблемы отечест-
венной истории периода феодализма: Чтения, посвященные памяти А. Л.
Станиславского. Тезисы докладов и сообщений. Москва, 27 января – 1

февраля 1991 г. М., 1991. С. 262
8.Тош Д. Стремление к истине. Как овладеть мастерством историка //
Пер. с англ. –Москва: Весь мир, 2000. -296 с.
9.Устная история в Узбекистане: теория и практика. Сборник материа-

лов конференции. Выпуск І. Отв. ред. Р.М. Абдуллаев. – Ташкент, 2011.

– 384 с.

10.Алпысбес М.А. Ауызша дәстүрдегі, шежіредегі түсіндіру құрылымда-
ры және естелік айту.// –Астана: Қазақстан, http://www.enu.kz.
11.Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. –
Алматы: Жазушы, 1989, -320 б.

12.История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней.//
Под ред. М.Абдыкалыкова и А.М.Панкратовой. –Алма-Ата: КазОГИЗ,
1943, – 671 с.
13.Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. –Алма-

ты: Санат, 1994, -416 б.
14.Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді па-
йымдау. –Астана: Фолиант, 2008. -728 б.
15.Алпысбес М.А. Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде. Тарих

ғыл. докт. дисс. авторефераты: 07.00.09. –Алматы, 2007, -57 б.
16.Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. –Ал-
маты: Қазақ университеті, 2002, – 302 б.
17.Жүгенбаева Г.С. Дәстүрлі ауызша тарих: теориялық-методологиялық

және деректемелік аспектілері. –Алматы: ҚазККА, 2009, -283 б. 18. Айтбаева Р.Т. Ауызша тарих айту дәстүрі бойынша ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамы тарихының негізгі мәселелері. // Тарих. ғыл. канд. дисс.. 07.00.02

–Алматы, 1992. -150 б.

132

4 ТАРАУ

СҰХБАТ ЖҮРГІЗУДІҢ

ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

4.1 Сұхбатқа даярлық
4.2 Сұхбатты жүргізу
4.3 Сұхбатты аяқтау
4.4 Айтылған тарих жобасының есебін даярлау

4.1 Сұхбатқа даярлық
Сұхбат – гуманитарлық ғылымдар саласында көп қолданы-
латын әдістердің бірі. Мысалы экономикалық тақырыптағы
сұхбатты – экономист, әлеуметтік мәселені – әлеуметтанушы,

психологиялық зерттеу сұхбатын – психолог, тарихи тақырып-
тағы сұхбатты – кәсіби тарихшы ж.б. жүргізеді, яғни әрбір
ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы бар. Соған сәйкес сұх-
бат жүргізу әдістері де бірқатар спецификалық ерекшелігімен

сипатталады.
Сонымен, тарихи сұхбатты жүргізу көпшілік тарапынан
мақұлданған стратегиялық құралдарды даярлаудан басталады:

– сұхбат бағдарламасын (жоба бағдарламасы: ғылыми-

зерттеу жобасының мақсат-міндетін анықтау, жоспарын құру
ж.б) жасау;

– сұрақтар тізімін құру;

– респонденттерді анықтау;

– сұхбат жүргізілетін орынды, уақытты белгілеу;

–зерттеу жұмысының материалдық және техникалық

құралдарын даярлау (респондент төлқұжаты (кесте №2-5),
диктофон, фотоаппарат, видеокамера).
Енді төменде осы ретпен әрбір зерттеу құралдарының
даярлану әдістеріне шолу жасап көрейік.

1.Сұхбат бағдарламасы (немесе жоба бағдарламасы). Бағ-
дарлама зерттеу жұмысының сәтті орындалуын қамтамасыз
ететін негізгі құжат болып табылады. Ол жобаның норма-

133

тивтік, методикалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық
қызметін қатар атқарады. Айтылған тарих жанры жобасының
уақыт және қаржылай шығыны зор. Сондықтан бағдарлама
даярлауда зерттеушінің эрудиция мен кәсіби біліктілігі жоға-

ры болуы қажет. Ол үшін тақырып аясында алдын-ала тың-
ғылықты ғылыми-теориялық (әдебиетпен танысу, деректтік
және интернет материалдарымен жұмыс т.с.с.) даярлықтың
жасалғаны дұрыс.

Сонымен бағдарламаны қалай даярлаймыз? Ең алдымен
біз «нені?», «не үшін?», «қалай?» зерттейтінімізді білгеніміз
жөн. Сондықтан бағдарламада бүкіл жоба жұмысын анық-
тайтын мынадай құрылымдағы элементтер орын алады:

- зерттеу тақырыбын анықтау;

- зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою;

- зерттеудің негізгі ұғымдарын анықтау;

- зерттеу болжамдарын ұсыну;

- зерттеудің жоспарын құру;

- зерттеуге ғылыми-теориялық анализ жасау;

- зерттеу әдістері мен құралдарын анықтау;

- зерттеу сұхбатын жүргізу;

- алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау;

- ғылыми зерттеу жұмысының есебін және қорытындысын

даярлау.
Міне, осындай компоненттерден тұратын бағдарлама даяр
болған соң, екінші қадамға көшеміз. Ол сұрақтар тізімін жасау.
Сұрақтар тізімін жасау. «Айтылған тарих» арқылы жаңа ақ-

параттарға қол жеткізудің негізгі кілті – сұрақ қоя білу өнерін-
де және мәдениетінде. Сол себепті тарихшы сұрақтарды кәсіби
тұрғыдан қоя білуі қажет. Сұрақ даярлау – үлкен өнер. Тарихта
сұрақ қоюды жоғары дәрежеде меңгерген екі ұлы тұлға болған

екен. Оның бірі 2,5 мың жыл бұрын ақиқатты іздеген әйгілі
Сократ болса, екіншісі ХХ ғасырда қоғамдық сананы зерттеу
институтының және жоғары методикалық мәдениет нормала-
рының негізін қалаған Джордж Гэллап болыпты. Дж.Гэллап

жөнінде орыс әлеуметтанушысы Докторов Б.З.: «Дж.Гэллап өз
өмірінің басым бөлігін адамдарға сұрақтар қойып, түрлі тақы-
рыптарда зерттеу ісін жүргізумен өткізген. Ол қоғамдық ойды
мұқият сараптай білетін әлемдегі ең зейінді адам ретінде аты

шықты. Оның қойған сұрақтары мен жазған мақалалары мил-

134

лиондаған адамдардың күрделі жағдайлардан шығуына көмегі
тиді» – дейді. Аталған екі есім әлеуметтік тақырыптардағы
зерттеу жұмысының методологиясында үлкен із қалдырған.
Сонымен сұрақ қоюдың негізгі ережелерін талдап көрейік.

Сұрақтарды белгілі бір классификациялық, типтік, жүйелілік
шеңберіне сиғызу мүмкін емес. Өйткені қарама-қайшы сұ-
рақтар, терең мағыналы сұрақтар, жауабы жоқ сұрақтар,
кейбіреуі таңданыс тудыратын сұрақтар т.б. көптеген түрде

кездеседі. Сондай-ақ, сұрақтар сипатына қарай философия-
лық, журналистикалық, тарихи, бағдарламалық болып та
бөлінеді. Сондықтан ең маңыздысы зерттеу тақырыбы ая-
сында қандай сұрақтардың қойылуы қажет екенін анықтап

алған жөн. Жалпы, «қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап ала-
сың» деген сөз бар. Түсінікті, анық қойылған сұраққа толық
жауап аласыз, ал түсініксіз, мағынасыз сұраққа ақпараты
әлсіз жауап беріледі. Аталған тарауша сұхбат жүргізудің ма-

ңызды компоненті – сұрақтар тізімін құру және оны жеткі-
зудің кейбір түрлері жөнінде болмақ.
Сұрақтар тізімі жоба бағдарламасындағы жоспар аясынан
туындайды. Жоспарға сәйкес құрастырылған сұрақтар типі,

әсіресе сұхбат жүргізуді енді үйренушілер үшін аса тиімді.
Ең тәжірибелі ғалымның өзі ғылыми баяндаманы тақырып-
шаларға бөлу арқылы даярлайды. Өйткені ойды толық жеткі-
зу үшін жоспар құрудың пайдасы зор. Сондықтан сұхбатқа

бағдарламадағы жоспармен және соның негізінде құрасты-
рылған сұрақтар тізімімен барған дұрыс.
Кейбір әдістемелік құралдарда сұрақтар тізімінің орны-
на тақырыптар тізімін даярлау әдісі ұсынылады. Тақырыптар

тізімін басшылыққа алу зерттеушінің сұхбат барысында жос-
парлы жұмыс істеуін қаматамасыз етеді. Осы жерде айта кет-
кен жөн, тақырыптар тізімін респондентке алдын-ала беру,
алдағы сұхбаттың сәтті шығуына да оң ықпал етеді. Бұл рес-

пондентке жадтағы әбден ескірген естеліктерін қайта жаң-
ғыртып, жүйелі түрде баяндауы үшін пайдалы болмақ.
Сондықтан зерттеу тақырыбының жан-жақты қырынан
ашылуы үшін осындай алдын-ала даярлық жұмысының жа-

салынғаны дұрыс.
Сұхбат процесі кіріспе, негізгі кезең, аяқталу кезеңі делі-
нетін үш фазадан тұрады. Сондықтан әр кезеңге сәйкес сұ-

135

рақтар тізімі құрылады. Әдетте бірінші фазада қойылатын
сұрақтар респондентпен байланыс орнатуға арналады. Сұ-
рақтар қысқа, негізді, сенімді болып шыққаны дұрыс. Сұх-
бат алушы алдымен өзін, зерттеуді ұйымдастырып отырған

мекемені, содан соң, бірден зерттеу жұмысының мақсатын
және бұл жұмыста таңдау нақ осы респондентке не үшін түс-
кенін айтып түсіндіргені жөн. Респонденттің ашыла әңгіме
айтуы үшін достық атмосфераны орнату қажет-ақ. «Ресми»

байланыс орнағаннан кейін, әңгіме айтушыға бұл сұхбат-
тың қоғамдық маңызы бар екенін, соған сәйкес респондентті
атсалысуға шақыратынын да айту артық болмайды. Мыса-
лы: «Сәлеметсіз бе, апа! Мен Алматы қаласындағы Абай

атындағы университетіненмін. Сонда «Айтылған тарих»
деген ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс істеймін. Біз
өзіңіз сияқты үлкен кісілерден өмірбаяндық естелік жинап
жүрміз. Сіздердің өмір жолдарыңыз жас ұрпаққа тарих

ретінде жетуі қажет, өйткені совет заманы тарихи оқи-
ғаға толы кезең болды. Кәмпеске, ұжымдастыру, ашаршы-
лық, соғыс т.б. Сол кезеңдегі өмір туралы, куәгер ретінде өз
аузыңыздан естігіміз келеді..., сұхбат беру арқылы болашақ

ұрпақ тәрбиесіне үлес қоссаңыз екен!». Осылай басталған
сұхбаттардың бірінде 100 жасаған апалардың бірі «Е-е-е
бәрін басынан бастап айт деп отырсың ғой шырағым. Жа-
райды тыңда, онда ...», – деп мұрағаттан ешқашан кездестіре

алмайтын жаңа әңгімелерден сыр шерткен болатын.
Сонымен, алғашқы қатынас орнатуға бағытталған сұрақ-
тар респонденттің проблемаға қызығушылығын, сұхбат бе-
руге ынтасын оятудан басталмақ.

Түрлі әлеуметтік категориядағы респонденттермен сұхбат
жүргізгенде соған сәйкес интеллектуалдық, эстетикалық, мә-
дени дағдыларға да ие болуы (қарапайым, интеллигенция,
бизнес саласындағы ж.б. адамдармен) маңызды рөл атқа-

рады. Арадағы достық қатынас, жылы атмосфераны орната
білу респонденттің өзіңізге деген сенімін арттырмақ, ал мұн-
дай жағдайда сұхбат нәтижелі шығады. Әсіресе ең бастысы
респондент әңгімесін барлық ықыласпен, зейінмен тыңдай

білген дұрыс.
Әдетте сұхбат жүргізу сырттан қарағанда екі адамның жәй
әңгімелесіп отырғанына ұқсайды. Алайда тарих ғылымы са-

136

ласынан жүргізілетін ғылыми-зерттеу сұхбаты үлкен кәсіби
даярлықты қажет етеді.
Сұхбаттың алғашқы кезеңі осылайша жеңіл сұрақ қоюдан
басталса, яғни, «Есіміңізді, туған жылыңызды айтсаңыз»,

«өзіңіз туып-өскен отбасы жайынан әңгімелесеңіз», «туған
жеріңізді сипаттасаңыз» т.б., ал сұхбаттың екінші фазасын-
да (негізгі) зерттеу тақырыбын ашатын күрделі сұрақтарға
көшеміз. Бұл уақытта респондент әңгімені қызу, эмоциямен

баяндай бастайды. Ал сұхбаттың соңғы кезеңінде немесе
үшінші фазасында қорыту сұрақтары қойылады.
Ал енді сұхбат барысында кездесуі мүмкін бірнеше сұрақ-
тар типін талдап көрейік.

Хронологиялық принцип бойынша қойылатын сұрақтар.
Тарихи оқиғаны жан-жақты қырынан ашу үшін зерттеуші
«тергеуші» сияқты сұрақтарды жиі қойғаны дұрыс. «Қашан?
Қай жерде? Неге? Қалай?» деген сияқты. Немесе «ол неден

басталды?», «басынан бастап айтып беріңізші!» делінетін
сұрақтар респонденттердің оқиғаны мерзімдік ретпен баян-
дап беруіне жетелейді. Мерзімдік ретпен сұрақтар қою мәсе-
лені сабақтастықта қарауға жол ашады. Сол үшін қарастыр-

ғалы отырған проблеманың «оған дейін» және «одан кейін»
болған жағдайлар жөнінде сұрақтар қоюы қажет. Хроноло-
гиялық сұрақтар тек жылдармен ғана емес, ай, күн, сағат
тіпті минутпен өлшенуі мүмкін. Әсіресе респонденттен за-

ман арнасындағы адамдардың күнделікті өмір тарихын зерт-
тегенде аталған сұрақ типінің алар орны зор. Мысалы «сол
жылдардағы бір күндік өміріңізді әңгімелеңізші» делінген
жағдайда респондент тұрмысы, баспана, тағам, киім-кешек,

еңбектегі тәртіп, мемлекет пен халық арасындағы жағдайды
суреттейтін мәліметтерді детальды түрде баяндай бастайды.
Мұндай ақпараттар расында советтік тарихтың екінші қы-
рын керемет ашады. Еңбек күнделіктілігіне арналған зерттеу

экспедициясында «жұмысқа сағат қаншада шығасыздар?»
делінген сұраққа «қайдағы сағат, ол кезде сағат жоқ, қара-
ғым, біз білмейміз, дала қараңғыда кете береміз. Күн шы-
ғып кетсе «прогул» болатынын білеміз. Сол себепті ертерек

егістіктің басына жетіп аламыз. Ал кейбіреулер сонда қо-
нып жата береді», – делінген жауап алдық. Енді «прогулдан
неге қорқасыз?» делінетін тікелей қойылған сұраққа «онда

137

сол күні аш қаламыз. Бір күндік еңбекақыңды өкімет бермей
қояды», – деген нақты жауап айтты.
Сондықтан тарихи сұхбатта мерзімдік ретпен қойылатын
сұрақтар тақырыпты ашудың негізгі өзегі болмақ.

Сұрақты суреттеп баяндауға жетелейтін түрде қоюға да
болады. Мысалы: «Сіз байдың қызы болдыңыз. Қандай киім-
деріңіз, әшекей бұйымдарыңыз болды, суреттеп беріңізші?»
немесе «Алматының 30-жылдардағы бейнесін суреттеп

беріңізші?», «40-жылдардағы Сіз оқыған мектептің ішін
суреттеп беріңізші», «Сіз өскен елді-мекен несімен ерек-
ше, ауылды суреттеп беріңізші», «үйлеріңізде қандай зат-
тар болды?» ж.б. Мұндай жағдайда респондент сол кезең

өмірінің мәдени, әлеуметтік, экономикалық ахуалын қатар
ашатын ақпараттар айтады.
Тарихи тақырыптарда зерттеуші кейде алдын-ала даярлан-
ған сұрақтар маршрутынан, өзге бағытқа бұрылыс жасауы да

ықтимал. Өйткені респондент ешқандай сұрақтарсыз-ақ, жаңа
мәліметтерді айтатын сәт кездеседі. Жаңа ақпараттар жаңа сұ-
рақтарды тудырады. Сол себепті дәл осындай уақытта құнды
ақпараттарды жинап алмасаңыз, оның екінші мәрте реті кел-

мей қалуы мүмкін.
Биографиялық зерттеу жұмыстарында сұрақтар «тігінен»
және «көлденеңінен» қиылысатын нақты құрылымдық матрица-
да даярланғаны жөн. Ақпарат айтушының жауабы да соған сәй-

кес өмірінің жан-жақты қырынан тереңдетілген сипатта өрбиді.
Мысалы «Өз өміріңіз жөнінде баяндаңызшы!» делінетін ашық
сұрақтардан кейін әңгімелесу көп жағдайда нарративтік сұхбат-
қа ұласады. Мұндай жағдайда зерттеуші әңгімені тек тыңдау-

мен шектелуі тиіс. Нақтылау сұрақтарын сұхбат соңында қоя-
ды. Оны естен шығарып алмау үшін қағазға белгілеп отыруы
тиіс. Нақтылау сұрақтары мысалы, «Сіз әңгімеңізде «ырзуан»
дегенді айттыңыз, ол не?» немесе «әткөшінік (откочевник)

деп кімдерді айттыңыз?» т.б.с.с.
Кәмпеске, репрессия, соғыс жылдарындағы және соғыс-
тан кейінгі жылдарды көзкөрген куәгерлер аталған жанрда-
ғы сұхбаттың ең негізгі кейіпкері бола алады. Олар айтқан

ақпараттар өткен дәуірдің бейнесін қайта жаңғырта түскен-
дей. Кеңестік биліктің қатаң үстемдігі қарапайым адамдар-
дың естеліктерінде ресми құжаттарға қарағанда түпкілікті,

138

жан-жақты көрсетілетінін байқаймыз. Сұхбатта адамның
ішкі толқынысын көру, есту арқылы шынайы тарихты тану-
ға болады немесе тарихқа «жан» бітіргендей әсер қалдырады.
Әдетте биографиялық сұрақтар «Өзіңіз, туып-өскен орта, ата-

анаңыз жөнінде айтыңызшы» делінгенде бұл ұзақ әңгімеге
ұласып кетеді (2-3 сағат). Алайда бір кездесуден ел тарихымен
тағдырлас қария ғұмырнамасын толық жазу мүмкін емес. Сон-
дықтан биографиясы тарихи мәліметке бай респондентпен

бірнеше рет кездескен жөн. Сөзшең, сұрақ қоюды қажет ет-
пейтін респонденттер кездессе оларды тек тыңдай білген дұ-
рыс. Сонымен қатар жетекші, нақтылау, мерзімдік делінетін
сұрақтар қоюды қажет ететін респонттер де кездесуі мүмкін.

Яғни тек жетелеп отыру арқылы алынатын сұхбат. Ондай жағ-
дайда сұхбат алушыдан үлкен шеберлік қажет етіледі.
Айтылған тарих жанры бойынша әдетте сұхбат биогра-
фиялық типте жүргізіледі. Заман, саяси-оқиға куәгері өз ба-

сынан өткізген жағдайларды баяндағанда әрине ғұмырнама-
сыз әңгіме айтпауы мүмкін емес. Әсіресе советтік қоғамнан
шыққан, ескінің көзін көрген қариялардың балалық шағы
жөніндегі әңгімелер ғылым үшін таптырмайтын деректер.

1912 жылы туылған Уәзиқа Арықбаева өз балалық шағы
жөнінде баяндай отырып, болысты өлтіріп, ауылға қашып
келген Тұрар Рысқұловтың әкесі туралы баяндады (Жам-
был облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.)

жобасы бойынша (Ғылыми-көпшілік басылым /Қойгелдиев
М.Қ. ж.б – Алматы: «Арыс» баспасы, 2015.582 б(287).
Патшалық биліктің суық саясатынан сескенген ауыл тұр-
ғындары Рысқұлды үйлеріне жолатпаса керек. Сонда Уәзиқа

Арықбаеваның әкесі Нысанбай оны үйіне кіргізіп паналат-
қан көрінеді. Уәзиқа Арықбаева: « ... сөйтіп мен ес біліп, бой
жетіп қалғанымша Тұрар біздің үйге келіп тұрды», – дейді.
Дәл сол сияқты ауқатты отбасының мүшесі, советтік реп-

рессиядан, аштықтан отбасының он бес жанынан айрылған
Мәрзия Ибрагимова (1918 ж.т.), отбасының тоғыз мүшесінен
айрылған Райхан Шомаева (1915 ж.т.) қазақ қоғамының тари-
хына жаңа, тың деректер қосты (сол жобада)...

Сұрақтар үлкен екі категорияға бөлінеді: ашық және жабық.
Алғашқылары еркін сөйлеуге жол ашатындықтан демократия-
лық сипат алады деуге болады. Мұндай сипаттағы сұрақтар-

139

ға «Сіз қалай ойлайсыз...» делінгенде респондент өз ойымен
бөліседі, яғни мәселе ашық күйінде қалып отыр. Ашық сұрақ-
тар қатарына жататын тағы бірер мысал келтірейік:
«Құрметті профессор, латын тіліне көшу туралы Сіздің

пікіріңіз қандай?», «Сізді бүгінде қандай тақырыптар ой-
ландырады?», «Ғылымға қалай келдіңіз» т.б.с.с. Негізі мұн-
дай ашық сұрақтардың артықшылығы да кемшілігі де бар.
Артықшылығы – респонденттің ақтарыла сөйлеуіне жол

ашса, кемшілігі респондент өз ойына ерік берген соң уақыт-
ты көп алып қоюы мүмкін, сосын көп жағдайда әңгіме жү-
йесіз, жаңсақ, шым-шытырық мазмұнда баяндалады. Алайда
респондентпен қарым-қатынасты орнату үшін ашық сұрақ-

тардың пайдасы зор. Ал жабық сұрақтар: «Махамбет өлең-
дерін тілдік тұрғыдан зерттеушілер болды ма?», «брига-
дирлер қатал болды ма?», «Сіз қалай ойлайсыз, ғылымдағы
жетістіктерді тәуелсіздік әкелді деуге бола ма?» делінген

түрде болуы мүмкін. Егер байқасаңыз бұл сұрақтармен бірге
оның жауабы айтылып қойды. Сондықтан респондент көп
жағдайда оған қарсы ой айтуы мүмкін немесе «ия», «жоқ»
деп қысқа қайыруы мүмкін. Жабық сұрақтардың артықшы-

лығы: аз уақыт ішінде респонденттің көзқарасын анықтай
аласыз, ал кемшілігі – диалогтың әрі қарайғы өрбуіне жол
бермейді. Алайда мұндай сұрақтардан кейін көп сауалдар
белгісіз күйде қалып қояды. Яғни түсініксіз болғандықтан

тағы да бірқатар сұрақтар тізбегін тудырады. Сол себепті
сұхбатта көп ақпараттар алу үшін ашық сұрақтардың қойыл-
ғаны дұрыс.
Барлық ғұмырын соғыстан оралмаған жолдасына арнаған

100 жастағы Райхан анаға қойылған ашық сұрақтардың бірін-
де: «Майдангеріңізден қашан үмітіңізді үзген едіңіз?» деген-
де «...қарағым, мен одан әлі үміт үзгенім жоқ. Әр жылдың 9
мамырында теледидарға қарап отырамын, маған Нәметқұл

шыға келетін сияқты болады да тұрады. Үйдегілер «апа Сіз
әлі де күтесіз бе?» дегенде, көзіме жас тығылып, көңілім бо-
сайды! Қайтейін, енді «қара қағазды көргенім жоқ қой!»»,

– деді. Өткен ғасыр өмірінің санамыздан тым алшақтап бара

жатуының себебі, көнекөз қарттарымыздың тікелей аузынан
естелік алып, жазу ісін қолға алмаған кемшілігімізде болса

140

керек. Айтылған тарихтың ерекшелігі сол, зерттеуші респон-
дентпен бірге оқиға ішінде бірге жүргендей сезімде болады.
Сұхбатта кездейсоқ қойылған кейбір сұрақтар халықтың
жадтағы елеусіз қалған ең асыл, қымбат ақпараттарын сырт-

қа шығарады. «Айтылған тарих» әдісі тарихи танымды әлде-
қайда жаңа деңгейге көтереді десек қателеспеген болар едік.
Орыстың белгілі тарихшысы В.О. Ключевский тарих ғылы-
мының методологиясын өзгертпейінше оны жаңа деңгейге

көтере алмаймыз дегені бар. Сол сияқты тарихи танымдағы
бұл жаңа технология расында халықтану проблемасында әб-
ден ескіріп, ұмыт қалған жад мұрағатындағы ақпараттарды
ғылымға қайта тартады. Айтылған тарих ел ішінен дерек жи-

нау қызметін ғана атқармайды, сонымен қатар халықты жа-
қыннан тануға үйретеді.
Сұхбаттың сәтті жүргізілуі оған жұмсалған уақыттың кө-
лемімен емес респонденттен алынған ақпараттың құндылы-

ғымен өлшенеді. Мысалы, ұзаққа созылған сұхбаттан маңыз-
ды ақпарат ала алмауымыз мүмкін, ал кейде телефон арқылы
аз сөйлесіп, құнды ақпараттар алуға болады. Сондықтан жаңа
ақпараттар алу уақыттың ұзақтығымен өлшенбейді. Ол қойы-

латын сұрақтар арқылы, немесе «ерекше» респонденттер ар-
қылы алынуы мүмкін.
Ал енді төменде тақырып мазмұнын ашуда көмегі бар сұ-
рақ түрлерін талдап көрейік:

Проблеманы нақтылау үшін қойылатын сұрақтар. «Өзіңіз
сол оқиғаның куәгері ретінде мынаны айтыңызшы....» неме-
се «сіз жаңа намаз оқуға тиым салынды дедіңіз...?», «Сіз
неліктен пошташының жұмысы ауыр деп ойлайсыз?» делі-

нетін сипаттағы сұрақтармен респонденттің жеке пікірін бі-
луімізбен қатар, негізгі жағдайды анықтауымызға болады.
Егер де респондент жауап айтудан іркіліп қалатын болса, бұл
жерде тарихшы міндетті түрде «жетелеуші сұрақтар» қоюға

көшкені жөн. Мысалы «демек, тылдағы өмірдің ауыр болуы
биліктің жүргізген қатал саясатымен де байланысты бол-
ды ғой?».
Тіке қойылатын сұрақтар немесе қатқыл сұрақтар:

«бригадир ретінде қаншалықты қатал болдыңыз?», «ауыл-
ға әкелінген неміс балаларын неге жек көрдіңіздер?», «неміс
қызына неге үйлендіңіз?». Бұл сұрақтар респондентпен қа-

141

рым-қатынас шарықтау фазасына жеткенде қойылғаны дұ-
рыс. Яғни сенімге кіргеннен соң, ең бастысы респонденттің
көзқарасын анықтап алған соң қойылуы қажет. Нақ осы сияқ-
ты сұрақтардан кейін жаңа ойлар, түйіндер алуға болады. Бұл

әрине маңызды сұрақтар бірақ, қауіпті.
Жанама сұрақтар. Репрессияға ұрынған «халық жауы»
атанған отбасының ұлдары мен қыздарына қойылған мы-
надай сұрақтарға: «елдің Сіздерге деген көзқарасы қандай

болды, қалай ойлайсыз?» «Бәрінен айрылған соң қарапайым
тұрмысқа көшу қаншалықты ауыр болды?». Айтылған та-
рих жанрында респонденттен оқиға куәгері ретінде көргенін
немесе естігенін ғана сұрау дұрыс емес, қандай сұрақ типі

болмасын, оның жеке пікірін, көзқарасын анықтауға бағыт-
талғаны жөн.
Қарсылық туғызатын сұрақтар: тылдағы аналарға «таңнан
қараңғы кешке дейін жұмыста жүрдіңіз, бала тәрбиесіне қан-

ша көңіл бөлдіңіз?», «Сталин қайтыс болғанда Сіз неге жыла-
мадыңыз?» т.б. сұрақтары қойылғанда қарт респонденттердің
ұстанымы мен бүгінгі күндегі қалыптасқан көзқарастары анық-
талады. Олар өз ойын дәлелдеу арқылы заманның шынайы бей-

несін аша түседі.
Келесі тақырыпқа көшуге бағытталған сұрақтар. Сұхбат
барысында тақырыптан ауытқу орын ала бастағанда, «Енді
келесі мәселеге тоқталсақ...» немесе «енді Сізбен мына та-

қырыпта сөйлесейікші! ...», «білесіз бе бізге мынадай мә-
селе түсініксіз болып тұр!» «ал енді бізге мынаны айтып
беріңізші....» т.т осы сияқты мазмұнда өз қызығушылығыңыз-
ды білдіру арқылы жалғастырып отырсаңыз дұрыс болады.

Тақырыптың мазмұнын аша түсетін сұрақтар қатары-
на: «Сіз неге олай деп ойлайсыз?», «Сол уақытта Сіздің
ойыңызға не келді?» делінетін сұрақтар қою артық емес.
Салыстыру үшін қойылатын сұрақтар, мысалы «Соғыс-

тағы өмір тылдағы өмірден қаншалықты ауыр болды?» Бұл
сұраққа берілген жауап арқылы заман куәгерінің тылдағы
қиын тағдыры жан-жақты тарқата баяндалады.
Сонымен, сұрақтар тарих айтушының жеке тәжірибесін

басшылыққа ала отырып, ол өмір сүрген кезеңнің барлық
қырларын қамтитындай бағытта құрылғаны дұрыс. Басқаша
айтқанда тарихи кезеңнің «тігінен» және «көлденеңінен» бір-

142

дей қамтылатын матрицада құрылғаны жөн. Қорытындылай
келе сұхбат сұрақтарын даярлағанда мынадай талаптардың
орындалғаны жөн:

- сұрақтар зерттеу нысаны мен пән аясынан ауытқымауы;

- сұрақтар қысқа, нақты, түсінікті болғаны;

- сұрақ мәдени этикаға қайшы келмеуі;

- сұрақтар аз уақытта мол ақпарат алуға арналуы;

- сұрақ жүйелі қойылуы;

- жеңіл сұрақтардан басталып, күрделіге қарай көшуі;

- қисынсыз (дөрекі) сұрақтардан аулақ болу қажет!

Сұхбаттың тілдік стилі. Сұрақтар тізімін құруда тағы бір
ескеретін жәйт ол тілдік ерекшелікке мән беру. Тілдік стильді
таңдаудың негізгі критерийлері ең біріншіден, ойдың дәл
берілуі. Интервьюер респонденттің қандай ғылым тілімен

сөйлесе, сол тілде, немесе қандай халықтық тілде сөйлесе со-
ған сәйкес тілмен сөйлесе білуі қажет. Ортақ сөздер, тіл бұл
екеуара әңгіменің үндестікте құрылуына жол ашады.
Екіншіден – мотивация мәселесі. Респондент алғашында

өзін сөйлесуге шақырған интервьюердің толыққанды түсіне
қоюында ішкі күмәні болуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен-
дей сұхбат тілі – тек коммуникация құралы ғана емес, соны-
мен қатар оның әлеуметтік статусының маңызды атрибуты да

болып табылады. Респондент сұхбаттың басталар шағында-
ақ, интервьюердің қаншалықты өзіне жақын немесе алыс адам
екенін сезіп отырады. Сол себепті интервьюер тіл имитациясы
арқылы, сыртқы түр атрибуттары арқылы бір табан жақын бо-

луға тырысуы қажет. Алайда бұл әдіс әрдайым іске аса бер-
мейді. Сол себепті интервьюер өз статусында да қалғаны жөн.
Алайда өз қалпын сақтағанымен респондентке қолдау жасап
отырғаны дұрыс. Кейбір кезде ресми қатынастан әдеттегі әңгі-

мелесу, еркін сөйлеу, тұрмыстық тілге көшу респонденттің
ашылуына көмектеседі.
Тарихи зерттеу сұхбатында респондент тілінде сөйлей білу
аса маңызды. Әсіресе қарапайым адаммен сұхбат жүргізген-

де халықтық тілде, ал ғалыммен сұхбаттасқанда сол ғылым
саласында сөйлеуге даяр болған жөн. Себебі сіз жүргізетін
жұмыстың нысаны оқиға куәгерінің тікелей өзі болып табы-
лады. Мұндайда зерттеуші жеке адамның ішкі өміріне, өт-

кеніне, жеке тәжірибесіне терең үңілгелі отырғанын естен

143

шығармағаны жөн. Сондықтан зерттеушіден тек тарихи кәсі-
би шеберлік емес, сонымен қатар психологиялық, әрі журна-
листикалық дағдылар қажет-ақ.
Респондент табу және іріктеу әдістері. Респондент таң-

дау – алдағы сұхбат сапасын айқындайтын ең маңызды кезең.
Ғалым С.Квале атап көрсеткендей зерттеуші өзін әрі «сая-
хатшы», әрі, «кенші» секілді рөлде ұстануы қажет. Жұмыс-
тың ғылыми сапасы респондент көрсетулері арқылы анық-

талатыны сөзсіз. Сол себепті зерттеуші «саяхатшы» секілді
респондентті талмай іздеп тауып, «кенші» сияқты оның ішкі
дүниесінен ең құнды деректі ала білуі тиіс. Бастысы, жоба та-
қырыбына тікелей қатынасы бар респондент таңдалуы қажет.

«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының тәжіри-
бесіндегі «Менің ғылымдағы өмірім» атты жоба бойынша Тіл
білімі және Химия саласының ғалымдарынан сұхбат алу көз-
делінді. Мұндағы мақсат – еліміздің ғылым тарихымен қатар

өрілген ғалымдар ғұмырынан естелік жазу болатын. Сол се-
бепті сұхбатқа ең алдымен советтік қоғамнан шыққан ардагер-
ғалымдар тартылды. Көргені мен түйгені мол ғалымдар ХХ
ғасырдағы алаш зиялыларынан кейінгі екінші буын өкілдері

яғни, олардың ұрпақтары немесе көзкөргендер. Олар өскен
және тәрбие алған ортаның бірі – ХХ ғасырдың 20-30 жыл-
дарындағы зиялылар отбасы болса, (балалық, жастық шақтары
ел тарихының ең ауыр кезеңі 30-40 жыларында өткен) бірі –

ауылдан шыққан қарапайым азаматтар еді. А.Байтұрсынов,
І.Жансүгіров, Х.Досмұхамедов сынды алаш қайраткерлерімен
бірге оқып, қызмет еткен Сарыбев Шамғалидың ұлы Шора
Шамғалиұлынан сұхбат алынды. Айтылған тарих бағытымен

жүргізілген бұл сұхбатта респондент өмірлік тәжірибесінен мұ-
рағаттан кездесе бермейтін күнделікті өмірден тың, жаңа дерек-
терді ғылымға қосты. Мысалы, жадтағы естеліктермен қатар,
жеке мұрағат қорынан әкесінің зиялылар ортасында түскен су-

реттерімен күнделікті қызмет барысындағы жазысқан хаттары-
мен бөлісті, сонымен қатар әкесінің өз ортасындағы әдемі әзіл-
әңгімелері, күнделікті тұрмыс тіршіліктері жөнінде айтты.
30-40 жылдардағы Алматы қаласының экономикалық,

мәдени өмірімен қатар, қажеттілік жағдайлармен үйінде уа-
қытша тұрған әйгілі Дина Нұрпейісова, балуан Қажымұқан
т.б. жөнінде тарихи әңгімелерден сыр шертті. Респондент

144

жеткізген күнделіктілік дереккөздерінен аз ғана фрагмент
беру де артық болмас. «Ал енді соғыс уақытындағы күндер-
ден айтсам біздің үйде атақты Дина Нұрпейісова тұрды. Ол
әкеймен жақсы араласты, үйінде жөндеу жұмысы жүріп жат-

қандықтан алты ай біздің үйде жатты. Болатқа (кейін дарын-
ды музыкант ағасы-авт) домбыра шертуді үйретіп кетті. Дина
картаны да тәп-тәуір ойнайтын, бізді карта ойнауға үйреткен
сол кісі. Сосын кетерінде Болатқа домбырасын силап, тілек

батасын берді.
Сонымен қатар бізде атақты балуан Қажымұқан да тұрған.
Сондай дәу, ол да менің әкемнің досы еді. Бір жыл бізбен бірге
тұрды. Ол офицерлер үйіндегі сахнада балуандық ойындарын

көрсететін. Ол үстінен машинаны жүргізіп өткізеді, кеудесі-
не рельс қойып он адамды көтереді. Болат екеуіміз оны үйден
шығарып саламыз. Қажымұқанның етігін шешіп көмектесеміз.
Есімде аяғының шұлғауы ұзы-ы-н болатын. Сосын киіндіреміз.

Соғыс уақытындағы трамвайдың есіктері кіп-кішкентай еді, ал
ол сыймайды оған. Біз бәріміз Қажымұқанды трамвайдың есігі-
нен итеріп кіргіземіз. Сосын итеріп шығарып аламыз.
Көрсеткен ойындарынан көп ақша түсті. Өйткені тамаша-

лауға көп адам келетін. Сталинге хат жазып: «мына ақшаға
самолет жасаңдар, оның атын Қажымұқан қоясыңдар ма, енді
оны өздерің біліңдер», – деді. Қажымұқан тамақты аз ішеді
екен, біз оны «абжора» деп ойлағанбыз (күлді), тамаққа тәбеті

жоқ. Өкінемін, онымен суретке түсе алмадық! Қиыншылық-
ты көп көрдік!».
Жалпы аталған Жобада респонденттерді іздеу, іріктеу аса
қиындық туғызған жоқ. Өйткені өмірі тарихи шежіреден тұра-

тын қарт ғалымдар алыстан белгілі болып тұрды.
Әлеуметтік зерттеулерде респонденттерді жас ерекшелігі-
не, әлеуметтік тобына, ұлтына т.т ерекшеліктеріне қарай са-
ралау әдістері де жолға қойылған. Іріктеу нәтижесіне қарай

респондент типі анықталып, сұхбат алынады. Ал айтылған
тарихта респондент жобада қойылған проблемаға тікелей
байланыста іздестіріледі.
Зерттеудің бұл жанры бойынша респондент саны қанша

болуы қажет делінетін сұрақтар болады. Респонденттерді
көбірек тарту әдетте қаржыға тікелей байланысты дүние.
Сондықтан кейде адам санын қысқартуға тура келеді. Негізі

145

әрбір айтылған тарих деректері заман ағымының бейнесін
түрлі түсті бояумен бейнелеп, тұтас өмір кешенін құрып
бере алады. Сондықтан әрине, түрлі типтегі респонденттер
алуан-түрлі пікірлерімен қоғамның ішкі-сыртқы бейнесін

ашуда зор үлес қосқан болар еді.
Айтылған тарих зерттеу жұмысының журналистикалық
бағыттан айырмашылығы сұхбаттың басым көпшілігі терең-
детілген формада өткізілуінде. Оның үстіне алынған сұхбат-

ты қағазға түсіру де зерттеуші үшін оңай шаруа емес. Мұның
барлығы тағы да, қаржы проблемасына әкеліп тірейді. Сол
себепті ақпаратты мол бере алатын респондентті шатаспай
таңдаудың маңызы зор. Зерттеушілер тәжірибесіне сүйенер

болсақ, ең аз дегенде 20 респондент бір тақырыптың мазмұ-
нын ашуда жеткілікті болмақ.
Сұхбатқа қажет респонденттерді іріктеу әдісі түрліше бо-
лып келеді. Тақырып аясына сәйкес статистикалық тізімге

тіркелген республика азаматтарын ресми құжаттардан табуға
болады. Ұлты, жасы, жынысына қарай белгілі бір тақырып
аясында тізім құрылуы қажет. Ал, қажет респондент тіркелген
тізімдегі адамдар арасынан табылмаса, онда таныстар, туыс-

тар, көршілер арқылы табуға болады. Әрі қарай сол сұхбат
берген респондент арқылы екінші адамды табуға мүмкіндік
ашылады. Репондент іздеп табудың бұл әдісін әлеуметтік
зерттеулерде «күресін қар» деп атаса керек. Яғни респондент-

терді өздері арқылы табу. Сонымен қатар эксперттік сауална-
ма нәтижелерінен кейін де оңай табуға болады.
Р.Горденнің айтуынша респонденттер типін үшке бөлуге
болады: негізгі ақпарат берушілер, арнаулы респонденттер

және әдеттегі өкілдер (типичные представители).
Негізгі ақпарат берушілер. Бұлар – зерттеу мәселесі жөнін-
де стратегиялық ақпарат берушілер. Бұл типтегі респонденттер
сұхбатқа тартылмайды, олар зерттеу жұмысын ұйымдастыру-

шылар қатарына жатқызылады. Зерттеушілерге респондент-
терді тауып, ұйымдастыру жұмысымен айналысады. Негізгі
ақпарат берушілердің қызметі – зерттеушілер жұмысының ал-
ғашқы жұмысына бағыт беру, респонденттерді тауып беру бо-

лып табылады.

146

Арнаулы респонденттер – бұл зерттеу проблемасы бойын-
ша нақты тікелей қатысы бар адамдардан тұрады. Оларды
таңдау таразысына салудың қажеті жоқ.
Ал әдеттегі өкілдер делінетін респонденттер сан жағынан

көп болғандықтан таңдау арқылы жіктеледі.
Респонденттердің белсенді және енжар типтері болады.
Белсенді респонденттер мол ақпарат бере алады. Олар әдетте
сөзшең, жан-жақты байланысы мол адамдардан тұрады.

Адамдардың арасында сыртынан қарағанда пассивті көрін-
генімен, кейде олар да қажет ақпараттар бере алады.
Сондай-ақ, респонденттердің ерекше делінетін типтері де
бар. Олар ашық және турашыл, өз кәсібінің шебер маманы

болып келеді. Ондай кісілер зерттеушінің жұмысын әлдеқай-
да жеңілдетеді.
Сонымен сұхбат алуда маман мынадай біліктілік өлшем-
деріне ие болуы қажет: Білім. Сұхбат тақырыбына сай ке-

летін, кең көлемді білім деңгейі сұхбаттың жоғарғы дәрежеде
жүргізілуін қамтамасыз етеді. Құрылымдау. Әңгіменің мақ-
сатын дұрыс түсіну аса маңызды. Нақтылық. Нақты, жеңіл
әрі қысқа сұрақтар қою; айқын әрі түсінікті сойлеу; кәсіби-

ғылыми сөздерді қолданбау. Жұмсақтық. Әңгімелесушінің
өз жеке ырғағында сезінуі үшін, өз ойындағы ақпараттарды
толыққанды жеткізуіне мүмкіндік береді. Сезгіштік. Айтыл-
ған сөздің тобықтай түйінін байқауға, ойлардың кем-кетік-

терін сезінуге, мән-мағынаның дұрыс сипатталуына көңіл
бөлу. Сұхбат алушы айтылған сөзді тек естіп қана қоймай,
оны сезініп, қандай оймен, қандай мақсатпен, қалай айтыл-
ғанына мән береді. Ашықтық. Сұхбат алушы әңгіме айту-

шының сұхбатқа қатысты қандай маңызды аспектілері барын
тандайды. Сұхбаткердің ары қарай зерттеуге қатысты бас-
қа жаңа аспектілерінің ашылуына ыңғай жасайды. Кіріспе,
меңгеру. Сұхбат алушы қандай білімді, не мақсатпен алу

керектігін, оны қалай алатынын жақсы біледі. Ол сұхбат ба-
рысын қадағалап, сұхбат берушінің тақырыптан ауытқып
кетпеуінен қорықпайды. Сыншылдық. Әңгіме айтушының
сөзінің растығын және сенімділігін тексеріп, сұхбат алушы

айтылған барлық сөзді көңілге алмайды. Осы айтылғандар,
сынның тексерілуі мен логикалық байланыстың, одан ары
қарай әңгіменің өрбуі кезеңін тексеруі мүмкін.

147

Техникалық және жазба құралдарын даярлау. Сұхбат, дик-
тофон және видеокамераға жазылады. Сондықтан сұхбат
жүргізер алдында интервьюер құралдардың ақаусыз және
оның қуаты толық болғанын қадағалауы қажет. Алайда дик-

тофонға артық қуат ала жүрген жөн.
Сұхбат жүргізілетін ортаны дұрыс таңдау:
-шу, өзге дыбыстар болмау керек. Егер сұхбат сапалы жа-
зылмаса, онда зерттеуге кеткен барлық уақытыңыз зая кетуі

ықтимал;
-сұхбат берушімен мүмкіндігінше жеке және жарық жерде
әңгімелескен дұрыс.

4.2 Сұхбатты жүргізу
Сұхбаттың мақсаты, міндеті анықталып, стратегиялық құ-
ралдары даяр болған соң, сұхбат өткізу орны белгіленеді.
Респондент табиғатына қарай сұхбаттың типі анықталады.

Жалпы оны жүргізудің достық қарым-қатынас орнатудан бас-
тап, ресми, ресми емес, әңгімелесу және тек сұрақтар қою
сияқты әдістері болады.
Біз жоғарыда сұхбатты жүргізу үшін қойылатын сұрақтар

тізімін талдауға алдық. Жобаның мазмұнын ашуда интервь-
юерден тек сұрақ қою өнері талап етілмейді, сонымен қатар,
респондентпен тіл табыса білуге де байланысты болмақ. Қа-
рым-қатынас ең алдымен сәлемдесу мәдениетінен басталады.

Респонденттің жасына, қызметіне, әлеуметтік категориясына
қарай сәлемдесудің де әр түрі бар. Мысалы ол ашық, дос-
тық, ресми, еркін түрде болуы мүмкін. Сонымен қатар рес-
пондентті есімімен атау, ресми түрде атау (аты-жөнін тегімен

қоса атау), не болмаса қарт кісілерге дәстүрлі құрметпен атау
(«аға», «апа», «ата») сияқты жылы ілтипатпен сөйлесу сұхбат-
тың алдағы уақытта өзара сенімді жүргізілуінде ықпалы зор.
Жалпы ел ішінде ауыл адамдарымен сөйлескенде ресми сипат

алатын сұхбаттан гөрі дәстүрлі әңгімелесу типі ыңғайлы.
Сұхбат алдында бұл кездесудің негізгі мақсаты респон-
дентке түсінікті тілде жеткізілгені дұрыс. Өзара түсінушілік
осындай алғашқы сөйлесулерден кейін басталмақ. Сол се-

бепті аталған бұл ережелер сұхбаттың алғашқы фазасында
орын алуы тиіс.

148

Әдетте сұхбат көпшілікке танымал интеллигенция, саясат-
кер немесе жұлдыздармен жүргізіледі. Алайда «айтылған та-
рих» жанры тек аталған қоғам мүшелерін емес «қарапайым»
адамдарды да сұхбатқа тартады. Ал үнемі сұхбат беріп үй-

ренбеген «қарапайым» адамдар көп жағдайда техникалық құ-
ралдарға (диктофон, камера) үлкен мән береді, сөйтіп ашыла
әңгімелесе алмайды. Техникалық құралдарға жазып алына-
тын болса, онда «кейін айтқан сөздерім өзіме қарсы жұмыс

істеуі мүмкін» деген кереғар ой жетегінде отыруы мүмкін.
Мұндайда сұхбат жүргізуші кәсіби маман ретінде мәселені
дұрыс жеткізе білгені жөн.
Сұхбаттың негізгі кезеңінде зерттеуші проблема тақы-

рыбының ашылуын басты назарда ұстауы тиіс. Интервь-
юер екеуара әңгімеде сөз тізгінін қолында ұстағаны абзал.
Алайда оны өз пайдасына тартудың қажеті жоқ. Керісінше,
респондентті көбірек сөйлеткені дұрыс. Сондықтан респон-

дентті әңгімеге тарту, оны аша білу интервьюердің тікелей
кәсіби міндеті болмақ.
Сұхбат алушы сұрақтар маршрутымен ғана жұмыс іс-
теуі тиіс пе? Жалпы методикалық құралдарда әдіскерлер

түрліше кеңестер береді. Әрине түрлі салада, түрліше орын-
далуы мүмкін. Ал айтылған тарих саласында тереңдетілген
сұхбатта тек сұрақтар тізіміне қарап отыру мүмкін емес.
Сұрақтар тізімі әрине сізге жолдан адаспау үшін бағдаршам

қызметін атқаруы мүмкін. Алайда, сіз респонденттен жаңа
тарихи ақпарат алу үшін келгеніңізді ұмытпағаныңыз жөн.
Сондықтан респондент көп жағдайда сіз ойламаған жаңа
сұрақтарды өзі туындатуы әбден ықтимал. Сол себепті әңгі-

менің өрбуі барысында проблеманы басқа қырынан да көруге
талпынған жөн.
Сұхбаттың негізгі кезеңінің екінші фазасында қойылатын
сұрақтар тікелей тақырыпты ашуға бағытталуы тиіс. Яғни

сұрақтар күрделене түседі.
Алайда күрделі сұрақтарды жеңіл түрде жеткізу де маңыз-
ды. Мысалы: «қазір мен сізге кішкене ойландыратын сұрақ
қоямын. Алайда бұл сұраққа көп адам бірден жауап айта бер-

мейді, мен сонда да сіздің ойыңызды білгім келіп тұр» деп
айтсаңыз респондент ойлануға даярланады және ол сұрақты
қызығушылықпен тыңдайтын болады.

149

Тақырыптың ашылуы – бұл респонденттің алдын-ала даяр-
ланған сұрақтар аясынан өрбіп, өз ойын еркін жеткізу үшін,
ұзақ және әртүрлі мысалдар келтіру арқылы жүргізіледі.
Тереңдетілген сұхбаттың негізгі методологиялық принцип-

терінің бірі – оқиға куәгерінен аяқ астынан жауап ала білу
қажеттілігі. Бұл принципті сұхбат берушінің әңгіме арасына
ретсіз араласуы деп түсінуге болмайды, себебі сұхбат кезінде
әрдайым басын изеп, әңгімені қолдап отырса сұхбат беруші

анық әрі толық жауаптар қайтарады.
Тақырыптың толық ашылуы үшін сұхбат алушы «problіng»
тәсілін қолданады. Бұл ағылшын тілді кітаптарда «problіng»
тәсілі деп беріледі, яғни аударғанда (зондирование) – байқап

көру, алдын ала тексеру деген мағына береді. Бұл сөзге нақты
анықтама беру үшін Р.Горденнің еңбегіне назар аударамыз:
«Рroblіng – бұл нақты әрі толық ақпарат алудың жалғыз жолы
ғана емес, мысалы кейбір сұхбат алушылар қойылып отыр-

ған сұрақтың жауабын алу үшін өз басынан өткен оқиғаны,
немесе өз тәжірибесінде бар істі айта алады. Тәжірибеге сү-
йенсек расында осы әдістің нәтижесі мол.
Сұхбатта бір сауалға жауап айтылған соң, арада үнсіздік

бірнеше секундқа созылуы мүмкін. Бұл әңгімешіл респон-
денттен сұхбат тізгінін дереу өз қолына алып, әңгімені дұрыс
бағыттауға, келесі сұрақты (келесі сұрақ жаңа немесе даяр-
ланған қажет сұрақ болуы мүмкін) қоюға тамаша мүмкіндік

болып табылады. Егер сұхбат жүргізуші кәсіби тұрғыдан
шыңдалған болса, бұл үнсіздікті 1-5 секунд аралығынан ар-
тыққа созбайды. Үнсіздік уақытының ең ұзағы он секунд.
Зерттеу тақырыбын тереңінен аша түсу үшін респондент

әңгімесіне түрлі ишаратпен қолдап отырғанын байқату ке-
рек. Мысалы, басымен изеп, көзі, қасы мимикалық реакция-
мен. Сонымен қатар «иә-иә», «солай ма?», «қызық екен, жал-
ғастыра беріңіз» деген фразалар арқылы да білдіруге болады.

Қызу әңгімеге ұласқанда маңызды ақпараттарды қайта сұрау,
немесе детальды түрде айтуға жетелеу үшін жаңғырық сияқ-
ты, айтқан сөзін қайталау әдісі де оң нәтижесін беріп жата-
ды. Мысалы:

– Р. Тылдағы тұрмыс майдандағы өмірден ауыр болды.

– И. Майдандағы өмірден?

150

Осындай сұрақтардан кейін респондент шынымен де тыл
өмірінің күнделікті өлім күтіп тұрған майдан өмірінен қан-
шалықты азапты да, ауыр болғанын айта бастайды, дәлелдеу
арқылы тыл өмірінің жаңа қырларынан ақпараттар береді.

Синоним сұрақтар қатарын «Бұл қалай байқалады?» «нақ-
ты айта аласыз ба?» деген сұрақтар арқылы жасалуы мүмкін.
Яғни бір айтылған проблеманы түрлі қырынан қайта-қайта
сұрау. Әрине бұл тәсіл тақырыпқа тереңінен баруға мүмкіндік

береді. Түсініксіз жауапты қайта сұрау. Егерде респон-
денттің жауабында түсініксіз сөздер немесе жауабы түгелдей
түсініксіз болса, онда мынадай, «Сіз дәлірек түсіндіріп бере
аласыз ба?», «Сізді дұрыс түсінгеніме сенімсізбін...», «Сіз

мынадай-мынадай жайттарды айттыңыз, бұл айтқандарыңыз-
да қайшылықтар бар ма?» деген сияқты сұрақтар тізбегі ар-
қылы қайта сұрауға болады.
Сұхбаттың екінші фазасында тақырыптан тақырыпқа ауы-

су жиі кездеседі. Мұндайда респонденттің ойын үзілді-кесілді
кесіп тастауға болмайды. Әңгіменің желісін мұқият тыңдай
отырып, жәй ғана өтініш есебінде «ал енді, біз мынадай мә-
селеге көшсек қалай қарайсыз?» делінген өтінішпен ауысу

қажет. Ал егер респондент ойында жаңа ақпараттарды айту
көзделінген болса, онда шегініс жасаған дұрыс. Ал егерде
әңгімелеушінің мәліметтеріне бей-жай, селқостықпен қарай-
тын болсаңыз, онда жауабы айтылған сұрақты қайта қою орын

алмақ. Бұл жағдайда респонденттің сұхбат айтуға ынтасы тө-
мендеп кетуі мүмкін. Сонымен қатар респондент тақырыпқа
қатысы жоқ әңгімені баяндаса, онда сұхбат алушы сөзін бөліп,
негізгі проблемаға бұруға құқылы. Респондентті бір тақырып-

тың аяқталып келесі тақырыпқа көшу туралы ойды былайша
да жеткізуге болады: «Өте жақсы, мен Сіздің мәселеңізге қа-
тысты толық ақпаратты алдым, егер Сіздің қосарыңыз болма-
са келесі сұраққа көшейік».

Бұл жағдайда сонымен қатар, тақырыпты тек сұхбат алушы
ғана емес, респондент те өзгерте алады, яғни респондентке көңілі-
не жақпайтын, немесе өзі ұнатпайтын тақырыпта сұрақ қойылса
ол жауаптан жалтарады. Мұндай жағдайда сұхбат алушы арадағы

жақсы қарым-қатынасты сақтап отыру үшін жай ғана басқа тақы-
рыпқа ауысып кетуі қажет.

151

Сұхбат барысында респонденттің шаршау белгілері бай-
қалғанда мысалы, арқаны кеңге салып отыру, тез әрі толық
емес жауаптар, басқа нәрсеге алаңдаушылық, ұзақ үнсіздік,
т.б. Осындай жағдайларда сұхбат алушы түсініп, тез арада

әңгімені басқа арнаға бұрып немесе респондентті қызық-
тыратын сұрақтар қою арқылы интервьюді жалғастырады.
Мұндай жағдайда тек респондент қана емес, сонымен қатар
сұхбат алушы да шаршағанын, әлде сұхбат қызықты өтпей

жатқанын сезіне алады, бірақ, кәсіби сұхбат алушы мұндай
күй жағдайын респондентке көрсетуге құқы жоқ.
Сұхбат алушының өз пікірінің ықпалы. Бұл интервью
кезіндегі басты бұрмалаушылықтың түрі, мұндай қателіктер

көбінесе жас, әлі тәжірибесі аз сұхбат алушыларда орын ала-
ды. Негізгі себебі, респондент пен сұхбат алушының пікір-
лерінің бір ойдан шықпауы, мысалы респонденттің жауабы
сұхбат алушының өмірлік, ғылыми ізденіс тәжірибесіне не-

месе жеке ұстанымына қарама-қайшы келуі мүмкін. Міне,
осындай жағдайларда интервью алу процесі кезінде бұрма-
лаушылықтар орын алып отырады.
Сұхбатқа кететін уақыт та ескерілгені жөн. Егер респондент

ең қажет ақпараттар айта бастаса, барынша уақытты осы әңгі-
ме төркініне бұрған жөн. Сұрақ қою кезегі тигенде ұзақ үнсіз
отыру үлкен қателік. Мұндай жағдайда зерттеушінің даярлы-
ғының төмен екені байқалып қалады, ал респондент сенімі

мейлінше сейіліп қалмақ.
Интервью барысында мынадай қателіктер жіберілмеуі
тиіс:

1. Респондент жауабымен келіспеу, ашық дауласу, респон-

дентті райынан қайтару немесе өз жауабыңның дұрыстығын
дәлелдеу;

2. Респондент жауабын сынға алу. Мұндай қателіктерді

көбінесе журналистер жібереді. Сұхбат алушы әрдайым өз-
өзін қолға ұстап, келеңсіз жайттарға жол бермей, респондент
жауабына деген сын көзқарасын білдірмеуі тиіс.

3. Тыңдау, яғни мұнда сұхбат алушы өзіне керек деген, өзі

білгісі келген ақпараттарды мұқият тыңдай білу.
Респонденттің жалған сөйлеуі. Интервью барысында рес-
пондент жалған ақпараттар беруі мүмкін немесе өзін жақсы
жағынан көрсету үшін шындықты жасырып қалуы мүмкін.

152

Егер, сұхбат алушы осындай жағдайды білсе респондентке
қарсы шығуға болмайды, себебі респондент жауап беруін
шұғыл тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда сұхбат алушы-
ның кәсіби тәжірибесі қажет, ол бұл сұрақты қалдырып, ин-

тервью соңында оған қайта оралуына болады.
Кейде респондент пен сұхбат алушы бір-бірін түсінбей қа-
луы мүмкін, мысалы респондент сұрақты дұрыс түсінбей өз
ойы бойынша басқа жауап қайтарады, мұндай қателікті жібер-

меу үшін сұхбат алушы респондентке сұрақ қою барысында
оның көзқарасынан түсінуі қажет, яғни респондент сұрақты
дұрыс түсінді ме, жоқ па? Ең оңай тәсілі респонденттен «Сұ-
рақ түсінікті ме?» деген сұрақтар арқылы анықтап алу.

Сұхбат жүргізушіде эрудицияға бай болуымен қатар адам-
гершілік қасиетін берік ұстанғаны жөн. Сұхбат барысында
интервьюер кез-келген тосын жағдайға даяр болуы тиіс. Әсі-
ресе, сұхбат берушінің әңгімесін мұқият тыңдауға дағдыла-

нуы қажет. Сұхбат алушы, біршама тақырыпты жақсы мең-
геруі керек: әңгіме жүргізу мәнерімен, тілді жетік білу және
сұхбат алушының ойды айту мәнерінде өзіндік лингвистика-
ға мән беру.

Сұхбат алуға машықтанудың бірден-бір жолы, әрине тео-
риялық білім жүйесінің қалыптасуы болса, екіншіден тәжі-
рибеге сүйену оны шыңдай түспек. Мақала оқу, таспаларды
тыңдау, өзгелердің тәжірибелерінен сабақ алу жақсы нәтиже

береді, дегенмен өзіндік тәжірибеден өту әлдеқайда жақсы.
Іс-тәжірибе кезінде сұхбат алушының сенімділігі арта түседі;
сұхбат алушының жоғарғы дәрежелі бірнеше сұхбат жүргі-
зуі, сұхбат барысында ынталандыратын әрекеттесу мен

қауіпсіз орта жасауға, сұхбат басталмай зерттелетін жобаға
қабілеттілігін арттырады.
Ал үшінші фазасында қорыту, ойды түйіндеуге бағыттал-
ған сұхбат жүреді.

4.3 Сұхбатты аяқтау

Сұхбаттың басталуы мен негізгі кезеңі сияқты оны аяқтау-
дың да өз әдістері мен ережелері бар. Бұл тіпті, ең жауапты
кезең десе де болады. Сұхбатты аяқтауды дұрыс ұйымдастыра
білудің маңызы мынада: респонденттер көп жағдайда сұхбат-

153

тың аталған этапында (диктофон сөндіріліп, құжаттарды тол-
тыру сәтінде) ашылады, сөйтіп ең маңызды ақпараттарды айта
бастайды. Өйткені бұл респонденттің сұхбат алушыға деген
сенімінің нығая түскен мезгілі. Сондықтан интервьюер шы-

дамдылық танытып респондентті соңына дейін тыңдап, барлық
ақпараттарды жазып алғаны дұрыс. «Айтылған тарих» зерттеу
әдісі бойынша жүргізілетін сұхбатқа қанша уақыт кететінін
болжау қиын. Өйткені ең кем дегенде 1 сағат, ал кейде 3-3,5

сағатқа созылуы мүмкін. Жалпы тарихи тақырыптарда алын-
ған сұхбаттың психологиялық тұрғыдан ауыр екеніне қарамас-
тан, сізбен ұзақ әңгімелескенді дұрыс көреді. Орыс ақыны А.С.
Пушкиннің «өткен кезеңді еске алу мейлі ол сүреңдеу болса

да рахат сезімдерді оятады...» дегеніндей, өткен өмір жөнінде
сұхбат беру респонденттердің ерекше құлшынысын оятары
сөзсіз. Айтылған тарих орталығының тәжірибелеріндегі со-
ғыс жылдарына арналған жоба бойынша жүргізілген сұхбат-

тарда, яғни адамдардың еңбектегі, тұрмыстағы күнделікті өмір
тарихы, киім-кешек (тозығы жеткен аяқ киім, жыртық-жамау
көйлек, жылуы жоқ сырт киім туралы айтылды), тағамдары
(үнемі жеткіліксіз, құнарсыз, ас-ауқатсыз отырған отбасында-

ғы аналар, сол уақыттағы жас балалар әңгімесі айтылды), са-
нитарлық ауыр жағдайлар (биттеуден қорлық көрген адамдар,
оның «қотыр» сияқты тері ауруларына ұласуы туралы естелік-
тер айтылды) сұрақтар қойылғанда «... бұл қандай сұхбат өзі,

есімізден баяғыда ұмыт болған заманды қайта еске салдыңыз-
дар ғой! Мұны жастар ешқашан көрмесін! Сіздер кетпеңіздер,
отырыңыздар, менің тағы да айтарым көп!» деген өтініш лебіз-
дер айтылды. Әсіресе, осы сияқты ғалымдар ортасынан да ел

тарихының айтып тауысу мүмкін емес жаңа, тың, еркін айтыл-
ған тарихи әңгімелер алынды. Айтылған тарих ел ішінен дерек
жинау құралы ғана емес, ол халықтану ісіндегі тарих ғылымын
жаңа деңгейге көтеретін немесе прогресс пен коммуникацияны

күшейтуге бағытталған құрал деуге толық негіз бар.
Сұхбат соңындағы назарға ұстайтын басты Ереже: өзіңіз
жүргізетін келесі жаңа сұхбатқа деген респонденттің ынтасын
оята білу. Басқаша айтқанда «айтылған тарихпен» айналысу-

шы жүргізілген сұхбаттан үлкен беделмен оралғаны жөн.
Сонымен сұхбаттың нәтижелі шығуы үшін көпшілік жағдай-
да қабылданған мынадай ержелерді есте ұстауды ұсынамыз:

154

•сұхбатты алдын-ала келіскен уақыт шеңберінен шықпау-
ға тырысыңыз, ал егер қажет деп тапсаңыз тек респондент
ұсынған жағдайда жалғастыруға болады;
•егер тым ұзаққа созып алсаңыз, берілетін жауап селқос,

ақпаратсыз болып шығуы мүмкін;
•егер респондент сұхбаттың тоқтатылуын өтінсе, онда
бұл нәтижесіз сұхбат, ал егер интервьюер ұсынса, онда бұл
сұхбат нәтижелі болды деп есептеуге болады; Яғни мұндай

жағдайда: «Біздің уақытымыз аяқталып келеді, тағы бір-екі
сұрақ қоюға рұқсат етіңізші...» деген дұрыс. Уайымдамаңыз
мен сіз қойған сұрақтарға жауап беруге уақытым бар, әрі қа-
рай жалғастыра беріңіз» десе, демек тақырып әлі де жаңа ақ-

параттармен толықтырылуы мүмкін екенін түсінуге болады.
Сондықтан тағы да келесі кездесуге уәде алуыңызға болады.
•репонденттің шаршағанын, селқос жауап айта бастағанын
сезсеңіз сұхбатты тоқтату қажет.

•сұхбатты аяқтай отырып, өзіңіздің алдын-ала даярлаған
сұрақтар тізімін, тағы да басқа жазбаларыңызды қайта қарап
алуға ерінбеңіз. Ұмыт қалған мәселелер болуы мүкін. Сон-
дай қателіктерге жол бермеңіз. Уақыт бар болса, түсініксіз

жерлерін анықтап алған дұрыс. Жазбаларыңызды шолып өту,
сұхбттың аяқталу кезеңін хабарлаудың жақсы әдісі: «сұхба-
тымыз соңына жетіп қалды, жазбаларымды бір көріп алуға
рұқсат етіңізші...» деген дұрыс. Расында жоспардың барлық

тақырыптарының қамтылуы – сұхбаттың негізгі талаптары-
ның бірі. Осындай аз ғана үзілістен кейін респондент те қа-
лып қойған жерлері жөнінде ойлана бастайды. Сондықтан
өтініш айтуға да болады: «Ұмытып кеткен ойларыңыз болса,

мүкін тағы да қосарсыз...». Сұхбатта айтылып кеткен құжат,
хат, сурет, мақалалар т.б. заттарын есіне салуға да болады.
Ең соңғы нүктені қойып, қоштасудың қажеті жоқ, тағы
да сұрақтарыңыздың бар екенін айтып, келесі сұхбатқа кез-

десуге жол ашып алған жөн. Сұхбаттың транскрипция мен
ғылыми өңдеуден кейінгі, жарияланымға даяр нұсқасын рес-
пондентке көрсетіп, таныстыру алынған ақпаратты нақтылау
үшін қажет. Респондент тереңдетілген формадағы сұхбаттың

кейбір тұстарын жарыққа шығарылуын қаламауы мүмкін,
немесе оның ғылыми стилі мен тіліне қатысты тұстарын қай-

155

та өңдеуі мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші респондент
пікіріне қайшы келуіне рұқсат етілмейді.
Қоштасарда өзінің отбасы, балалары, немерелері, олардың
жетістіктері сияқты көңіліне жағымды сұрақтармен аяқтауға

да болады. Кешікпей сұхбатты бастау, ойды нақты жеткізу,
оны дұрыс ұйымдастыру және аяқтау респондеттің сіз тура-
лы дұрыс пікірде қалуына ықпал етеді. Сұхбат соңында рес-
пондентке алғыс айтуды ұмытпаған жөн.

4.4 Айтылған тарих
жобасының есебін даярлау
Сұхбат жүргізіліп, алынған ақпараттар өңдеуден өткеннен кейін
зерттеудің қорытынды құжаты – ғылыми есепте көрініс табуы қа-

жет. Ғылыми есеп формасы мен мазмұны жағынан үш түрлі қоры-
тынды құжатта көрініс табады: 1) ғылыми есепте, 2) ғылыми ма-
қалаларда, 3) бұқаралық ақпараттар құралдарында. Ғылыми есеп
тапсырыс берушілерге арналады, ғылыми мақала – мамандарға,

прессадағы жарияланым – бұқара-көпшілікке арналады.
Іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары аясында ғылыми есеп
аса көлемді болады, есептің құрылымдық элементтері зерт-
теу бағдарламасының негізімен беріледі. Ал қолданбалы ғы-

лыми зерттеулерде қорытынды есеп шағын көлемді құрайды.
Яғни онда теориялық-методологиялық бөлім көрсетілмейді.
Мұнда да есептің құрылымы қолданбалы ғылыми зерттеу
жұмысының бағдарламасын басшылыққа алып даярлайды.

Аталған екі түрлі деңгейдегі ҒЗЖ-ның қысқартылған есебі
беріледі. Іргелі ғылыми зерттеу жұмысының қысқартылған
нұсқасы 22-24 бет, ал қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысы-
ның қысқартылған есебі 10 беттен тұрады.

Академиялық ғылыми орта ғылыми есепті грант бөлген меке-
меге тапсырады. Ал қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысының
қорытынды құжаты тапсырыс берушіге – облыс әкімшілігіне
(егер ол тапсырыс беруші болса – авт) тапсырады.

Егер ғылыми есеп қорытындылары жоғары оқу орында-
рында орындалса, онда зерттеу нәтижелері оқытушылардың
лекцияларынан, арнаулы курстарынан, семинарлар мен ғы-
лыми конференциялардағы баяндамаларынан, қорғалған

диссертациялық жұмыстарынан көрініс табуы қажет.

156

Академиялық ғылыми ортаның орындаған жұмыс есебінің
өлшемі мақалалар санымен көрініс табады. Сол арқылы ма-
мандардың кәсіби деңгейі және олардың беделі анықталады.
Ең бастысы жарияланымдар арқылы жұмыстың жаңалығы

танылатын болады. Қорытынды есептің құрылымы кіріспе,
негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтиды.
Алғашқы бөлімде титул парағы, зерттеу жүргізуге жаса-
лынған келісім-шарт, меморандум, мазмұны, қосымшалар

мен аннотация тізімі көрсетіледі.
Кіріспе бөлім оқырманды есептегі орындалған ең негізгі
нәтижелермен таныстырады. Онда жұмыстың мақсаты, мін-
деті, өзектілігі, көрсетіледі.

Ал негізгі бөлімде кіріспе, зерттеу жұмысының методоло-
гиясы, алынған нәтижелері, сонымен қатар қорытынды мен
ұсыныстар көрсетіледі.
Методологиялық бөлімінде зерттеу нысаны кімдер немесе

не болғаны айтылады және қолданылған әдістер талданады.
Қорытынды жүргізілген жұмыстарға негізделсе, ұсыныстар
алынған қорытындыға сүйене отырып, қандай әрекеттер іске
асырылуы қажет екені беріледі.

Сонымен қатар есептің компоненттік бөліміне сілтемелер
мен әдебиет тізімі беріледі.
Пайдаланылған әдебиет:
1.Менің ғылымдағы өмірім. Ғалымдармен 21 сұхбат. Ғылыми басылым/

М.К. Койгелдиев, Б.О. Жангуттин, Ш.Б. Тілеубаев., З.Б. Мырзатаева,
М.Ш. Калыбекова, Л.А. Бисембиева, С.Г. Белоус, Ә.Болатхан // Под.ред.
М.К. Койгелдиева. – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2014 ж. 472 б.
2.Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.).

Ғылыми-көпшілік басылым /Қойгелдиев М.Қ., Жангуттин Б.О., Тілеу-
баев Ш.Б., Мырзатаева З.Б., Бисембаева Л.А., Белоус С.Г., Болатхан А. /
Бас редакторы М.Қ. Қойгелдиев. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2015. – 584
бет+8 бет жапсырма. (36,5 б.т.)

3.Қойгелдиев М.Қ. Мемлекеттілігін құрып жатқан ұлттың тарихшысы
күрескер болуы керек! // Алаш айнасы, №95 (1006), 7.06.2013 жыл, 6 б.
4.Айтылған тарих. М. Қойгелдиевпен сұхбат. Әңгімелескен Қарагөз
Сімәділ // Қазақ әдебиеті №20 (3340)

5.Нитхаммер JІ. Вопросы к немецкой памяти: Статьи по устной исто-
рии / Пер. с нем. М.: Новое издательство, 2012. – 536 с. .
6.Квале С. К 32 Исследовательское интервью. – М.: Смысл, 2003. – 301 с.
7.Лукина М. Технология интервью. Учебное пособие для вузов. М.:

Аспект Пресс, 2003.

157

8.Федоров П.В. Историческое интервью (Методика проведения и
оформление результатов) Практикум по устной истории. – Мурманск:
МГГУ, 2012. – 35 с.
9.Устная история: методы историко-антропологического исследова-

ния. Программа межфакультетского спецкурса /Басовская Н.И., Дурнов-
цев В.И., Молчанов Л.А., Стефко М.С., Тихонов В.В. /Отв.ред. Молчанов
Л.А.- Москва:Российский государственный гуманитарный университет,
2012г.33 с.

10 Добреньков В.И., Кравченко А.И. Методы социологического иссле-
дования: Учебник. – М: ИНФРА-М, 2009. 768 с. (Высшее образование)
Бақылау және өзін-өзі тексеру
сұрақтары

1. Тарихи сұхбат деген не? 2. Тарихи сұхбат әдісінің негізгі ерекшелігі неде? 3. Айтылған тарих: дефиниция мәселесі жөнінде талдау

жасаңыз. 4. Сұхбат жүргізу кезеңдеріндегі алынатын ақпараттардың

алуан түрлі болуы неліктен? 5. Сұхбаттың негізгі кезеңдерін атаңыз? 6. Тарихи сұхбатқа қандай даярлық жұмыстары жасалыну

қажет? 7. «Айтылған тарих» жобасының бағдарламасы: құрылым-

дық элементтері және даярлау әдістері 8. Респонденттерді табу қалай іске асырылады? 9. Сұрақтар тізімін қалай даярлаймыз? Түрлері мен тип-

теріне тоқталыңыз. 10. Сұхбаттың тілдік стилі дегеніміз не және оның маңызы

неде? 11. Сұхбат жүргізудің негізгі кезеңі қандай фазалық дең-

гейден тұрады? Талдау жасаңыз.

158

5 ТАРАУ

СҰХБАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ТРАНСК-

РИПЦИЯЛАУ ЖӘНЕ

МҰРАҒАТТАУ

5.1 Айтылған тарих дереккөздерін құжатқа ай-
налдыру
5.2 Айтылған тарих деректерін транскрипция-
лау және мұрағаттау

5.1 Айтылған тарих
дереккөздерін құжатқа айналдыру

«Айтылған тарихта» түпдерек ретінде қарастырылатын ре-
кордтік сұхбат* материалдары зерттеу жұмыстарында қолай-
сыздығымен ерекшеленеді. «Айтылған тарих» саласында де-
реккөздердің мәтіндік нұсқасын көрсету үшін «транскрипт»

термині ғылыми айналымға енгізіліп, рекордтік жазбалардың
мәтіндік нұсқасын – транскрипция жасауды жобаны жүзеге
асыру сатыларының біріне айналдырған.
Сонымен, транскрипция дегеніміз аудио немесе бейне

форматтағы тасымалдаушыға жазылып алынған сұхбат-
тың рекордтік күйден сөзбе-сөз жазбаша мәтінге көшірілуі.
Транскрипция керекті материалдарды еш қиындықсыз тез
табу, материал мазмұнымен танысу процесін жылдамдату

сияқты артықшылықтарға ие.
----------------------------------
*Рекордтік жазба, рекордтік сұхбат («record» сөзі ағылшын тілінен аудар-
ғанда тіркеу, жазу деген мағына береді) – респонденттен алынған сұхбатты

техникалық құралдарды пайдалану арқылы тіркеу. Қазіргі заманғы техни-
калық мүмкіндіктерге байланысты айтылған тарихпен айналысушы жобаны
жүзеге асыруда түрлі форматтағы құралдарды пайдалануы мүмкін болған-
дықтан сұхбаттың қандай күйде сақталғандығын атап көрсетпес үшін ортақ

«рекордтік» түсінігі қабылданған.

159

Мәселен, сұхбат мазмұнынан қандай да бір деректік маңызы
бар фрагментті қарау үшін рекордтік жазбаны арнайы техни-
калық құрылғы арқылы қосу керек және оны қайталап тыңдау
арқылы іздеу уақыт пен күш-жігер жұмсауды талап етеді. Ал,

транскрипция мәтіндік құрылымының арқасында бір сағаттық
жұмысты бір мезетте орындауға мүмкіндік береді және мате-
риалды мұрағатта сақтау сапасын қамтамасыз етеді.
Себебі, мұрағат қызметкерлерінің пікірінше, қандай да бір

құжатты кепілді сақтаудың ең тиімді түрі оны қағаз бетіне
түсіру. Мәселен, күн сайын жаңа қарқын алып, үнемі жетілді-
ру үрдісіндегі рекордтік жазбалар 1990-шы жылдарға дейін
таспалы магнитофондар мен видеокамералар форматында

белгіленді. Ленталық және кассеталық тасымалдаушылар
магнитсізденіп, дыбыс сапасы төмендеу қаупі жоғары бол-
ғандықтан бұл таспалар материал сақтаушы ретінде сенімсіз
құрал екендігі мәлім болды. Ал цифрлық дәуір жемісі болып

табылатын заманауи аудио және бейне тасымалдаушылар-
дың да уақыт кеңістігіне төтеп беретін мүмкіндіктері аса жо-
ғары емес.
Сұхбат транскрипциясы екінші деңгейлі дереккөзі болып

саналады. Өйткені, транскрипцияланған мәтін респондент
сөзінің айтылу мәнерін немесе аса нәзіктікпен байқалатын
ым–ишараларды рекордтық түпнұсқада берілгендей көрсе-
те алмайды. Сонымен қатар, транскрипция мен техникалық

мүмкіндіктердің болмау себебінен сұхбатты қағаз бетіне жа-
зып алу нәтижесінде құжатталған зерттеу материалымен ша-
тастырмаған жөн.
Рекордтік материалдар мен транскрипцияланған мәтінді

ғылыми-анықтамалық тұрғыда рәсімдеу құжаттандыру
үрдісімен аяқталады.
Айтылған тарих бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру
барысында мәтінді транскрипциялау қажырлы еңбек пен жі-

герді қажет ететін үрдіс. Орта есеппен алғанда, сұхбаттың
бір сағаттық дыбыстық жазбасын мәтіндік формаға айналды-
ру, яғни транскрипциялау үшін 3-6 сағат уақыт жұмсалады.
Бұл сұхбаттың дыбыстық жазбасы мен транскриптцияланған

мәтінін салыстыру жұмысына жұмсалатын уақытты қоспа-
ғандағы көрсеткіш. Сондықтан, айтылған тарих саласында
зерттеу жобасын жоспарлауда транскрипциялау кезеңін жү-

160

зеге асыру үшін қосымша көмек немесе қаржылай қолдау ке-
рек болатындығын ескеру қажет-ақ.
Әлемдік тәжірибеде, әсіресе батыс елдерінде «айтылған
тарих» орталықтары бұл мәселеде транскрипция жасауды

кәсіпке айналдырған шағын кәсіпорындар мен мекемелердің
ақылы қызметтеріне жүгінеді. Немесе, қосымша қаржы та-
буға ықыласты гуманитарлық мамандықтар саласындағы
студенттердің көмегіне жүгіну кең таралған әдістердің бірі

болып табылады. Өйкені, мәтін мен дыбыстық жазбаның ма-
ғыналық сәйкестігін талдау үшін жауапты зерттеуші ғалым-
дар жаппай транскрипциялау науқанын уақыт тапшылығына
байланысты өзгелер үшін «тиімді тапсырысқа» айналдыра-

ды. Сараптамалық дерек көздеріне сүйенетін болсақ, бір са-
ғаттық транскрипция дыбыстық жазба сапасы мен сұхбат бе-
рушінің сөйлеу мәнеріне байланысты 15 $ -30 $ бағаланады
екен. Әрине, бұл АҚШ және Еуропа елдері үлгісінде беріл-

ген мәлімет.
Отандық тәжірибеде транскрипциялау шығармашылық
ынта негізінде зерттеушінің борышы ретінде қарастырылып
келеді. Тек қосымша көмекті кәсіби қызығушылық тұрғысы-

нан тәжірибе алуға ниетті жас ізденушілер, яғни студенттер
тарапынан табуға болады. Алайда, бір таспаны қайталап ай-
налдыра тыңдап, таспадағы жазбаны мәтінге айналдыру ар-
қылы тәжірибе жинауды қалайтын еріктілерді табу мүмкіндігі

әрқашан болмайтындықтан, бұл амал да толық сенімді емес.
Сондықтан да, транскрипция жасауға кететін уақыт пен кө-
мектің жеткілікті екендігіне көз жеткізу ең басты тапсыр-
малардың бірі. Жоба орындаушыларының мүмкіндіктеріне

байланысты сұхбат алушы міндетіне транскрипция жасау
тапсырылған жағдайда зерттеуші ғалым үшін сұхбат жазыла
салысымен, алынған ақпараттардың әлі де есте жаңа қалпын-
да сақталып тұрған кезінде транскрипциялау өте ыңғайлы

болады. Сондай ақ бұл реттік әрекеттің сұхбат алу дағдыла-
рын қалыптастыруға көмектесетіндігі хақ.
«Айтылған тарих» бағытында зерттеу жобасын жүзеге
асыруда транскрипция жасаумен нақты кім айналысатын-

дығы нұсқаулық стандартта көрсетілмеген: зерттеуші ға-
лым, яғни сұхбат алушы ма? немесе сұхбат алу ісіне қатыс-
паған, бірақ жобаға қатысушы болып табылатын көмекші
ізденуші-практиканттар ма? Әлде ақылы қызмет көрсетуші

161

ме? Бұл туралы біріңғай қабылданған пікір жоқ. Транскрип-
циялау – айтылған тарих жобасының уақыт және қаржылық
мүмкіндігіне байланысты зерттеу тобының ұйымдастырумен
жүзеге асырылатын жұмыс үрдісі. Транскрипциялау нәти-

жесінде айтылған субъективті дерек көзінің қате берілу қаупі
жоғары болғандықтан атаулы үрдісті сұхбат алушының өзі
жүзеге асырса мағыналық тұрғыдан бұрмалаушылыққа жол
беріле қоймайды. Әрине, бұл сұхбат көлемі аз болғанда ғана

мүмкін жағдай. Сұхбаттың көлемді болуы қосымша көмек
күшін тартуды қажет етеді.
Транскрипциялауды жұмыс тобынан басқа нысандарға
тапсырған жағдайда кез келген ұжымнан транскрипциялау-

дың ортақ стандартын басшылыққа алуды талап ету міндетті.
Өйткені, ресми рәсімдеу, белгілер жүйесі, сөздерді қысқарту-
дың ортақ ережелері мәтінді дыбыстық түпнұсқамен салыс-
тыру және ғылыми өңдеуді жүзеге асыруда жұмысты жеңіл-

детеді. Ең бастысы, ресми дерек көзі ретінде сұхбат мәтінін
пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін берілетін келісімді алу
мақсатында сұхбат берушіге оқып шығуға дайындалатын
рәсімделген материал – транскрипция екенін ескерсек, бірің-

ғай стандарттың маңызы зор.
«Айтылған тарих» ұжымының мақсаты жинастырыл-
ған материалдарды жоғалтып алудан сақтау болғандықтан
транскрипциялауды кәсіби даярлықпен жүзеге асырған жөн.

Транскрипция жасау қызметін көрсететін орындар кәсіби
деңгеймен, ал жалдамалы студенттер грамматикалық сауат-
тылығымен ерекшеленгені жөн. Мәтінді рәсімдеуде тыныс
белгілерінің дұрыс қойылуы мағыналық нақтылықты қам-

тамасыз етіп вербалды және визуалды ақпаратты белгілеп
жазып алуға мүмкіндік береді.
Сұхбат мәтінінің жазбаша нұсқасының сапасы транск-
рипциялаушының кәсіби деңгейіне тәуелді. Сондықтан,

айтылған тарих дереккөзін құжаттауда үш адам авторлық
жауапкершілікте болады: ақпарат иесі ретінде респондент,
ғылыми-әдістемелік құралдарды дайындаушы әрі сұхбат
алушы – зерттеуші ғалым және жазып алынған ақпаратты қа-

ғаз бетіне түсіруші, яғни сұхбатты транскрипциялаушы. Ай-
тылған тарих дереккөз сапасы транскрипция жасаушының
грамматикалық, лингвистикалық және визуалды ақпаратты
қодтау шеберлігіне байланысты болмақ.

162

Респондент сұхбат беру барысында мәліметтік (даталық,
цифрлық, көрсеткіштік және т.с.с.) қате жіберген жағдайда
транскрипцияланған материалға түзету немесе толықтыру-
лар енгізуге арнайы уақыт беріледі. Мәтінді респонденттің

жеке өзінің тексеруі егер транскрипциялау ақылы қызмет
түінде жүзеге асырылса, онда міндетті түрде тәжірибеге
енгізілгені жөн. Бұл сақтандыру шарасы істің сапалы аяқта-
луы үшін маңызды.

Респондент түзетулер мен толықтырулар енгізгеннен кейін
міндетті түрде қол қойып, мерзімін жазғаны жөн. Халықара-
лық стандарт бойынша сұхбат құжатын респондент өзі қол
қойып бекітуі аса маңызды, себебі дұрыс естілмеген немесе

транскрипциялаушы дұрыс түсінбеген ақпаратты респондент-
тен басқа ешкім түзете алмайды.
Заманауи техникалық мүмкіндіктерге сәйкес қазіргі уақыт-
та берілген сұхбат материалдарын қол қою негізінде растау

міндетті емес. Диктофон, аудио- немесе видеотаспаларға жа-
зылған респонденттің сұхбаты заңды түрде оның тұлғалық
даралығын растау қағазын алмастырады. Айтылған тарих
жобасын жүзеге асыруда мұрағаттау кезеңі қарастырылса

сұхбаттың құжаттандырылған қағаз нұсқасымен қатар таспа-
лық немесе цифрлық нұсқалары сақтауға тапсырылады. Сон-
дықтан, респонденттің тұлғалығын растау мақсатымен оның
қолын жергілікті әкімшілік (ауылдық, аймақтық, аудандық,

қалалық және т.с.с. мемлекеттік мекемелер) мөрімен куәлан-
дыру талап етілмейді.
Айтылған тарих түпдерек ретінде респондент сұхбатының
аудио (немесе видео) жазбасының толық нұсқасы қарасты-

ратындықтан транскрипциялауды құжаттандыру тәртібінің
маңызды бөлігі ретінде қабылдау міндетті ме? деген сұрақ
туындауы заңды. Әрине, айтылған тарих жобасы бойынша
арнайы жинастырылған материалды мұрағатқа өткізгенде

транскрипциясы болмаса да құжаттауға болады. Бірақ, бұл
жерде бірнеше мәселені ескеру қажет: біріншіден, құжаттау
стандарттық талаптардан ауытқиды. Екіншіден, дереккөзі
ретінде транскрипт болашақ зерттеушілер үшін қолжетімді

бола алмайды, онымен жұмыс жасау процесі қиындай түседі.
Жалпы, техникалық себептерге байланысты сұхбат қандай
форматта сақтауға берілсе де (мейлі ол цифлық тасмалдау-
шыда немесе, таспалық жазба күйінде болсын) оның жойылу

163

қауіпі әрдайым жоғары болғандықтан құжаттандыру процесі
транскриптеу арқылы ғылыми-анықтамалық материал жа-
саумен аяқталғаны орынды болмақ.
Респондентке транскрипцияланған сұхбат мәтініне қай-

та – қайта түзетулер енгізуге ерік беру нәтижесі басым жағ-
дайда оңды болмайтындықтан, мүмкіндігінше бірінші реттен
кейін-ақ тоқтамға келуге тырысқан жөн. Транскрипцияланған
мәтіннің әрдайым сұхбат берушінің көңілінен шығуы мүмкін

емес. Өз әңгімесінің жазбаша нұсқасын көріп, респондент
сұхбатта берілген көптеген пікірлерінен бас тартуы ықтимал:
әлеуметтік-саяси жағдайларға, қоғамдық пікір, цензуралық
сескену және т.б. себептерге байланысты респонденттің өт-

кен оқиғаларды қайта бағалау мен ой елегінен өткізу нәти-
жесінде. Сонымен қатар, пенделік психология респонденттің
өзгелер алдында өзі туралы жақсы пікір қалдыруды еріксіз
мақсат ететіндіктен сұхбаттың мәтіндік мазмұнына толық-

тырулар мен түзетулер, өзгертулер енгізуге ниеттендіреді. Өз
кезегінде бірнеше түзетулерден өзкізсе сұхбат мазмұны түбе-
гейлі өзгеріске ұшырауы хақ. Сол себепті транскрипцияның
бірінші нұсқасымен тоқтамға келу екі жақты тиімділігімен

ерекшеленеді.
Алайда, респондент тарапынан сұхбат транскрипциясына
енгізілген бұл өзгертулер тарихшы, саясаткер, әлеуметтану-
шы, мәдениеттанушы және т.с.с. зерттеуші ғалымдар үшін

қызықты дерек болып табылуы мүмкін. Транскрипцияланған
мәтіннің алғашқы және түзетулер енгізілген соңғы нұсқасы
арасындағы айырмашылық – адамның тұлғалық көзқарасы
мен ұстанымдарының өзгергендігін, саясат, идеология, қо-

ғамның ықпал ету әсерін байқатады. Мәтін мазмұнында не
өзгеретіндігінен және оның себеп-салдарын анықтау арқылы
айтылған тарих жобасы барысында салыстырмалы талдау
негізінде түзету енгізілген транскрипцияны зерттеу нысаны-

на айналдыруға да болады. Дегенмен, кәсіби этика мұндай
жолға барудың жағымсыз салдары болатындығын ескеруді
талап етеді.
Сұхбат берушінің мәтіннің құрылымы мен мазмұнын өз-

герту мүмкіндігі көп болған сайын оның құндылығы азайып,
ресмилік сипаты арта түседі, соған сай сұхбатты пайдалану-
ға шектеулер енгізу ықтималдығы күшейеді. Қандай жағдай-
да болмасын зерттеушілер баяндалған артықшылықтар мен

164

кемшіліктерді ескере келе жұмыс жоспарын қажетті тәртіп
және жүйеде жүзеге асырады.
Рекордтік материалды транскрипциялау кезінде вербал-
ды және визуалды мәтінмен қатар жасырын контекстің бо-

латындығын назарға алған жөн. Шетелдік ғалымдардың
пікірінше, негізінен көзбен көргенді сөз категориясына ауда-
ру зерттеушіні жаңа ақиқатқа көз жеткізуге жетелейді. Рес-
понденттің қосымша ым-ишараты арқылы ауызша берілген

сөзді транскрипциялау барысында бастапқы шынайы мағы-
насының мүлдем өзгеруі ықтимал. Сол себепті құжаттанды-
рылған сұхбаттың толық нұсқасын қалыптастыру кезінде екі
түрлі ақпаратты – вербалды және визуалды ақпаратты қатар

беру ұсынылады. Ортақ жиынтық зерттеушінің қойған сұра-
ғына берілген нақты жауап ретінде қабылданады.
Вербалды және визуалды ақпаратты өзара салыстыра оты-
рып транскрипциялау мәтінді интерпретациялау ісін жеңіл-

детеді. Зерттеушіге байқаған ақпараттың барлығын жазып,
көз көргенді суреттеу үшін қажет сөздерді үнемі тауып алу
мүмкін емес. Ал бұл өз кезегінде ақпараттың жоғалуына
ғана емес, сонымен қатар респондент бейнелеген тарихи

процестің бұрмалануына әкеп соғады. Негізінде транскрип-
циялау жазбаша құжаттың жасалуымен қатар вербалды және
визуалды ақпараттың сақталуымен аяқталуы тиіс. Сондық-
тан зерттеушілер айтылған тарих дереккөздерімен жұмыс

жасау барысында рекордтік түпнұсқа мен мәтіндік транкрип-
цияны қатар пайдаланғаны жөн.
Айтылған және жазбаша материалдар арасындағы айыр-
машылық сұхбат деректерін құжаттау кезінде түрлі мәселе-

лердің туындауына алып келеді. Ауызша айтылған материал
мәтінге түскенде қарым-қатынас сипаты өзгереді: жазбаға
түскен ақпарат үнемі бір сипатта болып көрінеді. Рекордтік
жазбадағы респонденттің ойы қаншалықты жинақы әрі көр-

кем болмасын оны мәтінге айналдырғанда қисыны жетіс-
пей, оқуға түсініксіз болып көрінеді. Алайда, «айтылған сөз

– атылған оқ» демекші ешқандай сөзді толықтыру ниетімен

түзетуге, қайта қалпына келтіруге болмайды.
Айтылған сөздегі ым, ишарат, сөйлеу интонациясы, сөй-
леу ырғағы сияқты нәзік ерекшеліктерді рекордтық түпнұс-
қа арқылы транскрипциялағанда сол күйінде мәтінге түсіру

мүмкін емес. Интерпретация мағыналық тұрғыдан бұрамала-

165

ну қаупін біржола жоя алмайды. Мысалы, тыныс белгілерін
қою, мәтінді сөйлемдер мен абзацтарға бөлу, «сөйлеушінің
ойын автор тарапынан түсіндіруге» жол ашады. Қойылған
үтірге байланысты айтылған ақпараттың мағынасы жиі өзге-

реді. Транскрипциялау күрделі үрдіс болғандықтан жұмыс ба-
рысында кейбір ақпараттың жоғалуы, бұрмалануы ықтимал.
Айтылған тарих және этнография. Осы жерде айтылған
тарих тәсілдерінің этнографиялық далалық материалдармен

байланысын және олардың өзара айырмашылықтарын білген
жөн. Этнографиялық зерттеулерде айтылған тарих әдістері
ауызша дереккөздерді жазба түрінде жинап, сол жинақталған
материалдарды құжаттап, мұрағаттау болып табылады. Бұл же-

келеген авторлардың далалық материалдарына балама болып
табылады. Әрине, этнографтардың материалдарды өздігімен
жинап, мұрағаттауы олардың өз авторлық құқығын бекітіп, ғы-
лымға жаңа ұғымдарды, жаңа деректерді енгізуге талпынысы-

мен айқындалады. Алайда кейде зерттеуші сұхбат берушінің
айтқанын аз болса да өзгертіп, өңдеп беретін жағдайлар да
кездеседі. Соның нәтижесінде сұхбат беруші айтқан әңгіменің
мағыналық тұрғыдан әлсіреуі мүмкін.

Жиналған материалдарды этнографтың өзі зерттеп, өң-
дейтіні анық, алайда оның алғашқы авторы сұхбат берген
адам. Сондықтан жиналған материалдар тарихи мұраның бір
бөлігі ретінде барлық зерттеушілер үшін қолжетімді болып,

мемлекет пен қоғамның сұранысына лайық сақталып, екі жақ-
тың да авторлық құқығы қорғалуы тиіс. Ол үшін өткізілген
сұхбат материалдарын мемлекеттік мұрағатта сақтай отырып,
зерттеушінің авторлық құқығын қамтамасыз ету қажет, соны-

мен бірге жеке мұрағаттардағы бір данада ғана болатын біре-
гей материалдардың жойылып кету қаупі де этнографтардың
назарынан тыс қалмаған. Себебі этнографиялық тәжірибеде
айтылған тарих зерттеушілерінің үйде сақталатын мұрағат-

тары көбінесе авторлар өмірден өтіп кеткен соң жойылып ке-
тетіні жиі кездесетін жағдай.
Сондықтан этнографтар жинап, жеке қор түрінде сақтал-
ған, сондай-ақ ғылым және білім беру мекемелерінде, кітап-

ханаларда, ведомстволық және муниципалдық мұрағаттарда
«ауызша мұрағат» деп атауға болатын дерекқорлары да тір-
кеуге алынғаны жөн.

166

Әрине, сауалнама материалдарын құжаттау мен мұрағаттау
талаптарын орындау үшін қосымша уақыт пен күш жұмсауға
тура келеді. Ал материалдарға қолжетімділік беру шартта-
рын сақтай отырып, мұрағаттау дұрыс орындалса, зерттеуші

этнографтың авторлық құқығы қорғалған болады. Этнограф-
тар далалық дереккөздерді рәсімдеуде айтылған тарихтың
мамандарының тәжірибесін пайдалануы қажет, бұл орай-
да материалдарды құжаттау (ресімдеу талаптарын орындай

отырып, транскрипциялау) және мұрағаттау (жазбаша және
цифрланған дереккөздер қорларын жасау) көзделеді.
Әдетте этнограф өзі зерттеп жүрген материалдарды ғана,
мысалы, белгілі бір салт-дәстүрлерді немесе дәстүрлі та-

ғамдарды т.с.с. сипаттайтыны белгілі. Айтылған тарихты
баяндаушылар респонденттерден жиған-терген бүкіл ақпа-
ратты жазып, толық дереккөз құрайды, бұл орайда ол өзіне
қажетті ақпаратпен бірге беріліп отырған қосымша мәлімет-

мағлұматтардың келешекте өзге зерттеушілерге қажет бола-
тынын, жалпы ғылымда кәдеге асатынын көздейді.
Өз тақырыбына қатысты сауалнама бойынша тарихи оқи-
ғаларды зерттей отырып, ол өзі назарға алып отырған дәуір-

заманның сипаттамасын беретін материалдарға жүгініп оты-
рады. Ал этнограф өзіне берілген ақпарат-мағлұматтарды
өзін қызықтырған тақырыпқа қарай жіктеп, түрлі тақырып-
тарды қамтитын жеке бөлек дәйексөздерден құралған де-

реккөздерді, «тақырыптық үзінділерді», «тақырыптық дә-
йексөздерді» ғана жинаумен айналысады, яғни ол тарихи
заңдылыққа жүгінбейді.
5.2 Сұхбат материалдарын

транскрипциялау және мұрағаттау
Транскрипция техникалық сипаттағы орындалуы қарапа-
йым процесс болып көрінгенімен, оның мазмұндық кейбір
мәселелері ғалымдар арасында әлі күнге дейін дау тудыруда.

Транскрипция рекордтік жазбаларда айтылған сөздердің нақ-
ты көшірмесі болуы керек. Бірақ та, транскрипцияны нақты
қалай жүзеге асыру қажет? Бұл сұраққа нақты жауап жоқ.
Кейбір айтылған тарихшылар транскрипция жасау кезінде

рекордтік жазбадағы «мхм» немес «мм» сияқты ауызекі тұр-

167

мыстық сөздер грамматикалық сәйкессіздікке байланысты
мәтінге түсірілмеуі тиіс деп есептейді.
Екінші бір тарихшылар бұл транскрипцияда орын алған
ауызекі сөздерді олардың әдеби нормаға түскен баламалары-

мен ауыстырып жазуды дұрыс деп есептеп жұмысты күрде-
лендіруді жөн көреді. Ал үшіншілері болса, транскрипцияны
сұхбат берушінің қолына беріп, қайтадан бір қарап шығып,
қажет болған жағдайда, өңдеулеріне рұқсат беруге болады

деген пікірді ұстануда. Мұндай өңдеуден өткен транскрип-
ция түпнұсқа қатарына жатқызылмайды.
Сұхбат мәтінінен орын алатын ауызекі формадағы «мхм»
сияқты сөздер тағдырын шешу жолында әлі талай дау туын-

дайтыны айқын. Өйткені, сөздер арасында орын алған кейбір
үзілістердің өзі терең мағыналы болуы ықтимал. Терең де-
малумен қатар жүретін бұл мезеттік үзіліс респонденттің
қайғысын сипаттауы мүмкін. Мұндай кезде, жай ғана [үзіліс]

сегментін қою жеткілікті болмағандықтан қимылдық әрекетті
толық сипаттауға жүгіну керек. Мәселен, «Мен ешқашан бұл
күн туралы ойламаппын [бірнеше минут бойы үзіліс. Көз жа-
сын сүртіп, жымиды».

Қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу тәжірибесінде ғаламтор-
дың кеңінен қолданысқа енгеніне қарамастан ғылымды
дамытудың ақпараттық көзі, бұлағы ретінде кітап өз ма-
ңыздылығын ешқашан жоғалтпайды, жазбаша мәтін әлі де

зерттеушілердің ғылыми ойын анықтау құралы болып та-
былады. Яғни алынған деректер талдауын жеңілдету мақ-
сатында транскрипция жасау қажеттілігі сезіледі. Өзекті
қажеттілік болып қала бермек. Айтылған сөзді тілдік ерек-

шеліктерін сақтай отырып түсіндіру және ауызша берілген
ақпаратты жазбаша мәтінге айналдыру бұл іспен айналы-
сатындар жауапкершіліктерін арттырмақ. Сондықтан, ай-
тылған тарих бойынша жоба немесе ғылыми бағдарлама

жетекшілері транкрипциялау ережелері мен ұстанымдарын
сақтауға қажетті шаралар қолданып оған тиесілі уақыт мөл-
шерін жоспарлауға міндетті.
Транскрипциялауға қойылатын талаптарды сипаттауды қо-

рытындылай келе, аудио немесе бейне жазбалар күйінде сақ-
талған айтылған тарих дерек көздерін мәтіндік қалыпқа ай-
налдыру, яғни транскрипциялау үрдісі шешілмеген көптеген

168

мәселелерді қамтиды деген пікірді ұстанатын ғалымдар қа-
тарының бар екендігін айта кету қажет. Отандық тәжірибеде
мұндай ұстанымдардың бой алуы айтылған тарих саласында
жүзеге асырылатын жобалар мен ғылыми – зерттеу орында-

ры қолданысқа енгізіп пайдаланып жүрген нұсқамалардың
шетелдік тәжірибе негізінде жасалуымен байланысты. Әри-
не, жалпы айтылған тарих мәселесінде мұндай сипаттағы
ұстаным орынды, бірақ транскрипциялау, мәтіндік рәсімдеу

немесе мұрағаттау сияқты нақты құрылымдылықты талап
ететін үрдістер халықаралық қабылданған стандарт негізінде
рәсімделуге тиіс деген ұсыныспен қорытынды жасаймыз.
Тілдік барьер болғандықтан стандарт ережелерін аудару

және оған дұрыс түсіндірме беру мақсатында қазақ тілінде
бірыңғай қабылданған классикалық сипаттағы нұсқаушының
керектігі сөзсіз. Қазақ тілінде транскрипциялау ережелерін
(халықаралық стандарт үлгісінде) құжат түрінде бекітіп, ғы-

лыми-анықтамалық материал мазмұнын анықтап алу керек.
Осы негізде әр сұхбатты құжаттауда мәтіндегі қалыптасқан
қысқартуларды, бейвербалды ақпаратты, атауларды, ауызекі
сөздер мен сөз тіркестерін, диалектілерді кодтаудың белгі-

лер жүйесі бір қалыпқа келтірілуі тиіс. Бұл әрбір айтылған
тарихшылар ұжымына транскрипциялау ісінде қатаң түрде
стандарт бойынша жүруді жүктейді деген сөз емес. Бұл бір
ғасырға жуық шетелдік тәжірибе нәтижесінде қалыпқа түс-

кен жүйелі құрылымның артықшылығын атап көрсету. Егер
зерттеуші Қазақстанның әлеуметтік және мәдени өмір ерек-
шеліктеріне байланысты транскрипциялау ісіне өзгерістер
енгізу қажеттігіне көз жеткізсе, онда, әрине ондай өзгерту-

лерді енгізуіне болады.
Жобаның қорытынды нәтижесі ретінде рекордтық жазбалар
мен транскрипцияланған материалдар фотосуреттер, түрлі
құжаттар көшірмелері және т.с.с. материалдармен бірге бо-

лашақ ұрпақ қолданысы үшін «Айтылған тарих» қоры, бол-
маса жергілікті мұрағат немесе кітапхана қорларына сақтауға
тапсырылуы тиіс. Жоба материалдарын өзгелердің пайдалану
игілігіне беру үшін алыстағы күндерді күту мақсат емес. Ай-

тылған тарих материалдарын түрлі сипаттағы шағын көрмелер
ұйымдастыру, білім беру және ғылыми зерттеу деректі фильм-
дерін жасау барысында сұхбаттардан алынған үзінділерді, ре-

169

кордтік материалдарды қолданысқа енгізуге болады. Сонымен
қатар ғаламтор кеңістігінен арнайы сайт ашып, транскрипция-
ланған мәтіндер мен рекордтық сұхбат материалдарын кез кел-
ген қызығушылық танытушыға қол жетімді ету мүмкіндігін

пайдаланған жөн.
«Айтылған тарих» ғылыми – зерттеу жобасының нәтижесі
ғылыми еңбек түрінде қабылданатындығы айқын болғаны-
мен, оның ең басты ғылыми жетістігі қорытынды материал-

дарды мұрағаттау ісімен байланыстырылады. Қандай да бір
тарихи оқиғаларға куәгерлік етуімен маңызды болып табыла-
тын айтылған тарих дерек көздері мұрағатталу арқылы ғана
қоғам игілігіне айналады.

Ал мұрағат қорларында жатып, дерекке айналатын ре-
кордтық және мәтіндік материалдар өз кезегінде айтылған
тарихқа қатысты айтылып жүрген сыни көзқарастарға жауап
ретінде тиімді аргумент болмақ. Айтылған тарихты зерттеу

жүргізудің ғылыми әдісі ретінде қабылдауға қатысты түрлі
пікірлер ұстанатын тарихшы ғалымдардың кейбір өкілдері
мұрағаттық құжаттарды фактілік маңыздылығына байла-
нысты бөліп көрсетулерін ескерсек, ендігі жағдайда олар-

дың айтылған тарихқа деген көзқарасы өзгереді. Осы негізде
айтылған тарих материалдарын мұрағаттау үрдісін ұйым-
дастыру ерекше маңызға ие. Өйткені, зерттеу жұмысының
қорытынды нәтижесімен қоғамды таныстыру және сұхбат

материалдарын болашақ ұрпақ үшін арнайы қорларда сақтау
әлеуметтік маңызы бар шараға айналған.
Айтылған деректерін мұрағаттау – құжаттарды қағаз және
электронды түрінде мүмкіндігінше ұзақ мерзімге сақтау.

Айтылған тарих саласында мұрағаттау сұхбат алу сияқты
өте маңызды кезең болып табылады. Демек, айтылған та-
рих жобасы арқылы алынған материалдарды мұрағаттамау
мәліметтерді әдейі жоюмен пара пар. Мұрағат айтылған та-

рих материалдарын сақтаумен қатар, оның қоғам үшін қол-
жетімділігін қамтамасыз етеді; құжаттанған дереккөзінің
көпшілікке қолжетімді болуы «айтылған тарихтың» қоғам
алдында беделін арттыра түспек. Айтылған тарихты ғылы-

ми-зерттеу әдісі ретінде бағалауға қарсы пікірдегі тарихшы
ғалымдар кейінгі кездері жаңа бағытты сапалы ғылыми-
зерттеу құралы ретінде мойындай бастады. Материалдарды

170

сақтау әрі халыққа қолжетімді ету – айтылған тарихтың ең
негізгі міндеттерінің біріне айналды. Өйткені, қасықтап жи-
наған тарихи материалдар сақталмайтын болса, әурешілікке
салынудың қажеті жоқ.

Мұрағаттаудың мәні – келер болашақ үшін тарихи мате-
риалды және бейматериалды дүниелерді сақтауда. Айтылған
тарихпен шұғылданушылар әдетте жоба нәтижесін көрмелер
ұйымдастыру арқылы көпшілік назарына ұсынумен шек-

теледі. Мақсатты түрде болмаса да олар болашақта ғылы-
ми-зерттеулер жүргізуде пайдалы мол тарихи құжаттардың
негізін қалайды. Мәселен, біз сонау ортағасырлардан бері
сақталып бізге жеткен құжаттарға тамсана қараймыз. Атау-

лы құжаттардың өткенді танып-білуімізге тигізер пайдасы
зор. Сол сияқты, айтылған тарих материалдарының болашақ
ұрпақтың қазіргі заманды тану талпынысы үшін таптырмас
дереккөзіне айналары күмән тудырмайды.

Мұрағат үшін ақпараттарды өңдеуге уақыты қаншалықты
қысқа мерзім жұмсасақ – соншалықты пайдалы болмақ. Жо-
баны жүзеге асырушы ғалымдар өздерінің жұмыстарының
қаншалықты құнды екендігін дер кезінде білмеуі де мүмкін.

Алайда, алынған әңгімелер – сол салаға тікелей қатысты
адамдар жайлы болғандықтан, бір қарағанда ұсақ мәселе бо-
лып көрінетін фактілердің кейін үлкен мәнге ие болуы әбден
ықтимал.

Пайдаланылған әдебиет
1.Хрестоматия по устной истории / пер., сост., введение, общ. ред.
М.В.Лоскутовой. Санкт-Петербург, 2003.
2.Щеглова Т.К. Устная история. Учебное пособие. Барнаул, 2010.

3.Мусатова Т.Н., Кузьмичев Н.А., Серегин А.В. «Устная история» как
метод активного комплектования // Проблемы хранения и обеспечения
сохранности архивных документов. Сб. научных трудов. Москва, 1985.

С. 14-21.

4.Мокрова М.В. Устная история: от исторриографических традиций к
комплексному источниковедению. Диссертация...канд.ист.наук, Москва,
2004.
5.Лоскутова М.В. Устная история: методические рекомендации к про-

ведению исследования. Санкт-Петербург, 2002.
6.Кан Г.И. Устная история: проблемы метода //
http://www.cdnіto.narod.ru/p2006_01.htm

171

7.Виноградов В.М., Рябов А.В. «Устная» история и комплектование
государственных архивов // Актуальные проблемы советского архивове-
дения. Межвузовский сборник. Москва, 1986. С. 6-16;
8.Алферов А.В. Диктофонная техника. Москва, 1974.

9. Уилсон М. Американские ученые и изобретатели. Москва, 1975.

Transcrіbіng Oral hіstorіes // http://www.baylor.edu/content/servіces/
document.php/66438.pdf

10. Usіng voіce recognіtіon software іn oral hіstory transcrіptіon //http:// blog.oup.com /2015/01/ voіce-recognіtіon-software-oral-hіstory-transcrіptіon/

Бақылау және өзін-өзі тексеру
сұрақтары

1. Транскрипциялау деген не? Анықтама беріңіз. 2. Транскрипциялау нәтижесінде айтылған субъективті де-

реккөзінің қате берілу қаупі бар ма? 3. Интервьюердің (сұхбат алушының) транскрипциялауды

өзі жүзеге асырса қандай артықшылықтар тумақ? 4. Екінші деңгейдегі дереккөз деп нені атаймыз? 5. Айтылған тарих түпдерегін транскрипциялау мен құ-

жаттандыру тәртібінің мазмұнын ашыңыз. 6. Транскрипцияланған материалды өңдеу үрдісінің қан-

дай қиындықтары бар? 7. Транскрипцияланған мәтіннің кейде сұхбат берушінің

көңілінен шықпай қалуы мүмкін бе? 8. Айтылған және жазбаша материалдар арасындағы айыр-

машылықтарды сипаттаңыз. 9. Сұхбат деректерін құжаттау қандай мәселелер туындауы

мүмкін? 10. Қорытынды материалдарды мұрағаттау үрдісін ұйым-

дастыру қанша маңызды? 11. Құжаттандыру үдерісін бағалауда Батыс Еуропа, АҚШ, Ре-

сей тарихшылары арасында қандай айырмашылықтар байқалады? 12. Айтылған тарихтың материаларын жүйелеп сақтауға

қандай мекемелер мен орындар қатысады? 13. Нақты бір интервью-сұхбаттың үзіндісіне транскрип-

ция жасаңыз. Ауызша сұхбатты жаззбаша мәтінге айналды-
руда қандай қиындықтар кездесті?

14. Аудио-жазбадағы сұхбатты алып оған аннотация және

ғылыми анықтамалық материал (паспортичка) құрастыры-
ңыз. Аннотацияға қандай ақпарат енгізіледі?

172

6 ТАРАУ

АЙТЫЛҒАН ТАРИХ

ДЕРЕКТЕРІН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ

ЖҰМЫСТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ

6.1 Айтылған тарих деректерін қолдану және
оны жариялау
6.2 Айтылған тарих деректерін түсіндіру: әдіс-
тері мен ерекшеліктері

6.1 Айтылған тарих
деректерін қолдану және оны жариялау
Бүгінде жеке адамдардың өткен өмірі жөніндегі тарихи ес-
теліктер білім, ғылым жүйесінде және бұқаралық ақпарат

құралдарында кеңінен қолданымға тартылып жүр. Әсіресе
биылғы ҰОС-ң 70 жылдығының аталуына орай жыл бойы
ардагерлерден журналистикалық сұхбаттар жүргізіліп, кез-
десулер өткізілді. Жекелеген авторлар өмірбаяндық естелік

кітаптар шығарды. Тарихи оқиға куәгерлерінің естеліктерін
айналымға тарту, ардагерлермен сұхбаттасу арқылы өткен
өмірге қатысты дерек көздері толыға түседі. Айтылған тарих
бағытында кәсіби сұхбат жүргізіп, әңгімені мәтінге түсіріп,

рәсімдеп, оны мұрағаттау тарихшыларға жүктелетін маңызы
зор іс. Аталған тарауда міне осындай ғылыми, танымдық мә-
селелер талдауға алынбақ.
Бүгінде тарих ғылымы методологиясының жаңаруы та-

рихшы алдына жаңа міндеттерді жүктей бастады. Әсіресе
айтылған тарих аясында жұмыс істеу – тарихшы маманның
пәнаралық тоғыста, яғни әлеуметтану, экономика, психоло-
гия, журналистика ж.б. ғылымдар тоғысында барынша эру-

дицияға бай болуын талап етуде. Себебі айтылған деректерді
жинай білген және оны түсіндіруді меңгерген зерттеуші ғана
жеке адамның әрекет ету алдындағы таңдауларын, оның ішкі

173

себептерін анықтай алмақ. Айтылған тарих зерттеушілерінің
бірі Бутько В.Н. әрбір адамды «ауызша мұрағат» (устный
архив) санатында қарауға шақырады. Себебі қайсыбір жағ-
дайларда жеке адам жадындағы естеліктер тарихи шындыққа

апару мүмкіндігін көрсетеді.
Айтылған деректер беретін ақпараттар екіге бөлінеді. Бірі,
тарих айту дәстүрі беретін ақпараттар жалпыхалықтық жад
сипатына ие, яғни кең ауқымды және ұзақ мерзімді қамтитын,

батырлық эпостары мен тарихи жыр – елдің өткені. Екіншісі,
мемуар, куәгерлер естеліктері мен жадтағы мәліметтері.
Бірінші дерек түріне Висконсин университетінің профес-
соры Ян Вансина өзі «ауызша дәстүр» деп атаған ұғымға бес

күрделі категориялардан тұратын дерек түрлерін жатқызады.
Біріншіден, бұл әр түрлі ғұрыптар, ұрандар мен титулдар, қа-
натты сөздер. Екіншіден, бұл географиялық атаулар мен адам
аттары. Үшіншіден, тарихи, діни және жеке поэзия. Төртінші

категория – тарихи, дидактикалық, көркем және жеке басқа
қатысты әңгімелер. Ең соңында, бесіншіден, әдет-ғұрып заң-
дары және олардың түсіндірмелері. Ал айтылған тарихтың
жалпы деректерін қолданысына қарай үш түрге топтайды:

ертеден келе жатқан халықтың тарих айту дәстүрі, куәгерлер
жадындағы тарих, түрлі қауесеттер.
Әдетте, батыс тарихнамасы айтылған тарих деректеріне
сұхбаттың және әңгіменің дыбыстық жазбасын, көпшілік

алдындағы сөйлеген сөзді, оқиға орнынан берілген репор-
тажды, радиохабарды жатқызады. Айтылған тарих маман-
дары Дж. Эварт Эванс, П. Томпсон, А. Портелли айтылған
тарихтың дыбыстық нұсқадағы деректерін жоғары бағала-

ды, себебі олар дерекпен жұмыс істеудің эпистемологиялық
ерекшелігі ақпаратты жазып алу және сақтау формаларына
тікелей байланысты деген қорытындыға келді.
Біз қазір айтылған тарих деректері ретінде кең мағынада

түрлі жолдармен жеткен ауызекі әңгімені, халық фолькло-
рын, дыбыстық және аудиовизуалдық материалдарды қа-
былдаймыз. Тар кәсіби мағынасында кәсіби сұхбат не әңгі-
менің дыбыстық жазбасы және оның қағаз бетіндегі мәтіні

айтылған дерек делінеді.
Қорыта айтқанда: жеке адам өмірбаяны, мемуарлар, отба-
сылық мұрағат, құпия хабарлар (жасырын берілген хабар),

174

баяндама, жеке есеп, айтылған ұжымдық деректер (яғни,
фольклор, ән, халық аузындағы әңгіме, аңыз, мақал-мәтел-
дер, жырлар, терме, ертегі, дақпырт), ірі-кіші оқиғаларға ті-
келей қатысушылар мен куәгерлер сұхбаты, әңгімесі мен т.б.

Мемлекеттік қайраткерлердің сөйлеген сөздерінің мәтіні,
журналистердің жүргізген сұхбаттары, телефон және т.с.с.
сымсыз байланыс әңгімелері айтылған тарихтың қосымша
дереккөздері болып саналады.

Айтылған тарих деректерін жинау белгілі мақсатты көз-
дейді. Басты мақсат – деректерді ғылыми тұрғыдан қоры-
тып, жарыққа шығару көпшіліктің назарына ұсыну. Ай-
тылған тарих деректерінің ғылыми басылым түрлері қандай?

Енді осы сұраққа жауап іздеп көрелік. Басылымдардың өзі
бірнеше түрлерге бөлінеді. Оларды негізінен: ғылыми, ғылы-
ми-көпшілік, публицистикалық мақсатта жариялау түрлері
құрайды. Айтылған тарихи деректерді жариялаудың мақса-

тына қарай мазмұны мен құрылымы да әр түрлі болады.
Шетелдік тәжірибеде айтылған тарих деректерін сұхбат
түрінде жариялау кең етек алған. Сұхбат алушы мен сұх-
бат берушінің диалогы түрінде, яғни сұрақ-жауап формасын-

дағы мәтіндерді жариялайды. Мұндай жарияланымдардың
ақпараттық кеңістікте алуан түрі кездеседі. Көп кездесетін
түрлері – түпнұсқалық (оригинал) материалдар түріндегі жа-
рияланымдар.

Одан кейінгі кезекте редакцияланған материалдар түрін-
дегі жарияланымдар. Зерттеушілер бұл екеуінің де өзіндік
кемшіліктері мен жетістіктері бар екенін көрсетеді. Оларға
төменде кеңірек тоқталамыз.

Біріншісін, түпнұсқалық тарихи сұхбат-диалогтары
жөнінде талдау жасайық. Мұндай жарияланымдар көп
жағдайда ғылыми ортада орын алған. Түпнұсқалық тарихи
сұхбат-диалогты жариялау дегеніміз – аудиожазбаны сол

қалпында қағаз бетіне түсіру, яғни сұхбаттың транскрипция-
ланған мәтіні болып табылады. Түпнұсқа мен мәтін бір-бірі-
не дәл келіп, айна қатесіз бірдей болуы талап етіледі. Демек
сұхбаттың алғашқы мәтіні өзгеріссіз жарияланатын еңбек-

тер. Мұндай нұсқаларда оригиналға тән тарихи, лингвисти-
калық, психологиялық және антропологиялық мәліметтер
тұтастығы, кешендігі сақталады. Мәтін боямасыз беріледі.

175

Шынайылығы (аутентичность) сақталады. Осылардың бар-
лығы – түпнұсқалық сұхбат жарияланымдарының артық-
шылықтары.
Ал оның кемшілігі, аталған басылымдардағы мәтіндерді

оқу, оларды түсіну қиындық туғызады. Артық сөздер, тақы-
рыптан ауытқулар, түсініксіз және бұлыңғыр жеткізілген ой-
лар, ақпарат берушінің түрлі диалект сөздерді қолдануы т.с.с.
негізгі ойды қабылдауды қиындатады. Аталмыш мәтіндердің

бұл кемшілігін ескере отырып, авторлар мәтінмен қатар, сұх-
баттың аудио-видео жазбаларын (көбіне дисктер түрінде)
бірге қосып береді. Мұндай қосымшасы бар кітаптар қолға
түссе, зерттеуші үшін үлкен табыс болмақ. Әсіресе, диск

түріндегі қосымшалары бар жарияланымдар тарихшылар,
этнографтар, лингвистер үшін аса қажет.
Редакцияланған материалдар түріндегі жарияланымдар-
ға келер болсақ, бұл қатардағы еңбектердің де жариялану

нұсқалары әртүрлі. Біріншіден, олар қарапайым оқырман-
нан бастап, академиялық ортаға дейінгі кең аудиторияға ар-
налған. Мәселен, құжаттар материалдарының жинақтарын-
да, хрестоматияларда, практикумдарда оқу материалдары

ретінде жарияланған сұхбат-деректер, әңгімелер кездеседі.
Екіншіден, басылымға ғылыми-анықтамалық және түсіндір-
ме мәліметтер қоса берілсе, айтылған тарих материалда-
рының құндылығы артады және көпшіліктің қолдануы мен

түсінуін оңайлатады.
Редакцияланған материалдар жарияланымы көбіне тақы-
рыптар бойынша сұхбаттардың үзінділерінен құрастырыла-
ды. Жоғарыда атап өткеніміздей, мұндай жарияланымдарда

айтылған деректерге редакторлық түзету жүргізіледі. Осы қа-
тардағы еңбектерге ғылым, қоғам және саясат қайраткерлері-
нен алынған толық мәтінді сұхбаттар жатады. Ондай еңбек-
тер негізінен биографиялық сипаттағы сұхбаттардан тұрады.

Келесі басылым түрін, тарихи сұхбаттың ең бір маңызды,
айшықты және бояуы қанық деген тұстарынан алынған сұх-
бат үзінділері құрайды. Ол редакцияланған, қысқартылған
сұхбаттардың немесе сұхбаттың іріктелген үзінділерінің не-

месе қысқа сұхбаттардың мәтінінен тұрады. Мұндай айтыл-
ған тарих материалдарының жинақтары негізінен көпшілік
қауымға арналып жарияланады. Бұл үзінділер автордың то-

176

лық сұхбат материалдарының ішінен мазмұнды деп іріктел-
ген бөліктерінен алынады. Аталмыш нұсқадағы басылымдар-
дың артықшылығы мәтін мазмұнын қабылдауды жеңілдетеді,
эмоционалдық толғаныстар туғызады, оқу үшін қызық әрі

түсінікті болады. Мұндай жарияланымдар белгілі тақырып
төңірегіндегі сұрақтар мен олардың жауаптары ретінде ба-
сылады. Бір сұрақ әр түрлі сұхбат берушілерге қайталанып
қойылып отырады. Сонымен қатар, әңгіменің жүру ауанына,

жағдайына қарап сұрақтағы ой сақталып, құрастырылуы өз-
геріп отыруы мүмкін.
Сұхбат үзінділерін жариялауды тереңінен талдап кө-
релік. Ол тек сұхбат материалдарын қысқартуды немесе ре-

дакциялау дегенді білдірмейді. Оған дейін тақырыпқа қатыс-
ты сұхбат бөліктерін белгілі бір тәртіппен іріктеп жинақтап
алу қажет. Әсіресе, этнографтар мен фольклористер осындай
тәсілді кең қолданады. Жиналған барлық материалдарды та-

қырыптарға шашып тастап, сосын бір тақырып немесе бір
ой төңірегінде айтылғандарды әңгіменің басында, ортасын-
да не соңында орналасқанына қарамай мазмұндық сипатына
қарай сұрыптап біріктіреді. Мысалы, егер респондент бала-

лық шағы туралы әңгімесінің басында айтып, сосын басқа та-
қырыпқа ауысып, ортасында балалық шағы туралы әңгімеге
қайта оралатын болса және т.с.с., оның балалық шағы тура-
лы барлық айтқандары модельденіп біріктіріледі, сосын ре-

дакцияланады. Қайталанған ойлары немесе оқиғалары болса
алынып тасталады. Ең сәтті, анық тілмен суреттелген ойлары
іріктеліп алынады.
Көптеген қазіргі жарияланып жүрген естеліктер жинағы

осы негізде орын алып жүр. Оған шетелдік және отандық
осындай жарияланымдардан көптеген мысалдар келтіруге
болады. Ресейдің Европа университеті Йоенсуу универси-
тетімен (Финляндия) біріккен 2000-2003 жылдардағы дала

экспедициясының материалдарын, яғни сұхбаттарын үзінді-
лерге бөліп, тақырыптарға біріктіріп жариялады. Тақырып-
тық сұхбат үзінділері диалог формасында берілді.
Елішілік экспедицияларда бір өңір адамдарының ортақ

тағдыры мен ортақ өмір жолын көре аламыз. Олардың осы
тарихи тағдырларының негізгі кезеңдері және оның мазмұ-
ны жарияланымның да тақырыбын және құрылымын анық-

177

тайды. Мысалы, жаңа жерге қоныс аударылғандарға ортақ
тақырыптар көші-қон тарихы, жаңа жерді игеру және жаңа
жағдайға бейімделу барысы, олардың бір-бірімен және
жергілікті халықпен қарым-қатынасы, әлеуметтік қызмет

көрсету және рухани мәселелері т.с.с. болып табылады. Не-
месе нақты тарихи оқиғаларға қатысушылардың (мысалы,
желтоқсан көтерілісіне қатысқандар) өмірлерінің ортақ ар-
қауы, желісі болады. Жақын шет елдерде, Ресей тарихнама-

сында осындай іске асқан жобалар көп. Мәселен, Карелия
тұрғындарының айтылған деректері бойынша жарық көрген
ғылыми мақалалар мен деректер жинақтарын айтсақ жетіп
жатыр. Бірнеше шығарылымдардан тұратын бұл жинақтар-

дың бірінші томында 1930-шы және 1945-1956-шы жылдар-
да Петрозаводск университетінде қызмет жасаған 4 адамның
сұхбаты берілген. Солардың негізінде Карелия тұрғындары-
ның күнделікті өмірі туралы тұжырымдар, қорытындылар

жасалған. Бұл шығарылымдар, екі бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімінде мақалалар, екінші бөлімінде деректер жинақтал-
ған. Жарияланымның тағы бір түріне мысал келтірсек. Мә-
селен, жинақтың 4-ші шығарылымында Карелия (Петроза-

водск мемлекеттік университеті) мен Беларуссия (Беларуссия
мемлекеттік университеті мен Ғылым академиясы) ғалымда-
рының біріккен жобасы аясындағы соғысқа дейінгі және со-
ғыстан кейінгі кезеңдердегі күнделікті өмір тәжірибесі мате-

риалдары жарияланған. Оған 5 беларусс ұлтының (1915-1924
жылдарда туылғандар) берген сұхбаты және 1922-1936 жыл-
дары дүниеге келген 8 карелиялық респонденттің сұхбаты
кірген. Сұхбаттар әр түрлі географиялық ортада өмір сүрген

адамдардың тағдырын салыстыруға мүмкіндік беретіндігі-
мен ерекше. Екінші бір ерекшілігі, екі жақ ғалымдары екі
түрлі әдісті қолданған. Беларуссия ғалымдары биография-
лық әңгімелер әдісіне басымдық беру арқылы респонденттің

өз өмірі туралы еркін сөйлеуіне мүмкіндік берген. Бұл әдіс
айтылған тарих деректеріндегі әлеуметтік, мәдени жад түр-
лерін зерттеуге қолдануға ыңғайлы. Ал Ресей ғалымдары
сұхбаттарын сауалнама арқылы жүргізген. Бұл әдістің артық-

шылығы бай фактілік мәліметтер алуға және оларды сұхбат
барысында нақтылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба

178

тәжірибесі қазіргі зерттеушілер үшін ескеруге тұрарлық деп
ойлаймыз.
Отандық тарихнамадан сәтті ғылыми басылымдар қата-
рында соңғы жылдары жарық көрген екі кітапты атап өткіміз

келеді. Бұлардың бірі – А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі
институтының, А. Бектұров атындағы химия ғылымдары
және Д. Сокольский атындағы органикалық катализ бен
электрохимия институттарының жетекші ғалымдарымен

«Менің ғылымдағы өмірім» тақырыбында жүргізілген 21 та-
рихи сұхбаттардың жарияланымы. Бұл сұхбаттар өмірбаян-
дық принципті басшылыққа алатын терең диалог-баяндау-
лардан тұрады. Ғылымның әр түрлі саласындағы ғалымдар

өз өмірі, өз уақыты және ғылыми ортасы туралы ой толғай-
ды. Қазақстан ғылымының ішкі өмірін терең түсінуге жол
ашатын бұрын мәлім болмаған тың деректермен және жаңа
пікірлерімен бөліседі. Ғылыми басылымда сұхбат жүргізіл-

ген институттар туралы қысқа тарихи анықтамалардың бері-
луі де оқырманның тақырыпты меңгеруін оңайлатады.
Келесі жоба, «Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жыл-
дарында (1941-1945 ж.ж.)» деп аталады. Кітап Жамбыл об-

лысындағы тұрғындардың күнделікті өмірі туралы хабар
береді. Бұл ғылыми-көпшілік басылымның деректік негізін
Жамбыл облыстық мұрағатының құжаттық материалдары
және де майдан мен тыл ардагерлерімен өткізілген тарихи

сұхбаттар құрайды. Сонымен қатар, айтылған тарих дерек-
тері мен мұрағат қорларындағы құжаттарды қатар қолданған
жоба орындаушыларының тақырып аясындағы ғылыми ма-
қалалары да басылым мазмұнын байыта түскен. Бұл аталған

басылымдар айтылған тарихтың сұхбат алудың жаңа техно-
логияларына негізделген, зерттеушілердің бірден-бір іргелі
ғылыми еңбектерінің бірі еді.
Қазақстан тарих ғылымында құжаттар мен материалдар

жинақтарынан айтылған деректердің естеліктер түріндегі
жарияланымдарын көптеп кездестіреміз. Осы арада естелік
пен сұхбаттың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқ-
тала кеткеніміз орынды. Естеліктің басты сипатының бірі

адамның жадында сақталғандарын өзі жазба мәтінге не аудио
таспаға түсіреді. Ол үшін екінші біреудің (бұл жерде сұхбат
алушы) көмегіне сүйенбейді. Оны еркін әңгіме (нарратив)

179

деп те атайды. Ал диалог түрінде берілген естелік сұхбат
болып табылады. Және де осы соңғы түрі айтылған тарихта
көбірек қолданылып жүр.
Айтылған тарихтың әдіснамасын қалыптастыруға айтар-

лықтай үлес қосқан Ресей тарихшыларының бірқатар еңбек-
терін атамасқа болмайды. Олардың қатарында оқулықтар,
жинақтар мен монографиялар, хрестоматиялар бар. Сондай
еңбек авторларының бірі – Л.М. Лоскутова. Оның редакция-

сымен жарық көрген «Айтылған тарих хрестоматиясы» 2003
жылы жарық көрді. Онда шетелдік мамандардың айтылған
тарих әдістемесі туралы еңбектерінің аудармалары жинақ-
талған. Олар демографиялық, саяси және әлеуметтік-эко-

номикалық тарих салаларында қолданатын айтылған тарих
әдістерімен бөліседі. Жеке сұхбатты талдау арқылы іске аса-
тын зерттеуші практикасы көрсетіледі. Ондағы библиогра-
фиялық тізім жас зерттеуші-ғалымдар үшін пайдалы ақпарат

болмақ. Сонымен қатар, Л.М. Лоскутованың «Айтылған та-
рих: зерттеу жүргізудің әдістемелік ұсыныстары» кітабы де-
ректерді алу, сақтау және қолдану әдістерін меңгеруге үлкен
септігін тигізеді.

2011 жылы жарыққа шыққан Т.К. Щеглованың «Айтылған
тарих» оқу құралы жөнінде атап өткен жөн. Аталған автор
еңбегі Айтылған тарих бағытындағы Ресей тарихнамасының
қатарын толықтыра түсті. Оқулықта автор айтылған тарих

теориясы мен практикасына талдау жасайды, тарихты зерт-
теудің жаңа технологиясы мен әдістерін көрсетеді. Айтылған
тарих деректерін ғылыми айналымға алу мен түсіндірудің
ұсынымдарын береді. Оқу құралының үштен бірі дерлік

практикалық қосымшаларға арналған. Олар аса құнды ұсы-
ныстар, сұхбат сұрақтары, анкета формаларынан тұрады.
Айтылған тарих деректері негізінде зерттеліп және жазы-
лып, жарияланып жүрген тақырыптардың бірі гендерлік та-

рихқа арналған Орталық Азия ғалымдарының бірқатар үздік
жазылған еңбектерін атауға да болады. Мәселен, М. Кәмптің
«Өзбекстанның жаңа әйел» атты монографиясы. Осы рет-
те М. Тохтаходжаеваның «ХХ ғасыр Өзбекстан әйелдерінің

көзімен» естеліктер жинағы да сәтті шыққан.
Сонымен, айтылған тарих деректері өткенімізді жаңа қы-
рынан тануға мүмкіндік береді. Танымал тұлғалардың және

180

қарапайым еңбек адамдарының өмірінің көптің көзінен таса
болып келген тұстарын ашты, тың деректер берді. Мұра-
ғат қорларын жаңа құжаттармен байытты. Тарих барысын
нақтылауға көмектесті. Тарихтың иллюстрациялық және

түсіндірме материалын ұсынды. Тарихты зерттеу бағытын
өзгертті әрі түзеді.
6.2 Айтылған тарих деректерін түсіндіру:
әдістері мен ерекшеліктері

Тарихи интерпретация (лат. іnterpretatіo – түсіндіру, түсінік
беру, мәнісін ашу) – тарихи танымның базалық зерттеу про-
цедурасы; тарихи фактіні түсіндіру, мазмұн беру болып табы-
лады. Тарихи фактіні интерпретациялаудың методологиясын

жасағандардың қатарында неміс тарихшылары И. Г. Дройзен
(1808-1886), Э. Бернгейм (1850-1942). И. Г. Дройзен тарихи
интерпретацияның төрт қырын анықтап берді: прагматикалық
интерпретация – дерек негізінде тарихи құбылыс көрінісін

реконструкциялау; сол уақыттағы жағдайды интерпретация-
лау – анықталған фактінің тарихи контексін ашып беру; пси-
хологиялық интерпретация – зерттеліп отырған мәселені ту-
ғызған әрекетті анықтау; идея интерпретациясы – әрекеттің

адамгершілік тұтқаларын түсіндіру.
Айтылған тарих деректерін түсіндірудің кеңінен пайдала-
нылатын әдістері қатарында нарративтік немесе семантика-
лық және реконструкциялық тәсілдерді атауға болады.

1970-шы жылдары тарих ғылымы лингвистикалық бетбұ-
рысты басынан кешіргені белгілі. Сондықтан нарративті
талдау тарихшыларға біршама таныс. Жалпы, нарратоло-
гия ХХ ғ. 60-70 ж.ж. жазба әңгімелерді, көркем мәтіндерді

зерттеудің структуралистік әдісі ретінде пайда болды. Оның
негізгі міндеті әңгімелеудің астарында жатқан «терең құры-
лымдар» мен «әмбебап грамматиканы» іздеу деп белгіленді.
Нарративті тарих аясында оқиғалардың мағынасы түбегейлі

негізделген тарихи процесс деп емес, оқиға туралы әңгіменің
контексінде туындайтын және интерпретациямен ішкі
байланыста болады деп түсіндірілді.
Нарративтік талдаудың көмегімен фактілер, оқиғалар ірік-

теледі және түсінік беріледі. Олар белгілі бір «сюжетке»

181

айналып, оқиғалар неге дәл осылай болу мәнісі ашылады.
Нарратив шындықты түсіндіру моделін жасайды, тәртіпке
келтіреді, ұйымдастырады, сендіреді. Ол аудитория назарын
бір құбылыстарға аударады, ал екіншісін тасада қалдырады.

Нәтижесінде құбылыстар әлеуметтік және коммуникативтік
контексте мән-мағынаға ие болады. Нарратив арқылы субъ-
ект өзін әлеуметтік аудиторияға белгілі бір қоғамның, мәде-
ниеттің өкілімін деп таныстырады. Нарративтің ерекшелігі де

осында, өйткені когнитивтік практикасын түсіндіруші субъект
таным процесінің «ішінен шыққан». Нарратив 6 элементтен

– тезис (қысқаша мазмұны, резюмесі), бағыт-бағдар (болған

уақыты мен жері, кейіпкерлері), оқиға реттілігі, бағасы (айту-
шының оқиғаны бағалауы), резолюциясы (оқиға немен бітті),
коды (айтушының қазіргі уақытқа қайтуы) – тұрады.
Нарративтік талдау барысында сұхбат материалдары

мазмұндық ғана емес, мәтін формасына қатысты да сарап-
талады. Яғни сұхбат берушінің жеке басына қатысты немесе
белгілі бір оқиғаны субъективті қабылдауына байланысты өз
еркімен, өз қалауымен қандай оқиғалар мен өмірінің жайт-

тарын бөліп көрсететінін өзі шешеді. Сонымен қатар сұхбат
беруші қандай категорияларды, ұғымдарды, сөздер мен сөз
тіркестерін пайдаланатыны да маңызды.
Нарративтік талдау биографиялық немесе тақырыптық

сұхбатты сапалы түрде талдауға жетелейді. Ф. Шютц, В. Фи-
шер, Г. Розенталь, Дж. Брунер – нарративтік талдаудың мето-
дологиялық негіздерін жасаған ғалымдар. Айтылған әңгіме-
лерді (нарратив) оқу, түсіндіріп беру және талдау бір-біріне

тәуелсіз холистикалық тәсіл немесе «категориялық versus»
және мазмұндық тәсіл немесе «формалдық versus» өлшем-
дерімен жүреді. Бұл екі өлшемнен нарративті интерпрета-
циялаудың төрт моделі туындайды: холистикалық-мазмұн-

дық, холистикалық-формальдық, категориялық-мазмұндық
және категориялық-формалдық.
Категориялық тәсіл толық мәтінді не түрлі респонденттер-
ден алынған бірнеше мәтінді секцияларға бөлу және ондағы

сөздерді категориялармен байланыстырып талдауды білдіреді.
Холистикалық
тәсіл
материалды

тұтас
қарастырып
мәтіннің әрбір бөлігін басқа бөліктердің контексінде түсінді-
реді. Категориялық тәсіл белгілі бір мәселені не феноменді

182

түсіндіруге ыңғайлы. Тұлға өмірін тұтас зерттеуге холисти-
калық әдіс қолайлы.
Мазмұндық тәсіл оқиға туралы әңгіменің фактілік ақпара-
тын талдайды: тұтас оқиғаның не оның бөліктерінің мәні мен

маңызын, мүдделердің көрінісін, информанттың тұлғалық
ерекшелігін, т.с.с.
Формалды талдау әңгіме сюжетінің құрылымын, оқиғалар
реттілігін, уақыттық сәйкестігін, көңіл-күй мен сезімдерге

қатысты сөйлеу стилін, қолданылған метафоралар, т.б. анық-
тау үшін қолданылады.
Нарративті зерттеп жүрген ғалымдар «кездейсоқ оқиға-
лар» тәжірибесін баяндайтын жағдайлармен жиі ұшыра-

сатындарын айтады. Мысалы, Лабов пен Валецки [Labov,
Waletzky, 1967] жұмыстарында нарратив өмірге қауіп туған
сәттер туралы әңгімелерден алынған. Соғысты, жақында-
рынан айрылуды, қатерлі ауруды басынан өткеру жағдайы

немесе өміріндегі ең бақытты және ең бақытсыз кезеңі ту-
ралы әңгімелегенде интервьюерлер өздерінің сол уақыттан
бастап басқа адамға айналғанын айтады. «Бетбұрыс сәтінде»
сенімінің, пікірінің, көзқарасының түбегейлі өзгеру себебін

түсіндіреді. Нарративтің бұл ерекшелігін «өзін-өзі иденти-
фикациялау зақымы» деп те атайды. Өмірін «дейін» және
«кейінге» бөліп әңгімелеуші өзінің өзгеріс сәтін (транформа-
циялануын) ашып береді.

Зерттеушілер өмірбаяндық нарративтердің тағы да мы-
надай ерекшелігін анықтады. Жүргізілген зерттеулерге қа-
рағанда, әңгіме барысында барлық етістіктердің 70 пайызы
ғана өткен шақта қолданылады екен.

Нарратив өткенге баға беріп түсіндірумен байланысты
болғандықтан, ненің дұрыс, құнды екендігі туралы пікірлер
айтылады. Өз заманының «Жақсы өмірі» туралы нормативті
идеяларын басып көрсетеді. Яғни, мұндай әңгімелерде пси-

хологиялық, әлеуметтік, талғамдық және этикалық бағамдар
пайымдалады.
Дегенмен, мәтіндік, лингвистикалық талдау ролін тым
асыра бағалауға да болмайды. Себебі ол зерттеу субъектісі

мен объективті шындықты ашу мақсаты мәселесінен басқа
жаққа бұрып кетуі мүмкін.

183

Қазіргі айтылған тарих лингвистика техникаларын сұхбат-
тасу мәтініне сапалық сараптама жасауға тиімді пайдалана-
ды. Бұл техниканы біз «контент-анализ» (контент-сараптама)
деп атап жүріз. Контент-анализ сұхбат материалдарында кез-

десетін сөздер, сөз тіркестері жиілігін анықтайды. Аталған
тәсіл адамның белгілі бір кезеңдегі өмір тәжірибесін сипат-
тауға жақсы көмектеседі. Дегенмен, сұхбат мазмұнының жал-
пы контексін сақтау қажет және ол маңызды. Сондықтан бір

сұхбатты автоматты түрде екінші сұхбатпен немесе басқа кон-
текстпен салыстырып қарауға келмейді. Осындай қиындық-
тар ауызша айтылғандарды жазбаға айналдырғанда да, оны
түсіндіру-талдауда да туындайтынын ескеріп отыру қажет.

Айтылған деректерді талдаудың тағы бір маңызды мәселесі

– жасырынған (латентті) ақпаратты анықтау әдісі. Сұхбат бе-

руші кейбір мәселелерді ашық айтқысы келмеуі мүмкін. Оның
саяси, ұлттық немесе жеке басқа қатысы болуы әбден мүмкін.
Мәселен, кеңестік кезеңдегі репрессия саясатына қатынасы,
дінді және діни қызметкерлерді қудалау мәселесі т.с.с. Кезін-

де тоталитарлық жүйе қатаң бақылауда ұстаған осындай мә-
селелер төңірегінде партия саясатына ашық не қарсы пікір
айту көптеген куәгерлер үшін жеңіл тимейді. Сондықтан ол
тақырыптарды қозғаудан өзін аулақ ұстайды. Зерттеуші-та-

рихшы осы тақырыптарды орынды қозғап, сөйлете білсе, сол
жылдардағы адамдардың ішкі ойын, оның көзқарасы мен та-
нымын ашуға айтарлықтай үлес болары сөзсіз.
Енді айтылған тарих деректерін талдаудың реконструкция-

лық әдісіне тоқталсақ. Бұл әдіс айтылған тарих деректерінің
жарияланымдарында көп қолданылады. П.Томпсонның
пікірінше, бұл әдіс Даниел Бертонның «этносоциологиялық
әдісіне» жақын. Берто «Les Récіts de vіe» («Өмір туралы

әңгімелер») еңбегінде сол әдісін кең пайдаланады. Биогра-
фиялық сұхбаттың міндеті әлеуметтік контекстің және оның
жеке элементтерінің қалай әрекет ететінін, өзгеретінін де-
тальдар арқылы қайта қалпына келтіру болып табылады.

Мысалы, еңбек жағдайы, жалғыз басты аналар жағдайы,
ажырасқан әкелер мәселесі, үйсіз адамдар тіршілігі және т.б.
Бұл міндеттер ауызша дерек-айғақтар негізінде әлеуметтік
тарихты зерттеуші көп мамандар ізденісінің объектісіне ай-

налғанына батыс елдерінде жарты ғасыр болған екен. Сол

184

себепті әлеуметтік-тарихи және социологиялық талдау әдіс-
терінің арасында көп ұқсастық бар.
Айтылған тарих деректерін талдағанда әрбір сұхбат беруші
өзінің субъективті шындық көрінісін ұсынатынын ұмытпаған

жөн. Айтылған тарих дәуір оқиғалары туралы әркімнің жеке
танымын, басынан өткізген оқиға туралы түсінігін береді.
Сондықтан оның субъективтілігі ескерілуі тиіс. Зерттеудің
сапалы әдістерін қолдану, әсіресе тарихи сұхбатты дұрыс

ұйымдастыру және жүргізу көп факторлы, көпбейнелі әлеу-
меттік өмірді суреттеуге мүмкіндік береді.
Айтылған тарих деректерін талдаудың, түсіндірудің әдіс-
терін пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін қорытындылай

білу өте маңызды. Қайсыбір отандық әдебиеттерде айтылған
деректерді типологизациялауға, жүйелеуге келмейтіндігі,
сонымен қатар, өңдеу мен сараптау жұмыстарының қиын-
дықтары алға тартылады. Әйтсе де, бұл жөнінде шетелдік

жақсы тәжірибелер баршылық. Тіпті, сұхбаттар бойынша
сапалық сараптамаға құрылған тәп-тәуір кесте үлгілерін де
кездестіруге болады. Дәстүрлі тарихнамада қоғам туралы қо-
рытынды пікірлер ауызша деректер негізінде жасалмайды.

Айтылған тарих деректерін қосалқы немесе жанама дерек
көзі ретінде қарау үрдісі қалыптасқан. Не болмаса оны дерек
ретінде қабылдаудың белгілі шарттары орындалғаны талап
етіледі. Олардың қатарында деректердің репрезантивтілігі

(көрнекілігі), респонденттердің іріктеліп алынуы, дерек-
тердің басқа түрлерін де қатар тарту қажеттігі. Алайда сұхбат
берушілер мен олардың куәлендіру жауаптарының қандай
мөлшері қорытынды пікір жасау үшін жеткілікті болатынын

ешкім де анықтаған емес.
Ауызша деректерді сараптағанда тағы да бір есте сақтай-
тын мәселе – алдын-ала кешіп-пісілген бір пікірлерді дәлел-
деу мақсатында мәтінді талдауға ұмтылмау. Бұл – мүлдем

қате жол. Зерттеуші өз ортасында қалыптасқан түсініктер
мен көзқарастардан кетіп, респонденттің ұғымындағы, кө-
кейіндегі мазмұнды ашуы тиіс. Ол үшін сұхбатты толық
оқып шығу қажет. Содан кейін талдау жұмыстарының кезегі

келеді. Контекстен жұлып алынған үзінділер арқылы өзінің
ұстанған гипотезасын дәлелдеуге ұмтылу дұрыс емес. Қазір
зерттеушілер сұхбаттан үзінділер бергенде мынадай талапты

185

ұстанған орынды деп есептейді. Бір мәселеге қатысты әңгі-
менің басталған жерінен бастап біткен жеріне дейін толық
берілуі тиіс. Яғни сұхбаттың жалпы мағынасын бұрмаламау,
оның негізгі ой жүйесі аясының сақталуын қадағалау фраг-

менттер мен үзінділерді пайдаланғанда басты назарда болуы
қажет.
Қазақстанда айтылған тарих деркқорын құру енді ғана
қолға алынып, бұл жолда біршама тақырыптармен жұмыстар

жүргізілуде. Алдағы уақытта еліміздің зердесінде сақталған
жад мұрағатын хатқа түсіру, оны болашаққа жеткізу баршаға
ортақ іске айналғаны жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Айтбаева Р. Ауызша тарих айту дәстүрі бойынша XVІІІ ғ. қазақ қо-
ғамы тарихының негізгі мәселелері /Т.ғ.к. ғыл. дәреж. алу үшін дайынд.
дисс. авторефераты. – А., 1992.
2.Алпысбес М.А. Шежире казахов: источники и традиции. (Учебник

для вузовских и послевузовских спецкурсов). – Астана, ИП «BG-Prіnt», 2013. – 240 с.

3.Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. – Ас-
тана: Парасат алемі, 2003. – 290 с.
4.Әбжанов Х. Қазақстан: ұлттық тарих, идея, методология. – Алматы:
Елтаным, 2014. – 328 б.

5.Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А.,

1985. – Т.2. – С. 148-166.

6.Вансина Я. Устная история и устная традиция / Я. Вансина // Хрес-
томатия по устной истории. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в Санкт-Петер-
бурге, 2003. – С. 66–109.
7.Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. – Павлодар, 2006. – Т.9. – 366 б.

8.Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХҮІІІ-
ХХ-ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын, 2004. – 400 б.
9.Қойгелдиев М.Қ. және т.б. Менің ғылымдағы өмірім. Ғалымдармен
21 сұқбат. Алматы: «Ұлағат» баспасы., 2014. – 472 б.

10.Қойгелдиев М.Қ. және т.б. Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жыл-
дарында (1941-1945 ж.ж.). Алматы: «Арыс» баспасы. 2015. – 584 б.

11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. А., 1985

12.Махат Д. Ұлт тарихын зерттеуде ауызша тарих деректерін пайдала-
ну: методологиялық мәселелер. http://www.enu.kz]
13.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б.

14. Портелли А. Особенности устной истории / А. Портелли // Хресто-

матия по устной истории. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в Санкт-Петербур-
ге, 2003. – С. 32–51.
15.Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант,

2008. – 728 б.

16.Томпсон П. Голос прошлого: устная история / П. Томпсон; ред. Е. И.
Солдаткина. – М.: Весь мир, 2003. – 368 с.

186

17.Тош Д. Стремление к истине: как овладеть мастерством историка
/ Д. Тош; ред. В. А. Русеев. – М.: Весь мир, 2000. – 296 с. Щеглова Т.К.
Устная история. Учебное пособие. Барнаул: АлтГПА, 2011. – 364 с.
Бақылау және өзін-өзі тексеру

сұрақтары 1. Респонденттің сипаттап отырған оқиғасының шынайы

екендігін қалай анықтауға болады? 2. Берілген сұхбат бойынша оқиғаға қатысушылардың

мүдделерін анықтаңыз. 3. Оқиғаның жеке адам үшін, қала, аймақ және бүкіл ел

үшін маңызы қалай анықталады? 4. Сұхбат беруші куәлік еткен фактілерден қорытындылар-

ды қалай жасауға болады? 5. Сұхбаттан алынған мәліметтерден респонденттің руха-

ни ұстанымдарын анықтау жолдары қандай? 6. Респондент сипаттап отырған оқиғаның авторлық көзқа-

расқа жататын жаңашылдығын анықтаңыз.

187

7 ТАРАУ

АЙТЫЛҒАН ТАРИХ МЕКТЕПТЕ

7.1 Мектепте тарих пәнін оқытудың жаңа тех-
нологиясы. Айтылған тарих.
7.2 «Менің өлкем» жобасы айтылған тарих
әдісімен

7.1 Мектепте тарих пәнін оқытудың
жаңа технологиясы. Айтылған тарих
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Назарбаев Уни-
верситеті студенттері алдында оқыған «Қазақстан білім қо-

ғамы жолында» атты дәрісінде «Озық халықаралық тәжіри-
бе негізінде мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруде
оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу қажет. Олар
инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы

тиіс»1, – деп көрсетті. Әсіресе білім беру жүйесінде тарих са-
бағын оқытуды жаңа сұраныстарға бейімдеу – қоғамда мем-
лекетшілдік сана мен мемлекеттік бірегейлік, интеллектуал
ұлт қалыптастыру сияқты қоғамдық маңызы зор істерге жол

ашады. Сондықтан мектеп оқушыларына тарих пәнінен жаңа
сапалы білім берудің өзектілігі күн тәртібінен түспек емес.
Инновациялық технологиялар қарқынды дамыған ХХІ ға-
сырда тарих сабағын тек оқулық арқылы оқыту жеткіліксіз,

білім тарихи деректер, фильмдер, көркем әдебиеттер арқылы
да берілгені жөн. Пәнаралық тоғыста сабақ өту оқушылар-
дың көзқарас аясын барынша кеңейтеді және оларды өзіндік
пікірі бар тұлға ретінде қалыптастырады.

Бүгінгі күнде әлемде тарихты зерттеу және оқыту ісінде
«күнделікті өмір тарихы» және «айтылған тарих» сияқты жаңа
технологиялар кең өріс алуда.
---------------------

1 Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдын-
да сөйлеген сөзі. Қазақстан білім қоғамы жолында ///«Егемен Қазақстан»,
2012 жылғы 6 қыркүйек

188

Батыстық тарихнамада «антропологиялық революция»1
аталған бұл ғылыми бағыттардың ерекшелігі – тарихи зерт-
теулердегі басымдылықтың қарапайым қоғам мүшесінің
күнделікті өмір тіршілігін баяндауға берілуінде. Қарапайым

адамның өткен өмірін танып білуде сол адамның өз ауызымен
баяндалатын куәлігінің дерек ретіндегі маңызы ерекше.
Тарихи білім берудің жаңа технологияларының бірі – Ай-
тылған тарих. 80-90-100 жастағы ата-әжелеріміздің балалық

және жастық шағы осыдан жарты ғасырдан астам уақытта
жүріп өтті. Олар өмір сүрген соғысқа дейінгі (ұжымдасты-
ру, кәмпескелеу, ашаршылық), соғыс (ҰОС) және соғыстан
кейінгі (50-60 жж) жылдардан айтқан естеліктері сізді бір-

де мұңға батырса, бірде жылы сезімдерге бөлейді. Олардың
советтік қоғамда өткен биографиялық естеліктері – отбасы,
ата-анасы, бауырлары (олардың тағдырлары), өскен ортасы,
ауылы, киген киімі, тұтынған тағамы, оқыған кітабы, мек-

тептегі, еңбектегі күнделікті өмір тарихы әйтеуір оқырманын
бей-жай қалдырмасы анық. Міне мұндай бағыттағы зерттеу
жұмысын ғылымда – «Айтылған тарих» деп атайды.
Қазақ қоғамының тарихын жаңа сапа және мазмұнда зерттеп

білуде айтылған тарих, күнделікті өмір тарихы делінетін жаңа
методологиялық таным құралдарының маңызы зор. Өйткені
ұлттың өткен жолы осы уақытқа дейін макротарих тұрғысынан
зерттеліп және баяндалып келді, сондай-ақ ол кеңестік кезеңде

белгілі себептерге байланысты идеологиялық тапсырыстарды
орындауға тиісті болды.
Ұлт тарихын, оның түрлі кезеңдер мен саяси жүйе жағда-
йында жүріп өткен жолын түрлі идеологияланған және саясат-

танған талдаулар мен тұжырымдардан аршып алудың бірден-
бір тиімді жолы тарихнаманың осы жаңа бағыттарына сүйену
болса керек. Сонымен бірге бұл тарихи зерттеудің әлеуметтік
өмірге тереңдеп ене түсуінің (социализация) кезекті кезеңдегі

көрінісі ретінде қабылданғаны жөн. Басқаша айтқанда, қазіргі
таңда әлеуметтік тарих жаңа мазмұнға ие болып, ендігі уақыт-
та таптар, ірі әлеуметтік құрылым және институттармен қатар
отбасы, әулет, шағын қауым сияқты әлеуметтік микро-құры-

лымдар тарихы да зерттеу объектісіне айналмақ.
-------------------------------
1 Антропология, тарихи антропология (грек сөзі – (anthropos-адам)

– адамның табиғаты туралы ілім, тарихнамада зерттеу объектінің өзегі

ретінде адамның күнделікті өмірін, ондағы материалдық және мінез-құ-
лықтық, әдет-ғұрыптық ерекшеліктер мен өзгерістері нысанаға алынады.

189

Болашақ үлкен азаматтың негізі мектепте қаланатынды-
ғын, яғни, тарих және басқа да пәндерді оқу барысында отан,
атамекен, ел мен жер сияқты құндылықтар төңірегінде еркін
ой қорытудан басталатындығын ұмытпайық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, XXІ ғасыр бұл – ақпараттық
қоғам ғасыры. Бүгінде білім алушылар орасан зор ақпараттық
кеңістіктің субьектісіне айналып отыр. Бұл жөнінде Елбасы
Н.Ә. Назарбаев: «қазіргі заманғы білім берудің перспекти-

валық міндеті – ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар
ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау»1,

– деді. Сондықтан да олар ақпараттық көпірдің тұтқынына

айналмай, керісінше сол жаңа мәліметтерді тиімді пайдалана
білуді үйреніп, оларға сыни көзқараспен қарап, нәтижесінде
ғылыми жоба, реферат, презентация, фильм даярлауды игере
білгені жөн.

«Күнделікті өмір тарихы» және «айтылған тарих» сияқты
қоғам тарихын танып білудің тың әдіс-құралдары арқылы
мектеп жасөспірімдеріне жаңаша мазмұндағы білім беру көз-
делінеді. Аталған ғылыми әдіс-құралдар тарихи процестің

алуан-түрлі жаңа қырларын ашуға көмектеседі.
Әрбір азамат өзінің өмірлік тәжірибесінің ғылым үшін ма-
ңыздылығын сезінетін болады, сол арқылы жеке тұлғаның
азаматтық санасының қалыптасуына жағымды ықпал жаса-

лынады.
Айтылған тарих – сабақ барысында және сабақтан тыс уа-
қытта отбасы, туып-өскен ауыл және өңір тарихы жөнінде
түрлі фактілік материалдар жинауға, өңір және оның адамдары

жөнінде аңыз-әңгімелер, биографиялық материалдар қорын
жасап оларды жариялауға, сол арқылы назардан тыс қалған
дереккөздерін ғылыми айналымға қосуға мүмкіндік береді.
«Айтылған тарихтың» әдіс-құралдарын игеру жас зерт-

теушіге күнделікті өмір тарихын түсінуге және оны жазуға
да жол ашады. Зерттеудің бұл құралы әсіресе өткен советтік
кезеңдегі қоғамды сол заманда өмір сүрген, яғни, қазіргі уа-
қытта көзі тірі куәгерлер көзімен зерттеп тануға оңтайлы.

----------------------
1 Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қаз-
ҰУ-і студенттерінің алдында сөйлеген сөзі. Қазақстан дағдарыстан
кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс. //Егемен Қазақс-

тан, 2009 жылғы, 14 қазан

190

Өткен советтік қоғам тарихын зерттеп білу мектеп оқушы-
ларына бүгін қандай қоғамда өмір сүріп жатқандықтарын тура
түсіну үшін қажет. Өйткені А.Байтұрсынұлы айтқандай, өткен
күн бүгінгі күннің анасы, яғни бүгінгі заман өткен заманның

жалғасы, олардың арасында терең сабақтастық жатыр.
Сол себепті оқушылар өткен және бүгінгі өмірдің өзара са-
бақтастық байланысын түсініп өскенде ғана өз ортасына баға
бере алатын болып өседі және қоғамды дамытуға үлес қоса ала-

тын қабілетті, жасампаз, интеллектуал тұлға деңгейіне көтері-
ле алады1. Жасөспірім оқушылар мектеп қабырғасында кітап
пен ұстаздар ұсынатын даяр материалдармен шектеліп қалмай,
шынайы өмірлік процестердің ортасында жүргені дұрыс, та-

рихты куәгерлердің «жанды дауысын» ести отырып танығаны
жөн. Аға буынмен бетпе-бет сөйлесу, олардың өткен заман, он-
дағы оқиғалар мен жеке тұлғаларға байланысты айтқан ойлары
мен жасаған тұжырымдары жас адамға өткен тарих жөнінде

түсінік және талғам қалыптастыруға көмектесетін болады.
Айтылған тарих аясында адамдардың өмір сүру жағдайла-
ры, еңбектегі, демалыс күндеріндегі өмірі (тұрмысы, тамақ
нәрі, емделу әдістері, әлеуметтік бейімделуі, өмір сүру дағ-

дылары т.б.) зерттеуге алынады, сонымен қатар, билік меха-
низмін, оның «кішкентай» адам өміріне ықпалы мен әсерін
анықтауға мүмкіндік береді, яғни, айтылған тарих – қоғамда
өзіндік орны бар, бірақ, көлеңкеде «атаусыз», «үнсіз» қалып

қойған қарапайым халықтың тарихы. Сондай-ақ, белгілі
дәрежеде советтік типтегі қоғамның күнделікті тыныс-
тіршілігінің тарихы десе де болады.
Жоғарғы сыныпқа көшкен оқушыларға айтылған тарих-

пен айналысу олардың ізденістік-шығармашылық дағдыла-
рын қалыптастыру үшін де маңызды: пәнаралық байланыс-
та жұмыс істей отырып, олар «жанды тарихпен» бетпе-бет
кездесетін болады, бұл тұрғыдан оқушылар қоғамтанудың

журналистика, психология, әлеуметтану сияқты салаларына
жақындай түсіп, бойларын үйрететін болады. Сонымен қатар
ұжымдық деңгейде және жеке жұмыс істеу мәдениетін иге-
руге дағдыланады. Осымен бір мезгілде жасөспірімнің ішкі

«Менінің» оянуына оңтайлы жағдай туындайды.
--------------------
1 Қойгелдиев М.Қ., Мырзатаева З.Б., Тарих пәнінен білім берудің жаңа
технологиясы. Жалпы білім беретін мектептерде өткізілетін элективті

курстар үшін дістемелік құрал. Алматы,: Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
«Ұлағат» баспасы, 2014. -32 б.

191

Мектеп оқушылары ғылыми зерттеу ісіне қойылатын талап-
тарға сүйене отырып, мәселені зерттеуші-ғалым ретінде қарас-
тыру мүмкіндігіне ие болады. Оқушылар бойында отаншыл-
дық, мемлекетшілдік сияқты қасиеттерді қалыптастыру және

сондай-ақ, отан тарихы сабағын шынайы өмірмен байланыста
оқыту айтылған тарихтың негізгі мақсаты болып табылады.
Сонымен, төменде «айтылған тарихты» мектепте оқыту-
дың артықшылықтары мен ерекшеліктері жөнінде былайша

қорытамыз.
Оқушылар бойында отаншылдық, мемлекетшілдік сияқ-
ты қасиеттерді қалыптастыру және сондай-ақ, отан тарихы
сабағын шынайы өмірмен байланыста оқытуды мақсат ете

отырып:

- оқушыларда ғылым туралы түсінік қалыптастыру, олар-

ды ғылым саласында жұмыс істеу машығына тарту, ғылыми
тәжірибеге тарту, ғылыми шығармашылыққа баулу;

- ғылыми зерттеу жұмысының әдістерімен таныстыру;

- ақпараттармен жұмыс істеуді үйрету;

- фактілерді талдау, оларды салыстыру, жүйелеу, сондай-ақ

дерек қорын жасауды үйрету;

- ғылыми жоба нәтижелерін белгілі бір ортада қорғауға,

еркін сөйлеуге, ғылыми жұмысты рәсімдеуге, презентация-
лар мен фильмдер жасауға үйрету міндетін алға тартамыз.
Жобалық-зерттеу технологиясын енгізудің мынадай
түйінді нәтижелерін көрсеткен артық емес:

Біріншіден,
оқушыларда
оқушылық-танымдық
біліктілігін;

- екіншіден, ақпараттық мәліметтермен жұмыс жасау

біліктілігін (ақапараттарды қолдануға, сараптау, сыни қоры-
ту, салыстыру, шынайылығын анықтау және т.б);

- үшіншіден, оқушының коммуникативтік біліктілігін (мұ-

ғалім мен оқушы арасындағы алшақтықты жою, көпшілік ор-
тада сөз алу, ойын, пікірін білдіру, т.с.с.);

- төртіншіден, жасөспірімдердің жаңа түрлі әлеуметтік-мә-

дени ортада жеке тұлғалық біліктілігін арттырады;

- бесіншіден, оқушыда зерттеушілік дағды қалыптастырады.

Оқушылардың шығармашылық ізденісі түрлі конкурстар-
ға қатынасуымен аяқталады. Бұл ретте оқушыны жоғарыда
баяндалған сынақтарға даярлаған жетекші ұстазының еңбегі
де көрініс табатын болады. Қазіргі ақпараттық технология

192

жағдайында портфолионың бірнеше түрлерінің бар екенін
айта кеткен жөн:

- тақырыптық портфолио (ізденіс барысында алынған ма-

териалдар, мен нәтижелер);

- презентациялық портфолио (зерттеу барысында даярлан-

ған баяндама, реферат, презентациялар);

- жетістік портфолиосы (мақтау қағаздары, диплом, мара-

паттаулар, БАҚ-ғы белгілер).
Курстың жаратылыстану, информатика, әдебиет, т.б. пән-
дермен өзара байланыстық сипаты бар.
Айтылған тарих оқушыларда мынадай шығармашылық

қабілетті және дағдыны қалыптастыруды көздейді.
Тарихи деректермен жұмыс істеу технологиясын үй-
рету:

- ақпараттарды іздеп табуды және оны қолдануды (ғылы-

ми, анықтамалық, көркем әдебиеттерден, интернет желісінен
және сұхбат материалдарынан т.б.);

- өзіндік зерттеу жұмысын орындау барысында жиналған

материалдарды сұрыптауды;

- түрлі дереккөздерін салыстыра қарауды;

- эвристикалық әдіс арқылы мәселенің шынайылығын

анықтауды.
Аналитикалық тұрғыдан жұмыс істеуді:

- материалдарды жүйелеу, схемалар мен кестелер құруды;

- мәселе төңірегіндегі ұғымдар мәнін түсіндіруді;

- статистикалық мәліметтерді талдауды;

- оқулықта берілген мәліметтерге баға беруді;

- түрлі мәселе төңірегінде өз көзқарасын қалыптастыруды

үйретеді.
Зерттеу жұмыстарының әдістерін игеруге
байланысты:

- теориялық (жүйелеу, типтеу, ойқорыту) және эмпирика-

лық (сұхбат алу, әңгімелесу, бақылау, анкета жүргізу, статис-
тикалық материалдарды талдау) сиқты ғылыми-зерттеу әдіс-
терін үйретеді.
Ақпараттық біліктілікке байланысты:

- ғылыми жұмыстың жоспарын құруды;

- алынған материалдарды компьютерлік модельдеу мен

талдауға үйретеді.

193

Ғылыми-зерттеу жұмысын даярлауға, жазуға, рәсім-
деуге, баяндауға байланысты (эссе, баяндама, презента-
ция, фильмдер):

- ғылыми жұмыстың құрылымын анықтауға (кіріспе,

негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі, қосымша);

- әдебиетке сілтеме беру, әдебиет тізімін жасау, диаграмма-

лар құру, суреттерді талдауға, т.т *;

- презентация, фильмдер даярлауға;

- сұхбат материалдарын құжаттандыруға;

- жұмыс нәтижесін еркін баяндауға;

- аудиторияда өзін ұстауға, ғылыми сөйлеу мәдениетін иге-

руге;

- дискуссияға араласуға, сұрақтар қойып, талдап, баға бе-

руге үйретеді.
Сонымен тарих саласынан білім мен ғылым жүйесінде ин-
новациялық құралдарды (айтылған тарих, күнделікті тарих)
пайдалану интеллектуал, эрудициялы ұрпақ тәрбиелеу ісінде

берері мол.
7.2 «Менің өлкем» жобасы
айтылған тарих әдісімен
«Менің өлкем» атты ғылыми-зерттеу жобасы айтылған та-

рих әдіс-құралын пайдалануға оңтайлы тақырыптардың бірі.
Мектеп қабырғасында, «Өлкетану» қосымша сабақ ретінде
өткізіледі. Міне осы арнада пәнді айтылған тарих сияқты жаңа
технологиялармен ұйымдастыру аса маңызды. Егер «Өлкета-

ну» пәні ауыл, село немесе қала тарихын «сыртынан», яғни
макротарихқа тән әдістермен оқытылып келсе, айтылған та-
рих өлке тұрғындарының көрсетулеріндегі тұрмыс-тіршілікке,
олардың күнделікті өмір тарихына басымдық беретін әдістерге

сүйенеді. Бұл өлкені «ішінен» зерттеуге арналған немесе қо-
ғамды адамдардың өмірлік тәжірибесі негізінде оқытуды көз-
дейді. Француз тарихшысы М.Блок «Апология истории или
ремесло историка» атты еңбегінде: «тарих ғылымының басты

объектісі – адам болып табылады.
-----------------------
* көрсетілген беттегі ақпараттар И.Б. Петрова «Мастерская истории
повседневности». Учебное пособие для учителя по элективному кур-

су для 9 класса. атты еңбегі негізінде даярланды. // www.tіuu.ru/upload/
petrova_і_b

194

Тарихты жасаушы – адам немесе адамдар, яғни қарапайым
халық. Тарих – адамдар туралы ғылым. Тарихта олардың
дауысы мен әрекеті үнемі сезіліп тұруы қажет», – деп, әрі
қарай ол: «нағыз тарихшы тіршілігі қайнаған ортаны үздіксіз

іздеуде жүретін «ғажайып ертегі әлеміндегі адамжұтқыш»
сияқты», – деген ой айтады. Сондықтан «жанды тарих» құра-
лы – айтылған тарих оқушының отан тарихын жаңа көзқарас
тұрғысынан қорытуда; туған өлкенің тарихын жете танып-

білуде; отбасы әулет тарихын санасына бекітіп, ұрпақара-
лық сабақтастықты дамытуда алар орны зор. Білім берудегі
аталған жаңа технологиялар бүгінгі өзекті мәселелердің бірі

– жастарда мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыруға жол

ашпақ. Төменде осындай өзектілігі зор мәселені алға тартқан
жоба бағдарламасы ұсынылады.
«Менің өлкем»٭
Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азамат-

тарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарлама-
сында көрсетілгендей Қазақстан қоғамында жоғары әлеу-
меттік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жоғарғы
рухты, Отан мүддесіне жасампаздық пен қызмет жасауға

ықыласты мемлекетті нығайтуға, ұлттық мүддені қорғауға
және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қажетті кұндылық-
тарды бойына жинаған азаматтарды қалыптастыру.
Атқаратын міндеттері:

- ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып «Менің

өлкем» жобасының бағдарламалық ғылыми концепциясын
даярлау;

- «Менің өлкемді» даярлаудың бағдарлама-сауалдарын жа-

сау, оны мектеп ұстаздары арқылы түсіндіру және олармен
шығармашылық бірлікте жұмыс жасау;
-«Менің өлкем» жобасы бойынша арнайы ауыл, аудан, об-
лыс, өлке жөнінде тарихи деректер жинау;

-ауыл тарихын жазу барысында БАҚ-ың құралын тарту,
сол арқылы қоғамдық пікір туғызу.
--------------------
٭бұл жобаны даярлауға әлеуметтанушы, Сүлеймен Демирель универ-

ситетінің профессоры Ілияс Әйтімбет атсалысты.

195

Күтілетін нәтижелер: жобаны іске асыру нәтижесінде Қа-
зақстан азаматтары, соның ішінде жастар өз өлкесіне, еліне
байланысты абстрактылы емес, нақты білімге сүйенген, жан-
сезімдері, санасы, ар-ожданы, намысы ояу білікті де парасат-

ты азаматтар болып қалыптасады:

- таным процесінің заңдылықтарына сай азаматтар әуел-

де өзін қоршаған ортасы, ауылы, соларға байланысты әлеу-
меттік, трихи, дәстүрлік, экономикалық, жағрапиялық, ұлт-
тық, био-инфо және ноосфералық мәліметтерді күнделікті
өмір тіршілігімен үйлесімді байланыста игермек;

- бағдарламаны іске асыру барысында патриоттық тәрбие-

ге атсалысатын мемлекеттік және азаматтық ұжымдар жү-
йесі айқындалып, олардың өзара әлеуметтік әріптестік тиімді
жұмыс жасау механизмі қалыптасады;

- бұқаралық ақпарат құралдары «Менің өлкем» жобасы

аясында жеке тұлғалардың қарапайым ауыл азаматтарының
күнделікті өмірде елене бермейтін, бірақ қоғамның тұрақты
тіршілігінің негізін құрайтын еңбегін, болмысын насихаттау
ісін жолға қояды;

- «Менің өлкем» жобасының іске асуы нәтижесінде ауыл-

дың жүріп өткен жолы, бүгінгі әлеуметтік болмысы, оның
экономикалық, жағрапиялық, ұлттық, сондай-ақ болашақ
мүмкіндігі толық қанды бейнесін табады;

- азаматтардың патриоттық санасын, іс-әрекетін қалыптасу-

ды көздеген ақпараттық құралдар жүйесі орнығады;

- азаматтар арасында соның ішінде жастардың патриоттық

қозғалыстарға белсенді араласуын ынталандыратын стимул-
дар жүйесі қалыптасады;

- бұқаралық ақпарат құралдарында «Менің өлкем» жоба-

сын насихаттауға арналған теле және радиохабарлар, газет-
журналдарда, интернет сайттарында арнайы мақалалар жа-
рық көреді;

- «Менің өлкем» жобасы аясында ауыл азаматтарының

патриоттық санасы, іс-әрекеттері, мінез-құлықтарының өз-
геру және оның нәтижесін БАҚ арқылы жариялауға болады.

196

«Менің өлкем»
(бағдарламаның мазмұны мен бағыттары)
Ауыл атының аталу және өзгеру тарихы. Тұрғындарының
сандық және сапалық құрамы.

Ауылдың қалыптасу, өсу, өзгеру кезеңдері (кеңес өкіметіне
дейінгі, кеңес өкіметі кезеңі, тәуелсіздік жылдары).
Ауылдағы өндіріс салалары, олардың тарихы.
Өндірісті ұйымдастырушылар, еңбек ерлері, озаттары.

Олардың жинақы көрсеткіштері.
Нарықтық қатынасты игерудің алғашқы тәжірибесі: озық
үлгілері, жетістіктері, шешімін таппай тұрған мәселелері,
оларды шешудің жолдары, ұсыныстар. (Нақты адамдардың

өздерінің жазуы немесе олардың аузынан жазып алу).
Бүгінгі ауылға үлгі бола алатын отбасылар. Олардың
шаруашылық жүргізу тәжірибесі және басқа салалардағы
жетістіктері.

Ауыл азаматтарының қарым-қатынасын, дәстүрін, дінін,
ділін сақтайтын әлеуметтік институттар (мысалы, ақсақал-
дар ұйымы, мешіт және т.б.). Әрқайсысының тарихын, істеп
жатқан істерін, жетістіктерін, шешімін таппай жатқан мә-

селелерін баяндау. Осы әлеуметтік институттар мен ресми
билік орындарының арақатынасы.
Ауыл және қоршаған орта. Ауылдың орналасқан жерінің
аттары. Сай, жыра, тау, өзен, бұлақ, көл аттары. Олардың со-

лай аталу тарихы. Тарихи жер аттары. Олардың тарихы.
Ауылдағы кәсіпшілік және халық өнері. Ағаш ою, ұсталық,
зергерлік, тері өңдеу, тас қашау. Кілем тоқу, ою-өрнек, киіз,
текемет басу, кесте тігу және т.б. шеберлік түрлері. Оларды

алып жүретін адамдардың аттары, өмірбаяны.
Әншілік, жыршылық күйшілік, шешендік және т.б. өнер
түрлері. Олардың бүгінгі күйі.
Ауылдағы әдет-ғұрып, дәстүрлердің жағдайы. Көкпар,

бәйге және т.б. спорттың түрлерінің жағдайы.
Жергілікті ел-жұрт туралы аңыз-әңгімелер, би, батырлар,
атақты адамдардың істеген істері туралы мәліметтер.
Сонымен, аталған Жоба оқушылардың өз өлкесі тарихын

тануымен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу ісімен
шұғылдану, оны ұйымдастыру және басқа да дағдыларға ма-
шықтануды үйретеді.

197

Пайдаланылған әдебиет 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа

интеллектуалдық секіріс. // 14 қазан 2009 ж. // http://www.kaznu.kz/
ru/1853/

2. Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.).

Ғылыми-көпшілік басылым /Қойгелдиев М.Қ., Жангуттин Б.О., Тілеу-
баев Ш.Б., Мырзатаева З.Б., Бисембаева Л.А., Белоус С.Г., Болатхан А. /
Бас редакторы М.Қ. Қойгелдиев. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2015. – 584
бет+8 бет жапсырма. (36,5 б.т.); Қазақстан қоғамының әлеуметтік тари-

хы (ХХ ғасыр. Тарих айту дәстүрі). Ғылыми-зерттеу жинағы Алматы, 2014. – 195 б; - «АЛҒАШҚЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарихы оны

бітірушілердің естелігінде» Алматы, 2013. – 212 б.; Айтылған тарих. М.
Қойгелдиевпен сұхбат. Әңгімелескен Қарагөз Сімәділ // Қазақ әдебиеті
№20 (3340); Менің ғылымдағы өмірім. Ғалымдармен 21 сұхбат. Ғылыми
басылым/ М.К. Койгелдиев, Б.О. Жангуттин, Ш.Б. Тілеубаев., З.Б. Мыр-

затаева, М.Ш. Калыбекова, Л.А. Бисембиева, С.Г. Белоус, Ә.Болатхан //
Под.ред. М.К. Койгелдиева. – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2014 ж. 472 б.
ж.б.

3. Назарбаев Н.Ә Қазақстан білім қоғамы жолында 5 қыркүйек 2012 //

http: //www.akorda.kz 4. Қойгелдиев М.Қ., Мырзатаева З.Б. Тарих пәнінен білім берудің жаңа

технологиясы Жалпы білім беретін мектептерде өткізілетін элективті
курстар үшін дістемелік құрал. Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
«Ұлағат» баспасы, 2014. -32 б.

5. Петрова И.Б. «Мастерская истории повседневности». Учебное посо-

бие для учителя по элективному курсу для 9 класса. // www.tіuu.ru/upload/
petrova_і_b_%20masterskaja.doc

6. Блок М. Апология истории, или Ремесло историка / Пер. с фр. —

Таллин: Ээсти раамат, 1983. — 184 с. (8 б) 7. Лейбова, Е. К. Устные исторические источники на школьных уроках

истории: учебно-методическое пособие / Е. К. Лейбова, О. М. Хлытина;
науч. ред.: В. А. Зверев, К. Е. Зверева. – Новосибирск: Изд. НГПУ, 2011.

– 134 с.; Исследовательская деятельность учащихся в профильной школе/

авт.-сост. Б.А.Татьянкин, О.Ю.Макаренков и др./ Под ред. Б.А.Татьянки-
на. – М.: 5 за знания, 2006. – 272 с; Ковалева Т. М. Организация профиль-
ного обучения в старшей школе: основы тьюторского сопровождения /
Ковалева Т. М. // Завуч. – 2006. – N 8. – С.111-121; Леонтьевич А.В. Исс-

ледовательская деятельность учащихся. М., 2002, с.17

198

Бақылау және өзін-өзі тексеру
сұрақтары

1. Елімізде білім беру жүйесін дамытуда жасалынған ша-

ралар. 2. Мектепте тарих сабағын оқытудың қандай технология-

ларын іс жүзіне асыруға мүмкіндіктер бар? 3. Айтылған тарих дегеніміз не? 4. Айтылған тарих бағытында қандай жобалармен жұмыс

істеуге болады? 5. Тарихи білім беруде айтылған тарихтың маңызы неде? 6. Айтылған тарихпен айналысу үшін жас зерттеуші қан-

дай дағдыларға ие болғаны жөн? 7. «Менің өлкем» жобасының ерекшелігі мен маңызы 8. Оқушыларда тарих пәніне қызығушылығын арттыруды

қандай жолдары бар? 9. Айтылған тарих әдісінің артықшылықтары неде?

199

ҚОРЫТЫНДЫ

Отан тарихын заманауи методологиямен оқытуға арналған
бұл еңбекте «Айтылған тарихтың» жаңа мүмкіндігі, зерттеу
теориясы және оны тәжірибеде қолдану технологиясы баян-
далды.

Айтылған тарихтың танымдық, тәрбиелік маңызы және
ерекшелігі көрсетілді. Әлемдік тарихнамада «Oral hіstory»
(устная история) деген атаумен белгілі бұл бағыттың қазақ
қоғамына тән баламасы ретінде, «тарих айту дәстүрімен»

өзара сабақтас «айтылған тарих» ұғымы ұсынылады. Соған
сәйкес ғылыми айналымға енгізіліп отырған бұл ұғымға де-
финициялық тұрғыдан ғылыми-теориялық талдаулар жаса-
лынды.

Өткен ғасырдың тарихын тануда көзкөрген куәгерлер ес-
теліктерінің ғылым үшін маңызы зор. Бұл Абай атындағы
ҚазҰПУ-дің жанынан ашылған «Айтылған тарих» ғылыми
зерттеу орталығы орындаған жобалардың нәтижелері негізін-

де сенімді көрсетілді. Айтылған тарихи әңгімелерді фактіге
айналдыруда кәсіби сұхбат жүргізу, алынған материалдарды
ғылыми тұрғыдан өңдеу, оны мұрағаттау ж.б. жөнінде мәлі-
меттер келтірілді. Сондай-ақ, жаңа жанрдағы деректермен

жұмыс істеу методикасы (интерпретациялау, ғылыми жария-
ланымдарда пайдалану ж.б.) назардан тыс қалған жоқ.
Айтылған тарих аясындағы шетелдік тәжірибелер де жаңа
ақпараттармен толықтырылды.

Зердеде сақталған өмір шежіресін жинау немесе «жан-
ды тарихпен» айналысу білім алушылар үшін аса пайдалы.
Себебі, алдыңғы буын өкілдерінің ұжымдастыру, кәмпеске,
ашаршылық, соғыс ж.б. тақырыптардағы куәліктері архив-

тер мен кітапта жоқ ақпараттармен жеткізіледі. ХХ ғасыр-
дағы қоғамның ауыр өмірі туралы куәгерлердің өз аузымен
берілетін ақпараттары кімді де болса, бей-жәй қалдырмасы
анық. Бүгінде советтік кезеңнің күнгейі мен көлеңкелі тұс-

тары қатар айтылып жүр. Ал оның шынайылығын анықтауда
тек ресми құжаттар жеткіліксіз болмақ, жекелеген қарапа-
йым адамдардың көзқарастарындағы ақпараттар зерттеуге

200

тартылуы қажет. Өйткені тарихты жасайтын қарапайым ха-
лық. Сондықтан «халық дауысынсыз» өткеннің тарихын то-
лыққанды жаза алмаймыз.
Айтылған тарих әдіс-құралы мектеп оқушыларын ғылым

жолына тарту, оларды тұлға ретінде қалыптастыру, отаншыл-
дық сезімін ояту ісінде атқарар қызметі зор. Бұл мәселе оқу
құралының бөлімдерінде арнайы талдауға алынды, мектеп
мұғалімдеріне пайдалы нұсқаулар берілді. Сол сияқты жо-

ғары оқу орындарының білім алушылары үшін де арнаулы
курстың үлгілік бағдарламасы жасалынды.
Аталған оқу құралының негізгі көздеген мақсаты – алда-
ғы уақытта еліміздің мектеп және жоғары оқу орындарында

айтылған тарих әдіс-құралын пайдалануға жол ашу және оқу
процесіне пән ретінде енгізу еді.
Ел ішіндегі түрлі тарихи оқиға куәгерлерінің, шежіре-қарт-
тарымыздың жадтағы естеліктерін аудио-видео құралдарына

жазып, мұрағатта сақтауға, сөйтіп болашақ ұрпаққа аманат
ретінде жеткізу тарихшылардың маңызды міндетіне айнал-
ғаны орынды болмақ.

201

Қосымша №1.
"Айтылған тарих"
курсы бойынша бағдарлама үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы

АЙТЫЛҒАН ТАРИХ

курсы бойынша бағдарлама
Алматы,
2015ж

ҚОСЫМШАЛАР

202

Түсіндірме хат
Қазақ ежелден тарих айту дәстүріне бай халық. Халқы-
мыздың тарихы, қуанышы мен қайғысы ауызша айтылған
шежірелерде, тарихи әңгімелер, жырлар мен дастандарда

кеңінен орын алған. Сондықтан көшпелі өркениеттің ұлт-
тық болмысын жад мұрағатынсыз танып-білу мүмкін емес.
Қазіргі уақыттағы «айтылған тарих» зерттеу құралын сол
дәстүрдің жаңа тұрпаттағы жалғасы деуге болады. ХХІ ға-

сырдағы жаңа әлеуметтік ізденістер отандық тарих ғылымы-
ның методикалық әдістері мен методологиялық негізін қайта
жаңартуды қажет етіп отыр.
Курс мақсаты. Курс бағдарламасы айтылған тарих зерт-

теу әдісінің теориясын, методикасын және технологиясын
оқытуды көздейді. Сонымен қатар тарихи сұхбат жүргізудің,
айтылған тарихи материалдарды құжаттаудың, мұрағаттау-
дың, ғылыми өңдеу және интерпретациялаудың, яғни жаңа

деректік қор құрудың әдістері жөнінде оқытады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндет-
терді алға тартады:

- отан тарихы ғылымындағы тарих айту дәстүрінің тарих-

намасын ғылыми-теориялық негізде талдау;

- айтылған тарих бағытындағы отандық және шетелдік

тәжірибесін оқыту;

- айтылған тарих зерттеу бағытының теориясы және прак-

тикасын оқыту;

- білім алушыларды тарихи тақырыпта сұхбат жүргізудің

технологиясын үйрету;

- білім алушыларды жаңа әдіс-құралрады игеру дағдысын

қалыптастыру;

- білім алушыларды өздігімен жаңа дерекқорын құру, тір-

кеу, өңдеу, мұрағаттау және ғылыми-зерттеу, оны қорыту ісі-
не үйрету;

- аудиовизуалды мемуарлардың тарихи зерттеу ісіндегі ма-

ңыздылығын және оның мәнін көрсету.
Курсты оқу үшін білім алушылар төмендегідей біліктілікті
меңгеруі тиіс:

- тарих айту дәстүрінің негізгі тарихи кезеңдері және оның

қазіргі тарихи зерттеулердегі орны мен маңызын білуге;

203

- микротарихи зерттеулер технологиясын игеруге;

- отан тарихының ХХ-ХХІ ғасырлардағы өзекті мәселелері

жөнінде білімінің болуы;

- әлеуметтік, саяси және басқа мәселелерін зерттеуде жаңа

зерттеу технологиясы мен әдістерін меңгеруге;

- зерттеу жүйесінде теорияның орнын анықтай білуге, сон-

дай-ақ, оның қолданыс ауқымын бағдарлай алуға міндетті.
Пәнді оқыту білім алушыларда мынадай кәсіби құзы-
реттіліктерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталады:

- жаңа ақпараттық және компьютерлік технологияларын

қолданымға алуға;

- айтылған тарих зерттеу саласындағы методологиялық

принциптер мен методикалық тәсілдерін білуіне;

- айтылған тарих саласы бойынша зерттеу жұмысын жүргі-

зуге;

- айтылған тарих материалдарын сыни тұрғыдан талдай

алуына үйретеді.
Оқу процесінің негізгі формалары: лекция, семинар, өздік
жұмыстары және практика (сұхбат алуға бағытталған прак-
тикалық жұмыстар).

204

КУРС МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Курстың мақсаты мен міндеті. Отан тарихы ғылымында-
ғы тарих айту дәстүрі. «Айтылған тарих» терминінің дефи-
нициялық мәселесі. «Айтылған тарихтың» негізгі ұғымдары:

жад, тарихи сана, сұхбат, транскрипция, сұхбат жазбаларын
мұрағаттау, аудиовизуалды деректер, микротарих.
Қазақ қоғамындағы «тарих айту дәстүрі» және «айтылған
тарих»: ерекшеліктері, сабақтастығы.

1. Қазақ қоғамындағы тарих айту дәстүрі

Рашид-ад-Дин, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтеміс қажы,
З.Бабыр, Әбілғазы Баһадүр хан, Қадырғали Жалайыр еңбек-
теріндегі айтылған тарих үлгілері.
Қазақ қоғамындағы жыраулық дәстүр: деректік маңызы

мен ерекшелігі (ХҮ-ХІХ ғғ), би-шешендер мұрасы (Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би ж.б.), сал-серілік дәстүр (Ақан сері,
Біржан сал, Сегіз сері, Балуан шолақ және басқалар) және
олардың еңбектеріндегі тарих айту дәстүрі.

Зар заман ойшылдарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат ж.б)
шығармашылығы тарихи дерек ретінде.
Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Құр-
банғали Халидтің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұлт тари-

хына арналған еңбектеріндегі тарих айту дәстүрінің көрінісі
және олардың шығармашылығына шығыс, батыс тарихнама-
лық мектептері мен ағымдарының ықпалы.
Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар

шежіресі» еңбегінің методологиялық тұрғыдан ерекшелік-
тері. Онда қазақтың ұлт ретінде қалыптасуы, қазақ мем-
лекеттігі – қазақ хандығының құрылуы, сондай-ақ хандар
шежіресі сияқты іргелі мәселелердің құрастырылуы. Кітапта

қазақтың тарих айту дәстүрінің көрініс табуы.
М.Ж. Көпейұлы халықтың ауызша тарих айту дәстүрін
зерттеуші және оның үлгілерін жинастырушы. Қазақтың жа-
дында сақтап, ауызекі айтқан тарихының материалдары ға-

лым шығармашылығында, оның дәстүрлі ауызекі тарих ма-
териалдарымен жұмыс істеу әдістері. Ғалымның орыс (В.В.

205

Радлов, Н.А. Аристов, В.В. Вельяминов және т.б.), қазақ (Ш.
Құдайбердіұлы, Қ. Халид т.б.) және шағатай (Абылғазы Ба-
һадүрхан т.б.) тілдерінде жарық көрген еңбектерге жасаған
сыни талдауы.

Ұлттық «Шежіре» айту және оны сақтау дәстүріне беріктік.
Тарих ұлттың өзін-өзі тану және тәуелсіздікке қол жеткізу
жобасы. Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлы-
ның, Х.Досмұхамедұлының, М.Тынышбайұлының, Т.Шонанұ-

лының, С.Асфендияровтың, Ә.Марғұланның ұлттық тарихқа
көзқарастары.
Бабалар сөзі (100 томдық) – тарих айту дәстүрінің деректік
қоры ретінде.

А.Сейдімбек («Қазақтың ауызша тарихы»: шежірелік де-
ректерді пайымдау) шежіретанушы ғалым ретінде. Жүген-
баева Г. «Дәстүрлі ауызша тарих: теориялық-методологиялық
және деректемелік аспектілері» еңбегінің ұлттық тарихнама-

дағы орны мен рөлі. 2. Қазақ қоғамындағы «Айтылған тарих».

Айтылған тарихтың теориялық аспектілері
«Айтылған тарих» қазақ қоғамын зерттеудің жаңа бағыты
ретінде. Айтылған тарихтың пәнаралық сипаты: этнология,
әлеуметтану, психология ж.б. Айтылған тарих қоғамдық қоз-

ғалыс ретінде. Айтылған тарих – «халықтану» құралы ретінде.
«Қарапайым адамның» өмірлік тәжірибесі айтылған тарих-
тың нысаны ретінде. Жад. Қоғамдық жад. Жеке адам жады.
Тарих ғылымындағы айтылған тарихтың орны мен маңызы.

Айтылған тарихтың әлеуметтік қызметі. Айтылған тарих-
тың тәрбиелік қызметі. Айтылған тарих ғылымда және білім
беру жүйесінде.

3. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Айтылған тарих»

ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген
алғашқы бағдарламалар жөнінде
Қазақ қоғамының жаңа дерек қорын құру жолындағы
алғашқы ұмтылыс. «Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақ-

тау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары (Қошқарата конферен-
циясының материалдары (2005 жылғы 26-27 мамыр)» (Ш.Уә-

206

лиханов атындағы Тарих және этнология институты. Жоба
жетекшісі М.Қойгелдиев).
Тарихты оқытудың жаңа технологиялары мен оның оқу
процесіне енгізілуі. Айтылған тарих ғылыми зерттеу орта-

лығы және оның зерттеу бағыттар жөнінде.
Социалистік еңбек феномені аясындағы орындалған
жобалар: «Қоғамның тарихи жады: ХХ ғасыр Алматы об-
лысы Ескелді ауданы тұрғындарының өмірбаяндық әңгі-

мелерінде»; Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы (ХХ
ғасыр. Тарих айту дәстүрі). Ғылыми-зерттеу жинағы Алма-
ты, 2014. – 195 б.»; Қазақстан қоғамының әлеуметтік тари-
хы (ХХ ғасыр. Тарих айту дәстүрі). Алматы, 2012. – 195 б.;

«Ұжымдық еңбек. Оқу фильмі «Жаркент оның тұрғында-
рының көзімен». Алматы облысының Панфилов ауданының
материалдары бойынша», «Қоғамның тарихи жады: ХХ ға-
сыр Алматы облысы Ескелді ауданы тұрғындарының өмір-

баяндық әңгімелерінде»; «Ұзынағаш өңірінің тарихы (ХХғ.)
жергілікті тұрғындар жадында».
Интеллектуалды тарих аясында: «АЛҒАШҚЫ.Абай
атындағы ҚазҰПУ-нің тарихы оны бітірушілердің естелігін-

де» Алматы, 2013. – 212 б. «Менің ғылымдағы өмірім. Ға-
лымдармен 21 сұхбат»;
Әлеуметтік тарих аясындағы жобалар: «Алматы қа-
ласындағы Шаңырақ шағын аудан халқының қала өміріне

бейімделуі»;
Ешқшан ұмытылмайтын тақырып: «Жамбыл облысы
Ұлы Отан соғысы жылдарында»;
Қос империя арасындағы қазақтар (оралмандар): жаңа

жағдайға бейімделу стратегиясы жобасы бойынша.
«Айтылған тарих» саласының даму кезеңдері мен
негізгі бағыттары шетелдік тарихнамада. Оның жеке
ғылыми пән ретінде қалыптасу тарихы

Айтылған тарихтың бой көтеруі: алғышарттары мен себеп-
тері. Айтылған тарих шетелдік тарихнамада.
Айтылған трих АҚШ-та.: А.Невинс және оның еңбектері.
Айтылған тарих Германияда (Л.Никхаммер және А.фон Пла-

то). Африка елдеріндегі айтылған тарих. Латын Америка-
сындағы айтылған тарих ғылыми-зерттеу орталығы. Үндіс-

207

тан және Австралия тәжірибесі, Чехия, Польша, Беларусь
республикаларының тәжірибесі. Айтылған тарих Ассоциа-
циясының құрылуы.
4.Сұхбат жүргізудің технологиясы мен әдістері

Сұхбатқа даярлық. Айтылған тарих бойынша зерттеу
жобасын құру әдістері. Бағдарлама даярлау: құрылымы мен
мазмұны. Зерттеу тақырыбы аясында әдебиеттер және де-
ректермен жұмыс. Сұхбат сұрақтарының тізімін құру. Рес-

понденттерді табу және таңдау әдістері. Респондент типтері
және категориялары. Техникалық құралдар мен сұхбат ор-
нын, уақытын анықтау. Сұхбат паспортын даярлау.
Сұхбаттың жіктелуі: барлау сұхбаты, бақылау сұхбаты,

негізгі сұхбат, нарративтік сұхбат, тереңдетілген сұхбат.
Сұхбатты жүргізу және аяқтау.
Зерттеуші және респондент: өзара қарым-қатынас орна-
тудың ерекшеліктері. Сұхбат барысындағы психологиялық

жағдай. Сұхбат жүргізудің шарттары. Респонденттің сұхбат
паспортын толтыру.
Сұхбат алудың моральдік-этикалық факторлары мен
принциптері. Сұхбат алу кодексі.

5. Сұхбат материалдарын транскрипциялау және

мұрағаттау әдістері
Айтылған тарих дереккөздерін құжатқа айналдыру. Сұх-
баттың дыбыстық жазбасын транскрипциялау. Транскрип-
циялауда қойылатын негізгі талаптар. Транскрипция мате-

риалдарын өңдеу. Вербалды және визуалды ақпараттарды
тіркеу әдістері.
Айтылған естеліктерді рәсімдеу және мұрағаттау. Түпдерек.
Айтылған тарих дереккөздерін кітапханаларда сақтау әдісі.

6.«Айтылған тарих» деректерін ғылыми-зерттеу
жұмысында және оқыту ісінде пайдалану

«Айтылған тарих» деректерінің қолданылу аясы, түрлері
мен оларды жариялау тәсілдері. «Айтылған тарих» дерек-
терін ғылыми зерттеулерде қолдану: проблемалары мен
мүмкіндіктері. «Айтылған тарих» деректерін түсіндірудің

208

ерекшеліктері, әдістері мен жолдары. Айтылған тарих дерек-
терін верификациялау мәселесі. Ауызша естелік материалда-
рын аналогиялық деректік материалдармен салыстыру.
Айтылған тарихтың білім алушыларда кәсіби біліктіліктің,

тұлғалықтың, коммуникативтіліктің және шығармашылық-
тың қалыптасуына ықпалы.
Айтылған тарих шеберханасында семинар, конференция,
презентация өткізу. Ғылыми есеп даярлау. Айтылған тарих

жобасы аясында ғылыми еңбектерді жариялау.
Білім алушыларға арналған
сұрақтар мен реферат
тақырыптары

1. Отандық тарих ғылымындағы айтылған тарих 2. Рашид-ад-Дин, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтеміс қажы,

еңбектеріндегі айтылған тарих үлгілері 3. Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының,

Құрбанғали Халидтің ұлт тарихына арналған еңбектері 4. ХІХ ғ. екінші жартысындағы – ХХ ғ.б. ауызша қазақ әде-

биеті – Қазақстан тарихнамасының құрамдық бөлігі ретінде 5. М.Ж. Көпеев – ауызша тарих айту дәстүрін зерттеуші

және жинақтаушы 6. ХХ ғасыр басындағы интеллигенцияның ұлт тарихы мә-

селесіне көзқарастары 7. Тарих айту дәстүрі және айтылған тарих: ерекшеліктері

мен ұқсастықтары 8. Айтылған тарих ғылыми-зерттеу жобаларын даярлау 9. Сұхбат жүргізу әдістері мен технологиясы 10. Сұхбат материалдарын транскрипциялау және мұрағаттау 11. Айтылған тарих дереккөздерін ғылыми еңбектерде

қолдану 12. Айтылған тарих дерекккөздерін нтерпретациялау: мә-

селесі мен мүмкіндіктері 13. Айтылған тарих Ассоциациясы 14. Айтылған тарих бойынша шетелдік орталықтар 15. «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының жо-

балары жөнінде 16. Айтылған тарих интернет желісінде 17. Айтылған тарих деректерінің шынайылық мәселесі

209

18. Қазіргі тарихтағы ауызша естелік деректері: жинау мен

интерпретациялау мәселесі 19. Өңірлік тарих айтылған тарих әдісімен 20. Сұхбатты даярлау, жүргізу және аяқтау

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Абуль-Гази-Багадур-хан. Родословное древо тюрков. М.-Т.-Бишкек.
1996.

2. «АЛҒАШҚЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің тарихы оны бітіруші-

лердің естелігінде» Алматы, 2013. – 212 б. 3. Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: “Фолиант”, 2013.96-том. Ауы-

зекі әңгімелер. – 2013. – 338-бет. 4. Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы,1994. 5. Бабыр Захир ад-Дин Мухаммед. Бабырнама. А., 1997. 6. Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. 7. Блок М. Апология истории или Ремесло историка. 2-е изд. М., 1986. 8. Бутько В.Н. Устная история: проблема определения // Наука в сов-

ременном мире: материалы І Международной научно-практической кон-
ференции (1 апреля 2010 г.): сборник научных трудов. М., Спутник+,2010

9. Жүгенбаева Г. Дәстүрлі ауызша тарих: теориялық-методологиялық

және деректемелік аспектілері. –Алматы: ҚазККА, 2009, -283 б. 10. Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.).

Ғылыми-көпшілік басылым /Қойгелдиев М.Қ. ж.б. –Алматы: «Арыс»
баспасы, 2015. – 584 бет+8 бет жапсырма. (36,5 б.т.)

11. Ковальская С.И. Казахстан Устная история и новые возможности в

изучении истории Казахстана http://www.enu.kz 12. Квале С. Исследовательское интервью. М.: Смысл, 2003.Кринко

Е.Ф. Устная история, ее проблемы и возможности // Вопросы теории и ме-
тодологии истории Сб. научных трудов. Майкоп, 2001. Вып. 3. С. 37 – 48.

13. Құдайбердиев Ш. Түркі қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А.,

1991. 14. Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы (ХХ ғасыр. Тарих айту

дәстүрі). Ғылыми-зерттеу жинағы Алматы, 2014. – 195 б. 15. Лоскутова М.В. Устная история: методические рекомендации по

проведению исследования. СПб., 2002. 16. Мокрова М. В. «Устная история науки: от историографических

традиций к комплексному источниковедению»: диссертация … канд. ист.
наук. М.. 2004.

17. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-Рашиди. А., 1999. 18. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. А., 1985. 19. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаң-

ғырту жолдары» Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. -302 бет. 20. Менің ғылымдағы өмірім. Ғалымдармен 21 сұхбат. Ғылыми басы-

лым/ М.К. Койгелдиев ж.б. //Под.ред. М.К. Койгелдиева. – Алматы: «Ұла-
ғат» баспасы, 2014 ж. 472 б.

21. Нора П. Между памятью и историей. Проблематика мест памяти //

Франция – память. Сб. ст. СПб., 1999. С. 17 – 50.

210

22. Нитхаммер JІ. Вопросы к немецкой памяти: Статьи по устной исто-

рии / Пер. с нем. М.: Новое издательство, 2012. — 536 с. . 23. Сыздықова Р., Қойгелдиев М.Қ. Қадырғали би Қосымұлы және оның

«Жылнамалар жинағы», – А.: Қазақ университеті, 1991. 272 б. 24. Сейдімбек А. «Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фо-

лиант, 2008. – 728 б. 25. Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы (10-том) «Фолиант» баспа-

сы Астана 2006. 26. Томпсон П. Голос прошлого. Устная история. М., 2003. 27. Тош Д. Стремление к истине. Как овладеть мастерством историка.

М., 2000.

33. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. А., 1985. 34. Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. А., 1992. 35. Урсу Д.П. Методологические проблемы устной истории //Источни-

коведение отечественной истории. 1989. М.:1989. – с. 86-113. 36. Федоров П.В. Историческое интервью (Методика проведения и

оформление результатов) Практикум по устной истории. – Мурманск:
МГГУ, 2012. – 35 с.

37. Хрестоматия по устной истории. / Пер., сост., введение, общ. ред.

М. В. Лоскутовой. СПб., 2003. 38. Хубова Д.Н Устная история и архивы: зарубежные концепции и

опыт: автореферат диссертации … канд. ист. наук. М., 1992. 39. Халид Қ. Тауарих хамса шарқи. (Аударған Б.Төтенаев, А. Жолда-

сов) А., 1992. 40.

Щеглова Т.К. Устная история Учебное пособие. – Барнаул: АлтГ-
ПА, 2011. – 364 с.

211

Айтылған тарих ғылыми-зерттеу
орталықтарының электронды адрестері:

1. Assocіatіon of Oral Hіstory (USA) // Режим доступа:

http://www.oralhіstory.org/ 2. Baylor Unіversіty Іnstіtute of Oral Hіstory // Режим доступа: http://

www.baylor.edu/oralhіstory/ 3. Brіtіsh Lіbrary Natіonal Sound Archіve // Режим доступа: http://www.

bl.uk/nsa 4. Іnternatіonal Oral Hіstory Assocіatіon // Режим доступа: http://іohanet.

org/ 5. Socіety of Oral Hіstory (UK) // Режим доступа: http://www.oralhіstory.

org.uk/news.php 6. South Oral Hіstory Assocіatіon // Режим доступа: http://

southwestoralhіstory.org/2010/offіcers.html 7. Texas Oral Hіstory Assocіatіon (TOHA) at Baylor Unіversіty Іnstіtute for

Oral Hіstory // Режим доступа: http://www.baylor.edu/TOHA/ 8. Oral Hіstory Center of Unіversіty of South Dakota // Режим доступа:

http://www.usd.edu/arts-and-scіences/natіve-studіes/oral-hіstory-center.cf 9. Louіe B. Nunn Center for Oral Hіstory at the Unіversіty of Kentucky

//Режимдоступа:http://lіbrarіes.uky.edu/lіbpage.php?lweb_іd=11&llіb_
іd=13

10. Center for Oral Hіstory (COH) of Unіversіty of Hawaіі at Manoa //

Режим доступа: http://www.oralhіstory.hawaіі.edu/ 11. Northwest Oral Hіstory Assocіatіon (NOHA) // Режим доступа: http://

northwestoralhіstory.org/ 12. Центр устной истории и биографии («Мемориал») // Режим досту-

па: http://www.urokііstorіі.ru/2009/06/tsentr-ustnoі-іstorіі-і-bіografіі 13. Центр устной истории Европейского университета в Санкт-Петер-

бурге //Режим доступа: http://www.eu.spb.ru/research-centers/oralhіst
14.НОЦ «Устная история» ЮУрГУ // Режим доступа: http://oral-hіstory.

ru 15. Я помню. Воспоминания ветеранов Великой Отечественной войны

// Режим доступа: http://www/іremember.ru 16. Центр устной истории Петрозаводского государственного Универ-

ситета // Режим доступа: http://oralhіst.karelіa.ru/іndex.html
Бағдарламаны даярлағандар:
т.ғ.д., проф. М.Қ. Қойгелдиев, т.ғ.к. З.Б. Мырзатаева.

212

164

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША 2: КЕЛІСІМ ҚОЛ-ҚОЛХАТ ФОРМАСЫ

Келісім-қолхат
Сізге
(Ғылыми-зерттеу жобасының атауы) атты ғылыми-зерттеу

жобасына қатысуға келісім бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сізбен жүргізген сұхбат-

куәгерлік әңгімелеріңізді, суреттеріңіз бен құжаттық растамаларыңызды жоба қорытындысы нәтижесінде жарияланатын мақалалар, ғылыми жинақтар, биографиялық анықтамалар және т.с.с басқа да басылымдарда мәтін, сурет, видео түрінде жариялауға келісім беретіндігіңізді растау үшін мына келісім-қол хатты мұқият оқып шығуыңызды

өтінеміз.
Мен,
Респонденттің толық аты-жөні) келісім-қол хатқа қол қою арқылы
(Ғылыми-зерттеу жобасының атауы) ғылыми-зерттеу жобасы

бойынша жарияланатын басылымдар мен ғылыми мақсатта ұйымдастырылатын түрлі
бағдарламаларда менің аты-жөнімді, фотосуреттер мен интервью материалдарын
фотобаян, бейнебаян түрінде пайдалануға, сондай-ақ сұхбат негізінде алынған

материалдарды, фотосуреттерді, видео материалдарды коммерциялық мақсаттарда оқуқұралдар, веб-сайттар мен телеарналық бағдарламаларды дайындау үшін пайдалануға

келісімімді беремін.
________________________________________ ___________ __________
Респонденттің аты –жөні (баспа әріптерімен) қолы мерзімі
___________________________________________________________________

Респонденттің мекен-жайы
___________________________________________________________________
Респонденттің телефоны/электрондық мекен-жайы
___________________________________________________________________

Жұмыс орны

213

165

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША 3: Past-Интервью жұмыс парағы Интервью алушының аты-жөні:__________________________________________________ Интервью алынған мерзім:______________________________________________________ Интервью қай жерде алынды (мекен-жайы): _______________________________________ Интервью тақырыбы: __________________________________________________________ Келісім-қол хатқа қол қойылған ба? ______________________________________________ Интервью берушінің жазбалардың қолдану амалдары және мақсаттары жайлы түсінігі бар ма ?__________________________________________________________________________

Биографиялық анықтама Респонденттің аты-жөні:________________________________________________________ Респонденттің туған күні,айы,жылы: _____________________________________________ Туған жері: ___________________________________________________________________ Ұлты: ________________________________________________________________________

Қандай елді мекендерде тұрды: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Отбасы жағдайы_______________________________________________________________ Жұбайы______________________________________________________________________ Қай жерде және қашан отбасын құрған? ___________________________________________ Балалары:_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Білімі: _______________________________________________________________________ Жұмыс тәжірибесі:_____________________________________________________________ Жеке бас жетістіктері (құрмет атағы, марапаттар, өмірлік ермектері (хобби) және т.б.: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Отбасы жайлы мағлұмат (ата-анасы мен бауырларының аты-жөндері, туған жерлері, мамндықтары):________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Интервью координаторы: _______________________________________________________ Интервью мәтіні тапсырылған мерзімі:____________________________________________

Қолы:_______________
Алдын-ала қойылған сұрақтар:

214

166

ҚОСЫМША 4: Сұхбат паспорты
Сұхбат берушінің аты-жөні
Туылған жылы мен жері
Мекен-жайы және байланыс телефондары

Білім деңгейі
(бастауыш, орта, арнайы-орта, жоғары, екі
жоғары білім)
Мамандығы, қызметі

Сұхбатты жариялауға келісімі;
ақпаратқа қол жеткізу (ашық, жабық, жасырын
сұхбат)
Сұхбаттың сипаты

Сұхбат алуға кеткен жалпы сағат саны
Жазба түрлері (аудио, видео, айту бойынша
жазба)
Қосымша құжаттар (мәтіндер, фотосуреттер,

суреттер, газеттегі /журналдағы мақалалар және
т.б.)
Сұхбат өткізілген орын (сұхбат берушінің үйі,
арнайы орында және т.б.)

Сұхбат берушімен кездесулер саны
Сұхбат берушінің қолтаңбасы
Сұхбат жүргізген адам
Сұхбат алынған күні

Сұхбат алынған уақыты
суреттің
орны

215

167

ҚОСЫМША 5: Транскрипция форматы
Сұхбат қандай жоба бойынша алынды:
Ғылыми – зерттеу жобасының толық атауы .
Сұхбат алынған мерзім: ____ _____ _____

Сұхбат алынған орын: __________________________________________________________ Сұхбат алушының (интервьюер) толық аты-жөні: ___________________________________ Сұхбат берушінің (респондент) толық аты-жөні: ____________________________________

Интервьюер
аббревиатурасы [аты-жөнінің бірінші әріптерін қолданыңыз, яғни Ж.Б.
(Жұмабеков Бейбіт)]

Респондент аббревиатурасы [аты-жөнінің бірінші әріптерін қолданыңыз, яғни A.C.

(Ақбаев Сарқыт)]

216

Қосымша №6

Қыдырбек Байқалықұлы
Махметовпен сұхбат

– Әңгімемізді өзіңіздің балалық шағыңыз, ата-анаңыз

жайлы айтудан бастасаңыз дұрыс болар еді.

– 1937 жылы қазан айының 5-інде Гвардия (Кербұлақ) ауданы-

ның Көксай бөлімінде туылып, сонда ержеттім. Әкеміз соғысқа
кетіп, қайтпай қалды. Соғыста қаза болды. Шешеміз Нүрипа бізді
асырап, жеткізді. Мен Ақжар ауылдық кеңесінің жеті жылдық
мектебін бітірдім, одан кейін Қоғалы қазақ орта мектебінде 8-ші

кластан оқи бастадым. «28 Гвардияшыл панфиловшылардың»
алтауы ма, жетеуі ма сол Қоғалыдан шыққандықтан, ауданды «28
Гвардияшыл ауданы» деп атады. Гвардия ауданының тұрғындары-
ның көбі орыстар, қазақтар 7-8 шағын колхоздарда ғана тұрған.

Қазақ мектебінен бір ғана Қоғалы қазақ орта мектебі болды. Сол
жылы Алматы жанында Қарашоқы деген совхоз құрылып, ересек
балалардың барлығын сонда тың көтеруге жіберді. Қыркүйекте
сабақ басталған жоқ, біз қарашада әлі жер айдап, тракторшыға

көмекші болып жүрдік. Арқарлыдан түскен жерде екі-үш шақы-
рым жер тегіс қой, сол жерді біз 1953 жылы айдадық. Соның аяқ
жағында тамақ ішіп отыр едік, «ЗИМ» деген машина келді. Ішінен,
Құдай сақтасын, басы дәу, омырауы толған орден, өзі герой, бір

кісі түсе бастады. Бригадиріміз орыс болатын, ол қорқып орнынан
тұрды да, «барлықтарың жұмыстарыңа шығыңдар» деп бізді де
көтерді. Машинадан түскен кісі: «Өй, тоқтаңдар, тоқтаңдар, қарақ-
тарым! Мен сендерден жөн сұрайын деп тұрмын. Сталин атындағы

колхоздың бастығымын, Алдабергенов деген менмін» – деді. Ол
кезде орден дегенді білмейміз ғой, көзіміз орденді тесіп барады.

– Сіз ол кезде нешеде едіңіз?

– Мен 16-да едім. Алдабергенов ол кезде жігіт ағасы еді,

жасы отыздың ішінде. Содан ол: «Әй, мына жерді кім айда
деді сендерге» – деді. Бригадиріміз: «Үкімет, бұл жерде сов-
хоз ашылған» – деп жауап берді. Алдабергенов: – «Мына жер
менің ата-бабамның жері, бұл жер тек қана жайылым, бұл

жерге бидай, астық шықпайды. Босқа жыртып жатырсыңдар
ғой. Мен басшыларға айтамын» – деді.
Біз оны білмейміз, шыға ма, шықпай ма, бізге берілген нұсқау
солай еді.

Содан кейін Алдабергенов жас жігіттерге қарап: «Сендер

217

неге оқымағансыңдар? Неге жұмыс жасап жатсыңдар?» – деді.
Сонда мен тұрып: «Бізді екі ай оқудан босатып, тың көтеруге
кәдімгі оқу министрінің нұсқауымен жіберген» – дедім.

– «Жас екенсіңдер, егерде оқи алмасаңдар, менің ауылыма

келіңдер, мен көмектесем» – деді. Сосын «Сен кімнің бала-
сысың? Қай жақтансың?» – деп сұрай бастады. Мен: – Мах-
метов – дедім.

– Махметов Жөңкебайдың баласысың ба?

– Иә, – дедім.

– Шебердің тұқымы екенсің ғой! Қарағым, туыс екенсің ғой,

егер де оқуда қиыншылық болса, кел деді.
Біздің бабамыз, үлкен атамыз, алтын ер жасаған кісі. Біз жа-
лайырдың ішіндегі андасы боламыз. Бұлардың аталары бізге
қарама-қарсы үйде, көрші болып тұрған. Бұл кісілер андас

ішінде дербісәлісі, біз жетімәліміз.

– Жарайды, аға, – дедім.

– Жарайды, жақсы, балалар. Жолдарың болсың, – деп маши-

насына мініп кетіп қалды.
Біз қараша біткен соң қайтадан Қоғалыға келдік. Кілең жетім
балалар, барлығы интернатта. Интернат болғанда қазіргі ат
қора дұрыстау одан. Балалардың барлығының оқығысы келеді,

бірақ интернатқа сыймайды. Содан коммисия шығып, үйінде
жұмысшысы бар балаларды, оның ішінде мені де интернаттан
шығарып тастады. Орта мектепте завуч болған біздің туы-
сымыз кірісіп еді, коммисия бой бермей қойды. Содан кейін

завуч туысымыз: – Әй, Қыдырбек! Ағаң да оқымай бастық
болып, қожайын болып жүр ғой – деді. Амал жоқ, ауылда біраз
жұмыс жасап жүрдім. Бір күні шешеме «Апа, мен бұл жерде
болмаймын, кетем» – дедім. Шешем мен бір әпкем ғана бар

еді, олар: – Ойбай, қайда барасың? – деп жібергілері келмеді.
Қысқасы, мен ауылдан кетіп қалдым да, 1955 жылы осы кол-
хозға келдім. Алдабергенов мені бірден танып: – «Сен Арқарлы
жақта жер айдаған бала емессің ба? Үй-ішіңді көшіріп алып

кел. Мына жерде мектеп-интернат бар, оқы» – деді. Оқыдым.
Кейін институтты сырттай оқып, оны бітірдім, жұмыс істедім.
Бұл жерде немістер бар. Бәйбішем сиыр сауатын агрегат ма-
шинамен 150 сиыр сауып депутат болды. Бүкіл Қазақстаннан

келді, көреміз деп. Өмір бойы мал шаруашылығында істеп,
зейнетке шықтық. Қысқаша өмірбаян осы.

– Мектепте қалай оқыдыңыз?

218

– Мектепте жақсы оқыдым. Ақжар ауылдық кеңесінің мек-

тебі болды, соның кітапханасы болды. Менің бір жолдасым
бар еді, екеуміз сол кітапхананың кітабын бітірдік. Сабақ
оқимын, өмірі ойнаған емеспін, шешеме үй шаруашылығына
қолқабыс етемін, үй сыпырамын, інімді жетектеп үйде ой-

наймын. Мектеп кітапханасындағы барлық кітапты тауысқан
соң ауылдық кеңестің кітапханасына бардым. Барып, кітап
жаздырып алып жатыр едім, кітапханашы қария кісі екен:
«Әй, не істеп жүрсің?» –деді.

– «Ағай, кітап алайын деп едім», – десем, «Әй, боқмұрын,

кітап оқу үшін жағдай керек, жоғал, көзіңді құрт!» – деді. Со-
дан кейін желкеден бір түйді де, қуып шықты. Ақырын далаға
шықтым. Кітапхананың есігі тарс-тарс етіп сылқылдап бос тұр.
Досыма келіп: «Кітап ұрлайық» – дедім. Ол: – «Жаздырып ал-

маймыз ба?» – деді. Мен оған кітапханашының қуып шыққанын
айттым. Қысқасы, түнде барып кітап ұрладық.
Біздің туысымыз мектеп директоры еді, сол шақырып жатыр
деді, бардым. Ол: «Әй, Қыдеке (мені Қыдеке дейтін), жоғары

шық» –деді.

– «Ауылдық кеңестің кітапханасына ұры түсіпті, кітап

ұрланды деп естігенімбірінші рет. Мал ұрлаушы еді, жинақ
кассасын ұрлаушы еді, кітапті кім ұрлайды? Сен білесің бе?»

– деді. –«Білмеймін» –дедім.

Содан көздің жауын алатын шақшаны алып шығып, насы-
байды салды да:

– «Мынаны кім жасағанын білесің ба?» – деді.

– «Қайдан білейін, аға» – дедім.

– «Сенің бабаң жасаған. Атама сыйлыққа беріпті, насыбай

атады екен. Одан әкеме келді, енді маған тиді. Сенің атаң жа-
саған ғой, аласың ба?» – деді.

– «Мен насыбай атпаймын ғой, алмаймын» – дедім. Отыр-

ды да: «Әй, Қыдырбек, мен мектептегі кітапханадан кітап
алатындарға сараптама жасадым. Кітапты ең көп оқитын сен
екенсің. Кітапты сен ұрладың-ау» – деді. Сонымен жанымды
қоймады: «Ешкімге де айтпаймын, екеуміз туысқанбыз ғой.

Кітабың таусылса, мен тауып берем, ауданнан алып берем.
Шыныңды айтшы?» – деді. Ақырында, «ұрлағаным рас еді»

– деп мойындадым.

– «Жарайды, болған іс болды, жаман үйреніп кетесің, ұры

болма, қарағым. Маған кітаптарыңның тізімін жазып бер, мен

219

тауып берейін» – деді. Сол кісі тауып беріп жүрді, мықты кі-
таптарды. Міне, содан оқып, интернатта жүріп мектеп бітірдім,
сосын институтқа түстім.

– Арғы атаңыз шебер болған дедіңіз, оған қосарыңыз

бар ма?

– Менің ата-бабаларым кітапта бар. Мен – Махметовпын,

Махметтің әкесі Жөңкебай деген кісі. «Жөңкебай еспесі»
деген жер атамның атына байланысты айтылады. Суы таза,
тұщы. Сарыбұлақ совхозының тұрғындары: «тазалығы сонша,
аккумуляторға құямыз» – дейді. Сол Жөңкебай деген атам ше-

бер, алтын ер жасаған кісі. Жерді зерттеуші бір орыс, жасаған
бұйымдарын көріп, атамызды іздеп келген. Бір ер жасауға бір
жыл уақыт керек екен. Атам жасаған ерді көрген орыс таң
қалып: «Сен, маған бір ер жасап бер, мен саған киім тігетін

машина берем» – дейді. Сөйтіп, «Зингер» тігін машинасының
алтауын ба, жетеуін ба алып келіпті, жаңағы орыс. Ол орыс-
ты Мұқаш деген бастық ағамыз болған, сол Семенов-Тянь-
Шаньский дейді, ал енді біреулер, жоқ, ол Пржевальский дейді.

Сталинге ұқсайды дейді. Сол әкелген машинасымен киім тігіп
көрсетеді, барлығы таң қалады да, қалаған ерін береді. Сол
тігін машинасы баласы Махметке, Махметтен менің шешеме
тиеді. Қотырқай деген жайлаудан көшіп келе жатқан кезде,

түйе тайып жығылып, түйе аударылғанда жанағы машина
қылта мойынынан сынған. Менің әкемнің әкесі соны жасаған.
Қалай жасағаны белгісіз? Соны апам айтады, сынғаны білін-
бейді деп. Оның сырты шойын, оны қалай балқытты, қалай

жасады? Сол машинаны 1932 жылы сатып, жарты қап арпаға
айырбастайды. Кеңес Үкіметіне дейін болды. Үйде екеуі тұр.
Менің кіші қызым, мектепті алтын медальға бітірді. Турист
болып Хельсинкиге барды. Эрмитажға барғанда бабамыздың

ертоқымын көреді. «Қазақ, бәлембай жердің, бәлембай ауылы,
жасаған Жөңкебай Асанов» деген тұр дейді. Қазір ол бар ма,
жоқ па? Білмеймін.

– Алдабергеновтың жеке бас қасиеттері туралы не ай-

тасыз?

– Қазақта «таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін»

деген мақал бар ғой. Жаманшылық пен жақсылық егіз болады.
Өмірің бірыңғай тәтті бола бермейді. Алдабергенов керемет
адам болды. Батыр десе батыр, шаруақор, елдің барлығы ол
кісіні жақсы көрді. Орнынан түсірген уақытта елдің бәрі жы-

220

лады. Еңбегін үкімет бағалап, орден берді, жұлдыз берді. Екі
жұлдызы бар, төрт Ленин ордені бар. Одақтың Жоғарғы Со-
ветіне бір рет депутат болып сайланды. Қазақ КСР-на депутат,
пленум мүшесі болды. Бір қасиеті – қазақи, елін сондай жақсы

көрді. Колхозымыз басым түрде қазақтардан тұрды. Гайво-
ронская деген Еңбек Ері болған, бірақ бұлардың ата-бабалары
осы жерде өскен. Бұл кісі колхозға немістерді көп тартты. Біз
алғашында немістерді жек көрдік, қазақ жігіттері мен неміс

жігіттері екіге бөлініп алып төбелестік. Бір күні Алдабергенов
қазақтардың барлығын жинап алып: «Әй, бәріңді қамшынын
астына алып сабаса ғой, сендер түк білмейсіңдер. Мынау
неміс өнерлі халық, немістерден үйреніңдер, шаруақор болың-

дар. Сендер үйренсін деп шақырып отырмын, кейін бәріміз
кетеміз, заман сендерге қалады. Сонда ағам дұрыс айтыпты
ғой дейсіңдер» –деді. Немістерді керемет жақсы көрді. Мен
немістермен көрші болдым, бұлардың бір қасиеті – керемет

таза. Таза тұрады, таза жұмыс жасайды. Көршілермен тату
тұрады. Немістің балалары сондай тәртіпті, ауылда өсіп тұрған
алма ағаштарға қолдарын созып бір алма алмайды. Сөйлеген-
де дауыстарын қатты көтермейді. Үлкендердің сөзіне иіліп

тұрады. Сосын олар күніне үш рет амандасады – ертеңгісін,
түсте, кешке. Күніне бір рет амандасатын біз, алғашында оны
түсінбей жүрдік. Ал, олардың балалары болса әке-шешелеріне
«мына аға сәлемімізді алмайды» деп айтып барады екен. Бір

күні көршім «әй, неге біздің балалардың сәлемін алмайсың?
Өзің болсаң, «ассалаумағалейкүм»дейсің» – дейді. Мен: «та-
ңертең ғана амандастық қой» десем, ол: «бізде күніне үш рет
амандасады» дейтін. Мен 1955 жылы осы колхозға келгенше,

оларды комендатурада ұстады, кейінірек босатты.
Қазір солардың бәрі Германияға көшіп кетті. Кетерлерінде
оларды үйлерімізге шақырып, жылап қоштастық. Ал, енді, со-
лардың орнына орыстар келді. Арақ ішіп, шу-шу болып жатады.

Ал, енді, Социалистік Еңбек Ері атағын алуына келер бол-
сақ, барлық бригадаларда немістер де жұмыс жасады ғой.
Звено жетекшілерінің бәрі қазақтар болды. Кейін немістер
ренжіңкіреп «күріш арқылы күрмек су ішеді» деген мақал бар

ғой қазақтарда. Біз еңбек етіп, атақты сендер алдыңдар ғой,
әәә» деп айтып жүрді.
Алдабергеновты Хрущев қаралап, орнынан түсірді. Кейін
Брежнев пен Димекең қайтадан орнына қойды. «Мұқырыда»

221

екі-ақ жыл бастық болды да, екі жылда колхозды өзгертіп
жіберді. Сонда Димекеңдер жағасын ұстап: «Ойпыр-ай, мы-
нандай да шаруашылық болады екен ғой» – деген.

– Неліктен ол кісі барған жерде колхоз көтеріліп жүре

береді, оның сыры неде?

– «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дейді ғой. Өз ойым, өз пікірім.

Біздің жалайырдың ішінде Балпық деген би болған. Нұрмол-
да сол кісілердің тұқымы. Ата-бабасының қасиеттері кейінгі
ұрпағына қонады. Бір әңгімесін айтайын: «Менің бәйбішем
музейде ұзақ жұмыс істеп жүргесін, ауыл арасында: «Мына

Шайбала өмір бойы музейде істей бере ма?» – деп күңкіл шыға
бастады. Сосын мен: «Әй, бәйбіше! Елдің барлығы «кемпір
болды, пенсияда деп» сөз қылып жатыр, сен жұмысты қойсаң
қайтеді» – дедім. Ол: «Қойсам, қояйын» – деді.

Содан бірде түсімде Нұрекең тарс етіп есікті ашып кірді де:
«Мені талан-таражға салатын болды, менің ең жақсы көретін
қызымды сен алдың. Неге музейді босат дейсің? Ол музей емес,
менің шырақшым. Егер де осыдан Шайбаланы алатын болсаң,

жақсылық болмайды саған» – деді. Ертеңгісін тұрып, құран
оқып, бәйбішеме айттым: «Айналайын, түнде аға түсіме кіріп,
қатты ренжіп, ұрысты. Сен қашан әлің кетеді, сол уақытта бо-
сарсың. Мен енді саған жұмыс істеме деп айтпаймын» – дедім.

Содан зейнетке шыққаннан кейін 25 жыл істеп, былтыр күзде
ғана орнын босатты. Соған қарағанда, Алдабергеновтың өзінің
әулиелігі бар ма деймін! Әйтпесе, нелер пысық, нелер мықты
жігіттер бар ғой. Үлкен кісілер айтады қызметінен түсерде жа-

нында жолбарысы бар еді, сол кетіп қалды деп. Содан қайтып
келді дегендей сөз айтады. Мен енді 40 жылдай партбилет арқа-
ладым да, дінге аса сенбейтінмін, әлгі Лениннің айтқанындай,
«Дін – апиын» – деп. Түс көргеннен соң мойын бұра бастадым».

– Жұбайыңызбен қалай таныстыңыз, қалай үйлендіңіз-

дер? Отбасыныз, балаларыңыз жайлы не айтасыз?

– Бұл кісі жетім қалған бала еді. Әкесі де, шешесі де өте

мықты кісілер болған екен. Әкесі соғыста өлген. Шешесі үш
жасында қайтыс болыпты. Бір апалары ерте қайтыс болған,
бауыры болған. Туысқанының үйінде тұрып, оқыған. Ағасы
Әділбаев Мерзакерім деген интернатта оқыған, «чрезвычай-

ный детский дом» дегенде. Жетім балаларды Совет өкіметі
жинатқан ғой. Ағасы 10-ды бітіреді, бұл кісі 7-ні бітіреді.
Оқуға қаражат жоқ, содан бұл кісі фермаға сауыншы болып

222

кіреді. Ағасы Киров атындағы университеттің заң бөлімін
бітіріп, Моңғолияға барады. Улан-Удэге прокурор қызметіне
жібереді. Кейін Талдықорған облыстық юстиция бастығы
болып пенсияға шықты. Ол фермада жүрген уақытта мен

зоотехникпін. Шындығы керек, біздің бір туыс атамыз болған,
малшы, сол атамыз айтатын көрінеді «Тоғұлдың қарындасы
бар, Қыдырбек болса ержетті» –деп. Содан келсем шешем:
«Қанша қиыншылық көрдім, келін жұмсағым келеді, маған

келін алып бер. Мен барып қызды көріп келдім, бізге келін-
бала болады екен» – деді. Бір немістің қызы бар еді, Эльмира
деген, сол мені жақсы көріп, келін болам деп үйге келгіштеп
жүретін. Енді қазақ қызы пайда болып, екеу болды. Не іс-

теймін? Осының бәрін шешеме айтып едім, шешем: «Жоқ,
мына қызды аласың, алмасаң мен кетемін» – деді. Інім бар
менен сегіз жас кіші, соны алып кетем деді. Сосын барып
сөйлестім. Міне, қосылған себебіміз сол. Рая деген туысқан

қарындасым бар еді, соны ертіп барып алып келдік. Әңгіме
күйеуде емес, әңгіме ене мен келін арасында. Шешем қатты
қуанды, шешеммен керемет тату тұрды. Шешем 1986 жылы
қайтыс болды. Ең алғаш Москваға барады, бірақ шешем

оған қарсы болмады. Екі рет фестиваль дейді, Хельсенкиге,
Москваға барды. Жоғарғы Советте пленум мүшесі болды, ЦК
комсомолдың бюро мүшесі болды. Кейін депутат болғаннан
кейін оқуға жіберді, сөйтіп Жоғарғы партия мектебін бітірді.

Содан кейін 10 шақты жыл ауылдық кеңесті басқарды да му-
зейге жұмысқа ауысты. «Қызмет жасау керек» деп әр жерден
айтып, қатты айналдырып еді, шешем рұқсат бермеді. Кеңес
үкіметі кезінде қызметке отбасының келісімін алатын еді ғой,

сондықтан ол «шешеміз рұқсат бермеді» деген себебін айтты.
Қазір бес баламыз бар. Үлкен баламыз аурушаң болды да
оқымады, қазір кәсіпкер. Жанымызда тұрады. Оның төрт баласы
бар, үлкен баласы үйленген, үш шөбереміз бар. Кіші бала Полит-

техтың мұнайын бітірген. Қазір бизнесмен дей ма, крестьянское
хозяйство дей ма? Адам түсініп болмайды, қарағым. Ауылда
әлі де қиыншылықтар бар. Бізге жайлы қоғам бұрын біз істеген
социализм тұсында болды. Осы колхозда мысалы 2,5 мың га.

жерге қызылша егілді, 30 000 қойы болды, 1000-ға тарта жыл-
қысы болды, 4000-ға тарта сиыры болды. Ал, қазір, 50 га. жерге
қызылша еге алмайды. Мына Талдықорған облысында төрт
қант зауыты болатын, тоқтаусыз жұмыс жасайтын. Қазір бір-ақ

зауыт бар, бір-екі ай ғана жұмыс жасайды. Қанттың қабы 10

223

000 теңгеге жетті. Ал бұрынғы уақытта 1 кг. 20 тиын болатын.
Ешкім алмайтын, немістер ғана пайдаланатын – самогон, варенье
жасайтын. Ал қазақ оны алмайтын да, өткізбейтін де. Колхоз өзі
сатып, ақшасын беретін. Ал қазіргі ауыл басқа жағдайда өмір

сүруде, қарағым. Біз дүниенің барлығын көрдік қой... Жаңа
Алдабергеновтерді көргің келеді екен. Олар қайда? Солар келсе
екен деп үміттенеміз. Совет заманында РайПО, Райфинотдел
деген болған, сауда жасағанды «спекулянт» деп есептеген. Қазір

ай сайын қымбаттай түсуде. Бір кг ұрпақ 45 теңге, бір түк шөп
5 000 теңге. Кеудем қанша қомпайғанымен, ішімде ештеңе жоқ
болса, не болады. Кемпіріміз екеуміз тату тұрдық. Телевизорды
қарап отырғанда жылағандарды, қайыр сұрағандарды, жетім

балаларды көрсеткенде жүрегің керемет ауырады екен.
Қазір осы ауылды ұстап тұрған – соя. Ауылдың бәрі Мұқы-
рыдан түскен жердегі ойпатта соя егеді, сол. 10 жыл болды, бір
дақылды сала бергеннен не болады, енді 5 жыл ма, 10 жыл ма,

түк шықпай қалады ғой. Баяғыда Кеңес үкіметі кезінде қызыл-
шаны салдырып-салдырып, кейін бәрі шіріп кететін болған.

– Социалистік жарыс туралы айта отырсаңыз?

– Социалистік жарыс деген – адамды жұмысқа ұмтылдыру.

Құлшындыру, марапаттау.

– Қоғалыдан не үшін көштіңіз? Интернаттан шығарып

жібергенін айтпағанда, әлеуметтік жағдай қандай еді?

– Халықтың жағдайы нашар болды. Ол кезде ақша беріл-

мейді, қиыншылық жағдай болды ғой. Сталиннің темірдей
тәртібі – ел аш, бір уыс бидай ала алмайды. Бір қасқа сиыры-
мыз болды, сонымен күн көрдік. Ал, Алдабергенов ең алғаш
авансқа ақша бергізген. Сталин колхозына көшіп келгесін

жағдайымыз дұрыстау болды.

–Соғыс жылдарында ауылдағы өмір қандай болды, соны

айтып берсеңіз?

– Ұлы Отан соғысы жылдарында жағдай өте ауыр болды

ғой, барлығы майданға жіберілді. Қалай өмір сүресің? Сталин
тұсында керемет салық түрлері салынды: бойдақ салық, жүн
салық, азық-түлік салығы, т.б. салықтар. Бірақ, әскерге бар-
ғандарға салық салынбады. Менің бір жездем болды, соның

қасқа сиырының бұзауы емеді, бір жылда дәу болады, сол са-
лыққа бұзауды өткізетін. Қалай Сталин өлді, Маленков тұрды
салықтың барлығын алып тастады. Хрущев келді де, жағдай
қайтадан нашарлап кетті. Маленков болғанда жағдайымыз

жақсы жаққа өзгере бастаған еді.

224

– Сіз әңгіме барысында соғыс жылдарында өмір қиын

болды деп айттыңыз, соның, мәселен, бір күнін айтып өте
аласыз ба?

– Ол уақыт адам айтқысыз қиын болды. Өңшең жетім бала,

балық аулаймыз. Мына Көксудың басында бір ноғай отбасы
тұрды. Сол үйдің отағасы айтатын: «Балам жылайды үш күн
болды, нәр татпайды. Ауызы толып нан жеген адамның арма-
ны бар ма?!» –деп. Соның бір баласы аштан өлді, қалғанда-

рын әйтеуір қазақтар сүт беріп асырап алып қалды. Кейін 50
жылдан кейін Алматыда сол ноғай отбасының бір баласымен
кездесіп қалдым. Ол мені құшақтап, еңіреп тұрып: «Менің
жанымды қасқа сиырдың сүтін беріп алып қалған сенің апаң

ғой» – деген еді. Мен ол кезде жаспын, жұмысқа бармаймын.
Апам таңда, бозторғай шырылдаған уақытта жұмысқа кететін.
Соқа айдайды, астық дайындайды, шөп шабады, егінді орады.
Қоғалы жақтың жұмысы сол. Жұмыс көз көрместей қараңғы

болған уақытта тоқтайды. Соғыста сондай еңбектің арқасын-
да жеңді. Тек Қоғалыда ғана емес, жалпы Кеңес Одағындағы
жағдай солай болған.

– Күніне неше рет тамақтандыңыздар? Қандай тамақ

түрлерін ішетін едіңіздер?

– Дұрыс қойдың сұрақты. Ертеңгі тамаққа шай ішеді. Би-

дай қуырады, соны жейді, сүт ішеді немесе сүт қосқан шай
ішеді. Түсте, 200 адам жұмыс жасайды, дәу тайқазанға бір
шелек арпа (оның ішіндегі жасылын алып тазалайды) және
тұз салады. Әбден қайнатқан кезде жаңағы арпа езіледі, соны

түскі тамаққа береді. Қоладан жасалған бір литрлік сары ожау
болатын, сол әлі менің көз алдымнан кетпейді, содан құйып
береді. Бар тамақ осы, нан жоқ.

– Социалистік заманда жеткен жетістіктеріңіз бар ма?

– Мен бас зоотехник болдым ғой. Біз Одақта алдыңғы қатар-

лы болдық. Мысалы, 120 қойдан орта есеппен 120 қозы алып
отырдық. Сауынды сиыр 3000, 4000 литрге шейін сүт береді.
Менің бәйбішем 4000 литрге дейін сүт сауды. Қойдың жүні-
нен 4 кг. дейін алып отырдық. Мал шаруашылығында үлкен

табыс, жетістікте жүрдік. Жүнді біз Латвияға өткізіп жүрдік,
текстиль заводтарының барлығы Латвияда екен. Шикізатты
біз шығарамыз, ал пайдасын латыштар көреді. Қазір ойлап
қарасам, оларды ұстап тұру үшін солай жасаған екен ғой.

– Кеңес заманында жабық есік саясаты болғаны белгілі.

225

Өзге мемлекеттермен қатынас жоқ, сонда шетел мемлекет-
тері туралы не ойлайтын едіңіз?

– Радиодан «Азаттық», «Свободный голос Европы» деген

бар, соларды көп тыңдадым. «Азаттық» радиосының қазақ
бөлімінің бастығы Хасен Оралтай деген қазақ болған екен.
Ол кісіні мен Алматыда кездестірдім, сөйлестік. Өте мықты
адам екен. Сол кісі біз білмейтін барлық шындықты айтып

отырды. Ал, оны Кеңес Одағы халықтан жасырды. Қазір бір
жақсы жері шекараның барлығы ашық қой.

–Алдабергенов атындағы колхоздың тарихын айтып

берсеңіз?

– Мынау мықты жер, қандай ағаш ұрық тастаса, оны екпей-

ақ, келесі жылы өзі өсіп шығады. Бұл колхоз 1933 жылы құ-
рылған екен, Сталиннің нұсқауымен. Менің естуім бойынша,
колхозды ұйымдастыру уақытында Ораз Жандосов жетекші
қызметтерде болған. Ол Қазақстанда колхоз болмайды десе,

Сталин Оразға ұрсатын көрінеді. Ол кісі керемет адам болған
ғой, атып тұрады да: «Жетісу казактары, орыстар қазақтар-
ды жерінен неге қуады, орыстардың қолында мылтығы бар,
қылышы бар, ал қазақтарда шоқпардан басқа ештеңесі жоқ.

Барлығын құмға қуған» –дейді. Бүкіл империя бойынша, Қы-
тайға дейінгі шекара «Патша трассасы» дейді екен. Әрбір 20-
30 шақырым жерде орыстың селосы болды. Онда кәдімгідей
жүздеген әскер тұрған. Қазақтың малдарын әкесінің малындай

сойып, атып алатын болған. Сол атылған оқтан талай қазақтар
да өлген (Алдабергенов бала кезінен соның бәрін көріп өскен
ғой). Сталин осыдан кейін Жандосовты орнынан алып тастай-
ды.* Мына жер жалайыр ішіндегі сиыршылар жері. Жаңаталап,

Қызылту, Жаңалық деген үш колхоз болды.
Алдабергенов Жаңаталапта бригадир болады, алдыңғы қа-
тарлы бригадир болады. Содан бастық болады. Ол бастық бо-
лысымен, колхоздың шаруашылығы қарқынды дами бастайды.

Колхоздарды ірілендіру басталғанда, үш колхоз Жаңаталап
колхозына біріктіріліп, «Сталин» атындағы колхоз деп атала
бастады.
_____________________________

*) Респондент бұл арада, әрине 1921-1922 жж. Жетісуда жүргізіген
жер-су реформасы туралы айтып отыр.

226

Сталин өлген соң «жеке басқа табынушылықты жою» науқаны
басталып горкомның хатшысы болған Балапанов деген ХХІІ
съезге делегат болып қатысады. Сол съезд Сталинді қаралайды.
Балапанов келгеннен соң Сталиннің ілулі тұрған суретін алып,

колхоздың атын «ХХІІ партсъезд» деп өзгертеді. Кешегі Қазақс-
тан егемендік алғанша «ХХІІ партсъезд» атанды. Қазір елдің
сұрауы бойынша ауылды «Алдабергенов ауылы» деп атады.
Міне, колхоздың тарихы сол. Колхоздың табысы Алдабергенов

тұсында өте жоғары болды, рубльмен 4 000 000-ға шейін жетті.

– Нұрмолда Алдабергеновтың балалық шағы жайлы

білесіз ба? Шыққан тегі?

– Шыққан тегі Ескелді би мен Балпық биден тарайды. Ол

кісілер әулие болған. Балпық атамыздың бейіті Қаратал ау-
данының Оян деген жерінде. Балпық би әулие адам болған.
Түрксіб темір жолы бейітке бір шақырым жер қалғанда экско-
ватор сынады, адам шығыны болады. Жұмыс жүрмей қояды.

Бұның себебін түсінбеген орыстар не болғанын сұрастыра
бастайды. Сол жерде Айнабұлақта жолдың бастығы болған
Байшапанов деген кісі болған екен, сол: «Себебі, мына жер
тура менің атамның тұсына келіп тұр, сол кісінің әруағы.

Жолды 200 метрге бұрып, басқа жақтан салу керек, сонда жұмыс
жүреді» – дейді. Солай жасайды. Осыдан кейін жұмыс жүріп ке-
теді, орыс-қазағы түгел таң қалысады. Бір әулиелігі сол. Қосымша
айта кетейін дегенім: Түріксібте Тынышпаев па, әлде Әбдіқанов

па, біреуі инженер болған екен.
Нұрмолда Алдабергенов оқымаған, мал баққан. Кеңес үкіметі
орнаған соң Түрксібте жұмыс істеген. Одан кейін Жаңаталап
колхозына кіріп, жұмыс істеген. Колхоздастыруда құмдағы ха-

лықты ру-румен айдап әкеліп, әр рудан бір колхоз жасады ғой.
Сонда Дербісәлі андастарды осында орналастырған. Ал, бұрын
бұл сиыршылардың жері болған.

– Социалистік Еңбек Ерлері туралы не айта аласыз?

– Олардың барлығы еңбектің адамы ғой. Олар Еңбек Ері

атағын соғыстан кейін алады. Талдықорған ауданы мен Киров
ауданының екеуінің арасы 20 шақырым, осы өңірде қант зауыты
салынды. Зауыт салынғаннан кейін қызылша егу керек. Оны
мамандар арнайы Москвадан келіп үйреткен. Мен оны 1955

жылы көрдім. Жерді гектар-гектарга бөліп, үй, бала-шаға демей
жұмыс жасады. Тың жерде қызылшадан өнім өте мол алынды, әр
гектардан 800 центнер өнім алғандарға Еңбек Ері атағы берілді.

227

– Сіз әлгінде үй, бала-шаға демей жұмыс істеді дедіңіз.

Сіздің ойыңызша осы дұрыс па?

– Дұрыс, дұрыс! Үкіметке деген сенім болу керек қой. Үкімет

мықты болу үшін халықтың үкіметке деген сенімі болуы қажет.

–Сіз халық үкіметке сенуі керек дедіңіз, ал халықтың

сеніміне ие болу үшін үкімет не істеуі керек?

– Әлеуметтік жағдайды жақсартуы қажет. Мысалы, менің

риза болатыным, соғыс қалай бітті, техника да келе бастады,
комбайн да келе батады, авансты да бере бастады.
Колхоздарда жылдың аяғында малдың етке өткізілетіні өткізі-
леді, сатылатыны сатылады және солардан келесі жылға артық

мал қалады. Осы артық қалған малдар үшін Москвадан арнайы
комиссия келіп, есептен артық қалған малдың бәрін төбесінен
ұшқан құсты өткізбейтін 53 шақырымдық мемлекеттік шекара
(красная граница) «красный зонаға» жібереді. Мен оны заста-

ваға барғанда көзіммен көрдім. Осылайша, малдың барлығын
құртты. Колхоздың малы жұмысшылардың біреуіне де, қарапа-
йым егіншілерге де берілген жоқ, Ресейге айдалды. Кеңес Одағы
тұсында халықтың үкіметке деген сенімі әлсірей бастады.

Кеңес Одағының құлауына да көбірек себеп болған – пара
беру. Ең мықты дегендер – колхоз бастықтары болды. Өйткені,
тамақ өндіреді ғой. Солардың барлығын пара ұстайды. Алда-
бергенов заманы келмеске кетті. ЦК-да, облыста байланыстары

болады, сонан соң шаруаны қарауды қойды. Мына жерден арыз
түсіп қызметтен кетсе, басқа жаққа барып отырады.

– Асанов тұсында колхоз шаруашылығының жағдайы

қалай болды?

– Ғабиден Мұстафиннің «Шеңгел өз құмында мықты» деген

сөзі бар еді. Әр жерді өз азаматтары басқаруы керек. Асановты
Нұрмолда ағамыздан кейін әкеліп қойды. Ол бұл жердің адамы
емес. Нұрмолда Алдабергенов тұсында «бәрі халықтың игілігі,
халықтың еңбегі шығын болмау керек» деп отыратын. Асанов

тұсында шаруашылық құлдырай бастады. Жұмыс жөніне
қалды. Шаруашылық кері кете бастағанда артық жерлер ұс-
тай бастады. Іс жүзінде 11 га жер, бірақ жоспарға 10 га жер
деп көрсетеді де, 1 га жерді көрсетпейді. Бірақ, алынған өнім

көрсеткіші 11 га жердікі. Қулықтың неше түрі болды. Шақан,
Рысбай қариялардың оның үстінен арыз жазатыны осы кезде.
Асановты Обкомның хатшысы, Министрлер Кеңесінің пред-
седателі, Прокурорлар сүйеп тұрды, сосын ол шалқыды. Бес

228

жыл Шұбарда дүниенің қызығын көрді. Бейсебаев Министрлер
Кеңесінің председателі болып тұрған кезде оған Социалистік
Еңбек Ері атағын алып берді. Алдабергенов орнынан түсерде
Бейсебаев Обкомның хатшысы болды, содан кейін 1-2 жылдан

кейін Министрлер Кеңесінің председателі болып кетті.
Жоғарыда айтып кеткенімдей, Асанов бастық болған кезде
Шақан Сасықбаев (Шақан Алдабергеновтың інілері, бұрын
бастық болған, коммунист болған) шаруашылықты дұрыс

жүргізбеді деп оған қарсы шығады. Асанов содан кейін Шақан
ақсақалмен арыздасып, шатақтасады. Ақырында ол Шақан Са-
сықбаевты соттатады. Таққан кінәсі не? Асановтың бір баласы
мектеп-интернат салған кезде смоланы сағыз деп шайнап, сол

смола ішіне тұрып қалып, қайтыс болған. Баланы Шұбардың
аяғындағы бейітке жерлеп, басына мрамордан ескерткіш қой-
ды. Сол мраморға алтыннан желімдеген жазуын шағып алып
алады да: «Менің баламның басындағы жазуды Шақан шап-

қан» – деп үкіметке арыз берген. Есі шамалылау бір кісі бар
еді, атын ұмытып отырмын, соны: «Мен атпен келе жатқанда
Шақан бұзып алып жатыр екен» –дегізіп, куәгер болғызады.
Осылайша Шақанды түрмеге қамайды. Кінәсі жоқ деп боса-

тып жіберсе, қайтадан алып барып қаматады.
Ол кісі соттасып жүргенде, Нұрекең бастап юстицияның
орынбасары болған Бөлекбаевқа барады: «Бұл бір азамат еді,
Ұлы Отан соғысына қатысқан, кейін колхоз бастығы болған.

Өзі инвалид, бұл қалай болғаны» – деп. Ақырында Шақан
ақсақалды Қонаевқа кіргізеді. Кейін Шақанның айтқаны:
«Кабинеті керемет екен. Төрт жыл айтысқаннан әбден қажы-
ған мен, Қонаевты көрген уақытта, есіктен кіре, еңіреп тұрып

жыладым» – дейді. Қонаев қолтықтап, жанындағы үстелге апа-
рып отырғызды. Мен әкемді көргендей сонша көңілім босап,
жыладым. Жылап отырып ақырын қарасам, ол кісі (Қонаев)
бірдеңе жазып отыр, көзінің астымен маған қарап қояды. Бір

сағат отырдым, өксігімді басып, жылап болғаннан соң ақы-
рын маған қарап, қария, ашуыңыз басылды ма? Әңгімеңізге
көшіңіз» – деді. «Қарағым, Димеке, – айта алмай, көзімнен жас
ыршып кетті дейді – қарағым, менің жазығым жоқ еді. Алты

бірдей балам бар, жұмыстан қуып, босатып жіберді, оның
үстіне түрмеге қаматты. Мынау прокурор, мынау облыстың
басшылары барлығы түгел жабылып, баяғы Алдабергеновтың
колхозын...» – дей беріп едім «жарайды, қария, ұқтым» – деді

229

де, кнопканы басып жіберді. Көмекшісі келді, татар әйел екен.
-«Республикалық прокурорды шақыр! Шақан Сасықбаевтың
делосының барлығын алып келсін деп айт»– деді. «Обком бас-
шысын шақыртты (фамилиясын ұмытып отырмын). Ол жоқ екен,

Талдықорғанға жиналысқа кетіпті. Ол жоқ болса Облисполком-
ның председателін (ол кезде Жұмақан Балапанов болған) шақыр
деді» –дейді. «Республикалық прокурор келеді, делосы 12 том
болған екен» –дейді. «Делоны қой деді» – дейді. Мен қасында

отырмын, республикалық прокурор жанымда отыр. Бір уақытта
делоның барлығын ашып, қарап отырды. Бір сағат қарады» –
дейді. Сосын: – «Жолдас прокурор мына делода Асановты сабады
деп, ол Асанов 30 жастағы жігіт, 70 жастағы шал қалай сабайды,

қарағым-ау?, қаралаған адам жаныңда отыр, 40 жыл коммунист
болған адам, 30 жыл колхоз бастығы болған, 5 жыл соғыста жүріп,
бір аяғын берген (бір аяғының буыннан төменгі жағы жоқ еді)»

– деп, Димекең ашуланып: «істі жап», – деп айтты» – дейді. Сол

уақытта Балапанов келді дейді. Амандасқан соң: – Мына кісіні
білесің ба? – депті. – Білемін – депті. Олай болса, колхоз бастығы-
на айт, обком секретарына айтып, мына кісіні 24 сағаттың ішінде
жұмысқа қойдыртыңыз. Жұмыстан босатқаннан бері қарайғы

айлығын төлеңіз. Қария, басқа айтарыңыз бар ма? – дейді. 12
томдық делоны қызыл крестпен, қызыл карточкамен салды да:
«Мынаны архивке алып барып, өртеп жібер!» – деген. Сосын:
«Қария, сау болыңыз, бір жағдай бола қалса, мына телефонға

звондаңыз» – деп визиткасын береді. Содан есіктен шығып бара
жатқан уақытта: «Қария, тоқтай тұрыңызшы, алты балаңыз бар
екен, мына кісімен төрт жыл айтыстыңыз, жағдайыңыз қалай?»

– депті. «Төмен қарап тұрып не айтарымды білмедім» – дейді.

«Енді, жағдайым, алты балам бар, өзіңіз білесіз ғой, қаңғып жүр-
ген адамда не жағдай болады?» – десе, кнопканы басып жібереді
де, хатшы әйелді шықыртып: «Фатима, мына кісіге ЦК-ның өзара
көмек қорынан 4 000 сом ақша беріңіз» – дейді. Мен:«көп ақша

ғой, мен ондай ақша ұстамаймын дегенде: Қария, алты балаңыз
бар, алыңыз. Сау болыңыз", – деп жаңағы ақшаны қойыныма,
қолтығыма тығып-тығып жіберді» – дейді.
Алдына сан рет келгенде есігінен кіргізбей қойған Балапанов,

сол сәтті байқап қалып: – «Қария, қолтығыңызға не тығып
жатыр?» – дейді.
Шақан қария сауатсыз адам еді. Содан Шақанды Алматыдан
облисполкомның «Волгасына» отырғызып алып Талдықорғанға

230

алып келеді. Бұл кезде Талдықорғанда мал шаруашылығынан
үлкен жиналыс болып жатыр екен. Обком секретары бар, горком
секретары бар, Асанов бар – барлығы фойеде тұрады. Балапанов
оларға барып: «Димекең мына кісіні 24 сағаттың ішінде жұмыс-

қа қойсын деп айтты. Мен жауабын жеткізуге тиіспін» – деген.
Содан шаң-шұң еткен дауыс шықты, шаңқылдап ұрсысып жатты
дейді. Асанов: «Қонаев бұны менің орныма қойсын» – дейді.
Балапанов өте қу адам. Содан: «Шәке, машинаға отыры-

ныз» – деп, отырғызып алады да, қарияның үйіне келеді.
Қалтасында 1 000 сомы бар, соны жеңгейге «бала-шағаға» деп
береді. Шақан ақсақалға: «Қария демал, мен жеңгемен ептеп
сөйлесейін» – дейді. Сөйтіп, Шақанның әйеліне: «Бұл кісі

сауатсыз адам, «Асановтың орынбасары болып неміс отыр.
Мен не орынбасары болам, не бастық болам» деп жатыр, бұл
қалай болады. Мынау бірінші фермаға немесе екінші фермаға
ферма меңгерушісі болсын, еңбекақысын береміз» –дейді.

Әйелі: «Не, оны істемеймін деді ма, шал?» – дейді.

– «Істемеймін деп айтты» – дейді, Балапанов.

Шақан қарияның әйелі келіп оған: «Қаңғып жүргеніміз аз ба
еді? Мен мына алты баланы қалай асырап жүрмін, сен беріп
тұрған қызметтен бас тарттың» – деп, ақсақалмен айқаса кетеді.
Балапанов Шақанның әйеліне: «шалды көндір» – дейді. Ол:

«көндірем» –дейді. Сонымен, шал көнеді. 1962 жылы Нұрмолда
атамыздың үлкен фермасы болатын. Балапанов оны осы фер-
маға алып келеді. Ал, мен сол фермада механик болатынмын.
Ферманың үлкен есебі бар. Еттің, малдың, азық-түліктің

есебі дегендей. Оның үстіне еңбек ақыны да жазады. Ал, ферма
меңгерушісі болған мына кісі болса, шала сауатты, ферманың
есебін жасау оңай шаруа емес, оны жасайтын адам керек.
Асановтың: «ол кісі сауатсыз істей алмайды» –деп айтқаны

бар. Шақан ақсақал маған келіп: «Інім, Асановтан қорқасын
ба, қорықпайсың ба?» – деді.
Ол кезде менің бәйбішем Одаққа депутат. Алдабергенов
бесінші шақырылымда депутат болды, ол түскеннен кейін

менің бәйбішем алтыншы шақырылымға депутат болды. 120
сиыр сауған сауыншы болатын. Мен: «Жоқ, аға, қорықпаймын,
ферманың есебін жасаймын» – дедім.
Сонымен бұл кісі көшіп келіп, ферма меңгерушісі болды.

Мен ферманың есебін жасап берем. Ол дайын есепті Виж
деген экономист досы бар, соған апарып береді де, қайтып

231

келеді. Ал, Асанов содан кейін сол фермаға ат ізін салған жоқ.

– Асанов ол кезде колхозда председатель ма?

– Иә, ал бұл ферма сол колхоздың бірінші фермасы болатын. Бір

күні, ферма меңгерушісі (Шақан Сасықбаев) құбылып тұратын
әдемі қытайлық жасыл қалпағы мен қытайлық қымбат макинто-
шын киіп шығыпты (оны ертеректе Алдабергеновке Қытайдан
«Жэньминь жибао» газетінің бас редакторы, жанында 7-8 адамы

бар коммисия келіп, риза болып Шақановқа сыйлап кеткен).
Өзі мысқылдап сөйлейтін кісі еді. Мен: «Қария, ажар беретін
киіміңізді киіпсіз, бір жағдай болып қалды ма?» – деп едім,
сонда оның айтқаны: «Әй, Қыдырбек, бір Тәңір келіпті ауылға,

соны қонаққа шақырайын деп едім. Сен облыстық тұтынушылар
одағының бастығын білесің ғой, содан барып машинаңмен бір
жәшік қымбат арақ алып кел (мен ол кезде бәйбішем депутат
болғандықтан, ауылда ең алғаш жекеменшік «Москвич» ма-

шинасын алғанмын). Жалайырдың жақсыларының барлығын
шақырам, тай соямын» – деді. Арағын алып келдім, түске жақын
«Волга» келді. Ішінде біздің жалайырдың біраз адамдары бар.
Тай сойылды, екі жәшік коньяк пен шампан құйылды. Қонақ-

тардың ішінде Нұрмолда Алдабергенов, ауылда қызмет жасаған
тағы оншақты адам, олармен бірге үлкен бір сары кісі (Тәңір
дегені осы кісі) мен әдемі келіншек және өзбек бәйбішесіндей
жаулық салған, аппақ, сондай әдемі тағы бір әйел кісі болды.

– «Бұл кісі кім?» – деп сұрастырсам, бұл кісілердің әкелері ер-

теректе бай болған, өзі Ленинградта оқып, Сауда институтын
бітірген екен. Содан бір еврейдің қызын алып, осы Жетісуға
келеді. Келгеннен кейін қызметте көтеріліп, обкомның екінші
хатшысы болады. Осы кісі екінші хатшы болған уақытта ге-

ройлардың герой болып, орден алып, алдыңғы қатарға шыққан
кездері. Оған осы кісі қатты көмектеседі. Ал, ол кезде обкомның
бірінші хатшысы кіші жүз Артығалиев деген кісі.

– Қонақ болып келген кісі қазақ қой?

– Қазақ, жалайыр. Жалайырдың ішінде орақты екен. Малайса-

рының күнбатысының күнгей жағын орақтылар мекен етсе, күн
шығыс жағын андастар мекен етеді. Андастар болғанда ішіндегі
дербісәлі мекендейді.
Қонақтар арақты ішті, қазы-қартасын жеді. Ет жеп отырған

уақытта бір кісі келді де: «Ассалаумағалейкум» деп амандасты.
Қонағымыз оған қолын селқос берді. Тұрды да айтты: «Нұреке,

– деді тәңірі (фамилиясы Құлынбаев, аты Маулен), – Нұреке,

232

апиыншыдан қандай бала туады? Сөйтсе жанағы келген кісінің
әкесінің аты – Дайыр деген кісі, апиын ішеді екен. Сол Дайыр
жалайырдың шежіресін көп білген. Бұл – соның баласы Әбді-
қадыр Дайыров деген кісі екен. Нұрмолда Жаңаталапқа бастық

болғанда, ол Жаңалыққа бастық болады. Геройдың көбісі Да-
йыровтың совхозынан шыққан. Жаңаталаптан алты герой, Жа-
ңалықтан тоғыз герой шықты. Кейін колхоз қосылған уақытта,
өзі бастық болуы үшін Әбдіқадыр Дайыров Нұрекеңнің үстінен

арыз жүгірткен. Өйткені, Нұрекеңнің колхозы көтеріле бастайды.
Сол кезде электростанция салынған, қазір қаңқасы жатыр. Сонда
обком секретары Артығалиев Дайыровты қолдайды. Дайыров
Артығаливқа қонақтап, жиі барады деп естиміз. Обкомның бас-

қару бюросы: «Қалай Дайыров болады, шаруашылықты көтерген
мына Алдабергенов» – дейді. Айтыс-тартыс болады да, ақыры
обком хатшылары Нұрмолдаға тоқтап, үш колхозға бастық бо-
лып қалдырады. Ал Әбдіқадыр Дайыровты Жетісуға жібереді.

Ал, апиыншыдан қандай ұл туады деп неге айтты? Бұл кісі
(Құлынбаев Маулен) обком хатшысы болып жүрген уақытта
еврей әйелді тастады, Алакөлде найманнан Дәмелі деген
райкомның үшінші хатшысы болған қызды алады. Әйелді

алғаннан кейін жұмыстан босайды. Бұл кезде Нұрекең Одаққа
депутат болып, дүрілдеп тұрған кезі. Алматыда ол кезде бұ-
рышты экспортқа шығаратын бұрыш заводы бар екен. Оның
бухгалтері еврей, инженері дүнген, бастығы кім екенін біл-

меймін. Сол кезде Мауленді сол бұрыш заводына директор етіп
жібереді. Директор етіп жібергенде, жанағы еврей мен дүнген
келіседі де «махинация» жасайды. Бұл бұрышты Жапонияға
жібереді екен. Бұрышты уатқанда дүнген кішкентай қызыл

кірпішті уатып, салмағын арттыру үшін бұрышқа қосады екен.
Содан есептеп, қызыл бұрыштан түскен ақшаны еврей екеуі
пайдаланады екен. Ал жапондар бұны біліп қояды. Соның
кесірінен екі ортадағы сауда тоқтап қалады. КГБ тексерген

уақытта Құлынбаев Мауленді, директорды, еврейді, дүнгенді
ұстайды. Үшеуін ату жазасына кеседі. Ал, бұл кісі қалай
атылмай қалды? Баяғыда үкімет басына (Жоғарғы Кеңестің
төрағалығына) Ниязбеков деген келіп еді ғой, ол Ақтөбеде

обком секретары болған екен. Құлынбаев жас кезінде Сауда
институтын бітіріп келді ғой, кейін Москвада жоғары партия
мектебінде, Ниязбеков пен кейінгі әйелі де (Дәмелі) сонда
оқиды. Қиыншылық уақыт, Дәмелі тамақ жасайды. 4 жыл оқи

233

жүріп бұлар дос болады. Содан Дәмелі Талдықорғанға, Нияз-
беков Ақтөбеге кетеді. Қоштасар уақытта Ниязбеков: «Дәке,
өлсем жақсылығыңды ұмытпаспын. Жағамның кірін жуып,
үтіктеп, күйеуіңнен кем көрмедің. Жақсылығың менен қайтар,

менен қайтпаса да құдайдан қайтар» – деген екен.
Құлынбаев сотталып, ату жазасына кетіп тұр. Әйелі Дәмелі
қазіргі әл-Фараби атындағы университеттің партия ұйымын
басқарады. Сол тұста Ниязбеков Жоғарғы Кеңеске төраға

болып келеді. Дәмелі осы кезде Ниязбековке келіп, күйеуінің
жағдайын айтады. Ол: «Ату жазасына жібермеймін, оған ша-
мам келеді. Бірақ түрмеге қамалады, 3-4 жылда, құдай қаласа,
босаттырам» – дейді. Айтқанын жасайды. Бұл кісі төрт жыл

түрмеде «одиночкада» отырады. Еврей мен дүнген Қараған-
дыда түрмеде атылып кетеді.
Сол келгенінде түрмеден босап келгеніне бір ай болған екен.
Алматыда тұрады, Шақан ақсақал қонаққа шақырып, ел-жұртқа

келіп отырған беті екен. Содан тамақ ішіп отырып, «Нұреке,
апиыншыдан қандай бала туады? – деуінің себебі: Өзі түрмеге
қамалып, әйелі қиын жағдайда қаладысол кезде: «Менің ту-
сытарымның барлығы Көксу мен Қараталдың ішінде, кез-кел-

геніне барсаң, көмектеседі, ең жақын туысым, Жетісуда бастық
Дайыров деген, сосын досым Шақан деген бар, Нұрмолда бар,
нағашыларым бар – осының барлығы көмектеседі»– деген ғой.
Содан әйелі қиыншылық уақытында келсе, Дайыров бұны қарсы

алмай қояды. Одан жылап шығып, Нұрекеңе барады. Нұрекең
бір машинаға (ГАЗ 51) не тамақ бар, барлығын тиеп береді,
ақшасын береді. «Күйеуің босап шыққанша мен аман болып
тұрсам, соғымың, ақшаң менен» – деп, Нұрекең болысқан екен.

«Апиыншыдан қандай бала туады?» дегені – Әбдіқадыр
Дайыровтың әйеліне көмек бермегенін меңзеп, кекеткені екен.

– «Ол кезде қиыншылық заман, анау-мынау» –деп Әбекең

жуып-шая бастаған уақытта Маулен тік сөйлеп: «Жоқ, Әбді-
қадыр! Нұреке, мына Әбдіқадыр сенен маған бір табан жақын
болды (Маулен де, Әбдіқадыр да орақтылар), сенен гөрі осыған
көбірек болысушы едім. Жылап келіні келген уақытта үйден ай-

дап шығыпты, сол адамшылыққа жата ма, әділін айтшы» – деді.
Дайыров отыр. Сонда Нұрекең: «Енді, Мауке, не дейсің? Туы-
сың ғой сенің. Бірақ қазақта: «Кең болсаң, кем болмайсың» де-
ген мақал бар. «Ер адамның басына не келіп, не кетпейді» – деді.

Маулен: «Әй, Нұреке, Алла Тағала бақты саған осы кеңдігің-

234

нен берді ғой. Жарайды, апиыншының баласы, отыр орныңа,
жарайды» – деді.

– Сонда Дайыровтың әкесі апиыншы болған ғой?

– «Әбдіқадырдың әкесі Дайыр деген кісі апиыншы болған.

Жаңалық колхозында тұрған ғой, Жаналықтың шалдары
«бастықтың әкесі» деп апиын тауып береді екен. Апиыны жоқ
болса, кұрысып, тырысып қалады екен.
Сонымен тамақ ішіп отырған уақытта, бір жылқышы шал

келіп (күзді күні, мал айдасып жатқан уақыт болатын) барлы-
ғымен амандасты. Шақан ол кісіні дастарханға отырғызды.
Осы отырыста Мырзахан деген кісі туралы естідім.
Құлынбаевтың қасындағы екі әйелдің біреуі келіншегі де,

екіншісі – өзбек бәйбішесіндей жаулық салған, аппақ әдемісі

– апасы, Кәдушей деген кісі екен. Шалға барлығы амандасып

жатқанда жаулық салған кісі:

– Әй, Қашқармысың? – деді.

– Иә, Қашқармын, сіз кім боласыз? – деді.

– Мені танымадың ба? Мен Кәдушеймін ғой, – деді.

«Ойбай-ау, Кәдушей» – деп құшақтап, амандасты. Оны қай-
дан танисың дегенде: «Айтайын, бұл көп әңгіме. Мына Маулен
Ленинградта оқып жүрген уақытта, әкеміз бай, кәмпескеленіп
кетті. Күйеуім Мырзахан Талдықорғанда ОГПУ-дың орынбаса-

ры болған. Мырзаханның Тоқберген деген нағашысы керемет
бай болды, Лабасының тұмсығында тұрды. ОГПУ байлардың
барлығын кәмпескелеп, ірі байларды атты ғой. Сол Тоқбергенді
де атуға үкім шығарылады. Сонда Мырзахан Талдықорғаннан

атпен шығып, Тоқбергенге барып, бүгін түннен қалмай Қытай-
ға өтіңдер, ертен сені ұстап атады дейді. Тоқберген бір түнде
Лабасы тауынан Шаңырақтан өтіп, 1928 жылы көктемде ма,
күзде ма, кәмпескенің алдында Қытайға өтіп кетеді. Ертеңінде

ОГПУ оны ұстайын десе, жоқ, орнын сипап қалады. Олар: «бұл
кім, бұл қалай болды, яғни біздің арамызда тыңшы бар» – деп,
сұрастырған уақытта таңға жуық атпен қайтып келе жатқан
Мырзаханды көрген адам бар болып шығады. Содан Мырзахан

ұсталып, атылып кетеді. Тоқбергеннің үш баласы болған – Қаш-
қар, жаңағы жылқы бағып келген, сосын Омарбек пен Қасымбек
деген» –дейді. Мырзахан атылып кеткеннен кейін оның әйеліне
ешкім көмектеспеген. Кейін інісі Мәулен сотталып кеткенде

келіні Дәмелі екеуі елге келгенде, ешкім де, туыстары да мойын
бұрмайды. Қашқарға да барды, әкесін атудан құтқарып жіберді

235

ғой деп, ол үйіне де кіргізбейді. Сол кезде Нұрмолда ағамыз ғана
көмектескен екен. Одан кейін ол кісі тұрмысқа шықпапты, бала
да көтермепті. «Неге тұрмысқа шықпадың?» деген уақытта:
«Мырзахандай адам кездеспеді, екеуміз қосылған уақытта

ант беріп едік» – деп, Мырзахан* туралы жылап тұрып айтты.
Ертеректе аштық кезінде«астық тап» деп халықты қинаған
заман болған ғой. Сол кезде осы елде астына жүйрік ат мініп,
қолына бесатар мылтық ұстап жүретін Балабеков деген үкі-

меттің адамы болған екен. Сол Балабеков бетіне қарағанды
«халық жауы» дегізіп айдатып отырған. Үлкендердің сақа-
лынан сүйреп, елді зар қақсатқан қатыгез адам болған екен.
Балабеков ел арасына тағы шықты дегенде Ақтөбе-Шұрықта

отырған Хамза деген атамыз: «Елдің бәрін қырып бітті ғой,
бізде бас көтеретін адам бар ма?» –деп қасына жігіттерді жи-
найды. Бәрі сақадай-сай, дайын отырады. Балабеков келеді,
өзі бесатарын қысып ұстап сақтанып жүреді екен. «Астықты

таптыңдар ма?» дегенде, «иә, таптық. Құмда, сексеуілдің ішін-
де, көміп тастағанбыз» –деп, сезік тудырмау үшін астық тиеуге
қажет құрал-саймандарын ала Ақтөбе-Шұрыққа ертіп келеді.
----------------

*Мырзаханның кім екені туралы қысқаша мәлімет. Мырзахан Төлебаев
Алаш қозғалысында Мұхамеджан Тынышбаевпен бірге жүрген. М.Ты-
нышбаевтың ұсынысымен Жетісу өңірі жігіттерінің 1916 ж.қара жұмысқа
бастап барған Мырзаханның туған інісі Керімбек те репрессия құрбаны

болған. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінде Жетісу жігіттерін майданнан
бері бастап келе жатқан Мырзахан Төлебаев деп жазды. Ол оқудағы қазақ
жастары үшін Ә.Бөкейханов атындағы стипендия белгілеңіз деп, майданнан
қайтып келе жатқан уақытта жігіттерден ақша жинап (майдандағы жұмыс-

тары үшін берілген ақшадан) Орынборда пойыздан түсіп, А.Байтұрсыновқа
арнайы сәлем беріп, қаржысын табыстайды. Өйткені Ә.Бөкейхановтың
майдандағы қазақ жігіттеріне көмегі көп болған. «Қазақ» газеті арқылы Ре-
сей қалаларында, Қазанда оқып жүрген қазақ студенттеріне Үндеу тастап,

оқуды қоя тұрып әскерге алынып жатқан қазақ жігіттеріне көмекке келуге
шақырды. Олар орысша білмейді, сауаттары жоқ, босқа қырылып қалатын
болды, тілмаш, аудармашы болыңдар, дәрігерлерің болса, емдеңдер дейді.
М.Тынышбаев Түркістан генерал-губернаторына Мырзахан Төлебаев-

тың, халықты көтеріліске шықпауға үгіттеп, 1916 жылы қара жұмысқа
Жетісу жігіттерін өзі бастап барып келгенін, өте ақылды, қабілетті адам
екенін, оның ата-анасының ауыр материалдық жағдайын айтып оған көмек
беруін өтініп хат жолдаған. Кейін патша үкіметінің генералы Анненковқа

оған көмектесуін сұрап өтініш айтқан.
Мырзахан Төлебаев інісі Керімбекпен бірге Азамат соғысы жылдары Жеті-
суда қазақ ауылдарын ақтар мен қызылдар талауынан сақтау жолында жүріп
мерт болды. Осындай тұлғалардың есімдері ұмыт болуы тиіс емес, көше

аттары беріліп, олар туралы зерттеу жұмыстары жүргізілгені жөн болмақ.

236

Келе Балапановты алып ұрып, ол бесатарына жармаса берген-
де, қаруын қағып түсіреді. Оны сексеуілге байлап қойып: «Әй,
иттің баласы, мына құмда қандай астық болады. Сен-үкіметсің,
біз-халықпыз. Саған – жаза» – деп оны өртеп жібереді. Түтін

шығып жатқанын бір қойшы көріп, тамақ пісіріп жатыр екен
деп келсе, жанып жатқан адамның сүйектерін көреді. Қойшы
қорыққаннан безіп кетеді. Кейін Балабековтің Ақтөбе-Шұрық
жаққа кеткенін білетін үкімет адамдары іздеп шықса, жаңағы

қойшыны кездестіреді. Қойшы Ақтөбе-Шұрықта жанып жатқан
адамның сүйегін көргенін айтады. Қойшының айтқан жеріне
келсе, мылтықтың темірі жанбай қалған екен. Балабеков екенін
біледі. Ақыры Балабековты өлтіргендерді табады. Хамза баста-

ған 35 адамды бір күнде ұстап әкетіп, атып тастайды. Бұл әңгі-
мені үлкендерден естігенбіз. Мен өзім бала кезімде Хамзаның
баласы Әнуарды көргенмін. Аралтөбеде тұрды. Өте сұсты, өзі
де, әйелі де ешкіммен көп сөйлеспейтін еді. Үйінде тазы ұстай-

тын, тазысы таза төсектің үстінде жататын еді.
Менің бәйбішем сельсовет болып тұрған уақытында Обкомға
шақыртады да «Шұбардың бір көшесіне Асылбеков деген кісінің
атын бер»– дейді. Бәйбішем -«Жарайды» дейді. Ауылға келгесін

Нұрғали ақсақалды шақырып алып, Асылбеков туралы сұрас-
тырады. Сонда Социалистік Еңбек Ері Нұрғали ақсақал өзі куә
болған бір оқиғаның шетін тарқатты: Ол кезде Шымыр деген
жерде тұрамыз, мына аудан жоқ, Қаратал ауданына қарайды.

Асылбеков үлкен органда істеген адам екен. Ол: «Ескелді деп
жалайырлардың сиынып жүрген құдайы кім? Мені соған апар
деді» –дейді. Содан Асылбеков Үштөбенің бергі жағындағы
Ескелді бабаның мүрдесінің басына келіп, аттан түсіп, сол

жерге дәрет сындырады. Әрі қарай атына мініп жүріп кетеді де
Талдықорғаннан өтіп, Шымырға жеткенде мүрделердің тұсында
аттан жығылып, сол жерде қайтыс болады. Нұрғали ақсақал сол
сапарда бірге болады. Асылбеков те талай адамның көз жасына

қалған, қарсы келгенді үкіметке қарсы деп соттатқан адам бол-
ған екен. Ақыры, облыстан қысым жасай отырып Шұбарда бір
көшенің атын бергізді. Ол көше қазір де бар.

– Әңгімеңізге рахмет! Аман болыңыз.

Сұхбатты жүргізген: Қойгелдиев М.Қ.
Өңдеген: Бисембаева Л.А.

237

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ (Қойгелдиев М.Қ. 3-14 бб., Мырзатаева З.Б. 14-22 бб.)....3

1 ТАРАУ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ

1.1 Көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардағы тарих айту
дәстүрінің ерекшеліктері және оның даму

кезеңдері (Қойгелдиев М.Қ.)............................................................12

1.2 Ортағасырлық түркілер және Қазақ қоғамындағы жадта сақтап
айту дәстүрі мен жазба мәдениетінің өзара байланыста даму тари-

хынан (Қойгелдиев М.Қ.)..................................................................28 1.3 Эпостың тарихилығы (Қойгелдиев М.Қ.)..................................43

1.4 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс айтылған тарих деректерінде (Тілеубаев Ш.Б.)............................................................................51

2 ТАРАУ

«АЙТЫЛҒАН ТАРИХ»: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 «Айтылған тарих» ғылыми бағыт ретінде алғашқы қадамдары.
АҚШ ғалымдарының тәжірибесі (Қалыбекова М.Ч., Болатхан Ә)....69
2.2 «Айтылған тарих» Еуропа елдерінде. Ұлыбритания ғалымда-
рының тәжірибесі (Қалыбекова М.Ч., Болатхан Ә).......................82

2.3 «Айтылған тарих» Аустралияда (Қалыбекова М.Ч., Болатхан Ә)....85
2.4 «Айтылған тарих» Еуропа елдерінде. Чехия, Польша және Бе-

ларусь (Қалыбекова М.Ч., Болатхан Ә)...........................................89

2.5 «Айтылған тарих» Қазақстанда (Мырзатаева З.Б.).................101

3 ТАРАУ

АЙТЫЛҒАН ТАРИХ: ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ,

ДЕРЕК КӨЗІ, ӘДІСІ (Тілеубаев Ш.Б.)
3.1 Айтылған тарих ғылыми-зерттеу бағыты ретінде ..................111
3.2 Айтылған тарих материалдары дерек көзі ретінде ................119

3.3 Айтылған тарих зерттеу әдісі ретінде .....................................125

4 ТАРАУ

СҰХБАТ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН

ӘДІСТЕРІ (Мырзатаева З.Б.) 4.1 Сұхбатқа даярлық......................................................................132 4.2 Сұхбатты жүргізу.......................................................................147 4.3 Сұхбатты аяқтау.........................................................................153

4.4 Айтылған тарих жобасының есебін даярлау...........................155

238

5 ТАРАУ

СҰХБАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ТРАНСКРИПЦИЯЛАУ

ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАУ (Нұртазина Н.Д.)
5.1 Айтылған тарих дереккөздерін құжатқа айналдыру.............158
5.2 Айтылған тарих материалдарын транскрипциялау және

мұрағаттау........................................................................................166

6 ТАРАУ

«АЙТЫЛҒАН ТАРИХ» ДЕРЕКТЕРІН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ

ЖҰМЫСТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ (Нұрман Ш.Т.)
6.1Айтылған тарих деректерін қолдану және оны жариялау.........172
6.2 Айтылған тарих деректерін түсіндіру: әдістері мен ерекшелік-

тері....................................................................................................180

7 ТАРАУ

АЙТЫЛҒАН ТАРИХ МЕКТЕПТЕ

7.1 Мектепте тарих пәнін оқытудың жаңа технологиясы. Айтылған тарих (Жангуттин Б.О., Мырзатаева З.Б.)...............................187 7. 2 «Менің өлкем» жобасы айтылған тарих әдісімен (Қойгелдиев М.Қ., Жангуттин Б.О.)...............................................193 ҚОРЫТЫНДЫ (Қойгелдиев М.Қ.)................................................199 ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................201

Айтылған тарих
Оқу құралы
(Қазақ тілінде)
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры:

Қасымхан БЕГМАНОВ

Техникалық редакторы: Т.Әлімжанұлы
Безендірген: М.Еңсепбай
Кітаптың мұқабасында
суретші Қ.Телжановтың «Сұқбат» атты шығармасы берілді.

Басуға 20.12.2015ж.қол қойылды
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 60х90 1\16. Баспа табағы 15
Таралымы 500

«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.

Эл.пошта: dastur_09@maіl.ru
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙