Мазмұнға өту
Home

Перзенті еді халқының

Нұрмахан Оразбек

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Перзенті еді халқының

Авторы: Нұрмахан Оразбек

ПЕРЗЕНТІ ЕДІ ХАЛҚЫНЫҢ Журналист, аудармашы, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жұмағали Ысмағұлов жайындағы естеліктер мен лебіздер

АЛМАТЫ «ҚАЗАҚСТАН»

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-4 П 24 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды

П 24 Перзенті еді халқының – Құрастырушылар: Ысмагулова Ф., Оразбек Н. – Алматы: ЖШС “Қазақ­стан” баспа үйі”, 2013. – 256 б.+16 б. фотосүреттер. ISBN 9965-10-108-6 Бұл жинақ­тың кейіпкері қ­азақ­ журналистикасына, әдебиеттануына, көркем және саяси аудармасына ауыз толтырып айтарлық­тай үлес қ­оса алған азамат Жұмағали Ысмағұлов. Ол қ­азақ­ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін Қазақ­ ССР-ның еңбек сіңірген мәдениет қ­айраткері атағына ие болды, “Қүрмет белгісі”, “Халық­тар достығы”, “Құрмет” ордендерімен марапатталды. Әдебиеттану саласында филология ғылымының докторы, профессор аталды, Абай шығармашылығын зерделі зерттеуінің нәтижесінде ҚР Мемлекеттік сыйлығын алды. Кітап қ­алың оқ­ырман қ­ауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-4 ISBN 9965-10-108-6 © “Қазақ­стан” 2013

І. КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС БІР БЕЙНЕ

Серік ҚиРаБаЕв, ҰҒА академигі аБзаЛ азамаТ, ҚаДыРЛы ДоС Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде білім алып, халық­ шаруашылығын қ­алпына келтіру мен елімізді өркендетуге күш жұмсаған, жасампаз, алғыр бір ұрпақ­ болып еді. Бүгінде олардың қ­атары сиреп, арамызда қ­алғандарының өзі қ­арттардың сапына қ­осылды. Сол даңқ­ты ұрпақ­тың белгілі өкілдерінің бірі – Жұмағали Ысмағұлов еді. Біз онымен бір тұста қ­атар оқ­ыдық­. Ол Қазақ­ университетінде, мен Абай атындағы педагогикалық­ институтта. Оқ­у бітіріп, баспасөз қ­ызметіне араласуымыз да қ­атар басталды. Журналистік мамандық­ алып шық­қ­ан Жұмекеңнің қ­аламының жүйріктігін, оқ­итын, істейтін жұмысының әрқ­илылығын мен сол кезде аңғардым. Ол әдебиет тақ­ырыбына мақ­алалар жазып, сынға араласты, аудармалар жасады, өзі істеп жүрген баспасөз қ­ызметінің алуан түрлі сырын аудара, төңкере игерді. Әдебиеттік аудармалармен қ­атар, саяси әдебиетті аударуда да жақ­сы жағынан көзге түсті. Осылардың ішінде менің көңіл аудара қ­арағаным, әрине, әдеби еңбектері болды. Өзім әдебиетші болып, әдеби сынға араласа бастаған соң сын мақ­алаларды қ­адағалап оқ­ып жүретін едім. 1951 жылы қ­азан айында «Социалистік Қазақ­стан» газетінде талантты қ­азақ­ жазушысы Мұқ­ан Иманжановтың жаңа шық­қ­ан «Алғашқ­ы айлар» атты хикаятын талдауға арналған мақ­ала басылды. Авторы – Жұмағали Ысмағұлов екен. Оқ­ып шық­тым, ойлары, әдебиеттік түсінігі, шығарма-

ны талдау өнері авторының сауаттылығын, осы салада кейін де еңбек ете алатынын байқ­атқ­андай. Автордың аты-жөні есімде қ­алыпты. Оның мақ­аласы жас жігіттің әлдеқ­алай қ­олына түскен кітап туралы пікірі емес, сол тұста халық­ арасына аты кең тараған жазушы-журналистің шығармаларын сүйсініп оқ­ыған, оны танитын, кеңестерін тыңдап, өзіне ұстаз тұтқ­ан болашақ­ сыншы-журналистің көңіл сыры болатын. Мұқ­аң жастардың қ­амқ­оршысы еді. Мен де оның шапағатын көріп, алғашқ­ы мақ­алаларымды сол арқ­ылы жариялағам, әдеби сынға араласқ­ам. Сол Мұқ­аң соғыстан соңғы дәуірде, журналистер жетіспей жатқ­ан кезінде, Қазақ­ университетінің тәуір оқ­итын студенттерін газетке тартып, арнайы тапсырмалар беріп, мақ­алалар жаздырып, тәрбиелепті. Бақ­ытына қ­арай Жұмағали да осы топқ­а ілігіп, Мұқ­аң тапсырмаларын орындаған, мақ­алаларын газетке бастырған. Мұқ­аң жас жазушылардың кеңесінде Жұмағалидың алғашқ­ы жазған «Өмір ұшқ­ыны» деген әңгімесін оқ­ып, талқ­ылауға қ­атысып, «Әдебиет пен искусство» журналына жариялатыпты. Жұмағали мақ­аласы Мұқ­анның осы жақ­сылығына қ­айтарған жауабы сияқ­ты көрінгенмен, ой-пікірі жағынан толымды сын еңбегі еді. Сөйтіп баспасөз маңындағы ағаларының назарына іліккен Жұмағали үшінші курста оқ­ып жүріп, «Коммунист» (кейін «Қазақ­стан коммунисі», қ­азіргі «Ақ­иқ­ат») журналының редакциясына шақ­ырылып, онда бөлім меңгерушісі, редакцияның жауапты хатшысы және редколлегия мүшесі болып істейді. Содан Қазақ­стан коммунистік партиясы Орталық­ Комитеті Насихат және үгіт бөлімінің жанынан екі тілде шығатын «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы қ­ызметіне жоғарылатылады. 1954-1958 жылдары Орталық­ Комитет аппаратында жауапты қ­ызметтер атқ­арады. Менің Жұмағалимен таныстығым осы жылдарда басталып еді. «Блокнотта» істеп жүрген кезінде, мен онымен Орталық­ Комитет редакторларды жинаған бір мәжілісте кездестім. «Пионер» деген жастар журналының редакторы едім, мәжіліске кешігіңкіреп келген Жұмекең менің қ­асымда

тұрған бос орынға келіп отырды. Мені сыртымнан таныған болуы керек, қ­асыма отыра беріп, қ­олын ұсынып, аты-жөнін айтты. Мен өз аты-жөнімді айтып едім, «білемін» деді. Мәжіліс үстінде басқ­а сөзге келе алғанымыз жоқ­. Жиналыстан соң «Сын мақ­алаларыңызды оқ­ып жүремін» деді сыпайы ғана. Жұмекеңнің журналистік, аудармашылық­ еңбегі осы жылдары-ақ­ танылып қ­алған. 1954 жылы қ­ыркүйек айында Қазақ­стан жазушыларының ІІІ съезінде қ­азақ­шадан орысшаға, орысшадан қ­азақ­шаға ілеспе аударма жасауға оның қ­атысқ­анын білем. Осы жолы Мұхтар Әуезовтің қ­азақ­ драматургиясына арналған баяндамасын ол эфирден тікелей орысшаға аударып оқ­ығанын, оны тыңдаған Мұхаңның риза болғанын, кейін І.Омаровтың «Абай жолы» романы туралы мақ­аласын орысшаға аударғанда, үйіне шақ­ырып, батасын бергенін естігем. Осындай еңбегі жақ­сы бағаланған Жұмекең ілеспе аударма жасаудың шебері есебінде республикалық­ жиындарға тұрақ­ты қ­атысып жүрді. 1954 жылдың соңында мен «Социалистік Қазақ­стан» газетіне әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, редколлегия мүшесі болып ауыстым. Бізді Орталық­ Комитеттің секретариаты бекітті. Мәселені үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ә. Қарағұлов дайындады. Соған барып жүргенде де бір-екі рет Жұмекеңмен кездесіп қ­алғаным бар. Жылы жымиып, ілтипатпен амандасты. Кейін газет редакциясына келіп жүргенде соғып кеткені де бар. Ресми қ­атынаспен шектеліп жүрдік. Жұмекеңмен жақ­сы танысып, араласуымыз 1957 жылдан басталды. Сол жылы Орталық­ Комитет бір тұрғын үй салып, қ­ызметкерлерін кіргізді. Үй алғандардың ішінде біз танитындардан З.Қабдолов пен Жұмекең бар еді. Орталық­ Комитет «Социалистік Қазақ­станға» бір үй бөліп, оған мен кірдім. Қалада үйдің жетіспейтін кезі. Біздің қ­ұрбыларымыздың барлығы дерлік пәтер жалдап, қ­аланың әр бұрышын паналап жүрген. Осындай жағдайды бастан кешіп келіп, жайлы пәтерге ие болған біз үйлерімізді жуып, бірімізді біріміз шақ­ырысып, мәз болдық­ та қ­алдық­. Кешікпей мен де

Орталық­ Комитетке қ­ызметке шақ­ырылып, бәріміз бірге істедік. «Социалистік Қазақ­стан» – Орталық­ Комитеттің органы. Сондық­тан біз Орталық­ Комитетпен байланыста боламыз. Басқ­а газет-журналдардың бетінде партия саясатына лайық­- сыз бірдеме айтылса, не жазылса, «Социалистік Қазақ­стан» оған ескерту жасап, редакциялық­ мақ­ала ұйымдастырып та қ­ояды. Оны түзетудің жолдарын іздестіреді. Сол бір тұста «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бетінде қ­азақ­тың дәстүрі мен мәдениетін дамыту жайында мақ­алалар басылып, содан ұлтшылдық­ іздеп, Орталық­ Комитеттің қ­аулы алғаны бар. Газет редакторы С.Мәуленов орнынан алынып, редколлегия таратып жіберілді. Осы мәселе біздің газеттің партия жиналысында талқ­ыланғаны есімде. Оған Орталық­ Комитеттің хатшысы Н. Жанділдин, бөлім меңгерушісінің орынбасары Ж. Жандосов және Жұмекең келіп қ­атысты. Бірақ­ Жұмекең бастық­тары қ­асында болған соң үндемей келіп, үндемей кетті. Газетте және кейін Орталық­ Комитетте жүріп менің байқ­ағаным – Жұмекең сол кезде үгіт-насихат бөлімінің баспасөз секторындағы ең бір жазғыш, екі тілде бірдей сауатты, қ­аламы жүйрік қ­ызметкер екен. Бөлімнен шығатын жауапты қ­ұжаттардың көбін сол дайындайды. Сондай күндерде Ғабит Мүсіреповтің партиялығын қ­алпына келтіру туралы қ­ұжат дайындағанын білем. 1937 жылы Бейімбет Майлин ұсталғанда, Ғабит Мүсіреповтің «Бейімбет жау болса, мен де жаумын» дегені үшін партиядан шығарылғаны біраз елге мәлім. Бұл – Ғабиттің азаматтық­ ерлігі ретінде қ­азір де көп айтылып жүр. Бейімбетке тым жақ­ын жүріп, оның адалдығына, жазушылық­ талантына әбден сенгендіктен айтылған пікір ғой. Сол науқ­аннан өз басы аман қ­алғанмен, Ғабит партиядан шығып, ұзақ­ жылдар мемлекеттік қ­ызметке шақ­ырылмады. 1957 жылы Бейімбет ақ­талғаннан кейін ғана оның тазалығына көз жетті. Сол жылы Қазақ­станда «Ара» атты сатиралық­ журнал шығатын болып, соған редактор іздегенде Орталық­ Комитетте Ғабиттің кандидатурасы сөз болды. Бірақ­ оның партиялығы әлі қ­аралған

жоқ­ еді. Редактор қ­ою үшін жазушының партияға мүшелігін ескі стажымен қ­алпына келтіру қ­ажеттігі туды. Осы бір асығыс жасалған ақ­тау қ­ұжаттары Жұмекеңнің қ­олынан өтті. Ол осы қ­ағазды дайындау барысында Бейімбет пен Ғабитке ортақ­ біраз мәліметтерді қ­арағаны да маған белгілі Бөлімде нұсқ­аушылық­ қ­ызметте Жұмекең ұзағырақ­ отырып қ­алды. Әртүрлі ауысулар болып жатты, бірақ­ оның бірдебірі Жұмекеңді орнынан қ­озғамады. Сүйеуі, тірегі жоқ­ адамдардың тағдыры кейде солай болады. Маған бірде Жұмекеңнің осы жағдайға іштей өкпелі екендігін айтқ­аны бар. Мен бір реті келгенде, «осындай сауатты жігіт көп отырып қ­алды» деп бөлім бастығының есіне салдым. Ол оны біледі де екен. Бірақ­ «Қазақ­ әдебиеті» туралы қ­аулыны еске алып, «ұлтшылдық­ қ­ателерге» ымырашылдық­пен қ­арағанына іштей реніші де барын жасырмады. Содан сенімсіздікпен қ­арап Орталық­ Комитет газет жайлы қ­аулы дайындағанда, Жұмекеңді сырт қ­алдырғанын есіне алды. Бұл жағдайды Жұмекең өзі де түсінді. Ақ­ыры 1958 жылы Мәскеуге, СОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Қоғамдық­ ғылымдар академиясына оқ­уға сұранды. Өтініші қ­абылданып, Мәскеуге барып, емтихан тапсырып қ­айтты. Академияның әдебиет пен өнер теориясы кафедрасына аспирант болып орналасты. Қазақ­ әдебиетіндегі ұнамды кейіпкер проблемасы жөнінде кандидаттық­ диссертация дайындады. Академияның теориялық­ курсын аяқ­тап, бірақ­ диссертациясын қ­орғап үлгермеген Жұмекеңді Орталық­ Комитет бірден қ­ызметке тағайындап, босатпады. Ол «Қазақ­ әдебиеті» газетіне редактор болды (19611963). Одан кеткеннен кейін біраз уақ­ыт «Жетісу» газетінде істеді. Шығыс Қазақ­стан обкомының органы «Коммунизм туы» газеті редакциясына жұмысқ­а кетті. Диссертациясын ол осы тұста ғана қ­орғады. Сол жылдары менің Жоғарғы Аттестациялық­ Комиссияның әдебиет жөніндегі сараптама кеңесіне мүше болғаным бар. Жұмекеңнің ғылыми жетекшісі, кафедра меңгерушісі В.В. Новиковпен сонда жүріп таныстым. Ол ылғи да менен «Жұмағали хабарласпай кетті. Диссертациясы дайын еді, қ­орғауы керек еді» деп сұрап, Жұмекеңе сәлем айтатын. Жоғарғы Аттестациялық­ Комиссияның кезекті бір отырысына барсам, Жұмекең диссертациясын қ­орғауға келген екен.

Соған қ­атысқ­аным бар. Диссертация бойынша дайындаған Жұмекеңнің «Облик современника» деген монографиясы 1970 жылы басылды. Жұмекең Алматыға Партия тарихы институтиның марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі қ­ызметіне шақ­ырылды да, 1973 жылы үкімет оны Қазақ­ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы мемлекеттік ақ­парат агенттігі (КазТАГ) директорының орынбасары етіп тағайындады. Кейін директор болып, Жұмекең 1987 жылдың ортасына дейін істеді. Бұл агенттіктегі қ­ызметін Жұмекең үлкен абыроймен атқ­арды. ҚазТАГ-тың бастығы үшін қ­ажет талаптардың барлығы (екі тілге бірдей сауатты, қ­аламы жүйрік журналист, білікті аудармашы, ұйымдастырушы) да оның бойынан табылатын. Ол Орталық­ Комитеттің қ­ұрамына еніп, Қазақ­ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Басшылық­тың мұндай сеніміне еңбегімен ие болуға әлдеқ­ашан қ­ұқ­ы бар Жұмекеңнің кеш те болса, оған жеткеніне біздер, достары, шын көңілден қ­уандық­. Мен әдейі іздеп барып қ­ұттық­тап қ­айттым. Сонда әңгімелесіп отырып, қ­алжыңдап: «Сен мұндай абыройға әлдеқ­ашан ие болатын адам едің. Кеш те болса, жеткеніңе қ­уанам. Еңбегің үлкен, бірақ­ бағың жанбай жүрген жігіт едің. Құдай әлдеқ­алай бір қ­ырсығынан сақ­тасын! «Кедейдің етегіне бидай салсаң, жел соғып төгеді» деген бар. Содан аман бол», – деп едім. Күлісіп тарасқ­амыз. «Жаманның айтқ­аны келмейді, сандырақ­тағаны келеді» деген ғой. Кейін Жұмекеңді желтоқ­сан оқ­иғасына күйдіріп, қ­ызметінен алып тастағанда, осы сөзді айтқ­аныма сондай өкіндім. Ол Қайрат Рысқ­ұлбековтің суретін газетке басып, сот процесі жайлы халық­қ­а мәлімет таратқ­аны үшін қ­атаң сөгіспен орнынан алынды. Ал, бүгін шынын айтсақ­, Жұмекеңнің 80-жылдары Қазақ­станда басталған ұлттық­ қ­озғалысқ­а тілектестік білдірген, ана тілі мен қ­азақ­ мәдениетінің дамуына, ұлттық­ дәстүрлерді жаңғырту мәселелеріне ұлтжандылық­пен қ­арағаны жасырын емес еді. Орталық­ Комитет көзіне түскен хабар да соның жалғасы сияқ­ты болатын. Оған басшы қ­ыз-

меткерлерге арналған зейнетақ­ы да бұйырмай, қ­атардағы қ­ызметкердің зейнетақ­ысымен кетті. Осындай жағдайда оны біз Қазақ­стан Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтына шақ­ырып алдық­. Ұзақ­ жылдар бойы бұқ­аралық­ ақ­парат қ­ұралдарында жауапты қ­ызметтер атқ­арғанмен, Жұмағали күшті публицист, әдебиет сыншысы және зерттеуші болатын. Филология ғылымының кандидаты, белгілі тақ­ырыптарда жазған монографиялары мен сын кітаптары бар қ­аламгер еді. Оның әдеби мақ­алалары, публицистикалық­ толғау, эссе, очерктері республика баспасөзінде үзбей басылып жүрді. Олардың біразы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мерейі» (1978) кітаптарына кірді. Жұмағалидың Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқ­анов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлин, І. Омаров, М. Қаратаев, Х. Есенжанов, Т. Ахтанов, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков шығармашылығы жөнінде жазған әдеби-сын, зерттеу еңбектері оқ­ырман жүрегінен жылы орын тепкен. Ол М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов шығармашылығына көп уақ­ыт арнады. Мұхтардың 17 томдық­ шығармалары жөнінде мақ­ала жазды. «Абай жолы» эпопеясындағы ақ­ын бейнесін зерттеді. Ал, Ғабит туралы еңбектерінде жазушының негізгі шығармаларын кең талдап, оның қ­оғамдық­-саяси өміріне зор баға берді. Ол жайлы жаңа деректер жариялады. Архив материалдарына сүйеніп, Ғабиттің үш ерлігі («Бесеудің хаты», «Бейімбет жау болса, мен де жаумын», «Абай» романының бірінші кітабы жайлы батыл жазылған баяндамасы) жайлы мақ­алалар жазды. Екі жазушы туралы естеліктер жариялады. Жұмағали еңбектерінде қ­азақ­ әдебиетіндегі сынның дамуына, әдеби саяси-қ­оғамдық­ еңбектерді аудару мәселелеріне қ­атысты да көптеген ой-пікірлер қ­амтылған. Оның Н.А. Добролюбов пен М. Горькийдің әдеби-сын еңбектерін аударып бастыруын да автордың осы саладағы ізденістерінің бір саласы деп қ­арауға болады. Осыларға қ­оса, Жұмекеңнің шығармашылық­ еңбектерінде ол жасаған саяси-ғылыми және көркем әдебиет аударма-

лары да мол орын алады. Оның қ­аламынан Маркстың, Ф. Энгельстің, В.И. Лениннің, А.В. Луначарскийдің саяси еңбектері аударылып, жарық­ көрді. Ол – көркем әдебиеттің Қазақ­стандағы таңдаулы аудармашыларының бірі. И. Тургеневтің, А.П. Чеховтың, А. Островскийдің жекелеген шығармаларын аударды. Бальзактың «Үзілген үміттер», Стендальдың «Қызыл мен қ­ара», Ю. Бондаревтің «Жағалау», және «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы» романдары, В. Дальдің «Бекей мен Мәулен», Э. Казакевичтің «Көк дәптер» хикаяттары сияқ­ты әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерін қ­азақ­ша сөйлетті. Аударма мәселелеріне арналған одақ­тық­, республикалық­ жиындардың талайында баяндамалар жасап, талқ­ылауларға қ­атысты. Қазақ­ терминология комиссиясында да өнімді жұмыс атқ­арды. Жұмағалидың Ғылым Академиясына келер алдындағы шығармашылық­ қ­оржыны осындай, толық­ еді. Ол енді бірыңғай ғылыми жұмыспен шұғылданып, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қ­ызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. Мұнда ол осы тұста ақ­- талып, әдеби мұрасы қ­олға тиген А.Байтұрсынов пен М. Дулатов шығармашылығын зерттеп, жаңа еңбектер жазды. «2030-жылдардағы қ­азақ­ әдебиеті» атты ұжымдық­ зерттеуге осы екі арыс жайлы монографиялық­ тараулар берді. Осында жүріп Абай шығармашылығын жаңа тұрғыдан зерттеуге қ­атысты. «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» (1994) атты көлемді монография жариялады. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген тақ­ырыпта докторлық­ диссертация қ­орғады. Абайдың туғанына 150 жыл толуы қ­арсаңында, 1990–1995 жылдары институтта ақ­ын мұрасын жаңа тұрғыдан қ­айта қ­арап бастыру, зерттеу саласында Жұмекеңнің қ­атысуымен көп жұмыстар жүргізілді. Оған белгілі абайтанушылар, Абай мұрасын зерттеушілер қ­атыстырылды. Солардың күшімен осы күнге дейін басылып келген ақ­ын шығармалары сақ­- талған қ­олжазбалармен, ертеректегі басылымдармен жанжақ­ты салыстырылды, текстологиялық­ зерттеулер жүргізіліп,

ақ­ын өлеңдеріне ғылыми толық­ түсініктер жазылды. Соның нәтижесінде Абайдың екі томдық­ академиялық­ жинағы басылды. Ақ­ын туралы жаңа зерттеулер жарық­ көрді. Осы топтың ішінде Ж. Ысмағұловтың еңбегі елеулі еді. Ол бір топ ғалымдармен бірге Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына (1996) ие болды. Абайтану саласындағы зерттеулерін жалғастыра отырып, Жұмекең кейін де біраз жұмыстар тындырды. Абай қ­арасөздерінің жаңа басылымын дайындады. Оған ғылыми түсініктер жазды. Оның басшылығымен Абайдың 1909 жылы шық­қ­ан алғашқ­ы жинағы қ­айтадан басылды. Өмірінің соңғы кезінде Жұмекең Абай дәстүрінің қ­азақ­ әдебиетінде өрістеуі тақ­ырыбына ден қ­ойып, жаңа зерттеулер жасады. Қазақ­ әдебиеті тарихының осы дәуірлерге арналған тарауларын жазысты. Одан қ­алған «Абай: даналық­ дәрістері» (2008) атты монография мен «Абай дәстүрі және қ­азіргі қ­азақ­ әдебиеті» атты Жұмекеңнің басқ­аруымен жазылған ұжымдық­ зерттеу (2009) жарық­ көрді. «Алтын ғасырдың ақ­ таңы» (2009) атты қ­алың кітабында ол ХХ ғасыр әдебиеті жайлы әр жылдары жазған дүниелерін, мақ­алаларын, ой-пікірлерін жинақ­тады. Сонымен бірге ол қ­азіргі дәуір әдебиеті бөлімі жүргізген «Қазақ­ романының тарихы», «Қазақ­ көркем сөзінің шеберлері» атты бағдарламаларға қ­атысып, олардың жекелеген тарауларын жазды. Бұл еңбектер Жұмекеңнің қ­азақ­ әдебиеті тарихын зерттеуде үлкен үлесі барын танытады. Ол тәуелсіздік дәуірінде ұлттық­ әдеби мұраны жинақ­тап, жаңаша бағалауда қ­айрат көрсеткен азғантай топтың ішінде болды. Қазақ­тың ақ­сақ­ал әдебиетшілері қ­атарынан орын алды. Еңбекшілдігінің, қ­айраткерлігінің, ғалымдығының үстіне Жұмекең ер жүректі, дос көңілді, жұртқ­а қ­айырымы мол Азамат еді. Жаны жұмсақ­, кісінің қ­ытығына тиетін сөз айтпайтын, көңілі, сезімі нәзік жан болатын. Кейде болмашы нәрсені көңліне алып, өкпелеп, үндей алмай қ­алатын мінезі бар-ды. Мен ондайды бірден аңғарып, Жұмекеңе басу

айтушы ем. «Болмашы нәрсені көңліңе алма, өмір дегеннің өзі осындайдан тұрады ғой» деуші ем. Бірақ­ адал достың көңлінің кірлемегенін дұрыс көруші ем. Жұмекең де мұны сезетін, маған да ылғи жылы көзбен қ­арап жүретін. Жұмекең жөнінде сөз айтқ­анда, оның жары Фарида туралы айтпай кету мүмкін емес. Біз отбасымызбен – Әлия екеуіміз Факеңді, оның мінез-қ­ұлқ­ын, жолдастығын қ­атты сыйлаймыз. Біздің ақ­ көңілімізді ол да сезінеді. Жұмекең Мәскеуге оқ­уға кеткенде де, кейін Шығыс Қазақ­станға кетіп біраз уақ­ыт жүріп қ­алғанда да, ол бізден қ­ол үзген емес. Әлия екеуі дос көңілмен жақ­сы сыйласты. Оны әлі де жалғастырып келе жатыр. Факеңнің ерлігі сол бір тұста өз басына түскен ауыртпашылық­тарға төзімділікпен қ­арап, қ­ызметін атқ­арып, бала-шағасына ие болған азаматтығынан көрінеді. Біз оны осы қ­ылығы үшін жақ­сы көреміз, зор бағалаймыз. «Фарида – сенің адал жарың, тілектесің. Бейнет пен ауыртпашылық­ты да ерлікпен көтеріп келеді, қ­алған өміріңде оны ренжітпей, көңліне қ­арап жүр» деуші ем Жұмекеңе. Жұмекең де оны түсіністікпен қ­абылдайтын. Өмір мен оған қ­ұштарлық­ты туғызатын дос көңіл ғой. Жұмекеңді еске алғанда ол біздің ойымызда тұрады. Бақ­ұл бол, абзал дос!

оразай БаТыРБЕКов, зейнеткер, бұрынғы партия қызметкері

ӨмІРДІҢ ӨзІ жаҚыНДаСТыРғаН Жұмағали екеуміз ҚазМУ-ді 1951 жылы бітірдік. Ол журналистика факультетін, мен тарих факультетін. Студент кезімізде ортақ­ достарымыз болды, араласып тұрдық­. Нағыз достығымыз кейін басталды. Жолдас едік, енді өмірлік дос болдық­. Жұбымыз жарасты. Әйелдеріміз Фарида мен Шәмшия да бірімен-бірі шынайы сыйласты. Қуанышта да, реніште де бірге бола білдік. Отбасымызбен әдемі араластық­. Жақ­ын достарымыз – ҚазМУ-ді 1950-52 жж. бітірген жігіттер. Олар Тауман Амандосов, Қанапия Ахметов, Шәйкен Надиров, Құрманбек Әбілдаев, Қыпшақ­бай Баймұратов, Дүйсехан Қабдиев, Манаш Қозыбаев, Шериаздан Елеукенов, Сыздық­ Мусин. Біздер әр салада, әр дәрежеде, әр қ­алада абыройлы еңбек еттік. 50-ші жылдың аяғында Алматыға шоғырланып, әртүрлі лауазымды қ­ызметте болдық­. Содан бері жұбымыз бұзылмай, достығымыз күннен күнге нығая түсті. 1961 жылы Тауман Амандосовтың 40 жасқ­а толғанын тойладық­. Сол басқ­осуда қ­алжыңдап: «Біріккен колхоз қ­ұрайық­, атын «Колхоз «Оптимист» имени бывшей сироты, будущего профессора Амандосова деп қ­оялық­» деп келістік. Жұбайларымыз да қ­уана қ­остап, мақ­ұлдасты. Колхоздың мөрін, кеудеге тағатын Амандосовтың суреті бар белгісін жасаттық­. 5 желтоқ­сан күні (Тәкеңнің туған күні) достар салтанатты жиын өткізіп, Тауманның 40 жасқ­а толуына байланысты достарды біріктірудегі зор еңбегін бағалап, болашақ­ профессор Тауман Амандосов атындағы «Оптимист» колхозы» туралы шешім қ­абылдап, үйінің алдында арнайы шеру өткіздік. Митингіні басқ­арып тұрғандар: болашақ­ академик З. Қабдолов пен болашақ­ профессор Қ. Ахметов. Митингіге белсенді қ­атысушылардың ішінде Фарида мен Жұмағали бар.

Әрқ­айсымыздың «Оптимист» колхозынан» басқ­а да достарымыз баршылық­. Ол кезде жалындап тұрған жас едік. Өмірдің ыстық­-суығын елемейтін кезіміз ғой. «Колхозымыз» өмірлі болды. Күні бүгінге дейін іргесі мық­ты, ырысты. Өсіп-өндік. Бағалы-шағалы болдық­. Берекелі, тату-тәтті өмір кешіп келеміз. «Колхозымыздың» председателі дүниеден өткенінше Тауман болды. Қазір – Қанекең, Қанапия Ахметов. Бүгіндері «Оптимист» колхозының» балаларын біріктіретін «Үміт» атты «колхоздың» дочернее предприятиесін қ­ұрдық­. Оның басшысына председатель емес, жаңа дәуірге сәйкес Президент деген лауазымды өздері таңдады. Президент етіп Тауманның ұлы – Азамат Амандосовты сайлады. Табиғаттың, жаратылыстың заңын кім жеңген. Өмірден Тауман, Мамыр, Құрманбек, Қыпшақ­бай, Дүйсехан, Манаш, Жаңыл, Салима, Шәмшиялар өтті. Енді, міне Жұмағали да өтті. Қайғырдық­, жоқ­тадық­... Бәріміз де бір-біріміздің қ­айғық­асіретімізге ортақ­ болдық­. Жарық­ дүниеде қ­алғандардың міндетін дұрыс атқ­аруға ат салыстық­, ел-жұрт алдында ұятқ­а қ­алмауға тырыстық­. Біз үшін олар өздерімен бірге Заманды, бір Дәуірді көшіріп әкеткендей сезімдеміз. Ортамыз ойсырап қ­алды... Әрине, тумақ­ бар да, өлмек бар. Әйтсе де соны біле тұрып, қ­имас жандарымыздан айрылғанда қ­абырғамыз қ­айысып, көкірегіміз мұң мен шерге толады. Асыл достарымызды сағынамыз, аңсаймыз, көңліміз қ­ұлазиды. Абайдың «Адам өлген күні өлмейді, ұмыт болған күні өледі» деген даналық­ сөзін басшылық­қ­а алып, олардың ешбірін, ешбір уақ­ытта ұмытпаймыз, әрдайым еске алып, жоқ­- тап отырамыз. Олар біз үшін тірі. Жұмағали Ысмағұлов туыстарының ғана мақ­танышы емес, жолдастары мен достарының да мақ­танышы еді. Жұмекеңнің іскер қ­оғам қ­айраткері, танымал журналист, тамаша аудармашы, терең білімді әдебиеттанушы ғалым, Қазақ­станның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, публицист-жазушы екені республика жұртшылығына белгілі. Бұл жолдағы Жұмекеңнің

табыстары кеңінен жазылып жүр, алдағы уақ­ытта да жазыла беретініне ешбір күмән келтіруге болмайды. Мен жазушы да, ғалым да емеспін, ол жағын жазуға қ­абілетім жетпейді. Ысмағұлов коммунистік партияның тапсырмаларын іскерлікпен адал атқ­арды. Осы жолда өмірдің қ­ызығын көрді. Еңбекке жастай араласты. Бала Жұмағалидың амалсыздан еңбекке қ­алай араласқ­аны туралы жазушы Қойшығара Салғараұлы өзінің «Үздік үлгі» атты Ысмағұл ақ­сақ­алдың әулеті туралы мақ­аласында зор қ­ұрметпен жазды. Мақ­алада Жұмағалидың біздерге айта қ­оймаған мағлұматтары мен сырлары баршылық­. Сол себепті авторға ризашылығымды білдіріп, рахмет айтамын. Жұмағалидың журналистикаға келуі үлкен тарих. Жұмағали бұл жұмысты аудандық­ газеттің баспаханасында әріп терушіліктен бастап, өз бетінше хат қ­орытып, хабар жаза бастайды. Аудан басшылары баланың (Жұмағалидың) қ­абілеттілігін көрген соң газеттің жауапты хатшысы етіп бекітеді. Жасы он сегізге толысымен коммунистік партия мүшелігіне қ­абылданады. 1946 жылы ҚазМУ-ге оқ­уға келгенде бала күнгі жемісті еңбегінің куәгері ретінде кеудесіне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қ­ажырлы еңбегі үшін» медалін жарқ­ыратып тағып келген. Мен Жұмекеңді осы кезден бастап білемін. Жақ­сы оқ­ыды. Республиканың беделді журналистері ҚазМУ-де сабақ­ беріп жүріп, Жұмағалидың қ­абілетіне сеніп, редакцияға қ­ызметке шақ­ырды. Сүйтіп 3-ші курстан бастап оқ­у мен журналистік қ­ызметін қ­атар алып жүре білді. 1951 жылы университетті бітірісімен республикалық­ беделді партия журналының жауапты хатшысы және редакция алқ­асының мүшесі болып бекітілді. Көп ұзамай ай сайын екі тілде шығатын «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы болып тағайындалды. Бір жылдан кейін Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ комитетінің үгіт және насихат бөліміне нұсқ­аушы қ­ызметіне шақ­ырылды. Осы қ­ызметте жүріп өмірдің де, қ­ызметтің де қ­ызығын көрді, өзінің қ­абілетін танытты. Үлкен абыройға ие

болды, бағаланды, болашақ­ үлкен қ­ызметтерінің алғашқ­ы баспалдағы болды. Бір данышпанның «Бүгінгі күнің – кешегінің жемісі, ертеңгінің ұрығы» дегенін Жұмағали шын көңілімен мойындап, «Егемен Қазақ­стан» мен «Қазақ­стан коммунисіне» бас июмен өтті. Жұмекең Орталық­ партия комитетіне барлығымыздан бұрын қ­ызметке алынды. Сол жерде жүріп талай жігіттің жауапты қ­ызметке баруына септігі тиді. Орталық­ партия комитетінің Мәдениет бөлімінің меңгерушісі М.Исиналиев: «Маған сауатты, білімді де іскер, ҚазМУ мен КазПИ-ді бітірген жігіттерді тауып беретін Ысмағұлов» дейтін. Жұмекең талай азаматқ­а қ­ол ұшын беріп, көмегін тигізген. Олар үлкен жауапты қ­ызметтерде болып, республикамыздың өркендеуіне өз үлестерін қ­осты. Кейін «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ҚазТАГ-тың директоры болып жүргенінде де талай жігіттерге қ­ол ұшын бере білді. Бірақ­ Жұмағали «Мен үйттім, мен бүйттім» демейтін. Біздер отбасымызбен жиі араластық­, аяқ­-табақ­тас болдық­. Осы отырыстарда екеуіміз қ­атты қ­алжыңдасатын едік. «Ал Батырбек жолдас, «средний жанжал» жасамаймыз ба?» деп маған тиісетін еді. Екеуміздің «средний жанжалымызды» Амандосов колхозының мүшелері күтіп отыратын, рахаттанып, масайрап күлетін. Бүгінде енді кіммен «жанжалдасарымды» білмеймін, Жұмекеңнің «средний жанжалын» сағынамын... Жұмағалидың тіршіліктің шыжығына күйгенін де ұмытуға болмайды. Серіліктің арқ­асында «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бас редакторы қ­ызметінен кетіп, Шығыс Қазақ­стан облысында ұзақ­ мерзімде командировкада болды. Мойыған жоқ­, жүдеген жоқ­, Алматыға жеңіспен, мық­ты публицистжурналист екенін тағы бір дәлелдеп оралды. Ал ҚазТАГтың директоры қ­ызметінен босаған кездегі ерлігіне баға жетпейді. Сорақ­ы қ­ателік жасалғандығын түсінген Орталық­ партия комитетінің жауапты қ­ызметкерлері Жұмағалиды Академияның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына ғылыми жұмысқ­а жіберуге мәжбүр болды.

Жұмекеңнің ғылымға келуі, шығармашылық­ тұрғысынан алғанда, өмірінің ең бір жемісті жылдары болды. Біздің Жұмекең өзінің танымал қ­оғам қ­айраткерлігімен қ­атар терең білімді ғалымдығымен бәрімізді тәнті етті. Осы жылдары Абайтану саласында өнімді еңбек етіп докторлық­ диссертация қ­орғады. Абайдың шығармашылық­ мұрасын зерттеу және насихаттау ісіндегі жемісті еңбегі жоғары бағаланып, 1996 жылы Қазақ­стан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Біздер, жақ­ын достары (лауазымды қ­ызметінен шеттетілгеніне қ­апаланғандар) енді қ­атты қ­уандық­, өмірдің шыжығына шыдаған жанның қ­ызығына да кенелетіндігіне көзіміз жетті, шаттандық­. Қуанатынымыз, осыншалық­ ұзақ­ уақ­ыт өтсе де (5060 жылдар) бір-бірімізге деген достық­ сезімдерімізді жоғалтпағанымыз. Өткен уақ­ыт бір-бірімізге деген адалдығымыздың кепілі болды. Біздегі достық­ табиғи жолмен қ­алыптасты. Әдейі “мен осымен дос болып, пайда көрейін” деген жоқ­пыз. Бір-бірімізді түсіндік, тұрмыс тауқ­ыметін жеңе білдік, қ­адірімізді бағаладық­, жарасымды қ­алжыңымызға шыдадық­. Бізді өмірдің өзі жақ­ындастырып жіберді. Әрқ­айсымыздың бойымыздағы өзіндік ерекшелігімізді танып, бағалай білгендігімізден достығымыздың ғұмыры осы күнге дейін жалғасып отыр. Жұмағали Ысмағұлов мағыналы өмір сүріп, артында сәулелі із қ­алдырған қ­оғам қ­айраткері, терең ғалым екенін тағы ерекше қ­айталап айтқ­ым келеді. Айта берсем, жақ­сы қ­асиеттері мол еді ғой, қ­айран Жұмаштың... Бір отырыста дастарқ­анның соңғы сөзін айтқ­ан кісі қ­азақ­ әйелдерін мақ­тай берді, сонда Жұмағали “Мына кісі Мәскеуде оқ­ымаған ғой” деп бәрімізді күлдірді. Бұл Жұмағалидың “жігіттердің серілігіне кінәлі – Мәскеу, Мәскеудің әдемі қ­ыз-келіншектері”, – деп өзін де, Мәскеуде оқ­ыған достарын да ақ­тап алғаны еді. Уһ, қ­айсыбірін айтайын... Жұмашты сағынатын күндер алда. Оның орны біздер үшін бөлек еді. Ол фәнилік өмірден ар-ожданына ешқ­андай дақ­ түсірмей, мейлінше биік парасатты зиялы тұлға ретінде өтті деп білемін.

Жұмағали Ысмағұлов – білімді, талантты, ерекше еңбекқ­ор, адамгершілігі жоғары, мінезі ғажап, ешбір жағдайда асып-саспайтын, өте байсалды азамат еді ғой. Енді, аса ардақ­ты досты еске алып, қ­имай-қ­имай, қ­инала-қ­инала “Бақ­ұл бол, қ­ош” деуге мәжбүрмін. Айналайын, Жұмаш, жатқ­ан жерің жайлы, топырағың торқ­а болып, нұрың пейіштің төрінде шалқ­ысын! Азаматтық­ мәртебесінің, қ­уаныштарының түп-қ­азығы, асыл жары Фарида аман-сау, әрдайым шат-тық­та болып, ұрпақ­тарының қ­уаныштарына кенеле берсін! Канапья ахмЕТов, доктор исторических наук, профессор, участник ВОВ, персональный пенсионер

моЙ ДРуг жумаш Его я могу назвать своим дважды «однокашником». Мы вместе проучились в КазГУ пять лет на факультете журналистики в 1946-1951 годах, а через семь лет встретились в Академии общественных наук при ЦК КПСС в Москве. Там мы были вместе три года. Разумеется, наши товарищеские отношения зародились, окрепли и переросли в дружеские в годы первого студенчества – в стенах Казахского университета. Правда, учились мы на разных отделениях, он – на казахском, я – на русском. Поэтому, как говорится, за одной партой не сидели. Первое мое знакомство с ним состоялось через Курманбека Абильдаева и Берика Коркутова, которые были с ним вместе на одном отделении. Два эпизода внесли свою лепту в процесс нашего сближения. Когда на одном из партсобраний университета Бахыт Габдуллин разнес в пух и в прах проректора по административно-хозяйственной части (АХЧ) Сушунова, сказав: «по русской пословице старый конь борозды не портит, но Сушунова все-таки надо заменить». В числе поздравлявших Бахыта во время перерыва оказались и я, и Жумагали. Тогда я узнал, что, несмотря на свою молодость (восемнадцать лет), он уже был членом партии. Второй эпизод был сугубо межличностным. Однажды, довольно поздно возвращаясь из центра города, на остановке Комсомольская и Уйгурская (ныне улиц Толеби и Байтурсынова), я увидел Жумагали, раньше меня вышедшего из трамвая. Странно было то, что он шел тяжелой походкой. Я догнал, поравнялся и взял его под руку: – Как дела, Жумагали? Он был приятно удивлен:

– О, это вы, Канапия-агай. Рахмет. И поведал, что был и засиделся на одной нехорошей вечеринке, где много пили. Мы вместе дошли до общежития, и я проводил его до самой его комнаты. Не зря, видимо, говорится: самое малое участие может растрогать человека. Назавтра Жумагали специально подошел ко мне: мы разговорились по душам и стали сразу как бы ближе. Именно тогда я узнал многое из его доуниверситетского этапа жизни. Оказывается, он рано начал трудовую деятельность. В четырнадцать лет работал наборщиком в типографии Семиозерной районной газеты. В пятнадцать лет, отличавшегося грамотностью парня, утвердили ответственным секретарем редакции. А в шестнадцать лет он фактически стал выполнять функции редактора газеты, не будучи им. Это было связано, как рассказал Жумагали, с довольно курьезным случаем. В сентябре 1944 года редактор газеты уехал куда-то в командировку и больше не вернулся. Но выпуск газеты нельзя останавливать. Вся работа по подготовке материалов и их редактированию легла на плечи Жумагали. Однако подписывать газету в печать он не имел права – не редактор. Для редактора он был слишком молод, к тому же не член партии. Тогда в райкоме партии подписывать газету в качестве и.о. редактора поручили одному из своих инструкторов. В таком виде газета продолжала выходить довольно продолжительное время. Вот тогда-то в райкоме партии Жумагали сказали примерно так: если хочешь быть редактором – расти быстрее и вступай в партию! Своеобразной кульминацией процесса нашего с ним сближения стало одно событие. Нам с Тауманом Амандосовым удалось получить у того самого проректора Сушунова разрешение на переоборудование довольно большого участка на втором этаже общежития в две четырехместные комнаты с общей внутренней перегородкой. В одну из них заселились мы четверо – Тауман Амандосов, Берик Коркутов, Курманбек Абильдаев и я. Поскольку инициаторами этой «перестройки» были мы с Тауманом, то решили во вторую комнату

рекомендовать кого-то из наших хороших знакомых. Вот тогда-то мы сказали Жумагали: быстрей формируй «команду», чтобы вселиться в соседнюю комнату. Так, уже в начале второго курса, мы получили возможность перейти в четырехместную комнату, которая по существующим правилам была привилегией студентов пятого курса, когда они становились дипломниками. Помнится, Жумагали в той комнате жил с Едыге Абдулгафаровым и еще двумя другими студентами. Так мы стали соседями через перегородку и тесно общались. Жумагали не скрывал своей признательности за содействие в переходе в малую комнату. Дальнейшее наше сближение было стремительным. Были товарищами, стали друзьями. Можно сказать, что с тех пор мы были всегда вместе. Жумагали с первой встречи произвел на меня самое благоприятное впечатление. Прежде всего, своим прекрасным двуязычием – и казахским, и русским. Первое было понятно, он был из одного из сельских районов Костанайской области. Но откуда такой чистый грамотный русский язык? В межличностных отношениях его отличали искренность, благожелательность к окружающим. И вместе с тем в нем чувствовались черты серьезного и устойчивого характера, которые сигнализировали тем, кто с ним общался, что на этого человека можно положиться: у него есть свои взгляды и своя позиция; если он говорит, то обоснованно, ему чужда легковесность суждений и оценок и то, что называется банальным пустословием. Он хорошо учился, его фото занимало свое место на доске отличников факультета. Это, как говорится, формальные внешние признаки признания в вузовском коллективе. Но на третьем курсе произошло событие, про которое можно сказать словами поэта: «Он уважать себя заставил». На факультете журналистики читал семинар известный деятель республиканской печати, главный редактор журнала «Коммунист» (в дальнейшем «Қазақ­стан коммунисі», а ныне «Ақ­иқ­ат») Ахмет Ельчибеков. Участник Отечественной войны, человек с опытом фронтовой журналистики приглашает

Жумагали Исмагулова на должность заведующего отделом в редакции своего журнала. Это известие моментально облетело факультет. Несомненно, это было высокое и авторитетное признание способностей и знаний. Шутка-ли сказать: студент третьего курса, еще не окончив университет, утверждается не обычным литсотрудником, а одним из руководящих работников журнала Центрального Комитета компартии Казахстана и, как говорили тогда, входит в номенклатуру всесильного партийного органа. Мы, его друзья, были рады его успехам. Через два года, когда окончил университет, он по распределению был оставлен в том же журнале с повышением – утвержден ответственным секретарем и членом редколлегии. Через год был выдвинут главным редактором журнала «Блокнот агитатора», издававшегося на двух языках – казахском и русском. А через два года его приглашают в аппарат ЦК партии инструктором отдела пропаганды. Это был хороший служебный рост. Но мне вспоминается, какое непосредственное и благотворное последствие имело это событие для нашего дружеского сообщества, которое к тому времени сложилось. Ни Тауман Амандосов, работавший тогда в КазГУ проректором по заочному обучению, ни Курманбек Абильдаев – в журналистике, ни Оразай Батырбеков и ни я, работавшие в комсомоле – никто из нас тогда не имел благоустроенных квартир, все жили в проходных комнатах или на частных квартирах. Жумагали с переходом в аппарат ЦК партии получает жилье и приглашает на новоселье. Мы все ахнули от восторга: это был дом – особняк с большим залом-столовой, отдельной спальней, кухней и со всеми удобствами. Оказывается, до сих пор в нем жил большой начальник – второй секретарь ЦК партии Афонов. Видимо, для него он стал пройденным этапом на пути к еще большему комфорту, а для нас, простых смертных, он показался тогда сказочным дворцом, в который мы попали в нашем сегодняшнем настоящем. Новоселье было веселым. Но самое главное последствие карьерного успеха нашего друга мы ощутили, когда он с Фари-

дой-келин объявил: на новый год теперь не будем думать, где нам собираться – будем у нас отмечать! Так оно и было, все праздничные тусовки мы проводили у них, пока этот особняк не стал пройденным этапом и для нас, когда с течением времени постепенно удалось перейти в благоустроенные квартиры. Но на это потребовалось примерно десятилетие. Проработав в ЦК партии четыре года, Жумагали в 1958 году поступает в Академию общественных наук при ЦК КПСС в Москве. Я тогда после комсомола уже проучился там год и перешел на второй курс Академии, когда срок обучения был четырехгодичным. Жумагали поступил уже на трехгодичный цикл. Так что вместе мы учились там три года. Они остались в моей памяти как годы очень близкого и зрелого общения с ним на новом витке жизненного пути. Вместе с нами учились тогда Талгат Абдразаков, Шаку Амиров, Хайдар Сарсенов и другие. Мы с Жумагали оба окончили Академию в 1961 году, с той лишь разницей, что меня отозвали в марте (т.е. за четыре месяца до окончания срока) и утвердили заместителем заведующего отделом пропаганды и агитации ЦК партии по печати. Однажды меня приглашает тогдашний секретарь ЦК партии по идеологии Нурымбек Джандильдин и говорит: – Тут есть предложение о назначении Исмагулова редактором газеты «Қазақ­ әдебиеті». Говорят, вы с ним в Академии вместе учились. Ваше мнение? Я ответил, что учился с ним не только в Академии общественных наук, но и в университете на одном факультете, поэтому знаю его хорошо. Упомянул, что еще, будучи студентом третьего курса, он был приглашен в редакцию журнала «Қазақ­стан коммунисі». И что в Академии общественных наук он завершает диссертацию на тему «Проблема положительного героя в казахской литературе». Для будущего редактора республиканской литературной газеты это можно считать хорошим активом. Секретарь ЦК закончил: – Хорошо. Я хотел вам, как зам.зав.отделом по печати,

поручить побольше собрать о нем мнения-отзывы. Не будем делать этого. Давайте, звоните в Москву и сообщите Исмагулову наше предложение. Пусть собирается и поскорее приезжает. Я немедленно позвонил и рассказал Жумагали о разговоре у секретаря ЦК партии (В одной из своих публикаций, посвященных юбилею «Қазақ­ әдебиеті», Жумагали написал об этом). Так в 1961 году он стал редактором литературной газеты республики. Десятилетие 1951-1961 годов, на мой взгляд, можно назвать первым периодом в деятельности Жумагали после окончания университета, когда состоялось становление его как профессионального специалиста-журналиста и высокообразованного специалиста-литературоведа. Последующие четверть века (1961-1986) были периодом зрелой общественно-политической деятельности моего друга. В этот период он занимал ответственные должности в различных печатных органах, а с 1973 года в течение пятнадцати лет руководит Информационным агентством при Совете Министров Казахской ССР (КазТАГ) сперва заместителем директора, позднее директором. Избирался депутатом Верховного Совета республики. Но этот период завершился страшной несправедливостью. Это было связано с известными событиями декабря 1986 года. Летом 1987 года в газетах публикуется фотоснимки судебной хроники о процессе над Кайратом Рыскулбековым и другими. Созывается внеочередное бюро ЦК партии, снимается с работы редактор Алматинской областной газеты, а также директор КазТАГ с взысканием по партийной линии: редактора за то, что напечатал фото, а директора КазТАГ – за то, что его ведомство разослало фото редакциям газет. В любой демократической стране это событие сочли бы совершенно нормальным: информационное агентство занимается своим делом (рассылает фотохронику), газеты их печатают (или не печатают – это их дело); более того, в нормальной демократической стране информагентства и органы

печати соревнуются за то, чтобы быть первыми в процессе такой конкуренции за передачу новости. А у нас и редактору газеты, и директору информагентства пришили политическую оценку и безжалостно поломали их профессиональную и человеческую судьбу. Мы, друзья Жумагали, были свидетелями, как тяжело переживал он эту трагедию. Но мы были и свидетелями того, как он вышел из этого переплета судьбы. Его дух выдержал суровые испытания, а его воля подвигла на деятельность в новых условиях. Он ушел в науку – в литературоведение. Тогда ему было почти шестьдесят лет. Будучи научным сотрудником Института литературы и искусства им.М.О.Ауэзова, он занялся исследованием творчеством Ахмета Байтурсынова, Мыржакыпа Дулатова, позднее – творчества Абая. То, что он совершил за последнее двадцатилетие с тех пор, можно назвать его Победой и его Подвигом. Победой и подвигом человеческой воли, преодолевшей все преграды, препятствия и удары, преподнесенные судьбой. Победой и подвигом его творческого и интеллектуального потенциала. Общество высоко оценило его успехи: за монографический труд о поэтике Абая ему присуждается ученая степень доктора наук, и в группе с другими исследователями-абаеведами он удостоился Государственной премии республики. В недавно изданной новой десятитомной истории литературы Казахстана ему доверена общая редакция шестого тома. Жумагали известен как один из мастеров переводческого дела в республике. Одной из особенностей ушедшей в прошлое советской эпохи было то, что тогда уделялось огромное внимание переводу мировой классической художественной литературы на национальные языки, в нашем случае – на казахский язык. На это дело государством выделялись огромные средства. Жумагали активно участвовал в этом процессе и завоевал высокое признание и читателя и специалистов по литературе. Известный литературовед Шерияздан Елеукенов в одной из недавних своих публикаций назвал переводы Жумагали Исмагулова блестящими, как с точки зрения их

адекватности оригинальному тексту, так и с точки зрения художественности, и в качестве безупречного образца привел, в частности, перевод знаменитого романа Стендаля «Красное и черное». Но для меня, как товарища Жумагали, сигнал о признании его переводческого таланта поступил еще в те дни молодости, когда он начинал свой путь в литературу. Это было в конце пятидесятых годов прошлого века, когда мы учились в Москве, в Академии общественных наук. Однажды Жумагали поспешил в гостиницу «Москва», где его ждал Мухтар Ауэзов. Оказывается, для столичного переводчика его нескольких рассказов на русский язык нужен хороший перевод – подстрочник. В Алматы ему рекомендовали именно Жумагали, дали его московские координаты. Через дней десять Жумагали пришел уже со второй встречи с Ауэзовым. Великий писатель остался очень доволен работой Жумагали, поблагодарил и, что немаловажно для аспиранта, – хорошо оплатил его труд. Я не буду раскрывать сумму, о которой шла речь, но не могу отказать себе в удовольствии сказать о том, что случилось после этого. – Агай, – сказал Жумагали, – давайте немного оторвем от нее (т.е. суммы) и отметим это событие. А оставшиеся я отправлю семье, пусть обрадуются. Этот эпизод я вспоминаю, когда речь идет о высокой оценке современниками переводческого творчества Жумагали. Так и хочется сказать: Друзья, все правильно, Жумагали мастер художественного перевода. Но я раньше всех знал, что он будет таким мастером. Для такого вывода мне было достаточно, что был свидетелем, как никто иной, а сам Ауэзов приехал из Алматы в Москву, разыскал Жумагали и заказал ему подстрочный перевод своего текста на русский язык. Как говорится у русских, «я там был и мед там пил». Это было задолго до современных восторженных оценок, а именно в 1959 году, т.е. более шестидесяти лет тому назад. В том сообществе друзей, которое получило известность как «колхоз Амандосова», Жумагали выделялся своими личностными качествами – интеллектом и эрудицией, остроуми-

ем и всепроникающей иронией, своим самобытным характером. Он был щедр на дружелюбие и внимание к товарищам, но он же умел быть неуступчивым в спорах, когда речь шла об острейших проблемах бытия и человеческих отношений. Именно с ним, с его позиционированием в этих спорах было связано понятие, вошедшее в обиход в наших «колхозных» тусовках – «средний жанжал». Казахское слово «жанжал» означает «ссора». Речь шла об искусстве спора в дискуссии: как быть и остаться объективным, не изменить в ходе дискуссии своим принципам и в то же время не нарушать кодекс абсолютного уважения другого мнения, которое может иметь место. То есть о том, чтобы истина была выяснена на стадии спора, не переходящего в «жанжал», т.е. в ссору. Жумагали шутил, что иногда не мешает довести дело до «среднего жанжала», акцентируя на слове «средний». Это было великолепное зрелище, когда в пылу жаркой полемической схватки с оппонирующими членами колхоза он провозглашал: видимо, придется довести до «среднего жанжала», раз вы не хотите прислушаться к моему мнению! – Ради бога, Жумеке, умоляли «колхозники», особенно наш председатель Тауман Салыкпаевич, – говори сколько хочешь, только не «средний жанжал»! Обстановка разряжалась, поиск истины продолжался цивилизованными методами. Торжествовала радость от общения. Жумагали с Фаридой создали прекрасную семью. Фарида окончила биологический факультет Казахского университета по специальности физиология человека и животных. Затем аспирантуру в Институте физиологии Академии наук республики с защитой кандидатской диссертации. В течение тридцати семи лет она работала в Казахском женском педагогическом институте преподавателем, доцентом, двадцать лет заведовала кафедрой физиологии, избиралась деканом факультета, секретарём парторганизации института и пользовалась глубоким уважением коллектива. Те, кто слушал лекции Фариды Абдрахмановны и испытал ее духовно-нравственное влияние как учителя и воспита-

теля (речь идет о поколениях выпускников ЖенПИ), можно встретить во всех областях республики. А мы, друзья Жумагали, всегда ощущали ее искреннее уважительное отношение и гостеприимство. В дни нашей молодости в условиях политически одномерного общества было много запретных тем. Только недавно, уже в годы независимости, когда стали раскрываться «белые пятна» нашей истории, в том числе и советского периода, мы с интересом узнали, что отец Фариды-келин Абдрахман Муртаза, оказывается, был одним из высокообразованных людей своего времени в тогдашнем Казахстане. Достаточно сказать, что он получил фундаментальное религиозное образование, обучался в течение восьми лет в Мекке и Медине, а затем в знаменитом Каирском университете. О признании его знаний говорит тот факт, что он был приглашен для чтения лекций по религиозной философии в Оксфордский университет (Англия). То есть он был первым казахом, читавшим лекции с кафедры знаменитого на весь мир высшего учебного заведения. Что интересно, когда в Оксфорд поступил запрос из Московского университета (Россия) для чтений лекций по религиозной философии, то была рекомендована кандидатура Абдрахмана Муртаза. Но здесь помешал языковый фактор: свободно владевший несколькими языками, в том числе арабским и английским, Абдрахман не знал русского. После возвращения в Россию, он преподает в учебных заведениях Казани, а также активно включается в партию и движение Алаш-орды. Наступает неизбежная расплата, его в 1931 году репрессируют и ссылают на страшный остров Возрождение в Аральском море. Фарида, оставшаяся сиротой в пять лет, воспитывается в интернате, а затем ее находят родственники. Недавно Жумагали вместе с Фаридой совершили специальную поездку на родину ее отца, изучали архивные документы, встречались с людьми, которые еще помнили его. И узнали точную дату его смерти – 1937 год в Аральске. Фарида-келин считает удачей, что удалось разыскать одну из прижизненных фотографий своего знаменитого

отца, с которым она была разлучена восемьдесят лет тому назад, когда ей было пять лет. Жумагали с Фаридой воспитали троих детей, выросло поколение внуков. Они дали им блестящее образование. Можно сказать, большой семье Исмагуловых присущ уникальный показатель – в ней, включая уровень внуков, нет не обладателей ученых степеней. Старшая дочь Елзада – доктор биологических наук. Младшая дочь Айнур – кандидат биологических наук, обладатель степени PhD, специалист по генетике; вместе с супругом Сериком (также доктор PhD) работала в Венгрии, Японии, Германии, в настоящее время заведует лабораторией в Аделаидском университете (Австралия). Сын Елдос кандидат биологических наук, зоолог, эколог. Внучка Айгуль, выпускница КазПИ, кандидат филологических наук, окончила Сорбонну (Франция) по специальности экономика, работает в Тулузе финансовым директором в крупной компании. Тем временем подрастают правнуки... Все они пока учатся в школах зарубежных стран, в которых трудятся их родители. Можно смело, без риска ошибиться, процитировать: вдохновляемые образами своего знаменитого прадеда Жумагали, прабабушки Фариды и примером своих непосредственных родителей – сплошных докторов наук, они вырастут высокообразованными и достойными гражданами своей страны – гражданами Казахстана. .

Сапабек ӘСІП, жазушы-ғалым ғаБЕҢНІҢ ТаРихи-КӨРКЕм ТағЛымДаРы Жұмағали Ысмағұловтың «Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам» кітабынан туған ойлар Адамның табиғи өмір жасы бар да, еңбек өмір жасы бар. Олардың әрбір пенде өзінше, қ­оғам, тіршілік ортасы атап өтетін, шама-шарқ­ынша мерекелейтін кезеңдері болады. Біреу жасым елуге толды деп туған-туысқ­андарына, сыйлас дос-жолдастарына жар салады. Бұдан кейін алпыс бар. Жетпіс бар. Пенде сексенге жете ме, жоқ­ па? Сондық­тан жұртшылық­ елеулі азаматтың 75 жасында да мерейтойын өткізетін дәстүр қ­алыптасқ­ан. Туған елінің сондай бір ерекше ілтипат, қ­ұрметіне артығымен лайық­ты перзенттерінің бірі, белгілі қ­оғам қ­айраткері, жазушы, ғалым, журналист, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, республиканың еңбек сіңірген мәдениет қ­айраткері, филология ғылымының докторы, Қазақ­стан әлеуметтік академиясының академигі Жұмағали Ысмағұловтың табиғи өмір жасы 75-ке, қ­оғамдық­, ғылыми-шығармашылық­ жасы 60-қ­а толды. Қазақ­стан Ұлттық­ Ғылым Академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты сол мерейтойға арналған ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісін Жұмекеңнің туған күні 2003 жылғы 17 сәуірде Ғалымдар үйінде өткізді. Юбилярдың тындырған ісі бір емес, бірнеше сыбағаға татырлық­ екен. Олар туралы Бауыржан Омаровтың баяндамасында, жарыссөз-қ­ұттық­тауларда жақ­сы айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бас министр Иманғали Тасмағамбетовтің қ­ұттық­тау жеделхаттары оқ­ылғанда, зал ду қ­ол соқ­ты. Оның бәрін қ­айталап жатпай-ақ­, мен Жұмекең шығармашылығының ерекше бір шыңы – «Ғабит Мүсірепов

туралы тоғыз толғам» кітабын «Ғабеңнің тарихи-көркем тағлымдары» деп атап, одан бөліп алынған екі мәселеге арнайы тоқ­талуды жөн көрдім. Бұл екеуі балталасаң да бұзылмайды. Ара-жігі ашылмайтын екі ұлттық­ ұлы мақ­сат: ғасырлық­ қ­ұлдық­тан қ­ұтылып, тәуелсіздік алу да, адам ырыздығы, тіршіліктің сарқ­ылмас бұлағы – жеріңе, оның үстіндегі және астындағы қ­азынасына ешкімді ортақ­тастырмай, өзің ие болу ғой. Ұлы суреткер сол күрестің көркем бейнесін қ­алай жасағанының сырын ашу үшін Жұмекең оның зертхана-лабораториясына «кірген де», анық­ көзі жеткен, түйгендерін Ғабеңнің ЮНЕСКО деңгейінде атала бастаған 100 жылдық­ мерейтойы кезінде мың-мыңдап саналатын оқ­ырмандарына газеттер мен журналдар, әсіресе, «Ақ­иқ­ат» журналы арқ­ылы айтып берген. Қазақ­ атаулы ес біліп, етегін жаба бастағаннан-ақ­ тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі Сырым Датұлы туралы әңгіме, аңыздарды естіп өседі. Ол бірде шешендік қ­ырынан көрініп, тыңдаушыларын сүйсіндірсе, келесіде батырлығымен қ­айран қ­алдырады. Отты сөзімен саптағы сарбаздарының қ­анын қ­ыздырып, жігерін тасытып жауларын жайраттыратын қ­олбасшылық­ өнері қ­андай! Бұл аңызәңгімелер сонау 1731 жылы кіші жүз Ресейге қ­осылғаннан бері етене араласып-қ­ұраласып кеткен казак-орыстар арасында да кең тараған. Солардың бірі, 1895 жылы Орынборда туған Михаил Порфирьевич Вяткинді де талай тамсандырса керек. Өсе келе ғылым қ­уды да, тарихшы болды. «Батыр Сырым» монографиясы арқ­ылы одақ­тық­ ғылыми дүниеге кеңінен танылды. 1948 жылы «Батыр Сырым» үшін СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол 1951 жылы қ­азақ­ тілінде жарық­ көрді. «Батыр Сырымның» орысша, қ­азақ­ша нұсқ­аларын көзі қ­арақ­ты, көкірегі ояу талай азаматтың кезінде қ­ызыға оқ­ығаны анық­. Солардың қ­атарында өткен ғасырдың қ­ырқ­ыншы жылдарының комсомолдары, елуінші жылдардың жас коммунистері жалық­пай түртініп, көбірек білсек, партия нұсқ­аған жолмен тезірек жүріп, шаруаны артығымен

тындырсақ­ деп талап қ­ылған біз де бар едік. Хандық­ қ­ұрылысты қ­ұлатып, елді басқ­аратын Халық­ кеңесін қ­ұрған, басқ­аруда әділдік орнатқ­ан Сырым бірде ағылшындардың атақ­ты Кромвеліне, енді бірде болгарлардың «шаруа патшасы» Ивайлоға ұқ­сайтындай көрінетін де тұратын. Төре мен қ­араның ара-жігін ашып, қ­ара қ­азақ­ билігін орнатқ­аны жақ­сы-ақ­ еді. Бірақ­ онысы ұзақ­қ­а бармады. Патшаның әмірімен халық­ кеңесі жойылды да, хандық­ билік қ­айта орнады. Артында әттеген-ай дегізіп өкініші қ­алды. Сырымның арғы-бергі заманда теңдесі сирек ерлігі тарихымыздан ойып орын алды да, мәңгілікке тұрақ­талды. Мектептерде, жоғары және арнаулы орта оқ­у орындарында тарих сабағында аталып өтеді. Республикалық­ деңгейдегі үлкенді-кішілі жиындарда мінберге көтерілген баяндамашылар мен жарыс сөзге шық­қ­андар да мәселе орайына қ­арай Сырым есімін ауызға алады. Құдайға шүкір, Сырымды мақ­тауымыз да, Сырыммен мақ­тануымыз да кенде емес. Тарихқ­а кеткен тарихи оқ­иғалар мен қ­ұбылыстар ешқ­ашан жоғалмай, кезі келгенде еске алынуы әлмисақ­тан қ­алыптасқ­ан заңды үрдіс. Тарихи тұлғалар да солай, кезі келгенде ерлігі, есімдері ауызға алынады. Туған, өлген жылдары тиісті деңгейде аталып өтеді. Ұрпақ­тары соған риза. Ал аруақ­тардың өздері аталған сайын бір аунап түсіп, рухы «рахаттанып» жатады. Фәниліктерге, олардың бақ­илық­ атабабаларына бұлардан артық­ не керек! Бұл, әрине, тағы не керек деген мағынаны білдіретін сұрақ­ емес. Осы да жетеді деген бүтін байлам, тұжырым. Бақ­сақ­ мұнымыз көп аңғалдығымыздың бірі екен. Ғабит аға ел аузынан естігендерін тебірене тыңдап, М. И. Вяткиннің «Батыр Сырым» кітабын толғана оқ­ыған да, олардан туған халқ­ының ұлы арманын «көрген». Тарихи идеялар мен солар тудырған оқ­иғалардың себептерін, салдарын саралай, барар жерін бағдарлаған. Содан кейін суреткер жазу үстеліне отырған. «Тоғыз ай, тоғыз күн» өткеннен кейін, өзі айтқ­андай: «туатын бала күшенбей-ақ­ туып қ­алған». Оған «Болашақ­қ­а аманат» деп ат қ­ойған да «перзенттерінің»

қ­атарына қ­осқ­ан. Ұлы арман, идеялар қ­айта жаңғырып, оқ­ырман-көрермендеріне жол тартқ­ан. «Осының бір мысалы, – деп жазды Жұмекең, – Сырым Датұлының өмірі мен билік қ­ызметі жайындағы «Болашақ­қ­а аманат» атты тарихи драмасы. Өткен ғасырдағы сексенінші жылдардың басында цензура бақ­ылауынан қ­аға берісте өтіп кеткен бұл туынды кезінде әдеби-драматургиялық­ сын тарапынан да тиісті бағасын ала қ­оймаған сияқ­ты. Ал шындығында ұлт-азаттық­ қ­озғалысы мен ұлттардың өзін-өзі билеу идеясын қ­азақ­ әдебиетінің ғасырлық­ жаңа дәуірінде дәл осындай ашық­ та батыл көтерген басқ­а шығарманы біз көп біле бермейміз». «Біле бермеудің» себебі де белгілі. Тарихымызға ой көзімен қ­арап, безбенге салып саралаудан бұрын дақ­пырт, даңғазамен көбірек әуестенеміз. Қолында азды-көпті билігі барлар, қ­ағып-соғып жүріп байығандар арғы-бергі ата-бабаларының аруақ­тарын шақ­ырып, ұлан-асыр той жасауға машық­танып алды. Тарихи дәйек, негізсіз де сылдыр мадақ­ сөздер той түтінімен шұбатыла будақ­тап қ­азақ­ аспанына толассыз тарап жатты. Сырым батыр тарихымыздағы ерекше тұлға еді. Ол туралы кезінде терең ойлы қ­алам тербеуге Ғабеңнің ғана батылы, дарын күші жеткен болатын. Біз сияқ­ты пенделерге ұлы қ­айраткер мен ұлы суреткер жүрегіне терең бойлап, жұмбақ­тарын түсінгенше қ­ашан! Сөз болып отырған «Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам» кітабында Жұмағали былай деп жазыпты: «Сырымның әділ билігі мен шешен айтқ­ыштығын, ерлігі мен батырлығын былай қ­ойғанда, орыс империясының дәл іргесінде, бодандық­ қ­амытын киген қ­алың қ­азақ­ ортасынан ойып алып, қ­азіргі тілмен айтар болсақ­, өзін-өзі билейтін демократиялық­ қ­ұрылым орнатқ­анын, оның бес жылдай тыныш өмірін қ­амтамасыз еткен саясаткерлігін айтсақ­ та жеткілікті. Осынау тарихи оқ­иғаны шынайы реалистік тұрғыдан шебер де әсерлі етіп бейнелеп кеткен Ғабит Мүсіреповтің еңбегін бүгін ерекше қ­адірлеп еске алсақ­, ол да өте орынды болмақ­».

Орынды болғанда қ­андай! Ұлт болған соң, ұлыс болған соң, оның өзі қ­ұрған өкіметі – мемлекеттілігі, билігі болады. Демек, билік хандық­тан шығады. Сондық­тан да ол өзінің иесіне – қ­алың бұқ­араға, оның мұң-мұқ­тажын ескере отырып, мейлінше адал, жанкешті қ­ызмет етуге тиіс. Ал қ­азақ­ қ­оғамында хандық­ билік бұл міндетті атқ­ара алмады. Билік тізгінін қ­олына алғандар ең алдымен өзінің, туған-туысқ­ан, ілік-жекжаттарының мүдделерін қ­орғауға, дәлірек айтқ­анда қ­ұлқ­ынының қ­ұлдығына түсуге пайдаланды. Хандық­ заман нағыз күштілердің, момындарды талап-тонап жей беретін, бірақ­ тоюды білмейтін азулылар мен тырнақ­тылардың заманы болып кетті. Губернатор Игельстраммен әңгімеде Сырымның: «Менің ойымша хандық­ жалпы азғындады... Осы жайларымызды ойлана келе мен мынадай байламға келдім. Хандық­ біржола жойылсын. Ел өзін-өзі басқ­арсын... Осының аты Халық­ Кеңесі болуға лайық­ты. Бұл кеңестерге хан тұқ­ымы кірмесін» деп қ­атаң талап қ­оятыны да сондық­тан. «Осы арада, – деп жазған Жұмағали, – Сырым керемет бір келелі ой айтады. «Қай ел болса да, – дейді ол, – өзінің қ­андай ел екенін өз тізгінін өз қ­олында тұрғанда ғана көрсете алады. Ұры ма, өтірікші ме, уәдесіз бе, топас па, зейінді-зерек пе, білімге, өнерге, әділетке қ­андай бейімділігі бар, – сонда ғана таза көрінеді. Менің берген арызымның ұзын-ырғасы осы болу керек». Бұл заманда не көп? Сөз көп. Шешендер, жазғыштар еселеп көбейсе, көбейген шығар. Азаймағаны анық­. Біреу елеңалаңнан эфирге шығып сайрап қ­оя береді. Енді бірі теледидар арқ­ылы үйіңе кіріп келіп «мені тыңда» деп тұрып алады. Күнделікті газет бетіне «оқ­ы, оқ­ы» деп қ­ысталайтындары тағы бар. Сол топаннан аз дәнді ажыратып алып, жұртқ­а жеткізе білу көбіміздің қ­олымыздан келмейтіні және шындық­. Жұмағалидың бір жақ­сылығы: көп жылтырағандардың арасынан сары алтынды жазбай тани білетіндігі ғой. Жоғарыда мысалға келтірілген Сырым мақ­саты туралы ойын ол былай қ­орытады.

«Автор тарапынан да, кейіпкер тарапынан да өте батыл айтылған сөз. Ғабит Мүсірепов Сырымның аузымен: әрбір ел, әрбір халық­ өзінің шын табиғи бітім-болмысын тек «өз тізгіні өзінде», яғни тәуелсіздік жағдайында ғана таныта алады деп отыр». Сырым Датұлының ұлы сырын түсініп, жалпақ­ жұрт алдына жайып салған Ғабит ағаның қ­алам күшін осылай бағалай білгенге не жетсін! Қажуды білмейтін қ­айсар Сырымның қ­аһарлы күресіне төтеп бере алмай кіші жүзде хандық­ жойылды. Оның орнына жаңа тұрпатты өкімет – Халық­ Кеңесі қ­ұрылды. Төрағасы Сырым, орынбасарлығына Жетірудан, Әлімнен, Байұлынан бір-бір адамнан сайланған. Осы тәртіппен жергілікті халық­ кеңестері қ­ұрылды. Оларды басқ­аруды халық­ хан, сұлтан тұқ­ымдарына емес, өздерінің, кәдімгі қ­аралардың өкілдеріне тапсырды. Олар халық­ соттары, халық­ билері арқ­ылы қ­арауындағы елдің мәселелерін шешіп, билік жүргізді. Оның оңды нәтижелерін Жұмағали былай баяндап берген. «Арада бес жыл өтті. Халық­ Кеңесі мен оның атқ­арушы тармақ­тары, жергілікті кеңестер өз міндеттерін ойдағыдай атқ­арып жатты. Ел ішінде тыныштық­ орнады. Орынбордан, Ресейдің ішкі қ­алаларынан оңтүстікке, Бұқ­арға қ­арай және одан әрі қ­арай ағылған керуендерді күндіз-түні талау, тонау тиылды. Көршілес қ­алмақ­, башқ­ұрт, казак-орыстармен арадағы жаулық­ та басылды. Ел ішін емін-еркін аралаған бақ­алшы саудагерлер халық­ты киім-кешек, кездеме мата, қ­ант-шай, тағы басқ­а керек-жарақ­тарымен қ­амтамасыз етіп тұратын болды. Оның есесіне мал бақ­қ­ан шаруалардың жүн-жұрқ­а, тері-терсек сияқ­ты шикізаттарын жиыстырып, пұлға айналдырудың өзі халық­қ­а әжептәуір пайданың көзі болып алды». Халық­ Кеңесі билік қ­ұрған жылдары қ­алың бұқ­ара осылай өмір сүріп еді. Бес жылдан кейін ол қ­айғылы «қ­азаға» ұшырап, жойылып кетті. Бірақ­ артында азаттық­ аңсаған халық­ арманы болып қ­алды. Жиырмасыншы ғасырдың екінші онжылдығында ұлт-азаттық­ көтерілісі болып бұрқ­ ете қ­алғаны, оны халық­ батыры Амангелді Иманов басқ­арғаны

белгілі. Сол оқ­иғаларға арналған «Амангелді» тарихи драмасында Ғабең батырдың аузына мынадай сөз салған. «Инородцев – бұратана, бұралқ­ы халық­тарды...» өз жерінде отырып, бұратана, бөтен атанамыз, ә? Бөтен!.. Екі жүз жыл бойында бізге берілген жалғыз сабақ­ сол ғой. Ұғыппыз ол сабақ­ты! Ұқ­пасаң өзің өкінерсің! (Ойланып): неткен жарығы жоқ­, жылуы жоқ­ заман бұл! Қандай ауыр, қ­андай қ­араңғы түн! Сенің таңбаң түспеген бір нәрсеміз болсайшы... Желкең – жауыр, ойың – тұтқ­ын, неткен болымсыз енші едің. Бір басыңда неше бұғалық­, неше ноқ­та! Жоқ­, ұшқ­ынды өзің тастапсың, өрт болып кетсе өкпелеме далаға!..». Сөзіміздің бастауында айтқ­анымыздай, Ғабит аға көркем бейнелеп көтерген тәуелсіздік мәселесінің бірінші бөлігін осымен доғарып, оның келесі бөлігі – Жаратушы Алла қ­азақ­ деген пендесінің пешенесіне жазған Ұлы Дала жеріне, үстіндегі және қ­ойын-қ­онышындағы байлық­тарына ие болу, игеру жайына тоқ­талайық­. Жазушының бұл тақ­ырыпқ­а арнаған дилогиясының бірінші романы «Оянған өлке» өткен ғасырдың елуінші жылдарының басында дүниеге келген еді. Екінші роман жұмысын арада отыз жылдай уақ­ыт өткеннен кейін ғана аяқ­тап, оны «Жат қ­олында» деген атпен оқ­ырмандарына ұсынды. «...Тоғыз толғамында» Жұмағали атап көрсеткендей, ол «Мүсірепов шығармаларының ең соңғы туындысы, яғни оның жазушылық­ жолының ең ақ­ырғы нүктесі болып қ­алды». Бүгінгі аға ұрпақ­ қ­азақ­ әдебиетінің өнеркәсіп тақ­ырыбына арналған алғашқ­ы кесек романы Ғабит Мүсірепов қ­аламынан туғанын, журналдық­ нұсқ­асы «Қарағанды» деп аталғанын, ал баспадан «Оянған өлке» деген атпен жеке кітап болып шық­қ­анын жақ­сы біледі. Екінші роман «Жат қ­олында» жарық­ көргенде, сол Қарағанды көмір кенішінің ағылшын алпауыттары қ­олына қ­алай өтіп кеткенін баяндайтын шығарма болар, деп шамалағанбыз. Оқ­ығанымызда да сол аңғарылған. Шынымызды айтайық­шы. Үстірт қ­арап, бұлтақ­тап оқ­ығандық­тан, шын мағынасын ұқ­пағандық­тан

солай көрінген екен. Бұл алып кеніштің ғана жат қ­олына еніп кетуі ғана емес, баба қ­азақ­тың ұрпақ­тарына мұраға қ­алдырған жерінің жат қ­олына өтіп кетуі екен ғой. Жұмағали «...Тоғыз толғамының» бір артық­шылығы соны тап басып көрсетіп, зерделі оқ­ырманның көкірек көзін ашқ­андығы деу орынды. Мына бір үзіндіге назар аударыңыз. «Әр нәрсені алыстан болжап, тереңіне қ­апысыз көз жеткізе білетін Игілік ойы басқ­аша. Ішкі күйініші де, дағдарған күйзелісі де шынайы: «Қазақ­ жері қ­азынанікі» деген заң барын білетін. Ішке орнаған бір тас кірнесі осы болатын. Енді сол жер жат елге сатылатын болса, еліңді бірге сатқ­аның емес пе? Жерінен айрылған ел қ­андай ел болмақ­? Әлде өз зығырданы аз болғандай, ақ­ патшалық­ қ­азақ­ даласына қ­осалқ­ы қ­ожа қ­оймақ­ па? Мына кісі (Ушаковты айтады – Ж. Ы.) қ­азақ­ елінің осындай қ­айғы-зарына ортақ­тасып отырған жоқ­, бос жатқ­ан байлық­тан айырылып қ­алғанына күйініп отыр. Жерің мен елің бірге сатылайын деп отырғанда біз қ­айтуымыз керек... Біз қ­айтуымыз керек? – деп назалана қ­айталайды». Бәсе, Жаратушы Алланың мейірі түсіп, жаныңды көп қ­инатпай, қ­ан төктірмей, бере салған тәуелсіздігін жүрегі жарылардай қ­уана-қ­уана қ­абылдаған біз қ­айтуымыз керек? Батыр Сырымның сыр-арманын ашқ­ан Ғабең Игіліктің осы күйзелісі арқ­ылы қ­азақ­ жұрты, қ­айран қ­андастарым, үміт еткен ұрпақ­тарым ырыздығының сарқ­ылмас бұлағы – жеріңе, суыңа, олардың үсті, асты демей барлық­ байлығына ие бол, жерді сатам, оның кендерін сатам деп еліңді сатқ­аныңды байқ­амай, жер соғып қ­алып жүрме, деп сақ­тандырған. Саналы азамат атаулы бұл қ­ағиданы қ­атты ұстанар, маңдайына жазылған ырыздық­ қ­айнарынан айрылмау үшін барын салар, деп сенген. Жалғанда не жаман? Жат қ­олына қ­араған жаман. Оның адам еңсесін езіп, есеңгірететін ауыр зардаптары романда көркем бейнеленгені көбімізге белгілі. Бірақ­ оны терең түсініп, бар санаңа сіңіру, жадыңда сақ­тап, өз білгеніңді өзгелерге айта жүру көбіміздің қ­олымыздан келе бермей-

ді. Осы бір олқ­ылығымыздың орнын толтыру үшін көркем шығарма хақ­ында жазылған әдеби сын, рецензияларды, арнайы зерттеулерді оқ­у керек болады. Сол арқ­ылы қ­алың оқ­ырман қ­ауым өткен тарихымызды анығырақ­ таниды. Олардан тағлым алады. Тиісінше толғанып, бүгінгі өмір проблемаларын шешуге белсене қ­атысады. Жұмағали жат қ­олына қ­араған қ­азақ­ қ­андай күн кешкенін романда талдай отырып, былай суреттеген: «Кенжеғара өзіне қ­арасты он екі ауылнайды ертіп, ел аралауға шығып еді... Ел тұрмысы бұрынғыдан да күйзеле түсіпті. Бес үй кездессе, екеуінде еркек жоқ­, біреуінде бір көксау шал бар. Еркек балалар сирек ұшырайды, қ­ыз балалар көбірек. Оларда да сүрең жоқ­. Шеттерінен сырқ­ау, арық­- тұрақ­, жастық­тан бір белгі жоқ­ жандар. – Осы балалардың бәрі де жетім қ­алған ба? – деп сұрайды Кенжеғара қ­асындағы жолдастарынан. – Бәрі де Жұмабектің жетімдері. Әкелерін Жұмабек айдап әкеткен соң, жетім қ­алмағанда қ­айтеді? Жолшыбай кездескен ауылдардың тағы бір үш үйіне кіріп еді, үшеуі де еркексіз. Жұтап отырған кемпір-шал. Ерлері тірі болса да, он-он бес жесір отырған жүдеубас әйелдер, ши борбай балалар. Қыс түсіп келе жатса да жағылмаған пештер, төсеніші жоқ­ жер үйлер. Кенжеғара ауылнайларына қ­арайды. Ауылнайлары жерге қ­арайды. Тұрмыс азғанда неше түрлі жолсыздық­тар белең алатыны белгілі. Ел арасында ұрлық­-қ­арлық­, зорлық­-зомбылық­ көбейген. Жер дауы, жесір дауы дегендер көлденеңдеп жүргізбейді. Жас қ­ыздарды алып қ­ашу, оларды зорлық­пен қ­атын үстіне алып, күңдік халде ұстау сияқ­ты сорақ­ы-лық­тар белең алған». Сонау тұманды Альбионнан келіп, байлық­ бұлағын қ­олына алған алпауыттар жұмысшылардың соншалық­ ауыр еңбегіне аз-кем ақ­ы төлеген. Оны артығымен қ­айтарып алу жолын да жақ­сы ойлап тапқ­ан. Үш үлкен өндірістің үшеуінде де азық­-түлік, киім-кешек және басқ­а да керек-жарақ­ са-

татын дүкендер ашқ­ан. Жұмысшылардан қ­олма-қ­ол ақ­ша сұрамайды. Аты-жөнін жазады да несиеге бере салады. Кедей байғұс соған риза болып, алғысын айтып кете барады. Қожасынан тиісті ақ­ысын алған күні бәрін сатушыға беріп, тағы да берешек болып шыға келеді. Қожалар еселеп пайда тауып, байи береді. Жат қ­олына қ­арағанның тағы бір жеңіс бермес қ­иындығы – мұң-зарыңды тыңдайтын жанашырдың жоқ­тығы. Оны Жұмағали былай түсіндіреді: «Орталық­тағы кеңсе үйлерінің есігі таңертең қ­ызметкерлер келгеннен кейін тарс бекітіліп жабылатын болды. Бастық­тың кабинетіне ешкім жіберілмейді. Арыз-шағыммен келген жұрт орыс көмекшінің желдеткіш тесігінен ғана сөйлеседі. Сөйлескендегі бар еститіні – «жоқ­» деген жалғыз сөз. Одан кейін желдеткіш сарт етіп жабылады. Соған қ­арамастан, бұл жерге арыз айта келген адамдардың тізбегі күні бойы бір үзілмейді және ешқ­айсысы ешқ­андай нәтижелі жауап алмайды». Пенде шыдамының да шегі бар. Қожалардың қ­айырымсыздығы, саудагерлердің жемқ­орлығы қ­ара жұмысшылардың ашу-ызасын туғызған. Шахтерлардың үлкен бір тобы – 180 адам қ­ол қ­ойып арыз түсірген де, үш түрлі талап қ­ойған. Біріншіден, біз хайуан емеспіз, адамбыз деген. Екіншіден, қ­азақ­ та орыстар сияқ­ты адам екенін ескертіп, еңбек ақ­ы алалығы жойылсын деген. Үшіншіден, Засыпкин деген парақ­ор, маскүнем Штейгерден таяқ­ жемеген жұмыскер қ­алмағанын көрсетуге дайын екенін айта келіп, оны қ­уып жіберіңдер деген. Бұл талаптар орындалмаса, барлық­ шахталар мен заводта жұмыс біржола тоқ­татылатынын ескерткен. Қожалар бұны жарым-жартылай орындауға мәжбүр болған. Жұмысшыларға азық­-түлік және басқ­а да тұтыну тауарларын несиеге беріп, борышқ­а белшесінен батыра отырып байыған жемқ­ор сатушы Мансуров та сазайын тартты. Не ақ­ша жоқ­, не тамақ­ жоқ­, аштық­қ­а ұшыраған ашу-ызалы жұмыскерлер оның дүкенін өртеп жіберген. Тақ­ырыбы да, тағдыры да ерекше «Жат қ­олында» романын талап тұлпары үздік, талғамы асқ­ақ­, біртуар талант,

қ­атарынан биік тұлға Ғабит Мүсірепов қ­ана жаза алған. Мұнда әрқ­айсысы жеке-жеке талдауға лайық­ты ондаған кейіпкер бар. Солардың ішінен басты-бастыларын таңдап алып, оқ­ырмандармен таныстыру да оңай шаруа емес. Байсалды да терең білімді зерттеуші Жұмағали осы міндетін ойдағыдай орындаған. Ол Кенжеғараны инженер Бернерге жеке тағдыры туралы айтқ­ан сөзінің бір бөлегін «кесіп» алған да, оқ­ырмандар сарабына ұсынған: «Болыстың осы ойының тереңіне бойламай теріс түсініп қ­алған инженерге өз сөзінің мәнісін былайша саралап тарқ­атқ­ан-ды: «...Қазақ­ деген аз ғана ел. Дүниежүзілік өсу-өркендеу жолынан басқ­а бір жол таба алмаса керек... Жалғыз мал шаруашылығы қ­азақ­ елін рулық­ шеңберінен шығармайды... Қазақ­ елі алдымен жерге орналасып, егін салу керек. Сонымен бірге жер астының байлығын, алтыны мен күмісін, көмірі мен мысын қ­алай алуды үйрену керек. Осы үйрену керек деген менің ең жаныма бататын сырқ­атым. Күн санап үдеп келе жатқ­ан ауруым...». Мұны сол айық­пас дертке шалдық­қ­ан Кенжеғара болыс айтқ­ан. Қаламгер Ғабит аға оны кейіпкердің «өз аузынан» жазып алған да, оқ­ырмандарына ұсынған. Келер ұрпақ­қ­а аманат есебінде мұра қ­алдырған. Оны шұқ­шия зерттеп жүрген әдебиетші ғалым Жұмағали алғашқ­ылардың алдыңғы қ­атарында «жұқ­тырып» алған да, осындай «ауру» бар деп жалпақ­ жұртқ­а жар салған. Тірі табиғат қ­ашанда күшті таныған. Соның алдында бас иген жан иелері, Сұлтанмахмұт айтқ­андай, бірін-бірі жеумен күн кеше берген. Қазақ­ қ­оғамында да солай, басқ­аны былай қ­ойғанда, қ­олында өкім-билігі бар әкімдердің өзі күштілері сөз айтса болды, бас изеп шыбындаған, әлсіздің сөзін салғыртсып жүре тыңдаған (Абай). Әркім шамашарқ­ынша тырбанып, жіліктің майлы басын өзіне тартуға күш салған. Біреулер тез байи бастаса, талай кедейдің малы соның қ­орасына қ­ос-қ­осымен қ­осыла берген. Байыған адам ақ­ылды саналған да, кедей кеңкелес деп кемсітілген. Байдың сөзі қ­ұлақ­қ­а жылы естіліп, талайдың басын шұл-

ғытқ­ан. Кедей қ­аншама сұңғыла болса да, сөзі ілтипатқ­а алынбай, елеусіз қ­алған. Міне, дәл осындай жағдайда кедейдің сөзін сөйлеп, қ­орғансыздарға қ­ол ұшын беру, қ­айырымдылық­ көрсету «ерсілеу» ерлік, дұрысында «диуаналық­» деп бағаланған. Кенжеғара дәл осындай, өзі өскен үстем тап – байлар ортасының қ­алыбына сыймайтын қ­айырымды азамат еді. Осы ерекшелігі Игілік балаларына енші берген кезде айқ­ын көрінді. Енді «...Тоғыз толғамнан» алынған үзіндіге назар аударыңыз: “Кенжеғара еншіге тиген малдан, әрине бас тартты. Әке орнында жүрген Күреңкөз қ­ожаның қ­ұнынан бас тартқ­андаақ­ ол өзінің кім екенін ел-жұртқ­а анық­ танытқ­андай еді. Бұл жолы да сол бетінен қ­айтқ­ан жоқ­ «Маған мал керегі жоқ­» деп бірден кесіп айтты. Өз болмысының өзге бір қ­ырын осы жерде және бір танытты. Өзіне тиер үлес Игілік әкесінің есігінде өмір бойы жалшылық­та жүріп, ақ­ы алмаған Бұланбай, Жабай, Сейіт сияқ­ты жалшы-малшылардың тірісіне ақ­ы, өлісіне қ­ұн ретінде қ­айтарылсын деген ұсыныс айтты. Игілік те мұны қ­остай кетіп: «артығымен қ­айтар, үстіне тағы мал қ­осамын», – деді. Сол заманның болысы, бүгінше айтқ­анда әкім Кенжеғара жалшы-малшыларды ғана емес, ата кәсібін тастап, өндіріске барған жұмыскерлерді де қ­орғап жүр. Солардың сөзін сөйлеп, өндіріс бастық­тарымен талай айтысып, жаға жыртысқ­ан. Сондық­тан оны Сикорский «Жұмыскер тобының ұлы адвокаты» деп кекеткенде, бұл оған үзілді-кесілді тойтарыс берген. «– Оныма мен арланбаймын... Өрем жетсе жалғыз жұмысшылар емес, барлық­ елімнің адвокаты болғым келеді», – деген. Кенжеғара сабаз сол арманын айтып қ­ана қ­оймаған. Жалшы-малшылар мен жұмыскерлерге олардың мұңмұқ­тажын жоқ­тайтын «кәдімгі адвокат» болған. Жат-жұрттық­тар сатып алған жердің сыртынан жұмысшылар қ­алашығын – «Бұланбай ауылын» салдырған. Соның кейінгі

тағдыры не болды десейші. Оны Жұмағали былай жеткізген: «Арада аз күн өткеннен кейін Кенжеғараны ояз бастығы шақ­ыртып алып, екі түрлі хабар айтты. Бірінші. Бұланбай ауылы Қарағанды жеріне салынған екен, сол дереу көшірілуі керек. – Бұл қ­алайша? Ол жер баяғыда сатылған елу шақ­ырымның сыртында еді ғой, – деген Кенжеғараның сөзіне жауап мынадай болды. Рязанов өлерінің алдында жең ұшынан жалғасып, тағы қ­ырық­ шақ­ырым жер қ­остырып алған екен. Мына ауыл соның ішінде кетіпті. Енді ол ағылшын жері. Сондық­тан қ­азақ­ ауылы дереу көшуі керек. Ояз бастығының екінші айтқ­аны, Кенжеғара “болыстық­тан босатсаңыз екен” деген арыз беруі керек екен. Бастық­ босаттым деп бұйрық­ шығарып, көшірмесін шұғыл түрде генералгубернаторға жөнелтуі керек екен. Бұл бұйрық­ та табаңда орындалды”. «Ел адвокатының» жолы осылай кесіліп тасталды. Ұлы Ғабеңнің ұлы шығармасы – «Жат қ­олында» романында қ­азақ­ өзінің меншігі – Ұлы Даланың жері, қ­ойнындағы қ­азынасынан қ­алай айырылғаны, жоғарыда айтқ­анымыздай, мейлінше көркем бейнеленген. Зерттеуші зергер Жұмағали оны тігісін жатқ­ыза талдап, сол деңгейде оқ­ырмандарына айтып берген. Көрнекті қ­азақ­ ақ­ыны Сырбай Мәуленов поэзия туралы әңгіме болғанда белгілі бір орыс сыншысының афоризмге айналып кеткен «Поэт должен показать, но не обязан доказать» деген сөзін қ­айталап айтып отыруды ұнатушы еді. Солайы солай. Әдебиет адам, қ­оғамтанушы ғылым. Бірақ­ ол оқ­улық­ емес деген де орынды. Өткендегі тарихи оқ­иғаларды жазушы көркем бейнелей отырып, бүгінгі оқ­ырмандарына өз заманының қ­ұбылыстары туралы ой тастай білгенге не жетсін! Жұмағали да солай, «Болашақ­қ­а аманат» пен «Жат қ­олынданы» талдау, оқ­ырмандарының миына кірпішешен кіргізіп, ойландырып-толғандыру үстінде үлкен ғылыми

тектілік, парасаттылық­ танытқ­ан. Екі шығарманың іріірі оқ­иғалары, кейіпкерлер қ­ақ­тығыстары, көптеген проблемалары тәуелсіз Қазақ­станның саяси, экономикалық­ өмірінен ап-айқ­ын көрініп тұрғандай. Талдаулардың көп беттері соларды қ­олыңа ұстатып, аузыңа шайнап салып кетеді. Сонымен қ­атар басты жақ­сылығы: сонау он сегізінші, он тоғызыншы ғасырларда сондай екен, бүгін мынадай деп заманымыздың кем-кетігін қ­азбалап, замандастарын көзге шұқ­ымайды. Баяғыдағылар сөйтіп еді, сендерге не болды деп үлкенді-кішілі серкелерімізді табаламайды. Кітаптың басты бір қ­ұндылығы осы деп білемін. Жұмағали Ысмағұлов шығармашылығының алпыс жылдық­ мерейтойына арнап қ­алам тарту үстінде менің тағы бір түйгенім: ол Ғабең қ­аламынан туған шығармалар тағлымдарын «басқ­а ұрып, көзге шұқ­ып» көрсетпей-ақ­ мейлінше сыпайылап, оқ­ушының ойын қ­озғай отырып айтып берген. Ғабең мұрасының бәрі биік, аласасы жоқ­. Солардың ішіндегі ерекше екі биігі «Болашақ­қ­а аманат» пен «Жат қ­олында» екені дау туғызбайды. Жұмағалидың оларды талдаған шығармалары да сол деңгейден көрінер биіктер ғой. Оған арнаған өз сөзімді: «Ғабеңнің тарихи-көркем тағлымдары» деп атағаным сондық­тан.

Қайрат РаЕв, филология ғылымдарының кандидаты ағамызДыҢ жуРНаЛиСТІК,СыНшыӘДЕБиЕТшІЛІК, ҚоғамДыҚ ҚызмЕТІНІҢ ҚыСҚаша очЕРКІ Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17-сәуірде Қостанай облысының Сарыкөл ауданында, қ­азіргі Соналы ауылының жерінде, қ­арапайым шаруаның отбасында туған. Әке-шешесі 1929 жылдан ұжымдық­ шаруашылық­тың мүшесі болған. Жұмағали Ысмағұлұлы ес білген балалық­ шағынан емісеміс жадында сақ­талып қ­алған көріністерді былайша әңгімелейді: «Шымнан ойып қ­алаған жатаған балшық­ үйде болған мынадай бір оқ­иға әлі күнге есімнен кетпейді. Үй ішіндегі үлкендер: – Ойбай, белсенділер келе жатыр, ішінде Сәмәмбет пен Шолпан да бар, – деп әбігер болып қ­алды. Сөйткенше үйге сау етіп бір топ адам кіріп келді де, үй ішін айнала тінте бастады. Қолдарына көсеу алып, жер еденді ұрғылап, айнала шолып шық­ты. Coнан coң, ауыз үйдегі қ­азандық­тың түбін күрекпен қ­азғылап, астындағы ұрада сандық­қ­а салып тық­қ­ан жарты қ­ап бидайды алып шық­ты. Тінтушілердің біреуі, шамасы бастығы болу керек, әкеме қ­арап айқ­айлап бір сөздерді айтты да, әлгі қ­аптағы бидайды алып кетті. – Балаларға енді нені қ­орек қ­ыламыз, қ­ұртты ғой, – деп шешеміз жылап қ­алды. – Көгермегір Сәмәмбет пен Шолпан жүрген жерде шөп шыға ма, осылар-ақ­ түпке жететін болды ғой! Қайдан тап болған өздері?! Осыдан кейін есте қ­алған көрініс. Үй іші басқ­а бір ауылда тұрады. «Қызылту» деген колхоз. Ауылдың шетіндегі ағаштың бауырында қ­атар тігілген үш киіз үй. Соның шеткі біреуінде біз тұрамыз. Ортадағы үлкен үй нағашыларымыздікі. Біздің шешеміздің әкесі Мақ­мет атам осы ауылдың ақ­сақ­алы.

Баласы Қамза – дүкенші, «кәперәтип» мүшесі, колхоз белсенділерінің қ­атарында. Күндіз осы ағаштың саясына ауылдың ұсақ­ балалары жиналады. Ішінде Қамза нағашымның баласы Битән бар. Менен 2-3 жас үлкен. Бәріміз ағаш ішінде күні бойы асыр салып ойнаймыз. Ұмытылмай есте қ­алған ең қ­ызық­ балалық­ шағым сол жаз еді. Арада қ­анша уақ­ыт өткені белгісіз. Біз енді басқ­а бір ағаштың саясында екі үй ескі қ­ыстауда тұрамыз. Үй іші көңілсіз. Үлкендер үнемі жабырқ­ау жүреді. Бір күні түнде көрші отырған Жабағы атамның үйі көшіп кетіпті. Одан кейін Жапар атайдың үйі кетті. Жалғыз үй қ­алдық­. Мал жоқ­. Сарық­ұлақ­ атты жалғыз итіміз ғана қ­алған. Ішер ас та бұрынғыдай емес, тақ­ыл-тұқ­ыл. Бір күні әкеміз үй ішінде сақ­талып қ­алған іске татыр заттарды, әжеміз бен шешеміздің келіншек болып түскендегі жасауынан сақ­талып қ­алған асыл заттарын, кымбат моншақ­тарын жиыстырып алды да, қ­асына он бес жасар үлкен ұлы Әміржанды ертіп, Бағлан дейтін қ­аланың базарына жаяу кетті. Әлгі мүліктерін сатып, ақ­шасына азын-аулақ­ азық­- түлік әкелмек. Арада біраз күн өтті. Жолаушылардан хабар жоқ­. Бір күні Әміржан ағамыз келді. Әкемізді базарда қ­олындағы заттарын сатқ­алы жүргенде милиция ұстап алып, түрмеге жауып қ­ойыпты. Бұл жападан-жалғыз жаяулап үйге зорға жетіпті. Біздің үйдің басына қ­ара күн орнады. Екі әйел ескі шошаланы бастарына көтере дауыс қ­ылып, көп уақ­ыт зарланды. Таңертең ұйқ­ыдан оянып, бәріміз дағдарып үнсіз отырғанда, әжеміз сөз бастады. – Күлжау, – деді ол шешеме қ­арап. – Енді бұл жерде отыруда мәніс жоқ­. Біраздан кейін түрмедегі Ысмағұл Қабдолла ағасының аяғын қ­ұшып аштан өледі. Қайтсек те, шұбырып Бағланға жетейік. Сол жерден қ­айыр сұрасақ­ та, бір мезгіл тамақ­ жеткізіп тұрармыз. Әжеміз есті, қ­айсар мінезі бар кісі еді. Ептеп бақ­сылығы да болатын. Бүгінгі дауысы қ­атқ­ыл, бекем шық­ты. Осыны айт-

ты да, өзі басқ­арып жүріп, шарбақ­тың ішінде тұрған екі аяқ­, темір дөңгелекті ит арбаны жүк артуға ыңғайлап әзірлетті. Сонан соң үстіне азын-аулақ­ төсеніш, көрпе-жастық­, киімкешек деген сияқ­ты ең қ­ажетті заттарды тиеп алып, жаяу «пәуескемен» жолға аттандық­. Итарбаның екі жетегінің басына жіп байлап, соны мойнына артты да, ортаға шешеміз, екі жағына әжеміз бен ағамыз Әміржан жегілді. Әлі толық­ аяқ­танбаған кішкене қ­ыз арбадағы жүктің үстіне таңылды. Менен екі жас үлкен Мұхтар екеуміз «көш» соңынан жаяу еріп жүретін болдық­. Жүрер алдында екі әйел қ­аңыраған үйде отыра қ­алып, тағы да егіліп жылады. Ескі қ­оныс, ата мекен жерлерімен қ­имай қ­оштасты. Өздерінің айтуы бойынша, аспалы шамдарына дейін қ­ол тигізілмей, сол тұрған күйінде арттарында иесіз қ­ала берді. Арада жаяулап қ­анша жүргеніміз белгісіз, бар білетінім: жолшыбай кездескен орыс деревняларында шешеміз бен Әміржан ағамыз үй аралап жүріп, мұжық­тарға жалданады, бақ­- шаларын қ­азып беріп, ақ­ысына аздаған нан, картоп алады. Сонымен қ­оректеніп, түнде сондай елді мекендердің шетіне түнеп, ақ­ыры Бағлан деген қ­алаға жеттік. Қазақ­тардың қ­ала деп жүргені орысша «Звериноголовское» деп аталатын үлкен село, Қостанай облысымен шекаралас Қорған облысына қ­арайды. Ертеректе сауда орталығы болған станица екен. Маңайдағы қ­азақ­ ауылдары жәрмеңкеге мал айдап апарып, ақ­шасына әртүрлі мата сатып алатын болған. Жаяу «көш» қ­аланың кіре берісінде, Тобыл өзенінің жағасындағы бір тасалау жерге келіп, бұтадан күрке тікті, төбесін шөппен жапты. Сөйтіп орналастық­. Үлкендер түрмеден әкемізді тауып алып, аз күн соған қ­орек жеткізіп тұрды. Бірақ­ бұл тіршілік ұзақ­қ­а бармады. Абақ­тыда екі-үш ай сотсыз, тергеусіз жатқ­ан бір топ қ­азақ­ты Қазақ­станның бір жеріне айдап жіберді. Біз оның қ­айда жөнелтілгенін білмей, жат жерде қ­аңғырып қ­алдық­... Біздің кейіпкеріміз кейін есі кірген кезде әкесінен осы оқ­иғалардың мән-жайын сұрастырғанда естігені мынадай

екен. 1929 жылы Қазақ­станда колхоздастыру науқ­аны басталғанда, ол кісінің екі ағасы Қабдолла мен Жәһуда «байдың тұқ­ымы» деген айыппен ұжымшарға алынбай қ­алады. Оның үстіне Қабдолла жасында бұлардан гөрі ескіше көбірек оқ­ып, ауылда «пірәдар» атанған діндарлау адам болса керек. Ал Ысекеңнен екі жас үлкен Жәһуда, жөн білетін сауаты бар жас жігіт, ертеде болыс болған, өзі үш атадан қ­осылатын Байқ­асқ­а деген кісіні Мекеге ертіп барып, өзі де қ­ажы атанған. Сондық­тан олар колхозға мүше бола алмайды екен. Сондық­тан болар «статьяға» ілінеді. Оның мәнісі – колхозға тартылмаған жеке шаруалардың мал-мүлкі тәркіленіп, өздеріне ауыр азық­-түлік салғырты салынады. Оны төлемегендері қ­амауға алынып, сотқ­а тартылады. Осындай жазадан бой тасалаған екі ағасы бір түнде отбасын алып, іш жақ­қ­а қ­ашып кетеді. Қарауында жас балалары бар Ысмағұл орта шаруа ретінде колхозға кіреді. Бірақ­ жаңа жағдайдағы тұрмыс ілгері баспайды. Хал-ахуал нашарлай береді. Оның үстіне «байдың тұқ­ымы» деген жаман атақ­ бұған да жабысып, көзтүрткі болуға айналады. Манағы белсенділердің тінтуі соның зардабы болса керек. Сол зорлық­қ­а шыдамаған ол көршілес «Қызылту» колхозындағы қ­айындарына барып паналаған екен. Бірақ­ жағдай одан да түзелмейді. Неше түрлі асыра сілтеу салдарынан ол колхоз да қ­ұлап, бір түнде ауыл адамдары жан-жақ­қ­а қ­ашып бытырап кетеді. Бұлардың ескі қ­ыстауға барып жалғыз үй отыруы содан кейінгі жағдай екен. Енді әңгімемізге оралайық­. Түрмедегі отағасынан қ­ол үзіп, дағдарып қ­алған отбасын тағы да әжесі бастап, сырт естулері бойынша Қорған қ­аласында тұратын ағайындарын іздеп кетеді. Жаяу-жалпылап жүріп, соларды тапқ­ан. Бірақ­ олардың маңайында паналап қ­алудың мүмкіндігі болмайды. Әркімнен сұрастыра келіп, Челябі қ­аласының маңында тұратын баяғы нағашыларын іздеуге тура келеді. Қызыл вагонға тиеліп, сол жақ­қ­а барады. Нағашыларын тауып алады. Баяғы дүкенші Қамза Копейск деген көміршілер қ­аласында шахтер болып істейді екен. Бір үйлі жан жұмысшы барағында бір бөлмеде

сығылысып тұрады, жан баласына өлшеп берілетін «пәйөкпен» ғана күн көреді. Демек, бұл отбасының алты адамына орын жоқ­. Ойлана келгенде тапқ­андары: олардың Златоуст деген қ­аласының маңында Сатка деген өндіріс орнына «вербовка» арқ­ылы жұмысшы болып баруға болады екен. Шешесі мен Әміржан ағасы соған жазылды. Жол қ­аражатына азын-аулақ­ ақ­ша алды. Сонан соң пойызбен аттану үшін Челябінің вокзалына келген. Сол жерде «қ­ұдайлары жарылқ­ап», бұлар абақ­тыдан кейін адасып қ­алған әкелерін тауып алады. Сөйтсе, ол Бағланның түрмесінен айдалып, Бурабайға (Қостанай облысындағы Меңдіқ­ара ауданының орталығы) апарған жерінде, ешқ­андай қ­ылмысы жоқ­ болғандық­тан, оны босатып жіберіпті. Содан кейін бала-шағасын іздеп, ескі қ­ыстауға барса, олар Бағланнан қ­айтып оралмапты. Сонсоң оларды іш жақ­тағы ауып кеткен ағайындарының арасынан іздемек болып, Челябіге келіп тұрған беті екен. Бұлар енді бастары байланып қ­алған «вербовкадан» босана алмай, межелі жерге барды. Шешесінің орнына әкесі жұмысқ­а жазылып, үлкен баласымен екеуі шахтаға түсті. Жер астынан қ­айламен тас қ­азып, ауыр жұмысқ­а жегілді. Сол қ­иындық­қ­а төзіп, қ­ыс бойы шахтада істегеннен кейін жасы елуден асқ­ан әкесі жұмыстан босап шық­ты. Ресейдің сол өңірінде шашырап жүрген туыстарын тауып алды. 1934 жылдың ортасына дейін солармен септесе жүріп жан сақ­тады. Сол кезде алапат аштық­тан кейін ел жақ­та өмір қ­алыпқ­а келе бастапты деген хабарлар келіп жататын. Сол жақ­сы хабарды растағандай, әр жерде қ­аңғырып жүрген қ­азақ­тарды жинауға өкілдер келді. Соларға ілесіп бұлар «откочевник» деген атпен өздерінің туған ауылы Соналыға қ­айтып келген-ді. Жұмағали алты жарым жасында мектепке барып, жартыншы класқ­а алынды да, екі айдан кейін бірінші класқ­а ауыстырылды. Өзінің Мұхтар ағасымен бір партада отырып, 1938 жылы бастауыш мектепті мақ­тау қ­ағазымен бітіріп шық­ты. Бұлардың бастауыш мектепті жақ­сы бітіруіне себеп болған кісі – 1936 жылы Орынбор қ­аласынан техникум бітіріп,

арнайы жолдамамен осында мұғалім болып келген Мұхит Қосымов деген жас ұстаз еді. Сол жігіт ауыл мектебіндегі оқ­у сапасын жақ­сартумен бірге бүкіл ауылдағы мәдениет дәрежесін көтеруге де көп ық­пал етті. Колхоз басқ­армасымен бірлесе отырып, ауыл өміріне бірқ­атар жаңалық­тар енгізді. Сөйткен есіл ер соғыс басталған бойда әскерге алынып, майданда қ­аза тапты. Сабақ­ты жақ­сы оқ­ығаны үшін кішкентай Жұмағалиды ерекше жақ­ын көріп, бауырына тартты. Ол төртінші класта оқ­ып жүргенде, Пушкиннің қ­айтыс болуының 100 жылдығына байланысты мектеп дәптерінің сыртында басылған «Сібірге хат» деген өлеңін ағайынды екі бала – Мұхтар екеуіне қ­азақ­ша және орысша жаттатып, өзі бір сөзін түсінбейтін бұған жат тілдегі сөздердің қ­алай айтылуын, нәшіне келтіріп қ­алай оқ­ылуын үйретіп, ақ­ыры колхозшылардың сауық­ кешінде жұрт алдында жатқ­а айтқ­ызғаны бар. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол бұрын Обаған ауданының орталығы болған Қараоба деген ауылдағы орта мектептің интернатына қ­абылданып, Ыбырай Алтынсариннің ізбасары, белгілі аудармашы Бекет Өтетілеуов пен баласы Бақ­ытжанның алдынан орыс тілінен дәріс алды. Бұдан арғы оқ­уын отбасының жағдайына байланысты әр жылы әр мектепте жалғастыруға тура келді. Алтыншы класты өздерінің ауылдық­ кеңесінде ашылған Қарашілік орталау мектебінде, жетінші класты бір кезде Алтынсаринның өзі салдырған Қостанайдағы сол кісінің атындағы орта мектепте, сегізінші класты 1942 жылы Әулиекөлдегі XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы сабақ­ берген сегіз жылдық­ мектепте тәмамдады. Оның мектеп қ­абырғасындағы оқ­уы осымен аяқ­талды. Бірақ­ кезінде аталған мектептерде қ­азақ­тың ұлы ұстаздары дәріс берген қ­асиетті табалдырық­тан аттап білім алғанын өзіне ырым көріп, ол көңіліне медеу санап жүретін. Ұлы Отан соғысының алғашқ­ы кезеңіндегі өте ауыр жағдайда Әулиекөлде тоғызыншы класс ашылмады. Оқ­уды тәмамдаған жастар әрқ­айсысы әр жақ­қ­а тарап кетті. Мектеп дирекциясы оқ­уды үздік бітірген оны Қостанайда мұғалімдер

институтының жанынан ашылғалы жатқ­ан қ­ысқ­а мерзімді дайындық­ курсына мемлекет есебінен оқ­уға жіберді. Мамыр айынан қ­азан айының аяғына дейін 6 ай бойы жеделдете оқ­ып, бірсыпыра пәндерден онжылдық­ бағдарламасын толық­ өткеннен кейін, ол институттың өзі арман етіп жүрген физика-математика факультетіне студент болып қ­абылданды. Бұл кезде Қостанайдың тұрмыс жағдайы күрт қ­ұлдырап төмендеп кеткен еді. Институт жатақ­ханасында от жағылмайды. Асхана жабылып қ­алған. Қысқ­ы киім жоқ­. Сабақ­ты әрі қ­арай жалғастыру мүмкін болмай қ­алды. Ол жылдың аяғына таман оқ­уды тастап, Әулиекөлдегі әке-шешесіне қ­айтып барады. Сөйтіп, мұның дербес еңбек жолы басталды. Сол кезде Әулиекөлдегі бұрын орыс тілінде шығып тұрған аудандық­ газет жабылып, қ­азақ­ тілінде шығарылып жатыр екен. 1943 жылы 1 наурызда сол газеттің баспаханасына әріп теруші болып жұмысқ­а орналасты. Сауаты бар жас адамға қ­иын жұмыс емес екен. Тез жаттығып, үйреніп кетті. Жұмыстан қ­ол босаған кездерде көрші бөлмедегі редакция жастарымен араласып, бірте-бірте тілші хаттарын қ­орытуға тартыла бастады. Кейінірек редакцияның тапсырмасымен аудан мекемелерінен қ­ысқ­а хабарлар жазып келіп, оларды газет бетіне шығаратын болды. Сөйте-сөйте газет жұмысына деген ынта пайда болды. Редакцияның қ­оғамдық­ жұмыстарына белсене араласты. Жасы он беске толғаннан кейін комсомол қ­атарына өтті. Сол 1943 жылдың қ­ыркүйегінен бастап Семиозер (қ­азіргі Әулиекөл) аудандық­ «Сталиндік жол» газеті редакциясының жауапты хатшысы болып бекітілді. Жаңа газеттің алғашқ­ы редакторы Бақ­ыт Иманов деген кісі еді. Ол Амангелдінің інісінің баласы болып келеді екен. Біраз жыл Алматыда батырдың Рамазан деген баласының тәрбиесінде болыпты. КИЖ-де оқ­ып, астанадағы балалар баспасөзінде қ­ызмет істеген. Газет жұмысын жақ­сы білетін, әдеби тілге жетік адам болған. Ендігі сөзді кейіпкердің өзіне берейік: «Бірер жылда редакцияның ішкі жұмысына әжептеуір төселіп қ­алдым. Ма-

қ­ала қ­орытуды, газет беттеуді, редакцияның жұмысын жоспарлауды және оны ұйымдастыруды кәдімгідей меңгерген сияқ­тымын. Соның бәрін Бақ­ыт ағай ылғи үйретіп отырды. Екеуміздің жұмыс орнымыз бір кабинетте. Ара-арасында ағай менімен шүйіркелесіп әңгіме айтады. Бір кезде Амангелді атасы туралы «Батырдың балалық­ шағы» деген роман жазғалы жүргенін айтты. Көп кешікпей сол іске кірісіп те кеттік. Ол кісі өз қ­олымен жазбайды, маған жатқ­а айтады. Мен әрбір сөзіне, сөйлеміне іштей қ­ызығып отырамын. Сонымен романның біраз жеріне келген сияқ­тымыз. – Балам (мені ылғи солай атайтын), осы шығарма іс болып шық­са, бір жеріне сенің атыңды жазып қ­оямын,– деп көңілдендіріп те қ­ояды. 1944 жылы қ­ыркүйекте Амангелді Имановтың қ­аза болғанына 25 жыл толуына әзірленіп жатқ­ан кез болатын. Сол атаулы күнге қ­атынасу үшін Алматыдан Қостанайға Әліби Жангелдин келген екен. Сол кісі облыс орталығынан Амангелді ауданына бара жатқ­ан жолында Семиозерға соғып еді, Бақ­ыт ағай сол кісінің машинасына отырды да кетіп қ­алды. – Балам, газетті өзің шығара бересің. Аман бол!– дегеннен басқ­а бір ауыз сөз айтқ­ан жоқ­. Сол кеткеннен Бақ­ыт ағамыз қ­айтып оралған жоқ­. Біраз уақ­ыт өткеннен кейін оның орнына редактор болып Дияр Нұрымов деген кісі келді. Жас шамасы бұрынғы бастық­тан сақ­алау. Көп оқ­уы жоқ­, бірақ­ тәжірибеде ысылған, істі білетін, мінезі орнық­ты кісі екен. Ол бастық­пен де түсінісіп, жақ­сы қ­ызмет істеп кеттік. Шаруаға мығым екен, келе сала жолын тауып, редакцияға бір ат алғызды, соған сай қ­ора-қ­опсысын, арба-шанасын әзірлеп, қ­ысты күні жылы үйде отыруға, жазда ат-арбамен ауыл аралауға мүмкіндік туды.” Бірақ­ бір қ­олайсыз жері, жаңа редактор бұрынғы Бақ­ыттай емес, көнбістеу, момын адам болып шық­ты. Райком жақ­- тан кім телефон шалса да мақ­ұл деп, жұмсаған жеріне бара береді. Ал көктем егісі, шөп шабу, егін жинау, мал қ­ыстату сияқ­ты науқ­ан кездерінде тұрақ­ты өкіл болып, апталап, айлап шаруашылық­тарда жүреді. Редакциядағы қ­алған жал-

ғыз қ­ызметкер газетті дайындауын дайындайды, бірақ­ соған уақ­ытша редактордың міндетін атқ­арушы деп қ­ол қ­ойғызу үшін аудандық­ партия комитетіндегі санаулы қ­азақ­ қ­ызметкерлерінен орнында отырған бөлім меңгерушілерінің есігін жағалап жүреді. Сөйте жүріп, өзінің журналистік қ­ызметін әлі де жетілдіре түскендей. Бұрынғыдай өз газетіне ғана емес, облыстық­ «Большевиктік жол» газетіне де жиі жазатын болды. Ол кезде облыстық­ газеттің ауданда меншікті тілшісі жоқ­, сондық­тан бұған тапсырманы көп береді. Соларды орындау жолында әр түрлі жанрлық­ материалдар жазуды үйренді. Сын мақ­ала, көлемді корреспонденция, проблемалық­ мәселелер төңірегіндегі шолу сияқ­ты редакцияға жіберген жазбалары ылғи жарық­ көріп жатады. Өзінің ұқ­ыпты жұмысының жемісі болар, аудан активі арасында беделі көтеріліп, басшылардың көзіне көріне бастаған. 1946 жылдың басында соғыстан кейінгі алғашқ­ы комсомол конферециясында аудандық­ комитетке, ал бірінші ұйымдастыру пленумында аудандық­ комсомол комитетінің бюросына мүше болып сайланды. Мамыр айында жасы 18-ге толғаннан кейін партия мүшелігіне кандидат болып қ­абылданды. Сол жылы маусым айында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қ­ажырлы ерлік еңбегі үшін» деген медальмен марапатталды. Бұл осындай жоғары наградаға лайық­ деген адамдардың ішінде аудан активіне арнап алғашқ­ы жіберілген отыз медальдың біреуі болатын. Бұл кезде журналистиканың алғашқ­ы әліпбиін меңгергендей болып, осы мамандық­ты өмірлік кәсібім деп ойлай бастаған жас қ­ызметкер осы саладан жүйелі білім алуды да арман ете бастаған-ды. 1946 жылы тамызда ол қ­ызметтен босап, Алматыға аттанды да, Қазақ­ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсті. Өзі журналистикалық­ жұмыс істеп келген әрі партия қ­атарында бар студентті университеттің парткомы да, факультеттің партбюросы да қ­оғамдық­ жұмыстарға пайдалана бастады. Соның алғашқ­ы қ­адамы ретінде ол кәсіподақ­тың

жалпы университеттік конференциясында кәсіподақ­ комитетіне сайланды, соның қ­ұрамында екі сайлау мерзімінде жұмыс істеді. 1 курста оқ­ып жүргенде парталасының тапсырмасымен Бейбітшілікті қ­орғау комитеті ұйымдастырған қ­алалық­ жиында Алматының студент жастары атынан сөз сөйлеуі де бұған көрсетілген сенімнің белгісі еді. 1948 жылы 2-курста оқ­ып жүргенде Баспасөз күнінің қ­ұрметіне университеттің бір топ оқ­у озаттары қ­атарында «Социалистік Қазақ­стан» газетінде суреті жарияланды. Сол жылы наурыз айында Фрунзе аудандық­ комитеті оны партия мүшелігіне қ­абылдады. 3-курста факультет партбюросының ұйғаруымен комсомол бюросының идеологиялық­ жағын басқ­аратын екінші хатшысы болып сайланды. Сол 3-курсты аяқ­тар кезде оның өмірінде болашақ­ мамандығына байланысты да бір елеулі оқ­иға болды. Студенттерге «Газеттегі партия тұрмысы бөлімі» деген тақ­ырыпта арнайы курс өткізіп жүрген республикалық­ «Коммунист» журналының редакторы, тәжірибелі журналист Ахмет Елшібеков мұны өзінің жұмыс орнындағы кабинетіне шақ­ырды. Әр түрлі барлау әңгімеден кейін бұған редакцияға қ­ызметке келуді ұсынды. Мұның оқ­уына нұқ­сан келтірмеу жағы ескерілетіні де айтылды. Сөйтіп, республикадағы ең беделді, ресми журналдың партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болып бекітілді. Университеттегі оқ­уы аяқ­талғанша ол осы жұмысты қ­оса атқ­арды. Оның айтуы бойынша, журналда істей жүріп, өзгесін былай қ­ойғанда редакция жұмысының екі түрлі қ­ырына машық­танған. Бірінші – аударма өнері. Ол кездегі қ­алыптасқ­ан әдет бойынша, авторлардың көбі мақ­алаларын орысша жазады. Ресми материалдар да көбіне орыс тілінде түседі. Бұл соларды баспаға әзірлеу үстінде қ­азақ­шаға аударып, біраз тәжірибе жинақ­тады. Екіншіден, қ­азақ­ тілінде түсетін материалдардың көбі мазмұн жағынан да, тіл-стиль жағынан да шалағай, шикі болады. Олардың иін қ­андыру үшін түбегейлі өңдеуге тура келеді. Сөйте жүріп, бұл баспасөз қ­ызметкерінің редакторлық­ өнеріне жаттық­ты.

Жұмыс бабында осы сияқ­ты іскерлік танытқ­ан талапты жас 1951 жылы университеттегі оқ­уын бітіргеннен кейін осы қ­ызметте қ­алдырылды. Сол жылы қ­азан айында редакцияның жауапты хатшысы және редакция алқ­асының мүшесі болып бекітілді. Сөйтіп, Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің номенклатурасына алынды. 1953 жылы қ­араша айында Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ Комитетінің Насихат және үгіт бөлімінде екі тілде ай сайын шығарылып тұратын «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы болып жоғарылатылды. Онда бірер жыл істегеннен кейін, 1954 жылдың желтоқ­санында Орталық­ Комитеттің өз тарапына алынып, насихат бөлімінің баспасөз секторына нұсқ­аушы болып бекітілді. Бұл сектор ол кезде республикадағы бүкіл мерзімді баспасөз бен кітап баспаларының, басқ­а да бұқ­аралық­ ақ­парат қ­ұралдарының жұмысына бақ­ылау жүргізіп отыратын. Сонда мұның еншісіне тигені жастар баспасөзі, Қазақ­стан мемлекеттік баспасы, республикалық­ баспалар бас басқ­армасы, радиохабар тарату жүйесі, ҚазТАГ, Главлит және жергілікті жеті облыстың газеттері еді. Бұлардың сыртында күнделікті өмірде басшылардың тапсырмасымен атқ­арылатын ағымдағы жұмыстар да көп. Сондай үлкен жауапкершілікпен төрт жылдай қ­ызмет атқ­ара жүріп, ол практикалық­ жұмыстан бірсыпыра тәжірибе жинады, іштей қ­анағат сезімін тудыратын игілікті істер де тындырды. Мәселен, бір жылы Орталық­ Комитеттің насихатшылар тобы қ­ұрамында іссапармен Қарағанды облысына барды. Сонда насихат бөлімінің арнайы тапсырысымен Жаңаарқ­а аудандық­ газетінің ішкі жұмысымен танысады. Мұның сондағы көргені – баяғы соғыс кезінде өзі қ­ызмет істеген аудандық­ газет редакциясының жоқ­-жітік тіршілігі. Аппаратта екі-ақ­ адам: редактор мен жауапты хатшы. Екеуі де газет жұмысын білетін, ынта-қ­абілеттері жеткілікті, іскер адамдар көрінеді. Бірақ­ газеттің мазмұнын тереңдетіп, сыртқ­ы көрінісін тартымды етіп, көңілдегідей көркейтіп

жіберуге мүмкіндік жоқ­. Әсіресе, материалдық­-техникалық­ жағынан. Өзгесін былай қ­ойғанда, әріптің өзі жеткіліксіз. Баспа техникасы әбден көнерген. Осындай жүдеушілік жайды аңғара келіп, Орталық­ Комитеттің Насихат бөліміне жазбаша баянхат түсірді. Ол осы іске тікелей қ­атысы бар Бас баспа басқ­армасының қ­ызметкерлерімен бірге талқ­ыланды. Сөйтіп, аудандық­ газеттердің материалдық­-техникалық­ базасын жақ­сарту, қ­ызметкерлерінің штатын кеңейтіп, оларды шығармашылық­ іске ынталандыру жөнінде қ­омақ­ты шаралар жүзеге асырылды. 1954 жылы Орталық­ Комитеттің кезекті пленумына мәселе әзірлеу мақ­сатында елдің шалғай жайылымдарындағы шопандарға мәдени-тұрмыстық­ қ­ызмет көрсету жайымен танысып келу үшін Ақ­мола облысының Қорғалжын ауданына жіберілді. Мезгіл қ­ара күз еді. Қой қ­ырқ­у науқ­аны аяқ­- талмаған, отарлар қ­ысқ­ы қ­ораларға айдалмаған, малшылар ашық­-тесік күрке, қ­остарда отыр. Сол тұста күн райы күрт суытып, қ­алың қ­ар жауып кеткен. Баршын, Қарақ­асқ­а деген жайылымдарға бара қ­алған өкіл көптеген қ­олайсыз жағдайлардың куәсі болды. Шопандардың айтуынша, бұл бір биыл ғана емес, жылда қ­айталанып тұратын жағдай көрінеді. Осындай келеңсіз көріністерді журналист көзімен байыптап, Орталық­ Комитеттің бюросына баяндап жазды. Онда жергілікті қ­ызметкерлердің атына сын-мін айтпай-ақ­, шопандар қ­ауымының бірауыздан айтқ­ан тілек-ұсыныстарын жеткізді. Сондағы келтірілген фактылар мен ұсыныс пікірлер пленум материалдарында көрініс тапты. Тағы бір есте қ­аларлық­ мысал. 1957 жылдың ерте көктемі. Бір күні мұны Насихат бөлімінің меңгерушісі А.Иванов кабинетіне шақ­ырып алып, оңашада атқ­аратын бір тапсырма берді. Алдымен қ­олына қ­алың-қ­алың екі папканы ұстатты. Белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің жеке қ­ұжаттары тігілген іс қ­ағаздары екен. Соларға қ­оса бірсыпыра ескілікті басылымдар мен сарғайған газет тігінділерін берді. – Осы материалдарды түгелімен мұқ­ият қ­арап шық­ та, шұғыл түрде анық­тама әзірле,– деді бастық­.

Әңгіме жазушының партиялық­ мәселесі туралы екен. Бұл кісі «халық­ жауларын» әшкерелеу кезінде Бейімбет Майлинді қ­орғаймын деп, өзі жазалы болғаны тарихтан белгілі. 1938 жылы сол үшін партиядан шығарылған. Бірақ­ әйтеуір абақ­тыдан, атылудан аман қ­алған. Арада жылдар өтіп, отыз жетінің науқ­аны басылған кезде бұл кісі өзінің партиялығын қ­уып, республикада басшылық­ өзгерген сайын арыз жаза береді екен. Бірақ­ солардың бірдебіреуі қ­абылданбай, бұрынғы «ұлтшылдық­» кінәсі жаңа бір «дәлелдермен» үсті-үстіне жапсырыла береді екен. Бірінші хатшы И.Д. Яковлевтің атына жазған соңғы арызы бойынша бес адамнан комиссия қ­ұрылып, осы мәселенің ақ­-қ­арасын әділетті түрде шешу тапсырылыпты. Комиссия мүшелері: Орталық­ Комитеттің хатшылары Н.И. Журин мен Н. Жанділдин, Ішкі істер министрі В.В. Губин, Партия тарихы институтының директоры С. Бәйішев және насихат бөлімінің меңгерушісі А.Т. Ивановтың өзі. Сол комиссияға қ­ажетті ең дәлелді, әділ анық­таманы әзірлеу жас маманға тапсырылып отыр. Ол бірнеше күн оңаша отырып, жаңағы қ­ұжаттарды ақ­тарып-төңкеріп қ­арап шық­ты. Буржуазиялық­-ұлтшылдық­ идеяларды уағыздады деп айналымнан шығып қ­алған көркем шығармаларын түгел оқ­ыды. Бөлім меңгерушісінің тапсыруы бойынша, солардың біразы жөнінде ең беделді деген адамдардың пікірін жаздырып алды. Алғашында жалған өсек, асыра сілтеген нақ­ақ­ айыппен жазаланған адамның үстіне неше түрлі пәле-жалалар, «домалақ­ арыздар» жылдар бойы қ­осыла берген, қ­оюлана түскен. Солар бойынша бір ізбен теріс қ­орытындылар жасалып, берген арыздары аяқ­сыз қ­ала берген. Солардың барлығын жаңаша тұрғыдан салмақ­тап, салыстыра келіп, арыз иесінің өтініші бойынша анық­тама жазылды. Бөлім меңгерушісі бір кеш бойы мұны қ­асына алып отырып қ­арап шық­ты. Тіл, стиль жағынан біраз өзгерістер жасалды. Сөйтіп комиссияның қ­арауына ұсынды. Бір күні ертеңгісін жұмысқ­а келе жатқ­анда есік алдында кездесіп қ­алған бөлім меңгерушісі оған жылы шыраймен амандасып:

– Ну, теперь можешь поздравить своего друга, вчера на бюро был воостановлен в партии, – дегені бар. Ол кезде талай рет арызданып, ақ­ыры біржола үміт үзген жазушы қ­айтадан өтініш жазып, партия қ­атарына екінші рет кандидат болып қ­абылданған болатын. Өзі жаңадан қ­ұрылған «Ара» журналында редактор болып істейтін. Партия қ­атарына алғаш рет 1925 жылы кірген екен. Енді сол өтілі қ­алпына келтірілді. 1958 жылы конкурста қ­абылдау емтиханынан өтіп келгеннен кейін Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің жолдауымен Мәскеуге аттанып, СОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Қоғамдық­ Ғылымдар Академиясының Әдебиет және өнер теориясы кафедрасы бойынша аспирантураға түсті. Оқ­у мерзімі ол кезде төрт жыл еді. Бұлар екінші курсты аяқ­тар кезде СОКП Орталық­ Комитетінің қ­аулысымен оқ­удың бір жылы қ­ысқ­артылды. Сол қ­аулының негізінде бүкіл ел бойынша кандидаттық­ және докторлық­ диссертация қ­орғаудың тәртібі түбегейлі өзгертілген. Бұдан былай ізденушілердің оқ­ыған немесе қ­ызмет істейтін жерінде диссертация қ­орғауына рұқ­- сат берілмейтін болды. Қоғамдық­ Ғылымдар Академиясын бітірген аспиранттар бұрын кандидаттық­ диссертация жазып, соны міндетті түрде қ­орғап кетуге тиісті болса, енді басқ­а ғылыми немесе оқ­ытушылық­ қ­ызметке ауысып кетпеуі үшін, олардың кандидаттық­ диссертация қ­орғауына бейресми түрде тыйым салынды. Ал басқ­а диссертациялық­ кеңеске барып тіркеліп, сонда қ­орғау үшін алдымен ғылыми жұмысының мазмұнын түгелдей дерлік кітап түрінде бастырып шығару міндетті шартқ­а айналдырылды. Бұл III курстағы оқ­у жылының соңында жаңа талап бойынша «Қазақ­ кеңес әдебиетіндегі ұнамды кейіпкер проблемасы» деген тақ­ырыпта ғылыми жұмыс әзірлеп, кафедраның ғылыми кеңесіне тапсырып кетті. Ол жұмысы 1963 жылы СОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебі мен Қоғамдық­ Ғылымдар Академиясының баспасы шығарған «Образ положительного героя в литературах народов СССР» деген жинақ­қ­а енгізілді.

Кейін осы тақ­ырыпта жаңа ереже бойынша сол Академияның өзінде филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже алу үшін кандидаттық­ диссертация қ­орғады. Оның толық­ мазмұны 1970 жылы «Облик современника» деген атпен орыс тілінде монография түрінде жарық­ көрді. 1961 жылы Қоғамдық­ ғылымдар академиясын бітіріп келгеннен кейін Қазақ­стан КП Орталық­ Комитеті оны республикалық­ «Қазақ­ әдебиеті» газетінің редакторы етіп бекітті. Ұлы Отан соғысының алдында шығуын тоқ­татқ­ан бұл газет 1955 жылы қ­айта шығарыла бастаған. Содан бергі алты жыл ішінде алты редакторды алмастырып үлгерген осы газетке 1961 жылы тамыз айында Ж.Ысмағұлов редактор болып келді де, 1963 жылдың наурыз айына дейін істеді. Одан кейінгі біраз жылдар партиялық­ баспасөз органдарында жауапты шығармашылық­ қ­ызметтер атқ­арды. 19631965 жылдарда Алматы облыстық­ «Коммунизм таңы» (қ­азіргі «Жетісу») газетінің редакциясында идеологиялық­ бөлім меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Шығыс Қазақ­стан облыстық­ «Коммунизм туы» (қ­азіргі «Дидар») газетінде жауапты редактордың орынбасары болып істеді. 1969 жылы қ­ыркүйек айында Қазақ­стан КП Орталық­ Комитеті Ғылым және жоғары оқ­у орындары бөлімінің шақ­ыруымен Алматыға қ­айтып оралып, Партия тарихы институтында марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі қ­ызметіне бекітілді. 1973 жылы тамыз айында Қазақ­стан КП Орталық­ Комитеті Секретариатының және Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесінің қ­аулыларымен Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақ­парат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы тұста оның жаңа жұмысқ­а ауыстырылуына байланысты қ­осымша біраз сөз айтуға тура келеді. 1971 жылы Одақ­тық­ басшы партия, үкімет орындарының қ­аулысымен Кеңес Одағы Телеграф агенттігі (ТАСС) КСРО Одағы Министрлер Кеңесі жанындағы Ақ­парат агенттігі деген атпен қ­айта қ­ұрылып, бүкіл Одақ­ көлеміндегі мерзімді баспасөз орындарының жұмысын

үйлестіріп отыратын бірыңғай ақ­параттық­ қ­ызмет орталығына айналдырылған. Оған одақ­тық­ министрлік пен мемлекеттік комитет дәрежесінде ресми мәртебе берілген. 1972 жылы осы тәртіппен республикадагы Қазақ­ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) бойынша да өзгерістер енгізіліп, оның мәртебесі жоғарылатылған, жаңа ережесі, штаттық­ кестесі бекітілген. ҚазТАГ, бір жағынан, одақ­тық­ орган ТАСС-қ­а бағынатын болғандық­тан және республикадағы орыс тілді басылымдарды ақ­паратпен қ­амтамасыз ету қ­ажеттігіне орай ақ­парат хабарлары тек орыс тілінде жасалатын да, солар ТАСС-тан берілетін одақ­тық­ және шетелдік хабарлар қ­азақ­ тіліне аударылатын. Мұның ҚазТАГ-қ­а жіберілуі көбінесе сол баспасөз бетінде жарияланатын аударма материалдардың сапасын жақ­сарту талабынан туған еді. Осы жауапты да қ­ауырт жұмыста ол 9 жыл бойы істеді. 1982 жылы сәуір айында, ҚазТАГ директоры К. Қазыбаев Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің хатшылығына сайланғаннан кейін, ол агенттіктің директоры болып тағайындалды да, осы лауазымды 1987 жылдың 20 маусымына дейін атқ­арды. Республикалық­ ақ­парат агенттігінде істеген 14 жыл ішінде ол ұйымдастырушылық­ және шығармашылық­ жұмыстың тағлымды мектебінен өтіп, мемлекеттік және қ­оғамдық­ қ­ызметтен мол тәжірибе жинақ­тады. Әсіресе, үлкен ұжымның басшылығында өткізген жылдарында өз бойындағы іскерлік қ­абілетін көрсете білді. Бұл жылдар ҚазТАГ өмірінде оң өзгерістер жүзеге асырылған елеулі кезеңнің жемісті жалғасы болды. Бұрынғы ескі техника жаңғыртылып, агенттік пен республикалық­ жэне облыстық­ газет редакциялары арасында екі жақ­ты телетайп байланысымен қ­атар компьютерге көшті. Ол үшін республика қ­аржысынан қ­ажетті мөлшерде шетелдік валюта бөлініп, соған сырт елдерден сол заманның ең жетілдірілген жабдық­тары алынды. Сөйтіп, ҚазТАГ жаңа технологияға негізделген жұмысқ­а ТАСС-тың орталық­ аппаратынан кейін республикалық­ агенттіктер арасында бірінші болып көшті. Сонымен бірге агенттікте шығармашылық­ жұмыстың дәрежесі жаңа биікке көтеріліп, баспасөз органдарына күн-

делікті жеткізіліп тұратын ақ­параттық­ хабарлардың сапасы мен жеделдігі артты. ҚазТАГ жалпы жұмыс көрсеткіштері бойынша Одақ­тағы республикалық­ агенттіктер арасында тұрақ­ты түрде алдыңғы қ­атардан орын алды. ҚазТАГ ұжымының жұмысы 1986 жылы Қазақ­стан Компартиясының ХҮІ съезінде Орталық­ Комитеттің есепті баяндамасында жағымды тұрғыдан атап көрсетіліп, оған жоғары баға берілді. Сол съезде ҚазТАГ директоры Ж. Ысмағұлов Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің мүшелігіне кандидат болып сайланды. Оның алдында Қазақ­ КСР Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланған. ҚазТАГ-тағы жемісті жұмысы үшін 1981 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1986 жылы ТАСС-тың ұсынуы бойынша «Халық­тар достығы» орденімен марапатталды. Осындай жемісті де белсенді мемлекеттік және қ­оғамдық­ қ­ызмет атқ­арып жүрген кезде ол сәтсіздікке ұшырады. 1987 жылы 16-маусымда желтоқ­сан оқ­иғасына қ­атысушылардың Қайрат Рысқ­ұлбеков бастаған бір тобына жүргізілген сот процесінен Алматы облыстық­ «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде ҚазТАГ әзірлеген фотосурет жарияланғаны үшін оның директоры Ж. Ысмағұлов Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің Г.В. Колбин басқ­арған бюро мәжілісінде орнынан алынып, партиялық­ жолмен қ­атаң сөгіс жарияланып, есеп карточкасына жазылды. Сол жылы ол конкурс бойынша Қазақ­ КСР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындагы Әдебиет және өнер институтына аға ғылыми қ­ызметкерлікке өтті. 1990 жылы ұлы Абайдың 150 жылдығына әзірлік басталғанда, Институтта Абайтану бөлімі қ­ұрылды да, содан бері осы бөлімде ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданды. Соның алғашқ­ы нәтижесі ретінде 1994 жылы «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» деген атпен көлемді монографиясы жарық­ көрді. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген тақ­ырыпта докторлық­ диссертация қ­орғады. 1996 жылы Абайдың шығармашылық­ мұрасын зерттеу және насихаттау ісіндегі жемісті еңбегі үшін Қазақ­стан Республи-

касы мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атақ­қ­а ие болды. 1998 жылы оған профессор деген ғылыми атақ­ берілді. Ол 1950-ші жылдардан бастап баспасөз бетінде әдебисын мақ­алаларымен, көркем очерктерімен, публицистикалық­ толғауларымен көріне бастады. Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқ­анов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Тахауи Ахтанов, Ілияс Омаров, Ілияс Есенберлин, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков шығармашылығы жөнінде жазғандары кезінде оқ­ырман қ­ауым тарапынан жақ­сы бағасын алды. Олардың біразы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мерейі» (1968), «Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам» (2002) атты жинақ­тарына енгізілді. Ұзақ­ жылдар бойы көркем аударма жұмысымен шұғылданып келеді. 1958 жылы Қазақ­стан Журналистер одағы қ­ұрылғаннан сол одақ­тың мүшесі болды, 1969 жылы КСРО Жазушылар одағына қ­абылданды. Сол кездерден бергі екі одақ­тың барлық­ съездеріне делегат болып қ­атынасты. Қазақ­стан Жазушылар одағында біраз жыл көркем аударма секциясын (кейін қ­ауымдастығын) басқ­арды, ҚазТАГ-та директор болып істеген жылдары Журналистер одағы басқ­армасының қ­оғамдық­ негізде істейтін хатшысы болып сайланды. 1974 жылдан тоқ­саныншы жылдардың аяғына дейін Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық­ комиссия қ­ұрамында жұмыс атқ­арды, кейін соның әлеуметтік-саяси әдебиет секциясын басқ­арды. Шетелдермен мәдени байланыс жөніндегі Қазақ­ қ­оғамы, Азия және Африка елдерімен ынтымақ­ жөніндегі Республикалық­ комитет басқ­армасының мүшесі болды. 1988-89 жылдары Алаш қ­озғалысының қ­айраткерлері ақ­талғаннан кейін ол Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақ­ып Дулатұлының шығармашылық­ мұрасын зерттеумен белсене шұғылданды. Олар жөніндегі алғашқ­ы зерттеулері 1993 жылы жарық­ көрген «20-30 жылдардағы қ­азақ­ әдебиеті» атты ұжымдық­ монографияға енгізілді. Міржақ­ып Дулатұлының 2002–04 жылдары жарық­ көрген бес томдық­ шығармалар жинағының жауапты редакторы болды, сол томдардың ғы-

лыми аппаратын (кіріспе, қ­орытынды тарауларын, түсініктерін) жазды. Соңғы жылдары М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1992 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Ж. Ысмағұловқ­а «Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қ­айраткері» деген қ­ұрметті атақ­ берілді. 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Әбілмәжін жұмаБаЕв, әдебиетші, аудармашы

ӘДЕБиЕТТІҢ ЕҢБЕКТоРыСы Алпысқ­а біздің Жұмағали Ысмағұлов та келді. «Біздің» деп әдейі бөліп отырғаным халық­ өмірінің бір қ­ұнарлы саласы – әдебиет әлемінде қ­ырық­ жылдай қ­атар қ­ызмет етіп келе жатқ­андық­тан ғана емес, Қазақ­ университеті секілді білім ордасында бірге оқ­ып, жатақ­хананың бөлмесінде бір жатқ­андық­тан да, студент тірлігінің қ­ызық­-шыжығын бірге көргендіктен де, жалпы, адам, азамат, жорға қ­аламды жазушы-журналист ретінде де жақ­сы көріп, жақ­ын тартқ­анымнан да болар. Алпыс кісінің ақ­ыл тоқ­тататын, өзін де, өзгені де сабырлы ой, салқ­ын санамен таразылап, бар-жоғыңды түгендейтін қ­атал кезең-ау. Бәлкім, бұл өзінің ар-ожданының алдындағы есеп шығар. Кісі өз қ­анасынан өзі қ­ашып шыға алмайды ғой. Міне осы тұрғыдан келсек, шүкірлік, Жұмағали алпыстың биігіне бойындағы қ­айрат-жігері қ­алпында, емін-еркін шық­- қ­ан және қ­ұр қ­ол шық­паған. Халқ­ымыздың әдебиетіне олжа салып шық­қ­ан. Және сол олжасы кәдімгідей қ­омақ­ты, елеусіз-ескерусіз қ­алатын дүниелерден емес... Былтырдан бері біз қ­азақ­ совет мәдениетінің әр саласында жемісті еңбек ете жүріп, алпыс жасқ­а мол дүрмегімен, қ­анаттас-қ­атарлас келген азаматтардың мерейтойларын атап келеміз. Солардың бәрі кешегі қ­аһарлы-қ­атал жылдарда ерте есейген, балалық­-бал дәуренге соқ­пай кеткен «соғыс перзенттері». Олар қ­атыгез тағдыр тауқ­ыметін тым ерте тартты. Тұрмыстың тәттісі емес, ащысын татты. Әлсіз иық­тарына ауыр жүкті де ерте салды. Бұл – заман жүгі, уақ­ыт жүгі. Оның салмағын, сол жылдары бастарына түскен қ­айғы-қ­асірет салмағын олардың өздері ғана біледі. Біздің Жұмағали да,

міне, сол буынның өкілі. Ерте есейгендер, еңбекпен егіз туғандар буынынан. Қойшының таяғы, егіншінің кетпені, орманшының балтасы, ұстаның балғасы, шахтёрдың қ­айласы олардың үлпілдеген жұмсақ­ алақ­анын беймезгіл ойып, ерте күстендірді. Мұны айта берсек, сыры да, жыры да көп, таусылмайды. Мәселенки, Жұмағали 1943 жылы аудандық­ газетке әріп теруші болып кіргенде он беске енді ғана аяқ­ басқ­ан балғын-тұғын. Ол кездері аудандық­ редакцияларда кісілер жетіспейді. Тегі, Жұмағали да сол әріп теруші ғана емес, әдеби қ­ызметкер де, корректор да бола жүргенге ұқ­сайды. Талапты, зерек, сауатты баланың қ­аламы да тез бас біліп шыға келген тәрізді. Өйткені араға жыл салмай жатып, ол редакцияның жауапты секретары болып шыға келеді... 1946 жылдың қ­оңыр күзінде білім бұлағына сусап келіп бас қ­ойғанда, Жұмағали әлі жас та болса, біраз өмір мектебінен өткен. Оң-солын кәміл танитын журналист еді де, журналистика факультетіне қ­алап келіп түскен еді. Оқ­уын жартылай тауыспай жатып-ақ­, «Қазақ­стан коммунисі» сияқ­ты беделді де абыройлы журналда бөлім меңгерушісі, бітірісімен жауапты секретарь болып істеу біздің Жұмағалидың білім-қ­абілетінен, ой-өрісінен, байсалды журналист болып қ­алыптасқ­анынан хабар берсе керек-ті. Сонау соғыс кезінде аудандық­ газетте өмір жолын бастаған Жұмағали күні кешеге дейін, біздегі үкіметтік биік мекеме КазТАГ директорына, республика парламентінің мүшесіне дейін өсті. Осынау қ­ырық­ жылдан аса уақ­ытқ­а созылған еңбек жолында ол қ­андай бел-белестерді игерді, қ­андай қ­иындық­тар көрді. «Үгітші блокнотының» редакторы, Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ Комитетінің жауапты қ­ызметкері, КПСС Орталық­ Комитеті жанындағы Қоғамдық­ ғылымдар академиясының тыңдаушысы болып, әдебиет пен өнер теориясы кафедрасынан диссертация қ­орғап, ғылым кандидаты атағын алды. «Қазақ­ әдебиеті» газетінің редакторы, Қазақ­стан КП Орталық­ Комитеті институтының марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын аудару секторының меңгерушісі, КазТАГ директорының орынбасары

және соңғы бес жылда соның басшысы деп атқ­арған қ­ызметтерін атүсті айтып шығудың өзі бір ғанибет. Осы қ­ызметтің кез келгені – бір адамның өміріне жетерлік және оған кәдімгідей жүк боларлық­ жауапты қ­ызметтер. Егер ортақ­ол ғана қ­абілеті бар қ­арадүрсін адам болса, осынау қ­ызметтерден артыла алар-алмасы екіталай. Ал, біздің Жұмағалиға келсек, осынау ұзақ­ жылдар бойына бір тыным таппай, ұдайы ұшқ­ыр қ­аламын тебірентіп, республика экономикасы мен мәдениетінің әр алуан саласы жайлы әдебисын, публицистикалық­ мақ­алалар мен очерктерді, көркем аудармаларды туындатып келеді. Және оның әрбір шығармасынан автордың өзіне тән қ­олтаңбасы танылады. Ол нені жазса да, әуелі соны байыптап зерттеп, материалды ой елегінен өткізіп, саралап, жүйе-жүйесімен жазады. Сондағы оның өзіне тән бір ерекшелігі ойлау еркіндігі, жазу еркіндігі, ана тіліміздің бай қ­азынасынан нәрлі-бедерлі сөзді сұрыптап ала білетіндігі... Жұмағалидың қ­ырық­ жылдық­ творчестволық­ қ­ызметінде қ­аламынан туған шығармаларды ой көзімен қ­арап, ақ­ылмен салмақ­тап көрсек, үш салада әдеби-сын, публицистика, аударма саласында көсіліп еңбек етіп келе жатқ­аны анық­ байқ­алады. Бүкіл творчестволық­ өмірін партиялық­ баспасөз қ­ызметінде өткізіп келе жатқ­ан Жұмағали жүрегінде әдебиетке деген ынта-ық­ылас әсте суып көрмеген. Әдеби сын саласындағы алғашқ­ы адымын 1951 жылы М. Иманжановтың «Алғашқ­ы айлар» атты повесіне «Социалистік Қазақ­стан» газеті бетінде әдемі рецензия жазудан бастаған ол, араға ай салмай жатып, әдеби айтыс ордасының қ­алың ортасында жүреді. Ә. Тәжібаевтың «Гүлден, дала» пьесасы спектакліне қ­исынсыз бір қ­исық­ сын шық­қ­анда, партиялық­ принцип тұрғысынан оған байсалды жауап қ­айтарды, тағы да сол «Социалистік Қазақ­стан» газеті арқ­ылы. Мәдени өмірдің күнделікті зәру мәселелеріне осылай үн қ­осу, атсалысу арқ­ылы әдебиетке келген юбиляр, бірте-бірте қ­азақ­ прозасының өсу, қ­алыптасу процесіне, ондағы жағымды қ­аһарман образының жасалу жолына ерекше зейін қ­ойып, осынау өзекті проблеманы терең

зерттеу, аударып қ­арап, ақ­тара тексеруге көп-көп көңіл бөледі. Әсіресе алпысыншы жылдардың бас кезінде, Қоғамдық­ ғылымдар академиясында оқ­ып жүрген шақ­та, бүл мәселе оның ғылым саласындағы басты мақ­сат-мұратының біріне айналады. Сонда ол өзінің осы бір келелі еңбегін М. Әуезов, С. Мұқ­анов, F. Мұстафин, З. Шашкиннің кесек-кесек туындыларын талдау арқ­ылы жазады. Әдебиетте ұлттық­ характерді бейнелеу мәселесі туралы сөз қ­озғағанда ол С. Сейфуллин мен F. Мүсірепов, С. Ерубаев тәжірибелеріне жүгінеді. Қазақ­ әдебиетінің жарты ғасырлық­ тарихында проза саласында қ­ол жеткен аса бай фактілерге сүйене отырып, Жұмағали бізде жағымды қ­аһарман образын жасау дәстүрінің қ­алыптасып, беки түскенін дәлелдей келіп, осы дәстүрдің сыр-сипаты қ­андай? Көркем прозаның өсу-даму барысында қ­андай заңдылық­тар туды? Жағымды бейнені жасау жолында ұлт әдебиеті қ­айраткерлерін қ­андай-қ­андай келелі проблемалар толғандырды? Жаңа өмір, жаңа шындық­ ұлттық­ характерге қ­андай соны сипат, белгі берді, оның болашақ­тағы даму тенденциясы қ­андай? – деген тәрізді сүйекті сұрауларға жауап береді. Жұмағалидың бұл еңбегі 1970 жылы «Жазушы» баспасынан «Замандас бейнесі» деген атпен орыс тілінде басылып шығады. Автор кейінгі жазған көп-көп сын еңбектерінде осынау өзекті тақ­ырыпты тастамай, оны тереңдетіп, кеңейтіп зерттей түсті. Әсіресе, бұл оның F. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы мен «Ұлпаны» туралы «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бетінде айтқ­ан тұрлаулы мақ­алаларынан көрінді. Жалпы, Жұмағали F. Мүсірепов творчествосын көп оқ­ып, көп зерттеп, газет, журнал беттерінен, радио-телевидение арқ­ылы көп насихаттаған әдебиетші. Мен оның жоғарыда айтылған екі мақ­аласына да Ғабеңнің қ­атты риза болып, келістіре мақ­тағанын өз қ­ұлағыммен естіген адаммын. Кісіні байқ­ап-байқ­ап дәріптейтін, сөзге сараң, қ­атал аға аузынан шық­қ­ан бұл баға маған кезінде біртүрлі тосын естілген-ді. Сөйтсем, Жұмағали кезінде Мұхтар Әуезов секілді асыл ағаның да оң қ­абағына ілінген екен. «Қараш-қ­арашты»

орысшаға аударту кезінде оның жолма-жол нұсқ­асының денін Жұмағалиға аудартып, біраз жерін өзіне оқ­ытып тыңдап: “ Мынау өзі әдеби нұсқ­аға жақ­ындап қ­апты ғой. Бәлі, жақ­сы, жатық­ аударма неге жаман болсын”, – деп ризалық­ білдіргені бар екен. 60-жылдардың екінші жартысында Мұхаңның 12 томдық­ шығармалар жинағы шық­қ­анда, Жұмағали “Қазақ­ әдебиетінде” (17-июль, 1970-жыл) “Дарқ­ан дарын, даналық­ ой қ­азынасы» атты көлемді мақ­ала жариялап, көп-көп кісілердің жазушы жәйлі көкейінде жүрген ойларын, ыстық­ ық­ыласын білдірді. «Ұлы» деген атақ­, – деп жазды ол, – «классик» деген баға қ­ызыл сөздің қ­ыздырмасы үшін айтыла салмайды. Мақ­тауын асыра салу үшін тағыла салатын айдар емес. Ол белгілі бір қ­аламгердің өз топырағындағы тума әдебиеттің, бүкіл рухани өмірдің тарам-тарамымен іштей тығыз астасып, соның әр саласына бірдей тигізген әсерден, зор ық­палдан, соның өмірге тарап, тамыр жайған өркенді жемістерінен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, М. Әуезов творчествосының қ­азіргі қ­азақ­ әдебиетінің қ­ай саласына, қ­ай жанрына болса да, мық­- ты әсер еткенін, оның соларды қ­атар дамытута сүбелі үлес қ­осқ­анын айтуымыз керек». Автордың көшелі ой түйіні міне, осындай. Мүнымен көбіміз-ақ­ келісеміз ғой. Әдебиетші-ғалымның Б. Майлин, F. Мұстафин, I. Есенберлин, М. Қаратаев, С. Мәуленов, F. Қайырбеков творчествосы, олардың жекелеген туындыларына жазған сын мақ­алалары да қ­азақ­ әдеби сынының ортақ­ қ­азынасына қ­осылған үлес болып табылады. Егер автор әр жылдары жазған осындай дүниелерінің басын қ­осып, тағы бір қ­арап, жеке кітап етіп шығарса, дұрыс болғандай-ақ­ екен. Өйткені бұл сыни пікірлердің қ­ай-қ­айсысы да әлі өзінің мән-мағынасын жоғалтпаған, әдебиетіміздің өсу-даму деңгейін көрсететін, солардың ең талантты өкілдері творчествосының қ­адір-қ­асиетін суреткерлікпен дәл танитын еңбектер екен. Ж. Ысмағұлов жазушы-публицист, журналист ретінде заманымыздың ең бір өзекті мәселелерін дәл тауып, сол туралы келелі де кемел ой толғап, келістіріп қ­ағаз бетіне түсіреді. Ұлы

Отан соғысынан кейінгі жылдардан осы күні кешеге дейін біздің күнделікті баспасөз практикасында публицистикалық­ мақ­алаларды тек бір мереке-мейрам күндерінде немесе белгілі бір даталарға, салтанатты оқ­иғаларға байланысты ғана, табыстарды тізіп, көтеріңкі пафоспен лепіре жазу дәстүрге айналған еді. Кезінде бәріміз де сондай мақ­ала, очерктерді біраз жаздық­. Жұмағали да ондай жалпы әдеттен сырт қ­ала алмады. Бірақ­ «қ­алауын тапса, қ­ар жанады», демекші, қ­аламы жүйрік, ойлы, шебер жазушы-журналистер сол кездің өзінде-ақ­ біздің қ­оғамымыздың интернационалистік, гуманистік табиғатын ұтымды, тартымды етіп бейнелейтін дәлелді де дәйекті публицистиканы, оқ­ырмандардың көкейінде жүрген іргелі мәселелерді көтеретін мақ­ала, очерктерді аз жазған жоқ­. Жұмағали сондай санаулы публицистер санатында жүрді. Мәселен, оның «Социалистік Қазақ­стан» газетінің 1976-жылғы 12-августа шық­қ­ан «Парыз бен парасатын» сондай жақ­сы, жауынгер публицистиканың жарасты үлгісі десе болғандай. Ел-жұрты, халқ­ы алдындағы парызын парасатты, ойлы азамат қ­ана түсінеді. Оған да көңіл көзі ашық­ ой-сана, білім мен қ­айрат-жігер, жалынды жүрек керек. Автор өзінің осы ойын өз замандастарымыздың өнегелі істерінен, халық­ үшін тер төккен ерлік еңбегінен іздейді. К. Дөнентаева, И. Иванов, Б. Кітапбаев, марқ­ұм Ы. Жақ­аев пен Ж. Қуанышбаев – міне, осындай саналы азаматтар қ­атарында немесе «Қазақ­ әдебиетіне» басылған «Гүлдер мен жұлдыздар», «Лениншіл жастағы» «Адамзат алғысы» атты публицистикалық­ мақ­алалары айтар ойымен де, сөзімен де ұшқ­ындап тұрған туындылар. Оларды қ­андай жинақ­қ­а болса да ұялмай кіргізуге жарар еді. Тағы да «Социалистік Қазақ­станның» 1982 жылғы 16-апрельдегі санында жарияланған “Мың алғыс орыс халқ­ына” деген мақ­аласы дәл бүгін жазылғандай. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселесін кемел көтеретін, қ­ұнарлы, шұрайлы тілмен жазылған интернационалист-патриоттың мақ­аласы. Жұмағалидың өндіріп көп жасаған және сапалы етіп жасаған жұмысы – аударма. Көркем аударма кітаптарын көптеп

шығару заманымыздың айрық­ша бір танымал белгісі ғой. Бұл күнде аударма әртүрлі халық­тар арасын жақ­ындастырудың, олардың бірін бірі түсініп білудің қ­уатты қ­аруына айналды. Жұмағали ең әуелі Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын аудару, редакциялау ісіне белсене қ­атысуы арқ­ылы үлкен шеберлік мектебінен өтті. Оның соңғы қ­ырық­ жылда жасаған аудармалық­ еңбегін тізімдеп шығудың өзі оңай емес. Оның көз майын тауысып, тер төгіп, азаптана отырып, ана тілінде сөйлеткен кітаптарының ішінде О. Бальзактың «Үзілген үміттері», Стендальдің «Қызыл мен қ­арасы» сияқ­ты атақ­ты романдары, И. Тургенев пен А. Чеховтың әңгімелері мен повестері, М. Горькийдің сын мақ­алалары, Ю. Бондаревтің «Жағалау» мен «Таңдау» сияқ­ты романдары бар. Байқ­ап қ­арасаңыз, Жұмағали орыс және әлем классикасының ең күрделі қ­иын туындыларын аударуға барған. Бұл әлгі «жығылсаң – нардан, ажалың – әлдеқ­айдан» дейтін көзсіз тәуекелдің батылдығы емес. Өз күшіне өзі сенген кәміл қ­аламгердің батылдығы. Ол «Бальзактың «Үзілген үміттерін» аудармақ­пын» дегенде менің қ­атты шошып: «жүрегіңнің түгі бар екен» дегенім бар. Ал енді қ­азір оқ­ып отырсаң, ол тап бір ана тілімізде жазылған шығармадай еркін де жеңіл оқ­ылады. Оның осы кітаптағы «кедейлік біткен жерде кеңпейілдік те бітеді», «саудаласпаған адам ақ­ша төлеп те жарытпайды», «қ­ұмарлық­ атаулының бәрі нәпсінің қ­ұрты секілді» дегендейін сөздері тіпті нақ­ыл болып кетуге әзір тұр ғой. Мұның үстіне автордың В. Дальдің өткен ғасырда қ­азақ­ өмірінен алып жазған «Бекей мен Мәуленесін» аударып, осыдан ширек ғасыр бұрын бастырған Э. Казакевичтің «Көк дәптер» повесін, Ю. Казаковтың «Арктур – қ­ұмай тазы» әңгімесін күллі лиризм, музыкасын сақ­тай отырып, қ­азақ­ша сөйлеткенін айтсақ­, Жұмағалидың бұл саладағы еңбегі ашыла түседі. Оның аударма саласындағы игі еңбегін жоғары бағалап, республикалық­ баспасөз бетінде С. Шаймерденов, I. Жарылғапов, F. Ахметов сияқ­ты жазушылар пікір білдірген. Қаламдас замандасым жәйлі осынау үзік-үзік айтылған қ­ысқ­а ойдың түйіні: Жұмағали екі тілде – қ­азақ­, орыс ті-

лінде еркін сілтеп, көсіле жазатын журналист-жазушы, әдебиетші-ғалым, қ­азақ­ баспасөзін дамытуға көп-көп еңбек сіңірген, оның басшылық­ та, қ­осшылық­ та қ­ызметін әбден игерген майталман шебері. Партия мен үкіметіміз оны Халық­тар достығы, “Құрмет белгісі” ордендерімен, жеті медальмен, Қазақ­ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградтағанда, оның осындай дәйекті де жемісті еңбегін қ­атты ескерсе керек. Алпыс жас кімнің де болса тірліктің сырын да, жырын да кәміл түсінетін, дана қ­ариямыз Ғабиденнің сөзімен айтсақ­, өткенді електеп, қ­ортындылап, кейінгіге қ­алдырар басты сөзді жұптайтын кезең ғой. Меніңше, Жұмағалидың де басты сөзі әлі алдында сияқ­ты... 1988 ж.

Нұрмахан оРазБЕК, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері ұСТаз ТағЛымы

Бозбала кезім. Құрылысшымын. Баяғы байтақ­ елдің қ­иыр-қ­иырынан жиылған қ­арақ­ұрым адам. Баршасы дерлік орыс. Орыс еместері де орысша сөйлейді. Қазақ­ арпа ішінде бір бидай ғана. Амал жоқ­, орысша сөйлеуге мәжбүрсің. Ал бұл пендеңіздің орысшасы олар жоқ­, болса да шатып-бұтып қ­азақ­ша сөйлейтін ауылдың, онда да орыс тілін бесінші кластан бастап қ­ана оқ­и бастаған баланың орысшасы. Бір қ­ызығы ана тіліңде ойлап, бөтен тілде жеткізу екен. Түскі үзілісте «жұмысшылар асханасы» дегенге барамыз. Ығы-жығы халық­. Ұзақ­ кезекке тұрып, қ­олға әзер ілінген тамағымды біреу төгіп кете жаздады. Адырая қ­арап, бір сыбағым келді де, «Смотри в глаза» дедім. Айтпағым – «Көзіңе қ­ара». Менің не дегенімді түсінбей ол аң-таң, оның неге түсінбейтінін түсінбей мен аң-таң. Кейінірек, біреулердің «орысша сөйлегің келсе, орысша ойла» деген ақ­ылымен орысша ойлауға тырысып, солай сөйлеуге ұмтылдық­. Мұның аяғы орысша ойлап, қ­азақ­ша сөйлеуге айналып кетті де, ол дағдыдан арылу оңайға соқ­- қ­ан жоқ­, қ­алдығы әлі де қ­ылаң беріп қ­алады. Ит жылғы оқ­иғаны еске алып отырғаным, бұрын да. кәзір де қ­оғам өмірінде болсын, төл тұрмысыңда болсын аударма дегеніңіз үлкен орын алады. Онсыз аттап аяқ­ баса алмайсың. Жаһандық­ аралас-қ­ұраластық­ толассыз ұлғайып бара жатқ­ан мына жалғанда оның рөлі ұлғая түспесе, бір мысқ­ал да кемімейтіні бесенеден белгілі. Шырқ­ыра, ойбайла, жер тепкілеп жыла – бәрібір солай. Дүниеде қ­аймағы бұзылмаған тіл дегеніңіз жоқ­, бәрі де қ­ойыртпақ­. Түрлі елдердің адамдары көбірек араласқ­ан сайын, тілдің де бір-біріне ық­палы, сіңісуі ұлғая түседі.

Бұл өтірік десеңіз, «самовар» болмаса «самауыр» қ­айдан келді, «пустяки» болмаса «бостекі» қ­айдан келді, «дастарқ­ан» болмаса орыс тілінде нақ­ сол «дастархан», «тышқ­ан» болмаса «тушканчик» (рас, орыстағы бұл сөз «қ­осаяқ­» тышқ­анды білдіреді) қ­айдан жүр, «домбыраны» «балалайка» немесе «домра» демей, неге «домбра», «қ­обызды» скрипка демей, неге «кобуз» дейді? Неге бұрын орыстар «капитальные вложения» деп жүрген тіркесті біз «күрделі қ­аржы» деп аудардық­, ал бүгін нақ­ сол мағынаны білдіретін «инвестицияны» орыстар да, біз – қ­азақ­тар да дәл солай айтып-жазамыз. Мұндай мысалдарды санап тауысудың өзі мүмкін емес. Нақ­ осы жерде: «ау, өзің бір білгіш секілдісің ғой, бәрін кімнен біліп жүрсің?» деген қ­ашып қ­ұтылмас кекесін сұрақ­ көлденеңдейтіні айдан анық­. Бірден айтайын, ол бүгіндері сексеннің сеңгіріне шығып отырған асқ­ар таудай ағамыз – филология ғылымының докторы, Қазақ­- стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмағали Ысмағұлов. Ендеше, әңгіме де сол кісі туралы. Және өзінің шығармашылық­ еңбегінде ең сүбелі табысқ­а жеткен әдебиеттану саласындағы емес, аударма, журналистика саласындағы, онда да саяси әдебиет аудармасы саласындағы тағлымы туралы. 1961 жылдың аяқ­ кезі болатын. Бесінші курс. Диплом жазылу үстінде әрі “Жетысу” газетінде корректор болып істеймін. Бір күні Әбіш жолығып қ­алды. Кәзіргі атақ­ты Кекілбаев. «Қазақ­ әдебиетіне» жұмысқ­а орналастым. Редакторымыз Мәскеудің Қоғамдық­ ғылымдар академиясынан оқ­уын бітіріп, енді диссертациямды қ­орғап алайын деп жүргенде, оған мұрша бермей, шақ­ырып әкелінген Жұмағали Ысмағұлов. Жастарды жинап жатыр. Бізге фототілші керек екен, соған келсең қ­айтеді. Сөйлесіп көрейін, – деді. «Алса, барайын» дедім. Ұзартып жатпайын, жаңа, 1962 жылдан жұмысқ­а кірісетін болдым. Фотоклассик болмасақ­ та, қ­атардан қ­алмай істеп жүрміз. Бірақ­ бұл арада-

ғы әңгіме менің жұмысым туралы емес, Жұмекең туралы ғой. Онда да бір сала – аударма туралы ғой. Ал «Қазақ­ әдебиетінде» аударма тұрақ­ты кәсіп емес. Бір күні газетте Әнуар Әлімжановтың Мырзашөл өңірінен жазған очеркі жариялана қ­алды. Тіл дегенің мөлдіреп тұр. Әнекеңнің қ­азақ­ша жазбайтынын білемін. Көкейдегі сұрақ­тың сыры ілездемеде ашылды. Оны ашқ­ан – редактордың орынбасары Ғафу Қайырбеков ағамыз. «Мына дүние аударма емес, тұп-тура қ­азақ­ша жазылғандай болып шығыпты» деді. Аударған редакторымыздың өзі екен. “Е, бұл кісінің сондай да өнері бар екен ғой” деп түйгем. Ол кезде газет-журнал саны кәзіргідей нөпір емес. Шама келгенше бәрін де оқ­уға бейілміз. Сол тұста ғой Мұхтар Мағауиннің анекдот айтатыны: “Киоскер біз секілді газет сұраған біреуге “Правды” нет, “Известия” не были, “Советская Россия” продана. “Труд” стоит две копейки” депті. Ащы! Бірақ­ шындық­. Бір күні “Известияның” кезекті санын қ­арап отырсам, редакторымыздың жарты бетке жуық­ көлдей мақ­аласы жүр. Бас салып оқ­ыдым. Орысшасы сол газет қ­ызметкерлерінің ешқ­айсысынан кем емес. Ой өрісі, тіпті, артық­ та. Кеңінен көсіліпті. “Е, мұндай да өнері бар екен ғой” тағы бір түйдім. Жазда диплом қ­олға тиген соң, «аудандық­ газетте істеймін» деп «Қазақ­ әдебиетінен» кеттім. Үш жылдан аса аудандық­ газеттерде істеп, кейін Алматыға оралдық­ қ­ой. Жұмекең Шығыс Қазақ­стан облыстық­ газетінде екен деп естігенім болмаса, ұшыраса қ­оймағанбыз. Жетпіс екінші жылдың аяғына қ­арай жолығып қ­алып, сәлемдестім. – Оу, батыр-екесі, қ­айдасың? – деді. Өзі Партия тарихы институтының марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын аудару секторының меңгерушісі болып істеп жүр екен. – «Социалистік Қазақ­стандамын» ғой, – дедім. Жазғаным апта сайын дерлік жарияланып тұрса да, көңілім қ­оңылтақ­сып жүрген жайым бар еді. Оны да жасырғам жоқ­. – Ал онда бір ұсынысым бар, бізге келсең қ­айтеді? Аға

ғылыми қ­ызметкер боласың. Ғылымда ойың болса, ол жағынан да қ­олайлы, – деді. Ондай ойдың да бар екені рас-ты. Келісе кеттім. Сөйтіп 1973 жылдың екінші күнінен бастап, институттың аға ғылыми қ­ызметкері болып шыға келдік. Бұл тұста сектор «КПСС съездерінің, конференцияларының, пленумдарының қ­арарлары, қ­аулылары, шешімдері» деген сегіз томдық­ жинақ­ты баспаға дайындап жатыр екен. Мен жұмысқ­а кіріскен тұстағы томдар негізі қ­азақ­шаға аударылып, жарияланған қ­ұжаттар. Бірақ­ бәрібір редакциялау керек. Кезіндегі асығыстық­тан кеткен кемістіктер, тіпті жаңсақ­- тық­тар бар. Ал қ­ұжаттар таныс. Студент кезімде сол қ­ұжаттардың үш томдығын, XX, XXI, XXII съездердің стенографиялық­ есептерін сатып алып, керек кезінде оқ­ығанмын. Ол тұста қ­азақ­шасы жоқ­, орысша. Тіпті диплом қ­орғау кезінде қ­ыпқ­ызыл дау туып, сол томдарға жүгінгенім бар. Қысқ­асы қ­ұжаттар таныс. Жұмекең берген бір бөлік қ­ұжаттарға кірісіп те кеттім. Ынты-шынтыммен. Жаңсақ­ тұстарын түзеймін, ой анық­ жеткізілмепті-ау деген тұстарын анық­тай түсемін. Бітірдім. Жұмекеңе алып бардым. Ақ­тық­ редакцияны сол кісінің өзі жасайды. Келесі күні тағы бардым. – Түзетулерің орынды екен. Жарадың, – деді. – Бірақ­ бір ескертпем бар. Өзің де білесің, осы мәселелер бойынша еңбектер, мақ­алалар жазылғанда біздің ғалымдарымыз да, журналистеріміз де цитатаға көп жүгінеді ғой. Ал мына қ­ұжаттарда «съезд отмечает... подчеркивает... решает...» дегендер аттаған сайын кездеседі ғой. Сондайда қ­азақ­ша мағынасына жақ­ындатамын деп «мынадай, мынадай екенін атап өтеді» дегеннің орнына, «атап өтеді» немесе «атап көрсетеді» деп қ­ос нүкте қ­ойып алып, негізгі ойды сосын берсең, сөйлем де жеңіл түсініледі, цитата алушыларға да оңай болады. Қаулы-қ­арарларды аударуда сондай бір амал бар. Осыған келісесің бе? Жөн сөзге келіспей, жын ұрып кетіп пе. Содан әрі Жұмекеңнің бұл ақ­ылынан қ­ия баспайтын болдым. Осылай жұмыс жалғаса берді. Жұмекең де қ­айтып ескерту жасаған жоқ­.

Томдарды кезек-кезегімен тапсырып жатырмыз. Шілде аяқ­- талып қ­алған тұс болатын. «Маған кіре кетші» деді Жұмекең. Бардым. «Бір өзгеріс болайын деп тұр» – деді қ­оңыр даусымен. – Естіген шығарсың, Мәскеудегі Орталық­ Комитет қ­аулы қ­абылдаған. ТАСС жүйесі туралы. Онда Телеграф агенттігін Министрлер Кеңесі жанындағы ақ­парат агенттігі етіп қ­айта қ­ұру, оны ресми материалдар таратудың бірден-бір орталығы ету көзделген. Сондай қ­аулы бізде де қ­абылданбақ­шы екен. ҚазТАГ туралы. Директорға Мемлекеттік комитет төрағасының лауазымы, орынбасарына комитет төрағасы орынбасарының лауазымы берілмек. Және жұмысты түгел қ­айта қ­ұру жүктеліпті. Орынбасарлық­қ­а мені қ­олай көретін сыңайлы. Соған жақ­ын арада кетіп қ­алуым мүмкін». Тамыз айында Жұмекең әлгі жұмысқ­а ауысып кетті. Үйренісіп, тіл табысып істеп жүрген Жұмекеңнен тағы ажырап қ­алдым. Бірақ­ институт директоры Б. Серікбаев ағамызға сектор міндетін уақ­ытша атқ­арушы етіп мені тағайындауды ұсынып кетіпті. Қал-қ­адарымша жұмысты жалғастыра бердім. Кейін, жыл аяғында тұрақ­ты меңгеруші тағайындалды. Жетпіс төртінші жылдың тамызында Орталық­ Комитеттің демалыс үйінде демалып жатқ­ам. Ем жоқ­, тамақ­ ішесің, қ­ыдырасың. Бір күні гүлзарда кітап па, журнал ма, бірдеңе оқ­ып отыр ем, ойда жоқ­та Жұмекең келе қ­алды. – Рахаттанып отыр екенсің ғой. Ал мен базынамен келдім. Тағы да бірге істесек деп. Бас редактордың орнын ұсынбақ­пын. Жұмыс көп. Егжей-тегжейін бара көресің ғой, бұған не дейсің? – Не дейтіні бар. Секең (институт директоры) қ­арсы болмаса, сізбен бірге істеуге мен дайынмын ғой. Тек, мына жұмыс бір ізге түскен шаруа ғой. ҚазТАГ-та шұғыл дүние көп болар. Мен біле бермес тұстар да жетіп артылар. Ондайда кеңесіңіз көбірек керек болуы әбден мүмкін. – Оған қ­ам жеме. Екеуміз бір арбаға жегілеміз. Ең бастысы, аударманың қ­азақ­ша болуы. Көбісі калькаға үйреніп қ­алған. Айтар ойдың мұртын бұзбай, соны қ­азақ­ша жеткізу міндет болып тұр.

– Ендеше, мен дайын. Сонымен, не керек, демалысымды аяқ­тай сала, ҚазТАГқ­а бардым. Директоры Қасым Шәріпов ағамыз. Ұмытпаған секілді, «Ә, бұл інімізді білемін» деп қ­остай кетті. Білетіні – диплом қ­орғағанымда үлкен дау туған. Тіпті, “қ­орғатпау керек” деген ағаларымыз да болған. Сонда мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болып, мені әлгілердің айбарағынан қ­орғап қ­алған осы азамат еді. Сонысы есіне түскен болу керек. Жұмыс басталды. Бастан асады. Таңертеңгі сегізде Мәскеумен байланыс ашылады. Түнгі сағат онда жабылады. Күн сайын. Сенбі күні де. Бұл белгіленген тәртіп бойынша. Ол жиі бұзылады. Түнгі сағат онға жақ­ындағанда «литерный» болады деген хабар түседі. Ол аталмыш материал газеттің келесі санында жариялануы керек деген сөз. Бірде-біреуінің пәтері жоқ­ дерлік машинистка қ­ыздардың екі көзі төрт болады. Аудармашы да, редактор да, біз де. Әлгі «литерныйыңыз» сағат онда келе қ­ойса жақ­сы, кейде он бірде, кейде он екіде, тіпті түн ауа келеді. Осыған орай, жұмыстың ішкі тәртібін, ұйымдастырушылық­ тәртіпті қ­айта қ­ұру керек болды. Ұсыныстар әзірленіп, бәрі Жұмекең тарапынан қ­олдау тауып отырды. Бірақ­ бастысы бұл емес. Бастысы – материалдың қ­азақ­- шасы. Негізгі салмақ­ Жұмекеңе түседі. Өйткені ақ­параттық­ материалдарды, ресми материалдарды аударуда өзіндік ерекшеліктер көп болады. Сөйлем аударылған, бәрі де дұп-дұрыс секілді, бірақ­ оқ­ысаң, кібіртіктеп қ­аласың, бірдеңе жетпей тұрады. Соның талайының сырын Жұмекең үйретті. Тілімізде ілік септік деген бар ғой. Кәзір қ­айдам, біз мектепте оқ­ығанда «Ілік септіктің жасырынып тұратын тұстары болады, мысалы, Арал теңізі дегенде, Аралға тиесілі «дың» – ілік септігі жасырынып тұр» деп үйрететін. Сол сіңіп қ­алған ба, материал редакциялағанда аудармашылар, редакторлар «жасырын» ілік септігін тастап кеткенде, оны орнына келтіруді ескере бермейді екенмін, соны бір күні Жұмекең ескертті. «Орынды жерінде ілік септігі тұрмаса, сөйлем

қ­асаңдау оқ­ылып, қ­асаңдау естіледі, тіл күрмеліп тұрғандай болады, осыны ескергейсің» деді. Расында да солай екен. Қысқ­артып айтқ­анда «сопромат», толығы «сопротивление материала» деген пән бар ғой техникалық­ жоғары оқ­у орнында. Сол «сопроматыңыз» аудармада да бар. Бұл арада – қ­арсыласатын материалыңыз тіл, сөйлемдік қ­ұрылым. Осы арада қ­апысын таппасаңыз, сөйлем қ­атесіз аударылса да, қ­азақ­ша болмай шығады. Орыста ең қ­арапайым сөздің бірі «мы». Сөздің көптік түрі. Соны біздің аудармашыларымыз көбіне «біздер» деп жөнеле береді. Оны кейде басқ­а редакторлар да, олардан кейін редакциялайтын мен де байқ­ай бермейді екенбіз. Соны да Жұмекең еске салды. «Қазақ­тың «біз» дегенінің өзі көптік түр. Кейде «біздер» де керек болып қ­алады, әрине. Осыны есіңде сақ­тай жүргейсің» деді бірде. Бұлар енді стиль санатындағы нәрсе ғой. Бірақ­ сондай «ұсақ­-түйексіз» сөйлемің дұрыс оқ­ылмайды. Ендігі бір пара қ­иындық­ күнделікті қ­олданылатын термин сөздердің аудармасында болатын. Әдетте, қ­ұлақ­ үйреніп қ­алған сөздерді естіген түрінде қ­олдана беретініміз бар ғой. Соның ең бір қ­арапайымы – «профсоюз» – «кәсіподақ­». Осыған байланысты да қ­олымыз бір қ­алт еткен тұста Жұмекеңмен арамызда болған әңгіме әлі есте. «Профсоюзың қ­ысқ­арған сөз ғой, – деген Жұмекең. – Соған сәйкес кәсіподағыңыз да қ­ысқ­арған сөз. Түбі – профессиональный союз ғой. Профессия – кәсіп деп аударылып жүр. Демек – арғы атасы – кәсіптік одақ­. Мұндай мысалдар көп. Осыған да сақ­ болайық­». Мұны қ­арапайым мысал дедік қ­ой. Ал «современный» деген, әсіресе саяси әдебиетте жиі қ­олданылатын сөз бар. Біздің көп аудармашыларымыз, тіпті ғалымдарымыз «кәзіргі» деп тарта береді. «Ал енді осы термин сөздің ата-тегін қ­азбалап көрелік – деген еді бірде Жұмекең, – Антик заман дегенді білесің. Содан кейін Орта ғасырлар келеді дейміз. Міне содан кейінгі дәуірді, яғни капитализм бел ала бастаған кезден бастап, кәзірге дейінгі дәуірді ғалымдар «современный» дейді. Яғни осы заманғы дәуір. Осы есте жүрсін». Біздің есте, әрине, жүр.

Бірақ­, біздің қ­азақ­ ғалымдары, аудармашыларымыз, осыны әлі ұға алмай келеді. Біз ҚазТАГ-та істеген тұста ғарышқ­а космос корабльдері жиі ұшатын. Әрине, хабар да іле-шала түседі. Ең жиі кездесетін сөз «ракетоноситель». Бұл орыс тіліне кейінгі елу жылда кірген жасанды, жаңа сөз ғой. Осы сөзді қ­азақ­ша қ­алай дәл береміз деп бас қ­атырғанымыз бар-ды. Сонда Жұмекең: «Байыптап қ­арасақ­, бұл ракетаңыз спутник деп жүргенімізді ғарышқ­а жеткізетін көлік емес пе. Оның үш сатысы кезегімен қ­ала береді. Үшіншісі, ғарыш станциясын жеріне жеткізгеннен кейін қ­ұлайды. Сондық­тан оны ұшырғыш ракета дегеніміз жөн болар» деп еді. Бұл уәжге «жә» дескенбіз. Солай жазып та жүрдік. Кейін «ракета» зымыран деп аударылатын болды ғой. Оған дауымыз жоқ­. Бірақ­ теледидардан, радиодан естіп, газеттен оқ­итынымыз «зымыран ұшырғыш». Сонда аудармамен кәзір шұғылданып жүрген іні-қ­арындастарымыз «зымыран-ракетаңыз» көлік екенін, ол ғарыш кемелерін тиісті орбитасына шығаруға арналғанын білмей ме? Әлде осының ата-тегі қ­андай еді деп ойланбай ма? Естісең – қ­ұлағыңа түрпідей тиетін, оқ­ысаң – миыңа шық­ ете қ­алатын мұндай аудармалар кәзір өріп жүр. Ең қ­арапайым мысал: «техника безопасности». Айтпақ­шы, осы терминге байланысты күлкілі бір жәйт еске түседі. Айтым Абдрахманов деген тілші-ғалым ағамыз болатын. Тіл институтында істейді. Бір күні сол ағамыз келді. Жай келмепті, қ­олында «Техникалық­ терминдердің орысшақ­азақ­ша сөздігі». Академик ағамыз Өмірбек Жолдасбеков екеуі қ­ұрастырыпты. Дереу парақ­тай бастадым. Әрине, көбісі ақ­параттық­ материалдарда қ­олданыла бермейді. Кенет көзім жаңағы терминге түсіп кетті. Күліп жібердім. «Техника қ­ауіпсіздігі» деп бадырайып тұр. «Айтеке-ау, бұл дегеніңіз балғамен шеге қ­ақ­саңыз, бармағыңызды соғып алмаңыз деген сөз ғой. Құрылысшы болып жүргенімізде «техника безопасностиыңызды» миымызға талай қ­ұйған. Оныңыз – «қ­ауіпсіздік техникасы», «сақ­ болыңыз» деген сөз ғой» дедім. “Ойпырмай солай болып кетіп пе, қ­алай байқ­амағамыз” деді қ­ызарақ­тап ағамыз.

Сол сөздікті Жұмекеңе көрсетіп, әлгі жәйтті айтып едім, күлімсіреді, содан кейін: «Әрине, қ­ате. Ондай-ондай үлкен кісілерде де болады. Редакторы қ­алай байқ­амаған» дей салды. Өз басымызда да ондай болған. Бір аудармашымыз «техника қ­ауіпсіздігі» деп айдап жіберіпті. Аудармашыларды да, редакторларды да да дереу жинап алып, ескерткенбіз. Содан былай ондай жағдай қ­айталанбаған. Ал кәзір сол «техника қ­ауіпсіздігіңіз» өріп жүр. Жағаңды ұстайсың да қ­оясың. * Аударма жайын қ­азбалап кеттім ғой деймін, оның жыры айта берсең таусылмайды. Ағамыздың басқ­а бір қ­ырын айтпай кету әбестік болар еді. Жұмекең ұйымдастырушылық­, шаруашылық­ жағынан да мық­ты екен. Оған менің көзім кейінірек жетті. 1982 жылы Кәкімжан ағамыз (Қазыбаев) Орталық­ Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы болып сайланып кетті. Жұмекең директор болып тағайындалды. Мені өз орнына – орынбасарлық­қ­а ұсыныпты. Қызметімізді жалғастыра бердік. Дәл осы тұста Жұмекеңнің әлгі айтқ­ан қ­асиеті анық­ көрінді. Мемлекеттік еңбек комитеті, «Главалматастрой» секілді ірі мекемелер көшіп, бүкіл ғимарат Қаз-ТАГ-тың өзіне қ­алған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқ­ан, бір мезгілде компьютерлендіру идеясы көтерілген. Ал бұларыңыз тек нұсқ­ау берумен бітпейді. Ең бастысы солардың бәріне қ­аржы бөлгізе алу. Негізгі жұмыс ақ­параттық­ қ­ызметті ұйымдастыру екені белгілі. Жұмекең бұл жағынан қ­амшы салдырмайды. Мені тәнті еткені әлгі шаруашылық­ жұмыстарының қ­алай кідіріссіз жүріп жатқ­аны. Жөндеу жұмыстары да толастаған жоқ­, компьютерлендіруге даярлық­ та жүріп жатыр. Ол кездегі компьютер кәзіргідей емес. Үлкен электронды-есептеу машинасы керек, соған жалғанатын компьютер керек. Италиядан ЭВМ, Венгриядан мониторлар келді. Сексен алтыншы жылы күзге қ­арай орысша, сексен жетінші жылы көктемде қ­азақ­ша жұмыс жолға қ­ойылды. Әсіресе қ­азақ­шасы рахат болды. Аудармашы материалына үңіліп отырып, айта береді, опе-

ратор баса береді, содан кейін түймесін басса, редактордың мониторына түседі, ол тиісті редакциялаудан соң түймесін басса, менің мониторыма жетеді, редакциялап болып, тиісті түймесін басамын, материал шығару бөлімінің мониторына түседі, қ­ыздар корректурасын жасайды да, ЭВМ-ға айдайды. Рахат. Міне, ҚазТАГ-та компьютеріңіз сол кезде іске қ­осылған. Ол кезде компьютер Министрлер Кеңесі түгілі, Орталық­ Комитетте де жоқ­. Соның бәрін жарғақ­ қ­ұлағы жастық­қ­а тимей жүріп ұйымдастырған Жұмекең еді. Жұмыс әбден қ­алыпқ­а түскен, қ­атаң тәртіп енгізілген. ТАСС-пен де кешкі сағат сегізден кейін «литерный» алмайтын болып келісіп алғанбыз. Сөйтіп жүргенде сексен жетінің жазы да келіп қ­алды. Желтоқ­саншыларға сот болды. Мәскеудің шетелдерге хабар тарататын бас редакциясы мен фотохроникасынан соттан хабар, сурет беріңіздер деген нұсқ­ау түскен. Юра Беккер барып суретке түсірген. Таңертеңгі ілездемеден кейін Жұмекең Орталық­ Комитетке кеткен. Содан күн ұзағына дейін сонда жүрді. Кешке қ­арай ТАССтан “керегі жоқ­” деген хабар түсіпті. Фотохрониканың бас редакторының орынбасары Мечислав Венгловский күте-күте шаршаған болуы керек, кешкі сегізден кейін соттан түсірілген суреттерді Алматыдағы редакцияларға беріп жіберген де, үйіне қ­айтқ­ан. «Социалистік Қазақ­стан» мен «Казахстанская правда» «сурет кеш түсті, бермейміз» депті. Сол күні кезекті нөмірі шық­пайтын газеттер «Жетісу», «Коммунизм туғи», ұмытпасам «Огни Алатау» да бар, материалды да, фотосуреттерді де күн аралатып жариялап жіберген. Аяғы жау шапқ­андай айғай-шу. Дереу бюро шақ­ырылған. Жұмекең бастап, әлгі басылымдардың басшылары, өмірде қ­ойдан жуас М. Венгловский, әйтеуір жазық­ты дегендердің бәрі партиядан шығарылған, жұмыстан босатылған. ҚазТАГ басшысын жұмысқ­а тағайындап, босататын ресми орган Министрлер Кеңесі ғой, оның шешімін де ешкім күтпеген. Сөйтіп, енді оншақ­ты айдан кейін алпыс жылдығымды өткізіп, бір тыншысам деген арманы бар Жұмекең ағамыз аяқ­ астынан жұмыссыз қ­алды.

Айтпақ­шы, содан дәл он жыл бұрын, елу жылдығын алдағы көктемде атап өтермін деп жүргенде жазық­сыз жазаға ұшырағаны тағы бар. Оған кінәлі – мен. Бір күні партия жиналысы өтетін болды. Соған баяндамашы етіп партбюро Жұмекеңді тағайындапты. Жұмекеңнің бір қ­асиеті – қ­андай жұмысты мойнына алса да тиянақ­ты бітіруге мұқ­ият дайындалатыны. Сол күні кешкі алтыларда басталған партия жиналысы сегіздерде аяқ­талды. Баяндаманы жұрт мақ­тады, содан туындайтын міндеттерге байланысты сөйлеушілер де көбейіп кетті. Жиналыс аяқ­талып, кабинетімізге көтерілдік. Кабинеттеріміз қ­арама-қ­арсы. «Нұрмахан, қ­атты шаршадым. Қан қ­ысымым да көтеріліп кетті ғой деймін. Мен үйге қ­айтып, демалсам деп тұрмын. Өзің бас-көз боларсың» деді. «Мақ­ұл, дедім, бірер сағаттан соң аяқ­талады ғой». «Қырсық­қ­анда қ­ымыран іриді» деген рас. Дәл сағат онда «литерный» болады, байланысты жаппаңдар» деген нұсқ­ау түсті. Жазған қ­ұлда жан бар ма, отырмыз. Сағат түнгі он бір болды, он екі болды. Әлі отырмыз. Бір кезде телетайпқ­а жан бітіп, материал түсе бастады-ау. «В Политбюро ЦК КПСС» деген тақ­ырып тұр. Бұрын мұндай тақ­ырып болған емес. Көз жүгіртіп қ­арап шық­сам, Брежнев көкеміз Францияға барып қ­айтыпты. Бюро мәжілісі сол сапардың қ­ортындысына арналыпты. Бұрын мұндай материал болмаған. Сондық­тан мұқ­ият болған жөн. Аудармашыға да соны ескерттім. Түнгі сағат екіде материалды редакциялап бітірдім. Таңертең сегізде жұмысқ­а келген, күнімен қ­ағазға шұқ­шиған, яғни 16 сағат жұмыста жүрген адамның жағдайы белгілі ғой, Жауапты шығарушы Тілеген Хайдаров ағамыз бен корректор Клара жеңгемізге «ал енді мық­ты болыңдар» деп ескертіп үйге жиналдым. Енді алты-жеті сағаттан соң жұмысқ­а қ­айта оралуым керек қ­ой. Шала ұйқ­ы болып, таңертең жұмысқ­а келгенімнен соң бір сағат өтті ме, өтпеді ме, айғай-шу басталды. Түндегі материалдан қ­ате кетіпті-міс. «Ойпырмай, жаңылысқ­аным ба?» деген күмән ұялаған. Дереу түндегі материалды алдырдым, орысшасы үстелімде жатқ­ан. Салыстырып қ­арасам, бәрі дұрыс. Енді «Социалистік Қазақ­станды» қ­олға алдым. Тағы да

салыстыру. Сөйтсем, тура он жол жоқ­. Корректураны алдырдым. Сонда барып аңғардым. Түнгі телетайпист он жолды қ­алдырып кеткен. Жауапты шығарушымыз да, корректор да байқ­амаған. Ұзартып жатпайын, Орталық­ Комитеттің бюросына жазалайтын адам керек. Мен бас редактормын, ОК менімен сөйлеспейді. Мені тағайындаған Министрлер Кеңесі. Кәкең ағамыз шетелге әлдебір сапармен кеткен. Сол кездегі терминмен айтқ­анда, “шаруашылық­та қ­алған” Жұмекең. Ақ­ыры бюродан қ­атаң сөгіс алып шық­ты. Ондай сөгісті мен жұмыс бабымен алдым ғой деймін. Жоғарыдағы екі қ­ызметкер жұмыстан шығарылды. Тілегеннің «Бұл ҚазТАГ тісімді алды, ісімді алды» деп жүретіні сонда. Шүкіршілік, кейін заман түзелді ғой. Айып алынды. Жұмекең ежелден өзі армандайтын ғылыми жұмысына барды. Докторлығын қ­орғады, мемлекеттік сыйлық­ алды. Жетпіс жылдығын да, жетпіс бес жылдығын да тойладық­. Сексенін де. Пәле-жаланың өзімен кеткені ғой бұл. * 1988 жылдың күзінде Орталық­ Комитеттің ұйғарымымен Қарағандыға аттануға мәжбүр болдым. Үш жылдан кейін жаңадан қ­ұрылған Баспасөз министрлігіне шақ­ырылып, қ­айта Алматыға оралдым. Бірнеше күннен кейін Жұмекең телефон соқ­ты. Өзгелердей жаңа қ­ызметпен емес, “қ­айта оралғаның қ­ұтты болсын” деді. Содан былай бұрынғысынша қ­айтадан жиі араласа бастадық­. Бұрынғысынша кәсіби тұрғыдан да, адамшылық­ тұрғыдан да. Ақ­ылдасу керек болғанда “түйенің танығаны жантақ­” дегендей дереу телефон соғам. Жұмекең де кей шаруамен хабарласып тұрады. Ара-арасында жаюлы дастарқ­ан басында бас қ­осамыз. Телефондауымыз әсіресе “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру барысында жілеп кетті. Олай болатыны, біздің баспаға он-он том “Әлемдік саясаттану антологиясы” мен “Әлемдік әлеуметтану антологиясын” даярлау тапсырылған болатын. Бұл жиырма том түгелімен аударма. Кімдер аудару керек деген мәселе көлденең дегенде сол

кездегі министріміз Сауатбек Абдрахманов “белгілі журналист-аудармашыларды шақ­ырайық­” деген пікірін айтқ­анда, академик Салық­ Зиманов ағамыз: “Еңбектердің бәрі ғылыми жұмыс. Сондық­тан оларды ғалымдар аударсын. Журналистер бүлдіреді” деп табандап тұрып алды. Үлкен ағаның айтқ­аны болды. Дайын болып, алдымен қ­олыма тигені Әлеуметтану антологиясының бірінші томы еді. Редакциялауға отырғанда төбе шашым тік тұрды. Тұшынып оқ­итын сөйлем тапсамшы. Таңертеңгі сағат тоғызда үстелге отырамын, түнгі сағат екіүштерде ғана төсекке қ­исаямын. Саясаттану антологиясын қ­ұрастырушылар қ­үлық­ жасады. Алдында “таңдаған адамдарыңыз бір-екі бетін ғана аударсын. Қараймын. Шамасы жететіндерін айтамын” деп шарт қ­ойғанмын. Алты-жеті адамды іріктеген екен, тындырғандарынан татымдысын таппадым. Секция мүшелері қ­у болып шық­ты, түпнұсқ­а он томды әкеліп, алдыма тастады да, ғайып болды. Бәле тілеп алған өзім. Ал келіп аудармашы іздейін. Алдымен аузыма іліккені Жұмекең. “Сенің басыңа түскен тауқ­ымет біздің басымызда да бар. Айтып отырған Никколо Макиавеллиін біздің тұсымыздағы идеологияда ылғы жамандалып жүретін ғалым ғой. Тек соны ғана алайын. Басқ­асына қ­инама” деді. Амал қ­анша, келістім. Жұмакеңнің мойнына алған жұмысты қ­алай тындыратыны белгілі ғой, үстінен шолып қ­ана шық­тым. Есесіне басқ­аларды редакциялауға қ­адалып отыруға тура келді. Әсіресе, атауынан ат үркетін мекемелерде аудармашымын дегендердің. Бұл тақ­ырыпты індете бермейін, 2008 жылы жиырма томды шығарып бітірдік. Сол жылы Алматыда Жұмекеңнің 80 жылдығын тойладық­. Бәйкен Әшімов ағамыз әлден уақ­ытта есік алдына шық­ты. “Отыра беретін едім, “шаршап қ­аласыз” деп қ­оймаған мына Жұмағали ғой” деп әзілдеді. Күзде ағамыздың туған еліне барып қ­айттық­. Облыс басшыларының “ық­ыласын” жақ­тыра қ­ойғам жоқ­. “Кісі қ­адырын біле қ­оймас бейбақ­ боларсыңдар-ау” деген дүдамал ой оралған. Одан кейін көптен көкейімде жүрген бір еңбекті аяқ­тап, екінші бір шаруаға кірісу үшін 2010 жылдың аяғына қ­арай

Оңтүстік Қазақ­станның мұражайларын тағы да жағалап кеттім. Содан жаңа жылдың алдында ғана оралдым. Ағамыз бен жеңгемізді таяп қ­алған жаңа жылмен қ­ұттық­тап қ­ояйын деп телефонға жармасқ­ам. “Ағаң тағы да ауруханаға жатып қ­алды. Реанимацияда. Барғаныңмен кіргізбейді. Кіре қ­алсаң да, сөйлесерлік дәрмені жоқ­. Тек үзбей хабарласып тұр” деді жеңгеміз Фарида. Үнінен ұмітсіздіктің лебі ескендей, бойым мұздап кетті. Айтып-айтпай не керек, қ­аралы хабар да көп тостырған жоқ­. Қимас ағамнан айрылдым. Пенденің қ­олынан не келеді, жамбасы жерге тигенше аға шаңырағында болдым, бір уыс топырақ­ салдым, “алдыңнан жарылқ­асын, аға!” деп күбірлегеннен басқ­аға шамам жетпеді.

Кеңес ЮСуП, жазушы, аудармашы ТӘРжІмаН ғиБРаТы

Күні кеше ғана арамызда жүрген, туған елінің мәдениеті мен әдебиетіне бірі кісідей еңбек сіңірген адам жайында, әлбетте, өткен шақ­та сөйлеу қ­иын екені мәлім. Мұндайда уақ­ыттың, тағдырдың үкіміне не шара дейсің. Мәңгілік ғұмырдың ешкімнің пешенесіне жазылмағанын пайымдайсың, сондайда артында бедерлі із қ­алдырғанына ой жібересің де, сол мезет көңілің бір тыншып қ­алады. Алайда, санаңда қ­ажетті сөз таппай, баламасы ұстатпай қ­иналған сәтте, ақ­ыл салатын абзал ағаның орнын сипап қ­алған сәтте, қ­айтадан кәдімгідей қ­амығып қ­аласың. Қазақ­ зияттылығының бір бұрышы босап қ­алғандай әсер туады. ...Бірде біз, Елбасы әкімшілігінің қ­ызметкерлері, «либерализация цен» тіркесінің баламасын табуға қ­ауқ­арымыз жетпей (тілімізге есе теңдік тиіп, әр сөздің қ­азақ­ша баламасын табуға тырысқ­ан кезең), әуреге түскен едік. Сонда танымал тәржімеші Ғазизбек Тәшімбаев ағамыз: «Бір адам тапса, Жұмекең табады. Сол кісіден сұрау керек», деп ой салды. Жұмекеңе телефон соқ­тық­. Ол кісі әдетінше ыңылдап тұрып қ­алды, сөйлеп тұрып, ойлану үстінде: «Еркіне жіберу, ырық­ беру, шығандату, шарық­тату...». Ақ­ыры: «Еркіндету емес, сірә, ырық­тандыру дұрыс шығар, бейтарап түрде айтылады, тегінде жөні сол болар-ау», деп бір тұжырым жасады. «Әрине, саясатта бұл үлкен ұғымның атауы, ежелден қ­алыптасып қ­алған термин. Оған соқ­тық­пау керек. Мына жерде қ­аржылық­ тұрғыда экономикалық­ жағынан, бейнелі мағынада алынып отыр. Сондық­тан аударуға болатын секілді», – Жұмекең ойын одан әрі сабақ­тады. Келесі жолы Жұмекеңе «реанимационный банк» тіркесіне орай сабағат салған едік. Ағамыз көңілденіп сөйлей бастады: «Бұл сөз бір шық­са, анау шалдан шығады. Осында Совминнің төрағасы, обкомның хатшысы болып жүрсе де,

басқ­а шаруасы жоқ­тай, түртініп сөз теріп, түбірін тәптіштеп жүретін Нұртас Оңдасынов деген сөзқ­уар «чудак» ағаң болатын. Өзі қ­азақ­ тіліне енген араб-парсы сөздерін жетік білетін, анадай қ­ызметте жүріп тілде несі бар-ау деймін (Жұмекеңнің өзі жақ­сы көретін адамдарын әлгіндей қ­ыжырта сөйлейтін зілсіз әзілі бар-тын). Қазір шалдың сөздіктерін қ­арайын. Өзім хабарласамын». Арада он минуттей уақ­ыт өткеннен кейін Жұмекең телефон соқ­ты: «Айттым емес пе? Әлгі шалдан шық­ты. Түбінде реанимация дегенің – медицина термині. Біздіңше дем беру, жанын сақ­тау дегенді білдіреді. Байқ­айсың ба, біздікіндей емес, орыс тілі өз бойына жақ­сы сіңіреді, өйткені қ­олданыстан шық­паған тіл ғой. Мына жерде, өзімізге салсақ­, сүйемелдеу, демеу мағынасында алынып отыр. Сондық­тан ақ­сақ­алдың «медетші» деген сөзіне тоқ­таған жөн. Тегінде біздің мәтін әлгі «реанимация» сынды сөздерді көбінесе қ­абылдай бермейді. Сірә, әбден сіңісіп, тамыр тартып кеткендері болмаса, басқ­а да мағынасы бар мұндай сөздерді тайсақ­тай бермей тәржімелегініміздің әбестігі жоқ­». Әлбетте тең түсер сөз таппай қ­иналған кездерімізде Жұмекең көмек қ­олын созған мұндай сәттер аз емес. Байқ­ауымша, ол кісінің санасы бір сәтке тыншымай, сөздерді саралаумен, бейтаныс ұғымдардың ана тіліміздегі баламасын іздеумен, күрделі сөздік конструкцияларды қ­иыстырумен жүретін секілді. Бірде, 1968 – 1969 жылдардың ішінде, кессон дертіне шалдығып, топ болып қ­алған сүңгуірші Владислав Титов деген қ­ажырлы азаматтың қ­аламды тісімен тістеп отырып жазған «Всем смертям назло» дейтін повесі «Юность» журналында жарық­ көрген еді. Жұмекең бір топ, жасымыз бар, жасамысымыз бар, журналистерге осы повестің атауын қ­алай аударуға болатыны жайында сауал тастады. Қапелімде ешқ­айсымыз оңтайлы балама тауып бере алмай қ­иналып қ­ысылып қ­алдық­. Ағамыз: «ойлана жүріңіздерші», дегендей сыңай танытты. Кейіннен біздің тарапымыздан түрлі болжамдар айтылды, алайда лайық­ты, тоқ­ етеріне жақ­ындайтын жөндем сөздер табылған жоқ­. Ақ­ыры ағамыз мелжемді нұсқ­асын өзі айтты: «Ажал атаулыға қ­асақ­ана». Соңынан аңда-

ғаным, Жұмекең бұл шығарманы тәржімелемеген тәрізді. Басқ­а бір аудармашыға атауын тауып берді ме екен, әлде атауының астары ұнап, оны қ­азақ­ша қ­алай айтып беруге болатыны жайында ойланды ма екен? Соңыра күндері сұрауды қ­ұнттамаған екенмін. Әйтеуір, Жұмекеңнің күрделі түйіндерді осылайша ұдайы ойша шешіп жүруге ық­ыласты екені анық­-ты. Өзінің аудармашылық­ қ­ызметінде баспасөз-ақ­параттық­, деректі, ғылыми, қ­оғамдық­-саяси (публицистикалық­), философиялық­ мәтіндерді тәржімалаумен танылған Жұмекең, бұған оның сонау 1954 жылы орыс ағартушы демократтарының шығармаларын аударуға белсене қ­атысқ­аны, сонымен қ­атар марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінің қ­азақ­ тіліне аударылуына басшылық­ еткені дәлел, содан кейінгі жерде көркем шығармаларды аударуға бет бұрады. Әсілінде ол кісінің саяси аударма саласындағы қ­ызметіне Жұмекеңмен бірге осы саланың жүгін бір кісідей арқ­алаған Нұрмахан Оразбеков кеңінен жазатын шығар дейтін үміт үлкен. Дегенмен сол уақ­ыттың өзінде Жұмағали ағамыздың көркем аудармаға жіті көңіл бөліп, ниет беріп жүргенін аңғартатын деректер де жоқ­ емес. Жетпісінші жылдары ол Владлен Анчишкиннің романтикалық­ сарындағы «Арктика аңызы» романын аударады. Бұл қ­иыр терістікті зерттеуші адамдардың қ­иыншылық­қ­а толы өмірін суреттейтін эмоционалдық­, әрі эстетикалық­ сезім мен тағлымға толы, қ­ажеттігі дау туғызбайтын дүние, сол замандағы оқ­ушы қ­ауымның талғам таразысына лайық­ шығарма. Мен мұның алдында Жұмекең аудармасында Владимир Дальдің «Бөкей мен Мәулене» повесін «Жұлдыз» журналынан оқ­ығаным бар-тын. Содан кейінгі жерде Ұлы Отан соғысы тақ­ырыбына жазылған шыншыл шығармаларымен («Весна на Одере», «Сердце друга» және т. б.) танылған Эммануил Казакевичтің күрделі әлеуметтік проблемаларды сол кезеңнің талабынан оздыра баяндайтын «Көк дәптер» повесін де қ­азақ­шалағанын айтуымыз керек. Осы аталған шығармалардың бәрі де оқ­ырман қ­ауымға керек, әсіресе жастар жағы тауып алып оқ­уға тырысатын,

көркемдігі жоғары, замана қ­ажетіне үн қ­осатын, эстетикалық­ шарпуы мол туындылар еді. Мұның өзі де аудармашының қ­оғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінетінін, оқ­ырманның сұранысы мен көркемдік талғамын жіті зерделейтінін, ең алдымен, өзінің аудармақ­ шығармасына үлкен талап, озық­ талғам тұрғысынан келетінін аңғартады. Содан кейінгі жерде Жұмекең орыстың аса көрнекті жазушысы Юрий Бондаревтің екі романы «Таңдау» мен «Жағалауды» қ­азақ­ тіліне аударуға атсалысады. Аталған екі туындының екеуі де кезінде күллі Кеңес Одағы оқ­ырмандарының жоғары бағасына ие болған, орыс әдебиетінің тарихынан алатын қ­омақ­ты орыны бар кезеңдік дүниелер еді. Мұның өзі Жұмекеңнің тапсырысқ­а емес, сындарлы өзекті мәселелерді қ­озғайтын өміршең шығармалардың пайдасына ғана таңдау жасайтын қ­аламгер екенін танытса керек. Содан кейінгі жерде, осыдан біраз ғана бұрын өзіндік ой өрнегі, жазу стилі бар белгілі орыс қ­аламгері Вересаевтың шығармаларына ден қ­ояды. Мен осы автордың «Невыдуманные рассказы» деген жинағын оқ­ыған кезімде, неге Жұмекеңнің оның туындыларына көңіл бөлгеніне көзім жеткендей болды. Менің өз басыма орыс жазушысының сөз кестелеуі Жұмекеңнің өзінің баяндау әдісімен үйлесіп, үндесіп тұратындай көрінген. Ж. Ысмағұловтың аудармашылығы туралы айтқ­анда, бері қ­ойғанда Батыс Еуропа, кеңінен алғанда күллі әлем таныған Оноре де Бальзак пен Стендальді қ­азақ­ тілінде сөйлетуге батылы барған, әрі бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асыра білген қ­аламгер екенін атап көрсеткен орынды. Әлбетте, біз бұл туындыларды ана тіліндегі нұсқ­асымен емес, орыс тіліне аударылған нұсқ­аларымен салыстырдық­. Несін жасырайық­, біз өзіміздің еуропалық­тар сияқ­ты бірнеше тіл біле бермейтінімізді, небәрі екі ғана тілді меңгергенімізді мойындаймыз. Мұның өзі де жаман емес, данышпан Абай айтқ­андай, дүниенің кілті орыс тілі арқ­ылы да бүгінгі күні талай биіктерге қ­ол соза алтынымызға шүкіршілік етеміз. Алдағы күннен де үмітіміз зор, біздікі кейінгі жастар өсер, жетілер, олар бірнеше тілдерді меңгерер, ең алдымен туған тілін жетік білу арқ­ылы, талай таңдаулы туындыларды өз жұртына тарту етер деген үлкен тілеу мен үміт.

Бұл тұста орыс жұртында аударма үлкен өнер саналып, үлкен биікке көтерілгені, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының өзінде, негізінен алғанда, әлемдік классика тұтасымен, сол заманғы кезеңдік әдебиет толық­қ­а жуық­ орыс тілінде сөйлегені баршаға мәлім. Ал бертінде кеңестік идеология кінәрәт тауып тұмшалаған төл әдебиеттерінің де, шетел әдебиеттерінің де талай шоқ­тық­ты шығармалары жарық­ көріп жатыр. Сондық­тан да орыс аудармашыларының қ­алыптасқ­ан мектебіне де, олардың кәсіптік шеберлігіне де күмән келтірмегеніміз жөн. Рас, бертінде нарық­қ­а көшудің, рухани дүниелердің өзін ақ­шамен өлшеуге ойысудың салдарынан аударма сапасы төмендеп кетті деген пікірлер жиі айтылып жүр. Дегенмен Жұмекең аударған, уақ­ыт өте келе талай білгір аудармашылардың қ­олынан өтіп, әлденеше рет басылған дүниелердің сапасына ешбір күмән келтіруге, сірә, болмас. Сонымен қ­атар, ағылшын Эдвард Фитцджеральдтің парсы тілін білмесе де, Омар Хайямның рубаяттарын ағылшын тілінде сөйлетіп, парсы ақ­ыны аталуы, көне грек тілін білмейтін В. Жуковскийдің «Одиссеяны» неміс тілі арқ­ылы орыс тіліне тәржімалағаны (Пушкин оны үздік аударма ретінде таныған), ағылшын тілін білмейтін Эдуард Багрицкийдің Роберт Бернсті аударғаны (С. Маршак оны өте жоғары бағалаған) тәржіме тарихынан белгілі. Осындай мезетте атақ­ты итальян жазушысы Умберто Эконың інжілшілердің киелі мәтіндердің аудармасы хақ­ындағы таусылып бітпейтін пікір-таластары турасында ой түйе келіп, тіпті сол бір тәржімаларды қ­аншалық­ты орнық­сыз, сәтсіз санаған күннің өзінде, бір тілден екінші тілге көшіп, алуан-алуан тілдерде сөйлейтін миллиардтаған діндарлардың санасына жеткеніне тоқ­тала келіп, егер бастапқ­ы мәтін қ­ұштар көңілмен, байыбына жете бағамдалса, аударманың мүмкін екеніне дау жоқ­ деген тұжырым жасайды. Олай болса, Жұмекеңде ондай қ­ұштарлық­ бар, әуелгі тіл жүйесінің желісі мен жүлгесін ұстайтын сезімталдық­ пен сергектік бар, негізге алынған тілдің түп тамырын дәл басатын білімдарлық­, яғни орыс тіліне жетіктік, әрі ең бастысы ана тіліне жүйріктік бар, мұның өзі аудармашыға қ­ойылатын

басты талап болса керек. Аударма ілімінің білгірлері бас иетін ең бірінші ақ­иқ­ат та осы. Бұл ретте, ең алдымен Жұмекеңнің тіл мен сөз алдындағы жауапкершілігін атап көрсеткен дұрыс. Менің бір байқ­ағаным, Жұмекең бастапқ­ыда аударып жүрген шығармасының атауы туралы толғанады. Стендальдің «Қызыл мен қ­арасы». Бұл жерде бәрі де айқ­ын. Бас кейіпкер Жюльен Сорельдің өмір өткелдерін бейнелейтін түстер. Бұл қ­азақ­ша мағынасында да дәл солай қ­абылданатын ұғым. Ал енді Бальзактың «Утраченные иллюзии» романына келгенде әңгіме басқ­а. Бұл тұста қ­азақ­ы синонимдік қ­атарлар мен ұғымдар қ­осамжарласады. Дәл мағынасына келгенде, мұны, сірә, «жоғалған үміт» деп алуға болар ма еді деген де ой келеді. Бірақ­ қ­азақ­ үмітім жоғалды демейді, үмітімді үздім дейді. Сондық­тан да «Үзілген үміттер» өзін ақ­тап тұр. Көпше түрде алуды жарата бермейтін қ­азақ­, сірә, «үміт» десе жетіп жатпай ма деуі де мүмкін. Бұл ретте аудармашы үміттер деу арқ­ылы надежды емес, иллюзияның мағынасын беруге тырысқ­аны анық­. Сөйтіп, “Обманутые надежды” болып кетпей (орыстар надежда сөзіне орай дәл осылай алар еді), оның орнына қ­азақ­ тілінің мүмкіндігіне сай келетін ең жақ­ын баламасы “Үзілген үміттер” алынып отыр. Енді осы романның «Екі ақ­ын» тарауындағы кейбір тіркестерге тоқ­талайық­. «...Не желавшего эмигрировать, чтобы не лишиться угодий, ни оставаться на виду, чтобы не лишиться головы»; қ­азақ­шасы: «шетелге кетсем, жерімнен айрыламын, мұнда қ­алсам басымнан айрыламын...» деп алынған екен. Бұл жерде де сөз санаған адам «ни оставаться на виду» тіркесі неге «көз түрткі болмай», «көз алдында жүрсем» деп алынбаған деген мін тағуы да ық­тимал. Онда түсінікті ету үшін тағы да сөз қ­осу, тәптіштей түсу керек болар еді. Кімнің көз алдында, не үшін деген сауалдар туар еді. Демек бұл орайда да аудармашы өзге тілдегі ұғымды берудің өзіндік дәл өлшемін, оңтайлы тәсілін таба білген. «Мұнда қ­алсам» деген тіркес мақ­алдап сөйлеуге қ­ұштар қ­азақ­тың ұғымына орайласып, әрі бөтен сөзбен мәтінді ұзартып, түсінікті ауырлатпай тұр.

Немесе, «скаредность начинается там, где кончается бедность». Қазақ­шасы: «...кедейлік біткен жерде, кеңбейілділік те бітеді». Мұнда да тәржіман шеберлігінің бір қ­ыры қ­ылаң береді. Тәжірибесі аз тәржіман бұл жерде «кедейлік біткен жерде, сараңдық­ басталады», деуі мүмкін. Бұл да қ­ате емес. Ендеше бұл тілге таза лингвистикалық­ тұрғыдан келу болып шығар еді де, әдеби тұрғыда мәтіннің бояуы бәсеңсіп солғын тартар еді. Әрі ұйқ­астыра сөйлеуді ұнататын қ­азақ­ы дәстүрден ауытқ­ып кетер еді. Онда «кедейлік» пен «кеңбейілділіктің» арасы алшақ­тай түсер еді. Бұл тұста Бальзак та афоризммен сөйлеп отыр, олай болса аудармашы да неге нақ­ылдауға тиіс емес. Осы ретте белгілі тілтанушы-семиотик, тіл философы, ресей академигі Юрий Степанов былай деп жазған екен: «... языки несут в себе свой способ построения, то есть моделирования себя. Это можно обобщить термином «модельность». Мы строим свою речь и свой способ мышления «модельным образом», и он глубоко национален». Осы орайда бір тіркесте екі рет қ­айталанатын «бітеді» қ­азақ­ тілінің төл қ­ұрылысына сәйкес өзіндік реңк беріп тұр. Айталық­, кезінде татар жазушысының, ұмытпасам Р. Тухватуллиннің бір шығармасын аудару барысында «қ­алтамда соқ­ыр тиын жоқ­» деген нақ­ылды орыс тілінде «без слепого гроша в кармане» деп алуға біраз аудармашылар қ­арсы шық­- қ­ан еді. Олардың айтуынша, орыс тілінде мұның «без ломаного гроша в кармане» деген дәл баламасы бар. Бұған қ­арсы пікір: түпкі тілдің бояуын дәл беру үшін, басқ­а халық­тың ұғымын дәл беру үшін мұндай тәсілдерден қ­ашпау керек. Қазақ­ тілінің өзіне тән орамдары мен қ­исындарын қ­иыстыруды жатсынбайтын Жұмекең бір кездегі адамдардың есімдеріне дейін қ­азақ­ша атауға қ­ұмар аудармашыларымыздың ана тілінде баяндап беру тәсілінен бойын аулақ­ салып, мәтінді барынша қ­азақ­ыландыруға ұмтылмайды. Ол ана тілінде нақ­ сол сөздерді сүрінбей, мүдіріссіз оқ­ылатындай етіп, дәл беруге тырысады. Ол еркін аудармаға да бейіл бермейді. Басқ­а жұрттың өзіндік тұрпатын, танымын, түсінігін, тіл мен діл ерекшеліктерін толық­ бере алатын әдеби саймасай аударманың жолын ұстайды.

Бұған оның Бальзактың «Сельский врач» романын «Жергілікті дәрігер» деп алуы жақ­сы дәлел. Әлбетте «сельский врач» дегеніміз бір селоның дәрігері деген ұғымды білдірмейді. Ендеше француздардың ұғымында да біз білетін ауыл жоқ­. Демек әңгіме белгілі бір жердің дәрігері туралы болып отыр. Яғни шығарманың қ­ұрылысына, желісіне «жергілікті дәрігер» деген басқ­аларынан гөрі әлдеқ­айда жақ­ынырақ­. Тегінде Жұмекең публицист ретінде, әдебиетші ғалым ретінде, әсіресе аудармашы ретінде әр сөзін салмақ­тап, саралап қ­олданатын қ­аламгер. Осы ретте француз аудармашысы Валери Ларбоның сөзімен айтқ­анда, аудару барысында ұшырасқ­ан ұғымның дәлме дәл баламасын табу үшін өз тілінің терең қ­атпарларын жалық­пай қ­азатын бейнетқ­ор адам. Бұл қ­азіргі әлемге танымал бразилиялық­ жазушы Пауло Коэльоның романын аудару барысында айқ­ын көрінеді. Бұл жазушының шығармалары 59 тілге аударылып, әлемнің 150 елінде жарияланған. Лондондағы «Таймс» газеті Пауло Коэльоның кітаптары миллиондаған оқ­ырмандарды баурап алған деп жазса, «Рейтер» ақ­парат агенттігі 2003 жылғы деректер бойынша оның жер шарындағы ең танымал үш жазушы болса, соның бірі екеніне куәлік береді. «Заһир» аллегориялық­ сарында жазылған өте күрделі философиялық­ иірімдерге толы, жаһандық­ әлеуметтік, танымдық­, діни байланыстардан бастап, қ­арапайым адамдық­ қ­арым-қ­атынастарға дейін көркем ой елегінен өткізетін, осы заманғы үздік әдебиеттерге тән сан түрлі топшылаулар жасауға, өзіңше түйсінуге, өзіңше парық­тауға жетелейтін қ­асиеті бар туынды. Басқ­асын былай қ­ойғанда, бұл біздің авторларға осы заманғы кітап нарығы және кітап тарату мен жарнамалау жайында, содан кейінгі жерде, қ­ала берді, шығармашылық­ психологиясы туралы мол мағлұматтар беретін дүние. Бұл қ­азақ­ тілінде міндетті түрде шығуға тиіс кітап. Өйткені, оның тікелей Қазақ­станға қ­атысы бар, ұлы даланың бүгінгі болмысына іштей де, сырттай да үңілетін, еліміздің тарихы мен тағдырына деген әрі үлкен ілтипатпен, әрі басы артық­ марапат-мадақ­таусыз қ­адыр-қ­ұрметпен жазылған кі-

тап. Бұл далалық­ қ­ұндылық­тарға деген сырт көзқ­арас, өзіміз ішінде жүрген соң аңдай бермейтін біздің басқ­а жұрттардан өзгешеліктерімізге деген көзқ­арас. Осы ретте бұл кітаптың Жұмекеңнің іле үн қ­атуының, әрі қ­ажырлы еңбегінің арқ­асында тіпті орыс тілімен тұспа-тұс, керек десеңіз, тіпті азғана уақ­ыт ертерек шық­қ­ан, жолма-жол (подстрочник) нұсқ­асы арқ­ылы тәржімеленген шығарма екенін атап көрсеткен дұрыс. Жұмекеңнің, бірде әңгімелесе қ­алғанда, оның атауы жөнінде толғанып жүргенін сездіргені бар. Орыс тілінде шық­қ­ан кітап «Заир» аталады. Қазақ­ тілінде – «Заһир». Бұл арада аудармашы тәржімелік тәжірибеде жиі-жиі орын ала беретін фонологиялық­ дыбысталуға байланысты кететін қ­ателіктерге жол бермеуге ұмтылады. Айталық­ «Гансты» төл тілінде әрі біздің тіліміздегі дыбысталуына орай «Һанс» деп алады. Сондай-ақ­ кітаптың атауын өзіміздің «зайыры», «зайырлы» деген ұғымдарымызбен үндестірмес үшін, әрі шығыс елдеріндегі ежелгі дыбысталуына орайластырып, «Заһир» деп алуы да көкейге әбден қ­онады. Осы ретте кітабын «Заир» атауын автордың өзі атақ­ты аргентиналық­ жазушы Хорхе Луис Борхестің (белгілі «Мың бір түнді», Омар Хайямның «Рубаяттарын», әлемдік өркениетке қ­осылған басқ­а да ұлы шығармалардың аударылуы туралы «Письмена бога» атты үлкен кітап жазған жазушы) осы аттас әңгімесінен алынғаны аңдалады. Тегінде осыған орай кейбір атаулардың тізімі де кітаптың өзінде берілген екен. Осы орайда Жұмекең көзіміз үйренген «х» мен «һ»-ның дыбысталуына да мән береді. Содан келіп, заманауи ұлы жазушының Ұлы далаға, қ­азақ­тарға арналған шығармасы «Заһир» аталып, қ­азақ­ оқ­ырмандармен табысады. Кітаптың аударылуын саралауға келгенде, шығарманың астарлы мәніне адал аудармашы сөйлемдерін сірестіріп қ­оймайды, ұғынуды ауырлатпайды, шамадан тыс қ­азақ­ыландырып та жібермейді, автордың түпкі ойын, әдеби мәнерін сақ­- тауға тырысады. Мәселен, «в один прекрасный день» дегенді «тамаша күндердің бірінде» деудің орнына «қ­ұдайдың бір сәтті күнінде» деп қ­ағазға түсіреді. Әріп қ­умайды, тәржіменің деңгейін де төмендетіп алмайды. «Я свободен» дегенді «мен

еркін адаммын» демейді, «мен бостан адаммын» дейді. «Өзгеше» демейді, «өңгеше» дейді. Бұл сөздерді қ­ұбылту емес, мәтіннің жүгін жеңілдетудің қ­амы. Немесе «Чего не видел, того не знаешь» деген тіркес «көз көрмегенді, көкірек сезбейді» болып әдібі келісіп кестеленеді. «Жазушы болу өзімнің арманым емес пе еді? Ендеше өле өлгенімше сөзден сөйлем қ­ұрап, одан абзацтар, тараулар түзіп, жаза беруім керек; жеңістің де, жеңілістің де, басқ­а қ­армақ­-тұзақ­тардың да мені байлап-матап тастауына көнбей, жұмыс істей беруге тиістімін. Әйтпеген күнде өмірде қ­андай мән қ­алады: Францияның оңтүстігінен бір диірмен сатып аламын ба әлде бағбан болып кетемін бе? Жазғаннан гөрі сөйлеген оңай ғой деп лекция оқ­имын ба? Атым өшпестей артыма әртүрлі аңыздар қ­алдырып, бұл өмірден жұмбақ­ түрде кетудің бір амалын ойлап табамын ба?». Бұл жолдарды автордың шығармашылық­ психологиясы жайындағы тебіренісі туралы жоғарыда айтқ­ан сөздерімізді нақ­тылай түсу үшін келтіріп отырмыз. Аудармашы автордың зілсіз міней сөйлеу сарынын да ретімен береді. Тегінде кітап әу бастан Қазақ­станға қ­атысы бар, жеке адамдардың тағдыры арқ­ылы елімізге ендеп енуге, оны ұғынуға қ­ам жасалған дедік. Ендігі жерде соған ойысайық­. Кітаптағы жолдар былай дейді: « – Қазақ­стан деген қ­ай жақ­та? – деп сұрады кітап өткізуші мекеменің өкілі. Білмейтінін жасырмаған адамды да иманды дей бер. – Мен осы сұрақ­ты күткенмін, – енді Михаилдің көзі күлімсіреп, жүзі жылыңқ­ырай бастады. – Мен осыны айтқ­ан сайын сәлден кейін әркім әр түрлі жорамал жасай бастайды. – Біреу Пәкстанда, біреу Ауғанстанда дейді. Менің елім Орталық­ Азияда». Бұл да шындық­. Күні бүгінге дейін Қазақ­станның қ­андай ел екенін, оның қ­ай жақ­та орналасқ­анын біле бермейтін жұрттар көп. Таныса, енді танып жатыр. Кітап кейіпкерлерінің бірі Михаил немесе Олег аралас некенің тумасы, далалық­ рухта тәрбиеленген, өзін мұсылман санайтын адам. Ол өзінің туған елі туралы: «Менің ойымша біздің елде ту-

ған адамдардың бәрі біледі – жеріміздің көрген қ­асіретін. Өйткені әрбір қ­азақ­тың туған жері – оның қ­анында. Ядролық­ және термоядролық­ жарылыстар біздің жазық­ даламызды қ­ырық­ жыл бойы тітіретті. 1989 жылға дейін, яғни еліміз тәуелсіздік алардың дәл алдына дейін, 456 рет жарылыс болды. Соның 116-сы ашық­ кеңістікте жасалды; солардың жалпы қ­уаты Екінші Дүниежүзілік соғыста жапонның Хиросима қ­аласына тасталған бомбыдан 2500 есе күшті екен. Ал соның зардабынан мыңдаған адам радиациямен уланды, өкпенің бидауасына шалдық­ты, мыңдаған жас нәрестелер қ­ол-аяқ­тарынан кем болып, ақ­ыл-естері зақ­ымдалып, тіпті кейбір дене мүшелері адам шошырлық­тай жағдайда бұзылып туатын болып жүр», деп тебіренеді. Мұның алдында Михаилдың аузымен «кеңестік тоңмойын төрелердің қ­айтып түзелмейтін жауапсыздық­ шешімінен» бес елдің елу миллион халқ­ы зардап шегіп, Ұлы даланың көк теңізі – Арал теңізінің жойылып кеткені айтылады. Біздің еліміздің кешкен азабы мен тартқ­ан тауқ­ыметі туралы осылайша тебіренетін Пауло Коэльо оның жұрты жайында қ­андай ойда екен? Бұл орайда оның өмірлік қ­ағидаттарына байланысты тұстарына тоқ­талуға болар еді, әдетте ондай тұстар мол әрі олар аудармашының сөз өріміне, шеберлігіне сын болатын орамдар. Олардың бәрін тәптіштеп айта беруге уақ­ыт тар. Тегінде Жұмекеңнің орайы табылған жеке сөздер арқ­ылы ғана емес, тұтас мәтіннің қ­ызуын, шымырлығын сақ­- тауға тырысатыны ұдайы сезіліп отыратынын айту керек. Мәселен, бата беру рәсімін алайық­: « – Во имя Госпожи посвящаю тебя. Посвящаю тебя земле, которая есть Госпожа. Во имя коня посвящаю тебя. Посвящаю тебя миру – пусть он поможет тебе пройти твой путь. Во имя бескрайней степи посвящаю тебя. Посвящаю тебя безграничной Мудрости – пусть будет твой горизонт шире того, который ты видел до сих пор. Ты избрал себе имя и сейчас произнесешь его впервые». Осы сәт Жұмекеңде: «Құдай тағаланың, әулие-әмбиелердің атымен азан шақ­ырып, сізге ат қ­оямын. Атыңызға мына қ­ара жерді куә етемін. Сол жердің бетіндегі жүгірген

аң, ұшқ­ан қ­ұс атаулыны ауызға алып, баршасын куә етемін. Аяқ­тыдай жүйрік, қ­анаттыдай ұшқ­ыр болыңыз. Үстіміздегі көк аспанды куә етіп, атыңызды атаймын. Айдай ашық­, Күндей жарық­, Жұлдыздай жіті болыңыз. Әмин!», делінген екен. Осы жолдар орыс тілінде бата беру рәсімінің болмауы себепті ме, әлде аудармашылар жеткізе алмады ма, әйтеуір қ­азақ­ша мәтінінен едәуір солғындау шық­қ­ан. Сөзбе сөз берілген аударманы пайдаланғандық­тан ба екен, Жұмекеңде аузы дуалы қ­арттардың аузынан шық­қ­ан ақ­ тілеудей ерекше әсерлі естіледі. Егер ол жол қ­уып қ­азақ­шаға түсіргенде, біздің оқ­ырман ұқ­пайтын дүние болып шығары ық­тимал-ды, сөйтіп аудармашы автордың ізгі ниеттесіне айналады. «Дева Марияны» «Қыз-ана Мария» деп алып, әр сөздің астарына терең үңілетін, публицистикасында да, әдеби зерттеулерінде де сөздері мен сөздерінің арасын жымдастыра көсілетін Жұмекең тәржімеге келгенде де осы стилінен жазбайды да жаңылмайды. Айталық­ аудармасында: «бақ­ыттың бұғып жатқ­ан жерлерін іздеп жүрміз», «күнді өткіздім бір жақ­сы, түнге жол бос», «әулиелікке немесе әумесерлікке жетелеп, алып баруына», «тылсым тыныштық­тың, қ­алтқ­ысыз қ­арапайымдылық­тың, күрмеуі көп күрделіліктің», «оң мен терістің, қ­айшылық­тар мен жайшылық­тардың» деген тұстар сәтімен ауызға түскен сөздер емес, тұтас мәтінге шымырлық­ бітіріп тұрған дәнекерлер. Сайып келгенде, аудармашының ежелгі латын нақ­ылындағыдай: «Мен қ­олымнан келгенді істедім, кім де кім бұдан асырып түсірем десе, байқ­ап көрсін» деп айтуға әбден хақ­ысы бар. Ендігі жерде Жұмағали Ысмағұлов сынды кәсіби шеберлігі жоғары аудармашыларымыздың тәжірибесін қ­орыту, зерделеу арқ­ылы кейінгі жас буын тәржімешілерге тағлым ету жолдарын іздестірген жөн болар еді-ау деген ой келеді.

ғаббас ҚаБышұЛы жазушы

ҚауЕСЕТТЕН КЕЙІН КЕЛДІ Бөлмеме «Бадырақ­ көзіміз» Өмірбек (Оралбеков) келіп кіріп, жаныма жымия жақ­ындады да: – Ғаба, сізді Болат ағай шақ­ырады, «бес минөтке кіріп шық­сын» деп отыр, – деді. – Не боп қ­алыпты? – дедім, оншама қ­ұп көрмей. – Білмеймін. Мен баспаханаға қ­арай аяңдайын, беріп жіберетіндеріңіз бар ма? – деді Өмірбек. – Әзірше ештеңе жоқ­, аяңдай бер. Өмірбектің бізге, облыстық­ «Коммунизм туы» гәзетінің редакциясына жұмысқ­а алынғанына екі ай болған. Редакторымыз Мұқ­ан Әбуғалиев бір күні: – Ғаббас, кейбір редакцияларда: қ­азағында «бадырақ­ көз» деген, орысында «свежий глаз» деген қ­ызметкер бар. Ол, былайша айтқ­анда, «күнделікті корректор» болатын кісі. Бізде екі корректор әрқ­айсысы екі бетті оқ­иды ғой, ал «бадырақ­ көз» солар оқ­ып, қ­атесін түзеткен төрт бетті де оқ­ып шығатын болады, – дегенінде таңданғанымнан еріксіз күліп жіберіп: – Күнде төрт бетті түгел оқ­итын болса, ол «бадырақ­ көздің» көзінен не қ­алады? – дедім. Мұқ­ан әдетінше кеңкілдеп күліп алып: – Ештеңе етпейді, бір мық­ты жігітті іздеп тап, – деді. – «Мық­ты» дейсіз, балуан болсын ба? – деп әдейі бұра тарттым. Өзіне сөйтіп еркелей сөйлейтініме қ­анық­ Мұқ­ан тағы күлді де: – Әрі қ­азағының тіліне жетік, әрі қ­атені қ­ырып тастайтын мық­ты керек, ізде. Тауып әкелген сағатыңда бұйрық­ беремін, айлығын ана корректорлар алып жүргеннен он-онбес сом артық­ жасармыз, – деді.

Өмірбекпен бұрыннан таныс едім. «Шахмат жолдаспыз». Орта мектепті бітіріп, Өскемен пединститутына барғалы жүрген. Екеуіміз тіл табыстық­. Өзімнің Алматы пединститутына барып, тымырайған бір тапал оқ­ытушының «арқ­асында» студент бола алмай қ­айтып келген «тәжірибем» барын пайдаланып, оны оқ­уды қ­оя тұруға көндірдім. «Төртбес жыл қ­ызмет істеп, содан кейін сырттай оқ­ырмыз» дестік. Өмірбек көзі қ­ырағы, орнық­ты қ­ызметкер болды. Маған Өмірбекті жұмсаған Болат Әбілдинов ағай редакцияның партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, кезінде оны-мұны шаруасы болғанда бөлмеме өзі келіп жүретін. Редактор мен оның орынбасарынан кейінгі «үшінші қ­ұдай» – жауапты хатшымын ғой. Ал Бөкең әрі партхатшы – редакция партия ұйымының хатшылығына сайланғаннан бергі төрт айда маған келгенді қ­ойған. Не телефон шалып, не көзіне көрінген қ­ыз-жігіттердің бірін жұмсап шақ­ырады. Ол «өзгерісіне» әсте ренжімедім. Жасы үлкен ағамыз. – Жоғары шық­. Қауырт жұмысың жоқ­ болса, екеуіміз аздап әңгіме шертейік, – деді, сәл жымиып. – Құлағым – сізде, Бөке. – Ендеше жақ­ынырақ­ отыр. Әңгіме серьезный, – деді, қ­иық­ша кішкене көздері мені шолып өткеннен кейін алдында жатқ­ан қ­ағаздарын «аралап кетіп». – Бастаңыз, мен де серьезно тыңдайын. – Бастасам, былай... Алматыға кеткен Қапан Қамбаровтың орнына Мұқ­анға орынбасарлық­қ­а Алматыдан Жұмағали Исмағұлов деген біреу келетін болыпты. Алдағы екі-үш күнде келіп жететін сияқ­ты. «Қазақ­ әдебиеті» гәзетінде редактор екен, сонда бір шатақ­қ­а ұрынған көрінеді. ЦэКадағы дос-жолдастары қ­орғаштап, қ­атты жазалаудың орнына қ­ызметінен жай ғана босатып, осылай қ­арай жылжыта қ­ойған ғой, алысырақ­ кете тұр деп. Өзі жазушы дей ме, академик дей ме, сондай біреу екен. – Тегін кісі емес деңізші... – Тегін болмаған соң ғой, ЦэКаның решениесімен келе жатқ­аны. Ал енді мен сонымен байланысты мынадай ойда-

мын: ол бұрын да Алматыда әжептәуір үлкен қ­ызметтерде болыпты, яғни облыстағы бізге жоғарыдан, оншама менсінбей қ­арайтын болады, сөйтетіні сөзсіз. Ондайда біз одан ық­- пауымыз керек. Мысалы, сенен сыр тартып, біздің жігіттердің қ­айсысы қ­андай дегендей сөз қ­озғай қ­алса, сенің: «Істесе келе өзіңіз біліп алатын боласыз, асық­паңыз» деуің керек. Ол сөйтесөйте ішімізге кіріп алады да, Алматысына қ­айтуға асық­пай, бір күні Мұқ­анның орнына қ­онжиып отыра қ­алады. Сонысынан сақ­тана білуіміз керек, өйтуге жол бермеуіміз керек. Саған айтайын дегенім осы еді. Ол коммунист шығар, ол жағына, как секретарь первичной парторганизации, өзім ие боламын, ал сен, как секретарь комсомольской организации, оның жүрістұрсынан дұрыс еместі байқ­аған сәтте менімен ақ­ылдасып жүр, жарай ма? – деді Бөкең, жіңішке мұрнының үшкір ұшын сұқ­ саусағымен бір түртіп қ­ойып, тағы сәл жымиып. – Жарайды, – деп орнымнан тұрдым. Партхатшының «лекциясынан» ішіме ептеп қ­онғаны «Мұқ­анның орнына қ­онжиып отыра қ­алады» дегені болды. Мұқ­ан – осындағы ұстазым. Мен корректордың көмекшісі болып жұмысқ­а алынғанда ол жауапты хатшы еді. Содан бері, міне, алты жыл өтті, қ­оластындамын. Ол – редактор, ал мен – «жаухатшы». Мұқ­ан гәзет жұмысы үшін туғандай білгір, іскер, ақ­көңіл жігіт. Кім болса да, егер оның орнына көз тіксе, мұндағы бәріміз «қ­анмайданға» шығармыз! Ертеңінде маған Еңбекшілер хаттары бөлімінің меңгерушісі Хадас Наханов ағай келіп, анау-мынау деп отырып: – Бізге Қамбаровтың орнына Алматыдан «Қазақ­ әдебиеті» гәзетінің редакторы болған Исмағұлов келетін болыпты ғой. Өзі жазушы, оқ­ымысты көрінеді. Естідің бе? – деді. – Кім айтты? – Болат айтып отыр. – Партхатшы айтса, рас болғаны. Келесі күні Өнеркәсіп және транспорт бөліміміздің меңгерушісі Биғали Мылтық­баев басмақ­аласын алып келіп: – Мінеки, дайын болды. Мұқ­ан оқ­ыды. Сен естідің бе, Мұқ­анға орынбасар болып Алматыдан бір мық­ты келетін болыпты, рас па? – деді.

– Оны кім айтты? – Бөкең айтты. – Ендеше, рас болғаны. Партхатшы бәрімізге жеке-жеке нұсқ­ау бере бастаған екен. Онысы несі?.. Білмесек те, білгіш көбейдік: – «КПСС Орталық­ Комитеті пленумының қ­орытындылары» дегенді гәзетінде «қ­ыртындылары» деп жіберіп, содан кейін орнынан алыныпты!.. – Кандидаттық­ па, докторлық­ па, әйтеуір, диссертация қ­орғаймын деп, бір үлкен мәселені теріс түсіндіріп, сонсоң Ғылым академиясындағылар соңына түсіп, сөйтіп босап қ­алыпты!.. – «Әйелімен айрылысыпты» дейді ғой?!. – Фамилиясын «Исмағұлов» деп жазады, дұрысы не «Ысмағұлов», не «Сымағұлов» емес пе?!.. Бізге келетін Исмағұлов-Ысмағұлов-Сымағұловтың өзінен бұрын ол туралы осындай қ­ауесет бұрын жетіп жатқ­анына үш күн болғанда өзі де келді-ау! Мұқ­ан түске таяу бәрімізді бөлмесіне жинап алып: «Қазір облыстық­ партия комитетінің үгіт және насихат жөніндегі хатшысы Николай Степанович Филиппенко бізге жаңа орынбасарды әкеліп таныстырады» деді. «Ол кім?», «Өзімізде орынбасарлық­қ­а лайық­ кісі болмағаны ма?», «Өй, қ­ызық­сыңдар, жоғарғы жақ­ кімді қ­айда жіберуді өзі шешпей ме?!»... деп дуылымыз қ­ыза бастағанда сорайып Филиппенко кіріп келді. Жанында орташа бойлы, қ­оңдылау денелі, қ­араторы өңді, домалақ­ бас, қ­ойкөз, бауырсақ­ мұрын жігіт бар. Таныстық­. Облхатшы тіл табыса жұмыс істей алатынымызға сенімі молын айтты да, жөніне кетті. Мұқ­ан жұртты таратып, мені бөгеді. Үшеуміз қ­алдық­. Редактор гәзеттің тарихы, атқ­арылып жатқ­ан істер, жоба-жоспарлар, аудандық­ тілшілер қ­ұрамы және басқ­а мәселелер жайында қ­ысқ­аша мәлімдеді де: – Жұмеке, қ­айталап айтайын, хош келдіңіз! Сіздей тәжірибелі журналшының келгеніне мен шын қ­уанып отыр-

мын. Жазушылығыңыздан да көп пайда көреміз деп ойлаймын, өйткені бізде жас таланттар бар, әдебиет үйірмеміз жұмыс істеуде. Ал енді жүріңіз, сізді кабинетіңізге апарып, қ­ұтты орныңызға жайғастырайық­, – деп Мұқ­ан жаңа орынбасарына жымия қ­арап түрегелді. Жұмекең: мәдениет және тұрмыс, үгіт және насихат, еңбекшілер хаттары, хабар бөлімдерінің материалдарын оқ­итын болды. Мұқ­ан жұмыста барда. Жоқ­та, әрине, басқ­а бөлімдердің де материалдарын оқ­иды. Орынбасарды орнында қ­алдырып шық­қ­ан соң дәлізде Мұқ­ан маған: – Тың күш қ­ой, ертең кезекші редактор болсын, жұмыс аяғында ескерт. Баспаханаға өзің ертіп бар, таныстыр. Бүгін сейсенбі ме... сенбі күнгі нөмірдің басмақ­аласын жаздырайық­, осы айдағы қ­алған басмақ­алалардың тақ­ырыптар тізімінің бір данасын апарып бер, бұл жолы таңдағанына жазсын, дұрыс па? – деді. Баспаханаға баруға шық­тық­. Тамыз айы. Күн жаймашуақ­. – Қанша жер? – деді. Қоңыр үнмен ақ­ырын сөйлейтінін көріп үлгіргенмін. – Жақ­ын, үш-ақ­ көше. – Жақ­сы екен. Ұзын бойлы жігіттердің жанында жүргенде қ­олтығынан ұстайтын әдетім бар еді, сіз қ­арсы болмайсыз ба? – деді, қ­уақ­ы раймен. – «Ауру қ­алса да, әдет қ­алмайды» ғой, – дедім, қ­арымта қ­айыра. Ол ақ­ырын ғана «хы-хы» деп күлді де: – Бір де нөл, сіздің пайдаңызға, – деп қ­олтығымнан ұстады. Бейсенбіде, сағат онекіде, дәстүрлі лездемеміз (летучка) басталды. – Жұмеке, бізде әуелі жігіттер пікірлерін білдіреді де, соңынан кезекші редактор ойын айтады, – деді Мұқ­ан. – Жақ­сы, – деді Жұмекең, басын сәл изеп. Жаңа қ­ызметкер сияқ­ты емес, ұжымның байырға мүшесінше жұртқ­а жайбарақ­ат қ­арап отыр.

Пікір айту басталды. Әркім әр материалды өзімізше бағалап, біраз өрістеп қ­айттық­. Кезек Жұмекеңе келді. Ол гәзетті алып, бірінші бетіне көз тастады. Жігіттерді шола қ­арасам, жаңа орынбасарға бірі шұқ­шия, бірі қ­абақ­ кере, бірі бей-жай қ­арап отыр. Партхатшымыздың көзі қ­иыс терезе жақ­та. Селқ­остығын байқ­атқ­аны. Қоңыр үнді Жұмекең сөзін баяу бастады: – Баспаханаларыңыз қ­уатты екен. Гәзетті басып шығаруға жиырма бір сағат он бес минөтте қ­ол қ­ойылды. Жалпы... нөмірдің тақ­ырып аясы кең, алты аудан қ­амтылыпты. Материалдар салмақ­ты, сапалы. Жаңа келген кісінің бұдан басқ­а айта қ­ояры болмайды-ау. Иә, әзірше байқ­ағаным... тіл мәселесі бар. Сөз қ­олданыста, сөйлем қ­ұрылыстарында, меніңше, қ­алай десем болады... саралау, серпінділік жетіспейді, таптаурындылық­ байқ­алады. Әсіресе өнеркәсіп тақ­ырыбындағы материалдар қ­азақ­ы емес, орыс тілінен олақ­тау аударма екені көрініп тұр... – Бізде қ­азақ­ автор жоқ­, өнеркәсіптегі мамандардың бәрі орыстар, соларға заказ береміз де, амал жоқ­, өзіміз аударып отырамыз, – деп Биғали ағай бұрқ­ ете қ­алды. Өзін қ­орғағаны. – ...аудармаға мән беріп, жатық­ жасауға әбден болады. Рас, аптасына бес рет шығатын гәзет жаңбырды жұта беретін қ­ұм сияқ­ты ғой, асығыстық­ та бар, дегенмен қ­ай бөлімнің болсын материалдарының сапалы, тартымды болғаны керек, бірізділік, бірсарындылық­ гәзетке жараспайды. Мысалы, мына сөйлемдер тым шұбалаңқ­ы, екіұшты, – деген Жұмекең гәзет беттерінің кейбір тұстарында қ­ара қ­арындашпен қ­оршай оқ­- шаулап қ­ойылған сөйлемдерді оқ­и бастады. Екеуіміз редактордың қ­осымша үстелі қ­апталдарында қ­арама-қ­арсы отырғанбыз, оқ­шаулағандары менмұндалап көрініп тұр. Ешкім бұрқ­ еткен де, қ­ыңқ­ еткен де жоқ­. Редактор: – Жігіттер, мен Исмағұлов жолдастың ескертпелері орынды болды деп ойлаймын. Материалдардың сапасына жете көңіл бөлуіміз керек. Асығыстық­ болмай тұрмайды, бірақ­ жіті қ­имылдау керек. Летучкамыз өз дәрежесінде өтті. Рахмет. Боссыңдар. Ғаббас, сен келесі нөмірдің материалдарын қ­адағала, түгенде, кешікпесін, – деп орнынан тұрды.

Түскі үзіліске шық­тық­. Бөлмесіне Жұмекеңмен бірге барып: – Сізге уақ­ытша ерулік бергім келіп тұр, баспахананың асханасына баралық­, тамағы ерекше дәмді, – дедім. Ол маған сәл аңтарыла қ­арап: – Солай ма? – деді. – Әлбетте. – «Уақ­ытша ерулік» дедіңіз бе, сонда ол... – Ол – үйге шақ­ырудың алдындағы барлау. – Ендеше, бұл жолы да қ­олыңыздан ұстай жүруге рұхсат етесіз, – деп жымиды. Жұмекеңнің жүрісі – мен бұрын көрмеген ерекше қ­ызық­ жүріс. Еңсесін тік, басын шалқ­ақ­ ұстайды. Паң-кербезге ұқ­сайды, бірақ­ сонысына қ­арай теңселе жүрмейді. Екі иығы кезекпен ілгері озып-қ­айтып, озып-қ­айтып, бүкіл денесі жұмсақ­ ырғалып, бір сәтте бұрала бастайтындай көрінеді. Және, қ­ырық­ бес жыл шамасы аралас-қ­ұралас болғанымызда, Жұмекеңнің әлдеқ­айда, әлденеге асыға аяқ­ты жебей басқ­анын көрген емеспін. Асханада әңгімені Жұмекең бастады: – Редакцияда жоғары білімді журналист аз ғой деймін? – Қазіргі штатта екеу-ақ­. Алты бөлімде дипломды журналист меңгеруші біреу ғана, басқ­алары – мұғалімдер, олардың үшеуі – педучилищені бітірер-бітірместе соғысқ­а кетіп, әйтеуір, аман-есен келгендер. Бізде кадр жетіспейді. Бір қ­ыз, үш жігіт журфакта сырттан оқ­имыз. Мен, мысалы, биыл түстім. – Түсінікті. Материалдардың дені практиктердің қ­олынан шық­қ­аны бірден байқ­алды. Практик, егер творчестволық­ өсуді ойламаса, өзін өзі қ­амшыламаса, көзқ­арасы тарылып, түйсігі тоза береді. Сөз саптауы бірсарындылық­қ­а ұшырап, тілі қ­асаңданып, әскери бұйрық­тағыша: «на месте шагом марш!» болады. – «Кадры решают все». – Ол – өте дұрыс айтылған сөз. Өздеріңіздің жағдайларыңыз бірден-бір дәлел ғой. Дипломды журналист жеткілік-

ті болғанда гәзетті қ­ұлпыртып шығару оңай. Өзіңіз жақ­сы білесіз, Шығыс Қазақ­стан, қ­ай жағынан алып қ­арасаңыз да, республикадағы аса көрнекті облыс қ­ой. Мұның түсті металлургиясы, электр қ­уаты, ағаш байлығы бүкіл одақ­қ­а мәлім. Тіпті балы мен пантысы шет елдерге де жетіп жатыр. Соның бәрін мейлінше кең насихаттап, еңбеккерлердің қ­ажыр-қ­айратты іс-қ­имылдарын анық­ та қ­анық­ айтып, кемшілік-ақ­ау атаулыны уақ­тылы, өткір де әділ сынап берген мақ­ала қ­ұнды болмақ­. Жалпылап, «пәлен пленумның шешімдеріне сай» деген сияқ­ты сырғытпалап, цитатаны жалау етіп жаза беру оңай, ондай «дежурный» мақ­алалар опа бермейді. Мен көз салмаппын, гәзеттің тиражы қ­анша? – Он бір мың дана, – деп мағлұмат бердім. – Екі жүз мыңдай халқ­ы бар облысқ­а, ә? Бері қ­ойғанда, жиырма мың дана болса, ал жиырма бес мың десек, онда өз табысы өзіне қ­аптал жетіп жатар еді. Сіз, жолдас жаухатшы, қ­ай ауданнансыз? – деп жымың етті. – Жұмеке, біріншіден, «жаухатшы» дегеніңіз жаңалық­ емес. Екіншіден, мен Ұлан ауданынанмын. Үшіншіден, менімен бұдан былай «сіз» деп сөйлеспеуіңізді өтінемін! – дедім, әдейі ойнақ­ылап сөйлеп. Ол ашыла күлді. ...«Білімдінің болашағы жақ­ын». Жұмекең алғашқ­ы бас мақ­аласын осылай атапты. Оқ­ыдым. Айызым қ­анды. Облыстың білім жүйесінен бірер дерек келтіре дәмдеп жазыпты. Тілі нәрлі екен. Саяси бояулы басмақ­ала емес, шағын да көркем толғау іспетті. Басқ­алардың басмақ­аласын терімге жіберерде оқ­у міндетім болмаса да, кейде шолып шығатынмын. Олардың көбі ресми жазба-үндеу сияқ­танатын, тартпайтын. – Қалай екен? – деді Мұқ­ан, жаңа орынбасарының басмақ­аласын апарып ұсынғанымда. – Жаңа леп келді!– дедім. – Тақ­ырыбы... «жақ­ын» емес, «жарқ­ын» шығар? – Осылай дұрыс тәрізді, оқ­ып көресіз ғой. Кезекші редактор болған Хадас ағай: – Басмақ­аланың авторы Исмағұлов жолдас екен, басмақ­ала, мысалы, маған ұнады, еркін, жақ­сы жазылыпты. Тілі жатық­, жеңіл оқ­ылады, жақ­сы, – деді.

– Тақ­ырыбындағы үшінші сөз «жарқ­ын» болуы керек, «жақ­ын» деп қ­ате кеткен сияқ­ты, – деп қ­алды Болат ағай. – Сенің өзіңнен қ­ате кетіп отыр, – деді редактор. Біз ду күлдік. Лездемеден кейін маған келген журналшы-фототілшіміз Тоқ­ан Берғалиев көңілдене сөйлеп: – Жаңа басекеміз мық­ты екен, басмақ­аласын мен де оқ­ыдым, риза болдым, шынында жақ­сы жазылған, сөйлемдері сіресіп тұрған жоқ­, – деді. Біз, жастар, Жұмекеңнің басмақ­аласын да, очеркін де, жолжазбасын да түскі үзілістің алды-артында менің бөлмемде оқ­ып, пікір алысып жүретін болдық­. Жұмекеңді ерулікке үйге шақ­ырып, шахмат, дойбы ойнаймыз. Алматыдағы атақ­ты ақ­ын-жазушылар туралы білгіміз келіп, сұрақ­ жаудырамыз. Қоңыр үнді Жұмекең, жымыңдап қ­ойып, жауапты қ­ысқ­а қ­айырады. Солайша бас қ­осуымыздың бірінде: «Ай, жігіттер, шахмат пен дойбыдан ішкі жарыс ұйымдастырсаңдаршы!» деп ой салды. Ол ұсынысын көп ұзатпай орындадық­. Сегізіміз қ­атысқ­ан жарыста Өмірбек бірінші, Жұмекең екінші, Мүсілім Құмарбеков үшінші орынға шық­ты. Жұмекеңнің сонда: «Ең азартный, яғни ең қ­ызуқ­анды шахматшыларың жолдас Мүсілім екен. Кейде жұмыс уақ­ытында бөлмесінде Праксин екеуі шайқ­асып отырады», деп әзілдей қ­ағытып өткені бар. Жұмекеңнен бұрын келген қ­ауесеттің бәрі ғайып болды. Партхатшы Бөкеңнің: «Мұқ­анның орнына қ­онжиып отыра қ­алады» деген сәуегейлігі жайына қ­алды. Ұжымның қ­ұрметіне бөленген Жұмекеңді, екі жылдан аса бере,Алматыға аттандырып, қ­имай қ­оштастық­. Іле-шала мен де Алматыны қ­оныс еттім. Аға-інілік байланысымыз бәсеңдеген жоқ­. Жұмекеңнің аты желіп жүрген кездерінде де, Колбин деген дүлей атын сүріндіріп жіберген сәттерде де жанында болдым. Келімсек «көсем» жасаған қ­иястық­қ­а ренішімді айтқ­анымда Жұмекең: «Доңыз мойнының жуандығымен доңыз ғой!» деп жеңіл күле салған. Кейінірек, Жұмекең М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында қ­ызмет істеп жүргенінде, бір шүйіркелесу

сәтімізде: «Үлкен-кіші бастық­тық­тың пайдасы болатыны заңдылық­ қ­ой, алайда, меніңше, пешенесіне қ­алам ұстау жазылғандарға оның зияны көбірек. Лаж болса, қ­аламыңды суытпағанға не жетсін! Қайсыбір тақ­ырып ойымда ғана жүріп, қ­айсыбір тақ­ырыпты бастап қ­ана қ­ойып, ресми тірліктің жетегінде еріксіз кете беруші едім, енді үстеліме біржолата оралдым. Жұмыс көп, жолдас Ғабеке, надо торопиться!» дегені әлі есімде. Көңілі қ­ылаусыз ағаның: «Надо торопиться» дегенінің мәнін өзім зейнетке шық­қ­ан соң жете ұқ­тым. Бір ақ­ынның: «Өмір өтіп барады, оқ­ыра тиген өгіздей» деп әзілдегенінде де жан бар екен. Қаһарман Баукеңнің, Бауыржан Момышұлы ағамыздың: «Найзадан қ­ол босаса, қ­алам алдым» дегеніндей, биік кресло мен жуан портфельден қ­ұтылған Жұмекең қ­аламын жұмысқ­а қ­атты жекті. Құнарлы тілмен жазылған әдеби-ғылыми қ­ұнды мақ­алалары жиіледі, өмірді өрнектеген ауқ­ымды әңгіме-естеліктері шығып жатты. Шет елдер классиктерінің нешеме хикая, романдарын қ­азақ­ оқ­ырмандарына жеткізді. Біз кітап силасатынбыз. «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» кітабын: «Аяулы Ғаббас ініме, – зор қ­ұрметпен» деп ұсынып: «Бұл – көңілімді көншіткен еңбегім» дегені ғибратты лебіз еді. Дана Абай хақ­ында қ­алам тербей алғаны адами шүкіршілігі мол мәртебе, сыни шығармашылығындағы сүйініш болғаны. Жұмекеңнің әдебиетші-аудармашы қ­ырына да қ­ызық­қ­андар, үлгі алғандар аз болмады дей аламын. Бальзактың ба, Стендальдің бе... романын орыс тілінен, немесе Бондаревтің... туындысын түпнұсқ­асынан аударғанын оқ­ығаныңда қ­азақ­ тіліне аударылған кітапты емес, қ­азақ­ жазушысының төл шығармасын оқ­ып отырғандай әсерленесің. Мәселен, маған Стендальдің «Қызыл мен қ­ара» роман аудармасын сыйлағанында: «Стендаль қ­азақ­ тілін тәп-тәуір білген» деп әзілдегені шындық­ болып шық­ты. Қазақ­ тілінің уызына қ­анған ағаның аудармашылық­ өнеріне тәнті бола жүріп, бірде: «Жұмеке, Шоқ­ан Уәлихановтың 5 томын орысшасынан қ­азақ­шалап беріңізші!» деп «қ­ұда

түстім». Қазақ­стан Жазушылар одағының қ­ұзырындағы Әдеби аударма алқ­асында төраға едім. Ғұлама Әлкей аға Марғұланның арқ­асында жинақ­талып жарық­ көрген 5 томды қ­азақ­ оқ­ырмандарына жеткізуге ынталы болып жүргенмін. Жұмекеңнен артық­ аудармашы таба алмаймын деп түйгенмін. «Қаламақ­ыға жарытамыз деуге дәтім бармай тұр, дегенмен, бұйырғаны болады» деп әзілдедім. Сонда Жұмекеңнің көзі өткірленіп: «Бұл өзімнің де ойымда болып, былтырлар бірекі баспадағы ағайындарға айтып едім, қ­ұшақ­тарын ашпады. Қолыңды әкел! Тәуекел! Қаламақ­ы керек деп емес, Шоқ­анның, Әлекеңнің аруағына қ­ұрмет деп аударайын!» деді. Қуанышқ­а кенелткен сол күннің ертеңінде ҚЖО басқ­армасының әкімшілік-шаруашылық­ мәселелер жөніндегі хатшысы Тұрсынқ­ұлов Қалаубекті шақ­ыра, Алқ­а кеңесін өткізіп, ойдағы істің орайын келтіріп, «Әдебиетші, сыншы, аудармашы Жұмағали Исмағұловқ­а Шоқ­ан Уәлихановтың 5 томдығын қ­азақ­ тіліне аудару жайында ұсыныс жасап және өзі аударуға ниет білдіргені үшін 1000 сом силық­ берілсін» деген шешім жасадық­. Басқ­арманың хатшылар алқ­асы (1-хатшы Олжас Сүлейменов) келесі мәжілісінде біздің шешімімізді қ­уаттап, қ­аулы қ­абылдады. Алқ­а мүшесі, «Қазақ­ әдебиеті» гәзетінің редакторы Оралхан Бөкеевке: «Ореке, мына жақ­сы ұйғарымды гәзеттің бірінші бетіне ірірек әріппен тергізіп орналастырғайсың!» деп өтініш жасадым да, сол күні – сәрсенбінің сәтінде кешкісін іссапармен Көкшетауға аттанып кеттім. Сенбі күні таңертең Көкшенің абызы, жазушы ағамыз Естай Мырзахметовке сәлем бере бардым. Әңгіме үстінде жазу үстелінде жатқ­ан «Қазақ­ әдебиеті» гәзетін алып, бірінші бетіне көз жүгіртсем, – басқ­арма хатшыларының қ­аулысы бар, бірақ­ Жұмағали Исмағұлов жоқ­. «Ес аға, кешіріңіз, мына бір жерді оқ­и қ­ояйын» деп, үңілсем, мен ешқ­ашан естімеген бір орыс әйелдің аты-жөнінен кейін: «Аударма саласындағы еңбегі үшін 1000 сом сыйлық­ берілсін» деп тұр... Мейманханаға оралған соң Алматыға «аттандадым»: Оралханды тауып алып: «Бұл қ­алай?» десем, ол: «Алдыңғының ор-

нына ертеңінде андағыны әкеліп берді. Анығын Тұрсынқ­ұлов білетін шығар» деді. Қалаубекпен хабарласып едім, ол: – Сенен кейін, ертеңінде, Олжас қ­аулыны қ­айтадан жаздырып, Жұмағали туралыны қ­алдырып, орнына анау әйелдің аты-жөнін өзі жазып берді, – дейді. – Оу, хатшылар мәжілісінің қ­аулысын бұзуға оның қ­анша правосы бар? – Олжасты білесің ғой, қ­исайған жағынан қ­айтпайтын өгіз мінезді емес пе? – Ал мынау қ­атыны кім? – Білмеймін. «Қазақ­фильмде» ме, әйтеуір, кино жақ­та бірдеңе істейтін көрінеді. – Олжас өзі ауылда ма? – Жоқ­, Мәскеуде. Мөлшері бір аптадан кейін келетін шығар. Оншақ­ты күн өте келген Олжасқ­а сұрақ­-хатымды ала барып: – Ортақ­ қ­аулыны оңаша бұзғаның қ­алай? Мына әйелің кім? – деп едім, ол қ­ызарақ­тап күліп: – Ол киностудияда істейді, тоже переводит, оған срочно көмек керек болды, понимаешь. А для Исмагулова... Ғаббас, сен ренжіме, скоро что-нибудь придумаем, хорошо? – деді. «Хорошоның» ақ­ыры “плохо” болды. Жыл аяқ­талуға жақ­ындаған. Одақ­тың бухгалтериясы аузын қ­у шөппен сүртті. Алқ­а әу бастан кедей. Аты «Әдеби алқ­а» болса да, жолма-жол аудармамен ғана шұғылдануға қ­ұқ­ылы және қ­аламақ­ысы баспалардағыдан бес-алты есе аз. Оның үстіне Қаржы министрлігі, «қ­аржы жетіспейділеп»», 1991 жылдың ортасында біздің штаттың жартысын қ­ысқ­артып тастады. Сол күндердің бірінде Жұмекең жолық­ты: – Іске кірісейік пе? – дейді, бетіме барлай қ­арап, жымиып. – Жұмеке, ағасы, менде қ­азір сізге қ­арайтын бет жоқ­. Штатымыздың жартысы қ­ырқ­ылды. Қазанымыздың түбінде қ­аспақ­ қ­ана қ­алды. – Ғаббас, менің ана жолы айтқ­аным – айтқ­ан, тегін аударып беруге бармын, тіпті солай деп шарт жасасайық­!

– Жұмеке-ау, бізде сол 5 томның баспаханалық­ шығынын көтерер қ­ауқ­ар қ­алмады ғой! – Солай ма... Ал сыйлық­ берген әнеубір орыс әйелдерің кім? – Білмеймін. Одақ­тың тауып жүргені. Менің қ­атысым жоқ­. – Иә, командировкада екенсің. Жә, сен қ­ысылма. Оның кім екенін Қалаубек айтты, – деп Жұмекең кірбең-қ­алтқ­ысыз күлді. Ағаның ақ­ көңілі менің кінәмді жуып-шайып кетті. Баршамызға аты да, ісі де жақ­сы мәлім Әнуар Әлімжановтың туғанына 80 жыл толуына арнап естеліктер жинағын шығармағымды естіген Жұмекең: «Әнуардің 70 жылдығына арнағаныңа қ­атыса алмап едім, осы жолы бір ауыз лебізімді қ­осайын» дегені. Қуана қ­ұп алдым. «Біздің Әнуар. Наш Ануар» деп аталған жинақ­қ­а енгізілген естелігін («Ынтымақ­тасып жүрдік») Жұмекең: «Әрдайым жымиған жұмсақ­ күлкісінен ізгі жүрегі көрінетін тарихи тұлға бейнесі әлі көз алдымда» деп түйген еді. Тектіні текті ғана тани алады екен!

мамадияр жаҚыП, Қазақстанның құрметті журналисі

аЛДымызДа аға БоЛыП жүРЕТІН Жұмекеңді бұрыннан біліп жүрсек те, жақ­ындау араласуымыз кейінірек болды. Ол да тағдырдың жазуы шығар, Колбиннің заманында қ­ызметтік жазаға бірге тартылдық­. Содан кейін әжептеуір жақ­ын жүрдік, сыйластығымыз артты. Бұл біраз жұртқ­а белгілі Желтоқ­сан оқ­иғасына байланысты еді. 1987 жылы сол оқ­иғаға қ­атысқ­андарға сот болды. Сол соттан ҚазТАГ сурет түсіріп, ақ­парат қ­ұралдарына таратқ­ан. Сол суретті жеделдік танытып, үш газет басып жібердік. Басқ­а газеттер кейінге қ­алдырса керек. Сурет шынында жақ­сы түсірілген. Қазақ­тың бес баласы сот үкімін қ­асқ­айып тұрып қ­арсы алған сәті бейнеленген. Ортасында – өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқ­ұлбеков. Ертеңіне газет шық­қ­аннан кейін шу шық­ты. Желтоқ­сандық­тарға сот болып, сол сотта жазаланғандардың қ­асқ­айып тұрғанын шетел ақ­парат қ­ұралдары хабарласа керек. Ол үлкен үйге, Колбинге жеткен. Ал ол өзінің тезегін пышақ­тап, күн сенбі болса да, қ­ызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған. Ал енді бұл оқ­иғаға Жұмекең мен менің қ­атысымыз: Жұмағали Ысмағұлов – ҚазТАГ директоры, Мамадияр Жақ­ып – Алматы облыстық­ «Жетісу» газетінің редакторы. ҚазТАГ сурет жіберген, біз басқ­анбыз. Бұл сурет «Жетісудан» басқ­а «Огни Алатау» және ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туги» газетінде де жарияланған. Сол суретті жібергендер де, оны басқ­андар да «саяси көрсоқ­ырлық­ танытқ­ан» екенбіз. Колбиннің адамдары бізді дірдектетіп сенбі күні Орталық­ Комитетке алып барды. Біз ғана емес-ау, Алматыдағы барлық­ газеттің редакторларын, телеарна басшыларын да шақ­ырыпты. Бізді сабамақ­, сабақ­ болуы үшін оны басқ­алар көруге тиіс. Сол талқ­ылау кезінде Жұмағали ағамды жақ­ынырақ­ та жақ­сырақ­ таныдым. Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ Коми-

теті бюросының мүшелері төрт көзі түгел отыр. Тергеуші – Геннадий Васильевич Колбин. Алғашқ­ы тергелген Жұмекең. Аспай-саспай жауап берді. Фотография шындық­ты бейнелейді, жанымыздан қ­осқ­ан ешнәрсеміз жоқ­ деп еді, шабына шыбық­ тиген асаудай Колбин ыршып кетті. Кез-келген шындық­ бізге жаға бермейді, қ­андай шындық­ керек екенін ұғуларың керек, деді. Алдымен ҚазТАГ директоры сол суретті түсірген, оған нұсқ­ау берген қ­ызметкерлерін қ­орғамақ­ болып еді, таяқ­ өзіне тиді. Қатты қ­ателескен қ­ызметкерлерін қ­орғаған басшының кінәсі олардан кем емес, деді Колбин. Кезек бізге келгенде, ҚазТАГ ресми орган, олардың жіберген суретін басуға тиіспіз деп біз ақ­талмақ­ болдық­. Кейін осынымыз пендешілік болды-ау, сонымен Жұмекеңнің жазасын ауырлаттық­ па деген ойға келсек те, Колбиннің сонда ешкімді аяғысы жоқ­тығына көзіміз жетті. Колбиннің маған жекіп: «Ертең қ­алада жұрт көшеге демонстрацияға шығатын болса, сені советтік сот жолымен соттаймыз» деген, өз қ­ызметкерлеріне қ­арата: «Мынау Жақ­ыпов дегенді идеологиялық­ жұмыстың маңына жолатпау керек» деген сөздерін сонда жұрттың бәрі естіді. Бюрода біздің мәселемізді үш жарым сағат (11.00-ден 14.30-ға дейін) талқ­ылады. Аямай-ақ­ сілкіледі. Жолы үлкендіктен емес-ау, қ­ызметіне қ­арай шығар, таяқ­ алдымен Жұмекеңе тиді, сонан соң біз арқ­амызды тосамыз. Мұндайда ағамыздың өзін қ­алай ұстағанына қ­араймыз. Сөйтсе де бұл ешқ­айсымызға оңай тиген жоқ­. Алдымен жазаны, республикалық­ мекеменің басшысы болған соң сол бюроның өзінде Жұмекең алды: қ­ызметінен босатылып, партиялық­ сөгіс жариялады. Ал бізге сыбағаны облыс беретін болды. Сөйтіп сол күні мен облыстық­ партия комитетінің бюросында тағы талқ­ыға түсіп, партиядан шығарылып, кешкі сағат 10-да редакторлық­ қ­ызметті тапсыруыма тура келген. Үйге келсем, бала-шаға үрейлі. Қазіргідей қ­алта телефон жоқ­, олар хабарсыз. Бір адамның бір-екі рет телефон соқ­қ­анын айтты. Жұмекең екен. Көп кешікпей тағы телефон соқ­ты.

– Не болды? – деді. – Сіздікінен, біздікі кем бола қ­оймас, Жұмеке, – дедім әзілге басып. – Не, сені де жұмыстан босатты ма? – Партиядан да босадық­. – Не дейді, сұмдық­ қ­ой бұл! Ол кезде партиядан шығарылу – қ­ызметтен босаудан әлдеқ­айда қ­атаң жаза. – Түк етпейді, Жұмеке! Екі қ­олға бір күрек табылар. Шешеміз бізді тек редактор болсын деп таппаған шығар, – дедім мен бір жағы Жұмекеңнің де көңіл күйін көтеруді ойлап. – Әй, Мәке, сен маладессің. Осылай еңсеңді түсірме. Жабырқ­ап, жылағаннан пайда жоқ­. Құда қ­аласа, әлі жақ­сылық­ты көреміз. Сол бір қ­иындау кезде тағдырлас болған («коллега по несчастью» деп күлетінбіз) Жұмағали ағамыздың демеуін көп көрдік. Үнемі хабарласып тұратын. Ғылыми ортада үлкен беделі бар ағамызға жұмыс оңайырақ­ табылды. Маған қ­иындау соқ­ты. «Идеологиялық­ жұмыстың маңына жолатылмасын» деген Колбиннің нұсқ­ауын басқ­аларға алдымен өзім жеткіземін, сонан соң зияным тиіп кетпесін деп, жолдас-жораға салмақ­ та салмаймын. Қолдан келер техникалық­ жұмыстың біразға дейін реті келмей жүрді. Ақ­ыры Қаскелең қ­аласынан аудандық­ газеттің корректоры қ­ызметі табылды. Күн сайын барып-келіп жұмыс істеуге тура келеді. – Оу, мынау сонда қ­алай болды, облыстық­ газеттің бас редакторынан аудандық­ газеттің корректорына жіберу деген не сұмдық­! – деп кейіді Жұмағали ағам. – Обкомдағылар не ойлайды? Кадрды осылай пайдаланушы ма еді! Идеология жөніндегі хатшысы кім еді? – Мәскеуде бірге оқ­ыған курстасым... – Ойпырмай-ай! Ұялмай ма өздері... – Жұмеке, мен қ­у адаммын, – деп әңгімені тағы да әзілге айналдырдым. – Осы жұмысты жақ­сылап атқ­арамын да, жақ­- сы мінездеме алып, ертең партиялығымды орнына келтірем. – Жарайды, оларға өкпелегеннен не пайда. Оларға бас-

қ­аның тағдыры ойыншық­тай көрінеді. Және өздерін коммунист санайды! Ал, Мәке, маған сенің оптимистік көңіл күйің ұнайды. Аман болайық­шы. Қалғанын көре жатармыз... Расында, арада бір жыл өткен соң, ауданнан жұмысым жөнінде жағымды мінездеме алып келіп, Орталық­ Комитетке партиялығымды қ­алпына келтіру жөнінде арыз жаздым. Өтінішім қ­абылданды, қ­айтадан коммунист болдық­. Бірақ­ бұл кезде партияның беделі де біршама бәсеңдеген. Сөйтсе де бұл маған деген саяси сенімсіздіктен қ­ұтқ­арды. Соның арқ­асында өзімнің негізгі журналистік еңбек жолым өткен «Социалистік Қазақ­стан» (бүгінгі «Егемен Қазақ­стан») газетіне оралдым. Бұрын өзім жауапты хатшы болған газетке жай техникалық­ қ­ызметкер болып қ­абылданғанға да қ­уанатын заман еді ғой ол. Ашаршылық­та жеген қ­ұйқ­аның дәмі ауыздан кетпейді дегендей, қ­иындық­та танысқ­анымыз бізді жақ­сы жақ­ындастырып жіберді. Жұмекеңмен ағалы-інідей болдық­ деп, тым көпіршітпеген күннің өзінде, отбастарымыз болып араласқ­андарымыз біраз жайды аңғартады. Бұрыннан менің сыйластық­та болған біраз ағаларым мен Жұмекеңнің жақ­ындығы бұған тіпті айтарлық­тай ық­пал етті. Айталық­, Тауман Амандосов, Оразай Батырбеков, Шерияздан Елеукенов ағаларыммен бұл кісі бір «колхозда» болыпты. Олардың бір-бірлері туралы қ­алжыңдарын естіп, көңіл оларға жақ­ындай түсер еді. Әрине, біздің журналистік қ­ызметіміз де әрқ­ашан бізді жақ­ындататын. Жұмекең ғылыми мекемеде жұмыс істесе де, журналистикадан мүлде қ­ол үзе қ­ойған жоқ­. Әлемде, елімізде болып жатқ­ан саяси оқ­иғаларға байланысты көсемсөздік мақ­алалар жазғанға өзі де қ­ұлық­ты болды-ау шамасы, редакция басшылығы, біздің тарапымыздан тапсырыс берілсе, барынша шұғыл түрде тап-тұйнақ­тай етіп орындап тастайтын. Және де, баспасөзде жұмыс істеген адам ғой, сапасы өз алдына, техникалық­ тұрғыда типографияға жібере салатындай етер еді. Рас, кейде, бір шұғыл шаруадан қ­олы босамай жатқ­анын алға тосып, алдымен бас тартар еді, сонда

біз қ­улық­қ­а басып, бізге материалды шұғыл да және жоғары деңгейде жазып беретін адам керек болып тұр дейтінбіз. «Сендер мені жорта мақ­тап, оп-оңай алдай салғыларың келеді ғой, жарайды, алданған бола қ­ояйын, ертең электропошталарыңа салам» дер еді. Жұмекең ешқ­ашан да сөзін жұтқ­ан емес. Өзінен кіші біздерге ағалық­ көңілін білдіріп жүрер еді. Мемлекеттік сыйлық­қ­а Сәкен Иманасовты іліндірмегенде, әжептеуір реніш білдіргені бар. «Ең қ­иыны – одан көш кейіндер алып жатқ­анда, азаматқ­а ауыр тиеді ғой» деп қ­ынжылған. Тағы бірде сол Сәкеңнің газетте өлеңдер циклі жарияланғанда, «Көрдің бе, бұл ірі сөйлейді, бұл басқ­алардың, мық­тымын деп жүргендердің көбінің қ­олынан келмейді!» деп риза болатын. «Анау батыр қ­азақ­қ­а «Парасатты» беріп дұрыс жасады» деп Нұрмаханды наградтағанда қ­уанған. Бірде газеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен мақ­аласы жарияланып, сонда баяғы Желтоқ­сан оқ­иғасына байланысты сотталғандардың суретін жариялағаны үшін жаза алған журналисттердің аты аталғанда, қ­алай болғанын кім білген, сонда менің атым түсіп қ­алыпты. Жұмекең кәдімгідей ренжіді: «Сонда жаза алған төртеудің ішінде ең ауыр жаза саған тиіп еді, партиядан шық­қ­ан жалғыз сенсің. Бірінші сенің атың аталуы керек еді ғой!» – десе де, өзі жұбату айтқ­ан. – Бұл сол фактіні Нұрекеңе ұсынғандардың қ­ателігі ғой». Солай деп қ­ана қ­оймай, Президент кеңсесіне де хабарласқ­аны бар. Ондағылар Жұмекеңнің болжамын растапты, әбестік болыпты, кейін ескеріледі депті. Әңгіме Жұмекеңнің соған мән беріп, өзінше қ­амқ­орлық­ білдіргенінде ғой. Алғашқ­ы кездерде Желтоқ­сан оқ­иғасына қ­атысты жаза көргендер қ­атарында Жұмекең екеуіміз бірге жүрдік. Әр жерге шақ­ыратын, бірге баратынбыз. Құрмет көрсететін. Кейінірек ол саябырлағанда, Жұмекең бір жағы таңданып, оған күле қ­арайтын. – Жаңа батырлар шық­ты, ескілері ұмытылуға тиіс қ­ой, – деймін мен. – Расында солай болып тұрған сияқ­ты. Естуімше, сол Желтоқ­сан оқ­иғасына қ­атысты қ­азір батыр да көп, онға тар-

та ұйым бар көрінеді. Бәрі өздерінше. Бірін-бірі мойындамайды екен... – Дегенде, Жұмеке, сіз Желтоқ­сан оқ­иғасына байланысты жазаланғаныңызға әсте де өкінбегеніңіз жөн, – деймін мен тағы да ағама қ­алжыңдап. – Егер Колбин қ­ызметіңізден алмағанда уақ­ытыңыз әкімшілік жұмыспен кетіп, ғылымдағы біраз ісіңізді тындыра алмауыңыз мүмкін еді ғой. Тіпті онда мемлекеттік сыйлық­ алмауыңыз да ық­тимал еді. – Дегенде, сөзіңнің жаны бар. Орыста «Не было счастья, да несчастье помогло» деген мақ­ал бар. Расында, әкімшілік жұмыс біраз уақ­ытыңды жейді. Пендешілікпен сол әкімшілік жұмысты да жек көрмейміз ғой бірақ­... Жұмекең уақ­ытын керемет қ­адірлейтін. Оны біз ағамызға көсемсөздік мақ­ала жазуға тапсырыс бергенде аңғаратынбыз. Біздің көңліміз қ­алмасын дейтін болар, алдағы екі күнде, бір аптада бітіретін қ­ыруар жұмысы барлығын айтатын. Және соның бәрін қ­ысқ­а мерзімде бітіретінін айтсаңызшы! Қатқ­абат жұмысты қ­атар алып жүретін. Ғылыми жұмыстары өз алдына, өмірінің соңғы кезінде қ­аншама аударма жасады! Және қ­алай жасайтын! Жұрт мық­тыны жақ­сы көреді ғой, Жұмекеңе аудартқ­ысы келетін. Николай Анастасьевтің Мұхтар Әуезов туралы кітабының алғы сөзін газетке арнап қ­ысқ­а мерзімде аудару керек болғанда, Жұмекеңнің шеберлігіне ғана емес-ау, еңбекқ­орлығына таң қ­алғанымыз бар. Айта берсек, аға туралы әңгіме көп. Есімізге көп нәрсе түседі. Бәрін айта берудің де жөнін таппайсың. Саған соншалық­ты мәнді көрінгенмен, басқ­аларға қ­алай әсер етеді деп, тартыншақ­тайсың. Жұмекең өткенде, біз жақ­ын адамымыздан айырылып, көңіліміз қ­атты қ­ұлазыды. Жоқ­таймыз. Іздейміз. Оның жымиып, күлімсіреп тұрған бейнесі ұмытылмайды.

Қойшығара СаЛғаРұЛы, жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты үзДІК үЛгІ Рухани кемелденудің жолы да, жөні де, тетіктері де алуан түрлі. Солардың ішінде шығармашыл тұлғалардың тындырған істерін дер кезінде лайық­ты бағалап, жеткен жетістіктерін дәл парақ­тап отурудың мән-маңызы айрық­ша зор. Түптеп келгенде, қ­оғамдық­ ой-сананың шыңдала толысуы да осыған байланысты. Мұндай ойдың жосығын филология ғылымдарының докторы, Меммлекеттік сыйлық­тың лауреаты, профессор Жұмағали Ысмағұловқ­а қ­атысты айтуға әбден болады. Жұмекең сарабдал әдебиетші, саңлақ­ аудармашы, майталман журналист ретінде отандық­ руханиятқ­а қ­алтқ­ысыз қ­ызмет етіп келе жатқ­ан көрнекті тұлға. Осындайда өткен өмірдің қ­илы сәттері санаңда жаңғырып, есіңе түсіп, тіптен, сезіміңді тербейтіні бар. Әйгілі Желтоқ­сан оқ­иғасынан кейін басталған жазалау науқ­анында талайдың жүген-ноқ­тасы сыпырылып, қ­ызметтерінен босап жүрген кез болатын. Жұмыссыз жүрген үш-төрт жігіт үздік-создық­ келіп, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтынан орын тапқ­анбыз. Бұған дейін бірімізді Қазақ­ ақ­парат агенттігінің директоры, бірімізді “Білім және еңбек” журналының редакторы, енді бірімізді қ­азақ­ баспасөзінің қ­арашаңырағы “Социалистік Қазақ­стан” газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі дәрежесіне жеткізген журналист мамандығымыздан енді қ­айыр болмай, қ­аламгерлігімізді бетке ұстап, институт қ­абырғасын паналағанбыз. Бәріміз де Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесіміз. Арамыздағы жасы үлкеніміз де, ғылыми атағы барымыз да – Жұмекең, Жұмағали Ысмағүлов. Бұрын бірге қ­ызмет істеп, етене араластығымыз болмағанымен, сырттай республикадағы танымал журналист, көсемсөздің

майталман шебері, тамаша аудамашы ретінде танып, жазғансызғандарын қ­алыс қ­алдырмай оқ­ып жүретін әріптес ағаны іштей қ­ұрмет тұтатынбыз, қ­адірлейтінбіз. Міне, тағдыр айдап, осы Жұмекеңмен енді бір шаңырақ­тың астында бірге қ­ызмет істейміз. Бір-бірімізге іш тартып, кездескен жерде шүйіркелесеп, әңгімелесіп қ­аламыз. Жұмекең әдебиет институтына Жеотоқ­сан оқ­иғасына қ­атысты қ­уғын-сүргіннің алғашқ­ы “соқ­қ­ысыны” ұшырап, ҚазТАГ-тың директорлығынан “қ­уылғаннан” кейін келген. Осы Әдебиет институтының Қазақ­ кеңес әдебиеті бөлімінде уақ­ытша ғылыми қ­ызметкер. Жалпы, бұл кісінің ҚазТАГ-тың директорлығына келуі де, кетуі де “қ­ызық­”, тосындық­қ­а толы. Былай алғанда, адам тағдыры ойыншық­қ­а айналған тоталитарлық­ жүйеде солайболуы заңдылық­ та сияқ­ты. Алдымен 1982 жылы көктемде күтпеген жерден ҚазТАГ-тың директоры Кәкімжан Қазыбаев Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ Комитетінің хатшысы болып сайланады. Білетіндердің айтуынша, хатшы болатынын Кәкімжанның өзі де тек Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың қ­абылдауына шақ­ырылып барғанда бір-ақ­ білген секілді. К.Қазыбаев өзінің орнына бұған дейін осы агенттікте директордың орынбасары қ­ызметін атқ­арып жүрген Ж.Ысмағүловты ұсынады. Сөйтіп, сол кездегі тәртіп бойынша ол коммунистік партия одақ­тық­ және республикалық­ орталық­ комитеттері басшыларының және ҚазТАГ-тың тікелей бағынатын мекемесі ТАСС директорының қ­абылдауында болып, жан-жақ­ты тексеріс, сынақ­тын өтіп, бәрінің ортақ­ бір келісіміне ие болғаннан кейін Қазақ­стан Компартиясы орталық­ комитетінің бюросы оны Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақ­парат агенттігінің (ҚазТАГ-тың) директоры етіп бекітеді. Бұл кез одақ­тық­ үкіметтің қ­аулысымен дүние жүзіне әйгілі ТАСС агенттігінің жалпы жұмысына, ішкі қ­ұрылымы мен ұйымдық­ мәртебесіне елеулі өзгерістер енгізіліп, одақ­ көлеміндегі баспасөз жүйесіндегі ортақ­ ақ­параттық­ қ­ызметтің бірден-бір орталығына айналған тұсы болатын.

Осыған байланысты одақ­тас республикалардағы бұрынғы телеграф агенттіктері де қ­айта қ­ұрылып, бұрынғыдай емес, елдің рухани өміріндегі олардың рөлі арттырылып, мәртебесі ресми түрде министрліктер мен мемлекеттік комитеттер дәрежесіне көтерілген. Ж. Ысмағұлов жұмысты агенттіктің осы жаңа дәрежесіне сай ұйымдастыруға бар күшін салады. Соған орай аз уақ­ыт - тың ішінде ҚазТАГ-тың республика ішіндегі беделі күшейіп, ТАСС алдындағы абыройы артады, басқ­а республикалардың ақ­парат агенттіктерімен шығармашылық­-өндірістік байланыс өрістері кеңейеді. Атқ­арған еңбек ақ­талып, Жұмекең көп ұзамай Қазақ­ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. Қазақ­стан компартиясының XVI съезіне делегат болып, сол съезде Қазақ­стан компартиясы Орталық­ Комитетінің мүшелігіне кандидат болады. Сондай-ақ­, «Құрмет белгісі», «Халық­тар достығы» ордендерімен марапатталады. Осылайша марапат пен мақ­таудың бесігінде тербеліп, айдарынан жел есіп тұрған ҚазТАГ-тың мақ­таулы директорын ойда жоқ­та бір-ақ­ күнде Қазақ­стан компартиясы орталық­ комитетінің кезектен тыс бюросының және Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесінің арнайы қ­аулыларымен орнынан алады да тастайды. Тағылған айып, таңылған кінә – бар болғаны газеттерге Желтоқ­сан оқ­иғасына қ­атысқ­ан қ­азақ­ жастарын жазалау жөніндегі сот мәжілісінен берілген хабармен бірге, ҚазТАГтың суреті басылғаны. Сот залынан түсірілген осы суретте айыпталушы Қайрат Рысқ­ұлбеков пен оның төрт серігінің кеуделерін кере, еңселерін тік ұстап, сотқ­а қ­ырандай шүйіле қ­арап тұрған сәті берілген. Фотосуреттегі бес жігіттің де айбары асқ­ақ­, рухы биік, бейне айыпталушылар емес, керісінше, әділетсіз сотқ­а, қ­иянатшыл тоталитарлық­ жүйеге өздері үкім шығарып тұрғандай әсер береді. Өзіміздің де кезінде сондай әсерде болғанымыз әлі күнге есімізде. Қаулыда осы суретке «Ұлттық­ қ­атынастарда қ­олайсыз жағдайлар туғызуы ық­тимал» деген саяси баға беріліп, оны жариялаған газет редакторлары мен фотоны баспасөз бетінде жариялауға жіберген ҚазТАГ директоры «саяси қ­ырағылық­ таныта

алмағандар» ретінде танылып, дереу орындарынан алынып, бәрі партиялық­ қ­атаң жазаға тартылады. Сөйтіп, заң бойынша атқ­аруға тиісті жұмыстарын сол заң аясында уақ­тылы атқ­арғандары үшін жазаланады. Бұрын діндар ақ­сақ­алдардың «адамның басы – Алланың добы» деп отыратынын естуші едік, солар айтқ­андай, азаматтың тағдыры партияның ойыншығына айналған бір заман еді ғой. Жұмекең осындай жазық­сыз жазаланып, жапа шеккен күннің өзінде де басына түскен ауыртпашылық­ты сыртқ­а сездірмей, бейне ештеме болмағандай, аса бір қ­айраттылық­ танытып, байырғы қ­алпын сақ­тай білді. Сол кезде алпысты алқ­ымдап қ­алған оған осының бәрі оңай соқ­пағанын жанындағы інілері біздер жете сезінетінбіз. Сол себепті де реті келген тұстарда көңлін аулауға тырысатынбыз. Сондай кездерде өмір тәжірибесі мол, салмақ­ты сабыр иесі Жұмекең өзгелердей күйіп-піспей, әңгіме тақ­ырыбын өзіне аударып, бізді келелі ойға жетелейтін. – Жігіттер, мені қ­айтесіңдер, біздің бас не көрмеген бас, онан да ана жастарды айтсаңдаршы. Соларға обал болды ғой. Алаңда қ­ызыл қ­анға боялған қ­ыршын жастардың жан айқ­айы әлі қ­ұлағымнан кетпейді. Дулат ақ­ын айтқ­андай, «ұйқ­ы беріп, қ­айғы алған» заман болды ғой. Халқ­ымызға, ұлтымызға қ­андай қ­иянат жасалды десеңші. Амал не, тағдырдың бұл да бір жазуы шығар, зауалсыз кетер деймісің, күтеміз де ақ­ырын, – дейтін ондайда соңғы сөзіне салмақ­ дарыта ауыр күрсініп. Әдебиет институтына келгеннен соң жұмыс бабымен жиі араласу барысында Жұмекеңнің өткен өмір жолының бұралаңы мол, соқ­тық­палы соқ­пақ­тарынан азды-көпті хабардар болып қ­алғанбыз. Сондық­тан да оның жаңағы «Біздің бас не көрмеген бас» деуінің де мәнін қ­алтқ­ысыз түсініп және онысының шындық­ екенін үнсіз мойындап, Жұмекең басынан кешкен өзіміз білетін қ­иындық­тарға ой жүгіртеміз. Расында да Жұмекең қ­азақ­ жеріне «бостандық­», «теңдік» ұранын ту етіп көтеріп келіп, кейін көз көріп, қ­ұлақ­ естіміген сұрапыл қ­ырғынды қ­олдан ұйымдастырған Қызыл империяның қ­иянатты тірлігінің зардабы мен бейнетін бала кезінен бастап бір кісідей-ақ­ көрген адам. Ол жарық­ дүние

есігін ашқ­ан 1928 жылы қ­азақ­ байларының мал-мүлкі тәркіленіп, онымен қ­оймай іле жер аудару науқ­аны басталады. Соған ілесе келесі жылы қ­азақ­ қ­ауымының күнкөрісінің бірден-бір көзі – малын тігерге тұяқ­ қ­алдырмай зорлық­пен тартып алып, жер-жерде жаппай ұжымдастыру (колхоздастыру) науқ­аны жүргізіледі. Жұмағалидың әкесі Ысмағұлдың екі ағасы Қабдолла мен Жаһуда «байдың тұқ­ымы» деген айыппен ұжымшарға қ­абылданбай, қ­уғынға ұшырайды. Елде аштық­ басталады. Аштық­ тауқ­ыметі мен кім көрінгеннің «байдың тұқ­ымы» деген көзтүрткі қ­орлығына шыдай алмаған Қабдолла мен Жаһуда бір түнде Ресейдің Челябі қ­аласының маңында тұратын нағашыларына қ­ашып кетеді. Жас балалары бар Ысмағұл болса ағаларына ере алмай, амалсыз ауылда қ­алады. Әкесінің көзін көрген, жақ­сылығын көрген адамдардың көмегімен, орайын тауып, орта шаруа ретінде колхозға енеді. Бірақ­ одан жағдайы жақ­сармайды. Аштық­ меңдетіп, күнкөріс қ­иындай түседі. Көп ұзамай күні кеше дәулеті шалқ­ып, сүттей ұйып отырған бір рулы ел жапай аштық­қ­а ұрынып, қ­олдан қ­ұрған колхозы қ­ұлап, күндік қ­орек іздеп, әрқ­айсысы беті ауған жақ­қ­а қ­аңғып кетеді. Қайда барып, қ­алай күн көрерін білмеген Ысмағұлдың отбасы қ­ара жұртта жалғыз үй қ­алады. – Менің төрт жасар шамасындағы кезім ғой. Басқ­а түскен ауыртпалық­ты өзімше сезінгенмен, ата-анам тартқ­ан тауқ­ыметтің бәрін біле бермеймін, – дейді сол бір ауыр күндерді еске алған Жұмекеңнің өзі. – Тек мына бір жәйт бейне тасқ­а қ­ашалған суреттей жадымда сақ­талып қ­алыпты. Әлі күнге көз алдымда. Шамасы сол колхоз қ­ұрылардың алды болса керек. Бір күні біздің үйдегі үлкендер: «Ойбай, белсенділер келе жатыр. Ішінде Сәсәмбет пен Шолпан бар», – деп әбігерге түсті де қ­алды. Сөйткенше болған жоқ­ үйге сау етіп бір топ адам кіріп келді де, баса-көктеп үй ішін тінте бастады. Жер еденді көсеумен ұрғылап жүріп, бір кезде ауыз үйдегі қ­азандық­тың түбін күрекпен қ­азып, астындағы ұрадан ағаш жәшік ішіндегі жарты қ­ап бидайды алып шық­ты. Тінтушілердің біреуі әкеме жекіп бірдемелерді айтты да, әлгі жарты қ­ап бидайды алып кетті. Әкеме айқ­айлап,

әкіреңдегеннің көп сөзінің ішінде: «контра... түрмеде шірітем» дегені жадымда жатталып қ­алыпты. Әжем мен шешемнің қ­осыла дауыс шығарып, Сәмәмбет пен Шолпанды қ­арғап: «Балаларға енді нені қ­орек қ­ыламыз, аштан өлетін болды-ау», – деп жылағандары да сол күйі көз алдымда. Кейін ес кіре біз көрген аштық­тың бүкіл Қазақ­станды қ­амтып, миллиондаған қ­азақ­тың басын жұтқ­анын білдік қ­ой. Аштық­ туралы сөз болса, әлі күнге әжем мен шешемнің сондағы дауыс қ­ылып жылаған зарлы үні сол күйі қ­ұлағыма келеді. Әр үйдің өзек жалғар соңғы талшығын тартып алып жүрген Сәмәмбеттер мен Шолпандардың сұсты бейнелері елестейді. Сәбилік санасында сартап болып сақ­талған осындай сұрапыл сұмдық­тар тізбегі жадында жаңғырған Жұмекең мұндай сәттерде алқ­ымына ащы өксік тығылғандай қ­инала жұтынып, үнсіз отырып қ­алады. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының нәубеті жөнінде естігеніміз бен оқ­ығандарымызды жадымызда жаңғыртып, қ­азақ­ халқ­ы тартқ­ан қ­асіреттің салмағын бар болмысымызбен сезінген біз де ондайда Жұмекеңмен бірге толқ­ып, бірге тебіренеміз. Өзіміз көрмегенмен, бала кезімізден ата-анамыздан естіп өскен таныс жағдай, таныс сурет. Өйткені, бұл нәубеттен аман қ­алған бірде-бір қ­азақ­ отбасы жоқ­. Соңғы талшығын тартып алып, аштан қ­ырылуға мәжбүрлеген әр ауылдың әсіре белсенді өз сәмәмбеттері мен шолпандары болғаны да шындық­. Жоқ­тық­ пен бейнет адамды ерте есейтеді ғой. Жұмекең де тым ерте есейіп, алты жасында тетелес өскен екі ағасымен бірге орыс мұжық­тарының үйіне жалданып, күнкөрістік қ­орек табуға кірісіпті. Оған жалғыз асыраушылары – әкесі Ысмағұлдың аяқ­ астынан түрмеге түскені себеп болған. Оқ­иға былай болады. Өңештен өтетіннің бәрі желініп, үйде татар дәм қ­алмағанын көрген Ысмағұл отағасы қ­уаты барда соңғы үміті – әйелі мен шешесі келін болып түскенде жасауымен келген заттардың ішінде сақ­талып қ­алған алтын сырға, күміс білезік секілді асыл бұйымдарды азық­-түлікке айырбастап әкелу үшін үлкен ұлы Әміржанды қ­асына ертіп, орыстардың тұрмысы жақ­сы дегенді естіп, өздеріне көршілес

Қорған облысының «Звериноголовское» селосына кетеді. Сонда базарға шығып, үй аралап, қ­олындағы заттарын сатып жүрген Ысмағұлды милиция ұстап алып, түрмеге қ­амап тастайды. Қолынан келер қ­айраны жоқ­ қ­аршадай Әміржан екі-үш күн түрмені сырттай күзетіп, ақ­ыры әкесін босатпасын біліп, жылап-жылап үйге қ­айтады. Абақ­тыда сотсыз, тергеусіз айлап жатып қ­алған қ­азақ­тар көбейіп кеткеннен кейін, оларды қ­ызыл вагонға тиеп, бір түнде Қазақ­станның бір жеріне айдап жібереді. Қазақ­станның қ­ай жеріне жіберді, оны және ешкім айтпайды. – Сөйтіп, әкеміздің қ­айда кеткенін біле алмай, жат жерде қ­аңғырып қ­алдық­. Қайда барарымызды, не істерімізді білмейміз. Күн суытып, қ­ыс түсуге тақ­ап келеді. Баспана да, күнкөрерлік кәсіп те жоқ­. Қатты қ­иналдық­, – дейді Жұмекең өзі сол бір ауыртпалық­ кезді еске алып. Бұл жолы да әжелері ерекше жігерлілік танытып, бір әулеттің жауапкершілігін өз мойнына алып, келіні мен төрт немересін бастап, Селебе (Челябинск) төңірегіндегі төркін жұртын іздеп, жолға шығады. Бірде жаяулап-жалпылап, бірде жүк пойызына жармасып, әйтеуір өлдім-талдым дегенде діттеген жерлеріне жетеді. Сұрастырып жүріп Копейск деген көміршілер қ­аласынан Қамза нағашыларын табады. Қамзаларда да баяғы дәулет жоқ­. Өзі шахтада көмір қ­азады екен. Бір үйлі жан жұмысшы барағында қ­уық­тай тар бір бөлмеде тұрады, жан басына өлшеп берілетін «пәйөкпен» ғана күн көреді. Онсыз да өз отбасы зорға сыйып отырған тар бір бөлмеге енді апасы бастап келген алты адамды паналатудың түк мүмкіндігі жоғын көріп Қамза да қ­атты қ­иналады. Оның үстіне жан басына есептеліп берілетін мардымсыз «пәйөкпен» сырттан қ­осылған алты ауызды асырау да мүмкін емес. Ақ­ыры екі жақ­ ақ­ылдаса келіп, Златоуст қ­аласының қ­асындағы Сатка деген өндіріс орнына «вербовка» арқ­ылы жұмысшы жинап жатыр дегенді естіп, сонда барып, Жұмекеңнің шешесі Күлжау мен ағасы Әміржан соған жазылады. Жол қ­аражатына азын-аулақ­ ақ­ша алып, Златоуст қ­аласына бару үшін бәрі шұбырып Селе-

бе вокзалына келеді. Осы арада «қ­ұдай жарылқ­ап» баяғы Бағланда («Звериноголовское») адасып қ­алған әкелерімен жолығады. Бағлан түрмесінен айдалып, қ­ызыл вагонға тиелген қ­азақ­тарды Қазақ­станның әр түрмесіне таратқ­анда, Ысмағұл отағасының еншісіне Қостанай облысының Меңдіғара ауданының орталығы Бурабай селосы тиіпті. Осында ешқ­андай қ­ылмысы жоқ­ болғандық­тан, оны босатып жіберген. Бостандық­ алысымен бала-шағасын іздеген Ысекең бірден Бағланға тартады. Бірақ­ онда оларды таба алмайды. Содан бірден бірге сұрау салып жүріп, осы Селебе вокзалына келіп жеткен беті екен. Отағасының орталарына оралуы отбасына рухани қ­уат беріп, өмірлері жандана бастайды. Ысмағұл отағасы үлкен баласы Әміржанды ертіп, әйелінің орнына өзі шахтаға түсді. Әкелі-балалы екеуінің табысы тұрмыстарына өң бере түседі. Сол жылы Жұмекең өзінен екі жас үлкен ағасы Мұхтармен бірге мектепке барып, екеуі бірінші сыныпта бір партада отырып, бірге әліппе бетін ашады. Қаршадайларынан бейнетке жегіліп, тесікөкпе болып өскен әрі туа бітті қ­абілетті балаларға оқ­у онша қ­иындық­қ­а түспейді. Ағайынды екеуі бастауыш мектепті мақ­тау қ­ағазымен бітіріп шығады. Бұлардың жақ­сы оқ­уына Ыбырай Алтынсариннің ізбасары, белгілі аудармашы Бекет Өтетілеуовтің көп көмегі тиеді. Ағайынды екі баланың өз қ­атарларына қ­арағанда бейнетке ерекше төзімділігі мен оқ­уға алғырлығына риза болған ұстаз оларды айрық­ша қ­амқ­орлық­қ­а алып, қ­абілеттерін одан әрі жетілдіре түсулеріне көмектеседі. Алайда осы кезде екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайды күрт өзгертіп, Әулиекөлде ашылғалы тұрған тоғызыншы сынып ашылмай қ­алып, Ысмағұловтардың оқ­уын одан әрі жалғастыруға мүмкіндіктері болмай қ­алады. Тек бүкіл сыныптастары арасынан мектеп дирекциясының күш салуымен 8-ші сыныпты ерекше үздік бітірген Жұмағали ғана Қостанайдағы мұғалімдер институтының жанынан ашылғалы жатқ­ан қ­ысқ­а мерзімді дайындық­ курсына мемлекет есебінен оқ­уға ілігеді. Мұнда ол алты ай бойы же-

делдете оқ­ып, біраз пәннен онжылдық­тың бағдарламасын толық­ өткеннен кейін, институттың физика-математика факультетіне студент болып қ­абылданады. Алайда бұл кезде институттың жағдайы тіпті қ­ұлдырап кеткен еді. Жатақ­ханада от жағылмайды. Асхана жабылып қ­алған. Қысқ­ы жылы киім тағы жоқ­. Қанша тырысқ­анмен ақ­ыры одан әрі шыдауға дәрмені жетпеген Жұмағали жыл аяғына таман оқ­уын тастап, Әулиекөлдегі ата-анасының қ­олына келеді. Қарап отыруға болмайды, келе жұмыс іздейді. Тап сол кезде орыс тілінде шығып тұрған аудандық­ газет жабылып, оның орнына қ­азақ­ша шығатын болыпты. Газет редакциясы да, баспаханасы да сауатты адамға зәру. Оқ­ыған, білімді азаматтардың бәрі майданға кеткен. Осындай қ­иын шақ­та жұмыс іздеп келген студент Жұмағалиды газеттің баспаханасы әріп теруші етіп қ­уана қ­абылдайды. Осылайша әлі он бес жасқ­а толмаған Жұмағалидың үлкен журналистикаға апарар ресми еңбек жолы басталады. Әріп терушілікті тез меңгеріп кеткен ол уақ­ыт тауып, газет редакциясының ішкі жұмысына да араласып, өз бетінше хат қ­орытып, хабар жаза бастайды. Редакцияның қ­оғамдық­ жұмысына белсене араласады. Жасы он беске толысымен оны комсомол қ­атарына қ­абылдайды. Сол жылы, яғни 1943 жылдың 1-қ­ыркүйегінде «Сталин жолы» деп аталатын Семиозер (қ­азіргі Әулиекөл) аудандық­ газеті редакциясының жауапты хатшысы болып бекітіледі. Газет редакторы атақ­ты халық­ батыры Амангелді Имановтың інісінің баласы Бақ­ыт Иманов деген кісі екен. КИЖ-ді бітірген, республикалық­ балалар баспасөзінде біраз жыл қ­ызмет істеген, газет жұмысын жақ­сы білетін осы кісі Жұмағалидың қ­аламының төселіп, жазу-сызуға машық­тануына көп ық­пал жасайды. Жұмыстан қ­олдары босаған сәтте атасы Амангелді туралы «Батырдың балалық­ шағы» деген романын Жұмағалиға өзі ауызша айтып отырып жаздырады. Жұмағалидың сауаттылығына, іске тиянақ­тылығына аса риза болған редакторы оның арқ­асынан қ­ағып, «Балам, осы шығарма түбі іс болып шық­са, бір жерінде сенің де атыңды жазып қ­оямын», – деп ынталандырып та қ­ояды екен.

Осылай күндіз газеттің жұмысын, түнде редакторының романын жазысып жүрген күндердің бірінде, дәлірек айтқ­анда 1944 жылдың қ­ыркүйек айында Амангелді Имановтың қ­аза болғанына 25 жыл толуына арналған жиналысқ­а қ­атысу үшін Әліби Жангелдин Алматыдан Қостанайға келеді. Жұмағалидың редакторы Бақ­ыт Иманов облыс орталығынан Амангелді ауданына кетіп бара жатып жолай Әулиекөлге соқ­қ­ан осы Әлекеңнің, Әліби Жангелдиннің машинасына мініп: «Балам, газетті өзің шығара бер. Ал аман болдан» басқ­а сөз айтпай кетіп қ­алады. Ол кісі сол кеткеннен мол кетіп, біржола оралмай қ­ояды. Сөйтіп, екі беттік аудандық­ газетті он бес жасар Жұмағалидың бір өзі шығаруына тура келеді. Бақ­ыт Имановтың оралуынан күдер үзген аудан басшылары оның орнына көп оқ­уы жоқ­, бірақ­ тәжірибеде ысылған Дияр Нұрымов деген кісіні редактор етіп бекітеді. Бұл редакторы бұрынғы редакторындай емес, шаруға мығым кісі болады. Жолын тауып, редакцияға бір ат алдырады. Соның арқ­асында бұрынғыдай жаяулап-жалпыламай, шаруашылық­тарды атпен аралап, жедел материал ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Отын-суы ерте қ­амдалғандық­тан, редакция үйінің қ­абырғалары бұрынғыдай қ­ысты күні қ­ырауытпайтын дәрежеге жетеді. Бірақ­ оның есесіне бұл бастығы Бақ­ыт Имановтай емес, райкомнан кім телефон шалса да соған мақ­ұл деп, солардың жұмсаған жағына кете береді екен. Ауыл шаруашылығының таусылмайтын науқ­анының қ­ай-қ­айсысынан да қ­алмай, редакторлық­ты жауып қ­ойып, райкомның тұрақ­ты өкілі ретінде апталап, айлап шаруашылық­тарда жүреді. Көбіне газетті Жұмағалидың бір өзі шығаруына тура келеді. Басқ­а қ­ызметкер жоқ­. Бәрінен де қ­иыны, осындай бейнетпен дайындалған газетке «редактордың міндетін уақ­ытша атқ­арушы» деп райкомның бір қ­ызметкерінің қ­олын қ­ойғызу болады. Өйткені, райкомда қ­азақ­ қ­ызметкерлері аз және олар да көбіне өз редакторы сияқ­ты арнаулы тапсырмамен командировкада жүреді. Осындай қ­иындық­тарға қ­арамай, қ­айсарлық­пен табанды еңбек еткенінің арқ­асында кәмелетке толмаған жас

бала үлкен беделге ие болып, ауданның белгілі танымал қ­ызметкеріне айналады. Қоғамдық­ жұмысқ­а белсене араласады. Аудан көлемінде өтетін үлкен жиындарда жастар атынан сөз сөйлеу қ­ұрметі үнемі Жұмағалиға тиеді. Соғыстан кейінгі өткізілген аудан комсомолдарының алғашқ­ы конференциясында аудандық­ комсомол комитетінің бюро мүшесі болып сайланады. Жасы он сегізге толысымен коммунистік партияның мүшелігіне кандидаттық­қ­а қ­абылданады. Сол жылы «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қ­ажырлы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Бұл бүкіл аудан бойынша осындай марапатқ­а лайық­ деп танылған адамдарға берілген отыз медальдің бірі еді. Соғыстың жеңіспен аяқ­талып, майдангерлердің елге оралуы тылдағы ауыр бейнетті арқ­алап жүрген Жұмағали секілді әлі қ­абырғасы қ­атып, бұғанасы бекіп үлгірмеген жастардың аз да болса тыныс алып, өз келешектерін ойлауына мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті пайдаланған Жұмекең де атқ­арып жүрген қ­ызметін тапсырып, Алматыға аттанады. Бұл кезде журналистиканың алғашқ­ы әлпбиін меңгергендей болған ол осы мамандық­ты өмірлік кәсібім деген берік байламға келіп, осы саладан жүйелі білім алуды армандай бастаған еді. Осы арман жетегінде 1946 жылы тамыз айында Қазақ­ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқ­уға түседі. Өзі бірнеше жыл газетте істеп келген әрі партия қ­атарында бар студентті университеттің парткомы да, факультеттің партбюросы да қ­оғамдық­ жұмысқ­а пайдалана бастайды. Қоғамдық­ жұмыста тындырымды, оқ­уда озат, республикалық­ газет-журналдарда жарияланған мақ­алаларымен студенттер арасында кеңінен танылған Ж. Ысмағұлов алғашқ­ы екі курсты бітіргенде университеттегі белгілі адамдардың біріне айналады. Содан да болар, 3курста оқ­ып жүргенде студенттерге «Газеттегі партия тұрмысы бөлімі» деген тақ­ырыпта арнайы курс жүргізіп жүрген республикалық­ партиялық­ журналдың редакторы, тәжірибелі журналист Ахмет Елшібеков оны редакцияға қ­ызметке шақ­ырады, оқ­уына

нұқ­сан келмейтін жағын қ­арастыратынын айтады. Сөйтіп, үшінші курс студенті Ж. Ысмағұлов республикадағы ең беделді журналдың партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болып бекітіледі. Осылайша университеттегі оқ­уын үзбей жалғастыра жүріп, осы жұмысын және университеттің комсомол бюросының идеологиялық­ жұмысын басқ­аратын хатшысы қ­ызметін қ­оса атқ­арады. Қаламы қ­арымды, істе алымды талапты жастың ерекше қ­абілеті жоғары бағаланып, 1951 жылы, университеттегі оқ­уы бітісімен, қ­азан айында өзі қ­ызмет істеп жүрген журналдың жауапты хатшысы және редакция алқ­асының мүшесі етіп бекітіледі, Сөйтіп, ол Қазақ­стан компартиясы Орталық­ Комитетінің номенклатурасына алынады. Бұл сол кездің жағдайында болашағыңды қ­амтамасыз етудің бірденбір кепілі еді. Ол осыдан кейін араға жыл аралатып барып, қ­ызметте жоғарылатылып, Қазақ­стан компартиясы орталық­ комитетінің насихат және үгіт бөлімінде екі тілде ай сайын шығып тұратын «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы болып тағайындалады. Келесі жылы Қазақ­стан компартиясы орталық­ комитетінің өз аппаратына алынып, насихат және үгіт бөлімінің баспасөз секторында нұсқ­аушы болып, жастар баспасөзіне, Қазақ­стан мемлекеттік баспасына, республикалық­ баспалар бас басқ­армасына, радиохабарлар жүйесіне, ҚазТАГ-қ­а, Главлитке және жергілікті жеті облыстың газеттеріне бақ­ылау жүргізеді. Жауапкершілігі мол ауыр жұмыс бұрынғыдай шығармашылық­пен айналысуға мүмкіндік бермей, бірте-бірте өзінің негізгі кәсіби мамандығынан алшақ­тап бара жатқ­анын сезінген Жұмекең 1958 жылы конкурсқ­а қ­атысып, қ­абылдау емтиханынан өтіп келгеннен кейін Қазақ­стан компартиясы орталық­ комитетінің жолдауымен Мәскеуге аттанып, КОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Қоғамдық­ ғылымдар академиясының әдебиет және өнер теориясы кафедрасы бойынша аспирантураға түседі. Бұлар екінші курсты аяқ­тар кезде КОКП Орталық­ Комитетінің қ­аулысымен оқ­у мерзімі

бір жылға қ­ысқ­артылып, бүкіл ел бойынша кандидаттық­ және докторлық­ диссертация қ­орғаудың тәртібі өзгертіледі. Бұрын Қоғамдық­ ғылымдар академиясын бітіретін аспиранттар кандидаттық­ диссертация жазып, соны міндетті түрде қ­орғап кетуге тиісті болса, енді соған бейресми түрде тыйым салынады. Жұмекең осы жаңа талап бойынша «Қазақ­ кеңес әдебиетіндегі ұнамды кейіпкер проблемасы» деген тақ­ырыпта дайын болған ғылыми жұмысын кафедраның ғылыми кеңесіне тапсырып, елге оралады. Осы еңбек кейін, 1963 жылы КОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебі мен Қоғамдық­ ғылымдар академиясының баспасы шығарған «Образ положительного героя в литературе народов СССР» деген жинақ­қ­а енгізілді. Кейінірек жаңа ереже бойынша ол осы тақ­ырыпта Қоғамдық­ ғылымдар академиясының өзінде филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже алу үшін диссертация қ­орғайды. Оның толық­ нұсқ­асы «Облик современника» деген атпен орыс тілінде монография түрінде жарық­ көреді. Қоғамдық­ ғылымдар академиясын бітіріп келген Ж. Ысмағұловты Қазақ­стан компартиясы Орталық­ Комитеті республикалық­ «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бас редакторы етіп бекіткен еді. Соғыстың алдында шығуын тоқ­татқ­ан бұл газет 1955 жылдан бастап қ­айта шыға бастаған болатын. Содан бергі алты жылдың ішінде алты редактор алмастырып үлгерген газет ұжымына редактор болу оңайға түспейді. Арада үш жыл өткенде бұл қ­ызметпен қ­оштасуға тура келеді. Содан Алматы облыстық­ “Жетісу” газетінде істеді, артынан Шығыс Қазақ­стан облыстық­ «Коммунизм туы» газеті редакторының орынбасары етіп жіберіледі де, сол қ­ызметте екі жыл істейді. Содан 1969 жылы қ­ыркүйек айында Қазақ­стан компартиясы Орталық­ Комитеті ғылым және жоғары оқ­у орындары бөлімінің шақ­ыруымен Алматыға қ­айта оралып, Партия тарихы институтында марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі болып тағайындалады. Осында төрт жылға жуық­ еңбек етіп, Қазақ­стан компартиясы Орталық­ Комитеті

секретариатының және Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесінің қ­аулыларымен Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Ақ­парат агенттігінің (ҚазТАГ-тың) директорының орынбасары, кейін оның директоры болып тағайындалады. Жұмекеңнің М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына келуі, шығармашылық­ тұрғыдан алғанда, өмірінің ең бір жемісті жылдары болады. Ол осы жылдары Абайтану саласында өнімді еңбек етіп, «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» деген көлемді монографиясын жарық­қ­а шығарып, «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген тақ­ырыпта докторлық­ диссертация қ­орғайды. Абайдың шығармашылық­ мұрасын зерттеу және насихаттау ісіндегі жемісті еңбегі жоғары бағаланып, ол 1996 жылы Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты атанады. Сондай-ақ­ осы жылдары ол Алаш қ­озғалысының қ­айраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақ­ып Дулатұлының шығармашылық­ мұрасын зерттеуде өнімді еңбегімен көзге түседі. Олар туралы алғашқ­ы зерттеулері «20-30 жылдардағы қ­азақ­ әдебиеті» атты ұжымдық­ монографияға енгізіледі. Міржақ­ыптың 2002–2004 жылдары жарық­ көрген бес томдығының жауапты редакторы болып, сол томдардың кіріспе, қ­ортынды тарауларын және түсініктемелерін жазады. Ұзақ­ жылдар бойы аудармамен айналысқ­ан ағамыздың аударған әдеби-танымдық­ еңбектері, өз заманының айтулы ақ­ын-жазушысы, қ­оғам қ­айраткерлері болған Б. Майлиннің, М. Әуезовтің, С. Мұқ­ановтың, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, Т. Ахтановтың, І. Омаровтың, І. Есенберлиннің, С. Мәуленовтің, Ғ. Қайырбековтің шығармашылығы жөніндегі зерттеулері өз алдына бір төбе, жеке бір әңгіменің арқ­ауы. Жұмағали Ысмағұловтың аудармашылық­ таланты – айрық­ша талант. Оның қ­олынан шық­қ­ан тәржіменің қ­ай-қ­айсысының да тілі татаусыз төгіліп, нағыз қ­азақ­ы қ­айырымқ­ағыстарымен қ­айран қ­алдырады. Әсіресе, Бальзактың «Үзілген үміттерін», Стендальдің «Қызыл мен қ­арасын», Бондаревтің «Жағалауы» мен «Таңдауын» айшық­ты аударуы арқ­ылы қ­аламгер қ­азақ­ тілінің қ­андай классикалық­ туындының да сөз сазын сақ­тап, ішкі иірім-нақ­ыштарын

дәл жеткізіп бере алатын байлығын, оралымдылығын, әуезділігін ашып көрсетті. Көркем аударманы өнер тұтынған қ­ай қ­аламгердің де үйренер үздік үлгілерінің алдыңғы қ­атарында Жұмағали Ысмағұлов тәржімелеген туындылар тұратыны талассыз. Француз классигі Гюгоның көлемді шығармасын біраз уақ­ыттан бері аударып жүрген қ­аламдас, ғалым інілерінің бірі: «Осы жұмысқ­а кірісерде «Қызыл мен қ­араның» қ­азақ­шасын тағы бір рет қ­арап шығып едім, сол заманға сай сөз саптауды дәл ұстағандай болдым», дегені бар. Бұл сөз де біздің айтқ­анымызға тағы бір дәлел. Қызметке ерте араласып, ел басына түскен ауыртпалық­тардың салмағын халқ­ымен бірге көтеріскен Жұмағали ағамыз сол бір қ­иын кезеңдерде талайлардың қ­олтығынан демеп, сүрінгенге сүйеніш, жылағанға жұбаныш болған кездерін ерекше бір мерейлі сезіммен еске алады. Шіркін қ­олдан келгенше адамға жақ­сылық­ жасағанға не жетсін! Адам жанын шынайы қ­уанышқ­а бөлейтін бірден-бір ізгілікті іс қ­ой ол. Қолға тиген азды-көпті биліктің арқ­асында Жұмекең де талай жанға қ­олұшын беріп, көмегін тигізген. Ойлап отырса, әрқ­айсысы бір-бір тарих, күрделі тағдыр. Жақ­сылық­ шапағатын көргендердің арасында тіпті ұлы жазушымыз Ғабит Мүсірепов те бар екен. «Тағдырдың ісіне не шара, өткен ғасырдың отызыншы жылдарының нәубеті кезінде Ғабеңнің де басына қ­ара бұлт үйіріліп, «халық­ жауы» деген айдар тағылып, қ­амауға алынған Бейімбет Майлинді қ­орғаймын деп жазалы болып, партиядан шығарылған. Бірақ­ әупірімдеп абақ­тыдан, атылудан аман қ­алған ғой. Содан 37-жылдың қ­уғын-сүргіні басылысымен, Ғабең партиялылығын қ­алпына келтіру үшін республика басшысы өзгерген сайын арыз жазып, әділеттің орнауын талап етумен келеді екен. Бірақ­ олардың бірде-біреуінен қ­айыр болмай, оның есесіне «ұлтшылдық­» кінәсі жаңа бір «дәлелдермен» толық­тырылып, бұрынғының үстіне жамала берген. – Орталық­ Комитетте істеп жүрген кезім, – дейді бұл ретте Жұмекеңнің өзі сол бір кезді еске алып. – Бір күні насихат бөлімінің меңгерушісі А. Иванов кабинетіне шақ­ырып алып, қ­олыма қ­алың-қ­алың екі папканы және бірнеше ескі басы-

лымдар мен сарғайған газет тігінділерін ұстатты да: «Мына материалдарды мұқ­ият оқ­ып шық­ та, тездетіп анық­тама әзірле», – деп тапсырып, істің мәнісін түсіндірді. Ұқ­қ­аным: Ғ. Мүсіреповтің Қазақ­стан Орталық­ Комитетінің бірінші хатшысы Яковлевтің атына жазған соңғы арызы бойынша бес адамнан арнайы комиссия қ­ұрылған. Сол комиссияға қ­ажетті дәлелі дәйекті, мейлінше әділ анық­тама әзірлеу керек. Мынау маған беріп отырғаны соған қ­атысты жылдар бойы жинақ­талған материалдар. Содан Жұмекең бірнеше күн табан аудармай отырып, бір деректі шашау қ­алдырмай, екі папканы да, буржуазиялық­- ұлтшылдық­ идеяны уағыздады деп айналымнан шығарылып тасталған жазушының көркем шығармаларын да, әр кезеңде газетке жазылған түрлі мақ­алаларды да түгел оқ­ып шығады. Ішінде не жоқ­ дейсіз, көбі жаптым жала, жақ­тым күйе, жазушыға неше түрлі пәлені үйіп-төгіп жаба берген домалақ­ арыздар. Жаның түршігеді. Осыларға сүйеніп жасалған теріс қ­ортынды бұзылмай, сол күйі бізге жеткен. Осының бәріне талдау жасай отырып, адалдық­қ­а, ақ­иқ­атқ­а жүгінген әділ анық­тама жазылады. Бөлім меңгерушісімен келісе отырып, осы мәселеге қ­атысты республиканың ең беделді, атақ­ты адамдарының пікірлері алынып, анық­тамаға қ­оса тіркеледі. Соның нәтижесінде көп ұзамай Орталық­ Комитеттің бюросы Ғабеңнің партиялылығын қ­алпына келтіреді. Бұл кезде талай рет арызданып, ақ­ыры еш нәтиже болмай, біржола үміт үзген Ғабит Мүсіреповтің партиялық­ өтілі сонау алғаш партия қ­атарына енген 1925 жылдан есептеліп, бәрі қ­алпына келтіріледі. Республика жұртшылығына танымал журналист, публицист-жазушы, тамаша аудармашы, белгілі әдебиет зерттеуші ғалым, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұлов ағамыз өмірдің осындай соқ­тық­палы соқ­пақ­ты қ­иын жолдарынан сүрінбей өтіп, сексеннің сеңгіріне жетті Азаматтық­ биігінен төмендемей, кісілік парасатына кір шалдырмай әдемі жетті. Жұмекеңнің мазмұнды да мағыналы өмірі – ұрпақ­қ­а үздік үлгі болар айшық­ты өмір.

Сарбас аҚТаЕв, жазушы,ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері жаҚСыЛаРДыҢ КӨзІ ЕДІ Қылышынанқ­ан сорғалаған сонау қ­ызыл саясаттан сескенбей, сескену тұрсын, тіпті одан айылын да жимай, ойындағысын ірікпей ашық­ айтып өткен арынды да жалынды ақ­ын ағамыз Абдолла Жұмағалиевтың: Бір күн өтсе жылайды екен, Бұрынғының адамы. Өлім даусы келеді деп, Ту көтеріп қ­аралы, – деген жолдары болушы еді. Ұлы Отан соғысының алмағайып шағында ортақ­ елін аман алып қ­алу жолындағы орасан майданда жалын жүрегін ата жаудың төбесінен бомба ғып жарған жауынгер ақ­ын ата-бабаларының уақ­ытты қ­алай бағалағанын қ­андай тамаша бейнелеген десейші! Жалақ­ыға ғана қ­арап отырған біз бейбақ­ тиын-тебеніміз қ­олымызға тезірек тиіп, қ­иыншылық­тан шапшаң шық­сақ­ екен деп жүріп, күннің қ­алай батып, таңның қ­алай атқ­анын да білмей қ­аламыз. Күні кеше жайраң қ­ағып ортамызда жарқ­ылдап жүрген Жұмекеңнің, абзал ағамыз ардақ­ты Жұмағали Ысмағұловтың ортамызды ойсыратып өмірден озғанына да қ­ырық­ күн болып қ­алыпты-ау. Зерделі ғалым, тәлімді журналист, пайымды публицист, айтулы аудармашы, сан қ­ырлы сарабдал ғалым Ж.Ысмағұловтың атына алғаш зер салып, зейін қ­ойғаным 1961 жылдың жазы еді. Ол кезде Көкшетаудың облыстық­ газетінің мәдениет бөлімін басқ­арып жүрген жас әдебиетшімін. Бір күні ертеңгілік «Қазақ­ әдебиеті» газетін қ­олыма алсам, Сәбең, кәдімгі Сәбит Мұқ­анов бастаған редакция алқ­асының мүшелері Хамит Ерғалиев, Мұхамеджан Қаратаев, Сейітжан Омаров, Қуандық­ Шаңғытбаевтардың аты-жөнінен жоғарыда тұрған «редактор Жұмағали Ысмағұлов» деген есімге көзім бірден түсті. Жасыратын несі

бар, республиканың маңдайына басқ­ан жалғыз әдеби газеті – кезінде атақ­-даңқ­ы Одақ­қ­а әйгілі мүйізі қ­арағайдай ақ­ынжазушылар басқ­арған басылымға бұрын әдебиет әлемінде беймәлімдеу біреудің қ­ол қ­ойғанына таңданғаным да анық­. Алматымен, әсіресе, Орталық­ партия комитетінің насихат бөліміндегі жігіттермен азды-көпті байланысы бар редакторымыз Өміржан Оспановтан әдебиет газетінің жаңа басшысы кім екенін сұрауға тура келді. Әдетінше, көзін бір жыпылық­татып алды да: – Мәскеуден Орталық­ партия комитеті жанындағы Қоғамдық­ ғылымдар академиясын бітіріп келіпті ғой. Бұрын насихат бөлімінде нұсқ­аушы болған журналист көрінеді. Орысша, қ­азақ­ша бірдей жазатын публицист дейді, – деп жымиды. – Шамасы, жасы отыздан жаңа асқ­ан жігіт болуы керек. Публицист дегенде елең ете қ­алдым. Публицистиканы онда көсіле сөйлер көсемсөз, серпіле сілтер серкесөз деп қ­ана ұғатын жазған басымыз газетке, әсіресе, оның арнаулы нөмірлеріне қ­ажет желпінте жазар желдірмелерге зәруміз. Барымызды асырып, жоғымызды жасырып, азды-көпті қ­олымыз жеткенді қ­опақ­ардай қ­ып, жер-көкке сыйғызбай мақ­тау салтқ­а айналған кез ғой. Соны кестелі тілмен зерлеп, келістіре көсілтер жергілікті жерде авторлар жоқ­тың қ­асы. Қолқ­а салайын десең, Алматының қ­аламгерлері республикалық­ газеттерден де артылмайды. Сондық­тан бар салмақ­ редакцияның өз қ­ызметкерлеріне түсетін. Сырағаң мен Хамаңның, Ғафудың «СҚ»-да кейде қ­ос белдеуге, кейде жарты бетке жайылып жататын мерекелік толғауларын оқ­ығанда публицистика дегеннің өзі қ­ара сөзбен жазылған жыр екен ғой деп, талай таңдана таңдай қ­ақ­қ­анымыз бар. Әдебиет газетінің жаңа басшысы публицист болса, олқ­ы соқ­пағаны ғой. Содан бастап, оның қ­аламынан шық­қ­ан дүниелерді іздеп жүріп оқ­итын болдым. Алайда оның өзімен жүзбе-жүз кездесіп, ауызба-ауыз сөйлесетін сәт бірден түскен жоқ­. Хас жақ­сының соңынан қ­уалап, қ­ашанда сыпсың сөз жүретін әдеті ғой. Алматыға қ­ызмет бабымен ауысып келгенімде, сол жылбысқ­ы сыпсың

сөздер сүріндіріп, ол «Жетісу – Семиречье» деп екі тілде шығатын облыстық­ газеттің редакциясына бір бөлімге жіберілген екен. Одан облыстық­ газеттерге бас редактордың идеология жөніндегі орынбасары лауазымы берілгенде, астаналық­ газетті қ­имай, Шығыс Қазақ­стан облысындағы сондай орынды ұсыныпты. «Жетісудағы» оған орайластырылып жүрген орынбасарлық­ орын бір жыл бұрын Көкшеден келген маған бұйырды. Жаңа жердің әсері ме, Алтайда Жұмекеңнің жазары көбейді. Ара-тұра су ішкен жерінен сырдақ­сымай, жазғандарын «Жетісу» газетіне де жіберіп тұрды. Кейде мерекелік нөмірлерге өзіміз де публицистика жазып беріңіз деп қ­олқ­а салып жүрдік. Оның осындай бір шалқ­ымасы шық­қ­ан газеттің арнаулы бір санын талқ­ылағанда: – Ақ­ын-жазушылардың барлығы Алматыда жүргенде сонау Өскеменнен көсемсөз алдыратынымыз не? – деп бір қ­аламдасымыз қ­ыңыратқ­ып, бейразы пиғыл танытқ­анда, редактордың бірінші орынбасары, үзеңгілес әріптесім Кәкімжан Қазыбаевтың оны: – Ақ­ын-жазушылар қ­ызыл сөз қ­уалап кетіп, кейде тақ­ырыпты аша алмай қ­алады. Ал Ысмағұлов болса, газетке не керек екенін жақ­сы білетін қ­ағілез қ­аламгер. Және осы саламен бірегей шұғылданып жүрген публицист. Жазғандары қ­ашанда тебіреніске толы, ойы ұшқ­ыр, ұтымды болады. Нанбасаңдар, зейін салып тағы бір оқ­ып шығыңыздар, – деп тойтарып тастағаны бар. Сол Жұмекеңмен өз басым Өскеменнен бір келгенінде Кәкеңнің кабинетінде танысқ­ан едім. – Ә, сырттай білемін, «Көкшетаудың Сарбасы, ақ­ындардың жалғасы» деп Ғафу ағаң айтатын Сарбас сен екенсің ғой, – деп Ғабеңше ыңырана сөйлеп, жылыұшырай қ­арап, жөн-жосығымды сұраған-ды. Біз журналистиканың жуан тобық­ еңбек торысы болсақ­, ол бәйгеге салар сәйгүлік сияқ­ты көрінген сонда маған. Кешегі Қеңес заманындағы қ­ия бастырмас қ­ызыл са-

ясат публицистиканың да аяғын шідерлеп, адымын шектеп отырғаны әмбеге аян. Оның алдында келеңсіздікті көзге шұқ­ып, күрмеуі қ­иын күрделі мәселелерді көтеруден гөрі, жеткен жеңісімізді жер-жаһанға жария етіп, көрген жемісімізді жер-көкке сыйғызбай көпірте көрсету міндетін ғана қ­ойды. Сондық­тан проблемалық­ публицистика деген ілуде бір шаң беретін алатұяқ­ ақ­ қ­арға сияқ­ты көрінді де, қ­аламгерлердің көбі мерекелік, мерейтойлық­ толғаулар мен көсемдердің шашбауын көтеретін шалқ­ымалар жазудан онша асқ­ан жоқ­. Журналист-жазушы Жұмағали Ысмағұлов соның өзінде заман ырқ­ына көнбей, әріптестерінен қ­ұрық­ үзіп ұзап кетті, соны өрістерге жеке-дара шық­ты десек, шындық­қ­а қ­иянат болар еді. Бірақ­ мәселе тыңнан жол тартып, дәйім жаңалық­ ашу емес, бар тақ­ырыптың өзін өзгелерге ұқ­сатпай, өзіндік әр-нақ­ышпен өрнектеп, мәнін аша білуде ғой. Бұған келгенде, Жұмекеңнің тереңдігіне де, кемелдігіне де тәнті боласың. Мәселен, оның жаңа жыл туралы әр жылдары әр газет-журналда жарияланған бірнеше публицистикалық­ толғаулары бар. Ол бұл тақ­ырыптағы жазғандарын әр басылымның бағыт-бағдарына қ­арай түрлендіріп, мың қ­ұбылтып отырады. Мысалға, оның «Аспаннан ақ­ нұр жаусын!» атты толғауын алайық­. Ол былай басталады: «Астана аспаны ақ­қ­ылауланып, көксеңгірдің күміс күмбезінен ақ­ нұр себелейді. Күзгі ылғалдан дертіп бусанған жер-ана торқ­адай топырағын ақ­ ұлпаға қ­ұндақ­тап, бөбегін әлдилеген жас арудай албырайды. Аспан мен жердің арасында айқ­ыш-ұйқ­ыш тартылған ақ­ өрмектей жіңішке ақ­ша қ­ар бағандары жамырай жасырып, көз алдыңда толассыз бұлдырайды… Айналаның бәрі аппақ­. Таңертеңгі тау желінің лебіне бетіңді тосып, кеуде кере дем алсаң, көкірегің көріктей жазылады. «Уф!» десең, жоғарыдан төмен қ­арай қ­ұлаған ақ­- ша қ­ар ақ­ көбелектей қ­анатын қ­ыпылық­татып, алдыңнан ұша жөнеледі». Әдеттегі, көзіміз үйренген сурет дегенмен, оның алғаш жаңа жыл көрінісі екенін білмей де қ­аласың.

Осы арқ­ылы автор оқ­ырманын толғауды түбегейлі зерделеп, түгел оқ­уға шақ­ырғандай. Бұл – Жұмекеңнің ресми газеттердің арасында жаттандылық­қ­а онша бой алдырмай, жаңашылдық­қ­а ерте ден қ­ойған «Жетісуға» жазғаны. Ал партиялық­ бақ­ылаудың қ­ырағы көзінен қ­алт кетпейтін «Қазақ­стан коммунисі» журналына жазған жаңажылдық­ толғауының үні бұдан бөлекше. «– Рахмет саған, жетпіс тоғыз! Халық­тың ескі ұғымында жеті қ­азына саналатын өмір игіліктерін жетпіс есе көбейтіп, ол жасауға орайын тоғыздан тоғытып кеткен жомарт жылға ел алғысы, әлбетте, осылай айтылса керек. – Жарайсың, жақ­сылық­ мерейің мол болған жайсаң жыл, қ­уаныш, қ­ызығың ұзағынан сүйіндіріп, өркенін кеңінен жайып кеткен ырысты жыл! Бұл – біздің жыл сайын әрбір жылдың сыбағасына лайық­тап айтатын кәделі сөзіміз». Партиялық­ қ­алыптан шық­пағанымен, қ­асаңдығы жоқ­, қ­азақ­ылығы мол жолдар емес пе бұл. Осы екі толғаудағы жадыңда жатталып қ­алатын мына бір жолдарға қ­арайламай кете алмайсың. «Жыл он екі ай өмірің жол-жөнекей жүріп өткен ауыл-үйдің арасы емес. Сұрауы мен қ­арызы бар, міндеті мен парызы бар, есесін толтырып есеп берер, емексіп алдан несібе күтер белгілі өмір белесі» немесе «Жүйріктен жүйрік озса жүлде көбейеді, бірақ­ одан бәйге қ­ызығы бәсеңдемейді. Үдере шапқ­ан үрдіс жарыс қ­арқ­ынын хас тұлпарлар қ­ашанда үстемелеп, үдесіп отырады» деген жолдар бастан-аяқ­ кестелі ойлар, дестелі пікірлер емес пе. Бұл – қ­арымды қ­аламнан туатын қ­анатты қ­исындар. Жұмекеңнің тек өзіне ғана тән осындай орамды ойлары, өрнекті пікірлері оның «Ерте тұрған адамның елден ерек риздығы бар. Ерте тұрған адамға еркін көрер қ­ызық­ бар» деп басталатын «Азаттық­. Арман. Ақ­иқ­ат», «Елу жылда – ел жаңа» деген бір ғана халық­ даналығынан қ­ыруар ой өрбітіп, ұланғайыр еліміздің арғы-бергі тарихын алға жайып салатын «Менің Республикам» сияқ­ты мерекелік толғауларында да аз

ұшыраспайды. Айтқ­андай, осы соңғы публицистика «Социалистік Қазақ­стан» газетінің алпыс жетінші жылғы бәйгесіне ие болған-ды. Жұмекеңнің оқ­ырмандарын алғаш елең еткізіп, дарынды публицист екенін танытқ­ан «Қазақ­ әдебиеті» газетінде елу жетінші жылы жарияланған «Өмір жұлдызы біздің аспанда» атты публицистика да осылардай мерекелік толғау болатын. Жас публицистің өзгеге ұқ­самайтын өзіндік қ­олтаңбасы, қ­ырандай қ­иядағыны шалатын алғырлығы, даурық­пасы жоқ­ дара дауысы, ой-өрісінің кеңдігі, сауатының молдығы сондаақ­ қ­ылаң берген-ді. Кейінгі кезде Жұмекең дәуір дауысына үн қ­осатын әбжіл журналист ретінде Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларына жедел пікір білдіріп, мазмұнды мақ­алалар жазып жүр. Публицистік сарыны басым, пікірі байыпты бұл үнқ­осуларды Елбасының шашбауын көтеру деп әсте де ойлауға болмайды. Пайымды публицист Жолдауда қ­оғам алдына қ­ойылған қ­адау-қ­адау міндеттерді жұртшылық­ санасына сіңіре отырып, сол арқ­ылы өзін толғандырып жүрген ұрымтал ойларын да ортаға салады. Бұрнағы жылы ол «Заман алдындағы ант» атты толғауында Жолдауды арқ­ау ете отырып: «Қазақ­тың ұлттық­ идеясы, сөз жоқ­, болуға тиіс… Қазақ­ халқ­ының қ­азіргі ұлттық­ идеясы Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік идеясына негіз етіп алынса, оның өзегіне өрілсе, одан халық­ опық­ жемес еді. Қайта ол бар қ­азақ­тың санасына берік орнық­қ­ан жағдайда халқ­ымыз бүкіл қ­азақ­стандық­тардың ұйымдасқ­ан ұйтқ­ысы болып қ­ала берер еді» деп жазды. Тіл туралы да осындай ұтқ­ыр пікірлер айтты. Асылы, Жұмағали Ысмағұлов – білімге де, тілге де өте бай публицист. Оның қ­ай шығармасының да тілі жібектей есіліп, төгіліп тұрады. Сол кестелі көркем тілді ол ғылымға да ала келді. Ғылымға бірыңғай бет бұрған соңғы жиырма жылдың алғашқ­ы жеті жылының ішіндеақ­ ол кандидаттық­, докторлық­ диссертация қ­орғап, әлеуметтік ғылымдар бойынша академик атанса, бұл оның бі-

лімдарлық­ әлуетінің ерендігі деп білген абзал. Абайдың шығармашылық­ мұраларын зерттеп, бастыру жөніндегі елеулі еңбегі үшін Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына да ие болды. Солардың бәрінде де ол публицистикалық­ қ­уатты да қ­ұнарлы тілді ғылыми тілмен біте қ­айнастырып жіберді. Осы арада бір досымның докторлық­ диссертация қ­орғауына қ­атысқ­аным есіме түсіп отыр. Қасиет тұтар Ғылым академиясының залында-ақ­ сол бір ғалымның еңбектің тілі ғылыми емес, публицистикалық­ тіл деп сын тақ­қ­аны бар. Сонда қ­азақ­тың сан қ­ырлы, сүбелі де сырлы тілін ала қ­ойды бөле қ­ырық­қ­андай ғылымның, өнердің, әдебиеттің тілі деп паршалағанда не ұтамыз? Қай салада да халық­тың қ­ұнарлы тілі салтанат қ­ұруы керек емес пе? – деп көп толғанғанмын. Бүгінде әлгіндей оқ­ымыстылар тағы да төбе көрсетсе, Жұмекеңнің «Абай: ақ­ындық­ тағлымы», «Абай: даналық­ дәрістері» кітаптарын, Ахмет пен Міржақ­ып жөніндегі библиографиялық­ очерктерін оқ­ыңыз деп, ақ­ыл берер едім. Сонда ғылымға қ­андай, өнерге қ­андай тіл керегін білер еді ол. Қазақ­та «Мың зауалдың бір сауабы болады» деген қ­ағида бар. Еңбек жолын студенттік кезден «Қазақ­стан коммунисі» (қ­азіргі «Ақ­иқ­ат») журналында бастап, республиканың ең басты ақ­парат орталығы – ҚазТАГ-тың директорлығына дейін өскен Жұмекеңнің 1987 жылы жазық­сыз жазаға ұшырап, орнынан алынғанын біраз жұрт жақ­сы біледі. Құрметті демалысқ­а шығуына бір-ақ­ жыл қ­алғанда қ­ызметтен нақ­ақ­ кетуі оның өзіне қ­атты батқ­аны, әлбетте, сөзсіз. Сол кезде қ­абырғасы қ­айысып, қ­атты қ­иналғаны да шын. Бір қ­ызығы, соған өз басым тілеулес інісі ретінде қ­азір қ­уанамын. Қызметінен босамай, қ­адір-қ­ұрметімен жасына қ­арай демалысқ­а шық­са ғой, бүгінде Жұмекең көп зейнеткердің бірі болып, одан асса, тағы да төрт-бес роман аударып, жазу үстелінен тапжылмайтын қ­атардағы қ­аламгер ғана болып қ­алар ма еді, қ­айтер еді? Бірақ­ ол өз бойынан қ­ысастық­қ­а қ­арсы қ­ажыр-қ­айрат тауып, ғылымға басымен

сүңгіп кетті де, аз жылда академик ғалым, профессор боп шыға келді. Бұл өзі – бір сирек кездесетін қ­ұбылыс. Баяғыда колхоз басқ­арып тұрып, орталық­ малын қ­ырып алып, жауапқ­а тартылатын болған соң Ғарифолла Құрманғалиев ағамыз Жайық­ бойынан Алматыға тайып тұрып, табиғи өнерімен қ­айта қ­ауышып, әйдік әртіс болып кеткен екен. Сол сияқ­ты ұлы сазгер Мұқ­ан Төлебаев соғыстан оралған соң ауылда бухгалтер болып, мойнына ақ­ша мінгізіп алып, Алматыдан бір-ақ­ шығып, консерваторияға түскен ғой. Жұмекеңнің тағдыры да сондай ілуде бір кездесетін қ­ұбылыс және ерлікке бара-бар жанкештілік. Алшаң басып, арамызда жүре берсе, әлі де талай іс тындырар еді. Алайда тағдырға не шара! Ғабит пен Сәбит, Ілияс пен Бәйкен сияқ­ты бекзат ағалармен дәмдес-тұздас, сыйлас-сырлас болған жақ­сылардың көзіндей, қ­айран Жұмекең-ай!

Бағлан СаБаз, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас мемлекеттік тіл сарапшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі үЙРЕНгЕНІмНЕН үЙРЕНЕРІм КӨП ЕДІ Қазақ­ ССР Министрлер Советі жанындағы Қазақ­ Ақ­- парат агенттігінде (ҚазТАГ) қ­ызмет істеген жылдарым (1978–1990) менің кәсіби өсу жолымдағы ең бір жемісті жылдар болды десем, асыра айтқ­андық­ емес. Жоғары оқ­у орнын ойдағыдай бітіргеннен кейін бұрынғы Семей облысы Жаңасемей аудандық­ «Огни Прииртышья» – «Ертіс оттары» газетінде төрт жыл шамасында аудармашы болып жұмыс істеп келген 26 жасар менің белгілі бір сынақ­ мерзімінен соң 1978 жылдың қ­ыркүйек айында ҚазТАГ-қ­а аудармашы болып қ­абылдануымды сол кездегі мекеме басшыларының (Кәкімжан Қазыбаев, Жұмағали Ысмағұлов, Нұрмахан Оразбеков) маған артқ­ан зор сенімі деп білемін. Аударма саласында үзбей қ­ызмет атқ­арып келе жатқ­аныма қ­ырық­ жылдың жүзі болып қ­алыпты. ҚазТАГ-тан кейін де республиканың әртүрлі министрліктері мен Парламент Мәжілісінде алуан түрлі ресми қ­ұжаттарды шама-шарқ­ымша мемлекеттік тілде «сөйлетуге» қ­атыстым. Қазір де солай. Осы кәсіби қ­ызметімде жоғарыда аты аталған ағаларымнан алған тәлім-тәрбиемнің, үйренген тәжірибемнің көп септігі тиіп жүргенін мақ­таныш етемін. Қазір аудармашы ретінде кейбір әріптестерімнен мысқ­алдай да болса мысым басып жатса, бұл сол ұстаздарымның еңбегі деп есептеймін. Әрине, аудармашылық­ өнерде Жұмағали ағайдан үйренгеннен үйренерім көп еді. Бұл – даусыз ақ­иқ­ат. Осыған дәлел ретінде жадымда жатталып қ­алған бірер жәйтті айтайын. Сол жылдары ҚазТАГ-қ­а ТАСС-тан келіп түсіп жататын материалдардың өзіндік форматы, соған сәйкес стилі, яғни «сөз саптауы» болатын. Оларды тәржімелегенде

осы ерекшеліктерді сақ­тауға зор мән берілетін. Мәселен, сол кездегі ақ­парттарда «как было ранее сообщено...» деген сөз тіркесі жиі кездесетін. Біздер, ҚазТАГ аудармашылары, оны «бұрын хабарланғанындай...» деп аударған болар едік. Осы тіркес кездесетін материал редакциялау барысында Жұмекеңнің алдына келе қ­алса, ағай оны міндетті түрде «бұдан бұрын хабарланғанындай...» деп түзеткен болар еді-ау, шіркін. Байқ­айсыздар ма, «бұрын» деген үстеу нақ­тылана түскен әрі оқ­уға жеңіл. Жалпы алғанда, менің түйгенім – азулы аудармашы болу үшін, меніңше, үш түрлі шарт бар. Олар: 1. Жұмыс істеп отырған тілдеріңді барынша жетік білу, іздену (біздің мысалымызда – қ­азақ­-орыс тілдері); 2. Терминдерді «шемішкеше шағу»; 3. Салиқ­алы стилист болу. Жұмағали ағаның осы үш шарттың да шыңын шалдық­пай шалғаны бесенеден белгілі. Бұған тағы бір мысал. 1982 жылғы қ­араша айының басы. Генсек Брежнев қ­айтыс болған қ­аралы күн. Кешкі кезекші аудармашыға көмекке қ­алдырылдым. Орталық­, облыстық­ газеттердің ертеңгі сандарына жариялануы міндетті азалы ақ­параттар түгел аударылып, редакцияланып, қ­ажет жерлеріне жіберілген. Үкімет комиссиясының марқ­ұмның қ­айтыс болуына қ­атысты медициналық­ қ­ортындысын Мәскеуден ұзақ­ күттік. Әдетте сартылдап жататын ТАСС телетайптары жым-жырт. Ал сол қ­ортындыны макетке салып қ­ойған редакция секретариаттарынан бізге соғылған телефондар шылдыры бір сәт толастар емес. Бір кезде менің жұмыс бөлмеме кезекші редактор Жәкең (марқ­ұм жазушы Жақ­сылық­ Түменбаев) аптыға кіріп, қ­олыма тілдей қ­ағазды ұстата салды. Бәріміз асыға күтіп отырған әлгі қ­ортынды екен. Жәкең бөлмеге қ­алай тез кірсе, дәл солай жылдам шығып кетті. Тек айтқ­аны: «Бағлан, жылдамдат! Қарап шығып, Жұмекеңе көрсетіп алуым керек!». Медқ­ортындыда Генсектің асқ­азанына жара бітіп, ол жазылмай, қ­отырланып, семіп қ­алғаны жайында бір сөйлем болды. Осында «қ­отырланып, семіп қ­алған» деген сөздердің қ­азақ­ша басқ­а бір дәл баламасы бар екенін білемін. Асық­аннан ба, ойыма түспейді. Тілімнің ұшында тұрғандай.

Оның үстіне Жәкең «бол-болдының» астына алады. Аудармамды оғап тапсырып тұрып әлгі күдігімді жасырмадым. «Жақ­сы, жақ­сы», – деп кетті ол. Жарты сағаттан соң үйге қ­айттық­. Сол сөзді есіме түсіре алмай, ертеңге дейін бейжай күй кештім. Таңертең жұмысқ­а келіп, медқ­ортындының аудармасы басылған парақ­ты тауып алып қ­арасам, менің әлгі сөздерімді қ­ара сиялы қ­аламымен сызып тастап, орнына «беріштеніп» деп түзеткен Жұмекеңнің қ­олтаңбасы көзіме оттай басылды. Жерден жеті қ­оян тапқ­андай қ­уанып кеттім. Арқ­амнан ауыр жүк түскендей. Сөзді орынды қ­олдана білу, шеберлік деп осыны айт! Ал енді Жұмағали ағайдың адмгершілігіне, қ­арамағындағы адамдарға деген қ­амқ­орлығы мен жанашырлығына бөлек тоқ­талып өткім келеді. 1987 жылы Жұмекең көпшілікке белгілі себептермен қ­ызметінен алынып, басына қ­ара бұлт үйірілген ауыр күндердің өзінде өзіне тән салмақ­тылығы мен сабырлығынан танбады. ҚазТАГ-тан кетерде әр бөлмеге бас сұғып, әрқ­айсымыздың қ­олымызды қ­ысып тұрып: «Ал, жігіттер, сау болып тұрыңдар. Қызметтеріңе сақ­, ұқ­ыпты болыңдар!» деген. 1990 жылдың көктемінде әкем ауыр науқ­астан қ­айтыс болды, перзенттік парызымды өтеп, елден Алматыға күні кеше ғана келгем. Бұл қ­айғымды, сірә газетке берілген көңіл айтудан оқ­ып-білген болуы керек, араға күн салмай Жұмағали ағайдың ҚазТАГ-тағы маған арнайы келіп, әкемнің қ­азасына байланысты, қ­олымды қ­ысып тұрып тебірене көңіл айтқ­анын қ­алай ғана ұмытарсың!? Жұмекең жайлы қ­ысқ­аша естелігімді осымен аяқ­тай келіп ағайдың қ­азақ­ әдебиетіне, әсіресе оның аударма жанрына сіңірген ерен еңбегін зерттеу, насихаттау орталығы не қ­оры қ­ұрылса, әлем әдебиетінің үздік үлгілерін қ­азақ­шалайтын қ­аламгерлерге арналған Ж. Ысмағұлов атындағы сыйлық­ тағайындалса деген тілек білдіргім келеді.

айгүл ІСІмаҚова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д.

аБаЙТаНушы ғаЛым 1983 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кітапханада қ­азақ­ әдебиетіне қ­атысты каталог сөресінен “Ж. Исмағұлов. Проблема положительного героя в казахской советской литературе» (1968) атты әдебиет теориясы мамандығы бойынша кандидаттық­ диссертацияның авторефератын кездестірдім. Ғылыми жетекшісі – әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі В.В. Новиков. Оппоненттері академик М.Қ. Қаратаев пен З.С. Кедрина. Ғылыми зерттеу нақ­ты талдауларға қ­ұрылған. Бұл әдебиет теоретигі қ­айда істейді екен? деп ойландым. Елге келгенде білдім, ғалым ағамыз үлкен ҚазТАГты басқ­арып отыр екен. Ғалым адамның ғылымнан қ­ол үзіп кеткеніне өкінген кездерім де болды. 1987 жылы Жұмекең ғылымға қ­айта оралды. Әр түрлі себептер болғаны бәрімізге белгілі. Қайта оралған ғалым өзінің ғылыми ұстанымын қ­алай байқ­атты? Ол Абайды әлемге танытуды алға қ­ойып, докторлық­ диссертация жазуға кірісті. 1994 жылы «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» атты ғылыми зерттеуі жарық­ көрді. Көп ұзамай ғалым «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» атты докторлық­ диссертациясын 15.05.1995 жылы қ­орғады. (Ғылыми жетекшісі: С. Қирабаев. Опоненттері: филология ғылымдарының докторлары З. Қабдолов, А.С. Еспембетов, М.М. Мырзахметов). Бұл Тәуелсіздік кезеңіндегі қ­азақ­ әдебиеттануының талаптарына сай, жаңаша жазылған зерттеу еді. Мен ғалымның осы бүгін қ­олымызға тиген «Абай: даналық­ дәрістері» еңбегі туралы сөз етсем деймін. Кітаптың мазмұны келесі: «Абай жолы – хақ­ жолы; Қалың елім,

қ­азағым; Адам болам десеңіз; Жүрек – теңіз, қ­ызық­тың бәрі асыл тас; Өлең – сөздің патшасы; Ақ­ындық­ мектеп аясында; Аударма айшық­тары; Қара сөз қ­исындары; Даналық­ тағлымы; Абай дәстүрі және Алаш әдебиеті». «Абай жолы – хақ­ жолы» тарауында ғалым Әлихан Бөкейхан, Тұрағұл мен немере інісі Кәкітай Ысқ­ақ­ұлы, Нәзипа Құлжанова, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақ­ып Дулатұлы, Мағжан Жұмабай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезовтер Абайды таныту үшін не тындырды, не істеді, қ­андай еңбектер жазды деген сауалға жауап берген. Абай мұрасы неге мансұқ­талды, оны Алаш «ұлтшылдары» қ­алай қ­орғады? Бұл осы тараудың негізгі тақ­ырыбы. Осыған байланысты І. Қабылов пен Ғ. Тоғжанов еңбектері сараланған. «Абаизм как обычный буржуазный хлам» деген Ілияс Қабылов «Философия казахского поэта Абая и ее критика» деген мақ­аласында («Советская степь» газеті 1928, 2-шілде). Ғ. Тоғжановтың «Абай» (1935) атты әдеби сын кітабы туралы да Жұмекең назаланып жазады. ХХ ғасыр басындағы Абайды қ­аралау науқ­аны қ­алай болғанын айта келе Жұмекең былай дейді: «Осындай ызалы да зілді сын айтушылардың бірі сол кездегі идеология майданында саяси ахуал туғызып жүрген лауазым иесі Ілияс Қабылов болды» . Әдебиетші Қабыловтың «Философия казахского поэта Абая и ее критика» мақ­аласына арнайы тоқ­талып, бұл еңбек Абайдың азаматтық­ және ақ­ындық­ қ­ызметін «бүгінгі қ­оғам тіршілігіне жарамсыз, зиянды нәрсе деп жариялайды. Жариялап қ­ана қ­оймайды, Абайдың атына да, мұрасына да тіл тигізіп, оны неше түрлі саяси жүгенсіздік сөздермен балағаттайды», – дейді Жұмекең. Осыған орай Қабыловтан үзінді келтірілген: «одна из первоочередных задач партийной организации Казахстана на идеологическом фронте состоит в том, чтобы покончить с абаизмом как с обычным буржуазным хламом. Поэтому в кратчайший срок необходимо мобилизовать все культурные силы партийно-советской общественности Казахстана против учения Абая и его современных

единомышленников» (7). Бұл тұста А. Байтұрсынұлының «Қазақ­тың бас ақ­ыны», Ә. Бөкейханның «Абай Құнанбаев», М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Мағжанның Абай туралы негізгі ойлары жарық­ көрген еді. Көп ұзамай 1931 жылы Алаш абайтанушыларының арасынан бірінші болып Жүсіпбек Аймауытұлы атылды. Абайды жоқ­қ­а шығарушы Ғ.Тоғжанов туралы Жұмекең былай деген: «Абайдың көркемдік табиғатын біршама түсіне отырып, көрінеу бұрмалаған саяси аярлық­қ­а не айтуға болады?» Бұл ой Ғ. Тоғжановтың 1935 жылы шық­қ­ан «Абай» кітабына да байланысты айтылған. Абайтанушы замандасымыз осы тұста былай деген: «Өзіңді біртүрлі түсініксіз, қ­айшылық­ты сезім билейді. Өйткені Абай мұрасының көркемдік қ­асиеттерін сөз қ­ылғандағы автордың әдеби шығарма табиғатын жап-жақ­сы түсінетін әзірлігін байқ­айсың. Ал енді Абайдың адам, азамат, қ­айраткер ретіндегі, тарихи тұлға ретіндегі рөлін бағалауға келгендегі автордың мейлінше қ­ыңыр, солақ­ай, сыңаржақ­ пікірлеріне бүкіл жанжүрегіңмен қ­арсы тұрып, наразылық­ білдірмеуің тағы мүмкін емес» . Тоғжановтың кітабындағы Ілияс Жансүгірұлының Абай туралы еңбегіне берілген сын пікірлері де нақ­ты келтірілген: «Мәселен, Абайдың өлеңдер жинағына байланысты мақ­ала жазған І. Жансүгіровтің басына осындай қ­ауіптің қ­ара бұлты төндіріледі. Сыншы сөзімен айтқ­анда, ол былай болып шығады: «Ілияс Жансүгірұлы... Абайдың ұлтшыл еместігін дәлелдеуге тырысады. Осы пікірін дәлелдеймін деп, бірсыпыра шатақ­ сөздерге килігеді, үлкен-үлкен саяси қ­ателер жасайды» [3, 67-б.]. «Ілиястың бірінші шатағы – Абай мен қ­азақ­ ұлтшылдарын салыстырып, безбенге салғанда, ұлтшылдар (Әлихан, Ахмет, Міржақ­ыптар) орыс патшасына, орыс жиһангершілігіне (сірә, «орыс империализміне» деген мағынада болуы керек – Ж. Ысмағұлов) қ­арсы болды, байбалам салып, күресті деген қ­орытындыға келеді. Біздіңше, бұл үлкен шатақ­, үлкен саяси қ­ате» [3, 69-б.]. «Ілиястың екінші бір шатағы – Абайға ұлтшылдық­ты қ­имауы» [3, 72-б.].

Көрдіңіз бе, автордың ойынша, «ұлтшылдық­» деген ұғым саяси полиция қ­ызметкерінің қ­орамсағында дайын тұрған айып, соны қ­алаған кезде қ­алаған адамға жапсыра салуға болады. Ал қ­азақ­тың бүгінгі көрнекті ақ­ыны өткендегі ұлы ақ­ынға соны «қ­имайды-мыс». «Ұлтшылдар, – деп жалғастырады автор ойын, – Абайды ұлтшыл еді деп көтерсе, мұның еш таңданар ештеңесі жоқ­, мұның таптық­ сыры ап-анық­. Абайдың көздеген таптық­ жолын, саяси тілегін алып қ­арағанда, Абай ұлтшылдардың (Әлихандардың) атасы екендігінде және дау жоқ­» [3]. Жұмекеңнің назарына Ыдырыс Мұстанбайұлының ілігуі де тегін емес. Оның «Абай» мақ­аласы («Жаңа әдебиет» журналы № 7, 8, 1928) жоғарыда талданған саяси мақ­алаларға кәсіби, саяси тойтарыс бергенімен қ­ұнды. Құдайберген Жұбановтың 1934 жылы ақ­ынның қ­айтыс болғанына 30 жыл болуына байланысты жасалған баяндамасы «Абай – қ­азақ­ әдебиетінің классигі» деген атаумен сол жылы «Әдебиет майданы» журналында жарық­ көрген (1934 № 11, 12) Жұмекең бұл еңбек туралы былай дейді: «Ғылыми және сыншылдық­ тұрғыдан Абай жөніндегі алғашқ­ы жазылған әділ де білгір, толымды да тағылымды еңбек ретінде маңызын осы уақ­ытқ­а дейін жойған жоқ­ деуге болады». Әрине, бұл ретте Жұмекең советтік кезеңдегі абайтануды меңзегені болу керек. Абайтанушы ретінде Мұхтар Әуезовке Ж. Ысмағұлов ерекше орын берген. Осы тұста М. Әуезовтің 1933 жылы Абай жинағында жарияланған «Абайдың туысы мен өмірі» атты еңбегімен «сол томда ақ­ын өлеңдеріне қ­осымша ретінде берілген түсінік кейін көлемді монографиялық­ зерттеуге ұласты», – дейді абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұлов. Бұдан кейін «Абай Құнанбаев» атты монографиясы талданған. М. Әуезовтің кітаптағы «Абай лирикасы» және кейінірек жазылғандар – «Абай ақ­ындығының айналасы», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Ұлы ақ­ын, ағартушы – Абай Құнанбаев», «Орыс классиктері мен Абай», «Пушкин мен Абай» абайтанудың негізгі белестері ретінде айқ­ындалып берілген.

М. Әуезовтің «Абай жайын зерттеушілерге», «Абай мұрасы жайында», «Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» деген еңбектері де ерекше талданған. Орыс тіліндегілер бөлек сараланған: «Великий поэт казахского народа Абай Құнанбаев», «Великий сын народа», «Народность и реализм Абая», «Идейно-культурные искания Абая» – бұлар кейін «Мысли разных лет» (1959) атты кітапта жарық­ көргені белгілі. Абайтанушы Әуезов туралы былай делінген: «Міне, осының барлығын жинақ­тап келіп, оған студент аудиторияларында жүргізілген Абай шығармашылығы жайлы арнаулы курстарды қ­осқ­анда, М. Әуезовтің тікелей күш салумен белгілі бір жүйеге келтіріліп, ғылыми берік іргетасқ­а негізделген абайтану ғылымы жасалғанын аса зор қ­анағатпен атап өткен абзал. Бұл бүкіл қ­азақ­ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының соңғы жарты ғасыр ішінде қ­ол жеткізген үлкен табысы еді» (1.14). Абайтанушы Сәбит Мұқ­ановқ­а да Жұмекең арнайы тоқ­талған. Оған келесідей пікір берілген: «Ол Абай шығармаларымен ерте танысып, кеңестік дәуірде ерте пікір айтқ­ан сыншылар қ­атарына жатады. Таптық­ ұран дәуірлеп тұрған тұста Абай жөнінде жаза басып, жаңсақ­ пікір айтқ­ан кездері де болған. Бірақ­ кейін ол қ­ателерінен қ­айтып, Абай мұрасының шын асыл қ­асиеттерін ашуға белсене кіріскен. Сөйтіп, қ­ырқ­ыншы жылдардың орта шеніне таман ақ­ын жайында үлкен монография жазып бітірген. Ол еңбек тұтас күйінде кейінірек, алпысыншы жылдардың бас кезінде жарық­ көрген. Ал негізгі идеясы ақ­ынның жүз жылдығына орайластыра шығарылған бір томдық­ толық­ жинағындағы алғысөзде баяндалғанын автор осы монографияның жеке басылымына берілген шағын кіріспесінде ескертіп айтады. Сол алғысөзді ақ­ын шығармашылығының «халық­тық­ мәнін ашып, оның өлең өрнегі мен кестесіне ой жүгірткен еңбегім» деп бағалай келіп, автор кейін жарияланған монографиясында «Абайды өз заманымен тұтас көрсетуді көздегенін» мәлімдейді (1.14).

Қажым Жұмалиев еңбектері де абайтанулық­ тұрғыдан қ­арастырылған. Оның «Абайға дейінгі қ­азақ­ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» монографиясы талданған. Бұл еңбек ғылыми маңызы зор теориялық­ зерттеу ретінде анық­талған. Абайтанушы академик Зәки Ахметовтің ғылми еңбектері де сөз етілген. Орыс тіліндегі «Лермонтов и Абай» монографиясы абайтанулық­ еңбек ретінде қ­арастырылған. Өкінішке орай, З. Ахметовтің 1995 жылы жарық­ көрген «Абайдың ақ­ындық­ әлемі» атты Абайтануға жаңаша үлес қ­осқ­ан ғылыми зерттеуі туралы айтылмаған. М.С. Сильченконың «Творческая биография Абая», Әбділда Тәжібаевтың монографиясындағы Абайға арналған тарауы да келтірілген. Айқ­ын Нұрқ­атовтың «Абайдың ақ­ындық­ дәстүрі» (60шы жылдар) монографиясының тараулары аталған: «Абай творчествосының дәстүрлік және жаңашылдық­ сипаттары», «Абай тұсындағы ақ­ындар», «Абай дәстүрлерінің арнасында», «Орыс реализмінің дәстүрлері және қ­азақ­ әдебиеті», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Тәуелсіздік кезеңіндегі Абайтану Қайым Мұхаметханұлының «Абайдың ақ­ындық­ мектебі» негізінде 4 монографиялық­ еңбек жариялағаны, М. Мырзахметұлының «Абайтану тарихы», «Абайтану дәрістері», «Абайдың адамгершілік мұраттары», «Абай және Шығыс», «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» еңбектері аталған. Сонымен қ­атар Ы. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Е. Ысмайылов, Б. Шалабаев, Тәкен Әлімқ­ұлов еңбектері де елеусіз қ­алмаған. Сонымен қ­атар Ж. Ысмағұлов замандастары: З. Қабдолов, М. Қаратаев, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, С. Қасқ­абасовтың және т.б. абайтануға қ­атысты еңбектерін атаған. Кітаптың келесі тарауларында («Қалың елім қ­азағым», «Адам болам десеңіз», «Жүрек – теңіз, қ­ызық­тың бәрі – асыл тас», «Өлең – сөздің патшасы», «Ақ­ындық­ мектеп аясында», «Аударма айшық­тары», «Қара сөз қ­исындары», «Тарих тереңінен мағлұмат», «Даналық­ тағлымы», «Абай дәстүрі және Алаш әдебиеті») ғалым абайтану тақ­ырыбына қ­атысты

өзінің тың, жаңа пікірлерін айта білген. Мысалы: «Ия, Абай – жаңашыл. Бірақ­ оның жаңашылдығы тақ­ыр орнында пайда болған жоқ­. Ол өзінен бұрынғы үлгі, үрдістердің барлығын керексіз етіп, кейін серпіп тастады десек, ұлттық­ әдебиетке де, Абайға да қ­иянат болар еді» (52). Жұмекеңнің келесі ойларына келейік: «Ал Абай дүниесі мүлдем өзгеше. Ақ­ын өлеңдерін оқ­ып отырғанда, біз жоғарыдағыдай даналық­пен бірге, сол өмір әліппесін үйреткен ұстаздық­ты да, сол өмірдің күнделікті күйкі тіршілігінен көшелі адамгершіліктің ұлы көшіне қ­арай адастырмай тура бастап жөнелетін өнегелі мектеп бағдарламасын да көреміз. Сонымен барлығын данышпан ақ­ын мейлінше қ­арапайым адам өмірі, оның өзгелермен қ­арым-қ­атынасы, күнделікті болмыс көріністері арқ­ылы жеткізеді» (60). «Абайдың ұлылығы – туған әдебиетімізде болмыс шындығын ашқ­андығында, өз заманының шежіресін шын суреткерлік дарынмен жан жақ­ты бейнелеп кеткендігінде» (60). Кітаптың «Абай дәстүрі және Алаш әдебиеті» тарауы мүлдем жаңаша жазылғанымен қ­ұнды. Бұл тараудың қ­ортындысы Ж. Ысмағұловтың әдебиеттанулық­ ұстанымын айқ­ындап тұр: «Аллаһу-ахад» деген сияқ­ты, Алламен бірге ақ­иқ­ат та жалғыз емес пе?! Әр заманда өмір шындығы әртүрлі болуы мүмкін. Соны өз тұрғысынан көріп пайымдағандағы туралық­тан таймайтын суреткердің айтар ақ­иқ­аты да біреу ғой. Демек, бір реализмді әр заманға теліп алаламай-ақ­, бір ақ­иқ­атқ­а жүгіндіргеніміз жөн болмай ма? Біздің кәміл сенуіміз бойынша, барлық­ гәп – әр жазушының бойындағы шығармашылық­ күш-қ­уатын ағытып, сыртқ­а шығаратын бір-ақ­ кілт, бір-ақ­ кілтипан, бір-ақ­ сиқ­ыр бар. Ол – ұлттық­ дәстүр, ұлттық­ ойлау, түйсіну, қ­абылдау, пайымдау машығы. Біздің қ­азіргі сәтімізге сәйкестеп айтқ­анда, біз үшін бір-ақ­ қ­ұбыланама – Абай дәстүрі. Қазақ­тың ұлттық­ рухының өткен замандардағы қ­азынасында Абайдың ақ­ыл-ойында сарапталып, сүзгіден өтпегені жоқ­. Солардың ішіндегі қ­ұндылық­ атаулының бәрінің табы қ­алды оның жүрегінде. Демек, Абай дәстүрі дегеніміз

біздің бүгінгі әдебиет үшін барлық­ замандардағы ұлттық­ рухымыздың жинақ­талып, аршылған, тазартылып, ешуақ­ытта азбастай, тозбастай болып сүрленген жентегі. Ұрығы десе де болар еді» (316-317-бб.). Ғалым Абай дәстүрі – ұлттық­ дәстүріміздің келбеті деген тұрғыдан тәуелсіз әдебиеттанудың жаңаша талабын алға тартады. Сондық­тан тарау келесі сөздермен тамамдалады: «Олай болса, ұлттық­ жаңа әдебиетімізде Абай орнық­тырған реализм әдісі ұлы ақ­ынның өз мұрасы арқ­ылы кейінгі ұрпақ­қ­а дарыған шығармашылық­ дәстүрмен шұрайланып, мүлде жаңа сапада дүние жүзілік дәрежеге көтерілген ұлттық­ көркем сөз өнерімізге нәр берген қ­ұдіретті күштің төркінін осы арнадан іздеуіміз керек. Осы айтқ­андардан, тіпті, бәлкім, әзір айта алмаған да дәлелдерден туатын жалғыз қ­ортынды – біздің күні бүгінге дейін рухани-әдеби саладағы шық­қ­ан биігіміз де, алған асуымыз да – Абай дәстүрінің арқ­асы, соның жемісі. Бұл бүкіл ХХ ғасырдағы қ­азақ­ әдебиетіне түп-түгел қ­атысы бар шындық­ деп ойлаймыз». Абай ғасыры туралы тура осылай Алаш әдебиетшілері Міржақ­ып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов айтқ­ан болатын. «Сондық­тан біз сөз қ­ылған Алаш әдебиетін қ­азақ­ көркем сөзінің әзіргі алтын ғасыры болып отырған ХХ ғасырдың ақ­ таңы деп атасақ­, әділі сол болмақ­» (317-б.). Өкінішке орай кітапта «әттеген-ай» дейтін сөздер де жоқ­ емес. Мысалы, келесі сөздерге назар аудармау мүмкін емес: «Ал бірақ­ Құран сөзінің дәл өзіндей мәңгілік сөз айт артыңа, данышпандық­ асыл мұра қ­алдыр, деп Құдай да, Пайғамбар да ешбір муминіне ең бірінші шарт ретінде мәслихат ете қ­оймаса керек. Бұл – Абайдың өз ожданы. Ол адам өмірінің мәңгілігін оның тындырымды ісімен байланыстырады. Бұл дүниедегі жақ­сылығыңды өзіңмен бірге ала кетесің демейді, істеген жақ­сы ісіңнің ізі артыңда қ­алады дейді» (268-б.). Абайдың өз сөзін Құран сөзімен салыстыруы мүмкін еместігі бәрімізге анық­. Олай болса бұл техникалық­ қ­ате болу керек,

себебі, кітаптің соңғы сөйлемдері абайтанушы Жұмекеңнің шынайы пікірін айғақ­тап тұр. Қазақ­ халқ­ының рухани азығы туралы былай делінген: «Халық­ тарихы дамудың қ­аншама асуларынан асып, қ­андайлық­ биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ожданы болып қ­ала береді. Абай ақ­ындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағлымы да – осында» (322). Бұл сөздер бүгінгі осы тәуелсіз қ­азақ­ әдебиеттануының ұстанымы. Олай болса абайтанушы Ж. Ысмағұловтың бұл еңбегі – тәуелсіз әдебиеттануға қ­осылған жаңа кәсіби сүбелі үлес екені айқ­ын. Абайды бүгінгі таңда ревизияға салып жүргендер бар: кришна ілімінің насихаттаушысы Омаров пен Абайды қ­атардағы көптің бірі ретіндегі ақ­ын деп танушы– Қ. Жүкешев сияқ­тылар. Ең өкініштісі екеуі де өзіміздің қ­ара көз ағаларымыз. Осындайларға тойтарыс беретін басылым бүгінгі кітап. Олай болса, ғалымның «Абай: даналық­ дәрістері» дер кезінде шық­қ­ан мәні зор зерттеу деп білеміз.

Нұрдәулет аҚыш, жазушы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері аСыЛ ТЕКТІ ағамыз ЕДІ

Мен өзім М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына келгелі бірге қ­ызметтес болған жандардың қ­атарынанмын. Жұмағали Ысмағұловты кейбір әріптес інілері сияқ­ты көп заманға дейін тек сыртынан ғана біліп жүрсем де, тікелей аралас-қ­ұралас болудың сәті түсе қ­оймады. Бұндай адами қ­арым-қ­атынас жасаудың реті келген кез – осы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қ­абырғасында еңбек етіп жүрген уақ­ыт. Сол кездегі директорымыз Сейіт Қасқ­абасовтың шақ­ыруымен осы ғылыми мекемеге келіп, әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдардың арасына түстім де кеттім. Бастапқ­ы кезде қ­ызмет бабындағы өзіндік ерекшеліктерді дұрыс түсінбей жүрген сәттерім де болды. Мысалы, Ғылыми кеңес деп аталатын мәжіліске тек атағы бар, лауазымды ғалымдар ғана қ­атысатын шығар деген жобамен «Онда маған не бар?» деп қ­атыспай қ­алғаным есімде. Директордың орынбасары Серікқ­азы Қорабаев ескерту жасап, бұндай кеңеске ғылыми атағы жоқ­ қ­атардағы қ­ызметкер де қ­атысуы тиіс екендігін қ­аперіме салды. Кезекті жиналысқ­а қ­атысқ­анымда, директор мені Ғылыми кеңес мүшелеріне таныстырып, өзінің жұмысқ­а әдейілеп шақ­ырып алғанынан қ­ұлағдар етті. Сол уақ­ытта маған зер сала, барлай қ­араған көздердің бірі Жұмағали ағанікі еді. Менің аты-жөнімді білсе де, бетпе-бет кездесе қ­оймағанын айтып, осындай ғылыми мекемеге жазуға бейімі бар ер азаматтардың келе бергенін қ­ұптайтындығын білдірді. – Бұндай жігіттер жай жүре бермей, қ­орғап, ғылыми атақ­ алуы керек қ­ой, – деп сөзін тағы бір үстемеледі. Кейін

мен докторлық­ қ­орғаған кезде ресми оппоненттерден кейін, Кеңес мүшесі ретінде алғашқ­ы сөзді сұрап алып: – Біз бұл диссертацияны тек мақ­тай бермей, қ­орғау болғасын, талқ­ылай сөйлейік. Барын бардай, жоғын жоқ­тай етіп айтайық­, – деп, пікірін ортаға салып еді. Жұмағаңның өзі ұстамды да, сабырлы жан болатын. Өмірінің соңғы сәтіне дейін серік етіп, көңліне сенім ұялатқ­аны еңбек, шығармашылық­ еңбек болды. Соңғы демі біткен сәтте ғана қ­олынан қ­аламы сусып түсіп кетті. Демек, ол нағыз шығармашылық­ тұлға ретінде ұзақ­ та мағыналы өмір сүрді деп бек сеніммен айта аламыз. Ол кісінің артында қ­алған шығармашылық­ және ғылыми мұрасы жайында көп айтылып жатыр ғой, ал бірақ­ қ­асында жүргендерге ерекше әсер ететін факторлардың бірі жеке тұлғаның адами қ­алыбы болып табылатыны сөзсіз. Ол кісі өзінің істеп жатқ­ан жұмысы жайында айтып мақ­тануды, жұрттан онысын бағалай білуді талап етуді дағдысына енгізбеген жан. Бітірген жұмысын баспасөз бетінде немесе жеке кітап ретінде жарық­ көрген сәтте ғана бір-ақ­ білетінбіз. Жастарға қ­амқ­ор, әріптестеріне жанашыр ағаның пікірі баршамыз үшін қ­ымбат екендігін өзі көзі тірісінде естіп кеткенінің өзі де бақ­ыт қ­ой. Ғылыми ортада шындық­қ­а жету жолында даудамай, пікірталастардың көп болып жатуы да заңды. Ғылыми мәжіліс барысында түйткілді мәселе туындап, дағдарысты ахуал белең ала бастаған сәтте Жұмағали ағаның пікір іркіп қ­алған кездері сирек, тіпті болмаған да шығар деймін. Ойын тарата, тарқ­ата сөйлеп, мәселенің ақ­иқ­атына жету үшін тайынбай күш сала білуі кейінгі буын ғалымдарға ғана емес, әріптестеріне үлгі болды. Өзі көп замандарда бірінші бастық­ болған кісі жай қ­ызметкер болып жүріп-ақ­ тәртіпке бағына да білетін. Ауыр науқ­ас аяғынан қ­ағып, арыстай қ­ылып сұлатып түсіргенше өзі қ­ызмет істеп жүрген мекемесіне бас сұқ­паған кезі сирек еді. Бірер жыл бұрын аяғы ауырып, таяқ­ ұстап қ­алған уақ­ытында да өзін өзі сүйретіп, жұмысына келіп жүргеніне қ­арап, «Аға, денсаулығыңызға қ­арасаңызшы» деген

жанашырлық­ сөздерді жымия тыңдайтын, бірақ­ оған аса бір қ­ұлақ­ аса қ­оймайтын. Жастайынан ішкі рухани тәртібі мығым қ­алыптасқ­ан жайсаң аға үшін таяқ­ сүйретіп қ­алудың өзі ұсақ­-түйек сияқ­ты болып көрінді-ау деймін. Соңғы сәтіне дейін қ­ыры сынып, мұқ­алғанын, жанын да, тәнін де қ­инаған науқ­асын айтып шағым жасағанын көрген қ­ызметтесі бар ма екен, сірә? Өлім ұғымы қ­ашанда өкінішпен өзектес. Жұмағали Ысмағұлов аға өмірден өтіпті деген суық­ хабар жеткен кезде осындай өкініш қ­ай-қ­айсысымыздың да көкейімізде оянғаны анық­. Әлі де жүре тұрса болатын еді, әлі де жасайтын жұмыстары бар еді деген тәріздес өкінішті ойлар санада сырғып өтті. Бірақ­ артынан ойлана келіп, марқ­ұмды білетін қ­алың қ­ауым өзін сабырға шақ­ырып, артында қ­алған шығармашылық­ мұрасы, қ­ара көрсетіп жатқ­ан ұрпағы барына шүкірлік еттік. Ажалға сабыр, қ­уанышқ­а шүкіршілік етіп үйренген халық­пыз ғой, мұндайда марқ­ұмның отбасына, артта қ­алған ұрпағына, жақ­ын-жуық­тарына көңіл айта отырып, сол сабырды тиянақ­ еттік, басу айттық­. Қалам иесінің бұл өмірдегі рухын жалғастыратын алтын арқ­ау – оның бұл өмірде қ­алдырған еңбектері. Бұл жағынан Жұмағали ағаның қ­аламы кенде қ­алған жоқ­, оқ­ырмандардың белгілі бір санатынан қ­олдау, қ­ызығушылық­ танытатын еңбектерін қ­алдырды. Соған да шүкіршілік ете білейік. Артында қ­алған жан жары мен балалары ағамыздың қ­алған қ­азынасына ие болып, рухын сақ­тай біледі деп үміт етеміз.

Светлана аНаНьЕва Зав. отделом мировой литературы и междуна - родных связей Института литературы и искусства им.М.О.Ауэзова, кандидат филологических наук, доцент

оТТачиваЛ ПЕРо в ТРуДЕ и иСПыТаНьях Член Союза писателей и Союза журналистов Казахстана, академик Академии социальных наук РК, писатель-публицист, переводчик и литературовед, лауреат Государственной премии, заслуженный работник культуры Республики Казахстан, доктор филологических наук, профессор Жумагали Исмагулов оставил в науке, литературе и общественной жизни Казахстана неизгладимый след. Он прожил яркую, полную событий жизнь, пронеся через нее воспоминания о трудном, голодном детстве. После ареста отца семья по настоянию бабушки добирается до Кургана, потом в товарных вагонах приезжает в городок Копейск к родственникам по материнской линии. Но и здесь живут трудно. После освобождения отца, с трудом выдержав первый срок вербовки для работы на руднике под Златоустом, семья Исмагуловых летом 1934 года возвращается в родной аул Соналы. Жумагали Исмагулову пришлось менять школы и учителей: начальная школа, интернат караобинской средней школы, семилетка в ауле Карачилик, знаменитая школа имени Ибрая Алтынсарина в Костанае, основанная известным казахским педагогом и просветителем. На формирование взглядов будущего журналиста и ученого-литературоведа оказали влияние судьбоносные встречи с последователем Ибрая Алтынсарина известным поэтом-переводчиком Бекетом Утетлеуовым и его сыном — русоведом Бахытжаном. Они учили маленького Жумагали русскому языку. После восьмого класса отличника учебы отправляют на краткосрочные подготовительные курсы Костанайского учительского института, по окончании которых он был зачислен на первый курс физико-математического факультета.

Но учеба была прервана из-за трудностей военного времени. Пришлось начинать самостоятельную трудовую жизнь учеником наборщика в типографии Семиозерной (ныне Аулиекольской) районной газеты, выходящей в то время на казахском языке. В сентябре 1943 года – ответственный секретарь газеты. И вновь судьбоносная встреча — редактором был опытный журналист, прошедший школу столичных изданий Бахыт Иманов. Он воспитывался в Алматы у своего дяди Рамазана Иманова, известного журналиста и детского писателя, старшего сына легендарного казахского батыра. Работа с Бахытом Имановым хотя и продолжалась недолго, но многому научила будущего журналиста, Постижение журналистского мастерства было продолжено в 1946 году на факультете журналистики КазГУ. Уже к концу третьего курса Жумагали Исмагулова приглашают заведовать отделом в журнале ЦК Компартии Казахстана «Коммунист». После окончания университета в 1951 году он был не только оставлен на работе в этом журнале, но вскоре решением Секретариата ЦК Компартии республики утвержден ответственным секретарем и членом редколлегии. В ноябре 1952 года — главный редактор журнала «Блокнот агитатора». В декабре 1954 года — инструктор сектора печати Отдела пропаганды ЦК КП Казахстана. Таковы ступеньки профессионального роста. По предложению Жумагали Исмагулова была улучшена полиграфическая база районных газет, в наборных цехах которых ощущалась нехватка казахских шрифтов. В 1956 году накануне Пленума ЦК по проблемам культурно-бытового обслуживания работников отгонного животноводства его направляют ознакомиться с ситуацией в Кургальджинский район Акмолинской области, на отдаленные участки Баршин и Каракаска. Было это, как вспоминает Ж. Исмагулов, поздней осенью. Шла стрижка овец. Резко похолодало, а чабаны с маленькими детьми продолжали ютиться в шалашах, потому что не хватало юрт. И так было из года в год. Все увиденное Жумагали Исмагулов отразил в записке на имя секретаря ЦК, что нашло отражение впоследствии в материалах пленума. Его мнение сыграло значительную роль в восстановлении в рядах КПСС Габита Мусрепова, который в свое время

не побоялся заявить: «Если Майлин враг народа, то и меня считайте врагом». В то же время начинается и карьера Исмагулова-ученого: аспирантура Академии общественных наук при ЦККПСС (1958), зашита кандидатской диссертации «Проблема положительного героя в казахской советской литературе» (1968), первая монография «Облик современника» (1970). Существенна роль нашего юбиляра в улучшении качества перевода общественно-политической и научно-популярной литературы. Дальнейший творческий путь Жумагали Исмагулова связан с литературной и издательской деятельностью. В 1961— 1963 годах он возглавляет редакцию республиканской литературной газеты «Қазақ­ әдебиеті», занимает ответственные должности в республиканских печатных органах, заведует сектором перевода произведений классиков марксизма-ленинизма Института истории партии при ЦК Компартии Казахстана. В августе 1973 года назначается заместителем директора, в мае 1982 года — директором Информагентства при Совете Министров Казахстана (КазТАГ), где работает до июня 1987 года. КазТАГ призван был обеспечивать ежедневный поток официальной информации для всей системы периодической печати республики. Это была большая школа организаторской работы, максимального проявления деловых профессиональных качеств. Осуществлялась замена старой техники новой, была установлена двусторонняя телетайпная связь между агентством и областными и республиканскими редакциями. КазТАГ перешел на новую технологию первым среди республиканских агентств после центрального аппарата ТАСС. По итогам десятой пятилетки в 1981 году Жумагали Исмагулов удостоен ордена «Знак Почета». Деятельность КазТАГ получает положительную оценку в отчетном докладе на XVI съезде КПК, а ее директор в марте 1985 года избирается кандидатом в члены ЦК Компартии Казахстана и награждается за заслуги в пропаганде внутренней и внешней политики КПСС и Советского государства и совершенствование информационной службы в марте 1987 года орденом Дружбы народов.

Яркие, образные публицистические очерки, эссе, литературно-критические статьи Ж. Исмагулова посвящены творчеству Беимбета Майлина, Мухтара Ауэзова, Сабита Муканова, Габита Мусрепова, Габидена Мустафина, Ильяса Есенберлина, Ильяса Омарова, Тахави Ахтанова, Сырбая Мауленова, Гафу Каирбекова и других. Некоторые из них вошли в авторские сборники «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мерейі» (1968) «Ғабит Mүcipeпoв туралы тоғыз толғам» (2002). С 1973 года на протяжении четверти века Жумагали Исмагулов является членом Государственной терминологической комиссии при правительстве Казахстана. Избирается членом правления Казахского общества культурных связей с зарубежными странами, Республиканского комитета солидарности со странами Азии и Африки. Но в июне 1987 года за появление на страницах двух алма-атинских областных газет «Огни Алатау» и «Жетысу» фотоснимков судебной хроники о процессе над группой участников декабрьских событий 1986 года во главе с Кайратом Рыскулбековым, позднее удостоенным высокого звания «Халық­ Каһарманы», директор КазТАГ снят с работы и наказан по партийной линии. В дальнейшем персональное дело Ж. Исмагулова было пересмотрено, и он реабилитирован. С 1987 года научная деятельность Жумагали Исмагуловича тесно связана с Институтом литературы и искусства имени М.О. Ауэзова. Он исследует творческое наследие Ахмета Байтурсынова и Миржакыпа Дулатова, публикует критикобиблиографические очерки и является автором глав коллективной монографии «Казахская литература 20-30-х годов» (1997). В 2002—2003 годах под его редакцией выходит собрание сочинений М. Дулатова в пяти томах. Главным объектом научно-исследовательской деятельности Ж. Исмагулова становится богатейшее творческое наследие Абая. Великому казахскому поэту-мыслителю посвящена монография «Поэтические уроки Абая» (1994) и докторская диссертация «Реалистические принципы изображения действительности в поэзии Абая» (1995). В период с 1990 по 1995 год Жумагали Исмагулович принимал активное участие в подготовке и проведении 150-летнего юбилея Абая, в издании

его академического собрания сочинений в двух томах. В 1996 году за большой вклад в издание и исследование творчества Абая ему присуждена Государственная премия РК. В последние годы жизни Ж. Исмагулов заведовал отделом абаеведения и новейшей литературы Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова. Под его научным руководством защищен ряд кандидатских диссертаций. Два срока проработал ученый-литературовед заместителем председателя диссертационного совета института по защите докторских диссертаций, представляя специальность «литература народов Казахстана и стран нового зарубежья». Жумагали Исмагулович был рецензентом многих научных изданий Института. Его отзывы о рекомендуемых к изданию книгах отличались высокой компетентностью, научной объективностью и доброжелательностью. Обсуждаемые на заседаниях Ученого совета разнообразные темы и проблемы привлекали внимание авторитетного ученого, активизируя его участие в дискуссиях. Значителен вклад Ж. Исмагулова в развитие художественного перевода Казахстана. Литературовед осознавал важность перевода и высоко ценил его роль в укреплении международных контактов казахской литературы. На протяжении ряда лет он являлся секретарем Правления Союза журналистов и президентом Ассоциации художественного перевода при Правлении Союза писателей Казахстана. Ему принадлежат переводы трудов классиков марксизма-ленинизма и художественной прозы М. Горького, А. Чехова, И. Тургенева, A. Ocтровского, Н. Добролюбова и других. Жумагали Исмагулович великолепно читал наизусть лирику С. Есенина и классиков русской литературы. Высоко оценены критиками и читателями переводы Ж. Исмагулова на казахский язык романов «Красное и черное» Стендаля, «Утраченные иллюзии» О. Бальзака, «Берег» и «Выбор» Ю. Бондарева, «Арктический роман» В. Анчишкина, «В тупике» В. Вересаева, «Заир» П. Коэльо, повестей «Бикей и Мауляна» В. Даля, «Синяя тетрадь» Э. Казакевича. Художественный перевод сближает культуры и литературы, и в этом значительную роль играет творческое наследие Жумагали Исмагулова.

Тоқтар ӘЛІБЕК, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба бөлімінің меңгерушісі, филол. ғ.к.

мЕН БІЛЕТІН жұмЕКЕҢ Өткен ғасырдың сексенінші жылдары мен қ­арымды қ­аламгер, аудармашы, ҚазТАГ-тың басшысы, Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ комитетінің мүшесі, депутат, қ­оғам қ­айраткері Жұмағали Ысмағұловты бұқ­аралық­ ақ­параттар көздері арқ­ылы білуші едім. Әсіресе, сексен алтыншы жылғы оқ­иғаның қ­аһармандары өлім жазасына кесіліп, олардың сот алдындағы қ­айсар бейнелері Алматы облыстық­ «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде басылып кеткеннен кейін Жұмекеңді қ­аралаған қ­аңқ­у сөздер жиі естілуші еді. Жаңылмасам, сексен жетінші жылдың ортасы шамасында оны қ­ызметтен босату туралы Орталық­ Комитеттің шешімі шық­ты. Ал Жұмекеңмен бетпе-бет кездесіп, оның ғылым саласындағы қ­ызметімен танысуым 1994 жылдың күзінен басталады. Бұл тұста жаңа ғана тәуелсіздігін жариялаған Қазақ­ елі ұлы перзенті Абайдың 150 жылдық­ мерейтойын өткізуге жан-жақ­ты дайындық­ үстінде еді. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына қ­ызметке жаңа қ­абылданған мен де қ­аурыт жұмыстарға араласып кеттім. Себебі Қазақ­стан тарихында алғаш ЮНЕСКО тарапынан қ­олдау жасалған бұл мерейтойға барлық­ мемлекеттік мекемелер, ұйымдар жұмылдырылғанымен, негізгі ұйымдастырушылық­ қ­ұзіреті институт ұжымына тапсырылған болатын. Міне, осы бірер жылдың жүзінде Абайдың 2 томдық­ академиялық­ жинағы жарық­қ­а шығып, мерейтойға байланысты үлкен ұйымдастырушылық­ жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Абай шығармашылығын жаңа көзқ­арастар негізінде қ­айта қ­арап, тың текстологиялық­ зерттеулер жүргізген С. Қирабаев, З. Ахметов, Қ. Мұқ­аметханов, М. Мырзахметов сияқ­ты бірегей абайтанушы ғалымдардың бел ортасында Жұмекең де жүрді. Аянбай тер төгіп, қ­ос томдық­тың сапалы шығуына зор

үлесін қ­осты. Еңбегі еленіп, кейін аталған ғалымдардың сапында Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Жұмағали аға қ­оғамдық­ жұмыстарға да белсене араласып, дүниеден озғанға дейін институт ғылыми кеңесінің, диссертациялық­ кеңестің мүшесі ретінде әдебиеттану ғылымына байланысты көптеген келелі мәселелердің шешімін табуына атсалысты. Әсіресе, ғылыми жұмыстарды талқ­ылау, қ­орғау кездеріндегі белсенділігі ерекше байқ­алатын. Тумысында мәймөңкелеуді, асыра мақ­тауды ұната бермейтіндіктен, көбіне өз пікірінде, ұстанымында қ­алатын. Бір көрген адамға бірбеткей, суық­ жүзділеу ақ­сақ­алдың пысы басып, кейде қ­орғаушылар оның сауалына жауап бере алмайтын сәттер де жиі болып тұратын. Кандидаттық­ диссертациямды талқ­ылау үстінде менің де Жұмекеңнің тұтқ­иылдан қ­ойған сұрақ­тарынан сасып қ­алған тұсым болды. Бірақ­ кейін қ­орғау кезінде шешіле сөйлеп, жұмысымды әділ бағалауы оған деген алдыңғы ойымды жоқ­қ­а шығарғандай еді. Кейін «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінде қ­атар отырып, қ­ызметтес болған жылдарда Жұмекеңнің адамгершілік, еңбекқ­орлық­ қ­асиеттерін, ұйымдастырушылық­ қ­ырларын, шығармашылық­тағы дарын-қ­арымын кеңінен біліп, тануға мүмкіндіктер туды. Ағай белгілі түркітанушы ғалым Асқ­ар Егеубаев дүниеден өткеннен соң бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. Біз ол кісінің бұрын да осы лауазымды атқ­арып, кейін дарынды шәкірті Тұрсынжан Шапайға орнын босатып бергенін білетінбіз, әрі бұл адами, шынайы ақ­сақ­алдық­ пейіліне тәнті болып жүретінбіз. Мен білетін Жұмекең, ең алдымен, бабалардан қ­анмен сіңген ар-ожданына дақ­ түсірмей, пәк күйінде өмірден өтті. Бұл қ­асиетті қ­оғам да, сан салалы қ­ызмет баспалдақ­тары да өзгерте алмаған. Ол өткенге топырақ­ шашпайтын, өзін тәрбиелеп, биік белестерге көтерген коммунистік партияға орынсыз күйе жақ­пайтын санаулы адамдардың бірі еді. Бірақ­ туған халқ­ын жанындай сүйді, ғұмырының соңғы күніне дейін ел тәуелсіздігін насихаттап өтті. Бойын өтірік, өсек, жалған мақ­тан, адамды алалау сияқ­ты жат қ­ылық­тардан аулақ­ ұстады, қ­ызметкерлер арасында да мұндай қ­асиеттердің болмауын қ­атты қ­адағалады.

Екіншіден, Жұмекең шығармашылық­ ортада қ­арымды қ­аламгер, зерделі ғалым ретінде кеңінен танылып, аударма, көсемсөз салаларында, әдебиеттану ғылымында, абайтануда сүбелі еңбектер жазды. Көз жұмардың алдында ғана «Егемен Қазақ­стан» газетінде Астана саммитіне байланысты жазған публицистикалық­ мақ­аласында Қазақ­станның соңғы жылдардағы саяси-әлеуметтік, экономикалық­ жетістіктері терең талданды. Тәуелсіздік кезеңіндегі қ­ол жеткен табыстарға шынайы қ­уанды, әлі де кетіп жатқ­ан олқ­ылық­тардың орнына келетініне кәміл сенді. Жұмекеңнің кеңестік дәуірдегі еңбектеріне тоқ­талмағанның өзінде, кейінгі он жылдың көлемінде басылым көрген шығармалары бір қ­аламгердің өмір бойы жазған еңбектерімен парапар. Бұлардың қ­атарында оқ­ырман қ­ауымның үлкен сұранысына ие болған «Байкен Әшімов» (2002), «Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам» кітаптары, М. Горькийдің, А.П. Чеховтың, И.С. Тургеневтің, О.де Бальзактың («Сельский врач», «Шагреневая кожа»), Стендальдің («Красное и черное»), Ю. Бондаревтің, В.Вересаевтың («В тупике», «К жизни»), Паоло Коэльо («Заир») шығармаларының көркем аудармалары бар. Сондай-ақ­ ғалым М.Дулатұлының 2002-2004 жылдары жарық­ көрген 5 томдық­ шығармалар жинағының жауапты редакторы болып, он томдық­ «Қазақ­ әдебиетінің тарихы» сериясының «ХХ ғасыр басындағы қ­азақ­ әдебиетінің тарихы» (2007) атты алтыншы томына жетекшілік жасады. Соңғы топтама еңбектің 4, 5, 6-томдарының Шал ақ­ын Құлекеұлына, Шоқ­ан Уәлихановқ­а, Ыбырай Алтынсаринға, Нұржан Наушабайұлына, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақ­ып Дулатұлына қ­атысты тарауларын жазды. Осы жылдары абайтану саласына терең бойлап «Абай: ақ­ындық­ тағлымы», «Абай: Даналық­ дәрістері», «Алтын ғасырдың ақ­ таңы» сынды монографиялық­ зерттеулер жазып, «Абай дәстүрі және қ­азақ­ әдебиеті» ұжымдық­ монографиясына, «Қазақ­ ақ­ыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі», «Абай. Қара сөздері», «Абай мұрасы – қ­азақ­тың ұлттық­ мұрасы» т.б. жинақ­тардың жауапты редакторы болды. Сондай-ақ­ қ­алада, институт көлемінде өткен мерейтойлар мен ғылыми конференциялардың көпшілігінде сөз сөйлеп, болмаса бұқ­аралық­ ақ­парат көздерінде пікірлер білдіріп отырды.

Әсіресе, институтта жыл сайын өтетін дәстүрлі «Абай оқ­улары» халық­аралық­ ғылыми конференцияларын ұйымдастыруға белсене араласатын және негізгі баяндама жасау сол кісінің үлесіне тиесілі болатын. Мен білетін Жұмекең өте зиялы, парасатты, ұстамды, қ­ызметте барынша адал, әзіл-қ­алжыңды орынды пайдаланатын, үлкенмен де, кішімен де тіл табыса білетін қ­арапайым, кішіпейіл азамат еді. Оның зиялылығы аудандық­ баспахананың әріп терушісінен бастап ондаған жылдар жүріп өткен қ­ызмет баспалдақ­тары арқ­ылы қ­алыптасып, биік деңгейге жеткен. Оған ұстаз тұтқ­ан алдыңғы буын өкілдері мен өзінің айналасы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы бүкіл қ­азақ­ зиялыларының ық­палы аз болмаған. Сондық­тан Жұмекеңді өзі зерттеулер жазған ғасыр басындағы Алаш азаматтарының зиялылық­ болмысын жалғастырып, ісімен де, шығармашылығымен де кейінгі ұрпақ­тың санасына сіңірген санаулы қ­айраткерлердің бірі деп айтуға толық­ негіз бар. Жұмекеңнің тумысынан жалған айтып үйренбеген шыншылдық­ қ­асиеті іс-әрекеттерінен айқ­ын аңғарылып тұратын. Кейде бұдан зардап шегіп қ­алатын кездері жоқ­ емес еді. Соңғы жылдары ғылымда қ­ағазбастылық­ белең алып, үлкен науқ­анға айналғаны белгілі. Әсіресе, бөлім басшыларының жоба жасау, тоқ­сан сайын есеп беріп тұру т.б. міндеттері толып жатыр. Осындай ресми қ­ұжаттар Жұмекеңді абыржытып тастайтын. Себебі ол кісі өзге әріптестері сияқ­ты «жіпке кендір жалғап» жіберуді білмегендіктен, көбіне нақ­ты істелген жұмысты ғана ауызға алатын. Оған қ­анағаттанбаған басшылық­тан кейде сөгіс алып қ­алатын кездері де аз болмайтын. Келесі жолы есепті «көпіртіп» жазып, Ғылыми кеңес алдында қ­олына ұстатсақ­ та, баяндама барысында оны «ұмытып» кете беретін. Бала жасынан қ­атал тәртіпке үйренген ағамыз көзі жұмылғанша бұл қ­асиеттен арылған емес. Уақ­ытты қ­атты қ­адірлейтін, сондық­тан оны үнемдеуге көп көңіл бөлетін. Тіпті, кезекті еңбек демалысынан шығатын күнін дәл есептеп, таңертең келіп қ­ызметке шық­қ­аны туралы мәлімдеме жазып кетуі де оның дағдылы міндеттерінің бірі еді. Апай екеуі тойтомалақ­тарға да дәл уақ­ытында келіп, қ­онақ­тардың бас-аяғы жиналғанша бірнеше сағат күтіп қ­алатыны көпшіліктің есінде.

Жұмекең реті келсе, әзіл-қ­алжың, күлдіргі әңгімелер айтудан жалық­пайтын. Соңғы жылдары екі аяғы сыр беріп, ауруханаға жиі жатып қ­алып жүрді. Сондайда Шөмішбай аға екеуміз хал-жағдайын біліп, мүмкіндігінше көңлін аулап тұратынбыз. Бірде Жұмекең тағы да ауруханаға түсті. Біз барғанда жағы қ­исайған, бір көзі жұмылып қ­алған ағамыз шалқ­асынан жатып ем қ­абылдап жатыр екен. Айтысына қ­арағанда, жақ­ында Ахмет Байтұрсынұлына байланысты конференция өтіп, сонда баяндама жасаған. Зал салқ­ындау болғандық­тан, жағына суық­ тиіп, осындай жағдайға ұрынған. Жұмылған көзі ашылмайды да, ашығы жұмылмайды. Сонда да біраз әңгіменің басын шалып, қ­айтар сәтте: «Аузы қ­исық­ болса да бай баласы сөйлесін» деген, сендермен біраз шер тарқ­аттым», – деді күлдіріп. Өз басым ол кісінің кейбіреулер сияқ­ты өткен өмірін, қ­ол жеткен жетістіктерін айтып мақ­танғанын көрген емеспін. Жаңылмасам, қ­айтыс болардан бір апта бұрын «Қазақ­стан» телеарнасы Жұмекең туралы хабар түсірді. М.О. Әуезов музей-үйі ғылыми орталығында журналистерге сұхбат беріп жатқ­анын көріп, сәлем бердім. Сәл сасыңқ­ырап қ­алды. Бір хабар үшін үйінде, бұрынғы КазТАГ пен институттың қ­айта жөндеуден өтіп жатқ­ан ғимаратында түсіру жұмыстары жүргізілгенін, сөйтіп өзінің бірнеше күнін жоғалтқ­анын айтып ақ­талғандай болды. Қайта жөндеуге байланысты тар бөлмеде қ­ысылып отырған бөлім қ­ызметкерлерімен жеке-жеке қ­ол алысып амандасып, бірге камераға түсті. Қайтарында да алдыңғы әрекетін қ­айталап, жылы қ­оштасты. Көп ұзамай Жұмекеңнің дүниеден озғаны туралы суық­ хабар естідік. Мына жарық­ дүниеде сексен жастан астам уақ­ыт ғұмыр кешіп, замандастарының есінде тек адамгершілігімен, азаматтығымен ғана қ­алған мен білетін Жұмекең жарық­тық­- тың бойына біткен асыл қ­асиеттерінің, болмысының есімде қ­алған кей жұрнақ­тары – осылар. Ал Жұмекеңнің қ­айраткерлік тұлғасы, шығармашылық­ ғұмырнамасы терең зерттеліп, кейінгі ұрпақ­тар зердесіне жететініне сенімім кәміл.

алма ТуСуПова, к.ф.н, доцент КазНУ им. аль-Фараби

Два маСТЕРа ПЕРа: ПауЛо КоэЛьо и жумагаЛи иСмагуЛов Пауло Коэльо вошел в Книгу рекордов Гиннеса как автор, подписавший за один присест (45 минут) наибольшее число переводов – на 53 языка – одной-единственной книги «Алхимик». Этот рекорд он поставил на Франкфуртской книжной ярмарке в 2003 году. В общей сложности опубликовано 280 переводов книг Коэльо на 58 языках, а число распроданных в 150 странах книг достигает 56 миллионов. Для современной латиноамериканской литературы это достаточно новый жанр – жанр философской сказки – притчи. Бразилец Пауло Коэльо – один из самых незаурядных и популярных современных писателей в мире. Удивительная притча «Алхимик» создана именно для нашего времени, неспокойного, знакового, часто кардинально меняющего жизненные ориентиры и пути не только людей, но и народов, континентов, планеты. Мир Пауло Коэльо изумительно пластичен, насыщен точными материальными, этнографическими деталями, но отнюдь не распадается на красочные картины быта и нравов. Художественная география широка. Перенося главного героя – юношу Сантьяго – из одного места в другое, автор стремится показать, что искать и найти свою стезю – это первейшая духовная обязанность человека. В небольшом по объему произведении поднимаются такие вселенские проблемы, как проблемы поиска и обретения своего пути, счастья, любви и ненависти. Добиться воплощения своей судьбы – это единственная подлинная обязанность человека, утверждает автор: «Все люди, пока они еще молоды, знают свою судьбу… Но с течением времени таинственная сила принимается их убеждать в том, что добиться воплощения их судьбы невозможно. Сила эта кажется недоброжела-

тельной, но в действительности она указывает человеку на то, как проявляется судьба. Она готовит к этому его дух и его волю. На этой планете существует одна великая истина: когда ты по-настоящему что-то желаешь, ты достигаешь этого, ведь такое желание зародилось в душе Вселенной. И это и есть твое предназначение на Земле» [1, c.288]. Язык романа, необычайно выразительный, пластичный, передает особое мироощущение и миропонимание современного человека, ищущего ту обетованную землю, о которой с незапамятных времен вещали жрецы, разного рода клирики всех конфессий. Потребность человека быть счастливым, естественное желание любить и быть любимым, заниматься любимым делом, строить и претворять в жизнь свои планы – все эти темы волнуют писателя, который выделяется среди других латиноамериканских прозаиков манерой изложения, стилистикой, тематикой. В 2005 году Пауло Коэльо посетил нашу страну, назвав Казахстан «сакральной землей, к которой его постоянно тянула неведомая сила». 5 апреля 2005 года состоялось неординарное событие в литературной жизни Алматы – презентация романа «Захир» Пауло Коэльо. «Захир» издан на казахском языке корпорацией «Атамура». Перевод осуществлен Жумагали Исмагуловым, видным литератором – ученым, переводчиком, лауреатом Государственной премии РК, Заслуженным работником культуры РК, доктором филологических наук, профессором, академиком Академии социальных наук Казахстана. Само создание романа «Захир», пронизанного казахскими мотивами, как и его оперативный перевод на казахский и приоритетное издание в нашей стране, можно считать заметной вехой на пути межкультурных контактов Востока и Запада, приобретающих XXI веке глобальный характер. В данном случае – в форме диалога между национальными литературами Бразилии и Казахстана. Пауло Коэльо передал читателям «Комсомольской правды» письмо от 20 марта 2005 года: «После восторженных рассказов моих друзей о Казахстане я стал разыскивать по Интернету все, что только можно узнать об этой стране. И

чем дольше я вел поиски, тем сильнее влюблялся в казахскую культуру. Одновременно я начал писать книгу «Захир». И по волшебству вдохновения одним из главных героев стал казах. С того момента ландшафты Казахстана и «Захира» переплелись, а главная сюжетная линия указала на дорогу в направлении степей» [2]. После интернет-знакомства с Казахстаном Коэльо специально приехал в страну. И, пожив в наших степях, убедился, что они обладают своей магией. А значит, ею необходимо поделиться с остальными. Интересно заглянуть в творческую лабораторию писателя Жумагали Исмагулова, который отмечал добросовестный подстрочник романа П. Коэльо на русском языке, выполненный Геннадием Петровым (Москва). Казахский переводчик работал в течение двух месяцев, на одном дыхании. Обновление героя романа происходит в привычных нам местах. Это Алматы и его окрестности, например: «поющий бархан». Один из центральных персонажей – мудрец, живущий на берегу Капшагайского моря. «Многие спрашивают: а почему казаха назвали именем Михаил? А мне кажется, эта книга для нас хороший шанс, чтобы о нас узнали в мире. Узнали о нашей земле, которая многое испытала на своем веку: и голод, и взрывы… Книга своеобразна по структуре: она очень напоминает автобиографию самого писателя, хотя это совсем не так. Главный герой – писатель. Его жена – журналистка. После десяти лет совместной жизни она вдруг внезапно исчезает. То ли ей не хватило внимания с его стороны, то ли ей самой нужно было разобраться в своих чувствах. Ведь, несмотря ни на что, она любит своего мужа и, чтобы сохранить чувство, просится военным корреспондентом в Южную Америку. Там она видит, как погибают люди, как прощаются с жизнью. Раненый солдат разрывает окровавленную рубашку и дает ей, чтобы она по кусочку раздала людям. Чтобы они ценили жизнь. Жили каждую минуту. Название книги «Захир» взято из Корана. Но в книге нет даже пяти строк, связанных с исламом. Уже Предисловие отсылает нас к Хорке Луису Борхесу, к Энциклопедии фантас-

тических явлений. «Захир» – нечто заметное, ясное, видимое, то, мимо чего нельзя пройти просто так. Оно постепенно становится предметом всех наших мыслей. Таким захиром для писателя становится его жена, которая вдруг пропадает в один прекрасный день. По сути – это книга о том, как герои вновь обретают свою любовь. Обретают себя, тело, но уже в новом качестве. Миссию распространять энергию любви взял на себя казах по имени Михаил. Это тоже не случайно, это имя архангела. Встреча этих героев неизбежна. Именно здесь герою вновь предстоит возродиться, стать совсем другим человеком. Ему присваивают новое имя – Никто. Если помните, это имя взял себе другой путешественник – Одиссей, во время встречи с циклопом. Здесь, в степи, герою предстоит понять, что он любит свою жену. Если брать географию, то здесь и «поющий бархан», и искусственное море Капшагай, Алматы… Если брать людей, то это мудрый старец, бахсы, живущий у этого моря, его внук – художник Дос. Прототипом этого персонажа стал художник, нарисовавший иллюстрации к книге Коэльо – Досбол Касымов» [3]. Возможно секрет успеха этой книги заключается в необычном сюжете. Пауло Коэльо – это постоянный поиск нового, незнакомого сюжета. Это умение в простом увидеть необычное. Там есть и мистика, и вечные поиски ответов на самые распространенные вопросы, поиски самого себя. Можно предположить, что Коэльо искал в Казахстане экзотику, но нашел он серьезный материал, знание истории, экономики, народного быта, этики и культуры, понимание глубинных взаимосвязей – как сегодняшних, так и прошлых. Интересный произошел диалог двух мастеров пера. Жумагали Исмагулов, работая над художественным переводом, задавался вопросом: почему ряд важнейших сцен романа Пауло Коэльо развернул не в городе, а в степи? Интересен диалог двух мастеров художественного слова. Пауло Коэльо: «Мой дорогой Жумагали! Побывав в казахской степи, я сразу ощутил, что она сохранила корневое живое начало. У степи своя собственная, незаемная, мирная жизнь. Потому-то моя героиня, Эстер, военный корреспондент, уйдя

от западной цивилизации и оказавшись в Казахстане, нашла для себя духовное, психологическое и моральное убежище именно в степном селении под Алматы. Она восприняла ваш народ как народ, который сумел сохранить древние традиции, обряды, ценности, а казахскую землю – как землю священную, оберегаемую мирным тенгрианским небом. – Цивилизацию, ставшую ей чуждой, олицетворяет ее муж – широко известный, но безымянный писатель «Никто»? – Эстер бежит от одиночества, от нехватки любви со стороны супруга. – Казахская тема в романе «Захир», кроме географических примет, воплощена, помимо Доса, в других его персонажах. Это и Михаил… – О, это фигура мистическая, связанная с неземными сферами. Михаил – орудие этих сил. Они его наделили способностью распространять энергию любви. Именно от него у Эстер зарождается это высокое чувство к казахской степи и ее народу. Только любовь способна изменить мир к лучшему. – Но имя Михаил, вообще-то, нетипично для казахов. – Его нужно воспринимать, дорогой Жумагали, как условность. В моей книге нет «говорящих» имен. Кроме, может быть, самой Эстер. У нее есть еще одно (скрытое) имя, которое я и вынес в название книги. «Захир» – слово арабское, его можно перевести как «заметная фигура, мудрец, кудесник»… Суть не в принадлежности имени мужчине или женщине, а в значении. – Мне показалось очень выразительным, уважаемый Пауло, образ старика-кочевника. Этот баксы рассказывает Эстер о прошлом нашего народа, его жизни и быте. Он воплощает народную мудрость. Это и подкупает ее. Сердце казаха не может не тронуть и такая деталь. Эстер учит аульчан французскому языку, а сама осваивает приемы народного ковроткачества. – «А-ла-ша»… Так, кажется, у вас называется ковер, дорогой Жумагали? … Жаль, что с гор Алатау не виден, не слышен ваш знаменитый «поющий бархан», который произвел на меня сильнейшее впечатление» [4].

Пауло Коэльо пишет по одной книге каждые два года. Сам процесс создания занимает лишь несколько месяцев. Над «Захиром» он работал с января по июнь 2004-го года, но в течение двух лет вынашивал идею этой книги. Можно сказать, что Пауло Коэльо открыт для жизни, и жизненный опыт влияет на его произведения. Когда писатель приехал в Казахстан в апреле 2004 года, он уже завершил работу над романом «Захир». Страна и люди произвели на писателя очень сильное впечатление. Он много раз рассказывал своим друзьям о том опыте, который приобрел в степях Казахстана и при общении с людьми. «Ощущение Рая в это время снизошло с небес. И я осознал, что переживаю незабываемый момент своей жизни… Я здесь весь – без прошлого, без будущего, полностью сконцентрировавшийся на этом утре, на музыке лошадиных копыт, которые повторяют один и тот же ритм, на нежности, с которой ветер ласкает мое лицо, на неожиданной благодарности за то, что живу» [5]. Вот таким было первое соприкосновение главного героя романа «Захир» Пауло Коэльо с казахской степью. Той самой, о которой он до тех пор ведать не ведал, но которая вошла в его жизнь самой значимой вехой – вехой обретения так долго искомой и такой желаемой любви. Литература: 1. Алтыбаева С.М. Латиноамериканская литература // Очерки по мировой литературе рубежа XX-XXI столетий. – А., 2006. – С.273-304. 2. Пауло Коэльо заговорит по-казахски // Комсомольская правда. 20.03.2005. 3. Канафина Ж. Ищущим приключения для духа посвящается // Караван. 1.04.2005. 4. Заилийский А. Бразильский кофе на степном дастархане // Вечерний Алматы. 31.03.2005. 5. Варшавская Л. Пауло Коэльо – впервые на казахском // Известия – Казахстан. 25.03.2005.

марияш КаДРаЛиНова, доктор филологических наук, профессор, директор Костанайского колледжа социального образования

ДоРога ДЛиНоЮ в жизНь Человек долга, Жумагали Исмагулов истово служил своему делу, что позволяло ему жить для людей, ради таких же, как он сам и его близкие, знакомые и незнакомые. Так он мыслил и так поступал в согласии с велением совести. Отсюда те силы, что помогали ему достойно одолевать невзгоды, поддерживать в себе и вокруг себя статус высокой человечности. Художественно-творческий процесс – это не только процесс отражения объективной реальности, но и одновременно отражение творческого субъекта, выражение его отношения к миру, его мыслей и чувств, идей и воззрений, симпатий и антипатий. Жумагали Исмагулову было свойственно особое обостренное внимание к кризисным состояниям в развитии общества и человека. Каждое время вправе называть себя необыкновенным, неповторимым. Разве не была такова эпоха, например, пора неистового служения чести и отечеству Чокана Валиханова, или годы страшной войны с фашизмом или иступленного труда восстановления разрушенной войной страны. Именно этот исторический период связан с жизнью и деятельностью журналиста, писателя Жумагали Исмагулова. Жумагали Исмагулов родился 17 апреля 1928 года в поселке Соналы Сарыкольского района в семье тружеников колхоза. Ему пришлось менять школы и учителей: начальная школа, интернат Караобинской средней школы, семилетка в ауле Карачилик, знаменитая школа имени Ибрая Алтынсарина в Костанае, студент физико-математического факультета Костанайского учительского института. Но учеба была прервана из-за трудностей военного времени, и начинать самостоятельную трудовую жизнь учеником наборщика типографии Семиозерной (ныне Аулиекольской) районной газеты, затем

он работает ответственным секретарем газеты. Постижение журналистского мастерства было продолжено в 1946 году на факультете журналистики КазГУ. Будучи студентом, Жумагали Исмагулов заведует отделом в журнале ЦК Компартии Казахстана «Коммунист». После окончания университета (1951 г.) остается работать в этом журнале, вскоре утверждается его ответственным секретарем и членом редколлегии. 1952 год– главный редактор журнала «Блокнот агитатора», 1954 год – инструктор сектора печати Отдела пропаганды ЦК КП Казахстана. Дальнейший творческий путь Жумагали Исмагулова связан с литературной и издательской деятельностью. В 19611963 годах он – главный редактор газеты «Қазақ­ әдебиеті», занимает ответственные должности в республиканских печатных органах, заведует сектором перевода произведений классиков марксизма-ленинизма Института истории партии при ЦК Компартии Казахстана. 1973 год– заместитель директора, а в мае 1982 года – директор Информационного агентства при Совете Министров Казахской ССР (КазТАГ), где работает до середины 1987 года. По итогам десятой пятилетки в 1981 году Жумагали Исмагулов удостоен ордена «Знак Почета». Затем награждается за заслуги в пропаганде внутренней и внешней политики КПСС и Советского государства и совершенствование информационной службы в марте 1987 года орденом «Дружбы народов». С 1987 года научная деятельность Жумагали Исмагуловича тесно связана с Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова. Он исследует творческое наследие Ахмета Байтурсынова и Миржакыпа Дулатова, коллективной монографии «Казахская литература 20-30-х годов» (1997). В 20022003 годах под его редакцией выходит собрание сочинений М.Дулатова в пяти томах. Серьезен вклад Ж.Исмагулова в развитие перевода. Ему принадлежат переводы трудов классиков марксизма-ленинизма и художественной прозы М. Горького, А. Чехова, И. Тургенева,

А. Островского, Н. Добролюбова и романов «Красное и Черное» Стендаля, «Утраченные иллюзии» Бальзака, «Берег» и «Выбор» Ю. Бондарева, «Арктический роман» В.Анчишкина, «В тупике» В.Вересаева, «Захир» П. Коэльо и повестей «Бикей и Мауляна» В.Даля, «Синяя тетрадь» Э.Казакевича. Главным объектом научно-исследовательской деятельности Ж. Исмагулова становится богатейшее творческое наследие Абая. В 1995 году защищает докторскую диссертацию. В 1996 году за большой вклад в издание и исследование творчества Абая ему присуждена Государственная премия РК. Время бешенных скоростей, время физических и психологических сверхнагрузок, время следующих один за другим социальных катаклизмов, разломов души, почти муравьиного коллективизма одних и одиночество других. Именно в нашу пору, изнывающей под гнётом информации, обилия наплывающих друг на друга дел и мыслей, впечатлений, радостных и горьких Жумагали Исмагулов с большей надеждой найти ответы на вопросы времени обращается к своеобразной поэзии Абая. В художественном мире великого поэта ученый-исследователь раскрывает не только мировоззрение, но и всю многогранную сферу духовного потенциала поэта, степень его таланта, обострённую чувственность, жизненный опыт и кругозор, проникновенную наблюдательность, критичность взгляда. Здесь существенны не только своеобразие анализа поэзии, но и восприятие поэтических произведений Абая современностью. Монографии Ж. Исмагулова «Абай: ақ­ындық­ тағлымы», «Абай – даналық­ дәрістері» – это не только исследование творчества поэта, а целого мира в его разных, печальных и радостных измерениях. В истине, которую обретает поэт концентрируются не только его личные испытания, но и просвечивается память его народа и человечества. И с каждой поэтической строкой нам становится обозримее и ближе его планета людей, на которой есть пороки, горе, несправедливость, трагизм потерь, и есть доброта, любовь, разум, человечность, вера в человека, свободу и светлое будущее народа.

Научно-публицистические труды, монографии, переводы, художественные произведения Ж. Исмагулова отличаются уникальным содержанием: каждому человеку надлежит помнить о своей конечности, о своем рождении и неизбежной смерти, и смысл его жизни состоит лишь в служении людям. Это и есть гуманистический принцип, которому следовал всю свою жизнь журналист, писатель, ученый, переводчик Жумагали Исмагулов. Есть имена, память о которых народ всегда хранит в своем сердце. То, что ими создано, постоянно вызывает интерес и восхищение не только у их современников, но и всё новых поколений.

гүлжаһан оРДа, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы аРДаҚТы ағаЛаРым азаЙыП БаРа жаТыР Уақ­ыт шіркін қ­андай жылдам десеңші. Біздің де еңбек майданына араласқ­анымызға аттай жиырма жылдың бедері болып қ­алыпты. Содан бері сағат тілі дамылсыз сырғып, жылдар байқ­атпай жылжып өтуде. Жиырма жылдың ішінде қ­аншама жайсаң ағаларымызбен бірге қ­атар жүріп, олардың бойынан қ­аншама ізгіліктер мен іріліктерді көріп үлгі-өнеге алдық­. Төңірегіне қ­уаныш сыйлап, жүрген жерін әзіл-қ­алжыңға толтырып жүретін жаны жайсаң, жүрегі жомарт, өзі сері ағаларымыздың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұлов еді. 2011 жыл М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты үшін қ­уанышы мен қ­айғысы қ­атар жыл болды. Қуанышы – Қазақ­стан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық­ мерей тойына аталған институттың жеке шаңырақ­ көтеріп, Тіл білімінен бөлініп шық­қ­анына 50 жыл толып, екі айтулы меркенің қ­атар келуі. Қайғысы – ұзақ­ жылдар институтта табан аудармай еңбек еткен, ғылымға өмірлерін арнаған Жұмағали Ысмағұлов, Бақ­ытжан Майтанов сынды ардақ­ты ағаларымыздың бірі жылдың басында, екіншісі жылдың соңына таман арамыздан мезгілсіз кетіп қ­алуы. Өмір заңы – қ­атал, өз дегенін істейді. Тумақ­ бар да, өлмек бар. Қу ажал біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Бірақ­ адам баласы қ­ызық­ қ­ой, өзінің жақ­ын адамдарын әсте жаманшылық­қ­а қ­имайды. Сондай жақ­ын көретін, аға тұтып еркелейтін ағаларымыздың мезгілсіз қ­азасы олардың отбасына, үйдегі жеңгейлерімізге ғана емес, екінші үйіне айналған жұмыстағы әріптестеріне де оңай тиген жоқ­. Тоқ­саныншы жылдары Жұмағали ағаймен бас изесіп сәлемдескеніміз болмаса, жақ­ын араласа қ­ойған жоқ­пыз. Ол кісімен жақ­ынырақ­ араласудың сәті соңғы онжылдық­та, дәлірек

айтсақ­ 2002 жылдардан бермен қ­арай, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 10 томдық­ «Қазақ­ әдебиетінің тарихы» атты ұжымдық­ еңбекті дайындау барысында түсті. Бұл кешенді еңбекте кеңестік дәуір әдебиеті үш кезеңге бөлініп зерттелді. Оны зерттеуге ҚР ҰҒА академиктері З. Ахметов, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Р. Нұрғалилармен бірге ғылым докторлары Ә. Нарымбетов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Б. Құндақ­баев, Ж. Ысмағұлов, А. Егеубаев, Б. Ыбырайым, Д. Ысқ­ақ­ұлы, Т. Сыдық­ов, Қ. Ергөбеков, Х. Әдібаев, З. Сейітжанов, Г. Елеукенова, М. Иманғазинов, Н. Ақ­ыш, Г. Орда сынды авторлар қ­атысты. Аталған іргелі зерттеуді жүзеге асыру барысында осы авторлардың бәрімен де жақ­ынырақ­ араласудың сәті түсті. Тақ­ырыпқ­а академик С.Қирабаев жетекші болғандық­тан, ұсақ­- түйек ұйымдастыру шараларын маған тапсырып қ­оятын. Оның негізгі себебі, әр ай сайын, тоқ­сан сайын Білім және ғылым министрлігі атқ­арылған жұмыс жөнінде қ­ызметкерлерден есеп талап етеді. Қай автор қ­андай жұмыстарды атқ­арды, енді не істейді деген сауалдарға жауап беру үшін авторлармен тығыз байланыс жасау керек. Ғалымдардың екінші қ­ыры осындай сәттерде ашыла бастайды. Бірі ұмытшақ­, жайбасар болса, екіншісі ширақ­тық­ танытып, өз істеріне аса мұқ­ияттылық­пен, жауапкершілікпен қ­арайтындар бар. Жұмағали аға екінші топтағы ғалымдардың қ­атарынан еді. Өзіне тапсырылған жұмысқ­а тап-тұйнақ­тай, еш нәрсені де екі рет айтқ­ызбайды, өтінішіңді өз уақ­ытында орындап береді. Осындай тиянақ­тылығының арқ­асында Абайтану бөлімінде жұмыс істей отырып, Кәзіргі қ­азақ­ әдебиеті бөлімінің екі үлкен жобасына қ­осымша автор болды. 2003-2005 жылдары зерттеген «ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қ­азақ­ әдебиеті әлемдік әдебиет контексінде» атты жоба бойынша «Ғафу Қайырбеков», «Әдеби байланыстар» атты екі үлкен тарауды жазып берді. Бұл тараулар 10 томдық­ әдебиет тарихының 9-томына, дәлірек айтсақ­ кеңестік дәуірдің үшінші кезеңін (1956-1990 ж.ж.) қ­амтыған ұжымдық­ еңбекке енді. ХХ ғасыр басындағы әдебиетті Абайтану бөлімі зерттегендіктен Жұмағали Ысмағұлов 10 томдық­ еңбектің 6-томына «Міржақ­ып Дулатов», «Ахмет Байтұрсынов» деген үлкен портреттік тарауларды жазып берген болатын. Ол тарауларда

қ­аламгерлердің өмірі мен шығармашылығы толық­ қ­амтылып, олар туралы тың деректер ұсынылды. Қазіргі қ­азақ­ әдебиеті бөлімнің 2006-2009 жылдары зерттеген «Қазіргі қ­азақ­ романы және оның тарихи дәстүрі» атты ғылыми-зерттеу жобасына «Қазақ­ романының алғашқ­ы үлгілері», «Махаббат трагедиясы» сынды тарауларды жазып берді. Бұл тараулар кейін «Қазақ­ романы: өткені мен бүгіні» атты ұжымдық­ монографияға енді. Академик Серік Қирабаевтың көңілінен шығатын санаулы авторлардың бірі ретінде біздің бөлімге қ­олғабыс жасаған Жұмағали ағай осы жылдары өзін жақ­ынырақ­ таныта түсті. «Қазақ­ романының алғашқ­ы үлгілері» атты тарауда «Қыз көрелік», «Бақ­ытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Кім жазық­ты», «Қалың мал», «Әділ –Мария» сынды алғашқ­ы қ­азақ­ романдары зерттеу нысанына алынды. «Қыз көрелік» пен «Бақ­ытсыз Жамал» кеңес дәуірінде авторларымен бірге қ­уғынға ұшырағандық­тан, «Қалың мал» қ­азақ­ әдебиетіндегі тұңғыш роман саналғанын баса айтқ­ан зерттеуші жанр жағынан келгенде «Қалың малдың» мойны озық­ тұрғанына көңіл аударды. Бұл зерттеуде автор «Қыз көрелік», «Бақ­ытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Кім жазық­ты», «Қалың мал», «Әділ-Мария» сынды алғашқ­ы қ­азақ­ романдарына бүгінгі күн талабына сай әділ бағасын берді. «Махаббат трагедиясы» деген шағын тараушада «Адасқ­андар» романы зерттеу нысанасына алынды. «Адасқ­андар» – қ­азақ­ елінің шындығын, жастардың трагедиялы махаббатын қ­азақ­ әдебиетіне 20-жылдары алып келіп, қ­азақ­ прозасын мазмұн, түр жағынан байытқ­ан сүбелі роман екенін айта келіп, осы оқ­иға негізінде «Мөлдір махаббат» романы жазылғанына баса көңіл бөлді. Зерттеуде «Адасқ­андар» қ­азақ­ романының қ­алыптасуы мен дамуына қ­осылған қ­омақ­ты дүние ретінде бағаланды. Осылайша 5-6 жыл бірлесе жұмыс істеп, біздің бөлім дайындаған екі үлкен ұжымдық­ еңбекке автор болды. Осы жылдары біз Жұмағали ағаймен жақ­ынырақ­ араластық­. Ол – өте білімді ғалым еді. Жазған қ­олжазбаларына аса мұқ­ият болатын. Маржандай етіп жазып келген қ­олжазбасын мүдірмей теріп шығуға болады. Бірақ­ өз жұмысына аса жауапкершілік-

пен қ­арайтын ағамыз қ­олжазба терілген соң, түпнұсқ­амен асық­пай салыстырып тексеретін. Орфографиялық­, пунктуациялық­ қ­ате дегенді көзі көргіш. Байқ­аусызда ұрланып қ­алып қ­ойған үтір, нүктелерді әп-сәтте тауып алып, орнына қ­ондыра қ­ояды. Ондайда біз таң қ­алып, ағамыздың ұзақ­ жылдар Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директоры болғанын есімізге алып жататынбыз. Оған дейін де баспа ісінде әртүрлі қ­ызметтер атқ­арғаны белгілі. «Коммунист» (қ­азіргі «Ақ­иқ­ат» журналы), «Үгітші блакноты» («Блакнот агитатора») журналдары мен «Қазақ­ әдебиеті», «Жетісу», «Коммунизм туы» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор сынды жауапты қ­ызметтер атқ­арған ағамыздың көзі қ­ырағы еді. Мұндай қ­ырағылық­ кейінгі буын өкілдеріне бұйырмаған қ­асиет екені жасырын емес. Осы жағынан келгенде Жұмағали Ысмағұлұлы бәрімізге де үлгі-өнеге көрсетіп жүретін. Жұмағали Ысмағұлұлы – жұмысқ­а ғана емес, төңірегіндегі әрбір адамға ерекше көңіл бөлетін жаны жомарт жан еді. Сырт көзге паң, маңғаз, сырбаз көрінген ағамыз өмірде өте кішіпейіл, ақ­жарқ­ын болды. Бас ғылыми қ­ызметкерден бастап, ең кішісі лаборанттарға дейін Жұмағали ағай үлкен қ­ұрмет көрсетіп, ерекше ілтипатпен сәлемдесіп жататын. «Сәлем – сөздің атасы» дейді атам қ­азақ­. Ал, біздің арамызда берген сәлеміңді алмайтын ғұламалар қ­аншама. Осылар алдындағы ағаларынан неге өнеге алмайды екен деп ойлайсың. Баласындай біздерге есік ашып, өзі тосып тұрғанда, алдына түсіп өтуге ыңғайсызданатынбыз. Соңғы уақ­ыттары қ­олына ұстаған таяғын артық­ көріп ыңғайсыздық­ танытқ­ан тұста, біз керісінше ондай әдемі таяқ­тың сері ағаларымызға жарасатынын баса айтып көңілін көтеріп қ­оятынбыз. Алайда, өзінің қ­артая қ­оймағандығын байқ­ату үшін қ­ыз-келіншектерге ілтипат жасап, әзіл-қ­алжыңын араластыра жауап қ­айтаратын. Біздің бөлімде ұзақ­ жылдар бірге жұмыс істеген Әбділхамит Нарымбетов ағаймен жиі әзілдесіп отыратын. Ол кісі Шериаздан Рүстемұлы екеуін күйеу деп әзілдеп, «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деп қ­оятын. Сол кезде Жұмағали ағай қ­уланып, бөлім меңгерушісі, академик

Серік Қирабаевтың отыратын орнын көрсетіп, – мына кісі де күйеу емес пе?, – десе, Әбділхамит аға шошып кетіп, ыршып түсетін. Осылайша бір-бірімен әзілдесіп, жақ­ын араласқ­ан ағаларымыз бір бөлімде отырғандық­тан бізді де бауырына баса сөйлейтін. Алдымызда асқ­ар таудай ағаларымыз жүргенде өзімізді бала сезініп, сол кісілерге арқ­а сүйеп отыратынбыз. Институттың Ғылыми кеңесінде мүйізі қ­арағайдай ағаларымыз сөйлегенде, олардан кейінгі буын өкілдеріне айтатын сөз қ­алмай жататын. Қайран сол күндер бүгінде көзден бұл-бұл ұшты емес пе?.. «Өгізге туған күн, бұзауға да туады» дегендей, ғылыми ортада жүрген соң, 2010 жылы диссертация қ­орғау кезегі бізге де келді. Жұмағали Ысмағұлұлы жаздың кезінде қ­аттырақ­ науқ­астанып жүрген соң, көп мазаламауға тырысып, жұмысымды сектордағы талқ­ылау кезінде оқ­уға бермей, бірақ­ шай ішуге міндетті түрде келуін қ­адала өтіндім. Ондағы ойым – өзі шаршап жүрген ағама қ­олжазбамды тық­- палап мазаламай, әріптестерімен бірге арқ­а-жарқ­а отырып шай ішкізу болатын. Кейбір пысық­айлар ауруханада жатқ­анда да қ­олжазбаларын оқ­ытып мазалап жүргенін көзіміз көргендіктен, мен ондай іске әсте бармадым. Кейін біраз айығып, жақ­сы болған соң, Ғылыми кеңестің талқ­ылауына бара жатқ­анда қ­олжазбамды қ­арап шығуын өтіндім. Өзі бір үлкен істі қ­олға алып, бөлімдегі лаборант қ­ыз Шолпанды үйге шақ­ырып, диктовка жасап отыр екен. Сонда да арасында уақ­ыт тауып, менің көңілімді жық­пай жұмысымды қ­арап, жанашырлық­ пікірін айтты. Жанашырлық­ деп айтатынымыз – қ­олжазбамен толық­ танысып, жетістігі мен кемшілігін түгелдей сүзгіден өткізу. Оң ескертпелер жұмыстың ширауына септігін тигізсе, жетістігін көрсету авторының еңбегін бағалағандығы болып табылады. Жұмағали ағам мені ерекше сыйлайтын деп айта аламын. Себебі, менің елімді, жерімді сұрайтын да, – сен арғын бола салшы, – дейтін. Ағамның көңілін жық­пай, – жарайды, – деп қ­оятынмын. Қай ел болғанда да бір қ­азақ­тың баласы емес пе? Ал, ғылымдағы қ­арындастарына ренжігенде, – өзінің қ­алай қ­орғағанын ұмытып қ­алған екен, – деп отыратын. Асыл ағам өзінің маған деген қ­амқ­орлығын докторлық­ диссертациямды қ­орғау сәтінде көптің алдында және көрсетті. Ре-

сми талқ­ылау біткен соң, бейресми талқ­ылау басталады. Ол кезде не аяғыңнан шалғысы келгендер, не қ­ол ұшын бергісі келгендер ғана сөйлейді. Мұхтар Әуезов атамыз айтқ­андай, «Толмаған Толстойлардың» кейбір сыңаржақ­ пікірлерін қ­олдамаған Жұмағали ағам орнынан көтерілген кезде арқ­а басым кеңіп сала берді. Себебі, ғылыми кеңесшім Серік Смайыұлы сырқ­аттанып қ­орғауға келе алмай қ­алып еді. Осындай жабырқ­ап отырған сәтте кімнің қ­андай оймен сөйлеп жатқ­анын бақ­ылап, сын көзбен қ­арап отырасың. Диссертант үшін қ­ол көтерген адамның қ­андай сауал қ­оятыны, орнынан түрегелген адамның не айтқ­алы мінбеге келе жатқ­аны – бәрі де қ­олмен қ­ойғандай белгілі болып тұрады. Сөзімді сөйлеп академик ағам отырса, талай пікірлер өзгеріп сала берері де даусыз. Сол кісінің жоқ­тығын пайдаланып, араша талауға дайын тұратындарды да көзіміз көріп жүр. Жұмағали ағам мінбеге шық­ты да өздерінің замандасы Мүсілім Базарбайұлы туралы диссертацияның жазылғандығын қ­олдай келіп, оны жазған автордың да аз еңбектенбегендігін санамалап көрсетіп берді. Осы тұста Тұрсынбек ағам (Т. Кәкішев) тәрізді мен де 2010 жылы 3 желтоқ­санда сағат 15.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық­ кеңестің мәжілісінде сөйлеген Жұмағалы Ысмағұлұлының өз сөзін беруді жөн деп санап отырмын: «Орда Гүлжаһанның 10.01.02 – Қазақ­ әдебиеті мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қ­орғауға ұсынып отырған «Қазақ­ әдебиеттану ғылымының проблемалары және Мүсілім Базарбаев зерттеулері» атты диссертациялық­ жұмысын біз Әдебиет тарихы секторы мен институттың Ғылыми кеңесінде талқ­ылаған болатынбыз. Бұл жұмыспен толық­ танысып шық­- қ­анбыз. Бұл – докторлық­ диссертация талабына сай келетін, толық­ аяқ­талған, өзіндік айтары бар жұмыс. Диссертант М. Базарбаевтың алғашқ­ы тырнақ­алдысынан бастап зерттей білген. Соңғы уақ­ытта фольклортану мен ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуге аса ден қ­ойылып жүргені белгілі. Алайда бүгінде

тарих қ­ойнауына енген ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымын зерттейтін де уақ­ыт жетті. Осы тұрғыдан алғанда қ­орғауға ұсынылып отырған жұмыс өзекті тақ­ырыптардың бірін көтере білген. М. Базарбаев 1961 жылы жаңадан ашылған Әдебиет және өнер институтының тұңғыш директоры болды. Әдебиет институты Тіл институтынан бөлініп шық­қ­ан жауапты кезеңде Мұқ­аң Мүсілімді тегіннен-тегін директор сайлаған жоқ­. Ол өзіне оң қ­ол етіп, өзіне сенімді серік ретінде Мүсілімді таңдап алды. Содан бастап ол аталған институтты ұзақ­ жыл басқ­арды. Мүсілім өзінің кең эрудициясының арқ­асында қ­ыруар шараларды атқ­арды. Көп томдық­ «Қазақ­ әдебиетінің тарихы» жасалды. Сондық­тан да қ­азақ­ әдебиеттану ғылымында Мүсілім Базарбаевтың орны ерекше. Елуінші жылдары аға буын өкілдері қ­удалауға түскенде жас буын өкілдері дағдарып, нені қ­алай жазу керектігін білмей қ­алды. Сол тұста М. Базарбаев әдебиет тарихын зерттеуге белсене араласып, өзінің пікірлерін дәлелдеп бақ­ты. Оның кандидаттық­ диссертациясына арқ­ау болған «Қазақ­ поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі» атты тақ­ырыбы сол тұстағы ең өзекті мәселелердің бірі еді. Ақ­ын-жазушылар кеңестік дәуірдегі еңбек адамының бейнесін қ­алай жасаймыз деп жатқ­анда Мүсілім зерттеуші ретінде оның жолын тауып, көрсете білді. Еңбектің адам өміріндегі мәнін жоймайтындығы тәрізді еңбек адамының бейнесі де қ­ай дәуірде де өз қ­ажеттілігін жоғалтпаса керек. Ол 15 жыл осы қ­ара шаңырақ­ты басқ­арған кезде қ­ыруар шара атқ­арды. Кейін тәуелсіздік алған жылдары да Мүсілім қ­азіргі қ­азақ­ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып отырғандық­тан әдебиеттің ақ­таңдақ­ беттерін зерттеуге басшылық­ жасады. Зерттеушінің толысып толған кезінде алаш әдебиетін зерттеуге белсене кіріскені мәлім. Оның Әлихан, Шәкәрім, Мағжан туралы зерттеулері осы жылдардың жемісі. Диссертант солардың бәрін де салыстыра отырып зерттеуге ден қ­ойған. Сондық­тан да бұл жұмыста тек қ­ана М.Базарбаевтың емес, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бірнеше жылдық­ еңбегі жинақ­талып, топталып, белгілі мәселелер төңірегінде салыстырыла зерттелген. Кеңестік дәуірдегі әдеби процесті зерттеуде диссертант жақ­сы жұмысты алып келіп отыр. Гүлжаһан қ­арындасымыз көп ізденіп,

еңбектеніп, үлкен жұмысты алып келіп отыр. Қазақ­ әдебиетінің негізгі проблемаларын М.Базарбаев зерттеулерімен әдемі ұштастырған еңбекті 50–90 жылдардағы әдеби процесті ғылыми саралаған алғашқ­ы еңбектердің қ­атарында атауға болады. Гүлжаһан Орда институттың қ­алыптасқ­ан, пісіп жетілген белді қ­ызметкері, сондық­тан осы жұмысы үшін Гүлжаһан Ордаға филология ғылымдарының докторы атағын беруге болады». Осылайша Жұмағали ағам «Өзім деген адамға өзегін жұлып беретіндігін» көрсетті. Дуалы ауыздан шық­қ­ан аталы сөз далаға кеткен жоқ­. Иә, бұл Жұмағали Ысмағұловтың соңғы сөздерінің бірі ретінде тарихта қ­алды. Алдағы уақ­ытта асыл ағаларымыздың мол сенімі мен үлкен үмітін ақ­тау бізге сын. Ардақ­ты ағамның кеш соңына дейін көңілді отырған отырысы сол дастарқ­ан болды. Себебі, ағаларым асық­пасын деп, үйдегі жеңгелерімді қ­оса шақ­ыруды ұмытпаған едім. Мүсекеңнің жары Гүлбараш апайдың қ­асына серік болсын деген ниетпен Әбділхамит Нарымбетов ағамның жесірі Күлғайша апамды, Жұмекеңнің жары Фарида апамды, Күнімжан Байқ­адамова апаларымды шақ­ырған болатынмын. Мен ойлағандай Жұмағали ағам мен Фарида апам өз замандастарымен әңгімелесіп, көңіл көтеріп біраз отырды. Оның үстіне менің бір әпкелерім Фарида апайдың шәкірттері болып шық­ты да, қ­у қ­ыздар көптен көрмеген сері жезделерін биге шақ­ырып, ағамызды біраз шаршатып тастады. Ағамның сол күнгі сөзі, биі бәрі де бүгінге дейін көз алдымызда... Қазақ­та үлкенді сыйлау, үлкенге қ­ұрмет, кішіге ізет жасау деген сық­ылды жазылмаған қ­ағидалар – атадан балаға жетіп, қ­анымызға сіңген қ­асиеттердің бірі. Осындай сан ғасырлар қ­алыптасқ­ан халық­тық­ педагогиканы бойына сіңірген асыл ағаларымыз үлкенге қ­ұрмет, кішіге ізет жасаудың жақ­сы үлгісін көрсетіп кетті. Одан біреулер үйреніп өнеге алса, енді біреулер аспаннан түскендей-көрсе де көрмеген болды. Ал, біздің буынның екі ғасыр тоғысында өмір сүріп, екі қ­оғамдық­ формацияға куә болған ардақ­ты ағаларымыздан ғылым мен өмір жолында алған өнегеміз болса жарар еді.

Серікбай ҚоСаН, ақын, түркітанушы

жұмағаҢ аРамызДа жүР Мен бұрындары Жұмағали ағаны сырттай ғана білуші едім. Ұмытпасам, марқ­ұмды алғаш біздің институттың дәлізінен кезіктірген болармын. Ол кез – 90-жылдардың соңы... Аса бір қ­олайсыз уақ­ыт. Елде әлеуметтік-экономикалық­ дағдарыс белең алып, рухани сала мүлде аянышты халге түскен. Қазақ­тың маңдайына біткен жалғыз Ұлттық­ ғылым академиясы таратылып, оған қ­арасты салалық­ ғылыми зерттеу институттары тікелей министрлікке қ­аратылған. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басына да бұлт үйіріліп, ұжым қ­ызметкерлері қ­ысқ­артуға түсіп, ғылым тоқ­ыраған, ғалымдар дағдарған тұс. Адамдар айлап жалақ­ы алмайтын, институт келешегі күңгірт, болашағы бұлыңғыр мезгіл... Өзім де ғылыми мекемеге осындай өтпелі кезең – өліара шақ­та келгенмін. Содан болар, аға буын өкілдерін институттан сирек көруші едім. Ал орта буын өкілдерінің көбі тиісті атақ­-дәрежелерін қ­орғап, жоғары оқ­у орындарын, газет-журналдарды, өзге айлығы көбірек салаларды сағалап кеткен болатын. Осы тұста Мұхтар, Сәбит, Әбділда, Ғабит, Қажым сынды алыптардан бастап, Есмағамбет, Ысқ­ақ­, Әди, Мәлік секілді тарландар, Мүсілім, Мекерия, Әнуар, Мәлике қ­атарлы талантты ғалымдар олжа салған ордалы шаңырақ­та санаулы саңлақ­тар ғана шырақ­шы боп қ­алды. Солардың арасында академик Серік Қирабаев, Зәки Ахметов, ғылым докторлары, профессор Шериаздан Елеукенов, Әбділхамит Нарымбетов, Жұмағали Ысмағұлов, Оразгүл Нұрмағамбетова, Мұхаммедрахым Жармұхамедұлы, Жұмат Тілепов, Шәкір Ыбыраев, Сәрсенбі Дәуітұлы, ғылым кандидаты дегеніңіз болмаса, қ­азақ­ әдебиеті ғылымына ерекше еңбегі сіңген Үшкілтай Сүбханбердина, Қабиболла Сыдиық­ұлы және басқ­а да майталман мамандар бар болатын. Қазір қ­арап отырсам, ол кісілердің де біразы дүниеден өтіпті... Жандары жәннатта болғай!

Әлі есімде, Әдебиет институтының кең дәлізімен жүріп өткенде алдымыздан Зәки аға, Серағаң, Шерағаң, Әбекең, Жұмағаңдар шыға келгенде абыржып қ­алушы едік. Алғашқ­ы кезде үлкендер жатырқ­ап, жастар тосырқ­ап жүргендей сезілетін маған. Ағаларым ай маңдайы жарқ­ырап, маңғаз басып жанымнан жайлап өткеннің өзінде де олармен қ­олдасып сәлемдесе алмай қ­алатын сәттерім ара-тұра кездесіп тұратын. Қалай дегенмен, абзал ағалардың қ­алам ұстауға ғана жаратылған аялы алақ­андары сондай ыстық­, соншалық­- ты жұмсақ­ әрі мейірімді болатынын кейінірек білдім. Мен үшін осы аталған ғұлама жандардың қ­айсысының да орны ерекше бөлек және зор ілтипат пен қ­ұрметке ие екендігін айту парыз. Әсіресе, марқ­ұм Жұмағали ағам туралы естелік жазармын деп ойламаппын. Бұл кісі бір қ­арағанда мейлінше қ­атал мінездің адамы сияқ­ты көрінетін. Жүріс-тұрысы бипаз, көзқ­арасынан терең ойлылық­пен қ­атар кірпияздығы да сезіліп тұратын. Әйткенмен, бар болмысынан қ­азақ­ы кісілікпен қ­апысыз үйлескен зиялылық­ пен тектілік нышандары айқ­ын аңғарылатын-ды. Ал, жақ­ынырақ­ танысып сөйлесе қ­алғанда ағаның тумысынан аса сезімтал, ақ­ынжанды әрі дархан көңілді жан екендігіне көзіміз жете түсті. Жұмағаңның ақ­жарқ­ын, аңғал мінездері жетерлік еді. Сәл нәрсеге өкпелеп яки аяқ­ асты шарт ашуланатын сәттеріне де куә болғаным бар. Оның өткен өмірінен алған тағдыр-сыбағасы да, түрлі қ­ызметте жүріп жинақ­таған тәжірибесі мен көрген-білгендері де көп болатын. Содан болар, әріптестерінің басынан өткен кейбір қ­ызық­ты жайттарды, күлдіргі оқ­иғаларды шебер әңгімелейтін. Сол бір елеусіз айтылған хикаялардың арасында өткендегі әдебиет өкілдері мен өз заманының талантты қ­алам қ­айраткерлері туралы былайғы жұрт біле бермейтін небір сирек те қ­ұнды деректер жиі ұшырайтын. Осындай әсерлі әңгімелері мен әдемі естеліктері хатқ­а түспей қ­алды-ау деп өкінемін. Әлбетте, Торғай – Қостанай өңірінен шық­қ­ан алаш қ­айраткерлері туралы білетіндері бір төбе! Жалпы, Жұмағаң кейбір жазушылар секілді есіп естелік жаза бермейтін, өзгелер жайында жазғандарына өте жауапкершілікпен қ­арайтын, өтірік пен өсекке жаны қ­ас, дегдар

кісі еді. Сырға берік аға өзінің бұралаң, бұлтарыстары мен жұмбағы мол өткен өмірі жөнінде де тіс жармай өтті. Сірә, жоғарыда айтылған қ­ұнарлы хикаялардың қ­ағазға түспей қ­алу себебі осыдан болар... 2007 жылы болуы керек, бұрынғы академия ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүргендіктен, Философия институтының ұжымы бізге көшіп келді де, бөлме жетпегендіктен Жұмағали аға басқ­аратын абайтану бөлімі кабинеттерін соларға қ­алдырып, өздері қ­олжазба орталығына орын тепті. Ол кездері мен институттың қ­олжазба және электронды жүйелеу бөлімінде жетекшілік қ­ызмет атқ­аратын едім. Ағамен жақ­ынырақ­ араласуымыз сол тұста басталды. Таныса келе, Жұмағаңның үйіндегі апайдың Арал қ­аласындағы мектепте оқ­ығандығы әрі ата жөнінен маған алыс туыстығы барлығын білдім. Қазақ­ы дәстүр жолымен жезде-балдыз ретінде қ­атыспасақ­ та, бұл жағдай менің ағамен біршама еркін тілдесуіме қ­олайлы мүмкіндік туғызды. Бір кабинетте қ­атар отырған жылдары Жұмағаңның үлгілі, өрнекті сөздерін көп естідік. Ал асыл ағаның жеңіл әзілдері мен тапқ­ыр қ­алжыңдары да ретті жерінде айтылатын. Жұмағаң таңертең бөлімге кіргенде «рұқ­сат па, бастық­?» деп мені әзілмен түйрей өтетін. Онысы – өздерінің біздің бөлімге «қ­онақ­» екендіктерін есімізге салғаны болуы керек. Ағаның тапқ­ыр сөздері, зілсіз қ­алжыңдарына да куә болғаным бар. Соның бір мысалын келтіре кетейін. Бірде Жұмағаң қ­арамағындағы қ­ызметкері әрі өзінің көмекшісі Тоқ­тар деген інісіне мынадай сауал қ­ойыпты: – Тоқ­а, сен осы қ­айда тұрасың? – Қалқ­аманда тұрамыз. – Үйлерің бар ма? – дейді Жұмағаң. Тоқ­тар да іле жауап беріп: – Иә, жер алып, үй салып алғанбыз, – десе керек. Сонда ағамыз: – Есіктерің қ­ай жағында? – депті. Әріптес інісі болса жайбарақ­ат: – Шығысқ­а қ­араған, аға, – дейді ғой. Жұмағаң да түк білмегендей: – Терезелері төбесінде шығар? – депті. Тоқ­тар сасқ­алақ­тап: – Жоқ­, аға, кәдімгідей – қ­абырғаға салынған, – деп шындап жауап берсе, Жұмағаң інісін: – Ау, оны біз қ­айдан білеміз, барып көрмеген соң, – деп қ­атырыпты.

Жұмағали аға аса білімдар кісі болатын. Ол қ­азақ­ әдебиетінің өткен тарихы мен бүгінгі даму барысын жақ­сы білетін және аға буынның ғана емес, кейінгі жас, жаңа буын өкілдерінің шығармашылығын да үнемі қ­адағалап отыратын. Бұған қ­оса, орыстың және Еуропаның классикалық­ әдебиетінен де жан-жақ­ты хабардар болуымен тәнті етуші еді. Ол кісінің аса дарынды һәм шын мағынасындағы кәсіби аудармашы екендігі күллі қ­азақ­ қ­аламгерлеріне мәлім-ді. Әр түрлі отырыстар мен мерекелік жиындарда Жұмағаң Пушкиннің, Лермонтовтың, Есениннің, т.б. айтулы орыс ақ­ындарының көлемді өлең-жырларын келістіре оқ­ып беретін. Өзіміздің ақ­ындардан, әсіресе, Абай, Мағжан, Міржақ­ып шығармаларын ерекше қ­адірлейтінін аңғаратынмын. Ол өз өмірінің соңғы жиырма жылын ұлы Абай мұрасын зерттеуге арнады. Талантты ғалым Ж. Ысмағұловтың қ­аламынан туған «Абай тағлымы»(1995), «Абай: Даналық­ дәрістері» (2007) атты іргелі монографиялық­ еңбектері соның жарқ­ын дәлелі. Жұмағаң Абайдың 150 жылдық­ мерейтойы қ­арсаңында жарық­ көрген қ­ос томдық­ толық­ шығармалар жинағын баспаға әзірлеу барысында көп тер төгіп, ақ­ын өлеңдерінің мәтіндік сараптауларына атсалысты. Сондай-ақ­, кейін Абай қ­ара сөздерін текстологиялық­ қ­айта салыстырып, өзінің тікелей қ­ұрастыруымен (2009) жарық­қ­а шығарғаны есімізде. Жасы ұлғайғанына қ­арамастан ғалым үнемі ізденіс үстінде жүретін. Институт қ­ызметкерлерінің қ­атысуымен дайындалған бірнеше ұжымдық­ ғылыми жинақ­тар мен ғылыми монографияларға жауапты редактор болумен қ­атар, «Қазақ­ әдебиеті тарихының» 10 томдық­ топтамасының 4,5,6-томдарының негізгі және кіріспе тарауларын жазуға қ­атысты әрі жетекшілік жасады. Еңбекқ­ор аға мұнан бұрын алаштың жалынды жаршысы, дарынды қ­азақ­ қ­аламгері М. Дулатұлының 5 томдық­ шығармалар жинағына да сарапшылық­ жасаған-ды. 2010 жылы, қ­айтыс боларынан біраз бұрын «Алтын ғасырдың ақ­ таңы» атты зерттеулер жинағы жарық­қ­а шық­ты. Жұмағаң аурухана керуетіне таңылып жатқ­ан шақ­тарында да өмірбойғы серігі – кітап пен қ­аламын қ­олынан тастағысы келмей жанталасып жатты дейді, жарық­тық­, иманы жолдас болғыр!

Жан дүниесі аса бай, серілік пен дегдар мінезді әдемі үйлестірген ағаның көңілі де дарқ­ан болатын. Ғылымға кештеу келсе де шәкірт тәрбиелеп, жас ғалымдарды қ­орғатуға күш салды. Олардың бірқ­атары сәтті қ­орғап, ғылым кандидат атанып жатты. Болмысынан қ­атал ұстанымның адамы болғанымен, жанаса қ­алған әріптес інілерін бауырға тартып, жанына жақ­ын ұстайтын. Жылдың әр мезгілінде, әдетте мереке күндерінде ұйымдастырылатын сауық­ кештеріне Фарида апай екеуі жұп жазбай қ­атысатын-ды. Билеп, өлең оқ­ып, аздап ән де салатын. Бір жолы мені және Тоқ­тар, Бекет, Мамай, Базарбек секілді жас жігіттерді жұбайларымызбен бірге үйіне шақ­ырып қ­онақ­ еткені бар. Үлкендерден – көптен сыралғы дос інісі Нұрмахан аға ғана болды. Сонда Жұмағаң мен Фарида апай қ­ария жастарына қ­арамастан тікесінен тік тұрып, түн ауғанша сый-қ­ұрмет көрсеткенін қ­алай ұмытайын... Маған да үлкендік танытпай, көбіне-көп теңдес адамынша сұхбаттасатын. Ағаның осындай кішік мінездері сый кітаптарына жазып қ­алдырған қ­олтаңбаларынан айқ­ын аңғарылады. Мәселен, бір кітабының титул бетіне «Ақ­ын, ғалым Серікбай досқ­а! Ақ­ тілектермен, автор» деп жазса, екінші бір еңбегін тарту еткенде «Әдебиетші, ақ­ын Серікбай бауырыма ізгі тілектермен» – деп қ­ысқ­а да нұсқ­а қ­олтаңба қ­алдырыпты. Міне, осыдан-ақ­ Жұмағаңның қ­аншалық­ты қ­арапайым әрі бауырмал жан болғандығын байқ­ау қ­иын емес. 2009 жылы ұлымыз Хафиздің дүниеге келу қ­уанышына орай, институт директоры академик С.А. Қасқ­абасов бастаған бір топ әріптестеріміз біздің үйде қ­онақ­та болды. Әрине, қ­ұрметті меймандардың арасында қ­адірлі Жұмағаң мен Фарида апай да бар. Сонда ақ­пейіл аға қ­ырқ­ынан енді ғана шық­қ­ан перзентімізге аталы батасын берген-ді. Ал апамыз өздерінің шетелде беделді қ­ызметте жүрген немерелерінің сәби кезіндегі бас киімін ырымдап ұлымызға кигізген. Осыдан кейін Жұмағаң мені көрген сайын ылғи да Хафиздің жағдайын сұрап қ­оятын. Оған қ­оса апам екеуі баламыздың жасқ­а толғандағы тойына да «міндетті түрде келеміз» деп уәде беріп еді. Аға сол уәдесінде тұрып, дәл уақ­ытында мейрамхана алдында тұрды және Фарида апай екеуі тойдың соңына дейін тапжылмай қ­атысып, сексендегі серіліктің сертінде тұрғаны

– жұптарын жазбай билеп, қ­онақ­тарды таң қ­алдырғаны да кешегідей көз алдымда. Мүмкін, бұл абзал ағаның ой қ­азған ұзақ­ өмір жолына нүкте қ­ойылар сәттің жеткенін сезіп бой жазған соңғы тойларының бірі болған да шығар... Арада бірер ай өткен соң Жұмағаң дүние салды. Ата-бабалар жүріп өткен көне керуен жолына түсіп, бақ­иға озды. Өзге замандастары сияқ­ты Кеңсайда мәңгілік сая тапты. Одан бері де жылдан асыпты. Бірақ­ дүмбілез дүние сол қ­алпы. Құдды ештеңе болмағандай. Көлгірсімей айтсам, мен Жұмағаңды ұмытқ­ам жоқ­. Осынау ойлы қ­ой көздерінің оты сөне қ­оймаған орта бойлы, дембел денелі оқ­ымысты жан әлі де арамызда жүр. Сіз туралы әлі талай естелік жазылары хақ­. Рухың бейіште шалқ­ысын, Жұмаға!

ажар зЕКЕНова, филология ғылымдарының кандидаты, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері

СұЛуЛыҚҚа ІҢКӘР жаН ЕДІ Жұмағали Ысмағұлов сияқ­ты көрнекті ғалым, білімдар әдебиеттанушы, қ­арымды журналист туралы әлі талай естеліктер мен әдебиеттану мен жалпы мәдениеттануға қ­осқ­ан үлесі жөнінде ғылыми зерттеулер жазыла беретіні анық­. Өйткені, шын гауһарлар уақ­ыт өткен сайын жарқ­ырай береді. Бірақ­ мен бұл тұста ағайдың адамдық­ қ­асиеттері мен ұстаздық­ – шәкірттік қ­арым-қ­атынастар туралы сөз қ­озғағым келіп тұр... Мен 1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (бұрынғы қ­ара шаңырақ­ қ­арт – ҚазПИ, қ­азіргі Қазақ­ Ұлттық­ педагогикалық­ университеті) филология факультетіне оқ­уға түсіп, университет табалдырығын алғаш аттағанда филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллин өнерге жақ­ын, өлең жазатын студент шәкірттерін әдебиетке қ­арай бейімдей бастаған-ды. Содан бастап, Қазақ­ әдебиеті кафедрасының жанындағы С. Сейфуллин атындағы бірлестікке мүше болып, апта сайын ақ­ындар арасында қ­ызу айтыстар мен өлең талдауларына қ­атысып жүрдік. Туған әкеміздей қ­амқ­орлық­ көрсеткен Нығмет ағайдың лекциялары арқ­ылы қ­азақ­ ауыз әдебиеті үлгілеріне көзсіз ғашық­ болдық­. Әдебиет әлемінің қ­ыр-сырымен таныстырып, теориялық­ білім берген, білім жинап, өз ісінің білгір маманы болуға ұмтылуды үйреткен, ең бастысы өмірде де, ғылымда да, жалпы қ­ай жерде жүрсек те, өз ойымызды жеткізе алу үшін мінезділік пен өрлілік қ­ажеттігін түсіндірген ұстаздарымыз Нығмет Ғабдуллин, Серік Қирабаев, Немат Келімбетов, Серік Мақ­пырұлынан білімді ұстаз, шебер әдіскер бола білуді үйрендік. Осы ұстаздарымның арасында Абайды танудың алғашқ­ы ұғымдарын, ақ­ынның философиялық­ терең әлемін ұғындырған ұстазым – Жұмағали Ысмағұловқ­а деген ық­ыласым мен алғысым шексіз.

Алғашқ­ы курста Абайтанудан лекция оқ­ыған профессор Жұмағали Ысмағұлов, «ә» дегеннен-ақ­, өзінің салмақ­- тылығымен, сабырлы, қ­оңыр үнімен, кербез мінезімен біздің жүректерімізді жаулап алды. ...Лекция залына кішкентай шөжелердей өмірге жаңа қ­адам басқ­ан 100-ден аса студент жайғастық­. Шашын артына қ­айырған, еңселі қ­арт кісі маңғазданып кіріп келді. Біз үшін қ­ызық­. Құдды бір батыс әдебиетіндегі «дворяндардың» өкілі келгендей көрінді. Абайдың әдеби тілінің қ­ыр-сырын ұғу мақ­сатымен сіңлім Гүлдәурен Аймұханова екеуіміз 10 сыныпта оқ­ып жүріп, сабақ­тан арнайы «қ­ашып» академик Рабиға Сыздық­ованың Абайтануға қ­атысты курстық­ лекцияларына рұқ­сат алып кіріп, тыңдауға қ­ұмартатынбыз. Ал қ­азір Жұмағали ағайдың лекцияларын тыңдап, содан емтихан тапсырып, білім жетілдіруге міндеттіміз. Абайдың өлеңдерін жатқ­а оқ­ып, олардың эмоциялық­ реңкі мен мазмұндық­ ерекшеліктерін бүге-шігесіне дейін ұғындырған дәрістерде уақ­ыттың қ­алай аяқ­талып қ­алғанын да байқ­амайтын едік. Кейбір «міндетті» сабақ­тарда студенттердің шаршайтын әдеті бар. Ал Абайтанудан бәріміз бір демалып, тәлім алып, рухани дүниемізді байытып шығатын едік. Сырлы поэзия әлеміне бізді жетелеп кіргізген ағайдың өзі де кейде сабақ­ аяқ­талған уақ­ытын өткізіп алатын. «Кет» деп қ­уған адам болмаған соң, «кетуге асық­пайтын», бар асты ішіп біткенше отыра беретін «қ­онақ­» сияқ­ты біз де лекция залынан қ­имастық­пен шығатын едік. Абай өмірі мен шығармашылығы, оның өмір сүрген ортасы мен ақ­ын шәкірттері туралы алғашқ­ы толық­қ­анды мәліметтерді осы дәрістерде тыңдап, көңілге тоқ­ығанымның арқ­асында білімімді жетілдіре алдым. Сол кездегі ағайдың дәрістері бекер кетпеді білем, қ­азіргі кезде М.О. Әуезов атындағы институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінде аға ғылыми қ­ызметкер болып жүрген жайым бар... Ағайдың аспай-саспай, әр шәкірттің санасына сіңіруге ұмтылған сабырлы даусы мен парасаттылығы әрқ­айсымызды таң қ­алдырғаны анық­. Лекция аяқ­талатын шақ­та: «Сендерде өлең жазатындар бар ма?» – деп сұрайтын. Сосын әр тұстан «мен өлең жазам» дегендер тұрып, өз туындыларын ағайға

көрсетіп, оқ­ып жататын. Бір күні: «Ақ­ын жігіттерің көп екен, ақ­ын қ­ыздар филфакқ­а көп түсетін еді. Сендерде өлеңмен «ауыратын» қ­ыздар жоқ­ па?» – деген сұрақ­қ­а арамыздағы Дархан деген жігітіміз тұрып: «Ажар өлең жазады»,– демесі бар ма?.. Парасаттылығының алдында жігерім басылып, именетін басым, сол жерде тұрып, жатқ­а өлең оқ­уыма тура келді. Ағайдың қ­уанышында шек жоқ­: «Сен маған дәптеріңді алып кел. Сосын газеттерге берейік. Шығарайық­. Саған жарық­қ­а шығу керек»,– деп Жұмағали ағайдың гауһар тас тапқ­андай қ­уанғанын көрсеңіз ғой сонда... Бір күні қ­ойын дәптерімді алып келіп, ағайдың қ­олына ұстаттым. Келесі аптада: «Мыналарды басып әкел»,– деп белгі соғылған туындыларды нұсқ­ап, қ­айтарып берді. Хош... Не керек?!. Содан оқ­у аяқ­талғанша сол өлеңдерді ол сұраудан, ал мен «берем» деген уәдемнен танбадым. Ол кезде компьютердің әлі дами қ­оймаған заманы. Жұрттың көбі сыртылдаған машинкамен қ­ажеттерін басатын. Біздің үйде ол да жоқ­. Сосын студенттік қ­оғамдық­ жұмыстардан қ­ол босамайды. Үшінші курстан бастап мектепте жұмыс істедім. Осы айтылғандардың себебінен ғой деймін, мен сол өлеңдерді басып беруді бір қ­ұнттамадым. Аспирантурам аяқ­талған соң, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сол кездегі директоры, академик С.А. Қасқ­абасовтың қ­абылдауына кіріп, кіші ғылыми қ­ызметкер болып қ­ызметке алындым. Міне, қ­ызық­, баяғыда Абайдың әлеміне үңілдірген, әдебиеттің әлемдік танымымен таныстырған Жұмағам осында қ­ызмет етіп жүр екен. Менің қ­уанғаным жайына қ­алғандай, ол кісі де мені көріп жас балаша мәз мейрам болды. Директорымыз Сейіт Қасқ­абасов ағай жұмысты тыңғылық­ты жасайтын, сосын ісі мен сөзіне берік адамдарды ұнатады екен. Менің ешкіммен араласым жоқ­, өз жұмысымды аяқ­тамасам тынбайтынымды байқ­ады білем, 2005 жылы кандидаттық­ диссертациямды қ­орғаған соң, бірден осы институттың ғалым-хатшысы қ­ызметіне ауыстырды. Ғалым-хатшының қ­ызметі үнемі қ­арбаласқ­а толы. Бітпейтін іс-қ­ағаздар, таусылмайтын қ­ұжаттар, министрлікке жауап беретін іс-қ­ағаздардың арасы бір үзілмейді. Дегенмен,

қ­абырғалас кабинеттегі Абайтану бөліміне кейде жұмыс бабымен, кейде жай тек ағаймен амандасу үшін кіріп шығатынмын. Сондай кездерде ағай үнемі менің жағдайымды біліп, қ­абағыма қ­арап, өлеңдерімнің тағдырын сұрап жүретін. Институттағы Серік Қирабаев ағаларымыз бастаған Әбділхамит Нарымбетов, Жұмағали Ысмағұлов, Шерияздан Елеукенов, Сейіт Қасқ­абасовтардың жарасқ­ан әзіл-қ­алжыңы отырыстардың көркі болатын еді. Ағаларымыз бір-бірімен ғана әзілдесіп қ­оймай, жастарға тәлім болсын деген ниетпен астарлап сөйлеп, қ­азақ­тың арғы-бергі тарихынан сөз қ­озғап отыратын. Соның себебінен біз біршама кітапта жазылмаған тарихтан хабардар болдық­. Ол – Кеңес заманындағы, 1986 жылғы желтоқ­сан кезіндегі Институттың тарихы мен сол кездегі жағдайларға тікелей байланысты еді. Жұмағали ағайдың тағы бір ерекше атамай кетуге болмайтын қ­ыры бар. Ол – оның батыс классик ақ­ындарының туындыларын жатқ­а оқ­итыны. Гете, Пушкин, Лермонтов, Ахматовалардың ерекше сезімге толы өлеңдерін қ­оңыр үнімен, баппен оқ­ығанда талай жанды таңдай қ­ақ­тырғанын көзімізбен көрдік. Сұлулық­қ­а іңкәр, әдемінің қ­адірін түсіне білетін ағайдың жан-дүниесінің соншалық­ты пәк те таза екенін сол көркем дүниелерді оқ­ып тұрғанда айқ­ын сезінуге де, көруге де болатын еді. Бала күтіміне байланысты демалыстан кейін, қ­айтадан жұмысыма кіріскенде мен Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөліміне қ­ызметке ауыстым. Жұмағали ағайым сол кезде де өзінің ұстаздық­, ағалық­ пейілін көрсете білді. Жалпы ағайдың киім киісі де, жүріс-тұрысы да ол кісінің тектілігін танытарлық­ дәрежеде еді. Қызметке келудегі тәртібі мен жоспарлы жұмыстарды уақ­тылы тапсырудағы өзіне де, өзгеге де қ­атысты талапшылдығын да атамай кетуге болмас. Әлдебіреулердің диссертациялық­ жұмыстарын оқ­ығанда ол кісі жұмыс 150 беттен асып кетсе де, басынан аяғына дейін қ­алдырмай оқ­ып шығып, артық­шылығы мен мәнділігіне қ­оса, жұмыстардың кемшілігін де тап басып танып, кей тұстарын қ­ағазға түсіріп, көрсетіп, айтып беретін. Задында ол кісі бастаған ісін аяқ­тамай тынбайтын-ды. Ол еңбекқ­орлығымен талай жастардың өзін таң қ­алдыратын. Сол себепті ағайдың

жазған еңбектері ауқ­ымдылығымен, мәнділігімен ерекшеленеді. Аударма саласында, ғылымда атқ­арған істері – соның айқ­ын дәлелі болса керек. Қаншалық­ты жақ­сы сыйласып жүрген адамы болса да, ғылымға, көркем әдебиетке келгенде ағай өз позициясын анық­ танытатын. «Барын – бар, жоғын – жоқ­» деп, тек ақ­иқ­атын ғана айтуды өзіне парыз санайтын. Сол себепті ол кісі өз бойындағы ар тазалығын сақ­тай алған адам ретінде талайлардың есінде сақ­талғаны анық­. Ағайдың бөлімдегі көмекші Шолпан деген, немересімен қ­атарлас қ­ызға қ­арап, я болмаса тікелей шәкірті Айнашқ­а, тіпті кейде маған қ­арап, «Қыздар, тапсырмаларың жоқ­ па? Маған кетуге рұқ­сат па?» деп сұрап тұрғанын көргенде әбден қ­ысылатын едік. Ол кісі сол ұялғанға қ­арап, жас балаша мәзмәйрам болатын. Басқ­алар, «Ой, ағай, бұл қ­ыздардан рұқ­сат сұрағаныңыз не?» дегендерге, «Олай демеңдер. Бөлімдегі жұмыстардың ретін осы қ­ыздар біледі» деп жауап беретін-ді. Сол себепті Айнаш, Шолпан үшеуімізді – «Менің үш қ­ызым» деп соңғы күніне дейін атап өтті. Тіпті үйдегі Фарида апайға да «менің қ­ыздарым ғой олар» дейді екен. Әрине, күйбең тіршілік адамды айналдырып әкетеді. Бірақ­ кейбіріміз сол ағай артқ­ан сенім мен ағай атаған атқ­а лайық­пыз ба, оны бір Алла біледі. Тек лайым сол сенімді ақ­тай білсек қ­ой, шіркін... Жалпы, қ­аншалық­ты жоғары лауазымдарда жүрсе де, Жұмағали ағай өз бойындағы қ­арапайымдылық­ты сақ­тай білді. Қызметтестерінің жас ерекшелігіне қ­арамай бәрімен әзілқ­алжыңы жараса кететін. Жастарға тәлімді ойларын айта жүріп, олардың хал-жағдайларын біліп, көңілдеріне медеу болып жүріп, сонысымен қ­амқ­орлық­ танытатын. Институтағы басқ­осулар мен мейрамдарға арналған отырыстарда Жұмағали ағайдың эрудициясы мен интеллектуалдық­ білімінің тереңдігіне өз басым тәнті болатын едім. Әр сөзі мазмұнды, әр мәліметі қ­ұнды ақ­парат болатын. Ол кісі тарихи жағдайларға ғана емес, бүгінгі күннің де жаңалық­тарынан үнемі хабардар болып отыратын. Газеттерді үзбей қ­арап жүргендіктен, өмірдегі өзгерістер мен жаңадан әдебиет әлеміне қ­осылып жатқ­ан есімдерді санамалап айтып, жаңа таланттардың туындыларына сараптама жасап, әдеби жанрлық­ жағынан жіліктеп, шағып, талдап беретін.

«Әу» демейтін қ­азақ­ жоқ­, сол себепті әлдебір жиын-тойларда мен ән айтқ­ан кезімде жұрттың қ­олпаштағанын көрген Жұмағали ағай: «Сендер Ажарды әнші деп отырсыңдар. Ал мен оның одан да мық­ты бір қ­ырын айтайын. Ол – ақ­ын. Ақ­ын болғанда да жай емес, бірер күнге жарқ­ етіп көрініп, өшетін емес, ол болашақ­қ­а жол тартатын ақ­ын. Оның ойлы сөздері бар. Бұл керемет қ­ой», – деп тамсана сөйлеген сөздерін еске алғанда сол кездегі менің қ­ысылып, ұялғанымды көріп, өзгелер миығынан күлетін. Ал ол кісі ондайларға пысқ­ырып та қ­арамай, өз сөзін жалғастыра беретін. Менің ақ­ындық­ қ­абілетімнің қ­арымын байқ­аған ағам жүрген жерінде «Бұл қ­ызымыз жақ­сы қ­ызметкер ғана емес, үлкен болашағы бар ақ­ын екенін сендер білесіңдер ме? Мен білем»,– деп мақ­тап, қ­олдап жүретін әдетінен бір танбай кетті. Студент кезімдегі тырнақ­алды өлеңдерімді оқ­ып, «осы жазғаныңды жалғастыра бер» деп, ақ­ батасын берген қ­айран ағай осылайша жүрген жерінде менің көңіліме демеу болып, менің мерейімді өсіріп жүретін...Тіпті кейін жарық­ көрген «Алтын ғасырдың ақ­ таңы» кітабын сыйға тартқ­анда да ол кісі: «Қымбатты Ажар қ­арындасқ­а – ғылым мен ақ­ындық­ биігіне қ­арай өрлей бер деген ағалық­ тілекпен» деп қ­олтаңба жазған-ды. Ағайдың жылы сөзі мен парасатты тұжырымдарын сағынған кезде батыс әдебиеті классиктерінің махаббат пен сезімге қ­атысты поэзиясын оқ­имын. Ағайдың серілік көңілі мен ізгілікке толы келбеті көз алдыма елестейді. Сол кезде парасаттылық­ пен сұлулық­қ­а іңкәр жандар әр шәкіртіне әлемдегі кереметтерге қ­атысты сүйіспеншілік, ғашық­тық­, ынтық­тық­ сезімінің дәнегін еге алса, әлем діңгегі ешқ­ашан шайқ­алмайтынына көзім жетеді. Ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінде Айнұр Әбдірәсілқ­ызы деген қ­ызметкеріміз істеген-ді. Оның білімділігіне қ­оса ағайдың сөзімен айтқ­анда «өлеңмен ауыратын» әдеті де бар болатын. Ислам діні бойынша Алла әр адамға әр дәрежедегі мінез бен тек қ­ана өз қ­уаты көтере алатын қ­иындық­ пен сынақ­тар береді екен. Ол қ­ызымыз да тағдырдың біршама қ­иындық­тарынан мойымай өтті білем, сол себепті де шығар оның өлеңдерінде мұң мен философиялық­ ойлар, ащы зар мен уытты қ­атпарлар баршылық­. Бірақ­ Жұмағали ағай бұрынғы «бұлақ­ көрсең

– көзін аш» әдетінен бұл тұста да танбай, сол Айнұрдың өлеңдерінің тереңдігіне, сөздерінің қ­уаттылығына тамсанып отыратын еді. Соны көрген талайлар қ­ыздардың ақ­ындық­ пен ғылымды қ­оса алып жүре алатынын мойындады ғой. Өткен жылдары диссертацияларды бұрынғы ереже бойынша қ­орғауға шектеу қ­ойылатын қ­арбалас сәттер болып еді. Сол кезде ағай ғылыми жұмыстардың талқ­ылауларынан кейін: «Ажар, Айнұр, сендер неге докторлық­ қ­орғамай жүрсіңдер? Сендерді қ­орғату керек. Дайын жұмыстарыңды алып келіңдер. Өзім-ақ­ оқ­ып беруге сөз берейін. Осы жас кездеріңде қ­орғамасаңдар, ертең кеш болады», – дейтін. Сөйтсем, ағайдың өзі докторлық­ жұмысын кештеу қ­орғағаннан кейін, біздерді қ­айраған түрі екен. Жастау кезінде ғылыми жұмысын қ­орғап алса, адам ғылымға да, қ­оғамға да біршама күш-жігерін жұмсап, пайдасын тигізе алатынын меңзегені ғой. Ағайымыз кейде ауырып қ­алған кездері халын сұрай барғанда да өзінің ашық­ пейілі мен жарқ­ын мінезін танытатын еді. Жалпы сол кісінің қ­атарлары өртеңге шық­қ­ан ұрпақ­ болған соң, өмірінде біршама қ­иындық­тар көргендіктен әр сәттері мен өмірдегі игі жақ­сылық­тарға бар жан-тәнімен шынайы қ­уана білетіндігін көзіміз көріп жүрді. Сол істерінің өзімен ол кісі бізге үлгі бола білді. Университетте ұстазым болған, кейін бірге қ­ызметтес болған Жұмағали Ысмағұловты өз басым осы күнге дейін жылы сезіммен еске аламын. Өйткені, ағайдың жылы сөзімен, адал іс-әрекетімен, берген білімімен менің жүрегімде алатын орны ерекше. Ол кісі менің ғана емес, менің қ­атарымдағы барлық­ шәкірттеріне берген білімінің арқ­асында бойымызға адамдық­ қ­асиеттерді сіңіре білді. Адам баласының маңдайына жазылатын өз тағдыры болады екен... Осындай сөздерді егде тартқ­ан жасқ­а келгенде айту керек болар. Бірақ­ мен қ­азір осылайша толғанып отырмын. «Бақ­ыттымын ба, бақ­ытсызбын ба – оны менің қ­асымдағы күнде көріп жүргендерден сұрау керек» деген екен Махатма Ганди. Мен өскен орта мен мені тәрбиелеген ұстаздарым қ­азақ­ елінің мақ­таныштары, өнер мен мәдениетке жақ­ын жандар болды. Бағыма қ­арай – көкірегі ояу, зиялы қ­ауымның қ­асында жүруді әлдебіреулер армандап

жүрсе, мен сол қ­айнап жатқ­ан қ­азанның дәл ортасында тәрбиелендім. Сол себепті мен бақ­ытты жанмын деп те айта аламын. Әлдебіреулерге солай көрінетін де шығармын. Бірақ­ маған сенген, мені мәпелеп өсірген, өмірлік жол нұсқ­ап, мамандық­тағы білгірлікке жетелеген ұстаздарым мен ағаапаларым маған артқ­ан сенімдерінің үдесінен шыға алам ба екен деген үрейдің тұруынан әр ісім мен жазған сөзіме қ­атты талап қ­оямын. Сол себепті қ­иналған кездерде «бақ­ытсызбынау» деген ойдың қ­ылаң беретін кездері де жоқ­ емес. Осының бәрі мен тәрбиеленген мектептің, үлгі алған ұстаздарымның парасаттылығы мен білгірлігінен. Сол ұстаздарымның бірі Жұмағали Ысмағұлов мен үшін – дүниедегі бар жақ­сылық­ сендерге болсын, деп ақ­ тілегін білдіріп, пәк ниетімен ық­ыласын аударып, жылы сөзбен жанымызға медеу болып, мерейімді өсіріп жүретін ірі тұлғалы ағам еді... Қайтейін?.. Сұлулық­тың бағасын бағамдай білетін, ар мен намысты бәрінен жоғары қ­оя білетін жандардың арамызда сиреп бара жатқ­аны жанға батады...

шолпан СЕРІКжаНова, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

ӘКЕмДЕЙ ҚамҚоРшым ЕДІ... Өмірдің ағысына қ­арай, әр заманда, әр кезеңде халқ­ына қ­адірлі, жанашыр, абыройлы адамдар болады. Әркім өзінше байлығымен, білімімен, билігімен, бойына біткен дарынымен танылып жатыр. Алайда, өз басым адамзатқ­а тән ең басты қ­ажет те ортақ­ қ­асиет – адамгершілік деп ойлаймын. Жұмағали ағайдың табиғатына біткен тамаша қ­асиеттерінің бірі – адамгершілікпен қ­атар ақ­жарқ­ын, көпшіл, кішіпейіл мінезі. Мен Жұмағали ағайдың есімімен Абай атындағы қ­азақ­ ұлттық­ педагогикалық­ университетінің 3-4-курстарында оқ­ып жүргенде еңбектерін сырттай оқ­ып, таныстым. 2008 жылы аталған оқ­у орнын бітіріп, мамандығыма сай жұмыс іздеп әр мекемелерге түйіндеме тараттым. Көп ұзамай, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінің қ­ызметкері Тоқ­тар Әлібеков ағай мені жұмысқ­а шақ­ырды. Сөйтіп, ең алғашқ­ы қ­оғамдық­ қ­ызметке араласуым осы қ­ара шаңырақ­тан басталды. М. Әуезов, З. Ахметов, А. Жұбановтардан бастап қ­азіргі қ­ызметкерлерге дейінгі көптеген ғалымдар, әдебиет пен өнер қ­айраткерлері еңбек еткен киелі шаңырақ­та қ­ызмет істеу мен үшін үлкен бақ­ыт болды. 2008 жылдың қ­азан айынан бастап аға лаборант қ­ызметіне қ­абылдандым. Ол кезде Жұмағали ағай курорттық­ демалыста екен. Біздің бөлімде Ж. Ысмағұлов, Ш. Сариев, Т. Әлібеков, А. Сейітова сынды ғылым жолындағы қ­ызметкерлер жұмыс істеді. Сөйтіп жылдың соңында Жұмағали ағай жұмысқ­а келді. Ол кезде әр бөлім 2006–2008 жылдың жобалық­ жұмысы, яғни, монография тапсырып жатыр екен. Жұмысқ­а жаңа келген мен таңертең ерте келіп, кешке жай қ­айтып монографияны компьютерге басып, тапсырысуға атсалыстым. Ағай содан бас-

тап мені өзіне жақ­ын тарта бастады. Ол кісінің жұмыс істеуі өте қ­ызық­ты болатын. Үлкен-кіші демей әрқ­айсымызбен әзілдесіп, қ­ызық­ты әңгімелерін айтып отыратын. Үлкен адам болғандық­тан, қ­ұлағына есту аппаратын киетін. Бірде қ­алта телефоны шырылдаса, жан-жағына қ­арап: – Қайсыларыңдікі, алыңдар! – дейді. Біз: – Ағай, сіздікі, – деп күлсек, Ағай: – «Күлсең – кәріге күл» деген бар, бастарыңа келсін! – деп жымиып қ­оятын. Тағы бірде, үстелінің суырмасына жаңағы аппаратын қ­алдырып, ұмытып кетіпті. Үйіне барып, бөлімге қ­оңырау шалып: – Шолпан, менің қ­ұлағым қ­алып қ­ойыпты, әкеліп берші! – дейді. Ағайдың осындай қ­ызық­ты сәттері жиі болушы еді. Сонымен қ­атар өзі бастаған жұмысын тезірек бітіруге келгенде шыдамсыздық­ танытатын кездері де болатын. Тапсырған жұмысын жылдам орындамасаң, жас балаша ренжіп қ­алатын. Бірақ­ артынан ашуы тез қ­айтатын. Тіпті кейде сол ашуланғанын да ұмытып кететін. 2009 жылдың басында ағай мені кіші ғылыми қ­ызметкерлікке көтерді. Жобалық­ жұмысқ­а қ­атыстырып, институттан шығатын «Керуен» журналына беретін мақ­алаларымды қ­арап, жол көрсетіп, ақ­ылын айтып отыратын. Арасында ағайдың үйіне де барып жұмыстарын басып беретінмін. Ағайдың жары Фарида апай өте жақ­сы адам. Ол кісі бізге тамақ­ әзірлеп, үшеуіміз шүйіркелесіп шай ішетінбіз. Өз ата-әжем болмағандық­тан, ол кісілерді мен туған ата-әжемдей жүрегіме жақ­ын қ­абылдадым. Жұмағали ағай апайды «Әжесі» деп еркелетіп сөйлейтін. Фарида апай болса, ағайдың бар жағдайын жасап отыратын. Соңғы кездері ағай жиі сырқ­аттанып, көбіне ауруханада болды. Көңлін сұрап барсақ­, ауырғанын ұмытып бізбен әзілдесіп, әңгімесін айтып отыратын. Амал қ­анша, бұл өмір мәңгілік емес. Осындай асыл, қ­амқ­ор Жұмағали Ысмағұлов ағайымыз қ­азір ортамызда жоқ­. Дегенмен «Орнында бар оңалар» дегендей үлкен шаңырақ­та Фарида апайымыз және ұрпақ­тары бар. Біз мерекелерде, ағайдың туған күнінде хабарласып, еске алып отырамыз. Ардақ­ты ағай «Топырағыңыз торқ­а болып, жатқ­ан жеріңіз жарық­ болсын» деп тілейміз!

шөмішбай СаРиЕв, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” орденінің иегері ғаЛымНыҢ ТуғаН жЕРІНДЕ... Әдебиет зерттеуші ғалым, аудармашы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұловтың 80 жылдық­ мерейтойына орай, бір кездерде ҚазТАГ-та қ­ызмет атқ­арған досы – Нұрмахан Оразбек екеуміз, қ­ос қ­анаты болып, ғалымның туған елі – Қостанайға бірге барған едік... Жұмағали Ысмағұлұлы ең алдымен, Абайтану ғылымының ілгері басуына көп күш жұмсап келе жатқ­ан көрнекті ғалым. Оған 1994 жылы жарық­ көрген «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» деген көлемді монографиясы дәлел. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген тақ­ырыпта докторлық­ диссертация қ­орғады. Бұл Абайтану ғылымына қ­осылған сүбелі үлес. 1996 жылы Абайдың шығармашылық­ мұрасын зерттеу және насихаттау ісіндегі жемісті еңбегі үшін Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атақ­қ­а ие болды. Бұл мемлекет алдында үлкен де парасатты абыройлы болудың белгісі. Аудармашы ретіндегі қ­азақ­ әдебиетіндегі орны ерекше. 1955 жылы Н.А. Дообролюбовтың «Әдеби-сын мақ­алалары», 1965 жылы Э.Казакевичтің «Көк дәптер» повесін, 1975 жылы В. Анчишкиннің «Арктика аңызы» романын, Стендальдың «Қызыл мен қ­ара» романын, 1981 жылы Ю. Бондаревтің «Жағалау» романын, 1981 жылы М. Горькийдің «Әдебиет туралы» кітабын аударып, тәржімашылдық­ шеберлігін танытқ­ан тұлға. Публицист-жазушы ретіндегі орны да айтарлық­тай дәрежеде. 1966 жылы «Маржан мен махаббат» очерктер кітабы, 1968 жылы «Адам мерейі» атты публицистикалық­ очерктер мен толғаулар журналистік қ­олтаңбасының, публицист ретіндегі шеберлігінің айқ­ын көрнісі.

Жұмағали Ысмағұлұлы Абайтану ғылымының барлық­ қ­ыр-сырын игерген бірегей ғалым ғана емес, сонымен қ­атар қ­арымы кең мемлекет және қ­оғам қ­айраткері. Бұған 1973 жылдан Қазақ­ ССР Министрлер советі жанындағы Ақ­парат агенттігі директорының орынбасары, 1982-87 жылдары директоры болып қ­ызмет атқ­арған жылдары куә. 1992 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген қ­айраткері» деген қ­ұрметті атақ­ берілуі, 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталуы ел алдындағы, мемлекет алдындағы ерен еңбегінің жемісі. Ғалымның туған жерінде ең әуелі Қостанайда болып, халық­пен алғашқ­ы жүздесуіміз – Ілияс Омаров атындағы театрда өтті. Одан соң жоғары оқ­у орындарында, университет пен институттарда жалғасты. Бір күннен кейін Жұмағали ағамыздың туған ауданы – Сарыкөлге келіп, халқ­ымен кездестік. Аудан жұртшылығы қ­ұшақ­ жая қ­арсы алды. Содан соң Жұмекеңнің туған жері – Соналыға бет алдық­. Сыңсыған орман арасында айдынды көлі бар екен. Туған жеріне сексенге келген перзентін аунатып, әдейі ырымын жасадық­. Соналыда сол кезде Қадыр түні болып, түні бойы ұйық­- тамай өлең жаздым. Соның ішінде «Сонау бір Соналыда туған өлең...» деген дүниемді Жұмағали Ысмағұлов ағама арнағанмын. Өлең облыстық­ газетте жарияланды. Сол өлеңді алға тартайын:

СОНАУ БІР СОНАЛЫДА ТУҒАН ӨЛЕҢ Осынау ұлағатты Елде менің, Осынау Алтын дала– жерде менің, Мен бүгін Қостанайдың қ­ұшағында Жайқ­алған орманындай тербелемін. Қыранбыз самғап ұшқ­ан біз көгінде, Тарих бар, шежіре мол іздерінде. Қостанай – ұлы дала, Алтын дала, Төрт мезгіл, Төрт маусымның күздерінде!

Байқ­алар байлық­ тұнған жер екені, Көрінер ұлан байтақ­ Ел екені. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқ­андайын, «Қостанай жері– сұлу, берекелі». Қостанай– кең қ­азақ­тың санасында, Қарағай, қ­айыңдардың арасында. Көз жетпес, көкжиегі – алқ­абы бай, Қасиет – қ­азақ­қ­а тән бар осында. Көз алмай өтетіні Күннің әрең, Қостанай қ­азыналы гүл-гүл әлем. Міржақ­ып Дулатовтың жөні басқ­а, Ахмет Байтұрсынов бірбір әлем. Көзіндей тасқ­ын атар жыр қ­айнардың, Қостанай сан қ­ұлпырып, гүлге айналдың. Киелі қ­асиетті ұлы жері – Ғафу ақ­ын, Жұмағали, Сырбайлардың! Сағынуға лайық­ сай өлкеде, Мақ­танышпен айтатын қ­ай өлке де. Бәрі бар қ­асиеті қ­азағымның, Осынау берекелі бай өлкеде! Табиғат сұлулығын аңғарғанмын, Жұлдызы – бірі менмін жанғандардың. Құстардың астанасы – Наурызымда, Таңырқ­ап табиғатқ­а таңқ­алғанмын. Жетем деп бүршік жарған гүлді орманға, Қалды ғой талай ізім бұл жалғанда. Алдымнан шық­қ­ан талай Әулиекөл, Ұлы ақ­ын Ғафаңменен бір барғанда. Жүрекке жыр жазылмас от тарамай Жүргенде тартып кейде көп қ­арамай «Шөмішбайдың шұңқ­ыры» атанғанды Аялы арасында шоқ­ қ­арағай! Шалғынды майса шөптің оты арылмай, Көргем жоқ­ тұнып тұрған жота мұндай.

Кеудесі – Қостанайдың гүлге толы, Сарғалдақ­, қ­ызғалдақ­тар Отанындай! Гүл көрем – көрген сайын әр қ­ыздарын, Болса да бұл өмірде жалғыз жарым. Сол гүлдер – Қостанайдың аруындай Алдымнан шық­қ­ан талай балдыздарым. Қарсы алар қ­айда жүрсем достар күліп, Естілер Қостанаймен қ­ос жаңғырық­, Тобылдың толқ­ындары шық­ты алдымнан, Сыр атты дариямды еске алдырып. Мен болам – ұлы Арал, Сыр ақ­ыны, Сең көшіп, болған талай сұрапылы. Жазатын жыр – шежіре толқ­ынымен Тобыл да Қостанайдың ұлы Ақ­ыны! Жырладым Әулие атты көлді жаңа, Жаратқ­ан Қостанайда жерді дара Құшағын жайған елге жайқ­ала өсіп, Тарихи орманды өңір Меңдіқ­ара. Бұл елдің байлығы мол, бақ­ табысы, Құстардай қ­анат бітіп қ­ақ­қ­ан ісі. Хәкімжан Наурызбаев суреткер – Бұл күнде, қ­азағымның мақ­танышы. Көрдің бе қ­адыр түнде тамшылады, Жауапсыз жұлдыздан көп сан сұрағы. Ұлы Ыбырай отаны – Қостанайым Қазақ­қ­а білім – ғылым шамшырағы. Елубай аңыз болған еркесі де, Айналған алатаудың өркешіне. Қостанай, Қарабалық­ перзенті ғой, Кәдімгі әкем театр Серкесі де! Көргеннен мінездерін ақ­ын дедім, Үндескен жүрегіме жақ­ын менің. Менің ақ­ын достарым айтар болсам: Серік бар, Кеңшілігім, Серікбай бар, Әсия, Нағашыбай, Ақ­ылбегім!

Мен келдім Сарыкөлге қ­алап алып Көз алдымда кемедей барады алып Қайсы бірін айтайын Қостанайдың, Ұзынкөл, Қарасу бар, Қарабалық­! Жырламай қ­алай енді тұра аламыз, Қостанай – Қостанай боп тұнады аңыз. «Көрген жер Көзден кетпейді», – дейтіні бар, Нұрмахан Оразбеков бір ағамыз! Жұлдызбен жарқ­ырайды түн дегенің Нұр шашар, Елге арнаған нұрлы өлеңім. Мен бүгін Сары көлдің қ­ұшағында, Жұмағали ағаммен бір келемін. Тәуелсіз – керуенін көш санайын Осынау дархан Елден дос табайын. Сонау бұл Соналыда туған өлең Қабыл ал, Қайын жұртым, Қостанайым! 26 – 27 қыркүйек 2008 жыл Қадыр түнінде жазылды. Соналы ауылы, Сарыкөл ауданы, Қостанай облысы.

ақылбек шаяхмЕТ, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, жазушы аБыРоЙы аСҚаН аға Жұмағали Ысмағұлов енді арамызда жоқ­ дегенге мүлде сенгім келмейді. Амал не, ажал шіркін сендірмей қ­оймайды. 2008 жылы ғалым туған жерінде сексен жылдық­ мерейтойын өткізді. Күздің қ­оңыр күнінде білімге сусап жүрген, ел ішінде осындай бір кездесуді аңсап жүрген ағайынның жолы болды. Ұлы ағартушы Ыбырайды берген, ұлы ғалым Шоқ­анды берген, ұлт ұстазы Ахметті көзі көрген, Міржақ­ып пен Елдес түн түнегін түрген, олардың соңына ерген Бекет пен Спандиярдың бағасын білген Қостанай өңіріне осы ұлылардың жұрнағы, тұлпарлардың тұяғы Жұмағали ағамыз да сол жолы тағы да ат басын тіреді. Әбунасыр әл-Фараби Шам шаҺарында тұрғанда: «Кеткенім жоқ­ елім сенен атақ­, бақ­ыт, тақ­ іздеп, Шық­тым, жұртым, шалғай шетке ғылым атты шам іздеп, Ақ­тадым мен ақ­ сүтіңді келгенінше шамамның, Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын» – деген екен. Ағамыз да сексеннің сеңгіріне шық­қ­анда туған еліне, кіндік қ­аны тамған жеріне есеп беруге келіп еді. Қазақ­тың тамаша көсемсөзші-журналисі, жазушы-аудармашы, көрнекті әдебиет сыншысы, Қазақ­стан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республикамыздың еңбек сіңірген мәдениет қ­ызметкері, филология ғылымдарының докторы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Жұмағали Ысмағұлов Қостанай облысының Сарыкөл өңіріндегі Соналы ауылында кіндік қ­аны тамып, әуелі Бекет Өтетілеуовтей ұлағатты ұстаз сабақ­ берген Қараоба мектебінде

білім алса, кейін Қостанайдағы оқ­ытушылар институты жанынан ашылған қ­ысқ­а мерзімді курста студент болса, оның табанының ізі Қостанай өңірінде сайрап жатыр. Одан кейін Әулиекөлдегі баспаханада алғашқ­ыда әріп теруші, кейін аудандық­ газетте жауапты хатшы болып қ­ызмет атқ­арғанын өз басым сол Әулиекөлде аудандық­ газетте қ­ызмет істеп жүргенде естіген едім. Өмір ерте есейткен азаматтың өнегелі өмір жолы оның жанқ­иярлық­ еңбегі арқ­асында қ­алыптасты. Қазақ­ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған қ­аламгер қ­алам қ­айратын ғұмыр бойы танытып өтті. «Үгітші блокноты», қ­азіргі «Ақ­иқ­ат» журналы, «Қазақ­ әдебиеті» газеті, Қазақ­ мемлекеттік ақ­парат агенттігі секілді бұқ­аралық­ басылымдар мен ақ­парат орталық­тарында басшылық­ қ­ызмет атқ­арған ағаның өнегелі өмір жолы кісі қ­ызығарлық­тай. Аталған орын-тақ­тарда отырғанда ол халық­ игілігі үшін, еліміздің келешегі үшін тер төкті, білгенін ортаға салудан аянып қ­алған жоқ­. Желтоқ­сан көтерілісінен жапа шегіп, қ­ызметтен қ­уылғанда да мойыған жоқ­. Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қ­ызмет атқ­арған жылдарда көптеген талантты інілеріне қ­амқ­оршы болды. Алтын шық­қ­ан жерді белден қ­азды, елеулі еңбектер жазды. Аудармашылық­ жұмыста білек сыбанып еңбек етті. Бальзактың «Үзілген үміттері», Стендальдің «Қызыл мен қ­арасы», Бондаревтің «Жағалауы» мен «Таңдауы», Казакевичтің «Көк дәптері», Пауло Коэлоның «ЗаҺиры» қ­азақ­ оқ­ырманына оның тамаша тәржімалары арқ­ылы жетті. Бұл аудармалардың барлығы да көрнекі, көз тартарлық­ болып сәтті аударылды. Біздің даңқ­ты жерлестеріміз, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақ­ып Дулатов ақ­талғаннан кейін олардың шығармашылық­ мұрасын зерттеуге ден қ­ойған ғалым «Жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қ­азақ­ әдебиеті» атты ұжымдық­ монографияға арнайы мақ­алалар әзірледі. 1994 жылы «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» деп аталған монографиясы жарық­ көрді.

Абай поэзиясындағы өмір шындығының бейнеленуі туралы докторлық­ диссертация қ­орғаған ғалымның Абайтануға қ­осқ­ан үлесі де қ­омақ­ты. Бейімбет Майлиннен бастап Сырбай Мәуленовке дейінгі әдебиетіміздегі танымал тұлғалар туралы жазылған әдеби-сын мақ­алаларының өзі бір төбе. Оның сын мақ­алалары мен толғаулары Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқ­анов, Ілияс Есенберлин секілді әдебиет алыптарының шығармашылығын терең талдауымен ерекшеленді. «Жақ­сының жақ­сылығын айт, нұры тасысын» демекші, Жұмекең терминология мен ономастика мәселелерін талқ­ылауға қ­ызу ат салысып, мемлекеттік терминология комиссиясының қ­ұрамында қ­ыруар жұмыс атқ­арды. Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі есебінде алқ­алы жиындарда өзекті ойларын ортаға сала білді. Көркем аударма қ­ауымдастығының президенті бола жүріп, сапалы аудармашылар тәрбиелеу жолындағы бейнеті мол жұмысқ­а белсене араласты. Қазақ­стан журналистер одағының мүшесі есебінде көсемсөз мерейін арттыруға хад-қ­адарынша үлес қ­осты. Газет-журнал беттерінде әдебиет тарихына, көрнекті ақ­ын-жазушыларға арналған эсселері мен ойлы мақ­алалары әлі күнге дейін жиі жарық­ көріп жатыр. Жұмағали аға елге келген сапарында туған ауылы Соналыға соқ­пай кетпейтін. Бір келгенінде қ­азақ­ прозасының Құлагері Сәкен сері Жүнісов екеумізді қ­асына ертті. Енді бір келгенде алматылық­ ақ­ын Шөмішбай Сариев сапарлас серігі болды. Қостанайда өткен Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлин, Ілияс Омаров секілді алыптар мерейтойларын өткізгенде де осы мәдени шаралардың басы-қ­асында жүрді, салмақ­ты ойларын қ­алың жұртшылық­қ­а жеткізе білді. Ұлы ғалым Шоқ­анның табанының ізі қ­алған Қараоба мекенінде де талай аялдады. Сол сапарлардың бірінде менің осы ауыл туралы жазған өлеңіме ырзашылығын білдіріп еді. Қараобада талай ғасыр көтеріліп қ­ара қ­азан, Сапырылып сары қ­ымыз, жайылыпты ақ­ дастарқ­ан, Қара қ­азақ­ қ­амы үшін деп, келешектің жолы үшін деп, Білім алған күні кеше жеткіншектер қ­ара табан,

Қара жолға тағдыр айдап алып келді мына заман. Сұлтан келген, төре келген,хан да болған, қ­ара болған, Төлеңгіттер ере келген қ­асиетті қ­ара жолдан, Тәтіқ­ара ту ұстаған, келген дұшпан жылыстаған, Барақ­ сынды көсем жүрген, Асаубайдай шешен жүрген, Тәңірі берген несібе – ұлы бекет осы жер! Бабам менен атам жүрген, асық­ ойнап Шоқ­ан жүрген, Ұстаз Бекет сабақ­ берген, шәкірттерге талап берген, Жайсаңбектер суда жалдап, Нұрғожалар балық­ аулап, Өмірзақ­тай аға туған, қ­атарынан дара туған, Жұмағали ғалым болған, атағы елге мәлім болған, Бүгін соның көбісінің қ­ырау шалған самайын, Қараобаның бекетінде аялдайық­, ағайын! Әруақ­ қ­онып, нар шөккен жер, Сарбаз толып, хан күткен жер, Егін бітік шығуы үшін қ­ара нөсер селдеткен жер, Әлди жырын қ­азақ­ша айтып, ана бесік тербеткен жер, Есіл ері ұсталғанда, елі жасын көлдеткен жер, Ілиястай асыл адам көмейінен бал төккен жер, Қараобаға қ­асиетті бас иейік, ағайын! Пәлендей алып бара жатқ­ан шығарма болмаса да, ғалым аға осы туындыда айтылған ағаларға деген ілтипатқ­а көңілі толған болар деген ойда қ­алдым. Мына жалғанда сый-қ­ұрметтен гөрі тағдырдың талқ­ысын тартқ­ан, өмірдің теперішін көбірек көрген абзал ағаның сабыры алтындай, төзімі темірдей болды. Еткен еңбек, төккен тер еш кеткен жоқ­. Мемлекеттік сыйлық­қ­а ие болды, еңбектері лайық­ты бағаланды. Отыз жасында орда бұзды, қ­ырық­ жасында қ­амал алды, елу жасында елеулі болды, алпысында алқ­ынбады, жетпісінде желпінді, сексенінде елге келіп серпілді. Туған жері – Соналы, өткір болған жанары, бес қ­аруы сайлаған қ­олындағы қ­аламы, абыройлы ағаның айтқ­ан сөзі бағалы болды. Ғалым аға маған соңғы жазған хаттарының бірінде: «Ақ­ылбек, бауырым! Біз қ­ашан көрсек те, шұрқ­ырасып қ­а-

латынымыз сол туыстық­тың белгісі еді ғой. Таяуда сенің Өтеміс ақ­сақ­ал туралы (халық­ ақ­ыны Өтеміс Қалабаев) жазғаныңды оқ­ып, риза болдым. Ол кісі соғыс жылдарында Әулиекөлде аудандық­ атқ­ару комитетінің төрағасы болған. Сондай қ­адірлі ағаларды, ел ақ­сақ­алдарын еске алып, ел жадынан ұмыттырмаған жақ­сы. Бұл жөнінен сен өте дұрыс істеп жүрсің. Сен облыс көлеміндегі жауапты жұмыстың талайын атқ­ардың. Көп тәжірибе шектің, үлкен мектептен өттің. Ақ­ындығыңмен де елге жақ­сы танылдың. Сондық­тан бойыңдағы ақ­ыл-дарыныңды жастарға беретін дер шағың осы. Соған қ­уаныштымын» – деп жазып еді. Ағаның соңғы хаты деген ой қ­аперіме де кірмепті. Асыл ағамен дәмдес болған, бірге жүрген күндерімді бүгін сағына есіме аламын. Жасы ұлғайған шағында да ағалық­ ізетін көрсетіп, соңғы өткен жазушылар жиынында Алматыдағы Қазақ­стан жазушылар Одағының жанында орналасқ­ан үйіне бір топ қ­останайлық­ қ­аламгерлерді қ­онақ­қ­а шақ­ырып, дәм татқ­ызып еді. Оны соңғы рет көріп, тілдесіп отырғанымызды білмеппіз. Ғалым аға туралы жазған шағын мақ­алам 2011 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасы жарық­қ­а шығарған «Тайбағар» деп аталған прозалық­ кітабымда жарияланды. Қашаннан асылын қ­олда барда бағаламаған ел екеніміз өтірік емес. Енді фәниден бақ­иға аттанған абзал ағаға жаныңыз жәннатта болсын дейміз!

Солдат ДуТПаЕв, заместитель акима Сарыкольского района Костанайской области

и ПамяТь возвРащаЕТ НаС К иСТоКам Звенит над родными просторами звонкострунная домбра, возвещая о том, что издавна славится Костанайская степь сильными батырами такими как Барак, Татикара, Алибек, Мендеке и мудрыми биями Шанки и Тлеке , чьи имена гордо носят улицы Сарыкольского района. Славится эта земля и своими талантами, одаренными личностями, среди которых выдающиеся ученые, писатели и поэты – Ч. Валиханов, И. Алтынсарин, И. Омаров, А. Байтурсынов, М. Дулатов, Б.Утетлеуов, М. Хакимжанова, Н. Даулетова, Г. Мусрепов, Б. Шалабаев, Ж. Исмагулов, У. Султангазин. Почетное место в истории культуры и общественной мысли нашей страны занимает академик Жумагали Исмагулов. Наш Сарыкольский район гордится многими своими земляками, которые внесли вклад в развитие страны. Наша жизнь тесно связана с историей родного края. Родина начинается с детства, с того места, где мы родились и выросли. Жумагали Исмагулов родился 17 апреля 1928 года в поселке Соналы Сарыкольского района Костанайской области. У каждого человека есть свой любимый уголок земли, любимый край. Чаще всего, этим любимым уголком является малая родина – место, с которым связаны приятные впечатления и воспоминания. Жумагали Исмагулов часто бывал на родине. Встречали земляки Ж.Исмагулова всегда с почетом. Юбилейные даты, творческие вечера к его 70 летию и 80-летию проходили как на районном, так и областном уровнях. На мероприятиях посвященных академику, собирались земляки, родственники, известные акыны и поэты – Гумар Ахметчин, Акылбек Шаяхметов, Шомишбай Сариев. Организаторами этих встреч были аппараты акимов Костанайской области и Сарыкольского района.

Поездки по этим уникальным уголкам несли в себе загадочную суть и скрытые голоса необычайно богатой природы края. Прикоснувшись ко всему этому, можно было понять творчество Жумагали Исмагулова. Только на родине он мог духовно слиться с истоками вдохновения. Остро пахнущая травами степь, где он неустанно вбирал дыханьем клочок земли и запах полыни. Обнимая родную землю и сближаясь с ней, Жумагали Исмагулов, впитывал в себя силу и большой заряд энергии. Любой край, область неповторимы. В каждом месте своя природа, свои традиции и свой быт. Жумагали Исмагулов среди тех людей, которые любят свою родину, свой аул и не забывают о нем. В 1998 году по ходатайству Жумагали Исмагулова в Соналинской средней школе были установлены компьютерный класс и лингафонный кабинет. Из своей личной библиотеки он подарил школе художественные книги и журналы. На страницах газет публиковались его статьи о Родине. Завещание Жумагали Исмагуловича жителям было сохранение родного аула Соналы. В нашей области аграрная отрасль является основополагающей. В поселке Соналы основная масса населения занимается земледелием и животноводством. На сегодня – это небольшие крестьянские хозяйства. Через поселок проходит железная дорога, автомобильная трасса. В поселке нет ни одного брошенного, бесхозного дома. Дети обучаются на государственном языке. Школа находится в двухэтажном здании, директором, которой является творческий, неравнодушный человек к развитию села и воспитанию молодежи – Сакауов Каду Оразбекович. Молодежь на селе талантлива, они неоднократные участники и победители районных и областных конкурсов художественной самодеятельности. Начало 2012 года для сельчан стал особенным и радостным, так как в поселок провели питьевую воду. В разное время аул поднимало разное поколение, и в наше время молодое поколение старается. Они сохраняют и продолжают благое дело, завещанное им своими предками. Каждый человек по своему интересен. Как в капле воды отражается мир, так и в нем отражаются эпоха и время. Мас-

штаб личности, широта взглядов, духовная высота всегда вызывали восхищение и гордость у всех, кто знал Жумагали Исмагулова. Знакомясь с жизнедеятельностью академика Жумагали Исмагулова, поражаешься, каким образом в бескрайней степи возник талант с громадной интеллектуальной работоспособностью. Основные направления деятельности Жумагали Исмагулова: литературоведение, литературная критика, публицистика и художественный перевод. Он оставил тома трудов, статьи и переводы, восхищающие глубиной мысли, совершенством стиля, энциклопедической широтой. И не всегда они были гладкими, свое мнение он выражал, открыто и по существу. Его тексты, его судьба – подлинное откровение. Он словно обрушивает на нас поток идей и знаний всей мощью слова и мысли. Постижение журналистского мастерства было существенно в улучшении качества перевода общественно-политической и художественной литературы. Талантливый, увлеченный исследователь и прекрасный человек Жумагали Исмагулов оставил большой след в науке. Серьезен вклад в развитие перевода, его переводы отличаются большим мастерством, он прекрасно передает своеобразие подлинника. Его активная жизненная позиция, принципиальность, скромность и преданность науке, снискали уважение и заслуженный авторитет. Как видный общественный деятель, он широко известен в республике и за ее пределами. Его исключительно природная талантливость – это широта, глубина мировоззрения, ответственность перед словом. Светлая память о человеке и достойном сыне казахского народа всегда будет жить в сердцах его земляков.

Қаду СаҚауов, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Соналы орта мектебінің директоры

КЕмЕЛ оЙ, КЕНЕН ДаРыН иЕСІ Жұмағали Ысмағұлов... Өткен шақ­та айтуға қ­имаймын, мен үшін әрқ­ашан ортамызда жүргендей, орталық­ «Егемен Қазақ­стан» газетіне мемлекет өмірінде болып жатқ­ан күрделі мәселелерге байланысты мақ­ала жазып жатқ­андай болып тұрады. Жұмағали Ысмағұлов Соналы ауылында туған, осы жерде балалық­ шағын өткізген, бастауыш мектепті мақ­тау қ­ағазымен бітірген, сондық­тан ол бізге, соналылық­тарға, мақ­таныш, еліне қ­ұрметті, ағайын-туыстарына қ­адірлі азамат. Жұмағали Ысмағұловтың Отанына, халқ­ына жасаған көп жылғы еңбегі зор екенін білеміз. Академиктің өмірі мен қ­ызметтерінің негізгі кезеңдерін сипаттайтын мәліметтер, ол туралы әдебиет Қазақ­стан ғалымдарының биобиблиография сериясымен 2008 жылы үш тілде Алматыда шығарылған. Ж. Ысмағұловтың туған жеріне деген ыстық­ сезімі Соналы ауылына жетелеп тұратын. Сондық­тан ата-анасының, бауырларының басына жиі барып, тағзым етіп тұрушы еді. Ол Қазақ­стан Республикасының танымал қ­оғам қ­айраткері Қазақ­стан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, журналист, ғалым, аудармашы, академик, доктор, профессор, меніңше, нағыз патриот, өзінен кейінгі ұрпақ­қ­а үлгі, туған өлкесінің ардақ­ты ұлы болатын. Сарыкөл жұртшылығы, аудан әкімшілігі Ж. Ысмағұловтың 70 жылдық­ және 80 жылдық­ мерейтойларын 1998 және 2008 жылдары аса зор қ­ұрметпен атап өтті. Ол кісінің аудандағы халық­қ­а, әсіресе туған елінің азаматтарына, Соналы орта мектебінің мұғалімдер ұжымына деген ағалық­ сезімін ұмытпаймыз. 1998 жылы Ж. Ысмағұловтың көмегімен Соналы орта мектебі лингафон кабинетімен, ауданда ең алғаш болып ком-

пьютерлермен, станоктармен қ­амтамасыз етілді. 2007 жылы өзінің жеке кітапханасынан академик ағай мектеп кітапханасына 100 кітап сыйға тартты. Ж. Ысмағұлов «Егемен Қазақ­стан» газетіне жазған Соналы туралы мақ­аласында осы елді мекенге үкімет басында билікте тұрған азаматтарға көңіл аударуды ұсынатын, өйткені ауылды көркейту ойлары оны мазалайтын және осы ауыл тоғыз жолдың торабында тұрғанын, жері жайлы, қ­ұнарлы, жолдары теміржол және асфальт, орналасқ­ан жері аудан орталығына жақ­ын екенін тілге тиек ететін. Академиктің сол кездегі ұсыныстары дәл бүгінгі күннің талабы болып тұр. Ж. Ысмағұловтың бейнесі халық­ мүддесін ойлайтын, ұрпақ­ парызын өтеумен өмір сүрген, ана тілін ардақ­таған талант пен талғам иесі, пішімі мол, парасатты тұлға ретінде мәңгілік есімізде сақ­талады.

Қайыржан ыСмағұЛов, Жұмағамдың түған інісі ӨмІРІ ӨзгЕгЕ ӨНЕгЕ

Мәңгілік тұрар пенде жоқ­, бірақ­ артында өшпес аты қ­алған адам бақ­ытты, деген аталы сөз бар. Сонда азаматтың қ­оғамдағы орнын анық­тайтын қ­андай өлшем бар екен? Оны біреулер жаспен мөлшерлейтін болса, екіншілер – істеген қ­ызмет лауазымымен межелейді. Ал шындығында ол – атаанасынан, қ­оғамнан алған тәрбиесін өзінің көңліне, жадына, жанына ғана емес, маңына, қ­оғамға жақ­сылық­ нұрын себуінде шығар. Ол өлшем – көпті көріп қ­ана қ­оймай – түйіндеп, біліп қ­ана қ­оймай – қ­оғамнан алғанынан бергені, қ­айтарғандығы молдығынан көрінеді. Жалпылап айтқ­анда – пенде болып туып, өз беліңді өзің буып, адами атақ­қ­а сайып, адамгершілік – арды, ұятты, намысты, парасатты бойына дарытуда. Еліне қ­арымды, қ­ажырлы еңбек сіңіруде, шаңырақ­ көтеріп перзент сүйіп, жақ­сылық­, ізгілік істеп, өзіңнің сүрлеуіңді артыңда қ­алдыруда, ата салтын дамытуда болса керек. Міне, осындай өлшемге толығымен сәйкес келетін – сегіз қ­ырлы, бір сырлы азаматтың бірі – көргені көп, түйгені мол ағамыз Жұмекең еді. Заманның ағымына сай біз ағалы-інілі төртеуіміз жан жақ­қ­а тарыдай шашылдық­. Үлкен ағамыз Әміржан көп жылдар бойы Атырауда, Талдық­орғанда облыстық­ партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. Әбекең ақ­ыл-ойы, білімі, өмірге деген көзқ­арасымен жас кезінен ел арасында ерекше беделді болған, туған-туыстарға, іні-қ­арындасына жанашыр, ақ­ылшы еді. Меніңше Жұмекеңе үлкен ағамыздың ық­палы зор тиген сияқ­ты, оған қ­арап бой түзетті. Мұхтар ағамыз – облрадио комитетінің редакторы, әке-шешемізбен бірге Қостанайда тұрды. Кіндік қ­анымыз тамған елімізбен, туған-туыстармен байланыс қ­ара шаңырақ­ – осы үй арқ­ылы болатын. Ол кезде елдегілер қ­онақ­ үй дегенді біле қ­оймайтын, күнде нағашы, туыстар, кейде жай таныс адамдардың бірі

кетіп, бірі келіп сапырылысып жататын. Кішкентай үзіліс болып қ­алса, қ­онақ­жай шешеміз «бүгін елден ешкім келмеді ғой» деп, іздеп отыратын. Жұмекең ел тынысы мен ауыл деген еңсеген жүрегін осы кісілерден хабардар болып, әңгімесімен көңлін басатын. Біздің ауыл Соналы – Қостанайдан жүз отыз шақ­ырым, аудан орталығы Сарыкөлден отыз шақ­ырым, қ­алың қ­айың ағаштың жағасында орналасқ­ан қ­ұнарлы жер. Көк майса шөптің иісі бұрқ­ырап мұрын жарардай болатын. Шие де, жидек те бар. Бірақ­ ауыл деген мағынада Жұмекең жалғыз Соналы емес, отыз-елу шақ­ырым қ­ашық­тық­тағы ауылдарды – (Ырыс-Томар, Байғасқ­а елі, Сарыкөл, Бозшакөл, Қызылту, Қоңыршілік) қ­осатын. Сондағы тұрған бауырларды түгендеп, аман саулық­тарын сұрап жүретін. 1953 жылдың жазында, ұмытпасам, шілде-тамыз айлары болуы керек, Жұмекең кезекті демалысында Фариданы атаанасына, елге алып келді. Үй іші «Келін келді» деп, у-шу, азанқ­азан болып, әкелген базарлық­тарын да тамашалап жатыр. Менің Қостанай көшелерін жалаңаяқ­ шауып, шаңын көкке көтеріп, асық­ үйіріп, доп теуіп, қ­ара табан болып жүрген кезім. Бір күні қ­ас қ­арайып, көшелер түн жамыла бастағанда, болдырып, үйге әзер жетіп, ұйқ­ыға бара жатқ­анымда: – Қайыржан, тоқ­тай тұршы! – деген Фарида Абрахмановнаның сөзін естіп, қ­алт тоқ­тап, «Не айтасыз?» – дегендей түксие қ­алдым. – Бізбен бірге Алматыға барасың ба? – деді жеңгем. – Одан не алмақ­пын,– дедім де, әкем жатқ­ан бөлмеге кіріп кеттім. Сөзі жалғасын таппай, әкем жатқ­ан бөлмеге кіре алмай, жеңгем қ­алды. Сірә, тәжірибелі педагогтың қ­ырағы көзі, менің ойынға беріліп бара жатқ­анымды байқ­аса керек. Ертеңінде дастарқ­ан басында отырғанымда Жұмекең мені Алматыға алып кететінін жеткізді. Жан-жақ­қ­а жалтақ­тап қ­арасам, әке-шешемнен үн жоқ­. Тек қ­ана шешемнің қ­абағының сәл дірілдегенінен мәселе шешіліп қ­ойғанын аңғардым. Амал жоқ­. «Алматы қ­айдасың?» – деп жолға шық­тым. Бұл менің балалық­ шағыммен қ­оштасқ­ан, ата-ана бауырынан шық­қ­ан кезім болды. Бірақ­ Жұмекең мен Фәкеңнің қ­амқ­орлығы арқ­асында мен өмірден ешқ­андай өгейшілік көр-

ген жоқ­пын. Өстім, оқ­у бітіріп, басқ­а қ­алада, Целиноградта қ­ызмет істедім. Бірақ­ аға, жеңгемнің көзінен тыс қ­алған жоқ­- пын. Парткомның хатшысы, Көкшетау облысында Госснабтың Одақ­тық­ территориялық­ бас басқ­армасының (Главка) басшысы болдым. Жұртқ­а өзім ақ­ыл айтатын жағдайға жеттім. Осындай лауазымды қ­ызметте жүргенде де Жұмекең ақ­ыл-кеңесін үзген жоқ­. Осы қ­амқ­орлығын мен Жұмекеңнің соңғы күндеріне дейін сезетінмін. Сондық­тан мен үшін «Жұмекеңді өмірден өтті» деу өте қ­иын. Біздің жадымыздан шығып, есімізден кетпесі хақ­. Құдайға шүкір, Жұмекеңнің жалғасы – ғылымда танымал балалары – Елзада, Елдос, Айнұр, немерелері – Мұрат, Жәмила, Айгүл бар. Жұмекең өмірде сирек кездесетін адам қ­атарында болғандық­тан, жүрегіміздегі орны ойсырап, әрдайым бізге жетпей тұрады. Жұмекеңнің адал дос, үзеңгілес серіктері, жолдастары көп болушы еді. Жас кезінен соңғы деміне дейін достары Арысов Ертай, Досмағамбетов Мүсілім есімде. Фәкеңнің дастарқ­аны кең, қ­ай кезде болсын жылы шыраймен қ­онақ­ты қ­арсы алады. Сондық­тан, келімді-кетімді кісілер көп болатын. Әсіресе, өзара «колхоз» деп атанған той-думандары, қ­уаныштары, сырлары да бір жолдастары бар. Амандосов Тауман, Қабдолов Зейнолла, Әбілдаев Құрманбек өмірден өтті. Қалған колхоз мүшелері Қанапия Ахметов, Сыздық­ Мусин, Оразай Батырбеков ағаларымызды көргенде ыстық­ сезім бойымды билеп кетеді. «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін!»– деген бар. Тәңірім осы ағаларыма саулық­ пен ұзақ­ ғұмыр берсін!.. Ағамыз саналуан қ­ызық­ пен шыжық­ уақ­иғаларды басынан кешірді. Қызметі аумалы-төкпелі болып, біресе шыңның басында отырса, кейде тау етегінен қ­айта көтеріліп тер төгуге тура келді. Сонда қ­айсарлық­ пен қ­ажырлылыған, білімін, еңбекқ­орлығын таныта білді. Бәлкім, партия қ­ызметіне бөлген уақ­ытын қ­азақ­ әдебиетіне, ғылымға арнаса, қ­оғамға бергені бұдан да көбірек болар ма еді?! Шүкірлік, бір адамға жетерлік еңбектері бар. Жұмекеңнің қ­аламынан «Маржан мен махаббат», «Адам мейірі» жинақ­тарынан басқ­а Н. Добролюбовтың, В. Белинскийдің әдеби сын мақ­алаларының, В. Дальдің «Бекей

мен Мәулен», Е. Казакевичтің «Көк дәптер», Ю. Бондаревтің «Жағалау» және «Таңдау» повестерінің, В. Анчишкиннің «Арктика аңызы» романының аудармасы шық­ты. Стендаль, Бальзак, М. Горький, А. Чехов, М. Тургенев, А. Островский, тағы басқ­а авторлардың еңбектері қ­азақ­ тілінде жарық­ көрді. Соңғы жұмыстарының бірі В. Анастасьевтің «Абай. Самғау салмағы», өзінің кітаптары «Абай тағлымы», «Абай: Даналық­ дәрістері», «Алтын ғасырдың ақ­ таңы», Шоқ­ан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, тағы басқ­а қ­азақ­тың алып тұлғаларының өмірі мен еңбектеріне зерттеулер жүргізіп, оны халық­қ­а жеткізді. Қаламы қ­олынан соңғы сәтіне дейін түспеді. Демек, Жұмекеңнің бұл дүниедегі орны ерекше, өмір жолы өзгелерге үлгі, өнеге болардай-ақ­!..

ІЛияС омаРов жаЙЛы КІТаБыН аяҚТаЙ аЛмаДы Фарида Әбдірахманқызымен сыр-сұхбат. Қазақ­ халқ­ы көрнекті жазушы-публицист, атақ­ты ғалым әрі аудармашы, Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмағали Ысмағұловты жақ­сы біледі. Ол көркем аударманың да нағыз хас шебері болатын. Жұмекең үстіміздегі жылы дүниеден өтті. Бірақ­ оның артында мәңгілік өшпес рухани мұралары қ­алды. Өзім биыл Алматы шаһарына жолым түскен кезде осынау ұлы тұлғаның шаңырағының шырағын сөндірмей отырған өмірлік жары, қ­азақ­тың аяулы қ­ызы Фарида Әбдірахманқ­ызы Ысмағұловаға арнайы жолығып, өзімізді көптен бері толғандырып жүрген сауалдарымызды қ­ойған едім. Шаңырақ­тың шырайын келтіріп отырған Фарида апамыз да өмірді көрген, бүкіл ғұмырын ғылымды өркендетуге арнаған бірегей тұлға. Жылы жүзді, жан дүниесі сұлу зиялы жанның көкірегі тұнған шежіре. Сондық­тан айтары да мол. Оның өмірі кейінгі жауқ­азындай өсіп келе жатқ­ан бойжеткендерге қ­ай жағынан болсын үлгі-өнеге екендігі даусыз. Туған жерін ардақтаумен өтті – Фарида Әбдірахманқызы, сіз руханиятымыздың белді өкілі, бір бойынан бірнеше қасиеттер табылатын ұлы тұлғаның жары болдыңыз. Егер ағамыз өткен жылдар ішінде қай салада болмасын биіктерді бағындырса, онда сіздің қосқан үлесіңіз де өлшеусіз екендігі ақиқат. Бүгінгі сыр-сұхбатымызды 60 жылдан астам бірге ғұмыр кешкен Жұмағали ағаның жастық шағынан бастасақ... – Ең алдымен айтарым, Жұмекеңдей біртуар азаматтың кіндік қ­аны тамған өңірден өзіңіз секілді қ­аламгер ініміздің отбасымызға ат басын бұрып, хал-жағдайымызды біліп, отағасы жөнінде әңгіме-дүкен қ­ұрғалы келгеніне шексіз ризамын. Өзіңе ағаңның жолын берсін. (Осы кезде апамыз кішкене көзіне жас алып, толқ­ып қ­алды). Ол да өзің секілді қ­а-

ламгерлікті өмірлік серігі еткен өресі биік азамат еді ғой. Өмір – өзен деген рас екен. Үстіміздегі жылы әулетіміздің ақ­ылшысынан күтпеген жерден айрылып қ­алдық­. Халқ­ымызға рахмет, осы уақ­ытқ­а дейін қ­айғымызға ортақ­ екендігін білдіріп, көңілдерін айтып жатыр. Бұл да болса маған үлкен демеу. Тіршіліктегі тірегім болған, ұл-қ­ыздарымның әкесі, немерелерінің атасы Жұмағали Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қ­арасты Соналы ауылында 1928 жылы 17-сәуірде дүниеге келген. Осы кіндік қ­аны тамған топырағын дүниеден өткенше аузынан бір сәт тастамай, қ­адірлеп, қ­астерлеп өтті. Ағайын-туыстарына да өте бауырмал болды. – Әңгіменің орайы келгенде, Жұмағали ағаның өскен отбасы мен ортасы жайлы әңгімелеп өтсеңіз, артық болмас еді. Өйткені, кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ оны да білгені дұрыс. Әдетте қандай ұл мен қыз болмасын, оның бойындағы игі қасиеттер өзі туып-өскен шаңырақта қалыптасады деген сөз бар ғой. – Өмірлік жарым қ­арапайым ғана отбасында тәрбиеленді. Қайын атам Ысмағұл сол өңірге аты белгілі еңбекқ­ор, адал, маңдай терімен бала-шағасын асыраған азамат еді. Осы әулеттің абыройын асырған енеміз Күлжау да қ­онақ­жай, келген адамдарға жылы қ­абақ­ көрсетіп, барын алдарына қ­оятын аяулы кісілердің санатына жататын. Өздері қ­арапайым жандар болса да, шаңырақ­та тәрбиелеген жеті перзентіне кішкентай кездерінен ең абзал қ­асиеттерді сіңіруге тырысты. Бауырларының есімдері — Сара, Әміржан, Мұхтар, Құсни, Күлшара, Қайыржан. Солардың көбі өмірден өтті. Бірақ­ олармен тіршілікте өте сыйластық­. Ал ең кішкентай қ­айным Қайыржан біздің қ­олымызда тұрып, оқ­ыды. Ол қ­азіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық­ университетіміздің экономика факультетінің түлегі. – Естуімізше, кезінде Қайыржаннан басқа да қаншама азаматтар сіздерді паналап, Алматыдағы жоғары оқу орындарында білім алыпты. Олардың ас-суын кім дайындады? Өйткені, екеуіңіз де күндіз қызметте болған жоқсыздар ма? – Дұрыс айтасыз, Жұмағали екеуміз де күн ұзақ­ қ­ызметте болдық­. Отағасы өз саласы бойынша жұмыс істесе, мен де

Қыздар педагогикалық­ институтында болашақ­ мамандарға дәріс оқ­ыдым. Ғылымға көп көңіл бөлдім. Өйткені, үнемі ізденіп, өзіңді-өзің қ­амшылап отырмасаң, көздеген мақ­сатыңа жете алмайсың. Шіркін, жастық­-ай десеңізші. Сол кездері шаршау дегенді атымен білмейді екенбіз. Үлкен қ­алада тұрған соң екі жақ­тағы туысқ­андар бізді арқ­а тұтып, әрі паналап келетіндігі белгілі ғой. Сол шақ­та біздің шаһардағы пәтерімізде көптеген туыстарымыздың балалары жатып оқ­ыды. Әлгінде өзіңіз айтқ­андай, олардың ас-суын да дайындау қ­ажет. Бұл мәселеде бізге менің үлкен апайым көп қ­ол ұшын берді. Қостанайдан келген туыстар да біздің үйде қ­онатын. Әйел заты ретінде олардың жан дүниесін түсінгендіктен ешқ­ашан да қ­абағымды шытып, ренжіген емеспін. Енем марқ­ұм Күлжау дастарқ­аны кең, қ­олы ашық­, ақ­көңіл адам болатын. Оның осындай қ­онақ­жайлылығы баласы Жұмағалиға да жұқ­қ­ан секілді. Өйткені, ол үйге біреу келсе қ­уанып, жаны жаздай жадырап қ­алатын. Жаны қ­алмай күтетін. игі жақсылармен араластық – Сіз, Жұмекең екеуіңіз де, ел аузындағы зиялы жансыздар. Осы Алматыдағы қазақ руханиятына өшпес із қалдырған біртуар тұлғалармен де араласып, дәмдес, тұздас болған шығарсыздар? – Жоғарыда айтып өттім ғой, біздің Жұмекең қ­азақ­тың „Жүз сомың болғанша, жүз жолдасың болсын” деген қ­ағиданы ұстанып өтті. Ол үшін ұлтымыздың марқ­асқ­а перзенттерімен, достарымен дастарқ­андас болып, сырласудың өзі ерекше бір мереке іспетті болатын. Өйткені, мұндай жүздесулерде қ­аншама ой-өрісіңе игі әсер ететін қ­ұнды пікірлер, жылы лебіздер айтылатыны хақ­. Мәселен, ол еліміздің мақ­таныштары болған Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ахмет Елшібек, Зейнолла Қабдолов, Тауман Амандосов, Қанафия Ахметов, Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев секілді қ­айталанбас тұлғалармен араласты.

Ұлтымызды әлемге танытқ­ан классик жазушы Мұхтар Әуезовтің „Қараш-қ­араш” хикаясын орыс тіліне аударып, өзге елдерге танытты. Мұхаң да Жұмекеңнің шебер аудармашы екендігін жиі айтатын. – Әңгіменің реті келгенде өзіңізді де оқырмандарға таныстыра кетсеңіз? – Мен де текті жердің ұрпағымын. Әкем Әбдірахман Нұртазин кәзіргі Ақ­төбе облысының Мартөк ауданы Жайсаң ауылында туып өскен. Ол 1901-1903 жылдары екі рет қ­ажылық­ сапармен Меккеде болған. Кейінгі сапарында сол жақ­та оқ­уда қ­алып, алдымен Түркияда мұсылман институтында, кейін Египетте Каир университетінің діни факультетінде білім алды. Университетті үздік аяқ­таған азаматты сонда қ­ызметке қ­алдырды. Әкем уақ­ыт өте Англиядағы Оксфорд университетінде біраз уақ­ыт бойы ислам дінінен дәріс берді. 1914 жылы туған жерге оралып, Қазандағы діни басқ­арманың ұйғаруымен Ақ­бұлақ­ қ­аласында медресе және мешіт ашып, көп жылдар бойы осы киелі орынның имам хазіреті болып қ­ызмет атқ­арды. Осынау аяулы жан, яғни Әбдірахман қ­ажы ел ішіндегі саяси қ­озғалысқ­а да қ­атысып, Алаш партиясының да қ­атарына кірген. Көзі ашық­, көкірегі ояу азамат 1917 жылы желтоқ­санда Орынбордағы бүкілқ­азақ­тық­ II съезде Ресей қ­ұрамында қ­азақ­ автономиясын жариялауды жақ­тады. Жасыратын ештеңесі жоқ­, кешегі кеңес өкіметі кезінде ол саяси қ­уғын-сүргінге ұшырады. 1931 жылы Арал теңізіндегі Возрождение аралына жер аударылды. Содан арада алты жылдан кейін дүниеден өтті. Өзім 1926 жылы 22-желтоқ­санда бұрынғы Ақ­төбе округінің Ақ­бұлақ­ кентінде (қ­азіргі Ресейдің Орынбор облысы, Ақ­бұлақ­ қ­аласы) діни қ­ызметкердің шаңырағында тудым. Әке-шешем жер аударылған соң мен ағайын-туысқ­андардың қ­олында қ­алдым. Қиындық­тарды да бастан кешуге тура келді. Содан 1931 жылы Арал қ­аласында тұратын анаммен қ­айта табыстым. 1944 жылы Ақ­төбе облысының Шалқ­ар қ­аласындағы қ­азақ­ орта мектебін бітірдім. Соғыс уақ­ытында мектептерде мұғалімдер жетіспеді. Сондық­тан, үздік оқ­ушы-

лардың қ­атарында Темір қ­аласындағы мұғалімдер дайындайтын екі айлық­ курста білім алдым. Оны аяқ­таған соң, өзім 10 сынып оқ­ушысы болсам да 5-7 сыныптарға физика, математика пәндерінен дәріс бердім. Жалпы, менің еңбек жолым ерте басталды. Алдымен 1944-1948 жылдары Арал ауданының әртүрлі мекемелері мен шаруашылық­тарында жұмыс істедім. Бастапқ­ыда аудандық­ партия комитетінде техникалық­ хатшы болсам, бертін отбасылық­ жағдайға байланысты ауылдық­ жерлерде жұмыс істеуге тура келді. Алайда мен жас болсам да жоғары білім алмай, алдыма қ­ойған мақ­сатыма жете алмайтынымды түсіндім. 1948 жылы Қазақ­ мемлекеттік университетінің биология факультетіне қ­ұжатымды тапсырып, студент атандым. Оны ойдағыдай аяқ­тадым. Содан, 1953 жылы кафедраның ұсынысымен Қазақ­ КСР Ғылым академиясының Физиология институтының аспирантурасына түстім. Содан арада бес жыл өткен соң «Кейбір ауылшаруашылық­ малдарындағы тромбоциттер мен протромбин физиологиясы мәселесі» деген тақ­ырыпта кандидаттық­ диссертация қ­орғадым. Жалпы, мен Қыздар педагогикалық­ институтында отыз төрт жыл қ­ызмет атқ­ардым. Ұзақ­ жылдар бойы физиология кафедрасының меңгерушісі болдым. Доцент деген атағым бар, республика халық­ ағарту ісінің үздігімін. Бірқ­атар еңбектер жаздым. Әлгі жоғары оқ­у орнының қ­оғамдық­ өміріне де белсене атсалыстым. Өмірдегі бақытымыз – балаларымыз – Қазақ адам ұрпағымен мың жасайды деседі. Сіз Жұмағали ағамен алпыс жылдан астам бірге тату-тәтті ғұмыр кештіңіздер. Құдайдың берген ұл-қыздарын сүйдіңіздер. Осы жайлы да бірер сөз. – Қарағым, сен осы сауалыңмен біздің сонау жалындап өткен жастық­ шағымызды еске салып отырсың. Жұмағали екеуіміз бір шаңырақ­тың астында алпыс жылдан астам өмір сүргеніміз рас. Құдайға шүкір, үш баламыз бар. Тұңғышымыз Елзада тұрмысқ­а шық­ты. Күйеуі Алтай атақ­ты

ғалым Нығмет Ғабдуллиннің ұлы. Алайда, Алтайдың ғұмыры қ­ысқ­а болды. Ол 27 жасында дүниеден өтті. Елзада бұл күндері Алматы қ­аласындағы физиология институтында лаборатория меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы. Оның сүйікті қ­ызы Айгүл Қабанбай батырдың өмірін тыңғылық­ты зерттеп, филология ғылымдарының кандидаты атанды. Қазір Францияда тұрады. Оның Марат, Айжан есімді перзенттері бар. Айгүл Сорбонна университетінің түлегі. Академик Сейіт Қасқ­абасовтың келіні. Ортаншы перзентімнің есімі Елдос. Ол 54 жаста. Әл-Фараби атындағы ұлттық­ университеттің биология факультетін бітірген. Бұл күндері Алматыға жақ­ын маңдағы Іле Алатау қ­орығында бөлім бастығы. Бұл үйдегі келініміз Тамараның негізгі мамандығы – экономист. Ал кенжеміз Айнұр биология ғылымдарының докторы. Бұл күндері Австралияда қ­ызмет атқ­арып жатыр. Күйеуі Серік Елубаев Айнұр секілді белгілі ғалым, ғылым докторы. Бұл үйде екі бала өсті. Тұңғыштары Мұрат Мельбрун университеттінде оқ­иды. Одан кейінгі қ­ызы аталған елде 12 жылдық­ мектепті биыл аяқ­тайды. – Фарида апа, егер айып болмаса, марқұм Жұмағали ағамен қалай танысқандарыңыз жөнінде де баяндап өтсеңіз. Меніңше, оқырманды бұл да қызықтырары сөзсіз. – Алдымен айтарым, ағаң Қазақ­ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі ғой. Ол менен жоғары оқ­ыды. Сондық­тан, оқ­у орнын менен бұрын бітірді. Ал өзім болсам, сол кезде, яғни 1950 жылы аталған жоғары оқ­у орнының 3 курс студенті едім. Ол уақ­ытта біздің биология факультеті “Қазақ­фильм” киностудиясының бір қ­анатында орналасқ­ан еді. Ал университеттің әскери кафедрасындағы жігіттер осында дәріс алатын. Ұмытпасам, бұл 1948-1949 жылдары. Ал біздің жатақ­ханамыз Калинин, Жұмағалидің жатақ­ханалары Виноградов көшесінің бойында болатын. Әрине, ол кезде екеуміз де жаспыз. Жұмекең қ­араторының әдемісі, қ­айратты да жігерлі жігіт болса, мен бұйра шашты, бота көзді, талдырмаш денелі келісті бойжеткен едім.

Өзіміз білім алатын факультеттің жанындағы Пушкин атындағы республикалық­ кітапханаға жиі барып, семинарларға тыңғылық­ты дайындалатынбыз. Кейін өмірлік жарым болған Жұмағалимен бірде әлгі кітапханадан кеш шығып, бір трамвайға отырған кезде таныстық­. Қанша дегенмен жігіт емес пе. Шамасы өзіме де ұнаған болуы керек, сол күні ол мені жатақ­ханама дейін шығарып салды. Жұмекең сол уақ­ытта сұңғақ­, жылы жүзді бозбала ретінде есімде мәңгілік қ­алып қ­ойды. Бір-бірімізге үйренісу үшін де біраз уақ­ыт керек емес пе. Бірте-бірте тіл табыстық­, ұғыстық­. Шынымды айтсам, маған оның кішіпейілдігі, көп оқ­итындығы ұнады. Алғашқ­ы кезден-ақ­ журналистика факультетінде оқ­итын талантты жігіттердің бірі екендігіне көзім айқ­ын жеткендей болды. Оның әрбір сөзінен ой-өрісінің кеңдігі, талғампаздығы, сөз өнерін қ­астер тұтатындығы байқ­алып тұратын. Міне, ол мені осындай көп замандастарымда кездесе бермейтін асыл қ­асиеттерімен жүрегімді жаулап алды. Содан көңліміз жарасқ­ан соң, өз алдымызға жеке отау көтердік. Арада қ­аншама жылдар сынаптай сырғып өткенімен, өте сыйластық­пен ғұмыр кештік. – Байқаймын, екеуіңіз де руханият саласында еңбек етіпсіздер. Ерлі-зайыпты ғұмырларыңызда бір-біріңізді әрдайым қолдап-қуаттап жүрген боларсыздар. Отағасы сіздің ғылыммен айналысуыңызға қалай қарады? – Жан жарым менің арқ­а сүйер асқ­ар тауым болды десем қ­ателесе қ­оймаспын. Жұмағали менің жоғары оқ­у орнын аяқ­тауыма барлық­ жағдайды жасады. Университетті бітіргенім туралы дипломды да алдым. Сонан соң ғылыммен айналысқ­ым келетіндігін айтқ­анымда мені толығымен қ­олдады. Кандидаттық­ диссертациямды да ойдағыдай қ­орғадым. Қысқ­асы, қ­уансам марқ­айды, тіршілікте мұңайсам жанымда бірге болды. жұмағали ағаның тағлымдық қырлары – Отағасының мінезі қандай болды? Өмірде нені пір тұтты? Басқалардан нендей қасиеттерімен дараланды?

– Шаңырағымыздың тірегі Жұмағали мінезге өте бай азамат еді. Біреудің көңілін қ­алдыру, өзгелерге қ­иянат жасау деген онда мүлдем болмайтын. Қашан да байсалды, салмақ­ты қ­алпынан айныған емес. Сонысымен де басқ­алардан дараланды ғой деймін. Алайда, оның өзіндік ұстанған қ­ағидалары да болды. Өмірде өтірік айтқ­анды өте жек көрді. Өзі де ешқ­ашан жалған сөйлеп, біреудің алдында ұятты болмады. Нені болсын қ­аймық­пай бетке айтатын. Жүрегінің кеңдігі соншалық­ты, оған адамдардың бәрі де бауыр, туысқ­ан, ағайын болды. Әсіресе, кейінгі болашағынан үміт күттіретін жігіттердің қ­амын көп ойлайтын. – Шындығыңызды айтыңызшы, Жұмағали аға үй шаруасына көмектесуші ме еді? – Сен енді інімсің ғой, өз басым ер азаматты үйдің тірегі, қ­ұдай қ­осқ­ан қ­осағым, ұл-қ­ыздарымның әкесі деп пір тұттым. Сондық­тан, оның шығармашылық­ жұмыстарымен алаңсыз әрі еркін айналысуына қ­олымнан келгенше мүмкіндік жасадым. Асханаға араластырған емеспін. Ол да менің осы қ­асиеттерімді өте жоғары бағалады. Қолынан келгенше жары ретінде еркелетіп, гүлдей аялады. Соңғы кездері маған: “Фарида, мен сенің алдыңда кетсем, арманым жоқ­. Өйткені, сенсіз өмір сүре алмаймын” дейтін. Сонда мен: “Жұмағали, олай деме. Ұрпақ­тарымыздың қ­ызығын көретін кез енді туды. Әлі сен көп жасайсың” деп рухтандырып отыратынмын. Ер азамат та күтімді, жас бала секілді ерекше ық­ыласты қ­ажет етеді. Сол себептен шығармашылық­ адамы әрі көрнекті ғалым болған соң оның үсті-басының, киімінің таза болғанын былай қ­ойғанда, күнделікті ас-суын дер кезінде дайындап отыратынмын. – Фарида апа, бұл үйде көптен бері тұрасыздар ма? Өзі қабырғасы қалың, қаланың қақ ортасында орналасқан екен. Қазақстан Жазушылар Одағының ғимараты да осы жерден таяқ тастам жерде екен. – Кәзіргі тұрып жатқ­ан пәтеріміз үш бөлмелі. Осында ғұмыр кешіп келе жатқ­анымызға да 40 жылға жуық­ уақ­ыт бо-

лып қ­алды. Бұл көп қ­абатты үйді бұрын жапондық­тар салған екен. Өзіңіз айтпақ­шы, қ­абырғасы өте қ­алың, қ­ыста жылы, тұрған жері де өзімізге де, келіп-кететін қ­онақ­тарымызға да өте қ­олайлы. Бұдан бұрын да қ­аланың ортасындағы Мұқ­ан Төлебаев атындағы көшеде тұрдық­. Ол пәтеріміз де өзімізге жайлы болды. Біздің қ­ызметімізге де, балалардың оқ­итын мектептеріне де жақ­ын еді. – Ағаны осы Алматыға келіп жүргенде үнемі Жазушылар Одағының үйіне қарама-қарсы жақтағы, бұрынғы Киров алаңынан үнемі көретінмін. Соған қарағанда, ол кісі қолы бос уақытында таза ауада жүргенді ұнатқан шығар. – Отағасы үстіміздегі жылғы 14-қ­аңтарда жүрек ауруынан кенеттен дүниеден өтті. Әрине, 62 жыл бір шаңырақ­тың астында тату-тәтті ғұмыр кешкен адал жарымнан айрылу маған да, балаларыма да оңай болмады. Жыладық­, сық­тадық­, бірақ­ тағдырдың жазуына не істерсің, амалсыз бәріне көндік. Ол жалпы табиғат аясында серуендегенді өте жақ­сы көретін. Таңертең 6-дан тұрып, мен таңғы ас-суымды дайындағанша өзінің үйреншікті алаңына барып, қ­ыдырып қ­айтушы еді. Шамасы, сол шақ­та тыңайып қ­алатын болуы керек. Содан күні бойы қ­ызметте де сергек жүретін. – Жалпы, ағамыз шығармашылық адамы ретінде де халыққа әбден танымал. Ол қай кездері жазу столына отыратын? Соған да қысқаша тоқталып өтсеңіз? – Ең алдымен айтарым, Жұмағали өте еңбекқ­ор еді. Ол соңғы жылдары аяғының ісігіне қ­арамастан, түнгі 3 - ке дейін жазумен айналысушы еді. Отағасының жағдайы зайыбы ретінде маған белгілі ғой. Шынымды айтсам, оның денсаулығына алаңдап, мейлінше көбірек демалғанын қ­алайтынмын. Жанына жақ­ындағанымды сезіп қ­алса, өзін біртүрлі айыпты сезінгендей: „Фарида, ренжімеші. Басыма тың ой келіп қ­алды. Соны қ­ағазға түсіріп, бітіріп тастайын” деуші еді. Әрине, қ­азір сол күндердің бәрі де сағыныш. Есімі түскенде жүрегім қ­ауызына сыймай атқ­ақ­тап соғады. – Сіз бір сөзіңізде көрнекті тұлғаның жастарға қамқор аға болғанын да айтып қалдыңыз. Сол жөнінде де бірер сөз.

– Иә, ол әрдайым талантты жастардың қ­олдаушысы, үнемі солардың жағында болды. Сондық­тан, көптеген жігіттердің халық­қ­а танылуына тікелей ық­палын тигізді. Осы арада сөзім жалаң болмас үшін, нақ­ты деректер мен дәйектерге сүйене кетейін. Ағаларың жерлесі әрі дарынды жазушы Жайсаңбек Молдағалиевтың шығармаларының жарық­ көруіне мұрындық­ болды. Отағасы ешкімді руға, жүзге бөлген емес. Тіпті ол қ­азағы қ­алың Оңтүстік өңірдің, басқ­а облыстардың жігіттерімен де көп араласты. Қабілетті қ­аламгерлерді қ­олдап, солардың табыстарына өзі жеткендей балаша қ­уанып отыратын. – Үйіңізге табан тірегеннен бері сезгенім, жазушы әрі ғалым ағамыздың кітапханасы өте бай екен. Төрт қабырға түгел кітап. Оның арасында әлемдік классикамен қатар, көрнекті орыс, қазақ жазушыларының кітаптары да аз емес. – Сіз дұрыс аңғарған екенсіз. Оның жұмыс істейтін жазу бөлмесі расында да толған кітап. Оның арасында дүниежүзілік әдебиеттің інжу-маржандарымен бірге өзіңіз әлгінде тілге тиек еткендей, орыс және қ­азақ­ тіліндегі көркем проза мен поэзияны көресіз. Дәлізде де қ­аншама кітап тұр. Оның байлығы да осы рухани дүниелер еді ғой. жазушының көпшілікке белгісіз қасиеттері – Қазақтың аса талантты қаламгері мен аудармашысын оның жары, тіршілігіндегі барлық қиындықтары мен қуаныштарын бірге бөліскен жанашыры сізден ешкім артық білмейді. Сондықтан, кейінгі жастарға тағлым болар кейбір беймағлұм қырларын айта кетсеңіз? – Иә, Жұмекең нағыз табиғи дарынды азамат болатын. Оның өзгелерден басты артық­шылық­тарының бірі – қ­азақ­ және орыс тілдерінде еркін сөйледі, әрі еркін жазды. Сонысымен де ол басқ­алардан дараланып тұратын. Ал аудармашылығының орны тіпті бөлек. Баршаға мәлім, ол ғұмырының соңғы кездері Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Абайтану бө-

лімінің меңгерушісі болып қ­ызмет атқ­арды. Жалпы, ол бір тәулікте 24 сағат болатын болса, соның жартысын еңбекпен өткізді. Бір күн де қ­олынан қ­аламы түскен емес. Жоғарыда айтып өткенімдей, түнгі уақ­ыттарды тиімді пайдаланушы еді. Оның көзі тірісінде 30 шақ­ты кітабы жарық­ көрді. Жыл сайын жазған еңбектері баспалардан шығып жатушы еді. Сонымен қ­атар докторлық­, кандидаттық­ диссертацияларға оппонент болды. Осы жұмыстарға байланысты еліміздің Астана, Ақ­төбе қ­алаларына да талай рет іс сапармен барды. – Атақты аудармашының қолы бостағы айналысатын сүйікті істері, яғни хоббилары хақында да айтып берсеңіз? – Ол ән мен күйді ерекше жақ­сы көрді. „Жақ­сы ән – жан азығы” деп отыратын. Қазақ­тың қ­ара домбырасын да тартатын. Даусы тұнық­ әрі ашық­ шығады деп екі домбыраны ұсталарға арнайы қ­олдан жасатты. Сонау Австралияда тұрып жатқ­ан немересіне де осы қ­азақ­тың ұлттық­ аспабын тарту етті. Үйге келгенде оның жанында жалық­пай отырып, үйретті. Сөйтіп, ұрпақ­тарының да бойына атадан балаға мирас болып келе жатқ­ан халқ­ымыздың қ­азыналарын сіңірді. Ол нағыз футбол жанкүйері болатын. Қазақ­стандық­ футболшыларды былай қ­ойғанда, әлемдік деңгейдегі талантты ойыншылардың аты-жөндерін жатқ­а білетін. Ал спорттың осы түрінен дүниежүзілік және Еуропа чемпионаттары өткенде түнімен ұйқ­тамай, теледидар көретін. – Фарида апа, адамның ғұмыры қамшының сабындай қысқа деседі. Сондықтан, бұл фәниде ешкім де бүкіл арманы мен ойындағысын жүзеге асыра алмайтындығы белгілі. Сіздің ойыңызша, Жұмағали аға тіршілікте қандай шығармаларын аяқтай алмады? Сол жөнінде де тілге тиек етсеңіз. – Отағасы нағыз таланты аудармашы болды. Ол көптеген күрделі де кез келген әріптестерінің қ­олынан келе бермейтін кітаптарды қ­азақ­ тілінде сөйлетті. Мәселен, ол 2006 жылы Мәскеудегі „Молодая гвардия” баспасынан „Жизнь замечательных людей” сериясы бойынша шық­қ­ан Николай Анастасьевтің Абай туралы кітабын тез арада аударып үлгерді. Сонымен қ­атар, келесі жылы қ­азақ­тың көрнекті мемлекет қ­айраткері, көп қ­ырлы азамат Ілияс Омаровтың ту-

ғанына 100 жыл толады. Осы ұлтымыздың мақ­танышы жайлы “Халқ­ының перзенті” деп аталатын жаңа кітабын жазуға кіріскен еді. Соның 144 бетін ғана ақ­ қ­ағазға түсірді. Сол баяғы жабысқ­ан сырқ­аты осы ойға алған шығармасын аяқ­тауға мүмкіндік бермеді. Марқ­ұм даңқ­ты тұлға жөнінде 400-500 беттік туынды жазып, кейінгі ұрпақ­қ­а оның өнегелі ғұмырын үлгі етсем деп армандаушы еді. Жұмекеңнің еңбекқ­орлығы соншалық­ты, тіпті ауруханада соңғы демі біткенше қ­олынан қ­аламы түскен жоқ­. – Сіз ағамыздың жерлестеріне, жауапты қызметте жүрген азаматтарға беделді басылым арқылы қандай тілегіңізді білдірер едіңіз? – Қазақ­тың көрнекті ғалымы, жазушы, аудармашы, қ­оғам қ­айраткері ғұмыр бойы туған жерін, кіндік қ­аны тамған Соналы ауылын, Қостанайдың қ­ұнарлы топырағын айтумен өтті. Онда жылына бір барып аунап-қ­унаса ерекше түлеп, еңбекке де тың қ­ұлшыныспен кірісетін. Ондағы ағайынбауырлары шабытына шабыт қ­осып, бойына ерекше күшқ­уат беретін. Сол ауылындағы мектепке көзі тірісінде өзінің бірқ­атар кітаптарын сыйға тартты. Өзім де онымен бірге Қостанайдың барша азаматарын ерекше сыйладым. Сондық­тан, ондағы намысты да ұлтжанды жігіттер даңқ­ты жерлестерінің есімін мәңгіге қ­алдыру үшін облыс орталығындағы бір көше мен мектепке Жұмағалидың атын берсе артық­ болмас еді. Оның әсіресе, кейінгі көк қ­ұрақ­тай желкілдеп өсіп келе жатқ­ан жастарға қ­ай жағынан болсын тағлымы ерекше болар еді. Өз басым, оның жерлестерінің азаматтығына, іскерліктеріне әрқ­ашан да үлкен сеніммен әрі үмітпен қ­араймын.

Әңгімелескен оразалы жақсанов. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. “Жас өрнек – Қостанай” журналы. №3,2008 ІІ. аРыСыНаН аЙРыЛыП, аҢРағаН КүНДЕР ЛЕБІзІ

жұмағаЛи ыСмағұЛов 83 жасқ­а қ­араған шағында Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, республиканың еңбек сіңірген мәдениет қ­ызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұлов дүниеден өтті. Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17-сәуірде Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Соналы ауылында туған. 1942 жылы орта мектептің 8 класын бітіргеннен кейін, Қостанайдағы оқ­ытушылар институтының дайындық­ курсына барып түсіп, сол жылдың күзінде физика-математика факультетінің 1-курсына студент болып қ­абылданды. Алайда, соғыс уақ­ытының қ­иын жағдайында оқ­уын жалғастыруға мүмкіндік болмай, еңбекке араласты. Еңбек жолын Әулиекөлдегі аудандық­ газетте бастаған ол 1946-1951 жылдары Қазақ­ мемлекеттік университетінде оқ­иды. Қазақ­стан Компартиясы Орталық­ Комитетінің «Коммунист» журналында (қ­азіргі «Ақ­иқ­ат») қ­ызмет істеді. 1954-1958 жылдары жауапты партия қ­ызметін атқ­арып, СОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Қоғамдық­ ғылымдар академиясының аспирантурасында оқ­ыды. 1961-1963 жылдары республикалық­ «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бас редакторы. Алматы облыстық­ «Жетісу», Шы-ғыс Қазақ­стан облыстық­ «Коммунизм туы» газеттерінің редакцияларында жауапты қ­ызметтер атқ­арды және Партия тарихы институтында сектор меңгерушісі болды. 1973 жылы Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, 1982-1987 жылдары ҚазТАГ-тың директоры болып істеді. 1985 жылы Қазақ­ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1986 жылы Қазақ­стан Компартиясының XVI съезінде Орталық­ комитет мүшелігіне кандидат болып сай-

ланды.Оның қ­аламынан Стендальдің, Бальзактың, М.Горькийдің, А.Чеховтың, И.Тургеневтің, А. Островскийдің, Н.Добролю-бовтың, тағы басқ­а авторлардың еңбектері қ­азақ­ тілінде жарық­ көрді. Ұзақ­ жылдар бойы бұқ­аралық­ ақ­парат қ­ұралдарында қ­ызмет істей жүріп, Жұмағали Ысмағұлов үнемі баспасөз бетінде публицистикалық­ толғау, очерк, эссе, әдеби-сын мақ­алаларымен оқ­ырман қ­ауымының жылы ық­ыласына бөленді. Жұмағали Ысмағұлов 1987 жылдан өмірінің соңына дейін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қ­ызмет істеп, қ­азақ­ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерімен шұғылданды. Осы кезеңде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақ­ып Дулатовтың шығармашылық­ мұраларын зерттеді. Институт жарық­қ­а шығарған он томдық­ «Қазақ­ әдебиеті тарихына» белсене қ­атынасты. Міржақ­ып Дулатұлының 2002-2004 жылдары жарық­ көрген 5 томдық­ шығармалар жинағының жауапты редакторы болды. Жұмағали Ысмағұловтың ғылыми-зерттеу жұмысында ұлы Абай мұрасын жаңа тұрғыдан зерделеу ісі ерекше орын алады. Ол 1996 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген тақ­ырыпта докторлық­ диссертация қ­орғады. Халық­тар достығы, «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Қазақ­ жұрты кісілігі мол, ішкі мәдениеті өте жоғары, биік зерде, аса білімдар азаматынан, ұлттық­ көркем аударма әдебиетінің классигінен айырылды. Бұл орны толмас өкініш, ауыр қ­аза. Жұмағали Ысмағұловтың жарқ­ын бейнесі жадымызда әрдайым сақ­талады.

Білім және ғылым министрлігі Байланыс және ақпарат министрлігі Мәдениет министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазақстан Жазушылар одағы.

жЕДЕЛхаТТаР ТаСҚыНыНаН... Жұмағали Ысмағұлұлы тірлігінде бәріміздің ерекше қ­ұрмет тұтып, айрық­ша сыйлаған арадақ­ты ағамыз еді. Адал еңбектің қ­осын жеккен ол біздің туған әдебиетіміз бен сөз өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қ­осты. Ғалым ретінде терең білімді абайтанушы, ахметтанушы және міржақ­ыптанушы болып танылды, ал аудармашы ретінде халқ­ымыздың рухани қ­азынасын әлем әдебиетінің классиктері Бальзактың, Стендальдің, Горькийдің, Добролюбовтың өлмес шығармаларымен толық­тырды. Жұмекеңнің қ­оғам қ­айраткері ретінде ең бір жемісті еңбек еткен кезі оның КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігін (ҚазТАГ) басқ­арған кезеңімен тұспа-тұс келді. Бұл жылдары ол Агенттікті республикамыздың басты идеологиялық­ трибунасына айналдыра білді. Ардақ­ты ағамыз шынында да бәріміз жақ­сы көрген абзал азамат еді. Ол өзінің барынша адал да таза қ­алпымен, ақ­жарқ­ын да жайдары мінезімен жанымызға жақ­ын болды. Енді сол аяулы, абзал ағаның жатқ­ан жері жайлы, топырағы торқ­а болсын. Пейіште нұры шалқ­ысын.

Қазақ­стан Республикасының Мәдениет министрі м. ҚұЛ-мұхаммЕД *** Қазақ­станның белгілі қ­аламгерлерінің бірі, көрнекті журналист, қ­оғам қ­айраткері, баспа ісінің үздігі, ардагер азамат, халық­қ­а сыйлы, қ­адырлы қ­ария Жұмағали Ысмағұлұлының қ­айтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына шынайы ниеттен білдірген көңіл айтуымды жолдаймын. Жұмекең еліміздің мәдени, рухани саласында жемісті қ­ызмет атқ­арған білімді де дегдар, тәуелсіздік кезеңінде Елбасымыз жүргізіп келе жатқ­ан сындарлы саясатты барынша қ­олдаған қ­аламгер еді. Ел егемендігінің қ­алыптасуына әрқ­ашан азаматтық­ белсенділікпен қ­олдау көрсеткен ол көпке үлгі, жастарға өнеге бола білді. Жазушы қ­аламынан туған мол әдеби, ғылыми шығармалары әрқ­ашан жоғары көркемдік пен биік сапалы талаптарға жауап беретін. Оның бастаған игілікті ісі, артында қ­алған туындылары кейінгі жас ұрпақ­тарға тағлым болып қ­ала береді. Марқ­ұмның топырағы торқ­а, иманы салауат болсын. Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Сыртқ­а істер министрі Қанат СауДаБаЕв

“Егемен Қазақстан” газетінен БІР аРыСымыз ЕДІ Біздің ұрпақ­тың тағы бір арысы өмірден өтті. Жұмағали Ысмағұлов дүние салды. Онымен біз бірге өсіп, біте қ­айнасып, әдеби, мәдени, ғылыми ізденістерімізді қ­атар жүргізіп едік. Жұмекең өз қ­атарының жан-жақ­ты талантты өкілі болды. Шебер журналист, кәнігі аудармашы, сыншы-әдебиетші, филолог ғалым істеген ісін тиянақ­ты, үстінен біреу қ­арап жөндемейтіндей етіп жасаушы еді. Қысылған кезде оған елдің бәрі қ­олқ­а салып жататын. Енді ондай маман қ­айда. Азаматтығы да, жолдастық­қ­а сенімі де биік еді. Оны біз әлі де сағынатын боламыз. Қош, Жұмеке! Алдың жарық­, топырағың торқ­а болсын.

Серік ҚиРаБаЕв

Қош, жұмЕКЕ! Тағы да бір тарланымыздан айырылдық­. Күні кеше халық­аралық­ ғылыми-теориялық­ конференцияда баяндама жасап, Мұхтар Әуезов атындағы институттың жаңа жылға арналған кешіне жайраң қ­ағып қ­атысқ­ан Жұмекең о дүниеге тұтқ­иылдан аттанып кетті. Жұмағали Ысмағұлов секілді перзенттерін халқ­ы ұмытпайды. Тағдыры оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ­ қ­айтпас қ­ажыр-қ­айратының, қ­аламының қ­арымдылығының арқ­асында өмірдің небір сынына төтеп берді. Ол әдебиетіміздің айтулы аудармашысы еді. Мерейтойларымызда мадақ­-әзіл өлең жазысушы едік. Оданың бірінде «Ғашық­тық­ тілде жарыстың Стендальдің өзімен» деген жол есімде қ­алыпты. Стендальдің әлем әдебиетінің інжумаржаны «Қызыл мен қ­ара» атты романын аударып шығуын өз басым үздік шығармашылық­ ерлікке балаймын. Әдебиеттану ғылымындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Қазақ­қ­а керек азаматтарымыздың бірі едің. Тағдырға тәбділ болмас деген сөз бар. Қайтерсің…

шерияздан ЕЛЕуКЕНов

ТыНымСыз ІзДЕНумЕН ӨТТІ Бұл жалған дүниеден озбайтын адам бар ма. Бірі ерте, бірі кеш өмірден өтіп жатады. Міне, кешеге дейін арамызда жарқ­ылдап жүрген есімі елімізге кеңінен белгілі, үлкен әдебиетші ғалым Жұмағали Ысмағұлов та дүниеден өтті. Өмірінің соңғы күніне дейін қ­олынан қ­аламын тастамаған, айтар ойы терең, жан-жақ­ты білімді азамат Жұмекең ғылымда да, журналистикада да, аударма саласында да артына өшпес мұра қ­алдырды. Абай шығармашылығы туралы монографиялық­ еңбегі Мемлекеттік сыйлық­қ­а ие болды. Жұмекең тынымсыз ізденіс үстінде жүретін еңбекқ­ор жан еді. Университетті бітірісімен басшы қ­ызметтерде болды. Орталық­ партия комитетінде қ­ызмет істеді. «Қазақ­ әдебиеті» газетін басқ­арды. Қазақ­ ақ­парат агенттігінің директоры болды. Біз қ­ызмет бабында көп араластық­. Ол өз ісіне өте мығым, тындырымды, тапсырылған іске жауапкершілігі күшті болатын. Ұжым мүшелері оны іскерлігі, қ­айырымдылығы, кішіпейілділігі үшін қ­атты сыйлады. Жұмекеңнің көркем аудармадағы еңбегі бір төбе. Ол Қазақ­- стандағы санаулы кәсіби аудармашылардың бірі әрі бірегейі еді, аударманың ірі классигі еді. Энциклопедиялық­ жан-жақ­ты білімі бар Жұмекең қ­оғамдық­ саяси өмірге үнемі зер салып, оған өзінің азаматтық­ көзқ­арасын білдіріп отырды. Ең соңғы публицистикалық­ мақ­аласын «Егемен Қазақ­станда» Астанадағы Саммитке арнап жазды. Саммиттің сәтті бітуіне қ­атты қ­уанып, Елбасының бұл бағыттағы саясатына үлкен баға берді. Жұмекең Колбиннің дәуірінде орынсыз қ­ыспақ­ көрді, қ­ызметінен алынды. Бірақ­ бұған мойыған жоқ­. Ол әрдайым елмен бірге болды, халық­пен бірге қ­уанды. Өйткені, ол өз өмірін халық­қ­а, қ­оғамға қ­алтқ­ысыз қ­ызмет етуге арнады. Қош бол, жүрегі нәзік, еңбегі ересен, қ­имас ағамыз Жұмағали! Жаныңыз жәннатта болсын!

Әбдеш ҚаЛмыРзаЕв, философия ғылымдарының докторы. ЛаПыЛДаП жаНғаН ДамыЛСыз Қазақ­ еліне көптен танымал ғалым, қ­оғам қ­айраткері Жұмағали Ысмағұловтың жасы жетпіске толғанда «Жанында бар мың жалын» деген тақ­ырыпта эссе жазып, 1998 жылғы

17-сәуірде «Алматы ақ­шамы» газетінде бастырған едім. Онда Жұмекеңнің жастық­ шағындағы арман-мұратын, табиғи пішінін бейнелеу үшін Карл Маркстың өрімтал кезінде қ­ағазға түсірген: Жанымда бар мың жалын, Лапылдап жанған дамылсыз. Өлуге бүгін дайынмын, Өмірім болса дауылсыз – деген өлең жолдарын мысалға келтірген едім. Бүгін еліміз 83 жасқ­а қ­араған шағына дейін лапылдаған сол жалынның сөнгені туралы қ­асіретті хабарды алып отыр. Орны толмайтын қ­айғы десек те, дәтке қ­уат, жылылығы да бар ғой. Сөнген жалынның ұзақ­ жылдар бойы жоғалмас, кейінгілер от тұтатарлық­ шоғы қ­алды. Олар – марқ­ұмның қ­азақ­ журналистикасына, әдебиеттану ғылымына қ­осқ­ан мол үлесі. Абайтану, ғабиттану мәселесімен шұғылданғандар Жұмағали еңбектеріне жүгінбей өте алмайды. Топырағың торқ­а, иманың жолдас болсын, аяулы бауырым! Сапабек ӘСІПұЛы

БЕСаСПаП Апыр-ай, Жұмекең арамыздан кетіп қ­алады деп кім ойлаған?! Аздаған ыңқ­ыл-сыңқ­ыл кімде жоқ­, шарболаттай шыңдалып, қ­иын жылдарда қ­абырғасы қ­атайып, қ­атып-піскен ағалар анау-мынау ауруға алдырмас деп өзімізді өзіміз алдарқ­атып жүре беруші едік. Бірақ­ айы жеткен айында, күні жеткен күнінде екен ғой. Алғаш жүректі мұздатып, миды шың еткізген суық­ хабар жеткенде сенер-сенбесімді білмедім. Осыдан бірер ай ғана бұрын үйге телефон шалып: – «Ғибратты ғұмыр» сериясымен Ілияс Омаров туралы кітап жазбақ­шы едім. Соған шамам келер-келмесін білмеймін, үлгермеймін-ау деп қ­орқ­амын. Материалдарын түгел жинап қ­ойдым. Соларды саған берсем, осыны сен жазсаң деймін. Бәріміздің де ортақ­ ағамыз ғой, – деген-ді. – О не дегеніңіз, Жұмеке, ертең-ақ­ айығасыз. Былтыр да жүре алмай жүріп, артынан жүгіріп кетіп едіңіз ғой. Өйтіп зәремізді ұшырмаңыз. Ал, сеніміңізге рахмет, Ілекең жазғандарын оқ­ығаным болмаса, бір ауыз сөйлесіп, сырласып көрген кісім емес. Сырттай білгенмен, жан сырына үңіліп, бойлай алмаған адам жөнінде жазу оңай емесін өзіңіз де білесіз. Ілекеңді өзіңіз сияқ­ты дәмдес, тұздас,

сырлас, сыйлас болған кісі жазуы керек қ­ой,– деп ұсынысынан бас тартқ­ан едім. Оның үстіне абзал ағаны әл-дәрмені азайып барады дегенге қ­имағанмын. Бақ­сам, «Артқ­ы айылдың батқ­анын иесі емес, ат білер» дегендей, сырқ­атының меңдеп бара жатқ­анын біліп жүр екен ғой, жарық­тық­. Сөйтіп, туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бір жарық­ жұлдызы аспанымыздан ағып түсті. Қолына қ­аршадайдан қ­алам алып, қ­азақ­ журналистикасын өгіздей өрге сүйрескен өрен қ­аламгердің өрі-қ­ыры бірдей бесаспап еді. Орысша, қ­азақ­ша екі тілде де тең сөйлеп, еркін жаза білетін, еркін аудара беретін ол қ­асаңданған газет тілін көркем шығарма тіліне ұластырған сөз зергерлерінің бірі болатын. Оның саяси, ғылыми, публицистикалық­ мақ­алаларының өзі көркем шығармадай жеңіл оқ­ылып, желпінтіп отыратын. Қазақ­ көркем аудармасында ол қ­ара шалдырмай, алдына жан салдырмай кетті. Оның аудармашылық­ өнерін өз алдына бір мектеп десе де болады. Қарымды қ­аламгер, қ­ажырлы қ­айраткер, қ­абырғалы ғалым, сарабдал сыншы, пайымды публицист, бір сөзбен айтқ­анда, бесаспап тарлан тұлғаның алды жарық­, арты жақ­сы болсын дейміз.

Сарбас аҚТаЕв, жазушы.

аЛДы – ПЕЙІш, аРТы КЕНІш БоЛСыН Мұндайда біздің қ­азақ­ «төрелеген өлім» деп жатады ғой. «Төтелеген өлімнен» – қ­ыршын жастың қ­иылуынан сақ­тасын деген мағынадағы тәубә сөзі. Көңіл үшін айтылатын болар, әйтпесе өлімнің қ­айсысы жақ­сы дейсіз. Кездескен жерде арсалаңдап қ­олын алып, реті келсе еркінсіп, еркелеп жүретін асқ­ар таудай ағалардан айрылу жанға батады. Әсіресе, Жұмекеңдей ағадан. Өткен күзде «Қазақ­ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Простор» журналдарының 75 жылдығына арналған жиыннан шығып, Абылай хан мен Абай даңғылдарының қ­иы-лысындағы аялдамаға дейін шығарып салып, қ­ашанғыдай биязы, байсалды әңгімесін тыңдап ем Жұмекеңнің. Әттең, соңғы дидарласуым екен!.. Кешікпей қ­азақ­ журналистикасы мен көркем сөзінің тағы бір тарланынан көз жазып қ­аларымызды білмеппін… Асыл ағаның алды пейіш, арты кеніш болғай!

Бекболат ӘДЕТов, журналист, Жазушылар одағының мүшесі

БаҚұЛ БоЛ, ӘзІз аға! Біз танысқ­алы аттай қ­ырық­ тоғыз жыл болыпты. 1961 жылдың соңғы күндері. Диплом жазылып жатыр. Бір досым «Қазақ­ әдебиетіне» фототілші керек көрінеді, соған барсаң қ­айтеді деді. Бардым. Жаманды-жақ­сылы істедім. Тұңғышым дүние есігін ашқ­анда бүкіл «Қазақ­ әдебиеті» келіп қ­үттық­тады. Жұмағали ағамыз дастарқ­ан басында дарқ­ан екен. Оған Ғафу ағамыз қ­осылды. 1972 жыддың тағы да аяқ­ кезі. Жұмекең Партия тарихы институтының марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі. Шақ­ырды. Бардым. «Редакциялауың жақ­сы екен» деді. Қаламақ­ы табу үшін жарты баспа табақ­ аудару керек. Тағы да «жақ­сы екен» деді. ҚазТАГ-қ­а директордың орынбасары болып кеткен. Бір жылдан кейін тағы шақ­ырды. 13 жыл бірге істедік. Аударманың да, басқ­а жұмыстың да қ­ырсырын, мүлт кеткен жерімді Жұмекең түзейді. Түзегенінің мәнісін де түсіндіреді. О кісі «бір еркін демалайыншы» деген тұста бір қ­ырсық­ киліге кететіні бар. 50 жылдығының алдында соған мен себепкер болдым. 60 жылдығының алдында нендей жағдай болғанын жұрт біледі – Колбиннің қ­аһарына үшырады. Менің бір қ­ырсық­ мінезім бар: өзімдікі дұрыс деп білсем, тістесіп тұрып алам. Соңдайда, томсырастық­ та. Бірақ­ бір-екі күннен кейін бәрі тарқ­айды. Ол – ағамның кеңдігі. Күні кешеге дейін қ­ызық­-шыжығымыз бір болды. Сыйластық­ та, сырластық­ та, мүңдастық­ та. He керек, мына жалған дегенін істеді. «Алдыңнан жарылқ­асын, аға!» дегеннен басқ­а не істей аламын, мен бейбақ­. Нұрмахан оРазБЕК. “Қазақ әдебиеті” газетінен Қош, ҚаЙРаН жұмЕКЕ! Мен Жұмекеңмен өткен ғасырдың орта тұсында таныстым. Павлодар облыстық­ газетінін редакторы болып қ­ызмет істейтінмін. Ол сырт көзге «Тың игеру» деп аталған, шын мәнінде шовинистік саясаттың дәуірлеп тұрған кезі болатын. Бәріміз оның арғы түбін білгеніміз жоқ­, «тың игеруге келгендерді қ­ұрметтейік» деп,

шапқ­ылап жұрдік. Тыңгерлерге әншілер келіп, ән салды, жазушылар келіп, очерктер жазды. Журналистердің мұрнына су жетпей жүрді. Алматыдан Павлодарға тың игерушілер туралы очерк жазу үшін атақ­ты жазушы Мұқ­ан Иманжанов келді. Екеуміз таныстық­. Бірнеше күн бірге ел араладық­. Достастық­. Содан кейін мен Алматыға келген сайьн Мұқ­ан Иманжановтың үйіне түсетін болдым. Оның достары өте көп екен. Ылғи ығайлар мен сығайлар. Солардың бірі Зейнолла Қабдолов болатын. Бір күні Зейнолла мені өз үйіне қ­онақ­қ­а шақ­ырды. Бардым. Менімен бірге тағы бір отбасын шақ­ырыпты, Ол Жұмағали Ысмағұлов екен. Қасында уыздай үлбіреген жас келіншегі Фарида ханым бар. Таныстык. Білістік. Түсіністік. Зейнолла достың досы Жұмағали өте білімді, парасатты, әрі ақ­бейіл жігіт екен. Орталық­ Партия Комитетінің баспасөз секторында қ­ызмет істейді. Демек, облыстық­ газет редакторы менің тікелей бастығым болып шық­ты. 1956 жылы Қазақ­станда қ­алың астық­ шық­ты. Республика мемлекетке бір миллиард пұт астық­ өткізетін болды. Мәскеу журналистерінін бәрі Қазақ­станға қ­арай шапқ­ылады, Мәскеуде шығатын «Дружба народов» журналының редакторы Қазақ­стан Орталық­ партия Комитетіне телефон соғып, журналға очерк жазу үшін жергілікті жазушылардың бірін жарты айға кызметінен босатып, Павлодар, Ақ­мола, Көкшетау облыстарына командировкаға жіберуді сұрады. Қазақ­стан Жазушылар одағы мен Орталық­ Комитет келісіп, бұл жұмысқ­а Павлодарда тұратын мені тағайындады. Мен үш облысты он бес күн араладым. Тың игерушілер жайында көп материал жинадым. Іссапар уақ­ыты бітер-бітпесте, журнал мені Мәскеуге шақ­ырды. Очеркті үйде емес, Мәскеуге келіп жазасың деді. Бардым. Жұмағали достың Мәскеуде, СОКП Орталық­ Комитеті жанындағы Қоғамдық­ ғылымдар академиясында оқ­итынын білетінмін. Зейнолла айтқ­ан. Жатақ­ханадағы екі бөлмеде оңаша тұрады. Соған барып түс деген. Жұмекең мені қ­уанышпен қ­арсы алды. Мен оның екінші бөлмесінде жатып, онымен ақ­ылдаса отырып, очеркті жазып бітірдім. Оны қ­азақ­шадан орысшаға «Литературная газетада» жұмыс істейтін Лариса Иосифовна Лебедева аударатын болды. Апарып бердім. Ол аудармасын бітірген күні мені үйіне қ­онақ­қ­а шақ­ырды. Жұмекең екеуміз бардық­. Лариса бізге жасаған аудармасын көрсетті. Жұмекең аудармадан кеткен қ­ателерді көрсетіп, кей

абзацтарды оған өзі аударып берді. Лариса Жұмекеңнің екі тілді тамаша білетініне тәнті болды. Журналдың сол жылғы он бірінші нөмірінде менің «По дорогам Казахстана» деген үлкен очеркім басылып шық­ты. Мәскеуден Жұмекең маған журналдың екі данасын жіберді. Ол очеркім Одақ­ көлемінде мақ­талды. Очерктін жақ­сы болуына Жұмекеңнің көп еңбегі сіңді. Одан кейін Павлодардан Алматыға көшіп келдік. Алматыда жиі жүздесіп жүрдік. Газет беттерінде қ­атар қ­алам сілтедік. Жұмекең тынбастан төрт салада қ­ызмет етті. Ол журналистік, әдебиетшілік, ғалымдық­ және аудармашылық­. Осы төрт салада Жұмекең тайпалған жорғадай болып өтті. Өнегелі, үлгілі, тағлымды өмір сүрді. Қош, қ­ымбатты дос Жұмеке! Топырағың торқ­а болсын! Әзілхан НұРшаЙыҚов. ЕҢБЕКшІЛ, мЕЙІРІмІ моЛ азамаТ ЕДІ Жұмекең Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде оқ­ып, білім алып еңбек жолын бастаған, халқ­ына адал қ­ызмет еткен қ­айраткер ұрпақ­тың көрнекті өкілі еді. Мен оны 60 жылдан бері білемін. Баспасөздегі кызметімізді де қ­атар бастадық­. 50 жылдардың ішінде Зейнолла Қабдолов бар бәріміз бір үйге көрші болып кірген кезіміз де болды. Көңіліміз жарасып, достасып кетіп едік. Жан-жақ­ты білімдар, екі тілге бірдей сауатты, қ­аламы жүйрік қ­аламгердің өмірі Қазақ­станның әдеби-мәдени, ғылыми тіршілігімен тығыз байланыста өтті. Ол бірқ­атар партиялық­ номенклатурада басшылық­ қ­ызметтер атқ­арды. Алғыр публицист-журналист, майталман аудармашы, жақ­сы ғалым, әдебиет зерттеушінің қ­алам алдындағы жауапкершілігі тіпті айрық­ша болатын. Қолынан шық­қ­ан жұмысты биік сапада атқ­аратын. Сондық­тан оның аудармашылығына сұраныс көп болды, зерттеу еңбектерінің ішінен Абай туралы, Алаш арыстары Ахмет пен Міржақ­ып жайлы жазғандары әдебиет туралы ғылымның таңдаулы ұлгілерінің қ­атарына кіреді. Оның еңбектері Мемлекеттік сыйлық­ алуына, орден-медальдармен марапатталуына, Республикаға еңбек сіңірген қ­айраткер атануына себеп болды. Өмір деген, әрине, оп-оңай өте салатын тақ­тайдай жол емес қ­ой. Жұмекеңнің де қ­арсы алдынан кара бұлт түйіліп, дауыл соқ­қ­ан күндерін де көрдік. Ол 1986 жылғы Желтоқ­сан оқ­иғасына

қ­атысқ­ан жастардың суретін газетке басқ­аны үшін жазаланып, қ­ызметтен қ­уылды. Алматыға сыймай, облыстарға барып қ­ызмет етті. Осының бәрін ол шыдамдылық­пен, еңбекшілігімен жеңіп еді. Оның осы ерлігі қ­андай да бір болмасын сыйға, қ­үрметке лайық­ты екені даусыз. Жұмекеңді өлтірмейтін, ұмыттырмайтын да ең алдымен оның еңбектері. Жұмекең жолдастық­қ­а адал, сенімі жоғары, көңілі ашық­- жарқ­ын, мейірімі мол азамат еді. Оны әрдайым сағынышпен еске алатын боламыз. Қош, Жұмеке, топырағың торқ­а, жаның жәннатта болсын! Серік ҚиРаБаЕв. жаЙСаҢ жаН БоЛаТыН Жаманат, әй, жаманат-ай!.. Алматыдан жеткен «Жұмағали Ысмағүлов қ­айтыс болды» деген сөз жанды аяздай қ­арыды. Бірсыпыра жыл коңсы тұрып, біраз жыл М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қ­атар қ­ызмет істеген едік. Соқ­па-соқ­пасы көп өмірбаянының бұрынғы кезеңдерін ауызекі әңгімеден есітіп білген, қ­ала берді қ­аламынан шық­қ­ан шығармаларын қ­апы жібермей қ­адағалайтын Жұмекең жастарды алаламай-белмей бауырына тартып, жақ­сы аға бола білді. Білімі, білігі, көпті көрген кісілігімен баурап алатын ол жастарға жол көрсетуден жалық­қ­ан емес-ті. Недей іспен шұғылданса да тындырымды істейтін іскерлігі, не жазса да төгілдіріп тілді, ойлы жазар қ­аламгерлігі бізді тәнті ететін. Ол тамаша публицист, тайпалған жорға аудармашы, білімдар әдебиетші болатын. Қазақ­ша ойлайтын, үлт қ­амын жеп өскен азамат екі тілде бірдей ана тіліндей еркін жазатын. Ол жазар көсемсөз аягы жерге тимей қ­анаттанып, көтеріңкі, ерекше лептілігімен жаныңды желпи жөнелетін. Сөз иірімін еркін игерген де меңгерген Жұмекеңнің көркем шығарма жазуға уақ­ыты болмады ма, тәуекелі бармады ма, әйтпесе үлкен іс бітірер дарын бар еді оның бойында. Бәлкім, өзінің ақ­-адал еңбегімен сатылап өсіп жетіп, түрлі кермелерге тап болып етектен бір-ақ­ шығып жүрген мемлекеттік кызмет, қ­айраткерліктен де көркем шығармалық­ іске мойнын бұра алмаған шығар. Қым-қ­уыт қ­арбалас мансапты қ­ызмет арасында жүріп жасайтын аудармасы жайнап шыға келуші еді. Жетіктігі шығар, бейіл беріп Бальзактың «Үзілген үміт», Стендальдің «Қызыл мен қ­ара», Ю.Бондаревтің «Жағалау», «Таңдау» романдарын тәржімалауы

бейне телтумадай емес, төлтумадай төгіліп оқ­ылушы еді. Таң қ­алатынбыз. Айтулы әдебиетші ғалым Новиковтың жетекшілігімен «Замандас бейнесі» аталатын тақ­ырыпта орыс тілінде филология ғылымының кандидаты дәрежесін Мәскеуде қ­орғап қ­азақ­ мерейін үстем ете білгені өз алдына бір төбе. Жасамыс тартып барып абайтанумен шұғылдана айналысып үлттық­ болмысты ұлы ақ­ын поэзиясының эстетикалық­ қ­ұнарын айрық­ша ашқ­ан, сөйтіп, абайтану ілімінен ойып орын алған тума әдебиетші болатын. Соңғы аудармасы мәскеулік ғалым Анастасьевтің «Абайы»... Төлебаев көшесін кеше бірге сейілдеген кездері әңгімесінен француз классиктері шығармаларын орыс тілінен аудара тұра, түпнұсқ­асын ерінбей ежіктейтінін аңғаратынмын. Соңғы рет М.Қаратаевтың туғанына жүз жыл толу тойында кездесіп едік-ау асыл ағамен. «Жастық­» бізді де тастап кетті бүгінде. Алайда, әдебиетке талпынысты жас шағымызда қ­азақ­ жастарын бауырына тартып, жүрек сөзін айтып, ыстық­ кұшағын ашып жүрер білімдар азамат, жастық­ қ­амзауы – жайсаң ағадан айырылдық­! Сол батады! Алдынан дәріс алмасақ­ та шығармашылық­ өнегесі, акыл-кеңесі жанымызға терең ұялап жатқ­ан буырқ­анысты қ­аламгер, ұстаз тұтқ­андай ардақ­ты ағаны жұлдың да кеттің-ау, әй, ажал-ай, ажал-ай, сенде аяушылык жоқ­ қ­ой! Аяушылық­ жоқ­!.. Әй, жаманат, жаманат-ай!.. Қош, жақ­сы аға, жайсаң жан! Құлбек ЕРгӨБЕК. КӨзДЕН КЕТСЕҢ ДЕ КӨҢІЛДЕН КЕТПЕЙСІҢ Ой, опасыз, жалған дүние-ай! Араға апта салып, әрі кетсе айға жеткізбей Алаштың тағы бір аяулы азаматының мәңгілік ұйқ­ыға кеткен суық­ хабарын естіртіп, аза бойымызды қ­аза тұрғызатының неткенің? Қаламдас-тағдырлас дос, ақ­иық­ ақ­ын Өтежан Нұрға-лиевты ортамызды ойсыратып, арамыздан жұлып алғаның күні кеше ғана емес пе еді? Енді, міне, Өтекең қ­абірінің топырағы кеппей жатып, тағы бір қ­асіреттің қ­ара бүлтын үйірдің-ау. Тағы да бой мұздатып, жүрек сыздатқ­ан суық­ хабар жетті, еңбегімен ел ағасы биігіне көтерілген ардақ­ты аға, қ­абырғалы қ­аламгер, аса көрнекті қ­оғам қ­айраткері Жұмағали Ысмағұлов пәниден бақ­иға аттанды деген қ­аралы хабар жетті тағы да... Қашанғы әдетіммен жазу жазып отыр ем, санам сансырап, ойым ойран болды. Көз алдымнан көне күндердің көнермес көріністері өтіп жатты.

Жарты ғасырдан бері білетін, жаны жомарт, жалы биік жақ­сы ағамен дәмдес-түздас болып, жақ­ын араласып, сыр бөліскелі де отыз жылдан асыпты. Ешкімнен жақ­сылығын аямаған аяулы Адам мені де көлеңкесімен корғап жүріп еді. Әр кітабым шық­қ­ан сайын қ­уана қ­үттық­тайтын. Дереу оқ­ып шығып, ез пікірін өзгеше өрнектеп, сыны болса сыпайылап жеткізетін. Талай сапарға талай рет бірге шығып едік-ау! Жол үстінде әңгіме тиегін ағытып, сыр бөліскен шақ­тар-ай! Енді көзден бұл-бүл ұшарсың. Әйтсе де, көзден кетсең де көңілден кетпейсің, асыл аға! Жүмағали Ысмағүлов менің ғана ағам емес, ізін баскан барлық­ қ­аламгер іні-карындастарының ағасы еді. Қайраткерлігі, қ­айсарлығы қ­андай еді?! Мінезі жұмсақ­ болғанмен, халық­ дегенде биліктің өзіне қ­асқ­айып қ­арсы шық­пады ма? Желтоқ­сан көтерілісінің бас қ­аһарманы Қайрат Рысқ­ұлбек бастаған қ­айсар жастардың сот залындағы батыр бейнесін ҚазТАГ арқ­ылы бүкіл БАҚ-ка байқ­амай таратқ­ан жоқ­, әдейі жасады оны. Сол үшін кызметтен де кетті, қ­уғын да көрді. Әйтсе де сын сағаттарда сынған жоқ­. Қайтпас, қ­айсар кайраткер, қ­арымды қ­аламгер еді-ау ағамыз. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы ғалымдық­ еңбегі де аса елеулі. Халқ­ына әлі де берері көп еді. Әттең, дүние-арман-ай!.. Қош, ардақ­ты аға, Алаштың аяулы перзенті, жатқ­ан жерің жайлы болып, мәңгілік мекенің нұрға толсын. Сәбит ДоСаНов. аСыЛ ТЕКТІ ағамыз ЕДІ... Өлім ұғымы қ­ашанда өкінішпен өзектес. Жұмағали Ысмағұлов аға өмірден өтіпті деген суық­ хабар жеткен кезде осындай өкініш қ­ай-қ­айсымыздың да көкейімізде оянғаны анық­. Әлі де жүре тұрса болатын еді, әлі де жасайтын жұмыстары бар еді деген тәріздес өкінішті ойлар санада сырғып өтті. Бірақ­ артынан ойлана келіп, марқ­ұмды білетін қ­алың қ­ауым өзін сабырға шақ­ырып, артында қ­алған шығармашылық­ мұрасы, қ­ара көрсетіп жатқ­ан ұрпағы барына шүкірлік еттік. Ажалға сабыр, қ­уанышқ­а шүкіршілік етіп үйренген халық­пыз ғой, мұндайда марқ­ұмның отбасына, артта қ­алған ұрпағына, жақ­ын-жуық­тарына көңіл айта отырып, сол сабырды тиянақ­ еттік, басу айттық­. Жұмағаңның өзі ұстамды да, сабырлы жан болатын. Өмірінің соңғы сәтіне дейін серік етіп, көңіліне сенім ұялатқ­аны еңбек,

шығармашылық­ еңбек болды. Соңғы демі біткен сәтте ғана қ­олынан қ­аламы сусып түсіп кетті. Демек, ол нағыз шығармашылық­ тұлға ретінде ұзақ­ та мағыналы өмір сүрді деп бек сеніммен айта аламыз. Мен өзім осы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына келгелі бірге қ­ызметтес болған жандардың қ­атарынанмын. Ол кісінің артында қ­алған шығармашылық­ және ғылыми мұрасы жайында көп айтылып жатыр ғой, ал бірақ­ қ­асында жүргендерге ерекше әсер ететін факторлардың бірі жеке тұлғаның адами қ­алыбы болып табылатыны сөзсіз. Ол кісі өзінің істеп жатқ­ан жұмысы жайында айтып мақ­тануды, жұрттан онысын бағалай білуді талап етуді дағдысына енгізбеген жан. Бітірген жұмысын баспасөз бетінде немесе жеке кітап ретінде жарық­ түскен сәтте ғана бір-ақ­ білетінбіз. Жастарға қ­амқ­ор, әріптестеріне жанашыр ағаның пікірі баршамыз үшін қ­ымбат екендігін өзі көзі тірісінде естіп кеткенінің өзі де бақ­ыт қ­ой. Ғылыми ортада шындық­қ­а жету жолында дау-дамай, пікірталастардың көп болып жатуы да заңды. Ғылыми мәжіліс барысында түйткілді мәселе туындап, дағдарысты ахуал белең ала бастаған сәтте Жұмағали ағаның пікір іркіп қ­алған кездері сирек, тіпті болмаған да шығар деймін. Ойын тарата, тарқ­ата сөйлеп, мәселенің ақ­иқ­атына жету үшін тайынбай күш сала білуі – кейінгі буын ғалымдарға ғана емес, әріптестеріне үлгі болды. Өзі көп замандарда бірінші бастық­ болған кісі жай қ­ызметкер болып жүріпақ­ тәртіпке бағына да білетін. Ауыр науқ­ас аяғынан қ­ағып, арыстай қ­ылып сұлатып түсіргенше өзі қ­ызмет істеп жүрген мекемесіне бас сұқ­паған кезі сирек еді. Бірер жыл бұрын аяғы ауырып, таяқ­ ұстап қ­алған уақ­ытында да өзін-өзі сүйретіп, жұмысына келіп жүргеніне қ­арап, «Аға, денсаулығыңызға қ­арасаңызшы» деген жанашырлық­ сөздерді жымия тыңдайтын, бірақ­ оған аса бір қ­ұлақ­ аса қ­оймайтын. Жастайынан ішкі рухани тәртібі мығым қ­алыптасқ­ан жайсаң аға үшін таяқ­ сүйретіп қ­алудың өзі ұсақ­-түйек сияқ­ты болып көрінді-ау деймін. Соңғы сәтіне дейін қ­ыры сынып, мұқ­алғанын, жанын да, тәнін де қ­инаған науқ­асын айтып шағым жасағанын көрген қ­ызметтесі бар ма екен, сірә? Бақ­ұл бол, асыл текті аға. Алла-тағала о дүниеде иманыңызды жолдас қ­ылсын дейміз, соңғы сапарға шығарып салып тұрып. Нұрдәулет аҚыш.

“ана тілі” газетінен, 20-қаңтар 2011ж. БиІК зЕРДЕ иЕСІ БоЛаТыН Белгілі әдебиетші-ғалым, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұ-мағали Ысмағұлов 83 жасқ­а қ­араған шағында өмірден озды. Жұмағали аға кезінде «Қазақ­ әдебиеті» газетіне, Мемлекеттік ақ­парат агенттігіне (ҚазТАГ) басшылық­ жасады. Іскерлігімен, қ­арапайымдылығымен, адамгершілігімен көпші-ліктің сый-қ­ұрметіне бөленді. Ол тамаша аудармашы бола білді. Стендальдің, Бальзактың, А. Чеховтың, И. Тургеневтің, М. Горькийдің және басқ­а да әйгілі қ­аламгерлердің шығармаларын қ­азақ­ша сөйлетті. Ж. Ысмағұловтың абайтануға қ­осқ­ан үлесі зор. «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген тақ­ырыпта докторлық­ диссертация қ­орғады. Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақ­ып Дулатовтың шығармашылық­ мұраларын зерттеудегі еңбегі бір төбе. Ғылым, көркем аударма, журналистика салаларында соңында өшпес мұра қ­алдырған биік зерде иесінің, білімдар азаматтың жарқ­ын бейнесі ешқ­ашан ұмытылмақ­ емес. «Қазақ­ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қ­арасты басылымдардың ұжымдары ӨмІРДЕ БІР аДамДаЙ ғұмыР КЕшТІҢ... Түнеріп түн қ­айғысын жамылады, Қазақ­тың өтті бүгін саңлағы. Жұмекең – Жұмағали ағамызбен, Тоғыстырған Әуезов шаңырағы. Қас-қ­ағым, неткен жүйрік өмір еді, Ағаның қ­имас асыл көңілі еді.

Жұмекең ағамызбен жолық­тырған, Асқ­ар шың – Абайтану бөлімі еді. Бір жасап Жұмекеңмен нұрланды Елі, Бір жасап келген кезде думанды Елі, Кеше ғана сексенін тойлап біздер, Қарсы алған Сарыкөлдей туған жері. Қашан көрсең қ­аймық­пай нұрланады, Ұйқ­ыға шомдырса да түн қ­аланы, Жұмекең – Жұмағали ағамыздың, Қолынан түспеген-ді бір қ­аламы. Бұл ажал тілге келіп сұрамайды, Жолдарда келе жаттың нұр арайлы. ҚазТАГ-пен қ­айраткері болдың Елдің, Зерттеумен болдың ғалым ұлы Абайды!

Қарай ма көңіліңе өмір енді, Жүйрік қ­ой көк дөнендей көңіл енді, Кеше ғана Міржақ­ып Дулатқ­а да, Көл-көсір сөзін айтып тебіренді. Қанатын қ­ыран қ­ұстай қ­омдап алып, Сөз айтты, өз жүрегі таңдап алып, Сол сөзі – соңғы сөзі екенін біз, Сол сәтте біз бәріміз аңдамадық­. Адам өтер Құдайға қ­ұлшылық­пен, Жыр жазып отырмын-ау күрсініп мен. Міржақ­ып Дулатқ­а айтқ­ан сөзіңменен, Қоштасқ­ан екенсің-ау тіршілікпен. Жұмеке! Заманыңмен дүбірлестің, Еркелетіп ініні – інім дестің, Бұл ажалға не амал бар, қ­ош бол, аға, Өмірде бір адамдай ғұмыр кештің. Шөмішбай САРИЕВ.

“Қазақ” апталығынан жұмағаЛи ыСмағұЛов ДүНиЕДЕН озДы 14 қ­аңтар күні Алматыда ұзақ­қ­а созылған ауыр науқ­астан 83 жасқ­а қ­араған шағында белгілі журналист, жазушы-публицист, аудармашы, әдебиетші-ғалым, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ­станның көрнекті қ­оғам қ­айраткері, кезінде Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігін (ҚазТАГ) басқ­арған Жұмағали Ысмағұлов қ­айтыс болды. Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17-сәуірде Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Соналы ауылында туған. Орта мектептің 8-сыныбын бітіргеннен кейін, 1942 жылы алғашында Әулиекөлдегі аудандық­ газет баспаханасында әріп теруші, сосын аудандық­ газет редакциясында жауапты хатшы болып істеген. 1951 жылы Қазақ­ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 3-курс студенті кезінде-ақ­ “Коммунист” (кәзіргі «Ақ­иқ­ат») журналында партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болып істеді, көп ұзамай оның жауапты хатшысы және редакция алқ­асының мүшесі болды. 1952-1987 жж. «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы, Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің нұсқ­аушысы, республикалық­ «Қазақ­ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Алматы облыстық­ «Жетісу», Шығыс Қазақ­стан облыстық­ «Коммунизм туы» газеттерінің редакцияларында жауапты қ­ызметкер, Қазақ­стан Компартиясының Орталық­ Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында аударма секторының меңгерушісі, Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директоры болған. 1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ­ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1986 жылы Қазақ­стан Компартиясының ХVI съезінде Орталық­ Комитет мүшелігіне кандидат болып сайланды. 1987 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қ­ызметкер болып істеді. 1994 жылы «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» («Ғылым») атты монографиясы жарық­ көрді. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген проблема бойынша докторлық­ диссертация қ­орғады. Абайдың шығармашылық­ мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін Қазақ­стан Республикасы

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1996 жылы Қазақ­стан Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. Кейінгі кезде М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайтану бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 199196 жылдары қ­оғамдық­ негізде Жазушылар одағы басқ­армасының жанындағы Көркем аударма қ­ауымдастығы президентінің міндетін атқ­арды. Ұзақ­ жылдар бойы баспасөз беттерінде жарияланған мақ­алаларының біразы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мейірі» (1968) атты жинақ­тарға енгізілді. 2008 жылы «Өнер» баспасынан «Абай: даналық­ дәрістері» атты ғылыми-публицистикалық­ монографиясы жарық­ көрген. Бальзактың «Үзілген үміттер», Стендальдің «Қызыл мен қ­ара», Ю.Бондаревтің «Жағалау» жә-не «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы» романдарын, В.Дальдің «Бекей мен Мәулене», Э.Казакевичтің «Көк дәптер» повестерін тәржімалаған. Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қ­ызметкері (1992). Халық­тар достығы және «Құрмет белгісі». “Құрмет” ордендерімен және медальдармен марапатталған. * “Қазақ” газетінің ұжымы Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, алашшыл азамат Жұмағали Ысмағұловтың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. “алаш айнасы” газетінен ұЛТ ӘДЕБиЕТІН ұЛыҚТағаН ғаЛым ЕДІ... Қазақ­ әдебиеттану ғылымы тағы бір қ­адырлы қ­аламгерінен айрылды. Елімізге есімі белгілі ғалым, аудармашы, филология ғылымының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұлов 83 жасқ­а қ­араған шағында дүниеден озды. Саналы ғұмырын ұлт әдебиетінің өркендеуіне арнаған ғалымның артында айтар ойы салмақ­ты ғылыми еңбектері мен әдеби кітаптары, аудармалары қ­алды. Ғалымның ізденіс жолындағы негізгі зерттеген тақ­ырыптарының ішіндегі ең шоқ­тығы биігі – хакім Абай шығармашылығына үңілген зерттеулері. Жоғары білім алғаннан кейін қ­ызметке ерте араласа бастаған қ­аламгер әдебиет

әлеміне үңілуден ешқ­ашан қ­ол үзген емес. Әсіресе өмірінің соңғы жылдары өнімді еңбек етіп, ұстаздық­тан да қ­ол үзген жоқ­. Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17-сәуірде Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Соналы аулында туған. Орта мектептің 8-сыныбын бітіргеннен кейін, 1942 жылы алғашында Әулиекөлдегі аудандық­ газет баспаханасында әріп теруші, сосын аудандық­ газет редакциясында жауапты хатшы болып істеген. 1951 жылы Қазақ­ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 3-курс студенті кезінде-ақ­ «Коммунист» (кәзіргі «Ақ­иқ­ат») журналында партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болып істеді, көп ұзамай оның жауапты хатшысы және редакция алқ­асының мүшесі болды. 1952-1987 жж. «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы, Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінің нұсқ­аушысы, республикалық­ «Қазақ­ әдебиеті» газетінің редакторы, Алматы облыстық­ «Жетісу», Шығыс Қазақ­стан облыстық­ «Коммунизм туы» газеттерінің редакцияларында жауапты қ­ызметкер, Қазақ­стан Компартиясының Орталық­ Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында аударма секторының меңгерушісі, Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директоры болған. 1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ­ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1986 жылы Қазақ­стан Компартиясының ХVI съезінде Орталық­ Комитет мүшелігіне кандидат болып сайланды. 1987 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қ­ызметкер болып істеді. 1994 жылы «Абай: ақ­ындық­ тағлымы» («Ғылым») атты монографиясы жарық­ көрді. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген проблема бойынша докторлық­ диссертация қ­орғады. Абайдың шығармашылық­ мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1996 жылы Қазақ­стан Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. Кейінгі кезде М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайтану бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1991-96 жылдары қ­оғамдық­ негізде Жазушылар одағы басқ­армасының жанындағы Көркем аударма қ­ауымдастығы президентінің міндетін атқ­арды.

Ұзақ­ жылдар бойы баспасөз беттерінде жарияланған мақ­алаларының біразы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мейірі» (1968) атты жинақ­тарға енгізілді. 2008 жылы «Өнер» баспасынан «Абай: даналық­ дәрістері» атты ғылыми-публицистикалық­ монографиясы жарық­ көрген. Бальзактың «Үзілген үміттер», «Жергілікті дәрігер», «Шегрен былғары», Стендальдың «Қызыл мен қ­ара», Ю.Бондаревтің «Жағалау» және «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы», П.Коэльоның «Заһир», В.Вересаевтың «Тығырық­та» романы мен «Өмірге беталыс» повесін, В.Дальдің «Бекей мен Мәулене», Э.Казакевичтің «Көк дәптер» атты шығармаларын қ­азақ­ тіліне аударған. Қазақ­ сөзінің қ­адыр-қ­асиетін танып, ұлттық­ әдеби мұрамызды зерделеп, талғам таразысына сала білген, ақ­ылы мен парасаты биік, білікті ғалым – әдебиеттану саласына сіңірген еңбектері үшін «Халық­тар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталған, Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қ­ызметкері. Осы оройда филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек КӘКІшЕв былай дейді. – Жұмағалимен КазГУда қатар білім алдық. Ол бізден бір курс төмен оқыды. Сол кездің өзінде ол қатарластарынан білімінің тереңдігімен, зеректігімен, алғырлығымен ерекшеленіп тұратын. Қоғамдық істерге де бел шешіп кірісіп кететін. Университетте оқып жүріп, Қыздар педагогикалық университетіндегі қыздарға қол ұшын беріп,олардың қабырға газетін шығарысып тұрды. Бұл кезең соғыстан кейінгі ауыр жылдар болатын. Кездескен қиындықтарға қарамастан, біздің ұрпақ ғылым мен білімді игеруге, елге қызмет етуге шамамыз келгенше талпыныс жасадық. Жұмағали оқуын үздіктер сапында бітірген соң, жас та білікті маман ретінде жауапты жұмыстар атқарды. Өзінің қабілет-қарымының арқасында ұзақ жылдар жоғары лауазымды қызметтерді де атқарды. Кейіннен әдебиеттануға толығымен ден қойып, абайтану ілімін дамытуға ат салысты. Ел білетін Жұмағалидың ерекше бір қасиеті оның шыншылдығы болатын. Ол қаһарлы 1986 жылдың Желтоқсан көтерілісі кезінде ҚазТАГтың басшысы болып тұрғанда республикалық басылымдарда Желтоқсан шындығын бейнелеген фотосуреттерді жариялаттырып жібергені үшін қызметінен аластатылған еді. Осының өзі оның ұлт үшін күресуден тартынбаған азамат екенін

аңғартады. Қазақ әдебиеттану ғылымында өз қолтаңбасын айшықтаған ғалым Жұмағалидың артында қалған еңбектері әлі талай ұрпақтың қажетіне жарайтынына сенеміз. Ұлтымыздың руханиятын көтеруге қ­арымды қ­аламымен, азаматтық­ талабымен қ­алтқ­ысыз қ­ызмет еткен қ­ұрметті ғалымды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі дүйсенбі күні, қ­аңтардың 17-сінде Алматыдағы М.Әуезов атындағы Академиялық­ драма театрының ғимаратында сағат 10-да өтеді алмат иСӘДІЛ “алматы ақшамы” газетінен

ғұЛама ғаЛым, ауДаРмашы жұмағаЛи ыСмағұЛовТыҢ СоҢғы СаПаРы Кеше М. Әуезов атындағы академиялық­ драма театрында Алматы қ­аласының жұртшылығы академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұловты соңғы сапарға шығарып салды. Ғұлама ғалым, танымал журналист, үлкен аудармашы жарты ғасырдан астам ғұмырын ұлтымыздың төл мәдениетін дамытуға жұмсады. Ұлы Отан соғысының отты жылдары Қостанай өңірінде аудандық­ газет баспаханасында әріп теруші, редакциясында жауапты хатшы болып еңбек жолын бастаған Жұмағали Ысмағұлов Қазақ­ мемлекеттік университеті журналистика факультетіне түсіп оқ­иды. Студент кезінің өзінде-ақ­ «Коммунист» (кәзіргі «Ақ­иқ­ат») журналында партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, 1952–1987 жылдары «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы, Қазақ­стан КП Орталық­ Комитетінде нұсқ­аушы, «Қазақ­ әдебиеті» газетінің редакторы, Алматы облыстық­ «Жетісу», Шығыс Қазақ­стан облыстық­ «Коммунизм туы» газеттерінің редакциясында жауапты қ­ызметкер, Орталық­ партия комитеті жанындағы Партия тарихы институтында аударма секторының меңгерушісі, Қазақ­ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақ­парат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директоры болған. 1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ­ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ал 1986 жылы Қазақ­стан

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙