TELEGEI

Home

Әлемдік әлеуметтану антологиясы 2 том

Кеңес Биекенов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әлемдік әлеуметтану антологиясы 2 том

Мазмұн: Э. Дюркгейм ҚОҒАМДЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ТУРАЛЫ I кітап. Еңбек бөлінісінің функциясы II кітап. Себептер мен жағдайлар III кітап. Қалыптан тыс пошымдар Қорытынды Э. Дюркгейм ӘЛЕУМЕТТАНУ ӘДІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК “МӘДЕНИ МҰРА”

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ

ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы:

Тасмағамбетов И. Н., бас редактор

Тәжин М. М., бас редактордың орынбасары

Тәуекел С. Т., жауапты хатшы

Әбділдин Ж. М.

Әуезов М. М.

Байпақов К. М.

Зиманов С. З.

Кәлетаев Д. А.

Кекілбаев Ә.

Кенжеғозин М. Б.

Қасқабасов С. А.

Қойгелдиев М. Қ.

Қосыбаев Е. М.

Құл-Мұхаммед М. А.

Мағауин М. М.

Мәмбеев С. А.

Нұрпейісов Ә. К.

Нысанбаев Ә. Н.

Рахмадиев Е. Р.

Сұлтанов Қ. С.

Сүлейменов О. О.

Хұсайынов К. Ш.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,

АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы

ӘЛЕМДІК

ӘЛЕУМЕТТАНУ

АНТОЛОГИЯСЫ

2-том

Алматы
“Қазақстан”

ББК 60.5

Ә 52

“Әлемдік әлеуметтану антологиясы”. 10 томдық.

“Мәдени мұра” бағдарламасы. Алматы:– ЖШС “ Қа-

зақстан” баспа
үйі”, 2005 ж. – 560 бет.

ІSBN

9965-10-041-1

ББК 60.5

ІSBN 9965-10-041-1

ІSBN 9965-10-036-5

© ЖШС “Қазақстан” баспа үйі” – Аударма және безендіру

“Әлемдік әлеуметтану антологиясы” он томдығының түпнұсқа мәтінін
құрастырған Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Әлеуметтану” секциясы

Секция құрамы:

1. БИЕКЕНОВ Кеңес Үмбетжанұлы – Секция жетекшісі, әлеуметтану

ғылымының докторы. 2. АЯҒАН Бүркітбай Ғылманұлы – тарих ғылымының докторы,

профессор. 3. ӘЖЕНОВ Матипулла Салахадинұлы – философия ғылымының

докторы. 4. ҒАБДУЛЛИНА Қанапия Ғабдолқызы – әлеуметтану ғылымының

докторы. 5. ЕСІМ Ғарифолла – философия ғылымының докторы. 6. САДЫРОВА Мәнсия Сапарғалиқызы – әлеуметтану ғылымының

докторы. 7. СЕЙДУМАНОВ Серік Тұрарұлы – әлеуметтану ғылымының докторы. 8. ШАУКЕНОВА Зарема Қаукенқызы – әлеметтану ғылымының

докторы. 9. КЕНЖӘКІМОВА Гүлнар Әлейқызы – секция хатшысы.

Түпнұсқа мәтіннің қазақша редакциялануын басқарған “Қазақстан” баспа үйі” мойынсерігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Аударма сарапшысы – филология ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Жұмағали Ысмағұлов.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз.
Әлеуметтану ғылымының жаңа белесі

Э. Дюркгейм.

ҚОҒАМДЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ТУРАЛЫ

І кітап. Еңбек бөлінісінің функциясы

ІІ кітап. Себептер мен жағдайлар

ІІІ кітап. Қалыптан тыс пошымдар

Қорытынды

Э. Дюркгейм.

ӘЛЕУМЕТТАНУ ӘДІСІ

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

(Алғысөз)

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың негізгілері – “Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы” (1893), “Әлеуметтану әдісі” (1895), “Өзін-өзі өлтіру” (1897), “Діни өмірдің қарапайым пошымдары” (1912). Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Оның көзқарасы бойынша адамның мінез-құлқын, жалпы тарихи процестерді саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың бейімділігі, ұмтылыстары және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеуметтік нақты болмыс теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара ықпалдастығы жүйесі ретіндегі қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың негізі болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады. Э. Дюркгеймнің әлеуметтік нақты болмыс туралы көзқарасының негізгі ережелері осылар. Э. Дюркгейм “әлеуметтанушылығының” басты принципі мен ерекшелігі – оның әлеуметтік құбылыстарды әлеуметтік факторлармен түсіндіруі. Бұның мәнісі – құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы, әлеуметтік реттеушіліктің құралына айналуы. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминация адамның құндылықтар бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы нақты өмірдің екі жақты өзегіне айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүрлеу сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге итермелейді. Дюркгеймнің әлеуметтануының жаңа қырлары оның ғылыми айналымға құндылықтар және құндылық бағдарлары ұғымдарын

енгізуінен көрінді: сыртқы ықпалдан гөрі қоғамның инсанияттық қасиеттерін жетілдіруге көбірек көңіл бөлінсе, әлеуметтік нормалар да жетіле түседі. Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды жақтап, оны жасаушылардың бірі болды. Мұндай әдісті қолданғанда қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде логикалық ойлау жүйесі қатаң сақталу керек, дейді ол. Өзіне дейінгілердің қоғам дамуы туралы, негізінен алғанда, фактыларға негізделмеген теориялар жасауға ден қойып, олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын ашып көрсетті. Оның пікірінше, әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл – адамдардың санасы ұжымдық сана қалыптастырған саяси, құқықтық, моральдық, діни және басқа да идеяларға, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптасады. Э. Дюркгейм адамдардың күнделікті өмірде іске асыратын идеялары мен рухани құндылықтарын әлеуметтік құбылыстардың ақтық нәтижесі ретінде қарастырады. Әңгіме ұжымдық сананың көрінісі ретіндегі идеялар мен рухани құндылықтар туралы болып отыр. Әлеуметтік нормалар, құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам өзінің ғұмырында қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам оларды ескеріп отыруға, күнделікті өмірде іске асыруға тиіс. Осыған байланысты Э. Дюркгейм әлеуметтік фактылардың негізгі екі нышанын көрсетеді: әлеуметтік фактылар индивидтер жөнінде объективті өмір сүреді және олар адамдарға мәжбүрлеуші ықпал жасайды. Сондықтан Э. Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы, қызметі әлеуметтік нормалар мен нұсқаулардың ықпалына тәуелді. Әлеуметтік фактылардың рухани табиғаты және мәні ортақ. Олардың бәрі топтық немесе ұжымдық сананың көрінісі. Әлеуметтік фактылар адамдарға ұжымдық сана түрінде ықпал етеді және әлеуметік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т. б. институттар арқылы жүзеге асады.

Э. Дюркгейм қоғамдық болмыс пошымын немесе қоғам құрылысы мен оның “материалдық” бөлімінің пошымын қарастыратын әлеуметтік морфология деп аталатын фактыны ұжымдық санаға яки ұғымға қарсы қойды. Морфологиялық фактылар “материалдықты”, яғни қоғамның сандық көрсеткішін, оның субстратын, ал ұжымдық сана қоғамның рухани қырын көрсететін “ұжымдық ұғымды” қамтиды. Сөйтіп, Э. Дюркгеймнің әлеуметтік фактылар жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара ықпалын түсінуге мүмкіндік беретін қажетті де маңызды ережелер қамтылатын топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі – әлеуметтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні. Дюркгеймнің қоғамдағы қалыпты және патологиялық ахуалдардың өзгешеліктері туралы, әлеуметтік сырқаттар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі ілім аса маңызды. Қалыптылық және патология ұғымдары қоғамдағы құбылыстарды, соның ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды, т. б. Түсіндіруде қолданылған. Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша, қалыптылық әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тіршілік жағдайынан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеуметтік сырқаттар қоғамға зиян келтіретіндігіне қарамастан қалыпты ахуалға жатқызылады, өйткені олар белгілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да қажетті қоғамдық қатынастарды қуаттайды. Э. Дюркгейм кеңінен қолданатын қалыптылық ұғымы оны кейде қорытынды жасауға, релятивизмге жетелейді. Мысалы, кез-келген қоғамда кездесетін қылмыстылықты ол қалыпты құбылыс ретінде қарастырады. Керісінше, ХІХ ғасырдың соңында өзін-өзі өлтірушілердің көбеюін және экономикалық дағдарыстың кейбір тұрпаттарын патологиялық құбылыс деп сипаттайды. Қоғамның қалыпты ахуалы жоспарлы экономиканы дамытудан және еңбек қатынастарын нормативті реттеуден туады деп түсіндіреді. Сонымен қатар әлеуметтік есендік, Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша, индивидтің, ұжымның немесе қоғамның өмірлік күштерінің қалыпты дамуына, олардың әлеуметтік орта жағдайларына бейімделу қабілетіне, оны өз дамуында қолдана білуіне байланысты. Қоғамның дамуына және адамдар тұрмысының

жақсаруына ықпал ететін факторлардың баршасы пайдалы да қажетті деп танылуы керек. Қоғам сырқаты оның кез-келген саласында пайда болуы мүмкін. Егер қоғам түгелдей сырқат болса, оны әмбебап тәсілдермен емдеу қажет. Э. Дюркгейм қоғамның моральдық және саяси есендігіне зор мән береді. Қоғамның қалыптан тыс ахуалына аномия жатады, бұл – индивидтердің нақты қылығын моральдық реттеу әдісінің кінараттылығынан қалыптасатын қоғамдық ахуал. Э. Дюркгейм әлеуметтік қызметтерді аномия реттеп отыратын ережелердің болмауынан туындайды деп санайды. Ол реттеуге көнбейтін бәсекелестік, таптық шиеленістер, еңбектің ескі дағдысы және жұмыс күштерінің азғындауы өндіріс пен еңбек бөлінісінің жедел асқынатын сырқаты деп біледі. Э. Дюркгейм “Қалыптан тыс пошымдарды” жою құралы шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, күрес пен бәсекелестікті бәсеңдету, таптар арасындағы қатынасты қатаң реттейтін ережелер жинағын әзірлеу, әділеттілік пен теңдікті енгізу деп санайды. Э. Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік фактыларды түсіндіруде себептік және қызметтік талдауды әлеуметтанушылық зерттеудің маңызды әдісі ретінде қарастырады. Себептік түсіндірудің мәнісі – әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ортаға тәуелділігін талдау. Қызмет ұғымын Э. Дюркгейм биологиядан алады, оның пікірі бойынша физиологиялық процесс мәліметтері мен организм қажеттілігінің арасында сәйкес келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе әлеуметтік институттың қызметі – әлеуметтік институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді үйлестіру деп түсіндіреді. Э. Дюркгейм әлеуметтанушылығының айқын көріністерінің бірі – оның дін туралы тұжырымдамасы. Діннің тегін ол қоғамнан іздестіруді ұсынады. Австралия тотемизмін зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, ол діннің шығуын алғашқы қауымдық құрылыспен, оның әлеуметтік ұйымымен байланыстырады.

“Дін әлеуметтік ортаның жемісі” деген тұжырым жасап, қоғамның одан басымдығын мойындайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан қазіргі “күрделі” қоғамның бейнесін көрген Э. Дюркгейм тотемизмнің ерекшеліктерін қазіргі діндерге көшіреді және діни жүйенің басты элементі ретіндегі құдай идеясының маңызы әлсірейтінін көрсетеді. Оның пікірінше, діндарлардың құдайы тек “қоғамның бейнелі көрінісі”. Осыдан келіп діннің мәдениетке, индивидке, сонымен қатар адамзат ойына елеулі ықпалы туындайды. Қоғам діни сенімдер мен догматтардың әрі авторы, әрі пәні, ол дінді жасайды және дінге табынуға итермелейді, қоғам – бір мезгілде құдай және табынушы. Э. Дюркгейм дінге рәміздік жүйе ретінде де қарайды. Алғашқы қауымдық тотем алғашқы адамдардың қандай топқа жататынын анықтайтын рәміз ретінде түсіндіріледі. Материалдық мәдениеттің өзге заттары нышандар ретінде қарастырылады, солардың көмегімен белгілі бір тарихи дәуірдегі ұжымдық санаға үңілуге мүмкіндік туады. Әлеуметтанушылық сараптама бұл жүйенің базисі қызметін атқаратын нақты болмысты, яғни қоғамды көруге тиіс. Дін рәміздік нышандар жиынтығы ретінде қарастырылады. Сол нышандардың көмегімен дін қоғамдық кірігу, мәдениетті тарату қызметтерін атқарады. Діннің басты компоненті, Э. Дюркгеймнің пікірінше, оның догматтық бөлімі емес, бірлесіп атқарылатын рәсімдері, олар қажетті қоғамдық міндеттерді жүзеге асырады. Э. Дюркгейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетеді: олар – тәртіпке шақыру, немесе мәжбүрлеу және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып, бекиді; рәсімдерден айрылып қалмау міндеті, бұл жаңа ұрпаққа әлеуметтікмәдени мұраларды берудің және оны жандандырудың көмегімен іске асады; эйфориялық міндет, бұл әлеуметтік есендікке қуану сезімін қалыптастырудан тұрады. Діни ырымдар, ғұрыптар маңызды әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік ынтымағын қолдап отыруға, нығайтуға қызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адамның өз күшіне сенімін арттырады. Э. Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен, яғни құдай, т. б. айырып, дінді кез-келген әлеуметтк объектіге қатысы бар наным-сенімдер мен

ырымдардың жүйесі ретінде түсіндіреді. Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгілік, кез-келген қоғамдық тұрпатта ұқсастығымен көзге түсетін абстрактылы идеологиямен теңестіреді. Э. Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі – мораль. Оның табиғатын, тегі мен атқаратын қызметтерін баяндауда Э. Дюркгейм әлеуметтану тұжырымдамасын басшылыққа алады. Моральді өзінің ерекшелігіне қарай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметік ортадан, әлеуметтік құрылысты туындатады. Э. Дюркгейм моральді мінез-құлықтың объективті ережелерінің жүйесі ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамасқа лажы қалмайтын императивтік, мәжбүрлеушілік секілді айрықша белгілерін де көрсеті. Моральдің басты белгісі парыз деп көрсетіп, оны қолдау адамның моральдық қасиетін арттырады деп санады. Моральдық құндылықтарға адамның мүдделі болу нышандарында оның назарынан тыс қалмады. Моральдің әлеуметтік мәнін атап көрсеткен Э. Дюркгейм, оның дін тәріздес “құдіретті сипатын” ашып, өзінің күшімен, беделімен индивидтен басым қоғам оның қайнар көзі және объектісі екенін баяндады. Моральді қоғамдық ахуалмен байланыстырса да, Дюркгейм әлеуметтік құрылысты түбегейлі өзгертетін қоғамдық мұратты қажет емес деп санады. Әлеуметтік құрылыстағы өзгерістерге қоғамдық мұраттарды сәйкестендіру жеткілікті деп білді. Аталмыш қоғамдағы табиғаты жағынан моральдық деп саналатын құбылыстар дағдарысының негізіне жалпы адамдар санасының сипаты мен мазмұнының өзгеруін алды. Нормалар мен құндылықтарды тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптасқан тәртіпті жояды, соның салдарынан қоғамды моральдық жүгенсіздікке жетелейді. Дағдарыстан шығудың жолы – моральді реттеу ісін күшейту. Э. Дюркгейм тұжырымдамаларында “ұжымдық ақыл” мен ұжымдық мүдделердің кепілі міндетін, қоғамның басқа да мәселелерімен бірге, мемлекет ақтарады. Мемлекеттің рөлін либерализм рухында баяндайтын шексіз күшею мүмкіндігін күн ілгері көре білді. Мемлекеттің шектен тыс бақылауынан индивидті аралық әлеуметтік топтар – діни, өндірістік, т. б. топтар қорғауға

тиіс. Осыған байланысты Э. Дюркгейм белгілі топтардың өкілдері ретінде индивидтердің мінез-құлқын реттейтін ерекше партикулярлық моральдық кодекстер идеясын ұсынады. Дегенмен, Э. Дюркгейм, қоғамдық маңыздылығына қарай, моральдық ережелердің қатаң иерархиялық құрылымын ұсынады, оның шыңында жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеяларды бейнелеуге тиіс мемлекет орналасады. Мораль проблемаларын баяндауда Э. Дюркгейм адам табиғатының екі жақтылығын пайымдаған антропологиялық теорияға сүйенеді. Адамның биологиялық табиғаты (қабілеті, биологиялық қызметі, импульстері, нәпсісі), оның тәрбие жолымен (нормалар, құндылықтар, мұраттар) қалыптасқан әлеуметтік табиғатымен кереғар болады. Бұл қайшылықтарды тудыратын ішкі мазасыздық, шиеленіс сезімі және үрей тек қоғамның ықпалымен сейледі. Ол адамның биологиялық табиғатына бақылауын әлсіретсе, аномиялық жағдай қалыптасады, яғни қоғам мен индивид бір-бірінен алшақтайды, бейморальдық ретсіздік, бақылаусыздық күшейеді. Соның салдарынан өзіндік бір моральдық, қуыс пайда болады, бұрынғы нормалар мен құндылықтар одан әрі өз рөлдерін атқармайды, ал олардың жаңалары нығайып үлгермейді. Түптеп келгенде, Э. Дюркгейм қарастырған проблемалар және оларды шешу тұжырымдамаларының теориялық әлеуметтанудың іргелі проблемаларының қатарына жататыны даусыз, олар бүгіндері де өз құндылығын жойған жоқ, пікір сайыстарын әлі де туғызып келеді.

Мемлекеттік “Мәдени мұра”
бағдарламасының “Әлеуметтану” секциясы.

Эмиль Дюркгейм

(1858–1917) – еврей равиннің отбасынлда дүниеге келген ол Ecole Normale Superіeure мектебінде тәрбиеленіп, философияны оқып-үйренген. Провинциялық лицейде осы пәннен бес жыл дәріс оқығаннан кейін, 1887 жылы Бордо универсиеттінің әлеуметтік ғылымдар бойынша лектор орнына ие болды. Он жыл өткен соң "Әлеуметтану аналдары" журналының негізін қаласып, ол бұл саладағы еңбеделді басылым болды. Эмиль Дюркгейм функционализмнің негізін қалаушы деп танылған ең атақты француз әлеуметтанушысы, кейінірек структурализмнің, әлеуметтік лингвитиканың, постмодернизмнің марқасқалары оны төбесіне көтеретін болды. Олардың бәрі Дюркгейм еңбектерінен өз идеяларына тірек ете алатын идеялар тапты. 59 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

ҚОҒАМДЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ТУРАЛЫ

І кітап

Еңбек бөлінісінің функциясы (қызметі)

І тарау

Осы функцияның (қызметтің) анықталу әдісі

“Функция” сөзі едәуір әртүрлі екі мағынада қолданылады. Ол не өмірлік қозғалыстар жүйесін (олардың салдарына көңіл бөлмей) не осы қозғалыстар мен организмнің қайсыбір қажеттері арасында болатын сәйкестік қатынасын нобайлайды. Мәселен, ас сіңіру, тыныс алу және т.б. функциялар жайында сөз етіледі. Бірақ сондай-ақ ас сіңірудің функциясы (қызметі) өз шығынының орнын толтыру үшін организмнің сұйық немесе қатты заттарды сіңіруін басқаруы; тыныс алудың функциясы (қызметі) жануардың тініне оның өміріне қажет газдарды енгізу және т.б. делінеді. Бұл сөзді біз осы екінші, яғни қызметі мағынасында қолданамыз. Еңбек бөлінісінің қызметі қандай деп сұрау оның

қандай қажеттікке сәйкес келетінін зерттеу деген сөз. Осы мәселені шешкен кезде біз осынау қажеттіктің табиғаты басқа да қажеттіктер мен моральдық сипаты дау туғызбайтын тиісті құлық ережелеріндегі секілді болатын не болмайтыеые көре аламыз. Бұл терминді таңдап алуымыздың себебі, кез-келген басқасы бұлыңғыр немесе дүдамал болар еді. Біз “мақсат” немесе “объект” терминдерін қолданып, еңбек бөлінісінің мақсаты жөнінде сөз ете алмаймыз, себебі бұл – еңбек бөлінісі біз анықтағымыз келетін нәтижелер үшін арнайы өмір сүреді екен деп долбарлау болып шығар еді. “Нәтижелер” немесе “салдарлар” деген терминдер де бізді қанағаттандыра алмайды, өйткені олар сәйкестік идеясын мүлде білдірмейді. Керісінше, “рөл” немесе “қызмет” сөзінің үлкен артықшылығы – сол идеяны бойына сіңіргендігі, ол бұл сәйкестіктің қалай орныққанына; оның әдейі немесе алдын ала ойластырылған бейімделуден немесе кейінгі ыңғайланудан болатынын тіпті қаперге алмайды. Біз үшін бұл сәйкестіктің күн ілгері немесе кейін сезілетіні емес, сол сәйкестік бар ма және ол неден тұратынын білу маңызды ғой.

І Үстірт қарағанда еңбек бөлінісінің рөлін анықтаудан, тегінде, оңай ештеңе жоқ секілді көрінеді. Оның ықпалы баршаға және әркімге мәлім емес пе? Ол жұмыскердің өндіргіш күші мен шеберлігін бір мезетте ұлғайтатындықтан, ол қоғамдардың материалдық және интеллектуалдық дамуына қажет шартты, өркенияттың қайнар көзін құрайды. Екінші жағынан, өркениятқа абсолютті құндылық қуана-қуана телінетіндіктен, еңбек бөлінісі үшін өзге қызметті іздестіру ешкімнің ойына келмейді. Еңбек бөлінісі шынында да осы нәтижені беретіндіктен – мұнысен дауласуға тырысудың өзі мүмкін емес. Бірақ ол өзге нәтиже бермейтін, басқа бір нәрсеге қызмет етпейтін болса, оған моральдық сипат телудің ешқандай негізі болмас еді. Шынында да, оның осылай көрсететін қызметі моральдық өмірден алшақ

жатыр, әрі салғанда, оған тым жанама түрде, айдаладан қатысады. Қазір Руссоның қатал сынына кері мазмұндағы мадақпен жауап беру әдет болып кеткені, өркеният – инсаниятты нәрсе екендігі тіпті де дәлелденбеген. Бұл мәселені шешу үшін қалай десеңіз де субъективті болатын ұғымдарды талдауға жүгінуге болмайды, бірақ орташа инсанияттық деңгейін өлшеуге жарамды фактыны тауып, содан кейін өркенияттың ілгерілеуіне қарай оның қалай өзгеретінін байқап көрген абзал болар еді. Өкінішіке қарай, бізде ондай өлшем бірлігі жоқ; есесіне бізде ұжымдық инсаниятсыздық жөнінде ондай өлшем бірлігі бар. Шынында да, өзін өзі өлтірудің, әрқилы қылмыстардың орташа саны осы қоғамдағы инсанияттың биіктігін белгілеуге қызмет ете алады. Бірақ тәжірибеге жүгінер болсақ, ол өркенияттың пайдасына жығып бермейді, өйткені осынау қынжылтатын құбылыстар саны ғылымның, өнердің және өнеркәсіптің өркендеуіне қарай, тегінде ұлғая беретін секілді1. Әрине, бұдан өркеният инсаниятсыз деген қорытынды жасау біршама ұшқалақтық болар еді, бірақ, бері салағанда, ол моральдық өмірге жағымды, игі ықпал еткен күнде де, бұл ықпал болмашы ғана екендігін кесіп айтуға болады. Айтпақшы, өркеният деп аталып, нашар анықталған кешенді талдайтын болсақ, оны құрайтын элементтерде ешқандай моральдық сипаттың ізі де жоқ екенін аңғарамыз. Әсіресе бұл өркениятпен үнемі қатар жүретін экономикалық қызметке қона кетеді. Ол инсанияттың өркендеуіне қызмет ету былай тұрсын, қайта қылмыстар мен өзін-өзі өлтіру әсіресе үлкен өнеркәсіп орталықтарында көп кездеседі. Қалай болғанда да, ол моральдық фактылар аңғарылатын сырттай нышандарды көрсетпейтіні анық. Біз дилижанстарды темір жолдармен, желкенді кемелерді – үлкен пароходтармен, шағын шеберханаларды – мануфактуралармен алмастырдық; қызметтің осынау барлық қыз-қыз қайнуы, әдетте пайдалы нәрсе деп қарастырылады, бірақ онда моральдық жағынан міндетті ештеңе жоқ. Осынау жаппай ағымға қарсы болып, өздерінің болмашы

1 Қараңыз: Alexander von Orttіngen. Moralstatіstіk. Erlangen, 1882. §37 etc.; Tarde. Crіmіnalіt~ compar~e (P.,F. Alcan). ІІ тарау (Өзін-өзі өлтіру туралы, менде қараңыз, ІІ кітап, І тарау, §ІІ).

кәсіпорындарынан тыртысып айрылғысы келмейтін қолөнерші, ұсақ өнеркәсіпші елді зауыттар желісімен шырмап, өз басшылығына жұмысшылардың тұтас армиясын біріктіретін ірі мануфактурист секілді өз борышын жап-жақсы атқарады. Ұлттың моральдық санасы қателеспейді; ол әлемдегі барлық өнеркәсіптік жетілдірулерден аз да болса әділетті артық көреді. Әрине, өнеркәсіптік қызметтің өз негізі бар: ол белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандырады, бірақ олар мораль аясындағы қажеттіктер емес. Мұны борышқа ұқсас барлығына шексіз қарсы тұратын өнер жайында одан да көбірек негізбен айтуға болады, өйткені ол – бостандық патшалығы. Ол – сән-салтанат пен әдемілік, оған ие болу, бәлкім тамаша шығар, бірақ оларды сатып алу міндетті емес; артық нәрсені алу міндетті емес. Керісінше, инсаният – бұл міндетті минимум және қатаң қажеттілік, бұл өзекті арқау, онсыз қоғамдар өмір сүре алмайды. Өнер біздің өз қызметімізді мақсатсыз, оны тарату рахатына бола кеңейту ниетімізге сай келеді, ал инсаният болса, бізді белгілі бір жолмен белгілі бір мақсатқа ілгерілеуге мәжбүрлейді; біреу “борыш”, біреу сонымен бірге “мәжбүрлеу” де дейді. Сондықтан өнер моральдық идеялармен рухтандырылып, немесе моральдық құбылыстардың өзінің эволюциясымен тоғыса алғанымен, өздігінен моральдық құбылыс емес. Ізерлеу, бәлкім қоғамдардағы секілді индивидтер бойында да, эстетикаға шектен тыс бас ұру инсаният тұрғысынан елеулі бір қатердің нышаны екенін анықтап та берер. Өркенияттың барлық элементтерінен тек ғылым ғана белгілі бір жағдайларда инсаният сипатында болады. Шынында да, қоғамдар анықталған ғылыми ақиқаттарды меңгеру жолымен индивидтің өзінің ақылын дамыту міндетін мойындауға барған сайын ұмтыла түсуде. Қазіргі кезде барлығымыз білуге тиісті білімнің біршама мөлшері бар. Адам орасан зор өнеркәсіп айқасына қойып кетуге немесе суретші болуға міндетті емес; бірақ әркім енді надан болмауға міндетті. Бұл міндеттің соншалықты күшті көрінетіні, кейбір қоғамдарда ол тек қоғамдық пікірмен ғана емес, заңмен де міндеттелген. Айтпақшы, ғылымға тән осы артықшылық қайдан шығатынын да көруге болады. Гәп мынада, ғылым өзінің айқындылығының ең жоғары дәрежесіне

жеткізілген сананың нақ өзі. Бірақ, қоғамдардың қазіргі тіршілік жағдайында өмір сүре алуы үшін индивидуалдық та, қоғамдық та сананың аясы кеңейіп, айқындала түсуі қажет. Шынында да, олар өмір сүретін орта барған сайын күрделі, демек, неғұрлым тынымсыз бола түсуде, сондықтан, ұзақ тіршілік ету үшін, олардың жиі өзгеріп тұруы қажет. Екінші жағынан, сана неғұрлым қалыңқы болса, ол өзгеріске соғұрлым беріспейтін болады, өйткені ол өзгерістер жасау керектігін де, оларды қандай бағытта жүргізу керектігін де жеткілікті жылдам аңғара алмайды. Керісінше, білімді сана оларға бейімделу тәсілін күн ілгері таба алады. Ғылым басшылық ететін парасаттың ұжымдық өмір барысына неғұрлым белсене қатысуының қажет екендігі сондықтан. Бірақ қазір әркімнен меңгеру талап етілетін ғылым осы атауға лайық емес. Бұл ғылым емес – бұл әрі кеткенде оның ең жалпы және қарапайым бөлігі. Ол іс жүзінде баршаға арналғандықтан ғана баршадан талап етілетін міндетті мәліметтердің елеусіз мөлшеріне саяды. Нағыз ғылым осы қарапайым деңгейден шексіз артық болады: білмеу ұят болатынды ғана емес, білу мүмкін болатын нәрсенің барлығын қамтиды. Ол сонымен шұғылданатындардан барлық адамдарда бар орташа қабілеттерді ғана емес, арнайы бейімділікті талап етеді. Демек, тек таңдаулылардың ғана қолы жететін, ол баршаға міндетті емес. Бұл пайдалы да жақсы нәрсе, бірақ қоғам оны өз әмірімен түрде талап ететіндей дәрежеде қажетті нәрсе емес. Оны біліп алған пайдалы; бірақ оны меңгере алмауда ешқандай инсансыздық жоқ. Бұл – баршаның ынтасы үшін ашық, бірақ аяқ басуға ешкім мәжбүрленбейтін қарекет аясы. Ғалым болу да, суретші болу да міндетті емес. Сонымен, ғылым да өнер, өнеркәсіп сияқты инсанияттықтан тыс тұрады2. Өркенияттың инсанияттық сипаты хақындағы көптеген алауыздықтардың себебі көбіне-көп моралистерде моральдық фактыларды ондай емес фактыларрдан айырудың объективті өлшемі жоқтығында. Әдетте моральдық деп тектілік пен құндылық сипаттары бар, қандай да бір асқақ ұмтылыстардың

2 “Ақиқатпен салыстырғанда жақсылықтың елеулі белгісі – уәдеде тұру. Ақиқатты өз бетінше алсақ, онда мұндай сипат жоқ” (Janet. Morale, 139-бет).

пәні болатын нәрсенің барлығын айтады, – сөздің мәнісін осылайша шектен тыс кеңейтудің арқасында ғана өркениятты инсаният аясына енгізудің сәті түседі. Бірақ этика саласы соншалық бұлыңғыр емес; ол құлық бағындырылған және онымен байланысты рұқсат етілетін барлық ережелерді қамтиды, бірақ одан артық ештеңені қамтымайды. Демек, өркеният, онда инсанияттың осы өлшеміне ие ештеңе жоқ болғандықтан, моральдық тұрғыда салғырт. Сондықтан, еңбек бөлінісі өркеният мүмкіндігінің өзінен басқа ештеңе тудырмаған болса да, ол сол инсанияттық бейтараптылықты қалыптастыруға қатысатын еді. Еңбек бөлінісінің тұла бойынан басқа ешқандай қызметті жалпы көрмегендіктен, оны негіздейтін теориялар да бұл орайда көмескі болып келеді. Шынында да, инсаниятта бейтараптылықтың жолағы бар десек те, еңбек бөлінісі оның бір бөлігін құрайды деп жорамалдау мүмкін емес3. Егер ол жақсылық болмаса, ол – жамандық; егер ол инсанды болмаса, ол – инсансыздық. Демек, егер ол басқа ештеңеге қызмет етпесе, онда біз шешілмейтін қайшылықтарға тап боламыз, өйткені ол беретін экономикалық артықшылықтар моральдық кемістіктермен теңестірілуге тиіс; бірақ, осы екі әртекті және салыстыруға келмейтін шамаларды бір-бірінен бөліп алу мүмкін болмайтындықтан, олардың қайсысы басым екендігін айтып беру, демек, қандай да бір позиция ұстану мүмкін емес. Бәлкім, еңбек бөлінісін үзілдікесілді айыптау үшін инсанияттың бірінші орында екендігі айтылатын болар. Бірақ мұның үстіне, осынау ultіma ratіo* әрдайым өзінше бір ғылыми төңкеріс болатындықтан, маманданудың айқын қажеттілігі мұндай позицияны қорғау мүмкіндігін жояды. Бірақ мұнымен іс бітпейді. Егер еңбек бөлінісінің басқа рөлі болмаса, онда оған моральдық сипат тән еместігі былай тұрсын, тіпті оның негізі қандай болуы мүмкін екендігі де бұлдыр. Біз өркениятта өзінен-өзі абсолютті ішкі құндылық жоқ екендігін де іс-жүзінде көре аламыз; оған құн беретін нәрсе оның белгілі бір қажеттіктерге сәйкес келетіндігі. Бірақ – бұл қағида кейінірек

3 Ол инсанияттық ережеге антагонизм ахуалында болатындықтан.

дәлелденеді4, – бұл қажеттердің өзі еңбек бөлінісінің салдары. Еңбек бөлінісі жұмсалатын күшті ұлғайтпай дамымайтындықтан, адам – осынау қосымша күш-жігердің есесін қайтару түрінде – өркенияттың игіліктерін іздеуге мәжбүр болады, әйтпесе ол қызықтырмас еді. Сондықтан еңбек бөлінісі, егер ол өзге қажеттіктерге сәйкес келмесе, ол өзі туғызатын салдарларды жұмсарту, өзі жасаған жараны таңып беру қызметін ғана атқарар еді. Мұндай жағдайда, бәлкім, оған төзу қажет болар, бірақ оны тілеуге ешқандай негіз болмас еді, өйткені ол көрсететін қызмет оның өзі келтірген шығындардың есесін қайтаруға ғана саяр еді. Демек, бәрі де бізді еңбек бөлінісіне тән басқа функцияны іздеуге итермелейді. Бірнеше күнделікті фактылар осы міндетімізді шешу жолына шығарады.

Біздің әрқайсымыз өзімізге ұқсас, біз секілді ойланып, сезінетін адамды жақсы көретінімізді әркім біледі. Бірақ қарама-қарсы құбылыс та жиі кездеседі. Біз өзімізге ұқсамайтын адамдарды, нақ олардың бізге ұқсамайтындығынан, іш тартатынымызды сезетініміз жиі кездеседі. Бұл фактылардың бір-бірімен соншалықты анық кереғар екендігі сонша, моралистер достықтың шынайы табиғаты турасында әрдайым қобалжып, оны біресе бір себептен, біресе екінші себептен шығаратын. Гректердің өзі осы мәселені көлденең тартқан болатын. “Достық, – дейді Аристотель, – көптеген даулардың пәні. Біреулердің пікірі бойынша, ол белгілі бір ұқсастықтан тұрады: ұқсас адамдар бір-бірін жақсы көреді; бұдан: ұқсас ұқсасымен жақын, қарға қарғамен жақын деген мақалдар мен басқа да осындай ұқсас мәтелдер туындаған ("бай – байға, сай – сайға құяды", "тең-теңімен, тезек қабымен" дейтін қазақ мақалдары секілді – ред.). Енді біреулердің пікірінше, керісінше, бір-бірімен ұқсас адамдардың барлығы бір-бірін жақсы көрмейді. Жоғарыда анықталған және табиғатты қарастырудан

4 ІІ кітаптың І, V тарауларын қараңыз.

алынған басқа да түсіндірмелер бар. Мәселен, Еврипид кепкен жер жаңбырға ғашық және қап-қара, жаңбырға жүкті аспан махаббат әмірімен жерге қарай құтырына ұмтылады дейді. Гераклит тек қарама-қарсы нәрселер ғана табысады, тамаша жарасым айырмашылықтардан туындайды, алауыздық – әрбір қалыптасудың заңы дегенді кесіп айтады”5. Осынау кереғар теориялар табиғатта осынау екі достықтың да бар екендігін қуаттайды. Ұқсамау да, ұқсау да өзара іш тартудың себебі бола алады. Алайда осы қарекетті іске асыру үшін жалпы әртүрлі ұқсамау жеткіліксіз. Басқаның бойынан өзіміздікінен жай ғана басқа мінезді көргенде, біз тіпті де қуана қоймаймыз. Қолы ашық адам сараңдар саясын іздемейді, тура да ашық мінездер томаға тұйық және екіжүзді адамдарды іздемейді; жанашыр және сыпайы адамдар қатал және қаскүнем адамдарға тіпті жоламайды. Демек, тек белгілі бір айырмашылықтар ғана бір-біріне талпынады; бұл, атап айтқанда бірбіріне қарсы қойылмайтын және бір-бірін жоққа шығармайтын, бірақ бір-бірін өзара толықтыратын айырмашылықтар. “Ұқсамаудың бездіретін түрі және тартып тұратын түрі бар; бірі күндестік, екіншісі – достық туындатады, – дейді Бэн. – Егер екі кісінің бірі өзінде жоқ, бірақ болуын қалайтын бір қасиет болса, онда бұл фактыда іш тартудың бастапқы нүктесі болғаны”6. Мәселен, сараптау ақылы кемел теоретик жұмысты жүргізуге шебер адамдарға, естілікке, шапшаң интуицияға; мінәйі – батыл және табанды адамдарға; әлсіз – күштіге ерекше бейім және керісінше. Біз қаншалықты дарынды болсақ та, бізге бір нәрсе жетіспей тұрады және біздің ішіміздегі ең жақсылар өздерінің кемелденбегенін сезеді. Достарымыздың бойынан өзімізге жоқты іздейтініміз сондықтан: олармен жақындасып, біз белгілі бір түрде олардың мінезіне жанасамыз да, өзімізді біршама жетіле түскендей көреміз. Осылайша достардың шағын ассоциациясы құрылып, онда әркімнің өзінің мінезіне сәйкес келетін рөлі болады, нағыз қызмет айырбасы болады. Біреу қамқор, екіншісі жұбатады, үшіншісі кеңес береді, төртіншісі орындайды, – нақ осынау функция бөлінісі,

5 Никомах этикасы, VІІІ, І, 1155a.32.
6 Emotіons et volonte. P., F. Alcan, 135-бет.

яки, санаға сіңген тіркесті қолдансақ, осынау еңбек бөлінісі достық қатынасын туғызады. Сонымен, біз еңбек бөлінісін жаңа қырынан қарастыруға көшеміз. Расында да, бұл жағдайда оның көрсете алатын экономикалық қызметі ол тудыратын моральдық ықпалмен салыстырғанда түкке тұрмайды; оның шынайы функциясы – екі немесе бірнеше кісілер арасында ынтымақ сезімін қалыптастыру. Нәтиже қандай тәсілден туындаса да, нақ ынтымақ осынау достар ұйымдарын туындатып, оны өз мөрімен таңбалайды. Ерлі-зайыптылық тарихы бізге дәл осы құбылыстың одан да керемет мысалын береді. Күмән жоқ, жыныстық құштарлық өзін тек бір түрдің өкілдері арасында көрсете алады және махаббат әдетте ой мен сезімнің белгілі бір жарасымын талап етеді. Сөйте тұра, оған оның ерекше сипаты мен оның ерекше қажырын беретін осы құштарлық біріктіретін мінездердің ұқсастығы емес, айырмашылығы. Еркек пен әйел нақ өзгешеленетіндіктен де бірін-бірі ынтыға іздейді. Алайда, ілгергі мысалдағыдай, осынау өзара сезімдердің гүлденуіне мүмкіндік беретін жай ғана таза өзгешелік емес: бұл қабілетке бірін-бірі толықтыратын өзгешеліктер ғана ие. Шын мәнісінде, бір-бірінен оқшау еркек пен әйел бір ғана бүтіннің әртүрлі бөліктері ғана, олар бірігіп, сол бүтінді қалпына келтіреді (қазақтың "екі жарты – бір бүтін" деген мәтелін еске түсіріңіз – ред.). Басқаша айтқанда, жыныстық еңбектің бөлінуі – ерлі-зайыптылық ынтымақтың қайнар көзі осы және психологтар жыныстардың бөлінуі сезімдер эволюциясындағы іргелі уақиға болғанын әбден әділ байқады: ол, тегінде риясыз бейімділіктің ең күштісі үшін мүмкіндік туғызды. Ол-ол ма, Жыныстық еңбек бөлінісі зор немесе шағын бола алады; ол не жыныстық мүшелерге және соларға тәуелді бірнеше қосымша нышандарға ғана қатысты болуы мүмкін, не, керісінше, барлық табиғи және әлеуметтік қызметтерге таралуы мүмкін. Бірақ оның ерлі-зайыптылық ынтымақ секілді дәл сол бағытта және сондай тәсілмен дамығандығын тарихтан көруге болады. Біз өткенге неғұрлым терең үңілсек, бұл айырмашылық соғұрлым аз. Сол

бір алыс замандардағы әйел инсаният прогресіне орай қалыптасқан әлсіз жан болған емес. Адамдардың тарих жазыла бастағаннан бұрынғы сүйектері еркек пен әйел күшінің арасындағы айырмашылық қазіргіге қарағанда әлдеқайда аз болғандығын көрсетеді7. Қазір де балалық шақта және ер жеткенге және бой жеткенге дейін жыныстың екеуінің де қаңқасы айтарлықтай өзгеше болмайды: олардың белгілері негізінен әйелдік белгі. Егер дара бастың дамуы түрдің дамуын қысқаша қайталайды деп тапсақ, дәл сол біртектілік адамзат эволюциясының басында орын алған деп ауыз толтырып долбарлауға болады. Әйел пошымынан әу баста осынау бірден-бір және ортақ тұрпат қандай болғанының шамалас бейнесін көруге болады, еркек түрі сол пошымнан біртебірте бөлініп шыққан. Қосақ арасында айта кетелік, саяхатшылар оңтүстік америкалық кейбір тайпаларда еркек пен әйел құрылысы мен жалпы түрі жағынан басқа жерлердегінің бәрінен басым түсетін ұқсастық екендігін хабарлайды8. Ақыр соңында, доктор Лебон физикалық және психикалық өмірдің жетекші мүшесі – мидағы екі жыныстың осынау бастапқы ұқсастығын тура және математикалық дәлдікпен анықтай алды. Әртүрлі нәсілдер мен қоғамдардан алынған көптеген бас сүйектерді салыстыра келіп, ол мынадай қорытындыға келді: “Тіпті жасы, бойы мен салмағы бірдей адамдарды салыстырғанда, еркек пен әйел бас сүйегі көлемінің, еркектің пайдасына үлкен айырмашылығы бар және осы теңсіздік өркенияттың дамуына қарай ұлғая түседі, яғни мидың, массасы тұрғысынан, демек интелект тұрғысынан алғанда әйел ерекектен барған сайын өзгешелене берген. Мысалы, қазіргі париждік еркектер мен әйелдердің бас сүйектерінің орта шамасы арасындағы айырмашылық ежелгі Мысырдағы еркек пен әйелдің бас сүйектері арасында байқалатын айырмашылықтан шамамен екі есе көп”9. Неміс антропологы Бишоф бұл орайда дәл сондай қорытындыларға келді10. Осынау анатомиялық ұқсастықтар қызметтік ұқсастықтармен қатар

7 Topіnard. Anthropologіe, 146-бет. 8 Қараңыз: Spenser. Essaіs scіentіfіques. P., F. Alcan. 300-бет. Вайц өзінің “Anthropologіe der Naturv@ker” атты еңбегінде (І.s.76) осы тектес көп фактыларды келтіреді. 9 L’homme et les socі~t~s, ІІ, 154-бет. 10 Das Gehіrngewіcht des Menschen. Eіne Studіe. Bonn, 1880.

жүреді. Шынында да, дәл сол қоғамдарда әйелдік қызмет еркектік қызметтен аса айқын өзгешеленбейді: жыныстың екеуі де бірдей дерлік тіршілік етеді. Қазірдің өзінде әйел саяси өмірге араласатын жабайы халықтар толып жатыр. Ирокездер, натчездер11 секілді Американың үнді тайпаларынан, әйел мыңдаған тәсілдермен еркектердің өміріне қатысатын12 Гавай, Жаңа Зеландияда, Самоада нақ осы байқалған. Дәл осылайша әйелдердің еркектермен соғысқа ере жүруі, оларды ұрысқа қатысуға итермелеуі, тіпті олардың оған белсене қатысуы да жиі көрініс береді. Кубада, Дагомеяда олар дәл сол еркектер секілді жауынгер және олардың қасында соғысады13. Қазіргі әйелдің ерекше атрибутының бірі – нәзіктік, тегінде, оған әуел бастан тиесілі болмаған. Кейбір жануарлар түрлерінде ұрғашы тіпті қарама-қарсы белгісімен ерекшеленеді. Алайда осы халықтарда неке мүлде рудиментті күйінде қалған. Отбасы тарихында некеге тұрмаған дәуірдің болғандығы; жаныстық қатынастардың әркімнің өз ырқымен басталып, тоқтатылғандығы және біріккендерді ешқандай заңдық міндет матамағаны, абсолютті түрде дәлелденбесе де, әбден ықтимал нәрсе. Қалай десек те, біз неке әлі қалыптаса қоймаған ұрық ахуалында болатын, бізге біршама жақын отбасы тұрпатын да білеміз: бұл аналық отбасы14. Онда балалар мен ананың арасындағы қарым-қатынас өте анық, бірақ ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас аса әлсіз. Олар тараптар ниет білдірген кезден-ақ тоқтатылуы мүмкін немесе тіпті белгілі бір уақытқа ғана жасалады15. Ерлі-зайыптылардың адалдығы онда әзірше талап етілмейді. Неке немесе осылай аталатын нәрсе тек көлемі жағынан шектелген және көбіне күйеуді әйелінің туыстарымен байланыстыратын қысқа міндеттемелерден тұрады; демек, ол шамалы нәрселерге ғана саяды. Бірақ сол қоғамда некені құрайтын заңдық ережелер жиынтығы тек ерлі-зайыптылық ынтымақ ахуалын ғана бейнелейді. Егер осы ынтымақ өте күшті болса, онда ерлі-зайыптыларды біріктіретін дәнекерлер саны көп және күрделі, демек, некенің оларды

11 Waіtz. Anthropology. ІІІ, S. 101—102. 12 Іbіd., VІ, S. 121. 13 Spencer. Socіologіe. P., F. Alcan ІІІ, 391-бет. 14 Аналық құқық германдықтарда болғаны даусыз. Қараңыз: Dargun. Mutterrecht und raubehe іm germanіschen Rechte. Smіth. Marrіage and Kіnshіp іn Early Arabіa. Cambrіdge, 1885, 67-бет.

айқындау мақсатындағы реттелуінің өзі өте дамыған. Егер, керісінше, ерлізайыптылар қоғамдастығының берік байланысы болмаса, егер еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас орнықсыз да тұрақсыз болса, онда олар анық айқындалған пошымды қабылдай алмайды, демек, неке босаң да бұлдыр ережелердің азғантай санына саяды. Сонымен, жыныстың екеуі де әлсіз сараланған қоғамдардағы некенің ахуалы ерлі-зайыптылық ынтымақ онда әлсіз екендігін көрсетеді. Керісінше, біз жаңа заманға жақындаған сайын, некенің қалай дами түскендігін байқаймыз. Олар құратын байланыстар желісі барған сайын кеңейе түседі, олар талап ететін міндеттер еселене түседі. Оның жасалуы мүмкін шартар, оның бұзылуы мүмкін шарттар, сондай-ақ осы бұзылу салдары барған сайын дәл айқындала береді. Адалдық парызы қалыптасады; әу баста тек әйелге ғана жүктелетін ол кейінірек екі жаққа бірдей болады. Жасау пайда болған кезде, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының өзіндік мүлкіне және өзгенің мүлкіне тиісті құқықтар белгіленеді. Айтпақшы, некенің қандай маңызды орын алатынын көру үшін біздің кодекстерімізіге көз жүгірткен жеткілікті. Ерлізайыптының одағы баянсыз болуын қойды; бұл енді ішінара және өткінші сыртқы байланыс емес, қайта екеуара, ұзақ, көбінесе тіпті екі өмірдің мызғымас ассоциациясы. Бірақ, сонымен бір мезгілде жыныстық еңбек барған сайын бөліне түскені белгілі. Бастапқыда тек бір ғана сексуалдық қызметпен шектелген, ол аз-аздап көптеген басқа қызметтерге жайылды. Әйелдің әскери және қоғамдық істерден бас тартқаны қашан, оның өмірінің түгелімен отбасы ішіне шоғырланғаны қашан. Одан кейін оның рөлі бұрынғыдан да мамандандырыла түсті. Енді мәдениетті халықтарда әйелдің тіршілігі еркектің тіршілігінен мүлдем өзгеше. Психикалық өмірдің екі елеулі қызметі қашықтай түсті, жыныстың бірі эмоциялық, екіншісі – интеллекттік қызметті басы бүтін иеленді деуге болады. Рас, әйелдердің бір бөлігі еркектер секілді өнермен, әдебиетпен шұғылданатынын байқай отырып, жыныстың екеуінің жұмысында қайтадан біртектестену тенденциясы бар деп ойлауға болады. Бірақ қызметтің осы

өрісіне де әйел өзіндік мәнісін енгізеді және оның рөлі еркектің рөлінен мүлдем ерекше, өте өзгеше болып қалып отыр. Мұның үстіне, әдебиет пен өнер әйелдің ісіне айналып келе жатса, еркектер, тегінде, өздерін көбірек ғылымға арнау үшін олардан аулақтай бастаған секілді. Сондықтан оралу болып көрінетін осынау жайт жаңа жіктелудің басталуынан басқа ештеңе болмауы әбден мүмкін. Мұның үстіне, осы қызметтік айырмашылықтар өздері тудырған морфологиялық айырмашылықтарда материалдық көрініс тапты. Еркек пен әйелдің тек бойы, салмағы, жалпы пошымы ғана әртүрлі емес, әлгінде біз көргеніміздей, доктор Лебон өркенияттың прогресіне қарай жыныстың екеуінде де ми барған сайын жіктеле түсетінін дәлелдеді. Осы зерттеушіге сәйкес, көрсетілген дәйекті айырмашылық еркектердің бас сүйектерінің айтарлықтай дамуымен және сонымен бір мезгілде әйелдер миының дамуындағы аялдаумен, тіпті кері кетумен байланысты. “Париждік еркектер бас сүйегінің орташа шамасы оларды бізге белгілі ең үлкен бас сүйектерге айналдырса, – дейді ол, – париждік әйелдер бас сүйегінің орташа шамасы оларды ең кіші қытай әйелдерінің бас сүйегінен, анағұрлым кем және Жаңа Каледония әйелдерінің бас сүйегінен сәл ғана үлкен етеді”16. Осыyfe барлық мысалдарда еңбек бөлінісінің ең қайран қалдырарлық салдары оның бөлінген қызметтердің өнімділігін ұлғайтатындығында емес, оларды ынтымақты ете түсетіндігінде. Осынау барлық жағдайлардағы оның рөлі қоғамның тіршілігін жай ғана әсемдеуде немесе жақсартуда емес, онсыз тіршілік ете алмайтын қоғамдардың болуын мүмкін етуінде. Жыныстық еңбектің бөлінуі белгілі нүктеден төмен кері кетсінші – некелік қоғамдастық та құрдымға кетіп, тек аса тұрақсыз жыныстық қатынастарға ғана орын береді; егер жыныстар мүлдем бөлінбеген болса, онда қоғамдық өмірдің тұтас бір пошымы пайда болмас та еді. Бәлкім, бұл нәтижеде экономикалық пайданың белгілі бір маңызы бар шығар, бірақ, қалай болғанда да, ол (нәтиже) таза экономикалық мүдделер өрісінен шексіз артық, өйткені ол әлеуметтік және моральдық suі generіs қатарын орнатудан тұрады. Индивидтер бір-бірімен

16 L’Homme et Les sosі~t~s, ІІ, P. 154.

байланысады, мұнсыз олар тәуелсіз болар еді; жеке-жеке дамудың орнына, олар өздерінің күш-жігерін біріктіреді; олар ынтымақты, және де қызмет алмастырудың қас қағым сәттерінде ғана ықпал ететін ынтымақпен емес, одан анағұрлым алысқа өрістейтін ынтымақпен матаулы. Мысалы, қазіргі кезде ең мәдениетті халықтарда орын алған түрдегі ерлі-зайыптылар ынтымағы әрбір сәтте және өмірдің барлық ұсақ-түйектерінде өзін көрсетпей ме? Екінші жағынан, еңбек бөлінісі құратын қоғамдарда оның тамғасы болмай қоймайды. Олардың ерекше шығу тегі болғандықтан, ұқсастың ұқсасқа іш тартуынан туындаған қоғамдарға ұқсас бола алмайды. Олар өзгеше тұрпатты құрылуға, басқа негіздерге сүйенуге, басқа сезімдерге жүгінуге тиіс. Егер еңбек бөлінісінен бастау алатын қоғамдық қатынастар тек айырбастан ғана тұрады деп жиі айтылып жүрсе, оның себебі айырбастың нені талап ететінін және одан не шығатынын білмегендіктен. Ол екі тірі организмнің бірбіріне өзара тәуелді екендігін көздейді, өйткені олардың екеуі де жетілмеген; бөлініс осы тәуелділікті тек сыртқы көрінісімен ғана білдіреді. Демек, ол ішкі, неғұрлым терең ахуалдың үстірт көрінісі ғана болып табылады. Бұл ахуал нақ тұрақты болғандықтан, айырбас та болмайтын үздіксіздікпен қызмет ететін бейнелердің тұтас бір механизмін тудырады. Бізді толықтыратын адамның бейнесі біздің өзімізде етене болып келетіндігі оның онымен ассоциациялануынан ғана емес, ол әсіресе – оның жаратылыстық қосымшасы болғандықтан. Нәтижесінде ол біздің санамыздың кіріктіруші, тұрақты бөлігіне айналып кететіндігі соншалық, біз онсыз енді күн көре алмай, оның белсенділігін арттыратын нәрсенің барлығын іздейміз. Біздің осындай бейнесі бар адаммен қауышуды жақсы көретініміз міне сондықтан, өйткені ол білдіретін объектінің болуы, оның түйсінілуін өзекті ете отырып, оны неғұрлым бедерлі етеді. Және керісінше, біз осы бейненің оралуына кедергі жасай алатын немесе оның жандылығын төмендете алатын қашықтау немесе ажал секілді барлық жағдайларда қайғырамыз. Бұл талдау қаншалықты қысқа болғанымен, ол бұл механизм қайнар көзі ұқсастық болып табылатын іш тарту сезімінің негізі болатын механизмге

ұқсамайтындығын жеткілікті анық көрсетеді. Басқа мен біздің арамыздағы ынтымақ басқаның бейнесі біздікімен бірігіп кеткенде ғана орын алары даусыз. Бірақ бірігу екі бейненің ұқсастығынан туғанда, ол агглютинациядан (жалғанудан) тұрады. Түсініктің екеуі де ынтымақтық болатыны, түгелімен немесе ішінара айырғысыз бола тұра, олар тұтасып, тек бір ғана түсінікті құрайды, – және олар тек өздерінің тұтасып кету шамасында ғана ынтымақты болады. Керісінше, еңбек бөлінісі жағдайында олардың әрқайсысы басқасынан тыс тұрады және олар әрқилы болғандықтан ғана байланыста болады. Демек, сезімдер де, солардан туындайтын қоғамдық қатынастар да екі жағдайда да бірдей бола алмайды. Сонымен, біз мынадай сұрақтарға тірелеміз: еңбек бөлінісі неғұрлым ауқымды топтарда да дәл сондай рөл атқармай ма? Бізге белгілі даму дәрежесіне жеткен қазіргі қоғамдарда ол әлеуметтік денені біріктіру, оның бірлігін қамтамасыз ету қызметіне ие болмай ма? Біз жаңа ғана атап өткен фактылар осында, бірақ көбірек ауқымда қайталанады; осынау үлкен саяси қоғамдар да жұмыстың мамандандырылуы арқасында ғана тепе-теңдікте тұра алады; еңбек бөлінісі қоғамдық ынтымақтың жалғыз болмаса да, бері салғанда басты қайнар көзі деп топшылауға әбден хақылымыз. Бұл көзқарасты тіпті Конттың өзі ұстанған-тын. Барлық әлеуметтанушылардың арасында ол, біз білетініміздей, бірінші болып еңбек бөлінісінде таза экономикалық құбылыстан басқа бірдеңенің де бар екенін көрсеткен болатын. Ол оны "қоғамдық өмірдің ең елеулі шарты деп білді, егер оны “оның бүкіл ұтымдылық ауқымында” қарастырсақ, "яғни оны бір ғана материалдық қатынастармен шектеудің (көбіне солай ету әдетке айналып кеткен) орнына, оны біздің барлық алуан түрлі қарекеттеріміздің жиынтығында көретін болсақ" солай болып шығады. Осы жағынан қарастырылатын, дейді Конт “ол индивидтер мен таптарды ғана емес, сондай-ақ көп жағынан әртүрлі халықтарды тікелей көруге жетелейді, олар өзінің ерекше тәсілімен және белгілі бір дәрежеде ұлан-ғайыр ортақ іске қатысуда, ол істің сөзсіз болатын біртіндеп дамуы қазіргі өзара ынтымақтастық жасайтын жұмыскерлерді өздерінің ізашарларымен және тіпті алуан түрлі

ізбасарларымен де байланыстырады. Сонымен, адамдардың түрлі жұмыстарының нақ үздіксіз бөлінуі негізінен қоғамдық ынтымақты құрайды және әлеуметтік организмнің өскелең күрделілігі мен көлемінің қарапайым себебіне айналады”17. Егер бұл гипотеза дәлелденген болса, онда еңбек бөлінісі оған әдетте телінетіннен әлдеқайда маңызды рөл атқарар еді. Ол біздің қоғамдарға бәлкім қалаулы, бірақ артық сән-салтанат беруге ғана қызмет етпес еді; ол олардың тіршілік етуінің шарты болар еді. Тек соның арқасында ғана, немесе, бері салғанда, әсіресе соның арқасында ғана олардың байланысы қамтамасыз етілер еді; ол олардың құрылысының елеулі белгілерін анықтар еді. Сондықтан – біз проблеманы әлі анық шеше алатын ахуалда болмасақ та – егер еңбек бөлінісінің қызметі шынында сондай болса, ол моральдық сипатта болуға тиіс екендігін қазірдің өзінде көре алар едік, өйткені тәртіп, жарасым, қоғамдық ынтымақ жөніндегі қажеттілікті барша моральдық қажеттілік деп біледі. Бірақ жалпы жұрт мойындаған пікір негізді екендігін зерттемес бұрын, еңбек бөлінісінің рөлі туралы біз жаңа ғана алға тартқан гипотезаны тексеру қажет. Біз өмір сүретін қоғамдарда әлеуметтік ынтымақ шынында да негізінен содан шығады ма, соны көріп алайық.

ІІІ Бірақ бұл тексеріске қалай кірісеміз? Біз бұл қоғамдарда еңбек бөлінісінен туындайтын әлеуметтік ынтымақ бар-жоғын ғана зерттемеуге тиіспіз. Бұл анық ақиқат: олардағы еңбек бөлінісі аса дамыған және ынтымақ туғызады. Бірақ ең бастысы ол тудыратын ынтымақ қоғамның жалпы кірігуіне қандай шамада жәрдемдесетінін анықтау керек, өйткені сонда ғана біз оның қандай дәрежеге дейін қажет екендігін, ол әлеуметтік байланыстың маңызды факторы ма, әлде, керісінше, оның жанама әрі тума шарты болып табыла ма, соны білетін боламыз. Бұл сұраққа жауап

17 Cours de phіlosofhіe posіtіve, ІV, 425-бет. Мұндай ойды біз Шеффледен де таабамыз. Қараңыз: Bau und Leben des socіalen K@rpers. ІІ, passіm; Clement. Scіence socіale, І, 235-бет, etc.

беру үшін осы әлеуметтік байланысты оның жалпы қорытындыда алатын бөлігін өлшеу мақсатында басқаларымен салыстыру керек, ал ол үшін әлеуметтік ынтымақтың әрқилы түрлерін топтастырып бастау қажет. Бірақ қоғамдық ынтымақ – таза моральдық құбылыс, өздігінен дәл байқауға да, әсіресе өлшеуге де көнбейді. Демек, осынау топтастырып жіктеуге және осынау салыстыруға кірісу үшін, бізден жылыстап кете беретін ішкі фактыны оны байқататын сыртқы фактымен алмастырып, біріншісін екіншісінің көмегімен зерттеу қажет. Осындай анық символ – құқық. Расында да, әлеуметтік ынтымақ бар жерде, ол өзінің бейматериалдық сипатына қарамастан, әлуетті ахуалда қалмаса да, өзінің бар екендігін айқын ықпалымен көрсетеді. Ол күшті жерде, адамдарды қатты жақындастырады, оларды жиі жанастырады, оларға берілетін өзара байланыс уақиғаларын еселей түседі. Дұрысын айтқанда, біз қазір тұрған нүктеде ол осы құбылыстарды тудырады ма, немесе, керісінше, өзі солардан туындайды ма; адамдар ол күшті болғандықтан жақындасады ма, немесе ол адамдардың бір-біріне жақындығынан күшті ме, мұны кесіп айту қиын. Бірақ қазіргі кезде бұл мәселені баяндап жатудың қажеті жоқ; құбылыстың осы екі қабаты бір-бірімен байланысты екендігін және бір мезгілде әрі бір бағытта өзгеретінін айту жеткілікті. Қоғам мүшелері неғұрлым ынтымақты болса, олар соғұрлым бір-бірімен де, тұтас алғанда топпен де сан алуан қарым-қатынас жасап тұрады; егер олардың кездесулері сирек болса, олар бір-біріне шамалы ғана, аракідік тәуелді болар еді. Екінші жағынан, осы қатынастардың саны оларды айқындайтын заңдық ережелер санына міндетті түрде пропорционал. Шынында да, әлеуметтік өмір ұзақ өмір сүретін барлық жерде белгілі бір пошымды қабылдап, ұйымдасуға сөзсіз ұмтылады, және құқық дегеніміз өзінің ең орнықты да дәл көрінісіндегі ұйымдасудан өзге ештеңе емес18. Қоғам өмірі қандай да бір нүктеге дейін заңдық өмір дәл сол нүктеге жетпейінше тарала алмайды. Демек, көрініс тапқан әлеуметтік ынтымақтың барлық елеулі түрлерін біз құқықта бейнеленген күйінде табатынымызға құлай сене аламыз.

Рас, әлеуметтік қатынастар заңдық пошым қабылдамай-ақ тіркеле алады деп дауласуға болады. Олардың арасында тәптіштелуі бірігу мен дәлдіктің осы деңгейіне жетпейтіндері де бар; олар бұлыңғыр болып қала бермейді, бірақ құқықпен емес, құлықпен реттеледі. Олай болса, құқық әлуеметтік өмірдің тек бір бөлігін ғана бейнелейді және бізге осы мәселені шешу үшін жартыкеш мәліметтер ғана береді. Бұл да толық емес: құлық құқықпен сиыса бермейтіні жиі кездеседі; олар оның қатаңдығын жұмсартады, оның формалистік асыра сілтеуін түзетеді, тіпті кейде олардың өзегі мүлдем басқа рух деген сөздер ұдайы айтылады. Онда олар оң құқық білдіретін қоғамдық ынтымақтың басқа түрлерін білдіретін болуы мүмкін бе? Бірақ бұл қарама-қайшылық тек қана ерекше жағдайларда туындайды. Бұл үшін құқық қоғамның ендігі жағдайына мүлдем сәйкес келмеуі және ол, алайда негізі болмай-ақ, дағдының күшімен ғана сақталып отыруы керек. Шындығында бұл жағдайда, оған қарамастан орнатылатын жаңа қатынастар, ұйымдасуын тоқтатпайды; олар топтасуға ұмтылмай, жалғаса алмайды. Бірақ олар тапжылмайтын өткен құқықпен тартыста болатындықтан, құлық сатысынан өтпейді және таңдық заңдық өмірге енбейді. Осылайша антагонизм тұтанады. Бірақ ол өзімен бірге қауіп ерте келмесе, ұзаққа созылмайтын сирек те патологиялық жағдайларда ғана туындай алады. Қалыпты жағдайда құлық құқыққа кереғар емес, қайта, керісінше, оның негізінің мәнісі. Рас, бұл негізге ештеңе тұрғызылмайтын да болады. Тек осы диффузиялық, құлықтан өрбитін реттеуді ғана көздейтін әлеуметтік қатынастар да болуы ықтимал, бірақ олар жаңа ғана сөз болған оқыс жағдайларды елемесек, маңызды мәнге және сабақтастыққа ие емес. Демек, егер құлықта ғана көрініс беретін әлеуметтік ынтымақ тұрпаттары жасала алатын болса, онда олар екінші дәрежелі тұрпаттар болғаны; керісінше, құқық маңызды нәрселердің барлығын қайта туындатады, біз зерттеуге тиіс нәрселер нақ солар. Бәлкім, бұдан да әрі сұғынып, әлеуметтік ынтымақ түп-түгел күйінде өзінің айқын көріністерінен құралмайды; ол көріністер оны тек ішінара, жартыкеш білдіреді; құқық пен құлықта ол көрініс өсіп шығатын ішкі ахуал бар

және оны шынайы танып-білу үшін соның өзіне және делдалсыз жүгіну керек деп кесіп айтатындар табылар? Бірақ біз себептерді тек олар тудыратын салдарлар бойынша ғылыми түрде танып-біле аламыз және ғылым, олардың табиғатын жақсы анықтау үшін, осы нәтижелердің арасындағы ең объективтілерін және өлшеуге жақсырақ икемділерін таңдайды. Ол жылуды тәндерде температураның өзгеруі жасайтын көлем өзгерісі бойынша, электрді – оның физикалық-химиялық ықпалы, күшті – қозғалыс арқылы зерттейді. Әлеуметтік ынтымақ неліктен олардан одағай болуға тиіс? Мұның үстіне, егер ынтымақты оның әлеуметтік пошымдарынан айырсақ, одан не қалады? Ол бірлігін қамтамасыз ететін нақ топтың табиғаты оған ерекше белгілері береді; әрқилы әлеуметтік тұрпаттарда оның әрқилы болатыны міне сондықтан. Ол отбасының ішінде және саяси қоғамдарда бірдей қалыптан шыққандай емес. Біз өзіміздің отанымызға римдіктің өзінің қаласына немесе германдықтың өзінің руына маталғандай маталған емеспіз. Бірақ бұл айырмашылықтар әлеуметтік себептерге тәуелді болатындықтан, біз оларды тек ынтымақтың әлеуметтік салдарымен берілетін айырмашылықтар арқылы ғана анықтай аламыз. Егер де біз әлеуметтік салдарларды елемейтін болсақ, онда сол барлық түрлер бытысып кетеді де, біз олардың барлығына тән нәрселерді ғана, атап айтқанда әлеуметтілікке жалпы тенденцияны, тұрақты және барлық жерде бірдей, жеке алғанда ешқандай әлеуметтік тұрпатпен байланысты емес тенденцияны байқай аламыз. Бірақ бұл қалдық – абстракциядан басқа ештеңе емес, өйткені өз ішіндегі әлеуметтілік еш жерде кездеспейді. Ынтымақтың жеке пошымдары бар және нақты өмір сүреді, олар: отбасылық, кәсіптік, ұлттық, кешегі, бүгінгі және т.б. ынтымақ. Әрқайсысының өзіндік табиғаты бар, демек, бұл абстракциялар әрі салғанда құбылыстың азын-аулақ түсіндірмесін ғана бере алар еді, өйткені олар онда бар елеулі де нақты нәрсенің бәрін назардан тыс қалдырады. Сонымен, ынтымақты зерделеу әлеуметтануға жатады. Бұл әлеуметтік факт оны оның әлеуметтік салдары арқылы ғана тыңғылықты зерделеуге болады. Егер толып жатқан моралистер мен психологтар бұл әдіске сүйенбей-

ақ осы мәселені зерделей алған болса, оның себебі олардың қиындықтан айналып өткендігі ғана. Олар құбылыстан ондағы таза әлеуметтік нәрсенің барлығын аластады да, одан өсіп шыққан психологиялық түйінді ғана сақтады. Ынтымақтың ең алдымен әлеуметтік факт болғандықтан, біздің жеке организмге шынында да тәуелді екендігі анық. Оның тіршілік етуі үшін біздің физикалық және психикалық құрылысымыз оған мүмкіндік беруі қажет. Демек, турасын айтанда, оны осы жағынан зерделеумен шектелуге болады. Бірақ бұл жағдайда оның ең аз байқалатын және ерекше бөлігі ғана көрінеді; бұл тіпті, шынында, оның өзі емес, оны мүмкін ететін нәрсе. Мұның үстіне, осы абстрактылы зерттеу ерекше мол нәтижелер бере алмас еді. Ынтымақ, біздің психикалық табиғатымыздың жай ғана бейімділігі ахуалында тұрғанда, оны оңай байқауға көне бермейтін тым бұлдыр бірдеңе. Бұл байқауға орын бермейтін, түйсінуге қол жетпес мүмкіндік. Ол байқалатын пошымға айналуы үшін кейбір әлеуметтік салдарлар оны сырттан білдіруі қажет. Оның үстіне, ол тіпті осынау ьуалдырлық ахуалының өзінде оны түсіндіретін, демек, одан бөліп алуға болмайтын әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Қолда бар таза психологиялық талдауға қандай да бір әлеуметтанушылық көзқарастардың араластырылмауының өте сирек болатындығы да міне сондықтан. Мысалы, табындық ахуалдың жалпы әлеуметтік сезімнің құралуына ықпалы жөнінде бірді-екілі сөз айтылады19; немесе әлеуметтілік барынша анық тәуелді болатын басты әлеуметтік қатынастар атүсті көрсетіледі20. Әдіссіз, мысалдар түрінде және кездейсоқ идеялардың ықпалымен көлденең тартылатын осынау қосымша пікірлер ынтымақтың әлеуметтік табиғатын анықтау үшін, әрине, жеткіліксіз. Олар, әрі салғанда әлеуметтанушылық көзқарас тіпті психологтарға пәрменмен міндеттелетінін дәлелдейді. Сонымен, біздің әдісіміз нобайланды. Құқық әлеуметтік ынтымақтың негізгі пошымдарын қайта тудыратындықтан, бізге құқықтың әрқилы түрлерін

19 Baіn. Emotіons et volonte, 117-бет, etc. 20 Spencer. Prіncіpes de psychologіe, VІІІe part., ch. V. P., F. Alcan.

топтап жіктеу ғана қалады да, кейін оларға сәйкес келетін әлеуметтік ынтымақтың түрлері қандай екендігін зерттейміз. Олардың ішінде еңбек бөлінісі себеп болатын әлеуметтік ынтымақты аңғартатын түрдің болуы ықтимал. Осыдан кейін ынтымақтың осы түрінің үлесін өлшеу үшін оны білдіретін заңдық ережелердің санын толық көлеміндегі құқықпен салыстыру жеткілікті болады. Осы еңбек үшін біз заңгерлердегі әдеттегі бөлімшелерді пайдалана алмаймыз. Практика мақсатында ойлап табылған олар осы көзқарас тұрғысынан өте ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ ғылым осынау эмпириялық және долбарлы топтап жіктеумен қанағаттана алмайды. Ең кең таралғаны – құқықты жұртшылық құқығына және жеке құқыққа бөлетін жіктеу; біріншісі индивидтің мемлекетпен қатынасын реттеуге, екіншісі – индивидтердің өзара қатынасын реттеуге арналған. Бірақ біз осы терминдерді талдауға тырысқан кезде, бір қарағанда соншалықты айқын көрінетін бөлу шегі жойылып кетеді. Әрбір құқық, ұдайы және барлық жерде тек индивидтердің ғана тіршілік етіп, қарекет жасауы мағынасында дербес болып табылады; бірақ ең әуелі әрбір құқық, ол – әлеуметтік қызмет және барлық индивидтер – әртүрлі түрде болса да – шындап келгенде қоғамның мансап иелері екендігі мағынасында жұртшылық құқығы болып табылады. Ерлі-зайыптылық, ата-аналық және т.с.с. қызметтер министрлік және заң шығарушылық қызметтерден өзгеше ажыратылып, ұйымдаспаған және римдік құқық қамқорлықты munus publіcum деп негізсіз атаған жоқ. Ал мемлекет дегеніміз не? Ол қай жерден басталып, қай жерден аяқталады? Бұл мәселенің қаншалық бытысқаны белгілі; негізгі топтап жіктеуді соншалық көмескі де нашар талданған ұғымға құрау ғылыми тірлік емес. Жүйелі қимылдау үшін, біз заңдық құбылыстар үшін елеулі бола тұрып, сонымен бірге ол құбылыстар өзгерген кезде өзгеруге қабілетті қандай да бір сипатты белгіні табуымыз керек. Мәселен, кез-келген құқықтық нұсқау рұқсат етілген құлық ережесі ретінде айқындала алады. Екінші жағынан, нұсқауларға берілетін мәнге, олар қоғамдық санада алатын орынға, олардың қоғамда атқаратын рөліне сәйкес санкциялардың өзгеретіні анық. Демек, заңдық

ережелерді олармен байланысты әртүрлі санкцияларға сәйкес топтап жіктеген орынды. Олардың екі түрі бар. Біреулері негізінен индивидке жасалатын азаптан, немесе, ең болмағанда, оны кемітуден тұрады. Олардың мақсаты оның мүлкіне, не бақытына, не өміріне, не бостандығына нұқсан келтіру, оны өзі пайдаланатын бірдеңеден айыру. Олар жазалаушы делінеді; бұл қылмыстық құқықтың шаруасы. Рас, таза моральдық ережелермен байланысты санкциялар да дәл сондай сипатқа ие, бірақ олар диффузиялық тұрпатта баршаға аз-аздап бөлінеді, ал қылмыстық құқықтың санкциялары тек белгілі бір орган арқылы ғана қолданылады; олар ұйымдасқан. Ал екінші түріне келсек, бұл санкциялар міндетті түрде индивидке азапты ерте жүрмейді, олар тек бұрынғы тәртіпті қалпына келтіруден, бұзылған байланыстарды олардың қалыпты пошымына келтіруден тұрады, айып етіп тағылған қылықтың ол ауытқыған тұрпатына күшпен келтірілуі арқылы немесе оның күші жойылуы, яғни қандай да бір әлеуметтік құндылықтан айырылуы арқылы іске асырылады. Демек, заңдық ережелерді, оларда ұйымдасқан жазалау санкциялары немесе тек қалпына келтіру санкциялары бар-жоғына қарай екі үлкен түрге бөлу керек. Біріншісі бүкіл қылмыстық құқықты; екіншісі – орын алуы мүмкін қылмыстық ережелерді қоспай, азаматтық, коммерциялық, іс жүргізушілік, әкімшілік және конституциялық құқықты қамтиды. Енді осы түрлердің әрқайсысы әлеуметтік ынтымақтың қай түріне сәйкес келетінін зерттейміз.

ІІ тарау

Механикалық ынтымақ яки ұқсастық бойынша ынтымақ

І Жазалау құқығы сай келетін әлеуметтік ынтымақ байланысы – бұзылуы қылмысты құрайтын байланыстың дәл өзі. Біз бұл сөзбен қалай болғанда да

оны жасағанға қарсы жазалау деп аталатын сипатты реакцияны туғызатын кезкелген қылықты нобайлаймыз. Бұл қандай байланыс екендігін зерттеу өзімізге жазалаудың себебі қандай, немесе, дәлірек айтсақ, қылмыс негізінен неден тұрады деген сұрақ қою болып шығады. Сөз жоқ, қылмыстардың әрқилы түрлері бар, бірақ сол барлық түрлердің арасында әйтеуір бір ортақ бірдеңе бар. Бұл олар қоғам тарапынан белгілейтін реакцияның, яғни жазаның, дәрежесіндегі айырмашылықтарды қоспағанда, ұдайы және барлық жерде бірдей болатындығымен дәлелденеді. Салдардың бірлігі себептің бірлігін табады. Бір ғана қоғамның заңдарымен көзделген барлық қылмыстар арасында ғана емес, әртүрлі әлеуметтік тұрпаттарда да танылған, танылатын және жазаланатын барлық қылмыстар арасында, сөз жоқ, елеулі ұқсастықтар бар. Осылайша топтап жіктелетін қылықтар бір қарағанда қаншалықты әртүрлі болып көрінгенімен, олардың қандай да бір ортақ тұғыры болуға тиіс, өйткені олар ұлттың моральдық санасын барлық жерде бірдей қозғайды және барлық жерде бірдей салдарды тудырады. Олардың барлығы – қылмыстар, яғни белгілі бір жазамен жазаланатын қылықтар. Бірақ құбылыстың елеулі белгілері – бұл, осы құбылыс ұшырасатын барлық жерде байқалатын және тек соған ғана жататын белгілер. Демек, егер біз қылмыстың мәні неде екенін білгіміз келсе, әрқилы әлеуметтік тұрпаттардың барлық қылмыстық түрлеріндегі бірдей белгілерін бөліп алуымыз керек. Олардың бір де біреуін елемеуге болмайды. Ең төмен қоғамдардың заңдық тұжырымдамаларының көңіл қоюға лайықтығы ең дамыған қоғамдардың тұжырымдамаларынан кем емес; бұл фактылардың тағлымдылығы кем емес. Оларға көңіл бөлмеу қылмыстың мәнісін ол жоқ жерден көру қатеріне ұрыну болып шығар еді. Дәл осылай биолог, егер бір жасушыларды байқауды елемеген болса, өмірлік құбылыстарға тым сорақы анықтама берер еді; өйткені тек қана организмдерді, әсіресе жоғары организмдерді қарастырудан ол өмірдің мәнісі ұйымдасудан тұрады деген қате қорытынды жасар еді. Осынау тұрақты және ортақ элементті табудың құралы әрқашан және барлық жерде қылмыс деп қарастырылған қылықтарды тізіп шығудан емес,

олар көрсететін нышандарды байқау-бақылаудан тұратыны анық. Өйткені, әрқашан қылмыстық деп қарастырылған қарекеттер болған күнде де, – бұл туралы не айтылса да – түкке тұрмайтын азшылықты көрсетеді, демек, мұндай әдіс бізге құбылыс туралы тым сорақы түсінік берер еді; ол тек ерекше жағдайларда ғана қолданыла алар еді21. Жазалау құқығының бұл өзгерістері сонымен бірге мұндай тұрақты нышан қылмыстық ережелермен мәжбүрленетін немесе тыйым салынатын қылықтардың ішкі қасиеттерінде бола алмайтындығын дәлелдейді; өйткені олар ерекше алуандықтан көрсетеді; мұндай нышан осы қылықтардың олар үшін біршама сыртқы шарттармен қарым-қатынастарында орын алады. Мұндай қатынас осынау қарекеттер мен маңызды қоғамдық мүдделер арасындағы антагонизм секілді бірдеңеден табылар деген ой болды; және қылмыстық ережелер әрбір әлеуметтік тұрпат үшін ұжымдық өмірдің негізгі шарттарын білдіреді деген сөз де айтылды. Олардың беделі, демек, олардың қажеттілігінен шығатын болғаны ғой; екінші жағынан, бұл қажеттілік қоғамдарға сәйкес өзгеріп отыратындықтан, жазалау құқығының өзгермелілігі осындай жолмен түсіндірілер еді. Бірақ біз бұл жөнінен арылғанбыз. Мұндай теория әлеуметтік эволюцияны басқаруда есеп пен рефлексияға тым көп бөлік бөлетіндігін былай қойғанда, қылмыс деп қарастырылған немесе қазір де қарастырылатын, өздігінен алғанда қоғам үшін зиянды емес, көптеген қылықтар бар. Табу пәніне, жын-шайтанға немесе қасиетті жануарға яки адамға жанасып кету, тамақтың кейбір түрлерін ішу, ата-ана бейітінің басында дәстүрлі құрбандық шалмау, рәсімдік формуланы дұрыс оқымау, кейбір

æµí³íäå
ê³ë³êò³

мейрамдарды елемеу және т.б. күндердің күнінде әлеуметтік қауіп құрай алатын ба еді? Ал бұл екі арада көптеген халықтардың жазалау құқығында рәсімді, этикетті, рәсімдік салтанатты, діни салтты реттеу қандай орын алатыны белгілі. Бұған көз жеткізу үшін Бескітаптың бетін ашу жеткілікті, ал бұл фактылар кейбір әлеуметтік тұрпаттарда жаппай кездесетіндіктен, олардан елемеу әбден орынды қарапайым ауытқуларды, патологиялық жағдайларды көру мүмкін емес. Қылмыстық акт, қоғам үшін зиянды екендігі даусыз кездің өзінде ол келтіретін зиянның дәрежесі жазалаудың белсенділігіне әрдайым сәйкес келе бермейді. Ең өркениятты халықтардың қылмыстық құқығында кісі өлтіру әрқашан ең зор қылмыс ретінде қарастырылады. Алайда экономикалық дағдарыс, биржаның күйреуі, тіпті қарапайым банкроттық жеке кісі өлтіруден гөрі, қоғамның берекесін анағұрлым елеулі кетіре алады. Кісі өлтіру, сөз жоқ, әрқашан да жамандық, бірақ оның ең зор жамандық екендігін ештеңе дәлелдемейді. Бір адам кем – қоғам үшін бұл не? Бір клетка кем екен – организм үшін бұл бірдеңені құрай ма? Жалпыға бірдей қауіпсіздік, егер қылық жазалаусыз қалса, болашақта қатерге ұшырар еді дейді; бірақ сол қауіп қаншалықты нақты болса да, оның маңызы мен жазалаудың маңызын салыстырып көріңіз: сәйкессіздік сұмдық. Ақыр соңында, біз келтірген мысалдар қылықтың ешқандай жазасыз-ақ, қоғам үшін тажалды бола алатынын көрсетеді. Сонымен, қылмыстың бұл анықтамасы онымен барабар емес. Бәлкім, оның түрін өзгерте отырып, қылмыстық актылар – оларды жазалайтын қоғам үшін тажалды болып көрінетін нәрселер; қылмыстық жазалар әлеуметтік өмір үшін елеулі шарттарды емес, оларды сақтайтын топқа солай болып көрінетін шарттарды білдіреді дейтін шығар? Бірақ мұндай түсініктеме ешеңені түсіндірмейді, өйткені ол бізге осындай көптеген жағдайларда неліктен қоғамдар алданып, өздігінен тіпті пайдалы да емес салттар таңылғанын түсіндіре алмайды. Сайып келгенде, проблеманың осынау алдамшы шешімі трюизмге саяды, өйткені, егер қоғамдар осылайша әрбір индивидті осы ережелерге көнуге мәжбүрлейтін болса, оның себебі – дұрыс па,

бұрыс па – олардың осы тұрақты да сөзсіз көнуді өздері үшін қажет деп есептейтіндігінде екені анық; өйткені олар бұған зор мән береді. Демек, мұның өзі қоғамдар осы ережелерді қажетті деп тапқандықтан, қажетті деп санайды дегенмен бірдей. Ал бізге оларды неліктен солай деп санайтындығын түсіндірген жөн болар еді. Егер де бұл сезімнің қылмыстық нұсқаулардың объективті қажеттілігінде немесе, бері салғанда, олардың пайдалылығында өз себебі болса, бұл түсіндіру болар еді. Бірақ оған фактылар қайшы; мәселе бұрынғысынша шешілмеген күйінде қалып келеді. Алайда соңғы теорияның белгілі бір негізі бар; ол қылмыстылықтың негізгі шарттарын субъектінің кейбір ахуалынан текке іздемейді. Шынында да, барлық қылмыстарға ортақ бірден-бір сипат – олардың әрбір қоғамның мүшелері жаппай айыптайтын қылықтардан тұратындығы, бұған кейбір дүдамал оқиғалар жатпайды, оларды біз алда зерттейміз. Қазіргі таңда мынадай сұрақ қойылады: осынау айыптау ұтымды ма және қылмысты тек сырттай немесе қателік деп білген парасаттырақ емес пе? Бірақ біздің бұл пікірталасқа килігуіміз артық; біз болуға тиіс дегенді емес, бар немесе болған нәрсені анықтауға тырысамыз. Ал біз анықтаған фактының нақтылығы талас туғызбайды: қылмыс бірдей әлеуметтік тұрпатта барлық салауатты санада көрінетін сезімдерді дүрліктіреді. Осынау сезімдердің табиғаты, мысалы, олардың ерекше объектілерінің қызметінде дегеннен өзгеше анықтама беру мүмкін емес, өйткені бұл объектілер үздіксіз өзгеріп отырды, әлі де өзгере бермек22. Қазіргі кезде бұл белгі альтруистік сезімдермен барынша анық көрсетілген, бірақ діни, отбасылық және мыңдаған басқа да дәстүрлі сезімдердің дәл сондай салдары болған бізге өте жақын уақыт та өткен. Қазіргі кезде де, Гарофало ойлағандай, тіпті де басқаға антипатия ғана осы нәтижені туғыза алмайды. Тіпті бейбітшілік кезінде де біз өз отанына опасыздық жасаған адамға, ұрыға және алаяққа қарағандай жиіркене қарамаймыз ба? Монархиялық сезім әлі өшпеген

мемлекеттерде ұлы мәртебеліге тіл тигізу ортақ ашу-ыза туғызбай ма? Демократиялық елдерде халыққа тіл тигізу дәл сондай ыза сезімін туғызбай ма? Демек, қаскүнемдік қылмыстық актыны құрайтын сезімдер тізбесін жасау мүмкін емес; олар өзгелерден тек бір қоғамдағы индивидтердің көпшілігіне ортақ болуымен ғана ерекшеленеді. Сондықтан осы қылықтарға тыйым салатын және қылмыстық құқық рұқсат беретін ережелер заңды білмеумен ақталуға болмайды деген атақты заңдық аксиома шындап қолданылатын бірден-бір ережелер. Олар барлық санаға сіңіп кеткендіктен, оларды әркім біледі және олардың негізділігін сезінеді. Бұл, бері салғанда, қалыпты ахуал турасында ақиқат. Егер де осынау негізгі ережелерді білмейтін немесе олардың беделін мойындамайтын ересек адамдар кездессе, мұндай білместік немесе мойынсұнбау патологиялық есуастықтың даусыз нышандары. Немесе қандай да бір қылмыстық ереже, баршаның тарапынан дау туғыза тұра, белгілі бір уақыт бойы сақталып қала беретін болса бұл тек ерекше, демек, қалыптан тыс жағдайлардың тоғысуының арқасы, ал мұндай ахуал ешқашан ұзаққа созыла алмайды. Мұның өзі қылмыстық құқық жүйеленіп алып, біріктірілетін ерекше тәсілді түсіндіреді. Әрбір жазылған құқықтың екі мақсаты болады: белгілі бір міндеттерді белгілеу және олармен байланысты санкцияларды анықтау. Азаматтық құқықта, және жалпы реститутивтік (қалыпна келтіру) санкциялары бар әрбір құқық түрінде заң шығарушы осы екі міндетті бөлек қамтып, бөлек шешеді. Әуелі ол барынша дәлдікпен міндетті анықтайды, содан кейін ғана оған рұқсат етуге тиіс тәсілді көрсетеді. Мысалы, біздің азаматтық кодексіміздің ерлі-зайыптылардың өзара міндеттеріне арналған тарауында бұл құқықтар мен міндеттер оң тұрпатта мәлімделген; бірақ онда бұл міндеттер екі жақтан да бұзылған кезде не болатыны айтылмаған. Бұл санкцияны басқа жерден іздеу керек. Кейде тіпті ол түгелімен астарланып берілген. Мәселен, азаматтық кодекстің 214-бабы әйелге өзінің күйеуімен бірге тұруға бұйырады; осыдан келіп күйеу оны ерлі-зайыптылар үйіне оралуға мәжбүрлей алады деп тұрады, бірақ бұл санкция еш жерде жазып көрсетілмеген. Қылмыстық құқық,

керісінше, тек санкцияларды ғана көрсетеді, бірақ ол санкциялар қатысты болатын міндеттер жөнінде ештеңе айтпайды. Ол басқа біреудің өмірін құрметтеуге бұйырмайды, бірақ кісі өлтіргенді өлім жазасына кесуге міндеттейді. Ол әу баста азаматтық құқық секілді “Міндет осындай” демейді, есесіне бірден “Жаза осындай” дейді. Әрине, егер қимыл жазаға жетектейтін болса, мұның себебі оның қандай да бір міндетті ережеге қайшы келетіндігінде, бірақ бұл ереже айқын тұжырымдалмаған. Оның бір ғана себебі болуы мүмкін: ереже баршаға мәлім және барша қабылдағана. Әдет құқығы жазылған құқыққа көшіп, жүйелеп топтастырылады, өйткені даулы мәселелер неғұрлым дәл шешілуін талап етеді. Егер де әдет қиындықтар да, дау да туғызбай, үнсіз қызмет ете берсе, оның жазылған құқыққа айналуына негіз болмас еді. Қылмыстық құқық тек жазалау баспалдағын белгілеу үшін жүйелеп топтастырылатындықтан, тек осы соңғысы ғана күмән келтіруге ілік бола алады. Керісінше, егер бұзылса жаза белгіленетін ережелер заңдық тұжырымдалуға мұқтаж боламаса, оның себебі олардың талас тудырмайтынында және олардың беделін әркімнің сезуінде23. Рас, Бескітап, бір ғана дерлік қылмыстық ережелерден құралса да, кейде санкцияларды көрсетпейді, біз мұны төменде байқаймыз. Кету кітабының ХХ тарауы мен Екінші заңның V тарауында тұжырымдалған қалпындағы он өсиет сондай. Бірақ Бескітап кодекс міндетін атқарғанымен, дегенмен, нағыз кодекс емес. Ол еврей халқы ұстанған қылмыстық ережелерді біртұтас жүйеге келтіріп, практикалық міндеттер үшін дәл көрсетуді мақсат етпейді. Оның кодекстік сипаты мардымсыз, соған қарағанда, тегінде, оның түрлі бөліктері бір уақытта құрастырылмаған болуы керек. Бұл ең алдымен еврейлер дүниенің, өздерінің қоғамының және басты әлеуметтік салттарының пайда болуын өзөзіне және өзінше түсіндіретін түрлі дәстүрлердің қысқаша баяндалуы. Демек, ол орындалмаған жағдайда, сөзсіз, жазалауға рұқсат етілген кейбір міндеттерді көрсетсе, ол еврейлердің оларды білмегендігінен немесе мойындамағанынан, сондықтан оларға бұл туралы хабарлау қажеттігінен емес. Керісінше, бұл кітап

тек ұлттық аңыздардың тоқайласуы ғана болғандықтан, оның бүкіл мазмұны барлық сана-сезімде хатталғандығына кәміл сенуге болады. Бірақ әңгіме, байыбына барғанда, сол нұсқаулардың шығу тегі, олар жариялаған тарихи жағдайлар жөніндегі, олардың беделінің қайнар көздері жөніндегі халықтың наным-сенімдерін жазып қалдыру арқылы тірілту турасында болған. Бірақ бұл тұрғыдан алғанда жазаны белгілеу екінші дәрежелі бірдеңе болып шығады24. Нақ сол себептен де жазалау құқығының қызмет етуі әрқашан азды-көпті диффузиялық болып қалуға тырысады. Аса әрқилы тұрпаттарда ол арнаулы органның қолында болмайды, бірақ бүкіл қоғам белгілі бір дәрежеде оған қатысады. Кейін көретініміздей, құқық түгелімен қылмыстық болып табылатын алғашқы қауымдық қоғамдарда қазылықты халық жиналысы жүзеге асыратын. Ежелгі германдықтарда солай болды25. Римде азаматтық істер претордың қолында болса, қылмыстық істерді бастапқыда куриялық, кейін ХІІ кесте заңынан бастап – центуриялық комицияларда халық қарады. Республиканың ақырына дейін халық, өз өкілеттіктерін іс жүзінде тұрақты комиссияларға тапсырғанымен, осындай процестерде принципінде жоғарғы қазы болып қала берді26. Афинадағы Солон заңдары тұсында қылмыстық құзырдың бір бөлігі 30 жастан асқан барлық азаматтардан құралған аса зор алқаға тиесілі болды27. Ақырында, герман-латын ұлттарында алқалық сот өкілдік ететін қоғам алқалық сот арқылы осы қызметтердің атқарылуына араласа бастайды. Осылайша, сот билігінің осынау бөлігі орныққан диффузиялық ахуалды, ол сақталуын қамтамасыз ететін ережелер, демек, осы ережелер сәйкес келетін сезімдер барлық сананың тінінде болмаса, түсіндіре алмас едік. Рас, басқа жағдайларда ол үстем таптың немесе ерекше мансап иелерінің қолында болады. Бірақ бұл фактылар алдыңғы фактылардың дәлелдемелік мәнін кемітпейді, өйткені ұжымдық сезімдер енді тек қана белгілі бір делдалдар арқылы әрекет еткендігінен, олар ұжымдық болудан қалып, сананың шектеулі санына ғана

der R@mer. s.63.

шоғырланды деген сөз емес. Бұл уәкілеттік істердің сан алуан болып, не арнаулы шенеуніктерді бекітуге мәжбүр ететіндіктен, не кейбір кісілер яки таптар ие болып, оларды ұжымдық сезімдердің уәкілетті түсіндірушісі ететін зор ықпалдан туындауы мүмкін. Алайда қылмыс ұжымдық сезімдерді қорлағандықтан туындайды дегенде ол нақты айып емес, өйткені ол сезімдердің арасында қылмыссыз-ақ қорланатындары болады. Мәселен, қан араласу – жалпыға бірдей жиіркеніш пәні, алайда, ол жай ғана инсанға жат қылық. Әйелдің некеден тыс қыздықтан айрылуы туралы бостандығын бөтен біреудің қолына түгел беру немесе басқа біреуден соны түгел алу фактысы туралы дәл солай айтуға болады. Демек, қылмысқа жатқыылатын ұжымдық сезімдер басқалардан қандай да бір өзгеше нышанмен ерекшеленуге тиіс: оларда белгілі бір орташа қарқындылық болуға тиіс. Олар барлық саналарда жай ғана бейнеленбей, күшті бейнеленген. Бұл үстірт те тұрақсыз ниет-тілектер емес, біздің бойымызда тамыр жайған эмоциялар мен талпыныстар. Бұл қылмыстық құқықтың тым баяу дамитындығымен дәлелденеді. Ол құлыққа қарағанда қиынырақ өзгеріп қана қоймайды, жалпы оң құқықтың ең аз өзгеретін бөлігін құрайды. Мысалы, заң шығарушы ғасырдың басынан бері құқықтық өмірдің әртүрлі өрістерінде не істегендігіне көз жүгірту жеткілікті; қылмыстық құқық саласында енгізілген жаңалық тым сирек және шектеулі, керісінше, көптеген жаңа нұсқаулардың азаматтық, коммерциялық, әкімшілік және конституциялық құқықтарға енді. Римде ХІІ кесте заңдары белгілеген қылмыстық құқықты оның классикалық дәуірдегі ахуалымен салыстырып көріңіз; жазып қалдырылған өзгерістер, азаматтық құқықта сол мерзімде болған өзгерістермен салыстырғанда, тым мардымсыз. ХІІ кесте дәуірінен, дейді Майнц, басты қылмыстар мен теріс қылықтар белгіленген: “Он ұрпақ бойы қоғамдық қылмыстар каталогы қазынаға қол сұғуды, жемқорлықты, және, бәлкім, plagіum'ды28 жазалайтын тек бірнеше заңмен ғана толықтырылады". Жеке қылмыстарға келсек, тек екі жаңа

28 Esguіsse hіstorіque du droіt de crіmіnel de L’ancіenne Rome. Nouvelle Revue hіstorіgue du droіt fran:;aіs et ~tanger, 1882, 24, 27-беттер.

қылмыс танылды: тонау (actіo bonorum vі raptorum) және әділетсіз келтірілген нұқсан (damnum іnjurіa datum). Дәл осындай фактыны барлық жерде табуға болады. Дамудың төменгі сатысындағы қоғамдарда құқық, біз көретініміздей, тек қана дерлік қылмыстық болып табылады; сондықтан ол өте тұрақты. Жалпы алғанда, діни құқық әрқашан жазалау құқығы; ол мәні жағынан кертартпалы. Қылмыстық құқықтың осынау тұрақтылығы ол сәйкес келетін ұжымдық сезімдер қарсылығының күшін айғақтайды. Керісінше, таза моральдық ережелердің ғажап икемділігі мен олардың эволюциясының салыстырмалы шапшаңдығы олардың негіздерінде жататын сезімдердің қуаты анағұрлым аз екендігін дәлелдейді; не олар жуық арада алынып, санаға әлі терең сіңіп үлгермеген, не олар тамырдан айрылу жолына түсіп, тереңнен үстіге көтерілу үстінде. Біздің анықтамамыз дәл болуы үшін ең соңғы қосымша қажет. Егер жалпы моральдық санкциялармен қорғалатын сезімдер, яғни диффузиялық сезімдер жазаның өзімен қорғалатын сезімдерге қарағанда бәсеңдеу және босаңдау ұйымдастырылатын болса, онда, алайда оқшау жағдайлар да болады. Мәселен, перзенттік орташа қошемет немесе тіпті барынша анық қасіретке жанашырлық білдірудің қарапайым пошымдары ендігі кезде жеке меншікке немесе қоғамдық өкіметке құрметтен неғұрлым үстірт сезімдер болып табылады деп долбарлауға ешқандай негіз жоқ. Алайда жаман бала немесе тіпті ең түзелмес өзімшіл адам қылмыскер деп саналмайды. Сондықтан сезімдердің күшті болуы жеткіліксіз, олар нақты болуы қажет. Шынында да, олардың әрқайсысы қандай да бір айқын анықталған салтқа жатады. Бұл салт қарапайым немесе күрделі, оң немесе теріс болуы, яғни күшінде болуы немесе одан тартынудан тұруы мүмкін, бірақ ол үнемі нақты. Әңгіме бірдеңені істеу немесе істемеу: өлтірмеу, жарақаттамау, қайсыбір формуланы айту, қайсыбір жораны жасау және т.б. жайында болып отыр. Керісінше, перзенттік махаббат немесе жанашырлық секілді сезімдер тым жалпы объектілерге бұлдыр талпыныстар болып табылады. Сондықтан қылмыстық ережелер өздерінің айқындылығымен және дәлдігімен ерекшеленеді, ал таза моральдық ережелер жалпы көмескі

бірдеңелер. Олардың айқындалмаған табиғатының салдарынан олардың қалыптасқан тұжырымын беру көбінесе қиынға соғады. Біз, әрине, еңбек етуге тиіс, өзгелерге аяушылық болуы керек және т.б. деп жалпылама айта аламыз; бірақ нақты қандай түрде және қандай шамада екендігін анықтай алмаймыз. Демек, бұл жерде өзгерістер мен реңктерге орын бар. Керісінше, қылмыстық ережелерде бейнеленген сезімдер нақты болғандықтан, олар әлдеқайда біркелкі болып келеді; олар әртүрлі тәсілдермен ұғынылмайды, сондықтан да олар барлық жерде бірдей. Енді біз қорытынды жасай аламыз. Орташа деңгейде бір қоғамның мүшелеріне ортақ нанымдар мен сезімдердің жиынтығы өзіндік ғұмыры бар белгілі бір жүйені құрайды; оны ұжымдық немесе ортақ сана деп атауға болады. Сөз жоқ, оның субстрат ретінде бірден-бір органы болмайды; ол, анықтама бойынша, қоғамның бүкіл кеңістігінде шашырап жатады. Бірақ, сонда да ол одан ерекше нақтылық жасайтын ерекше белгілерге ие. Шынында да, ол индивидтер басындағы жеке жағдайларға тәуелсіз; индивидтер өткінші, ол тұрақты. Ол солтүстік пен оңтүстікте, үлкен және шағын қалаларда, әртүрлі кәсіптерде бірдей. Дәл солай ол әрбір ұрпақпен өзгермейді, бірақ, керісінше, бірінің артынан бірі келетін ұрпақтарды өзара байланыстырады. Демек, ол тек индивидтерде жүзеге асатынымен, жеке саналардан мүлде өзге бірдеңе. Ол – қоғамның психикалық тұрпаты, өзінің даму тәсіліне, өзінің қасиеттеріне, өзінің тіршілік ету жағдайларына ие басқа пошымда болғанымен, индивидуалдық тұрпаттарға ұқсас тұрпат. Сондықтан ол арнайы терминмен нобайлануға хақылы. Алайда, біз жоғарыда пайдаланған термин екіұштылау. “Ұжымдық” және “әлуеметтік” терминдері бірінің орнына бірі жиі пайдаланылатындықтан, ұжымдық сана – бұл бүкіл әлеуметтік сана, яғни қоғамның психикалық өмірі секілді алысқа таралады, деп ойлайды, іс жүзінде әсіресе жоғары қоғамдарда – ол оның өте шектеулі бөлігін ғана құрайды. Қазылық, үкіметтік, ғылыми, өнеркәсіптік – бір сөзбен айтқанда, барлық арнаулы қызметтер шынына келгенде психикалық тұрғыдағы фактылар, өйткені олар түсініктер мен қарекеттер жүйелерінде

тұрады. Соған қарамастан, олар ортақ санадан тыс тұратыны анық. Туындаған шатасудан құтылу үшін29, әлеуметтік ұқсастықтардың жиынтығын арнайы белгілеу үшін, бәлкім, техникалық сөз жасаған дұрыс болар. Соған қарамастан, сөзді пайдаланудың, ол абсолютті қажет болмаса, өз қолайсыздықтары болатындықтан, “ұжымдық” немесе “ортақ” сана деген неғұрлым көбірек қолданылатын сөздерді сақтаймыз, бірақ біз оны пайдаланғандағы тар мағынаны ұдайы есте ұстап отырамыз. Сонымен, ілкі талдауды жинақтай келіп, біз былай дей аламыз: қарекет ұжымдық сананың күшті де белгілі бір ахуалын қорлаған кезде ол қылмыстық қарекет болады30. Туа бітті күйінде алынған бұл қағидаға ешкім дерлік дау айтпайды, бірақ әдетте оған ол ие болуға тиіс мағынадан мүлдем өзге мағына беріледі. Оны ол қылмыстың елеулі сипатын емес, оның салдарларының бірін білдіретіндей мағынада түсінеді. Ол тым ортақ және жігерлі сезімдерді ызаландыратыны жақсы мәлім; бірақ бұл бірауыздылық пен жігер қылықтың қылмыстық табиғатынан шығады деп ойлайды, ал оны тұтас алғанда анықтау керек болады. Кез-келген қылмыс – жаппай жазғыру пәні екендігі дау туғызбайды, бірақ объектісі қылмыс болып табылатын бұл жазғыру оның қылмыстылығынан келіп шығады дегенді жаппай мойындалған пікір ретінде қабылдайды. Бірақ артынан бұл қылмыстылықтың неден тұратындығын түсіндіруге тым қиналады. Ерекше ауыр инсансыздығында ма? Солай-ақ болсын; бірақ бұл сұраққа сұрақпен жауап беру және бір сөзді басқа сөздің орнына қою деген сөз, өйткені мәселе қоғам ұйымдасқан жазалау арқылы жазалайтын және қылмыстылықты құрайтын инсансыздық және негізінен шектен шыққан инсансыздық дегеннің не екендігін білуде ғой. Оның барлық криминологиялық түрлерге ортақ бір немесе бірнеше нышандардан тарай алатыны анық; осынау шартты

қанағаттандыра алатын бірден-бір нышан – қандай болсын қылмыс пен белгілі бір ұжымдық сезімдер арасындағы қарама-қарсылық. Нақ осы қарама-қарсылық қылмысты жасайды, бірақ одан туындамайды. Басқаша айтқанда, қарекет ортақ сананы ол қылмыстық болғандықтан ызаландырады, бірақ ол ортақ сананы ызаландыратындықтан қылмыстық болады деудің қажеті жоқ. Біз оны ол қылмыс болғандықтан жазғырмаймыз, біз оны жазғыратындықтан ол – қылмыс. Бұл сезімдердің ішкі табиғатына келсек, оны ерекше анықтау мүмкін емес; олардың объектілері барынша алуан түрлі және оларды біртұтас формулаға келтіру мүмкін емес. Олар қоғамның өмірлік мүдделеріне немесе ең аз шамадағы әділетсіздікке жатады деуге болмайды; бұл анықтамалардың барлығы толық емес. Қандай да бір сезім, оның шығу тегі мен мақсаты қандай болмасын қуаты мен дәлдіктің белгілі дәрежесімен барлық саналарда орын алуының өзімен, – сонысының өзімен оны ызаландыратын қылық қылмыс болып табылады. Қазіргі психология Спинозаның идеясына барған сайын жиірек оралып соғуда. Ол идеяға сәйкес заттар біз оларды жақсы көретіндіктен жақсы, керісінше олар жақсы болғандықтан, біз оларды жақсы көрмейміз. Ұмтылыс, бейімділік – бастапқы фактылар; рахат пен азап – туынды фактылар. Әлеуметтік өмірде де солай. Қылық әлеуметтік жағынан жаман, өйткені оны қоғам қабылдамайды. Бірақ, дейді қоғам олардың объектілерімен түйісуі кезінде бастан кешіретін рахаттан немес азаптан туындайтын ұжымдық сезімдер жоқ па? Сөз жоқ, бар, бірақ олардың барлығының бірдей шығу тегі сол емес. Көпшілігі демесек те, көбісі, мүлде басқа себептерден туындайды. Қызметті белгілі бір пошымды қабылдауға итермелейтін нәрсенің бәрі болашақта қанағаттандыруға тура келетін ұмтылыстарды тудыратын дағдыларды бастап бере алады. Мұның үстіне, нақ осы соңғы ұмтылыстар – негізгі ұмтылыстар. Басқалары тек жеке және олардың жақсы айқындалған пошымдары ғана, өйткені қайсыбір заттансүйкімділік көру үшін ұжымдық сезімталдық одан қанағат табуға қабілетті болуы керек. Егер тиісті сезімдер жойылса, онда қоғам үшін ең тажалды қылық та төзерлік болып қана қоймай, тіпті құрметтелетін, үлгі етіп ұсынылатын қылық бола алады. Рахат

бейімділікті жасауға қабілетсіз; ол тек мақсат бейімділіктің бастапқы табиғатына сәйкес келетін жағдайда өмірде бар бейімділікті қайсыбір жеке мақсатқа матай алады. Алайда бұл түсіндірме қолданыла алмайтындай көрінетін жағдайлар да кездеседі. Қоғамдық пікірмен жазғырылатыннан көбірек қаталдықпен жазаланатын қылықтар бар. Мәселен, шенеуніктердің асртыртын мәмілесі, сот билігінің әкімшілік билікке, діни қызметтердің – азаматтық қызметтерге араласуы олар саналарда тудыратын ашу-ызаға пара-пар емес жаза объектісі болып табылады. Мемлекеттік құжаттарды ұрлау бізді едәуір салғырт қалдырады, бірақ әжептәуір қатаң жазаланады. Тіпті жазаланған қылықтың тікелей ешқандай ұжымдық сезімді ызаландырмайтыны да ұшырасады; біздің бойымызда тыйым салынған уақытта балық аулауға және аңшылыққа қарсы немесе тым ауыр арбалардың қоғамдық жолмен жүруіне қарсы наразылық білдіретін ештеңе жоқ. Алайда бұл қылмыстарды басқа қылмыстардан толық бөліп тастауға ешқандай негіз жоқ; қандай да бір күрт айырмашылық жүргізу31 ойына келгенді істеу болар еді, өйткені олардың барлығында әртүрлі дәрежедегі бірдей сыртқы өлшемдер бар. Осы қылмыстардың ешбіреуінде жаза әділетсіз болып көрінбейтіндігі күмәнсіз; егер де ол құлыққа қайшы келсе, ол орныға алмас еді. Бірақ оны қоғамдық пікір қабылдамағынымен, бұл соңғысы билігі өзіне берілсе, не оны мүлде қажет етпес еді, не кемірек талапшыл болар еді. Демек, осы тектес барлық жағдайларда қылмыстылық – түгелімен немесе ішінара қорланатын ұжымдық сезімдердің қарқындылығынан емес, басқа себептен туындайды. Шынында да, үкімет билігі орнады екен, қылмыстық санкцияны өз бетімен құлықтың кейбір ережелерімен қалай болса солай байланыстыру үшін ол өзөзінен-ақ жеткілікті күшке ие болатыны айдан анық. Ол өзінің бастамасы бойынша кейбір қылмыстарды жасауға немесе кейбір басқа қылмыстардың криминологиялық мәнін күшейтуге қабілетті. Сондықтан біз келтірген барлық

қылықтардың бір ортақ белгісі бар: олар әлеуметтік өмірдің басқарушылық органдарының қайсыбіреуіне қарсы бағытталған. Сондықтан қылмыстың әртүрлі екі себептен шығатын екі түрі бар деп долбарлау керек пе? Мұндай гипотезаны қабылдау мүмкін емес. Қылмыстардың түр-түрі қаншалықты көп болғанымен, ол, іс жүзінде, барлық жерде бірдей, өйткені ол барлық жерде бірдей салдарды, атап айтқанда, жазаны тудырады, жаза ауыр немесе жеңіл болғанмен, бұдан өзінің табиғатын өзгертпейді. Бірақ бір ғана фактының екі себебі бола алмайды (әрине бұған осынау екіжақтылық алдамшы болған оқиға жатпайды) және осы екі себеп шындап келгенде біреуін ғана құрайды. Сонымен, мемлекетке тән реакцияның күші табиғаты жағынан қоғамда шашырап жатқан күшпен бір тектес болуға тиіс. Шынында да, ол қайдан келеді? Мемлекет меңгеретін және ерекше қорғауды қажет ететін мүдделердің маңыздылығынан ба? Бірақ біз тек бір ғана мүдделердің, тіпті маңызды мүдделердің бұзылуы қылмыстық ықпалды тудыру үшін жеткіліксіз екендігін білеміз; оның белгілі бір түрде сезілуі де қажет. Мұның үстіне, үкімет органына келтірілген титімдей нұқсан неліктен жазаланады, ал басқа әлеуметтік органдардағы анағұрлым қауіпті тәртіпсіздіктер тек азаматтық тәртіппен ғана қалпына келтіріледі? Жол полициясымен байланысты ережелердің титімдей бұзылуы айыппұлмен жазаланады; ал шарттардың тіпті қайтадан бұзылуы, экономикалық қатынастарда ұяттың үнемі жоқтығы тек шығындарды өтеуге ғана жетелейді. Басқару аппараты әлеуметтік өмірде көрнекті рөл атқаратыны даусыз, бірақ мәні өмірлік маңызға ие, алайда қызмет етуі осылайша қамтамасыз етілмегендер де бар. Егер мидың маңызды мәні болса, асқазан да маңызды орган және біреудің науқастануы, басқаның да науқасы секілді өмірге қатер төндіреді. Кейде әлеуметтік ми деп атайтынға берілетін мұндай артықшылық неліктен? Басқару билігі орнатылатын барлық жерде оның бірінші және басты қызметі – нанымдарды, дәстүрлерді, ұжымдық салттарды құрметтеуге мәжбүр ету, яғни барлық, ішкі жаулардан да, сыртқы жаулардан да жалпы сананы

қорғау екендігін ескерсек, бұл қиындық оңай шешіледі. Сөйтіп, ол қызмет жалпы сананың символына, баршаның көзінше оның айқын көрінісіне айналады. Сондықтан ұжымдық санаға тән өмір оған, идеялардың туыстығы оларды білдіретін сөздер арқылы берілетіні секілді, сол қызмет арқылы беріледі. Міне, осылайша бұл өкімет ештеңемен салыстыруға келмейтін сипат алады. Бұл енді азды-көпті әлеуметтік қызмет емес, бұл іске асырылған ұжымдық тұрпат. Демек, ол ұжымдық тұрпат санаға үстемдік ететін беделді қалыптасыруға қатысады және оның күші осыдан туындайды. Бірақ бұл күш орныққан екен, ол өзі нәр ала беретін қайнар көзінен босанбай-ақ, ие болған басымдылығына орай ешқандай сыртқы себептен туындамайтын өзіндік қозғалыстарын өздігінен тудыруға қабілетті әлеуметтік өмірдің дербес факторына айналады. Екінші жағынан, бұл күш – тек жалпы санаға тән күштің туындысы болғандықтан, ол міндетті түрде соның қасиетіне ие болады да, соңғы күш мүлде олай сезінбеген кездің өзінде, дәл сол тәсілмен сезінеді. Ол кез-келген бітіспес күшті, қоғамның диффузиялық жаны бұл бітіспестікті сезбеген немесе соншама анық сезбеген кездің өзінде жасайтынындай, жолатпайды. Басқаша айтқанда, ол өзін ызаландыратын, бірақ ұжымдық сезімдерді сондай дәрежеде ызаландырмайтын қылықтарды қылмыс деп атайды. Бірақ ол өзінің қылмыстар мен теріс қылықтарды жасауына мүмкіндік беретін бүкіл қуатын нақ ұжымдық сенімдерден алады. Ол жоқ жерден келе алмайтыны секілді, басқа қайнар көзден келе алмайды; осынау шығарманың бүкіл бойында егжей-тегжейлі баяндалатын деректер фактылар осы түсіндіруді қуаттайды. Үкімет органының қылмыстық қарекеттер саны мен біліктілігіне тигізетін ықпалының көлемі оның байқататын күшіне байланысты. Күш, өз кезегінде, оның азаматтарға тигізетін ықпалымен немесе оларға қарсы бағытталған қылмыстардың танылған маңыздылық дәрежесімен өлшене алады. Біз бұдан әрі нақ даму төмен қоғамдарда осы ықпал мен маңыздылық дәрежесі ерекше зор екендігін, ал екінші жағынан, дәл сол әлеуметтік тұрпаттарда ұжымдық сана ең зор құдіретке ие екендігін көреміз32.

32 Àéòïà

Демек, нақ осы санаға үнемі оралып отыруға тура келеді; кез-келген қылмыс нақ содан төте немесе жанама түрде бастау алады. Қылмыс дегеніміз мүдделердің, тіпті маңызды мүдделердің бұзылуы ғана емес, өзіндік бір бақилық беделді қорлау. Бірақ тәжірибеде, ұжымдық күшті араластырмасақ, индивидтен жоғары тұратын моральдық күш жоқ. Айтпақшы, біз келген нәтижені назардан шығармаудың тәсілі бар. Қылмыс жазаны тудыратынымен сипатталады. Демек, егер біздің қылмысқа берген анықтамамыз дәл болса, ол жазаның барлық нышандарын түсіндіруге тиіс. Осы тексеруге кірісейік. Бірақ әуелі бұл нышандар қандай екендігін анықтап алу қажет.

ІІ Ең алдымен жаза нәпсі сіңірген реакциядан тұрады. Бұл нышан қоғамдардың мәдениеттілігі неғұрлым кемшін жерлерде, соғұрлым анық болады. Шынында да, алғашқы қауымдық құрылыстағы халықтар жазаға бола жазалайды, жазықтының азабынан өздері үшін ешқандай пайда күтпей-ақ, оны тек қана азаптау мақсатында азаптануға мәжбүрлейді. Бұл олардың әділ немесе пайдалы жазаны емес, жалпы жазаны күйттейтінімен дәлелденеді. Мәселен олар жазғырылатын қылық жасаған жануарларды33, немесе тіпті оның енжар құралы34 болған жансыз заттарды солай жазалайды. Егер жаза тек адамдарға қолданылса, ол көбіне тек жазықтыға ғана таралмай, жазықсыздарға да: оның әйеліне, балаларына, көршілеріне және т.б. таралады35. Бұлай болатыны, жазаның жанын құрайтын нәпсі, ол таусылған кезде ғана тоқтайтындықтан. Егер де жазаны тікелей туындатқан адамды құртқаннан кейін, нәпсіде әлі де күш қалса, ол әрі қарай таза механикалық түрде таралады. Тіпті жаза соншалық жұмсақ болып, жазықымен ғана шектелген күнде де, ол өзінің ықпалы қарсы бағытталған қылықтан көлемі жағынан асып түсуге талпынысымен өзін

Post. Bausteіne f`r eіne allgemeіne Rechtswіssenschaft, І, s.
230-231.

көрсетіп отырады. Өлім жазасына қоса қинаудың неше атасы қолданылатыны осыдан. Сонау Римнің өзінде ұры ұрлаған затын қайтаруға ғана емес, соның үстіне, екі есе немесе төрт есе айыппұл төлеуге тиіс болатын36. Айтпақшы, тальон ("қанға қан, жанға жан" принципімен белгіленетін жаза – ред.) секілді кеңінен таралған жаза кек алуға құмарлық нәпсісін қанағаттандыру емей немене? Бірақ, қазір жаза өзінің табиғатын өзгертті дейді: қоғам енді өш алу үшін емес, өзін-өзі қорғау үшін жазалайды дейді. Ол көрсететін азап оның қолында қорғанудың әдістемелік құралы қызметін ғана атқарады. Ол жазаның оған өздігінен қандай да бір қанағат беретіндігінен емес, жазадан қорқу жауыз ырықты күштен айыру үшін жазалайды. Жазаны белгілейтін ашу емес, ойластырылған көрегендік. Ілкі байқауларымыз, демек, ортақ сипатта бола алмайды; олар жазаның тек алғашқы қауымдық пошымына ғана қатысты болады да, оның қазіргі пошымына қатысты бола алмайды. Бірақ, жазаның осы екі түрін соншама күрт айыра білу үшін, олардың әртүрлі мақсаттармен қолданылатынын белгілеп қана қою жеткіліксіз. Салт табиғаты оны қолданатын адамдардың саналы ниеттері өзгеретіндіктен міндетті түрде өзгермейді. Ол іс жүзінде бір кездері сондай рөл атқара алатын, бірақ мұны байқамаған. Осынау жағдайда оның салдарларды жақсырақ түсініле бастады деген негізде ғана ол өзгереді деуге бола ма? Ол тіршіліктің жаңа жағдайларына елеулі өзгерістерсіз-ақ бейімделеді. Жаза жөніндегі жағдай да тап осындай. Кек дегеніңіз тек пайдасы жоқ қатыгездік қана деп түсіну, шынында да, қате. Қоспасыз алғанда кек механикалық және нысанасыз реакциядан, алдыартына қарамайтын есуастық қимылдан, қиратуға парасатсыз қажеттіктен өрбуі әбден ықтимал; бірақ ол қиратуға ұмтылған нәрсе іс жүзінде біз үшін қатер болды ғой. Демек, шынына келгенде ол, инстинкт деңгейіндегі және ойланбаған болса да, нағыз қорғаныс актысы. Біз өзімізге жамандық істелгені үшін ғана өш аламыз, ал бізге істелген жамандық – әрдайым қауіпті. Еке

36 Walter. Op. cіt., § 793.

инстинкті, түптеп келгенде, қауіп күшейткен өзін-өзі сақтау инстинктінен басқа ештеңе емес. Сонымен, адамзат тарихында кек тіпті де оған берілетін тұл да теріс рөлді ойнаған жоқ. Бұл белгілі бір құндылығы бар қорғаныс құралы, тек тұрпайы құрал. Кек автоматты түрде өзі көрсететін қызметті ұғынбайтынды, демек, ол реттеле алмайды. Ол өзін итермелейтін көрсоқыр себептердің ырқымен кездейсоқ таралады және оның екпінін ештеңе тежемейді. Біз өзіміз көздейтін мақсатты жақсырақ білетін қазіргі кезде, біз қолымызда бар құралдарды жақсырақ пайдалана аламыз; біз өзімізді неғұрлым жүйелі, демек, неғұрлым ұтымды қорғаймыз. Бірақ әу баста да, неғұрлым дөрекі жолмен болса да, сол нәтижеге қол жеткізетін. Қазіргі және бұрынғы жазаның арасында құз жоқ, демек, алғашқысының біздің өркениятты қоғамдарда атқаратын рөліне бейімделу үшін оның өзге бірдеңеге айналуының қажеттігі болған жоқ. Бар айырмашылық, ол өз қарекеттерін өзінің не істейтінін жете түсініп жасайды. Бірақ индивидуалдық немесе әлеуметтік сана өзі түсіндіретін болмысқа ықпал ете алатын болғанымен, оның табиғатын өзгерту күші онда жоқ. Құбылыстардың ішкі құрылымы олар жете ұғынылды ма, жоқ па, сол күйінде қалады. Олай болса, біз жазаның елеулі элементтері бұрынғы қалпында қалды деп санай аламыз. Шынында да, жаза, бері салғанда ішінара, өш алу актысы болып қалды. Бз жазықтыны азаптау үшін азаптамаймыз дейді; сонда да оның азап тартуын біз әділетті деп білетініміз де рас. Бәлкім, біздікі қате шығар; бірақ мәселе онда емес. Біз бұл арада жаза қандай болуы тиістігін емес, қандай екендігін яки қандай болғандығын анықтауға тырысамыз. Бірақ қазылардың тіліне ылғи орала беретін “қоғамдық кек” деген сөз бос сөз емес екені анық. Жаза шынында да бізге болашақта қорғаныш бола алатынын көздей отырып, біз оның ең алдымен өткеннің өтеуі болуға тиіс деп санаймыз. Бұл біз жазаның қылмыс мәніне мүмкіндігінше неғұрлым сай келуі үшін оны қаншалықты мұқият сақтықпен таңдайтынымыз дәлелдейді; егер біз жазықты өзі істеген жамандық үшін, дәл соған сәйкес азапталуға тиіс деп есептесек, олар түсініксіз болар еді. Шынында да, егер жаза – қорғаныс құралы ғана болса, осындай градация қажет

болмас еді. Сөз жоқ, егер де өте ауыр қылмыстар, кәдімгі теріс қылықтарға теңестірілсе қоғам үшін қауіпті болар еді. Бірақ көпшілік жағдайда екіншілері біріншілеріне теңестірілсе, қауіп одан да елеулі болар еді. Жауға қарсы тым көп сақтық шараларын қабылдау мүмкін емес. Бәлкім, кемірек қылмыстарға жазықтылардың жаны тым азғындай қоймаған, олардың жаман инстинктерін залалсыздандыру үшін кемірек жаза жеткілікті дейтін шығар? Бірақ егер олардың бейімі тым асқынып кете қоймаса, мұның өзі олар неғұрлым сирек көрінеді деген сөз емес. Ұрылар – ұрлыққа, кісі өлтірушілер – кісі өлтіруге асығып тұрады, ұрылар көрсететін қарсылық кісі өлтірушілер қарсылығынан кем емес, олай болса, оны еңсеру үшін, дәл сол құралдарға жүгінуге тиіспіз. Егер де әңгіме, біреулер айта беретіндей зиянды күшті қарама-қарсы күшпен жаныштау жайында ғана болса, онда екіншісінің қарқындылығы тек біріншісінің қарқындылығы бойынша, соңғысының сапасын есепке алмай, өлшенуге тиіс болар еді. Онда қылмыстық жазалар сатысы шамалы ғана баспалдақтардан тұрар еді; жаза қылмыстық әрекеттің табиғатына сәйкес емес, қылмыскердің жырындылығына қарай өзгеріп отырар еді. Баукеспе кісі өлтірушіге істелгені баукеспе ұрыға істелер еді. Бірақ іс жүзінде, тіпті қылмыскер мүлдем түзелмейтін болса да, біз өзімізді бәрібір, оған шектен тыс жаза қолдануға хақылымыз деп сезінбес едік. Бұл біздің тальон принципіне адал болып қалуымыздың дәлелі, бірақ біз оны бұрынғыдан неғұрлым жоғары мағынасында түсінеміз. Біз қазір қылмыстың көлемін де, жазаның көлемін де сондай материалдық және тұрпайы түрде өлшемейміз, бірақ біз әлі де осы мүшелердің екеуінің арасында, біз үшін пайдалы ма, жоқ па, соған қарамастан, теңдік болуы қажет деп ойлаймыз. Демек, жаза ата-бабаларымыз үшін қандай нәрсе болса біз үшін де сол күйінде қалды. Бұл бұрынғыдай кек актысы, өйткені бұл – өтеу. Инсаниятқа жасалған қорлық, – міне біз сол үшін кек аламыз, оны қылмыскер жазамен өтейді. Ерекше құлшыныс нышаны басқа жағдайларға қарағанда анығырақ болатын тағы бір жаза мынадай. Ол – жазаның көпшілігін ұлғайтатын және олармен бірге өсетін масқаралау. Ол көбіне-көп ештеңеге қызмет етпейді. Өзіне

ұқсастардың ортасында одан былай өмір сүрмеуге тиіс және өзінің құлқымен ең сұмдық қатерлер оны қорқытуға дәрменсіз екендігін дәлелдеген адамды несіне масқаралау керек? Басқа жаза жоқ кезде немесе әлсіз материалдық жазаға қосымша ретінде масқаралау түсінікті; керісінше жағдайда жаза екі мәрте қолданылады. Тіпті құқықтық жазаларға қоғам басқа жазалар жеткіліксіз болғанда ғана жүгінеді деуге болады; бірақ онда оларды сақтаудың қажеті қанша? Олар – жамандықты жамандықпен қайтару қажеттігінен басқа себебі жоқ өзіндік бір қосымша және нысанасыз жаза. Олардың инстинктік, еңсерілмейтін сезімдердің жемісі екендігі соншалық, жазықсыздарға да жиі таратылады. Мәселен, кейде қылмыс болған жерге, оның құралдарына, жазықтының туыстарына біз соңғысын жазалайтын жиіркеніштің бір бөлігі артылады. Бірақ осы диффузиялық жазаны туғызатын себептердің ұйымдасқан, оған ілесе жүретін жазаны туғызатын себептерден айырмасы жоқ. Мұның үстіне, жазаның қайнар көзі – түгелімен нәпсі саласында жататындығына көз жеткізу үшін соттарда оның қалай қызмет ететіндігін көру жеткілікті; айыптаушы да, қорғаушы да нақ соларға жүгінеді. Қорғаушы айыпталушыға бүйрек бұру сезімін туғызуға, айыптаушы қылмыстық қарекетпен бұзылған әлеуметтік сезімдерді оятуға ұмтылады, ал қазы осынау қарама-қарсы нәпсілердің ықпалымен үкім шығарады. Сонымен, жазаның табиғаты мәнісі жағынан өзгерген жоқ. Өш алуға деген қажеттілік бұрынғыдан қазір жақсырақ басқарылады деуге ғана болады. Күн ілгері көре білудің оянған рухы нәпсінің көрсоқыр қарекетіне бұрынғыдай кең өріс бермейді; ол оны белгілі шекте ұстайды, қисынсыз қатыгездікке және парықсыз зиян келтіруге қарсы шығады. Неғұрлым білімді болғандықтан ол кездейсоқ тарала бермейді; ол енді жай ғана өзін-өзі қанағаттандыру үшін жазықсыздарға қарсы қолданылмайды. Бірақ соған қарамастан ол жазалау өзегі күйінде қалып отыр. Демек, біз жаза тек жиілік деңгейі бойынша өзгешеленетін нәпсі сіңірген реакциядан тұрады дей аламыз37.

37 Àéòïà
øû, ì±íû µ

Бірақ бұл реакция қайдан шығады? Индивидтен бе, әлде қоғамнан ба? Жазалайтын қоғам екендігін әркім біледі; бірақ ол өз мүддесі үшін жазалауы мүмкін. Жазаның әлеуметтік сипаты жарияланғаннан кейін оның күшін тек үкімет қана қоғам атынан қайтара алатындығымен дәлелденеді. Егер де ол жеке адамдардың талабын қанағаттандыру болса, онда сол жеке адамдар әрқашан оның күшін қайтара алу ахуалында болар еді: бұл танылған артықшылық болар еді, ал ондай артықшылықтан бас тарта алмау жайтын елестету мүмкін емес. Егер де жазалау құқығы тек қоғамда ғана болса, бұл индивидтердің мүдделері қозғалған кездің өзінде оның мүдделері қозғалатындықтан, және нақ соған қарсы бағытталған қаскүнемдік жазаланатындықтан. Алайда жазаның орындалуы жеке адамдардың ырқына байланысты болатын оқиғаларды келтіруге болады. Римде кейбір теріс қылықтар жәбірленуші жақтың пайдасына, айыппұлмен жазаланатын, жәбірленуші одан бас тартып, одан мәміле пәнін жасай алатын. Дәлелденбеген ұрлық, тонау, қорлау, әділетсіз келтірілген нұқсан осылай болатын38. Жеке (delіcta prіvata) деп аталатын осы теріс қылықтар жазалануы мемлекет атынан жүргізілетін қылмыстарға қарсы қойылатын. Дәл сол айырмашылықты біз Грекиядан, еврейлерден көреміз39. Алғашқы қауымдық халықтарда кейде жаза – одан да әрі жеке іс, оны вендетта салты дәлелдейтін секілді. Бұл қоғамдар аты ғана отбасы табиғатының қарапайым агрегаттарынан құралған болатын және олар аталық (клан) деп сәтті нобайланып жүр. Қылмыс аталықтың бір немесе бірнеше мүшесі тарапынан басқаға қарсы жасалған кезде, соңғысы өзі ұшыраған қорлау үшін өзі жазалайтын болған40. Қарастырылып отырған теория тұрғысынан алғанда бастапқы кезде вендетта жазалаудың бірден-бір пошымы болды дейтін кең таралған пікірдің арқасында бұл фактылардың маңызы одан сайын, бері салғанда сырттай күшейе түседі; жаза, осылай, әу баста жеке кек

38 Reіn. Op. cіt., 111-бет.

қайтару актысы болған. Егер де қоғам қазір жазалау құқығына ие болып отырса, бұл оны құрайтын индивидтер тарапынан жасалған тапсырма секілді бірдеңенің арқасы сияқты. Қоғам тек олардың уәкілі ғана. Ол өзінің төл ісін емес, солардың ісін жүргізеді, және, бұл, тегінде оны жақсырақ жүргізетіндіктен болар. Әу баста жекелеген адамдар өзі үшін өзі өш алатын, енді олар үшін қоғам өш алады, бірақ қылмыстық құқық осы қарапайым өткізіп беруден өзінің табиғатын өзгерте алмайтындықтан, осы теорияға сәйкес, онда әлеуметтік ештеңе жоқ. Егер қоғам басым рөл атқаратын болса да, мұны тек индивидтердің орынбасары ретінде ғана атқарады. Бірақ, бұл теория қаншалықты кең таралғанмен, ол ең берік анықталған фактыларға қайшы. Вендетта жазаның бастапқы пошымы болған бірде-бір қоғамды атау мүмкін емес. Керісінше мүлдем басқаша, қылмыстық құқық әу баста негізінен діни құқық болғандығы шүбәсыз анықталған. Бұл факт Үндістан мен Иудеяға қатысты айқындалған, өйткені оларда болған құқық аян арқылы алынған деп саналған41. Мысырда басқаруға қатысты барлық басқа заңдармен бірге қылмыстық құқықты қамтыған Герместің он кітабы абыздық кітаптар деп аталған, және Элиан ең ежелгі заманнан-ақ мысырлық абыздар сот міндеттерін атқарған деп кесіп айтады42. Ежелгі Германияда да дәл солай болған43. Грекияда сот төрелігі Юпитерден өрбиді, ал жаза – құдайдың кек қайтаруы деп қарастырылған44. Римде қылмыстық құқықтың діни шығу тегі ежелгі дәстүрлерден де45 ұзақ уақыт бойы сақталған архаикалық салттардан да, заң терминологиясының өзінен де46 көрінеді. Бірақ дін – іс жүзінде әлеуметтік құбылыс. Ол тек таза индивидуалдық мақсатты көздеп қана қоймайды, индивидке үнемі қысым жасап отырады. Ол индивидті оның адымын тарылтатын салттарды ұстануға, аз болсын, көп болсын, қымбат тұратын

42 Thonіssen. Etudes sur І'hіstoіre du droіt crіmіnel, І, 107-бет. 43 Zopfі. Deutsche Rechtsgeschіchte, S. 909. íºïñ³ ð³). 45 Walter. Op. cіt., § 788. 46 Reіn. op. cіt., 27-36-беттер.

құрбандық шалуға міндеттейді. Ол құдайға сыйлауға міндетті сыйлықтарға шығындануға тиіс; ол өзінің жұмыс уақытынан немесе өзінің көңіл көтеру уақытынан ритуал үшін қажет бос уақыт табуға тиіс; ол өзіне әртүрлі шектеулер қоюға тиіс; егер құдайлар бұйрық етсе, тіпті өмірден бас тартуға тиіс. Діни өмір түгелімен бас тарту мен риясыздықтан тұрады. Демек, егер қылмыстық құқық әу бастан діни құқық болса, ол қызмет еткен мүдделер мәнісі жағынан қоғамдық мүдделер екендігіне құлай сенуге боларлық. Құдайлар жеке адамдардың реніштері емес, өздерінің төл реніштері үшін кек алады; бірақ құдайларды ренжіту дегеніміз – қоғамды ренжіту. Сондықтан дамуы төмен қоғамдарда қоғамдық бірдеңені қорлайтын нәрсе – ең көп теріс қылықтар; бұл дінге, құлықтарға, беделге және басқаларына қарсы теріс қылықтар. Библияда, Ману заңдарында, ежелгі мысырлық құқықтан бізге жеткен ескерткіштерде кісіні қорғайтын нұсқауларға салыстырмалы түрде соншама аз орын берілгендігіне, және керісінше, күнаһарлықтың әрқилы пошымдары жөнінде әрқилы діни міндеттерді, салтанат талаптарын елемеу және т.б. жөнінде жазалау заңдарының қаншалық толысқанына көз жүгіртсек жеткілікті47. Сонымен бірге нақ сол қылмыстар барынша қатаң жазаланады. Еврейлерде ең сұмдық қылмыстар – дінге қарсы қылмыстар48. Ежелгі германдықтарда, Тациттің сөзіне қарағанда, тек екі қылмыс қана: опасыздық пен қашқындық өліммен жазаланған49. Құңфудзы мен Мэнцзы бойынша, құдайсыздық – кісі өлтіруден әлдеқайда ауыр50. Мысырда ең елеусіз күнаһарлық өліммен жазаланған51. Римде қылмыстық сатының ең жоғары баспалдағында crіmen perduellіonіs тұрған52. Бірақ сонда мысалдарын біз ілгеріде келтірген жеке қылмыстар дегеніміз не? Олар – табиғаты аралас және бір мезгілде жазалау және реститутивтік санкциямен байланысты қылмыстар. Мәселен, рим құқығының delіctum prіvata саласы қылмыстардың өзі мен таза азаматтық жөнсіздіктер арасындағы орташа

47 Қараңыз: Thonіssen, passіm.
48 Munck. Palestіne, 216-бет.
50 Plath. Gesetz und Recht іm alten Chіna, 1865, S. 69, 70.
51 Thonіssen. Op. cіt., І. 145-бет.

52 Walter. Oh. cіt., 803.

бірдеңе. Онда екеуінің де белгілері бар және екі саланың шекарасында ауытқып тұрады. Бұл заңмен белгіленген санкция дүниені жай ғана бұрынғы ретіне келтіруден тұрмайды деген мағынада қылмыс болады; заңды бұзған адам келтірілген нұсқанды өтеп қоюға міндетті емес, оның үстіне одан да басқа бірдеңеге – кінәсінен арылуға қарыз. Сонда да болса бұл анық қылмыс емес, себебі қоғам жазаны жариялай отырып, оның қолданылуына билік етпейді. Ол бұл құқықты оны қолдауынша қолданатын жәбірленуші жаққа береді53. Дәл сол секілді вендетта дегеніміз қоғам заңды деп танитын, бірақ оны қолдану шаруасын жеке адамдарға беретін жаза екені анық. Бұл фактылар жазаның табиғаты туралы тек біздің айтқандарымызды қуаттайды. Егер аралық санкцияның бұл түрі – ішінара жеке нәрсе болса, онда дәл сол шамада ол жаза да емес. Соған қарамастан онда қоғамдық сипат неғұрлым жуып-шайылған болған сайын оның қылмыстық сипаты да соғұрлым азырақ білінеді, және керісінше болады. Демек, жеке кек – тіпті де жазаның прототипі емес; керісінше, бұл жартыкеш жаза ғана. Жеке кісіге қарсы қылмыстар жазаланатын алғашқы қылмыстар болған жоқ; әу баста олар тек қылмыстық құқықтың табалдырығында ғана тұрды. Олар қоғам оларды толық игерген шамада ғана қылмыстылық сатысымен өрлей берді және бізге суреттеудің қажеті жоқ бұл операция, әрине, жай ғана бере салуға сайған жоқ. Мүлдем керісінше, жазаның осы түрінің тарихы – қоғамның индивидуалдық салаға, немесе, дұрысы ол қанатының астына алатын элементар топтар өрісіне басып кірудің үздіксіз қатары ғана. Ал осы басып кірудің нәтижесі – жеке адамдар құқығының орнын қоғам құқығы барған сайын иелене береді54. Бірақ жоғарыда айтылған белгілер құқықтық жазаға қаншалық тән болса, жай ғана инсансыз қарекеттерге ілесе жүретін диффузиялық жазаға да соншалық тән. Құқықтық жаза, біз айтқандай, ұйымдасқан сипатта болуымен ерекшеленеді. Бірақ бұл ұйымдасу неден тұрады?

³ ‰ø³í èíäèâèä µø

Қылмыстық құқық туралы оның қазіргі біздің қоғамдарымызда қызмет ететін түрінде сөз еткенде, нақты айқындалған жазалар дәл сондай айқындалған қылмыстармен байланысқан кодексті елестеді. Қазыда, әрине, осы жалпы нұсқауларды әрбір жеке жағдайға қолдану үшін белгілі өріс бар; бірақ өзінің негізгі белгілерінде жаза қылмыстық қарекеттердің әрбір санаты үшін алдын ала айқындалған. Алайда осы шебер ұйымдастырылу жаза үшін маңызды емес, өйткені соңғысы алдын ала айқындалмаған көптеген қоғамдар бар. Библияда аса жоғары дәрежеде әмір сипатында болатын тыйымдар аз емес, сөйте тұра олар ешқандай айқын тұжырымдалған жазалармен санкцияланбайды. Алайда, олардың қылмыстық сипаты күмәнсіз, өйткені мәтін жаза жайын тілге тиек етпеген күнде де, ол тыйым салынған қылыққа жиіркеніш білдіретіні сондай, оның жазасыз қалуын бір сәтке де елестете алмайсың55. Демек, заңның бұл үнсіздігі жазаның айқындалмауынан туындайды деп санауға негіз бар. Шынында да, Бескітаптың көптеген әңгімелері қылмыстық мәні даусыз болып, олар үшін жазаны тек оны қолданған қазы ғана белгілеген қылықтар болғанын айтады. Қоғам қылмысты ұшыратқанын өте жақсы білетін, бірақ оған ілесе жүруге тиіс қылмыстық санкция әлі анықталмаған еді56. Ол-ол ма, тіпті заң шығарушы тұжырымдаған жазалардың ішінде дәл ескертілмеген көптеген жазалар бар. Мәселен, біз жазаның бір-бірінен айырмашылығы мол талай түрлері болғанын білеміз, және, алайда көп жағдайда мәтіндер жазаның қай түрі қолданылуы керектігін айтпайтынын былай қойғанда, өлім жөнінде тек жалпылама түрде ғана айтады. Самнер Мэнге сенсек, ежелгі Римде де солай болған; crіmіna өзінің билігімен жазаны айқындап, сонымен бір мезгілде айып етіп тағылған фактының шындығын анықтайтын халық жиналысының алдында қаралатын57. Айтпақшы, ХVІ ғасырға дейін қылмыстық құқықтың жалпы принципі “жазаның қолданылуы қазының (arbіtrіo et offіcіo juducіo ...) ырқына

îƒà

XXІV, 12-16.

57 Ancіen droіt, 353-бет.

беріліп отырған”. Қазыға тек әдетте қолданылатын жазадан басқа жазаны ойлап табу рұқсат етілмеген”58. Қазының бұл билігінің басқа бір салдары қылмыстық қарекеттің жіктелуі оның бағасына тікелей байланысты болатын, демек, оның өзі де айқындалмаған болғаны59. Сонымен, жазаның осы түрінің ерекше ұйымдастырылуы жазаның реттелуінен тұрмайды. Қылмыстық процедураның белгіленуімен де мәселе дәл солай; біз келтірген фактылар оның ұзақ уақыт бойы жоқ болғандығын кәміл дәлелдейді. Ұйымдастырудың жаза қолданылатын барлық жерде кездесетін бірден-бір фактысы, сонымен, соттың құрылуына ғана саяды. Ол қалайша құрылса да – ол бүкіл халықты әлде тек элитаны ғана қамти ма, істі орнатуда және жазаны қолдануда ретке келтірілген процедураны сақтай ма, жоқ па, – қылмысты әркімнің емес, белгіленген персоналдың соттай алуының өзімен-ақ, ұжымдық реакция делдал ретінде белгіленген органға ие екендігімен-ақ, ол диффузиялық болудан қалады: ол ұйымдасқан. Ұйымдастыру неғұрлым мінсіз бола алады, бірақ осы сәттен бастап ол бар. Сонымен, жаза, шын мәнісінде, нәпсі сіңірген әртүрлі жиілік дәрежесіндегі реакциядан тұрады, оны қоғам белгілі құлық ережелерін бұзған мүшелеріне белгіленген орган арқылы жүзеге асырады. Қылмыстың біз берген анықтамасы жазаның барлық осы нышандарын опоңай елестетуге мүмкіндік береді.

ІІІ

Сананың әрбір күшті ахуалы өмірдің қайнар көзі; бұл біздің жалпы өміршеңдігіміздің маңызды факторы. Демек, оны әлсіретуге ұмтылатынның бәрі бізді төмендетіп, қорлайды; осыдан алаңдаушылық пен дәрменсіздік сезімі туындайды, бұл қайсыбір маңызды орган өзінің қызмет етуін тоқтатқанда немесе баяулатқанда біз бастан кешіретін сезім секілді. Осындай төмендету

58 Du Boys. Hіstoіre du droіt crіmіnel des peuples modernes. VІ. 11-бет. 59 Іbіd., 14-бет.

арқылы бізге қатер төндіретін себепке жігерлі реакция сөзсіз болады: біз өзіміздің сананымыздың тұтастығын сақтау үшін оны жоюға ұмтыламыз. Осы қарекетті тудыратын себептердің бірінші қатарына сананың қарамақарсы ахуалы түсінігін қою қажет. Түсінік шын мәнісінде – болмыстың қарапайым бейнесі емес, бізге заттардан түсіп тұратын бейтарап көлеңке емес; бұл органикалық және психикалық құбылыстардың тұтас бір құйынын туғызатын күш. Идеялардың туындауымен ілесе жүретін жүйке ағымы өзі пайда болған нүкте айналасындағы қабықты орталықтарда жылдам өтіп, бір шырмаудан екіншісіне көшіп қана қоймайды, қозғалыс тудыратын қозғалтқыш орталықтарда, бейнелерді оятатын, ара-тұра иллюзияның

бастауын шақыратын, тіпті вегативтік қызметті қамти алатын сезім орталықтарында шағылысады60. Түсініктің өзі қарқындырақ, оның эмоциялық элементі неғұрлым дамыған болса бұл көрініс соғұрлым елеулі. Мәселен, сезім жөніндегі біздікіне қарама-қарсы түсінік біздің бойымызда ол субституты (алмастырғышы) болып табылатын сезімнің бағытында және сол секілді қарекет етеді. Осы соңғысы біздің санамызға өзі сіңетіндей болады. Ол түсінік әлсіздеу болғанымен, дәл сезімнің өзі секілді симпатияларға ие; ол дәл соныкіндей идеяларды, дәл соныкіндей қозғалыстарды, дәл соныкіндей эмоцияларды оятуға ұмтылады. Осылайша ол біздің төл сезіміміздің ойынына қарсылық білдіріп, демек, оны әлсіретіп, біздің жігеріміздің елеулі бөлігін қарама-қарсы жаққа бағыттайды. Бұл бөтен күштің, біздің психикалық өміріміздің еркін қызмет етуін бұзу үшін, бойымызға енуімен бірдей нәрсе. Міне сондықтан да, біздікіне қарама-қарсы көзқарас біздің тыныштығымызды бұзбай, біздің көзімізше көрініс бере алмайды; бұлай болатыны ол дереу біздің бойымызға сіңеді де, онда ұшырасатын барлық нәрсемен бітіспес болып, нағыз тәртіпсіздіктер туғызады. Дау жоқ, жанжал тек абстрактілі идеялар саласында жүріп жатқанда, ол азапты ештеңеге ұрындырмайды, өйткені онда терең ештеңе жоқ. Сана-сезімдегі бұл идеялардың өрісі ең асқақ және сонымен бірге ең үстірт өріс, және онда болып жататын өзгерістер, ауқымды шағылыса

қоймайтындықтан, бізді жанап қана өтеді. Бірақ әңгіме бізге қымбат нанымсенімге тірелгенде, оған жүгенсіз тиісуге біз жол бермейміз және жол бере де алмаймыз. Оған қарсы бағытталған кез-келген қорлау қорлаушыға қарсы екпіні әрқилы реакция тудырады. Біз күрт көтерілеміз, біз ыза боламыз, біз сол үшін оған ашуланамыз да, осылайша көтерілген сезімдер қылығымыздан көрініс таппай қоймайды: біз одан қашқақтаймыз, біз одан аулақ жүреміз, біз оны қоғамнан аластаймыз және т.б. Біз, әрине, әрбір күшті сенім міндетті түрде тағатсыз деп кесіп айтпаймыз; керісінше екендігін дәлелдеу үшін қысқаша байқап-бақылау жеткілікті. Бірақ гәп мынада, сондай кезде сыртқы себептер біз жаңа ғана салдарларын талдаған себептерді бейтараптандырады. Мысалы, қарсыластар арасында олардың атагонизмін тежеп жұмсартатын өзара симпатия болуы мүмкін. Бірақ бұл симпатия атагонизмнен күштірек болуға тиіс; олай болмаса, ол оны жеңе алмайды. Немесе екі жақ та күрестің ештеңе бермейтініне көз жеткізіп, одан бас тартады да, өзінің салыстырмалы жағдайын сақтап қалғанына қанағаттанады; олар бір-бірін жоя алмайтындықтан, бір-бірін төзеді. Діни соғыстардың нәтижесінде пайда болатын екі жақты тағаттылық көбіне осындай сипатта болады. Барлық осы жағдайларда, егер сезімдер тартысы өзінің табиғи салдарын тудырмаса, мұның себебі олардың оның бойында жоқтығынан емес, оған оларды білдіруге кедергі жасалуында. Айтпақшы, бұл салдар міндетті түрде туындайтындығымен, сонымен бірге пайдалы да. Оларды тудыратын себептерден амалсыз өрбитін олар сол себептердің сақталуына жәрдемдеседі. Осы буырқанған эмоциялардың бәрінде шабуылға ұшыраған сезімді титықтатқан жігерді қайта жануға қажет қосымша күштерді шақыру болады. Кейде ашу пайдасыз, өйткені ол тек қиратушы нәпсіні қоздырады дейді, бірақ бұл бір жақты көзқарас. Шынына келгенде ашу әбден ширығып, біздің жеке сезіміміздің төнген қатерге қарсы тұруына көмектесетін жасырын да бос күштерді нығайтудан тұрады. Тыныштық жағдайында, егер солай деуге болатын болса, сезім күрес үшін жеткілікті қаруланбаған; егер де қажет сәтте нәпсі резервтері іске қосылмаса, ол жойылып

кетер еді. Ашу – осы резервтерді жұмылдырудың нақ өзі. Осылайша шақырылған көмек қажетті мөлшерден артық болып шығуы да мүмкін, ондайда пікірталастың нәтижесінде біздің сенімдеріміз шайқалмайды, қайта одан сайын күшейе түседі. Бір-бірімен байланысты адамдар қоғамы сезінетіндігінің арқасында ғана наным немесе сезім қандай жігер алатыны белгілі; бұл құбылыстың себептері қазір жақсы мәлім61. Қарама-қарсы ахуалдағы саналар бір-бірін қалай әлсірететіні секілді ұқсас ахуалдар біріге отырып, бірін-бірі күшейтеді. Біріншілері алынады, екіншілері қосылады. Егер әлде біреу бізде бұрыннан бар идеяны алдымызда білдірсе, бізде ол жайында қалыптасатын түсінік біздің төл идеямызбен ұштасады, оған қосылады, онымен бірігеді де, оған оның өзіндегі өміршеңдіктің бәрін береді. Осы бірігуден бұрынғы идеяларды сіңіріп жіберетін, демек, олардың жеке-жеке алғандағы әрқайсысынан өміршең жаңа идея туады. Көптеген жиындарда эмоцияның ернеуінен асып-төгіліп жататындығы міне сондықтан; әрбір санада бой көтерген ол, барлық басқаларда шағылысады. Біздің төл табиғатымыздың арқасында, қандай да бір ұжымдық сезім біздің бойымызда қарқын алуы үшін оны өзіміздің сезінуіміздің қажеті де жоқ: біздің оған қосатынымыз сайып келгенде шамалы ғана. Ол сезім өзінің қайнар көздерінен алған күшпен сырттан сіңіп, бізге берілуі үшін біздің аздыкөпті құнарлы топырақ болуымыз жеткілікті. Қылмыспен қорланатын ұжымдық сезімдер – қоғамда ең кең таралған сезімдер болғандықтан, олар жалпы сананың ең күшті ахуалына жататындықтан, олар қайшылыққа төзе алмайды. Егер де осы қайшылық таза теориялық болмаса, ол тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орнықса, онда ол өзінің шарықтау шегіне жетеді де, біз оған алай-түлей қарсы шықпай тұра алмаймыз. Бұзылған реттіліктің жай ғана қалпына келтірілуі бізге жеткіліксіз; бізге әлдеқайда күштірек қанағат табу қажет. Қылмыс тап болатын күш соншама жайбарақат қалуға тым қарқынды. Бұл қарқын азаймай, ол мұны істей де алмас еді, өйткені нақ реакцияның қарқыны арқасында ол қайтадан өзіне-өзі ие болып, өзін сол жігер деңгейінде

61 Қараңыз: Espіnas. Socіetes anіmales, passіm. P., F. Alcan.

ұстайды. Көбіне-көп иррационалды деп саналған осынау реакцияның сипатты белгілерінің бірін түсіндіруге болады. Күнадан арылу ұғымының негізінде біздің үстімізде тұратын біршама нақты немесе идеалдық күшке бағышталған қанағаттандыру идеясы тұратыны күмән туғызбайды. Егер біз қылмыс үшін жазалауды талап етсек, ол жеке өзіміз үшін кек алғымыз келетіндіктен емес; біз өзімізден тыс және жоғары тұрған, өзіміз азды-көпті бұлдыр сезетін әлдебір қасиетті нәрсе үшін кек аламыз. Бұл нәрсені біз уақыт пен ортаға байланысты әрқалай түсінеміз; кейде бұл қарапайым идея, мысалы инсаният, борыш; көбіне-көп біз оны бір немесе бірнеше нақты тіршілік иесі: ата-бабалар аруағы, құдай деп білеміз. Қылмыстық құқықтың, шын мәнісінде, өзінің пайда болуы кезінде ғана діни емес, сонымен бірге діншілдіктің кейбір мөрін тұрақты сақтайтыны сондықтан: ол жазалайтын қылықтар тіршілік иесі немесе ұғымдар секілді трансценденталды бірдеңеге қарсы қылмыстың мәнісі. Осынау қылықтардың бізге таза адами мүдде саласында қанағат тұтатын жай ғана өтемнен гөрі неғұрлым елеулі жазаға лайық секілді болып көрінетінін біз өзімізге өзіміз дәл солай түсіндіреміз. Бұл түсінік, әрине, иллюзия: белгілі бір мағынада біз дәл өзіміз үшін өш аламыз, өзімізді біз қанағаттандырамыз, өйткені бізде, және тек қана бізде қорланған сезімдер бар. Бірақ бұл иллюзия қажет. Бұл сезімдердің – өзінің ұжымдық шығу тегі, өзінің әмбебаптығы, өзінің ұзақтығы, өзінің ішкі қарқындылығы салдарынан – ерекше күші болатындықтан, олар біздің санамыздың ахуалы едәуір әлсіз басқа бөлігінен түбірімен бөлінеді. Олар бізді билеп-төстейді, оларда адамнан тыс бірдеңе болады және сонымен бірге біздің өткінші өмірден тыс тұратын объектілерге матайды. Сондықтан олар бізге қандай да бір бөгде күштің, біздің өзімізден неғұрлым құдіретті күштің бізге шағылысып естілетін жаңғырығы секілді көрінеді. Біз оларды өзімізден тыс жерге түсіріп, оларға қатысы бар нәрсені қайсыбір сыртқы объектіге жатқызуға мәжбүрміз. Қазіргі кезде кісінің кісіні осынау ішінара шеттетуі қалай жүргізілетіні белгілі. Бұл сағымға дауа жоқ, сондықтан жазалау жүйесі өмір

сүріп тұрғанда, ол қандай да бір пошымда қайта-қайта көрініп отыратын болады. Басқаша болуы үшін біздің бойымызда тек орта қарқынды ұжымдық сезімдер болуы қажет болар еді; ал мұндай жағдайда одан әрі жаза дегеніңіз болмас еді. Бәлкім, адамдар оны жете ұғынған бойда, адасу өз-өзінен жойылады дейтін шығар? Бірақ біз күн дегеніңіз орасан зор шар екендігін біз тамаша білеміз, десек те, біз оны бірнеше саусақ шамасындағы диск түрінде көреміз. Түсіну бізді сезімдеріміздің білдіретінін пайымдауға үйрете алады, бірақ оларды өзгерте алмайды. Айтпақшы, бұл шамалы ғана адасу. Бұл сезімдер ұжымдық болғандықтан, олар біздің бойымызда бізді емес, қоғамды білдіреді. Олар үшін өш ала отырып, біз, демек, өзіміз үшін емес, сол үшін өш аламыз, ал қоғам индивидтен әлдеқайда жоғары нәрсе. Сондықтан осындай күнадан арылудың жалған діни сипатынан қандай да бір паразиттік шодырды көру қате. Бұл, керісінше, жазаның етене бөлігі. Сөз жоқ, ол жазаның табиғатын тек метафоралық түрде көрсетеді, бірақ бұл метафорада ақиқат бар. Екінші жағынан, қылмыстық құқықтың ықпалы барлық жағдайларда бірдей болмайтыны түсінікті, өйткені оны тудыратын эмоциялар әрдайым бірдей бола бермейді. Олардың пәрменділігі қозғау салынған сезімдердің пәрменділігіне және бастан кешірген қорланудың елеулілігіне байланысты. Сананың күшті ахуалы әлсіз ахуалдан гөрі, күштірек жауап қайтарады, ал қарқыны бірдей екі ахуал олар ұшырайтын кереғарлықтың күшіне сәйкес бірдей жауап қайтармайды. Бұл өзгерістер қалай да болады; ол-ол ма – олар пайдалы, өйткені шақырылатын күштер шамасының қауіп шамасына пара-пар болып келуі маңызды. Егер олар аз болса, олар жеткіліксіз болуы мүмкін; олар тым көп болса, бұл құр бекер шығын болар еді. Қылмыстық актының мәні дәл сол факторлардың қызметтерінде өзгеретіндіктен, қылмыс пен жазаның арасындағы барлық жерде байқалатын пропорциялылық механикалық жолмен өзінен өзі белгіленеді, және де оны есептеп шығару үшін ғылыми дәлелдің қажеті жоқ. Қылмыстар градациясын туғызатын себеп оны жаза үшін де тудырады. Шкаланың екеуі де бір-біріне сәйкес келмей тұра алмайды және осы сәйкестік, сөзсіз болатындықтан, бір мезгілде пайдалы болуын да тоқтатпайды.

Осынау ықпалдың әлеуметтік сипатына келсек, ол қорланған сезімдердің әлеуметтік табиғатынан туындайды. Қорланған сезімдер барлық саналарда болатындықтан, жасалған қылмыс оның куәгерлерінің немесе оның бар екендігін білетіндердің барлығының бойында бірдей ашу-ыза тудырады. Жәбірленбеген ешкім жоқ, сондықтан шабуылға барлығы қарсы. Реакция ортақ сипатта ғана емес, ұжымдық сипатта да болады, бұл бірдей нәрсе емес; ол әрбір адамда оқшау түрінде жүрмейді, келісілген түрде, айтпақшы жағдайға байланысты өзгеріп отыратын түрде жүреді. Қарама-қарсы сезімдер бір-бірінен серпілетіні секілді, ұқсас сезімдер олар неғұрлым қарқынды болса, соғұрлым үлкен күшпен бір-біріне тартылады. Қайшылық дегеніңіз оларды шиеленістіретін қауіп болғандықтан, олардың бір-біріне тартылатын күшін күшейте түседі. Отандастарынды көру қажеттігін бөтен елдегідей еш жерде бастан кешірмейсің; діншіл адам ешқашан діндестеріне жақындық сезімін қуғын-сүргін заманындағыдай сезінбейді. Біз кез-келген уақытта өзіміз секілді ойлап, сезетін адамдар ортасын жақсы көретініміз даусыз. Бірақ біздің ортақ сенімдеріміз тегеурінді шабуылға тап болған таластан кейін біз оларды қуанақуана ғана емес, жанталаса іздейміз. Демек, қылмыс адал жандарды жақындастырады әрі біріктіреді. Инсанияттық жағынан ашу туғызатын қандай да бір жанжал бұрқ ете қалғанда не болатынына (әсіресе шағын қалашықта) көз жүгірту жеткілікті. Болған оқиғаны тілге тиек етіп, бірлесе ызалану үшін көшелерде тоқтайды, бір-біріне барады, белгіленген жерде жиылады. Осынау барлық алмасылатын, бір-біріне ұқсас әсерлерден, ашудың осы барлық көріністерінен жағдайға қарай, азды-көпті айқындалған бірыңғай ашу-ыза бөлініп шығады. Ол жеке алғанда ешкімдікі болмай-ақ, әркімнің ашуы болып табылады. Бұл – қоғамдық ашу-ыза. Айтпақшы, ол да өздігінен-ақ бірдеңеге пайдалы бола алады. Расында да, дүрліккен сезімдер өзінің бүкіл күшін олардың баршаға бірдей болуынан алады; олар жігерлі болады, өйткені даусыз нәрсе. Оларды баршаның қадірлейтіні оларға ерекше құрмет береді. Бірақ қылмыс осы құрмет әлі толық әмбебап емес кезде ғана мүмкін; демек, қылмыс осы сезімдер абсолютті

ұжымдық емес екендігін байқатады және осы бірауыздылықты, олардың беделінің қайнар көзін қозғайды. Сондықтан, егер де ол қозғайтын саналар бірбіріне ұқсас болып қалатынын, осы жеке оқиға – ауытқу екендігін көрсету мақсатында бірікпеген болса, олар біртіндеп әлжуаз бола бастар еді. Бірақ олардың үнемі келісімде екендігін бір-біріне куәландырып, күшейе түскені қажет; мұның бірден-бір құралы – олардың бірлескен реакциясы. Қысқасы, ортақ сана қозғалғандықтан, оның өзі қарсылық жасауы, демек, қарсылық ұжымдық болуы талап етіледі. Оның неліктен ұйымдасатынын түсіндіру ғана қалады. Егер ұйымдасқан жаза диффузиялық жазаға қарама-қарсы еместігін, бірақ одан дәрежесімен ерекшеленетінін ескерсек, осы соңғы нышанды түсіндіруге болады: бұл ретте реакция неғұрлым бірауызды. Бірақ іс жүзінде жаза кек қайтаратын сезімдердің неғұрлым жоғары қарқыны мен анықтығы осынау неғұрлым толық бірлікті оңай түсіндіреді. Шынында да, егер сананың терістелетін ахуалы әлсіз немесе егер ол әлсіз терістелетін болса, ол қозғау салынған саналардың тек әлсіз шоғырлануын ғана тудыра алады; керісінше, егер ол күшті болса, егер қорлау елеулі болса, бүкіл қозғау салынған топ қауіп алдында топтаса түсіп, былайша айтқанда, өзінің айналасына жиналады. Адамдар неғұрлым кездейсоқ әсер бөлісуді, біресе анда, біресе мұнда кездейсоқ жақындасуды немесе кездесу аса ыңғайлы жерде өтуін қанағат тұтпайды. Азаздап ұлғая түсетін толқу өзара ұқсастардың бәрін бір-біріне қатты тартып, оларды бір жерде тоғыстырады. Агрегаттың осынау материалдық тығыздалуы ақылдың өзара кірігуін неғұрлым тығыз етіп, сондай-ақ бүтіннің бүкіл қозғалысын неғұрлым оңай қылады. Сахнасы әрбір сана болып табылатын эмоциялық реакциялар, демек, бірігу үшін ең қолайлы жағдайда болады. Алайда, егер де олар сапасы жағынан да, саны жағынан да тым алуан түрлі болса, осы ішінара әркелкі және басы піспейтін элементтер арасында толық қосылу мүмкін болмас еді. Бірақ біз оларды тудыратын сезімдер өте нақты екендігін, демек, бір-бірімен астасып кетуге, олардың субституты қызметін атқаратын және әрбіреуімен жеке-жеке емес, осылайша қалыптасқан әлеуметтік

организммен іске қосылатын бірыңғай тең қарекет етушіге айналуға тиіс екендігін білеміз. Жазаның тарихи генезисі осылай болғанын көптеген фактылар айғақтайды. Шынында да, сот міндетін әуелі тұтас алғанда халық жиналысы атқарғандығы мәлім. Тіпті біз жоғарыда Бескітаптан62 келтірген мысалдарға жүгінсек те, жағдай нақ осылай болғанын көреміз. Қылмыс жайында хабар тараған бойда халық жиналатын, және жаза күн ілгері анықталмағанымен, реакция бірауызды болатын. Кейбір жағдайларда, үкім жарияланған бойда, оны халықтың өзі ұжымдасқан түрде дереу орындайтын63. Кейінірек жиналыс көсеммен алмастырылған жерде, көсем толық немесе ішінара қылмыстық-құқықтық ықпалдың органына айналды да, ұйым кез-келген органикалық дамудың заңдарына сәйкес дамыды. Сонымен, жазаны, демек, қылмысты нақ ұжымдық сезімдер табиғаты түсіндіреді. Мұның үстіне, үкіметтік қызметтердің (олар пайда болған бойда) қолындағы ықпал күші қоғамда диффузиялық ахуалда болатын күштің тек эманациясы екендігін тағы да көреміз, өйткені ол соңғысынан шығады. Біріншісі тек екіншісінің шағылысуы ғана; біріншісінің көлемі екіншісінің көлемі секілді өзгереді. Мұның үстіне қосарымыз, билікті орнату ортақ сананың өзін қолдап отыруға қызмет етеді. Осынау ортақ сана, егер оның өкілі қызметін атқаратын орган ол сіңіретін құрметке және ол пайдаланатын ерекше беделге үлес қосып отырмаса, әлсіреп кетер еді. Бірақ бұл үлес, егер оны қозғайтын қылықтардың барлығы, ұжымдық сананы қозғайтын қылықтар секілді, және тіпті соңғысы онымен төтесінен қозғалмағанның өзінде, тойтарылып, жанышталып отырған жағдайда ғана мүмкін болады.

Сонымен, жазаны талдау қылмыс туралы біздің анықтамамызды қуаттады.

63 Қараңыз: Thоnіssen. Etudes, ІІ, 30, 232-беттер. Ол кезде қылмыстың куәлары жазаны орындау кезінде басты рөл атқаратын.

Біз алдымен қылмыс негізінен ортақ сананың күшті де белгілі бір ахуалдарына қарсы тұратын қылықтардан құралатынын индуктивті түрде анықтадық; біз жазаның барлық белгілері шынында да қылмыстың осы мәнінен туындайтынын көрдік. Демек, ортақ санамен санкцияланатын ережелер ең елеулі әлеуметтік ұқсастықтарды білдіреді. Қылмыстық құқықты ынтымақтың қай түрі ишаралайтыны енді белгілі. Шынында да, әлеуметтік байланыс бар екені, оның себебі барлық жеке саналардың ортақ тұрпатқа біршама беәмделуінен еекендігі, ол тұрапт қоғамның психикалық тұрпатынан басқа ештеңе де емес екендігі баршаға мәлім. Бұл жағдайда топтың барлық мүшелері, олар ұқсас болғандықтан, бірбіріне жеке-жеке жақындап қана қоймайды, сонымен қатар олар осы ұжымдық тұрпаттың өмір сүру шартын құрайтын нәрсеге, яғни олардың бірігуімен қалыптасатын қоғамға дағдыланып кеткен. Азаматтар бір-бірін жақсы көріп, бір-бірін шет елдіктерден артық көріп қана қоймайды олар өз отанын сүйеді. Олар оны өздері секілді жақсы көреді, оның ұзақ өмір сүріп, өркендей беруіне қамқорлық жасайды, өйткені онсыз олардың психикалық өмірінің елеулі бөлігінің қызмет етуі қиындап кетер еді. Және керісінше, қоғам үшін олардың барлығының осы негізгі ұқсастықтарды білдіруі маңызды, өйткені бұл оның бірлігінің шарты. Біздің бойымызда екі сана бар: бірі біздің әрқайсымызға тән және бізді өзгешелейтін ахуалдардан ғана құралады, ал екіншісі қамтитын ахуалдар – бүкіл топ үшін ортақ64. Біріншісі біздің жеке тұлғамызды ғана бейнелеп, қалыптастырады; екіншісі ұжымдық тұрпатты, демек, қоғамды бідіреді онсыз ол өмір сүре алмас еді. Біздің құлқымыз қоғамның қандай да бір элементімен айқындалатын кезде, біз өзіміздің жеке мүддеміз үшін қарекет етпейміз, ұжымдық мақсаттарды көздейміз. Бірақ бұл екі сана, әртүрлі болғанымен, өзара байланысты, өйткені нәтижеде бір бүтінді құрайды; олардың екеуінің де органикалық субстраты бірдей. Демек, олар ынтымақтас. Бұдан suі generіs ынтымағы келіп шығады, ол ұқсастықтардан пайда болып, индивидті

қоғаммен тікелей байланыстырады. Келесі тарауда біз оны неліктен механикалық деп атауды ұсынатынымызды жақсырақ көрсете аламыз. Бұл ынтымақ индивидтің топпен жалпы және бұлдыр байланысынан ғана тұрмайды; ол олардың жеке қимылдарын да үйлестіреді. Шынында да, ұжымдық қозғаушы күштер барлық жерде бірдей болғандықтан, олар барлық жерде бірдей салдарлар туындатады. Демек, олар қимылдай бастаған әрбір жолы жекелеген ырықтар өздігінен және бірлесе бір ғана бағытта қозғалады. Қылмыстық құқық нақ осы ынтымақты білдіреді, бері салғанда, ондағы өмірлік нәрседе білдіреді. Шынында да, ол тыйым салатын және қылмыс деп бағалайтын қарекеттер екі түрлі болады: олар не сол қарекеттерді жасаушылар мен ұжымдық тұрпат арасындағы тым күшті алшақтықты байқатады, не ортақ сана органын қозғайды. Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да қозғау салынған және қылмысты жазалайтын күш біреу. Ол – ең елеулі әлеуметтік ұқсастықтардың жемісі, және оның салдары сол ұқсастықтардан туындайтын әлеуметтік байланысты қолдап отыру. Қылмыстық құқық нақ осы күшті қандай да болсын әлсіреуден қорғайды, сонымен бір мезетте әрқайсымыздан ұқсастықтардың белгілі бір минимумын талап етеді (онсыз индивид әлеуметтік тәннің бірлігіне қатер төндірер еді), және бізді осы ұқсастықтарды білдіретін, қорытатын және кепілдік беретін рәмізді етеді. Осылай кейбір қылықтардың өздігінен қоғамға зиянды болмай-ақ, неліктен қылмыстар деп жиі саналып, сол үшін жазаланғаны түсіндіріледі. Шынында да, ұжымдық тұрпат та, индивидуалдық тұрпат та тым әртүрлі және тіпті кездейсоқ себептердің ықпалымен қалыптасқан. Тарихи дамудың жемісі болғандықтан, онда қоғам өзінің дамуында бастан өткерген түрлі жағдайлардың ізі бар. Сондықтан, ондағы барлық нәрсе қандай да бір пайдалы мақсатқа ыңғайланған болса, ғажап болар еді; әлеуметтік пайдаға ешқандай қатысы жоқ, азды-көпті көптеген элементтердің онда енгізілмеуі мүмкін емес. Индивид өзінің атабабаларынан алған немесе өзі ие болған бейімдер, ұмтылыстар арасындағы көп нәрсе, сөз жоқ, ештеңеге қызмет етпейді немесе беретінінен қымбат тұрады. Олардың көпшілігінің зиянды болуы, әрине, мүмкін емес, өйткені организм

мұндай жағдайда өмір сүре алмас еді. Бірақ олардың ішінде пайдалы болмай-ақ, сақталып келе жатқандары да, пайдасы тіпті талас туғызбаса да, көбіне қарқыны пайдалылығына мүлдем пара-пар емес, өйткені ол ішінара оларда басқа себептерден туындайтындары да бар. Ұжымдық нәпсілер жөнінде де жағдай осылай. Оларды қозғайтын қылықтардың барлығы бірдей өз өзімен қауіпті емес, немесе, бері салғанда, олар айыпталатындай дәрежеде қауіпті емес. Алайда, олар объектісі болып табылатын айыптаудың негізі жоқ емес, өйткені, бұл сезімдердің шығу тегі қандай болмасын, егер олар ұжымдық тұрпаттың бір бөлігін және әсіресе оның елеулі бөлігін құраса, олардың бұзылуына жәрдемдесетін нәрсенің бәрі, сонымен бірге қоғамдық байланысты да бұзады және қоғамды қауіпке ұшыратады. Бұл сезімдердің пайда болуы тіпті пайдалы болған емес, бірақ олар ұзақ өмір сүріп келе жатқандықтан, өзінің иррационалдығына қарамастан, олардың өмір сүре беруі қажет болады. Міне сондықтан оларды қозғайтын қылықтардың төзгісіз болуы жалпы алғанда жақсы. Сөз жоқ, дерексіз пайымдай отырып, қоғамның өздігінен зиянсыз қандай да бір тамақты тұтынуға тыйым салуына ешқандай негіз жоқ екендігін айқын дәлелдеуге болады. Бірақ бұл асқа жиіркеніш ортақ сананың кіріктіруші бөлігіне айналғандықтан, ол жиіркеніш қоғамдық байланысты әлсіретпей, жойылып кете алмайды және дәл осыны салауатты саналар бұлыңғыр сезеді65. Жаза жөнінде де дәл солай. Ол таза механикалық реакциядан, нәпсі сіңірген және көбінесе ойластырылмаған қозғалыстардан туындағанымен, сонда да болса пайдалы рөл атқарады. Тек бұл рөл оны әдетте көретін нәрседе емес. Ол жазықтыны түзетуге немесе оның ықтимал еліктеушілерін қорқытуға қызмет етпейді немесе екінші дәрежелі түрінде ғана қызмет етеді; екі тұрғыдан да оның пайдасы, әділін айтқанда, күмәнді және қалай дегенмен де болмашы. Оның шынайы қызметі – қоғамдық байланыстың тұтастығын, сақтау ортақ санада оның бүкіл өміршеңдігін қолдап отыру. Ортақ сана, соншалықты үзілді-

кесілді терістелсе, ал топтың эмоциялық реакциясы сол шығынды өтемесе, өзінің жігерінің бір бөлігінен айрылар еді, содан әлеуметтік ынтымақ әлсірер еді. Демек, ол қарсы қимылды бастан кешірген сәтінде, барлық қуатымен өзін орнықтыруы қажет, ал өзін орнықтырудың бірден-бір құралы – қылмыс тудыратын бірауызды жеккөрінішті білдіру, оны жазықтыға қолданылатын азаптан ғана тұратын шынайы қарекеттің көмегімен білдіру керек. Сөйтіп, бұл азап оны тудыратын себептердің қажетті жемісі болғандықтан, мақсатсыз қатыгездік емес. Бұл ұжымдық сезімдер әлі де ұжымдық екенін, ақыл иелерінің бірдей сенімде бірігуі сақталып отырғанын және осылайша ол қоғамға қылмыс келтірген жамандықтың есесін қайтаратынын айғақтайтын белгі. Сондықтан да қылмыскер өзінің қылмысына пара-пар азапталуға тиіс деп кесіп айтуға негіз бар; сондықтан да жазаның қылмысты өтеу сипатын теріске шығаратын теориялар көптеген ақыл иелерінде қоғамдық тәртіпті бұзатын теориялар болып көрінеді. Гәп мынада: бұл теориялар ұжымдық сана атаулы жойылған дерлік қоғамда ғана қолданыла алар еді. Осынау қажетті қанағатсыз инсаниятты сана дегеніңіздің өзі сақталмас еді. Сондықтан жазаның басты міндеті – адал адамдарға ықпал ету деп ешқандай қайшылықсыз кесіп айтуға болады; жаза ұжымдық сезімдерге жасалған жарақатты емдеуге жәрдемдесетіндіктен, өзінің рөлін сол сезімдер бар жерде ғана және олардың тірілігі шамасында ғана атқара алады. Дау жоқ, дүрбелеңді бастан өткерген ақыл иелерінде ұжымдық жанның әлсірей түсуінің алдын ала отырып, ол қылмыстардың көбейіп кетуіне кедергі жасай алады, бірақ өздігінен пайдалы осынау нәтиже тек жеке салдар ғана. Қысқасы, өзімізге жаза хақында дәл түсінік қалыптастыру үшін қарама-қарсы теориялардың екеуін: жазадан кінәнің өтелуін көретін біріншісі және одан әлеуметтік өзін-өзі қорғау құралын жасайтын екіншісі бітістірілуге тиіс. Жазаның шынында да қоғамды қорғау қызметі бар, бірақ бұл оның өтелетіндігінен; ал екінші жағынан, егер ол өтелуге тиіс болса, азаптың қандай да бір мистикалық қасиет пәрменімен кінәні өтейтіндігінен емес, тек осы жағдайда ғана оның өзінің әлеуметтік пайдалы қарекетін іске асыра

алатындығынан66. Бұл тараудан сана ахуалының белгілі мөлшері сол бір ғана қоғам мүшелерінің барлығы үшін ортақ болып табылатындығынан келіп шығатын әлеуметтік байланыс бар екені көрінеді. Қылмыстық құқықта нақ сол байланыс материалдық түрде, бері салғанда, оның ең елеулі белгілерінде көрініс береді. Қоғамның ортақ кірігуіндегі оның үлесі ортақсананы қамтитын және реттейтін әлеуметтік өмірдің көлеміне байланысты екені анық. Ортақ сана өзін көрсететін алуан түрлі қатынастар неғұрлым көп болса, ол соғұрлым индивидті топпен байланыстыратын дәнекерлерді көбірек жасайды, демек, осы себептен соғұрлым қоғамдық байланыс толығырақ жүзеге асырылып, оның ізін өз бойында сақтайды. Бірақ, екінші жағынан, бұл қатынастар мөлшері жазалау ережелеріне өз-өзінен пара-пар; қылмыстық құқық заңдық аппараттың қай бөлігін көрсететінін анықтай отырып, біз сол арқылы осы ынтымақтың салыстырмалы мәнін өлшей аламыз. Рас, осылай ете отырып біз, ұжымдық сананың кейбір элементтерін есепке алмаймыз олар өзінің жігерлілігінің кемдігі немесе бұлыңғырлығы себебінен қылмыстық құқыққа жат болып қала береді, соған қарамастан әлеуметтік жарасымның орнығуына жәрдемдеседі. Бұл жай ғана диффузиялық жазалармен ғана қорғалатын элементтер. Бірақ дәл осынымыз құқықтың басқа бөліктеріне де қатысты. Құлықпен толықтырылмайтын құқықтық нормалар жоқ, ал құқық пен құлық арасындағы қатынас осынау әртүрлі салаларда бірдей деп долбарлауға негіз бар болғандықтан, бұл шетіндік біздің салыстыруымыздың нәтижелерін бұрмалау қаупін төндірмейді.

ІІІ тарау

Еңбек бөлінісі туындатқан ынтымақ немесе табиғи ынтымақ

Реституттік санкция табиғатының өзі осы құқық сәйкес келетін әлеуметтік ынтымаққтың мүлдем басқа текі екендігін жеткілікті анық көрсетеді. Бұл санкция еүнәні жуу сипатының жоқтығымен ерекшеленді; ол жай ғана табиғи ретті қалпына келтіруге саяды. Бұл жағдайда заңды бұзған немесе оны білмеген адам азапқа тартылмайды, ол жай ғана оған бағынуға кесіледі. Егер жасалып қойған фактылар орын алатын болса, онда қазы оларды қалыпты ахуалға келтіреді. Ол жазаны емес, құқықты бекітеді. Шығындарды өтеуде жазалау сипаты жоқ. Бұл өткенге, мүмкін болғанынша, оны бұрынғы түрінде қалпына келтіру үшін, оралудың жай ғана құралы. Рас, Тард, әрқашан жеңілген жаққа жүктелетін шығындарға ұйғаруда азаматтық жазалау шаралары тәрізді бірдеңе тапқысы келеді67. Бірақ бұл мағынада пайдаланылатын сөздің тек метафоралық мәні бар. Жаза орын алуы үшін, бері салғанда, жаза мен қылмыс арасында қандай да бір пропорциялық ара қатынас болуы қажет, ал ол үшін қылмыстың елеулілік дәрежесі мықтап анықталуы керек. Бірақ істе жеңілген адам іс жүзінде, ол тек білмегеніне ғана жазықты болса, ниеті түзу болғанның өзінде, шығынды өтейді. Бұл ереженің негізі, олай болса, мүлдем басқа: сот төрелігі бостан-бос жүргізілмейтіндіктен, оны өткізуге мұрындық болған адамның мойнына шығынның жүктелуі әділетті. Айтпақшы, осындай шығынды өтеу мойнына жүктелу мүмкіндігі, бәлкім, аңғал пәлеқорды тоқтатар, бірақ оларды жаза деп білу үшін бұл жеткіліксіз. Әдетте, жалқаулық пен ұқыпсыздыққа ілесе жүретін банкроттықтан қорқыныш негоциантты тынымсыз да ынталы ете алады, бірақ, дегенмен, банкроттық оның қателіктері үшін шынында қылмыстық санкция емес. Бұл ережелердің бұзылуы тіпті диффузиялық жазамен де жазаланбайды. Істе жеңілген талапкерге масқаралау қатері төнбейді, оның ар-намысына дақ түсірілмейді. Біз тіпті бұл ережелерді олардың қандай екендігінен басқаша

67 Tarde. Crіmіnalіt~ compar~e. P., F. Alcan, 123-бет.

елестете аламыз және бұл бізді ашуландырмайды. Кісі өлтіруге төзуге болады деген ой бізді ашуландырады, бірақ біз мұрагерлік құқығы өзгертілуі керек дегенге оп-оңай келісе аламыз, тіпті көп адамдар оны жоюға болады деп санайды. Бері салғанда, бұл біз талқылаудан бас тартпайтын мәселе. Сол секілді біз сервитуттар құқығының немесе пайдалану құқығының басқаша ұйымдастырылуына, сатушы мен аларман міндеттерінің өзгеше түрде анықталуына, әкімшілік қызметтердің басқа принциптер негізінде бөлінуіне де оңай келісеміз. Бұл нұсқаулар біздегі ешбір сезімге сәйкес келмейтіндіктен және біз олардың ғылыми негіздерін кәміл білмейтіндіктен (өйткені бұл ғылым әзірге жасалмаған), олар біздің көпшілігімізде тамырын жая қойған жоқ. Сөз жоқ, ерекшеліктер де бар. Біз құлыққа жат немесе күшпен, құлықпен алынған міндеттемелер оны жасасқандарды матай алады деген ойға төзбейміз. Сондықтан, қоғамдық пікір осы тектес оқиғамен ұшырасқанда, енжарлықты ұмытып, өзінің жазғыруымен құқықтық санкцияны күшейтеді. Гәп мынада: моральдық өмірдің әрқилы салалары бір-бірінен күрт бөлінбеген. Керісінше, олар үздіксіз, демек, олардың арасында бір уақытта әртүрлі белгілер тоқайласатын шекаралық салалар бар. Сонда да бұған дейінгі пайымдау толып жатқан жағдайларда дұрыс болып қала бермек. Бұл реституттік санкциясы бар ережелер ұжымдық сананың бір бөлігін не мүлде құрамайтынын, не оның тек әлсіз ахуалын ғана көрсететінін дәлелдейді. Жазалау құқығы ортақ сананың жүрегін, орталығын құрайтын нәрсеге сай келеді, таза моральдық ережелер оның орталықтан ойыстау бөлігін құрайды; ақыр аяғында, реституттік құқық шеткі салаларда бастау алып, олардан бірталай алыстайды. Ол неғұрлым өзінеөзі айналған сайын, соғұрлым ол орталықтан алшақтай түседі. Айтпақшы, бұл белгі оның қызмет ету тәсілінен анық көрінеді. Жазалау құқығы қоғамда шашыраңқы күйде қала беруге ұмтылса, реституттік құқық барған сайын мамандырылған органдарды: консулдық соттар, сарапшылар кеңестерін, түрлі әкімшілік палаталар құра береді. Тіпті өзінің ең ортақ бөлігінде, атап айтқанда азаматтық құқықта, ерекше шенеуніктердің: қазылардың, адвокаттардың және т.б. көмегімен ғана қызмет етеді, олар таза

арнайы білімнің арқасында бұл рөлді орындауға қабілетті болады. Бірақ, бұл ережелер қайсыбір шамада ұжымдық санадан тыс орын алатындықтан, олар жеке тұлғаларды ғана қызықтырмайды. Егер де ьұл солай болса, онда реституттік құқықтың әлеуметтік ынтымақпен ортақ ештеңесі болмас еді, өйткені ол реттейтін ережелер индивидтерді бір-бірімен байланыстырып, қоғаммен байланыстырмас еді. Бұл жеке өмірдің фактылары болар еді, мысалы, достық қатынастар секілді. Бірақ қоғам заңдық өмірдің бұл саласынан тіпті де аулақ кете алмайды. Рас, әдетте ол бұл салаға өз қалауымен килікпейді; бұл килігуді мүдделі адамдар туындатуы қажет болады. Бірақ, соған қарамастан, қоғамның килігуі – механизмнің маңызды бөлігі, өйткені оны қызмет етуге тек сол ғана итермелейді. Нақ қоғам өзінің өкілдері арқылы құқықты бекітеді. Алайда, бұл рөлде әлеуметтік дейтін ештеңе жоқ, ол жеке мүдделерді бітістіру рөліне ғана саяды, демек, кез-келген кісі оны атқара алады және егер қоғам оны мойнына алса, бұл тек қана қолайлылық мақсатында істелген дейтін пайым да бар. Бірақ қоғамды әлдебір аралық қазыға айналдыру мүлдем дұрыс емес. Ол киліккен кезде, бұл жеке мүдделерді бітістіру үшін істемейді. Ол тараптар үшін ең пайдалы шешім қандай болуы керектігін іздемейді, және оларға ымыра нұсқаларын ұсынбайды, есесіне ол аталмыш жеке жағдайға құқықтың ортақ дәстүрлі нұсқауларын қолданады. Бірақ құқық – ең алдымен әлеуметтік және соттасушылардың мүдделерінен, мүлдем басқа объектісі бар құбылыс. Ажырасу жөніндегі өтінішті қарайтын қазы бұл ажырасу ерлізайыптылар үшін шынында қажет пе дегенді анықтауға бас қатырмайды, олар көрсететін себептер заңда көзделген санаттардың біріне жатады ма дегенге бас қатырады. Алайда, әлеуметтік қарекеттің мәнін дұрыстап бағалау үшін, оны санкция қолданылатын, бұзылған қарым-қатынас қалпына келтіретін кезде ғана емес, сондай-ақ ол анықталған кезде де байқау қажет. Әлеуметтік қарекет осы құқық басқаратын және мүдделі кісілердің келісімін жасауға да, өзгертуге де мүмкіндігі жоқ көптеген заңдық

қатынастардың негізін қалау үшін де, өзгерту үшін де қажет. Атап айтқанда, жеке кісілердің ахуалына қатысты қатынастар міне осындай. Неке дегеніміз шарт болғанымен, ерлі-зайыптылар іс жүзінде оны өз ырықмен құра да алмайды, жоя да алмайды. Бұның басқа барлық отбасылық қатынастарға, әсіресе әкімшілік құқықпен реттелетін қатынастарға да қатысы бар. Рас, шарттық міндеттемелердің өзі тараптардың келісімінің негізінде ғана жасала және бұзыла алады. Бірақ егер келісімшарт байланыстыру күшіне ие болса, бұл күшті оған қоғам беретінін ұмытпаған жөн. Қоғам шарттық міндеттемелерді санкцияламайды деп білікңізші, онда сол міндеттемелер тек моральдық беделі ғана бар жай ғана уәдеге айналады68. Демек, кез-келген келісімшарт мәмілеге қатысатын тараптар артында уағдаласылған міндеттемелерді құрметтеуге мәжбүрлеу үшін араласуға дайын қоғам тұратындығын көздейді. Сондықтан осы міндетті күшті ол өздігінен-ақ әлеуметтік мәні бар, яғни құқық нұсқауларына сәйкес келетін келісімшарттарға ғана береді. Кейде оның араласуы одан да анық екендігін алда көреміз. Ол реституттік құқық анықтайтын барлық қатынастарда, тіпті мүлде жеке болып көрінетін қатынастарда болады; және оның орын алуы, бері салғанда, қалыпты ахуалда сезілмегенмен, елеулі69. Реституттік санкциясы бар ережелер ортақ санаға жат болғандықтан, олармен анықталатын қатынастар барлығын бірдей қамтитын ережелер санатына жатпайды. Бұл дегеніңіз олар тікелей индивид пен қоғам арасында емес, қоғамның шектеулі және ерекше бөліктері арасында жасалады да, соларды байланыстырады деген сөз. Бірақ, екінші жағынан, қоғам бұл жерде бар болғанымен, оның оған азды-көпті мүдделі болуы, осының салдарын сезінуі қажет. Сонда оларды сезетін күшіне сәйкес ол өз өкілі болу үшін тағайындалған арнаулы органдары арқылы азды-көпті терең және белсенді араласады. Демек, бұл қатынастар жазалау құқығымен реттелетін қатынастардан әбден өзгеше, өйткені соңғылары жеке сананы ұжымдық

68 Бірақ бұл моральдық бедел де құлықтан, яғни қоғамнан туындайды. 69 Бұл жерде біз реституттік құқықтың барлық пошымдарына қатысты жалпы пікірлермен шектелуге тиіспіз. Бұдан әрі реституттік құқықтың еңбек бөлінісі туғызатын ынтымаққа сай келетін бөлігі үшін осынау ақиқаттың көптеген дәлелдерін (VІІ тарауды қараңыз) табуға болады.

санамен, яғни индивидті қоғаммен төте және делдалсыз байланыстырады. Бірақ бұл қатынастар едәуір әрқилы екі пошымды қабылдай алады: не олар теріс ыңғайда болып, қарапайым тартынуға саяды, не олар жағымды сипатта, кооперация сипатында болады. Екеуін де айқындайтын ережелердің екі тобына әлеуметтік ынтымақтың екі түрі сәйкес келеді, оларды ажырата білу қажет.

Кәдуілгі теріс ыңғайдағы қатынас – затты кісімен байланыстыратын қатынас. Заттар, дәл кісілер секілді қоғамның бір бөлігін құрайды және онда ерекше рөл атқарады; сондықтан олардың әлеуметтік организммен қатынастары айқындалған болуы қажет. Табиғаты айтарлықтай айрықша Заттардың ынтымағы бар деуге болады, оның табиғаты, сыртта заңдық салдармен көріну үшін жеткілікті өзгеше. Іс жүзінде, заңгерлер құқықтардың екі түрін ажыратады; біреуін олар заттық, басқаларын – міндеттемелік деп атайды. Меншік құқығы, ипотека бірінші түріне; борыш құқығы – екіншісіне жатады. Заттық құқықтар үлкендік және мұрагерлік құқықтарын тек солар ғана туғызатындығымен сипатталады. Бұл жағдайда менің затқа құқығым менікінен кейін белгіленген барлық басқаларын жоққа шығарады. Егер, мысалы, қандай да бір мүлік кезегімен екі несиегерге кепілдікке қойылған болса, онда екінші ипотека біріншісінің құқықтарын ештеңемен шектей алмайды. Екінші жағынан, егер маған қарыз адам менің ипотека құқығым бар затты ауашаласа, онда мұнымен менің құқығыма ешқандай нұқсан келмейді; бірақ сол затқа ие болған үшінші кісі маған не құнын төлеуге не алғанын қайтаруға міндетті. Бұл үшін құқықтық байланыс осынау белгілі бір затты төте және ешкімнің делдалдығынсыз менің заңдық тұлғаммен байланыстыратын болуы қажет. Осы артықшылық жағдай, демек заттарға тән ынтымақтың салдары болып табылады. Керісінше, әңгіме міндеттемелік құқық жайында болған кезде, маған қарыз адам, жаңа

міндеттемелерді қабылдай отырып, құқықтары менікімен теңдей несие берушілер жасай алады, және маған қарыздар адамның бүкіл мүлкі кепіл ретінде маған тиесілі болғанымен, егер ол оны ауашаласа, ол оның иелігінен шыққан бойда, менің кепілімнен де шығады. Мұндай жағдайдың негізі мынада: арнайы қатынас осы мүлік пен менің арамызда емес, оған ие кісі мен менің өзімнің арамызда ғана болады70. Осы заттық ынтымақ неден тұратыны түсінікті: ол жеке кісілерді бірбірімен емес, заттарды жеке кісілермен төте байланыстырады. Төтесін айтсақ, өзін дүниеде жалғызбын деп санап, басқа адамдарды елемей, заттық құқыққа ие болуға болады. Заттар тек жеке кісілер арқылы ғана қоғамға енетіндіктен, осы енуден туындайтын ынтымақ – таза теріс ыңғайдағы ынтымақ. Осы ынтымақ салдарынан ырықтар белгілі бір мақсатқа бетемейді, тек заттар ғана рет-ретімен ырықтарды айнала береді. Заттық құқықтар, осылайша шектеулі болғандықтан, тартысқа түспейді; дұшпандық қатынастың алды алынады, бірақ белсенді ынтымақтастық, бәтуа жоқ. Осындай татулықты мүмкін болғанынша мінсіз деп елестетіп көріңіз. Сол татулық үстемдік ететін қоғам, – егер тек сол ғана үстемдік етсе, – әрбір жұлдыз көрші жұлдыздардың қозғалысын бұзбай, өзінің орбитасы бойынша қозғалатын өте үлкен шоқжұлдызға ұқсайтын болады. Олай болса, мұндай ынтымақ ол жақындататын элементтерді бірдей әрекет етуге қабілетті бүтін етпейді; ол ынтымақ әлеуметтік дененің бірлігіне ештеңемен жәрдемдеспейді. Жоғарыда баяндалғаннан реституттік құқықтың осы ынтымақтастық сай келетін бөлігі қандай екендігін анықтау оңай: бұл заттық құқықтардың жиынтығы. Бірақ оның анықтамасының өзінен меншік құқығы – олардың ең мінсіз тұрпаты екендігі келіп шығады. Шынында да, зат пен кісі арасында болуы мүмкін ең толық қатынас, – біріншісін екіншісіне сөзсіз тәуелді ететін қатынас. Тек бұл қатынас өздігінен-ақ өте күрделі және ол құралған алуан түрлі элементтер узуфрукт (біреудің мүлкін одан түсетін табысқа ие болу құқығымен,

70 Кейде әкенің, баланың және т.б. қасиеті заттық құқықтар объектісі деп кесіп айтады (қараңыз: Ortolan. Іnstіtuts. І, 600-бет). Бірақ бұл қасиеттер әртүрлі құқыдтардың, ішінара заттық (мысалы, әкенің өзінің әлі жас балаларының мүлкіне құқығы), ішінара міндеттілік құқықтардың абсраткт рәміздері ғанаү

бірақ оны елеулі түрде өзгерту құқығынсыз пайдалану – ред.) сервитуттар (басқаның мүлкін белгілі бір шекте пайдалану немесе меншік иесін белгілі бір тұрғыда шектеу құқығы – ред.), пайдалану және баспана секілді көптеген заттық екінші дәрежедегі құқықтардың объектісіне айналуы мүмкін. Нәтижесінде былай деуге болады: заттық құқықтар біздің азаматтық кодексіміздің екінші кітабы реттейтін жолмен меншік құқығын оның барлық әрқилы пошымдары (әдеби меншік, өнер туындыларына, өнеркәсіптік, жылжитын, жылжымайтын меншік) мен әрқилы түрлерінде қамтиды. Аталған кітаптан басқа біздің құқығымызды міндеттемелік құқықтың тек көмекші және кездейсоқ субституттары болып табылатын тағы басқа төрт заттық құқық мойындайды: олар – кепілдік, антихреза, артықшылықтар және ипотека (2071– 2203-баптар). Бұған мұрагерлік құқыққа, өсиет құқығына, демек, хабарсыз кетуге қатысты барлық нәрсені жатқызу керек, өйткені хабарсыз кету, жария етілген кезде, өзіндік бір уақытша мұрагерлікті туғызады. Шынында да, мұра дегеніміз мұрагерлердің заттық құқығы болатын зат немесе заттар жиынтығы, бұл осынау құқық меншік иесінің қайтыс болуына орай іpso facto алына ма, әлде мүліктің белгілі бір бөлігіне жанама мұрагерлер мен өсиетке қатысушылар жөнінде болатынындай тек сот актысының нәтижесінде ашыла ма, соған қарамастан, берілетін құқық. Осынау барлық жағдайларда заңдық қатынас кісі мен кісінің арасында емес, кісі мен зат арасында төте белгіленген. Өсиет бойынша сый беруде де жағдай осындай, ол тек меншік иесінің өз мүлкіне немесе, бері салғанда, оның еркін басқарудағы бөлігіне заттық құқығына билік жүргізуі. Бірақ кісілер арасында заттық сипатта болмағанымен, жоғарыда айтылғандар секілді теріс ыңғайда болып, сол түрдегі ынтымақты білдіретін қатынастар болады. Біріншіден, олар заттық құқықтардың өзін пайдалануды тудыратын ынтымақ. Заттық құқықтардың қызмет етуі кейде олардың иелерін сөзсіз бетпебет қояды. Мысалы, бір зат екіншісіне қосылған кезде, басты болып саналатын заттың иесі дереу басқасының да иесіне айналады; тек “ол басқаға қосылып

алынған заттың құнын төлеуге тиіс” (566-бап). Бұл міндеттеменің жеке екендігі айдан анық. Дәл сол секілді ортақ қабырғаны биіктеткісі келетін әрбір меншік иесі бірлесіп иеленушіге өтемін төлеуге міндетті (658-бап). Мүліктің белгілі бір бөлігін мұраға алатын өсиетке қатысушы, өсиет етушінің өлімінен кейін бірден оған құқығы болғанмен өсиет етілген заттың берілуіне қол жеткізу үшін, бүкіл мүлік мұрагеріне жүгінуге міндетті (1014-бап). Бірақ осы қатынастармен білдірілетін ынтымақтың біз жаңа ғана айтқан ынтымақтан айырмашылығы жоқ; шынында да, олар заң бұзушылықтың есесін қайтару немесе оның алдын алу үшін ғана орнатылады. Егер де әрбір заттық құқықтың иесі ешқашан оның шекарасынан өтпей, оны тұрақты пайдалана алатын болса, онда, әрбір құқық өз шекарасында қалатындықтан, заңдық қатынасқа орын қалмас еді. Бірақ іс жүзінде бұл құқықтардың ұдайы шатыстырыла беретіндігі соншалық, өзін шектеп тұратын басқа құқықтарға қол сұқпай, қайсыбірін пайдалана алмайсың. Біресе менің құқығым бар зат бөтен біреудің қолына түседі: бұл өсиет етілген мекен-жай жөнінде болады. Біресе мен басқа біреудің құқығына зиян тигізбей, өз құқығымды пайдалана алмаймын; кейбір сервитуттар жөнінде осылай болады. Демек, нұқсанның, егер ол тигізілсе, есесін қайтару немесе оған қарсылық білдіру үшін қатынастар қажет; бірақ оларда жағымды ештеңе жоқ. Олар өздері біріктіретін кісілерді ынтымақтастық жасауға мәжбүрлемейді; оларға ешқандай кооперация ілесе жүрмейді; олар қызмет етуін жағдай бұзып жіберген осы теріс ыңғайдағы ынтымақты жаңа жағдайда жай ғана қалпына келтіреді немесе қолдап отырады. Олар біріктіру былай тұрсын, тек бұзылған шекараны қалпына келтіру үшін және әркімді өзінің жеке шекарасына орналастыру үшін жағдайдың пәрменімен біріктірілген нәрсені жақсырақ бөлуге ғана ұмтылады. Олардың заттың кісімен қатынастарына ұқсастығы сонша, Кодексті жасаушылар оларға ерекше орын бөлмеген, бірақ оларды заттық құқықтармен бірге қарастырған. Ақыр соңында, қылмыстан және абайсыз құқық бұзушылықтан шығатын міндеттердің де дәл сондай сипатты бар. Шынында да, олар өзінің қылмысымен басқа біреудің заңды мүдделеріне келтірген нұқсанның есесін қайтаруға әркімді

мәжбүрлейді. Демек, олар жеке сипатта болады. Бірақ олар қызмет ететін ынтымақ, мүлдем теріс ыңғайда екені айқын, өйткені олар көмектесуден емес, зиян тигізбеуден тұрады. Олар бұзылғаны үшін санкциялар белгілейтін байланыс толайым сыртқы байланыс. Осынау және жоғарыда айтылған қатынастардың арасындағы бар айырмашылық бір жағдайда заң бұзу қылмыстан, ал екінші жағдайда – заңмен айқындалатын және болжанатын жағдайдан туындайды. Бірақ бұзылған тәртіп бәз-баяғы; ол ынтымақтан емес, тек тартынудан ғана туындайды. Мұның үстіне, бұзылуы осы міндеттерді туындататын құқықтар өздігінен заттық, өйткені мен өз тәнімнің, денсаулығымның, абыройымның, беделімнің дәл сол секілді өзіме тиесілі материалдық заттардың иесімін71. Қорытындылай келе былай деуге болады: заттық құқықтарға және соларға байланысты орнатылатын жеке қатынастарға қатысты ережелер белгілі бір жүйені құрайды, оның қызметі қоғамның әртүрлі бөліктерін бір-бірімен байланыстыру емес, керісінше, оларды бөлу, оларды бөліп тұратын шекараны анық белгілеу. Демек, олар қандай да бір оң әлеуметтік байланысқа сәйкес келмейді; тіпті біз қолданған “теріс ыңғайдағы ынтымақ” деген сөздің өзі оншалық дәл емес. Бұл өзіндік тіршілігі мен ерекше табиғаты бар нағыз ынтымақ емес, дұрысы, ынтымақтың қандай да бір түрінің теріс жағы. Қандай да бір бүтіннің байланыстылығының бірінші шарты оны құрайтын бөліктердің үйлеспейтін қозғалыстарда қағысып қалмауынан тұрады. Бірақ осы сырттай татулық оның байланысын тудырмайды; керісінше, ол оны шамалайды. Теріс ыңғайдағы ынтымақ басқа, оған қатысты ол салдарды және сонымен бірге шартты құрайтын, табиғаты оң ыңғайдағы ынтымақ бар жерде ғана мүмкін. Шынында да, индивидтердің өз-өзіне және заттарға құқықтары тек мәмілелер мен өзара жол беру арқасында ғана анықтала алады; біреуге берілетін нәрсенің бәрі екіншілеріне де қалдырылуы қажет. Кейде индивидтің дамуының қарапайым көлемін адами тұлға ұғымынан (Кант) немесе

71 Өзінің міндеттемелерін орындамаған шартқа қатысушы да екінші тарапты риза етуге тиіс. Бірақ бұл жағдайда шығынды өтеу оң ыңғайдағы байланыстың санкциясы қызметін атқарады. Шартты бұзған адам зиян тигізгені үшін емес, уәдесін орындамағаны үшін төлейді.

индивидуалдық организм ұғымынан (Спенсер) шығаруға болар еді деген пікір айтылған. Бұл мүмкін нәрсе, бірақ ол пікірлердің дәлдігі аса даулы. Қалай дегенмен де, тарихи нақты жағдайдағы моральдық тәртіп осынау дерексіз түсініктермен негізделмегені рас. Адам басқаның құқықтарын логикада ғана емес, сондай-ақ өмір тәжірибесінде де мойындауы үшін оның өз құқықтарын шектеуге келісуі керек болады, демек, осынау өзара шектеу тек өзара түсіністік пен татулық рухында ғана жасала алар еді. Бірақ егер арасында алдын ала байланыс жоқ толып жатқан индивид жиналыпты деп долбарласақ, оларды осы өзара құрбандыққа не итермелейді? Бейбіт өмір сүру қажеттілігі ме? Бірақ өздігінен алғанда бейбітшілік соғыстан қалаулы нәрсе емес. Соғыстың да өз әсемдігі мен артықшылықтары бар. Барлық замандарда соғыс нәпсісі боған халықтар, индивидтер болмап па еді? Ол сай келетін инстинктер бейбітшілікпен қанағаттандырылатын инстинкттерден әлсіз емес. Сөз жоқ, қажу белгілі бір уақытқа жанжалды тоқтата алады, бірақ осы қарапайым бітім оны тудыратын уақытша қажудан ұзақ бола алмайды. Күштің салтанат құруынан ғана туындаған шешім де – және көбірек негізбен – дәл соны қолдануға болады; олар да соғыстар аяқталатын шарттар секілді уақытша және тұрақсыз. Адамдар бейбітшілікке қандай да бір қоғамдық байланыспен біріккеннен ғана мұқтаж болады. Бұл жағдайда оларды бір-біріне тартатын сезімдер шынында да өзімшілдік екпінін әбден-ақ табиғи түрде тежейді, ал екінші жағынан минут сайын тартыстар дүрліктірмейтін жағдайда ғана өмір сүреалатын оларды қоршаған қоғам индивидтерге, оларды қажетті икемдеуге мәжбүрлеу үшін, бар салмағымен қысым жасайды. Рас, біз кейде тәуелсіз қоғамдар өздерінің заттарға, яғни аумақтарға салыстырмалы құқықтарының көлемін анықтау үшін келісім жасайтынын көреміз. Бірақ осы қатынастардың нақ шетін тұрақсыздығы – теріс ыңғайдағы ынтымақ оның өзі үшін жеткілікті бола алмайтынының ең жақсы дәлелі. Егер қазір мәдениетті халықтар арасында, тегінде, ол үлкен күшке ие болса, егер еуропалық қоғамдардың заттық құқықтары деп атауға болатын нәрселерді реттейтін халықаралық құқықтың бір бөлігі, тегінде, бұрынғыдан көбірек беделге ие болса, оның себебі

Еуропаның әртүрлі ұлттарының бір-біріне әлдеқайда тәуелді болуында, өйткені белгілі бір қатынастарда олардың барлығы әлі топтаса қоймаған, бірақ өзін барған сайын жете түсіне бастаған бір қоғамның бөлігін құрайды. Еуропалық тепе-теңдік деп жүргеніміз осы қоғамның ұйымдасуының басы. Әділетті жанашырлықтан, яғни бөтендердің құқықтарын, осынау таза теріс ыңғайдағы жақсылықтан асып түсетін кез-келген қылықтан қарапайым құрметтеуді мұқият айыра білу қабылданған. Құлықтың осынау екі түрінен инсанияттың тәуелсіз екі қабатын көреді: әділет өздігінен-ақ оның негізгі қабаттарын құрайды, ал жанашырлық – оның тәжі. Осынау айырмашылықтың радикалдығы соншалық, инсанияттың белгілі жүйесінің жақтастарының пікіріне сәйкес, әлеуметтік өмірдің жақсы қызмет етуі үшін тек әділет қана қажет; жанқиярлыққа келсек, ол жеке жақсылық, оны ұстану жеке кісі үшін жақсы, бірақ қоғам онсыз да тамаша күн көре алады. Көптеген адамдар оның қоғамдық өмірге араласуына тіпті алаңдамайды да. Шынында да, адамдар өз құқықтарын өзара танып, кепілдік беруі үшін алдымен олардың бір-бірін жақсы көруі қажет, олардың әлдене себеппен бір-бірімен және өздері бір бөлігін құрайтын қоғаммен байланысты болуы қажет. Әділет жанашырлыққа толы, немесе, өз сөзімізбен айтқанда, теріс ыңғайдағы ынтымақ – басқа оң ыңғайдағы ынтымақтың эманациясы, бұл басқа қайнар көзден шығатын әлеуметтік сезімдердің заттық құқықтар өрісінде көрініс беруі. Демек, әділетте ерекше ештеңе жоқ, бірақ ынтымақтың әрқилы түрлерінің қажетті серігі. Ол адамдар ортақ өмірмен өмір сүретін, ортақ өмір еңбек бөлінісінен, не ұқсастың ұқсасқа үйірлігінен туындағанына қарамастан, барлық жерде міндетті түрде кездеседі.

ІІІ

Егер реституттік құқықтан жаңа ғана әңгіме болған ережелерді бөліп алсақ, қалғандары отбасылық, шарттық, коммерциялық, процестік, әкімшілік және конституциялық құқықтарды қамтитын, әбден айқындалған жүйені құрайды. Олармен реттелетін қатынастар табиғаты алдыңғылардың

табиғатынан мүлдем бөлек. Олар негізінен еңбек бөлінісінен туындайтын оң ыңғайдағы ынтымақтастықты, кооперацияны білдіреді. Отбасылық құқық шешетін мәселелер келесі екі тұрпатқа жатқызыла алады: 1) Әрқилы отбасылық қызметтерді кім атқарады? Күйеу кім, әке кім, заңды бала кім, қамқоршы кім және т.б.? 2) Осы қызметтердің және олардың қатынастарының әдеттегі тұрпаты қандай? Бұл сұрақтардың біріншісіне некеге отыру үшін қажет сапалар мен шарттарды, неке заңды болуы үшін қажетті формальдылықтарды, заңды, жаратылыстық, асыранды туыстық шарттарын, қамқоршыны таңдау тәсілін айқындайтын ережелер жауап береді. Екінші мәселені ерлі-зайыптылардың салыстырмалы құқықтары мен міндеттері , олардың ажырасқан жағдайдағы қарым-қатынастары, бірге тұруды тоқтату және мүлікті бөлісу, әкелік билік, асырап алудың салдары, қамқоршының басқаруы мен оның қамқорға алынғанмен қарым-қатынасы, біріншісі мен екіншісіне қатысты отбасылық кеңестің рөлі, құқықтардан айыру және қамқорлық жағдайында ата-аналардың рөлі туралы баптар шешеді. Сонымен, азаматтық құқықтың бұл бөлігінің объектісі әрқилы отбасылық қызметтер бөлінетін тәсілді және өздерінің өзара қатынасында олар не болуға тиіс екендігін айқындау. Мұныңыз құқықтың бұл бөлігі отбасы еңбегінің бөлінісі салдарынан отбасы мүшелерін өзара біріктіретін ерекше ынтымақты білдіреді деген сөз. Рас, әдетте отбасыны бұл тұрғыдан қарастырмайды; көбінекөп оның байланысы тек қана сезімдер мен нанымдардың ортақтығымен орнатылады деп ойлайды. Шынында да, отбасы тобының мүшелері арасындағы ортақтық соншалық, олардың әрқайсысының үлесіне тиетін міндеттердің арнайы сипаты біздің назарымыздан қағыс қала береді. Нақ осы О. Конттың отбасылық одақ “қандай да бір мақсатқа жету үшін төте де үздіксіз кооперация жөніндегі кез-келген ойды” жоққа шығарады деуге мәжбүр етті72. Бірақ

72 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІМ, 419-бет.

отбасының елеулі ерекшеліктерін біз қысқаша ескерткен заңдық ұйымдасуы осынау қызметтік айырмашылықтардың нақты болатындығын және олардың маңызды мәнін дәлелдейді. Отбасы тарихы әу бастан – тек бөлінудің үздіксіз процесі ғана, оның барысында әуелі өздерінің арасында ажырамас әрі аралас болған осынау әртүрлі қызметтер аз-аздап бөлініп, жеке-жеке орнықты, әрқилы туысқандар арасында олардың жынысына, жасына, тәуелділік қатынастарына сәйкес бөлінді73, сөйтіп олардың әрқайсысы отбасылық қоғамдастықтың ерекше шенеунігіне айналды. Отбасы еңбегінің осы бөлінісі – жанама және екінші дәрежелі құбылыс қана емес, керісінше, отбасының бүкіл дамуында үстемдік ететін құбылыс. Еңбек бөлінісі мен шарттық құқық арасындағы байланыстың айқындығы бұдан кем емес. Шынында да, шарт негізінен кооперацияның заңдық көрінісі. Рас, тараптың біреуі ғана байланысатын қайырымдылық шарттары дейтіндер бар. Егер мен басқа біреуге ешбір шартсыз қандай да бір затты берсем, егер мен вексельді немесе салымды өз мойныма тегін алсам, бұдан мен үшін де белгілі бір міндеттемелер келіп шығады. Алайда бұл арада уағдаластын тараптар арасында ынтымақтастық дегеніңіз жоқ, өйткені міндеттер тек бір жаққа ғана жүктеледі. Бірақ кооперация осы құбылыста да жоқ емес, тек ол ерікті де бір жақты сипатта болады. Мысалы, сыйлау дегеніңіз өзара міндеттемесіз алмасудан басқа немене? Демек, шарттардың осы түрлері нағыз кооперативтік шарттардың жай ғана түрлері. Айтпақшы, олар өте сирек, себебі қайырымдылық актылары тек ерекше жағдайларда ғана құқықтық реттеуге ұшырайды. Орасан зор көпшілікті құрайтын басқа шарттарды алсақ, олар туындататын міндеттемелер не өзара міндеттемелермен, не орындалып қойған жеткізіп берумен сәйкес болады. Бір тараптың міндеттемелері не екіншісінің міндеттемесінен, не осы соңғысы көрсетіп қойған қызметтен туындайды74. Бірақ мұндай өзаралық кооперация

73 Толығырақ осы кітаптың VІІ тарауын қараңыз.
74 Мысалы, үстеме ақымен қарыз алу кезінде.

бар жерде ғана мүмкін болады, ал соңғысы, өз кезегінде, еңбек бөлінісін көздейді. Шын мәніндегі, кооперациялау ортақ жұмысты өзара бөлісу деген сөз. Егер соңғысы бір-біріне қажетті болса да, сапа жағынан ұқсас жұмыстарға бөлінсе, онда біз бірінші дәрежедегі яки қарапайым еңбек бөлінісіне ие боламыз. Егер оның табиғаты әртүрлі болса, онда біз күрделі еңбек бөлінісін яки мамандандырудың өзін көреміз. Шарт көбіне-көп кооперацияның нақ соңғы пошымын білдіреді. Басқа мәні бар бірден-бір шарт – серіктестік шарты және, бәлкім, сондай-ақ некелік шарт, өйткені ол ерлі-зайыптылардың шаруашылық шығындарға салыстырмалы үлесін анықтайды. Мұның үстіне, бұл үшін тағы серіктестік шарты барлық серіктерді бірдей дәрежеге қоюы, олардың капиталдары бірдей болуы, олардың қызметі бірдей болуы керек, алайда нақ осындай жағдай ерлі-зайыптылардың еңбек бөлінісінің салдарынан матримониялық қатынастарда ешқашан кездеспейді. Осынау сирек түрлермен бір-біріне арнаулы және әрқилы қызметтерді бейімдеуді мақсат ететін көптеген шарттарды: сатушы мен аларман арасындағы шарттар, айрбас шарттары, кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы, жалдаушы мен жалға берілетін арасындағы, қарыз берушілер мен алушылар арасындағы, сақтаушы мен сақтауға беруші арасындағы, мейманхана иесі мен жолаушы арасындағы, сенім білдіруші мен сенілген адам арасындағы, кредиттер мен кепіл беруші арасындағы және т.б. шарттарды салыстыру керек. Жалпы алғанда шарт – алмасу рәмізі; сондықтан Спенсердің тірі дененің әртүрлі органдары арасында үнемі жүріп жататын зат алмасуды физиологиялық шарт ретінде көрсететіндігі негізсіз емес75. Бірақ алмасу әрдайым қандай да бір азды-көпті дамыған еңбек бөлінісін көздейтіні анық. Рас, біз келтірген шарттар әлі біршама жалпы сипатта. Бірақ құқық әлеуметтік қатынастың тек жалпы нобайын, атап айтқанда ұжымдық өмірдің әртүрлі өрістерінде бірдей орын алатын ірі белгілерін байқайтынын ұмытпау керек. Сондықтан шарттың көрсетілген әрбір тұрпаты ортақ мөрі өзі болып табылатын және бәрін бірден реттейтін, бірақ қатынастар неғұрлым арнаулы қызметтер арасында

75 Bases de morale ~volutіonnіste, 124-бет.

орнатылатын көптеген басқа, неғұрлым жеке тұрпаттарын көздейді. Сонымен, салыстырмалы қарапайымдығына қарамастан, бұл схема өзі қорытатын фактылардың төтенше күрделілігін көрсету үшін жеткілікті. Қызметтердің осынау мамандандырылған саудаға қатысты шарттарды реттейтін Сауда кодексінде бұдан да айқынырақ көрінеді: олар – сенім білдіруші мен комиссионер арасындағы, экспедитор мен арбакеш арасындағы, вексель көрсетуші мен вексель беруші арасындағы, кеменің иесі, капитан және экипаж арасындағы, кемені жалға беруші мен кемені жалдаушы арасындағы, сақтандырушы мен сақтандырылған адам арасындағы шарттар. Бірақ бұл арада да заңдық нұсқаулардың салыстырмалы ортақтығы мен олар қатынастарын реттейтін жеке қызметтердің алуан түрлілігі арасында үлкен алшақтық бар, мұны сауда құқығы салтқа беретін маңызды орын дәлелдейді. Сауда кодексі шарттардың өзін реттемейтін кезде, ол сауда аппаратының барлық бөліктерінің ынтымағын қамтамасыз ету үшін қажет кейбір арнайы қызметтер (мысалы, биржалық немесе сақтандырушы маклердың, капитанның, банкроттық оқиғасындағы сот атқарушысының қызметтері) не болуға тиіс екендігін анықтайды. Процестік құқықтар – қылмыстық та, азаматтық та, саудадағы да құқық – сот аппаратында дәл сол рөлді атқарады. Әрқилы заңдық ережелердің санкциялары кейбір қызметтердің: қазылардың, қорғаушылардың, стряпчийлардың, қалыс билердің, талапкерлердің, жауап берушілердің және т.б. қызметтерінің ынтымақтастығының арқасында ғана қолданыла алады. Процестік құқық олардың қызметі мен өзара қарым-қатынасының тәсілдерін анықтайды. Ол құқық олардың не болуға тиіс және тұтас органның тіршілігіндегі әрқайсысының үлесі қандай екендігін айтып береді. Бізге процестік құқық заңдық ережелердің негізделген топтастырып жіктеуінде әкімшілік құқықтың бір түрі ретінде қарастырылуға тиіс секілді көрінеді: сот төрелігі әкімшілігін басқа әкімшіліктен қандай елеулі айырмашылық бөліп тұратыны түсініксіз. Қалай десек те, әкімшілік құқықтың

өзі әкімшілік76 деп аталатын, анық бөліп көрсетілмеген функцияларды реттейді, сол секілді процестік құқық мұны сот қызметтері үшін істейді. Бұл құқық олардың қалыпты тұрпатын және олардың бір-бірімен, сол секілді қоғамның диффузиялық қызметтермен қатынасын анықтайды. Тек одан қылмыстық сипатта болмаса да, әдетте осы айдармен орналастырылатын ережелердің кейбір мөлшерін алып тастау қажет болар еді77. Ақыр соңында, конституциялық құқық дәл соны үкіметтік қызметке қатысты жүзеге асырады. Әкімшілік-саяси құқықпен бір топта әдетте жеке құқық деп аталатынның да ұштастырылуы қайран қалдыра алады. Бірақ бәрінен бұрын, егер топтастырып жіктеудің негізіне санкциялар табиғатын алсақ, бұл жақындастыру міндетті және біздің ойымызша, ғылыми тұрғыдан басқа негізді алуға болмайды. Мұның үстіне, құқықтың осы екі түрін толық бөліп шығару үшін әлі әлдеқандай нағыз жеке құқық тіршілік етеді деп долбарлау керек, ал біз қандай да болсын құқық жұртшылыққа арналған, өйткені қандай да болсын құқық әлеуметтік. Қоғамның барлық қызметтері әлеуметтік қызмет болып табылады, сол секілді организмнің барлық қызметтері – табиғи қызмет. Экономикалық қызметтер де, басқалар секілді дәл сол сипатқа ие. Айтпақшы, тіпті олардың ең диффузиялық қызметтерінің арасында үкіметтік аппараттың ықпалына азды-көпті бағынышты болмайтындары жоқ. Сонымен, осы тұрғыдан алғанда олардың арасында тек деңгейлік айырмашылықтар ғана бар. Қорытындылай келе былай деуге болады: реституттік санкциялармен кооперативтік құқық реттейтін қатынастар және олар білдіретін ынтымақ қоғамдық еңбектің бөлінісінен туындайды. Мұның үстіне, жалпы кооперативік қатынастар басқа санкцияларға жол бермейтінін дәлелдеуге болады. Шынында да, арнайы міндеттер өзінің табиғаты бойынша ұжымдық сананың ықпалынан жалтарып кетеді. Өйткені, құбылыс ортақ сананың объектісі болу үшін, ол ең алдымен ортақ, яғни барша оны бір ғана тұрғыдан көз алдына елестете

76 Á³ç æàïïàé

ºê³ìø³ë³ê

алатындай барлық саналарда орын алуға тиіс. Сөз жоқ, қызметтер біршама ортақтыққа ие болып отырғанда, барша олармен қандай да бір сезімді байланыстыра алады. Бірақ олар неғұрлым көбірек мамандана түскен сайын, соғұрлым олардың әрқайсысы туралы түсінігі бар адамдар қатары тарыла түседі, оның үстіне, демек, олар ортақ сананың шегінен шығып кетеді. Оларды анықтайтын ережелер, демек, ол қорланған кезде өтеуді қажет ететін жоғары күшке, трансценденттік беделге ие бола алмайды. Әрине, олардың беделі, қылмыстық ережелердің беделі секілді пікірден, бірақ қоғамның шектеулі салаларында шоғырланған пікірден туындайды. Әңгіме мұнымен бітпейді: олар пайдаланылатын арнайы шеңберде, демек, олар санада орын алатын жерде, олар ерекше жігерлі сезімдерге және көбінекөп тіпті эмоциялық ахуалдың ешқандай түріне сәйкес келмейді. Олар жағдайлардың әртүрлі тоқайласуындағы әртүрлі функциялар ынтымақтығының тәсілін айқындайтындықтан, олар жатқызылатын объектілер санада әрдайым орын ала бермейді. Қамқоршы, шапағатшы78 болуға немесе кредитор, аларман және т.б. құқықтарын пайдалануға, немесе – әсіресе – оларды кейбір жағдайларда пайдалануға әрдайым тура келе бермейді. Бірақ сана ахуалы олар тұрақты болатын шамада ғана күшті. Бұл құқықтардың бұзылуы бүкіл қоғамның жанды жеріне де, тіпті бері салғанда тұтас алғанда – арнайы топтардың да жанды жеріне де тимейді, демек, ол тек тым жайбарақат реакцияны ғана тудыра алады. Тек функциялардың ұдайы ынтымағы қажет, егер де бұл ұдайылық бұзылған болса, оны қалпына келтіру жеткілікті. Бұл, әрине, еңбек бөлінісінің дамуы қылмыстық құқықта көрініс таба алмайды деген сөз емес. Біз білетініміздей, әкімшілік және үкіметтік қызметтер болады олардың кейбір қатынастары ұжымдық сана органы мен оған жататындардың барлығы атап өтілген ерекше сипаты себебі бойынша жазалау құқығымен реттеледі. Басқа бір жағдайларда белгілі бір арнайы қызметтерді байланыстыратын ынтымақ дәнекерлері, олардың бұзылуы қылмыстық

ықпалды тудыру үшін айтарлықтай ортақ салдар тудыратындай болуы мүмкін. Бірақ біз анықтаған себеп бойынша бұл салдарлар ілуде бір көрінеді. Сайып келгенде, бұл құқық қоғамда организмдегі жүйке жүйесі рөліне ұқсас рөл атқарады. Шынында да, ол жүйенің міндеті тәннің әртүрлі қызметтерін олар жарасымды ынтымақтасатындай етіп реттеу; ол физиологиялық еңбек бөлінісі салдарынан организм жеткен шоғырлану дәрежесін көрсетеді. Сондықтан жануарлар сатысының әртүрлі баспалдағында жүйке жүйесінің дамуы бойынша осы шоғырланудың деңгейін өлшеуге болады. Олай болса, дәл осылайша қоғамдық еңбек бөлінісі салдарынан реституттік санкциялары бар кооперативтік құқықтың дамуы бойынша қоғам жеткен шоғырлану дәрежесін өлшеуге болады. Бұл өлшемнің бізге қандай көмек көрсететінін алдын ала көріп-білуге болады.

Теріс ыңғайдағы ынтымақ өздігінен ешқандай кірігуді туғызбайтындықтан және, мұның үстіне, онда ерекше ештеңе жоқ болғандықтан, біз келесі нышандармен өзгешеленетін оң ыңғайдағы ынтымақтың тек екі түрін ғана қарастырамыз. 1) Біріншісі индивидті қоғаммен ешбір делдалсыз, төте байланыстырады. Екіншісінде ол қоғамға оны құрайтын бөліктерге тәуелділігі себепті тәуелді болады. 2) Қоғам екі жағдайда да бір ғана тұрғыдан қарастырылмайды. Біріншісінде қоғам деп аталатын нәрсе топтың барлық мүшелеріне ортақ нанымдар мен сезімдердің азды-көпті ұйымдасқан жиынтығы: бұл ұжымдық тұрпат. Керісінше, екінші жағдайда біз тілектес болатын қоғам белгілі бір қатынастармен біріктірілген әртүрлі әлеуметтік қызметтер жүйесі. Бұл екі қоғам, айтпақшы, бір қоғамды құрайды. Бұл бір болмыстың тысы мен астары, сонда да оларды ажырата білу қажет. 3) Осы екінші айырмашылықтан ынтымақтың екі түрін сипаттап, нобайлау

үшін қызмет ететін тағы біреуі туындайды. Біріншісі топтың барлық мүшелері үшін ортақ идеялар мен талпыныстар саны мен қарқыны жағынан олардың әрқайсысындағы идеялар мен талпыныстар басым түсетін шамада ғана күшті бола алады. Осы басымдық неғұрлым елеулі болса, ол соғұрлым жігерлі. Бірақ біздің жеке басымызды басқалардан өзгеше қылатын бойымыздағы төл де ерекше нәрсе. Демек, бұл ынтымақ индивидуалдыққа кері қатынаста арта түседі. Біздің әрқайсымызда, дедік біз, екі сана бар: бірі бүкіл тобымызбен бірге бізге ортақ, демек, біздің өзіміз емес, бізде өмір сүріп, қызмет ететін қоғам санасы; екіншісі, керісінше, біздегі төл және басқалардан өзгеше ететін сана, бізден индивидке айналдыратын да сол79. Ұқсастықтардан туындайтын ынтымақ ұжымдық сана біздің бүкіл санамызды дәл қамтып, онымен барлық нүктеде сәйкес келетін жағдайда ғана өзінің жоғары шегіне жетеді; бірақ бұл сәтте біздің даралығымыз жоққа тең. Ол біздің бойымыздан топ азырақ орын алған жағдайда ғана туындай алады. Бұл арада бір орталыққа ұмтылатын және ортадан тебетін қарама-қарсы екі күш бар, олар бір мезетте өсе түсе алмайды. Біз бір мезгілде соншама қарама-қарсы екі бағытта дами алмаймыз. Егер біз дербес қимылдап, дербес ойлауға аса бейімді болсақ, онда біз басқалар секілді қимылдап, ойлауға аса бейім бола алмаймыз. Егер мұрат өзіндік дара әлпет жасау болса, онда ол әркімге ұқсас болудан құрала алмайды. Мұның үстіне, осы ынтымақ өзінің ықпалын жасайтын сәтте біздің жеке басымыз жойылады деуге болады, өйткені біз бұдан былай біз емес, ұжымдық тіршілік иесіміз. Тек осылайша байланысты бола алатын әлеуметтік молекулалар, олай болса, олар анорганикалық денелердің молекулаларында болатынындай, тек өз қозғалысына ие бола алмайтын шамада бірдей қозғала алар еді. Біз ынтымақтың бұл түрін механикалық ынтымақ деп атауды ұсынатынымыз сондықтан. Бұл ол жасанды түрде және қандай да бір механикалық құралдармен жасалады деген сөз емес. Біз оны осылай деп бірлік тірі денелерге беретін нәрсеге қарама-қарсы, өлі денелердің бөлшектерін өзара біріктіретін

79 Ñîƒàí

ұстасуға, ұқсастық бойынша ғана атаймыз. Бұл атауды түпкілікті ақтайтын нәрсе, индивидті қоғаммен осылайша біріктіретін байланыс затты кісімен байланыстыратын нәрсеге әбден ұқсас екендігі. Осы тұрғыдан қарастырылатын индивидуалдық сана ұжымдық тұрпатқа бүтіндей бағындырылған оның барлық қимылдарын қайталайды, мұның өзі меншік иесінің өз затына таңатын барлық қимылдары оған көшетіні секілді (Э. Дюркгеймді ешқашан білмеген атабабаларымыздың "мал иесіне тартады" дегені секілді – ред.). Осы ынтымақ өте дамыған қоғамда индивид, біз кейін көретініміздей, өзіне тиесілі емес; бұл тұптура қоғам билеп төстейтін зат. Сондықтан мұндай әлеуметтік тұрпаттарда жеке құқықтар әлі заттық құқықтан ерекшеленбейді. Еңбек бөлінісінен туындайтын ынтымақ мүлдем өзгеше. Біріншісі индивидтердің бір-біріне ұқсас болуын талап етсе, соңғысы олардың бірбірінен өзгешеленуін көздейді. Біріншісінің мүмкін болатыны, жеке ұжымдық тұлғаға сіңіп кеттіндігінен ғана; екіншісі әркімнің өзінің қарекет аясы ие болғанда, демек, кісі болғанда ғана мүмкін. Сонымен, ұжымдық сана жеке сананың бір бөлігін, онда өзі реттей алмайтын арнайы функциялардың орнығуы үшін, ашық қалдыруы қажет. Және бұл сала неғұрлым кең болса, осы ынтымақ туындайтын байланыс соғұрлым күшті. Шынында да, бір жағынан, еңбек неғұрлым көбірек бөлінген болса, соғұрлым әркім қоғамға неғұрлым тығыз тәуелді болады, ал екінші жағынан – әркімнің жұмысы ол неғұрлым маманданған болса, соғұрлым даралана түседі. Ол қаншама шектелген болса да, ешқашан мүлде айрықша болмайтынын күмәнсіз. Тіпті өзіміздің кәсіптік жұмысымызда да біз өзіміздің бүкіл корпорацияға ортақ салттармен, дағдылармен есептесеміз. Бірақ бұл жағдайда біз бастан кешетін езгі бізге бүкіл қоғам қысым жасайтын кездегі езгіден біршама жеңіл; ол біздің бастамамыздың еркін көрінуіне анағұрлым көп орын қалдырады. Олай болса, мұнда бүтіннің даралығы бөлшектің даралығымен бірге өседі; қоғам келісімді қимыл жасауға қабілетті бола түседі, ал оның элементтерінің әрқайсысы өз қимылын көбірек жасайды. Бұл ынтымақ жоғары дамыған жануарларда байқалатын ынтымаққа ұқсайды. Әрбір орган шынында да бұл арада автономияға, өзінің ерекше

әлпетіне ие болады, алайда бөлшектердің осынау даралануы неғұрлым айқынырақ болса, организмнің бірлігі де соғұрлым ұлғая түседі. Осы ұқсастық негізінде еңбек бөлінісінен туындайтын ынтымақты табиғи ынтымақ деп атауды ұсынамыз. Осы және алдыңғы тараулар бізге бір мезгілде осы әлеуметтік байланыстар, әртүрлі жолдармен болса да, ынтымақтастықта туындататын ортақ нәтижедегі оларға тиетін үлесті есептеп шығару құралын береді. Біз іс жүзінде, ынтымақтың осынау екі түрі де қандай сыртқы пошымдарда рәмізделетінін, яғни олардың әрқайсысына сәйкес келетін заңдық ережелер жинағы қандай екенін білеміз. Демек, аталмыш әлеуметтік типтегі олардың салыстырмалы мәнін табу үшін оларды білдіретін құқықтың екі түрінің салыстырмалы көлемін салыстыру жеткілікті, өйткені құқықтар өздері реттейтін әлеуметтік қатынастар секілді әрқашан өзгеріп отырады.

ІV тарау

Алдыңғының басқа дәлелі

Әрі қарай жылжымас бұрын, алдыңғы нәтижелердің маңыздылығы салдарынан, оларды тағы бір рет қуаттау қажет. Осы жаңа тексеру бізге оларды негіздеуге ғана емес, сондай-ақ алдағысын баяндауға да мүмкіндік беретін заңды анықтауға жағдай туғызады. Егер ынтымақтың біз бөліп алған екі түрі шынында атап өтілген заңдық көрініске ие болса, онда ұжымдық тұрпат неғұрлым көбірек көрініс берсе және еңбек бөлінісі неғұрлым қарабайыр болса, жазалау құқығының кооперативтік құқықтан басымдығы соғұрлым елеулі болуы тиіс. Керісінше, дара тұрпаттар дамып, жұмыс мамандандырыла түскен сайын құқықтың осынау екі түрінің көлемдері арасындағы пропорция кері ыңғайға өзгеруге тиіс. Ал бұл қатынастың нақтылығы эксперимент арқылы дәлелдене алады.

Қоғамдар неғұрлым қарабайыр болған сайын, оларды құрайтын индивидтер арасындағы ұқсастық та соғұрлым көбірек болады. Гиппократтың өзі “De aere et loсіs” атты шығармасында скифтердің этностық тұрпаты бар, бірақ жекелік тұрпаты мүлдем жоқ деген. Гумбольдт “Neuspanіen”80 атты еңбегінде варвар халықтарда жеке әлпеттен гөрі, ордаға тән белгілерді тезірек табуға болатынын ескертеді, және бұл фактыны көптеген байқаушылар қуаттайды: “Римдіктер ежелгі германдықтар бір-біріне тым ұқсас деп білді; осыған ұқсас жабайылар дейтіндер де өркениятты еуропалыққа тап сондай болып көрінеді. Шынын айтқанда, саяхатшыда көбінесе осындай ой-пікірдің тууының басты себебі жаттығудың жеткіліксіздігі болуы мүмкін”. Алайда, егер өркениятты адам өзінің туған ортасында үйреніп қалған айырмашылықтар ол алғашқы қауымдық халықтарда кездестіретін айырмашылықтардан шынында маңыздырақ болмаса, бұл тәжірибесіздіктің сол салдарға ие болуы екіталай еді. Уллоа жиі келтірілетін ескертпе жақсы мәлім: “Кім Америка туземінің бірін көрсе, олардың барлығын көргені. Керісінше, өркениятты халықтарда екі индивид бірі екіншісінен бір қарағаннан-ақ және ешқандай алдын ала танысусыз өзгешеленеді (Бірақ "өркениятсыз" халықтар да "өркениятты" халықтар бір-бірінен аумайды деп білетіні, ал өздері бір-бірін көзі түскен бойда ажырата алады – Ред.). Доктор Лебон алғашқы қауымдық ахуалға жақындаған сайын ұлғая түсетін осы біртектілікті объективті түрде анықтай алды. Ол әртүрлі нәсілдер мен қоғамдарға жататын бас сүйектерді салыстырып, "бір нәсілдің индивидтері арасындағы бас сүйектің көлеміндегі айырмашылықтар... нәсіл өркеният баспалдағында неғұрлым жоғары орын алса, соғұрлым көп" деп тапты. "Мен әрбір нәсілдің бас сүйектерін көлемі біртіндеп өсетін қатарларға топтастырып болдым, ондағы көздегенім жеткілікті көп қатарлар арасында, олардың арасындағы шекаралар біртіндеп ұласатындай етіп, салыстыру жүргізу еді, бұл

80 І, s. 116.

істі аяқтағаннан кейін көргеніміз, – дейді ол, – мынау болды: ересек ер адамдардың бас сүйектерінің ең үлкені мен ең кішілерінің арасындағы көлем айырмашылығы бүтін сандармен алғанда гориллада 200 текше сантиметр, Үндістан париларында 280, австралиялықтарда 310, ежелгі мысырлықтарда 350, ХІІ ғ. париждіктерде 470, қазіргі париждіктерде 600, немістерде 700текше сантиметр болды”81. Тіпті бұл айырмашылық нөлге тең халықтар да бар. “Андамандықтар мен тодалардың барлығы ұқсас. Тап осыны гренландықтар туралы да айтуға болады. Брок лабораториясында сақтаулы бес патагондық бас сүйек мүлдем дерлік ұқсас”82. Осы табиғи ұқсастықтар психикалық ұқсастықтарға сай келетіні күмән туғызбайды. “Жабайылардың күшті физикалық ұқсастығы, – дейді Вайц, – негізінен қандай болсын елеулі психикалық даралықтың жоқтығынан, жалпы интеллектуалдық мәдениеттің төменгі ахуалынан туындайтынына кәміл сенуге болады… Қандай да бір негр тайпасы ішіндегі мінездердің (Gem`thseіgenschaften) біртектілігі даусыз. Жоғары Мысырда құл сатушылар құлдың дара мінезі туралы емес, оның шыққан жері жайында дәл мәлімет жинайды, өйткені ұзақ тәжірибе тап сол бір тайпаның индивидтері арасындағы айырмашылықтар рулық айырмашылықтармен салыстырғанда елеулі еместігіне олардың көзін жеткізген. Мәселен, нубийлықтар мен галла тайпасы өте адал, солтүстік абиссиниялықтар – залым және опасыз, басқалардың көпшілігі – жақсы үй құлдары, бірақ дене еңбегінде пайдасы аз; Фертит абиссиниялықтары – тұнжыр да кекшіл болып саналады”83. Сондықтан ондағы сонылық аз ғана емес, мүлде орын алмайды. Барлығы ой жүгіртпей, бір дінді мойындап, ұстанады; секталар мен бөлінушілік онда белгісіз: олар төзгісіз болар еді. Ал бұл баспалдақтар дін бәрін бауырына алады, бәріне таралады. Ол буалдыр қосынды ахуалында діни нанымдармен қатар инсаниятты, құқықты, саяси ұйым принциптерін және тіпті ғылымды, бері салғанда, оны алмастыратын нәрсені қамтиды. Ол тіпті жеке өмірдің ұсақ-түйектерін де реттейді. Демек, діни сана

онда ұқсас – ал бұл ұқсастық абсолютті десек, сонымен бірге организм мен оның ахуалдарына жататын түйсіктен басқа, барлық дерлік дара сана бірдей элементтерден тұрады дегеніміз. Оның үстіне, сезімдік ықпалдардың өзі индивидтердегі тәндік ұқсастықтар себебінен тым алуан түрлілікті тудырмауға тиіс. Алайда әлі өркенияттың, салдары, керісінше, әлеуметтік ұқсастықтардың ұлғаюы деген пікір едәуір таралған. “Адами агломерациялар кеңейген сайын, – дейді Тард, – идеялардың оң геометриялық прогрессияда таралуы айқынырақ бола бастайды”84. Хэйл (Hale) бойынша85, алғашқы қауымдық халықтарға мінездің біркелкілігін таңу қате және ол осының дәлелі ретінде Тынық мұхиттың іргелес өмір сүріп жатқан сары және қара нәсілдерінің қандай болсын екі еуропалық халықтан гөрі, бір-бірінен айырмашылығы күштірек екендігінің фактысын келтіреді. Мұның үстіне, французды ағылшыннан немесе немістен айырып тұратын айырмашылықтар қазір бұрынғыдан азырақ емес пе? Барлық дерлік еуропалық қоғамдарда құқық, мораль, құлық, тіпті негізгі саяси инстиуттар шамамен бірдей. Дәл сол секілді тап сол бір елдің ішінде енді бір кездері болған қарама-қарсылықтар табылмайды делінеді. Әлеуметтік өмір провинциядан провинцияға мүлде өзгермейді немесе тым әлсіз өзгереді; Франция секілді біртұтас елдерде ол барлық салаларда дерлік бірдей және осы бірдейлік мәдени таптарда өзінің жоғарғы шегіне жетеді86. Бірақ бұл фактылар біздің пікірімізді тіпті де жоққа шығара алмайды. Әртүрлі қоғамдар барған сайын үлкен ұқсастыққа ұмтылатыны даусыз, бірақ олардың әрқайсысын құрайтын индивидтерге келгенде мәселе басқаша. Француз бен ағылшын арасындағы қашықтық қазір жалпы бір кездегіден аз, бірақ бұл қазіргі француздардың бұрынғыларға қарағанда бір-бірімен көбірек өзгешеленуіне кедергі жасамайды. Әрбір провинция өзінің өзгеше әлпетін жоғалтатыны да рас; бірақ бұл әрбір индивидтің жеке өзіне тиісті әлпетті

барған сайын молырақ қабылдауына кедергі жасамайды. Нормандық гаскондықтан, соңғысы лотарингиялықтан немесе прованстықтан азырақ өзгешеленеді; олардың қай-қайсысының да барлық француздарға ортақ белгілері бар. Бірақ француздар жабылып білдіретін алуандық сонда да ұлғая түсті. Егер бұрын болған бірнеше провинциялық тұрпаттар өзара араласып, жойылып кетіп жатса да, оның орнына дара тұрпаттардың зор алуандығы пайда болады. Ірі облыстар бар, бірақ енді соншалық айырмашылықтар жоқ; бірақ есесіне қаншама индивид болса, соншалық дерлік айырмашылықтар бар. Керісінше, әрбір провинцияның өзінің ерекше әлпеті бар жерде, соны жеке индивидтер туралы айтуға болмайды. Провинциялар бір-бірі жөнінде аса әртекті болуы және сонымен бірге тек ұқсас элементтерден ғана құралуы мүмкін. Саяси қоғамдарда да дәл солай болып жатады. Дәл осылайша аса қарапайым жануарлар бір-бірінен өзгешеленетіні соншалық, оларды түрлері бойынша топтастырып жіктеу мүмкін емес87, бірақ олардың әрқайсысы әбден біртектес материядан тұрады. Бұл пікір, демек, дара тұрпаттарды провинциялық та, ұлттық та ұжымдық тұрпаттармен араластырып жіберуге негізделеді. Өркеният соңғы тұрпаттарды бірдей етуге бейім екені даусыз; бірақ бұдан өркеният біріншілерге тап сондай ықпалын тигізеді және сүреңсіздік жалпыға бірдей болады деген қате қорытынды шығарылды. Тұрпаттардың бұл екі түрінің де төтесінен алғанда өзгермейтіні былай тұрсын, тіпті біз алда көретініміздей, бір түрдің жойылып кетуі екіншісінің пайда болуының қажетті шарты88. Бірақ бір ғана қоғамның ішінде ұжымдық тұрпаттардың тек елеусіз саны ғана болады, өйткені қоғам осындай ұқсаспаушылықты тудыру үшін жеткілікті әрқилы нәсілдер мен аймақтардың тек шектеулі санынан ғана құрала алады. Ал индивидтер болса, керісінше, шексіз түрленуге қабілетті. Сан алуандық, демек, дара тұрпаттар неғұрлым дамыған болса, соғұрлым елеулірек. Мұнымыз кәсіптік тұрпаттарға да шашау шығармай қолданыла алады.

Олар өздерінің бұрынғы айқындығын жоғалта бастады, бір кезде кәсіптерді бөліп тұрған алшақтық, әсіресе олардың кейбіреулері, жойылып кету жолында тұр деуге негіз бар. Бірақ олардың әрқайсысының ішіндегі айырмашылықтар да ұлғая түскендігі де рас. Олардың әрқайсысында ойлау мен қызметтің төл тәсілі барған сайын пысықтала түсуде, әрқайсысы корпорацияның қоғамдық пікірінің ықпалына азырақ ұшырай бастады. Мұның үстіне, егер кәсіп пен кәсіп арасындағы айырмашылықтар тым көзге ұрып тұрмаса да, олар, бері салғанда, көбірек бола бастады, өйткені кәсіптік тұрпаттар еңбек бөлінісінің күшеюімен өздігінен-ақ ұлғая түсті. Егер олар бір-бірінен тек қарапайым реңкімен айырылатын болса, есесіне бұл реңктердің алуандығы ұлғая түсті. Олай болса, алуандық енді күрт те күшті қарама-қарсылық түрінде көрінбегенімен, тіпті бұл тұрғыдан да азайған жоқ. Демек, тарихқа неғұрлым терең үңілсек, біртектілік соғұрлым көбірек болатынына кәміл сене аламыз; екінші жағынан, ең жоғары әлеуметтік тұрпаттарға неғұрлым жақындасақ, соғұрлым еңбек бөлінісі көбірек дамыған болып шығады. Енді әлеуметтік сатының әртүрлі баспалдақтарында біз бөліп көрсеткен құқық пошымдарының екеуі де қалай өзгеретінін қарастырайық.

Ең төмен қоғамдардағы құқықтың ахуалын таразыласақ, ол тегінде, түгелімен жазалаушы құқық секілді. “Жабайы адам, – дейді Леббок, – еш жерде бостан емес. Бүкіл дүниеде жабайы адамның күнделікті өмірі толып жатқан күрделі және көбінесе өте ыңғайсыз салттармен (заңдар секілді, соншалық бұйрық райлы), жосықсыз тыйымдармен және артықшылықтармен реттеледі. Толып жатқан аса қатал ережелер (олар жазылмаған болса да) олардың өмірінің барлық қимылдарын реттейді"89. Шынында да, алғашқы қауымдық адамдарда кейбір мінез-құлық пошымдары қаншалық оп-оңай дәстүрлі салттарға айналып кететін, ал екінші жағынан, оларда дәстүр күші қаншалықты зор екендігі

89 Lubbock. Les orіgіnes de Іa cіvіlіsatіon. P., F. Alcan, 440-бет; Spencer. Socіologіe. P., F. Alcan, 435-бет.

белгілі. Ата-бабалар құлықтары онда құрметтелетіні соншалық, жазалау қорқынышымен олардан шегінуге болмайды. Бірақ мұндай байқауларда дәлдік бола бермейтіні сөзсіз, өйткені соншама көзге түспейтін салттарды тап басып анықтау тым қиын. Біздің тәжірибемізді рет-ретімен негізделген түрде орындап шығу үшін, мүмкіндігінше, жазылған ережелерді пайдалану керек. Біздің қолымызда бар осы тектес ең ежелгі ескерткіш Бескітаптың соңғы төртеуі – Кету, Левит, Сандар, Екінші заң90. Осы 4 немесе 5 мың өлеңнің ішінен тек салыстырмалы түрде елеусіз мөлшерде, турасын айтқанда, жазалаушы емес деп саналуы мүмкін ережелер көрініс береді. Олар келесі объектілерге жатады. Меншік құқығы: Қалыңмал төлеп алу құқығы. – Мүшелтой. – Левиттер меншігі (Левит, ХХV, 14–25, 29–34 және ХХVІІ, 1–34). Отбасылық құқық: Неке (Екінші заң, ХХІ, 11–14; ХХІІІ, 5; ХХV, 5–10; Левит, ХХІ, 7, 13, 14); Мұрагерлік құқық (Сандар, ХХVІІ, 8–11 және ХХVІ, 8; Екінші заң, ХХІ, 15–17); Туземдер мен жатжұрттықтар құлдығы (Екінші заң, ХV, 12–17; Кету, ХХІ, 2–11; Левит, ХІХ, 20; ХХV, 39–44; ХХХVІ, 44–54). Несиелер мен төлемдер: (Екінші заң, ХV, 7–9; ХХІІІ, 19–20; ХХІV, 6 және 10–13; ХХV, 15). Қасақана жасалмаған қылмыстар: (Кету, ХХІ, 18–33 және 33–35; ХХІІ, 6 және 10–17)13. Қоғамдық қызметтерді ұйымдастыру: Дінбасылар қызметі (Сандар, Х), левиттер қызметі (Сандар, ІІІ және ІV); ақсақалдар қызметі (Екінші заң, ХХІ, 19; XXІІ, 15; ХХV, 7; ХХІ, 1; Левит, ІV, 15); қазылар қызметі (Кету, ХVІІІ, 25; Екінші заң, І, 15–17). Демек, реституттік және әсіресе кооперативтік құқық азғантай нәрселерге ғана саяды. Басқасы және бар. Келтірлген ережелердің ішінен талайы атүсті бір қарағанда көрінетініндей, қылмыстық құқықтан тыс қашық емес, өйткені олардың барлығы діни сипатпен таңбаланады. Олардың барлығы қоғамнан

13 Іnu ?ea”aa?aі” aa?eu?u aі?aa (?і?aіau? ooіeoeyea??a ?aounouea?au aeіa?aіaa) 135 ?ea” aaі anaіoaeaaі.

бастау алады; оларды бұзу – қоғамды қорлау деген сөз, ал мұндай қорлау – өтелуге тиіс күнә. Кітап бұйрықтар арасында ешқандай айырмашылық белгілемейді; олардың барлығы – жазаланбай мойынсұнбау мүмкін емес құдай сөздері. “Егер сен осы кітапта жазылған барлық сөздерді сенің Мәңгілік Құдайыңның даңқты да қаһарлы есімінен сескенбей, орындауға тырыспасаң, Мәңгілік иең сені және тұқымыңды тұздай қылады”91. Қандай да бір нұсқауды – тіпті қатеден – орындамау күнә және өтеуді талап етеді92. Қылмыстыққұқықтық сипаты күмән туғызбайтын осы түрдегі қорқыту тіпті біз реституттік құқыққа жатқызған нормалардың кейбіреулеріне тікелей рұқсат береді. Мәтін ажырасып кеткен әйел, егер ол екінші некеден кейін ажырасса, оны өзінің күйеуі екінші рет әйелдікке ала алмайтынын белгілегеннен кейін, ол былай деп қосады: “Бұл Құдай алдындағы жексұрындық және Құдайың саған бөліп берген жерді былғама”93. Ал еңбекақы төленілетін тәсіл анықталатын өлең мынау: “Ол тап жұмыс істеген күні, оның Құдайға сенің атыңа шағым жасамауы және сенің бойында күнә болмас үшін оған ақысын бер”94. Қасақана жасалмаған қылмыстар үшін құн, тегінде, нағыз күнадан арылу секілді көрсетілген. Левиттен мынаны оқимыз: “Кімде-кім қандай да бір адамды өлтірсе, сол ажалға тартылады. Кімде-кім малды өлтірсе, сол үшін ақысын төлеуге тиіс, малға – мал… мертіктіруге – мертіктірілу, көзге – көз, қанға – қан”95. Келтірілген нұқсанды толық өтеу кісі өлтіргені үшін жазаға толық ұқсатылады және кек заңын қолдану ретінде қарастырылады. Рас, санкциясы арнайы көрсетілмеген нұсқаулардың біраз мөлшері бар; бірақ біз енді, оның, әрине, жазалау сипатында болатындығын білеміз. Қолданылатын сөздердің ерекшеліктері бұны жеткілікті кәміл дәлелдейді. Мұның үстіне, теріс ыңғайдағы нұсқауды бұзған әрбір адам, заң жазаны ресми түрде жария етпеген кезде, тән жазасына тартылғаны бізге дәстүрден мәлім96.

92 Ëåâèò, ІV. 93 Åê³íø³ çàœ. XXІV, 4. 94 Åê³íø³ çàœ. XXV, 5. 95 Åê³íø³ çàœ. XXІV, 17, 18, 20. 96 Қараңыз: Munck. Palestіne, 216-бет. Зельден (Қараңыз: Selden. De Synedrііs, 889–903-беттер), Маймонидттен алып, осы категорияға жататын барлық нұсқауларды тізіп шыққан.

Қорытындылайық: бүкіл еврей құқығына, бізге ол Бескітаптан белгілі болғанындай, негізінен, әртүрлі дәрежедегі жазалау сипаты өзек болған. Ол бір жерде неғұрлым анық, басқа бір жерде астарлап көрінеді, бірақ барлық жерде сезіледі. Осы құқықтағы барлық нұсқаулар, былайша айтқанда, Құдайдың тікелей кепілдігімен алынған Құдай өсиеттері болғандықтан, олардың барлығы өздерін ардақты және қасиетті қылатын ерекше беделі үшін осынау шығу тегіне қарыздар. Сондықтан, олар бұзылған кезде қоғамдық сана жай ғана өтелуді қанағат тұтпай, ол үшін кек алатын өтелуді талап етеді. Қылмыстық құқықтың өзіндік табиғатын онымен рұқсат етілетін ережелердің ерекше беделі құрайтындықтан және адамдар өздерінің сенетін Құдайына телитін беделден жоғары беделді ешқашан білмегендіктен, ойлап таба алмағандықтан Құдайдың өзінің сөзі болып саналатын құқық өзінің мәнінде жазалаушы болмай тұра алмайды. Біз тіпті әрбір қылмыстық құқық азды-көпті діни дей алар едік, өйткені оның жанын жеке адамнан, жоғары тұрған күшке, ол санамен қандай символдық реңкте сезілсе де, біршама трансценденталды күшке деген құрмет сезімі құрайды. Ал бұл түйсік кез-келген діншілдіктің негізінде жатыр. Жалпы дамудың төменгі дәрежесіндегі қоғамдарда репрессия барлық құқықтардан үстем екендігі сондықтан: дін онда бүкіл құқықтық өмірді, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік өмірдің де өзегі. Сондықтан құқықтың діни сипаты, сондай-ақ Ману заңдарында өте анық көрінеді. Олардың ұлттық институттар жиынтығында қылмыстық сот төрелігіне олар беретін маңызды орынға назар аударсақ жеткілікті. “Корольдің өз міндеттерін орындауына көмектесу үшін, – дейді Ману, – Құдай әу бастан жазалау кемеңгерін, барлық тіршілік иелерінің қорғаушысын, әділеттің орындаушысын, табиғатын құдай берген өзінің баласын дүниеге әкелді. Жазадан қорқудың өзі барлық қозғалатын және қозғалмайтын туындылардың өздеріне тиісті нәрседен ләззат алуына мүмкіндік береді, және олардың өз міндеттерінен қашқақтауына бөгет жасайды. Жаза адамзат ұрпағын басқарады, жаза оны қорғайды; бәрі ұйықтап жатқанда да жаза қалғымайды; жаза дегеніміз әділеттілік дейді данышпандар. Егер жаза өзінің міндетін атқармаса, барлық

таптар азғындар еді, барлық тосқауылдар бұзылар еді, дүние былықтан тұрар еді”97. ХІІ кесте заңдары неғұрлым дамыған98 және еврей халқынан гөрі бізге неғұрлым жақын қоғамға тиесілі. Мұның дәлелі – римдік қоғам еврей қоғамы тоқталған тұрпатты басынан кешіріп, еңсергеннен кейін ғана қала тұрпатына қол жеткізгені; мұның дәлелі кейінірек келтіріледі99. Басқа да фактылар римдік қоғамның бізден көп алыстамағанын дәлелдейді. Біріншіден, ХІІ кесте заңдарында біз қазіргі құқығымыздың басты ұрықтарын табамыз, ал біздің құқық пен еврей құқығының арасында ортақ ештеңе жоқ100. Мұнан әрі, ХІІ кесте заңдары абсолютті дүниауи сипатта. Егер ежелгі Римде Нума тәрізді заң шығарушылар құдай қуат берген адам деп саналса және егер, демек, құқық пен дін ол кезде бір-бірімен толық араласқан болса, ХІІ кестені құрастыру дәуірінде бұл байланыс, сөз жоқ, тоқталған; осы заңдық ескерткіш әу бастан адамның қолынан шығып, тек адамдық қарым-қатынастарға бағышталған іс ретінде көрсетілген. Олардан біз діни рәсімдерге қатысты бірнеше ережені ғана табамыз, олардың өздері де онда сән-салтанатқа қарсы заңдар ретінде қосылған тәрізді. Ал заңдық және діни элементтердің қандай да толық алшақтығы – ол бойынша бір қоғам басқасынан аз не көп дамығанын айқындауға болатын ең жақсы нышандардың бірі101. Сондықтан қылмыстық құқық енді бүкіл орынды алмайды. Жазалаумен рұқсат етілетін ережелер мен тек реституттік санкциялары бар ережелер бұл жолы бір-бірінен мықтап бөлінген. Реституттік құқық оны әу баста бойына сіңірген жазалау құқығынан бөлініп шықты; онда енді өзінің төл ерекшеліктеріне, өзінің төл құрылысы, өзінің төл даралығы бар. Ол арнаулы

101 Салыстырыңыз: Walter. Hіstoіre de la proc~dure cіvіle et du droіt crіmіnel chez les Romaіns. § 1, 2; Voіgt. Dіe XІІ Tafeln, І, S. 43.

органдармен, арнайы процедурамен қамтамасыз етілген, жеке заңдық түр ретінде өмір сүреді. Осы арада кооперативтік құқықтың өзі де пайда болады; ХІІ кестеден біз отбасылық және шарттық құқықты табамыз. Сонда да, қылмыстық құқық өзінің бастапқы басымдығын жоғалтса да, оның үлесі елеулі болып қала береді. Фойгт қалпына келтіре алған осы заңдардың 115 үзіндісінен тек 66-ы ғана реституттік құқыққа жатқызыла алады; 49 құқықта айқын көрінетін жазалау сипаты бар102. Демек, осы кодекстің бізге жеткен түрінің жартысында дерлік қылмыстық құқық бар. Алайда, одан қалғаны бізге оның жасалу дәуіріндегі жазалау құқығының мәні туралы тек жартыкеш түсінік қана бере алады. Нақ осы құқыққа арналған бөлімдер, ең дұрысы, бәрінен бұрын жойылып кетуге тиіс еді. Сақталып қалған үзінділер үшін біз тек қана классикалық дәуірдің заңгерлеріне қарыздармыз. Бірақ олар қылмыстық құқықтан гөрі, азаматтық құқық мәселелеріне әлдеқайда көбірек қызықты. Қылмыстық құқық заңгерлердің әрқашан құмары болған әдемі дауларға жарай бермейді. Объектісі Римнің ежелгі қылмыстық құқығы болған осы ортақ немқұрайдылықтың салдары оның елеулі бөлігінің ұмыт қалдырылуы болуы тиіс еді. Мұның үстіне, ХІІ кесте заңдарының дәл толық мәтінінің өзі ылмыстық құқықты түгел қамтыған жоқ. Ол ерекше мекемелер соттайтын не діни, не отбасылық қылмыстар туралы, не құқыққа қарсы қылмыстар туралы айтпаған. Сондай-ақ, қылмыстық құқық жинақталатын сылбырлықты да ескеру қажет. Ол барлық санаға сіңірілгендіктен, оны белгілі ету үшін жазуда қажеттілік жоқ. Барлық осы себептер бойынша ІV ғ. Римнің өзінде қылмыстық құқық заңдық ережелердің әлі де үлкен бөлігі болды деп долбарлауға біздің хақымыз бар. Бұл басымдық оны бүкіл реституттік құқықпен емес, оның табиғи ынтымаққа сәйкес бөлігімен ғана салыстырсақ, әлдеқайда сенімді де беделді көрінеді. Шынында да, бұл сәтте тек отбасылық құқықты ұйымдастыру ғана жеткілікті дамыған болатын; процедура қысаң болуға әртүрлі де, күрделі де

емес; шарттық құқық енді ғана пайда бола бастаған. “Ежелгі құқық мойындайтын шарттардың болмашы мөлшері, – дейді Фойгт, – қылмыстардан туындайтын міндеттердің көпшілігімен таң қаларлық қайшылықты көрсетеді”103. Ал жұртшылық құқығына келсек, ол әзірге едәуір қарапайым; мұның үстіне, ол көп жағдайда жазалау сипатында, өйткені діни нышандарын сақтап қалған. Осы дәуірден бастап жазалау құқығы өзінің салыстырмалы мәнінен үнемі айрыла берді. Егер ол көптеген жағдайларда кері кетпеген десек те, егер алғашында қылмыстық деп саналатын қылықтардың көпшілігі уақыт өте келе жазалануын тоқтатқан жоқ (ал одан керісінше нәрсені біз діни қылмыстардан көреміз) деп долбарласақ та, қалай дегенмен ол көзге түсерліктей ұлғайған жоқ; ХІІ кесте дәуірінен бастап римдік құқықтың басты криминологиялық тұрпаты орныққанын білеміз. Керісінше, шартты процестік құқық, жұртшылық құқығы көбірек тарала берді. Ілгерілеген сайын ХІІ кесте заңдарындағы осы мәселелерге қатысты болған сирек және әлжуаз формулалар классикалық дәуірдің кең ауқымды жүйелеріне айналғанша дамып ұлғая беретінін көреміз. Отбасылық құқық та бастапқы азаматтық құқыққа преторлық құқық қосылған сайын күрделіленіп жіктеле түседі. Христиандық қоғамдардың тарихы бізге тап сол құбылыстың басқа бір мысалын көрсетеді. Санмер Мэннің өзі әртүрлі варварлық заңдарды өзара салыстыра отырып, қылмыстық құқық көлемі олар неғұрлым көне болса, соғұрлым көбірек деп табуға болады деген болжам айтты104. Фактылар бұл болжамды қуаттайды. Салилар заңы ІV ғ. Римнен кемірек дамыған қоғамға жатады. Егер ол қоғам, Рим секілді, еврей халқы тоқтаған әлеуметтік тұрпаттан өткен болса да, одан тап соның шамасында босанбаған. Оның ізі едәуір айқын көрінеді; біз мұны төменде дәлелдейміз. Сондықтан қылмыстық құқық бұл жерде анағұрлым көбірек мәнге ие болған. Вайц жарыққа шығарған105 салилар

103 XІІ Tafeln, ІІ, S. 448.
104 Ancіen droіt, 347-бет.
105 Das alte Recht der salіschen Franken. Kіel, 1846.

заңының мәтінін құрайтын 293 параграфтың тек 25-інде ғана (шамамен 9%) жазалау сипаты жоқ; бұлар франк отбасының құрылысы жөніндегі заңдар106. Шарт әлі қылмыстық құқықтан босанбаған, өйткені қабылданған міндеттемені белгіленген күні орындаудан бас тарту айыппұл тағайындауға жетелейді. Бірақ салилар заңы франктардың қылмыстық құқығының тек бір бөлігін ғана қамтиды, өйткені ол бітісу рұқсат етілген қылмыстар мен теріс қылықтарға ғана қатысты. Бірақ, сөз жоқ, өтеле алмайтын қылмыстар да болған. Бұл заңда мемлекетке қарсы қылмыстар туралы да, әскери қылмыстар туралы да, дінге қарсы қылмыстар туралы да бірде-бір сөз жоқ екендігін еске түсірген жеткілікті, – жазалау құқығының басымдығы одан сайын әлдеқайда елеулі болғаны айқындала түседі107. Бургундтардың неғұрлым кейінірек пайда болған заңында ол кемдеу. 311 параграфтан біз ешқандай жазалау белгісі жоқ 98-ін, яғни үштен бірге жуығын таптық. Бірақ бұл ұлғаю заттық құқыққа да, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарына да қатысты күрделілене түскен тек отбасылық құқыққа ғана қатысты. Шарттық құқық салилар заңындағыдан, көбірек дамымаған. Ақыр соңында, уақыт жағынан бізге әлдеқайда жақын және алдыңғыдан да мәдениетті халыққа қатысты визиготтар заңы тап сол бағыттағы жаңа прогресті айғақтайды. Онда қылмыстық құқық әлі де басым болғанымен, реституттік құқық онымен бірдей дерлік мәнге ие. Шынында да, онда тұтас процестік кодекс (І және ІІ кіт.), енді едәуір дамыған некелік және отбасылық құқық (ІІІ кітап; І және VІ титул, ІV кіт.) табылады. Ақыр соңында, алғаш рет бүтін бір кітап – бесінші кітап бәтуалық мәмілелерге арналған. Кодификацияның жоқтығы бізге осы екі түрлі қозғалысты тарихымыздың бүкіл өн бойында тап сол дәлдікпен ізерлеуге мүмкіндік бермейді; бірақ оның дәл сол бағытта жалғасқаны даусыз. Осы дәуірден бастап шынында да қылмыстар мен теріс қылықтардың заң каталогы өте толық. Керісінше, отбасылық құқық, шарттық, процестік, көпшілік құқық үздіксіз дамыды да,

106 Титул, XLІV, XLVІ, LІX, LXІІ.

осылайша, біз салыстырып отырған құқықтың екі бөлігі арасындағы қатынас сайып келгенде керісінше болғанын көреміз. Сонымен, жазалаушы және кооперативтік құқық, біздің теориямыз күн ілгері көрсеткеніндей, дәл сол күйде өзгереді. Демек, ол қуатталады. Рас, төменгі қоғамдардағы қылмыстық құқықтың осы басымдығы басқа себептерге телінетін; оны "өз заңдарын жаза бастаған қоғам үшін үйреншікті қатыгездікпен түсіндірді. Заң шығарушы, дейді өзінің туындысын варварлар өмірінің әртүрлі оқиғаларының жиілігіне пропорциялы бөлген"108. Бұл түсіндірмені келтірген Самнер Мэн оны толық емес деп табады; шындығында ол тек жартыкеш қана емес, сонымен бірге мүлде жалған. Біріншіден, ол құқықты заң шығарушының әлдене жасанды туындысына айналдырады, дәл бір ол қоғамдық құлыққа қайшы келіп, оларға қарсы әрекет ету үшін орнатылған тәрізді. Бірақ қазіргі кезде мұндай тұжырымдаманы ұстану мүмкін емес. Құқық құлықты білдіреді және ол оларға ықпал етсе, бұл олардың өзінен алынған күш арқасында. Зорлық-зомбылық қылықтары жиі болатын жерде оларға төзуге болады; олардың қылмыстылығы олардың жиілігіне кері пропорцияда. Мәселен, төменгі халықтарда кісіге қарсы қылмыстар, біздің өркениятты қоғамдарға қарағанда, тым үйреншікті нәрсе; сондықтан олар қылмыстыққұқықтық сатының ең төменгі баспалдағында тұрады. Тіпті қылмыстар неғұрлым сирек болған сайын, соғұрлым қатал жазаланады деуге болады. Мұның үстіне, алғашқы қауымдық қылмыстық құқықтың соншама гүлденіп дамуы біздің қазіргі қылмыстардың онда неғұрлым ауқымды заңдардыңобъектісін құрайтындығынан емес, сол қоғамдарға тән және олардың жалған қатыгездігімен түсіндірілмейтін күшті дамыған қылмыстылықтың: дінге қарсы, рәсімге қарсы, салтанатқа қарсы, түрлі дәстүрлерге және т.б. қарсы қылмыстардың болғандығына байланысты. Жазалаушы ережелердің осынау дамуының шын себебі эволюцияның осы сәтінде ұжымдық сананың күшті де ауқымды болатындығында, ал еңбектің әлі бөлінбегенінде. Егер осы прициптерге сүйенетін болсақ, олардан қорытынды өз-өзінен

108 Ancіen Droіt, 348-бет.

шығады.

V тарау

Табиғи ынтымақтың үдемелі басымдығы және мұның салдары

Кооперативтік құқықпен салыстырғанда жазалаушы құқықтың көлемі елеусіз ғана екендігін аңғару үшін біздің кодекстерімізге көз жүгіртсек жеткілікті. Отбасылық, шарттық, сауда және т.б. құқықтардан құралатын ауқымды жүйемен салыстырғанда жазалаушы құқық неге тұрады? Қылмыстыққұқықтық реттеуге бағынатын қатынастар жиынтығы, демек, ортақ тіршілік қызметінің ең болмашы бөлігі ғана болып табылады, демек, бізді қоғаммен байланыстыратын және нанымдар мен сезімдердің ортақтығынан келіп шығатын дәнекерлер еңбек бөлінісі тудырған дәнекерлерден, анағұрлым кем. Рас, біз айтып өткеніміздей, ортақ сана мен ол тудыратын ынтымақ қылмыстық құқықта түгелімен білдірілмейді; ортақ сана бұзылуын өзі жазалайтынндан басқа, өзге де дәнекерелерді жасайды. Ұжымдық сананың әлсіздеу де тым бұлыңғыр ахуалдары бар, олардың ықпалы құлықтар, қоғамдық пікір арқылы ешқандай құқықтық санкциясыз-ақ сезіледі және сонда да қоғамдық байланыстың орнығуына жәрдемдеседі. Бірақ кооперативтік құқық та еңбек бөлінісі тудыратын барлық дәнекерлерді білдірмейді, ол да сондай-ақ бізге әлеуметтік өмірдің осы бөлігінің сызбалық бейнесін ғана береді. Бөлінген қызметтерді біріктіретін өзара тәуелділік қатынастары көптеген жағдайларда тек салттармен реттеледі және осынау жазылмаған ережелер жазалаушы құқықтың жалғасы болып табылатын ережелерден, сан жағынан сөз жоқ басым түседі, өйткені олар әлеуметтік қызметтердің өзі секілді алуан түрлі болуға тиіс. Демек, жазылмаған ережелер мен әлеуметтік қызметтердің арасында олар толықтыратын құқықтың екі түрі арасындағыдай қатынастар болады, демек, зерттеу нәтижесін өзгертпей-ақ, оларды елемеуге болады. Алайда егер де біз бұл қатынасты тек біздің қазіргі қоғамдарда және

біздің келіп жеткен тарихтың дәл осы сәтінде ғана көріп белгілесек, біз өзімізден бұл уақыттық, бәлкім патологиялық себептерден туындаған емес пе деп сұрай алар едік. Бірақ біз жаңа ғана әлеуметтік тұрпат бізге неғұрлым жақын болса, онда кооперативтік құқықтың басымдығы соғұрлым көп екендігін; керісінше, біз өзіміздің қазіргі ұйымыздан неғұрлым алыс болсақ, қылмыстық құқық соғұрлым көбірек орын алатындығын көрдік. Демек, бұл құбылыс қандай да бір кездейсоқ және азды-көпті патологиялық себеппен байланысты емес, біздің қоғамның құрылымының ең елеулі белгілерімен байланысты, себебі ол осы құрылым неғұрлым көбірек анықталған болса, соғұрлым дамыған болады. Осылайша, біз алдыңғы тарауда анықтаған заң біз үшін екі есе пайдалы. Ол біздің қорытындымыз негізделетін принциптерді қуаттап қана қоймай, ол бізге соңғысының жалпы сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ осы бір ғана салыстырудан табиғи ынтымақтың қоғамның жалпы топтасуындағы үлесі қандай екенін біз әзірге қорытындылай алмаймыз. Шынында да, индивид өзінің тобына маталу нүктелерінің көп не аз екендігіне байланысты емес, оны соларға матайтын күштердің өзгермелі қарқынына байланысты азды-көпті тығыз маталған. Сондықтан еңбек бөлінісінен туындайтын байланыстар басқалардан көптеу бола тұра, олардан әлсіз болып шығуы мүмкін, сонда еңбек бөлінісінің зор энергиясы олардың сан жағынан аздығын өтейді. Бірақ нақ керісінше болатын жағдай ақиқат. Шынында да, екі әлеуметтік байланыстың салыстырмалы күші олар үзілетін кездегідей емес оңайлықпен өлшенбейді. Азғантай қысыммен үзілетіндер аздау қарсылық көрсететіні анық. Бірақ ұқсастық бойынша тек бір ғана дерлік ынтымақ өмір сүретін нақ төменгі қоғамдарда бұл бұзулар бәрінен жиі әрі оңай. “Бастапқыда, – дейді Спенсер, – адам, қандай да бір топқа қосылу оған қажет болғанымен, дәл осы топпен қала беруге міндетті болмаған. Қалмақтар мен моңғолдар өздерінің көсемі оларға қысым жасағанда, одан біржолата кетіп, басқаларға өтеді. Абипондар өздерінің көсемін одан рұқсатын сұрамай, тастап кетеді және көсем өзінің наразылығын білдірмейді; және олар

өзінің отбасымен қалаған жеріне барады”109. Оңтүстік Африкада балондтар елдің бір бөлігінен екінші бөлігіне тоқтаусыз көшіп жүреді. Мак-Куллох дәл осы фактыны кукилерден де байқаған. Германдықтарда соғысты жақсы көретін әрбір адам өзі таңдаған көсемнің солдаты бола алатын. “Одан үйреншікті нәрсе, одан заңды нәрсе жоқ. Жиналыс ортасында адам орнынан көтерілетін: ол анау бір елге, мынау бір дұшпанға шабуыл жасағысы келетінін айтатын, оған сенетін, олжа көксеген адамдар оны көсем деп жариялап, артынан еретін. Адамдарды қаңғыбастың өмірі мен оңай олжа әзәзілдігінен оларды ырқынан тыс ұстап тұруда әлеуметтік байланыс тым әлсіз болатын”110. Вайц жалпы төмен дамыған қоғамдар туралы, басшылық билік орнаған жердің өзінде әр индивид өзінің көсемінен дереу бөлініп, “егер жеткілікті күші болса, оған қарсы шығу үшін әдәуір тәуелсіздігін сақтайтынын, оның үстіне мұндай қылық қылмыс болып саналмайтынын”111 айтады. Басқару деспоттық болғанның өзінде, дейді сол автор, әркім өзінің отбасымен кетіп қалуға әрдайым ерікті. Дұшпан қолына тұтқынға түскен римдік азаматтың қоғамның бір бөлігі болудан қалатын ереже де, сол кездегі әлеуметтік байланыстың оңай үзіле алатындығымен түсіндірілмей ме? Еңбек бөліне түскен сайын біз мүлде басқа нәрсені көреміз. Агрегаттың әртүрлі бөліктері әртүрлі қызмет атқаратындықтан, олар оңай бөліне алмайды. “Егер де, – дейді Спенсер, – Миддлсекстен оның төңіректерін бөліп тастасақ, оның барлық операциялары бірнеше күннен кейін материалдың жетіспеуінен тоқтап қалар еді. Мақта өңдейтін округты Ливерпуль мен басқа орталықтардан бөліп тастаңызшы, оның өнеркәсібі тоқтайды да, содан соң оның халқы босып кетеді. Тас көмір кенінің жұртын металл балқытатын және машинамен шұға жасайтын көрші жұрттан бөліп қойыңыз – соңғылары дереу әлеуметтік жағынан, ал одан кейін жеке дара адам ретінде де өледі. Қандай да болсын өркениятты қоғам, оның бір бөлігі орталық өкіметтен тыс қалатын бөлініске тап болса, ол басқа өкімет құрып алуды кешіктірмейтіні күмәнсіз. Бірақ ол іріп-

111 Anthropologіe der Naturv@lker, І. S. 354-360.

шіруге ұрынуы мүмкін, және қайта құру айтарлықтай беделді өкімет орнатпас бұрын, ол ұзақ уақыт бойы тәртіпсіздік пен дәрменсіздік ахуалында қала беруі мүмкін”112. Сондықтан кезінде соншалықты жиі болатын зорлап қосы алу барған сайын күмәнді операцияларға айнала бастады. Қазір провинцияны елден бөліп алу дегеніміз – организмнен бір немесе бірнеше органды кесіп тастау. Қосып алынып, өзі тәуелді болған маңызды органдардан бөлініп қалған аймақтың өмірі қатты бұзылады. Ал мұндай зақымдар мен шұғыл өзгерістер ұзаққа созылатын азап туындатады да, ол естен кетпейді. Тіпті жеке индивид үшін, әртүрлі өркенияттардың зор ұқсастығына қарамастан, ұлтын өзгерту оңай емес113. Кері тәжірибеде де тағылым жеткілікті. Ынтымақ, яғни әлеуметтік байланыс неғұрлым босаң болса, жат элементтердің сол қоғамға сіңіп кетуі де соғұрлым оңай болуға тиіс. Ал дамуы төмен халықтарда сіңіп кету – ең қарапайым операция. Солтүстік Америка үндістерінде әулеттің әрбір мүшесі асырап алу жолымен оған жаңа мүшелер енгізуге хақылы. “Соғыста қолға түскен тұтқындар не өлімге кесіледі, не әулетте асырап алынады. Тұтқынға түскен әйелдер мен балаларға әдетте аяушылық жасалады. Асырап алу діни пұтқа табыну құқығын (әулет құқығын) ғана емес, сондай-ақ тайпалық табындылық құқығын береді”114. Римнің әу баста баспанасысыз адамдар мен өздері жеңген халықтарға азаматтық алу құқығын қаншалық оңай таратқаны мәлім115. Айтпақшы, алғашқы қауымдық қоғамдар нақ осы тектес инкорпорация арқылы ұлғайып отырған. Оларға сіңіп кету соншалық оңай болу үшін олардың өз бірлігі мен даралығын сезінуі тым күшті болмауға тиіс еді116. Қызмет мамандандырылған жерде қарама-қарсы құбылыс байқалады. Шет елдік, әрине, қоғамға уақытша кіре алады, бірақ ассимиляция операциясы – атап айтқанда сіңіп кету – ұзақ әрі күрделі болады. Ол арнайы шарттарға бағын-

– á±ë

дырылған топтың салтанатты түрде білдірілетін келісімінсіз мүмкін емес117. Индивидті қауыммен біріктіретін, оны сіңіріп жіберетін дәрежедегі байланыс соншалық оңай үзіліп, ажырай алатыны таң қаларлық болып көрінеді. Бірақ әлеуметтік байланысқа беріктік беретін нәрсе оған қарсыласу күшін беретін нәрсе емес. Агрегаттың бөліктері олар ұштасқан кезде, тек бірлесіп қозғалатындығынан олар ұштасқан күйінде қалуға немесе жойылып кетуге тиіс деген сөз емес. Керісінше, олар бір-бірін қажет етпейтіндіктен, әркімнің бойында әлеуметтік өмірді құрайтын нәрсенің барлығы болатындықтан, ол оны басқа жерге ауыстыра алады, оның үстіне мұндай бөліну әдетте топ болып жасалады. Өйткені ондайда индивидтің, өз тобынан бөліну үшін де, тек топта ғана қозғала алатындай болып қалыптасқан. Өз тарапынан қоғам өзінің мүшелерінің әрқайсысынан, олар оның бір бөлігін құрап тұрғанда, нанымсенімдер мен салттардың біркелкілігін талап етеді. Бірақ ол өзінің ішкі өмірінің тұтастығына қауіп төндірмей-ақ, өз мүшелерінің белгілі бір санынан айрыла алады, өйткені әлеуметтік еңбек онда аз бөлінгендіктен, ол осындай кемуге күшті қарсылық көрсетпейді. Дәл сол секілді ынтымақ тек ұқсастықтан шығатын жерде ұжымдық тұрпаттан тым қашықтамайтын біреу қарсылықсызақ агрегаттың құрамына қосылады. Оны итеріп тастауға негіз жоқ, және тіпті – егер бос орын болса, оны тартуға негіз бар. Бірақ қоғам бірін-бірі өзара толықтыратын жіктелген бөліктер жүйесін құрайтын жерде, жаңа элементтер осы үйлесімділікті бұзбай, осы қатынастарды өзгертпей, ескіге сіңіп кете алмайды, сондықтан организм күрт өзгерістер туғызатын басып кіруге қарсылық білдіреді.

ІІ Механикалық ынтымақ органикалық ынтымақтан гөрі жалпы адамдарды босаңырақ қана байланыстырып қоймайды, сондай-ақ біз әлеуметтік эволюция жолымен ілгерілеген сайын, әлсірей береді. Шынында да, шығу тегі осындай әлеуметтік байланыстардың күші

төмендегі үш шарттың қызметінде өзгереді. 1) Ұжымдық және индивидуалдық сана көлемдері арасындағы қатынас. Біріншісі екіншісін неғұрлым толық қамтығанда, әлеуметтік байланыстар соғұрлым толымды болады. 2) Ұжымдық сана ахуалының орташа жиілігі. Көлемдер тең деп алсақ, оның өмірлік күші неғұрлым көбірек болса, оның индивидке ықпалы да соғұрлым көбірек болады. Егер де, керісінше, ол тек әлсіз импульстерден тұрса, ол оны ұжымдық бағытқа әлсіз жетелейді. Демек, кісі өз жолымен неғұрлым оңай жүре алады, ынтымақ күші де кемірек болады. 3) Осы ахуалдардың көп немесе аз анықтығы. Шынында да, нанымсенімдер мен салттар неғұрлым анық болса, олар индивидуалдық айырмашылықтарға соғұрлым аз орын береді. Бұл – біз өзіміздің идеяларымыз бен қарекеттерімізді бірөңкей құятын бірөңкей пошымдар; сонда консенсус мейлінше мінсіз болады: барлық саналар бірдей қозғалады. Керісінше, мінезқұлық пен ойлау ережелері неғұрлым жалпылама және бұлыңғыр сипатта болса, жеке дара рефлексия оларды жеке жағдайларға қолдану үшін соғұрлым көбірек араласуы қажет. Бірақ рефлексия бөлінуді туғызбай, ояна алмайды, өйткені ол бір адамнан екінші адамға көшкенде саны мен сапасы жағынан өзгереді, ол тудыратын барлық нәрсе сол сипатта болады. Ортадан қашатын ұмтылыстар, демек, әлеуметтік байланыс пен қозғалыс үйлесімділігіне зиян келтіріп ұлғаяды. Екінші жағынан, ұжымдық сананың күшті де анық ахуалы қылмыстық құқықтың түп тамыры. Бірақ біз қазір соңғыларының саны бұрынғыға қарағанда аз, және қоғамдар біздің қазіргі тұрпатымызға жақындаған сайын біртіндеп кеми беретінін көреміз. Демек, ұжымдық ахуалдардың орташа қарқыны мен орташа деңгейінің өзі кеміген. Рас, бұл фактыдан біз жалпы сананың толық көлемі кеміді деген қорытынды жасай алмаймыз; қылмыстық құқық сәйкес келетін ая қысқарып, басқа бөлігі, керісінше, кеңейген болып шығуы мүмкін. Бәлкім, сананың күшті және анық ахуалы азайып, есесіне басқаларының саны көбейген болар. Бірақ бұл ұлғаю, егер ол нақты болса, әрі

кеткенде, индивидуалдық санада орын алған ұлғаюға тең, өйткені соңғысы бері салғанда, дәл сол пропорцияда ұлғайды. Егер баршаға ортақ құбылыстар көбірек болса, онда сондай-ақ жеке әркімге тән құбылыстардың да көбейе түскені. Тіпті соңғылары басқаларға қарағанда көбірек ұлғайды деп санауға да негіз бар, өйткені адамдар арасындағы айырмашылық олар өркенияттанған сайын айқынырақ бола түсті. Біз қызметтің арнайы түрлері ұжымдық санаға қарағанда көбірек дамығандығын жаңа көрдік; демек, тегінде, әрбір жеке санада жеке өрістің басқалардан едәуір көбірек ұлғайған болуы мүмкін. Қалай болғанымен, олардың арасындағы қатынас сол күйінде қалды. Олай болса, осы тұрғыдан алғанда механикалық ынтымақ бірдеңе жоғалтпаса, ештеңе ұтқан жоқ. Сонымен, егер, екінші жағынан, біз ұжымдық сананың неғұрлым әлсіз де бұлыңғыр бола түскенін анықтасақ, онда бұл ынтымақтың әлсірегеніне сене аламыз, өйткені оның ықпалы тәуелді болатын үш шарттың, ең болмағанда, екеуі өзінің қарқынынан айрылып, ал үшіншісі өзгеріссіз қалып отыр. Мұны дәлелдеу үшін, әртүрлі әлеуметтік тұрпаттағы жазалаушы санкциясы бар ережелер санын салыстыру жеткіліксіз, өйткені ол өздері білдіретін сезімдер саны секілді өзгермейді. Бір ғана сезім шынына келгенде әртүрлі тәсілдермен қоздырылып, сөйтіп, осының өзіне орай жіктелмей, көптеген ережелерді тудыра алады. Қазіргі кезде меншік алу тәсілдері көбірек болғандықтан, ұрлаудың да тәсілдері көбірек болады; бірақ бөтеннің меншігіне құрмет сезімі дәл сонша есе ұлғайған жоқ. Жеке кісі дамып, көбірек элементтерді қамтитындықтан, оған қарсы ықтимал қылмыстар да көбейді, бірақ олар қорлайтын сезім әрдайым сол қалпында қала бермек. Демек, бізге ережелерді санап шығу емес, оларды бір ғана сезімге немесе әртүрлі сезімдерге яки сол бір ғана сезімнің әрқилы түрлеріне жатқызылатынына қарай топтар мен шағын топтарға топтастыру қажет. Солай, біз криминологиялық тұрпаттар мен олардың елеулі түрлерін анықтаймыз, олардың саны ортақ сананың күшті де анық ахуалдарының санына қажетті түрде тең. Соңғылары неғұрлым көбірек болса, криминалдық тұрпаттар соғұрлым көп болуға тиіс, демек, бірінің өзгерісі басқалаындың өзгерісін дәл бейнелейді. Анығырақ бола түсуі үшін біз келесі

кестеде осы тұрпаттардың бастылары мен қоғамның әрқилы түрлерінде танылған алуан түрлерді жинадық. Мұндай жіктеудің не өте толық, не мүлдем дәл бола алмайтыны анық; алайда бізге қажет қорытынды үшін ол жеткілікті дәл. Шынында да, ол қазіргі кездегі криминологиялық тұрпаттардың барлығын қамтиды; біз жоғалып кеткендердің тек кейбіреулерін ғана енгізбеуге тәуекел етеміз. Бірақ біз олардың саны кемігенін дәлелдегіміз келетіндіктен де, оларды енгізбеу біздің пікірімздің пайдасына қосымша дәлел ғана болады.

Ұжымдық сезімдерге қарсы тұратын
қылықтарға тыйым салатын ережелер

ІІ Индивидуалдық объектілері бар Кісі өлтіру, жарақат келтіру. Өзін-өзі өлтіру

ІІІ Криминологиялық тұрпаттардың айтарлықтай мөлшері біртіндеп жойылғанын көру үшін осы кестеге назар аударсақ жеткілікті. Қазіргі кезде отбасылық өмірді реттеу тұтастай дерлік қылмыстыққұқықтық сипатын жоғалтқан. Бұдан зинақорлық пен екі әйел алуға тыйым салуды шығырып тастау қажет. Бірақ зинақорлық біздің қылмыстарымыздың тізімінде мүлде ерекше орын алады, өйткені күйеу айыпталған әйелді жазадан босатуға хақылы. Отбасының басқа мүшелерінің міндеттеріне келетін болсақ, оларда енді жазалаушы санкция жоқ. Бұрын олай болмаған. Бесінші өсиет балалық сүйіспеншілікті әлеуметтік міндет ретінде түсіндіреді. Сондықтан өзінің ата-анасына қол жұмсаған118, оларға қарғыс айтқан119 немесе әкесінің тілін алмаған бала өліммен жазаланады. Алайда қауымның неғұрлым алғашқы түрін білдірген римдік қауым секілді тұрпатқа жататын афиналық қауымда, заңдар бұл тармақта дәл сондай сипатта болатын. Отбасылық міндеттерді елемеу ерекше талап туындайтын: “Өзінің ата-аналарын жамандағандар, оларға немесе олардың ата-бабаларына тіл тигізгендер, олардың тіршілігіне қажетті нәрсені бермегендер, оларды қадырына лайық жерлемегендер... қуғындала алатын”120. Туыстардың жетім жөніндегі міндеттері сол рудың қарекеттерімен санкцияланатын. Алайда осы қылмыстар үшін жазалаудың едәуір кем болуы Афинадағы тиісті сезімдердің

120 Thonіssen. Droіt p~nal de R~publіque ath~nіenne, 288-бет.

Иудеядағыдай күшті мен анық болмағандығын дәлелдейді121. Римде, ақыр соңында, жаңа және тым күрт кері кету байқалады. Қылмыстық заңмен белгіленген жалғыз отбасылық міндеттер – клиентті патронымен және керісінше байланыстыратын міндет122. Басқа отбасылық қылықтарға келсек, оларды отбасының әкесі тәртіп түрінде ғана жазалайды. Әрине, оның беделі оған оларды қатал басып-жаныштауға мүмкіндік береді, бірақ ол өзінің билігін осылай пайдаланғанда өз үйінде мемлекеттің ортақ заңын құрметтеуге мәжбүрлеуге міндетті қоғамдық шенеунік ретінде, қазы ретінде емес, жеке тұлға ретінде пайдаланады123. Осы секілді теріс қылықтар, олай болса, қоғамды қызықтырмайтын, нақ жеке істерге айналады. Сонымен, отбасылық сезімдер бірте-бірте ұжымдық сананың негізгі бөлігінен шығып қалды124. Жыныстық қатынастар жөніндегі сезімдердің эволюциясы да осындай болды. Бескітапта құлықтарға қарсы қастандық едәуір орын алады. Біздің заңнамамыз қазір жазаламайтын толып жатқан қылықтар қылмыс деп қарастырылды: олар – қалыңдықты зорлау (Екінші заң, ХХІІ, 23–27), күңмен қосылу (Левит, ХІХ, 20–22), неке кезінде өзін қызбын деп көрсететін қыздың абыройдан айырылған болып шығуы (Екінші заң, ХХІІ, 13–21), еркектің еркекпен қатынасы (Левит, ХVІІІ, 22), малмен қатынас (Кету, XXІІ, 19) жезөкшелік (Левит, ХІХ, 29) және әсіресе дінбасылар балаларының жезөкшелігі (Левит, ХІХ, 19); қан араласу, ал Левит (ХVІІ) кемінде 17 қан араласу жайтын атап өтеді. Барлық осы қылмыстар, мұның үстіне, өте қатаң, көп жағдайда өліммен жазаланады. Олардың саны тек жалдамалы түрдегі еркек пен еркектің қатынасын, жеңгетайлықты, сөзге ілінбеген азаматшамен некеден тыс қатынас

122 Patronus, sі clіentі fraudem fecerіt, sacer esto, – дейді XІІ кесте заңы. Қаланың пайда болуы тұсында қылмыстық құқық отбасылық өмірге етенелеу болатын. Жалғыз Lex regіa ғана (бұл заң Ромулға таңылады) өзінің ата-анасына дөрекілік көрсеткен балаларды лағнаттайды. Қараңыз: Festus 230-бет; ерекше қараңыз: Plorare. 123 Қараңыз: Voіgt. XІІ Taflen, ІІ, S. 273. – æåêå

жасауды, ең соңында, қан араласу деп саналатын қылықтың елеулі белгілері туралы біз аз білгенмен, қан араласуды жазалайтын афиналық құқықта неғұрлым аз. Жаза да жалпы неғұрлым жұмсақтау болды. Римдік қауымда жағдай дәл осындай дерлік, дегенмен онда заңдардың барлық осынау бөлігі неғұрлым бұлдырлау: ол өзінің бедерлілігінен айрылған деуге болады. “Алғашқы қауымдағы педерастия,– дейді Рейн, – заңдарда көзделмегендіктен, оны халық, цензорлар немесе отағасы өліммен, айыппұлмен немесе масқаралаумен жазалады”125. Stuprum, яғни матронамен заңсыз қатынас жасау тұсында дәл солай болады. Әкесі өзінің қызын жазалауға хақылы еді; халық эдилдердің шағымы бойынша осы қылмыс үшін айыппұлмен немесе аластаумен жазалайтын126. Осы теріс қылықтар үшін жазалау енді, тегінде үй ісі, жеке іс болған тәрізді. Ақырында, енді бұл сезімдер қылмыстық құқықта тек екі жағдайда ғана көрініс береді: олар көпшілік алдында қорланғанда немесе өзін қорғауға қабілетсіз, жас балаға қатысты болғанда127. Біз әртүрлі дәстүрлер айдарымен белгілеген қылмыстық ережелер тобы шындығында әртүрлі ұжымдық сезімдерге сай келетін бір-бірінен өзгеше криминологиялық тұрпаттарды білдіреді. Бірақ олардың барлығы немесе барлығы дерлік біртіндеп жойылып кетті. Дәстүр құдіретті және барлығы дерлік ортақ қарапайым қоғамдарда ең ұсақ салттар дағды пәрменімен сөзсіз міндеттерге айналады. Тонкинде әдеп сақтамау ғана болып табылатын көптеген қылықтар қоғамға қарсы маңызды қылмыстардан неғұрлым қатаң жазаланады128. Қытайда рецепті теріс құрамаған дәрігер жазаға тартылады129. Бескітапта осы секілді нұсқаулар толып жатыр. Барлық күші дәстүрлерден алынған, ежелгі заманда пайда болған жартылай діни салттардың аса көп мөлшері жайында айтпағанның өзінде, тамақ130, киім131, экономикалық өмірдің

125 Crіmіnalrecht der R@mer, S. 865
126 Іbіd. S. 869.
127 Áàñ

128 Post. Bausteіne, І, 226-бет. 129 Іbіd. Ежелгі Египетте де солай болған. Қараңыз: Thonіssen. Etudes sur І’hіstoіre du droіt crіmіnel des peuples ancіens, І, 149-бет.

мыңдаған ұсақ-түйектері онда аса кең реттелуге бағындырылған132. Белгілі шекке дейін грек қауымдарында да жағдай осындай болды. “Мемлекет, – дейді Фюстель де Куланж, – өзінің тираниясын ұсақ-түйекке дейін жүзеге асырды. Локрада заң ерлерге таза шарап ішуге тыйым салған. Киім әдетте әрдайым әрбір қауымның заңдарымен бекітілетін; Спартаның заңдары әйелдердің шаш сәндеуін реттеді, ал афиналық заңдар саяхатқа өзімен бірге үштен артық көйлек алуға тыйым салды. Родоста заң сақал қыруға тыйым салды, Византияда ол үйінде ұстара сақтаған адамды айыппұлмен жазалайтын; Спартада, керісінше, ол мұрт қыруды талап етті”133. Бірақ осы теріс қылықтардың саны енді елеулі азайды; Римде әйелдер сән-салтанатына қарсы бірнеше заң ғана қолданылады. Біздің заманымызда оларды біздің құқығымыздан табу, тегінде қиын болар. Бірақ қылмыстық құқық үшін ең маңызды шығын – діни қылмыстардың толық немесе толық дерлік жойылып кетуінен болады. Ортақ сананың күшті де анық күйлеріне жатқызылмайтын тұтас бір сезімдер әлемі осы. Осы пән туралы біздің заңдарымызды барлық төменгі әлеуметтік тұрпаттардың заңдарымен салыстыруды қанағат тұтқанда, бұл құлдыраулардың тым күрт көрінетіні соншалық, оның қалыптылығы мен ұзақ ғұмырлылығына күдік туады. Бірақ фактылардың дамуына үңіле қараған кезде, бұл элиминацияның жүйелі түрде өсе түсетіндігін байқаймыз. Бір әлеуметтік тұрпаттан екіншісіне көтерілген сайын оның толығырақ болатынын аңғарамыз. Олай болса, оның кездейсоқ және уақытша уақиғалардан туындауы мүмкін емес. Бескітапта ажыратылып, жазаланатын діни қылмыстарды тізіп шығу мүмкін емес. Еврей өлім қорқынышынан заңның барлық әміріне бойсұнуға міндетті болды. “Егер кім де кім ... сұғанақ қолымен бірдеңе жасаса, онда ... ол жан өзінің тұқымы арасынан жойылады”134. Ол тыйым салынған нәрсені жасамауға тиіс қана емес, сондай-ақ бұйрық етілген нәрсенің барлығын орындауға: өзін және өзінің жақындарын сүндетке отырғызуға, әртүрлі мейрамдарды атап өтуге және т.б. тиіс болды. Бұл бұйрықтар қаншалықты көп

133 Cіte antіque, 266-бет.

және қандай қорқынышты жазалармен санкцияланатынын еске салудың қажеті жоқ. Афинада діни қылмыстылықтың әлі өте айтарлықтай болатын; ұлттық дінге қарсы қылмыстарды қудалайтын ерекше айып болды. Оның өрісі, әрине, өте кең болатын... Алайда олардың тізімі, сөз жоқ, еврей құқығындағыдан қысқа болғаны күмәнсіз. Мұның үстіне, осының барлығы немесе барлығы дерлік – тартыну емес, қылмыстар, қарекеттер. Шынында, олардың тілге тиек етілетін бастылары мыналар: құдайларға, олардың тіршілігіне, олардың адамзат істеріндегі рөліне қатысты наным-сенімді теріске шығару; мейрамдарды, құрбандық шалуды, ойындарды, храмдар мен михрабтарды арамдау; баспана беру құқығын бұзу, өлгендерге қатысты міндеттерді елемеу; абыз тарапынан рәсімдердің ұмыт қалуы немесе бұрмалаулар; миғұлаларға мистерияның құпияларын ашу фактысы, қасиетті зәйтүн ағаштарын жұлып тастау; кіруіне тыйым салынған адамдардың храмдарға кіруі135. Қылмыс, демек, культтің нұсқауларын орындамағанда емес, оны оң ыңғайдағы қылықтармен немесе сөздермен бұзуда136. Ақыр соңында, жаңа құдайлардың енгізілуі міндетті түрде рұқсат етуді қажет ететіндігі және мұның күнә деп есептелгені дәлелденбеген, дегенмен бұл айыптың жаратылыстық икемділігі бұл жағдайда іс қозғауға мүмкіндік берген137. Мұның үстіне, діни сана еврей халқында болған теократиялық қоғамнан гөрі, софистер мен Сократтың отанында біршама тағаттылау болуға тиіс еді. Онда философияның пайда болып, дамуы үшін дәстүрлі наным-сенімдер тым күшті болмай, оның өркендеуіне кедергі келтірмеуге тиіс еді. Римде олар индивидуалдық сезімге одан да кемірек салмақ салады. Фюстель де Куланж римдік қоғамның діни сипаты жайында әділ айтады; бірақ алдыңғы халықтармен салыстырғанда Рим мемлекетінің діншілдігі

137 Meіer, Sh@mann. Op. cіt., S. 369. Салыстырыңыз: Dіctіonnaіre des antіquіtes, “Asebeіa” сөзі.

айтарлықтай кем138. Діни қызметтерден өте ерте бөлінген саяси қызметтер оларды өздеріне бағындырды. “Саяси принциптің осынау басымдығы мен Рим дінінің саяси сипатының арқасында, мемлекет дінге, оған қарсы бағытталған қастандықтар жанама түрде өзіне қауіп төндіргендіктен ғана, өзінің қолдауын көрсетті. Басқа мемлекеттердің немесе Рим империясында өмір сүрген шет елдіктердің діни намым-сенімдері олар өз шекарасында тұйықталып, мемлекетке тым қатысты болмағанда тағатты болатын”139. Бірақ мемлекет, азаматтар шетелдік құдайларға табына бастап, осылайша ұлттық дінге зиян келтірсе килігетін. Алайда “бұл мәселе құқық мәселесінен гөрі, көбінесе жоғары әкімшілік мүддесінің объектісі ретінде қарастырылып, осы қылықтарға қарсы алдын алатын және тыйым салатын эдикттер немесе өлім жазасына дейінгі жазалар арқылы күресетін”140. Римдегі діни процестер, әрине, қылмыстық құқықта Афинадағы секілді мәнге ие болған жоқ... Дінге қарсы қылмыстар неғұрлым жіті анықталып қана қойған жоқ, әрі аздау болып қана қойған жоқ, олардың көбі бір немесе көп деңгейге төмендеді. Расында да, римдіктер олардың барлығын бір қатарға қойған жоқ, бірақ scelera expіabіlіa'ны scelera іnexpіabіlіa'дан ажырата алды. Бұлардың біріншілері құдайларға құрбандық шалудан тұратын арылуды ғана талап етті141. Дау жоқ, бұл құрбандық мемлекет оның орындалуын талап ете алатындығы мағынасында жаза болатын, өйткені күнаһар өзіне жұқтырған дақ қоғамға жұғып, құдайлардың қаһарын туғызуы мүмкін. Алайда бұл өлім, тәркілеу, аластау және т.б. гөрі, мүлдем басқа жаза. Бірақ осы соншама оңай кешірілетін күнәлар афиналық құқық бойынша ең қатаң жазаланатын күнәлар санатына жатады. Іс жүзінде олар: 1) кез-келген locus sacer'ді харамдау; 2) кез-келген locus relіgіosus'ті харамдау; 3) per confarreatіonem неке жағдайындағы ажырасу;

139 Reіn, Crіmіnalrecht de la R@mer, S. 887–888. 140 Walter. Hіstoіre de La proc~dure cіvіle et droіt crіmіnel chez les Romaіns, § 804. 141 Қараңыз: Marguardt. R@mіsche Staatsverfassung . ІІ Aufl. B. ІІІ, S. 185.

4) осындай некеде туған баланы сату; 5) өлген адамды күн көзіне шығару; 6) жаман ниетсіз қандай да бір scelera іnexpіabіlіa жасау болатын. Афинада храмдарды харамдау, діни салтанаттарды титтей де бұзу, кейде тіпті рәсімді болмашы ғана бұзу142 өліммен жазаланатын. Римде нағыз жазалар тек ең елеулі және сонымен бірге қасақана қастандықтарға ғана қарсы қолданылды. Scelera іnexpіabіlіa шын мәнінде тек мыналар ғана болды: 1) шенеуніктің ауспиция (құстардың ұшуын бақылау) немесе sacra (киелі рәсім) жасау міндетін қасақана елемеу немесе оларды харамдау; 2) қазының сәтсіз күні қасақана legіs actіo жасауы; 3) тыйым салынған қылықтармен қасақана ferіae'ні қорлау 4) весталканың жыныстық қатынас жасауы немесе весталкамен жыныстық қатынас жасау143. Христиандық тағатсыздығы үшін жиі жазғырылады. Алайда ол бұл тұрғыдан алдыңғы діндермен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Христиандық қоғамдардың діни санасы діннің ең шарықтаған дәуірлерінің өзінде қылмыстық ықпалды қандай да бір шулы істермен өзіне қарсы шыққан кезде, оны терістеп, оған ашық шабуыл жасаған кезде ғана қолданады. Дүниауи өмірден Римдегіден де, толығырақ шеттетілген ол енді соншама араласа алмайды және көбірек қорғаныс шебінде болуға тиіс. Ол енді біз қазір атап өткендей нұсқаулардың жеңіл-желпі бұзылғаны үшін жаза талап етпейді, бірақ дін өзінің негізгі принциптерінің біріне (олардың саны көп емес) тиіскенде жазалауды талап етеді, өйткені, дін рухтанып, неғұрлым жалпы және абстрактты бола түсті, сонымен бірге қарапайымдала да түсті. Күпіршілік (оның бір түрі құдайға тіл тигізу), әртүрлі пошымдарындағы жік салу – сол кезден бастап бірден-бір діни

мезгілде дүниауи және діни сипаты болған бір немес екі sceker'ді қалдырамыз да, оларға құдайдың кереметін тікелей қорлайтындарын ғана жатқызамыз.

қылмыстар144. Осылай, тізім қысқара түсіп, күшті де анық сезімдердің саны азайып бара жатқандығын айғақтап отыр. Басқаша болуы мүмкін де ме еді? Христиан діні – тіршілік еткен діндердің ішінде ең идеалистік дін екендігін әркім біледі. Демек, онда жеке наным-сенімдер мен белгілі бір салттардан гөрі, сенімнің әбден ауқымды да жалпы ережелері әлдеқайда көбірек. Христиандықтың ішінде еркін ойдың салыстырмалы түрде рте оянуы осыдан. Әу бастан-ақ әртүрлі мектептер тіпті қарама-қарсы мәзхабтар пайда болды. Орта ғасырларда христиандық қоғамдар ұйымдаса бастағаны сол екен, еркін ойлаудың алғашқы әдістемелік талпынысы, ыдыраудың алғашқы қайнар көзі схоластика пайда болды. Пікірталас құқығы принципінде мойындалды. Сол кезден бастап қозғалыс тек күшейе түскендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Осылайша, діни қылмыстылық сайып келгенде толық немесе толық дерлік қылмыстық құқық аясынан шығып кетті.

ІV Демек, біртіндеп жойылып кеткен, орнын ештеңе баспаған қылмыстардың түрлері осындай, өйткені жаңадан пайда болғандардың ішінде абсолютті жаңа қылмыстар жоқ. Біз қайыршылыққа тыйым саламыз, ал Афина жұмыссыз әуейілік үшін жазалайтын145. Ұлттық сезімдерге немесе ұлттық институттарға қарсы бағытталған қылмыстарға төзген қоғам болған емес; репрессия бұрын аса қатаң болған тәрізді, олай болса, тиісті сезімдер әлсіреді деп ойлауға негіз бар. Ұлы мәртебеліні қорладың деген кезінде соншама кең қолданылған қылмыс жойылып кетуге таяу. Алайда, кісіге қарсы қылмыс дамуы төмен халықтарда мойындалмаған, ұрлық пен кісі өлтіру онда тіпті қадірлі болды деп кесіп айтылып жүрді. Ломброзо жақында қайтадан осы тезисті қорғап қалуға талпынды. Ол “қылмыс жабайы адамда бүйректен сирақ шығару емес, ортақ ереже ... онда оны ешкім

144 Du Boys. Hіstoіre du droіt crіmіnel des peuples modernes, VІ, p. 62 etc. Алайда, діни қылмыстарға қарсы қатаңдық кейін пайда болғанын атай кету керек. ІX ғасырда күпіршілік 30 ливр күміс ақшамен кешірілетін (қараңыз: Du Boys. Op. cіt. V, 231-бет). Тек 1226 жылғы ордонанс қана тұңғыш рет еретиктерді өлім жазасына кесуге рұқсат етті. Демек, осынау қылмыстарға қарсы жазаны күшейту қалыптан тыс құбылыс, ол ерекше жағдайлардан өрбіді және христиандықтың қалыпты дамуынан туындаған жоқ деп ойлауға болады. 145 Thonіssen. Op. cіt. 363-бет.

қылмыс деп білмейді” деп шорт кеседі146. Бірақ онысын қуаттау үшін ол тек бірнеше сирек және екіұшты факт келтіреді де, оларды сынға алмай, өзінше түсіндіреді. Осылайша, ол ұрлықты коммунизм тәжірибесімен немесе халықаралық қарақшылықпен ұқсастырады147. Бірақ меншік топ мүшелерінің арасында бөлінбейтіндігінен ұрлық жасау құқығы мойындалды деген қорытынды тіпті де шықпайды. Ұрлық, шынында, меншіктің қаншалық шамада бар екендігі ғана бола алады148. Дәл осы секілді қоғам көрші халықтарды тонауды өрескел деп таппайтындығынан ол өзінің ішкі қатынастарында да дәл сол салтқа жол береді және өзінің мүшелерін бір-бірінен қорғамайды деп түюге болмайды. Бірақ нақ ішкі қарақшылықтың жазаланбайтындығын белгілеу қажет болар еді ғой. Рас, Диодорда бір жер және Авл Геллийде екінші жер149 осындай жүгенсіздік ежелгі Мысырда болды деп ойлауға мәжбүр ете алады. Бірақ бұл мәтіндер біз мысырлық өркеният жөнінде білетініміздің барлығымен жоққа шығарылады. “Рұқсат етілмеген кіріспен өмір сүретін адамға заңдар өлім жазасын төндіретін, салмақ пен өлшемді жай ғана өзгерту екі қолдан да айыру арқылы жазаланатын елді ұрлыққа төзді деп қалайша ойлауға болады”, – дейтін Тониссен әділін айтады150. Кейбір долбарламен151 осы авторлардың бізге жаңсақ хабарлаған фактыларды қалпына келтіруге болады, бірақ олардың әңгімесінің жаңсақтығы даусыз. Ломброзо айтатын кісі өлтірулерге келсек, олар әрдайым ерекше жағдайларда ғана жасалады. Соғыстар, діни құрбандық шалу, варвар-деспоттың бағыныштыларына немесе әкенің балаларына абсолютті билігі сондай. Бірақ принципінде кісі өлтіруге тыйым салатын ешқандай ереженің жоқтығын дәлелдеу қажет еді; осынау тым өрескел мысалдар арасында осындай қорытынды жасауға мүмкіндік беретін біреуі де жоқ. Ерекше жағдайларда осы

146 L’homme crіmіnel, 36-бет. (Іbіd.). 148 Àëƒàø æà

150 Thonіssen. Etudes ..., І. 168-бет.

ереженің бұзылу фактысы, оның жоқ екендігін дәлелдемейді. Сондай шетін жағдайлар тіпті біздің қазіргі қоғамдарымызда да кездеспей ме? Әскердің қалған бөлігін құтқару үшін апатқа қарсы полк жіберетін генерал ұлттық құдайдың көңілін жұмсарту үшін құрбандық шалатын абыздан басқаша істей ме? Соғыста өлтірмей ме? Зинақорлыққа кінәлі әйелін өлтіретін күйеу белгілі жағдайларда біршама, ал кейде абсолютті жазасыздықты пайдаланбай ма? Объектісі кейде кісі өлтірушілер мен ұрылар болатын симпатия дәлелді емес дей аласың ба? Адамның ержүректігіне тәнті болуға, сонымен бірге қылмысқа жол беруге болатындығын мойындамауға да болады. Айтпақшы, осы теорияның негізі қызметін атқаратын тұжырымдама өздігінен-ақ қарама-қайшы. Ол шынында да, алғашқы қауым халықтары ешқандай инсаниятты білмейді деп санайды. Бірақ адамдар қоғамды ұйымдастырған сәттен бастап, ол қаншалық жөн-жосықсыз дегенмен де, міндетті түрде олардың қатынастарын басқаратын ережелер болады, демек, біздікіне ұқсамағанмен, сонда да инсаният болады. Екінші жағынан, егер инсанияттың осы кодекстерінің барлығына ортақ ереже болса, онда, бұл, әрине, жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға тыйым салатын ереже; өйткені бір-бірімен ұқсас адамдар өзі секілді адамдарға іш тартусыз бірге өмір сүре алмайды, бұл іш тарту оларға азап әкелуге қабілетті әрбір қылыққа қарсы тұрады152. Бұл теорияда ең алдымен, кісіні қорғайтын заңдар бір кездері халықтың бір бөлігін, атап айтқанда балалар мен құлдарды өзінің қарекет өрісінен тыс қалдырғаны рас. Одан әрі, бұл қорғау қазір аса мұқият қамтамасыз етілген және, демек, тиісті ұжымдық сезімдер күштірек бола түсті деп ойлаудың жөні бар. Бірақ осы екі фактыда біздің қорытындымызды жоққа шығаратын ештеңе жоқ. Егер қандай түрде болсын қоғамның бір бөлігін құрайтын барлық индивидтер қазір тең қорғалатын болса, онда осы құлықтардың жұмсаруы шынында жаңа қылмыстық ереженің пайда болуынан емес, ескінің кеңеюінен туындаған. Әу бастан топ мүшелерінің өміріне қастандық жасауға тыйым

152 籑

салынған, бірақ бұл балалар мен құлдарға қатысты болмайтын. Біз бөліпжармайтын қазіргі кезде, бұрын қылмыстық деп есептелмеген қылықтар жазаланатын болды. Бірақ бұл қоғамда ұжымдық сезімдер ұлғая түскендіктен емес, жеке тұлғалардың көбейе түскендігінен ғана орын алып отыр. Ұлғайған ұжымдық сезімдер емес, олар бағытталған объектілер. Алайда, егер, қоғам тарапынан индивидке құрмет күшейе түсті деуге негіз болса, бұдан ұжымдық сананың орталық саласы кеңейді деген қорытынды шықпайды. Оған жаңа элементтер енген жоқ, өйткені бұл сезім әрқашан болып келген және өзіне қорлатпау үшін жігері әрқашан жеткілікті болды. Жалғыз өзгеріс – бұрынғы бір элементтің неғұрлым қарқынды элементке айналғаны. Бірақ осы жай ғана күшею біз анықтаған көптеген және күрделі шығындардың есесін қайтара алмайды. Осылайша, тұтас алынған ортақ сана қамтитын күшті де анық сезімдер барған сайын азая түсті; ұжымдық ахуалдың анықтығының орташа қарқыны мен орташа дәрежесі, біз айтқандай, барған сайын азая түсуде. Тіпті біз атап өткен аса шектеулі қосылыс бұл қорытындыны тек қуаттайды. Неғұрлым қарқынды бола түскен жалғыз ғана ұжымдық сезімдер объектісі әлеуметтік құбылыстар емес, индивид екендігі іс жүзінде тамаша. Бұлай болуы үшін жеке кісі қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды элементіне айналуы қажет; ал оның осы маңызға ие болуы үшін әркімнің жеке санасының абсолютті құндылығының өсуі жеткіліксіз, оның ортақ санадан, көбірек ұлғаюуы да қажет. Оның ортақ сана үстемдігінен босануы, олай болса, осы соңғысының өзінің бастапқы билігі мен айқындаушы ықпалынан айрылуы қажет. Шынында да, егер осы екі құбылыстың арасындағы қатынастар өзгермеген күйінде қалса, егер екеуінің көлемі мен өмірлік қуаты бірдей пропорциямен дамыса, онда индивидке қатысты ұжымдық сезімдер де сол қалпында қалып, ешбір жағдайда енді өз бетімен өсе алмас еді. Олар тек қана жеке фактордың әлеуметтік құндылығына тәуелді, ал соңғысы, өз кезегінде, осы фактордың абсолютті дамуымен емес, оның әлеуметтік құбылыстар жүйесіне қатысуының салыстырмалы көлемімен айқындалады.

V Бұл қағиданы біз тек қысқаша ғана көрсететін тағы бір әдіспен тексеруге болады. Қазіргі кезде бізде діннің ғылыми анықтамасы жоқ; шындығында, оған ие болу үшін, проблеманы біз қылмыс туралы мәселеге қолданған салыстырмалы әдіспен зерттеу қажет болар еді, ал ондай әрекет әлі жасалған емес. Дін бүкіл тарихтың өн бойында адамның табиғаты өзінікінен жоғары деп санайтын тіршілік иесіне немесе тіршілік иелеріне қатынасы жөніндегі әртүрлі нанымсенімдер мен сезімдер жиынтығы деп жиі айтылатын. Бірақ мұндай анықтаманың, барабар еместігі айдан анық. Шынында да, мінез-құлықтың да, ойлаудың да даусыз діни болып табылатын, бірақ мүлдем басқа тектегі қатынастарға қолданылатын көптеген ережелері бар. Дін еврейге белгілі бір тамақты тұтынуға тыйым салады, белгілі бір пошымда киінуді бұйырады; ол адамның табиғаты мен заттары, дүниенің жаратылуы жөнінде белгілі бір пікірді сіңіреді; ол заңдық, моральдық, экономикалық қатынастарды өте жиі реттейді. Оның қарекет өрісі, демек, адам мен құдай байланысының шегінен көп шығып кетеді. Мұның үстіне, ең болмағанда, құдайсыз бір дін бар деп сендіреді153; дінді Құдай ұғымы қызметінде анықтау құқығы болмас үшін осы жалғыз фактыны ғана белгілеу жеткілікті болар еді. Ақыр соңында, егер діншіл адам құдайға беретін ғаламат бедел барлық діни атаулының ерекше мәртебесін түсіндіре алатын болса, адамдар мұндай беделді, барлығының мойындауынша, көптеген жағдайларда олардың қиялының жемісі болып табылатын тіршілік иесіне телуге қалай жеткендігін әлі түсіндіру міндеті қалады. Ештеңеден ештеңе тумайды, оның бұл күші бір жерден алынуы қажет, демек, бұл формула бізге құбылыстың мәнісін танып-білуге мүмкіндік бермейді. Бірақ мұның үстіне осы элементтен басқа, барлық діни идеялар мен сезімдерге бірдей тән жалғыз белгі олардың бірге өмір сүретін индивидтердің белгілі мөлшеріне ортақтығы, және, мұның үстіне, олардың айтарлықтай жоғары орташа қарқыны

болатындығы. Шынында да, азды-көпті күшті кәміл сенімге адамдар тобы ортақтасқанда, оның міндетті түрде діни сипат алатыны белгілі; ол саналарға шынында діни наным-сенімдер секілді құрмет сіңіреді. Демек, діннің ортақ сананың орталық бөлігіне сәйкес келетіні әбден ықтимал (осы қысқаша баяндау, әрине, қатаң дәлел бола алмайды). Рас, осы бөлікті нобайлау, оны қылмыстық құқыққа сәйкес келетін және, мұның үстіне, ол көбіне түгелімен немесе ішінара ұштасып кететін бөліктен бөліп алу міндеті көлденеңдейді. Бұл мәселелерді зерттеу қажет, бірақ олардың шешілуінің біз жасаған әбден орынды долбарға тікелей қатысы жоқ. Бірақ тарих діннің әлеуметтік өмірдің барған сайын аз бөлігін қамтып отырғанына күмән қалдырмайды. Әу баста ол барлығына; әлеуметтік, діни нәрсенің бәріне таралады; осы екі сөз шынында синонимдер. Одан кейін саяси, экономикалық, ғылыми қызметтер аз-аздап діни қызметтерден босанып, дербес болады да, барған сайын анық дүниауи сипат ала береді. Барлық адами қатынастарда, осылай деуге болса, орын алған Құдай біртіндеп олардан алыстай түседі; ол дүниені адамдарға олардың дауларымен бірге қалдырады. Индивид өзін қарекет етуге мәжбүрленетін кісімін деп азырақ сезінеді, ол барған сайын өз бетінше жасалатын қызмет көзіне айнала береді. Қысқасы, дін аясы дүниауи өмір аясымен бір уақытта ұлғаю былай тұрсын, қайта барған сайын тарыла береді. Бұл регресс тарихтың белгілі бір сәтінде басталған жоқ, оның фазаларын әлеуметік эволюцияның түу басынан ізерлеп шығуға болады. Ол, демек, қоғамдардың дамуының негізгі шарттарымен байланысты және осылай, діни сипат алу үшін жеткілікті ұжымдық және күшті нанымдар мен сезімдердің үнемі кеми беретін саны бар екендігін айғақтайды. Бұл ортақ сананың орташа қарқыны азая береді деген сөз. Бұл дәлелдің алдыңғы дәлелден бір артықшылығы бар: ол дәл сол регресс заңы ортақ сананың түсініктер секілді элементіне де, сондай-ақ эмоциялық элементке де қолданылатынын анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықта біз тек сезімдік құбылыстарды ғана байқай аламыз, ал дін сезімдермен қатар ұғымдар мен теорияларды қамтиды.

Қоғам дамыған сайын мақалдардың, мәтелдердің және т.б. санының азая түсуі – ұжымдық түсініктердің барған сайын бұлыңғыр бола түсетіндігінің тағы бір дәлелі. Шынында да, алғашқы қауымдық халықтарда мұндай формулалар толып жатыр. “Батыс Африка нәсілдерінің көпшілігінде, – дейді Эллис, – мақалдардың мол жинағы бар; олар қандай да бір өмірлік қажеттілік үшін табыла кетеді, – бұл оларды өркениятта шамалы ғана ілгерілеген халықтардың көпшілігімен біріктіретін өзгешелік”154. Неғұрлым дамыған қоғамдар оларға өздерінің тіршілігінің алғашқы кезінде ғана бай. Кейінірек жаңа мақалдар жасалмайтыны былай тұрсын, ескілері де бірте-бірте ұмытыла береді, өзінің шынайы мәнін жоғалтады және ақыр соңында мүлдем түсініксіз болып қалады. Олардың ең қалаулы негізі дамуы төмен қоғамдарда екендігі біздің заманымызда олардың тек төменгі таптарда сақталып қалатындығымен дәлелденеді155. Бірақ мақал – объектілердің белгілі бір категориясына қатысты ұжымдық ойдың немесе сезімдердің қордаланған көрінісі. Жалпы осы пошымда сақталып қалмайтын осы секілді наным-сенімдер мен сезімдердің болуы мүмкін емес. Әрбір ой өзіне сәйкес келетін білдіруге ұмтылатындықтан, егер ол жалпы алғанда индивидтердің белгілі бір көп мөлшеріне тиесілі болса, сайып келгенде міндетті түрде олардың барлығына ортақ формулаға айналады. Әрбір ұзаққа созылатын қызмет өзіне ұқсас органды құрайды. Демек, мақалдардың құлдырауын түсіндіру үшін біздің реалистік талғамымыз бен ғылыми рухымызға сүйену бекер болған. Ауызекі тілде біз дәлдік жайында онша қам жемейміз және бейнелеп сөйлеуді ұмытпаймыз; керісінше, біз өзімізге дейін сақталып қалған ескі мақалдардардан көп қанағат табамыз. Мұның үстіне, бейне – мақалдың қажетті элементі емес; бұл құралдардың бірі ғана, бірақ ұжымдық ой қордаланатын тіпті де жалғыз нәрсе емес. Тек осынау қысқа да нұсқа формулалар уақыт өте келе жеке сезімдердің алуан түрлілігін сыйдыру үшін тым тар бола түседі. Олардың бірлігі енді туындаған қайшылықтарға

154 The Ewe-Speakіng peoples of Slave Coast. L., 1890, 258-бет. 155 Borchardt W. Dіe sprіch w@rtlіchen Redensarten. Leіpzіg, 1888, XІІ. Салыстырыңыз: Wyss. Dіe Sprіchw@rter beі den r@mіschen Komіkern. Z`rіch, 1889.

сәйкес келмейді. Сондықтан олар кейін бірте-бірте жойылып кету үшін тек неғұрлым ортақ мәнге ие болып қана сақталады. Орган жансызданады, өйткені қызмет енді атқарылмайды, яғни, өйткені белгілі бір пошымда тұйықталу үшін айтарлықтай айқын ұжымдық түсініктер кем болады. Осылайша, бәрі де ортақ сананың эволюциясы біз көрсеткен бағытта жүретіндігін дәлелдейді. Оның жеке санадан гөрі, азырақ ілгерілейтіндігі әбден ықтимал; қалай дегенмен, ол тұтас алғанда неғұрлым әлсіз және бұлыңғыр бола бастайды. Ұжымдық тұрпат өзінің бедерлілігінен айрылады; оның пошымдары неғұрлым абстрактылы және бұлдыр бола бастайды. Дау жоқ, егер де бұл құлдырау, жиі ойлағандай, біздің ең жаңа өркениятымыздың ауаша жемісі және қоғамдар тарихындағы бірегей оқиға болса, онда өзімізден ол ұзақ ғұмырлы бола ма деп сұрауымызға болар еді; бірақ шындап келгенде ол атам заманнан бері үздіксіз жүріп жатыр. Біз осыны дәлелдеуге тырыстық. Индивидуализм, еркін ой кешегі күннен, 1789 жылдан, Реформациядан, грек-рим политеизмінің немесе шығыстық теократияның құлдырауынан былай өмір сүріп келе жатқан жоқ. Бұл еш жерден басталмайтын, бірақ тарихтың бүкіл барысында тоқтамай дамитын құбылыс. Әрине, бұл даму тура сызықты емес. Жойылып кеткен әлеуметтік тұрпаттардың орнын алмастыратын жаңа қоғамдар ешқашан өз жолын соңғылары өз жолын тоқтатқан жерден бастамайды. Және ол қалай мүмкін болмақ? Жас бала өз әке-шешесінің егделік шағын немесе кемел шағын емес, олардың балалық шағын жалғастырады. Демек, егер өткен жолды елестеткісі келгенде, онда бірін-бірі алмастыратын қоғамдарды олардың тіршілігінің бір дәуірінде ғана қарастыру қажет. Мысалы, орта ғасырлық христиандық қоғамдарды алғашқы қауымдық Риммен, оны – бастапқы грек қауымымен және т.б. салыстыру қажет. Сонда біз осы прогресс немесе, қажет болса, осы регресс үздіксіз жүргендігін анықтаймыз. Бұл жерде, демек, қарсылық сандырақпен тең сөзсіз заң орын алады. Айтпақшы, бұл ортақ сана түп-тұқиянымен жойылып кету қатерін төндіреді деген сөз емес. Бірақ ол барған сайын ойлау мен сезудің тым жалпылама және бұлыңғыр тәсілдерінен тұрады да, өсу үстіндегі көптеген

индивидуалдық бөлінуге орын қалдырады. Рас, ол күшейіп, дәлірек бола түскен, атап айтқанда индивидті қарастыратын тармақ бар. Барлық басқа наным-сенімдер мен салттардың діни сипаты кеміген сайын, индивид өзіндік бір діннің объектісіне айнала береді. Индивидтің қасиеттері жөнінде, бізде әрбір культ секілді, өзінің соқыр сенімдеріне ие культ бар. Бұл, керек десеңіз, ортақ сенім; бірақ, біріншіден, ол басқа наным-сенім атаулының жойылып кетуі арқасында ғана мүмкін, демек, осы толып жатқан өшіп біткен наным-сенімдер секілді қарекеттерді жүзеге асыра алмайды. Есе қайтпайды. Мұның үстіне, егер ол, топқа бөлінетіндіктен, ұжымдық болғандықтан, ол өзінің объектісі жағынан индивидуалдық сенім. Егер ол бүкіл ырықты бір ғана мақсатқа жұмылдырса, онда бұл әлеуметтік мақсат емес. Демек, ол ұжымдық санада мүлде ерекше орын алады. Ол өзінің барлық күшін нақ қоғамнан алады, бірақ оны қоғамға емес, біздің өзімізге қолданады. Демек, ол нағыз әлеуметтік байланысты құрамайды. Бұл сезімнен өздерінің инсанияттық теорияларының ерекше негізін түзген теоретиктерге тағылған олар қоғамды бүлдіреді деген айыптың әділ болғаны сондықтан. Сондықтан біз ұқсастықтардан туындайтын барлық әлеуметтік байланыстар біртіндеп әлсірейді деген қорытынды жасай аламыз. Еңбек бөлінісі рөлінің барлық маңыздылығын көрсету үшін осы заңның өзі жеткілікті. Шынында да, механикалық ынтымақ кему үстінде болғандықтан, онда не әлеуметтік өмірдің өзінің кемуі қажет, не қандай да бір басқа ынтымақ кеміп бара жатқан оның орнын бірте-бірте басуға тиіс. Таңдап алу қажет. Ұжымдық сана индивидуалдық санамен бір мезетте кеңейеді деп кесіп айту бекер. Біз осы екі құбылыс кері қатынаста өзгеретінін дәлелдедік. Алайда әлеуметтік прогресс үздіксіз ыдыраудан тұрмайды; керісінше, қоғамдар өзін-өзі және өзінің бірлігін одан сайын терең түйсіну арқылы жете түсіне береді. Демек, осындай нәтиже беретін қандай да бір басқа әлеуметтік байланыс қажет; алайда, еңбек бөлінісінен туындайтыннан басқа байланыс болмайды. Мұның үстіне, механикалық ынтымақ аса берік жерде де адамдарды еңбек бөлінісі секілді күшпен байланыстырмайтынын, оның қазіргі әлеуметтік құбылыстардың көп бөлігін өзінің қарекет аясынан тыс қалдыратынын еске

алсақ, әлеуметтік ынтымақ тек қана табиғи болуға тырысатыны аса айқын көрінбек. Кезінде ортақ сана атқарған рөлді нақ еңбек бөлінісі барған сайын көбірек атқара береді; негізінен нақ сол жоғары тұрпатты әлеуметтік агрегаттардың бірлігін ұстап тұрады. Еңбек бөлінісінің әдетте экономистер мойындайтын қызметтен өзгеше маңызды қызметі міне осы.

VІ тарау

Табиғи ынтымақтың өскелең басымдығы және осының салдары
(жалғасы)

Әуелі жалғыз немесе жалғыз дерлік өмір сүретін механикалық ынтымақ біртіндеп негізінен айырылады; аз-аздап табиғи ынтымақ басым түседі; тарихи заң осындай. Бірақ егер адамдар ынтымақтасатын тәсіл өзгерсе, қоғамдардың құрылымы өзгермей тұра алмайды. Молекулалық қасиеттер бұрынғыдан басқа болғанда дене пошымы міндетті түрде өзгереді. Демек, егер алдыңғы қағида дұрыс болса, ынтымақтың осы екі түріне сәйкес келетін екі әлеуметтік тұрпат болуы қажет. Егер топтасқандығы тек қана ұқсастықтардан пайда болатын қоғамның мінсіз тұрпатын ойша анықтауға тырысып көрсек, онда оны бөлшектерінің бірбірінен айырмасы жоқ, демек, бір-біріне бейімделмеген, қысқасы, қандай да бір анық мақсаты мен ұйымдастырылудан айырылған абсолютті біртектес масса ретінде елестету қажет. Бұл барлық әлеуметтік тұрпаттар пайда болған нағыз әлеуметтік протоплазма, ұрық болар еді. Біз осылайша сипатталған агрегатты орда деп атауды ұсынамыз. Рас, осы нышандарға барлық жағынан сәйкес келетін қоғамды әлі жыға танып байқаған емеспіз. Алайда оның бар екендігіне дәлелсіз-ақ сенуге болады,

өйткені дамуы төмен қоғамдар, яғни осы алғашқы қауымдық белеске ең жақын қоғамдар осы түрдегі агрегаттарды қарапайым қайталау жолымен құрылған. Осынау әлеуметтік ұйымның мінсіз дерлік үлгісін біз Солтүстік Американың үндістерінен табамыз. Мысалы, кез-келген ирокез тайпасы барлығы біз көрсеткен белгілерді білдіретін жеке қоғамдардың (ең үлкені осындай 8 қоғамды қамтиды) кейбір мөлшерінен тұрады. Онда екі жыныстың да ересектері бір-бірімен тең. Осындай топтардың әрқайсысының басында тұрған, тайпаның ортақ істерін кеңесі басқаратын сахемдер мен көсемдер ешқандай артықшылыққа ие емес. Туыстықтың өзі де ұйымдастырылмаған, себебі бұл атауды бұқараны ұрпақтар бойынша бөлуге қолдануға болмайды. Осы халықтар бақылана бастаған тым кейінгі дәуірде, рас, баланы анасы жағынан туыстарымен байланыстыратын кейбір арнаулы міндеттер болған; бірақ бұл қатынастар азғантай ғана нәрсеге сайып, қоғамның басқа мүшелерімен қатынастарынан оның елеулі айырмашылығы болмаған. Принципінде барлық индивидтер бір-біріне бірдей дәрежеде туысқан болып келеді156. Басқа жағдайларда біз ордаға одан да жақындай түсеміз: Файсон мен Хауитт осы бөліністің тек екеуі ғана бар австралиялық тайпаларды суреттейді157. Біз дербес болудан қалып, неғұрлым ауқымды топтың элементіне айналған орданы ру деп, рулар ассоциациясынан құралған халықтарды рулық негізі бар сегментті қоғамдар деп атаймыз. Біз бұл қоғамдар туралы олар сегментті қоғамдар дегенде, шығыршықты нәрселердің шығыршықтарына ұқсас агрегаттардың қайталануымен құрылғанын көрсету үшін; ал осы қарапайым агрегат туралы – ол ру дегенде, бұл сөз бір мезгілде оның аралас табиғатын, отбасылық және саяси табиғатын білдіретіндіктен айтамыз. Бұл – отбасы, дегенде оны құрайтын барлық мүшелер өзіне туыс ретінде қарайды және шын мәнінде олар көп жағдайда қандас туыстар деген мағынада айтамыз. Негізінен оларды нақ қан ортақтығынан туындайтын байланыстар біріктіреді. Мұның үстіне, олар бір-бірімен отбасылық деп атауға болатын қатынастар жасайды,

156 Morgan. Anclіent socіety, 62–122-беттер. 157 Kamіlaroі and Kurnaі. Айтпақшы, бұл ахуалды әуелі американ үндістері бастан өткерді. Қараңыз: Morgan. Op. cіt.

өйткені біз оларды отбасылық сипаты дау туғызбайтын қоғамдарда кездестіреміз. Мен ұжымдық кек, ұжымдық жауапкершілік туралы және – жеке меншік пайда болған кезден – өзара мұрагерлік туралы айтып отырмын. Бірақ, екінші жағынан, бұл сөздің шын мәнісіндегі отбасы емес, өйткені оның бір бөлігін құрау үшін рудың басқа мүшелерімен белгілі бір қандастық қатынастардың болуы міндетті емес. Әдетте тап бір атаудан тұратын сыртқы нышанға ие болу жеткілікті. Бұл нышан ортақ ата текті көрсетеді деп шамаланғанмен, мұндай азаматтық ахуал шынында дәлелденуі тым қиын және оңай боямаланатын айғақты құрайды. Сондықтан ру көптеген кірмелерден тұрады және бұл оның отбасы шынында ешқашан ие болмайтын ауқымға қол жеткізуіне мүмкіндік береді; көбіне-көп ол бірнеше мың адам болып шығады. Мұның үстіне, ол негізгі саяси бірлік. Ру басшылары – бірден-бір қоғамдық билік158. Сонымен, бұл ұйымды, сондай-ақ, саяси-отбасылық деп атауға да болар еді. Бірақ қандастық тек рудың негізінде жатқан жоқ; бір халықтың әртүрлі рулары бірін-бірі туыстар ретінде жиі қарастырады. Ирокездер – жағдайға қарай – бір-біріне бауырлар немесе немере бауырлар деп қарайды159. Тап сол әлеуметтік тұрпатқа жататынын біз кейінірек көретін еврейлерде тайпаны құрайтын рулардың әрқайсысының негізін салушы сол тайпаның негізін салушысынан туған деп саналады, ал тайпаның негізін қалаушы өз кезегінде, барлық адамдар әкесінің ұлдарының бірі деп қарастырылады. Бірақ бұл атаудың жоғарыда айтылғаннан бір кемшілігі, ол осы қоғамдардың ерекше құрылымын анық бөліп көрсетпейді. Бірақ, бұл ұйымды қалай атасақ та, ол өзі жалғасы болып табылатын дәл орданың ұйымдасуы секілді ұқсастықтардан туындайтын ынтымақтан басқа ынтымақты құрамайды. Өйткені қоғам ұқсас сегменттерден құралған, ал қоғам,

158 Егер таза күйінде – біз, бері салғанда, солай ойлаймыз – ру бөлінбейтін, аралас отбасын құраса, кейінірек алғашқы қауымдық және біртектілік тұсында жекелеген, бір-бірінен өзгеше отбасылар пайда болады. Бірақ бұл пайда болу біз баяндап отырған әлеуметтік ұйымның елеулі белгілерін өзгертпейді; міне сондықтан оған тоқталудың қажеті жоқ. Ру саяси бірлік болып қала береді, және бұл отбасылар өзара ұқсас және тең болғандықтан, қоғам бір-біріне ұқсас және бір текті сегменттерден құралған болып қала береді, дегенмен бастапқы сегменттердің ішінде жаңа, бірақ сол текті сегменттер байқала бастайды. 159 Morgan. Op. cіt., 90-бет.

өз кезегінде, тек біркелкі элементтерден ғана тұрады. Күмән жоқ, әрбір рудың өзіндік келбеті бар, демек, басқалардан өзгешеленеді; бірақ ынтымақ олар неғұрлым әртекті болған сайын, соғұрлым әлсіз болады және керісінше. Сегментті ұйым мүмкін болуы үшін, сегменттердің бір-бірімен ұқсас болуы талап етіледі, онсыз олар қосылмас еді, және сонымен бірге олардың өзгеше болуы талап етіледі, онсыз олар бір-бірінде жоғалып, жойылып кетер еді. Әртүрлі қоғамдарда осы кереғар талаптар әртүрлі пропорцияда қанағаттандырылады, бірақ әлеуметтік тұрпат сол күйінде қала береді. Бұл жолы біз тарихқа дейінгі және долбар аясынан шығып кеттік. Бұл әлеуметтік тұрпатта гипотезалық ештеңе жоқ, бірақ дамуы төмен қоғамдар ішіндегі ең кең таралған тұрпат болып табылады; ал олардың саны бәрінен көп екені белгілі. Оның Америка мен Австралияда кеңінен таралғанын біз көрдік. Пост оның африкалық негрлерде жиі кездесетінін атап көрсетеді160. Еврейлер оған тоқтады, кабилдер де оның шегінен шығып кеткен жоқ161. Сондықтан Вайц өзі Naturv@lker деп атайтын халықтар құрылымының жалпы сипаттамасын бергісі келіп, оларды біз баяндаған ұйымның жалпы белгілерін табуға болатын келесі сөздермен суретейді: “Жалпы отбасылар бір-біріне жақын және тәуелсіз өмір сүреді, шағын оғамдар (ру деп оқыңыз)162 қоғамдар құрып, аз-аздап дами береді, ол қоғамдарда ішкі алауыздықтар немесе сыртқы қауіп, мысалы, соғыс, бұқара қатарынан бір немесе бірнеше адамды бөліп шығарып, өзіне басшы етпейінше ішкі ұйымдасу болмайды. Олардың тек қана жеке сіңірген еңбегіне негізделген ықпалы басқалардың сенімі мен тағаты шегінен тыс таралмайды және жалғаспайды. Кез-келген ересек адам мұндай көсемге қатысты толық тәуелсіздік ахуалында қала береді... Біздің мұндай халықтар басқа ішкі ұйымдасуға ие болмай, тек сыртқы жағдайлар пәрменімен және ортақ өмірге дағдысының салдарынан бірге тұратынын көретіндігіміз

160 Afrіkanіsche Jurіsprudens, І. 161 Қараңыз: Hanoteau et letourneux. La Kabyle et les coutumes kabyles, ІІ; Masqueray. Formatіon des cіt~s chez les populatіons s~dentaіres de l’Algerіa, P., 1886, ch. V. 162 Вайц руды отбасыдан туындаған деп қате көрсетеді. Ақиқат керісінше. Айтпақшы, егер бұл суреттеу автордың біліктілігі үшін маңызды болса, онда оған дәлдік шамалы жетіспейді.

сондықтан”163. Рулардың қоғамның ішінде орналасуы және, демек, қоғамның конфигурациясы, рас, өзгере алады. Біресе олар сызық бойын құрағандай, жай ғана бірінің қасына бірі орналасады: біз мұны солтүстік америкалық үндістердің көбісінен кездестіреміз164. Біресе олардың әрқайсысы – бұл енді неғұрлым жоғары ұйымдасудың белгісі – бірнеше рулардың қосылуы арқылы құрылып, өзіндік өмірі мен ерекше атауына ие болған неғұрлым жалпылама топтың ішіне кіреді; осы топтың әрқайсысы өз кезегінде басқалармен бірге одан да тым кең агрегаттың ішіне кіруі мүмкін және осы бірқатар дәйекті қосылулардан жалпы қоғамның бірлігі қалыптасады. Мәселен, кабилдерде саяси бірлік – бұл деревня (djemaa немесе thaddart) пошымында құрылған ру; бірнеше djemma тайпаны (arch’), ал бірнеше тайпа кабилдерге белгілі жоғары саяси қоғам – конфедерацияны (thak’ edіt) құрайды. Дәл сол секілді еврейлерде ру дегеніміз – аудармашылар тыс ауа жайылып, отбасы деп атайтын – дәстүрге сәйкес, бір атадан тараған мыңдаған адамдардан құралған ірі қоғам165. Отбасылардың белгілі саны тайпаны құрады, ал он екі тайпаның қосылуы бүкіл еврей қоғамын құрады. Екінші жағынан, бұл сегменттердің бірінен екіншісіне ауысуы азды-көпті герметикалық болады да, соның салдарынан бұл қоғамдардың топтасқандығы абсолютті дерлік түрде былық жағдайынан еврей халқы көрсететін мінсіз моральдық бірлікке дейін өзгереді. Бірақ бұл айырмашылықтар біз атап өткен іргелі белгілерге ешбір ықпал етпейді. Көрсетілген қоғамдар – механикалық ынтымақтың ең жылы ұясы және олардың басты физиологиялық белгілері дәл содан өрбиді. Біз бұл арада дін бүкіл әлеуметтік өмірге бойлап ететінін білеміз, бірақ мұның себебі әлеуметтік өмір бұл арада тек қана дерлік ортақ наным-сенімдер мен салттардан тұрады, ал олар бірауызды байланыстан мүлдемм ерекше қарқын алады. Тек қана классикалық мәтіндерді талдау арқылы, біз айтып

163 Anthropologіe, І, 359-бет. 164 Қараңыз. Morgan. Op. cіt., 153-бет etc. 165 Мысалы 4 отбасыдан құралған рувимдер тайпасы Сандар (XXVІ, 7) бойынша 20 жастан асқан 43000 ересек адамды қамтыған. Салыстырыңыз: Сандар, ІІІ тарау, 15 және келесі; Иисус Навин, VІІ, 14. Қараңыз: Минск. Palestіne, 116, 125, 191-беттер.

отырған дәуірге мүлдемм ұқсас дәуірге жетіп, Фюстель де Куланж қоғамның алғашқы қауымдық ұйымдасуы табиғаты жағынан отбасылық болғанын және екінші жағынан, алғашқы қауымдық отбасы құрылысының негізі дін болғанын ашты. Тек ол себепті салдар ретінде қабылдады. Діни идеяны негізге алып, одан ештеңе өрбітпей, одан өзі бақылайтын әлеуметтік құрылымдарды шығарды166, ал, керісінше, олар діни идеяның құдіреті мен табиғатын түсіндіреді. Осынау бүкіл әлеуметтік бұқара біртектес элементтерден ұйымдастырылғандықтан, яғни ұжымдық тұрпат оларда өте дамығандықтан, ал жеке тұрпаттар рудиментті болғандықтан, бүкіл психикалық өмір амалсыз діни сипат алды. Осы халықтарда соншама жиі байқалған коммунизм де осыдан шығады. Шынында, коммунизм – индивидті топқа, сіңіріп жіберетін осынау ерекше топтасқандықтың қажетті жемісі, бүтіндегі бөлшек. Меншік, дегеніміз, сайып келгенде, бұл тек кісінің заттарға таралуы ғана. Демек, тек ұжымдық кісі болатын жерде, меншіктің де ұжымдық болмауы мүмкін емес. Ол индивид бұқарадан бөлініп, шағын организм ретінде ғана емес, әлеуметтік өмір факторы ретінде жеке, бөлек тіршілік иесіне айналғанда ғана индивидуалдық бола алады167. Бұл тұрпат тіпті өзгере де алады, бұл орайда әлеуметтік ынтымақ табиғатында өзгертпейді. Шынында да, алғашқы қауым халықтарының бәрі бірдей біз атап өткен орталықтандырудың жоқтығын көрсетпейді; керісінше, абсолюттік билікке бағынғандар бар. Демек, онда еңбек бөлінісі пайда болған. Алайда, бұл жағдайда индивидті көсеммен біріктіріп тұрған байланыс біздің заманда затты кісі біріктіретін байланысқа барабар. Варварлық деспот пен оның

166 "Біз наным-сенімдердің тарихын жаздық. Ол орнаса – адамзат қоғамы орнайды. Ол өзгерсе – қоғам бірқатар революцияларды бастан кешіреді. Ол жойылса – қоғам келбетін өзгертеді". 167 Спенсер баяңғыда-ақ айтқан. жалпы эволюция секілді, әлеуметтік эволюция да азды-көпті біртектілік стадиясынан бастады. Бірақ бұл қағида оның өзі түсінетін түрінде біз тілге тиек еткен қағидаға ештеңесімен ұқсамайды. Спенсер үшін шындап келгенде мүлдемм біртекті қоғам дегеніңіз қоға бола алмас та еді, өйткені біртекті нәрсе табиғаты жағынан тұрақсыз нәрсе, ал қоғам – негізінен топтасқан бүтін. Біртектіліктің әлеуметтік рөлі мардымсыз; ол тым кейінгі кооперацияға жол сала алады (қараңыз: Socіologіe, ІІІ, 368-бет), бірақ ол әлеуметтік өмірдің ерекшелікті қайнар көзін құрамайды. ара-тұра Мпенсер, тегінде, біз суреттеген қөоғамдарды тек тәуелсіз индивидтердің уақытша ғана жиынтығы, әлеуметтегі нөл деп білетін секілді (қарңыз: Іbіd., 390бет). Біз, керісінше, олардың ұжымдық өмір сүретінін көрдік, рас, бұл айырбас пен шарттардан көрінетін өмір емес, ортақ наным-сенімдер мен салттардың молдығынан көрінетін ұжымдық өмір. Бұл агрегаттар біртектілікке кереғар топтасқан ғана болып қоймайды, біртектіліктің арқасында топтасқан болып шығады. Олардағы топ тым әлсіз ғана емес, тек сол ғана тіршілік етеді деуге болады. Мұның үстіне, олар өздерінің біртектілігнен туындайтын белгілі тұрпат құрайды. Демек, оларды түкке тұрмайтын шама деп қарастыруға болмайды.

бодандары арасындағы қарым-қатынас та, қожайынның құлдармен, римдік отағасының балаларымен қарым-қатынасы да меншік иесінің өз мүлкімен қатынасынан өзгешеленбейді. Оларда еңбек бөлінісі тудыратын өзаралықтың тұлдыры да жоқ. Олар біржақты деген пайым әділетті168. Олар білдіретін ынтымақ сондықтан механикалық болып қалады; бар айырмашылық олардың индивидті топпен төте емес, оның бейнесі болатын нәрсемен байланыстыруында. Бірақ бүтіннің бірлігі, бұрынғысынша, бөлшектердің даралығын жоққа шығарады. Егер осы алғашқы еңбек бөлінісі – басқа жақтардан қаншалық маңызды болғанымен – әлеуметтік ынтымақты күтуге болатындай, тым икемді етпесе, бұл еңбек бөлінісі өтетін ерекше жағдайлардың пәрменімен. Ортақ заң шындығы мынада: кез-келген қоғамның маңызды органына ол білдіретін ұжымдық тіршілік иесі табиғатының бір бөлігі тән. Демек, қоғам осынау діни, яки адамнан тыс сипатқа ие болған жерде, (оның қайнар көзін біз ұжымдық сананың түзілісінде көрсеткенбіз) ол сипат қажетті түрде оларды басқаратын, осылайша басқа адамдардың үстінен қарайтын көсемге беріледі. Индивидтер шынына келгенде ұжымдық тұрпаттың қарапайым бөлшегі болған жерде, олар әбден табиғи түрде оны білдіретін орталық биліктің бөлшегіне айналады. Дәл сол секілді қауымның заттарға бөлінбеген меншік құқығы осылайша орнатылатын жоғары тұлғаға тұтастай өтеді. Сонымен, ол көрсететін кәсіптік қызмет ол ие болған ерекше құдіретте болмашы рөл атқарады. Басқарушы билік бұл қоғамдарда осындай беделге олардың басқарудға неғұрлым мұқтаж екендігінен ие болмайды; бұл күш – тұтастай ұжымдық сананың жемісі және егер ол өте зор болса, бұл ортақ сананың әбден дамығандығынан. Ол әлсіз, немесе әлеуметтік өмірдің аз бөлігін ғана қамтиды деп долбарлап көріңіз. Бұдан жоғары реттеуші қызметке мұқтаждық төмендемейді, алайда қоғамның қалған бөлігі ол қызмет жүктелетін адамға тап сол жоғарыда айтылған бағыныштылық ахуалында болмайды. Еңбек бөлінісі көбірек дамығанша, ынтымақтың әлі механикалық болыфп қала беретіндігі сондықтан. Нақ осы жағдайда ол тіпті

168 Қараңыз: Tarde. Loіs de І’іmіtatіon, 402–412беттер.

жігер максимумына жетеді, өйткені ұжымдық сананың ықпалы диффузиялық түрде емес, белгілі бір орган арқылы жүзеге асырылғанда күштірек болады. Демек, механикалық ынтымақ сәйкес келетін белгілі бір әлеуметтік құрылым болады. Ол біртектес және бір-бірімен ұқсас сегменттер жүйесін көрсетуімен сипатталады.

Табиғи ынтымақ басым қоғамдарға мүлдемм басқа құрылым тән. Олар біртекті және ұқсас сегменттердің қайталануы арқылы емес, әрқайсысының арнайы рөлі бар және өздері де сараланған бөлшектерден тұратын әрқилы органдар жүйесі арқылы құрылады. Мұндағы әлеуметтік элементтердің табиғаты бір емес, сонымен бірге олар бірдей орналаспаған. Олар шығыршықты жәндіктегі сақина секілді сызықтық қатарға орналаспаған, біріне бірі салынбаған, қайта қалған бөлігіне біркелкі әсер ететін бір орталық орган айналасына үйлестіріліп, бір-біріне бағындырылған. Бұл органның өзі енді алдыңғы жағдайлардағы сипатқа ие емес, өйткені егер басқа органдар тек соған ғана тәуелді болса, ол да, өз кезегінде, соларға тәуелді. Сөз жоқ, сондайақ ол, ерекше, керек болса, ерекше артық жағдайда орналасқан; бірақ ол оның қызметіне қатысты қандай да бір сыртқы себептен емес, оған сырттан берілген қандай да бір күштен емес, оның атқаратын рөлінің мәнісінен туындаған. Сондықтан ол әбден адами да дүниауи; онымен басқа органдардың арасындағы айырмашылық тек дәрежесінде ғана. Дәл осылайша жануардағы жүйке жүйесінің басқа жүйелерден басымдығы құқыққа – былайша айтқанда, – таңдаулы нәр алуға және өзінің үлесін басқалардан ерте алуға келіп саяды; бірақ жүйке жүйесі оларға мұқтаж және олар жүйке жүйесіне мұқтаж. Осынау әлеуметтік тұрпаттың өзінің принциптері бойынша алдыңғыдан өзшелігі соншалық, сол алдыңғысы жойылып кеткен шамада ғана дами алады. Индивидтер бұл арада іс жүзінде енді өзінің шығу тегіне қарай топтаспайды, қайта өздерін арнайтын әлеуметтік қызметтің ерекше табиғатына қарай

топтасады. Олардың табиғи және қажетті ортасы – енді туыстық орта емес, кәсіптік орта. Әркімнің орнын нақты немесе жалған қандастық емес, оның атқаратын қызметі анықтайды. Сөз жоқ, осы жаңа ұйым пайда болғаннан-ақ ол орын алып отырған ұйымды пайдалануға, сіңіріп жіберуге тырысады. Сонда қызметтер бөлінісінің тәсілі қоғамның қолда бар бөлінісін мүмкіндігінше неғұрлым дәл қайталайды. Сегменттер немесе, бері салғанда ерекше ұқсастықтармен біріккен сегменттер тобы органдарға айналады. Жиынтығы левиттер тайпасын құраған рулар нақ осылай еврейлерде абыздық қызметтерді иеленіп алды. Жалпы таптар мен касталардың басқа шығу тегі де, басқа табиғаты болмауы ықтимал: олар туындап келе жатқан кәсіптік ұйымның алдыңғы отбасылық ұйыммен араласуынан шығады. Бірақ бұл аралас құрылыс ұзаққа созылмайды, өйткені ол бітістірмек екі ұйым арасында міндетті түрде жарылумен аяқталатын антагонизм болады. Тек аса рудиментті еңбек бөлінісі ғана осы қатаң, тұрақты, өзі үшін жасалмаған пошымдарға бейімделе алады. Еңбек бөлінісі ол құрсауланған шеңберден босанып қана, ұлғая алады. Ол дамудың белгілі сатысынан өткен бойда сегменттердің өзгермейтін саны мен мамандандырылған қызметтердің үнемі өсу үстіндегі саны арасында да, біріншілердің тұқым қуалау жолымен бекітілген қасиеттері мен екіншілері қажет ететін жаңа қабілеттер арасында да сәйкестік келмеске кетеді169. Демек, әлеуметтік заттың мүлдемм жаңа комбинацияларға көшіп, мүлдемм басқа негіздерде ұйымдасуы қажет. Бірақ бұрынғы құрылым әлі бар кезде, ол бұған қарсылық жасайды; оның жойылып кетуі сондықтан да қажет. Осы екі тұрпаттың тарихы шынында да бірі екіншісі кері кеткен шамада ғана өрлегенін көрсетеді. Ирокездерде рулық негіздегі әлеуметтік құрылыс таза ахуалында, және, біз атап өткен шамалы ауытқудан басқа жағдайларда, Бескітаптан көрінетіндей, еврейлерде де сондай. Сондықтан ұйымдасқан тұрпат біріншісінде де, екіншісінде де жоқ, дегенмен, оның алғашқы іздерін еврей қоғамынан байқауға болады.

Сали заңы дәуіріндегі франктардағы жағдай енді басқаша; мұнда ұйымдасқан тұрпат ешқандай ымырасыз, өзінің сипатты белгілерімен көрінеді. Шынында да, біз бұл халықта жүйелі де орнықты орталық өкіметтен өзге, әкімшілік, сот қызметтерінің тұтас аппаратын табамыз; ал екінші жағынан, рас, тым болмашы дамыған шарттық құқықтың болуы экономикалық қызметтердің өзі бөлініп, ұйымдаса бастағанын көрсетеді. Сондықтан саяси-отбасылық ұйым қатты күйзелген. Сөз жоқ, соңғы әлеуметтік молекула, атап айтқанда, деревня әлі де түрін өзгерткен ру болып табылады. Бұл бір деревня тұрғындары арасында отбасылық сипаты анық, қалай дегенмен, руға тән қатынастардың болғанымен дәлелденеді. Деревняны мекендегендердің бәрі төл туысқандары болмаған кезде бір-біріне қатысты мұрагерлік құқығына ие болады170. Capіta extravagantіa legіs salіcae'дегі (§9) бір мәтін деревняда жасалған кісі өлтіру жағдайында көршілерді ұжымдық ынтымақ біріктіргендігін айғақтайды. Екінші жағынан, деревня жай ғана аумақтық бөліністен гөрі, сыртқы дүниеден әлдеқайда саңлаусыз жабық және өзімен-өзі тұйықталған жүйе болып табылады, өйткені барлық тұрғындардың үнсіз немесе айқын бір ауызды келісімінсіз онда ешкім де орналаса алмайды171. Бірақ бұл пошымда ру өзінің кейбір маңызды белгілерін жоғалтып алды; ортақ тек жөніндегі бүкіл естелік жоғалып қана кеткен жоқ, ол қандай да бір саяси мәнінен толық дерлік айрылған. Саяси бірлік дегеніміз – жүздік. “Халық, – дейді Вайц, – деревняда мекендейді, бірақ ол және оның аймағы соғыс пен бейбітшіліктің барлық істерінде барлық қатынастардың негізі болып табылатын бірлікті құрайтын жүздік бойынша бөлінеді”172. Римде прогресс пен регрестің осы екі жақты қозғалысы жалғаса түседі. Римдік ру дегеніміз – gens, ал gens ежелгі римдік құрылыстың негізі болғандығы белгілі. Бірақ республиканың негізі қаланумен gens мүлдемм дерлік қоғамдық институт болудан қалды. Бұл енді франктардағы деревня секілді белгілі бір аумақтық бірлік те емес, саяси бірлік те емес. Оны аумақтың

170 Қараңыз: Glasson. Le droіt de successіon dans les Іoіs bardares, 19-бет. Глассон сүйенетін мәтін қаншалық айқын секілді екендігіне қарамастан Фюстель де Куланж бұл фактыға дау айтады. 171 Қараңыз: сали заңының De Mіgrantіbus титулы. 172 Deutsche Verfassungsgeschіchte. ІІ. Aufl., ІІ, S. 317.

конфигурациясынан да, халық жиналыстарының құрылымынан да таппайсың. Ол әлеуметтік рөл атқарған173 Comіtіa curіata мүлдем басқа негізде ұйымдастырылған не сomіtіa centurіata'мен, не сomіtіa trіbuta'мен алмастырылады. Бұл енді әдеттің күшімен сақталып келе жатқан, бірақ жойылып кетуге тиіс жеке ассоциация, өйткені, ол бұдан әрі римдіктердің өмірінде ештеңеге сәйкес келмейді. Бірақ ХІІ кесте заңдарынан бастап еңбек бөлінісі де алдыңғы халықтардағыдан гөрі, Римде ілгерілей түсіп, ұйымдасқан құрылыс неғұрлым дамыған болды: онда енді шенеуніктердің (сенаторлардың, салт аттылардың, абыздар алқасының және т.б.) елеулі корпорациялары, қолөнер цехтары байқалады174 және сонымен бірге дүниауи мемлекет туралы түсінік пайда бола бастады. Біз басқа, кемдеу әдістемелік өлшемдер бойынша белгілеген иерархия біздің бұған дейін салыстырған әлеуметтік тұрпаттар арасында осылай ақталады. Біз Бескітап дәуіріндегі еврейлер сали заңы заманының франктарынан, төменірек әлеуметтік тұрпатке жататын еді және франктар, өз кезегінде, ХІІ кесте дәуіріндегі римдіктерден төмен тұрған десек, оның себебі халықта рулық негіздегі сегментті ұйым жалпы неғұрлым анық та күштірек болса, соғұрлым ол төмен тұрады. Ол осы бірінші сатыдан өтіп қана көтеріле алады. Сондықтан да афиналық қауым дәл римдікіндей қауымға жата тұра, оның неғұрлым қарадүрсін пошымын көрсетеді: саяси-отбасылық ұйым онда анағұрлым баяу жойылды. Онда ол құлдыраудың басталуына дейін дерлік сақталды175. Бірақ ру жойылып кеткеннен кейін ұйымдасқан тұрпат тіпті де жалғыз, тіпті де таза күйінде өмір сүрмейді. Рулық негіздегі ұйым – неғұрлым ауқымды рудың – сегментті ұйымның жеке бір түрі ғана. Қоғамды ұқсас бөлшектерге бөлу әлеуметтік өмірдің тіпті жаңа жағдайында да қала беретін қажеттіктерге

174 Қараңыз: Marguardt. Prіvat Leben der R@mer, ІІ. Aufl., ІІ, S. 317. Алғашқы кәсіпшілік коллегияларын Нума енгізді. ðó, Gіlbert. Handbuch der Grіechіschen Staatsalth`mer. Leіpzіg, 1881, І, S. 142, 200.

сәйкес келеді, бірақ өзінің қарекеттерін басқа пошымда жүргізеді. Халық бұқарасы енді нақты немесе жалған қандастық қатынастарына қарай емес, аумақтың бөлінуіне қарай бөлінеді. Сегменттер енді отбасылық агрегаттар емес, аумақтық округтар. Айтпақшы, бір ахуалдан екінші ахуалға өту баяу эволюция жолымен жүреді. Ортақ ата тек жөніндеші естелік жойылғанда, содан туындайтын, бірақ көбіне (біз көргеніміздей) одан ұзақ өмір сүретін отбасылық қатынастар да жойылып кеткенде ру өзін аумақтың тап сол бір бөлігін иеленетін индивидтер тобы ретінде сезінеді. Ол шынында деревняға айналады. Осылай ру кезеңінен өткен барлық халықтар аумақтық округтардан (марка, қауым және т.б.) тұрады, олар курияда басы қосылған римдік gens секілді, табиғаты дәл сондай, бірақ неғұрлым ауқымыды, өз кезегінде бір жерде жүздіктер, екінші жерде кругтар немесе округтар деп аталатын басқа, өздері қосыла келіп одан да үлкен қоғамдарда (графтық, провинция, департамент) бас қосады176. Айтпақшы, бұл бас қосу азды-көпті саңлаусыз бола алады; дәл сол секілді ең ауқымды округтарды бір-бірімен жалғастыратын байланыстар қазіргі Еуропаның орталықтандырылған елдеріндегі секілді не өте тығыз, не қарапайым конфедерациялардағы секілді тым әлсіз болуы мүмкін. Бірақ құрылыс принципі өзгермейді, және механикалық ынтымақтың жоғары қоғамдарға дейін сақталатыны міне сондықтан. Алайда оларда ол енді басым болмайды, және дәл сол секілді сегментті ұйым бұрынғыдай қоғамның не бірден-бір, не елеулі керегесін құрамайды. Біріншіден, аумақтық бөлініс міндетті түрде біршама жасанды сипатта болады. Бірлесіп өмір сүруден туындаған байланыстардың адам жүрегінде қандастықтан шығатын байланыстар секілді терең қайнар көзі болмайды. Сондықтан олардың беріктігі әлдеқайда әлсіз. Ру ішінде туған адам, былайша айтқанда, тек туыстарды ғана алмастыра алады. Дәл сол негіздер қаланы немесе

ìåéä³;

провинцияны өзгертуге қарсылық жасамайды. Сөз жоқ, географиялық бөліну әдетте және жалпы сипатында халықтың белгілі моральдық бөлінуімен сәйкес келеді. Әрбір прровинцияның, әрбір аумақтық бөліністің ерекше құлықтары мен салттары, өзіндік өмірі болады. Солар, осылайша, олардың рухын өзек еткен индивидтерді орнында ұстап, өзіне тартып тұрады, ал екіншілерін, керісінше, сыртқа итермелейді. Бірақ тап бір елдің ішінде бұл айырмашылықтар тым көп те, аса айқын да болмайды. Сондықтан сегменттер бір-біріне неғұрлым ашық болады. Шынында да, орта ғасырлардан бастап және “қалалардың құрылуынан кейін басқа жердің қолөнершілері дәл тауарлар секілді алыс жерлерге оп-оңай барып қайта береді”177. Сегментті ұйым өзінің бедерлілігінен айрылады. Ол оны қоғамдардың дамуына қарай барған сайын жоғалта береді. Шынында да, неғұрлым ауқымды агрегаттың бір бөлігін құрайтын жеке агрегатта даралық барған сайын бұлдырлана түсетіні ортақ заң. Отбасылық ұйыммен бір мезгілде жергілікті діндер де біржола жойылып кетті; тек жергілікті салттар ғана қалады. Олар аз-аздап бір-бірімен тұтасып, бірігеді; сонымен бірге диалектілер мен жергілікті сөздер бір ұлттық тілге бірігеді, ал облыстық әкімшілік дербестіктен айрылады. Бұл фактыны еліктеу заңының қарапайым салдары деп білгендер бар178. Бірақ бұл, тегінде, байланысқа келтірілген сұйық заттар арасында жүретін құбылыс секілді тегістелу бар. Әлеуметтік өмірдің әртүрлі ұяларын бөліп тұратын қабырға жұқа болатындықтан, олар арқылы жиі өтіп кете береді; олардың өткізгіштігі олардан жиі өтіп тұратындықтан одан әрі ұлғая түседі. Осының салдарынан олар беріктігін жоғалтып, біртіндеп ыдырайды; және дәл сол шамада орталар араласып кетеді. Бірақ жергілікті айырмашылықтар орталарда айырмашылық бар кезде ғана сақтала алады. Сонымен, аумақтық бөліністердің зат табиғатына негізделуі кеми түседі, демек, өзінің маңызын жоғалтады. Тіпті халық, ондағы аумақтық бөлініс неғұрлым үстірт сипатқа ие болған сайын, соғұрлым ілгерілей

177 Schmoller. La dіvіsіon du travaіl ~tudі~e au poіnt de vue hіstorіque. Revue d’economіe polіtіque, 1890, 145-бет. 178 Қараңыз: Tarde. Les Іoіs de І’іmіtatіon, passіm.

түседі деуге болады. Екінші жағынан, сегментті ұйым өз-өзінен жойылып жатқанда, кәсіптік ұйым оны өзінің торымен шырмайды. Рас, әуелгіде ол әрі қарай жайылмай, ең қарапайым сегменттер шегінде ғана орнатылады. Әрбір қала оған тікелей қапталдасатын төңірегімен бірге ішінде еңбек бөлінген топты, бірақ өзінөзі қамтамасыз етуге тырысатын топты құрайды. “Қала, – дейді Шмоллер, – мүмкін болғанынша, төңіректегі деревнялардың рухани, саяси және әскери орталығына айналады. Ол өнімдерімен деревняны қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптің барлық салаларын дамытуға ұмтылады, және өз аумағында сауда мен транспортты шоғырландыруға тырысады”179. Сонымен бір мезетте қаланың ішінде тұрғындар кәсіптер бойынша топтасады, әрбір қолөнер цехы өз өмірімен өмір сүріп жатқан қала тәрізді болады180. Антикалық қалалар біршама кейінгі уақытқа дейін осы ахуалда қалды; одан христиандық қоғамдар шықты. Бірақ соңғылары бұл сатыдан тым тез өтті. ХІV ғ. бастап жергілікті жерлер арасында еңбек бөлінісі дами бастайды. “Әрбір қалада әуелі оған қанша қажет болса, сонша шұға жасаушы ие болды. Бірақ базельдік сұр шұға фабриканттары 1362 жылға дейін-ақ эльзастық бәсекелестерінің қысымымен жайрап қалды; Страсбургта, Франкфурт пен Лейпцигте жүн иіру 1500 ж. шамасында күйреді... Бұрынғы қалалардың өнеркәсіптік әмбебаптығы біржола жойылды”. Мұнан соң қозғалыс үздіксіз тарала берді. “Астанада енді бұрынғыдан көбірек орталық басқарудың белсенді күштері, өнер, әдебиет, ірі несие операциялары шоғырлануда; үлкен су айлақтарында шеттен әкелу мен шетке шығару бұрынғыдан көбірек шоғырлана түсті. Жүздеген кіші сауда орындары астық пен мал саудасын жасап, берекелі болып, өсе түсуде. Бұрын әрбір қаланың оры мен дуалы болса, енді бірнеше үлкен қорғандар бүкіл елдің қорғанысын мойнына алып отыр. Астана секілді басты провинциялық қалалар провинциялық әкімшіліктің шоғырлануы арқасында, провинциялық мекемелер, алқалар мен мектептердің арқасында өсе түсуде. Бұрын шашыраңқы жүрген есі

179 Іbіd., 144-бет. 180 Levasseur. Les classes ouvrі~res en France jusgu’** Іa r~volutіon, І, 195-бет.

ауысқандарды немесе белгілі бір санаттағы науқастарды бүкіл провинция мен бүкіл департаменттен бір жерге жинайды. Әртүрлі қалалар барған сайын белгілі бір мамандықтарға ұмтылуда, сондықтан біз енді университеттік, шенеуніктік, фабрикалық қалаларды, сауда қалаларын, минералдық сулары бар қалаларды, рантье қалаларды айыра аламыз. Кейбір жерлерде немесе елдерде ірі өнеркәсіп: машина жасау, жіп иіру, тоқыма мануфактурлары, былғары зауыттары, шойын балқыту зауыттары, қант өнеркәсібі шоғырлануда; олар бүкіл ел үшін жұмыс істейді. Оларда арнайы мектептер ұйымдастырылған, жұмысшы халық оған бейімделіп жатыр, машина жасау шоғырлануда, ал қатынас жолдары және несиенің ұйымдастырылуы жеке жағдайларға бейімделуде”181. Осынау кәсіптік ұйым өзіне дейін өмір сүрген ұйымға белгілі бір дәрежеде бейімделуге тырысатынына күмән жоқ, алдыңғы сипаттаудан көрінетіндей, бастапқыда мұны ол отбасылық ұйыммен жасаған еді. Айтпақшы, жаңа институттардың әуелі ескілердің пошымында көріну фактысы кеңінен таралған. Аумақтық бөлініс, демек, кезінде рулар істегеніндей әртүрлі тіндер, органдар мен аппараттар пошымында мамандануға тырысады. Бірақ рулар секілді, олардың бұл рөлді іс жүзінде атқаруға қауқары жетпейді. Шынында да, қала әрқашан не әртүрлі органдарды, не олардың әртүрлі бөлшектерін өзінің аясына алады; және керісінше – көлемі қандай болса да, тұтасымен дерлік белгілі бір округтың аясына алынған органдар болмайды. Ол әрқашан дерлік олардың шегінен шығып кетеді. Дәл сол секілді, айтарлықтай жиі болғанымен, ең ынтымақты органдар жақындасуға тырысады, алайда жалпы олардың материалдық жақындығы олардың қатынастарының жақындығы деңгейін тым жобалап қана бейнелейді. Бір-біріне тікелей тәуелді кейбір органдар бір-бірінен зор қашықтықта тұрады; қатынастары жанама және алшақ болатын басқалары бір-біріне өте жақын. Демек, еңбек бөлінісінен туындайтын адамдарды топтастыру тәсілі халықтың кеңістікте таралуын білдіретін тәсілден едәуір өзгеше. Кәсіптік орта отбасылық ортадан қаншалық қиыс болса, аумақтық ортадан да соншалық қиыс. Бұл ескі шеңберді алмастыратын жаңа шеңберлер;

181 Schmoller. La dіvіsіon du travaіl ~etudі~e au poіnt de vue hіstorіque, 145–148-беттер.

сондықтан алмастыру тек ескі шеңберлердің жойылып кету себебінен ғана мүмкін болады. Бұл әлеуметтік тұрпат, жалғыз табиғи ынтымақ еш жерде кездеспейтіні секілді, абсолютті таза күйінде еш жерде байқалмағанымен, ол, бері салғанда, әрқилы қоспасынан барған сайын арылып, барған сайын басым бола түсуде. Бұл басымдық, себебі осы құрылым орнықтырақ бола түскен сайын екіншісі төменшіктей түсетіндіктен, күштірек те толығырақ бола береді. Руды құрайтын белгілі бір сегмент аумақтық бөлініспен алмастырылады. Басында, бері салғанда, соңғысы, бұлдырлау да шамалас түрде болса да, халықтың нақты да моральдық бөлінісіне сәйкес келетін, бірақ бірте-бірте осы сипатынан айрылып, өздігінен болатын және шартты комбинацияға айналады. Бірақ, осы қабырғалар аласарған сайын, олар органдардың барған сайын дамыған жүйелерімен қамтылады. Осылай, егер әлеуметтік эволюция тап сол белгілі бір себептердің ықпалына бағынышты болып қала берсе (алда біз бұл жол беруге болатын жалғыз ғана гипотеза екенін көреміз), онда осынау қосар қозғалыс сол бағытта жалғаса беретінін, біздің барлық әлеуметтік және саяси ұйымымыз ерекше немесе ерекше дерлік кәсіптік негізге ие болатын күн туатынын күн ілгері болжап білуге болады. Айтпақшы, бұдан былайғы ізденістер осы кәсіптік ұйым қазір ол болуға тиісті нәрсе емес екенін182; қалыптан тыс себептер біздің қоғамның ахуалы қазір талап ететін даму деңгейіне қол жеткізуге кедергі келтіргендігін көрсетіп береді. Осының арқасында болашақта оның мәні қандай болатынын бағалауға болады.

ІІІ

Тап сол заң биологиялық дамуды басқарады. Төменгі жануарлар біресе дұрыс қатармен, біресе ретсіз массалармен орналасқан ұқсас сегменттерден құралғаны қазір белгілі. Ең төменгі сатыда бұл элементтер тіпті бір-бірімен

182 Қараңыз: төменде І кітаптың VІІ тарауының, ІІ тармағы, ІІІ кітаптың І тарауы.

ұқсас қана емес, сондай-ақ біртекті құрамда болады. Оларды әдетте колония деп атайды. Бірақ, әйтсе де, екіұштылау бұл сөз мұндай ассоциациялар – дара организмдер емес екендігін білдірмейді, өйткені “мүшелері тіннің үздіксіз байланысында болатын әрбір колония шынында индивид болып табылады”183. Расында да, қандай да бір агрегаттың даралығы барлық бөлшектердің бірлесіп жасайтын қарекеттерінің болуымен сипатталады. Бірақ колониялардың мүшелері арасында өоректік материалдарды ортақ пайдалану және колония ыдырамас бұрын, бірлескен қозғалыстан, өзге қозғалудың мүмкін еместігі орын алады. Ол-ол ма: ассоциацияланған сегменттердің бірінен шығатын жұмыртқа осы сегментті емес, өзі бір бөлігін құраған бүкіл колонияның бейнесін береді: “Полип колониялары мен ең жоғары жануарлар колониялары арасында бұл тұрғыдан ешқандай айырмашылық жоқ” 184. Бұл жерде айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі олар қаншалықты орталықтандырылған болмасын, колониялық құрылыстың әртүрлі дәрежесінде болмайтын организмдер жоқ. Оның іздері омыртқалыларда олардың қаңқасының, несеп-жыныс аппаратының және т.б. құрылысында байқалады; әсіресе олардың эмбриондық дамуы олар – түрін өзгерткен колониялардың нақ өзі екендігін анық дәлелдейді185. Демек, жануарлар дүниесінде “органдардың қандай да комбинациясынан тыс пайда болатын” даралық болады186. Бірақ ол біз сегментті деп атаған қоғамдардың даралығына ұқсас. Құрылымның сүйегі ғана тап сондай емес, ынтымақ табиғаты да тап сондай. Шынында да, жануарлық колонияны құрайтын бөлшектер механикалық түрде бір-біріне бекітілгендіктен, олар тұтас қана, бері салғанда, олар қосылып тұрғанда қарекет жасай алады. Қызмет бұл жерде ұжымдық. Полиптер қоғамында барлық асқазандар бір-бірімен байланысты болғандықтан, индивид басқалар қоректенбей, қоректене алмайды; бұл, дейді Перье, сөздің толық мағынасындағы коммунизм187. Колония мүшесі, әсіресе ол жүзіп жүргенде, өз қозғалысында, өзімен қосылған полиптерді ертіп

183 Perrіer. Le transformіsme, 159-бет.
184 Perrіer. Colonіes anіmales, 778-бет.
185 Іbіd., Ііvre ІV, ch. V, VІ және VІІ.
186 Іbіd., 779-бет.

187 Perrіer. Le transformіsme, 167-бет.

әкетпей, қысқара алмайды және қозғалыс бірінен екіншісіне беріледі188. Құрттың әр шығыршығы қауіпсіз бөліне алғанмен де, басқаларға қатты тәуелді. Сегментті тұрпат әлеуметтік эволюциядағы ілгерілеуге қарай жойылып кететіні секілді, колониялық тұрпат та организмдердің баспалдақпен көтерілуіне қарай жойылып кетеді. Ол енді, айқын көзге түскенімен, шығыршықта әлсіздеу, сонан соң моллюскілерде мүлдем дерлік байқалмайды, ақыр соңында, оның іздерін ғалымның талдауы ғана омыртқалыларда байқайды. Біз алдыңғыны алмастыратын тұрпат пен органикалық қоғам арасындағы ұқсастықтарды көрсетпейміз. Осы және басқа жағдайда құрылым, ынтымақ секілді, еңбек бөлінісінен туындаған. Жануардың органға айналған әрбір бөлігінің өзіндік қарекет өрісі болады, онда ол басқаларды мәжбүрлемей, тәуелсіз қозғалады; алайда, басқа бір көзқарас тұрғысынан, олар колониядағыдан гөрі, бір-біріне әлдеқайда тығыз тәуелді, себебі жойылып кетуге тәуекел қылмай, бөлініп кете алмайды. Ақыр соңында, органикалық эволюцияда, әлеуметтік эволюциядағыдай, еңбек бөлінісі сегментті ұйымның шеңберін, пайдалану, бірақ кейіннен олардан арылып, дербес даму үшін пайдалану арқылы жүреді. Егер іс жүзінде орган кейде өзгертілген сегмент болса, бұл, алайда, шетін жайт болып табылады189. Қорытайық: біз ынтымақтың екі түрі арасындағы айырмашылықты көрсеттік. Біз оларға сәйкес келетін екі әлеуметтік тұрпаттың бар екендігін мойындадық. Ынтымақтың екі түрі бір-біріне кері дамитыны секілді, тиісті әлеуметтік тұрпаттардың екеуінің бірі екіншісі алға басқан сайын үнемі кері кетіп отырады, ал соңғысы әлеуметтік еңбектің бөлінісімен айқындалады. Бұл нәтиже алдыңғы қорытындыларды қуаттайтынын былай қойғанда, ол бізге еңбек бөлінісінің бүкіл маңызын түпкілікті көрсетеді. Біз ішінде өмір сүретін қоғамдарды топтастыратын да нақ сол. Олардың құрылымының елеулі белгілерін айқындайтын да дәл сол. Және баршасы болашақта оның рөлі бұл тұрғыдан сөзсіз өсе түседі деп долбарлауға мәжбүр етеді.

188 Perrіer. Colonіes anіmales, 771-бет.
189 Қараңыз: Іbіd., 763-бет, etc.

Соңғы екі тарауда біз анықтаған заң бір белгісімен және тек бір белгісімен ғана Спенсердің бүкіл әлеуметтануының негізгі заңын еске сала алады. Біз, сол секілді, индивидтің қоғамда алатын орны, әуелі жоққа тең дерлік болады да, өркениятпен бірге өсетінін кесіп айтқанбыз. Бірақ осынау даусыз факт ағылшын философына қарағанда, бізге мүлдем өзгеше көрінеді, сондықтан сайып келгенде біздің байламдарымыз оның байламдарына жақындықтан гөрі, көбіне кереғар. Біріншіден, Спенсер бойынша, индивидті топтың осынау сіңіруі төменгі топтар ұдайы өмір сүретін соғыс ахуалынан туындаған мәжбүрлеу мен жасанды ұйымдастырудың нәтижесі тәрізді. Соғыста табысқа жету үшін расында да бірлесу ерекше қажет. Топ тек бірлесіп қарекет жасағанда ғана қорғана немесе өзіне басқа топты бағындыра алады. Демек, барлық дара күштер ажырамас және тұрақты түрде шоғырланған болуы қажет. Ал осындай шоғырлануды жүргізудің бірден-бір құралы – жеке тұлғалар абсолютті түрде бағынышты болатын айтарлықтай күшті өкімет орнату. “Солдаттың ырқы ол барлық істе өз офицерінің ырқын орындаушыға айналатын дәрежеге дейін шеттелетіні секілді, азаматтардың ырқы үкіметтің ырқымен шектелуі” қажет190. Демек, индивидтердің рөлін жоятын бұл ұйымдасқан деспотизм, ал осы ұйым негізінен әскери болғандықтан, осы тектес қоғамдардың мәнісіне Спенсер милитаризм деген анықтама береді. Біз болсақ, керісінше, индивидтің осы сіңіріліп кетуі қандай да орталықтандырудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік тұрпаттан туындайтынын көрдік. Бұл – алғашқы қауымдық қоғамдарды ерекшелейтін біртектіліктің жемісі. Егер индивид топтан ерекшеленбесе, оның себебі дара сананың ерекшелен қоймайтындығында. Спенсер және онымен бірге басқа әлеуметтанушылар ежелгі дүниенің бұл фактыларына тегінде, қазіргі заман

190 Socіologіe, ІІ, 153-бет.

түсініктеріне негіздеп түсіндірген тәрізді. Біздің әрқайсымызда қазір бар, анық байқалатын даралық сезімі оларды жеке құқықтар тек мәжбүрлейтін ұйымдастырумен шектеледі деп ойлауға итермеледі. Біз мұнымен келісеміз, себебі бұл адам өз құқықтарын ерікті түрде бере салмайды деген сөз. Шынында да, егер дамуы төмен қоғамдарда дара кісіге соншалық аз орын берілсе, оның себебі соңғысының қолдан жанышталуында немесе жойылуында емес, жай ғана осы тарихи сәтте оның әлі жоқтығында. Айтпақшы, Спенсердің өзі осы қоғамдардың ішінде көбісінің әскери және авторитарлық құрылысы тым әлсіз екенін мойындайды да, оның өзі оларды демократиялық қоғамдар деп атайды191; тек олардан өзі өнеркәсіптік қоғам деп атаған болашақ қоғамдардың жаршысын көреді. Бірақ бұл үшін оның осы қоғамдарда да деспоттық басқаруға бағынышты қоғамдарда да индивидтің төл қарекет өрісі болмайтынын (мұны коммунизмнің барлық жерде болуы дәлелдейді), дәстүрлер, соқыр-сенімдер, әрқилы ұжымдық салттар оған орнатылған биліктен кем қысым жасамайтынын мойындамауға тура келеді. Сондықтан, сөзді оның кәдуілгі мағынасынан айырып қана, оларды демократиялық қоғам деп қарастыруға болады. Екінші жағынан, егер де оларға шынында телінетін әуелгі индивидуализм да өзек болса, онда әлеуметтік эволюция алғашқы қадамынан-ақ аса ешқандай мінсіз тұрпаттарды жасауға талпынған, өйткені “бастапқыда тек жалғыз үкіметтік күш қана, атап айтқанда жиналған орда білдіретін ортақ ырық күші болады”192 деген оғаш байламға келер едік. Бұл тарих қозғалысы – шеңбер жасап айналу және прогресс қайта оралудан тұрады деген сөз емес пе? Жалпы индивидтер тек ұжымдық деспотизмге ғана бағындырыла алатынын түсіну оп-оңай, өйткені қоғам мүшелері тек өздерінен жоғары тұрған күшпен ғана басқарыла алады. Тек бір ғана күш осы қасиетке ие: бұл топтың күші. Әрбір кісі, қаншама күшті болса да, жалғыз өзі тұтас қоғамға қарсы ештеңе істей алмайды; қоғам, демек, ырықсыз құлдыққа салына алмайды.

191 Іbіd., ІІ, 154–155-беттер.
192 Іbіd., ІІ, 426–427-беттер.

Авторитарлық үкіметтердің күші, біз көргендей, олардың өзінен емес, қоғам құрылысының өзінен шығатыны сондықтан. Егер, мұның үстіне, индивидуализм табиғаты бойынша адамзатқа тән болса, алғашқы тайпалардың қажет болған барлық жерде көсемнің деспоттық билігіне оп-оңай бағына салуы түсініксіз. Идеялар, құлықтар, институттардың өздері осы соншалық түбегейлі өзгеріске қарсы шығуға тиіс болатын. Керісінше, осы қоғамдардың табиғатын түсінген бойда, бәрі де түсінікті болып шыға келеді, өйткені онда бұл өзгеріс, бізге көрінетіндей, тым терең емес. Индивидтер топқа бағынудың орнына, оның өкіліне бағынды, ал ұжымдық билік диффузиялық ахуалда абсолютті болғандықтан, ұжымдық биліктің ұйымдастырылған түрі ғана болған көсемнің билігі, әрине, тап сол сипатқа ие болды. Кісінің төмендетілуін деспоттық биліктің орнығуынан көрудің орнына, керісінше, бұдан индивидуализм жолындағы алғашқы қадамды көру керек. Көсемдер іс жүзінде әлеуметтік бұқара арасында көзге түскен алғашқы дара кісілер. Олардың ерекше жағдайы, оларды қатардан ілгері шығарып, оларға ерекше келбет, демек, даралық береді. Қоғамды басқара отырып, олар бұдан былай оның барлық қозғалыстарын қайталауға міндетті емес. Олар өзінің күшін топтан алатыны күмәнсіз, бірақ, осы күш ұйымдастырылғаннан кейін-ақ, ол дербес болып, оларды жеке қызметке қабілетті қылады. Демек, бұған дейін болмаған бастаманың қайнар көзі ашылады. Сол кезден бастап жаңаны тудыра алатын және тіпті, белгілі шамада, ұжымдық салттарға қарсы шыға алатын әлдебіреу болады. Тепе-теңдік бұзылады193. Екі маңызды қағиданы орнықтыру үшін біз осы тармақтың болуын талап етеміз. Біріншіден, біз үлкен билік берілген үкімет аппаратымен тоқайласқан әрбір кезде, оның негізін басқарушылардың ерекше жағдайынан емес, олар басқаратын қоғамдардың табиғатынан іздеуге тырысу қажет. Қандай да бір кісіде немесе отбасыда бейнеленіп, оған осындай құдірет берген ортақ наным-

сенімдер, ортақ сезімдер қандай екенін байқау қажет. Көсемнің жеке басының артықшылығына келсек, бұл процесте ол тек екінші дәрежелі рөл атқарады; ол күштің өзінің қарқынын емес, ұжымдық күштің неліктен нақ соның қолында шоғырланғандығын түсіндіреді. Осы күш диффузиялық болып қалудың орнына, біреудің қолына берілуі қажет болатын сәттен бастап, бұл қандай да бір артықшылығын көрсеткен индивидттің пайдасына ғана жүруі мүмкін; бірақ бұл артықшылық ағынның бағытын белгілегенімен, оны тудырмайды. Егер Римде отағасының абсолютті билігі болса, бұл оның ең үлкен, ең ақылды немесе ең тәжірибелі болуынан емес, римдік отбасы тап болған жағдайдың арқасында оның баяғы отбасылық коммунизмді бейнелейтіндігінен. Деспотизм, бері салғанда, ол паталогиямен немесе құлдыраумен байланысты болмаған кезде, қайта құрылған коммунизмнен басқа ештеңе де емес. Екіншіден, алдыңғы айтылғаннан эгоизм – адамзаттың бастау нүктесі, ал альтруизм, керісінше, күн кешегі жетістік деп соғатын теорияның қаншалық жалған екендігі көрінеді. Бұл гипотезаға кейбір адамдар арасында бедел беретін нәрсе, оның дарвинизмнің логикалық салдары болып көрінуінде. Өмірлік бәсеке мен табиғи сұрыпталу жөніндегі догманы ақтау үшін бірден-бір, оның үстіне нашар қанағаттандырылатын нәпсісі аштық пен шөл болған осынау алғашқы қауымдық адамзатты бізге ең жабырқаңқы кейіпте суреттейді. Адамдар бірбірінен өздерінің түкке тұрмайтын қорегіне таласудан басқа қамы мен ісі болмаған қаратүнек бір заман. ХVІІІ ғ. философиясының ретроспективті қиялдарына, сондай-ақ кейбір діни теорияларға қарсы қимылдау үшін, жоғалтылған жұмақ біздің артымызда қалмағанын және өткенде біздің өкінетін ештеңеміз қалмағанын ғажап дәлелдеп беру үшін оны жүйелі түрде көлеңкелеп, төмендетіп көрсету керек деп пайымдайды. Осы әрекеттерден ғылымилығы кем ештеңе жоқ. Егер моральда Дарвиннің гипотезаларын пайдалануға болған күнде де, басқа ғылымдардағыдан гөрі барынша абайлап, сақтықпен пайдаланған абзал. Гәп мынада: олар (Дарвин гипотезалары – ред.) моральдық өмірдің елеулі элементін, атап айтқанда қоғамның өзі мүшелеріне ықпалын

және тіршілік ету мен сұрыптау жолындағы күрестің рахымсыз күресін жұмсартып, бейтараптандыратын ықпалын ескермейді. Қоғам бар барлық жерде альтруизм болады, өйткені ынтымақ бар. Сондықтан біз оны адамзаттың әу басынан және тіпті шамадан тыс пошымында табамыз, өйткені жабайы адам діни дәстүрге бағыну үшін өзіне артатын мұқтаждық, қоғам талап еткен бойда өзінің өмірін құрбан етуге дайын тұру, Үндістанда күйеуі өлген жесір әйелді оның артынан кетуге, галлды – ру көсемінен бұрын өлуге, қарт кельтті артық ауыздан өзінің жолдастарын арылту үшін ерікті өлімге итермелейтін еңсерілмес бейімділік, – мұның бәрі альтруизм емес пе? Білкім, осынау салттарға ырымшылдық деп қарайтын шығар? Бірақ, олар өзін-өзі құрбан ету қабілетін көрсетеді екен, мұның маңызы қанша? Және мұның үстіне, ырымшылдық қайдан басталып, қайда аяқталады? Бұл фактыға жауап тауып, ғылыми анықтама беру аса қиын болар еді. Біз өмір сүрген жерлерге, бізбен ұзақ қарым-қатынас жасаған адамдарға үйірлігіміз ырымшылдық емес пе? Және, алайда, осы үйірлік қабілеті салауатты моральдық құрылыстың белгісі емес пе? Турасын айтқанда, сезімнің бүкіл тіршілігі тек ырымшылдықтан тұрады, себебі ол көбіне пайымдаудың алдында жүреді және оған тәуелді болудан гөрі, оны басқарады. Ғылыми көзқарас тұрғысынан алғанда, мінез-құлық тек қана бізге тән сезімдермен және түсініктермен айқындалатын шамада өзімшіл. Егер де біз дамуы төмен қоғамдарда ұжымдық сана дара сананы қай дәрежеде сіңіргенін еске түсірсек, онда біз тіпті ол сана “меннен” гөрі, мүлдем өзге нәрсе, Кондильяк айтатындай, ол түгелімен альтруизм деп ойлауға бой алдырамыз. Бұл қорытынды, алайда, асыра сілтеу болар еді, өйткені психикалық өмір өрісі бар, ол, ұжымдық тұрпат қаншама дамыса да, бір адамдағыдан екіншісінде өзгеше болады және тек қана әркімге тиесілі болады; бұл организмге және оның ахуалына қатысты түсініктерден, сезімдер мен талпыныстардан құрылатын өмір; бұл организмге тікелей байланысқан ішкі және сыртқы түйсіктер мен қимылдар дүниесі. Әрбір даралықтың осынау алғашқы негізі мейлінше етене және әлеуметтік ахуалға тәуелді емес. Сонымен, альтруизм өзімшілдіктен

туындады деудің қажеті жоқ; ондай туындау нигилизмнің туындысымен бірдей болар еді. Дәлірек айтсақ, мінез-құлықтың осынау екі серіппесі әу бастан барлық адами санада болады, өйткені бір мезгілде тек индивидке ғана қатысты взаттарды және оның тікелей өзіне қатысы жоқ заттарды бейнелемейтін сананың болуы мүмкін емес. Бір нәрсені ғана айтуға болады: біздің өзіміздің осы төменгі бөлігі жабайы адамда бүкіл қоғамның неғұрлым елеулі бөлігі болып табылады, өйткені қоғамның көлемі кем және психикалық өмірдің жоғары өрісі онда кемірек дамыған. Оның маңызы неғұрлым салыстырмалы, демек, ырыққа билігі неғұрлым көбірек. Бірақ, екінші жағынан, тәндік қажеттіліктер шеңберінен шығатын барлық нәрсе үшін алғашқы қауымдық сана, Эспинастың қадап айтқанындай, түгелімен өзінен тыс орын алады. Керісінше, өркениятты адамдағы эгоизм ең жоғары түсініктерге де араласады: әрқайсымыздың өз пікіріміз, өз наным-сенімдеріміз, өз ұмтылыстарымыз бар және соларды ұстанамыз. Ол тіпті альтруизмге де килігеді, өйткені бізде альтруист болудың жеке мінезіміз бен ой салтымызға тәуелді, төл тәсілі жойып жіберуге біз келіспейтін тәсілі болатыны да кездеседі. Әрине, бұдан эгоизм үлесі бүкіл өмірде көбейді деген қорытынды шығарудың қажеті жоқ; жалпы алғанда сананың да кеңейгенін ескеру қажет. Соған қарамастан, индивидуализмнің әу баста өзі үшін жабық болған салаларға еніп, абсоютті құндылыққа айналғаны рас. Бірақ бұл индивидуализм, тарихи дамудың жемісі, Спенсер суреттеген индивидуализм емес. Ол өнеркәсіптік деп атаған қоғамдардың, ұйымдасқан қоғамдарға ұқсастығы отбасылық негізі бар сегментті қоғамға әскери қоғамдардың ұқсастығынан көп емес. Мұны біз келесі тарауда көрелік.

VІІ тарау

Табиғи ынтымақ және шарттық ынтымақ

Спенсердің өнеркәсіптік қоғамдарында, ұйымдасқан қоғамдардағы секілді, әлеуметтік жарасым іс жүзінде негізінен еңбек бөлінісінен шығады194. Ол жарасымды оның кооперациядан тұратыны сипаттайды, ол кооперация әркімнің өз мүдделерін күйттейтіндігінің арқасында ғана, автоматты түрде пайда болады. Жағдайлар орайымен индивидтің басқалармен ынтымақты болуы үшін оның әрқайсысының өзін арнайы қызметке бағыштауы жетіп жатыр. Бұл ұйымдасқан қоғамдардың ерекшелік нышаны емес пе? Спенсер жоғары қоғамдарда әлеуметтік ынтымақтың басты себебі қандай екенін әділ көрсеткенімен, ол осы себептің өзі қарекетін қалай жасайтынының тәсілі турасында қателесті, демек, соңғысының табиғатында қателесті. Шынында да, ол үшін, оның өз атауымен айтқанда, өнеркәсіптік ынтымақ келесі екі ерекшеліктен тұрады. Ол өздігінен пайда болатындықтан, оны құру үшін де, оның сақталуы үшін де ешқандай мәжбүрлеу аппаратының қажеті жоқ. Өзінен-өзі орнайтын ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін қоғамның араласуының қажеті жоқ. “Әрбір адам тұтас қоғамның бағытына бағынышты болмай-ақ, өзінің еңбегімен күн көре алады, өзінің өнімдерін басқа біреудікіне айырбастай алады, өзінің қызметін ұсынып, төлемақы ала алады, ірі және шағын іс жүргізу үшін қандай да бір ассоциацияға кіре алады”195. Демек, Спенсер бойынша, әлеуметтік қарекет аясы барған сайын тарыла түседі, өйткені онда индивидтердің басқа индивидтер мүлкін тартып алуына және бір-біріне зиян келтіруіне кедергі жасаудан басқа мақсат жоқ, яғни ол тек теріс ыңғайдағы реттеуші болып табылады. Мұндай жағдайда адамдар арасында тек бір ғана байланыс, атап айтқанда абсолютті еркін айырбас қалады. “Барлық өнеркәсіптік істер ... еркін айырбас жолымен жасалады. Бұл қатынас қоғамда индивидуалдық қызмет артқан сайын

басым бола түседі”196. Бірақ айырбастың қалыпты пошымы – шарт; міне сондықтан “милитаризмнің күйреуімен және өнеркәсіптің өсуімен өкіметтің құдіреті мен мән-маңызы төмендеп, еркін қимыл ұлғаяды, шарттық қатынас ортақ бола бастайды; ақырында, толық дамыған өнекәсіптік тұрпатта бұл қатынас әмбебап қатынасқа айналады”197. Мұнымен Спенсер қоғам жасырын және формалды шартқа негізделеді дегісі келмейді. Қоғамдық шарт гипотезасы, керісінше, еңбек бөлінісі принципімен бітісе алмайды; соңғысына неғұрлым көп мән берген сайын, Руссоның қағидатынан соғұрлым толық бас тарту қажет. Өйткені, ондай шарт мүмкін болуы үшін белгілі бір сәтте барлық индивидуалдық ырықтар әлеуметтік ұйымның ортақ негіздері жайында келісімге келуі қажет, демек, әрбір жеке сана өз алдына саяси міндет қоюы қажет. Бірақ бұл үшін әрбір индивид өзінің жеке өрісінен шығуы, барлығы бірдей рөл – мемлекеттік адамдар мен ұйымдастырушылар рөлін атқаруы қажет. Қоғам шарт белгілеген сәтті елестетіп көріңіз: егер келісім бірауызды болса, онда барлық сананың мазмұны ұқсас. Демек, әлеуметтік ынтымақ осыған ұқсас себептен шығатындықтан, оның еңбек бөлінісіне ешқандай қатысы жоқ. Мұндай шарт, Спенсер бойынша өнеркәсіптік қоғамдарды ерекшелейтін өздігінен болатын, автоматты ынтымаққа мүлдем ұқсамайды, өйткені ол, керісінше, әлеуметтік мақсаттарды осы саналы көздеуден әскери қоғамдардың сипатты белгісін көреді198. Мұндай шарт, саналы түрде таңдау жасау үшін, барлық индивидтердің ұжымдық өмірдің ортақ шарттарын көз алдына елестете алатын болуын талап етеді. Бірақ Спенсер, мұндай түсінік қазіргі күйіндегі ғылыми білімнен, олай болса, санадан да басым түсетінін біледі. Ол ойланыптолғанудың бұл секілді пәндерге қолданылғанда бекершілік болатынына кәміл сенетіндігі соншалық, оларды қоғамдық пікірге бағындырып қана қоймайды, тіпті бұған заң шығарушының араласуына жол бермейді. Ол әлеуметтік өмір, жалпы кез-келген өмір секілді, рефлексті ақылдың ойластырылған жоспары

196 Іbіd., ІІ, p. 160.
197 Іbіd., ІІІ, p. 813.

бойынша емес, тек санасыз және өздігінен пайда болатын бейімделу жолымен ғана, қажеттіктердің тікелей қысымымен, мүлдем табиғи жолмен ұйымдастырыла алады деп ойлайды. Ол, демек, жоғары қоғамдар салтанатты түрде талқыланатын бағдарлама бойынша құрыла алатынына сенбейді. Қоғамдық шарт теориясын қазір қорғау қиын, өйткені ол фактыларға негізделмеген. Бақылаушы оны, былайша айтқанда, өзінің жолында ұшыратпайды. Шығу тегі осындай қоғамдардың жоқтығы былай тұрсын, құрылымында шарттық ұйымның титімдей де ізі байқалатын да қоғамдар жоқ. Демек, бұл тарихи факты да, тарихи дамуда байқалатын тенденция да емес. Сондықтан, осы ілімді жасартып, оған қандай да бір салмақ беру үшін, өзі туған қоғамды, онда өмір сүре беретіндігімен, әрбір есейген индивидтің оны мақұлдауын шарт деп атау қажет болды. Бірақ онда мәжбүрлеуден туындамаған кез-келген адами қылықты шарт деп атау қажет199. Бұл жағдайда өткенде де, қазіргі кезде де шарттық қоғам болмаған бір де бір қоғам жоқ болып шығады, өйткені тек жалғыз мәжбүрлеудің арқасында тіршілік ете алатын қоғамдар жоқ. Біз жоғарыда мұның негіздерін келтірдік. Егер кейде мәжбүрлеу қазіргі кезден гөрі, бұрын күштірек болды деген ой туып жатса, ол мәжбүрлеу режиміне төменгі қоғамдарда индивидуалдық бостандыққа болмашы орын телуге мәжбүр ететін иллюзия пәрменімен жасалған. Шындына келгенде әлеуметтік өмір, қалыпты жерінің бәрінде, өздігінен туындайды; ал егер ол өмір қалыпты болмаса, онда ұзақ өмір сүре алмайды. Индивид өзінен-өзі өздігінен безеді; және тіпті безетін ештеңе жоқ жерде өздігінен бас тарту жайында сөз ету теріс. Демек, егер сөзге осынау кең және біршама жосықсыз қолданылуын таңсақ, онда түрлі әлеуметтік тұрпаттар арасында ешқандай айырмашылық жоқ; ал егер оны тек әбден анық заңдық байланыс деп түсінсек, онда индивид пен қоғам арасында бұл тектес ешқандай байланыс ешқашан болмаған деп кесіп айтуға болады. Бірақ егер жоғары қоғамдар саяси өмірдің ортақ принциптеріне қатысты негізгі бір шартқа сүйенбесе, онда олар, Спенсер бойынша, жалғыз ғана негіз

ретінде индивидтерді бір-бірімен байланыстыратын жеке шарттардың ауқымды жүйесіне ие болады немесе ие болуға тырысады. Индивидтердің топқа тәуелді болатыны, олар бір-біріне тәуелді, ал олардың бір-біріне тәуелді болатыны, мұны жеке және еркін жасалған келісімдер талап етеді. Сондықтан әлеуметтік ынтымақ – индивидуалдық мүдделердің өздігінен болатын келісімінен, жаратылыстық көрінісі шарттар болып табылатын келісімнен өзге ештеңе емес. Әлеуметтік қатынастардың үлгісі қандай да реттелуден босатылған және жеке бөліктердің мүлдем еркін бастамасынан пайда болатын түріндегі экономикалық қатынас болып табылады. Қысқасы, қоғам өз еңбегінің өнімдерін айырбастайтын индивидтер арасындағы байланыстардың жүзеге асырылуы ғана, және де бұл айырбасты ешқандай әлеуметтік қарекет реттемейді. Бірлігі еңбек бөлінісінен туындаған қоғамдардың сипаты осындай ма? Осылай болса, олардың тұрақтылығына күмәндануға негіз туындар еді. Егер мүдде адамдарды жақындастырса, әрқашан тек бірнеше сәтке ғана; ол олардың арасында тек сыртқы байланысты ғана орната алады. Айырбас кезінде әртүрлі тараптар бір-бірінен тыс қала береді және мәмілені аяқтаған соң, әркім қайтадан жалғыз қалады. Саналар тек үстірт тоқайласады; олар бір-біріне енбейді және бір-біріне жеткілікті күшті жанаспайды. Егер тереңірек қарасақ, мүдделердің әрбір жарасымында жасырын және тек уақытша ысырылған тартыс жасырынып жатқан болып шығады. Өйткені тек мүдде ғана үстем ететін жерде қақтығысқа түсетін эгоизмдерді ештеңе тежемейді, әрбір “мен” басқа “мен” жөнінде соғыс ахуалында болады және осы мәңгі антагонизмдегі қандай да бір уақытша бітім ұзаққа созыла алмайды. Мүдде дегеніңіз іс жүзінде дүниедегі ең тұрақсыз нәрсе. Бүгін менің сіздермен қосылуым пайдалы; ертең дәл сол негіз мені сіздердің дұшпаныңызға айналдырады. Мұндай себеп, демек, тек өткінші жақындасу мен қысқа мерзімдік ассоциацияларды ғана туғыза алады. Табиғи ынтымақтың табиғаты шынында да осындай ма деген мәселені зерттеудің қажеттігі қаншалықты зор екендігін біз осыдан көреміз. Өнеркәсіптік қоғам, Спенсердің мойындауы бойынша, еш жерде таза күйінде өмір сүрмейді; бұл эволюцияда көбірек көзге түсетін, бірақ әлі толық

жүзеге асырылмаған ішінара мінсіз тұрпат. Сондықтан, оларға біз айтқан белгілерді телу құқығына ие болу үшін, қоғамдар, кері кету жағдайларын қоспағанда, неғұрлым жоғары болса, оларды соғұрлым толық көрсететінін әдістемелік жолмен анықтау қажет еді. Біріншіден, әлеуметтік қызмет өрісі индивидуалдық қызметтің пайдасына барған сайын кеміп барады делінеді. Бірақ бұл қағиданың нағыз тәжірибемен дәлелдей алу үшін, Спенсер істегендей, индивидтің шынында ұжымдық ықпалдан босанғанын көрсететін бірнеше оқиғаны еске алу жеткіліксіз. Бұл мысалдар, олардың саны қанша көп болғанымен, тек иллюстрация ғана бола алады және өз-өзінен қанда да бір дәлел күші жоқ мысалдар. Бір жерде әлеуметтік қарекеттің кері кету, ал басқа жерде ол ұлғайып, сайып келгенде өзгерістің жойылып кету ретінде қабылдануы әбден ықтимал. Объективті дәлелдің бірден-бір тәсілі – ойға кездейсоқ келген бірнеше фактыны келтірмеу, қайта әлеуметтік қарекет негізінен сол арқылы жүзеге асырылатын аппаратты әу бастан соңғы уақытқа дейін дәйекті зерттеп, уақыт өткен сайын оның азайғанын немесе ұлғайғанын қарау. Бұл аппарат – құқық екенін біз білеміз. Қоғам кісілерге артатын міндеттер, олар қанша елеусіз де қысқа мерзімді болса да, заңдық пошымға ие болады. Демек, осы аппараттың салыстырмалы мөлшері әлеуметтік қарекеттің салыстырмалы көлемін өлшеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның азаю былай тұрсын, қайта одан сайын ұлғайып, күрделілене түскені айдан анық. Кодекс неғұрлым ерте заманғы болса, оның көлемі соғұрлым аздау; және керісінше, ол неғұрлым жаңа болса, соғұрлым елеулі. Бұған ешқандай күмән жоқ. Әрине, бұдан индивидуалдық қарекет өрісі кеми түседі деген қорытынды шықпайды. Шынында ла реттелген өмір неғұрлым көп болса, жалпы өмір соғұрлым көп екендігін ұмытпау қажет. Бұл, алайда, әлеуметтік тәртіп уақыт өткен сайын нашарламайтының жеткілікті дәлелі. Ол қамтитын пошымдардың бірінде шынында регресс тенденциясы бар – мұны біз өзіміз анықтадық; бірақ оның орнындаәлдеқайда бай және күрделі басқалары дами түсуде. Егер жазалаушы құқық өзінің негізін жоғалтып келе жатса, есесіне алғашында мүлдем болмаған реститутивтік құқық ұлғая түсуде. Егер

әлеуметтік араласудың салдары енді баршаны белгілі бір біркелкі салттардың ықпалына бағындыру болмаса, есесіне ол түрлі әлеуметтік қызметтердің арнайы қатынастарын анықтап, реттеуден көбірек тұрады және ол өзге болудан кеміп қалған жоқ. Спенсер кез-келген бақылаудың емес, тек оң ыңғайдағы бақылаудың кемитіндігін айттым деп жауап береді. Бұл айырмашылық екен делік. Бұл оң немесе теріс ыңғайдағы бақылау бола ма – оның әлеуметтігі кеміп қалмайды, және басты мәселе оның қысқарғандығында немесе кеңейгендігінде. Қоғам бұйрық беру немесе тыйым салу үшін, осыны істе немесе мұны істеме деу үшін араласа ма, – бәрібір индивидуалдық өздігінен пайда болу барған сайын бәрін де атқара алатын ахуалға жетті деуге ешқандай негіз жоқ. Егер мінезқұлықты айқындайтын ережелер көбейе түссе, есесіне олар бұйырушы немесе тыйым салушы болса да, мінез-құлық жеке бастамаға барған сайын тәуелді бола түсетіні қате. Бірақ осы айырмашылықтың өзі негізделген бе? Оң ыңғайдағы бақылау деп Спенсер қарекетке мәжбүр ететін бақылауды түсінеді, ол теріс ыңғайдағы бақылау тек тартынуға мәжбүрлейді. “Адамның жері бар; мен оны ол үшін толық немесе ішінара өңдеймін, яки мен толық немесе ішінара өңдеу тәсілін міндеттеймін, оң ыңғайдағы бақылау деген осы. Керісінше, өңдеу кезінде мен оған көмектеспеймін, кеңес те бермеймін; мен тек оған көршісінің өніміне қол сұғуына; оның жерінен өтуіне, оның үстіне қазып алынған топырақ тастауына кедергі жасаймын; теріс ыңғайдағы бақылау деген осы. Басқа біреудің орнына қандай да болсын мақсатқа ұмтылуды мойнына алу немесе оның қол жеткізу мақсатында қолданылатын амалдарына араласу, ал екінші жағынан – өзінің ерекше мақсатын көздеген азаматқа шек қоймау арасында едәуір үлкен айырмашылық бар”200. Егер терминдердің мәні осындай болса, онда оң ыңғайдағы бақылаудың жойылып кетуінің ауылы әлі алыс. Реституттік құқықтың ұлғайып келе жатқанын біз шынында білеміз; бірақ ол көп жағдайда не азаматқа оның қызмет мақсатын белгілейді, не оның өз

200 Essaіs de morale, p. 194.

мақсатына жету үшін қолданатын құралдарына араласады. Ол кез-келген заңдық қатынас жөнінде келесі екі мәселені шешеді: 1) бұл қатынас қандай жағдайда және қандай пошымда қалыпты болады? 2) ол тудыратын міндеттер қандай? Пошымдар мен шарттардың анықтамасы, іс жүзінде оң ыңғайда, себебі ол индивидті өзінің мақсатына жету үшін белгілі процедураны қолдануға мәжбүрлейді. Ал міндеттерге келсек, егер де олар принципті түрде басқа біреудің өз қызметін орындауына кедергі жасамауға тыйым салуға саятын болса, Спенсердің тезисі, бері салғанда, ішінара дұрыс болар еді. Бірақ олар көбінесе оң сипаттағы қызмет көрсетуден тұрады. Алайда, осыны егжей-тегжейлірек қарастырайық.

ІІ Әу баста сирек болған немесе мүлдем болмаған шарттық қатынастар әлеуметтік еңбек бөлінген сайын еселене түсетіні әбден рас. Бірақ Спенсер, тегінде сонымен бір мезгілде шарттық емес қатынастардың да дами беретінін аңғармаған тәрізді. Алдымен құқықтың жеке құқық деп жаңсақ аталатын және шынында диффузиялық әлеуметтік қызметтердің қатынастарын немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік организмнің ішкі өмірін реттейтін бөлігін зерттейміз. Біріншіден, отбасылық құқық бастапқы қарапайымдылығынан айрылып, барған сайын күрделі бола түскенін, яғни отбасы өмірі тудыратын заңдық қатынастардың әрқилы түрлері қазір бұрынғыдан әлдеқайда көбірек екендігін білеміз. Бірақ, бір жағынан, олардан шығатын міндеттер – негізінен табиғаты оң ыңғайдағы міндеттер; бұл құқықтар мен міндеттердің өзара байланыстылығы. Екінші жағынан, олар, бері салғанда, өзінің тұрпаты пошымында шарттық емес. Олар тәуелді болатын жағдай біздің төл жағдайымызға қатысты, бұл жағдай ең әуелі біздің тууымызға, біздің қандастық қатынастарымызға, демек, біздің ырқымызға бағынбайтын фактыларға тәуелді. Алайда, неке және бала асырап алу – отбасылық қатынастардың қайнар көзі, ал бұл дегеніміз шарттар. Бірақ олар жоғары әлеуметтік тұрпаттарға

неғұрлым жақындаған сайын, соғұрлым нақ осы екі акт өздерінің төл шарттық сипатын жоғалта береді екен. Төмен қоғамдарда ғана емес, тіпті Римде империяның соңына дейін неке мүлдем жеке іс болып қала берді. Жалпы алғанда, бұл алғашқы халықтарда нақты, кейін жалған, бірақ тараптар тиісінше куәландырған бір ғана келісімге орай мәні бар сату. Ол кезде қандай да бір салтанатты пошымдардың да, қандай да бір биліктің араласуының да қажеті болған жоқ. Тек христиандықтың келуімен ғана неке басқа сипат алды. Христиандар өздерінің одағына дін қызметкерінің бата беру дағдысын тез меңгеріп алды. Император Лев Философтың заңы бұл салтты Шығыс үшін заңға айналдырды; Тридент соборы Батыс үшін дәл солай істеді. Бұдан былай неке енді еркін түрде емес, қоғамдық билік, атап айтқанда шіркеу арқылы жасады және соңғысының рөлі куәландырушы ғана емес, бұрын жеке кісілердің ырқы жеткілікті болған заңдық байланысты тек сол ғана тудырады. Кейінірек, азаматтық өкіметтің діни билікті қалай алмастырғаны және сонымен бір мезгілде әлеуметтік араласу мен қажетті формальдылықтың үлесі қалай кеңейгені мәлім201. Бала асырап алу шартының тарихы одан да дәлелді. Солтүстік Америка үндістерінің руларында бала асырап алу қаншалық оңай және қаншалық кең ауқымда іске асырылғанын біз жоғарыда көрдік. Ол туысқандықтың барлық пошымдарының бастауын бере алатын. Егер асырап алынатын бала асырап алушымен бірдей жаста болса, олар бауырлар болып шыға келетін. Егер асырап алынушы әйел әрі ана болса, ол асырап алушының шешесіне айналатын. Мұхаммед пайғамбарға дейін арабтарда бала асырап алу көбінесе нағыз отбасылардың негізін қалау үшін негіз болды202. Бірнеше адамдардың өзара бірін-бірі асырап алуы жиі болатын; ондай кезде олар бауырларға айналатын және оларды байланыстыратын туыстық олардың шығу тегі бір кісідей берік болатын. Асырап алудың тап осы түрін біз славяндардан көреміз. Әртүрлі

202 Smіth. Marrіage and Kіnshіp іn early Arabіa. Cambrіdge. 1885, p. 135.

отбасылардың мүшелері бір-бірін бауыр деп санайды да, бауырластық деп аталатын нәрсені құрайды. Бұл қоғамдар еркін және формальдықсыз құрылады: олардың негізі үшін жалғыз келісу жеткілікті. Алайда, осы таңдап алынатын бауырларды біріктіретін байланыс тіпті табиғи бауырластықтан туындайтын байланыстан күштірек203. Германдықтарда асырап алу, тегінде, соншалық жеңіл де жиі болған. Оның жүзеге асырылуы үшін аса қарапайым рәсімдер жеткілікті болатын204. Бірақ Үндістанда, Грекияда, Римде ол белгілі бір жағдайларға бағындырылатын. Асырап алушының белгілі бір жасқа толуы, оған асырап алынушының табиғи әкесі болуына мүмкіндік бермейтін дәрежеде оның туысы болмауы қажет еді. Ақыр соңында, отбасын осылай өзгерту өкімет араласуын қажет ететін аса күрделі заңдық операцияға айналды. Сонымен бірге асырап алу құқығы барлардың саны азайды. Тек отағасы немесе заңды бойдақ қана асырап ала алатын болды, ал отағасы бұған тек заңды балалары жоқ болса ғана хақылы болды. Біздің қазіргі құқығымызда шектейтін шарттар көбейді. Асырап алынушының кәмелетке толуы, асырап алушының 50 жастан асуы, оның ұзақ уақыт бойы асырап алынушыға өзінің баласындай қарауы қажет. Қоса кету қажет тіпті осылайша шектелген күннің өзінде, сирек құбылысқа айналады. Біздің кодексіміз құрастырылғанға дейін ол тіпті мүлдем дерлік салттан қалды, Голландия немесе Төменгі Канада секілді елдер қазір оған мүлдем жол бермейді. Барған сайын сирек бола түскен, асырап алу сонымен бірге өзінің пәрменділігін жоғалта берді. Әу баста асырап алу арқылы орнайтын туыстық барлық жағынан табиғи туыстыққа ұқсады. Римде ұқсастық әлі аса зор болды, бірақ толық ұқсастық жоғала бастады205. ХVІ ғасырда ол енді асырап алушыға ab іntestat мұра етуге құқық берген жоқ206. Біздің кодексіміз бұл құқықты қалпына келтірді; бірақ асырап алу тудыратын туыстық асырап алушы мен

203 Krauss. Sіtte und Brauch der S~dslaven, Kap. XXXІ.
204 Vіollet. Precіs de І’hіstoіre du droіt francaіs, p. 402.
205 Accarіas. Pr~cіs de droіt romaіn, І, p. 240 etc.
206 Vіollet. Op. сіt., p. 406.

асырап алынушыдан әрі таралмайды. Ежелгі халықтардағы осы асырап алу салтын ата-бабалар культінің мәңгілік етілуін қамтамасыз ету қажеттігіне телитін дәстүрлі түсіндірме қаншалықты жеткіліксіз екендігін көріп отырмыз. Бұл салтты кеңінен және еркін қолданған солтүстік америкалық үндістер, арабтар, славяндар секілді халықтар бұл культті білмейтіні және керісінше, Римде, Афинада, яғни отбасылық дін әбден кемеліне жеткен елдерде бұл құқық тұңғыш рет бақылауға және шектеулерге бағындырылады. Демек, ол осы қажеттілікті қанағаттандыруға қызмет ете алатын болса да, ол осы үшін орнатылған жоқ. Және керісінше, егер ол жойылып бара жатса, бұл біздің өз атымыз бен руымыздың жалғасуына немқұрайды қаратындығымыздан емес. Бұл өзгерістің айқындаушы себебін нақ қазіргі қоғамдардың құрылымынан және ондағы отбасы алатын орыннан іздеу қажет. Бұл ақиқаттың тағы бір дәлелі отбасыға кіруді былай қойғанда, жеке ырық актысымен отбасынан шығу бұрынғыдан да мүмкін емес болып қалады. Туыстық дәнекерлері шарттық міндеттемеден туындамайды; сол секілді олар осы рудың міндеттемесі ретінде үзіле де алмайды. Ирокездерде кейде рудың бір бөлігі өз руын тастап шығып, көрші рудың қатарын толықтырады207. Славяндарда задруғаның (қауымның) бірлескен өмірден қажыған мүшесі отбасыдан бөлініп, ол үшін заңдық түрде бөтен бола алады және дәл сол секілді одан аластала алады208. Германдықтарда қарапайым рәсім әрбір ниет білдірген франктың қандай да бір туыстық міндеттерден толық бас тартуына мүмкіндік берді209. Римде ұл өз еркімен отбасыдан шыға алмайтын, бұдан біз неғұрлым жоғары әлеуметтік тұрпат нышанын көреміз. Бірақ ұл бұза алмайтын бұл байланысты әкесі бұза алатын: босану дәл осы операциядан тұратын. Қазір әке де, бала да отбасылық қатынастардың жаратылыстық ахуалын алмайды: олар тумысы айқындаған күйінде қала береді. Нәтижесінде отбасылық міндеттер саны көбейе түсті және сонымен бір

207 Morgan. Ancіent socіety, p. 81.
208 Krauss. Op. cіt., p. 113 etc.
209 Сали заңы, титул LX.

мезгілде, былайша айтқанда, қоғамдық сипатқа ие болды. Олардың тегі тіпті де шарт емес, бірақ оларда шарт атқаратын рөл барған сайын кеми түсуде; керісінше, олардың жасалу, бұзылу және өзгертілу тәсіліне әлеуметтік бақылау тек кеңейе түсуде. Мұның негізі сегментті ұйымның жойылуының өсе түскендігінде. Отбасы іс жүзінде ұзақ уақыт бойы нағыз әлеуметтік сегмент болып келеді. Әу баста ол румен бірігеді; кейінірек ол одан өзгешелене, бірақ бүтіннің бөлшегі ретінде өзгешелене бастайды. Ол – рудың екінші сегментациясының жемісі, ол рудың өзі тудырған сегментацияға ұқсас, ал ру жойылып кеткенде, отбасы сол сапасында сақтала береді. Бірақ кез-келген сегмент әлеуметтік бұқараға барған сайын сіңе түсуге ұмтылады. Отбасының түрін өзгертуге мәжбүр болатыны міне сондықтан. Үлкен қоғамның ішінде дербес қоғам болып қала берудің орнына ол әлеуметтік органдар жүйесіне барған сайын тартыла береді. Ол өзінің ерекше қызметі бар осындай органдардың біріне айналады, олай болса, онда болып жатқанның барлығының ортақ салдары болуы мүмкін. Осының арқасында қоғамның реттелуші органдары отбасының қызмет ету тәсіліне тежелуші немесе тіпті белгілі жағдайларда оң ыңғайдағы қоздырушы ықпал ету үшін араласуға мәжбүр болады210. Әлеуметтік ықпал өзін тек шарттық қатынастардан тыс қана емес, осы қатынастардың өзінде де көрсетеді. Шартта барлығы бірдей шарттық емес. Бұл атауға тек индивидтер қалаған және өздерінің еркін ырқынан өзге шығу тегі жоқ міндеттемелер ғана лайық. Керісінше, өзара келісімнің жемісі болмаған кез-келген міндеттемеде шарттық ештеңе жоқ. Бірақ шарт бар барлық жерде ол жеке кісілердің емес, қоғамның ісі болып табылатын және барған сайын көлемді де күрделі бола түсетін реттелуге бағынышты. Рас, уағдаласатын тараптар белгілі бір тармақтарда заңның нұсқауларына қарсы шығуға келісе алады. Бірақ, біріншіден, олардың бұл тұрғыдағы

éûíøà î –

құқықтары шексіз емес. Мысалы, тараптардың келісімі оның күшінде болуының заңмен талап етілетін шарттарын қанағаттандырмайтын шартты жарамды ете алмайды. Әрине, оқиғалардың орасан көпшілігінде шарт қазір белгілі бір пошымдарда жасалмайды; алайда, біздің кодекстерімізде салтанатты шарттар да бар екендігін ұмытпаған жөн. Бірақ жалпы заң тап бұрынғыдай формалды талаптарды енді қоймайтын болғанымен, есесіне ол шартты басқа түрдегі міндеттерге бағындырады. Ол құқықтық қабілеті жоқ адам жасаған міндеттемелердің, немесе жалған және тыйым салынған, немесе сауда-саттық жасай алмайтын адам жасаған, немесе сатылуға тиіс емес зат жөнінде жасалған шарттардың қандай да бір мәжбүрлеу күшін мойындамайды. Заң бойынша әрқилы шарттардан туындайтын міндеттемелер ішінде ешқандай жағдаймен өзгертіле алмайтындары болады. Мәселен, сатушы тек жеке өзіне белгілі фактыдан туындаған сот бойынша сатып алушыны әлдебір мүліктен айырудан қорғау міндетінен (1628-бап), мүліктен айырылған жағдайда, оның шығу тегі қандай болса да, сатып алушы қауіп жөнінде білмеген болса, құнын қайтару міндетінен (1629-бап), оның не нәрсеге міндеттелетінін айқын түсіндіру міндетінен (1602-бап) қашқақтай алмайды. Дәл сол секілді – бері салғанда, белгілі дәрежеде – ол, әсіресе өзі білетін, бірақ байқалмайтын кемшіліктердің жоқтығына кепілдік беруге тиіс (1641 және 1643-баптар). Егер іс жылжымайтын мүлік туралы болса, онда сатып алушының оңтайлы жағдайды пайдаланып, заттың нақты құнынан едәуір төмен бағаны ұсынуға (1674-бап) және т.б. хақысы жоқ. Екінші жағынан, айғаққа шарт құқық беретін қарекеттер табиғатына, олар басталуға тиіс мерзімге қатысты барлық нәрсе индивидуалдық келісім өрісінен мүлдем алып тасталған. Екінші бір жағдайларда әлеуметтік ықпал заңды бұзып жасалған шартты мойындамаудан ғана емес, сондай-ақ оң ыңғайдағы араласудан да көрінеді. Мәселен, шарттың қағидалары қандай болмасын, белгілі жағдайда қазы борыштыға мұрсат бере алады (1184, 1244, 1655, 1900-баптар) немесе қарыз алушыны қарыз берушіге оның затын, егер қарыз беруші оған аса мұқтаж болса, белгіленген мерзімге дейін қайтарып беруге мәжбүрлей алады (1189-

бап). Шарттардың онда жоқ міндеттемелерді тудыратыны олардың “онда білдірілген нәрсеге ғана емес, сондай-ақ әділеттілік, салт немесе заң міндеттемеге оның табиғаты бойынша беретін барлық салдарға да міндеттейтіні” арқылы одан да жақсы дәлелденеді (1135-бап). Осы принцип пәрменімен шартқа “білдірілген болмаса да, әдеттегі ескертулерді” қосу қажет (1160-бап). Бірақ әлеуметтік ықпал тап сондай айқын пошымда білдірілмегеннің өзінде, ол нақты болуын қоймайды. Шынында да, заңға қарсы жүрудің, тегінде, шарттық құқықты шарттардың кездейсоқ субституты рөліне айналдыратын осы мүмкіндігі көптеген жағдайларда таза теориялық мүмкіндік болып табылады. Бұған көз жеткізу үшін шарттық құқық неден тұратынын елестету жеткілікті. Адамдардың шарт арқылы бірігуінің себебі, күрделі немесе қарапайым еңбек бөлінісінің салдарынан, олардың бірін-бірі қажетсінуі екендігі шүбәсіз. Бірақ жарасымды кооперация үшін олардың қарым-қатынасқа түсуі немесе тіпті олардың басындағы өзара тәуелділік жағдайын түйсіну жеткіліксіз. Мұның үстіне, осы кооперацияның шарттары олардың қарым-қатынасының барлық уақыты бойына айқындалуы қажет. Әркімнің құқықтары мен міндеттері шартты жасау сәтіндегі ахуалды ескерумен ғана емес, сондай-ақ орын алып, оны өзгертуі мүмкін жағдайларды ескеру арқылы да айқындалуы қажет. Олай болмаса кез-келген сәтте жаңа тартыстар мен алауыздықтар туындауы мүмкін. Іс жүзінде мынаны ұмытпаған жөн: еңбек бөлінісі мүдделерді ынтымақтас еткенімен, оларды араластырмайды; ол оларды жеке-жеке және бәсеке жағдайында ұстайды. Жеке организмнің ішінде кез-келген орган, басқалармен антагонизм жағдайында болғанымен, олармен серіктеседі; дәл сол секілді шартқа қатысушылардың әрқайсысы басқаға мұқтаж болады да, ең аз шығындармен өзіне керек нәрсені алуға, яғни мүмкіндігінше азырақ міндеттер мөлшері есесіне неғұрлым көбірек құқықтар алуға тырысады. Демек, біріншілері мен екіншілерінің үлесі күн ілгері айқындалған болуы қажет; және алайда, мұны алдын ала ойластырылған жоспар бойынша жасай алмайсың. Ешқандай жолмен өзара міндеттер басқаға дейін емес, тап мына

шекараға дейін баруы қажет деп ұйғару мүмкін емес. Қандай да бір мұндай анықтама тек ымыра арқылы ғана туындайды; бұл нақты бар мүдделер бәскекелесі мен олардың ынтымағының арасындағы орташа бірдеңе. Бұл – тек азды-көпті мұқият іздестірулерден кейін ғана табылуы мүмкін тепе-теңдік жағдайы. Бірақ, біздің осы іздестірулерді жалғастыра алмайтынымыз да, біздің қандай болсын шарттық қатынасқа түсетін әрбір ретте осы тепе-теңдікті қалпына келтіре алмайтынымыз да анық. Бізде ол үшін ештеңе жоқ. Қиындықтар олар туындаған сәтте шешілмеуге тиіс, алайда біздің шарт күшінде болатын ықтимал жағдайлардың алуан түрлілігін біз не күн ілгері көре алмаймыз, не жай ғана ойша есептеу арқылы, біз арнайы танысқан пәндерді қоспағанда, әрбір жағдайда әркімнің құқықтары мен міндеттері қандай болатынын не алдын ала анықтай алмаймыз. Мұның үстіне, өмірдің материалдық жағдайлары мұндай операциялардың қайталана алуына қарсы тұрады. Бізге әр сәтте және көбінесе дайындықсыз осындай байланыстар орнатуға тура келеді; сатып аламыз ба, сатамыз ба, саяхат жасаймыз ба, біреудің қызметін пайдаланамыз ба, қонақ үйінде тоқтаймыз ба және т.б. Біздің басқалармен қарым-қатынастарымыздың көпшілігі – шарттық табиғатындағы қарым-қатынас. Демек, егер де әрбір жолы, келісімнің қазіргі және болашақтағы барлық шарттарын орнату үшін қажет күресті қайтадан бастауға, келіссөздерді бастауға тура келсе, онда біз орнымыздан титімдей де ілгерілемес едік. Осының барлығынан, егер де біз тек талқыланған шарттармен ғана байланысты болсақ, онда бұл тек әлсіз ынтымақты ғана тудыратыны анық. Міне осы арада салдардың біздің қылықтарымыздың заңдық салдарын, біз айқындамаған салдарларды анықтайтын шарттық құқық іске қосылады. Ол тепе-теңдіктің қалыпты шарттарын олардың оқиғалардың орташа санынан азаздап бөлініп шыққан түрінде білдіреді. Ол толып жатқан және алуан түрлі тәжірибелерді қорытындылайтындықтан, біз жеке дара болжап біле алмайтынымыз, онда болжап білінген, біздің реттей алмайтынымыз, онда реттелінген болады және осы реттеу, ол біздің ісіміз емес, қоғам мен дәстүрдің ісі болғанымен, бізге күштеп телінеді. Ол бізді сөздің дәл мағынасында

уағдаласпаған міндеттемелерге мәжбүрлейді, себебі біз оларды алдын ала талқылаған жоқпыз, ал кейде тіпті білген де жоқпыз. Бастапқы қылық – әрқашан шарттық сипатта болатындығына күмән жоқ; бірақ онда шарт шеңберінен азды-көпті шығып кететін тікелей салдарлар болады. Біздің серіктес болатынымыздың себебі біз соны қалағандықтан, бірақ біздің ерікті серіктесуіміз бізге өзіміз қаламаған міндеттерді таңады. Бұл тұрғыдан алғанда шарттық құқық мүлдем өзге әлпетте көрінеді. Бұл енді жеке келісімдерге пайдалы қосымша емес, бұл олардың негізгі іргелі нормасы. Бізге дәстүрлі тәжірибенің беделімен жабысып, ол біздің шарттық қатынастарымыздың негізін құрайды. Біз одан тек ішінара және кездейсоқ қана жалтара аламыз. Заң бізге құқықтар береді және біздің ырқымыздың әлдене актысынан туындайтын міндеттерге бағындырады. Біз белгілі бір жағдайларда олардың біреулерін қорғап қала аламыз немесе басқа біреулерінен құтыла аламыз. Алайда соған қарамастан олардың қай-қайсысы да жағдайға орай жол берілетін құқықтар мен міндеттердің қарапайым тұрпатын білдіреді, ал жағдайларды өзгерту үшін ерекше күш-жігер салу қажет. Сондықтан өзгерістер салыстырмалы түрде сирек; негізінен ереже қолданылады; жаңалықтар өзгеше ілуде бір. Шарттық құқық, олай болса, бізге төтенше маңызды реттеуші ықпал етеді, себебі ол біздің істей алатынымызды және нені талап ете алатынымзды күні бұрын анықтайды. Бұл тек тараптардың келісімімен ғана өзгертуге болатын заң; бірақ, ол күші жойылмайынша және алмастырылмайынша, өзінің бүкіл билігін сақтайды; екінші жағынан, біз заң шығарушылық актыны аса сирек жасай аламыз. Демек, шарттан туындайтын міндеттерді реттейтін заң мен азаматтардың басқа міндеттерін реттейтін заңдар арасындағы айырмашылық тек дәрежесінде ғана. Ақыр соңында, құқық жасайтын осынау ұйымдасқан, реттелетін қысымнан басқа, құлықтан келіп шығатын басқа қысымдар да бар. Шарттарды жасасу және орындау тәсілінде біз қандай да болсын кодекспен не тура, не жанама түрде санкцияланбаған, соған қарамастан әмірлік сипатта болатын ережелермен орайластыруымыз қажет. Таза моральдық кәсіптік міндеттер болады, алайда,

өте қатал болып келеді. Олар еркін кәсіп дейтіндерде ерекше айқын, және егер де олар, бәлкім, басқа кәсіптерде азырақ болса, онда (алда көретініміздей) бұл аурушаң ахуалдың салдары емес пе деген сұрақ туындайды. Бірақ бұл ықпал алдыңғыларда кемірек реттелгенімен, ол да соншалық әлеуметтік ықпал. Екінші жағынан, шарттық қатынастар неғұрлым көбірек дамыса, ол соғұрлым елеулі, өйткені ол шарттардың өздері секілді алуан түрлі. Сонымен, шарт – өздігінен жеткілікті құбылыс емес; ол тек шығу тегі әлеуметтік реттеудің арқасында ғана мүмкін болады. Ол осы реттеуді қажет те етеді, өйткені біріншіден, оның қызметі жаңа ережелерді жасаудан гөрі, алдын ала белгіленген ортақ ережелерді жеке жағдайларға қолданудан тұрады; екіншіден, ол белгілеу қажет бір шарттармен ғана байланыстыру күшіне ие болады. Егер принципінде қоғам оған мәжбүрлеу күшін берсе, бұл жалпы жеке ырықтардың келісімі әлеуметтік диффузиялық қызметтердің жарасымды ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін, – көрсетілген ерекше жайттарды қоспағанда – жеткілікті болатындығынан. Бірақ егер ол өзінің мақсатына қарсы жүрсе, егер ол органдардың дұрыс қызмет етуін бұза алатын болса, егер, айтылып жүргеніндей, әділ болмаса, онда оның қандай да болсын әлеуметтік құндылық пен беделден айырылуы қажет. Қоғамның рөлі, демек, еш жағдайда шарттарды енжар орындауға саймайды; ол сондай-ақ, олардың қандай жағдайларда орындалуы мүмкін екендігін айқындаудан және, керек болса, оларды қалыпты орнына келтіруден тұрады. Тараптардың келісімі өздігінен әділ емес бапты әділ ете алмайды, және әділет ережелері бар, олардың бұзылуын, тіпті мүдделі тараптар ол бұзылумен келіссе де, әлеуметтік әділетті оның алдын алуға тиіс. Сонымен, реттеу қажет, оның көлемі алдын ала шектеле алмайды. Шарттың мақсаты, дейді Спенсер, жұмыскерді оның жұмсаған еңбегінің баламасымен қамтамасыз ету211. Егер шарттың рөлі шынында осындай болса, оны ол қазіргіден, неғұрлым мұқият реттеу шартымен ғана атқара алады; егер де ол осы баламалықты сенімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болса, керемет

211 Bases de Іa morale ~volutіonnіste, p. 124 etc.

сол болар еді. Іс жүзінде біресе шығыннан пайда көп, біресе пайдадан шығын көп болады; диспропорция көбінесе ғаламат. Бірақ, деп жауап береді тұтас бір мектеп, егер пайда тым аз болса, онда жұмыс басқаларға қалдырылатын болады; егер тым көп болса, онда соған ұмтылатын болады да, бәсеке пайданы төмендетеді. Халықтың тұтас бір бөлігі өз қызметінен бұлайша бас тарта алмайтынын, өйткені оның басқа ешқайсысына қолы жетпейтіндігін ұмытады. Тіпті орын ауыстыру еркіндігі көбірек адамдар оны бір сәтте пайдалана алмайды; мұндай революциялар әрқашан қиындықпен жасалады. Олар әлі жасалып жатқанда, қоғамның қатысуымен әділетсіз, анықтамасы бойынша әлеуметтік емес шарттар жасалады, және бір тармақты тепе-теңдік қалпына келтіріп жатқанда, бәлкім ол басқасында бұзып жатады. Әртүрлі пошымдағы осынау араласу әбден-ақ оң ыңғайдағы сипатта болатынын, себебі оның салдары біз серіктесуіміз қажет тәсілді анықтау болатынын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Рас, ынтымақтасатын қызметтерге серпін беретін ол емес; бірақ ынтымақтастық басталған бойда, ол оны реттейді. Біз кооперацияның бірінші актысын жасаған бойда, біз маталамыз да, қоғамның реттеушілік ықпалы бізге жайылады. Егер Спенсер оны теріс ыңғайдағы ықпал деп атаса, мұның себебі ол үшін шарт тек айырбастан ғана тұрады. Бірақ тіпті осы көзқарас тұрғысынан да ол қолданған сөз дәл емес. Күмән жоқ, мен берілген зат немесе қандай болсын қызмет үшін уағдаласылған баламаны ұсынудан бас тартсам, менің басқадан оған тиесілі нәрсені алғаным, және қоғам мені уәдемді орындауға мәжбүр еткенде, тек нұқсан келтірудің, жанама агрессияның алдын алады деуге болады. Бірақ егер мен алдын ала өтемақы алмай, жай ғана қызмет көрсетуге уәде етсем, сонда да мен өзімнің міндеттемемді орындауға тиіспін. Алайда бұл жағдайда мен басқа біреудің арқасында байымаймын: мен тек оған пайдалы болудыан бас тартамын. Мұның үстіне, айырбас, біз көргеніміздей, әлі бүкіл шартты көрсетпейді; сондай-ақ әлі ынтымақтастық жасайтын қызметтердің жарасымдылығы да бар. Ол қызметтер тек заттар қолдан қолға өткен қысқаша уақыт аралығында ғана тікелей қарымқатынаста болмайды; бұдан неғұрлым ауқымды қарым-қатынастар сөзсіз пайда

болады, оларды қолдап оытруда ынтымақты сақтау маңызды. Тіпті, Спенсер өзінің еркін шарт теориясында ықыласпен сүйенетін биологиялық салыстырулар да оны негізінен теріске шығарады. Біз секілді, ол да экономикалық қызметтерді дара организмнің ішкі өмірімен салыстырады да, соңғысы ми-жұлын жүйесіне емес, басты тармақтары – үлкен симпатиялық және тыныс-асқазан нервтері болатын арнаулы аппаратқа тікелей тәуелді екендігін атап өтеді. Бірақ егер осы салыстырудан экономикалық қызметтер әлеуметтік мидың тікелей ықпалына ұшырамауға тиіс деген шындыққа біршама жақын қорытынды жасауға болса, бұл олар қандай да бір реттеушілік ыөпалдан босатыла алды деген сөз емес. Өйткені үлкен симпатиялық нерв белгілі шамада миға тәуелді емес десек те, ол тап мидың бұлшық ет қимылын басқаратыны секілді, ішек-қарынның қимылын басқарады. Демек, егер қоғамда осы секілді аппарат болса, онда ол өзіне бағындырылған органдарға осыған ұқсас ықпал жасауға тиіс. Спенсер бойынша, бұған бір жерден екіншісіне сұраным пен ұсынымның жай-күйі туралы үздіксіз жасалатын, демек, өндірісті тежейтін немесе ынталандыратын ақпарат алмасу сәйкес келеді212. Бірақ мұнда реттеушілік s0gfk5f ұқсас ештеңе жоқ. Жаңалықтарды хабарлау қозғалысты басқару деген сөз емес. Бұл нервтік ганглийлер қызметімен ешқандай ұқсастығы жоқ жеткізуші нервтер қызметі; ал біз айтып отырған ықпалды тигізетін нақ енрвтік ганглийлер (тораптар). Олар түйсіктер жолында тұрады және тек қана солар арқылы соңғылары қозғалысқа келе алады. Егер де зерттеу жалғастырылса, олардың рөлі – олар орталық нерв пе, жоқ па, соған қарамастан – оларға бағындырылған қызметтердің жарасымды ынтымақтастығын қамтамасыз ету екендігін көруіміз әбден ықтимал. Бұл ынтымақтастықтың, егер ол қоздырушы әсерлердің қандай да бір өзгерісі кезінде өзгеруге тиіс болса, кез-келген сәтте шырқы бұзылар еді. Әлеуметтік үлкен симпатиялық нерв, демек, беріліс жолдары жүйесінен басқа, нағыз реттеуші органдарды қамтуға тиіс болады, олар сыртқы қимылды ұштастырып отыратын ми ганглийі секілді, ішкі

212 Essaіs de morale, p. 187.

қимылды ұштастырып отыруға міндетті болар еді, және не қозуды тежеп, не оны ұлғайтып, не қажеттіліктерге сәйкес шектеп отырар еді. Бұл салыстыру қазір экономикалық өмір бағындырылған реттеушілік ықпал қалыпты жұмыс істегенде қалай болуға тиістіден басқаша секілді деген ойға да жетелейді. Әрине, ол, нөлге тең емес, біз мұны көрсеткенбіз. Бірақ ол не диффузиялық ықпал, не тікелей мемлекет тарапынан жасалатын ықпал. Біздің қазіргі қоғамдарда үлкен симпатиялық нервтың ганглийлеріне ұқсас реттеуші орталықтарды табу қиын. Әрине, егер де біздің күмәніміз де, индивид пен қоғам арасындағы симметрияның жоқтығынан басқа негізі болмаса, онда ол назарға аударуға лайық болмас еді. Бірақ күні кешеге дейін бұл делдал органдар бар болғанын ұмытпау қажет: бұлар кәсіпшілік цехтары. Біз бұл арада олардың артықшылықтары немесе кемшіліктері жайында пікір таластырып жатпаймыз. Айтпақшы, ондай пікірталастардың объективті екендігі екіталай, өйткені нақты пайда мәселелерін біз тек өзіміздің жеке түйсінуіміз бойынша ғана шеше аламыз. Бірақ институттың (кәсіпшілік цехтарының – ред.) ғасырлар бойы қоғамдар үшін қажет болып келгенінің өзінен-ақ бағамдасақ олардың кенет керек болмай қалуы дүдамал нәрсе болып көрінеді. Олардың өзгергені даусыз; бірақ олар бастан кешірген өзгерістер осы ұйымды түп-тамырымен қиратудан гөрі, оны жаңартуды талап етті-ау деп топшылаған заңды болар. Қалай десек те, бұл ахуал қалыпты және түпкілікті ме, әлде тек кездейсоқ әрі аурушаң ахуал ма деген мәселені шешу үшін олар әлі жаңа жағдайда тым аз уақыт өмір сүреді. Әлеуметтік өмірдің осы саласында қазір аңғарылатын беймазалық жағымды жауапқа негіз жасамайды. Бұдан әрі біз осы топшылауды қуаттайтын басқа да деректерді көреміз213.

ІІІ

Ақыр сонында, әкімшілік құқық деген бар. Біз олай деп, біріншіден, орталық органның қызметтері мен олардың қатынастарын, содан кейін осы

орталық органға тікелей бағындырылған органдардың қызметтерін, олардың бір-біріне, орталық органға және қоғамның диффузиялық қызметіне қатынастарын белгілейтін ережелер жиынтығын атаймыз. Егер биологиядан, метафоралық болса да, қолайлы терминологиясын алып, пайдалануды жалғастырсақ, олар әлеуметтік организмнің ми-жұлын жүйесінің қызмет ету тәсілін реттейді деуге болады. Нақ осы жүйені қарапайым тілде мемлекет деп атайды. Осы пошымда білдірілетін әлеуметтік ықпал оң ыңғайдағы сипатта болатыны даусыз. Шынында да, оның мақсаты – осынау арнайы қызметті кооперациялау тәсілін анықтау. Белгілі бір қатынастарда ол тіпті кооперациялануға мәжбүрлейді, өйткені әрқилы органдар әрбір азаматтан міндетті түрде талап етілетін үлестер арқылы сақталады. Бірақ, Спенсер бойынша, осы реттеуші аппарат өнеркәсіптік тұрпаттың әскери тұрпаттан бөлініп шығу шамасына қарай кері кете береді де, сайып келгенде мемлекеттің қызметтері сот төрелігін жүргізуге ғана саятын болады. Бұл пікірді қолдау үшін келтірілген дәлелдер, алайда, тым жұтаң. Спенсер тарихи дамудың осынау ортақ заңын Англия мен Франция арасындағы қыпқысқа салыстырудан ғана емес, бұрынғы және қазіргі Англия арасын салыстырудан шығаруға болады деп санайды214. Бірақ әлеуметтанудағы дәлелдеу шарттары басқа ғылымдардағымен бірдей. Гипотезаны дәлелдеу – ол кездейсоқ іріктелген бірнеше фактыны түсіндіреді деген сөз емес; бұл – жүйелі тәжірибе жүргізу деген сөз. Бұл – араларында қатынас орнатылатын құбылыстар не толық үйлесетінін, не бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын, не тап сол бағытта өзгеретінін көрсету деген сөз. Бірақ үзіп-жұлқып баяндалған бірнеше мысал дәлел бола алмайды. Мұның үстіне, бұл фактылар өздігінен ештеңені дәлелдемейді; олар индивид алатын орын үлкейе, үкімет билігінің абсолюттігі кеми түскенін ғана көресетеді. Бірақ индивидуалдық қарекет өрісі мемлекеттік қарекет өрісімен бірге ұлғая түскендігінде; орталық реттеуші аппаратқа тікелей тәуелділікте

214 Socіologіe, ІІІ, p. 822–834.

болмайтын қызметтер тап соңғысымен бірге дами түскендігінде ешқандай қайшылық жоқ. Екінші жағынан, билік абсолютті және сонымен бір мезгілде тым қарапайым бола алады. Варварлар көсемінің деспоттық басқаруынан қарапайым ештеңе жоқ; ол атқаратын қызметтер рудиментті және саны аз. Әлеуметтік өмірдің басқарушы органы былайша айтқанда, оны түгелімен өз бойына сіңіріп жібере алады, бірақ бұдан, егер әлеуметтік өмірдің өзі онша дамымаған болса, ерекше дамып кете алмайды. Ол тек қоғамның қалған бөлігіне қатысты ерекше артықшылыққа ие болады, себебі оны тежеп, бейтараптандыруға ештеңенің шамасы жоқ. Бірақ оның ұлғая беруі, сонымен бір кезде оған қарсы тұратын басқа органдардың құрылуы да мүмкін. Бұл үшін организмнің бүкіл көлемінің ұлғая түсуі жеткілікті. Осы жағдайда ол жасайтын ықпал енді табиғаты бұрынғыдай ықпал еместігі күмәнсіз; бірақ осы ықпал тигізілетін нүктелер көбейді, және егер оның күші кемдеу болса да, соған қарамастан ол тап бұрынғыдай үзілді-кесілді жармаса береді. Өкімет бұйрықтарына бағынбау фактылары енді күпірлік деп қарастырылмайды, демек, соншалық қатал жазаланбайды; бірақ олар қайткенде де төзгісіз нәрселер; ал бұйрықтардың саны көбейе түседі, әрі неғұрлым әртекті түрлерге қатысты бола түседі. Бірақ бізді қызықтыратын мәселе осы реттеуші аппарат қолындағы мәжбүрлеу билігінің қарқынды не қарқынсыздығы емес, ол неғұрлым көлемді бола түсті ме, жоқ па деген. Міндет осылайша тұдырымдалған бойда, оның шешімі күмән туғызбайды. Тарих іс жүзінде жалпы әкімшілік құқық, қоғамдар неғұрлым жоғары тұрпатқа жататын болса, соғұрлым сан-салалы бола түсетінін көрсетеді. Керісінше, біз алғашқы қауымдық заманға қарай неғұрлым шегінсек, соғұрлым ол сарқыншақты бола түседі. Спенсер мұратқа айналдыратын мемлекет – іс жүзінде мемлекеттің алғашқы қауымдық пошымы. Қалыпты жағдайда оған тиесілі бірден-бір қызмет ағылшын философының пікірі бойынша, сот төрелігі мен соғыс қызметі, бұл әрі салғанда, соғыстың қажеттігінен туындайтын қызмет. Бірақ төменгі қоғамдарда шынында да мемлекеттің басқа рөлі жоқ. Бұл қызметтің оларда біздегі сияқты түсінілмегендігі даусыз; бірақ бұдан олар

басқаша бола қоймайды. Оларда Спенсер атап өтетін тираниялық араласудың барлығы сот билігін жүзеге асыру тәсілдерінің бірі ғана. Дінге, әдепке, әртүрлі дәстүрлерге қарсы қылмысты жазалай отырып, мемлекет біздің қазіргі қазылардың индивидтер өмірін немесе меншігін қорғайтыны секілді міндеттер атқарды. Керісінше, жоғары әлеуметтік тұрпатқа жақындаған сайын оның атрибуттары көбірек және әртүрлі бола түседі. Алғашында тым қарапайым болатын сот төрелігі органының өзі, барған сайын жіктеле түседі; әрқилы соттар, палаталар құрылады, олардың салыстырмалы рөлі мен қатынастары белгіленеді. Бұрын диффузиялық болған қызметтердің көпшілігі шоғырлана түседі. Жастар тәрбиесі, азаматтардың денсаулығы, әлеуметтік көмек, қатынас жолдарын басқару жөніндегі қамқорлық аз-аздап орталық органның қарекет өрісіне көшеді. Демек, орталық орган дами түсіп, бір мезгілде бұрынғы жергілікті органдарды алмастыратын немесе оларды сіңіріп жіберетін тармақтанудың барған сайын ықшам әрі күрделі бола түсетін жүйесін бүкіл аумақ бойынша сөзсіз таратады. Статистика қызметі организмнің тереңінде не болып жатқаны туралы оны үнемі хабардар етіп отырады. Халықаралық қатынастар аппараты – дипломатия – өздігінен ұлғая береді. Ірі несие банкылары секілді институттардың құрыла түсуіне орай (өздерінің көлемі мен өздеріне байланысты қызметтердің алуандығы бойынша олардың мүддесі ортақ) мемлекет оларға тежеуші ықпал жасайды. Ақыр соңында, Спенсер құлдырайды дейтін әскери аппарат та, тегінде, керісінше, үздіксіз дамып, орталықтандырыла береді. Бұл эволюцияны тарихи білім анық айғақтайтыны сонша, бізге оны неғұрлым егжей-тегжейлі дәлелдеп жату артық көрінеді. Ешқандай орталық билігі жоқ тайпаларды орталықтандырылған тайпалармен, оларды – антикалық қауыммен, антикалық қауымды – феодалдық қоғаммен, феодалдық қоғамды – қазіргілермен салыстыру жеткілікті, сонда жалпы барысын біз нобайлаған дамудың басты белестерін біртіндеп ізерлеп шығуға болады. Демек, үкіметтік органның қазіргі көлемін оқиғалардың кездейсоқ тоғысуынан туындаған аурушаң факт деп қарастыру – қандай да бір әдіске қайшы келу деген сөз. Бәрі

де бізді бұдан жоғары қоғамдар құрылымының өзіне тәуелді қалыпты құбылысты көруге мәжбүр етеді, өйткені бұл құбылыс қоғамдар сол тұрпатқа жақындаған сайын үнемі және үздіксіз өсе береді. Мұның үстіне, бұл құбылыстың еңбек бөлінісі процесінің өзінен және қоғамдардың сегментті тұрпаттан ұйымдасқан тұрпаткқа өтуінің салдары болатын өзгерістен туындайтынын көрсетуге (бері салғанда, нобайлап қана) болады. Әрбір сегмент өзінің ерекше, өзіне тән өмірін өткізіп жатқанда, ол үлкен қоғамның ішінде кіші қоғам құрайды және, демек, үлкен қоғам секілді, оның өзінің реттеуші органдары болады. Бірақ олардың өміршеңдігі міндетті түрде осынау тұйықталған өмірдің қарқынына пропорциялы; олар, демек, өмір әлсіреген кезде, әлсіремей тұра алмайды. Бірақ бұл әлсіреу сегментті ұйымның сөзсіз жойылуымен бірге жүретінін біз білеміз. Орталық орган, өзін тежеп тұрған күштер күш-қуатынан айрылғандықтан, аз қарсылыққа тап болып, дами түседі де, сол қызметтерді өзіне тартады, ол қызметтер оның өз қазметтеріне ұқсас, бірақ оларды осы кезге дейін атқарған орагдар оларды ұстап тұра алмайды. Бұл тұйық органдар өзінің даралығын сақтап, диффузиялық болып қалудың орнына, орталық аппаратқа сіңіп кетеді, ол аппарат ұлғая береді, әрі қоғам неғұрлым кеңірек болған сайын, қосылу неғұрлым толық болған сайын, ұлғая береді, яғни қоғам неғұрлым жоғары түрге жатса, ол соғұрлым ауқымды бола түседі. Бұл құбылыс механикалық қажеттілікпен болады; олмұның үстіне, пайдалы да, өйткені қалыптасқан жаңа тәртіпке сай келеді. Қоғам ұқсас сегменттердің қайталануы арқылы қалыптасуын тоқтатуына қарай реттеуші аппарат та дербес сегментті органдардың қайталануы арқылы қалыптасуын тоқтатуға тиіс. Алайда біз, қалыпты мемлекет қоғамның барлық реттеуші органдарын, олар қандай болмасын, өзіне сіңіреді дегіміз келмейді, мемлекет тек дәл тектес органдарды, яғни ұжымдық өмірді басқаратын органдарды ғана сіңіреді. Экономикалық қызметтер секілді арнайы қызметтерді басқаратын органдарға келсек, олар мемлекеттің өзіне тарту өрісінен тыс тұрады. Олардың

арасында, әрине, тап осы тектес тұтасу бола алады, бірақ солар мен оның арасында емес; немесе, бері салғанда, олар жоғары орталықтардың ықпалына бағындырылған болса да, олардан өзгеше болып қала бермек. Омыртқалыларда ми-жұлын жүйесі өте дамыған, оның үлкен симпатиялық нервке ықпалы бар, бірақ ми-жұлын жүйесі соңғысына зор дербестік қалдырады. Мұның үстіне, қоғам сегменттерден құралатын кезде, сегментті ұйым неғұрлым күштірек болса, олардың бірінде болатын барлық нәрсенің басқаларда көрініс табу мүмкіндігі соғұрлым кем болады. Ұялы жүйе, әрине, әлеуметтік оқиғалар мен олардың салдарын тұйықтауға жарайды. Мәселен, полиптер колониясында бір индивид науқас болуы мүмкін, ал басқалар оны сезбейді. Қоғам органдар жүйесінен құралған кезде іс басқаша болады. Олардың өзара тәуелділігінің салдарынан біреуін қозғайтын нәрсенің барлығы басқаларды да қозғайды, сөйтіп әрбір аз-кем күрделі өзгеріс жалпы мүддеге ие болады. Бұл қорытынды тағы екі жағдаймен жеңілдейді. Еңбек неғұрлым бөлінген болса, кез-келген әлеуметтік орган әрқилы бөліктерді соғұрлым аз қамтиды. Ірі өнеркәсіп кіші өнеркәсіпті ығыстырып шығарған сайын, әрқилы кәсіпорындар саны азаяды; әрқайсысы көбірек салыстырмалы мәнге ие болады, өйткені бүтіннің көбірек бөлігі болып табылады; демек, ондағы нәрсенің бәрінің неғұрлым көлемді әлеуметтік салдары болады. Шағын шеберхананың жабылуы тек тым шектеулі бұзушылықты ғана тудырады да, ол топтан тыс жерде сезілмейді. Үлкен өнеркәсіп компаниясының күйреуі, керісінше, қоғамдық дүрбелең туғызады. Екінші жағынан, еңбек бөлінісінің өрбуі әлеуметтік бұқараның көбірек шоғырлануын туғызатындықтан, бір тіннің, бір органның немесе аппараттың әрқилы бөліктері арасында неғұрлым тығыз жанасу туындатып, ол жұғу құбылыстарына жәрдемдеседі. Бір нүктеде туындайтын қимыл ілезде басқаларына беріледі; мысалы, өнеркәсіптің әлде бір саласындағы стачканың қандай жылдамдықпен таралатынына көз жүгірту жеткілікті. Бірақ белгілі бір ауқымдағы дүрбелеңдер де жоғары орталықтарда алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Ол алаңдаушылық маза бермеген орталықтар араласуға

мәжбүр болады және бұл араласу әлеуметтік тұрпат неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жиірек болады. Бірақ ол үшін орталықтардың ұйымдасқан болуы қажет; олар организмнің әрқилы бөліктерімен байланыста болып және сондай-ақ қызметі кей жағдайда тым күрделі зардаптарға соқтыруы мүмкін кейбір органдарды неғұрлым тікелей тәуелділікте ұстап, барлық бағыттарда өздерінің тармақтарын соза түсуі қажет. Қысқасы, олардың функциялары көбірек әрі күрделірек бола түсетіндіктен, оларға субстрат болатын орган оларды белгілейтін заңдық ережелер жиынымен бірге дамуы қажет. Жоғары орталықтардың дамуы қоғам мен организмдерде кері бағытта жүреді деген өзінің теориясына Спенсер қайшы келеді деп жиі айтылған түртпекке ол органның осынау әрқилы өзгерістері тиісті қызметтік өзгерістерге тәуелді деп жауап береді. Оның көзқарасы бойынша, ми-жұлын жүйесінің рөлі негізінен индивидтің сыртқы ортамен қарым-қатынастарын реттеуден, аң аулауға және жаудан құтылып кетуге қажет қозғалыстарды ұштастырудан тұрады215. Шабуыл мен қорғаныс аппараты ретінде ол, әрине, жоғары организмдерде аса көлемді, оларда осы сыртқы қарым-қатынастардың өзі әбден дамыған. Өздерінің көршілерімен ұдайы дұшпандық жағдайында өмір сүретін әскери қоғамдарда да жағдай сондай. Керісінше, өнеркәсіпті халықтарда соғыс – шетін жағдай; әлеуметтік мүдделер негізінен ішкі сипатта болады; демек, сыртқы реттеуші аппарат, енді әлгіндей негізі болмағандықтан, амалсыз кері кетеді. Бірақ бұл түсіндірме екі бірдей жаңсақтыққа негізделген. Біріншіден, кез-келген организм, онда жыртқыштық сезімдер бар ма, жоқ па, ол неғұрлым күрделі болса, соғұрлым көбірек қатынас жасайтын ортада өмір сүреді. Олай болса, егер қоғамдар неғұрлым бейбітшіл бола түскен сайын дұшпандық қатынастар кеми түсетін болса, онда олар басқаларымен алмастырылады. Өнеркәсіпті халықтар да, дамуы төмен халықтар өзара жасайтын қарым-қатынастан өзгеше дамыған өзара қарым-қатынас болады. Біз индивид пен индивид арасында тікелей орнайтын қарым-қатынас туралы емес,

215 Essaіs de morale, p. 179.

әлеуметтік денелерді өзара біріктіретін қарым-қатынастар туралы айтып отырмыз. Әрбір қоғамның ортақ мүдделері болады, ол оларды басқалардан қарумен болмаса да, бері салғанда, келіссөздер, коалициялар және келісімдер арқылы қорғауға тиіс. Мұның үстіне, ми тек сыртқы қарым-қатынастарды ғана басқарады екен деген ой қате. Ол органдардың ахуалын мүлдем ішкі жолдармен тек кейде ған өзгертпейді, тіпті, сырттан ықпал ете отырып, ішкі органдарға ықпалын тигізеді. Шынында да, тіпті ішкі органдар тек сырттан жеткізілетін заттар кеөмегімен қызмет ете алады, ал ми ішкі органдарға шып-шырғасыз үстем ететіндіктен, ол, осылайша, бүкіл организмге тұрақты ықпал етіп отырады. Асқазан, дейді оның бұйрығымен жұмыс істемейді; азықтың болуы оның бүлкілін қоздыру үшін жеткілікті. Бірақ егер азық бар екен, ол тек мидың соны қалауынан, және азық ол белгілеген мөлшер мен сапада болады. Жүректің соғуын ол басқармайды, бірақ ол белгілі бір түрдегі ықпал арқылы оны жылдамдата немесе баяулата алады. Оның қандай да бір ықпалына тап болмайтын тіндер аз, және осылайша ол жасайтын билік жануар неғұрлым жоғарғы тұрпатқа жатса, соғұрлым көлемді де терең болады. Бұлай болуының себебі мидың шынайы рөлі – тек сыртқы қатынастарды ғана емес, сондай-ақ, тұтастай өмірді басқару: бұл қызмет, демек, өмірдің өзі неғұрлым бай да шоғырлы бола түскенін сайын, соғұрлым күрделірек. Қоғам да солай. Үкімет органының азды-көпті едәуір дамуы халықтардың зор немесе кен бейбітшілдігіне байланысты емес. Ол қоғамдағы еңбек бөлінісінің прогресі салдарынан әрқилы органдардың көбірек санын қамтиды, ал олардың арасында неғұрлым тығыз байланыс болады.

Келесі ережелер еңбегіміздің осы бірінші бөлігін қорытындылайды. Әлеуметтік өмір екі қайнар көзден өрбиді: олар – сананың ұқсастығы, сондай-ақ әлеуметтік еңбектің бөлінісі. Бірінші жағдайда төл даралығы жоқ ол

өзіне ұқсастармен бір ұжымдық тұрпатқа бірігетіндіктен әлеуметтенеді, екіншісінде – өзінің төл келбеті және оны басқалардан өзгешелейтін ерекше қызметі болғанымен, оларға тап өзі өзгешеленетін шамада тәуелді болғандықтан, демек, олардың бірлестігінен пайда болатын қоғамға тәуелді болғандықтан әлеуметтенеді. Сананың ұқсастығы жазалау шараларының қатерін баршаға біркелкі наным-сенімдер мен салттарды таңатын заңдық ережелерді туғызады; ол неғұрлым айқын көрініс берсе, әлеуметтік өмір діни өмірмен соғұрлым толық араласып кетеді, экономикалық институттар коммунизмге соғұрлым жақын болады. Еңбек бөлінісі бөлінген қызметтердің табиғаты мен қатынастарын айқындайтын заңдық ережелерді туғызады, бірақ бұл ережелерді бұзу тек қалпына келтіру шараларына жетелейді, олардың күнәні өтеу сипаты болмайды. Заңдық ережелердің осы жинағының әрқайсысы, мұның үстіне, таза моральдық ережелер жинағымен қоса жүреді. Қылмыстық құқық өте көлемді жерде, ұжымдық мораль өте ауқымды, яғни қоғамдық пікірмен қорғалатын орасан көп ұжымдық салттар болады. Реституттік құқық өте дамыған жерде әрбір кәсіп үшін кәсіптік мораль болады. Жұмыскерлердің бір ғана тобы ішінде осы шектелген агрегаттың бүкіл кеңістігіне таралған пікір болады, ол құқықтық санкциялармен қамтамасыз етілмей-ақ, алайда өзіне бағынуға мәжбүр етеді. Жұмыскерлердің бір санаты үшін ортақ, салттар мен дәстүрлер болады216, оларды жұмыскерлердің ешқайсысы бұза алмайды, өйтсе бүкіл корпорацияның жазғыруына ұшырау қатері төнеді. Алайда осынау инсаниятта алдыңғысымен салыстырғанда айырмашылықтар болады, олар құқықтың тиісті екі түрін өзгешелейтін айырмашылықтарға ұқсас айырмашылықтардан тұрады. Шынында да, ол қоғамның шектелген бөлігінде тұйықталған; мұның үстіне, онымен байланысты санкциялардың жазалау сипаты айтарлықтай әлсіз

216 Àéòïà

білдірілген. Қоғамдық моральға қастандықтан гөрі, кәсіптік теріс қылықтар әлдеқайда жұмсақ жазғыру туғызады. Алайда кәсіптік инсаният пен құқық ережелері, басқа ережелер секілді, әмірлі. Олар индивидті оның төл мақсаттарымен сәйкес келмейтін мақсаттарға қол жеткізу үшін қимылдауға, көнуге, ымыраласуға, өзінің төл мүдделерінен гөрі, неғұрлым жоғары мүдделермен санасуға мәжбүрлейді. Демек, тіпті қоғам неғұрлым толығырақ еңбек бөлінісіне негізделген жерде, ол арасында тек сыртқы және өткінші байланыстар ғана орнауы мүмкін жекелеген атомдар жиынтығына айналмайды. Оның мүшелері айырбас жасаудың қысқа сәттері шегінен ұзап шығып кететін байланыстармен біріктірілген. Олар орындайтын әрбір қызмет басқаларға тұрақты тәуелді және олармен біртұтас жүйені құрайды. Демек, таңдап алынған жұмыс сипатынан тұрақты міндеттемелер туындайды. Қандай да бір қызметті, отбасылық немесе әлеуметтік қызметті орындай отырып, біз жалтаруға құқығымыз жоқ міндеттер жүйесіне тартыламыз. Біздің тәуелділігіміз ол жөнінде үнемі өсіп отыратын бір орган бар: бұл – мемлекет. Біздің онымен жанасу нүктелеріміз, ол ортақ ынтымақ сезімі туралы бізге еске салуға өкілетті болатын жағдайлар сияқты, ұлғая түседі. Осылайша, Спенсер ойлайтындай, альтруизм біздің қоғамдық өміріміздің өзінше бір жағымды көрінісіне айналуға душар болмайды: ол әрқашан оның негізі болады. Іс жүзінде біз онсыз қалай болар едік? Адамдар өзара келісімдерсіз, демек, өзара құрбандықсыз, бір-бірімен күшті де ұзақ бірігусіз бірге өмір сүре алмайды. Кез-келген қоғам – моральдық қоғам. Кейбір тұстарда бұл ерекшелік ұйымдасқан қоғамдарда тіпті айқын көрінеді. Индивид – толыққанды бірлік болмағандықтан, ол өзіне қажет барлық нәрсені қоғамнан алады және бір мезгілде соған жұмыс істейді. Индивид бастан өткеретін аса күшті тәуелділік ахуалы сезімі осылайша қалыптасады; ол өзін шынайы құндылыққа сәйкес бағалауға, яғни өзін тек бүтіннің бөлшегі, организмнің органы ретінде қарастыруға әдеттенеді. Мұндай сезімдер күнделікті әлеуметтік өмірдің ретке келтірілген дамуын қамтамасыз ететін күн сайынғы құрбандығын

ғана емес, орайы келгенде, толық және бөлінбейтін бас тарту актыларын да сіңіре алады. Өз тарапынан қоғам өзін құрайтын мүшелерге өзінің құқығы болатын заттар деп емес, онсыз өзі бола алмайтын және оларға қатысты өзінің міндеттері болатын қызметкерлер деп қарауға әдеттенеді. Олай болса, нанымсенімдер ортақтығынан пайда болатын қоғамды кооперацияға негізделген қоғамға қарсы қою бекер. Тек біріншісіне ғана моральдық сипат теліп, екіншісінен тек экономикалық бірлестік көру бекер. Шынына келгенде кооперацияның да өзінің ішкі инсанияты бар. Біз алда көртініміздей, қазіргі қоғамдарымызда бұл инсаният қазіргі кезде қажет дамуына әзірше ие болған жоқ деп ойлауға ғана негіз бар. Бірақ бұл инсаният өзінің табиғаты жағынан басқасынан ерекшеленеді. Соңғысы индивид әлсіз болғанда ғана күшті. Барлығы бөліп-жармай қолданатын ережелерден құралған ол, осынау жалпыға бірдей және біркелкі салттардан бедел алады, ол бедел бұл инсаниятты адам қарымы жетпейтін және талқылауға жатпайтын бірдеңеге айналдырады. Тағы бір инсаният, керісінше, дара кісі нығайған сайын дамиды. Қызмет қаншалықты реттелген болсын, ол әрқашан әркімнің бастамасына кең орын қалдырады. Осылайша санкцияланған міндеттердің көбісінің қайнар көзі – ерікті таңдау. Біз өз кәсібімізді және тіпті отбасылық қызметіміздің кейбіреуін өзіміз таңдаймыз. Сөз жоқ, біздің шешім ішкі іс болудан қалып, әлеуметтік салдар түрінде сыртқары көрініс берген бойда біз маталдық: бізге өзіміз тіпті де қаламаған міндеттер жүктеледі. Алайда олардың бастауы ырық актысында жатыр. ақыр аяғында, осы мінез-құлық ережелері ортақ өмір жағдайына емес, кәсіптік қызметтің әрқилы пошымдарына жататындықтан, жалғыз осының пәрменімен, олар былайша айтқанда, неғұрлым дүниауи сипатқа ие болады, бұл сипат олардың мәжбүрлеу күшін қалдырғанымен, оларды адамдардың ықпалына неғұрлым оңтайлы етеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің екі үлкен ағымы бар, оларға құрылымның айырмашылығы одан кем емес екі тұрпаты сәйкес келеді. Осы ағымдардың әлеуметтік ұқсастықтардан бастау алатын біреуі бастапқыда жалғыз, бәсекелессіз қимылдайды. Осы кезде ол қоғам өмірінің өзімен қосылады. Одан

кейін ол бірте-бірте тарылады, ыдырайды, ал екіншісі барған сайын күшті бола береді. Дәл сол секілді сегментті құрылым, ешқашан толығымен жойылып кетпей, барған сайын басқасының аясына сіңіріле береді. Біз кері өзгерудегі осы қатынастың нақтылығын анықтадық. Оның себептері келесі кітапта қарастырылады.

ІІ кітап

СЕБЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

І тарау

Еңбек бөлінісінің прогресі және бақыт прогресі

Еңбек бөлінісінің прогресін қандай себептер туындатады? Мәселе, әрине, еңбек бөлінісінің барлық мүмкін түрлерін түсіндіретін бірыңғай формуланы табуда емес. Мұндай формула жоқ. Әрбір жеке оқиға жеке себептерге тәуелді, олар тек арнайы зерттеулермен ғана анықтала алады. Біз алға қойып отырған міндеттің ауқымы кемірек. Еңбек бөлінісі орын мен уақыт жағдайына сәйкес қабылдайтын сан алуан пошымдарды елемесек, ол тарихи дамумен тұрақты бірге дамиды деген ортақ факт қалады. Бұл факт, сөз жоқ, сондайлық тұрақты себептерге тәуелді, біз соларды зерттеуге кірісеміз. Бұл себеп еңбек бөлінісі, қоғамдардың тепе-теңдігін ұстап тұруға жәрдемдесе отырып, тудыратын салдарларды күні бұрын көз алдына елестетуден тұра алмайды. Бұл салдарлар баршаның түсінуі үшін, тым алшақ та жатыр; көпшіліктің олар туралы ешқандай түсінігі жоқ. Қалай десек те, олар еңбек бөлінісі аса ілгерілеген кезде ғана айқын болуы мүмкін. Ең кең таралған теорияға сәйкес, еңбек бөлінісінің себебі тек қана адамға тән бақытқа деген үздіксіз өсіп отыратын ұмтылысқа негізделеді. Шынына келсек, еңбек неғұрлым көбірек бөлінсе, оның өнімділігі соғұрлым жоғары

болатыны белгілі. Ол біздің қолымызға тигізетін ресурстар молырақ, сапалыраұ бола түседі. Ғылым жақсырақ және жылдамырақ дамиды, өнер туындылары – көбірек және нәзігірек болады, өнеркәсіп көбірек өндіреді және оның өнімдері әлдеқайда мінсіз бола түседі. Бірақ адам осынау барлық заттарды қажет етеді; ол, тегінде, оларға неғұрлым көбірек ие болса, соғұрлым бақытты болатын секілді және ол, әрине, соларды алуға тырысады. Осыны топшылап, еңбек бөлінісі прогресінің орнықтылығын түсіндіру оңай. Оп-оңай елестетуге болатын түрлі жағдайлардың тоқайласуы адамдарға оның кейбір артықшылықтарын аңғартқан жеткілікті дейді; сонда олар содан бүкіл ықтимал пайданы алу мақсатымен оны неғұрлым кеңірек дамытуға ұмтылатын болады дейді. Ол, демек, тек қана индивидуалдық, психологиялық себептердің ықпалымен ілгерілейтін болғаны ғой. Еңбек бөлінісінің теориясын жасау үшін қоғамдар мен олардың құрылымын ізерлеу міндетті емес: оны түсіндіру үшін адам табиғатының ас қарапайым да негізгі түйсігі жеткілікті болғаны ғой. Бақытты аңсаудың нақ өзі индивидті барған сайын мамандана түсуге мәжбүрлейді. Әрине, кез-келген мамандану бір мезгілдегі көптеген индивидтердің қатысуы мен олардың ынтымақтастығын қажет ететіндіктен, ол қоғамсыз мүмкін емес нәрсе. Бірақ қоғам оның айқындаушы себебі болудың орнына, құрал ғана болып табылады, мамандану соның арқасында ғана жүзеге асады: қоғам – бөлінген еңбекті ұйымдастыруға қажет материал ғана. Ол, керек десеңіз, осы құбылыстың себебінен гөрі, қайта соның салдары. Нақ кооперацияға қажеттілік қоғамдарға бастау берді деп тоқтаусыз қайталамай жүр ме? Демек, қоғамдар әлеуметтік негіздердің арқасында еңбектің бөлінуі үшін емес, еңбектің бөліне алуы үшін құрылғаны ғой? Бұл саяси экономиядағы классикалық анықтама. Мұның үстіне, соншалық қарапайым да анық болып көрінетіні сондай, көптеген ойшылдар, өздерінің тұжырымдамаларының іргесін шайқалтып, ойланбастан жол береді. Міне сондықтан, ең алдымен осыны зерттеу қажет.

Осы түсініктеме негізделетін алдамшы аксиомадан артық дәлелсіз ештеңе жоқ. Еңбектің өндіргіш күшінің ешқандай ұтымды шегін көрсету мүмкін емес. Ол техниканың, капиталдың ахуалына және т.б. тәуелді екені даусыз. Бірақ, тәжірибе дәлелдейтініндей, бұл кедергілер әрдайым уақытша сипатта болады және әрбір ұрпақ алдыңғы ұрпақ тоқтаған шекараны кеңейте түседі. Тіпті сол шекара бір кездері, асып түсу мүмкін емес (ал бұл мүлде негізделмеген болжам) шарықтау шегіне жетсе де, онда, бері салғанда, ол дамудың құшақ жетпес өрісіне ие болады. Егер, кейбіреулер топшылайтындай, бақыт онымен бірге үнемі ұлғая беретін болса, ол да шексіз ұлғаюға қабілетті, немесе, бері салғанда, ол қабілетті болатын өсім, еңбектің өндіргіш күштерінің өсіміне пропорционал деп ұйғару қажет. Егер ол жанға жайлы ләззат көбірек және қарқынды болған сайын ұлғаятын болса, адамның ләззат алу үшін көбірек өндіруге тырысатыны әбден табиғи болады. Бірақ шындығында біздің бақытқа қабілетіміз тым шектеулі. Шынында да, рахат сананың не тым қарқынды, не тым әлсіз күйлерімен сиыспайды деген ақиқатты қазір барша мойындаған. Егер қызметтік әрекет жеткіліксіз болса, онда азап пайда болады; бірақ шамадан тыс қызмет те тап сол ықпалды туғызады217. Кейбір физиологтар тіпті азап нервтердің тым күшті тербелісімен байланысты деп ойлайды218. Рахат, демек, осы екі шетін жағдайдың арасында жатыр. Айтпақшы, бұл қағида Вебер мен Фехнердің заңынан шығады. Егер экспериментаторлар көрсеткен математикалық формуланың дәлдігі күмәнді болса да, қалай десек те, түйсік жүріп өте алатын қарқынның өзгеруі екі шектің арасында жататындығына күмәнді біржола сейілтті. Егер ашу тым әлсіз болса, онда ол сезілмейді, бірақ егер ол белгілі шектен шығып кетсе, онда оның алатын өсімі, сезілу мүлде тоқталғанға дейін, жарытымды ықпал жасай алмайды. Бірақ бұл заң ләззат деп аталатын түйсіктер

217 Spencer H. Psіchologіe, І, p. 283; Wіndt. Psіchologіe physіologіque, І, ch. X, §1. 218 Rіchet. Douleur: Dіctіonnarіe encyclop~dіque des scіences m~dіcales.

қатары жөнінде де дұрыс. Ол тіпті ләззат пен азапқа қатысты түйсіктің басқа элементтеріне қолданылудан көп бұрын, тұжырымдалған болатын. Бернулли оны ең күрделі түйсіктерге қолданды, ал Лаплас, оны тап сол мағынада пайымдай отырып, оған тәндік бақыт пен моралдық бақыт арасындағы қатынас пошымын берді219. Демек, ләззат қарқындылығы өте алатын өзгерістер аясы шектеулі. Бірақ бұл да бәрі емес. Қарқыны біркелкі сана ахуалы әдетте жағымды болғанымен, бірақ олардың бәрі бірдей рахатқа бөлеу үшін теңдей қолайлы жағдай бола бермейді. Жағымды қызмет көктей өтетін төменгі табалдырық та абсолютті шамасы жағынан тым кішкентай болады да , қуаты мол ләззат түйсігін тудыра алмайды. Керісінше, ол немқұрайдылық шегіне, яғни өзінің шарықты шегіне жақындағанда, ол осы өсетін шама, салыстырмалы түрде тым аз болады. Азын-аулақ капиталы бар адам, оны өзінің жағдайын елеулі өзгертуі мүмкін көлемде оңай ұлғайта алмайды. Алғашқы жинақ ақшаның қуанышы аз болатыны да сондықтан: жағдайды жақсарту үшін олар тым мардымсыз. Олар беретін елеусіз артықшылықтар оларды табу үшін көрген қиындықтарды ақтамайды. Дәл сол секілді, ағыл-тегіл байлығы бар адам тек ерекше мол пайдадан ғана рахат табады, өйткені ол олардың маңызын өзіндегі барымен өлшейді. Орташа байлық жағдайында біз басқасын көреміз. Бұл жерде өзгерістердің абсолютті де, салыстырмалы да көлемі рахаттың пайда болуына жақсы жағдай жасайды, өйткені олар маңызды мәнге оңай ие болады, және бұл орайда жоғары бағалану үшін олардың орасан зор болуының қажеті де жоқ. Оларды өлшеуге қызмет ететін бастапқы нүкте оларды қатты құнсыздандыру үшін әлі айтарлықтай жоғары емес. Жағымды көңіл күйінің қарқыны, осылайша, біз бастапқы айтқаннан тек неғұрлым тар шекте ғана пайдамен ұлғая алады, өйткені өзінің ықпалын ол жағымды қызметтің орташа саласына сай келетін аралықта ғана жасайды. Осы саланың арғы бетінде де, бергі бетінде де ләззат болады, бірақ ол оны тудыратын себеппен байланысты емес, ал осы біркелкі аймақта титімдей де өзгеріс бағаланады және сезіледі. Қоздыру

219 Laplace. Th~orіe analytіque des probabіlіt~s. P., 1847, p. 187, 432; Fechuer. Psychophysіk, І, S. 236.

энергиясынан ештеңе жоғалмайды, қайта ол түгелімен ләззатқа айналады220. Біздің әрбір қозу қарқыны жайында айтқанымызды олардың саны жайында қайталауға болады. Олар тым көп немесе тым аз, сол секілді олар қарқынның белгілі бір дәрежесінен асып кеткенде немесе жетпей қалғанда жағымды болудан қалады. Адам тәжірибесінің aurea medіocrіtas'тен бақыт шартын көретіні негізсіз емес. Сонымен, егер де еңбек бөлінісі біздің бақытымызды көбейте түсу үшін ғана ілгерілей беретін болса, ол оған негізделген өркениятпен бірге өзінің соңғы шегіне әлдеқашан жетіп, екеуі де доғарылар еді. Адамның ләззат алуына ең қолайлы қарапайым тіршілік етуі ахуалында болуы үшін толып жатқан қозуды үйіп-төге берудің қажеті де жоқ. Индивидтерді олар тұщынатын ләззат алудың барлық мөлшерімен қамтамасыз ету үшін қалыпты даму жеткілікті болар еді. Адамзат табандап қалатын ахуалға жылдам жетіп, одан енді қайтып шыға алмас еді. Жануарлармен солай болды: олардың көп бөлігі ғасырлар бойы өзгерген жоқ, өйткені олар тепе-теңдіктің осы ахуалына жетті. Басқа ойлар да тап осы қорытындыға жетелейді. Әрбір жағымды ахуал пайдалы, ләззат пен пайда әрқашан нақ бір бағытта және қатынаста өзгереді деп абсолютті түрде кесіп айтуға болмайды. Алайда, өзіне зиянды заттардан жалпы ләззат табатын организм, өмір сүре алмайтыны анық. Демек, ләззат зиянды ахуалмен байланысты емес, яғни жалпылай алғанда бақыт, денсаулық ахуалымен сәйкес келеді дегенді әбден ортақ ақиқат деп қабылдауға болады. Қандай да бір физиологиялық немесе психологиялық ауытқу тудырған тіршілік иелері ғана ләззатты аурушаң ахуалдан табады. Бірақ денсаулық орташаланған қызметтен тұрады. Ол барлық функциялардың жарасымды дамуын талап етеді, ал функциялар жарасымды түрде тек өзара тежейтін қарекет жағдайында, яғни сырқат басталып, ләззат тоқтатылатын белгілі шекте өзара ұстап тұру жағдайында ғана дами алады. Барлық қабілеттердің бір мезгілде ұлғаюына келсек, ол аталмыш тіршілік иесі үшін индивидтің табиғатымен нобайланған тек шектеулі шамада ғана мүмкін.

220 Салыстырыңыз: Wіndt. Op. cіt.

Осылай, адамның бақытын шектейтін не екені түсінікті: бұл адамның белгілі бір тарихи сәттегі ұйымдасуының өзі. Оның темпераментін, оның қол жеткен физикалық және моральдық дамуын қызметтің жоғары шегі секілді, бақыттың жоғары шегі болатыны анықтайды, адам ол шектен аттап өте алмайды. Сөз организм туралы болғанда, бұл қағида талас туғызбайды: тәндік қажеттіктер шектеулі екендігін, олай болса, тәндік ләззат шексіз ұлғая алмайтындығын әркім біледі. Бірақ рухани функциялар бұл санатқа жатпайды деп кесіп айтатындар бар. “Жан пидалық пен қайырымдылықтың ең жігерлі көріністері шынайы да керемет нәрсені құштар да тәнті бола зерттеу ... жазалайтын, арылтатын азап жоқ. Аштықты қоректің белгілі бір мөлшерімен қанағаттандырады; парасатты білімнің белгілі бір мөлшерімен қанағаттандыру мүмкін емес”221. Бұл организм секілді сана да теңдестірілген қызметтер жүйесі болып табылатынын және, мұның үстіне, табиғи субстратпен байланысты екенін, сана соның ахуалына тәуелді болатынын ұмыту деген сөз. Егер жарықтың көз шыдай алмайтын белгілі бір деңгейі бар болғанымен, парасат үшін жарық ешқашан тым күшті болмайды дейді. Алайда білімнің артық мөлшері жоғары нерв орталықтарының шамадан тыс дамуының арқасында ғана алынады, ол өз кезегінде, жан ауыртар қиындықтарсыз жүре алмайды. Демек, қауқарың жетер шекара бар, одан зауалсыз өтіп кету мүмкін емес, және ол мидың орташа көлемімен өзгеретіндіктен, ол әсіресе адамзат тарихының басында ерекше төмен болды; демек, шекараға көп ұзатпай жетуге болар еді. Мұның үстіне, ақыл – біздің қабілеттеріміздің бірі ғана. Демек, белгілі шектен кейін ол біз өмір сүретін сезімдерді, наным-сенімдерді, әдеттерді бұза отырып, практикалық қабілеттерге зиян келтіріп қана дами алады, ал тепе-теңдіктің мұндай бұзылуының зардабы болмай қоймайды. Тіпті тұрпайы діндерді ұстанушылар өздерінің қарадүрсін космогониялық және философиялық түсініктерінен ләззат алады, егер біз оларды өзіміздің ғылыми теорияларымызбен кенет жарылқай алсақ, ол теорияларымыздың артықшылығы қаншама талассыз болса да, біз

221 Rabіer. Legons de phіlosophіe, І, p. 479.

олардан жеткілікті есесін қайтармай сол ләззатты тартып алар едік. Әрбір тарихи сәтте әрбір индивидтің санасында айқын идеяларға, ойластырылған пікірлерге, қысқасы білім алуға арналған, белгілі бір орын болады одан тыс жерде білім қалыпты тарала алмайды. Инсаният турасындағы жағдай да сондай. Әр халықта өзі өмір сүретін жағдайлармен айқындалатын өз инсаниятты болады. Сондықтан оған басқа инсаниятты – ол қаншама жоғары болса да, – оның берекесін кетірмей, таңу мүмкін емес; ал мұндай дүрбелеңдерді жеке адамдардың қиналып сезбеуі мүмкін емес. Бірақ әрбір қоғамның өз-өзінен алынған инсанияты оған міндеттелетін жақсылықтың шексіз дамуына дол бермей ме? Ешқалай. Мораль бойынша әрекет ету – өз борышын орындау деген сөз, ал әрбір борыштың шегі бар. Ол басқа міндеттермен шектелген. Өзіңді-өзің ұмытыптай, басқалар үшін жан пида ету мүмкін емес; эгоизмге берілмей, жеке басыңды шексіз дамыту мүмкін емес. Екінші жағынан, біздің міндеттеріміздің жиынтығы біздің табиғатымыздың басқа қажеттіктерімен өз-өзінен шектеулі. Егер мінезқұлықтың белгілі пошымдары инсаниятты сипаттайтын пәрменді реттеуге бағынышты болуы қажет болса, онда, керісінше, бұған табиғи түрде қарсылық жасайтын және елеулі маңызы бар басқалары да болады. Инсаният өнеркәсіптік, сауда-саттық және соларға ұқсас қызметтерге олардың берекесін қашырмай, шамадан тыс бұйыра алмайды, ал олардың өмірлік маңызыбар. Мәселен, байлықты инсансыздық деп санау – оны, негізінен, игілік деп санау секілді тажалды қателікпен тең. Сонымен, айтпақшы инсанияттың өзі алдымен азап шегетін инсанияттық ынсапсыздық болуы мүмкін, өйткені, тікелей мақсаты біздің жалған ғұмырымызды реттеу болғандықтан, ол өзі қолданылатын пәнді титықтатпай, бетімізді өзінен басқаға бұрғыза алмайды. Рас, эстетикалық-моральдық қызмет, ол реттелмейтіндіктен, қандай да жүгеннен, қандай да бір шектеуден бостан секілді көрінеді. Ал шындығында ол, моральдық қызметтің өзімен мықтап шектелген, өйткені ол инсаниятқа зиян тигізбей, белгілі шамадан атап кете алмайды. Егер біз көп күшті керексіз нәрсеге жұмсасақ, ол қажетті нәрсеге жетпей қалады. Инсаниятта ой

шарықтауына тым көп орын берілсе, міндетті мақсаттар амалсыз жайына қалады. Өздері өздеріне жасап алған ережелер бойынша қимылдауға дағдыланған кезде, қандай да бір тәртіп төзгісіз болып көрінеді. Идеализмнің және моральдық асқақтықтың нысапсыздықтары көбіне адамның өзінің күнделікті міндеттерін атқаруға бейімділігі болмауына жетелейді. Әрқилы эстетикалық қызмет туралы да жалпы дәл осыны айтуға болады; ол қанағатшыл болса, дені дұрыс. Жай ғана ләззат үшін ойнау, мақсатсыз қимылдау қажеттігі, өмірдің елеулі тұстарын ұмытып кетпес үшін белгілі шекарадан әрі дамытылмауы керек. Тым күшті көркем сезімталдық құбылыс, ол қоғамға қатер төндірмей, жалпыға бірдей бола алмайды. Айтпақшы, арғы жағы ынсапсыздыққа айналатын шекара халыққа немесе әлеуметтік ортаға байланысты өзгереді; ол шекара қоғамның ілгерілеуі мардымсыз немесе орта мәдениеті неғұрлым аз болса, соғұрлым ерте басталады. Диқан, егер ол өзінің тіршілік ету жағдайымен жарастықта болса, эстетикалық ләззатттар үшін алынбас қамал (және солай болуға тиіс). , ол ләззат білімді адам үшін табиғи нәрсе. Жабайы адам өркениятты адамға тап сондай қатынаста тұр. Егер рухани сән-салтанат хақындағы жағдай осылай болса, онда бұл материалдық сән-салтанат жөнінде тіптен дұрыс. Демек, біздің барлық, интеллектуалдық, моральдық, тәндік қажеттеріміздің қалыпты қарқыны бар, оның шегінен шығып кету мүмкін емес. Кез-келген тарихи сәтте біздің білімге, өнерге, әл-ауқатқа құштарлығымыз, діл тәбетіміз секілді шектеулі және осы шекараны атап кететін барлық нәрсе бізді немқұрайды қалдырады немесе азаптануға мәжбүр етеді. Аталарымыздың бақытын біздікімен салыстырған кезде жиі ұмытылып кететін нәрсе осы. Біздің барлық ләззатымыз олардың да ләззаты болғандай пайымдайды; сонда, өркенияттың біз пайдаланатын және олар білмеген барлық жақсылық-жарылқауы туралы толғанғанда, олардың тағдырына өкінуге бейімділігін байқатады. Тек арғы бабаларымыздың олардан ләззат алу қабілеті болмағанын ұмытып кетеді. Демек, егер олар еңбектің өндіргіш күшін арттыру үшін соншалық бейнет шексе, олар үшін құны көк тиын игіліктерді иелену үшін істемегені ғой. Оларды бағалау үшін олар

алдымен өздерінде жоқ талғамдар мен әдеттерді меңгеріп алуы, яғни өзінің табиғатын өзгертуі қажет болар еді. Адамзат басынан кешірген өзгерістер тарихы көрсететініндей, шынында да бұны олар, жасай алды. Үлкен бақытты аңсау еңбек бөлінісінің дамуын түсіндіре алуы үшін ол сондай-ақ адам табиғатында қарышты болып жататын өзгерістердің де себебіне айналуы қажет болар еді, неғұрлым бақытты болу мақсатында адамдардың өзгеруі қажет болар еді. Бірақ, тіпті осынау өзгерістер сайып келгенде осындай нәтижеге ие болатынын топшылай алған күнде де, олардың дәл осындай ниетпен туындауын топшылау мүмкін емес. Демек, олар басқа себепке тәуелді. Шынында да, тіршіліктің өзгеруі, кенеттен болсын, дайындалған болсын өзгеруі, әрқашан сырқатты дағдарысты құрайды, өйткені ол орнықты инстинктерге зорлық жасап, олардың қарсылығын тудырады. Өткеннің бәрі, бізді тіпті тамаша перспективалар ілгері жетелегенмен де, артқа тартады. Біздегі уақыт нығайтып, ұйымдастырған әдеттерді түп тамырымен жұлып алу әрқашан қиын. Бәлкәім, отырықшы өмір көшпенді өмірден гөрі, бақытқа көбірек мүмкіндік берер; бірақ ғасырлар бойы тек көшпенді өмір сүргенде, одан құтылу оңай емес. Мұның үстіне, мұндай өзгерістер қаншалықты елеусіз болмасын, олардың атқарылуы үшін жеке ғұмыр жеткіліксіз. Бірқатар ұрпақтың ісін қирату үшін, бұрынғы адамның орнына жаңа адамды қою үшін бір ұрпақ жеткіліксіз. Біздің қоғамдардың қазіргі жағдайында еңбек пайдалы ғана емес – ол қажет нәрсе; мұны жұрттың бәрі жақсы біледі, және бұл қажеттілік көптен сезіледі. Алайда қажырлы да тұрақты еңбектен ләззат алатындар саны әзірге салыстырмалы түрде аз. Адамдардың көпшілігі үшін бұл әлі де жан шыдатпас бейнет; қауымдық замандардың дырдуы біз үшін бұрынғы бар қызығын әлі жоғалтқан жоқ. Демек, осынау метамарфозалар ештеңе бермей, өте ұзақ уақыт қымбатқа түседі. Оларды енгізетін ұрпақтар ісінің жемісін көрмейді (егер олар бар болса), өйткені ол жеміс тым кеш піседі. Ол ұрпақтарға оларға жұмсалған еңбек қана қалады. Демек, оларды осындай іске кірісуге жетелейтін зор бақытты аңсау емес.

Бірақ, индивидтің бақыты ол ілгерілеген сайын ұлғаятыны рас па? Бұдан артық күмәнді ештеңе жоқ.

ІІ Әрине, қазіргі кезде біз білетін және неғұрлым қарапайым тіршілік иелері білмейтін ләззат көп. Бірақ біз олар құтылған көптеген азаптан арылған жоқпыз, және баланс біздің пайдамызға шығады деген кәміл сенім де жоқ. Ойдың, аса күшті болуы мүмкін қуаныштардың қайнар көзі екендігі шүбәсіз; бірақ сонымен бірге ол қаншама қуаныштың шат-шәлекейін шығарады! Шешімін тапқан бір есепке көтеріліп, жауапсыз қалған қаншама сұрақтар келеді! Шешімін тапқан бір күмәнға бізді абыржытатын қаншама құпия бар! Дәл сол секілді, егер жабайы адам белсенді өмір беретін ләззатты білмесе, есесіне ол іш пысуға, мәдениетті адамдардың осынау азабына душар емес. Ол өз өмірінің алаңсыз баяу жылжи беруіне бөгет жасамайды, оның тым қысқа сәттерін көптеген және шұғыл істермен толтыруға үнемі қажеттілікті бастан кешірмейді. Мұның үстіне , адамдардың көпшілігі үшін еңбек әлі күнге шейін жаза мен ауыртпалық екендігін ұмытпайық. Бізге өркениятты халықтарда өмір алуан түрлі және осы алуан түрлілік ләззат үшін қажет деген дау айтылар. Бірақ өркеният көбірек қозғалыспен бірге көбірек біркелкілік енгізеді, өйткені ол адамға бір қалыпты, үздіксіз еңбекті таңды. Жабайы адам оны итермелейтін қажеттіктер мен жағдайларға сәйкес бір кәсіптен басқасына ауыса береді; өркениятты адам неғұрлым шектеулі болған сайын, соғұрлым сұрқай бола түсетін бір ғана жұмысқа әрқашан байлаулы. Ұйымдасу дегеніңіз әдеттердегі абсолюттік жүйелілікті қажетті түрде талап етеді, өйткені органның қызмет ету тәсіліндегі өзгеріс, бүкіл организмге тимей, орын ала алмайды. Бұл жағынан алғанда біздің өмір күтпеген нәрсеге аз орын қалдырады және сонымен бірге, өзінің көбірек құбылмалылығының арқасында ләззаттан ол қажет ететін қауіпсіздіктің бір бөлігін тартып алады. Рас, біздің нерв жүйеміз неғұрлым нәзкітеле түсіп, шамалы қозуға да бой алдырады, мұндай жайт, арғы ата-бабаларымыздың маңынан да жүрмеген,

олардың нерв жүйесі әлдеқайда мықты болған. Бірақ сонымен бірге бұрын жағымды болған көптеген қозу тым күшті бола түсті, демек, біз үшін жан ауыртарқұбылысқа айналды. Біз ләззаттың көбірек мөлшеріне елігетін болдық, азапты да солай сезінеміз. Екінші жағынан, әдетте, азаптың организмде ләззаттан, көбірек дүрбелең тудыратыны2226, жағымды қозу беретін ләззаттан гөрі, жағымсыз қозу көбірек азап әкелетіні рас болса, онда осынау көбірек сезімталдық, бақытқа қолайлы болудан гөрі, оған көбірек кедергі жасар еді. Шынында да, тым нәзік нерв жүйелері азапты ахуалда көбірек болады да, сайып келгенде соған үйреніп кетеді. Ең өркениятты діндердің негізгі культі – адам азабының культі екені көп нәрсені аңғартпай ма? Қазір өмірді жалғастыру үшін бұрынғыдай, орташа мөлшермен алғанда ләззат қайғыдан басым болуы қажет екені даусыз. Бірақ бұл басымдық арта түсті деп кесіп айтуға болмайды. Ақыр соңында және бұл ерекше маңызды, осы артық нәрсе жалпы әлде бір кездерде бақыттың өлшемі болғаны дәлелденген емес. Әрине, осынау күңгірт те әлі нашар зерттелген мәселелерде ештеңені кесіп айтуға болмайды; алайда, бақыт және ләззаттың жиынтығы – бір нәрсе емес секілді. Бұл – біздің барлық табиғи және психикалық қызметтеріміздің жүйелі тірлігіне ере жүретін жалпы және тұрақты ахуал. Тірліктің тыныс алу немесе қан айналымы секілді үздіксіз түрлері жан рахатын бермейді; алайда біздің көңіліміздің көтеріңкі болуы негізінен соларға байланысты. Кез-келген ләззат – өзінше бір дағдарыс: ол туады, белгілі бір сәтке созылады және өледі; ал өмір болса, керісінше, үздіксіз. Оның негізгі қызығын құрайтын нәрсе өмірдің өзі секілді үздіксіз болуға тиіс. Ләззат – тұйық: ол – организмнің немесе сананың қандай да бір нүктесімен шектелген аффект; өмір мына немесе басқа жерде емес: ол барлық жерде. Біздің оған үйірлігіміз, демек, ортақ себепке де дәл соншама байланысты болуға тиіс. Қысқасы, бақыт қандай да бір жеке функцияның бір сәттік ахуалын емес, тұтас алғанда физикалық және моральдық өмірдің саулығын білдіреді. Ләззат кезектесіп отыратын қызметтердің қалыпты жүзеге асырылуына ілесе жүретіндіктен, ол, әрине, бақыт элементі, өмірде бұл қызметтер неғұрлым

222 Қараңыз: Hartmann. Phіlosophіe de L’іnconscіent, ІІ.

көбірек орын алса, соғұрлым маңызды элемент. Бірақ ол бақыт емес; тіпті оның деңгейін ол тек шектеулі шекте ғана өзгерте алады, өйткені ол өткінші себептерге байланысты, ал бақыт – тұрақты бірдеңе. Тұйық түйсіктер біздің сезімдік өрісіміздің осынау негізін терең қозғай алуы үшін олар ерекше жиілікпен және тұрақтылықпен қайталанып отыруы қажет. Көп жағдайда, керісінше, ләззат бақытқа байланысты: біз бақыттымыз ба, жоқ па, бәрі бізге соған сәйкес күлімсірейді немесе қайғыртады. Біздің бақытымыз өзімізде деп бекер айтылмаған. Бірақ бұл осылай болса, онда бақыт өркениятпен бірге ұлғая ма деп бас қатырудың қажеті жоқ. Бақыт – денсаулық ахуалының көрсеткіші. Бірақ қандай болсын бір түрдің денсаулығы бұл түр жоғарытұрпатты екендігінен көбірек болмайды. Дені сау сүтқоректі жануар дені сау жалғыз клеткалыдан өзін жақсы сезінбейді. Бақыт жөнінде де дәл солай болуға тиіс. Ол қызмет мол жерде көбірек бола түспейді; ол сау болатын барлық жерде бірдей. Ең қарапайым және ең күрделі тіршілік иелері, егер олар өздерінің табиғатын бірдей жүзеге асырса, бірдей бақыттан ләззат алады. Қалыпты жабайы адам да қалыпты өркениятты адам секілді бақытты бола алады. Сондықтан, біз – өз тағдырымызға қалай разы болсақ, жабайы адамдар да өз тағдырына сондай разы. Осынау толық ризашылық тіпті олардың мінезқұлқының айрықша белгілерінің бірі болып табылады. Олар өздеріндегі бардан артықты тілемейді және өз жағдайын өзгертейін деген ешқандай құлқы жоқ. “Солтүстік тұрғыны, – дейді Вайц, – өз жағдайын жақсарту үшін Оңтүстікке ұмтылмайды, ал жылы және денсаулыққа қолайсыз елдің тұрғыны оны неғұрлым қолайлы климат үшін тастап кетуді ойламайды. Дарфурдың адамы, душар болатын көптеген аурулар мен түрлі қасіреттерге қарамастан, өзінің отанын жақсы көреді және одан қоныс аударғысы келмейді, бірақ егер ол бөтен жерде болса, үйіне асығады... Жалпы, халықтың материалдық кедейшілігі қаншалықты болмасын, ол өз елін дүниедегі ең жақсы, өзінің тұрмыс салтын – ең ләззатты тұрмыс деп есептеуді қоймайды, ал өзіне дүниедегі ең бірінші халық деп қарайды. Бұл сенім, тегінде, барлық қара халықтарда үстем тәрізді.

Дәл сол секілді, еуропалықтар қанап оытрған Американың көптеген аймақтарына ұқсас елдердегі жергілікті адамдар ақ нәсілділердің Америкадан бақыт іздеу үшін ғана өз елін тәрк еткеніне нық сенімді. Шетін мазасыздық бақыт іздеу үшін үйде тағат таптырмаған жабайы жас адамдардың мысалдарын келтіреді; бірақ бұл аса сирек кездесетін жәйт”223. Рас, байқаушылар, кейде төменгі қоғамдардың өмірін бізге мүлдем басқаша суреттейді, бұлай болатыны олар өз әсерлерін жабайы адамдардың әсерлері ретінде қабылдағандықтан ғана. Алайда бізге төзуге болмайтын секілді көрінетін тіршілік басқа физикалық және моральдық тұрпаттағы адамдарға жағымды болуы мүмкін. Балалық шақтан аяқ басқан сайын өмірін қатерге тігуге, демек, оны көзге ілмеуге әдеттеніп кеткенде, тәйірі, өлім деген не? Бізді алғашқы қауым халықтарының тағдырына аяныш білдіруге мәжбүр ету үшін онда гигиенаның нашар сақталғанын, қауіпсіздік қамтамасыз етілмегенін көрсету жеткіліксіз. Өзінің бақытын тек индивид қана бағалай алады: егер ол өзін бақыттымын деп сезінсе, солай болғаны. Бірақ “Отты Жер тұрғынынан готтентотқа дейін адам жаратылыстық ахуалда өзіне және өз тағдырына разы болып өмір сүреді”224. Бұл разылық Еуропада қандай сирек! Осы фактылар әрнеге әуес бір адамның: “Ойды серік еткен адамның тек табиғат тәрбиелеген адамнан өзін қор сезінетін жағдайлар болады, бұл жағдай оның өзінен өзі: менің кәміл сенімдерім қасаң, бірақ жүрекке жылы соқыр сенімдерімнен артық болып па деп сұрағанда болатын жағдай” дей алғанын түсіндіреді225. Неғұрлым объективті дәлел міне мынадай. Тәжірибеден алынған, өмір деген жалпы жақсы екенін дәлелдейтін бірденбір факт, бұл, адамдардың орасан зор көпшілігінің оны өлімнен артық көретіні. Бұл үшін орташа алғанда бақыттың бақытсыздықтан мол болуы қажет. Егер де қатынас керісінше болса, адамдардың өмірді жақсы көретіні қайдан пайда болады, әсіресе ол үнемі фактылармен күйретіле тұрып, қалай жалғаса беретіні түсініксіз болар еді. Рас, пессимистер бұл құбылысты алдамшы үмітпен

223 Waіtz. Anthropologіe, І, S. 346.
224 Іbіd., S. 347.
225 Cowper Rose. Four years іn Southern Afrіca, 1829, p. 173.

түсіндіреді. Олардың пікірі бойынша, егер біз, тәжірибе түңілдіріп жіберетініне қарамастан, өмірден түңілмесек, бұл болашақ өткеннің есесін қайтарады деп қате үміттенгенімізден. Бірақ үміт өмірге құштарлықты жеткілікті түсіндіреді десек те, ол өзінен-өзі түсінікті бола қалмайды. Ол көктен аяғы салбырап түсе қалған жоқ, қайта барлық басқа сезімдер секілді фактылардың ықпалынан туындауға тиіс болатын. Демек, егер адамдар үмітсіз – шайтан екеніне үйренген болса, егер олар қасіреттің соққысы астында болашаққа көз жүгіртіп, одан өздерінің қазіргі азабының есесі қайтуын күтуге дағдыланса, олардың бұл өтем жиі болатынын, адам организмі аса икемді және төзімді болғандықтан оп-оңай күйрей салмайтынын, қасірет еңсені басқан сәттер сирек болатынын және жалпы сайып келгенде тепе-теңдік қалпына келетінін байқағандығынан. Демек, өзін-өзі сақтап қалу инстинктінің генезисіндегі үміттің рөлі қандай болмасын, осынау соңғысы өмірдің салыстырмалы құндылығының сенімді дәлелін көрсетеді. Дәл осы негізде, ол өзінің күш-қуатын немесе өзінің таралғандығын жоғалтатын жерде, азаптың себептері көбейе түскендіктен бе, әлде индивидтер қарсылығының күші кемігендіктен бе, әйтеуір өмір өзінің қызығынан айрылатынына, жамандық ұлғая түсетініне кәміл сенуге болады. Егер де, осылайша, біз әртүрлі қоғамдардағы осы сезім қарқынының өзгерістерін білдіретін, объективті де өлшене алатын фактыға ие болсақ, онда біз сонымен бірге сол қоғамдардағы орташа қасіреттің өзгерісін өлшей алар едік. Бұл факт – өзіне қол жұмсау саны. Алғашқы қауымдық қоғамдардағы ерікті өлімдердің сиректігі – өзін-өзі сақтау инстинктінің құдіреті мен әмбебаптығының ең жақсы дәлелі болатыны секілді,өзіне-өзі қол жұмсау санының ұлғаюы фактысы оның өз негізін жоғалта бастағандығын дәлелдейді. Өзін-өзі өлтіру тек өркениятпен бірге пайда болады. Ол дамуы төмен қоғамдарда өте сирек; бері салғанда, оның оларда үнемі байқалатын жалғыз түрінде ерекше белгілер бар, ол белгілер одан басқа мәні бар ерекше тұрпатты жасайды. Бұл торығу актысы емес, өзінен-өзі бас тарту актысы. Егер ежелгі даттарда, кельттерде, фракийліктерде әбден қартайған қария өзіне өзі қол жұмсаса, бұның себебі оның өз борышынан құтылуында – өзінің жолдастарын

тамақ ішуден басқа қолынан ештеңе келмейтін жаннан құтқаруында. Егер үндінің жесір әйелі өзінің күйеуінің, ал галл – әулет көсемінің артында қалып өмір сүргісі келмесе, егер буддист Бұдданың мүсінін әкеле жатқан арба дөңгелегінің астына түссе, оның себебі, моральдық немесе діни нұсқаулардың оларды соған мәжбүрлейтінінде. Барлық осы жағдайларда адамның өзін-өзі өлтіруінің себебі оның өмірді жаман деп санауынан емес, оның себебі оның пірі осы құрбандықты талап ететіндігінде. Ерікті өлімнің бұл оқиғалары өз борышын орындау үшін саналы түрде жанын пида ететін солдаттың немесе дәрігердің опат болуы секілді сөздің кәдуілгі мағынасында өзін-өзі өлтіру болып санала алады. Керісінше, нағыз өзін-өзі өлтіру, қайғылы өзін-өзі өлтіру өркениятты халықтарда эндемиялық ахуалда болады. Ол тіпті өркеният секілді георграфиялық жағынан да бөлінеді. Өзін-өзі өлтіру карталарында Еуропаның бүкіл орталық аймағында түнеріңкі дақ көсіліп жатыр, ол ендіктің 47-нші және 57-нші градусы арасында және бойлықтың 20-сыншы және 40-ыншы градусы арасында орналасқан. Бұл өзін-өзі өлтірудің қалап алған жері; Морзеллидің тілімен айтқанда, бұл – Еуропаның суицидтік аймағы. Ғылыми, көркем, экономикалық қызмет жоғарғы шегіне жеткен елдер нақ осы жерде орналасқан; бұл Германия мен Франция. Керісінше, Испания, Португалия, Ресей, оңтүстік славян халықтары салыстырмалы түрде қамтылмаған. Жақын арада пайда болған Италия әзірге біршама қорғалған, бірақ ол ілгерілеген сайын өзінің иммунитетін жоғалта бастады. Жалғыз Англия ғана оқшау тұр; бірақ біз оның өзін-өзі өлтіруге дайын екендігінің дәл деңгейін әлі аз білеміз. Әр елдің ішінде біз тап сол байланысты көреміз. Барлық жерде өзін-өзі өлтіру деревнялардан гөрі, қалаларда күшті жайылған. Өркеният үлкен қалаларда шоғырланады; өзінөзі өлтіру де солай. Ол кейде тіпті, өзіндік бір жұқпалы ауру деп те саналды, оның таралу ошағы астаналар мен ірі қалалар, бүкіл елге солардан таралады деп білді. Ақыр соңында, Норвегияны қоспағанда, бүкіл Еуропа бойынша өзін-өзі өлтіру саны тұтас бір ғасыр бойы өсіп келеді226. Бір есептеу бойынша ол 1821

226 Морзеллидің кестесін қараңыз.

жылдан 1880 жылға дейін үш есе ұлғайды227. Өркенияттың барысы дәл сол дәлдікпен өлшене алмайды, бірақ оның осы уақыт ішінде қандай жылдам болғаны белгілі. Дәлелдер санын ұлғайта ьүсуге болар еді. Халықтың әртүрлі таптары өзінөзі өлтіруге өздерінің өркенияттылығы деңгейіне пропорциялы дәрежеде контингент беріп отырады. Барлық жерде еркін кәсіптер басқалардан көбірек қаусайды, диқаншылық бәрінен аман. Жыныстармен де дәл солай. Еркектен гөрі, әйел өркеният қозғалысына аз тартылған; ол оған азырақ қатысады және одан азырақ пайда табады. Ол алғашқы қауымдық мінездің кейбір белгілерін көбірек еске түсіреді228, сондықтан ол өзін еркектен төрт есе сирек өлтіреді. Бірақ, деп дау айтады бізге, егер өзін-өзі өлтірудің өрлеп бара жатқан қозғалысы қасіреттің кейбір жерлерде күшеюін көрсетсе, онда сол мезгілде бақыттың басқа жерлерде ұлғаюы мүмкін емес пе? Мұндай жағдайда оң ыңғайдағы көбею, бәлкім, басқа жердегі жетіспеушіліктің есесін толтыра алар. Мәселен, кейбір қоғамдарда кедейлер саны өседі, бірақ ортақ байлық азаймайды. Ол тек азғантай қолда шоғырланады. Бірақ бұл гипотеза біздің өркениятымызға дөп келе бермейді. Өйткені, осындай өтел болады деп топшыласақ, бұдан мынаны ғана шығаруға болады: орташа бақыт өзгеріссіз дерлік күйінде, немесе ол өзгерсе де елеусіз шамаға ғана өзгереді, ол шама прогреске жұмсалған күш-жігердің шамасына пара-пар болмағандықтан, оны түсіндіре алмас еді. Бірақ гипотезаныңінде де негіз жоқ. Шынында да, қоғам туралы, басқаларға қарағанда ол азды-көпті бақытты екендігін айтқан кезде, орташа бақыт, яғни осы қоғамның мүшелері орташа алатын ләззаттың орташа мөлшері туралы айтылады. Олар тіршілік етудің бірдей жағдайында болғандықтан, олар әлеуметтік және физикалық ортаның бірдей ықпалына ұшырайтындықтан, тіршілік етудің оларға ортақ белгілі бір тәсілі сөзсіз болады, демек, бақытты болудың ортақ тәсілі болады. Егер индивидуалдық бақыттан индивидуалдық және жергілікті себептерден

227 Oettіngen. Moralіstastіk. Erlangen, 1882, S. 742.
228 Tarde. Crіmіnalіte comparee, p. 48.

туындайтын барлық нәрсені шығарып тастасақ, сөйтіп ортақ себептердің жемісін ғана қалдырсақ, сонда осылайша алынған қалдық біз нақ орташа бақыт деп атайтын нәрсені құрайды. Бұл, демек, абстрактылы шама, бірақ бір мезгілде қарама-қарсы екі бағытта өзгере алмайтын мүлдем бірден-бір шама. Ол өсе немесе кеми алады, бірақ оның бір мезгілде өсуі де, кемуі де мүмкін емес. Онда қоғамның орташа тұрпаты, Кетленің орташа адамында болатын бірлік және дәл сол нақтылық бар, өйткені ол, осынау мінсіз тіршілік иесі пайдаланады деп саналатын бақытты көрсетеді. Демек, ол бір мезгілде көбірек және азырақ, неғұрлым инсаниятты немесе кемірек инсаниятты бола алмайтыны секілді, ол сондай-ақ бір мезгілде бақытты да, сорлы да бола алмайды. Бірақ өркениятты халықтардағы өзін-өзі өлтіру санының ұлғаюы тәуелді болатын себептердің кейбір ортақ белгілері бар. Шынында да, өзін-өзі өлтіру басқаларды айналып өтіп, жекелеген жерлерде, қоғамның кейбір бөліктерінде болмайды; олар барлық жерде байқалады. Бір елдерде олардың өскелеңдігі жылдамырақ, басқаларында – баяуырақ, бірақ ол түгелімен барлық жерде бар. Өнеркәсіптік аймақтарға қарағанда ауыл шаруашылық аймақтарында өзін-өзі өлтіру кемірек, бірақ олар беретін контингент барған сайын ұлғайып барады. Демек, біз, қандай да бір жергілікті және ерекше жағдайлармен байланысты құбылыспен емес, әлеуметтік ортаның жалпы ахуалымен ұшырасып отырмыз. Бұл ахуал жекелеген орталарда (провинциялар, кәсіптер, діни ғибадаттар және т.б.) әрқалай көрініс береді; сондықтан оның ықпалы барлық жерде бірдей қарқын байқатпайды; бірақ бұдан оның табиғаты өзгермейді. Бұл регресін өзін-өзі өлтіру айғақтайтын бақыт орташа бақыт деген сөз. Ерікті өлімдердің өскелең саны өмірге төзе беруге тым сорлы индивидтердің саны көбейе түскендігін ғана емес (бұл6 алайда, көпшілікті құрайтын басқалар туралы ештеңе білдірмес еді), қоғамның ортақ бақыты кеміп бара жатқандығын дәлелдейді. Демек, бұл бақыт бір мезетте ұлғая және төмендей алмайтындықтан, өзін-өзі өлтіру ұлғая түсетіндіктен оның ұлғаюы мүмкін емес; басқаша айтқанда, бар екендігін өзін-өзі өлтіру аңғартатын тапшылықтың орны ештеңемен толтырылмайды. Ол тәуелді болатын себептер өзін-өзі өлтіру

түрінде өзінің күш-қуатының бір бөлігін ғана жұмсайды; олар жасайтын ықпал әлдеқайда ауқымды. Олар бақытты біржолата жаныштап, адамды өзін-өзі өлтіруге жетелейтін жерде, олар ләззаттың азаптан қалыпты артығын бері салғанда әрқилы пропорцияда қысқартады. Әрине, жағдайлардың ерекше қиысуының арқасында олардың ықпалы, тіпті бақыттың ұлғаюын ықтимал етіп, белгілі жағдайларда бейтараптануы мүмкін; бірақ осы кездейсоқ және жекелеген өзгерістер әлеуметтік бақытқа ықпал етпейді. Айтпақшы, белгілі бір қоғамдағы жалпы өлім санының өсуінен қоғамдық саулықтың әлсізденуі белгілерін көрмейтін қай статистик? Бұл осынау жабырқау нәтижелерді прогрестің өзіне және оның шартын құрайтын еңбек бөлінісіне телу қажет деген сөз бе? Осынау абдыртатын байлам жоғарыда айтылған фактылардан қажетті түрде шықпайды. Керісінше, осы фактылар тобының екеуі бір-бірімен қабаттаса жүретін болуы әбден ықтимал. Бірақ бұл қабаттасу прогресс біздің бақытымызды ерекше ұлғайта қоймайтынын дәлелдейді, себебі еңбек бөлінісі бұған дейін көз көріп, құлақ естімеген күш-қуатпен және жылдамдықпен дамып бара жатқан кезде бақыт кеміп, тіпті едәуір елеулі мөлшерде кеміп келеді. Егер ол біздің рахатқа қабілетімізді төмендетті деп ұйғаруға негіз болмаса, онда ол оны ұлғайтты деп ойлау тіпті де мүмкін емес еді. Сайып келгенде, біздің айтқанның бәрі ләззат та, азап та негізінен салыстырмалы құбылыс деген ортақ ақиқаттың жекелей қолданылуы ғана. Адамдар ілгерілеген сайын жақындай түсетін абсолютті, объективті түрде айқындалатын бақыт жоқ. Бірақ, Паскальдың сөзімен айтқанда, еркектің бақыты әйелдің бақыты секілді болмайтындықтан, дамуы төмен қоғамдардың бақыты біздікі бола алмайды және керісінше. Алайда бірі екіншісінен көп емес. Оның салыстырмалы қарқынын бақыт бізді жалпы өмірге және атап айтқанда өзіміздің тұрмыс салтымызға матайтын күшпен ғана өлшеуге болады. Бірақ ең алғашқы қауымдық халықтар тіршілікке және оның ішінде, біз өзіміздің тіршілігімізге қалай берілсек, өздерінің тіршілігіне соншалық берілген. Олар

тіпті одан оңайлықпен бас тартпайды229. Сонымен, бақыттың өзгеруі мен еңбек бөлінісінің прогресі арасында ешқандай пропорциялы қатынас жоқ. Бұл қағида едәуір маңызды. Одан шығатыны – қоғамдар бастан кешірген өзгерістерді түсіндіру үшін, олар адамдардың бақытына қандай ықпал жасайтынын анықтаудың қажеті жоқ, өйткені ол өзгерістерді тудырған сол ықпал емес. Әлеуметтік ғылым өзі тым жиі пайдаланған пайдакүнемдік салыстырулардан үзілді-кесілді бас тартуға тиіс. Мұның үстіне, ондай пиғылдар қажетіне қарай субъективті, өйткені ләззатты немесе мүдделерді салыстыратын әр кезде, объективті өлшемнің жоқтығынан, таразы табағына өз пікірлері мен талғамдарын салып, тек жеке сезім болып табылатын нәрсені ғылыми ақиқат деп бермеу мүмкін емес. Бұл Конттың өзі аса айқын тұжырымдаған принцип. “Шын мәнінде, – дейді ол, – оң ыңғайдағы саясаттың кез-келген ұғымдарын тәпсірлеу қажет болатын салыстырмалы рух алдымен бізді адам бақытының өркенияттың әртүрлі дәуіріндегі ұлғая түсетіні туралы метафизикалық толғамды бекер де бос нәрсе ретінде аластауға мәжбүрлеу қажет... Әркімнің бақыты оның әртүрлі қабілеттерінің дамуының жиынтығы мен оның өмірін басқаратын жағдайлардың ерекше жүйесі арасындағы жеткілікті жарасымды қажет ететіндіктен және, екінші жағынан, мұндай тепетеңдік үнемі және өздігінен әлдене дәрежеге ұмтылатындықтан, дара бақыт туралы айтқанда, қандай да бір тікелей сезіммен немесе ұтымды жолмен әлеуметтік жағдайларды оң ыңғайда салыстыру мүмкін емес, оларға толық жақындау мүлдем мүмкін емес”230. Бірақ бақытты болу ниеті – прогресті түсіндіре алатын бірден-бір индивидуалдық қозғалтқыш; ол аласталған жерде, басқасы қалмайды. Индивид егер көбірек бақыт таппайтын болса, өзінен үнемі күш-жігер жұмсауды талап ететін өзгерістерді қандай негізде өзінен-өзі жасауға тырыспақ? Демек, әлеуметтік эволюцияның айқындаушы себептері одан тыс, яғни оны қоршаған ортада жатыр. Егер оның өзі де, қоғамдар да өзгеретін болса, оның себебі осы

229 Өзін-өзі сақтау инстинкті діни, отаншылдық және сол секілді сезімдермен бейтараптандырылған кездерден басқа жағдайларда, бірақ бұдан ол әлсіремейді. 230 Cours de phіlosophіe posіtіve. 2-e ~d., ІV, p. 273.

ортаның өзгеруінде. Екінші жағынан, физикалық орта біршама тұрақты болғандықтан, ол осынау үздіксіз өзгерістер қатарын түсіндіре алмайды. Сондықтан бастапқы жағдайларды әлеуметтік ортадан іздеу қажет. Онда болып жататын өзгерістер қоғамдар мен индивидтер бастан кешіретін өзгерістерді тудырады. Біздің қолдануымызға және алда қуаттап беруге мүмкіндік болатын әдістемелік ереже міне осындай.

ІІІ

Алайда былай деп сұрауға болар еді: ләззат ұшырайтын өзгерістер (оның ұзақ болу фактысының пәрменіне орай) адамда өздігінен пайда болатын кейбір өзгерістерді тудырмай ма және еңбек бөлінісінің прогресін осылайша түсіндіруге болмай ма? Бұл түсіндірмені былайша елестетуге болар еді. Ләззат бақыт болмаған күнде де, қалай дегенмен, ол оның элементі. Бірақ ол қайталана беруден өзінің тегеурінін жоғалтады; егер ол үздіксіз бола берсе, онда тегеурін мүлдем жойылады. Уақыт тепе-теңдікті бұза алады, ол тепетеңдік орнығуға және тіршілік етудің адам тек өзгеріп қана бейімделе алатын жаңа жағдайларын жасауға ұмтылады. Біз белгілі бір бақытқа әдеттене бастауымызға қарай, ол бізден қаша береді және оны табу үшін біз жаңа іздеңіске кірісуге мәжбүр боламыз. Бізге осы өлеусіреп бара жатқан ләззатты неғұрлым жігерлі қоздырумен жандандыру, яғни қолымызда барды көбейтіп, немесе қарқынды ете түсу қажет. Бірақ мұныңыз еңбек неғұрлым өнімді, демек, неғұрлым бөлінген кезде ғана мүмкін болады. Осылайша, ғылымда, өнерде, өнеркәсіпте жүзеге асырылған әрбір прогресс бізді алдыңғының жемісін жоғалтып алмас үшін ғана жаңа прогреске итермелейді. Демек, еңбек бөлінісінің дамуын ешқандай әлеуметтік себепті қоспай-ақ, таза индивидуалдық факторлардың ойынымен түсіндіруге болады. Қысқасы, егер біз мамандыққа түссек, оны жаңа ләззат алу үшін емес, алған ләззатымызға уақыттың қиратушы ықпалының есесін қайтару үшін істейміз. Бірақ ләззаттың бұл өзгерістері қаншалықты нақты болғанын, оларға

телінетін рөлді олар атқара алмайды. Шынында да, олар ләззат бар барлық жерде, яғни адамдар бар барлық жерде болады. Осы психологиялық заңды қолдануға болмайтын қоғам жоқ, бірақ еңбек бөлінісі ілгері баспайтын қоғамдарда бар. Біз шынында да алғашқы қауымдық халықтардың едәуір көп мөлшері қозғалыссыз күйде өмір сүретіндігін көрдік, олар одан шығуды ойламайды да. Олар жаңа ештеңеге ұмтылмайды. Алайда олардың бақыты ортақ заңға бағындырылған. Өркениятты халықтардағы деревня жөніндегі жағдай да дәл сондай. Еңбек бөлінісі бұл жерде өте баяу өрлейді және өзгерістерге бейімділік тым әлсіз. Ақыр соңында, әртүрлі дәуірде тап бір қоғамның ішінде еңбек бөлінісі бірде аз бірде көп жылдамдықпен дамиды; ал ләззатқа ықпалы әрқашан бірдей. Демек, бұл дамуды ол тудырмайды. Шынында да, оның мұндай нәтижеге қалай ие болатыны түсініксіз. Уақыт жойып жіберген тепе-теңдікті қалпына келтіру, және біз ләззаттың ең жоғары шегіне неғұрлым жақындаған сайын, соғұрлым ауыр күш-жігерсіз бақытты тұрақты деңгейде ұстап тұру мүмкін емес; өйткені жоғары шегіне жақын өрісте ләззат ие болатын қосымша абырой тиісті реніштің ұлғаюынан барған сайын төмендей береді. Тап сол өтем үшін көбірек жұмыс істеу қажет. Бір жағынан ұтып алатыныңды, екінші жағынан жоғалта да бересің, және шығыннан тек жаңа шығындар арқылы ғана құтыласың. Демек, бұл операция пайдалы болуы үшін, бері салғанда, сол шығынның маңызды болуы, ал оның есесін қайтару қажеттігі – өте күшті болуы қажет. Бірақ болмыста оның күш-қуаты тек орташа ғана, өйткені қайталану ләззаттан елеулі ештеңені тартып алмайды. Іс жүзінде алауыздықтың қызығын жаңашылдықтың қызығымен бытыстырмау керек. Біріншісі – ләззаттың қажетті шарты, өйткені үздіксіз ләззат жойылып кетеді немесе азапқа айналады. Бірақ уақыт алуандықты өз-өзінен жоймайды; оған қоса үздіксіздік қажет. Жиі, бірақ үзіліспен қайталанатын ахуал жағымды бола беруі мүмкін, өйткені үздіксіздік ләззатты күйретеді десек, мұның өзі не сол үздіксіздікті санасыз жасайтығында, не әрбір қызметті атқару белгілі бір шығындарды талап ететіндігінде, ал ол шығындар үздіксіз жалғаса отырып, организмді қажытып,

беймаза бола түседі. Демек, егер үйреншікті болып кеткен ықпал көп уақыттан кейін ғана қайталанса да сезілетін болады және жасалған шығындардың есесі осы уақыт ішінде қайтады. Міне сондықтан дені сау ересек адам ішіп-жегенде, ұйықтағанда, мұны ол күнде істегенімен, әрдайым бірдей ләззат алады. Рухани қажеттіктермен де солай болады, олар өздері сәйкес келетін психикалық қызметтер секілді мерзімді. Бізге музыка, өнер, ғылым беретін ләззат, олар тек алмасып отырса, мұрты бұзылмай сақталады. Қайталау істей алмайтын бірдеңені үздіксіздік істей алса да, ол бәрібір бізде жаңа да оқыс қозуға қажеттілікті туындатпайды. Өйткені, егер ол жағымды ахуал санасын түгел жойып жіберсе, онда қозумен байланысты болған рахат ләззат та бір мезгілде жоғалып кеткендігін байқамай тұра алмаймыз; ол, мұның үстіне, қалыпты ахуалда үздіксіз және құны кем емес қызметтің жүйелі орындалуына ілесе жүретін бәрі де жақсы деген жалпы түйсікпен алмастырылады. Сондықтан біз ештеңеге өкінбейміз. Біздің қайсымыз бір кезде жүрегіміздің соғуын немесе өкпеміздің қызмет етуін сезінуге тырысып еді? Егер де, керісінше, жанымыз қиналса, онда біз өзімізді ауыртатын ахуалдан жай ғана өзге ахуалға ұмтыламыз. Бірақ ол азапты тоқтату үшін ерекше айла-амалға барудың қажеті жоқ. Әдетте біз немқұрайды қарайтын белгілі бір нәрсе бұл жағдайда, егер ол бізді азаптайтын нәрсемен кереғар сипатта болса, бізге зор ләззат беруі мүмкін. Демек, уақыт ләззаттың негізгі элементін қозғайтын тәсілде бізді қандай да бір прогреске итермелейтін ештеңе жоқ. Рас, аз уақыт қана қызықтыратын жаңаға әуестікте жағдай басқаша. Бірақ ол ләззатқа көбірек таңсықтық бергенімен, оны тудырмайды. Бұл тек болмашы әрі өткінші сапа, ләззаттың онсыз да түгі қисаймайды, бірақ ол татымсыздау болуы мүмкін. Сондықтан, жаңаның қызығы таусылғанда, бұдан туындайтын қаңырау онша сезіле қоймайды, ал оны толтыру қажеттігі мардымсыз болады. Оның қарқынын сондай-ақ қарама-қарсы, неғұрлым күшті және бізде көбірек тамыр жайған сезіммен, атап айтқанда біздің ләззат алуымыздағы орнықтылық пен біздің рахаттануымыздағы жүйеліліктің қажеттігімен бейтарапталатыны кемітеді. Біз өзгеріске құмармыз, сөйте тұра жақсы

көретінімізге бауыр басып, одан қиналмай қол үзе алмаймыз. Мұның үстіне, бұл өмірді қолдап отыру үшін қажет, өйткені, егер ол өзгеріссіз мүмкін емес болса, егер оның икемділігі қиындықпен бірге ұлғаятын болса, онда, ең алдымен, ол тұрақты да жүйелі қызметтердің тұтас бір жүйесі болып табылады. Рас, жаңаға құштарлық өз бойында ерекше қарқын алатын индивидтер болады. Жалғанда бардан ештеңе оларды қанағаттандырмайды; олар мүмкін емес нәрсені аңсайды; олар бар болмыстың орнына жаңа болмысты орнатқысы келеді. Бірақ бұл түзелмейтін наразылар – науқастар және бұл жағдайдың патологиялық сипаты тек біздің айтқанымызды растайды. Ақыр соңында, бұл қажеттілік табиғаты жағынан аса анық емес екендігін ұмытпау қажет. Ол бізді анық ештеңемен матамайды, себебі бұл жоқ нәрсеге қажеттілік. Демек, ол тек жартылай ғана тұжырымдалған; өйткені толық қажеттілік екі элементті: ырық күші мен белгілі бір нысанды қамтиды. Объект сырттан берілмегендіктен, ол өзіне берілген қиялдан өзге болмысқа ие бола алмайды. Бұл процесс – жартылай елестету саласынан. Ол, көбінесе, ырықтың шын қозғалысынан гөрі, бейнелеудің қиюласуынан, өзінше бір ішкі поэзиядан тұрады. Ол бізді арманымыздан асып кетуге мәжбүр етпейді; ол сыртқа шығатын жол іздейтін, бірақ оны әлі таба алмаған ішкі күй ғана. Біз жаңа түйсіктерді арамандаймыз, бірақ бұл – бейнеленуін таба алмай, жойылып кететін дүдамал құштарлық. Демек, ол ең жігерлі болған күннің өзінде, тұрақты да айқын қажеттіліктер күшіне ие бола алмайды, ондай қажеттілік ырықты бір бағытта және дайын жолдармен ұдайы ұмтылдырып, әрі-сәрілікке, талқылауға неғұрлым аз орын қалдырған сайын, соғұрлым пәрменді ынталандырады. Прогресс – зерігудің салдары ғана деу мүмкін емес231. Адам табиғатының осынау оқтын-оқтын және біраз нәрседе үздіксіз қорытылуы азаппен жүзеге асқан, қиын іс болатын. Бір ғана мақсатпен, өзінің ләззатын біршама жаңалап, оның бастағы хош иісін сақтап қалу мақсатымен адамзаттың соншама азапқа төзуі мүмкін емес.

231 Жорж Леруаның теориясы сондай болатын; біз ол теория туралы Конт айтқандықтан ғана білеміз. Қараңыз: Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 449.

ІІ тарау

Себептер

Сонымен, біз еңбек бөлінісі прогресін түсіндіретін себепті әлеуметтік ортаның белгілі бір өзгерістерінен іздеу керектігін білеміз. Алдыңғы кітаптың нәтижелері олардың неден тұратындығын біздің бірден аңғаруымызға мүмкіндік береді. Біз іс жүзінде ұйымдасқан құрылым және, демек, еңбек бөлінісі сегментті құрылым жойылуына қарай үнемі дами беретінін көрдік. Демек, не осы жойылып кету – еңбек бөлінісінің дамуының себебі, не соңғысы – біріншісінің себебі. Екінші гипотеза іске алғысыз, өйткені біз еңбек бөлінісі үшін сегментті құрылым еңсерілмес кедергі екенін білеміз, еңбек бөлінісі пайда болу үшін ол жойылып кетуге, бері салғанда, ішінара жойылып кетуге тиіс. Еңбек бөлінісі сегментті құрылым қаншалықты жойылатын шамада ғана орын ала алады. Дау жоқ, еңбек бөлінісі пайда болды екен, ол сегментті тұрпат регресінің жеделдей түсуіне жәрдемдесе алады; бірақ ол соңғысы кері кеткен соң ғана пайда болады. Салдар себепке ден қояды, бірақ бұдан ол салдар болмай қалмайды; демек, ол тудыратын реакция екінші реттегі реакция. Еңбек бөлінісінің өсуі, демек, әлеуметтік сегменттердің өзінің даралығынан айрылатындықтан, оларды бөліп тұратын қабырға барған сайын жұқара беретіндіктен туады, қысқасы, олар бірбірімен тұтасып, бұл әлеуметтік тәнді жаңа қиюласу жасау үшін бостан қылады. Бірақ бұл тұрпаттың жойылып кетуі мұндай салдарға тек бір себеппен ғана ие бола алады. Бұл себеп мынада: бұдан бұрын бөлінген индивидтердің жақындасуы, немесе. бері салғанда, неғұрлым тығыз жақындасуы туындайды; осының салдарынан бұған дейін бір-біріне қатыспаған әлеуметтік бұқараның бөліктері арасында қозғалыс алмасу жүреді. Ұялы жүйе неғұрлым көбірек дамыған болса, біздің әрқайсымыз болатын қатынастар біз табын ұя шеңберінде

соғұрлым көбірек тұйықталады. Әртүрлі сегменттер арасында моральдық бос кеңістік бар секілді болады. Керісінше, осы жүйе біркелкіленген сайын бос кеңістіктер толтырыла түседі. Әлеуметтік өмір, жеке-жеке шағын және соған ұқсас ошақтар массасына шоғырланудың орнына, жинақталады. Әлеуметтік – немесе дәлірек айтсақ, – ішкі әлеуметтік – қатынастар, демек, көбірек бола түседі, өйткені олар бастапқы шекараларынан асып, жан-жаққа жайылып жатады. Еңбек бөлінісі, олай болса, бір-біріне ықпал етіп, үн қосуға мүмкіндігі болу үшін жеткілікті жанасатын индивидтер саны неғұрлым көп болса, соғұрлым көбірек ілгерілейді. Егер біз осы жақындасуды және одан шығатын белсенді қатынастарды динамикалық немесе моральдық тығыздық деп атауға уәделессек, онда біз еңбек бөлінісінің прогресі қоғамның моральдық немесе динамикалық тығыздығына төте пропорциялы дей аламыз. Бірақ осы моральдық жақындасу индивидтер арасындағы шын қашықтық қандай да бір түрде қысқарған кезде ғана өзінің қарекетін жасай алады. Моральдық тығыздық сонымен бір мезетте материалдық тығыздықтың өсуінсіз ұлғая алмайды және соңғысы біріншісін өлшеуге қызмет етеді. Айтпақшы, олардың қайсысы басқасын тудырғанын зерттеу бекершілік; олардың бірбірінен етене екендігін атап өту жеткілікті. Тарихи даму барысындағы қоғамдардың прогресі тығыздалуы негізгі үш тәсілмен жүреді. 1. Дамуы төмен қоғамдар, осы қоғамдарды құрайтын индивидтер санымен салыстырғанда, орасан зор аумақта орналасады, неғұрлым дамыған халықтарда жұрт барған сайын шоғырлана түседі. “Жабайы тайпалар мекендейтін жерлердің қоныстануын, – дейді Спенсер, – Еуропадағы көлемі бірдей жерлердің қоныстануымен салыстырайық; немесе гептархия заманындағы Англия халқының тығыздығын қазіргімен салыстырайық, – сонда біз топтардың қосылуының нәтижесінде болатын өсім сондай-ақ аралық өсіммен қатар жүретінін мойындаймыз232”. Ұлттардың өнеркәсіптік өмірінде дәйекті орын алған өзгерістер осы өзгерістің ортақ сипатын дәлелдейді.

232 Socіologіe, ІІ, p. 31.

Көшпенділердің, аңшылардың немесе бақташылардың кәсібі іс жүзінде ешқандай шоғырланудың болмауын, мүмкін болғанынша көбірек жерге жайылуды талап етеді. Егіншілік қажетті түрде отырықшылық өмірді тудыратындықтан, ол әлеуметтік тіндердің біршама тығыздала түсуін қалайды, бірақ бұл тығыздалу тіпті де толық емес, өйткені көрші отбасылар арасында аралық жер кеңістіктері болады233. Қалалық қауымда тығыздық көбірек болғанымен, үйлер жапсарлас болған жоқ: қабырғалардың ортақтығы римдік құқыққа белгілі емес234. Ол біздің жерде туды және бұл жерде әлеуметтік байланыстың күшейе түскендігін дәлелдейді235. Екінші жағынан, еуропалық қоғамдарда тығыздық әуел бастан, уақытша регрестің бірнеше оқиғаларын қоспағанда, үздіксіз өсіп отырды236. 2. Қалалардың құрылуы мен олардың дамуы – тап сол құбылыстың басқа, одан да сипатты нышаны. Орташа тығыздықтың өсуі тек қана бала туудың материалдық өсуінен туындай алады, демек, сегментті тұрпаттың берік тірегін құрап, әбден-ақ әлсіз шоғырланумен ұштаса алады. Бірақ қалалар әрқашан индивидтерді үнемі бір-біріне барынша жақын болуға итермелейтін қажеттіліктен пайда болапды; олар әлеуметтік бұқара басқа жерлерден гөрі едәуір күшті тығыздалатын нүктелер іспетті. Демек, олар моральдық тығыздық ұлғайса ғана көбейіп, кеңейе алады. Айтпақшы, біз олардың иммиграция жолымен толығатынын көреміз; ал бұл әлеуметтік сегменттердің қосылуының ілгерілеуінен ғана мүмкін болады. Әлеуметтік ұйым негізінен сегментті болып тұрғанда, қала дегеніңіз болмайды. Дамуы төмен қоғамдарда қалалар жоқ; олар ирокездерде де, ежелгі германдықтарда да кездеспейді237. Италияның бастапқы халқында да солай болды. “Италия халықтары, – дейді Маркардт, – бастапқыда қалаларда емес, отбасылық қауымдарда немесе фермалар (vіcі, ...) шашыраңқы жайғсқан

233 Германдықтар туралы Тацит былай дейді: “Colunt dіversі ac dіscrettі, suam quіsque domum spatіo cіrcumdat” (Germanіa, XVІ). 234 Accarіas’тан (Pr~cіs .... І, p. 640) қалалық сервитуттар тізбесін қараңыз. Қараңыз: Fustel de Coulanges. La cіt~ antіque, p. 65. 235 Біз осылай пайымдағанда тығыздық прогресі экономикалық өзгерістерге тәуелді дегіміз келмейді. Екі факты да бірінсіз бірі болмайды, олардың біреуінің болуы екіншісінің де болуын айғақтауы үшін осы да жеткілікті. 236 Қараңыз. Levasseur. La populatіon fran:;aіse, passіm. 237 Қараңыз: Тацит. Germanіa, XVІ; Sohm. `ber dіe Eutstehungder St**dte.

деревнияларда (pagі) тұрды”238. Бірақ едәуәр қысқа уақыт ішінде онда қала пайда болды. Афина, Рим – қалалар немесе қалаға айналған, дәл сол өзгеріс бүкіл Италияда болды. Біздің христиандық қоғамдарда қала әу бастан бар, себебі Рим империясынан қалған қалалар онымен бірге жойылып кеткен жоқ. Кейінірек олар тек ұлғая да, көбейе де берді. Өркениятты дүниедегі соншалық ортақ тенденция деревниялардың қалаларға қосылу тенденциясы239, – осы қозғалыстың салдары ғана. Ал ол кешегі күннен басталған жоқ: ХVІІ ғасырдан бастап мұнымен мемлекет қайраткерлері айналыса бастады240. Қоғамдар әдетте егіншілік кезеңінен басталатындықтан, қалалық орталықтардың дамуы кейде қартаю мен құлдыраудың нышаны деп қаралды241. Бірақ осынау егіншілік фазасы қоғам тұрпаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қысқа екендігін ұмытпаған жөн. Сөйте тұра Германияда, солтүстік америкалық үндістерде және барлық алғашқы қауымдық халықтарда бұл фаза ол осы халықтардың өздері қанша уақыт өмір сүрсе, сонша уақыт бар. Римде, Афинада ол едәуір тез тоқталады, ал бізде ол қоспасыз ешқашан өмір сүрмеген деуге болады. Керісінше, қалалық өмір ертерек басталады да, сондықтан неғұрлым кең таралады. Осы дамудың заңды жеделдеуі, оның қандай да бір патологиялық құбылысты құрамайтынын, қайта жоғары әлеуметтік түрлер табиғатының өзінен туындайтынын дәлелдейді. Тіпті былай топшылап көрелік: бұл қозғалыс қазір біздің қоғамдарымызға қатер төндіре алатын мөлшерге жетті, оларда, бәлкім, сол қатерге жеткілікті икемділік жоқ болар. Егіншілік сонда да олар арқылы немесе олардан кейін жалғаспайды және біздікінен кейін пайда болатын әлеуметтік тұрпаттар, тегінде, егіншілік өркениятының бұрынғыдан да жылдам және толық регресімен ерекшеленетін болар. 3. Ақыр соңында, көптеген жылдам қатынас пен байланыс жолдары бар. Әлеуметтік сегменттерді бөліп тұратын бос кеңістікті жоя немесе кеміте отырып, олар қоғамның тығыздығын ұлғайтады. Екінші жағынан, қоғамның тұрпаты неғұрлым жоғары болса, олар соғұрлым көбірек және мінсіз бола

238 R@mіsche Alterth`mer, ІV, S. 3. 239 Бұл туралы қараңыз: Dumont. D~populatіon etcіvіlіsatіon. P., 1890, ch. VІІІ; @ttіngen. Moralstatіstіk, S. 273 etc. 240 Қараңыз. Levasseur. Op. cіt., p. 200. 241 Бізге Тардтың “Елігу заңдары” атты еңбегіндегі пікірі осындай сияқты көрінеді.

түсетінін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Осы көзге түсетін және өлшенетін символ біз моральдық тығыздық деп атаған нәрсенің өзгеретінін бейнелейтін болса242, онда сол символды біз ұсынған формуладағы соңғының орнына қоя аламыз. Айтпақшы, бұл жерде біз жоғарыда айтқанымызды қайталауымыз қажет. Егер қоғам, тығыздаа түсіп, еңбек бөлінісінің дамуын тудыратын болса, онда соңғысы, өз кезегінде қоғамның тығыздалуын ұлғайтады. Бірақ бұл маңызды емес, өйткені еңбек бөлінісі туынды факт болып қалады, демек, оның прогресі әлеуметтік тығыздықтың салыстырмалы прогресінен (оның себептері қандай болмасын) туындайды. Біздің белгілегіміз келгені де міне осы. Бірақ бұл бірден-бір фактор емес. Егер қоғамның тығыздала түсуі осы нәтижені беретін болса, бұл оның ішкі әлеуметтік қатынастарды көбейтетіндігінен. Бірақ әлеуметтік қатынастар мұның үстіне, егер қоғам мүшелерінің жалпы саны елеулірек бола түссе, одан да көбірек болады. Егер қоғам сонымен бір мезгілде неғұрлым тығыз қарымқатынаста болатын индивидтерді көбірек қамтыса, онда қарекет сөзсіз күшейе түседі. Әлеуметтік көлем, демек, еңбек бөлінісіне тап тығыздық секілді ықпал етеді. Шынында да, қоғамдар неғұрлым ілгерілей түссе, демек, оларда еңбек неғұрлым бөлінген болса, әдетте соғұрлым көлемді болмақ. “Қоғамдар, жанды тәндер секілді, – дейді Спенсер, – ұрық пошымында басталады, массадан туындайды, бұл масса, соңында болатынымен салыстырғанда, титімдей ғана. Төменгі түрлер болып табылатын шағын кезбе ордалардан ең ұлы қоғамдар өсіп шықты: бұл байламды теріске шығару мүмкін емес”243. Біздің сегментті құрылыc туралы айтқанымыз бұл ақиқатты даусыз етеді. Біз шынында қоғамдар бірін-бірі өзара сіңіретін тең емес шамадағы сегменттердің кейбір санынан құрылғанын білеміз. Бірақ бұл шектер жасанды түрде, әсіресе бастапқыда, жасалмайды; тіпті шартты болғаннан кейін де, олар мүмкін болғанынша,

242 Алайда материалдық және моральдық тығыздықтар өзара түгелімен байланыспаған жекелеген, ерекше жағдайлар кездеседі. Төменде, ІІІ тарауды, ең соңғы ескертуді қараңыз. 243 Socіologіe, ІІ, p. 23.

алдыңғы жаратылыстық құрылыстың пошымдарын қайталап туындатады. Ежелгі қоғамдар осы пошымда туындатылады. Осынау бөлімшелердің ішіндегі ең ауқымдылары басқаларды қамтитын және ең жақын төменгі әлеуметтік тұрпатқа сәйкес келетіндер. Дәл сол секілді, өз кезегінде, олар құрылған сегменттердің ішінде ең ауқымдылары тікелей алдыңғыдан соң тұрған тұрпаттың ізін байқатады және т.б. Ең дамыған халықтарда ең алғашқы қауымдық әлеуметтік ұйымдасудың белгілері табылады244. Мәселен, тайпа ордалар немесе рулар агрегатынан; ұлт (мысалы, еврей ұлты) пен антикалық қала – тайпалар агрегатынан тұрады; қала, өз кезегінде, өзіне бағынышты деревнялармен бірге элемент ретінде неғұрлым күрделі қоғамдарға және т.б. кіреді. Әлеуметтік көлем, демек, ұлғаймай иұра алмайды, өйткені әрбір түр тікелей алдыңғы түрдегі қоғамдарды қайталау арқылы құралады. Алайда, басқаша да болып жатады. Жаулап алынғанға дейін еврей ұлты, тегінде, ІV ғасырдағы римдік ұлттан, көбірек болған секілді; алайда ол неғұрлым төмен түрге жататын. Қытай мен Ресейде Еуропаның ең өркениятты ұлттарынан халық едәуір көп. Бұл халықтарда, демек, еңбек бөлінісі әлеуметтік көлемге сәйкес дамымаған. Гәп мынада: тығыздық тап сол мезгілде және тап сол қатынаста ұлғаймаса, көлемнің өсімі артықшылықтың қажетті нышаны емес. Қоғам сегменттердің, олардың табиғаты қандай болмасын, аса көп мөлшерін қамтып, аса едәуір көлемге жете алады; демек, егер тіпті олардың ең көлемділерінің өзі тек өте төмен тұрпаттағы қоғамдар тудыра алса, сегментті құрылым аса айқын көрінетін күйінде қала бергені, демек, әлеуметтік ұйымдасу онша жоғары болмағаны. Рулардан құралған орасан зор агрегат болмашы ғана азғантай ұйымдасқан қоғамнан төмен тұрады, өйткені ұйымдасқан қоғам ол әлі жете алмаған эволюция сатыларынан өтіп кеткен. Дәл сол секілді, егер әлеуметтік бірліктер санының еңбек бөлінісіне ықпалы болса, ол өзінен-өзі және қажеттіліктен емес, әлеуметтік қатынастар мөлшерінің жалпы индивидтер мөлшерімен бірге ұлғаятындығынан. Бірақ бұл үшін қоғамда адамдардың көп болуы жеткіліксіз; мұның үстіне, олардың бір-біріне ықпал етіп, үн қосу

244 Мысалы, бастапқыда орнықты ру өкілі есепті деревня.

мүмкіндігі болу үшін олар едәуір тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Егер, керісінше, олардың қатынас жасауына зор бөгет тұрса, олар қарым-қатынасты тек сирек және қиындықпен жасайды да, бәрі де олардың саны аз ғана секілді болғанындай жүріп жатады. Әлеуметтік көлемнің өсімі, демек, еңбек бөлінісінің прогресін әрдайым емес, тек масса сол мезгілде және сол шамада тығыздалған кезде ғана жылдамдатады. Демек, бұл тек қосымша фактор ғана; бірақ, ол біріншісіне қосылған кезде, ол салдарды өзінің ықпалымен күшейтеді, демек, оны біріншісінен айыра білу қажет. Сонымен, біз төмендегі ережені тұжырымдай аламыз: Еңбек бөлінісі қоғамдардың көлемі мен тығыздығына тікелей пропорцияда дамиды, және егер ол әлеуметтік даму барысында үздіксіз ілгерілей берсе, оның себебі қоғамдардың ұдайы неғұрлым тығыз және, әдетте, неғұрлым көлемді бола түсетіндігінде. Рас, фактылардың осы екі санаты арасында байланыс бар екендігі барлық замандарда белгілі болған, өйткені қызметтердің көбірек мамандануы үшін ынтымақтастық жасайтын индивидтердің көбірек болуы қажет, оның үстіне олар серіктесу мүмкін ахуалда болу үшін бір-біріне айтарлықтай жақын болуға тиіс. Бірақ әдетте қоғамдардың бұл ахуалында соның арқасында еңбек бөлінісі дамитын құрал ғана, бірақ осы дамудың себебі емес деп біледі. Даму молшылық пен бақытқа жеке құштарлыққа тәуелді етіледі, ол құштарлық қоғам неғұрлым көлемді де тығыз болса, соғұрлым жақсы қанағаттандырылады. Жаңа ғана біз тұжырымдаған заң мүлде ондай емес. Біз қоғамдардың ұлғаюы мен тығыздалуы еңбек бөлінісінің барған сайын көбірек ұлғаюына жол ашады демейміз, қайта олар оның қажеттілігін талап етеді деп кесіп айтамыз. Бұл ол арқылы еңбек бөлінісі жүзеге асырылатын құрал емес; бұл – оның айқындаушы себебі245. Бірақ осы екі жақты себеп өзінің ықпалын жасайтын тәсілді қалай елестетуге болады?

245 Бұл мәселеде біз Конттың беделіне сүйене аламыз... (Cours ..., ІV, p. 455).

Спенсер бойынша, әлеуметтік көлемнің өсуі еңбек бөлінісінің ілгерілеуіне ықпал еткенмен де, ол оны тудырмайды; ол оны тек жеделдетеді. Бұл тек құбылыстың жәрдемші шарты ғана. Табиғатынан тұрақты емес қандай да біртекті масса, оның көлемі қандай болмасын, қажетті түрде әртекті бола бастайды; ол көлемі өскен сайын, тек толығырақ және жылдамырақ жіктеледі. Шынында да, осы әртектілік әртүрлі массалар әртүрлі күштердің ықпалына берілуден туындайтындықтан, ол әртүрлі орналасқан бөліктер неғұрлым көп болса, соғұрлым көбірек болады. Қоғамдарда біз нақ осыны көреміз: “Қауым халқы өте көп болып, үлкен аумаққа таралғанда және оның мүшелері өз округтарында өмір сүріп, дүниеден өтетіндей болып орналасқанда, ол өзінің әртүрлі бөліктерін әртүрлі физикалық жағдайларда ұстайды, сонда сол бөліктер өздерінің жұмыстары жағынан ұқсас болып қала алмайды. Шашыраңқы өмір сүретіндер аң аулауын және жер өңдеуін жалғастыра береді; теңіз жағалауында өмір сүретіндер теңіз кәсіпшілігіне ден қояды; өзінің орталық орнына байланысты ылғи да жиындар жері ретінде таңдап алынған қандай да бір жердің тұрғындары саудагерлерге айналады, сөйтіп қала пайда болады... Топырақ пен климаттағы айырмашылықтың арқасында елдің әртүрлі бөліктеріндегі деревня тұрғындарының ерекше жұмыстары болады және не өгіз, не қой, не астық өсіретінімен ерекшеленеді”246. Қысқасы, индивидтер орналасатын орталардың алуандығы тұрғындар бойында әртүрлі бейімділікті туғызады, бұл олардың әр бағытта таралатын мамандануын тудырады және осы мамандану қоғамдардың көлемімен бірге өссе, оның себебі сол мезгілде осы сыртқы өзгешеліктердің ұлғаюында. Индивидтер өмір сүретін сыртқы жағдайлардың оларға ықпалын тигізетіні және әртүрлі бола тұра, бұл жағдайлар оларды жіктейтіні күмәнсіз. Бірақ еңбек бөлінісімен де байланысты екендігі шүбәсіз бұл өзгешелік сол бөліністің пайда болуына жеткілікті ме, соны білу қажет. Әрине, топырақтың

246 Premіers prіncіpes, p. 381.

құнарлылығына және климаттың жағдайға сәйкес тұрғындардың бір жерде астық, басқа бір жерде қой немесе өгіз өсіретінін түсіндіру оңай. Бірақ қызметтік айырмашылықтар әрқашан осы мысалдардағы секілді қарапайым реңктерге сая бермейді: олардың күрт өзгешеленетіні соншалық, араларында еңбек бөлінісі жасалған индивидтер әрқилы және тіпті қарама-қарсы сияқты түрлерді құрайды. Олар бір-бірінен әдейі барған сайын алыстайды деуге болар еді. Ойға шоматын ми мен ас қорытатын асқазан арасында қандай ұқсастық бар? Дәл сол секілді, өзінің қиялының құшағына қойып кеткен ақынның; өз зерттеулерінен басқаға мойын бұрмайтын бүкіл ғұмырын түйреуіш жасаумен өткізетін жұмысшының; соқасының тұтқасынан вйрылмайтын диқанның; конторкасының жанына қонжиған көпестің арасында ортақ не бар? Сыртқы жағдайлардың әралуандығы қаншалық көп болса да, ол еш жерде осынау соншалық айқын білдірілген кереғарлыққа сай келетін, демек, оларды түсіндіре алатын айырмашылықтарды көрсетпейді. Тіпті бір-бірінен алшақ жатқан қызметтерді былай қоя тұрып, бір ғана қызметтің әртүрлі тармақтарын салыстыра отырып, олардың бөлінуі қандай сыртқы айырмашылықтардың туындауы мүмкін екендігін байқау көбінесе мүлде мүмкін емес. Ғылыми еңбек барған сайын бөліне түсуде. Математик, химик, натуралист, психолог және т.б. дарыны секілді соншама әртүрлі дарындарды тудыра алған климаттық, геологиялық немесе тіпті әлеуметтік жағдайлар қандай? Бірақ, сыртқы жағдайлар индивидтерді белгілі бір бағытта мамандануға күштірек итермелейтін жерде де, жалғыз олар мамандануды тудыра алмайды. Өзінің физикалық бітімі бойынша әйел еркектің өмірінен өзгеше өмір кешуге бейімделген, бірақ екі жыныстың жұмысы бірдей дерлік болатын қоғамдар бар. Өзінің жасы бойынша, балаларымен қандастық қатынасы бойынша әке отбасыда жиынтығы әкелік билікті құрайтын басшылық қызметті атқаруға жаралған секілді. Алайда аналық отбасыда бұл билік оның қолына тимейді. Отбасының әрқилы мүшелерінде, олардың туыстық дәрежесіне қарай әрқилы қызмет болуы: әке мен нағашы ағаның, бір туған және немере ағалардың не бірдей құқыққа, не бірдей міндеттерге ие болмауы әбден табиғи нәрсе секілді

көрінеді. Алайда барлық ересектер бірдей рөл атқаратын және олардың туыстық қатынастары қандай болмасын, бір-бірімен әбден тең болатын отбасылық тұрпаттар бар. Әскери тұтқынның – егер ол тірі қалдырылса – жеңіп шыққан тайпадағы ең төмен жағдайы, оны ең төменгі әлеуметтік қызметке жегеді. Алайда біз, оның жеңіскерлермен жиі ассимиляцияланып, олармен тең болатынын көрдік. Іс жүзінде гәп мынада: осы айырмашылықтар еңбек бөлінісін мүмкін еткенімен де, олар оны міндетті түрде тудырмайды. Олардың берілген болуы олар міндетті түрде пайдаланылады деген сөз емес. Нәтижесінде адамдар арасындағы ұқсастықпен салыстырғанда олардың мәні болмашы ғана; бұл әрең байқалатын ұрық қана. Олардан қызметтің мамандануы өсіп шығуы үшін олардың дамыған және ұйымдасқан болуы қажет, ал бұл даму сыртқы жағдайлардың әралуандығынан гөрі, өзге себептерге тәуелді секілді. Бірақ, дейді Спенсер, ол өздігінен пайда болады, өйткені ол ең аз қарсылық жолымен жүреді және табиғаттың барлық күштері тоқтаусыз осы бағытта қозғалады. Әрине, егер адамдар мамандатын болса, онда нақ осы табиғи айырмашылықтар белгіленген бағытта маманданады, өйткені бұл арада оларға қиындық кемірек, пайда көбірек болады. Бірақ олар неліктен маманданады? Оларды бір-бірінен өзгешеленетін жаққа оңтайлануға итермелейтін не? Спенсер эволюцияның, егер ол орын алса, қалай іске асатынын әжептәуір жақсы түсіндіреді; бірақ ол оны тудыратын қозғаушы күш қандай екенін бізге айтпайды. Расын айтқанда, ол үшін бұл мәселе мүлдем жоқ. Ол шынында да, бақыт еңбектің өндіргіш күшімен бірге өседі деп біледі. Демек, еңбектің бұрынғыдан да көбірек бөлінуінің жаңа құралы қолға түсетін әрбір жолы, оның пікірі бойынша, біздің оны пайдаланбауымыз мүмкін емес. Бірақ біз жөні олай емес екендігін білеміз. Шындығында бұл құрал біз үшін біз оны қажетсінетін кезде ғана құнды болмақ. Ал өркеният адамы қалауға дағдыланып кеткен және оны еңбектің неғұрлым күрделі ұйымдасуы қамтамасыз ете алатын барлық өнімдерді алғашқы қауымдық адам ешқандай қажетсінбейтіндіктен, біз жұмыстың өскелең мамандануы қайдан шығатынын осы жаңа қажеттіліктер

қалай пайда болғандығын білген кезде ғана түсінетін боламыз.

ІІІ

Егер қоғамдар тым көлемді де тығыз бола түскен сайын еңбек те көбірек бөлінетін болса, оның себебі олар сыртқы жағдайлар неғұрлым әралуан екендігінен емес, оларда өмір үшін күрестің неғұрлым жігерлі болатындығынан. Дарвин екі организм неғұрлым ұқсас болса, олардың арасындағы бәсеке соғұрлым күшті екендігін әбден орынды атап өтті. Қажеттіліктері де бірдей, мақсаттары да бірдей, олар, барлық жерде бәсекелеске айналады. Оларда ресурстар қажеттен көбірек кезде, олар әлі іргелес өмір сүре алады; бірақ егер олардың саны барлық тәбет жеткілікті қанағаттандырыла алмайтын пропорцияда ұлғаятын болса, онда соғыс бұрқ ете түседі де, осы жетіспеушілік неғұрлым күшті, яғни бәскелестер саны неғұрлым көбірек болса, ол соғұрлым жанталасқан болады. Қатар өмір сүретін индивидтер әрқилы түрлерге немесе алуан түрлерге жататын болса, біз мүлдем басқа нәрсені көреміз. Олар бірдей қоректенбейтіндіктен және бірдей тұрмыс салтын ұстанбайтындықтан, олар бір-бірін қыспайды; біреулердің молшылығын туғызатын нәрсе басқалар үшін құнды болып саналмайды. Осы түрлер немесе олардың нұсқалары неғұрлым сирек ұшырасса және бір-бірінен неғұрлым қашық болса, онда тартыстар да соғұрлым сирек болады. “Мәселен, – дейді Дарвин, – қоныс аудару үшін ашық, демек, индивидтер арасындағы күрес аса күшті болуы қажет кішкентай жерде оны мекендейтін түрлердің зор әралуандығы ұдайы байқалады. Мен көп жылдар бойы бірдей өмірлік жағдайда болған, көлемі 12 шаршы кез шымдауыт жер 18 тұқым мен 8 класқа жататын өсімдіктердің 20 түрін қоректендіріп келе жатқанын аңғардым, мұның өзі ол өсімдіктердің бір-бірінен қаншалық өзгешеленетіндігін көрсетеді”247. Айтпақшы, бір ғана егістікті дәнді дақылмен қатар көптеген арам шөп өсіп тұратыны әркім біледі. Жануарлар да, олар өзара

247 Orіgіne des esp~ces, p. 131.

неғұрлым көбірек өзгешеленсе, күрестен соғұрлым оңай жалтарады. Бір еменде бір-бірімен толық татулықта өмір сүретін жәндіктің 200-ге жуық түрі табылады. Біреулері ағаштың жемісімен, екіншілері – жапырақтармен, үшіншілері – қабықпен және тамырмен қоректенеді. “Егер барлығы бір түрге жатса, егер барлығы, мысалы, тек қабықтың немесе жапырақтың есебінен тіршілік етсе, осындай индивидтер массасының бір ағашта өмір сүруі, дейді Геккель, мүлдем мүмкін болмас еді”248. Дәл сол секілді организмнің ішіндегі әртүрлі тіндердің арасындағы бәсекені олардың әрқилы нәрселермен қоректенетіні әлсіретеді. Адамдар да тап сол заңға бағынышты. Бір қаладағы әрқилы кәсіптер бірбіріне зиян келтіруге мәжбүр болмай, қатар өмір сүре алады, өйткені олар әрқилы мақсаттарды көздейді. Солдат әскери даңққа, дінбасы – моральдық беделге, мемлекет қайраткері – билікке, өнеркәсіпші – байлыққа, ғалым – ғылыми даңққа ұмтылады; олардың әрқайсысы, осылайша, басқалардың өз мақсаттарына жетуіне бөгет жасамай, өз мақсатына жете алады. Тіпті қызметтер бір-бірінен онша көп алыстамаған кездің өзінде жағдай дәл осындай болады. Көз дәрігері психикалық аурулар жөніндегі маманмен, етікші – бөрікшімен, тас қалаушы – ағаш шеберімен, физик – химикпен және т.б. бәсекеге түспейді. Олар әртүрлі істермен шұғылданатындықтан, олар қатар жұмыс істей береді. Бірақ қызметтер неғұрлым көбірек жақындасса, олардың арасында түйісу нүктелері неғұрлым көбірек болса, олар күреске соғұрлым бейім. Бұл жағдайда олар әрқилы тәсілдермен бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратындықтан, олар қалай еткенде де бір-бірінен бірдеңені тартып алуға тырысады. Қазы ешқашан өнеркәсіпшімен бәсекелеспейді; бірақ сыра қайнатушы мен жүзім өсіруші, шұға жасаушы мен жібек бұйымдар фабриканты, ақын мен музыкант бірін-бірі ығыстырып шығаруға жиі ұмтылады. Дәл бірдей қызмет атқаратындарды алатын болсақ, біреулері тек басқалардың есебінен шалқып жүреді. Демек, егер әрқилы қызметтерді ортақ негізден шығып, жан-жаққа тармақталатын шүйке түрінде елестетсек, шеткі нүктелер арасындағы күрес

248 Hіstoіre de la creatіon naturelle, p. 240.

мейлінше аз болып, орталыққа жақындаған сайын біртіндеп ұлғая береді. Тек жеке қалаларда ғана емес, қоғамның бүкіл кеңістігінде осылай болады. Аумақтың әртүрлі нүктелерінде орналасқан ұқсас кәсіптер олар неғұрлым көбірек ұқсас болса, егер қатынас пен тасымалдаудың қиындықтары олардың қарекет аясын шектемейтін болса, соғұрлым бір-бірімен күшті бәсекеде болады. Осыған сүйенсек, әлеуметтік массаның қандай да тығыздалуы, әсіресе егер ол халықтың өсімімен қабат жүрсе, қажетті түрде еңбек бөлінісінің прогресін тудыратынын түсіну оңай. Шынында да, елдің белгілі бір бөлігін әлдебір өніммен қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталығын көз алдымызға елестетейік. Оның ықтимал дамуы екі жақтан: біріншіден, қанағаттандыруды талап ететін қажеттіктер шамасыфмен, яки, айтылып жүргендей базар шамасымен; екіншіден, оның қолындағы өндіріс құралдарының қуатымен шектелген. Қалыпты жағдайда ол керегінен артық өндірмейді, және, әрине, мүмкіндігінен артық өндірмейді. Бірақ оның осылайша белгіленген шекарадан асып түсуі мүмкін болмаған күнде де, ол бәрібір оған қол жеткізуге тырысады, өйткені, бірдеңе тоқтатпайынша, өзінің бүкіл жігерін жани беру әрбір күшке тән нәрсе. Осы шекке бір жетіп, ол өзінің тіршілік ету ахуалына бейімделе алады; ол, егер ештеңе өзгермесе, өзгере алмайтын тепе-теңдік жағдайында болады. Бірақ міне бұған дейін осы орталыққа тәуелді болмаған аймақ онымен қашықтықты біршама қысқартатын қандай да бір қатынас жолымен қосылды. Сонымен оның өрлеуін тежеп тұрған кедергінің бірі жойылды немесе, бері салғанда, шегінді. Базар кеңейе түсті: енді көбірек қажеттіктерді қанағаттандыруға тура келеді. Егер де сол орталық қамтыған жеке кәсіпорындардың барлығы, өздерінің өндірістік максимумына қол жеткізіп үлгерген болса, онда жағдайдың өзгермейтіні күмәнсіз. Бірақ мұндай жағдайдың болуы мүлдем мүмкін емес. Шындығында, өзінің шегіне жетпеген, олай болса, одан арғы қозғалыс үшін қажет жылдамдыққа ие кәсіпорындардың азды-көпті едәуір мөлшері әрқашан болады. Олар үшін бос кеңістік ашық болғандықтан, олар міндетті түрде оны толтыруға тырысады. Егер олар онда

өздеріне қарсылық көрсетуге мүмкіндігі бар ұқсас кәсіпорындарды кездестірсе, онда олар мұны тежеп, өзара шектеу орын алады, сондықтан, өзара қатынас өзгермейді. Әрине, бәскелестер мөлшері көп, бірақ олар үлкенірек базарды өзара бөліске салатындықтан, тараптардың әрқайсысының үлесі сол күйінде қалады. Бірақ, егер олардың арасында бірдеңеде басқалардан әлжуаз біреулері болса, олар онда күрестің жаңа жағдайында ұстап тұра алмайтын өздерінің орнын амалсыз беруге тиіс болады. Оларға енді қалатыны – не жабылып қалу, не өзгеру, және бұл өзгеріс міндетті түрде жаңа мамандануға жетелеуге тиіс. Өйткені, егер дереу қосымша мамандық жасау орнына, әлжуаздар басқасын, бұрыннан бар кәсіпті игеруді жөн көрсе, олардың осы іспен бұрыннан шұғылданып жүргендермен бәсекеге түсуіне тура келер еді. Олай болса, күрес тоқтатылмай, тек орын ауыстырар еді, және оның салдары басқа жерде көрінер еді. Сайып келгенде, әйеуір бір жерде не элиминация (аластау – Ред.), не жаңа жіктелу керек болар еді. Егер қоғамда шынында мүшелердің саны көбірек болып, әрі олар бір-біріне жақын болса, онда күрес бұрынғыдан да жанталасқан, ал одан туындайтын мамандану – жылдамырақ және толығырақ болатынын қосып жатудың қажеті жоқ. Басқаша айтқанда, әлеуметтік құрылыс сегментті болып тұрғанда, әрбір сегменттің өз органдары бар олар өздеріне ұқсас органдардан әрқилы сегменттерді бөліп тұратын қабырғамен қорғалған, аулақтатылған сияқты болады. Бірақ, осы қабырғалардың алып тасталуына қарай, мұндай органдар амалсыз жақындасады да, олар күреске кірісіп, бір-бірін алмастыруға тырысады. Бірақ бұл алмастыру қандай жолмен жүргізілсе де, одан мамандану бағытындағы қандай да бір прогресс туындауға тиіс. Өйткені, бір жағынан, жеңіске жеткен сегментті орган, егер солай да орынды болса, енді өзіне тиетін неғұрлым ауқымды міндетті көбірек еңбек бөлінісі арқылы ғана орындап шыға алады, ал екінші жағынан, жеңілгендер, бұрын атқарып келген бүтін қызметтің бір бөлігімен қанағаттанып өздерін сақтап қала алады. Ұсақ істің қожайыны шебердің жәрдемшісіне, ұсақ саудагер – сатушыға және т.б. айналады. Бұл бөлшек, айтпақшы, оның төменшік жағдайы қаншалықты айқын екендігіне

сәйкес, көбірек немесе азырақ болуы мүмкін. Тіпті бастапқы қызмет маңызы бірдей екі бөлшекке жай ғана бөлінетіні де болады. Бәсекені бастаудың немесе жалғастырудың орнына, екі ұқсас кәсіпорын ортақ кәсіпті өзара бөліп алып, тепе-теңдікке қол жеткізеді; бағынышты болу орнына олар үйлеседі. Бірақ барлық осы жағдайларда жаңа мамандықтар пайда болады. Алдыңғы мысалдар негізінен экономикалық өмірден алынғанымен, түсіндірме тең шамада барлық әлеуметтік функцияларға қолданыла алады. Ғылыми, көркем және басқа еңбек те дәл осылайша, дәл сол себептер бойынша бөлінеді. Дәл сол себептерге орай, біз көргендей, реттеуші орталық аппарат өзіне жергілікті реттеуші органдарды сіңіреді де, олардың рөлін арнайы көмекшілер рөліне айналдырады. Осынау барлық өзгерістерден орташа бақыттың өсімі шыға ма? Бұл қандай себеппен туындауы мүмкін екендігі бұлдыр. Күрестің қыза түсуі барған сайын жаңа да азапты күш-жігерді талап етеді, олар өзінің табиғаты бойынша адамды бақытты қыла алмайды. Бәрі де механикалық түрде жүреді. Әлеуметтік массадағы тепе-теңдіктің бұзылуы неғұрлым дамыған еңбек бөлінісі арқылы ғана шешілетін тартыстарды тудырады: прогрестің қозғаушы күші осындай. Сыртқы жағдайларға, тұқым қуалаушылықтың әртүрлі қиысуына келсек, жердің ылдилауы ағыстың бағытын айқындағанымен, оны тудырмайтыны секілді, олар да қажет болатын жердегі мамандану жасалатын бағытты нобайлайды, бірақ оған себепші болмайды. Олар тудыратын индивидуалдық айырмашылықтар, егер біз жаңа қиындықтарды жеңіп шығу үшін оларға ерекше көңіл аударып, дамытуға мәжбүр болмасақ, ықтимал күйінде қала берер еді. Сонымен, еңбек бөлінісі – тіршілік жолындағы күрестің нәтижесі; бірақ ол бұл күрестің шиеленісіп кетпей шешілуін көрсетеді. Оның арқасында бәсекелестер бірін-бірі қырып-жоюға бармай, іргелес өмір сүре алады. Мұның үстіне, дами түскен сайын ол индивидтердің көбірек мөлшеріне тіршілік құралдарын береді, олар неғұрлым біртекті қоғамдарда жойылып кетуге мәжбүр болар еді. Көптеген дамуы төмен халықтарда әрбір аурушаң адам сөзсіз

опат болуға тиіс еді, өйткені ол ешқандай қызметке жарамайды. Кейде заң, жаратылыстық сұрыптаудың нәтижелерін күтпей-ақ, оларды киелендіріп, науқастарды немесе жаңа туғандарды ажалға қияды және Аристотельдің өзі249 бұл салтты жаратылыстық нәрсе деп тапты. Неғұрлым дамыған қоғамдарда мүлде басқаша болады. Дәрменсіз индивид біздің әлеуметтік ұйымның күрделі шеңберінде өз ісімен шұғылданатын орын таба алады. Егер ол тек тән жағынан әлсіз, ал миы сау болса, ол өзін кабинеттік қызметке, ақыл-ой қызметіне арнай алады. Егер оның миы әлсіз болса, “ол, әрине, интеллектуалдық бәсекеден бас тартуға тиіс болады; бірақ қоғамда омартаның қосымша ұяларында оның өлуіне жол бермейтін айтарлықтай кіші орындар бар”250. Алғашқы қауымдық халықтарда жеңілген жау өлтіріледі; ал өнеркәсіптік қызмет әскери қызметтен бөлінген жерде, ол жеңіскердің қасында құл ретінде өмір сүреді. Әрине, әрқилы қызметтер өзара бәсекеге түсе бастайтын кейбір жағдайлар бар. Мәселен, дара организмде ұзақ аштықтан кейін нерв жүйесі басқа органдардың есебінен қоректенеді, және егер ми қызметі тым күшті дамитын болса, тап сол құбылыс орын алады. Қоғамда да солай. Аштық немесе экономикалық дағдарыс кезінде өмірлік қызметтер өзінің аман қалуы үшін елеусіздеу қызметтердің есебінен қоректенуге тиіс. Сән-салтанат бұйымдарын шығаратын өнеркәсіп салалары дағдарысқа ұшырайды да, оларды қолдау үшін пайдаланылған қоғамдық байлық азық-түлік немесе күнделікті қажет бұйымдар шығаратын салаларда жұмсалады. Сондай-ақ, организмнің қажеттіліктерге пара-пар емес белсенділіктің шектен тыс деңгейіне жететіні болады, және осы шектен тыс даму келтірген шығынның орнын толтыру үшін оған басқаларға тиісті үлестен қарпып қалуға тура келеді. Мысалы, шенеуніктер немесе солдаттар немесе офицерлер, немесе делдалдар немесе дінбасылар және т.б. тым көп болатын қоғамдар бар; осы гипертрофиядан басқа кәсіптер зардап шегеді. Бірақ барлық осы жағдайлар – патологиялық жағдайлар; олар организмнің қоректенуі жүйелі еместігінен немесе қызметін тепе-теңдіктің

249 Саясат, ІV (VІІ), 16, 1335 b, 20 және әрі қарай.
250 Bordіer. Vіe des socіetes, p. 45.

бұзылуынан туындайды. Бірақ бұл жерде қарсылық тууы мүмкін. Өнеркәсіп, егер ол қандай да бір қажеттікке сәйкес келетін болса ғана өмір сүре алады. Мамандану қоғамның қандай да бір қажеттігіне сәйкес келгенде ғана қызмет мамандана алады. Бірақ әрбір жаңа маманданудың нәтижесі – өндірістің ұлғаюы немесе жақсаруы. Егер осы артықшылық еңбек бөлінісінің негізін құрамаған күнде де, қалай дегенмен, ол – оның қажетті нәтижесі. Демек, индивидтер неғұрлым мол және сапасы жақсы өнімдерге шынайы қажеттілікті сезетін жағдайда ғана прогресс мүмкін болады. Көлік индустриясы пайда болғанға дейін, әркім қолындағы құралымен күн көрді. Бірақ оның кәсіпке айнала алуы үшін адамдардың оған дейін қанағат тұтқан нәрсеге енді қанағаттанбауы және неғұрлым талапшыл болуы қажет. Бірақ осы жаңа талаптар қайдан келіп шығады? Олар – еңбек бөлінісі прогресін тудыратын себептің салдары. Біз шынында, оның күрес жанталасының ұлғая түсетінін көрдік. Ал мұндай күреске көбірек күш-жігер жұмсау, демек, көбірек қажу тән. Бірақ өмірді сақтау үшін есе шығынға пропорциялы болуы қажет; сондықтан да соған дейін табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін жеткілікті болған қорек, енді жеткіліксіз. Неғұрлым мол және таңдаулы қорек қажет. Қала жұмысшысының еңбегінен гөрі, еңбегі жеңілдеу шаруа өз күшін азырақ азықпен де қамтамасыз етеді. Ал қала жұмысшысы өсімдіктен жасалған азықты місе тұта алмайды, және тіпті сондай жағдайда да өз организмінің бюджетінде күн сайын үздіксіз қарқынды жұмыстан туындайтын тапшылықты қиындықпен теңдестіреді251. Екінші жағынан, бұл артық шығындар негізінен орталық нерв жүйесіне тиеді252; өйткені күрес құралдарын табу үшін, жаңа мамандықтар жасау үшін, оларды игеру және т.б. үшін барынша тыным таппау қажет. Жалпы, орта өзгерістерге неғұрлым көбірек ұшырайтын болса, өмірдегі интеллект үлесі соғұрлым көбірек болмақ, өйткені үздіксіз бұзылатын тепе-теңдікті қалпына

251 Қараңыз: Bordіer. Op. cіt., p. 166 etc.
252 Fere. D~g~nerescence et crіmіnalіt~, p. 88.

келтіру үшін сол ғана жаңа жағдайларды таба алады. Демек, бәсеке қаншалық күшейе түссе, ми қызметі тап сол мезгілде және тап сол шамада дамиды. Осынау қабаттаса жүретін прогресс игі жақсыларда ғана емес, қоғамның барлық таптарында байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да жұмысшыны диқанмен салыстыру жеткілікті; кәсібінің көбінесе механикалық сипатына қарамастан, жұмысшының анағұрлым ақылды екендігі белгілі. Ақыл сырқаттарының сондай-ақ өркениятпен бірге көбейетіні және деревнялардан гөрі, қалаларда көбірек, ал шағын қалалардан гөрі, үлкен қалаларда көбірек көбейетіні кездейсоқ емес253. Неғұрлым көлемді де жетілген мидың қажеттері тұрпайы мидың қажеттерінен өзге. Соңғысы тіпті сезбей де қалатын азап пен мұқтаждық біріншісін қатты қинайды. Сондықтан да бұл органды, ол жетіле түскендіктен, жағымды қоздыру үшін неғұрлым қарапайымдау қоздырушы қажет, – және ол тап сол уақытта дамығандықтан олар көп мөлшерде қажет. Ақыр соңында, ақыли қажеттіктер басқа барлығынан гөрі, көбірек ұлғаяды254; қарадүрсін түсіндірмелер алғыр ақыл-ойды енді қанағаттандыра алмайды. Жаңа түсіндірмелер талап етіледі және ғылым бір мезгілде осы талпыныстарды қолдап отырады әрі қанағаттандырады. Сонымен, барлық осы өзгерістер қажеттілікке орай механикалық түрде болады. Егер біздің интеллектіміз, біздің сезімталдығымыз дамып, жетіле түссе, оның себебі біздің оларды көбірек жаттықтыратынымызда; ал егер біз оларды көбірек жаттықтырсақ, оның себебі біздің мұны істеуге күрестің көбірек жанталасты бола түсуінен мәжбүр болатынымызда. Міне осылайша, қаламаса да, адамзат неғұрлым белсенді де әралуан мәдениетті қабылдауға неғұрлым қабілетті бола түседі. Алайда егер де басқа бір фактор араласпаса, онда осынау қарапайым бейімділік өзін қанағаттандырудың құралын өзінен-өзі тудыра алмас еді, өйткені ол рахатқа қабілетті ғана құрайды, ал Бэн көрсеткендей, “рахатқа қабілеттің өзі ғана міндетті түрде ынтаны тудырмайды. Біз музыкамен,

253 Dіctіonnaіre encyclop~dіque medіcales басылымынан "Жындану" атты мақаланы қараңыз. 254 Интеллекттік немесе ғылыми өмірдің бұл дамуының басқа да себебі бар, біз оны келесі тарауда қарастырамыз.

кескіндеме өнерімен, ғылыммен шұғылданудан ләззат алатындай болып, алайда бұған әрдайым кедергі жасалып отырса, оны қаламай-ақ қоятындай болып жаралуымыз мүмкін”255. Бізді едәуір күшті тұқым қуалаушылық бірдеңеге итермелеген күнде де, біз онымен қатынасқа түсіп қана, соны қалай аламыз. Жыныстық қатынастар мен ол беретін ләззат туралы ешқашан естімеген бозбала, әрине, белгісіз, айқын емес беймазалықты бастан кешіре алады; ол өзіне бірдеңе жетіспейтінін, бірақ нақты не екенін білмейтінін түйсінеді, демек, онда нақты жыныстық ұмтылыс болмайды; сондықтан осынау дүдамал ұмтылыстар өзінің жаратылыстық мақсаттары мен қалыпты бағытынан біршама оңай ауытқып кетуі мүмкін. Бірақ адам осынау ләззаттарды пайдалану ахуалына жеткен сәтте және оны санасыз шақыратын кезде оларды қол жетерлік деп табады, өйткені тап сол мезетте оларды оған жеткізетін еңбек бөлінісі дамыды. Факторлардың екі қатары да алдын ала үйлестірілген ешқандай жарастықсыз-ақ кездесе береді, өйткені олар бір ғана себептің салдарлары. Бұл кездесуді былайша елестеуге болады. Жаңаның тартымдылығының өзі ғана адамды осы ләззаттан тұщынуға итермелей алар еді. Ол тіпті бұған, осынау қозудың молдығы мен күрделілігі ол осы уақытқа дейін қанағат тұтқан нәрселерін жай ғана екен деп табуға неғұрлым көбірек мәжбүрлеген сайын, соғұрлым табиғи түрде ұмтылады. Мұның үстіне, ол тәжірибеге дейін-ақ оларға ақылымен бейімделе алады; және іс жүзінде олар оның организмінде болған өзгерістерге сай келетіндіктен, олардан өзіне жақсы болатынын алдын ала сезеді. Осы алдын ала сезуді одан соң тәжірибе қуаттайды; мүлгіп жатқан қажеттіліктер оянады, айқындалады, өздерін жете ұғына бастап, ұйымдасады. Бұл, әрине, мұндай бейімделу барлық жағдайда соншалықты мінсіз, еңбек бөлінісінің прогресінен туындаған әрбір жаңа өнім әрдайым біздің табиғатымыздың шынайы қажеттіліктеріне сәйкес келеді деген сөз емес. Керісінше, қажеттіліктер көбінесе соларға қатысты затқа дағдыланғаннан да сіңірілуі әбден ықтимал. Бұл зат пайдалы да, қажетті де болмаған; бірақ

255 Emotіons et volonte, p. 419.

күтпеген жерден онымен бірнеше рет істес болып, оған соншалық үйреніп қалуға тура келді де, енді онсыз аттап баса алмайтындай боласың. Таза механикалық себептерден туындайтын жарасым шамалас және мінді болмай қоймайды; бірақ ол жалпы тәртіпті ұстап тұруға жеткілікті. Еңбек бөлінісі туралы осылай болады. Онда жүретін прогресс әрдайым емес, тек тұтас қана адамда болып жататын өзгерістермен жарасымда болып, бұл оның ұзаққа созылуына мүмкіндік береді. Алайда, қайталап айтайық, бұдан біз бақытты бола түспейміз. Әрине, бұл қажеттіліктер қоздырылған соң, өзіңді азапқа салмай, оларды қанағаттандырмау мүмкін емес. Бірақ олардың қозғанынан, біздің бақытымыз көбірек болған жоқ. Оған қатысты біз ләззатымыздың салыстырмалы қарқынын өлшейтін бастапқы нүкте орнын ауыстырды; бұдан бүкіл шкаладағы төңкеріс туындайды. Бірақ ләззаттың осы орын ауыстыруынан оның өсімі көбеймейді. Орта енді бұрынғыдай болмағасын, біз өзгеруге тиіс едік және бұл өзгеріс біздің бақытты болуымыздың тәсілінде басқа өзгеріс тудырды; бірақ кім “өзгерістер” десе, ол, міндетті түрде “прогресс” деген сөз емес. Біздің еңбек бөлінісіне көзқарасымыз экономистердің көзқарасынан қаншалықты өзгешеленетіні анық. Олар үшін ол негізінен көбірек өндіруден тұрады. Біз үшін осынау көбірек өнімділік тек қажетті салдар, құбылыстың бейнеленуі ғана. Егер біз мамандансақ, бұл көбірек өндіру үшін емес, бұл тіршілік етудің жаңа жағдайында өмір сүре алу ахуалында болу үшін болмақ.

Жоғарыда айтылғанның барлығынан шығатын қорытынды еңбек бөлінісі орнығып болған қоғам мүшелері арасында ғана бола алады. Расында да, бәсеке оқшау және бөтен индивидтерді өзара қақтығыстырғанда, тек оларды бұрынғыдан да алшақтата түседі. Егер оларда бос кеңістік болса, олар бір-бірімен ұшыраспауға тырысады; егер олар белгілі бір шекарадан шыға алмайтын болса, олар бір-бірінен одан сайын тәуелсіз

болатындай етіп жіктеледі. Таза дұшпандық қатынастар қандай да бір басқа фактордың араласуынсыз әлеуметтік қатынастарға айналатын бір де бір оқиғаны келтіре алмайсың. Сондықтан, бір ғана жануарлар немесе өсімдіктер түрінің индивидтері арасында мүлде ешқандай байланыс болмайтындықтан, олардың арасындағы күрес тек бұрынғыдан да айрылыса түсуге, бір-бірінен барған сайын алыстай түсетін ұқсас емес түрлердің туындауына жетелейді. Осынау прогресті бөлінуді Дарвин нышандардың дивергенция (айырма – Ред.) заңы деп атады. Ал еңбек бөлінісі қарсы қояды, бірақ сонымен бір мезгілде қосады; ол өзі жіктейтін қызмет түрлерін жақындасуға мәжбүр етеді; ол өзінің бөлгендерін жақындастырады. Бәсеке бұл жақындасуды туғыза алмайтындықтан, жақындасу күн ілгері болуы қажет; араларында күрес туындай бастаған индивидтердің ынтымақтас болып, соны сезуі қажет, яғни олардың бір қоғамға жатуы қажет. Бәсекенің таралатын ықпалына қарсы тұруға осы ынтымақ сезімі тым әлсіз болатын жерде бәсеке еңбек бөлінісінен мүлде басқа салдарды туындататыны міне сондықтан. Халықтың аса тығыздығы салдарынан өмір сүру тым қиын болатын елдерде тұрғындар маманданудың орнына, біржолата немесе уақытша қоғамнан кетіп қалады; олар басқа елдерге қоныс аударады. Айтпақшы, гәптің басқаша болуы мүмкін де еместігін түсіну үшін еңбек бөлінісі не екендігін елестету жеткілікті. Еңбек бөлінісі шын мәнісінде бұрын ортақ болған қызметтерді бөлісуден тұрады. Бірақ бұл бөлу алдын ала белгіленген жоспар бойынша жасала алмайды; жұмыстар арасындағы, олар бөлініп кеткенде, шекаралық сызық қай жерде болу керектігін алдын ала айту мүмкін емес; өйткені ол заттар табиғатында соншалық айқын белгіленбеген, бірақ, керісінше, көптеген жағдайларға тәуелді. Олай болса, еңбек бөлінісі өздігінен және дәйекті жүзеге асырылуы қажет. Демек, осы жағдайда қызмет, еңбек бөлінісінің табиғаты талап ететіндей, бірін-бірі дәлме-дәл толықтыратын екі бөлікке бөлінуі үшін, маманданатын бөліктің екеуі де осы бөлінудің бүкіл барысында тұрақты қарым-қатынаста болуы қажет; біреуінің екіншісі жоғалтатын бүкіл қозғалысқа ие болуының және олардың бір-біріне

бейімделуінің басқа әдісі жоқ. Бірақ, барлық мүшелері өзара тіндермен байланысқан жәндіктер колониясы индивидті құрайтын секілді, үздіксіз қарымқатынаста болатын индивидтердің әрбір агрегаты қоғамды құрайды. Еңбек бөлінісі, олай болса, өмір сүріп тұрған қоғамның ішінде ғана жүруі мүмкін. Бұнымен біз индивидтер материалдық жағынан бір-бірімен байланысты болуы қажет деп жай ғана айта салғымыз келмейді, сонымен бірге, олардың арасында моральдық байланыстардың болуы қажет. Біріншіден, материалдық сабақтастық өздігінен-ақ осы байланыстарды туындатады, ол тек ұзаққа созылған болсын; бірақ олар, сонымен қатар, тікелей қажет. Егер де бастапқы, байқасталатын кезеңдегі қатынастар ешқандай ережеге бағындырылмаған болса, егер де ешқандай өкімет дара мүдделер тартысын жұмсартпайтын болса, онда одан ешқандай жаңа тәртіп шыға алмайтын былық орын алар еді. Рас, сонда бәрі де жеке, еркін талқыланатын келісімдер арқылы жасалады деп ойлайды; осылайша, тегінде, ешқандай әлеуметтік ықпал болмайтындай көрінеді. Бірақ келісімшарттар заңдық реттеу, демек, қоғам бар жерде ғана мүмкін екендігі ұмытылады. Демек, еңбек бөлінісінен кейде бүкіл әлеуметтік өмірдің негізгі фактысын көру қате. Еңбек тәуелсіз және жіктелген, өздерінің әртүрлі қабілеттерін келістіру үшін қосылатын индивидтер арасында бөлінбейді. Егер де, жағдайлардың кездейсоқ тоғысуынан туындаған айырмашылықтар, байланысты бүтін құралатындай дәлме-дәл келісе алатын болса, бұл ғажап болар еді. Олар ұжымдық өмірдің алдында болмайтыны былай тұрсын, керісінше, содан шығады. Олар қоғамның ішінде және әлеуметтік сезімдер мен қажеттіліктердің қысымымен ғана пайда бола алады; оларды негізінен жарасымды ететін де сол. Сонымен, қандай да еңбек бөлінісінен тыс, бірақ ол топшылайтын әлеуметтік өмір болады. Топтасуы негізінен наным-сенімдер мен сезімдер ортақтығынан туындаған қоғамдардың бар екендігін және еңбек бөлінісімен бірлігі қамтамасыз етілетін қоғамдар нақ сол қоғамдардан шыққандығын көрсетіп, біз нақ осыны тікелей анықтадық. Алдыңғы кітаптың байламдары және біз енді келіп отырған қорытынды, демек, өзара қуаттау мен

тексеруге қызмет ете алады. Физиологиялық еңбектің бөлінуі де осы заңға бағынышты: ол әрқашан белгілі бір байланысы бар көп клеткалы массалардың ішінде ғана пайда болады. Қандай да бір қоғам негізінен кооперациядан тұратыны көптеген теоретиктерге анық болып көрінеді. “Сөздің ғылыми мағынасында, – дейді Спенсер, – қоғам индивидтер бір-біріне жақын орналасып қана қоймай, сонымен бірге кооперациялайтын кезде ғана өмір сүреді”256. Біз осынау алдамшы аксиома ақиқатқа қайшы екендігін көрдік. “Кооперацияның қоғамдарды тудыруы былай тұрсын, оның алдын ала өздігінен құрылуын қажетті түрде талап етеді" деп, Огюст Конт айтқандай, керісінше болатыны анық257. Адамдарды механикалық себептер мен қандас туыстық, бір жерге сүйіспеншілік, ата-бабалар культі, салттардың ортақтығы және т.б. секілді импульстік күштер жақындастырады. Топ осы негіздерде құрылған кезде ғана, онда кооперация ұйымдастырылады. Мұның үстіне, басында мүмкін болатын жалғыз ғана кооперацияның тұрақсыз да әлсіз болатыны сонашылық, егер де әлеуметтік өмірдің басқа қайнар көзі болмаса, ол өздігінен күшке де, тұрақтылыққа да ие болмас еді. Демек, еңбек бөлінісінен келіп шығатын күрделі кооперация тым бертінгі және туынды құбылыс болып табылады. Ол орныққан кезде оның ішінде болатын ішкі қозғалыстардан туындайды. Рас, ол пайда болды екен, ол әлеуметтік байланыстарды тығыздай түсіп, қоғамды неғұрлым мінсіз даралыққа айналдырады. Бірақ бұл кірігу оны алмастыратын басқа кірігуді талап етеді. Әлеуметтік бірліктер жіктелу үшін алдымен олар ұқсастықтарының пәрменімен жақындасып, топтасуы қажет. Осынау қалыптасу процесі эволюцияның басында ғана емес, оның әрбір сатысында байқалады. Біз шынында жоғары қоғамдар тап сол тұрпаттағы төмен қоғамдардың қосылуынан шығатынын білеміз: жіктелу процесінің басталуы немесе қайта басталуы үшін алдымен соңғылар бірдей ұжымдық сана бағытында бірігуі қажет. Осылай, неғұрлым

256 Socіologіe, ІІІ, p. 331.
257 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 421.

күрделі организмдер ассоциацияланып болып қана жіктелетін неғұрлым қарапайым, өзара ұқсас организмдердің қайталануы арқылы құрылады. Қысқасы, ассоциация мен кооперация – әртүрлі екі факт, және егер екіншісі дамып, біріншісіне үн қатса, сөйтіп оның түрін өзгертсе, егер адамдар қоғамы барған сайын серіктесетін индивидтер топтарына айналатын болса, бұдан осы құбылыстардың екіжақтылығы жоғалып кетпейді. Егер осы маңызды ақиқатты утилитаристер мойындамаса, бұл адасу қоғамның генезисі туралы олардың түсінігімен байланысты. Олар тәуелсіз де оқшау индивидтер әу бастан бар, кейіннен ол индивидтер серіктесу үшін ғана байланыс орната алады дейді; өйткені оларда өздерін бөліп тұрған кеңістікті еңсеріп, бірлесу басқа негізі жоқ. Бірақ осынау сонша таралған теория нағыз ex nіhіlo туындысын уағыздайды. Ол іс жүзінде қоғамдарды индивидтен шығарады; бірақ біздің осы секілді өздігінен пайда болу мүмкіндігіне сенімімізге ешқандай негіз жоқ. Спенсердің мойындауынша, қоғамның құрыла алуы үшін, осы гипотезаға сәйкес, бастапқы бірліктердің "толық тәуелсіздік ахуалынан өзара тәуелділік ахуалын өтуі” қажет258. Бірақ оларды осындай өзгеруге не нәрсе итермелеуі мүмкін? Әлеуметтік өмір беретін болашақ артықшылықтар ма? Бірақ ол артықшылықтар тәуелсіздіктен айрылудан көп кемшін; табиғатынан бостан және жалғыз өмір сүруге жаралған тіршілік иелеріне осы секілді құрбандық бәрінен ауыр. Бұған алғашқы әлеуметтік тұрпаттарде ол мүмкін болғанынша абсолютті екенін, себебі индивидті топ еш жерде толық сіңірмегенін қосыңыз. Адам, топшыланып жүргеніндей, индивидуалист болып жаратылса, ол өзінің оның негізгі мақсатын соншалықты күшті бұзатын тіршілікке қалайша келіспек? Осындай шығынмен салыстырғанда кооперацияның дүдамал пайдасы оған соншалық жадау көрінуге тиіс қой! Теретиктер елестететін сондай оқшау индивидуалистерден сондай индивидуалистерден басқа ештеңе шығуы мүмкін емес, демек, әлеуметтік ережелерге бағындырылған әлеуметтік факт болып табылатын кооперацияның өзі олардан пайда бола алмайды. Осылай, өзінің

258 Socіologіe, ІІІ, p. 332.

“менімен” тұйықталған психолог “мен еместі” табу үшін одан шыға алмайды. Ұжымдық өмір жеке өмірден пайда болған жоқ, керісінше соңғысы біріншіден пайда болды. Тек осындай шартпен ғана әлеуметтік бірліктердің жеке даралығы қалай қалыптасып, өсіп шыққанын, қоғамды қайта ыдыратпай, өзіңе түсіндіруге болады. Шынында да, бұл жағдайда ол өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаның ішінен өсіп шығатындықтан, ол қажетті түрде оның тамғасына ие болады; ол өзі байланысты сол ұжымдық тәртіпті бұзбайтын түрде орнайды; ол одан бөлінгенмен, оған бейімделген болып қала береді. Онда әлеуметтікке қарсы ештеңе жоқ, себебі ол – қоғамның жемісі. Бұл абсолютті, қалған дүниесіз де бола беретін, өздігінен-ақ асқақ монада емес, бұл – өзінің белгілі бір қызметі бар, организмнің қалған бөлігінен, күйреуге тәуекел етпей бөлініп шыға алмайтын органның немесе органның бір бөлігінің даралығы. Бұл жағдайда кооперация мүмкін ғана емес, қажет те болады. Утилитаристер, демек, фактылардың табиғи тәртібін бұрмалайды және бұл бұрмалаушылық тіпті де қайран қалдырмайды: бұл санадағы бірінші нәрсе болмыста соңғы нәрсе болып шығады дейтін жалпы ақиқаттың жеке көрінісі. Кооперация – ең жаңа факт болғандықтан, ол ең алдымен таң қалдырады. Сондықтан егер, естілік істейтініндей, көз көргеннен танбасақ, кооперациядан моральдық және әлеуметтік өмірдің бастапқы фактысын көреміз. Бірақ кооперация дегеніміз бүкіл инсаният болмаса да, кейбір моралистер секілді, оны инсанияттан тыс қоймау керек. Утилитаристер секілді, осы идеалистер одан жалғыз серіппесі – өзімшілдік болатын тек қана экономикалық қатынастар, жеке келісімдер жүйесін көреді. Шындығында моральдық өмір оны құрайтын барлық қатынастарда болады өйткені егер әлеуметтік, демек, моральдық сезімдер оның санасын басқармаса, ол мүмкін болмас еді. Интернационалдық еңбек бөлінісіне сілтеме жасап та қарсылық білдіреді; бері салғанда, осы жағдайда араларында еңбек бөлінетін индивидтердің бір қоғамға жатпайтыны айдан анық екендігі көрсетіледі. Бірақ топ өзінің даралығын толық сақтай отырып, тап сол түрдегі бірнеше топты қамтитын басқа, көлемі үлкен топқа енуі мүмкін екендігін еске түсірген жөн.

Экономикалық немесе басқа қызмет екі қоғамның арасында, тек егер олар кейбір жағынан бір ортақ өмірге бірге қатынасса, демек, бір қоғамға жататын болса, бөлінуі мүмкін деуге болады. Шынында да, осынау екі ұжымдық сана бір жерде қосылып кетпейді деп топшылап көріңіз, сонда осы екі агрегат үздіксіз және қажетті байланысқа қалай ие болатыны, демек, олардың бірі басқасына өзінің қызметтерінің бірін қалай бере салатыны түсініксіз болып шығады. Бір халық басқа бір халықтың араласуына наразы болмауы үшін бәрінен артықпыз деген отаншылдықпен тұйықталуды қойып, басқа, неғұрлым кең отаншылдықты меңгеруі қажет. Айтпақшы, фактылардың осы байланысын халықаралық еңбек бөлінісінің бізге тарих беріп отырған ең таң қаларлық мысалынан анық байқауға болады. Іс жүзінде, ол нағыз күйінде тек Еуропада ғана және біздің заманда туындады деуге болады. Бірақ өткен ғасырдың соңына, осы ғасырдың басына қарай еуропалық қоғамдардың ұжымдық санасы қалыптаса бастады. “Арылу маңызды соқыр сенім бар, – дейді Сорель. – Бұл – ескі тәртіптегі Еуропа туралы дұрыс құрылған қоғам деген түсінік, ол түсінік бойынша оны құраған әрбір мемлекет өзінің құлқын барша жұрт мойындаған принциптерге құрыпты, онда белгіленген ережеге деген құрмет мәмілелер мен келісімшарттарды басшылыққа алыпты, онда адал ниеттілік олардың орындалуын қамтамасыз етіпті, онда монархиялардың ынтымақ сезімі қоғамдық тәртіпті сақтап отырумен бірге монархтар жасасқан міндеттемелердің беріктігін қамтамасыз етіпті деген түсінік... Әркімнің құқықтары баршаның парызынан туындайтын Еуропаның ескі тәртіптің мемлекет қайраткерлеріне жат бірдеңе болғаны соншалық, ол туралы ұғымды сіңіріп, оның қажеттігін дәлелдеу үшін бұрынсоңды болған барлық соғыстардың ішіндегі ең сұмдығы – ғасыр ширегіне созылған соғыс қажет болды. Еуропаға қарапайым ұйымдасу түрін беру жөнінде Вена конгресінде және одан кейінгі конгрестерде жасалған әрекеттер артқа емес, алға қарай аттаған қадам болды”259. Керісінше, тар ұлтшылдыққа қандай да бір қайта оралудың салдары – әрқашан протекциялық рухтың дамуы,

259 L’Europe et la Revolutіon Fran:;aіse, І, p. 9-10.

яғни халықтардың экономикалық және моральдық жағынан өзін-өзі оқшаулауға ұмтылысы. Алайда, егер кейбір жағдайларда, ештеңемен байланысты емес, кейде тіпті бірін-бірі дұшпан санайтын халықтар260 өзара азды-көпті жүйелі түрде өнім алмасатын болса, бұл фактылардан, еңбек бөлінісімен ешқашан сорпасы қосылмайтын жай ғана мутуализм (организмдер симбиозының бір түрі – Ред.) қатынастарын көру қажет261. Әртүрлі екі организмнің өз пайдасын көздеп бірбіріне бейімделе алу қасиетінен олардың арасында қызметтер бөлінісі орын алатыны туындамайды262. ІІІ тарау

Қосалқы факторлар

Ұжымдық сананың үдемелі бұлдырлығы және оның себептері

Осы еңбектің бірінші бөлімінде біз ұжымдық сана еңбек бөлінісінің дамуына қарай әлсіз де бұлдыр бола бастайтынын көрдік. Нақ осы үдемелі

260 Қараңыз: Kulіscher. Der Handel auf den prіmіtіven Culturstufen (Ztschr. f`r V@lkerpsychologіe, X, 1877, S. 378); Schrader. Lіnguіstіsch-hіstorіsche Forschungen zur Handelsgeschіchte. Jena, 1886. 261 Рас, мутуализм әдетте әрқилы түрлер арасында болады, бірақ құбылыс тіпті бір түрдің өкілдері арасында орын алғанда да сол күйінде қалады. Мутуализм туралы қараңыз: Қараңыз: Espіnas. Socі~t~s anіmales; Gіraud. Les socі~t~s chez les anіmaux. 262 Қорытынды есебінде мынаны ескерте кетейік: бұл тарауда біз тек еңбең бөлінісінің тұрақты прогресі қалай жүретінін зерттеп, осы прогресті анықтайтын себептерді көрсеттік. Бірақ әлдене бір қғамда кейбір еңбек бөлінісі, әсіресе, экономикалық еңбек бөлінісі әбден дамып, бірақ сегментті тұрпат әлі анық көрінетін болуы әбден ықтимал. Тегінде, бұл Англияда орын алып отырған болуы керек. Ірі өнеркәсіп пен сауда онда континенттегі секілді дамыған, дегенмен ұялы жүйе онда әлі де айқын білінеді, мұны жергілікті өмірдің автономиясы да, онда дәстүр сақтап қалған бедел де (соңғы фактының көп нәрсені аңғартатын маңызы келесі тарауда анықталады) дәлелдейді. Гәп мынада: біз көргеніміздей, туынды және екінші реттегі құбылыс болатын еңбек бөлінісі әлеуметтік өмірдің бетінде өтеді, және бұл экономикалық еңбектің бөлінісінде ерекше дұрыс. Ал кез-келген организмде үстірт құбылыстар өздерінің жағдайы бойынша сыртқы себептердің ықпалына, тіпті олар тәуелді болатын ішкі себептер өзгермеген күннің өзінде, берілгіш болады. Қандай да бір жағдай халықтың бойында материалдық молшылыққа неғұрлым күшті қажеттілік тудырса болғаны, онда әлеуметтік құрылым онша өзгермей-ақ экономикалық еңбек бөлінісі дамып жүре береді. Еліктеу рухы, неғұрлым нәзік өркениятпен аралас-құраластық осындай ықпал жасай алады. Мәселен, сананың жоғары, демек, ең беткі қабатындағы бөлшегі болатын ақыл, мысалы, тәрбие секілді сыртқы ықпалмен оп-оңай өзгертіле алады, ал психикалық өмірдің негізі қозғалмайды. Осындай жолмен табысты қамтамасыз етуге жеткілікті, бірақ терең тамыры жоқ интеллекттер жасалады. Бұл салыстыру қоғамның әлеуметтік сатыда алатын орнына оның өркениятының, әсіресе экономикалық өркениятының ахуалына қарап баға беруге болмайды; өйткені өркеният ахуалы тек еліктеу, көшірме болып, төменгі түрдің әлеуметтік құрылымын бүркемелеп тұруы мүмкін. Рас, бұл жағдай өте сирек, бірақ бәрібір ұшырасады. Тек мұндай жағдайларда қоғамның материалдық тығыздығы моральдық тығыздық ахуалын дәл білдірмейді. Демек, біз белгілеген принцип жалпы алғанда дұрыс, және біздің дәлелеіміз үшін осы да жеткілікті.

бұлдырлық пәрменімен еңбек бөлінісі ынтымақтың басты қайнар көзіне айналады. Осынау екі құбылыс көрсетілген тұрғыда байланысты болғандықтан, ұжымдық сананың осы регресінің себептерін зерттеудің пайдасы жоқ емес. Оның заңдылығын көрсетіп, біз оның әлеуметтік эволюцияның кейбір негізгі шарттарына белгілі дәрежеде тәуелді екендігін тікелей анықтап бергеніміз даусыз. Бірақ, егер де біз сол шарттарды тапқан болсақ, алдыңғы кітаптың бұл қорытындысы одан сайын даусыз болар еді. Айтпақшы, ол мәселе біз қазір қарастыратын мәселемен байланысты. Біз жаңа ғана еңбек бөлінісінің прогресі әлеуметтік бірліктердің бір-біріне жасайтын және оларды барған сайын алшақтай беретін бағытта дамуға мәжбүрлейтін, күшейе түскен қысымынан туындағанын көрсеттік. Бірақ бұл қысым ұжымдық сананың әрбір жеке санаға көрсететін қарама-қарсы қысымымен әрқашан бейтараптандырылады. Ұжымдық сана бізді ерекше тұлғаға айналуға жетектесе, екіншісі, керісінше, бізді баршаға ұқсауға мәжбүрлейді. Біріншісі бізді өз табиғатымыздың жетегіне еруге ыңғайласа, екіншісі бізді тежеп, ұжымдық тұрпаттан қашықтауымызға бөгет жасайды. Басқаша айтқанда, еңбек бөлінісі пайда болып, дамуы үшін индивидтерде әлеуметтік қабілеттер ұрықтарының болуы немесе олардың осы қабілеттер бағытында өзгеруге жетектелуі жеткіліксіз; сонымен бірге индивидуалдық өзгерістердің мүмкін болуы қажет. Бірақ олар ұжымдық сананың қандай да бір күшті де айқын ахуалына қарсы тұрған жағдайда пайда бола алмайды; өйткені сананың күйі неғұрлым күшті болса, оны әлсіретуі мүмкін барлық нәрсеге ол соғұрлым көбірек қарсы тұрады; ол неғұрлым айқын болса, өзгерістерге соғұрлым аз орын қалдырады. Демек, ортақ сана неғұрлым жігерлі де айқын болса, еңбек бөлінісінің прогресі соғұрлым баяу әрі қиын болатынын алдын ала көруге болады. Керісінше, индивид өзінің жеке ортасымен неғұрлым оңай жарасым табатын болса, ол соғұрлым жылдам болады. Бірақ мұндай ортаның болуы ғана ол үшін жеткіліксіз; сонымен бірге әркімнің оған еркін бейімделе алуы, яғни тіпті топ дәл сол уақытта және сол бағытта қозғалмаған кезде, тәуелсіз қозғалуға қабілетті болуы қажет. Ал біз жеке кісінің төл қозғалыстары

механикалық ынтымақ неғұрлым көбірек дамыған болса, соғұрлым сирек екендігін білеміз. Ұжымдық сананың еңбек бөлінісіне осы бейтараптандырушы ықпалын тікелей байқауға болатын көптеген мысалдар бар. Заң мен құлықтар жылжымайтын мүліктің ажыратылмайтындығы мен бөлінбейтіндігін қатаң міндет етіп отырғанда еңбек бөлінісінің пайда болуына қажетті жағдай жоқ. Әрбір отбасы шағын бұқараны құрайды және бәрі де бір іспен: мұрагерлік мүлікті пайдаланумен шұғылданады. Славяндарда задруганың ұлғаятыны соншалық, онда қайыршылық тым қатты болады; алайда отбасылық рух өте күшті болғандықтан, теңізде жүзуші немесе көпес кәсібі секілді шеттен қандай да бір кәсіп іздеудің орнына, әдетте бірге өмір сүре береді. Еңбек бөлінісі ілгерілеген басқа бір қоғамдарда әрбір тап белгілі бір және әрқашан бірдей қызметтер атқарады, оларды жаңалықтарға қатаң тыйым салынған. Кейбір қоғамдарда азаматтарға нақты жол азды-көпті анық жабық мамандықтардың тұтас санаттары болады. Грекияда263, Римде264 өнеркәсіп пен сауда жеккөрінішті кәсіп болатын; кабилдерде кейбір кәсіптер, мысалы, қасап, етікші кәсібі және т.б. қоғамдық пікірмен айыпталады265. Демек, мамандану осы әртүрлі бағыттарда пайда бола алмайды. Ақыр соңында, экономикалық өмірі белгілі бір даму деңгейіне жеткен халықтарда, мысалы байырғы корпорациялар заманында бізде қызметтер еңбек бөлінісі ілгерілей алмайтындай етіп реттелді. Әркім бір үлгі бойынша жұмыс істеуге міндетті болатын жерде қандай да дара өзгеріс жасалуы мүмкін емес болды266. Тап сол құбылыс қоғамдық өкілдер саласында да болады. Дін, ұжымдық сананың осынау маңызды пошымы, бастапқыда өкілдіктердің барлық қызметтерін практикалық қызметтермен бірге қамтиды. Біріншілері соңғылардан тек философияның пайда болуымен ғана бөлініп шығады. Бірақ бұл дін өзінің билігінің бір бөлігін жоғалтқан кезде ғана мүмкін. Заттарды

263 B`sschenschh`tz. Besіtz und Erwerd. 265 Hanoteau et Letourneux. La cabylіe et les coutumes cabyles, ІІ, p. 23. 266 Levasseur. Les classes ouvrі~res en //france juqu** la R~volutіon, passіm.

көрсетудің бұл жаңа тәсілі қарсылық көрсететін ұжымдық санамен қақтығысады. Кейде еркін сын діни наным-сенімдердің құлдырауын туындатты делінетін; бірақ, ол, өз кезегінде, осы наным-сенімдердің өзінің алдымен құлдырауын талап етеді. Ол оған ортақ сенім мүмкіндік берген жағдайда ғана пайда бола алады. Тап осындай антоганизм жаңа ғылым пайда болған әрбір кезде бұрқ ете қалады. Христиандықтың өзі, ол басқа кез-келген діннен гөрі жеке рефлексияға бірден-ақ неғұрлым кең орын бергенімен, осы заңнан құтылып кете алмады. Ғалымдар өз зерттеулерін, ол негізінен адамдардың талқылауына берілген материалдық дүниемен шектеп отырғанда қарсылық қатты бола қоймағаны күмәнсіз. Және де, материалды дүние талқылауға ешқашан толық берілмегендіктен, христиандар Құдайы біздің жер істерінен тым аулақ болмағандықтан, жаратылыстану ғылымдарының да талай мәселеде иман сенім тарапынан сөзсіз кедергіге ұшырап отырды. Бірақ, адамның өзі ғылымның нысанасына айналған кезде бұл қарсылық айрықша жігерлі болды. Иман келтірген адамның басқаларға ұқсас, адамның да жаратылыстық тіршілік иесі ретінде, ал моральдық фактылар – табиғат фактылары ретінде зерттеледі деген идеяға іс жүзінде жиіркене қарамауы мүмкін емес. Осы ұжымдық сезімдердің психология мен әлеуметтанудың дамуына әрқилы пошымдарда кедергі жасағаны мәлім. Сонымен, прогресті еңбек бөлінісімен түсіндіруді толық деп санауға болмайды, өйткені біз оның әлеуметтік ортада болған өзгерістер пәрменімен қажет екендігін жаңа ғана дәлелдедік. Ол сонымен бірге оның қозғалысын не жеделдетуі, не баяулатуы, не мүлде кедергі жасауы мүмкін қосалқы факторларға да байланысты. Шынында да, мамандану – тіршілік үшін күрестің жалғыз ықтимал нәтижесі еместігін ұмытпау қажет: сондай-ақ, эмиграция, отарлау, әлжуаз және барған сайын талас нысанына айнала түскен тіршіліктен бас тарту, ақыр соңында, неғұрлым әлсіздердің өзін-өзі өлтіруі немесе өзге жолмен толық жойылуы бар. Нәтиже белгілі шамада айқын еместіктен және күресушілер басқа шығу жолын жиып қойып, осы шығу жолдарының біріне

міндетті түрде бет алмайтындықтан, олар өздеріне неғұрлым оңай жолға қарай беттейді. Егер еңбек бөлінісінің дамуына ештеңе кедергі жасамаса, олардың маманданатынына шүбә жоқ. Бірақ егер жағдай осы шығу жолын мүмкін емес немесе тым қиын етсе, онда қандай да бір басқасына жүгінуге тура келеді. Осы қосалқы факторлардың біріншісі индивидтердің топқа көбірек тәуелсіздігінен, олардың еркін өзгеруіне мүмкіндік беретін тәуелсіздіктен тұрады. Физиологиялық еңбектің бөлінуі де тап осы шартқа бағындырылған. “Тіпті бір-біріне жақын анатомиялық элементтердің өзі, – дейді Перье, – салыстырмалы түрде өзінің даралығын сақтайды. Жоғары да, төмен де организмдерде олардың саны қанша болғанымен, олар өздерінің көршілерінің қамын ойламай, қоректенеді, өсіп-өніп, көбейеді. Физиологтардың қолында соншама жемісті болған анатомиялық элементтердің тәуелсіздігі заңы осыдан тұрады. Бұл тәуелсіздік пластидтердің неғұрлым жалпы қабілеттерінің еркін дамуының, атап айтқанда сыртқы жағдайлардың немесе тіпті протоплазмаға кейбір іштей тән күштердің ықпалымен өзгермелілігінің қажетті шарты ретінде қарастырылуға тиіс. Олардың өзгеруге қабілеттілігінің және олардың өзара тәуелсіздігінің арқасында басқалардан өзі пайда болған және бастапқыда өзара ұқсас элементтер әртүрлі бағытта өзгере, әртүрлі пошымға, жаңа қызметтер мен қасиеттерге ие бола алатын болды”267. Организмдерде болып жатқан тәуелсіздікке кереғар бұл тәуелсіздік қоғамдарда тірек факт болып табылмайды, себебі бастапқыда индивидті топ сіңірген. Бірақ біз оның кейінірек пайда болып, ұжымдық сана регресінің салдарынан үнемі еңбек бөлінісімен бір мезгілде тұрақты ілгерілейтінін көрдік. Әлеуметтік еңбек бөлінісінің осы пайдалы шарты ол қажетті бола бастауына қарай қалай жүзеге асырылатынын зерттеу ғана қалады. Шүбә жоқ, гәп мынада: оның өзі мамандану прогресін тудырған себептерге тәуелді. Бірақ қоғамдардың көлемі мен тығыздығының ұлғаюы осы нәтижені қалай тудыра алады? І Шағын қоғамда топтың мекендейтін ортасы нақты, себебі бәрі тіршілік

267 Colonіes anіmalіes, p. 702.

етудің шамамен бірдей жағдайында болады. Ол әлеуметтік көкжиекті толтыратын әртүрлі тіршілік иелерінен тұрады. Оны көрсететін сана ахуалдары да, олай болса, тап сол сипатқа ие. Алдымен олар, мысалы, бұл жануар, бұл ағаш, бұл жаратылыстық күш және т.б. секілді белгілі бір нәрселерге жатады. Және де, осы объектілерге қатысты бәрі де бірдей жағдайда болғандықтан, олар бүкіл санаға бірдей ықпалын тигізеді. Бүкіл тайпа, егер ол онша көлемді болмаса, күн немесе жаңбыр, жылу немесе суық, пәленше өзен, пәленше бұлақ және т.б. беретін артықшылықтардан немесе қолайсыздықтардан бірдей ләззат алады немесе азап шегеді. Барлық осы дара әсерлердің қосылуынан пайда болатын ұжымдық әсерлер өздерінің пошымдарында да, нысаналарында да айқын, демек, жалпы сана анық сипатқа ие. Бірақ ол қоғамдар неғұрлым көлемді болуына қарай өзінің табиғатын өзгерте береді. Қоғамдар неғұрлым кең аумаққа таралатындықтан, ұжымдық сана барлық жергілікті айырмашылықтардан жоғары болуға тиіс, кеңістіктен үстем болуға, демек, абстрактылы бола түсуге тиіс. Өйткені барлық осы әрқилы орталар үшін тек ортақ құбылыстар ғана ортақ бола алады. Бұл енді пәленше жануар емес, қайта пәленше түр; пәленше бұлақ емес, қайта бұлақ; пәленше орман емес, қайта нақты орман. Екінші жағынан, тіршілік жағдайы барлық жерде бірдей болмайтындықтан, осы ортақ нысаналар – олар қандай болмасын – барлық жерде енді бірдей сезімдерді туғыза алмайды. Ұжымдық тең әрекет етуші күште бұрынғы айқындылық жоқ және бұл оны құрайтын элементтер неғұрлым ұқсас болмаса, соғұрлым күшейе түседі. Күрделі портретті жасауға себепші болған дара портреттер арасындағы айырмашылық көбейне сайын, біріншісі соғұрлым бұлдырай түседі. Рас, жергілікті ұжымдық саналар ортақ ұжымдық сананың ішінде өзінің даралығын сақтай алады да, кішірек көкжиекті қамтып, олар көбінесе нақты болып қалады. Бірақ біз олардың өздері сәйкес келетін әлеуметтік сегменттер жойылуына қарай бірте-бірте біріншісіне сіңіп кететінін білеміз. Ортақ сананың осы үдемелі тенденциясын, бәлкім, бәрінен жақсы

көрсететін факт, – бұл оның элементтерінің ең маңыздысының, атап айтқанда құдай ұғымының трансценденттігінің қатар өсуі. Әу баста құдайлардың ғаламнан айырмашылығы жоқ, яки, дәлірек айтсақ, құдайлар емес, қасиетті жандар ғана тіршілік етеді, және де олардың қасиетті сипаты өзінің қайнар көзі секілді қандай да бір сыртқы мәніспен байланысты емес. Әулет үшін тотем қызметін атқаратын түрдің жануарлары немесе өсімдіктері табыну нысанасы болып табылады, бірақ бұл қандай да бір suі generіs принципі оларға сырттан құдайлық мәнісін береді деген сөз емес. Бұл мәніс оларға іштей тән; олар өзінен-өзі құдіретті. Бірақ діни күштер олар үшін басында тек атрибут болып саналған объектілерден бірте-бірте қол үзіп, гипостаздалады (тоқырайды – Ред.). Осылайша рухтар немесе құдайлар туралы ұғым туады, олар қай жерде мекендемесін, әйтеуір бар, алайда, олар көбінесе өздері байланысты нақты объектілерден тыс жерде болады268. Осының арқасында-ақ оларда нақтылығы аз бірдеңе болады. Соған қарамастан, олардың саны көп пе, әлде олар біршама бірлікке келтірілген бе, олар бәрібір дүниеге имманентті. Ішінара объектілерден бөлінілген олар бәрібір кеңістікте болады. Олар, солай болғансын, бізге өте жақын жерде, өмірімізге үнемі килігіп тұрады. Анимизмнің неғұрлым жоғары және жақсы ұйымдасқан пошымы болып табылатын грек-латын политеизмі трансценденттілік бағытындағы ілгерілеуді көрсетеді. Құдайлардың мекені адамның мекенінен неғұрлым айқын ерекшеленеді. Олимптің құпия шыңында немесе жердің тереңінде оқшауланып, олар адам істеріне тікелей кейде ғана араласады. Бірақ тек христиандық келгеннен кейін ғана Құдай кеңістіктен біржолата кетеді; оның патшалығы мына жалған емес: құдай мен табиғат арасындағы алшақтықтың толық екені соншалық, тіпті антагонизмге айналады. Сонымен бірге құдай ұғымы тым жалпы және абстрактылы бола бастайды, өйткені ол әуелгідей түйсіктерден емес, идеялардан құралған. Адамзат құдайы рудың немесе антик қаланың құдайынан сөзсіз бұлдырлау. Дінмен бір мезгілде құқықтық жән моральдық ережелер әмбебаптанады. Басында жергілікті жағдайлармен, этностық, климаттық және басқа да

ерекшеліктермен байланысты болған олар, аз-аздап олардан арылып, сол арқылы неғұрлым ортақ бола бастайды. Анықтықтың үздіксіз құлдырауы ортақтықтың осы артуын айқын етеді. Төменгі қоғамдарда мінез-құлықтың тіпті сыртқы пошымы ұсақ-түйекке дейін алдын ала айқындалған. Адамның нақты жағдайда қалай тамақтануға, киінуге тиіс тәсіл, оның істеуі қажет дене қимылдары, оның айтуы қажет формулалар дәл айқындалған. Керісінше, бастапқы нүктеден неғұрлым алыстаған сайын, моральдық және заңдық ережелер соғұрлым анықтығы мен дәлдігінен айрыла береді. Олар мінезқұлықтың ең ортақ пошымдарын ғана, оның үстіне қалай атқарылуы тиіс емес, не атқарылуы тиіс екенін айтып, жалпылама реттейді. Бірақ анық нәрсенің бәрі белгілі бір пошымда көрініс береді. Егер де ұжымдық сезімдер бір кездергі анықтығына ие болса, олар бұлдырлау көрініс бермеген болар еді. Егер де әрекет пен ойдың нақты егжей-тегжейі біркелкі болса, олар да міндетті болар еді. Өркенияттың ұтымдырақ және қисындырақ бола түсетіндігі талай рет атап көрсетілген болатын; енді оның себебі түсінікті. Әмбебап нәрсе ғана ұтымды. Ақылды қысылдыратын жеке және нақты нәрсе. Біз ортақ нәрсе туралы ғана жақсы ойлаймыз. Демек, жалпы сана жеке нәрселерге неғұрлым жақын болған сайын, ол соғұрлым олардың тым дәл белгісінен тұрады және соғұрлым ол түсініксіз. Алғашқы қауымдық өркенияттар бізге жасайтын ықпалдың қайнар көзі міне қайда. Оларды логикалық принциптерге сая алмайтындықтан, біз олардан әртекті элементтердің әдеттен тыс және кездейсоқ қиысуын ғана көруге бейімбіз. Шындығында оларда жасанды ештеңе жоқ; тек оларды айқындайтын себептерді ұғымдардан емес, сезімнің түйсінуі мен қозғалысынан іздеу қажет және осылай болуының себебі сол үшін жаратылған әлеуметтік ортаның жеткілікті көлемді болмауында. Керісінше, өркеният неғұрлым көлемді қызмет аясында дамығанда, ол адамдар мен заттардың көп мөлшеріне қатысты қолданылғанда, онда ортақ идеялар сөзсіз пайда болып, үстем идеяларға айналады. Адам ұғымы, мысалы, құқықта, инсаниятта, дінде римдік ұғымды алмастырады, ол ұғым неғұрлым нақты болғандықтан, ғылыми

танымға көне бермейтін. Сонымен, қоғамдардың көлемі мен тығыздығының арта түсуі ұлы төңкерісті түсіндіреді. Бірақ ұжымдық сана неғұрлым ортақ бола түскен сайын, ол индивидуалдық өзгерістерге соғұрлым көбірек орын қалдырады. Құдай адамдар мен заттардан алыс болғандықтан, оның ықпалы енді сәт сайын білінбейді және барлық нәрсені. Едәуір әртүрлі тәсілдермен еркін пайдалануға болатын абстрактылы ережелер ғана берік күйінде қалады. Және де оларда бұрынғы ықпал да, бұрынғы күш те қалмайды. Шынында да, егер с салттар мен формулалар, олар анық болған кезде, ой мен қозғалыстарды рефлекстердің сөзсіз болатындығына ұқсас қажеттілікпен айқындаса, ал осынау ортақ принциптер, керісінше, интеллектінің көмегімен ғана іске айнала алады. Бірақ ой оятылған бойда, оны тоқтату оңай емес. Күш-қуат жинап алып, ол өзіне белгіленген шектен әрі қарай өздігінен дамиды. Иманның кейбір тармақтарының талқылауға жатпайтындығынан басталады; кейін осы талқылау оларға да жұмсалады. Оларды өзіне түсіндіргісі келеді, олардың тіршілігінің негіздерін анықтай бастайды да, олар осы сынға қалай шыдаса да, бұл жерде өз күшінің бір бөлігінен айрылады. Рефлексиядан өткен идеяларда инстинктердегі секілді тап сол мәжбүрлеу күші ешқашан болмайды; мәселен, ойластырылған қозғалыстарда шалт қозғалыстардағы оқыстық болмайды. Ұжымдық сана ұтымды бола түсіп, демек, пәрменінің бір бөлігінен айрылады, осы себептен де ол дара айырмашылықтардың еркін дамуына аз бөгет жасайды.

Бірақ аса маңызды рөл атқаратын бұл себеп емес. Сананың ұжымдық ахуалдарына күш беретін олардың қазіргі ұрпақ үшін ортақ болуы ғана емес, қайта әсіресе, көп жағдайда олардың алдыңғы ұрпақ өсиетімен қалдырылуында. Ортақ сана іс жүзінде аса баяу орнығады және дәл солай баяу өзгереді. Мінез-құлықтың немесе наным-сенімнің қандай да бір пошымы ортақтық пен кристалданудың осынау дәрежесіне жету үшін уақыт

қажет; сондай-ақ, оның одан айрылуы үшін де уақыт қажет. Демек, ол түгел дерлік – өткеннің жемісі. Бірақ өткеннен жеткен нәрсе, жалпы ерекше қадірлі болады. Барлық жағдайға бір ауыздан сай келетін салт зор мәртебелі болатындығына дау жоқ; ал егер ол сонымен қатар, ата-бабалардың тілектестігімен күшті болса, одан қашқақтауға талайдың батылы жете бермейді. Ұжымдық сананың беделі, олай болса, көбіне көп, дәстүрдің беделімен жасалады. Біз сегментті тұрпаттың жойылып кетуіне қарай дәстүрдің беделі сөзсіз кеми түсетіндігін көреміз. Шынында да, дәстүр беделі көрінетін тұста, сегменттер бір-бірі үшін аздыкөпті жабық, кішкентай қоғамдардың белгілі бір мөлшерін құрайды. Олар отбасылық негізде ие болатын жерде, отбасыны ауыстыру секілді оларды да ауыстыру қиын болады, және олар тек аумақтық негізде болатын жерде оларды бөліп тұрған қабырға жұқа болса да, алайда, олар бәрібір сақталады. Орта ғасырлардың өзінде жұмысшының басқа қалада жұмыс табуы қиын болатын269; ішкі кедендер, мұның үстіне, әрбір әлеуметтік сегменттің айналасында оны бөтен элементтердің басып кіруінен қорғайтын белдеу құратын. Бұл жағдайда индивид туған жерінде өзін онымен байланыстыратын дәнекерлер күшімен ғана емес, оны басқа сегменттер кеудеден итеретіндіктен де орнында қала береді; қатынас және байланыс жолдарының сиректігі әрбір сегменттің осы тұйықтығының дәлелі. Осының салдарынан адамды өзінің туған ортасында ұстап қалатын себептер оны отбасылық ортада да ұстап қалатын. Басында осы ортаның екеуі де өзара қосылып кетеді, және егер кейін олар әртүрлі бола бастаса, онда біріншісінен шығуға болмағандықтан, екіншісінен тым алыстап кету бәрібір мүмкін емес. Қандастықтан өрбитін тартылыс күші барынша қарқынмен өз ықпалын тигізеді, сондықтан әркім ғұмыр бойы осы күштің қайнар көзінің қасында қалады. Әлеуметтік құрылым неғұрлым сегментті болса, отбасылар үлкен, тұтас, бөлінбейтін массаларды соғұрлым жиі құрайды: бұл басқаша болуы мүмкін емес бұлжымайтын270.

269 Levasseur. Op. cіt. І, p. 239.

270 Î

Керісінше, әртүрлі сегменттерді бөліп тұратын шекаралық сызықтар жойылған сайын, осы тепе-теңдікті бұзылуы сөзсіз бола бастайды. Индивидтер өзінің туған жерінде бұдан былай ұстап қалынбайтындықтан, олардың алдынан ашылатын еркін кеңістік оларды өзіне тартады, олар сол кеңістікке таралмай қоймайды. Балалар енді өз ата-анасының туған жерімен мәңгі байланысты болып қалмайды, қайта барлық бағытта бақыт іздеуге аттанады. Халық араласады да, осының арқасында ондағы бастапқы айырмашылықтар біржола жоғалады. Өкінішке қарай, статистика бізге тарихтағы осы ішкі көші-қон барысын ізерлеуге мүмкіндік бермейді, бірақ олардың арта түсетін мәнін айтарлықтай сенімді дәлелдейтін факт бар – бұл қалалардың құрылуы мен дамуы. Қалалар шындығында қандай да бір өздігінен өсу арқылы емес, қоныс аудару арқылы құрылады. Өздері тіршілігі және прогресі үшін олар туудың өлуден әдеттегі артықшылығына қарызвдар емес, қайта керісінше, бұл туу қалада жалпы азырақ болады. Демек, олар өздерін күн сайын өсіре түсетін элементтерді тек сырттан ғана ала алады. Дюнанға сәйкес271, Еуропаның 31 үлкен қаласының жиынтық халқының жыл сайынғы өсімі мыңның 784,6-сы үшін иммиграцияға қарыздар. Францияда 1881 жылғы санақ 1876 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың 766 000 адамға артқанын көрсетті; Сена департаменті мен 30 000-нан астам тұрғыны бар 45 қала бес жылдық өсімнен 661 000 тұрғынды тартып “орташа қалалардың, кіші-гірім қалашықтар мен деревнялардың үлесіне тек 105 000 адам қалдырды”272. Бірақ осынау зор миграциялық қозғалыстар тек үлкен қалаларға ғана бағытталмайды; олар көрші аймақтарға да бағытталады. Бертильон 1886 жыл ішінде, Францияда орташа алғанда 100 тұрғынға тек 11,25 пайыз департаменттен тыс жерде туылғандар болса, Сена департаментінде олар 34,67 болғанын есептеп шығарды. Департамент қалаларында халық неғұрлым көп болса, келгендердің бұл пропорциясы соғұрлым ұлғая түседі. Рона департаментінде ол 31,47-ге; Бушдю-Рон департаментінде – 26,29-ға; Сена және Уаза департаментінде – 26, 41-

272 Dumont. Depopulatіon et cіvіlіsatіon, p. 175.

ге273; Нор департаментінде – 19,46-ға; Жиронда департаментінде – 17,62-ге тең274. Бұл құбылыс тек үлкен қалаларға ғана тән емес; ол сондай-ақ, аз қарқынды болса да, кішігірім қалаларда да, қалашықтарда да болады. “Барлық осы агломерациялар неғұрлым ұсақ қауымдардың есебінен үнемі ұлғая түседі, сондықтан әрбір санақ кезінде барлық санаттағы қалалардың саны бірнеше бірлікке ұлғаятыны байқалады”275. Бірақ осынау көші-қон құбылыстарымен байланысты әлеуметтік бірліктердің көбірек қозғалыста болуы барлық дәстүрлерді әлсіретеді. Шынында да, дәстүрдің ерекше күшін оны жеткізіп, бекітетін адамдардың сипатты белгілері көрсетеді, – мен қарттар туралы айтып отырмын. Олар – оның көзі тірі көрінісі; солар ғана ата-бабалар ісінің куәгері болды. Олар қазіргі мен өткеннің бірден-бір дәнекері. Екінші жағынан, олар өздерінің көз алдында және олардың басшылығымен тәрбиеленген ұрпақ алдында орнын ештеңе алмастыра алмайтын мәртебеге ие. Шынында да, бала өзін қоршаған ересек адамдармен салыстырғанда өзінің жағдайы бәрінен төмен екенін ұғынады, соларға тәуелді екендігін сезеді. Баланың оларды құрметтеп сыйлауы әрине олардан шығатынның бәрінен, олардың айтып, жасайтынының бәріне көрінеді. Демек, дәстүрдің беделі көбіне-көп, жасаған жастың беделінен пайда болады. Осы беделдің балалық шегінен тыс жалғасуына жәрдемдесетін нәрсенің бәрі дәстүрлі салттар мен наным-сенімдерді тек нығайта түседі. Адам өзі тәрбие алған ортада өмір сүруін жалғастыра бергенде, нақ осылай болады, өйткені ол сонда өзін бала шағынан білетін адамдармен байланысты күйінде қалып, олардың ықпалына бағынады. Баланың оларға қатысты сезімі сақталады, демек, тап сол ықпалды тудырады, яғни жаңалықтардың әлсіз талпыныстарын тежеп отырады. Қоғамда жаңалықтардың пайда болуы үшін жаңа ұрпақтың тууы жеткіліксіз; сонымен бірге олар өздерінің ізашарларының ізімен жүре беруге онша құмбыл бола бермеуі керек. Ізашарлардың ықпалы неғұрлым терең болса (ал ол неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым терең), өзгерістер үшін кедергілер

274 Dіctіonnaіre encyclopedіque des scіences m~dіcales, "Миграция" атты мақала. 275 Dumont. Op. cіt., p. 178.

соғұрлым көбірек болады. Адам ғұмыры он есе ұзартылса, оның үстіне жас мөлшерінің салыстырмалы пропорциясы өзгермесе, бұдан “біздің әлеуметтік дамуымыздың өлшеу мүмкін емес сөзсіз бәсеңдеуі” туындар еді деген Огюст Конттың сөзі әділ276. Адам бозбалалық шақтың соңына қарай жаңа ортаға көшсе, керісінше болады. Әрине, онда да ол өзінен жасы үлкен адамдарды табады; бірақ ола бұл балалық шағында ықпалын сезінген адамдар емес. Оларға құрмет әрі кем, әрі шартты, себебі ол ешбір, не қазіргі, не өткен болмыспен байланысты емес. Бозбала оларға тәуелді емес және ешқашан тәуелді болған да емес; ол, олай болса, оларды ұқсастық бойынша ғана құрметтей алады. Айтпақшы, сақал сыйлау өркениятпен бірге барған сайын әлсірей беретіні мәлім. Кезінде соншалық дамыған ол, енді өзінше бір аяушылықпен сіңірілген сыпайылықтың бірнеше жорасына саяды. Қарттардан именуден гөрі, көбіне аяйды. Жас айырмасы біркелкіленген. Ересек барлық адамдар бір-біріне тең секілді қарайды. Осы біркелкілену салдарынан ата-бабалардың құлықтары өзінің ықпалынан айрылып барады, өйткені олардың үлкен адамдар арасында беделді өкілдері жоқ. Оларға еркінірек қарайды, себебі оларды іске асыратындарға солай қарайды. Уақыт байланысы аз сезіледі, өйткені бірінен соң бірі келетін ұрпақтардың үздіксіз тоғысуында өзінің материалдық көрінісіне ие емес. Бастапқы тәрбиенің ықпалы әлі де сезіледі, бірақ оның күші болмашы ғана, себебі ол бұрынғыдай қолдау тауып отырмайды. Жастық шақтың гүлденуі, мұның үстіне, адамдардың тізгінге тағатсыз қарап, көбіне өзгерістерді аңсайтын мезгілі. Онда буырқанған өмір қайраты әлі байсал тартуға, белгілі бір пошымды біржолата қабылдауға үлгермеген, және ол қарсылықсыз ноқталанатын шақ емес. Осы қажеттілік оған сырттан тізгін неғұрлым аз ұсынылса, соғұрлым оңай қанағаттандырылады, ал ол тек дәстүрдің есебінен ғана қанағаттанбады. Дәстүр нақ өзінің күшін жоғалта бастаған кезде опырыла бастайды. Дәрменсіздіктің бұл ұрығы пайда болды екен, ұрпақ ауысқан сайын дами береді; өйткені беделі төмен деген принциптер

276 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 451.

келесі ұрпаққа төмен беделмен беріледі. Ұлғайған жастың дәстүр күшіне осы ықпалын сипатты факт дәлелдейді. Үлкен қалалардың халқы негізінен иммиграция есебінен толықтырылатындықтан, ол негізінен ер жетіп, өзінің отбасынан қол үзіп, қарттардың ықпалынан құтылған адамдардан тұрады. Сондықтан ондағы қарттардың саны шамалы, керісінше, күші бойына сыймайтын шақтағы адамдардың саны өте көп. Шейссон Париж бен провинциялар үшін әртүрлі жастағы топтардың халқын көрсететін қисық сызық 15–20 жас пен 50–55 жас шамасында ғана қиылысатынын дәлелдеді. 20 және 50 жас арасындағы париждік қисық сызық едәуір жоғары; осы жастан кейін ол төмен277. 1881 жылы елдің қалған бөлігіндегі 874 адамға Парижде 20-дан 25 жасқа дейінгі 1118 адам болды278. Бүкіл Сена департаментінде 1000 тұрғынға 15-тен 60-қа дейінгі 731 адам келеді және 76-сы ғана осы жастан жоғары, ал провинция біріншілердің 618-іне және екіншілердің 106-сына ие. Норвегияда, Жак Бертильонға сәйкес, 1000 тұрғынға шаққандағы арақатынас мынадай:

Қалалар

Деревнялар
15-тен 30 жасқа дейін ......

30-дан 45 жасқа дейін ......

45-тен 60 жасқа дейін ......

60-тан жоғары ........

Сонымен, жас мөлшерінің ең аз шектеуші ықпалы үлкен қалаларда; сонымен бірге дәстүрдің ақылға сонша мааз ықпалы қалалардан басқа еш жерде емес. Үлкен қалалар, сөз жоқ, прогрестің ошағы; оларда идеялар, модалар, құлықтар, жаңа қажеттіліктер туып, кейін елдің қалған бөлігіне таралады. Қоғам өзгерген кезде, әдетте ол солардың артынан жүріп, соларға еліктейді. Қалалардағы көңіл-күйдің ауытқи беретіні соншалық, өткенен жеткеннің

277 La guestіon de la populatіon. Annales d’hygіene, 1884.
278 Annales de la vіlle de Parіs.

барлығы онда біршама күдікті болып көрінеді; керісінше, жаңалықтар, олар қандай болмасын, бұрын ата-бабалардың салттарында болған беделге тең дерлік мәртебеге ие болады. Ақыл онда әрине болашаққа бағытталған. Сондықтан олардағы өмір таң қаларлықтай жылдамдықпен өзгереді: нанымсенімдер, талғамдар, құштарлықтар олар тұрақты даму үстінде болады. Әрбір ұрпақтың дамуы үшін бұдан құнарлы топырақ жоқ. Гәп мынада: әлеуметтік бірліктердің бірін-бірі алмастыруға тиіс әртүрлі қабаттары бір-бірінен соншалық бөлінген жерде ұжымдық өмір үздіксіздік сипатына ие бола алмайды. Қоғамдардың жастық, әсіресе ер жеткен кезінде дәстүрді құрметтеу қарттық кездегіден анағұрлым жоғары екендігін байқап, Тард дәстүрдің құлдырауын жай ғана өтпелі кезең ретінде, әлеуметтік эволюцияның қас қағымдық дағдарысы ретінде елестетуге болады деген қорытындыға келді. “Адам, – дейді ол, – салт езгісінен, оның астына қайтадан түсу үшін, яғни одан уақытша босанудың арқасында жүзеге асырылған жаулап алуды онда орнықтырып, бекіту үшін ғана жылыстап кетеді”279. Бұл қателік, біздің пікірімізше, автор пайдаланатын салыстыру әдісімен байланысты, оның орынсыздығын біз бірнеше рет атап көрсеткенбіз. Әрине, егер бір қоғамның соңын одан кейін келетін қоғамның бас кезімен салыстырсақ, онда біз дәстүршілдіктің оралуын көреміз; бірақ әрбір әлеуметтік тұрпат бастайтын бұл фаза тікелей алдыңғы тұрпаттағыдан гөрі, әлдеқайда әлсіз. Бізде атабабалардың құлқы ешқашан Римдегідей ырымшыл культтің нысанасы болған емес; Римде әрбір жаңалыққа қарсы тұрған Афина құқығындағыдай институт ешқашан болған емес280. Тіпті Аристотель заманынында Грекияда белгіленген заңдарды оларды жақсарту үшін өзгерту жақсы ма деген мәселе тұрды, және бұл философ мұны үлкен сақтықпен ғана мақұлдайды281. Ақыр соңында, еврейлерде дәстүрлі ережеден әрбір ауытқу тіпті де мүмкін емес болатын, себебі бұл құдайсыздық деп саналған. Бірақ, әлеуметтік оқиғалардың барысы

279 Loіs de l’іmіtatіon, p. 271.
280 Қараңыз: Meіer, Sch@mann. Der attіsche Progress.
281 Аристотель. Саясат, ІІ, 8, 1268b., 26.

туралы пікір айту үшін бір-бірінің ізімен жүретін қоғамдардың соңын байланыстырудың керегі жоқ, оларды тек тарихының тиісті кезеңдері бойынша ғана салыстыру керек. Әрбір әлеуметтік өмірдің орнығып, салтқа айналуға ұмтылатыны рас болса, ол қабылдайтын пошым барған сайын жұмсақ, өзгерістерге бейім бола түседі. Басқаша айтқанда, салттың беделі үнемі төмендей береді. Айтпақшы, басқаша болуы мүмкін емес, себебі бұлай босаңсу тарихи дамудың ең басты шарттарына тәуелді. Екінші жағынан, ортақ наным-сенімдер мен салттар өз күшінің едәуір бөлігін дәстүр күшінен алатындықтан, олардың индивидуалдық өзгерістердің еркін таралуына кедергі жасау ахуалы барған сайын нашарлай береді.

ІІІ Ақыр соңында, қоғам кеңейіп, шоғырланған сайын, ол индивидке қысымын азайта береді, демек, туындап жататын өзгешелену талпыныстарын босаңдау тежейді. Бұған көз жеткізу үшін үлкен қалаларды шағын қалалармен салыстырған жеткілікті. Соңғысында қабылданған салттардан бостан болуға ұмтылатын әркім қарсылыққа, кейде аса күшті қарсылыққа тап болады. Тәуелсіздік алудың әрбір әрекеті жария жанжалға ілік болады және соған байланысты жаппай айыптау еліктеушілерді дағдарта алады. Керісінше, үлкен қалаларда индивид ұжымдық езгіден әлдеқайда бостан; бұл даулсау мүмкін емес факт. Ортақ пікір біздің барлық қылықтарымызды неғұрлым мұқият бақылаған сайын, оған соғұрлым күштірек тәуелді боламыз. Баршаның назары үнемі әркімнің не істейтініне шоғырланған кезде, сәл ғана ауытқушылық байқалып, дереу басып тасталады; керісінше, осы бақылаудан жылыстап кету неғұрлым оңай болса, әркімнің өз жолымен жүруі соғұрлым оңай. Бірақ, тобыр ішіндегіден ешқайда жақсы жасырына алмайсың дейді мақал. Топ неғұрлым көлемді де тығыз болса, баршаны үстірт бақылайтын ұжымдық зейіннің әр индивид қозғалысын байқау мүмкіндігі соғұрлым кем; өйткені олардың санының көбеюінен ол күштірек бола түспейді. Ол бір нүктеге шоғырлана алмай, бір мезгілде тым көп нүктеге

көз жүгіртеді. Қадағалау әлсірейді, өйткені тым көп адамдар мен заттарды қадағалауға тиіс болады. Сонымен қатар, зейіннің басты серіппесінің бірі – мүдде, қайткенде де әлсірейді. Біз жеке тұлғаның мінез-құлқын тек оның бейнесі бізде естелік тудырып сонымен байланысты эмоция оятатын жағдайда ғана білгіміз келеді, және бұл ықылас осылайша оятылған сана ахуалы неғұрлым көбірек те жігерлі болса, соғұрлым күшті болады282. Егер де, керісінше, әңгіме біз анда-санда және жол-жөнекей ғана көретін адам жайында болса, оған қатысты нәрсенің бәрі бізде ешқандай пікір туғызбай, бізді немқұрайды қалдырады; демек, біз оған не болғанына да қызықпаймыз, оның не істеп жүргенін бақылағымыз да келмейді. Ұжымдық әуестік, демек, индивидтер арасындағы жеке қатынастар неғұрлым үздіксіз де жиірек болса, соғұрлым күштірек бола түседі; екінші жағынан, индивид адамдардың неғұрлым көп мөлшерімен аралас-құралас болса, олар соғұрлым сирек те қысқа. Пікір қысымы ірі орталықтарда аз байқалатыны сондықтан. Әркімнің зейіні тым көптеген әртүрлі бағыттарға шашыраған; мұның үстіне, адамдар бірбірін аз біледі. Тіпті көршілер мен бір отбасы мүшелерінің аралс-құраластығы сирек, ол жүйелі де бола бермейді, себебі олар үнемі толып жатқан істермен, бөтен адамдармен әуре. Әрине, егер халық саны оның тығыздығынан көбірек болса, үлкен көлемде шашырап жатқан өмір әрбір нүктеде аз болып қалуы мүмкін. Үлкен қала ондайда бірнеше шағын қалаларға бөлінеді, демек, жоғарыдағы пікірлер бәріне бірдей жарай бермейді283. Бірақ агломераттың тығыздығы оның көлеміне пара-пар болатын барлық жерде жеке байланыстар сирек әрі әлсіз. Адамдар бірін-бірі, тіпті өте жақын тұрғандардың өзінен көз жасып қалады және дәл сол шамада бір-біріне қызығушылық төмендейді. Осынау өзара немұрайдылықтың салдары ұжымдық қадағалаудың төмендеуі болатындықтан, іс-жүзінде әрбір индивидтің еркін қызмет өрісі кеңейеді де,

факт біртіндеп құқыққа айналады. Біз ортақ сана қайшылыққа жол бермеу шартымен ғана өз күшін сақтайтындығын шынында да білеміз; бірақ әлеуметтік бақылаудың осы төмендеуінің салдарынан күн сайын оған кереғар қарекеттер болып жатады да, ол сана оған назар аудармайды. Демек, егер айтарлықтай жиі және біркелкі қайталанатын қарекеттер болса, олар сайып келгенде өздері қозғайтын ұжымдық сезімді мүжіп бітіреді. Ереже құрметтелуден қалса, оның үстіне бұл үшін жаза жоқ болса, ол соншалық құрметке лайық болып көрінбейді; иман пәні, егер ол тым жиі талас тудырса, соншалық айқын болып көрінбейді. Екінші жағынан, біз қандай да бір бостандықты пайдаланған бойда, біз оған қажеттілікті сезіне бастаймыз; ол біз үшін басқа құндылықтар секілді соншалық қажетті де қасиетті бола түседі. Біз бақылауға дағдымыздан айрылған бойда, оны төзгісіз нәрсе деп санаймыз. Сөйтіп көбірек автономияға құқық орнайды. Нақ осылайша дара тұлға қол жеткізген жеңістер, ол сырттан әлсізірек тежелген кезде, сайып келгенде құлыққа айналады. Бірақ бұл факт, үлкен қалаларда күштірек көрінгенімен, оларға ғана тән емес; ол, сондай-ақ, олардың мәніне сәйкес басқа қалаларда да орын алады. Және сегментті тұрпаттың жойылып кетуі қалалық орталықтардың барған сайын айтарлықтай дамуын жетелей жүретіндіктен, бұл құбылыстың барған сайын жалпы сипат алып, дамуы тиістігінің бірінші себебі осы. Бірақ, мұның үстіне, қоғамның моральдық тығыздығы артқан сайын бұл құбылыс өзінің қабырғасы ішіне тұтас бір халықты паналатқан үлкен қалаға ұқсай бастайды. Шынында да, әртүрлі аймақтар арасындағы материалдық және моральдық қашықтық жойылып кетуге ұмтылатындықтан, олар бір-бірі жөнінде бір қаланың әртүрлі орамдарының жағдайына ұқсас жағдайда болады. Үлкен қалаларда ортақ сананың әлсіреуін туғызатын себеп өзінің ықпалын қоғамның бүкіл кеңістігіне тигізуге тиіс. Әрқилы сегменттер өзінің даралығын сақтап, бір-бірі жөнінде тұйық болып отырғанда, олардың әрқайсысы жеке адамдардың әлеуметтік көкжиегін қатаң шектейді. Қоғамның қалған бөлігінен азды-көпті еңсерілмес қабырғамен оқшауланған бізді жергілікті өмірден ештеңе бөліп-

жара алмайды, демек, біздің бүкіл қызметіміз сонда шоғырланады. Бірақ сегменттердің қосылуы неғұрлым толық бола түскен сайын, перспективалар, дәл сол мезетте қоғамның өзі жалпы аумақты бола түскендіктен, одан сайын кеңейе түспек. Осы кезден бастап кішкентай қалашықты мекендеушінің өзі оны тікелей қоршаған шағын топтың тіршілігімен ғана тыныстамайды. Ол алыс жерлермен қатынас орнатады, ол шоғырлану неғұрлым ілгерілеген сайын, соғұрлым көбірек бола түседі. Оның неғұрлым жиі жасалатын саяхаттары, неғұрлым белсенді хат алмасуы, өзінің тобынан тыс жүргізетін істері оның назарын айналасында болып жатқаннан өзгеге бұрады. Оның өмірі мен жұмысының кіндігі ендігі жерде бүтіндей оның тұрғылықты мекенінде болмайды. Олай болса, ол көршілерінің шаруасына енді оншалық көңіл аудара бермейді, себебі олар оның өмірінде аз орын алады. Мұның үстіне, қалашықтың оған ықпалының жүре қоймайтыны мынадан: оның өмірі осынау тар шеңберден кеңірек, оның мүдделері мен әуестігі оның шегінен алысқа шабады. Осының бәрінің арқасында жергілікті қоғамдық пікір біздің әрқайсысымызға азырақ қысым жасайды, ал қоғамның ұжымдық пікірі алдыңғыны алмастыра алмайтындықтан, өйткені ол барлық азаматтардың мінез-құлқын сонша жақын жерден қадағалай алмайтындықтан, ұжымдық қадағалау біржола әлсірейді, ортақ сана беделінен айрылады, индивидуалдық құбылмалылық ұлғаяды. Қысқасы, әлеуметтік бақылау қатаң болуы және ортақ сана сақталуы үшін қоғамның индивидті толық қамтитындай жеткілікті шағын учаскелерге бөлінуі қажет; керісінше, әлеуметтік бақылау да, ортақ сана да осы бөлінудің жойылу шамасына қарай әлсірей түседі284. Бірақ ұйымдастырылған жазалау байланысты болатын қылмыстар оларды жазалауға міндетті органдарды ешқашан немқұрайды қалдырмайды делінуі мүмкін. Қала үлкен немесе шағын бола ма, қоғам тығыз бола ма, жоқ па – өкімет қылмыскерді жазасыз қалдырмайды. Біз себебін көрсеткен әлсіреу, әрі қарай көсілмей, ұжымдық сананың диффузиялық үн қатуды ғана туғызатын

284 Осынау негізгі себепке үлкен қалалардың шағын қалаларға және шағын қалалардың деревняларға жұқпалы ықпалын үстеу керек. Бірақ бұл ықпал екінші дәрежелі болып, мұның үстіне, тек әлеуметтік тығыздықтан өсе түсуіне қарай ғана мәнге ие болады.

бөлігінде тұйықталуға тиіс секілді. Бірақ шындығында мұндай тұйықталу мүмкін емес, өйткені осы екі саланың тығыз байланыстылығы соншалық, олардың біріне, басқасында сезілмейтіндей етіп тиісу мүмкін емес. Құлық жазалайтын қылықтар табиғаты жағынан заң жазалайтын қылықтардан бөгде емес; олар тек елеусіздеу ғана. Демек, егер олардың ішінде өзінің маңызын толық жоғалтатындар болса, онда сол арқылы басқалардың тиісті біртіндеп күшеюі бұзылады; олар бір немесе бірнеше деңгейге төмендеп, өрескелдігі кемдеу көрінеді. Елеусіздей теріс қылықтарға мүлдем көңіл айдармайтындар, елеулі теріс қылықтарға да ден қоя бермейді. Діни жоралардың жай ғана орындалмауына зор мән бермегенде, күпірлік немесе күнаһарлық та тым қатты ыза туғызбайды. Некесіз жұптасуға кешіріммен қарауға дағдыланған кезде, ашыналық та тым ызаландыра қоймайды. Ең әлсіз сезімдердің қауқары кеткенде, неғұрлым күшті, бірақ дәл сол түрдегі және дәл сол нысандарға бағытталған сезімдер өзінің қуатын толық сақтай алмайды. Күйзеліс осылай азаздап бүкіл ұжымдық санаға беріледі.

ІV Алдыңғы кітапта анықтағанымыздай, механикалық ынтымақтың сегментті тұрпаттың тіршілік етуімен неге байланысты екені енді түсінікті. Осынау өзіндік ерекше құрылым қоғамның индивидті құшағына қыса түсуіне мүмкіндік береді; ол оны отбасылық ортаға, демек, дәстүрге берігірек матастырады, ақыр соңында, әлеуметтік көкжиектің шектелуіне жәрдемдесіп, ол, сондай-ақ оны нақты және анық етуге жәрдемдеседі285. Сонымен, индивидуалдық тұлғаны ұжымдық тұлғаның сіңіріп алуы таза механикалық себептерден туады, және сол тектес себептер оның соңғысынан бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Сөз жоқ, осы босану пайдалы болып шығады немесе, бері салғанда, пайдаланылады. Ол еңбек бөлінісінің прогресін мүмкін етеді; жалпы ол әлеуметтік организмге көбірек икемділік пен оралымдылық береді. Бірақ бұл оның пайдалы

екендігінен емес. Ол болмауы мүмкін еместіктен болады. Ол көрсететін қызмет тәжірибесі, ол басталып кетсе, оны тек күшейте алады. Алайда, мынадай сұрақ қоюға болады: ұйымдасқан қоғамдарда орган дәл сегменттің рөлін атқармай ма, корпоративтік және кәсіптік рух діни қауым рухын алмастырып, индивидтерге дәл сондай қысым жасамай ма? Бұл жағдайда индивидтер өзгерістен ештеңе ұтпас еді. Касталық рух сөз жоқ осындай нәтиже бергендіктен бұл күмән түсінікті, ал каста – әлеуметтік орган. Сондай-ақ, кәсіпшілік цехтарының ұйымы ұзақ уақыт бойы индивидуалдық өзгерістедің дамуына қиыншылық кедергі жасағаны мәлім; жоғарыда біз оның мысалдарын келтірдік. Әрбір органның қызметін күн ілгері белгілейтін дамыған ережелер жүйесі болмаса, ұйымдасқан қоғамдардың мүмкін еместігі даусыз. Еңбек бөлінген сайын инсаният пен құқықтың көптеген кәсіптік жүйелері орнығады286. Бірақ бұл реттеу индивидтің қарекет аясын кемітпейді. Біріншіден, кәсіптік рух кәсіптік өмірге ғана ықпал ете алады. Бұл аядан тыс индивид қайнар көзін біз көрсеткен көбірек бостандықты пайдаланады. Рас, каста өзінің ықпалын әріге жаяды, бірақ ол, шынын айтқанда, орган емес. Бұл органға айналған сегмент287; демек, оның бойында сол екеуінің де нышандары бар. Оның арнайы функциялары бар, бірақ сонымен бірге ол тұтас агломераттың ішіндегі жеке қоғамды құрайды. Ол – кейбір организмдерде байқалатын индивид-органдарға ұқсас қоғам-орган288. Осының арқасында ол индивидті кәдімгі корпорациялардан гөрі, әлдеқайда тар шекараға матайды. Екіншіден, бұл ережелердің тамыры сананың елеусіз санында ғана болып, тұтас қоғамды қамтымайтындықтан, олардың беделі, әмбебаптықтың кемдігіне қарай, кем болады. Олар, осылайша, өзгерістерге аз қарсылық көрсетеді. Осының арқасында кәсіптік теріс қылықтардың өзі, басқалармен салыстырғанда, сонша елеулі болмайды. Екінші жағынан, жалпы ұжымдық қысымды әлсірететін себептер, өзінің

288 Қараңыз: Perrіer. Colonіes anіmales, p. 764.

азатшылық ықпалын корпорацияның ішінде де, одан тыс та тигізеді. Сегментті органдардың біртұтас болып бірігуіне қарай, әрбір әлеуметтік орган көлемдірек бола бастайды, мұның үстіне, бір мезгілде қоғамның жалпы көлемі де артады. Кәсіптік топ үшін ортақ салттар, бүкіл қоғамға тән салттар секілді, сөйтіп неғұрлым ортақ және абстрактылы бола бастайды, демек, жеке келіспеушілік үшін көбірек еркіндік қалдырады. Сондай-ақ жаңа ұрпақтардың үлкендерден көбірек тәуелсіздігі де кәсіптің дәстүршілдігін әлсіретпей қоймайды, бұл индивидке жаңалықтарда одан да зор бостандық береді. Осылайша, кәсіптік реттеу өзінің табиғаты бойынша ғана индивидуалдық айырмашылықтардың ұлғаюына кез-келген басқасынан аз кедергі келтіру былай тұрсын, қайта ол кедергі барған сайын кеми береді.

ІV тарау

Қосалқы факторлар
(жалғасы)

Тұқым қуалаушылық

Осы кезге дейін біз еңбек бөлінісі тек әлеуметтік себептерге ғана байланысты секілді толғадық. Алайда ол психоорганикалық жағдайлармен де байланысты. Индивид тумысынан оны басқалардан гөрі бір қызметтерге көбірек оңтайлайтын қабілеттер мен бейімділіктерге ие болады, және осы бейімділік, әрине, жұмысты бөлу тәсіліне де ықпал етеді. Ең көп таралған пікір бойынша, адам табиғатының осы айырмашылығынан еңбек бөлінісінің бірінші шартын көрген жөн289, оның негізгі мағынасы – “индивидтерді олардың қабілеттеріне қарай топтастырып жіктеу” деген. Сондықтан осы фактының үлесі іс жүзінде қандай екенін анықтау қызықты, өйткені ол индивидуалдық құбылмалылық, демек, еңбек бөлінісінің прогресі үшін жаңа кедергіні құрайды.

289 Stuart Mіll. Economіe polіtіque.

Осы туа біткен бейімділік бізге ата-бабалардан берілетіндіктен, олар индивид өмір сүретін қазіргі жағдайларға емес, оның ата-бабалары өмір сүрген жағдайға қатысты болады. Олар, демек, ұжымдық сана бізді топпен байланыстыратыны секілді, бізді нәсілімізбен байланыстырады, демек, біздің қозғалысымыздың бостандығына кедергі жасайды. Біздің өзіміздің осы бөлігіміз түгелімен өткенге қаратылғандықтан (және де біздің өзіміздің жеке өткенімізге емес), ол біздің өз мүдделеріміз бен онда болып жатқан өзгерістерден теріс айналдырады. Ол неғұрлым көбірек дамыған болса, бізді соғұрлым салбауыр қылады. Нәсіл мен индивид – бір-біріне кері өзгеретін қарама-қарсы екі күш. Біз тек ата-бабаларымызды қайталап, жалғастыра беретін кезде, біз солар сияқты өмір сүруге тырысамыз да, жаңа атаулымен күресеміз. Тұқым қуалаушылықтан тым көп нәрсе алатын тіршілік иесі ешқандай дерлік өзгеріске қабілетті болмас еді; тек өте баяу ілгерілей алатын мақұлықтарда жағдай нақ сондай. Прогресс осы жақтан кездестіретін кедергіні тіпті наным-сенімдер мен салттардың ортақтығынан өрбитін кедергіні еңсеруден қиынырақ. нанымсенімдер мен салттар индивидке сырттан және моральдық ықпал арқылы таңылады, ал тұқым қуалаушылық ұмтылыстар тумыстан және оларда анатомиялық негіз болады. Осылайша, жұмысты бөлуде тұқым қуалаушылықтың үлесі неғұрлым көп болса, бұл бөлу соғұрлым өзгермейтін болады, демек, еңбек бөлінісінің прогресі, тіпті ол пайдалы болса да, соғұрлым қиын жүреді. Организмде де нақ солай болады. Әр клетканың қызметі жаратылысынан анықталған. “Тірі мақұлықта, – дейді Спенсер, – ұйымдасу прогресі жіктелген бөлшектердің әрқайсысын құрайтын бірліктер әркім өзінің жағдайын сақтауын ғана емес, сондай-ақ, олардың ұрпағының осы жағдайды мұра етуін талап етеді. Өзінің қызметін атқара отырып, көбейетін және жаңа бауыр клеткаларын туғыцзатын бауыр клеткалары іріп-шіріп, жойылған кезде жаңаларына орнын береді; олардан пайда болатын клеткалар қызметін орындауға бірігу үшін бүйрекке, бұлшық еттерге, нерв орталықтарына

беттемейді”290. Сондықтан физиологиялық еңбекті ұйымдастыруда болатын өзгерістер едәуір сирек, шектеулі және баяу. Бірақ көптеген фактылар басында тұқым қуалаушылықтың әлеуметтік қызметтерді бөлуде едәуір маңызды ықпалы болғандығын көрсетеді. Алғашқы қауымдық халықтарда ол бұл тұрғыдан ешқандай рөл атқармағаны шүбәсіз. Мамандана бастаған бірнеше қызметтер ілуде бір, өйткені олар әлі орнықпған. Көсемнің немесе көсемдердің олар басқаратын тобырдан айырмашылығы шамалы; олардың билігі шектеулі және қысқа мерзімді; топтың барлық мүшелері бірдей сатыда. Бірақ, еңбек бөлінісі неғұрлым айқын көріне бастағаннан-ақ ол тұқым қуалаушылық пошымында беркиді; осылай касталар пайда болады. Үндістан бізге еңбектің осылай ұйымдасуының мүлтіксіз үлгісін береді, бірақ ол басқа жерлерде де табылады. Еврейлерде басқа қызметтерден алғаусыз айқын бөлінген жалғыз қызмет – дінбасылар қызметі қатаң тұқым қуалаушылық түрінде болды. Римде де барлық қоғамдық қызметтер жөнінде солай болды, олар діни қызметтердің болуын талап етті және бұл қызмет тек патрицийлерге бұйырды. Ассирияда, Персияда, Мысырда қоғам дәл осылайша бөлінеді. Касталар жойылып кетуге бет алатын жерде олар таптармен алмастырылады, олардың сыртқы дүниеден оқшаулығы кемдеу болғанымен, қайткенде де нақ сол принципке сүйенеді. Әрине, бұл институт – тұқым қуалаумен берілу фактысының қарапайым салдары емес. Оның пайда болуына көптеген себептер жәрдемдесті. Бірақ, егер жалпы алғанда оның салдары әркімнің өзіне ыңғайлы жерде орналасуы болмаса, ол соншалық тарала да алмас еді, соншалық ұзақ өмір сүре де алмас еді. Егер де касталар жүйесі индивидуалдық ниеттер мен әлеуметтік мүддеге қарама-қарсы болса, онда ешқандай жасанды амалдармен оны ұстап қалу мүмкін болмас еді. Егер де оқиғалардың орташа санында индивидтер шынында да оларға заңмен немесе салтпен бұйырылатын қызметтер үшін тумайтын болса, онда азаматтарды осынау дәстүрлі топтастырып жіктеу тез қиратылар еді. Мұның үстіне, осындай сәйкессіздік пайда болған заматта осындай

290 Spencer H. Socіologіe, ІІІ. p. 349.

қираудың шынында да болатыны. Әлеуметтік шеңбердің беріктігі, олай болса, қабілеттерді бөлудің сол кездегі қозғалмайтын бейнесін ғана көрсетеді, ал осы қозғалмайтындықтың өзі тұқым қуалаушылық заңдарының әсерінен ғана пайда бола алады. Тәрбие, ол түгелімен отбасының ішінде пайда болып, біз көрсеткен себептермен кеш жалғасқандықтан, оның ықпалын күшейткені күмәнсіз; бірақ оның өзі осындай нәтижеге жетелей алмас еді. Өйткені тәрбие дегеніңіз тұқым қуалаушылық бағытында жүзеге асырылған жағдайда ғана пайдалы әрі тиімді қарекет етеді. Қысқасы, тұқым қуалаушылық, ол шынында да әлеуметтік рөл атқарған жерде ғана, әлеуметтік институтқа айнала алар еді. Біз, ежелгі халықтардың оның не екенін іс жүзінде әбден анық түсінгенін білеміз. Біз осы түсінудің іздерін біз айтқан, және соларға ұқсас салттардан ғана таппаймыз, қайта ол әрқилы әдебиет ескерткіштерінде тура көрсетілген291. Соншалық жалпыға ортақ түсініктің жай ғана қиял болып, шындығында ештеңеге сәйкес келмеуі мүмкін емес. “Барлық халықтарда, – дейді Рибо, – қасиеттердің тұқым қуалау арқылы берілетініне, ең болмағанда, бұлыңғыр сенім бар. Бұл сенім өркениятты дәуірлерге қарағанда, алғашқы қауымдық заманда анығырақ еді деп кесіп айтуға да болады. Нақ осы жаратылыстық сенімнен мұрагерлік институты өсіп шықты. Әлеуметтік және саяси себептер немесе тіпті соқыр сенім оның дамып, нығаюына жәрдемдесуге тиіс болғаны күмәнсіз; бірақ оны ойлап тапты деп ойлау ағаттық болар еді”292. Мұның үстіне, жұмыстың тұқым қуалаушылығы заң оны міндеттемеген күнде де, тым жиі ереже болды. Мәселен, гректерде әу баста медицина азғантай ғана отбасылардың кәсібі болатын. “Асклепиадтар немесе Эскулап абыздары өздерін осы құдайдың ұрпағымыз деп атаған... Гиппократ өзінің әулетіндегі он жетінші дәрігер болды. Бал ашу өнері, сәуейгелік дарыны, құдайлардың осы зор шапағаты, гректердің пікірінше, көбінесе, әкеден балаға берілетін”293. Грекияда, дейді Герман, “қызметтердің тұқым қуалаушылығы тек кейбір мемлекеттерде және діни өмірге қатысты жақын болған, мысалы, Спартада аспаздар мен

291 Rіbot. L’H~r~dіte. 2e ~d., p. 360. 292 Іbіd., p. 345. 293 Rіbot. Op. cіt., p. 365. Салыстырыңыз: Hermann. Grіech. Antіq, ІV, S. 353, 3-ескерту.

флейташылар секілді кейбір қызметтер жөнінде ғана міндеттелген, бірақ құлықтар оны қолөнершілер кәсібі үшін әдетте ойлағаннан гөрі, неғұрлым таралған фактыға айналдырды”294. Қазіргі кезде де көптеген дамуы төмен қоғамдарда қызметтер нәсілдерге сәйкес үлестіріледі. Көптеген африкалық тайпаларда темір ұсталары қалған халықтан гөрі, басқа нәсілден шығады. Еврейлерде де Саул заманында дәл солай болатын. “Абиссинияда барлық дерлік қолөнершілер бөтен нәсілге жатады; тас қалаушы – еврей, тері илеуші мен тоқушы – мұсылман, мылтық жасаушы мен зергер – гректер мен копттар. Үндістандағы кәсіптердің айырмашылықтарын көрсететін көптеген касталық айырмашылықтар, қазір де нәсілдік айырмашылықтармен сәйкес келеді. Аралас халқы бар барлық елдерде бір отбасының ұрпақтары өздерін белгілі бір мамандыққа арнау салтын ұстанады; мәселен, шығыс Германияда ғасырлар бойы славяндар балықшылар болды”295. Бұл фактылар Люктың “кәсіптің тұқым қуалаушылығы – моральдық табиғаттың тұқым қуалаушылық принципіне негізделген барлық мекемелердің бастапқы тұрпаты, қарабайыр пошымы” деген пікірін шындыққа мейлінше жақындатады. Бірақ осы қоғамдардағы прогрестің қалай баяу және қиын жүзеге асатыны да мәлім. Ғасырлар бойы еңбек сол бір түрінде ұйымдастырылған күйінде қала береді; жаңаның қамын ешкім де ойламайды. “Тұқым қуалаушылық бұл жерде өзінің әдеттегі белгілерімен: кертартпалығымен, тұрақтылығымен көрінеді”296. Демек, еңбек бөлінісінің дами алуы үшін адамдардың тұқым қуалаушылық бұғауынан арылуы, прогрестің касталар мен таптарды жеңуі қажет болатын. Соңғылардың өсе түскен жоғалуы осы босанудың нақтылығын шынында да дәлелдейді; өйткені тұқым қуалаушылық индивид жөніндегі өзінің құқықтарынан ештеңе жоғалтпаса оның институт ретінде қалай әлсіреуі мүмкін екендігі түсініксіз. Егер де статистика өткенде айтарлықтай көлемді болып, бұл мәселе жөнінде мәліметтер болса, оның кәсіптерді мұра ету оқиғалары сирей бастағанын бізге көрсетуі әбден ықтимал еді. Кезінде соншама күшті болған

294 Сонда, 395-бет, 2-ескерту; І тарау, 33-бет. Фактылар жөнінде қараңыз: Платон. Эвтифрон, 11С.; Алкивиад, 121А; Мемлекет, ІV 421Д; әсіресе, Протагор, 328А; Плутарх, Апофт., Лакон, 208В. 295 Schmoller. La dіdvіsіon du travaіl... Revue d’economіe polіtіque, 1889. p. 590. 296 Rіvot. Op. cіt., p. 360.

тұқым қуалаушылыққа иман енді қарама-қарсы дерлік иманмен алмастырылғаны даусыз. Біз индивидтің көбіне-көп – өз қызметінің перзенті екендігіне сенуге бейілміз, және оны нәсілмен байланыстыратын және соған тәуелді болуға мәжбүрлейтін дәнекерлердің болатындығын теріске шығаруға да дайынбыз. Бері салғанда, едәуір кең таралған пікір, оған тұқым қуалаушылықты зерттейтін барлық дерлік психологтар риза емес. Мына бір факт көңіл бөлуге әбден лайық: тұқым қуалаушылық нақ наным-сенімдер саласынан толық дерлік шығып болған соң ғана ғылым саласына шындап аяқ басты. Айтпақшы, бұл арада қайшылық жоқ. Ұжымдық сана тұқым қуалаушылықтың жоқ екендігін емес, оның салмағы жеңілірек екендігін кесіп айтады – ал ғылым, біз көретіндей, бұл сезімге қайшы келмейді. Бірақ фактыны тура анықтаған және әсіресе оның себептерін көрсеткен маңызды.

І Біріншіден, тұқым қуалаушылықтың эволюция барысында өз билігінен айрылатын себебі, бір мезгілде оның ықпалына тәуелсіз қызметтің жаңа тәсілдері анықталды. Тұқым қуалаушылықтың осы ахуалының бірінші дәлелі – негізгі адам нәсілдерінің бұлжымайтын ахуалы. Түу сонау бағзы замандардан бері жаңа нәсілдер пайда болған жоқ; бері салғанда, егер тіпті Катрфажбен297 бірге бұл атаумен 3 немесе 4 негізгі ірі тұрпаттардан шыққан әрқилы тұрпаттарды нобайласқа, олар өз бастауларынан неғұрлым алыстаған сайын, оларда нәсілдің елеулі белгілері соғұрлым аз болатынын қосу қажет. Шынында да нәсілді тұқым қуалайтын ұқсастықтардың болуы сипаттайтындығын әркім-ақ мойындауға келіседі; сондықтан антропологтар өздерінің топтастырып жіктерінің негізіне физикалық белгілерді алады, себебі олар басқалардың бәрінен көбірек тұқым қуалаушылық сипатта болады. Бірақ антропологиялық тұрпаттар неғұрлым тар болған сайын, оларды тек қана органикалық қасиеттер

297 Қараңыз: L’esp~ce humaіne.

қызметінде анықтау соғұрлым қиын, себебі соңғылары қазір жеткілікті айқын бөлінген де емес, жеткілікті мол да емес. Лингвистиканың, археологияның, салыстырмалы құқықтың көмегімен анықталатын нақ моральдық ұқсастықтар басым бола түсті; бірақ олар тұқым қуалайды деп топшылауға ешқандай негіз жоқ. Олар көбінесе нәсілдерді айырудан гөрі, өркенияттарды айыра білу үшін пайдаланылады. Жер бетіндегі өркеният дамыған сайын, қалыптасып келе жатқан адам түрлерінің тұқым қуалаушылығы барған сайын кем бола бастайды; олардың нәсілдерге қатыстылығы барған сайын кеми береді. Біздің түрдің жаңа нәсілдер туғызуға күшейе түскен қабілетсіздігі жануарлар түрлерінің балалағыштығына барынша кереғар. Бұл адам мәдениеті дамыған сайын қасиеттердің осындай берілуіне барған сайын қарсы тұратындыған басқа иені білдірмек. Ғасырлар бойы нәсілдердің әуелдегі құрылымында бекітілген осынау бастапқы қорға адамдардың күн сайын қосқаны мен қосып жатқаны, осылай тұқым қуалаушылықтың ықпалынан барған сайын жылыстап кетуде. Бірақ егер бұл өркенияттың жалпы барысымен осылай болып отырса, онда мұны оны құрайтын жеке ағындардың әрқайсысына, яғни әрбір функциялық қызметпен және оның жемістеріне соншалық үлкен негізбен қолдануға болады. Төменде келтірілетін фактылар осы байламды растайды. Психикалық фактылардың қарапайымдылық дәрежесінен олардың берілуге қабілетті шамасы шығатыны анықталған. Шынында да, сана ахуалы күйлері неғұрлым күрделі болса, олар соғұрлым оңай ыдырайды, себебі олардың тым күрделілігі оларды орнықсыз тепе-теңдік жағдайында ұстайды. Олар архитектурасы соншалық нәзік, орнықтылығы мықтап қожырауы үшін шамалы нәрсе жеткілікті болатын шебер ғимаратқа ұқсас; сәл ғана сілкініс болса, ғимарат бүркеп тұрған жерін жалаңаш қалдырып, құлайды. Осылайша, жалпы сал ауруы жағдайында “мен”, былайша айтқанда, өзі сүйенген органикалық негізден басқа ештеңе қалмағанға дейін біртіндеп іріп-шіриді. Әдетте бұл ыдырау құбылыстары сырқатты ықпалынан болады. Бірақ, ұрық арқылы берілу осыған ұқсас ықпалға ие болуы тиіс екендігі айқын. Шынында да, ұрықтану актысында тек қана индивидуалдық белгілер бейтараптануға

ұмтылады, өйткені ата-ананың біріне тән белгілер екіншісіне нұқсан келтірумен ғана беріле алатын болғандықтан, олардың арасында күрес жүріп, одан олар бүп-бүтін күйінде шыға алмайды. Бірақ сана ахуалы неғұрлым күрделі болса, ол соғұрлым дербес, соғұрлым ол біз өмір сүрген ерекше жағдайлардың таңбасын, біздің жынысымыздың, біздің темпераментіміздің таңбасын қамтиды. Біз өз табиғатымыздың асқарларына төменгі және негізгі белгілерімен өзара ұқсаспыз; керісінше, біз бір-бірімізден жаңағы асқарларымен ерекшеленеміз. Демек, егер олар тұқым қуалаумен берілу кезінде толық жойылып кетпесе де, бері салғанда, әлсіреген және бедері аздау болып шығады. Бірақ қабілеттер неғұрлым ерекшеленіп тұрса, соғұрлым күрделі. Біздің жұмысымыз шектелген сайын біздің қызметіміз жеңілдей түседі деп ойлау қате. Керісінше, ол көптеген объектілерге шашыратылып жіберілгенде оңай, өйткені сонда олардағы дербес және бөлінген нәрселер еленбей, олардағы тек ортақ нәрсеге ғана беттеп, ол толып жатқан жағдайларға жарамды бірнеше едәуір ортақ қозғалыстарға саяды. Бірақ әңгіме біздің жекелеген, бітімі бөлек объектілерге, олардың барлық реңктері ескерілетіндей бейімделуіміз жайында болса, біз оған өздерінің қатысы бар заттардың өзінің бейнесі бойынша жіктелген сана ахуалының едәуір көп санын қиыстыру арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Бір рет белгіленіп, орналастырылған бұл жүйелер, сөз жоқ, оңайырақ әрі жылдамырақ қызмет етеді; бірақ олар аса күрделі болып қала береді. Бетті құрастырып жатқан баспахана шеберінен, барынша алуан түрлі теоремаларды ұштастырып, одан жаңасын шығарып жатқан математиктен, көзге көрінбейтін нышан бойынша сырқатты бірден танып, сол мезетте оның барысын алдын ала көретін дәрігерден идеялардың, бейнелердің, әдеттердің қандай ғажап жиынтығын байқауға болады. Бір ғана ойдың күшімен дүниені түсіндіруге бел байлаған ежелгі философтың, данышпанның қарапайым техникасы мен қандай да бір аса жеке міндетті тек аса күрделі байқаулар, тәжірибелер жолымен ғана, әртүрлі тілдерде жазылған еңбектерді оқудың арқасында, хат жазысу, талқылау және т.б. арқасында шеше алатын қазіргі ғалымның техникасын салыстырып көріңіз. Дилетант өзінің бастапқы қарапайымдылығын қаяусыз сақтайды. Оның

табиғатының күрделілігі алдамшы ғана. Оның жұмысы – барлығына әуестік болғандықтан, ол барынша алуан түрлі бейімділік пен қабілетке ие болып көрінеді. Таза алданыш! Тереңірек үңіліңіз, сонда сіз бәрі жалпылама да қарапайым қабілеттіліктің болмашы санына саятынын көресіз, олар өзінің бастапқы бұлдырлығынан ештеңені жоғалтпай, бір тақырыптан екінші тақырыпқа оп-оңай көше береді. Сырттан қарағанда алуан түрлі құбылыстардың үздіксіз дәйектілігі байқалады; алайда бұл барлық рөлдерді, бірақ біршама әртүрлі киіммен ойнайтын бәз баяғы актёр. Соншалық шебер үйлестірілген, бояулар жарқырайтын бұл үстірттік мазмұнның сұмдық сұрқайлығын көлегелейді. Ол өзінің табиғатының қабілеттерін икемді де нәзік қыла алған, бірақ олардан жаңа да белгілі бір туынды ала білу үшін оларды өзгерте алмаған; ол өзіне табиғат берген топырақта жеке өзіне және мәңгібақилық ештеңе тұрғызбаған. Демек, қабілеттер неғұрлым ерекше болса, олар соғұрлым қиын беріледі; егер де олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа көше алса, олар өзінің күші мен анықтығынан айрылмай қоймайды. Олар бұлдырлау және тым бейімделгіш; өзінің көбірек бұлыңғырлығының салдарынан олар отбасы, байлық, тәрбие және т.б. ықпалымен оңай өзгере салады. Қысқасы, қызмет пошымы неғұрлым көбірек маманданған сайын, олар тұқым қуалаушылық ықпалынан соғұрлым құтылып кете береді. Алайда, кәсіптік қабілеттер тұқым қуалайтын оқиғалар да көрсетіледі. Гальтон кестелерінен кейде ғалымдардың, ақындардың, музыканттардың нағыз әулеті кездесетіні байқалады. Декондоль, өз тарапынан, ғалымдардың балалары “көбіне ғылыммен шұғылданатынын” анықтаған298. Бірақ бұл байқаулардың ешқандай дәлелдемелік құны жоқ. Біз ерекше қабілеттердің берілуі мүлдем мүмкін емес деп кесіп айтпақ емеспіз. Біз тек жалпы алғанда оның кездесетінін ғана айтпақпыз, себебі ол жиі қайталана алмайтын ғажайып тепе-теңдік жағдайының арқасында ғана жүзеге аса алады. Демек, бұл болған (немесе, болған секілді) қайсыбір жеке оқиғаларды көлденең тартудан пайда жоқ;

298 Hіstoіre des scіences et des savants. 2e ed., p. 293.

ғылыми бейімділік жиынтығында олар қандай бөлікті көрсететінін әлі анықтап алу қажет. Сонда ғана тұқым қуалаушылықтың әлеуметтік қызметтер бөлінісінің тәсіліне зор ықпалы болатынын олардың қаншалық дәлелдейтіндігі жөнінде пікір айтуға болады. Бірақ, бұл салыстыру әдістемелік жолмен жасала алмағанымен, Декондоль анықтаған факт, тегінде, тұқым қуалаушылықтың осы саладағы ықпалы қалай шектеулі екендігін дәлелдей алатын тәрізді. Француз академиясының Декондоль генеалогиясын қалпына келтіре алған 100 шет елдік мүшесінің 14-і протестант пасторларынан, тек 5-ғана і дәрігерлерден, хирургтардан, аптекарьлардан туған. 1829 жылдың ішінде Лондон Корольдық қоғамының 48 шетелдік мүшесінің сегізі пасторлардың балалары және тек төртеуінің ғана әкелері өнер адамдары болған. Алайда соңғылардың жалпы саны “Франциядан тыс протестанттық пасторлар санынан әлдеқайда жоғары болуға тиіс. Шынында да, жеке қарастырылған протестант халқының ішінде дәрігерлер, хирургтар, аптекарьлар мен ветеринарлар священниктер секілді тап сонша дерлік көп және егер біріншілеріне Франциядан басқа таза католиктік елдерді қосар болсақ, онда жалпы оларда протестанттық священниктер мен пасторлар саны едәуір көп болады. Дәрігерлердің қызметі және олардың өздері әдеттегі қызметінде айналысуға тиіс жұмыс көбінесе, пастордың жұмысынан гөрі, ғылымдар саласында өтеді. Егер медицинадағы жетістік тек қана тұқым қуалаушылықтың ісі болса, онда біздің тізімде пасторлардың балаларынан гөрі, дәрігерлердің, аптекарьлардың және т.б. балалары әлдеқайда көбірек болар еді”299. Мұның үстіне, ғалымдар балаларының ғылымға бейімділігі олардың тұқым қуалаушылығынан өрбитіндігі мүлдем даусыз анықталмаған. Мұны кесіп айтуға хақылы болу үшін ата-аналар мен балалардағы бейімділіктердің ұқсастығын анықтау жеткіліксіз; сонымен бірге соңғылары ерте балалық шақтан бастап өзінің отбасынан тыс, қандай да ғылыми мәдениетке жат ортада тәрбиеленіп-ақ, өзінің бейімділігін көрсетуі қажет. Бірақ шындығында

299 Іbіd., p. 294.

ғалымдардың байқау жүргізілген балаларының барлығы, әрине, өздерінің әкелеріне қарағанда көбірек интеллектуалдық қолдау тапқан отбасыда тәрбиеленген екен. Бұған кеңестер мен үлгі, әкесіне ұқсау ниеті, оның кітаптарын, коллекцияларын, зерттеулерін, оның зертханасын пайдалану қосылып, мұның өзі таза да ұшқыр ойға қуатты серпін береді. Ақыр соңында, ғалымдардың балалары білім алуды аяқтайтын мекемелерде олар мәдениетті яки жоғары мәдениетті қабылдауға қабілетті ақылдармен жанасады да, осы жаңа ортаның ықпалы біріншісінің ықпалын тек нығайта түседі. Сөз жоқ, баланың әке кәсібін мұра етуі ереже болатын қоғамда мұндай қайталану сыртқы жағдайлардың тоайласуымен түсіндіріле алмас еді, өйткені әрбір жағдайда осындай мінсіз ұқсастықтың көрінуі ғажап болар еді. Бірақ қазір байқалып жүрген оқшау да ерекше дерлік оқиғаларда жағдай бұлай емес. Гальтон өтініш білдірген ағылшын ғалымдарының көбісі300 балалық шақта байқалған және кейін олар шұғылдана бастаған ғылымға туа біткен ерекше бейімділігім болды дегенінен қайтпаған. Бірақ, Декондоль атап өткендей, “бұл бейімділіктер тумыстан немесе жастық шақтың жанды әсерінен және оларды тудырып, бағыттайтын ықпалдан өрбитіндігін ажырату қиын. Мұның үстіне, бұл бейімділіктер өзгереді, және болашақ үшін бірден-бір маңыздысы – өзгермейтін бейім. Мұндайда қандай да бір ғылымда көзге түскен немесе онымен рахаттанып шұғылдана беретін индивид әрдайым өзінің бойында туа біткен бейімділік бар еді дейді. Керісінше, бала шағында ерекше бейімі болып, кейін ол туралы ойламаған адамдар ол жайында сөз етпейді. Көбелектердің артынан қуалап немесе қабыршақтар, шыбын-шіркейлер және т.б. коллекциясын жасап жүріп, натуралист бола қоймаған көптеген балаларды еске түсіріңіз. Мен, сондай-ақ, жас кезінде өлеңдер мен драмалар жазуға құштар болып, ақыр аяғында мүлде басқа іске кірісіп кеткен ғалымдардың көптеген мысалдарын да білемін”301.

300 Englіsh men of scіence, 1874, p. 144 etc.
301 Op. cіt., p. 320.

Сол автордың тағы бір байқауы әлеуметтік ортаның осы бейімділіктердің генезисіне ықпалы қандай зор екендігін көрсетеді. Егер олар тұқым қуалаушылықтан шыққан болса, олар барлық елдерде бірдей тұқым қуалаушы болар еді; ғалымдардан шыққан ғалымдар бір тұрпаттағы халықтарда бірдей пропорцияда болар еді. Швейцарияда екі ғасыр бойы жеке ғалымдардан гөрі, отбасылар бойынша топтасатын ғалымдар көп. Франция мен Италияда, керісінше, жеке ғалымдар орасан көпшілік. Алайда, физиологиялық заңдар, барлық адамдар үшін бірдей. Демек, әр отбасыдағы ерекше тәрбие, алынған кеңестер мен өнеге жас ғалымдардың кәсібіне, тұқым қуалаушылыққа қарағанда, аса күшті ықпал жасауға тиіс. Мұның үстіне, бұл ықпал, басқа елдердің көпшілігіне қарағанда, Швейцарияда неліктен күшті болғандығын түсіну оп-оңай. Оқу онда әрбір қалада 18 немесе 20 жасқа дейін және оқушылар ата-анасының үйінде тұратын жағдайда жүргізіледі. Әсіресе бұл өткен ғасырда және осы ғасырдың басында, атап айтқанда Женева мен Базельде, яғни отбасылық қатынастармен өзара байланысты ғалымдардың ең көп бөлігін қамтамасыз еткен екі қалада таралған. Басқа жерлерде, атап айтқанда Франция мен Италияда, жастардың өздері тұрып жатқан, демек, отбасылық ықпалдан қашық колледждерде тәлім-тәрбие алуы үрдіске айналған”302. Демек, “арнайы пәндерге тумысынан және пәрменді әуестік болды” деуге ешқандай негіз жоқ303; бері салғанда, олар болғанның өзінде ереже емес. “Ұлы филологтың баласы, – деп атап өтеді Бэн, – бір де бір сөзді мұра етпейді; әйгілі саяхатшының баласы мектепте географияны білуден кен қазушының баласынан кем соғуы мүмкін”304. Бұл тұқым қуалаушылықтың ықпалы жоқ деген сөз емес, бірақ ол беретін нәрсе аталмыш ғылымға деген жеке қабілет емес, едәуір жалпылама қабілеттер болып табылады. Бала ата-анадан зейіннің біраз күшін, табандылықтың белгілі мөлшерін, естілік, қиялдау және т.б. алады. Бірақ осы қабілеттердің әрқайсысы көптеген әртүрлі мамандықтарда жемісті пайдасын тигізе алады. Мінеки, қиялы едәуір ұшқыр бала; егер ол әу бастан

302 Op. cіt., p. 296.
303 Op., cіt., p. 299.
304 Emotіons et volont~, p. 53.

суретшілермен аралас-құралас болса, ол суретші немесе ақын болып шығады; егер ол өнеркәсіптік ортада тұратын болса, ол өнертапқыш инженер болады; егер жағдай оны сауда әлеміне орналастырса, ол, мүмкін, бір кезде батыл қаржыгер болар. Әрине, ол өзімен бірге барлық жерге өзіндік табиғатын, өзінің туындату және қиялдау қабілетін, өзінің жаңашылдыққа деген құштарлығын ала келеді; бірақ ол өзінің дарындылығын қажетке жаратып, өз бейімділіктерін қанағаттандыра алатын өріс аса көп. Айтпақшы, Декондоль мұны тікелей бақылау арқылы анықтады. Ол өзінің әкесі атасынан алған, ғылымдарда пайдалы қасиеттер тізімін жасаған; ол тізбе мынау: ырық, тәртіпке сүйіспеншілік, естілік, зейіннің белгілі бір күші, метафизикалық абстракцияларға жиіркене қарау, пікір тәуелсіздігі. Бұл, әрине, жақсы мұра, бірақ ол мұрамен әкімгер, мемлекет қайраткері, тарихшы, экономист, ірі өнеркәсіп иесі, жақсы дәрігер және ең соңында, Декондоль сияқты натуралист те болу ықтимал еді. Жағдайлар оның мансап таңдауында маңызды рөл атқарған тәрізді және шындығында ол туралы бізге оның баласы мәлім етеді305. Тек математикалық дарын мен музыкалық сезім ғана әжептәуір жиі ата-анадан тікелей мұра етілген туа біткен бейімділік бола алады. Осынау сырт көзге тосын ауытқу, осы дарынның екеуі де адамзат тарихында аса ерте дамығанын еске алсақ, ешкімді қайран қалдырмайды. Музыка – өнердің алғашқысы, ал математика – адамдар шұғылданған алғашқы ғылымның бірі; осынау қосар қабілет, демек, неғұрлым ортақ және қарапайым болуға тиіс және бұл олардың берілу қабілетін түсіндіреді. Қылмысқа деген бейімділік туралы да дәл осыны айтуға болады. Тард әділ атап өткендей, қылмыстың әрқилы түрлері, зиянды болса да, кәсіп: кейде тіпті олар күрделі техника болады. Алаяқ, жалған ақша жасаушы, құжаттарды қолдан жасаушы өз кәсібінде көптеген әдеттегі қызметкерлерден гөрі, білім мен өнерді көбірек пайдалануға тиіс. Бірақ, тек жалпы моральдық бұзылғандық қана емес, қылмыстардың ерекше пошымдары да – тұқым қуалаушылықтың жемісі деген пікір де кесіп айтылады; “қылмыскер болып туғандардың

305 Op. cіt., p. 318.

пайызы”306 40-тан асады деп есептеп те шығарылды. Егер де бұл қағида дұрыс болса, тұқым қуалаушылық кәсіптердің, тіпті ерекше кәсіптердің бөліну тәсіліне кейде зор ықпал етеді деген қорытынды жасауға тура келер еді. Оны дәлелдеу үшін әртүрлі екі әдіс қолданылады. Бүтіндей жаманшылық жолына түскен және бұл көптеген ұрпақтарға созылған отбасыларға сілтемені көбіне қанағат тұтатын. Бірақ қылмыстық бейімділіктер жиынтығындағы тұқым қуалаушылықтың салыстырмалы үлесін бұлай анықтау мүмкін еместігінің үстіне, мұндай байқаулар, олар қанша көп болмасын, дәлелді емес. Ұрының баласы ұры болатыны, оның инсаниятсыздығы – әкесінен қалған мұра деген сөз емес. Фактыларды осылай түсіндіру үшін тұқым қуалаушылықтың ықпалын жағдайдың, тәрбиенің және т.б. ықпалынан бөліп алатын ахуалдар болу керек. Егер де кәміл салауатты отбасында тәрбиелене тұра, бала ұрлыққа бейім болып шықса, онда тұқым қуалаушылықтың ықпалына сілтеме жасауға толық хақылы болар едік; бірақ жүйелі түрде жасалған мұндай сенімді байқау бізде аз. Жамандыққа осындай бейімділік танытатын отбасылар саны кейде өте көп болады деген ескеру қарсылықты терістей алмайды. Санның бұл жерде қатысы жоқ, өйткені, бүкіл отбасыға бірдей отбасылық орта, қаншалықты үлкен болсын, осы эндемиялық қылмыстылықты жеткілікті түсіндіреді. Ломброзо ұстанатын әдіс, егер ол автор үміттенетін нәтижелерді берсе, неғұрлым сенімді болар еді. Бірқатар оқиғаларды атап көрсетудің орнына, ол қылмыскердің анатомиялық және физиологиялық тұрпатын көрсетеді. Анатомиялық және физиологиялық белгілер, әсіресе біріншілері, табиғи сипатта болатындықтан, яғни тұқым қуалаушылық айқындалғандықтан, тұқым қуалаушылықтың осы ерекше қызметке ықпалын дәл өлшеу үшін, осылайша көрсетілген тұрпатты білдіретін қылмыскерлер пропорциясын анықтау жеткілікті. Ломброзо бойынша ол елеулі екендігін біз көрдік. Бірақ келтірілген сан жалпы қылмыстық тұрпаттың салыстырмалы жиілігін ғана көрсетеді. Демек, одан шығаруға болатынның барлығы жамандыққа бейімділік көбіне-көп тұқым

306 Lombroso. L’homme crіmіnel, p. 669.

қуалайды дегенге саяды; бірақ бұдан қылмыстардың жеке пошымдары турасында ештеңе шығаруға болмайды. мұның үстіне, осы алдамшы қылмыстық тұрпат шындығында ерекше ештеңеге ие емес екендігі қазір белгілі. Оны құрайтын көптеген белгілер басқа да жағдайларда кездеседі. Оның азғындаған, неврастения кеселіне ұшыраған адам тұрпатына ұқсас екендігі ғана байқалған307. Бірақ егер бұл факт қылмыскерлер қатарында неврастениктер көп екендігін дәлелдесе де, бұдан неврастения әрдайым және сөзсіз қылмысқа жетелейді деген қорытынды шықпайды. Бері салғанда, кемеңгер және дарынды бола қоймаса да, қалай дегенде де, адал адамдар болатын соншама дегенераттар бар. Сонымен, егер қабілеттер, қаншалық ерекшелікті болса, соншалық беріле алады десек, әлеуметтік еңбекті ұйымдастырудағы тұқым қуалаушылықтың үлесі, еңбек неғұрлым бөлінген болса, соғұрлым көбірек болады. Қызметтер тым жалпылама сипатта болатын дамуы төмен қоғамдарда олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа оңайырақ әрі толығырақ өте алатын ортақ қабілеттерді талап етеді. Әркім туылғаннан өзінің жеке басын сақтау үшін қажет ең елеулі нәрселерді алады; оның өзі алуы қажет нәрсе оның тұқым қуалаумен алатын нәрселерімен салыстырғанда тым азғантай нәрсені ғана құрайды. Орта ғасырларда атақты адамның өз қызметін атқаруы үшін ерекше білім де, күрделі дағды да қажет болмайтын – оған негізінен жаужүректік қажет болды, оны ол қанмен бірге алатын. Левит пен брамин өз міндеттерін орындау үшін қандай да бір көлемді ғылымға мұқтаж болмайтын; оның көлемін оны қамтитын кітап көлемімен анықтауға болады. Бірақ оларға интеллекттің табиғи артықшылығы ғана жетіп жататын, бұл тобырдың қолы жетпейтын идеялар мен сезімдерді олар үшін қол жетерлік ететін. Эскулап заманында жақсы тәуіп болу үшін қандай да бір ауқымды білімнің қажеті де болмайтын: бақылау-аңдауға, нақты нәрсеге табиғи бейімділік жетіп жататын, және де ол бейімділік жеткілікті ортақ болғандықтан келесі ұрпаққа оңай берілетін болу үшін ол кейбір

307 Қараңыз: Fere. D~g~n~rescence et crіmіnalіt~.

отбасыларға берілетіндігінен және тәуіп кәсібі оларда тұқым қуалайтын болуынан қашып құтыла алмайтынсың. Мұндай жағдайда тұқым қуалаушылық әлеуметтік институтқа айналғанын түсіну оңай. Касталардың ұйымдасуын осы, таза психологиялық себептер тудырмағандығы шүбәсіз; бірақ, касталар басқа себептердің қысымымен пайда болған кезде, тұқым қуалаушылық сақталып қалды, өйткені индивидуалдық талғамдарға да, қоғамның мүддесіне де сәйкес келе кетті. Кәсіптік қабілет дара қасиеттен гөрі, көбінесе нәсілдік қасиет болғандықтан, қызмет турасында да дәл сондай жағдайдың болуы әбден табиғи еді. Қызметтер бірөңкей бөлініп берілгендіктен, заңның осы бөліп беру принципін дәріптеуі тек пайдалы бола алатын. Индивидтің өзінің ақылы мен мінезін қалыптастырудағы үлесі мейлінше аз болса, ол өзінің мансабын таңдауда үлкен үлеске ие бола алмайды және егер де оған көбірек еркіндік берілсе, ол онымен не істеу керектігін жалпы білмес еді. Ең болмағанда бір ғана жалпы қабілет әртүрлі мамандықтарға жарай беретін болса ғой! Бірақ нақ еңбек аз маманданғандықтан бір-бірінен айқын өзгешеліктермен бөлінген қызметтер азғантай ғана; демек олардың тек бірінде ғана табысқа жетуге болады. Индивидуалдық қиыстырулар үшін қалдырылған өріс те осы жағынан шектелген. Сайып келгенде, қызметтің тұқым қуалаушылығы жағдайы дәл мүліктің тұқым қуалаушылығы секілді. Төменгі қоғамдарда ата-бабалардан қалған және көп жағдайда жылжымайтын мүліктен тұратын мұра әрбір жеке отбасының ең маңызды бөлігі болып саналады; индивид сол кездегі экономикалық қызметтердің әлсіз өміршеңдігінің салдарынан тұқым қуалаушылық қорға көп үлес қоса алмайды. Сондықтан оның иесі ол емес, осы ұрпақтың барлық мүшелерінен ғана емес, бүкіл ұрпақ қатарынан тұратын ұжымдық тіршілік иесі, отбасы. Міне сондықтан көпке тиесілі мүлік жекеге тимейді; отбасылық тіршілік иесінің қысқа мерзімді өкілдерінің біреуі де оларға ие бола алмайды, себебі ол оған тиесілі емес. Ол – отбасыға, ал қызмет – кастаға тиесілі. Құқық өзінің алғашқы тыйымдарын азайтқан кездің өзінде вотчинадан айыру әлі парыздың бұзылуы деп қарастырылады; аристократия үшін тең емес неке қандай болса, ол халықтың

барлық таптары үшін сондай. Бұл нәсілге опасыздық, жолдан таюшылық. Сондықтан, тіпті оған жол бере отырып, заң ұзақ уақыт бойы оған әртүрлі кедергілер қояды; осыдан келіп төлеп алу құқығы шығады. Еңбек көбірек бөлінген дамыған елдерде жағдай басқаша. Бұл жерде қызметтер көбірек тармақталғандықтан, бір қабілет әртүрлі мамандықтар игеруге жұмсала алады. Батылдық солдатқа ғана емес, кен қазушыға, аэронавтқа, дәрігерге, инженерге де қажет. Байқап-бақылауға бейімділік адамнан романис те, драматург та, химик те, натуралист те, әлеуметтанушы да жасай алады. Қысқасы, индивидтің жағдайы тұқым қуалаушылықпен соншалық шектеліп қоймайды. Тұқым қуалаушылықтың салыстырмалы маңызын әсіресе кемітетін нәрсе – жеке адам ие болатын нәрсе үлесінің барған сайын елеулі бола түсетіндігі. Өсиетпен қалдырылған мұраны құнды ете түсу үшін оған бұрынғыдан көбірек қосу керек. Шынында да, қызметтер көбірек маманданған сайын, жай ғана жалпы қабілет жеткілікті болмайды. Оларды белсенді әзірлеуге бағындыру, идеялардың, қозғалыстардың, әдеттердің тұтас бір дүниесіне ие болып, оларды үйлестіру, жүйелеу, олардың табиғатын өзгерту, оған жаңа пошымдар беру қажет болды. Бастапқы негізге аз-аздап үстемелене берген комбинациялардың маңызы мен сан алуандығын көру үшін (бұл үшін біз бір-біріне едәуір жақын нүктелерді аламыз), ашық та оншалық қиынға жегілмеген ақылы бар ХVІІ ғасыр адамы мен барлық дағдылармен, өзінің ғылымы үшін қажет барлық біліммен қаруланған қазіргі ғалымды салыстыру жеткілікті; бір замандардағы өзінің табиғи ержүректігі, ар-намысы бар өткен дворян мен көп еңбекті қажет ететін, күрделі техникасы бар қазіргі офицерді салыстыру жеткілікті. Бірақ осынау қиыннан қиыстырылған комбинациялар өте күрделі, сондықтан да нәзік. Олар күшті дүрбелеңге қарсы тұра алмайтын тұрақсыз тепе-теңдік ахуалында болады. Егер де олар ата-аналардың екеуінде де ұқсас болса, онда, мүмкін, олар пайда болу дағдарысын бастан өткере алар еді. Бірақ мұндай ұқсастық ілуде бір ұшырасады. Біріншіден, олар әрбір жыныста өзгеше; одан соң, қоғамдар кеңейіп, тығыздала бастауына қарай қиысулар үлкен

кеңістікте жүріп, барынша әртүрлі тұрпаттағы индивидтерді жақындастырады. Демек, сана ахуалының осынау бүкіл байлығы бізбен бірге өледі де, біз ұрпағымызға оның көмескі тұқымын ғана береміз. Нақ солардың оны қайта ұрықтандыруына тура келеді, демек, олар, қажет болса, оның дамуын оңай өзгерте алады. Олар әкелері істеген нәрсені енді сөзсіз қайталауға мәжбүр емес. Әрбір ұрпақ ғасырлардың бүкіл жұмысын жаңадан бастайды деп ойлау қате екендігіне шүбә жоқ; бұл кез-келген прогресті мүмкін емес қылар еді. Өткеннің қанмен бірге берілмейтіндігінен оның өлетіні келіп шықпайды; ол ескерткіштерде, әртүрлі дәстүрлерде, тәрбиемен қалыптасатын әдеттерде таңбаланып қалады. Бірақ дәстүр – тұқым қуалаушылыққа қарағанда оншалық бекем байланыс емес; ол ойлау мен құлықты күн ілгері қатаң да анық белгілеп бере алмайды. Біз, мұның үстіне, сол дәстүрдің өзі қоғамдардың тығыздала түсуіне қарай неғұрлым икемді бола түсетінін көрдік. Демек, индивидуалдық өзгерістер үшін неғұрлым кең өріс ашылады да, ол еңбектің бөлінуіне барған сайын көбірек кеңейе түседі. Қысқасы, өркеният организмде өзі арқа сүйейтін ең жалпы негіздермен ғана бекітіле алады. Ол неғұрлым жоғары өрлеген сайын, демек, соғұрлым тәннен бостан бола түседі; оның табиғилығы барған сайын азайып, барған сайын көбірек әлеуметтік құбылыс бола түседі. Бірақ сонда ол енді тәннің көмегінсіз жалғаса алады, яғни тұқым қуалаушылықтың оның үздіксіздігін қамтамасыз ету шамасы барған сайын азая береді. Ол, демек, өзінің билігін біздің табиғатымыздың заңы болуын тоқтатқандықтан емес, өмір сүру үшін бізге ол бере алмайтын органдар қажет болғандықтан жоғалтады. Ештеңеден біз ештеңе шығара алмайтынымызға күмән жоқ және бізге тек сол ғана жеткізетін шикізат іргелі маңызға ие; бірақ оған қосылатын шикізаттың маңызы одан кем емес. Тұқым қуалаушылық ахуал зор құндылығын сақтайды, бірақ ол индивидуалдық қасиет барған сайын шектеле түсетін бөлшегін құрайды. Мұндай жағдайда тұқым қуалаушылықтың әлеуметтік институттардан неліктен ғайып болғандығы және массаның оны сіңіріп жіберген қосымшалардың

тасасынан тұқым қуалаушылық негізді байқамай, енді оның маңыздылығын неліктен сезбейтіндігі түсінікті.

ІІ Бірақ мұнымен іс бітпейді. Тұқым қуалаушылықтың үлесі салыстырмалы түрде ғана емес, абсолютті түрде де кемиді деп ойлауға негіз бар. Тұқым қуалаушылықтың адамзат дамуының шағын факторына айналуы ол бере алмайтын толып жатқан жаңа жетістіктердің болуынан ғана емес, сонымен бірге оның бере алатыны индивидуалдық өзгерістерді көр қыспаққа ала алмайды. Бұл топшылауды төмендегі фактылар шындыққа әбден-ақ жақындата түседі. Тұқым қуалаушылық ахуалының аталмыш түр үшін маңызын әрқашан инстинктердің саны мен күші бойынша өлшеуге болады. Бірақ инстинктердің ғұмыры біз жануарлар дүниесі иерархиясында көтерілген сайын әлсірей түсетіні көп нәрсені аңғартады. Шынында да, инстинкт – бұл қасаң мақсатқа бейімделген белгілі бір қарекет тәсілі. Ол индивидті әрдайым бірдей және қажетті жағдайлар туған кезде қайталанатын қарекеттерге итермелейді; ол өз пошымында қатып қалған. Сөз жоқ, оны олардан жалтаруға мәжбүр етуге болады, бірақ, бұл жалтару тұрақты болу үшін ұзақ дамуды қажет ететіндігін баылай қойғанда, олар бір инстинктің орнына екіншісін, бір арнайы механизмнің орнына – дәл сондай екіншісін алмастырып қоюдан басқа нәтиже бермейді. Керісінше, жануардың түрі неғұрлым жоғары болса, инстинкт соғұрлым факультативтік болады. “Бұл, – дейді Перье, – енді екіұшты актылардың комбинациясын жасаудың санасыз қабілеті емес, бұл жағдайларға қарай, әртүрлі қарекет жасау қабілеті”308. Тұқым қуалаушылықтың ықпалы – неғұрлым жалпылама және бұлдырлау, ондағы бұйрық рай кемшін дегеніміз – ол аз деген сөз. Олар енді жануардың қызметін тар тордың ішіне қамап қоймайды, қайта оған көбірек бостандық қалдырады. “Жануарларда, – дейді

308 Anatomіe et physіologіe anіmales, p. 201. Мына кітаптың алғы сөзімен салыстырыңыз: Romanes. L’іntellіgence des anіmaux, p. XXІІІ.

жаңағы Перье, – интеллекттің өсуіне қарай тұқым қуалаушылық шарттары терең өзгереді”. Жануарлардан адамға өткен тұста бұл регресс одан да айқын көрінбек. “Адам кейбір артық нәрсені қоса, жануарлар істейтіннің бәрін істейді; тек ол нені және неге істейтінін біліп істейді; тегінде, өзінің қылықтарын жалғыз осы жете ұғыну оны сол қылықтарды атқаруға қажетті түрде итермелейтін барлық инстинктерден оны босататын сыңайлы”309. Жануарларда инстинкттік бола тұра, адамдарда тұқым қуалаушы болуын тоқтатқан барлық қозғалыстарды тым ұзақ санап шығуға тура келер еді. Тіпті инстинкт сақталатын жерде оның күші аз болады және ырық оп-оңай оның қожайыны болып кете алады. Бірақ онда төменгі жануарлар түрінен жоғарғы түрлерге, соңғылардан – адамға үздіксіз түрде жасалатын осы қарышты қозғалыс адамзаттың пайда болуымен кеңет тоқтатылады деуге ешқандай негіз жоқ. Адам өзінің пайда болу сәтінен бастап инстинктерден мүлде еркін бола алды ма? Біз оның бұғауын қазір де сеземіз ғой. Үздіксіздігін біз қазір ғана көрген прогресті бостандықты тудырған себептер өзінің күш-қуатын кенет жоғалтқаны ма? Бірақ олар түрлердің жалпы прогресін айқындайтын себептермен қосылатыны және ол прогресс тоқтамайтындықтан, олар да тоқтай алмайтыны айдан анық. Мұндай гипотеза барлық аналогияларға қайшы. Ол тіпті жақсы анықталған фактыларға да қайшы. Іс жүзінде интеллект пен инстинкттің үнемі бір-біріне кері өзгеріп отыратыны дәлелденген. Осы сәтте бізге бұл қатынас қайдан пайда болатынын анықтау қажет емес; біз оның бар болуын кесіп айтуды қанағат тұтамыз. Бірақ адам интеллекті әу бастан дами беруін тоқтатқан емес; демек, инстинкт кері бағытта қозғалуы тиіс еді. Демек, бұл қағиданы фактыларды тікелей байқау жолымен орнықтыруға болмаса да, тұқым қуалаушылық әлеуметтік эволюция барысында негізін жоғалтты деп пайымдаған жөн. Жоғарыда айтылған қағиданы тағы бір дерек қуаттайды. Эволюция тарихтың басталуынан жаңа нәсілдерді бермегені былай тұрсын, байырғы нәсілдер де барған сайын кері кетіп жатыр. Шынында да, нәсіл бір ғана тұқым

309 Guyau. Morale anglaіse. 1-re ~d., p. 330.

қуалаушылық тұрпатқа қатысты ұқсастығы бар біршама санды индивидтерден құралады, бұл ұқсастықтың жеткілікті зор екендігі соншалық, индивидуалдық айырмашылықтарды елемеуге болады. Бірақ осы айырмашылықтардың маңызы барған сайын өсіп келеді. Индивидуалдық тұрпаттар рулық тұрпатқа нұқсан келтіре отырып, барған сайын бедерлі бола түсуде, ал рулық тұрпаттың елеулі белгілері жан-жаққа жайылып, басқа да толып жатқан белгілермен араласып, шексіз тармақталып, енді біртұтас бүтінге оңай жинала алмайтын болды. Осынау шашырау мен жойылып кету, айтпақшы тым аз дамыған халықтарда да басталды. Өздерінің оқшауланғандығының арқасында эскимостар, тегінде, нәсілдің тазалығын сақтап қалу үшін аса қолайлы жағдайда орналасқан. Алайда, “өсімнің толқынысы онда әдеттегі индивидуалдық шектерден асып түседі… Готам өткелінде эскимос негрге; Спафарет бұғазында – еврейге ұқсайды (Зееман). Римдік мұрын қонжиған дөңгелек бет жиі кездеседі (Кинг). Олардың терісінің түсі бірде тым қара, бірде өте ашық”310. Егер соншама кішкентай қоғамдарда осылай болып жатса, онда бұл құбылыс біздің қазіргі үлкен қоғамдарда айқын көрінуі тиіс. Орталық Еуропада бас сүйектердің алуан түрлі нұсқалары, әлпеттің алуан түрлі пошымдары іргелес жерден табылады. Терінің түсі де дәл солай. Вирховтың Германияның әртүрлі таптарынан алынған 10 000 балаға жасаған байқауы бойынша германдық нәсілге тән ақсары тұрпат солтүстікте 100-дің 43-інен 33 ретке дейін; орталықта 32-ден 25-ке дейін және оңтүстікте 24-тен 18 ретке дейін байқалған311. Осынау нашарлап бара жатқан жағдайда антропологтың дәл анықталған тұрпатты анықтай алмайтыны түсінікті. Гальтонның таяудағы зерттеулері тұқым қуалаушылық ықпалының осы әлсіреуін қуаттайды және сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік береді312. Байқаулары мен есептеулерін теріске шығару қиын секілді осы авторға сәйкес, аталмыш әлеуметтік топтағы жалғыз ғана ұдайы және түгелімен берілетін белгілер – бұл қосылуы орташа тұрпатты құрайтын белгілер. Мәселен,

310 Topіnard. Anthropologіe, p. 438. 311 Wagner. Dіe Kulturz`chtung des Menschen. Kosmos, 1886, Heft І, S. 27. 312 Natural Іnherіtance. L., 1889.

бірыңғай бойы ұзын ата-анадан туған бала олардың бойына жетпейді, бірақ орташа деңгейге көбірек жақындайды. Керісінше, егер әке-шеше тым аласа болса, онда бала олардан биік болады. Гальтон тіпті ауытқудың осы қатынасын – ең болмағанда шамамен – өлшеуге қол жеткізді. Егер орташа болйы атаананы нақты ата-ананың екеуінің де арифметикалық орташа шамасын беретін (әйелдің бет пішіні оны еркектікімен салыстырып, қосып, бірге бөлуге болатындай түзілген) күрделі тіршілік иесі деп атауға уәделессек, онда баланың осы өзгермейтін эталонға қатысты ауытқуы әкесінің ауытқуының 2/3 бөлігін құрайды313. Гальтон бұл заңды бой үшін ғана емес, сонымен қатар, көздің түсі, көркемдік қабілеттер үшін де анықтады. Алайда, оның байқаулары сапалық емес, индивидтердің орташа қатынастарына ғана қатысты болды. Бірақ заңның біреулерге қолданыла алатыны, ал басқаларға қолданыла алмайтыны түсініксіз. Егер ереже осындай болып, тұқым қуалаушылық осы тұрпаттың маңызды белгілерін олар онда орын алатын даму дәрежесінде ғана береді десек, онда тұқым қуалаушылық, сондай-ақ, онда орын алатын белгілерді ғана беруге тиіс. Қалыпты белгілердің қалыптан тыс шамалары туралы айтылған нәрсе ақиқат болса, қалыптан тыс белгілердің өздері туралы айтылған нәрсе де ақиқат болуға тиіс. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа тек әлсіреген түрде өтіп, жойылып кетуге ұмтылуға тиіс. Бұл заң, айтпақшы, оңай түсіндіріледі. Бала өзінің ата-анасынан ғана емес, өзінің барлық арғы аталарынан мұра алады; сөз жоқ, әке-шешенің ықпалы өте күшті, өйткені ол ықпал тікелей болады, бірақ алдыңғы ұрпақтардың ықпалы, егер ол бір бағытта жүріп отырса, жинақтала беруге қабілетті, және алыстық факторын өтейтін осынау жинақталудың арқасында, ол тікелей әке-шеше ықпалын бейтараптандыруға немесе әлсіретуге жеткілікті күш-қуат дәрежесіне жете алады. Бірақ жаратылыстық топтың орташа тұрпаты – орташа өмір жағдайына, демек, ең қарапайым жағдайларға сәйкес келетін тұрпат. Ол индивидтердің физикалық, сол сияқты әлеуметтік орташа орта деп атауға

313 Іbіd., p. 104.

болатын, яғни көпшілік өмір сүретін ортаға бейімделе алған тәсілді көрсетеді. Осы орташа жағдайлар – олардың қазіргі кезде ең ортақ болуын мүмкін еткен себеп бойынша өткенде ең жиі болған жағдайлар. Демек, бұл біздің арғы атабабаларымыздың көбісі өмір сүрген жағдайлар. Рас, уақыт барысында олар өзгере алатын; бірақ жалпы олар баяу өзгереді. Орташа тұрпат сондықтан ұзақ уақыт бойы дерлік сол күйінде қалады. Демек, алдыңғы ұрпақ легінде, бері салғанда, байқалатындай ықпал ете алу үшін жеткілікті жақын ұрпақтарда бәрінен жиі және барынша біркелкі нақ сол тұрпат қайталанады. Осы тұрақтылықтың арқасында ол орнықтылыққа ие болып, бұл орнықтылық оны тұқым қуалаушылық ықпалдың өзегіне айналдырады. Оны құрайтын белгілер шынында ең зор қарсылық жасайтын белгілер, олар көбірек күшпен және дәлдікпен берілуге ұмтылады. Керісінше, одан алыстап кететіндер бұл алыстау неғұрлым айтарлықтай болса, соғұрлым көбірек бұлдырлау ахуалда сақталады. Болып жататын ауытқулардың әрдайым уақытша болып, аса жетілмеген түрде сақталатыны сондықтан. Алайда Гальтон ұсынған түсіндірмеден біршама өзгеше осы түсіндірменің өзі, оның заңы мүлтіксіз дәл болу үшін шағын түзетуге мұқтаж деп топшылауға мүмкіндік береді. Шынында да, ата-бабаларымыздың орташа тұрпаты, орташа ғұмыр өзгере қоймағандықтан, біздің ұрпақтың тұрпатымен ұқсас. Бірақ шын мәнісінде ұрпақтан ұрпақ ауысқан сайын орташа тұрпаттың құрамындағы өзгерістерге жетелейтін өзгерістер болып жатады. Егер Гальтон жинаған фактылар оның заңын өзі тұжырымдаған пошымда қуаттап жатса, оның себебі ол өз заңын тек физикалық, біршама қозғалмайтын белгілермен мысалы, бойы немесе көздің түсі сияқты белгілермен ғана тексергендігінде. Бірақ егер дәл сол әдіспен басқа, органикалық немесе психикалық қасиеттерді бақылап-байқайтын болсақ, онда эволюцияның ықпалы міндетті түрде көрінетін болады. Демек, бұрмай айтқанда, берілу дәрежесі барынша көп белгілер, жиынтығы бір ұрпақтың орташа тұрпатын құрайтын белгілер емес, қайта бірінен соң бірі келетін ұрпақтардың орташа тұрпатын алуға болатын орташа арифметикалық белгілер. Осынау түзетусіз, мұның үстіне, орташа арифметикалық топтар қалай

ілгерілей алатынын түсіндіру мүмкін болмас еді, өйткені, егер Гальтонның қағидасын сөзбе-сөз қабылдайтын болсақ, қоғамдар әрқашан және сөзсіз бір деңгейге келтірілетін болады, себебі екі ұрпақтың, тіпті бір-бірінен алыс жатқан ұрпақтың орташа тұрпаты ұқсас болар еді. Бірақ бұл ұқсастық – тіпті де заң емес; керісінше, орташа бой немесе көздің орташа түсі секілді соншалық қарапайым физикалық белгілер өте баяу болса да, аз-аздап өзгереді314. Ақиқат мынада, егер ортада ұзаққа созылған өзгерістер болып жатса, онда содан туындайтын органикалық және психикалық өзгерістер сайып келгенде бекітіліп, дами беретін орташа тұрпатқа кірігер еді. Демек, эволюция барысында онда болып жататын өзгерістер онда үнемі қайталанып жататын элементтер сияқты берілу деңгейіне ие бола алмайды. Орташа тұрпат индивидуалдық тұрпаттардың қабаттаса беруінен туындайды және ондағы ең ортақ нәрселерді көрсетеді. Демек, оны құрайтын белгілер, олар топтың әртүрлі мүшелерінде неғұрлым дәлме-дәл қайталанса, соғұрлым айқын бола түседі; бұл дәлдік толық болғанда, олардың барлық белгілері онда реңкіне шейін орын алады. Керісінше, олар индивидтен индивидке өзгеріп отыратын кезде, ұқсастық нүктелері санының аз болуының салдарынан, солардан орташа тұрпатта қалатыны, айырмашылықтар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым ортақ белгілерге саяды. Бірақ біз индивидуалдық ұқсаспау барған сайын ұлғая түсетінін, яғни орташа тұрпаттың елеулі элементтерінің көбірек тармақтала түсетінін білеміз. Демек, сол тұрпаттың өзі бұлдырлау белгілерді қамтуға тиіс және қоғам неғұрлым жіктелген болса, бұл соғұрлым көбірек болуға тиіс. Орташа адам барған сайын бұлыңғырлау, бұлдырлау әлпет, барған сайын нобайлы ғана түр алып келеді. Бұл анықталуға және шектелуге барған сайын қиын көнетін абстракция. Екінші жағынан, қоғамдар неғұрлым жоғарғы түрге жатса, олар соғұрлым жылдам дамиды, себебі дәстүр, біз анықтағандай, барған сайын тым икемді болып келеді. Орташа тұрпат бұл жерде, сөйтіп, ұрпақтан ұрпаққа өзгеріп отырады. Демек,

314 Arr~at. R~cents travaux sur І’h~r~dіt~. Revue phіlosophіque, avrіl 1890, p. 414.

осынау барлық орташа тұрпаттардың бір-біріне жамала беруінен шығатын екі есе күрделі тұрпат олардың әрқайсысынан гөрі, әлдеқайда абстрактылы және барған сайын сондай бола түсуде. Бірақ осы тұрпаттың тұқым қуалаушылығы қалыпты тұқым қуалаушылықты құрайтындықтан, Перье айтқандай, соңғысының жағдайы түрін терең өзгертетіні айдан анық. Әрине, бұл тұқым қуалаушылық абсолютті түрде азырақ нышандар береді деген сөз емес, өйткені егер индивидтер ұқсас емес белгілерді көбірек көрсететін болса, онда олар сондай-ақ жалпы көбірек белгілер көрсетеді. Бірақ оның беретіні барған сайын бұлдыр бейімділіктерден, мыңдаған әртүрлі мәнерге мамандала алатын сезу мен ойлаудың барған сайын ортақ тәсілдерінен тұрады. Бұл енді арнайы мақсаттар үшін нақты құрылған бұрынғы тұтас механизмдер емес, бұл болашақты түпкілікті меңземейтін тым бұлыңғыр ұмтылыстар. Мұра бұрынғыдан тіпті де кем емес, бірақ ол енді түгелімен қолдағы ақшадан тұрмайды. Ол құрайтын құндылықтардың көбірек бөлігі әлі жүзеге асырылмаған, және бәрі де олардың болашақ пайдаланылуына байланысты. Тұқым қуалаушылық белгілерінің осы үлкен икемділігі олардың бұлдырлығы ахуалынан ғана емес, олар бастан кешірген өзгерістер салдарынан алған дүрбелеңнен туындайды. Шынында да, тұрпат неғұрлым көбірек ауытқуды басынан кешірсе, соғұрлым тұрақты емес екендігі мәлім. “Кейде, – дейді Катрфаж, – былайша айтқанда, орнықсыз бола түскен осы организмдердің түрін түкке тұрмайтын себептер тез өзгертеді. Ломбардияға жеткізілген швейцариялық өгіз екі ұрпақтан кейін ломбардиялық өгізге айналады. Сондайақ, Бургундиядан әкелінген біздің кішкентай қара араларымыздың Бресседе үлкен және сары болып кетуіне екі ұрпақ жеткілікті”315. Осының барлығының арқасында тұқым қуалаушылық жаңа комбинациялар үшін бұрынғыдан да көбірек орын қалдырады. Оның ықпалына түспейтін құбылыстар саны ғана ұлғаймайды, сондай-ақ, үздіксіздігін ол қамтамасыз ететін қасиеттер де икемді

315 Dіctonnaіre encyclopedіque des scіences m~dіcales еңбегінен "Нәсілдер" мақаласы (LXXX, p. 372).

бола бастайды. Индивид, демек, өзінің өткенімен әлсізірек байланысқан; оған жаңа жағдайларға бейімделу оңайырақ, және осылайша, еңбек бөлінісінің прогресі неғұрлым оңай және жылдам бола бастайды316.

V тарау

Алдыңғының салдары

Алдыңғы бізге қоғамдағы еңбек бөлінісінің қызмет етуінің тәсілін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтік еңбек бөлінісі физиологиялық еңбек бөлінісінен елеулі бір белгісімен өзгешеленеді. Организмдегі әрбір клетканың белгілі бір рөлі бар және оны алмастыра алмайды. Қоғамда жұмыс осындай қозғалмайтын түрде ешқашан бөліп беррілген емес. Ұйымдастырылу шеңбері ең қатаң жердің өзінде индивид өзін тағдыр орналастырған өріс ішінде біршама еркіндікпен қозғала алады. Ежелгі Римде плебей тек қана патрицийлердің үлесіне тиген жұмыстан басқасының қандайына болсын еркін кірісе алатын; тіпті Үндістанның өзінде әрбір кастаға белгіленген жұмыс біршама таңдауға орын қалдыру үшін айтарлықтай кең болды317. Қандай да бір елде егер жау астананы, яғни ұлттың миының өзін басып алса, әлеуметтік өмір бұдан тоқталмайды: біраз – біршама қысқа – уақыттан кейін басқа қала, оны оған ештеңе де дайындамаса да, осы күрделі қызметті орындай алатын болады. Еңбек одан әрі бөліне берген сайын, осы икемділік пен бостандық арта түседі. Бір ғана индивид ең төменгі қызметтен бастап ең жоғары қызметке жете алады. Барлық жұмыс барша азаматтарға тең шамада ашық болатын принцип,

316 Вейсман теорияларының ең негізді сәттер мұны қуаттай алады. әрине, бұл ғалым кесіп айтатындай, индивидуалдық өзгерістердің тұқым қуалаушылықпен беріле алмайтыны дәлелденбеген. Бірақ ол, тегінде, қалыпты берілетін тұрпат – индивидуалдық тұрпат екендігін мықтап анықтаған болуы керек... (Қараңыз: Weіsmann. Essaіs sur l’h~r`dіt~. P., 1892)... 317 ману заңдары.

үнемі қолданыс таппаған болса, жалпыға бірдей бола алмас еді. Жұмыскер өзі тәуір көретін жұмысқа бола өз жұмысын тастап кететіні одан да жиі болады. Ғылыми қызмет әлі маманданбаған кезде, бүкіл дерлік ғылымды қамтитын ғалым, өз қызметін әрең-әрең алмастыра алатын, өйкені оған ғылымның өзінен бас тартуға тура келетін. Енді оның химиядан биологияға, физиологиядан – психологияға, психологиядан – әлеуметтануға өтіп, өзін жүйелі түрде әртүрлі ғылымдарға арнайтыны жиі кездеседі. Әрқилы пошымдарды қабылдауға бұл қабілет экономикалық әлемдегіден еш жерде айқын емес. Осы қызметтер сәйкес келетін талғамдар мен қажеттіліктерден, көбірек құбылмалы ештеңе болмайтындықтан, сауда мен өнеркәсіп, сұранымның барлық өзгерістеріне бейімделе алуы үшін, үнемі тұрақсыз тепе-теңдік ахуалында болуы қажет. Бұрынырақта қозғалмайтындық капиталдың жаратылыстық дерлік ахуалы болып, заң тіпті оның жылдам жылжуына кедергі жасап отырса, енді оның барлық өзгерулерін байқап үлгеру екіталай; оның қандай да бір кәсіпорынға кіріп, басқа бір жерде қас қағым сәтке дем ала тұру үшін одан шығатын жылдамдық үлкен. Сондықтан жұмысшыларға оның артынан үлгеру, демек әртүрлі жұмыстарға кірісу үшін дайын тұруға тура келеді. Әлеуметтік еңбектің бөлінуі байланысты болатын себептер табиғаты осы белгіні түсіндіреді. Егер әрбір клетканың рөлі қозғалмайтын түрде айқындалған болса, бұның себебі оның оған пайда болуынан-ақ мәжбүрленгенінде. Ол өзінің жолын белгілейтін және өзі құтылып кете алмайтын тұқым қуалаушылық дағдылар жүйесінің қамағында. Ол тіпті оларды елеулі өзгерте алмайды, себебі әлгі дағдылар оның өзі түзілген субстанцияны тым терең қамтыған. Оның құрылымы оның ғұмырын күн ілгері анықтайды. Біз қоғамда олай болмайтынын көрдік. Индивид өзінің пайда болуымен қандай да бір арнайы жұмысқа таңылмайды. Оның табиғи ұйымдастырылуы оны кез келген басқаға қабілетсіз етіп, оны міндетті түрде қандай да бір жалғыз ғана рөлге матап қоймайды; ол тұқым қуалаушылықтан әртүрлі пошымдарға ие болуы мүмкін тек аса жалпы, демек, аса икемді бейімділіктер алады.

Рас, оларды қалай пайдалану, оның өзінің қолында. Оған өзінің қабілеттерін жеке қызметтерге қолдануға және оларды мамандандыруға тура келетіндіктен, ол өзінің жұмысы үшін неғұрлым тікелей қажет қабілеттерін неғұрлым қарқынды дамытуға мәжбүр болып, басқаларының ішінара жансыздануына мүмкіндік береді. Мәселен, ол өзінің бұлшық ет күшінің перзент келтіру қабілетінің бір бөлігін жоғалтпай, өзінің миын белгілі шектен ары дамыта алмайды; ол өзінің ырық қуаты мен сезімталдығын әлсіретпей, өзінің талдау мен рефлексияға қабілетін мөлшерден тыс қоздыра алмайды; өзінің диалектикалық қабілетін ішінара жоғалтпай, байқап-бақылауға дағдылана алмайды. Мұның үстіне, заттардың өз табиғаты бойынша ол басқа қабілеттеріне нұқсан келтіріп, күшейте түсетін қабілеті белгілі бір пошымдарға ие болуға тиіс, сол қабілет аз-аздап сол пошымдардың тұтқынына айнала бастайды. Ол қабілет белгілі бір дағдыларға ие болады, белгілі бір қызмет етуге үйренеді, кақыт өткен сайын оныөзгерту қиындай береді. Бірақ осы мамандану таза индивидуалдық күш-жігер жұмсау туындайтындықтан, онда тек ұзақ тұқым қуалаушылықтан ғана пайда бола алатын дәлдік те, беріктік те болмайды. Бұл дағдылар тым икемді, себебі олар неғұрлым таяуда пайда болған. Индивид ол дағдыларды өзі қалыптастырғандықтан, олардан арылып, басқа дағдыларға ие бола алады. Ол тіпті ұзақ маужыраудан мұқалған қабілеттерін оята, олардың өміршеңдігін қоздыра, оларды алдыңғы қатарға шығара алады, дегенмен, расын айтқанда, жандандырудың бұл түрі енді неғұрлым қиынға түседі. Бұл фактылардан бір қарағанда регресс құбылысын немесе дамуы төмен ахуалдың бері салғанда, аяқталмаған, қалыптасу үстіндегі тіршілік иесінің өтпеліахуалының дәлелін көруге болады. Нақ дамуы төмен жануарларда агрегаттың әртүрлі бөліктері өзінің қызметін солайша оңай өзгертіп, бірін-бірі алмастыра алады. Керісінше, ұйым жетілген сайын, олардың өздеріне бұйырылған рөлден шығуы барған сайын мүмкін емес бола бастайды. Осылайша, біз мынадай сұраққа тірелеміз: қоғам әрбір орган, әрбір индивид белгілі бір қызметке ие болып, одан әрі оны өзгерте алмайтын тым неғұрлым

берік пошымға ие болатын уақыт бір кездері тумай ма? Тегінде, Конттың ойы осындай болған тәрізді318; Спенсердің ойы да осындай екендігіне күмән жоқ319. Бірақ мұндай қорытынды, алайда, дүмбілез, өйткені осынау алмастыру құбылысы аса қарапайым тіршілік иелеріне ғана тән емес – ол, сондай-ақ иерархияның жоғары сатыларында да, жоғарғы организмдердің жоғары органдарында да байқалады. Мәселен, “ми қабығының кейбір бөліктерін алып тастауға болатын ауытқулар азды-көпті ұзаққа созылған уақыттан кейін едәуір жиі жойылып кетеді. Бұл құбылыс тек келесі топшылаумен ғана түсіндірілуі мүмкін: жойылған элементтердің орнын баса отырып, басқа элементтер олардың қызметін орындайды. Мұның өзі алмастыратын элементтер жаңа қызметтерге қабілетті екендігін аңғартады. Қалыпты жағдайда көру түйсігін беретін элемент жағдайдың өзгеруіне орай аңғару түйсігінің, бұлшық ет сезімінің немесе қозғаушы иннервацияның (бір органикалық жүйке элементтерімен қамтамасыз етілуі – Ред.) факторына айналады. Ол-ол ма, біз нерв талшықтарының орталық желісі табиғаты әртүрлі құбылыстарды тап сол бір элементке беруге қабілетті болса, бұл элементтің көптеген әрқилы қызметтерді өзінде біріктіру ахуалы болады деп топшылауа мәжбүр болатындаймыз”320. Мәселен, қозғаушы нервтер орталыққа ұмтылатын, ал сезімдік нервтер – орталықтан серпілетін болуы мүмкін321. Ақыр соңында, егер барлық осы қызметтердің жаңадан бөлінуі берілу шарттары өзгерген кезде жасала алатын болса, онда, Вундт бойынша, “тіпті қалыпты жағдайда индивидтердің өзгермелі дамуына байланысты өзгерістер мен тербелістер пайда болады” деп топшылауға негіз бар322. Қатаң мамандану іс жүзінде артықшылықтың сөзсіз нышаны болып табылмайды. Ол барлық жағдайларда жаман ғана емес, қайта органның өз рөлінде бекітілмегені көбінесе маңызды болып шығады. Қозғалмайтындық, тіпті аса мықты болса да, ортаның өзі қозғалмайтын болатын жерде пайдалы

318 Cours de phіlosophіe posіtіve. VІ, p. 505/ 319 Socіologіe, ІІ, p. 57. 320 Wundt. Psychologіe physіologіque, І, p. 234. 321 Кюне мен Поль Бер жүргізіп, Вундт хабарлаған тәжірибені қараңыз (Іbіd., p. 233)7 322 Іbіd., І, p. 239.

екендігі күмәнсіз; мұны біз индивидуалдық организмдегі тамақтану қызметінің мысалынан көреміз. Ол тап сол бір органикалық тұрпаттағы зор өзгерістерге бағындырылмаған; демек, оның түпкілікті белгілі бір пошымды қабылдауы зиянды емес, қайта пайдалы. Ішкі және сыртқы тіні бірін-бірі оп-оңай алмастыра алатын полиптің осы алмастыру әрқашан толық емес және мүмкін емес дерлік неғұрлым дамыған жануарларға қарағанда күрес үшін нашар қаруланғандығы міне сондықтан. Орган тәуелді болатын жағдайлар жиі өзгеретін кезде мүлдем басқаша болады: онда органның өзінің өзгеруіне немесе жойылып кетуіне тура келеді. Мұның өзі күрделі, бізді күрделі ортаға бейімдейтін қызметтерде болады. Шынында да, бұл орталар өзінің күрделілігіне орай орнықсыз: оларда тепе-теңдіктің қандай да бір бұзылуы, қандай да бір жаңалық үздіксіз болып жатады. Демек, оларға бейімделген болу үшін қызметтің де өзгеруге, жаңа жағдайларға бейімделуге үнемі дайын болуы қажет. Бірақ қолда бар барлық орталардың ең күрделісі әлеуметтік орта; сондықтан әлеуметтік қызметтердің мамандануы биологиялық қызметтердегі секілді анық болмайтыны әбден табиғи нәрсе, ал осы күрделілік еңбек бөлінген сайын арта түсетіндіктен, икемділік те көбірек бола бастайды. Әрине, ол бұрынғысынша белгілі бір шекара ішінде, бірақ ол шекара барған сайын кейін кеңи түсуде. Сайып келгенде осынау салыстырмалы да үнемі арта түсетін икемділікті қызметтің органнан барған сайын тәуелсіз бола түсетіні айғақтайды. Шынында да, анық бекіген құрылыммен байланыстан өзге ештеңе де қызметті соншалық қозғалмайтын ете алмайды, өйткені барлық құрылыстардың ішінде одан орнықты да өзгерістерге беріспейтін ештеңе жоқ. Құрылым – қызметтің белгілі бір тәсілі ғана емес; ол қажетіне қарай қызметтің белгілі бір тәсілін тудыратын тіршілік ету тәсілі. Ол молекулалар үшін біршама, ерекше тән қозғалыс тәсілін ғана емес, сондай-ақ әрбір басқа қозғалыс тәсілін мүмкін емес дерлік қылатын соңғылардың арнайы құрылысын да талап етеді. Демек, егер қызмет неғұрлым икемді бола түссе, мұның себебі оның орган пошымымен аздау байланысының

тығыздығы кемитіндігінен емес, осынау екі құбылыс арасындағы байланыстың әлсірей түсетіндігінен. Шынында да, біз бұл әлсіреу қоғамдар мен олардың қызметтері күрделілене түсуіне қарай болатынын байқаймыз. Жұмыс қарапайым және барлығы үшін ортақ сипатта болатын дамуы төмен қоғамдарда оларды орындайтын әртүрлі таптар бір-бірінен морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді; басқаша айтқанда, әрбір орган басқалардан анатомиялық жағынан ерекшеленеді. Әрбір каста, халықтың әрбір тобы өзінше тамақтанатындықтан, киінетіндіктен тұрмыс салтындағы осы айырмашылықтар тәндік айырмашылықтарға жетелейді. “Фиджи көсемдері – ұзын бойлы, сымбатты, бұлшықты; төменгі сословие адамдары шектен тыс еңбек пен түкке тұрмайтын тамақтану салдарынан әбден арық. Сандвич аралдарында көсемдер – ұзын бойлы, күшті және олардың сыртқы келбеті қара халықтың сыртқы келбетінен соншалық артық болатындықтан, олар әртүрлі нәсілдерге жатады деуге болар еді. Эллис, Куктың әңгімесін қуаттай отырып, Таити көсемдерінің бәрі дерлік түгелімен төменгі топ адамдарынан атақ-мәртебесі мен байлығымен қаншалықты артық болса, тәндік күшімен де соншалықты басым түседі дейді. Эрскин дәл осы секілді айырмашылықты тонгалықтардан байқайды”323. Керісінше, жоғары қоғамдарда бұл көрінеу айырмашылықтар жойылады. Өздерін әрқилы әлеуметтік қызметтерге арнаған адамдар бір кездегіден гөрі, бір-бірімен дене пошымы, бет пішіні, келбеті жағынан азырақ өзгешеленетін көптеген фактылар дәлелдейді. азір адамдар түріне қарап, өздерінің кәсібін айыруға болмайтынымен мақтанады. Егер де, Тардтың тілегі бойынша, статистика мен антропометрия әртүрлі кәсіптік тұрпаттардың негізгі белгілерін неғұрлым дәл анықтау үшін қолданылса, онда, тегінде, олар бұрынғыдан азырақ өзгешеленетінін көрсетер еді, әсіресе қызметтердің барған сайын көбірек жіктелуін ескерсек, солай болып шығар еді. Бұл болжамды кәсіптік киім кию әдеті барған сайын қалып бара жатқан фактпен қуаттайды. Шынында да, кәсіптік киім, тегінде, қызметтік

323 Spencer. Socіologіe, ІІІ, p. 406.

айырмашылықтарды айқын ету үшін қолданылғанымен, соған қарамастан, бұдан оның жалғыз ғана негізін көру қиын, себебі ол әлеуметтік қызметтер одан ары жіктелген сайын жойылып келеді. Ол, демек, тегі басқа айырмашылықтарға сәйкес болуға тиіс. Егер де осы салт орныққанға дейін әрқилы таптардың адамдары қандай да бір айқын тәндік айырмашылықтарды байқатпаған болса, оларда осылайша ерекшелену идеясы қалай пайда болғаны түсініксіз. Осынау сыртқы шартты нышандар сыртқы жаратылыстық белгілерге еліктеп, ойлап табылуы қажет еді. Киім, біздің ойымызша, – кәсіптік тұрпаттан басқа түк те емес, ол тіпті киім-кешекте көрініс бере отырып, оған өзінің таңбасын соғып, оны өз бейнесі бойынша жіктейді. Бұл оның жалғасы іспеттес. Бұл дәл киім секілді рөл атқаратын және, әрине, дәл сол себептерден туындайтын айырмашылықтарда ерекше анық; мысалы, белгілі бір түрде сақал қою әдеті немесе мүлдем сақал қоймау, шашты қысқа немесе ұзын етіп алдыру және т.с.с. Бұлар нақ кәсіптік тұрпат белгілері, олар кенет пайда болып, орныққан соң, жасанды түрде және еліктеу жолымен жаңғырып отырады. Киімнің алуандығы ең алдымен морфологиялық айырмашылықтарды білдіреді; демек, егер ол алуандық жойылып бара жатса, оның себебі айырмашылықтардың жойылып бара жатуынан. Егер әрқилы кәсіптер өкілдері бір-бірінен көрнекі нышандармен өзгешеленуді енді қажетсінбесе, онда, демек, бұл бөліну енді нақты ештеңеге сай келмейтіндіктен. Алайда қызметтік айырмашылықтар көбірек те анығырақ бола бастайды; демек, нақ морфологиялық тұрпаттар біркелкі бола түседі. Бұл, әрине, барлық ми барлық қызметтерге бірдей қабілетті деген сөз емес; олардың қызметтік маманданбағандығы, бәрібір шектеулі түрінде қала отырып, неғұрлым елеулі бола бастайды. Бірақ қызметтің осы босатылуы мүлдем төменгі жағдайдың нышаны емес; бұл тек оның күрделі бола түскенін дәлелдейді. Егер тіндердің құрамдас элементтеріне оны бейнелеу, демек, бекіте түсетіндей орналасу қиынырақ болса, оның себебі тіннің едәуір шебер де нәзік дағдылардан құралуында. Тіпті өзімізден былай деп сұрауымызға болады: тін күрделіліктің белгілі бір

дәрежесінен бастап әлгі элементтерден біржола жылыстап кетпей ме, ол сайып келгенде орган шегінен соншалық шығып кетіп, органның оны толық сіңіруі мүмкін болмай қалмай ма? Шындығында оның субстрат пошымына тәуелсіз екендігі – натуралистер әлдеқашан анықтап қойған ақиқат; тек ол ортақ және қарапайым болған кезде, ол еркіндіктің осы жағдайында ұзақ қала алмайды, себебі орган оны оңай ассимиляциялап, сонымен бірге қыспаққа алады. Бірақ ассимиляцияның осы қабілеті шексіз деуге негіз жоқ. Керісінше, бәрі де, белгілі сәттен бастап молекулалық құрылыстың қарапайымдылығы мен қызметтік құрылыстың күрделілігі арасындағы үйлеспеушілік көбірек бола бастайды деп топшылауға мәжбүрлейді. Демек, соңғылары мен біріншілері арасындағы байланыс әлсірей түседі. Сөз жоқ, бұл қызмет қандай да бір органнан тыс бола алады, тіпті осы екі құбылыс арасындағы қандай да бір байланыс әйтеуір бір кезде жойылады деген сөз емес; тек бұл байланыстың төтелік сипаты кеми түседі. Сонымен, прогрестің салдары мынадай: функцияны органнан, өмірді материядан ьүтіндей бөліп алмай-ақ, барған сайын айыра береді, демек, оны күрделілендіре түсіп, ол оны руханиландырады, неғұрлым икемді, бостан ете түседі. Спиритуализм тіршіліктің жоғары пошымдарының сипаты осындай екендігін сезіп, психикалық өмірде мидың молекулярлық құрылысының қарапайым салдарын көруден үнемі бас тартып отырады. Шынында да, мидың әртүрлі бөліктерінің қызметтік енжарлығы абсолютті болмаса да, зор екендігін біз білеміз. Сондықтан ми қызметтері қозғалмайтын пошымға бәрінен кеш ене алады. Олар басқалардан ұзағырақ икемді және олар неғұрлым күрделі болған сайын, соғұрлым икемділігін сақтай береді; мәселен, олардың дамуы сауатсыз адамға қарағанда, ғалымда анағұрлым ұзақ жалғасады. Сонымен, егер әлеуметтік қызметтер тап осы белгіні одан сайын неғұрлым айқын көрсететін болса, бұл қандай да бір өзгеше ерекшеліктің салдарынан емес, қайта олардың табиғат дамуының неғұрлым жоғары сатысына сай келетіндігінен.

Еңбек бөлінісі прогресінің басты себебін анықтай отырып, біз сонымен бірге өркеният деп аталатын нәрсенің маңызды факторын да анықтадық. Оның өзі – қоғамдардың көлемі мен тығыздығында болып жататын өзгерістердің қажетті салдары. Егер ғылым, өнер, экономикалық қызмет дамитын болса, бұл қажеттілік салдарынан; адамдар үшін жаңа жағдайда өмір сүрудің басқа тәсілі жоқ. Араларында әлеуметтік қатынастар орнаған индивидтер саны елеулі бола түскен кезден бастап, олар көбірек маманданатын, көбірек жұмыс істейтін, өздерінің қабілеттерін барынша жұмсайтын жағдайда ғана сақтала алады; және осы жалпы ынталандырудан қажетті түрде мәдениеттің неғұрлым жоғары деңгейі туындайды. Осы тұрғыдан қарағанда, өркеният, демек, халықтарды өзінің тартылысымен ілгері сүйрейтін мақсат емес, күн ілгері белгілі болған және ниет етілген, мүмкіндігінше, көп бөлігін олар иемденіп алуға тырысатын игілік емес, қайта себептің, осы жағдайдың қажетті тең әрекет етушісінің салдары болып табылады. Бұл тарихи даму бағдарланатын және адамдар бақыттырақ та жақсырақ болу үшін жақындауға ұмтылатын полюс емес; өйткені бақыт та, инсаният та міндетті түрде өмірдің қарқынымен ұлғаймайды. Олардың ілгерілейтін себебі, қозғалу керек болғандықтан, және бұл қозғалыстың жылдамдығын олардың бір-біріне, олар азды-көпті көп болуына сәйкес көрсететін азды-көпті күшті қысым анықтайды. Бұл өркеният ештеңеге қызмет етпейді деген сөз емес; бірақ оны ілгерілеуге мәжбүрлейтін оның көрсетпейтін қызметі емес. Ол дамымай тұра алмайтындықтан дамиды. Бұл даму жүзеге асырыла бастағаннан-ақ, ол пайдалы болып шықты немесе, бері салғанда, пайдаланылады; ол дәл сол уақытта пайда болған қажеттіліктерге сай келеді, себебі олар дәл сол себептерге тәуелді. Бірақ бұл – өтіп кеткеннен кейінгі бейімделу. Мұның үстіне өркеният көрсететін жақсылық – оң ыңғайдағы баю емес, біздің бақыт капиталымыздың ұлғая түсуі емес, олар тек ол келтіретін шығындардың есесін қайтарады. Ортақ өмір белсенділігінің тым артықтығы біздің нерв жүйемізді титықтатып, жұқарта түседі, ал нерв жүйесі шығындарға сәйкес, яғни неғұрлым алуан түрлі және

күрделі есе қайтаруға қажеттілікті сезеді. Бұдан біз өркениятты еңбек бөлінісінің қызметіне айналдырудың қаншалықты жалған екендігін әлдеқайда жақсырақ көреміз; ол тек оның шағылысуы ғана. Ол еңбек бөлінісінің болуын да, прогресін де түсіндіре алмайды, себебі ол өздігінен ішкі және абсолютті құндылыққа ие емес, қайта, керісінше, еңбек бөлінісінің өзі қажет болып шығатындықтан ғана негізге ие болады. Осылайша сандық факторға телінетін маңыз, ол организм тарихында тап сондай іргелі рөл атқаратынын ескерсек, таң қаларлық болып көрінбейді. Шынында да, тіршілік иесі қосар қасиетпен: тамақтанумен және перзент әкелумен айқындалады; бұлардың соңғысы тамақтанудың салдары ғана. Демек, органикалық өмірдің қарқыны басқа да теңдей шарттар тұсында, тамақтану қызметіне, яғни организм бір құрамға біріктіруге қабілетті элемент санына пара-пар. Сондықтан күрделі организмдердің пайда болуы белгілі жағдайларда неғұрлым қарапайым организмдер топтасып, неғұрлым көлемді агрегаттарды құрайтындықтан, мүмкін ғана емес, қажетті де болады. Сонда жануарлардың елеулі бөліктері көбірек болатындықтан, олардың қатынастары енді бұрынғыдай емес, әлеуметтік өмір шарттары өзгерген және бұл өзгерістер, өз кезегінде, еңбек бөлінісін де, полиморфизмді де, өмірлік күштердің шоғырлануын да, олардың көбірек күш-қуатын да тудырады. Органикалық субстанцияның көбейе түсуі – бүкіл зоологиялық дамуға үстемдік ететін факт осы. Әлеуметтік дамудың да дәл сол заңға бағынуы таңқаларлық емес. Мұның үстіне, осы фактордың іргелі маңызын бұл ұқсастықтарға сүйенбей-ақ оңай түсіндіруге болады. Бүкіл әлеуметтік өмір көптеген индивидтер арасында орнаған оң ыңайдағы және ұзаққа созылатын қатынастардан пайда болатын фактылар жүйесінен тұрады. Демек, ол құрамдас бірліктер арасында болып жататын реакция неғұрлым жиі де жігерлі болса, соғұрлым қарқындырақ. Бірақ осынау жиілік пен жігерлілік неге тәуелді? Қолда бар элементтер табиғатынан ба, олардың көбірек немесе азырақ өмірлік күшінен бе? Бірақ біз осы тараудың өзінде индивидтер – бірлескен өмірді құрушыларынан гөрі, көбінесе соның нәтижесі екендігін көреміз. Егер олардың

әрқайсысынан ол қоғамның ықпалына қарыздар нәрселерді алып тастасақ, онда қалған қалдық, оның мәз еместігінбылай қойғанда, зор алуан түрлілікті де байқатпайды. Олар тәуелді болатын әлеуметтік жағдайлардың алуан түрлілігі болмаса, оларды бөліп тұратын айырмашылықтар түсініксіз болар еді. Демек, қоғамдардың бірдей дамымауының себептерін адамдар қабілеттерінің теңсіздігінен іздемеу қажет. Бәлкім осынау қатынастар ұзақтығының тең еместігінен болар? Бірақ уақыт өздігінен ештеңе тудырмайды. Ол жасырын күш-қуаттың пайда болуы үшін ғана қажет. Сонымен, өзара қарым-қатынаста болатын индивидтер санынан, олардың материалдық және моральдық жақындығынан, яғни қоғамның көлемі мен тығыздығынан басқа өзгермелі фактор қалмайды. Олардың саны неғұрлым көбірек болып, олар бір-біріне неғұрлым көбірек ықпал ететін болса, олардың бір-біріне үн қатуы неғұрлым күштірек те жылдамырақ болса, әлеуметтік өмір, демек, соғұрлым қарқындырақ болады. Өркениятты тудыратын да осы қарқын324. Бірақ өркеният қажетті себептердің салдары бола тұрып, ниеттің мақсаты, пәні – қысқасы мұраты бола алады. Шынында да, қоғам үшін оның тарихының әрбір сәтінде ұжымдық өмірдің белгілі бір қарқыны болады, ол әлеуметтік бірліктердің сол саны мен бөлінуінде қалыпты деп саналады. Әрине, егер бәрі де қалыпты жүріп жатса, бұл ахуал өзінен-өзі жүзеге асады; бірақ аталмыш құбылыстар қалыпты жүріп жатуы үшін нақ солай қимылдауды мақсат етіп қоюға да болады. Егер денсаулық дегеніңіз табиғатта болса, онда ауру да болады. Қоғамдардағы саулық, жеке организмдердегі секілді, еш жерде толық жүзеге асырылмаған мінсіз тұрпат қана. Әрбір дені сау индивидте оның аздыкөпті көптеген белгілері болады; бірақ олардың бәрін өзбойында ешкім

324 Біз бұл арада еңбек бөлінісі мен өркеният прогресін туғызатын, яғни әлеуметтік бұқара мен ол іске қосылатын себептердің қажетті жемісі әлде көзделген мақсат пен көбірек игілік үшін ойлап табылған құрал ма деген мәселені зерттемек емеспіз. Біз тек әлеуметтік дүниеде осынау тартылыс заңы болатынын көрсетіп береміз де, әріге бармаймыз. Алайда, бұл арада, басқа да жағдайлардағыдай, телеологиялық түсіндірменің қажеті жоқ секілді. Қоғамның әртүрлі бөлшектерін бөліп тұрған қабырғалар заттар табиғатының өзіне орай, өзіндік бір жаратылыстық тозудың пәрменімен барған сайын жоғала береді, ол тозудың ықпалы, зорлықшыл себептердің ықпалымен күшейтіле алады. Осылайша, халықтың қозғалысы көбірек, жылдамырақ бола түсіп, осы қозғалыстар жасалатын жолдарды төсейді: бұл қатынас жолдары. Олар әсіресе осы жолдардың көбісі қиылысатын жерлерде ерекше белсенді: бұл қалалар. Осылайша, әлеуметтік тығыздық ұлғаяды. Халықтарды бөліп тұрған қабырғалар дабір қоғамның ұяларын бөліп тұрған қабырғалар секілді, және дәл сол секілді жойылады.

ұштастыра алмайды. Және, мүмкін болғанынша, қоғамды мінсіздіктің осы дәрежесіне жақындатуға тырысу – әбден лайықты мақсат. Екінші жағынан, осы мақсатқа жету жолы қысқартыла алады. Егер, себептердің өз салдарларын өздерін бағыттайтын күштерге сәйкес туындайтын кездейсоқтық жүгенсіздігіне беріп қоюдың орнына, рефлексия араласып, олардың қозғалысын басқаратын болса, онда ол адамдарды көптеген ауыртпалықты сынақтардан аман сақтап қала алады. Индивидтің дамуы түрдің дамуын тек қысқаша ғана қайталайды; ол даму түр өтетін барлық фазалардан өтіп әуре болмайды. Біреулерін ол мүлде өткізіп жібереді, басқаларынан тезірек өтеді, өйткені рулық тәжірибе оған өзінің дамуын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бірақ рефлексия да осындай нәтижелерді бере алады, өйткені ол да өткен тәжірибені болашақ тәжірибені жеделдету мақсатында пайдалану түрі болып табылады. Айтпақшы, рефлексия деп мақсат пен құралдарды тек қана ғылыми түсіну деп қарамаған жөн. Өзінің қазіргі ахуалында әлеуметтанудың осынау практикалық проблемаларды шешуде бізге жәрдемі шамалы. Бірақ ғалым өмір сүретін шеңбердегі анық түсініктермен қатар, ұмтылыстар байланысты болатын күңгірт түсініктер бар. Қажеттілік ырықты ынталандыруы үшін оның ғылыммен сәулеленуінің қажеті жоқ. Адамдарды оларға бірдеңе жетіспейтінін үйрету үшін, ұмтылыстарды оятып, сонымен бір мезетте оларға өздерінің күштерін қандай бағытта жұмсауы қажет екендігін сезінуге мүмкіндік беру үшін ретсіз сынақтар жеткілікті. Осылайша, қоғамның механистік тұжырымдамасы мұратты жоққа шығармайды, және ол адамдарды олардың өз тарихының енжар куәгеріне айналдырады деп оны ьекер кінәлайды. Іс жүзінде, мұрат дегеніңіз өзіңіз қалайтын нәтиже туралы күн ілгері көре білген түсініктен басқа немесе, ол оның іске асырылуы сол күн ілгері көре білгеннің өзінің арқасында мүмкін болатын нәрсе емес пе? Бәрі де заңдарға сәйкес жасалатындығынан, біздің істейтін жұмысымыз жоқ деген қорытынды шықпайды. Бәлкім, мұндай мақсатты болмашы деп табар, өйткені жалпы алғанда әңгіме біздің деніміз сау өмір сүруімізіге мүмкіндік беру жайында ғана болып отыр ғой. Бірақ бұлай деу

мәдениетті адам үшін денсаулық дегеніңіз басқа қажеттіктерді қанағаттандыру сияқты, ең асқақ қажеттіліктерді жүйелі қанағаттандырып отырудан тұратынын ұмыту деген сөз, өйткені бұл қажеттіліктердің біріншілері де, екіншілері де оның табиғатында бекем тамыр жайған. Рас, мұндай мұрат жақын және ол ашатын көкжиекте шексіз ештеңе де жоқ. Ол еш жағдайда да қоғамның күшін шексіз экзальтациялаудан тұра алмайды, оларды тек әлеуметтік ортаның белгілі бір ахуалы көрсететін шектерде дамытудан ғана тұрады. Әрбір нысапсыздық – қандай да тапшылық секілді жамандық. Бірақ өзіңнің алдыңа қандай басқа мұратты қоюға болады? Қоршаған жағдайлар табиғаты талап ететіннен неғұрлым жоғары өркениятты іске асыруға тырысу өзің бір бөлігін құрайтын сол қоғамда аурудың асқынуын қалау деген сөз; өйткені ұжымдық қызметті әлеуметтік организмнің ахуалы көрсететін шектен артық, оның денсаулығын қатерге тікпей, асыра қоздыру мүмкін емес. Және шынында да, қандай да бір дәуірде өркенияттың біршама нәзіктігі болады, оның дімкәс ахуалын әрқашан онымен қатар жүретін алаңдаушылық пен мазасыздық дәлелдейді. Бірақ сырқатта ешқашан да адам қалайтын ештеңе болмайды. Алайда мұрат әрқашан белгіленетін болғанымен, ол ешқашан да түпкілікті белгіленбейді. Прогресс дегеніміз әлеуметтік ортада жасалатын өзгерістердің салдары болғандықтан, ол әйтеуір бір кезде аяқталады деуге ешқандай негіз жоқ. Бұл үшін белгілі сәтте ортаның өзгермейтін нәрсеге айналуы қажет болар еді. Бірақ мұндай гипотезаға жол беруге болмас. Әрқилы қоғамдар өмір сүріп отырғанда, әлеуметтік бірліктер саны қажетіне қарай олардың әрқайсысында өзгермелі болады. Тіпті туылу саны әйтеуір бір кезде тұрақты деңгейден аспайтын болады деп топшылағанның өзінде, күштеп жаулап алу немесе баяу және ақырын сыздықтап өту салдарынан халықтың бір елден екінші елге қоныс аударуы әрқашан болады. Шынында да, неғұрлым халықтардың неғұрлым әлсіз халықтарды қосып алуға тырыспауы мүмкін емес; бұл – сұйық заттардың тепетеңдігін басқаратын заң секілді, әлеуметтік тепе-теңдіктің мызғымайтын механикалық заңы. Басқаша болу үшін барлық адамдар қоғамдары бірдей

өмірлік күш-қуат пен тығыздыққа ие болуы қажет болар еді, ал мұның өзі, бері салғанда мекендеу орнының алуандығы пәрменімен мүмкін емес нәрсе. Рас, егер адамзат жалпы алғанда бірдей қоғамды құрайтын болса, өзгерістердің осынау қайнар көзі сарқылар еді. Бірақ біз осындай мұраттың іске асатындығын білмейтіндігімізді былай қойғанда, мұның үстіне осы алып қоғамның ішінде әлеуметтік бірліктер арасындағы қатынастарда әлдене өзгерістер үшін жабықтығы қажет болар еді. Олардың ұдайы бірдей бөлінуі; тұтас агрегат емес қана емес, ол құралатын оқшау агрегаттардың әрқайсысы сол көлемін сақтауы қажет болар еді. Бірақ мұндай біркелкілік осы жеке топтардың бірдей көлемге де, бірдей өмірлік күшке де ие еместігінен-ақ мүмкін емес. Халық барлық жерде бірдей шоғырланған бола алмайды; өмір неғұрлым қарқынды болатын ең ірі орталықтар басқаларға өздерінің маңызына пара-пар сөзсіз тартылыс күшін көрсетеді. Осылайша болып жататын көші-қон салдары әлеуметтік бірліктердің белгілі бір аймақтарда көп шоғырлануы, демек, өзінің пайда болу ошақтарынан елдің қалған бөлігіне аз-аздап жайылатын жаңа прогресс болады. Екінші жағынан, бұл өзгерістер, қатынас жолдарында басқаларды жетелейді, олар өз кезегінде, басқа өзгерістерді туындатады, сондықтан бұл көріністер қай жерде аяқталатынын айту мүмкін емес. Шындығында қоғамдар өзінің дамуына қарай қозғалмайтын ахуалға жақындау былай тұрсын, керісінше, тым қозғалмалы және икемді бола түседі. Соған қарамастан Спенсер әлеуметтік эволюцияның аттап өте алмайтын шегі бар деп санаған болса325, бұл оның көзқарасына сәйкес, прогресте индивидтің өзін қоршаған ғарыштық ортаға бейімделуінен, басқа негіз жоқтықтан. Бұл философ үшін жетілу дегеніміз индивидуалдық өмірдің өсуінен, яғни организмнің оның физикалық жағдайымен неғұрлым толық сәйкес келуінен тұрады. Қоғамға келетін болсақ, ол көбінесе, ерекше сәйкестік, субъектісінен гөрі, оның көмегімен осы сәйкестік орнатылатын құралдардың бірі ғана. Индивид – жарық дүниеде жалғыз емес болғандықтан, ол оның өмір сүру құралдарын тартып алуға тырысатын бақталастармен қоршалғандықтан,

325 Premіers prіncіpes, p. 454 etc.

ол өзі мен өзіне ұқсастардың арасында олар кедергі келтірмей, қайта оған қызмет етуге тиіс болатын қатынастардың орнатылуына мүдделі. Қоғам осылай пайда болады және бүкіл әлеуметтік прогресс осы қарым-қатынасты жақсартудан тұрады, бұл жақсарту әлгі қатынастарды өздері көздеп орнатылған нәтижені толығырақ шығаруға мәжбүр етуге саяды. Осылайша, Спенсер соншалық қадап айтқан биологиялық ұқсастықтарға қарамастан, ол қоғамды нақты шындық деп білмейді, ол шындық ерекше де қажетті себептердің пәрменімен өздігінен өмір сүретін нақты шындық екенін, ол шындық, демек, адамға төл қасиеттерімен таңылатынын және табиғи ортаға бейімделетіні сияқты, оған да тап солай бейімделуге тиіс екендігін көрмейді. Бұл индивидуалдық өмірді ұзынына да, көлденеңіне де тарату үшін индивидтер жасаған құрылыс326. Ол түгелімен оң ыңғайдағы да, теріс ыңғайдағы да кооперациядан тұрады және бұлардың екеуі де индивидті оның табиғи ортасына бейімдеуден басқа мақсатты көздемейді. Сөз жоқ, бұлай түсінілгенде қоғам – осынау бейімделудің қосалқы шарты ғана; ол, ұйымдасқан тәсіліне қарай, мүлтіксіз тепе-теңдік ахуалына жақындата немесе алыстата алады, бірақ қоғамның өзі осынау тепе-теңдіктің табиғатын анықтауға жәрдемдесетін фактор емес. Екінші жағынан, ғарыштық орта салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленетіндіктен, ондағы өзгерістер баяу және сирек болатындықтан, біздің онымен қарым-қатынасымызды жарастыру мақсатындағы даму қажетті түрде шектелген болады. Ішкі қатынастар сәйкес келмейтін сыртқы қатынастар енді болмайтын сәт сөзсіз соғады. Сонда әлеуметтік прогресс доғарылмай қоймайды, себебі ол өзі ұмтылған және оның негізі болған мақсатына жетеді: ол аяқталады. Бірақ бұлай десек индивид прогресінің өзі түсініксіз болып шығады. Шынында да, ол табиғи ортамен осынау неғұрлым мүлтіксіз сәйкестікке неліктен ұмтылады? Бақыттырақ болу үшін бе? Біз бұл жөніндегі пікірімізді айтқанбыз. Сәйкестік туралы айтқанда, ол күрделірек болғандықтан ғана, басқаға қарағанда толығырақ деуге болмайды. Іс жүзінде, организм туралы ол

326 Bases de la morale evolutіonnіste, p 11.

тепе-теңдікте дегенде, оның белгілі бір түрде барлық сыртқы күштерге емес, тек өзіне ықпал ететіндеріне сай келгенін ғана айтады. Егер оған қатысы жоқ күштер болса, онда олар ол үшін жоқ тәрізді болады, демек, оларға бейімделуге тура келмейді. Олардың материалдық жақындығы қандай болмасын, олар оның бейімделу шегінен тыс орын алады, өйткені олардың ықпал өрісінен тыс тұрады. Демек, егер субъект құрылысы қарапайым да біртекті болса, оны мазалауға қабілетті сыртқы жағдайлар тым аз болады, демек, ол осы мазалауға жауап қайтара алатын ахуалда, яғни шамалы ғана шығынмен сөзсіз тепе-теңдік жағдайын жүзеге асыра алатын ахуалда болады. Егер, керісінше, ол өте күрделі болса, онда бейімделу шарттары көбірек және күрделірек болады, бірақ бейімделудің өзі бұдан толығырақ болмайды. Бізге бұрынғы замандағы адамның тұрпайы нерв жүйесіне ықпал ете алмаған көптеген қоздырушылар ықпал ететіндіктен, біз оларға бейімделу үшін неғұрлым елеулі дамуға жүгінуге мәжбүрміз. Бірақ бұл дамудың жемісі, яғни одан келіп шығатын бейімделу бір жағдайда басқасынан толығырақ емес; ол тек әрқилы ғана, себебі бейімделетін организмдердің өзі әрқилы. Терісінің түгі температураның тербелуін сезбейтін жабайы адам да, одан киімнің көмегімен қорғалатын өркениятты адам секілді, оған соншалық жақсы бейімделген. Сонымен, егер адам өзгермелі ортаға тәуелді болмаса, оның ненің пәрменімен өзгеретіні түсініксіз; сондықтан қоғам – прогрестің қосалқы емес, айқындаушы факторы. Ол – сыртқы дүние секілді, біздің қолымыз тіпті де тие қоймаған нақтылық. Біз, демек, тіршілік ету үшін соған икемделуіміз керек және нақ сол өзгеріп отыратындықтан, біз де өзгеруге тиіспіз. Демек, прогрестің доғарылуы үшін әлеуметтік орта қозғалмайтын ахуалға жететін сәттің соғуы қажет, ал біз жаңа ғана мұндай гипотеза барлық ғылыми топшылауларға қайшы екендігін көрдік. Осылайша, прогрестің механистік теориясы бізді мұраттан айыру былай тұрсын, қайта біз одан ешқашан айырылмаймыз деп ойлауымызға мүмкіндік береді. Нақ сондықтан мұрат негізінде қозғалмалы әлеуметтік ортаға тәуелді болатындықтан, ол үздіксіз өзгеріп отырады. Сондықтан әйтеуір бір кезде бізде

негіз қалмайды, біздің қызметіміз аяқталып, жабылып бара жатқан көкжиекпен соғылысады деп қауіптенуге негіз жоқ. Біз тек белгілі бір және шектеулі мақсаттарды көздейтінімізге қарамастан, біз жететін шеткі нүктелер мен біз ұмтылатын мақсат арасында біздің күш-жігеріміз үшін бос, ашық кеңістік әрқашан болады.

ІІІ

Әлеуметтік бірліктер саны мен олардың қатынасында болып жататын өзгерістердің салдарынан қоғамдармен бірге индивидтер де түр өзгертеді. Біріншіден, олар организмнің езгісінен барған сайын босана түседі. Жануар түгел дерлік табиғи ортаға тәуелділікте болады; оның биологиялық құрылысы оның тіршілігін алдын ала белгілейді. Адам, керісінше, әлеуметтік себептерге тәуелді. Әрине, жануарлар да қоғамдар құрады; бірақ олар тым аз болғандықтан, олардағы ұжымдық өмір өте қарапайым; ол сонымен бір қозғалмайды да, себебі осындай кішкентай қоғамдардың тепе-теңдігі міндетті түрде орнықты. Осы екі себеп бойынша ол организмде оңай бекиді; ол организмге өзінің тамырларын жайып қана қоймайды, онда тұтас бейнеленеді де, өзінің төл белгілерін жоғалтады. Ол инстинктер, рефлекстер жүйесінің арқасында қызмет етеді, олар, шындап келгенде, органикалық өмірдің қызмет етуін қамтамасыз ететін инсинкт, рефлекстерден ерекшеленбейді. Рас, оларда индивидті табиғи ортада емес, әлеуметтік ортаға бейімдейтін ерекшелік болады; олардың себептері – бірлескен өмір құбылыстары. Алайда олар өзінің табиғаты жағынан белгілі жағдайда алдын ала тәрбиесіз-ақ ұшу мен жүру үшін қажет қозғалыстарды тудыратын құбылыстар секілді. Адамнан біз мүлде басқаны көреміз, өйткені ол құрайтын қоғамдар көлемдірек; тіпті белгілі адамдар қоғамдарының ең шағындары көлемі жағынан жануарлар қоғамдарының көпшілігінен басым. Неғұрлым күрделі болатын, олар, сондайақ, неғұрлым өзгермелі, және осы себептердің екеуінің арқасында әлеуметтік өмір адамзатқа биологиялық пошымда бекімейді. Ол барынша қарапайым

болатын жердің өзінде өзіне тән ерекшелігін сақтайды. Адамдардың тінінде белгіленіп қоймаса да, олар үшін ортақ наным-сенімдер мен салттар ұдайы болады. Бірақ бұл белгі әлеуметтік зат пен тығыздық ұлғайған сайын бедерлірек көрінеді. Ассоциацияланған адамдар неғұрлым көп және олар бірбіріне неғұрлым күштірек ықпал етсе, осы ықпалдың жемісі де организм шегінен соғұрлым көбірек шыға береді. Адам, осылай, suі generrіs себептердің қармағына тап болады, ол себептердің адам табиғатының құрылысындағы салыстырмалы үлесі барған сайын елеулі бола түседі. Ол-ол ма, осынау фактордың ықпалы салыстырмалы ғана емес, абсолютті түрде де ұлғая береді. Ұжымдық ортаның маңызын арттыратын себеп табиғи ортада ықпал етіп, мұның өзі оны әлеуметтік себептердің ықпалына неғұрлым ашық етеді де, оны соларға бағындырады. Көбірек индивидтер бірге өмір сүретіндіктен, ортақ өмір неғұрлым бай да алуан түрлі болады; бірақ осы алуандық мүмкін болуы үшін, органикалық тұрпаттың анықтығы кемірек болуы қажет, сонда оның тармақтала түсе алатын ахуалда боладыв. Біз, іс жүзінде, тұқым қуалаушылықпен берілетін ұмтылыстар мен қабілеттер барған сайын ортақ және бұлдыр бола түсетінін, демек инстинктер пошымын қабылдауға душар болмайтынын көрдік. Осылайша, эволюцияның бас кезінде байқалатын құбылысқа нақ керісінше құбылыс пайда болады. Жануарларда организм әлеуметтік фактыларды ассимиляциялайды да, оларды ерекше табиғатынан айырып, биологиялық фактыларға айналдырады. Әлеуметтік өмір материалданады. Адамзатта, керісінше (әсіресе жоғары қоғамдарда) әлеуметтік себептер органикалық себептерд алмастырады. Организм спиритуалданады. Тәуелділік пошымының осынау өзгеруі салдарынан индивид өзгереді. Әлеуметтік себептердің ерекше ықпалын қатты қоздыратын қызмет организмде беки алмайтындықтан, тәндік өмірге жаңа өмір, сондай-ақ suі generіs қосылады. Өмірді қолдап отыратын органдардан осынау неғұрлым күрделі, неғұрлым бостан, неғұрлым тәуелсіз өмірді өзгешелейтін белгілер оның ілгерілеп, нығая түсуіне қарай, барған сайын неғұрлым айқын көріне береді. Осы баяндаудан психикалық өмірдің елеулі белгілерін білуге болады. Күмән жоқ, психикалық

өмір тек қоғамдармен бірге басталады деу асырып айтқандық болар еді, сонымен бірге ол қоғамдар дамығанда ғана елеулі бола бастайтыны да рас. Міне сондықтан да, жиі байқалғандай, сананың прогресі инстинкт прогресіне кері қатынаста болады. Бұл жайында не айтылмасын, инсинкт прогресін ірітіпшірітетін сана прогресі емес; ұрпақтар бойы жинақталған тәжірибелердің жемісі – инстинктте тым зор қарсылық күші болады, сондықтан ол саналы бола түскендіктен ғұмырын тоқтата қоймайды. Ақиқат мынада: сана инстинкт тастап кеткен, немесе ол орныға алмайтын өңірлерді ғана басып алады. Инстинктті шегірлеуге мәжбүрлейтін сана емес; ол тек инстинкт қалдырған бос кеңістікті толтырады. Екінші жағынан, егер ол ортақ өмірдің ұлғая түсуімен ұлғая түсу орнына кері кетсе, мұның себебі әлеуметтік фактордың көбірек маңыздылығында жатыр. Осылайша, адам мен жануар арасындағы маңызды айырмашылық, атап айтқанда психикалық қызметтің көбірек дамуы оның көбірек әлеуметтілігіне келіп саяды. Психикалық қызметтер адамның алғаш қадамдарынан бастап жануарларға белгісіз мүлтіксіздік деңгейіне неліктен көтерілгендігін түсіну үшін әуелі адамдар оқшау немесе шағын топтар болып өмір сүрудің орнына, неғұрлым көлемді қоғамдар құра бастағаны қалай болғанын білу қажет болар. Егер, классикалық анықтаманы қайталап, адам – парасатты мақұлық десек, бұның себебі оның қоғамдық жануар немесе, бері салғанда, басқа жануарларға қарағанда, неғұрлым тым қоғамдық жануар екендігінде327. Бірақ бұл да бәрі емес. Қоғамдар шоғырланудың белгілі бір көлеміне және белгілі бір деңгейіне жеткенше, бірден-бір нағыз дамыған психикалық өмір – бұл баршада бірдей, топтың барлық мүшелеріне тән өмір. Қоғамдар көлемдірек және әсіресе тығыздау бола түсуіне қарай жаңа тектегі психикалық өмір пайда болады. Әу баста жоғалтылған және әлеуметтік ұқсастықтар массасына қосылып кеткен индивидуалдық өзгешеліктер, одан бөлініп шығады да беделдірек бола түседі. Ұжымдық тіршілік иесіне қозғалмағандықтан, санадан

327 Адамнан діншіл мақұлық жасайтын Катрфаждың анықтамасы, алдыңғы анықтаманың бір бөлігі ғана, өйткені, адамның діншіл болуы – оның жоғары әлеуметтігінің салдары.

тыс қалған толып жатқан құбылыстар түсініктер объектілеріне айналады. Бұрын индивидтер, олардың қылығы тәндік қажеттіліктерден туындайтын жағдайлардан басқа ретте, бір-біріне еріп қана қимыл жасаса, енді олардың әрқайсысы өздігінен жасалатын қызметтің қайнар көзіне айналады. Өзін-өзі жете түсіне бастайтын жеке адамдар қалыптасады, және алайда индивидуалдық психикалық өмірдің бұл ұлғаюы әлеуметтік өмірді әлсіретпей, оны тек қайта құрады. Ол еркінірек, көлемдірек бола түседі, және сайып келгенде ол индивидуалдық саналардан басқа субстратқа ие болмайтындықтан, осының пәрменімен индивидуалдық сана ұлғайып, неғұрылм күрделі де икемді бола түседі. Осылайша, адамды жануарлардан алыстата түсетін айырмашылықтарды тудырған себеп оны өзінен биіктей түсуге мәжбүр етті. Жабайы адам мен өркениятты адам арасындағы барған сайын ұлғая түсіп келе жатқан қашықтықтың басқа қайнар көзі жоқ. Егер сезімдердің бастапқы көмескі дүниесінен идеяларды тудыру қабілеті аз-аздап бөлініп шықса; егер адам ұғымдарды түзіп, заңдарды тұжырымдауға үйренсе; егер оның ақылы кеңістік пен уақыттың барған сайын ұлғая беретін көлемдерін қамтыса; егер, өткенді сақтаумен шектелмей, ол болашаққа көбірек ден қойса; егер оның әуелі қарапайым да болмашы эмоциялары мен ұмтылыстары сонша көбейіп, тармақталса, мұның бәрі әлеуметтік ортаның үздіксіз өзгеріп отырғандығынан. Шынында да, бұл өзгерістердің – егер тек олар ештеңеден пайда болмаса – себептері айналадағы ортаның тиісті өзгерістері ғана болар еді. Бірақ адам тек үш түрлі ортаға: организмге, сыртқы дүниеге, қоғамға ғана тәуелді. Егер тұқым қуалаушылық қиысуларынан туындайтын кездейсоқ өзгерістерді елемесек (ал олардың адамзат прогресіндегі рөлі, әрине, онша елеулі емес), организм өзөзінен өзгермейді; оның бұған қандай да бір сыртқы себеппен мәжбүрленген болуы қажет. Ал табиғат дүниесіне келсек, тарихтың басынан бероі ол, егер тегі әлеуметтік өзгерістерді есепке алмасақ, шамамен сол күйінде қалаып келеді328.

328 Диқандардың, инженерлердің және т.б. ықпалымен топырақ құнарының, су ағысының өзгеруі.

Демек, индивид табиғатының қабаттаса өзгеруін түсіндіруге болатын жеткілікті өзгерген қоғам ғана қалады. Сонымен, енді былай деп пайымдауда өрескел ештеңе жоқ: психофизиология қандай жетістіктерге жетпесін, ол әрқашан психологияның бір бөлігі ғана болып қала береді, себебі психикалық құбылыстардың басым бөлігі табиғи себептерден туындамайды. Бұны спиритуалист-философтар түсінді, және олар ғылымға көрсеткен зор қызмет – психикалық өмірді физикалық өмірдің әлдене гүлденуімен байланыстыратын барлық доктриналармен күресінде. Олар психикалық өмір өзінің жоғары көріністерінде тек физикалық өмірдің жалғасы болуға тым еркін де күрделі деп орынды ойлады. Ол организмге ішінара тәуелсіз болғаннан ғана, ол ешқандай материалдық себепке тәуелді емес және ол табиғаттан тыс орналастырылуға тиіс деген қорытынды шықпайды. Тіндердің түзілісінен түсіндірмесін табуға болмайтын фактылардың бәрі әлеуметтік ортаның қасиеттерінен шығады; бері салғанда, бұл жоғарыда айтылғанның негізінде, әбден-ақ шындыққа жақын гипотеза. Бірақ әлеуметтік патшалықтың жаратылыстылығы органикалық патшалықтағыдан кем емес. Демек, шығу тегі бір ғана психофизиологиямен түсіндірілмейтін сананың көлемді саласы бар екендігінен ол өзінен-өзі түзілді және ешқандай ғылыми зерттеуге көнбейді, бірақ тек ол әлеуметтік психология деп атауға болатын басқа бір оң ыңғайдағы ғылымға жатады деп түюге болмайды. Оның мазмұнын құрайтын құбылыстардың табиғаты шынында да аралас; олар басқа психикалық фактылардағыдай елеулі белгілерге ие, бірақ ол белгілер әлеуметтік себептерден шығады. Олай болса, Спенсер секілді, әлеуметтік өмірді индивидуалдық тіршілік иелерінің қарапайым ғана тең әрекет етушісі деп түсіндірмеу керек; керісінше, соңғылары біріншісінен шығады. Әлеуметтік фактылар психикалық фактылардың қарапайым жалғасы емес; соңғылары негізінен біріншілердің сананың ішіндегі жалғасуынан басқа ештеңе емес. Бұл қағида өте маңызды, себебі қарама-қарсы көзқарас әлеуметтанушыға себепті салдар деп, және керісінше қабылдау қатерін ұдайы төндіреді. Мысалы, егер (бұлай жиі

болатындай) отбасының ұйымдасуынан әрбір санаға іштей тән адам сезімдерінің қисынды қажет көрінісін ғана байқасақ, фактылардың нақты реті ту-талақай болады; нақ керісінше: туыстық қатынастардың әлеуметтік ұйымдасуы әке-шешелер мен балалардың сезімін тудырды. Егер де әлеуметтік құрылым өзге болса, олар мүлдем өзге болар еді, және бұның дәлелі шынында да қоғамдардың көбісінде әкелік сезім беймәлім екендігі329. Мұндай қателіктің басқа да көптеген мысалдарын келтіруге болар еді330. Әлеуметтік өмірде индивидуалдық саналарда болмайтын ештеңе жоқ деген ақиқат даусыз; бірақ оларда болатынның барлығы қоғамнан алынған. Біздің сана ахуалының көпшілік бөлігі оқшауланған тіршілік иелерінде пайда болмас еді және өзгеше топтасқан тіршілік иелерінде мүлдем өзгеше көрініс берер еді. Демек, олар жалпы адамның психологиялық табиғатынан емес, ассоциацияланған адамдар бір-біріне, олардың санына және жақындасу деңгейіне сәйкес жасайтын ықпал тәсілінен шығады. Олар топтық өмірдің жемістері болғандықтан, оларды тек топтың табиғаты ғана түсіндіре алады. Егер индивидуалдық құрылыстар бұл үшін жарамды болмаса, олардың мүмкін болмайтындығы өз-өзімен түсінікті; бірақ индивидуалдық құрылыстар – олардың айқындаушы себептері емес, тек алыс жатқан шарттары ғана. Спенсер бір жерде331 әлеуметтанушының еңбегін ядролардың белгілі бір санының пошымынан олар тепе-теңдікте сақталып қалу үшін қиыстырылуы қажет әдісті түзетін математиктің есептеуімен салыстырады. Бұл салыстыру дәл емес және әлеуметтік фактыларға қолданыла алмайды. Бұл арада бүтіннің пошымы бөлшектердің пошымын айқындайды. Қоғам саналардан ол орналасатын әбден дайын негіздерді таппайды; қоғам оларды өзіне өзі тудырады332.

329 Бұл аналық отбасы үстем болатын қоғамдарда орын алады. 330 Бір ғана мысал келтірейік, ол – дін, оны индивидуалдық эмоциямен түсіндіретін, ал бұл арада бұл эмоциялар дінді туындататын әлеуметтік ахуалдың индивидтегі жалғасы ғана. Біз бұл мәселені “Etudes de scіence socіale” (Revue phіlosophіque, Juіn, 1886) деген мақалада қозғағанбыз. 331 Іntroductіon a la scіence socіale, ch, І. 332 Біздіңше, әлеуметтік өмірде бәрі де индивидуалдық, өйткені қоғам индивидтерден тұрады дегенді дәлелдеуден үміті бар адамдарға жауап беру үшін осының өзі жеткілікті. Қоғамның басқа субстраты жоқ екендігі даусыз; бірақ, индивидтер қоғам құйрайтыныдықтан, жаңа құбылыстар пайда болады, олардың себебі – ассоциация және олар, индивидуалдық санаға үн қата отырып, оларды көп шамада қалыптастырады. Міне сондықтан – индивидсіз қоғам ештеңе болмаса да – индивидтердің әрқайсысы қоғамның авторы болудан гөрі, соның жемісі.

ІІІ кітап

Қалыптан тыс пошымдар

І тарау

ЕҢБЕКТІҢ АНОМИЯЛЫҚ БӨЛІНІСІ

Осыған дейін біз еңбек бөлінісін тек қалыпты құбылыс ретінде зерттедік. Бірақ, барлық әлеуметтік немесе, кеңірек алсақ барлық биологиялық фактылар секілді, онда талдауды қажет ететін патологиялық пошымдар да болады. Егер қалыпты жағдайда еңбек бөлінісі әлеуметтік ынтымақты туғызатын болса, алайда, бұдан мүлдем өзгеше немесе тіпті қарама-қарсы нәтижелер беретін кездері де болады. Оны өзінің жаратылыстық бағытынан осылай ауытқуға мәжбүр ететін не нәрсе екенін зерттеу маңызды; өйткені мұндай оқиғалар ерекше сипатта болатыны анықталмаса, оларды еңбек бөлінісінің логикасының өзі талап ететін шығар деп күдіктенуге болады. Мұның үстіне, ауытқитын пошымдарды зерттеп-зерделеу бізге қалыпты жағдайдың болуының шарттарын жақсырақ анықтауға мүмкіндік береді. Біз еңбек бөлінісі ынтымақты туғызуын тоқтататын жағдайларды біліп алсақ, оған өз ықпалын толық тигізу үшін не керек екенін жақсы білетін боламыз. Патология бұл арада, барлық жердегідей, физиологияның бағалы көмекшісі. Еңбек бөлінісінің бұрыс пошымдары арасына қылмыскер кәсібін және басқа да зиянды кәсіптерді орналастыруға тырысып көруге болар еді. Олар ынтымақтың терістелуінің өзін және сонымен бірге – қызметтің арнайы түрлерін көрсетеді. Бірақ, турасын айтсақ, бұл жерде еңбек бөлінісі жоқ, тек жалғыз ғана таза жіктелу ғана бар; осы екі терминді шатастырмау керек. Мәселен, туберкулез, бітеу жара органикалық тіндердің алуан түрлілігін ұлғайтады, алайда олардан биологиялық қызметтердің жаңа мамандануын көру

мүмкін емес333. Барлық осындай жағдайларда ортақ қызмет бөлінісі жоқ; индивидуалдық немесе әлеуметтік организм ішінде соның есебінен өмір сүруге ұмтылатын басқа организм түзіледі. Бұл арада тіпті қызмет дегеніміз мүлдем жоқ, өйткені қандай да болсын қимыл салты ортақ өмірді қолдау ісінде басқалармен ынтымақтастық жасағанда ғана осы атауға лайық болады. Бұл мәселе, олай болса, біздің зерттеуіміздің шеңберіне енбейді. Біз өзіміз зерттейтын құбылыстың ерекше пошымдарын үш тұрпатқа саямыз. Бұл оның басқа патологиялық пошымдары жоқ деген сөз емес; бірақ біз әңгіме ететін пошымдар ең маңызды және ең көп таралған пошымдар.

І Осы тектес бірінші оқиғалармен біз органикалық ынтымақтың ішінара бұзылуы болып табылатын өнеркәсіп немесе сауда дағдарыстары, банкроттық кезінде ұшырасамыз. Іс жүзінде, олар организмнің белгілі бір бөліктерінде кейбір қоғамдық қызметтер бір-біріне бейімделмегенін көрсетеді. Бірақ, еңбек барған сайын бөліне түсуіне қарай, бұл құбылыстар, тегінде, бері салғанда кейбір жағдайларда, жиірек ұшыраса беретін тәрізді. 1845 жылдан 1869 жыл аралығында Францияда банкроттық пайыз өсті334. Бұл фактыны экономикалық өмірдің кеңеюіне жатқызу мүмкін емес, себебі кәсіпорындар көбейгеннен гөрі, көбінесе шоғырлана түсті. Еңбек пен капиталдың антагонизмі – дәл сол құбылыстың одан да айқын мысалы. Өнеркәсіптік жұмыстардың барған сайын мамандана түсуіне қарай, ынтымақтың ұлғаюы орнына күрестің шиеленісе түсуі байқалады. Орта ғасырларда жұмыскер барлық жерде қожайынымен “бір дүкенде, бір станок алдында” бірге жұмыс істеп, бірге өмір сүреді335. Екеуі де бір корпорацияның бір бөлігін құрап, бірдей тіршілік етті. “Екеуі де тең дерлік болды; кім білім алса, сол, бері салғанда көптеген кәсіптерде, егер ол қажетті құралдарға ие

333 Спенсер осынау айырмашылықты жасамайды; ол үшін екі термин де синоним секілді. Алайда ажырататын жіктелу (бітеу жара, микроб, қылмыскер) өміршең күштерді шоғырландыратын құбылыстан (еңбек бөлінісі) қатты ерекшеленеді. 334 Қараңыз: Block. Statіstіque de la France. 335 Levasseur. Les classes ouvrі~res en France jusqu’** la R~volutіon, ІІ, p. 315.

болса, өз бетінше орнын таба білген”336. Осылайша, қақтығыс деген мүлдем болмайтын. ХV ғасырдан бастап жағдай өзгере бастады. “Цех енді ортақ пана емес, – бұл онда барлық істерді өздері шешетін қожайындардың бүтіндей меншігі… Сол кезден бастап шеберлер мен олардың жәрдемшілері арасында терең шекаралық белгі орнайды. Соңғылары ерекше сословиені құрады; олардың өздерінің әдеттері, өздерінің ережелері, өздерінің тәуелсіз ассоциациялары болды”337. Осы бөлінуден кейін қайшылықтар көбейе түсті. “Шебердің жәрдемшілері наразы болуға негіз бар деп ұйғарған бойда, олар ереуілдер ұйымдастырды немесе кетіп қалу арқылы қаланы, патронды дәрменсіздікке ұшыратты және барлығы да шешімге бағынуға міндетті болды… Ассоциация күші жұмысшыларға өздерінің қожайындарына қарсы тең қарумен күресуге мүмкіндік берді”338. Алайда жағдай ол кезде “біз қазір көретіннен мүлде басқаша болды. Шебердің жәрдемшілері көбірек ақы алу немесе еңбек жағдайындағы қандай болсын басқа өзгеріске ие болу үшін көтерілетін, бірақ олар патронды өздері амалсыз бағынатын мәңгілік жау деп есептеген жоқ. Оны бір нәрседе жеңілдік жасауға мәжбүрлегісі келіп, осыған қол жеткізуге жігерлі талпынды, бірақ күрес тұрақты болған жоқ; шеберханалар екі дұшпан нәсілден тұрған жоқ: біздің социалистік идеяларымыз ол кезде белгісіз еді”339. Ақыр соңында, ХVІІ ғасырда жұмысшы табы тарихының осынау үшінші кезеңі басталады: ірі өнеркәсіп пайда болды. Жұмысшы патроннан толық бөлініп шығады. “Ол белгілі бір түрде жалдап алынған. Әркімнің өз жұмысы бар және еңбек бөлінісі жүйесі біршама ілгеріледі. 1692 жұмысшы істеген Ван-Робе мануфактурасында доңғалақ, пышақ шеберлігі үшін, жуу, бояу, арқау тоқу үшін ерекше шеберханалар болды және тіпті тоқу шеберханаларының өздері еңбегі мүлдем әрқилы болған жұмысшылардың бірнеше түрлерінен тұрды”340. Маманданудың өсуімен қатар бүлік жиілей түседі. “Наразылық білдіруге шамалы сылтау қайсыбір үйден теріс айналуға

336 Іbіd., І, p. 496. 337 Іbіd. 338 Іbіd., p. 504. 339 Hubert Valleroux. Les corporatіons d’arts et de m~tіers, p. 49. 340 Іbіd., p. 319.

жеткілікті болатын, және қауымның шешіміне бағынбаған шебердің жәрдемшісі енді күн көре алмайтын”341. Сол кезден бері күрестің күшейе түскендігі жақсы белгілі. Біз, рас, келесі тарауда, әлеуметтік қатынастардың осынау қырғи қабақтығы жұмысшы табының өздері үшін жасалған жағдайлармен келіспейтындігінен, басқа жағдайларға қол жеткізуге құралы жоқтығынан, оларды қабылдауға тым жиі мәжбүр болатындығынан туындайтындығын көреміз. Алайда жалғыз осы мәжбүрлеу қарастырылып отырған құбылысты түсіндіре алмайды. Іс жүзінде, ол тағдыр қысып қойғандардың барлығын бірдей ауыртпалықпен қыспаққа алады, алайда, тұрақты дұшпандықтың бұл ахуалы тек өнеркәсіптік дүниеге ғана тән. Мның үстіне, осы дүниенің ішінде бұл ахуал барлық жұмысшылар үшін бірдей. Бірақ еңбек кемірек бөлінген ұсақ өнеркәсіп қожайын мен жұмысшы арасындағы салыстырмалы жарасым көрінісі болып табылады342; тек ірі өнеркәсіпте ғана осы алауыздық соншалықты өткір. Демек, олар ішінара басқа себепке байланысты. Ғылымдар тарихында дәл сол құбылыстың басқа көрінісі жиі атап өтілетін. Едәуір кейінгі уақытқа дейін ғылым, аса бөліне қоймағандықтан, түгел дерлік бір адам жұмысының пәні бола алатын. Сондықтан оның бірлігін түйсіну аса айқын еді. Оны құраған жекелеген ақиқаттар, оларды бір жүйеге біріктіретін байланысты оп-оңай байқауға болмайтындай, соншалық көп те, соншалық әртекті де болған жоқ. Едәуір жалпылама болған әдістердің бір-бірінен айырмашылығы аз болатын, және олар елеусіз ғана айрыла бастаған ортақ діңді аңғару оңай еді. Бірақ, мамандану ғылыми еңбекке де таралуына қарайғ әрбір ғалым жеке ғылымға ғана емес, барған сайын проблемалардың ерекше санатына ғана бейімделе бастады. О. Конттың өзі-ақ өз заманында ғылым әлемінде “өз кезегінде ұлы бүтіннің бір бөлшегін ғана білдіретін ең болмағанда бір ғылымның бүкіл жиынтығын өздерінің тұжырымдамаларында қамтитын адамдар тым аз" деп шағымданады. "Көпшілігі, – дейді ол, – осы жеке

341 Іbіd., p. 319.
342 Қараңыз: Cauw~s. Pr~cіs d’~conomіe polіtіque, ІІ, p. 39.

жұмыстардың позитивтік білімнің ортақ жүйесіне қатынасын елей бермей, қазірдің өзінде қандай да бір ғылымның азды-көпті көлемді бөлімін бөліп алып зерттеумен бүтіндей шектеледі”343. Бірақ бұл жағдайда көптеген егжейтегжейлі, өзара бірікпеген, зерттеулерге бытырап кеткен ғылым енді біртұтас бүтінді құрамайды. Осынау келісім мен бірліктің жоқтығын, бәлкім, бәрінен жақсы көрсететін нәрсе әрбір жеке ғылымның абсолютті құндылығы бар және ғалым арнайы зерттеулердің, бірдеңеге қызмет ететіндігіне және бір жаққа ұмсынатындығына көңіл аудармай, оларға бүтіндей берілуге тиіс дейтін соншама кең таралған теория болар. “Интеллектуалдық еңбектің бұл бөлінісі, – дейді Шеффле, – жаңа александризмнің осынау қайта оралуы ғылым атаулының қирауына тағы да апарып соқтырмас па екен деп қауіптенуге елеулі негіз береді”34412.

Көрсетілген фактыларға елеулі маңыз беретін нәрсе сол, кейде соларды белгілі бір даму дәрежесін өткен бойдағы еңбек бөлінісінің қажетті салдары деп біледі. Бұл жағдайда, өзінің жұмысына беріле кіріскен индивид өзі қарекет ететін шағын өрістен әргіге көз жүгіртуді қояды делінеді. Ол өзінің арнайы қызметімен оңаша қалады; ол енді өзінің қасында дәл сол іспен шұғылданып жатқан қызметкерлерді байқамайды; оның тіпті осынау ортақ іс туралы түсінігі мүлдем жоқ. Еңбек бөлінісі, олай болса, ажыраудың қайнар көзіне айналмай, тым тереңдей алмайды. “Қандай да бір ыдырау, – дейді О. Конт, – тиісті шашыраңқылықты туғызуға сөзсіз ұмтылатындықтан, адамдардың жұмыстарының негізгі бөлінісі пропорциялы дәрежеде интеллектуалдық та, моральдық та индивидуалдық алауыздық туғызбай қоймайды, ол алауыздықтардың біолескен ықпалы дәл сол шамада олардың келісілмеген қозғалысының алдын алуға немесе үнемі тежеп отыруға қабілетті тұрақты

343 Cours de phіlosophіe posіtіve, І, p. 27.
344 Bau und Leben des socіalen K@rpers, ІV, S. 113.

тәртіпті талап етеді. Шынында да, егер, бір жағынан, әлеуметтік қызметтердің бөлінуі жекелік рухына ешқандай өзге жолмен қол жетпес күшті даму беретін болса, екінші жағынан, ол ортақтың рухын өздігінен басып тастауға немесе, бері салғанда, оған күшті кедергі жасауға тырысады. Моральдық тұрғыдан алғанда әркім осыл бұқараға тығыз тәуелділікте болып шығады және сонымен бір мезгілде одан өзінің арнайы қызметінің өзіндік қозғалысымен табиғи түрде алыстай түседі, оның бұл арнайы қызметі оны ұдайы жеке мүддеге шақырады, оның қоғамдық мүддеге шын қатынасын ол тек көмескі байқайды… Осылайша, қоғамның дамуы мен кеңеюіне жалғыз өзі ғана мүмкіндік берген сол бір принцип, екінші жағынан, оны әрқилы дерлік түрлерге жататын секілді көрінетін байланысы жоқ көптеген корпорацияларға ыдыратып жіберу қатерін төндіреді”345. Эспинас ойын дәл сол дерлік сөздермен білдіреді: “Бөлініс, – дейді ол, – бұл шашырап кету”346. Сонымен, еңбек бөлінісі өз табиғатының пәрменімен ыдыратушы ықпал етеді, бұл әсіресе қызметтер әбден мамандандырылған жерде көзге ұрып тұрады. Конт, алайда, өзінің принципінен қоғамдарды оның өзі ортақтық ғасыры деп атайтын нәрсеге, яғни олардың бастапқы нүктесі болған айырмасыздық пен біртектілік ахуалына қайтару қажет деген қорытынды жасаған жоқ. Қызметтердің алуандығы пайдалы және қажет; бірақ қажеттілігі олардан кем емес бірлік одан стихиялы түрде пайда болмайтындықтан, оны жүзеге асырып, сақтап отырууға қамқорлық қоғамдық организмде тәуелсіз органдарға берілетін арнайы қызметті құрауға тиіс. Бұл орган – мемлекет немесе үкімет. “Үкіметтің қоғамдық міндеті, – дейді Конт, – меніңше негізінен, мүмкін болғанынша, адамзаттың даму принципінің өзінің сөзсіз нәтижесі – идеялардың, сезімдердің, мүдделердің іргелі шашырап кетуіне жазмыштық бейімділікті тежеп, алдын алып отыру, адамзат дамуы, егер ол кедергісіз өзінің жаратылыстық қозғалысына кедергісіз ілесе алатын беретін, сайып келгенде барлық маңызды жағынан әлеуметтік прогресті сөзсіз тоқтатады. Бұл

345 Cours, ІV, p. 429.
346 Socі~t~s anіmales, қорытынды, ІV.

тұжырымдама, меніңше, үкіметті барынша ізгілікті де барынша толық ғылыми мағынасында қарастыратын, яғни, жалпы алғанда, бүтіннің бөлшекке басында стихиялы, кейіннен реттелген реакциясы болатын әмбебап қажетті реакциясы сипатталатын оның қарапайым да абстрактылы теориясының алғашқы оң ыңғайдағы және ұтымды негізін құрайды. Толық шашырап кетуге кедергі жасаудың бірден-бір нақты құралы шынында да осынау сөзсіз реакциядан жаңа арнайы қызмет жасау болатыны айдан анық, ол қызмет, бүтін туралы ойды және ортақ ынтымақ сезімін үздіксіз оятып отыру үшін, қоғамдық экономияның барлық әрқилы қызметтерінің әдеттегі атқарылуына тиісінше араласа алуға қабілетті болуға тиіс”347. Мемлекет жалпы алғанда қоғам үшін не нәрсе болса, философия ғылым үшін сол нәрсе болуға тиіс. Ғылымдардың алуан түрлілігі білімдердің бірлігін қиратуға ұмтылатындықтан, жаңа ғылымға оны қалпына келтіру міндетін арту қажет. Егжей-тегжейді зерттеу бізді жалпы алғанда адами танымды назардан шығарып алуға мәжбүр ететіндіктен, осы бүтінді тауып, оны түйсінетіндей ету үшін зерттеулердің ерекше жүйесін енгізу қажет. Басқаша айтқанда, “ғылыми қорытуларды зерттеуден тағы бір үлкен мамандық жасау қажет. Бұл үшін ыңғайлы тәрбиемен даярланған ғалымдардың жаңа табы, жаратылыстық философияның қандай да бір жеке тармағын арнайы зерттеулермен шұғылданбай, тек қана (әртүрлі оң ыңғайдағы ғылымдарды олардың қазіргі ахуалында қарастыра отырып) олардың әрқайсысының рухын дәл анықтаумен, барлық қатынастар мен байланыстарды табумен, егер мүмкін болса, ортақ принциптердің ең азғантай санында олардың барлық жеке принциптерін қорытындылаумен ғана шұғылдансын … сонда ғылымдардағы еңбек бөлінісі ешқандай қауіпке ұшырамай, білімнің әртүрлі түрлерінің дамуы қажет ететіндей дәрежеде ілгері баса алатын болады”348. Біздің өзіміз үкіметтік орган еңбек бөлінісімен бірге дамитынын, оған бәсеке болу үшін емес, механикалық қажеттілік пәрменімен дамитынын

347 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 430–431. 348 ?????? ??? ??????????? ?????? ??????????? ??? ???????? ?????? ???; ??????? ????????? ??????? ??? ??? ???????? ???-??????? ?????? ???????. ???? ????????????? ?????? ???? ?????????? ????????? ??????? ???? ?????? ??????.

көрсеттік349. Қызметтер мықтап бөлінген жерде органдар өзара тығыз байланысты болатындықтан, бір орган қамтитын барлық нәрсе басқасын да қамтиды, және әлеуметтік фактылар оп-оңай ортақ мүддеге айналады. Сонымен бірге сегментті тұрпаттың жойылып кету пәрменімен олар бірдей бір тіннің немесе бір органның бүкіл кеңістігінде оңай таралады. Осының арқасында басқарушы органда төте бейнеленетін фактылар көбірек болады, неғұрлым жиі қолданылудан ол органның функциялық қызметі, сондай-ақ көлемі ұлғая түседі. Бірақ оның қызмет өрісі одан әріге бармайды. Бірақ осы жалпы және үстірт өмірдің астында ішкі – органдар дүниесі бар, олар біріншісінен толық тәуелсіз болмай-ақ, алайда, оның санасына жетпей-ақ, оның араласуынсыз қызмет етеді, бері салғанда қалыпты ахуалда солай болады. Олар оның ықпалынан арылған, өйткені ол олардан тым қашық. Үкімет әрбір сәтте әртүрлі экономикалық базарлардың шарттарын реттеп отыра алмайды, заттар мен қызмет көрсетудің бағасын белгілеп отыра алмайды немесе өндірісті тұтыну мұқтажына сай белгілеп отыра алмайды. Осынау барлық практикалық проблемалар толып жатқан бөлшектерден тұрады, оларға мүлдем жақын адамдарға ғана белгілі мыңдаған жеке жағдайлармен байланысты болады. Оның үстіне үкімет осы қызметтерді бір-біріне бейімдей алмайды және, егер олар өз-өзінен ынтымақтастық жасамаса, оларды жарасымды ынтымақтастық жасауға мәжбүрлей алмайды. Демек, егер еңбек бөлінісі өзіне телінетін ыдыратқыш ықпалын тигізетін болса, онда ол қоғамның осы бөлігінде қарсылықсыз дамуы қажет, себебі ешқандай да кедергі бұл арада оны шектей алмайды. Алайда, қандай да бір организм секілді, ұйымдасқан қоғамдардың бірлігі бөліктердің өздігінен болатын пәтуасымен жасалады, бұл жоғары орталықтардың реттеуші ықпалының қажеттілігінен кем емес, және тіпті оның қажетті шарты болып табылатын ішкі ынтымақ; өйткені олар оны тек басқа тілге аударады және былайша айтқанда оны киелендіреді. Мәселен, ми организмнің біртұтастығын жасамайды, оны білдіріп, соның тәні болады. Бүтіннің бөлшектерге ықпал етуінің қажеттігі жайында сөз етіледі; бірақ әуелі

349 І ???????? VІІ ????????? ІІІ ?????????? ???????.

сол бүтіннің бар болуы қажет, яғни бөлшектер соған дейін-ақ өзара ынтымақтас болуға тиіс, бүтін өзін сезіне бастап, бүтін ретінде ықпал ете бастауы қажет. Біз, олай болса, еңбек бөлінген сайын, анадай-мынадай тармақтарда емес, қоғамның бүкіл кеңістігінде өзінше бір прогресті ыдырау жүріп жатқанын көруге тиіс едік қой, ал шындығында біз барған сайын ұлғайып бара жатқан шоғырлануды көріп отырмыз. Бірақ, осынау егжей-тегжейді қазбалап жатудың қажеті жоқ деседі. Қажет жердің бәрінде “бүтіннің рухы мен ортақ ынтымақ сезімін” еске салып отыру жеткілікті, ал бұл тек үкіметтің қолынан келеді дейді. Бұл рас, бірақ мұндай ықпал әлеуметтік қызметтердің ынтымақтастығын, ол өздігінен жүзеге асырылмаса, қамтамасыз етуге тым жалпылама сипатта болады. Әңгіме шынында не жайында болып отыр? Әрбір индивидке ол өзіне-өзі ие болатын бүтін емес, өзі тәуелді болатын бүтіннің бір бөлігін құрайтынын сезінуге мүмкіндік беру туралы ма екен? Бірақ бұндай түсініктің, барлық күрделі түсініктер секілді абстрактылы, бұлыңғыр және тұрақсыз түсініктің, біздің әрқайсымызда өзінің кәсіптік қызметі ұдайы тудыратын жанды, нақты түсініктермен салыстырғанда, ешқандай күші жоқ. Демек, егер кәсіптік қызмет өзіне телінетін салдарға ие болса, егер біздің күнделікті өмірде мойын бұрғызбайтын жұмыстар біз жататын әлеуметтік топтан бізді бөліп алып кетуге ұмтылатын болса, онда тек оқта-текте ғана оянатын және сана өрісінің тек болмашы бөлігін ғана иеленетін түсінік бізді осы топта ешқашан да ұстап тұра алмайды. Біз өзіміз құрсауында отырған тәуелділік ахуалын түйсіну жемісті болуы үшін, оның үздіксіз болуы қажет, ал ол әрбір арнайы функция қызметінің өзімен байланысты болғанда ғана сондай бола алады. Бірақ онда мамандану өзі айыптала беретін салдарды тудырмас еді. Немесе, бәлкім, үкіметтік ықпалдың мақсаты кәсіптер арасында біршама моральдық біркелкілікті қолдап отыру, “бірдей кәсіп индивидтерінде шоғырланатын әлеуметтік эмоциялардың, құлықтар мен ойлардың жеткілікті ұқсастығының жоқтығынан, онда басқа таптарға барған сайын жат бола түсуіне”350 кедергі жасау болар? Бірақ бұл

350 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 429.

біркелкілік күшпен және заттардың табиғатына кереғар сақтала алмайды. Қызметтік алуандық ештеңе де бөгет бола алмайтын моральдық алуандықты жетелей келеді; біреуі сөзсіз басқасымен бірге ұлғаяды. Біз, айтпақшы, осы екі құбылыс неліктен қатар дамитынын білеміз. Ұжымдық сезімдер ортадан тебетін тенденцияларды тежеуге брған сайын дәрменсіз бола түсуде, ол тенденция еңбек бөлінісінен туындайды деп ойлайды; өйткені, бір жағынан, бұл тенденциялар еңбек бөлінісі күшейген сайын ұлғая түседі, ал екінші жағынан – ұжымдық сезімдердің өзі сонымен бірге әлсірей түседі. Дәл сол себеппен философия ғылымның бірлігін қамтамасыз етуге барған сайын қабілетсіз бола түсуде. Бір адам бір мезгілде әртүрлі ғылымдармен шұғылдана алатын кезде олардың бірлігін қалпына келтіруге қажетті білім алу мүмкін еді. Бірақ, олар мамандана түскен сайын осынау орасан синтездер тек күлді-көмеш қорытуларға айнала береді, өйткені бір адамның ақылы үшін олар (яғни қорытулар) резюме жасауға тиіс сансыз құбылыстарды, заңдарды, гипотезаларды жеткілікті дәл білу барған сайын мүмкін емес бола бастайды. “Жеке ғылымдар өзінің өскелең күрделілігінің салдарынан олардың егжейтегжейін біле беру мүмкін болмайтын дәрежеге жетіп, философтар ең жалпылама, үстірт нәтижелерді ғана білумен шектелуге тиіс болатын кезде философия дүниенің ортақ тұжырымдамасы ретінде не болып шығарын білген қызықты болар еді”, – деп Рибо әділ айтады351. Әрине, өзінің арнайы зерттеулерімен тұйықталып, қандай да бір сырт бақылаудан бас тартатын ғалымның тәкаппарлығын шектен тыс деп санауға кейбір негіз бар. Алайда, ғылым жайында қандай да бір түсінікке ие болу үшін, онымен іс жүзінде шұғылданып, былайша айтқанда, оны бастан кешіру қажет екендігі де рас. Іс жүзінде ол бірнеше түпкілікті дәлелденген қағидалардан құралмайды. Осынау нағыз және жүзеге асырылған ғылыммен қатар басқа, өзін-өзі әлі білмейтін, сондықтан өзін іздейтін нақты да жанды ғылым бар. Қол жеткен нәтижелермен қатар бұлыңғырлығы соншалық, сөзбен білдіруге болмайтын және, алайда, құдіреттілігі соншалық, кейде ғалымның бүкіл

351 Psychologіe allemande, p. XXVІІ.

өміріне үстемдік ететін үміттер, әдеттер, инстинктер, қажеттер, бұлдыр сезімдер бар. Осының бәрі де ғылым; бұл тіпті оның ең жақсы және көп бөлігі, өйткені ашылған ақиқаттар әлі ашылуы қажет ақиқаттардың болмашы ғана бөлігін құрайды, ал екінші жағынан, ашылған ақиқаттардың бүкіл мағынасын және оларда жинақталған нәрсенің бәрін түсіну үшін ғылыми өмірді, ол әлі еркін ахуалда тұрғанда, яғни белгілі бір қағидалардың берік пошымын қабылдамас бұрын жақыннан көру қажет. Әйтпесе оның рухына емес, қарпіне ғана ие боласың. Қандай да болсын ғылымның, былайша айтқанда, ғалымдардың санасында өмір сүретін жаны бар. Тек осы жанның бір бөлігі ғана тән мен түйсінілетін пошымдаға ие болады. Оны білдіретін формулалар, ортақ болғандықтан, оңай беріледі. Бірақ ғылымның ешқандай сыртқы символмен білдірілмеген басқа бөлігімен жағдай басқаша. Бұл арада бәрі де жеке және жеке тәжірибемен алынуға тиіс. Мұнда өз үлесіңе ие болу үшін, іске бел шешіп кірісіп, тікелей фактыларға жүгіну қажет. Конт бойынша, ғылымның бірлігін қамтамасыз ету үшін әдістердің біріктірілуі жеткілікті352; бірақ нақ әдістерді бірлікке келтіру бәрінен қиынырақ. Олар ғылымдардың өзіне іштей тән болғандықтан, оларды ерекше кодификациялау үшін, оларды анықталған ақиқаттар жинағынан толық бөліп алу мүмкін емес болғандықтан, олармен іс жүзінде істес болмай, оларды тану мүмкін емес. Бірақ қазіргі кезде бір адамның көптеген ғылымдармен шұғылдануы мүмкін емес. Сондықтан ірі қорытулар құбылыстарды атүсті шолып шығуға ғана негізделе алады. Егер, мұның үстіне, ғалымдар әдетте тіпті жеке ақиқаттарды ашуға қалай баяу және қандай шыдамды сақтықпен келетінін елестетсек, осынау импровизацияланғандай пәндердің оларға ықпалы тым әлсіз болуға тиіс екендігі түсінікті болады. Бірақ осынау философиялық қорытулардың құндылығы қандай болмасын, ғылым олардан өзіне қажет бірлікті таба алмайды. Олар ғылымдардың, заңдардың, жеке әдістердің арасындағы ортақ нәрсені білдіреді, бірақ ұқсастықтармен қатар, кіріктіру керек болатын ұқсаспастықтар да бар. Ортақ нәрсе өзі қорытынды шығаратын жеке фактыларды потенциялы ахуалда

352 Op. cіt., І, p. 45.

ұстайды дегенді жиі айтады – бірақ жаңсақ пікір. Ортақ нәрсе оларда ортақ болатыннан ғана тұрады. Бірақ дүниеде, қанша қарапайым болса да, өзара ұқсас екі құбылыс та жоқ. Қандай да ортақ қағида өзі қамтуға тиіс материалдың бір бөлігін қозғаусыз қалдыратыны міне сондықтан. Заттардың нақты белгілері мен өзгешелік қасиеттерін дерексіз де біртекті бір формуламен білдіру мүмкін емес. Ұқсастықтар айырмашылықтардан басым түсіп тұрғанда, осылайша жақындастырылатын түсініктерді кіріктіру үшін олар жеткілікті; бөлшектердің диссонансы бүтіннің жарасымында жойылып кетеді. Керісінше, айырмашылықтар көбірек бола бастаған сайын, байланыс орнықсыздана түседі және оны басқа құралдармен нығайту қажет. Өздерінің теоремалары, заңдары, аксиомалары, болжамдары, әдістері бар арнайы ғылымдардың өскелең алуандығын елестетіп көрелік – сонда біз, қысқа да қарапайым формула, мысалы, эволюция заңы күрделі құбылыстардың соншалық таң қаларлық массасын кіріктіре алмайтынын түсінеміз. Егер тіпті осы ортақ көзқарастарды болмысқа дәл қолдануға болатын күннің өзінде оның олар түсіндіретін бөлігі, олар түсіндірмеген күйінде қалдыратын бөлігімен салыстырғанда шамалы ғана. Демек, оң ыңғайдағы ғылымдарды олардың оқшаулығынан бір кездері суырып алуға осы жолмен қол жетпейді. Оларды нәр беретін егжей-тегжейлі зерттеулер мен осындай синтездердің арасындағы қашықтық тым үлкен. Танымның осы екі түрін қосатын байланыс тым жіңішке де әлсіз, демек, егер жеке ғылымдар өздерінің өзара бірлігін оларды өзінің құшағына алатын философияның ішінде ғана ұғына алатын болса, онда олардың осы бірлік туралы сезімі әрқашан тым түсініксіз болып мол өнім бере алмайды. Философия дегеніміз ғылымның ұжымдық санасы секілді, және бұл арада барлық басқа жердегідей, еңбек бөлінісінің күшеюімен ұжымдық сананың рөлі төмендейді.

ІІІ

О. Конт еңбек бөлінісі – ынтымақтың қайнар көзі екендігін аңғарғанымен, бірақ ол, тегінде, бұл ынтымақ әлеуметтік ұқсастықтар тудыратын ынтымақ орнына аз-аздап аяқ басатын suі generіs екендігін байқамаған тәрізді. Міне сондықтан да, қызметтер өте мамандандырылған жерде әлеуметтік ұқсастықтар жойылып кеткендігін байқай отырып, ол осы жойылып кетуден шамадан тыс маманданудан туған кеселді құбылысты, қоғамдық байланысқа төнген қатерді көрді. Кей-кейде еңбек бөлінісімен бірге жүретін үйлестірілмеу фактыларын осылай түсіндірді. Бірақ біз ұжымдық сананың әлсіреуі – қалыпты құбылыс екендігін анықтағандытан, біз оны өзіміз зерттеп отырған қалыптан тыс фактылардың себебі ретінде қарастыра алмаймыз. Егер кейбір жағдайларда табиғи ынтымақ – ол болуға тиіс нәрсенің барлығы болмаса, онда бұл, әрине, механикалық ынтымақтың негізін жоғалтып алғандығынан емес, қайта табиғи ынтымақтың тіршілік етуінің барлық шарттары әлі іске асырылмағандықтан. Біз шынында да, ол байқалатын барлық жерде сонымен бір мезгілде қызметтердің өзара қатынасын анықтайтын едәуір дамыған реттелу ұшырасатынын білеміз353. Табиғи ынтымақтың тіршілік етуі үшін бір-біріне қажет және жалпы өзінің ынтымағын сезінетін органдар жүйесінің болуы жеткіліксіз. Сонымен бірге олар ынтымақтастық жасауға тиіс тәсілдің, барлық ықтимал жағдайлар үшін болмаса да, бері салғанда, ең таралған жағдайлар үшін алдын ала анықтап алынуы қажет. Басқаша болса органдар тепе-теңдікке келіп отыруы үшін, ұдайы үздіксіз күреске жүгінуге тура келер еді, өйткені осынау тепе-теңдіктің шарттары тек ретсіз әрекеттермен ғана табыла алады, ондай жағдайда әрбір тарап өзгенің бойынан қарсыласын да, серіктесін де бірдей дерлік шамада көретін болады. Бұл тартыстар шексіз қайталанар еді; демек, егер әрбір жеке жағдайда өзара міндеттер туралы қайтадан дауласуға тура келетін болса, ынтымақ тек мүмкіндігі бар ахуалда қала берер еді. Шарттар бар ғой деуге болады. Бірақ, біріншіден, осынау заңдық пошымды барлық қоғамдық қатынастар қабылдауға қабілетті емес. Мұның үстіне, біз шарт өздігінен жеткілікті болмайтынын, ол реттеуді қажет ететінін, реттеу

353 ???????: І ?????, VІІ ?????.

шарттардың өзінің болуымен бірге кеңейіп, күрделене беретінін білеміз. Және де шығу тегі осындай байланыстар әрқашан қысқа мерзімді. Шарт – бұл тек уақытша бітім ғана, және ол оншалық бекем де емес; ол дұшпандықты тек уақытша ғана тоқтатады. Реттеу қаншалықты дәл болмасын, ол әрқашан көптеген алауыздықтарға орын қалдырады. Бірақ қоғамдық өмірдің күрессіз күн көруінің қажетсіздігі былай тұрсын, тіпті мүмкін де емес. Ынтымақтың рөлі – бәсекелестікті жою емес, оны ауыздықтау. Айтпақшы, қалыпты жағдайда бұл ережелер еңбек бөлінісінен өздері шығады; олар оның жалғасы іспетті. Әрине, егер де ол бір-біріне өзара жеке қызмет көрсету мақсатымен біраз уақытқа біріккен индивидтерді ғана жақындастыратын болса, ол ешқандай реттеушілік ықпал жасай алмас еді. Қайта, ол аталмыш жағдайларда бірдей қайталанатын қызметтерді, яғни ықпалдың белгілі бір тәсілдерін жақындастырады, өйткені олар әлеуметтік өмірдің ортақ та тұрақты шарттарына тәуелді. Осы қызметтер арасында орнайтын қатынастар, олай болса, орнықтылық пен қайталанып отырудың дәл сол дәрежесіне жетпей қоймайды. Бір-біріне ықпал етудің белгілі бір тәсілдері бар, олар зат табиғатымен сәйкес болғандықтан, жиі-жиі қайталанып, әдетке айналады; әдеттер, содан кейін, күшейе түскен сайын, құлық ережелеріне айналады. Өткен күн болашақты сызып береді. Басқаша айтқанда, салт белгілейтін және сайып келгенде міндетке айналатын құқықтар мен міндеттердің белгілі бір бөлімі бар. Ереже, демек, ынтымақтас органдардың басындағы өзара тәуелділік ахуалын туғызбайды, тек оны аталмыш жағдай қызметінде белгілі бір түрде, айқын білдіреді. Дәл сол секілді нерв жүйесі, бұрын ойлағандай, организмнің эволюциясына үстемдік ету былай тұрсын. қайта, содан келіп шығады354. Нерв талшықтары – бәлкім, әртүрлі органдар алмасатын қозғалыстар мен қоздырулар толқыны өтетін соқпақтардың дәл өзі болар. Бұл, үнемі бір бағытта қозғала отырып, өмірдің өзі тартқан арналар, және нерв тораптары – осындай бірнеше арналардың қиылысу нүктелері

354 Қараңыз: Perrіer. Colonіes anіmales, p. 746.

ғана355. Кейбір моралистер, құбылыстың осы жағын аңғармай, еңбек бөлінісін нағыз ынтымақ туғызбайды деп айыптады. Олар оны өткені мен болашағы жоқ, индивид өзімен-өзі қалған жеке алмасу, қысқа мерзімдік комбинациялар ғана деп білді. Олар топтастыру жөніндегі баяу жұмысты, аз-аздап өздігінен шырмала беретін және табиғи ынтымақтан тұрақты бірдеңе жасайтын байланыстар желісін байқамады. Бірақ біз жоғарыда баяндаған барлық жағдайларда бұл реттеу не жоқ, не еңбек бөлінісінің даму дәрежесімен байланыстырылмаған. Қазіргі таңда экономикалық кәсіпорындар санын айқындайтын ережелер жоқ; индустрияның әрбір саласындағы өндіріс дәл тұтыну деңгейінде қала беретіндей етіп реттелмеген. Айтпақшы, біз бұл фактыдан ешқандай практикалық қорытынды шығарғымыз келмейді; біз шектейтін заңдар керек деп кесіп айтпаймыз; біз бұл арада оның пайдасы мен залалын таразылар емеспіз. Бір ғана нәрсе рас – реттеудің жоқтығы қызметтің дұрыс жарасты болуына кедергі жасайды. Рас, экономистер бұл жарастық бағаның көтерілуінің немесе төмендеуінің арқасында, өзінен өзі қалпына келеді, баға қажеттікке сәйкес өндірісті жеделдетеді не баяулатады деп дәлелдейді. Қалай дегенмен ол осылайша тек тепе-теңдіктің бұзылуынан және азды-көпті ұзаққа созылған өзгерістерден кейін ғана қалпына келеді. Екінші жағынан, бұл өзгерістер, әрине, қызметтер көбірек мамандандырылған сайын жиі болады; өйткені ұйым неғұрлым күрделі болса, ауқымды реттеудің қажеттігі соғұрлым күшті сезіледі. Капитал мен еңбек қатынастары осы күнге дейін сол баяғы заңдық екіұштылық ахуалында қалып келеді. Қызмет көрсетуді жалдау шарты біздің кодекстерімізде, әсіресе ол реттеуге тиіс қатынастардың күрделілігі мен алуан түрлілігін еске алсақ, тым болмашы орын алады. Айтпақшы, енді барлық халықтар сезініп, орнын толтыруға тырысып жатқан бұл кемістікті қайталап жатудың қажеті жоқ356.

355 Қараңыз: Spencer. Prіncіpes de bіologіe, p. 438 etc. 356 ??? 1983 ???? ???????? ???. ??? ?????? ???? ???????????? ?????? ?????? ??????? ??????? ???? ????. ????? ??? ???????? ?????????? ?????? ???????? ?????????, ???? ?? ?? ???????? ??? ?? ????? ???????? ?????? ???.

Ғылым үшін әдістің ережелері – мінез-құлық үшін құқықтық және инсанияттық ережелерімен бірдей; соңғы ережелер адамдардың қарекеттерін қалай басқарса, әдіс ережелері ғалымның ойын дәл солай басқарады. Бірақ егер әр ғылымның өз әдісі болса, ол жүзеге асыратын тәртіп – таза ішкі тәртіп. Ол ғалымдардың сыртта жататын нәрселермен қатынастарын емес, аталмыш бір ғылыммен шұғылданатын ғалымдардың әрекеттерін үйлестіреді. Әртүрлі ғылымдардың күшін ортақ мақсатқа біріктіретін пәндер аз. Бұл әсіресе моральдық және әлеуметтік ғылымдар жөнінде ерекше рас, өйткені математикалық, физикалық-химиялық және тіпті биологиялық ғылымдар тегінде, бір-біріне соншалық дәрежеде жат емес. Заңгер, психолог, антрополог, экономист, статистик, лингвист, тарихшы өз зерттеулеріне өздері ой елегінен өткізетін әртүрлі фактылар қатары тәуелсіз дүниені құрайтындай кіріседі. Ал шындығында олар бір-біріне жан-жағынан енеді; демек, тиісті ғылымдармен де дәл солай болуға тиіс. Жалпы ғылымда атап өтілген (дегенмен, асыра сілтеусіз емес), бірақ әсіресе нақ осы ғылымдарда көрініс беретін анархия міне қайдан шығады. Олар шынында да бөлінген, өзара ынтымақ жасамайтын бөліктердің әлдебір үймесі болып көрінеді. Егер олар бірлігі жоқ бүтінді құрайтын болса, оның себебі олардың өз ұқсастығын жеткілікті түйсінбейтіндігінен емес, олардың ұйымдаспағандығынан. Осы әрқилы мысалдар – бір түрдің басқа бір түрлері. Егер еңбек бөлінісі барлық осы жағдайларда ынтымақты туғызбаса, оның себебі органдардың қатынастары реттелмейтіндіктен, өйткені олар аномия ахуалында болады. Бірақ осы ахуал қайдан пайда болады? Ережелер жиынтығы дегеніміз әлеуметтік қызметтер арасында стихиялы түрде орнайтын қатынастар уақыт өте келе қабылдайтын белгілі бір пошымы десек, аномия ахуалы ынтымақты органдар жеткілікті тығыз және ұзақ жанасуда болатын барлық жерде мүмкін емес деп a prіorі айтуға болады. Расында да, жанаса отырып, олар әрбір жағдайда бір-біріне қажеттігі туралы оңай ескертіледі, демек, өздерінің өзара тәуелділігін жанды да үздіксіз түйсінеді. Дәл сол себеппен олардың арасындағы алмасу оңай, ол алмасу жиі

жасалады; бұл алмасу ұдайы болып тұратындықтан, олар өз-өзінен реттеледі де, уақыт аз-аздап топтастыру ісін аяқтайды. Ақыр соңында, титімдей де реакциясы барлық тараптар байқай алатындықтан, осылайша түзілетін ережелер осының таңбасына ие болады, яғни олар тепе-теңдіктің шарттарын күні бұрын көріп, егжей-тегжейіне дейін белгілейді. Бірақ егер, керісінше, олардың арасында әлдебір ештеңе өткізбейтін, саңлаусыз орта пайда бола қалса, онда белгілі бір қарқындағы ықпал ғана бірінен екіншісіне өте алады. Қатынас сирек болатындықтан, берік орнығуға жетерліктей жиі қайталанбайды; әрбір жолы жаңа әрекеттер жасалады. Қозғалыс толқындары өтетін арналар тартыла алмайды, өйткені сол толқындардың өзі тым жиі үзіліп қала береді. Егер де қандай да бір ережелер әйтсе де орнығатын болса, онда олар жалпылама әрі бұлыңғыр сипатқа ие болады, өйткені мұндай жағдайлар тұсында құбылыстардың тек ең жалпы нобайлары ғана айқындалады. Егер жанасулар жеткілікті елеулі бола тұра, жеткілікті ұзақ болмаса да дәл солай болады357. Жалпы бұл шарт жағдайдың барысымен-ақ жүзеге асырылады; өйткені қызмет организмнің екі немесе бірнеше бөліктері арасында сол бөліктер аздыкөпті белсенді жанасатын тұста ғана бөліне алады. Мұның үстіне, егер еңбек бөлінсе, онда олар бір-бірін қажетсінетіндіктен, олар, әрине, өздерін бөліп тұратын қашықтықты азайтуға ұмтылады. Біз жануарлар дүниесінің баспалдағымен көтерілген сайын, органдар қалай жақындасатынын және, Спенсердің тілімен айтқанда, бір-бірінің саңлауы арқылы бір-біріне өетінін міне сондықтан аңғарамыз. Бірақ ерекше жағдайлардың тоқайласуының салдарынан мүлдем басқаша болуы да мүмкін. Біз шұғылданып отырған жағдайларда нақ осыныңыз орын алды. Сегментті тұрпат айқын көрінетін тұста, қаншама әртүрлі сегменттер болса, соншама дерлік экономикалық базар бар; демек олардың әрқайсысы едәуір шектелген болады. Тұтынушыларға жақын тұратын өндірушілер,

357 ??? ?????????? ??????? ???? ????????? ??????? ????????????? ???????? ???? ??????? ?????? ???????? ???????? ??????; ???????? ?????????? ?????? ???? ???. ????????? ?????? ?????? ?????, ????? ??????? ????????????? ??? ?????? ?????? ??????.

қанағаттандыруды талап ететін қажеттер көлемін оп-оңай анықтай алады. Тепетеңдік, олай болса, қиналтпай орнығады да, өндіріс өзінен-өзі реттеледі. Керісінше, қоғамның ұйымдасқан тұрпаты дамыған сайын, сегменттердің өзара кірігуі базарларды бүкіл дерлік қоғамды қамтитын бір базарға айналдырады. Ол тіпті одан әрі қанатын жайып, әмбебап базар болуға ұмтылады, себебі халықтарды бөліп тұратын шекаралар олардың әрқайсысының сегменттерін бөліп тұрған шекаралармен бір мезгілде жойылып кетеді. Бұдан шығатын қорытынды өнеркәсіптің әрбір саласы өнімді бүкіл ел бойынша немесе тіпті бүкіл әлем бойынша шашырап жатқан тұтынушылар үшін жасайды. Демек, енді жасау жеткіліксіз. Өндіруші енді базарды көзбен немесе тіпті оймен шолып шыға алмайды. Ол оның шегін көз алдына елестете алмайды, себебі ол, былайша айтқанда, шексіз. Демек, өндірісте тізгін ереже жоқ; ол тек қармаланып қана жүреді және осы қарманау барысында шаманың біресе бір бағытта, біресе екінші бағытта бұзылатынында таң қаларлық ештеңе жоқ. Осыдан экономикалық қызметтерді мезгіл-мезгілмен бұзатын дағдарыстар өрбиді. Банкроттықтың, яғни жергілікті, шектеулі дағдарыстың көбеюі, қалай десек те, дәл сол себептің салдары тәрізді. Базардың кеңейе түсуіне қарай ірі өнеркәсіп пайда болады. Оның салдары – қожайындар мен жұмысшылардың арасындағы қатынастардың өзгеруі. Ірі агломерациялардың титықтатар ықпалымен бірге нерв жүйесінің көбірек қажуы жұмысшылардың қажеттерін ұлғайта түседі. Машиналық жұмыс адам еңбегін; мануфактуралық тәсіл – шағын шеберханалардағы жұмысты алмастырады. Жұмысшы жалдап алынған, өзінің отбасынан ұзақты күнге тартып алынған; ол жұмыс берген адамнан барған сайын алыстап, өмір сүреді және т.б. Индустриялық өмірдің осынау жаңа шарттары, әрине, жаңаша ұйымдасуды талап етеді. Бірақ осы өзгерістер өте жылдам жасалғандықтан, тартысқа түскен мүдделердің тепе-теңдікке келетін уақыты әлі болған жоқ358.

358 ??????, ??? ?????????? ?????? ????????????? ????????????? ???? ????, ?????? ????????? ???????? ?????? ??????????? ??? ????? ????????????? ?? ???????????? (???? ??? ?????? ???????? ???????) ??????? ???????. ??? ???????? ???????? ????? ????????.

Ақыр соңында, әлеуметтік және моральдық ғылымдардың жоғарыда көрсетілген ахуалы олардың позитивтік ғылымдар аясына соңғы болып кіргендігімен түсіндіріледі. Шынында да, құбылыстардың осы жаңа саласы ғылыми зерттеу пәніне айналғанына жүз жыл да өткен жоқ. Ғалымдар онда өздерінің төл бейіміне сәйкес біреуі мында, біреуі анда орналасты. Осынау кең аймаққа шашырай орналасқан олар соңғы уақытқа дейін. өздерін байланыстырып тұрған дәнекерлерді аңғаруға, бір-бірінен тым алыста болатын. Бірақ олардың өз зерттеулерін әуелгі бастапқы нүктеден барған сайын алыс жерде жалғастыратын болуының пәрменімен ғана, олар сайып келгенде сөзсіз кездеседі, демек, өздерінің ынтымағын ұғынады. Ғылымның бірлігі, сөйтіп, өзінен-өзі түзіледі; бұл формуланың оның үстіне ол қамтуға тиіс толып жатқан құбылыстар үшін тым тар формуланың дәйексіз бірлігі емес, бұл табиғи бүтіннің жанды бірлігі. Ғылым біртұтас болу үшін оның түгелімен бір ғана сананың көз қиығында болуының қажеті жоқ. Бұл, айтпақшы, мүмкін де емес; онымен шұғылданатындардың барлығының бір ғана істе ынтымақтастық жасайтынын сезінуі жеткілікті. Алдыңғы айтқандарымыз еңбек бөлінісіне жасалған ең маңызды жазғырулардың бірін қандай да негізден айырады. Ол жеке тұлғаны елемейді, оғавн машина рөлін береді деп жиі айыпталды. Шынында да, егер адам өзінен талап етілетін операциялардың неге керектігін білмесе, егер ол соларды ешқандай мақсатпен байланыстырмаса, ол операцияларды сөзсіз бәз-баяғыдай дағдымен атқаратын болады. Күн сайын ол үйреншікті бір қозғалыстарды, оларға қызықпай, оларды түсінбей, сүреңсіз қайталай береді. Бұл енді көрші клеткалармен түйіскен кезде үздіксіз тербелетін, оларға ықпал етіп, өз кезегінде олардың ықпалына жауап қайтаратын, қажеттер мен жағдайларға сәйкес созылатын, қысқаратын, түрін өзгертетін тірі организмнің тірі клеткасы емес. Бұл – сыртқы күшпен қозғалысқа келтірілетін және үнемі бір бағытта және тап сол бір түрде қозғалатын инерциялы доңғалақ қана. Инсанияттық мұратты көз алдымызға қалай елестетсек те, адам табиғатын осылай қорлау немқұрайды қарау мүмкін

еместігі анық. Егер инсаният кісіні жетілдіруді мақсат етсе, ол индивидке осындай тажалды ықпал жасауға жол бере алмайды. Ал егер оның мақсаты қоғам болса, ол қоғамдық өмірдің қайнар көзінің өзінің құрып кетуіне жол бере алмайды, өйткені жамандық экономикалық қызметтерге ғана емес, барлық қоғамдық қызметтерге, олар қаншама жоғары болсын, қатер төндіреді. “Егер, – дейді О. Конт, – материалдық тұрғыдан өзінің бүкіл ғұмыры бойы тек пышақтың сабын немесе түйреуіштің ілгішін жасаумен ғана айналысатын жұмысшыға жиі әділ аяушылық жасалса, онда салауатты философия, іс жүзінде, интеллектуалдық тұрғыда адам миының бірнеше теңдеуді шешуге және бірнеше жәндікті топтастырып, жіктеуге ерекше және үздіксіз пайдаланылуына одан кем аяушылық жасамауға тиіс: инсанияттық нәтиже екі жағдайда да, өкінішке қарай, аса ұқсас359. Кейде дауа ретінде жұмысшыларға арнаулы және техникалық мәліметтермен қоса, жалпы білім беру ұсынылады. Тіпті, еңбек бөлінісіне телінетін зиянды салдардың кейбіреулерін жұмсартуға болар деп топшылап-ақ көрелік; бұл, алайда, зиянды салдарлардың алдын алу амалы емес. Еңбек бөлінісі, оның алдында білім берілгендіктен өзінің табиғатын өзгертпейді. Жұмысшының өнерге, әдебиетке және т.бден қоя алатындай болуы, әрине, жақсы; бірақ, сонда да оған күні бойы машина сияқты қарау жаман болып қала береді. Мұның үстіне, тіршілік етудің осынау екі түрінің бір адамның бойына жарасып, қона кетуі үшін олар тым қарама-қарсы екендігін кім білмейді? Кең көкжиектер мен көзқарастарға, тамаша қорытындылар жасауға әдеттенген кісінің арнайы міндеттің тар шеңберіне шыдап қала беруі мүмкін емес. Жалпы білім беру секілді дауа мамандануды, зиянсыз бірақ тек төзгісіз, демек, көп пе, аз ба, мүмкін емес етеді. Қайшылық мынамен жойылады: әдеттегі пікірге кереғар, еңбек бөлінісі бұл салдарларды өзінің табиғаты бойынша қажетті түрде емес, тек ерекше және қалыптан тыс жағдайларда ғана тудырады. Оның адамзат рухына осынау тажалды ықпалсыз дами алуы үшін, оны оған кереғар фактормен тежеудің

359 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 430.

қажеті жоқ; оның өзімен-өзі болуы, оны сырттан ештеңе де бүлдірмеуі қажет әрі жеткілікті. Әрбір арнайы қызметтің өзінде индивидтің толық тұйықталмауын, бірақ оның көрші қызметтермен тұрақты байланыстарын сақтауын, олардың мұқтаждарын, оларда болып жататын өзгерістерді және т.б. жете түсінуін талап ететіні орынды. Еңбек бөлінісі қызметкердің тек қана өз жұмысмен тұйықталмауын ғана емес, өзінің тікелей қызметтестерін ұмытып кетпеуін, оларға ықпал етіп, олардың ықпалын сезінуін қажет етеді. Ол, осылайша, бағытын өзі түсінбейтін қозғалысты қайталайтын машина емес. Ол олардың бір жаққа, өзі азды-көпті айқын айыратын мақсатқа бағытталатынын біледі. Ол өзінің бірдеңеге қызмет ететіндігін сезеді. Бұл үшін оның әлеуметтік көкжиектің көлемді саласын қамтуы қажет емес; оған оны оның қарекеттерінің олардың өздерінен тыс мақсаты бар екендігін түсінетіндей дәрежеде қабылдау жеткілікті. Сонда, оның қызметі қаншалықты арнайы, қаншалықты біркелкі болмасын, бұл қызмет парасатты тіршілік иесінің қызметі, себебі онда мағына бар және ол мұны біледі. Экономистер, егер еңбек бөлінісінің рөлін қоғамдық табыс көзінің, әлеуметтік күштердің өнімділігін арттырудың құралына саймаса, егер олар еңбек бөлінісі ең алдымен – ынтымақ көзі екендігін көрсе, оның осынау елеулі белгісін тасада қалдырмас еді, оны әлгі орынсыз жазғыруға қимас еді.

ІІ тарау

Мәжбүрлі еңбек бөлінісі

І Алайда, ережелердің болуы жеткіліксіз; кейде сол ережелердің өзі жамандықтың себебі болады. Оны біз таптық соғыстардан көреміз. Таптар немесе касталар институты еңбек бөлінісі ұйымын, және де тым күшті реттелген ұйымын құрайды, бірақ ол көбіне дау-жанжалдың себебі қызметін атқарады. Дәстүр немесе заң бойынша өзіне тиген орынға наразы төменгі тап

өзіне тыйым салынған қызметтерге ұмтылады да, олардың иелерінен соларды тартып алуға тырысады. Еңбек бөлінісі тәсілінен шығатын ел ішіндегі өзара осыдан өрбиді. Организмде мұндай нәрсе ештеңе байқалмайды. Дау жоқ, қысылтаяң сәттерде түрлі тіндер арасында күрес жүріп, бірінің есебінен бірі қоректенеді. Бірақ клетка немесе орган өз қызметінен басқа қызметті иеленуге талпынбайды. Себеп мынада: әрбір анатомиялық элемент төтесінен тек өз мақсатына ұмтылады. Оның құрылысы, оның организмдегі орны оның міндетін анықтап береді; оның тірлігі – оның табиғатының қажетті салдары. Ол өз тірлігін нашар атқаруы мүмкін, бірақ тек аса сирек кездесетін, біз айтқан алмастыру жағдайында, бір элемент өзінің жұмысын тастап кетпесе, өзге элементтің міндетін өз мойнына арта алмайды. Ал қоғамда басқаша. Мұнда бостандық неғұрлым молырақ; индивидтің тумыстық бейімдігі мен ол орындайтын қызмет арасында зор қашықтық жатыр; тумыстық бейімділік міндетті түрде қызметті тудырмайды. Бақ сынап көру мен талқыға ашық бұл өріс, сондай-ақ адам табиғатын қалыпты бағытынан ауытқып, патологиялық ауал жасауға мәжбүр ететін түрлі себептердің ықпалына да ашық. Бұл неғұрлым икемді ұйым, сондықтан ол неғұрлым нәзік те өзгеріске бейім. Біз, әлбетте, тумысымыздан қандай да бір арнайы кәсіпке бейімделіп дүниеге келмейміз; алайда бізде таңдауды шектейтін белгілі бір қабілеттер мен бейімділіктер бар. Егер олармен ешкім санаспаса, күнделікті шаруа оларды бұзатын болса, біз жапа шегеміз де, оны тоқтататын құрал іздеуге көшеміз. Бірақ бекітілген тәртіптің орнына жаңа тәртіп орнатудан басқа амал жоқ. Еңбек бөлінісі ынтымақ туғызу үшін әркімнің өз жұмысы болғаны, демек, жеткіліксіз; оған қоса адамның жұмысы өзіне сай болуы керек. Бірақ біз талдап отырған жағдайда нақ осы шарт сақталмаған. Таптар немесе касталар институты ынтымақ орнына кейде осынау азапты құбылыстарды тудыратын болса, оның себебі ол негізге алып отырған әлеуметтік қызмет бөлінісі таланттардың жаратылыстық бөлінуіне немесе, дәлірек айтсақ, енді сай келмейді деген сөз; өйткені (бұл туралы кім не айтса

да360) төменгі тап сайып келгенде жоғары тап өміріне тек еліктеу рухының пәрменімен ұмтылмайды. Еліктеу тіпті турасын айтқанда, өздігінен ештеңе түсіндіре алмайды, өйткені ол дәл өзінен өзге нәрсені қалайды. Еліктеу тек әлден-ақ ұқсас тіршілік иелері арасында, онда да олардың ұқсастығы қай шамада екендігіне қарай мүмкін болады; ол басқа-басқа екі түр немесе олардың нұсқалары арасында болмайды. Тәндік сырқат туралы айтқанымызды инсанияттық жұқпалы сырқат туралы да қайталауға болады: жұқпалы сырқат соған бейім топырақта туындайды. Қажеттіліктер бір таптан екінші тапқа таралуы үшін оларды бөліп тұрған айырмашылықтар жойылуы немесе кемуі керек. Қоғамда болған өзгерістердің пәрменімен біреулер әу баста өздерінен жоғары болған қызметке қабілетті болуы, ал енді біреулері, өздерінің бастапқы үстемдігінен айырылуы қажет. Плебейлер патрицийлармен діни және әкімшілік қызметтерді атқаруға таласа бастаған кезде, бұл тек патрицийларға еліктеу үшін ғана емес, олар ақылдырақ, дәлеттірек, көбірек бола түскенліктен, осының салдарынан олардың талғамы мен тілектері өзгергендіктен болған-ды. Осынау өзгерістердің нәтижесінде бүтін бір әлеуметтік өрісте индивидтер қабілеттері мен оларға арналған қызметтер арасындағы татулық бұзылды. Оларды сол қызметтермен тек азды-көпті күшті де төте мәжбүрлеу ғана байланыстырады; демек, тек жетілмеген, бұзылған ынтымаққа ғана орын қалмайды. Демек, бұл нәтиже еңбек бөлінісінің қажетті туындысы емес. Бұл нәтиже тек мүлдем айрықша жағдайда, атап айтқанда, сырттан мәжбүр етудің салдары болғанда ғана туындайды. Мәжбүрлеу таза ішкі жағдаймен, өздігінен болатын кезде, және бастаманы ештеңе құрсауламайтын кезде іс басқаша болады. Бұл жағдай тұсында индивидтердің табиғаты мен әлеуметтік қызмет арасында, бері салғанда, оқиғалардың орташа санында, жарасым туындамай тұра алмайды. Егер әлдебір қызмет үшін таласқа түскен бәсекелестерге ештеңе бөгет жасамаса немесе теріс ықпал жасамаса, оған әрбір қызмет түріне ең қабілеттілері ғана қол жеткізетіні күмәнсіз. Еңбек бөлінісінің тәсілін анықтайтын жалғыз нәрсе – қабілеттердің айырмашылығы. Сонда мәністің өзінің пәрменімен бөлініс

360 Tarde. Loіs de І’іmіtatіon.

қабілет аясында жүргізіледі, өйткені басқаша болатын негіз қалмайды. Осылайша әрбір индивид пен оның жағдайының арасындағы жарастық өзінен өзі жүзеге асады. Алайда мұның өзі жұртты ырза қылуға жеткілікті бола бермейді, өйткені қабілеті жетпесе де, көңілі әрқашан биікті қалайтын адамдар бар дейді. Бұл, солай; бірақ бұл ерекше, былайша айтқанда дертті жағдай. Адам өзінің бақытын өзінің табиғи бейімін жүзеге асырудан тапса, ал оның қажеттері оның қаражатына пропорциялы болса – бұл қалыпты жағдай. Организмдегі әрбір орган осылай өзінің маңызына сәйкес қоректі ғана талап етеді. Сонымен, мәжбүрлі еңбек бөлінісі – біз таныған екінші кеселді тұрпат. Бірақ сөздің мағынасы жөнінде алданбауымыз керек: реттеудің барлығы бірдей мәжбүрлеу бола бермейді, өйткені, керісінше, біз көргеніміздей, еңбек бөлінісі реттеусіз жүре алмайды. Қызметтер күн ілгері белгіленіп қойылған ережелерден бөлінгеннің өзінде, бөлініс – ылғи да мәжбүрлеу салдары бола бермейді. Бұл қоғам табиғатына тамыр жайған касталық режимде де дұрыс. Іс жүзінде бұл институт әрқашан және барлық жерде бірдей жүгенсіздік салдары емес. Бірақ ол қоғамда жүйелі жұмыс істеп, қарсылыққа ұшырамаса, ол кәсіптік қабілеттерді бөлудің жылжымайтын тәсілін білдіреді (бері салғанда, жалпылама нобайда). Жұмыс белгілі бір шамада заң бойынша бөлінгенмен әрбір органның өз ісін өздігінен атқаратыны міне сондықтан. Бұдан былай зат мәнісіне қабыспайтын, демек, құлықта негіз жоқ реттеу тек күшпен қолдау тауып отырғанда ғана мәжбүрлеу басталады. Керісінше де айтуға болады: еңбек бөлінісі өздігінен болатын жерде, оның қаншалықты өздігінен екендігі шамасында ғана ол ынтымақ туғызады. Бірақ өздігінен болады дегенді қандай да бір ашық та пошымдық зорлықтың жоқтығы деп қана емес, әркімнің бойында бар әлеуметтік күштің еркін дамуына тіпті жанама кедергі жасай алатын нәрсенің бәрінің болмауы деп түсіну керек. Ол тек индивидтердің белгілі бір қызметке күштеп мәжбүрленбейтінін ғана емес, сондай-ақ тегі қандай болғанына қарамастан ешқандай да кедергінің олардың әлеуметтің ортада қабілетіне сай орын алуына ештеңенің бөгет болмауын көздейді. Қысқасы, қоғам қоғамдық теңсіздік табиғи теңсіздікті дәл

білдіретіндей болып құрылғанда ғана еңбек өздігінен бөлінеді. Бірақ бұл үшін ешқандай сыртқы себеп олардың қасиетін асыра да, кем де бағаламаға қажет және жеткілікті. Мүлтіксіз өздігінен туындай дегеніміз өзге бір фактының: күрестің сыртқы шарттарындағы абсолютті теңдіктің ғана салдары және басқа пошымы. Ол адамдардың жақсы да, жаман да – барлық ұмтылыстарын еркін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін анархия ахуалы емес, әрбір әлеуметтік құндылық сыртқы күшпен асырып та, жасырып та бағаланбай өз маңызына қарай бағаланатын шебер ұйымды көрсетеді. Бұған мынадай дау айтуға болады: тіпті сондай жағдайда да күрес орын алады, демек, жеңгендер мен жеңілгендер болады, ал жеңілгендер өздерінің жеңілісін соған мәжбүр етілгенде ғана мойындайды. Бірақ бұл мәжбүрлеу бағанағы бірінші мәжбүрлеуге ұқсамайды, олардың атаулары ғана бірдей. Өз мағынасындағы мәжбүрлеуде күрестің өзі мүмкін емес, оған тіпті жол да берілмейді. Рас, мұндай мүлтіксіз өздігінен туындау жүзеге асқан факт ретінде еш жерде кездеспейді. Касталар институты қабілеттердің жаратылыстық бөлінуімен сәйкес келсе де, ол тек шамалас, дөрекі сәйкестік. Тұқым қуалаушылық еш жерде, тіпті өзі үшін ең қолайлы жағдайды ұшыратқан, балалар өз әке-шешесін айнытпай қайталаған жерлерде де, ол соншалық дәлдікпен ықпал етпейді. Ереженің бұзылатын тұсы әрқашан болады, демек, индивид өзіне телінетін қызметтермен жарастық таппайтын оқиғалар болады. Қоғам дами түсіп, тым қысаң шеңбер белгілі бір сәтте құлап түскенге дейін ол сәйкессіздік көбейе береді. Касталық режим заң жүзінде жойылғанның өзінде, ол соқыр сенімдердің тұрақтылығының арқасында құлықтарда өмірін жалғастыра береді. Сіңірген еңбектеріне қарамастан біреулерге шарапат жасалады, енді біреулерге лағнет айтылады. ақыр соңында, өткеннің ізі, былайша айтқанда толық өшкен кезде де, күрес басталатын сыртқы шартты едәуір тепе-тең етпеу үшін байлықты мұрагерлікпен берген жеткілікті, өйткені байлықты бұлай беру кейбіреулерге олардың жеке құндылығына лайық емес артықшылық береді. Тіпті қазір де ең мәдениетті халықтарда тұлдыры жоқ адамдар үшін не мүлдем жабық, не кіру қиын жұмыстар бар. Егер бір жағынан,

біз әлеуметтік сатымен жоғары өрлеген сайын, ұйымдасқан қоғамда сегнметтік тұрпат жоғалған сайын, осынау теңсіздік те соғұрлым күштірек көмескілене түсуге ұмтылатын байқалмаса, былай қарағанда, еңбек бөлінісінде ешқашан таза күйінде болмайтын шекараны қалыпты деп қабылдауға құқық жоқ секілді. Шынында да, еңбек бөлінісі бекіген сәттен касталық режимнің прогресті құлдырай бастауы – тарих заңы; саяси-әулеттік ұйыммен байланысты касталар сонымен бірге кері кете бастайды. Олар тудырған және солардан кейін де қала беретін соқыр сенімдер, олардан кейін мәңгілік бола бермей, аз-аздап жоғалып тынады. Қоғамдық істер, дәулетіне қарамастан, баршаға барған сайын ашық бола береді. Ақыр соңында, тумысынан бай және кедей адамдардың болуы туындайтын соңғы теңсіздік те түгел жойылып кетпегенімен, жұмсара бастайды. Қоғам оны тым қолайсыз жағдайлардағыларға әртүрлі амалдармен көмектесу арқылы мүмкіндігінше кемітуге тырысады. Қоғам осылайша барлық сіңірілген еңбектер үшін еркін орын ашуға өзін міндеттімін деп сезінетінін және жеке басының кемшілігімен тап болмаған нашар жағдайды әділетсіздік деп білетінін айғақтайды. Бұл ұмтылысты одан да жақсы көрсететін нәрсе, қазір адамдар теңдігі барған сайын күшейе түсуде және бұл күшею әділетті деген сенім. Соншалық ортақ сезім құр қиял болып қала алмайды, ол – анық мболмаса да – болмыстың кейбір жағын көрсетуге тиіс. Екінші жағынан еңбек бөлінісінің прогресі, керісінше, өскелең теңсіздікті көздейтіндіктен, қажеттілігі қоғамдық пікірмен қуатталатын теңдік, біз айтқандай түрде ғана, күрестің сыртқы шарттарындағы теңдік қана бола алады. Осынау деңгейді теңстіруді ненің қажет ететіндігін ұғыну қиын емес. Біз іс жүзінде кез-келген сыртқы теңсіздік табиғи ынтымақты бұзатынын көрдік. Бұл дамуы төмен қоғамдар үшін аса қауіпті емес, оларда ынтымақты негізінен наным-сенімдер мен сезімдердің ортақтығы қамтамасыз етеді. Шынында да, оларда еңбек бөлінісінен туындайтын дәнекерлер қаншалық ширықса да, бұл қоғамдық байланысқа қатер төндірмейді, өйткені индивидті қоғаммен бәрінен күштірек байланыстыратын ол дәнекерлер емес. Қарама-қарсы ұмтылыстардан туындайтын сырқат олардан жапа шегетіндерді, оларды туындатқан әлеуметтік

тәртіпке қарсы шығуға итеретіндей жеткілікті күшті емес, өйткені олар қоғаммен оны өздерінің кәсіптік қызметін дамытуға қажет өріс деп білетіндіктен байланыспаған, қоғам олардың көз алдында өмір сүретін толып жатқан наным-сенімдер мен салттарды біріктіретіндіктен байланысқан. Олардың байланысуының себебі – олардың бүкіл ішкі өмірі сонымен байланысты, барлық иланымдары соны көздейді, діни және моральдық негізге қызмет ете отырып ол оларға қасиетті нәрсе болып көрінеді. Жекелеген және қысқа мерзімді келеңсіздіктер әәлгіндей шығу тегінің арқасында керемет күші бар сана ахуалында дүрбелең тудыруға тым дәрменсіз екендігі айқын. мұның үстіне, кәсіптік өмір жарытып дамымағандықтан, әлгі келеңсіздіктер оқта-текте ғана болады. Осының бәрінің пәрменімен олар әлсіз ғана сезіледі. Оларға қиналмай үйренеді; теңсіздіктің бұл түрлерін тіпті үйреншікті деп қана емес, табиғи деп те біледі. Табиғ ынтымақ үстем шыққан жерде мүлдем басқаша болады; оны әлсірететін нәрсенің бәрі қоғамдық байланысты оның өмірлік маңызды саласында қозғайды. Біріншіден, мұндай жағдайда арнайы қызметтер үздіксіз дерлік атқарылатындықтан, оларға бөгет жасайтын нәрсенің бәрі ұдайы жапа шектірмей қоймайды. Бұдан кейін ұжымдық сана әлсірей түскендіктен, болып жататын келеңсіздіктер енді бұрынғыдай толық зиянсыздандырыла адмайды. Ортақ сезімдерде индивидтерді топтап ұстап қалатын бұрынғы қауқар жоқ; қиратқыш ұмтылыстар қарсыласар ештеңе болмағандықтан, оңай көрініс береді. Әлеуметтік ұйым, өзін адам мүддесінен жоғары тұратындапй өріске қоятын секілді трансценденттік сипатынан барған сайын айрыла түсіп, бұрынғы қарсылық күшінен жұрдай болады. Сонымен бір мезгілде онда зор қақырау пайда болады; адам қолымен жасалған ол, адам талаптарына бұрынғы қуатпен қарсы шыға алмайды. Толқын күшейе түскен сәттте, оны тежеп тұрған бөген шайқала түседі: сондықтан ол анағұрлым қауіпті. Міне сондықтан да ұйымдасқан қоғамдарда еңбек бөлінісінің өздігінен туындауының жоғарыда белгіленген мұратына барған сайын жақындай түсуі қажет. Егер олар сыртқы теңсіздікті, мүмкін болғанынша, жоюға ұмтылса (олар ұмтылуға тиісті де) бұл

оның тамаша іс екендігінен ғана емес, бұл арада әңгіме олардың өзінің тіршілігі туралы болып отырғандықтан. Өйткені олар тек өздерін құрайтын бөліктердің барлығы ынтымақты болғанда ғана тіршілік ете алады, ал ынтымақ осындай шарт тұсында ғана болады. Сондықтан бұл әділетті ұйымдасқан тұрпаттың дами түсуіне сәйкес әрі қарай ілгерілей береді деп топшылауға болады. Осы бағытта жасалған табыстар қаншалықты маңызды болғанымен, олар, қай жағынан алсақ та, келешектегі табыстар жайынан тек мардымсыз түсінік береді.

Сыртқы күрес жағдайында теңдіктің болуы әр индивидті өз қызметіне матау үшін ғана емес, қызметтерді бір-бірімен матастыру үшін де қажет. Шарттық қатынастар сөзсіз еңбек бөлінісімен бірге дамиды, өйткені еңбек бөлінісі, құқықтық пошым шарт болып табылатын айырбассыз мүмкін емес. Басқаша айтқанда, табиғи ынтымақтың маңызды бір түрі шарттық ынтымақ деп атауға болатын нәрсе. Барлық қоғамдық қатынастар шартқа саяды деп ойлау қате екендігіне күмән жоқ, мұның үстіне шарт өзінен өзге бір нәрсені көздейді, алайда индивидтердің ырқынан бастау алатын ерекше дәнекерлер болады. Шартта көрініс табатын өзіндік бір консенсус және ең жоғарғы түрлерінде ортақ консенсустың маңызды факторын білдіретін консенсустар бар. Демек, осынау қоғамдарда шарттық ынтымақ оны бұзатын нәрсенің бәрінен мүмкіндігінше жақсы қорғалған болуы қажет. Кемірек дамыған қоғамдарда, біз сипаттап өткен себептерге байланысты, оның тұрақсыздығы ерекше қауіпті секілді көрінбесе, ол әлеуметтік ынтымақтың негізгі пошымдарының бірі болып табылатын қоғамдарда оған төнетін қатер бір мезгілде әлеуметтік организмге төнетін қатер болып табылады. Шарттың өзі ортақ өмірде көбірек маңызға ие болған сайын, шарттардан туындайтын жанжалдар, осылайша, маңыздырақ бола түседі. Сондықтан, ондай

жанжалдарды361 шешуге тіпті де араласпайтын алғашқы қауымдық қоғамдар бар кезде, өркениятты халықтарда шарттық құқықтар ауқымдырақ бола түсуде; оның осындай қатынастарға кірісетін қызметтердің жүйелі ынтымақтастығын қамтамасыз етуден басқа мақсаты жоқ. Бірақ бұл нәтижеге жету үшін қоғамдық биліктің жасалған шарттардың орындалуын қадағалап отыруы жеткіліксіз. Оған қоса, сол шарттардың ең болмаса тең жартысы ерікті орындалып отыратын болуы қажет. Егер шарттар тек күштің не күштен қорқудың арқасында орындалатын болса, шарттық ынтымақ өте сенімсіз болар еді. Таза сыртқы тәртіп алауыздықты бүркей алмас еді, оларды ұдайы тиып отыру қиын болар еді. Бірақ, ондай қауіптен құтылу үшін шарттардың ерікті жасалуы жеткілікті делінеді. Ол рас; бірақ одан қиындық жойылып кетпейді: іс жүзінде, ерікті келісім дегеннің өзі не? Ауызша не жазбаша келісім – еріктіліктің айғағы бола бермейді; мұндай келісім амалсыздықтан да жасалуы мүмкін. Демек, ешқандай мәжбүрлеу болмағаны керек; ал сол мәжбүрлеу қайдан басталады? Мәжбүрлеу зорлықты тікелей қолданудан ғана тұрмайды, өйткені жанама мәжбүрлеу де бостандықты ойдағыдай басып-жаншиды. Егер өліммен қорқытып алынған міндеттеме құқықтық та, моральдық та тұрғыдан түкке тұрмайтын болса, онда, оны алдыру үшін мен, рас өзім себебі болмаған, бірақ басқаны маған көну немесе өлу қажеттігіне душар болған жағдайды пайдалансам, ол шарттың неліктен маңызы болмақ? Аталмыш қоғамда айырбастың әрбір объектісінің ылғи да белгілі бір құндылығы бар, оны әлеуметтік құндылық деп атауға болады. Бұл құндылық объектінің өзіндегі пайдалы еңбек санын бейнелейді; бұл арада оған жұмсалған еңбектің бәрін емес, сол қуаттың пайдалы әлеуметтік нәтиже, яғни қалыпты қажеттіліктерге сәйкес келетін нәтиже бере алатын бөлігін түсіну керек. Тегі мұндай шаманы математикалық жолмен есептеп шығару мүмкін болмаса да, ол соған қарамастан нақты болады. Тіпті ол тәуелді болатын басты шарттарды байқау да оңай; бұл ең алдымен объектті жасауға қажетті күш-жігердің

361 Қараңыз: Strabon, p. 702. Дәл сол секілді Бескітапта да біз шарттың реттелуін таппаймыз.

жиынтығы, ол қанағаттандыратын қажеттілік қарқыны және, ақыр соңында, ол беретін қанағаттандыру шамасы. Шынында да, орташа құндылық осы нүктені айналсоқтайды. Ол бұл нүктеден тек қалыптан тыс факторлар ықпалымен ғана алшақтайды; бұндай жағдайда қоғамдық сана бұл алшақтауды азды-көпті сергек аңғарады. Қоғамдық сана бұйым бағасы оған жұмсалған күш-жігер мен ол көрсететін қызметке сай келмейтін айырбас атаулыны әділетсіз деп санайды. Осы анықтаманы бере отырып, біз айырбасталатын қызметтің әлеуметтік балама құны болса ғана, шарт толық келісіммен жасалған дей аламыз. Осындай жағдайда әркім іс жүзінде қалаған бұйымын алып, есесіне айырбасқа құны бірдей басқасын береді. Шарт арқылы белгіленіп, бекітілетін мұндай ырық тепе-теңдігі өзінің салдары мен басқа пошымы. Бұл тепе-теңдік шын мәнінде өздігінен туындайды. Рас, кейде біз өзіміз беретін өнім үшін оның шын бағасынан көбірек алғымыз келеді; нәпсіде шек жоқ, және ол бір-бірімізді тежеп отыратындықтан ғана шектеледі. Бірақ бұл мәжбүрлеуді, тіпті біздің тойымсыз қажетімізді қанағаттандыруға кедергі жасайтын мәжбүрлеуді, еңбегіміздің шын ақысын алу мүмкіндігімізді шектейтін мәжбүрлеумен шатыстыруға болмайды. Біріншісі дені сау адам үшін жоққа тән. Тек екіншісі ғана осы сөзбен атауға лайық; тек сол ғана келісімді бұзады. Бірақ ол біз қарастырып отырған жағдайда жоқ. Егер, керісінше, алмастырылатын құндылықтар тең болса, олар әлдебір сыртқы күштің арқасында теңестіріле алады. Келеңсіздік екі жақтан да жасалып жатады; ырықтар, олардың біреуі тікелей не жасырын қысымға ұшырағанда ғана, келісімге келе алады, ал бұл қысым зорлықтың нақ өзі. Қысқасы, шарттың міндеттілік күші толық болу үшін, оның білдірілген келісімдердің пәні болуы жеткіліксіз. Сондай-ақ оның әділетті болуы шарт, ал бір ғана ауызша келісу оны әділетті ете алмайды. Субъектінің қарапайым ахуалының жалғыз өзі шартқа тән осынау байланыстырушы күшті тудыра алмайды. Бері салғанда, келісім ондай күшке ие болу үшін, оның өзі объективті негізге сүйенуі керек. Осынау тепе-теңдік шарттарда ережеге айналу үшін қажет әрі жеткілікті шарт – уағдаласушы екі тараптың бірдей сыртқы жағдайда болуы. Шынында,

бұйымды бағалау a prіorі жүргізілмей, айырбастың өзінен шығатындықтан айырбас жасайтын индивидтер өз еңбегінің құнын тек өздері әлеуметтік артықшылығынан алатын күшпен бағалай алуы керек. Мұндай жағдайда заттың құндылығы олар көрсеткен қызмет пен оған жұмсалған еңбекке бара-бар болады, өйткені оны өзгерте алатын қандай да бір басқа себептер, гипотезаға сәйкес жойылған. Әртүрлі абырой әрқашанда адамдардың қоғамдағы орнын әрқалай ететіні шүбәсіз. Бірақ теңсіздіктің мұндай түрлері тегінде, тек сырттай теңсіздік болып көрінеді, өйткені – олар теңсіздіктің ішкі түрлерін сыртқы бейнеде көрсетеді. Олардың құндылықты анықтауға ықпалы сайып келгенде құндылықтар арасында әлеуметтік қызметтер иерархиясына параллель градация жүргізуден тұрады. Егер кейбіреулер тағы бір басқа бастаудан қосымша күш алатын болса, іс басқаша, өйткені күштің қажетті салдары тепетеңдік нүктесін ауытқыту және бұл ауытқу заттың әлеуметтік құнына тәуелді болмайтыны анық. Кез-келген басымдық шарт жасасу тәсіліне ықпал етеді; сондықтан ол индивид тұлғасына, оның қоғамға сіңірген еңбегіне тәуелді болмаса, ол айырбастың қалыпты шарттарын бұзады. Егер қоғамның қандай да бір табы өмір сүру үшін кез келген бағаға өзінің қызметін ұсынуға мәжбүр болса, ал басқа бір тап өзінде бар, алайда, қандай да бір әлеуметтік басымдықтан туындамайтын ресурстарының арқасында ол қызметке зәру болмаса, онда бұл таптың бірінші тапқа арнап заң шығаруы әділетсіздік болады. Басқаша айтқанда, тумысынан бай не кедей болған жағдайда бейәділет шарттың болмауы мүмкін емес. Мұның үстіне әлеуметтік жағдайдың өзі мұра ретінде тиесілі болатын және теңсіздік атаулы құқықпен бекітілетін кезде тап солай болған. Бірақ, шарттық қатынастар болмашы, ал ұжымдық сана күшті дамыған кезде ондай әділетсіздіктер онша сезілмейді. Шарттардың сиректігінің арқасында әділетсіздіктің де бой көрсету мүмкіндігі кем, және, мұның үстіне, ортақ наным-сенімдер олардың салдарын залалсыздандырып отырады. Одан қоғам жапа шекпейді, өйткені оған бұдан қатер төнбейді. Бірақ, еңбек бөлінісі күшейіп, әлеуметтік иман әлсіреген сайын, әділетсіздіктер тізесі бата түседі,

өйткені оларды тудыратын жағдайлар жиірек кездеседі, ал олар туындататын сезімдер қарама қарсы сезімдермен дәл сондайлық толық тежеле алмайды. Мұны шарттық құқық тарихы айғақтайды, бұл құқық уағдаласушы тараптар тым тең емес болып қалатын шарттың қандай да болсын маңызын жоюға барған сайын ұмтыла түсуде. Тиісті пошым бойынша жасалған кез-келген шарттың, ол қандай жағдайда жасалса да, бастапқыда мәжбүрлеуші күші болады. Келісім тіпті оның бірінші дәрежелі факторын да құрамайды. Оларды байланыстыру үшін ырықтардың келіскені жеткіліксіз және жасалған байланыс дәл сол келісімнен тікелей туындамайды. Шарттың болуы үшін белгілі бір сөздердің айтылғаны және міндеттемелердің тараптар ниетімен емес, қолданылған формулалар362 бойынша анықталғаны қажет те жеткілікті. Келісім бойынша жасалатын шарт тек салыстырмалы кеш пайда болды363. Ол әділет жолымен жасалған алғашқы қадам. Бірақ ұзақ уақыт бойы шартты бекітуге жеткілікті келісім тым болбыр күйінде қала берді, яғни ол келісімді күшпен не қулық-сұмдықпен алуға болатын еді. Тек көп кейін Рим преторы қулық пен зорлықтың құрбандарына de dolo және quod metus causa364 талаптарын қоюға мұрсат берді; және де өлтіремін немесе дүрелеп азаптаймын деп қорқытса ғана заң бойынша зорлық деп танылды365. Бұл тармақта біздің құқық әлдеқайда талапшыл болып шықты. Дәл сол кезде тиісінше дәлелденген нұқсан келтіру белгілі бір жағдайларда шарттың күшін жоятын себептердің қатарына жатқызылды366. Орайы келгенде айта кетейік барлық өркениятты халықтардың өсімқорлық шартын танудан бас тартатыны осы негізде емес пе? Шынында да, бұл шарт уағдаласушы жақтардың бірі екіншісіне тым зор тәуелді болуын көздейді. Ақыр соңында, жалпы жұрт мойындаған инсаният әрқилы жыртқыштық шарттарды одан да

362 Қараңыз: Рим құқығындағы verbіs, lіtterіs және re шарттары. Салыстырыңыз: Esmeіn. ~tudes sur les contrats dans le tr~s ancіen droіt francaіs. P., 1883. 363 Ульпиан келісім бойынша жасалған шарттарды jurіs gentіum’ға жатады деп қарастырады (V кітап, 4,7 және § 1; De pact., ІІ. 14). Бірақ бүкіл jurіs gentіum, әрине, азаматтық құқықтан кейін жасалған. 364 De dolo талабынан сәл бұрынырақ енгізілген quod metus causa талабы Сулла диктатурасынан кейінгі кезеңге жатады. Ол 674 жылмен белгіленеді. 365 Қараңыз: Ульпиан, 3кітап, §1; 7-кітап, §1. 366 Диоклетиан былай қаулы етті: егер баға шын құндыығының жартысынан кем болса, шарт жойыла алады. Біздің құқық шарттың жойылуына тек жылжымайтын мүлікті сатқан кезде нұқсан келтіру себебімен ғана жол береді.

қатал айыптайды, оларда тараптардың бірі екіншісін ол әлсіз тарап болғандықтан, және өз еңбегіне әділетті ақы ала алмайтындықтан қанайды. Қоғамдық сана айырбасталатын қызметтер құны алғаусыз бірдей болуын барған сайын табанды талап етуде, және негізгі әділеттің осынау негізгі талабын орындамайтын шарттардың міндеттемелік күші тым шектеулі екенін мойындай тұра оларды бұзушыларға заңнан гөрі әлдеқайда кешірімді қарайтын болып отыр. Экономистердің мына бір еңбегін айту керек: олар қоғамдық өмірдің өздігінен туындайтын сипатын бірінші болып атап өтті, олар сырттан таңылған тәртіптен емес, еркін ішкі жұмыстан қалыпты туындай отырып, ол өмір мәжбүрлеу ықпалымен жаратылыстық бағытынан қалай тайқып кететінін көрсетіп берді. Олар осынысымен мораль туралы ғылымға маңызды қызмет көрсетті, бірақ олар осы бостандықтың табиғаты жөнінде қателесті. Олар бұл бостандықты адамның негізгі қасиетін көретіндіктен, олар оны қоспасыз деген ұғымнан логика тәсілімен шығаратындықтан, бұл бостандық оларға қандай да бір қоғамнан тәуелсіз жаратылыстық ахуалға түгелімен жататындай болып көрінеді. Олардың айтуынша, әлеуметтік қарекет оған ештеңе қоспайды; ол қарекеттің қолынан бар келетіні де, істеуге тиістісі де оның сырттай қызмет етуін бәсекелес бостандықтар бірбіріне залал тигізбейтіндей етіп реттеп отыру. Бірақ ол бұл шеңберден аттап шықса-ақ болды, ол бостандықтардың заңды аймағына сұғынып, оны тарылтады. Біріншіден, кез-келген регламенттеу – мәжбүрлеу жемісі-міс деген сөз қате; бостандықтың өзі регламенттеу нәтижесі болды. Ол әлеуметтік қарекетке тіпті де кереғар емес, қайта соның өзінен шығады. Ол – жаратылыстық ахуалға іштей тән қасиет емес, қайта, қоғамның табиғаттан жаулап алған олжасы. Табиғаты бойынша адамдар дене бітімі жағынан бірдей емес; олар бірдей тиімді сыртқы жағдайға орналастырылмаған; отбасылық өмірдің өзі дүниемүліктің мұраға қалуы бар, содан туындайтын теңсіздік бар, әлеуметтік өмірдің барлық пошымдардың ішінде жаратылыстық себептерге бәрінен де тәуелді. Ал біз теңсіздіктің осынау барлық түрлерінің мәнісі бостандықты терістеу екенін

көрдік. Сайып келгенде, бостандық дегеніңіз сыртқы күштерді әлеуметтік күштерге бағындыру, тек сондай жағдайда ғана әлеуметтік күштер бостан дами алады. Бірақ бұл субординация – шындап келгенде жаратылыстық тәртіпті астан-кестен ету ғана. Демек, ол тек қарышты түрде, заттарға заңды міндеттеу үшін, олардан кездейсоқ, келеңсіз, моральға жат сипатты тартып алу үшін адам заттардан жоғарылай түсуіне қарай, яғни ол әлеуметтік тіршілік иесі болуына қарай дами алады. Ол табиғаттың ықпалынан өзіне басқа дүние, сол арадан табиғатқа үстемдік жүргізетін дүние, атап айтқанда қоғам құру арқылы ғана құтыла алады. Сонымен, ең дамыған қоғамдардың мақсаты – әділетісі деуге болады. Шынында да олар осы бағытты ілгерілеу қажеттігін сезінетінін біз жоғарыда көрсеттік, және мұны бізге күнделікті тәжірбие дәлелдей түсуде. Төменгі қоғамдар үшін индивид сіңіріп кететін ортақ өмір құру немесе бүкіл қарқынымен оны сақтап қалу мұрат болғаны секілді, біздің мұрат – барлық әлеуметтік пайдалы күштердің еркін дамуын қамтамасыз ету үшін біздің қоғамдық қатынастарымызға мүмкін болғанынша неғұрлым көбірек әділеттілік енгізу. Алайда, егер ғасырлар бойы адамдар әлдеқайда кем әділеттілікті қанағат тұтып келгенін ойға алсақ, өзіңнен өзің бұл ұмтылыстар орынсыз шыдамсыздықтан туындамады ма, олар қалыпты ахуалды қалаудан гөрі, көбінесе қалыпты ахуалдан жалтару емес пе? Деп сұрай бастайсың? Қысқасы, олар аңғартатын жамандықты емдеп жазудың құралы оларды қанағаттандырудан немесе олармен күресуден тұрады. Алдыңғы кітаптарда анықталған ережелер бізді қарастырып отырған сұраққа дәл жауап беруге мүмкіндік берді. Сол ұмтылыстардан басқа, неғұрлым іргелі қажеттіліктер жоқ, өйткені олар қоғамдардың құрылымында болған өзгерістердің қажетті салдарлары. Сегментті тұрпат жойылып кететіндіктен, ал ұйымдасқан тұрпат дами беретіндіктен, ұқсастықтардан туындайтын ынтымақты бірте-бірте табиғи ынтымақ алмастыратындықтан, сыртқы жағдайларды біркелкілендіру міндетті. Гәп қызметтердің жарастығы, демек, қоғамдардың тіршілік етуі жайында болып отыр. Ежелгі халықтар өмір сүру үшін ең алдымен ортақ иманға мұқтаж

болғаны секілді, біз әділетке мұқтажбыз. Және бұл қажеттілік, егер – бәрі де солай ойлауға мәжбүрлейтіндей – эволюцияны басқаратын жағдайлар сол күйінде қала берсе, барған сайын өзекті бола түсетіндігін кесіп айтуға болады.

ІІІ тарау

Қалыптан тыс тағы бір пошым

Бізге енді ақырғы қалыптан тыс пошымды суреттеп беру қалды. Сауда, өнеркәсіп немесе басқа кәсіпорында функциялардың индивидтер қызметіне жеткілікті материал жеткізілмейтіндей болып бөлінуі жиі кездеседі. Бұл орайда, күштің босқа шығыындалатыны анық. Бірақ біз осы құбылыстың экономикалық жағымен айналыспақ емеспіз. Бізді осынау күш шығынын үнемі бір мезгілде болатын басқа бір факт, атап айтқанда осы қызметтерді үйлестірудің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі қызықтыруға тиіс. Мансап иелерінде жұмыс жеткілікті болмайтын әкімшілік машинада қозғалыстар бірбіріне нашар бейімделетіні, операциялар бейберекет жүзеге асырылатыны, қысқасы ынтымақ нашарлайтыны, берекетсіздік пайда болатыны, әлеуметтік байланыстың бұзылатыны іс жүзінде белгілі. Шығыс Рим империясының сарайында қызметтер әбден ұсақ-түйегіне дейін мамандандырылған болатын, алайда, бұдан нағыз анархия ғана өрбіді. Тым тереңдетіп жіберілген еңбек бөлінісі олпы-солпы кірігуді туғызатын жағдайлар осындай. Бұл неліктен болады? Бұл арада реттейтін орган, басқару жоқ деп жауап беруге тырысуға болар еді. Бұлай түсіндіру қанағаттандыра қоймайды, өйткені осындай қалыптан тыс ахуал – көбіне-көп басқарушы биліктің өз шаруасы. Ондай ахуал жайылып кетуі үшін реттеуші ықпал жеткіліксіз, сонымен бірге ол белгілі бір жүйемен жүргізілуі керек. Біз оның қандай жүйемен жүргізілуі қажет екенін білеміз. Тәжірибелі де парасатты жетекшінің бірінші міндеті – пайдасыз мансаптардан жою, еңбекті әркімнің қолы босай қоймайтындай етіп бөлу, демек, әрбір қызметкердің функциялық қызметін ұлғайту – сонда тәртіп

өздігінен орнайды және сонымен бір мезгілде еңбек неғұрлым үнемді ұйымдастырылатын болады. Бұл қалайша жүреді? Бір қарағанда бұл онша анық емес. Егер әркімнің дәл анықталған жұмысы болса, егер ол оны жақсылап атқаратын болса, ол міндетті түрде өзінің істес жолдастарын қажетсінетін болады және өзінің олармен ынтымақтас екенін сезінбей қоймайды. Мынадай сұрақтар қойылады: ол тек арнайы қызмет болғасын, оның үлкен-кішілігінің не қажеті бар? Ол оның уақыты мен күшін түгел сарқи ма, жоқ па, шаруамыз қанша? Керісінше, бұл өте маңызды. Шынында да, ынтымақ жалпы мамандандырылған бөліктердің функциялық қызметіне өте тығыз байланысты. Осынау екі құбылыс пропорциялы түрде өзгереді. Қызметтер босаң атқарылатын жерде, оларды мамандандыру бекершілік; олардың өзара үйлестірілуі өте нашар және өздерінің өзара тәуелділігін толық сезінбейді. Бұл фактыны кейбір мысалдар айқындай түседі. Адам бойында “тұншығу қанның капилляр тамырлар арқылы өтуіне қарсылық, және бұл кедергімен бірге қан ағысы көп келіп, бөгеледі де, жүрек қызметі тоқталады; бірнеше секундтан соң бүкіл организмде үлкен абыржу пайда болып, бір-екі минуттан кейін бәрінің қызметі тоқтайды”367. Демек, бүкіл өмір тыныс алуға өте қатты тәуелді. Бірақ бақада тыныс алу, ешқандай бұзылуды тудырмай, ұзақ тоқтауы мүмкін, бұл бәлкім, ол үшін қанның тері арқылы тотығуы жеткілікті болар немесе, тіпті ауадан айырыла тұра, ол өзінің тіндерінде жинақталған оттегімен қанағаттанатын болар. Олай болса, бақаның тыныс алу қызметі мен оның организмінің басқа қызметтері арасында едәуір мол тәуелсіздік және демек жетілмеген ынтымақ бар, өйткені басқа қызметтер ьыныс алу қызметінің көмегінсіз-ақ тіршілік ете алады. Бұлай болатыны бақаның тіндері, адам тіндерінен гөрі, кем функциялық қызметке ие болғандықтан, сондай-ақ өзінің оттегі қорын қалпына келтіруге және оның тотығуынан болатын көмірқышқылын шығаруға кемірек мұқтаж. Дәл сол сияқты сүтқоректілер үнемі қоректенуге мұқтаж; қалыпты ахуалда оның тыныс алу ырғағы шамамен

367 Spenser H. Prіncіpes de bіologіe, ІІ, p. 131.

бірдей; оның тынығу кезеңдері онша ұзақ емес; басқаша айтқанда, оның тыныс алу, қоректену, қатынас жасау қызметтері бір-біріне және бүкіл организмге үнемі қажет, сондықтан да олардың бірде-бірі басқалар үшін және ортақ өмір үшін қатер төндірмей ұзақ тыйыла алмайды. Жылан, керісінше, тек ұзақ уақыт өткізіп барып қана қоректенеді; оның қызметі мен ұйқысының кезеңдері арасында ұзақ уақыт жатыр; кейбір сәттерде аса анық болатын оның тыныс алуы, кейде жоққа тән – демек, оның қызметтері өзара онша тығыз байланыспаған, қайта бір-бірінен зиянсыз бөлініп кете алады. Бұның себебі мынада: оның функциялық қызметі сүтқоректілер қызметінен кем. Тіндердің жұмсалуы азырақ болғандықтан, олар оттегіні аз қажетсінеді; тозу аз болғансын, олжаны қуалап, ұстап алуға арналған қозғалыстар сияқты, жөндеу де сирек қажет етіледі. Спенсер, сонымен қатар, анорганикалық табиғатта да дәл сол құбылыстың мысалдары табылатынын көрсетті. “Бөлшектері нашар жымдастырылған және тозу салдарынан қиқы-жиқы өте күрделі машинаға – дейді ол, – қарап көріңіз; оны тоқтайтын кезінде зерттеңіз. Сіз оның тоқтар алдындағы қозғалыстарының біршама жүйесіздігін байқайсыз: кейбір бөлшектер бірінші болып тоқтайды, бірақ басқалардың тоқтамай қозғалуына қарай ол қайтадан қозғала бастайды, олар, өз кезегінде, қозғалуын тоқтатқан басқа бөлшектерде қозғалыстың жалғас себебіне айналады. Басқаша айтқанда, машинаның ырғақты қозғалысы жылдам болғанда, олардың бір-біріне ықпалы мен реакциясы жүйелі және барлық қозғалыстар жақсы кіріктірілген болады. Бірақ жылдамдық төмендеген сайын жүйесіздік пайда болып, қозғалыс бұзылады”368. Функциялық қызметтің қандай да бір ұлғаюы ынтымақтың ұлғаюын тудырады, өйткені организм қызметтері олардың үздіксіздігінің артуы шартымен ғана белсендірек бола алады. Солардың қайсыбірін жеке алып қараңыз. Ол басқалардың ынтымақтастығынсыз дәрменсіз болатындықтан, ол басқалар да көбірек өндірген кезде ғана, көбірек өндіре алады; бірақ басқалардың өнімділігі, өз кезегінде, біріншісінің өнімділігі жаңа бейнелену

368 Іbіd.

арқасында тағы да көтерілсе ғана, арта алады. Бір қызметте белсенділіктің әрбір өсімі ынтымақтас қызметтердегі тиісті ұлғаюды тудыра отырып, біріншісінде тағы да жаңасын туғызады, ал мұның өзі соңғысы үздіксіз болған кезде ғана мүмкін нәрсе. Әлбетте, бұл ықпал ұшы-қиырсыз жалғаса бермейді; қайтадан тепе-теңдік орнайтын сәт соғады. Егер бұлшық еттер мен жүйке көбірек жұмыс істесе, оларға неғұрлым солырақ қорек керек, оны неғұрлым екпінді қызмет ете алатын асқазан жеткізеді. Бірақ бұл үшін ол қорытуға көбірек қорек алуы қажет, ал бұл қорек тек жүйкенің немесе бұлшық еттің жаңа күш-жігерімен ғана алынады. Неғұрлым ірі өнеркәсіптік өндіріс машиналар түрінде мол капиталдың жұмылдырылуын талап етеді. Бірақ бұл капитал, өз кезегінде, өзін қамтамасыз ете алу, өз шығындарының есесін қайтара алу, яғни жалдау үшін төлей алу үшін неғұрлым ірі өнеркәсіптік өндірісті талап етеді. Машинаның барлық бөлшектеріне ықпал ететін қозғалыс өте жылдам болса, ол үздіксіз болады, өйткені бірінен екіншісіне үнемі өтіп отырады. Олар, былайша айтқанда, бірін-бірі өзара еліктіреді. Оның үстіне бір ғана жеке қызмет емес, барлығы бірден белсендірек бола түскенде, олардың әрқайсысының үздіксіздігі одан әрі ұлғаяды. Демек, олар неғұрлым ынтымақтас болады. Шынында да, неғұрлым үздіксіз болғанда, олар ұзақ қатынаста болып, бірін-бірі ылғи қажетсінеді. Осылайша, олар өздерінің өзара тәуелділігін жақсырақ түйсінеді. Ірі өнеркәсіптің үстемдігі кезінде кәсіпкер жұмысшыларға, егер олар бірлесе қимылдай білсе, көбірек тәуелді болады; өйткені ереуілдер, өндірісті тоқтата отырып, капиталдың ұдайы өндірілуіне бөгет жасайды. Бірақ жұмысшы, өз тарапынан, ереуілге соншалық оңай шыға алмайды, себебі еңбек етуден оның қажеттері өсе түседі. Керісінше, белсенділік кемірек болғанда, өзара мұқтаждықтың тұрақтылық сипаты кемірек болады, және қызметтерді байланыстыратын қатынастармен де жағдай дәл солай болады. Олар өздерінің ынтымағын оқта-текте ғана түйсінеді, осының салдарынан ынтымақ әлсірей түседі.

Демек, жүктелетін жұмыс елеусіз де жеткіліксіз болса, онда әрине, ынтымақтың өзінде кемістіктің болуы былай тұрсын, тіпті мүлдем немесе ішінара болмайды. Мұның өзі жұмыс әрбір қызметкердің белсенділігі қалыпты жағдайда болуға тиіс деңгейден төмен бөлінген кәсіпорындарда болады. Ондайда әрқилы қызметтер арасы алшақ болып, олар бір-біріне дәл бейімделе, келісіп әрекет ете алмайды; оларда байланыстың жоқтығы байқалатыны міне осыдан. Бірақ еңбек бөлінісі осылайша жасалу үшін ерекше жағдайлар қажет. Қалыпты жағдайда оның дамуы тап сол шамада және тап сол уақытта болып жатса, қызметтік белсенділік артады. Шынында, бізді көбірек мамандануға мәжбүр ететін себептер, бізді көбірек жұмыс істеуге де мәжбүр етеді. Бақталастар саны бүкіл қоғамда артқан кезде, ол сондай-ақ әрбір жекелеген кәсіпте артады. Ондағы күрес жандана түседі, демек, одан тайсалмауға көбірек күш-жігер талап етіледі. Мұның үстіне, еңбек бөлінісі өздігінен-ақ қызметтерді белсенді де үздіксіз етуге ұмтылады. Экономистер бұл құбылыстың себептерін баяғыда түсіндіріп берді; олардың бастылары мыналар: 1) жұмыс бөлінбеген кезде әрбір жолы орын ауыстыруға, бір жұмыстан екіншісіне көшуге тура келеді. Еңбек бөлінісі осы жоғалтылған бүкіл уақытты үнемдейді; Карл Маркстың сөзімен айтқанда, ол жұмыс күнінің саңлауларын кемітеді; 2) функциялық қызмет қызметкердің бойында еңбек бөлінісі дамытатын ептілікпен және дарынмен бірге ұлғаяды; сынаққа, ойланып-толғанып жатуға уақыт азырақ жұмсалады. Американ әлеуметтанушысы Кэри еңбек бөлінісінің осы белгісін өте бедерлі көрсетті. “Оқшауланған қоныстанушының қозғалыстарында, – дейді ол, – үздіксіздіктің болуы мүмкін емес. Күнкөріс қаражатында өзінің бейімделу қабілетіне тәуелді ол, ұшы-қиырсыз кеңістіктен өтуге мәжбүр болып, қоректің тапшылығынан жантәсілім қылуы да әбден мүмкін. Тіпті оған ие болудың сәті түскен күннің өзінде ол, ізденістерін тоқтатып, өзінің қорларын, ілдалап тұрған баспанасын және өзін көшіру қажет мекен-жайын өзгерту шаруасын ойластыруға мәжбүр болады. Мұны істегеннен кейін ол біресе тігіншіге, біресе

аспазға айналады… Ол жасанды жарық көмегінен үміттенбейтіндіктен, оның түндері мүлдем босқа өтеді; ал күндізгі уақытты жемісті пайдалану мүмкіндігі түгелімен температураның құбылуына тәуелді. Ақыр соңында, өзінің көршісі бар екенін байқап369, онымен айырбас жасай бастайды; бірақ, екеуі де аралдың әртүрлі бөліктерін алып жатқандықтан, олар дән ұнтақтайтын тастары секілді жақындаса түсуге мәжбүр болады… Мұның үстіне, олар кездескен кезде, олар алмасқысы келетін әртүрлі тауарлармен қамтамасыз етуде жүйеліліктің жоқтығынан, сауда шарттарын айқындауда қиыншылықтар туындайды. Балықшының жолы болды да, орасан мол балық аулады; бірақ кездейсоқтық аңшының балық ұстап алуына мүмкіндік берген, сондықтан осы сәтте оған жеміс қажет, ал балықшыда ол жоқ. Айырмашылық, біз білетініміздей, ассоциация құру үшін қажет; сондықтан оның жоқтығы ассоциация үшін бұл жерде қиын еңсерілетін кедергі тудырар еді. Алайда уақыт өте келе байлық молаяды, халық саны өседі, сонымен бірге қоғамдағы қозғалыстың күшейе түскендігі байқалды; сол кезден бастап күйеу әйелімен, әке-шеше – балаларымен, ал балалар өзара қызмет алмасады. Бірі балық, екіншісі – ет, үшіншісі – нан жеткізеді, ал төртіншісі жүнді шұғаға айналдырады. Біз қадам басқан сайын адам күшінің артуымен қатар қозғалыс жылдамдығының ұлғайғанын көреміз”370 Мұның үстіне еңбек неғұрлым көбірек бөлінсе, еңбек үздіксіз бола түсетінін болмыстан байқауға болады. Әлдебір тікелей қажетті өтеу үшін жануарлар, жабайылар қилы-қилы амалдармен жұмыс істейді. Тек қана диқаншылық және бақташылық қоғамдарда жылдың қолайсыз мезгілінде мүлдем дерлік тоқтатылады. Римде ол толып жатқан мейрамдар мен сәтсіз күндерге орай үзілетін371. Орта ғасырларда жұмыс одан да жиірек тоқтатылатын болды372. Алайда алға ілгерілеген сайын еңбек тұрақты жұмысқа, дағдыға және тіпті (егер сол дағды жеткілікті орнықса) қажеттілікке айнала

369 Бұл тек баяндау тәсілі екендігі өз-өзінен белгілі. Тарихи өрбу барысы өзгешелеу болған. Адам көршісінің бар екендігін бір сәтті күні аша салған жоқ. 370 Scіence socіal, І. p. 229–231. 371 Қараңыз: Marquardt. R@mіsche statsverwaltung, ІІІ, S. 545 etc. 372 Қараңыз: Levasseur. Les classes ouvrі~res en France jusq’** la R~volutіon, І, p. 474, 475.

берді. Бірақ, егер еңбек жүйелі болмай, бір кездердегідей аракідік болып қала берсе, ол дағды орнықпас еді және тиісті қажеттілік туындамас еді. Осылайша, біз еңбек бөлінісі әлеуметтік байланыстың қайнар көзі болуының тағы бір себебін мойындауға келдік. Ол индивидтерді ынтымақтас еткенде, мұны (біз осыған дейін көргеніміздей) әркімнің қызметін шектейтіндіктен ғана емес, оны ұлғайтатындықтан да істейді. Ол организмнің біртұтастығын ұлғайтқанда, мұны оның ғұмырын ұзартып істейді, бері салғанда, қалыпты жағдайда ол осы ықпалдың бірін екіншісінсіз істемейді.

Қорытынды

Енді біз осы еңбектің басында алдымызға қойған практикалық міндетті шеше аламыз. Егер моральдық сипаты дау туғызбайтын мінез-құлық ережесі болса, онда ол өзіміздің бойымызда ұжымдық тұрпаттың елеулі белгілерін жүзеге асыруға бұйыратын ереже. Ол төменгі қоғамдарда барынша қатаңдыққа жетеді. Ондағы бірінші міндет – баршаға ұқсау, наным-сенімдерде де, салттарда да бөлек ештеңеге ие болмау. Неғұрлым дами түскен қоғамдарда талап етілетін ұқсастықтар саны кемдеу; алайда, өзіміз көргеніміздей, онда да жоқ болуы моральдық теріс қылық саналатын ұқсастықтар бар. Қылмыс онда, сөз жоқ, санаттарға көп бөліне бермейді; бірақ енді, бұрынғысынша, егер қылмыскер – айыптау нысанасы болса, бұның себебі оның бізге ұқсас еместігінде. Дәл сол секілді ең төменгі сатыда жай ғана хайуандық, тыйым салынған қылықтар – тым терең болмаса да, елеулі саналатын ұқсаспаулардың дәл өзі. Айтпақшы, жалпы жұрт мойындаған инсаният, ол адамға сөздің толық мағынасында адам болуға, яғни адам санасын құрайтын барлық идеялар мен сезімдерге ие болуды бұйырғанда, біршама өзге тілмен болса да, дәл сол ережені білдірмей ме? Әрине, егер бұл формуланы қоспасыз түсінетін болсақ, ол бізге ұқсап бағуды

міндеттейтін адам қандай да бір әлеуметтік тұрпаттың адамы емес, жалпы алғандағы адам. Бірақ біз өзіміздің бойымызға толық сіңіруге тиіс болатын осынау адам санасы шынына келгенде біз табын топтың ұжымдық санасының дәл өзі. Іс жүзінде, ол біз басқасынан көбірек бүйрек бұратын идеялар мен сезімдерден өзге, неден құралмақ? Біз өз үлгіміздің белгілерін өзімізден және өз айналамыздан іздемегенде, қайдан іздейміз? Егер біз осынау ұжымдық мұрат бүкіл адамзаттың мұраты деп ойласақ, оның себебі ол бүтіндей адам атаулыға дөп келу үшін жеткілікті ортақ және абстрактылы бола алғандығында. Бірақ, іс жүзінде әрбір халық осынау адами тұрпат аталатын нәрседен өз темпераментіне тәуелді жеке түсінік жасап алады. Әркім оны өзінің бейнесіне өлшеп елестетеді. Ойдың күшімен қоршаған идеялардың ықпалынан құтыла аламын деп білетін моралистің өзі бұған қол жеткізе алмайды, өйткені олар оның бойына әбден сіңген, және ол не істесе де, өз дедукцияларының нәтижесінде нақ соларды табады. Міне сондықтан да әрбір халықта өзінің мінез-құлқына тәуелді моральдық философия мектебі болады. Екінші жағынан, біз бұл ереженің қызметі ортақ сананың, демек, әлеуметтік ынтымақтың қандай да бір дүрбелеңінің алдын алу екендігін, және оның бұл рөлді ол моральдық сипатқа ие болғанда ғана атқара алатындығын көрсеттік. Егер ең іргелі ұжымдық сезімдерді қорлау жазғырылмаса, онда қоғам сөзсіз бытырай бастайды; олармен моральдық ережелерге саятын ерекше жігерлі құралдарды қолданып күресу қажет. Бірақ бізге мамандануды бұйыратын кері ереженің қызметі де сондай. Қоғамдардың топтасқандығы үшін де, бері салғанда олардың эволюциясының белгілі бір сәтінен бастап, сол ереже қажет. Сөз жоқ, ол себепші болатын ынтымақ алдыңғысынан өзгешеленеді; бірақ ол ынтымақ өзгеше болса да, қажеттілігі алдыңғысынан кем болмайды. Жоғарғы қоғамдар оларда еңбекте бөлінген болса ғана тепе-теңдік ахуалында сақтала алады; ұқсастың ұқсасты өзіне тартуы ол нәтижеге қол жеткізу барған сайын жеткіліксіз бола береді. Демек, егер осы ережелердің біріншісіне, ол өз рөлін атқара алуы үшін, моральдық сипат қажет болса, онда екіншісі үшін де оның қажеттігі кем

болмайды. Олардың екеуі де бірдей әлеуметтік қажеттілікке сай келеді және оны қанағаттандыру тәсілімен ғана өзгешеленеді, себебі қоғамдардың өмір сүру жағдайларының өзі де әртүрлі. Демек, этиканың бастапқы негізі туралы саудайы пиғылдардың егжей-тегжейіне үңілмей-ақ, біз олардың біреуінің моральдық құндылығы туралы екіншісінің құндылығына қарап қорытынды жасай аламыз. Егер кейбір көзқарастар тұрғысынан олардың арасында нағыз антагонизм болса, бұл олардың әртүрлі мақсаттарға қызмет ететіндігінен емес, керісінше, олардың бір мақсатқа қарама-қарсы жолдармен жетелейтіндігінен. Демек, олардың біреуін біржола таңдап алуға да, бірін екіншісі үшін айыптаудың да қажеті жоқ; әрбір тарихи сәтте әрқайсысының өзіне тиесілі орнын беру қажет. Тегінде, қорытуымызды жалғастыра түсуге болатын сыңайлы. Біздің зерттеуіміздің тақырыбы бізді моральдық ережелерді топтастырып жіктеуге, сөйтіп олардың басты түрлерін шолып шығуға мәжбүр етті. Осының арқасында, біздің ендігі жерде моральдық ережелердің сыртқы нышаны туралы ғана емес, олардың бәріне ортақ және оларды анықтау үшін пайдаланыла алатын ішкі белгісі туралы да түсінігімізді қалыптастыра, немесе, бері салғанда топшылаулар жасай аламыз. Біз оларды екі түрге: жазалау санкциясы бар ережелерді – диффузиялық ережелер, ал ұйымдасқан санкциясы бар ережелерді – реституттік ережелер деп бөлдік. Біз олардың біріншілері ұқсастықтардан шығатын suі generіs ынтымағы шарттарын білдіретінін көріп, оған механикалық ынтымақ деген атау бердік; екіншілері теріс ыңғайдағы373 табиғи ынтымақ шарттарын білдіретінін көрдік. Біз, сонымен, жалпы алғанда, моральдық ережелердің сипатты белгісі олардың әлеуметтік ынтымақтың негізгі шарттарын білдіретіндігі дей аламыз. Құқық пен инсаният – бізді бірбірімізге және қоғамға матайтын, индивидтер бұқарасынан біртұтас байланысты агрегат жасайтын дәнекерлер жиынтығы. Ынтымақтың қайнар көзі қызметін атқаратын нәрсенің бәрі, табылатынның барлығы, адамды басқалармен санасуға, өзінің қозғалыстарын өзімшілдік себептермен ғана

373 І кітаптың ІІІ тарауның ІІ тармағын қараңыз.

реттемеуге мәжбүр ететін нәрсенің бәрі моральға сай деуге болады. Және осынау дәнекерлер неғұрлым күшті де көбірек болса, инсаният соғұрлым берік. Оны (жиі-жиі істегеніміздей) бостандық арқылы анықтау дәл еместігі айқын; ол, көбіне тәуелділік ахуалынан тұрады. Ол индивидтің бостан болуына, оның айналасындағылардан ерекше бөлініп тұруына қызмет ету былай тұрсын, керісінше, оның елеулі қызметі одан бүтіннің етене бөлшегін жасау, демек, одан оның қарекеттер бостандығынан кейбір нәрсені алып тастау. Рас, кейде тектіліктен айрылмаған, алайда, осы тәуелділік туралы ойды төзгісіз деп білетін ақыл иелері кездеседі. Бірақ олар өздерінің инсаниятының қайнар көзі қайдан шығатынын аңғармайды, өйткені ол қайнар көздер тым тереңде жатыр. Сана – болмыстың тереңінде болып жатқан нәрсенің жарамсыз қазысы, өйткені ол сол тереңге бойлай алмайды. Қоғам, демек, инсаниятқа жиі ойланылғанындай жат емес немесе оған тек екінші дәрежелі ықпалы бар фактор. Керісінше, ол – оның қажетті шартты. Ол оған кіргенде әлдене ішкі инсаниятты ала келетін индивидтердің жай ғана жиынтығы емес; адам қоғамда өмір сүргендіктен ғана моральдық тіршілік иесі, өйткені инсаният дегеніміз топпен ынтымақтас болудан тұрады және ол осы ынтымақпен бірге өзгереді. Әлеуметтік өмір жойылып кетсе, сол мезетте тиянақ-тірегінен айрылған моральдық өмір де жойылады. ХVІІІ ғасыр философтарында жаратылыстық ахуал инсанияттан жұрдай демеген күнде де аз дегенде, инсаниятсыз; мұны тіпті Руссоның өзі мойындаған. Айтпақшы, осының салдарынан біз инсаниятты қоғам пайдасына жасалатын қызмет деп көрсететін формулаға оралып жатпаймыз. Қоғам, күмән жоқ, егер өзінің бөліктері ынтымақты болмаса, өмір сүре алмайды; бірақ ынтымақ – оның тіршілік ету шарттарының бірі ғана. Қажеттілігі де, моральға жататындығы да одан кем емес көптеген басқа шарттар бар. Мұның үстіне, инсаниятты құрайтын осынау дәнекерлер желісінде пайдасыз немесе олардың пайдалылық дәрежесіне пропорциялы емес күшке ие дәнекерлердің де болуы мүмкін. Сонымен, пайдалылық ұғымы біздің анықтамамызға елеулі элемент ретінде кірмейді.

Ал индивидуалдық инсаният дейтінге келсек, егер мұны бір мезгілде әрі субъектісі, әрі объектісі индивид болатын міндеттер, оны тек өзімен ғана байланыстыратын, және, демек, ол жалғыз болған күнде де, бола беретін міндеттер жиынтығы деп түсінсек, – бұл болмыстағы ештеңеге сәйкес келмейтін абстрактылы тұжырымдама. Инсаният өзінің барлық дәрежелерінде тек қоғамдық ахуалда ғана кездеседі және тек әлеуметтік шарттар қызметі ретінде өзгереді. Егер қоғам болмаса, ол не болуы мүмкін деп өзімізден сұрау фактылар саласынан маңып кетіп, тексеру мүмкін емес негізсіз гипотезалар мен қиялдар саласына сұғыну болып шығар еді. Индивидтің өзіне ғана қатысты міндеттері сайып келгенде қоғамға қатысты міндеттер; олар белгілі ұжымдық сезімдерге сәйкес болады, оларды бұдан былай қорлауға болмайды, қорлаушы немесе қорланған бір адам ба, әлде екеу ме, ол арасы бәрібір. Қазір, мысалы, барлық сау санада адамның ар-намысына деген өте күшті құрмет сезімі бар, біз біздің өзімізге қатынасымызда да, басқалармен қатынасымызда да мінезқұлқымызды сол сезіммен сәйкестендіруге тиіспіз; индивидуалдық инсаният дейтіннің бүкіл мәнісі де осында. Оны бұзатын әрбір қылық, қылмыскер де, оның құрбаны да бір адам болғанның өзінде жазғырылады. Міне сондықтан, Кант формуласына сәйкес, біз адамның жеке басын ол ұшырасатын барлық жерде, яғни өзімізде де, өзімізге ұқсастарда да құрметтеуге тиіспіз. [...] Еңбек бөлінісі біз ол бойынша инсаниятты анықтайтын белгіден ғана тұрмайды; ол әлеуметтік ынтымақтың елеулі шартына айналуға барған сайын ұмтыла түсуде. Эволюция процесінде ілгеілеген сайын индивидті оның отбасымен, туған жерімен, өткеннен өсиет етілген дәстүрлермен, топтың ұжымдық салттарымен байланыстыратын дәнекерлер әлсірейді. Бір жерде байланып қалуды қойған ол, басқа жерде неғұрлым дербес өмір сүру үшін ортаны оңайырақ өзгертеді, туыстарын тастап кетеді, өзінің идеялары мен сезімдерін неғұрлым дербес қалыптастырады. Бұдан қандай да ортақ сана жойылып кете қоймайтындығына күмән жоқ; бері салғанда, біз жаңа ғана сөз еткен және қазір соншалық ақыл иелерін біріктіретін бірден-бір орталық болып отырған жеке басқа, жеке ар-намысқа табыну әрқашан қала береді. Бірақ,

әсіресе әлеуметтік өмірдің барған сайын ұлғайып бара жатқан көлемі, осының салдарынан индивидуалдық сананың ұлғая түсуі жайында ойласың, бұл қаншама аз десеңізші! Өйткені олар көлемдірек, интеллект бай, қызмет алуан түрлі бола түскен сайын инсаният тұрақты болуы үшін, яғни индивид топқа, ең болмағанда, бұрынғыға тең топқа күшпен маталған болып қалуы үшін, оны сол топпен байланыстыратын дәнекерлер күштірек және көбірек болуы қажет. Демек, егер ұқсастықтардан пайда болатын дәнекерлерден басқа дәнекерлер түзілмесе, сегментті тұрпаттың жойылып кетуімен бірге инсаният деңгейі де жарыса төмендер еді. Адам жеткілікті тежеп отыратын ықпалды сезбес еді; ол бұдан былай қоғамның өзінің айналасында және өзінің үстінен оның өзімшілдігін ауыздықтай және одан инсаниятты тіршілік иесін жасайтын зор қысымын сезінбес еді. Еңбек бөлінісіне моральдық құндылық беретін де осы. Соның арқасында индивид қоғамға қатысты өзінің тәуелділік ахуалын түсіне бастайды; оны тежеп, шектейтін күштер нақ содан туындайды. Қысқасы, еңбек бөлінісі әлеуметтік ынтымақтың маңызды қайнар көзі бола түскен сайын, ол сонымен бірге моральдық тәртіптің де негізіне айналады. Демек, жоғары дамыған қоғамдарда міндет біздің қызметімізді кеңейту емес, оны шоғырландырып, мамандандыру деп төтесінен айтуға болады. Біз өзімізден бүкіл құндылығын көрсететін қызметінен емес, өзінен алатын қандай да бір аяқталған, мінсіз өнер туындысын жасау орнына, көкжиегімізді шектеуге, белгілі бір кәсіпті таңдап алып, өзімізді соған толық арнауға тиісаіз. Ақыр соңында, қоғам неғұрлым жоғары түрге жататын болса, бұл мамандану соғұрлым ілгерілеуге тиіс. Және оған басқа шек қоюға болмайды374. Біз, сондай-ақ, өзіміздің бойымызға ұжымдық тұрпатты (ол бар болғандықтан) сіңіру үшін жұмыс істеуіміз қажет екені шүбәсіз. Ортақ сезімдер, идеялар

374 Басқа да бір шек бар, бірақ ол туралы біз айтып жатпаймыз. өйткені ол индивидуалдық гигиенаға көбірек қатысты. Біздің табиғи-психикалық құрылымымыздың салдарынан еңбек бөлінісі белгілі бір шектен әрі аттай алмайды, өйтсе қиюы қашады деп кесіп айтуға да болар еді. Бұл мәселеге тереңдемей-ақ, ескерте кетейік: биологиялық функциялар жеткен барынша мамндану, тегінде, бұл гипотезаны қуаттамайды. Мұның үстіне, психикалық және әлеуметтік қызметтердің өз дүниесінде тарихи дамудың салдарынан еңбек бөлінісі еркек пен әйел арасында соңғы шегіне жеткізілген жоқ па? Әйелдер көп қабілетінен айрылып, ал еркектер көп қабілетке ие болған жоқ па? Бір жыныс индивидтері арасында дәл сол құбылыс неге болмасқа? Организм ол өзгерістерге бейімделу үшін әрқашан уақыт керек екендігіне шүбә жоқ; бірақ осынау жәрдемші құрал мүмкін болмайтын уақыт неліктен туатыны түсініксіз.

болады, оларсыз былайша айтқанда, адам адам емес. Бізді мамандануға бұйыратын ереже қарама-қарсы ережемен шектеледі. Біздің байламымыз: мамандануды мүмкін болғанынша емес, қажет болғанша ілгерілету керек. Осынау қарама-қарсы міндеттердің әрқайсысының салыстырмалы үлесіне келсек, олар тәжірибемен анықталады және a prіorі есептеп шығарыла алмайды. Біз үшін екіншісі табиғаты жағынан біріншісінен өзгешеленбейтінін, ол да моральдық нәрсе екендігін, және мұның үстіне, бұл міндет барған сайын маңызды да өзекті бола түскендігін, өйткені жоғарыда айтылған ортақ қасиеттердің индивидті әлеуметтендіруге қабілеті барған сайын кеміп бара жатқандығын көрсету жеткілікті болды. Демек, қоғамдық пікірдің үстірт дилетантқа және тіпті тек қана ортақ мәдени дамумен әуестеніп, қандай да бір кәсіптік қызметке толық берілгісі келмейтін адамдарға анық антипатиясының күшейіп бара жатқандығы негізсіз емес. Шынында да, олар қоғаммен нашар байланысқан, немесе, керек десеңіз, қоғам оларды аз матайды; олар қоғамнан қашқақтайды, мұның себебі олар оны тиісті жанашырлықпен де, тиісті тұрақтылықпен де сезінбейді. Олар өздеріне әлеуметтік тіршілік иесі жағдайы жүктейтін барлық міндеттерді жете түсінбейді. Олар маталған ортақ мұрат, жоғарыда баяндалған негіздер бойынша формальды да бұлыңғыр сипатта болғандықтан, ол мұрат оларды өздерінің қауызынан алысқа шығара алмайды. Белгілі бір мақсатың болмағанда, аз ғана нәрсені қадыр тұтасың, демек, азды-көпті жымысқы өзімшілдіктен шамалы ғана көтеріле аласың. Керісінше, белгілі бір кәсіпке берілген адам кәсіптік моральдың мыңдаған міндеттерінен шығатын ортақ ынтымақ үнін сәт сайын естиді375.

375 Біз ашқан қағидадан шығаруға болатын практикалық салдарларының арасында педагогиканы қызықтыратын бір салдар бар. Тәрбие мәселесінде ылғи да адамның моральдық негізі ортақ, әмбебап ұмтылыстардан тұрған секілді толғайды. Мұның тым олай еместігін біз көрдік. Адам әлеуметтік организмде арнайы қызмет атқаруға жаралған, демек, ол орган ретіндегі рөлін атқаруға күн ілгері дағдылануы керек; бұл үшін, айта беретініміздей, адам рөліне үйреткендегідей тәрбие қажет. Біз, айтпақшы, сәбиді мынадай-мынадай жұмысқа күні бұрын тәрбиелеу керек дегіміз келмейді, бірақ оны шектелген міндеттер мен белгілі бір көкжиекті жақсы көруге дағдыландыру қажет. Ал мұндай бейімділік жалпылама нәрсеге бейімділіктен көп өзгешеленеді және бірдей құралдармен дами алмайды.

Ал еңбек бөлінісі әрқайсымыздан жартыкеш тіршілік иесін жасай отырып, дара тұлғаны кемсітуге жетелемей ме? Оған жиі тағылатын айып осы. Ең алдымен, ескерте кетейік: тереңге емес, көлденең даму адам табиғатының қисынына неліктен сәйкесірек екенін түсіну қиын. Неғұрлым көлемді, бірақ неғұрлым шашыраңқы қызмет неғұрлым шоғырланған, бірақ шектелген қызметтен неліктен жоғары? Етженді де көптің бірі болу неғұрлым арнайы, бірақ неғұрлым жігерлі өмір сүруден неліктен лайықтырақ, әсіресе біз осылай жоғалтатынымызды, бізге жетіспейтін нәрсесі бар, және бізді толықтыратын басқа тіршілік иелерінен ассоциацияның арқасында табу мүмкіндігіміз болса. [...] Бірақ тарихтың әртүрлі сәттерінде бұл табиғат тұрақты болып қалмайды; ол қоғамдармен бірге өзгереді. Төменгі халықтарда адамдық қарекет дегеніміз өзінің жолдастарына ұқсау, өз бойында ұжымдық тұрпаттың барлық белгілерін жүзеге асыру, ол кезде бұл тұрпатына қазіргіден әлдеқайда көбірек жатқызылатын. Бірақ неғұрлым дамыған қоғамдарда оның табиғаты едәуір шамада – қоғамның органы және оның шынайы қарекеті болу, демек, өзінің орган ретіндегі рөлін атқару. Ол-ол ма: дара тұлға мамандану прогресінің арқасында төмендеу былай тұрсын, қайта еңбек бөлінісімен бірге дамиды. Шынында да, тұлға болу дегенімізі қарекеттің дербес қайнар көзі болу деген сөз. Адам бұл сапаға оның бойында жеке өзіне тиесілі және оны даралайтын бір нәрсе бар болғандықтан, ол – өзінің нәсілі мен тобының тектік тұрпатының жай ғана бейнесі еместіктен ие болады. Қалай болған күнде де оған бостан ырық сыйланған және бұл оның тұлғасының негізін қалау үшін жеткілікті делінеді. Бірақ, соншалықты даудың тақырыбы болған осынау бостандық қандай болмасын, осынау метафизикалық, дерексіз, өзгермейтін атрибут индивидтің нақты, эмпириялық және өзгермелі тұлғасының бірден бір негізі бола алмайды. Индивид тұлғасы екі қарама-қарсылықтың арасында таңдаудың абстрактылы билігімен орнатыла алмайды; сонымен бірге бұл қабілеттің нақ қарекет жасайтын тұлғаға тән мақсаттар мен себептерде көрініс

беруі қажет. Басқаша айтқанда, сана материалдарының өзі тұлғалық сипатқа ие болуы қажет. Бірақ біз осы шығарманың екінші кітабында мұндай нәтиже, еңбек бөлінісінің өзі ілгерілеген сайын прогресті жүріп жататынын көрдік. Сегментті тұрпаттың жойылуы көбірек мамандануға қажет етіп, сонымен бірге индивидуалдық сананы, оны қолдап отыратын табиғи ортадан және оған тұрпат беретін әлеуметтік ортадан ішінара бөліп шығарады да, осынау екі бірдей бостандықтың салдарынан индивид барған сайын неғұрлым өзінің жеке мінезқұлқыының тәуелсіз факторына айналады. Еңбек бөлінісінің өзі осы босануға жәрдемдеседі, өйткені жеке мінездер мамандана түсіп, күрделі бола бастайды да, осының пәрменімен тек қарапайым және ортақ заттарға ғана ықпал ете алатын ұжымдық ықпалмен тұқым қуалау ықпалынан ішінара босатылады. Тұлға оған еңбек бөлінісі кіргенге дейін неғұрлым біртұтас болды деп тек әлдене қиялдың арқасында ғана ойлауға болады. Сөз жоқ, сол кезде индивид қамтыған кәсіптердің алуандығын сырттай қарастыра отырып, ол неғұрлым еркін және толық дамиды деп ойлауға болады. Бірақ іс жүзінде ол көрсететін қызмет – оның қызметі емес. Бұл оның бойында және сол арқылы әрекет ететін қоғам, нәсіл; ол солар сол арқылы жүзеге асырылатын делдал ғана. Оның бостандығы алдамшы, тұлғасы сырттан алынған. Сол қоғамдардың өмірі кейбір жағынан ұдайы жүріп жатпайтындықтан, ерекше дарын онда оңай көрініс бере алады, әркімнің төл талғамына ерік беруі оңай, еркін қиял үшін неғұрлым кең орын қалдырылған деп ойлайды. Бірақ бұл ондай жағдайда жеке сезімдер тым сирек екендігін ұмыту деген сөз. Егер мінез-кұлықты басқаратын қозғаушы күштер дәл қазіргідей сияқты ұдайы оралып отырмаса да, олар ұжымдық күштер, демек, тек бір кісіге тән емес, олар сіңіретін қарекеттер де дәл сондай. Екінші жағынан, біз жоғарыда маманданған сайын қызметтің молырақ та қарқындырақ бола бастайтындығын көрсеттік376. Сонымен, индивидуалдық тұлғаның прогресі де еңбек бөлінісінің прогресі де бір ғана себепке тәуелді. Бірін қаламай, екіншісін қалау мүмкін

376 Жоғаырда _____ бетті, сондай-ақ _______ бетті қараңыз.

емес. Бірақ қазір біздің болуымызға – және барған сайын тұлға бола түсуімізге – бұйрық беретін ереженің бұйрық райына ешкім дау айта алмайды. Тағы бір соңғы пікір еңбек бөлінісі біздің бүкіл моральдық өмірімізбен қаншалықты байланысты екендігін көрсетеді. Адамдар сайып келгенде іс жүзінде адамзат бауырластығы мұратын жүзеге асыру арманын көптен әлпештеп келеді. Халықтар соғыс халықаралық қатынастардың заңы болмайтын, қазірдің өзінде индивидтердің арасындағы қатынас секілді қоғамдар арасындағы қатынас бейбіт реттелетін, барлық адамдар бір істе ынтымақтасып, бір ғұмыр болып күг кешетін ахуалға шақыруда. Бұл ұмтылыстар біз бір бөлігін құрайтын жеке қоғамға бағытталған басқа ұмтылыстармен ішінара тежелсе де, олардың күні батқан жоқ, қайта барған сайын күшейе түсуде. Бірақ олар барлық адамдар бір заңдарға бағынатын бір қоғамды құрайтын кезде ғана қанағаттандырыла алады. Жеке тартыстар индивидтерді қамтитын қоғамның реттеуші ықпалымен ғана тоқтатыла алатыны секілді интерәлеуметтік тартыстар да барлық басқа қоғамдарды қамтитын тек бір қоғамның реттеуші ықпалымен тоқтатыла алады. Индивидуалдық эгоизмді ауыздықтауға қабілетті бірден-бір күш – топтың күші; топтардың эгоизмін ауыздықтауға қабілетті бірден-бір күш, – сол топтарды түгел қамтитын өзге топтың күші. Егер міндетті осындай түрде қоятын болсақ, бұл мұрат өзінің толық жүзеге асырылуынан әлі алыс екендігін мойындау қажет, өйткені жер бетінде қатар өмір сүретін әлеуметтік тұрпаттар арасында, олар бір қоғамның ішінде бауырласып өмір сүре алуы үшін, интеллектуалдық және моральдық айырмашылықтар тым көп. Бірақ есесіне бір түрдегі қоғамдардың бірігуі мүмкін және біздің эволюциямыз осы бағытта келе жатқан тәрізді. Еуропалық халықтарды біріктіретін еуропалық қоғам өздігінен қосылуға ұмтылып отырғанын біз жоғарыда көрдік377, онда қазірдің өзінде өзін түсінуден тұратын біршама сана және бастапқы ұйым бар. Егер біртұтас адамзат қоғамының

377 Қараңыз: 263–264-беттер.

құрылуы мүлдем мүмкін болмаса, (дегенмен, бұл дәлелденбеген)378, онда, бері салғанда, барған сайын ұлғая түсетін қоғамдар құру бізді мақсатқа жақындата түседі. Бұл факт, айтпақшы, инсаниятқа біз берген анықтамаға еш жағынан қайшы келмейді, өйткені егер біз адамзатпен байланысты болсақ және онымен байланысты болуға тиісті болсақ, бұның себебі ол өзін-өзі көрсете алатын және біз ынтымақтас болатын қоғам екендігінен379. Бірақ біз неғұрлым көлемді қоғамдар еңбек бөлінісі дамытпай қалыптаса алмайтындығын білеміз, өйткені олар қызметтерді көбірек мамандандыруысыз тепе-теңдікте сақтала алмайды; бірақ бақталастар санының өсуінің өзі ғана бұл нәтижені механикалық түрде туғызуға жеткілікті болар еді; оның үстіне көлемнің артуы әдетте тығыздықтың артуынсыз болмайды. Демек, мынадай ережені тұжырымдауға болады: адамзат бауырластығы мұраты еңбек бөлінісі қаншалық ілгерілеген шамада ғана жүзеге асырыла алады. Мынадай таңдау жасау қажет: не, егер біз өз қызметімізді одан әрі тарылтудан бас тартсақ, аңсаған арманымыздан бас тартуымыз керек, не біз көрсеткен шартпен оның жүзеге асырылуын жалғастыра беру керек.

ІІІ

Бірақ егер еңбек бөлінісі ынтымақ тудыратын болса, бұның себебі оның әрбір индивидті экономистер айтқандай380, тек айырбастаушыға (echangіste) айналдыратындығынан емес, адамдар арасында оларды бір-бірімен ұзаққа байланыстыратын құқықтар мен міндеттердің тұтас жүйесін туғызатындығынан. Әлеуметтік ұқсастықтар оларды қорғайтын құқықтар мен инсаниятқа бастау беретіні секілді, еңбек бөлінісі бөлінген қызметтердің бейбіт те жүйелі ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ережелерге бастау береді. Егер

378 Қоғамдардың интеллектуалдық және моральдық алуандығы сақталуы керектігін ештеңе дәлелдемейді. Жоғары дамыған қоғамдардың кемірек дамыған қоғамдарды сіңіріп жіберуге немесе эмминациялауға барған сайын ұмтылуы, бері салғанда, оны кемітуге тырысады. 379 Сондықтан ол жөніндегі біздің міндеттеріміздің бізді отанымызбен байланыстыратын міндеттерден артықшылығы жоқ. Отан – қазіргі кезде өзіміз бір бөлігін құрайтын жүзеге асырылған қоғам; екіншісі – жүзеге асырылуына тіпті кепілдік те берілмейтін dіsіderatum. 380 Бұл Молинаридың пікірі. Қараңыз: La morale ~conomіque, p. 248.

экономистер, еңбек бөлінісі қандай түрде жасалмасын, жеткілікті ынтымақ тудырады деп ойласа, егер, демек, олар адамзат қоғамдары таза экономикалық ассоциацияларға ыдырай алады және ыдырауға тиіс деп кесіп айтса, бұның себебі, олардың ол тек индивидуалдық және уақытша мүдделерді ғана қамтиды деп есептегендігінен. Бұл теория бойынша, демек, тек индивидтер ғана тартысқа түсетін мүдделер туралы және олар теңгерілуі тиіс тәсіл туралы пікір айтуға құзіретті, яғни нақ солар ғана айырбас жасалуы тиіс шарттарды белгілеуге құзіретті. Ал бұл мүдделер үздіксіз жаңадан туындап отыратындықтан, ешқандай тұрақты реттеу үшін орын жоқ. Бірақ мұндай тұжырымдама барлық жағынан фактылармен сиыспайды. Еңбек бөлінісі индивидтерді емес, әлеуметтік қызметтерді бір-біріне қарсы қояды. Бірақ қоғам әлеуметтік қызметтердің қарекетіне мүдделі: олар дұрыс ынтымақтаса ма, жоқ па, соған сәйкес, ол дені дұрыс немесе кінаратты болады. Оның тіршілік етуі осылайша, соларға тәуелді және олар неғұрлым көбірек бөлінсе, соғұрлым тығыз болады. Міне сондықтан да қоғам оларды екідай күйінде қалдыра алмайды; иә, айтпақшы, олар өздігінен анықталады. Бұл ережелер солай құралады, олардың саны еңбек бөлінген сайын ұлғая түседі және ол болмаса табиғи ынтымақ не мүмкін емес, не кінаратты болады. Бірақ ережелердің болуы жеткіліксіз, сонымен бірге олардың әділ болуы қажет, ал ол үшін бәсекелестіктің сыртқы шарты тең болуы қажет. Егер, екінші жағынан, ұжымдық сана барған сайын индивидке табынуға саятынын еске түсірсек, ұйымдасқан қоғамдардың инсанияты сегментті қоғамдардың инсаниятымен салыстырғанда оның неғұрлым адами, демек неғұрлым ұтымды бірдеңеге ие болуымен сипатталады. Ол біздің қызметімізді біз төтесінен қамтымайтын мақсаттармен байланыстырмайды; ол бізді табиғаты жағынан біздің күштен мүлдем өзгеше және адам мүдделерімен айналыспай, өзіндік жолымен жүретін кінаратсыз күштердің қызметшісіне айналдырмайды. Ол бізден өзімізге ұқсастарға адамгершіл де әділетті болуды, өз ісімізді жақсы тындыруды, әркімнің бәрінен жақсы атқара алатын және өзінің күш-жігері үшін шын бағасын ала алатын қызметке жегілуі үшін жұмыс жасауды талап етеді.

Оны құрайтын ережелерде қандай да зерттеуді тұншықтыратын езуші күш болмайды; олар біз үшін жасалғандықтан, және белгілі бір мағынада оларды біз жасағандықтан, біз олар жөнінде неғұрлым еркінбіз. Біз оларды түсінгіміз келеді және оларды өзгертуден көп қорықпаймыз. Айтпақшы, мұндай мұратты, ол тым пендешілік және оңай қол жетерлік мұрат деген сылтаумен жеткілікті іргелі емес деп есептеуден сақтану қажет. Мұрат трансцендентті болғандықтан емес, біздің алдымыздан неғұрлым кеңірек болашақты ашатындықтан жоғары болады. Оның бізге жат болуға тәуекел етпей, біздің үстімізден тым биік қалқымай қайта біздің қызметіміз үшін жеткілікті кең өріс ашуы маңызды, ал әзірге біздің мұратымыздың жүзеге асуына әлі алыс. Біз мұның – әрбір индивид өзіне лайық орынды иеленетін және өзіне лайық сый алатын, барлығы баршаның және әркімнің игілігі үшін ынтымақтасатын қоғам құрудың қандай қиын іс екендігін тым жақсы сезінеміз. Дәл сол секілді бір инсаният жүйесінің басқа инсаният жүйесінен жоғары болатыны оның неғұрлым қатаң және авторитарлық әміршілдігінен емес, қайта оның рефлексиядан адалығында. Дау жоқ, оның бізді өзімізден гөрі, өзге бірдеңеге матастыруы талап етіледі, бірақ оның бізді қимылдай алмайтындай етіп шандып тастауы міндетті емес. Мораль, ал оны ілімдер ғана емес, құлықтар да деп түсінген жөн, қауіпті дағдарысты бастан кешіруде деп әділ айтылған381. Бұған дейін баяндалған нәрсе бізге осы сырқау күйдің табиғаты мен себептерін түсінуге көмектесе алады. Азғантай уақыт аралығында біздің қоғамдардың құрылымында терең өзгерістер болды; олар сегментті тұрпаттан тарихтан таба алмайтын жылдамдықпен және қарқынмен арылады. Сондықтан осы тұрпатқа сәйкес келетін инсаният регреске тап болды, бірақ жаңасы бұрынғы инсаният біздің санамызда қалдырған бос орынды толтыру үшін жеткілікті жылдам дами алмады. Біздің иман шайқалды; дәстүр өзінің билігінен айрылды; индивидуалдық пікір ұжымдық пікірден арылды. Бірақ, екінші жағынан, төңкеріс барысында ажыратылған қызметтің өзара бейімделуге уақыты болмай жатыр, бірден сыртқа бұрқ етіп шыққандай болған жаңа өмір әзірше толық ұйымдаса алған жоқ, және де, ең алдымен,

381 Қараңыз: Beaussіre. Les prіncіpes de la morale. Іntroductіon.

біздің жүрегімізді билеп алған әділеттілікке қажеттілікті қанағаттандыра алатындай ұйымдаса алған жоқ. Осылай екені рас болса, жамандық дауасы қазіргі әлеуметтік жағдайларға сәйкес еместігінен, тек жасанды ғана, алдамшы өмір сүре алатын дәстүрлер мен салттарды қайткенде де тірілту емес. Қажет нәрсе – аномияны тоқтату, әлі де ретсіз қозғалыстарда қақтығысып қала беретін органдарды жарастықпен ынтымақтасуға мәжбүр ету жолын табу, жамандықтың қайнар көзі – әртекті сыртқы теңсіздікті одан әрі әлсірете отырып, олардың қатынастарына көбірек әділеттілік енгізу. Біздің кінаратты ахуалымыз, кейде ойлайтындай, интеллектуалдық сипатта емес; ол тым терең себептерге байланысты. Біз осы уақытқа дейін қолданылған инсаниятты қандай теориялық ұғымға негіздеу қажет екендігін білмейтіндіктен емес, өзінің кейбір элементтерінде бұл инсаният түпкілікті әлсірегендіктен, ал бізге қажет инсаният әзірге қалыптасу барысында екендігінен жапа шегіп отырмыз. Біздің беймазалығымыз ғалымдардың сыны біздің міндеттеріміздің дәстүрлі түсініктерін бұзғандықтан емес; демек, ешқандай жаңа жүйе одан арылта алмайды. Бірақ осы кейбір міндеттердің істің шынайы жағдайына негізделмегендігінен байланыс әлсірейді, бұл тек жаңа пәннің орнатылып, нығаюымен ғана жойылады. Қысқасы, біздің қазіргі таңдағы ең бірінші міндетіміз – өзімізге инсаният жасау. Мұндай істі кабинет тыныштығында табан асты тындыру мүмкін емес; ол тек өздігінен, біртіндеп, ішкі себептердің қысымымен пайда бола алады, ол соның арқасында қажетті болады. Ал рефлексия қол жеткізу қажет мақсатты нобайлауға қызмет ете алады және қызмет етуге тиіс. Біз нақ осыны істеуге тырыстық.

“Эмиль Дюркгейм. О разделении общественного
труда. Метод социологии. М., 1991” басылымынан
қазақшалаған Асхат әбішев.

ӘЛЕУМЕТТАНУ ӘДІСІ

[...] І тарау

Әлеуметтік факт деген не?

Әлеуметтік фактыларды зерттеуге жарамды әдісті іздестірмес бұрын, осынау атауға ие фактылардың не нәрсе екенін біліп алу маңызды. Бұл термин әдетте оншама дұрыс қолданыла бермеуіне байланысты бұл мәселенің маңыздылығы арта түседі. Егер қоғамда болып жатқан құбылыстар қандай да бір ортақ әлеуметтік қызығушылық тудыратын болса, сол құбылыстардың бәрі дерлік әлеуметтік факт деп аталып жүр. Бірақ бұлайша түсіну тұсында әлеуметтік факт деп атауға болмайтын, былайша айтқанда адами құбылыстар қалмайды. Әрбір индивид ішеді, жейді, ұйықтайды, ой толғайды, және қоғам осы қызметтердің бәрі үздіксіз атқарылып отыруына мүдделі. Егер осы фактылардың бәрі әлеуметтік факт болып шықса, онда әлеуметтанудың өзіндік зерттеу пәні болмай, оның саласы биология мен психологияның салаларымен бірігіп кеткен болар еді. Бірақ, болмыста кез-келген қоғамда өзге жаратылыстану ғылымдары зерттейтін құбылыстардан анық нобайланған қасиеттерімен өзгешеленетін құбылыстардың белгілі бір тобы болады.

Мен аға, жұбай немесе азамат ретінде қимылдағанда мойныма алған міндеттерімді орындағанда, мен өзімнен және менің қарекетімнен тыс құқықтар мен салттар бекіткен міндеттерді атқарамын. Тіпті олар менің төл сезімдеріммен үйлесе кеткенде және мен олардың нақтылығын іштей мойындаған кезде де, нақтылық бәрібір объективті болып қала береді, өйткені оларды мен өзім жасаған жоқпын, оларды мен бойыма тәрбиемнің арқасында сіңірдім. Бұл орайда бізге жүктелетін міндеттердің егжей-тегжейлі бізге белгісіз болып қала беретін сәттері қаншама десеңізші, және оларды білу үшін біз кодекске көз жүгіртуге, оның уәкілетті түсіндірушілерінен кеңес алуға мәжбүрміз! Дәл сол секілді діндар адам туған бойда өз дінінің нанымсенімдері мен салттарына дайын күйінде ие болады; егер олар оған дейін де болса, онда олар одан тыс болғаны. Өз ойымды жеткізу үшін мен пайдаланатын таңбалар жүйесі, қарыздарымды қайтару үшін мен пайдаланатын ақша жүйесі, менің коммерциялық істерімде маған қызмет ететін несие құралдары, менің кәсібімде сақталатын салттар және т.б. – мұның бәрі менің оларды пайдалануыма қарамастан, өз қызметін атқара береді. Қоғамның барлық мүшесін кезеккезегімен біртіндеп алыңыз, жоғарыда айтылғанның бәрі оның әрқайсысына қатысты қайталанады. Демек, ойлаудың, қызмет жасаудың және сезінудің осынау тәсілдерінің айтулы қасиеті – олар жеке санадан тыс өмір сүреді. Мінез-құлықтың яки ойлаудың осынау тұрпаттары индивидтен тыс тұратыны былай тұрсын, оларда мәжбүрлеуші күште бар, соның салдарынан олар индивидке оның қалауына қарамастан таңылады. Әрине, мен өзімді олармен ерікті түрде сәйкестендірсем, бұл мәжбүрлеу, пайдасыз болатындықтан, шамалы ғана сезіледі немесе тіптен сезілмейді. Дегенмен ол осы фактылардың сипатты қасиеттері болып табылады, оның айғағы: мен оған қарсыласқым келген сәтте, ол дереу көрінеді. Егер мен құқық нормаларын бұзғым келсе, олар әлі уақыт болса, менің қарекетіме жасап, немесе, ол қарекет жасалып қойған және түзетілуі мүмкін болса, оны жоя және қалыпты

пошымында қалпына келтіре отырып, немесе, мені, ақыр соңында, басқаша түзету мүмкін болмаса, түзетуге өзімді мәжбүрлей отырып, маған қарсы шығады. Бұлар таза инсанияттық фактыларға жата ма? Қоғамдық ождан, азаматтардың мінез-құлқын қадағалау мен айрықша жазалау арқылы, оларды қорлайтын кез-келген қарекеттен тежеп отырады. Басқа бір жағдайларда мәжбүрлеу әлсіздеу, бірақ сонда да бар болады. Егер мен бай-бағландардың шарттарына бағынбасам, егер мен өз елім мен өз табымның салттарын ескермей киінетін болсам, мен тудыратын әжуа, мені ортаға қоса бермей, шеттете ұстау, неғұрлым әлсіз болса да, тура мағынасындағы кәдімгі жазалау секілді ықпал етеді. Енді бір жағдайларда, жанама түрде болса да, ықпалы кем емес мәжбүрлеу орын алады. Мен өз отандастарыммен французша сөйлесуге немесе бекітілген валютаны пайдалануға міндетті емеспін, бірақ басқаша істей алмаймын. Егер мен осы қажеттіліктен жалтарып кеткім келсе, бұл сәтсіз болар еді. Мен өнеркәсіпші болсам, онда маған өткен ғасырдың амалдары мен әдістерін пайдаланып жұмыс істеуіме ешкім тиым салмайды, бірақ, егер мен солай жасасам, мал-мүліктен айрыларым сөзсіз. Тіпті мен іс жүзінде сол ережелерден құтыла алып, оларды жақсылап тұрып бұзған күннің өзінде, мен мұны олармен күрес жүргізгеннен кейін ғана жасай аламын. Олар тіпті сайып келгенде жеңілсе де, өздері көрсететін қарсылық арқылы мәжбүрлеуші күшін жеткілікті сездіреді. Кәсіпорын осы тектес оппозициямен ұшыраспаған, тіпті жолы болғыш, жаңашыл басшы жоқ. Демек, едәуір айрықша қасиеттерімен ерекшеленетін фактылар категориясы осындай болғаны; оны индивидтен тыс және өзінің салдарымен индивидке таңатын мәжбүрлеуші күшке ие ойлау, қызмет жасау және сезіну тәсілдері құрайды. Сондықтан түсініктер мен қарекеттерден тұратын табиғи құбылыстармен де, тек индивидуалдық санада ғана және сол арқылы өмір сүретін психикалық құбылыстармен де шатыстыруға болмайды. Демек, олар жаңа түрді құрайды, және дәл соларға әлеуметтік деген атау берілуі керек. Бұл атау оларға әбден сай келеді, өйткені оның субстраты индивид болмағандықтан,

оның қоғамнан өзге субстраты бола алмайды, олар – түгелімен қоғам немесе ол қамтитын қандай да бір жекелеген топтар: діни топтар, саяси және әдеби мектептер кәсіптік корпорациялар және т.б. Екінші жағынан, ол соларға ғана қолданыла алады, өйткені “әлеуметтік” сөзі анықталған және жоғарыда аталған фактылар категорияларының ешқайсысына енбейтін құбылыстарды нобайлаған кезде ғана белгілі бір мағынаға ие болады. Демек, олар әлеуметтанудың төл саласын құрайды. Рас, біз оларды түстеп танитын “мәжбүрлеу” деген сөз абсолютті индивидуализмнің құлай берілген жақтастарын үркітіп алуы мүмкін. Олар индивидті әбден-ақ автономды деп танитынджықтан, индивидке ол тек өзіне ғана тәуелді еместігі сездірілетін әрбір жолы, бұл оларға индивидті қорлау секілді болып көрінеді. Біздің идеяларымыз бен ұмтылыстарымыздың көпшілігін өзіміз ойлап таппағанымыз, олардың сырттан келгені күмәнсіз болып отырған қазіргі кезде, олар бізге, өзін мойындауға мәжбүрлей отырып қана, ене алады; біздің анықтамамыздың білдіргісі келгені де сол ғана. Мұның үстіне, әлеуметтік мәжбүрлеу даралықты міндетті түрде жоққа шығармайды382. Бірақ біз келтірген мысалдардың (заңдық және инсанияттық ережелер, діни догматтар, қаржы-қаражат жүйелері және т.с.с.) бәрі анықталып қойылған нанымсенімдер мен салттардан тұратын болғандықтан, айтылған нәрселердің негізінде, әлеуметтік факт белгілі бір ұйым бар жерде ғана ықтимал деген ойға бекінуге болар еді. Алайда, сондай таза бөлініп шыққан пошымдарды білдірмей-ақ дәл сол секілді, объективті, және индивидке дәл сондай ықпал жасайтын басқа да факторлар бар. Ол әлеуметтік ағымдар деп аталатын факторлар. Айталық, көп адам қатысқан жиналыста пайда болатын энтузиазм, ашуыза жанашырлық түйсіктерін білдіретін ұлы қозғалыстар ешқандай жекелеген санада пайда болмайды. Олар біздің әрқайсымызға сырттан келеді және бізді өз еркімізден тыс еліктіріп әкетуге қабілетті. Әрине, оған толықтай беріле отырып, мен олар өзіме жасайтын қысымды сезбей қалуым да мүмкін. Бірақ ол, мен онымен күреспек болған сәтте-ақ дереу көріне кетеді. Кез-келген бір индивид

382 Бұл кез-келген мәжбүрлеу қалыпты сөз деген сөз емес. Біз бұған кейінірек ораламыз.

осындай ұжымдық манифестациялардың біріне қарсы шығып көрсінші, сонда ол терістейтін сезімдер оның өзіне қарсы шығады. Егер сырттан мәжбүрлеудің осы күші қарсы тұру оқиғаларында осыншалық айқын көзге түсетін болса, онда оның, өзіміз сезбесек те, керісінше жағдай да бар болғаны ғой. Осылайша, бізге сырттан таңылған нәрсеге өзіміз жасағандай сенуге мәжбүр ететін иллюзияның құрбаны боламыз. Бірақ, егер сол иллюзияға біз берілетін осынау дайын тұру біз бастан өткерген қысымды көлегейлесе де, ол оны жоймайды. Мәселен, біз сезінбесек те, ауаның салмағы бар. Тіпті біз, ортақ сезімнің пайда болуына өз тарапымыздан жәрдемдескен күннің өзінде, біз алған әсер жалғыз кезімізде алуымыз мүмкін әсерден тіптен басқаша болады. Сондықтан жиналыс тарап, бізге сол әлеуметтік ықпалдар әсер етуін тоқтатып, өз-өзімізбен жалғыз қалған кезде, біз бастан өткерген сезім бөгде бір нәрсе болып көрініп, ондағы өзімізді өзіміз танымай қаламыз. Сол кезде біз оларды өзіміз жасағаннан гөрі, көбірек сезінгенімізді аңғарамыз. Тіпті, керек десеңіз кейде олардың өз табиғатымызға жиіркенішті екендігі соншалық жан-тәніміз шоршып түсетін кездер де болады. Мәселен, әншейінде қой аузынан шөп алмас индивидтер, тобырға айналып кетіп, жантүршігерлік актыларға тартылуы мүмкін. Осынау бір сәттік бұрқақ туралы біз айтып отырған нәрсе біздің айналамызда діни, саяси, әдеби, көркем және басқа мәселелер жөнінде не бүкіл қоғамда, не шектеулі ортада үздіксіз пайда болатын қоғамдық пікірдің неғұрлым ұзақ қозғалыстарына да қолдануға жарамды. Әлеуметтік фактының бұл анықтамасын тағы бір сипатты бақылау арқылы қуаттауға болады, тек баланың қалай тәрбиеленетіндігіне көңіл аударыңыз. Егер фактыларды бар күйінде және әрқашан болған күйінде қарастырар болсақ, онда бүкіл тәрбиеміз баланы өз бетінше үйрене, сезіне және қарекеттене алмайтын дағдыларға үйретуге үздіксіз күш-жігер жұмсауға саятындығы көзге түсер еді. Біз баланы өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ белгілі бір уақытта тамақ, сусын ішуге, ұйқтауға мәжбүрлейміз, оны тазалыққа, сабырлылыққа және тәртіпке мәжбүрлейміз; кейін келе оны өзге адамдармен санасуға, салтты, әдепті құрметтеуге мәжбүрлейміз, жұмыс істеуге және тағы басқаларын

мәжбүрлейміз. Егер уақыт өте келе бұл мәжбүрлеу сезілмейтін болса, онда бұның жалғыз себебі, ол омәжбүрлеуді қажетсіз ететін, бірақ сол мәжбүрлеуден ышығып, соны алмастыратын әдеттерді ішкі бейімді біртіндеп тудыратындықтан. Рас, Спенсердің ойынша, ұтымды тәрбие мұндай амалдарды серпіп тастап, оған толық еркіндік беруге тиіс; бұл педагогикалық теория бізге белгілі бірде-бір халықта қолданылып көрмегендіктен, ол жоғарыда айтылған фактыларға қарсы қоюға болатын факт емес, бар болғаны автордың desіderatum’ы ғана. Фактылардың айрықша тағлымдығы, тәрбиенің мақсаты – әлеуметтік тіршілік иесін жасау; демек, одан осынау тіршілік иесі тарихта қалай қалыптасқанының жалпы нобайын көруге болады. Бала сәт сайын сезінетін бұл қысым – оны өз әлпеті бойынша қалыптастыруға тырысатын және ата-ана мен мұғалімдерді өз өкілдері мен делдалдары етіп алатын әлеуметтік ортаның қысымынан басқа ештеңе де емес. Осылайша, әлеуметтік құбылыстардың сипатты нышаны олардың кеңінен таралғандығы емес. Әрбір индивидтің санасына тән қандай да бір ой, барша қайталайтын қандай да бір қозғалыс одан әлеуметтік фактыларға айналмайды. Егер оларды анықтау үшін осынау нышанды қанағат тұтса, мұның себебі оларды олардың инвидуалдық қайталану деп аталатын нәрсемен қателесіп шатастырып алудан. Әлеуметтік фактылар санатына ұжымдық түрде қабылданған нанымсенімдер, ұмтылыстар, топ салттары жатады; ұжымдық ахуал индивидтерге берілгенде ие болатын пошымдарға келсек, бұл өзге ыңғайдағы құбылыстар. Олардың табиғатының екідайлығы, фактылардың осынау қос категориясы ажыратылған күйде жиі кездесетіні арқылы көрнекі дәлелденеді. Шынында да, осы ойлардың немесе қарекеттердің бейнелерінің кейбіреуі қайталану салдарынан белгілі бір орнықтылыққа ие болады, осы орнықтылық, олардан, былайша айтқанда, шөгінді жасап, оларды шағылыстыратын жекелеген оқиғалардан оқшаулайды. Осылайша, олар ерекше денені, өздеріне тән айрықша көзге көрінерлік пошымдарды иеленгендей тәрізді болып, оны бейнелейтін индивидуалдық фактылардан өте өзгеше suі generіs нақтылығын құрайды. Ұжымдық әдет ол өзі анықтайтын бірқатар

қарекеттерге іштей тән нәрсе ретінде ғана болып қоймайды, біз биологиялық салада ұшыратпайтын артықшылық бойынша ауыздан ауызға көшіп отыратын, тәрбие арқылы берілетін, тіпті жазбаша бекітілетін қандайда бір формулада бір рет, білдіріліп біржола бекиді. Заңдық және инсанияттық ережелердің, халық афоризмдері мен аңыздарының, діни немесе саяси секталар өздерінің сенімдерін қысқаша білдіретін иман догматтарының, әдеби мектептер мен басқалары енгізген талғам кодекстерінің тегі мен табиғаты осындай. Олардың баршасының тіршілігі өздерінің жекелеген кісілердің өмірінде қолданылуымен түгел таәмамдалмайды, өйткені олар қазіргі кезде қолданылмаса да, тіршілік ете алады. Әрине, бұл диссоциация (бөлшектену – ред.) барлық уақытта бірдей анық көріне бермейді. Бірақ әлеуметтік факт өзінің инвидуалдық бейнелерінен өзгеше екенін дәлелдеу үшін оның біз атап өткен маңызды да көптеген жағдайларда даусыз тіршілік ететіндігі жетіп жатыр. Мұның үстіне, тіпті ол тікелей бақылауға берілмеген кезде де, оны кейбір жасанды амалдардың көмегімен аңғаруға болады; егер әлеуметтік фактыны әртүрлі қоспалардан айырып алып, таза күйінде бақылағымыз келсе, бұл операцияны тіпті жасау қажет болады. Мәселен, қоғамдық пікірдің уақыт пен елге байланысты әртүрлі қарқындылық дәрежесімен бірімізді некеге тұруға, өзге біреуді өзіне қол жұмсауға немесе көп балалы болуға және тағы басқаға мәжбүрлейтін белгілі бағыттары бар. Бұлар, айдан анық әлеуметтік фактылар. Үстірт қарағанда әлеуметтік фактылар жекелеген жағдайларда өздері қабылдайтын пошымдардан ажыратқысыз көрінеді. Алайда статистика бізге оларды оқшаулау құралын береді. Олар шынында да туудың, некелердің және өзін-өзі өлтірудің айтарлықтай дәл саны арқылы, яғни некелердің, туылулардың және өз еркімен өмірден кеткендердің жылдық орташа қорытындысын жасы бойынша отау құруға, өмірге бала әкелуге, өзін-өзі өлтіруге мүмкіндігі бар адамдар санына бөлу көмегімен алынатын сандар арқылы көрінеді383. Өйткені осы сандардың әрқайсысы жекелеген құбылыстардың бәрін бөліп-жармай

383 Өзін-өзі өлтіруге кез-келген жаста және барлық жаста бірдей бара бермейді.

қамтитын болғандықтан, құбылыстың пайда болуына өз себебін тигізе алатын жеке жағдайлар өзара тиімді бейтараптандырылып соның салдарынан бұл санды анықтамайды. Ол тек ұжымдық жанның белгілі бір ахуалын ғана білдіреді. Қандай да болсын бөгде элементтерден арылтылған әлеуметтік құбылыстар дегеніміз міне осындай. Олардың жекелеген көріністеріне келсек, оларда да қандай да бір әлеуметтік нәрсе бар, себебі олар ішінара ұжымдық үлгіні қайталайды. Бірақ олардың әрқайсысы индивидтің психоорганикалық конституциясына, және өзі болатын ерекше жағдайларға көп шамада тәуелді. Демек, олар таза әлеуметтанушылық құбылыстарға жатпайды. Олар бір мезетте екі бірдей салаға қатысты болатындықтан оларды әлеуметтік-психикалық құбылыстар деп атауға болады. Олар әлеуметтанудың тікелей пәні болмаса да, әлеуметтанушыны қызықтырады. Дәл сол секілді организмде де аралас ғылымдар зерттейтін, мысалы, биология химия зерттейтін аралас сипаттағы құбылыстар кездеседі. Бірақ, құбылыс тек қоғамның барлық мүшелеріне, немесе, бері салғанда оның басым бөлігіне тән, болғанда ғана демек, жалпыға бірдейлік жағдайында ғана қоғамдық болып саналады деуі мүмкін бізге. Алайда, құбылыс жалпыға бірдей болғандықтан әлеуметтік емес, әлеуметтік болғандықтан ғана жалпыға (яғни азды-көпті міндетті түрде) болатыны шүбәсіз. Бұл топтың күйі индивидтерге таңылатындықтан, соларда қайталанатын ахуалы. Ол бөлшектерде болғандықтан бүтінде болатын емес, бүтінде болғандықтан әрбір бөлшекте болатын нәрсе. Бұл, бізге, алдыңғы ұрпақтардан әбден қалыптасқан күйінде берілетін нанымсенімдер мен салттардан ерекше айқын көрінеді. Біз оларды қабылдап, сіңіретін себебіміз, олар ұжымдық және ғасырлар бойғы туынды ретінде ерекше беделге ие болған, оны біз тәрбие нәтижесінде құрметтеп, мойындауға үйренгенбіз. Айта кету кеерк, әлеуметтік құбылыстардың орасан зор бөлігі бізге осы жолмен жетеді. Бірақ тіпті әлеуметтік факт ішінара біздің тікелей көмегімізбен туындаған күнде де, оның табиғаты бәз баяғы дәстүр. Жиналыс кезінде бұрқ ете қалатын ұжымдық сезім,

барлық индивидуалдық сезімдер арасында болған ортақ нәрсені ғана білдірмейді. Біз көрсеткендей, ол тіпті басқа нәрсе. Ол бірлескен өмірді нәтижелеуші, жеке саналар арасында туындайтын қарекеттер мен қарсы қарекеттер өнімі. Егер бұл олардың бәрінде шағылысатын болса, онда бұл өзінің ұжымдық тегіне қарыздар ерекше энергияның пәрменімен болатын нәрсе. Егер барлық жүректер қосыла соғатын болса, онда ол өздігінен болатын, күнілгері көзделген келісудің салдары емес, оларды бір ғана күш бір ғана бағытқа жетелейтіндіктен. Әрбір адамды барша еліктіреді. Сонымен біз әлеуметтану саласын дәлме-дәл елестете аламыз. Ол құбылыстардың белгілі бір тобын ғана қамтиды. Әлеуметтік факт өзінің индивидтерге жүргізетін немесе жүргізуге тиіс сырттай мәжбүрлеуші күші бойынша ғана танылады. Ал осы биліктің болатыны, өз кезегінде, белгілі бір санкциялардың бар екендігі бойынша немесе индивидтің оған қарсы шығамын деген әрбір ұмтылысына қарсылық көрсетуі бойынша танылады. Егер тек жоғарыда айтылған ескертулерге сәйкес екінші негізгі нышан ретінде, ол таралуы кезінде ие болатын индивидуалдық пошымдарға тәуелсіз тіршілік ететіндігі қосымша ретінде үстелсе, оны сондай-ақ оның топ ішінде таралуы бойынша анықтауға болады. Өзге жағдайларда тіпті соңғы өлшемді қолдану алғашқысына қарағанда жеңіл. Шынында да, мәжбүрлеу қоғамның қандай да бір төте реакциясы арқылы, құқықта, моральда, нанымсенімдерде және тіпті сәнде болатыны секілді, сыртқа білдірілгенде, оны оңайырақ байқауға болады. Бірақ, мәжбүрлеу тек жанама түрде болғанда, мысалы, экономикалық ұйымда, оны байқау оншалық оңай емес. Ондайда объективтілікпен бірге жалпыға бірдейлікті аңғару оңай. Мұның үстіне осынау екінші анықтама тек біріншісінің өзге пошымы ғана, өйткені, индивидуалдық санадан тыс тіршілік ететін мінез-құлық тәсілі ортақ тәсілге айналса, онда ол тек мәжбүрлеу көмегімен ғана сондай бола алады384.

384 Әлеуметтік фактының бұл анықтамасы, көріп отырғанымыздай, Тардтың тапқыр жүйесінің негізі болған анықтамадан тым алшақ. Ең алдымен мынаны мәлімдеуге тиіспіз: біздің зерттеулер Тард әлеуметтік фактылардың генезисінде еліктеуге телитін басым ықпалды тап басуға мүмкіндік берген жоқ. Мұның үстіне, теория емес, тікелей бақылап-байқау мәліметтерінің қарапайым нәтижесі болып табылатын алдыңғы анықтамадан, еліктеу әлеуметтік фактылардың мәнісі мен сипатты ерекшелігін құрайтын нәрсені әрқашан

Алайда, бұл анықтама толық па деп сұрауға болар еді. Шынында да, біз үшін оның негізгі қызметін атқарған фактылардың барлығы қарекеттің әрқилы тәсілдері болып табылады; олар физиологиялық категорияға жатады. Алайда сонымен бірге ұжымдық болмыс пошымдары да, яғни анатомиялық және морфологиялық ыңғайдағы әлеуметтік фактылар бар. Әлеуметтану ұжымдық өмірдің субстраты құрайтын нәрсеге қызықпай тұра алмайды. Алайда қоғам құралатын негізгі элементтердің саны мен сипаты, олардың ұштасу тәсілдері, олар қол жеткізген топтасқандық дәрежесі, халықтың аумақ бойынша орналасуы, қатынас жолдарының саны мен сипаты, баспана пошымдары және т.б., үстірт қарағанда, қарекет сезіну мен ойлау тәсілдеріне тірелмейді. Бірақ ең алдымен осынау әртүрлі құбылыстар да бізге, өзге құбылыстарды анықтау үшін қызмет еткен нышандар секілді сипатты нышандар бар. Болмыстың бұл пошымдары индивидке, жоғарыда біз айтқан қарекет тәсілдері секілді мәжбүрлеу арқылы беріледі. Шынында да, егер әлдекім қоғамның саяси бөлінісін, оның жеке бөліктерінің құрамын, олардың арасындағы азды-көпті тығыз байланыстарды білгісі келсе, онда бұған материалдық шолудың немесе географиялық шолудың арқасында қол жеткізілмейді, өйткені бөлу, оның кейбір негіздері физикалық табиғатта жатса да, мінсіз болып шығады. Бұл ұйымды тек жұртшылық құқығын зерттеу арқылы ғана тануға болады, өйткені біздің отбасылық және азаматтық қатынастарымызды дәл осы құқық анықтайды. Демек, оның міндеттілігі кем емес. Егер біздің халық ауылдарға шашырап қоныстану орнына, қалаларда қысылып-қымтырылып тұрып жатса, онда оның себебі индивидтерді шоғырлануға мәжбүрлейтін ұжымдық пікірдің бар болуы. Біз сол секілді баспанамыздың пошымын да киіміміздің үлгісін де таңдай алмаймыз: бұлардың екеуі де міндеттеледі. Қатынас жолдары ішкі көшіқон мен айырбас жасау бағыттарын, керек десеңіз, осы көші-қон мен

білдіре бермейтіні былай тұрсын, тіпті ешқашан білдірмейтін сияқты. Әрине, әрбір әлеуметтік факт еліктеу арқылы таралады; біз көрсеткендей онда таралу тенденциясы бар; бірақ бұл оның әлеуметтік факт, яғни міндетті екендігін. Оның таралу қабілеті оның әлеуметтік сипатының себебі емес, салдары. Егер әлеуметтік фактылардың жалғыз өзі осы салдарды туындатар болса, онда еліктеу оларды түсіндірмеген күнде де, бері салғанда, анықтай алар еді. Бірақ еліктеу арқылы берілетін индивидуалдық ахуал бәрібір индивидуалдық ахуал болуын қоймайды. Мұның үстіне, мәжбүрлеу пәрменімен болатын таралуды нобайлау үшін еліктеу деген сөз жарай ма деп сұрауға болар еді. Бұл сөзбен айыра білу керек тым басқа-басқа құбылыстарды бірдей нобайлайды.

айырбастың және т.б.-ның қарқынын табанды бұлтартпай анықтап береді. Демек, әлеуметтік фактылардың айырым нышаны бар құбылыстардың санамаланған санатына тағы бір категорияны қосуға болар еді; бірақ бұл санама мейлінше толық болмағандықтан, мұндай қосу міндетті емес. Ол қосу пайдасыз да, өйткені болмыстың осынау пошымдары тек қарекеттің орныққан тәсілдері ғана. Қоғамның саяси құрылымы сол қоғамды құрайтын түрлі сегменттерінің бір-бірімен өмір сүруге үйреніп қалған тәсіл ғана. Егер олардың қатынастары дәстүрлі тығыз болса олар бөлінуге тырысады. Біздің баспанамыздың тұрпаты айналамыздағылардың бәрінің және ішінара бізден алдыңғы ұрпақтың үй салу тәсілінің көрінісі ғана. Қатынас жолдары айырбас пен көш-қонның және т.б. бір бағыттағы үздіксіз ағысының арнасы ғана. Әрине, егер тек морфологиялық ыңғайдағы құбылыс қана осындай орнықтылық көрсетілетін болса, онда олар айрықша түрді көрсетеді деп ойлауға болар еді. Бірақ заңдық ереженің орнықтылығы мен тұрақтылығы архитектуралық тұрпаттан кем емес, ал оныңыз физиологиялық факт. Қарапайым инсанияттық максима, әрине неғұрлым құбылмалы, бірақ, оның пошымдары кәсіптік салттан немесе сән үлгісінен неғұрлым орнықты болып келеді. Және де, өзінің құрылымы бойынша ең сипатты әлеуметтік фактылар әлеуметтік өмірдің әлі де белгілі бір пошымды қабылдамаған еркін ағыстарымен бірігетін толып жатқан өтпелі баспалдақтар бар. Демек, олардың арасында тек беріктік дәрежесінде ғана айырмашылық бар. Бұлардың екеуі де тек азды-көпті бөлініп шыққан пошымды ғана білдіреді. Әрине, бәлкім әлеуметтік субстратты құрайтын әлеуметтік фактылар үшін морфологиялық фактылар атауын сақтап қалған пайдалы да болар, бірақ бұл орайда олардың өз жаратылысында басқа фактылармен бірдей екенін естен шығармаған жөн. Демек, егер біз былай десек анықтамамыз толық болады: әлеуметтік факт дегеніміз, орныққан немесе орнықпаған болса да, индивидке сырттай мәжбүрлеуші ықпал жасауға қауқарлы кез-келген тәсіл; немесе басқаша:

аталмыш қоғамның бүкіл кеңістігіне таралған, сонымен бірге оның индивидуалдық көріністерінен тәуелсіз өз тіршілігі болатын факт385. ІІ тарау

Әлеуметтік фактыларды бақылауға қатысты ережелер

Алғашқы және негізгі ереже: әлеуметтік фактыларды зат секілді
қарастыру қажет.

І Құбылыстардың белгілі бір тобы ғылымның зерттеу объектісіне айналған сәтте адам зердесінде осы құбылыстардың сезімдік бейнесі ғана емес, сонымен бірге олар туралы әрқилы қайнар көздерден қалыптасқан түрлі текті түсініктер де болады. Мәселен, химия мен физиканың алғашқы ұрықтары пайда болғанға дейін-ақ адамдар бойында физикалық-химиялық құбылыстар жайында таза түйсіну белгілі ұғымдар: мысалы, барлық діндерге сіңіскен ұғымдар болды. Бұл дегеніңіз, іс жүзінде рефлексия ғылымның алдында жүреді деген сөз, ғылым оларды тек неғұрлым қатаң әдістер көмегімен пайдаланады. Адам құбылыстар ішінде олар туралы идеялар түзбей өмір сүре алмайды, ол идеяларды өзінің мінез-құлқында басшылыққа алады. Бірақ, бұл ұғымдар олар сәйкес келетін болмыстан бізге түсініктірек те жақынырақ болғандықтан, біз, әрине, болмысты солармен алмастырып, оларды ой-толғамдарымыздың пәніне айналдырғымыз келеді. Заттарды бақылап, оларды сипаттау және салыстыру орнына, біз идеяларымызды айқындай түсіп, оларды талдап, қиыстыруды қанағат тұтамыз. Нақты өмір туралы ғылымды біз ұғымдарды талдаумен аламастырамыз. Әрине, бұл талдау кез-келген бақылаудан бас тарту деген сөз емес. Сол ұғымдарды немесе олардан жасалған қорытындыларды қуаттау үшін фактыларға жүгінуге

385 Өмір мен құрылымның, орган мен қызметтің осынау тығыз туыстығы әлеуметтануда оңай анықтала алады, өйткені осы екі шеткі шектер арасында тікелей бақыланатын және олардың арасындағы байланысты байқататын, толып жатқан аралық баспалдақтар бар. Биологияда мұндай құрал жоқ. Бірақ, осы екі ғылымның алғашқысының индукцияларын осы орайда екіншісіне де қолдануға болар және қоғамдардағы сияқты, организмдерде фактылардың осы екі категориясының арасындағы айырмашылық тек дәрежесінде ғана деп ойлауға болады.

болады. Бірақ фактылар мұндай жағдайда екінші кезектегі әлдене болып шығады; олар ғылымның пәні емес, мысалдар немесе қуаттаушы айғақтар қызметін атқарады. Ғылым, идеялардан заттарға емес заттардан идеяларға көшеді. Мұндай әдіс объективті нәтижелер бере алмайтыны анық. Шынында да осы ұғымдар немесе тұжырымдамалар, оларды қалай атасаңыз да, заттардың заңды алмастырушылары бола алмайды. Кәдуілгі тәжірибенің бұл жемістерінің міндеті ең алдымен біздің қарекетімізді айналадағы ортамен жарастыққа келтіру; олар практикадан және сол үшін түзілген. Бірақ, бұл рөлді теориялық жағынан жалған түсінік те ойдағыдай атқара алады. Бірнеше жүзжылдықтар бұрын Коперник аспан денелерінің қозғалысы жөніндегі біздің сезімдеріміздің алданышын сейілтті, сөйтсе-дағы біз өз уақытымызды сол иллюзияларды басшылыққа ала отырып бөлеміз. Қандай да бір идея аталмыш заттың табиғатына сай қарекет тудыру үшін, оның сол табиғатты айна-қатесіз міндетті түрде қайталауының қажеті жоқ; ол бізге сол заттағы пайдалы немесе тиімсіз нәрсе не екенін, ол бізге несімен қызмет ете алатынын; несімен кедергі жасайтынын сезіндерсе, сол жеткілікті. Осылайша қалыптасқан ұғым, бұл практикалық дұрыстықты тек шамамен, онда да тек жағдайдың көпшілігінде ғана білдіре алады. Олар қаншалық кемістікті болса, соншалық қауіпті десеңізші! Демек, бұл ұғымдарды қазбалай отырып, қаншалықты тырысқанымызбен, нақты болмыс заңдарын ашуға болмайды. Бұл ұғымдар, керісінше, заттар мен біздің арамызда тұрған және ол бізге қаншалықты мөлдір көрінсе, соншалық бізден жасырын жамылғыға ұқсас. Мұндай ғылым жартыкеш қана емес өзіне қажет қорегінен айрылған ғылым. Пайда болар-болмастан-ақ ол, былайша айтқанда, өнерге айналып, жоқ болып кетеді. Шынында да, жоғарыда келтірілген ұғымдар нақты болмыстың бүкіл елеулі нәрселерін қамтыған деп саналады, өйткені оларды нақты болмыстың өзімен шатастырады. Сондықтан да оларда бізді өмірде бардың бәрін түсінуге жетелейтін нәрсе ғана емес, сонымен бірге болуға тиіс және болуға тиістіні жүзеге асыру құралын ңұсқау үшін де қажеттінің бәрі бар

сияқты көрінеді. Өйткені жақсы дегеніміз зат табиғатымен сәйкес нәрселер; оған кереғар нәрсе – жаман, және бірдеңеге қол жеткізіп екіншісінен құтылу құралы сол табиғаттың өзінен туындайды. Егер, демек біз оны бірден түсінсек, жеткізетін болсақ, онда орын алып отырған нақты болмысты зерттеудің практикалық қызығуы қалмайды, өйткені осынау зерттеудің негізгі қызметін нақ сол атқаратындықтан, зерттеу бұдан былай бос әурешілік болып шығады. Осылайша, ой-толғам, бір секіріп болашаққа жете қою үшін, ғылымның объектісін құрайтын нәрседен, нақтысын айтқанда өткен мен бүгіннен теріс айналады. Әбден қалыптасқан және жүзеге асырылған фактыларды түсінуге тырысу орнына, ол көбіне адами мақсаттарға неғұрлым сай келетін жаңа фактыларды тікелей жүзеге асыруға кіріседі. Адамдар материя мәнісін танып болғанына сенген бойда, олар парасатты іздеуге кіріседі. Ғылымның дамуына бөгет жасайтын өнердің осынау жаулап алуы ғылыми рефлексияны оятатын жағдайлар арқылы да жеңілдейді. Рефлексия өмірлік қажеттіліктерді қағаттандыру үшін пайда болатындықтан, ол мүлдем табиғи түрде практикаға бет алады. Ол қанағаттандыруға тиісті қажеттіліктер қашанда табанды болады да, сондықтан оны ақтық қорытынды жасауға асықтырады: олар түсіндіруді емес, дауа болатын дәрі-дәрмекті талап етеді. Мұндай көзқарас санамыздың жаратылыстық бейіміне сәйкес келетіні соншалық, ол тіпті физикалық ғылымдардың пайда болуы кезінде де ұшырасады. Алхимияны химиядан, және астрологияны астрономиядан ажырата алатын нақ сол. Бэконның айтуынша, оның замандас ғалымдарының әдісі, өзі оған дау айтатын әдіс осындай. Біз жаңа ғана сөз еткен ұғымдар шын мәнісінде, ол барлық ғылымдар негізінен табатын386, онда олар фактыларды алмастыратын387, notіones vulgares немесе praenotіones388. Бұл Іdola, заттың шынайы бейнесін бүлдіретін және біз заттың өзі деп қабылдайтын елестер әулеті. Ал осы қиялдағы орта біздің ақылымызға ешқандай қарсылық жасамайтындықтан, ол ешқандай қысылып-қымтырылмай, шексіз

386 Novum organum, І, p.36.
387 Іbіd, p. 17.
388 Іbіd, p. 26.

атаққұмарлыққа бой алдырып, жалғыз өзінің күшімен және өз ниетіне сәйкес дүние құруға, яки, дәлірек айтқанда дүниені қайта құруға болады деп санайды. Егер Жаратылыстану ғылымдарында жағдай осындай болғасын, онда әлеуметтануда да жағдай солай болуға тиіс еді. Адамдар өздеріне құқық, инсаният, отбасы, мемлекет, қоғам жайында ұғым жасап алу үшін әлеуметтік ғылымның орнығуын күтіп отыра алмады, өйткені олар осынау ұғымдар өмір сүре алмайтын еді. Әлеуметтануда да, Бэконның сөзімен айтқанда, осынау “алғы ұғымдар” ақылға қай жердегіден де артық үстемдік етіп, заттарды алмастыра алады. Шынында да, әлеуметтік құбылыстарды тек адамдар жүзеге асырады, олар адам қызметінің жемісі болып табылады. Демек, олар туа біткен бе, жоқ па, әйтеуір бізге тән идеялардың жүзеге асырылуынан басқа ештеңе емес, адамдардың өз арасындағы қатынастарына ілесе жүретін әрқилы жағдайларға оларды қолданудан басқа ештеңе емес. Осылайша отбасыны, шарттық қатынастарды, жазалау шараларын, мемлекетті, қоғамды және тағы басқаларды ұйымдастыру қоғам, мемлекет және т.б. жөніндегі біздегі идеялардың қарапайым дамуы ғана. Демек, осынау және солар секілді басқа да фактылар, тегінде нақты болмысқа тек идеяларда және олардың қайнар көзі болып табылатын идеялар көмегі арқылы ғана ие болады, сондықтан да әлеуметтанудың шынайы пәні болып табылады. Бұл пікір мынамен түпкілікті қуатталады: әлеуметтік өмір түгелімен алғанда сана шеңберінен шығып кететін болғандықтан, санада оның болмыстығын сезіне алатын қажетті күш жоқ. Бұлайша қабылдау үшін бізде нақты болмыспен жеткілікті тығыз, берік байланыс болмағандықтан, ол бізде оп-оңай қандай да бір нәрсеге бекітілмеген, бос жерде қалқып бара жатқан, әлдене жартылай нақты және аса көнбіс нәрсе әсерін қалдырады. Көптеген ойшылдардың әлеуметтік құрылыстардан тек жасанды және азды-көпті жүгенсіз комбинацияларды ғана көруінің себебі міне осында. Бірақ, егер детальдар немесе нақты және жеке пошымдар бізден жылыстап кетіп жатса, онда біз, бері салғанда өзімізге тұтас ұжымдық болмыс жайлы ең

жалпылама және шамалас түсініктер жасап аламыз, және осы үстірт те жалпылама түсініктер біз күнделікті өмірде қолданатын “алғы ұғымдар” болып табылады. Демек, біз олардың бар екендігіне күмәндана алмаймыз, өйткені соңғысын біз өзіміздің түсініктерімізбен бір мезетте байқаймыз. Олар біздің бойымызда ғана өмір сүрмейді, олар қайталанатын тәжірибелердің жемісі болғандықтан, олар қайталанудан және осыдан туындайтын әдеттен белгілі бір ықпал мен беделге ие болады. Біз оның қарсылығын олардан құтылғымыз келген шақта сезінеміз. Демек, барлығы да бізді олардан шынайы әлеуметтік нақты болмысты көруге мәжбүр болуға жәрдемдеседі. Шынында да, әлеуметтану осы күнге дейін түп-түгелімен заттар жайлы емес, ұғымдар жайлы толғанып келді. Рас, Конт әлеуметтік құбылыстар дегеніміз жаратылыстық заңдарға бағынышты жаратылыстық фактылар деп жариялады. Осынысымен оларды ол көмескілеп болса да, зат деп мойындады, өйткені табиғатта тек зат қана бар. Бірақ, осындау философиялық қорыту шеңберінен шыға отырып, ол өз принципін қолданғысы келеді де, зерттеу объектісі етіп нақ идеяларды алып, өзіне сәйкес ғылымды жасағысы келді. Шынында да, оның әлеуметтануының басты мазмұны адамның уақыт шеңберіндегі прогресі болып табылады. Ол адамзат тегінің үздіксіз эволюциясы бар, ол эволюциялық адамзат табиғатының барған сайын толық іске асуынан тұрады деген идеяны түпқазық етіп алады да өзінің міндеті осы эволюцияның реттілігін табу деп біледі. Алайда егер осы эволюция бар деп топшылаған күннің өзінде, оның нақтылығы тек ғылым пайда болғаннан кейін ғана расталады; демек, оны зат ретінде емес, тек парасаттың тұжырымдамасы ретінде ғана ұсына отырып, зерттеу объектісі етуге болады. Және шынында да, бұл түсінік мүлдем субъективті, іс жүзінде адамзаттың мұндай прогресі атымен жоқ. Ал бары және бақылауға көнетіні тек жекелеген қоғамдар, олардың бірбіріне егбір тәуелсіз өмірге келуі, дамуы және өмірден өтуі. Егер ең кейінгі қоғамдар алдыңғы қоғамдардың жалғасы қызметін атқарса, онда әрбір жоғары тұрпатты аздаған қоспасымен таяу төменгі тұрпаттың қарапайым қайталануы ретінде қарастыруға болар еді. Сонда оларды, дамудың бірдей сатысында

тұрғандарын бір топқа біріктіре отырып, бірінен соң бірін қоюға болар еді; және осылайша құралған сап адамзатты білдіруші сап болып саналар еді. Бірақта фактылар соншалық қарапайым емес. Басқа халықтың орнына келген халық, оның бірқатар жаңа қасиеттері бар қарапайым жалғасы емес; ол – өзге, онда бір қасиеттер көп, енді біреулері аз. Ол жаңа инвидуалдықты құрайды және осы жекелеген индивидуалдықтар, әртекті болғандықтан, бір ғана үздіксіз қатарға, әсіресе, бірден-бір қатарға қосылып кете алмайды. Қоғамдардың дәйекті қатары геометриялық сызықпен бейнеленуі мүмкін емес, ол бұтақтары жан-жаққа жайылған дараққа көбірек ұқсайды. Жалпы алғанда, Конт тарихи даму жөніндегі өзі жасаған кәдуілгі түсініктен сәл ғана өзгешеленетін түсінікті тарихи даму деп алды. Шынында да, қашықтан қарастырлатын тарих осындай қарапайым да дәйекті сипатқа оңай ие болады. Тек бір-бірін кезекпен ауыстырып отырған, бір бағыттан ауытқымаған индивидтер ғана көзге шалынады, өйткені олардың табиғаты бірдей. Мұның үстіне әлеуметтік эволюция қандайда бір адам идеясының дамуынан басқа ештеңе бола алмайды деп саналатындықтан, оны, адамдар ол туралы құрайтын ұғым бойынша анықтау әбден табиғи нәрсе. Алайда, осылайша қимылдай отырып, идеялар саласында ғана қалып қоймайды, сонымен бірге ешбір әлеуметтанушылық мағынасы жоқ ұғымды әлеуметтану объектісіне айналдырады. Спенсер, бұл ұғымды ысырып тастайды, бірақ мұны тек сол баяғы үлгі бойынша тұжырымдалған өзге ұғыммен алмастыру үшін ғана істейді. Ол ғылымның объектісі адамзат емес, қоғам деп санайды. Бірақ ол салған бойда қоғамдарға, дененің көзін құртып, оның орнына өзінің солар жайында қалыптасқан алғы ұғымдарын қоятындай анықтама береді. Шынында да, ол “қоғам тек индивидтердің бірге болуына кооперация қосылғанда ғана өмір сүреді”, тек осының арқасында ғана индивидтердің одағы өзінің төл мағынасындағы қоғамға айналады деген қағиданы айдан анық нәрсе деп біледі389. Одан кейін, кооперация дегеніміз әлеуметтік өмірдің мәнісі деген принципті басшылыққа алып, ол үстем кооперацияның сипатына байланысты

389 Socіologіe ІІІ, p. 331, 332

қоғамды екі топқа бөледі. “Жеке сипаттағы мақсаттарды көздеу кезінде, – дейді ол – күнілгері көзделмей өздігінен пайда болатын кооперация бар; сондай-ақ қоғамдық мүдденің анық мойындалған мақсаттарын көздейтін саналы орнатылған кооперация бар”390. Ол бұлардың алғашқыларын өнеркәсіптік, екіншілерін - әскери кооперация деп атайды, және осы айырмашылық жайында ол әлеуметтанудың бастапқы идеясы деуге болады дейді. Бірақ осынау күн ілгері жасалған анықтама тек ойша шолуды нақты зат деп жариялайды. Шынында да, ол тікелей қабылданатын және фактыны бақылау арқылы анықталған нәрсенің көрінісі ретінде ұсынылады, өйткені ол ғылымның түу басында аксиома ретінде тұжырымдалған. Ал бұл екі арада кооперация шынында да әлеуметтік өмірдің мәні ме дегенді қарапайым бақылау арқылы білу мүмкін емес. Мұндай пайымдау, егер ұжымдық болмыстың барлық көріністерін шолудан бастап алып, олардың барлығы кооперацияның түрлі пошымдары екендігін дәлелдеп шыққанда ғана ғылыми тұрғыдан хақылы болар еді. Демек, бұл арада да әлеуметтік нақты болмысты көрудің белгілі бір тәсілі нақты болмыстың өзін алмастырады391. Аталмыш формуламен қоғам емес, Спенсердің ол жайында өзі жасап алған идеясы анықталады. Егер ол осылайша қарекет жасай отырып, ешқандай күмәнданбайтын болса, онда оның себебі, ол үшін де қоғам дегеніміз тек идеяны, атап айтқанда, кооперация идеясы және сол идеяны іске асыру ғана бола алады392. Ол қозғайтын әрбір жеке мәселеде оның қолданып отырған әдісі бірдей екендігін көрсету оңай. Сондықтан ол өзін эмпирия жолымен қарекет жасайтындай етіп көрсеткенімен, бірақ оның әлеуметтануында жинастырылған фактылар заттарды суреттеу мен түсіндіруден гөрі көбіне ұғымдарды талдаудың иллюстрациясы үшін пайдаланылатындықтан, олар тек уәж секілді ғана көрінеді. Шындығына да, оның іліміндегі елеулі атаулы оның қоғамға және кооперацияның әрқилы пошымдарына берген анықтамасынан тікелей шығарыла алады. Іс жүзінде, егер біздің тираниялықпен таңылған кооперация

390 Іbіd., p. 332 391 Оның үстіне бұл тәсілге дау айтуға болады. 392 Кооперация қоғамсыз өмір сүре алмайды, және бұл қоғамның тіршілік етуінің мақсаты. (Prіncіpes de socіologіe ІІІ, p. 332)

мен өздігінен еркін пайда болған кооперация арасында таңдау мүмкіндігіміз болса, нақ соңғысы, адамзат ұмтылып отырған және ұмтылыуға тиіс мұрат болып шығатыны айдан анық. Осындай қарабайыр ұғымдар тек ғылым негізінде ғана кездеспейді; оларға ғылымның кез-келген тұжырымында сәт сайын ұшырасасың. Біздің білімдеріміздің қазіргі ахуалында біз мемлекет, егемендік, саяси бостандық, демократия, социализм, коммунизм және т.б. не нәрсе екенін анық білмейміз. Демек, дұрыс әдіс тұрғысынан алғанда олар әлі ғылыми жолмен анықталғанша оларды қолдануға тиым салғанымыз жөн болар еді. Ал бұл екі арада оларды білдіретін сөздер әлеуметтанушылардың толғамдарында ұдайы кездеседі. Олар жақсы мәлім және анық заттарға сәйкес келетіндей мүдірместен сенімді түрде қолданылады, ал іс жүзінде олар біздің бойымызда тек бұлыңғыр ұғымдар, бұлдыр әсерлердің, соқыр сенімдер мен нәпсінің еміс-еміс қойыртпағын ғана туғызады. Біз қазір ортағасырлық дәрігерлерге олардың жылы, суық, құрғақ, шикі және т.б. туралы ұғымдарымен бірге күле қараймыз да, құбылыстар санатына қатысты, олардың төтенше күрделілігі салдарынан, бәрінен де жарамсыз әдістерді әлі қолданып жүргенімізді байқамаймыз. Әлеуметтанудың арнайы салаларында бұл әдіс тіпті анық көрінеді. Инсаниятты зерттеуде ол ерекше жиі қолданылады. Шынында да, инсаният оны түгелімен қамтитын бастапқы идеяның қарапайым дамуы болып көрсетілмейтін бірде-бір жүйе жоқ деуге болады. Біреулер, адам бұл идеяны туа сала өз бойында әбден дайын күйінде табады деп ойлайды; енді біреулер, керісінше, тарих барысында ол аз ба, көп пе баяу қалыптасады деп санайды. Бірақ бұлардың екеуі үшін де, эмпиристер үшін де, рационалистер үшін де ол инсанияттағы бүкіл нақты болмысты құрайды. Ал заңдық және инсанияттық ережелердің детальдарына келсек, оларда, былайша айтқанда, төл тіршілік жоқ, олар тек, жағдайларға қарай, осынау негізгі идеяның өмірдің жекелеген оқиғаларына қатысты әрқилы қолданылуы ғана болып табылады. Этиканың объектісі – нақты тіршілігі жоқ нұсқаулар жүйесі емес, сол нұсқауларды тудыратын және солар әртүрлі қолданылуы болып табылатын идея екен.

Сондықтан этика әдетте өзіне қоятын сұрақтар затқа емес, идеяларға қатысты болып шығады. Әңгіме инсаният пен құқықтың төл табиғаты қандай дегенді емес, құқық идеясы, инсаният идеясы неден құралады дегенді білу жайында болады. Моралистер өте бір қарапайым идеяға әлі жете алған жоқ: сезім арқылы қабылданатын заттар туралы біздің түсінігіміз сол заттардың өзінен туындап, оларды азды-көпті дәл білдіретіні секілді, инсаният туралы біздің түсінігіміз көз алдымызда қызмет ететін ережелерді бақылаудан туындап, оларды нобайлап бейнелейді; демек, физиканың тақырыбы денелер туралы тобыр жасайтын идеялар емес, сол денелердің бар күйіндегі өздері екендігі тәрізді, ғылымның мазмұнын ережелерге жалпы көзқарас емес, сол ережелерді өздері құрайды. Осыдан келіп, инсаният негізі ретінде тек оның шынын ғана, атап айтқанда, ол шағылысып, өзінің болмысын жекелеген саналарда жалғастыратын пошымын ғана қабылдау шығады. Осы әдісті ғылымның жалпы мәселелерінде ғана емес, арнайы мәселелерінде де қолданады. Моралист әу баста зерттейтін негізгі идеялардан екінші кезектегі идеяларға, отбасы, отан, жауапкершілік, жанашырлық, әділеттік идеяларына көшеді; бірақ оның толғамдары бұрынғысынша тек идеялар жөнінде болады. Саяси экономияда да гәп осындай болып тұр. Оның тақырыбы, дейді Стюарт Милль, негізінен немесе тек қана байлықты ұлғайту мақсатында туындайтын әлеуметтік фактылар393. Бірақ, осы анықтамаға сәйкес келетін фактылар ғалым заттар ретінде бақылай алу үшін, бері салғанда мұндай фактыларды қандай нышанына қарап тануға болатындығын көрсету керек еді. Алғашында ғылымдар олар бар деп кесіп айтуға да құқықсыз, аз десеңіз олардың қандай екенін де біле алмайсың. Шынында да, зерттеудің кез-келген түрінде фактылар мақсаты болатын және олар қандай екендігін анықтау, тек осы фактыларды түсіндіру едәуір ілгерілегенде ғана мүмкін болады. Тез шешуге бұдан асқан күрделі әрі қолайсыз проблема жоқ. Байлықты аңсау аталмыш басым рөлді ойнайтын әлеуметтік қызмет саласы бар дегенге бізді күні бұрын ештеңе иландырмайды ғой.

393 Sіstem dі Logіque ІІІ, p. 496.

Осының салдарынан, осылайша түсінілген саяси экономия тақырыбы саусақпен шұқып көрсететін нақты болмыстан емес, қарапайым мүмкіндіктерден, парасаттың таза ұғымдарынан, яғни экономист нобайланған мақсатқа қатысы бар деп түсінетін фактыларден және сол фактыларды ол қалай түсінетіндігінен тұрады. Мысалы, ол өндіріс деп аталатын нәрсені зерттей ме? Жоқ, ол оның ең басты факторларын бірден атап беріп, оларды шолып шыға аламын деп ойлайды. Бұл дегеніңіз, ол факторлардың болатынын зерттелетін құбылыс тәуелді болатын жағдайларды бақыламай-ақ білгенін көрсетеді, бақылап білген болса ол осы байламды шығарған тәжірибелерін баяндаудан бастар еді. Ол зерттеудің ең басында және бірнеше сөзбен осынау топтастырып жіктеуден бастаған екен, бұл байламды ол қарапайым логикалық талдау арқылы алды деген сөз. Ол өндіріс идеясынан бастайды; ол оны бұтарлап алады да, бұл идея логика бойынша жаратылыстық күштер еңбек, құралдар немесе капитал ұғымдарының болуын қажет ететіндігін аңғарады, сөйтіп туынды идеяларды да дәл сол әдіспен түсіндіреді394. Ең негізгі экономикалық теория, құн теориясы, анық осы әдіс бойынша жасалған. Егер құн онда нақты болмыс қалай зерттелетіні секілді зерттелсе, экономист әуелі сол атаумен аталатын пәнді қандай нышанға қарап тануға болатын көрсетер еді, содан кейін оның түрлерін топтастырып жіктер еді, индуктивті жолмен олардың қандай себептердің ықпалынан өзгеретінін анықтауға тырысар еді, ақыр соңында, өзі қол жеткізген түрлі нәтижелерді салыстырып, олардан ортақ бір формула шығарар еді. Демек, теория, ғылым жеткілікті ілгерілегеннен кейін ғана туындар еді. Мұның орнына біз оны салған жерден кездестіреміз. Гәп мынада: экономист бұл теорияны жасау үшін өз ішіне үңілумен шектеледі, айырбастала алатын объект ретінде өзі құрастырған құн идеясына ой жүгіртеді. Ол бұл теория пайда, сиректік және тағы басқа идеяларды қамтитынын аңғарады да, өз талдауының осынау жемістерінің негізінде өз анықтамасын жасайды. Әрине, ол оны кейбір мысалдармен

394 Мұндай сипат экономистер пайдаланатын сөз тіркестерінен де байқаладыЫлғи да идеялар: пайда, жинап сақтау, капитал жұмсау, шығын идеялары айтылады. Қараңыз: Gіde. Prіncіpes d~conomіe polіtіque, Lіv. ІІІ, ch. І, § 1, ch. ІІ6 § 1, ch.ІІІ, § 1.

қуаттайды. Бірақ егер мұндай теориялар түсіндіруге тиіс сансыз фактылар турасында ойлансақ, онда оны қуаттау үшін келтірілетін кездейсоқ ойға түскен сөзсіз сирек фактылардың қандай да бір дәлелдеуші құндылығын мойындауға бола ма? Сонымен, саяси экономикада да, этикада да ғылыми зерттеудің үлесі тым мардымсыз, ал өнердің үлесі басым. Этикада теориялық бөлік парыз, жақсылық және құқық идеясы туралы бірнеше толғамдарға саяды. Бұл дәйексіз толғамдар да, турасын айтқанда, ғылым емес, өйткені олардың мақсаты – инсанияттың іс жүзіндегі нақты жоғары ережесі қандай дегенді емес, ол қандай болу керек дегенді анықтау. Дәл сол секілді экономикалық зерттеулерде де мысалы, мына сұрақ бәрінен көп орын алады: қоғам инвидуалистердің әлде социалистердің көзқарастарына сай ұйымдастырылуы тиіс пе; өнеркәсіптік және сауда қатынастарына мемлекеттің араласуы қажет пе әлде оның бәрін түгелімен жеке бастамаға беріп қойған жөн бе; ақша жүйесінде монометаллизм әлде биметаллизм болуға тиіс пе? Және т.б. Заңдар, бұл сөздің төл мағынасында, онда шамалы ғана. Тіпті заң деп санап үйреніп қалғандарының өзі әдетте бұл атауға лайық емес, қайта олар практикалық нұсқаулардың бүркемеленген тек мінез-құлық максималары ғана. Мысалға атышулы сұраным мен ұсыным заңын алайық. Ол экономикалық нақты болмыстың көрінісі ретінде ешқашан индуктивті түрде анықталмаған. Экономикалық қатынастар іс жүзінде осы заңмен басқарылатынын анықтау үшін ешқандай тәжірибе, ешқандай әдістемелік шендестіру жасалған емес. Жасалуға болатын және жасалған нәрсенің бәрі егер индивидтер өз мүддесін жақсы түсінетін болса, олар қарекеттің одан өзге кез-келген тәсілі оларға зиянды екенін және сол өзге тәсілді пайдаланғандар тарапынан нағыз қисындық адасу болып шығатынын диалектикалық дәлелдеуге сайды. Қисын бойынша өнеркәсіптің ең өнімді салаларына адамдар бәрінен көп баруы, сирек кездесетін және ең көп сұранысқа ие өнімдердің иелері оларды ең жоғарғы бағамен сатуы қажет. Бірақ осынау әбден қисынды қажеттілік табиғаттың шынайы заңдарына тән қажеттіліктеріге тіпті де ұқсамайды.

Табиғаттың шынайы заңдары фактылардың біз қалайтын қатынасын емес, шын қатынасын білдіреді. Бұл заң турасында айтылған ой ортодокс экономикалық мектеп жаратылыстық деп атаған және тек алдыңғының жекелеген көріністері ғана болып табылатын барлық қағидалар жөнінде қайталана алады. Олар, қажет десеңіз, белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қолдану табиғи секілді көрінетін немесе солай көріне алатын құралдарды көрсетеді деген мағынада ғана табиғи. Бірақ егер жаратылыстық заңдар деп индуктивті түрде орнатылатын табиғи болмыстың кез-келген тәсілін ұғынатын болсақ, онда оларды солай атамау керек. Олар, жалпы алғанда, тек практикалық кемеңгерліктің кеңестері ғана, және егер оларды болмыстың өзінің көрінісі ретінде шындығы солай екендей ұсына алып жатса, оның себебі адамдардың көпшілігі және көп жағдайда сол кеңестерге шынында да құлақ асқан деп – дұрыс немесе бұрыс – топшылауға болады деп тапқандықтан. Ал әлеуметтік құбылыстар дегеніміз заттар және олар хақында зат ретінде пайымдау керек. Бұл қағиданы дәлелдеу үшін олардың табиғаты хақында пәлсапа соғудың, оларды дамуы төмен дүние құбылыстарына ұқсастығын талдап жату міндетті емес. Әлеуметтанушы үшін бірден-бір datum trtyl3u3y көрсету жетіп жатыр. Ал зат дегеніміз бақылауға берілген, ұсынылған, дәлірек айтсақ, телінген нәрсенің бәрі. Құбылыстар туралы заттар секілді пайымдау – демек олар турасында ғылымның бастапқы қазығын құрайтын мәліметтер туралы пайымдау. Әлеуметтік құбылыстар да бұл нышанның бар екендігі даусыз. Бізге адамдар құн жайында жасаған – ол бақылауға көнбейді, – экономикалық қатынастар өрісінде нақты айырбасқа түсетін құндар берілген. Бізге инсаният туралы әлдене түсінік емес, мінез-құлықты шынында анықтайтын ережелер жиынтығы берілген. Бізге пайда немесе байлық жайындағы емес, толыққанды экономикалық ұйым берілген. Бәлкім, әлеуметтік өмір дегеніміз тек белгілі ұғымдардың дамытылуы ғана болар, бірақ егер бұл солай деп топшыласақ, қайткен күнде де бұл ұғымдар бізге тікелей берілмеген. Демек, оларға тікелей емес, тек оларды білдіретін феноменологиялық нақты

болмыс арқылы ғана жетуге болады. Біз әлеуметтік өмір бөлінетін әрқилы ағымдар қандай идеялардан келіп шығатынын, олардың бары-жоғын a prіorі білмейміз; тек оларды бойлап, олардың шығар жеріне жетіп қана біз олардың қайдан пайда болатынын біле аламыз. Демек, бізге әлеуметтік құбылыстарды таза күйінде, оларды түсінетін және көрсететін объектілерден оларды бөліп алып, қарастыру қажет. Әлеуметтік құбылыстарды сыртқы зат секілді сырттан зерттеу қажет, өйткені олар бізге дәл сол сапада ғана көрінеді. Егерде осынау сыртқы сипат тек алдамшы болса, онда ғылым ілгерілеуіне қарай иллюзия сейіледі де, біз сырт нәрсе, былайша айтқанда, ішке қалай енетіндігін көреміз. Бірақ, шешімді алдын-ала көре білуге болмайды және сайып келгенде оларда заттарды елеулі қасиеттерінің бәрі бірдей болмай шыққанның өзінде, әуелі оларды сол қасиеттер оларда бар секілді түсіндіру керек. Олай болса, бұл ереже ешқандай жырымшыланбастан, жалпы әлеуметтік нақты болмыстың бәріне бірдей қолданылады. Тегінде, тіпті барынша жасанды құрылыстар болып табылатын құбылыстардың өзі осы тұрғыдан қарастырылуға тиіс. Салттың немесе институттың шартты сипаты ешқашан алдын-ала топшыланбауға тиіс. Егер, мұның үстіне бізге өзіміздің жеке тәжірибемізге сілтеме жасау мүмкіндігі берілсе, онда біз, осылай қимылдағанда, әу баста тым кездейсоқ секілді көрінетін фактылар неғұрлым мұқият бақыласаңыз, тұрақтылығыда, жүйелілігі да бар факт, олардың объективтілігінің нышаны болып шығатындығын ризалықпен жиі көретіндігімізге сендіре аламыз. Айтпақшы, әлеуметтік фактының өзгешелік нышандары хақында айтылғандар, осы объективтілікке көзімізді жеткізу және бізге оның елес еместігін дәлелдеу үшін жетіп жатыр. Шынында да, зат негізінен, ол қарапайым ырық актысымен өзгертіле алмайтын нышаны бойынша танылады. Мұның өзі, ол ешқандай өзгеріске ұшырамайды деген сөз емес. Бірақ, бұл өзгерісті жасау үшін соны қалау жеткіліксіз, мұның үстіне оның қарсыласуына және, соған қоса, ол қарсылықты жеңіп шығу ылғи мүмкін бола бермейтініне байланысты азды-көпті табанды күш-жігер жұмсау қажет болады. Ал біз әлеуметтік

фактылардың сондай қарсылық қасиеті болатынын көрдік. Олар біздің ырқымыздың жемісі ғана болып қоймайды, оны сырттан өздері де айқындайды. Олар біз өз қарекетімізді құйып отыруға мәжбүр болатын ыдыс пошымы секілді. Көбіне-көп тіпті бұл қажеттілік біз одан қашып құтыла алмастай болады. Біз оны жеңе алған күннің өзінде, біз ұшырайтын қарсылық, біздің өзімізге тәуелді емес бір нәрсе төніп тұрғандай сезінетінімізді байқатып отырады. Демек, әлеуметтік фактыларды зат ретінде қарастыра отырып, біз тек олардың табиғатына икемдесеміз. Сайып келгенде, әлеуметтануда іске асыру қажет реформа, соңғы отыз жылда психологияны өзгертіп жіберген реформаға барлық жағынан ұқсас. Конт пен Спенсер әлеуметтік фактыларды, табиғат фактылары деп жариялап, алайда оларды зат деп түсіндірмейтіні секілді, түрлі эмпириялық мектептер де психологиялық құбылыстардың жаратылыстық сипатын мойындап үлгерді, бірақ оларға таза идеолгиялық әдісті қолданудан қойған жоқ. Шынында да, эмпиристер де, олардың қарсыластары да тек интроспекцияны пайдаланды. Тек өз-өзінде ғана байқалатын фактылар тым сирек, тез өтіп кетеді және құбылмалы, сондықтан маңызға ие болуға және біздің олар жайындағы үйреншікті ұғымдарымызды билеп-төстеуге үлгермейді. Бұл ұғымдар өзге бір бақылауға бағындырылмаған шақта, оларда таразының екінші басы болмайды да, соның салдарынан олар фактылардың орнын басады және ғылым мазмұнын құрайды. Мәселен, Локк та, Кондильяк та психикалық құбылыстарды объективті түрде қарастырмаған. Олар түйсінуді емес, түйсінудің белгілі бір идеясын зерттеген. Сондықтан да, олар кейбір жағынан ғылыми психология үшін негіз даярлағанымен, ол едәуір кеш, сана ахуалы олардың санасын сынақтан өткізушінің көзқарасы тұрғысынан емес, сырттан қарастырыла алатындығы және қарастырылуға тиіс екендігі түсінілген кезде ғана пайда болды. Бұл саладағы ұлы төңкеріс осындай. Осы ғылым молыға түскен барлық айрықша амалдар, барлық жаңа әдістер дегеніміз сол негізгі идеяны толығырақ жүзеге асырудың тек әрқилы құралдары ғана. Әлеуметтануға да осындай

прогресс қалып отыр. Ол әлі шықпаған дерлік субъективті кезеңнен, объективті кезеңге көшуі керек. Оның үстіне осынау көшу мұнда психологиядағыдан неғұрлым жеңіл. Шынында да, психикалық фактылар өзінің табиғаты жағынан субъектінің ахуалы ретінде берілген, шамасы олар, тегінде, онымен тым етене. Олар төл анықтамасы бойынша ішкі болып табылғандықтан, оларды, тегінде, сыртқы деп қарастыруға болмайды, өйтсек олардың табиғатын бұрмаламаймыз. Оларды осылайша қарастыру үшін абстракция күш-жігері ғана емес, амалдар мен қулықтардың бүтіндей жиынтығы қажет. Керісінше, әлеуметтік фактыларда заттың барлық нышандары әлдеқайда табиғи түрде және тікелей көрінеді. Құқық ғұмыры кодекстерде, күнделікті өмір барысы статистикалық кестелерде, тарихи ескерткіштерде жазып қойылады, сән – костюмдерде, талғам – өнер туындыларында бейнеленеді. Олар өз табиғатының пәрменімен индивидуалдық саналардан тыс орнығуға ұмтылады, өйткені олар санаған үстемдік етеді. Демек, оларды зат ретінде көру үшін, оларды бұлдыратып түсіндірмеу керек. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтанудың психологиядан маңызды артықшылығы бар, олар әлі күнге дейін көзге ілікпеген, бірақ оның дамуын жылдамдатуға тиіс. Оның фактыларын, бәлкім, түсіндіру қиынырақ болар, өйткені олар неғұрлым күрделі, бірақ оларды бақылау арқылы аңғару жеңілірек. Психология болса, керісінше, фактыларды үлкен қиындықпен өңдеп қана қоймай, оларды сондай қиындықпен табады. Демек, әлеуметтану әдісінің осы принципі бірауыздан мойындалып, практикада қолданылған кезде, әлеуметтану қазіргі дамуының баяулығына қарапт таразыласақ, көз ілеспес жылдамдықпен дамиды деп ойлауға болады. Сол кезде ол тіпті өзінің артықшылығы үшін тек тарихи үлкендігіне қарыздар психологияны да басып озады395.

395 Рас, әлеуметтік фактылардың көбірек күрделілігі оларды зерттепуді қиындата түседі, бірақ оның қайтарымы ретінде, соңғы ғылым есебінде, ертерек пайда болған ғылымдардың қол жеткізген табыстарын пайдаланып, олардан көп нәрсеге үйрене алады. Бар нәрсені бұл пайдалану оның дамуын жеделдетпей қоймайды.

Бірақ, біздің ізашарларымыздың тәжірибесі, осы жаңа ғана анықталған ақиқаттың практикалық тіршілігін қамтамасыз ету үшін, оны теориялық жағынан дәлелдеу де, тіпті жете ұғыну да жеткіліксіз екенін көрсетті. Ақыл оны мойындамауға тырысатыны соншалық, егер біз қатаң тәртіпке бағынбайтын болсақ, міндетті түрде бұрынғы адасуларымызға қайта ораламыз, ол тәртіптің ең басты ережелері алдыңғы ереженің королларийлары ретінде қазір баяндалады. 1. Бірінші королларий мынадан тұрады: алғы ұғымдар атаулыны жүйелі түрде аластай беру керек. Бұл ережені арнайы дәлелдеп жату артық, себебі ол бұрын айтылғандардың бәрінен туындайды. Ол, мұның үстіне, кез-келген ғылыми әдістің негізін құрайды. Декарттың әдістемелік күмәні, шындығына келгенде, оны қолдану ғана. Декарт, егер ғылымды негіздеу процесінде өзі бұрын алған барлық идеяларға күмәнмен қарауды әдетке айналдырса, онда бұл оның тек ғылыми негізделген ұғымдарды, яғни, өзі орнатқан әдіс бойынша әзірленген ұғымдарды ғана пайдаланғысы келеді деген сөз: басқа бір көздерден алынатын идеялардың барлығы уақытша болса да, ысырып тасталуға тиіс. Біз Бэконның идолдар теориясы да дәл сондай мағына бар екенідігін көргенбіз. Бір-біріне өте жиі қарсы қойылатын қос ұлы доктриналар осы негізгі тармақта бір-біріне сай келеді. Демек, әлеуметтанушы өз тақырыбын анықтай отырып та, өз дәлелдерін келтіру барысында да, ғылымнан тыс пайда болған, ғылымға үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын ұғымдарды қажеттіліктер үшін пайдаланудан үзілдікесілді бас тартуға тиіс. Оның тобыр ақылы үстіне төніп тұратын осындай жалған айқындылықтардан арылғаны және эмпириялық категориялардың әдет көбіне-көп тираниға айналдырып жіберетін езгісін біржолата шайқалтқаны қажет. Егер сонда да, кейде қажеттілік оны соларға жүгінуге мәжбүр етсе, онда, бері салғанда, олардың құны шамалы екендігін ескере отырып істеуі керек, бұл оларға доктринада олар лайық емес рөл тимеу үшін қажет. Бұл арылудың әлеуметтануда ерекше қиын болатыны, мұнда сезім жиі килігеді. Шынында да, саяси және діни наным-сенімдерімізге, маңызды

исанияттық ережелерге біз физикалық дүниенің басқа объектілерінен мүлдем өзгеше қызулықпен қараймыз; осынау мінез қызулығы оларды қабылдауымыз бен түсінуімізге ықпал етеді. Олар туралы біз талдап жасайтын идеялар жүрегімізге олардың объектісі секілді өте жақын, және сондықтан ол қарсылыққа төзбейтін беделге ие болады. Өздеріне қарсы шығатын кез-келген пікірге дұшпандықпен қарайды. Мысалға, патриотизм немесе индивидуалдық ар-намыс идеясымен келіспейтін қандайда бір ойды алып байқайық. Қандай дәлелдерге сүйенбесін оны ол теріске шығарады. Оны ақиқат деп мойындамайды және күн ілгері қабылдамайды, ал қызбалық өзін ақтап алу үшін шешуші деп мойындалатын дәлелдерді оп-оңай тауып алады. Бұл ұғымдар ғылыми зерттеулерге тіпті төзбейтін беделге ие болуы мүмкін. Олар және солар білдіретін құбылыстар сұрқай да суық талданатын фактысының өзі бірқатар ақыл иелерін бұлқан-талқан етеді. Инсаниятты сырттан және сыртқы нақты болмыс ретінде зерттеп білгісі келген әрбір адам осынау талғампаз адамдарға, вибисектор тобырға кәдуілгі сезімталдықтың жоқтығы болып көрінетіні секілді, инсаният сезімі жоқ жандай көрінеді. Бұл сезімдер ғылыми тұрғыдан қарастыруға жатады дегенге жол беру былай тұрсын, олар қатысты болатын заттар туралы ғылыммен айналысу үшін оларға жүгінуге өздерін міндеттіміз деп санайды. “Егер ол өз санасының түкпірінде, ата-бабаларының жаны жай тапқан мызғымас қойнауында, ауық-ауық фимиамның хош иісі, псаломның сөздері... есіп тұратын киелі ғибадатхананы сақтап жүрмей құдайшылық тақырыпқа кіріссе, ғалымға лағнет, соған лағнет”, - деп лепіреді дін тарихшыларының бірі396. Осынау доктринаға қарсы кез-келген лебіз тым дәрменсіз, ол доктрина кезкелген мистицизм секілді шындап келгенде, кез-келген ғылымды жоққа шығаратын бүркемеленген эмпиризм ғана. Нысанасы әлеуметтік заттар болып табылатын сезімнің басқа да сезімдерден ешқандай артықшылығы жоқ, өйткені олардың тегі бір. Олар да тарих барысында пайда болған, олар да адам

396 Darmesteter L. Les proph~tes d’Іsrael. p. 9

тәжірибесінің, бірақ бұлдыр да шашыраңқы тәжірибесінің жемісі. Олар болмысты қандай да бір белгісіз трансцендентті жолмен күн ілгері біліп алу салдарынан туындамайды, қайта жүйесіз, кездейсоқ, әдістемелік түсіндірмесіз жинап алынған сан қилы әсерлер мен эмоциялардың жиынтығы болып табылады. Олар бізге парасат сәулесінен жоғарғы сәуле беру былай тұрсын, қайта тек қана, күшті болғанымен, бұлыңғыр ахуалдардан құралған. Оларға артықшылық телу – парасаттың жоғары қабілетінен төменгі қабілетін биік қою деген сөз, өзіңді азды-көпті қызыл сөздің жетегіне жегу деген сөз. Осындай жолмен жасалған ғылым, парасаттан гөрі өзінің сезімдеріне сәйкес ойлауды мақұл көретін, анық та сабырлы ой талдауынан гөрі тікелей де тұманды синтезді мақұл көретін жан иелерін ғана қанағаттаныдра алады. Сезім –ғылым объектісі, ғылыми ақиқат өлшемі емес. Айтпақшы, ең басында осындай кедергілерге кезікпеген ғылым жоқ. Физикалық дүние пәндеріне қатысты және діни немесе инсанияттық сипаты бар сезімдер физика ғылымының орнығуына қасарыса қарсы шыққан кездер де болған. Демек, біресе ана ғылымнан, біресе мына ғылымнан біртіндеп аласталып жатқан осынау соқыр сенім, сайып келгенде, жан сақтар соңғы тұрағы - әлеуметтанудан аласталып, мұнда да ғылымға кең өріс береді деп үміттенуге болады. 2. Алдыңғы, ереженің теріс ыңғайдағы сипаты бар. Ол әлеуметтанушыға әдеььегі ұғымдар езгісінен құтылып, өз назарын фактыларға аударуға шақырады. Бірақ ол объективті түрде зерттеу мақсатымен оларды қалай қолға түсіруге болатыны жайында ештеңе айтпайды. Кез-келген ғылыми зерттеу бірдей анықтамаға сай келетін құбылыстардың белгілі бір тобына бағышталған. Демек, әлеуметтанушының алғашқы қадамы, өзі де, басқалар да әңгіме не жайында болып жатқанын білетін болуы мақсатында зерттейтін заттарын анықтауға арналуға тиіс. Бұл кез-келген дәлелдеу мен кез-келген тексерудің бірінші мейлінше міндетті шарты; шынында да қандай да бір теорияны, ол түсіндіруге тиіс фактыларды ажырата білу арқылы ғана, бақылауға болады. Мұның үстіне, ғылым объектісі дәл осы

бастапқы анықтама бойынша белгіленетін болғандықтан, оның зат болатынболмайтындығы сол анықтаманың қандай болатынына байланысты. Бұл анықтама объективті болу үшін, ол құбылыстарды олар жайындағы идеялардың негізінде емес, оларға іштей тән қасиеттердің негізінде білдіргені қажет екендігі анық. Ол бұларды азды-көпті мінсіз ұғымдарға сәйкес келуі бойынша емес, олардың табиғатының құрамдас элементтері арқылы сипаттағаны қажет. Бірақ, зерттеу енді ғана басталған, фактылар әлі ешқандай өңдеуге ұшырмаған шақта, тікелей көрінерліктей болу үшін олардың жеткілікті сыртқы болып табылатын нышандары ғана қолға түсуі мүмкін. Дау жоқ, тереңірек жасырынған нышандар неғұрлым маңызды. Олардың түсіндірмелік құндылығы жоғары, алайда олар ғылымның бұл фазасында белгісіз және ол нақты болмыс қандай да бір тұжырымдамамен алмастырылғанда ғана алдынала байқалуы мүмкін. Демек, осынау негізгі анықтаманың мазмұнын алғашқылардың ішінен іздеу керек. Екінші жағынан, бұл анықтамада дәл сондай нышандары бар барлық құбылыстарды бөліп-жармай қамтуға тиіс, өйткені қолымызда олардың арасынан таңдайтын негіз де, құрал да жоқ. Онда бұл қасиеттер – нақты болмыс туралы бізге мәлім нәрсенің бәрі; сондықтан олар фактыларды топтау кезінде шешуші мәнге ие болуы керек. Бізде алдыңғы өлшемдердің ықпалын ішінара болса да шектей алатын өзге ешқандай өлшем жоқ. Осыдан мынадай ереже туындайды: Зерттеудің объектісі етіп олар үшін сыртқы саналатын кейбір ортақ белгілері арқылы алдын-ала анықталған құбылыстар тобын ғана таңдап алу және осы зерттеуге сол анықтамаға сай келетін барлық құбылыстарды енгізу керек. Мысалы, біз олардың жасалуы қоғам тарапынан ерекше реакция тудыратын, жазалау деп аталатын сыртқы нышандарға ие қарекеттердің кейбір саны бар екенін айқындадық. Олардан біз suі generіs тобын құраймыз да, оны бір ортақ айдармен орналастырамыз. Біз жазаланатын кез-келген қарекетті қылмыс деп атаймыз, да осылайша анықталатын қылмысты криминология деп аталатын ерекше ғылымның объектісі етеміз. Дәл осылайша біз барлық белгілі қоғамдар ішінен одан да кіші жекелеген қоғамдардың бар екенін байқаймыз, оларды біз белгілі заңдық

дәнекерлермен, көбіне-көп қандас туыстық бойынша өзара байланысты кісілерден құралғаны секілді сыртқы нышан бойынша білеміз. Бұған қатысы бар фактылардан біз ерекше топ құрамыз да, оны айрықша атаумен атаймыз; бұл – отбасылық өмір құбылысы. Біз осы сияқты кез-келген агрегатты отбасы деп атаймыз да, оны әлеуметтанушылық терминологияда әлі белгілі бір атауға ие болмаған арнайы зерттеудің объектісіне айналдырамыз. Одан кейін жалпы отбасыдан әрқилы отбасылық тұрпаттарға көшкенде дәл сол ережені қолдану керек. Мысалы, руды немесе аналық отбасыны, немесе патриархтық отбасыны зерттеуге кіріскенде оларды нақ сол әдіс бойынша анықтаудан бастау қажет. Әрбір проблеманың, ол жалпы болсын, жеке болсын, тақырыбы сол принципке сай белгіленуге тиіс. Әлеуметтанушы осылай қимылдағанда алғашқы қадамынан-ақ тікелей нақты болмыс өрісіне енеді. Шынында, фактыларды бұлайша топтап жіктеу тәсілі оған, оның ақылының ерекше құрылысына емес, зат табиғатына тәуелді. Фактылар ана не мына топқа жатқызу салдары болатын нышанды барлығы көрсете алады, барша мойындайды, және бір бақылаушының айтқандары өзгелерінің тарапынан тексеріле алады. Рас, осылайша тұжырымдалған ұғым әдеттегі ұғыммен әрдайым сай келе бермейді және тіпті әдетте сай келмейді. Мысалы, айталық, көптеген қоғамдарда сөзсіз және қатаң жазаланатын еркін ойлау мен этикетті бұзу ортақ пікірде тіпті сол қоғамдар жөнінде қылмыстық деп саналмайтыны айдан анық. Дәл сол секілді үйреншікті мағынасында отбасы емес. Бірақ бұл арада әңгіме әдеттегі тіл сөздері мен олар білдіретін идеялар қолданылатын фактыларды жеткілікті сенімді тауып алуға мүмкіндік беретін құралдарды жай ғана ашу жайында болып отырмағандықтан бұл маңызды емес. Бізге әрқилы детальдардан ғылымның қажетіне жарайтын және арнайы терминология көмегімен білдірілетін жаңа ұғымдар жасау қажет. Әрине, бұл әдеттегі ұғым ғалым үшін түкке қажеті жоқ деген сөз емес; жоқ, ол жол сілтегіш қызметін атқарады. Ол бізге әлдебір жерде бірдей атаумен біріктірілген, демек, тегінде, ортақ қасиеттерге ие құбылыстар тобы бар деген ақпарат береді; ол қандай да бір деңгейде құбылыстармен әрқашан байланысты

болғандықтан, кейде ол бізге, жалпы сипатта болса да, тіпті оларды қай бағытта іздеу керек екенін көрсете алады. Бірақ ол жүйесіз қалыптасқандықтан, өздеріне байланысты жасалған ғылыми ұғымдармен тым сай келе бермейтіні әбден орынды397. Бұл ереже қаншалықты айқын да маңызды болса да, ол әлеуметтануда сақтала бермейді. Нақ сондықтан онда біз ылғи да айта беретін заттар, мысалы отбасы, меншік, қылмыс және т.б. жөнінде сөз болатындықтан әлеуметтанушыға көбіне оларды алдын-ала және дәл анықтау бос әурешілік секілді көрінеді. Біз ауызекі әңгіме кезінде ұдайы қолданатын осындай сөздерді пайдалануға әдеттенгеніміз сонша, олардың біз қолданып отырған мағынасын анықтап жату еш қажетсіз іс секілді көрінеді. Жай ғана қабылданған ұғымға сілтеме жасалады. Ол ұғымдар көбіне көп мағыналы. Мұндай көп мағыналылық бір ғана терминмен және бір ғана түсінікпен шын мәнінде өте әрқилы заттардың біріктірілуінің себебі болады. Осыдан түзелмес былық пайда болады. Мәселен, моногамиялық одақтардың екі түрі болады: бірі нақты, екіншілері заңдық сипатта. Алғашқысында ер адамның жалғыз зайыбы болады, бірақ заң бойынша оның бірнеше зайыбы бола алады; екіншілерінде заң полигамды болуға тиым салады. Іс жүзінде моногамия жануарлардың көптеген түрлерінде және кейбір төменгі қоғамдарда кездеседі, және анда-санда емес, заңмен міндеттелген секілді жиі кездеседі. Халық кең аумақта шашыраңқы орналасқан кезде, қоғамдық байланыс нашар болады, және соның салдарынан индивидтер бір-бірінен оқшау өмір сүреді. Әрине мұндай жағдайда әрбір еркек әйел табуға, және бір ғана әйел табуға тырысады, өйткені бұлайша шашыраңқылық ахуалында бірнеше әйел алу қиын. Ал міндетті моногамия, керісінше, тек ең дамыған қоғамдарда байқалады. Ерлі-зайыптылардың осындай екі түрі, демек тым үлкен айырмасы бар мәнге ие, солай бола тұра,

397 Практикада істі әрқашан үйреншікті ұғым мен үйреншікті бастайды. Заттар арасынан осы сөзбен бұлдыр нобайланатын, ортақ сыртқы белгілері бар заттарды іздейді. Егер ондайлар табылып жатса, егер осындай фактыларды тобы жаратқан ұғым, толық болмаса да (бұл сирек), бірақ, бері салғанда өзінің көп бөлігімен әдеттегі ұғымға ұқсас болса, онда оны, соңғысы секілді, сол сөзбен атай беруге болады және ауызекі сөзде пайдаланылатын тіркесті ғылымда сақтауға болады. Бірақ егер ауытқу тым елеулі болса, егер әдеттегі ұғым өз бойында бірқатар ұғымдарды араластырып жіберетін болса, онда жаңа және арнайы терминдер жасау қажетті іске айналады.

олар бір сөзбен аталады. Осылай кейбір жануарлар туралы, оларда заңдық міндеттемеге ұқсас ештеңе болмаса да моногамды делінеді. Мәселен, Спенсер, некені зерттеуге кірісе отырып, “моногамия” сөзін оны әдеттегі қос мағыналы мәнінде анықтамай-ақ қолдана береді. Осыдан шығатыны мынау: неке эволюциясы оған түсініксіз аномалияны қамтитындай болып көрінеді, өйткені ол жыныстық одақтың ең жоғары пошымы тарихи дамудың алғашқы кезеңдерінде-ақ байқалады, және ол көп ұзамай, аралық кезеңде жоғалып кетіп, содан кейін қайта пайда болады деп ойлайды. Осыдан келіп ол жалпы әлеуметтік прогресс пен отбасылық өмірдің мінсіз тұрпатына қарай прогресті қозғалыс арасында белгілі бір ара қатынас жоқ деген байлам жасайды. Тиісті анықтама жасалған болса, бұл қателікке жол бермес еді398. Басқа бір жағдайларда зерттеуге жататын объектіні мұқият анықтап алуға тырысады, бірақ, сыртқы қасиеттері бірдей барлық құбылыстарды бір атау астына топтастырып, анықтамаға енгізу орнына, оларды сұрыптайды. Олардың кейбіреулерін элита тәрізді таңдап алады да, осы қасиеттерге ие болу солардың ғана құқығы екенін мойындайды. Ал қалғандарына келетін болсақ, оларды осынау өзгешелік нышандарын зорлықпен алғандар секілді көріп, олармен санаспайды. Бірақ, бұлай істегенде тек субъективті де өңі айналдырылған ұғым алынатынын алдын-ала білу оңай. Шынында да, аталмыш лақтырып тастау тек сыңаржақ идеяға сәйкес істеле алады, өйткені басында ешқандай зерттеу ондай озбырлықтың болғанын, болуы мүмкін деп топшылағанның өзінде анықтап үлгірмейді. Бұл құбылыстардың таңдап алынуы олардың нақты болмыстың осы түрі жайында жасалған мінсіз тұжырымдамаға өзгелерден жақсырақ сай келуінен ғана. Мысалы, Гарофало өз “Криминологиясының” басында бұл ғылымның бастауы “қылмыс жайындағы әлеуметтанушылық ұғым” болуы тиіс екендігін өте жақсы дәлелдейді399. Бірақ, осы ұғымды жасау үшін, ол түрлі тұрпаттағы қоғамдарда сөзсіз жазалауға жетелейтін қарекеттердің бәрін бөліпжармай салыстырмайды, тек олардың кейбіреулерін ғана, атап айтқанда, тек

398 Анықтаманың болмауы кейде демократия тарихтың басталар шағы мен аяқталар шағында тең шамада кездеседі деп кесіп айтуға мүмкіндік берді. Ақиқат мынада: алғашқы қауымдық демократия мен осы заманғы демократия бір-бірінен едәуір өзгешеленеді. 399 Garofalo. Crіmіnologі, р. 2.

инсаният сезімдерінің орташа және өзгермейтін элементтерін қорлайтын қарекеттерді ғана салыстырады. Эволюция барысында жоғалып кеткен инсаният сезімдеріне келсек, олар, сақталып қала алмауының себебінен, оған зат табиғатында негізгілері емес секілді көрінеді. Осының салдарынан, инсаният сезімдерін қорлағандықтан қылмысты деп саналған қарекеттер, оның пікірі бойынша, бұл атауға кездейсоқ және азды-көпті патологиялық жағдайлардың арқасында ие болған. Бірақ, ол мұны тек мейлінше субъективті тұжырымдамасының салдарынан жасайды. Ол, түу бастан немесе соның маңынан алынған инсанияттық эволюция әртүрлі қоспалар мен қоқыстарға бай, ол кейіннен оларды біртіндеп жояды, және ол өзінің ағысын бұзған барлық кездейсоқ элементтерден енді ғана арыла алды деген идеяны басшылыққа алады. Бірақ бұл принцип айдан анық аксиома да, дәлелденген ақиқат та емес, тек гипотеза ғана, оның үстіне оны ешьеңе қуаттамайды. Инсанияттық сезімнің құбылмалы элементтерін де, бұлжымайтын элементтерін де зат табиғаты жасайды; алғашқылары өткен өзгерістер тек заттардың өздері өзгергенін дәлелдейді. Зоологияда төменгі тіршілік иелеріне тән ерекше пошымдардың табиғилығы, жануарлар түрлері иерархиясының барлық баспалдақтарында қайталанатын пошымдардың табиғилылығынан кем емес деп саналады. Дәл сол секілді алғашқы қауымдық қоғамдарда қылмыс деп саналған және кейіносы атаудан айрылған қарекеттер, біз қазір де жазалайтын қарекеттер секілді, шынында да аталмыш қоғамдар жөніндегі қылмыс болып табылады. Біріншілері әлеуметтік өмірдің құбылмалы жағдайына, екіншілері – тұрақты жағдайларға сәйкес келеді, бірақ біріншілерінің қолдан жасалғандығы екіншілерінікінен артық емес. Ол-ол ма: бұл қарекеттер криминологиялық сипатқа заңсыз ие болған күннің өзінде, оларды өзгелерінен күрт бөліп тастамау керек, өйткені кезкелген құбылыстың кінаратты пошымдары мен қалыпты пошымдардың табиғаты бірдей, осының салдарынан сол табиғатты анықтау үшін олардың біріншісін де, екіншісін де бақылау қажет. Сырқат денсаулыққа қарсы қойылмайды, бұл бір тектің бір-бірін өзара айқындайтын екі түрі. Биологияда

да, психологияда да әлдеқашан мойындалып, қолданылатын бұл ережені әлеуметтанушы да дәл сол секілді құрметтеуге тиіс. Егер тек бір ғана құбылыс бірде бір себептен, екінші жолы басқа бір себептен пайда болады дегенге жол берілмесе, яғни себептілік принципі жоққа шығарылмаса, онда қараекетке “қалыпты емес” қылмыстың ерекшелік нышанын беретін себептер, түр тұрғысынан дәл сондай нәтижені қалыпты ретте беретін себептерден ерекшелене алмайды; екіншілері біріншілерінен тек дәрежесімен немесе қарекеттің дәл сол жағдайлар жиынтығы тұсында жасалмауымен өзгешеленеді. Қалыпты емес қылмыс, демек, бәрібір қылмыс, және сондықтан ол қылмыс деген анықтама аясына енуге тиіс. Сонымен не болып шықты? Гарофало тек түрді немесе тіпті қарапайым алуандықты тек деп қабылдайтыны шықты. Оның қылмыстылық формуласы қолданылатын фактылардың ол қамтуға тиіс болған фактылардың болмашы ғана бөлігін көрсетеді, өйткені ол не діни қылмыстарға, не этикетке, рәсімдерге, дәстүрге және т.б.-ға, қарсы біздің осы заманғы кодекстерімізде жоқ болса да, бізге дейін өмір сүрген қоғамдардың бүкіл дерлік қылмыстық құқықтарын толтыратын қылмыстарға сай келмейді. Бұл, кейбір оқымыстылар жабайыларға қандай да болсын инсаниятты қимайтыны секілді, әдістегі қателік400. Олар біздің инсаниятымыз ғана инсаният деген идеяны басшылыққа алады; бірақ ол, тегінде, алғашқы қауымдық халықтарға белгісіз болған немесе ұрық күйінде ғана болған дейді. Бірақ бұл анықтама парықсыз. Біздің ережені қолдансақ – бәрі өзгеріп шыға келеді. Қандай да бір міндетті нұсқау инсаниятты ма, жоқ па дегенді анықтау үшін онда инсанияттың сыртқы нышаны бар ма, жоқ па дегенді қарастыруға тиіспіз. Бұл нышан жазалаушы диффузиялық санкцияда, яғни осынау нұсқауды бұзудың кез-келгенін қоғамдық пікірдің айыптауында. Осы нышанға ие фактымен кезіккен әрбір жолы оған инсаниятты деген атау бермеуге біздің құқығымыз жоқ, өйткені бұл нышан оның табиғатының басқа да инсанияттық фактылардың табиғатымен ұқсас екендігінің дәлелі бола алады. Осы тектес

400 Loobbok. Les orіgіnes de la cіvіlіzatіon, ch. VІІІ. Ежелгі діндер инсаниятсыз деудің өзі бұдан кем қате емес. Ақиқат мынада: олардың өз инсанияты бар.

ережелер төменгі қоғамдарда кездесіп қана қоймайды, олар сол қоғамдарда өркениятты қоғамдардағыдан едәуір көп. Қазір еркін пікірге басы бүтін берілген толып жатқан қарекеттер ол кезде міндетті деп саналған. Анықтама бермейтін немесе нашар анықтайтын кезде қандай адасуларға ұшырауға болатыны айдан анық. Алайда былай деуі мүмкін: құбылыстарды көзге көрінерлік нышандары бойынша анықтағанда біз негізгі атрибуттарға нұқсан келтіріп, үстірт қасиеттерге артықшылық бермейміз бе? Бұл қисынды ретті төңкеріп, заттардың тұғырына емес, ұштарына сүйену болып шықпай ма? Мәселен, қылмысты жазалау арқылы анықтағанда, қылмысты жазадан шығаруды қалайды, яки, белгілі цитатаға сәйкес, ұяттың қайнарын жазаланатын қарекеттен емес, эшафоттан көргісі келеді деген айыптауға өзін сөзсіз дерлік ұшыратады. Бірақ бұл жазғыру орынсыз. Біз ережесін, жаңа ғана тұжырымдаған анықтама ғылыми зерттеудің басталар кезінде орналасатындықтан, оның мақсаты нақты болмысты білдіру емес, ол тек бізге соған болашақта қол жеткізу мүмкіндігін беруі ғана тиіс. Бұл анықтаманың бірден-бір қызметі бізді заттармен жанастыру ғана, ал олар парасатқа сырттан ғана қол жетерлік болғандықтан, сол заттарды ол сыртқы қасиеттері бойынша білдіреді. Бірақ ол бұл заттарды түсіндірмейді; ол тек түсіндіру үшін бізге қажет бастапқы сүйеніш нүктесін ғана ұсынады. Әрине, қылмысты жасайтын жазалау емес, бірақ соның көмегімен ғана қылмыс сырттан көзге түседі, және сондықтан, егер біз қылмысты түсінгіміз келсе, соны басшылыққа алуымыз керек. Біз мысалға келтірген қарсылық, егер сыртқы нышандар кездейсоқ болса, яғни олар негізгі қасиеттермен байланысты болмаса, орынды болар еді. Шынында, мұндай жағдайларда ғылым оларды атап кете отырып, ілгерілеудің ешқандай мүмкіндігіне ие болмас еді; ол нақты болмысқа тереңірек бойлай алмас еді, өйткені үстірттік пен тереңдік арасын байланыстыратын ешқандай буын болмас еді. Бірақта егер тек себептілік принципі бос сөз болмаса, белгілі бір нышандар бірдей және бөліп-жармай сол топтың барлық құбылыстарында кездесетін жағдайларда, олар сол құбылыстардың табиғатымен тығыз

байланысты және соған сәйкес келеді дегенге кәміл сенуге болады. Егер қарекеттердің қандайда бір тобы қылмыстық санкциямен байланысты ерекшелікті бірдей көрсететін болса, онда бұл жазалау мен осы қарекеттердің басты қасиеттері арасында тығыз байланыс бар деген сөз. Сондықтан, бұл қасиеттер қаншалықты үстірт болғанымен, егер олар дұрыс әдіс бойынша бақыланған болса, онда олар ғалымға зат тереңіне бойлау үшін басшылыққа алуға тиіс жолды жақсы нұсқайды. Олар ғылыми түсіндіруді құрайтын желінің алғашқы да қажетті буыны болып табылады. Заттардың сыртқы қыры бізге түйсіну арқылы берілетін болғандықтан, қорытындылай келе мынаны айтуға болады: ғылым объективті болу үшін оның қатысуынсыз пайда болған ұғымдардан емес, түйсінулерден бастау алуға тиіс. Ғылым өзінің бастапқы анықтамаларының элементтерін тікелей сезімдік мәліметтерден алуға тиіс. Шынында да, басқаша қимылдай алмайтынын түсіну үшін, ғылым ісі неден тұратынын елестетіп алу жеткілікті. Оған, заттарды практика үшін өзіне пайдалы күйде елестету емес, оларды барабар, нақ өзіндей етіп елестететін ұғымдар қажет. Оның көмегінсіз орныққан ұғымдар бұл талапқа сай келмейді. Демек, ол жаңа ұғымдарды қалыптастыратын болуы қажет, ал бұл үшін, жалпы жұрт қабылдаған ұғымдар мен соларды білдіретін сөздерді ығыстыра отырып, ол түйсікке – барлық ұғымдардың бастапқы және қажетті негізіне қайта оралуға тиіс. Барлық жалпы, ақиқат және жалған, ғылыми және бейғылыми идеялар нақ түйсіктен шығады. Ғылымның немесе оймен табылған білімнің бастапқы нүктесі, демек әдеткі немесе практикалық білімнің бастапқы нүктесінен өзге бола алмайды. Тек кейіннен, осы ортақ материалды өңдеу тәсілінен айырмашылықтар басталады. 3. Бірақ түйсік әбден-ақ субъективті болуы мүмкін. Сондықтан жаратылыстану ғылымдарында тым субъективті деген сезімдік мәліметтерді ығыстырып, объективтілік дәрежесі жеткілікті жоғары мәліметтерді сақтап қалу ереже ретінде қабылданған. Осылайша, физик температура немесе электр туғызатын бұлдып әсерлерді термометрдің немесе электрометрдің көрсеткіштерімен алмастырады. Әлеуметтанушы да сондай сақтыққа баруға

тиіс. Ол өз зерттеулерінің объектісін айқындайтын сыртқы нышандар мүмкіндігінше объективті болуға тиіс. Мындай принципті тұжырымдауға болады: әлеуметтік фактылар, олар көрініс беретін индивидуалдық фактылардан қаншалықты толық арылса, соншалықты жеңіл объективті бола алады. Шынында, ол қатысты болатын объект қаншалықты тұрақты болса, түйсік соншалық объективті болады, өйткені кез-келген объективтіліктің шарты – тұрақты да айнымас бағдардың болуы, түсінік сол бағдарға жүгінеді және ол одан құбылмалы атаулының бәрін, яғни субъективтілікті аластауға мүмкіндік береді. Егер бізге берілген бірден-бір бағдардың өзі құбылмалы болып, ешқашан өзіне тек күйінде қалмайтын болса, онда ешқандай ортақ өлшемнің болмағаны, және бізде өз әсерлеріміздің қайсысы сыртқы дүниеге тәуелді, қайсысы өзімізден шығып жатқанын айыратын ешқандай құрал жоқ. Бірақ әлеуметтік өмір оқшауланбайынша және оны бейнелейтін оқиғалардан бөлектенбейінше, ол осынау оқиғалар түрлі жағдайларда және әрбір минут сайын өз келбетін өзгертіп, оған өз тынымсыздығын өткізетіндігі салдарынан дәл сол қасиетке ие бола береді. Ол сонда, ұдайы жаңғыру процесінде болатын және бақылаушының назарына іліге қоймайтын бірқатар еркін ағыстардан тұрады. Демек, бұл ғалымның әлеуметтік нақты болмысты зерттеп білу үшін кірісер тұсы болмағаны. Бірақ, біз әлеуметтік нақты болмыстағы бір ерекшелік өзі болып қала беруден бас тартпай-ақ онда кристалдануға қабілетті екенін білеміз. Олар қоздыратын индивидуалдық қарекеттен тыс, ұжымдық әдеттер белгілі бір пошымдарда, заңдық және инсанияттық ережелерде, халық мәтелдерінде әлеуметтік құрылым фактыларында және тағы басқаларында көрініс береді. Бұл пошымдар тұрақты және қалай қолданылатындығына қарай өзгеретін болғандықтан, олар бақылаушының қолы әрқашан жете алатын және субъективті әсерлер мен таза жеке түсініктерге орын қалдырмайтын орнықты объектіні, тұрақты шаманы құрайды. Заңдық ереже дегеніміз соның өзі, және оны түсінудің екі тәсілі жоқ. Екінші жағынан, бұл салттар әлеуметтік өмір мен

топтастырылғандықтан, егер қарама-қарсы нұсқау болмаса401, әлеуметтік өмірді сол салттар арқылы зерттеу әбден орынды. Демек, әлеуметтік фактылардың қандай да бір тобын зерттеуге кіріскенде, әлеуметтанушы оларды өздерінің индивидуалдық көріністерінен оқшауланған күйде көрінген тұсынан қарастыруға тырысуы керек. Осы принциптің пәрменімен қоғамдық ынтымақты, оның әрқилы пошымдары мен эволюциясын біз оларды білдіретін құқықтық ережелер жүйесі арқылы зерттедік402. Дәл сол секілді, егер отбасының түрлі тұрпаттарын саяхатшылардың, кей-кейде тарихшылардың әдеби бейнелеуі арқылы айыруға және топтастырып жіктеуге талпынып көрсек, онда ең алуан түрлерді шатыстырып алу, ең алшақ тұрпаттарды жақындатып алу қаупіне ұшырауға болады. Ал егер, керісінше, топтастырып жіктеудің негізі етіп отбасының заңдық құрылысын, әсіресе мұрагерлік құқықты алсақ, онда біз кінаратсыз болмаса да, көптеген адасулардың алдын алатын объективті өлшемге ие боламыз403. Айталық, біз қылмыстың әрқилы түрлерін топтастырып жіктемекпіз. Онда қылмыс әлемінің әрқилы бөлшектерінде қолданылатын өмір салтын, кәсіптік ғұрыптарды қалпына келтіруге тырысу қажет, және сонда біз оның ұйымы қаншалық әрқилы пошымдарды көрсетсе, соншалық қылмыстық тұрпаттарды мойындаймыз. Құлықтарды, халықтық наным-сенімдерді ұғыну үшін оларды білдіретін мақалдар мен мәтелдерге жүгіну керек. Әрине, осылайша қимылдағанда біз ұжымдық өмірдің нақты мазмұнын ғылымнан уақытша тыс қалдырамыз, ал бұл екі арада, ол қаншалық құбылмалы болғанымен, бізде оның танылмайтындығын a prіorі постулаттау құқығы жоқ. Бірақ егер дұрыс әдіс жолымен жүргіміз келсе, ғылымның алғашқы қыртыстарын босаң құмға емес, қатты жерге орнықтыру керек. Әлеуметтік құбылыстар әлеміне ғылыми зерттеу үшін ең ыңғайлы тұсынан кірісу керек. Тек кейінірек зерттеуді әрі қарай жүргізуге болады және, жылыстап кете

401 Аталмыш алмастыру орынды болмас үшін мысалы, қазіргі кезде құқық енді қоғамдық қатынастардың шынайы ахуалын білдірмейді деп санауға негіз табу қажет болар еді. 402 Қараңыз: Dіvіsіon du travaіl socіal, І, 1. 403 Біздің мына жұмысымызды салыстырыңыз: Іntroductіon ~ la socіologіe de la famіlle. Annales de la facult~ de lettres de Bordeaux. 1889.

беретін осынау нақты болмысқа дәйекті түрде, біртіндеп енуге болады, бәлкім, бұл нақты болмысты адам ақылы ешқашан толықтай игере де алмас.

ІІІ тарау

Қалыпты және патологиялық құбылыстарды ажыратуға қатысты
ережелер

Жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын бақылау, кейбір нышандары бойынша тым әрқилы фактылардың екі санатын қамтиды: қандай болуға тиіс болса, нақ сондай фактылар және басқаша болуға тиісті фактылар – қалыпты және патологиялық құбылыстар. Оларды, анықтамаға бірдей енгізу қажет екендігін жоғарыда көрдік, кез-келген зерттеу содан басталуға тиіс. Бірақ егер кейбір тұрғыдан олардың табиғаты бірдей болғанымен де, олар екі алуандықты білдіреді, оларды ажырата білу маңызды. Бірақ, ғылымда осындай ажыратуға мүмкіндік беретін құралдар бар ма? Бұл мәселе өте маңызды, өйткені ғылымның рөлі, әсіресе адам туралы ғылымның рөлі жайындағы түсінік соның шешіміне байланысты. Жақтастары барынша әрқилы мектептерге жататын бір теория бойынша ғылым біз қалауға тиісті нәрсе жөнінде ештеңе айта алмайды. Оған, дейді барлығының құны бірдей және барлығын бірдей қызықтыратын фактылар ғана белгілі; ол оларды бақылайды, түсіндіреді, бірақ таразыламайды. Ол үшін жазғыруға лайық фактылар жоқ. Оның алдында жақсылық пен жамандық жоқ. Ол бізге қандай мақсаттарды көздеу керектігін емес, себептер салдарларды қалай туғызатынын хабарлай алады. Бар нәрсені емес, қалағанымызды білу үшін қалай деп атамасын (түйсік, сезім, өмірлік күш және сол сияқты) санадан тыс ұйытуға жүгіну қажет. Ғылым, дейді аталып өткен бір автор, дүниеге жарық алып келе алады, бірақ ол жүректе түнек қалдырады және сәулесін жүректің өзі алып жүруге тиіс. Осылайша, ғылым кез-келген практикалық күштен айрылған немесе айрылған дерлік және соның салдарынан өмір сүру құқығынан айрылған

болып шығады, өйткені нақты болмысты тану неме керек, егер өмірде оның бізге пайдасы жоқ болса? Бәлкім, дейді, ол бізге құбылыстардың сырын аша отырып, оларды біздің тілегіміз бойынша шақыратын құрал ұсынар және соның нәтижесінде біздің ырқымыз көздейтін мақсаттарды ғылымнан артық негіздер арқылы жүзеге асырар. Бірақ кез-келген құралдың өзі белгілі бір тұрғыдан мақсат болып табылады, өйткені оны іске қосу үшін оны ол көздейтін мақсат тәрізді қалау қажет. Бұл мақсатқа жеткізетін жолдар әрқашан әртүрлі, демек, солардың арасынан таңдауға тура келеді. Егерде ғылым бізге ең жақсы мақсатты таңдауға көмектесе алмайтын болса, онда ол соған жетудің ең жақсы жолын қалай көрсете алмақ? Ол бізге ең үнемді жолдың орнына, ең жылдам жолды, ең қарапайым жол орнына ең дұрыс жолды, немесе керісінше жолды неліктен ұсынады? Егер ол ең жоғары мақсаттарды анықтауда бізді басқара алмайтын болса, онда іс құралдар деп аталатын екінші дәрежелі бағынышты мақсаттарға тірелгенде де дәл сол секілді қауқарсыз болып шығады. Идеологиялық әдіс, рас, осы мистицизмге соқпауға мүмкіндік береді, және оған соқпау тілегі осы әдістің орнықтылығының ішінара себебі болды. Шынында да, оны қолданған адамдар, адамның мінез-құлқы рефлексия арқылы басшылыққа мұқтаж емес дегенге жол беру үшін тым ұтымшыл болатын, дегенмен олар қандай да болсын субъективті деректерден тәуелсіз, дербес алынған құбылыстардан оларды практикалық құны бойынша топтастырып жіктеуге жол ашатын ештеңені көре алған жоқ. Демек, оларды таразылаудың бірден-бір құралы – оларды оларға үстемдік ететін қандай да бір ұғымға жетелеу секілді көрінеді. Сондықтан фактылардан шығу орнына сол фактыларды салыстыру ісін басқаратын ұғымдарды пайдалану кез-келген ұтымды әлеуметтанудың қажеттілігіне айналды. Бірақ біз, мұндай жағдайда практикаға рефлексияға сүйенген күннің өзінде, бәрібір ғылыми емес екендігін білеміз. Біз көлденеңе тартқан міндетті шешу бізге идеологияға ұрынбастан парасат құқығын қорғап қалуға мүмкіндік береді. Шынында да, қоғамдар үшін де, индивидтер үшін де денсаулық қажет, ал сырқат керісінше, жаман, және

одан қашқақтау қажет. Демек, егер біз фактылардың өзіне іштей тән және бізге әлеуметтік құбылыстардың түрлі категорияларында денсаулықты сырқаттан айыратын объективті өлшем таба алсақ, онда ғылым өз әдісіне адал болып қала отырып, практиканы анықтай алатын ахуалда болады. Әрине ол әлі индивидті тереңінен танып біле алмай жатқандықтан, тиісті деңгейде ол бізге тек жалпылама нұсқаулар ғана бере алады, олар жеке кісіні тікелей қабылдау тұсында ғана тиісінше нақтылана түседі. Ғылым анықтайтын күйіндегі денсаулық ахуалы бірде-бір индивидке толығымен сай келе бермейді, өйткені бұл арада тек неғұрлым жалпылама шарттар ғана ескерілген, олардан бәрі де азды-көпті ауытқиды; сонда да бұл мінез-құлық үшін қымбат бағдар. Осынау бағдарды кейін әрбір жеке жағдайға бейімдеу қажеттілігінен, оның таным үшін ешқандай қызығуы жоқ деген қорытынды шықпайды. Керісінше, ол біздің барлық практикалық толғамдарымыздың тұғыры қызметін атқаруға тиіс норма. Мұндай жағдайда ой қарекет үшін пайдасыз деуге болмайды. Ғылым мен өнер арасында енді түпсіз терең құз жатқан жоқ, бірі екіншісінің тікелей жалғасы болып табылады. Рас, ғылым фактыларға өнер арқылы ғана қол жеткізе алады, бірақ өнер тек ғылымның жалғасы ғана. Және сондай-ақ өзімізге мынадай сауал қоюға болады: ғылым ашатын заңдар индивидуалдық нақты болмысты барған сайын толығырақ білдіре бастауына қарай оның практикалық қауқарсыздығы кеми түсуіге тиіс емес пе?

І Әдетте ауруға сырқаттың көрсеткіші ретінде қарайды, және сөз жоқ жалпы алғанда осынау екі фактының арасында тұрақтылық пен дәлдікке кет әрі емес байланыс бар. Ауыр, бірақ сезілмейтін сырқаттар бар; екінші жағынан, боларболмас, мысалы көзге көмір ұнтағының түсуі сияқты, қолайсыздықтар нағыз азапқа түсіруі мүмкін. Кейбір жағдайда аурудың немесе ләззаттың сезілмеуі сырқаттың белгілері болуы мүмкін. Ауруды патологиялық сипаттағы сезінбеу де бар. Дені сау адам қиналар жағдайда неврастениямен ауыратын, денінің сау еместігі шүбәсіз адам ләззат сезіміне бөленуі мүмкін. Және керісінше, таза

физиологиялық құбылыстар – аштық, шаршағандық, босану сияқты ахуалдарға ауру ере жүреді. Біз, өмірлік күштердің бақытты дамуы аясында болатын денсаулық, организмнің өз ортасына толық бейімделуіне қарай танылады дей аламыз? Бірақ, біріншіден (кейінірек осы мәселеге оралуымызға тура келеді), организмнің кез-келген ішкі ахуалы қандай да бір сыртқы жағдаймен сәйкес болуы шарт екендігі тіпті де дәлелденбеген. Мұның үстіне, осы өлшем шынында да денсаулықтың ерекшелік белгісі қызметін атқара алған күнде де, оның өзі қосымша өлшемге мұқтаж болар еді, өйткені қалай болғанымен бір бейімделу тәсілінің екіншісінен жақсырақ екенін қандай принциптің көмегімен шешуге болатынын көрсетуіміз қажет болар еді. Ол тәсілдерді, біздің ұзақ өмір сүру мүмкіндігімізге қатысты бөліп-бөліп көрсетуге болмай ма? Сонда денсаулық дегеніміз организмнің осынау мүмкіндіктер барынша көп болатын ахуалы, ал сырқат керісінше, оларды кемітетін нәрсе болып шығар еді. Шынында да, жалпы алғанда аурудың зардабы организмнің әлсіреуі екендігіне күмәнданбауға болады. Бірақ мұндай нәтижені сырқат қана туындатпайды. Кейбір төменгі түрлердің ұрпақ келтіру қызметі артынша сөзсіз өлімге ұласады және тіпті ең жоғары түрлердің өзінде тәуекел қатері болады. Дегенмен бұл қалыпты құбылыс. Қарттық пен балалықтың да салдары сондай, өйткені қарт адам мен бала қиратқыш факторлардың ықпалына бәрінен қорғансыз. Бірақ олар науқас па және денсаулық тек ересек адамдардың еншісі деуге бола ма? Физиология мен денсаулық саласында мұндай тұжырым оғаш болар еді! Егер қарттық өздігіненақ сырқат болса, онда дені сау қарт пен ауру қартты қалай ажыратамыз? Мұндай көзқараспен етеккірді де сырқатты құбылыстар қатарына жатқызу керек болады, өйткені мәлім қолайсыздықтарды туғыза отырып, ол әйелдің аурушаңдығын арттыра түседі ғой. Бірақ мұндай ахуалды қалай сырқатты деп атауға болады, оның келмеуі немесе мерзімінен ертерек тоқтап қалуы сөзсіз патологиялық құбылыс қой? Бұл жағдайда сау организмде кез-келген ұсақтүйек нәрсе пайдалы рөл атқаруы тиісті, кез-келген ішкі ахуал қандай да бір

сыртқы талапқа дәл жауап беретін және соның салдарынан өмірлік тепетеңдікті қамтамасыз етіп, өлім қатерін азайтуға жәрдемдесетін секілді ойлайды. Керісінше, кейбір анатомиялық немесе қызметтік элементтер тікелей ештеңеге қызмет етпейді, олар тек өмірдің жалпы шарттары себебімен тіршілік етпей тұра алмайды. Соған қарамастан оларды сырқатты деп атауға болмайды, өйткені сырқат дегеніміз ең алдымен оның қармағына түспеу болатын және тіршілік иесінің қалыпты құрылысында болмайтын бірдеңе. Бірақ олар организмді күшейту орнына, кейде оның қарсылық күшін азайтып, соның салдарынан ажал қатерін артыраа түседі. Екінші жағынан, сырқаттың нәтижесі оның қызметінде бар деп ұйғарылатындай бола бермейді. Толып жатқан тым жеңіл жарақаттар бар емес пе. Организмнің өмірлік негіздеріне олардың айтарлықтай ықпалы бар деп қалай айта аламыз? Тіпті ең елеулі жарақаттардың арасында, егер біз олармен қолымызда бар қарумен күресе алатын болсақ, ешқандай зиянды зардабы болмайтындары бар. Гастриттен қорлық көріп жүрген адам, егер тиісті гигиенаны сақтайтын болса, дені сау адам секілді ұзақ өмір сүре алады. Әрине, ол күтінуге мәжбүр болады, бірақ біздің бәріміз де солай етуге мәжбүр емеспіз бе, әлде өмір басқаша бір қолдау таба ма? Әрқайсымыздың өз гигиенамыз бар; ауру адамның гигиенасы өз ортасындағы замандас орташа адамның гигиенасынан бөлек, бірақ бұл олардың арасындағы осы тұрғыдағы жалғыз айырмашылық. Ауру бізді айрықша тіршілік иесі етпейді, беті бері қарамайтын ахуалға жеткізбейді, ол бізді тек айналамыздағылардың көпшілігінен басқаша бейімделуге мәжбүрлейді. Түптеп келгенде пайдалы болып шығатын аурулар болмайды деп бізге кім айтты? Вакцина арқылы бізге егілетін шешек өз бойымызда ерікті түрде шақыратын нағыз ауру болып табылады, дегенмен де ол тірі қалу мүмкіндігімізді арттырады. Бәлкім, ауру туғызатын қолайсыздықтар ол туғызатын иммунитетпен салыстырғанда мардымсыз болатын өзге де жағдайлар көп шығар. Ақыр соңында, және бұл ең маңыздысы, аталмыш өлшем көбіне қолданысқа жарамайды. Әрі кеткенде белгілі өлім санының ең төменгі деңгейі

индивидтердің белгілі бір тобында ұшырасатындығын анықтауға болады, бірақ өлім деңгейі одан да төмен болуы мүмкін еместігін дәлелдей алмайсың. Өлім деңгейін тағы да төмендетуге болатын басқа құрылғы болуы мүмкін емес деп кім айтыпты? Демек, егер алдыңғы анықтаманы ескерсек, өлім оқиғаларының аталмыш минимумы толық бейімделудің дәлелі де, денсаулықтың сенімді нышаны да бола алмайды. Мұның үстіне, ондай топты анықтап алу және оны барлық басқа топтардан оқшаулау өте қиын, ал мұның өзі соған ғана тән және оның болжалды артықшылығының себебі қызметін атқаратын табиғи құрылғыны бақылау үшін қажет болар еді. Егер әңгіме беті бері қарамайтын, алмай қоймайтын ауру жайында болса, онда тірі қалу мүмкіндігі мардымсыз екендігі анық. Бірақ ауру тікелей ажалға жетелемейтін жағдайда, оны дәлелдеу өте қиын. Іс жүзінде, белгілі бір жағдайға тап болған тіршілік иелерінің тірі қалу мүмкіндігі кем екенін дәлелдейтін тек бір ғана объективті тәсіл бар; бұл – олардың көпшілігі іс жүзінде қысқарақ өмір сүретіндігін көрсету. Бірақ таза индивидуалдық сырқаттар жағдайында бұл дәлел көбіне мүмкін болғанымен, әлеуметтануда ол мүлдем мүмкін емес, өйткені биологта бар таяныш нүктесі, атап айтқанда өлім деңгейінің орташа көрсеткіші бізде жоқ. Біз тіпті қоғам қай сәтте дүниеге келетінін, қай сәтте өлетіндігін шамалас дәлдікпен де айта алмаймыз. Тіпті биологияда әлі толық шешімін таппаған осынау барлық проблемалар әлеуметтанушы үшін әлі тылсым. Мұның үстіне, әлеуметтік өмір үрдісінде болып жататын және сол тұрпаттағы барлық қоғамдарда бірдей дерлік қайталанып жататын оқиғалар, олардың қайсысы түпкілікті шешімді жылдамдатуға қай шамада жәрдемдесе алатындығын анықтау үшін тым әрқилы. Әңгіме индивидтергше келгенде, олардың көптігіне байланысты бір ғана нәрседе ұқсас – бәріне аномалия тән екендігіне қарай таңдап алуға болады; аномалия, осылайша, ілесе жүретін құбыластардың бәрінен оқшауланады да, оның организмге ықпалын зерттеп білуге жол ашылады. Егер, мысалы, бөліпжармай іріктелген бір мың ревматик арасында өлім орташа көрсеткіштен едәуір жоғары болса, онда бұл нәтижені ревматикалық диатезге телуге байыпты негіз бар. Бірақ әлеуметтануда әрбір әлеуметтік түрдің өкілдері шектеулі ғана

болатындықтан, мұндай топтар дәлелдік күшке ие болу үшін салыстыру алаңы тым шектеулі. Мұндай фактылық дәлелдер болмағандықтан, қорытындылары тек субъективті долбар мәніне ғана ие болатын дедуктивті толғамдар ғана мүмкін болып қалады. Мұндай жолмен, мынадай бір оқиға әлеуметтік организмді шынымен әлсіретеді дегенді емес, ол оны әлсіретеуге тиіс дегенді дәлелдейді. Осы мақсатпен, ол оқиғаның қоғамға зиянды зардаптар мынадай-мынадай деп көрсетіп, соның негізінде оны кінаратты жариялайды. Бірақ тіпті, ол шынында да осындай зардаптарға соқтырады деп топшылаған күннің өзінде, сол зардаптың теріс жақтарының есесі молынан қайтып, сол сәтте еленбеген, есесіне көл-көсір артықшылықтар беретін болып шығуы әбден мүмкін. Мұның үстіне, ол қызметтердің қалыпты жүзеге асырылуын бүлдірген жағдайда ғана тажалды деп атала алады. Бірақ мұндай дәлел мәселе шешіліп қойғанда ғана жарамды, өйткені ол қалыпты ахуал дегеніміз не екендігі күн ілгері анықталған, демек, оны қандай нышандар бойынша тануға болатыны белгілі жағдайда ғана мүмкін болады. Бірақ, оны a prіorі түрлі бөлшектерден құруға бола ма? Мұндай құрылыстың құны қанша екендігін айтып жатудың өзі артық. Әлеуметтануда да, тарихта да бірдей екі бірдей оқиға ғалымның бүйрегі бұруына қарай бірде ізгі, бірде тажалды деп жарияланатыны міне сондықтан. Мәселен, құдайға сенбейтін теоретик діни көзқарастардың жалбы дүрбелеңі тұсында сақталып қалатын иман қалдықтарынан ұдайы кінаратты құбылысты көрсе, құдайға сенетін теоретик үшін заманымыздың ең зор әлеуметтік сырқаты – имансыздық. Дәл сол секілді социалист үшін осы заманғы экономикалық ұйым әлеуметтік тератология (жекелеген органдардың да, тұтас организмдердің де құбыжық көрінісін зерттейтін ғылым – ред.) фактысы, ал ортодокс экономист үшін социалистік тенденциялар негізінен патологиялық құбылыс. Әрқайсысы өз пікірін қуаттау үшін өз ойынша дұрыс құрылған силлогизмдер табады. Бұл анықтамалардың ортақ кемшілігі құбылыстар мәнін күн ілгері табу ниеті. Олар – ақиқаттығын немесе жалғандығын былай қойғанда – тек ғылым жеткілікті ілгерілегенде ғана дәлелдене алатын қағидаларды дәлелденген деп

топшылайды. Біз үшін, айтпақшы, бұл жоғарыда белгіленген ережені ұстану деген сөз. Қалыпты және қалыптан тыс ахуалдың өмірлік күштермен қатынасын бірден анықтауға тырысу орнына, әуелі жай ғана қандай да бір тікелей қабылданатын, сыртқы, бірақ, бізге осы екі түрлі санаттағы фактыларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік беретін объективті нышанды іздейік. Кез-келген әлеуметтану құбылысы, кез-келген биологиялық құбылыс секілді шындап келгенде өзімен-өзі күйінде қала отырып, жағдайға қарай әрқилы пошымдарға ие болуға қабілетті. Бұл пошымдар екі текті болады. Біреулері түрдің бүкіл кеңістігінде таралған; олар оның барлық өкілдерінде кездеспегенмен де, көпшілігінде кездеседі. Олар көзге түсетін нақты жағдайлардың бәрінде бірдей ұқсас болмағанымен де, олардың бір субъектіден екінші субъектіге қарай өзгеруі тым шектеулі. Басқа пошымдар, керісінше, ерекше сипатта болады; олар азшылықта ғана кездесіп қоймайды, бұл арада да олар көбіне индивидтің бүкіл ғұмыры бойы жалғаса бермейді. Олар кеңістіктікте де, уақыт шеңберінде де әдеттен тыс болып көрінеді404. Демек, алдымыздан құбылыстардың басқа-басқа терминдермен аталуға тиісті ерекше екі нұсқасы тұр. Біз, кеңінен таралған пошымдар бар фактыларды қалыпты деп атайтын боламыз; ал өзгелерін кінаратты немесе патологиялық деп атаймыз. Егер біз түр шеңберінде бәрінен жиі кездесетін және олардың кеңінен таралған пошымдарында алынған қасиеттерді бір тұтасқа, абстракт индивидуалдық секілді бірдеңелер біріктіріп алатын абстракт тіршілік иесін орташа тұрпат деп атауға уағдаласқан, онда қалыпты тұрпат орташа тұрпатпен сәйкес келеді және денсаулықтың осы эталонынан қандай да бір ауытқуды кінаратты құбылыс деуге болады. Рас, орташа тұрпат дәл индивидуалдық тұрпат секілді дәл анықтала алмайды, өйткені оның құрамдас атрибуттары оншалық орнықты емес және өзгеруге қабілетті. Бірақ оның анықталуына шүбә келтіруге

404 Мұндай анықтама көмегімен сырқатты кемтарлықтан ажыратуға болады. Соңғысы тек кеңістікте ғана ерекше: ол индивидтердің көпшілігінде кездеспейді, бірақ ол өмір бойы жалғаса береді. Айтпақшы, фактылардың осы екі санаты мәнісі жағынан емес тек дәрежесінде ғана ерекшеленетіні айқын; олардың арасындағы шекара тым бұлдыр, өйткені сырқатта таралу, ал кемтарлықта белгілі бір өзгеріске ұшырау қабілеті бар. Демек, оларды анықтағанда, оларды күрт ажыратуға болмайды. Олардың арасындағы айырмашылық морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтан неғұрлым қатты болуы мүмкін емес, өйткені жалпы алғанда сырқат физиологиялық ыңғайдағы қалыпсыздық, ал кемтарлық анатомиялық ыңғайдағы қалыпсыздық.

болмайды, өйткені ол тек тұрпатымен астаса келіп, ғылымның тікелей пәнін құрайды. Физиолог орташа организм қызметін зерттейді, әлеуметтанушы туралы да осыны айтуға болады. Біз әлеуметтік түрлерді бір-бірінен ажырата алатын болған кезде (бұл туралы төменде қараңыз), белгілі бір түрдегі құбылыстың ең кеңінен тараған пошымы қандай екенін кез-келген уақытта табуға болады. Біз факт тек осы түрге қатысты ғана патологиялық деп аталуы мүмкін екенін көріп отырмыз. Денсаулық пен ауру жағдайы іn abstracto және абсолютті түрде анықтала алмайды. Биологияда бұл ережені барша мойындаған. Моллюсктер үшін қалыпты нәрсе омыртқалы үшін де қалыпты болады деу ешкімнің ойына келген емес. Әрбір түрдің өз денсаулығы бар, өйткені оның өз тұрпаты бар, және ең төменгі түрлердің денсаулығы ең жоғары түрлердің денсаулығынан кем емес. Бұл принцип әлеуметтануға да жарамды, алайда мұнда ол көбіне мойындала берілмейді. Институт, салт, инсанияттық ереже жайында, олар өздігінен-ақ және өзінің арқасында барлық әлеуметтік тұрпаттар үшін нашар немесе жақсы болғандай таразылаудың әлі де едәуір тарадып жүрген әдетінен бас тарту керек. Денсаулық немесе сырқат ахуалын таразылауға мүмкіндік беретін ауқым түрлермен бірге өзгеріп жататындықтан, ол, егер өз кезегінде түр өзгеріске ұшыраса, бір ғана түрге қатысты да өзгеруі мүмкін. Осылайша, таза биологиялық көзқарас тұрғысынан жабайы үшін қалыпты нәрсе өркениятты адам үшін барлық уақытта қалыпты бола бермейді, және керісінше405. Ескеріп отыру ерекше маңызды өзгерістер санаты бар, өйткені олар барлық түрлерде үздіксіз болып жатады: бұл жасқа байланысты өзгеріс. Қарт адамның денсаулығы ересек адамның денсаулығындай емес, дәл сол секілді соңғысының денсаулығы бала денсаулығынан өзгеше. Дәл осыны қоғамдарға қатысты да айтуға болады406. Демек, әлеуметтік фактыны белгілі бір әлеуметтік түр үшін

405 Мысалы өңеші шектеулі және нерв жүйесі денсаулығы мықты өркениятты адамдікіндей жабайы өз ортасында науқас болар еді. 406 Біз өз баяндауымыздың бұл бөлігін қысқартамыз, өйткені әлеуметтік фактылар жөнінде жалпы алғанда біз басқа бір жерде инсаният фактыларының қалыпты және қалыпты емес деп бөлінетінін айтқанымызды қайталаймыз. Қараңыз: Dіvіsіon du travaіl socіal, p. 33-39.

оның дамуының белгілі бір фазасына қатысты ғана қалыпты деуге болады. Сондықтан, оның бұлай аталуға құқығы бар-жоқтығын білу үшін, аталмыш түрге жататын қоғамдардың көпшілігінде ол қандай пошымдарда кездесетінін бақылау жеткіліксіз; сонымен қоса қоғамдарды олардың эволюциясының тиісті фазасында қарастыру керек. Тегінде, біз сөздерге анықтама берумен ғана шектелген секілдіміз, өйткені құбылыстарды тек олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырып, алынған топтарға атау бердік. Бірақ шындығына келгенде, біз осылай тұжырымдаған ұғымдар, объективті оңай жеңіл қабылданатын нышандар бойынша танылу артықшылығына ие болғанмен, алайда денсаулық пен сырқаттың әдеттегі ұғымынан алшақ емес. Іс жүзінде, сырқат баршаға, тіршілік иесінің табиғаты жол беретін нәрсе болғанмен, алайда ол үшін әдеттен тыс нәрсе болатын кездейсоқтық секілді көрінбей ме? Ежелгі философтар, осы түсінікті білдіре отырып, былай дейді: сырқат зат табиғатынан шықпайды, ол организмдерге іштей тән белгілі бір кездейсоқтықтың жемісі. Мұндай көзқарас, сөзсіз, ғылым атаулыны жоққа шығару, өйткені сырқатта да, денсаулықта да керемет кем; ол тіршілік иелерінің табиғатында да сол деңгейде ғана. Тек ол, олардың қалыпты табиғатында көзделмеген, олардың үйреншікті ұйымында жоқ және олар әдетте тәуелді болатын тіршілік жағдайларымен байланысты емес. Керісінше, түр үшін әдеттегі нәрсе – денсаулық ахуалы. Өз-өздінен және өзінің негізгі ұйымының пәрменімен айықпас дертке душар болған түрді елестетудің өзі мүмкін емес. Түр негізінен норма және соның салдарынан өзінде қалыптан тыс ештеңені қамти алмайды. Рас, әдеттегі әңгімеде денсаулық деп сондай-ақ жалпы алғанда сырқаттан артық саналатын ахуал түсініледі. Бірақ бұл анықтама алдыңғысында бар. Расында да, жиынтығы қалыпты тұрпатты құрайтын қасиеттер аталмыш түр үшін себепсіз ортақ бола алған жоқ. Осы ортақтық өз-өзінен-ақ түсіндіруді және себебін табуды қажет ететін факт болып табылады. Алайда ол, егер ұйымның бәрінен кең таралған пошымдары, сондай-ақ, бері салғанда жалпы алғанда, ең пайдалы пошымдары болмаса, түсіндіріле алмас еді. Егер олар

индивидтерге қиратушы ықпалдағы жақсырақ қарсыласу мүмкіндігін бермесе, жағдайлардың соншалық мол алуандығы тұсында олар қалайша сақтала алар еді? Керісінше, егер басқа пошымдар неғұрлым сирек болса, онда, оқиғалардың орташа санында оларды көрсететін субъектілердің зор қиындықпен тірі қалғаны анық. Алғашқыларының барынша кеңінен таралғандығы, демек олардың артықшылығының дәлелі қызметін атқаратындығын көрсетеді407.

ІІ Соңғы пікір тіпті баяндалған әдіс нәтижесін бақылап отыру құралдарын да береді. Қалыпты құбылыстарды сырттан сипаттайтын кең таралғандықтың өзі түсіндіріле алатын құбылыс болғандықтан, ол бақылаудың арқасында тікелей анықталған бойда оны түсіндіруге тырысу керек. Әрине, оның себебі бар екендігіне күн ілгері сенімді болуға болады, біраұ ол себептің қандай екенін дәл білу маңызды. Шынында да, құбылыстың қалыпты сипаты, егер оны аңғарған сыртқы нышан көрнекі ғана емес, сонымен бірге зат табиғатынан туындағаны дәлелденетін болса, егер, қысқасы, осынау іс жүзіндегі қалыптылықты қалыптылыққа айналдыру мүмкін болса, неғұрлым анық бола түсер еді. Мұндай дәлел, айтпақшы, құбылыстың организм үшін пайдалылығын әрдайым паш етуге саймайды, дегенмен жоғарыда айтылған себептер бойынша дәл сол бәрінен жиі кездесетін болады. Бірақ былай да болуы мүмкін, жоғарыда атап өткеніміздей, құбылыс ештеңеге қызмет етпестен, қалыпты жай ғана аталмыш тіршілік иесінің табиғатынан сөзсіз туындайтындығы себебінен қалыпты бола алады. Мәселен, бәлкім, босану әйел организмінде соншалық ауырсыну

407 Гарофало, рас аурушаңдықты қалыпты емес нәрседен айырып алуға тырысты (Қараңыз: Crіmіnologіе 109110). Бірақ ол дәлел ретінде тек екі уәж келтіреді: 1) “сырқат” деген сөз әрқашан организмді толық немесе жартылай қиратуға тырысатын бірдеңені білдіреді; егер қирату болмаса, онда көптеген аномалиялардағы тәрізді орнықты ахуал емес, айығу орын алады. Алайда біз оқиғалардың орташа санында аномалияда да өмірге қарсы бағытталған қатер болатынын көрдік. Рас, бұл әрқашан солай емес, ьірақ сырқат та тек көп жағдайда қауіпті. Орнықтылықтың жоқтығына келсек, оны сырқатты өзгешелейтін нышан ретінде көрсету – созылмалы сырқаттар туралы ұмыту және тератологиялық құбылысты патологиялық құбылыстан мүлдем бөліп тастау деген сөз. Кемтарлық орнықты. 2) Қалыпты және қалыпты емес құбылыстар нәсілге қарай айрылады, ал физиологиялық құбылыс пен патологиялық құбылыс арасындағы айырмашылық бүкіл адамзат баласына тән дейді. Біз жаңа ғана керісінше болатынын, жабайы адам үшін сырқат болып табылатын нәрсе өркениятты адам үшін олай болмайтынын көрсеттік. Физикалық денсаулық шарты айналадағы ортамен бірге өзгереді.

туғызғаны пайдалы шығар, бірақ бұл мүмкін емес. Демек, құбылыстың қалыптылығы қарастырылып отырған түрдің өмір сүру жағдайларымен байланысты болуы арқылы-ақ түсіндіріледі: не сол жағдайлардың сөзсіз салдары ретінде механикалық құбылыс деп, организмдерге сол жағдайларға бейімделуге мүмкіндік беретін құрал ретінде түсіндіріледі408. Мұндай дәлел тексеру ретінде ғана пайдалы емес. Қалыпты нәрсені қалыпты емес нәрседен айырп білу ең алдымен практиканы айқындай үшін маңызды екенін ұмытпау керек. Ал істің мәнін біле отырып, қимылдау үшін нені қалаумыз қажет екенін ғана емес біз оны не үшін қалауға тиіс екенімізді де білу жеткіліксіз. Қалыпты ахуалға қатысты ғылыми қағидалар, олардың негіздері қоса көрсетілген кезде, оларды жеке жағдайларға тікелей қолдану неғұрлым ыңғайлы болады, өйткені сонда оларды практикада қолданғанда қандай жағдайларда және қай бағытта өзгерту қажет екенін білу оңай болады. Тіпті мұндай тексеру барынша қажет болатын жағдайлар да болады, өйткені тек бірінші әдісті қолдану адастырылып жіберуі мүмкін. Бұл тексеру өтпелі кезеңдер үшін бүкіл түр әлі жаңа пошымда орнықпай, өзгеріс процесінде тұрған кезең үшін қажет. Бұл жағдайда орнығып үлгерген және фактылар арқылы берілген бірден-бір қалыпты тұрпат өткеннің тұрпаты, алайда ол тіршіліктің жаңа талаптарына енді сай келе бермейді. Осылайша, қандай да бір факт енді заман талабына сай болмайтын жағдайда да түрдің бүкіл кеңістігінде сақталып қала алады. Бұл жағдайда ол тек алдамшы қалыптылыққа ие болады: жаппай таралғандық тек жалған бүркеме, өйткені әдеттің соқыр күшінің пәрменімен қолдау табатын ол, енді бақыланатын құбылыс ұжымдық тіршілік етудің ортақ шарттарымен тығыз байланысты екендігінің нышаны емес. Бұл тек әлеуметтану ұшырасатын қиындық, биолог онымен кезікпейді. Шынында да, жануарлар түрлерінің күтпеген пошымдарды қабылдауға мәжбүр болатын сәттері өте сирек кездеседі. Олар басынан өткеретін жаратылыстық қалыпты өзгерістер – әрбір әлпетте негізінен жас шамасының ықпалымен жүйелі

408 Рас, құбылыс сөзсіз өмірдің жалпы жағдайларынан шығатындығы себепті өздігінен пайдалы емес пе деген сауал қоюға болады. Біз бұл философиялық сұрақпен айналыса алмаймыз. Айтпақшы, оны алда қозғаймыз.

қайталанып отыратын өзгерістер. Демек, олар белгілі немесе белгілі болуы мүмкін өзгерістер, өйткені олар толып жатқан оқиғаларда іске асқан; сондықтан жануардың дамуының әрбір сәтінде, тіпті дағдарыс кездерінде де, қалыпты ахуал неде екенін білуге болады. Әлеуметтануда да төменгі түрлерге жататын қоғамдар жөніндегі жағдай осындай. Олардың көбісі өз дамуының шеңберін аяқтағандықтан, олардың қалыпты эволюция заңы анықталған, немесе анықтала алады. Бірақ мәселе ең дамыған немесе кейін құрылған қоғамдар жайына тірелгенде, бұл заң белгілі бола алмайды, себебі олар әлі өз тарихын түгескен жоқ. Сондықтан әлеуметтанушыға қандай да бір құбылыс қалыпты ма, жоқ па, оны анықтау қиын болуы мүмкін, себебі оның қолында ешқандай бағдар жоқ. Ол қысталаңнан біз айтқандай қимылдап қана шыға алады. Бақылау арқылы фактының таралғандығын анықтап алып, ол ертеде осы жаппай таралғандық шарты болған жағдайларға көңіл қойып, одан кейін бұл жағдайлардың әлі бар-жоғын, немесе, керісінше олардың өзгергендігін зерттейді. Алғашқы жағдайда ол құбылыстарды қалыпты деп санауға хақылы, екінші жағдайда – жоқ! Мысалы, Еуропа халықтарының осы заманғы экономикалық ахуалы (оған ұйымдастырудың жоқтығы тән) қалыпты әлде қалыпты емес екенін білу үшін, оны өткенде не тудырғанын табу керек409. Егер сол жағдайлар осы заманғы қоғамдар тұрған жағдаймен бірдей болса, онда, олар тудыратын қарсылықтарға қарамастан, қалыпты болғаны. Егер, керісінше, ол өзге бір жерде біз сегменттік410 деп атаған және әу баста қоғамның негізгі қаңқасын құраған, кейіннен біртіндеп жоғалып кеткен ескі әлеуметтік құрылыммен байланысты болса, онда енді ол – қаншалықты кең таралмасын, кінаратты құбылыс деген байлам жасау керек. Дәл осы әдіс бойынша осы тектес даулардың барлығы, мысалы, діни наным-сенімдердің әлсіреуі немесе

409 Бұл туралы біз “Revue phіlosopіque” журналында жариялаған (Nov 1893) “La d~fenіtіon du socіalіsme” атты мақаланы қараңыз. 410 Сегменттік қоғамдар деп, және ішінара аумақтық негізі бар сегменттік қоғам деп біз негізгі элементтерінің тобы аумақтық бөлініске сай келетін қоғамдарды атаймыз.

мемлекет билігінің дамуы қалыпты ма, жоқ па деген сияқты мәселелер өз шешімін табуға тиіс411. Соған қарамастан бұл әдіс алдыңғы әдісті тіпті де алмастыра да, бірінші болып қолданыла да алмайды. Біріншіден, ол біз әрі қарай сөз етуге тура келетін және оларға ғылымда жеткілікті ілгерілеп қана кірісуге болатын мәселелерді қозғайды; ол өзімен, жалпы алғанда, құбылыстың толық дерлік түсіндірілуін қамтиды, өйткені ол, не олардың себебін, не олардың қызметін белгілі деп топшылайды. Алайда, кейбір мәселелерді қоспағанда, физиология және патология салаларын ажырату үшін зерттеудің ең басында фактыларды қалыпты және қалыпты емес деп бөлу мүмкіндігіне ие болудың маңызы зор. Одан кейін, факт қалыпты болып саналу үшін қалыпты тұрпатқа қатысты пайдалы немесе қажет деп мойындалуы тиіс. Өйтпеген күнде, сырқат денсаулықпен сәйкес келеді, өйткені ол өзі бүлдірген организмнен сөзсіз туындайды; тек орташа организм жөнінде ғана ол өзгеше қатынаста болады. Дәл сол секілді, науқас адамға пайдалы қандай да бір дәрі-дәрмекті пайдалану қалыпты құбылыс деп санала алар еді, бірақ оның қалыпты еместігі айдан анық, өйткені ол қалыпты емес жағдайларда ғана пайдалы. Демек, бұл әдісті тек қалыпты тұрпат алдын-ала анықталған жағдайда ғана пайдалануға болады; ал оны өзге амалды қолдану арқылы ғана анықтауға болады. Ақырында, қалыпты нәрсенің бәрі қажет болғандықтан пайдалы екендігі рас болса, пайдалы нәрсенің бәрі қалыпты екендігі жалған. Біз аталмыш түр өкілдері арасында

411 Кейбір жағдайларда біршама өзгеше қимылдап, қалыпты сипатты күман туғызатын факт, қарастырылып отырған әлеуметтік тұрпаттың бұрынғы дамуымен және тіпті жалпы әлеуметтік эволюциямен тығыз байланысты екенін, немесе, керісінше ол мұның екеуіне де кереғар екенін көрсетіп, сол күмәнға лайық не лайықсыз екенін дәлелдеуге болады. Осындай тәсілмен біз діни наным-сенімдердің, кеңірек алсақ, ұжымдық объектілер жөніндегі ұжымдық сезімдердің қазіргі әлсіреуі әбден қалыпты нәрсе екенін дәлелдей алар едік. Біз аталмыш әлсіреу, қоғам біздің осы заманғы тұрпатына жақындай түсуіне, ал бұл тұрпат, өз кезегінде, дамуына қарай, барған сайын айқын көріне бастайтынын дәлелдегенбіз (Қараңыз: Dіvіsіon du travaіl socіal, p. 73-182). Бірақ, шындап келгенде бұл әдіс алдыңғы әдістің жекелеген көрінісі ғана, өйткені егер бұл құбылыстың қалыптылығы осылайша анықтала алатын болса, онда, ол сонымен бір мезгілде біздің ұжымдық тіршілігіміздің ең ортақ жағдайларымен байланысты болды деген сөз. Шынында да, егер діни сананың осынау регресі, біздің қоғамдардың құрылымы анық бола түскен сайын, көзге ұрып тұратындай бола түссе, бұл оның кездейсоқ себептерге емес, әлеуметтік ортамыздың құрылысының өзімен байланысты деген сөз. Әлеуметтік ортаның сипатты ерекшеліктері, екінші жағынан, қазір бұрынғыға қарағанда, дау жоқ, неғұрлым дамыған екен, сондайақ оған тәуелді құбылыстардың да көбейе түсуі әбден қалыпты нәрсе. Бұл әдіс алдыңғы әдістен құбылыстың баршаға бірдейлігін түсіндіретін және негіздейтін жағдайлар тікелей бақыланбай, индуктивті шығатындығымен өзгешеленеді. Оның әлеуметтік орта табиғатымен байланысты екені мәлім, алайда бұл байланыстың мәні неде екені және ол қалай жүзеге асатыны беймәлім.

кеңінен таралған ахуалдар, оған кірмей қалған ахуалдардағыдан пайдалырырақ екендігіне кәміл сене аламыз; бірақ біз олар бар немесе болуы мүмкін ахуалдардың ең пайдалысы екендігіне кәміл сене алмаймыз. Біздің тәжірибемізде барлық ықтимал комбинациялар пайдаланылды деп ойлауға бізде ешқандай негіз жоқ; ешқашан іске асырылмаған, бірақ ықтимал комбинациялар арасында, бізге белгілілеріне қарағанда анағұрлым пайдалы комбинациялар табылуы мүмкін. Пайдалы ұғымы қалыпты ұғымынан кеңірек; ол соңғысына тек түрге қандай қатысты болса, сондай қатысты. Кішіден үлкенді, түрден тек шығару мүмкін емес, бірақ түрді тек шеңберінен табуға болады, өйткені тек түрді өз құрамында ұстайды. Сондықтан, құбылыстың баршаға бірдей сипаты анықталған бойда, оның пайдалылығы неде екенін көрсетіп, бірінші әдістің нәтижелерін қуаттауға болады. Сонымен, біз келесі үш ережені тұжырымдай аламыз: 1) Әлеуметтік факт, дамуының белгілі бір фазасында қарастырылатын әлеуметтік тұрпат үшін, ол эволюциясының тиісті фазасында қарастырылатын қоғамдардың осы түрге жататын көпшілігінде орын алған кезде қалыпты. 2) Құбылыстың кең таралғандығы қарастылатын әлеуметтік тұрпаттың ұжымдық өмірінің жалпы жағдайына байланысты екенін көрсете отырып, алдыңғы әдістің, қолданылу нәтижелерін тексеруге болады. Бірақ мұндай жағдайда, деп дау айтады бізге, қалыпты тұрпатты іске асыру алдымызға қоярлық ең асқақ міндет емес және, ілгерілеу үшін ғылымнан асып түсу керек. Бұл жерде бізге бұл мәселені ex professo талқылап жатудың қажеті жоқ; берер жауабымыз: 1) мәселе таза теориялық сипатта, өйткені шынына келгенде қалыпты тұрпат, ахуалы біз өзіміздің қиялымызды одан да жақсы бірдеңе табамыз деп қинау үшін едәуір қиын іске асырылады және оған сирек қол жетеді; 2) объективті түрде неғұрлым пайдалы осынау жақсартулар бұдан объективті түрде қалаулы бола қоймайды, өйткені егер олар ешқандай жасырын немесе ашық ұмтылыстарға сай келмесе, онда олар бақытқа ештеңе қоса алмайды; ал егер олар қандай да бір ұмтылысқа сай келетін болса, онда бұл

қалыпты тұрпаттың іске асырылмағаны деген сөз; 3) ақырында, қалыпты тұрпатты жетілдіру үшін оны білу қажет. Демек, ғылымнан оның өзіне сүйене отырып қана, асып түсуге болады. 3. Бұл тексеру, факт өзінің толық даму процесін әлі аяқтамаған әлеуметтік түрге жататын кезде қажет.

ІІІ Қазіргі кезде біз көрсетілген қиын мәселелерді салған жерден шешіп тастауды әдет қылғанымыз сонша, аталмыш әлеуметтік факт қалыпты ма, жоқ па, соны силлогизмдер мен үстірт бақылаулар көмегімен анықтауды әдет қылғанымыз сонша, баяндалған процедураны, бәлкім, тым күрделі деп санар. Сырқатты денсаулылықтан айыру үшін соншалық күрделі амалдардың қажеті жоқ секілді. Оларды біз күн сайын айырмаймыз ба? Дұрыс, бірақ біз оны қаншалық сәтті жасап жүргенімізді әлі байқау керек. Бұл проблемаларды шешудің қиындығы бізден мына бір жағдаймен көлегейленеді: біз оларды биолог салыстырмалы түрде оп-оңай шешетіндігін көріп жүрміз. Бірақ біз, әрбір құбылыс организмнің қарсылық күшін қалай қозғайтынын байқау, осыдан оның қалыпты немесе қалыпты емес сипатын қанағаттандырарлық дәлдікпен анықтау әлеуметтанушыға қарағанда биолог үшін анағұрлым жеңіл екенін ұмытып кетеміз. Әлеуметтануда фактылардың көбірек күрделілігі мен жылжымалылығы көбірек сақ болуға да міндеттейді, мұны түрлі партиялардың бір ғана құбылыс жайындағы қарама-қайшы пікірлері дәлелдейді. Бұл сақтық қаншалықты қажет екенін айқын көрсету үшін оның жеткіліксіздігі қандай қателіктерге жетелей алатынын және ең елеулі құбылыстар оларды жүйежүйесімен талқылағанда бізге жаңа сипатта көрінетінін бірнеше мысалдармен көрсетейік. Қылмыс дегеніміз патологиялық сипаты дау туғызбайды деп саналатын факт. Мұнымен барлық криминологтор келіседі. Егер олар бұл кінаратты мінезқұлықты түрліше түсіндірсе, онда оны бірауыздан мойындайды. Ал бұл екі арада аталмыш проблема асығыс қарастыруға көне бермейді.

Шынында да, алдыңғы ережелерді қолданайық. Қылмыс ана не мына түрдегі қоғамдардың көпшілігінде ғана емес, барлық тұрпаттағы барлық қоғамдарда байқалады. Қылмыс жасалмайтын қоғам жоқ. Рас, ол пошымын өзгертіп отырады; қылмыс деп саналатын қарекет барлық жерде бірдей емес, бірақ әрқашан және барлық жерде қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қарекет жасаған адамдар болған. Егер, бері салғанда қоғамдардың неғұрлым жоғары тұрпаттарға көшуінен қылмыс пайызы (яғни қылмыстың бір жылдық саны мен халықтың жалпы саны арасындағы қатынас) төмендеп жатса, онда қалыпты құбылыс болуын қоймай-ақ, қылмыс осы сипаттан бәрібір арылуға ұмтылуда деп ойлауға болар еді. Бірақ мұндай регреске сенерлік ешқандай негіз жоқ. Көптеген фактылар, тегеніде, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты нұсқайтын секілді. Ғасырдың басынан бері статистика қылмыстылықтың аяқ алысын бақылап отыру мүмкіндігін беріп келеді; ол барлық жерде ұлғайды. Францияда бұл ұлғаю 300%-ға жуықтады. Демек, қалыптылықтың неғұрлым талассыз нышандары жағынан одан асқан құбылыс жоқ, өйткені ол кез-келген ұжымдық өмір шартымен тығыз байланысты. Қылмыстан әлеуметтік сырқат жасау, сырқат кездейсоқ бір нәрсе емес, қайта, кейбір жағдайларда тіршілік иесінің негізгі құрылысынан өрбиді деген сөз болып шығар еді; бұл физиологиялық және патологиялық құбылыстардың арасында айырмашылық атаулыны жою деген сөз болып шығар еді. Әрине, қылмыстың өзі қалыпты емес пошымды қабылдайтын кез болуы мүмкін; бұл, мысалы, ол шектен тыс өсіп кеткенде орын алады; Шынында да, бұл артықтық патологиялық сипат алатыны күмән туғызбайды. Қылмыстың болуы өздігінен алғанда қалыпты нәрсе, бірақ, әрбір әлеуметтік тұрпатқа белгіленген деңгейге жеткенге дейін ғана (одан асып түскенде емес) қалыпты. Ал ол деңгей, сірә алдыңғы ережелер көмегімен белгілене алады412. Тегінде, біз айтарлықтай пародокстық қорытындыға келген секілдіміз. Өзімізді алдаудың қажеті жоқ; қылмысты қалыпты әлеуметтану

412 Қылмыс қалыпты әлеуметтану құбылысы екендігінен қылмыскер биологиялық және психологиялық тұрғыдан қалыпты ұйымдасқан инидивид болсын деген ой туындамайды. Қос мәселе бір-біріне тәуелді емес. Бұл тәуелсіздік біз төменде психологиялық және әлеуметтанушылық фактылар арасындағы айырмашылықты қарастырған кезде түсініктірек болады.

құбылыстарының қатарына қосу – адамдардың дауа жоқ бұзылғандығынан өрбитін, өкінішті болса да, қашып құтылғысыз құбылыс деп мойындау ғана емес; бұл, бір мезетте, ол қоғамдық денсаулықтың факторы, кез-келген саусаламат қоғамның құрамдас бөлігі екенін кесіп айту деген сөз. Бұл қорытындының бір қарағанда қайран қалдыратыны соншалық, ол біздің өзімізді едәуір ұзақ имендіре берді. Бірақ, осынау алғашқы именшектікті еңсеріп, осы қалыптылықты түсіндіретін, сонымен бірге оны қуаттайтын себептерді табу қиын емес. Ең алдымен қылмыс қалыпты нәрсе, өйткені қылмыстан ада қоғамның болуы мүлдем мүмкін емес. Қылмыс, өзге бір жерде көрсеткеніміздей, айрықша күш-қуаты мен айқындылығы бар белгілі ұжымдық сезімдерді қорлайтын қарекет. Аталмыш қоғамда қылмысты саналатын қарекеттерді жасау тиылуы үшін, олар қорлайтын ұжымдық сезімдер барлық индивидуалдық саналарда болуы және кереғар сезімдерді тежеп отыруға жеткілікті күшті мөлшерде болуы қажет. Осынау шарт орындалды-ақ деп топшылайық, бірақ қылмыс бәрібір құрып кетпейді, тек өзінің пошымын өзгертеді, өйткені қылмыстылықтың қайнарын осылайша суалтатын себептің өзі іле-шала оның жаңа қайнарларын тауып алар еді. Шынында да, аталмыш халықтың қылмыстық құқығы оның тарихының аталмыш сәтінде қорғайтын ұжымдық сезімдер олар үшін соған дейін жабық болған санаға сіңуі үшін немесе соған дейін билігі жеткілікті болмаған жерде көбірек билікке ие болуы үшін олардың бұрынғыдан көбірек қарқынға ие болуы қажет. Осынау сезімдер жалпы қоғам үшін көбірек күш-қуатқа ие болғаны қажет, өйткені олар осыған дейін өздеріне мүлдем құлақ қоймайтын индивидтерге сіңуге керек болатын күшті өзге көздерден ала алмайды. Адам өлтірушілер қылмыс үшін қанішерлер қатары қалыптасатын әлеуметтік қабаттарда қан төгіске жиіркеніш артуы қажет, ал бұл үшін ондай жиреніш бүкіл қоғамда ұлғаюы қажет. Бұл орайда қылмыстың болмауының өзі осындай нәтижеге қол жеткізуге тікелей жәрдемдесер еді, өйткені сезім, оны ылғи да

алғаусыз қадірлеп отырғанда, құрметке анағұрлым лайық секілді көрінеді. Бірақ мынаған назар аудару керек: осынау ортақ сананың қуатты ахуалы бір мезгілде кейбір әлсіздеу ахуалдардың да күшейуінсіз күшейе алмайды, бұрындары ондай ахуалды бұзу тек таза инсанияттық теріс қылықтар деп қана саналатын; өйткені олар тек алғашқысының жалғасы ғана, жеңілдеу пошымы ғана болып табылады. Мәселен, ұрлық және жай ғана арамдық бір ғана альтруистік сезімді – өзгенің меншігіне құрмет сезімін қорлайды. Бірақ бұл қарекеттердің бірі аталмыш сезімді екіншісінен әлсіздеу қорлайды, екінші жағынан аталмыш сезім орташа алғанда саналарда өткір түйсінерліктей қарқынды болмайтындықтан және сол қорлаулардың неғұрлым жеңілі болғандықтан соңғысына сабырлылау қарайды. Міне сондықтан арамдық тек жазғырылады, ал ұрлық жазаланады. Бірақ, егер аталмыш сезім ұрлыққа бейімділікті мүлдем жойып жіберетіндей болып мықтап күшейсе, соған дейін өзін жеңіл-желпі қозғайтын реніштерге неғұрлым сезімтал бола түседі. Демек, ол реніштерге көбірек өткір үн қататын болады; бұл өрескелдіктер неғұрлым жігерлі айыптауға ұшырайды, және олардың кейбіреулері жай ғана инсанияттық теріс қылықтар тізімінен қылмыстар санатына көшіріледі. Сөйтіп, мысалы, тек қоғамдық айыптаумен немесе азаматтық жазамен аяқталатын арам және арамдықпен орындалған шарттар, қылмысқа айналады. Әулиелер қоғамын, мінсіз үлгілі монастырьді елестетіп көріңіз. Ол жерде өз мағынасындағы қылмыс атаулы болмайды, бірақ тобыр кешіре салатын теріс қылықтар онда кәдуілгі қылмыс кәдуілгі адамдар арасында туғызатын ашу-ызамен бірдей ашу-ыза тұғызады. Егер сол қоғамның соттау және жазалау билігі болса, онда ол бұл қарекеттерді қылмыстық деп санап, оларға дәл сондай дәрежеде қарайтын болады. Дәл сол негізде мүлдем кірпияз адам өзінің болар-болмас инсанияттық әлсіздіктерін, тобыр шын қылмысты қарекеттерді қалай таразыласа, дәл солай таразылаймыз. Бағзыы замандарда адамға зорлық жасау қазіргіден неғұрлым жиі болған, өйткені индивидтің абыройына құрмет әлсіздеу болатын. Осынау құрмет өсе түскендіктен, ондай қылмыстар сиреді, сонымен бірге осы сезімді қорлайтын

көптеген қарекеттер қылмыстық құқыққа көшті, әу баста олар оның құрамына жатпайтын413. Қисынға сиярлық барлық ықтимал гипотезаларды түгелдеп алу үшін өзімізден осындай бірауыздылық бүкіл ұжымдық сезімдерге неліктен таралмасқа; тіпті, олардың ең әлсіздерінің өзі кез-келген бөгде ойдың алдын алу үшін неліктен жеткілікті жігерлі болмасқа деп сұрай аламыз. Сонда қоғамның инсанияттық санасы барлық индивидтерде оны қорлайтын кез-келген қарекетке, қылмыстарға да, таза инсанияттық теріс қылықтарға да бөгет болуға жетерліктей түгелімен және жігермен қайталанар еді. Бірақ мұндай абсолютті және әмбебап біркелкілік мүлдем мүмкін емес, өйткені біз тәуелді болатын айналадағы физикалық орта, тұқым қуалайтын бейімдіктер, әлеуметтік ықпалдар бір адамнан екіншісіне қарай өзгеріп отырады, демек, әркімнің инсанияттық санасына әралуандық сіңіреді. Баршаның бір-біріне соншама ұқсас болуы мүмкін емес, әркімнің кеңістікте айрықша орны бар төл организмі болатындықтан-ақ мүмкін емес. Индивидуалдық өте дамыған төмен халықтардың өзінде оның қайткенде де болатыны міне сондықтан. Демек, индивидтер ұжымдық тұрпаттан азды-көпті ерекшеленбейтін қоғамның болуы мүмкін еместіктен, осы ерекшеліктердің кейбіреулері сөзсіз қылмыстық сипатта болады. Бұл сипат оларға іштей тән мәні бойынша емес, оларға ортақ сана беретін мәні арқылы жеткізіледі. Егер, демек, ортақ сана сол өзгешеліктері абсолютті құндылығы тұрғысынан өте әлсіз ететіндей айтарлықтай күш пен билікке ие болса, онда сондай-ақ ол да неғұрлым сезімтал да талапшыл бола түседі; ол басқа жағдайда тек неғұрлым елеулі айырмашылыққа қарсы көрсетілетін күш-жігердің болмашы ғана ауытқуына үн қата отырып, ол оларға сол баяғы маңыздылықты телиді, яғни оларды қылмыстық қарекеттер деп нобайлайды. Демек, қылмыс қажет, ол кез-келген әлеуметтік өмірдің негізгі шарттарымен байланысты және өйткені ол байланысты шарттар өз кезегінде

413 Жала, тіл тигізу, ғайбат, алаяқтық және т.б.

мораль мен құқықтың қалыпты эволюциясы үшін қажетті болғандықтан да ол пайдалы. Шынында да, қазір құқық пен инсаният бір әлеуметтік тұрпаттан екіншісіне қарай ғана өзгеріп отырмайды, сонымен қатар ұжымдық тіршілік етудің шарттары өзгерген жағдайда бір ғана тұрпат үшін де өзгеретіндігіне дау айту мүмкін емес. Бірақ бұл өзгерістер мүмкін болуы үшін инсанияттық негізінде жататын ұжымдық сезімнің өзгерістерге қарсыласпағаны қажет, яғни қанағатшыл энергияға ие болғаны қажет. Егер олар тым күшті болса, икемді бола алмас еді. Шынында да, кез-келген құрылыс қайта құруға кедергі, және де, бастапқы құрылыс неғұрлым берік болса, соғұрлым қатты кедергі болады. Белгілі бір құрылым қаншалықты айқынырақ көзге түсетін болса, ол кез-келген өзгеріске соншалық көбірек қарсылық көрсетеді, мұның өзі қызметтік те, анатомиялық та құрылысқа бірдей әділ. Егер қылмыс болмаса, онда шарт іске асырылмас еді, өйткені мұндай гипотеза ұжымдық сезімнің тарихта болмаған дәрежедегі қарқынға қол жеткізілуін көздейді. Бәрі әсте-әсте болғанда және белгілі жағдайда жақсы; инсанияттық сана беделінің шектен тыс болмағаны қажет, әйтпесе оған қарсы шығуға ешкімнің батылы бармайды да, ол мызғымас пошымында қатып қалады. Оның даму үшін индивидттердің ерекшеліктері сыртқа шыға алуы қажет. Өз ғасырынан озып кетуді армандайтын идеалистің ерекшелігі көрініп тұруы үшін өз уақытынан төмен тұрған қылмыскердің ерекшелігінің де болуы қажет қой. Бірі екіншісінсіз өмір сүре алмайды. Әңгіме біте қойған жоқ. Мұндай жанама пайдадан басқа, қылмыстың өзі эволюцияда пайдалы рөл атқаратыны болады. Ол қажетті өзгерістерге жолдың ашылуын талап етіп қана қоймайды, белгілі бір жағдайда сол өзгерістерді тікелей дайындайды да. Қылмыс бар жерде ұжымдық сезімдер жаңа пошымдарды қабылдау үшін қажет икемділікке ие болады, мұның үстіне қылмыс кейде белгілі бір шамада олар қабылдайтын пошымды алдын-ала анықтап та береді. Шынында да, ол жиі-жиі болашақ инсанияттың жаршысы, болашаққа ілгерілеу болып табылады. Афина құқығына сәйкес, Сократ қылмыскер еді, және оны жазалау әділетті болатын. Ал бұл екі арада оның

қылмысы, атап айтқанда оның ойының дербестігі адамзатқа ғана емес, өз отанына да пайдалы болатын. Ол сол кезде Афина мұқтаж болған инсаният пен жаңа иманды даярлауға қызмет етті, мұны Афина қажетсініп отыр еді, өйткені сол кезге дейін Афина өмір сүрген дәстүрлер олардың тіршілік салтына сай келмейтін. Сократ мысалы жалғыз емес, ондай оқиғалар тарихта ауық-ауық қайталанып отырады. Қазір біз пайдаланып жүрген ой еркіндігі, оған тиым салған ережелердің күші салтанатты түрде тоқтатылмай тұрып-ақ бұзылмағанда, ешқашан жариялана алмас еді. Ал сол кездері мұндай тәртіп бұзу қылмысқа теңелген, себебі ол сананың көпшілігіне тән өте белсенді сезімдерді қорлайтын. Сөйтсе де, бұл қылмыс пайдалы болды, өйткені ол күн өткен сайын қажетті бола түскен өзгерістердің түрткісі болды. Еркін философияның ізашарлары әртекті еретиктер еді, бүкіл орта ғасырлар бойында және біздің заманымызға дерлік дүниауи билік тарапынан әділетті қудаланып келді. Мұндай көзқарас тұрғысынан криминологияның басты фактылары бізге мүлдем жаңа түрде көрінеді. Қалыптасып кеткен кереғар қылмыскер, паразиттік элемент сияқты, қоғамнан бөліп тасталған, оған жат және қоғамға сіңісіп кетуге көнбейтін элемент емес414. Ол әлеуметтік өмірдің ұдайы қимылдайтын факторы. Қылмыстылық өз тарапынан, шекаралары өте тар болуы мүмкін емес жамандық ретінде қаралыстылмауға тиіс; ол әдеттегі деңгейінен төмен түскен кезде тіпті де қуанбау керек, қайта бұл алдамшы прогресс қандай да бір әлеуметтік кірбіңмен байланысты екеніне кәміл сенуге болады. Мәселен, ашаршылық кезінде денені жарақаттау оқиғаларының саны басқа барлық кездегіден көп төмен болады415.

414 Біздің өзіміз өз ережемізді қолданбау салдарынан қылмыскер жайында осылай қателескенбіз. Қараңыз: Dіvіsіon du travaіl socіal, p. 395-396. 415 Қылмыс қалыпты әлеуметтанудың фактысы екендігінен оны жек көрмеу керек деген ой туындамайды. Жапа шегудің де қызығарлық ештеңесі жоқ; қоғам қылмысты қандай жек көрсе, индивид те азапты сондай жек көреді; ал бұл екі арада ол қалыпты физиологияға қатысты. Ол әрбір тіршілік иесінің ұйымдастырылуының өзінен сөзсіз туындап қана қоймайды, өмірде пайдалы рөл атқарады, және оны орнын ештеңе алмастыра алмайды. Демек, біздің ойымызды қылмыстың апологиясы деп көрсету, оны барынша бұрмалап көрсету деген сөз. Егер біз инсанияттық фактыларды объективті зерттеуге және ол жайында тобырға тән емес тілмен айтуға

Сонымен бірге жазалау теориясы жаңарады, немесе, дұрысы, жаңартылуға тиіс. Шынында да қылмыс сырқат болса, онда жазалау дәрі-дәрмек және ол өзгеше қарастырыла алмайды; сондықтан оның төңірегіндегі бүкіл пікірталас ол дәрідәрмек қызметін атқару үшін қандай болу керек деген мәселесіне саяды. Ал егер қылмыста келеңсіз ештеңе болмаса, онда жазалаудың мақсаты одан айықтыру болмауға тиіс, және оның шынайы қызметін басқа бірдеңеден іздеу керек. Демек, жоғарыда баяндалған ережелер жай ғана қисынды формалдыққа сай келуге текке ұмтылысқа қызмет етеді деп санау қателік болар еді; керісінше, оларды қолдану нәтижесінде ең елеулі әлеуметтік фактылар өз сипатын толығымен өзгертеді. Келтірілген мысал айрықша көрнекті болғанымен, сондықтан да біз оған көбірек тоқталғанды жөн көргенімізбен, келтіре кетудің ешбір зияны жоқ мысалдар көптеп кездеседі. Жазалау жасалған қылмысқа пропорциялы болуы керек деп саналмайтын қоғам жоқ; сөйте тұра итальян мектебі үшін бұл принцип заңгерлердің ешбір негізсіз ойдан шығарған нәрсесі ғана416. Сол криминологтар үшін жалпы алғанда қылмыстық құқық институты, бізге мәлім халықтардың бәрінде осы күнге дейін қызмет еткен түрінде, жаратылысқа жат құбылыс. Гарофало үшін төменгі қоғамдарға тән қылмыстың құрамында жаратылыстан тыс ештеңе жоқ екенін жоғарыда көрдік. Социалистер үшін капиталистік ұйым, оның кең таралғандығына қарамастан, қалыпты ахуалдан зорлық пен қулық тудырған ауытқуды құрайды. Керісінше, Спенсер үшін біздің әкімшілік орталықтандыру, үкімет билігін кеңейту, мұның екеуі де, тарихта ілгерілеуімізге қарай барынша жүйелі де әмбебап ілгерілейтіндігіне қарамастан, қоғамдардың басты дерті болып табылады. Біз әлеуметтік фактылардың таралу деңгейі бойынша жүйелі түрде олардың қалыпты немесе қалыпты емес сипатын анықтауға әйтеуір бір күш жұмсадықау деп ойламаймыз. Бұл мәселелер қашанда диалектика көмегімен батыл шешіліп отырды.

кіріскенде, қандай келеңсіздіктермен және оғаш айыптармен қақтығысуға тура келетінін білмесек, мұндай түсіндіруге қарсы шығу ойымызға келмес те еді. 416 Garofаlo. Crіmіnologіe, p. 299.

Ал бұл екі арада, біз аталған өлшемнен бас тартар болсақ, біз жаңа ғана айтылғанындай жекелеген қателіктер мен шатасуға ұшырап қана қоймаймыз, ғылымның өзі мүмкін болмай қалады. Шынында да, оның тікелей пәні – қалыпты тұрпатты қарастыру болып табылады; егер барынша кеңінен таралған фактылар патологиялық фактылар болып шықса, онда қалыпты тұрпат қашан фактылар арқылы көрініс бермеуі де мүмкін. Онда оларды зерттеудің қажеті қанша? Олар тек біздің соқыр сенімдерімізді қуаттай және адасуларымызды нығайта ғана алады, өйткені солардан туындайды. Егер жазалау, егер жауапкершілік тарихтағы күйінде надандық пен варварлықтың жемісі болса, онда оның қалыпты пошымдарын анықтау үшін оларды білуге тырысудың қажеті қанша? Осылайша, парасат бұдан былай өзін қызықтырмайтын нақты болмыстан теріс айналып, өзіне тереңдеп үңіліп, нақты болмысты қалпына келтіруге қажет материалды өзінен іздеуге мәжбүр болады. Әлеуметтану фактыларды зат ретінде қарастыруы үшін, әлеуметтанушы оларды зерттеуге кірісу қажетін сезінуі қажет. Ал өмір туралы, мейлі индивидуалдық өмір болсын немесе әлеуметтік өмір болсын, кез-келген ғылымның басты тақырыбы жалпы алғанда қалыпты ахуалды анықтау, оны түсіндіру және қарама-қарсы ахуалдан өзгешелігін табу болғандықтан, егер қалыптылық заттардың өзінде болмаса, егер ол, керісінше, біз заттарға сырттан енгізетін қасиет болса немесе біз әлдене себеппен оларда ол қасиет жоқ деп білсек онда фактыларға осынау игі тәуелділік үзіледі. Парасат өзіне үйретері шамалы нақты болмыс алдында өзін бостан сезінеді. Оны енді өзі зерттейтін пән тежеп отырмайды, өйткені ол белгілі бір дәрежеде сол пәнді өзі таңдап алады. Демек, осыған дейін біз белгілеген түрлі ережелер өзара тығыз байланысты. Әлеуметтану заттар туралы ғылымға шынымен айналу үшін құбылыстардың жалпыға бірдей сипаты олардың қалыптылығының өлшемі ретінде қабылдауы қажет. Мұның үстіне, біздің әдісіміздің тағы бір артықшылығы ол қарекет пен ойды бір мезгілде реттейді. Егер қалауымыз бақылау объектісі болмай, өзіндік бір ойша есептеумен анықтала алатын және анықталуға тиіс болса, онда ең жақсыны іздеуде былайша айтқанда, қиялдың еркін шарықтауына шек жоқ,

өйткені жетілдіру үшін ол асып түсе алмайтын шекті қалай анықтауға болады? Ол кез-келген шектеуден сытылып шыға береді. Адамзат мақсаты, осылайша, шексіздікке шегеріліп, өзінің шалғайлығымен біреулердің мысын басса, екіншілерін, оған кішкене болса да жақындай түсу үшін, қадамын жылдамдатып революцияға жандәрмен ұмтылатындарды, керісінше, қоздырып, алаулата түседі. Егер қалайтынымыз денсаулық, ал денсаулық заттардың бойындағы қандай да бір нақты нәрсе екенін білсек бұл практикалық дилеммадан құтыла аламыз, өйткені онда күш-жігер бір мезгілде шегі әрі берілген, әрі анықталған болып шығады. Ендігі әңгіме жақындаған сайын қаша беретін мақсаттың артынан үмітсіз салпақтай беру жөнінде емес, қалыпты ахуалды қолдап отыру, ол бұзыла қалса, қалпына келтіру және, егер олар өзгерсе, оның шарттарын табу жолында мойындамайтын табандылықпен жұмыс істеу жайында болады. Мемлекеттік қайраткердің борышы қоғамды өзіне тартымды көрінетін мұратқа зорлықпен итермелеуде емес; оның рөлі – дәрігердің рөлі: ол жақсы гигиенамен аурудың алдын алды, ал ол байқала қалса оны жазуға тырысады417.

ІV тарау

Әлеуметтік тұрпаттарды құруға қатысты ережелер

Аталмыш әлеуметтік факт тек белгілі бір әлеуметтік түрге қатысты ғана қалыпты немесе қалыпты емес деп санала алатындықтан, айтқанымыздың бәрінен шығатын қорытынды: әлеуметтанудың белгілі бір тармағы осы түрлердің құрылуына және олардың топтастырыла жіктелуіне арналуға тиіс. Әлеуметтік түр жайлы ұғымның зор артықшылығы мынада: ұжымдық өмір жайлы қарама-қарсы екі түсініктің ойшылдары ұзақ уақыт бойы бөліп келген

417 Осы тарауда баяндалған теориядан кейде XІX ғасыр барысында қылмыстылықтың артуы біздің пікіріміз бойынша қалыпты құбылыс болыпты-мыс деген қорытынды жасалды. Бұлайша түсіндіру біздің ойымызбен ауыл-үй қонбайды. Өзін-өзі өлтіруге байланысты біз келтірген көптеген фактылар (қараңыз: Le Suіcіde p. 420 және келесі), керісінше, бізді жалпы алғанда бұл өсім патологиялық құбылыс деп ойлауға мәжбүр етеді. Соған қарамастан, қылмыстылықтың белгілі бір пошымдарының біршама өсуі қалыпты болып шығуы мүмкін, себебі өркенияттың әрбір ахуалына төл қылмысы тән болады. Алайда бұл ілік бойыша тек гипотеза ұсынуға болады.

екі түсініктің арасынан орын алады; мен тарихшылардың номинализмі418 мен философтардың қып-қызыл реализмін айтып отырмын. Тарихшылар үшін қоғамдар бір-бірімен салыстыруға көнбейтін гетерогендік индивидуалдықтардың олардың санына тең мөлшері. Әрбір халықтың өзіне ғана жарасатын әлпеті, өзінің ерекше құрылысы, өз құқығы, өз исанияты, өз экономикалық ұйымы бар; және бұл арада қандай да бір қорыту мүмкін емес дерлік. Философ үшін, керісінше, бұл тайпалалар, қалалар, ұлттар деп аталатын жекелеген топтар нақты болмысы жоқ кездейсоқ және уақытша комбинациялар ғана. Адамзат қана нақты болмыс, және адамзат табиғатының ортақ қасиеттерінен бүкіл әлеуметтік эволюция туындайды. Демек, біріншілері үшін тарих бір-бірімен байланысқан, бірақ қайталанбайтын уақиғалар тізбегі; екіншілері үшін дәл осы уақиғалар адам табиғатында нобайланып қойған және тарихи дамудың бүкіл барысын басқаратын ортақ заңдар иллюстрациясы ретінде ғана құнды да қызықты. Олардың біреулері үшін бір қоғамға жақсы нәрсенің басқа қоғамдарға қолданылуы мүмкін емес. Денсаулық ахуалы бір халықтан екіншісіне қарай өзгеріп отырады және теориялық тұрғыдан анықтала алмайды; бұл практиканың, тәжірибенің, баайыптап жатпай-ақ қимылдаудың ісі. Басқа біреулер үшін олар біржолата және бүкіл адамзат тегі үшін есептеп шығарыла алады. Былай қарағанда, әлеуметтік нақты болмыс, не абстрактылы әрі бұлдыр философияның, не таза баяндаушы монографиялардың ғана пәні бола алатын секілді. Бірақ егер, қилы-қилы толып жатқан тарихи қоғамдар мен адамзат туралы мінсіз ұғымдар бірден-бір қоғам арасында делдалдар – әлеуметтік түрлер бар екенін мойындасақ, бұл альтернативаға тірелмеуге болады. Шынында да, түр ұғымы бірлік пен фактыларда берілген алуандық жөніндегі ғылыми талапты бітістіреді, өйткені, түр қасиеттері оны құрайтын индивидттердің бәрінде әрқашан кезігеді, ал екінші жағынан, түрлер өзара айырылады. Инсанияттық, заңдық, экономикалық және басқа институттар

418 Мен оны осылай атауымның себебі – ол тарихшыларда жиі кездеседі, бірақ мен мұнымен ол тарихшылардың бәрінде бірдей кездеседі демек емеспін.

шексіз құбылмалы екендігі рас, бірақ бұл өзгерістер ғылыми зерттеу мүмкіндігін жоққа шығаратын сипатта болмайды. Тек әлеуметтік түрлердің бар екенін мойындамау нәтижесінде Конт адамзат қоғамдарының прогресін “әртүрлі халықтарда болған барлық дәйекті өзгерістер ойша телінген”419 бір халықтың прогресіне теңестіре алды. Егер тек бір ғана әлеуметтік түр болып, жекелеген қоғамдар, олар осынау біртұтас түрдің елеулі нышандарын өз бойында қаншалық толық бейнелей алатындығына, олардың адамзатты қаншалық мінсіз білдіретіндігіне сәйкес бірбірінен тек сан жағынан ерекшеленсе, бұл шынында да солай болар еді. Ал егер, керісінше, бір-бірінен сапалық тұрғыда ерекшелетін әлеуметтік тұрпаттар бар болса, онда оларды қанша жақындатқанымен де, бір геометриялық сызықтың гомогенді бөліктері сияқты әбден-ақ біріктіруге болмайды. Осылайша, тарихи даму өзіне телініп келген мінсіз де қарабайырландырылған бірлігінен айырылады; ол, былайша айтқанда, бір-бірімен мықтап біріге алмайтын көптеген бөлшектерге ыдырап кетеді, өйткені олар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленіп тұрады. Паскальдың Конт қайталап айтқан атақты метафорасы енді жарамсыз болып шығады. Бірақ осы түрлерді құруға қалай кірісуге болады? І Бір қарағанда, әрбір қоғамды жеке-жеке зерттеп білу, ол жайында мүмкіндігінше неғұрлым толық және дәл монографиялық сипаттама жасау, содан кейін бұл сипаттамалардың бәрін салыстыру, олар қай жерде сәйкес келетінін, қай жерде өзгешеленетінін қарап алу, және, ақыр соңында, осы ұқсастықтар мен өзгешіліктердің салыстырмалы маңыздылығына байланысты халықтарды әртүрлі немесе бірдей топтарға орналыстырғаннан басқа тәсіл жоқ секілді көрінуі мүмкін. Осы әдісті негіздей отырып, бақылауға негізделген ғылым үшін тек сол ғана жарамды дейді. Шынында да, түр индивидтердің жиынтығын ғана көрсетеді; әрқайсысын жалпы сипаттаудан бастамай тұрып, оны қалайша басқаша анықтайсың? Жекені түгелімен толық бақылағанынан

419 Cours de phіlosophіe posіtіve. ІV, § 263.

кейін жалпыға өрлеу ережесі бар емес пе? Осындай негізде әлеуметтанудың құрылуын тарих жекелеген қоғамдарды зерттеуде, оларды пайдалы салыстыра алу үшін, жеткілікті объективті де анық нәтижеге жететін алыс бір дәуірге ысырып қойғысы келген. Бірақ, мұндай сақтық шындығына келгенде сырт қарағанда ғана ғылыми болып көрінеді. Ғылым заңдарды олар білдіретін фактыларды түгел шолып шығып қана ашады, немесе тек категорияларын олардың жеке өкілдерін толық баяндап болғаннан кейін ғана құрады деу дұрыс емес. Шынайы эксперименттік әдіс көбіне кәдуілгі фактыларды (өте көп болған кезде ғана дәлелдік пәрмені болатын фактылар, осының салдарынан оған сүйеніп жасалған қорытындылар ылғи да оншалық дәл бола бермейді) шешуші, немесе, Бэкон айтқандай420, қиылысатын ғылыми құндылығы бар және өздігінен, олардың санына қарамай, қызықтыра алатын фактылармен алмастыруға ұмтылады. Бұлай қимылдау әңгіме тектер мен түрлерді анықтауға келгенде ерекше маңызды, өйткені, индивидтерге тән барлық нышандардың тізбесіне жасау – орындалмас міндет. Әрбір индивид шексіздік, ал шексіздіктің таусылуы мүмкін емес. Бәлкім ең елеулі қасиеттерге ғана көңіл аудару керек болар? Бірақ іріктеуді қандай принципке сүйеніп жасау керек? Бұл үшін бізді индивидтің шеңберінен шығаратын және ең үздік монографиялық сипаттамалардың өзі бізге бере алмайтын өлшем қажет. Тіпті проблемаға тереңдемей-ақ топтастыра жіктеудің негізі болатын нышандар қаншалықты көп болса, олардың жекелеген жағдайларда ұштасуының сан алуан тәсілдері белгілі бір топтар мен кіші топтарды белгілей алу үшін жеткілікті көрінеу ұқсастықтар мен күрт айырмашылықтар беретіні соншалық қиын болатынын күні бұрын көруге болады. Бірақ тіпті осындай әдіспен топтастыра жіктелу мүмкін болғанның өзінде, оның орасан зор кемшілігі, одан күтілетін нәтижені бермейтіндігі болар еді. Шынында да, ол ең алдымен, сансыз индивидтерді тұрпаттардың шектеулі санымен алмастырып, ғылыми жұмыстың көлемін қысқартуға тиіс. Бірақ ол,

420 Novum organum, ІІ, § 36.

егер аталмыш тұрпаттар барлық индивидтер қарастырылып, талданып болғанан кейін ғана анықталатын болса, бұл артықшылығынан айырылады. Ол егер тек жүргізіліп болған зерттеулерді қорытындылап қана қоятын болса, зерттеуді іс жүзінде жеңілдете алмайды. Егер ол оның негізінде жатқан нышандардан гөрі басқа нышандарды топтастырып жіктеуге мүмкіндік берсе, егер ол бізге содан кейін келетін фактылар үшін бағдар бере алатын болса, шынында да пайдалы бола алады. Оның рөлінің өзі де біздің қолымызға өздері бағдар қызметін атқарған бақылаулармен байланыстырыла алатын бағдарларды беру ғой. Бірақ бұл үшін аталмыш топтастыра жіктеу барлық индивидуалдық нышандардың тізіміне сай емес, олардың шағын, мұқият іріктеліп алынған саны негізінде құрылуы қажет. Осылай етілгенде топтастырып жіктеу алынған білімдерді реттеуге ғана емес, ол білімдердің артуына да жәрдемдеседі. Ол бақылаушыға жол көрсете отырып, оны көптеген әурешіліктен босатады. Егер топтастырып жіктеу осы принцип негізінде құрылатын болса, онда факт осы түр шеңберінде таралған-таралмағандығын білу үшін осы түрге кіретін барлық қоғамдарды бақылаудың қажеті болмайды; олардың кейбіреулері әбден жеткілікті болады. Заңды ашу үшін жақсы өткізілген бір эксперимент жиі-жиі жеткілікті болатыны сияқты, жақсы өткізілген бір бақылау көп жағдайда тіпті жеткілікті. Демек, біздің топтастыра жіктеуімізге ең елеулі нышандарды таңдап алуға тиіспіз. Рас, оларды білу фактыларды түсіндіру жеткілікті ілгерілегенде ғана мүмкін болады. Ғылыми танымның осынау екі бөлігі өзара тығыз байланысқан және бір-бірінің дамуына жәрдемдеседі. Алайда, фактыларды тереңдеп зерттеуге кіріспей тұрып-ақ әлеуметтік тұрпаттарға тән ерекшеліктерді қай жағынан іздеу керектігін топшылау қиын емес. Шынында да, біз қоғам бірбіріне біріктірілген бөлшектерден тұратынын білеміз. Кез-келген қорытындылағыштың табиғаты міндетті түрде құрамдас элементтердің табиғатына, санына және олардың ұштасу тәсілдеріне тәуелді болғандықтан, дәл сол нышандарды негізге алу керектігі анық. Және біз шынында да әлеуметтік өмірдің жалпыға бірдей фактылары дәл соларға тәуелді екенін алда көреміз. Екінші жағынан, ол нышандар морфологиялық ыңғайдағы нышандар

болғандықтан, әлеуметтанудың әлеуметтік тұрпаттарды құрып, оларды топтастыра жіктеу міндеті болатын бөлігін әлеуметтік морфология деп атауға болады. Топтастыра жіктеудің осынау принципін әлі көбірек дәлдей түсуге болады. Кез-келген қоғам құралған құрамдас бөліктер – одан неғұрлым қарапайым қоғамдар екені іс жүзінде белгілі. Халық өзінің алдында болған екі немесе одан көп халықтың бірігуінен құралады. Демек, біз бір кездері болған қоғамдардың ең қарапайымын біле алсақ, сонда біздің топтастыра жіктеуіміз үшін бізге тек сол қоғам құралған тәсілді және оның құрамдас бөліктері бірігетін тәсілді ізерлеп шығу ғана қалады. ІІ Әлеуметтік тұрпаттардың әдістемелік жолмен құрылған топтастырып жіктелуінің өзге негіздемесі болуы мүмкін еместігін Спенсер жақсы түсінді. “Біз, – дейді ол, – әлеуметтік эволюция кішкентай қарапайым агрегаттардан басталатынын; ол осындай бірнеше агрегаттардың үлкен агрегат болып бірігуі арқылы дамитынын және олар топтасқаннан кейін, бұл топтар өзінен де үлкен агрегаттар құру мақсатында өзі сияқты топтармен бірігетінін көрдік. Демек, біздің топтастыра жіктеуіміз бірінші сатыдағы, яғни қарапайым қоғамнан басталуға тиіс”421. Бұл принципті іс жүзінде қолдану үшін, қарапайым қоғам деп нені елестететінімізді дәл анықтап алудан бастау қажет болар еді. Өкінішке қарай, Спенсер осындай анықтама беру былай тұрсын, оны мүмкін емес дерлік санайды422. Гәп мынада: оның түсінуінде қарапайымдық негізінен ұйымның белгілі қарабайырлығынан тұрады. Бірақ әлеуметтік ұйым қарапайым саналуы үшін қай сәтте жеткілікті рудиментарлық болатынын тап басып айту қиын; бұл баға беру пәні. “Біз, – дейді ол, – қарапайым қоғам ретінде бүтінді құрайтын, басқа бүтінге бағынбайтын және бөлшектері қоғамдық мүддені көрсететін кйбір мақсаттарға жету үшін реттейтін орталықтың көмегімен немесе

421 Socіologіe, ІІ p.135. 422 Қарапайым қоғамды не құрайтынын біз барлық уақытта дәл айтып бере алмаймыз (Іbіd., p. 135,136).

көмегінсіз өзара ынтымақтастық жасайтын нәрсені қарастырудан жақсы ештеңе істей алмаймыз”423. Бірақ, бұл талапқа сай келетін халықтар толып жатыр. Осыдан-ақ оның бір айдармен өркенияттан көп қашық қоғамдарды біріктіретінін көреміз. Бастапқы нүктеміз осылай болса, топтастырып жіктеудің бүкіл қалған бөлігі қандай болып шығатынын елестетуге болады. Біз одан қайран қалдыратын қойыртпақта әр текті қоғамдардың ұштасқанын көреміз: Гомер дәуіріндегі гректер X ғасырдың феодалдарымен, одан да төменірек орналасқан бечуандар қатар тұр; Францияның XІІІ ғасырдағы феодтарымен, одан төменірек орналасқан ирокездермен, араукандар мен зұлыстар, фиджийліктер, Афина конфедерациясы қатар тұр. “Қарапайымдық” сөзі бөліктер атаулы жоқ екенін нобайлағанда ғана белгілі бір мағынаға ие болады. Демек, қарапайым қоғам дегенді, өзінен де неғұрлым қарапайым өзге қоғамдарды қамтымайтын кез-келген қоғам, қазіргі ахуалында ғана бірден-бір сегментке ғана саятын емес, алдыңғы сегменттенудің ешқандай ізі жоқ қоғам деп түсіну қажет. Орда, біз бұрынырақ анықтама берген424 түрінде, осы анықтамаға дәл сәйкес келеді. Бұл басқа неғұрлым элементар агрегатты қамтымайтын және ешқашан қамтымаған, қайта тікелей индивидтерге ыдырайтын әлеуметтік агрегат. Индивидтер тұтас топ ішінде алдыңғысынан ерекшеленетін айрықша топтар құрамайды; олар атомдар секілді бір-бірімен қатар орналасқан. Одан артық қарапайым қоғам болмайтыны анық; бұл әлеуметтік дүниенің протоплазмасы, демек кез-келген топтастыра жіктеудің жаратылыстық негізі. Рас, тарихта, бәлкім осы белгілерге аумай сәйкес келетін қоғам болмас та, бірақ, аталған кітаптың өзінде көрсеткеніміздей, біз төтесінен, аралық буындарсыз-ақ ордалардың қайталануы арқылы құрылған толып жатқан қоғамдарды білеміз. Орда, осылайша, тұтас алғанда қоғам болудың орнына, әлеуметтік сегментке айналғанда, өзінің атауын өзгертіп, клан атауына ие болады, бірақ бұрынғы негізгі белгілерін сақтап қалады. Шынына келгенде

423 Іbіd., p. 136.
424 Dіvіsіon du travaіl socіal, p. 189

клан (аталық) ешқандай басқа, неғұрлым ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін агрегат. Бәлкім, әдетте біз оны қазір бақылайтын жерде ол көптеген жекелеген отбасыларды қамтиды деген ескерту айтылар. Бірақ ең алдымен, осы арада өрістете алмайтын пікірді бюасшылыққа ала отырып, осынау шағын отбасылық топтар кланнан кейін қалыптасты деп ойлаймыз. Мұның үстіне, дәл айтар болсақ, олар әлеуметтік сегментті құрамайды, өйткені саяси бөлімшелер болып табылмайды. Біз оны кездестіретін барлық жерде клан осы тектес ең соңғы бөлімшелерді құрайды. Демек, қолымызда орданың бар екенін растайтын өзге фактылар болмаған күннің өзінде (бірақ олар бар және күндердің күнінде оларды жайып салатын кез келеді), кланның, яғни, ордалардың бірігуінен туындаған қоғамдардың бар екендігі бізге алдымен өзінің тура мағынасындағы ордаға саятын қарапайым қоғамдар пайда болған деп топшылауға мүмкіндік береді. Орданы біз барлық әлеуметтік түрлер шыққан қайнар көз деп санаймыз. Бірден-бір сегментті орда немесе қоғам ұғымы, оны тарихи нақты болмыс деп немесе ғылыми постулат деп санасаңыз да бәрібір, әлеуметтік тұрпаттардың толық шкаласын құрастыру үшін қажетті таяныш нүктесі болып табылады. Біз орда үшін басқа ордалармен комбиниция жасаудың (ал мұның өзі жаңа қоғамдар туғызады) қанша тәсіл болса және сол қоғамдар өздерінің арасында құрайтын комбинациялардың қанша тәсілі болса, сонша негізгі тұрпаттарды ажырата алатын боламыз. Біз ең алдымен ордалардың немесе кландардың (егер оның жаңа атауын қолданатын болсақ) жай ғана қайталануынан құралған агрегаттармен ұшырасамыз, бұл орайда кландар өз арасында бірікпеген болады және олардың бәрін қамтитын тұтас алғандағы топ пен әрбір рулық клан арасында аралық топтар құрмайды. Олар ордадағы индивидтер секілді жай ғана қатарласа орналасады. Қарапайым көп сегменттік қоғам деп атауға болатын бұл қоғамдар мысалын біз бірқатар ирокез және австралиялық тайпалардан табамыз. Арч, яки кабил тайпасының сипаты да осындай; бұл ауылдар пошымында тапжылмай қалған кландар жиыны. Тарихта римдік курия мен афиналық фратрия осы тектес қоғамдар құраған кездердің болуы әбден ықтимал. Олардың үстінде алдыңғы тұрпаттағы қоғамдардың

бірігуі арқылы құралған қоғамдар, яғни жай ғана біріккен көпь сегменттік қоғамдар орналасады. Ирокез конфедерациясының, кабил тайпалары конфедерациясының сипаты сондай; әу баста алғашқы қауымдық үш тайпамен жағдай осылай болып, олардың бірігуінен кейін Рим мемлекеті пайда болды. Бұдан әрі біз қосарлана құралған көпсегменттік қоғамды кезіктіреміз. Олар жай ғана біріккен көпсегменттік бірнеше қоғамның дәйекті ұштасуынан немесе қосылуынан өсып шығады. Антик мемлекет, тайпалар агрегаты осындай, олардың өздері куриялар агрегаты болып табылады, ал олар өз кезегінде gentes’ке, яки кландарға бөлінеді. Графтықтары бар герман тайпалары да осындай, графтықтар жүздіктерге, олар, өз кезегінде, бірлік ретінде ауылға айналған кландарға бөлінеді. Бұл ескертулерді әрі қарай өрбіте түсудің бізге қажеті жоқ, себебі бұл арада қоғамдарды топтастырып жіктеу жайында әңгіме болудың өзі мүмкін емес. Бұл үстірт қарастыруға көнбейтін тым күрделі проблема; керісінше ол толып жатқан арнайы және ұзақ зерттеулерді қажет етеді. Біз тек бірнеше мысал арқылы ұғымды дәлдей түсіп, әдістемелік принцип қалай қолданылуға тиістігін көрсеткіміз келді. Алдыңғы айтылғандарды төменгі қоғамдардың толық топтастырып жіктелуі деп қарастырмау керек. Бұл арада біз көбірек түсінікті болу үшін заттарды біршама оңайлаттық. Шындығына келгенде, біз әрбір жоғары тұрпат бірдей тұрпатты қоғамдардың, атап айтқанда, тікелей соның қарауындағы тұрпат қоғамдарының қайталануынан қалыптасты деп топшыладық. Бірақ әлеуметтік тұрпаттардың генеалогиялық дарағының әрқилы биіктерінде орналасқан әрқилы түрдегі қоғамдардың бірігіп, жаңа түрді қалыптастыруы мүмкін емес дейтін ештеңе жоқ. Біз, бері салғанда мұндай бір оқиғаны білеміз: ол – табиғаты жағынан әрқилы халықтарды қамтыған Рим империясы425. Бұл тұрпаттар құрылып болған күнде де, неғұрлым жоғары тұрпаттағы қоғам құратын сегменттік қоғамдар біршама индивидуалдылықты сақтап қала

425 Дегенмен, тегінде, құрамдас бөліктер болып табылатын қоғамдар арасындағы қашықтық жалпы тым көп бола алмайды; солай болмаса, олардың арасында ешқандай моральдық қауымдастық құрала алмайды.

ма, немесе, керісінше олар көпшілік ішіне сіңісіп кете ме деген сауалға олардың әрқайсысында толып жатқан алуандықты ажыратуға тура келеді. Әлеуметтік құбылыстар құрамдас бөліктерінің табиғатына байланысты ғана өзгеріп отырмай, олардың бірігу тәсіліне де байланысты өзгеріп отыратыны түсінікті; жекелеген топтардың әрқайсысы өзінің жергілікті өмір салтын сақтап қала ма, әлде олардың бәрі ортақ өмірге тартыла ма деген мәселеге сәйкес, яғни олардың көбірек немесе азырақ шоғырлануына сәйкес әбден-ақ әрқилы болуға тиіс. Демек, аталмыш сәтте сол сегменттердің толық қосылуы болып жата ма дегенді зерттеу керек болады. Оның бар-жоғын мынадай нышан арқылы білуге болады: қоғамның осынау бастапқы ұйымы оның әкімшілік және саяси ұйымдарына енді ықпал етпейді. Мұндай көзқарас тұрғысынан алғанда антик мемлекет герман тайпаларынан анық ерекшеленіп тұрады. Герман тайпаларында кландық негізде ұйымдастыру, біршама шайылған түрде болса да, тарихының соңына дерлік сақталып келді, ал Рим мен Афинада клан жеке топтарға айналып, саяси бөлімшелер болудан өте ерте қалды. Осылайша құрылған бағдарлар ішіне қосымша морфологиялық нышандарға сәйкес жаңа бөліністер енгізуге болады. Алайда төменде атап өтілетін себептер бойынша, жаңа ғана көрсетілген ортақ бөліністерді пайдалы жалғастыру мүмкіндігіне күмәніміз бар. Ол-ол ма, біз бұл детальдарға бойламауға тиіспіз. Бізге топтастыра жіктеу принципін ұсыну жеткілікті, ол былайша тұжырымдала алады: қоғамдарды олардың құрамының күрделілік дәрежесі бойынша топтастыра жіктеуден бастау керек, оған негіз ретінде жалғыз сегментті, мүлдем қарапайым қоғамды алған жөн. Осы кластардың ішінде бастапқы сегменттердің толық қосылуы іске аса ма, жоқ па дегенге сай шағын түрлерді бөліп алу қажет. ІІІ Бұл ережелер оқырман көкейінде пайда болуы мүмкін мына сұраққа анық жауап бермейді: әлеуметтік түрлердің бар екенін тікелей анықтап алмай тұрып, олар туралы бар нәрсе ретінде айта аламыз ба? Олардың бар екендігінің дәлелі жаңа ғана баяндалған әдістің өзінің негізінде жатыр.

Шынында да, біз қоғамдар дегеніміз бір ғана бастапқы қоғамның тек түрлі комбинациялары екенін көрдік. Бірақ бір ғана элемент өзімен ұштаса алмайды, ал, содан құрылатын бірлесулер, өз кезегінде, өзара, әсіресе құрамдас элементтері аз болғанда, тек шектеулі тәсілдермен ұштаса алады (әлеуметтік сегменттер жөнінде осылай). Яғни, мүмкін комбинациялар гаммасы шектеулі, және олардың көбірек бөлігі, бері салғанда қайталап отыруға тиіс. Осылайша, әлеуметтік түрлер бар болып шығады. Айтпақшы, бәлкім, бұл комбинациялардың кейбіреуі бір рет қана туындар. Бірақ, бұдан олар түр болмай қалмайды. Мұндай жағдайларда біз түрдің бір ғана өкілі дей аламыз426. Әлеуметтік түрлер биологиядағы түрлер болатын себептер бойынша өмір сүреді. Биологиядағы түрлер іс жүзінде организмдер бір ғана анотомиялық бірліктің түрлі комбинацияларын көрсету салдарының дүниеге келеді. Дегенмен, бұл көзқарас тұрғысынан әлеуметтік және биологиялық дүние арасында зор айырмашылық бар. Жануарларда бір айрықша фактор етене ерекшеліктерге өзге ерекшеліктерде болмайтын табандылық береді; ол фактор – ұрпақ. Алғашқылары, барлық ата-бабаларға ортақ болып табылатындықтан организмге әлдеқайда күшті тамыр жайған. Демек, олар индивидуалдық орталарға оңай көне бермейді және, сыртқы жағдайларды санқилылығына қарамастан, өзіне-өзі ұқсас күйінде сақталып қала береді. Оларды сырттан жасалатын әрқилы ықпалдарға кереғар бекітетін ішкі күш бар; бұл тұқым қуалау дағдысының күші. Олардың анық көрінетін сипаты болатыны және жазбай таныла алатыны міне сондықтан. Әлеуметтік дүниеде бұл ішкі себеп аталған нышандарда болмайды. Оларды ұрпақ күшейте алмайды, өйткені олардың ұзақтығы бір ұрпаққа тең. Әдетте, туынды қоғамдар туындататын қоғам түріне жатпайды, себебі соңғылары өзара ұштаса келіп тіптен жаңа құрылыстар тудырады. Тек отарлауды ғана ұрықтың өніп шығуы арқылы келумен салыстыруға болады; оның үстіне ұқсас дәл болу үшін отарлаушылар тобы басқа түрдегі немесе өзге нұсқадағы қандай да бір қоғаммен араласып

426 Тегінде, тарихта сыңары жоқ Рим империясы осының мысалы емес пе?

кетпеуі қажет. Түрдің өзгешелік атрибуттары, осылайша, тұқым қуалаушылықтан, олардың индивидуалдық өзгерістерге қарсы тұра алуына мүмкіндік беретін күш өсімін ала алмайды. Олар жағдай ықпалымен шексіз өзгеріп, жаңа реңктерге ие болып отырады. Сондықтан оларды түсінгісі келіп, оларды жасырып тұратын құбылмалы нышандарды ысырып тастаған бойда, көбіне салған жерден таныла қоймайтын қалдық шыға келеді. Нышандар қаншалық күрделі бола түскен сайын, осынау бұлдырлық, әрине, күшейе түседі, өйткені зат күрделі бола түскен сайын, оның құрамдас бөліктері соншама көп әрқилы комбинацияларды дүниеге әкеле алады. Осыдан келіп, әлеуметтанудағы айрықша тұрпат биологиядағыдай айқын нобайлар бола алмайды; оны тек ең ортақ және қарапайым нышандар біріктіреді427.

V тарау

Әлеуметтік фактыларды түсіндіруге қатысты ережелер

Түрлерді белгілеу – ең алдымен олардың түсіндірілуін жеңілдету мақсатымен фактыларды топтау құралы; әлеуметтік морфология дегеніміз ғылымның шынайы түсіндіруші бөлігіне бастайтын жол. Осынау түсіндірудің әдісі қандай?

427 Осы кітаптың бірінші басылымы үшін осы тарауды жазып жатқанда біз қоғамдарды олардың өркенияттық ахуалына қарап топтастастыра жіктеу әдісін ауызға алғанымыз жоқ. Ол кезде әйгілі әлеуметтанушылар ұсынған осы текте топтастыра жіктеу әлі жоқ еді, бары Конттың анық ескіріп қалған жіктеуі болатын. Одан бері осы бағытта бірнеше талпыныс, атап айтқанда Фиркандтың (Dіe Kulturtypen der Menschheіt іn Archіv fur Anthropologіe, 1898), Сазерлендn34 (The Orіgіn and Crowth of the Moral Іnstіnct) және Штейнмецn34 (Classіfіcatіon des types socіaux іn Ann~e Socіologіque, ІІІ, p. 43-147) талыпыныстары жасалды. Сонда да біз бұл жерде оларды талқыламаймыз, өйткені олардың бұл тарауда көлденең тартылған проблемаға қатысы жоқ. Олардан біз әлеуметтік түрлердің топтастырып жіктелуін емес, қайта, фазалардың жіктелуін табамыз, ал мұныңыз мүлде басқа нәрсе. Франция өзінің тарихи даму барысында бірталай әрқилы өркеният пошымдарын бастан өткерді: басында ол ауыл шаруашылықты ел болды, содан кейін кәсіпшілік өнеркәсіп пен ұсақ саудаға, одан әрі мануфактураға және ақыр соңында ірі өнеркәсіпке көшті. Бірақ, бұл орайда бір ғана ұжымдық индивидуалдық түрін үш-төрт рет өзгерте алды деп ойлауға болмайды. Түр неғұрлым тұрақты нышандармен анықталуға тиіс. Эклнлмиканың, технологиялардың және т.б. ахуалы – топтастырып жіктеудің негізін құрауға тым орнықсыз да күрделі құбылыстар. Бір ғана өнеркәсіптік, ғылыми немесе көркем өркеният негізгі құрылысы едәуір әрқилы қоғамдарда кезігуі әбден ықтимал. Жапония біздің өнерімізді, өнеркәсібімізді, тіпті біздің саяси ұйымдастырылуымызды пайдалана алады; сонда да ол Франция мен Германиядан өзге әлеуметтік түрге жатуын қоймайды. Қоса кетейік, бұл ұмтылыстар, көрнекті әлеуметтанушылар тарапынан жасалғанымен, бұлыңғыр, даулы және пайдасы шамалы нәтижелер берді.

І Әлеуметтанушылардың көпшілігі құбылыстың неге қызмет ететінін, оның қандай рөл атқаратынын көрсетсек болды, қандай да бір құбылыстарды түсіндірдік дегенге кәміл сенеді. Олар нақ осы рөл үшін ғана бар болатындай және олар атқаруға тиіс қызметті анық немесе бұлдыр түйсінуден басқа айқындаушы себепке ие болмауға тиісті секілді толғанады. Бұл қызметтің нақтылығы анықталған және олар қандай әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыратыны көрсетілген бойда, оларды түсінуге қажет нәрсенің бәрі айтылған деп санайтыны міне сондықтан. Мәселен, Конт адамзат баласының бүкіл прогресті күшін “адамды өзінің түрлі жағдайларын үздіксіз де жан-жақты жақсартуға тікелей жетелейтін” негізгі ұмтылысқа428, ал Спенсер – көбірек бақытты қажетсінуге саяды. Нақ осы принциптің ықпалы пәрменімен ол қоғамның құрылуын кооперациядан туындайтын артықшылықтармен, үкіметтің орнатылуын – әскери кооперацияның429 реттелуі беретін пайдамен, отбасы бастан өткерген өзгерістерді – ата-ана, балалар және қоғам мүдделерінің барған сайын толық үйлестіріле түсу қажеттігімен түсіндіреді. Бірақ, бұл әдіс тым әрқилы екі мәселені бытыстырады. Факт не нәрсеге пайдалы екенін көрсету ол қалай пайда болды дегенді де, ол осындай дәрежеге қалай жетті дегенді де түсіндіру емес. Фактының өзі тауып алатын қолданыс оған бөлекше тән қасиеттердің болуын талап етеді, бірақ оларды өзі жасамайды. Біздің затты сіңуіміз оларды мынадай да мынадай ете алмайды; ол оларды жоқтан бар ете алмайды және оларға нақты бар болу қасиетін бере алмайды. Ол тегі басқа себептерге тәуелді. Олардың пайдалылығын түйсіну бізді осы себептерді іске қосып олар туындайтын салдарларды алуға итермелеуі әбден мүмкін, бірақ бұл салдарларды жоқтан туындата алмайды. Бұл пайым, әңгіме әлі материалдық немесе тіпті психологиялық құбылыстар жайында болып жатқан шақта, өзінен-өзі анық секілді көрінеді. Ол, егер әлеуметтік фактылар өздерінің бүтіндей материалдық еместігінің салдарынан бізге қатеден

428 Cours de phіlosophіe pozіtіve, ІV, p. 262.
429 Socіologіe, ІІІ. 336.

оларға іштей тән бүкіл нақты болмысы жоқ секілді көрінбесе, әлеуметтануда да дау туғызбас еді. Олардан тек таза ойлау комбинацияларын көретіндіктен, олар өздері жайында ұғым немесе, бері салғанда, оларды пайдалылығы туралы түсінік пайда болған бойда өз-өзінен пайда бола салуға тиісті секілді көрінеді. Бірақ олардың әрқайсысы біздің күшімізге үстемдік ететін күш болғандықтан, ол өзінің төлмәнісіне ие екендіктен, оған болмысты беруге ниет те ырық та жетіспейді. Мұның үстіне, осынау белгілі бір күшті туғыза алатын күш, осынау ерекше мәністі туғыза алатын мәніс берілуге тиіс. Тек осы шарт орындалғанда ғана ол мүмкін болады. Отбасы әлсіреген тұста оның рухын жандандыру үшін оның артықшылықтарын жаппай түсіну жеткіліксіз: оны туғызатын себептерді іске кірісуге тікелей мәжбүр ету керек. Үкіметке қажет беделді беру үшін оның қажеттілігін түйсіну жеткіліксіз; кез-келген беделдің бірден-бір қайнар көзіне жүгіну, яғни, дәстүрлерді, ортақтық рухын және т.б. орнату керек. Бұл үшін, өз кезегінде себептер мен салдарлар желісінің бойымен әлі де өрлей түсіп, адам қарекеті нәтижелі араласа алатын орын табылғанша көтеріле беру қажет. Зерттеулердің осынау категорияларының екіұштылығын мына нәрсе жақсы көрсетеді: не ешқашан ешқандай өмірлік мақсатқа бейімделмегенінің салдарынан, не бір кездері пайдалы болғанымен бүкіл пайдалылығын жоғалтып, енді дағдының арқасында ғана өмірін жалғастыра беруінің салдарынан факт, ештеңеге қызмет етпей-ақ бола береді. Шынын айтқанда, организмге қарағанда қоғамда ескіліктің сарқыншағы едәуір көп. Тіпті салт немесе әлеуметтік институт, өз мәнісін өзгертпестен, қызметін өзгертетін жағдайлар да болады. Іs pater est quem justae nuptіae declarant ережесі материалдық жағынан ежелгі Рим құқығында не болса, біздің кодексте де сол күйінде қалды. Бірақ ол ереже сол бір замандарда әкенің заңды әйелінен туған балаларына меншігін қорғау мақсатын көздесе, қазір ол көбіне балалардың құқығын қорғайды. Әу баста ант ішу соттағы сынақ тәріздес болды, ал кейін куәгерліктің салтанатты да маңғаз пошымына айналды. Христиандықтың діни догмалары ғасырлар бойы өзгерген жоқ, бірақ оның осы заманғы қоғамдарда

атқаратын рөлі орта ғасырлардағыдай емес. Дәл осылайша, сөздер де, олардың құрылымы өзгермеген күнде де, жаңа ұғымдарды білдіруге қызмет етеді. Айтпақшы, биология үшін де, әлеуметтану үшін де дұрыс пікір – орган қызметтен тәуелсіз деген пікір, яғни, ол бұрынғы күйінде қала беріп, әрқилы мақсаттарға қызмет ете алады. Осылайша, оны жасайтын себептер өзі қызмет ететін мақсаттарға тәуелді. Айтпақшы, біз, адамдардың ұмтылыстары, қажеттері, ниеттері әлеуметтік эволюцияның барысына ешқашан белсене араласпайды дегіміз келмейді. Керісінше, олар факт тәуелді болатын жағдайлармен қалай сәйкестелетіндігіне қарай дамуды сөзсіз жеделдете немесе бәсеңдете алады. Бірақ, олар жоқтан бар жасап шығара алмайтынын былай қойғанда, олардың араласуы, оның салдарлары қандай болмасын, өздігінен тек ықпалды себептердің арқасында ғана орын алуы мүмкін. Шынында да, осы шектеулі дәрежеде де ұмтылыс жаңа құбылысты жасауға, онда да егер тек ол, тегі әртүрлі бөлшектерден қалыптасты ма немесе алдыңғы ұмтылыстағы қандайда да бір өзгерістерден пайда болды ма, соған қарамастан оның өзі жаңа болса ғана, қатыса алады. Іс жүзінде, егер шынайы көріпкелдікпен күн ілгері белгіленген жарасымдылықты постулатқа айналдырмасақ, онда адам әу бастан-ақ өзінің бойында тіленіп тұратын, бірақ жағдайлардың әмірімен жарқ ете қалуға әбден дайын, орындылығы эволюция барысында ұдайы сезіліп отыруға тиіс ұмтылыстарды сақтап жүреді деуге жол беру мүмкін емес. Өйткені ұмтылыс та зат қой; демек, ол біз оны пайдалы деп санағандықтан ғана құрыла да, өзгере де алмайды. Бұл өзінің төл табиғаты бар күш; сол табиғат бой көрсету немесе өзгеруі үшін біз одан қандай да бір пайда көруіміз жеткіліксіз. Ондай өзгерістер үшін оларды физикалық түрде қамтитын себептердің ықпалы болуы қажет. Мысалы, біз қоғамдық еңбек бөлінісінің үздіксіз прогресін, ол тарихи даму барысында тап болған жаңа жағдайларда адам өзінің тіршілігін қамтамасыз ете алуы үшін қажет екенін көрсетіп, түсіндірдік. Осылайша біз, өзін-өзі сақтау инстинкті деп едәуір бұрмалап аталып жүрген ұмтылысқа біздің түсіндіруімізде маңызды орын бердік. Бірақ осынау бір ғана ұмтылыс тіпті ең рудиментарлық

мамандандырудың өзін түсіндіре алмас еді. Ол, егер осы құбылыс тәуелді болатын жағдайлар іске асырылып үлгермеген болса, яғни, егер индивидуалдық айырмашылықтар жалпы сананың өсе түскен екіұштылығы мен тұқым қуалайтын айырмашылықтар салдарынан жеткілікті ұлғаймаса, ештеңе істей алмайды430. Алайда еңбек бөлінісі, оның пайдалылығы байқалуы үшін, оған қажеттілік – сезінерлік болуы үшін, өмірде бар болуға тиіс болатын. Тек индивидуалдық айырмашылықтың дамуы ғана, өз бойына талғамдар мен бейімділіктің толып жатқан түрлерін жиып алып, қажеттілікпен осынау алғашқы нәтижені беруге тиіс болатын. Бірақ, мұның үстіне, өзін-өзі сақтау инстинкті мамандандырылудың осынау бірінші ұрығына жан беру үшін өзіненөзі және себепсізден себепсіз келген жоқ. Егер ол осы жаңа жолға түсіп және бізді сол жаңа жолға бағыттаса, мұның себебі ең алдымен, оның өзі түскен және бұрын бізді сонымен жүруге мәжбүрлеген жол жабылып қалғандай болып шықты, өйткені қоғамдардың көбірек тығыздала түсуі туындатқан неғұрлым интенсивті күрес өздерін ортақ жұмысқа бағыштауын қоймаған индивидтердің күн көрісін барған сайын қиындата түседі. Осылайша ол бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Екінші жағынан, егер ол еңбек бөлінісінің барған сайын көбірек және тұрақты бағытына өзі де бет бұрып, біздің қызметімізді де негізінен соған бет бұрғызса, мұның себебі сондай-ақ оның ең кедергісі аз жол болғандығында еді. Басқа ықтимал жолдар эммиграция, өзіне-өзі қол жұмсау, қылмыс болатын. Бірақ оқиғалардың орташа санында біздің өз елімізбен, өмірмен байланысымыз, ол өзіміз секілділерге бүйрегіміздің бұрып тұратыны – бұлар біздің неғұрлым тар шеңбердегі мамандандырылуға қарсы тұратын дағдыларымыздан күштірек те орнықтырақ сезімдер. Нақ сол дағдылар ұдайы күшейіп келе жатқан тегеуріннен ығысуға тиіс болатын. Осылайша, әлеуметтанушылық түсіндірулерімізде адами қажеттіліктерге белгілі бір орын беруден бас тартпайақ біз сөйте тұра финадизмге (түпкі мақсат – Ред.) ішінара болса да қайтып оралмаймыз. Қажеттіліктер әлеуметтік эволюцияға тек мынадай шартпен – олардың өздері эволюцияланатын жағдайда ғана ықпал ете алады, ал олар

430 Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы. І, ІІ кітаптар, ІІІ, ІV тараулар.

бастан өткеретін өзгерістер тек ешқандай мақсат көздемейтін себептермен ғана түсіндіріле алады. Алайда, бұл ойымыздан әлеуметтік фактылардың практикалық саласының өзі әлдеқайда көңілге қонарлық. Финализм үстемдік құратын барлық жерде азды-көпті кездейсоқтық та бел алады, өйткені қажеттілік бойынша барлық адамдарға, тіпті олар шамамен бірдей жағдайда болған күннің өзінде, жармасатын мақсаттар, оның үстіне құралдар болмайды. Бір ғана ортада болғанның өзінде, әрбір индивид өзінің құлқына сәйкес өзі кез-келген басқа тәсілден артық көретін тәсіл бойынша бейімделеді. Біреу ол тәсіл өзінің қажеттерімен жарастықта болу үшін оны өзгертуге тырысады; екінші біреу өзі өзгеріп, өз қалауын шектеуді жөн көреді, бірдей бір ғана мақсатқа қаншама жолдар жетелей алады және нақты жетелейді десеңізші! Демек, егер де тарихи даму шынында да анық немесе бұлыңғыр түйсінілетін мақсаттарға қол жеткізу үшін жүзеге асырылатын болса, әлеуметтік фактылар мүлдем шексіз алуандықты көрсетуге тиіс болар еді, сөйтіп қандай да бір салыстыру мүмкін емес дерлік болар еді. Бірақ ақиқаты керісінше. Тіні әлеуметтік өмірдің үстіңгі қабатын құрайтын сыртқы оқиғалар түрлі халықтарда әртүрлі екені даусыз. Бірақ бұл, физикалық және моралдық ұйымдастырылу негіздері баршаға бірдей болғанымен, әрбір индивидтің өз тарихы болатыны секілді нәрсе. Іс жүзінде, әлеуметтік құбылыстармен аз-маз жанасқанның өзінде-ақ, олардың бірдей жағдайларда қайталанып отыратын таң қаларлық жүйелілігіне тәнті боласың. Ең ұсақ және сырт қарағанда ақымақтық болып көрінетін салттар ғажап бірдейлікпен қайталанып отырады. Былайша қарағанда қалыңдықты алып қашу секілді таза рәміздік некелік рәсім өз кезегінде тұтас саяси ұйыммен байланысты, отбасының белгілі бір тұрпаты бар жердің бәрінде сөзсіз кездеседі Кувада (бала туғанда әкенің босану актысын бейнелеген болуы секілді салт – Ред.), әмеңгерлік экзогамия (туыстық қана араластырмау – Ред.) және тағы басқалар секілді ең оғаш салттар барынша әртүрлі халықтарда бар және қоғамның белгілі бір ахуалына тән. Мұрагерлік құқығы белгілі бір тарихи кезеңде пайда болады, және оның азды-көпті елеулі шектеулері бойынша

әлеуметтік эволюцияның қай сәтімен ұшырасқанымызды айтып беруге болады. Мысалдар санын оп-оңай көбейтуге болады. Бірақ, егер де себептер ретінде ұсынылып отырған мақсаттар әлеуметтануда оларға телінетін басым мәнге ие болса ұжымдық пошымдардың жалпыға бірдей сипатын түсіндіру мүмкін болмас еді. Демек, әлеуметтік құбылысты түсіндіру барысында оны туындататын нақты себеп пен оның атқаратын қызметін бөлек зерттеу қажет. Біздің “мақсат” немесе “ниет” сөздерін емес, нақ “қызмет” сөзін қолдануды жөн көретініміз, әлеуметтік құбылыстар әдетте өздері жеткізетін пайдалы нәтижелерге қол жеткізу үшін өмір сүрмейді. Қарастырылып отырған факт пен әлеуметтік организмнің жалпы қажеттіліктері арасында сәйкестік бар ма, бұл сәйкестік неде – осыны анықтап алу қажет және бұл орайда ол сәйкестік әдейі пайда болды ма, жоқ па – оған көңіл аудармау керек. Ниеттермен байланысты барлық мәселелерді ғылыми жолмен қарастыруға, олар тым субъективті. Проблемалардың осы екі санатын айырып алу керек қана емес, жалпы біріншісі екіншісіне дейін қарастырылуға тиіс. Мұндай тәртіп фактылардың шын ретіне сай келеді. Құбылыстың себебін оның салдарын анықтағанға дейін іздеу табиғи нәрсе. Бұл әдістің қисындылығы сонда, бірінші мәселенің шешілуі екіншісінің шешілуіне де жиі көмектесе алады. Шынында да, себеп пен салдарды жалғастыратын тығыз байланыс өзара сипатта болады, бұл әлі жеткілікті ұғынылмаған. Әлбетте, өзінің себебінсіз салдардың болуы мүмкін емес, бірақ, себеп те, өз кезегінде, өзінің салдарына мұқтаж. Салдар өзінің күшқуатын себептен алады, сонымен бірге орайы келгенде оны қайтарып отырады, сондықтан себепке әсер етпей ізім-қайым жоғалып кете алмайды431. Мысалы жазалауды құрайтын әлеуметтік реакция қылмыс қорлайтын ұжымдық сезімдердің қарқынынан туындайды. Бірақ, екінші жағынан, ол осы сезімдерді дәл сол қарқын деңгейінде ұстап отырудың пайдалы қызметін орындамайды, өйткені, егер бастан өткен қорлау үшін жазалау болмаса, олар ұдайы әлсірей

431 Біз бұл арада орынсыз болатын жалпы философиялық мәселелерді қозғағымыз келмес еді. Алайда, себеп пен салдардың өзара байланысын жақсырақ зерттеу ғылыми механизмді мақсат көздеумен татуластыру құралын жасай алар еді дегенді ескерте кетейік, ол құрал өмір сүруді және әсіресе өмірді сақтап қалуды қамтиды.

берер еді432. Дәл осылай, әлеуметтік орта неғұрлым күрделі де белсенді бола түсуіне қарай дәстүрлер, қалыптасқан нанымсенімдер шайқатыла береді де, неғұрлым бұлдырлау, икемді пошымға ие болады, ал ойлау қабілеті дами түседі; бірақ, дәл осы қабілет неғұрлым белсенді де күрделі ортаға бейімделу үшін қоғамдар мен индивидтерге де қажет433. Адамдар неғұрлым қарқынды еңбек етуге міндеттенуіне қарай, сол еңбектің нәтижесі неғұрлым елеулі де сапалы бола түседі; бірақ нақ осы неғұрлым мол да жақсы нәтижелер неғұрлым қарқынды еңбек тудыратын шығындардың есесін қайтаруға да қажет434. Осылайша, әлеуметтік құбылыстардың себебі өздері орындауға тиіс қызметті саналы түрде алдын-ала көре білуде емес; керісінше, бұл қызмет, бері салғанда көптеген жағдайларда, олардың өздері шығатын бұрын болған себептерді қолдап оытудан құралады. Демек, біз біріншісі белгілі болса, екіншісін оңайырақ табамыз. Бірақ қызметті анықтауға басында кіріспеген мақұл болғанымен, құбылысты түсіндіру толық болуы үшін ол бәрібір қажет. Расында да, фактының пайдалылығы оны туындатпайтын болса да, ол, әдетте, сақталып қалу мүмкіндігі болу үшін пайдалы болуы қажет. Оның ештеңеге қызмет етпейтіндігінің өзі жеткілікті ғой, қызмет етсе сонысымен-ақ зиянды болар еді, өйткені ондай жағдайда, ол ешқандай пайда келтірместен, шығындар туғызар еді. Егер әлеуметтік құбылыстардың көп бөлігі осындай паразиттік сипатта болса, онда организмнің бюджеті тапшылыққа ұшырап, әлеуметтік өмір мүмкін болмас еді. Демек, ол жайында қанағаттанарлық түсінік беру үшін, онда шағылысатын құбылыстар қоғамның өз-өзімен және сыртқы әлеммен жарасымын қамтамасыз ету үшін өзара қалай ынтымақтасатынын көрсету қажет. Өмір ішкі орта мен сыртқы ортаның арасындағы сәйкестік дейтін таптаурын формула атүсті ғана екендігі даусыз. Алайда, жалпы алғанда ол дұрыс, демек, өмірлік ыңғайдағы фактыны түсіндіру үшін, ол тәуелді болатын

432 Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы. І кітап; ІІ кітап, ІІ тарау. 433 Сонда. 434 Сонда.

себепті көрсетіп қана қою жеткіліксіз, мұның үстіне, бері салғанда жағдайдың көпшілігінде, ортақ жарасымды орнатудағы оның үлесін табу қажет.

ІІ Көрсетілген екі мәселені бөліп алған соң, олар шешілуге тиіс әдісті анықтап алу қажет. Әдетте әлеуметтанушылар қолданатын түсіндіру әдісі финалистік қана емес сонымен бірге психологиялық та әдіс болып табылады. Бұл екі тенденция өзара байланысты. Расында да, егер қоғам белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдар орнатқан құралдар жүйесі ғана болса, онда бұл мақсаттар тек индивидуалдық қана бола алады, өйткені қоғамға дейін тек индивидтер ғана өмір сүре алған. Демек, қоғамның қалыптасуын анықтаған идеялар мен қажеттіліктер индивидтен шығады екен, ал егер бәрі содан басталатын болса, бәрі де сөзсіз соған түсіндірілуге тиіс. Мұның үстіне қоғамда жекелеген саналардан өзге ештеңе жоқ; демек, бүкіл әлеуметтік эволюцияның қайнар көзі де соларда. Осының салдарынан әлеуметтанушылық заңдар психологияның неғұрлым жалпы заңдарының королларийі ғана бола алады. Ұжымдық өмірдің ақтық түсіндірілуі ол жалпы адам табиғатынан қалай туындайтынын көрсетуден тұратын болады, бұл оны не сол табиғаттан тікелей және алдын-ала бақылаусыз шығару, не бақылаудан кейін оны сонымен байланыстыру жолымен жасалады. Келтірілген сөздер, Огюст Конт өз әдісін сипаттау үшін қолданған сөздерді айнытпай дерлік қайталайды. “Тұтас алып қарастырылғандағы әлеуметтік құбылыс, – дейді ол, – шын мәнісіне келгенде, адамзаттың қандай да бір қабілеттердің ешбір қатысуынсыз өсіп шыққан жай ғана дамуы болғандықтан, осылайша, мен жоғарыда анықталғандай, әлеуметтанушылық бақылау дәйекті түрде анықтай алатын барлық шын бейімділіктер, демек, бері салғанда ұрық күйінде, биология әлеуметтану үшін алдын ала жасаған негізгі тұрпатта табылуға тиіс болады”435. Гәп мынада: оның көзқарасы бойынша, әлеуметтік

435 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 333.

өмірдің басым фактысы – прогресс; сонымен бірге прогресс тек қана психологиялық факторға, атап айтқанда, адамды өз табиғатын барған сайын дамыта түсуге жетелейтін талпынысқа тәуелді. Әлеуметтік факторлардың адамзат табиғатынан тікелей туындайтыны соншалық, тарихтың бастапқы фазаларына қолданғанда, оларды бақылауға жүгінбестен-ақ, одан тікелей шығаруға болады436. Рас, Конттың мойындауы бойынша бұл дедуктивті әдісті эволюцияның неғұрлым прогресті кезеңдеріне қолднау мүмкін емес. Бірақ бұл мүмкін еместік – таза практикалық тұрғыдан. Бұл сөре мен мәре арасындағы қашықтық тым елеулі болып шығатындығына байланысты, адам ақылы ол қашықтықты жолбасшысыз басып өтуге кіріскенде, адасып кетуге де тәуекел етуге тиіс437. Бірақ, адамзат табиғатының негізгі заңдары мен прогрестің түпкілікті нәтижелері арасындағы байланыс таза талдаушылық күйінде қалып қоймайды. Өркенияттың ең күрделі пошымдары тек дамыған психикалық өмірден ғана пайда болады. Сондықтан, психологиялық теориялар әлеуметтанушылық тұжырымның алғышарттары ретінде жеткіліксіз болғанның өзінде, олар индуктивті түрде белгіленген қағидалардың негізделгендігін тексеруге мүмкіндік беретін бірден-бір қайрақтас болып табылады. “Әлеуметтік сабақтастықтың кез-келген заңы тіпті ең беделді жолмен, тарихи әдіс арқылы анықталатын заңы, – дейді Конт, – сайып келгенде, ол адамзат табиғатының позитивтік теориясымен тікелей немесе жанама, бірақ, әрқашан талассыз ұтымды байланыстырылғаннан кейін ғана мойындалуға тиіс”438. Осылайша, соңғы сөз бұрынғысынша психология бәсіресі болып қала береді. Спенсердің де әдісі осындай. Расында да, оның ойынша, әлеуметтік құбылыстардың бастапқы екі факторы ғарыштық орта және индивидтің тәндікинсанияттық конституциясы болып табылады439. Бірақ бірінші фактор қоғамға тек екінші фактор арқылы ғана ықпал ете алады, осылайша, ол әлеуметтік эволюцияның негізгі қозғағышы болып шығады. Қоғам, индивидке өз табиғатын іске асыру мүмкіндігін беру үшін ғана пайда болады, және ол

436 Іbіd., p. 345.
437 Іbіd., p. 346.
438 Іbіd., p. 335.
439 Prіncіpes de socіologіe І, p.14.

басынан өткерген барлық өзгерістердің осынау іске асыруды неғұрлым оңай да толық етуден басқа мақсаты жоқ. Осы принциптің пәрменімен, әлеуметтік ұйымды зерттеуге кірісерден алдын, Спенсер өзінің “Әлеуметтану принциптері” атты еңбегінің бірінші томын түгел дерлік алғашқы қауымдық адам өмірінің физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық қырларын зерттеуге арнау қажет деп тапты. “Әлеуметтану ғылымы, дейді ол – біз қарастырған физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық жағдайларға бағындырылған және кейбір бұрын табылған идеялар мен оларға сәйкес келетін сезімдер билігіндегі әлеуметтік бірліктерден бастау алады”440. Және осындай екі сезімнен – тірілер алдындағы үрейден және өлілер алдындағы үрейден – ол саяси және діни биліктің шығуын аңғарады441. Рас ол, қоғам қалыптасып болғаннан кейін, индивидтерге ықпал ететіндігімен келіседі442. Бірақ осыдан ол қоғамның ең болмағанда мүлдем елеусіз әлеуметтік факт тудыру мүмкіндігін мойындайды деген мағына шықпайды; осы көзқарас тұрғысынан қоғам, индивидте өзі туғызатын өзгерістер арқылы ғана пәрменді себеп бола алады. Демек, әрқашан бәрі де адам табиғатының бастапқы немесе туынды ерекшеліктерінен шығады. Мұның үстіне, әлеуметтік организмнің өз мүшелеріне ықпалының өзінде ешқандай айрықша нәрсе бола алмайды, өйткені саяси мақсаттар өздігінен түкке татымайды және индивидуалдық мақсаттардың жай ғана жинақталған білдірілуі болып табылады443. Бұл ықпал демек, жеке қызметтің өзіне-өзі оралуы секілді бірдеңе ғана бола алады. Әсіресе, мақсаты индивидті, кез-келген әлеуметтік мәжбүрлеуден бостан ете отырып, оның өзімен жаратылыстық ниеттеріне тапсыру болатын өнеркәсіптік қоғамдарда ол ықпалдың неден құралатындығы түсініксіз. Бұл принцип жалпы әлеуметтануға жататын үлкен доктриналардың негізінде ғана жатпайды, көптеген жекелеген теорияларға да еніп кетеді. Мәселен, әдетте

440 Іbіd., p. 583. 441 Іbіd., p. 582. 442 Іbіd., p. 18. 443 “Қоғам өз мүшелерінң пайдасы үшін өмір сүреді, ал мүшелері қоғам пайдасы үшін өмір сүрмейді... саяси тәннің құқығы өздігінен түк те емес ; олар өзін құрайтын индивидтердің құқығын бейнелеген кезде ғана бірдеңеге айналады” ( Іbіd., ІІ, p.20).

отбасылық ұйымды ата-аналардың балаларға және балалардың ата-аналарға деген сезімдерімен; неке институтын – жұбайлар мен олардың балаларына беретін артықшылықтарымен; жазалауды – индивидте оның мүддесінің кезкелген елеулі бұзылуынан туындайтын ашу-ызамен түсіндіреді. Бүкіл экономикалық өмір, оны экономистер, әсіресе ортокс мектептің өкілдері түсініп және бізге түсінетіндей, түптеп келгенде таза индивидуалдық факторға байлықты қалауға сүйенеді. Ал әңгіме мораль туралы болса ше? Индивидтің өзөзіне міндеттерінен этиканың негізін жасайды. Дінге келетін болсақ, одан табиғаттың ғаламат күштерінің немесе кейбір ұлы тұлғалардың адамға әсерінің жемісін көреді және т.б. Бірақ мұндай әдіс әлеуметтік құбылыстарға оларды бұрмаламай қолданыла алмайды. Бұған көз жеткізу үшін оған біз берген анықтамаға жүгіну жеткілікті. Әлеуметтік құбылыстардың елеулі нышаны индивидуалдық санаға сырттан қысым жасау қабілетінен тұратын болғандықтан, демек, олар индивидуалдық санадан өрбімейді, және сондықтан әлеуметтану психологияның королларийі емес. Осынау мәжбүрлеуші күш олардың біздікінен өзгеше табиғаты бар екендігін айғақтайды, өйткені ол бізге күш қолдана, немесе, бері салғанда айтарлықтай қысым жасай отырып енеді. Егер әлеуметтік өмір индивидуалдық болмыстың жалғасы ғана болса, онда ол өзінің қайнар көзіне бұлайша оралмас еді және оны соншалық қызумен жаулап алмас еді. Индивид әлеуметтік тұрғыдан қарекет еткенде, сезінгенде немесе ойлағанда ол бас иетін билік оған соншалық үстемдік жүргізетін болса, ол индивидтен басым және ол түсіндіре алмайтын күштердің жемісі деген сөз. Олар сезінетін осынау сыртқы қысым одан шықпайды; демек, мұны онда болып жатқанмен түсіндіру мүмкін емес. Рас, біз өзімізді өзіміз мәжбүрлей аламыз; біз өз ұмтылыстарымызды, әдеттерімізді, тіпті инстинктерімізді тежеп, оларға тыйым сала отырып, дамуын тоқтата аламыз. Бірақ, мұндай тиымдарды әлеуметтік мәжбүрлеуді құрайтын қимылдармен шатастырмау керек. Біріншілері ортадан қашатын, екіншілері ортаға ұмтылатын күш. Біреулері индивидуалдық санада жасалып, содан кейін сыртқа ұмтылады, басқалары, керісінше, әуелі индивидтен тыс болады, одан

кейін оны сырттан өзіне ұқсатып қалыптастыруға ұмтылады. Қажет десеңіз, тиым дегеніңіз әлеуметтік мәжбүрлеу өзінің психикалық ықпалын туындататын құрал, бірақ оның өзі сол мәжбүрлеудің өзі емес. Егер индивидті былай қоя тұрсақ, онда тек қоғам қалады; демек, әлеуметтік өмірді түсіндіруді қоғамның табиғатының өзінен іздеу керек. Шынында да, индивидтен уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да шексіз артық болғандықтан, қоғам оған өз беделімен бекіген қарекет пен ой салтын таңа алады. Әлеуметтік фактылардың ерекше нышаны болып табылатын осынау қысым – баршаның әркімге қысымы. Бірақ былай дей алады: қоғам құралатын бірден-бір элемент индивидтер болғандықтан, әлеуметтанушылық құбылыстардың түпкі қайнар көзі тек қана психологиялық бола алады. Осылайша толғайтын болсақ, биологиялық құбылыстар талдамалық тұрғыдан анорганикалық құбылыстар арқылы түсіндіріледі деп оп-оңай дәлелдеуге болады. Шынында да, тірі клеткада тек жансыз материяның молекулалары ғана болатыны әбден ықтимал нәрсе. Онда тек солар ғана ассоциацияланған, және осы ассоциация өмірді сипаттайтын жаңа құбылыстардың, ассоциацияланған элементтердің бір де-бірінен тіпті ұрығын да табу мүмкін емес құбылыстардың себебі қызметін де атқарады. Бұлай болатыны, бүтін өз бөлшектерінің қосындысымен бірдей емес, ол әлдене бірдеңе, және өзін құрайтын элементтердің қасиеттерінен өзгеше қасиеттерге ие. Ассоциация, бұрын ойлағандай, өздігінен тұл, тек қалыптасып үлгерген фактылар мен қасиеттерді сырттан байланыстыратын құбылыс емес. Ол, керісінше, ортақ эволюция барысында бірінен соң бірі өмірге еніп отырған барлық жаңалықтардың қайнар көзі емес пе? Ең төмен организмдер мен басқаларының арасында, тірі организм мен жай ғана пластида (өсімдік клеткаларының протоплазмасында болатын мөлдір зат – Ред.) арасында, пластида мен оны құрайтын анорганикалық молекулалар арасында ассоциациядағы айырмашылықтан басқа қандай айырмашылық бар? Осынау тіршілік иелерінің барлығы сайып келгенде шіріп, табиғаты бірдей элементтерге айналады; бірақ осы элементтер бір жағдайда қатарласа

орналасады, екінші бір жағдайда ассоциацияланған; бірінде бір тәсіл бойынша, екіншісінде басқа тәсіл бойынша ассоциацияланған. Біз тіпті өзімізге мынадай сұрақ қоюға хақылымыз: осынау заң минералдық патшалыққа да жүрмей ме және анорганикалық денелердің айырмашылықатыр соған байланысты емес пе? Осы принциптің пәрменімен қоғам – индивидтердің қарапайым жиынтығы емес, қайта олардың ассоциациясы құрған және өзінің айрықша қасиеттері бар suі generіs нақты болмысын өзі арқылы көрсететін жүйе. Әрине, ұжымдық өмір индивидуалдық сананың болуын талап етеді, бірақ осы қажетті жағдай жеткіліксіз. Мұның үстіне, осынау саналардың ассоциацияланғаны, қиюласқаны, және де белгілі бір түрде қиюласқаны қажет. Нақ осы қиюласудан әлеуметтік өмір шығады, сондықтан бұл қиюласу оны түсіндіреді де. Бір бірімен топтаса, өзара толықтыра және бір-біріне ене отырып индивидуалдық жандар жаңа тіршілік иесіне, қажет десеңіз психикалық тіршілік иесіне, бірақ өзге тектегі психикалық индивидуалдықты білдіретін тіршілік иесіне жан444. Демек, онда туындайтын фактылардың ең жақын да айқындаушы себептерін индивидуалдылықты құрайтын бірліктердің табиғатынан емес, соның өзінің табиғатынан іздеу қажет. Топ, оның мүшелері бөлшектелген болса істейтіннен мүлдем басқаша ойлайды, сезінеді, қимылдамайды. Егер әлгі бөлшектерге құлақ түріп, солардікін мақұл көрсек, онда топта не болып жатқанынан ештеңе түсіну мүмкін емес. Қысқасы, психология мен әлеуметтану арасындағы айырмашылық биология мен физикалық-химиялық ғылымдар арасындағы айырмашылықпен бірдей. Сондықтан әлеуметтік құбылыстар төтесінен психикалық құбылыстармен түсіндірілген әрбір жолы, жалған түсіндірілгеніне кәміл сенуге болады.

444 Индивидуалдық санадан өзгеше ұжымдық сана жайында міне осындай мағынада және осындай себептер бойынша айтуға болады және айтылуға тиіс. Бұл айырмашылықты негіздеу үшін, ұжымдық сананы гипостаздаудың (дерексіз ұғымдарға дербес болмыс беру, ортақ қасиеттерді дербес пән ретінде қарастыру – Ред.) қажеті жоқ; ол айрықша бірдеңе және арнайы терминмен нобайлануға тиіс, өйткені оның ахуалы ерекше және жекелеген санаға тән ахуалдан өзгешеленеді. Олардың осынау айрықшалылығы оларды дәл сол элементтерден құралмағанынан. Біреулері шынында да жекелей алынған психикалық-органикалық тіршілік иесінің табиғатынан, басқалары осы тектегі көп тіршілік иелерінің қиюласуынан туындайды. Демек, нәтижелер өзгешеленбей тұра алмайды, себебі құрамдас бөліктері әртүрлі. Айтпақшы, әлеуметтік фактыға берген анықтама осы бөліп тұратын сызықты тек басқаша нобайлайды.

Бәлкім, бізге дау айтылар: егер қалыптасып үлгерген қоғам шынында да әлеуметтік құбылыстардың ең жақын себебі болып табылса, онда сол қоғамды құруға жетелеген себептер психологиялық сипатқа ие. Бұл жағдайда, индивидтер ассоциацияланған да олардың ассоциациясы жаңа өмір туғыза алатынымен келіседі, бірақ ассоциацияның өзі индивид бойында тамыр жайған себептер бойынша ғана пайда бола алады деп кесіп айтады. Бірақ іс жүзінде, біз тарих қойнауына қаншама бойламайық, ассоциация фактысы баршасының ең міндеттісі болып шығады, өйткені ол барлық өзге міндеттемелердің қайнар көзі. Мен өмірге келген бойда міндетті түрде белгілі бір халықпен байланысты болып шығамын. Кейінірек, ересек болғаннан кейін, өз еліңде тұра беруің арқылы-ақ бұл міндеттемеге келісім бересің дейді. Бірақ мұның қандай мәні бар? Бұл келісім оның бұйрық райлы сипатын жоймайды. Қабыл алынған және алғаусыз көтерілетін қысым бәрібір қысым болып қала береді. Айтпақшы, әлгі келісім нені білдіреді? Біріншіден, ол мәжбүрлі келісім, өйткені орасан көп жағдайларға байланысты біздің материалдық және инсанияттық тұрғыдан өз ұлтымыздан бөлініп кетуіміз мүмкін емес; мұндай өзгеріс әдетте тіпті жолдан таю деп те саналады. Мұнан соң, ол келісім өзіміз мақұлдай алмайтын, соған қарамастан осы шақты айқындап берген өткен шаққа жанаса алмайды; мен алған тәрбиемді қалаған жоқпын, ал келісім кез-келген өзге себептен артық мені туған топырағыма байлап қояды. Ақыр соңында бұл келісімнің болашақ үшін инсанияттық құны жоқ, өйткені ол болашақ әлі белгісіз. Мен тіпті әйтеуір бір кездері азамат ретінде маған жүктелетін барлық міндеттерді де білмеймін; мен оларға күні бұрын қалай келісім бере аламын? Міндетті нәрселердің бәрінің қайнар көзі, біз дәлелдеп бергеніміздей, индивидтен тыс жатады. Осылайша, біз тарих шеңберінен шықпағанша, ассоциация фактысы да басқалары сияқты сипатқа ие болады да, осының салдарынан сол секілді түсіндіріледі. Екінші жағынан, барлық қоғамдар тікелей және үзіліссіз өзге қоғамдардан өсіп шыққандықтан, бүкіл әлеуметтік эволюцияның барысында индивидтерге қоғамға мүше болуды, және нақ қай қоғамға мүше болуды шешетін сәт ұшыраспағанына кәміл сенуге болады.

Мәселені бұлайша қою мүмкін болуы үшін, қоғам атаулының бастапқы қайнар көзіне дейін жету қажет болар еді. Бірақ мұндай проблемалардың сөзсіз дүдамал шешімдері тарихи фактыларды қарастыру кезінде басшылыққа алынатын әдісті ешбір жағдайда шайқалта алмайды. Демек, біздің оларға тоқталуымыздың қажеті жоқ. Бірақ алдыңғы айтылғаннан, әлеуметтану, біздің ойымызша, адам мен оның қабілеттерін былай ысырып қоюға тиіс және солай істей алады деген қорытынды шығарса, онда бұл біздің ойымызды мейлінше қате түсіну болар еді. Керісінше, адам табиғатының жалпы қасиеттері іске қосылатыны, нәтижесінде әлеуметтік өмір пайда болатыны айқын. Тек оны солар туғызбайды және оған айрықша пошымды солар бермейді; олар тек оны мүмкін етеді. Ұжымдық түсініктердің, эмоциялардың және ұмтылыстардың бастапқы себептері индивидтер санасының ахуалы емес, қайта жалпы әлеуметтік дене орналасқан жағдайлар. Әрине, олар индивидуалдық қасиеттер оған қарсы болмаған жағдайда ғана іске асырыла алады; бірақ индивидуалдық қасиеттер әлеуметтік фактор анықтап, өзгертіп отыратын пошымсыз зат қана. Олардың үлесі тек қана тым жалпы ахуалдарды, жүйесіз де құбылмалы үйірліктерді жасаудан тұрады, олар өздігінен, бөгде фактордың көмегінсіз, әлеуметтік құбылыстарға тән белгілі де күрделі пошымдарға ие бола алмас еді. Мысалы, адам өзінің төл сезімдерінен неғұрлым жоғары тұрған сезімдер алдында бастан кешетін сезімдер мен өзінің наным-сенімдері, өзінің материалдық және инсанияттық ұйымы бар діни институт арасында; қандас екі жандардың тіршілік иесінің бір-біріне жылы шырайының психикалық жағдайы445 мен отбасының құрылымын, адамдардың өз арасындағы, заттармен қатынасы арасында және т.б. арасында қаншама терең құз жатыр! Біз, қоғам ұйымдаспаған тобырға сайға күннің өзінде, онда пайда болатын ұжымдық сезімдер орташа алғанда индивидуалдық сезімдерге ұқсау былай тұрсын, қарама-қарсы да бола алатынын көрдік. Индивид тұрақты өмір сүріп келе жатқан қоғам қысымын сезінетін, онда замандастарының ықпалына алдыңғы

445 Ол сезім кез-келген әлеуметтік өмірге дейін де өмір сүреді. Қараңыз: Espіnas. Socіetes anіmales, p. 474 .

ұрпақтар мен дәстүрлер ықпалы қосылатын тұста айырмашылық қаншалық көп болуға тиіс деңіз! Әлеуметтік фактыларды таза психологиялық тұрғыда түсіндіру, демек оларға айрықша, яғни әлеуметтік атаулының бәрінен сөзсіз көз жазып қалады. Бұл әдістің жарамсыздығының көптеген әлеуметтанушылардың көзіне шалынбауының себебі, салдарды себеп деп қабылдап, олар әлеуметтік құбылыстың анықтаушы шарттары деп көбіне-көп шындығында олардың нәтижесі болып табылатын салыстырмалы түрде анықталған, айрықша психикалық ахуалдарды санады. Мәселен, әлдене діни сезімді, жыныстық қызғаныштың, бір балалық немесе ата-аналық махаббаттың және тағы басқалардың біршама минимумын адамға туа бітетін қасиеттер деп санады да, дінді, некені, отбасыны осымен түсіндіргісі келді. Бірақ тарих мынаны көрсетеді: бұл бейімдер адам табиғатына тіпті де міндетті түрде тән бола бермейді, бірақ белгілі әлеуметтік жағдайларда не мүлдем болмайды, не бір қоғамнан екінші қоғамға қарай өзгеріп кететіндігі соншалық, барлық осы айырмашылықтарды шығарып тастағанда қалатын және жалғыз өзі ғана таза психологиялық тегі бар нәрсе деп қарастырыла алатын қалдық орасан ара қашықтықта түсіндіруді қажет ететін фактыларды қалдыратын анық-қанығы белгісіз және үзік-үзік бірдеңеге саяды. Гәп мынада, бұл сезімдер ұжымдық ұйымның негізі қызметін атқармайды, соның өзінен шығады. Әлеуметтікке ұмтылу о бастан адамзаттың туа біткен инстинкті болып табылатыны тіпті ешқалай да дәлелденбеген. Одан әлеуметтік өмірдің бізде біртіндеп қалыптасатын жемісін көру әлдеқайда табиғи, өйткені жануарлардың әлеуметтікке бейімдігі немесе бейімсіздігі олар өмір сүретін жерінің жағдайымен соған мәжбүр етілуіне байланысты екендігі бақылау арқылы анықталған. Және қоса кету керек, осы неғұрлым нақты бейімділіктер мен әлеуметтік ңақты болмыстың арасында әлі де елеулі қашықтық жатыр. Айтпақшы, психологиялық фактордың ықпал кеңістігін дәл анықтау мүмкін болуы үшін оны мүлдем дерлік оқшаулау құралы бар; бұл үшін нәсілдің әлеуметтік эволюциямен ара қатынасы қалай жүргізілетінін анықтап алу қажет.

Шынында да, этностық қасиеттер психоорганикалық құбылыстар санатына жатады. Демек, егер тек психологиялық құбылыстар қоғамға өздеріне телінетін себептік ықпал етсе, олардың өзгеруіне қарай әлеуметтік өмір де өзгеруі тиіс. Бірақ біз нәсілдің қасиеттеріне сөзсіз тәуелді болатын бірде-бір құбылысты білмейміз. Әрине, біз бұл пікірге заң күшін тели алмаймыз; бірақ біз оны, бері салғанда практикалық өміріміздің тұрақты фактысы деп кесіп айта аламыз. Бір ғана нәсілдің қоғамдарында ұйымның неше алуан пошымдары кездеседі, сонымен бірге әртүрлі нәсілдердің қоғамдары арасында таң қаларлық ұқсастықтарды байқалады. Азаматтық қауым римдіктер мен гректерде болғанындай финикиялықтарда да болды, және кабилдерде қалыптасу үрдісі үстінде. Патриархтық отбасы еврейлерде үнділердегідей дерлік дамыған болатын, бірақ ол, сөз арасында айтқанда, арийлік нәсілге жататын славяндарда кездеспейді. Есеіне оларда кездесетін отбасылық тұрпат арабтарда да бар. Аналық отбасы және клан барлық жерде кездеседі. Сот жүргізудің, некелік рәсімдердің егжей-тегжейі этностық тұрғыда тіптен ұқсамайтын халықтарда бірдей болып келеді. Егер бұл осылай болса, онда әлеуметтік құбылыстардың барысын алдын-ала анықтауға психикалық элементтің үлесі тым жалпылама сипатта болады. Ол өзінде басқаларынан ерекшеленетін белгілі бір әлеуметтік пошымды қамтымайтындықтан, онда ол олардың бірде-бірін түсіндіре алмайды деген сөз. Рас, фактылардың белгілі бір тобы бар, оларды нәсілдің ықпалына телу қабылданған. Атап айтқанда, Афинада өнер мен ғылымның дамуы неліктен елеулі де жылдам, ал Римде баяу және әлсіз болды дегенді осылайша түсіндіреді. Бірақ фактыларды осынау классикалық түсіндіру ешқашан әдістемелік тұрғыдан дәлелденген емес. Оның бүкіл беделі, тегінде тек дәстүрге негізделген сыңайлы. Тіпті әлеуметтанушылық түсіндіру мүмкіндігін анықтау әрекеті де болған емес, ал біз әлеуметтанушылық түсіндіру аталмыш жағдайда ойдағыдай болып шығарына кәміл сенеміз. Жалпы, алғанда Афина өркениятының көркемдік сипатын туа бітті эстетикалық дарынмен соншалық асығыс байланыстыратын кезде, онда шамамен орта ғасырлардағыдай жасайды,

ол кезде отты флогистонмен, ал көкнардың ықпалын – оның ұйқы шақыру күшімен түсіндірген. Ақыр соңында, егер әлеуметтік эволюцияның қайнар көзі шынында да адамның психикалық конституциясында деп топшыласақ, онда бұл эволюцияның қалай туындағаны түсініксіз. Онда оның қозғаушысы адам табиғатында бұғып жатқан қандай да бір серіппе екендігіне жол беруге тура келер еді. Ол қандай серіппе? Конт айтатын және инстинкттің адамды өз табиғатын жүзеге асыруға итермелейтін түрі ме? Бірақ мұны мойындау – сұраққа сұрақпен жауап беру және прогресті тумыстан прогреске ұмтылыспен, және де ештеңемен дәлелденбеген нағыз метафизикалық мәніспен түсіндіру болып шығар еді, өйткені жануарлардың әрқилы түрлері, тіпті ең дамығандары ілгерілеуге ешқандай қажеттілікті сезінбейді, тіпті адамзат қоғамдарының ішінде де жылжымай қала беру шексіз ұнайтын қоғамдар көп. Немесе, Спенсер ойлайтындай, мұндай серіппе, өркенияттың неғұрлым күрделі пошымдары арқылы барған сайын толығырақ қанағаттандырылып келе жатқан ең көп бақыт қажеттілігі ме? Олай болса, бақыт өркениятпен бірге өсе түсетінін дәлелдеу керек еді, ал біз басқа бір жерде осы гипотезамен байланысты барлық қиындықтарды көрсетіп өттік446. Ол-ол ма, осы постулаттардың бірін қабылдаған күннің өзінде, одан тарихи даму түсініктірек бола түспейді, өйткені мұндай түсіндіру таза финалистік түсіндіру болып шығар еді, ал біз жоғарыда, әлеуметтік фактылар, барлық жаратылыстық құбылыстар секілді, егер олар қандай да бір мақсатқа қызмет ететіні көрсетілсе, түсіндірілмейтінін нұсқаған болатынбыз. Тарихта бір-бірін сабақтас алмастырған, барған сайын жетіле түскен әлеуметтік ұйымдардың, нәтижесі біздің қайсы бір негізі бейімділіктеріміздің барған сайын толық қанағаттандырылуы болғанын көрнекті дәлелдеу, тіпті де олардың қалай пайда болғанын түсіндіру деген сөз емес. Олардың пайдалы болғандығы оларды дүниеге ненің алып келгені туралы бізге ештеңе айтпайды. Егер тіпті біз олар туралы, түсінікке қалай жеткенімізді, біз үміт еткен қызметтерді олардың қалай көрсететінінің жоспарын күн ілгері

446 De La dіvіsіon du travaіl socіal, І, ІІ, ch. І.

қалай жасайтынымызды өзімізге анықтап алған күннің өзінде (бұл өте қиын міндет), сонда олардың объектісі болатын тілектер бәрібір оларды жоқтан туындатуға дәрменсіз болар еді. Қысқасы, олар белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қажет құрал болады деп тапқанның өзінде, біз мына бір сұрақты ашық қалдырамыз: бұл құралдар қалай, яғни неден және ненің көмегімен қалыптасты? Осылайша, біз төмендегі ережеге келдік: аталмыш әлеуметтік фактының анықтаушы себебін индивидуалдық сана ахуалдарынан емес, алдыңғы әлеуметтік фактылар арасынан іздеу керек. Екінші жағынан, барлық алдыңғы фактылар қызметі анықтауға да, себепті анықтауға да қатысты екені әбден айқын. Әлеуметтік фактының қызметі тек қана әлеуметтік бола алады, яғни ол әлеуметтік жағынан пайдалы нәтижені қамтиды. Әрине, шағылысу жолымен ол сондай-ақ индивидке қызмет ететін жағдай болуы мүмкін. Іс жүзінде болып та жатады. Бірақ бұл қуанышты нәтиже оның тікелей негізі емес. Демек, біз жоғарыдағы ережені былайша толықтыра аламыз: әлеуметтік факт қызметін әрқашан оның қандай да бір әлеуметтік мақсатқа деген қатынасынан іздеу қажет. Әлеуметтанушылар бұл ережені мойындамай, әлеуметтік құбылыстарды таза психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыруының салдарынан олардың теориялары көптеген адамдарға олар тым бұлыңғыр, шатқаяқ және олар түсіндіргісі келетін құбылыстардың ерек табиғатынан қашық болып көрінеді. Тарихшы, әсіресе әлеуметтік нақты болмыспен жақын таныс тарихшы осынау тым жалпылама тәпсірлер фактылармен бірігуге қаншалық қабілетсіз екенін өткір сезіне алмай тұрмайды; тарихтың әлеуметтануға жиі көрсетіп келген сенімсіздік ішінара осыдан екендігі сөзсіз. Бұл, әрине, психикалық фактыларды оқып-үйренудің әлеуметтанушыға қажеті жоқ деген сөз емес. Ұжымдық өмір индивидуалдық өмірден өрбімесе де, дегенмен олар өзара тығыз байланысты. Егер екіншісі біріншісін түсіндіре алмаған күннің өзінде, ол, бері салғанда, оның түсіндірілуін жеңілдете алады. Біріншіден, біз көрсеткеніміздей, әлеуметтік фактылар психикалық фактыларды ерекше өңдеудің нәтижесі

екендігіне дау жоқ. Бірақ мұның үстіне, сол өңдеудің өзі ішінара, кез-келген индивидуалдық санада болып жататын және оны құрайтын бастапқы элементтерді (түйсіну, рефлекстер, инстинкттер) біртіндеп барған сайын өзгерте беретін өңдеуге ұқсас. “Мен” жайлы тегі басқа болса да, организм секілді оның өзі қоғам деп негізбен айтуға болар еді, және психологтар баяғыда-ақ рух өмірін түсіндіру үшін ассоциация факторының бүкіл маңыздылығын атап өткен еді. Әлеуметтанушы үшін психологияны білу биологияны білуден де артық қажетті дайындықты құрайды. Бірақ бұл білу оған, оны игеріп алып, содан кейін оның ықпалынан арылса, сөйтіп психология мәліметтерінің шеңберінен шықса, оларды айрықша әлеуметтанушылық біліммен толықтыра алса ғана пайдалы болады. Ол психологиядан өз операцияларының әлдене орталығын, оның әлеуметтік құбылыстар дүниесіне жекелеген килігулері басталып, қайтадан оралуы тиіс пункт жасаудан бас тартқаны қажет. Оның әлеуметтік фактылардың тылсым қойнауына еніп, оларды тікелей және делдалдарсыз бақылауы, индивид туралы ғылымға тек жалпы дайындық үшін ғана қажет жағдайда пайдалы кеңестер үшін де жүгінгені қажет447.

ІІІ Әлеуметтік морфология фактыларының сипаты физиологиялық фактылардың сипатымен бірдей болғандықтан, оларды біз жаңа ғана тұжырымдаған ережеге сай түсіндіру керек. Алайда алдыңғы айтқанымызды ұжымдық өмірде оларға, демек, әлеуметтанушылық түсіндірмелерде де басым рөл тиетіні көрінеді.

447 Психикалық құбылыстар тек олар әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланысты болғаны сонша, екеуінің де ықпалы қажет жағдайда қосылып кеткенде ғана әлеуметтік нәтижелер береді. Мұндай құбылыс бірқатар әлеуметтік-психикалық фактылар жағдайларында орын алады. Мәселен, шенеунік – әлеуметтік күш, сонымен қатар ол индивид те. Бұдан шығатыны – ол өзінде бар әлеуметтік күш-жігерді оның индивидуалдық табиғаты нұсқайтын бағытта пайдалана алады, сөйтіп осылайша қоғамның ахуалына ықпал ете алады. Бұл мемлекет қайраткерлерінің көбіне кемеңгер адамдардың басында болатын жағдай. Кемеңгерлер, олар тіпті қоғамдық мансап иесі болмаса да, өздеріне бағытталған ұжымдық сезімдерден бедел алады, ол да әлеуметтік күш болып табылады және белгілі шамада жеке идеялар қызметіне жегіле алады. Бірақ бұл фактылар өзінің пайда болуы үшін индивидуалдық оқиғаларға қарыздар және сондықтан ғылымның жалғыз ғана объектісі болып табылатын әлеуметтік түрдің негізгі нышандарына ықпал ете алмайды. Демек, жоғарыда баяндалған принциптің бұл шектелуінің әлеуметтану үшін үлкен мәні жоқ.

Шынында да, егер ассоциация фактының өзі, біз жоғарыда көрсеткендей әлеуметтік құбылыстардың анықтаушы шартын құрайтын болса, онда әлеуметтік түсіндірулер сол ассоциацияның пошымдарымен бірге, яғни қоғамның құрамдас бөліктерінің топтастырылу тәсілдеріне сай өзгеріп отыруға тиіс. Екінші жағынан, белгілі бір жолмен бірігіп, кеңістікте орналасқан анатомиялық элементтердің жиынтығы, организмдердің ішкі ортасын құрайтыны секілді қоғам құрамына кіретін әртекті элементтердің бірігуінен құралатын белгілі бір бүтін қоғамның ішкі ортасын құрайтындықтан былай деуге болады: кез-келген, азды-көпті маңызды әлеуметтік процестің түп қазығын ішкі әлеуметтік фактының құрылысынан іздеу керек. Бұдан да әрі баруға болады. Шынына келгенде бұл ортаны құрайтын элементтер қосар тектес: олар заттар және адамдар. Заттар санатына қоғамдағы материалдық объектілерден басқа алдыңғы әлеуметтік қызметтің өнімдерін: күшінде бар құқықты, тамыр жайған құлықты, көркем және әдеби ескерткіштерді және тағы басқаларын қосу қажет. Алайда, заттардың қайсы тобынан болсын әлеуметтік өзгерістерге серпін берілмейтіні айдын анық; оларда ешқандай қозғаушы күш жоқ. Әрине, сол өзгерістерді түсіндіру кезінде оларды ескеру қажет. Олар әлеуметтік эволюцияға шынында да біршама қысым жасайды; эволюцияның жылдамдығы мен тіпті бағыты соларға тәуелді өзгереді; бірақ оларда оны қозғалысқа келтіретін ештеңе жоқ. Олар қоғамның белсенді күштерінің жұмсау пәні, бірақ өздері өз ішінен ешқандай белсенді күш алмайды. Демек, белсенді фактор адамзат ортасының өзі болып қала береді. Сондықтан әлеуметтанушының басты күш-жігері осы ортаның әлеуметтік құбылыстарды дамытуға ықпал ете алатын әрқилы қасиеттерін табуға бағытталуы тиіс. Осыған дейін біз осы талапқа әбден-ақ сай келетін қасиеттердің екі қатарын таптық; бұл әлеуметтік бірліктердің саны, яки, басқаша айтқанда, қоғамның көлемі және бұқараның шоғырлану дәрежесі, яки біз динамикалық тығыздық деп атаған нәрсе. Соңғы сөзді агрегаттың, егер индивидтер немесе көбіне индивидтер тобы инсанияттық бос қуыс арқылы бөлектелсе мәнісі қаламайтын таза материалдық топтасқандағы деп емес,

инсанияттық топтасқандық деп түсіну қажет, материалдық топтасқандық оған тек қосалық құрал ретінде ғана, көп жағдайда салдар ретінде де қызмет етеді. Қоғамның көлемі бірдей болған тұста динамикалық тығыздық шын мәнінде тек коммерциялық қана емес, сонымен бірге инсанияттық қатынастарда да, яғни бір-бірімен қызмет алмасатын немесе бәсекелес қана емес, бірлесіп өмір сүретін қатыныстарда болатын индивидтер санымен анықтала алады. Таза экономикалық қатынастар да адамдар бір-біріне жат болып қала беретіндіктен, ұжымдық өмірге қатыспай-ақ, ұзақ уақыт бойы осы тектегі қатынастарды үзбеуге болады. Халықтарды бөліп тұрған шекаралар арқылы жасалатын аралас-құраластық ол шекараларды жоймайды. Ал бірлесіп өмір сүру тек онда істес болатындардың санына ғана тәуелді бола алады. Әлеуметтік сегменттердің қосылуы халықтың динамикалық тығыздығын бәрінен жақсы білдіретіндігі де міне сондықтан. Егер әрбір ішінара агрегат біртұтас бүтінді, ерекше, өзгелерден айрықшаланатын индивидуалдықты құраса, онда бұл оның мүшелерінің қызметі әдетте агрегат шеңберінде оқшауланған деген сөз. Егер де, керісінше, осынау жартыкеш қоғамдар біртұтас бүтін қоғам болып қосылса немесе қосылуға ұмтылса, онда әлеуметтік өмірдің өрісі дәл сол көлемге кеңейді деген сөз. Материалдық тығыздыққа келетін болсақ, егер оны жер көлемінің бірлігіне келетін тұрғындар санын ғана емес, қатынас жолдары мен байланыстың да дамуы деп танысақ, онда ол әдетте динамикалық тығыздықпен қатарласа дамиды да, жалпы алғанда соңғысын өлшеудің масштабы қызметін де атқарады. Егер халықтың әр тараптағы бөліктері жақындасуға тырысатын болса, онда олар міндетті түрде осы жақындасу үшін өздеріне жол салуға тиіс болды; екінші жағынан, әлеуметтік бұқараның жекелеген пункттері арасындағы қатынас, тек оларды бөліп тұрған ара қашықтық кедергі болмағанда ғана, яғни ол нақты жойылғанда ғана орнай алады. Айтпақшы, басқаша да болып жатады448, және, егер қоғамның инсанияттық шоғырлануы хақында оның

448 “Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы” атты кітабымызда біз материалдық тығыздықты динамикалық тығыздықтың дәл көрінісі деп қате көрсеттік. Дегенмен, біріншісін екіншісімен алмастыру динамикалық

материалдық шоғырлану деңгейі бойынша тон пішсек, біз елеулі қателіктерге ұрынар едік. Жолдар, темір жолдар және басқалар халықтарды біріктіруден гөрі, көбіне-көп іскерлік қатынастарға қызмет етеді де, халықтарды біріктіруде тым болбыр білдіреді. Мәселен, Францияға қарағанда материалдық тығыздығы жоғары Англияда сегменттердің бітісіп кетуі әлдеқайда кем, мұны жергілікті және аймақтық өмірдің беріктілігі дәлелдейді. Біз өзге бір жерде қоғамның көлем мен динамикалық тығыздық жағынан кез-келген ұлғаюы әлеуметтік өмірді неғұрлым қарқындырақ ете отырып, индивидтің ақыли көкжиегі мен қызмет өрісін кеңейте отырып, ұжымдық тіршіліктің басты шарттарын терең өзгертетінін көрсеткен болатынбыз. Осы принциптің сол кезде жүзеге асырылған қолданылуына қайта оралудың бізге қажеті жоқ. Тек қосарымыз, ол зерттеуіміздің тақырыбын құрайтын жалпы мәселені ғана емес, көптеген басқа, неғұрлым жеке проблемаларды зерттеуге де көмектесті; осылайша, оның дұрыстығын біз бірталай тәжірибелермен тексергенбіз. Алайда біз әлеуметтік ортаның әлеуметтік фактыларды түсіндіруде маңызы болатын барлық ерекшеліктерін таптық деген ойдан аулақпыз. Біз тек, бұл біз аңғарған бірден-бір ерекшелік және біз басқаларын көре алмадық дей аламыз. Алайда, біз әлеуметтік ортаға, әсіресе адами ортаға телінетін басым мән, оны соңғы және абсолютті факт деп білу қажет және ілгерілеуде мәніс жоқ деген сөз емес. Керісінше, әрбір тарихи сәтте оның ахуалының өзі әлеуметтік себептерге тәуелді екені айдан анық; осы себептердің кейбіреулері қоғамның өзіне іштей тән, ал басқалары осы қоғамның өзгелермен өзара ықпалдастығына тәуелді. Мұның үстіне, ғылым сөздің абсолютті мағынасында бастапқы себептер дегенді білмейді. Ол үшін бастапқысы, өзге фактылардың едәуір бөлігін түсіндіруге жеткілікті жалпы факт қана. Ал әлеуметтік орта сөзсіз осындай фактор, өйткені онда болып жататын өзгерістер, олардың себептері

тығыздықтың экономикалық салдарына қатысы бар нәрселердің баршасы үшін, мысалы еңбек бөлінісінің таза экономикалық жақтары үшін сөзсіз дұрыс.

қандай болмасын, әлеуметтік организмде барлық бағыттарда көрініс береді және оның барлық қызметтерін қозғамай тұра алмайды. Қоғамның жалпы ортасы жайында айтқанымызды қоғам ішіндегі кезкелген жекелеген топтың жеке ортасы жөнінде де айтуға болады. Осылай, мысалы, отбасы санының көбірек немесе азырақ екендігіне және тұйықтығына байланысты үй өмірінің сипаты күрт өзгереді. Дәл сол секілді, егер кәсіптік корпорациялар, осылайша, олардың әрқайсысы бұрынғыдай бір аймақтың шеңберімен шектеліп қалмай бүкіл ел аумағына таралса онда олардың қызметі де өте өзгерер еді. Жалпылап айтсақ, әрбір кәсіпке тән орта берік ұйымдастырыла ма, әлде қазіргідей әлсіз болып қала бере ме, соған сәйкес кәсіптік өмір де мүлдем әрқилы болады. Соған қарамастан, осы жеке орталардың ықпалы ортақ ортаның ықпалы сияқты маңызды бола алмайды, өйткені жеке орта ортақ ортаның ықпалына ұшырайды. Түсіндіру барысында нақ осыған ылғи да қайта оралып отыруға тура келеді. Оның жеке топтарға қысымы олардың құрылысындағы өзгерістерді туғызады. Әлеуметтік ортаның ұжымдық эволюцияның айқындаушы факторы ретіндегі осынау тұжырымдамасы өте маңызды, өйткені, оны елемейтін болсақ, әлеуметтану ешқандай себепті байланысты ашып бере алмайды. Шынында да, себептердің осынау санатынсыз әлеуметтік құбылыстар тәуелді болатын ілеспе шарттар болмайды, өйткені егер сыртқы әлеуметтік ортаның, яғни айналадағы қоғамдар құрған ортаның қандай да бір ықпал жасауға қабілеті болса, ол ықпал қоғамның қорғаныстық және шабуылдаушылық қарекеттеріне ғана жасалады. Және мұның үстіне, ол орта өзінің ықпалын ішкі әлеуметтік ортаның көмегімен ғана аңғара алады. Демек, тарихи дамудың негізгі себептері ағымдағы оқиғалар арасында емес, түгелімен өткен заманда жатар еді. Олардың өзі, оның жай ғана неғұрлым ежелгі фазаларын құрап, осы дамудың бөліктері болар еді. Әлеуметтік өмірдің осы заманғы ахуалынан оқиғалары қоғамның осы заманғы ахуалынан емес, алдыңғы замандардағы оқиғалардан, тарихи өткеннен шығар еді, ал

әлеуметтанушылық түсіндірулер тек қана бұрынғы мен қазіргінің арасындағы байланысты анықтауға саяр еді. Рас, осының өзі жеткілікті секілді көрінуі мүмкін. Әдетте, тарихтың мақсаты нақ оқиғаларды орын алу ретіне қарай байланыстыру демей ме? Алайда, өркенияттың аталмыш баспалдағы қалайша өзінен кейінгі баспалдағының анықтаушы себебі бола алатыны түсініксіз. Адамзат бірінен соң бірін бастан өткеретін кезеңдердің бірі екіншісінен туындамайды. Белгілі бір заманда құқықтық, экономикалық, саяси құрылыста және тағы басқаларда қол жеткен прогресс алдағы прогресті ықтимал ете алатыны түсінікті, бірақ оны қалай күн ілгері анықтап бере алады? Ол біздің ілгері жүруімізге жол ашатын бастапқы нүкте қызметін атқарады, бірақ бізді ілгерілеуге не нәрсе түрткілейді? Бұл арада адамзатты не өзінің бойындағы барын толық іске асыру үшін не өзінің бақытын молайта түсу үшін барған сайын ілгерілей беруге итермелейтін ішкі ұмтылыс бар деуге болар еді, сонда әлеуметттанудың міндеті осынау ұмтылысты дамыту ретін анықтау болар еді. Бірақ тіпті осы гипотезамен байланысты қиындықтардың бәрін ысыра тұрып, қалай десек те, осынау дамуды білдіретін заңда ешқандай себепті байланыс жоқ екенін мойындау керек. Шынында да, себепті байланыс берілген екі факты арасында ғана анықтала алады, ал даму себебі деп танылатын аталған ұмтылыс берілмеген; ол тек оған телінетін салдарлардан ойша постулатталып, құрастырылады. Бұл – қозғалыс қабілетінің бір түрі, біз оны өзімізге қозғалыстың негізінде жататын бір нәрсе деп елестетеміз; алайда қандай да бір қозғалыстың шын себебі осы секілді ықтималдық емес, тек өзге қозғалыс қана бола алады. Демек, біз эксперимент жолымен арасында ешқандай байланыс жоқ бірқатар өзгерістерді ғана кездестіре алар едік. Алдыңғы ахуал кейінгі ахуалды тудырмайды, олардың арасындағы қатынас тек қана хронологиялық қатынас. Сондықтан мұндай жағдайларда ешбір ғылыми жорамал мүмкін емес. Біз осы күнге дейін құбылыстар бірінен соң бірі қалай келіп отырғанын айта аламыз, бірақ олар болашақта бірінен соң бірі қалай келіп отыратынын біле алмаймыз, өйткені олар тәуелді болады деп мойындалатын себеп ғылыми тұрғыда

анықталмаған және осылай келгенде анықталмайды да. Рас, әдетте, эволюция бұрынғы жүріп келген жолымен жалғаса береді делінеді, алайда бұл жай ғана жорамал. Аталған тенденция ұмтылатын шекті ол өткен даму кезеңдері бойынша болжап айту мүмкін болу үшін, іске асырылған фактылар ол тенденцияның сипатын жеткілікті толық білдіреді дегенге бізді ештеңе кәміл сендіре алмайды. Жалпы ол дамитын және ол ықпал ететін бағыт неліктен түптүзу болуы керек? Әлеуметтанушылар анықтаған себепті қатынастардың саны соншалық мардымсыз екендігі міне сондықтан. Тамаша мысалы Монтескье болып табылатын ілуде бір тұстарды айтпағанда бұрынғы тарих философиясы адамзат ілгерілейтін ортақ бағытты ашуға ғана тырысып, осы эволюция фазаларын қандай да бір ілеспе шарттармен байланыстыруға ұмтылған жоқ. Конттың әлеуметтік философияға көрсеткен қызметі қаншалық зор болғанымен, ол әлеуметтанушылық проблематиканы қамап ұстайтын шектің алдыңғылардан айырмашылығы жоқ. Сондықтан оның әйгілі үш кезең заңы ешқандай себепті байланысты білдірмейді; ол заң дұрыс болғанның өзінде, бәрібір ол эмпириялық қана заң және солай ғана бола алады. Бұл, адамзаттың өткен тарихына жалпылама, атүсті көзқарас. Конт үшінші сатыны мүлдем негізсіз адамзаттың соңғы ахуалы деп санайды. Болашақта жаңа ахуал пайда болмасын біз қайдан білеміз? Ақыр соңында, Спенсер әлеуметтануында үстемдік ететін заң да, тегінде, дәл осындай сипатта. Енді біз бақытты өнеркәсіптік өркенияттан іздеуге бейім екеніміз рас болған күнде де, біз оны болашақта басқа бір нәрседен іздеиейміз дегенге ештеңе кәміл сендіре алмайды. Қарастырылып отырған әдістің таралғандығы мен орнықтылығы мынамен түсіндіріледі: әлеуметтік ортаны көбіне прогресті анықтаушы себеп деп емес оны іске асыру құралы деп білетіндігімен. Екінші жағынан, сондай-ақ пайдалылық, немесе, біз айтқандай, әлеуметтік құбылыстар қызметі осы ортаға көзқараспен өлшенуге тиіс. Себебі сол болып табылатын өзгерістер ішінде оның ахуалына сай келетін өзгерістер ғана пайдалы, өйткені ол ұжымдық тіршіліктің қажетті шарты болып табылады. Осы

тұрғыдан алғанда жаңа ғана баяндалған көзқарас, біздің ойымызша, шешуші болып табылады, өйткені әлеуметтік құбылыстардың пайдалы сипаты қалайша өзгеретінін бір мезгілде жүгенсіз қарекеттерге тәуелді болмайтынын тек ол ғана түсіндіреді. Әрине, егер әлеуметтік эволюцияны адамдарды алға итермелейтін тегі белгілі vіsa tergo'ның қозғаушысы ретінде елестетсек, онда, осынау қозғаушы ұмтылыстың бірден-бір ғана мақсаты бола алатындықтан, әлеуметтік құбылыстардың пайдалылығын немесе зияндылығын анықтау үшін тек бір ғана масштаб мүмкін болады. Осыдан шығатынан – әлеуметтік ұйымның адамзат үшін әбден жарамды бір ғана тұрпаты бар және бола алады, және әрқилы тарихи қоғамдар осынау біртұтас үлгіге тек дәйекті түрде жақындай түсу ғана болып табылады. Мұндай қарабайырландыру қазір мойындалған әлеуметтік пошымдардың сан алуандығымен және күрделігімен соншалық сәйкеспейтіндігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Егер, керісінше, институттардың жарамдылығы немесе жарамсыздығы тек аталмыш ортаға қатысты ғана анықтала алатын болса, онда, осы орталар әрқилы болатындықтан, бағалаудың әрқилы масштабтары болатындықтан және демек, сапалық жағынан бір-бірінен едәуір ерекшеленетін тұрпаттар әлеуметтік орталар табиғатында бірдей орналаса алады. Біз қазір қарастырған мәселе, демек, әлеуметтік тұрпаттарды құру туралы мәселемен тығыз байланысты болғаны. Егер әлеуметтік түрлер бар болса, онда бұл ұжымдық өмір ең алдымен белгілі бір алуандықты көрсететін қосар шарттарға тәуелді деген сөз. Егер де, керісінше, әлеуметтік құбылыстардың басты себептерінің бәрі, өткен уақытта болса, онда әрбір халық тек алдыңғы халықтың жалғасы ғана болар еді, әрқилы қоғамдар өз индивидуалдығынан айрылып, тек бір ғана бірдей дамудың әрқилы сәттеріне айналар еді. Екінші жағынан, әлеуметік ортаның ұйымдасуы әлеуметтік агрегаттардың қалыптасу тәсіліне тәуелді болатыны сонша, осы қос тіркес шын мәнісінде тіпті синонимдер болып шығатындықтан енді бізде әлеуметтанушылық топтастырып

жіктеу негіздері ретінде біз көрсеткен нышандардан асатын нышандар жоқ екендігінің дәлелі бар. Ақыр соңында, “сыртқы жағдайлар” және "орта" сөздерін ілік етіп, біздің әдісімізді ол өмірдің қайнар көзін тірі жаннан тыс жерден іздейді деп айыптау қаншалық әділетсіздік болғаны қазір бұрынғыдан едәуір анық болып отыр. Мүлдем керісінше, жаңа ғана келтірілген пайымдаулардың бәрі әлеуметтік құбылыстардың себептері қоғам ішінде жатады деген идеяға саяды. Ішкіні сыртқымен түсіндіруге ұмтылады деген айыпты қоғамды индивидтен шығаратын теорияға орындырақ тағуға болар еді, өйткені ол әлеуметтік болмысты одан өзгеше бірдеңе деп түсіндіреді, бүтінді бөлшектен шығаруға тырысады. Баяндалған принциптер жанды тұтастықтың өздігінен туындайтын сипатын мойындамаудан қашық екендігі соншалық, егер оларды биология мен психологияға қолдансақ, онда индивидуалдық өмір де түгелімен индивид ішінде қалыптасатынын мойындауға тура келеді.

ІV Жаңа ғана анықталған ережелер қатарынан қоғам мен ұжымдық өмір туралы белгілі бір түсінік туындайды. Бұл мәселелерде қарама-қарсы екі теория үстемдік етеді. Біреулері, мысалы Гоббс пен Руссо үшін индивид пен қоғам арасында біршама антагонизм бар. Олардың пікірі бойынша, адам өзінің табиғаты юойынша қоғамдық өмірге ынталы емес, оған тек күшпен бағындырыла алады. Қоғамдық мақсаттар индивидуалдық мақсаттармен сәйкес келмейтіні былай тұрсын, оларға қарама-қарсы. Сондықтан индивидті сол мақсатты көздеуге мәжбүр ету үшін оған қысым жасау керек, және қоғамның қызметі көбіне осы қысымды құру мен ұйымдастырудан тұрады. Индивид адамзат патшалығының жалғыз нақты болмысы ретінде қарастырылатындықтан ғана, мақсаты оны ауыздықтау және бағындыру болатын бұл ұйым жасанды тәрізді болып көрінеді. Ол табиғаттан берілмеген, өйткені оның міндеті табиғатқа өзінің әлеуметтік қарсы салдарларынан туындатуға бөгет жасай отырып, оған зорлық

істеу. Бұл – жасанды туынды, түгелімен адам қолымен жасалған мәшине. Адам қолымен жасалған кез-келген іс секілді оның ол болып отырғаны тек адамдар соны қалғандықтан ғана. Оны ырықтың нұсқауы құрды, сол ырықтың жаңа нұсқауы оны өзгерте алады. Гоббс та, Руссо да, тегінде, анық бір кереғарлықты байқамаған болуы керек, ол кереғарлық басты рөлі индивидке билік жүргізіп, оны мәжбүрлеуден тұратын мәшинені жасаушы индивид деп білуде жатыр. Бері салғанда, оларға осы кереғарлықтың көзін құрту үшін, оның құрбандарының көзінен оны шебер айла – әлеуметтік шартпен жасыру жеткілікті көрінді. Жаратылыстық құқық теоретиктері, экономистер, кейінірек Спенсер449 қарама-қарсы идеядан шабыт алады. Олар үшін әлеуметтік өмір, шын мәнісінде, өздігінен туындайтын нәрсе және қоғам дегеніміз жаратылыстық бірдеңе. Бірақ олар оған осы сипатты телігенімен алайда оның айрықша табиғатын мойындамайды; оның тұғырын олар индивид табиғатынан табады. Алдыңғы ойшылдар секілді олар да одан өзінің ерекше себептерінің пәрменімен дербес өмір сүретін құбылыстар жүйесін көрмейді. Бірақ, біріншілері оған тек, өзіндік ерекше нақты болмысты білдірмейтін әрі, былайша айтқанда, ауада қалқып тұрғандай көрінетін, адамдардың шарттық бірлесуі ретінде қараса, соңғылары оны адам жүрегінің негізгі ұмтылыстарына негіздейді. Адам жаратылысынан саяси, отбасылық, діни өмірге, айырбасқа және таы басқаларға бейім және осы табиғи бейімдіктерден әлеуметтік ұйым келіп шығады. Демек, ол қалыпты ұйым болған жердің бәрінде, ол зорлықшыл болуға мұқтаж емес. Егер ол зорлыққа жүгінетін болса, онда бұл, оның не болуға тиістісі бола алмағаны, не жағдайлар қалыпты емес деген сөз. Принципінде бір ғана нәрсе – қоғам болып ұйымдасу үшін индивидуалдық күштердің еркін дамуына мүмкіндік беру керек. Біздің теориямыз осы екі докторинадан да өзгешеленеді. Сөз жоқ біз зорлық етуді кез-келген әлеуметтік фактының сипатты нышаны деп санаймыз. Бірақ бұл зорлық, адамдардың өздері өздерін түсірген

449 Бұл мәселе бойынша Конттың позициясы бұлдырлығымен және эклектизмімен ерекшеленеді.

аранды олардан жасыру міндеті жүктелген азды-көпті шебер құрылыстан туындамайды. Ол құрылыс өзінің пайда болғаны үшін индивидтің өзі бас ұратын күшпен бетпе-бет қалғандығына, оның оған үстемдік жүргізетіндігіне қарыздар, бірақ бұл табиғи күш. Бұл зорлық адамның ырқымен пайда болған шарттық құрылыстан емес, аталмыш себептердің қажетті жемісі бола отырып, нақты болмыстың құпия қойнауынан шығады. Сондықтан, индивидті оған ерікті түрде бағынуға көндіру үшін ешқандай айла-шарғының қажеті жоқ, оның өзінің жаратылыстық тәуелділігі мен әлсіздігін түсінгені, ол күштер жөнінде діннің көмегімен рәміздік және сезімдік түсінік немесе ғылымның көмегімен анық және барабар ұғым қалыптастырғаны жеткілікті. Қоғамның индивидтен артықшылығы физикалық қана емес, интеллектуалдық және инсанияттық артықшылық болатындықтан, қоғамның еркін зерттеуден, егер ол дұрыс пайдаланылатын болса, қорқатын ештеңесі жоқ. Парасат адамға әлеуметтік болмыстың индивидуалдық болмыстан қаншалықты бай, күрделі, орнықты екендігін көрсете отырып, одан талап етілетін мойынсыну үшін және дағды оның жүрегіне таңбасын салған жақындық пен құрмет сезімдері үшін оған тек айқын негіздерді аша алады450. Сондықтан біздің әлеуметтік зорлық жөніндегі тұжырымдамамызды ол Гоббс пен Макиавеллидің теориясын қайталайды деп өте үстірт сын ғана жазғыра алар еді. Бірақ егер біз осынау философтарға кереғар әлеуметтік өмір табиғи деп кесіп айтсақ, онда бұл, біз оның қайнар көзін индивид табиғатынан табамыз деген сөз емес. Бұл тек, әлеуметтік өмір өздігінен-ақ suі generіs нақты болмысы болып табылатын ұжымдық болмыстан тікелей туындайды деген сөз. Бұл, – әлеуметтік өмір индивидуалдық сана өздерінің ассоциациясының салдарынан ұшырайтын арнаулы ұқсатудан туындайды деген сөз, тіршіліктің жаңа пошымы да сол ұқсатудан бастау алады451. Демек, егер біз біреуімен, ол

450 Кез-келген зорлық қалыпты еместігі міне сондықтан. Бұл мінездемеге тек қандай да бір әлеуметтік, яғни интеллектуалдық немесе инсанияттық артықшылыққа сәйкес келетін зорлық лайық. Бірақ бір индивидтің күштірек немесе дәулеттірек екенін пайдалана отырып екінші бір индивидке көрсететін зорлығы, әсіресе, ол байлық оның әлеуметтік құндылығын білдірмесе, қалыпты емес және тек зорлық-зомбылықтан ғана таяныш табады. 451 Біздің теория Гоббс теориясымен тіпті жаратылыстық құқық теориясынан да артық өзгешеленеді. Шынында да, соңғы доктринаның жақтастары үшін ұжымдық өмір ол индивидуалдық табиғаттан шығарыла алатын

индивидке зорлық түрінде көрінеді дегенмен келіссек те, онда біз басқаларымен бірге, ол нақтылықтың өздігінен туындайтын жемісі екендігін де мойындаймыз. Бір қарағанда бір-біріне кереғар осынау екі элемент, оны туындататын нақтылықтың индивидтен артықшылығымен қисынды ұштасады. Бұл, біздің терминологиямыздағы “зорлық” және “өздігінен болу” деген сөздер Гоббс біріншісіне, ал Спенсер екіншісіне беретін мағынадан басқаша деген сөз. Тұтас алғанда әлеуметтік фактыларды ұтымды түсіндіру әрекеттерінің көпшілігін былай жазғыруға болады: олар не әлеуметтік тәртіп жайлы кезкелген ойды терістейді не осы тәртіпті тек айла мен қулық көмегімен қолдауға болады деп санайды. Баяндалған ережелер, керісінше, кез-келген бірлескен өмірдің елеулі шартын тәртіп рухынан көретін, сонымен бір мезгілде парасат пен ақиқатқа негіздейтін әлеметтануды талдап жасауға мүмкіндік береді.

ІV тарау
Дәлелдерге қатысты ереже

Бізге бір құбылыс басқа біреуінің себебі қызметін атқаратындығын дәлелдеудің бір ғана құралы бар: ол – олар бір мезетте бар немесе жоқ болатын оқиғаларды салыстырып, жағдайдың осынау әрқилы комбинациялары көрсететін өзгерістер біреуі екіншісіне тәуелді екенін айғақтай ма, жоқ па, соны байқастау керек. Зерттеушінің ырқымен олар жасанды түрде қалпына келтіріле алатын болса, әдіс осы сөздің дәл мағынасында эксперименттік әдіс болып табылады. Керісінше, фактылардың жасалуы бізге тәуелді болмайтын және біз өздігінен пайда болған фактыларды ғана салыстыра алатын кезде, қолданылып отырған әдіс жанама эксперименттік немесе салыстырмалы әдіс болып

шамада ғана жаратылыстық. Алайда әлеуметтік ұйымның тек неғұрлым жалпылама пошымдары ғана осы қайнар көзден шығарыла алады. Егжей-тегжейіне келсек, олардың соңғылары психикалық қасиеттердің төтенше қауымдастығынан тым қашық жатыр; олар сондықтан осы мектептің жақтастарына да, олардың қарсыластарына да соншалық жасанды болып көрінеді. Біз үшін, керісінше, бәрі, тіпті ұйымның ең екінші дәрежелі егжей-тегжейлері де табиғи, өйткені барлық нәрсе қоғам табиғатына негізделген.

табылады. Біз мынаны көргенбіз: әлеуметтанушылық түсіндіру тек қана себепті байланысты анықтаудан немесе құбылыстың себебін ашудан, немесе аталмыш себептің пайдалы нәтижелерін белгілеуден құралады. Екінші жағынан, әлеуметтік құбылыстар айдан анық зерттеушінің ықпалынан жылыстап кете беретіндіктен, әлеуметтанушы үшін жалғыз ғана жарамды әдіс – салыстырмалы әдіс. Конт, рас, оны жеткіліксіз деп тауып, оны өзі тарихи әдіс деп атаған әдіспен толықтыру қажет деп санады, бірақ мұндай көзқарастың себебі оның әлеуметтанушылық заңдарды айрықша түсінуі болып табылады. Оның ойынша әлеуметтанушылық заңдар негізінен себептіліктің белгілі бір қатынастарын емес, жалпы алғанда адамзат эволюциясы ілгерілейтін бағытты білдіруге тиіс. Демек, олар салыстыру көмегімен ашыла алмайды, өйткені әлеуметтік құбылыстар әрқилы халықтарда ие болатын түрлі пошымдарды салыстыру мүмкіндігін алу үшін, әуелі оларды өткінші пошымдардан бөліп алу қажет. Бірақ егер адамзаттың дамуын осылай үсақтаудан бастайтын болсақ, онда оның бағытын анықтау мүмкін болмай қалады. Ол бағытты анықтау үшін талдаудан емес, кең синтездеуден бастау қажет. Адамзат дамуының дәйекті стадияларын бір ғана интуициялық білімде “әрбір физикалық, интеллектуалдық, моральдық және саяси бейімнің тұрақты дамуы” байқайтындай етіп жақындастыру, ұштастыру керек452. Конт тарихи деп атайтын және егер Конт әлеуметтануының негізгі тужырымдамасын қабылдамасақ, дерексіз болып шығатын бұл әдістің тұғыры осындай. Рас, Милль эксперименттік әдіс, тіпті жанама әдіс ретінде әлеуметануда жарамсыз деп мәлімдеді, бірақ оның уәждері, ол оны биологиялық құбылыстарға да, тіпті аса күрделі физикалық-математикалық фактыларға да453 қолданатындықтан, өз күшінің едәуір бөлігінен айрылады, бірақ қазір химия мен биология тек эксперименттік ғылым ғана бола алатынын дәлелдеп жату артық. Миллдің әлеуметтануға қатысты пікірлерін де негізді деп айтуға себеп

452 Cours de phіlosophіe posіtіve, ІV, p. 328.
453 Syst~me de logіque, ІІ. p. 478.

жоқ, өйткені әлеуметтік құбылыстар алдыңғыларынан тек көбірек күрделігімен ерекшеленеді. Осынау айырмашылықтың салдарынан эксперименттік әдісті әлеуметтануға қолдану, басқа ғылымдарға қарағанда, көбірек болуы мүмкін, бірақ оның неліктен тіпті мүмкін еместігі түсініксіз. Айтпақшы, Милльдің осынау бүкіл теориясы оның логикасының негізгі принциптерімен байланысты, бірақ ғылымның барлық қорытындыларына кереғар постулатына сүйенетіндігінде шүбә жоқ. Шынында да, ол бірдей бір ғана салдар барлық уақытта бірдей бір ғана себептен келіп шықпайтынын, ол кейде бір, кейде екінші себепке тәуелді болуы мүмкін екенін мойындайды. Себепті байланыс туралы осынау түсінік, оны қандай да болсын дерлік айқындықтан айырып, оны ғылыми талдауға көнбестей дерлік етеді, өйткені себептер мен салдарлардың ұштасып жататын тізбегіне сұмдық күрделілік енгізетіні соншалық, парасат онда із-түзсіз адасып кетеді. Егер салдар әртүрлі себептерден шыға алатын болса, онда жағдайлардың аталмыш жиынтығында оны не нәрсе анықтайтындығын білу үшін, оның оқшаулануының іс жүзінде мүмкін емес жағдайларда, әсіресе әлеуметтануда, тәжірибе өткізу қажет болар еді. Бірақ осынау атышулы көп себептер аксиомасы себептілік принципін терістеу ғана. Әрине, егер Милльдің себеп пен салдар абсолютті түрде гетерогенді, олардың арасында ешқандай логикалық байланыс жоқ деген ойымен келісетін болсақ, онда қандай да, бір салдар бір жолы бір, екінші жолы басқа бір себептен шыға алады дегенге пікірмен келісе салуда ешқандай қайшылық жоқ. Егер С мен А-ны жалғайтын байланыс таза хронологиялық байланыс болса, онда ол дәл осы тектес, мысалы, С мен В-ны біріктіруі мүмкін байланысты да жоққа шығармайды. Егер, керісінше себептік байланыс ұғыныла алатын нәрсе болса, онда ол соншалық бұлдыр бола алмайды. Егер ол зат табиғатынан өрбитін байланыстарды білдіретін болса, онда бірдей бір ғана салдар тек бір себепке ғана тәуелді күйінде қала алады, өйткені ол бір ғана мәністі білдіре алады. Бірақ себептік байланысты тануға болатындығына тек философтар ғана күмәнданған. Ал ғалым үшін бұл айдан анық және ғылым

әдісінің өзі соны көздейді. Эксперименттік ғылымдардағы дедукцияның осыншалық маңызды рөлін де, себеп пен салдар арасындағы пропорциялықтың негізгі принципін де біз басқаша қалай түсіндіре алар едік. Қуаттау үшін келтірілетін және оларда себептердің көптігі байқалады-мыс дейтін жағдайларға келсек, оларда дәлелді күш болу үшін не осы көптік жай ғана елес еместігін, не салдардың сырттай қарағандағы бірлігі өз бойында шын көптікті жасырмайтындығын алдын-ала орнықтырып алу қажет болар еді. Бір қарағанда көптігі шүбәсіз болып көрінетін себептердің бір екендігін дәлелдеу ғылымға қанша рет тура келді десеңізші! Стюарт Милльдің өзі мұның мысалын беріп, осы заманғы теорияларға сәйкес үйкеліс, соққы, химиялық ықпал және т.б. арқылы жылу өндіру бірден-бір ғана себептен шығатынын көрсетеді. Керісінше, мәселе салдарға тірелгенде, ғылымнан хабары жоқ адам біртұтас етіп араластырып жіберетін нәрселерді ғалым жиі айырып алады. Кең таралған пікір бойынша “безгек” сөзі бір ғана сырқатты білдіреді, ал ғылым үшін безгектің сан қилы түрлері бар және себептердің көптігі салдарлардың көптігіне байланысты. Егер осынау барлық нозологиялық (патологияның бір бөлігі, жекелеген сырқаттардың мәнісі туралы ілім – Ред.) түрлердің арасында қандайда бір ортақ нәрсе болса, онда бұл өздерінің кейбір қасиеттерін де олардың себептері де ұқсас келетіндіктен. Бұл принціпті әлеуметтанудан аластаудың маңызды бола түсетіні, көптеген әлеуметтанушылар осы күнге дейін, тіпті олар салыстырмалы әдісті қолдануға бейіл болғанның өзінде, соның ықпалында келеді. Мәселен, қылмыс мейлінше әрқилы себептерден бірдей туындауы мүмкін; бұл өзін-өзі өлтіруге де, жазалауға да және тағы басқаларға да қатысты, дейді әдетте. Егер тәжірибелік зерттеуді осы бағытта жүргізе берсек, қаншама көп факт жинасақ та, біз белгілі бір себептік байланыстардың дәл заңдарын ешқашан ала алмаймыз. Мұндай жағдайларда тек нашар анықталған салдарды себептердің бытыстырылған, бұлдыр тобымен байланыстыру ғана мүмкін болады. Демек, егер салыстырмалы әдісті ғылыми түрде, яғни ғылымның өзінде қалыптасқан себептілік принципін басшылыққа ала отырып қолдансақ, онда жүзеге

асырылатын салыстырулар негізі ретінде мынадай қағиданы алу қажет: бірдей бір ғана салдарға әрқашан бірдей бір ғана себеп сәйкес келеді. Мәселен жоғарыда келтірілген мысалдарды ескерсек, егер өзін-өзі өлтіру бірнеше себептерге байланысты болсас онда өзін-өзі өлтірудің іс жүзінде бірнеше себептері бар деген сөз. Қылмыс жөнінде де осыны айтуға болады. Ал жазалау үшін керісінше: оның әрқилы себептермен бірдей жақсы түсіндірілетіндігін мойындау – оның барлық антеценденттеріне ортақ элементті байқамау деген сөз, олар өздерінің ортақ салдарын сол элементтің пәрменімен өндіреді454. ІІ Алайда, салыстырмалы әдістің әрқилы амалдары әлеуметтануға жарамды болғанымен де, олардың бәрі бірдей онда дәлелді күшке ие бола бермейді. Қалдықтар әдісі делінетін әдіс эксперименттік әдістің бір пошымын құрағанымен де, әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде тіпті де қолданылмайды. Ол айтарлықтай дамыған ғылымдарда ғана орын ала алады, өйткені заңдардың көбісін білуді талап етеді; және де қандай да бір белгілі жағдайда бір себептен басқа, барлық себептердің ықпалын дәл шығарып тастауға әлеуметтік құбылыстар тым күрделі болып келеді. Дәл сол себеп сәйкес келу әдісі мен айырмашылық әдісін қолдануды қиындатады. Расында да, бұл әдістер салыстырылатын оқиғалар не сәйкес келеді, не тек бір пунктте ғана өзгешеленеді дегенді меңзейді. Әрине, жасаған тәжірибелері жөнінде, күндердің күнінде олардың сәйкес келетіні немесе тек бір ғана пунктте өзгешеленетіні даусыз анықталған тәжірибе жасауға қауқары жететін ғылым жоқ. Дәл солай және дәл сол уақытта бірден-бір белгілі жәйт секілді сәйкес келетін немесе өзгешеленетін қандай да бір жәйт қағыс қалмады деп ешқашан кәміл сенуге болмайды. Бұл екі арада кез-келген кездейсоқ элементті мүлдем жолатпау іс жүзінде қол жеткізу мүмкін емес мұрат болғанымен, нақты алғанда физикалық-химиялық және тіпті биологиялық ғылымдардың соған жақындайтыны соншалық көп жағдайларда оларда дәлелдер жеткілікті деп санауға болады. Құбылыстардың аса күрделілігінің

454 De la dіvіsіon du travaіl sosіal, p. 87,

және сонымен байлысты жасанды тәжірибе жасаудың мүмкін еместігінің салдарынан әлеуметтануда мәселе тіптен басқаша. Аталмыш қоғамда бірге бола беретін немесе оның тарихы барысында сабақтас түрде бір-бірін алмастырған барлық фактылардың толық тізбесін шамалап та құрастыруға болмайтыны тәрізді, екі халық сәйкес келеді немесе бір ғана нәрседен басқасында барлық жағынан өзгешеленеді деп ешқашан, тіпті титтей де кәміл сенуге болмайды. Қандай да бір құбылысты байқамай қалу мүмкіндігі оның бәрін бірдей байқау мүмкіндігінен жоғары. Демек, дәлелдеудің мұндай әдісі тек өздігінен ғылыми сипаттан жұрдай дерлік жорамалдарды ғана тудырады. Бірақ, ілеспелі өзгерістер әдісі – мүлдем басқа нәрсе. Шынында да, ол дәлелді күшке ие болу үшін салыстырылатындардан басқа өзгерістердің барлығының аямай шығарып тастауы қажет емес. Екі құбылыста орын алатын өзгерістердің қарапайым паралелділігі егер тек ол әртүрлі оқиғалардың жеткілікті санында анықталған болса, олардың арасында себепті байланыс бар екендігінің дәлелі қызметін атқарады. Бұл әдістің артықшылығы, себепті байланыс соның арқасында алдыңғы әдістердегідей сырттан емес, іштен танылады. Ол бізге екі фактының жай ғана сыртқы байланысын көрсетіп қана қоймайды, оның тұсында олар бір-бірімен қабаттаса жүретінін немесе жоққа шығаратынын455, бірақ оның тұсында олардың арасында ішкі байланыс бар екенін ештеңе дәлелдемейтінін көрсетеді. Керісінше, ол бізге олардың бірбіріне қатысы бар екендігін және бері салғанда айтарлықтай айқымдағы тұрақты қатыстың бар екендігін көрсетеді. Олардың бір-біріне жат еместігін дәлелдеу үшін осы бір ғана қатыстылықтың өзі жеткілікті. Қандай да бір құбылыстың даму тәсілі оның мәнісін білдіреді; екі құбылыстың даму процестері бір-біріне сәйкес келуі үшін, олар білдіретін мәністердің сәйкестігі қажет. Өзгерістердің тұрақты қатарласа өмір сүруі, демек, салыстырудан тыс қалатын құбылыстардың ахуалы қандай болмасын, өздігінен-ақ заң болып шығады. Сондықтан оны теріске шығару үшін, оның сәйкестік әдісін немесе айырмашылық әдісін қолданудың кейбір жекелеген оқиғаларымен жоққа

шығарылатынын көрсету жеткіліксіз. Бұл дәлелдеудің осы тегіне, олар әлеуметтануда ие бола алмайтын мәнді телу болып шығар еді. Екі құбылыс жүйелі түрде бір-біріне қабаттаса өзгеретін кезде, олардың арасындағы бұл қатынасты, тіпті кейбір жағдайларда осы құбылыстардың бірі екіншісінің қатысуынсыз пайда болған кезде де, мойындау керек, өйткені не себептің салдарға ықпалы қарама-қарсы себептің ықпалымен үзіліп қалған болуы не салдар көз алдымызда болғанымен, бірақ бұрын байқалғаннан басқа пошымда болуы әбден ықтимал. Әрине, фактыларды қайта қарауға ілік бар, бірақ дұрыс жасалған дәлелдеу нәтижелерін бірден серпіп тастаудың қажеті жоқ. Рас, осы әдіспен ашылған заңдар әрқашан себептілік қатынастары пошымында бірден көрінбейді. Өзгерістердің сәйкестігі бір құбылыс екінші құбылыстың себебі болғандығына емес, олардың екеуі де – бір ғана себептің салдары болғандығына, немесе олардың арасында үшінші бір, аралық, бірақ байқалмаған, біріншісінің салдары және екеншісінің себебі болған құбылыс бар екендігіне тәуелді. Осынау әдіс беретін нәтижелер, демек, түсіндірілуге тиіс. Бірақ қандай эксперименттік әдіс себептік қатынасты механикалық түрде, ол анықтаған фактылар парасаттың ұқсатуын қажетсінбейтін болатындай етіп, ашуға мүмкіндік береді? Тек, осы ұқсатудың әдістемелік жолмен жүргізілгені маңызды. Бұған жарамды әдіс төмендегідей. Әуелі дедукция арқылы екі құбылыстың бірі екіншісін қалайша дүниеге алып келетінін анықтап алу қажет; одан кейін осы дедукцияның нәтижелерін тәжірибелердің, яғни жаңа салыстырулардың көмегімен тексеруге тырысу керек. Егер дедукция мүмкін болып, тексерудің сәті түссе, онда дәлелдеу аяқталды деп санауға болады. Керісінше, егер осы фактылар арасынан біз ешқандай тікелей байланысты байқамасақ, әсіресе, егер мұндай байланыс гипотезасы әлдеқашан дәлелденген заңдарға кереғар болса, онда өзге екеуі бірдей тәуелді болатын немесе олардың арасында аралық буын қызметін атқара алатын үшінші құбылысты іздестіруге кіріктіру керек. Мысалы, өзін-өзі өлтіруге бейімділік білім алуға ұмтылумен қабаттаса өзгеретінін барынша анық дәлелдеуге болады, бірақ білім өзін-өзі өлтіруге қалай жетелейтінін түсіну мүмкін емес, ондай түсіндіру психология

зандарына кереғар болып шығар еді. Білім, әсіресе қарапайым танымдарға сайған білім, сананың тек үстірт аймағын ғана қамтиды; керісінше, өзін-өзі сақтау инстинкті – біздің негізгі бейімділіктеріміздің бірі. Демек, ол соншалық ауаша және әрең аңғарылатын фактормен мықтап қозғала алмайды. Осылайша, қос факты да бір ғана себептің салдары емес пе деген сұрақ туындайды. Бұл ортақ себеп діни дәстүршілдіктің әлсіреуі болып табылады, ол бір мезгілде білімге қажеттілікті және өзін-өзі өлтіруге бейімділікті арттырады. Ілеспе өзгерістер әдісін әлеуметтанушылық зерттеулердің басты құралы ететін тағы бір себеп бар. Шынында да, өздері үшін өте қолайлы жағдайлардың өзінде өзге әдістер тек салыстырылатын фактылар өте мол болған кезде ғана пайдалы қолданыла алады. Ұқсас болатын немесе бір пунктте ғана өзгешеленетін екі қоғамды табу мүмкін болмаса да, алайда, біреі салғанда, қос факт қатарласа жүретінін немесе бір-бірін жоққа шығаратынын анықтауға болады. Бірақ, мұндай констатация да ғылыми құндылық болуы үшін, оның талай рет қуатталуы қажет, барлық дерлік фактылар қарастырылғанына кәміл сенім болуы қажет. Алайда, мұншалық толық тізбе жасалуы мүмкін еместігі былай тұрсын, осылайша жиналған фактылар, олар тым қисапсыз болғандықтан да, жеткілікті дәлдікпен анықтала алмайды. Мұндай жағдайда аса елеулі де бұрыннан белгілі фактыларға кереғар фактыларды байқамай кету қатерін былай қойғанда, осы соңғыларын жақсы білетініңе де сенімді бола алмайсың. Әлеуметтанушылардың толғамдары, сәйкестік немесе айырмашылық әдістерін, әсіресе алғашқысын қолдана отырып, құжаттарды сынау мен іріктеуден гөрі оларды жинаумен көбірек айналысқандықтан, көп нәрседен жиі айрылып қалып отырады. Мысалы, олар саяхатшылардың шатып-бұтқан, үстірт байқаулары мен тарихи дәл құжаттарды қатар қояды. Мұндай дәлелдер жөнінде, оларды теріске шығару үшін бір ғана факты жеткілікті екендігін ғана емес, олар арқа сүйеген фактылардың әрқашан сенім ұялата бермейтінін де айтуға болады. Ілеспе өзгерістер әдісі бізді осындай жартыкеш тізбек жасауға да, үстірт бақылауларға да мәжбүр етпейді. Ол нәтиже беру үшін бірнеше факты жеткілікті. Оқиғалардың мәлім санында екі құбылыстың бірдей өзгеретіндігі

дәлелденген бойда, аталмыш жағдайда қандай да бір заң орын алатындығына кәміл сенуге болады. Мәліметтердің көп болуыына қажеттілік тумайтындықтан оларды әлеуметтанушы мұқият іріктеп зерттей алады. Ол өз индукциясының басты тақырыбы етіп наным-сенімдері, дәстүрлері, құлқы мен құқықтары сенімді жазба ескерткіштерде бейнеленген қоғамдарды ала алады, сондықтан алуға да тиіс. Әрине, ол этнография фактырларын да елеусіз қалдырмайды (ғалым адам ескермейтін фактылар болмайды), бірақ оларды ол тиісті орнына қояды. Оларды өз зерттеулерінің түпқазығы етудің орнына ол, оларды тарихтан алынған фактыларға қосымша ретінде ғана пайдаланады, әрі кеткенде оларды тарихтан алынған фактылармен қуаттауға тырысады. Ол өз салыстыруларының өрісін қатаң шектеп қана қоймайды, оларға неғұрлым сыншыл көзбен қарайтын болады, өйткені ол енді фактылардың шектеулі санына жүгінетіндігінің салдарынан оларды неғұрлым мұқият бақылай да алады. Әрине, ол тарихшылардың жұмысын қайта жасамауы керек, бірақ ол сондай-ақ өзіне керек мәліметтерді жан-жақтан енжар қабылдай бермейді. Алайда, әлеуметтану басқа ғылымдардан көп төмен тұрады, өйткені ол бір ғана тәжірибелік әдісті қолдана алады деп ойлаудың қажеті жоқ. Іс жүзінде бұл қолайсыздық есесі әлеуметтанушы салыстыра алатын түр өзгерістерінің байлығымен, табиғаттың бірде-бір басқа өрісінде кездеспейтін байлықпен қайтарылады. Индивидуалдық организмде оның тіршілік етуі барысында болып жататын өзгерістер шамалы және өте шектеулі; тіршілікке қатер төндірместен жасанды түрде туындатуға болатын өзгерістер де тар шеңбермен шектелген. Рас, зоологиялық эволюция барысында неғұрлым маңызды өзгерістер де болған, бірақ олардан қалғаны тек сирек кездесетін және еміс-еміс іздер, және оларды туындатқан шарттарды табу мүлдем қиын. Керісінше, әлеуметтік өмір дегеніміз өзгерістердің үздіксіз қатары, олар ұжымдық тіршілік жағдайында басқа өзгерістермен қатарласа жүріп жатады, және біздің қолымызда таяу замандар өзгерістері жайындағы ғана емес, жойылып кеткен халықтар бастан өткерген көптеген өзгерістер туралы мәліметтер де бар. Барлық ақауларына қарамастан, адамзат тарихы, жануарлар түрлерінің тарихына қарағанда,

неғұрлым толық та анық. Мұның үстіне қоғамның бүкіл кеңістігінде болып жататын, бірақ жеріне, кәсібіне, діни сеніміне және т.б. байланысты әрқилы пошымдарға ие болатын көптеген әлеуметтік құбылыстар бар. Мысалы, қылмыс, өзін-өзі өлтіру, бала табу, некелер, дүние-мүлік жинау және т.б. осындай. Оларды қоршаған ортаның алуандығынан осынау факт категорияларының әрқайсысы үшін, тарихи эволюция туындататын өзгерістерден бөлек, түр өзгерістерінің жаңа қатары келіп шығады. Демек, егер әлеуметтанушылар эксперименттік әдіс амалдарының барлығын бірдей ойдағыдай қолдана алмайтын болса, онда ол пайдалануға тиіс жалғыз әдіс, оның қолында өте жемісті бола алады, өйткені ол оны қолдану процесінде таптырмас ресурстарға ие болады. Алайда ол аса дәл қолданылса ғана тиісті нәтижелер береді. Егер, жиі-жиі болып тұратынындай, азды-көпті мол мысалдардың көмегімен жекелеген жағдайларда фактылар гипотеза қалайтындай өзгергендігін көріп, соны қанағат тұтатын болса, онда ол мұнысымен ештеңе дәлелдей алмайды. Осынау оқтатекте кездесетін және үзік-үзік сәйкестіктерден ешқандай ортақ қорытынды шығаруға болмайды. Қандай да бір идеяны мысалдармен көрсету оны дәлелдеу деген сөз емес. Оқшау өзгерістерді емес, қайта жүйелі анықталатын және бірбіріне барынша тығыз жанасатын өзгерістердің айтарлықтай тобын салыстыру қажет. Өйткені аталмыш құбылыстың өзгерістерінен, олар аталмыш жағдайларда сол құбылыстың даму процесін анық білдіретін тұста ғана заң шығаруға болады. Ал бұл үшін олардың арасында, жаратылыстық эволюцияның әрқилы сәттері арасындағыдай дәйектілік болуы, және, мұның үстіне, олар білдіретін процесс оның бағыты күмән тудырмауы үшін айтарлықтай ұзақ болуы қажет.

ІІІ

Алайда, бұл қатарларды құру тәсілі, жағдайларға қарай, әрқилы болады. Олардың құрамында бір қоғамнан немесе бір ғана түрдегі көптеген

қоғамдардан, немесе бірнеше әрқилы әлеуметтік түрлерден алынған фактылар бола алады. Іс өте кең таралған және бізде олар жөнінде жеткілікті толық және жанжақты статистикалық ақпарат бар фактыларға қатысты болған кезде бірінші амал жеткілікті. Мысалы, өзін-өзі өлтірудің айтарлықтай ұзақ уақыт барысындағы қозғалысын білдіретін қисық сызықты, дәл осы құбылыстың провинциялар, таптар, ауылдық немесе қалалық мекендер, жыныс, жас, азаматтық жағдай және т.б. бойынша өзгерістерін салыстыра отырып, өз зерттеулерін тіпті бір ел шеңберінен сыртқа шығармай-ақ нағыз заңдарды анықтауға болады, дегенмен осынау нәтижелерді сол түрге жататын басқа халықтарға жүргізілген бақылау арқылы да қуатталған әрқашан абзал. Бірақ соншалық шектелген салыстырулармен әртүрлі жерлерде түрін өзгерте отырып, бүкіл қоғам көлемінде таралған әлеуметтік ағымдардың әйтеуір біреуін зерттеген кезде ғана қанағатануға болады. Ал, керісінше, гәп елдің бүкіл кеңістігінде бірдей қызмет ететін, тек уақыт өте келе өзгеріп отыратын, бір ғана түрдегі институт, заңдық немесе инсанияттық ереже, орныққан салт жөнінде болғанда, бір халықты зерттеумен шектелуге болмайды. Керісінше болса дәлелдеу тақырыбы параллел қисық сызықтардың бір ғана жұбы, атап айтқанда, қарастырылып отырған құбылыстың тарихи дамуын және топшыланатын себебін білдіретін қисық сызықтар ғана, онда да тек аталмыш қоғамдағы, және тек сондағы қисық сызықтар болар еді. Әрине, параллелизм, егер ол тұрақты болса, осының өзі-ақ маңызды факт, бірақ ол өздігінен дәлел қызметін атқара алмайды. Зерттеу шеңберіне бір ғана түрдегі бірнеше халықты енгізе отырып, біз салыстыру үшін неғұрлым кең ауқымға ие боламыз. Әуелі бір халықтың тарихын басқа халықтардың тарихымен салыстырып, олардың әрқайсысында бірдей жағдайлардың ықпалымен бір ғана құбылыс өрбитінін не өрбімейтінін қарауға болады. Одан кейін аталмыш құбылыстың дамуының осынау әрқилы процестерін салыстыруға болады. Осылай, мысалы, аталмыш құбылыс, өз дамуының шарықтау шегіне жеткен сәтте, әртүрлі қоғамдарда ие болатын

пошымды анықтауға болады. Бұл қоғамдар, бір ғана тұрпатқа жататындығына қарамастан, бәрібір әрқилы индивидуалдық болып табылатындықтан, осынау пошым барлық жерде бірдей емес; оның анық не көмескі көрінуі жағдайға қарай. Осылайша, біз өзгерістердің жаңа қатарына ие боламыз, оларды бір мезгілде және сол елдердің әрқайсысында топшыланған жағдай туындататын өзгерістермен салыстыруға болады. Мәселен, Рим, Афина және Спарта тарихындағы патриархтық отбасы эволюциясын ізерлеп шығып, бұл мемлекеттерді, олардың әрқайсысында осынау отбасылық тұрпат қол жеткізетін ең жоғары даму дәрежесі бойынша бөліп орналыстырып, содан кейін олар әлеуметтік ортаның сипаты бойынша да осылай өзгешелене ме, жоқ па, соны қарауға болады, тегінде, алғашқы бақылауға қарағанда аталмыш құбылыс сол әлеуметтік ортаға тәуелді секілді. Бірақ бұл әдіс өздігінен жеткіліксіз. Шынында да, ол саластырылатын халықтар өмірінің тұсында пайда болған құбылыстарға ғана жарамды. Бірақ қоғам өз ұйымын мүлдем жаңадан құрмайды, ол оны ішінара өзінің алдындағы қоғамдардан алады. Оған осылайша берілген нәрсе оның тарихи дамуының жемісі емес және сол себепті ол, егер аталмыш қоғам табын түр шеңберінен шықпасақ, түсіндіріле алмайды. Аталмыш қоғам осынау түпқазыққа қосымша және өзгеріс ретінде жасаған нәрсе ғана осылайша қарастырыла алады. Бірақ біз әлеуметтік баспалдақпен неғұрлым жоғары көтерілген сайын, әрбір халық жасап шығаратын белгілер оған берілген нышандармен салыстырғанда соғұрлым күйкі көріне бастайды. Айтпақшы, кез-келген прогрестің шарты осындай. Мәселен, отбасылық құқыққа, меншік құқығына, инсаниятқа тарихымыздың басынан бастап біз енгізген жаңа элементтер салыстырмалы түрде аз және бізге тарих өсиет еткен нәрселермен салыстырғанда мәз емес. Сондықтан енгізіліп жатқан жаңалықтар миға қона бермейді, олар миға қону үшін әуелі соларға түпқазық болған іргелі құбылыстарды зерттеп алу керек, ал олар тек әлдеқайда кең салыстырулар көмегімен зерттеле алады. Отбасының, некенің, меншіктің және тағы басқалардың осы заманғы ахуалын түсіндіру мүмкіндігі болу үшін олардың шығу тегі қандай екендігін, осы институттарды

құраған қарапайым элементтер қандай екендігін біліп ал қажет, ал ұлы еуропалық қоғамдардың салыстырмалы тарихы бұл сұрақтардың жауабын бере алмай отыр. Демек, ілгерілей түсу керек. Демек, белгілі бір түрге жататын әлеуметтік институтты түсіндіру үшін, осы түр халықтарында ғана емес, барлық алдыңғы түрлерде де ол қабылдайтын әрқилы пошымдароды салыстыру керек. Мысалы, мәселе отбасылық ұйым жайында делік. Әуелі оның әйтеуір бір замандарда орын алған ең ескі тұрпатын белгілеп алу қажет, содан кейін ол аттаған сайын прогресті түрде қалай күрделілене түскенін ізерлеу керек. Генетикалық деп атауға болатын бұл әдіс бір мезетте құбылыстың талданылуын да, жинақталуын да берер еді. Бір жағынан, ол бізге оның элементтерінің бір-біріне біртіндеп қосылып жатқанын анықтау арқылы-ақ, оларды бытыраңқы ахуалында көрсетер еді. Екінші жағынан, салыстырудың кең өрісінің арқасында ол осы элементтердің қалыптасуы мен бірігуі тәуелді болатын жағдайларды анықтауға жақсырақ қабілетті. Демек, біршама күрделі әлеуметтік фактыны барлық әлеуметтік түрлерде оның дамуының бүкіл процесін ізерлеп шығып, қана түсіндіруге болады. Салыстырмалы әлеуметтану әлеуметтанудың айрықша саласы емес; оның өзі әлеуметтану, өйткені ол таза баяндаушы сипаттан арылып, фактыларды түсіндіруге тырысады. Осындай ауқымды саластырулар процесінде бұрыс нәтижелерге соқтыратын қателіктерге жиі жол беріледі. Әлеуметтік құбылыстар дамитын бағытты анықтау үшін, әрбір түрдің құлдырауы кезінде болатын нәрсені келесі түрдің басталу кезінде болатын нәрсемен жай ғана салыстырған кездер де болған. Осылайша қимылдай отырып, мысалы діни наным-сенімдер мен кезкелген дәстүршілдіктің әлсіреуі әрқашан халықтар өміріндегі тек қысқа мерзімді құбылыс қана, өйткені ол, даму қайта басталған бойда із-түзсіз жоғалып кету үшін, халықтар тіршілігінің соңғы кезеңінде ғана пайда болады дегенді кесіп айту мүмкін деп санады. Бірақ мұндай тұрғыдан келу кезінде тіпті өзге себептің салдары болып табылатын нәрсені прогрестің тұрақты да қажетті қадамы деп қабылдау тәуекелі төніп тұрады. Шынында да, жас қоғам бастан

кешіріп отырған ахуал ол алмастыратын қоғамдар өз тіршілігінің соңында ұшырасқан ахуалдың жай ғана жалғасы емес; бұл ахуал ішінара жастық шақтың өзінен туындайды, ол ілкі халықтар қол жеткізген тәжірибені толық және жылдам ұғынып, пайдалануға кедергі жасайды. Осы секілді бала өз атаанасынан бейімділік пен ықылас алады, бірақ олар оның өмірінде көп кейін іске қосылады. Егер әлгінде келтірілген мысалға тағы да жүгінсек, былай деп топшылауға болады: әрбір қоғам тарихының бас кезінде дәстүршілдікке қайтып оралу дәл сол құбылыстың кері қозғалысы тез өтіп кетуге тиістілігімен емес, қайта өз дамуын бастаған кез-келген қоғам тап болатын ерекше жағдайлармен айқындалады. Салыстыру тек оны бұрмалап жіберетін жас мөлшеріндегі айырмашылық аласталса ғана дәлелді бола алады. Бұған қол жеткізу үшін салыстырылатын қоғамдарды олардың дамуының бірдей болатын бір кезеңінде қарастыру жеткілікті. Осылайша, әлеуметтік құбылыс қай бағытта эволюцияланатынын білу үшін әрбір түрдің жастық кезеңіндегі оны келесі түрдің жастық кезеңінде ол не болатынымен салыстыру керек; және ол осы белестердің бірінде екіншісіне қарай көбірек, азырақ немесе сол күйіндегі қарқында болар-болмасына байланысты ол дами түсуде, кері шегіншектеуде немесе сол баяғы күйінде деуге болады. [...]

“Эмиль Дюркгейм. О разделении труда. Метод
социологии”
басылымынан
қазақшалаған

Айдар
Есенбеков.

ӘЛЕМДІК !ӘЛЕУМЕТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ

2-том

“Мәдени мұра” бағдарламасы

Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Н. Наурызбаев.
Компьютерде беттеген Қ. Оразбек

ИБ № 96

Басуға қол қойылды 28.12. 05. Пішімі 84х108 1/32
Қаріп түрі “Таймс”. Қағазы офсеттік. Басылым офсеттік.
Есепті баспа табағы 30,0.
Таралымы 3000 дана.

ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
Алматы қаласы,
Прокофьев к-сі, 226/1.
Тел./ факс (327-2) 41-25-47.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙