Түссіз гүл
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Мөлдір Дарханбаева
ТҮССІЗ ГҮЛ МӨЛДІР ДАРХАНБАЕВА «Мерей» баспасы Алматы, 2020 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз-5 Д 18 Дарханбаева М. Д18 ТҮССІЗ ГҮЛ. Өлеңдер. – Алматы: «Мерей» баспасы, 2020 жыл.– 100 бет. ISBN 978-601-7998-40-0 Ақынның бұл кітабына соңғы жылдары жазылған өлеңдері еніп отыр. Автордың жырларынан көңіл түкпірінде жатқан нәзік сезімдерді көріп, іштегі бұлқынған дауысты естуге болады. Лирикалық өлеңдер қыз жанының түрлі сәттерін көз алдыңа әкеліп, сезім суреттерінің үздік үлгілерімен қауыштырады. Кітап өлең сүйер оқырманға арналған. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз-5 ISBN 978-601-7998-40-0 © Дарханбаева Мөлдір., 2020 © «Мерей» баспасы,. 2020
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА МЕН ӨЗІҢСІЗ... Мен өзіңсіз өмірді. Елестете алмаймын, білемісің? Тарылтады сенсіз бұл Күн өрісін... ...Жасайды екен түбінде өз дегенін Ақыл емес айлалы, жүрек ісін. Мен өзіңсіз ауаны. Жұтудан да қаламын, тыйыламын, Анық сенсіз мұңға елтіп бұйығарым. ....Тәңірімнің тосыннан, өзің деп ұқ Маған берген ерекше сыйы, жаным. Мен өзіңсіз дүниеде. Байланғандай қазыққа шыр айналам, (Кім билігін жүргізген бұлай маған?) Лағыл оттай өзіңнің жанарыңсыз Көрінеді жарықсыз сұр айналам... Мен өзіңсіз, Мұң орманның ішінде адасамын, Сенсіз басар санамды қара сағым. Мың адамнан білеміз, екеуміздің Жүрегім мен жүрегің жарасарын.
ТҮССІЗ ГҮЛ БІР... Бір бақытты алдың ба, көшірме етіп? Бір шаттыққа бардың ба, есің кетіп? Бес-ақ минут осылай алданасың Арбала шын, жылайсың, Есірме түк! Бір бетперде киесің, арзанырақ Бір сәттермен ойнайсың жанжал ұнап, Сосын-сосын... Тергейді жүрген ізің Көрген істің кешегі әр заңы нақ! Бір сезімнің серісі сенделтеді, Бір рахаттар түсірер төрге ертегі. Ал одан соң... Жүректі мұң жұқартып Бір-ақ сәтте қаптайды шеңгел тері. Бір рет көріп өмірдің түзін «көркем», Бір күлкімен жаппассың, Жүзіңді ертең. Сол бір шақта жанашыр табылар ма, Қатпарланған жүректің мұзын ертер?
Мың арман боп ар-сәби ақ тымағы, Мың алдан кеп қайғы итке тап қылады. Мың құлшыныс болғанмен, Бойымызда Бір күрсініс құзға кеп лақтырады....
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СОҢЫ ЕМЕС Көздің жасы бүркейді, Көңіл мұңын Өмір жасын ішпейді Сезім бірақ. Жылытқанмен сәні ұшқан өңіңді Күн Босағадан аттамай безінді бақ. Ойлағандай болмайды, Ғұмырда бұл, Жолдар әркез күткендей тоғыспас, ұқ. Сыртымызда сұрықсыз, Сыбыр-дабыр Барады әне, Сезім-мұң қол ұстасып... Тұрмыз, тілсіз жұтынып, ауаны әрең, Жүрек дерті, аузы жоқ асқынады. Көз алдыңда шегінен ауады әлем Аспан жерге құлады... Рас құлады... Есті жию, Етікпен от кешу де Есті жию, тағдырға шағым-арыз. Кешкен бақыт ендігі жоқ десуге Тілім бармас... Келмедік соңына біз... Соңы емес бұл, Сезімнің соры емес біл, Тұрмыз бірақ, неге енді ізсіз қалып? ...Ақысын да, тықыртқан төлемес мұң ...Өмір-кеші батады бізсіз де анық...
ТҮССІЗ ГҮЛ ЖҮРЕКТЕР ІЗДЕГЕНДЕ Бал сезім байлады көңілді, Жүректі жайлады жұпар мұң. Сабырдың себеті сөгілді Өзіңді ойлаумен жұқардым, Аспаннан төгіліп аппақ нұр, Махаббат түсірді қақпан ап... Не деген сәттер-ау, тәтті-ақ бұл, Бір күндік – мың жылға нақпа-нақ... Төзімге тоғытты қашықтық, Сезімдер, сол ұтты – ұлылық Шаттықты кеудеден тасыттық, Сағыныш алдады ұры ғып... Аралық – аспанды қақ бөлед, Тулатып тамырда от ұдай. Жүректер іздеген сәтте кеп... Құшақтар қауышса, О, Құдай!
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА МАЗАЛАМАШЫ МЕНІ Жүрсің маған жарамсыз текке өкпе іліп, Көкейіңде тұр ма әлі кек кептеліп? Каштым, кеттім, бәрінен бездім, білсең Менсіздікке қалдың ба, ептеп көніп? Қопарып кеп, көңілден өш қалдығын, Түзіп жүрсің, сеземін, жоспарды мың. Қорықпаймын, қайтадан, қаруланба Тағдырымның көрермін тосқан күнін... Тіпті темір таусылар жүре шыдам, Мейлі, қайғы басыма тіле, сұран. Жағама да жоқ жерден жармаса бер, Енді менің жалауым – Күрес – ұран! Босқа мені жазғырып, тым жүдеттің... Соңғы күші құрыды тіл, жүректің. Кеудеңе кеп жайғасты арыстан-кек Ал менде ше? Қалды ғой күлдіреп мұң... Мазаламашы мені...
ТҮССІЗ ГҮЛ ЖАҢА ЖАС Тағы бір жыл, Осылай жүгіреді, Жап-жаңа жас жап-жаңа жүк іледі. Тағдыр-апам ауылдан келген қызды Сары майдай пісірер күбідегі. Тағы бір жыл Өтеді қасын керген, Жастық деген шығарып жасыл белден. Асыр салған кешегі әйбат қылық Жұрнақтарын жұртқа айтпай жасырды өңнен... Жыл кетті ме? Тағы да тізгін қағып, Құрбылармен қағынар қыз күнді алып. Қыс-қынжыла қоштасып, көктем-жылап, Жаз-жабырқап қалды ма, күз-бұлданып?... Жүрегімнің арқалап жұлым жырын Қай жайлауға асықтың құлын-жылым? ...Ілескенде, әйтеуір, өмір-көшке Абайсыз тек үзбесін ғұмыр жібін...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА БІР АПТА Жалғамай біз тұрған мекенді із, Қамалдық «үй-тірлік» – шаршыға. – Қашан біз көрісер екенбіз? – Сәл шыда! Ертеді сағыныш өңі жат, Аяусыз алдайды сағым құр! – Қашан бұл бітеді жол ұзақ? – Сабыр қыл! Түндердің жамылып етегін, Таңымыз таңдарға жұқпады. – Қай күні жаныңа жетемін? – Күт тағы! – Қашанғы шыдаймыз? – Аз қалды! – Иә, солай, солайы бірақ та... – Шын, сағат тек қазір қозғалды Қалғаны бір апта!
ТҮССІЗ ГҮЛ *** Ашу-тасқа барынша қайраламыз, Жай-ақ тұрған жүректің шерін көсеп. Біз бір күні бөтенге айналамыз Алыс-жұлыс ойлардан шегінбесек. Көрсетеміз, көндікпей қырсық қылық Долы теңіз толқыны іспеттеніп. Сезімді әсте ызаға тұншықтырып Ерсі тірлік жасауға күштетпелік. Бұл да дейміз, ғашықтық заңдылығы Ұрыс-табыс кезекпен кеше-бүгін. Артық сөздің тек қалып жаңғырығы Өкпе-назды өшіріп көшеді күн... Жүрегіміз жүр ме екен мұң ұстасып? Бақыттың да басынан тыныш тайып... Соңғы мәрте, алайық «қылыштасып», Болды сосын... Өтінем ұрыспайық...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА НҮКТЕ Өтірік өрге бұрса, Шындықты күз кеп орар. Сараңдық төрде тұрса Берекең түзге қонар. Ар-намыс қалса кейін, Жалған іс қырындайды. Туралық жанса қиын Жалтақтық жымыңдайды. Кеудеңді кек кернесе, Дұрыс ой бұрыс келер. Нәпсі-құрт шектелмесе Шекеңді қылыш бөлер. Астамдық үкім етсе, Ақылың тапталады. Қанағат күтімі өтсе, Қиянат тақты алады. Жүрміз-ау, «жалын» іздеп, Сан күнә жүктеп алып. Бір күні бәрімізге Қойылар нүкте қанық....
ТҮССІЗ ГҮЛ САҒЫНЫШ Сиясы да қаламымның – сағыныш, Ұясы да парағымның – сағыныш. Жүрегімнің дүрсілі де – сағыныш, Қуану мен күрсіну де – сағыныш. Жанарымнан үзіледі – сағыныш, Жаңа мұңнан түзіледі – сағыныш. Көңіліме қонақтайды – сағыныш, Жанға салар олақ-қайғы – сағыныш. Тәтті сәттен сыйлыққа алған – сағыныш, Қиялымнан жүйрік болған – сағыныш. Сырқат артып, оны емдеген – сағыныш, Ұрысқа еріп, жөнелмеген – сағыныш. Тілегіме керек болған – сағыныш, Жүрегіме медет болған – сағыныш!!!
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ҚАРАШЫҒЫМ Қасаңсып кеткен сәттерде, Өзіңе ғана жүгінем. Мұздаған мынау қат кеуде Сезіммен сендік жібіген. Жабулы тұрған жүректің Түндігін аштың кенет кеп. Түсірсе жанға мұң екпін Емдеуге көштің ебектеп... Көзімнен шыққан ақықты Таусылар ма екен, жұта әлің? Тым ұзақ күткен бақыттың Жаныма септің жұпарын. Түн басқан шақта төрімді, Таң болып аттың алдымнан, Өзің боп өмір көрінді Қасіретінен арылған... Толысып тірлік кемдігі, Сен болып қонды құтты бақ. Қарашығым қымбат, ендігі Қолымнан ұста, мықтылап!
ТҮССІЗ ГҮЛ СҮЮ ДЕГЕН... Сүю деген сұраусыз сананы ұрлау, Сүю деген сол жанды ғана жырлау. Күйіп-жану, алаулау, содан тәтті Ләззат алу, ешқандай шара қылмау. Сүю – көзін кенеттен ашқан бұлақ Сүю – ғажап істерге бастар мұрат. Сүю – бәрін елемеу, жер айналып Жатса-дағы төбеңе аспан құлап. Сүю – көкте қалықтау, Айға бару, Сүю – жұлдыз шашыңа байлап алу. Сүю – сынақ, білгенге сәтті-сәтсіз Гүлдеп-жүдеу, түрлену, жайнап-ару. Сүю – басқа салынған тегін құрық, Сүю – туған санада сенімді үміт... ...Шынында да, тұрғандай сол адаммен Дүние батып бақытқа, өмір күліп.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА КӨЛЕҢКЕЛІ ӨМІР Иә, пенде көп бетіңе күліп қарар, Жылап жатсаң, көздерін жұмып қалар. ....Былай шығып кетеді, білмегенсіп Бастап алып, дау-дамай бүлікті олар. Сәті түссе сыртыңнан тас атқан әр, Таныстарың, жығылсаң масаттанар. Таққа отырар кезіңде іші жанып «Боққа» отырар кезіңде жасап қалар. Пайда әкелер шақ күтер, сүйкеніп-ақ, Алға шапсаң ор қазып, сүйтері нақ. Өсектеп ап артыңнан, арқа қағар Қолын созар, алдымен итеріп ап. Қайғы құшсаң, отырар өкінгесіп, Бақытыңның білдірмей шетін кесіп. Алла сақта, сырыңды біліп алып Адамдардан кететін бетіңді осып.
ТҮССІЗ ГҮЛ ЖОҒАЛТУ «Мен өзіңді... жоғалтамын» деген ойдан өртеніп, Кеттім бейуақ ғазалымнан шер теріп... Неге осылай болады екен аяғы? Неге осылай сыйланады келте үміт? «Мен өзіңмен... қоштасамын» деген күдік тістелеп, Жайы кеткен жүрегімді үш бөлед. Неге осындай тіркестерге «тірелдік»? Неге осындай пайда болды тұс кенет? «Мен өзіңнен... айырылам» деген ойлар-ұшқалақ, Берекемді алды құрғыр қыспалап. Неге осылай туындайды тозақ-сәт? Неге бізге беріледі қысқа бақ? «Мен өзіңді... жоғалтамын» деген сөзден бас тартам, Мейлі, үмітке үмітіңді босқа артам... Айтшы неге, түндер жанды «турайды»? Неге жастық тұншығады жасқа әр таң?
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА БОСАТУ Өртенемін өзегінде сезімнің, Күлім қалса шаша салғын көгіңе, Жасым сіңген қабіріме бөз ілгін Махаббаттың қойылмаған мөрімен. Бармадық деп, басынбаймын, әріге Бақыт мені жазбады ма көшіріп? Нотасы жоқ бұл сезімнің Әні де Айтылмады тағдырыммен қосылып. Тұрмысымның түрі қашқан сыртына Әкелді ме соңғы нүкте жол арбам? Жүрек-жырым жанарына мұң тұна Қарақшылар жұлдызына тоналған. Ұшты, алысқа сезімді алып көгершін, Тумайды енді мен көп күткен кемел күн. Махаббатың жүректе өзге көгерсін Ал сүйіктім кешіре гөр, мен өлдім…
ТҮССІЗ ГҮЛ САҒЫНЫШ ӘНІ... Естілсе сағыныштың әні ғажап, Суық мұң шарпып өтер, жаныма жат. Сыймаймын, Жер дүниеге, өзіңді ойлап, Қинар кеп көкіректі кәнігі азап. Көп күткен иікпесе қурай-мұрат Тасқа ұрып, төзімімді тулаймын-ақ. Өзіңе өлең жазар сәтте, Еріксіз Межемді қайтарады удай мұң-ақ. Байланған сағынышқа үскірік-күн Алды ғой берекемді ышқынып тым. Жадағай жабырқатса жалаң сәттер Берсейші, Жүрегіме күш, қылықтым. Сынайды, Өмір мені ұстараға ап, Сезім кеп сілкілеген тұсқа қамап... Ондайда есті дереу жыйғызатын Күнделік сен кіретін түс, қанағат! Сағындым, Барады әсте төзім кеміп, Бойымды билейді-мұң безілдеуік. Арқама мінген мынау мәңгүрт күннен Осы мен айықпаспын өзің келіп...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА САРСАҢҒА САЛМА Кенет күдік баяғы қылаң берсе, Көкіректі беймезгіл күмән керсе. Шаттығымыз шошиды, ырыс кетіп Ашу-ілбіс көнбейді бір әлденсе... Мәнсіз, дәмсіз сөздерге сыңар іздеп, Білдіреміз, айтамыз сын, арыз көп. Алысамыз ашуға қамшы салып Бір жағына соғыстың шығамыз деп... Сезімдерді осылай сарсаңға сап, Керіс-ене аяғын алшаң басад. Төзімдерді төңкеріп, ыза кернеп Қабағымыз айтшы өзің қанша аңдасад? Санада да сенделген ой-бұзақы, Келісімнің шырағын қойды ұзатып. Жаным, жылдам, сиқырлы амал тапшы Жайсыздықты түбімен жойғызатын.
ТҮССІЗ ГҮЛ ЖАЛҒЫЗДЫҚПЕН НЕКЕЛЕСУ Сабыр да кетіп шарасызданып, Жаныңызды да шала сыз қарып. Маған да айтпай, меңіреулікке Жалғыздан жалғыз барасыз ба анық? Аруыңыз да жолын іздетпей, Кетті ме? Сонша сорыңыз көп пе-ей? Үміт құсы ұшты, сүйгеніңізге Қалған соң кенет қолыңыз жетпей. Сезім самалы бекер ескені, Қалды ғой жанның жеке кештері. Сұп-суық тағдыр басынып, бәлкім «Жалғыздықпенен некелес» деді... Армандар алдап, қайғыға көміп, Күш те кемиді, қаймығады ерік. Осымен таң да атпай қалмайды ...Бірақ, біз қашан жай жылап едік???
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА МЕН БАРМЫН... Үйірсе аспаныңның бұлтын қайғы Жүзіңнен мен көретін күлкің тайды. Көңілің күйзелгенде күйі кетіп Алысқан ақылыңды мұң құлтайды. Жаным-ау, түсіндірші халіңді ашық, Ішіңде тұрған сол бір қабірді ашып... Басылар боранның да күні бар ғой Үйіңде мың күдіктің тарылма, шық! Сексен ой түсініксіз бермей тыным Тоқтаусыз білемін көп тергейтінін. (Немесе білмеуім де сірә, мүмкін) ...Сол ойға қалшы бір сәт ермей, күнім. Жүректі жұлмалаған жегір мұңдар, Бақыттың бархыт жапқан жеңін былғар. Жадау күй жанарыңның отын басса Мен бармын жақсы күннің жөнін бұлғар...
ТҮССІЗ ГҮЛ *** Қаншама сынақ тұр, алдыңда Мойыма, тұрыс жоқ, ұрыста! Тек қана арыңды шаң қылма, Және де бойыңды тік ұста! Қаншама өсек жүр айнала, Оқты көз қадалар дұшпаннан Көз жұмып өтіп кет, жай ғана Елемеу, дұрысы – тыс қалған... Табалап жатса да жұрт бітпей, Иманың сақтасын беріктік. Алдыңнан қадамын нық, тіктей Шығады жақсылық, сеніп күт!
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА КЕШЕГІ ТҮН Кешегі түн, Жүректі сілкілетіп, Тағы жүз ой қалдырды, Өмірдің сұрқы кетіп Сыйлады сойқан мұңды, Кешегі түн, Сырымды Айға аштырып, Есірді, ерікті алды, Зар мен шер ойнас құрып, Шын бақыт өліп қалды. Кешегі түн, Сабады санамды әбден, Жанымды жұлқылар кеп, Бұндайда шарам бар ма-ең?! ...Көңілбөз жыртылар тек. Кешегі түн, Қапты да мұң-абадан, Тастады бөліктеп мың, ...Сынаққа шыдамаған, Денемді көміп кеттім...
ТҮССІЗ ГҮЛ ДЕМЕУ Көңіл неге мұңаясың күз үндес? Ойлар жей ме? Түгесілмес, мүжілмес. Сары күнде сары шәлі жамылған, Сары уайымның салып кеткен ізін кес... Жүрек неге соққылайсың тым қатты? Қандай жауың батырып тұр тырнақты? Қабырғаңа қара торы сыз салған, Есіңді жый, ере бермей мұңға әккі. Көз неліктен жасқа толдың, жүз рет? Бұл өмірдің соңғы өткерер күзі ме ед? Табанында езген шер мен шеменді Тағдырыңның қайта бармас түзіне ек... Мәселелер, мән іздетіп, әр маңнан, Ұрлатады, алғы сөзді арманнан, Қара түннің таңы атпайды, жақпасаң, Жарығыңды Жаратқаннан жалға алған... Санаға енсе, қиқым құрты тірліктің, Қамытына кіріп кетпе, құлдықтың. Мұңның кешін батыр-дағы, тік тұрып Арайланып ататұғын Күн күткің...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СЕН МЕНІҢ ҚҰШАҒЫМДА... Сен менің құшағымда, Шынында енді, шырайлым Болмайсың ба? Бағаламай бағымды тұсадым ба? Қалай ғана шыдаймын Ондай сынға... Жүрегім қақ бөлініп Азабын-ай, барады Алқымды алып. Сезіміміз тұрғанда отқа өріліп Отырмашы сүйіктім, салқын қалып... Сыздайды жаным, ерек Сезесің бе боранды Ішімдегі? Өз күнәмның жүзімді жалыны өбет Өңім бе бұл? Қараңғы Түсім бе еді? Сені енді көрмеймін бе? Қайдан ғана кезікті Азаптар бұл?... ...Көп ренжітсең осылай тергейді де... Аз-ақ қалғыр, азалы тозақ-тағдыр... Кешір мені...
ТҮССІЗ ГҮЛ *** Жүз ілініп ашудың тұзағына, Шаттық құйған сындырдым құт кесеңді. ...Шыдам біткен сезімің ұзады ма? Бақытсыздық! Осы ма нүкте соңғы... Алыстым деп арыстан алпыс оймен Арандаттым сезімнің аражігін. Тек қана айтып, жалпы сөз, жалқы сөйлем Арқалаттым, өмірдің жаңа жүгін. Кінәлімін, тигізді он жайт салқынын Қайсы? Қандай? Білмеймін күш тежегі. Күткеніміз бұл ме еді, айтшы, алтыным? Көңілсіздік! Осы ма тұс межелі? Махаббатым бар ғой бар, жүректе өшкір Сан фактордан сәні ұшып шайқала жүр... Мыстан-мұңға, өтінем тілектес, Бір Қоштасуға ермеші, сайтан алғыр.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА МЫҢ СҰРАҚ Сағыныш сындырдың, күң еткір Сезімге байладың, тірі-құт. Жазадан жалыққан жүрек бұл Кеудеде қалды ма тығылып? Кеуденің көрі ме, төрі ме? Бақыттың басы ма? Тасы ма? ...Әйтеуір, қаламыз шегіне Билейді, мұң-мысқыл ашына. Қол ұстау-жол ұстау, әттеген Басқамен бет түзеу, Ескерту! Барлығы айтатын, Бақ деген Көмескі, бізге жат көшке ерту... ...Арпалыс, қиналыс, күйзеліс Тағдырдың ойыны – от-ұру. Есепсіз есті-алу, ми-жегіш Бақытқа бақытсыз шоқыну. Күрсініс – жүректің дүрсілі Қайтеміз? Не етеміз? Мың сұрақ Кеудеге жабысқан мұң сірі Күніге осылай сыңсымақ... Иә, жаным білеміз, бұл – сынақ!
ТҮССІЗ ГҮЛ МҰҢ ШАҒУ Сүреңсіздік салқынын жоймағанда Жарқ етеді бір үміт ой-даламда, Сосын-сосын... Отырам секем алып Күмән іліп мақсатқа қойған алға... Бардай әлі мен білмес ойран алда. Жүдеу-жадау шағымда сенімге еріп, Жүрегімнің кетсем деп шерін көміп. Талпынамын, Алайда бәрі бекер Аздау күдік жабысар тегін келіп. ...Осылар-ақ қалғандай желімделіп. Күндер өтті көшірме-бір сарында, Жұмыс, тірлік, былықтың қыр соңында. ...Басымды ұстап, Отырмын жер шұқылап... Жаным құмар неге осы мұң шағуға? Өмірімнің осындай гүл шағында...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ЕКЕУМІЗГЕ ТАҒДЫРДЫҢ АЗ БА СЫЙЫ? Жылатамыз жүректі, жығып ұрып, Буындырар қызғаныш жібі қырық. Ертең-ақ біл, өкініш айта отырар Махаббаттың бітпеген жыры қылып... Махаббаттың бітпеген одасы деп, Қоштасуға біз қашан жол ашып ек? Мың шүбәға байланған жүректердің, Тұрғызылған себепсіз моласы көп. Қызғанышқа қамалып құлдық ұрып, Ақ сезімге салмалық мұңды құлып. Екеумізге тағдырдың аз ба сыйы? ...Ішімізде көп сұрақ тұр бұғылып... Белгісіздік – ұрыстың түзіп сыртын, Тәтті күннің жіберді-ау бұзып шырқын... Жарығым-ау, көп қой, көп алдымызда Біз көрмеген шаттық пен қызық шіркін! Бақыт жасы кетпесін кермектеліп, Кикілжіңге қайтеміз ермекке еріп? Жаным, бейуақ өтінем жүректерді, Отырмалық өкіріп, жерлеп келіп...
ТҮССІЗ ГҮЛ ҚУАНЫШ ОТАУЫ Жанымдасың Күнім – нұрлы, түнім – бақ Көп тілеген, Ертегі – сәт осы ма, жетті деген?! Қара бұлтқа байланған қара ғұмыр Шөкті менен... Қасымдасың Қуаныш – жас жанарға жайғасып ап, Отау құрды... Кетті мұң сайға шұбап. Талай сында тозбаған сезімді бұл Жұлдыз – жебеп, Күн – қолдап, Ай бас ұрад. Мынау шаттық Жүрегіме сыймай тұр шынашақтай, Қалар ма екен, қапыда сірә соқпай? Бүгін маспыз бақыттан, Ал... Ал ертеңгі Күнімізге белгісіз ұласад қай?
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА БІРТҮРЛІ Мен мұңайдым, Жүрек бірге мұңайды, Ұмыттырып, сағат, апта, күн, айды. Өмір бұрап, жан жараның құлағын Қасіретін қақтап берді былайғы. Мен күлемін, Мендік көңіл міз бақпай, Кеудемдегі аз шаттықты мұздатты-ай. Миымдағы құлпытасты кілті жоқ Шалажансар бақыт-ұры бұзбақ қай? Мен жыладым, Жасымды ішіп, былтырғы, Арман-көктің шықпай басы қырқылды. Жансыз, тілсіз, жылуы жоқ қоғамда Менің күйім сенікінен біртүрлі...
ТҮССІЗ ГҮЛ ҚОШТАСУ Ойлап мені, қалқашым, құрақ ұшпа Түсе алмаймыз, себебі бір ағысқа. Сезіміміз көтерген ақ шаңырақ Қалып қойды ой жетпес тым алыста... Қоштасудың аттадық ала жібін Енді бізге өмірдің ада жүгі. Кезектескен күйініш-сүйініштің Айыра алмай қалдық-ау ара-жігін... Жалынғанмен болмайды жырым жұғым, Жай таппаған жүректер жұлым-жұлым. Қоя салу келмей тұр, қолымыздан Болашақтың білсек те бұлыңғырын. Ехх... Күйімізді бұрқасын ұғынды кім?
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА АЛТЫН ЖҮЛДЕМ Сенсің-бақ құс кеудеге кеп орнаған Ақ жауыным ақ шаттық төгер маған. Естимісің, пендеңнің бақытты үнін Керең-ғалам! Сен – дәрумен, жазатын жан жарасын Тұсбағарым дәл тапты ханзадасын. Тағдырымның бөлімі, өзің білгің Жап-жаңасы! Сен – ол жүлдем, жүрекке таққан алтын, Көктемімсің гүлдетер ақпан артын. Бақыт тойын өзіңсіз ымырт шақта Атқарар кім? Сенсің – шаттық, тым бөлек толғанысым, Теңдесі жоқ бағалым, қолдағы шын. Біз жолықтық, сезімді сәби-көңіл Қорғау үшін!!!
ТҮССІЗ ГҮЛ ҚАЙТЕМІН? Қайтемін? Айырылған жүректі тынышынан, Бір суыған, өзіңсіз бір ысыған. Көңілімде сағыныш шырақ жағып Жарты қанат жанардан мұң ұшырам. Қайтейін? Дала кезіп іздеймін, дидарыңды, Тамұқ шаққа сәуегей сыйлар үнді. Аңсай-аңсай сал болған мына маған Шын шаттықпен сүйіскен қима күнді. Күн күлмейді, бір сенсіз Түн білмейді, Қайғы-қамыт қаптаған құрғыр күйді. Құрғап қалған көңілдің көлшігіне Әлем жасын көнемін, тұндыр мейлі. Қайтемін? Қалауыңнан қалдым ғой аттай алмай, Нұр бейнеңе кетем-ау, сәт таянбай. Сылқым-күлкің, гүл-даусың, жұпар-исің Кездессе егер, тұрармын тоқтай, аңдай...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СҮЙЕУ СӨЗ Ол сені алдады ма? Неге отырсың тепсініп, Таңдар ұра? Әттегені, әсер де етпейді екен Жүрегінен бөлінген жанға дұға. Білмей тұрып, серіңнің сырын анық, Сезім әйтеу, әкетті шұғыл алып. Бақыт-шыны бағасыз кеткен түсіп Көзден кетті-ау, көл болған сынығы ағып. Несіне егілесің? Жүрегіңді әкеткен ұрлап кері Өтіріктің бағасы қымбат па еді? Кешіре гөр, кеше гөр, жанды-жалған Жанарыңды, қоя ғой, құрғатпа енді... Ол сені алдағаны, Қасиеті ерге тән қалмағаны. Адал-сері табылар, құрбан болма Өзің жаққан сезімді жалғар әрі...
ТҮССІЗ ГҮЛ КЕТПЕШІ... Сезім бе? Сыртымнан жекіген, Септі ме? қоштасу, мұң-әтір! ...Жалғызым, кетпеші, өтінем Кетпеші, тұра тұр! Несіне? Өшіге елітті ой, Тоқтатып махаббат соғысын... Мәңгіге анттасқан едік қой Кетпеші, сол үшін!!! Білсеңші, шабытты тұсаған Өзіңсіз түн-дауыл, от-кешім. Өле қал, демесең құсадан Кетпеші, кетпеші... Ендігі сезімім тұл деумен Өртеніп барады – сом жүрек, Өртеніп барады – бұл кеудем Кетпеші, сұрайын соңғы рет!!
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СҰРҒЫЛТ БӨЛМЕ Сұрғылт бөлме. Шұбар сағат сыртылы, Сыңар ойдың жел өткізер жыртығы. Бір-бірімен кеңесет те, жебесер Жүрек-үні, сыр-тілі... Күннің қайтқан сәулесінен кіл сарғылт, Сан елеспен, жан егескен мұң шалды үт. Құрғыр қиял түсірер ме құл күйге Мұнша албырт?.. Осы кештің дидары-үсік, өңі-дау, Түнге ұласқан түсіреді жолына-ау. Шылдырррррр Уф, жүрегім, селк еттім Есті айырды есіктегі қоңырау! Сен екенсің, қола құйған бұ мүсін, Қырық жылдық қайғы ерткен жүрісің. Сұр үйіме шырақ ұстап кірмесең Келген ісің құрысын... Көңіл-күңгірт, көзіңде тұр күз-жаңбыр, (Жоқ болып тұр, Секірер-ор, құз-қарғыр). Түсіндір деп қоштасудың қылығын Сұрамаққа келдің білем қыздан бұл...
ТҮССІЗ ГҮЛ Үнсіздікке байланады тіл бекем, Жанарымда жүздей жауап жүр, көкем. Сілкілеме сырты қалған сорлыны Құр бекер... Алдыңда біл, күш-көктеген, әл-құрай, Ақталмаған ар тұр-ай! ...Шығып кеттің, бейнеңді ертіп күнәсіз Кешір! Есік-тағдыр ашық қалды жартылай...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СҰРҒЫЛТ БӨЛМЕ-2 Сұрғылт бөлме. Баяғы шұбар сағат Сол бір күнә, жүректі тұрар сабап. Отырамын сыр шертіп елесіңе Шаршаған ой сенделіп, сұрар шарап. Ізің қалды, үй алдын мекен еткен, Ізің қалды, жүректе бекер өпкен. Жанарыңа мұң-құсы ұя салып, Ізің қалды, жар аяқ жеке кеткен... Сан сұрақ жүр, сандалып санаңда-алап, Сезім-әулие танытты жалаң қабақ... Тілегіңді таптаған қызға тосын Қалмады ма қолданар шараң да нақ?! Жабартұғын жөн-жолсыз жала кем бе? Бар күнәні себепсіз маған берме. Бізге ашпаған сол есік-тағдырыңды Тек қатты жаба көрме...
ТҮССІЗ ГҮЛ ТҮҢІЛМЕ Солғын тартты несіне көзің мөлдір Даусыңнан да мылқау-мұң естіледі. Мұңаюды білмеуші ең кезіңде ол бір ...Бұл күндер де, жаным-ау, ескіреді... (Болмаса да жараңа ешкім емі...) Сезім-күйме жүрістен жаңылысып, Арманыңды кеткен бе ұрып, шағып? Сағынышқа малынған «сары мысық» Қойғаны ма санаңа құрық салып? (Бақыт жолдан тайдырар құнықсаң, ұқ...) Шаттық өлең оқыған түнің сағым, Жүзіңде арай ойнаған күнің бұлдыр, Жарығым-ау, дәл бұлай «үгілсе» әлің Түсіреді сезімің құнын, құрғыр... (Ол бақытты, ал сен... Сен түңілдің құр...)
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА CОҢҒЫ – БІЗ Жауһарым, жұлдыздай жыр еккен Ендігі сезімге жұп етпен. Алтынмен апталған атыңды Өзің кеп өшірдің жүректен. Жаныма жасадың жара аңғар, Тілегің осы ма, тәмамдар! Басқамен бет түзеп кеттің де, Таптадың ақылды, таланды-ар... Көңілде кептелді керең-мұң, (Ұшында жаным тұр жебеңнің). Жүрегім соңыңнан жүгірді Шала жан сезімді ап... Мен өлдім. Ойым – жау, сағыныш – делдал у. Қиын-ай өзіңсіз дем де алу, Бір сен деп адасқан ақылға Тауып бер, тауып бер ем-дәру. Сезім – сұм, көз-тілсіз кесел ең, Тағдырды жөн-жолсыз ешеген. Соңғы – сен, соңғы – мен, соңғы – біз Осы өлең!!!
ТҮССІЗ ГҮЛ ШАҒЫМ Жанға көктем, Жанарыма жаз қонбай, Сағынышым сілкір күндер аз болмай. Арпалысам сенсіз өткен әр сәтпен Ауыр мұңым арқамнан еш қозғалмай... Сезім-садақ нысанаға дөп алып, Қос жүректі жаралады Ол анық. Содан қалдым уайым уын сіміріп Ал сен жүрсің осы сәтке тоба ғып. Бір болудың түспеді ме шамы нақ? Қалдық енді өмір-соттан шағым ап. Түс-сарайдың кіреді көп ішіне Біз құрмаған Және құрмас шаңырақ. Қиялдарда «бақыт» құрған жоба жүр, Қу тірлікте мұң-қаздырған ор әзір. ...Қалам-құсым қанатымен киелі Жазбайды енді екеумізге ода жыр...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СҰМ ОЙЛАР ҰРЛЫҒЫ Бейнеті бітпейтін тірлікте Шаттыққа жан болдым зарыққан. Жанарды тіктетіп бір нүкте Айнытты адами қалыптан. Қанымда тулайтын құлшыныс, Ұйысқан уайымнан сескенді. Күнбе-күн жалғасып кіл «сүр» іс Табалмай қойдым-ау еш «менді». Ертегі сәтті енер көкседім, Безініп бәрінен, түңіліп. От шерім, мендегі кексе мұң Өртейді өзекке тығылып. Келешек шамына май танбай, Қошқыл тек қалғандай түтіні. Шабытым – алыстан айқайлай Бітімін жоғалтты, күтімін. Күңгірт ой санамда шапқылап, Салдырды себепсіз әуреге. Бұрымнан ұстап мұң лақтырад Аяусыз әр «қалай» әр «неге». Өткен күн ертеңді тізгіндеп, Етеді жолыма әмірлік. Келмеске кеткен сол күзді «үрлеп» Жасап жүр сұм ойлар әлі ұрлық. Түсініксіздік...
ТҮССІЗ ГҮЛ *** Иә, анашым, Алаңдайсыз жалғыз жүр деп сыртта әлі, «Тойы қашан?» деп сұрайды жұрт тағы. Жанын ұғар, өмір-жолдас жолықса Ойлайсыз рас, ашылар деп бұлт-бағы. Иә анашым, Жылдамырақ тапса дейсіз, сыңар нақ, Намазда да маған қос-қос дұға арнап... Көңіліңіз кетер білем, кенеттен Мені ойласаң, жанарыңда тұман қап... Иә, анашым, Жиі-жиі әкетпесін ой-арба, (Деген сөзім жайсыз күйді жояр ма?) «Күйеу деген күл астында» бұйырса Жиғаныңыз шашылатын той алда.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА БҰЗЫЛҒАН СЕРТ Қоштасудың сұм таяды ма күні де со бір, Қайғының түсір, жүректің түбіне шоғын Балқытып тұрып, Білдірмей қорғасын құйған Жымиып сөнген жанымның күліне шомыл. Сезімнің сертін бұздың ғой қапияда кеп, Болмайтын мендік жүректі жат ұяңа әкет. Ақыл – алапат, сана – алау, Ар – дауыл болды Ал, махаббатың осыған тати ала ма? Тек... Тек, тати ма? ТҮССІЗ ГҮЛ АЛЫСУ Мен сені мұңға ораймын, қара мамық, Сен маған кигізесің сауыт-қайғы. Демеуге біріміз де жарамадық Осылай бастан сайран-сауық тайды...
Мен сені бақытсыз ғып біттім, білем, Бақытты әлі бірге болмай тұрып. Шаршадық, ұрыстардан ұқтырды рең Жүрміз-ау жүректі өстіп оңбай тіліп. Сен менің табаныма от бастырып, Тергейсің, еш үлгертпей демімді алып. Біз кешкен соғыс-күйді топтастырып Тастайық, кетпейінше көңіл қалып... Мен сені шын бақытпен жолықтырам, Сен мені түсіне алсаң халімді анық. Мінейік, қол ұстасып, жолға ытқыған «Болашақ» тұлпарына жаным, барып. Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ГҮЛ ЖҰМАҒЫМ Сенсің – кәусар бұлағым, бұлбұл – әнім, Сенсің – отау, нұрланған гүл жұмағым. Саған деген сезімім лапыл оттай Сенсің мәңгі таусылмас мың құмарым...
Сен деп білем, Күн ертең күліп атса, Құбылаға нұрланған түні батса. Сен деп білем, ренжіген тас төбемнен Қабат бұлттың қатулы түрі бақса. Сен деп білем, самал жел сипап өтсе, Ғажайыпқа жеткізген күй тағы өпсе... Сенсің менің бүгінгі бар болмысым Жүрекке егер, сенен тек, шипа жетсе... Қиялымда сен деген самғап құсым Арманымды арманға жалғатты шын. Жаным, жаным жат қолға ұстатпасым Қазынамсың, қымбатсың, ардақтысың!
ТҮССІЗ ГҮЛ СҮЮ МЕН СЕНУ... Білмеймін, не жаздым дәл бұлай? Сенбейсің, ашпай-ақ шындығын. Ақиқат сыртқары қалды ұдай Күдіктің үстінде сырғыдым. Білмеймін, не істедім, не қылдым? Ұрыстар ұрттатты зәһарын. Сыйлайсың сәт сайын тегін мұң Жазаның қолданып қатаңын. Білмеймін, сөгесің жүз рет Жазықсыз жүректі жыртасың. Өткеннің өшпейтін ізі деп, Жүдеттің жанымды жұлқа шын. Білмеймін, керек пе білуім? Өмірдің тастай сал, сотына-ақ. Сіміріп қалайын мұң-уын Жегенше күдіктен топырақ. Білмеймін қоштасу сұрқы бар, Көп салдың қызғаныш құрығын. Жарығым, жадыңа түртіп ал Сүю мен сену ол бір ұғым...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ТҮССІЗ ГҮЛ Біздің сезім – от шашу, Біздің сезім – түссіз гүл. Жалаңаяқ шоқ басу Сосын елес, ізсіз, біл. Біздің сезім – толған Ай, Біздің сезім – шыққан Күн. Көктен жеткен соңғы арай, Түннен түскен құптан-мұң. Біздің сезім – жанрсыз, Біздің сезім – жоқ заңы. Тойы-тыныш, бағы-үнсіз Құпиялау ол жағы... Біздің сезім – тұңғиық, Біздің сезім – ұшар бас. Құмарлығы – тым «биік» Іңкәрлігі – тұсалмас...
ТҮССІЗ ГҮЛ МҰЗ-МАХАББАТ Алданбайды, көңілім, Семіп қалған, Бір сыр жатыр жүректе, сен ұқпаған. Күндеріме күлкісіз, күрең кілең Солғын-қалам, Шоқ-шабыт серік маған... Сезінбеймін, Мұз болды махаббат бақ Ендігі өмір, қап-қайғы арқалатпақ. Кеттік керім іші бір, Сырты бөлек Сағынышты сыңарлы әр тарапқа ап. Өлді бәрі, Өртенді бақыт-күймем, Болғаны үшін осылай уақыт сый ма ең?! ...Сылтау іздеп, сүйіктім соға қалсаң Шығара сал, Мен жатқан табытты үйден.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА АМАНАТ ЖҮРЕК Сүйіктіме асығып, бір өппеген, Сағынышпен сиқырлы түнекке енем. Соғып жатыр өзің деп білемісің Кете жаздап жұлынып жүрек деген. Жаным, сезші көңілдің бұл шаттығын, (Тілеп жүрем таусылмас мың сәттігін). Көп аңсаймын, ешкімге жеткізбестен Ең шыңында бақыттың тұрсақ, күнім... Мұңға толған кеудемде шегінді ағын, Сезіндірдің ең тәтті сезім дәмін... Өмір саған – сезімім мына менің! Өмір маған – ендігі сенің барың! Сағынышқа сәулелі сан арбалған, Жауһардайын жүзіп жүр жанарда арман. Ендігі, ерім, аманат жүрегімді Аялай біл, ес-түссіз саған барған!
ТҮССІЗ ГҮЛ СҮЙІНІШ СҰРАҒЫ Арада айыпсыз-айыпты Ұрыстар. Кінәсіз-кінәлі. Қайсыбір жағымсыз жай ұтты? Қайсысы бітпейтін мұң әні? Тергейтін тоқтаусыз тірлік көп, Емдейтін сөздер мың ортада. Жиекке жұтатын тұрдық кеп, Бақыттың шынысын қорқа ала... «Кет» дедік, «кел» дедік, «бітті» деп, Бағытқа қарадық қос тарап. Құдайдан көрмедік құт тілеп, Жолымыз жоқ па еді қосқан ақ? Табыстық. Қоштастық. Көп рет Қайғыға жол бердік қитұрқы. Біздегі сезімнің кебі деп Жамылып жетісті мұң-түлкі. Күйініш. Сүйініш сұрағы? Дерттер. Емделмес сор ғана. Бітсе де шыдамның «шыдамы» Білемін, сүйеміз сонда да...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ӨКІНІШТІ Тағдырға өшігесің Өкпе айтасың, өзіңе өш үмітпен. Сезім деген әзірге кесір-есім Зәрін шашқан өте ұзақ кеші күткен... Мұншама налимысың? Жүректегі кінә артып, кейіпкерге. Санаңның да сор-қайғы қариды ішін, Біз түсетін бақ деген ұйық «көр» ме? Жүрегім езіледі, Кеудеге кеп түскендей қап-қара тас. Аңсап күткен әулиелі сезім елі Қол сілтей ме жарықсыз жаққа қапас? Ееех, бәрі жоғала ма? Көзден ғайып бола ма бақыт бағы? Жеткізбейтін жексұрын жол арада Салып жатыр сезімді табытқа әне... Өкінішті...
ТҮССІЗ ГҮЛ ЖҮРЕГІМДІ ӘКЕТШІ... Санамда асау сауалдар тебісті мың, Басар екен мынау қат ренішті кім? Білмейді ғой, білмейді ішімдегі Жұлмаланған жүректің ел ұсқынын. Мұң қуалап ой-бала тыным бермей, Дәл осылай жанымды тілімдер ме, ей? Қайғы сотқа жетектеп әкелген соң Үкімімді күтейін бүгін де өлмей. Іштегі өртті өшірер кімім барсың? Өрт-сағыныш жандырды құбылған сұм. Кетпеген соң күл болып өкініштен Құр терісі қалбиған қыңыр жансың... Сезімнің де сертті оты ұшқан ба? Сын сағаты осынша көп ұстар ма? Жүрегімді әкетші, құшағыңа ал! ...Қажет емес? Таста онда қоқысқа ал да... Олай істеме тек...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СОҢЫ БАР ҚОШТАСУ Ең үлкен сағыныш санамды ап, Ғайыптан от сезім көшірдім. Қалада ызғарлы самал қап Басады сенсіздік кешін мұң. Ең ғажап шаттыққа шомылып, Ең тәтті сімірдім шырынды ап. Содан соң сағыныш шоғы үріп Жүректер жол жүрді шырылдап. Ең үлкен қимастық жалындап, Ең ауыр сезімді сезіндік. Көңіл-Ай мұң бұлтын жамылды ақ Жұлдыздар қап-қара бөз ілді, үф... Ең қиын қоштасу соңы бар, Соңы бар ерекше күй ішер. Жүректер жақыннан соғылар Ертең-ақ жанарлар түйісер.
ТҮССІЗ ГҮЛ СЕТІНЕГЕН СЕЗІМ Шаттық-достан, бақыт-көштен жеке қап, Қарт-өмірден бас сауғалау бекер-ақ. Армандаймыз, қол қусырып, қадам жоқ Бұйырса деп шырайлы отау, неке-бақ... Бірақ... Мұң-жел бос қиялды кетер ап... Аңсай беріп, жүрек кетті жетімек, Арамызда сезім де тұр сетінеп... Ал біз болсақ ескі мұңлық сиямен Тағдырға кеп арыз жаздық екі бет... Бақыт күтер... Көктен түсер көкірек... Талас та жоқ, талап та жоқ, жігерлі Артымыздан үміті өлік жүк ерді. Махаббатқа мас болдық та, масқара Салып алдық соры бесеу жүгенді. ...Іші қуыс Сезім туды, Кім өлді? Біз бақытты болсақ дедік... Білмеймін, Туа берді терісі ұқсас бірдей күн... Айырмасын білмей тұрып, адастық Көлеңке мен күнгейдің... Қойшы бәрін, Мен ештеңе білмеймін...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА СОҢҒЫ ДӘРМЕН Мұң берме, жарығым дәл бұлай У берші өтінем, өтінем! Одан да аямай ал, құдай Сезімге бір құрбан етілем. Өртеме, тірідей от қойма, Одан да мың рет сұқ пышақ. Азабың, аз әнің тоқтай ма? Бізге енді ашар ма құт құшақ?! Қоймағың алдыма қайғы-арақ? Тамырға сала сал екпе уын. Жылама, жүзіме жай қарап Маған бер күдіктің көптеуін. Асылым, бекерге кектенбе, Жүк салма ең соңғы дәрменге-ей. Өзіңді ұнатар көп пенде Сүйетін жалғыз-ақ дәл мендей...
ТҮССІЗ ГҮЛ КҮН ШЫҒАДЫ СЕН БОЛЫП... Күн атады тек сенің елесіңмен, Сен жоқ болған өмірді неге сүргем? Бола алмайды, болмайды біл, жарықтым Келесі – сен, содан соң Келесі – мен!!!! Күн шығады сен болып, күлім қағып, Менің жаным деміңнен жылынған, ұқ. Тату-тәтті өмірмен достасалық Бар ғаламның қайтеміз, мұңын бағып. Мұңын бағып, ұрыстың ізін бағып, Сезіміміз кетті ме жүз ырғалып? ...Ақ алтыннан жасалған ақ періштем Жүректегі орнадың құзырға нық, Күн болып сен шығасың нақ төбемнен, Тек өзіңнен ең ғажап бақ терем мен. Айдан асыл, Күннен де ыстық отым Туар алда шаттыққа сәт кенелген.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА АЙ... Ай, Ай, Мені көрдің бе, қол бұлғаған? Жаным сырқат, Оған ем түсер кімнен? Уақытты бер, Сезім мен жолды ұрлаған... Тыс еркімнен... Ай, Барлығын бақылап тұрсаң, онда Сол бір жанға сәлем айт, Мұншааааа қылып Ол да қалды Уақыттың құрсауында Тым сағынып.... Айым, Кеттім, бір ізбен шырғалып тым... Қашан енді толады ақ «керсеңің»? Ол екеуміз, тебейік Шын бақыттың Әткеншегін...
ТҮССІЗ ГҮЛ САҒЫНУ – БІР БӨЛЕК ӘҢГІМЕ... Жүректің соғысы бәсеңдеп, Араны суықтық бөлсе анық... Ақ сезім-сиқыршы әсемдеп Кездесу суретін бер салып. Күнді күн, айды айға жапсырып, Жүздесер бөлімнен сырғыдық. Сезімде туындап тапшылық Күдікті оқимыз жыр ғылып... Дейміз де алдымыз перделі, Жүрекке артамыз бейнет көп. Өкпелер сендегі, мендегі Сезімнің сабырын илетпек. Арада туса да аз айып, Атады өзіңмен таң күле... Сенімен ұрсу да – ғажайып Сағыну – бір бөлек әңгіме. Осы да, керемет сәт, ұғын Бақытқа табылар мың негіз! Ортаны бөлсе де шақырым Мен сендік, сен мендік, біргеміз!
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА МЕЗГІЛСІЗ МҰҢ Мұңды әуенге оранып, мұңды бағып, Мың бөлініп, отырам мың құралып. Шыдамыңа шешуші шала құсып Ал сендегі жүрекке, Қара мысық Мың секемін бүгінгі сүңгір алып... Мұңды әуенге елітіп, жанымды езіп, Қайғы бақтың жаралы бәрін кезіп, Отырамын жүректі мың тістелеп. Серпін берер Сен жақтан бір күш керек Түрі қашқан халімді жаным, тез ұқ... Көлеңкесі күмәннің жымың қағып, Арамызда әлі де жүр ырғалып. Сезімдерді жылаған құшаққа алып, Екі жақта отырмыз Ұсақталып, Махаббаттың мезгілсіз мұңын бағып.
ТҮССІЗ ГҮЛ СҮЮГЕ РҰҚСАТ Сезім-шылбау Бекем кеп тұсады да, Жүрегіңіз ашылды, Маған қарай Кіруге енді, болады құшағыма, Сүюге де рұқсат алаңдамай... Махаббаттан жайғасып жанарға құт, Шырын сезім құйылды кеудемізге. Ішімізде асыр сап балаң бақыт, Болашақ тұр, Үйіне «кел» дегізген.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ЖҮРЕК СӨЗІ Жабар қайғы іштегі кім есігін?! Жолдарын да ұмыттым күресудің... Білесің бе, Жарығым, жанартауым? Сенің ғана жүректе тұр есімің... «Кетпе» деймін, Көзімнен оқы мұны Жүрегімде сезімнің от ілімі. Көптен бері ұрымтал сәтті іздеп жүр Ұрыс деген ұнамсыз соқыр ұры. Құламасын төрдегі байрақ-сезім, Көңілімнің ордасын жайнатшы өзің. Ажыратпай ортаны, Бекем ұста Жүрегіңнің жүрекке байлап сөзін... ТҮССІЗ ГҮЛ ӨЗІҢСІЗ ӨРТЕНУ Сыйладың да, өшпейтін бір жарық маған, Сыйладың да көшпейтін мұң ғаріп ғалам. Кеттің бе сен? Өзгенің қолынан ұстап Құдайым-ау, Құдайым, жынданып барам...
Жүргенмін бе, Өзіңді ертегі көріп?! Тағдырымның болмайтын ертеңін өріп. Айтпай келген, аяусыз азапқа мынау Шыдамаймын, Кетсемші өртеніп өліп. Пешенемнің бәрін де сорынан көрдім, Өмірімнің өзіңсіз соңына келдім. Жүрегімді оңдырмай жаралап кеткен Алып кетші, Ендігі... Қолыңа бердім...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА КЕШІРШІ... Тоқтаусыз сағындырғаным үшін, Басқаша бағындырғаным үшін, Сені соншалық сүйікті етіп Жалын қылғаным үшін, Кешірші... Жүректе бүлік қылғаным үшін, Кей мұңды ұмыттырғаным үшін, Мені ойлап, таңертеңгілік Күліп тұрғаның үшін, Кінәм бар... Жазылған жыр хаттарым үшін, Тым көптеу мұң баққаның үшін, Бәр сәтте шат қылып тұрып Көзіңді құрғатқаным үшін Кешірші... Менімен көп тоңғаның үшін, Болмаған от қорғаның үшін, Бар болып, сонан соң, қайта Осылай жоқ болғаным үшін Кешірші, мені...
ТҮССІЗ ГҮЛ БАҚЫТ ПЕН МҰҢ Білесіз бе, жанымды мұң жегенін? Жүрегім тұр жолында мың жебенің. Апыр-топыр алапат бұл соғыста Мен және ол, білмеймін кім жеңерін?! Санадағы сезсеңіз сұрапылды, Қабағымда қайғы иті бұратылды. Көңілімнің кешегі күйі кеткен ...Күйзелісі емес-ау бұл ақырғы. Ұрыс келіп ұсынса сұм шарабын, Құри ма екен, құдай-ау мұншама әлім? Жер астына ойлаусыз жол тартар ма ем, Болмағанда егер сіз, мұң шағарым? Жағдайымды шалажан мұң жыққаны Жүректегі долы үнді түн жұтпады. Жаным, мынау өмірді өртеп тастап Жайым кетіп отырмын жүнжіп тағы.... Бір адаммен ашылып зор тынысым, Бір адамға байланып қорқынышым. Өмір мені шайқады, алма-кезек Бақыт пен мұң жүректі толтырысып...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА «ӨЛЕҢ ЖАЗШЫ..» Қолды біреу байлағандай, жүк-кісен, Ауыр дерт жайлағандай бүк түсем. «Өлең жазшы» дегеніңде, күрсініп, «Түсінбейсің» деп шарқ ұрам, «түкті сен!» Түсінбейсің? Өзімді ме? (Көмек бер...) «Жыр жазуға кедергілер не?» деп көр, Шыға берер жауабы жоқ, жауаптар... Сосын тағы... Себебі жоқ себептер... «Бас ауырды», «көзім талды», күнбе-күн, Мың сылтаумен жыр түндігін түрмедім, Өлең өлді, шабыт кетті өкіріп, Ең, ең, білсең ауыр күнәм бұл менің. «Жолды біреу тұсағандай»... Қой, жоқ, ә, Түсініксіз бердім неге ой «жона»? Күдік-күмән келемеждеп көңілді Жыр туралы жар ниетті жойды о да... «Өлең?» десең, мендік жауап «жоқ!» қана, Ақталулар келе қалар топтана, Бірақ, жаным жігерлендір, шабыт бер «Өлең шығар», «жыр жаз» деуден тоқтама!
ТҮССІЗ ГҮЛ «КҮДІКТІ» МЕН Күдікті жүріппін-тұрыппын Қүдікті бәрі де, о құдай! Осы бір бәлекет күдіктің Теседі жүректі оғы ұдай. Күдікті бүгінім, кешегім, Күдікті ертеңгі ғұмырым. Бір бойда, неше мұң, неше мін Күдікті – көп нәрсе, бір ұғым. Күдікке көмесің, құр бекер Күдікті тағы ұртта, таландыр!!! Күдікке сенесің жынды етер, Бірақ та, сенбейсің маған бұл... «Күдікті» сүйемін, сеніңше Жүректе кейіпкер мүмкін көп? Осылай күдікпен «семірсең» Сезімің, суиды біртіндеп... Бәрі де, бәрі де, күдіктің, Сендегі қиялда, өң емес. Сенімді, сезімді құр үктің Күдіктен, көз-соқыр, керең-ес. Көрдік қой ұрыстың бар түрін, Кінәні күнәсіз сімірем. Күдікке айта сал, алтыным Мен деген «аппақпын», шынымен! Ех, күдік...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА *** Шабыт та шалқалаған Ертең деп есінейді. Сезім жоқ сәл қараған Көңілсіз кеш үдейді. Өлеңге есім кетіп Жүргем жоқ, (Бәрін білем). Сен мейлі кешірме түк Бақпасам әлімді мен. Көшірме-күнім кешкен Атып жүр текке әр таңым. Өзім кеп үңілместен Өлеңге өкпе артамын. Өткізген «керемет» тым Күндерден қалады нем? Танымай неге кеттім? Қаламды парағымен.
ТҮССІЗ ГҮЛ САҒЫНЫШ «КАРАНТИНІ» Сағындым, Бал-бұл жанған дидарыңды, Сағындым, Зор қуаныш сыйлар үнді. Кездесер күнді асығып тосқанымда Неге айтшы, карантин деп ұйғарылды? Иә, елді дерт жалмады тәуір улай, Менің де жаным сенсіз аурудай. Ғаріп қып ғашықтарды Тәж вирусы Жол ашып берді неге жабығуға-ай? Мыңдаған шақырым жол бөлсе араны Табамыз телефоннан ем шамалы. Әй, бірақ, Мынау бейне қоңырау да Жүректі жұбатпайды, ен салады. Мұң басты астананың неге кешін? Ауышты, сенделе сан семен есім. Сағындым, Өзіңді мен, келші қашып Алдыңды, блокпосттар бөгемесін...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ӘКЕМЕ ТІЛЕК Әке, Ота керек дейді сізге, Шұғыл-ақ! Бұл тәңірдің жедел жеткен сыны нақ... Сырқаттанып қалғаныңыз, Білсеңіз Жүрегіме қанжардайын сұғылад... Әке, Ешбір дертке тізе бүкпей тік келіп, Жүр едіңіз, Неге бүгін жықты ерік? Тек әйтеуір, Айығыңыз тезірек Тосын жеткен Құдай сынын құп делік... Әке, Өзіңізден өмір жолға шам алдық, Өзіңізбен, қорған болар қамал нық! ...Әке айтарым, Сәтті болсын отаңыз, Басыңызға шын сұраймын, Амандық!
ТҮССІЗ ГҮЛ СЕН ЕНДІ... Сен енді оқымайсың мүмкін мені, Ұрыс сол жеңді әсілі бір түндегі. Ұғынсаң шабыт-асау, өлең-өмір Дауысың, қылығың мен күлкің де еді... Мен білсең мазасызбын, тым үрейлі, (Көңілім күйі кетіп, үңірейді). Тоқтамай өзіңе мың жыр жазар ем, Тұрса ол табысудың құнына, игі. Білемін, тіл тигіздік сабырға асыл, Жүз сөктік, ұрыстың да қабырғасын. Сезімді тәңір берген көміп келіп, Ұйқыны өлеңменен таң ұрласын... Өзіңсіз мұң жайлады сана төрін, Өзіңсіз, өткен минут, сағат-өлім. Қуаттап, әркез желпіп отыратын Сен менің қаламыма қанат едің... Жүрегім жетімсіреп, денем бөлек, Жылайды, анығы жоқ менен көмек! ...Өзің кеп, құтқар жылдам, өртенуде Жүректі арқалаған өлең-бөбек...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ШЫРАҚ ЖАҒУШЫМ Ұққан жанымды ерекшем елік, ақ киік, Өзің ғой еркем, беретін балдай сәтті үйіп. Тағдырда мынау тосыннан түскен жарығым, Басыма берші, Ешкімде жоқ бір бақ құйып... Алдыңда сенің кеткендеймін-ау шын түлеп, Сананың бәрін, түгін қалдырмай сілкілеп... Түсіндің бәрін, түрің де қашпай, Түнермей Кенеттен кетсем, бұлтым үйіріліп, сіркіреп... Арқыраса ашу, салқынқандылық танытып, Көңіліңде де қалмады өкпенің табы түк. Алтын мінезді, Жүрегі аппақ ардақтым Жаны-береке, тәні-құт.
ТҮССІЗ ГҮЛ Шырақ жағушым, Күндерге мынау сұр кілең, Жұлдыз тағушым, Түнге де жүдеу, мүлгіген... Қолыңнан ұстап, өмірдің ең ең қисынсыз Тұңғиығына қорықпай бірге сүңгір ем... Ақыл қосарым, Арқа сүйерім, ең сенген Өзіңмен бірге сындарды сексен еңсергем. ...Жанымды менің жегідей жейді бір сұрақ... Әттең-ақ неге, күндеріміз біздің өлшенген?
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ҚЫЗҒАНЫШҚА ХАТ Ашуын бар әлемнің күреп, тегі, Кіргіздік көңілге ұрыс сұр түлкісін. Жаным-ау, ертең-ақ кеп жүректегі Жаза алмай отырмалық мұң қыртысын... Ызасын жер жаһанның жиып әсте, Жетісіп қалдық құрғыр «қылыштасып». Сезімнің еленбеген күйі пәсте Жатыр ма, ой түбінде мұң ұстасып? Қызғаныш от тастағыш, ойран салғыр Неліктен қойды сонша еркіңді алып? Ұрыстың мерекесі «тойланса» бұл Ұмыттым саған берген сертімді анық. Жеткізбес ешкімді де соңына дау, Сәттерді ұмытайық күндегі ілген. Түскенде сенімсіздік торына анау Жүректі аяйықшы, шын берілген.
ТҮССІЗ ГҮЛ ҚОҒАМ СЫРЫ Алдамшы сезімге бір сәттік, Адамдар берді ашып ар-құлпын. Танытып нәпсіге жұмсақтық, Тудырар теп-тегін жан құртын... Түседі «бақыт» деп отқа да аз, Алады арқаға мұң үйе. Сананы билейді көк қағаз Жанарды байлайды дүние... Адалдық қалғандай қысырақ, Жалаңдық жауына таланад. Шетте тұр, шыңғырып – ысырап, Тоқтады, сол жерге қанағат... Астамдық қанатын қомдады, Мастанды адамдар мінбірде. Көңілді күпті істер торлады, Ақылды ой айналды күңгілге... Иманның жүректе кем ізі, Шытынап кетердей Ар-айна. ...Ақымақ жоқ бізде, негізі Басы бар бәрінің, алайда...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА КҮЙІНУ Үйрендім... Шын-өтірік жылап-күліп Үйрендім Бір мезетте құлап-тұрып. Өлшеусіз өмір мені сен арқылы Сынатты, құп! Тонадым арманыңды, ұрып, жықтым Солай ма? Белгісі ме ұрылықтың? Сеніңше, танысқалы тағдырыңа Мың түрлі мұң іліппін. Ал сен ше? Қиялыңнан құрып дерек, Тастадың ақ басымды күдікке көп. Көп-көп-көп! Түсінгенім саған анық Басқалай бүлік керек...
ТҮССІЗ ГҮЛ Қинадың, кезім бе осы күш құрыған? Ойың да, мені жеген ұшқыр, ұғам. Шаршадым, Түсінсеңші, сенің... Сосыыыын Бітпейтін мына өмірдің мысқылынан... Жанымның қиналысы жасқа арласты (Әкем де, мені осылай басқармас-ты...) Мекенім болмайды енді, Біліп қойғың.... Сен тұрған аспан асты...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА *** Күпті ойға көмілді көңілім, «Қайдалап» жатырмын, жан жырым? Соңынан жүгіріп «желінің» Шаршадым, жүнжідім, алжыдым. Мен солай шарқ ұрып, жынданып, Қалтафон артынан құлаймын. Мұңдардан, жылдардан жырға арып, Жүгірем, шабытқа сұр-айдын. Тағы да адасам, ақымақ Ақылды әріге көміп кеп. Өлеңнен ұялы «жат» ұнап Отырам желіде «ежіктеп»... Жер шұқып, аспанға «өрнек» сап, Уақыттың бағасын ұрлаттым. «Өлең?» деп, туғанда «кермек» сәт Телефон артынан үн қаттым... Қолдағы қажетсіз бұл қорап, Қалдырар жанарсыз, базарсыз. Төрінде тұрмаса жыр-қонақ Бір күні өледі ажалсыз...
ТҮССІЗ ГҮЛ ТАҒДЫР ӘЛДЕ БІЗ? Сағынышты тағынамыз моншақ қып, Қиялдағы күлген бейнең, сол – шаттық. Кездесулер ұзамаса, бір тілек Қоштасу бұл, дедік іштей болса ақтық... Тағы айларға арта салдық үмітті, Уақыт-жалғау, уақыт кейде іріткі. Сағындырған сезім емес Ұлы-күш, Көрісуді тым ұзартқан Күн ұтты... Қоңырауға жалғанар мың шақырым, Дауысымыз, бара-бара ақырын... Қос жүректі Сезім емес сенделткен Қос жүректі тұқыртқанның аты – мұң... Тағы да әлгі алдымызда күнтізбең, Уақыт анау мұң жапсырған, күлкі үзген. Келесі айды ыңғайлаймыз амалсыз Кездесулер болар енді кім тізген? Тағдыр әлде Біз?
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ТОЛҒАНЫС Бір күн ұзап барады, бір күн еніп, Бір кеш келер, бір түннің ұртын еміп. Тағдыр солай отырар әрбір жанның Шар басында тулаған бұлтын өріп. Бұл күндерді осылай жайт ұрлаған, Ұзатамыз, сырымен айтылмаған. Сығырайған сенімді серік етіп Көз саламыз ертеңге айқын-қараң. Тағы туар, шүкірлік, құлқын сәрі, Сосын тағы күтеді түн құрсағы. Біреулердің еседі ақ самалы Біреулердің өшеді мүмкін, шамы. Өзгені өмір сын-итке талатар құр, Ал басқаға бұйырар алақан бір. Әйтеу көпке кезігер шұбар жолдар Соңында анық тергейді ала тағдыр!
ТҮССІЗ ГҮЛ КҮДІК ДҰҒАСЫ Күдік кеп оқиды дұғасын, Қызғаныш шоқиды бір асын. Басыңда мың сан ой, сенделіп Сең соғып сен-дағы тұрасың... Қиялың күмәнді берсе үйіп, Қаласың, қадалып мелшиіп. Алысып сен азсаң, шүбәсіз Келемін өзіңді мен сүйіп... Жүрегің жайласа бұл күдік, Жүрер хақ жүзімде мұң күліп. Ендігі, біртүрлі сюжеттер Құдай-ау, түсіңе жүр кіріп. Тағдырым салса да теріске Бармаймын, біліп қой, кем іске. Сезім ол сендегі – шынайы Сезім ол мендегі – періште. Күдікпен қалмайық жауланып, Қайтесің көзіңді аударып? Бекерге бұлдана бергенше Жүрейік бүгінге тәуба ғып.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА АҚ СЕЗІМ ЖЫРЫ Сағыныштың белуар кешіп елін, Кеп қадалды аспанның төсіне Күн. Жүрегімде тулаған ақ сезімнің Аппақ жырын қағазға көшіремін. Аралыққа амалсыз мойынсұнып, Қалды күткен көктемге бойым суып. Ал кездесу сағаты кейін қашып Қойды бізді қос жақтық ойыншы ғып. Күйзеліске көңілді арнаттырып, Сағынышпен келеміз жан бақтырып. Арамызды үзіле жаздайтұғын Жалғап, тігіп... Күте-күте көздерге мұң сіңгені, Уақыт құрғыр, жылжымас білсін нені?! Тек тілеймін, тезірек соқса екен Жүректердің жақыннан дүрсілдері.
ТҮССІЗ ГҮЛ СЕЗІМГЕ СЕНДІРУ Үміт-кеуде өртенсе, өкініштен, Сен жүрерсің күдіктің отын ішкен. Сезіміңнің сыртынан құрық салған Жүрегіңде қызғаныш отыр, үстем. Ақиқат біл, өзіңе ынтықтығым Сенім-құсын көңілден үркітті кім? Қондырмағың көңілге бар әлемнің Тұрағы жоқ, беймаза тінтіп мұңын. Жан асылым, ерекше бір-ақ келер, Сезім деген шыны емес, сынап көрер. Менің, сенің жүрегің суалады Алсақ мынау өшіріп шырақты егер... Көрсеткенде сезімің ұлық төрін, Кешіп кетпе тұздылау күдік көлін. Бақыт-Айға жазғанда атымызды Бастамашы, тағы да бүлік тегін. Бақыт деген жол – жету мың бұралып... Кім біледі, кетерміз шын құралып? Болатыны секілді Күннің жарық Сүйетінім мен сені, шындық анық!
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ШҮКІР Кеше ғана көл-көсір мақсат құрып, Бөрікті аттым аспанға бап шаптырып. Отыр едім, Есіңді жи, дегендей-ақ Тәңір бүгін қойғаны-ай ақсақ қылып. Кеше жүргем алшаңдап, қадам басып, ...Бүгін жүру болмай тұр маған нәсіп. Мақтаныштан, мастықтан, О, тоба-ай, ә? Кіреді екен өзінен адамға сұқ. Иә, Құдайдан келетін үкім берік, Қаларымыз белгісіз бүтін-кеміп. Төрт құбылаң тең болып, Атқан таңға Шүкір делік!
ТҮССІЗ ГҮЛ ҚҰРБЫ ХАЛІ Сабырыңның саязы алып ұрып, Түскендей-ау басыңа кәрі құрық. Ақ табанға нәпсі-шоқ таңба салып Беделіңнің құлады жары үгіліп... Ақ арыңның жер болды жартасы ауып, Сайтан сәтке таппадың қалқа сауыт. Қара киген қара бет қарақшылар Гүл ғұмырға кетті енді балта шауып. Көңіл атты далада жатыр ақпан Мұң ағысы маңыңа жақын аққан. Тумай жатып тарылған тамырыңа Бұрынырақ құрт түсті жапырақтан. Қай күнде де қайғының қаңтары ұлып, Тар киімдей тұрады тән тарылып. Тоқырауы тағдырдың таяққа алып Кетті кемел тұлғаңды талқан қылып. Үркіген соң аққудай ар ұшқан-ды, Кеудеңдегі кері алып ағыстарды. Көңілдегі кептірді көлшігіңді Күнде тұрып «Қарабас-Арыстанды». Дауа таппай дертіңе аласұрып, Мұңлық добын басыңнан дәл асырып. Балалықтың бақытын бағаламай Болашаққа бара ма жан ашығып?...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ЖЫЛАТА БЕР... Білмеймін, сен жаным білесің бе? Сен деп соққан сыртымнан мұң есуде. Бар ғаламның татымас сұлтандары Жүректегі мөрленген бір есімге... «Сүйем» дедің, мен жүрдім сенімге еріп, Әлеміме жайғастың серім, берік. Енді бүгін қалдым-ау халім кетіп Қош айттырған сөзіңнің шегінде өліп... Үміт-сәби нәр татпай шырылдады, Бал бақыттың у болды шырын дәмі. Қайғыға анау қап-қара айтпай келген Шегілуде сезімнің «шылым» жаны. Мен аңсаған ақ арман, түсім бәрі, Бақыт маған қолын кеп ұсынбады. Жылатасың бекерге, жылата бер Сынап қалғың, сынай түс, күшімді әрі...
ТҮССІЗ ГҮЛ ЖҰМБАҚТЫҚ Мен сірә, Күңгірт тартқан бөлмемін, Жоқ тіпті әйнегі. Сырттағы жарықтан кендемін, Енбейтін Күн нұры, Ай демі. Қараңғы күптеген көрдемін Әуені іштегі әурелі ...Бейнемді көрмеген ел менің... Мен жанмын, Бір түйір мұңы бар ең ескі Шалғайдан іздеген ықтасын... Көңілі жұмбақтау көмескі Белгілі ешкімнің ұқпасы... Ерінбей әз жаным егесті Сонда да бақыттың тұтқасы Түспеді... Өрлемей түк тасы... Әйтеуір жұмбақпын, Шешімі, білмеймін бар дей ме?! Әумесер, жынды-ақпын Ақылды, ал кейде...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ҚЫЗҒАНЫШ СИҚЫРЫ Сен мені жүрсің бе әлі өзгерер деп? Айнитын сезімінен кез келер деп. Мерзімдеп адам, қадам бас-аяғын Етер деп екіойлылау сөзбен ермек... Жан көрсе, көз аударар елден сымбат, Тұра ғап, торға тығар «мерген», шырғап. Мен емес, біліп жүргің мұндай кісің ...Ізіңе қолыңды ұстап ергем шындап... Басқаның жабысар деп етегіне, Күні-түн мазаң расын кетеді ме? Секемді, үрей сүзген жүз ойыңды Санаңа бересің-ау бекер іле... Мені ойлап бөліне ме ұйқың ұдай? (Қып-қызыл қызғаныштың сиқырын-ай...) Жазықсыз жазалама, сүйген жанды Күмәнға итермеші шикі бұлай. Жүректің төріндегі тұлғам ерек, Жүрейік сезім-атты нұрға бөлеп... Мен саған арналғанмын, шынтуайты Сондықтан бермейік құр мұңға қорек...
ТҮССІЗ ГҮЛ СӘЛЕМ, СЕЗІМ Биылғы жаз өзгерек бұрыңғыдан, Ғұмырымда өйткені, білінді мән. Көріп сені сең ұрған жаным сергіп Көктем кіріп көңілім тірілді, ұғам... Жолап кетсем бойда қан ұйып қалып, Басыламын өртеніп, күйіп барып. Бір ғана сен, басқасы қараң қалар Ойпырай ә, бұл жүрек сүйіпті анық. Сені ойласам жан-тәнді ала бар құт, Кетердей-ау менімен қала балқып. Құрғақтыққа тап болған өрттей-ақ Саған деген сезімім барады артып. Жатса-дағы жолымда жау төселіп, Махаббаттың жүрсе де әуресі еріп. Елемеймін еш бірін, жүрегімде Сен тұрғанда, жалғызым, сәуле сеуіп...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ҚАЙТСЕК ЕКЕН? Қайтейін? Жанымды ұғар адамды бақса күмән, Теріс ойлар түгелдей тапса бұдан. Қайтсек екен? Қамалдық қара торға Күйімізді жоғалттық шат-шадыман. Әлі бойды билей ме, Сенімсіздік? Ұқтырғандай соны анық сері үнсіздік. Желеу етіп жексұрын жанжалдың да Қайта-қайта ентелеп шебін «сүздік». Қайтсем екен? Сезімімді өшпеген бұқсам ба әрі, Кетер сонда көгіңді бұлт шалғаны... Сенбеу, шөлдеу, теріс ой, қап-қара ыза ...Келтіреді жүрекке нұқсан бәрі... Махаббаттың десек те құп, сынағы, Махаббаттың кей кезде жүк шыдамы... Жаным білсең күндегі кикілжіңдер Сезімімді шамалы тықсырады...
ТҮССІЗ ГҮЛ КҮТУ Жүзі өтті екі жылдың ұмытпадым, Білмеппін қадіріңді, бір ұққаным. Өзімсіп жұлдыз-жүрек түсінбепті Жүргенін жаның сыздап, құрып халің. Жалықпай хабар күтіп, хат алысқан, Екі күз, екі көктем қатар ұшқан. Көздер де жол-жөнекей түйіспеді Жасады тағдыр-ханы қатаң ұстам. Ызғарлы өтті екі қыс үрген демі, Аяды сені аңсаған күндер мені. Әсемдеп айналаны аққу-көктем Келгенмен менің жаным гүлденбеді. Жүзі өтті жұп жылдың да, көрінбейсің Күнде ойға ораласың ерінбей шын. Әкеткен әмірімен әлемге екі Тосыннан туған осы тегін бе-ей, сын?
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА АДАЛДЫҚ - АТЫМ Сен бекерге алтыным кектенесің, Кигенім жоқ Алдардың бетпердесін... «Кірлетті» деп ақ қағаз көңіліңді Түлкі-ойдың соңынан текке ересің. Ара-жікке дақ салар кез келмеді, Сендік жүрек суықтау сезген нені? Мүмкін уақыт сыз салды, (жалаң-пікір) Болмағандай біздерден өзге ермегі. Бұл сәттен де алатын жаза, мәлім, Айтпайық тек қоштасу азалы әнін. «Ол жанарын тайдырды, менен кенет» Деп жаныңды, жарығым, қажамағың «Алшақтады ардағым, сірә қалай?» Деген ойлар берді ме шын абалай? ...Бізге бұлтын үйірген тұжырымдар Барсын әрмен, жаныңды сығаламай... Көзімнен көр, шын сезім парқын, көкем Ұстанамын адамдық антын бекем. Семен бірге қуану.... сүю, күю... Түсінгенім... ол жүрек арқылы екен.
ТҮССІЗ ГҮЛ БІТПЕГЕН ӘҢГІМЕ Есентайдың бойы бұл. Ғашық мекен. (Ағыны асау қай жаққа асықты екен?!) Менің ынтық, жоқ жыртық жүрегіммен Жалғызыма жол салшы ашық төте, ең. Бойымда жоқ ашылар батыл дарын, Татқызбадың бақыттың татым балын. Жүрегімді ала ұшып жетіп бардым Сол еді ғой жаныңа шақырғаның. Әңгімеде айтпадық қарық қылып, (Үнсіздікпен алдым ба, жалықтырып?) Есімді алған пенденің дәл қасында, Тіл күрмеліп, көңілім қамықты, ығып. Орындықта екеуміз таң аттырып, Жайғасыппыз шала ұйқы қанатты іліп. Ертегідей сәтте осы естен кетпес Риза едім-ау қалса да сағат тұрып...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ЖАЗЫҚТЫМЫН Сүйгенім үшін-дағы жазықтымын, Қалмады ойлай сені қажып түгім. Қадады махаббаттың періштесі Жүрекке қазық мұңын... Жоқ енді, сор сезімнен жанға тыным, Күндері құр өтуде Алматының. Қайтемін жасырам ғой жүргендігін Жалғасып таңға түнім... Сүйгенім үшін-дағы айыптымын, Қайдасың жүрегіме лайықты, ұрым? Шерімді шеңберінен шығып кеткен Отырмын жайып бүгін...
ТҮССІЗ ГҮЛ БҰЛ СОҢЫ ЕМЕС Қиыр-шеттеу, білеміз ара шалғай, Бізге келген тәңірден шара сондай. Бес күн жалған жолдарды үзбей тұрып Армандардан жүрейік аласармай... Санаулы өткен күндерден шаттыққа бай, Жанымызға жұбаныш таптық талай. Аспан мынау айналып түсердей ед Бірімізді қалғанда сәт құптамай. Жаратылған ақ нұрдан тұлғам көркем, Өлеңіме қылығың ұрланды, еркем. ...Езулерді жүрекке іліп қойған, Сағынамыз күндерді, жылдарды ертең. Көзімізде тұрғанда жалын ұшқын Табынушы – Ай, біздерге бағыныш Күн. Ұмытпай жүр, арналған бір өзіңе Бұл соңы емес, өлең мен сағыныштың...
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА МАЗМҰНЫ Мен өзіңсіз... ..........................................................................................3 Бір... ............................................................................................................4 Соңы емес .............................................................................................5 Жүректер іздегенде ..........................................................................6 Мазаламашы мені .................................................................................7 Жаңа жас .................................................................................................8 Бір апта ....................................................................................................9 «Ашу-тасқа барынша қайраламыз» ...............................................10 Нүкте ..........................................................................................................11 Сағыныш ..................................................................................................12 Қарашығым ..............................................................................................13 Сүю деген... ...........................................................................................14 Көлеңкелі өмір .....................................................................................15 Жоғалту ....................................................................................................16 Босату .......................................................................................................17 Сағыныш әні ..........................................................................................18 Сарсаңға сап .........................................................................................19 Жалғыздықпен некелесу...................................................................20 Мен бармын ...........................................................................................21 «Қаншама сынақ тұр, алдыңда» .....................................................22 Кешегі түн ...............................................................................................23 Демеу .........................................................................................................24 Сен менің құшағымда ........................................................................25 «Жүз ілініп ашудың тұзағына» ........................................................26 Мың сұрақ ...............................................................................................27 Мұң шағу ...................................................................................................28 Екеумізге тағдырдың аз ба сыйы? ..............................................29 Қуаныш отауы ........................................................................................30 Біртүрлі ....................................................................................................31 Қоштасу ....................................................................................................32 Алтын жүлдем ........................................................................................33 Қайтемін? .................................................................................................34 Сүйеу сөз ...............................................................................................35 Кетпеші... ..................................................................................................36
ТҮССІЗ ГҮЛ Сұрғылт бөлме ....................................................................................37 Сұрғылт бөлме-2 .................................................................................39 Түңілме ......................................................................................................40 Соңғы – біз ...........................................................................................41 Шағым .......................................................................................................42 Сұм ойлар ұрлығы .............................................................................43 «Иә, анашым» ..........................................................................................44 Бұзылған серт ......................................................................................45 Алысу .........................................................................................................46 Гүл жұмағым ...........................................................................................47 Сүю мен сену .......................................................................................48 Түссіз гүл .................................................................................................49 Мұз-махаббат .........................................................................................50 Аманат жүрек ........................................................................................51 Сүйініш сұрағы .....................................................................................52 Өкінішті ....................................................................................................53 Жүрегімді әкетші ................................................................................54 Соңы бар қоштасу .............................................................................55 Сетінеген сезім ...................................................................................56 Соңғы дәрмен ......................................................................................57 Күн шығады сен болып... .................................................................58 Ай... ..............................................................................................................59 Сағыну – бір бөлек әңгіме ...........................................................60 Мезгілсіз мұң .........................................................................................61 Сүюге рұқсат ........................................................................................62 Жүрек сөзі .............................................................................................63 Өзіңсіз өртену .....................................................................................64 Кешірші .....................................................................................................65 Бақыт пен мұң .......................................................................................66 «Өлең жазшы...» ....................................................................................67 «Күдікті» мен ..........................................................................................68 «Шабыт та шалқалаған» .....................................................................69 Сағыныш «карантині» .........................................................................70 Әкеме тілек ...........................................................................................71 Сен енді... ................................................................................................72 Шырақ жағушым ...................................................................................73
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА Қызғанышқа хат ....................................................................................75 Қоғам сыры ............................................................................................76 Күйіну ........................................................................................................77 «Күпті ойға көмілді көңілім» ...........................................................79 Тағдыр әлде біз? .................................................................................80 Толғаныс ...................................................................................................81 Күдік дұғасы ...........................................................................................82 Ақ сезім жыры ......................................................................................83 Сезімге сендіру ...................................................................................84 Шүкір .........................................................................................................85 Құрбы халі ..............................................................................................86 Жылата бер... ........................................................................................87 Жұмбақтық ..............................................................................................88 Қызғаныш сиқыры ...............................................................................89 Сәлем, сезім .........................................................................................90 Қайтсек екен? .......................................................................................91 Күту ............................................................................................................92 Адалдық – атым ....................................................................................93 Бітпеген әңгіме ....................................................................................94 Жазықтымын ..........................................................................................95 Бұл соңы емес .....................................................................................96
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА ТҮССІЗ ГҮЛ (Өлеңдер) Редакторы: Серік Қалиев Корректор: Құралай Орманова Компьютерде беттеген: Адал Қалибекұлы Басуға 15.08.2020 ж. қол қойылды. Офсеттік басылым. Пішімі 84х108 1/16 Баспа табағы 6.25. Таралымы 500 дана
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру