Топжарған елім
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Мыңбай Рәш
Мыңбай РӘШ Топжарған елім Өлеңдер Алматы «Жазушы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Рәш М. Топжарған елім: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2015. – 384 бет.
ISBN 978-601-200-507-3 Белгілі ақын, сатирик Мыңбай Рәштің бұл жинағына оның өткен ғасырдың екінші жартысынан бері қарайғы кезеңдерді қамтитын дастандары мен толғаулары, балладалары енгізілген. Бұрынырақта жазылған кейбір шығармаларын автор қайтадан ой елегінен өткізіп, қыруар өзгерістер жасап, өңдеген, көркемдік жағын жетілдірген. Бұл шығармаларда қазақ елінің бастан кешкен тарихи, өтпелі кезеңдері, тәуелсіздік, аса көрнекті тұлғалар хақында сыр шертіледі. УДК 821.512.122-1 ББК 84 (5Қаз)-5 М 90 ISBN 978-601-200-507-3 УДК 821.512.122-1 ББК 84 (5Қаз)-5 М 90 © Рәш М. 2015 © «Жазушы» баспасы, 2015 Бірінші бөлім Дастандар, толfаулар, балладалар
«Топжарған елім» туралы Мыңбай Рәштің алғашқы ақындыққа ұмтылысын мен сонау өткен ғасырдың елуінші жылдардың бас жағында аңғарған едім. Тұңғыш жазған өлеңдері «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газетінде жариялана бастаған ол бір күні мен Бас редакторы болған «Пионер» журналына біртоп өлеңдерін алып келді. Поэзия бөлімін басқаратын әйгілі ақын Мұзафар Әлімбаев Мыңбайдың «Айлар мәжілісі» деген өлеңін ықшамдап, сәл жөндеңкіреп маған көрсетті. Он екі айды айтыстыру үлгісі орыс поэзиясында да болғанымен, Мыңбай қазақ оқырмандарына, әсіресе жас бүлдіршіндерге лайықтап, қызықты етіп жазған екен. Журналдың 12-санында жарияладық. Марқұм Мұқан Иманжанов пен Мұзағаң: – Өлеңді тартымды етіп сюжетке құрып жазуың дұрыс. Өнерің өрлей берсін – деп ақыл-кеңес беріп, сәт-сапар тілегендерін байқап қалдым. – Мыңбайдың алғашқы өлеңдер жинағы 1955 жылы көркем әдебиет баспасында жарық көрді. Содан бастап оның азаматтық лирика, сатира жанрында жазған өлеңдері жеке-жеке жинақ болып басыла бастады. Қаламы қатая келе ол эпикалық тұрғыда көптеген поэмалар жазды. Шоқан өміріне арналып жазылған «Шоқан», Мұхтар Әуезов туралы туындатқан «Ұстаз», Қаныш Сәтбаев туралы «Данышпан», қаһарман батырларымыз Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тохта-
ров хақында «Батыр-дастан», Нұрғиса Тілендиевке арналған «Киелі домбыра», еліміздің тәуелсіздігін тебірене толғаған «Топжарған елім» өзге де көптеген дастандары қазақ поэзиясының алтын қазынасына қосылған елеулі үлес деп айтуға әбден болады. Жасырып жабары жоқ, кейінгі кезде қазақ поэзисында эпикалық шығармаларға қалам тартушылардың сирей бастағанын ескерсек, сексеннің бесеуіне келген, жасы ұлғайған қарымды қаламгеріміз Мыңбай Рәштің бұл салада өндірте еңбек етіп жүргенін әбден құптаймыз. Оқырмандарға ұсынылып отырған еліміздің тәуелсіздігіне арналып жазылған «Топжарған елім» және өзге де дастандары мен толғаулары оқырман талғамынан шығады ғой деген ойдамыз. С.ҚИРАБАЕВ, академик
Топжарған елім (Тәуелсіздік дастаны) Беташар Тас дәуірді қашауды Тарихшыларға қалдырдым. Жасақтап жырдан жасауды Асауға құрық салдырдым. Жіберіп тілдің тізгінін Жарысқа қостым жаһандық. Мәреге жүйтки жүздірдім Атымен қазақ – Отандық! құйындат қырғи тұлпарым, Тізгінді тартпай жібердім, Ұлықтасын деп ұрпағым Жосылта жойқын жыр өрдім. «Ақ қаз», «...сақ», «Қыпшақ», «моңғолды» Жіліктеп жатар жайым жоқ. Тарихи ұңғыл-шұңғылды Менсіз де айтар пайым көп. Әріден емес...беріден Ақтарсам тағдыр парағын Шертілсем көкірек шерімен Көзімді шыққа маламын. ...Қиялдап Қыпшақ, Оғұзды, Қамшыға өрдім таспаны, Өк...шу! – леп өстім өгізді Мойнында ағаш аспалы. Оғұз-хан салған тепкісін, Тентіреп Түркмен, Гагауз, Тайталас талай өтті сын,
Мыңбай Рәш Түрік тілді елде мол аңыз... Жайбасар өгіз бишікпен Шықпыртсаң, мейлі, саспайды. Үйреніп үйге үйшіккен Бақайын тездеп баспайды. Мойыны аспа ағашта Қарақшы сынды қамауда. Жегілген дерте жарасқан, Шылбыры – тесік танауда. Жеткізбес жол да бұраңдап Жетер жер жиырма-ақ шақырым. Тасбақадай тырбаңдап Жылжимыз «тәй-тәй» ақырын. Арбаға жектім атты да Дүрдитіп доғал доғасын. Күйбеңшіл күнім батты да, Сыйлап түн сабыр сабасын. Тайлаққа жегіп шананы Қасаты қармен ілбідім, Етіктің тоз-тоз ұлтаны, Табанды тасқа тілдірдім... Егісін, шөбін, отынын Көлікпен терлей тасиды. Ойсырай жыртып опығын Желкесін жалқау қасыйды. Атандардың жонына Жайғасқан бір-бір ашамай, Қондырып қойған қомына Арқасын қоймас қашамай. Жығылған өркеш, тайпала Жылжиды түйе итеңдеп. Оңы мен солға шайқала Артылған жүгі икемдеп. ...Толтырып кузов «КАМАЗҒА» Бүгіндей құрмас серуен. Батпақты, тасты жол аз ба? Сырғиды сылбыр керуен.
Топжарған * Сілтей бер, сілте, жүйрігім, Қырандай құйыл ғарыштан. Қолымда бүгін билігім – Тамырын тартқан алыстан! Көгілдір туға айшықтап Тәуелсіз елім таңбасын, Жоталы шаққа ой жұптап Толтырдым дәнге қамбасын. Алты елі Еуропаңыздың Сиярдай ғажап қанжағам, Тарихпын, Дастан, Аңызбын – Татулық – жолым таңдаған! Қанатын ұшақ талдырған Далам бар Кербез, көсілген. Кіндігін кенге малдырған Дүрлеген дәулет, несібем! Алтын дән күзде сыбдырдан, Төрт түлік түзде мыңғырған. Ширығып қолы шылбырдан Малшылар ісін тындырған. Қыруар ұлттың Отаны Жұдырықтай боп жұмылған. Алты қыр асып жатады Сазды әні самғап қыдырған. Тайталас, жанжал жоламас, Өң тұрмақ кірмес түске де. Дәстүрі дархан аралас Тойы – бір, бірге – істе де. Көп ұлттың басы біріккен Бой созды Ассамблея! Береке, бірлік кіріккен Достыққа білек білейді, Ә!...
Мыңбай Рәш Жетелі ой өрбіп мұнда да Елбасы алды тізгінді. Тілекке толы әр күн жаңа, Жоспарын жаңа сыздырды. Тірлік те бірлік – бәрі де Арналды халық бағы үшін. Топшылап бері, әріге, Әспеттер әрлі намысын! Шүйінші! Әлеумет! Салғай құлағың, Шабытым шалқар бұлқынсын. Шалғайға шарлап жыр-ағын, Самғасын бүгін жыр-құсым! Той десе қозып делебең, Домаламай ма қу бас та! Кеңейе түскен керегем, Толағай тойда нар қасқа – Жырым да менің бір басқа! Сүйінші! Уа, ағайын, Атанды елім – егемен. Самғап бір әнге салайын, Тебренбейтін неге мен?! Ақынның дүрі, дырауы, Жасарған елдің жырауы Домбырасын, қане, қолға алсын! Тебіренсін, шалқып толғансын, Көсіліп бүгін сөйлесін, Сөйлегенде, бүйдесін: Сүйінші! Уа, қандастар, Шаттыққа дереу жиылшы, Туып тұр сәтім той бастар, Сұрайын ерек сүйінші!
Топжарған Айқара ашып түндігін, Түтеткен түтін көне жер. Тебренткен тойда дүлдүлін «Әтшу!», «Өк», «Шөк-шөк!», «Шөре!» жер. «Елім-ай»-ды айтып еңіреп, Қаратаудан көшкен жер. Жауыздық жанын жегілеп Күйзелу кезең кешкен жер. Сарнатып Қорқыт қобызын, Желмаясымен жортқан жер. Сағымды дала, жол ұзын. Бұқажон балық шортқан жер. Садақ пен найза сартылдап, Қасақы жаулар қашқан жер. Абылай аты арқырап, Жеңіспен шашу шашқан жер! Абыз бен Абай «Аһ!» ұрып, Шермені нардай шөккен жер. Хан Кене ашу шақырып, Махамбет қанын төккен жер. Құрманғазы сарындап, Ыбырай мектеп ашқан жер. Амангелділер арындап Жәдігөй жаулар сасқан жер. Тозған жер, азған кезеңмен Мәңгүрт боп қазақ құсанды. Арыстан ашу кезенген Айбарын берік ұстанды. Талқан боп тәж бен тағы да Империя мәңгі құлады. Атойлап азат таңына, Азаттық болып ұраны. Желтоқсан туып кек кернеп, Жас айбат шықты алаңға. «Тәуелсіз!» – сөзі көкке өрлеп, Самғады барша ғаламға! Желтоқсанның жойқынды Қаһарынан жаралған,
Мыңбай Рәш Тілініп төртке ой түнгі Ата арынан жаралған, Қазағымның қаһарлы Қайратынан жаралған, Алашымның отаны Айбатынан жаралған – Сүйінші! Уа, ағайын, Тәуелсіз менің әз елім, Жырымнан шабан жабайын * Теңбілсіз ашық аспандай Көгімде туым желбіреп, Сарайын жанның ашқандай Қараймын бүгін елжіреп. Ата-бабамның арманы Ағынан мәңгі келді деп. Ұрпағын қолдап аруағы, Бақытты қолға берді деп. Тілгілеп көкті жасқаған Ғарышкерлердің шуындай. Төңкерген бейне тостаған Тұяғы түскен суынбай, Қарғып бір міндік тұлпарға Орғытып ойда, қыр астық. Шабытпен шығып шырқауға, Сүйінші бүгін сұрастық! Мылтықсыз мүлде мерген жоқ. Теңдігім текке келген жоқ, Мылтықсыз мүлде мерген жоқ. Тәуелсіздікті, Алдияр, Қолынан ешкім берген жоқ. Тарих та бейне анадай, Тендікті – мезгіл толғатты. Ғасырлар сайрап айнадай, Бұралаң небір жол жатты.
Топжарған Сүйінші, уа, халайық, Сүйінші сұрар таң бүгін. Береке, бірлік зорайып, Дәулетке толсын әр күнім! Ардақтап ата-бабаны, Өткенге тағзым етейік. Зобалаң зәрлі заманы Кеткенге тағзым етейік! Бағыттан алған жаңылмай, Жасақтап жасақ қабылдай, Қасиетті қастер жерінің, Қамы үшін қазақ елінің, Бірлікке үндеп дабылдай, Ауыздығымен алысып, Тұлпары асау тыпыршып, Тұрғандай батыр Абылай! Түлеттік туған даланы, Бұған да шүкір а Құдай!... Сілкінтіп жалқау сананы, Ардақтап ата-бабаны, Толтыра құйдық қымызды, Тостағандарға, кесеге. Не жазса Тәңірім көрмек-ті Десек те мынау пешене, Тарихы тұтас халқымның Кеңестік кездей өше ме? Өзіміз қолға алмасақ, Өзгелер сірә, шеше ме? Қарыздар ұрпақ қашанда Әкелер менен шешеге. Риза болмай аруақтар Көңілдер күпті өсе ме? Жалғасар дәстүр өрістер, Бүгін де солай, кеше де. Шатқалаң шақтың зардабын Өшіріп қайта келмеске, Зиялылардың есімін Әрледік қанша көшеге?!
Мыңбай Рәш ...Түркістан барша қауымның Имандылығын тапқан жер. Қасиетті ата-бабалар Сүйегі сыздап жатқан жер. Қайтадан қойдық орнына Қайнаған бұрқ-сарқ қазанын. Сиынып Алла атына Сарнатып жатыр азанын. Түркістан тойы тойланып, Қайнады құж-құж базарым. Бір жарым ғасыр тарихы Аударды әлем назарын. Құлақтас, төрткүл дүние, Осылай менің ғажабым, Жиырма бірінші ғасырда Әуелеп шықсын әз әнім! Күлдір де күлдір кісінетіп Күреңді міндік бүгінде! Кезім бір туды есілетін Республикам күніне! Сүйінші, уа, туғандар! Төгілдір бүгін төгілдір, Ақындар анық тасқан күн, Жебірер туым көгілдір Түсіндей ашық аспанның! Қорқыттай жанды мұздатып, Ажалға лажсыз бағынған. Асандай жүрек сыздатып, Жерұйық іздеп шабынған. Бұхардай өсиет өрлетіп, Ақтамбердідей ағылған. Бірлігі менен тірлігін Елінің еркін сағынған. Абылай сынды, айбатты
Топжарған Жарлығын берген тағынан, Қабанбайлардың қылышы Қас жауға қарсы шабылған, Майтөбенің басында Қабырға кеңес құрысып, Хан иесіне бағынған, Маңдайдан тері тамшылай, Саясатты өріп қамшыдай, Бір Аллаға сыйынып, Тілегін тілеп ағынан, Кең байтақ қазақ жері үшін, Еңіреп калған елі үшін, Сайланып туын көтеріп, Намыс-кегінен халықтың Қаулаған жалқын от өріп, Ақтабаннан шұбырған, Қанға бөккен даласы Шайқастан болған зығырдан, Ақ шашты казақ анасы, Қариясы мен баласы Мақсатын бекем ұғынған, Кең-байтақ қазақ даласы Таймаған берік тұғырдан Сұстарын сермеп семсердей, Қынаптан қылыш суырған. Жотадан жортқан жоңғарлар Даламнан дамыл көрмеді, Орғыған ойдан ойратқа Бір сүйем жерін бермеді! Бұ қазақ нені көрмеді?! Ақыры жеңді! Ерледі! Тарқалып мұң мен шерлері. Жаз жайлау, қыс қыстауда Күмбірлеп шешен домбыра, Кеудені шаттық кернеді. Ерледі қазақ, ерледі!
Мыңбай Рәш ІІІ. Күзелген жал мен құйрығы, Бота тірсек баптаған. Жаратып желдей жүйрігін, Бәйгеге қазақ сақтаған. Аңқылдақ пай-пай көңілдер Ат шаппай ерте тұрып-ап, Жарысқа жаны жегілер Төбеге биік шығып ап. Атжанды қайран қазағым, Бірінен бірі озатын. Дүбірлі далам – ғажап үн, Шапқан ат бойын жазатын. Тәуелсіздікке арналған Бүгінгі жарыс бір басқа – Кім шығар екен арманнан?! Шабанға мүлде жармаспа Торы ма, жирен, қасқа ма? Жоқ, әлде, мүлде басқа ма? Жарысқа көшіп келгендей Қос бірдей ардақ астана! Торқалы тойда мәреге Кім жетсе, мейлі, ол жетсін. Кеңейе берсін кереге Көңілді күймен тербетсін. Тәуелсіз! Неткен ғажайып Тәуелсіз – сөздің нары ғой! Елбасы шығар сөз алып – Халықтың бақыт, ары ғой! ...Мәскеуден емес, өзіміз, Елбасын бірден сайладық, Басталды мәрттік кезіміз, Тағдырын елдің ойладық, Тәй-тәйдан бастап қаз тұрдық, Ермедік өсек-дабырға.
Топжарған Тәуелсіз елміз! – Саз тұрдық. Қатая берді қабырға! Тәуелсіз! Уа, халайық, Тәуелсіздікхе жетер не? Сеніммен алға қарайық, Нық басып, басты көтере! Оңымнан туған он жасым Орнықты болып оңғарсын, Жиырма, қырық, алпыс! – деп. Ғасырларға абат жалғарсың! Арқыра, Қазақстаным, Жарқыра, Қазақстаным, Аңызды Қазақстаным, Маңызды Қазақстаным. Сүйіншімді бер, халайық, Сүйіншім қайда, сүйіншім?! Сапырып қымыз алайық, Сімірген жұртым сүйінсін!.. Өткенім мен жеткенім Сұхбат құрып дос, дұшпан, күндесіммен, Кейде сәтті, сәтсіз де күн кешіргем. О, оқырман, кезексіз сөз аламын Құбылмалы мезгілдің мінбесінен! Менің өмірбаяным Алақаңда. Ал тарихым – Алатау, Қаратауда. Адам атты тағдырдан куәлігім, Өмірге ұрпақ жаралғам таратуға. Ғұмыр – бейне театр. Енесіз бе?
Мыңбай Рәш Біз – көрермен һәм актер, Сенесіз бе? Ғұмыр – мұхит, Қиялмен жүзіп өту Оңай сынды Еш маяк, кемесіз де. ...Қоныс іздеп хандықтар шүбыруы, Қырғын-сүргін, Қисапсыз шығынымды, Тарихыма таңбалап кетті кеше Атышулы – «Ақтабан шұбырынды». Тарих білер титықты тағдырымды, Жаңаруды, үйрендім жаңғыруды. Абылай хан арманын жалғастырдым, Алдым күтіп күреспен таң нұрымды. Империя кезінде отардамын. Шығарғам жоқ естен еш Отан қамын. Жүрегімде мәңгілік сақталады Желтоқсанда жеке ел боп атанғаным! Жойқын шайқас қанжосқы жотадағы, Көз алдымда қуаныш, қапа-дағы, Көз алдымда жауыр ат, жалқау өгіз, Күлдіреген алақан, соқа-дағы, Ашаршылық... тұқымды қолмен сепкен Бәрі есімде шиқылдақ арба, шөппен... Жүк көтерген жас тайлақ жынын құсып, Енесінің жанына зорға шөккен. Өмір – фильм. мен сексен сериясын Ағытайын ақ, қара, ариясын. Жалтақтамай еркін бір көсілейін, Арқа тұтып уақыт жариясын. Ұшан теңіз әкелген бақ – халыққа – Егеменді ел болдық – хақ тарихқа!
Топжарған Адал заңым, өз белгім, өз құқым бар Артық болмас айтсам мен мақтанып та! Көкшіл аспан түсіндей туым қолда, Жаңару мен жаңғыру – түстім жолға. Ұшырасар әлі де қиындық мол, Тура тарттым Жалтақсыз оң мен солға. Біріккен Ұлттар Ұйымы жазған атын – Өзгерген жоқ іргелі ел – қазақ атым! Ұлты, түрі, қарамай нәсіліне Бал достыққа шақырар азаматын! ...Ауыр жылдар... қандай көп ауытқыған, Қолдан жасап қас жауды, қауіп қылған. Қасақана қастерлі сарбаздарды «Халық жауы» атымен жауып тынған – Бастан кештік Сталин заманын да. Қаңтар тектес тап болдық қабағына. Қанша, қанша ақиық ағаларым Үш әріп пен төрт әріп тырнағына? «Жау» дер жаңсақ жалаға жан түршігіп, Күн тұтылып, қайғырды, ай күрсініп, Ал, бүгін ше? Халқымның арыстары – Жүсіпбектер, Мағжандар, Байтұрсынов!. Тілі, жыры душар боп азап таңға, Қыршынынан қиылды қазақтар да. Кім кінәлі? Соларды салар ма еді! Нақақ түскен боздақтар «тозақтарға»! Азаттықтың сардары Сәкеңдер ше? Ілиястар, Бейімбет, Бекеңдер ше? Қанішерлер сондағы қайда? Қайда? О, адамдар, тірілтіп әкеңдерші! Кешірілмес кегім бар мойынында, Жығар едім – ашулы сойылыма, Тек сонан соң... Дауалап көңіл шіркін,
Мыңбай Рәш Риза болар едім өз пайымыма. Жиырмасыншы ғасырдың қатыгезі, Тарап кеткен әйгілі аты да өзі. Көп қарғысын арқалап қанды қолы, Түк сезбестен көрінде жатыр өзі. Оңдырмаған отыз жыл іс тәлімді, Ұрпақтарға қалдырмай ұстар үлгі. Табытынан тірілтіп кім әкелер, Ар сотының алдына Сталинді? Бір селт етпей жан адам хабарына, Тек қара бас, қарап өз қабағына. Тарғыл бет-ай, шылымы будақтаған, Жанға сенбей ақыл-ой сарабында. Жан адамға сенбейтін кісікиік, Сездірмейтін тұрса да іші күйіп. Қыру, жою, жоғалту, қан қақсату, Бүгін мәлім болды ғой ісі бүлік. Құлақ аспай Зоргенің дерегіне, Бейқам болып отырды-ау, керегі не. Өзі Құдай секілді, өзі патша, Айла-амалдың сүңгитін тереңіне. Көк тіреген қойсын ба шіркін кеуде, «Соқтықпас»... деп сенумен Гитлерге. Салқын қанмен самарқау отырғанда, Жоғын жоқтап, жыртығын бүтіндер ме. Душар етті тас қайғы тозағына, Қас жаулардың хайуандық азабына. Душар етті қисапсыз көз көрмеген, Басқындардық басыну мазағына. ...Отырды өзі бір елдің дәуіріндей, Дүр де пір де, бір өзі Тәңірімдей. Бір айтқанын екі етпес тәкаппар, хұқ, Ешбір билік жоқ шығар әміріндей. Атын атап айғайлап, атой салып, Қанша солдат дзотқа түсті барып. Қанша миллион мерт болды алапатта, Сол Тәңірдің атына болған қанық? Қаталдықтан қатігез айықпады,
Топжарған Тек өзінше бәр-бәрін байыптады. Үш досының шықпады уысынан, Жазықсызды «жауыз» деп айыптады. ...Сталин өлді – кенеттен тілге келмей, Өтті өмірден кінәсін білмегендей. Тынып қалды бір сәтке бар тіршілік, «Өлді» сөзі тілдерді күрмегендей. – Құтқарыңдар елімнің бас Құдайын! – деді жасы жылап бір Москваның, – Жүрегімді беруге даярмын, – дер, Емдеңдерші дертінің асқынғанын... Тағы он бес жыл тұрса егер ноян бастық, Жасар ма еді, кім білсін, қиян қастық?.. Періштедей таза деп ойлады-ау жас, «Көсем» үшін жан пида, аямас түк. Жүрегіміз азамен жараланып, Тас қайғыны бөлістік қара халық. Дәл өзіндей табылмас енді басшы, Орны толмас қаза деп шамаладық. Ел тағдыры тұрғанда алақанда, «Тәңір» солай көз жұмды дара халда. Көктем лебі өзгеше ескендей бір, Сәуле төкті ерекше ала таң да. Сталин өлді!.. Ал, енді кімге сенсек? Кім болмақшы елбасы енді Генсек? Топты жарып бір қасқа шыға келді, Үлгірместен өзгелер ойын өлшеп. Қанға сіңген көзбояу, бойда желік, «Мақта пәлен миллион тонна» дедік. Қазақстан миллиард пұт астық берсін! Жоқ болса да «Жоспарды қолда!» – дедік. Жаттық жасап дәл солай қолдан қастық, Білді бәрін зор басшы, белден бастық. Мәртебелер... фужерлер сыңғыр-сыңғыр... Ойға келмес тоқырау, төгіп-шаштық. Солар, солар... Халықтан аулақ халда, Көзден таса ұжмақты бау-бақтарда,
Мыңбай Рәш Жағалары жайлау боп, төбе-қыстау, Сөзге шебер «табысты қаулатқандар». Билік үшін астыртын ұйымдасып, Дырау бірі бастады «қиын кәсіп». Бұрынғыны айламен алып тастап, Жаңа Генсек сөйледі жиынды ашып. Қайда барса қошемет, «ой данасы», Қала – «қарық», «Береке» – бай даласы. Маршалдың да мундирін киіп алды, Жорғалады құрдай боп айналасы. Мәртебені түн күткен, күндіз күткен, Жарқыл қақты жақтастар бәрі ізетпен. Сарбаздардың қадалды омырауына, Сыңғыр-сыңғыр сап түзеп жұлдыз біткен. Тоқырау жылдар астарын байқап қара, Жең ұшынан жалғасқан ұрлық, пара. Өкініші – соларды жіпке тізіп, Қолданамыз «әттең...» деп кейін шара. «Тәңірінің» қашанда мысы басып, Тәуелдінің тұрады құты қашып. Белгілі ғой десек те ет үйренген, Мойындайық бұл мінді айдан ашық! Дағдарысқа қарай... Ғасырдағы тың дала тусыраған Дән теңіз боп шуласын, Білсін ғалам! – Дедік кеше мінбеден ұран тастап, Маң далада қоныстап тұрсын адам!.. Тауды қашап, жонды жеп, асуды асап, Жанталастық жасаңды теңіз жасап. Жаңылдырдық дарияны ағысынан, Құт орнына жатыппыз жұтты жасап. Ғарыштың да тізгіні қолымызда, Жұлдызға жет, Айға бір қоныңыз да. Байқоңырдың аттансақ мәресінен, Бір бөгеу жоқ сайраған жолымызда.
Топжарған Интернеттің әуенін үйде толғап, Жер тынысын отырмыз күнде тыңдап. Қырық жыл қырғын жарылыс Семей жақта, Тіршіліктің тынысын жатты ұрлап. Елбасының еренді беделімен: – Тажалды әкет Абыралы, Семейімнен!– Деген елдің айбарлы толқуымен Полигонның үні өшті сенделумен. Балалық пен ұрлаған жастығымды, Тамағына «тажалдың» тас тығылды. Еске аламыз қазанның он тоғызын – Үні өшкен жарылыс-басты күнді! Мәслихаттар өтті көп астанада: Алматыда, Ташкентте, Москвада. Сатыр-сұтыр соқтық кеп алақанды, Табыс мол! – деп ғажайып тасқындаған... Төпелеңді тоғыттық тойлап-ақ біз. Ал табиғат не күйде? Ойламаппыз. Түз тозаңдар неге ұшар төбемізден? Айтар жауап әлі де сайламаппыз. Кеш тістеппін, әттең-ай, бармағымды, Тұмшалапты әдейі арманымды. Мал өрісін айғыздап соқаменен, Оңды-солды құртыпты орманымды. Жұмыр жердің қамымен алаңдадым, Нашақордай – өзен мен тоғандарым. Атыздарым уды атар насыбайдай, Тым көбейді тапқаннан – жоғалғаным. Өлім-жітім неге тым жиіледі, Қарт аналар қабағы түйіледі. Бақытына телулі табиғатты Бүлдіруі «білгіштің» сыйы ма еді? Сырқат жандар неге тым жиіледі? Дерті олардың дауасыз, қиын емі. Ақылдары толысқан адамдардың Жер-анаға тартар бұл сыйы ма еді? Табиғат та дәл біздей тіршілігі,
Мыңбай Рәш Ортақ бізге бүгіні, бүрсігүні. Мен қолымды кескендей сезінемін, Егер нақақ кесілсе бір шыбығы. Өзен емес, көл емес, теңіздерін, Тауысуды, япыр-ай, неге іздедім? Теңіз, көлден кешірім сұраймын мен, Болғаннан соң тағдырым егіз менің. Өз қолыммен қопарған таулардан да, Тапталынған миуа бақ, баулардан да, Сұрау керек кешірім рұхсатсыз Аралассаң ісіне жаулардан да! – Жер адамсыз – жетімек, адам – жерсіз. Болса апат не болар заман? – дерсіз. – Тіршіліктің қызығы – жер, адаммен, Әйтпесе неге бастық қадам? – дерсіз. Көп тілегін егер де мойынға алмай, Адассақ біз болармыз – жай ұрғандай. Жер – адамсыз, ал адам – жерсіз болу – Анасынан баласын айырғандай! ...Жоғалтып-ап дейміз-ау: – Арал қайда? Қайран теңіз... қайтадан оралмай ма? Құрдым еткен өзіміз даңғойлықпен Ойламадық кезінде залал қайда? Қатар-қатар кемелер қайырлаған Теңізді ешкім қайтадан қайырмаған. Кепкен сықпа секілді мұңды кемпір Көкжиектен көздерін айырмаған. Құрдым болған құдықтай шүңірейіп, Шалдар отыр «үһілеп», үңірейіп. Зар қақсаған балалар дерті қиын, Ана бәйек қасында сүмірейіп. Тайлақ тұмсық, түйме көз тері сіңген Келсабы мен әжемнің келісіндей. Арпалысқан ауыңмен қайда сазан, Көкке шапшып шаншыла тебісінген? Қостанайдың көкпеңбек егісіндей Жағалары жайлаудың өрісіндей,
Топжарған Қара бүгін! Балхаштың төбесінен – Жіңішкерген – түлкінің терісіндей. * Өзек өртер өткен кез жолы қалды. Сары қағазда биліктің қолы қалды. Кеш те болса кемеңгер көрегенім – Ел басымыз өзінің қолына алды. Сенесіз бе...Қайта Арал тірілгендей, Су мөңкиді құмайтқа жүгіргендей. Аумен сүйреп шоршыған балықтарын Қуаныштан балықшы сүрінгендей, Ет үйренген сөз көп те, аз ісіміз, Хаттамалар жетерлік. Танысыңыз. Уағдалар берілген жүзеге асса, Шаш етектен болар-ау табысымыз. Жаңардық деп жатамыз құрып кеңес, Тіл безеліп, созылар не бір өңеш. Бір күн болса жөн дер ек, толас таппай, Жыл бойына жалғасар «қырғын» егес. Жасақтаған жақтастар, топтары бар, Ыза сапты, дөкір сөз – шоқпары бар. Қайта құру керек! – деп желіккенмен, Алға баспас... Дей ме екен атқарып ал?! Ет үйренген: Анау да мынау керек!.. Сөз жүзіне келгенде бәрі де ерек. Жалған уәде бергенше, Ашық айтып, Жұрт алдында мойындап, жылау керек! Жылау керек. Бірақ та тұрмау керек. Кім кінәлі? Солардан сұрау керек. Қол қойған кім жалған сол жобаларға? Құлақтарын солардың бұрау керек!
Мыңбай Рәш Нүкте қойып, соларға тоқтау керек, Кірісі мен шығысын шоттау керек. Көлді – шөлге қалайша айналдырды, Ұялту – аз. Заңменен соттау керек! * Толқынында кемемен сайраңдаған, Жағасында жарасып, тайраңдаған. Арал неге айналды көрген түске Үкіміңді айт, тезірек ойлан да адам! Шешіміңді айт дәл қазір ойлан да адам, Көз алдыңда болған іс, ойланбаған. Дарияларды жеткізбей тонап алған Кімдер әлгі білгіштер «майдандаған?» ...Тұрасыңдар қашанда дауға дайын, Қажет емес дәл қазір дау-дамайың. Қайтсе Арал түседі сабасына? Айтыңдаршы адамдар, айналайын. Ертең емес, бұл шара керек бүгін, Уәдеге тойдың ғой «ерек», «мығым». Қане, бейбіт майданның баста маршын, Ақыл-ойдың алға тарт зеректігін! Күйге келтір кенеусіз кетіктерін Күйлет, дүрлет – тозған не тетіктерін. Көзбояумен көл-көсір қаражаттар Ту-талапай жатты ғой кетіп тегін. Көрейінші және Арал тулағанын, Шағалалар шаңқылдап шулағанын. Құйқылжысын ойдағы, қырдағы әнім. Бұқа жонды Балхаштың балықтары Шорши берсін баяғы қалыптары. Таңырқасын, тамсансын турист біткен, Масайрасын жұмыр Жер халықтары. Бар адамзат ойының озған күші – Қанат қақсын «Невада» қозғалысы. Нақты істермен жалғасса – тілегіміз Қойған қолдар, сөйленген сөз жарысы.
Топжарған Асыл анаң іспетті сағынышты О, адамдар, Жерің бар – бағың күшті. Жан түршігер қиямет қойнында оның, Көрді көзің не жойқын жарылысты. Қанша сенің десек те бағың ұшты, Адам – Жерге бәрібір бағынышты. Жер емес пе керегің, қорегің де, Жырақ жүрсең тудырар сағынышты. Жұмыр жерде бар елдер байланысты, Алпауыттар АҚШ-тай қайда күшті – Деп жүргенде... Дағдарыс басталды да, Құрылымдар құрдым боп, Ойраны ұшты! Жай түскендей... Алты әлем құрлықтары, Қомағайлардың қылтиып ұрлықтары, Дағдарыстан шықсақ? – деп даурығысып, Қабырға кеңес көбейді сырғылтпалы. Бас қатырып, сыздатқан балтырлары, Қаржыгерлер қолдары қалтырады. Долларыңның бағасы күрт құлдырап, Баж-баж етіп банкирлер шарқ ұрады. Қиямет шақтың – Күлпарша тозаңы ұшқан, Қиындыққа қайыспай Қазақстан, Сүттей ұйып Сырт көзге сырын бермей, Самғап соны серпінмен Тапты ұстам! * Жанартаулар атылар қыртысынан, Техникалар зыр қағар үй тұсынан. Табиғаттың аяныш халін ойлап, Ғұламалар шошынар ұйқысынан. Жер адамды асырар қанша ғасыр?
Мыңбай Рәш Галактика – бір жұмбақ, қаншама сыр? Тұтқиыл бір комета соқса келіп, Кім біледі болмасын ойран-асыр? Кім сенеді мына Күн сөнбесіне? Кім сенеді мына Жер «өлмесіне?» Кімдер қырып-жоям деп қоқиланар, Жабылып ап құпия бөлмесіне. О, адамдар, демеңдер мені қорқақ, Жатақхана секілді Жер – бізге ортақ. Жер тағдырын біз солай түсінбесек, Ақылымыз болғаны онда шорқақ. ...Ғұмыр бейне тұрғандай қыл үстінде, Ойланамыз шалғайды, полюсті де. Жұлдыз жақта болмасын еш жағалас, Сараптаймыз қыр мен ой, өрісті де. Жүйке тамыр жыбырлар неге қозып, Бара жатқан жоқ па осы Жер де тозып? Туған жерді түрлентіп түлентуге Бағышташы болса егер ойың озық! Егеменді болдық деп Елбасымыз Үн тастады. Кел, жолдас, қолдасыңыз. Кімдер сөзді азайтып, іске көшсе – Біз де соның жақтасы, жолдасымыз! Қыруар іс көп атқарар алда тығыз, Халық қамы – көтерер мандатымыз. Игілікке кім ұйытқы бола білсе, Біз – солардың жақтасы, жолдасымыз! Әлемге аян атым бар Қазақстан, Жер жаһанға бар атым менің ұшқан! Мәңгілікке бастай бар, тәуелсіздік, Жаса, елім, баянды бақыт құшқан!
Топжарған Әлемге атым ұшқан күн Т ү й і н – Кім боласыз? Қай елсіз? Бәзі бір мистер зіл нұсқай, Қойса егер маған сауалын. Қынаптап шыққан қылыштай, Қолма-ғол дайын жауабым: – Ей мистер, бекер тасыма, Құлақ түр таяп қасыма, ХХІ ғасырда Биліктің шығып басына, Аумағын бірден алты елдің, Байлаған қанжығасына, Қазақпын, Қазақстанмын! Жүйіткіп жұмыр жерімнен, Ғарышыңа да ұшқанмын, Тәуелсіз елдің көгілдір Байрағын берік ұстандым. Зерделеп заңды санамда Айбарын берік ұстандым. Күркіреп көкті жасқаған, Ғарышкерлердің шуындай, Төңкерген бейне тостаған, Тұяғы түскен суынбай – Топжарған жүйрік тұлпармын, Самғаған биік сұңқармын. Танысқың келсе өрлей бер, Достыққа дәйім іңкәрмін! Қажетсіз қабақ қатулы, Бәлсінбе! Кімсің? – деме сен. Қол созған жолға татулық, Болашақты болжағыш, Жақсылықты жалғағыш – Елбасым менің ересен! Қара да тұр, күні ертең Тегеуріңділермен теңесем!
Мыңбай Рәш Қазақпын! Қазақстанмын! Дәстүр мен ғұрпым үзілмей, Дінімді берік ұстандым. Ұстараның жүзіндей, Тілімді берік ұстандым, Бірлікті, дәстүр-ғұрыпты, Жырымды берік ұстандым. Төрелік жасап төрлетіп, Әлемге атым ұшқан күн! ШОҚАН Пролог Зар, тілді, зауал заман қиындатқан, О, Шоқан, шындық үшін миың қатқан. Ішқұса ел өксігі жаныңды өртеп Кеудеңде найзағай, бұлт, құйын жатқан. Қанша түн ұйқың шала, қашты-ау мазаң, Жаныңды жабырқатар тағдыр – тозаң. Жалғызсың – хас тұлпардың төбеліндей, Дәрмен – тұл, тек қайнаған ішің қазан! Жана алмай тұтанасың, дал боласың Көмескі үмітіңді малданасың. Жауыздық жұқартады-ау жүйкеңді тек, Жоқ, Шоқан, бекер, бекер, алданасың. Жалғыздай шапқан жаудың жасағына, Жалдадың жас жаныңды ел азабына: «Шешінген тайынбас» деп күмп бердің сен Тағдырдың тап болсаң да тозағына. Қайтпадың, қаймықпадың, жасымадың, Семсер сөз еді сенің асынғаның. Бүкпесіз айтып салдың ел тағдырын Жабырқап жалтармадың, жасырмадың!
Топжарған * О, Шоқан, асыл мұраңды Мәртебе тұтып бас ием. Тізіліп томдар тұр, әне, Өнеге, өшпес несібем. Салғандай құрық асауға Соны жол, соқпақ іздедің. Ұрпаққа мұра жасауға Өнерден қолды үзбедің. Кемеңгер десем сені де Асырып айттың демес ел, Сол кезгі туған жеріңде Өзіңмен, ал, кім теңесер? Арналды жырым өзіңе, Ұнатар, біреу ұнатпас. Сүйеуші таппас кезімде Рухың мені құлатпас. ...Көрдім мен айлап жол жүріп Баратын Петербургыңды. Көгінен лайнер қондырып, Жерлермен жүрдім бұрынғы. Ағады Нева қақ жарып Ленинградтың орманын. Түндері екен тым жарық Секілді сенің арманың. Қатыгез патша кәрі де, Пәуеске жеккен жорғалар. Келмеске кеткен, әрине, Қаптаған қанға қарғалар...
Мыңбай Рәш Саф тұлға ойлылардың санатында Айрықша, уа, Мұхаммед-Ханафия! Бұйырған қаршадайдан ғұламалық Жиһанкез атыңды елге таратуға. Қалғыған Құсмұрынның кыраттары, Сылқым сай, Сырымбеттің бұлақтары. Дүниеге келді деп бір перзентім, Көлдердің сыбдырласын құрақтары. Сипасын мұртын сергек Сұлтан Шыңғыс, Болса да одан өзге қанша ұл, қыз, Мұхаммед-Ханафия боп атанған Кәдімгі біздің Шоқан туды бұл күз. Шоқан деп атап кеткен анасы да, Жасынан назар салған баласына. Сол Шоқан бөлегірек байқалатын Көзінің ағы менен қарасына. Жасырмай зілді өкпесін заманына, Қараған бұқараның қабағына. Жиһанкез қазақтың жас ғұламасы Тап болған тағдырдың сан зардабына. Талайды таңырқатып талабына, Жаңалық тұрған тұнып жанарында, Ер Шоқан Қашғарияға сапар шеккен Қатердің түсіп не бір азабына. Қашқарияға сапар Көшпелі мұңды қазаққа, Сыйындай тартқан тағдырдың. Тап сендей перзент аз-ақ та Зерделі заңғар сан қырлым!
Топжарған Даладай жазық маңдайы, Көздері ойлы – көліндей. Апай төс кеуде арманды Сағымды зеңгір көгіндей. Бір перзент туу қалайда Болған-ау қажет Шоқандай, Арманы асқақ көп ойда Тыпыршып тыныш жата алмай. ...Ташкенттің жылпос тұрғыны Мұсабай атты саудагер Қапалға келіп бір күні, Мықтап-ақ түсті «әуреге». Еріген қары Наурыздың Он бірінші еді жаңасы. Қиясы қиын тау-құздың Күтті алдан сай мен саласы. Жырақта жатты жұмбақтай Созылып сауда... серуен... Жол шықпақ ерте күн батпай Жасақты жаңа керуен. Ауыздықпенен алысқан Тұрды алпыс бес сәйгүлік. Теңкие жүктер жарысқан, Көз жауын алар бай мүлік. Алатау шоқыларындай, Қомақты биік комдары. Атандар жатыр арындай, Жылтылдап кілем жондары. Сапарға алыс аттанбақ Бір жүзден астам түйесі, Мұсакең: «Мен, – деп мақтанбақ – Керуеннің осынау иесі».
Мыңбай Рәш Үстінде сеңсең тоны бар, Басында түлкі тымағы, Аттанған «Ақсай» жонынан, Түріңкі сергек құлағы. Жолаушылардың біреуі Жиһанкез Шоқан болатын. Жүдеулеу қуқылт реңі Шалынып көзге қалатын. Асулар талай шалғайда, Қалды артта сайы «Теректі». Жас Шоқан ойын жалғайды, Дәптерге тізіп деректі. Бусанған ыстық демінен Мұртына келіп мұз қатып, Ысқырып боран жеңінен, Өн бойын суық сыздатып. Тау-тасы тіліп табанын, Қажытсын қанша қия бел. Шытқан жоқ Шоқан қабағын, Тосты алдан жұмбақ ұяң ел. Тұтқиыл оғын атады, Жел тосқан қарақшылар да. Өзге де жетер шатағы... Қалайда қажет шыдауға. Тілсіз жау болып атанған, Жабыссын мейлі індеті. Қалмайды Шоқан қатардан, Борышы ол, арлы міндеті. Қайратқа бекем мінген ол, Шыңдалған шымыр төзімге. Таусылмас тау, тас, күнде жол, Елестер бәрі көзіне.
Топжарған Қиялда тулап тасқындай Тағдыры туған даланың, Жерінде Қашғар жатсынбай Бастады ғалым жаңа күн. Ырғалтып қомын маң басқан Керуен сол бір шұбырған. Шекпенін қырау шаң басқан Жас жігіт ойлы қыдырған. Жылғалы қатпар көп тізген Қарт Тянь-Шань, Куэнь-Лунь шыңдары Дегендей бейне өткізбен, Жасырып мәңгі жұмбағын. Томаға-тұйық шалғайда Жататын Шығыс Түркістан, Қарақшы қаптап әр сайда Қабағы қату құртысқан. Шлагинтвейттің зым-зия Беймәлім болып қазасы, Бір қиядан соң бір қия Кетсе де шаршап мазасы. Тізгінін ұстап төзімнің, Шешсем деп не бір жұмбақты, Жат жұртты көрді көзімен Ойларға толы Күн батты... Ғылымның түріп түндігін Саралап, сомдап байыптай, Тереңге еркін сүңгідін, Сүңгуір бейне қайықтай. Қызықтап тірлік, түр, түсін Жұмбақты көне ғасырдың,
Мыңбай Рәш Жалығу білмей жұрт үшін Маржанын тердің асылдың. Көршілес жатқан қырғыздың Аралап тауын, даласын, Шежіре қанша туғыздың Мадақтап батыр Манасын. Көнелік белгі салынған Таңбалы барлап тастарын, Комүзбен бірге шалынған Дәптерге тіздің дастанын. Қалған жоқ мүлде назардан Құсы да ұшқан қиқулап, Шоқылы шыңдар сазарған Көз жауын алар сиқырлап. Ғажайып гүлді алабы, Шыршасы жасыл жарысқан. Көздердің жауын алады Кемпірқосақ та ғарыштан. * Өткір тілің қақ жарған Сол шақта-ақ ұшып атағың, Халқыңа деген пәк жаның Көзіндей мөлдір ботаның, Қиылған қара мұртың да Қияғындай жотаның Риза болған тұрқыңа Ел жұртың, уа, Шоқаным. Мұра боп қалған қаншама, Жиһанкез, ғажап іздерің, Тәлкекке тағдыр салса да, Бүгіннен күдер үзбедің.
Топжарған Достоевскиймен кездесу Бауырлас екі халықтың Өкілі – Екі данышпан, Тағдыры бұл қос алыптың Ғажап-ақ Тұңғыш танысқан. Жүрегі, миы тоғысқан, Етене екі философ. Тағдыры қызық табысқан, Парасат пікір үйлесіп. Түйресе бірі қоғамды Билеген топас, «нақұрыс», Ойымен кесек орамды Бастады бірі батыл іс. Екі асыл құшақ айқасқан, Сырласып зауал заманда. Бостандық жолын байқасқан Ой тастап келер ғаламға. * ... – Қаласында Омбының Ивановтардың үйінде Есімнен кетпес болды күн, – Деп қойды Шоқан сүйіне. Қастерлі Федор Михайлыч, Кездестім алғаш сізбенен. Ивановтарға мың алғыс Шын досты таптым іздеген. Кере қарыс маңдайы, Ойлы көзін мұң басқан,
Мыңбай Рәш Тереңнен тартып барлайды, Басы артық сөзге бармастан. Азаптың ауыр тозағын Басынан кешіп көп көрген, «Өлі үйдің» сілкіп тозаңын Құрсауын қамау өткерген. Кере қарыс маңдайы, Каторга ізі – жүзінде, Боз қырау шалған самайы, Қорғасын мұңы көзінде. Достоевский әйгілі Шоқанның отыр қасында. Бөлісіп қияс қайғыны Қапалы қатал ғасырда. – Европалық білімді Ғажайып қазақ екенсіз. Өткізбе бекер күніңді, Мақсатқа биік бекемсіз! Жауменен күрес үшін де Адамның қажет сабыры. Зұлымдық қанау күші де – Қоғамда жатыр тамыры. Сыйлапты тағдыр төзімді, Алғыр ой, терең сезімді. Қайратың бойда кезінде Халқыңа арна өзіңді. Езіліп елің күн кешсе Азапты халмен бишара, Көппенен үндес, тілдес те, Жасауға ұмтыл бір шара.
Топжарған Қараңғы, мешеу еліңе Көзі ашық болғай тірегі. Әкелгей шаттық жеріңе, Жұртым деп соқсын жүрегің... Достоевский жүзінен Озық ой оты ескендей, Ағаның ақыл сөзінен Шоқан да бойы өскендей. – Рақмет, Федор Михайлыч, Айтқаның қонар ақылға. Бас иер інің мына біз – Поручик Шоқан, мақұл ма?! Көзіне тұрды елестеп Тәкаппар төре, бай, манап. Осы бір тобыр емес пе Қанайтын елді жұлмалап. Азаптан шығу амалын, Білген жоқ Шоқан бірақ та. Азаттық таңның самалы Ескен жоқ жатқан жырақта. Шоқан Санкт-Петербургте Шоқан тұр Петербургте. «Бітер ме бір іс тер төкпей?!» Қарайды үміт, күдікпен Қалаға мынау ертектей: «О, Петр! Тұлғаң, айбының Тұғырдан көкке қарғылап, Бетке ұстап Нева айдынын, Астыңда қола арғымақ.
Мыңбай Рәш Сыры мол сақтар ғасырлар Теңдесі жоқ еш тұр қалаң. Сарайлар сәуле шашылған, Сиқырлы Нева, нұр жағаң. Кеттің-ау көрмей, не керек, Қазағын қырдың өзімдей, «Басынар жаулар неге?» – деп, Білемін, жаттың көз ілмей. Өнер мол бойға жинаған Ғұмырың бармай ұзаққа, Зор тұлған, жерге сыймаған Тап болып ажал-тұзаққа. Жатырсың мәрмәр табытта, Көміліп бірге мың арман... Жым-жылас жігер, шабыт та, Даңқыңды ерен шығарған...» – Осынау ойға шырмалған Шаһарға Шоқан қарайды: – О, Петр, аңыз, жыр болған Өзіңдей қалаң арайлы. Петербург. Ақпан айында Шанада Шоқан келеді. Шығыстың сыры ойында, Атанды ол ғалым өрелі. Тамсанды Тянь-Шанский де, Бас изеп ғалым Потанин. Талқыға Шоқан түскенде, Көтерді биік атағын! Географиялық қоғамға, Шоқан да енді мүше екен. Танылған қапас заманда, Тарланнын, ғажап ісі екен!
Топжарған Күн мұры жүзін қақтаған, Күрен бет қырдың қазағы. Талайлар атын жаттаған, Ғұлама болды, ғажабы. Ақсүйек қауым алысып, Көзінен пенснелерін. Шоқанмен жатыр танысып, Ұмытып «менсінбегенін». Академия ордасы Еденін Шоқан нық басып, Көбейтті жора-жолдасын, Ғылымның жолын құптасып. Күншығыс сапарларынан, Дүрлетіп жаңа деректер. Ғұлама атанғанына Шаш етек дәлел, себептер... Айтыста, ғылыми таласта, Алғырлау Шоқан өзгеше. Сөзі мен ісі жарасқан, Ақтарар ойын ерлете. ...Әскери ғылыми комитет, Айқара ашты есігін. Күн санап даңқы биіктеп, Паш етті ғалым есімін. Азия әкімшілігін, Уәлиханов өзі басқарды, Аямас мүмкіншілігін. Атқарар іс мол асқарлы. Көзімен Шоқан өткерді, Балтықтың жарық ақ түнін. Ертеңін, ойға ап өткенін, Аңсайды елдін, бақ күнін.
Мыңбай Рәш Петроградтың ақ түні – Жанының бейне пәктігі. Туар ма алдан бақ күні, Қауым боп тойлар сәт күні?! Ай сүттей жарық түндерде, Жалт еткен құралай көздер-ай, Бой балқып сазды үндерге, Алтыбақан тебер кездер-ай. Ақ саумал түндер, ақ түндер, Бүгін де көзге елестер. Шуылмен өткен шат күндер, Балалық кездер елестер. Жұмыртқадай боп тізілген, Елестер киіз ақ үйлер. Күн ойнап күрең жүзінен, Жүгіріп шығар сәбилер. Аймақтың осы ақ түнін Аңдасан көзің ілінбес. Қиялшыл кезсе, саф көңілім, Налымай көрші бүгін еш... Шоқан Петергофта Аспанға атып ашулы Сұп-суық зәрлі толқынын, Теңіз де бір сәт басылды, Ойға әкеп жаулар жортуын. Россиядан «үміткер», Дүрбімен талай сығалап. Шуласқан талай шведтер, Шерткендей сырын шығанақ. Сырларын Балтық жасырып, Жатқандай жойқын сабада.
Топжарған Зуылдап ұшып асығып, Шаңқылдар аппақ шағала. Канатты ұшқыр қиялын, Қағып ап ұшып шағала. Жылуын сезіп ұяның, Тұр ойлы Шоқан жағада. Білсе де ол қызмет, тұрағы, Россия екенін. Өгей боп өлке тұр әлі, Бұғауда тұрғын мекені. Көмескі, күңгірт осы ұғым Кімдердің сірә, мекені?! Жауы кім! Дарқан досы кім? Елестер көзге екі Елі. Россияны билесе Үкімі сұсты патшаның, Өз елін сүйер мың есе Тартып бір мінген ат жалын. Терезе қашан теңелер?.. Жалпының арман бағы үшін Айтуға тіл ме бөгелер?! Қайрайды Шоқан намысын. «Барамын мәртебелінің, Қаймықпай тура өзіне. Тағдырын туған елімнің, Айтамын бірден көзіне». Жүрегі аттай тулайды, От ұшқын атып көзінен. Патша ағзамға бұл жайды Білдірмек ой бар тезінен!
Мыңбай Рәш Жүрегі титтей тулайды Қараған сайын теңізге. Қиялы ұшқыр зулайды, – Қатыгез патша өзіне. Тұр, әне, асқақ Петергоф – Салдырған Петр сарайы. Алтын жаңбыр нөсер боп, Фонтанға толып маңайы. Петергоф – ғажап ертектей, Петергоф – ақын жырындай. Суретші қанша тер төккен, Сиқырлы, сәнді сырын-ай! Сезеді Шоқан кімдердің, Ғимарат ғажап салғанын. Мұжықтың мұңды күндерін – Ойылған алақандарын. Түгесіп қанша көз майын, Зеріккен кезін зергердін, Жалғаған қыс пен жаз бойы Суретші салған өрнегін... Ажалды қарға дегендей Ойнайды бекер бүркітпен, Көздерін жаттың көгендей Қараса сесі үркіткен. Қаһарын, сұсын сездіріп, Қасқая қарап Балтыққа. Ойрандап жауды бездіріп, Теңізге қарсы қолтықта. Тұрсын бұл сарай жамылып, Тәкаппар менің атымды. Келгендер көрсін адырып, Еліме махаббатымды!
Топжарған Петергоф – берік қамалдай Шалынар көзге қияннан. Күмбезін желпір самал жай, Петергоф – соққан сый, арман! Жақұттан жаңбыр жауғандай Ғажайып фонтандарын-ай! Көзіңнің жауын алғандай Сиқырлы, сырлы сарындай. Қарайсың ұзақ, тоймайсың, Таусылмас бейне ертегі. Жұмбаққа терең бойлайсың, Ғасырлар сырын шертеді. Арыстандардың ұртынан, Құлама сулар арқырап. Қаз қанат бұлттың сыртынан, Күн сәуле шашар жарқырап. Шомылып бейне тұрғандай, Адам ата-һауа ана. «Алтын таулар» сыр барлай, Жұпарлы самал ауада. Мүсіндері Құдайдың – Қылымсыр «емен» фонтандар. Құлама сулар зулайды, Атылған бейне шампандар. Петергофта жарқын жаз, Кесе фонтан – Күн фонтан. Көлшікте жүзген аққу-қаз, Қараған жандар шын аң-таң. Айтшы, дос, осынау ғажаптар Жасалды кімдер қолымен? Төккен тер, артта азаптар, Ісі жоқ ешкім онымен.
Мыңбай Рәш Сарайын көріп Петергоф, Сыртынан ғана қайран қап, Күрсініп ауыр өтер топ, Аралау қайда сайрандап. Осынау сән мен салтанат Шалқытар шағын ортаны. Шоқанның көңілі орталап, Жабырқау неге тартады?! Сиқырлы мұндай сарайды Салмай-ақ сайын даламда, Дей ме екен туған маңайдың Шаттығын көрмей қалам ба?! Сенім «Адамды алаламайтын Азат бір заман болар ма, Жүректі жараламайтын Саф сенім бойға қонар ма?! Ақиқат, арды қорламай, Әр елдің айтар нақ атын, Біреуді біреу зорламай, Ағынан арман жанатын. Шекіреңдемей шен-шекпен, Шүйіркелесер адамдар, Береке, бірлік көрсеткен Жетер ме ек абат заманға?! «Шулаған шөлді далада Көшпелі надан» деп келген, Ұғымға тұсау бола ма, Кеудені ыза-кек керген. Осының бәрін ақтарам Көргеннен ойды ағытып.
Топжарған Тарихта көп-ақ қатпарлар Жұмбағын шешу – бағытым. Жоғары мәртебеліге Тарқатсам ба екен шерімді: «Ден қойыңыз, – деп, – жеріме, Ескеріңіз, – деп, – елімді... Туыс ел – көрші қырғыздар, Ақ жарқын біз ғой – қазақтар. Бұл шындық арға сыйғызар Жетер, – деп, – қорлық, мазақтар!» – Жатады Шоқан дөңбекшіп, Ұйқыға көзі ілінбес, «Қазақ» деп айтар күнді аңсап, Шығара алмай үнін еш. Бас кеспек, сірә, болса да, Жоқ шығар деп еш тіл кеспек, Асығып Шоқан қаншама Келсе де оймен тілдеспек. Қыруар ісін жия сап, Таянып «Тәңір тұсына, Десе де іштен: «Иә, сәт!» Тап бола берді сұсына. Итере салар иекпен Шыбындай көрмей пендеңді, Итаршы сөзі сүйектен Өткендей зәрлі, кеуделі: – Патша ағзам, сірә... дәл бүгін Қабылдай алмас ешкімді, – Арс етер ұстап белдігін Қабаған иттей кескіні.
Мыңбай Рәш Мұздай су құйылғандай-ақ Кеудесін кере күрсініп. Жапа шеккен жандай-ақ Құлазып Шоқан тұр шығып. Талап – Ден қойып, тақсыр, тыңдаңыз, Айтарым көптің талабы. Елім бар шалқар жыр-аңыз, Өзен, көл, таулы, далалы... Төрт түлік малы қайысқан, Жаңартып тұрар қонысын, Майсалы, гүлі майысқан Жазира жайсаң өрісім. Боламыз қазақ деген ел, Атап жүр бекер «киргиз» деп, Асу да асу төбелер Жатқандай Сізге білгіз деп... Көші-қонменен шалғайда Қосылмай жүрген басымыз, «Қазақтар» десек болмай ма, Осыған құлақ тосыңыз! Россиямен бір тағдырым, Тіл таптық ұлы орыспен. Тілеймін атар таң нұрын, Достыққа мәңгі өріс кең. Айқара ашқан құшағын, Ынтымақ ырыс, тірлігім, Кернеген бойда күш ағын – Іргелі елмен бірлігім...
Топжарған О, тақсыр, кімнің хақы бар Қорлауға, сірә, жұртымды? «Қазақтар» деген аты бар, Білгейсіз дәстүр, ғұрпымды! Екінші Александрдың, Тік тұрып төбе шашы да, Дегендей көңіл қалдырдың Сөйледі тіке, ашына. Танауын көкке көтеріп, Кекие қалды кекеңдеп, Ішінен айбар от еріп: «Тілі тым шыққан екен», – деп. «Жетеді!» – деді жекіре, Тоқ еткізіп столын. Мұқата сөйлеп лепіре, Сұрланып алған сұсты өңі «Сен болсаң, – деп, – сенгенім...» – Шығып та кетті жас ғалым, Үміті бірақ сөнбеді, Ойға алып дала, аспанын. Эпилог Дөңбекшіп түн баласы ұйқы қашқан, Зілмауыр қорғасыннан бойын басқан Осы сәт құтылғандай шықты Шоқан, Елестеп сай-саласы жұпар шашқан. Қаймықпай айтты нықтап қазақ атын, Бүтіндей елін, жерін, азаматын. Құптасын, құптамасын мәртебелі, Болмады түрі алысқа соза алатын. Семсер сөз естігендей тіліп түскен Сазарды ол сезімінен күйіп-піскен,
Мыңбай Рәш «Құп» деп ол айта алмады үрей торлап Секілді секем алған дүлей күштен. Сезсе де «Тәңірінің» қатал жанын, Ресми келгеніне Шоқан ғалым Құлазып өкінген жоқ, қайраттанды Жариялап өз ұлтының аталмағын. Өкілі, өзі болып азаматы, Танытты Россияға қазақ атын. Сабырлы тұрды Шоқан ұлы есімін Алтынмен мәнгілікке жаза алатын. * Шыда, Шоқан, шыда, шыда, безінбе, Өлкеңді ойлап өртенсең де от сезімге. Патшалардан нендей рақым тілейсің Қабылдамаған Ломоносовтың өзін де. Отан үшін алған беттен таймаған, Ғалым қамын, келешекті ойлаған. Астроном, географ, тілші өзі, Бар салаға білгірлікпен бойлаған. Қатал заман қаптатты да құзғынын, Топас топтар ұстап билік тізгінін, Қайран ғалым қайнады іші қазандай, Түн күрсініп, жадау тартып жүзді Күн. Шыда, Шоқан, маздап шыдам тезінде, Жабырқама, жүдеп жаның, езілме. Ақиқатты айтар шағың туады, Темірді сен соқтың ыстық кезінде! Ойға батып Академия алдында Тұрсың, Шоқан, сапарды ойға алдың ба? Ұқтыра алмай қойған сәтің елестеп Кетті ме әлде кеще төре алдында.
Топжарған Қастерлейді көше, совхоз, ауылдар, Көкке сені көтереді қауымдар. Бас иеді академик ғалымдар, Бас иеді елің – туыс, бауырлар! ҰСТАЗ (М.Әуезовке арналған естелік-толғау) Бармағымен майда сипап мұрынын, Салмақты да саф тұлғамен тұруын. Сәттер туды-ау сағынатын ұстазды, Құйған құлақ естіп талай ұлы үнін. Самғайтұғын кемедейін ғарышқа, Бір сілтесе шырқаушы еді-ау алысқа. Алып тарлан мәңгі ұйқыға кеткелі, Сағынамын... тәнтімін сол дауысқа! Шәкірттері шұрайлы топ қатарлас, Сол ұстаздан тұтанды алып от алғаш. Ұстаз әркез біздермен бір болатын, Дәріс оқып екі вузға қатарлас. Сын тізгінін ұстап жүрген Айқынды – «Мұхтаровед» деуші едік біз айтулы. Мұхтар да жоқ, Айқын да жоқ бүгінде, Тәңір білер таусылар дәм қай күні. Сағындым-ау дәрістерін Мұхтардың, Сабақ сөзден ой-биікке шыққанмын. Шәкіртпін деп мақтан етем енді мен, Айтар сырды тап осы жол бұқпадым. Жақсылардың жанынан еш шықпадым, Жамандардан жарты ауыз сөз ұқпадым. Өзге ағалар бар-ау... бірақ Мұхаң жоқ, О, оқырман, көңілімді жықпағын. Күн – керуен өткен сайын безіп жыл, Жұқа тартып жүйкем зорға төзіп жүр. Көңілім қалып кей ағадан бүгінде, Ұшқыр қиял Мұхаңды іздеп кезіп жүр.
Мыңбай Рәш * ...Әй, балақан, деме маған «Кәрісің!» Жүйріктердің көрген намыс, жарысын, Мен шәкіртпін – қатарынан төрт жылдай, Әуезовтың тыңдап түйген дәрісін... Сұрапыл соғыс өте шықты дүркіреп, Жер көктетіп жауды жаңбыр сіркіреп. Жұрт та есін енді жинай бастаған, Жайбарақат тірлік тілеп, түр тілеп. Мектепті де тәмамдадық бүрсеңдеп, Талпынады туған сәби күлсем деп. Асау қиял қанатына мінгендей, Алатауға тарттық арман, ой сергек. Алматылық атандық біз – Далада ел. Студентпіз: Серік, Айқын, Баламер. Қорегіміз – төрт жүз грамм қара нан, Ұстаз тұрды алдымызда дана дер! Ұстаз тұрды үлгісіндей ұлылық, Жанарынан ескендей мол жылылық. Сабақ сөзден серпілгендей санамыз, Бойкүйездік жоғалғандай сырылып. Ұстаз тұрды озық ойлы, нар қасқа, Түйдектете сөйлер сөзі бір басқа. Ұстаз тұрды шәкірт бола білгенге – Айналуы қиын емес құрдасқа. Ұстаз тұрды өткен ғасыр сыйлаған, Даналық мол тұла бойға жыйнаған. Ұстаз – тұрды – Арыстарды ардақты Қатал заман қазасына қимаған. Олар жайлы тіл қатпады, тіс жарып, Қыр соңынан қалмай қойған «үш әріп». Ұстаз оған кінәлі емес еді ғой, Шүкір, өзі кетпегенге ұсталып!
Топжарған * Білгенім де тергенім мен ұққаным – Бір өзіңнің тәлімің ғой тұтқаным. Бойтұмардай өз атыңмен мақтанам, Бас иемін, о, ұстазым, Мұхтарым! ...Батыр жыры... ғашық жыры.... аңызын. Төге сөйлеп, тасқын судай ағыздың. «Бәлі» деуден бастаушы едің дәрісті, Бөлек едің, кайран Мұхам, жаны ізгі! Кең маңдайың – жайсаң жазық даламдай, Қанат қасты – өзің жазған қаламдай. Көпті көрген көне көзің күлімдеп, Келмей қалсаң отырушы ек алаңдай. Тәңір жазған болар, сірә, бақытым – Көз суғарып, сөз тыңдаған уақытым. Шәкіртің боп төрт жыл жүрдім өзіңнің, Жастық шағым – жарқыраған жақұтым. Сол бір шаққа ой жүгіртсем абайлай, Талай таңдар атқан екен арайлай. Тау тұлғаңа қызығушы ек, Тарланым, Бүгін өзің көрінесің Абайдай. Ғайбат айтып алдыңнан бір шықпадым, Ұстазым-ай, көңілімді еш жықпадың. Қарт шағымда ұшқыр қиял самғатам, Шәкіртің боп қала берем, Мұхтарым. Абай тойларында... Тамыз айы. ІПөкім бұлтсыз ашық күн. Елегізіп «Қарауылға» асықтым. Бір ғасырлық мүшелтойы Абайдың, Жақын еткен небір қиян қашықты. Ой мен қырдан меймандар кеп жеткелі,
Мыңбай Рәш Шат-шадыман Шыңғыстаудың бөктері. Орыс, Өзбек, Түркімендер ... осында, Ел басқарған төрағасы, бектері. Келіп жеткен Мұхтар тобы, Қаныш та, Қарауылдан қарар құнан жарысқа. Орымбай мен Әйгі Нартай, Нұрлыбек, Қажымұқан әзір отыр сайысқа!.. Жүйрік жүйткіп, шабан шаңға ілеспей, Нартай ақын басылмады жыр еспей. Сарапшылар тартты тоғыз сыйлығын, Қажымұқанға: «Аласыз деп күреспей!» Сегіз қанат ордасында Абайдың, Алуан тілде үні естілді талайдың. Ұлы ақынды тұрды толғап Әуезов, Қонақ біткен тәнті болып қарайды. * Аласа да, биік те емес бойы оның, Теңіздейін толықсиды ойы оның. Көз тойғызар кере қарыс маңдайы Төкпе тілді айқайы аз, баяу үн,.. Тек тыңдай біл... Құлағыңа құйылар, Шежіре сөзін шерте шалқып тыйылар. 0, дариға мен білетін сол Мұхтар Қай ғасырда екінші рет бұйырар?! Мезгіл – сынап көзінді ашып-жұмғанша, Өте шығар айлар, жылдар, күн қанша... Жүз елуі дүрлеп өтті Абайдың, Қарауылға тігіліп сән үй қанша. «Елу жылда, – деген қазақ – ел жаңа», Түлеп тағы жайнап кетті ен дала! Абай өзі қалашығын басқарып Тұрғандайын ойға батып сәл ғана.
Топжарған Жаса Мұхтар Әуезов! Мен қашанда жамандаман заманды, Заман емес айту қажет адамды. Ашық айтсақ, аулақ адам атынан Екі аяқты малғұндар бар залалды. Ғалымсымақ, хабары жоқ тарихтан, Тілін, дінін о басынан тар ұққан. Еркіндеді-ау елуінші жылдарда «Сақ қарағыш» – сатқын атын танытқан. Шу шығарып «Шындық» атты газетте, Құтырды-ай кеп қолдау тапқыш боз өкпе. Не қастерлі қаймақтарға тас атып, Күйе жағып күңкілі көп сөз етті. Кесапаттар Кремльден басталған, Кез болатын кінәсізді бас салған. «Халық жауы», «ұлтшыл» жамау дап-дайын, Жүректерде беріш болып сақталған. Ұқсап пендең бейне айдар малыңа, Барар жері болды итжеккен – «Калыма». Ермұхандар кете барды еңіреп, Тағдыр солай. Мейлі, налы, налыма. Қуғындады Қаныш пенен Мұхтарды, Шаш орнына бас алғандар құптады. Әуезовтің сағы бір де сынған жоқ Айтқанынан айнымады, ықпады. Қонаевқа қүда Мұхаң қашаннан, Араласқан, құйрық-бауыр асаған. Әттең, бірақ арамбездер арызқой Оның жүйке тамырын сан қашаған. Кремльге киліге алмас әуелден, Димекең де жоғарыға тәуелді. Сондықтан да арашалай алмады, Дымы құрып айта алмады дәлелді. Алматыда жібімеді «тас кеуде», «Қылмысыңды мойындап, тек аш!» – деуде. Оқу орны профессорын жоғалтты – Кетті Мұхтар – ұшып шалғай Мәскеуге.
Мыңбай Рәш Әуезовтің даңқы әлемге тараған, Мәскеуде де қолдар оны бар адам. Академик Мұхтар емес ойыншық, МГУ оны қастер тұтып қалаған. ...Ломоносов тыңдағандай өзі кеп, Ғұламаның ұйып қалған сөзіне. Жымың қағар Әлімқұлдың Тәкені, Қуаныштан тізіп моншақ көзіне. Ұшып тұрды Төреғұлдың Шыңғысы: Осы шығар ұлылықтың үлгісі, Осы шығар суырма ой сырлысы – Ду қол соқты тыңдаушылар күллісі! Тілдей-дағы қағазы жоқ алдында, Тұрды Мұхаң төкпе тілді қалпында. Қазақша емес, орғытады орысша, Бірде тежеп, бірде басып қарқынға! Мұхит болып шалқығандай кей кезде, Қорғасын боп балқығандай кей кезде. Гималай мен Хан Тәңіріден әрі асып, Қыран болып қалқығандай кей кезде... Парасат-ой ғасыр қойнын қопарар, Шежіреден шырақ жағып, от алар. Екі сөзді Тәңіріндей санайды Жүрегіне ұялаған: Отан! Ар! Академик түйді ойын асқақтап: Ашық дәріс тамам болды, – деп тоқтап. Шабыстан тер басылмаған тұлпардың Тұяғындай түскен сөзі тақ-тақ-тақ! Ғұламаңыз тап осындай қайда, – деп, Студенттер ду қол соқсын, әйдә, кеп! Сократтан аумайды екен маңдайы, Тілі өткір – алмас қылыш, найза! – деп.
Топжарған Дарын даңқы Маңғаз Мұхаң алаламай бар ұлтты, Жер жаһанға атақ даңқын танытты. «Бұрмалауға» әттең, әлі жетпеді, Өзекті өртеп «өзгертілген» тарихты. Қатал шақта шытырманды бұралаң, Болған таныс бізге Гюго, Роллан. «Жан-Кристоф» пен жатты «Абай» жарысып, Екеуі де эпопея-роман. Толстой да жазған ұзақ «Петрді», «Абай жолын» танып білген секілді. Аренаға шықты ұлы суреткер – Дарын даңқын қолпаштауға бекінді. Қайран қалып мейірі мол себіліп, Әуезовпен дос боп кетті Соболев. Қосарлана қалам тартқан сәті бар Абай жайлы тіл мен үні төгіліп. Қайран қалды Шолохов пен Фединдер: Тарихын көр, дәстүрін көр, жерін көр. Сар далаға Пушкин сырын сарнатқан Ұлы Абайға бөлек орын беріңдер... Тұрды мақтап Тихонов пен Сурковтар: Қаламдастар, риза болар ұрпақтар. Жаса Мұхтар жазған роман тарихи – Эпопея – бай қазына сыр сақтар! Сол бір тұста Фадеев те шешілді: Қазақ елі басынан не кешірді?! Ақын Абай айналасы... бәрі бар – Талас-тартыс, аума-төкпе не түрлі... Мұхтардың да орны бөлек ендеше, Лайық ол жоғары сый бер десе. Бұл шығарма шырайлы, мол, сағалы Сусындардай талғамдылар шөлдесе.
Мыңбай Рәш * Бүгін ғажап көктен нұрын құйды Күн, Аса қатал талаптарын тыйды кім? Алып шықты суырылып Әуезов Елі күткен ең жоғары сыйлығын! «Заманның асқаралы ақыны» Күңгірттенген көңіл бұлтын ашарда, Қайбір кезде баяндама жасарда. Өлең сөзді шығармаған есінен Біз білетін заңғар Мұхтар қашанда. – Қамыққанда көтеретін еңсені, Қан майданда жауға сілтер семсері – Поэзия бронь бұзар снаряд Снайперлік оқ деп білем мен сені. Ақындардың дарынын ол далыйтты, «Ізденгіш те тапқыш» деді Хамитті! Араша боп Аманжол мен Тоқашқа Өз ырқына көндірген-ді Мәлікті. Әбділдадай «ағыл-тегіл шайырды», Ұмытпаған «басым үнді Тайырды». Қастерлеген «қырғи тілді Асқарды» Қалижан мен Ғали, Сырбай, Сайынды. «Қойнауларда жортқан арқар, киігі, Поэзияның шоқысы бар, биігі. Жарқыраған бейне жайлау отындай Әр ақынның бөлек сыры, күйі, үні». Поэзияға берген әркез қол ұшын, Біз Мұхаңды сағынамыз сол үшін. Ол сыңаржақ бір сын айтып көрген жоқ Ақындарға зиян жүрер жол үшін. Отын көсеп кейбіреулер өсектен, Талайлардың уақытгары бос өткен. Қара аспанды жауға алдырар күнұзақ Ұйқы қанып тұрса болды төсектен. Саясат пен нарық жақтан дау езіп, Кімге қажет деудің «анау жау өзі?!»
Топжарған Қақтығысты қанына қас санайтын Сол себепті ерте кетті-ау... Әуезов! Алтын мен қаңылтыр Алтын менен қаңылтырды салыстыр, Аралары ұқсамайды алыс тұр. Қаңылтырлар, алтын болғың келсе егер Тот шалмайтын талантыңды жарыстыр. Мұхтар атты іні, аға, адастар, Өздеріңе ашық айтар «талас» бар. Бірің емес, мыңың жамыл сол атты, Шын Мұхаңа жетпей жүйкең толастар. Әлің білмей әлек болма болбырлар, Әуезовтың алабөтен орны бар. Бағы біреу аты ұқсас болғанмен, Ол Сейфуллин емес – соны ұғыңдар! Біздің Мұхтар – көк күмбезді ғарыштай, Рухы зор жанға жақын, таныстай. Түсінгеннің тауы бөлек тарланы Тәккаппардың қолы жетпес алыстай... Аттас інім, асқақтауды тыя тұр, Адуыңды асылдықты жыя тұр. Мұхтар – ұлттық театрға шаңырақ Қауырсынмен жазған куә, сия тұр. Операдан, экраннанАбайды, Мың-мың көздер құмарлана карайды. Мұхтар жолы – Мұхтар сөзі жаһанға Теңдесі жоқ аңыздайын тарайды. Жұлдыздайын жарқырайды ұлылар, Нағыз дарын бірақ рет туылар. Құдай – жалғыз, Мұхтар – жалғыз, Күн – жалғыз, Күннің көзі қашан, қашан суынар?! Деуден аулақ: «болдым, толдым, ірімін», Мен Мұхаңның шәкірттері бірімін. Терезесі тең тұрғандай кейбіреу Одыраңдар «мен мықтымын, пірімін».
Мыңбай Рәш Артық кетсем кешіре гөр достарым, Жарты ауыз да жалған сөзін қоспадым. Мұхаң жайлы үзік ойлар осы еді – Тұңғыш рет жан сырымды ашқаным. Достары кім, қасы кім? Әуезовтің кімдер десең достары? Шүкір, жетер! Ол жағынан саспады. Достары оның Сәкен, Қаныш, Бейімбет, Алғаш Алаш алқасын да қостады. Достары оның аз емес қой көп жандар... Әлихандар, Жүсіпбек, Ақаң, Мағжандар, Өз ұлты үшін терін төккен тарландар Шейіт болған арамызда жоқ жандар. Бүл Мұхаңның болды талай дүшпаны, Бірі «ішмерез», бірі шушыл «үшпалы». Қайсыбірі арыстанмен алысар Көзімізге елестетер тышқанды. Жәдігөйді жолатпас ол қасына, Лақтырардай таудан түйе тасын да. Бұлт ойнатып, қабағынан қар қаулап От бүріккен айналады жасынға. Шешен сөзін түйдек-түйдек төгеді, Титықтатып тілмен тірі көмеді. «Көп көргенсіз, сан сорақы, мол мінді» – Топастардың тұрпайынан көреді. Шикіл сары, бет-ауызы құрысып, Әуезовті қаралауға тырысып, Жалаларын жалаңдата боратқан Шегір көзді ғалымсымақ Нұрышев. Қызғаншақтық қазекемнен қалған ба, Іштарлық қой оны әуреге салғанда. Бір салада істей жүріп сол сорлы Барды-ау бықсық, өсек сөзге – жалғанға. Өтіріктің бір-ақ тұтам құйрығы, Шындық жеңер! – бұл да тағдыр бұйрығы.
Топжарған Жәдігөйлер жаласынан ақталды – Жоғарғы жақ шықты-дағы билігі. Мұхтар деңгейі Нью-Йорктан, Токиодан, Делиден, Мұхаң ойы бейбіт күнге жегілген. Оның үнін миллиондар тындайды, Жарлы-жалшы көз жастары төгілген. Мұхтар үні «Юманите» бетінен, Ағылшынша, Чехше, Қиян шетіңнен. Тұрар самғап тілдерінде талайдың. Ақ кептердей шарлай ұшып, бекінген. Ол ауылда: «Пісмілләдан» бастаған, Семинария... Ленинград қостаған... Оқығаны, тоқығаны көп Мұхаң, Сөйлейді ғой, сөйлер бөлек басқадан. Луи Арагон – француздың ақылы: «Замананың асқаралы ақыны!» – Деген жоқ па Әуезовті әйгілеп, Осы сөзді жетті айтуға батылы. Толстойдай! «Шолоховы шығыстың!» Дегенді де естіп, оқып ұғыстым. Энциклопедия деген сөзді естідім, Сом тұлғамен онан сайын туыстым. * Бәз біреулер «түгеншені» шенейді, Өзі жайлы «ләм-мим» демейді. «Үррит соққа» салып қойса екеуді – Көңілі хош болатындай мерейлі. Ондайлардан Тәңірім мені сақтасын, Тарс жабам қаскөйлердің қақпасын. Мұхаң берген тағылымым адалдық,
Мыңбай Рәш Тірейтінім мәңгі бақи ат басын. 0, халайық! Мәңгі мирас ұққанға, Қай қаламгер: «Мең теңмін дер Мұхтарға!» Тарлан дарын дүр деңгейі бір бөлек, Армандап бақ сол биікке шыққанға! БАТЫР-ДАСТАН Батыр Баукең Пролог I Шүу, тұлпарым, Жүрісіңді байқайын. Шайқастарды шабытыммен шайқайын, Хас батырдың сомдап сұсты бейнесін, Отқа оранған отты жырмен айтайын. Көзбен көріп батыр ұшқан ұяны, Бірге асайын құрсау шатқал қияны. Бедірейген Волоколам тас жолын, Тозаңы ұшқан құстар салған ұяны. Шепті шарлап, шегінуді білмеген, Қабысайын Баукең сөйлер тілменен, Қауіп-қатер, үрей-сүрей дегенді Батыр сынды қаперіне ілмеген, Жарты сүйем жауды алға бастырмай, Тарпа бас сап, ауыздарын аштырмай, Қапылыста қалам құрғап қалмасын Сумаңдаған жаудың сұрқын қаштырмай. Шүу, тұлпарым! Көсіл! Алға арында. Суғарылып соғыс салған сарынға. Қаула, лаула намысымен қазақтың Жігерлілік жарасар жас шағында!
Топжарған Мақтан етер Момышұлы аспанын, Мылтық емес, Қалам – менің аспабым, Бағышталды ғасыр толған тойыңа «Батыр Баукең» атты жаңа дастаным! * О, Бәуке, ай арындап, жыл жығыла Бас ием мыс тұлғалы тұғырыңа. Ғасырлық мүшел жасың құтты болсын Асқақтап тұрған сұсты тұғырыңда. Сұрапыл соғыс жайлы сыр есемін. Мәжһүр боп жер жаһанға тұр есімің. Мендағы жауынгері – жыр майданның, Өзіңмен тірілердей тілдесемін. Жайып сап майдандағы жоспарыңды, Хас батыр қалдырғам жоқ достарыңды. Бәйбішең – біздің Жамал апамызды О, Бәуке, сөге көрме қосқанымды. Сіз майданда жүргенде тылдағы біз Бекер қарап жатпадық, Жырларымыз Өзіңіздей батырды бейнелеген Тарап жатты жер жерге болып аңыз. «Ақиқат пен аңызын» Нұршайықов, Туындатты жазбауға мұрша бітіп. Менде қалам тербедім. Дастанымды Маржан сөзбен сомдадым түн сабылтып. Жамал апам болатын сізді күткен... Мен де орандым жүзжылдық мерейіңе Төгілдірдің түскенін көмейіме. Аруағың нұрлансын пейіште де Тоқтайыншы жырға ерік берейін де...
Мыңбай Рәш Есте қалды «Ұлтым» деп жанатының Несібең көп болды ғой алатұғын. Тәуелсіздік кездердің кезінде де Біздің Бәукең тәуелсіз болатұғын. Құрық-мұрық дегенге ырық бермей Батыр Бәукем асау боп қалатұғын. * Самғашы, сайра көңіл сандуғашы, Шабыттың жыр нөсері, ағындашы, Отты жыл жөргектегі жас нәресте, Отыздан барады асып бүгін жасы. Егескен ерлеріме елім үшін, Самғаттым қиялыммен көңіл құсын. Ұя сап жеңіс сарай шатырына, Ұшырсын балапанын өмір үшін. Ардагер армияның атыменен, Атылған сиқыр салют отыменен. Аспанға алқа тақса лағыл маржан, Желпініп жеңіс жырмен отырмын мен. Ай – маусым. Ашық еді аспан-дағы, Тұтқиыл жан түршігіп, жас тамғаны. Андыздай ағытылған бомбалардан Талқан боп көкке ұшпаған тас қалмады. Аулымда азаңғы шай құйылмастан, Некесі жас жұбайлар қиылмастан, Аттанды азаматтар қару алып, Әжемнің көз жасы көл тыйылмастан. Есімде түбіндегі Москваның Ажалдың ысқырығы, ащы жалын! О, ерлер, Ресей кең! Жол жоқ!– деп еш! – Тажалдың танкін қарыс бастырмадың.
Топжарған Есімде зеңбіректер гүрсілдері, Қас жаудың қалған қаңқа, құр сүлдері. Генерал Панфиловтан айрылғанда, Сұрлана сарбаздардын, күрсінгені. Ерліктің естім ерен мен ескегін, Соғыстың тайғақ кешу белестерін. Бақыл бол, ер Төлеген ел деп туған, Көзіме кешегідей елестедің! Отты көз, боздағым-ай қарыс маңдай, Жауыңа атылып ең арыстандай. Теңіздің толқынындай майда шашың Тебісіп бір-бірімен жарысқандай. Айқастың не қиямет ауыр жолын Ағындат ақбоз атпен, Бауыржаным. Қиында қара нардай қайыспас ер, Қашан да риза саған бауырларың! Таймаған нұр-жүзің бар келісті тым, Желпіне жылда тойлап жеңіс күнін. Жіңішке окоптардай маңдайда әжім, Танытқан дарқан далаң кеңістігін. Полкты отызыңда – жасақтадың Бес рет Крюкованы босатқаның. Есімде ер Жуковтан алғыс алып, Жауларға жай оғындай сес атқаның. Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасылар, Қартаймас хас батырлар тұлғасы бар. Полктің туын алып Мәлік батыр, Орманнан шыға келсін – сырласыңдар! – Ақиық сұңқары едің Зерендінің, Мәшһүр боп қан майданда ерендігің. Өрлігін «Оқжетпестің» дарытқандай, Бейнеңді батыр Мәлік көрем бүгін!
Мыңбай Рәш II Қырық бірінші жыл. Қаңтар. Қорғанды жаудан Москва! Толассыз жау оқ бұрқатар... Айқасты асыл астана! Қақаған мұз бен қар басып, Рузаның сол бір өзені... Жатты ерлер жаумен арбасып, Қиын да қиын кез еді! Жарысып, зулап, ысқырып, Жай оты жанып түскендей. Снаряд соқса ышқынып, Дүрілдеп жан-жақ көшкендей. Зеңбіректердің залпынан Кеткендей аунап жерге аспан, Қаһарлы қайтпай қалпынан Сарбаздар биік белді асқан! ...Командир кенет... қаза боп Ротаны Мәлік басқарды. Алапат майдан. Маза жоқ, Қиямет кезең басталды. Қаңтардай суық жүздері, Қоршауды бұзбақ солдаттар. Ерлікке толып іздері Қысылшаң шақтар қалды артта. Бітсе де азық, оқ-дәрі, Жауынгер саны азайып... Басталды ерлік жолдары Аңыздай айтар ғажайып!
Топжарған ...Қақаған қаңтар кезінде Безеріп бір жол жататын, Сүйел боп жаудың көзіне Жанына сол жол бататын. Сұрапыл сәтті сезгендей, Тас жолы Волоколамның. Жататын сұлық өзгермей. Ашты жау соған аранын! Жүрекпен, мимен жалғасқан, Секілді күре тамырдай Жатты жол. Кезең жау сасқан Өтерге айла табылмай. Жол үшін ені сырмақтай, Батырлар біздің қарысты. Москава үшін міз бақпай Күні-түн жаумен алысты. * Шоңқиған жаудың пушкасын, Жаратып мосы темірге, Солдаттар шепте ішті асын. Оралып жеңіс көңілге. Тарының қою ботқасы Талайға татым, қуат боп, Әзілге толды от басы Көңілде маздап шуақ көп! Домбырасын ыңғайлап, Төлеген алды суырып. Жорықтан жолсыз көктайғақ, Отырды достар «суынып». – Кәнеки, Төлеш, Темірбек! Басыңдар «Қызыл бидайға».
Мыңбай Рәш Тыңдасын ұйып төңірек Серпілсін көңіл мұндайда! – Деп қойды Мәлік тыныққан, Бәрі де қолдап ротаның, Отырды достар сыр ұққан Бауырында сол бір жотаның. – Несі бар, айтсақ айтамыз! – Дескен-ді сонда қос арыс. – Несі бар, тартсақ тартамыз, – Әуендеп әнге қосамыз: «Қыз емес, қыздың аты қызыл бидай, Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай. Қалмады баста бөрік, белде белбеу, Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай. Ахау-айдай, Қызыл бидай. Болғанша жарың жаман, Па, шіркін, Алсын Құдай!..». Мәлік те қызып бүйірі, Басты-ай кеп «Қызыл бидайға». Ән менен жырға үйірі Сезіліп жүрген ыңғай да! – Соғыста жүрсе сән кетіп Керегі не осы әндетіп? – Деді бір солдат мін тағып... ...Көктайғақ мұзға төселген ...Тоғайдың сол бір шөмшегі – Төсек боп мамық көсілген Көтеріп жатты еңсені.
Топжарған * Отырды Мәлік баяндап, Бұйрығын Момышұлының: – Калмайық қапы баяулап, Кешіктің – онда құрыдың! Соққының мықты бір басы – Бородинода байқаңыз... Жаудың тұр «сс», «қу басы» Құрытып соны қайтамыз!.. Төлеген. Баттал, Жұмажан, Соңымнан кәні, еріңдер!.. Гриша тұрды жалма-жан Сазайын жаудың беруге... Айнала тастай қараңғы, Жымыңдар жұлдыз көмескі. Мәліктер кетіп барады Баяулап асып дөңесті. Күртілдек қармен сырғанап Келеді аппақ киіммен. – Тсс... қарауыл тұр қарап, Сорайған анау имиген!.. Төбеден түскен аңшыдай Мәліктер тобы білдірмей. Күзетін жойды жолшыбай, Қалды жау түк те үлгірмей. Жаулардың үйін от құшып, Орады жалын жалақтап. Құтылмай фашист оққа ұшып, Тырқырай қашты далақтап.
Мыңбай Рәш * Сәске түс. Рота жылжыды, Кезеніп алған автомат. Тып-тымық, ашық, күн жылы, Келе бір жатты сақ қарап. ...Темір өңеш тажалдай, Таялып қапты танктер. – Атыңдар! – деді көз алмай, Бұйырып қату Мәлік те! Граната дереу лақтырып, Танкті Шашков жандырды. – Жарайсың уа, батырым, Сөйтші бір қараңқалғырды!.. Василий Шашков жаралы, Кешікпей кетті қаза боп. Жан-жаққа Мәлік қарады, Түйіліп жауға ыза боп. Арыстандай атылып, Өшігіп, жауға оқталып. Бетпе-бет келіп жапырып, Жүр екен сарбаз Тоқтаров! Болса да ауыр жаралы, Жинап бір ақтық айбатын, Қайсара жауға қарады, Жұмсады қаһар қайратын. Мен өлсем де, жігіттер Өткізбес. Мықты тосқауыл! Хош достар, жарқын үміттер Таптаңдар жауды тасбауыр!
Топжарған Жыр болып қалған артына – Мерт болды. Жауды босты азап... Бағыштап айтшы, марқұмға, Тірілсін әнмен жас қазақ! Маңдайда қара кресі, Ентелей берді танктер... Жаудырып оқты тіресіп, Қасарды қайсар Мәліктер. «Төлеген үшін! – деп, – Алға!» Бойынан ерен күш қаулап, Жарғышты шынжыр табанға Тастай сап, Мәлік түсті аунап. Жалақтап жалын бұрқырап, Қос танк жанып дөңкиген. Артына қарай тырқырап Қалғаны қашты сол күймен. Шыңылдап келіп гүрс еткен Снарядтан жер сілкініп. Допша ұшқан Мәлік сол сәтте Қалды аунап бірер бұлқынып. Өлім мен өмір егесіп, Көзінің алды тұман боп. Көтере алмай денесін, Жетекші әлі тұрған жоқ... – Командир? – Жатыр тіс жармай, Жыртылған тонның етегін Суық жел жұла қашқандай, Қар бұрқап жалп-жұлп етеді. Өмірдің қимас елесі Жанардан жайнап өтті ме,
Мыңбай Рәш Көтеріп әрең денесін, Тістене тұрып кетті де: – Тірімін! Достар, тірімін!.. Өзі ғой тұрған Мәліктің. Қалмасын ізі бірінің, Өшті ме үні танктің?! Қолма-қол қызды тағы айқас, Жетпестей тіл мен ой оған, Ағарып жатты самай шаш, Қызмет айқас бояған. Тасбақадай тырбаңдап, Танктер жатыр жанбастап. Көтеріп қолын қорбаңдап, Қаруын жатыр жау тастап!.. ...«Соғыста ерен ерлікпен, Ғабдуллин Мәлік өлді!» – деп, Хабардар болып күдікпен – Достары жүрген тым жүдеп. Иә, солай естіп Капров Жүр еді көптен жабырқап. – Тірі екенсін, ғой, апыр-ау! Құшақтап сүйді ол таңырқап. – Танкпен... рас, тірестім, – Деп жатыр Мәлік, – өлмедім! Ажалмен қатты күрестім, Өмір деп жандым! Сөнбедім! – Ақырын ғана жымиды ер, Өнбойы дода-дода боп. Оқ тескен ол кез киімдер, – Майданда кеткен «мода» боп.
Топжарған Қаршыға қанат қасы бар, Текше мұрт сәнмен жарасқан. Ортадан асқан жасы бар Ойлы көз – бейне көк аспан. Чапаевпен бір өткерген, Ерлігі аян сан қилы: – Бауыржан, сені күткен ем, Кел, отыр, – деді, – Панфилов! – Жарайсың бауырым, Бауыржан, Соғысу керек осылай! Өнеге өшпес қалдырған Жігітсің! Жаса, досым-ай! Бірақ та тізе бүгуді, Түрі жоқ ойлар жау жағы. Табысқа таспа бүгінгі, Артыңда жатыр салмағы. – Деді де оймен шолды ұзақ, Картаға төніп тағы да. Қарындашпен айғыздап, Шүйілді жаудың «жағына». Ұяға кеткен күн батып, Төңірек тастай қараңғы. Қасқырша ұлып, «тіл қатып», Құтырған қыстың бораны... Тықсыра тығып ініне, Нөсердей оқты боратып, Бородиноның түбінде Жау туын тағы құлатып.
Мыңбай Рәш Шылымың шегіп жайланып, Сейілді бір сәт солдаттар. Тарихқа ерлік айналып, Қысылшаң шақтар қалды артта. Сырықтай сұңғақ, бойы тік, Соғыста пісіп, шираған. Көрмеген майдан мойытып, Достары дәйім сыйлаған. Айырмай көзін газеттен Жетпісбайұлы Балтабек: – Жігіттер! –деді кенеттен, – Сүйінші берсең айтам тек! – Апыр-ау, ол не жаңалық? Сүйінші әзір, келсеңші! Солдаттар қалған қадалып: – Бұлданбай айтып берсеңші!.. – Өздерің, достар, пайымда, Ал, мықты болсаң біле ғой... Политрук – Мәлік жайында Жазыпты Борис Полевой! Мәліктің нұрлы тұлғасын, «Правданың» көріп бетінен. Көтеріп көкке сырласын, Шаттанды достар шетінен! ...Хас батыры қазақтың – Ғабдуллин Мәлік туралы Жазылар жырлар ғажап тың, Арналар ақын жырлары. Ардагер ұлды ардақтап Айтатын аңыз салтымыз. Әсерлеп, әрлеп, мадақтап, Қастерлер қауым, халқымыз!
Топжарған Аңыздар қандай тараған, Ғабдуллин Мәлік жайында!.. Ардағын кімге балаған! Ағыттым барын ойымда: – Айтулы батыр Мәліктің Төнгенде жауға қаһары, Түк емес өзі танктің Бар дейді-ау, оқ қағары! Болса да бойда мың арман, Майданға өзі сұранған. Күтсе де қатер кіл алдан, Қақ тіліп бәрін шыға алған! – Мұз бүркіп, бұлтты айдаған, Оқ атса, мүлтсіз дәл атқан. Жолыққан жауы жайраған Қайтпаған қаһар қайраттан! – Төрт тәулік бойы аш жүріп, Төзімін темір таратқан. Ерлерге ерен басшы ғып – Табиғат дерсің жаратқан! Қоршауда қанша қалса да, Қапыда қолға түспеген. Қатерлер төніп тұрса да, Қаһарын қайтпас үстеген. Құйындай соғып кей мезет, Жауына түскен жасындай, Табанды, тапқыр елгезек, Ғабдуллин Мәлік осындай!
Мыңбай Рәш * Достардың сөзін растап, Отырған жігіт манадан – Гармонын сілтей құлаштап, Әндетіп кетті Рамазан. Дирижер болып Темірбек Аспанда әсем ән қалқып. Серпілген еді-ау көңіл көп, Әсем ән тербеп, жан балқып. Әншінің әні әуелі, Басталып «Қараторғайдан». Туған жер сая-мәуелі Тамылжып тұрды таңдайдан... Шырқалып сазды «Сырымбет», «Гәккуге» нәзік ойысқан. Ән қалқып, баяу дірілдеп, Сан-саққа толқып ой ұшқан... Тебіренді Мәлік толғанды – Салғанда әнші «Гәккуін», Кім білсін, әлде ол ойға алды Бурабай көлді... аққуын!.. Ойға алды кербез Көкшені, Зеренді... туған өз елін. Балалық шағын көкседі, Қайыңды бұлақ, өзенін?! – Білсеңдер, – деді ол, – «Гәккуді» Шығарған менің нағашым! Айдында жүзген аққулы Ән тербеп көлдің жағасын!
Топжарған – Үкілі әнші Ыбырай Жиенімісің, ау, Мәлік! – Деп қойды бәрі жамырай, – Ендеше сені тыңдалық!.. – Дегенмен, ептеп жұққаны Нағашыңнан бар шығар. Ортаға онда шық, кәні, Кез келді жанды қамшылар. Мәліктің енді өзі де, Батырлық жырын қозғады. Достары ұйып сөзіне, Окопта өмір маздады. Домбыра болып автомат, Жыраудай Мәлік шертеді. Жан қылын қозғап қат-қабат, Өрнекті сөзбен ерітеді: М ә л і к: «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай. Еңку-еңку жер шалмай!...» Д а у ы с: – О, бәрекелді! – Қаптаған жаулар қоғадай, Қасиетті жерден жоғалмай. Көншімес көңіл, Айт Мәлік, Батырлар жырын доғармай! М ә л і к: Достарымды айтайын, Айтпай, сірә, қайтейін. Өңшең батыр алыптар, Гвардия деген атым бар
Мыңбай Рәш Алдымнан танк өтпеген, Артымнан фриц жетпеген. Қарсыласқаны қансырап, Сыбаға алмай кетпеген! Оның бір несін сұрайсыз!.. А х м е т ж а н М ұ х а м е д и я р о в – Беу! Мәлігім не дейді, Мүдірмей сілтеп айта бер, Батырлар біздің көбейді, Өзің де соның бірісің, Біз айтпасақ та айтады ел! М ә л і к: Оның бір несін сұрайсыз... Ойымды бөле бермеңдер. Сөзімді тыныш тыңдайсыз, – Соғысты сұсты көргеңдер! Д а у ы с: – Әйдә, тыңдаймыз, сілтей бер! М ә л і к: Қолбасшы досым кім десең Қырандай қырқа қараған. Атағы көпке тараған, Тұрқынан жау қорқатын, Алып бір туған анадан, Үстінде сұр шинелі, Омырауы алтын түймелі, Ту сыртынан қарасаң, Дөнен бұқа шүйделі. Төгіліп тұрған сөзі бар, Түксиген бура қабақты, Жарты қазан тамақты, Жапырып жауды қайтқанда, «Саулыққа!» деп сілтейтін Кәрлен кесе арақты!
Топжарған Оның бір несін сұрайсыз! Достарымның ішінде – Жан шақ келмес күшіне. Қашанда каһар мүсінде, Жаралған жаны дауылдан, Тайсалу білмес жауыңнан, Аттанған қазақ ауылдан, Тайталасын тас жолда Александр Бек мақтаған – Момыштың ұлы Бауыржан. Д а у ы с: – Жаса, жаса, Бауыржан! – Жаса, жыршы, Мәлігім! М ә л і к: Екінші досым кім десең – Тумай аты жазылған, Шаппай ізі қазылған, Асылы нұрдан жаралған, Айласы асқан адамнан, Тәртіп те керек майданда, Комсорг боп сайланған, Жауды көрсе жайнаған, Самұрық белгі кез келсе, Алдына салып айдаған, Кенепті кептеп аузына, Қос қолын тас қып байлаған, Кек алуын қоймаған, Оның бір несін сұрайсыз, Достарымның ішінде – Қайтпас – қайсар күшінде, Баукеңмен бірге аттанған, Барлаушы болып бұрқаған Балтабектей батыр бар! Оның бір несін сұрайсыз!..
Мыңбай Рәш Д а у ы с: – Жаса, Балтабек! М ә л і к: Енді бірін кім десең – Автоматын жебеген, Алыстан жауды сезеген, Жусатып жауды жусандай. Ерлікке даңқын бөлеген, Соғыста күшін сынауды Тағдырдан күнде тілеген, Жау азығы болмаса, Өз азығын жемеген, Қарсы келген қаскөйлер Қару етер демеген... Бетпе-бет келіп қалғанда, Жау басы доптай ұшатын. Екпініне шыдамай, Тістене жерді құшатын. Оның бір несін сұрайсыз, Достарымның біреуі – Қомандирдің тірегі, Жауына түкті жүрегі, Елінің естіп ұранын, Тоқтата тұрып кранын, Соғысқа өзі сұранып Риддер жақтан жөнеген – Тоқтаров батыр Төлеген! Д а у ы с т а р: – Жаса, Төлеген! М ә л і к: Енді бірін кім десең – Екі метр бойы бар, Тұтқиыл тапқыр ойы бар, Жағаласта жауларға Көрсететін «тойы» бар.
Топжарған Кеудесі шалқақ қақпадай, Жаурыны жазық тақтадай, Сілтесе қолы шоқпардай, Маңдайының арасы Екі қарыс, екі елі, Каскаңыз сыймас шекелі. Командир айтса болғаны – Барлауға түнде кетеді. Текедей бейне бақыртып, Жауына үрей шақыртып. Тұтқиыл ұстап, тіл алып, Ротаға аман жетеді! Оның бір несін сұрайсыз!.. Достарымның ішінде Кімді айтқанды ұқтыңдар – Василийдей1 мықтым бар. Д а у ы с: – Жаса, Василий! – Рақмет, жыршы Мәлігім!.. Р а м а з а н Е л е б а е в: – Мерт болған досым кезіне Шығарған жаңа әнім бар – (Жас келе қалып көзіне) – Сол әнге құлақ салыңдар! Әнімнін, аты «Жас қазақ» – Жан досым жайлы Төлеген! Жанымдай маған дос қазақ, Еренім, ерім бөлек ең, Телегей теңіз терен ең. Д а у ы с: – Қой, босама Рамазан! Жарасын жанның жазар ән.
Мыңбай Рәш Р а м а з а н: (гармоньға қосылып) «Кар жамылған кең дала қанға бөгіп Күркіреді сұр аспан өлім төгіп, Жас қазақ, Мұрттай ұшты уралап. Жанын қиып кете алмай жас өмірден; Асқақтаған арманға өрмелеген. Жас қазақ Жатты көзі от жайнап. Қапысын тапқан зұлым-жау масаттанып, Отыр еді өзіне мейір қанып, Жас қазақ, Атылды оқ боп көре сап! Алтын шапақ, ақ иек атқанда таң, Қалғанынша денеде бір қасық қан. Жас қазақ, Жатты жауын жаныштап. Сол бетінде жан берді ол тұрмады, Ары үшін елінің боп құрбаны. Жас қазақ. Бәрің соған ұқсап бақ! Ел қорғаған майданда жас арыстан Тоқтаровтай артыңда қалар дастан. Жас қазақ Міне, саған мәңгі бақ!..». ...Тебірене тыңдап бұл әнді, Жез таңдай әнші Жүсіпбек. Ғабиден аға толғанды, Талайлар ойға түсіп көп!.. Б а у ы р ж а н М о м ы ш ұ л ы: – Кім кетпес ажал жетіп, тағдыр болса, Өмірге ар мен намыс қолқа салса.
Топжарған Мәңгілік өмір жасап өлмегені – Батырдың ел аузында аты қалса. Жалғыз батыр жалғыз жан Майданға тұлға бола алмас. Азынап жалғыз арыстан Орманды билеп ала алмас. Жалғыз батыр болғанша Жалпы батыр болсашы. Мен істедім дегенше, Мың істеді десеңші. Мың істеді дегенше, Ер істеді десеңші. Ер істеді дегенше, Ел істеді десеңші! Мен мыңдікі болмасам, Ер – елдікі болмаса, Кім істеді дер едің? Д а у ы с: – Баукеңнің сөзі мақалдай, – Кімге енді кезек тақалды-ай?! Майдандас достар ән шырқап, Отырар ма еді таңға ұзақ, Оқыста... тағы оқ бұрқап, Кетпесе, әттең, жалғыз-ақ!.. IV Новгород маңы. Қан майдан... Ловать – өзен жиегінен, Штабтан басқа қалмай жан, Кейінге полк шегінген! Қасат қар қанға боялып, Сезілмей лебі көктемнің.
Мыңбай Рәш Фашистер қалған таянып, Шайқаспен әрбір өткен күн... Қасиетті туын полктың Түсірмей жаудың қолына. Атқыштар тобы Мәліктің Тосқауыл болды жолына. Болса да жаудың күші артық Жүйкесін құртып қайтарып. Ерлікті ерен ұстартып, Маңдайдан соқты тойтарып. Батырлар бағзы елестеп, Мәліктің кейде көзіне, Тіс қайрап жауға белестен. Қарайды қату өзі де. Біресе қиял ойға әкеп, Қара қасқа атты Қамбарды, Қайнайды өшпес бойда кек Болғысы келіп Қобыланды... «Қобыланды батыр айбарын Майданда жаздым мылтықпен. Қаламмен қашан толғармын? – Тағатсыз жүрмін күтіп мен! Қобыландыдай жыр-дастан Төлеген жайлы толғасам – Ескерткіш болар құрдасқа Жеңістен кейін... қолға алсам! Таптамақ емес көшемді Қаскейдің қанды табаны, Шерменде жүрген шешемді Аялық ақ шаш ананы!
Топжарған Жүрер ме ем, әттең, сайрандап, Көкшеде кербез Сәкенше! Алматым алдан жайраңдап, Жап-жасыл бағын әкелсе! Жаралған өлең отынан – Қасыммен, ақын Саинмен... КазПИ-де бірге оқыған – Жүздессем шіркін, Тайырмен!..». Осындай тәтті сезіммен Орнынан Мәлік бір тұрды. Құрыштай берік төзіммен Батырлар алға ұмтылды! Жұлдызды батыр өзімен Жүрегін бірге ап кеткендей, Аяулы ару көзінен Елестеп жиі ол өткендей. Батырдың жары әр уақ. Болмаушы ма еді төзімді! «Қолда, – деп, уа, аруақ!» – Кешеуіл әр түн көз ілді. Әскери іспен аз күнге, Мәскеуге соғып қайтқанда, Сүйікті болды ол, бәз кімге «Сәулем!» – деп бір сөз айтқанда?! Тағы да шайқас жан кешті... Өлтіру! Өлмеу! Бағынбау!.. Тағы да жолды жау кесті, Мәліктің тобы шағындау.
Мыңбай Рәш Қапысын тауып тағы да, Соқты олар тура бүйірден, Қарамай жаудың санына, Бүркіттей бүріп, шүйілген. Қарайды Мәлік жан-жаққа, Оңай ма жүру тоғайда: – Жаралы қалған жан жоқ па? Ту қайда, әлгі, ту қайда?! Болса да әрбір солдаттың Өзіндік жеке анасы, Бір ана алып – ортақ қой Ол ана – Отан панасы. Сол ана қиын-қыспақта: «Бәрі де Отан үшін!» – деп. Жығылмас туын ұстатқан, Сүйелік соның үшін де! – Политрук, саспа біз барда, Біргеміз, баста! Өзіңмен. Алынбас қамал, құз барма? Біргеміз – темір төзіммен! Айналдым, достар, сендерден Айналдым абзал бәріңнен. Сілесі қатып сенделген Зытты жау бұғып кәріңнен! Шын бақыт деген осы ғой Бір болу қиын-қыспақта. Бір болу – көңіл хошы ғой! Бірлікпен жауға тіс батқан! Саяси басшы полкқа Жауынгер Мәлік – ер Мәлік.
Топжарған Жауларды жайпап жолыққан, Қастерлі туды келді алып! ...Үшінші Украин майданы... Күтеді хабар ел күнде. Жеңістің туы жайдары Таянып қалған Берлинге! Батыры елдің сүйікті Жау туын жықпай көншімес. Құтқарса кеше Киевті, Венамен бүгін көршілес. Тазартып елін Штраустың Түнегін түріп тозақтың, Берлинге қарай ауысқан – Хас батыры қазақтың. V О, батыр, ғалым, зиялым, Жетелеп үлкен есімің. Қарыштап жүйрік қиялым. Ерліктің қақтым есігін. Ес біліп, алғаш алғаннан Ежіктеп колға әліппе. Арғымақ ерттеп арманнан, Бас игем саған – Мәлікке! Өзіннен аға, аяулы, Ақындар шабыт алатын. Суретші таңдап бояуды, Тұлғаңды әрлеп салатын! Көргем жоқ бала шағыңды, Кешкем жоқ отын майданның. Дүрбелең дүлей дабылды, Шабытпен бүгін ойға алдым!
Мыңбай Рәш Тереңмін деп еш таспайтын, Қыз мінез сол бір қалыбың... Амандық жақтан бастайтын Аңқылдақ, абзал Мәлігім! Шарладың ғылым мұхитын Ғұлама ғалым Қанышпен. Өзіңнен шәкірт оқитын, Сол кезден едім таныс мен. Хас батыр жырын толғадым, Батырлар, қуан, бар таныс! Қара қьшшақ Қобыландым. Абылай, Қамбар, Алпамыс! «Жалғыз деп аты – жаяудың», Жақсысын көрген өзгенің. Өзім деп әсте, аяулым, Болған жоқ айтқан кездерің! Шығармай естен майдандас, Достарыңды айттың – дөп айттың. «Батыр ма елмен бір болмас, – Қысылшаң шақта» деп айттың! Аңызы азат елдердің Берлинге дейін жол ашқан – Жорығы жойқын ерлердің Асып бір түсер Манастан! Панфилов – сенің қолбасшың Жеңуді ғана үйреткен – Ақылшы аға, жолдас шын, Ел үшін жанын пида еткен! Дарқан ер, жаны – дауылдан, Даңққа елін бөлеген.
Топжарған Достарың сенің – Бауыржан, Достарың сенің – Төлеген! Достарың сенің Балтабек, Достарың Шашков – есіл ер! Тағы да тізіп айтар ек, Жетеді ерлер, есімдер!.. * О, батыр, бірге соғыста Болғам жоқ қанша десем де, Тағдырым бірге тоғысқан, Кек қайнап әр үй, көшемде. Майдан мен тылым тұтасып – Қыранға біткен қос қанат Кеудеде кектер ұштасып Жауларды соққан қос қабат. Әжем де жаулық жамылған Қолың деп сенің тоңбасын Тоқыған қолғап қолынан Мүйізден салып таңбасын. Атам да, күзде ай жарық, Толтырып дәнмен қамбасын. Қоятын сені ойға алып: «Қарны ашып, сірә, қалмасын!». Әпкем де – токарь – ұста боп, Заводта саған жонған оқ. Майданға әрбір станок Тұрды ғой сонда тұтқа боп. Соғысты өткермесем де, Жүрегім тулап, дүрсілдеп. Шомылып қайғы – нөсерге, Ағалар қайда жүрсін, деп.
Мыңбай Рәш Ертемен тұрып, кеш жатқам, Даусына диктор қарайлап. Жауыма оқ қып кекті атқам, Жүректе тулап, қан ойнап! * Екінші майда – бар ғалам Естіді жайсаң жеңісті. Жалмауыз жоқ боп жалмаған Той больш кетті жер үсті! Жапырды жауды Бітті кек, Шірене басып шатырын, Рейхстагқа ту тікті кеп Рахымжандай батырым! VI ...Академияның есігін Айқара ашып сағынған Мәліктің енді есімін Ғылымның көрдік бағынан! Батырлық қажет қайда да, Ғылым да тілер өрлікті. Кешегі батыр майданда, – Қолға алды зпос – ерлікті! – Махамбет, Абай, Мұхтар да, Сүйгенді ерді ең мықты. Санамен шәкірт ұққанда Паш етті ерлік – елдікті! Қанат боп әрбір кезінде Ақылы Қаныш ағаның
Топжарған Ұшырып түлек өзі де Жаршысы болған жаңаның! Лондон!.. Миллиондардың қалауы – Ашылып алғаш конгресс, Алпыс төрт елдің жалауы Тулады сол күн, сол бір кеш... Делегат болып елінен Келген-ді сонда Мәлік те. Көктеген көп-көп көңілден Бұл-дағы алғаш әліппе. Күндерге жарқын ұмтылған, Толқыды сөздер жүректен! Жаһанға жаңа күн туған – Күндерді бейбіт жыр еткен. Өрлігін Көкшетауының «Оқжетпес» шыңнан алғандай. Өзі де биік тау ұлын Қастерлей білді ел қандай! Арысы сен деп халықтың – Депутат етіп ұсынды. Өкілі қолдап бар ұлттың. Қуаныш құсын ұшырды. Қалаулы Мәлік төсінде – Жоғарғы Кеңес жалауы. Тағдырын елдің шешуге – Түлеген жігер, талабы!
Мыңбай Рәш Ақылшы, әрі төреші Отырар ұзақ іс шешіп. Жетеді оған өресі, Үкіметтің қастер мүшесі! – Қайда екен Мәлік, қайда екен! – – Жоқ боп тұр қазір ол мұнда! Мәжілісте Мәкең ойда екен, Кеп қалар... кеткен Лондонға!.. – Қайда екен Мәлік? – Брюссельде! – Қайда екен? – Хельсинкиде ол. – Шет елде... Иә... игі істерде... – Бар ма екен?.. – Жоқ қой үйде ол!. ...Шоқтықты жыл мен айларын Шомдырып өрлі өнерге, Батыры ұлы майданның Келген бір шақта кемелге. Күңіреніп бір күй азалы, Неге алды сонша мазаны? Кім көрген мұндай қазаны Тағдырға ол ма жазалы?! Шомылып шерге шаңырақ, Ғылымның үлкен ордасы. Қалғандай бір сәт қаңырап, Ғалымдар сипап ақ шашын, Ақындар қалды аңырап – Мәліктен мәңгі айрылды! Мәлігін жоқтап жылайды Тағлым ап, даусын тыңдаған – Қанаты көптің қайрылды!
Топжарған * О, Батыр! Ғалым, зиялым. Ғаламға аян есімің, Жете алмай жатса киялым – Сұраймын, шыным, кешірім! Тереңмін деп еш, таспайтын, Жұпыны сол бір қалыбың. Амандық жақтан бастайтын, Аңқылдақ, абзал, Мәлігім!.. Күрсінші кербез, сән Көкше! Зарланшы, зарлан, Зеренді! Үзілді өмір ерекше – Келмейді қайтып ол енді! Күңіреніп көлдер торыққан, Қан кешіп – қалған жорықтан Ақ жұлдыз ақты кенеттен! Аңдаусыз ажал жолыққан. Жалындап жігіт– кезіңнен Шығаңдап шыққан батыр шын. Нұршуақ сөніп көзіңнен, Ұйықтап мәңгі жатырсың! ...О, Батыр! Ғалым, зиялым, Ғаламға аян есімің. Жете алмай жатса қиялым Сұраймын, шыным, кешірім! Майданда мерт боп ақыры, Оралмай калған достарды Ойға алдың ба, әлде, батырым, Сызат жер неге жастандың?!
Мыңбай Рәш Шығар-ау, талай батырлар, Көрер-ау, ұрпақ көзі оны! Бірақ та ерек аты бар Әркімнің бөлек өз орны! Өзіңсіз батыр дастанның Олқы боп беті тола алмас! Жоқтайды сені достарың – Мәлік боп ешкім жаралмас! Біткен жоқ ерлік дастаным, Бастадым мен тек бастауын, Жалғасын ерлік... жас қауым – Жазады ақын достарым. АЛМАГҮЛ Озат сауыншы Алмагүл Әбдіраимованың өмірінен Пролог Самғаттым шабытымның шағаласын, Сыр толы сүт теңізін жағаласын. Алмагүл аппақ шаңқан халат киіп, Жолдарын дастанымның араласын. Ұзақ күн шағалалар шаңқылдаған, Жалт беріп көз алдында жарқылдаған. Тепсінген теңізіңнен бір кем емес Молшылық дариясы толқынданған. Теңіздің кетпей жырақ жағасынан, Шағала ассын қайдан шамасынан. Ал менің Алмагүлім шықты жайнап Қайнаған қазақ аулы арасынан.
Топжарған Жүрсе де жерді басып, аспандамай, Сауыншы өмірінде дастан бардай. Еңбектің қысы-жазы қызығы көп, Ақ желең киген құрбы, достарға бай. Алмагүл ала таңнан тұрып алып, Асай-мүсей аппаратын құрып алып, Құлшына кіріскенде сауынға тез, Жөңкілер сүт бұлағы бұрымдалып. Алмагүл – сауыншы Ол дағы біздей мектептен Оқыған, кітап – қолында. Білімнін талын көктеткен Өмірдің бастау жолында. Шыбықтай белі бұралып, Бұрымы қандай өрілген! Аттестат алып қуанып, Қарлығаш қасы керілген. Мұрат мол ұшқыр көңілде, Жүгірер ойы сан саққа. Беріліп бекем сенімге, Шуақты жаны әр шақта. Қай жаққа ұшам десе де – Өз еркі, қанат қатайған. Алмагүл шықса-ақ көшеге: «Ауылдың сәні» атанған. Көз салып сырбаз жігіттер, Кейбірі жолын тосады, Жетелеп жүйрік үміттер, Көзінен ұшқын шашады.
Мыңбай Рәш Киініп алған сықия, Сұңғақ бой, ойлы, күрең жүз. – Оқимын сырттан СХИ-да, Мен сені көптен білем, қыз! Деп қойды бір күн Райыл Жасырмай жаны сүйгенін: «Болайық бірге, шырайлым, Бір өзің – жанып-күйгенім!..». ...Алақай, шатты жұбайлар – Кәмилә келді өмірге! Зулайды шапшаң күн, айлар, Сәулесін сеуіп көңілге. Арзыкүл ене қастерлі Сауыншы болып істейтін. Қолынан оның дәстүрлі Шелегі әсте түспейтін. Ол кезде әлі сиырды Саумайтын электрменен. Емшектен ақ сүт құйылды, Саусақтар ойнап, билеген. – Алмагүл! – деді бір күні Енесі Арзыкүл келіп, – Сүт бере салшы бұзауға Сауынға дейін үлгеріп. Алмагүл сәл-пәл қобалжып, Селт етіп ене сөзінен; Екі етпеуді ұйғарып, Кірісті іске тезінен. Шөлмекті алып жалма-жан, Кигізіп қойып емізік. Аузымен қолын қармаған Бұзауды тұрды емізіп.
Топжарған Арзыкүл оның сыртынан Қарай да қалған күлімдеп. Секілді ойы бір тынған: – Жарайсың, жаным, келін! – деп. – Келін-ау, егер ден қойсаң, Шып-ширақ, шапшаң, оңтайлы. Сауыншы болар ең жайсаң, Ойламадың ба ондайды? Қамшы боп сөзі ененің, Жеккендей намыс пернесін. – Боламын, болсам, е, – деген, Байқатып батыл зердесін. * Қар кеткен. Көктем. Жер қара. Сайраған бұлбұл тау іші. Сонымен көне фермаға Келді бір жаңа сауыншы. – Сауыншылыққа тұсауды Енемнің өзі кесті! – деп, – Жүріңдер кәне, түс ауды, – Кірісіп іске кетті тек. Алғашқы рет сауғаны Шелекке бірден дарымай, Сыртына төгіп алғаны, Таба алмай жатыр бабын да-ай. Дарытты барлық білгенін Аямай ене келіннен: – Сут бұлағы деп жүргенің Басталар бәрі желіннен. …Саусақпен… кейде бармақпен… – Талса ше егер қолдарың?
Мыңбай Рәш – Арасымен де саусақтың Жөн болар тарта сауғаның!.. Ойына кейде оралар Сол кездің өзі бір қызық, Өзі ұстаз қазір саналар, Тәрбие жұмыс жүргізіп. Еңбегің жанса, шаттыққа Әрбір күн, әр ай, жыл бөлер. Ісіне бекем жаттыққан Алмагүл біздің – жүлдегер. Қолдағы бармен тынбас-ақ, Жүрмесе бес жыл алға сап. Табысы шалқар, тым ғажап, Өркенді ісін талдасақ. Омырауынан желбірер Республика жалауы. Жауапкерлікті ол білер – Халықтың сенім, қалауы. Аршын төс толы ордендер – Тұр бастап көсем тұлғасы. Сауыншы – бүгін өрен ер, Алмагүл аты – жыр басы! Алмагүл – ана Алмагүл дағы өзгедей Жүрегі нәзік ана ғой. Мейірбан жаны сезгендей, Ананың бағы – бала ғой. Гүлмира қызы – тарихшы, Ғалымжан – судың маманы.
Топжарған Ержетіп, үй боп алыпты Кәмила қызы манағы. Үшеуі қыз да, екеуі ұл, Қанатжан – кіші кенжесі. Балаға бәйек болып жүр, Әкесі менен шешесі. Алмагүл таңның бозынан Тұратын еді әдеті. Соғады суық азынап, Бораны борап үдетіп. Комплекс. Көзі үйренген, Самаладай жап-жарық. Әзірлік жасап үлгерген Саууға ерте қамданып. – Алмагүл! – деді кенеттен, Шошынып кеткен енесі, – Қанатжан жатыр ауырып, Жанып тұр бүткіл денесі. – Өзім де түнде сезіп ем, Бойының ыстық қызуын. Сырғанақ тепкен кезінде Тоңған-ау мықтап бұзығың. Градусникті салды да: «Қызуы қырық екен!» деп, Абыржып ана қалды да, Баурына тартты икемдеп. – Аузыңды аш, кәне, – деді де, Шипалы дәрі берді оған. Телефон соқты дәрігерге: – Қиналып тұр, – деп, – жан балам!..
Мыңбай Рәш Әне де міне дегенше Жетті кеп бала дәрігері. – Күтпей-ақ мені келгенше Емдепсіз, әбден жөн, – деді. Баспа боп, тамақ асқынған... Бірер күн шықпай далаға, Компресс қажет бастырған, Күтіну керек балаға. Төмендеп қазір келеді Денесінің де қызуы. Тынығу – енді керегі, Қашпайды ойын қызығы! – Солай ғой, иә, балақан, Көнесің бе айтқан кеңеске? – Изеді басын Қанатжан – Келіскені оның емес пе?! – Айттым ғой суық тиген! – деп, Тіл алар шағың бар ма бір? – Күнбойы жүрген күйбеңдеп Күрсінді ауыр Алмагүл. Бұрқырап буы иықтан, Самаурын күтті шәйнегін. Қанатжан күлді миықтан, Шерткілеп стол әйнегін. Алмагүл – депутат Алмагүл еңбек нормасын Атқарып дәйім екі есе, «Жалқаулар, – дейді, – болмасын», Оны да қоймай місе ете.
Топжарған Атқарар қоғам ісін ол Еңбектен соң да үш есе. Табыла кетер ісі мол, Аупартком бюро мүшесі. Бәрінен бұрын – депутат, Халықтық парыз мойында. Сайлаушы берген аманат Жүреді дәйім ойында. ...Шалғайда жүрген малшыға Ер-тұрман, жылы үй керек. Назарда – газ бен монша да, Еңбекке лайық күй керек. Ауызсуыңды алыстан Жалыққан жұртың тасудан. Тиеді бұл да намысқа, Дірілдер кейде ашудан. Табады уақыт бәріне Алмагүл қауырт шағында. Жетеді шешер жеріне, Елгезек әрбір шағымға. Сайлаушылардың талабын Орындау – оның мінезі. Ұйтқы боп күллі шараның Басында жүрер бір өзі. Қастерлер дүйім ауылы: – Біткен, – деп, – біздің маңдайға. Болса да істің ауыры, Шешімін табар қалайда.
Мыңбай Рәш Алмагүл сапарда – Болғанда Монғолияда Жетелеп жүйрік қиялым, Жеткізер туған қияға – Өзіне ыстық ұяның. Аттандым Улан-батордан, Көруге достар өлкесін. Көсіліп дала жатыр маң, Төбелер болып өркеші. Жайылған бейне дастарқан, Кәдімгі қазақ жерімдей. Онда да өңкей дос-дарқан, Кеңпейіл менің елімдей. Көрдім мен Баянөлгейдің Кәдімгі киіз үйлерін. Мейман боп төрге төрледім, Тыңдадым тартқан күйлерін. Сімірдім балдай қымызын Сырлы сән тостағанынан. Тойларын көрдім күнұзын Атжарыс басталғанынан. Атымнан түсіп, баспалап, Су жұттым кәусар бұлақтан. Өзеннен өттім таспалап Табиғат таудан құлатқан. Кең ішік киіп шетінен, Тотыққан күнге жүздері. «Хош келіпсің!» деп күлімдер Қысыңқы қара көздері.
Топжарған Сауыншылармен сұхбат та Жарасты болған ыңғай бар. Тек қана қолмен бұл жақта Сиырды сауар сыңай бар. Осыдан отыз жыл бұрын Менің де солай сауғаным. Есіме түсіп түр бүгін, Саржайлау – туған ауданым. Хош, елі Сухо-батордың! Айнымас көрші досымыз! Аттанып бара жатырмын Бірге боп көңіл хошымыз. * Бір жол бар, алыс болса да, Жап-жақын дәйім көзіңе. Ол – достар жолы, қаншама Жылылық құяр сезімге. Төменде бұлттар жүзеді, Түйенің шуда жүніндей. Ақ қанат лайнер сүзеді, Мұхитын көктің тілімдей. Он сегіз сағат дегенде, Көрінді Вьетнам, қарашы. Қол бұлғап тұрды төменде Хо-Ши-Мин атты қаласы. Қыркүйек мұнда көктемдей, Жарқырап тұрды күн ашық. Гүл шоқтар жауып кеткендей, Тізбекке тізбек ұласып.
Мыңбай Рәш Ежелгі Сайгон – Хо-Ши-Мин, Азаттық туы көгінде. Ханойдың естіп дос үнін, Сақтайды елі жүрегінде. Вьетнам! – Ғажап ертегі, Аралды мұхит. Биік тау. Шежіре бейне шертеді Қаласы көне Бунктау. Айнала банан, ананас, Бамбуктер сәнмен тізілген. Жоқ-ау бір жері жалаңаш, Көркіне көздер сүзілген. Жеміске жомарт дастарқан Алдында еті буйволдың. – Алыңдар! – дейді дос-дарқан, Ішеміз... шырын сұйқылтым. Келдік бір ғажап аралға «Халонга» – курорт үйі екен. Атағы кеңге таралған, Табиғат тартқан сыйы екен. Жеріндей көңіл хошының Бөленген толқу сезімге, Осында келіп Хо-Ши-Мин Тыныққан екен кезінде. Суретшінің қыл қаламы Әдейі салып қойғандай. Сиқырлы ғажап алабы, Қарасаң көзің тойғандай. Аққошқар толқын сүзеді Жағасын осынау аралдың.
Топжарған Ақша бұлттардың тізбегі Алғандай жауын жанардың. Бітімі бөлек мұндағы Таулардың қызық тұлғасы. Бейнедей жанды шындары, Жануардың небір тұр басы. Бір тасы – бейне шөгерген Түйеден әсте аумайды. Бір тасы – шаба жөнелген Жігіттей атпен заулайды. Бір тасы – екі қораздай Тепсіне төніп, алысқан; Бір тасы бейне сарбаздай Атойлап жауға шабысқан... * Қайдан да қайдан жетсін-ай Өзіне Сұлу төрімнің! Тулаған бұлақ Түлкісай – Жаннаты туған жерімнің. Шыжыған ыстық шілдеде Ақ қалпақ киіп басына, Бермейді ырық күнге де, Бұлттарды жиып басына. Өзені күміс белбеудей, Қылымсып «Құлаған Тасы» да, Жонынан жұпар жел кеулей, Себелеп жаңбыр жасын да. Тұрғаны ғажап Сұлутөр – Таулардың бейне төресі.
Мыңбай Рәш Дегендей «менің көркім көр», Жәй табар жаның жер осы! Тастары жұмбақ аңыздай, Кейбірі пілдей, аюдай. Жайылған зеңгібабадай, Кейбірі өрнек-оюдай. Етегі – түкті кілемдей, Қойнауы – кесте көйлектей. Шаншылған шоқы – шлемдей, Сулары тұнық әйнектей. Жазығы – жомарт дастарқан, Шөптері шүйгін мақпалдай. Жайлауы жаздан басталған Ырысы болып жатқандай. * Дегенмен Бомбей, Калькутта Сызылған сазды әнімен, Жанымды менің толқытқан, Билеген қыздар сәнімен. Үндістан! – Елі Нерудің, Елі Индира Гандидің. Түлеген байтақ жеріңдей Сиқырлы әуез, ән-күйің! Сендердің көксер мұратың Соғыссыз бейбіт күн екен. Түспесін дейсің бір бомба Далаға орман, гүл өскен. Бірыңғай бейбіт жолымыз, Жүректің бірге дүрсілі. Мінекей, достық қолымыз – Жолатпас ядро гүрсілін.
Топжарған Сендер де менің еліме Келіндер! – Ашық құшағым! Келіңдер берік сенімде, Достыққа мәңгі құштармын! Сұлутөр сазы Кернеген көңіл күйі домбыра-дастан, Қашаннан қазағыма ән жарасқан. Алмагүл киіз үйден ән шырқаса, Кеткендей қағып алып заңғар аспан. Көмейі секілденіп ән қайнары, Толқыған таң бозынан тынбайды әні. Бұл әнмен бұлбұлдар да бірге оянып, Тіршілік атаулының тыңдар бәрі. Алмагүл ән шырқаудан жалықпаған, «Ой жайлау», «Дедімай-ау» қалықтаған. «Маршымен Жазылбекшілер» ұласады Шаттық боп кең далада шарықтаған. Аспандап әзербайжан, орыс әні, Вьетнам әуенімен қауышады. Асылы, Алмагүлдің ән ырғағы Тасқынды табысына болысады. Атсын деп күздің дереу ұзын таңы, Сымбатты «Сұлутөрін» сызылтады. Хор айтып қосылады құрбылары, Мадақтап өз еңбегін әз ұрпағы.
Мыңбай Рәш * Томпиған жаңа туған бұзауындай Балаң кез бұлдыр қағып ұзауын-ай. Жылмиып ұры уақыт түсіргісі Келгендей егделіктің тұзағына-ай. Маңдайға салған әжім сызықтарын, Өмірдің қиыны мен қызықтарын. Есіне түсіргендей, Алмагүл де Қарайды бүгін үнсіз, қызып қаны. Сезеді еңбектің зор зейнетінің Жеңілдің астыменен келмейтінін. Төккен тер тамшылары текке кетпес, Біледі солай алға өрлейтінін. Тілейді болса екен деп ашық күнім, Жасырмас ол өмірге ғашықтығын. Ядро қырып-жойғыш жарылмасын, Аяла бейбіт өмір – асық күнім. Атынан құрбылар мен құрдастардың Осы үкім жүрек сөзі сырластардың. Сұлутөр аясында еңбек еткен Жазылмақ жайсаңдары жыр-дастанның! Эпилог Қашаннан қазақ еліне Той-думан жасау жарасқан. Жарысқа жомарт жері де Жазылған байтақ, тамаша ән. Қияға құштар көңілдер Қыратқа қарай ағылып. Қуаныш нұры төгілер Бәйгені күткен сағынып.
Топжарған Сондай бір жиын бүгін де Сәніндей Сұлутөрдің де. Әркімнің толқу – үнінде, Көңілдер хошы – өңінде. Күзелген жал мен құйрығы Ойнақшып ұшпа тұяқтар, Табиғат берген сыйлығы – Тыпыршып жүйрік тұр аттар. Белгілеп бір-бір жүйрікті Алмагүл құрбыларымен, Қиялмен ұшқыр құйғытты, Шадыман шабыс, арынмен. – Боз құнан алдын бермес! – деп, Бүйірі қызды Ырзаның. – Оныңа жирен көнбес! – деп, Мейіркүл безер тіл-жағын. – Әсіреқызыл тез оңар, Кеп қалар біздің торымыз. Жайым жоқ ерте қазбалар, Сабыр ет, шыдар болыңыз. – Алмагүл көнді шыдамға, Жарыстың аты жарыс та. Бәйгеден аты шығар ма, Беймәлім – шапқан алыста... Алып бір ұшқан сезім де, Білсеңіз, өзі бір қызық. Құштарлық та өз кезінде Билігін тұрар жүргізіп. Самалды сары жайлаудың Жусаны мұрын жарғандай!
Мыңбай Рәш Малшылар күнін тойлау да Ғажап бір дәстүр болғандай. Келетін маңдай терменен Еңбегім қандай береке! Әуені көкке өрлеген Өмірім ғажап мереке. Келісті кербез көркін-ай, Сұлутөр, таудың бауыры... Болсайшы бәрі, шіркін-ай, Осындай қазақ ауылы! Әспеттер әке-шеше көп, Жұлдыздай бейне самсаған – Мәңгілік батыр атағы, Рухын сақтап тамсанған Қастерлер қазақ отаны! ЖЕТЕКШІ I Сынапша сырғып сөздер, көп көзқарас, Дуылдап жүріп жатты пікір талас... «Жастарға тәрбие» еді – күн тәртібі, Сөйлейді біреу шешен, біреу қораш. Қашаннан қанға сіңген біздің әдет – Қалайда сақтау қажет тәртіп, әдеп. Таласта бір додабас суырылып, Білгішсіп суыл қақты, тілін безеп. Таратып жаңсақ ойын, талғап та алды: – Жаз дейсіңдер Ғаниды, Талғаттарды. Мына мен – сол Ғанидың жерлесімін... – Өзінше айтар сөзін салмақтады:
Топжарған Меніңше... Ешкім оны жаза алмайды, Ендеше оны неге мазалайды? Ғанидан өзгелері құрып қап па, Тимеңдер!– пікір айтқыш кажалайды. Түйеден түскендей жат сөздеріне, Жалт қарап, жетті көптің көздері де. Бір істі тындырғандай сарыуайымшыл, Түсі қуаң тартыпты өзгеріле. Танушы ем сол жігітті джинси кигіш, Ұстара жанығандай, арық, иміш. Жалбырап ұзын шашы иығында, Сиқы анау жерлесіне «жаны күйгіш». Әттең-ай, кетті-ау Ғани қыршынынан, Сұрапыл шақ, сырқаттың қырсығынан. Бүгінде, бәлкім, тірі болғанында «Жерлестің» жиіркенер-ау былшылынан: «Мен қашанда адамдық жерлесімін, Сондықтан щығар әйгі елге есімім! Адалдық пен жолында адамдықтың, Тегін емес аяусыз белдесуім! Екеумізге болғанмен Қазалы ортақ, Аулақ менен келте ойлы, кеміс, шорқақ. Туғанында дүрбелең дәуірімде Қайтер едің түріңмен мынау қорқақ?» II Ғұмыры – талай-талай дастанға жүк, Отырмын Ғани жайлы бастап жазып. Қазалы қыраттарын араладым, Алдымнан шықты бір кез шалқар жазық.
Мыңбай Рәш Жүрегін ұшқыр қиял толғасын да, Құйғытсын мініп алып жорғасына. Ақ құсы қанат қақсын арманының Солай... солай... ол Ғани болғасын да. ...Қарамай көкіректе ой азына, Қарамай пікірінің таязына, Сөйлейді сөзуарлар жаңағыдай, Аралдың тойғаннан соң қаязына: – Мен дағы Ғани туған ауылданмын, Қазалы... Дүрбелеңнен... дауылданмын. Ертеде аласапыран кездерінде Айрылыппыз ағадан, бауырдан мың! Шарлаппыз, – дейді, – сонда біз даланы... Білмеймін неге екенін, сызданады. Қалған соң өз қаламы қасаң тартып, Ғаниды өзгелерден қызғанады. Ойлайды-ау жұрттың бәрін өзі тектес; «Жазуға кедергі көп, – дейді, – өтпес!» «Ғаниды жазу мүмкін емес» деуі Пікір ғой күпірлікпен тұрған шектес. Қашанда сарыуайым салар надан, Жатқандай шығып кетіп су арнадан. – Жоқ, жолдас, Ғани жайлы жазам! – дедім, – Сен тумай тұрғанда да жыр арнағам! Бұл бейбақ, айтшы, неге қызғанады? Қаймағын, дұрыс дейді-ау, бұзбағаны. Қалайша жазбай, сірә отыра алам, Тебірентсе өз халқының мұзбалағы?! Жанарын жарқын күнге бағыттаған Ғанидың, от өмірі – шабыт маған.
Топжарған Ақын ба ардақтыға жыр арнауда Көгенін көңілінің ағытпаған. Сенімен сондықтан да келіспеймін, Жазамын жас жетекшінің жеңістерін. Тарихта алтын әріппен аты қалған Ғанидың жырлаймын мен өр істерін. Ғани даусы саңқылдап мінбелерден, Көкейіне мыңдардың гүлдер өрген. Жастарға ұйтқы болып, жоғын жоқтап, Олардың мұң-мұқтажын көзбен көрген. Ол – ғажап үгітшісі келешектің Болашақ үшін, сірә, берешек кім? Сендер – жастар – болашақ иелері, Бала емессің, бүгінде ересексің! Жалықпаңдар оқу мен үйренуден, Жат қылыққа жол берме, жирен мүлдем. Халқың үшін – қайратың, ісің, миың, Без – әншейін жан сақтап, күн көруден. Алда – қиын асу мен қыраттарың, Өмірдің сан өтесің сынақтарын. Сүрінсең де, сол жолдан тайма, танба, Сонда жақын көрінер мұраттарың! III Ғаламат ойға қалдым кешесін мен, Халқының қалмас мәңгі еш есінен. Есімі ұласқандай Алатауға Өрледім Мұратбаев көшесімен. Жасындай аспан жүзін осқылаған, Қып-қысқа ғұмырында тасқындаған, Тындырып үлгіріпті-ау қыруар істі, Қым-қуыт қиындықтан жасқанбаған.
Мыңбай Рәш Есімін оның биік мұраттай ұқ, Ерлердің рухымен бір аттайық. Жалындап, жаңалықтың жаршысы боп, Мінбеге көтерілсін Мұратбаев! Семсердей суырылған қынабынан, Кетпеген ел мүддесі құлағынан. Жүректе жыраулардың жыры ағылған. Туу керек болған ғой – Сыр маңынан. Жетелеп жас қауымды даласына, Жаршы боп кірсін терең арасына! Сауатын ашып бірден шыға келсін Қазақтың қаратабан баласы да. Оятып Орта Азияның өрен жасын, Жас елге жаппай сауат таралғасын, Шошымасын Хорезм қарттары да, Лақтырса өзбек қызы пәрәнжасын. Түйресін семсер сөзі топас байды: – Кедейлер сендерменен отаспайды! Кім егер шындық үшін шырылдаса, Тек солар өз жолынан адаспайды. Түркістан... Адал жастар Шығыстағы, Азаттық туы астында туыс, кәні! Жер жүзі жастарының арманы бір Қажет қой бір-бірімен ұғыспағы. Қорғаймыз адамдықты, қиял, арды! Қолдаймыз бірлік, Интернационалды! Шарласын осынау үн
мұхиттар мен Жаңғыртып қала, дала қиырларды!
Топжарған Таптаған адалдықты, намыс, арды Аяусыз түйредім мен тоғышарды. Еліме деген менің өршіл ойым Жүгенсізді тұсаулап, алыса алды. IV Тұрмын мен Сырдария жағасында, Толтырып көкіректі ауасына. Дүниеге шыр етіп келген еді Жастардың жетекшісі тап осында! Балалық шақ ештеңе жоқ ойында, Қиқу сап Сырдың сырлы тоғайында. Қармақпен балық аулап, құмына аунап, Қараған құштарлықпен маңайына. Кешіксін жырын тыңдап жыраулардың, Естіген әуендерін мың арманның Зерделі Ғани миын мазалаған Жұмбағы сансыз қиын сұраулардың. Жертөле жара салып жас жанына, Қүрсініп құлазитын қас қағымда. Серпіле сергіп кетер сері көңіл, Жұлдызды қарағанда аспанына. Алыстан арманындай Ай қалықтап, Дегендей: «сырым терең, ойланып, тап». Аспан мен жұмыр жердің жұмбағы көп, Отырар ой-желіге байланып қап. Үндесіп зор дүбірі оққа кірген, Күрескер қызыл ерлер атқа мінген. Қасқайып топ басында Ғани жүрді, Атой сап Қазалының бөктерінен. Қыран көз, бұйра шашты, қарыс маңдай, Зердеңе қонар сөзі алыс барлай.
Мыңбай Рәш Жауларға жай оғындай мейірімсіз, Жеңбей тынбас, болса егер алысқандай. Серпілтіп Сырдың сұлық атырабын, Жасақтап жауынгерлер отрядын. Жас Ғани жаршы болды жас кезеңге Кім білген дәуір қайда шақырарын?! Төзбеген бай, манаптың азабына, Төзбеген қанауы мен мазағына. Ұлттық азаттығын армандады Қапа мен қайғысы мол Қазалыда. Қарын тоқ, қайғысы жоқ би өзінде, Жаз жайлау, қыс қыстауы – сый өзінде. Төрелер тәйкесінен тікірейген – Қанқұйлы топ Қазалы уезінде. Бай:манап қанша үйірсін қамшыларын, Тауысып болған кедей бар шыдамын. Қосылды келіп жаңа жасақтарға Ашынып атқа қонған жалшы қауым. Жастардың паш еткендей аңсағанын, Совдептер соқтырар деп таң самалын. Өлкеде Ғани өзі тұңғыш рет Қалады ірге тасын комсомолдың! Түркістан... Хорезмде... Бұхарада... Ойларын жариялап бұқараға, Жетекші Ғани оттай алаулаған – Бейнебір келген бақыт, құт араға. Ғанидың ақ арманы бір кездегі – Коминтерн... ВЛКСМ съездері,
Топжарған Аялап алды оны құшағына, Жарасты жас ұрпақтың нұр жүздері. Алматы, Пионерлер сарайында, Өр тұлға қарап қойып маңайына, Тұр ойлы жолдас Ғани Мұратбаев Жаршы боп Жаңа дәуір арайына. Дауысы болашақпен ұласқандай Отанның жастарымен сырласқандай. Тұр Ғани тұғырында, тұлғасы зор, Жас қалпы. Жанары оның нұрлы аспандай! Көрмеді ол ата-баба аңсағаны, Соғарын тәуелсіздік таң самалы. Көгілдір көрсе бұрын өз елінің Айқын ғой жүрек толқи ән салары! ШУАҚТЫ ШЕРУ I Жалғыз-ақ рет емес пе Жасайтын пенде өмір де. Кетпейтін естен белес те Жатталып қалар көңілде. Жалғыз-ақ рет тағдыр да Бұйыртар ғажап бар-ау сәт. Қырық жыл өткен дабырға Қараймын ойлы мен аңсап! Оқушым, еске түсіргей, Сұрапыл сол бір парадты! Сомдалып соққан мүсіндей Жаһанға даңқын таратты.
Мыңбай Рәш Сол сәтті еске аламын Еңсесін елдің өсірген. Қастерлеп тағы қарадым, Мақтаным, бағым, несібем! Жаңғырып және шықшы алдан, Қаһарлы қайран батырлар. Аңыздай болып тыңдалған Ойылған таста атың бар. Қауіптің бұлтын ықтырып, Сырт жауға сырын бермеген. Жеңістің туын тіктіріп, Дабылды даңқы өрлеген. Ерлер-ай, ерлер аңызды, Жері үшін қиып жанын да, Жаусатып келген жауызды, Жолатпай қойған маңына! Есімде... Тұрған қар жауып... Болса да бұлтты аспаны, Москва түні жап-жарық, Әндеткен жарқын жастары. Қағазбен қойған желімдеп Терезе – көздей шел басқан. Тұрады диктор мәлімдеп... Тутасқан соғыс: жер – аспан! «Юнкерс»– бейне инелік Қаптайды көктен құзғындай. Түрі жок қайтар именіп Келеді ұшып ызыңдай. Тажалын тастап үлгермей Құлайды барып орманға.
Топжарған Басқасы келер кідірмей. Бықсиды ол да сол маңда! Театр атты Вахтангов, «Известия» – газет үйі мен Шетінесе де, сақталып, Құлаған кірпіш үйілген. «Хейнкель» деген аспаннан Алады жиі-ақ мазаны. Үрейлі хабар басталған, Зеңбіректер мойнын созады. Тастауға ажал бомбасын Үлгермей қалар шыңғырып. Көресің жатқан қаңқасын, Абайсыз алған сындырып. II Аспанда сансыз күшіген Секілді бейне шүйіліп. Москваның үстінен Құлдилап төмен құйылып, Көкке ұшса дейді Кремль, Қаскөйлер бомба тастайды. Ресейдің алып жүрегі – Москва әсте саспайды. Сақтанған, қару қамданған Москва мүлде саспайды. Жүрегі елдің жолданған – Жігерге жаңа бастайды. Дүрбелең! – Дабыл, қатерге Үйреніп кеткен құлақ та. Қауіпті – үйге, пәтерге! Осылай... әр күн, әр апта...
Мыңбай Рәш Москва бейне жамылып, Тұрғандай әскер шинелін. Фашистер тауы шағылып, Тартады аза күйлерін. Тағы да фашист таңбалы «Хейнкель» қаптай ұшады. Жалп етті! Бықсып жанды, әне, Гүрс етіп ажал құшады. Кейбірін атып түсіріп, Кейбірін соғып «тарандап» Аспанда еркін көсіліп Ұшады Виктор амалдап. Қорғанды Қызыл Алаң да, Қорғанды үлкен театр. Әлекедей жау жаланған, Түрі жоқ оғын тыятын. Москва – солдат қаласы, Москва – Ресей жүрегі. Москва – тірек, панасы, Москва – тарих, Кремль! Күндіз-түн балқып болаттар, «Барлығы – майдан үшін!» – деп, Таппады тыным заводтар, Қарулар қаттап ішінде. Жігіттер кеткен майданға, Мамандар аз-ақ білгір шын. Станоктарға байланған Қария, әйел, бүлдіршін. Білмейді қажу дегенді, Уақыт жоқ-ақ шаршауға.
Топжарған Білмейді мүлде бөгеуді, Астана тұр деп қоршауда! Ағат сөз айтылмайтұғын, Жат еді нақақ кіжіңдеу. «Майданға!» деген айқын үн, Есетін әр кім жүзінен. Көзбен-ақ үнсіз ұғысып, Қимылдап бірі бәрі үшін, Талайлар кетті туысып, Майданның ортақ қамы үшін! III Жауларға болған тосқауыл, Қазулы терең ор жатты. Фашистер әуре босқа жүр, Москваға – мүлде жол жоқ-ты. Москва – бейне, Геркулес, Оқ өтпес, күймес отыңа. Қасына қасты келтірмес, Айналған дүлей дотыңа. Мәскеудің тұрды түбінде Жаулардың нағыз жауызы. Дүрбімен қарар үңіле, Жалманып тажал ауызы. «Басшылары Кеңес елінің Кетіпті қашып Уралға, Қызыл Армия шеруін Тоқтатқан енді біржола!»... «Москва... шеруі үшін» деп Тіктіріп Фюрер мундирін,
Мыңбай Рәш Киноға жөн деп түсірген... Көңілді күтіп күндерін. Қиялдап ғажап банкетті Москваны алған кештегі, Бастырып билет, ант етті – Жеңем! – деп, сонда бөскені... Ойлады даңғой болар деп, Париж бен Амстердамдай. Брюссельдей бүріп алам деп, Маршпен кіріп алданбай. Ленинград, Волоколамның, Тас жолдарымен тайраңдап, Қаптамақ Қызыл Алаңға, «Хайль» деп кіріп сайраңдап! Кеңірдек созып Фюрер де: «Жетер деп қару-жарағым, Кіремін барып Кремльге Өткізем Рейх парадын!» – Қаптатты ауыр танкісін, Әскерін жаяу төкті кеп. Аямай салды бар күшін Кеудесі асқақ көк тіреп. ...Күндіз де, түн де қиямет Қағылар қатер дабылы. Қорғанар пана ұя деп Метроға жұрттар ағылды. Вестибюль толы адамдар Қорғанған қауіп-қатерден. Ақ шашты ана, балалар, Көздерден кекті от өрген.
Топжарған Жалғасып жойқын жағалас, Жерде де, заңғар аспанда Әр көше, әр үй, әр ағаш, Қорғанды алып астана. «Жуырда... Қызыл Алаңда Бола алмас бір де мереке!» – Деген де хабар тарауда Кейбірі етіп келеке. IV Төзімге халқым шыңдаған, Салтанат сәтін қолбасшы Ұйғарды Адам мыңдаған Метроға жедел жиналды. Қазанның ұлы Жеңісті Жиырма төрт жылдық мүшелін Тойлаймыз бүгін жемісті, Бірлікте – біздің күші елдің! Москваны жауға қашан да Берген жоқ едік, бермейміз! Баса алмас фашист еш алға Белдессе – белдес! – Кел! – дейміз – Метро трибунасынан Осы еді сөздер өрбіген. Көздердің кекті жасынан Талайдың жанын тербеген. ...Москва үшін арпалыс Аспанда, қала, орманда, Қалған жер жоқ-ау қалтарыс, Беймаза – майдан бар маңда.
Мыңбай Рәш – Жауларға жүрер жол жоқ, – деп Таяу ғой, таяу Москва! – Панфиловшыл ер Клочков Жауды алды оқтың астына. Бүркіттей көктен құйылып, Өр ұшқыш – Талалихин де, Қаусатты жауды шүйіліп, Айқаса кеткен бетінде. Танылған түннің тұйғыны Ауызда аңыз болған ер, Сынса да сұңқар құйрығы Амалдап аман қонған ер. Түні де болған күндіздей Сәулелер ойнап, қақ жарып, Тұрды ерлер көзін ілгізбей, Москва көгі жап-жарық! Зенитші тағат таппайды, Оқ бүркіп көкке зіркілдеп. Гүрс етіп бықсып жатқаны, Кресті қанат біртіндеп. Бородиноның маңында Бауыржан менен Мәліктер Шабуыл жасау қамында, Өртелді талай танктер. Москва үшін – Сібір мен Эшелон келді шығыстан. Күндіз-түн... құлақ түрілген Астана халін ұғысқан. Москва – Қаһар құрсанған Қайраты мығым, хас қамал!
Топжарған Ол – жойқын жігер жұмсалған! Жасайды жаулар босқа амал! Москва!–халық сенімі, Ресейдің алып жүрегі Москва! – десер ел үні – Төрінде – асқақ Кремль! Мәскеуді қорғап сақтаймыз, Қалғанша қасық қанымыз! Москва! – деп алға аттаймыз! – Шыққанша шыбын жанымыз! – Осылай – жүрек лүпілі, Осылай – көптің қалауы. Жеңіске үндеп күн-түні Желбіреп көкте жалауы. V Қолбасшы үнін тыңдады ел Аласапыран кезінде. Қайратын қайтпас шыңдады ел Отаншыл асқақ сезімде. Сталин сөзін – тыңдады ел Қатерлі шақтың өзінде. Мәскеуге жәрдем жолдады ел Буынып берік төзімге. Жолдады әскер кисін деп Шолақ тон, байпақ, қолғапты. Қамқорын елдің білсін деп Қуантар қыста солдатты. Заводтың цехы айналды Әскери бейне штабқа, Көп көзі сонда байланды, Ар-намыс түскен сын шақта.
Мыңбай Рәш «Сақтықта қорлық жоқ» деген, Жарылғыш қапшық қасында, Заводтан ешкім кетпеген Станоктардың басында. Айқасу қажет болса егер, Аттанбақ – цехтан шыға сап. Тынбайды бірі қол шебер, Қатыгез қатер туған шақ. – Мәжіліс өтті дегенше Болатын шығар парад та. Фашистер біраз бөгелсе... Жүгіртіп неше сарапқа. Күтеді көңіл шіркіндер Тағатсыз таңның атуын. Зеңбірек тағы зіркілдер, Тревога!.. деген қату үн. Естілді тағы құлаққа, Метро – орны қорғаныс. Парадты күткен бірақ та Басылар емес ар-намыс! Басылар емес мейрамға Үйренген жүрек дүрсілі. Келгенде көңіл байламға Сағынып салют гүрсілін. Саяси бюро мүшесі Болғандар ерек сезеді: Ұлы Отан үшін үш есе Тер теккен сол бір кез еді. Тым-тырыс Қызыл алаң да Хабарсыз әлі парадтан.
Топжарған Таң ата ғана хабарды Өкілдер бірден таратқан. Ғайыптан келіп түскендей Аяқты ширақ алысып, Кеуделер шалқақ, күш керней Кеудеге қару жабысып. Келеді біздің солдаттар Қасқая Қызыл Алаңда. Парадта – намыс – мандаттар Паш етіп күшін заманға! Ойнақтап мінген боз атты Буденный маршал шыға кеп, Қабылдап алды парадты Армия тұрды: «Ура!» – деп... Армия тұрды «Ура!»-лап Басталды әскер парады. Таңданды әлем! Бар алап! Ғажайып хабар тарады! VI Тік тұрып төбе шашы да, Жұлып жеп екі иығын. Гитлер кетті шошына Айнадан көріп сиығын. Ашуын алған тырнадан – Құтырған иттей қабаған. Гитлер бетін тырнаған, Сасқаннан санын сабаған. Сезді ме ол осы парадта Болашақ жеңіс жатқанын?!
Мыңбай Рәш Сайтанын салып сарапқа, Тағы да құрды қақпанын. ...Жасасын халық қаһарман – Ұраны қалқып аспанда. Қашаннан батыр атанған Өткізді парад бас қала! Спасск мұнарасы мен Шатырға биік шығып ап, Қарады ел көңіл қошымен Қуаныш жасын сығып ап! Достары тұрмақ, қайран қап, Ер елдің – жат көз қасы да: «Қызылдар жатыр сайрандап Жолатпай жауды қасына! Өткізіп Қызыл Алаңда Салтанат – шеру парадын, Аттанып жатыр майданға Кезеніп қару-жарағын!». Хабарлап эфир, газеттен Сескенген суық сұсынан. Кешікпей сәл-ақ мезетте Москваның қуып тұсынан. Қаһарман Қызыл Армия Күйретті жаудың жасағын. Астана үшін жан қия, Жеңіске басқыш жасады! Салтанат көп қой сәттері Қаһарын қайтпас таратқан. Бұл парад – тарих беттері... Айрықша өзге парадтан!
Топжарған * Москва үшін шайқаста Бауыржан даңқы өрледі. Ата-бабаға ой тастап, Намысын қазақ бермеді! ЖИЫРМА СЕГІЗ І Жайқалып жасыл емен, бала қайың, Жарыса қаптай өскен қарағайың. Шыршалар қадап өткір кірпіктерін, Дабылды шерткендей сыр – майдан жайын. Осында Дубосековоның кәрі, жасы, Куә боп, Немидово деревнясы. Шөп басқан мылқау окоп шығар алдан, – Шерткендей жиырма сегіз уақиғасын! Қараша тұрды ұсынып ызғырығын, Қылымсып көрсетпейді қыз қылығын. Бітейді кұлағыңды еміс-еміс Жарылған бомбалардан бір бұзық үн. Күндей боп артиллерия күркіреген, Зеңбірек зәрін төгіп зіркіреген. Жау танкі тасбақадай тырбаңдайды, Тыйылып «көк жөтелі» күркілдеген. Фашистер Москваға аран ашып, Жолына Волоколам қарады ашық. – Қайт кейін, хайуандар! Жол жоқ,– деп еш! Тұрды ерлер ашу-кегі араласып. Дубосеково! Панфилов! Жиырма сегіз!.. Шежіре боп қалған осы сөздер егіз.
Мыңбай Рәш Менің де дастанымның арқауы бұл Ой қозғап, жан тебірентіп, болған негіз... – Разъезді... жаулар қанша жабылса да, Бермеңдер! Жер мен көктен сабылса да. Төрт сағат! Бөгеу қажет қалай-дағы Төрт сағат! Шыда достар нағылса да... – Бұйрығы жоғары бас колбасшының – Осылай!... Төрт сағаттай болмас тыным! Жиырма сегіз жауынгер кеудесімен Қарсы алды келген жаудың болжап сырын! II Сарғайып сансыз жапырақ, Қоңыр күз түскен кез еді. Бұталар желден қалтырап, Суықты келер сезеді. Разъезд иек астында, Өтеді жиі поездар. Тиіп тұр, таяу Москва, Хабардан суық – бой мұздар. Фашистер таяп қалыпты! – Деген сөз қарып жүректі. Бірлікке баулып бар ұлты, Түргізер қату білекті. Бір апта бұрын осыдан Василий серіктерімен Деревнядағы досына Қонақта болған түнімен. Василий, адас екенбіз, – Деген-ді колхоз ұстасы, –
Топжарған Әрине бөлек мекеніміз, Ұмыта көрме қысқасы!.. – Ыстықтай сүтті ішіңдер, Картоптан алып қойыңдар! Ізіне бекем түсіңдер, Жексұрын жауды жойыңдар! Василий ұста әжімі Қалыңдап бейне кеткендей. Жүзінен есер қажыры Өңменінен жаудың өткендей. Түйіліп қатты жұдырык, «Әттең!»... деп барып басылды. Жанары саққа жүгіріп, Тыйылар емес ашуы. Отырды ұзақ иіскеп Шалғайдың апорт алмасын. Көзіне бау-бақ елестеп, Жүректе кегі қорғасын. – Алматының әйгілі Алыңыздаршы алмасын! Өзге де жетер байлығын, Жеңістен қайтып барғасын. Көрерсіз әлі-ақ көзбенен, Алатауды да ғажайып. Арман да көп қой көздеген Жеңіске! – деп тост алайық! Қымсынба, Зина, Маруся Алыңдар елдің алмасын. Жүздеріне ұқсас қарасаң, Дәмі бал, риза боласың.
Мыңбай Рәш Қайғының бұлтын ысырып, Беу, қыздар әнге бастаңдар. Зәресін жаудың ұшырып, Әннен де айбат тастаңдар! – Деп қойды Вася әзілмен, – – Қасакы жауды жайратып, Оралар шаққа әзірлен, Гармоньды соза сайратып! Рота жауынгерімен Өздерің көңіл қосыңдар. Күтіңдер бізді сеніммен, Келгенше бізді тосыңдар! – Василий, тым-ақ асығып, Үйленіп қойған екенсің, – Әзілдер Вася ашылып, – Қиылып па еді некең шын? ...Әзіл де, ән де өрілген, Жексенбіні ойға ап кешегі. Окопта суық керілген Политрук ойлы. Кеш еді. Үстінде шолақ тоны бар, Жарасты текше мұрты да. – Бүгін түн абай болыңдар, Көнбеңдер жаудың ырқына! – Деп қойды басшы генерал, Картаға төне шүйіліп. Жасайды болжам, сан амал Қабағы қату түйіліп...
Топжарған III Қарлы таң атты сібірлеп, Тұрды жау сеніп күшіне. – Төрт сағат! – деді күбірлеп, Политрук ойлы пішінде. Төрт сағат! – Артық айдан да, Шықсақ біз өтеп парызды, Минут та қанды майданда Бағасы бөлек тәрізді. Шыдап бақ, достар басталмақ Сәлден соң жойқын жағалас. Жайымыз жоқ еш жасқанбақ, Жолату жауды жарамас! Сабыр ет, достар, фашистің Келеді танкі сап түзеп. Қаруын қамда атыстың, Қажет-ақ дәлдік, сақ күзет! – Артымда тұрса Москвам, Шегінудің мен не екенін Білмеймін! Жауды еш бастырман, Россия ұлы мекенім! Қамалдай кұрыш – іргеміз, Соқ жауды! – деді Клочков. Деген сөз: «біздер біргеміз!» – Ұрпаққа қалды мирас боп. Жиырма сегіз қолдаса, Тіресті елу танкпен! Жаулардың ойы – далбаса, Айқасты нағыз алыппен!
Мыңбай Рәш Қаһарға қарсы тұра алмай Фашистің темір сауыты. Дубосековоға кіре алмай, Қаңқасы жерді қауыпты. Жиырма сегіз! – қалқандай Жолына жаудың құрылған. Танкіні талай талқандай Таймады бір де тұғырдан. Жиырма сегіз! – Бауырмал Ұрпағы ұлы елінің Тайсалмай қатал жауыңнан Жықпады туын елінің! Жиырма сегіз! Ол – орыс, Украин, башқұрт, һәм қазақ... Жиырма сегіз – ар, намыс, Батырлық дастан – ән ғажап. Жиырма сегіз – аңыз ол. Жұдырық тастай түйілген. Хас батырлар нағыз ол Ажал боп жауға шүйілген. Жиырма сегіз! – Құдірет, Нояндар қайтпай қасарған. Қас жауға күндей күркіреп, Жасын боп түскен жас арман. ІV Москва! Қанша ғасырдан Қаскөйлер тісін қайрады. Желігі барып басылған Шыққанда мүлдем ойраны.
Топжарған Сұқтанды саған Карлдар, Сұқтанды Бонопартың да. Мазақ боп зытты малғұндар, Қарауға әл жоқ артына. Міне, енді адам, жаулары Бетке ұстап даңғой Фюрерін, Москваның торып бар маңын, Жеңуден үзбес күдерін. Өкшесі жаудың баспайды Москваның жалғыз тасын да. Оларға енді бас қайғы Қасиетті қала қасында. Жаужүрек жиырма сегіздің Жүректе мәңгі есімі. Қасиетті Отан! – дегізген – Салғанда атой – шешімі! Қуат ап қанша аттанған Кремль қабырғасынан. Ерлер көп аты жатталған Айбатын ашу асынған! Төрт сағат! Десе дегендей, Ене алмай жаулар егесті. Танктер келген бөгелмей Жастанып жатты дөңесті. Жиырма сегіз! Ғаламат Кегі үшін десіп батырдың, Фашисті жойып, жаралап, Сарбаздар жауды жапырды.
Мыңбай Рәш * Төрт сағат! Аласапыран Тұтасып бейне жер мен көк, Арыстан болып атылған Қас жаудан алып ерлер кек! Төрт сағат бейне қас қағым, Жоғалтып қанша батырды, Қорғасын бойын басқан мұң, Жалғыз ер жылап отырды. Жиырма сегіз дәуірім, Қайдасың, қайда бауырым? Артыңда қалған сауыңның. Білсен, ғой халі ауырын! Жиырма жеті жан досым, Жиырма жеті арысым! Жиырма жеті қандасым, Жиырма жеті намысым. Жүрегім менің сендердей Соқпай-ақ қойса игі еді. Жалғыз қап неге сенделдім, Өкініш найза түйреді. Өздеріңменен мені де Кетпедіңдер-ау бірге алып. Жуынып жаудың кегіне Жайқалар гүл боп ырғалып! – Жарайсың, Иван Шадрин – Селт етті ол осынау дыбыстан. Тірі екенсің ғой, бауырым, Есен бе, батыр туысқан?!
Топжарған Папағын алып басынан, Командир жас ап көзіне Ерлердің келіп қасына Қарады толқу сезімде. Сол күннен бастап тарады Атағы жиырма сегіздің. Тартыл күй – кекті, қаралы, Толқынын шайқа теңіздің! V Жау келді жерді қанға бояйтындай, Келді жау – тапап, қырып, жоятындай. Сыйса егер жалмауыз жау еңешіне Жер шарын түгел жұтып қоятындай! Түбінде Москваның туы құлап, Шегінді фашист біткен. Жатты сұлап. Оларға астананың өзі тұрмақ Титтей де бүйырған жоқ төбе, бұлақ... Ерлердің ерлігін ел тегіс үндей, Деген шақ Москваның жеңісіндей. Жас табыт – Жиырма жеті жатыр қатар Жерінде өздерінің тері сіңген.
Айрылып адал достар, арыстардан, Ойға алып от күндерін намыстанған, Тұр Иван: «Қаза атты «сыбағадан» Қалайша деп ойлайды қалыс қалғам?! Мамық боп жатсын табыт-тақтайларың, Жас ұрпақ сендер жайлы жаттайды әнін. Аңызын жиырма сегіз жауынгердің Ұрпақтар еске сақтап, мақтайды әлі!».
Мыңбай Рәш Дегендей: хош, достарым, ұйықтаңдар, Тұр мүлгіп басын иіп биік талдар. Тәндерін, – жерге, өлмес рухың – бізге, Сендерсің ататұғын ерлік таңдар! Бір кезгі сертін бұзбай қыздар күткен, Қартайып, жүздеріне ызғар біткен. Жас шағын зиратқа кеп елестетті, Гүл қойып алыптарға түз-дәм біткен. ШЕГЕ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ Япырау, неге жасырып Қолдарын екі қалтаға, Қандай ой өңін қашырып Қарайды мұңды қарт адам? Жігіндей жердің әжімі Тереңдеп, ойға шомады. Пәк жаны неден қажыды? Қысты әлде қыстың бораны? Кірпігі шыққа шыланды, Жабырқау көздің, жасы ма? Әзірше жұмбақ бұл әлі, Өзінің аян басына. Менің де нәзік жанымды Бір сезім билеп ойменен, Сәлемдесе кеп жанына, Сұрадым халін жайменен. Ұйытқып баяу тұрған-ды Үйреншік жаяу бұрқасын. Ұлпа қар басқан бар маңды, Жоқ суық. Қалай қорқасың?
Топжарған Алды да ауыр күрсініп, Ағытты сырын қарт адам: «Тәлкегі ауыр тіршілік Сыйлаған ғұмыр қайтадан...». Қарияның сол сәт көзіне Сұрапыл соғыс елестеп, Оранды ауыр сезімге... ...Қақаған каңтар, белес көп... Түн еді тастай қараңғы, Аттандық қанды майданға. Бір ұшақ ұшып барады, Зулап оқ қырдан, ойдан да. Арнайы артқан аманат Барлаушы десант тобымен. Қаперімде жоқ жаманат, Жаулардың түстік көгінен. Партизан достар лаулатып От жаққан жерді тұспалдап, Парашютпенен заулатып Келеміз түсіп қос қолдап. Аспанда самсар жұлдыздар, Атылған оқтар одан көп. Осады бетті түнгі ызғар, Алай да түлей боран боп. Кептірген бейне терідей Ағашқа қаппын ілініп, Шулайды жаулар бөрідей, Абалап иттер жүгіріп. Естідім қалған таянып Дөңкиген танкі гүрілін.
Мыңбай Рәш Дыз етті оң жақ аяғым. Өлмедім, әйтеу, тірімін. Сипалап қана байқадым, Боялдым қанмен, сеземін. Шығып та кетті айқайым, Талықсып кетті өзегім. Жүруге талпынамын-ақ, Басуым қиын аяқты, Отыра бердім дамылдап, Білмеймін қанша қан ақты... Қалғыған орман, қараңғы Кімдердің шыққан дабыры?. Елегзір десант жаралы Білгенше қалмай сабыры. Қайнайды ішім қазандай, Үмітім сөнбей жүрмісің?.. Тым құрса деймін азанда Достарым тауып үлгерсін. Құпия бір іс тындырмай Түсем бе жаудың қолына?.. Сенімнің сағын сындырмай, Оқтадым наган оғын да. ...Сонан соң есім ауыпты, Кетіпті көзім жұмылып. Фашистер іздеп тауыпты, Жынданып алған шүйіліп. Таңулы басым. Жатырмын. Тұр екен фашист дырауың. Ақырар: – Кімсің? Атың кім? Төпелеп жатыр сұрауын.
Топжарған – Сені кім мұнда жұмсаған? – Атын айт командиріңнің? – Келдіңдер: мұнда қанша адам? – Комсомол? Айт тек шыныңды... – Мақсатың қандай көздеген? – Қай тұста ракеталарың? – Құрисың бұрын өзгеден, Бермесең нақты хабарын... Үмітің сөндір біржола, Тұтқында тегіс жақтасың. Ашамыз ертең айқара Кремліңнін, қақпасын. – Атаңның басы, – деймін мен, – Айтқаның жалған. Сандырақ. Кешікпей бірге фюрермен Мойының қалар салбырап! ...Күкірттей жүзі түнеріп, Жындана фашист ақырар. Жұдырық жұмсап шіреніп, Ашуын зәрлі сапырар. Ашпаймын жақты, тіс жарып, Зығырым қайнап жатқанмын. Атуға мені ұйғарып Әкетті алдында ақ таңның. Тұрғызып теріс қаратып, Желкеден атты жендеттер. Жіберді оқты боратып, Жалп еттік біздер сол бетте. Серейдім білем мен-дағы, Сор қайнап өлген шығармын.
Мыңбай Рәш Жалт етті өмір, ел қамы, О, тағдыр, неге ұйғардың!? Сенсеңіз, ауыр қорғасын Ажалға мені қимапты. Жетелеп үміт жолдасым Дем бере түскен сияқты. Қырық жыл қырғын болса да, Деген ғой өлер ажалды. Дүреге жықты қаншама, Азсынып алған жазамды. Сындырып буындарымды, Тырнаққа сұқты инесін. Сеземін тірі халімді, Тепкілеп қанша илесін. Сілейте сабап сұрайды, Ләм-лим қалпым баяғы, Қол, аяғымды бұрайды, Құруға, шыным, таядым. Өлмедім, ырық бермедім, Елестеп үйім, Отаным. – Шыныңды айт, – дейді, Көнбедім... Тәкаппар тұрды пәк арым. Бір күні екі қанішер Шақырып мені оңаша: «Келді, – дер,– кезің келісер, Кешесің ғұмыр тамаша». – Жолама деймін, жоқ! – деймін, Өлсем де сатпан Отанды! Ат мейлің, өрте, ас мейлің, Ашуды мен де қопардым.
Топжарған – Ендеше, тозақ таңбаны Ала барғайсың о жаққа, – Деді де матап байлады, Етті де душар мазаққа. Сөйтті де, әкеп балғаны, Қос қарыс жуан шегені. Қағып-ақ қолға салғаны, Шынғырдым. Ләм-лим демедім. Құлындағы дауысым Шыққан-ақ шығар құраққа. Сұрауларына жауыздың Тіс жарған емен бірақ та. Алақандардың сыртынан Бойлады шеге ішіне... Фашистер күлді мұртынан, Рақаттанған пішінде. Қос тыртық алақандарда – Қаскөйлер салған белгілер, Қатыгез хайуандарға Қарғысты айтқан ел білер. Онымен бітсе жөн дер ем, Освенцимі тағы бар. Сірі ме жаным өңгеден, Онық да жұмбақ мәні бар. Көктемі жойқын жеңістің Тозақтан мені құтқарған. Жауынгер біздің жер үстін Шаттыққа бөлеп күтті алдан. ...Күрсінді ауыр қарт адам, Көзіне және жас алып.
Мыңбай Рәш Қайғысы бейне тарқаған Жаңдай бір жайнап, жасарып. Оқыстан қойған сауалға Сұрадым мен де кешірім. Себіліп сәуле жанарға Дейді қарт: – Оның несі мін?! * Шерлінің түске айналып көргендері, Шертілді таңба салған шермендері. Бір сәуле жетеледі арай таңға, Азаптың артта қалып «ербеңдері». Жанында жатыр қанша әр төбенің? Фашистер тозақ отқа өртегенін, Тірідей мұз құрсантқан генералды, Тозақты ұмыта алмас өркен елім. Кешегі ар мен азап егесінде Тұрды әр кез төзімді ердің Елі есінде. Қас жаудың қажытпады ажалы мен Қағылған қос қолына шегесі де. САРЫ АТАН I Жайылар емін-еркін өлкесі жоқ, Боздаған енесінің еркесі боп, Бұлдырап бота кезің қалған алыс, Сенерің – табаның мен өркешің боп. Қай жаққа сапар шектің, ойсыл қарам, Дедің бе: мені көріп қойсын далам?
Топжарған Тұспалдап күн батысты тепеңдейсің, Көзіңде мұңың бардай бой сыздаған. «Атанған ер қанаты о басынан – Ат біткен айрылған жоқ доғасынан, Мен-дағы төрт түліктің бірі емес пе ем, Арт жүкті, ал жаулардың жағасынан!» – Аяулы қарайсың сыр ақтарғандай, Аңызды бұл жүрісте астар бардай, Тәкаппар тікірейген өркештерің Арам жау аса алмайтын шатқалдардай. ...Заулайды Мәскеу поезы, Ағындап әсем вагондар. Жолаушылардың ой ізін Қағып ап қалып бағандар. ...Купеде екі егде жан, Біреуі ақ шаш генерал. Біріне-бірі бөгде жан, Бейне бір жұмбақ жорамал. Ақ қырау шалған самайды, Маңдайдан әжім жарысып, Әйнектен жаймен карайды, Кей сәтте ұрттап шай ішіп. Суырып кейде сигарын Тартады ойлы генерал. Танысам деген ұйғарым Түйгендей Сәрсен ақсақал. Қысқартар, ұзақ жолды да, Әңгіме ғой тек мұндайда. Сәрсен қарт қарап қойды да, Сыр тартар көшті ыңғайға.
Мыңбай Рәш – Оң сапар құрдас, – деп қойды, – Соғысқа мен де қатысқам. Кеудемде ашу, кек, қайғы Қасақы жаумен атысқам. Қазірде жасым сексенде Шақырған еді шөберем. Ертеңдер онда жетсем мен, Бір-екі апта бөгелем. Ал Сіз ше? – Мен де немере Тойына келем асығып. Көргенге қызық немене Жетсін-ай! көңіл ашылып... Отставкада болсам да Түспейді үстен мундирім. Жауынға, мейлі, салсаң да, Берік-ау, берік бұл киім. Әңгіме-дүкен қыздырып, Елестеп өткен кездері, Жастыққа қиял жүздіріп Жарасты достар сөздері. ...Бір кезде көзге шалынды Жайылып жүрген түйелер. – Білмеймін өзге малыңды, Түйені қазақ кие дер! Сәрсекең деуі сол екен, Жалғады сөзді генерал: – Түйелер мұнда мол екен, Ерекше бұл бір жануар.
Топжарған Есімде... соғыс кезінде Тап болды бізге сары атан. Ғажап мал шөлге, төзімге, Қолғабыс еткен сол атан! Сары атан? – Аң-таң Сәрсекең. Таңбасы бар ма оң жамбаста? Мынау бір қызық нәрсе екен, Иә, бар... қалай нанбасқа! Елінен ертіп қасына Әкелген Әрсен Сәрсеніч! Сол атан қару тасыған Болатын ғажап, білсеңіз!.. Балтықта шығар, генерал? – Жас алды көзге Сәрсекең. – Балтықта!.. Жер көп аралар, Зиратын, барсаң, көрсетем! – Ендеше, құрдас, сол Әрсен Еді ғой менің арысым! Әкесі болам – мен Сәрсен – Қас жауға айтқан қарғысын! Жаралы болып қайтқанда Оқығам қара қағазын. Сары атан жайын айтқанда Толқытты-ау, кенжем – сабазым! Беріш боп қалған азаның Кеткендей сеңі қозғалып, Қайнатып сезім қазанын, Сәрсекең отыр сазарып. Генерал ауыр күрсініп Әрсенді ойға алғаны...
Мыңбай Рәш Қайғысын қарттың түсініп, Өз сөзін әрі жалғады. Әрсенді жерлер кезінде Түйесі аза тұтқандай, Бақырды жас ап көзіне, Қазаны ауыр ұққандай. Өртегендей бір өзегін Әрсеннің аза күйігі, Ажалдың енді кезегі Атанға сол бір «бұйырды». – Танысайық, мен Василий!.. Командир Вася Богданов? Суреттерің бар, асылым, Мен бейбақ білсем сандалып. Қайтарда біздің ауылға Соғарсың! Дәм тат колымнан! – Болатын балаң бауырмал, Көрерміз сапар соңынан... Тірілген сынды ұлы мен Сағынған сары атаны, Көз ілген жоқ-ау түнімен, Сәрсекең қызық сапары... II Белорус жері. Күз айы. Торлаған түнек тұманның Басылмай сызды ызғары Тебеден басып тұрған күн. Жаулардың бұзып қоршауын Шығуды ойлап қалайда, Малтыққан ерлер қанша күн Жасырын жатқан тоғайда.
Топжарған Төңірек түгел ми-батпақ, Күш-көлік оққа ұшқалы, Саз кешіп белден қиын аттап, Жылжыту қиын пушканы. Болмайды қару дегенді Кетуге жауға қалдырып. Өтесің небір бөгеуді, Сүйрейсің өзек талдырып. Шіркін-ай, бізге бұйырса Жалғыз ат кенет ғайыптан. – Десеңші өгіз тым құрса... – Буыршын келсе Жайықтан! Жауынгерлердің ойынан Күш көлік бір де кетпейді. Ми-батпақ, орман бойынан, Онысыз мүлде өтпейді. – «Бұл маңда көлік ұшпайды!» – Барлаушы қайтқан томсарып. Жылкының жоғы – іш қайғы, Сүйрерміз қолмен жан салып. Жұлдыз жоқ, Ай жоқ, тұманды Түнің де тастай қараңғы. Жан бар деп, сірә, бұл маңда, Ойламас жау да амалды. Ақ саумал таңның алдында, Сыбдырлай қалды жапырақ. Тіміскіп жүрген малғұн ба, Тымықта желсіз апыр-ау? – Тоқта! Кім? Көтер қолыңды! Қаруды таста, шық бері! –
Мыңбай Рәш – Күзетші деп тұр долы үнді, Маңдайдан шығып шып тері. Сол жұмсақ сыбдыр молайып, Ілгері жылжып келеді! – Танк қой мынау, халайық! – Күзетші кейін жөнелді. – Дыбыссыз, үнсіз, су кешіп Жүретін қандай ол танк? Көз жазып қалма! Қу! – десіп, Солдаттар тұрды көз салып. – Саныраумысың, ей найсап Бері шық, жаның барында? – Василий тұрды айғай сап, Кезекті беріп қаруға. – Атпа! – деп дауыс саңқ етті! – Ойбай-ау, мынау Әрсен ғой, Сары атан сол сәт бақ етті! – Көлікті күшті көрсең ғой! – Деді де Әрсен шөгерді, – – Артыңдар кару біткенді. Күлкіге көміп көп ерді, Түскендей көктен күткені. – Солдат деп батыр, белсенді, Командир елге жіберген... Көріп тұр енді Әрсенді Түйе де әкеп үлгерген!.. – Здравствуй, дружок! – Деп қойды Вася түйеге. Ілтипатының міні жоқ, Бірақ та түйе біле ме?
Топжарған – Кел, бізбен бірге отыр, – дер, Шалғайдан келсең жайылып. «Түсінбей тұрмын батыр», – дер. Сары атан күйіс қайырып. Пендеңмен ешбір ісі жоқ, Таясақ болды бақырар. Васяның ешбір күші жоқ, Тіл тауып оны шақырар. Кім білсін бота кезінен Құлағы көнбіс сөз барын! Қарайды мұңды көзімен Жоғалтқан жандай боздағын. Өрістен қалған адасып, Жоқтай ма әлде иесін?!.. Әйтеуір, қайран қаласың, Соғысқа келді түйе шын! Василий келді қасына, Білмеді ол бірақ «шөк» деуді. – Кел түйе! – дейді, – жасыма, Достарың мұнда көп дейді. – Василий, оған: «Шөк-шөк!» де – Әрсен де күліп қояды. «Шөк-шөк»-ті Вася «кок-соп» деп, Түйеге тағы таяды. Ізеттен малға хабарсыз Екенін біліп Васяның, «Сыйлыққа менен аласыз!» – Деп түйе жынқұс шашады. – Ба-а-ах!–дегенде, Васямыз Балдырға сүңгіп шыққандай.
Мыңбай Рәш Алғанбыз күліп басқамыз, Мұндайға күлмес жұрт қандай! «Әйт-шүу! мен «шөк-шөк!» кейіннен Үйреншік сөз боп кеткендей. Аямай күшін пейілмен, Жануар жәрдем еткендей. Снаряд шомға артылған, Жегілген пушка дәртесі. Тартады түйе қарқындап, Желкілдеп екі өркеші. Шөлге де көнбіс жануар, Жүрсе де сусыз апталап. Ойынан көптің табылар, Көрген жоқ әсте қаталап. Жарылған бомба орнынан Жаңбырдың суын сораптап, Қалмайды жорық жолынан, Итеңдей басып, алақтап. Бір ғана Балтық жерінде, Бес рет болып жаралы, Бет алып сонау Берлинге Жануар тартып барады. Даугаваның суынан Теңкитіп екі бүйірін, Хас батырлар туынан Сезгендей жеңіс қимылын. Келеді түйе маң басып, Шадыман шаттық күткендей. Шудасын қан мен шаң басып, Машақат шақтар біткендей.
Топжарған III Рига қалған бұлдырап, Маңында ерлер Каунастың. Бұлтты күн тұрған тұнжырап, Дүркірей кейін жау қашқан. Қанқұйлы жаудың таянып, Аяғын серпер сағаты, Жатқан жоқ әсте аянып – Қаптады қара қанаты. Түскенде бомба ысқырып, Жатсын ба түйе жануар, «Бах!» – деді шошып ышқынып, Құлады, бірақ жаны бар. Василий «Ат-шу» – дегенде, Жарықтық тұрған қайтадан. Және алға жылжи бергенде, Түскенін бомба байқаған. Қасақы ұшқыш қасарып, Түйеге төніп кайран қап. Жүргендей бейне өш алып... «Бах!» – деді түйе тайраңдап. Мөп-мөлдір үлкен көзінде, Қалғандай бір мұң жазылып. Жатқандай қимас сезімде Жауларды ол да жазғырып. Іздеді ме екен иесін, Іздеді ме екен ауылын, Өрісін, көп-көп түйесін, Жантақты жота бауырын...
Мыңбай Рәш Енді ажал мәңгі келгендей Шудасы қанды желкілдеп. «Риза бол, маған» дегендей Жатты атан көзі мөлтілдеп. Атанның сол бір саптағы Солдаттар болған иесі. Есінде мәңгі сақтайды Сарбаздай өлген түйесін. Жарықтық атан жерленді, Теңіздің жағалауына. Көзімен көрді ол ерлерді – Тұратын бағалауыңа! IV Санында Сәрсен салған дара таңба, Серейіп сеспей қатты сары атан да. Септігін сол түйенің сарапқа сап, Көз ілмей отырды ерлер ала таңға. Шудасы шұбатылып желбіреген, Момақан мойыл көзі мөлдіреген. Сарбаздай сұранған бір соғысқа өзі Аңыз боп тарады атан келді деген. Бір боздар серігі жоқ сүйенердей, Өзінен өзге төрт жыл түйе көрмей. Жануар қара күшін аяған жоқ, Әрсен ер ертіп келген сый-өнердей. Айналып қару біткен «көрпесіне», Пушкалар, батса да ауыр өркешіне. Шалдығып шаршау білмей сол сары атан Аянбай еңбек етті жер төсінде.
Топжарған Ел халін аруана сезінгендей Ол-дағы фашистерден безінгендей. Қайратын аяған жоқ өз елінен, Көргендер ет жүрегі езілгендей... ШЫҢДАҒЫ ШАЙҚАС I Кавказдың сонау төрінде Кеудесі қармен құрсанып, Шаншылып заңғар көгіне Шыңдары киген мұз сауыт. Түйдектеп көшкен тұманы, Көз байлап қарлы бораны. Эльбрус асқақ тұр, әне, Етекте – салқын самалы. Қойнауы құт боп тұрғаны, Қонақтап қыс пен жаз қайтып. Лермонтовтың мұңдарын, Бергендей бейне бізге айтып. Жанымен жырлап отанын, Дақ салмай кеткен атына, Жаһанкез ақын Шотаның, Шерткендей махаббатын да. Эльбрус! Орның осы деп Табиғат басқан мөріндей, Ақынға шабыт қонсын деп, Сайлаған төсек-төріндей. Ғасырлар қарап тамсанған, Шыңың бар шалқар көңілдей.
Мыңбай Рәш Талайлар арнап ән салған Эльбрус – Тірлік, өмірдей! Әр шоқың сауыт киінген, Саптағы сарбаз, Шерудей. Қабағың қырау түйілген – Хас батыр тұрған жеңілмей. Эльбрус – Кавказ анаңның Шаншыла шыққан анары. Эльбрус жанын адамның Шалғайдан баурап алады. О, Эльбрус, сайрап бер, Сыр сандық сынды – әр тасың! Шыңыңдай шырқау, айбат бер, Құштарым бір сәт тарқасын. О, Эльбрус, сені мен Неге екен, сірә, теңесем? Байқоңырдың төрінен – Ғарышқа кетер кеме сен! Болмаса егер дос иең Жат қолға ноқта салғызбас. Такаппар саған бас ием, Эльбрус – қамал алғызбас! Өлім мен өмір егескен, Алапат со бір шайқасқа Эльбрус, куә емес пе ең, Куә ғой әрбір сай, тас та. Табиғат сені жаратқан Тілсіз ғып, оған дауаң жоқ. Сол шайқас...
Топжарған Сол күн боратқан... Айтпасқа менің шамам жоқ... Эльбрус тұрар мұнартып Ақ бұлттан алқа тағынып. Көруге дәйім құмартып Келемін саған сағынып. Шыңыңда болған шайқастың, Жұмбағын жайып тастайын. Ұрпақтар барлап, байқасын, Куә ғып Кавказ аспанын! II Желтоқсан еді. Жер мен көк Тұтасып боран бұрқаған Толастап қалған... Ербеңдеп Көрінген кімдер қырқадан? Қасқыр құлақ дүрдиген Қаражон иттер абалап. Эльбрусқа қарап дүрбімен, Жылжыды жаулар жағалап. Елемей суық, боранды Ентелей қаптап өшігіп. Орнынан тауды біржола Жіберердей-ақ көшіріп. Эльбрус тұрды тәкаппар, Бұлттардан асқақ көрініп. Желіккен фашист қанқұмар Жотаға шықты емініп. «Құлдық ұр бәрің фюрерге, Жалауын Германияның
Мыңбай Рәш Шыңдарға биік тігуге Барыңдар!.. Бар! Бар! Бұйырамын!» – Шыныкөз Гитлер көпіріп, Берлинде бөсіп неше антын. Кавказға солай лепіріп, Түсірген таушыл десантын. Қадамақ фашист жалауын, Топ атын: «Эдельвейс» деп. Шүйірді Гитлер танауын Шығуға шыңға тиіс деп. Жымысқы ойын жаулардың, Білетін біздің ерлер де, Сырына қанық таулардың Шыңдалған шығып өрлерге. ...Қасқыр құлақ дүрдиген Қаражон иттер абалап. Қарайлап жиі дүрбімен Келеді жаулар жағалап. Қарайды суық жүздері, Қалардай мәңгі мекендеп. Қанталап алған көздері – Қалайда шыңға жетем деп. – Альпіден оңай асқанмын, Кавказдың тауы сөз бе екен. Мен барда ешкім саспағын Бастаймын өзім. Тез жетем! – Деп бөсті фриц сорайған, Тырысып маңдай терісі. Құйылды тер де самайдан, Мұжылып тасқа кебісі.
Топжарған Арқалап қару, оғын да Жол кеспес ешкім дегендей. Шұбаған иттің соңында, Жылжыды жаулар бөгелмей. Эльбрус тұрды тәкаппар, Көрініп бірде көрінбей. Желіккен жаулар ынтызар, Жотадан асты шерулей. Эльбрус тұрды мұнартып, Көрініп бірде көрінбей. Аяғың тайса, шынар тік – Ажалдың қазған көріндей! Артына жаулар қарамай, Таң ата шығып ертерек, Қияны құзар жағалай, Келеді басып ентелеп. Ақ ұлпа қардан жамылған, Айғыздап мамық көрпесін. Ит башпай, жат із сабылған Таптамақ Кавказ өркешін. Шынымен өңшең найсапқа Жан жоқ па, сірә, – Тоқта! – дер. Деген бір сауал қойсақ па Қорғайтын шыңын жоқ па ер? Қасқыр құлақ дүрдиген, Қаражон иттер абалап. Қарайлап жиі дүрбімен, Келеді жаулар жағалап.
Мыңбай Рәш III – Грузин. Атым – Теймураз, Курсеви атты қыстақтан. Сөз қысқа, қалды уақыт аз, Бұйрық бар төтен – штабтан! Жетекші етіп сендерге Әдейі мені жіберді, – Мойыл мұрт грузин деп-демде Сөйледі шапшаң жігерлі. Командирден талайлар, Үнсіз-ақ көп жәй ұққандай. Шайқасты жойқын абайлар Жау туын тікпей... жыққандай. – Өтінем, жолдас командир, Айтқаным үшін ғафу ет! Шығуға шыңды маған бер, Қазақпын. Атым – Ахмет! Есіме түсіп кеткені Алатау, – деді Ахмет. Мен шықпаған беткейі Қалмаған. Көп шың асып ек. Есіме түсіп кеткені Құзар шың... Тянь-Шань, Памир де. Мен шықпаған беткейі Жоқ шығар, сірә, тегінде. Жетім қап сәби кезімнен, Балалар үйі – болды анам.
Топжарған Студент кездің өзінен Жаныммен қалап, таңданған – Альпинист еді арманым, Биіктің алған талайын, Өзімді соған арнадым, Шығуға шыңға барайын. – Альпинист? Ғажап, Ғажап бұл! – Теймураз кетті қуанып – Ал, батыры қазақтың, Қиынға белді буалық!.. * От шашып ойлы көздері, Белгілеп жорық жолдарын. Ерлікке сілтеп сөздері Теймураз айтты жол қамын. – Эльбрусқа қадау үшін! – деп, Келеді дұшпан ту алып, Шоқ тастап жаудын, ішіне, Шыңға біз бұрын шығалық. Теймураз солай ой тастап, Отанның гербі салынған Туды алып шықты ойқастап, Аумаған қызыл жалыннан. Төгіліп жібек шашағы, Айқасып алтын балға-орақ. Жүрекке нұрын шашады, Бергендей жігер «Алға!» лап. – Ахмет! Туды ал орап, Шыққанда биік ыңғайлы.
Мыңбай Рәш Үстінен шыңның балға-орақ, Желбіреп әлі-ақ тулайды! – Командир жолдас, рахмет, Бұл – маған борыш ардақты! – Деп қойды сонда Ахмет Сеніммен, үнмен салмақты. Жиналып өңкей ержүрек, Жасырын солай асығыс, Ақ жаппа жасап қар күреп, Жау жолын тосты осы қыс... Күн өтті Жылжып өтті апта. Әзірше ешбір жоқ сыбыс. Хабаршы келді-ау біруақта: – Қалмаңдар, ал,– деп,– қапылыс!.. Ақ түтек соғып боран да Бұрқайды көзді қаратпай, Ертемен елең-алаңда Тұр еді еркін таң атпай. Шалғайдан шаң-шұң абалап, Иттердің үні шыққаны... – Жұмсаңдар оқты шамалап, Таясын. Тұрма, бұқ, кәні!.. Қорған боп шыңның етегі Жасады ерлер тосқауыл. Қай тұстан олар өтеді? Сазайын тартсын тасбауыр! Дегенше... әне таянып, Келіп-ақ қапты жау тобы. Жатқан жоқ әсте аянып Жаңбырдай бірден жауды оғы.
Топжарған Кешікпей тағы екі жақ Бетпе-бет келіп шайқасты. Атылған оқтар шыңылдап У да-шу етті тау-тасты. Автомат «тыр-тыр» етеді, Жаңбырша оғын жаудырып, Серейе құлап кетеді – Біртіндеп жатыр жау құрып. – Бұйырам... дереу... Ахмет, Қолыңа біздің туды алып Тез, жаудан бұрын шыңға жет, Бөгейік жолын біз қалып! – Жгенти болсын серігің, Шыңда ту тұрсын желбіреп. Болса да пида өмірің, Жолатпа жауды... Тезірек!!! Грузин, қазақ ойқастап, Отанның гербі салынған Туды алып шықты қайтпастан, Аумаған қызыл жалыннан. IV Граната тастаңдар!.. Бұйырды қату командир. Бұрқ етіп қар, тас аспанға, Көшкендей болды әлем бір. Шаңда-шұң үдеп сақылдап Атылған сансыз автомат Тастарға шақ-шұқ шақылдап Құлақты бітер қат-қабат.
Мыңбай Рәш Қос жаумен қоса тырайып, Қыңсылап, тісі ақсиып. Жаралы иттер бұралып, Көздері жатыр бақшиып. Кейбірі жаудың шайқасып, Кейбірі шыңға бет алған... Біткенше демі айқасып, Бізден де мерт боп не тарлан! Қаза боп кетті не тарлан Ар үшін жаумен айқаста. Тобыры жаудың, бет алған Шығуға шыңға байқастап. – Ажалды қарға, Сыбағаң... Деп атып салды Теймураз. Біреуі таста тырбанған Құлады төмен – Тұрды да аз... Қолынан жаудың жалауды ап, Ұмтылды және біреуі. Шыңғырып Ол да домалап Шыңырауға құлап күйреді. Биікте фашист алқына Басқанда аяқ жан дәрмен. Ахмет алып алқымнан Лақтырды доптай пәрменмен! Жгенти оқыс ұшты оққа: – Теймураз! Хош... – деп, – Ахмет!.. – Жете алмай қиын-қыспақта
Топжарған Кешіктім! Оған ғафу ет!... Теймураздың саусағы Кірпігін жапты досының. – Қанқұйлы жауың қаусады, Хош, Жгенти, хош, інім! Тасадан атқан оқтардан – Жаралы ауыр екі ер де. Туды алып шыңға оқталған, Мақсат ше? Бекер кетер ме?! Келеді грузин – Теймураз, Келеді қазақ – Ахмет. Бұл жерде жаудың өмірі аз Эльбрус – жауға ақырет! Қадады туды екі дос Желбіреп нарттай балға-орақ, Көз тастап десті көңіл хош: – Қайдасың достар? Ал қарап! Теймураз ауыр жаралы Көз жұмды жауын жастанып. Ахмет туға қарады Жанардан ыстық жас тамып. Мерт болды солай дос бауыр, Үлгірмей әттең, қоштасып, Қойылды қатар қос қабір Мәңгілік үстін тас басып. Жо... жо... жоқ, әсте батырлар Өлмейді! Олар өлмейді!
Мыңбай Рәш Ғажайып ерлік – сөнбейді, Өлді деп ешкім сенбейді! Өздері шығып қос тарлан, Шыңның түу шынар басына, Жеңіс күн Жарқын тосты алдан Ерлігі аян ғасырға. Елінің туы желбіреп, Қолымен достар қадалған. Перзенттер көксеп келді деп Эльбрус та бейне құп алған. Сейіліп сол сәт тұман да, Шыға бір келді күн жайнап. Эльбрус асқақ тұрғанда Жеңілмей жауға болды айғақ! * ...Эльбрус тұрар мұнартып, Көрініп бірде көрінбей. Қарайды туға құмартып, Жас ұрпақ шыққан шерулей. Ғасырлар солай тұрғаны; Қонақтап қыс пен күз қайтып. Ту тіккен достар сырларын Бергендей енді бізге айтып!
Топжарған АЖАЛДЫ ЖЕҢГЕН АЛЫП Ұлы Отан соғысының ер жүрек сарбазы, ұстаз, Кеңестер Одағының халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев хақында I Қоймайды музам мазалап: «Ерлікке сапар шек!» – дейді. Ажалды жеңген азамат Көкейден бір де кетпейді. Тамырын алған, тереңнен Тәкаппар бейне емендей, Тұлғасын ерен көрем мен Жоғалған бұтақ еленбей. Қиялды тербеп кашаннан Саңқылдап сарбаз үні анық. Шоқтығы биік жас арман Секілді өршіл бір алып. Қыспақта қайсар каһарын, Танытқан кұрыш бір қазақ. Жаһанға жайған атағын, Жорығы жойқын ер ғажап! Көбелек қуған шағы оның Алтайда сырдай сақталған. Естілген шақта жау оғы, Қорғауға елін аттанған. Теңізде талай аңыз бар, Адам да – толқыр теңіз ғой. Жырлауға едім қарыздар, Өзіңде батыр, ең ізгі ой. Теңіз де салып асырын, Бір сәтте барып басылар,
Мыңбай Рәш Жаны да адам – жасырын, Түнеріп берде ашылар. Толқынын шайқап төзімнің, Тебірендің екен кеше рет?! Ағаты болса сөзімнің Қабыл ал шыны осы деп. Жылдардың жүйрік маусымын Госпитальдан-ақ ұзатып. Аңсадың ба екен тау шыңын Шығатын шақты құзға тік?! Кемшінің ешбір жоқ ойда Сайрандап жүріп тау ішін, Сағындың ба екен тоғайда Мамыржай марал дауысын? Екеуден жүзген аққудың Қарадың ба екен сәніне, Ыбырай салған «Гәкку»-дің Қосылдың ба екен әніне?! Сеземін, уа, батырым, Қанатың болса ұшар ең! Сайрандап сан мың шақырым, Теңізді асау құшар ең! Қаққызып қиял қанатын Альбатростай қалықтар, Толқуға терең салатын Балтыққа мені алып бар. Көрсетші бізге қаласын, Қанды айқас өткен Ауцтің. Қаһарман! Ойға аларсың Дүмпуін сол бір тартыстың.
Топжарған Қырық жыл салып араға Қиялым жүйрік шарласын. Ал өзің айтшы, жан аға, Сұрапыл ерлік жалғасын... II – Тітіреп кеткен жер мен көк Алапат айқас есімде. Фашистер қаптап ербеңдеп, Өршеленген шақ өшіге. Өліспей берілер емес, Тасбақалардай танкісін. Төгеді салып ерегес, Аямай ақтық бар күшін. Ауц-тің оңтүстігінде, Сұрапыл соғыс кезі еді. Фашистер күні-түні де Қаруын қарсы кезеді. Атқыштар батальонын Бастырмай алға бір адым. Боратады кеп жау оғын, Бітелер шудан құлағың. Көк аспан күндей күркіреп, Жатқандай бейне жер мөңкіп. Зеңбірек гүрс-гүрс зіркіреп, Аумайды-ау окоп көрден түк. ...Кеше де солай, бүгін де, Алапат айқас – дерт енген. Теңкиіп жатыр біріндеп Танктер талай өртенген.
Мыңбай Рәш Жылжысаң болды, бүркіп оқ, Жолатпас жаудың дзоты. Алмасып жиі тың тыңдап Сыртында тұрған күзеті. Шабуылы жаулардың Баянсыз болып біткесін, Арасыменен баулардың Елеусіз барып нүктесін. Жойыңдар! – деген бұйрық ап Ертті де Құмаш бесеуді. Еңбектеп құрдай жорғалап Қоршаулы сымды кеседі. ...Он тоғыз жаста болатын Тап сол бір жылы Құмаш та, Автомат қолға алатын Қас жауларды атып құлаштай. Ақ тілеу тілеп артында Тосуда кәрі анасы, Қалыңдық күткен қалпында – Көзінің ақ пен қарасы. Күтуде Алтай таулары, Күтуде мөлдір Марқакөл. Маралды, миуа, бау-бағы Күтуде туған арқалы ел. «Тосамын, Құмаш, өзіңді, Айныман берген сертімнен. Таулар мен алам төзімді, Көлдердің тұнық көркінен!
Топжарған Ұшырам көңіл кептерін Ұшбұрыш конверттерменен, Махаббатымның дәптерін Толтырар сөз көп кернеген. Тар жолдан, тайғақ кешуден Өтсең де, мейлі, бол аман. Махаббат отын өшірмен Жүрегім сені қалаған! Сағыныш сезім бұл ерген, Қанипаң болар жан-жарың. Ашылсын күндер түнерген Шуаққа толып жан-жағың!» – Осынау сөздер өзіне Тастағандай-ақ күш құйып, Көрінді фашист көзіне Қаруын асқан сұқсиып. – Абайла! –деп бір ым қақты Құмаш өз серіктеріне. Қиылған қоршау сым жатты Жау тұрған Латыш жерінде. – Мә, саған!... – Құмаш тістеніп, Гранатасын лақтырды. Дзотқа тура түскені... Командир: – «Жаса!» – деп тұрды. Бұрқ етті!.. Ажал тесіктің Көкке ұшып бөренелері. Қаңқасы қалды есіктің, Күлдіреп керенелері. – Алға! – деп Құмаш уралап... Соңынан ертіп ротаны.
Мыңбай Рәш Ұмтылған шақта туралап, Бекінген жаулар жотаны. Гүрс етіп түсті снаряд Құмаштың тура касына. Бүйірден тұрған сығалап Атыпты жаулар ашына. Су қараңғы боп төңірек Жарқылдап түскен жасындай, «Алға!» – деп жатыр күбірлеп Құмаштың көзі ашылмай. III Сауығу итарқасының Ішінде өңшең жаралы. Егделер менен жасының Осында жатыр талайы. – Нұрғалиев Құмашты Қай тұстан табар екенбіз?.. – Дабырламаңыз тым ащы! – Деп қойды Валя деген қыз. Командирі екен полктің: – Саған, – деп, сержант, рақмет! – «Қызыл Ту» орден тағып тұр, – Кешіккен үшін ғафу ет! Командир толқып, бас салып Құшақтап сүйді Құмашты, Құмаш та көзге жас алып, Жүректер ыстық ұласты! Жүруге әлі келмейді – Басуға жоқ қой аяқтар –
Топжарған Ұстауға мәні келмейді – Қолы жоқ, гипс, таяқ бар! Снаряд алып кетіпті Бір қолын, екі аяғын. «Аңсайды темір етікті», Аңсайды ұстар «таяғын». Жүрегі аттай тулайды – Тынымсыз дүрс-дүрс соғады. Бас мең-зең. Құлақ шулайды Әйтеуір, өлген жоқ әлі. Жайнап тұр ойлы көзі де, Қалпында шалқақ кеудесі. «Шүкір» – дер соның өзіне Беу, табиғаттың пендесі! Жатқаны тыныш болмаса, Қозғалу қайда – тұрмайды, Дауалы қолға алмаса Үзілер үміт – бұл қайғы. «Арамен кесіп тастайтын Емес қой адам бөрене!» – Сондықтан хирург саспайтын, – «Еміме деп ол көне ме?» Сағаттар, күндер, айларын Төзіммен темір өткеріп, Ажалға қарсы майданын Бастады адам кек керіп. Шылбырын ұстап шыдамның, Шыңдады өзін ұдайы. Дегендей болған шығармын, Өмірімнің өзім «Құдайы».
Мыңбай Рәш Москва... Радио көшесі Әскери ауруханаға Кеп жеткен еді шешесі Көңілін сұрап балаға. Көрді ана алғаш шошына Шөрке боп қалған өз ұлын. – Жасыма, балам, жасыма! – Деді ана ойлы, көзі мұң. Әйтеуір, аман оралдың Бұл-дағы тағдыр қосқаны-ау. – Елге де есен барармын Қайғыра берме босқа ана!.. Қабақпен ұғып жан жарын Күтеді Қанипасы да. – Қайтыңдар елге, жандарым, Күтушім көп-ақ қасымда. Құмаш та езу тартады: – Бұйырса барам он айда. Қалды ғой артта қорқары, Жетем! – дер елге – қалайда! IV Соғыстың өрті сөнгелі Өткенмен біраз уақыт. Сыздатты сарбаз кеудені Бір сырқат меңдеп бейуақыт. Екі жыл бетпе-бет келіп Ажалмен өтті арпалыс. Дәрігерлер игі іс өткеріп, Қалмады күдік, қалтарыс...
Топжарған Екі жыл төсек үстінде, Мелшие қарар қабырға. Ұстарту білім – іс күнде, Жеңдіру, ақыл, сабырға. Ақ халат киген абзалдар Баладай күтті Құмашты. Мінезі жоқ-ау бақжаңдар, Дарынды, білгір, құлашты. Қондырған солар жасанды Құмашқа қол мен аяқты. Таңғажап тірлік жасалды, Сенімді сергек оятты. Аяқ, кол өгей болса да, Етене енді мәңгілік. Ақырғы еді бұл шара Тұрғанда бойда қан жүріп. «Бұған да шүкір» – дер Құмаш, – Мерт болсам кеше қайтар ем?! О, өмір, енді бер құлаш! Жүзейін! Теңіз – ой терең! Жүреді бүгін жер басып Аяғымен ол жасалған. – Өмірге едім мен ғашық Жүректен ұш! – деп жас арман. «Келдің бе перзент» – дегендей Тербелер маңғаз Марқакөл. Тау Алтай көзін көгендей: «Қырыма шықшы, қалқа», – дер. Көк майса Боран ауылы Еңселі жаңа мектептен,
Мыңбай Рәш Дегендей: төрлет, тау ұлы, Сен ұстаз шәкірт көктеткен! Пушкин маржан жыр өрген Ұлы орыс тілін ғашық боп, Жасынан Құмаш үйренген, Ұстаздық шаққа асық боп. Мінеки, сол бір қиялы Бүгінде бейне гүл атқан. Сабағын беріп тұр, әне, Орысша пәннен ұнатқан! – Ленин мен Пушкин сөйлеген Не жетер орыс тіліне? Осынау тілмен өрлеген Өрелі өркен күнім де. Бұл тіл дер, – Құмаш, тілдердің, Дүлдүлі, ойлы, озығы. Ол – ортақ тілі елдердің Шындықтың шымыр қазығы! ...Москва көрме төрінен Сыйлы орын алып кеткенін, – Көрермендердің көбі де Біледі Боран мектебін! Өйткені оған директор Ажалды жеңген алып ер. Азамат дерсің ерек бір Танымал ұстаз тәлімгер. Тұнық бір ойлы көзі де Марқакөлдің өзіндей. Ақылды, алғыр сөзі де Аяулы асыл сезімдей.
Топжарған Даладай жазық маңдайы, Қарақат – қою қастары. Әжімсіз, ақсыз самайы, – Басса да алпыс асқарын! V Осылай өмірбаяны Ажалды жеңген алыптың. Айтылар аңыз, бар әлі Батыры жайлы халықтың. Саумалды салқын еседі Самалы Алтай тауының. Сағынған сынды кешегі Сайраншыл сергек тау ұлын. Ойға, алар Құмаш осы шақ Ажалды жеңген ерлігін. Қарайды тауға көңіл шат Менде-ау, деп сенің ендігің! ТЫҢ ТАРЛАНЫ Целиноград облысы, «Дальный совхозының тракторшысы, алғашқы тың игерушілердің бірі, Ұлы Отан соғысының ер жүрек жауынгері, Совет Одағының Батыры марқұм Даниил Нестеренкоға ескерткіш. I Мөңкиді долы Днепр Жарылған снаряд, бомбадан. Жөңкиді толқын Днепр Жауынгер жүзіп, жалдаған. Жосадай қызыл қайың, тал Жаралы солдат қанынан.
Мыңбай Рәш – Жойыңдар! – деген жарлық бар Жауларды Днепр маңынан. Селдете оғын себеді, Жау біткен арғы жағадан. Шошынтар мүлде денені Оңды-сол оқтар сабаған. Түн еді тастай қараңғы, Ар жақта қару қоймасы. Жағада күші бар әлі, Жаулардың мәлім айласы. «Қойманы өртеп, дзот та Өшірсін, деген үндерін!» – Бұйрық бар келген взводқа Белгілеп қойған күндерін. Ол үшін... арғы қабаққа Қажет-ақ жету қалайда. Қолдағы қару-жарақ та Сақталсын! Бәрін абайла!.. Қаруын көкке көтеріп Бір қолмен Даниил жүзеді. – Абай бол! Қалма жөтеліп, Аңдыған жаулар сезеді!.. Тымық түн тастай қараңғы, Мұп-мұздай өзен толқыны. Солдаттар жүзген санаулы Жылжыды сақ боп сол түні. Тінткілеп сәуле өзенді Оқ сеуіп жаулар жатады. Тайғақ бір кешу кез еді Сиреген солдат қатары.
Топжарған Жасырын жармен жағалап Келеді суыт солдаттар. Сақ басып, бәрін саралап, Қойманы бұзып-жармаққа. Жолбарыстай боп атылып Ың-жыңсыз жойып күзетін, Жарғышты әкеп ақырын Өткерді Даниил міндетін. ...Таң алды болған мезетте Бұрқ етті қойма аспанға. Жоқ болды мүлде күзет те – Шабуыл оқыс басталған. Сарбаздар алға уралап, Жосылды: Жеңіс үшін! – деп. Азан да қазан болды алап Куә боп ерлер күшіне. II Взводтан тірі қалғанның Ішінде біздің Даниил ер. Ақтады ол асыл арманын, Ер ұлын ертең таниды ел! Бес тармақ алтын жұлдызы Омырауға өршіл жарасып, Аңыз боп көпке жүрді өзі Киевтен түу-түу әрі асып. Даниил үшін батырлық Біткен жоқ еді мұнымен. Жорықпен таңды атырып Көз ілмей жүріп түнімен.
Мыңбай Рәш Келеді қалың тоғайда Арбаға жеккен аты бар. Жолсыздан басқа жоқ айла, Қарулар, құпия хаты бар. Келеді төртеу сақ қарап Жайымен жылжып аяңдап. Қолдарда суық автомат, Шаршаса сәл-пәл аялдап. Жылжиды баяу кештетіп Ал күндіз жүру қауіпті. Фашистер аңдып ес кетіп, Бір тұста іздеп тауыпты. Бұрқасын атыс шағында Төртінші солдат ығысып, Жоғалды жаулар жағына, Жүр екен көптен ұғысып. – О, найсап! Сатқын екен ғой! Кеше түн барлап келем деп, Кеткенде, хабар еткен ғой Қалып ек сонда елеңдеп. Есімі Остап болатын, Қит етсе тулай тұтанып. Бұлқан-талқан боп қалатын, Взводтың болған жұты анық. – Атты айда, дереу атты айда, Екеуміз жауды бөгейік! – Деп басты Даниил айқайға Барады фашист көбейіп. Атыса жүріп орманда Жандәрмен ізін жасырды-ау,
Топжарған Үшеуі енді арманда, «Айласын сатқын асырды-ау!»... Келеді күндіз аялдап Ат-арба жеккен үшеуі, Жылжыды түнде баяулап, Тек сатқын... ойға түседі. Екінші апта дегенде Жететін түс та таянды. Бір оқшау үйге енгенде Қария шошып оянды. Қорықа көрме, қария, Жау емес, біздер достармыз. Тынықсақ деп ек азырақ Тілегің болса қостармыз. Кемпірді жалғыз тауыпты, Фашистер атып кетіпті. Шетінен қырып тауықты, Торпақты азық етіпті, – Сөйлейді қолы дірілдеп, Сөйлейді жасқа булығып: Не болды менің күнім? – деп Қуара өңі бұзылып. Аламыз жаудан кегіңді, Сабыр ет, шыда, қария. Алаңдатып бір көңілді Тұрғаны төтен шаруа. Болады әлі-ақ сиыр да, Болады әлі-ақ бұзау да. Жеңеміз жауды жуырда, Халі жоқ енді ұзауға.
Мыңбай Рәш – Рақмет! – деді шал сонда Жортқанда болғай жолдарың. Сопа бас жалғыз қалсам да, Сендермен бірге арманым. ІІІ ...Келеді үшеу жаяулап Сүйреткен арба, қажып ат. Сәл секем алса баяулап, Тынығып алып азырақ. Межелі жерге таянып Қалғанда, жойқын атыстан, Фашистер қанға боялып, Серейіп құлар әр тұстан. Айқаста мерт боп достары Келеді Даниил жалғыз қап. Көкейде парыз, жоспары, Аңдыйды жаулар андыздап... ...Үстінде шоқпыт киімі Кездесті біреу бейсауат. Қажыған, түскен иіні Келеді екен шаршап-ақ. – О, найсап!.. Данииал таныды, Япыр-ау, мынау Остап қой! – Кешір! – деп сатқын жалынды. – Қаруды дереу тастап қой!.. Қолынды көтер, қарабет, Жоқ саған әсте кешірім!.. Қипыжық қақты, ол «ая» деп – Жоқ, сатқын! Мынау шешімім.
Топжарған Көтеріп басқа орманды, Оқ даусы кенет гүрс етті. Арамбез ластап сол маңды, Денесі жерге дүрс етті. Есен-сау жетті Даниил ер, Ақталды артқан аманат – – Батырын сендей таниды ел, Ерлігі болған ғаламат! – Осылай деді ақ самай Құттықтап тұрып қолбасы. Басталып ерлік тап солай Өрілді алда жалғасы. Омырауда алтын жұлдызы – Ерліктің ерен аяны. Риза болған ұл-қызы Осылай өмірбаяны. IV Ерліктін ғажап аңызы Шежіре болып қалатын. Жалғапты жаңа маңызын Куә боп енді дала – Тың. Ғасырлар түрен тимеген О, бозғыл далам, кең далам. Моторлы ащы үнменен Оянып болдын сен де алаң. Шошынып іннен, ұядан, Қиқулап құсың, түз аңы. Сығаласа да Ай қиядан «ДТ»-лар әні қызады.
Мыңбай Рәш Жоғарғы жақтан «қақсаған» Қазақстанға жол жатты. Шабуыл тыңға басталған... Толқытты арман солдатты. «Қасақы жаулар абайсыз Жерімді тапай кіргенде, Табанды қарып талай сыз, Өткенмін Днепрден де. Фашистің жығып жалауын Оралғам елге жеңіспен. Қалайша, қалай қаламын Шақырса елім ер іске?! Өзіммен бірге шиенін. Алайын әсем ұрығын. Есіме түссін жиі елім, Тыңдасын Тың жер шуылын»... Даниил солай аттанды Жауынгер рюгзагымен. Шығарып салды қарттар да Украинаның әнімен. Жеңілмен келмес жеңістер Жойқын да лайсаң көктемде. Күні-түні өрбіп өр істер, «Тыңға!» – деп соқты от кеуде! ...Елу төртінші жыл. Көктем. Тыңдағы совхоз «Дальныйға». Украинадан кеп жеткен Нестеренко Даниил да! Шайқаста сонау сұрапыл Өткенде кешіп Днепрден,
Топжарған Соққыны беріп бұл батыр Сұрқайдың сиқын кетірген. Сол жолы батыр атанып, Жұлдызды таққан алтыннан. Шақырып тыңға Отаны Аумаған сол бір қалпынан. Баяғы Даниил... сол Даниил – Кімдер бар? – десе, – Мен! – дейтін, Дарқан жан Даниил – зор Даниил Тайсалу ешбір білмейтін. Тракторға дереу от беріп, Жүрмес деп сеңі өзеннің, Түсіп те кетті күмп беріп Өкініш өртеп өзегін. Өкініш – анау машина, Тасылмай қалған жанармай, Ар жаққа – істің басына Шығармай, сірә, болар ма-ай! Қасқая тартып «ДТ»-лар, Тасылып жанар майдағы. «Уақыттан адам ұтылар!» – Деді де қайта айналды. Трактор – мұзда қырсықтай Барабар сексен атыңа, Жүргізді Даниил ұршықтай Қабағы қату қалпында. Қашанда болған тілсіз жау Су менен өртің емес пе! – Абайла! – Тоқта!
Мыңбай Рәш – Батыр-ау! – Ойбай!.. – Қап!.. әлде елес пе?! Соғыста сағы сынбаған Даниил-сынды Батырды Мылқау мұз қақ айрылған Тереңге қарай батырды! Жағадан көріп «ойбайлай» Тұрғандар Налып, «Аһ» ұрды. Жалмауыз жұтып қойғандай Түбіне қарай «шақырды». Секіріп сеңдер атқылап, Шартылдап сынып көк мұздар, Долдана түсіп, шатынап, Ақ кебік атып, төкті ызғар. Қапияда күшін құм еткен, Даниилдің долы даусындай – Күркіреп күндей мұз көшкен Сенделді сеңдер таусылмай. Жо... жо... Жоқ! Батыр өлмейді! Ардақты адам аты оның. Жанары жарқын сөнбейді, Құлпытасының басына Алтын күн бөгер шапағын. Матросовтай кеудемен Жаулардың жапқан дзотын. Көктемде кегі кернеген Көзінің көрдік біз отын. Бетпе-бет келіп жауымен Батыр ол нағыз белдескен.
Топжарған Жылаған көктен жауынмен Шықпайды мәңгі енді естен! Арманы үшін халқының, Аямай, үзген өмірін, Бақыл бол, Даниил, жарқыным, Ұмытар мәңгі сені кім?! ЕҢБЕК ЕРІ РАХАҢ Семей облысы, Мақаншы ауданы, «Жарбұлақ» қой совхозының директоры, Еңбек Ері Рахымғали Төлеубеков туралы толғау «Жұлқынба желі ебінің!..». (Дербес зейнеткер Омар Әсеновтің естелігінен...) Ебінің желі тынбайды-ақ, Шатырды ала қашқандай. Ызыңдай ұлып, құмды айдап Айнала үрей шашқандай. Ағаштар қайда тырбиған? Жоғалған тоқал тамдар да... Жақұттай жайнап нұр құйған Самсайды шіркін шамдар да. Омар қарт шомған қиялға, О баста сәл-пәл жабырқап, Сағынған сәтін тыя алмай, Қарайды ұзақ таңырқап. Алакөл анау шалқыған, Толқыны асау қарғылап. Нуынан жұпар аңқыған Ауылы жатыр – «Жарбұлақ».
Мыңбай Рәш ...Бытырасындай аңшының, Әр жерде бірден шашылып. Жататын үйі малшының Жыртығын бітеп жасырып. О баста қилы тағдыры, Төрт колхоз бөлек түндігі. Бір совхоз болды барлығы «Жарбұлақ» – аты ендігі. Басынан бастап жасырмай Айтайын, досым, құлақ түр. Ол кезде бүкіл ауданда Болатын төрт-ақ трактор. Телефон дейсіз, әуелі, Машина кірмес қиялға. Совхозға сол бір мәуелі Жетуің қиын қиянда. Ауданды басқарған едім, Көлігім болған қасқа атым. Қанбайтын ұйқым жан едім, Міндетім мол-ақ, мақсатым... Қаңтардан бастап қайталап, Бозторғай әнін салғанша. Болатын жабық бұл алап Ат ізін салып барғанша. Жол шықкан пенде оралмай, «Сайранын» боран салатын. «Барсакелмес» аралдай «Жарбұлақ» таса қалатын. Көктемде батып батпаққа, Кіретін көзге жазда құм.
Топжарған Ат екеш кейде ат жоқта Жаяулап өле жаздағам... Мақаншы менен Жарбұлақ, Шалғай да шалғай арасы. Жолаушы шаршап, қалжырап Қашатын әбден мазасы. * – Анау не? – дейді Омекең. Мектеп кой биік еңсесі. Жарайды, онда жөн екен. Ал анау совхоз кеңсесі. Анау не? – дейді ол тағы да. – Емхана... дүкен... асхана... Тұнып тұр жасыл бағына Тізілген үйлер – баспана. Мәдениет үйін де, Көрерсің көппен кешкісін. Шалқыған ән мен күйін де Көзіңмен көріп, естірсің... Омекең көншіп көңілі: – Жарайсың, – дейді, – Рахаң. Таппайтын тыным өмірі Басшыны сендей ұнатам!.. Жарбұлақ қамыс, ши басқан Томаға тұйық жер еді. Еңбекті ерен тыймастан Түлеткен адам – ер еді. Омекең тым-ақ көңілді, Көсіле және сөйледі. Ғажайып көріп өңірді Есіле және сөйледі.
Мыңбай Рәш – Жасампаздарым жарайсың, Жайнапты ғажап заманың. Раха, қалай қарайсың Бірі сен батыр адамның. Рахаң тұрды жымиып: – Мен емес, көп қой – халық қой. – Жасадың шөлден жерұйық Еңбегің ерен, танып қой... Ширығып ширек ғасырда, Барладың өмір астарын. Отызға келген жасыңда Совхозды өзің басқардың. Омыраудағы жұлдызың, Куәсі ерлік емес пе?! Өркендеп өсті ұл-қызың Жалындап жаңа белесте. Желікпе, желі ебінің, Жоталарынан Жоңғардың. Шуақты шағын елімнің Жарбұлағымнан аңғардым. Тентек жел, жетер, жұлқынба, Ақтүтек дауыл, борандар... Адасқан ауыл сыртында Кездерім ойға оралар... Қиялмен ұшқыр тағы да Қарайды солай Омекең. Шуы мол жастық шағында Ол жүрген жолдар мол екен.
Топжарған Басшысыменен бірге өсіп, Миллион болған қой саны. Рахаңды жұрты деп кетті: – Жарбұлақтың ер жайсаңы! * Бәрін де мынау көз көрген, Біржола жүйе өзгерген. Қамшы сап қысқа ғұмырды Тартқандай мезгіл «безбенмен». ...Кешегі совхоз көпке аян, Атанды ауылы – Қабанбай. Қалаға зытты жастары Күнкөріс жолын таба алмай. Мыңғырған мал да кешегі, Азайып кетті жеті есе. «Қотырын қасып» өзді-өзі, Атанды шарда жекеше. – Шөбі жоқ жеуге дейді шал, – Малымыз шеттен арық! – деп. Қиындау боп тұр біздің хал – Ауылға оқыс нарық кеп! – Талаптанғанға нұр жауар – Деп қояр оған Рахаң. Маңдай тер төксең – ол тауар, Куә дер оған мына таң... Қайсыбір жазғы айларда, Теңіздің суын талшықтар. Теңге боп жатыр қойлар да, Балық та, қара балшықтар...
Мыңбай Рәш БАЛКОНДАҒЫ БАЛА Қай жылы, күні, айы, көшесі де, Сенсеңіз, қалмапты ғой еш есімде. Оқушым, оқиғаға араласып, Менімен бірге қиял кешесің бе?! Берлинде, түс ауған кез шамасында Шағындау мінгізіп ап шанасына. Аулада бал бөбегін серуендетіп Бір ана жүрді десем, нанасың ба? Қабағы неге бөбек түйіледі, Ерке ғой, мінезі де қиын еді, Тағы да сырғанақты тепкісі кеп, Қыңқылдап анасына «шүйіледі». Кеңіткен тар құрсағын бөбегіне Жас ана, лажы қайсы, көнеді де. Таусылмас тіршіліктің күйбеңі көп, Бәйек боп сұрағына, керегіне... Бал бөбек көңілінің аласы жоқ, Қамқоры қасындағы анасы боп, Асыр сап сырғанаудан жалықпайды-ақ, Ешкімнің шатағы жоқ, таласы жоқ. Бөбек-ай қысқа күнде құбылмалы Анаға тағы не деп жылмыңдады. Жетектеп бал бөбегін қайтты ана Осылай етуші еді бұрындағы. Бөлмеде жетер не бір ойыншықтар, Қуыршақ, кәдімгідей қой, мысықтар... Түр, түсін түгендейді баршасының, Былдырлап ойнап бала беу, қызықтар...
Топжарған Күйбеңі таусылған ба аналардың, Күндіз-түні ойлайды да бала қамын. Бөбегін ұйқтатқан соң сыртқа шықты, Дүкенді керек екен аралауы. Шықты ана бала бірден оянбас деп, Пәлендей қауіп-қатер таянбас деп. Болған жоқ бөгде күдік ойында оның, Кеп қалар әкесі де таяуда-ақ деп. * Жас солдат сыптай киінген Аяғын сілтеп нық басып. Келеді нұрлы жүзінде Алғырлық, жігер жұптасып. Қояды үнсіз жымиып, Тартады жайлап шылымын, Ойына түсіп кетті ме Қылығы қалыңдығының?! Сағатқа қарап қояды, Қалмайын дей ме аялдап? Қандай ол ойға шомады? Айтуым қиын баяндап. Армандар нені, іздер не? Тебіренер не деп жүрегі? Ол жағы жұмбақ біздерге, Білсе өзі Игорь біледі. Кешікпей сайрар бұлбұлы, Қылымси қарар жасыл бақ, Мезгілден жүйрік жоқ шығар Жас қосып жатар жасыңа.
Мыңбай Рәш Келеді Игорь ойында Ешқандай күдік тумастан. Жарыса жылжыр көшемен Машина біткен тынбастан. Тығырыққа бір тыққандай Түршігіп жаны шошынған. Жерден жік бейне шыққандай Оқиға болды тосыннан... – Қараңдар, уа, адамдар, Тәңірім-ай! – деп аңырап, Бір кемпір тұрды алаңдап, Оқыста жаны ауырып. Зәулім бір үйдің қабатын Таяғымен нұсқайды. Селкілдеп тұрған тізесін Уһілеп әрең ұстайды. Суық хабар суылдап Тарайды тез-ақ қашанда: – Келіңдер, уа, адамдар, Әрекет шұғыл жасауға!.. Тротуарға топырлап Жиналып қалды көп адам. Бір баланың өмірін Алып тұр ажал жағадан. Жаңадан келіп қалғандар. – О не?! – деп аң-таң болады. – Құтқару керек қалайда, Обал-ай, анау баланы. – Милиция!.. – Жедел жәрдемге!.. Телефон соғу қажет! – деп,
Топжарған Зейнеткер даусы қарлықты Үрейі қалмай безектеп. Үлгермес олар... Көмекті Жасайтын біздер боламыз – Игорь тез шешті шинелін, – Қайда әлгі, қайда баламыз? Алтыншы қабат – балконнан Бір бөбек шырыл қағады. – Добымды бей! – деп жұлқынып, «Мамалап» мұңын шағады. Жалма-жан допты кәтеріп Көрсетті Игорь балаға. – Жылама! Әкеп берем! – дер, Ал оған бала нана ма? Бір қолы балкон жақтауын Тастай ғып бөбек ұстаған. Қоймайды-ақ добын жоқтауын Екінші қолмен нұсқаған. Аяғы – балкон сыртында, Құлауға тұр-ау шақ қалып, Қарау да қиын тұрқына, Тұрмаса болмас сақтанып. – Мінеки, добың! – дер Игорь, – Тек қана, бөбек, құлама! Жарай ма, келем қазір-ақ, Беремін әкеп, жылама!.. Анасы жоқ-ау үйінде, Деп түйді Игорь сол бір сәт. – Жылама, жақсы балақан, Құлама, бөбек, құлыншақ!
Мыңбай Рәш Шыдауға енді шама жоқ, Керек-ақ ойлау амалын. Есіл-дерті сол бала боп, Аударды соған жанарын. Шинелін керіп екеулеп, Балконның келіп маңына: – Абай бол, бөбек, абай бол! – Өтінді Игорь тағы да. Қас қағым – бала ажалы, Кетпек пе сеніп қыршын жас?! Бір үрей алды мазаны, Көзінен шықты ыршып жас. «Тап мына бөбек орнында Қайтер ем болсам өзім мен?» – Батады қатты жанына Аяныш, қорқу сезіммен. Көбейіп кеткен тұрғындар, Табанда берер жәрдем жоқ. Бүгжеңдей қарар кемпір, шал. Күресер еді-ау, дәрмен жоқ. Ажалы тұрды баланың Қас қағым – қылдың үстінде, Шалағайлығы-ау ананың, Тап қылған халін мүшкілге. ...О, ғажап! Бөбек шыңғырып, Төменге атқан допқа ұқсап, Келеді зулап, құлдилап, Болмаған шығар мұндай шақ. Қас қағым еді, бақсаңыз, Өлім мен өмір арасы.
Топжарған Құтқарсаң, айтар жақсы аңыз, Тағдырды мына қарашы! Өріліп жатар өмірдің Қуанышы мен қайғысы. Өрекпіп тұрған көңілдің Иесі қандай, қай кісі?! Топ етті доптай жас бала Керілген сол бір шинельге. – Жарайсың, солдат. – Масқара... – Апарыңдар тез үйге енді... Жетіп те келді жалма-жан Желаяқ «Жедел жәрдем» де. Милиционер: «Тара! – дер, – Үйлеріңе қайт келгендер!..». Игорьды тастай құшақтап Жіберер бөбек түрі жоқ. Анасы оның ес-түссіз, Қарайды көптің бірі боп. Баласын жатыр аймалап: – Бөбегім, тірі бармысың?! Жаныңнан солдат айналдым! – Игорьге айтып алғысын... Денесі дір-дір етеді Шошынған сол бір бөбектің. Құшақтың сезіп не екенін Қуанды бала ерек тым! ...Игорьдің қалыңдығы қалған жаурап, Көз жасы омырауға аққан саулап. – Сен мені сүймейсің! – деп құлазыды, – Кинодан кеш қалдық, – деп және даулап.
Мыңбай Рәш – Катрин, бүгінгі кеш кешір мені, Жазықсыз кінәлайсың несін мені?! Ажалдың тырнағынан бір сәбиді Келгенім арашалап осы деді! ДАРҚАН ДОСТЫҚ Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдық тойына Қос қуаныш Жайылған жомарт дастарқан, Сап түзеп сері шампандар. Жиналып қалған дос дарқан. Қарайды көздер Шолпанға. Жетелеп оты желіктің Жұманың бүгін кешінде. Қарайды академиктің Мүшелді немересіне. Билейді бойды қуаныш: Шолпанжан жиырма бесте! – деп. Қария ше?.. Қалған тым алыс Жас шағы түсер еске кеп. Селеудей шашы боз қырау Өрт шалған селдір ормандай. Өмірдің өзі қызық-ау, Нені отыр ғалым армандай?! Жарысқан анау әжімдер – Таңбасы тағдыр-өмірдің. Күйбеңді күндер... әзілдер Көлеңкесіндей көңілдің.
Топжарған ...Бірінші сөзді өзі алып Шолпанның ғалым атасы. Сөйледі толқи қозғалып, Айтылып тілек батасы: – Шолпанжан, – деді ол,– шырағым, Шуағың шырын сөнбесін. Той-думан болып тұрағың, Өнерің өрге өрлесін. Жиырма бес сенің жасыңды Он есе бүгін өсіріп, Тура екі жарым ғасырды Тұрғаным үйге көшіріп. Бүгінгі тойың сенің де Ғажайып тоймен астасқан. Ресеймен қазақ елім де, Ғұмырлар мәңгі достасқан! Көп жаса, Шолпан, сен-дағы Демеші айттың неліктен?! Бақытың сенің ел бағы – Қос тойға тұрмын келіп мен! Ел тойы – тойы Шолпанның, Қос шаттық бірге тоғысты. Кербез күз қандай дарқан күн Сыңғырлай фужер соғысты. Жиырма бес те оралып Соққандай бейне қайтадан. Сеп-селдір шашын таранып, Ой тербеп кетті майталман... Әлгінде толқу кезінде Тарихшы үлкен ғұлама
Мыңбай Рәш Шомылды нендей сезімге?!. Шабыттың күйін бұра да, Шежіре шертіп сайрап бер Үш ғасыр кейін шегін де. Жалын бер, тіл бер, қайрат бер, Құлақ бер, көз бер еліңе! Жер үшін жаумен алысқан Қаһары қайтпас батыр бер! Жүйрік бер желмен жарысқан, Туыс бер, Тозбас ақыл бер! Замана сырын шертетін Жез таңдай әнші, күйші бер. Ақын бер жанды ерітетін, Бәрін де ойға түйсін ел! Кім білсін қырдан қаңғырған Көшкенде әлде ебелек. Жаралып жазғы жаңбырдан, Ұшқанда әлде көбелек. Сәуірдің қары сүрленген Балқыған күннің нұрынан. Шақта ма шілік бүрленген Құйқылжып бұлбұл жыры да. Шүйгінді шулы шілде ме, Қылымсып нұрлы атырап. Тіл бітіп ызың гүлге де, Жайқалып жасыл жапырақ. Түңлігі жабық отаудай Түнерген бұлтты күзде ме. Талайлар депті: «О тоба-ай, Тап болды пәле бізге не?!»
Топжарған Сыбдырла, Талас, Боралдай, Аягөз, Арыс, Шыршығым, Мерт болды кімдер оралмай Неге айтты ана сыңсуын?.. Жайып сал бәрін жасырмай Жөңкілген қаннан өзенін. Қасақы жауға бас ұрмай Қорғауға шыққан өз елін. Қазақтың батыр ұлдарын Дулыға киген басына. Ақтаршы мұңды сырларын Бүгінгі абат ғасырда! САБУХИ Азербайжан халқының ұлы перзенті Мирза Фатали Ахундов рухына Сүйінші!.. Бородино дүрбелеңінен Дүние толқып көшкендей... ...Туды бір сәби, үнінен Таң жыры шалқып ескендей. Сүйінші! Туды бір перзент. Кім десек екен есімін? Маңдайы жазық, нұр келбет Қақты кеп дүние есігін. «Меңіреуліктен құтқарам Мүлгіген мынау даланы; Арайлы таңды күт, далам, Көруге жарқын жаңаны!».
Мыңбай Рәш Дегендей, Мұңды арманда Тұрғанда әзиз Отаны. Нухиде, таудың баурында Дүниеге келді Фатали! Кеудені кектің кернеген Тұтанбай тұрған оты әлі – Кезінде кепті дүниеге Ахундов Мирза Фатали! Қараңғы қапас еліне «Азаттық» сөзі жат әлі Шағында, Таң боп жеріне Атыпты Мирза Фатали! Зерделі, білгір, дарынды Әйгілі болып атағы, Күрестің ұлы, таң ұлы – Кешіпті ғұмыр Фатали. Үстіне киген патшалық Мундирге анау қарама! Келешек үшін қаншалық Тер төкті – соны сарала! Қатыгез заман болса да, Қаламын тербеп жұрты үшін, Ақтарды сырын қаншама, Жасырмай зілді күлкісін. Бүгінгі біздің ғасырды, Қиялдап, болжап, тіл қаттың. Ағайын елдің асылы, Өзіңсің – уа, қымбаттым!
Топжарған Сен ұлы болсаң – огуздың, Мен деп біл – қыпшақ ұрпағы. Өзіңмен телмін, егізбін, Бірге атқан азат нұр таңым! * Жарлылардың жан-жүрегін, жаралап Жазықсызды жәбірлеп һәм қаралап: Адамдарды жікке бөліп, алалап, Өтті жылдар... оған куә – Қарабах. Низамидің Ләйләсі мен Шырынын, Физулидің естідің сен сыр үнін! Зіл күлкісін, семсер тілін Закирдің Естігеннен жанарыңда жатыр мұң! Суайт молла: «Бар деп сиқыр сусыным», Аңқау елге тықпалап жүр тұмсығын. Химиягер «қаракетке»кіріссе, Жез, мысыңды айналдырмақ күміске. «Қарбызбенен емдеймін, деп, безгекті» – Балгерсымақ ауруларды меңдетті. Сараңдығы Шығайбайға барабар, Байлық үшін дір-дір Хаджи Қаралар. О, Сабухи, зердесі зор ғұлама, Әзиз ойың паш етілмей тұра ма? Шашыңның да әрбір талы ағарған Шырғалаңды шақтарың көп, мол арман.
Мыңбай Рәш Салмақты, сом, терең ойлы жүзіңнен, Сезгендеймін салқын ғасыр ізін мен. О, Сабухи, асыл мұрат сардары, Қазақ ақын саған жырын арнады. Сен аңсаған, сенің күткен таң нұрың – Менің таңым, менің дағы тағдырым! Балғын балалық – Бау-бақтағы құс қиқуын қызықтап, Жапырақтарды сабағынан үзіп қап, Бала күнім көбелекті қуыппын, Өзім-дағы көбелекке жуықпын. Карабахтың етегіне салынған Туған шаһар тал мен гүлге малынған. Бау-бақшасы толы жүзім, жаңғаққа Ұласады сағым қуған аулаққа! Жұпыны бір бар-ды тоқал тамымыз, Екі бөлме болатұғын барымыз. Келген пенде еңкейіп тек енеді, Үйіміз тар, пейіліміз кең еді. Еміс-еміс ойға аламын кейін мен, Есейгенде күңгірт тартқан зейінмен. Патша мен шах қақ бөліпті елімді, Екі бөліп кең көсілген жерімді. Аракстің біздікі бір жағасы, Бір жағасы – бопты әкемнің панасы.
Топжарған Азербайжан! Арайланған өз елім, Қосылып бір айта алмаған ғазелін. Дүниеге мен келгенде күлімдеп, Әкем байғұс айта алмаған: «Ұлым» деп, Қаза болған жан әкемнің түр-түсін, Білген емен, көрген емен күлкісін. Тавриз, Гяндже, жоталы тау Карабах, Құт мекенім! Ғұмыр кештім аралап. Мен жетімдік көрмесін деп анашым Маған әке етіпті Ахунд ағасын... Қалың елім қараңғылық жайлаған, Өтті күндер дін сарынын сайлаған. «Алла жолын бұзбайық» дер үлкендер, Ал молланың көмекейі бүлкілдер. Той емес-ау, табыс іздер молдекең, Бара қалса, мол түсімі қолда екен. * «Балам, жүр, – деп, – шариғаттың жолымен», – Ахунд қанша қақпайласын қолымен; Дін жолынан сезбей Мирза жақсылық, Көре алмады көне оқудан жақсы үміт. Түнде шалғай жұлдыздарды жұмбақтап, Ұмтылды Айға, жүрді жалғыз сырғақтап. Жуандардың байлық толы маңайын, Саудагердің сәнді керуен сарайын;
Мыңбай Рәш Өз көзімен көрді Мирза талайын – Ала-құла тұратынын ағайын. “Аракс” еш жаңылмайды ағыстан, Қырғиқабақ атысқан ел, шабысқан. Кім махрум айтатұғын дауыстан? Ал кімдердің бұ заманда бағы ұшқан? «Ахунд ата, көнбеді, деп, ырқыма, Мен ұлыңды меңіреу етпе, қор қылма! Менің жолым бөлек, сірә, жүретін, – Дер Фатали, – жетсе егер құдіретім! Жаны ашымас елге бек те, шах Аббас! Жаны ашымас, мейлің сүрін – қата бас. Хандар, шахтар сарайға тек сүйінер, Шыбын ғұрлы көрмей жұртқа шүйілер. Байлар – пасық, құлқынының құлдары, Ер намысын жыртар қайда ұлдары?! О, құдырет! Қайда шындық? Адалдық? Неге өріс алып кеткен надандық? – ...Осынау ойлар Фаталиді мазалар, Жауыздық көп, қолдан келсе, жазалар. Ахундтың ақырғы сөзі – Сөнетінін қарашығы көзіңнің, Семетін бір болатынын кезіңнің. Мен өз басым қаршадайдан сезіндім, Бері келші, мен жанымнан безіндім.
Топжарған Бауырға сап қаршадайдан сені мен, Әке орнына әкең болып келіп ем. Ақырғы рет сүйгізші бір бетіңнен, Өнер қуып сен шалғайға кетіп ең!.. Деңдеп дерті, меңдеп бойы арыған, Фаталидің өзін әрең таныған; Қарт Ахундтың қолы дір-дір етеді, Дауысы да құлаққа әрең жетеді: – Қалды өмірім дейсің қанша сағаттық... Айтқан кезім болса саған ағаттық. «Кештім!» деші. Қалсын жаным дауалап, Жөтеледі... тыныс жетпей барады-ақ... – Иә, балам, адаспадың жолыңнан, Оқығансың. Бәрі келер қолыңнан. Шенің өсіп алтын пагон тағыпсың, Патшаға да жұмысыңмен жағыпсың. Саған қояр кінәм де жоқ менің еш, «Молла жолын қу» дегенге мені кеш! Сан молланың қулықтарын байқадым, Талай-талай өкініп бас шайқадым. Жөн, Фатали, мұратыңнан тайынба, Қиындыққа қайыспа еш, мойыма. Берер батам – жолың болғай қайдада, Оқуыңды асыра бер пайдаға! «Әумин!» деді Ахунд созып аяттай, Үзіп-үзіп сөзін әрең аяқтай.
Мыңбай Рәш Фаталидан болды жауап тосқандай, Атасына қарап тұрды жасқанбай: – Кештім, ата, болса кінәң кешетін, Бәрі тағдыр ісі екен ғой шешетін! Жоқ-ау кінәң Түспей тұр ғой есіме, Оған ата қиналасыз несіне! Қайта өзің алмады деп тілімді, Жазғырдың ба екенсің мен ұлыңды? Еш пендеге бермес опа уайым, Өкпем жоқ еш өзіңізге ылайым. Бәлкім, әлі-ақ сауығып та қаларсың, Тифлиске менімен бірге барарсың? Ахунд басын шайқайды «жоқ!» дегендей, Келеді деп ажал әлі-ақ бөгелмей. Ақырғы рет көрдім атам жанарын, Мұздай екен – қолын ұстап қарадым. Күн ұяға батарында сәл ғана Сәуле бар ғой! – соны қалдым аңғара. Риза боп қалды-ау деймін ішінен, Жатыр Ахунд бәрін болжап түсінген. Ахунд атам сол жатқаннан тұрмады – Ол байлаулы болды ажалдың құрбаны.
Топжарған Жақсыдан шарапат – Жұмыр жер мен кең аспан... бар тіршілік, Өсімдіктер өскен Күнге құлшынып. Еңбектеген жас нәресте, қария, Асқар асу, не ғажайып дария – Бар-баршасы әмірі ғой Алланың, Құдай жолы болсын ойың, арманың. Адалдықтан болса егер үмітің, Бес намазды бұзбай ұста, жігітім. Суғарылмай сауат ашу сызымен, Шариғаттың жүретін бол ізімен! Осы – саған берер біздің батамыз, Ал өзіміз бір Алла деп жатамыз!.. – «Болмайды!» деп салсам, бұлар өкпелер, Ашуларын қайрап алып төпелер. Үндемейді, аулақ үйдей пәледен, Түк шықпайды, мейлі қанша дәмелен. Сенбейді олар жерді – жұмыр дегенге, Тәңір бар деп есептейді төбеңде. Құдай ісі – наурыз айы келгенде, Қозы толса маңырасып көгенге. Олар үшін: кедейлік пен байлық та Құдай ісі – көңіл кенет шайлықса. Дүниеге келе қалған сәби де, Құдай ісі – өлсе біреу, бәрі де!
Мыңбай Рәш Нухидегі орыс-татар мектебі, Жас Фатали сонда оқып көктеді. Бар бұйрықты күтетұғын Алладан, Дәріс алды ол Гусейн молладан. ...Он алтыға толған еді Фатали, Жұртқа мәлім емес әлі атағы. Өзеннің қос жағасындай жарысқан Дін мен шындық кезі бар ма табысқан? Не діндарлық жүрегіне ұялап, Не ғылымның қиын жолын қиялап; Қауашағын ашқан гүлдей жайнамақ, Екі бағыт арасында ойға қап. «О, Низами – асқан дарын емес пе, Бұл шайырлар жандар шығар ерекше!..». Өзі-дағы жыр жазуға талпынған, Шайырларды көрсем-ау деп шарқ ұрған. Бір күні кеш Мирза Шафи ақыннан Өлең естіп, көргені бар жақыннан. – Тыңда, – деді ол, – ғазелімді, балақан, Қауырсыны қатаймаған балапан! Тыңда жырды, уа, Фатали, балақан, Дін жолында жая бермей алақан! Иесі сен, білсең мынау заманның, Әуенін ұқ мен шырқайтын жаңа әннің! Шариғатқа шырмалып бос күйінбе, Дүниеқоңыз болма, жоққа сүйінбе!
Топжарған Айырмасы қайда ақ пен қараның, Дауға түссең, бар ма қару-жарағың? Жан екенсің өрістейтін талабың, Маған ұнап қалды сенің жанарың! Түнек бола көрме көпке түнерген, Кемел ойлы кең дала бол гүл өрген. Атқан таңдай ашық екен келбетің, Сауат ашып, серпіл, болмай сен жетім. Міне қолым, дәріс алсаң, мен дайын, Аянбаспын, шәкірт болсаң сен дәйім. Өз еліңе атқан шаттық таң болғай, Сана нұрын себелеген жан болғай!.. – Рахмет, шайыр аға, сөзіңе, Сенсеңіз, мен ғашық болдым өзіңе! Міне менің достық қолым, жүрегім, Баста, ұстаз, шәкіртің боп жүрейін! Орыс тілі, әдебиет... құшағын Айқара ашты, қажетімше құшамын. Мен ғаламат бір сұңқарға ұсадым, Қанат қағып, шарлап шалғай ұшамын! ...Суыртпақтай суырады ең маңызын, Оқиды ол «Игорь полкы аңызын». Ақыл – қайық. Талап – ескек еседі, Білім – шалқар. Толқындарын кешеді. Арадайын шәрбәт шырын іздеген, Аймағы жоқ ол аралап сүзбеген.
Мыңбай Рәш Ақтарылар Аристотель, Сократ, Мольер, Байрон... білігі мол атырап. Тарихтың да қойнауларын бойлайды, Толғанады, Топшылайды, ойлайды!.. ...Сұп-сұр болып келген кітапханадан, Білім қуған, тынымы жоқ баладан Көзін алмай Нанэ ханым-анасы, Тебірене жайын білер жан ашып: – О, құлыным, тағы Тавриз бардың ба? Білесің бе, не күтіп тұр, алдыңда? Мезгілінде тағамыңды ішпейсің, Тағам ішпей, қайдан келер күш дейсің? – Кешір, мама, тағам да ішем, оқимын, Дүние сырын көкірегіме тоқиын... ...Ертең тағы сыр шертеді шежіре, Ден қояды Рашид ад дин сөзіне. Ақтарылар көне тарих сырлары, Шығыстағы жеті жұлдыз жырлары. Көз тұндырар Абдул Хайю ертегі, Таңғажайып ертегінің жерлері. Беу, шығыстың жойқын жеті шырағы, Сарқылмайтын каусар газел бұлағы. Өздеріңде – жер жаһанның құнары. Өздеріңде – ғашықтардың құмары.
Топжарған Баку ханы, Нухи ханы, Дербент...– деп Өз бесігін әркім өзі тербеткен. Көне Гяндже! Қарт бабадай әжімді, Не көрсең де білмедің-ау кажуды. Төнді саған түріктер де азулы, Араб, парсы шапқыны да жазулы. Кетті жаулар келген ізбен таптаған, Гяндже! Сенен неге тұрақ таппаған? Неге олардың ішкен асы батпаған? Низамидің естіп жырын тоқтаған... «Тау елінің жортпа, – дескен, – тұсында» Рүстем мен Ескендірдің сұсы ма? Гяндже! Гяндже! Алтынменен аптаған, Шайырлардың жырын жаттап, сақтаған. Қожа Хафиз, Жәми, Сағди, Фирдоуси, Ақындардың өшпес мәңгі саз даусы. Асыл сазды алтын ойлар тозбайтын. Тот шалмайтын, жан-жүйкеңді қозғайтын! ...Қайран ана есіл-дерті балада, Бұл фәниде не жетеді анаға?! Қазір тағы жанашыр сөз арнайды, Перзентінен жанарын бір алмайды: – Құлыным-ау, кетіп ең таң бозынан, Бұл не оқу ұзақты күн созылған? Бүйте берсең, сен өзіңді жоясың, Көп оқуды қашан ғана қоясың? –
Мыңбай Рәш Қайран ана! Көзін жаспен бұлайды, Ұлын аяп, кәдімгідей жылайды. – Ана, бұған налыма деп жалынам, Тердім жеміс терең ойлар бағынан! Қуат барда, құштар барда оқиын, Даналардан шыққан сырды тоқиын! – Шариғатшыл адамдардың қолы кең, Тым құрмаса жүрмедің дін жолымен. Кім біледі не боларын, балам-ай! – Басын сипар перзентінің ана жай. Фаталидің көзінен ой ұшқындар, Бір ғажайып жарқыраған ұшқын бар. Толғандырар көптің зары, мүшкіл хал, Фаталидің көзінен от ұшқындар. Шығыс дастаны – Құласа да шатасып шах, Салған беттен сенер едім... Өлді Пушкин, таудай құлап, О, сұм хабар, неге келдің? Қайдағы бір қаңғыбастың Дарып оғы-қорғасыны, Тітіретті-ау аспан астын, Мұңға бөлеп мың ғасырды! Кап! Сәл ерте сезгенімде Тұтанып ел ызбарынан, Маған қарсы кез келгенде Кавказдың шың-құздарынан.
Топжарған Ұшырар ем қаңбақтай ғып Бол деп, найсап, құзғын жемі! Шаққан шірік жаңғақтай ғып, Лақтырмас па ем, бәлем, сені! Қан жалатып, тұмсыққа ұрып, Тентек Терек ағысына, Аунатар ма ем тұншықтырып, Оқ жұмсады-ау намысыма! – Деп күйініп Мирза сонда, Күндіз-түні толғанды кеп. Батқан күйі қайғы-мұңға, Шерлі қалам қолға алды кеп. Көп жоқтады, жол таппады, Терең ойға кетті бойлап. «Жырлау керек!» деп тоқтады, Тебірене ойлап-ойлап... Бірінші түн Ақын өлді! Россия қаралы! Ауыр қаза, кетті шарлап хабары. Жырға ынтызар халық жаны жаралы, Жабырқаулы адал жандар қабағы. Ақын өлді өсек-аяң, егестен, Ақын өлді адалдықпен тел өскен. Мерт болды ақын, намысының құрбаны, Ақтарылмай қалды қанша сырлары? Ақын жанын душар еткен егеске, – Жат пиғылды келімсектер емес пе?
Мыңбай Рәш Россия, шықтың нендей «белеске!» Шетелдікке есік аштың емес пе... «Оревуар!» – болды қолын сермейтін, Қайда жолың болшаққа өрлейтін?! Сол арамдар ақыныңа оқ жұмсап, Креслодан керіледі жұп-жұмсақ. Пушкинді іздеп Россия қайғырды Поэзия қанатынан айрылды! Ал шынында бұл өлімге себепші – Өздері ғой! Бөтен ешкім емес-ті! Екінші түн Лермонтовтың оқып «Ақын қазасын», Фатали да жазды Шығыс азасын! Қайғы шегіп орны толмас қазаға, Кек қайнатып, кетті қашып маза да. Жазды ол тұңғыш шерлі «Шығыс дастанын” Күңірентіп бүкіл Кавказ аспанын! Жасырмады қайғысы мен ызасын, Ақиқатты айтсаң, торды бұзасың! Россия төріндегі төрені Ол Кавказда өз елінен көреді. Қырық – бір жақ, қыңыр – бір жақ – қайда да! Мейлің ғой түсірсең де айнаға. Қызу оймен тұтанады Фатали, Не болады мешеу қалған отаны?
Топжарған Жалғаны жоқ жол іздейді жерінен, Жабырқаған, езгі көрген елінен. Жанарынан тағы да от ұшқындар, Қолда бары – өткір қалам, үшкір бар. – Тал бойымда барда менің қуатым, Уа, өзіңе серт етемін, ұлы ақын! Адамшылық сүйгендердің құлымын, Сабухимын, атар таңның ұлымын! Үшінші түн Қашады ұйқым, Селт етіп нәр сызбадым, Қайран жүрек, қайғы қарып мұздадың. Ақындардың ақынынан айрылдық, Күллі Қавказ қара киіп қайғырдық. Қөз жасы – көл, кермек татыр тым ащы, Бақшасарай фонтанымен ұласты. Адам тұрмақ қайғырады қағаз да, Құштар болып жыр сорғалар сабазға! О, Пушкин! Бұлбұлдардың бұлбұлы! Жолы бөлек жүйріктердің дүлдүлі! Өршіл ойы – Россияның мақтаны, Поэзияның құдіреті, тақ, бағы! Тым болмаса қырықтың да қырқасын Көрмедің-ау, ғасыры бір құрдасым. Үңірейіп қала берді-ау орының, Көрген түстей шабыттарға толы күн.
Мыңбай Рәш Мерт болдың-ау жексұрын бір жендеттен, Үшінші түн көз жасымды селдеткен... ...Көріп келем бектер менен шахтарды, Адамды алдап, ар-ұятын сатқанды. ...Көріп келем, әлсіздерді илеген Залымдарды – зарлатып ел билеген. Ой салады Париждегі дүрбелең... Азаттықты армандаймын күнде мен! Қызығамын таулықтардың әніне – Жақсылықтың жақтаспын мен бәріне. Ақсүйектің, мұжықтардың мекені – Россия екі түрлі екенін. Сезем! Солай біздің-дағы еліміз, Бай мен кедей – ара жігін көріңіз. Керек емес бұқараға екі елің, Азат болса – біреуі де жетеді! ...Ойға аламын Декабристер тағдырын, Ойға аламын дүрбелеңнің барлығын! Оятсам деп Азияны, Шығысты, Армандаймын атар таңын ырыстың! Армандаймын: адам біткен туыссын, Туыссын да бір-бірімен ұғыссын! Мешіт, шіркеу, пайғамбарға сенбеймін, Зейін қойып, білім нәрін зерлеймін.
Топжарған Сорлы елім-ау, серпілуің жөн деймін, Шариғаттың шатпағына көнбеймін. Низамимен қатар оқып өз елім, Пушкиннің де жаттай білсін өлеңін. Армандаймын туысса деп халықтар, Оқылса деп барша тілде алыптар! Ұлы Пушкин! Талантына бас ием, Мұраң сенің – таусылмайтын несібем! Шындық туын мен де арыммен көтерем! Ойлы сөзден лапылдата от өрем!.. ...Жан сөздерін ағытқанда Фатали, Көз алдында тұрды мұңды Отаны! Қандай ауыр ақын Пушкин қазасы, Қандай ауыр ойлы Мирза азасы! Лермонтовтың өлеңімен үндесіп, «Шығыс дастан» – шындық сырын тұрды есіп Ащы зар мен кеуде кернер кегі де, Аян болды Россияның еліне! Кездерінен бұршақ-бұршақ жас тамды, Таң ұлының өнер жолы басталды!.. Алданған кім? Күн батуға құрық бойы қалған-ды, Көктем лебі тамылжытқан бар маңды. Бұлбұл құстар тұрған сайрап бау-бақтан, Самал есіп теңіз жақтан, тау жақтан.
Мыңбай Рәш Дидарына елтіп Сальми ханымның: – Иесі өзің кеудемдегі жанымның! – Зайыбына құмарта шах қарайды: – Жанарың-ай жарқыратқан маңайды! Кальянын шегіп алып масайрап, Шах Аббас та танытқандай жас айбат. Кіріп келді Мирза Садр ад-дин де, Бар екенін сездіргендей әңгіме. Дидары оның қуқыл тартқан секілді Кім біледі, не жаңалық әкелді? О, алдияр, әмірлердің әмірі, Жар бола гөр, Алла, менің Тәңірім. – Созбаламай айтсаңшы тез, не хабар?.. Топан суы қаптамаса, не қылар... Мирза Садр жыпылықтап тағы да, Тәңіріне тұрды біраз жалына: – О жаратқан! Жар бола көр пендеңе, Шах алдында қобалжыдым мен неге?.. – Топан суы қаптаса да жасырма, Ойыңды ақтар, үрейімді қашырма! – Ай мен жұлдыз... һым... Мм... тамағыңды неге оқыс кенедің? Жасырмай айт! Не болса да көнемін! Шахтың көзі шарасынан шыққандай, Ашуының найзаларын сұққандай.
Топжарған – һым... Ай мен жұлдыз жылжыған бір кезінде О, алдияр, жолықтым жат сезімге. – Хош?! – деді шах өңі қашып табанда, – Нендей хабар? Жорысаң да, айт, жаманға! – О, ғаламат! Жасыра алман мен пірім, Содан бері қашты әбден дегбірім. Марс жылжып бара жатыр Шаянға, Екі аптада біздің жаққа таяр да. Бір қаһар бар тағыңды да ұшырар – Сұм тағдырдың сорлататын сұсы бар. Наурыздан соң тура екі апта – он бес күн!.. Ал тағдырдың дегеніне көнбес кім? Ел наурыздың өткерген соң байрамын, Топас тағдыр салмақ суық ойранын! Жасын ойнап, топан қаптап, сай құрып, Кетер ме екен қара жер қақ айрылып!.. Шах Аббасың шүберектей қуарып, Ішті шәрбат орнына су алып. «Алдын алу үшін төнген қатердің Бір амалын істемеуім бекер» – деп. Шақырды шах мәжілісті төтеннен, Жақтастарын аруағын көтерген. – Бұл пәледен құтылудың амалын Айтыңдар тез! – Қадады шах жанарын. Наурыздан соң? Он бес-ақ күн? Тез екен! Шынында да... шұғыл шешер кез екен.
Мыңбай Рәш Қарт жұлдызшы, бал ашатын көнеден Ақыл қосып кеңес берді демеген. – Біз шындықты айттық, мұны Шах Аббас, Ақымақтар пікірі деп атамас. – Тақты тастап кету керек қалайда, Күзет күшті болған абзал, абайла! – Тақты беру керек ерші Юсифке – Өлім жаза кесілген ит-күшікке! Жас Шах Аббас дереу тақтан құтылды, Ізім-ғайым көлеңкесін зытырды. Қайда кетті? Білмейді оны еш пенде, Тығылған ба? Теңіз асып, кешкен бе! Шіренді Юсиф кеткен шахтың тағында, Жарамсақтар жүр жорғалап маңында. Жұлдыз тұрмақ, аспан құлап түссе де, Ойына оның кірер емес ештеңе. Жарлығының барлығы жөн, тура боп, Екі аптадай отыр әзір бура боп. «Тақта мүлде қалуым да мүмкін бе?» Деп көмекей салып отыр бүлкілге. – О, пақырлар, шабылып қал шахыңа, Шах Аббас та ілесе алмас шаңыма! Жарамсақтар жатты құрдай жорғалап, Шарап тасып, самайдан тер сорғалап. Тақ үстінде жайлау болып жағасы, Юсиф шахтың кетті шырқап «бағасы».
Топжарған Шах сарайда басы айналып шараптан, Тіл күрмелді дей алмай: «О, жа-рат-қан!». Қысқа күнде Юсиф қырық құбылды, Бір өзгеріс жасамақ боп бұйырды. Әлеуметтік енгізем деп жаңалық Өз ойына өзі отырды қамалып. «Ау, өзгелер бұған қалай қарайды? О жаққа бас қатырмаймын! Жарайды!..». Шахтікі жөн, аузы қисық болса да Бас ауыртып керегі не соншама? Шатасқан шах жарлыққа қол қойса да, Неге терлеп түскендей бір моншаға? ...Сезді ме шах – бар болғаны аз күнде Көк шыбынды көзіне үйіп казвиндер. Жанын оның жіберерін тозаққа? Бекер, бекер тап болды Юсиф мазаққа! Қамын ойлау қарапайым халықтың Кірмеді еске!.. Жұмақ пенен тамұқтың. Шыға алмады шырмауынан намаздың, Ғайып болды ғұмыры аз боп сабаздың. Қауіп-қатер өтті-ау деген кезінде, Сол баяғы шат-шадыман сезімде. Мұрт ширатып шах Аббас та оралды, Сақтығы оның дүйім елге таралды.
Мыңбай Рәш «...Алданған кім?» деп ойлайсыз, халайық, Аспандағы, кел, жұлдызды санайық! Ләм-мим демес, байқасаңыз, бірі де, Мейлі, қанша қарасаң да үңіле. Қайда әлгі жұлдыз санап жүргендер, Сол арқылы жер тағдырын «білгендер?». Олар-дағы үнсіз барлық кінәні, Жұлдыздарға арта салып жүр әлі. Шімірікпес шіркіндердің беттері, Жұлдызда не ақысы бар көктегі? Тәңірінің күтіп шапқат, мейірін, Алданған мен жоғалтқан көп сенімін. Сенімді ақтау – азаматтар мойнында, Қарақшының қару толы қойнында. Хандар, шахтар жарлық беріп зымиян, Тақтарында миығынан жымиған. Аңқау жандар айламен сол алданған, Ал төрелер мұның бәрін малданған. * Патша мейір көрсетер деп көп сенді, Есіңізде болар қанды жексенбі?! Өтіріктің бір-ақ тұтам құйрығы, Қанаушының солай жалған бұйрығы. «Қызылдардан құтқарам деп елімді», Кекеңдеген Керенский елірді.
Топжарған Зытты ақыры киіп әйел киімін, Сол түсірген бетіменен иінін. Сенім, үміт – адалдықпен ағайын, Жалғандық қой өкіндірген талайын. Қаталасса шах та түсер шалқадан, Шала естіні ешкім қақпас арқадан. Юсиф шах та дегеніне жетпеді, Көз алдында көптің өліп кеткені. Өрлете алмай өңмендеген «өнерін», Казвиндерге жұрдай етті «беделін». Жұлдыз емес, миға салсаң, алданған – Шатасқан шах мансап қуып қарманған!.. О, Фатали, Сізге бар бір сауалым, Өзің берші іркілместен жауабын. – Ғарыштағы алдана ма жұлдыздар, Жымыңдасар кезі емес пе түнгі ызғар? ...Иә өзің тіл қатқандай боласың, Қолға өткір қаламыңды аласың. Қаһарманың сахнаға шығарған Сөйлеп тұрар... Сенің тірі шығармаң! – Алданғандар, әрине, емес жұлдыздар, Сөзге сенгіш жерде жүрген ұл, қыздар. Алданғандар – емес және төрелер, Төрелерден жайы-күйі төмендер.
Мыңбай Рәш Алданғандар әлі сауат ашпаған, Соқыр сезім білім жаққа баспаған. «Аңқау елге-арамза да молда ғой», Қараңғылық! Барлық пәле сонда ғой!.. * Хаджи Керим кере тастап қабағын, Кетті жалғап сөйлер сөздің сабағын: – Өзім куә, олаһи-ау, нансаңыз, Тсс... ақырын, құлағыңыз салыңыз. Білсеңдер ғой, неге бәрін шақырдым, Тамаша бар таданатын ақылдың! Өзім куә... Мирза Халил Халдақтан – Тифлиске төрт күн бұрын жол тартқан! – Онда не тұр екен? – деді Сафар бек – Сөз тыңдашы, тайталаспай қатар кеп! – Хачмаска жайып тастап шатырын, Күміс жасау жолын тапқан батырың! – Соқ өтірік! – деді сонда Сафар бек – Құдай куә, жалған болса, айтар ма ек! Аға заман: – Естіп мен де түсінгем, Жасайды деп сиқыр сусын күшімен! – Тифлистің өзі рұхсат етіпті! Химиягер даңқы дүрлеп кетіпті! Акул жақтың армяндары ұйысып, Жиырма бес мың мыс ақшаны жиысып,
Топжарған Кеңірдектен кенеліпті күміске, Тапа тал түс салған дейді бөліске! – Шіркін, біз де ен дәулетке батар ма ек, Әттең, қалтам тесік, – дейді Сафар бек. Егер бәрің есесімен берсеңдер, Хаджи Рахим байдан сұрап көрсем мен! – Айналайын Молла Салман, қарызға ал! Мың теңгеден болайық біз қарыздар! Қызулана қалды Хаджи Керим де: – Ең құнарлы жер берем, – деп, – жерімнен! – Бірер мыңын ала салшы маған да, – Деп бүйірі қызды Аға заман да. Қиналмаспын! Мекен-жайым садаға! Жаңалықтан қалыс қалып бола ма! Табан асты болды олар дүрбелең, Маза қашып, өтті күндіз, түн деген. Сыңғыр-сыңғыр мыс ақшаның дауысы, Құпияға кенелгендей тау іші. Сезіп қалып жүрмесін, деп, басқалар, Бір-бірінен қызғанады қасқалар. – Сана, кәні!.. Жиырма бес мың сом нақышты – Күміс алу құпиясына қатысты. – О, алхимик Халил молла, қайдасың? Жасашы тез... көрейік біз пайдасын!
Мыңбай Рәш Ибрагим Халил отыр бәлсініп, Ұрттап шайын, маңдайынан тер шығып. – Пайдасына батамыз ба екі есе? – Батасыңдар, күтер болсаң бес есе! Қолқа салған жалғыз ғана сендер ме, Толып жатыр ақшалылар сенделген. Халил молла мысық мұртын шиырды: «Оңай олжа тағы келіп бұйырды...». – Келесі түн бетке ұсталық қиырды, – Соның үшін тәтті шарап құйылды. Сездірмеді ол кетер суық сапарын, Алаяқ қу сатар солай отанын! Химиягер қағып қойып шақшасын, Отыр санап алдап алған ақшасын. – Жүз елу мың! Қош бол ертең, Карадаг, Қош аңқаулар мыс жинаған аралап!.. Алдандыңдар, ерініңді жалаңдар, Одан өзге сендерге не амал бар!? Япыр-ай, терезеден көлбеңдеп, Әлденелер тұрған сынды ербеңдеп. «Уа, Халил, қайда берер күмісің, Шықпағаны қалай сенің дыбысың?!» – Қалғып кетсе-ақ, құбыжықтай қамаған Осылай деп алғандай бір жағадан. Қалғып кетсе-ақ, тонаушыдай тонаған Қалталылар қасқыр болып қамаған.
Топжарған Жүз елу мың! – тереңіне батырып, Қөз ілмейді, «сиқыршымыз» аһ ұрып. Түніменен есігін кеп қаққандай, Мыс бергендер аңдып оны жатқандай. Химиягер көз ілместен ақ таңға, Бір амалын құтылудың тапқандай. Қоржынына сықай салып олжаны, Шалғай жаққа кетуді тек болжады. Тұрып алып ерте алаң-елеңнен, Қыс ақшаға кеңірдектен кенелген. Есегіне жүгін дереу артып-ап, Персияға зытты, айылын тартып-ап! ...Ертеңіне у-шу болды Нухида, Алаяқтың тап болғандар «хұқына». Мысы құрып, мыс ақшадан айрылып, Жер шұқылап қала берді қайғырып. Хаджи Рахим тұр иығын жұлып жеп: «Қарыздарды қайтарыңдар бүгін!» деп. Қөксегендер кеп алам деп күмісті, «Сиқыр судың» сырын енді білісті. Жұлдыз емес, бұл жолы да алданған Аңқаулар да – дәулетін қу малданған. Хаджи Нури басын шайқап күрсінді: – О, аңқаулар, ұмытпаңдар бұл сынды. Жылпос молла жетегіне ердіңдер, Алданған кім? Көзбен енді көрдіңдер!
Мыңбай Рәш Хан шамданып, сарайынан шашты сес: – Дер шағында білмедік қой, енді кеш! Алаяқты іздеп шалғай көрші елге Бара алмаймыз, көнбесең де, көнсең де! Желдей есер сөзуарлар сарайдан, Осы сәтте күн де батып қарайған. «Адамзатты сүйгендердің құлымын!» Не істеу керек?.. Чернышевский сұрағы Таң ұлының алдында да тұрады. Ой-сананы серпілдіре ой айту, Парыз бізге – бар шығысты ояту! Ұзақ түндер көз ілмейді Фатали, Дарын оты іштей жанып, тұтанып. Билігі жоқ, әттең, бәрін айтарға, Мазалайды қым-қиғаш көп ой торлап. Көз алдында кейіпкерлер түр-түсі, Жадында тұр сайрап ащы күлкісі. Сахнаға шығарса ғой шетінен, – Тап осы ойға қалам қайрап бекінген! Арамбездер, алаяқтар, молдалар, Баршасына болып алған «Алла жар». «Пісміллә!» деп сипайды да жүздерін, Жасырады қара ниет іздерін. Мустали Шах келген сонау Ираннан, Диуана боп, пайда іздеуді ұйғарған.
Топжарған Аңқаулардың аңқайтарда ауызын «Дәруішпін» деп құтырады жауызың. Шарафниса, Шахрабану ханымдар: – О, диуана, сиқырла, – деп жалынар. Жалған дәуріш әлде не деп барылдар, Секең қағып, суық терге малынар: – Маған салсаң, жәрдемімен жұлдыздың Қара аспанға қаптатам да мың құзғын. Қарабахтың тауын тұтас төңкерем, Шың-құзадарын шынашақпен көтерем!.. Үрейлене, өңі өзгеріп ханымдар: – Жо, жоқ! Олай етпеңіз, – деп жалынар. – Маған салсаң, Маррик жұлдыз күшімен Аракстің өткен сәтте үстімен. Мусье Жордан басын қағып түсірем, Тас боратып, көптің көзін ісірем... Онан сайын жыпылықтап көздері, Ханымдардың мынау болды сөздері: – О, Аллам-ай, дәруіш, олай етпеңіз, Шамадан тыс ашуланып кетпеңіз! – Шын кейісем, жұлдыздардың күшімен, Текле – Муганлының-ақ мен үстінен Парижіңді ойран-топар қиратам, Бибілердің шашынан арқан ширатам. Шын кейісем, жұлдыздардың себімен Жын періні қаптатамын көгіңнен.
Мыңбай Рәш Мусье Жордан жүргеннен-ақ Кавказ кеп, Танысып та үлгіргенді Шахбаз бек. Арман етер Парижге бір барсам деп, Французша тіл үйреніп алсам деп. Қалыңдығы Гульчохра көнбейді: – Шалғай кетпей, үйленгенің жөн! – дейді. Мусье Жордан Парижді кеп мақтайды: – Ол әлемнің сөз өнерін сақтайды. Ешбір жер жоқ кітабы көп Париждей, Париж – әсем астанасы тәрізді! Фирдоуси мен Низамидің газелін, Батырлардың қорғағанын өз елін – Барлығын да Парижден сен табасың, Оның айтып тауыса алман бағасын! – Па, шіркін! – деп қызығады Шахбаз бек, Қалайда мен сол Парижге барсам деп. Карабахты келе жатқан аралап, Мусье Жордан үні естілді: «Қара!» лап; Бейне жерден жеті қоян тапқандай, Мусье Жордан тамашаға батқандай. – Өседі екен, десем, тек мен Альпіде, Бұл жақтан да кездесті гүл, көр, міне! Париж! Париж! Революция, дүрбелең... Азаткерлер бостандыққа үндеген.
Топжарған Европаның, Азияның тағдыры, Толғантады атпақ ғажап таң нұры. Халықтардың тағдырлары – жан жыры Толғанады, тебіренеді таң ұлы! Бар сауалға айтады ашық жауапты, Өйткені ол заман ұлы сауатты: – Кім алданған, жұлдыздар ма көктегі? Менің олай деуге хақым жоқ тегі! Өз міндетін атқара ма қол, аяқ? Тым көбейіп бара жатыр алаяқ! Өз парызын атқармаса басың да – Өте қиын мынау қатал ғасырда! Алдаушылар болмау үшін заманда Мүлде өзге мұрат қажет әмәнда. Болмау үшін дәруіш, Хаджи Қаралар, Айтшы қандай қажет дейсіз шаралар? Осы ойлармен келер күнмен тілдесем, Қыңырлармен мен аяусыз күресем! Осы жолда: миым, жүрек, қаламым, Осы жолда ісім, күшім, талабым! О, адамзат, өзіңе арнар шырын бал, Саф көңілімнің сазын шерткен сырым бар. Болашақтан сәуле сеуіп жымыңдар, Жұлдызым да басқа менің, ұғыңдар. Тас қараңғы түнектерін көненің Түріп тастап, серпіліңдер деп едім.
Мыңбай Рәш Бағы кездің білте шамы сөнерін Сезем! Жарқын болашаққа сенемін! Азербайжан! Перзентіңмін, ұлыңмын, Мен халқымның құрбанымын, құлымын. Анамдай боп күйбең қағып демеген – Қасиетті жер көзіме ыстық не деген! Мың Парижге берермін бе мен сені, Жабырқасам, көтеретін еңсені – Шыңдарың-ай, өркешіндей атаның, Табиғаты қандай ыстық отанның! Құтыл сен де құрсауынан матаудың, Гүзжазира келсең нағыз атанғың. Туысы мен ырысы мол Отаным Тігер ертең сенем, сәнді отауын. Өпкім келер атар таңның самалын, Бақыт туын көтерсе бар алабым! «Адамдықтың құлымын!» – деп жар салам, Кемел ғасыр, келші тез мен аңсаған! Туыс тілдер Бір жағында Қазақстан – Қазардың, Бір жағында – Азербайжан!.. озар күн. Түрі, тілі ұқсас екі егіз ел, Егіз елдің жері де ұқсас мен іздер. Бахрам Гурдай батырым бар менің де, Жеңген жауын – бақыт тілеп еліне.
Топжарған «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш – Баяным», Білем, сенің еліңе де аянын. Қыпшақ қызы – Аппақты тек қалады Низамидің нұрға толған жанары. Жасыра алмай, ғашық сырын ақтарған Ұлы жыршы жүректерде сақталған. Қарт Қалижан Низамидей данасын Дастан етіп, жазған «Аппақнамасын». Сенің жауың – болып менің жауларым, Қоныс тепкен бар ғой Қазақ ауданым. Сол ауданда Самед Вургун туыпты, Қалам ұстап, жырдың жолын қуыпты... Мундир киіп, тағып зерлі пагонын, Оймен шолып өмір сүрген заманын; Фаталидей азат таңын армандап, Өтті Шоқан, бар өмірін елге арнап. Ал Ыбырай ашып тұңғыш мектепті, Өрендердің білімдерін көктетті. Әліппені жазып өзі алғашқы, Сауат ашу, білім алу жалғасты. Ен далада қағылды жез қоңырау, Сияларға боялды алғаш омырау. Оқу, тоқу керектігін Абай да Ескерген ғой насихаттап талайға. Тифлисте де зер пагонды ойлы адам, Өз халқының болашағын ойлаған!
Мыңбай Рәш Шариғатты естіп молла Садықтан, Көңлі мұздап, өзі де оқып жалыққан. – Мейлі орын бұйырса да тамұқтан, Мен өзімді бағыштадым халыққа... ...Ойланады, толғанады Таң ұлы, Еліне айтар толып жатыр тағлымы... Миллион қаржы қайда жылда жиналған? – Сұраңыздар! – дейді, – Шахтан, Имамнан! Шариғатта айтпа дейді өтірік, Жалған сөзді сыпыртар кім көпіріп? Дін жолында кінәлілер тозақта, Күйіп отқа, түседі кіл азапқа. Көз жүгіртіп көрсек егер құранға, Өтірігі болар еді-ау бір арба: Тозақтағы бақылаушы періште Айтқаныңды шығарады теріске! Кінәліге бермейді екен қол ұшын, Періштеге сенесіз бе сол үшін? Қыл көпірден өтер шақта, ышқынып, Қырық жылан шыға келмек ысқырып. Әр жыланның ішінде үш жүз шаян бар, Шыбын жанды шағуға у даярлар. Тозақ оты, дейді, түйе бойындай, Кінаң болса, айтқан абзал мойындай. Мүңкір-нәңкір айтқаныңа иланбай, Бар кінәңді бетке басар қиналмай.
Топжарған Сендерге – жан түршігер қиямет, Ислам дінін пір тұтады ұя деп. «Мың бір түнді» аударды Абдул Лятиф Шариғаттың қағидасын құлатып... «Дін дегеннің елге берер пайдасы Қайда осы? Ей, замандас, ойлашы! Оңнан солға қарай салар ирегің, Спиральдай араб әрпі, күйрегін. Әрең оқып, көзім тойып болғандай, Жаңа әліппе болмас сірә қолданбай». Елдің жарқын ертеңіне нанулы, Ойланады, толғанады таң ұлы: «Вольтер, Руссо, Гиппократ, Галилей, Мольер мен Бальзактардың сәніндей. Адамзаттың атап жазған мұратын – Көшу керек әріпіне латын!..». ...Фаталидің жаңалығын жат санап, Қарсы тұрды діндар қауым бастан-ақ. Туыс елдер тарихы мен аңызын Таратуға бұл әріптің маңызын. Мәлім етіп, дәлел айтып, пайымдап, Мысалдарын жеткілікті дайындап, Жолдады хат Стамбулға... Иранға... Хан, төреге айтпай ойын тыйған ба!.. О, Персия, қанау, азап жайлаған, Қанша ғасыр азып тозған айналаң?!
Мыңбай Рәш Босқын елің басы ауғанға босады, Россияға, Европаға қашады. Персия, елің қашан сауат ашады? Әскеріңнің бермес білім жасағы... Фаталидің Шығыстағы тарихта Жазғандығын тұңғыш жаңа «Элифба», Бүкіл шығыс білгірлері сөз етті, Жаңалыққа құлақ қояр кез жетті. – Бұл – ақылдың ісі!– деді Қазам-бек, Қолдап, құптап мақала да жазам! – деп; – Көрегендік! – десті Дорн, Шарль де, Ларен Тасси... ғалымдардың бәрі де!.. «Дін атаулы болса бізге қасірет, Содан бұл бір құтылудың басы!» деп. Жиырма жылын бағыштады Фатали, Діндарларға, әрине, бұл жат әлі!.. Жаңа әліппе, таңы хақ қой атары, Көбейеді қолдаушылар қатары! * ...Жорғалайды Фаталидің қаламы, Қаһармандар: «мені жаз!» деп қарады. Зіл күлкіге не дер екен төрелер? Біткен іске сыншылар да көбейер. Тифлисте дарын көзі ашылды, Тифлисте шығарма алғаш басылды.
Топжарған Тифлисте шалқып шабыт асылы, Оқырманға шашу болып шашылды. Дүниенің секілденіп кіндігі, Департамент түрулі тұр түндігі. Талай тілмен сырласады таң ұлы, Жатар есіп саясат та, заң үні! Таң ұлының «Тамсилаты» алғашқы, Тегеранда тапты сырлас, мұңдасты. «Мусье Жордан». Петербург, Берлинде... Сахналардан көрді барып ел күнде. «Химиягер»... Стамбул мен Иранда, Күлкісін көп ұқсамайды жиғанға! Жойқын жүйрік емес пе бұл тіл деген? Тіл атаулы шекараңды білмеген. Тіл қадірін түсінбеген төре де, Ол – әншейін тұрған мақау бөрене. Тіл тапқандар – бір-бірімен туыс ел, Мін таққандар бір-бірімен суыс ел. Тіл сыйлаған – әліппесін сыйлайды, Жыр сыйлаған – әріптесін сыйлайды. Орыс тілі – тіл біткеннің озығы, Әділеттің естіледі өз үні. Ломоносов осы тілмен сыр ашқан, Орыс тілі бейне күндіз нұрлы аспан! Осы тілде Пушкин жазған жырларын, Елеңдетіп жер жаһанның құлағын.
Мыңбай Рәш Орыс тілі арқылы өзге тілменен Фатали де білді сырын білмеген! Қаралы Кавказ Зарла, Кавказ шың-құздары, Жыла, аспан жұлдыздары; Қара жамыл, мұңды-зарлы Азербайжан ұл-қыздары! Сай сүйекті суыр, саздар, Таңдай қақтыр, тебірен, танбур. Аңырап ұш, аққу-қаздар, Күрсініп, көк, құйыл, жаңбыр! Пушкиннен айрылғанда Төккен қайғы запыранын – О, Сабухи, қайғы-зарға Енді өзің батырғаның! Жылдың суық ақпанында Таң ұлының тынды демі! Шырқау шақтың шатқалында Қыран көздің нұры сөнді! Сыпсың қағып, тарап сыбыс, Күңірендірді көптің жанын, Күн тұтылып, күйзел, Шығыс, Өксі, Рәшид, Нисә ханым! Қосағың ғой қоса ағарған, Күңірен сен де, Түбу ханым. Қайғыр, қария, қырау шалған Карабахтың тітірент маңын. Талай-талай жылдары еткен, Тифлис, қоштас арыңменен!
Топжарған Тар заманның сырын шерткен Сахна! Қоштас дарынменен! Қойсын діндар шығармай-ақ Фаталидің жаназасын. Мұндай ұлға ұялмай-ақ Айтар атар таң азасын! Зерлі пагон иығында, Полковник шеніндегі, Көзінің ой қиығында, Болашаққа сенімдегі. Дүниеден қайтты азамат, Берері мол еді әлі де. Өршіл ойын айтты азамат, Ие боп Шығыс беделіне! Қажыдың ба «жұлдыздардан» – Ұйықта, Кавказ Мольері, Сен құтқармақ мұңды-зардан, Тұр қоштасып ұрпақ, елің! Өзі түгіл, Фаталидің Табалаған табытын да, Жетті әмірі Имам-бидің, Қара пиғыл бағыты да: – Тифлис жабық Фаталиге, Жоқ зиратта оған орын. Қарғыс оның өліміне, Тамұқтан тек тартсын сорын! Кәпірлермен істес болған Қажеті жоқ диуананың!.. Сөздерінің бәрі жалған – Жамандаған имам, ханын!..
Мыңбай Рәш – Аулақ!!! Мейлі, бұл кәпірді Карабахқа кетсін алып. Лепіре кеп көпірді, Бас имамның көзі аларып. Тірі тұрмақ, өлгенде де Денесінен сескенгендер, Қарғыс айта келгенде де Дін жолымен сестенгендер; Жемтікке кеп үймелеген, Қиқу салған құзғындардай. Күзетіпті түніменен Зират жаққа ізін барлай. * Жөнелгенде Пушкин дарын Көне Кавказ аймағына, Салып қойып тыңшыларың, Бекіп патша байламына: – Неге айтпай, сол бір ақын Рұхсатсыз кетеді? – деп, Берген бұйрық сесті, салқын: «Серуендеуі жетеді!» – деп... ...Қазбек құзын қызықтаған Жауынгерлер арасында, Жорғалаған қызып қалам, Жұтып кәусар ауасын да. Өрттей жалап қызғанышы, Ақын даңқы лапылдатқан; Сүмең қағып жортқан тыңшы, Пиғылы арам мида қатқан.
Топжарған Тіс жармады-ау газеттер де; «Құлақтанып ел қояды» деп. Пушкин келген мезеттерде Патша абырой жояды деп. Өлді ақын! Сап болды ізі, Іші тарлар, қызғаныңдар! Жабылды оның жарқын жүзі, Жарыл, мейлі, сызданыңдар! Беу, Лермонтов! Есіңде ме, Күндер-ай бір сыр ақтарған! Біздің жаққа келдің кеше Сапарыңмен сұрақ қойған... Мундир тұрмақ, ұқсас екен Екеуміздің жанымыз да. Екеуміз де болдық бекем Айдай анық арымызға. Сезген ем мен сонда ішіңнің Қайнағанын қазандай боп, Жырыңды оқып бек түсіндім, Тұр-ау... үкім жазғандай боп! Россияның ырысына – Екеу едің туған ақын! Қайырылып қауырсының, Ұшып түсті бір қанатың! Үш күн, үш түн Фаталидің Ең ақырғы сапарына Аза тұта келгендердің Қалыңдады қатары да.
Мыңбай Рәш Діндарлардың түкке асқан жоқ Шатағы мен егесі де. Қастер тұтып ұштасқан қол – Көтерді оны төбесіне! ...Тбилиси. Гүлге оранған Лесемидзе көшесінде, Сом тұлға (сөнген арман) Қарай-қарай өтесің де. Сен де ауыр күрсінесің, Бас иесің таң ұлына! Жанын айқын түсінесің, Тиіс емес жаңылуға. Түн түскенде нұр бейнесін Ақ саумал түн, аймалар Ай, Жаңбыр жуып зор кеудесін, Жалтыратар шар айнадай. «Біз емес» деп алданғандар – Жымың қағар жұлдыз біткен. Қалғып кетер жота, жондар – Жоғалғандай күні күткен. Кімдер ұзақ жаққан шамын? Кімдер неге мөлиеді? Лапылдатқан ыстық қанын – Әлде... шығыс Мольері!.. Сөз жоқ, сол ғой, от ауызды, Орақ тісті таң ұлы екен. Комедия жаңа қызды, Жер жаһанға дабыл екен! Тбилиси. Кербез күндіз. Уа, Фатали, қарай қалшы!
Топжарған Иер басын інің Чингиз, Автограф бермек – алшы! Қарайды ұзақ мазарыңа, Сезеді іші тұрмасыңды, Оқырмандар назарына Ұсынады бір ғасырды. Бір өзіңе бағышталған Тұр әкеліп романын. Жаңа әріппен нақышталған Жан тынысын ұлы адамның! ...Жылдар ...Жылдар, күмбезіңе Көздер неге бөгеледі? Венок болып тұр өзіңе Тбилиси төбелері! Қиял Кәне, самғап көрші, жүйрік қиялым, Ерік берсем, сезем бәрі сиярын. Тым құрмаса екі ғасыр арасын Салғастырып, Фатали бір қарасын. Сиқырыңмен тірілтші бір таң ұлын, Азаттықтың көрмеді ғой дабылын! Тұра келсе! Таң ұлы әсте өлмесе, Жай ұйықтап кеткен болсын ол кеше. Уа, шүйінші бер, адамзат, ендеше! Өз перзентің тұр ертеңмен тілдесе! Дүниеге мұндай адам келмесе, Әлем болып тойлар ма еді ел кеше! Тірі болса таң ұлы егер бұл күнде, Былай үнін тастауы оның мүмкін бе:
Мыңбай Рәш – Қасиетті жерге әсте даруға Хақысы жоқ! Жол бермеңдер қаруға! Айтары хақ айбатты өз үкімін: Тілеймін деп, келісім шарт бекуін. Жан масайрап гүл жазира қонысқа, Қарсы үкім тастар еді-ау соғысқа! Тірі болса, ол түйрейтін қаһарман – Соғысқұмар болып бүгін атанған! Тірі болса, бар адамзат бірлігін – Тілер еді-ау мәңгі достық, тірлігін! О, таң ұлы, әттең, бүгін аралап, Туған елің көрер ме едің саралап. Бәрі өзгерген! Өзге бүгін Карадаг, Жарқырата жақұт тағып бар алап. Түні дағы күндізгідей жап-жарық, Тас жол өтер бақ қаланы қақ жарып. Қазарға еш жүрмес хұқы Құдайдың, Халық – қожа, жатыр алып мұнайын. Кеткен мәңгі қанау, алдау азабың, Азан емес, жан тербетер ғажап үн. Болды музей кешегі хан сарайы, Жан тербетер жаңа әуен маңайы! Тойлап сенің мүшелді үлкен тойыңды, Салтанатты сарайда ойын қойылды. О, таң ұлы, таңырқар ең қарасаң, Туған өлкең – гүл жазира орасан!
Топжарған ҚАРСАҚПАЙ ХИКАЯСЫ (Поэма) Пролог Қажет емес құжат қарап ұзақ күн, Көне көзге көзін сүзіп қызартқан. Қартайғанда жас тарихшы болам ба, Елу жылға қиялымды ұзатқам. Қанша ғасыр!.. Қиялымды ұзарттым. Мен өзім де бейне тірі құжатпын. Жетпіс жылым аз емес бір басыма, Өтті талай күнестер де, сызат күн... Қақаған қыс, жайбарақат жаздарым, Жабырқатқан, жадыратқан аз ба күн?! Тағдыр қанша талқысына салса да, Төзе білдім, арымадым, азбадым. Қаныш ата қолын қойған куәлік – Жарты ауыз да жалғаны жоқ шын, анық. Шындық сөзін шығарғандай шығанға, О, шабытым, шатастырмай шық алып! Мен не деген бақыты зор адаммын, Ой-зердесін оранған бар ғаламның – Қаныш ата ордасында ой сомдап, Сарқыт татқан ұрпағына саналдым! Қиындықпен қаршадайдан күрестім, Аш, жалаңаш жүріп вузды түгестім. Асау арман алып-ұшты алысқа, Ғылым қуып, қаламымнан жыр естім. Солқылдамай соққан өмір тезінен, Ой жүгіртем бүгін сол бір кезіме,
Мыңбай Рәш Қайран жастық!.. Қандай өмір қызық ең! Іздейтінбіз өресі асқақ өнерді, Армандаушы ек Сәтбаевтай беделді. Тектілікті тудай ұстап өстік біз, Жек көруші ек жетесіздік дегенді. Академия ғылымның зор ордасын, Қаныш өзі құрған тұңғыш қолбасы. Ахмет, Мұхтар, Русаков, Усовтар... Достары еді іс атқарар қолдасып. Жасыбайдағы жолығыс Пернесін шерткен шабыттың – Қарсақпай хикаясынан... Суыра сырды ағыттым Қанышты жырлап басынан... Төскейі жасыл шыршалы, Тарғыл да тарғыл тасын-ай. Қызықтап қатпар қырқаны, Жатқандай толқып “Жасыбай”. Көгендеп көзді алғандай, “Жасыбай, беу-беу, Жасыбай”. Бір Құдай жасап қойғандай, Басылмас шабыт тасымай. Табиғат сыйға тартқандай, “Жасыбай, пай-пай, Жасыбай”. Жайлауын жаның тапқандай, Жазира көңіл хошындай.
Топжарған Шалғайдан келер, жақыннан, Жүрер жұрт көзін суғарып. Айналдым сенің атыңнан, Қашаннан болған жырға құт! “Жасыбай, сендей бақытты Көл біткен, сірә, жоқ шығар. Сабаңда сақтап уақытты, Жұмбақтай жағаң “топшылар”. Сүйінген саған Шоқан да, Серуендер сал мен серілер. Сайрандап Біржан, Ахан да Ізінен шежіре терілер. Әлікей, Дихан, Қалижан Өзіңе талай тамсанған. Түсіріп кино далиған – Айманов шырқап ән салған. Ал Қаныш қаршадайынан Өрекпи сүйген өзіңді. Шықпаған бір де ойынан, Арнаған асқақ сезімді. Балаңдық шақтың іздерін, Іздесең енді таппайсың. Көлінде күмп-күмп жүзгенін, Есіңде ғана сақтайсың. Достары асық атқанда, Қусырған Қаныш тасыңды… Күн батып бара жатқанда, Құпия нендей жасырды? Жастықтың ызың-шуы да, Жоғалып мүлде сап болды-ау.
Мыңбай Рәш Қаз-үйрек, кербез аққу да Көрінбес кезең тап болды-ау. Семинарийін Семейдің. Сәтбаев үздік түгескен. Еліне келіп, өреннің Сауатын ашып күн кешкен. Босаса қолы дәрістен Қайласын ауыр қолға алып. Кеңдермен асыл көріскен, Жүретін жұмбақ толғанып. Біреулер балық ауласа, Біреулер теріп долана. Достары кейде “дауласа”, – Қол тиер кезің бола ма? Қабағын алған тас түйіп, Ағайыны бір қырқаның, “Имантай ұлы тас қуып Кетер ме, – дейтін, – қорқамын...” “Инженер” сөзі өң тұрмақ, Түсіне қазақ кірмейтін. – Япыр-ау, мына ақымақ, Бой ұрды-ау іске білмейтін... Олардың ойы: мұғалім, Әйтпесе шықса сот болып... Болмайды, – десер, – бұл халің, – Ұйғарымдары шорт болып. ...Елуден асқан шағында, Қанекең келген кезі еді. “Жасыбай” көлі бабында, Перзентін бейне сезеді.
Топжарған ...Көз алдынан Қаныштың, Елестеп өтті жас шағы. Ұстазбен болған таныс күн Қазбаның қиял бастауы... Қақаған қарлы қыстары, Желдеткен жарқын жаздары. Қиқулап ұшқан құстары Көл сызған үйрек, қаздары. Қайламен қарш-қарш тас шауып, Жүрген бір көріп жігітті. Қарап тұрса да қасқайып Қоздатты бір қарт үмітті. – Атың кім, жігіт? – Қанышпын... – Өзіңіз кім? – Усовпын... Сенімен кеп тұр танысқым!.. Шілдеде тұрған ысып күн... Жеңімен терін маңдайдың Ысқылап Қаныш алды да. – Михаил Антоныч?.. Қандай күн! – Қол қысты, аң-таң қалды да. – Сен мені қайдан білесің? – Білмей ше әйгі ғалымды... Әлемге аян бұл есім Қазақтарға да танылды! Антоныч аң-таң сүйініп, Қанышты бірден ұнатты. Сәлемін берген иіліп Етене таныс сияқты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру