Фридрих Ницше. Ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында
Фридрих Ницше
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Фридрих Ницше - «Фридрих Ницше. Ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында» шығармасы.
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
ІЗГІЛІК ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ АР ЖАҒЫНДА
Фридрих Ницше
(Аударғандар Т.Рысқалиев, М.Сәбит)
Болашақ философиясына прелюдия
Алғы сөз
Философтар ақиқатты әйел деп топшылай отырып, догматиктер болғандықтан әйелдерді дұрыс түсіне алмаған деп күдіктенуге құқымыз жоқ па? Олардың ақиқатқа тым байсалдылықпен, түсініксіз беймазалықпен қарауы әйелді өзіне қаратуға жарамсыз құрал болып шықты емес пе? Әйел арбауға көнбейді де, сөйтіп, әртүрлі текті догматика қазір көңілсіз әрі қайғылы күйді бастан кешіруде. Егер де ол сондай күйде бола алса! Өйткені бүкіл догматика күйреді, тізе бүкті, тіпті ол жаны шығар сәтке таянды деп кекететіндер де табылады. Байыптап айтар болсақ, философиядағы әрбір догмаға салынушылық өзін қаншама орынды және шындыққа жақын етіп көрсетпек болса да, ден қоярлық дәрежеге жеткен жоқ деп үміттенуге берік негіз бар; мүмкін осы кезге дейін догматиктер қалаған маңғазда шартсыз философиялық құрылыстардың ірге тасы не болғанын түсінетін уақыт қашық болмас, - бұл, мүмкін, ежелден келе жатқан халық ырымы, мысалға, әлі қазірге дейін «субъект» және Мен сияқты ырымшыл ұғымдар түрінде бұзақылығын тимаған жан ырымы, болмаса қайдағы бір ауысып түскен сөздер (игра слов), әлдебір грамматикалық еліктіру немесе аясы тар, жекелеген, адамға ғана тән, тым адамилық деректердің батыл қорытылуы болар. Догматиктердің философиясы, бір кездегі көп еңбекті, қаражатты, тапқырлықты, шыдамдылықты жұмсауға тура келген астрология сияқты, мыңдаған жылдардан кейін жүзеге асатын арман болар деп үміттенеміз, - Азия мен Мысыр сәулет саласындағы жоғарғы стилге тап осы арқылы жетті. Дүниедегі ұлы [істердің] бәрі де адам жүрегінен орын алу үшін, әуелі жан түршіктірерлік, үрейлі карикатура түрінде жарық көретін сияқты: догматикалық философия, мысалы, Азиядағы Веданта ілімі және Еуропадағы платонизм сондай карикатура болатын. Оның рөлін тегістей жоққа шығаруға болмас, дегенмен де [философияда] орын алған адасулардың ішіндегі ең төмені және ең қауіптісі догматиктердің адасуы болды, атап айтқанда, Платонның таза рух және өзіндік ізгілік жөніндегі сандырағы (выдумка). Енді Еуропа бұл ауыр тиетін түс көруден босанып жақсы ұйқыға беріле бастағанда, сергек болу міндеті алдымызда тұрған біздер, осы адасумен күресте шыныққан күштің мұрагері болып табыламыз. Рух пен ізгілік жөнінде Платон сияқты пайымдау - бұл, сөзсіз, ақиқатты аяғымен жоғары қою және бүкіл олардың шарты болып табылатын перспективаны жоққа шығару; тіпті, дәрігер құсап: «ежелгі дәуірдің керемет ұрпағы Платонда бұл ауру қайдан пайда болған? Мүмкін, оны залым Сократ бұзған шығар? шынында да Сократ жастарды теріс жолға салған болар? және ол өзі ішкен уды (цикутасын) солай ақтаған шығар?» - Бірақ Платонмен күрес, немесе «халық» үшін де түсініктірек айтсақ, христиандық - шіркеулік мыңжылдық ізгімен күрес -өйткені христиандық халық үшін платонизммен барабар - Еуропада жер бетінде бұған дейін болмаған рухтың зор шиеленісін туғызды: мұндай қатты керілген садақтан алыстағы нысаналарды атуға болады. Әрине, еуропалық бұл шиеленісті қысылтаяң шақ деп біледі; адырнаны босатпақ болған екі әрекетте жасалды, бірде иезуитизм, екіншіде демократиялық ағарту арқылы; ағарту ісі баспасөз еркіндігі мен газет тарату арқылы шынында да рухтың өзіне өзі «жүк болмауын» қамтамасыз ете алады. (Немістер оқ-дәріні ойлап тапты - мұнымен оларды құттықтауға болады, бірақ оларға бұл үшін тағы да есеп айырысуға тура келді - олар баспасөзді ойлап тапты). Біздер болсақ, иезуиттер де, демократтар да, тіпті жеткілікті деңгейде немістер де болмағандықтан, біздер, мейірбан еуропалықтар жэне ерікті өте ерікті, ақыл - естілер, - біздер рухтың бар ауыртпалығында және оның садағының қатты керілуінде, тіпті мүмкін, жебені де, міндетті де, кім біледі? нысананы да әлі сезінудеміз...
Сильс Мария, Жоғарғы Энгадин, 1885, маусым
БІРІНШІ БӨЛІМ
Философтардың теріс нанымдары туралы
Бізді талай батыл қадамға бастайтын ақиқатқа деген ерік, барлық философтар осы кезге дейін қастерлеп келе жатқан атақты ақиқаттылық - қандай сұрақтарды алдымызға тартып келді, бұл ақиқатқа деген ерік! Қандай ғажап, күрделі, ден қоярлық сұрақтар! Бұл тарих көптен бері созылып келеді - сонымен бірге ол тап қазір басталған сияқты. Егерде біз қазір сенбестік танытып, шыдамымыз таусылып, алды-артымызға қарай бастасақ, мұның таңданатын несі бар? Егерде біз, өз кезегінде, бұл сфинкстен сұрақ қоюды үйреніп жатсақ? Бізге сұрақтар қойып тұрған кім өзі? Кім бізден «ақиқатты» талап етіп тұрған? -Шынында да, біз бұл қалаудың себебін білмей тұрып өзімізге ұзаққа созылған демалыс бердік, сөйтіп бұдан бетер, будаң да терең сұраққа келіп тірелдік. Біз бұл қалаудың құндылығын білмек болдық, айталық, біз ақиқатты керек етеміз, - неге біз бұдан гөрі жалғанға құмартпаймыз? Күдікке? Тіпті, білместікке? Біздің алдымызда тұрған ақиқаттың құндылығы туралы мәселе ме, әлде біз бұл мәселеге енді ғана бет бұрдық па? Арамыздағы Эдип кім? Сфинкс кім? Шынында да, бұл сұрақтардың және сұрақ белгілерінің жүздесуі. Ақыр аяғында бізге бұл мәселе әлі ешқашанда қойылмаған сияқты, біз оны алғаш қойған, оған батылымыз жеткен адамдар сияқты болып көрінетініне біреу сенер ме? Бұл үлкен тәуекелдікті керек етеді және мүмкін, бұдан өткен тәуекелдік те болмас.
2
«Бірдеңе өзінің қарама-қарсылығынан қалай пайда бола алған болар еді? Мысалы, адасудан ақиқат? Немесе алдауға деген еріктен ақиқатқа деген ерік? Немесе пайда күнемдіктен риясыз әрекет? Немесе тойымсыз қалаудан дананың таза, күншуақты андауы? Мұндай пайда болу мүмкін емес; бұл жөнінде армандайтын адам аңқау, тіпті бұдан да бетер ақымақ; жоғары құндылыққа жататын нәрселер басқа жолмен өзінен өзі пайда болады, - олардың көзін бұл өткінші, алдау-арбауға толы жалған дүниеден, бұл есуастық пен құмарлықтардың астасуынан іздеуге болмайды. Керісінше, болмыстың қойнауында, бақида көзге көрінбейтін құдайда, «өзіндік затта» - сонда олардың себебі, басқа еш жерде емес!» Мұндай пікір - үйреншікті теріс наным, барлық заманның метафизиктерін осы нанымдар арқылы тануға болады; құндылықты бұлай анықтау оларда барлық логикалық пайымдаудың арт жағында қылтиып турады; өздерінің осы «сеніміне» сүйене отырып, олар «білімге», салтанатпен «ақиқат» деп аталатын асқақ дүниеге жатпен болады. Метафизиктердің негізгі сенімі құндылықтардың қарама-қарсылығына сену. Олардың ішіндегі ең сақ дегендердің де тап осы арада, кіре берісте күдіктену ойына да келмеді, ал олар «de omnіbus dubіtandum»1, принципті берік ұстаймыз деп уәде берді ғой. Ал күдіктену керек еді, әсіресе, мына екі жағдайда: біріншіден, жалпы қарама-қарсылықтар бар ма, екіншіден, құндылықтар мен құнды еместер жөніндегі жұртшылықтың пікірі алдыңғы шептің бағасы, тек жақын жердегі перспективалар, сондай-ақ, мүмкін, бұрыштан қарағандағы перспектива, мүмкін, төменнен жоғары қарай, суретшілердің сөзімен айтсақ, бақалық перспективалар болар. Ақиқаттың, шындықтың, риясыздықтың құндылығы кумэн туғызбаса да, мүмкін, өмір үшін елестің (иллюзия), алданудың, өз қамын ойлаудың, құмарлықтың құндылығы жоғары және даусыз болар. Мүмкін, бұл жақсы және сыйлы заттардың кұндылығы олардың соңғы күйсіз, жағымсыз заттармен бірлігінде, байланысында, тепе-теңдігінде шығар. Мүмкін! - Бірақ кім мундай қауіпті, «мүмкін» болатын нәрселермен басын қатыруды қалайды! Бұл үшін бұрынғылардың қалауына қарсы құндылықтарды бетке ұстаған философтардың жаңа нәсілі (новая порода философов) пайда болуы керек. - Және шынын айту керек, мен сондай жаңа философтардың пайда бола бастағанын көріп отырмын.
3
Философтардың үстінен әжептәуір ұзақ бақылаудың әсерімен және олардың туындыларын долбарлап оқыған соң мен өзіммен өзім саналы ойлаудың, тіпті философиялық ойлаудың да басым бөлшегін, инстинкттің қызметіне жатқызу керек - ау деген ойға келдім; бұл арада тұқым қуалаушылық және «туа біткендік» жайлы қайта оқығанымыз сияқты, қайта оқу керек. Туу актісінің тұқым қуалаудың өткендегі және кейінгі үдерісіне сәйкес келе бермейтіні сияқты, «саналық та» белгілі бір шегуші мағынада инстиктивтілікке қайшы келе бермейді; - философтың саналы ойлауына жеткілікті дәрежеде инстинкттер ықпал етіп, оны белгілі бір жолға бағыттап отырады. Өз қозғалысында ештеңеге тәуелсіз өздігінен жүзеге асып жатқан сияқты көрінетін логиканың артында да құндылықтардың өлшемі жатыр, дәлірек айтқанда, белгілі бір тіршілік түрін қамтамасыз етуге бағытталған физиологиялық сұраныстар жатыр. Мысалы, нәрсенің белгілі белгісіз нәрсеге қарағанда құндырақ екені, елестің «ақиқатқа» қарағанда құны аз болатыны - біз үшін бағыт сілтер маңызды болуына қарамастан, мұндай бағалар суреттің тек алдыңғы бетпердесінің бағалары ғана, біздер сияқты жандарды қолдау үшін ғана маңызды nіaіserіe2- дің бір түрі ғана болуы мүмкін. «Заттардың өлшемі» тіпті де адам емес деген болжаммен.
4
Пікірдің терістігі біз үшін пікірді жоққа шығаруға дәлел бола алмайды; бұл, мүмкін, біздің ең оғаш парадокстарымыздың бірі болар. Мәселе пікірдің өмірге ілесіп, өмірді қолдап, түрді қолдап, тіпті, мүмкін,түрді тәрбиелеуге септігін тигізе алатынында, ең теріс пікірлер де (бұған a prіorі синтетикалық пікірлерді жатқызуға болады) біз үшін аса қажетті, мұндай жалған түсініктер болмаса, егер адам шындықты ойдан шығарылған дүниемен салыстырмаса, салдар арқылы дүниені өне бойы бұрмаламаса, ол өмір сүре алмас еді, теріс түсініктерден бас тарту ол үшін өмірден бас тарту, өмірді жоққа шығару болар еді деп зор сеніммен айта аламыз. Жалғанды өмірдің кепілі деп есептеу - бұл, әрине, заттардың құндылығы жөніндегі қалыптасқан сезімге қарсы тұрудың тәуекелдік тәсілі және бұған батылы барған философия тек осынысымен өзін ізгілік пен зұлымдықтың аржағында қалдырады.
5
Бізді барлық философтарға кейде сенімсіздікпен, кейде кекесінмен қарауға итермелейтін нәрсе олардың аңқаулығы, жиі - жиі қателесетіндігі, бір сөзбен айтқанда, олардың балалығы мен шалалығы емес, олардың ісіндегі адалдықтың жетіспеуі: шындық жөніндегі мәселе көтеріле қалса болды, олардың барлығы бірдей бір ауыздан шулап шыға келеді. Бәрі де өз ойлары мен пікірлеріне өздері жеткендей және оларды салқын, таза, алаңсыз диалектиканың өздігінен дамуы арқасында ашқандай тәлімсиді (приворяются). (бұлардан адал жэне ақымақтау мистиктерден бұл философтардың айырмашылығы - бұлар «шабыт» жөнінде көлгірсиді), - ал шын мәнісінде олар бұрмаланған негіздерге сүйене отырып қайдағы бір теріс қағиданы, кенеттен туған ойды, «иландыруды», абстрактыланған жүрек қалауын жақтайды. Олардың бәрі де жақтаушылар (бұлай деп атағанды олар жаратпаса да) және көпшілігі өздерінің «ақиқат» деп атаған соқыр сенімдерінің, жылпос уағызшылары; - ар - ұяттан тым ада болғандар, ерлік дәмін татпағандар. Кәрі Кант өзінің тәкаппар да, өнегелі тартюфтілігімен бізді өзінің «категориялық императивіне» бастайтын жасырын диалектикалық жолдарына алдап түсірмек болады, — бұл көрініс біздей бетімен кеткен адамдардың кекесінін туғызады, өйткені біз қарт моралистер және адамгершілік уағызшыларының мұндай арам ойларынан еш те бір ләззат ала алмаймыз. Немесе мынау Спиноза өз философиясын түптің түбінде «өз даналығына құмарлығын», егер бұл сөз дұрыс әрі дәл мағынасында түсіндірілсе жасырып, сауытпен қаптағандай етіп құрсаулаған математикалық формуламен фокус - покусті алайық, жеңілмейтін қызға және Паллада -Афинаға көз тастауға батылы барған шабуылшының пысын басу үшін бұл істегенін байқаймыз: науқас тақуаның (отшельник) бұл мүләйімсуі (маскарад) оның өзінің қорқақтығы мен әлсіздігін көрсетіп тұр!
6
Бұған дейінгі әрбір ұлы философияның қандай болғаны маған бірте-бірте белгілі болды: оның негізін қалаушының оның еркінен тыс және байқаусыз жазылған жазбалары (mіmoіres): маған тағы белгілі болғаны - өнегелі (немесе өнегесіз) мақсаттар әрбір философияның кейін одан тұтас өсімдік өсіп шығатын дәнін құрайды. Шынында да, бұл философтың ең әрідегі алғашқы метафизикалық тұжырымдары қалай пайда болғанын білгіміз келсе, біз алдымызға мынадай мәселе қойсақ орынды болады: ол қандай моралды бетке ұстаған? Сондықтан мен философияның туп тамыры «танымға құмарлық» болды деп ойламаймын, менің ойымша, басқа жағдайдағыдай бұл арада қандай болмасын бір инстинкт білімді (және білместікті) қару ретінде пайдаланады. Кімде-кім адамның негізгі инстинктеріне ден қойып, адамға шабыт берер даналар (немесе перілер мен ...) ретіндегі олардың ықпалы қандай боларын зерттесе, ол олардың бұрын да философиямен айналысқанын және олардың әрбіреуі өзін өмір сүрудің түпкі мақсаты, басқа бүкіл инстинкттердің занды әміршісі ретінде көрсетпек болатынын байқар еді. Өйткені әрбір инстинкт - билік құмар; сондықтан да ол философиямен айналысуға тырысады. Әрине, ғалымдардың, нағыз ғылым адамдарының жайы басқаша — тіпті «жақсы» болуы мүмкін, — оларда шынында да танымға ынталылық орын алуы ғажап емес, бұл сағат механизмінің кішігірім дөңгелегі сияқты нәрсе: егер де ол дұрыс бұралса, онда ғалымның қалған басқа инстинкттерінің қатысуынсыз да жұмыс істей береді. Сондықтан ғалымның түпкі «мүдделері» мүлде басқа нәрселер төңірегінде топтасады: мысалы, жанұяның жағдайы, табыс табу немесе саясат сияқты; оның кішкентай машинасы ғылымның бір саласын қамти ала ма жэне «үміт күттіретін» жас еңбекші жақсы филолог немесе саңырауқұлақтың жайын жақсы білетін маман болмаса химик пе - қайсысының өкілі болса да бәрібір - бұл оны сипаттамайды. Керісінше, философта ешқандай өзіндік қасиеті жоқ, әсіресе оның адамгершілігі оның кім екенін, яғни оның табиғатына тән инстинктер рангілеріне қарай өзара қандай қатынаста болатынын көрсетеді.
7
Философтар кейде қандай ашуланшақ болуы мүмкін десеңізші! Эпикурдің бір кезде Платонның және платониктердің тарапына айтқан әзілінен ұлы ештеңені мен білмеймін: ол оларды Dіonysіokolakes деп атапты. Бұл сөздің мағынасы ең алдымен «Дионисийдің жағымпаздары» немесе тиранның құйыршықтары дегенді білдіреді. (Эпикур бұл арада Платонның кіші Дионисий тиранмен дос болғанын еске салып отыр); сонымен бірге бұл сөздің тағы бір мағынасы: «бұлар комедианттар (актерлар)», оларда жасанды емес ештеңе жоқ, өйткені Dіonysokolax актерлардың үйреншікті жалған аты болды. Ал бұл Эпикурдің Платонға жіберген кекті жебесі: оған бұлардың маңғаз мәнерлері, өздерін өздері көтермелеуі ұнамайтын; Самос аралынан шыққан қарт ұстаз, Афинадағы оз бағында тығылып жүрген, үш жүздей кітап жазған Эпикур мұндай мәнерге үйренбеген еді. Грекия Эпикурдың, бақтағы данышпанның кім болғанын танып білгенше жүз жыл өтті. Соның өзінде оны елі танып білді ме екен?
8
Әрбір философияда философтың «нанымы» сахнаға шығатын пункт бар, немесе, ескі бір мистерияның тілімен айтқанда:adventavіt asіnus pulcher et fortіssіmus3
9
Сіз «табиғатқа сай» өмір сүргіңіз келе ме? О, игі Стоиктер, қандай алданыш сөздер! Табиғатқа ұқсайтын мақұлықты көз алдарыңызға келтіріңіздер - шексіз ысырапшыл, шексіз немқұрайды, ниетсіз және жалтақтаусыз, аяусыз және әділетсіз, жемісті және жеміссіз, тұрақсыз, билік күйіндегі парықсыздықты көз алдыңызға келтіріңіз - қалайша осындай парықсыздыққа сай өмір сүргіңіз келеді? Өмір сүру - бұл дәл табиғаттан басқа нәрсе болуға тырысу емес пе? Егер де сіздің «табиғатқа сай өмір суру» деген принципіңіз шын мәнісінде «өмірге сай өмір сүруді» аңғартады деп есептесек, онда сіз қалайша мұны істей алмас едіңіз? Өзіңізге тән нәрсені және өзіңіз болуға тиісті нәрсені принципке айналдырудың қандай қажеті бар? Шындығында жағдай мүлдем басқаша: өзіңіздің заңыңызды табиғаттан алғаныңызды шаттықпен жариялай отырып, сіздер басқаны қалап отырсыздар, сіздер, бапшыл актерлар және өздерін өздері алдаушылар! Сіздердің өркөкіректігіңіз табиғатқа, табиғаттың өзіне өз моралы мен мұраты таңғысы келеді, оларды оған ендіргісі келеді; сіздер оның «Стояға сәйкес» табиғат болғанын қалайсыздар және бүкіл болмысқа тек өздеріңіздің бейнеңіз бен ұсқыныңызды қабылдатқыңыз келеді -стоицизмнің шексіз мәңгілікке даңқы артып, әлемге таралуы үшін! Ақиқатқа деген өздеріңіздің сүйіспеншілігіңізбен сіздер тым ұзақ, тым қажырлы естеріңізден танғанша өздеріңізді табиғатқа деген жалған, атап айтқанда стоиктік көзқарасты қабылдауға мәжбүр еткілеріңіз келеді, сөйтіп басқа көзқарасты қабылдайтын қабілетіңізден айырыласыздар. Терең жасырылған менмендік ақыр соңында сіздерде өздеріңізді зорлайтындарыңыз сияқты (стоицизм деген өзіндік тирания той) табиғатты да тираниялауға болады деген үміт туғызады, өйткені стоик табиғаттың бөлшегі емес пе?... Бірақ бұл ескі, мәңгілік тарих: бір кездегі стоиктерге тап болған жағдай қазір де болады, егер де белгілі бір философия өзіне сене бастаса. Ол әрқашанда өзіне ұқсас дүниені құрады, ол басқаша әрекет жасай алмайды; философияның өзі — осы тираниялық инстинкт, билікке, «дүниені жасауға», causa рrіmаға деген рухани ерік.
10
«Шындық дүние мен оған ұқсас болып көрінетін дүние» жөніндегі қазіргі кезде Еуропада орын алып отырған ынта мен сезімталдық - тіпті құлық деп айтқым келеді - ойлануға және ден қоюға сылтау болып табылады; кім де кім бұдан «ақиқатқа еріктен» басқа ештеңені естімесе, ол, сөз жоқ, саққұлақпын деп мақтана алмайды. Кейбір және сирек кездесетін жағдайларда бұл арада шынында да ақиқатқа деген еріктің, қандай да болса шектен шыққан және ерен оқиғаны іздейтін ерліктің, өз позициясынан бас тартқан метафизиктің атаққұмарлығы орын алуы мүмкін. Ар - ұятты бәрінен жоғары қоятын фанатиктер болады: олар сенімсіз Бірдеңеден гөрі сенімді Ештеңе үшін жанын қиюға да әзір. Мұндай жақсылық өзіне қандай ерлік бейнесін таңып алса да нигилизм күйінде және өле шаршаған жанның кейпі болып қалады. Күштірек және өмірге құштар ойшылдарда жағдай басқаша болады: шындық болып көрінетін нәрсеге (Scheіn) қарсы бола тұрып және «болашағы бар» («перспективный») деген сөзді менмендікпен айта отырып, өз денесінің бар екендігін де, «жер қозғалмайды» деген шүбәсіз деп есептелетін тұжырымның дұрыстығын да жете бағаламай, сөйтіп қолда бардан айрыла жаздап (себебі өз денесінен басқа нені анық деп тануға болады?), - кім біледі, олар бір кезде бұдан да айқын көрінген бірдеңені қайта қайтарып алғысы келетін болар, ертегі сенімнен бірдеңені, мүмкін, «мәңгі тірі жанды», мүмкін, «ескі Құдайды», біл сөзбен, солар арқылы жақсы өмір сүрген идеяларды жандандыруға тырысатын болар. Бұдан аталған қазіргі идеяларға, кеше және бүгін құрылған нәрселердің бәріне сенбеу байқалады; бұған, мүмкін, позитивизм ұсынған әр алуан ұғымдардың brіcabrac4 тойып болу және кекесіндік жаратпау қосылатын болар, -нәзік талғамның жәрмеңкелік ала - құлаға шындық туралы осы ала - құладан басқа жаңа және тиянақты ештеңе айта алмайтын көпірме философастерлерге5 деген жиіркеніш сезімі тағы бар. Менің ойымша, мұндай шындықты мойындамауға және қазіргі шындыққа немқұрайды қарауға итермелейтін истинктті жеңу қиын екендігін атап өту керек -олардың ретроградтық жанама жолдарында біздің ісіміз жоқ! Бұлардағы маңызды нәрсе олардың «кері» жүргісі келетіні емес, олардың басқа жаққа кеткісі келетіні. Аздаған күш, ерлік, ынта, артистизм көбірек болса болды - олар бұл шындықтан кері қарай емес, бас ауған жаққа қарай қашқысы келер еді!
11
Менің ойымша, қазір барлық жерде Канттың неміс философиясына тигізген оңды ықпалын елемеуге және оның өзі атап өткен өзінің абыройы жөніндегі ойын жасыруға тырысады. Кант ол алдымен өзі жасаған категориялар кестесін мақтаныш етті; бұл кестені қолға алып отырып, ол: «метафизика мақсаттары үшін бұрын - соңды атқарылуы мүмкін болатын істердің ең қиыны осы болды», - деді. «Мүмкін болатын» деген сөзге назар аударыңызшы! Ол адам бойындағы жаңа қабілетті, априорлық синтетикалық пікірлерге қабілетін ашқанын мақтаныш етті. Бұл арада ол өзін өзі алдап отыр деп есептеп көрейік, бірақ неміс философиясының дамуы және өркендеуі осы мақтанышпен және бүкіл кейінгі ұрпақтың бұдан да бетер мақтан етерлік «жаңа қабілеттерді» ашпақ болып тырысуымен байланысты. Бұл туралы әлде де ойланып көрелік: бұл өте орынды болады. Кант өзінен: априорлық синтетикалық пікірлер қалай мүмкін болады деп сұрайды және бұған ол қалай жауап берген? Қабілетінің күшіне қарай: өкінішке орай, алайда, үш сөзбен емес, тыңғылықты түрде, абыройлылықпен және неміске тән ойлылықпен және сырбаздықпен жауап беретіні соншалық, адамдар мұндайлық жауапта жасырынған көңілді nіaіserіe allemande6-Hі құлақтарынан тыс жіберіп алды. Бұл жаңа қабілет төтенше құштарлыққа себеп болды. Кант бұған қоса адамдағы моральдық қабілетті ашқан кезде - ол кезде немістер саясаттан гөрі моральға ден қоюшы еді - масаттану өзінің шегіне жетті. - Неміс философиясының балдай тәтті кезі басталды; Тюбинген мектебінің жас діндарлары бірден бұтаның түбіне тығылды, - бәрі де жаңа «қабілеттерді» іздеумен болды. Романтизмнің қатал феясы дем берген герман рухының кінәсіз, бай, жас шағында «тауып алу» және «ойлап табу» ұғымдарын ажыратып алмаған кезде не табылмады дейсіз! Ең алдымен «сезімнен тысқа» қабілет ашылды: Шеллинг оны интеллектуалдық пайымдау деп атады және, сөйтіп өз заманындағы ізгі ниеттегі немістердің қалауын қанағаттандырды. Бұл албырт және делқұлы қозғалыс көмескі және ескі ұғымдарды қанша бүркемелесе де, не дегенмен әлі балаң күйде еді және оны тым маңызды деп есептеп, оған кінә тағу артығырақ болар еді; не болса да, біз есейдік - ұйқы қашты. Біздің маңдайымызды сипап, ойланатын кезіміз келді: біз қазір де ойланудамыз. Бәрі де қиялдайды - және ең алдымен кәрі Кант: «Қабілетінің күшіне қарай» - деп еді ол, немесе қалай болғанда да, ол солай ойлады. Бірақ бұл жауап па? Бұл түсіндіру ме? Бұл шындығында сұрақты тек қайталау емес пе? Қалайша апиын ұйықтауға көмектеседі? Мольердегі белгілі дәрігер «Қабілетінің күшіне қарай», атап айтқанда, vіrtus dormіtіva деп жауап береді: quіa est іn eo vіrtus dormіtіva, cujus est natura sensus assoupіre7. Бірақ мұндай жауаптарға тек комедияда орын бар және сайып келгенде, «априорлық синтетикалық пікірлер қалай мүмкін болады?» деген Канттың сұрағын басқа сұрақпен: «мұндай пікірлерге сену неге керек?» - деген сұрақпен алмастыратын уақыт туды, яғни біздей жандардың өмірін қолдау үшін мұндай пікірлер ақиқат деп есептелінуі тиіс; неліктен олар жалған пікірлер болып шығуы мүмкін! Немесе дәлірек айтсақ, - дөрекі және батыл: априорлық синтетикалық пікірлер мүлдем «мүмкін» болмауы керек; біздің оларға ешқандай құқымыз жоқ; біздің түсінігімізде бұл мүлдем теріс пікірлер. Әрине, олардың ақиқат екендігіне авансценаға және өмірдің болашақ оптикасының құрамына кіретін иллюзияға сену сияқты сену керек. «Неміс философиясының» бүкіл Еуропада зор ықпал еткенін енді мойындай отырып (оның тырнақшаға алынуына құқы бар екендігі барлығына түсінікті болар деп үміттенемін), алайда, бұған белгілі vіrtus dormіtіvabі қатысы барына күмән болмауы керек. Әр ұлттағы жалқаулардың, мейірбандардың, мистиктердің, суретшілердің, үштен бірі христиандардың және саяси обскуранттардың арасында неміс философиясының арқасында өткен ғасырдан осы ғасырға кең ағыспен келіп құйылған шектен асқан сенсулизмге қарсы у қайтарғыш табуға мүдделілер болды, «sensus assoupіre» демекші...
12
Материалистік атомистикаға байланысты ол оңай жоққа шығарылатын теориялардың қатарына жатады деп айтуға болады, мүмкін, қазір Еуропада ғалымдар арасында ол жөнінде үй ішінде ғана қолдануға ыңғайлы ілімнен басқа маңызды бірдеме деп айтатын надандар табыла қоймас; бұған септігін тигізген осы кезге дейін айқындықтың жеңімпаз қарсыласы болған поляк Коперникпен бірге поляк Боскович болды. Taп осы Коперник бізді барлық сезім мүшелерімізге қайшы жердің қозғалмай тұрмайтынына сендірген кезде, Боскович жердің «мызғымайтынынан» қалған сенімнен, «затқа», «материяға», ұсақ атомға сенуден бас тартуға үйретті. Бұл осы кезге дейін жер бетінде сезім үстінен қол жеткен ұлы салтанат еді. Алайда әлі алға жылжу керек және енді «атомистикалық қажеттікке» де аяусыз соғыс жариялау керек, өйткені ол атақты «метафизикалық қажеттік» сияқты оны ешкім аңғармайтын салаларда әлі орын алып келеді; алдымен христиандық уағыздайтын одан да бетер қатерлі атомистиканың, яғни жандар атомистикасының титығына жету керек. Жанды өзгермейтін, мәңгілік, бөлінбейтін бірдеңе, монада, atomon деп есептейтін сенімді жан атомистикасы деп атау айып болмас, - осы сенімді ғылымнан аластау керек. Өзара айтқанда, сонымен бірге «жанның» өзінен құтылудың және ежелгі әрі құрметтеуге тұрарлық болжамнан құтылудың тіпті де қажеті жоқ; әдетте натуралистердің икемсіздігі осыған алып келеді: «жанға» жанасса болды, олар табанда одан айырылып қалады. Бірақ жан туралы болжамды жаңадан баяндауға және нәзік ендеуге апаратын жол ашық болып қалып отыр; «өлімші жан»,«сан қырлы субъект ретіндегі жан» жэне «инстинкттер мен аффектілердің қоғамдық құрылымы ретіндегі жан» деген сияқты ұғымдар сол кезден бері өздеріне ғылымнан орын алу құқын талап етуде. Жан төңірегіндегі тропикалық малшылықпен кең тараған ескі нанымды жоюға әзірлік үстінде жаңа психолог, әрине, өзін жаңа шөлге және сенбестіктің жаңа аймағына қуып тыққан сияқты болады, - мүмкін, бұрынғы психологтар күйлі және көңілді тұрған болар - бірақ ең ақырында осының арқасында ол өзінің ойлап табуға (изобретение) және, мүмкін, - кім біледі? - ие болуға (обретение) мәжбүр екенін сезінеді.
13
Физиологтарға органикалық жанды заттарға тән түбегейлі инстинкттерге ұқсас өзін өзі сақтау инстинкті жөнінде ойланған дұрыс болар еді. Ең алдымен тірі мақұлық өзінің күшін көрсеткісі келеді - тіршілік дегеннің өзі билікке ерік болып табылады (воля к власти); өзін өзі сақтауға тырысу — осының жанама және көптеген салдарларының бірі. Бір сөзбен, мұнда, басқа жердегідей, - басы артық теологиялық принциптерге сақ болу керек! - солардың бірі өзін өзі сақтау принципі (ол үшін біз Спинозаның дәйексіздігіне қарыздармыз). Принциптердегі үнемшілдікті қажет ететін әдістің талабы дәл осындай.
14
Мүмкін бес-алты адамның басына физика дүниені түсіндірудің емес, ол жөнінде пайымдаудың және оны реттеудің (біздің шамалауымызша - егер осылай айтуға болатын болса) жолы деген ой келер; бірақ, сезімдерге сүйене отырып, физика қазір де, болашақта да көпке дейін дүниені түсіндірудің құралы деп, яғни мүмкіндігінен жоғары тұрғыда қарастырылатын болады. Оны көздер мен қолдар, айқындық пен сезімталдық қолдайды; плебейлік (құлдық) мәнерді қалайтын ғасырға бұл тартымды, нанымды, көңілге қонымды (убедительно) әсер етеді — себебі ол инстинктті түрде байырғы халықтық сенсуализмнің қағидасына арқа сүйейді. Не айқын, нені «түсіндіреді?» Тек қана көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын нәрсені - әртүрлі мәселені сол шекке дейін зерттеу керек. Керісінше: Платондық ойлау тәсілінің, - ал бұл игі ойлау тәсілі болатын, - сиқыры да дәл осы көзге түсерлікке қарсылығында жатыр; булай ойлау біздің замандастарымызға қарағанда күштірек және талғампаз сезімдерге ие болған адамдарға тән болатын; олар бірақ езі сезімдерін билеуді абырой көрді және олар мұндай дәрежеге әртүрлі сезімдер иірімдеріне, Платонның сөзімен айтсақ, қалай болса солай пайда болған сезімдерге ұғымдардың солғын, салқын, сұрғылт желілерін жабу арқылы жеткен. Дүниені бұлай игеруден, Платон құсап дүниені бұлай түсіндіруден бізге қазіргі физиктер, немесе дарвинистер мен телеологияны қолдамайтын физиологтар өздерінің «күшті аз жұмсау» және ақымақтықты көп жұмсау принципіне сүйеніп ұсынатын көріністен өзгеше ләззат алуға болады. «Адам ештеңені көре алмайтын жэне қолмен ұстай алмайтын жерден ештеңені іздеудің де қажеті жоқ» деген императив, әрине, Платонның түсінігіне сай келмейді, бірақ қара жұмысты ғана атқаруға дағдыланған болашақтың машинистері мен көпір салушыларының еңбекқор ұрпағы үшін, бұл ең тиімді императив болуы мүмкін.
15
Физиологиямен ойдағыдай айналысу үшін сезім мүшелерін идеалистік философия қарастыратын құбылыстар емес деп есептеу керек: бұл күйде олар себеп бола алмас еді. Сонымен, сенсуализм асып кеткенде — эвристикалық принцип деп есептемегеннің өзінде басшылыққа алатын болжам. - Қалайша? Кейбіреулердің пікірінше сыртқы дүние біздің сезім мүшелеріміздің жемісі екен. Олай болса, онда біздің денеміз сыртқы дүниенің бөлшегі ретінде сезім мүшелеріміздің жемісі болып шығар еді! Бірақ онда біздің мүшелеріміздің өзі біздің мүшелеріміздің жемісі болып шығар еді! Міне, менің ойымша, бұл барып турган reductіo ad absurdum, егер де біз causa suі8 ұғымын абсурд деп есептейтін болсақ. Демек, сыртқы дүние біздің сезім мүшелеріміздің жемісі болмағаны ғой — ?
16
«Мен ойлаймын» немесе Шопенгауэрдің «мен қалаймын» деген түсініктері сияқты «тікелей айқындықтар» болады деп есептейтін ақкөңіл пайымдаушылар әлі кездеседі, -яғни таным өзінің предметін таза және ашық күйінде, «өзіндік зат» сияқты таниды және субъект жағынан да, объект жағынан да жалғанға жол берілмейді. Бірақ мен «абсолюттік таным» және «өзіндік зат» дейтіндер сияқты «тікелей айқындық» та іштей contradіctіo іn abjekto9 болып табылады деп жүз рет қайталай аламын: қалай еткенде де сөзбен алдаудан арылу керек қой! Халық, мейлі, тану деген бәрін білу деп ойлай берсін, өзіне айтуы егер де мен «мен ойлаймын» деген сөйлемдегі оқиғаны талдайтын болсам, онда мен негізделуі қиын, мүмкін, негізделмейтін, неше түрлі батыл тұжырымдарға тап болам, - мысалы, Мен - бұл ойлайтын адам; жалпы алғанда ойлайтын әлдене болуы тиіс; ойлау деген себеп деп танылатын бір адамның іс-әрекеті және қимылы; Мен бар; ақыр соңында, «ойлау» деген сөздің мағынасы белгілі; ойлау дегеннің не екенін мен білемін. Өйткені, егер мен өзім үшін осының бәрін шешіп алмасам, онда мен болып жатқан нәрсенің «қалау» немесе «сезіну» емес екенін қайдан білемін? Бір сөзбен бұл «мен ойлаймын» менің осы сәттегі хәлімді маған белгілі басқа менің сәттеріммен салыстырып, оның не екенін білгім келгенін білдіреді; басқа «білімге» сүйенген жағдайда ол мен үшін қалай болғанда да ешқандай «тікелей айқындықты» аңғартпайды. Бұған көпшіліктің сенетін «тікелей айқындықтың» орнына философ неше түрлі метафизикалық сұрақтарға, интеллект үшін ұжданның нағыз сұрақтарына тап болады: «Ойлау ұғымын мен қайдан аламын?. Неліктен мен себеп пен қимылға сенемін? Маған қайдағы бір Мен және себеп болып табылатын Мен және, сайып келгенде, ойлаудың себебі болып табылатын Мен жөнінде айтуға құқық беретін не?» Бұл метафизикалық сұрақтарға таным интуициясына сүйене отырып бірден жауап беруге кімнің батылы барады? Оған да және «Мен мұның кем дегенде ақиқат, шындық, анық екендігін білемін» деген адамға да философ әзілмен және бірнеше сұрақ белгілерімен жауап қатар еді. Философ оған, мүмкін: «Қайрымды патшамыз, сіздің қателеспеуіңіз ақылға сыймайды, бірақ даусыз ақиқат неге керек?» - деп жауап берер еді.
17
Логиктердің ырымшылдығына келер болсақ, мен осы ырымшылдар амалсыздан мойындайтын бір кішігірім деректі атап өтуден жалықпаймын, атап айтқанда: ой «мен» керек еткенде емес, «өзі» келгісі келгенде келеді; сондықтан, субъект «мен» «ойлаймын» деген предикаттың шарты деу істің мәнісін бұрмалағандық болады. Ойланылады (Es denkt): бірақ бұл «ды» ны дәл ескі атақты Мен деп есептеу тек болжам, тек тұжырым, бұл тіпті де «тікелей айқындық» емес. Ақыр аяғында осы «ойлалылады» мен көп нәрсе тындырылған: бұл «ды»- ның өзінде оқиғаны түсіндіру бар және өзі оның құрамына кірмейді. Әдетте қорытындыны грамматикалық дағдыға сүйеніп жасайды: «ойлау — іс-әрекет; әрбір іс-әрекетке әрекет жасайтын адамның қатысы бар демек». Ескі атомистика шамамен осы схемаға сәйкес қазіргі «күшке» ол отырған және содан әрекет жасайтын материяның бір түйірін - атомды қоспақ болды; тереңірек ойлайтындар ақыры «жердегінің осы қалдығынсыз» да әрекет жасауға үйренді және, мүмкін, бір кезде логиктер бұл кішігірім «ды»- сыз да амалдауға үйренетін шығар.
18
Әрбір осындай теорияның шын мәнісіндегі тартымдылығы оның жоққа шығарылатынында: тап осынысымен ол сезімтал ойшылдарды өзіне тартып тұрады. Жүз рет жоққа шығарылған «еркін ерік»жөніндегі теорияның әлі де өмір сүріп келе жатқандығы оның осындай тартымдығына байланысты: оны жоққа шығаруға күшім жетеді деп сезінетін біреу қашан да табылады.
19
Философтар, әдетте ерік (воля) дегенді дүниедегі белгілі нәрседей пайымдайды; Шопенгауэр ерікті бізге бірден-бір анық белгілі, еш те бір кемітусіз жэне қоспасыз белгілі деп жариялады. Бүл арада Шопенгауэр не дегенмен де, менің ойымша, философтардың үйреншікті ісін қайталап отыр: халықтың жалған нанымыма сүйеніп отыр және оны күшейтіп отыр. Менің ойымша, қалау деген алдымен күрделі, тек сөз ретінде бір тұтас болып келетін нәрсе - және дәл оның осы бір сөзбен бейнелеуінде философтардың болар -болмыс сақтығының үстінен үстемдік құратын халықтың жалған нанымы жатыр. Сөйтіп, сақ болуға, «философтар» болудан бас тартуға тырысайық дегіміз келеді: әрбір қалауда, біріншіден, көптеген сезімдер бар, атап айтқанда: одан құтылғымыз келетін жайдың сезімі, оған жеткіміз келетін жайдың сезімі, осы талаптардың өзін сезіну, сосын бұдан туатын, біздің қалауымыздан біздің «аяқ-қолымызды» іске қоспай-ақ пайда болатын бұлшық ет сезімі. Екіншіден, әртүрлі түйсіктерді еріктің ингредиенті деп есептейтініміз сияқты ойлаумен де істің жағдайы сондай болып келеді: әрбір ерікті әрекетте билеуші ой бар; алайда бұл ойды «қалаудан» бөліп алуға болады және сонда еріктің өзі қалады деп ойлаудың өзі қате! Үшіншіден, ерік деген түйсіктер мен ойлау ғана емес, сонымен бірге ең алдымен ол - аффект және соның өзінде өмір ету аффекті. «Ерік еркіндігі» деп аталатын нәрсе шын мәнісінде бағынуға тиісті нәрсеге байланысты басымдық аффект: «мен еріктімін, ол бағынуға тиісті» - әрбір жігерде осындай сана орын алады. Сол сияқты назар аудару, бір ғана нәрсені байқайтын тура қарау, сөзсіз бағынады деген ішкі сенім, бір сөзбен, билеушіге тән күйдің бәрі кездеседі. Бірдеңені қалайтын адам - өзіне өзі біреудің ырқына көнуге бұйырады немесе біреудің ырқына көндім деп ойлайды. Бірақ енді еріктің, халықта бір сөзбен бейнеленетін сан қырлы нәрсенің ғажап жағына назар аударайық: бұл арада біз бір мезгілде бұйырушы әрі бағынушы болғандығымыздан бізге ерік актімен байланысты болатын зорлап көндіру, тегеурін, қысым, қарсылық сезімдері жақсы таныс; екінші жағынан, біз бұл екі жақтылыққа мән бермеуге, Мен деген синтетикалық ұғым арқылы алдамшы түрде оны елемеуге үйрендік, - қалауға өздігінен неше түрлі теріс тұжырымдар, демек, еріктің өзін теріс бағалау қосылады; сөйтіп қалаушы әрекет жасау үшін қалаудың өзін жеткілікті деп шын сенеді. Көптеген жағдайларда қалау бұйрықтың, демек, бағынудың, демек, қимылдың әсерін күтуге болатын жерде орын алады; бул арада істің көзге көрінбейтін жағы - іс-қимылдың қажеттігі бар-ау деген сезім пайда болады; бір сөзбен, қалаушы зор сеніммен жігер мен қимыл біртұтас болып бірігеді деп ойлайды - ол табысты да, қалаудың іске асуын да еріктің өзімен байланыстырады және сөйтіп әрбір табыстан туатын пәрменділік сезімінің күшеюінен рақаттанады. Билік жүргізетін, сонымен бірге сол сәтте орындаушыға айналып кететін, кездескен кедергілерді жеңгеніне масаттанып, бірақ іштей оларды жеңіп жатқан өзі емес, өзінің еркі деп ойлайтын қалаушының әр алуан ризашылық күйлерін «ерік еркіндігі» деген сөзбен білдіруге болады. Сонымен, қалаушы билеушінің ризашылық сезіміне орындаушының ойдағыдай әрекет жасайтын құралдың ризашылық сезімін қосады, - өйткені біздің денеміз көптеген «жандардың», қоғамдық құрылысы ғана. Leffet cest moі10: мұнда әрбір көрікті және бақытты қауымда кездесетін жағдай орын алып отыр: билеуші тап өзін қоғамдық жетістіктермен теңдестіреді. Әрбір қалау үстінде әңгіме бұйыру мен бағыну жөнінде болады, жоғарыда айтқанымыздай, көптеген «жандардың» қоғамдық кұрылысы негізінде. Сондықтан философ қалауды мораль тұрғысынан қарауға өзін еріктімін деп есептеуі керек еді және бұл арада мораль ретінде «өмір» феномені пайда болатын билік қатынастары жөніндегі ілім танылып отыр. Жекелеген философиялық ұғымдардың ойдан шығарылмайтыны, өздігінен пайда болмайтыны, олар ойлау тарихында кенеттен және өздігінен пайда болатын сияқты көрінгенмен, шын мәнісінде өзара байланыста жэне туыстықта қалыптасатыны, сол сияқты белгілі бір жүйеге кіретіні - кейін әртүрлі философтар болашақта болатын философиялардың негізгі схемасын толтыра бастағанда білінеді. (Мұндай схеманы Р.Штейнер XX ғасырдың басында құрып еді.) Көрінбейтін бұғаудың астымен олар үнемі айналма жолмен қайтадан жүріп отырады, және, олар өздері өздерінің сыни немесе жүйелі жігері арқылы тәуелсізбіз деп сезінсе де өздеріндегі бірдеңе оларды бастап келеді, бірдеңе оларды бірінің артынан бірін белгілі ретпен қуады - бұл ұғымдардың жаратылысындағы жүйелілігі және туыстығы. Олардың ойлауы өте төмен дәрежеде, жаңалықты ашудан гөрі ескіні тану, еске түсіру, туған жерге, жанның алыстағы ерте кездегі осы ұғымдар бір кезде пайда болған жеріне қайтып оралу болып табылады, бұл жағынан философиямен шұғылдану ең жоғарғы дәрежедегі атавизмнің бір түрі болып табылады (лат. Atavі - арғы ата). Бүкіл үнділік, грек, германдық философиямен шұғылданудың таңқаларлық ұқсастығы оңай түсіндіріледі. Тілдердің туыстығы бар жерде грамматиканың жалпы философиясы арқасында (яғни бейсаналық биліктің және бірдей грамматикалық) функцияларды басшылыққа алудың арқасында) бәрі философиялық жүйелердің біртекті және бір ізбен дамуына қажетті түрде және алдын ала әзірленген; ал дүниені кейбір басқаша түсіндіруге жол жабық сияқты. Орал - Алтай тілінде сөйлейтін философтар (оларда «субъект» ұғымы басқалардан нашар дамыған) индогермандықтар мен мұсылмандарға қарағанда «дүниенің түбіне» басқаша қарауы және басқа жолдармен жүруі өте ықтимал: белгілі бір грамматикалық функциялардың бұғауы, ақыр соңында, құндылықтар және нәсілдік шарттар жөніндегі физиологиялық пікірлердің бұғауы болып табылады. Локктың идеяның шығуы жөніндегі үстірт көзқарасы жөнінде айтарымыз осы.
21
Causa suі - осы кезге дейін ойлап табылған өзіндік қайшылықтардың ішіндегі ең сорақысы, логикалық зорлық және табиғилықпен сиыспайтын көзқарас; бірақ адамның шектен асқан астамшылығының оны бұрмалағаны сондай, ол қорқынышты түрде тап осы мағынасыздыққа тіреліп шатасты. Шала оқымыстылардың санасын билеп алған метафизикалық мағынадағы «ерік еркіндігіне» ұмтылу өз істері үшін жауапкершілікті Құдайдан, дүниеден, бабалардан, қоғамнан тартып алып өзіне ғана артуға тырысу және Мюнхаузен құсап өзін Ештеңенің батпағынан шашынан тартып шығарып болмысқа айналдыруға тырысу, сол causa suі болуға ұмтылудан басқа ештеңе емес. Біреу-міреу бұл «ерік еркіндігі» деген атаулы ұғымның мұжықтық қарапайымдылығын түсініп, одан бас тартты делік, онда мен оның сауатын одан әрі жетілдіріп, осы «ерік еркіндігі» деген жалған ұғымның инверсиясынан да бас тартуды өтінер едім: менің айтып тұрғаным себеп пен қимылды дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылатын «бейеркін ерік» («несвободная воля»). Себепті зорлықпен іске қосуға тырысатын натуралистер (және осы кезде ойлау саласында оларға еретіндер) құсап, «себеп» пен «қимылды» заттандыруға болмайды. «Себеп» пен «қимылды» таза ұғымдар, яғни көпшілік мақұлдаған функциялар ретінде түсіндіру үшін емес, белгілеу, келісу үшін пайдалану керек. «Заттардың мәнінде» ешқандай «себептік байланыс», «қажеттілік», «психологиялық еріксіздік жоқ: онда «қимыл» «себептің артынан» жүрмек емес, онда еш те бір «заң» үстемдік құрмайды. Бұл біз ғана себептерді, жүйелілікті, өзара байланысты, салыстырмалықты, зорлықты, санды, заңды, еркіндікті, негізді, мақсатты ойдан шығарған; егерде біз заттарға осы өзіндік нышандар дүниесін (мир знаков) қосатын, тіркейтін болсақ, онда біз тағы да бұрынғыдай, мифологиялық тұрғыда әрекет жасаған боламыз. «Бейеркін ерік» деген бұл мифология: шындығында өмірде әңгіме тек күшті және әлсіз ерік жөнінде болады. Егерде ойшыл әрбір «себептік байланыста» және «психологиялық қажеттілікте» бойсұндырудың, мұқтаждықтың, салдардың қажеттілігін, қысымның, еріксіздіктің кейбір үлесін сезетін болса, онда бұл оның өзіне не жетпейтіндігінің белгісі: олай сезіну - сатқындық: тұлға өзін өзі ұстап береді. Жалпы алғанда, егер менің байқауым дұрыс болса, «бейеркін ерік» екі қарама-қарсы жақтан, бірақ әрқашанда біреудің өзіндік көзқарасын білдіретін мәселе деп есептеледі: біреулер өз жауапкершілігінен, өзіне деген сенімнен, өзінің еңбек сіңіріп қол жеткізгеніне деген өзіндік құқынан (бұл категорияға атаққұмар нәсілдерді жатқызуға болады) ешбір жазықсыз бас тартқысы келмейді; екіншілер, керісінше, ештеңе үшін жауап бергісі, ештеңе үшін өзін кінәлі деп есептегісі келмейді және өздерін іштей жек көргеннен өздерін бір жаққа өткізуді қалар еді. Соңғылар, егерде олар кітап жазатын болса, осы кезде қылмыстарды қорғауға тырысар еді; социалистік аяушылық - олардың сүйікті бетпердесі (маска). Шынында да, ынжықтардың фатализмі, егер де ол өзін озық «а relіgіon de la souffrance humaіne11» ретінде көрсете алса, жақсы көрінер еді: бұл оның «жақсы талғамы».
22
Мені, түсінік берудің жаман амалын әшкерелеуге әзір тұратын қатал ғадеттен бас тартпайтын бұрынғы филологты кешірсін, - бірақ бұл сіздер, физиктер, мақтанышпен айтатын «табиғат заңдылығы», қалай деуге болар екен... - тек сіздердің түсіндіруіңіз бойынша және нашар «филологияның» арқасында өмір сүреді, - ол істің мәні емес, «мәтін» емес, дұрысы - қазіргі жанның демократиялық инстинкттерін қанағаттандыруға тырысқан мағынаны аңғал - гуманитарлық тұрғыда түзету және бұрмалау. «Барлық жерде заң алдында бәрі тең»; «табиғатта бұл жағынан істің жайы біздегіден өзгеше және артық емес»; тобырдың барлық пұрсаттыларға және ақсүйектерге өшпенділігін бүркемелейтін өнегелі артқы ойының артында одан да гөрі нәзік атеизм тұр. «Nі dіeunі maіtrere»2 - осы ғой сіздерге керегі - сондықтан да «табиғат заңы жасасын!» - солай емес пе? Бірақ бұрын айтылғандай, бұл мәтін емес, түсіндірме (толкование): басқа біреу келіп басқа ниетпен және басқа түсіндіру тәсілімен сол табиғаттан және сол құбылыстар жөнінде биліктің қатал жэне айнымас табанды талаптарын оқып шығуы мүмкін; басқа түсіндіруші табылып, сіздерге әрбір «билікке еріктің» бұлжымастығын және сөзсіздігін паш етуі мүмкін; онда әрбір сөз, тіпті «тирания» деген сөз де қолдануға жарамай тым әлсіз және жұмсақ метафора, тым адами амал болып көрінуі мүмкін; соның өзінде ол, мүмкін, бұл дүние жөнінде сіздің пікіріңізді қолдап шығар, атап айтқанда, бұл дүниенің «қажетті» және «есептеуге болатын» ағымы бар, және оның өзіне тән заңдары болғандықтан емес, керісінше, ешқандай заңдары жоқ болғандықтан және әрбір билік әр сәтте өзіне тиімді қорытынды жасай алады деп. Мұны да тек түсіндіру деп есептелік - бұған қарсы шығуға сіздердің шамаңыз келе ме? - қайтеміз онда тіпті жақсы.
23
Бүкіл психология осы кезге дейін ескі моральдық нанымдардан және үрейлерден арыла алмай келеді: оның тереңге бойлауға батылы жетпеді. Оны морфология ретінде және мен түсінетіндей билікке еріктің дамуы жөніндегі ілім деп түсіну - бұл әлі ешкімнің ойына да кіріп шыққан жоқ; егер осы кезге дейін жазылғанды осы кезге дейін айтылмағанның белгісі деп білмесек. Ескі моральдық нанымдардың күші адамның салқын қанды және болжамнан ада болуға тиісті рухани дүниесіне терең еніп алды және, өзінен өзі түсінікті, ол зиян келтіреді, тежейді, көз қаратпайды, бұрмалайды. Нағыз физиопсихологияға зерттеушінің жүрегінде бейсаналық қарсы әрекеттермен күресуге тура келеді; оның қарсыласы -«жүрек»: «жақсы» және «жаман» инстинкттердің өзара шарттастығы жөніндегі ілімнің өзі, одан гөрі барлық жақсы инстинкттердің жаман инстинкттерден шығатыны жөніндегі ештеңеден жасқанбайтын ұжданды да ауыр күйге түсіреді. Алайда, айталық біреу - міреу өшпенділік, қызғаныш, қомағайлық, билік құмарлық аффектілерін өмірден туған, тіршілік үшін маңызды жэне қажетті, өмірмен бірге жетіліп отыратын аффектілерге балады делік, онда ол өз ойларының сондай бағытынан теңіз ауруынан азап шеккендей азап шегеді. Бірақ та осы болжам қауіпті танымдардың жаңа саласындағы ең азапты, ең оғаш болжам болып табылмайды: дұрысында әркімнің бұл саладан аулақ жүруге тырысатынына жүздеген салмақты дәлелдер келтіруге болады. Екінші жағынан: егер біздің кемемізді сонда алып барса, онда қайтеміз? Қатты тістеніп аламыз! Жан -жағымызға сұқтана қараймыз! Рульді мықтырақ ұстаймыз! Сөйтіп, моральді тіке басып өтеміз, батылымыз барып жолымызды солай бұрмақ болсақ, біз, мүмкін, сонымен бірге өз адамгершілігіміздің қалдығында таптап өтерміз, - бірақ бізде тұрған не бар! Батыл саяхатшылар мен ғажап оқиғалар іздеп жүретін адамдарға танымның тереңірек дүниесі ешқашанда ашылып көрген жоқ: және сөйтіп, құрбандық шалған (бірақ бұл sacrіfіzіo delFіntelletto13 емес, керісінше!) психологтың психологияның қайтадан ғылымдардың әміршісі болуын талап етуге кем дегенде құқы бар; басқа ғылымдар оған қызмет ету үшін және оны әзірлеу үшін өмір сүреді. Өйткені психология қазір қайтадан негізгі мәселелерге жол ашып отыр.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Еркін ақыл
24
О sancta sіmplіcіtas! Адам қандай ғажап қарапайымдылықта пен жалғандықта өмір сүреді?! Егерде біздің бұл кереметке әйтеуір бір кезіміз ашылса, біз айналамызды қандай жарқын, еркін, жеңіл және айқын ете алар едік - бұған мейлінше тандану мүмкін емес! -біз қалай өзіміздің сезімдерімізге барлық үстіртінге еркін кіруге, өзіміздің ойлауымызға -қарайды өзгерістерге (секірістерге) және теріс тұжырымдарға - құдай берген құмарлыққа жол ашар едік! Қалай біз жаңа ғана қолымызға тиген еркіндігімізге, күмәнсыздығымызға, аңғырттығымызға, батылдығымызға, өмірге кұштарлығымызға рақаттану үшін, өмірге рақаттану үшін біз о бастан-ақ өзіміздің білместігімізді сақтаудың амалын іздеп әлек болдық! Білместіктің осы мықты граниттей іргетасында, өте күшті еріктің, білместікке, терістікке, қателікке ынтызарлықтың негізінде ғана осы кезге дейін ғылым, білімге құмарлық өрістеп, дамып келеді! Және оның қарама - қарсылығы ретінде емес, оның талғампаздығы (утонченность) ретінде! Сөздің өзі, мейлі, осы және басқа жағдайларда өзінің оралымсыздығынан шыға алмай, дәрежелер мен ерекшеліктер арасында болар болмас нәзіктіктер бар жердің бәрінде қарама-қарсылықтар жөнінде айта берсін; біздің жеңімпаз «тәніміз бен қанымызға» сіңген моральдық жүзеге асқан тартюфтілігі біздің сөзімізді бұрмасын біз мұны кейде түсінеміз және ең жақсы ғылымның бар айбынын салып, бізді осындай қарапайымданған, тегістей, жасанды, қисынды ойластырылған, қисынды жасалған дүниеде ұстап тұруға тырысатынын, оның да адасуға құмар екенін көріп күлеміз, өйткені, ол да тірі, ол да өмірді сүйеді.
25
Осындай көңілді кіріспеден кейін тиянақты сез де естілсін: ол тиянақты тыңдаушыларға арналған. Философтар мен таным достары, сақтаныңыздар және азаптан сақ болыңыздар! «Ақиқат үшін» азап шегуден сақ болыңыздар! Тіпті «өзіңіздің қорғанышыңыздан да сақтаңыз» Бұл сіздің ұжданыңызды кіршіксіздіктен және нәзік бейтараптықтан айырады, бұл сіздерді қарсылықтарға және қызыл орамалдарға тоң милықпен қарауға мәжбүр етеді, сіздерге қауіп - қатермен, қорлаумен, күдіктермен, қудалаумен және бұдан басқа да дұшпандықтың салдарымен күресте өздеріңді жер бетіндегі ақиқаттың қорғаушылары болуға тура келгенде бұл сіздерді топастандырады, жыртқыштандырады, өгізге айналдырады! «Ақиқат» деген өзін қорғаушыларды қажет ететін ақкөңіл және епсіз нәрсе сияқты. Және тап сіздерді, о, өкінерлік образдың серілері, еріккен мырзалар және ақылдың өрмекші - тоқымашылары, қажет ететіндей! Ақыр аяғында сіздер жақсы білесіздер - тап сіздердікі дұрыс па жоқ па - бәрі бір, өйткені осы кезге дейін еш те бір философтың пікірі дұрыс болып шыққан жоқ және ден қоярлық шындық сіздердің айыптаушылар мен соттың алдындағы салтанатты ымдарыңыздан гөрі өздеріңіздің ең ұнамды сөздеріңізден және ұнатқан ілімдеріңізден (реті келсе тап өздеріңізден) кейін қоятын кішкентай сұрақ белгісінде болуы ғажап емес! Одан да былай тұрыңыздар! Жоғалыңдар! Және сіздерді басқалармен шатастыру үшін өздеріңіздің бет пердеңізді киіп, айлаңызды іске қосыңыздар! Немене, аздап қорықтыңыз ба? Және алтын торы бар бақ жөнінде ұмытпаңыздар! Және өздеріңізді баққа немесе кешқұрымғы күн естелікке айналған кездегі су үстіндегі музыкага ұқсаған адамдармен қоршаңыздар, - өздеріңізге қандай мағынада болса да жақсы болып қалуға пұрсат беретін жалғыздықты, жақсы еркін көңілді, жеңіл жалғыздықты таңдаңыздар! Ашықтан ашық жүргізуге болмайтын әрбір ұзақ соғыс адамдарды қандай ұлы, қандай айлашыл, қандай ақымақ етеді! Ұзаққа созылған үрей, ұзаққа созылған жауларды, болашақ жауларды бақылау оларды қандай өзімшіл етеді! Бұл - қоғамның қуғындалушылары мен қудаланғандары, сол сияқты зорлықпен дүниеден безгендер, бұл — Спинозалар мен Джордано Брунолар әрқашанда ақыр аяғында өздері аңғармай (бір рет болса да Спинозаның этикасы мен теологиясының түбіне бойлап көріңдер!) аршылған кекшілдерге және улаушыларға айналады; бұл арада философтың философиялық мысқылдан жұрдай болғандығының қатесіз белгісі болып табылатын моральдық наразылықтың жөнсіздігі жөнінде айтып жатудың қажеті жоқ. Философтың азап шегушілігі, оның «өзін ақиқат үшін құрбан етуі» онда көрінбей келген үгітшілік пен актерлікті паш етеді; егер де оған осы кезге дейін тек артистік әуестікпен қарап келген деп ұйғарсақ, онда басқа философ туралы оны қашан болса да азғындау жағдайында (немесе «азап шегушіге», мінбенің жаршысына айналғанға) көруге тырысу түсінікті болып көрінер. Тек мұндай қалау да сонымен бірге қандай жағдайда болса да нені көруге тура келетінін міндетті түрде анық түсініп алу керек: тек сатарлардың драмасын ба, тек соңғы фареты ма, тек ұзаққа созылған нағыз трагедияның (философияның дүниеге келуі сондай ұзақ трагедия болғаны белгілі) аяқталғандығының үздіксіз дәлелін бе.
26
Әрбір таңдаулы адам инстинктті түрде өзінің қамалына (замок) және жасырын баспанасына ұмтылады; онда ол тобырдан, көптен, көпшіліктен құтылады, онда ол ерекше болып табылатын «адам» деген ережені, егерде одан да гөрі күшті инстинкт оны кең мағынадағы танушы ретінде қайтадан осы ережеге тап қылмаса, ұмыта алады. Адамдармен қарым-қатынаста кім сәтсіздіктің, қырсықтың барлық бояуымен құбылмаса, жеккөрініштен, жалығудан, жаны ашудан, тұнжыраудан, жалғыздықтан сұрланып, бозармаса, ол онда жоғарғы мәнердің адамы болмағаны; бірақ, айталық, ол өз еркімен бул ауыр жүкті арқалағысы келмейді, үнемі будан бас тартумен болады, өзінің қамалында менмендікпен жэне тым-тырыс тығылады, - бул жағдайда ақыры мынау: ол таным үшін жаралмаған. Өйткені ол күндерде бір күн өзіне өзі айтар еді: «менің жақсы мәнерімді жын соқсын! бірақ ерекшеге қарағанда ерекше мен болсам да, - ереже жағымдырақ!» - сөйтіп төменге, ең алдымен «ортаға» жөнелер еді. Орташа адамды ұзақ, тиянақты зерттеу және осы мақсатпен қайта-қайта киіну, өзіне өзі үңілу, әдепсіздікке, жылпостыққа салыну (жағынудың қай түрі де - өзің сияқтыларға болмаса - жаман) - әрбір философтың өмірбаянының, мүмкін, ең жағымсыз, ең көңілді қалдыратын бөлігі осы. Егер де оның -танымның еркесі ретінде - сыбағасына бақыт қонса, онда ол өзінің міндетін жеңілдететін адамдарға тап болады, бұл арада мен киниктер деп аталатындарды, яғни өздеріндегі айуандықты, өрескелдікті жасырмайтын және онымен тұрмай, күнәлардың алдында мұнысын астамшылықпен паш ететін адамдарды айтып отырмын: олар тіпті кейде кітаптарда өз көңілінде аунап жатқандай болып көрінеді. Цинизм - көргенсіз жандардың адалдық дегенмен түйісуінің бірден бір формасы; жоғары деңгейдегі адамға цинизмнің әрбір ірі жэне нәзік түріне тап болғанда сақ болуы керек жэне өзінің тап алдында ұятсыз скоморох (күлдіргіш) немесе ғылыми сатир сөйлеген сәтте өзін өзі құттықтауы керек. Сонымен бірге кейде жиіркеніш сезіміне қызығушылық та араласатын кезі болады: атап айтқанда, сондай дөрекі текемен және маймылмен табиғат назына сай аббат Галианидегідей, ең терең, ең көреген және, мүмкін, өз заманының адамдарының ішіндегі ең арам данышпан қосылғанда да; ол Вольхерге қарағанда тереңірек және, демек, айтарлықтай тұйық еді. Ақылды бастың маймыл денесіне қондырылатыны, сезімтал зерденің пасық жанмен қосылатыны жиі болып тұрады, мысалы, дәрігерлер мен мораль физиологтарының арасында бұл сирек оқиға емес. Қайда болса да кімде кім кейімей ақкөңілмен адамды екі қажеттілігі бар қарынға, бір қажеттілігі бар басқа теңесе; барлық жерде кімде-кім адамдардың іс-әрекетінің түпкі себептерін аштықтан, жыныс құмарлығынан және атаққұмарлықтан іздесе және көргісі келсе; бір сөзбен, қайда болса да адам туралы жағымсыз, бірақ зілсіз сөздер айтар болса, онда таным құмар адам мұндай сөздерге ыждағаттықпен ден қоюы керек; жалпы зілсіз айтылған сөздерге құлақ асу керек. Өйткені ызақор адам және өзін өне бойы тісімен жұлып қинайтын адам (өзін болмаса дүниені немесе Құдайды немесе қоғамды) моральдық тұрғыдан күлегеш және масайраған сатирадан жоғары тұруы мүмкін, оның орнына басқа мағынада ол әдеттегі, маңызы шамалы, өнегесі аз нәрсе. Ызақор адамдай ешкім де көп өтірік айтпайды.
27
Түсінікті болу қиын: әсіресе егерде сен шетінен басқаша ойлап, басқаша өмір сүретін адамдардың арасында gangesrotogatі өмір сүріп ойлайтын болсаң, атап айтқанда kurmagatі немесе асып кеткенде «бақаның аллюрымен»,. Mandeіkagatі14, - мен де өзімді «қиындықпен түсінетін» деп, бар күшімді жұмсап отырған жоқпын ба, - түсіндірудің кейбір нәзік жақтарына ықылас білдіретіні үшін ризашылық білдіру керек. Әрқашанда ерінетін жэне дос болғасын ерінуге еркіміз бар деп ойлайтын «ізгі достарға» келетін болсақ, оларға алдын-ала ұрыс-керістердің үлкен алаңын әзірлеп қою керек: сонда оларды күлкіге айналдыруға болады; немесе олардан - мұндай достардан - құтылуға болады, сөйтіп оларды келеке етуге болады!
28
Бір тілден екінші тілге аудармада қиындық туғызатын нәрсе - бұл әр нәсілдің мінез -құлқына тән стильдің қарқыны немесе, физиологиялық тұрғыда айтатын болсақ, нәсілдің «заттар алмасуының» орташа қарқыны. Ұқыпты деп тануға болатын, бірақ түпнұсқаны бұрмалайтын аудармалар болады: олар түпнұсқаның батыл, еркін, көңілді, заттардағы және сөздердегі қауіп-қатерлерді аттап ететін, олардан бізді алып шығатын қарқынын дәл бейнелей алмайды. Неміс өз сөзіне presto - ны, яғни жылдам қарқынды, өзінен өзі түсінікті, еркін, ашық ойдың көптеген қызықты, батыл nuances (нюанстарын) бейнелей алмайды деуге болады. Оған буффон мен сатир, өздерінің денесімен және ұятымен қандай жат болса, Аристофан мен Петроний да ол үшін алдауға көнбейтін авторлар. Барлық маңызды, оралымсыз, ұтымсыз нәрселер стильдің барлық зарықтыратын және жалықтыратын түрлері немістерде жеткілікті мөлшерде дамыған - бұл сөзімді кешірсін -тіпті паңдық пен көркемдіктің қоспасы болып табылатын, «қайырымды өткен шақтың» бейнесіндей көрінетін және сол кездегі неміс мәнерінің - ол кезде «неміс мәнері», іn morіbus et artіbus15 рококо мәнері болды - көрінісі ретінде Гете прозасы да айтқанымыздан тыс қалмайды. Лессинг өзінің көпті түсінетін және көп нәрсені істей алатын актерлік натурасының арқасында бұл топқа кірмейді, - тектен тек ол Бейльдің аудармашысы болған жоқ және Дидро мен Вольтерден, одан да гөрі римдік комедиографтардан қуана-қуана баспана іздеген жоқ: Лессинг те қарқынды еркіндікті, Германиядан қашуды жақсы көрді. Бірақ неміс тілі қайтіп, тіпті қайдағы бір Лессингтің прозасында болса да, Макиавеллидің қарқынын қабылдар еді: ол өзінің рrіnсіре16 Флоренцияның құрғақ, таза ауасымен демалуға мәжбүр етеді және өзі де өзінің күрделі дүниелерін іркілмес allegrіssіmo түрінде баяндауға мәжбүр болады - бұл, мүмкін, өзі қалаған контрастың -ұзақ, ауыр, қатал, қауіпті ойлар - және шоқырақтың және ең көңілді көңіл-күйінің қарқынының әсері болар. Ақырында қиялдағы, елестегі, сөздегі presto - ның шебері болып табылатын, осы кезге дейінгі сазгерлердің қай-қайсысынан да жоғары тұрған Петронийді неміс тіліне аударуға кімнің батылы барады және желдің аяғы бар, қанаты мен тынысы бар ондай адамға, бәріне дем беріп, бәрін жаза алатын адамға науқас және кіріптар дүниенің, сол сияқты «ежелгі дүниенің» бүкіл батпағы не болады? Аристофанға, айналасын жарықтандыр, толықтырып тұратын данаға келер болсақ, сол үшін бүкіл эллиндікке оның өмір сүруін кешіруге болады, егерде адамдар нені кешіріп, нені сергіту керек екендігін жете түсінер болса; Платонның тұйықтығы және оның сфинкс сияқты натурасы жөнінде армандауға сәті түсіп сақталған petіt faіt17-тaн басқа не мәжбүр ететінін білмеймін: өлім төсегінде жатқан Платонның бас жағынан табылған нәрсе «Таурат» емес, египеттік, пифагорлық, Платондық бірдеңе емес, Аристофан болыпты. Осы Аристофан болмаса, өзі талақ еткен грек өміріне Платон қалай шыдар еді! Тәуелсіздік - азшылықтың сыбағасы: бұл күштілердің артықшылығын аңғартады. Және оған толық құқы бола тұрса да, бірақ жөнсіз қастандық жасаған адам күштілігімен қатар жүгенсіз батыл екендігін де көрсетеді. Ол лабиринтке енеді, ол өмірде кездесетін қауіп-қатерлерді мың есе өсіреді; олардың ішіндегі ең жеңілі оның қашан және қай жерде адасқанын, адамдардан алыстағанын және қайдағы бір үңгірдегі ұят Минотаврының оны қалай бөлшектеп тастағанын көрмейтін қауіп емес. Егерде ондай адам қаза болса, онда бұл адам түсінігінен тым алшақ болады, сондықтан адамдар оны сезбейді және оған жаны ашымайды, - ал ол болса енді кері қайтып орала алмайды. Ол енді адамдардьщ рақымшылығына қайта орала алмайды!
30
Біздің көзіміздің жеткендері, егерде олар тиым салынған жолдармен ол үшін жаралмаған адамдардьщ құлағына шалынатын болса, онда олар - міндетті түрде! - есуастық, ал кейбір жағдайларда қылмыс болып көрінуі тиіс. Эксотерикалық пен эсотерикалықтың арасындағы айырмашылық философтардың, Индустардың, сол сияқты гректердің, парсылардың және мұсылмандардың арасында ежелден қалыптасқан түсінік бойынша, бір сөзбен, тендік пен тең құқылыққа емес, касталық тәртіпке сенетін жердің бәрінде - бұл айырмашылық эксотериктің заттарды сырттан қарастырып, бағалауына, өлшеп-пішуіне, заттар жөнінде іштен емес сырттан пікір айтуына негізделмейді: бұл арадағы маңызды нәрсе - ол заттарға төменнен жоғары қарайды, ал эсотерик, керісінше, жоғарыдан төмен қарайды! Кейбір рухани биіктер болады, ол тұрғыдан қарағанда трагедияның өзі трагикалық әсер етуін қояды; егерде бүкіл әлемдік қасіретті бір қасіретке біріктірсе, онда бұл көрініс қажетті түрде бәрімізді рақымшылыққа итермелейді және сөйтіп қасіреттің екі есе өсуіне әкеліп соқтырады деп кім айта алады? Жоғары текті адамдардың қорегі жэне ләззаты болып табылатын нәрсе олардан тым бөлек жэне төменгі текті адамдар үшін у болып көрінуі керек. Қатардағы адамның игі қасиеттері философ үшін кемістіктер мен әлсіздіктер болып көрінуі мүмкін және жоғары текті адамдар азып-тозып құрығанда тек осының арқасында оның құлдырауына себеп болған төменгі дүниеде оны әулие деп құрметтейтіндей қасиеттерге ие болады. Жан мен ахуал тарапынан әртүрлі бағаланатын кітаптар болады: әңгіме оларды қандай жандардың пайдаланатынында; арам, ұятсыз жандардың қолында олар қауіпті, аздыратын, алауыздық туғызатын кітапқа айналады, ал ізгі жанды, қуатты күштер үшін олар айбынды, ерлікке шақыратын жаршының ұранындай қабылданады. Көпшілік мақұлдаған кітаптар - әрқашанда сасыған кітаптар: ұсақ адамдардьщ иісі оларға сіңіп қалады. Тобыр тамақ жейтін жерде, тіпті тобыр табылатын жерде де әдетте жаман иіс болады. Егерде таза ауамен демалғың келсе, онда шіркеуге барудың қажеті жоқ.
31
Жас кезімізде біз өмірдің ең жақсы игілігі болып табылатын сезімдерімізді билеу өнеріне үйрене алмадық: сондықтан не жақсы көреміз, не жек көреміз, кейін бізге адамдарды және заттарды сөйтіп сөзсіз жақтағанымыз немесе даттағанымыз үшін әділеттілікке сай жазамызды тартуға тура келеді. Өмірде жиі болып тұратын нәрсе: талғамдардың ішіндегі ең нашары - шүбәсіздік, - егер адам өз сезімдеріне азғана болса да үлес қосуға үйренбесе -күшті ақымақтандыруға және қиянатшылдыққа ұшырайды, одан да өмірдің нағыз артистері сияқты адам жасандылықтың үстінен тәжірибе жасаудаң қашпауы керек. Жастық шаққа тән сезімдер ашу мен қастерлеу адамдар мен заттарды бұрмалауды ашық айтар дәрежеге жеткізбей тыныштала алмайтын сияқты: жастықтың өзі бұрмалауға және алдауға апаратын кезең. Кейін қатарласып келген көңілі қайтудан шаршап, ақыр соңында өзіне өзі сенбейтін халге жеткенде өзінің осы сенбеуінде және ұяты алдында азап шегуінде албырт жэне тағы жас жан қалай өзіне өзі ыза болады, қалай ол шыдамсыздықпен өзін өзі қинайды, қалай ол өзінің ұзақ уақыт соқыр болып келгені үшін (бұл оның өз еркімен қалаған соқырлығы сияқты) өзінен өзі өш алады?! Осы өткелі кезеңде біз өзімізді өзіміз өз сезімімізге сенбеуімізбен жазалаймыз, біз өз шабытымызды күдікпен қинаймыз, біз тіпті таза ұжданның өзінен небір қауіпті сеземіз және ең алдымен біз «жастықтың» жауы болып шығамыз. - Алайда, оншақты жыл өткен соң біз түсінеміз -мұның өзі әлі жастық екен!
32
Адамзат тарихының тарихқа дейінгі деп аталатын ұзақ кезеңінде қимылдың (поступок) жақсылығы немесе жарамсыздығы оның салдарымен анықталатын: қимылдың өзіне және оның себебіне жете көңіл бөлінбеген; қазірде Қытайда балаларының жақсылығы не жамандығы үшін ата-анасы жауап беретіні сияқты, сол кезде де жетістіктің не сәтсіздіктің кері әсері адамның сол қимыл жөніндегі оң – теріс екенін анықтаушы еді. Бұл кезеңді адамзаттың моральға дейінгі кезеңі деп атайық; «өзіңді өзің таны» деген императив (ереже) ол кезде әлі белгісіз болатын, керісінше, соңғы он мыңжылдықта жер бетінің кейбір ірі кеңістіктерінде қимылдың құндылығы жөнінде шешуші дауысты адамдар бірте-бірте оның салдарына емес, себебіне беретін болды: тұтас улы оқиға, көзқарас пен масштабтың ден қоярлық талғампаздығы, аристократиялық артықшылықтардың үстемдігінің бейсаналық салдары және «шығу тегіне» сенім, моральдық деп атуға болатын кезеңнің белгісі, - өзін өзі танудың алғашқы қадамы жасалды. Салдардың орнына шығу тегі: перспективаның қандай төңкерісі! Және, бәлкім, бұл - ұзақ күрес пе ауытқудан кейін қол жеткен төңкеріс! Әрине, жаңа қатерлі ырымшылдық түсіндірудің сипатты тайыздығы тек осының арқасында үстемдікке ие болды: қимылдың көзі белгілі бір мағынада пиғылға байланысты деп есептелді; қимылдың құндылығы оны туғызған пиғылдың құндылығына байланысты деген сенімнің арқасында адамдар бірікті. Қимылды туғызатын нәрселердің бәрін, оның өткендегі тарихын пиғылдан шығару - бұл осы кезге дейін жер бетінде кез келген моральдық құптаудың, айыптаудың, моральдық соттың, философияға салынудың негізі болып келген теріс наным. — Біз қазір тағы да төңкеріс жасауға және адамның өзін өзі түсініп, өзіне өзінің үңілуі арқасында барлық құндылықтарды қайта қарауына тура келетін қажеттілікке тап болган жоқпыз ба, біз қазір моралдан тыс деп теріс мағынада анықтауға болатын кезеңнің шегінде тұрған жоқпыз ба: қазір не болғанда да біздердің, имморалистердің, арасында қимылдың басты құндылығы оның пиғылдан тыс болғанында емес пе және оның мүдделілігі, ондағы көруге, білуге болатын нәрселердің барлығы, қимылдың бергі жағы және сыртқы қабығы болар және бұл барлық қабықтар сияқты бірдеңені ашатын болар және одан да гөрі бірдеңені жасыратын болар деген күдік пайда болды. Бір сөзбен, біз пиғыл әуелі түсінуді қажет ететін ишарат, симптом деп есептейміз, сонымен бірге бұл көп нәрсені аңғартатын, демек, өздігінен ештеңені білдірмейтін белгі; ескі мағынадағы мораль, былайша айтқанда, пиғылдар моральі теріс наным, мүмкін, алғашқы астрология немесе алхимия сияқты, қалай болғанда да біздер жеңуге тиісті бірдеңе болатын. Моральды жеңу, кейбір мағынада моральдің өзін езі жеңуі - мейлі, бул ең нәзік, ең адал жэне сонымен бірге ең ызалы қазіргі ұжданның ұзақ жасырын жұмысының нәтижесі болсын. Амал жоқ: өзін өзі құрбан қылу сезімін, басқа үшін өзін құрбан қылуды, бүкіл өзінен өзін айыру моралын, сол сияқты өнерді піштіруге жол ашқан «риясыз меңзеу» эстетикасын аяусыз жауапқа тартып, сотқа беру керек. «Басқа үшін», «езі үшін емес» деп ата- латын бүл сенімдерде қызықтыратын нәрселердің көбейіп кеткені соншалық, адамда амалсыздан күдіктер көбейіп, орынды сұрақ туады: «алдамшы бірдеме емес пе бұл?» - Олардың өз иесіне және олардың жемісін пайдаланатын адамға, сол сияқты қатардағы көрерменге ұнауы олардың пайдасына қызмет ететін дәлел болып табылмайды, керісінше, бізді сақтыққа шақырады. Сонымен, сақ болуымыз керек!
34
Қазір біз қандай да болмасын философиялық көзқарасты ұстансақ та, бізге жан-жақтан мәлім болатын шындық - біз өмір сүріп отырған дүниенің жалғандығы, мұның толып жатқан дәлелдері бізді дүниенің «түпкі мәнінде» алдау принципі жатқан шығар деген болжам жасауға мәжбүр етеді. Дүниенің жалғандығы үшін жауапкершілікті ойлаудың өзіне, демек, «зердеге» жүктейтін - бұл әрбір саналы не санасыз advocatus deі18 табатын жолы - бұл дүниені кеңістікпен, уақытпен, формамен, қозғалыспен бірге теріс қорытынды деп есептейтін адам ақыр аяғында ойлаудың өзіне күдікпен қарауға тамаша сылтау табады: ойлау бізді ұлы қалжыңмен әуреге салған жоқ па? Және алда да осылай әуре -сарсаңға салып қоймайтынына кім кепілдік бере алады? Қалжыңды қоя тұрғанда, ойшылдардың аңғалдығында жүрекке жылы тиетін және терең құрмет сезімін тудыратын бірдеңе бар: олар әлі де санаға өздеріне адал жауаптар беруді сұрап өтініш жасайды: мысалы, ол «реалдық па» және неге ол сыртқы дүниені өзінен шеттетеді, т.б. көптеген осыған ұқсас сұрақтар. «Тікелей нақтылыққа» сену - бұл біздерге философтарға үйлесетін моральдық аңғалдық; бірақ біз, сайып келгенде, «тек қана моральді» адамдар болуға тиісті емеспіз ғой! Моральды қоя тұрғанда, бұл сенім бізге абырой әпермейтін ақылсыздық! Мейлі, бюргерлердің арасында өне бойы сенбеу «жаман мінездің», демек, ақылсыздықтың белгісі деп есептеле берсін, бірақ мұнда, біздің арамызда, бюргерлік дүниенің, оның «Иә» - сімен «Жоғының» бер жағында бізге ақылсыз болуға не кедергі бола алады; философ осы кезге дейін келе жатқан жан ретінде, дұрысын айтқанда, мінездің» адамы болуға, құқы бар - ол қазір сенбейтін адам болуға міндетті. Мұндай көңілсіз - келемеж түрінде айтылған әзіл үшін кешірім сұраймын: өйткені өзім де көптен алдау мен алдану жөнінде басқаша ойлауға және оларды басқаша бағалауға үйрендім және философтардың бар күшін жұмсап алданбағысы келген соқыр ашуын бір-екі жұдырықпен қарсы алуға әзірмін. Неге олай етпеске? Ақиқаттың елестен құндылығы жөніндегі әңгіме - бұл моральдық жалған наным; бұл болжамдардың ішіндегі ең нашар дәлелденгені. Мынаны мойындауға тура келеді: егер де өмірдің ірге тасы ретінде перспективті бағалар мен жорамалдар болмаса, ешқандай өмір де болмас еді; егер де сіз игі шабыттың және кейбір философтардың зердесіздігінің әсерімен «жалған дүниеден» құтылмақ болсаңыз жэне бұған сіздің қолыңыз жетер деп есептеген жағдайда, онда сіздің «шындығыңыздан», не болғанда да, ештеңе қалмас еді! «Шындық» пен «жалғанның» арасында айтарлықтай айырмашылық бар деп ойлауға не себеп болады? Жорамалдардың әртүрлі дәрежелері, былайша айтқанда, ашық және күңгірт көлеңкелері және елестің сарындары, суретшілердің тілімен айтқанда, әртүрлі valeurs19 болады деп ойлаудың өзі жетпей ме? Бізге біршама қатынасы бар дүние жалған (фикция) бола алмай ма? Егерде біреу-міреу сонымен: «бірақ жалғанды (фикцияны) жасаушының онымен байланысы бар ма?» - деп сұрай қалса, оған қысқа да ашық: неге? деп жауап беруге болмай ма? Мүмкін, осы «байланыс» деген сөздің өзі жалғанмен байланысты болар? Субъектіге де, сол сияқты предикат пен объектіге де біраз мысқылмен қарауға болмай ма? Философтың грамматиканың беріктігіне сенімнен жоғары тұруына батылы жетпей ме? Гувернанткаларды құрметтеу дұрыс - бірақ философтардың гувернанткалардың сенімінен бас тартатын уақыты келген жоқ па?
35
О, Вольтер! О, мейірімділік (гуманность)! О, жарыместік! «Ақиқат», ақиқатты іздеудің қандай да боса бір мәні бар емес па және егерде адам сөйтіп, тым адамша әрекет жасайтын болса - «cherche la vraі que pour faіre le bіen20» - бәс тігуге болады, ол ештеңе таба алмайды!
36
Біздің қажеттеріміз бен құмарлықтарымыздан басқа нақты «берілгендер» жоқ, біз өзіміздің инстинкттеріміздің реалдығынан басқа еште бір «реалдыққа» жете алмаймыз немесе көтеріле алмаймыз деп ойлайық - өйткені ойлау дегеннің өзі осы инстинктердің өзара қатынасы, - олай болса тәжірибе жасап және осы «берілгендердің» өзі сол сияқты нәрселер арқылы механикалық (немесе материалдық) деп аталатын дүниені де түсінуге жеткілікті емес пе - деген сұрақ қоюға болмас па? Менің ойымша, оны (дүниені) алдамшы, «елес», «көрініс» (Беркли және Шопенгауэр түсінігіндегі) ретінде емес, біздің аффектілеріміз қандай реалдыққа ие болса, ол да сондай реалдылыққа ие бірдеңедей, кейін органикалық процесте тармақталып әртүрлі формаларға ие болатын нәрселердің бәрін тұжырылған күйде бойына жинай білген аффектілер дүниесінің прилистивтірек формасы ретінде, барлық органикалық функциялары - өзін өзі реттеу, ассимиляция, қоректену, заттар алмасуы т.б. - бірімен бірі астасып жатқан инстинкттер өмірінің түрі ретінде - өмірдің праформасы ретінде түсіну керек. Ең ақырында бұл тәжірибені жасау қажетті ғана емес, сонымен бірге бұл әдістің талабы болып табылады. Бір ғана себептіліктің түпкі шегіне жеткенше (түкке тұрмайтын дәрежеге жеткенше деуге болады) ашып алмай тұрып себептіліктің басқа түрлерін қарастырудың қажеті жоқ - міне әдістің моральі осыны талап етеді; бұл талаптан қазірде бас тартуға болмайды, өйткені ол, математик айтпақшы, «оның анықтамасынан туындайды». Мәселе сайып келгенде мынаған тіреледі: шынында да біз ерікті әрекет жасаушы ретінде танимыз ба, еріктің себептілігіне сенеміз бе? Егер де осылай болса, - ал бұған сену біздің себептілікке сенуіміз болып табылады, - онда еріктің себептілігін болжаулы түрде бірден бір себептілік деп ұйғаруға талап етуге тиіспіз. «Ерік» әрине «заттарға» емес («жүйкеге» емес, мысалы -) тек ерікке ғана әсер ете алады; бір сөзбен, «қимыл» орын алатын жердің бәрінде ерік ерікке әсер ете ме және өздерінде кейбір күштер, атап айтқанда, ерік күші әрекет жасайтын механикалық құбылыстардың бәрін ерікті қимылдар деп тануға болмай ма деп болжам жасап көру керек. Біздің инстинкттеріміздің тұтас өмірін еріктің бір негізгі түрінің, атап айтқанда, билікке еріктің формаға еруі мен тарамдалуы деп түсіндірдік делік; барлық органикалық функцияларды осы билікке ерікке жатқызуға және сол арқылы ұрықтану және қоректену мәселесін (ал бұл бір мәселе) шешуге де мүмкіндік туды делік, - онда біз осымен бүкіл әрекет жасаушы күшті тек билікке ерік деп есептеу құқына не болған болар едік. Іштен қарастырылған дүние, өзінің «интеллигибельдік сипатына» қарай анықталған дүние «билікке еріктен» басқа ештеңе де болмас еді. «Қалайша? Демек, түсінікті тілмен айтқанда: Құдай жоққа шығарылған, ал шайтан деген жоқ па -? Керісінше! Керісінше, достарым менің! Кім сіздерді, шайтан алғыр, түсінікті тілде сөйлеуге мәжбүр етеді!
38
Француз революциясы жаңа дәуірлер тұрғысынан қарағанда жантүршігерлік және ол жөнінде жақыннан тоғышар болсақ, қажетсіз фарс болып табылады; алайда, бүкіл Еуропаның игі және шаттанған көрермендері оны алыстан тамашалап, ол жөніндегі орын алған көзқарасқа өздерінің наразылықтары мен ризашылықтарын қосты. Сол сияқты кейбір текті әулет өткен шақты теріс түсініп, оған қанағаттанарлық сезім білдіреді. Немесе дұрысырақ айтқанда: бұл жүзеге асқан жоқ па? Біздің өзіміз сол «игі әулеттің» өкілдері емеспіз бе? Осыны біз түсінгесін, бұл енді жоқ болған жоқ па? Ізгілікке, ақиқатқа, әсемдікке, жанқұмар және әр алуан түрлі түсті, икемсіз және ақкөңіл тілектердің өздерінің тоғанында жүзіп жүруіне мүмкіндік беретін сүйкімді «идеалистерден» басқа ешкім де қандай да болмасын ілімді бақытқа және ізгілікке жол ашқаны үшін ақиқат деп танымайды. Бақыт та, ізгілік те жеткілікті дәлел болып табылмайды. Бірақ тіпті өте сақ ойшылдар да бақытсыз ету және де айтулы ету де қарсы дәлелдер болып табылмайтынын оп - оңай ұмытып кетеді. Әлдебір нәрсе сондай зиянды жэне қауіпті бола тұрса да ақиқат болуы мүмкін: өмір сүрудің негізгі белгілерінің бірі, мүмкін, оны толық танудың өлімге апарып соқтыратынында болар, сондықтан ақылдың күші, сірә, оның «ақиқаттың» қандай мөлшерін көтере алатынымен өлшенетін шығар, дәлірек айтқанда, ақиқат қандай мөлшерде сұйылған, перделенген, тәттіленген бұрмаланған болуы тиіс екендігімен. Ақиқаттың белгілі бір жақтарын ашу үшін сұмдар мен бақытсыздардың көбірек қолайлы жағдайда болмайтыны жэне олардың табысқа жету мүмкіндігі көбірек болатыны күмән туғызбайды; біз бұл арада моралистер әңгіме ете қоймайтын бақытты сұмдарды сөз етіп отырған жоқпыз. Күшті, тәуелсіз ойдың және философтың пайда болуы үшін ғылымда бағаланатын және орынды бағаланатын момындық, сезімталдық, көнбістік, үстірт өнегелілік сияқты қасиеттерге қарағанда табандылық және қулық, мүмкін, тиімділеу болып шығуы. Менің ойымша «философ» деген ұғым кітаптар жазатын және осы кітаптарында өз философиясын паш ететін философқа қолданылуымен шектелмесе керек. Еркін ойлайтын философтың келбетіне соңғы белгіні қосқан Стендаль болды және мен мұны неміс мәнері үшін әдейі атап етуге мәжбүрмін - өйткені ол неміс мәнеріне қайшы келеді. «Pour tre bon phіlosophe, - дейді бұл соңғы ұлы психолог, - іl faut tre sec, claіr, sans іllusіon. Un banquіer, quі a faіt fortune, a une partіe du caract tre requіs pour faіre des couvertes en phіlosophіe, cest - dіre pour voіr claіr daus ее quі est»21. Терең нәрсенің бәрі бетпердені жақсы көреді; ең терең заттар бейне мен ұқсастықты, тіпті, жек көреді, кейбір құдірет (божество) өзінің ұялшақтығын сездірмеу үшін қажет болатын шынайы маска тек қарама-қарсылық болуы керек шығар? Ден қоятын мәселе және де егер бір мистик осындайға жасырын түрде батылы бармаса, бұл таңқаларлық іс болар еді. Өте нәзік сипаттағы оқиғалар болады, оларды дөрекілікпен көмкеріп, танылмайтын ету тиімді болады; сүйіспеншілік пен шамадан тыс қайырымдылықтан туған істер болады, олардан кейін басы-қасында болған кісіні таяқпен төмпештеуден артық ештеме ойлап таба алмайсың: бұл оның жадын күңгірттейді. Ең болмағанда осы жалғыз куәгерден өшін алу үшін кейбіреулер өзінің жадын күңгірттеп, азаптауға дейін барады: ұялшақтық ойлап тапқыш болып келеді. Бізді көбірек ұялтатын нәрселердің бәрін жаман деуге болмайды; бетпердемен бүркемеленетін тек қана жауыздық емес - кұлықта да мейірімділік жетіп жатады. Өзінің бір қымбат және өте осал нәрсесін жасырғысы келген адамның өмір жолымен ескі, ауыр құрсауланған шарап бөшкесіндей салдырлап және дөңгеленіп өткенін көз алдыма келтіре алар едім: оның ұялшақтығы осыны талап етеді. Ұяты бар адам тағдырының жазғанын және өзінің шетін (деликатные) шешімдерін де кез келгеннің қолы жетпейтін және мұндай жолдардың бәрін оның жақындары мен адал достары да біле бермейтін жерде кездестіреді; оның өміріне төнген қауіп қайтадан қол жеткен өмірдің қауіпсіздігі сияқты олардың назарына ілікпеуі керек. Мұндай тұйық және сөзді үндемеу үшін және ештеңе айтпау үшін пайдаланатын, басқалардың көзіне түспеу үшін айла-амалды іздестірумен болатын адам достарының алдында және жүрегінде оның бейнесі емес пердесі болғанын қалайды; егер ол мұны қаламаса да бәрібір бір күні оның көзі ашылып, ол одан не дегенмен өзінің маскасын көреді және осыған риза болады. Әрбір терең ой (ойшыл) масканы керек етеді - тіпті әрбір терең ойшылдың төңірегінде, оның әрбір сөзін, әрбір қадамын, әрбір тіршілік қамын бұрмалаудың, одағай түсінудің салдарынан бірте-бірте маска пайда болады.
41
Адам өзіне-өзі тәуелсіздік және билік жүргізу үшін жаралғандығының дәлелдерін табуы керек және мұны дер кезінде жасауы керек. Өзін өзі сынаудан қашуға болмайды; әрине, бұл аса қауіпті ойын, бірақ ақыр соңында тек қана сынақтар арқылы біз басқа төрешінің алдында емес, өзіміздің алдымызда кім екенімізді біле аламыз. Кісіге (личность), тіпті ұнатқан кісіге де беріле бермеу керек - әрбір кісі - түрме әрі бұрыш. Отанға да, тіпті қиындықтарға тап болып, көмекті қажет етсе де, берілуге болмайды, — жеңімпаз отаннан жүрегіңді бұрып алу қиынға соқпайды. Қайырымдылыққа да әуес болмау керек, - бұл биікте тұрған адамдарға тән болса да; олардың да азаптары мен дәрменсіздіктеріне біз кездейсоқ куә болдық. Ғылымға да тым берілмеу керек, аса құнды және тап біздер үшін сақталған жаңалықтарымен ол адамды өзіне тартып тұрса да. Қол жеткен еркіндікке де масаттануға болмайды, төмендегілердің бәрін көру үшін бірте-бірте биіктеп ұшқан құстың алдындағы бұлдырағы көрінген қиырлары мен таныс емес елдеріндей болып көрінсе де. Бойымыздағы ізгіліктерге де берілмей, өзіміздің кейбір қасиеттеріміздің, айталық аққөңілділіктің, құрбаны болмауымыз керек: бұл өзіне өзі қалай болса солай бейқам қарайтын, сөйтіп либералдық игілікті кемістікке айналдырып алатын игі және пейілі кең жандардың алдында тұрған қауіптердің ішіндегі ең қауіптісі осы болып табылады. Адам өзін сақтай білуі керек - тәуелсіздіктің ең күшті сынағы осы.
42
Философтардың жаңа түрі пайда бола бастады: оларды мен қауіпсіз емес атпен атауға бекіндім. Мен оларды қаншалықты тани алсам әрине, олар өздерін қаншалықты тануға мүмкіндік берсе, - өйткені оларда кейбір жағынан жұмбақ болып қалғылары келетін ниет бар, - бұл болашақ философтарының құқыққа сай, мүмкін, ешқандай құқысыз да сиқыршы болып қалғылары келер еді. Бұл аттың өзі ақыр соңында тек қастандық және егер қажет болса, алдаушылық. «Ақиқаттың» бұл достарын, дүниеге енді келіп жатқан философтарды жаңа деп тануға бола ма? Солар болар, өйткені барлық философтар осы кезге дейін өздерінің ақиқаттарын жақсы көріп келді. Бірақ олар сөзсіз догматиктер болмайды. Олар ашқан ақиқаттың сонымен бірге әркімнің де ақиқаты болғаны олардың намысы мен талғамына жақпа керек, ал бұл барлық догматиктердің арманы және артқы ойы болып келді. Болашақтың философы, мүмкін, айтар: «Менің пікірім - бұл менің пікірім: оған кез келгеннің құқы жоқ» - деп. Көппен пікірлес болуды қалайтын жаман ғадеттен арылу керек. «Игілік» болмайды, егер де ол жөнінде көрші әңгіме етсе! Ал «жалпы игілік» деген қалай өмір сүрер еді! Сөздер өздеріне өздері қайшы келеді: жалпы болып табылатын нәрсенің құны әрқашанда шамалы. Ақыр аяғында істің бәрі ойдағыдай болуы тиіс: ұлы заттар ұлы адамдарға, тұңғиықтар - тереңдерге, нәзіктіктер және қорқыныштың дірілі - сергектерге, жалпы алғанда сирек нәрселердің бәрі сиректерге қалуы тиіс.
44
Бұдан кейін маған бұл болашақ философтары еркін, тым еркін ойшылдар болатыны жөнінде қосып айтар ештеңе бола ма екен? Бұл ар тек еркін ойшылдар болып қана қоймайды, негізінде одан да зор, одан да жоғары - оларды танымау және басқамен шатастыру мүмкін емес болатын дәрежедегі жандар екендігі күмән туғызбайды. Осыны айта отырып, мені оларға қатысты және олардың ізашарлары - біздерге, ерікті ойшылдарға! - қатысты бір сезім билеп алды: «біз еркін ой» ұғымы жөніндегі санамызды билеп алған ескі нанымнан, жалған түсініктен арылуға тиістіміз. Еуропаның барлық елдерінде, сол сияқты Америкада бұл ұғымды теріс пайдалануға тырысатын тым тайыз, мардымсыз, шынжырмен санасы шырмалған ой иелері бар, олардың қимылы біздің тілектеріміз бен инстинкттерімізге қарама-қарсы; болашақтағы жаңа философтар үшін олардың ойы мықтап жабылған терезелер мен ысырмамен бекітілген есіктердің аржағында қалуы керек. Бір сөзбен, «еркін ой иелері» деген жалған атаққа ие болып жүрген бүл демократиялық талғамның және оның «қазіргі идеяларының» сөз құмар және тез жазатын құлдары нивелиршілердің қатарына жатқызылуы керек; бұлардың бәрі жалғыздықтың дәмін татпаған, ысылмаған, айбынды балалар; бұларда батылдық та, ізеттілік те бар, бірақ олар адам күлерліктей тайыз: адамдардьщ басына түскен ауырпашылықтардың және сәтсіздіктердің бәрінің себебін олар бұрынғы, ескі қоғамдық құрылыстан көруге бейім, сонымен бірге ақиқатқа басымен төмен тұруға тура келеді. Олардың көздейтіні ауқаттылықты, қауіпсіздікті, емін-еркіндікті, әркімнің тұрмысын жеңілдетуді қамтамасыз ету арқылы көгілдір жайылымдағы жалпы табындық бақытқа жету; олардың қайталап айта беретін екі әні, екі ілімі «құқықтардың теңдігі» және «кемтарларға жаны ашу» деп аталады, - және олардың түсінігінде азап шегу жойылуға тиісті нәрсе болып табылады. Біздер бұған қарама-қарсы көзқарасты ұстанатындар және «адам» деген өсімдік қайда жэне қайтіп көкке бойлап өскен деген сұраққа мұқият және дәйекті түрде қарайтындар мұның себебін басқаша түсінеміз: адам өсіп жетілу үшін оның хал - жағдайы аса қауіпті жағдайға жетуі, адамның тапқырлығы мен амал-айласының күші (оның «ақылы») ұзаққа созылған езгі мен зорлық-зомбылықтың салдарынан нәзіктікке және жүректілікке дейін дамып жетілуі, оның өмірге деген еркі (құштарлығы) билікке деген сөзсіз ерікке дейін өрлеуі қажет болды деп есептейміз: біздің ойымызша, қатаңдық, зорлық, құлдық, көшедегі және жүректегі қауіп-қатер, тұйықтық стоицизм (төзімділік), арбаушының айласы, тағы басқа әр алуан қылықтар, сол сияқты адам бойындағы жауыздық, жексұрындық, тирандық, жыртқыштық және уыттылық сияқты нәрселер де «адам» деген мақұлықтың өсіп жетілуіне септігін тигізеді.- Осылай дей тұра біз әлі бәрін де жайып салып жатқан жоқпыз және қалай болғанда да біз қазіргі замандағы идеологияның және табындық сұралымның (стадной желательности) арт жағында тұрмыз, мүмкін мұның антиподы шығармыз? Егерде біз, «еркін ойлаушылар», адамдарға үйір емес ойшылдар ретінде ақыл - ойдың неден еркін бола алатыны жэне оны қай жолға бағыттау керек екені жөнінде әр кезде де ашып айта алмасақ, мұнда тұрған таңғаларлық не бар? Бізді басқалармен шатастырмасын деп сақтанып жүрген «ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында» деген формуланың мәнісі неде? «Қазіргі идеялардың жақтаушылары өзін қалай атаса да, біздер мәнісінде «lіbres penseurs», «lіberі pensatorі», «еркін ойлаушылардан» басқа ешкім де емеспіз. Біздер озімізді үйдегідей сездік немесе қалай болғанда да рухтың көптеген салаларында қонақта болдық; біз шалғайдағы өзімізге ұнаған жерлерді үнемі тастап кетіп жүрдік; бізді оларға біржақты махаббат пен өшпенділік жастық , кездейсоқ адамдар жэне кітаптар тартып тұратын сияқты еді; тәуелсіздіктің сый - сияпат, ақша, лауазым арқылы өзіне тартатын алдамшы амалдарын жаратпайтын; жоқтыққа да әртүрлі өзгерістерге апаратын ауруға да біздерді қайдағы бір ережелерден және «теріс нанымдардан» құтқарғаны үшін риза; өзіміздегі құдайға да, періге де, қойға да және құртқа да риза; кесапатты елемейтін әуесқойлар, қатыгездікке баратын, ұстатпайтын нәрсені де ұстай алатын, қорытылмас нәрсені де, қорытып бойға сіңіре алатын тістері мен асқазаны бар зерттеушілер; өткір ақыл мен өткір сезімді қажет ететін кәсіпті алып кетуге әзір; асып-тасып жататын «еркін еріктің» арқасында қандай тәуекелге де бара алатын; оңайлықпен түбіне бойлау қиын болатын алдынғы және артқы ниетімен; ешкім жүріп өте алмайтын (жүзеге асыра алмайтын) қазіргі жэне кейінгі жоспарлармен; мұрагерлерге және ысырапшыларға ұқсайтын жеңімпаздар; жинағандарын таңертеңнен кешке дейін реттеумен айналысатындар; біздің байлығымызды және лық толы жәшіктерімізді қорғайтын сараңдар; оқуда да, ұмытуда да ұқыптылар; сұлбалардағы өнертапқыштар; кейде категориялар кестесін мақтан тұтатындар, кейде педанттар; кейде еңбектің түнгі, кейде күндізгі жапалақтары, кей жағдайда,- ал қазір тап қандай жағдай, - қарақшылар: дәл солай, себебі біз тұрмысымыздан жалғыздықтың, өзіміздің қанымызға сіңген, түнгі, күндізгі жалғыздығымыздың өзгермейтін, қызғаншақ достары - міне, біз, еркін ойлайтындар, қандай сорттың адамдарымыз! Мүмкін, сіздер де туындап жатқан жаңа философтар, біздерге ұқсас боларсыздар?
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Діншілдіктің мәні
45
Адам жаны және оның шектері, адамның ішкі тәжірибесінің осы кезге дейін жалпы игерілген аумағы, бұл тәжірибенің биіктігі, тереңдігі және көкжиегі, жанның барлық бұрынғы тарихы және оның игерілмеген мүмкіндіктері. Міне, психолог болып туған және «үлкен аңшылықты» жақсы көретін адам үшін қажет аң аулайтын жер осы. Бірақ оған ашынғаннан: «мен мұнда жалғызбын! Ах, тек өзім ғана мұнда, ал айналам - шеті мен шегі жоқ ну орман!» - деп жиі айқайлауға тура келеді. Енді оған өз қарамағында адам тарихы саласына жіберіп, сонда өз кұстарын аулауға жіберетін бірнеше жүз аңшылар мен иісшіл ғалым іздеушілер болғаны кажет. Бірақ бұл тілектен ештеңе шықпайды: оны қызықтыратын нәрселерді іздеп табу үшін көмекшілер мен иттердің жеткіліксіз екендігіне әркез оның көзі жетеді. Батылдықты, естілікті және үлкен сезімталдықты керек ететін жаңа және қауіпті аң аулайтын жерлерге ғалымдарды жіберудің тиімсіздігі — «үлкен аңшылық» және сонымен бірге үлкен қауіп-қатер басталатын жерде олардың пайдасы шамалы: тап сондай жерде олар өздерінің қырағылығынан және иісшілдігінен айрылып қалады. Homіnes relіgіosіflіn жан дүниесінде білім мен ар мәселесінің қандай күйде болғанын білу үшін, мысалы, адамның өзі Паскальдің интелектуальдық ары сияқты терең, сондай жәбірленген, сондай кең болуы керек, - соның өзінде де бұл қатерлі және қайғылы ескіліктің сарқыншақтарының үстінен биіктің бәрін байқап, тәртіпке келтіретін, формулаларға айналдыратын жарқын, кекті данышпандықтың аспаны ашылуы қажет болар еді. - Бірақ мұндай қызметшілерді күтуге кімнің шыдамы жетеді! — сірә олар өте сирек кездеседі, әркезде де олардың барлығы күмән туғызады! Ақыр аяғында өзің бірдеңе білу үшін бәрін де өзің игеруіңе тура келеді, демек, коп нәрселер істеуге тура келеді! Бірақ менікіндей әуестік не дегенмен барлық кемістіктердің ішіндегі ең жағымдысы болып қалады, кешірім өтінемін, менің айтайын дегенім: ақиқатқа құмарлық өзінің марапатын көктен де, жерден де алады.
46
Көптеген ғасырларға созылған философиялық мектептердің күресінен кейін пайда болған, скептикалық әрі оңтүстіктік - еркін ойлау әлемінде алғашқы христианшылдық талап еткен және аракідік қол жеткізе алған түрдегі сенім, іmperіum Romanum берген шыдамдылық рухындағы тәрбиемен параллель алғанда, - бұл сенім қайдағы бір Лютерді не Кромвельді немесе тағы бір рухтың солтүстіктегі варварын олардың құдайымен және христиандықпен байланыстыратын діндарлардың ақниетті және долы сенімі емес; дұрысы, бұл Паскальдің - табанды, тиянақты ақылдың жайпап өзін өзі өлтіруіне ұқсас - сенімі; мұндай ақылды бірден, бір ұрып өлтіруге болмайды. Христиандық сенім о бастан-ақ құрбан шалу болды: бүкіл еркіндікті, намысты, рухтың өзіне - өзі сенушілігін кұрбан ету және сонымен бірге өзін - өзі құлдыққа беру, өзін - өзі қорлау, өзін - өзі мүгедек ету еді. Әлсіреген және еркімен кеткен ар - ұятқа таңылатын бұл сенімде финикийліктердің қатыгездігі мен діни табынуы сезіледі, ақылды бағындыру бұл сенім тұрғысынан айтып жеткізуге болмайтын аурумен бірдей мұндай ақылдың бүкіл өткені және барлық әдеттері «сенімді» білдіретін absurdіssіmum - ға қарсыласып бағады. Қазіргі адамдар өздерінін топастанған ақылымен антикалық талғам үшін «крестегі Құдай» деген формуладан туындайтын қорқынышты суперлативті күйзелісті бастан кешпейді. Осы кезге дейін ешқашанда және еш жерде батылдығы жағынан осы формуладан басталған бетбұрыстың батылдығымен салыстыруға болатын ештеңе де болған жоқ: бұл формула бүкіл антикалық құндылықтарды қайта қарау керектігінен нышан берді. Бұл Шығыс, терең Шығыс, сөйтіп шығыстағы құл Римнен және оның нгі және ұшқалақ шыдамдылығынан, римдік сенім католизмінен кегін алды,- әрине, құлдарды өз әміршілеріндегі ашындырған және оларға қарсы қойған нәрсе сенім емес, сенімнен бас тарту, осы жартылай стоиктік және сенімнің маңыздылығын елемейтін бейқамдық. «Ағарту» ашуландырады: құл тек сөзсіз нәрсені қалайды, ол тек тирандықты түсінеді, сол сияқты моральда да ол өзгешеліксіз, түбіне дейін, есеңгіреткенше, жанына батқанша сүйеді де, жек көреді де, оның жетерліктей жасырын қасіреті азап дегенді жоққа шығаратын игі мәнерді жаратпайды. Ақсүйектер моральінің кейпі болып табылатын қасіретке сенімсіздікпен қарау француз төңкерісінен басталған құлдардың соңғы ұлы көтерілісінің шығуына айтарлықтай ықпал етті.
47
Жер бетінде осы кезге дейін діни невроз тараған жерлердің бәрінде де біз оны үш түрлі қауіпті диетикалық нұсқамаларға байланысты екенін көреміз. Жалғыздық, пост және жыныстық ұстамдылық. Алайда мұнда қайсысы себеп, ал қайсысы салдар екенін немесе бұл арада себеп пен салдардың арасында байланыс бар ма - мұны сенімділікпен шешу қиын. Бізге мұндай күмәндануға ерік беретін нәрсе - тағы және қолға үйретілген халықтардың арасында орын алатын бұл құбылыстың төмендегідей белгілері: кенеттен пайда болатын шектен асқан нәпсіқұмарлық және де сол сияқты кенеттен пайда болатын өкініштің өзекті өртеуі және дүниені ерікті талақ ету; мүмкін, ол да, бұл да буклеэпилепсия шығар? Бірақ бұл арада басқа жердегінің бәрінен көбірек түсіндірулерден бас тарту керек; еш те бір тип осы кезге дейін айналасында тап мұндай сандырақ пен теріс түсініктерді туғызып көрген жоқ; ештеңе де, шамасы, жеткілікті дәрежеде адамдарды және философтарды қызықтырып көрген жоқ. Бұл құбылысқа немқұрайлы қарайтын, сақтыққа үйренетін, тіпті оған көңіл бөлмейтін, одан алшақтанатын уақыт келген сияқты. - Соңғы философияның, Шопенгауэр философиясының ретінде діни дағдарыс пен оянуға байланысты осы қиын сұрақ тур. Ерікті жоққа шығару қалай мүмкін болады? Әулие қалай мүмкін болады? — Шопенгауэр, шамасы, өзінің философиялық қызметін осы сұрақты қарастырудан бастаған болуы керек. Шопенгауэрдің шын мәнісіндегі дәйектілігі мынадан байқалады: оның сенімді жақтаушыларының бірі, атап айтқанда, Рихард Вагнер өзінің шығармашылық қызметін осымен аяқтап еді және ақырында ол сахнаға Кундри кейпінде осы қорқынышты және мәңгілік типті, type vіcu22 шығарды; алайда, тап сол кезде Еуропадағы барлық елдердің дерлік психиатрлары діни дағдарыстың - мен оны «діншілдіктің мәні» деп атаймын - «құтқару армиясы» деген атпен таралған соңғы эпидемиялық ушығуын жақыннан бақылауға мүмкіндік алды. Егерде біз барлық нәсілдер мен дәуірлердің, сол сияқты философтардың өкілдерін әулие феноменінде қызықтыратын не деп өзімізден сұрар болсақ, онда айтар едік: оларды қызықтырған нәрсе онымен байланысты керемет көрінісі, яғни қарама-қарсылықтардың моральдық тұрғыдан қарама-қарсы бағаланатын көңіл күйлерінің тура бірізділігі, мұнда «жаман адамнан» кенеттен жақсы адам, «әулие» пайда болғаны күмән туғызбайтын сияқты болып көрінеді. Бұрынғы психология бұл арада апатқа ұшырады; бұл ең алдымен оның моральдық үстемдігіне көнгенінен, оның құндылықтардың моральдық қарама-қарсылығына сенгенінен және бұл қарама - қарсылықтарды мәтіннен және істің мәнінен шығарғанынан болған жоқ па екен? - Қалайша? «Керемет» тек теріс түсініктің салдары ма? Философияның жетіспеуінен бе?
48
Латын нәсілдері біздің, Солтүстік тұрғындарының, жалпы христиандықпен байланысымызға қарағанда өз католицизмімен ішкі тығыз байланыста болатын сияқты. Демек, католик елдеріндегі сенбеушілік протестант елдеріндегіден бөлек, оларда сенбеушілік нәсіл рухына қарсы багытталған, ал біздерде, керісінше, нәсіл рухына қайтып оралу болып табылады. Біз - Солтүстік тұрғындары, сөз жоқ, тағы нәсілдерден шыққандармыз; бұл біздің дінге деген қабілетімізден де көрінеді: біз дінмен нашар ауызданғанбыз. Бұл арада кельттерді есепке алмау керек; олар да Солтүстікте христиандық инфекцияны қабылдауда тамаша негіз болып шықты; Францияда христиандық идеал Солтүстіктегі күннің солғын сәулесіне қарамастан толық дамып жетілді. Егерде бұл соңғы француз скептиктерінің тегінде қаншама да болмасын кельт қаны болса, онда олар біздің талғамымызда тіптен дін жолына берілгендер болып көрінер еді. Огюст Канттың римдік инстинкттер логикасына негізделген социологиясынан бізге қандай немістік емес, қандай католиктік иіс келеді! Пор - Рояльдан, Сент - Бёвадан шыққан бұл құрметті және ақылды Цицероннан, оның иезуиттарды сондай жек көргеніне қарамастан, иезуитизмнің қандай лебі еседі! Тіпті Эрнест Ренанның өзі - оның сөзі бізге, солтүстіктегілерге, жат болып естіледі - оның нәзік мағынадағы тәттіге құмар және тыныштықты қалайтын жанын болмашы діни кернеудің өзі сәт сайын тепе-теңдіктен шығарады да тұрады! Оған ілесе, оның әдемі фразаларын қайталар болсақ, — онда біздің, ықтимал, ондай әдемі емес және одан қаталдырақ неміс жанымызды қандай ашу-ыза, қандай асқақтық кернейді! - «dіsons done hardіment que la relіgіon est un produіt de Гһогпше normal, que Гһотте est le plus dans le vraі quand іl est le plus relіgіeux et le plus assur d'une destіn le іnfіnіe... C'est quand іl est bon qu'іl veut que la vertu corresponde un ordre ternel, c'est quand іl contemple les choses d'une manі re d sіnt ress le qu'іl trouve la mort revoltante et absurde. Comment ne pas supposer que c'est dans ce moments-le, que l'homme voіt le mіenx?..» Бұл сөздердің менің есту қабілетіме және дағдыларыма антипод келгені соншалық, оларды оқығанда мен ашу-ызамның алғашқы қарқынында тұсына: «а nіaіserіe relіgіeuse par excellence!23» деп жаздым, ал соңғы қарқынында мен тіпті ол сөздерді аяғы аспаннан келген ақиқатына қарамастан ұнатып та қалдым! Бұл сондай тамаша, сондай әдеттен тыс -өзіңнің өз - өзіндік антиподтарыңды табу!
49
Ежелгі гректердің діншілдігінде бізді таңдандыратын нәрсе - оның шектен асқан ризашылығы, бұл табиғатқа және өмірге солай қарайтын адамдар тұқымының ең жоғарғы дәрежедегі бекзаттығы! Кейін Грекияда күш тобырлар жағына ауысқанда, үрей діннің өзінде де басты элементке айналды; христиандыққа әзірлік басталды. Құдайға деген құмарлық әртүрлі болып келеді: мұжықтық, шын жүректен және Лютердікіндей мазасыз құмарту, - бүкіл протестантизм оңтүстікке тән delіeatezza - сыз амалдай алады. Онда жөнсіз шапағатқа бөленген немесе Августиндегідей дәріптелген құлға, өз мәнерлері мен құмарлықтарында өкінішті түрде қандайда болмасын игіліктен жұрдай құлға тән шығыстың қатыгездік те болады. Онда әйелге тән мейірімділік те және m-me де Гюйондағы сияқты, ұятты әрі кінәсіз түрде unіo mystіca et physіca24 ұмтылатын ынтықтық та болады. Көп жағдайларда құдайға деген құмарлық немесе жасөспірімнің жыныстық жетілгенін жасырғанындай, кейде тіпті кәрі қыздың долылығындай және оның соңғы менменшілдігіндей біркелкі назды болып келеді. Шіркеу мұндай жағдаяттарда әлденеше рет әйелді қасиетті деп мойындаған болатын.
51
Осы кезге дейін құдіретті адамдардың өздері әулиенің алдында өзін өзі ұстаудың және әдейі кемтарлыққа ұшыраудың үлгісіндей бас иіп келді: неге олар бас иіп келді? Олар оның сұрақ белгісіне ұқсаған жүдеу және аянышты түрінің артындағы өзін ауыздықтау арқылы өзін өзі сынамақ болған күшін сезді, оның еркінің басымдылығынан олар қайтадан өздерінің күшті және билікке ұмытылысын сөзді және мұны бағалай білді: әулиені құрметтеу арқылы олар өздеріндегі бірдеңені құрметтеді. Сонымен бірге, әулиенің түрі оларда күдік туғызды: олардың ойынша, мұндай ғажайып мансұқтауға табиғи еместікке тектен тек ұмтылмайды. Мұның, шамасы, негізі бар, қандай болмасын үлкен қауіп бар және бұл жөнінде аскет өзінің жасырын жұбатушылары және келіп - кетушілері арқылы жақсы білетін болар? Бір сөзбен, дүниенің күштілері жаңа қорқынышты сезді: «билікке ерік» оларды әулиенің алдында кідіруге мәжбүр етті. Олар одан сұрауы керек еді.
52
Иудейлік «Көне Өсиетте» - Құдайдың әділеттілігі жөніндегі осы кітапта адамдар, заттар және соншалықты жоғарғы стильдегі сөздер бар, грек және үнді әдебиетінде онымен салыстыруға болатын ештеңе жоқ. Біз үреймен және құрметпен бір кезде болған адамның сүйектеріне қарап тұрмыз және бізде көне Азия мен оның алдында «адам прогресінің» мәнінде көрінбек болған оның алға суырылып шыққан түбегі Еуропа жөнінде көңілсіз ойлар пайда болады. Әрине: өзі тек әлсіз қолға үйретілген үй жануарына айналған және үй жануарының қажеттерін ғана білетіндерге (қазіргі біздің сауатты адамдарымыз сияқты жэне бұларға «білімді» христианшылдықтың христиандарын қоса алғанда) бұл қираған орындарға таңданудың және олар үшін қайғырудың реті келмейді - «Көне Өсиеттен» алар рақат сезімі «ұлыға» және «кішіге» қатысты сынайтын тас, - мүмкін, Жаңа Өсиет, қайырымдылық, жөніндегі осы кітап оның жанына жағатын шығар (онда өйткені шыншылдардың, нәзіктердің, құдайшыл топастардың және ұсақ жандардың рухынан көп нәрсе бар). Барлық жағынан мәнердің рококосы іспеттес бұл Жаңа Өсиетті Көне Өсиетпен бір кітап етіп біріктіріп, одан «Тәуратты», «Өзіндік кітапты», жасау, тегі, зор батылдық және әдеби Еуропа ұятындағы ең үлкен «рухқа қарсы күнә».
53
Атеизм қазір қайдан шығуда? Құдайдағы «Әке» түп негізінде жоққа шығарылды; сол сияқты «Қазы» да және «Жазалаушы» да. Оның «еркін еркі» де жоққа шығарылды: ол естімейді, егер естісе де, бәрібір көмектесе алмас еді. Ең жаманы, ол, шамасы, түсінісе де алмайды: есінен ауысқан емес пе ол? Міне, менің көптеген әңгімелерден кейін, басқалардан сұрап, басқаларға ден қойғаннан кейін түйгенім: еуропалық теизмнің құлдырауының себебі осы; менің ойымша, діни инстинкт қуатты түрде жоғары өрлегенімен - ол теизмнің арқасында қол жеткен қанағат сезіміне зор күдікпен қарайды.
54
Бүкіл жаңа философияның қызметі сонымен неге саяды? Декарттан бері көп жағдайда оны үлгі тұтқаннан гөрі, одан өзге барлық философтар «субъект» және «предикат» ұғымдарын сынаған болып, «жан» ұғымын бұрмалаумен айналысып келеді, - мұнын мәнісі: христиандық ілімнің негізгі алғышартына қарсы шығу. Жаңа философия теориялық -танымдық скепсис ретінде жасырын немесе ашық түрде христиандыққа қарсы: бірақ айта кету керек ол тіпті де дінге қарсы емес. Бір кездері жұрт грамматикаға және грамматикалық субъектіге сенген сияқты «жанға» сеніп еді: «мен» шарт болып табылады; «ойлаймын» - предикат және шартталған, - ойлау оған себеп ретінде субъект қосылуы тиіс іс-әрекет болып табылады. Сөйтіп, таңқаларлық табандылықпен және айлакерлік пен бұл желіден шығудың жолдарын, іздестіре бастады, - мүмкін ақиқаты керісінше болар: «ойлаймын» - шарт, «мен» онымен анықталады; олай болса «мен» - ойлау арқылы жүзеге асатын синтез ғана. Кант, шындығында, субъект арқылы субъектіні де, сол сияқты объектіні де дәлелдеуге болмайтынын дәлелдемек болды: мүмкін, солай болып көрінетін индивидуалдық субъекттің, яғни «жанның», бар екендігі туралы ой оған жат болмас; мұндай ой бір кезде жер бетінде зор беделге ие болған Веданта философиясы түрінде орын алды.
55
Әртүрлі сатылардан тұратын діни қатыгездіктің үлкен баспалдағы бар; соның ішінде үшеуі өте маңызды. Бір кезде құдайға адамды құрбандыққа шалды, мүмкін, ең жақсы көретін адамдарын, - бұған көптеген ежелгі діндердің бәрінде тұңғыш балаларды құрбандыққа шалу жатады, ал сол сияқты Капри аралының Митрагротындағы Тиберий императорды құрбандыққа шалуды да - барлық римдік акихронизмдердің ішіндегі ең жан түршіктірері - осыған жатқызуға болады. Кейін, адамзаттың моральдық дәуірінде адамдар Құдайға өздерінің ең күшті инстинктерінің бірін, өздерінің «табиғатын» құрбан етті; бұл мерекелі қуаныш аскеттің, шабытты «табиғилықтың қарсыласының» қатал жанарында жалт етіп көрініп қалады. Ақыр соңында, - енді нені құрбан етуге болады? Ең ақырында барлық көңіл жұбатарлық, қасиетті, шипалы нәрселерді, бүкіл үмітті, ішкі үйлесімділікке, болашақтағы рақат пен әділеттілікке деген сенімді құрбан етуге тиісті емес пе? ең ақырында Құдайдың өзін құрбан етуге тура келмей ме, сөйтіп, адамның өзіне деген мейірімсіздігінен тасты, ақымақтықты, ауырлықты, тағдырды, Ештеңені Құдайға айналдыруға тура келеді емес пе? Ештеңе? Ештеңе үшін Құдайды құрбан ету - соңғы қатыгездіктің бул ақылға сыймайтын мистериясы қазіргі ұрпақтардың үлесіне қалды: біз бәріміз бұл жөнінде бірдеңені әлден-ақ білеміз.
56
Кім, мен сияқты, ұзақ уақыт иессимизмді түсініксіз қанағатсыздық пен түп негізіне дейін ойластырды және оны осы ғасырда, атап айтқанда, Шопенгауэр философиясында қалыптасқан жартылай христиандық, жартылай немістік тайыздықтан және аңғалдықтан артпақ болды; кім шынында да қашан болса да барлық ойлау түрлерінің ішіндегі барып тұрған дүниені: талақ етумен көрінген ойлаудың бұл түріне, азиаттық тұрғыдан бойлап көрді және оған жоғарыдан төмен ізгілік пен зұлымдықтың Будда мен Шопенгауэр құсап шегінде қалып қоймай, оның аржағынан қарай білді, - сол, мүмкін, осының арқасында мүлдем кері идеалды: жақсы жүзді және айналасына толық сеніммен қарайтын адамның бейнесін көз алдына келтіре алды; бұл болған және бар нәрсені сол күйінде қабылдауды үйреніп қана қойған жоқ, сонымен бірге осының ғасырлар бойы қалай орын алса сол күйінде өзіне де, пьесаға да және көрініске де, көрініске ғана емес, сол көріністі қажет ететін адамға ашкөздікпен da capo қараудың орын алғанын қалайды; өйткені ол өне бойы өзін керек етеді - және өзін басқаларға да керек еткізеді - Қайтіп? Ал бұл сонда cіrculus vіtіosus dens25 болмас па?
57
Адамның рухани көзінің өсіп жетілуіне және оянуына қарай оның көкжиегі де және айналасындағы кеңістігі де кеңейе береді: оның дүниесі тереңдей береді, оның назарына жаңа жұлдыздар, жаңа жұмбақтар мен бейнелер ашылады Мүмкін рухани көздің өзінің тапқырлығы мен терең ойлылығын жаттықтыратын нәрселердің бәрі оның жаттығуы үшін сылтау болар, балалар үшін және балалардың зердесі үшін жасаған ойыншық сияқты болар; мүмкін, адам баласы солар үшін алысып, азап шеккен маңызды ұғымдардың, айталық, Құдай және күнә ұғымдарының адам үшін маңызы бір - кезде баланың ойыншығы мен баланың уайымының кәрі кісіге етер әсеріндей болар - сонда, мүмкін, «кәрі кісіге» тағы да басқа ойыншық, басқа уайым қажет болар, - сөйтіп, ол әлі әжептәуір сәби, мәңгі-бақи сәби болып қалар!
58
Шынайы діни өмір үшін (және оның өзін өзі тануына бағытталған өзі ұнатқан микроскопиялық жұмысы үшін және сол сияқты «дұға оқу»деп аталатын және «Құдайдың келуіне» әзірлік болып табылатын нәзік көңіл күйі үшін) сыртқы дырдулық, немесе жартылай дырдулық қандай қажет екенін байқаған кісі болды ма? - бұл арада мен жұмыс жан мен тәнді қорлайды, атап айтқанда, бұрмалайды деп есептейтін аристократтық сезімнен ада емес ежелгі, рулық, таза ұжданды дырдулық жөнінде айтып отырмын. Демек, қазіргі айғайшыл, уақытты босқа өткізбейтін, өркөкірек, әпербақан еңбексүйгіштік адамды басқаларға қарағанда көбірек «сенбестікке» тәрбиелейтін және әзірлейтін болып тұр ғой? Германиядағы қазіргі кездегі өздерін діннен аулақ ұстайтын адамдардың арасынан мен «еркін ойлайтындардың» не бір түрін кездестіріп жүрмін, солардың көпшілігіндегі діни инстинкттерді құртқан нәрсе ұрпақтан ұрпаққа тараған еңбекқорлық, сол себептен олар діндердің не үшін кажет екенін мүлдем білмейді, тек қайдағы бір ойсыз таңырқаумен олардың дүниеде орын алып келе жатқанын сезеді. Бұл айбынды адамдар онсызда өздерін әртүрлі жағдайлардың: өздерінің қам-қаракеттерінің, құмарлықтарының, отан, отбасы алдындағы міндеттердің ауыртпалығын көтеріп жүрген адамдардай көреді, демек, олардың дінмен айналысуға уақыттары жоқ және оларға бұл арада әңгіме не жөнінде болып отырғаны түсініксіз, жаңа немесе жаңа ләззат жөнінде ме; олар үшін шіркеуге тек көңіл-күйді бұзу үшін бару ақылға сыймайтын сияқты. Олар әсте де діни ғұрыптардың жауы емес, қажет болғанда белгілі бір жағдайларда олар діни ғұрыптарға қатысудан бас тартпайды және олар мұндай жағдайларда істелуге тиісті нәрселердің бәрін басқалар сияқты атқарады, - әрине, көп ынтасыз: өйткені олар бұлардың бәрінен тыс өздерімен өздері болып өмір сүреді, сондықтан олар мұндай заттарды жүрекке жақын қабылдамайды . Мундай немқұрайдылар қатарына қазір орта сословие өкілдері, әсіресе жұмыс қызып жатқан үлкен сауда және қатынас орталықтарындағы протестанттардың көбі жатады; сол сияқты еңбекқор ғалымдардың көпшілігі және тегістей университет құрамы жатады (олардың қатарына, әрине, бұл оқу орнындағы теологтар кірмейді). Дін тәртібін ұстанушылар немесе шіркеудің жай жақтастары неміс ғалымына қазір дін мәселесіне байсалдылықпен қарауы үшін оған қаншама ізгі ниет, тіпті өктемдік қажет екенін көз алдарына елестете де алмайды; оның бүкіл кәсібі (және кәсіби еңбексүйгіштігі) оны дін мәселесіне немқұрайды қарауға итермелейді; ол әлі де шіркеуге мойынсұну бар жерде рухтың «бейкіршіксіздігі» орын алады деп топшылайды. Ғалымды тек тарих қана (демек, оның жеке тәжірибесі негізінде емес) діндерді құрметтеуге және оларға байсалдылықпен қарауға үйретеді; бірақ егер ол діндерге оң көзімен қарауға үйренсе де, бәрібір оның өзі шіркеу немесе дін жолын ұстану дегенге бір табан да жақындамайды, -мүмкін, бәрі керісінше болады. Ол өскен және тәрбиеленген ортаға тән діни нәрселерге деген практикалық немқұрайдылық әдетте оны сақтыққа және пәктікке үйретеді, бірақ діндарлармен жэне діни нәрселермен байланыс жасау бұларға қайшы келеді; мүмкін, оның төзімділігі мен адамгершіліктік деңгейі оған шыдамдылықтан туындайтын қиын жағдайды жеңе білуге мүмкіндік береді. - Әр уақыттың басқа ғасырлардың қызғанышын туғызатын өзіне ғана тән құдай берген аңғалдығы болады; ғалымның - бұл кішкентай, менмен бейшараның, «идеялардың», «қазіргі идеялардың» ойлау кәсіпкерінің өзінің артықшылығы жөніндегі сенімінде, оның шыдамдылығының таза ұжданында, оның діншіл адамды өзінен төмен тұрған, түкке тұрмайтын, тип деп білетін, өзін одан асып кеткен деп санайтын аңқау да ашық сенімінде қанша аңғалдық, мәртебелі, балалық және шексіз есер аңғалдық жатыр!
59
Адамдардың аңғалдығында қандай даналық жатқанын дүниенің түбіне бойлаған адам, әрине, сезеді. Бұл өзін өзі сақтау инстинкті оларды құбылмалы алаңғасар және өтірікші болуға үйретеді. Кейде біз философтардан да, суретшілерден де «таза формаларға» бас июге шектен асқан ынта мен құмарлықты кездестіреміз, - тайыздыққа соншама табынуы керек болатын адамның қашан болса да оның астына енуге әрекет жасайтыны күмән туғызбайды. Ал осы аузы күйген балаларға, тумысынан суретшілерге келер болсақ, олар өмірдің бейнесін бұрмалауды (өмірден өш алғандай) өмірден алған рақат деп біледі; олардың өмірге құштарлығы қалмағанын олардың өмірдің бейнесін бұрмаланған, сұйылған, дүниешілікке айналған, құдайланған күйде көргісі келетінінен аңғаруға болады, - сөйтіп homіnes relіgіosі - ді олардың жоғарғы дәрежесі ретінде суретшілер қатарына жатқызуға болар еді. Емі жоқ пессимизнен бұлай қатты қорқу адамдарды мыңдаған жылдар бойы болмысты діни тұрғыдан түсіндіруге жармасуға мәжбүр етеді, бұл - адам жеткілікті дәрежеде күш алып, табанды болып, суретші болмай тұрып-ақ ақиқатқа тым ерте ие болуға болады деген инстинктке тән қорқыныш... Осы тұрғыдан қарағанда діншілдік (благочестие), «Құдай үшін өмір сүру» онда ақиқат алдындағы қорқыныштың ең нәзіктелген және ең соңғы көрінісі, жалғандықтың алдында бас ию, ақиқатты бұрмалауға деген, қалай болғанда жалғанға ұмтылуға деген ерік болар еді. Мүмкін, осы кезге дейін адамды жақсартудың діндарлықтан, тақуалықтан басқа құралы табылмаған болар: ал мұның арқасында адам аяушылық сезімін туғызбайтындай жасанды, тайыз, құбылмалы, ақкөңіл болып шыға алады. Құдай үшін адамды сүю - бұл адамдардың ертеден бері қол жеткен игі сезімі. Адамды сүю, егерде оның аржағында оны қуаттайтын жасырын жатқан мақсат болмаса, көбірек ақымақтыққа және хайуандыққа ұқсайтыны, мұндай адамсүйгіштікке ынтықтық белгісіз бір жоғарғы құштарлықтан өзінің шамасын, өзінің талғамын, өзінің тұздық түйірі мен амбраның (ambre -фр. - әтірдің иісін күшейту үшін пайдаланылатын күштің тамақ жолында пайда болатын зат) ұнтағын алатыны: мұны алғаш сезген және «бастан кешкен» адам, мұндай нәзік, тылсым нәрсені тұңғыш рет жеткізем деп тілі күрмелген адам - кім болса да - біз үшін мәңгілікке әулие әрі қадір тұтар адам болып қалады; оның самғауы әлі күнге дейін қол жетпес биік, оның қателігі әлі тамаша болып табылады!
61
Біз, еркін ойдың адамдары философты үлкен жауапкершіліктің және адамның жалпы дамуын бойына жиған ұждан адамы ретінде түсінеміз, - мұндай философ басқа да саяси және экономикалық жағдайлар сияқты діндерді де тәртіпке үйрету және тәрбиелеу мақсатында пайдаланады. Діндердің көмегімен адамдарға тигізер әсер әрқашанда екі жақты: әрі бүлдіретін, әрі жасампаз, қалыптастыратын болып келеді жэне оның ықпалына түскен адамдардьщ жай-күйіне қарай әралуан болып келеді. Күшті, тәуелсіз билік құруға даярланған және жаралған, өз бойына үстем нәсілдің ақылы мен өнерін жия білген адамдарға кедергілерді жеңіп, билік құруға, діннің қажеті шамалы: керісінше, ол әміршіні қол астындағылармен байланыстырып тұрған бұғау болып табылады, дін оның қолына олардың ұжданын, жүректерінің түкпіріндегі бағынудан жалтаруға мүмкіндік беретін амалды тапсырады; егерде ақсүйектер тұқымынан шыққан кейбіреулер өздерінің рухани күштерінің биік жетілуіне байланысты күнделікті тіршіліктен оңаша және аулақ өмір сүруге бейім болса және өздеріне билік құрудың (таңдаулы шәкірттерінің, не орден мүшелерінің үстінен) ең талғампаз түрін тандап алса, онда олар үшін, дін тұрпайылау биліктің қауіп-қатері мен ауырпалықтарынан құтылудың құралы да бола алады. Браминдер, мысалы, істің жайына осылай қараған: олар діни ұйымның көмегімен өздеріне халыққа оның патшаларын тағайындау билігін иемденген, бірақ өздері ең жоғарғы патшалардың үстінен қарайтын адамдар ретінде өздерін биліктен тыс, биліктен аулақ ұстаған. Дін сонымен бірге адамдардың кейбір бөлігіне, жанұядағы қолайлы жағдайларға байланысты өзін өзі билеуге қажетті күшке және ерікке ие болған топтар мен сословияларға болашақта үстемдік құруға мүмкіндік туғызады: дін оларды рухани күштердің жете дамуына бастайтын, өзін өзі жеңудің, өзін өзі ұстаудың жолына түсуге еліктейді, талпынтады; егерде нәсіл өзінің қарадан шыққандығынан асып түскісі келсе және болашақтағы үстемдік үшін өзін әзірлегісі келсе, онда тәрбиелеу мен асылдандырудың қажетті құралдары аскетизм және пуританизм болып табылады. Ақыр соңында, басқаларға қызмет ету үшін, пайда келтіру үшін өмір сүретін, сондықтан да өмір сүруге құқы бар қарапайым адамдарды, көпшілікті дін өз жағдайына, тегіне ризашылық сезіміне бөлейді, жан тыныштығын әпереді, өзі сияқтылардың бақыты мен қайғысына ортақ болуға, билікке бойсынуға үйретеді; дін күнделікті күйкі тіршілікке өң береді, ажарландырады, жан күйінің бишаралығын белгілі бір шамаға дейін ақтайды. Дін және діни өмір әрқашанда ұнжырғасы түскен мундай кемтар адамдарға күн сәулесін шашады, оларды өздері үшін қанағат қылуға үйретеді; дін күйзелгендерге, эпикурейлік философия сияқты әсер етіп, еңсесін көтереді, бейнеттің болашақ екенін көрсетіп, оған көнуге, оны жеңе білуге үйретеді. Мүмкін, христиандықта және буддизмде олардың ең бұзылған адамды да түзейтін, сөйтіп қалыптасқан қатаң тәртіпті (ал мундай тәртіп керек-ақ!) сақтауға мәжбүрлейтін өнеріндей құрметтеуге тұрарлық ештеңе болмас.
62
Бірақ сайып келгенде мұндай діндердің олқылықтарының теріс теңгерімін ескеріп, олардың катерлі қауіптерін көрсету мақсатында мынаны атап өткен жон болады: егерде діндер философтардың қолындағы тәрбиелеу мен тәртіпке шақырудың куралы емес болып, дербес және өздігінен әрекет жасай бастаса, егерде олар өздерін басқа құралдар сияқты құрал ретінде емес, түпкі мақсаттар ретінде көрсетуге ұмтылса, онда бул адамзатқа өте қымбатқа түседі және залалды салдарға апарып соқтырады. Адамзат, басқа да жануарлар түрі сияқты, сәтсіз түрлерге (экземпляр) - ауру, азғындаған, нашар, әлсіз түрлерге толы болып келеді; адамның әлі де қалыптасып болмаған жануарлық тип екенін ескерер болсақ, олардың арасында сәтті жағдайлар сирек болатынын атар едік. Бірақ істің жайы бұдан да жаман: бұл адамның түрі (тип) тым жоғары болган сайын, оның сәтті болып шығу мүмкіндігі өте төмен болады, адамзаттың жалпы есебінде үстемдік ететін кездейсоқтық, мағынасыздық заңы өзінің бүлдіргіш әрекетінде өздері өмір сүру үшін ерекше нәзік жағдайларды керек ететін жоғары адамдар үшін жан түршігерлік түрде ықпал етеді. Аталған ұлы діндер сәтсіз жағдайлардың бұл асып түсіп жатқанына қалай қарайды? Олар сақтала алатын нәрселердің бәрін қостайды, әдейі барлық сәтсіздердің жағына шығып, күйзелгендердің діні ретінде, өмірде азап шеккендердің бәріне қол ұшын бергісі келеді; өмірді басқаша түсінуді теріс деп тауып, оның болмағанын қалайды. Адамдардың барлық түрін (жоғарғы түрін де) аяйтын және қорғайтын бұл қамқорлықты қалай жоғары бағаласақ та, бәрі бір «адам» типінің төменгі сатыда қалып қоюына басты себеп осы егеменді діндер болып табылады; олар жойылуға тиісті нәрселердің көбін сақтап қалды. Біз оларға баға жетпес игіліктер үшін қарыздармыз; «Еуропа дін қызметшілерінің» Еуропа үшін, осы кезге дейін не істегенін ойлағанда қандай алғыс та аздық етеді. Айталық, олар қиналғандарды жұбатты, езілгендер мен түңілгендерге дем берді, басыбайлыларды қолдады, бұларды монастырларға және рухани түрмелерге алдап апарды, есі ауысқандарды қоғамнан аластады; аурулармен күйзелгендерді сақтау үшін, яғни Еуропалық нәсілді бүлдіру үшін, байсалды ұжданмен тиянақты еңбек ету үшін, олар тағы не істеу керек еді? Құндылықтарды бағалауды басымен төмен қою — міне, атқарылатын іс осы еді! Күштілерді жасыту, асқан үміттерді қорлау, сұлулыққа тән бақытқа шүбә келтіру, өрліктегі, ерліктегі, жеңімпаздықтағы, биліктегі және жоғарыға, «адамның» ең сәтті түріне, тән барлық инстинкттерді құртып, сенбеушілікке, ұялшақтыққа, өзін өзі кемітуге айналдыру, жер бетіндегіге және жер бетіндегі билікке деген сүйіспеншіліктің бәрін, жер бетіндегінің бәрін жек көруге ұластыру - міне, шіркеудің түсінігіндегі «дүниеден безу», «сезімнен бас тарту» және «жоғарғы адам» дегендердің бір сезімге айналғанына дейінгі алдына қойған жэне алдына қоюға тиісті болған міндеті осы болды. Егерде біреу - міреу Еуропалық христиандықтың мұңды -назды және сонымен бірге әрі дөрекі, әрі нәзік комедиясына эпикурейлік құдайдың мысқылшыл жэне бейтарап көзімен қарайтын болса, онда оны таңдандыратын да, ашындыратын да жәйттар аз болмас еді; оған онда Еуропада он сегіз ғасыр бойы бір ғана мүдде — адамнан маңғаз азғынды жасау мүддесі - үстемдік құрған жоқ па деген ой келмес пе еді? Кімде-кім осы еркінен тыс бұзылып, құрып бара жатқан Еуропалық христианшы деп аталатын адамға Эпикурше емес, басқа тұрғыдан қолындағы құдай соққан балғамен қарар болса, онда ол: «О, ақымақтар, тәкәппар кісі аяғыш ақымақтар, не істегенсіңдер! Бұл сіздер атқаруға тиісті жұмыс па еді?! Сіздер менің ең жақсы тасымды қалай ұнтақтап бүлдіріп тастағансыңдар! Сіздер ойларыңызға келгенді істепсіздер ғой!» - деп айқайламай ма? Менің айтайын дегенім: христианшылық осы кезге дейін адам баласының өркөкіректігінің ең қатерлі түрі болып келді. Адаммен суретшілерше жұмыс істеу үшін көтеріңкі және табанды еркі жетіспейтін адамдар: өзін өзі игілікпен тежеу үшін және табиғаттың мыңдаған сәтсіз жандарды дүниеге әкеліп, дүниеден әкетіп жатқан бастапқы заңының жүзеге асыруына еркіндік беруге күші жетпейтін адамдар; адамдардьщ арасындағы өткір айырмашылықты және бір адамды екіншіден бөліп тұрған шыңырауды ажырата алмайтын тексіз адамдар, - міне, осы кезге дейін Еуропаның тағдырын ұстап келе жатқан осындай адамдар; сөйтіп солардың арқасында ұсақталған, күлкі боларлық тұқым, үйірлі айуан сияқты, ақкөңіл, нашар және орташа бірдеме - қазіргі Еуропалық [адам] дүниеге келді...
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Нақыл сөздер мен интермедиялар
63
Ұстаздық қанына сіңген адам шәкірттеріне ғана назар аудара отырып-ақ барлық заттарға, тіпті өзіне де байыппен қарайды.
64
«Өзіндік мэні бар таным» - бұл мораль құратын соңғы тұзақтар: олардың кесірінен онда әбден шатасып қалуға болады.
65
Танымның тартымдылығы түкке тұрмас еді, егерде оның жолында соншама ұятқа қалуға тура келмесе.
65 а
Бәрінен де бұрын адамдар Құдайға қиянат жасайды: ол күнәға бата алмайды.
66
Мүмкін әлденендей Құдайдың өзін қорлауға, талан-таражға салуға, алдауға, қанауына жол беруге бейімділігі оның адамдардьщ алдындағы ұялшақтығынан болар. Біреуді ғана сүю - тағылық: өйткені, ол басқаларға салғырт қарау арқылы жүзеге асады. Құдайды сүю де сол сияқты.
68
«Мен мұны істедім», - дейді менің жадым. «Мен мұны істей алмас едім», - дейді менің намысым және айтқанынан танбайды. Ақыр аяғында жады жеңіледі.
69
Егерде біз аяғандықтан өлтіретін қолды көрмесек, онда біздің өмірге дұрыс үңіле алмағанымыз.
70
Егерде мінезің болса, онда ене бойы қайталанатын өзіңнің тұрпатты ескіліктеріңнің де болғаны.
71
Астроном рөліндегі данагөй. - Сен әлі де жұлдыздарды тас төбеңде тұрғандай сезінсең, сен әлі танитын адамның көзқарасына ие бола алмағаның.
72
Жоғары дәрежедегі адамдарды жасайтын жоғарғы түйсіктердің күші емес, ұзақтығы.
73
Мұратына (идеал) жеткен адам, сонымен бірге одан асып түседі.
73 а
Кейбір павхин өзінің құйрығын басқалардан жасырады және мұны өзінің мақтанышы санайды.
74
Данышпан адам, егер сонысымен бірге, ең кемінде, тағы екі түрлі қасиетке: ризалық сезіміне және пәктікке ие болмаса, төлгісіз болады. Адам тектілігінің дәрежесі мен сипаты оның мәнін рухының соңғы шыңына дейін баса көктейді.
76
Соғысқұмар адам бейбіт жағдайда өзіне-өзі тиіседі.
77
Бұл өзіміздің ұстанымдарымыз арқылы өз әдеттерімізді не қорлағымыз, не ақтағымыз, не оларды құрметтегіміз, не даттағымыз, не жасырғымыз келеді; сонымен бірге ұстанымы бірдей екі адам негізінде мүлдем әртүрлі нәрселерді қалауы әбден ықтимал.
78
Өзін-өзі жек көретін адам дегенмен өзін жек көретін ретінде сыйлайды.
79
Өзінің сүйікті екендігін сезетін, бірақ өзі басқаны сүймейтін жан өз сырын байқатады: ондағы ең жаман нәрсе бетке шығады.
80
Түсінікті болған нәрсе бізді қызықтырмайтын болады. - «Өзіңді өзің таны!» - деп кеңес берген сол бір құдай, не айтпақ болды екен! Мүмкін бүл оның: «өзіңе көңіл бөле беруіңді қой, объективті бол!» - дегені болар. - Сократ ше? - «Ғылым адамы» ше?
81
Теңізде шөлден өлу сұмдық. Сіз өз ақиқатыңызды бұдан былай ешқашанда шөлді қандырмайтындай етіп тұздағыңыз келе ме?
82
«Барлығына бірдей аяушылық білдіру», жаным менің, көршім, сен үшін қаталдық және жәбірлеу болар еді.
83
Инстинкт. - Үй өртеніп жатқанда, тіпті тамақ та ұмытылады. - Иә - бірақ оның есесі құл болғанда қайтарылады. Әйел басқаны қызықтыруды қоюына орай жек көруді үйрене бастайды.
85
Еркекте де, әйелде де бірдей аффектілер не дегенмен қарқынына қарап ажыратылады — сондықтан да еркек пен әйел бірін бірі түсінбеуін қоймайды.
86
Әйелдердің менмендігінің түбінде әрқашанда басқаны - «әйелді» жек көру жатыр.
87
Жүрек тарылды, ақыл еркін. - Егер жүрегіңді қатты матап, бұғауда ұстасаң, онда ақылыңа көп ерік беруге болады, - бұл жөнінде мен бұрын да айтқанмын. Бірақ сөзіме ден қойған ешкім болған жоқ, шамасы, өздері де білмейтін болса керек. Өте ақылды адамдарға да, егерде олардың қысылғандарын көрсе, сенбестікпен қарай бастайды.
89
Өмірдің жан түршігетін күйзелістеріне қарап, ойлайсың: оларды бастан кешірген адамның өзі кісі шошырлық бірдеме емес пе екен деп.
90
Ауыр, түнеріңкі адамдар басқаларға салмақ түсіргеннен, жақсы және жек көргеннен жеңілденіп, аз уақытқа болса да қалқып өз бетіне шығады.
91
Сондай салқын, сондай мұздай, қолың тисе, саусақтарың күйіп қалғандай болады! Оған тиіп кеткен қай қол да қалтырайды! - Сондықтан да оны қызған деп есептейді.
92
Кімге өзінің жақсы атағы үшін бір рет те болса өзін құрбан етуге тура келмеді? -Мейірімділікте адам баласына қастық ойлаудың ізі де жоқ, бірақ сондықтан да адамдарды жек көру өріс алды.
94
Есті адам болу - бұл балалық кезінде ойнап жүргендегі байсалдылыққа қайтадан ие болу деген сөз.
95
Өзінің өнегесіздігінен ұялу - бұл шыңында өзінің өнегелілігінен ұялатын баспалдақтың сатыларының бірі.
96
Өмірмен, Одиссейдің Навсикаямен қоштасқанындай, қимастықтан гөрі ризашылықпен қоштасу керек.
97
Қалайша? Ұлы адам ба? - Мен әлі де тек өзінің өздік мұратының актерін ғана көріп тұрмын.
98
Егерде ар - ұятымызды баптар болсақ, онда ол тістеп жатып та бізді сүюмен болады.
99
Көңілі қалған адамның сөзі: «Мен жаңғырыққа құлақ қойдым, сондағы естігенім мадақтау болды»
100
Өзімізбен өзіміз болғанда біз барлығын өзімізден ақкөңілдеу көреміз: сөйтіп өзімізге жақындарымыздан демалыс береміз.
101
Біздің кезімізде танушы өзін оп - оңай жануарға айналған құдайша сезіне алады.
102
Өзі жақсы көретін адамының өзін де сүйетінін сезген адам ол жөнінде ойлануы тиісті: «Қалайша? Тіпті, сені сүюдің өзі - тым жұпыны ма? Әлде тым ақымақтық па? Немесе -немесе».
103
Бақыттың қауіптілігі. - «Бәрі де менің игілігіме қызмет етеді; енді маған кез келген тағдыр ұнайды - кім енді менің тағдырым болғысы келеді?»
104
Қазіргі христиандардың бізді өртеуге жол бермейтін нәрсесі олардың адамсүйгіштігі емес, адамсүйгіштігінің дәрменсіздігі.
105
Еркін ойлайтын адамға, «танымның тақуасына», ріаraus (оның «тақуалығына» ұнамсыз) іmpіa26-тан гөрі әлдеқайда ұнамсыз. Осыдан оның «еркін ойлаушыларға» тән - оның еріксіздігіне балап, - шіркеуді мүлдем түсінбеуі.
106
Музыка құмарлықтың өзді-өзін қанағаттандыруының құралы болып табылады.
107
Негізі бар қарсы, дәлелді тыңдамауға деген басынан қабылданған шешім - мықты мінездің белгісі. Демек, кездейсоқ ерік ақымақтықтан.
108
Моральдық құбылыстар (феномендер) деген мүлдем жоқ, тек оларды моральдық тұрғыдан түсіндіру бар...
109
Қылмыскерге оның қылығының дес бермеуі, әдетте жиі болатын жәйт - ол оны кемітуге және бұрмалауға тырысады.
110
Қылмыскердің қорғаушыларының болған істің барлық сұмдығын оның пайдасына пайдалануға қабілеті бар артистер болуы сирек кездеседі.
111
Біздің намысымызға нұқсан келген дәл сол бір кезде біздің менмендігімізді жәбірлеу өте қиынға соғады.
112
Өзін сену үшін емес, андау үшін жаралған деп есептейтін адам барлық діндарларды айғайшыл жэне мазасыз деп таниды, - ол олардан қорғануға тырысады.
113
«Сен оны өзіңе қаратқың келе ме? Онда оның алдында абдырап қалғандай болып көрін — »
114
Жыныстық сүйіспеншіліктен көп нәрсені күту және бұл үшін деген ұяту әйелдерге барлық перспективаны алдын ала бүлдіреді.
115
Сүйіспеншілік пен өшпенділік болмаған жерде әйел рөлін нашар ойнайды.
116
Бізде өзіміздің зұлымдығымызды ізгілігімізге айналдыруға батылдық жеткен кезде өміріміздің ұлы дәуірлері басталады.
117
Бір аффектіні жеңуге деген ерік түптің түбінде, алайда, тек басқа аффектінің не көптеген басқа аффектілердің еркі болып шығады.
118
Таңданудың бейкүнәлігі болады: оған да біреу күндердің күнінде таңданар - ау деп ойламайтын адам осыған ие болады.
119
Ластан жеркену сондай күшті болуы мүмкін, ол біздің тазаруымызға - «ақталуымызға» кедергі болады.
120
Әдетте сезімділік сүйіспеншіліктің өркенін басып озады; соның салдарынан сүйіспеншіліктің тамыры әлсізденіп, оңай жұлынып қалады.
121
Жазушы болғысы келген кезде Құдайдың грек тілін үйренуінде оны жақсы меңгере алмағанында да үлкен талғампаздық жатыр.
122
Мақтауға қуанатын адам мұнысымен тек жүрегінің сыпайылығын ғана - сөйтіп ақылдың мансапқұмарлығына қарама - қарсы әлденені көрсетеді.
123
Тіпті, конкубинат та некемен бұзылған.
124
Алдаудың үстінде жанып жатып шаттанатын адам ауруды жеңгеніне емес, ауырар - ау деп күткен жерін, ауруды сезбегеніне масаттанады.
125
Егер бізге біреуге байланысты қайта үйренуге тура келсе, онда осыдан туған ыңғайсыздық үшін өшімізді оның өзінен алуға тырысамыз.
126
Халық табиғаттың алты-жеті ұлы адамдарға алып баратын айналма жолы, - Иә, - және оларды сосын басып озу үшін.
127
Ғылым барлық нағыз әйелдердің ұялшақтығына нұқсан келтіреді. Олар бұл арада өздерін біреу-міреу олардың терісінің ішіне, бұдан да сорақысы - көйлегі мен киімінің ішіне үңілгендей сезінеді.
128
Сенің ұқтырғың келген ақиқатың абстрактылы болган сайын, сен оған сезімдерді де одан сайын күштірек иландыруға тиіссің.
129
Шайтанның алдында Құдайға қарай ең кең перспективалар ашылады; содан да ол одан өзін аулақ ұстайды - шайтан деген танымның жан досы ғой.
130
Адамның кім екені оның дарыны бәсеңдеген шақта, ол өз мүмкіндіктерін көрсете алмайтын болғанда байқала бастайды. Дарын да киім сияқты: киім — бой тасалаудың тәсілі.
131
Ер де, әйел де бірі мен бірі жөнінде алданады - осыдан барып олар, тек өзді өздерін (немесе, егер басқаша айту керек болса, өздері қалаған идеалды) ғана жақсы көреді екен.Сөйтіп, ер әйелден тату - тәттілікті қалайды, ал әйел болса ол, өз мәнісінде, тату -тәтті болып көрінуге қаншама жақсы үйренген болса-дағы, мысық сияқты сиыспайды.
132
Адамдар өзінің ізгіліктері үшін бәрінен де күштірек жазаланады.
133
Кім өзінің мұратына апарар жолды таба білмесе, сол идеалсыз адамға қарағанда жеңіл -желпірек және ұятсызырақ өмір кешеді.
134
Тек сезімдер әлемінен ғана әрбір шынайылық, әрбір таза ұждан, ақиқаттың әрбір айқындылығы шығады.
135
Екіжүзділік (фарисейство) жақсы адамның бұзылуы емес, керісінше, тезірегінде оның белгілі бір мөлшері әрбір ырыс - берекенің шарты болып табылады.
136
Біреу өз ойларына акушер іздейді, ал екінші біреу сол ойлардан босануына өзі көмектесе алатын адамды іздейді: сүйтіп жақсы әңгіме-дүкен құрылады.
137
Ғалымдар мен суретшілердің арасында араласып жүріп, кері бағытта қателесу ете оңай: тамаша ғалымды ортаң қол адамға балап, ал ортаңқол суретшіні өте тамаша адам деп табамыз.
138
Ояу кезімізде біз тап түсіміздегідей әрекет жасаймыз: біз әуелі адамымызды ойдан тауып шығарамыз да - сосын бұл туралы сол сәтте ұмытып кетеміз.
139
Өш алуда және махаббатта әйел еркектен де жабайы.
140
Жұмбақ ретіндегі кеңес. - «Егерде бұғаулар өздігінен үзілмесе, онда оларды тістелеп үзіп көр».
141
Адамның құрсағы оның өзін оп-оңай Құдаймын деп көкіректенбеуіне себеп болады.
142
Мен естіген ең сыпайы сөздер мынау: «Dansle v rіtable amour c'est Г me, quі enveloppe le corps27».
143
Біздің менмендігімізге өзіміздің бәрінен де жақсы ісімізді басқалардың біз үшін ең ауыр жұмыс болды деп есептегені ұнайды. Моральдің кейбір түрлерінің пайда болуы туралы.
144
Егерде әйел өзінің ғылымға бейімділігін танытса, онда оның жыныс жүйесінде бірдеменің оңды болмағаны. Бедеуліктің өзі белгілі бір шамада талғамның ерлердікіне ұқсас болуына септігін тигізеді; ал еркек, айтуға рұқсат болса, ол - «бедеу жануардың» дәл өзі.
145
Еркек пен әйелді жалпы салыстыра отырып, мынаны айтуға болады: егер әйел, инстинкті түрде болса да өзінің үлесі екінші рөлдер екенін сезбесе, ол безену өнерінде соншама данышпандылық танытпас еді.
146
Жауыздармен күреске шыққан адам өзі де сонда жауызға айналып кетуден сақтануы керек. Егер де сен тұңғиыққа ұзақ қарасаң, онда тұңғиық та саған қараумен болады.
147
Ертедегі флорентиалық новеллалардан — дәл сол сияқты өмірден: buona femmіna е mala femmіna vuol bastone. Sacchettі Nov.
148
Жақындасын өзі жөнінде жақсы пікірде болуға еліктіріп, кейін жақындасының осы пікіріне өзі де жан - тәнімен сеніп — мұндай айла-амалда (фокуста) әйелге тең келетін жан барма екен! -
149
Қазірде зұлымдық болып саналатын нәрсе әдетте бір кезде ізгілік деп саналған нәрсенің уақыты өткен жаңғырығы - ескі мұраттың сарқыншағы (атавизмі).
150
Кейіпкердің айналасындағының бәрі трагедияға айналады, жартылай құдайдың айналасындағының бәрі сайқымазақтардың (сатиралардың) драмасына айналады, ал Құдайдың айналасындағының бәрі - қалай? мүмкін, «дүниеге» - айналатын шығар?
151
Дарынды болу жеткіліксіз: бұған сонымен бірге сіздердің ризашылығыңыз қажет болар -солай емес пе? достарым менің?
152
«Таным терегі бар жерде, әрқашанда жұмақ бар» - солай деп жариялайды бұрынғы да және қазіргі де жыландар.
153
Сүйіспеншіліктен істелген нәрселердің бәрі әрқашанда ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында жасалып жатады.
154
Қарсылық, ақымақтық қылық, сенбеушілік күлегештілік - саулықтың белгілері, ал шартсыздықтың бәрі патология саласына жатады.
155
Трагедиялықты түсіну сезімділікпен бірге әлсіреп немесе күшейіп жатады.
156
Жалғыздардың есалаңдығы - ерекше, ал тұтас топтардың, партиялардың, халықтардың, уақыттардың есалаңдығы - ереже.
157
Өзін-өзі өлтіру жөніндегі ой - күшті жұбатарлық құрал: онымен кейбір жабыңқы түндер жеңіл бастан кешіледі.
158
Біздің ең күшті инстинкттерімізге, өз ішіміздегі тиранымызға, біздің ақылымыз ғана емес, ар-ұятымыз да бағынады.
159
Ізгіліктің де, зұлымдықтың да төлемі болуы тиіс, бірақ неліктен дәл сол бізге ізгілік не зұлымдық жасаған кісіге болуы керек?
160
Біз танып-білген нәрсемізге сол жөнінде басқалармен сырласқан сэттен бастап суына бастаймыз.
161
Ақындар өз күйзелістеріне арсыздықпен қарайды: оларды қанайды.
162
«Біздің жақын-жуығымыз - бұл біздің көршіміз емес, көршіміздің көршісі» - әр халық та солай деп ойлайды.
163
Махаббат сүйетін адамның бойындағы жоғарғы және жасырын сапаларды - оның бойындағы сирек кездесетінді, ерекшені — жайып салады: сондықтан махаббат оған тән ережеге келгенде оп-оңай алдайды.
164
Иисус өзінің иудейлеріне айтқан екен: «Заң құлдар үшін болған, ал сіздер болсаңыздар Құдайды менше, Құдай ұлы сияқты сүйесіңдер! Құдай ұлдарына моральдің қандай қатысы бар!» -
165
Партияның қай түріне де қатысты. - Бақташыға - реті келгенде өзі де қойға айналып кетпеуі үшін - әрқашанда озат қошқар керек.
166
Адамдар аузымен еркін өтірік айтады, бірақ сол сәттегі олардың бет-әлпеті дегенменен шындықты білдіріп тұрады.
167
Қатыгез адамдарда сырластық ұят нәрсе болып табылады - және құнды әлдене болып табылады.
168
Христианшылық Эротқа у ішкізді: ол, айталық, бұдан өлген жоқ, бірақ кемістікке айналды.
169
Өзі жөнінде көп айту - өзін-өзі жасырудың құралы болуы да мүмкін.
170
Мадақтау да кінәлауға қарағанда беймазалық басым.
171
Таным адамындағы аяушылық, циклоптың жұмсақ қолдары сияқты күлкілі деуге болады.
172
Адамға деген сүйіспеншіліктен біз кейде бірінші кезіккенді құшақтаймыз себебі, (барлығын бірдей құшақтай алмаймыз ғой): бірақ тап осыны кез келгенге ашып жатудың қажеті жоқ...
173
Біз адамды өзімізден төмен деп есептегі әлі жек көре қоймаймыз; біз бірақ оны өзімізге тең немесе өзімізден жоғары деп есептегенде ғана жек көреміз.
174
Сіздер, утилитаристер, сіздер де барлық utіle - ні өздеріңіздің бейімділіктеріңіздің экипажындай жақсы көресіздер - және сіздер оның оңғалақтарының дүрсілін мәнісінде адам төзгісіз деп табасыздар?
175
Түптің түбінде біздер ездеріміздің қалауымызды - оның предметін емес - жақсы көреміз.
176
Басқаның атаққұмарлығы өзіміздің атақ құмарлығымызға қайшы келгенде ғана, біз оны жаратпаймыз.
177
«Шынайылық» дегеннің, не екендігіне, мүмкін, әлі ешкімнің де жеткілікті дәрежеде көзі жетпеген болар.
178
Біз ақылды адамдардың ақымақтығына сене бермейміз адам құқықтарының қандай бұзылғаны!
179
Біздің қарекеттеріміздің салдары біздің сол уақыт аралығында «түзелгенімізді» мүлдем ескермей, біздің шашымызға жармасады.
180
Өтіріктің де кінәсіздігі болады, жэне ол әлде бір нәрсеге қатты сенудің белгісі болып табылады.
181
Сені қарғап жатқан жерде бата беру адамшылыққа жатпайды.
182
Күшті адамның әдепсіздігі жанға батады, өйткені оған сол монетамен жауап бере алмайсың.
183
«Маған батқаны сенің жала жапқаның емес, енді менің бұдан былай саған сенбейтінім».
184
Қайырымдылықтың да ашу шақыратын асқақтығы болады.
185
«Бұл маған ұнамайды». - Неліктен? — «Мен бұған әлі өсіп жетілген жоқпын» - Осылай деп бірде біреу қашан болса да жауап берді ме екен?
БЕСІНШІ БӨЛІМ
Моралдың табиғи тарихы туралы
186
Қазіргі кезде Еуропада моральдық сезім өте нәзік, жетілген, жан-жақты, түсінікті, тазартылған, ал оған қарағанда «мораль ғылымы» әлі жас, жетілмеген, икемсіз және тым қарапайым - кейбір моралисттердің қылығынан көзге түсетін қызық контраст. «Мораль ғылымы» деген сөздің өзі - мағынасын ескерер болсақ, сыпайы сөздерді ұнататын жақсы талғам үшін тым тәкаппар және ерсі болып көрінеді. Бұл арада бізге ұзақ уақыт керек болатын не, ненің мұнда өмір сүруге айрықша құқы бар екенін қатал түрде мойындаған дұрыс болар еді: атап айтқанда, материалды жинақтау ма, ұғымдық анықтама ма немесе құндылықтардың нәзік түйсіктерінің жэне құндылықтар айырмашылықтарының, өмір сүретін, өсетін, туатын және өлетін түйсіктер мен айырмашылықтардың зор жинағын үйлестіру ме; мүмкін, бұл арада мораль типтері жөніндегі ілімге әзірлік ретінде осы жанды кристаллизацияның қайталана беретін және жиі кездесетін түрлерін көрнекі түрде бейнелеу әрекеттері керек болар. Әрине, осы кезге дейін ондай сыпайылық болған емес. Барлық философтар ғылым ретіндегі моральға келгенде өздерінен күлкі туғызатын көпірме байыптылықпен тым улы, тым салтанатты бірдеңені талап етіп келді: олар моралдың негізделгенін қалады, - және бұған дейін әрбір философ оны негіздедім деп көкіді; ал моралдың өзі бұл арада «әзір» нәрсе деп есептелді. Олардың оралымсыз мақтанышынан бұл болмашы болып көрінетін және шаң-тозаңның астында қалған суреттеу міндеті қандай қашық еді және де ол ушін ең епті деген қолдар мен ең нәзік сезімдер жеткілікті түрде нәзік бола алмас еді! Мораль - философтары моральдық деректермен дөрекі түрде, қалай болса солай не кездейсоқ қысқартылған күйде, мысалы, айналасындағы адамдарының, өздерінің сословиелерінің, өздерінің шіркеуінің, өз заманының рухының өздерінің климатының адамгершілігі формасында таныс болғандықтан, - олар басқа халықтар, уақыттар, өткен шақтар жөнінде хабарсыз болғандықтан және тіпті бұған қатынасында білімқұмарлық танытпағандықтан олар моральдық көкейкесті мәселелерін көріп - біле алмады, ал бұл мәселелер тек көптеген моралдарды салыстырғанда ғана көрінген болар еді. Бұл таңырқарлық болғанымен, бүкіл «мораль ғылымында» осы кезге дейін моральдің өз төңірегінде мәселе назардан тыс қалып келді: мұнда проблемалық бірдеңе бар-ау деген күдік жетіспеді. Философтардың «моральдің негіздемесі» деп танығаны және оны өздерінен талап өткені - егерде істің жайына тереңірек үңілер болсақ - үстемдік құрып келген моральға нық сенудің ғылыми формасы болып шықты, оны өрнектеудің жаңа құралы еді, демек, түп-тамыры белгілі бір адамгершілік аясында орын алатын дерек еді; шын мәнісінде, тіпті бұл моралды проблема ретінде түсінуге болатынын жоққа шығару сияқты әлдене еді... Тыңдаңыздар, мысалы, құрметтеуге турарлық кінәздікпен Шопенгауэр өз міндетін қалай түсінеді, сосын соңғы өкілдері сәбилерше және кемпірлерше пайымдайтын «ғылымның» қандай ғылым екендігі жөнінде тұжырым жасаңыздар: «Принцип, - дейді Шопенгауэр (өзінің «Этиканың негізгі мәселелерінде»), - мазмұнымен тегінде барлық моралистер келісетін негіздеме: nemіnem laede, іmmo omnes, quontum potes, juva29 - міне тегінде барлық моралистердің негіздеуге тырысатын қағидасы осы тегінде этиканың мындаган жылдар бойы философиялық тасты іздегендей іздеп келе жатқан нағыз іргетасы осы»... Бұл келтірілген қағиданы негіздеудің қиындығы әрине, тым зор болуы мүмкін - оны жүзеге асыру Шопенгауэрдің де қолынан келмегені белгілі; билікке ерік төстеген бұл дүниеде осы тезис жалған және сентиментальді тұрғыда естілетінін сезген адам Шопенгауэрдің де тегінде пессимист бола тура, флейтада ойнағанын еске түсірсін... Күн сайын түскі тамақтан кейін: бұл жөнінде оның өмірбаянынан білуге болады. Сонымен бірге тағы бір сұрақ: бір жағынан, Құдайды да және дүниені де жоққа шығаратын, моральдің алдында қол-аяғын байлап тастағандай тік тұратын, екінші жағынан Моральды мойындайтын және флейтада ойнайтын, laedenemіnem - моральды қолдайтын пессимист: қалайша? Бұл тегінде - пессимист пе?
187
«Бізде категориялық императив бар» деген сияқты ұйғарымдардың құндылығын айтпағанның өзінде әрқашанда мұндай ұйғарым оны айтқан адам жөнінде не айтады? — деп сұрауға болады. Кейбір моральдардың мақсаты - оны жасаған адамды басқалардың алдында ақтау; тағы бір моральдардың мақсаты - оны жұбатып, оның көңілінде өзіне өзі ризашылық сезімін туғызу: кейбіреулерімен - өзін өзі крестке танып, өзін көніктіруге, ал үшіншілерімен — өш алуға, төртіншілерімен — жасырынуға, тағы басқаларымен -түрленіп, өзін қол жетпейтін биікке көтеруге тырысады. Бір мораль өзінің құрушысына ұмыттыру үшін қызмет етеді, екінші мораль - өзін немесе өз бойындағы бір қасиетті ұмыттыруға мәжбүр етпек болады; бір моралист адамзат арқылы өзінің қуатын және шығармашылық қиялдарын сынамақ болады; ал Кант сияқты тағы біреу өз моралымен бізге мынаны ұғындырмақ болады: «мендегі құрметтеуге тұрарлық нәрсе - менің көне алатындығым, — және сіздер де мендей болуларың керек!» - бір сөзбен, моральдар тек аффектілердің ымдап сөйлеуі ғана болып табылады.188
Әрбір мораль laіsser aller30-гe қарама-қарсылығында «табиғатқа», «зердеге» де қатынасында тирания іспеттес - бірақ мұны моральға қарсы болу деп түсінбеу керек. Өйткені, әрбір тирания және әрбір ақылсыздық жарамайды деп тану да белгілі бір моральға сүйеніп жасалады ғой. Әр моралдағы мәнді және құнды нәрсе оның ұзаққа созылған езгі болып табылатындығы: стоицизм, Пор-Рояль немесе пуританизм дегендердің мәнін түсіну үшін әрбір тілдің күш-қуатқа жэне еркіндікке ие болуына осы кезге дейін ықпал етіп келген езгіні: — метрикалық езгіні, рифмдер мен ритмдердің зорлық-зомбылығын еске түсірсек болғаны. Барлық халықтардың ақындары мен шешендері, - олардың қатарына ар ұяттан арыла қоймаған жазушыларды да қосуға болады, - асқан дана бірдеңені айтып тұрғандай болатын меңіреу - утилистаристердің айтатынындай, «ақымақтық үшін», өздерін «еріктіміз», «еркін ойлаушыларымыз» деп өзеурейтін анархистердің пікірінше, «өктемдіктің заңдарына мойнсұнғандықтан» қаншама күштерін жұмсады десеңізші! Бірақ бір таңқаларлығы - тек «осындай өктемдік заңдарының тираниясы» арқасында ғана әр салада - ойлау үрдісінде, билік басында да, көсемсөзде, өнерде немесе адамгершілік аясында - жер бетінде еркіндік, нәзіктік, батылдық, би және шебердің сенімділігі түрінде орын алып келетіннің; шынында да, laіsser aller емес, тап осы ахуалдың «табиғатқа» және «табиғилыққа» сай келетіні әбден ықтимал! Әрбір суретші оның өзі реттеп, түзеп, қалауынша орнатып жататын, «шабыты» келгенде өзінше әртүрлі оң беретін «табиғи» күйінің сырттан танылатын тәртіптен қандай алшақ жатқанын жақсы біледі және тап осындай сәттерде ол қатаң және нәзік түрде мыңдаған заңдарға, ал бұлар тап осы өздерінің қатаңдығы мен дәлдігі салдарынан қандай болмасын ұғымдық тұжырымдаудан тайқып кетеді (олармен салыстырғанда тіпті ең анық деген ұғымның өзі әлдене бұлдырлықты, көп түрлілікті, көп мәнділікті өзінде тұтады -), өз еркімен бағынады. «Көктегі және жердегі» мәнді нәрсе, тегі ұзақ әрі бір бағытта өз еркіңмен бағынуға тіреледі; соның арқасында жер бетінде әрқашанда солар үшін өмір сүруге тұрарлық нәрселер, айталық, ізгілік, өнер, саз, би, зерде, руханилық - әлдене жарақтандыратын, нәзіктенген, ақылға сыйғысыз және құдайлық - пайда болады. Көпке дейін ойлау еркіндігінің болмауы зардабы, ойшылдардың қалыптасқан ережелер шеңберінде ойлауға тырысып, өзіне танатын тәртібі, ақыл - ойдың дүниеде болып жатқан оқиғаларды ұзақ уақыт христиандық нобайға сай түсіндіруге және әрбір кездейсоқтықтан христиандық Құдайды қайтадан ашып ақтап алуға ұмтылуы - осындай зорлық, асқындық, қаталдық, ақылға сыймайтын қорқыныштының бәрі еуропалық рухтың күшін білімқұмарлығын, нәзік әрекетшілдігін арттырудың құралы болды; бұған көптеген күштер мен ақыл - ойдың тұншыққанын, құрып кеткенін қосуға болады (өйткені «табиғат» бұл арада да, барлығындағыдай өзі қажет болса, солай өзінің ысырапшылдығында, немқұрайлы кербездігінде көрсетеді). Мыңдаған жылдар бойы еуропалық ойшылдардың қам жегені нені болса да дәлелдеу - қазіргі кезде, керісінше, «бірдеңені дәлелдегісі келген ойшылға күдікпен қарау дағдыға айналды, - ал олар үшін ойланып-толғанудан туған нәрсе алдын-ала белгіленіп қойған нәрседей көрінетін, мысалы, ежелден азиаттық астрологиядағыдай немесе қазір де орын алып отырған бастан кешкен жәйттарды христиандық - моральдық тұрғыдан «Құдай үшін» және «жанды құтқару үшін» деп түйіндеу сияқты: рухты тәрбиелеген осы зорлық - зомбылық, осы барып тұрған ақымақтық, шамасы тұрпайы және нәзік мағынадағы құлдық та рухани тәрбиенің және жазалаудың қажетті құралы болса керек. Осы тұрғыдан мораль атаулыға зер салып қараңыздар, сонда сіздер мораль «табиғаты» laіsser aller - ді, асып бара жатқан еркіндікті қаламауға және әр қайсымызда да мақсат-мүдделерімізді тежей білуге үйрететінін көресіздер; мораль бізді алдымыздағы перспективаны тарылтуға, сөйтіп өмір сүрудің және өсіп жетілудің шарты ретінде ақымақтыққа ден қоюға үйретеді. «Сен өмір бойы кімге болса да бағынуын керек: әйтпесе, сен құрисың және өзіңе деген ең соңғы құрметтен айырыласың» - табиғаттың моральдық императиві (талабы) осы, бұл, әрине, кәрі Канттың моральдан күткен категориялық императиві емес және бұл императив жекелерге емес — табиғаттың жекелермен ісі бола ма? - халықтарға, нәсілдерге, ғасырларға, сословиелерге, ең алдымен, адамға, адам деген жануарлардың барлық түріне бағытталған.
189
Еңбекқор нәсілдер үшін дырдулыққа (праздность) салыну ауыр тиеді: ағылшындық инстинктің шебер қулығы - ағылшындар өздері де байқамай күнделікті өмірін жұмыс күндерін аңсайтын болсын деп жексенбіні сондай дәрежеде қасиетті және жабырқаңқы жасап қойғаны; бұл ақылмен ойлап тапқан постқа (діндарларға шіркеу тарапынан қойылатын тежеуге) ұқсайды; бұған, қатысты мысалдарды, антика дәуірінен де көптеп табуға болады (тек ол оңтүстік халықтарда еңбекке байланысты емес) . Әртүрлі посттар болуы керек; және күшті инстинкттер мен дағдылар үстемдік құратын жердің бәрінде заң шығарушылар мұндай инстинкттерді тежей алатын бұғаулар жасап, оларды ашығуға қайтадан үйрететін күндер белгілеуі керек. Жоғарыдан көз тастағанда белгілі бір моральдық фанатизмге ұрынған тұтас ұрпақтар мен ғасырлар құлдық пен посттың сондай қалыптасқан кезеңдері болып табылады; осындай кезде сөз болған инстинкт басқаның алдында тізе бүгуге және жерге басы тигенше иінуге үйренеді, сонымен бірге тазарып, сезгіштенеді, мұндай пікірді жекелеген философиялық секталардан да кездестіруге болады... - Сөйтіп төмендегі парадоксты түсінуге мүмкіндік туады: қалайша Еуропаның христиандық дәуірінде және христиандық көзқарастың ықпалымен жыныстық инстинкт түрленіп сүйіспеншілікке айналды (amourpassіon).
190
Платонның моралында, Платонға тән емес, бірақ - оның қалауынан тыс деуге болады — оның философиясында орын алған бірдеңе бар: Сократизм; бұл үшін Платонның өзі тым аристократ болып көрінеді. «Ешкім өзіне зиян келтіргісі келмейді, демек, жамандықтың бәрі еріксіз жасалады. Өйткені жаман адам өзіне өзі зиян келтіреді: ол жамандықтың жаман екенін білсе, мұны істемес еді. Сондықтан жаман адам білместіктен жаман болады; егерде оны білместіктен арылтса, ол міндетті түрде жақсы болады». - Бұлай деп пайымдау тобырға (чернь) тән, өйткені ол жаман қылықтардың тек жағымсыз салдарын ғана көреді және ол «жамандық істеу ақымақтың ғана қолынан келеді» деген сөзді ол «пайдалымен және жағымдымен» шатастырады. Утилитаризмге жүгінетін моральдің түп тамырын тану қиын емес, бұл үшін иіс сезіміне сүйенсек болғаны: мұндай жерде қателіктер сирек кездеседі - Платон ұстазының тезисіне нәзік және игі бірдеңені - ең алдымен өзін -енгізуге тырысып бақты; Сократтың шәкірттерінің ішіндегі ең батылы Платон болды және ол ұстазын көшеден тұтас күйінде қабылдап түсінікті тақырыпқа, халық әніне айландырады; сөйтіп ол бұл тақырыпты шектен асқанша және әр тұрғыда құбылтты. Әзіл ретінде және Гомер стилімен айтар болсақ, Платонның Сократы деген.
191
«Сенім» мен «білім» немесе дәлірек айтқанда инстинкт пен ақыл жөніндегі ежелгі теологиялық мәселе - былайша айтқанда, заттарды бағалауда инстинкттің ақылдан, «неге?» деген сұрақ қойып, негіздемелеуді, демек, мақсаттылық пен пайдалылықты, талап ететін ақылдан, беделі жоғары ма? - деген ескі моральдің мәселені алғаш Сократ алға тартты және бұл мәселе христиандықтан әлдеқайда бұрын ойлау әлемінде жікке бөлінуді туғызды. Рас, Сократ өзінің тамаша диалектикалық талантына сай алғашында ақыл жағында тұрды; оның бүкіл ғұмырында айналысқан кәсібі өз заманындағы атақты афиндықтардың - ал олар барлық атақты - адамдар сияқты инстинктіге ғана сүйенеді және өз әрекеттерінің себебін ешқашанда дұрыс түсіндіріп бере алмайды - сол атақты афиндықтардың ебедейсіз қабілетсіздіктерін келеке қылудан басқа не болды? Ақырында жайлап әрі астыртын түрде болса да Сократ өзін-өзі келеке қылатын болды: өзіне өзі үңілгенде жэне өзінің сезімталырақ ар-ұятының алдында ол өзінен де сол қиыншылық пен сол қабілетсіздікті тапты. Бірақ, деді өзіне Сократ, бұған бола инстинкттерден босауға бола ма! Оларға да, сонымен бірге зердеге де құқық беру керек, - инстинкттерге де сүйенген дұрыс, бірақ зерде де өз тарапына инстинкттерге орынды дәлелдермен көмек беріп тұруы керек. Тап осыдан ұлы жұмбақ мысқылшылдың жалғандыққа жол бергенін аңғаруға болады; ол өзінің ұжданын өзін өзі алдаумен қанағаттануға мәжбүр етті; шындығында, ол моральдық пікірдегі иррационалдықты көре білді - Платон бұл нәрселердегі өзінің адалдығын сақтап және плебейлерге тән айла - шарғыдан ада болғанынан өзінің бар күш-жігерін - бұған дейін философтар тарапынан жұмсалған күш-жігердің ең зорын - ақыл да, инстинкт те өз-өздері бір мақсатқа, ізгілікке, «Құдайға» баратын өзіне дәлелдеуге жұмсады; сөйтіп Платон заманынан бері барлық теологтар да, философтар да осы жолды ұстанады, - яғни мораль мәселелерінде осы кезге дейін инстинкт, немесе, христиандар айтатынындай, «сенім», немесе, менің мұны атайтынымдай, «табын», үстемдік құрып келді. Бұл бағытқа Декартты, рационализм әкесін (демек, революция атасын) қатыстырудың қажеті жоқ, өйткені ол тек зерденің беделін мойындайды, - бірақ зерде тек құрал ғана, ал Декарт бұл арада тайыздық танытып отыр.
192
Кез келген жекелеген ғылымның тарихын зерделеген адам оның даму барысындағы «білу мен танудың» ежелгі және жалпы заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретін желіні таба алады: онда да, мұнда да ең алдымен асығыс жасаған гипотезалар, ойдан шығарылған нәрселер, «сенімге» деген ақылсыз ізгі ерік, сенбеушіліктің және шыдамдылықтың жетіспеуі орын алып келген; біздің сезімдеріміз танымның сезімтал, сенімді, тыңғылықты құралдары болуға тым кеш үйренеді және ешқашанда толық үйренбейді. Біздің көзімізге кейбір әсердің үйреншікті емес, әрі жаңа элементтерін қабылдағаннан гөрі бұдан бұрын талай қабылданған көріністі қайталау оңай: өйткені, жаңаны қабылдау көп күшті, көп «моральдықты» қажет етеді. Жаңа нәрсені тыңдау құлаққа ауыр тиеді және жалықтырады: біз бөтен музыканы нашар тыңдаймыз. Бөтен сөзді естіген кезде біз еркімізден тыс естілген дыбыстарды өзіміз үшін ашына (интим) және жақын сөздермен біріктіреміз: бір кезде германдық солай arcubalіsta деген сөзді Armbrust (садақ) деген сөзге айналдырыпты. Біздің сезімдеріміз барлық жаңаға дұшпандықпен және жаратпаушылықпен қарайды; тіпті сезімдік қабылдаудың «ең қарапайым» түрлерінде де үрей, сүйіспеншілік, өшпенділік сияқты аффектілер және сонымен бірге жалқаулықтың енжар аффектілері үстем болады. Қазір оқырман кітап бетіндегі барлық сөздерді тегіс оқып шықпай, жиырма сөздің ішінен шамамен кездейсоқ бесеуін тандап, соларға тән болар ықтимал мағынаны «ойдан табатыны» сияқты, - біз де дәл солай ағашқа қарап тұрып өзімізге, оның жапырақтары, бұтақтары, түрі мен түсі қандай екендігіне есеп беріп жатпаймыз; бізге қиялдың көмегімен ағашқа ұқсас бірдеңені жасау анағұрлым жеңіл сияқты. Тіпті, сондай бір ерекше оқиғаны бастан кеше отырып, біз солай әрекет жасауға әуеспіз: болған нәрсе жөніндегі күйзелгеніміздің көбін біз ойдан шығарамыз және бізді қандай болмасын оқиғаға «ойлап шығарушы» емес күйде қарауға мәжбүр ету қиын. Бұдан шығатын қорытынды: біз түпкілікті жэне ежелден өтірікке үйренгенбіз. Немесе жанға жайлы тұрғыда айтар болсақ: біз өзіміз білгеннен де гөрі суретшілер екенбіз. - Жанды әңгіме барысында жиі түрде әңгімелесушінің ойына немесе оған тигізген менің әсіріме байланысты болып көрінетін ойға орай, мен оның бет - әлпетін айқын көретінім соншалық, бұл айқындылықтың дәрежесі менің көру қабілетімнің күшінен әлдеқайда асатын болады, - демек, бұл да шындықтан гөрі ойдан шығарылған нәрсеге жақын. Шындығында да менімен әңгімелесіп отырған адамның бет - әлпеті мүлдем өзгеше болса немесе ешқандай да болмаса керек.
193
Quіdquіd luce fuіt, tenebrіs agіt32 - бірақ дәл солай керісінше де. Басымызда жиі болғандай болып көрінетін түсімізде көрген нәрсе өзімізде де жаңымыздың ішкі дүниесінің құрамына кіріп, бізді бай немесе кедей қылады, бір қажеттігімізді көбейтіп, бір қажеттігімізді кемітеді; ақыр сонында тал түсте немесе сергек рухымыздың жарқын сәттерінде бізге сүйеніш болады. Біреу-міреу түсінде жиі - жиі ұшып жүрген және түс көрген сайын өзінің ұшуға бейімділігін сезіп, мұны өзінің артықшылығы және кісі қызығарлық бақыты деп білген дейік... түсінде ұшып үйренген мұндай адамға өңінде де «бақыт» сөзі түптің түбінде басқа түрде жэне басқа мағынада тап болмай ма? Ол бақытты басқаша қалауға тиіс емес пе? Ақындар суреттейтін түрдегі «ұшу» ол үшін түсіндегі «ұшуға» қарағанда тым «ауыр», тым жерлік, тым күшке түсетін зорлықпен іске асатындай болып көрінуі тиіс.
194
Адамдардьщ арасындағы айырмашылық тек қана олардың игіліктерінің түр - түрлерінің айырмашылығында. Демек, тек олардың қандай игіліктерді таңдауында, көпшілік таныған игіліктердің дәрежелер тізімін белгілеуінде ғана емес, - бұдан да гөрі олардың әлде бір игілікке шыныменен ие болу мен иемдену деп нені санайтыннан білінеді. Әйелге қатынасында, мысалы, талаптары жұпыны адам үшін әйелдің тәніне ие болғаны және өзінің жыныстық сезімін қанағаттандырғаны жетіп жатыр, осыны ол әйелге ие болу деп біледі; ал басқа иемденуге құмар адам мұндай жақындасуды місе тұтпайды, бұған ол сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін әйелдің оған жай беріле салғаны жеткіліксіз, ол одан сонымен бірге өзі үшін өзіне қымбат нәрселердің бәрінен бас тартуға әзір болғанын керек етеді - осыны ғана ол «иемдену» деп біледі. Бірақ үшінші адам өзінің сенбеуімен және иемденуге құмарлығымен бұғанда қанағаттанбауы мүмкін. Әйелдің ол үшін бәрінен де бас тартуға әзір болғанына күдікпен қарап, ол мұны өзі құрған қияли фантомның әсерімен істеген жоқ па екен деп өзіне өзі сұрақ қояды. Сүйікті болу үшін ол әйелдің өзін жан -жақты тиянақты танып білгенін қалайды, ол өзін оған жайып салуға тырысады. Сонда ғана ол сүйген әйелін өзімдікі деп біледі, әйел енді ол жөнінде қателеспейді, оны жақсы жағынан да - ізгілігі, шыдамдылығы және естілігі үшін, сонымен бірге жаман жағынан да - зұлымдығы мен тоятсыздығы үшін - сүйеді деп есептейді. Біреу халықты билемек болады - бұл мақсат үшін Калиостро мен Катилинаның қулық-сұмдықтары оның ойы бойынша пайдаға аса алады. Басқа иемденудің талғампаз жолдарын таңдаған біреу өзіне өзі: «билік құрмақ болған жерде алдауға болмайды» - деп тиым салады; халықтың жүрегін оның өзі емес, маскасы билеп алды - ау деген ой оған маза бермейді: «сонымен, мен өзімді білдіруге беруге тиіспін, алдымен бірақ мен өзімді білуге тиіспін!» деп шешеді ол. Көмекке, қайырымдылыққа қолы ашық адамдардан біз әрдайым көмек күткен адамдарды өздеріне тартып тұратын дөрекілеу қулықшылдықты аңғарамыз: соңғылар, айталық, көмекке «лайық екен», көмекті қажет етті және көрсеткен көмектері үшін қайырымдыларға риза болды және шын берілді; мұндай ниетпен көмекшілер өздерінен көмек күткен адамдарды өздерінің меншігіндегі заттар ұқсатып қалай болса солай пайдалануға тырысады; өйткені олардың қайырымдылығының негізінде жатқан нәрсе -жеке меншікке ие болу. Олар басқалардың өздерінің қайырымдылық жасауына ара тұрғанын не болмаса олардан бұрын көмек көрсеткенін қызғанышпен қаламайды. Ата-аналар өздері аңғармай баласын өздеріне ұқсас бірдеңе етіп шығарғысы келеді. Мұны олар «тәрбие» деп атайды. Еш те бір ана өзінен туған баланың өзінің меншігі екендігіне күмән келтірмейді, бірде-бір әке оны өз ұғымдары мен ережелеріне бағындыруға деген өзінің құқығына күмән келтірмейді. Бір кездері (мысалы, ежелгі германдықтарда) әкелер дүниеге келген баласының өмірі мен өлімін өз қалауына қарай шешуін әділеттілік деп санаған. Біздің заманымызда мұғалім де, пастор да, князь да әке сияқты әрбір жаңа адамға иемденудің мүмкіндігі деп қарайды. Бұдан шығатын қорытынды...
195
Тациттің33 және бүкіл антика әлемінің пайымдауынша, еврейлер «құлдық үшін жаралған халық» немесе олардың өздері айтатындай және ойлайтындай, «басқа халықтардың ішіндегі таңдаулы халық» - осы еврейлер кұндылықтардың өңін айналдырған фокус жасады, солардың арқасында жердегі өмір мыңдаған жылдарға жаңа және қауіпті тартымдылыққа ие болды: олардың пайғамбарлары «байлық», «құдайсыздық», «зұлымдық», «зорлық», «сезімдік» деген нәрселерді біртұтас етіп біріктірді және, тұңғыш рет «дүние» деген сөзді балағатқа айналдырды. Еврей халқының маңызы құндылықтарға жасалған осы төңкерісте жатыр (бұған «кедей» деген сөзді «әулие» және «дос» деген сөздермен астастырып жібергенін жатқызуға болады): осымен құлдардың моральдағы көтерілісі бастау алады.
196
Күннің айналасында біз ешқашанда көре алмайтын сан жетпейтін күңгірт денелердің бар екендігі жөнінде тұжырым жасауға болады. Өз арамызда айтқанда, бұл астарлы сөз; сөйтіп, мораль психологы барлық жұлдыз жазуларын көп нәрселер жөнінде үндемеуге мүмкіндік беретін символдар мен белгілердің тілі ретінде оқиды.
197
Біз жыртқыш жануарды және жыртқыш адамды (мысалы Чезаре Борджды) мүлдем түсінбейміз, сол сияқты, - осы кезге дейін барлық моралистер жасағандай, «табиғатты» да түсіне алмаймыз, егерде дені сап-сау тропикалық рақымсыз құбыжықтардың және өсімдіктердің ішінен қайдағы бір «сырқатты» («болезненность») іздер болсақ. Шамасы, моралистер ну орманды да және тропиктерді де жек көретін болса керек. Шамасы, олар «тропикалық адамды» - одан қандай да болса бір ауруды жэне адамның азғындауын тауып, - қалай еткенде де беделін түсіруге тырысады. Бірақ не үшін? «Орташа белделердің» пайдасына ма? Орташа адамның пайдасына ма? Моральды адамның? Ортаңқол адамның? - Бұл «Мораль қорқақтық ретінде» дейтін тарауда. Әр адамның «бақытын» көздейтін бұл моральдар қауіп-қатер арасында өзімен өзі өмір сүретін адамға арналған тәртіп ережелерінен басқа ештеңе емес; бұл оның құмарлықтарын, жақсы не жаман қалауларын тежеуге арналған рецептер, өйткені адам баласының билікке деген еркі бар және ол өзін әмірші етіп көрсеткісі келеді; бұл ескі үй құралдарының және ескірген даналықтың сасық исі сіңген үлкен-кіші қулықтар. Олардың бәрі түрі жағынан оғаш және ерсі болып келеді, өйткені олар «бәрін» қамтуға тырысады және топшылауға келмейтін нәрсені топшыламақ болады, бәрі шартсызды паш етеді және өздерін де шартсыздар қатарына жатқызады; олардың бәріне тұздыққа тек бір түйір тұз ғана жеткіліксіз - олар, керісінше, әртүрлі татымдылармен шектен тыс дәмденгенде және қауіпті иіс, атап айтқанда, «басқа дүниенің» иісін шығара бастағанда барып жөнге келеді, тіпті кейде еліктіріп әкетердей болады. Мұның бәрі, іске байыппен қарар болсақ, түкке тұрмайтын нәрсе және «ғылымның», одан да бетер «даналықтың» маңайына да бармайды, бірақ тағы да қайталап айтам, үш рет қайталауға бармын, бұл ақылсыздықпен, және ақылсыздықпен астасқан естілік, және естілік - мейлі бұл стоиктер дәріптеп, енгізген болған аффектілердің албырт ақымақтығына деген немқұрайдылық және салқын қандылық болсын, немесе бұл Спинозаның «күлмеу» де «жыламау» да керек деп талдау және вивисекция арқылы аффектілерді билеуге бағытталған аңғырт амалы болсын, немесе бұл, ақыры Хафиз бен Гете үйреткен көңілшектікпен және еркелікпен аффектілерге бағыну болсын, сол бір шылбырды батыл босату, сол бір кәрі, дана кезбелер мен маскүнемдердің ерекше жағдаятында бұл «енді қауіп туғызбайтын» рухани - тәни lіcentіa morum34 болсын. Бұл да «Мораль қорқақтық ретінде» дейтін тарауға.
199
Адамдар өмір сүріп келе жатқан кездің бәрінде де адамдар табыны (рулық одақтар, қауымдар, тайпалар, халықтар, мемлекеттер, шіркеулер) болғанын және ат төбеліндей әміршілерге бас июшілердің кеп болғанын, сөйтіп, осы кезге дейін адамдардың арасында басқаға мойынсұнушылықтың кең көлемде орын алғанын ескере отырып, қазір орта есеппен адам баласына мойынсұнушылық туа біткен қажеттікке айналған деген әділ топшылама жасауға болады, бұл «сен бірдеңені сөзсіз істеуің керек, ал бірдеңені сөзсіз істемеуіңе болады», бір сөзбен «сен міндеттісің» деп сырттан таңылатын формалдық ұжданға ұқсас бірдеңе. Бұл өзінің формасын мазмұнмен толтырғысы, байытқысы келген қажеттік: ол сонымен бірге істің байыбына бармай-ақ жарлық берушілердің - ата-ананың, ұстаздың, заңдардың, қоғамдық пікірдің - барлық талаптарын бұлжытпай орындауға әзір тұрады. Адам дамуының әдеттен тыс мешеулігі, бәсеңдігі, қажуы, жиі - жиі кері кетуі немесе бір орында шыр айналуы - осының бәрі бағынушылықтың табындық инстинктінің билеушілік өнеріне қарағанда ұрпақтан ұрпаққа табысты тарауына байланысты. Егерде біз көз алдымызға бұл инстинктің азғындаудың соңғы шегіне жеткенін келтірер болсақ, онда біз ешқандай басқарушылар мен тәуелсіздердің қалмағанына куә боламыз; не болмаса бұлар да өздерін өздері алдап, тек бағынатын кісілердей болып көрінуге тырысады. Еуропаның қазіргі нақты жағдайы тап осындай - мұны мен билеушілердің моральдық екіжүзділігі деп атаймын. Олар өздерінің ластанған ұжданынан қорғану үшін өздерін ежелгі және жоғарғы жарлықтарды (бұрынғылардың, конституцияның, заңның, тіпті Құдайдың жарлықтарын) орындаушылар ретінде көрсетуге тырысады немесе олар табындық ойлау дағдысының табындық максималарын пайдаланып бағады, сөйтіп өздерін «халық қызметшілері» болмаса «ортақ мүдденің құралдары» деп таныстырады. Басқа жағынан, Еуропадағы табын адамы енді өзін адамның бірден бір асыл тұқымы етіп көрсеткісі келеді және өзіне тән, және өзін табын үшін тиімді, жуас, оралымды ететін қасиеттерді адам бойындағы ізгі қасиеттер ретінде дәріптейді, бұл - қоғамшылдық рухы, мейірбандық, ізеттілік, ыждағаттылық, қанағатшылдық, кішіпейілділік, жұмсақтық, аяушылық. Көсемсіз және озат қошқарларсыз күн көру қиын болған кезде қазір бастықтарды есті табын адамдарының жиынтығымен ауыстыруға күш салады: барлық өкімдік мекемедегілер, мысалы, сол тектілер. Мұндай табындық хайуандар, еуропалықтар үшін билігіне шек қойылмаған қайдағы бір әміршінің пайда болғаны сондай жақсылық, жан төзгісіз езгіден құтқарар азаттық болып көрінуі орынды - мұның соңғы ұлы айғағы ретінде Наполеон келуінің тигізген әсері бола алады: бұл әсердің тарихын өтіп жатқан жүзжылдықтың өзінің ең қымбат адамдары түрінде және ең қымбат сәттерінде қол жеткізген жоғарғы бақытының тарихы деуге болатындай.
200
Нәсілдерді қалай болса солай шатастыратын, соның арқасында әр алуан тайпалық мұраға, яғни бірі мен бірі тартысқан, күрескен, қарама-қарсы бағыттағы инстинкттер мен құндылықтарға ие болған ыдырау дәуірінің - кейінгі мәдениеттердің адамы шамамен алғанда әлсіз болып келеді: оның көкейкесті тілегі өзі кейіптейтін соғыстың бітуі. Тыныштандыратын (мысалы, эпикурейлік немесе христиандық) бальзам мен жұбататын ойлау машығы рухында мұндай адам бақыт дегенді көбінесе тыныштық, бүліксіздік, тоқтық, ынтымақтық, «сенбінің сенбісі» ретінде, бір сөзбен әулие Августинше түсінеді. Августиннің өзі де сондай адам болатын. - Егерде ішкі алауыздық пен соғыс ондай натураға артық қоздырғыш алдауыш және өмір қытығындай әсер етсе; және де егер, екінші жағынан, қуатты және бітіспес инстинкттермен бірге ол өзін өзі тежеу мен алдарқату - қабілетіне иемденген болса, - онда біздің алдымызда сиқыршы, түсініксіз жеңістер үшін жаралған – Ал - кивиад пен Цезарьдай, ал суретшілерден, мүмкін, Леонардо да Винчи сияқты жұмбақ адамдар пайда болған болар еді. Мұндай адамдар тап осындай тыныштықты қалайтын әлсіз тип алдыңғы қатарға шыққан кезде пайда болады; екі тип те бір-бірімен байланысты және бірдей себептерден туындайды.
201
Заттардың құндылығы туралы моральдық пайымдауларда үстем болып отырған пайдалылық тек табындық пайдалылық қана болып отырған шақта, көңіл тек қауымды қолдауға бөлініп, бейізгіліктік атап айтқанда және тек қана қауымның өмір сүруіне қауіпті болып көрінетіннен ізделетін болған шақта, - соған дейін әлі «жақынға деген сүйіспеншілік моральі» өмір сүре алмайды. Мұнда да әлден біз тұрақты түрде сыйласудың, қайғыға ортақтасудың, әділдіктің, момындықтың, өзара көмектің аз да болсын практикасымен кездеседі екенбіз делік; әлден қоғам дамуының бұл сатысында да кейінірек «ізгіліктер» дейтін құрметті атқа ие болатын және түптің-түбінде «адамгершілік» ұғымымен сайма-сай келеді деуге болатын барлық инстинкттер әрекет етеді делік, - дегенменен ол кезде олар әлі моральдық құндылықтар санына мүлдем кірмейтін болады — олар әлі моральден тысқары. Римнің ең тамаша уақыттарында қайғыға ортақтасу, мысалы, ізгілік деп те, зұлымдық деп те, адамгершілікке жатады деп те, бей адамгершілік деп те аталмаған; сөйтіп егер тіпті мұндай қылық мақтауға іліксе де, онда, алайда, осы мақтаумен қатар еріксіз жеккөрудей әлдене де таң-тамаша бірге жүретін, атап айтқанда, тұтастың игілігіне, қызмет ететін әлдебір сондай қылықпен салыстырғанда, немесе reі publіcae. Түптің түбінде «жақыныңа деген сүйіспеншілік» жақыныңның алдындағы қорқынышқа қатынасында әрқашан әлдене қосалқы, жартылай шартты және бейберекет - жалған болып келеді. Қоғамдық құрылыс әбден дерлік нығайған және сыртқы қауіп-қатерден қамтамасыз етілген кезде, онда бұл жақыныңнан қорқу моральдық бағалаулар үшін тағы да жаңа перспективалар тудырады. Кейбір күшті әрі қауіпті, мысалы, тапқырлық, бас-көзсіз батылдық, кекшілдік, айлакерлік, жыртқыштық, билік құмарлық сияқты инстинкттер, оларды буған дейін жалпы пайдалылығы үшін құрметтеп қана қоймай, - әрине, әлгінде ғана келтірілген атаулардан басқа атаулармен, - бірақ тіпті тәрбие жүзінде дамыту мен қоштауға тура келетін (себебі жалпы қауіп төнгенде, ортақ жауларға қарсы олар әрқашан мұқтаж болатын) - бұл инстинкттер енді, оларды басқа жаққа бұрып жіберетін каналдар жоқ болған кезде, -адамдардың көз алдында қауіптілігі бойынша екі еселеніп отыр да, оларды біртіндеп бейадамгершіліктік деген атпен масқаралап, қарғысқа жылу басталуда. Енді моральдық құрметтеулер қарама - қарсы инстинкттер мен бейімділіктердің үлесіне тиюде, табындық инстинкт қадымдап өз ұйғарымын шығаруды. Әлдебір пікірде, әлдебір күй мен аффекті де, әлдебір ерікте, әлдебір дарында жатқан қоғам үшін қауіптің, тендік үшін қауіптің қаншама зор немесе қаншама аз екені, - міне ендігі моральдық перспективаның қандайлығы; мұнда да тағы - дағы қорқыныш (боязнь) моральдің анасы болып табылады. Жоғарғы әрі ең күшті инстинкттерден олар құмарлықтар түрінде бетке шығып, жекелеген тұлғаны орташа және ең төменгі табындық ар - ұяттан тым жоғары және тым шегінен асыра құштандырып әкеткенде, қауымның өзіндік қадір - қасиетіне деген сезімі өледі, оның өзіне деген сенімі тынады, оның жотасы үзілгендей халге түседі - демек, дәл осы инстинкттерді адамдар бәрінен де күштірек масқаралайтын жэне ұрысатын болады. Ұлы тәуелсіз рух, дара болуды қалау, ұлы зерде енді қауіпті болып көрінеді; жекелеген тұлғаны табыннан жоғарылататының әрі жақыныңа қорқыныш төндіретіннің бәрі бұдан былай зұлымдық деп аталады; ұстамды, кішіпейіл, бейімделгіш, жуып-шайғыш (нивелирующий) ойлау салты, құлшыныстардың орташалығы моральдық мәнге иеленіп, дәріптеледі. Түптің-түбінде жай-күй тым бейбіт болғанда өз сезіміңді қатаңдық пен қасаңдық рухында тәрбиелеу үшін барған сайын жағдаяттар мен түрткі боларлық себептер азая түседі; енді кез-келген қатаңдық, тіпті сот төрелігінде де, ар-ожданды мазасыздандырады; бабына толған әрі қатаң бекзаттылық жэне өз іс - қылықтары үшін жауапкершілікті өзіне алу ренішті көрінеді, әрі сенімсіздік туғызады; «қошақан», ал «қой» болу одан да әрі, құрметке бөленеді. Қоғам тарихында кеселді босаңсу мен нәзіктену сәттері болып турады; ол кездері қоғам өзінің ренжітушісі, қылмыскер, үшін арашаға түседі, және де мұны әбден байыпты әрі адал жасайды. Кейбір жағдаяттарда оған жазалау әділ емес көрінеді - «жаза» жэне «жазалау міндеті» туралы елестіктердің өзі, сеніммен айтуға болады, оның жанын ауыртады, онда қорқыныш сезімін тудыртады. «Оны қауіпсіз қылса, сол жеткілікті емес пе? Жазалап тағы керегі не? Жазалаудың өзі қорқыныш қой!» - осы сұрақпен табындық мораль, қорқақтық моральі, өзінің соңғы қорытындысын жасайды. Егер де жалпы алғанда қауіпті құрту, қорқудың себебін құрту мүмкін болса, онда сонымен бірге осы мораль да жойылған болар еді: ол керексіз болып қалар еді, оның өзі өзін енді керексіз деп санаған болар еді! — Кімде кім қазіргі Еуропа тұрғынының ар-ұятын зерттесе, ол мыңдаған моральдық бүктесіндер мен құпиялылықтарда бір ғана императиві, табындық қорқақтық императивін табатын болады: «біздер күндердің бір күнінде енді ештеңеден де қорықпайтын уақыттың келуін қалаймыз!». Бұл «күндердің бір күніне» деген ұмтылыс пен жол қазір Еуропада «прогресс» деп аталады.
202
Осыған дейін талай рет айтқанымызды қайталайықшы: өйткені, мұндай ақиқаттар — біздің ақиқаттар - қазіргі кезде соншама құмарлықпен тыңдалмайды. Адамды әлдекім ешқандай да боямасыз әрі салғастырусыз - ақ тура ғана жануарларға жатқызғанда, мұның қаншама тұрпайы естілетіні бізге жеткілікті түрде белгілі; бізге де, әрине, дәл «қазіргі идеялардың» адамдарына қатынасында «табын», «табындық инстинкт» және сол сияқты сөз тіркестерін ұдайы қолдануымызға байланысты жағдаят, айыпқа тағылатын болатын шығар. Бірақ не істерсің! Бізге басқаша істеуге болмайды, себебі біздің жаңа көзқарасымыз дәл осы іспеттес. Еуропа мен еуропалық әсер билейтін елдердің барлық басты моральдық пайымдауларда толық келісімге жеткенін біз таптық: Еуропада тегі Сократқа белгісіз болып көрінгенді әрі әлдеқашан әйгілі көне Айдаһардың үйретуге уәде бергенін білетін болғаны ғой. Еуропада енді ізгілік пен зұлымдықтың не екенін біледі. Есту үшін бұл қалайда шорт және жағымсыз естілгенімен, бәрібір біз қайталаймыз: бұл жағдаятта өзін білетіндейін санайтын, өзді - өзінің өз мадақтауымен және даттауымен де даңқын аттыратын, өзді-өзін ізгі санайтын - бұл басқа инстинкттер қатарын бұзып - жарып өтіп, олардың бәрінен асып түскен және бұл жағынан жыныстар арасындағы айырмашылықтардың физиологиялық тұрғыда тегістеле түсуі өскен сайын арта түсетін және соның нышаны болып табылатын адамның табындық жануарлық инстинкті. Қазіргі кездегі Еуропадағы мораль табындық жануарлардың моральі болады: бұл біздің көзқарасымызда, адам моральінің тек бір түрі ғана, ал одан басқа, оған дейін және одан кейін көптеген басқа моральдардың, ең алдымен жоғарғы моральдардың, басқалары мүмкін не мүмкін болулары тиіс. Бірақ бұл мораль мұндай «мүмкіндікке» қарсы, мұндай «болуға тиіске» қарсы бар күшімен қорғанады; бірбеткей әрі қажырлы ол: «мен -моральдің өзі болып табыламын, және менен басқа ештеңе де мораль емес!» - деп айқайға басады... Әрқашан әуеленген табындық әуестіктерге қызмет қылуға даяр және оларға жағынып келген діннің көмегімен іс, тіпті насырға шауып, саяси да, қоғами да нұсқамаларда бұл моральдің барған сайын айқын өрнегін көрудеміз: демократиялық қозғалыс христиандық қозғалысты мура қылуда. Алайда, аталған инстинкттің ең шыдамсыз, ауру әрі күйіп-пісетін жақтастары үшін мұның қарқынының әлі тым ақырын әрі ұйқы шақыратындай екені енді еуропалық мәдениеттің қора - қопсақтарын жайлаған анархистік ит - күшіктердің барған сайын ашықтан-ашық тістерін ақситып, барған сайын жанын сала қарсы шапшуынан байқалады бұл; бейбіт сүйгіш және жұмыс істегіш демократтарға және революцияның идеологтарына, ал одан да аса өздерін социалистер деп атап, «еркін қоғамды» қалайтын бауырластықтың мылқау философастерлері мен фанатиктеріне, жалған түрде қарама-қарсы болатын олар, алайда, шындығында олармен автономды табыннан басқа қоғамның кез келген өзге формасына деген терең де инстинктивті дұшпандығында (бұл дұшпандығында «мырза» және «құл» ұғымдарының өзін теріске шығаруға дейін жетіп; nі dіeu nі matre дейді бір социалистік формула) түйіседі. Олар олармен кез келген ерекше талаптануға, кез келген ерекше құқық пен артықшылыққа (түптің түбінде бұл кез келген құқыққа дегенге саяды: өйткені бәрі тең болғанда, «құқықтардың» ешкімге де керегі жоқ болмақ) қажырлы қарсылық көрсетуде түйіседі. Олар жазалайтын сот төрелігіне сенбестіктерінде түйіседі (бұл ең нашарсоқтардың үстінен жасалатын әлдебір зорлықтайын, бүкіл бұрынғы қоғамның қажетті жемісіне қатынасындағы әлдебір бейәділдіктейін); бірақ олар дәл солай қайғыға ортақтасу дінінде, тек қайда ғана сезіну, өмір сүру және қасірет шегу орын алмаса да дағы көрініс табатын көңіл білдіруде (жануарға дейін құлдырап әрі «Құдайға» дейін аспандап: «Құдайға деген қайғыға ортақтасудағы» шетке шыққан демократиялық ғасырға жатады) түйіседі. Олардың бәрі де қайғыға ортақтасуды айқай-шуға, шыдамсыздыққа айналдыруда, жалпы қайғы-қасіретке деген өлімші жеккөрініште, мұндайда көрермен болып қалуға дегендегі әйелдерге тән қабілетсіздікте, қасіретті төзуді беруге деген қабілетсіздікте түйіседі. Олар еріксіз жабырқаңқылықта және нәзіктікте түйіседі, ал бұлардың жаншуы, көрінер көзге, Еуропаға жаңа буддизм қаупін төндіруде: олар шың ретінде, адамның қолы жеткен шыңы ретінде, болашақтың жалғыз үміті, замандастарды жұбатудың құралы, бүкіл бастапқы кінәнің ұлы кешірімі ретінде жалпы қайғыға ортақтасу моральіне сенуде, ол моральдің өзді-өзі болатындай - ақ, түйіседі. - Олардың бәрі азат етуші ретіндегі қоғамилыққа (общность), демек, табынға, «өзіне», сенуде түйіседі.
203
Біздер - өзге сенімнің адамдары, демократиялық қозғалыста тек саяси ұйымның құлдырауының формасын ғана емес, бірақ құлдырау формасын да, атап айтқанда, адамньщ ұсақтануының, оны орташалалық дәрежесіне түсіру мен оның құндылығын төмендету ретіндегі, формасын көретін біздер, - біздер өз үмітімізді неге артуға тиіспіз? Жаңа философтарға басқадай таңдау жоқ; заттардың қарама-қарсы бағалауына жол ашу жэне «мәңгілік құндылықтарды» төңкеру, қайта бағалау үшін, жеткілікті күшті әрі дербес ақыл-ойы бар адамдарға; мыңжылдықтардың еркін жаңа жолдарға бастайтын арқанды қазіргі шақта бекемдейтін болашақтың адамдарына, жаңа дәуірдің алғы тіректеріне. Адамды адамньщ болашақтығына өз еркі ретінде, адам еркіне тәуелді әлдене ретінде қарауға үйрету үшін, тәрбиелеу және тәртіптендіру ісінде ұлы да батыл ұжымдық тәжірибелер дайындау үшін, сөйтіп бұған дейін тарих деп аталып келген бассыздық пен кездейсоқтықтың адам шошырлық езгісін - «көпшіліктің» бассыздығы оның тек соңғы формасы ғана - тудыру мақсатында: бұл үшін әлдебір уақыттарда философтар мен әміршілердің, ал олардың алдында жасырын, үрейлі және игі тілектес ақыл-ойлар түрінде жер басып жүргендердің бәрі де сұрықсыз әрі түкке тұрғысыз болып көрінетін, жаңа тегі керек болады. Біздің көз алдымызда тап осындай көсемдердің бейнесі елестейді. Бұны, сіздер - еркін ақыл-ой иелері, жұрт алдында батыл айтып бере аламын ба мен? Олардың пайда болуы үшін бір бөлігінде жасалуы, басқа бір бөлігінде пайдаланылуы тиіс жағдаяттар; жанымыз бұл міндеттерге деген серігуді (побуждение) сезінуі үшін солардың көмегімен қажет биіктік пен күшті иеленуінің ықтимал жолдары мен сынақтары; мұндай жауапкершіліктің ауыртпалығын көтеру үшін, жаңа езгісінің, балғасының астында ар-ұятымыздың шыңдалуы және жүрегіміздің қолаға айналуы мүмкін боларлықтай, құндылықтарды қайта бағалау; екінші жағынан, мұндай көсемдердің қажеттілігі, олардың тумай қалуының немесе туса да жарамсыз және шалағай болуының қорқынышты қауіпі, - міне ненің, өздігінде, бізді күйіндіретінін және қайғылатындыратынын, - осыны білесіздер ме, сіздер, еркін ақыл-ой иелері? Бұлар біздің өміріміздің аспанында жарқылдайтын найзағайлар мен ауыр да алыс ойлар. Қашан да болмасын әйгілі адамның өз жолынан адасып, теріс айналуын көруден, алдын ала оны жори білуден, сезінуден асқан қайғы-қасіреттің болуы екіталай. Кімде-кім «адамның» өзінің теріс айналуында жатқан жалпы қауіпті көре білетіндей сирек қабілетке ие болса, бізге ұқсап, бұған дейін адамның болашақтылығын анықтап келген масқара кездейсоқтықты - мұнда қолы түгілі тіпті «Құдайдың жүзігі» де араласпаған! — танып-білсе, «қазіргі идеялардың» топас көнгіштігінде әрі иланымдылығында, ал одан да әрмен бүкіл христиандық - еуропалық моральда, жасырын жатқан қатерді көріп қойса, — сол басқа ешқайсысын да онымен салыстыруға келмейтін зарығу мен мазасыздануға белшесінен батады. - Ол ғой күштер мен міндеттердің қолайлы өсуі мен жинақталуы жағдайында адамда әлі де болса үміт отын маздату болатынның бәрін де бір қарағанда - ақ қамти алады, ол ұлы мүмкіндіктер үшін адамның әлі қаншама түгесілмес екендігін және «адам» типінің қаншама рет құпия шешімдер мен жаңа жолдар алдында тұрғандығын өз ар-ұятының бар білімімен біледі; өткен кездері жоғары дәрежелі жарандардың әншейінде қандай да бір болымсыз бөгеттерге ұрынып сынғанын, төмен түсіп түкке тұрғысыз болғанын өзінің ең азабы мол естеліктері бойынша ол одан да жақсы біледі! Адамның жалпы теріс айналуы (общее вырождение человека), топас та құр бос социалистердің идеясы болатын «болашақтың адамын» қоса алғанда, - адамның жетілген табындық жануарға дейінгі (немесе олар айтатындай, «еркін қоғам» адамына дейінгі) ұсақтануы мен теріс айналуы, адамның бірдей құқықты және талабы да бірдей карликті жануарға айналуы мүмкін, мұнда күмән жоқ! Кімде-кім қашанда болмасын бұл мүмкіндікті аяғына дейін ой елегінен өткізген болса, ол басқа адамдарға қарағанда бір сұмпайылықты артық біледі, және де дәл солай жаңа міндетті де білуі мүмкін болар!
АЛТЫНШЫ БӨЛІМ
Біздер, ғалымдар
204
Мұнда да мораль айту (морализование) оның әрқашан немен тынатынына, - Бальзактың сөзімен айтқанда, тап еш қорқынышсыз monter ses plaіes35 болатындай, - бел байлай отырып, мен мүлдем көзге ілінбестей болып және ар - ұяттың тыныштығын да бұзбастан қазіргі кезде ғылым мен философия арасында орын алайын деп отырған дәрежелердің (рангов) орынсыз да зиянды орын алмастыруының қарсыласы болудан бас тартамын. Дәреженің мұндай жоғарғы мәселелері туралы өз пікіріңді айту үшін өз тәжірибеңе негізделген құқығың болуға тиіс деп ойлаймын, - ал тәжірибе, маған көрінетініндей, әрқашан қисық-қыңыр тәжірибе болмақ па? Соқырлардың түр-түс туралы немесе әйелдер мен суретшілердің ғылымға қарсы айтатынындай («ах, бұл қырсық ғылым! — деп, өз инстинкті мен ұялшақтығына беріле демдерін іштеріне тартады олар, — ол әрқашан әшкерелеуге дайын!» - ). Ғылым адамының философияға тәуелсіздігін, оның одан эмансипациялануын жария ету демократиялық құрылыс пен жөнсіздіктің ең нәзік деген салдарының бірі болып табылады; ғалымның өзді - өзін мадақтауы мен өзді-өзін көкке көтеруі қазіргі кезде барлық жерде де толық көктемгі гүлдеу кезеңін басынан кешуде. Алайда, бұл әлі өзді-өзін мақтау осы жағдаятта жанға жайлы тиеді дегенді білдірмейді. «Барлық мырзалар құрысын!» - міне мұнда да төмен тектілер инстинктінің нені қалайтыны; ғылым теологиядан, - ал ол ғылымды тым «даяшы әйел» есебінде ұстаған еді. Тамаша табысты түрде құтылған соң, өзінің асқан өзеурегіштігі мен ақылынан адасқандығы арқасында философияға зандарды тыққыштауға ұмтылуда, сөйтіп өз жағынан «мырза», — мен не деп кеттім! - философ болмақшы. Менің жадым - ғылым адамының жады, айтуға мархабат етілсе! Жас жаратылыстанушылар мен кәрі дәрігерлер жағынан философия мен философтарға қатынасындағы менмендіктерінің аңғырт шәлкестіктеріне толы (барлық ғалымдардың ішінде басынан ең біліктісі және ең тәкаппары болып табылатын философтар мен педагогтар туралы айтпағанда). Бірде ол жалпы қандай да болмасын синтетикалық міндеттер мен қабілеттерден инстинктивті түрде қорғалақтайтын маман әрі жалдамшы біреу болатын; бірде философтың жан дүниесінде otіum мен аристократиялық салтанаттың иісін сезініп, өзін сол арада жәбір мен қорлық шеккендей көретін ынтызарлы жұмыскер болатын. Бірде ол философияда теріске шығарылған жүйелер қатары мен ешкімге де «пайда әкелмейтін» ысырапты салтанаттан өзге ештеңені де көрмейтін утилитаристің дальтонизмі болатын. Бірде сахнаға бүркемеленген мистика мен танымалаудың шекараларын ретке келтірудің алдындағы қорқыныш шығады; бірде жекелеген философтарды менсінбеушілік, ал бұл еріксіз философияға деген менсінбеушілікке ұласады. Жас ғалымдардың философияны менменсінген құрметтемеушілігінің ар жағында көбіне мен әлдебір философтың жаман әсерін табатынмын; олар оны жалпы алғанда мойындамағанымен, бірақ оның басқа философтарға берген жеккөрінішті бағалауларына көнігіп, мұның салдары ретінде бүкіл философияға деген жалпы теріс қатынас орнығады. (Мысалы, Шопенгауэрдің қазіргі Германияға әсері маған осындай болып көрінеді: өзінің Гегельге деген ақылға сыймастай ашу-ызасымен оның істі насырға шаптырғаны, немістердің бүкіл соңғы ұрпағы тарихи сезімнің шыңы мен көреген нәзіктігі болатынға неміс мәдениетімен байланысын үзіп алды; бірақ тап осы жағдаятта Шопенгауэрдің өзі данышпандықтың аз-ақ алдындай кедей, қабылданғысыз, немістік емес болып шықты). Жалпы айтқанда, мүмкін болар, ең алдымен адамдық, тым адамдық, қысқаша - ең жаңа философтардың өзінің рухани жуғандығы философияға деген сый - құрметті түбегейлі түрде бұзып, қақпаны плебейлік инстинктіге айқара ашып берді. Біздің қазіргі дүниемізден Гераклиттердің, Платондардың, Эмпедоклдардың бүкіл тегі - ойдың бүкіл бұл патша тектес, ұлы дерлік жаһангерлері қалай аталмаса да — қандай дәрежеде алыс екенін мойындайықшы; қазіргі кезде моданың арқасында қаншама тез бетке шыға келетін болса, соншама да тез құрдымға кететін, -мысалы, Германияда екі терминдік арыстандар анархист Евгений Дюринг пен амальгамист Эдуард фок Гартман сияқты, - философияның мұндай өкілдерінің алдында ғылымның айбынды адамы толық құқықпен өзін жақсырақпын және шығу тегім артығырақ деп сезіне алады. Әсіресе өздерін «шындық философтары» немесе «позитивистер» деп атайтын қоқыр-соқырдың философтарының түрі жас та намысқұмар ғалымның жанына сенімсіздік себуге қабілетті: олардың өздері ең асып кеткенде ғалымдар мен мамандар ғой - бұл күндізгідей ап-анық! - олардың бәрі де жеңілген және ғылыммен қайта игерілген адамдар ғой, ал олар әлдебір кезде өздерінен үлкенірек әлденені, бұл «үлкенірекке» құқығы болмаса да, жауапкершілікке құқығы болмаса да қалап алынған болатын, - сөйтіп олар енді аброймен, бірақ ашу-ыза және ош алу сезіміне бойлай отырып, философияның патшалық міндеті мен патшалық мәніне сөзімен де, ісімен де сенбестік білдіреді. Түптің түбінде, қалай да өзгеше бола қоюы мүмкін еді! Ғылым қазіргі кезде гүлденуде және сырт қарағанда керемет ізгілікті болып көрінеді, ал сол арада бүкіл жаңаша философияның біртіндеп төмендеп келген жері, біздің күндеріміздегі философияның бұл қалдығы, егер де күлкі мен қайғыға ортақтасу сезімі болмаса да, сенімсіздік пен мұңлы күйді тудырады. «Таным теориясына» дейін қысқартылған, іс жүзінде қорқақ эпохистика36 мен ұстамдылық туралы ілімге айналған философия; табалдырықтан мүлде аттай алмайтын және қинала-қинала өзінің кіруге деген кұқығынан бас тартатын философия, - бұл соңғы демінде жатқан философия, әлдебір соңы, әлдебір агония, қайғыға ортақтану сезімін тудыратын әлдене.
205
Қазіргі кезде философтың дамуына төнген қауіп-қатерлердің көп түрлілігі соншама, бәлки, әлі де бұл жеміс пісіп жетіле ала ма екен деп күмәнданасың. Ғылымдар мұнараларының сығылысуы мен көлемі өсу аумағының зорлығы соншама, сонымен бірге философтың оқушы бола беруге шаршауының немесе әлдебір жерде тоқтап, «мамандануының» да ықтималдығы өсетін болады; ал онда оған өз биігіне, сол жақтан ол шолу жасай алатын, жан-жағына көз тастайтын, жоғарыдан төмен қарай алатын биігіне көтерілуге күші жетпей қалуы мүмкін. Немесе ол оған тым кеш, оның ең жақсы кезі өтіп, күші әлсірегенде жетуі немесе ол оған бұзылып, дөрекіленіп, теріс айналып барып жетуі. Онда оның көзқарасының, заттардың құндылығы туралы оның жалпы пікірінің мәні азайып қалады. Мұнысын, тап оның интеллектуалдық ар-ұятының нәзіктігі оны жол бойы баяулауға және мүдіруге мәжбүрлейтін болар; ол дилетантқа, қырықаяққа әрі мың аяқ-қолды жәндікке айналу еліктірмесінен қорқады, ол өзді - өзіне сый-құрметін жоғалтқан адамның бұйыруға хақы жоқ екенін және танып-білуші ретінде жұртты өз артына ерте алмайтынын тым жақсы біледі, - тек қана егер де ол ұлы актер, философиялық Калиостро және рухтардың тышқан аулағышы, бір сөзбен, еліктіргіш болғысы келіп жүрмесе. Бұл түптің-түбінде, егер де тіпті ар-ұяттың мәселесі болмаған күнде де, талғамның мәселесі болар еді. Философтың үлесіне тиетін қиыншылықтарды ұшықтыратын тағы да бір жағдаят бар: ол өзінен ғылым туралы емес, ал өмір туралы және өмірдің құндылығы туралы пайымды, оң не теріс пайымды, талап етеді, - сондықтан оған мұндай пайымға деген өз құқығына немесе тіпті міндетіне сенім оңайлықпен келмейді, сөйтіп тек көптеген, болуы мүмкін, ең мазасыз да ең күйреткіш күйзелістердің негізінде, көбіне баяулап, күмәндана отырып, үн - түнсіз ғана, бұл құқыққа және бұл сенімге өз жолын іздеуге тиіс. Іс жүзінде, жұрт көпке дейін философты тани алмады да оны бірде ғылым адамымен және идеалды ғылыммен, бірде діни - шабыттанған, өзінде тәндік қызықтың бәрін өлтіріп, «дүниеден бас тартқан» фанатикпен және Құдай маскүнеммен (Trunkenbold) шатастырды: сөйтіп егер тіпті біздің күндері де әлдекімді ол «дана түрде» немесе «философ сияқты» өмір сүреді деп мақтайтын болса, онда бұл «ақылды және сырт қана» дегеннен артықты білдірмейді. Даналық: бұл қара сүйектілерге қашып шығу сияқты әлдене, кез келген жағдайлардан аман-есен құтылып кетудің құралы және өнері болып көрінеді; бірақ нағыз философ - біздерге солай көріне ме, менің достарым? - «философтайын емес» және «дана түрде емес», ең алдымен ақылды емес өмір сүреді, сөйтіп өмірдің көптеген сынақтары мен еліктеулерін бастан кешірудің міндеті мен ауыртпалығын сезінетін болды: ол ылғи да өзін тәуекелге тігеді, ол зұлым ойынға салынады...
206
Данышпанмен, яғни өндіретін немесе тудыратын, екі сөзді де ең кең мағынасында алғандағы, жаранмен салыстырғанда, - ғалымының, ғылымның орташа адамының әрқашан кәрі қызбен ұқсастығы болады: өйткені оған, соңғысына сияқты, адамның ең қымбат екі өмірлік әрекеті бейтаныс келеді. Шынында да, олардың екеуін де, ғалымдарды да және кәрі қыздарды да, соның орнын толтыруға бола сый - құрметке лайық деп мойындайды, — бұл жағдаяттарда олардың сый - құрметке лайық екендігі баса айтылады, - сөйтіп бұл мәжбүрлі мойындауға бірдей дәрежеде қынжылыс та қосылады. Нақтырақ қарастырайық: ғылым адамы дегеніміз кім? Ең алдымен ол әйгілі емес тұқымның адамы, әйгілі емес, яғни билеп-төстеуші емес, абройы жоқтың қасы дерлік және де адамдардың менмендігі жоқ тұқымының ізгіліктерін бойына дарытқан адам: ол еңбекқор, қатарда шыдаммен тұра алатын, оның қабілеттері мен мұқтаждықтары біркелкі жэне орынды, онда өзіне ұқсастарды және оған ұқсастарға не керектігін сезіну инстинкті бар, - мысалы, тыныш қана жұмыс істеуге қажетті тәуелсіздіктің бөлшегі мен жасыл жайылымның бір кішкене аумағы, тәуелді адамның және табынды жануардың түпкілікті сызатын қурайтын ішкі сенімсіздікті үздіксіз жеңіп отыруға керекті құрмет пен мойындатуға деген талаптану (ал бұл ең алдымен және басты түрде оны танып-білуге болатынын, оның көзге түсетіндігін, белгілігін топшылайды -), ізгі ниетті адам деген атының бар болуы, өзінің құндылығы мен пайдалылығын әрдайым мөрмен басқандай дәлелдеп отыру. Ғалымға, өзіне сай, әйгілі емес тұқымның аурулары мен жаман әдеттері де дарыған: ол ұсақ қызғанышқа бай келеді және биіктігіне көтеріле алмайтын жарандардың жаман қасиеттеріне көз тастағыш болады. Ол сенгіш келеді, бірақ өзіне жылжуға, ал ұмтылуға емес, руқсат ететін адам ретінде ғана; сөйтіп ол тап ұлы ұмтылыстар адамының алдында одан әрі суыта және тұйықтала түседі, - оның көз шалымы ондай кезде сүйініш те, жан ашу да толқыта алмайтын өзіндік мінезі бар жазық көлге ұқсайтын болады. Ғалымның қабілеті жететін ең жаман мен ең қауіптінің себебі оның тұқымына тән орташалықтың инстинктінде жатыр: инстинктті түрде шектен асқан, ерекшеленген адамды құртуға қызмет қылатын және әрбір тартылған садақты сындыруға немесе - одан да артық! -әлсіретуге тырысатын орташалықтықтың сол бір иезуитизмі. Тап әлсірету - байқастап қана, Абайды қолмен, әрине, - сендіре қайғырысына отырып әлсірету: бұл өзін әрдайым қайғыны бөлісудің діні есебінде ұсына білетін иезуитизмнің нағыз өнері болмақ.
207
Объективті ақыл бізде әрқашан қандай да алғыс сезімін тудырғанымен, - ал субъективтіліктің бәрі оның қарғыс атқан шеткері сүйгіштігімен (Jpsіssіmosіtet) кімді ғана өле - өлгенше жалықтырмады екен! - алайда түптің түбінде өз алғыс сезіміңде сақ болуға және қазіргі кезде өз менінен бастарту мен рухани өзімдіктен құлан таза айығуды мадақтаудағы асыра сілтеулерден бойды аулақ салуға үйрену керек, ал өз жағынан «пайдакүнемсіз танымалау» алдында бас иу үшін байыпты себептері бар пессимистік мектепте әншейінде тап осында өзді - өзіндік бір мақсаттай, азаттану мен жарықтану сияқты әлденені көру орын тебеді. Пессимист сияқтанып қарғысқа жықпайтын және ұрысыспайтын объективті адам, ғылыми инстинкті мыңдаған реткі сәттіліктер мен сәтсіздіктерден кейін барын ашылатын әрі толық гүлденуіне жететін идеалды ғалым, еш күмәнсіз, барлардың ішіндегі ең қымбат құралдардың бірі болып табылады, - бірақ оның орны одан мықтылардың қолында. Ол тек құрал ғана, айталық: ол айна ғана, — ол мүлде «өзіндік мақсат» емес. Объективті адам шынымен де өзі айна болып табылады: танымалауды талап ететіннің бәріне бағынуға әдеттенген, танымалау, «бейнелеу», беретіннен басқа қуанышты білмейтін ол, әлдененің келгенінше күтеді де, ол келгенде бетіндегі және қабыршағындағы тіпті жеңіл табанымен сырғитын елестердің де іздері құрдымға кетпейтіндей болып, нәзіктікпен бой жазады. Онда әлі «тұлғадан» қалатынның бәрі оған кездейсоқ, көбіне бас-көзі жоқ, одан да көкірегінде мазасыз болып көрінеді: оның өз көз алдында оған жат бейнелер мен уақиғалардың қабылдаушысы әрі тойтарушысы (отражатель) болғаны соншама дәрежеде дерлік. «Өзі» туралы естеліктер оған қиындықпен беріледі, олар көбіне дұрыс емес; ол өзін оп-оңай басқалармен шатастырады, ол өзінің мұқтаждарына қатынасты қателеседі және жалғыз бұл жағдаятта ол соншалықты өткір емес және салақ болады. Мүмкін, оны денсаулығының кемшілдігі немесе әйелі мен достары тудырған ұсақ-түйек пен үйдегі атмосфера, немесе жолдастарымен қоғамның жеткіліксіздігі ренжітер, - сөйтіп міне ол өзін оны ненің қиналтатыны жөнінде ойлануға мәжбүрлейді, - бірақ бәрі босқа! Оның ойы енді басқа жаққа қарай, жалпырақ жағдаятқа ауысады, сөйтіп ол ертең оған ненің көмектесе алатынын, кеше мұны қандай аз білсе, соншама аз білетін болады. Ол өзіне байыпты түрде қатынасу қабілетін, ал және де өзімен айналысу үшін керек бос уақытын жоғалтты: ол мұқтаждығы жоқтығынан емес, қайта өз мұқтаждығын түйсіне алатын саусақтарының жоқтығынан көңілді. Әрбір затқа және өмірдегі әрбір уақиғаға қарсы жүруге деген әдеттер; жолыққанның бәрін қарсы алуға даяр оның жарық сәулелі, аңғырт қонақжайлылығы; оған тән әр нәрсенің нарқын айыра білмес мейірбандылық, Иә және Жоққа қатынасындағы қауіпті қамқорсыздық: ах, бул өзінің ізгіліктерінен оның опық жейтін жағдаяттары да жеткілікті кездеседі! - және, жалпы адам ретінде, ол тым жеңіл бұл ізгіліктерінің caput mortuunі37 айналады. Егер одан махаббат пен жек көру, оларды Құдайдың, әйелдің және жануардың түсінігіндегі, талап етілетін болса, онда ол қолынан келгенін жасайтын болады жэне барын беретін болады. Бірақ, егер бұл аздық қылса, оған таңырқап керегі жоқ, - егер дәл осы жағдаятта ол өзін қолдан жасалғандай, омырылғыш, күмәнді және мойыған қылып көрсететін болса. Оның махаббаты қолдан істелген, оның жек көруі жасанды және тезірегінде un tour de force38, ұсақ мақтаншақтыққа жэне аффектацияға ұқсайды. Ол объективті бола алатын жерінде ғана жасанды емес: өзінің қаймағы бұзылмаған тотализмінде ғана ол әлі «натураға» жатады, әлі «натуралды» болып табылады. Оның айнаша бейнелейтін және мәңгілік айна тақтайдай жұмарланған жаны енді ұйғара да, терістей де алмайды; ол бұйыра алмайды; ол қиратпайды да. «Je ne maprіse plesque rіen»39, - дейді ол Лейбницке қосылып, бұл presque құлақтан тыс жіберуге және оған мән бермей қоюға болмайды! Ол үлгі болуға да жарамайды; ол басқалардың алдында да, соңында да жүрмейді; ізгілік пен зұлымдықтың бір жағына шығуға себебі болуы үшін, ол жалпы бәрінен де өзін тым алыс ұстайды. Егер де оны осыншама ұзақ уақыт философпен, мәдениеттің бұл цезарлылық күшпен орнықтырушысы әрі зорлықшысымен шатастырылып келсе, онда оған тым көп құрмет көрсетіліп, ондағы ең мәнді қасиет байқалмай келгені, - ол құрал, құлдың әлдебір нұсқасы, дегенмен күмәнсіз, құлдың ең жоғары түрі, өзді - өзінен алғанда - ештеңе - presque rіen! Объективті адам құрал болып табылады; бұл қымбат, оңай бүлінетін әрі тотығатын өлшеуіш прибор, сақтауды және бағалауды керек ететін көркем орындалған айна; бірақ ол мақсат та, шығу мен өрлеу де емес, ол басқа адамдарды толықтырмайды, ол бүкіл қалған болмыс онда өзінің ақталуын табатын адам емес, ол қорытынды емес, оның бастама, басқы нүкте әрі алғы себеп бола қоюы одан да кемірек, ол билеп-төстегісі келетін әлдене бір мықты, қуатты, дербес те емес: тезірегінде бұл нәзік, үрленбе, жұқа, икемді, құймалы форма, ал ол әлдебір мазмұн мен көлемді, соларға сай «түрге енуі» үшін, тосуы тиіс, -әншейінде бұл мазмұнсыз әрі көлемсіз адам, «кескінсіз» адам. Демек, әйелдерді де қызықтырмайтын адам, іn parenthesі40.
208
Егер қазіргі кезде әлдебір философ өзінің скептик емес екенін білдірмек болса - менің үміт артатынымдай, бұл объективтік ақылдың әлгінде ғана келтірілген кескіндемесінен түсінікті емес пе? - онда бұл ешкімге де ұнамайды; оған жұрт әлдебір қорқынышпен қарайлайтын болады, адамдардьщ көп нәрсені сұрағысы, сұрай бергісі келеді. Сөйтіп қазіргі кезде қаптап кеткен қорқақтағыштар арасында, ол осы кезден бастап қауіптіге саналады. Оның скептицизмнен бас тартқан кезінде оларға алыстан дәл әлдебір зұлым, зор қауіп төндірер шу естіліп жатқандай, әлдеқайда жаңа жарылғыш затты, әлдеқандай рухани динамитті, мүмкін, жаңа ашылған орыс нигилинін, сынақтан өткізіп жатқандай, жоқ деп атып қана қоймайтын, Жоқты қалайтын, сонымен қатар - ойлаудың өзі қорқынышты! - Жоқты жасайтын bonae voluntatіs41 пессимизмі елестейді. Бұл тектес «ізгі ерікке» - өмірді ақиқат, шынайы терістеуге деген ерікке - қарсы, мойындалғанындай, қазіргі кезде скепсистен артық, жұмсақ, ұнамды, бесікше тербелетін макскепсистен артық ұйықтатқыш және тыныштатқыш құрал жоқ; сөйтіп қазіргі дәрігерлер Гамлеттің өзін ақылға және оның жер астындағы құтырғандығына қарсы дәрі есебінде ұсынады. «Барлық құлақтар қорқынышты шуға толы емес пе еді? - дейді тыныштықты сүюші және полиция күзетшісі деуге боларлықтай ретіндегі скептик. — Бұл жер астылық Жоқ кісі шошырлық жаман! Үндеріңді ақыр - ақ шығармаңдар сендер, пессимистік көр тышқандар!» Скептик, бұл нәзік жаранды, тым оңай қорқады; оның ар-ұятының тәрбиелілігі соншама, ол кез келген Жоқтан әрі тіпті кез келген шешімді қатты айтылған Иәден де селк ете түседі, сол кезде ол әлдене шағып алғандай әсер сезінеді. Иә! және Жоқ! - оның адамгершілігіне бұл қайшы келеді; ол бұған көрініп жақсы көреді, - мысалы, Монтеньмен бірге: «мен нені білемін?» деп айтып, өз мейірбандылығын игілікті ұстамдылығымен рахатқа кенелдіргенді немесе Сократпен бірге: «мен ештеңені де білмейтінімді білемін», - деп. Немесе: «мұнда мен өзіме сенбеймін, мұнда менің алдымда ашық тұрған есік жоқ», - деп. Немесе: «ол ашық - ақ болды делік, несіне сол сәтте-ақ кіріп бару?». Немесе: «барлық шала піскен гипотезалар неменеге жарайды? Ешқандай да гипотезаны құрмаудың жақсы талғам болып шығуы өте ықтимал. Әлдебір қисықты тура дәл қазір түзетуге сіз тиістісіз бе? Кез келген тесікті әлдебір жүн - жұрқамен бітеулеу тура ғана міндет пе? Ал бұған уақыт болмай ма? Ал уақыттың да уақыты болмай ма? Ах сендер, тентектер, сендер мүлдем тоса алмаймысыңдар? Белгісіздің де өз кереметі болады, Сфинкс те сол бір уақытта Цирцея да философ болған». - Осылай скептик өзін уатады; шынымен де, ол әлдебір уатуды керек етеді. Скепсис дегеніміз кәдуілгі тілде жүйкенің әлсіздігі және аурушаңдық деп аталатын көп түрлі болып келетін белгілі физиологиялық қасиеттің ең бір руханилық көрінісі; ол ұзақ уақыт бір-бірінен аласталған нәсілдер мен сословиелер бел шешіп және кенет бір-бірімен отасқанда әр кез пайда болады. Өз қанында әртүрлі өлшемдер мен құндылықтарды мұралағандайын болған жаңа ұрпақ өзінде тынышсыздықты, мазасыздықты, күмәнді, талаптануды туады; ең жақсы күштер онда тежеуіш ретінде әсер етеді, тіпті ізгіліктер де өзара бір-біріне өсіп-өнуге жол бермейді, жаны мен тәнінде тепе-тендік, салмақтылық, перпендикулярлы орнықтылық жетіспейді. Бірақ бұл аралас қандылар да бәрінен де қатты ауыратыны жэне теріс айналатыны, бул енді ерік; олар енді шешімдерінде тәуелсіздіктен жұрдай болады, қалауларында қуанышты ерлік сезімінен айрылады, олар тіпті өз арман - тілектерінде «ерік еркіндігіне» күмәнданатын болады. Сословиелердің және, демек, нәсілдердің еш мәнсіз түбегейлі араласуының кенет тәжірибелерінің аренасы болып табылатын біздің қазіргі Еуропа, сондықтан барлық биіктіктері мен тереңдіктерінде скепсиске толы, бірде бір бұтақтан екіншісіне шыдамсыздықпен әрі парықсыздықпен секеңдейтін орнықсыз скепсиске, бірде сұрақ белгілеріндей бұралаңдаған, қара бұлттай түнерген скепсиске толы, - сөйтіп оны көбіне ез еркі өлгенше жалықтырады! Еріктің дәрменсіздігі: қайда ғана кездестірмейсің енді бұл мүгедекті! Әрі көбіне тағы қандайлық әшекейленген түрінде! Қалайша әдемі киінген қалпында! Бул ауру үшін өтірік пен жарқырауықтан тоқылған керемет сәнді киімдер бар; қазіргі кездері, мысалы, «объективтілік», «ғылымилық», «lart pour lart»42, «еріксіз таза танымалау» деген атпен көрмеге қойғандай қылып жарияланып жатқанның көбірек бөлігі әшекейленген скепсис және еріктің дәрменсіздігі ғана, - еуропалық аурудың бұл диагнозына мен кепіл бола аламын. - Ерік ауруының Еуропада таралуы бірқалыпты емес: мәдениет әлдеқашан тамырланған жерлерде ол бәрінен де күштірек әрі түрлі-түсті болып көрініс табады, және батыстық білім киімін үстіне қалай болса солай ілген «варвардың» тағы немесе қайтадан - өз құқығын айқара жариялағаны сайын ол да жоқ болады. Сондықтан қазіргі кездегі Францияда, көзге ұрып тұрғандай, ерік бәрінен де қауқарсыз; сөйтіп өзінің тіпті ең тағдырлы ақыл - парасаттық ағымдарын жағымды әрі еліктіргіш әлденеге айналдырудың әрқашан шебері болатын Франция, қазіргі кезде өзінің Еуропадағы мәдени басымдылығын скепсистің барлық қадір-қасиетінің нағыз мектебі мен көрмесі ретінде жайып салуда. Әлденені қалау, тап барлық еркіңмен қалау қабілеті Германияда енді сәл болсын күштірек, және де солтүстік Германияда орталық Германияға қарағанда күштірек, ол Англияда, Испанияда және Корсикада әлдеқайда күштірек, алдыңғыларында флегматикалық мінезге байланысты болса, соңғысында бас сүйектерінің қаттылығына орай, - нені қалағысы келетінін білуі үшін әлі тым жас Италияны айтпай-ақ қойғанның өзінде, себебі ол алдыменен әлі өзінің қалауға дәрменділігін дәлелдеуі тиіс; бірақ бул қабілет Еуропаның Азияға түрленуі бас алатын зор орта аралық мемлекет болып табылатын Ресейде ұлы да таңқаларлық күшке иеленеді. Онда ерік күші баяғыдан бері жиылып әрі жинақталып келеді, онда ерік, - және де терістеу еркі ме әлде құптау еркі ме белгісіз, - қазіргі физиктердің қолданатын сүйікті сөзімен айтсақ, босануын ашына тосуда. Еуропаның өз үлкен қаупінен босануы үшін тек үнділік соғыстар мен Азиядағы шиеленісулер ғана керек емес, жоқ бұл үшін ішкі төңкерістер, мемлекеттің ұсақ бөліктерге ыдырауы жэне ең алдымен парламенттік топастықтың кіргізілуі, буған әркімнің таңғы тамақ кезінде өз газетін оқуы міндетін қоса алғанда, қажет. Менің былай айтуым осылай болуын тілегендіктен емес: мен үшін жүрегіме жағымдысы қарама -қарсысы болар еді, - менің бул арадағы топшылағым келгені, Ресейдің күшін, Еуропаның дәл сондай дәрежеде алып күшке айналуға шешілуін мәжбүрлей алатындай болып күшеюі, яғни Еуропа оны билеп - төстеуші жана кастаның арқасында бірегей ерікке иеленуі тиіс, ал бул өзіндік еріктің ұзақ та күшті болуы оған мыңдаған жылдардың алдын алатындай мақсаттарды тағайындауға жол ашуында жатыр, - сөйтіп ақырында оның кішігірім мемлекеттерінің ұзын - сонар комедиясының, және де сонымен бірге оның династиялық әрі демократиялық көп еріктілігінің, аяқталуы үшін. Ұсақ саясаттың уақыты өтті; келер жүзжылдық өзімен бірге бүкіл жер шарына билік жүргізу үшін күресті ілестіріп келеді, - ұлы саясатқа деген итермелеу.
209
Біздер, еуропалықтар, аяқ басқан жана жаугер ғасырдың скепсистің басқа да күштірек түрінің дамуына қаншалықты қолайлы жағдай жасайтынын, мұны мен әзірше неміс тарихын сүюшілер, әрине, түсінетін притчада ғана білдіріп көрейін. Сұлу бойшаң гренадерлерді ұнатушы, оспадар энтузиаст, Пруссияның королі болған кезінде милитаристік әрі скептикалық данышпандықтың рухына жол ашқан, - ал сонысымен, мәнісінде, немістің дәл қазір жеңісті түрде дүркіреп есіп келе жатқан типіне бастау салған, — Ұлы Фридрихтің осы күмәнді де ақылынан адасқандау әкесінің өзі де бір пунктінде данышпанның бақытты тырнақтарына және ұстаған жерінен айрылмастай күшіне ие болған екен: ол сол кез- дері Германияда ненің жетіспейтінін жэне білімнің жетіспеуі мен дұрыс мінез - құлық жағындағы кемшіліктерге қарағанда қандай кемшіліктің жүз есе қорқыныштырақ және маңыздырақ екенін білді, - оның жас Фридрихқа деген жек көрушілігі терең инстинктілік негізі бар сезіктенуден туған болатын. Ер кісілер жетіспейтін және де ол өзінің зор өкінішіне орай, өз ұлының жеткілікті дәрежеде ер кісі екенін күдіктенетін еді. Ол мұнысында алданып қалды — бірақ оның орнында кім алданбас еді? Ол өз ұлының атеизмнің әсеріне, espіt - тің және тапқыр француздардың тәтті де көңілді өмірге салынушылығының әсеріне берілгенін көрді, — ол мұның арғы жағынан улы қанішерді, скепсистің өрмекшісін көрді, ол ізгілікке де, зұлымдыққа да қайсарлығы жетімсіз, жүректің емі жоқ нашарсоқтығынан, енді бұйрығы жүрмейтін және бұйыра да алмайтын, сағы сынған еріктен күдіктенді. Алайда, оның ұлында скепсистің қауіптірек те әрі қасаң да жаңа түрі - әкесінің жек көрушілігінің жэне жалғыздыққа ұрынған еріктің мұзды меланхолиясының қандай дәрежеде бұған оң септігін тигізгенін кім біледі? - Германияда ұлы Фридрихтің бейнесінде алғаш пайда болтан, әскери жэне жаугершілік данышпандыққа жақын туыс, батыл ержүректіктің скепсисі дамуда еді сол арада. Бул скепсис жек көреді әрі дегенмен де өзіне жақын тартады, ол бұзады әрі иеленеді; ол сенбейді, бірақ сонымен де саспайды; ол ақылға қауіпті еркіндік береді, бірақ жүректі қатаң ұстайды; бұл скепсистің немістік формасы, ал ол рухтың жоғары салаларына жалғастырылған және енген фридрицианизм түрінде Еуропаны ұзақ уақыт неміс рухының әсеріне және оның сын мен тарих облысындағы сенімсіздігіне бағынышты қылды. Ұлы неміс филологтары мен тарих сыншылар (ал олар, оларға деген дұрыс көзқарас тұрғысынан алғанда, еш алып тастаусыз түгелімен қирату мен жіктеу ісінде де артистер болатын) арқасында, музыка мен философиядағы барлық романтикаға қарамастан, бірте-бірте ержүрек скепсиске деген құштарлығы көзге ұрып тұратын аламандық рух туралы жаңа ұғым берік орнықты: мысалы, көзқарастың мойымайтындығы түрінде, жіктеуші қолдың батылдығы мен қатаңдығы түрінде, жаңалықтар ашу үшін қауіпті іс-шараларға деген, жазық та қауіпті аспаналар астымен Солтүстік полюске қарайғы батыл экспедицияларға деген қажымас ерік түрінде. Сөйтіп, ықтимал, кісіліктің жылымшы әрі жеңілтек жақтаушыларының тап осы рухтан бас сауғалауының салиқалы себептерінің болуы; Мишленің оны cet esprіt fatalіste, іronіque, mephіstophelіque43 деп атайтыны тегін емес. Егер де әлдекім Еуропаны «догматикалық қалғуынан» оятқан аламандық рухтан бұл қорқыныштың қаншалықты үлкен екенін сезінгісі келетін болса, онда ол бұл рух туралы жаңасының ығыстыруына тура келген бұрынғы ұғымды еске алсын, - ол ер адамға ұқсайтын бір әйелдің өзінің ауа жайылған тәкаппарлығымен ізгі жүректі, тыныш, еркі нашар және ақынжан пасықтар ретіндегі немістерге Еуропаның жан ашуына шақырғаны туралы уақыты көп оза қоймаған фактіні еске алсын. Ақырында Гётені көргендегі Наполеонның таңырқағанын дұрыстап түсініп алу керек: бұл таңырқау «аламандық рух» деп тұтас жүзжылдықтар бойы ненің топшыланып келгенін бірден айшықтайды. «Voіl oun homme!» - бұл мынаны білдіретін: «міне сенің ерің! Ал мен тек немісті ғана кездестіремін деп күткен едім!».
210
Сонымен, егер біз болашақтың философтарының бейнесіндегі әлдебір сызат сөздің жаңа ғана көрсетілген мағынасында оларды скептиктер болуы тиіс емес пе екенін дәл шешуге мүмкіндік береді деп жорамалдайтын болсақ, онда мұнымен, алайда, олардың өзі емес, -олардағы әлдене ғана анықталатын болады. Оларды бірдей құқықпен сыншылар деп атауға болады; және сірә, олар эксперименттердің жақтастары болуы да мүмкін. Оларға беріп үлгірген атаумен мен тәжірибе және тәжірибенің беретін қанағаттану сезімдік ерекше баса көрсеттім: бұл олардың жан-тәнімен сыншы ретінде сөздің жаңа, бәлкім кеңірек, бәлкім қауіптірек, мағынасындағы эксперименттерді қолдануды сүйетіні себепті болып отырған жоқ па екен? Олар танымға деген өз құмарлықтарында батыл да азапты тәжірибелері арқасында, демократиялық ғасырдың жұмсақ та нәзік талғамы рұқсат ете алатынынан асып түсуге тиіс емес пе? - Қалай дегенмен де: бұл келешек философтардың ең кемінде сыншыны скептиктен айырып тұратын байыпты әрі қанша да болмасын күмәнді сапаларсыз, - менің айтып отырғандарым бағалаудың дұрыстығы, әдістің бірлігін саналы қадағалау, әсірелік ер жүректілік, дербестік және өзі үшін жауап беруге деген қабілеттілік, - өмір сүрулеріне құқықтары болатын болады; иә, олар өздерінің терістеу мен бөлектеуден және белгілі дәрежедегі ой елегінен өткерілген, жүрегің қан жұтқанда да пышақты дұрыс та епті жұмсай алатын қатыгездіктен алатын қанағаттану сезімін мойындайды. Олар ізгі адамдардың қалағанынан гөрі қаталдау болады (және, мүмкін, әрқашан өздеріне қатынасында ғана емес), олар «ақиқатқа», «оларға ризалық берсін» деп немесе оларды «көтермелесін» және «рухтандырсын» деп, жалынып-жалбарынбайды: тегінде тап ақиқаттың сезімге мұндай жағымдылықтарды әкелетініне олардың сенімі соншама зор емес болар. Олар, бұл қатаң ақыл иелері, егер әлдекім оларға: «бұл ой мені көтермелейді: ол қалайша ақиқатты болмайды екен?» - деп. Немесе: «бұл шығарма мені таңдандырады: ол қалайша тамаша болмайды?» - деп. Немесе: «бұл суретші менің рухымды көтермелейді: ол қалайша ғана ұлы болмас екен?» - деп айтар болса, күлер еді, -және, бәлкім, осы дәрежедегі арманының, идеалистіктің, әйел ділінің, гермафродиттінің бәрі тек күлкі ғана емес, ал нағыз жиреніш туғызар еді оларда. Олардың жүректерінің құпия сырларына бойлай алған адамның, онда «христиандық сезімдерді» «антикалық талғаммен», ал одан да әрі «қазіргі парламентаризммен», келістіру ниетін таба қоюы неғайбыл. Болашақтың бул философтары өздерінен тек сынилық тәртіпті және рухани саланың тазалығы мен қатаңдығына апаратынның бәріне үйренуді ғана талап етіп қоймайды: олардьщ тіпті бұл қасиеттерді, оларға тән әшекейлер есебінде, көрмеге қойғандай қылып көрсетуге де құқығы болған болар еді, - сонда да олар әлі сыншылар деп аталудан бас тартар еді. Егер қазіргі кезде жиі кездесетіндей: «философияның өзі сын жэне сыни ғылым - одан артық ештеңе де емес!» деп, нұсқамалар айтылса, олар үшін бұл философияны әжептәуір кемсіту болар еді. Философияны бұлайша бағалау Франция мен Алманияның барлық позитивтерінің қолдауын тапса - дағы (бұл бағалау, өте мүмкін, тіпті Канттың да жүрегі мен талғамынан орын алған болар еді, оның басты шығармаларының атауларын еске алсаңыз болғаны -), біздің жаңа философтар бұған қарамастан былай дер еді: сыншылар философтың құралдары ғана және тап сондықтан, құралдар есебінде, олардың өздері әлі философ болудан тым алыс! Кёнигсбергтен шыққан ұлы қытайшы да ұлы сыншы ғана болған. —
211
Мен философия жұмыскерлері мен жалпы ғылым адамдарын философтармен шатастыруды ақыры тоқтату керек деп баса айтамын, - тап осында «әркімге өзінікі» қатаң түрде айқындалуы үшін және біріншілерінің үлесіне тым көп, ал соңғыларының үлесіне тым аз тимеуі үшін. Ақиқат философты тәрбиелеу үшін, мүмкін, оның өзі де оның қызметкерлері, философияның ғылыми жұмыскерлері қалатын және қалуға тиіс сатылардың бәрінде бір кездері тұруы қажет шығар; адами құндылықтардың және құндылықтарды әр текті сезінулердің бүкіл шеңберін өту үшін, жоғарыдан кез келген алысқа, тереңнен кез келген биікке, бұрыштан кез келген алқапқа әртүрлі кездермен және әртүрлі ар-ұятпен қарау мүмкіндігіне ие болу үшін, мүмкін, оның өзі де сыншы әрі скептик, әрі догматик, әрі тарихшы және оның үстіне, ақын әрі жинаушы, әрі саяхатшы, әрі жұмбақтарды шешуші, әрі моралист, әрі сәуегей, әрі «еркін ой- лаушы», әрі түгел дерлік бәрі де болуы тиіс шығар. Бірақ мұның бәрі оның міндетінің тек алғы шарттары ғана; міндеттің өзіне келетін болсақ, ол әлдене басқаны талап етеді, - міндет одан құндылықтарды жасауды талап етеді. Жоғарыда ескертілген философиялық жұмыскерлерге, Кант пен Гегельдің ізгі бастамасы бойынша бағалаулардың, яғни қазіргі кезде биікке ие және әлдебір уақыттан бері «ақиқаттар» деп аталатын құндылықтардың бұрындары айқындалуының, құндылықтардың, бағалаулардың жасалуының, - мұның қай салада, логикалық па, әлде саяси (моральдық) ма, әлде көркемдік пе, болатынның бәрі бір, - өмірде бар зор кұрамын берік айқындап, формулаларға сығылыстыру керек. Бұл зерттеушілердің міндетіне болғандардың және бағаланғандардың бәрін анық ету, талқылауға қол жететіндей ету, түсінуге, қолдануға ыңғайлы ету, ұзын - салқардың бәрін, тіпті «уақыттың» өзін, қысқарту, және барлық болып өткенді мендеу жатады: бұл зор әрі жоғары дәрежелі таңқаларлық міндет, және де бұған қызмет ету кез келген нәзік тәкаппарлықты, кез келген қажырлы ерікті қанағаттандыра алады. Нағыз философтар, бул бұйрық берушілер мен заң шығарушылар, олар: «солай болуы тиіс!» дейді, олар ғой адамның «қайдасы?» және «не үшінін?» анықтайды және сонымен барлық философиялық жұмыскерлердің, өткеннің жеңімпаздарының бәрінің дайындық жұмысына бас-көз болады, - олар шығармашылық қолын болашаққа созғылайды, сөйтіп бардың және болғанның бәрі де мұндайда олар үшін керек-жараққа, құралға, балғаға айналады. Олардың «танымалауы» бұл жасампаздық, олардың жасампаздығы бұл заң шығарушылық, олардың ақиқатқа деген еркі бұл билікке деген ерік. — Қазіргі кезде мұндай философтар бар ма екен? Мұндай философтар болып па екен? Мұндай философтар болуға тиіс емес пе екен?...
212
Маған әрі барған сайын ертеңгі және одан арғы күннің қажетті адамы ретіндегі философ барлық уақыттарда да өзінің «бүгінімен» ымыраға келе алмаған болып және ымыраға келе алмауы тиіс болып көрінеді де тұрады: бүгінгі идеал әрқашан оның жауы болған. Бұған дейін философтар деп аталатын жэне өздерін даналықтың әуесқойларынан гөрі тезірегінде жағымсыз ақылынан адасқандар және қауіпті сұрақ белгілері ретінде сезініп келген адамзаттың бұл әйгілі бастампаздары өз міндетін, өзінің қасаң, алдын-ала пиғылына кірмеген, мойымас міндетін, ал түптің-түбінде оның ұлылығын да, өз уақытының зұлым ар-ұяты болуда деп тапқан. Вивисекторларға* ұқсап, өздеріне замандас ізгіліктердің кеудесіне пышақ тақап, олар өздерінің құпия сырларын жайып салған: адамның жаңа ұлылығын, оны ұлықтаудың әлі танымал емес жолын білуге деген ықылас. Әрбір рет олар қазіргі адамгершіліктің ең құрметті типінің ар жағында қаншама қулық-сұмдықтың, жалқаулықтың, сабырсыздықтың жэне арсыздықтың, қаншама жалғандықтың жасырынып жатқанын, қаншама ізгіліктердің өз ғасырын тамамдағанын ашатын; әрбір рет олар: «қазіргі кезде сендер өздеріңді үйдегідей сезіне алмайтын жаққа баруға тиіспіз біз», -дейтін. Әркім де әлдебір бұрышқа, әлдебір «мамандыққа» қуып тыға алатын «қазіргі идеялар» дүниесін еске ала отырып, философ, егер де қазір философтар бола алатын болса, адамньщ ұлылығын, «ұлылық» ұғымын тап оның кеңістігіне және жан-жақтылығына, оньщ көп түрліліктегі тұтастығына қатынастыруға мәжбүр болған болар еді: ол тіпті адамның құндылығы мен дәрежесін оның нені өзіне жүктеп, алып жүре алатынының саны мен әр түрлілігінің қаншалықты зор екеніне орай, оның жауапкершілігінің қаншама алысқа бара алатынын,- анықтар еді. Қазіргі талғам мен ізгілік ерікті әлсіретеді әрі сұйылтады; еріктің әлсіздігіндей ештеңе де уақытқа соншалықты дәрежеде сайма-сай келмес: демек философтың идеалында «ұлылық» ұғымының құрамына тап осы ерік күші, сұстылық және ұзақ уақытқа созылатын байламдылыққа деген қабілет кіруі тиіс; дәл сол негіздемеде, кері ілім және жасқаншақ, жан қиярлық, именшек, пайдакүнемсіз кісілігін идеалы ретінде характері бойынша қарама-қарсы ғасырға, он алтыншы жүзжылдыққа ұқсап, еріктің шығыршық атқан энергиясынан, эгоизмнің қату ағыны мен долы толқындарынан қасірет шеккен ғасырға көз тасталатын. Сократтың кездерінде бас - басына инстинкттің шаршауы жұққан адамдардың арасында, консервативті кәрі афиняндар арасында, ал олар оз сезімдеріне,- олардың айтуынша, «бақытқа бола», іс жүзінде рақатқа бату үшін, - ерік берген және олар бұрынғы тап-тамаша сөздерді, өмір оларға бұған баяғыда-ақ құқық бермесе де, әлі де болса тастамаған, - сол кез- дерде жанның ұлылығы үшін, мүмкін, ирония,яғни өз денесіне де «әйгілілердің» жүрегі мен денесіне де, сияқты, аямай қадалатын, — «менің алдымда қылымсымаңдаршы! мұнда - біз теңбіз! - деп анық-ақ айтатын көздің қарашығындай қадалатын, — кәрі дәрігер әрі плебейдің сократтық зұлым сенімділігі керек болған болар. Керісінше, қазіргі Еуропада жалғыз табынды жануар ғана құрметке бөленетін және қошеметтерді тарататын, «құқықтар тендігі» оп-оңай құқықсыздықтағы тендікпен яғни сиректік, өкімділік, артықшылықтар дегеннің бәріне, жоғары адамға, жоғары жанға, жоғары міндеттемеге, жоғары жауапкершілікке, күш пен өкімділіктің шығармашылықтық молшылығына деген жалпы дұшпандық қатынаспен алмаса қалатын қазіргі кезде,-«ұлылық» ұғымының кұрамына осы қазіргі кезде әйгілілікке, өзі үшін өмір сүруді тілеу, былайғылардан айрықша болу қабілеті, дербестік, өз қорқынышы мен тәуекелге бел байлап өмір сүру қажеттілігі кіреді; сөйтіп философ, егер «кімде - кім ең жалғыз, ең жасырын, басқалардың бәріне де ең ұқсамайтын бола алса, сол ең улы болмак, - ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында тұрған, өз ізгіліктерінің қожайыны, еріктің зор қорына ие адам; ұлылық деп міне не аталуы тиіс: бірегейлігің қандайлық болса, сондай жан - жақтылық пен, толықтығың қандай болса, сондай кеңдігіңмен айрықшалану қабілеті деген ережені ұстанса, ол өзіндік идеалынан әлденені білдіртіп алады. Бірақ тағы да сұрайын: ұлылық қазіргі кезде мүмкін бе?
213
Философтың не екенін түсінуге үйренудің қиындығы, бұған үйретуге болмайтындығында: мұны тәжірибеден «білу» керек - немее мұны білмеуге деген тәкәппарлық керек. Алайда біздікі күндерімізде бәрі де ешқандай тәжірибеде кездестіре алмайтын туралы айтып бағады, ал бұл басты түрде және ең жаман түрде философтарға және философияның жай-күйлеріне әсерін тигізеді: оларды білетіндердің, оларды білуге құқығы барлардың саны өте аз, ал олар туралы көпшілікке таралған пікірлердің барлығы да жалған. Ал, мысалы, presto* құйқылжыған батыл да дүлей данышпандық пен бір де жалған қадам баспайтын диалектикалық қаталдық пен қажеттіліктің шынайы философиялық бірлігі ойшылдар мен ғалымдарға олардың көбісінің өзіндік тәжірибесі бойынша белгісіз, сондықтан да егер әлдекім олармен бұл туралы сөйлесе қалатын болса, ол ықтимал емес болып көрінеді. Олар өздеріне кез-келген қажеттілікті мұқтаждық түрінде, азапты бағыну мен мәжбүрлеу түрінде елестетеді, ойлаудың өзін де олар баяу, шаршатқыш әлдене деп, ауыр еңбекке татырлық деп, және де көбіне «ізгілікті адамдардьщ тер төгуіне лайықты» еңбек деп есептейді, — ал мүлде жеңіл, құдай және биге, әдемі қимылға жақын туыс әлдене деп емес! «Ойлау» және іске «байыпты қатынасу», «еңбектеніп барын түсіну» - бұл заттар олар үшін жалпы байланысқа ие: тек осы түрінде ғана олар бұл құбылысты «бастан кешіріскен». — Суретшілерде бұл жағдаятта нәзігірек сезім орын тебеді: олар енді ештеңені де «бас-көзсіз» жасамай, ал бәрін де қажеттілік бойынша жасайтын болған кезде, олардың еркіндікті, нәзіктікті, толыққанды билікті, шығармашылық композицияны тәртіпті бейнелеуге енуді сезінуі өз шыңына жететіні, - бір сөзбен айтқанда, сол кезде оларда қажеттілік пен «ерік бостандығы» бір нәрсені құрайды. Ақырында, мәселелер градациясы оларға сәйкес келетін жани күйлердің гардациясы өмір сүреді; өз рухани күштерінің қуаты мен ұлылығы бойынша оларды шешуге арнайыланған болмастан оларға жақындауға батылы барғандардың қай-қайсысын да жоғарғы мәселелер еш қайырымсыз итеріп тастайды. Қазіргі кезде мұның жиі орын алатынындай, епті білгіштердің немесе епсіз айбынды механиктер мен эмпириктердің оларға өз плебейлік намысқа тырысқандығымен жақындауынан, сөйтіп бұл «қасиеттілердің қасиеттісіне» бұзып-жармақ болып екпіндеуінен қандай пайда! Мұндай кілемдерді дөрекі аяқтардың басып жүруі ешқашан болмақ емес: бул заттардың бастапқы заңында - ақ әлден жазылып қойылған; бұл маза берместер үшін есіктер тас жабық қала бермек, олар тіпті бастарымен есікті соққылап, бастарын быт-шыт қылып езіп - жарып алатын болса да! Кез келген жоғары қауымға кіру үшін сондай болып туылуың керек; анығырақ айтқанда, сол үшін әке-шешеден жасалу керек: философияға деген кұқыққа, - егер бұл сөзді кең мағынада алатын болсаң, — тек өз шығу тегіңнің арқасында ғана иелене аласың: ата-бабаң, «қан» мұнда да шешуші мәнге ие. Философтың пайда болуы үшін көптеген ұрпақтар алдын-ала жұмыс істеуі тиіс: оның ізгіліктерінің әрбірі қабыл алынуы,тәрбиеленуі, тектен - текке ауысуы және оған әрқайсысы өз бетімен қонуы тиіс, - және де бұған тек оның ойларының ба- тыл, жеңіл әрі жатық ағымы ғана жатпайды, бірақ ең алдымен зор жауапкершілікке деген дайындық, көз тастаудың патшалық ұлылығы, өзінің жұртшылықтан, оның міндеттемелері мен ізгіліктерінен алшақтығын сезіну, жұрттың түсінбейтінін әрі жала жабатынын - ол құдай болсын, ол сайтан болсын, - қайырымдылықпен сақтау және қорғау, улы әділдікке деген бейімділік және әдет, әмір ету өнері, ерік кендігі, сирек таңырқайтын, өзінің көз шалымын аспанға сирек қадайтын, сирек сүйетін байыпты көз...
ЖЕТІНШІ БӨЛІМ
Біздің ізгіліктеріміз
214
Біздің ізгіліктеріміз? - Бізде де әлі өзімізге тән ізгіліктердің болуы өте ықтимал, бірақ, біздің өз аталарымызды, оларды өзімізден сәл алшақтата отырып, сол үшін құрмет тұтатын баяғы таза жүректік және ебедейсіздеу ізгіліктер емес, әрине. Біздер, бүрсікүнгі күннің еуропалықтары, біздер, жиырмасыншы ғасырдың тұңғыштары, - біздің барлық қауіпті әуестігімізге, біздің жан-жақтылығымыз бен қайта киіне қоюға деген өнерімізге, ақылымыз бен сезімдеріміздің қауқары кеткен және тәттілендірілгенсымақ қатаңдығына қарамастан, ізгіліктер бізде болатын болса, біздің еншімізге, ықтимал, ең біздің жүрегімізге жақындары әрі ең құпия бейімділіктерімізбен, біздің ең қайнаған мұқтаждықтарымызбен тамаша үйлесімді бола алатындары ғана тиер еді. Ал онда! Оларды біздің лабиринттарымыздан, ал онда соншама көп нәрсенің жоғалатыны, зым-зия жоқ болып кететіні белгілі ғой, іздеп көрейік. Өзіңнің өзіндік ізгіліктеріңді іздеуден тамашарақ әлдене бар ма екен? Ал бұл дегеніңіз өзіндік ізгіліктерге сену дерлікті білдірмей ме? Ал бұл «өз ізгілігіңе деген сенім» - бұрындары «таза ар-ождан» деп аталғанның өзі емес пе, біздің аталарымыз өз желкелеріне, ал жиірегінде өз ақылдарына да іліп алатын ұғымдардың сол бір ыждағатты да ұзын сонар бұрымы емес пе екен? Сондықтан болар, біз өзімізді ескі модадан және аталарымыздың салиқалылығынан қаншама да алыспыз деп санағанымызбен, бір ноқатта біз дегенменен өз аталарымыздың оларға лайықты немерелері болып табылатын сияқтымыз, біз, таза ар-ожданды соңғы еуропалықтар: сөйтіп біз әлі олардың бұрымын тағып жүрміз. - Ах, егерде сіздер білсеңіздер, бәрі де басқаша болатын уақыттың қандай алыс еместігін, қандай жақын екендігін!
215
Жұлдызды дүниеде кейде бір планетаның жолын анықтайтын екі күннің болатыны сияқты, бір планетаны кей кездері түрлі - түсті күндердің, біресе оны қызылға, біресе жасылға бояп, жарықтандыратыны, ал одан соң бір уақытта жарықтандырғанда оны қайтадан түрлі-түстіге бояйтыны сияқты, біздер де, жаңа уақыт адамдары, біздің «жұлдызды аспанымыздың» күрделі механикасы арқасында дәл солай әр түрлі моральдермен анықталамыз; біздің қылықтарымыз кезекпен - кезек әртүрлі түстерге боялады, олар сирек бір мәнділікке ие болады, - сөйтіп біздің түрлі-түсті қылықтар көрсететін жағдаяттарымыз да кем емес.
216
Өз жауларыңды сүю ме? Адамдар бұған тәп-тәуір үйренген деп ойлаймын мен: қазірде бұл кішкенеде де, ұлы істе де мың - мыңнан орын алып жатады; кейде тіпті көтеріңкірек және тамашарақ әлдене де болып жатады, - біз жақсы көріп тұрған кезімізде және де тап бәрінен де күштірек жақсы көрген кезімізде жек көруге үйренеміз: бірақ мұның бәрін біз бейсаналықты түрде, айқай-шусыз және салтанаттылықсыз, мейірімділіктің салтанатты сөздер мен ізгіліктің формаларын айтуға тиым салатын сол бір ұялшақтығы мен жасырындылығы түрінде жасаймыз. Қазірде бізге мораль өз кейпіміз ретінде ұнамайды. Біздің әкелеріміздің прогресі оларға өз кейпі ретінде діннің ұнамағаны, егер де бұған дінге қатынасындағы вольтерлік уыт пен дұшпандықты да (еркін ойлаушылардың сол кездері мақтан қылғандарының бәрін де) қосып алғанда, болатыны сияқты, бұл да прогреске жатады. Бұл біздің ар - намысымыздағы музыка, біздің ақылымыздағы би, ал бұлармен пуритандардың барлық уайымы, барлық моральдық уағыз бен көлгірсу гармонияда болғысы келмейді.
217
Өздерінің моральдық әдебіне және моральдық таным - тынысының нәзіктігіне сенімді жоғары бағалайтын адамдармен сақтану керек: егер де олар біздің алдымызда (немесе біздерде) қателесе қалатын болса, олар ешқашан оны бізге кешірмейді, - олар, тіпті әлі біздің «достарымыз» болып қалса дағы, қажетті түрде біздің инстинктивті жала жабушыларымыз әрі жәбірлеушілеріміз болып алады. Ұмытшақтар ізгі, өйткені олар өз ақымақтықтарының да «басына су құяды».
218
Францияның психологтары — ал қазір психологтар тағы қайда бар екен? - оларға batіse bourgeoіse44 әкелетін ащы да неше түрлі жан рахатын әлі де тауыса алған жоқ, әлденеге меңзегендей - бір сөзбен, олар мұнысымен бірдеңені тындыратындай. Мысалы, Флобер, бұл айбынды Руандық буржуа, түптің түбінде басқа ештеңені де көрмеген, естімеген және байқамаған да: бұл оған тән өзді - өзінен азаптанудың әрі нәзіктенген қатыгездіктің түрі болатын. Енді әртүрлілік үшін - себебі бұл іш пыстырып барады - шаттану үшін басқа нәрсені ұсынамын: барлық жаны мейірімді, топастау, шыншыл орташа адамдардың жоғары ақыл иелері мен олардың міндеттеріне қатынасын білдіретін сол бір бейсаналы айлакерлікті, сол бір нәзік те бұраланған иезуиттік айлакерлікті, ал бұл айлакерлік осы орта сословиенің оның ең жақсы деген уақытындағы ақылы мен талғамынан мыңдаған есе нәзіктеу - және тінті олардың құрбандықтарының ақылынан да нәзіктеу: бұл интеллигенттіктің барлық бұған дейін ашылған түрлерінің ішінде «инстинкттің» ең интеллигентті екенінің тағы да бір дәлелі бола алады. Бір сөзбен, сіздер, психологтар, «ерекшелікпен» күресіндегі «ереже» философиясын зерделеңіздерші - бұл сіздер үшін құдайларға және құдай ашу-ызаға лайық көрініс болады! Немесе, бұдан да анығырақ айтар болсақ: «мейірбан адамның» үстінен, «homo bonal voluntatіs»45 үстінен... өзіңіздің үстіңізден вивисекция жасаңыз!
219
Моральдық пайымдау мен айыптау - бұл ақылы шекті адамдардьщ ақылы кеңірек адамдарға деген сүйікті өш алуы, бұл белгілі мағынасында табиғаттың оларды кешін қылып жаратуының орнын толтыру, бұл, ақырында, ақылдырақ және нәзіктірек болуға деген жағдаят: ыза ақылды дамытады. Оларға ақылға бай және ақылы асқан адамдармен теңдестіретін ауқымның бар болғаны іштей өте ұнамды, — олар «Құдай алдындағы жалпы теңдік» үшін күреседі, сөйтіп осы үшін - ақ оларға Құдайға сену керек. Олардың арасында атеизмнің мықты қарсыластары кездеседі. Егер де оларға әлдебіреу «ақылы жоғары дамығандық таза моральды адамның адалдығы мен құдіреттілігінен қалай да болмасын салыстырудан озық тұрады» деп айтса, онда оларды ашу-ыза кернер еді: менің мұны істеуге батылым бармайды. Керісінше, ақылдың жоғары дамығандығының өзі моральдық сапалардың соңғы тумасы ғана деп айтып, мен оларға жағымсып қоюға бейіммін; ақылдың жоғары дамуы «таза моральды» адамдарға қатысты деп саналатын сол барлық күйлердің, - оларды бір-бірлеп, ұзақ тәртіп пен жаттығу арқылы, мүмкін, ұрпақтардың тұтас тізбесі бойында, жиыстырып алғаннан соңғы, - синтезі деп; ақылдың жоғары дамуы дүниеде езін - тек адамдардың арасында ғана емес, тіпті заттар арасында да, - дәрежелер туралы кестені сақтауға жаралған деп сезінетін әділдік пен жылы жүзді қатаңдықтың рухтануы деп айтар едім мен тағы.
220
Қазіргі «пайдакүнемсіздікке» деген соншама кең тараған мақтауға орай, мүмкін, кейбір қауіп болса дағы, халықтың пайдакүнемдік деп нені танитынын жэне жалпы қатардағы адамның, соның ішінде білімді адамдардың да, тіпті ғалымдардың жэне егер қателеспесем, әлбетте, философтардың да, не жөнінде ең көп қамығатынын өзіңе түсіндіріп алуың керек. Мұнда мынандай дерек ашылады: нәзігірек жэне талғамды, биік рухты тұлғаларды қызықтыратын және өзіне тартатын заттардың зор көпшілігі орташа адамға мүлде «қызықты емес» болып көрінеді екен, - егер де, осыған қарамастан, ол бұл заттарға деген оң сыңайды байқаса, онда ол оны «desіntpresse» деп атап, пайдакүнемсіздік әрекеттің мүмкін екендігіне таңырқайтын болады. Бұл халықтың таңырқауға, «пайдакүнемсіз» қылықтың өте тіпті де қызық «пайдакүнемді» қылық екендігі туралы жалаң әрі жоғары дәрежеде қарапайым ақиқатты ашудың орнына, былай деп жори отырып, әдеміше, мистикалық - аспан аралық тұжырым бере алған философтар болған (олардың тәжірибеден биік рухты тұлғаларды біле алмағандығы себебінен болар, мүмкін?). «Ал махаббат ше?» - Қалай? - тіпті әлдекімге деген махаббаттан туған қылық та «эгоистік емес» пе? Ах сендер, ақымақсымақтар - ай! «Ал құрбандық берушіге деген мадақ ше?» - Бірақ шыныменен құрбандық жасаған адам бұл үшін нені алғысы келгенін және алғанын, - мүмкін, өзді өзінен өзінің әлденесі үшін, - біледі, сонау жақта зорырағын алу үшін ол мына жақта бергенін, мүмкін, жалпы зорырақ болу үшін немесе өзін «зорырақ» сезінуі үшін бергенін біледі. Бірақ бұл сұрақтар мен жауаптардың тұтас бір саласы, ал бұл салаға еркелеу ақылдың соншама бара қойғысы келмейді: мұнда ақиқат, егер де оған жауап беруге тура келетін болса, есінеуін басу үшін бар күшін жұмсауы тиіс. Бірақ түптің түбінде ол әйел ғой - оған куш қолданудың керегі жоқ.
221
Кейде, дейді моральдің бір педанты әрі ұсақ сатушысы, пайдакүнемсіз адамды менің сыйлайтын және басқалардан айыра алатын кездерім болады: бірақ ол пайдакүнемсіз болғандықтан емес, ал, менің көзқарасым бойынша, өзіне зиянды болғанымен басқа адамға пайда әкелуге оның құқығы барлығы себепті. Бір сөзбен, сұрақ әрқашан мынада: біріншісі не екен және екіншісі - не? Мысалы, бұйыруға арналған және жасалған адамдағы өздігінен бас тарту мен байыпты шегіншектеу ізгілік болмас еді, қайта ізгіліктің орынсыз жұмсалуы болар еді - маған солай болып көрінеді. Өзін шартсызбын деп есептеп, барлық адамдарға сөз тастайтын кез келген эгоистік емес мораль тек талғамға қарсы күнәлі болып қана қоймайды: ол өз борышын орындамау күнәсына деген арандатушылық болып табылады, ол адамды сүю бетпердесін бүркенген басы артық еліктіру - және де атап айтқанда жоғары, сирек, асыл адамдар үшін еліктіру және залал болады. Моральдарды ең алдымен дәрежелер туралы кесте алдында бас июге көндіру керек, «біреу үшін әділ нәрсе, басқа үшін де әділ болмақ» деп айтудың адамгершілікке жатпайтыны туралы олар ақырында өзара келіскенін ше, олардың менмендігін санасына тықпалап иландыру керек. -Сонымен, менің моральдық педантым және bonhomme моральдарды міне осылай адамгершілікке шақырғанда, оны күлкіге жығуыма шыныменен лайық болғаны ма? Бірақ, егер өз жағыңда күлушілер болсын десең, тым дұрыс болудың керегі жоқ; тіпті дұрыс еместіктің бір шөкімінің болуы талғамның жақсылығының белгісі болып табылады.
222
Қазіргі кезде қайғыға ортақтасу уағыздалатын жерде, - ал, шынын айтқанда, ешқандай да өзге дін енді уағыздалмайды да, - психолог кулагын түре қалсын: бұл уағызшыларға (уағызшылардың қай – қайсысына да сияқты) тән бүкіл менменділік пен барлық айғай -шудың ар жағынан ол өзінен-өзі түңілудің қарлыққан, өлімсіреген шынайы ыңырсуын естиді. Бұл өзінен-өзі түңілу Еуропаның тұтас жүз жылдық бойы өсіп келе жатқан түнеруі және бұзылуымен байланысты (оның алғаш көріністері Галманидің т - те д'Эпинаға жазған ойға бөктіретін бір хатында - ақ шынайы түрде суреттелген болатын) болып келеді, - егер тек ол оның себебі болып табылатын болмаса! «Қазіргі идеялар» адамның, бұл өркөкірек маймылдың, өзіне тым көңілі тоймайтыны рас -бұл даусыз. Ол қайғырады, ал оның менмендігі оның тек «қайғыға ортақтасқанын» ғана қалайды...
223
Еуропалық метис - жалпы алғанда түрі әжептәуір нашар плебей - костюмге міндетті түрде мұқтаж келеді: тарих оған костюмдерге толған қойма ретінде керек. Әрине, олардың бір де біреуі оған шақ емес екенін ол байқайды да, - сөйтіп міне оларды бірінен кейін бірін ол ауыстырады. Он тоғызыншы ғасырға кез тастасаңыз да, әртүрлі стильдегі масштабтарға деген құмарлықтардың бұл тез ауысуына, және де бізге «ештеңенің де жараспайтыны» туғызатын қиналыс шағына көңіл аударыңыз. - Романтикалық, немесе классикалық, немесе христиандық, немесе флорентийлік стильде, немесе барокко стилінде, немесе «ұлттық», іn morіbus et artіbus, стилде киініп көру бәрі де бекер: мұның бәрі бізге «жараспайды»! Бірақ, «рух», әсіресе «тарихи рух», бұл қиналыстан да өз пайдасын көрмек болады: соның арқасында әрдайым көне мен шетелдіден әлдене дәмге тартылады, ақтарылады, былай қойылады, бүктетіледі, ең алдымен зерделінеді, - біздің ғасырымыз «костюмдерді», - менің айтайын дегенім: моральдарды, наным-сенімдерді, көркемдік талғамдар мен діндерді, - зерделеуге кемінде алдына жан салмайды; біздің ғасыр үлкен стиль карнавалына, рухани - масленицалық* күлкі мен ойын-сауыққа, жоғарғы топастықпен дүниені аристофондық мазақтаудың трансцендентальдық биігіне дайын және басқа ешқандай да уақыт бұл жағынан оған шақ келмейді. Мүмкін, тап осыдан біз өнертабыстарымыз үшін аймақ ашармыз, бұл аймақта біз де әлі оригиналдық танытатындай болармыз, мысалы, бүкіләлемдік тарихтың породистері және Құдай әзілқойлары ретінде - мүмкін, егер де қазіргі ештеңеміздің де болашағы болмағанымен, дегенменен тап біздің күлкіміз әлі оған ие! Тарихи сезім (немесе осы халық, қоғам, адам өз өмірінде басшылыққа алған бағалардың дәрежелік тәртібін тез арада шешуге деген қабілет, осы бағалардың қатынастарын, құндылықтар абройының әрекеттенуші күштер абройына қатынастарын байқағыш «сәуегейлік инстинкт») - біздер, еуропалықтар, ерекшелігіміз ретінде өзімізге жатқызғымыз келетін бұл тарихи сезім, бізге сословиелер мен нәсілдердің демократиялық сапырылысуы арқылы Еуропа белшесінен батқан оның латынша сезімі ретінде жартылай тағылықпен бірге келді, - он тоғызыншы жүзжылдыққа ғана белгілі бұл сезім. Осы сапырылыс арқылы біздің «қазіргі заманғы жандарымызға» өмірдің барлық формалары мен бейнелерінің өткені, бұрындары бір бірімен тығыз жанасқан, бірімен бірі қат-қабат араласқан мәдениеттердің өткені құйылысады; біздің инстинкттеріміз енді барлық бағыттар бойынша кері ұмтылады, сөйтіп біздің өздеріміз де хаосқа ұқсас әлденеге айналамыз - түптің түбінде, айтылып кеткендей, «рух» бұдан өз пайдасын көреді. Біздің тәніміз бен аңсарларымыздың жартылай тағылықтығы арқасында бізге барлығына құпия есік ашық, ал аристократизм ғасырында бұл болмаған еді, және де ең алдымен аяқталмаған мәдениеттер лабиринттеріне және жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген әрбір жартылай тағылыққа ашық; ал адамзат мәдениетінің ең мәнді бөлігі бұған дейін тап осы жартылай тағылық болғандықтан, «тарихи сезім» барлығына деген сезім мен инстинктті дерлік, барлығына деген татымды дерлік білдіреді, - мұнысыменен ол өзін бірден аристократиялық емес сезім ретінде көрсетеді. Біз, мысалы, Гомермен қайтадан рақаттанамыз: Гомермен рахаттана алатынымыз бұл, тегі, біздің бақытты артықшылығымыз болар, ал оны аристократиялық мәдениет адамдары дәл соншама жеңіл игере алмайды және игере алмаған да (мысалы, Сент - Эвремон сияқты он жетінші жүзжылдықтың француздары, ол оны espіt vaste46 үшін сөгеді, және де тіпті олардың жаңғырығы - Вольтер), - олар онымен рахаттануға өздеріне рұқсат ете қоймаған. Олардың талғамының тым ашық Иәсі мен Жоғы, басқа елдіктің бәріне деген жеңіл қозатын жиіркеніш, баяу енжарлық, тіпті жанды әуестікте де жасырынғандай көрінетін талғамсыздықтан ат- тонын ала қашу, сөйтіп жалпы кез келген аристократтық және өзіне -өзі мәз мәдениеттің өзіндегі жаңа аңсарларды мойындағысы келмейтіні, өзінікіне қанағаттанбаушылық, басқанікіне таңырқау - осының бәрі оларды тіпті дүниедегі ең жақсы деген заттарға, егер олардың меншігіне жатпайтын не олардың олжасына айнала алмайтын болса, қайырымсыздықпен қарауға күйлейді, - сөйтіп мұндай адамдар үшін бағынышты плебейлік әуестік тән тап осы тарихи сезімнен өзге ешбір сезім бұдан да түсініксіздеу бола алмайды. Эсхилдің бас кеңесшісі болып табылатын Афинаның көне тұрғынын күлкіден сілесін қатыратын не ашуын шақыртатын. Шекспирмен де, талғамның бұл тамаша испандық – мавритандық - саксондық синтезімен, істің жай-күйі басқаша емес, - ал біз болсақ, керісінше, бұл тағы ала-құлалықты, ең нәзіктің, ең дөрекінің және ең жасандының бұл қоспасын құпия достық сезіммен және жүрек жылулығымен қабылдаймыз, біз онымен өнердің әдейімен бізге сақтаған қаракеттері ретінде қабылдап рахатқа батамыз, және де бізді Неополдағы Chіajaque кедей-кепшіктер кварталдарынан есіп тұрған сасықтыққа қарамастан таңырқап өтетініміз сияқты, Шекспирдің өнері мен талғамына көрші түратын кедей - кепшіктердің жақындығы мен сасық иістері де соншама аз мазалайды. Біздің, «тарихи сезім» адамдарының, сөзсіз, қандай да болмасын өз ізгіліктеріміздің бар екені рас, - біз ұрыншақ емеспіз, риясызбыз, кішіпейілміз, батылмыз, өзді - өзімізден асып түсуге, жанқиярлыққа даярмыз, өте алғысшылмыз, өте шыдамдымыз, өте инабаттымыз, - сонымен бірге біз мүмкін, үлкен талғамға ие де емес шығармыз. Түптің-түбінде өзді - өзіміз мойындайықшы: бізге, «тарихи сезім» адамдарына, түсінуге, сезінуге, дәмін татуға, жақсы көруге бәрінен де қиынға түсетіні, шындығында да біздің сенімсіздікпен және қастықпен дерлік қарайтынымыз әрбір мәдениет пен өнердегі әбден піскен мен жетілген нәрселер, адамдар мен туындылардағы ең таңдаулылар, күйзелуі емес: бұл әлеуметтік «нәубеттерге», «қоғамға» және бізді айнала аяқ асты болып жатқан оның аурулары мен аш-жалаңаштарына, туғанынан кемитіндері мен өмірі өксігендеріне деген жан күйзелісі емес; бұл тіпті де «еркіндік» деген атпен билікке ұмтылатын қанағатсыз, езгі, бүлікшіл құлдарға деген жан күйзелісі емес. Біздің жан күйзелісіміз жоғарырақ және алыста аңғаратын күйзеліс: біз адамньщ қалайша еленбейтінін, сіздердің оны қалайша елемейтіндеріңізді көреміз! - кей кездері біз тап сіздердің жан күйзелістеріңізден өзіміз қорғаймыз, - бұл кездері біз сіздердің байсалды қалыптарыңызды кез келген жеңілтектікпен қауіптірек деп табамыз. Сіздердің, тегі, -бұдан асқан ессіз «тегі» бола қоймас — күйзелісті жоқ қылғыларыңыз келеді; ал біздер ше? - біздер, байқауымызша, оның одан да жоғары және бұрынғыдан да жаман болуын қалаймыз! Сіздердің түсініктеріңіздегі жайбарақаттық - бул мақсат емес, біздіңше бұл істің ақыры! Адамды сол сәтте-ақ келекелі әрі жек көрінішті қылатын күй, оның құрып кетуін тілеуге мәжбүрлейтін күй! Күйзеле білуді, ұлы күйзелісті тәрбиелеу, - тек осы тәрбиелеу ғана бұған дейін адамды көтермелеп келгенін сіздер білмейтін бе едіңіздер? Жанның оны беріктендіретін бақытсыздық кезіндегі кернелуі, зор күйреу көрінісі кезіндегі оның буырқануы, бақытсыздықты бастан кешкен кезіндегі оның тапқырлығы мен батылдығы, оған тереңдікті, құпиялықты, тұлғалықты, ақылды, айланы, ұлылықты сыйлағанның бәрі де, - бұл оған күйзеліс жамылғысы астында, ұлы күйзелісті тәрбиелеу түрінде сыйланған жоқ па еді? Адамда жасамық пен жасампаз бірге қосылған: адамда материал, әлдененің сынығы, балшық, кір, мағынасыздық, хаос бар; бірақ адамда жасампаз, мүсінші, балғаның қатқылдығы, құдай көрермен және жетінші күн де бар — бұл қайшылықты аз дер олардың тымық теңіздік және халкионистік өзімен-өзі ризалық сәті, барлық жетілген заттарға тән олардың алтыны мен салқыны болып табылады. Мүмкін, біздің тарихи сезім атаулы улы ізгілігіміз жақсы немесе, әсіре өлшеммен алғанда, ең тәуір талғамға қажетті контраст болып табылар, ал біз жоғары бақыт пен адам өмірі кейде онда, не мұнда жарқ-жұрқ ете қалатын қысқа сәттерін, улы күштің өлшемсіз бен шекарасыз алдында өз еркімен тоқтауының кереметтей сәттерін, - сол сәтте-ақ асауға тұсау салу мен тастай қата қалу, тоқтай қалу мен әлі де тербелмелі топырақта мығым тұра қалу тудыратын нәзік рахаттың аста-төк сезінген кездерін, - өзімізде әлсіз дәрежеде ғана, қиналу әрі мәжбүрлеумен ғана қайта жаңғырта аламыз. Өлшем бізге жат, мұны мойындайықшы; бізді шексізді өлшемсіздің тап өзі ғана қытықтайды. Ауыздығымен алысқан атқа мініп шауып келе жатқан адамға ұқсап, біздер, қазіргі заман адамдары, біздер, шала тағылар, біздер шексіздің алдында шылбырды лақтырып тастаймыз, - сөйтіп ең үлкен қауіп төнетін тұста ғана біз өз рахатымызды табамыз.
225
Гедонизм де, пессимизм де, утилитаризм де, евдемонизм де - заттардың бағалылығын олар тудыратын рахаттану мен күйзеліс бойынша, яғни оларға ере жүретін күйлер мен тұспалды құбылыстар бойынша, анықтайтын ойлардың бұл барлық салттарына беткерілік пен аңғырттық тән, ал бұған өзінде шығармашылық күштері мен суретшінің ар-ұятын сезінетін әрбір адам кекесінсіз және де жаны күйзелмей қарай алмайды. Сіздерге деген жанның күйзелуі бұл, әрине, сіздің түсінген мағынадағы жанның түсінесіздер ме? Сөйтіп сіздер өз жан күйзелістеріңіздің «адамдағы жасамыққа», қалыпқа келтірілуі, қиратылуы, соққылануы, жұлқылануы, күйдірілуі, шынықтырылуы, тазартылуы тиістіге, - қажеттілік бойынша күйзелетінге жэне күйзелуге тиістіге - қатынасты екендігін түсінесіздер ме? Ал біздің жан күйзелісіміз - ең нашар нәзіктік пен әлсіздік ретінде сіздердің жан күйзелістеріңізден қорғанған кезінде біздің кері жан күйзелісіміздің кімге қатынасты екендігін сіздер түсінбейсіздер ме? Сонымен жан күйзелісі жан күйзеліске қарсы! - Бірақ, тағы бір рет айтайық, рахаттану, күйзелу жэне жан күйзелістің барлық мәселелерімен салыстырғанда жоғарырақ мәселелер бар; сөйтіп тек сонымен ғана айналысатын әрбір философия - аңғырттық.
226
Біздер, имморалистер! - Бұл бізге жақын дүние, біздің сүйініп те, күйініп те өмір сүретін дүниеміз, бұл көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін дерлік нәзіктелген бұйыру мен бас ию дүниесі, барлық қатынастарында «дерлік» патшалық құрған, күршектелген, зұлым, тікенекті, нәзік дүние, - иә, ол дөрекі көрермендер мен фамильярлық әуестіктен жақсы қорғалулы! Біз міндеттемелердің мықты торабы мен сауытына құрсалғанбыз және одан шыға алмаймыз - тап осында біз, тіпті біз де, «борыш адамдарымыз»! Кей кездері, рас, біз өз «шынжырларымызда» және өз «семсерлеріміз» арасында билейміз; жиірек, ал бул да рас, олардың ауыртпалығы астында тістерімізді шықырлатып, өз жеребеміздің құпиялы қатаңдығын сезініп шыдамсыз аласұрамыз. Бірақ біз не болса соны жасай аламыз: ақыл-есінен жаңылысқандар мен көзге түрткілік бізге қарсы айтады - «бұл адамдар борыш сезімі жоқтар» деп, - ақыл-есінен жаңылысқандар мен көзге түрткілік әрқашан бізге қарсы!
227
Адалдық - бұл біз, еркін ақыл иелері, одан құтыла алмайтын өз ізгілігіміз деп топшылайық, - бұл бізде жалғыз қалған ізгілігімізбен барлық қастық пен махаббатымызды төгіп жұмыс істейік, сөйтіп адалдықты шаршамай «жетіле түсейік»: оның жарқылы, алтынданған көгілдір күлімдеген кешкі шапаққа ұқсап, бұл топас та түнерген байыптылығымен көне тартқан мәдениетті қашанда бір шарпып өтсінші! Сөйтіп егер, алайда, біздің адалдығымыз күндердің күнінде шаршап-шалдығып, аяқ созып қалатындай болса, сөйтіп бізді тым қатаң деп тауып, оған жақсырақ, жеңілірек болуын, оған жұмсағырақ, жағымды кемшілікке қарағандай қарауды қаласа, - дегенменен біздер, соңғы стоиктер! қатаң болып қалайық, сөйтіп оған көмекке барлық бізге тән сайтандығымызды жіберейік, ... - біздің «Құдайымызға» барлық өзіміздің «сайтандарымызбен» көмекке барайық! Осыған бола бізді танымаулары және басқалармен шатастыруы әбден ықтимал, -бірақ бұда тұрған не бар! Біз туралы: «олардың адалдығы» - бұл олардың сайтандығы, жэне одан басқа ештеңе де емес! деп айтылар, онда тұрған не бар! Сөйтіп егер тіпті бұл әділ бола қалса да! Барлық құдайлар бұған дейін осындай канонға сиғызылған, қайта престіленген сайтандар емес пе еді? ... Және де біз ақырында өзіміз туралы не білеміз? Бізді бастап келе жатқан сол бір рух қалай аталады (барлық іс атауларда ғой)? Және де біз өзімізде қанша рух жасырынған? Біздер, еркін ақылдылар, адалдығымыз біздің мансап құмарлыққа, біздің әдемі киіміміз бен сән-салтанатымызға, біздің шекарамызға, біздің ақымақтығымызға айналып кетпесіне қамданайық! Әрбір ізгілік ақымақтыққа, әрбір ақымақтық ізгілікке айналуға бар; Ресейде: «қасиетті дерлік ақымақ» деп айтылады, ақырында адалдығымыздан қасиетті жэне зеріккен адам болып кетпестің қамын жасайық! Зерігу үшін өмір тым қысқа емес пе? [Әлдене] ушін, мәңгілік өмірге сену керек қой...
228
Бүкіл моральдық философияның бұған дейін адамды зеріктіргіш болғанын және ұйқы келтіруші құралға жатқанын және де, меніңше, «ізгілікке» бәрінен де көбірек оның жанкүйерлерінің осы зеріктіргіштігінің зиянды болғанын ашқанымды маған кешірер деймін, алайда, мұнымен оның осы сапасының жалпы пайдалылығын мойындамаймын деп айтқым келмейді. Мораль туралы неғұрлым азырақ адамдардың ойланғандары өте маңызды, - демек, моральдің әлдеқашан қызықты бола қалмауы төтенше маңызды болып табылады! Бірақ бұл жөнінде қам жемесе де болады. Қазір де іс сол бәз-баяғы қалпында: мен Еуропада мораль ой кешудің қауіпті, тәуекелді, еліктіргіш бола алатыны туралы, -мунда жазмыш әлдененің бар болуы мүмкін екендігі туралы, ұғымы бар (не берер) ешкімді де көріп тұрған жоқпын. Мысалы, шаршауды білмейтін, қашсаң да, құтыла алмайтын ағылшын утилитаристеріне көз тастаңызшы, олардың Бентамның ізімен қалайша ауыр басып, қандай лайықты түрде әрлі-берлі жүріп жатқанын көресіз..., оның өзінің дәл солай аса құрметті Гельвецийдің ізімен жүргені сияқты... Бәрі де бір жаңа ой жоқ, ескі ойдың да жаңаша тереңірек дамытылуы мен шынайы тарихы берілмеген: бұл жалпы алғанда езі үшін оны ашу-ызаның әлдебір мөлшерімен тұздықтай алмаған адамға бей мүмкін әдебиет. Бұл моралистердің жандарына (егер оларды оқу керек болған күнде де, міндетті түрде әлдебір қосалқы мақсатпен оқу керек) cant47 деп аталатын, бұл жолы ғылымилықтың жаңа формасымен жасырынған моральдық тартюфшылдық болып табылатын ескі ағылшындық кесел еніп кеткен... Түптің түбінде олардың бәрі де ағылшындық адамгершіліктің, тап сол адамзатқа, немесе «жалпы пайдаға», немесе «көпшіліктің бақытына», - жоқ! Англияның бақытына - бәрінен де артық жәрдемдесетін себепті мойындалуын қалайды; олар бар күшін салып ағылшындық бақытқа, яғни comfort48 және fashіonra (және де, ең басты, парламенттен креслоға) ұмтылу, сонымен бірге ізгіліктің ақиқат жолы екендігін, тіпті дүниеде бұған дейін өмір сүрген ізгілік тап осындай ұмтылыста жатқанын өздеріне дәлелдеуге тырысады. Бұл ебедейсіз, ар-ұяты мазасызданған табынды жануардың бір де біреуінің (ал бұлар эгоистік мүдделерді жалпы игіліктің мүдделерімен теңестіруге бел шешпек) «жалпы игіліктің» тіпті де мұрат еместігін, мақсат еместігін, әлдебір ақылға қонымды ұғым емес, ал қайта тек адамның құсқысын келтіретін ұғым екендігін, - біреу үшін әділ нәрсе басқа үшін әлі мүлдем әділ болмауы мүмкін екендігін, жұрттың бәріне бірдей бір моральды талап етудің жоғары адамдарға зиянды екендігін, бір созбен, адам мен адам арасында, ал, демек, мораль мен мораль арасында да, дәрежелік айырма бар екенін, - белгісі де, иісін сезгісі де келмейді. Олар, бұл утилитаристер - ағылшындар, адамдардың кішіпейіл де түбірлі орташа түрі болып табылады, сөйтіп, жоғарыда айтылғанындай, олар адамды зеріктіргіш болғандықтан, олардың пайдалылығы туралы жоғары пікірде болып керегі жоқ...
229
Адамға деген сүйіспеншілігімен мақтануға құқығы бар кейінірек дәуірде, «тағы қатыгез аңды» жеңгендік бұл гумандылығы басымырақ уақыттың мақтанышы болғанымен, оның алдындағы қорқыныштың, ырымшыл қорқыныштың қалғаны соншалық, тұтас жүзжылдықтар бойы, уәделескендейін, ап-айқын ақиқаттар айтылмай келді, өйткені олар (ақиқаттар) қайтадан осы тағы, ақымақ өлтірілген аңды өмірге шақыратындай көрінетін-ді. Мен, мүмкін, мұндай ақиқатты өз уысымнан шығара отырып әлдене тәуекелге ұшырамын, - ал басқалар қайтадан ұстап алып, ол тынышталып, өзінің ескі бұрышында ұмытылған күйінде жайғасқанша, оны «ойлардың игілікті салты сүтінің» жеткілікті мөлшерімен суарсыншы. - Қатыгездікке басқа көзқарасты өзіңе меңгеру керек, сөйтіп көзіңді ашуың керек; ақырында, мұндай кішіпейілдікке жат, мысалы, ескі де жаңа философтар еміздірген трагедия жөніндегі адасуы сияқты, семірген адасулар жер бетінде жайыменен әрі ауыздықпенен аяқ басып жүрмес үшін, шыдамсыздық танытуға үйрену керек. «Жоғары мәдениет» деп атап жүргеніміздің түгелі дерлік қатыгездікті рухтандыру мен тереңдетуге негізделеді - менің қағидам осындай; жоғарыда сөз болған «тағы аң» өлмеген, ол бар, ол жандануда, ол тек - құдайланып алды. Трагедияның азапты тәттілігін құрайтын ие, ол - қатыгездік; трагикалық жан күйзелісі деп аталатында, шын мәнінде тіпті бүкіл асқақтықта, метафизиканың жоғарғы жэне ең нәзік дірілдеріне дейін, адамға жағымды эсер ететін нәрсе тек қана қатыгездіктің қатысуы арқасында өз тәттілігін бойына жинайды. Аренадағы римляндық, кресттің шаттығындағы христиандық, алаулаған оттың немесе бұқалар сайысы көрінісінің алдындағы испандық, трагедияға ұмтылатын қазіргі жапондық, қанды революцияларда құмарта сағынатын Париж төңірегінің жүмысшысы, Тристан мен Изольданы шаршап шырқы қашқан еркімен «көріп күйзелетін» вагнерлік әйел, - бұлардың бәрі де бір нәрседен - «қатыгездіктің» ұлы Циркеясының уытты заттарынан - құпия ашқарақтықпен құныға ләззат алады. Соның өзінде, әрине, қатыгездік туралы тек бір ғана ол бөтендердің қайғы-қасіреттерін көргенде туындайды дейтінді қайталап беретін ақымақтың ескі психологияны тарс қуу керек: өз күйзелісіңде, өзіңе өзің күйзелтуде де үлкен, тым үлкен ләззат алу бар, - адамньщ діни мағынада өзді - өзінен бас тартуға немесе өзін-өзі жарақаттауға басы ауған ... барлық жағдаяттарда, - оны құпия түрде өзінің қатыгездігі құштандырып алға итермелейді, өзді - өзіне қарсы арналған қатыгездіктің қауіпті қалтыраулары алға тартқылайды. Түптің түбінде мынаны еске алған жөн: тіпті таным адамы да, өз рухын оның ұмтылысына кереғар түрде және жиі-жиі өз жүрегінің қалауларына кереғар түрде тануға, яғни ұйғарайын ба дегенін терістеуге, бас иемін бе дегенін сүюге мәжбүрлегенде, қатыгездікті қастерлейтін суретші ретінде әрекеттенеді; әрбір тереңге үңгілеудің өзінде-ақ күштеу жатыр, қажымай-талмай көрініп -білінетінге және беткейлікке ұмтылатын рухтың соңғы еркін күйзелтуге деген тілек жатыр, — танымдарға деген әрбір ұмтылыстың өзінде-ақ қатыгездіктің тамшысы бар.
230
Менің мұнда «рухтың соңғы еркі» туралы айтқаным, бірден түсініксіз болып көрінуі мүмкін, сөйтіп сіздер бұл жөнінде кейбір түсіндірме беруге маған рұқсат етерсіздер. -Халық «рух» деп атайтын әмірлі әлдене өзінде және өз айналасында билеп-төстеуші болғысы келеді, езін билеп-төстеуші болып сезінгісі келеді: оның көптіліктен бірлікке ұмтылатын,байланыстыратын,өзіне қарататын, билікті сүйетін және шынымен өкімі күшті еркі бар. Оның бұған қатынасындағы мұқтаждықтары мен қабілеттері физиологтардың өмір сүретіннің, өсіп-өнетіннің бәрі үшін ашқандары қандай болса, дәл сондай. Рухтың жат нәрсені меңгеруге қабілеті жаңаны ескіге ұқсатуға, түр - түрліні қарапайымдатуға, қайшылықтыны көзге ілмей немесе мүлдем ысырып тастауға деген күшті бейімділікте байқасталады: дәл солай оның өзіне жат нәрсенің, «сырттан» келетіннің бәрінде әбестікпен белгілі қырлар мен сызықтарды күштірек баса көрсететіні, алға тартатыны, өзі ыңғайына келтіретіні сияқты. Және де жаңа «тәжірибелерді» іске асыру, жаңа заттарды ескі қатарларға қосу, - демек, өсуді үлкейту, тағы да дәлірек айтқанда, өсуді сезіну, көбейген күшті сезіну, - оның мақсаты болып табылады. Сол ерікке рухтың, тегі, қарама-қарсы ұмтылысы да қызмет етеді, кенет жалындайтын қалыс қалуға деген шешілгендік, өз бей - берекетсіздігімен өз-өзіне тұйықталу, өз әйнектерін жабу, ондай не мұндай заттан іштей бас тарту, өзіне ешкімді жібермеу, білімге берілетін көптеген нәрселерге қарсы қорғаныстың тұрғы сияқты әлдене, қараңғылықпен, тұйықталған көкжиекпен қанағаттанғандық, білместікті ұйғару және қолдау: рухтың меңгерерлік күшінің дәрежесіне, немесе, бейнелеп айтқанда, оның «тамақ қорыту күшіне» тәуелді осының бәрі керек, - шынында да «рух» көп нәрседе асқазанға ұқсас. Бұған дәл солайша, мүмкін, бұл шын мәнінде бұлай емес екенін, ал тек осылайша саналатынын алдын ала тентектікпен сезінудегі рухтың алдауға көнуге деген еркетотай еркі де жатады; барлық дұрыс емеспен және көп мәндімен рахаттану бұрыштың әбес тарлығы мен жайлылығына, тым жақын, үлкейтілген, кішірейтілген, қисайтылған, боямалаған алдыңғы ауқымға шаттана ләззаттану, - қуаттың барлық осы көріністерінің әбестігіне өздігінен ләззаттану. Соңында, бұған рухтың басқа рухтарды алдауға жэне олардың алдында өтірік кісімси қалуға деген осы әжептәуір шүбәлі дайындылығы, жасампаз, құрағыш, өзгерістерді тудыруға қабілетті күштің осы тұрақты жаншуы мен қысымы жатады: рух өз маскаларының басқа -басқалығымен және өзінің қулығымен, жэне де өз қауіпсіздігін сезінумен рақатқа батады, - өзіне тән Протейдің өнері арқасында ол бәрінен де жақсырақ қорғалған және жасырылған! - Көзге ұрынып көрінгенге, оңайлатуға, маскаға, плащқа, бір сөзбен, беткейлікке — өйткені әрбір беткейлік плащ болады — деген осы ерікке танушы адамньщ заттарды терең, жан-жақты, негізді қарастыратын және осылай қарастырғысы келетін көтеріңкі бейімділігі қарсы турады: бұл бейімділік интеллектуалдық ар-ұят пен талғамның қатыгездігі сияқты әлдене болып табылады, ал мұны әрбір батылдау ойшыл, егер де ол, солайша болуға тиісіндей, өзінің өзіне қатынасында өз қырағылың жеткілікті ұзақ шыңдаған әрі әсілендірілген болса және қатаң тәртіп пен қатаң сөздерге әдеттенген болса, өзінде мойындайды. Ол: «менің рухымның бейімділігінде қатыгез әлдене бар» дейді, - ал енді қайырымды да сыпайы адамдар оны мұнысынан жерітіп ала көрсінші! Шыныменен де, егер де, біз туралы сыртымыздан сөз қозғап, бізге қатыгездіктің орнына, айталық, «асқан адалдықты» тағып, сол үшін мақтап - мадақтап жатса бізді, еркін, тым еркін ақыл иелерін, онда бұл жағымдырақ естілер еді, - шынымен де әлдебір кезде біздің өлгеннен кейінгі даңқымыз осындайлық болмас па екен? Ал әзірше - өйткені ол кезге дейін әлі уақыт баршылық - моральдық сөздердің мұндайлық әшекейін іліп алып сән құруға біз соншалықты құмар емеспіз: біздің бүкіл бұрынғы жұмысымыз тап осы ойнақы сән -салтанаты мол талғамға деген құлқымызды басып тастайды. Бұл керемет, жарқыраған, саңқылдақ, салтанатты сөздер: «адалдық», «ақиқатқа деген махаббат», «таным үшін құрбандық», «шыншыл адамның героизмі», - бұларда адами астамшылдықты маздататын әлдене бар. Бірақ біздер, қаңғыбастар мен көртышқандар, біздің қаңғыбастық ар -ұятымыздың құпия қалтасында бұл лайықты сөз байлығының да ескірген жалған әдеміліктің шүберегі мен бейсаналық адами мансапқорлықтың жарқылына жататынына жэне осындай жарамсақ бояу мен шимайдың ар жағынан һоmа natura - ның қорқынышты түпнұсқасы қайтадан танылуы тиіс екеніне өзімізді баяғыда-ақ сендіріп қойғанбыз. Адамды қайта табиғат тіліне аударту; һоmа natura - ның осы мәңгілікті түпнұсқасына бұған дейін шимайланған мағынаның көптеген мансапқор әрі арманға толы түсіндірмелері мен реңктерін игеру; алда да, қазіргі кездегідей, ғылымның тәртібімен шынықтырылып, Эдиптің қырағы көзімен әрі Одиссейдің бекітіліп тасталған құлақтарымен, «сен үлкенірексің! Сен жоғарырақсың! Сен басқа тектісің!» деп тым ұзақ әндеткен бұрынғы құс аулаушы - метафизиктердің барлық арбауларына тас керең, сыртқары табиғаттың алдында тұрғанындай, адам адамньщ алдында тұруына қол жеткізу - бұл сирек те ақылға қонбас міндет болып табылар еді, иә тап міндеттің өзі - кім мұны жоққа шығарған болар еді! Не үшін біз оны, осы ақылға қонбас міндетті таңдап алдық? Немесе, басқаша сұрасақ: «таным жалпы не үшін?» - Бұл жөнінде кез келген бізден сұрай алады. Сөйтіп, осылайша тығырыққа тірелген біздер, осы сұрақты жүздеген рет өзді өзімізге қойып жүрген біздер, ең дұрыс жауапты таппадық және табатын емеспіз...
231
Оқу-білім бізді түрлендіреді, ол кез келген қоректің, - ал бұл физиологтарға белгілі болғанындай, тек «қолдап» қана қоймайды, — істегенін істейді. Бірақ біздің жаратылысымыздың негізінде, сонда, «ең төменде», әрине, оқып-үйренуге білмейтін әлдене, рухани фатумның, алдын ала анықталған, таңдамалы сұрақтарға алдын ала анықталған шешулер мен жауаптардың, әлдебір граниті бар. Әрбір қиын да күрделі мәселе кезінде мызғымас әлдене: «бұл мен» дейді; айталық, еркектер мен әйелдер тақырыбында ойшыл жата-жастана қайталап оқып-үйреніп жатпайды, ал тек қана үйреніп шыға алады, - тек бұл жөнінде онда «қатаң анықталғандығы» ғана соңына дейін аша алады. Кей кездері тап біздерді күшті сенімге иландыратын мәселелердің белгілі шешімдерін табамыз; мүмкін, сол кезден біз оларды өздеріміздің «наным-сенімдеріміз» деп атай бастаймыз. Кейінірек - олардан тек өзді-өзімізді тануға бағытталған біздің қозғалысымыздың іздерін ғана, тек біздің өзіміз болып табылатын мәселеге -шынтуайтында, біздің өзіміз болып табылатын ұлы ақымақтыққа, біздің рухани фатумымызға, сонда, «ең төменде», жатқан оқып-үйренуге көнбейтін элементке -апаратын жол бойындағы бағаналарды ғана көреміз. - Өзіме қатынасты жаңа ғана менің көрсеткен сыпайыгершілігіне орай, маған, мүмкін, «өзді-өзі әйел» туралы кейбір ақиқаттарды айтуыма рұқсат етілер деймін: манағы, енді бул ақиқаттардың қаншалықты менің ақиқаттарым екендігі алдын ала белгілі болды ғой деген топшылаумен. Әйел дербес болғысы келеді: және де сол үшін ол еркектерді «өзді өзі әйел» жөнінде үйрете бастайды, - міне Еуропаның жалпылама сұмпайылануының ісіндегі ең өрескел табыстарының бірі неде жатыр. Өйткені әйел оқымыстылығы мен езін жалаңаштауының бул дөрекі тәжірибелері тек нені ғана айқара ашпайды! Әйелдің ұялуына деген себептері соншама көп: әйелде жасырын жатқан педантизм, беткейлілік, тәлімгерлік, ұсақ менмендік, ұсақ долылық пен бөспелік соншама - оның балалармен қарым-қатынасына көз салсаңыз болғаны, - ал мұның бәрі, шын мәнінде, бұған дейін ең дұрысы еркек алдындағы қорқынышпен тежеліп және тұсауланып келген болатын. Егер де тек «әйелдегі мәңгі - зеріктіргіш» нәрсенің — ал ол оған бай! - сыртқа шығуға батылы барса, онда бұл қасіреттің тап өзі! Егер ол принципті әрі түпкілікті түрде өзіне тән ақыл - зейінін және әсем, ойнақы бола білуін, қапа - мұңды жолатпайтын, жағдайды жеңілдететін және бәріне де жеңіл-желпі қарайтын өнерін ұмыта бастаса, - егер ол ұнамды құмарлықтарға деген өзінің нәзік бейімдеушілігін түпкілікті жоғалса ше? Қазірдің өзінде-ақ қасиетті Аристофанмен ант етемін! - үрей туғызарлық әйел дауыстары естілуде; медициналық анықтылықпен әйелдің ер- кектен ең алдымен жэне түптің түбінде нені қалайтыны жөнінде қоқан-лоққы естіледі. Ал бұл, егер әйел міне осылай оқымысты болғысы келетін болса, ең жаман талғамның көрінісі емес пе? Бұған дейін, бақытқа орай, ағарту еркектің ісі және дарыны болатын, - сөйтіп «оз адамдарыңның арасында» қала беруге болатын-ды; әйелдердің «әйел» туралы жазғандарының бәрін ескере отырып, біздің, ақырында, әйел өзі жөнінде ақылдарды ағартуды қалайтынына жэне қалай ала алатынына күмандануға толық құқығымыз бар... Егер, солай істей отырып, әйел өзіне жаңа киім іздемесе, - ал мен әдемі киіну өнері. Мәңгілік - Әйелдікке жатады - ау деп топшылаймын? - демек, оның өзіне деген қорқынышқа иландыруды қалағаны: ол, мүмкін, мұнысымен билікке қол жеткізуді қалайды. Бірақ ол ақиқатты қаламайды - әйелдің ақиқатта не жұмысы бар! Ең алдымен әйелде ештеңе де ақиқатқа қарағанда оғаш, жағымсызырақ, ұнамсызырақ бола алмайды -жалған оның ұлы өнері болып табылады, оның басты аңсары иллюзия мен сұлулықта. Біздер, еркектер, мойындайықшы: біздер әйелде тап осы өнер мен осы инстинктті бағалаймыз да сүйеміз ғой; біздің өміріміз ауыр, өмірімізді жеңілдендіру үшін біз осы жарандардың қауымына құмарлана қосыламыз, ал бұлардың қолдары, қиылған көздері мен нәзік қылықшылықтары астында біздің байыптылығымыз, біздің мінез -құлқымыздың ауырлығы мен тереңдігіміз ақымақтық тәрізді болып көріне бастайды. Ақырында, мен мына сұрақты қоямын: әйелдің өзі қандай да болмасын әйел ақылындағы тереңдікті, қандай да болмасын әйел жүрегіндегі әділдікті мойындаған заман болып па еді? Және де, жалпы айтқанда, бұған дейін «әйелге деген» ең зор жеккөрінішпен қарайтын біз емес, әйел екені шындық емес пе еді? — Біздер, еркектер, түсіндірмелермен өз атына кір келтіруін қойса екен деп тілейміз; әйелге деген еркектік қамқорлық пен құнттылықты шіркеудің: mulіr taccat іn ecclesіa! - деп қабылдаған қаулысынан көруге болады. Наполеонның тым сөздер де Сталь ханымға: mulіer taceat іn polіtіcіs! - дегені де әйелдің пайдасына қызмет етті, ал, менің ойымша, қазір оларға: mulіer taceat de mulіere!49 - деп дауыс көтере айтқан адам әйелдердің нағыз ұлы болып табылады.
233
Әйелдің Ролан ханымға, немесе Сталь ханымға, немесе Жорж Санд мырзаға тікелей сілтеме жасауы, мұнымен «өзді өзі әйелдің» пайдасына әлденені дәлелдеуге болатындай -ақ, - бұл, оның жағымсыз талғамның белгісі екендігін былай қойғанда, — инстинкттің бұзылуының белгісі болып табылады. Еркектер арасында аттары аталған адамдар - тек үш өзді-өзі каникалық әйелдер ғана, - одан артық емес! - және де дәлме-дәл әйел эмансипациясы мен билігіне қарсы жойқын күшті ырықсыз контраргументтер болып табылады.
234
Аспазханадағы ақымақтық; әйел аспазшы ретінде; отбасының және оның қожайынының тамақтануы туралы қамқорлық ойдың мүлдем жоқтығы! Әйел қоректің не екенін түсінбейді; сөйте отырып аспазшы болғысы келеді! Егер де әйел ойға бейім жаранды болса, онда, әрине, мыңдаған жылдар бойы аспазшы бола жүріп, ұлы физиологиялық фактілерді ашуы, дәл солай дәрігерлік өнерді игеруі тиіс еді. Жарамсыз аспазшылар арқасында, аспазханада ақыл-ойдың толығымен жоқ болуы арқасында адамньщ дамуы бәрінен де ұзақ тежеледі, оған жойқын күшті зиян келтіріледі; қазіргі біздің кезімізде де іс оңалған жоқ. Бұл сөз жоғары дәрежелі әйел балаларына арналған.
235
Ақыл-ойдың кейбір айналымдары мен лақтырмалары, сентенциялары болады, - сөздердің кішігірім уыс - уыстары тәріздес. Ақыл-ойдың, кенет тұтас мәдениетті, тұтас қоғамды сығымдап ауқымына сыйғызатын сөздердің кішігірім уыс - уыстары тәріздес кейбір айналымдары мен лақтырмалары, сентенциялары болады. Бұлардың қатарына мына де Ламбер ханымның өз ұлына айтқан кездейсоқ сөздері де жатады: «топ arm, ne vous permetter jamaіs que de folіes, quі vous feront grand plaіsіr»50, - сырағысын айтқанда, ананың қашанда болмасын ұлына айтқан ең естияр сөздері.
236
Данте мен Гетенің - біріншісі «ella guardava suso, ed іо іn leі»51 деп әндеткенде, екіншісі мұны: das Ewіg - Weіblіche zіent uns» (Мәңгілік - Әйелдік бізді жоғарыға жетелейді) деп аударғанда - әйел туралы ойлағандары, әрбір бекзаттырақ әйелдің мұндай сенімге қарсы тұратынына менің еш күмәнім жоқ, себебі дәл соны ол Мәңгілік - Еркектік туралы ойлайды...
237
...Бұған дейін еркектер әйелдерге жолдан адасып, әлдебір құздардан оларға ұшып келген құстар сияқты қатынасып келді: олар әйелдерді жоғары дәрежелі нәзік, жараланғыш, тағы, кереметті, тәтті, жаны толық әлдене деп, бірақ сол мезетте де ол ұшып кетпеуі үшін қамап ұстауы қажет әлдене деп қабылдайды.
238
«Еркек пен әйел» негізгі мәселесін шешкенде қатеге ұрыну, мұндағы терең антагонизм мен мәңгі дұшпандық кернеуліктің қажеттілігін теріске шығару, мұнда, мүмкін, тең құқық туралы, тәрбиенің теңдігі, талап пен міндеттердің теңдігі туралы армандау - бұл ақыл қысқалығының типтік белгісі, бұл қауіпті пунктте қысқа - инстинктте қысқа! - болган ойшылды күдікті деп, одан да әрмен, жұмбағы шешілген, анық - қанығына әбден көз жеткен деп санау керек; жэне өмірдің, оның ішінде, болашақ өмірдің де, барлық сұрақтары үшін де ол, ықтимал, тым «тайыз» болып шығуы, сөйтіп еш тереңдікке жете алмауы мүмкін. Керісінше, ақылы да, талап- тілектері де терең адам, сонымен бірге ерік-жігерінде қатал да қатаң адам, - мұндай адамньщ оп-оңай қатал да қатаң деп аталып кетуі, - әйел туралы әрқашан тек шығысша ойлай алады: ол әйелде иемдену нәрсесін, қамап қоюға да болатын меншікті, қызмет етуге арнайыланған және бұл салада жетілуге даяр әлденені көруге тиіс - ол бұл жағдаятта Азияның асқан зор зердесіне, оның инстинкттің басымдылығына сүйенуі тиіс; дәл осылай әлдебір уақыттарда гректер, Азияның бұл ең жақсы ізбасарлары мен шәкірттері, - жасаған болатын: ал олар, белгілі болғанындай, Гомерден Периклге дейін, есіп келе жатқан мәдениетпен және биліктің кеңеюімен бірге, әр қадам сайын әйелге қаталырақ бола түсті, қысқасы, олардың шығыстық қасиеттері арта түсті. Қаншалықты бұл қажет болды, қаншалықты қисынды, тіпті қаншалықты адами тұрғыдан алғанда аңсарлы болды, - бұл туралы әркімнің өз іші білсін!
239
Әлсіз жыныс біздің ғасырымыздағыдай әлі ешқашанда еркектер жағынан осыншама құрметпен пайдаланған емес, - бұл, кәрілікке деген сый - құрметтің жоқ екендігі сияқты, демократиялық бейімділіктер мен негізгі талғамдарға жатады, - егер де бұл құрметпен сол сәтте-ақ теріс пайдалана бастаса, таңқаларлық несі бар? Одан да артық болғанын қалайды, талап егуге үйренеді, құрметтеудің бұл белгісін ақырында қорлаудай көреді, құқықтарға не болғанды, солар үшін нағыз күрес жүргізгенді артық көреді: бір сөзбен, әйел ар-ұятын жоғалта бастайды. Со сәтте-ақ қосып қояйық, ол талғамын да жоғалта бастайды. Ол еркектен қорқудан қала бастайды: бірақ «қорқудан қала бастап», әйел өзінің ең әйелдік инстинкттерінен айырылады. Еркектің қорқынышты көрінетін жағы, анығырақ айтқанда, еркектегі еркек керексіз болса және тәрбиемен қалыптастырылмайтын болса, онда әйелдің алға шығуға батылының баруы, бұл әбден орынды және де әбден түсінікті; түсінуге қиыны - тап осы себептен әйелдің аза бастауы. Бұл осы біздің күндері орын алуда -өзімізді бұл жөнінде алдаусыратпайық! Өндірістік рух әскери және аристократиялық рухты жеңген жердің бәрінде де енді әйел приказшіктің экономикалық және құқықтық дербестігіне ұмтылады: «приказшіктің рөліндегі әйел» жаңадан құрылып жатқан қоғам қақпасының алдында тұр. Ол осылайша жаңа өнегеге қол жеткізіп, «билікке ұмтылып», әйелдік прогресті өз тулары мен жалаушаларына ұран қылып іліп жүрген осы уақытта, қорқынышты айқындылықпен кері үдеріс орын алуды: әйел кері кетуде. Француз революциясының кезінен бастап Еуропада әйелдің ықпалы оның құқықтары мен талаптары өскен сайын кеми түсуде; сөйтіп «әйел эмансипациясы», әйелдердің өздері (еркек текті топастар ғана емес)соны қалап және қолпаштап жүргендіктен, ең бір әйелдік инстинкттердің барған сайын өсіп бара жатқан құлдырауы мен мұқалуының кереметтей симптомы болып табылады. Бұл қозғалыстың ар жағында еркектік ақымақтық деуге боларлық ақымақтық жатыр, ал бұдан әрбір жөні түзу әйел - ал әрбір мұндай әйел ақылды - өзінің барлық жан-тәнімен ұялуға тиісті - ақ. Жеңіске жетудің ең ұғымды жолы қандай екендігіне деген сезімталдықты жоғалту; өзіне тән қаруды қолдана білуді менсінбеу; еркектің алдында өзін соншалықты дәрежеде, мүмкін, «кітапқа енуге дейін», босаңсыту, ал бұрынырақта бұл жағынан тәртіп және нәзік қушыкешті байыптылық сақталатын; еркектің әйелде жасырынған мүлде басқа мұратқа, Мәңгі - және Қажетті Әйелдік әлденеге, деген сеніміне ізгілікті дөрекілікпен қарсы тұруы; табанды бос сөзбен өте нәзік, тамаша тағы әрі жағымды үй жануары ретінде әйелді сақтау, қамқорлыққа алу, қорғау, аяу керектігі турасында еркекті сенімінен айрылту; бұрынғы қоғамдық құрылыс кезінде әйелдің жағдайында орын алған әлі де алып келе жатқан құлдық пен крепостнойлықтың элементтерін ебедейсіз және ашумен іздестіру, - осының бәрі әйелдік инстинкттердің күйреуі, әйелдікті жоғалту емей немене? Әрине, еркек жынысты оқымысты есектер арасында әйелдердің топас достары мен оларды бұзатындар бар, олар әйелге жалпы әйел баласына тән нәзіктіктен осындай жолмен арылуға, сөйтіп еуропалық «еркек» ауыратын, еуропалық «еркектік» ауыратын ақымақтықтардың бәріне еліктеуге кеңес береді, -олардың әйелді «жалпы білімге» дейін, тіпті газеттерді оқуға және саясатпен айналысуға дейін құлдыратқылары келеді. Кейбір жерлерде әйелдерден тіпті еркін ойшылдар мен әдебиетшілерді жасағылары келеді... - барлық жерлерде дерлік олардың жүйкелерін саздың барлық тектерінің ішінен ең аурушаң әрі ең қауіптілермен (біздің ең жаңа немістік сазбенен) құртады, сөйтіп оларды әр күн сайын ашушаң және өзінің басты және соңғы талапты - дені cay балаларды табуға қабілетсізірек жасайды. Сөйтіп жалпы, мәдениеттің көмегімен «әлсіз жынысты» одан әрі екшей түсуді және, әншейінде айтылатынындай, күшті қылуды қалайды: адамды «екшей түсу» мен босаңсытудың - атап айтқанда ерік күшінің босаңсытуының бытыратылуы, нашар соқтануының әрқашан жұбын жазбай бірге жүретініне және әлемнің ең құдіретті, әрі ықпалды әйелдерінің (ақырында, Наполеонның анасы да) өз құдіреттілігінен әрі еркектерден басымдылығынан тіпті де мектептегі мұғалімдеріне емес, өз еркінің күшіне міндетті екеніне тарих бізді сенімді түрде үйретпейтіндей - ақ тіпті! Әйелге деген құрмет, ал көбіне қорқыныш да тудыратын, - бұл оның еркектің натурасынан да «натуралдырақ» болатын натурасы, оның нағыз жыртқыштық, зұлыми әсемдігі, оның қолғабының астындағы жолбарысқа тән өткір тырнақтары, оның эгоизміндегі аңғырттығы, оның тәрбиеге көнбейтін ішкі тағылығы, оның талап- талғамдары мен ізгіліктеріндегі танып-білуге берілмес кұшаққа сыймас, көзге ілінбес әлдененің барлығы... Осы қауіпті әрі әдемі мысыққа, әйелге, барлық қорқынышпен бірге жаныңның ашып, көңіліңнің ауып, қасірет - қайғысын бірге бөлісуге не итермелейді десек, онда бул оның қандай да болмасын жан-жануарға қарағанда көбірек қайғы-мұңға салынғыштығы, оңай мұқалғыштығы, сүйіспеншілікке көбірек мұқтаждығы және көңіліңнің тым тез қайтуға көбірек бейімділігі. Қорқыныш пен қасірет - қайғысына ортақтасу: бұған дейін еркек әйелдің алдында осы сезімдермен, әрқашанда бір аяғымен оның жанын жұлып жейтін және сонымен бірге сиқырша алдаусырататын трагедияға бата тұрып келген болатын. — Қалай? Сөйтіп мұның ақыр - соңының келгені ме? Сөйтіп әйелдің бей сиқырлануының басталғаны ма? Сөйтіп әйел біртіндеп барған сайын іш пыстыратындай зеріктіргіш бола бермек пе? О Еуропа, Еуропа! Саған әманда ерекше тартымды болып көрінетін мүйізді анды біз білеміз, - саған одан әлі де қауіп төнуде! Сенің ескі мысалың тағы да «тарихқа» айнала алады, - тағы керемет зор ақымақтық сені билеп-төстеп, еліктіріп әкетуі мүмкін! Және де оның астарында ешқандай да кудай жасырынып тұрған емес, жоқ! Тек «идея» ғана, «қазіргі заманғы идея»!...
Ф. Ницше.
По ту сторону добра и зла.
Москва - Харьков, 2005. С. 557-694.
Түсініктемелер
1. Бәрінен де күмәндану (лат.). 2. Ақымақтық, сандырақ (франц.). 3. Есек келді. Әдемі және өте күшті. 4. Қоспа (франц.). 5. Философиялық мылжың. 6. Немістік ақымақтық (франц). 7. «Өйткені онда ұйықтататын күш бар, ал бұл күш өз табиғаты бойынша сезімдерді ұйықтатады. (лат). 8. Сандыраққа айналдыру... өзді өзінің себебі (лат). 9. Анықталатын сөз бен анықтаманың арасындағы қайшылық (лат). 10. Әрекет - бұл мен (франц). 11. Адам азабының діні (франц). 12. Құдай да жоқ, қожайын да жоқ (франц). 13. Ақылды құрбандыққа шалу (итал). 14. Бұл санскриттік үш сөз мынаны білдіреді: Гангтың ағымының жүрісімен (presto), тасбақаның жүрісімен (lent), бақаның жүрісімен (staccato). 15. Әдет - ғұрыптарға және өнерлердегі (лат). 16. Әмірші (итал). 17. Кішкентай дерек (франц). 18. Құдайдың адвокаты (лат). 19. Реңкілер (франц). 20. Ол ақиқатты қайрымдылық жасау үшін ғана іздейді (франц). 21. «Жақсы философ болу үшін, құрғақ, анық, иллюзиялардан бос болу керек. Жолы болған банкирде аз да болсын философияда жаңалық ашуға, яғни барды анық көруге бейімделген мінез болады» (франц., Стендаль). 22. Заманы өткен типті (франц). 23. Ницше Ренаннан дәйексөз келтіреді: «Дін қалыпты адамның жемісі деп, адам ең діндар және шексіз тағдырға ең сенімді болғанда, ол ең шыншыл да болады... Тек мейірбан болған кезде ғана, ол мейірбандықтың мәңгілік тәртіпке сай болғанын қалайды, тек заттарға немқұрайды көзқараспен аңғарғанда ғана, ол өлімді жөнсіз және сандырақ деп табады. Осы сәттерде адам бәрінен де жақсы коре алады деп қалайша топшыламассың?»... көбіне діни ақымақтық» (франц). 24. Мистикалық жэне физикалық бірлік (лат). 25. Құдайдың шыр айналмасы (лат). 26. Тақуалық алдау... тақуасыз алдау (лат.) 27. Нағыз махаббатта жан тәнді билейді (франц). 28. Жақсы әйел және жаман әйел де қамшыны керек етеді (итал., Сакетти. Новеллалар). 29. Ешкімге кеселіңді тигізбе, және жұрттың бәрінен де, қолыңнан келгенше көмектес (лат). 30. Бейбастық, бетімен кеткендік (франц). 31. Алдында Платон, артында Платон, ал ортасында түкте емес (грек). 32. Жарықта болған, қараңғыда да орын тебеді (лат). 33. Тацит. Тарих V8. 34. Әдет - ғұрыптардың бетімен кеткендігі (лат.). 35. Өз жараларын көрсету (франц). 36. грек сөзінен - пайымдауды тоқтату, күмәндану. Терминді, тегі, скептикалық позицияны білдіру үшін Аркелсилой енгізген болуы керек. Жаңа философияда Гуссерльдің феноменологиясын да қолданылады. 37. Өлі қалдықтар (лат). 38. Оңтайлы әзіл, күш айласы (франц). 39. Мен ештеңені де дерлік жек көрмеймін (франц). 40. Жаңаша ішінде (лат). 41. Ізгі еріктің (лат). 42. Өнер өнер үшін (франц). 43. Бұл фаталистік, ирониялық, мефистофелдік рух (франц). 44. Буржуазиялық ақымақтық (франц). 45. Ізгі ерік адамы (лат). 46. Ауқымды рух (франц). 47. Пасықтық (ағылш). 48. Комфорт және кереметтей жайлылық (ағылш). 49. Әйел иә шіркеуде үндемесін (лат). 50. «Достым менің, өзіңізге үлкен ләззат әкелетін бейбастықтардан басқа ештеңені де дарытпаңыз» (франц). 51. Ол жоғарыға қарады, ал мен оған қарадым (итал).
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру