TELEGEI

Home

Машақ болыс

Зәпура Шаретқызы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Машақ болыс

Зәпура Шаретқызы - «Машақ болыс» шығармасы.

БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

2015 жылы Машақ (Мәшекең) бабамыздың туғанына 200 жыл болды. Өзім, Машақ (Мәшекең) бабаның немере келінімін. Аты-жөнім – Зәпура Шәретқызы. Осы күнде жасым жетпіс алтыға келіп отыр. Бұл кітапты жазуыма себепкер болған – қайынағаларым. Мәшекеңнің немерелері. Бұл күнде ол кісілер о дүниелік болып кетті. Қылышынан қан тамған, Кеңес үкіметі кезінде қайынағаларымның әкелері, бабалары туралы ашып айта алмады. Қорықты. Оның себептері де жоқ емес. Өйткені, «жуан атаның» тұқымы ретінде сотталып, не айдалып кететін еді. Сотталып, айдалып кеткендері де болды. Тек тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңім ізді жиғаннан кейін, өшкеніміз жанған 1998 жылы ғана бұл тақырыпқа қалам тартқан алғашқы адам – қайным Шәйкенов Кәріғұл болатын. Асылында, бұл күндері Мәшекең бабамыздың өзі және ұрпақтарының тарихта қалған өшпес іздері туралы қайын ағаларымның қалам тартқаны дұрыс болар еді. Бірақ бұл күнде сол көненің көзін көрген, сөзін естіген менен басқа ешкім қалмады.

Бұл кітапты бабамның, аталарымның, қайынағаларымның, қайындарымның рухына бағыштадым. Кітап шығарудағы негізгі мақсат – бабамыздың және оның ұрпақтарының халқына, жеріне, еліне сіңірген еңбегін, жүріп өткен сара жолын, даналығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттау. Осы кітап жазу барысында бабаларымның, аталарымның, қайынағаларымның аты-жөндерін атауыма тура келді. Сол үшін де аруақтардың алдында басымды иіп, кешірім сұраймын. Бүгінде үкімет тарапынан Мәшекең бабамыз туралы деректер жиналып жатыр. Мұражайда экспозициялар қойылды. Кітапханаларда көрме, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ақтоғай өңіріне қарасты Жәмші ауылының маңындағы «Көпбейіт» қоршалды. Үрім-бұтақтары Көпбейіттің басында жиналып, құран оқытып, халыққа ас берді. Ұрпақтары шежіре жазып, кітап қылып басып шығарды. Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, халыққа арнаған «Нұрлы жол» жолдауында баршамызға, өскелең ұрпаққа, өз халқының тарихын, жан-жақты үйреніп-білуде, ата-бабаларының ерліктері мен жетістіктерін жете түсінуде, елдің тарихи-мәдени мол мұрасын насихаттау мақсатында, патриоттық тәрбие беру керектігімізге баса назар аударды. Жантөбетов Машақ (Мәшекең) атамыздың өмірі мен қызметі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдауда айқын да, айғақты үлгі болып табылады. Машақ (Мәшекең) бабамызбен ұрпақтарының екі ғасырлық тарихы төменде көрсетілген «Волостные управители и народные судьи (бии) Каркаралинского уезда: 1871 – 1919 годы. (Хроника фактов) кітабы негізгі мағлұмат ретінде қолданылды. Онда Машақ (Мәшекең) және ол кісінің он екі баласының тағдыры тайға таңба басқандай айқын жазылған.

Назарларыңызға хронологиялық тізім:

Болыстар:
Болыстардың орынбасарлары:

1. Машақұлы Шөмен

2. Машақұлы Әбілда 3. Машақұлы Қонқыш

Билер: 1. Машақұлы Жүніс

2. Машақұлы Малғабыл 3. Машақұлы Жанғабыл

Старшындар: 1. Әйнек Болатов

Бабалар туралы ақпараттар патша заманында жазылып, сақталып, екі ғасырдан кейін орыс ғалымының қолына түсіп, кітап болып басылып, оқырман қауымға жетуі, Машақ бабамыздың және аруақтардың ұрпақтарын желеп-жебегенінен деп ойлаймыз.

Попов Юрий Григорьевич – өлкетанушы, ғалым. Қарқаралы қаласының құрметті азаматы. Попов Юрий Григорьевич – Қарағанды қаласы, Копай-городта, 1937 жылы 27 қыркүйекте туған. 1955 жылы Қарағанды политехникалык институтының тау-кен факультетіне түсіп, ойдағыдай бітіріп шығады. Мамандығы – тау-кен инженері. 1961 жылға дейін «Ленинуголь» тресіне қарасты №47, №48 шахталарында тау-кен мастері, кейін Қарағанды қаласындағы химия-металлургиялық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми жұмыстармен айналысады. Мәскеу қаласындағы А.А.Скочинский атындағы тау-кен институтын аспирантурасын бітіреді. 1971 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1985 жылдан институттың ғылыми хатшысы қызметін атқарады. 75 жарияланымның және 65 ғылыми жұмыстың авторы. Мектепте, институтта оқып жүргенде Қарқаралы, Қарағанды өлкесіне қызығушылығы оянып, бүкіл саналы өмірін, аталған өлкені зерттеуге арнады. 1990 жылы Санкт-Петербург қаласына біржолата қоныс аударады, бірақ, бүгінгі күнге дейін Қазақстан мемлекетінің тарих саласына қосқан үлесін еселеп жатыр. Орталық Қазақстанда XІX-XX ғасырларда өмір сүріп, көшіп-қонған қазақтардың тарихи деректерге мол мағлұматтарды Ресей мемлекетінің мұрағаттарынан іздеп, «Возвращение в Каркаралы», «Волостные управители и народные судьи (бии) Каркаралинского уезда», «1871 – 1919 годы». «Хроника фактов», «Карагандинский краеведческий круг», «С берегов Волги на берега Нуры», тағы басқа кітаптарды жазды. Қарқаралы қаласының Құрметті азаматы.

Өзі жазған «Волостные управители и народные судьи (бии) Каркаралинского уезда: 1871 – 1919 годы. Хроника фактов» атты кітабынан үзінді келтірейік:

«Материалы данной книги охватывают период конца XІX – начала XX веков, времени, когда Казахстан входил в состав Российской империи, и жизнь здесь организовывалась и контролировалась царской администрацией. Основным законодательным документом, регулировавшем жизнедеятельность казахского общества, было «Временное положение об управлении в степных областях Оренбургского и Западно-Сибирского генерал-губернаторств («Cтепное положение 1868 года»), принятое в 1868 году. Этот законодательный акт устанавливал административно-территориальное устройство, органы управления, суда и финансово-экономические порядки в Северном и Западном Казахстане. Указанная территория делилась на области: Уральскую и Тургайскую, входившие в Оренбургское генерал-губернаторство; Акмолинскую и Семипалатинскую-Западно-Сибирское генерал-губернаторство. 100-200 кибиток (хозяйств) казахов составляли аул. Выборщики (один от 10 кибиток) избирали на сходе аульного старшину; съезд выборщиков (один от 50 кибиток) от волости (1-2 тысячи кибиток) избирал волостное управление во главе с волостным управителем. Несколько волостей составляли уезд.

Волостные управители и аульные старшины избирались на 3 года из местной родовой и феодальной знати (султаны, баи, батыры), утверждались уездными начальниками, исполняли распоряжения властей, судебные решения, следили за поступлением сборов, вели книги учета дел, проводили перепись населения, и т.д.

«Степное положение» устанавливало судоустройство у казахов. Мелкие уголовные и гражданские дела решали избиравшиеся на 3 года судьи – бии; в каждой волости действовал волостной съезд биев. Волостные управители, аульные старшины и народные судьи (бии) получали атрибуты административной власти: должностной знак и печать. Высшей инстанцией для обжалования решений биев были русские чиновники – уездные начальники, уездные судьи, областные управления во главе с военными губернаторами и военно-судные комиссии. Земли казахов были объявлены государственной собственностью и утверждались за казахами лишь в форме «пользования».

Предлагаемая работа выполнена в целях возвращения имен из забвения прошедших веков и будет исключительно полезна людям, которые интересуются своими предками и заняты составлением родовой летописи «Шежире» на территории бывшего Каркаралинского уезда. Впервые в научно-краеведческий оборот вводится свыше 3 тысячи фамилий представителей степной государственной власти. В работе использованы различные источники, в том числе материалы газет «Семипалатинские областные ведомости» и «Акмолинские областные ведомости» за 1871-1919 годы, телеграмма в Санкт-Петербург на имя Императора 22 июля 1905 года от 42-х доверенных лиц Каркаралинского уезда по поводу участия в работе Государственной Думы представителей казахского народа».

Попов Ю.Г. – Санкт-Петербург қаласына көшерде қолындағы тарихи деректерді мұрағаттарға табыстап кеткен.

Машақ бабамыздың бізге әлі беймәлім, тың деректері бар екені даусыз. Бұл іс ғалымдардың еншісінде. Машақ (Мәшекең) болыс туралы кітап жазуға мұрындық болған Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары болды. Ерекше көмектескен тарих ғылымдарының кандидаттары: доцент – М.С.Жакин, Т.Т.Аршабеков, тарих кафедрасының деканы – Г.М.Смағұлова, доцент – Л.К.Шотбақова. Осы мырзалар мен ханымдарға, Машақ бабаның ұрпақтары атынан алғысымызды білдіреміз, еңбектеріңіз жаңа берсін, қазақ тарихын зерттеп, көпшілік қауымға таныстыра беріңіздер. Болыстық құрылым мен билік жүйесі туралы тарихшы ғалым – Темірғали Тілеубекұлы Аршабеков мырзаның арнайы Машақ бабамыздың, қазақ тарихына қосқан үлесі, туралы жазған мақаласын ұсынып отырмыз.

«Ақтоғай Сарыарқаның оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұл өңір ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан түркі текті рулардың атамекені. Қоныстану тарихына нақтылай үңілсек Қарқаралы уезі, Берікқара болысының қазағы Мұхамедше Итқараұлының Щербина зерттеулері кезінде берген мәліметі бойынша: қазақтар, осы жерді жаулаған қалмақтарды ығыстырып шығарып, Қарқаралы уезін ертеден жайлап келген. Көп тұрақтамай, біраз бөлігі Сырдария өңіріне қарай көшіп кетіп, одан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейін жаяу – жалпылап қайтқан.

Бұл мәліметті қағазға түсірген зерттеушілер жергілікті қазақтардың есінде қалған аңыздарды қорыта келіп, Қарқаралы өңірін қазақтарға дейін қалмақтардың иеленгенін, қазақтардың ата-бабалары бұл жерге XVІІ ғасырдың соңы немесе XVІІІ ғасырдың басына қарай келе бастағанын жазады.

XVІІІ ғасырдың аяғы – XІX ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында Ресей патша үкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. XІX ғасырдың 1822 жылы Батыс Сібір губернаторлығын басқарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы» өмірге келді. 1822 жылғы 22 маусымда Сібір губернияларын басқару енгізілді, соның күшімен: Сібір, Батыс және Шығыс бөліктерге бөлінді.

Біріншісіне: Тобыл, Томбы губерниялары мен Омбы облысы енді. Генерал – губернатор мен оның жанындағы Кеңестен құралған Батыс Сібір бас басқармасы Тобыл қаласында болды. Орта жүз қазақтары Омбы облысының құрамына енді де, сол кезден бастап басқа қазақтардан бөлектеу үшін оларды Сібір қырғыздары (қазақтар) деп атады.

XІX ғасырдың басына қарай Орта жүз тайпаларының көпшілігі Ресей бодандығын қабылдады. Бірақ ресми құжаттарда Қырғыз даласы деп аталатын ұлан – байтақ жерде көптеген рулардың қоныстары бытыраңқы орналасқан еді. Осы себепке байланысты дуандарды (округтарды) ұйымдастырған кезде орыс әкімшілігі рулық, тайпалық принципті ұстанды. «Сібір қырғыздары» жарғысына сәйкес елі шеп желісі (линия) бойында құрылған Омбы облысының округтері болды.

1824 жылы «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, «сыртқы округтер» аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822-1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билікте берілді.

1824 жылы екі округ – Қарқаралы, Көкшетау округтері ашылды. Алғашқы ашылған жылы бұл округ 14 болыстан құралды, оларда 20 мыңдай шаңырақ немесе 60 мың ер адам болды. Дуандар (округтер) – болыстарға (әрбір болыста 10 -12 ауыл), болыстар ауылдарға (әр ауылда 50-70 шаңырақ) бөлінді. Округтік приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Орта жүзде «аға сұлтан» – деген басқарушы қызмет енгізілді. Болыстыққа сұлтандар тағайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.

Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті қолдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Ауылдарды шаңырақ иелері 3 жыл мерзімге сайлайтын старшындар, болыстар, сұлтандар биледі. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтандарды, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын «жергілікті шенеуніктерге» жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады.

Ел билеу ісі қазақтар үшін айтарлықтай мәнге ие екенін Шоқан Уәлиханов «…әкімшілік мәселесінің біздің қазақтар үшін орасан зор мәні бар, оған үстірт қарай алмаймыз» деп айрықша атап өткен. Отаршыл патша үкіметі тарапынан жүргізілетін қазақтар арасында ел билеу жүйесіндегі әкімшілік өзгерістердің отаршылдық мүдде тұрғысынан жүзеге асырылатыны ақын-жыраулар поэзиясында өз көрінісін тапты. Отаршыл патша үкіметі «ұзын арқау, кең тұсау» деп аталатын ел билеудің сұлтан правительдік, аға сұлтандық жаңа жүйелері арқылы билік құрғанда, қазақ елін жуасытып, өз қалауынша жатқызып-өргізудің саяси-әлеуметтік тірегін қазақтардың өз ішінен іздестіре бастады. Бастапқы кезде рулық негізде құрылған.

«Сібір қазақтары туралы жарғыға» (1822) сәйкес Ресеймен шекаралас және шекараға таяу орналасқан Орта жүз қазақтарының қоныстары ауылға, болысқа және округке бөлінді. Округтерді сұлтандар биледі. Бір округтің құрамында 20 шақты болыс болған. Кейбір болыстар рулық негізде емес, тұрғындардың шаруашылық жүргізу дағдыларына,       территориялық ерекшеліктеріне орай ұйымдастырылды. «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» (1868) бойынша қазақ даласында облыс, уезд, болыс, ауыл сияқты жаңа сипаттағы әкімшілік бөліктер пайда болды. Қазақстанның батыс, шығыс аймақтарында да жаппай болыстар құрылып, олардың қарауындағы түтін (отбасы) саны 1000-нан 2000 үйге дейін жетті. Бұл әкімшіл органдар қазақ даласындағы дәстүрлі басқару жүйесін қиратып, ғасырлар бойы қалыптасқан әкімшілік билік иерархиясын ығыстырып шығара бастады: сол арқылы отарлау саясатын өктемдікпен жүргізіп, тұрғын халықтың өзіне тән табиғи еркін шектеп, ұлттық мүдделерін ықтиярсыз тұншықтырудың құралына айналды. Мысалы, «Сібір қазақтары туралы жарғының» (немесе «Сперанский жарғысының») 8-бабында әкімшіл бөліктердің жері тиесілі түрде шектелетіндігі, жергілікті басшылардың келісімінсіз тұрғындардың көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілмейтіндігі атап көрсетілді. «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ережеге» (1891) сәйкес болыстар тек көршілес ауылдардан құрылып, әкімшіл-шаруашылық бөлікке айналды.

Архивная справка 1824г., апрель 17. – Г.Б. Броневский Об открытии Каркаралинского внешнего округа №435 Каркаралинский внешний округ при горах Кент. На основании Высочайше утвержденного в 22-й день июля 1822 года Устава «О Сибирских киргизах» и вследствие предписания господина Генерал – губернатора Западной Сибири 8 числа сего апреля открыт мною торжественным образом в Киргизской степи первый Внешний округ и Приказ под названием «Каркаралинской». Для чего о сем знать, я предлагаю областному правлению сделать об открытии Каркаралинского округа известным по Высочайше вверенной управлению моему Омской области.

Исправляющий должность Омского областного начальника гвардии полковник Броневский Г.Б.. Начальник отделения П.Сулин. Верно за секретаря И. Волгин. ЦГА.РК. ф.338.Д.366. Л.7.7. Об. Копия 1824 жылы 8-ші сәуірде Қарқаралыға аға сұлтан тағайындауымен байланысты алдын-ала жүргізілген санақ бойынша осы 14 болыстың құрамында алғашында 5-6 шы болып Әлтеке, Сарым рулары тіркелді.

1839 жылы Қарқаралы округінде – 17 болыс, 1851 жылы – 18 болыс, 1900 жылы – 21 болыс, 1906 жылы – 22 болыс болған.

Жергілікті халық округ құрылған кезде өздерінің қысқы қоныстарын, жайлауларын, ағайындық тарихи бірлігін сақтап, табиғи дәстүрлерін жалғастыра берді.1878 жылы Қарқаралы уезіне қарасты Әлтеке, Сарым болысының рулары көбейіп, дамып, әкімшілік құрылымның өзгеруіне байланысты осы Әлтеке, Сарым болыстығы екі дербес болыстыққа бөлінген. Ол «Нұра» және «Тоқырауын» болысы.

Нұра болыстығына: Сарым руынан, төмендегі рулар бөлініп кірген. «Байдәулет» – 250 отбасы, «Айдабол» – 307 отбасы, «Қоңырбай» – 200 отбасы, «Деріпсал» – 200 отбасы, «Табын» – 100 отбасы, «Алшын» – 100 отбасы, барлығы 1157 отбасы болған.

Тоқырауын болыстығына:

Сарым руынан кіргендері: «Қожағұл» – 200 адам, «Құлық» – 200 адам, «Өтеміс» – 413 адам, Әлтеке руынан кіргендері: «Қойкел» – 200 адам, «Әтембек-Жарас» – 250 адам. Осымен қоса Сұлтан төре ұрпақтары қоса өмір сүрген, олар Бөкейхановтар әулетінен 30 отбасы болған.

«Тоқырауын» болысы деп аталуы себебі Солтүстік Балқаш алабында ағатын Тоқырауын өзенінің атымен аталған. Тоқырауын өзені Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы – 298 км. Бастауы Қарашоқы тауынан солтүстікте 10 км жерден басталып, Балқаш көліне 28 км жетпей жерге сіңеді. Ірі салалары – Жалаңаш, Қараменде, Қосабай, Қаратал, Жіңішке өзендері. Суы – тұщы. Суын Балқаш көлі, Саяқ кеніші, Ақтоғай, Үшарал, Сарытерек, Шылым, Жаңарқа елді-мекендері тұрғындары ауыз суға, мал, жер суаруға пайдаланады.

1884 жылы Дала Генерал – губернаторы Д.А. Колпаков өзінің бұйрығымен Қарқаралы уезіне қарасты барлық руларды, әр отбасын есепке алып, анықтаған.

«Тоқырауын» болыстығында сол жылы 1293 адамның шаруашылығы есепте тұрған. Әлтеке-Сарым болысы екіге бөлінбей тұрғанда 1870 жылдардың ішінде, Әлтеке-Сарым болысында мына адамдар болған. Әлтеке-Сарым руына Малыбай Байқұтдинов болыс болып тұрғанда ауыл билері (соттары) мына адамдар болған. Жұмабай Атығаев, Күзенбай Саумалов, Сұлтан дайыр Ғазин, Баймұрын Иманов, Арыстанбек Дәулетбаев, Дүйсенбай Торғаев, Жақай Ақтаев, Кеңес Көркенбаев, Жамансары Дәнияров, Жаназар Бөлемесов, Қайран Төбетов, Бөлкенбай Шоңбаев, Молла болып Шынқожа Төлегенов бекітілген. Бұл деректер Семей облыстық газетінің 1872 жылғы 27 қаңтарда шыққан нөміріне жарияланған. Бұл деректерде тек қана Тоқырауын болысында, «болыс және би /соттар/ болған» 1872 жылдан 1919 жылдар арасындағы деректі құжаттарда көрсетілген (63). Болыс 1917 жылға дейін сақталды, Қазан төңкерісінен кейін жаңа әкімшілік жүйе негізінде қайта құрылып, 1925 жылға дейін өзгерген жоқ.

Заманының заңғары

XІX ғасырда «Тоқырауын болысы» бойынша (Әлтеке, Сарым рулары орналасқан жерлер) Машақ Жантөбетұлы (1864-1894) 30 жыл болыс (волостной управитель) болған. Қазіргі заманда болыс қызметін атқарған аудандарға Ақтоғай әкімшілік территориясы жатады. Қазіргі Ақтоғай ауданы, Нүркен Әбдіров ауылының, Көпбейіт деген жерде Машақ, әкесі Жантөбет, ұрпақтары: Ормақай, Шөмен, Ербекей, Шәйкен жатыр. Жәмшіде «Қытайдың жалғыз биігі» деген тау бар. Осы тау Машақ ұрпағының атамекені. Бір сайлауда Мәшекең, баласы Ербекеймен болыстыққа таласып, сайлауға түскен. Басым дауыспен, баласы Ербекейді, жеңіп шыққан. Тоқырауын болысын 1878-1880 жылдары және 1881-1883 жылдары – Ербекей Машақов басқарған, орынбасары – Күлшібай Саумалов болған. Болысты 1884-1886 жылдары Ербекей Машақов басқарып, орынбасары Шөмен Машақов, 1887-1889 жылдары Бекманбет Бектасов пен Мәмбетқұл Балғымбаев (не Балгымбаев, не Белгібаев болуы мүмкін) болған. Осы алты жыл ішінде халық соттарының құрамы бір қалыпта болған. Одан кейін ел билігі көп жылдар бойы Ербекейдің қолында болған. Ербекей қайтыс болған соң, Тоқырауын болысын басқаруға 1892 жылдың 19 қыркүйегінде сайлауда Машақ (Мәшекең) жеңіске жетіп, қайта болыс болып сайланады. Ол кезде Машақ (Мәшекең) 78 жаста екен.

1893-1895 жылдардағы деректерге сүйенсек ауылдардағы халық соттары (билер): №1 – Баймырза Тіленшин, №2 – Тілеубай Данияров, №3 – Топал Баймұхаметов, Жиенқұл Қожаназаров, №4 – Қали Итекин, №5 – Мұса Төрежанов, №6 – Бабажан Қожықов, №7 – Жолдаспай Молдажанов, №8 – Ынтықбай Мыңғабаев болған.

1894 жылы 11 қаңтарда Машақ болыс болып тұрғанда дүниеден өткен. Ел аузындағы аңызға қарасақ, Машақ Жантөбетов өмірінің ақырына дейін болыс болған. Машақтың орнына болыстыққа – Мерген Тілеубергенов, орынбасарлығына – Шөмен Машақов тағайындалады.

1898 жылғы есеп бойынша, Тоқырауын болысында 10 ауыл, 1358 күймелі арба (шаруашылық), 140 отырықшы, 17 жерсіз адам, 7069 тұрғын болған.

1902-1904 жылдар аралығында болыстармен билер арасында үлкен дау, жанжал, айтыс-тартыс болған. Алтынбек Қосбаев сайланған, бірақ мұның да жолы болмай 1903 жылғы 24 желтоқсанда болыстықтан босатылған. 1904 жылғы 7 қаңтардан бастап, болыс болып – Шәйкен Машақов сайланған.

Жәмші жерінде ұшқыр уақыт пен табиғат құбылыстарынан тозбай сақталған: Машақ, Ормақай, Ербекей болыстар, Аққыз, т.б. мазарлары көненің көзі, өткеннің белгісіндей.

Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары. Сібір қазақтары облысындағы сыртқы округтік приказдың 1844 жылғы болыстар мен ауылдардың саны туралы тізімдеме 23.05.1844 – 24.07.1844 жылдар. Сыртқы округтер құрамындағы жасақ төлейтін болыстар, ондағы ауыл, шаңырақ, тұрғындар және мал саны туралы тізімдеме.

Ауыл
Шаны-
Ерлер
Әйелдер

Жылқы Ірі Қой

Рақ

қара

Кәрсөн-Керней болысында

1313

1213

2213

2284

27861

3627

123841

Қояншы-Тағай болысында

6

586

1238

1169

9867

1903

47287

Әлтеке-Сарым болысында

10

887

2079

1957

15621

3192

72769

Үшжылдыққа жасақ салығын салу үшін жасалған Қарқаралы және Көкшетау сыртқы округтік приказдарының тұрғындары мен мал туралы іс 1838 – 1841 жылдар.

Округ.

Мал саны

Салық көлемі

Болыс
жылқы

ірі

қара

қой

Жылқы ірі Қой

Атаулары

қара

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қояншы -

4851

1282

32080

47

12

319

Тағай

2

Кәрсөн -

13095

2688

71730

130

26

716

Керней

3

Әлтеке -

17853

5434

102558

177

53

1024

Сарым

Барлығы:

270769

101776

1548352

2666

1002

15451

Жоғарыда келтірілген деректерді сараласақ келесідей ой-пікір туындайды: Әлтеке – Сарым болысында мал саны көп болғандықтан, салық мөлшері де көптеп салынған. Бұл деректер мұрағаттан алынған. Сол заманның өзінде халық, мал санағы өткізіліп, салық көлемі анықталып отырған. Сарыарқа өңіріңде, оның нағыз ортасында Қайдауыл-Шеруке жерінде, Балапан тауының бөктерінде, су екі айырылып ағады, бір айрығы Нұра өзеніне қарай ақса, екінші айрығы Тоқырауын өзеніне қарай ағады. Нұра өзені Қарағандыға қарай ақса, Тоқырауын өзені Балқашқа қарай ағады. Өткен ғасырларда ата-бабаларымыз, сонау Балқаш көлінен шығып, Қайдауыл – Шерукеге дейін, Нұра, Байқасқа, Айқынбай, Жарас өзендерінің бойын жайлап қайтады екен. Нақ осы жерлерді Әлтеке, Сарым болысы мекендеген.

1824 жылы дуан (округ) ашылып, Ресей үкіметі қазақтарға 8 жыл жеңілдік берген болатын. 1832 жылы жеңілдік мерзімі аяқталып, орыс үкіметі салық жинау үшін санаққа кіріседі. Ел осыған қарсылық ретінде сес көрсетіп, жартысы Қаратауға, Сыр бойына, Жетісу өңіріне, тіпті Қырғыз жеріне дейін ауа көшуге мәжбүр болады.

1826-1847 жылдары Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына қарсы ұйымдастырылған Саржан, Кенесары көтерілістерінің аумалы-төкпелі, жеңіс-жеңіліс жағдайына байланысты көтерілісті қолдаған рулар үнемі қоныс аударумен болды. Картада      «Көрпетай»      таулары      анық көрсетілген. «Көрпетай» тауы Машақ (Мәшекең) бабамыздың қоныстанған жерлері. Тоқырауын болысы, Қарқаралы уезі, Семей облысына қараған. Сарым елінің Кенесары көтерілісі басталмай тұрған кездегі көңілі әрі-сәрі күйге түсіп, қайда бет аларын білмей аңырап қалған жағдайын бейнелейтін 1835 жылғы мұрағаттың дерегін толығырақ келтірейік. Қарқаралы сыртқы огкругтік приказымен Әлтеке-Сарым болысы қазақтарының оңтүстікке көшіп кетуіне қарсы шешім қабылдау жөніндегі хат алысу.

24.01.1835-02.05.1835 жж Құпия түрде.

24.01.1835 жылы алынды. Әлтеке-Сарым болысының Округтен көшіп кету пиғылы жөнінде. 09.01.1835ж. Омбы облысы Бастығы мырзаға Сұлтан Ғазы Бөкеев осы жылдың 4-ші қаңтарыңдағы шағымы мен ОП-ға өзінің қарамағындағы Әлтеке-Сарым болысының округтен көшіп кетуі мүмкіндігін хабарлайды, өйткені олар осы уақытқа шейін өз қыстауларына тоқтамаған, көшіп кеткен жағдайда одан сұрамауын алдын ала ескертеді.

Сіздің Жоғары Мәртебеңізге осы жөніндегі мәліметті жеткізуді ОП дәреже тұтып және осы жөнінде қандай шара қолдануға Сіздің рұқсатыңызды бағыныштылықпен өтінеді. Мұнымен қоса, заседатель Григорьев өткен жылдың қыркүйек айында Әлтеке-Сарым және басқа да онымен бірге, Қарқаралының оңтүстігіне қарай, Ташкент шекарасы бойында көшіп жүрген болыстарда санақ жүргізгенде олардың бөлініп кету пиғылы байқалмай, керісінше, олар оған, Григорьевке, көшіп кеткендердің қандай шығынға ұрынғандарын көрсетіп, қайтып келген қазақтар: «Ол жақта қалған олардың туыстары өздері сияқты қайтып келе ала ма?» – деп сұрап, «олар да міндетті түрде қайтып келгісі келетінін, егер оларды көшіп кеткені үшін жазаламайтын болса қайтып келетініне сендіреді» – дейді. Григорьевтің айтуынша, Ресей үкіметі көшіп кетуді қараңғылықтың салдары деп түсініп, мүмкін, түсінер деген үмітпен қазақтар санаққа қайтып келуін тосып отырған өздерінің туыстарын да кіргізген: сондықтан да сұлтанның күмәні, Сіздің Жоғары Мәртебеңізге белгілі, ру басыларына деген кегінен емес пе? Заседатель Тұрсынов.

Сұлтан Ғазы Бөкеев – Әлтеке-Сарым болысында 3 жыл мерзімге сайланатын аға сұлтанның басқарушы қызметін атқарған.Орыс билеушілерінің Ғазы Бөкеевке берген мінездемесінен үзінді: Алфавитный список султанам, старшинам и биям Каркаралинского округа за 1850 год Газы Букеев, султан, 70 лет. Характера скромного, умен. Очень богат. Кара Айтымбетовской волости, из рода хана Букея. Был управителем Альтеке – Сарымовской волости. В 1805 году награжден золотой медалью на Аннинской ленте за открытие в Ташкинию дороги, в 1811 году – чином майора за сопровождение отряда к Коканскому хану, в 1838 году – золотой медалью на Аннинской ленте за усердную службу.

ЦГА РК.Ф.374. Оп.1.Д.2545.Л.74-115. Подлинник.

Список поступившим волостям Каркаралинского внешнего округа. Апрель 1824 год.

Наименование волостей

Кто управляет волостями 1.

Чанчар-Каракеситская

Султан Чама Аблайханов

СултанСултаны Тугум и 2.

Алтай-Каракеситская

Ябагы Абулгазовы

3.

Каракеситская

Тауке Букейханов

Чор

Караул-

Султан Абулгазы Букейханов

Каракеситской

Киргиз-

Султан Батыр Букейханов

Каракеситской

4.

Туртугул-Каракеситской в

Султаны Чабвалар Таукеханов

шести родах

Кунан, Донени Даулет

Кереевы бии,

Чон Едигии и Чорман Сатыев

почастям

5.

Сарым-Каракисетской

6.

Алтеке-Каракеситской

7.

Куянчи-Тагай Каракеситской

Султан
майор
Газы

Букейханов

8.

Керней-Каракеситской

9.

Керсень-Каракеситской

10.

Кунграт-Аргинская

Султан Тобет

11.

Джаватей-Буранайманская

Султан
надворный
Советник

Али Кокшалов

12.

Манас-Тобуклинская

Султан майор Букейханов \\

13.

Тарактинская
Султаны ЧакаиУрман

Абетеевы 14.

Байбуры-Каракисетской
Султаны Агадай, Кугадай,

Бигадай, Дугали Мамановы

Подлинный подписал

Исправляющий должность Омского областного начальника гвардии полковник Броневский.

Начальник отделения П.Сумин. Верно: за секретаря Илья Волгин. ЦГА РК.Ф.338. Д. 366. 38-38 об. Копия

Қарқаралы сыртқы округіне сайланған болыстықтардың тізімі (1824 ж.)

Список поступившим волостям Каркаралинского внешнего округа.

Қарқаралы 26.01.1835 ж. Құпия түрде.

Қарқаралы Округтік Приказға ОП – дың 19.01.1835 ж. Сұлтан Майор Ғазы Бөкеевтің хатына сүйенген жолдамасынан мен сұлтанның, оған бағынышты Әлтеке-Сарым болысы қазақтары әлі күнге шейін өз қыстауларына тоқтамай Округтен кетіп қалғысы кеп жүр дегеніне сенбеймін, қайта, Приказ анықтап отырғандай, заседатель Григорьев аталған қазақтардың ондай пиғылын байқамаған және Сұлтан Ғазының сенбеушілігі, рубасылары мен қазақтармен арадағы араздықтан туындаған кек қайтару әдісі емес пе?

Сондықтан, Округтік Приказға бұл іс жөнінде ешқандай нұсқау бермей, құпия түрде істің нақты мән жайына қанығып алуды ұсынамын, ал Сұлтан Ғазы Бөкеевтің шағымы әділ болып шықса, ақылға сиятын әдістермен Әлтеке-Сарым қазақтарын Округте ұстап қалуға нұсқау беру керек...

Қол қойған Облыстық Бастық Генерал-лейтенант Де Сент – Лоран.

Хабарландыру

С.О.П. Старшина Әйнек Болатов, …Есманқұлов. «Жоғарғы мәртебелі патша (Ж.М.П) жарлығымен Сібір елінде Омбы облысы құрылып, осындағы Сыртқы Округтер бақылап, жәбірленушілері қорғау үшін осындай құрылым құрылғаннан кейін патшаның мейірім мен қамқорлығына сеніп, біз, далалық өлкеде көшіп жүрген қазақтар Ж.М.П. қарамағын мәңгілікке бағынып, қазір соның құрамындамыз және ғұмырымыздың соңына шейін қарамағыңызда боламыз, өзіңізге бағыныштылардың қатарындағы біздің Сарым болысының рулары, атап айтқанда: Айдабол, Қоңырбай, Өтеген-Есболай, Көшкін Қара Қадыр, Әлтеке, Байдәулет. Осы аталған рулардың және біздің болыстың басқада ру басыларымен билері мәжіліс құрып, өз араларынан біздерді ел өтінішін Округтік Приказдегі Сіздерге жеткізу үшін, өкілеттілікке сайлап жіберіп отыр. Ел өтінішін Приказға хабарлай отырып, біздің болысты барлық халық атынан бізге қыстап шығу үшін және жазғы жайлау үшін Приказдың маңынан немесе өздеріңіздің жандарыңыздан, яғни Қарқаралының ішінен жер бөліп беруге септіктеріңізді тигізуді бағыныштылықпен өтінеміз, себебі, біздің Сарым елі, осы жылдың қаңтар айында Округтік Приказге біздің болыстың болысы Сұлтан Ғазы жеткізгендей, оның қарамағындағы болыстар бұрынғы қыстауларымен жайлау ларына орналаспай, мүмкін болған жағдайда біржола Ташкент жағына өтіп кету мақсатында біртіндеп жылыстап бөліну үшін өз арасында мәжіліс құрыпты депті. Мұндай хабарды естіп таңқалдық, бұл әділетсіз және бұлай болуы мүмкін емес, біз көрмей отырмыз ба, біздің және де болыстардан көшіп кеткен қазақтардың қандай жағдайға душар болғанын, өйткені олар барынан айырылып, жұрдай болғаннан басқа ештеңе таппады, сондықтан біз, билер, құдайға сиына отырып куәландырамыз және патшаның мейірімімен қамқорлығын көреміз деп сенеміз, сондықтан осы жерге келіп, алдарыңызда боламыз және үшінші жылы көшіп кеткендермен, қалай қайтып оралатындарын біз жобалап та, болжай да алмаймыз». Құжатқа Өтеген-Есболай руының рубасы – Әйнек Болатов таңбасын қойды және Қадыр руының рубасы Бош... Есманқұлов таңбасын қойды. 1835 жылы 12 ақпанда аударылды. Аударған Колледж секретары Туголуков…? Құжаттағы оқиға, Орта жүзде Кенесары көтерілістерінің қарсаңы еді. Ел ішіндегі толқулар кезінде қандай амал – айла қолдануды таңдап жатқан кезде бір жағынан «көшеміз» деп, екінші жағынан «жанында боламыз» деп жатқандағысы – уақыт ұтудың амалы. Себебі, халықтың жартысы 1835 жылға дейін, құжатта айтылғандай, 1833 жылы көшіп кеткен. 1835 жылғы көшуге әзірлік – екінші толқын. Ал кейін 1837-1838 жылдары Қарқаралы дуанының Қаракесек рулары түгел дерлік Қаратауға көшіп кетіп, дуанда (округте) тек кейбір сұлтандар, елсіз, өздері ғана қалған.

Келесі баянымыз түсінікті болу үшін шежіреге үңілейік.

АТА-ТЕК. ШЕЖІРЕ

Шежіре – адамзат жадысының жауhары.
Шежіре – шедевр памяти человечества.

Е.А. Бөкетов      атындағы      ҚарМУ ғалымдары:

Т.Т. Аршабеков, Ж.А. Жұмабеков, Т.С. Төлеуов «Сарыарқаның этникалық картасы» атты кітабында шежіре туралы былайша ой қозғайды: «...Қазақ елінің болмыстық негіздерінің бірін, яғни тұңғиықты тарихын дәстүрлі түрде болашақ ұрпаққа жеткізген құбылыс шежіре еді.

Шежіре сөзінің төркіні ежелгі алтай тілдес халықтардың тіл қорынан шыққан сөз. Оның мәні – «есте сақтау, жатқа білу». Шежіре дегеніміз, көпшілік пікірінде қалыптасқандай тек қана «ата тарату» емес, керісінше кешенді түрде тарихты жатқа айту десек қателеспеспіз. Бұл адамзат тұрмысындағы даму жолының көшпелілік түрін қабылдаған елдерде, тарихын ауызша тарату нәтижесінен орын алған, тек көшпелілерге тән құбылыс. Қазіргі      күні      шежіре      мәселесі      еліміздің кәсіби тарихшылары тарапынан қолдау тауып, «Қазақ шежірелерінің материалдары деректанушылық талдау жасаған кезде құнды тарихи мәліметтер болып табылады» деген тұжырыммен академиялық деңгейде тарихи дерек көзі ретінде мойындалып отыр. Орыстың белгілі ғалымы – В.П. Юдин шежіре туралы анықтап, оларды «устная степная историология» немесе «устное историческое знание кочевников» деген ұғым қалыптастырып, ғылыми айналымға енгізген еді.

Туыстардың арасыңда алғаш шежіре жинақтап құрастырған Машақ (Мәшекең) бабаның шөбересі – Шөментегі Кеттебекұлы Төркеш. Кеттебекұлы Төркештің 1978 жылғы 25 тамызында Шәйкенұлы Мұқашқа жазған хатынан үзінді келтірейік:

«Мұқаңа! Бұл шежіре Төркештен ескерткіш. Осыны жалғастыра беру керек. Үлкен қағазға түсіру керек». Ағамыздың өсиеті орындалып 2015 жылғы 30 сәуірінде Жантөбетұлы Машақ (Мәшекең) бабамыздың туғанына 200 жыл толуына орай «Шежіре. Машақ 200 жыл» естелік басылым ретінде кітап болып шықты. Бұл шежірені құрастырып, басып шығарған – Мұқаштегі Орынғұлұлы Бердіғұл және оның балалары Алмаз бен Диаз (Шәйкен болыстың (Шәкеңнің) ұрпақтары).

Шежіре: Машақ (Мәшекең) бабаның шөбересі – Шөментегі Кеттебекұлы Төркеш жинақтаған материалдарына және де туысқандары: Шәйкенұлы Кәріғұл, Молдағабылұлы Қуандық, Мұқашқызы Күләш, Жүніс келіні Сарыкеннің әйелі – Зәпура ұсынған мәліметтерге негізделіп құрастырылған. Шежіре тарихы мазмұнды, білімді, жаңа формат үлгісінде, көркем болып жасалынған. Бұл жасалынған еңбек Машақ бабаның ұрпақтарының қазақ тарихына, қоғамына қосқан үлесі ретінде қабылдауымыз керек. Шежіре жазуға атсалысқан жандарға, баба ұрпақтарының атынан мың алғыс!

Бұл кітапта осы аталған шежіреге сүйене отырып, Машақ (Мәшекең) бабаның өмірі, ұрпақтарының өрбіп-өсуі, қоғамдағы орындары, тарихқа қосқан үлестері бойынша қысқа мағлұматтар келтіріп отырмыз.

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН ҰЛ ЖЕТЕСІЗ

(Халық нақылы)

Қазақ ұлттық энциклопедиясында жеті ата туралы келесі мағлұмат келтірілген: «Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт – санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары боп саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын – жуықтар бір – бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата – бабасын, жеті атасына дейін білу, әрбір азамат үшін міндет болған және сол белгі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған». Жантөбетұлы Машақтың арғы атасы – Арғын. Арғын – Орта жүзге жатады. Ұраны – Ақжол. Бергі атасы – Қаракесек (Болатқожа), Қаракесектен: Ақша, Түйте Түйтеден: Майқы, Танас Майқыдан: Айтуған, Күнтуған Күнтуғаннан – Сарым Айтуғаннан – Әлтеке, Сапақ.

Әлтекенің бірінші әйелінен: Әлмұрат, Дос.
Әлтекенің екінші әйелінен: Өтеуіл, Өтеген.
Өтегеннен: Қойкел, Жәңкел, Байдәулет,
Бәйімбет, Берлі.

Қойкелден: Болат, Жарылғап, Жәмеңке,
Ес, Қан, Жан, Бек.
Болаттан: Жантөбет, Жайнақ.
Жантөбеттен: Әйнек, Машақ.

Тарих қойнауына үңіле кетсек...

ҰЛЫ БАБА ӘЛТЕКЕ

Әлтеке – Мейрам бабамыздың алтыншы, ал Қаракесектің (Болатқожаның) бесінші ұрпағы болып саналады. Машақ (Мәшекең) – Әлтеке бабамыздың бесінші ұрпағы. Жеті атаға толғаннан кейін Әлтеке рубасы болып есептеледі. Бастапқыда жазғандай Әлтеке атымен болыс аталуы сол себептен. Әлтеке бабамыз батыр әрі көріпкел әулие болыпты. Ертеде Қарашор батыр жорықта жүргенде жылқысын жау айдап әкетіпті. Қарашор қол жинап жылқысын қуады. Жауға жетеді. Айдап кеткен жылқыны жау оңайлықпен берсін бе, қақтығыс болып, екі күнге созылады. Жау жеңгізбейді. Қарашор Әлтеке бабамыздан үлкен екен. Бабамызды еркелетіп «Әлтеш» деп атайды екен. Кешке қосқа келгеннен соң Қарашор Әлтеке бабамызға: «Әлтеш, сені жауырыншы деуші еді, жауырын жағып, сөйлеп көр» депті.

Әлтеке бабамыз, жауырынға қарап отырып: – «Ертең сіз екеуіміздің біреуімізге қатер төніп тұр» – депті. Сонда Қарашор: «Жасырма, қайсымызға қатер?» – депті. Сонда бабамыз жауырынға тағы біраз қарап отырып, «Маған қатер болып тұр» – депті. Ертеңінде Қарашор батыр Әлтекені соғысқа ертпей, қосқа қалдырып кетіпті. Бірақ, жау басым түсіп, қосқа дейін өтіп кетіпті. Қоста бейғам отырған бабамызға найза түйреп кетіпті. Бұл кезде Әлтеке бабамыз небәрі 28 жастағы жігіт екен. Бабамызға, Қарашор батыр «Арттағы еліңе не айтасың?» – депті. Сонда бабамыз, төрт ұлы туралы былай айтқан екен: «Өтеуіл аса көп өспес», «Өтегеннің дастарқанынан ас кетпес», «Әлмұраттан кісілік кетпес», «Достың белдеуінен ат кетпес» деп, ұлдарының болашағын меңзеп кеткен екен.

Өтеген Әлтекеұлы

Мәшекең бабамыз жөнінде мәліметтер жинақтау барысында, «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, белгілі жазушы, шежіреші Төрехан Әкімжанұлы Майбас мырзамен сұхбаттасқан едік. Сол сұхбаттың нәтижесі ретінде «Машақ болыс» атты мақала туындады. Мақалада біздерге беймәлім, тың деректі мағлұматтар жазылған. Оқырман қауымға сол мақаланы ұсынып отырмыз.

Мәшекең ұрпақтарының атынан Төрехан Әкімжанұлы Майбас мырзаға алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс, туған еліңіздің мақсат-мүддесі жолында жемісі мол жылдарға жете беруіңізді тілейміз. «Машайдың Бораншысы бір шикіөкпеге зар болып, Жаратқаннан сұраған ғой. Мейіріңді түсіре көр» – деп. «Бір шикіөкпе бере көр» – деп. Сол зарлық үстіндегі Бораншының үстіне, Әлтеке Өтеген батыр кіріп келеді. Елдің баласы бес қаруымен жүрсе бұлардың бір қаруы қашанда артық болған ғой. Біреудің қойынында күлше жүрсе, бұлардың жабасалмасында сынық жауырын жүрер еді. Қысылғандарында басы-көздерін тұмшалап, сынықтың әр жағынан күнге сығалар еді.

Сонан сөйлеп берер еді:

Ақ қойым асытқан,
Қара қойым қасытқан.
Әз жыласа жас шығып,
Қара тасты жасытқан.

У ішесің асықсаң,
Су ішетін қасықтан.
Жаратқан өзі бермесе,
Құралмайды шашықтан...

Сынықтың сөйлеуінен хабары бар Бораншы ақтылы қойдан бір қарабасын алдырады. Қара қойдың сынығы ақ болады. Суреті соған тышқан ізденіп түседі.

Өтеген батыр да сөйлеп берген:
Баяны болмайды,
Сынықтан құраған.
Әйтеуір алмай қоймайды,

Күнде-күнде сұраған...
Мұны естіген Бораншыда ес қалмайды.

– Һақ Жаратқан берем деп тұр. Жалғыз сұрап... сыңар сұрап бекершілік жасағансың. Екі із берем деп тұр. Егіз берем деп тұр...Кіндіктес берем деп тұр...

Көбіктеніп сөйлеп, ақ тер, көк тер болып, жолын алып, Өтеген батыр ұзын жолға шығады.

– Түбі жармақ, – дейді ұзын жол үстінде кетіп бара жатып.

Ай артынан ай өтіп, қырық және жеті апта айналғанда Бораншының бәйбішесі аузына арқан тістеп, толғақ сарындап тұрып алады. Соны күтіп тұрғандай-ақ баяғы Әлтеке Өтеген батыр сап ете қалады.

Айтолғақпен бала теріс келіп, тұрып алады. Болмаған соң төменнен жоғары қуалап, қолдағы арқанды аяққа түсіреді. Құрсақ сыртынан басын қуалап отырып, сынықпен шертпе жасайды. Соны күтіп отырғандай баланың басы көрінеді.

Өтеген батыр сөйлеген еді:

Көз жасымызды көрді.
Һақ Жаратқан берді.
Келмесі келді,
Ермесі ерді...

Сонан сынығын атып ұрған.
Сол кезде шарананың шар еткен дауысы да шығады.

Ілесе тағы бір дауыс қосылады. Бұл кезде Өтегеннен ешқандай батырлық ізі қалмағанды.

Атойлап алға бақсылығы шыққан.
Бақшылығы шыққан.
Жаурыншылығы шыққан.
Сынықшылығы шыққан...

Һақ Жаратқан көріпкелдік қасиетін Әлтеке баласының көзіне берген сынды. Өтеген бақсының көз қарасына жан шыдамаған. Бұл адам баласына тән емес көз қарас болатын. Қарағанда көз етіңді суырып алатын қарас. Содан ел шыдамай сыртқа тайсақтап шыға берген. Ең соңында аламан үйде Бораншы мен Өтеген қалған.

О, құдырет, бұлардың көз алдарында тырбанып екі басты шарана жатыр еді...

Бораншының есі ауып қалған. Есі кіргенде көргені арқасы жабысып туған әлгі шарананың аяқ-қолы бүтін, екі тірі жан болып жатқандығы еді. Әйелі де ыңырсып тірлігінен хабардар еткен. Көзге түспегені Өтеген еді. Жер жұтты ма, аспанға ұшып кетті ме, әйтеуір жоқ еді. Келер сәт көзін жылбысқыларының арқаларына жүгірткен. Жалманмен шапқан екен. Тура пышақпен кескендей ажыратыпты. Тек біреуіне бір жапырақ ет артықтау ауысқан сынды. Сол екі балаға Сұраулы, Тілеулі деп есім береді. Бір жапырақ еті ауысқаны Тілеулі болатын. Тілеулі баласының мұнан әрменде Әлтеке балаларына жуық жүретіні осыдан. Бір бірімен сүйкенісіп жүрсе басқа себебі жоқ.

Пендесі бұларды бөлгенімен, бұлар бөлінбеді. Бәрі де бір Көктен де. Сонан бұлар бырттайын быжынап көбейсін. Қаулап өскені соншалық, ел шетіне жау келгендей болса ұран отын жақпай-ақ шайқасты бастап жіберетін.

Хан іздеп бармады. Хан іздеп келді. Өйткені Өтеген батырдың бақсылығы, бақшылығы, батырлығы, жаурыншылығы, сынықшылығы осы екі атада қалған еді. Ал айтып отырған екі атамыз Өтеген батыр жаурыншылығын өзімен бірге ала кетті дейді.

Сол Өтегеннен бесеу туады, бірі – Қойкел. Заманында аты шыққан батыр болған. Осы кісінің есімімен аталатын жер-су атаулары бар.

Қойкелден – Болат, Жәмеңке, Жарылғап, Ес, Қан, Жан, Бек. Бұлар Қойкелдің алты аласы аталған. Қазақ алакөзім деп батыршалыс балаларын айтқан. Содан-ақ бұл кісілердің кім болғандығын пайымдауға болар. Болаттан – Жантөбет, Жайнақ.

Жантөбеттен үшеу туады – Әйнек, Машақ, Итбай. Кейінгісінің ұрпақтарымен кейінге дейін араласқан жайым бар. Оның ішінде Рақытай Шойымбекұлы көшелі ағалардың бірі еді. Мен Тілеулінің ұрпағы боламын, оның ішінде Кернейі. Жоғарыдағы келтірген баянға байланысты Керней балалары Өтеген балаларына жақын жүреді. Жиенді-нағашылы да осылар, қарсы құдалар да осылар. Олай болса Өтеген батырға, Өтеген балаларына қатысты жайттарды Керней балалары білсе керек.

Сондай көлденең әңгімелердің біразын біз де естідік. Соның бірі Мәшекеңнің сайлаусыз отыз үш жыл болыс болғандығы жөніндегі әңгіме. Бұл әңгіме негізсіз емес. Мәшекең болыс болған тұстары Әлтеке атасының малы да, жаны қаулап өскен кезеңі. Ұрпақтары Бесатаға болыс болған деп көтермелейді. Бесатаға беделі жүргені рас, алайда болыс болғаны артық әңгіме. Өйткені Бесата елі әу бастан бір болыс ел болған жоқ.

Мәшекең ел басқарған жылдары оның бақталасы болмады. Баласы Ербекей он сегіз жасқа толғанша атақты күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 1815 жылы туып, 1862 жылы қайтыс болғаны белгілі. Мәшекең болса 1815 жылы туып, 1894 жылы қайтыс болған. Бұл кісілер түйдей құрдас. Тәтекеңнің де болыс болғаны белгілі. Бұл кісілер тіршілігінде араласқан, оңаша отау көтеріп, әңгіме-дүкен құрған адамдар.

Мәшекең асып, толып отырған заманында баласы Ербекей де ел көзіне түсе беріпті. Нағашысы Бәйсейіт би барынша қолдау жасап отырыпты.

Сол баласы әкесімен болыстыққа талас болады. Іштей өзінің болыс болып сайланатынына сенімді болыпты әке. Алайда шар тең түсіп, соңғы шар ойнайды. Байдәулет балаларының бірі шар ұрлап, Мәшекеңнің пайдасына шешіпті. Сонан Мәшекең жатып қалыпты. Көкейім кесілді деп.

Мәшекең де асқан күйші болыпты. Едірей асып, құрдасы Тәттімбетке барыпты. Көкейдегі шерін домбырамен айтыпты. Сонда Тәтекең «мынау күй көкейім кесілді деп тұр ғой, «Көкейкесті» болсын деп, Мәшекеңнің домбырасын қолына алыпты. Бұл күйіңді маған қи деп күйді жаңа тұрпатта ойнап шығыпты.

Бұл әңгіменің бала кезден құлағымызға құйған кешегі жақсының көзі, алтынның сынығы Сүбіхибек Ахметұлы еді. Бұл кісі үлкен ағартушы, өлке тарихын жетік білетін әсіре шежірешіл адам болатын. Өз кезегінде бұл әңгімені әкесі Ахмет мұғалімнен естіген.

Ал Ахмет мұғалімнің бұл әңгімені естуі анық нәрсе. Өйткені, Ахмет мұғалім – Әбдірахимов, 1887 жылы туып, 1937 жылы «халық жауы» ретінде атылған. Арқа өңіріне аты мәлім ағартушы. Әуелі Шаян медресесінде, онан кейін Бұхарада оқыған. «Ғалия» медресесін бітірген. 1916-1921 жылдары А.Байтұрсынұлы ауылында мұғалім болған. Алашорда көсемдерімен байланысын үзбеген. 1922-27 жылдары Қарқаралы қаласында мұғалім, Ақсу-Аюлыдағы мектепте директор, 1936-37 жылдары Ақадыр стансасында мұғалім болған.

Осы Ахаң тіршілігінде Мәшекеңнің немересі Қатармен араласыпты. Қатар да айтулы тұлға. Мәшекеңмен Ербекейдің жолын ұстанған балаларының ішінде ол кісінің орыны ерекше деп білу керек. Қатар да қазағының ертеңің ойлаған. Алашордашыларға жақын тұрған, солармен мәжілістес болған. Олай болса, жоғарыдағы әңгімені Қатардың өз аузынан естуі әбден мүмкін.

Осы жауырынға қатысты тағы бір әңгімені айтпасқа болмайды.

Дияқажы Арқадағы айтулы ақын, көзі ашық, сауатты адам болған. Ол да «Ғалия» медресесінде оқыған. Қажылық сапарында Түркияда қалып қойып, Ая-София мешітінен дәріс алады. Қазақтың айтулы тұлғалары Мәдиді, Мәнненді қырға алып кетіп емдеген. Сол Дияқажы Әлтекенің Тәшен ақынымен жақсы қарым-қатынаста болған екен. Осы атаның Құлжанбек болысы қайтыс болғанда, Бесата ақындары жарыса жоқтауларын жазған екен. Олардың арасында Дияқажының өзі, Түсетай, Оқа және басқалары болыпты. Сонда Тәшеннің жоқтауы өткен екен. Тәшен ақын жоқтауын оқығанда көзі жасаурамаған жан қалмапты. Сонда Диекең «балалар, көріп келіңдерші, Құлжекең тұрып кеткен жоқ па екен» – депті.

Сол Диекең Ербекей қазасында уақытылы ести алмай қалып, кейіндеу арнайы келеді. Қашандағыдай жанында Тәшен отырады. Қатым Құран түсірген екен, соңында аятын оқып, баяғы Өтеген батырды еске алысыпты. Тәшен ақын қағытып:

Өтегеннен өнер асқан жоқ,
Біреуі сүйек.

Сол өнерді алыпты
Керней тиеп.
Сондадағы болжайтыны өздерінше,
Жып-жылмағай мұрын асты,

Қызыл иек, – депті.
Сонда Дия:
Сен не дейсің, шегіп алып Тәшен жазған,
Жоқ па ерің сөзден азған, көзден азған.

Қаратамақ берген аста дәреттеніп, Жиендердің басын, бұтын боқпен жазғам, – дейді. Бұл ас шамамен 1928 жылы өткен. Кернейдің қаратабан байы – Тоқсейіттің асы. Сол аста Түйтенің жиені – Әлтеке Абыз батыр, Аққоян деген жүйрігіне шаппай бәйге сұрайды. Олай дейтіні, Түйтеге жиен, Аққояны алдына қара салмаған жарау екен. Кергіген Абыз «Тіріліп Жарылғап келсе де, бәйге біздікі» – деп асылық жасапты. Сол аста Абыздың жарауы бәйгеге әзір ілігіпті. Бас бәйгені, Түйтенің атақты Көкшағыры мен Ақшағыры алыпты. Сонда Кернейдің шалдары айтыпты, «аруақ ұрды» – деп. Өйткені, Аққоянның бұты кетіпті, Абыздың басы жарылыпты. Соны Дияқажы бір жетіде сиырдың жапасымен емдеп жазған – дейді. Сонан Дия ел үлкендеріне сәлем берем, бата жасаймын деп сыртқа шығады. Сондағы барған үйі Мәшекеңнің немересі Шақардың отауы екен.

Сонда ел сұрапты.

– Әлтекенің басқа жақсыларын көрмей Шақармен мәжілістес болуыңыздың себебі неде? – деп.

Сонда Диекең айтыпты:

– Аруақ іздеп бардым, – деп.

Айтып отырған аруағы – Өтеген батыр, Өтеген жаурыншы. Ал Өтегеннің бұл асыл қасиеті Әлтеке балалары ішінде Шақарға қонған.

Сол Дияның тағы бір өлеңі бар:

– Сәлем айттым Шақарға, Іліктірмес деп қаһарға. Ақжол алып барамын, Омбы деген сапарға, – деген.

Осы жолдардан-ақ Керней балаларының Өтеген бабамызды қалай бағалағанын көруге болады.

Керней балаларының тағы бір әспеттейтін тұлғасы Машақ баласы – Шәйкен. Шәйкен мен Дия түйдей құрдас. Алыс-барыста болған адамдар. Екеуі де алашордашыл болған жандар. Алашорда кеңестерінен хабардар болып тұрған.

Тағы да Диекеңе жүгінейік:

–Сап етіп ауылыма,

Сапарғали сайтан келді.

Сөзіміз бір еді ғой,
Жоқтатпас Шәйкен мені,
Мәжілісіміз қысқа болды-ау,
Екі кеште қайтам енді.

Ақынның бұл шумағына қарағанда Сапарғали соттан бір ғана Диекең емес, Шәйкен бабамыз да теперіш көрген бе дейсің. Осы Шәйкен болыс болып тұрғанда бұғатпен ауырған дейді. Соны осы Диекең тірі сумен жазған дейді. Осы      Шәйкен      болыс      қайтыс болғанда хабар      жетпей қалып, Тәшен ақынға наз етіп өлең жолдайды. Құрдасының, қадірлесінің қадіріне тіріде жеткенін, алайда хабардың жетпегенін наз етеді. Мұны кейінгілер айтыс деп қиястап жүр. Тіпті, Диекең жеңілді деп те жазып жүр.Керісінше Керней балалары Тәшекең жеңілді деп жазып та, айтып та жүр. Мұнымыз барып тұрған жетесіздік болады. Бұрын-соңдыда аруақ басында отырып ақындар айтысты дегенді естімедік. Бұлай деп айтуды жалғастыра берсек Диекеңнің де, Тәшекеңнің де, Шәкеңнің де алтын бастарын кемітіп аламыз.

Осынау жазбамызды қысқа қайыруға ұмтылдық. Қазіргі заман көпірменің заманы емес. Аруақтарға шет болмайық деп боямасыз сөйлеуге тырыстық. Мәшекең бір ғана Әлтеке атасының баласы емес, қалды Машай атасының, қалды Бесатаның, қалды жалпы Қаракесектің баласы. Соған орай Машақ есімі аталған жерде Қаракесек балалары көлденең әңгімелерінен тыйылған.

Жазғанымыздың артық-кемі жоқ деп, айта алмаймын. Кейінгі ұрпақ артығын жонар, кемістігін толтырар. Олай деп айтатынымыз кейінгі уақытта мұрағат материалдары көптеп шығып жатыр. Соларды тарихи дерек деп қабылдаушылар бар. Шын мәнінде онда да саясат араласқан. Ал саясат араласқан жерде шындық бола бермейді. Өскелең ұрпақтың осыны ескергені жөн. Бесата баласының бір-біріне қамшы көтергені болған шығар, алайда қару көтеріп, майып қылғанын естімедік.

Өз басым Әлтеке атасы жөнінде там-тұмдап болса да жазып жүрмін. Осы жолы Жидекең жөнінде ештеңе демедім. Өйткені бұған дейін «Егемен Қазақстанда» үлкен мақала бергемді. Әйтпесе Жидекең, менің бабам, Жарылғап батырмен үзеңгі жолдас болған ғой.

Мәшекең бабамыздың ұрпақтары, асыл бабамыз жөнінде, бір-екі ауыз сөз жазып беруімді сұраған еді. Қолқаларын теріс дей алмадым. Осынау айтулы тұлға жөнінде өз алдына жеке кітап та жазуға болар еді. Ол енді келер күннің еншісінде деп білеміз. Ал біздің Мәшекең жөнінде жаңбыр-жаңбырдың астында жүріп жазғанымыз осы болды.

Төрехан Майбас. Қарағанды қаласы. 2015 жыл

Әлтекенің немересі Қойкел Өтегенұлы

Әлтекенің екінші әйелінен: Есболай, Өтеген. Өтегеннен Қойкел бабамыз.

Әлтеке – Сарым бірге көшіп жүрген кезде Әлтекенің де, жаз жайлауы болғанының белгісі жер-су атауларының сақталуы. Мысалы, Ақсу-Аюлының тұсындағы, Қайрақтының жанынан «Қойкел өзені» бөлініп, Аюлының батысына қарай ағады. Бұл өзен Әлтекенің екінші әйелінен туған Өтегеннің баласы – Қойкелдің атымен аталған.

Өзеннің бастауында тұрған жеке шоқыны ел «Қойкелдің Қара шоқысы» деп атайды. Сол Қарашоқының батыс жақ бөлігінде еліне ырыс болған Қойкел атамыздың мазарының іргесі жатыр. Жеті атамызды сұрасқанда Машақтың немерелері, шөберелері: «…біздің руымыз Әлтеке, Әлтеке ішінде Қойкел бабамыздан тараймыз» деп жауап береді.

Осы тұста тарихқа шегініс жасасақ дейміз. Жазушы Қуат Қайранбаевтың «Тұғырлы тұлға» атты кітабында Қойкел бабамыз туралы былай деп жазады:

«...Ен далада, көсіле аққан өзендердің бұрын қалай аталғаны белгісіз. Кейінгілердің есінде қалғаны, сан ұрпақты қан жылатып, екі жақтан да миллиондаған адамдардың түбіне жеткен ұзақ қырғынды, жоңғарларға қарсы соғыста қазақ жағынан Қойкел деген батыр болыпты. Ата-баба мекенінің азаттығы мен қарындастың көз жасы, қатын-баланың амандығы үшін атқа қонған Қойкел батырдың қолы осы жерде жасақталған дейді. Осы өзеннің бойында бастау алған жанкешті жорық жауын біржола талқандап, түбіне жеткенше толастамапты. Бұрын қалай аталғанын кім біледі, бірақ Сарыарқаны көлденеңіңен кесіп өтетін үш өзеннің бірі келер ұрпақтың аузында Қойкел атауымен аталып кетті.

Қалған екі өзеннің бірі «Жәмші» болса, екіншісі «Балқаш» көліне солтүстік шығыстан барып құятын Тоқырауын өзені еді. Осы Жәмші мен Тоқырауынның ортасында дала жүрегіндей болып, Ақсай тауы алыстан мұңартады. Қасиетсіз жер болмайды, әр өлкенің өз киесі бар. Ақсай тауы да талайларға киелі мекен болғаны анық. Жоңғарға қарсы күресте ерен еңбегімен көзге түскен Қойкел батыр осы тауды иемденіп қалған. Дұшпанын дүниеден түңілтіп, жеңіспен елге оралған батыр осы жерге қоныс теуіп, ұрпақтарына мұра етіп қалдырғаны мәлім». Қойкел бабамыз туралы зерттеп, кітап жазып, жерленген орнын көрсеткен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, белгілі өлке тарихын зерттеуші – Жүністегі Кәмел мырзаға, баба ұрпақтары атынан алғыс айтамыз. Кәмел мырза

– Сізге зор денсаулық, бақытты ғұмыр, жемісті еңбек тілейміз. Отбасыңызда құт-береке, өзіңізде қайрат-жігер ортаймай, абыройыңыз асқақтай берсін!

Асылмұрат Тұрғанбекұлы

Асылмұрат әкесі жағынан да, нағашы атасы Шәйкен болыс жағынан да, Қойкел батырдың кіндігінен тарайды.

Қойкелден
Жәмеңке
Қожық
Божбан би

Нығман

Тұрғанбектен: Асылкен, Асылмұрат

Асылмұрат Тұрғанбекұлы – Алматы облысының Құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл Ту» және Тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» орденінің иегері.

Әлтеке Дос батырдың немересі,
Жидебай (Жидекең) Қожаназарұлы

(1715-1815)

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуов М.І. мырза «Ер есімі ел есінде» атты Жидебай батырға арнап жазған кітабында Жидекеңнің майдандағы ұрыс тағдырын шешетін, әрі қосымша тың күш ретінде ұсынылатын 5000 қолды басқарғаны туралы айтады.

М.Ж.Көпейұлы – Жидебай батырды – «Абылай ханның ең сенімді қолбасшыларының бірі болды» – деп жазған. М.Ж.Көпейұлы жазбаларында батырдың ата-тегін таратып, өмір сүрген жылдары, ортасы, ел қорғаудағы қызметі туралы баяндайды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған.

Бастапқы тарауда Әлтеке шежіресін таратқанда Әлтекенің бірінші әйелінен Әлмұрат, Дос, ал екінші әйелінен Өтеуіл, Өтеген туатынын айтқанбыз.

Дос батырдан – Қожаназар, Қожаназардан – Жидебай батыр.

Өтеген бабадан – Машақ болыс.

ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Жүнісов Рымбек мырзаның, «Ер есімі ел есінде» кітабына, Жидебай батыр

(Жидекең) туралы жазған мақаласына назар аударайық: «Қазақ тарихында сондай бір дәуірді алып жатқан ұлттық ұғымда «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деген тіркесті сөздермен орныққан мерзім бар. Ол – XV-XVІІІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы. Кейде «қазақ-қалмақ соғысы» деп те айтылатын осы тарихи оқиғаны айтқанда алдымен ойға оралатыны, ел аузында сақталып жеткен ырғақты жолдар. Ол:

Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,

Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек,
Әлтекеде Жидебай,
Қарашорда Сеңкібай

Міне, осы есімдері аталған бабаларымыз біз көрсеткен дәуірде елі мен жерін төніп келген жаудан қорғап, жан аямай күрескен, өз заманының өр тұлғалы алыптары.

Жоғарыдағы айтылған: Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Жидебай, Сеңкібай – бұлар ел басына қатер төнген кезде дұшпанға қарсы күреске шығып, халқының қамы үшін жанын шүберекке түйіп, аянбай айқасқан заманының ардақты азаматтары болып табылады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен елге танылған тұлғалар».

Рымбек Жүнісұлы
(1941)

Жүнісов Рымбек Жүнісұлы – 1941 жылы 1 наурызда туған. Әлмұрат бабаның Жарас бұтағынан тарайды.2010 жылдан ҚР халқы Ассамблеясының мүшесі.Үш мәрте (1975, 1985, 2005 жж.) «Құрмет» ордені және 8 төсбелгімен (медаль) марапатталған. Жидекеңнің 300 жылдығына арналған асты өткізген ұйымдастыру алқасының алқа төрағасы – 2001 жылы, Ақтоғай ауданының «Құрметті Азаматы», 2004 жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтарын алған.

«Көңілге түйгендерім», «Тоқырауын тоқырамасын» кітаптарының авторы. «Ақмола-Бетон» зауыты директорлар кеңесінің төрағасы. Астанада тұрады. Балалары: Гауhар, Талғат, Таңат. 8 немере, 2 шөбересі бар.

«Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол!» – деген ұлық өсиетті бағдар еткен, Рыкең, әулие Қараменде бидің, ақиық ер Жалаңтөс батырдың, отауызды, орақ тілді Шабанбай бидің құрметіне өткен іс-шараларға да өзінің сүбелі үлесін қосқан азамат.

17-18 тамыз, 2013 жылы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының орталығы, Ақтоғай ауылында, Жидебай батырдың 300 жылдығына арнап ас берілді. Асқа 70 киіз үй тігіліп, жиналған жұрт ақындар айтысын, мерекелік концертті, қазақша күрес, ат жарысын тамашалады. Рымбек мырза! Шаңырағыңызға – шаттық, керегеңізге – кие дарысын дей отырып, Сізге Әлтеке ұрпақтарының атынан алғыс айтамыз. Тәуелсіз еліміз үшін сіңірген қызметіңізге жеміс тілейміз. Ұрпақтарыңыз даңқыңызды асқақтата берсін!

Асқа тігілген      киіз      үйлердің жиырма бірі «Шеберлер ауылы» ЖШС-нің директоры Айтбай Нұрлан Бауыржанұлы мырзаға тиесілі. Нұрлан мырза – Республикалық дәрежеде өткізіліп жүрген түрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырып, демеушілік көрсетіп жүрген азамат. Рымбек мырзаның сыйлас інісі. Тектіден туған тұлға. Руы – Қара. Жидекең әрі батыр, әрі шешен, әрі әулие болған адам. Келіндері бүгінгі күнге дейін бабамызды атымен атамай, біріншіден Аллаға, екіншіден Жеміс атаның аруағына сыйынамыз, бабамыздың аруағына бағыштап, құран оқып отырамыз.

Жеміс атамыздың аруағына өзім куә болған үш оқиға туралы айтып кетейін деп отырмын.

1955 жылы келін болып түсерімнен бір жыл бұрын, Шет ауданында (Ақсу-Аюлыда) үлкен ат жарысы болыпты. Қысекең қайнағам өз атын үкілеп, бір ай бойы баптап, ат әбзелін жаңалап, сол жарысқа қатыспақшы болады. Шабарман болып, Бабажан әкеміздің баласы Жеңіс атқа мініп шабатын болады. Төлеген қайнағамның совхоздан сатып алған арбаға жегілетін, ешқашан жарысқа қатыспаған күрең аты болатын. Бала құлап қалмасын деп, қасына Қысекең кенже інісі Сарыкеңді (Сарыны) сол күрең атпен ала жүреді. Жолда үшеуі, Жеміс атаның басына барып, Қысекең құран оқып, Сарыкенге орамалға топырақ түйіп береді. Ертеңіңде 25 шақырымдық бәйге басталып кетеді. Жарысқа жиналған халық Қысекеңнің аты жүлделі болады деп сенімді болады. Сарыкең естелігінде болған оқиғаны келесідей әңгімелейтін: «Бәйге басталып, аттар шаба жөнелді, баланы қарау үшін менде қосылдым, бірақ күрең ат маған ие бермей шаба жөнелді, орта жолға келгенде Жидекеңнің аруағы қолдай көр деп, орамалға түйілген топырақты күрең аттың үстіне шашып жібердім. Жаңағы ат Қысекеңнің атын тағы басқа аттарды қуып жетіп, мәреге бірінші болып жетті. Жарыстан кейін, Жарықтың басында Қысекең Жидекең бабамызға құран оқып, Төлеген ағамыз кішігірім той жасады»

...Өзім 2-3 жылда бір рет молданы арнайы алып барып, бабаның басына құран бағыштап отырамын. Бір рет кішкентай жиенім Нұргүлжанды ертіп, отбасымызбен бардық. Қайтатын уақытымызда ағып жатқан Нұра өзеніне, байқаусызда, үш жасар бала суға түсіп кетті. Жеміс атамыздың аруағы қолдап, күйеу балам Аманулла жүгіріп келіп, баланы аман-есен құтқарып қалды. Үшінші ретте, баба басына, біз екі машинамен бардық. Барысымен, Аман имам құран оқып, ілу іліп, шырақшы отыратын үйде дастарқан жасап, дәм ішіп ауылға қайттық. Үйге аман-есен жеттік. Жарты сағаттан кейін еш кедергісіз барып қайтқан жаңа машина қызбай қалды. Машина жөндейтін мамандарға көрсетіп едік, олар: «Сіздерді Жеміс атаның аруағы қолдап, үйге дін-аман жеткенсіздер, жарық беретін жүйеде ақау бар екен» – деп, жөндеп берді.

1990 жылдары бақсы-балгерлер кісі емдейміз деп, автобус, машинамен науқас адамдарды, Жеміс атаның басына жинап, бейіттің ішіне түнеп, бейіттің жанына дәрет сындырып, ойларына келгендерін істепті. Екі күннен кейін түсімде бір ақсақал адам қатты назаланып:

«Мені жын – шәйтандар басып кетті, ібілістер мазамды алды» – деді. Көрген түсімді қайынағаларыма айттып едім, олар, «бұл Жеміс атаның аруағын мазалаған балгерлер қой, тоқтату керек» – деді.

Мен, емдеуші жігіттерге барып, «бұл қылықтарың ұят болады» – дедім. Үйге келіп, Шет ауданының милиция бастығына, мешіттің имамына және аудан басшыларына қоңырау шалып: «Баба мазарының жанын балгерлер қорлап жатыр, бұл бассысыздықты тоқтатуларыңызды сұраймын» – деп, өтіндім. Содан кейін тәртіп орнатылып, ізгі ниетпен келген халыққа бар жағдай жасалынды.

2014 жылы Астана қаласында ауруханадан шығып, үйге баратын такси шақырдым. Ауырған түрімді көріп, таксист жігіт: – «Апа, Қарағанды облысы, Шет ауданында Жидебай әулиенің басына барып түнеңіз. Әйелім Шет ауданының қызы. Көп жылдар бойы баламыз болмады. Ата-енем: «жол-жөнекей емес, үйлеріңе барып, арнайы құран оқитын білімді үлкен кісіні алып, мал сойып, тілек тілеп, түнеңдер» – деп айтты.

Арнайы отбасыммен, Астанадан бабаның басына барып түнеп, тілек тіледік. Алла тағалла тілеген тілегімізді қабыл алып, аруақ қолдап, ұл балалы болдық. Қазір баламыздың жасы үште» – деді.

Өтегентегі Болат Қойкелұлы

Болат – Әлтеке бабамызға шөбере, ал Мәшекеңе ата боп келеді. Болат атамыз ер тұлғалы адам болған. Оған дәлел халық ақыны Тәшен Исаұлының арнауында анық айтылған:

Арғы атамыз – Әлтеке,
Жауға қарай беттеген.
Сан батыр шықты саялы,
Біреу емес көптеген.

Одан кейін артынан,
Жидекең шықты тең келген.
Болат атқа мінген соң,
Дұшпанға кегі кетпеген.

Болаттан: Жантөбет, Жайнақ. Болат атамыздың немерелері Әйнек батыр мен Машақ (Мәшекең) болыс және шөберелері.

Қойкелтегі Жантөбет Болатұлы

Болатұлы Жантөбет бабамыз – Қойкел бабамыздың немересі болып келеді. Ұлы бабамыз, Әлтекенің төртінші ұрпағы – немене болып есептелінеді. Машақ (Мәшекең) бабамыздың әкесі.

Жантөбеттен: Әйнек, Машақ
Әйнектен тұқым жоқ
некесіз әйелінен – Итбай
Итбайдан Тиқыл

Тиқылдан Шойымбек
Шойымбектен: Рақытай, Сәкен, Жәкен, Орал, Медал.
Рақытайдан: Марат, Самат, Саят, Манат.
Жәкеннен: Думан.

Оралдан: Серік, Берік.

Перепись Киргизского народа Каркаралинского округа Альтеке-Сарымовской волости произведенная в 1864 году.

1864 жылғы өткізілген санақ бойынша Жантөбетте екі шаңырақ: төрт ер адам, бес әйел адам болғанын көреміз. Жантөбет Әлтеке-Сарым болысының Өтеген бөлімінде болыс қызметін атқарған.

Волость
Альтеке-

Числомь

Сарымовская

Исправляющий
Аулов
Киби-
Муж-

Жен-
Должность
Управителя

ток

ского
ского
Волостного

пола
пола
Отделение
Утегень

2

4

5

Жантюбеть Булатовь

Джайнак Булатовь -

2

3

4

Қысатай (Қысекең) қайынағамның айтуынша сол кезде аталарымызды «қара сақалдылар» – деп айтады екен. Өмірден ерте қайтып отырған, 50-60 жас шамасы болар. Аталарымыз: бидай өңді, орта бойлы, қартайғанша тістері түспеген, әңгімелесіп отырғанда саусақтың ұшымен мұрынды қағып отыратын әдеттері болған. Бүгінгі күнге дейін сақталған ерекше белгі – қоңқақ мұрындылық, немере мен шөберелерінде әлі де кездеседі.

Архивная справка

В просмотренных документах архивного фонда «Областное правление сибирскими киргизами», в списке казахского населения и принадлежащего им скота Каркаралинского внешнего округа для сбора ясака в 1855-1858 гг., значатся казахи Альтеке-Сарымовской волости, из рода Альтеке – Утеген-Кокен Джантюбет Булатов (Машақтың әкесі – Жантөбет), Джайнак Булатов (Жантөбеттің інісі-Жәйнақ), волостной управитель бий–Чонбай Балапанов, старшина Балтанай Байтемиров и бий Машак Джантюбетов.

Основание: ЦГА РК, ф.345, оп.2, д.95, л.5-6 Директор Сариева Р. Исп. Жылысбаева 629132.

Әдет-ғұрып ретінде ырым сақтап сейсенбі (вторник) күні жолға шықпайды екен. Туған-туысқандар бір-бірімен тату – тәтті, бауырмал болған. Дәлел ретінде айтарымыз: ағалары қарындастарына нағыз қамқоршы бола білген. Атамыздың он үш немересі, он үш ауыл болып, тіршілік еткен.

Жаулардан халқы мен балаларын сақтап қалу үшін, науқас қарттың басын шауып, дұшпандарың тоқтатуға мәжбүр болған. Келесі тарауларда осы жағдаятқа кеңінен тоқталамыз. Жантөбет атамыз, Бәйсейіт бимен құда болып, баласы Машаққа (Мәшекеңе) Бәйсейіт бидің екі қызын алып берген.

Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында Жантөбет атамыз туралы былай деп сыр шертеді: «…Машақтың атасы Бәйсейіт би ақ отау тігіп, күйеу баласы мен қызының алдынан шығады. Машақтың әкесі Жантөбет қырғыз жерінен піспегінің басы алтын, күміс, меруертпен зерленген, сырты неше түрлі сәнді оюлармен әшекейленіп қызылды – жасылды жібек жіптермен көмкерілген он биенің сүті сиятындай бір саба ала келген екен. Сол сабаға қызыққан құдасы «Сабаңды маған бер, жаз шыққан соң кісі жібер, екі құлынды бие беремін» деп сабаны алып кетеді. Жаз шыққан соң Жантөбет құдасына уағда бойынша биелерді алып келу үшін кісі жіберсе, Бәйсейіт «анау – мынау» деп оларды бос қайтарады. Жантөбет аса намысқой, тентек адам екен, Бәйсейіттің мына қылығына ыза болып, дайын атқа міне салып шапқан бетінде аттың басын құдасының ақ ордасына тірейді. Жайбарақат қымыз ішіп, әңгіме-думан құрып отырған жұрттың үстіне кіріп келіп, амандық жоқ, саулық жоқ, Жантөбет төрде отырған Бәйсейітке: «Сен кімді алдап, кімді қорлап мазақ етпексің? Қазір басыңды кесіп, қаныңды ішейін» – деп, қанжарын суырып алып, оның үстіне қона түседі. Бірақ толып отырған көп адамдар арашалап, Бәйсейітті қорғап қалады. Жантөбет қымызға емізіктеп (толып) тұрған сабаны қанжарымен бірақ есіп, ішіндегі қымызды ағызып жіберіп, қанжығасына байлап алып ауылына қайтады».

Жантөбет бабамыз – аңшы, саятшы болған екен. Асыл тұқымды тазыларды көп ұстаған. Атамыз өмірден өтіп, туысқандары Көпбейітке жерлеп жатқанда жаңағы тазылар бейіттің басына дейін келіп, иелерін жоқтап ұлыған екен.

Көпбейіттегі асқа жиналғанда Кәріғұл туған-туысқандарға алдымен, Жантөбет атамыздың зиратын көрсетті, мүжіліп, қабырғалары шөгіп кетіпті. Мәшекеңнің кесенесімен бірге темір шарбақпен қоршалды, бірақ тас белгі әлі орнатылмаған.

Қойкелтегі Жайнақ Болатұлы

Жайнақ бабамыз – Мәшекеңнің әкесі, Жантөбеттің туған інісі. 1864 жылы өткізілген санақ бойынша Жайнақта екі шаңырақ: үш ер адам, төрт әйел адам болған.

Жайнақтан – Тәти, Сәти Тәтиден – Мағзұм, Ыбыш, Аяпберген

Мағзұмнан – Шарахмет, Балтабек, бұлардан ұрпақ жоқ. Сәтиден (Пұшықтан) – Қасқа, Қашқынбай, Сәттібай, Құлжыкен, Тұяқбай.

Қасқадан – Әужан, одан – Көгершін, одан – Амангелді
Қашқынбайдан – Есімбек, одан – Төлеуғазы, Тілеуғазы
Құлжыкеннен – Мұқаш, Жұмаш
Жұмаштан – Қазкен, Жәкен, Қалкен, Нұрлан, Амантай

Жәкеннен – Тимур, Гуля
Қалкеннен – Мейрам, Еркебұлан, Гүлмира, Динара

Нұрланнан – Ерлан, Нариман, Дамирлан, Ұлпан Амантайдан – Омар, Дана Тұяқбайдан – Бәкен, Дәкен, Дәриға, Тілен 2010 жылы Көпбейітте Машақ (Мәшекең) бабамызға ас берілгенде Жантөбеттің інісі, Жайнақтың ұрпағы, Ақтоғай ауданының мәдениет орталығының басшысы –

Күлшікенов Нұрлан Жұмашұлы мырза көрмелерге құратын, үлкен киіз үйді, өз қаражатымен көтеріп, асқа «Машақ болыс ауылы» – деп құрды.

Сол астың мәдени шараларын, өзі, «Зерде» мәдени – сауық бейнемобиль орталығының меңгерушісі – жұбайы Аманбаева Айгүл және «Тоқырауын толқындары» ансамблінің мүшелері атқарды.

Күлшікенов Нұрлан Жұмашұлы мырзаға, Машақ (Мәшекең) ұрпақтарының атынан алғыс айта отырып, зор денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Арайлап атқан әр таңыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

Болаттегі Әйнек Жантөбетұлы

Әйнек батыр бабамыз – Жантөбеттен туған бірінші бала. Мәшекең бабамыздың туған ағасы.

Әйнек батыр – Кенесарының қол бастаған батырларының бірі. Әйнек өзі батыр, сөзге шешен, келбетті адам болған екен. Сары бала, қарындастың қамы үшін, ат үстінде күн кешкен, ауыздықпен су ішкен.

Әйнек Болатұлы – Ресей патшасы заманында Әлтеке – Сарым болысында, Әлтеке руы, Өтеген-Есболай бөлімінде старшын (ауылнай) болып сайланған. Кітаптың басында «Әлтеке-Сарым» болысының Округтен көшіп кету пиғылы жөнінде 09.01.1835 жылы Қарқаралы Округтік Приказ губернаторына құпия түрде хат жазысып, хат алысқан осы бабамыз. Бұл деректер мұрағаттан алынып, тарихшы ғалым – Жакин М.С., ғылыми ізденістері жинақталған кітабында келтіріліп жазылған. Кітап жазылу барысында, Қазақстан Орталық мұрағатынан бабаларымызға қатысты деректі материалдарды сұрастырдық. Нәтижесінде бір топ ғалымның ғылыми ізденістері жарық қөрген «История Каркаралы в документах и материалах» екі томдық кітабы маған сыйға тартылды. Бұл кітапта Әйнек бабамыздың 1838 жылы сәуірдің 16 күні қырғыздарға көшкен мағлұматты кездестірдім. Сол мағлұматты назарларыңызға ұсынып отырмын.

Список волостей и казахов Каркаралинского округа, ушедших в глубь степи в конце 1837 года и в начале 1838 года. № 12

Наименование волостей, наименование родов и старейшин, при которых ушли киргизы, и примерное число юрт.

Отделение Досовское все при биях Есанамане Джийдебаеве и Тайрбергене Укубаеве, в 37 кибитках. Старшина Айнек Булатов и бий Кипчакбай со своими родственниками, в 16 кибитках. Род токсановский весь при старшинах Баисе Джаманкулове, Торпаке Байтокине и биях Солтане Кочукбаеве, Даулене Есельбаеве, Бури Кенджебаеве, Курманбае Чувишеве, Тураке Джандыгекове, Аю Табылове, Кулдужонбае Тлеулине и Качке Джантуганове, в 390 кибитках. Кроме одного бия Кыдыралы с родственниками своими, оставшимися в округе в 22 кибитках. Род Утемисовский весь при старшинах Балапане Чабанбаеве, Жакшибае Казыбаеве и биях Наурузе Казыбаеве, Кувандыке Тоганбаеве, Тарбаке Байгелеве, Чегентае Бачкееве, Аркаре Медебаеве и Аракпае Буланбаева в 240 кибитках. Кроме двух только биев: Тезекбае Буланбаева и Догара Буланбаева, оставшихся с родственниками своими в округе.

Старший султан Чингисов (Приложена печать).
Заседатель Тихонович.

Заседатель Избасар Алдабергенов (Приложена печать).

Исправляющий должность секретаря (Подпись).

ЦГА РК.Ф.338.Оп.1.Д.65.Л.115-117 об. Подлинник.

Келесі құжатта Әйнек орыстың кәсіпкері – С.И. Поповқа Кеңшоқы қойнауын жалға беру туралы мағлұмат келтірілген, соған назар аударайық:

Сведения по найденным месторождениям в урочищах
Кеншокы, Алтынсу в Каркаралинском округе.
1838 год. №13

Ведомость, данная из Омского областного правления Исполнительной экспедиции Каркаралинскому внешнему окружному приказу на записку преъявляемых в оной к засвидетельствованию объявлении и актов золотопромышленников.

Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында былай жазады: «…қырғыздың Манапы (ел басшысы) Әйнекті құрметпен қарсы алады. Ертіп келген халқына қоныс беріп, Әйнекті өзіне бірінші көмекші және қолбасшы етіп алады.

Кенесары көтерілісінің соңы қырғыздармен соғысуға келіп соғып, ақыры сәтсіз аяқталғаннан кейін қырғыздар жеріне келіп қоныстанған қазақтарды жәбірлеп қудалауға кіріседі.

Осындай қиын – қыстау, арпалыс кезінде Әйнек қатты науқастанады да, ауыл басшылары, ақсақалдарды шақырып алып, інісі Машаққа қарап: мен екі күннен кейін өлем, менің өлгенімді естіген соң қырғыздар сендерді тегіс қырады, «...есің бар да, еліңді тап» деген. Сен мен өлген күні қырғыздарға білдірмей жұртыңды ертіп, Сарыарқаға жол тарт. Мал дегеннен қалғаны – менің күрең атым, соны мін, төсегімнің астында ақ жебе мылтығым жатыр, соны ал, жолшыбай аң атып, халқыңды асырарсың» – депті.

Әйнек қайтыс болғаннан кейін қырғыз жерінен үдере көшкен қазақтар, Сарырқаға қарай бет алады.

Шежіреде, «Әйнектен ұрпақ жоқ» – деп, жазылған. Әйнек бабамыз – 25 жасында, қырғыздың жерінде қайтыс болған. Әйнек бабамыздың старшын (ауылнай) қызметінде атқарған міндеттері туралы келесі мағлұматты ұсынамыз:

Самоуправление вКаркаралинском уезде.

Обязанности аульного старшины.

В 1860 – 1890-х гг. Российский губернаторский аппарат для управлениия «инородческим киргизским населением» избирает волостных управителей и аульных старшин, которые возглавляют казахские племена и роды, простых кочевников казахов.

В 1891 г. Издается «Степное положение», в котором были расписаны все права местных казахских чиновников и их обязанности по управлению местным кочевым и оседлым казахским населением. Главным органом местного самоуправления были волостные и аульные сходы (съезды – құрылтай).

Волостные съезды состояли из: выборщиков, избираемых на сельских сходах, сроком на 3 года и вдобавок к этому из волостных должностных лиц, замещаемых по мере пребывания на посту, а именно: волостной управитель, аульный старшина, и народный судья (бии).

Аульные старшины и кандидаты к ним утверждаются уездным начальником. Аульные старшины, которые избирались на аульных сходах простым большинством голосов, в течении своего трехлетнего срока полномочий, несли довольно таки широкий круг обязанностей. Аульный старшина в течение своих полномочий был обязан документально фиксировать и вести списки умерших, брачующихся и новорожденных, а также вести отчетность об изменение национального и количественного состава аула с последующим предоставлением выше указанных данных волостному управителю. Аульный старшина должен был вести контроль за общественными расходами, с целью исключить злоупотребления общественной казной. В случаях перекочевок из одной волости в другую, они должны были осуществлять документационную переписку с волостными управителями и уездными начальниками.

Старшины осуществляли сбор налогов в ауле и выдачу соответствующих документов кибитковладельцам. Собранные денежные средства передавались волостному управителю, вместе с так называемым «шнуровой» книгой, в которой отмечалось, где и когда была выплачена та или иная сумма. Ко всему аульный старшина с вступлением в должность обязан был сделать проверку последних данных податной переписки; впоследствии результаты проверки пересылались на рассмотрении волостного съезда. Жалованье аульным старшинам определяется аульными съездами, сообразно благосостоянию аульного общества, в размере не свыше 200 рублей в год.

Мұрағат мәліметтері бойынша, қызмет істеген жылдары болып, 1824-1864 жылдар арасы саналады. Дәлел ретінде, 1834-1835, 1864 жылдары өткен санақ тізімінде тіркелгеніне куә боламыз: Сыртқы округтік приказдағы болыстар, болыс басқарушылары, қазақ тұрғындары және мал саны. 16.07.1834 – 22.10.1835 жылдар Қарқаралы округін құрайтын болыстардың әрқайсысы қанша ауылдан, үйден тұрады, ондағы халық және мал саны, штаттық құрылым бойынша қазақтардан кімдер болыс және ауыл басшылығына сайланғаны жөніндегі тізім:

ТІЗІМ

 Әлтеке – Сарым болысы
 Басқарушы сұлтан – Ғазы Бөкеев

 Әлтеке руы, Өтеген – Есболай бөлімінде
 Старшын – Әйнек Болатов

Жан басы

Жобалы саны

Рр/

Болыс,

Ауыл Үй ер

әйел

р/с ру,

саны
саны

жылқы

түйе

ауыл

рі қара

атаулары

қой

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Әлтеке руы, Өтеген-Есболай бөлімінде

16

Старшын

1

85

255

340

1880

307

8410

Әйнек

Болатовта

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ

Болаттегі Машақ Жантөбетұлы

(1815-1894)

Машақ болыс (Мәшекең) – ел іргесін бекемдей ұстап, ынтымақпен бірлікті ту етіп көтерген тұлға. «Бірліктің киелі тамшысы, елдіктің телегей-теңіз мұхитына айналсын» – деп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған жан. Тілі басқа, діні басқа адамдар талауына түскен елдің шашауын шығармай «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» қалың елді соңынан ерте білген қоғам қайраткері деп тануға тұрарлық тұлға.

Кенесарыдай қазақтың соңғы батыр ханы тұсында ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Қозғалысты бірден-бір қолдаушысы болғандар да осы: Әйнек батыр мен Мәшекең.

Кезінде Кенесары хан болашақ ұрпағының тағдырын болжап, ұлты мен ұрпағының ұсақталып кетуінен сескеніп «гүл өскен жерге гүл, тікенек өскен жерге тікенек өсер» – деп, өсиет қалдырған екен. Заманының біртуар тұлғасы Мәшекең бабамыз да шыңға біткен шынардай өз уақытының көсемі, әділ билік айтқан шешені бола алғанын ел-жұрты мақтан етеді. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына қарсы ұйымдастырылған, Саржан, Кенесары көтерілістерінің (1826-1847) аумалы-төкпелі, жеңіс-жеңіліс жағдайына байланысты көтерілісті қолдаған рулар үнемі қоныс аударумен болды. Көпшілігі Сарыарқадан, Сыр бойына, Жетісу өңіріне, тіпті қырғыз жеріне дейін ауа көшуге мәжбүр болды. Кенесарының қол бастаған батырларының бірі Машақтың (Мәшекең) ағасы Әйнек батыр бастаған Есболай, Өтеген руларының қырғыз жеріне қоныс аударуының негізгі себебі де осы жағдаймен тікелей байланысты еді.

Әйнек және Машақ (Мәшекең) бабаларымыздың 1838 жылы сәуірдің 16 күні, қырғыздарға көшкені туралы мағлұматты бастапқыда жазғанбыз.

Дерек көзіне назар аударайық:
Документ № 12.

Наименование волостей, наименование родов и старейшин, при которых ушли в киргизы, и примерное число юрт.

Волости: Дюсенбай-Чекчековская, Альтюбетовская, Кара-Айтымбетовская, Кыргызовская, Надан-Тобуклинская,

Тюленгутовская, Киреевская, Альтеке-Сарымовская, Карсон-Кернеевская, Куянчитагаевская».

Подлинник. ЦГА РК.Ф.338.Оп.1. Д.65.Л.115-117 об. Опубликовано: «Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова» (Сборник документов). Составители Галиев В.З.,

Жанаев Б.Т. Алматы, 1996. С.71-73.

Кенесарының 1847 жылы жеңілуі қырғыздардың қазақтарға деген өшпенділік отына май құйғандай лаулап өрши бастайды. Қазақтар қоныстан жерден де, мал-мүліктен де айырылып, жан сауғалауға ғана әрекет жасайды.

Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында Машақ бабамыз туралы былай деп сыр шертеді: «…Машақ Әйнектен қалған бәйге күрең атқа мініп, қолына Әйнектің «ақжебе» атты мылтығын алып, жаяу-жалпы келе жатқан тобырдан озып, күнімен аң аулап, ел қонатын жерге аңдардың етін үйіп тастайды екен (құлан, бұғы, елік, тауешкі, арқар, киік, қоян, қырғауыл, дуадақ).

Осындай күнкөріспен Машақ соңынан ерген халқын ашықтырмай, алға жылжи береді. Бірақ жүріс бәсеңдеп, жұрт қажи бастайды. Бала – шаға, кәрі- құртаң, ауру-сырқаулар аяққа тұсау болғандай болады. Жол қашық, қыс түспей, Сарыарқаға жету қауіпке айналады. Осы жағдайдан қалай шығу туралы Машақ ауыл ақсақалдарымен ақылдасып мынадай шешімге келеді: 1. Азық – түліктерін жинастырып, босқын ауылдардың бәрін Балқаш көлінің түбегіне қондыру. 2. Түбектің аузын жау кіре алмайтындай етіп

қорған (баррикада) жасау. 3. 80 жігітті іріктеп алып, Машақты басшы етіп, жылқы айдап қайту үшін қырғыз еліне аттандыру. Машақ бастаған жігіттер бірнеше күн тынбай жол жүріп қырғыз еліне келіп жетеді. Сайланып барған 80 жігіт, жайбарақат жайлауда жайылып жатқан қырғыздың көп жылқысын айдап, Арқаға беттейді.

Сонымен аман қалған халық күзге қарай Сарыарқаға келіп жетеді. Машақ Сарырқаға келіп орналасқан соң қыстай аң аулап, 90 түлкі атып алып оны 90 тұсаққа айырбастап, содан халқын асыраған екен».

Мәшекең, 1847-1848 жылдары шамасында артынан ерген халқын аман-есен Балқаш көлін бойлап, Ақтоғай өңірі Жәмші өзенінің бойына әкеліп қоныстандырады. Бұрын жайлаған атамекендері Бұғылы-Тағылы жерлерінде, (қазіргі Шет ауданының аймағы), басқа рулар ертерек келіп қоныстанған болатын.

Ресей патша үкіметі 1838 жылы көшіп, 1847-1848 жылдары кері қайтып келген қазақтарға мал басына салық салады (контрибуция). Ол туралы мәліметті тарихшы ғалым – Н.Коншиннің «Материалы для истории Степного края.V. К истории Каркаралинского и Аягузского округов в 30-х и 40-х годах ХІХ столетия. Записки Семипалатинского подотдела Западно – Сибирского отдела Императорского Русского Географического Общества. Выпуск 1. Семипалатинск, 1903 год) атты ғылыми еңбегінен іздестіріп тауып, оқырманның назарына ұсынып отырмыз: «К началу 1848 года все отлагавшиеся киргизы Каркаралинского округа, вернулись в свои волости. Всего, по сведениям приказа, находилось в отложении 4602 кибитки, т.е. приблизительно около 20000 (двадцать тысяч) человек…В 1843 году генерал – губернатор Западной Сибири потребовал от Пограничного начальника сообщить ему следующие сведения, касающиеся взыскания с киргиз контрибуции, наложенной в 1839 году. По поводу этого предписания генерал-губернатора, в Каркаралинском окружном приказе 5 июля 1843 года была составлена сдедующая «справка»: В Каркаралинском округе «во время смут Кенесары Касымова» отлагались киргизы следующих волостей:

П/Ппп
Наименование волостей
Число юрт

Карсон-Кирнеевской

528

Куянчи-Тагаевской

196

Альтеке-Сарымовской

657

Караул-Камбаровской

176

Кара-Айтымбетевской

314

Ялыкпашевской

3

Киреевской

106

Кучук-Тобуклинской

14

Тюленгутовской

331

Тараклинской

478

Байбуринской

273

Кучумовской

6

Мамбетей-Тобуклинской

3

Кыргызовской

625

Айтымбетевской

360

Дюсембай-Чекчековской

508

Всего

4602

Раскладка контрибуции, величина которой определялась соразмерно числу скота в волости, предоставлялось самим киргизам. Со 100 штук крупного рогатого скота, 200 одного и двухгодовалых и 400 телят взимать по 6 быков или коров средней величины без особого выбора. Со 100 баранов, исключая ягнят, брать по 6 баранов средней величины. Со 100 рабочих верблюдов брать по 6 годных к перевозке тяжестей. Контрибуцию взыскивать со всевозможною справедливостью, буде кто пожелает вместо скота внести деньгами, то принимать оные безпрекословно по утвержденным ценам: за лошадь по 45 рублей, быка 30 рублей, и барана по 3 рубля, записываяв то же время оные приходом и выдавать квитанции»

БАБА РУХЫНА АРНАУ

Мәшекең – жас кезінде ел билеген ағасы Әйнекпенен көпті көрген, патша билігімен келіспей Кенесары ханның бастауымен «ел үшін, жер үшін» – деп, атқа қонды, жеңіліс-жеңіс, кезеңіңде мәжбүр болды, кетуге туған жерден уақытша қырғыздарда көші – қонды мерт болған соң, хан Кене айырылған соң, Әйнектен ойлап, қамын халықтың, көштің басын, елге бұрды жеткенше, жеріне қиындықты талай, көрді оралған соң, еліңе болыс болды, көп жылдар сыйлы болды, жұртының қамын ойлап, халқының ашаршылық – індетте атқа қонды жасымай «болыспын» деп тасымай мұң-мұқтажын түгендеп, қарапайым халықтың жылатпады, жесірді қамқор болды, жетімге, жұртқа жағып, билігі мәңгі қалды, есімі халқының есінде. Мәшекеңнің алғашқы қызметтері, мұрағаттағы деректерге сүйенсек, 1855-1858 жылдары би боп сайланғаны туралы бастапқыда жазғанбыз. Келесі мағлұмат 1864 жылы өткізілген халық санағын растайтын құжатты ресми дерек ретінде келтіре отырып, ол кісінің би қызметінде болғанын көреміз:

Документ №130.

Сведения по исчислению жителей Каркаралинского округа, относящихся к части Альтеке-Сарымовской волости.«…Что действительно в Альтеке- Сарымовской волости показано справедливо и без утайки: аулов семь, кибиток одна тысяча сто тридцать три, людей мужского пола: одна тысяча девятьсот четыре, женского одна тысяча шестьсот тридцать четыре, в удостоверение того под личною ответственность подписуемся, прилагаем именные печати и тамги.

Волостной управитель бии Чонбай Балапанов (приложена печать). Понятые бии: Кайран Тюбетев (приложена тамга), ….Машак Джантюбетов (приложена печать). Всего: заверенных 28 подписей и приложенных печатей.

Аульные      старшины:      Байтума Ачимтаев      …..Всего: заверенных 7 подписей и приложенных печатей.

Перепись производил заседатель (подпись)».

ЦГА РК Ф.345.Оп.1.Д.1.Д.2364.Л.2-19. Подлинник.

Жантөбетұлы Машақ (Мәшекең) – өмірінің ақырына дейін – XІX ғасырда «Тоқырауын болысы» (Әлтеке-Сарым рулары орналасқан жерлер) 30 жыл (1864-1894) болыс (волостной управитель) болған. Қазіргі заманда болыс қызметін атқарған аудандарға Ақтоғай әкімшілік территориясы жатады.

Архивная справка

В документах фонда «Семипалатинское областное правление» в прошении Дуканбая Чонбаева Военному губернатору Семипалатинской области от 27 ноября 1877 года; по вопросу раздела зимовых стойбищ между казахами Альтеке – Сарымовской и Надан Тобулинской волостей, упоминается волостной управитель Альтеке – Сарымовской волости Машак Джантюбетов.

Основание: ф.15, оп.1, д.1864, л.21. Директор архива М.Т.Сандыбаева Зав. Сектором К.И. Сопибекова Исп. Жылысбаева 629132.

Мәшекең өзі қартайғаннан кейін, кезекті бір сайлауда, халқына: – «Уа, халайық. Мен қартайдым. Енді ел билеуге орныма, басқа адамды сайлаңдар» – деген екен. Сонда халық өзара даурығысып, шуласады. Сізден басқа бұл қызметке ешкімді лайық көрмедік деcіпті. Сонда топтың арасынан үлкен ұлы, жас жігіт – Ербекей (сол кезде небәрі 18 жаста екен) суырылып шығып: «Мен ше? Ереуіл атқа ер салмаймын ба? Ата жолын қумаймын ба?» – деген екен дейді. Мәшекең сонда, «атадан оза ұл туар, ата жолын қуар деген, бірақ бала әлі жас, ел билігін қолына алу әлі оған ертерек. Сайлау өткізейік. Балам да, өзімде сайлауға түсейік. Түсімде қара бүркітім иығыма қонып жүр еді, маған да тас сала салыңдар» – деген екен дейді.

Сонда Ербекейден Мәшекеңнең бір тасы артық болыпты. Содан баласы кемеліне келіп, ақылы толысқанша, ел билігі өз қолында болған екен. Қазақ тарихында ол кезде болыс басқарушысын әр 50 үйден іріктелетін сайлаушылар шар салу арқылы дауыс беретін. Ақ шарлармен жақтаушылары, қара шарлармен қарсыластары арнайы урнаға тастау арқылы дауыс беретін. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың болыстыққа сайлануы барысында осы тәсілдің XІX ғасырда қолданылғаны жайлы деректер бар. Шар салу арқылы сайланғанымен, оны уезд бастығының ұсыныумен облыстың әскери губернаторы бекіткен. Сондықтан дауыспен жеңген адам сайлана бермеген. Осы тұрғыда уезд басшылығы Машақ бабамыздың халыққа сыйлы, беделді болуына байланысты кандидатурасын бекітіп отырған.

Одан кейін ел билігі көп жылдар бойы Ербекейдің қолында болған. Ербекей қайтыс болған соң, 1892 жылдың 18 қыркүйегінде сайлауда Мәшекең жеңіске жетіп, қайта болыс болып сайланады. Бұл үлкен саясат еді. Билікке таласу емес, ағайынның бірлігін, халқының ыдырамауын ойлағандық еді. Ол кезде Мәшекең 78 жаста екен. Мәшекең – 1894 жылы 11 қаңтарда болыс болып тұрғанда дүниеден өткен. Бабамыздың қайтыс болуына байланысты Дала Генерал-Губернаторы «Семипалатинские областные ведомости» газеті арқылы туған – туысқандарына көңіл айтып, қазанама (некролог) бастырған.

1898 жылғы есеп бойынша, Тоқырауын болысында 10 ауыл, 1358 күймелі арба (шаруашылық), 140 отырықшы, 17 жерсіз адам, 7069 тұрғын болған. Болыста 1463 киіз үй, 839 шым үй, 1039 асхана, 20 ағаш үй болған. Енді келесі мұрағат ақпараттарына мән берейік:

Архивная справка

В документах фонда «Семипалатинское областное правление» имеется письмо волостного управителя Машака Джантюбетова, Альтеке – Сарымовской волости, Каркаралинского уезда от 7 марта 1878 года, начальнику Каркаралинского уезда о спорных землях указанной волости.

Основание: ф.15, оп.1.д.1864, л.24. Директор архива М.Т.Сандыбаева Зав. Сектором К.И. Сопибекова Исп. Жылысбаева 629132.

Машақ (Мәшекең) болыстың мөрі, төсбелгісі (медальоны) Волостным управителям и аульным старшинам выдаются особые знаки для ношения при исполнении служебных обязанностей и печати по должности для прикладывания к исходящим бумагам.

Бұл құжаттарда «шындығына жауап береміз» – деп, растайтын, Машақ (Мәшекеңнің) болыстың мөрі мен қолы.

«Еліңді жамандама – шығатын төрің, Жеріңді жамандама – кіретін көрің»

Ақтоғай – мекендеген арқа белім, Аяулы, құтты қоныс, дархан елім, Ән-күйден маңайына маржан шашқан, Арқаның мойнындағы алқа ма едің?! Ата-бабаларымыз (Әлтеке руы) – ата қоныс етіп, Тағылы-Бұғылы, ? Ортау, Ақсу-Аюлы, Ақшатау тауларының етегін жайлаған.Машақ болыспен (Мәшекеңнің) балаларының қоныстанған таулары: Қытай, Ұрынқай, Қара Қойтас, Жалғызтөбе, Сарыөзек.

Жайлаулары: Сұлушоқы, Қорғантас, Көрпетай, Нұртай, Қарабие, Қаражал.

Әлі күнге ұмыт қалып келе жатқан көне тарихтың көмескі бір ізі Балқаш көлінің қылта жерінен өтіп, Тоқырауын өзенін бойлап, Бегазы тауының үстімен, солтүстікке қарай жүріп өткен, Ұлы Жібек жолының теріскей, кіші тармағын дәйектеу, жаңғырту болып табылады. Машақ (Мәшекең) бабамыздың болыс қызметінде атқарған міндеттері туралы келесі мағлұматты ұсынамыз:

Самоуправление в Каркаралинском уезде
Обязанности волостного управителя

Волостной съезд (құрылтай) состоял согласно существовавшей тогда мажоритарной системе, из выборных, которые избирались на аульных съездах, в количестве « один на каждый 20 кибиток».

Число кибитковладельцев, входящих в состав волостей и аульных обществ, определялось областным правлением соответственно местным условиям, с тем, чтобы число это, по возможности, не превышало: для волостей – двух тысяч, а для аульных обществ – двухсот кибитковладельцев. Кибитковладельцем считался каждый казах-кочевник, имеющий отдельное жилище (кибитку, юрту, землянку, саклю или дом).

Выборные же от аульных съездов на первом волостном съезде избирали волостного управителя, который впоследствии, в течение 3-х летнего срока своих полномочий, вместе с уездным начальником назначал место и время созыва волостного съезда.

Волостной съезд избирает двух кандидатов: одного на должность волостного управителя, а другого – в кандидаты к нему. Эти лица представляются уездным начальником, сего заключением передаются на утверждение военному губернатору. Военный губернатор имеет право утвердить или не утвердить выборы. В последнем случае губернатор либо назначает новые выборы, либо замещает должности волостного управителя и кандидата к нему по собственному усмотрению.

Ведомственность волостных съездов
распространялось на следующее:

В обязанности волостного управителя входило:

Созывать и распускать волостные съезды, а так же следить за правопорядком на них.

Волостной управитель был обязан передать список рассматриваемых вопросов на волостном съезде, уездному начальнику. Он должен был следить за точным и единообразном исполнением решений принятых волостным съездом.

Волостной управитель должен был следить за исполнением обязанностей аульными старшинами, с целью недопущения халатностей должностных злоупотреблений.

Волостной управитель, так же должен был осуществлять наблюдения за сборами налогов, которые осуществляли аульные старшины, а так же следить за соблюдением процессуальных правил при сборе налогов.

После сборов, аульные старшины передавали ему денежные суммы вместе с «шнуровыми» книгами, и волостной управитель передавал собранные деньги уездному начальнику, с соответствующей документацией. Волостной управитель должен был контролировать данные по податной переписи, а так же вести надзор за правильностью ведения документации вообще.

Волостной управитель был обязан фиксировать в документацию и наблюдать за перекочевками тех или иных аулов.

Волостной управитель до 1891 года, когда в Казахстане была судебная реформа 1864 года, должны были принимать жалобы на приговоры.

Волостные съезды определяют жалованье волостным управителям до их избрания, сообразно благосостоянию волости, в размере от 300 до 500 руб., а также сумму на наем писарей и рассыльных от 300 до 400 руб., в год.

За маловажные проступки по должности волостные управители и аульные старшины подвергались по распоряжению уездного начальника замечаниям, выговорам, денежному взысканию не свыше 15 руб. и аресту не свыше семи дней.

За усердную службу должностного лица волостного управления и аульного общества награждались почетнымии халатами или денежными выдачами, которые утверждались Степным генерал-губернатором.

Кочевое население областей облагалось в доход казны податью, исчисляемой из расчета четыре рубля с кибитки.

Согласно системе управления степями кочевым и оседлым казахам разрешалось иметь своих мулл по одному в волости. Муллы избирались казахами из своей среды, Утверждение избранного лица в звании муллы, а также устранение его от этого звания принадлежало военному губернатору. Вакуфы (недвижимое имение, приписанное для доходов к мечетям и медресе) не допускались.

Орыс ғалымы – өлкетанушы (краевед) – Попов Юрий Григорьевич «Волостные управителии народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. (Хроника фактов)» деген кітабынан үзінді келтірейік: «…По приказу Семипалатинского генерал-губернатора от 3 декабря 1871 года волостным Альтеке-Сарымовской волости был назначен на 3 года избранный населением Малыбай Байгутдинов, заместителем – Ербекей Машаков. Муллой был утвержден Чинхожа Толегенов. Эти данные приведены в газете «Семипалатинские областные ведомости» от 27 января 1872 года... В 1897 году Каркаралинский уезд разделили на 3 врачебных участка. Во 2-ой участок входили волости Дегеленская, Абралинская, Сарытауская, Эдрейская, Чубартауская, Темиршинская, Котан-Булакская и Токраунская. Фельдшерский пункт располагался в Токраунской волости, медицинскую помощь оказывали фельдшеры Т. Чингизов и К. Бердыбеков».

Волостные управители, аульные старшины, бии были именно первыми казахскими чиновниками, сформированные благодаря российской системой управления на данный период. Они внесли свой вклад в развитии двух культур: казахской и русской, а также способствовали развитию образования в Казахстане.

Институт волостных управителей, аульных старшин и народных судей сохранялся до октябрьской революции 1917 года, вплоть до слома старого государственного российского административного аппарата.

Машақ (Мәшекең) болыс өз өмірінде қайырымдылық шараларына белсене қатысқан. 1893 жылы жетімдер мен баспанасыз қарттарға көмек ретінде – 5 сом, ұлы Ербекей – 20 сом берген (патша ақшасының құны).

Бұл мәліметтер, Машақ (Мәшекең) Жантөбетұлының XІX ғасырда өзі басқарған елді ашаршылықтан, індеттен, басқыншылықтан сақтап, қазақ халқының тұтастығын сақтау жолында еңбек еткен тұлға екенін айғақтайды. Өзі, өзінен кейін балалары болып, бір ғасыр бойы ел тыныштығын сақтауда ерекше еңбек сіңірді.

Жәмшіде «Қытайдың жалғыз биігі» деген тау бар. Осы тау, Мәшекең ұрпағының атамекені болып саналады. Осы таудың оңтүстікке қараған сайында, Шәйкеннің (Шәкеңнің) қыстауы болған.

Сол кезде Ербекей де, Шәйкен де, әкелері Машақта (Мәшекең) 6-8 бөлмеден тұратын, ағаш үйлер салдырыпты.

Машақ бабаның (Мәшекеңнің) кескін-келбеті

Машақ бабаның (Мәшекеңнің) өзі түскен суретін таба алмадық. Мәшекеңнің бейнесін жасау үшін, ол кісінің екі баласы Жүніс (Жүкең), Малғабыл (Мәкең) ақсақалдардың шынайы портреттері пайдаланылды (ол суреттер кітапқа енгізілді). Немерелерінің бет – пішіндеріне негіздеп, бабаның портретін ақиқатқа сай келтіруге тырыстық. Баба: «Бидай өңді, жазық маңдайлы, қой көзді, ойлы көзқарасты, ат жақты, қалың қысқа қою қасты, қаба сақалды адам болған» – деп, топшылаймыз. Себебі, ұрпақтарының бет-пішіндері, кескін-келбеттері, көпшілік жағдайда, жоғарыда айтылған сипаттауға сәйкес келеді.

Физиогномика ғылымына сүйенсек, бабаның бет әлпетіне, түр-тұлғасына қарап, ол кісінің мынадай сөздік портретін жасай аламыз: Жазық, кең маңдай – жоғары дәрежелі зиялылықтың, ойлылықтың нышаны, қой көзділік-ақылдылылықты, аңғарымпаздықты, қалың және қысқа қас – мінездің қаталдылығын, парасаттылықты, қыр мұрын – жақсы болмысты, бай – қуаттылықты, ат жақтылық – жоғары мәртебелі тұлғалылыққа бейімділік, қажыр-қайраты мығым, ел басқаруға қабілеттілігін, құлақтың үлкендігі – тектілікті, өзіне деген сенімділікті, пысықтылығын, еті тірлігінің және денсаусалығының мықтылығын, салбыраңқы сырғалық-даналықты, еңбексүйгіштікті, ойшылдықты, ішкі күштің мол екенін, созылыңқы құлағы – әдептілігі мен биязылығын, сопақ беті – мақсаткерлікті, тез шешім қабылдағыштықты, өз қалауымен іс-әрекет етуге деген талпынысты, ешкімнің бұйрығына құлақ асқысы келмейтіндігін, қапсағай денесі-ештеңеден қорықпайтын, батыр тұлғалылығын, салалы саусақтары – өнерден кенде еместігін білдіреді екен.

Үстіне киген шапаны, бас киімі, күміс белбеуі, болыстардың мойынға тағатын медальон (болыстықтың дәрежесін білдіретін белгі) Санкт-Петербург қаласында орналасқан Эрмитаж және Ресей этнографиялық мұражайы қызметкерлерінің кеңесі бойынша, ескі фотосурет қорынан алынған ақпараттар арқылы жасалынды. Осы кітапты жазарда деректі, дәйекті, ақпаратқа сүйендік, тарихты бұрмалаудан алшақ болдық. Машақ бабаның (Мәшекең) портретін жасап шығарған суретші-дизайнер – Сейсембаев Батырхан Бекенұлы мырзаға ұрпақтарының атынан ерекше алғыс айтамыз, еңбекте зор шығармашылық табыс тілейміз. «История традиционной одежды казахов» атты ғылыми кітаптан үзінді келтіруді жөн көрдік:

В ассортименте одежды степной аристократии тот же – шалбар (штаны), камзол, чапан. Появились и белые нательные рубашки. И ни одной вышитой завитушки. Статус владельца подтверждают богатые пояса с великолепными массивными серебряными пряжками и украшениями, иногда с сердоликами, бирюзой, кораллами, с разнообразными подвесными сумками и кошельками, разумеется, оружие – кинжал, сабля, даже камча (плеть) – все замечательной работы, все из серебра. Важна шапка (борик) с мехом соболя, куницы, выдры. Сохранились традиционные парадные шапки с вышивкой, но уже для особых случаев.

Во второй половине 19 в., уже появилась фотография. Многочисленные снимки запечатлели участников различных курултаев (съездов). На всех наши баи и беки одеты только в темно-синее сукно, отделанное только серебряным галуном фабричного производства. Покупные дорогие ткани, в первую очередь – бархат, вышивка золотыми нитями, отделки тесьмой и галуном, все то, что сделалось доступным благодаря восстановлению торговли.

Оқырман назарына, Мәшекеңнің сыйласқан замандастары мен үзеңгілес жолдастарының суретін ұсынып отырмыз. Бұл суретте қазақтың беделді сұлтандары мен билері бейнеленген. XІX ғасырдағы Шығыс Сібір генерал-губернаторлығы. Бұл сурет, Қазақстан Орталық мұражайынан алынды. Дәлел ретінде, шежіреші – Төрехан Майбас жазған мақалада белгілі күйші – Қазанғапұлы Тәттімбет, «Ұлы нағашы Бәйсейіт би» мақаласындағы Баянауыл ішкі аймағының аға сұлтаны – Шорманұлы Мұстафамен, аға сұлтан Құнанбай қажымен (ақын – Абай Құнанбайұлының әкесі), Қарқаралы аймағының аға сұлтаны – Құсбек төремен тағы басқа тарихи тұлғалармен жолдас болғандығы туралы айтылады.

Список населенных пунктов ( в том числе и аулов-кстау). Каркаралинский уезд Семипалатинская губерния (по административному делению на 1 января 1927 года)

№по

Наименование

Число
Наименование
карте
волостей, аул –

хозяйств
урочища, где

сельсоветов

аул-кстау

и аулов –кстау

находится

зимой

11.Кедейская волость

Аулсовет № 4

1

Машак

6

Ктай

2

Абдылда

2

Ктай

3

Шайкен

2

Ктай

4

Бузау

4

Урункай

5

Шомен

6

Кара-шокы

6

Жунус

2

Калың-ший

7

Конкуш

2

Калың-ший

8

Карабас

2

Урункай

9

Донгелек

2

Ктай

10

Малгабыл

2

Урункай

Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында Бәйсейіт бимен құда болғаны туралы былай деп сыр шертеді: «…Бәйсейітте ұлдан жалғыз Нұрлан мен бірнеше қыз болады. Жантөбет Бәйсейітпен құда болып, кіші ұлы Машақты оның үлкен қызы Айғанымға үйлендіреді. Айғаным көпке дейін бала көтермейді.

Қырғыз жеріне дейін барған Әлтекенің Есболай, Өтеген рулары қырғыздан қашып, жаяу-жалпылап, арып-ашып Тағылы-Бұғылыдағы атамекеніне жете алмай Жәмші өзенінің сол жағындағы Қытай, Ұрыңқай тауларына келіп паналаған. Машақтың күнделікті өмірі аң аулаумен өтеді.Сол аң аулап жүрген кезде Машақ жалғыздықты көп көреді. Алыс-жақын ағайындары атып алған түлкі, қасқырларын тартып ала беретін болған.Сондай жәбір көрген күндердің бірінде жалғыз ағасы Әйнектің қырғыз жерінде қайтыс болғаны, әйелінің бала көтермей қойғанына қапаланып, аңнан келген бетте үйге кірісімен қолындағы мылтығы мен қамшысын лақтырып: «Бәйсейіттің қақ байталын қаға-қаға шаршадым-ау, » – деп жер бауырлап жатып қалады. Айғаным анамыз күйеуінің мынадай налыған сөзін естіген соң, түнделетіп, жаяу-жалпылап, Бектауатаға барады.

Халық анамызды екі күн бойында іздеп, таба алмайды. Төркінінде де болмай шығады. Сонда Мәшекеңнің анасы былай деген екен: «Келін Машақтың сөзін естіп қойған болды-ау, тезірек Бектауатаға адам жіберіңдер» – депті. Артынан қос атпенен іздеп барса, енеміз Бектауатаға түнеп, жаяу қайтып келе жатыр екен. Анамыз бейіт басында түнегенде, түсінде аруақ аян беріпті. Үш ер балаға тән құрал-сайман (балта, мылтық, кездік) және бір әйел балаға тән (айна не тарақ болуы мүмкін) белгілердің нышанын көрсетіпті. Ол кісі ауылына келгеннен кейін де, көңіліңде әлі де болса, күмән болып, әкесі Бәйсейіт биге барып жүгініпті.

– Аға, Машақтың айтқан сөзі, менің етімнен өтіп, сүйегіме жетті, киелі Бектауатаға барып, аруақтан аян алдым. Дегенмен де, кіші тете сіңілім Мәтібаланы, Машаққа қосуға рұқсат ет, – деген екен. Кіші сіңлісі Мәтібаланы Машаққа тоқалдыққа алып береді.

Бір кезде жалғыздық көрген Мәшекеңнің, малына мал қосылып, жанына жан қосылып, бақ-дәулеті тасыған екен».

Мәшекеңнің үшінші әйелі Жұбайымнан бала жоқ. Жұбайым өте сұлу әйел болыпты. Ауырдым деп, қонақ күтпейді екен, ал апалы-сіңлі екі әйел мал сойғызып, келген қонақтарды күтіп, шығарып салады екен. Мәшекең Жұбайымды осы қылығынан айыру үшін ақындарға өлең шығартып, халық арасына таратып жібереді. Бірақ Жұбайым өзгермейді.

Мәшекең, Жұбайымның мінезін сынайын – деп, төркіндеріне қонаққа жібереді. Жұбайым мінген пәуескенің алдынан білдіртпей бір адамды жібереді. Мәшекеңнің айтуынша, жаңағы адам, Жұбайымнан бұрын ауылға барып, түстенетін үй иесінен қонақты селқос, немқұрайлы қабылдауын өтінеді. Бұл әрекеттен бейхабар Жұбайымға, қонаққа барған жерлерде, сый – сыяпат, қонақ-кәде дәрежесіне сай болмайды.Төркіндеп кеткен Жұбайым үйіне ренжіп келіп Мәшекеңе:

- « Сені болыс дейді ғой, мені ел дұрыстап қарсы алмады» – дейді.

Сонда Мәшекең:

- «Өзің, қонақты қалай қабылдаушы едің, сол әрекетің алдыңнан шықты» – депті.

Мәшекеңнің төртінші әйелі Аққасқадан: Әлішер, Әбеу.
Мәшекеңнің қыздары: Жамал, Өңкей Жамалдан бала жоқ.
Өңкейден: Базыл, Күлзада.

Бектауата – тарихи тау, биіктігі 1215 м. Халық аңызы бойынша: «Бектауата және Беғазы деген екі әулие болған. Олар қашып келіп, осы тауды пайдаланған». Балқаш қаласының оңтүстік шығысында 60 км., жерде «Әулиетау» деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды. Оның жанында Ұрыңқай деген шоқы бар. Әулиетау деп аталуы – тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек. Балқаш маңайын зерттеген ғалым П.Сарычев былайша жазады: «Бектауата – оңтүстік пен солтүстікті жалғастыратын нысана іспетті керуен жолдың бойында тұрған «шамшырақ». Оның сүйір төбесі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан көзге ілінеді. Көлдің астынан жарып шыққандай сұстиып тұрады және «бері тарт» дегендей ишарат береді. Сол таудың астында үлкен үңгір бар. Ол мөп-мөлдір тұщы суға толы. Су бетінің деңгейі әрдайым бірқалыпты: жоғары көтерілмейді, төмен түспейді. Табиғаттың осы жұмбағының көріністері дала жұртының сезімін билеп, атаудың постпозитивтік компоненті боп тұрған «ата» сөзін қоныстырғандай».

Қазақстан жерінде «ата» тіркесімен аталатын жерлер (мәселен, Әулиеата, Сунақата, Асықата) көбіне сол жердің «киелі», «қасиетті», «әулиелік» құдіретіне байланысты халық нанымына сай қойылып отырған. Демек, осы себептен Бектауата «қасиетті», «әулие», «киелі Бектау» деген мәнді аңғартады.

КҮМБЕЗ

Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет аудандары жерінен «Жәмші» – өзені ағады. Ұзындығы – 117 км. Ол Қызылтас тауының оңтүстік беткейінен басталып, Қарабұлақ мекені тұсында тартылып қалады. Бұл өзенді Жаман Қарасай деп те атайды. Жәмші – Үш Оқтан тараған қазақтардың бір тайпасының аты. Оның есімі жоғарыда аталған өзенге және сол жердегі ауылға қойылған. Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылдық округі, Жәмші ауылынан батысында, 1 километр жерде «Көпбейіт» кесенесі бар. Бұл жерде Машақ (Мәшекең) Жантөбетұлының      және ұрпақтарының      күмбездері орналасқан. 1987 жылы, «Казпроектреставрация» институтының бір топ сәулетшілерімен (архитекторларымен) Ақтоғай өңіріңдегі қазақ қорымдары зерттелді. Топқа ғалым – А.О.Итенов жетекшілік етті.

1989 жылы 15 тамыздағы Жезқазған облыстық атқару комитетінің №357/12 шешімімен «Көпбейіт» кесенесі (Историко-культурный некрополь) болып тіркеліп, XІX ғасырдың тарихи – мәдение ескерткіштер тізіміне енгізілді. 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ -дің «Сарыарқаны этномәдени тұрғыдан зерттеу орталығының» бір топ ғалымдары: М. Жакин, Т.Аршабеков, Ж.Жұмабеков күмбездің төлқұжатын, есепке алу карточкасын, сызбалық бас жоспарын, қимасын жасады. 2010 жылы сәуірдін 16 күні Қарағанды облысы әкімінің № 11/03 шешімі бойынша «Машақ» (Мәшекең) күмбезі тарихи ескерткіш ретінде мемлекет қорғауына алынды. Қазақ қорымдарының ішінде көптеген кесенелердің арасында Машақтың (Мәшекең) күмбезі түрлі сатылы қалыбымен ерекше дараланады. Күмбездің қалануы күрделілігімен көзге түседі. Биік күмбездің екі жағында жарық түсіретін қуысы бар. Күмбездің ішкі аумағы – 9, 5 метр. Қабырғалары лаймен сыланған. Қабырғалары жерден – 0, 4 метрді құрайды. Биіктікте бірнеше сатылы ойықтар орналасқан. Сонымен қатар ішкі қабырғасында лай сылақтың орны байқалады. Жерден сақталған сұпы күмбездің солтүстік – шығыс бөлігіне қойылған. Күмбездің биіктігі – 7.0 метр. Кірпіші: 35х17х11см. Күмбез мемлекет қорғауындағы ескерткіш болып саналады. Мәшекең күмбезінің жанында оның балалары: Ербекей, Шәйкен, Ормақайдың да, күмбездері де бар. Бұл жерде Мәшекеңнің басқа да балалары мен немерелері, үрім – бұтақтары жерленген. Ал, қалған ұрпақтарының дені Қарағанды облысы, Ақсу-Аюлы ауданына қарасты, Жарық кентінде, «Тастөбе» деген жерде жерленген. 1994 жылы 24 шілдеде, Кәріғұл қайным, Орынбек, Жорғатай, Орынғұл Мәшекең бабамызға және Шәйкен атамызға қызыл граниттен ескерткіш қойған.

Сол астан он жыл өтісімен, балалар:

- «Қайтадан ас берейік» – десті. Мен: -  «Балаларға, қоя тұрыңдар, Ақтоғайға барып келейін, әкімшіліктен бабаның күмбезі тұрған жерден бабаның атын елді-мекенге берулерін сұрайын» – дедім. Ол үшін (қоғамдық пікір қалыптастыру үшін), «Орталық Қазақстан» газетіне, «Тарихта ізі қалған тұлға» атты мақала жаздым. Мақалада Қазақстан ұлттық мұрағаттан алынған Мәшекеңнің 30 жыл болыс болғаны туралы деректерді пайдаландым. Мақала шыққаннан он күн өтісімен, Ақтоғай ауданының бірінші әкімі – М.Жарылғап мырзаның қабылдауында болып, мән-жайды айттым. Ол кісі: «Мақалаңызды оқыдық, Мәшекеңнің атын ауыл атын бұрында бермекші болып, құжаттар жинастырғанбыз, сұраушысы жоқ деп, биліктегілер рұқсат бермеді» – деді.

Аудандық маслихаттың хатшысы – Оңғарқұлов Мирхаят мырза екеуі ақылдаса отырып, сұраушысы «немере келіні» – деп, менің атымнан, өтініш жаздырып алды. Аудан әкімі: «Жәмші ауылы қазір Кеңес үкіметінің батыры – Нүркен Әбдіровтың есімімен аталады, ал Мәшекең күмбезінің жанында он шақты үйі бар, елді-мекенді берейік, Сіз қомсынбайсыз ба?» – деп, сұрады. Мен: «Ол жерге егін салып, мал бақпаймын, алыс жерлерден: Алматыдан, Астанадан, Жезқазғаннан, Қарағандыдан, Балқаштан іздеп келген балалар, далаға келгендей болмай, өз елі, жеріне келгендей, бабаларының басына құран оқытып, аунап – қунап қайтса болды, сол елді-мекен де жетеді, қанағат» – дедім. Менің ұсынысыма, ол кісілер келісті.

Ауданның әкімі, жиналысқа келген Жәмші ауылының әкімі – Жармағанбетов Алтай мырзаға: «Мына кісі енді Ақтоғайга қайтып келе алмайды, қазір ауылға барып, халықты жинап, «Ақсеңгір» ауылының атын «Машақ болыс» ауылына ауыстыруына байланысты жиналыс өткізіп, шығарылған шешімдеріңізді апаның қолына ұстатып, бізге беріп жіберіңіз, аудандық маслихатының отырысында талқылаймыз» – деді.

Жәмшінің әкімі Алтай Жармағанбетов мырза, менің әкем Шәретті жақсы біледі екен:

- «Сіз ауыл ақсақалдарына қарсы емеспін деген тізімге қол қойғызыңыз, мен, ертең түске дейін жиналыс ашам да, қағаздарыңызды дайындап беремін» – деді.

Жәмші ауылына алғашқы баруым, ешкімді танымаймын, кездескен бала жігіттен:

«Бұл ауылда «әлтекелер» тұра ма?», – деп сұрадым. Ол жігіт бір үйді көрсетті, мен, есігін ашып кірсем, өзімнің қайын сіңлім – Мәнзура екен, мені көріп дауыс салып: «жеңгей, қайдан жүрсің?» – деп, жылап көрісті. Хал сұрасқан соң, мән-жайды айттым.

Мәнзура: «Мен бұл жаққа жаңадан көшіп келгем, ешкімді танымаймын, осында көптен бері тұратын Тұяқбай деген кісінің, халық сыйлайтын Дәриға атты қызы бар, соны ертіп келейін» – деді. Келген апай аппақ қағаздай өңді, байсалды адам екен: «Осы ауылда Әлтекенің бас көтерер бір ақсақалы бар, соған барып амандасып, мән – жайыңызды айтыңыз да, дем ала беріңіз, біздер қалған шаруаны өзіміз реттейміз» – деп, мені, сол ақсақалдың үйіне ертіп апарды. Барысымен ақсақалға, «Мәшекеңнің немере келіні» – деп, таныстырды, «Мәшекеңнің атын ауылға алып беру үшін келгенімді, сол себепті халықтың келісімі керек» – деп, шаруаларымызды айтып едік, ол кісі көзіне жас алып: «Аруақ бар екенсің ғой, осындай аруақты адам қалай атаусыз қалды» – деп, ойлаушы едім, игі іс бастап отырсың, бүгін осы үйге қонақ бол» – деп ұсыныс жасады, бірақ мен, Мәнзураның үйіне түскенімді айттым. Ол кісі үш адам үшін қол қойып берді. Ертеңіне «Көпбейітке» барып, құран оқытып, ауылдың халқымен таныстым. Тұрғындары ауылда жарық жоқтығын, балаларды оқытатын мектеп жоқтығын айтты. Дәриға апаймен бірге, менің кенже қызым Айгүл, кеш қарайғанша дейін, ауыл адамдарының үйлерін аралап, 18 адамға қол қойғызып әкелді.

Дәриға апайға, Мәшекеңнің ұрпақтарының атынан алғыс айтамыз.

Сол тізімнің түпнұсқасын келтіріп отырмыз:

Осы тізім негізінде, ауыл әкімі шешім дайындады.Мен келгенше, әкім шешімді даярлап қойыпты, соны алып, аудандық мәслихаттың хатшысы – Оңғарқұлов Мирхаят мырзаға апарып едім: «Бір айлық жұмысты бірақ күнде бітіріп келдіңіз, жиырма күннен кейін мәслихатта қарап, жауабын береміз» – деді.

Нүркен селолық округі Ақсеңгір ауылының

Аудан әкіміне қайта кіріп, не себептен ауылда жарық жоқтығын сұрадым, ол кісі: «Ауылдың жарығы Балқаштың орталық тоқ магистраліне жалғанған, ауылдың қарызы 34 миллион, сондықтан бұл мәселені облыстағы үкімет шешеді» деді. Ақтоғайдан келісімен облыс әкіміне ауылдың жағдайын айтып, көмек сұрадым. Ол кісі Қарағанды тоқ басқармасының басшысына Ақсеңгір ауылына тоқ қосуын міндеттеді. Облыс әкімінің араласуымен ауылға біз ас берген күні тоқ қосылды, әлі күнге дейін өшкен жоқ.

Мектептің шаруасы бойынша, Қарағанды облысының, білім басқармасының бастығы – Е.Н.Иманғалиев мырзаның қабылдауында болып, мектеп ашу туралы өтіндім. Ол кісі өтінішімді қабыл алып, мектеп ашып еді, бірақ баланың аздығынан мектеп жабылып қалды.

Күз айында, Қарағандыдағы үйге «мәслихат ұсынысыңызды қабылдады» – деп, Ақтоғай аудандық мәслихаттың хатшысы Мирхаят Оңғарқұлов мырза сүйінші сұрап хабарласты.

Келесі жоспар бойынша аудандық «Тоқырауын толқындары» газеті арқылы Ақсеңгір елді-мекеніне «Машақ болыс» атын беру туралы ақпарат жарияланды.

Шешім газетке жарияланасымен Ақтоғай ауданының Нүркен селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 ақпандағы

№ 1 «Нүркен селолық округінің» Ақсеңгір елді-мекеніне Жантөбетұлы Машақтың (Мәшекең) атын беру туралы шешімі Ақтоғай ауданының әділет басқармасымен

2010 жылғы 25 ақпанда №8-10-103 тіркеліп, бекітілді. Қарағанды облысы, Әділет департаменті мені: «Ауыл

тұрғындарының саны елу үйге жетпегендіктен, заң бойынша ономастикаға тіркеудін қажеті жоқ, шешім заңды құқықтық құжат ретінде тіркелді» – деп қуантты.

2010 жылы туған-туысқандар бірігіп, Мәшекең бабамызға арнап ас бердік. Бір жыл өткен соң, ауыл тұрғындары маған телефон шалып: Президент сайлауына дауыс берерде «Машақ болыс» ауылының атынан емес, бұрынғыша Ақсеңгір атынан дауыс бердік, «бұл қалай?» – деп сұрады.

Облыстық прокуратураға хабарластым. Прокуратура тексере келе, Ақтоғай аудандық ономастика комитетінің қызметкерлерінің жауапсыздығынан, ауылдың жаңа атауы уақытылы тіркелмей қалғанын, уақытылы тіркелгенде мораторийге түспейтін еді, енді Президент үш жылға мораторий жариялады, сол себептен үш жыл бойы күтесіз деді. Оны үш жыл бойы күттік.

2011 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Премьер – Министрі К.К.Мәсімов мырзаның атына жағдайды айтып хат жаздым. ҚР мәдениет министрлігінен: «Мораторий аяқталған жағдайда, көтеріліп отырған мәселе заңнамаға сәйкес шешілетін болады» – деген, вице – министр Ғ.Т.Телебаев қол қойған жауапхатты алдым. Келесі құжат соның айғағы.

2015 жылғы өтінішім бойынша бес жыл бұрын істелінген шаруаны тағы қайтадан жасап, Қарағанды облысы бойынша ономастика комитетіне тапсырдық. Ономастика комиссиясының мүшелері байыбына бармай, «Ақсеңгір тарихи ат, ауыстыруға болмайды, Машақ (Мәшекең) болыс тарихи тұлға, он үйге ол кісінің атын бергеніміз ұят, аудан аумағынан көшеге, немесе басқа нысаналарға атын берейік» – деп, ұсыныс жасады. Келіспедім, сол ауыл қазірдің өзінде «Машақ болыс ауылы» – деп аталып тұр. Осы кітап жазылып жатқанда, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, «Халық достығы» орденінің иегері, Жәмші совхозының директоры Қауаз Мұқажанұлы мырза хабарласып, Ақсеңгір ауылының аталу себебін түсіндіріп, ауылдың тарихын хатқа жазып беріп жіберіпті. Хатта жазылған мақаланы келесі «Атамекен» тарауында келтірдім, оқырман қауым қызықты және деректі мағлұматтарға қанығады деп сенемін.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министріне тарихи тұлға Жантөбетұлы Машақ бабамыздың (Мәшекеңнің) 2015 жылы туғанына 200 жыл, ал күмбездің тұрғанына 120 жыл толатынын жазып, «Көпбейітті» қоршауын сұрадым, өйткені күмбез, ауылдың малы сүйкеніп, құлап қалуға шақ қалған.

ҚР Мәдениет министрі М.А.Құл-Мұхаммед мырза бұл мәселені шешуді, Қарағанды облысы мәдениет басқармасына тапсырды.

Мәшекеңнің мазарын қоршауға қатысты жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезінде іскерлік танытқан Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бастығы – Ержан Ахметұлы Абдрахманов мырзаға, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы – Төлеутегі Сақтағанұлы Түлкібай мырзаға, Жәмші, «Машақ болыс ауылының» азаматтарына алғысымды білдіремін. Аты аталған азаматтарға Мәшекең бабамыздың күмбезі және «Көпбейітте» жерленген тарихи тұлғалар туралы айтып, толық қоршауын өтіндім. Немерелердің айтуынша, үш шошақ күмбездің біріншісінде Мәшекеңнен кейін болыс болып, жастай қайтыс болған үлкен ұлы Ербекей жерленген, күмбезді Мәшекең өзі салдырған. Ортадағы күмбезде Мәшекең, үшіншісінде – Мәшекеңнің бесінші баласы, 1926 жылға дейін болыс болған Шәйкен (Шәкең) жерленген. Күмбезді Шәкең баласы Мұқаң (Мұқаш) салдырған.

Инспекция қызметкерлері: «Мәшекеңнің күмбезі XІX ғасырдың тарихи – мәдени ескерткіш ретінде заңды тізімге енгізілген, мемлекет қорғауында, сол себептен демеушілерді іздеп, солардың қаражатына қоршаймыз, ал қалған екі шошақ күмбезді қоршауға бюджеттен қаражат қарастырылмады» – деді.

Инспекция қызметкерлерінен: «Мәшекең күмбезі мен Шәйкен (Шәкең) ақсақалдың күмбезінің арасын қосып жіберіңдер. Екі күмбездің ортасында менің қайнағаларым, енелерім жерленген. Қосқан жердің қаражатын бөлек есептеңдер. Өзім балаларға айтып жинап берем» – деп өтіндім.

Өйткен себебім, 1994 жылы ас бергенде Кәріғұл қайным Кәстәйдің баласы, Ардаққа түгел туыстардың көзінше:

«Мына жерде сенің бабаң Қарабаспен менің шешем жерленген, бейіттері құлап қалған, үстілерінен мал жүріп жатыр, осы жағдайларды ескеріп, сыммен болса да қоршат» – деп, ұсыныс айтқан еді. Кәріғұл қайнымның өтініші көкейімде жүруші еді, орайы келіп тұрғанда сол аманаттың ұмытылмай орындалғанын қаладым. Инспекция қызметкерлері менімен келісіп, жалпы қоршаудың көлемін, екі жақтан кіретін есіктердің орнын сызбаға түсіріп, «Әзірше қаржы жинамай тұра тұрыңыз, демеушілер табылса Мәшекеңнің күмбезін қоршаймыз, содан кейін қосымша қоршаланатын жердін бағасын айтамыз» – деп сызбаларды, Қарағандыға алып кетті.

Тарихи – мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы Төлеутегі Сақтағанұлы Түлкібай мырза бір күні хабарласып: «Апай, көпке дейін хабарласпаған себебім, Балқаш қаласынан іссапардан қайтып келе жатқанда көлігім жол апатына түсіп, ауруханаға жатып шықтым. Мәшекең аруақты адам екен, үкімет тарапынан күмбезді қоршауға бір миллион теңге бөлінді.

Бөлінген қаражат темір болат қоршауды дайындауға жұмсалады, ал бұрғылайтын машинаға, цементпен құмның шығындарын демеушілердің қаражатынан жұмсаймыз, инспекция қызметкерлері сол шаруамен айналасып жатыр» – деді. Бір жетіден кейін қайта хабарласып: – «Апай, ертең Ақтоғайға барып, қоршауды құрамыз, бізбен бірге жүріңіз» – деп, ұсыныс жасады. Мен ол кезде бір себептермен бара алмадым да, «ауылда Арман баламыз бар, сол баланы тауып алыңдар» – дедім.

Қарағандыдан келген адамдар Арманға айтпай өздері қоршауды орната бастайды. Ауылдың халқы түсінбей, Арманға «сендердің бейіттеріңді біреулер келіп, қоршап жатыр» – деп телефон соғады. Арман болған оқиға туралы келесідей әңгімелейді: «Хабарды естісімен, бір жолдасыммен мотоциклға мініп, Көпбейітке келіп, бұны кім істетіп жатқаны туралы сұрадым, олар болса, Қарағанды қаласында тұратын бір апа істетіп жатыр» – деді. Өз ойымша,

Алматыдағы туыстардың балалары шығар деп, ойлағантынмын» – деді.

Келесі күні, Түлкібай мырза менімен хабарласып: «Арман жолдасымен түннің бір уақытына дейін, жұмыскерлерге көмектесіп, біздерді үйіне қонаққа шақырды, біз жолдың алыстығын айтып, бара алмайтынымызды айттық. Таңертеңнен кешке дейін қоршауды құрып бітірдік, түнгі он екіде үйге келдік. Қоршау ойдағыдай шықты, өзіңіз көргенде қуанасыз» – деді.

Мәшекең басына құран оқытып, қоршауды көру үшін, қызым Банумен баратын болдым, туыстарға бейіттің басын қоршағаным туралы айтып, бізбен бірге жүрулеріне ұсыныс жасадым, бірақ әрқайсы, әртүрлі себептермен бара алмады.Үш қызыммен Мәшекеңнің мазарының басына барып, құран оқыттым, орнатылған қоршаулар көңілімнен шығып, қатты қуандым.

Келісімен күмбезді қоршауға атсалысқан, Қарағанды облысы мәдениет басқармасының басшысына, Қарағанды облыстық тарихи – мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы – Төлеутегі Түлкібай Сақтағанұлы мырзаға, «Жәмші», «Машақ болыс» ауылының азаматтарына, «Орталық Қазақстан» газеті арқылы алғысымды білдірдім.

Алдымызда, тіршілік болса, Мәшекең бабамыздың 200 жылдығына арнайы кітап жазып, бастырып шығару, мазарды жөндеу ісі тұр.

Осы бабаның шаруасын бастағанда жетпіс жаста едім, қазір жетпіс жетіге қарадым, денсаулығым жоқ, бірақ алла-тағаллам қолдап, осы шаруаны бітіріп кетсем екен деген ойым бар. Тәшен Исаұлы – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Тәшен ақын – сөзге жүйрік, суырып салма ақын болған. Тәшен ақынның руы – Есболай.

Тәшен ақын – Шашубай мен Кенішбай заманында ғұмыр кешкен. «Бораннан тыс болғанда», «Заман», «Өмір», «Ағайынға», т.б. өлеңдері белгілі.

Тәшен ақынның Әлтеке руынан шыққан әулие, батырларымызға, Мәшекеңе және оның ұлдарына арнап жазған арнауы:

Өлмейтұғын жан бар ма?
Пайғамбар, мұрсат, нәбилер,
Патшалар, байлар, уәлилер,
Арғы атамыз – Әлтеке,

Жауға қарай беттеген.
Сан батыр шықты саялы,
Біреу емес көптеген.
Одан кейін артынан,

Жидекең шықты тең келген.
Болат атқа мінген соң,

Дұшпанға кегі кетпеген.
Мәшекең атқа мінген соң
Бірдей болды дұшпанға
Жанып тұрған отпенен.

Ербекей атқа мінген соң
Бақ орнады орнына
Қозғалмастай сертпенен.
Шынжыр балақ, шұбар төс,

Бақ орнаған, ерте, кеш
Барлық билік қолында
Емін-еркін тиген дес.

Оңалар орнында бар дегендейін, Шәйкенжан өткендерді білдірмеген. Патшадан наградаға шен-шекпен алып, Дұшпанын қарсы келген күлдірмеген. Оязды, судьямен қабат құрып, Қызықты ғұмырымен күлімдеген, Молдағабыл, Қатарменен қатар шығып, Аяғы күні бүгін сүрінбеген. Мәшекең арнайы қожа ұстаған. Қожаларды Қаратаудан – Жидебай батыр (Жидекең) екі бала әкелген екен. Жақай қожа – Мәшекеңнің қожасы болған. Балғабай Мәжит Кенжеұлы «Қаракесек. Әлтеке. Сапақ шежіресі» атты кітабында қожалар туралы келесідей мағлұмат келтіреді: «Қожа әулетінің бәрі де Мұхаммед Пайғамбардың алғашқы халифтерінен өрбіген. Мұхаммедтің туысы Әлидің ұрпағы Хусайннан өрбіген қожаларды қазақтар «Саид қожалар» деп атаған. Олар Орта Азия мен көшпелі тайпалар жайлаған кең-байтақ жерлерге діни насихат жүргізуге қолайлы орын деп, Бұқара қаласына орналасады. Біздің Әлтеке ішіне келген Нұралы қожа деген кісі екен. Нұралы қожадан Үпі қожа, Әмен қожа, Иманқожа туады. Иман қожадан Қасым, Хасен, Жақай, Жақып, Нақу туады. Жақайдан Көрпеш, одан Алшағыр, Арна, Арал туады. Иман қожаның жері Кебенек еспесі».

Жақай қожа – 1962 жылы Төлеген қайынағамның (ортаншы ағаның) жаназасын шығарды. Ақшатауда тұрған, беріде қайтыс болды.

Мәшекең, қан тазалығына да қатты назар аударған. Балаларын нағашысына, жиеніне, бөлесіне және өзі сияқты текті, сыйлы, үзеңгілес достарының балаларына ғана қосып отырған. Басқа атаға қыз бермеген, қыз алмаған. Мысалы: Мәшекең бес атаға болыс болып тұрғанда, менің бабам Ұланбек бес атаның биі екен. Екеуі сыйлас дос болған. Мәшекең Ұланбекке: «Жалғыз қызың Жәбенді, ұлым Жүніске бер» – депті. Ұланбек досының сөзін құп көріп, қызының жасауын үш ай жасап, ұзатқан екен. Жүніс атамыз бен Жәбен анамыздан төрт ұл: Қысатай, Төлеген, Бөлеген, Сарыкен.

Машақ бабаның (Мәшекең бабаның) ұрпақ саны Ата: Машақ (Мәшекең)

Әке: 13
Бала: 27
Немере: 40
Шөбере: 53

Шөпшек: 43
Немене: 12
Барлығы: 188 ұрпақ

Мәшекең – балаларын арабша, орысша оқытқан. Балаларының сауатына көп көңіл бөлген. Балаларының сауатын ашу үшін татар, орыс мұғалімдерін ұстаған. Мәшекең бабамыз жөнінде мәліметтер жинақтау барысында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуов М.І. мырзамен сұхбаттасқан едік. Сол сұхбаттың нәтижесі ретінде «Ел есіндегі тарихи тұлға. Алып анадан туады» – атты мақала туындады. Автор мақалада Машақтың (Мәшекеңнің) шешендігі мен көсемдігінің, ел ішіндегі беделінің өзгелерден жоғары екендігін көрсетеді.

Машақ (Мәшекең) ұрпақтарының атынан Әбдуов Мұхамметқали Ілиясұлы мырзаға алғысымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілейміз.

Оқырман қауымға сол мақаланы ұсынып отырмыз.

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ТҰЛҒА

Алып анадан туады

Рулық қауымдастықты ту етіп көтерген қазақ халқының тарихына көз салсақ, заманының өр тұлғасы болған талай тамаша тарландардың өмір сүргендігін көреміз. Солардың әрқайсысын елдің өткенінен мәнді де маңызды сыр шертетін алып бәйтеректер десек те болады. Тарихтың кескіні мен келбеті олардың кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай қалдырған іс-әрекеттерімен, айтқан ұлағатты да қанатты сөздерімен тығыз байланысты. Әрі ақын, әрі рухани құндылықтарды зерттеуші Т. Сәдуақасов өзінің «Астана аймағы» деген еңбегінде былай дейді: «Осынау құтты мекенде Құлагердің даңқы жер жарды, Құлтуманның жыры шарқ ұрды, Біржан мен Ақанның, Естай мен Ғазиздің, Мәди мен Әздембай салдың асыл әндері аспанға әуеледі, Қажымұқан, Балуан Шолақ, Иман Жүсіп сынды алыптар өнерімен өрге жүзді, Марғасқа ер, ер Мағжан ақынның мақамына айналды» [6 бет]. Міне, осы айтылған алыптардың қай-қайсысын алып қарасақ та ел тарихының тұғырына айналған тұлғалары болғандығы айқын мәселе. Бірақ, осындай тұғырлы тұлғалардың барлығы дерлік жан-жақты зерттеліп болды ма деген сұрақ қойылғанда кібіртіктеп қалатынымыз тағы да рас. Оның да түрлі себептері бар. Солардың бірі – естеліктердің, дерек көздердің жетіспеуі. Дегенмен, қолда бар дүниелерді сарапқа сала отырып мүмкіндігінше зерттеу жүргізу, зерделеу, сөйтіп, жарыққа шығару әрі міндет, әрі аманат.

Егер жер бетінде ой-шұңқыр, сай-сала, өзен-көл, тау-төбелер болмай теп-тегіс келсе ешқандай қызығы болмас еді. Тарих та дәл солай. Олай болса, тұлғалардың да өзіне тән шыққан биігі бар. Абай мен Дулаттың шығармаларын теңестіруге келмес. Бірақ, әрқайсысын өз деңгейінде қарастырып көпшілікке ұсыну қажет. Сондықтан, заманында халқына еңбегі сіңген, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнеге қалдырған жандарды таныту, таныстыру келесі міндеттердің бірі болмақ.

ХІХ ғасырда дүркін-дүркін жарияланып тұрған қазақ халқына қатысты патша жарлығы негізінен отарлау саясатын жүзеге асырудың бірден-бір амалы еді. Сондай, жарлықтардың көш басында көнеден келе жатқан хандық билік пен рулық қауымдастықты жойып, оның орынына аймақтық тұрғыдан басқаруды өмірге әкелу тұрды. Нәтижесі аға сұлтандықты, болыстықты, старшындықты туғызды. Осы үш лауазымдық орынға сайлауды өткізгенде, оған түскен адамның ел ішіндегі беделіне, мақсатына, мал-мүлкіне, таным-түсінігіне, сөйлеу тіліне ерекше назар аударатын. Өйткені, патша өкіметі өздерінің саясатын солар арқылы жүргізетін болғандықтан ондай адамдар қажет еді. Сондай-ақ, халықтың, санасына сіңіп, ойына орныққан ханның ұрпақтарын төре деп құрметтеуді де назардан тыс қалдырған жоқ.

Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.

Надандықтың белгісі,
Өзін-өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.

Шешеннің сөзі дария,
Қап түбінде жатпайды, – деп толғаған.

Жақсы Жанқұттының, немесе:
Танысыңның бәрі ақылшы емес,
Жақыныңның бәрі жанашыр емес,
Ағайынның бәрі адал болмас,

Дұшпанның бәрі қатал болмас.

Туғаның қадірлесе дәулетті болғаның,
Қатарың қадырлесе өнерлі болғаның,
Маңайың қадырлесе кемерлі болғаның,
Ауылың қадырлесе сыншы болғаның,

Аймағың қадырлесе жыршы болғаның,
Үй-ішің қадырлесе мазалы-ақ болғаның,
Халқың қадырлесе азамат болғаның, –
деп соңына салиқалы сөз қалдырған.

Жаманқұлдың, болмаса:
Жақсы деген адамнан:
Шешен болса сөз қалады,
Көреген болса көз қалады,

Ойшыл болса өсиет қалады
Әулие болса қасиет қалады.
Жаман деген адамнан:
Ақымақ болса ар қашады,

Арсыз болса жар қашады,
Ошақтан кетіп береке,

Қорадағы мал қашады, – деп, салмақты сөзімен еліне танымалы болған, Талпақ қажының Ахметжанының болыс, старшын болулары біздің пікірлерімізді айғақтай түседі. Міне, ХІХ ғасырда өмір сүрген осындай ордалы қайраткерлердің ортасынан ойып тұрып орын алатын, көрнекті тұлғалардың бәрі – Машақ (Мәшекең) Жантөбетұлы.

Мәжит Кенжеұлының «Қаракесек Әлтеке, Сапақ шежіресі» деген еңбегінде Машақты (Мәшекеңді) 1815-1893 жылдары өмір сүрген деп көрсетіпті [17бет]. Әрине, көптеген тұлғалардың туған, қайтыс болған мерзімдері шамамен алынатындығы белгілі жәйіт. Өйткені, нақты дерек сақталмағаннан кейін, негізінен екі түрлі тәсілді басшылыққа ала отырып, кезеңін есептеп шығарады. Оның біріншісі, өмір сүрген уақыттары айқындалған, сұрыптаудан өткен, елдің елегінен шыққан танымалды замандастарымен салыстыру.

Осы орайда айта кететін мәселе, Мәшекеңнің Жақсы Жанқұттымен қатарлас болғандығы. Жазба дерек болмаса да, ел ауызындағы сақталған шағын әңгіме бар. Жақсы Жәкеңнің 1810 жылы өмірге келіп, 1873 жылы Меккеде қайтыс болғандығы көптеген зерттеулерде айтылып жүр. Оған тиек болған Құнанбай мен екеуінің арасындағы қажылыққа бару туралы жауаптасуы. Дуанбасының Меккеге барғаны 1874 жыл. Сонда бір жыл бұрын барып, пайғамбар жасына келген шешеннің қайтқан жылы 1873 жыл болады. Олай болса, Мәшекеңнің туған жылына байланысты мерзімде сәйкестік бар. Екіншіден, бір ғасырға үш ұрпақ сыяды деген қағиданы басшылыққа алар болсақ, бүгінгі таңда алтыншы атадан жетінші атаға ауысып отырған кезеңде екі жүз жылды шегерсек тағы да қисынға келіп тұрғанын байқаймыз. Ендеше, 1815 – 1893 жылдарда өмір сүрген деген пайымдауды қабыл көрген жөн сияқты. Келесі      бір      айтылатын      мәселе Мәшекеңнің      отбасына қатысты деректер. «Қаракесек Әлтеке, Сапақ» шежіресінде үш әйел алған деп көрсеткен. Енді осының себебіне назар аударып көрелік. Шежірелік деректерде, Әлтекенің бірінші әйелінен: Өтеген, Өтеуіл, екінші әйелінен: Әлмұрат, Дос туады. Өтегеннен төрт ұл өмірге келген. Олар: Жанкел (Жанкелді), Қойкел (Қойкелді), Байдәулет, Бәйімбет. Қойкелден: Болат, Жарылғап, Жәмеңке, Есті, Хан, Жан, Бек. Болаттан Жантөбет, Жантөбеттен Машақ (Мәшекең).

Біз Машақтың (Мәшекеңнің).әйелдерінің есімдері мен туған балалары туралы келесі мәліметті ұсынамыз.

Бірінші әйелі Айғанымнан: Ербекей, Ормақай (Нұрмақай), Шөмен (Байтүмен). Екінші әйелі Мәтібаладан: Әбілда, Шәйкен, Қоңқыш, Жүніс, Дөңгелек, Қарабас, Жанғабыл, Малғабыл.

Үшінші әйелі Жұбайымнан (Айбике) бала жоқ Төртінші әйелі Аққасқадан: Әлішер, Әбеуи Мәжит Кенжеұлының шежіресінде, Мәшекеңді 33 жыл болыс болған дегенді айтады. Бұл дерек ел ауызында да сақталған. Ал, қай жылдары деген сұраққа жобамен тұспалдауға болады. Болыс болу үшін алдымен тілді адам болуы қажет, екіншіден ел ішінде сөзі өтімді, беделді болуы керек, үшіншіден дәулеті сай болған жөн. Ол кезеңде мал басына санақ жүргізгенде жылқы басты назарда болған. Мәселен, старшын болуы үшін аз дегенде 500 жылқы, болыс болуы үшін 3000 жылқы белгіленген, өзге малға онша мән бере қоймаған. Осы тұрғыдан келер болсақ зерттеуші Т.Сәдуақасовтың «Астана аймағы» еңбегінде мұрағат материалдарынан мынандай мәліметтер келтірілген:

1850 жылдары старшын, болыс болуға жететін байлардың санатына Әлтеке – Өтеген тармағы бойынша жиырма төрт адамды тіркеген. Солардың ішінде Машақтың (Мәшекеңнің) әкесі Жантөбет Болатовтың шаңырағында үш ұл, үш қызы және 3400 жылқысы бар деп берілген. Балаларына қатысты деректің дұрыстығын шежіреден де көруге болады. Онда Жантөбеттен Әйнек, Машақ, Итбай деп жазылған. Ал, мал санағы жағынан, Өтеген тармағы бойынша, үшінші орында тұр.

Бірінші орында – Шойтас Жаманкин. Отбасында екі ұлы, екі қызы бар. Жылқы саны 5600. Екінші орында – Қожық Жаманкин, екі ұл, екі қыз, 3800 жылқы. Ал інісі Жайнақ Болатовта үш ұл, екі қыз, 1400 жылқы болса, Тәтті Жайнақовта бір ұл, бір қыз, Салқынбай Жарылғаповта – бес ұл, үш қыз, Балқынбай Жарылғаповта үш ұл, үш қыз, жылқыларының саны жүзден төмен, салық төлеуге ілікпеген. Сондай-ақ, Белес Естинде үш ұл, бес қыз, 400 жылқы, Құрқанбай Естинде үш ұл, екі қыз, 500 жылқы, ал Тауас, Мойнақ Естиндердің жылқысы жүзге жетпеген. Сонымен қатар Битіғұл Хановта екі ұл, үш қыз, 300 жылқы, Жан Қойгелдиевте үш ұл, үш қыз, 100 жылқы болған. [441-442 беттер].

Осы деректерден екі түрлі қорытынды шығаруға болады.

Біріншіден, Машақтың (Мәшекеңнің) әкесінің дәулеті ағайындардың арасында үшінші орында болған. Сұрақ бірінші, екінші орында тұрғандардан неге болыс сайланбаған? Яғни, Машақтың (Мәшекеңнің) шешендігі мен көсемдігінің ел ішіндегі беделінің өзгелерден жоғары екендігін көрсетеді.

Екіншіден, мұрағат материалдарында, Машақтың (Мәшекеңнің) әкесі жазылған, яғни, ХІХ ғасырдың елуінші жылдары Машақ (Мәшекең) болыс бола қоймаған. Олай болса, ол кісіні 1860-1893 жылдары, яғни өмірінің соңына дейін болыс болған деген пайымдауды ұсынғанымыз жөн.

Біз жоғарыда болыстыққа сайланған адамдардың әрі беделді, әрі сөз шебері – шешен болуы да есепке алынған деген пікірді айтқан едік. Анығын айтқанда барлығы болмаса да, басым бөлігінің осы талаптан шыға білгендігі ақиқат. Өйткені, ел ішіндегі кездесіп отыратын түрлі дау-дамайларды ушықтырмай басу, тоқтам жасап, билік айту осы болыстардың мойынына жүктелді. Ал, сөз құдыретін түсіне білген қазақ халқының тапқырлықпен айтылған түйіндерге риясыз келісуі, сондай-ақ, кезі келген шиеленісті екі ауыз сөзбен бітістіруге машықтанған шешендерді ерекше құрметтеуі ұлттың өзіне тән сипатын аңғартады. Сондықтан да:

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші-
Құсқа орда болатын.

Атадан алты жаман туғанша,
Алты атадан бір жақсы тусайшы –
Елге тұлға болатын, - деп толғаған.
Жақсы Жанқұтты, немесе:

Шешен адам сөйлесе,
Сөздің майын тамызар.
Теріп тілдің мәйегін,
Дариядай ағызар.

Шорқақ адам сөйлесе,
Естіген ел шошынар.
Жемежемге келгенде,

Сөз таба алмай тосылар, – деп сындарлы ойды салмақтап айтқан Талпақ қажының Ахметжаны болыс болып елге, жерге қорған болған өз заманының заңғар алыптары еді. Бұдан шығатын ой Жантөбетұлы Машақтың да (Мәшекеңнің де) осылардай айтулы азамат болғандығы.

Қазақ халқында «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» – деген нақыл бар. Алыстаған сайын таудың биіктігі айқындала түседі. Машақ болыстың да өшпей, жоғалмай есімінің бүгінгі таңға жетуі оның өз кезінде елге еңбегі сіңген тұлға болғандығының бірден бір дәлелі. Бірақ, іздеушісі жоқ жан жетім. Оның үлгі боларлық тәрбиесі мәні бар мұралары толық сақталмаған. Дегенмен, жойылғаны-аманат, бары – ұлағат. Атадан балаға мирас болып жеткен шамалы әңгімелерін көпшілікке ұсынғанды жөн көрдік.

Бірінші әңгіме: Шежіре деректерінде, Қаракесектен: Ақша, Түйте, Түйтеден Майқы, Танас, Майқыдан Айтуған, Күнтуған деп айтылады. Мұндағы Күнтуғанның лақап аты – Сарым (түріне қарап жеңгелері солай атап кеткен екен). Ал, Айтуғаннан Әлтеке, Сапақ туады. Әлтеке жоңғарлармен болған үлкен шайқаста (1644 жылы) 28 жасында мерт болып, аяғы ауыр шешесі жау қолына тұтқынға түседі. Арада екі жыл өткенде Күнтуған (Сарым) Тобықты Толаңқарт деген батырды бас етіп, бес жүз жасақ аттандырып, жаудан кек алып, жеңгесін тұтқыннан босатып алып келеді де, үлкендердің ұйғарымымен өзі алады. Сондағы екі жастағы бала – Сапақ екен. Яғни, Сапақ Әлтекенің інісі болғанымен, Сарымның тәрбиесінде өседі. Осы Сарымның бір ұрпағы Қоңырбайдың Қаламбайынан: Ақтан, Оразай, Наурызбай, Шолпан, Дәбер, Тасы, Бөгес, Болат, Үкітай есімді тоғыз ұл туады. Ер жетіп енші бөліскенде, Ақтан мен Оразай бір бұлаққа таласып қалыпты. Ағайындар жиналып, таласты тоқтату үшін жүгініске жақында ғана болыс болған Машаққа келеді. Жағдайды тыңдап алған Машақ:

– «Уа, халқым! Әлтеке-Сырым, қос-қозыдай бір ел едік, бес атаның ішінде осал емес ірі ел едік! Ағайындылардың арасындағы дауға мен төрелік айтсам, бірінің көңіліңде дақ қалады, ал жөн білер сырт адам айтса, іс орынына келіп ақталады, Дос атамыздан бата алған Керней Есей батыр елінен арнайы адам алғызайық, салмақты соған салғызайық, ақысына тоғыз жылқыны мен берейін», – дейді. Сөйтіп,

Есейден келген кісі бұлақты бейтарап қылып, ағайындыларды татуластырады.

Машақ болыстың сөйлеген сөзінен біз шешендіктің тамаша үлгісін көреміз, яғни, қарапайым түрде емес, ата-баба дәстүріне сай билерге тән салиқалы да, салмақты салтпен сөз саптай білген шеберлікті байқаймыз. Екіншіден, ел ішінің жағдайы мен жай-күйін толық барлап, отырған байыпты, болысты аңғарамыз. Осы оқиғаны құптай көрсететін келесі бір әңгімені айта кеткенді де орынды санадық. Жаңағы Ақтаннан Жанбай, Жанбайдан 1937 жылы «халық жауы» деп ұсталған белгілі Әбіш ақын туады! Осы Әбішпен замандас Керней Есей Түсетай ақынның аталары әр ұрпақтан бір-бірден ғана тараған, өсе қоймаған ел екен. Әбіш бір отырыста Түсетайға:

Ежелден бай боп өткен атаң Барқы,
Үшеуің үш әкеден тудың жалқы.
Бес үйі бір араға бас қоспайды,
Бұл қалай, ынтымақ жоқ Есей халқы?-

дегенде, Түсетай іліп әкетіп:
Ежелден бай боп өткен атаң Ақтан,
Сен қалай татулықты қылдың мақтан.

Оразай-Ақтан болып соғысқанда,
Бітімге кісі алмап па ең біздің жақтан? – дейді.

Екінші әңгіме. Кәрсон – Керней елінде атақты Адамбай, Тұрсынмен іргелес қоныстанған, дәулеті мен сәулеті сай Қыпшақ Түлкібас деген бай адам болған. Өмір сүрген кезеңі шамамен 1840-1930 жылдардың арасы. Өзі танымал, көпшілік қадірлеген күйші болған. Түлкібастың он алты, он жетілерге келген шағында өнерге жақын екендігін байқаған әкесі: «Текті елдің азаматы, ауызы дуалы Машақтан бата алып кел!» – деп, сый-сыяпатпен баласын жібереді.

Жас болса да, атаның аманатымен келген оны, қонақасы беріп күтіп, кетерінде Машақ былай депті:

– Төкіжан балам, бата сұрай келген екенсің, менің мынадай сұрақтарыма жауап беріп көрші! Алдымен айтарым ән жақсы ма, болмаса сән жақсы ма?

– Сән жеке бастың ісі, ән көпшіліктікі, елдің көңілін көтерер ән жақсы, – депті Түлкібас.

Азаматқа ар керек пе, немесе, мал керек пе?

Арлы болсаң дүние өзі келеді, ар керек, – дейді Түлкібас. Азаматқа бала жақын ба, бауыр жақын ба?

Халық айтады: «Бала бауырдың еті» – деп, бауыр бауырдың өзі, сондықтан, еті керек пе, өзі керек пе, бағамдай беріңіз!

Жауабына риза болған Машақ Түлкібасқа тоғыз күй тартқызып, соңынан былай деп батасын береді: Шырағым, Төкіжан, жай қолыңды! Жаратушым ұзақ қылсын жолыңды, Өнерің өссін өркендеп, Тани біл оң мен солыңды! Қадалғанның көзінен сақтасын, Қарғағанның сөзінен сақтасын! Жиылып келген жаудан сақтасын! Түйіліп келген даудан сақтасын! Дұшпанның зәрінен сақтасын! Патшаның кәрінен сақтасын! Жақсылық жолдас болып, Жаманның бәрінен сақтасын! Әумин! Мәшекеңнің берген бастасы қабыл болып, Түлкібас ұзақ өмір сүреді, халықтың рухани байлығы күйдің дамуына өзінің үлесін қосады.

Үшінші әңгіме. Кіші жүзде Қозыбай деген жігіт біреудің жесірімен көңіл қосып, оны біліп қойған ағайындары жігітті жазаға тартпақ болып, Қозыбай қашып, Арқаға келеді. Атағы аспандап тұрған Машақ болысқа келіп, болған жайды толығымен баяндайды. Қанатының астына алуын өтінеді. Сонда Машақ былай депті:

Ер жігіт ақылды болса,

Еліне пайдасы тиер,
Ер жігіт ақымақ болса,
Пайда емсе найзасы тиер.
Ойланбай іс қылса,

Жақынның жаны күйер.
Ойланып іс қылса,
Риза боп халқы сүйер!
Тосылмас жүйрік болмас,

Шошынбас жүрек болмас!
Қисық ағаш тезден түзеледі,
Дау – жанжал сөзден түзеледі.
Қал арқанды сүйремеген нар емес,

Атастырып алмаған әйел жар емес,
Жақсыға жайлы орын бар,
Іргелес келіп қоныңдар.
Дәміңді біздің елден жазсын!

Топырағыңды туған жерден жазсын!

Сол Қозыбай қартайған шағында ағайындарымен жүз көрісуге барады да, өз жерінде қайтыс болыпты. Төртінші әңгіме. Машақ болыстың қартайған шағында ағайын-туғандары жиі келгіштеп, көңілің сұрайды екен. Сондай бір кезекте, жас шешен Қосыбай (бұл да Әлтеке руынан): «Жасыңызда бала болдыңыз, асыр салып ойнадыңыз, балалыққа тоймадыңыз, өсе келе жігіт болдыңыз, жақсы іске үгіт болдыңыз, онан кейін аға болдыңыз, ағайынға пана болдыңыз, қазір қария болдыңыз, ақылы кең дария болдыңыз, кәрілік жайлы айтарыңыз бар ма?» – дейді. Сонда Машақ болыс тұрып:

Кәрілік деген бір белес,
Өткенінің бәрі елес,
Балаңа қарап балпақ боласың,
Келінге қарап жалтақ боласың!

О, кәрілік!

Жайнап тұрған көзімді алдың, Сайрап тұрған сөзімді алдың, Бойымдағы төзімді алдың Кәрілік, сенің неңді алдым! Бүлкілдеген етімді алдың, Үлпілдеген бетімді алдың, Қатарымнан айрылып, Жалғыз-жарым жетім қалдым!

Кәрілік сенің неңді алдым!
Кереметтей күшімді алдың,
Меруерттей тісімді алдың,
Елге жаққан ісімді алдың,

Кәрілік сенің неңді алдым!
Кеспей-пішпей ат қылдың,
Көңілімді сап қылдың,
Алғаныма жат қылдың,

Кәрілік сенің неңді алдым! – деген екен.

Міне, Машақ болыс жайындағы бізге белгілі мәліметтердің ұзын-ұрғасы осындай. Әрине, мұндай тереңнен толғап, кеңінен қозғап сөз айтқан адамның аты да, заты да өшпейді, өлмейді. Бір әттең-айы мұрасының бүгінгі таңға толық жетпеуі. Дегенмен, азда болса, алғырлықпен айтқан қанатты сөздерінің астарында тәрбиелік мәні мол, ұлағаты зор маңыздың жатқандығы айдай анық. Машақтың (Мәшекең) керемет тұлғасы кейінгі ұрпақтың есінде жүрсін деген ниетпен білгенімізді ұсынғанды жөн көрдік.

Авторлар: Әбдуов М.І,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
Іскендір Айбөпе Ботабайқызы, білім бакалавры.

Келесі әңгімемізді, Мәшекеңнің қайын атасы, Айғаным мен Мәтібала әжелердің әкесі, балалардың ұлы нағашысы Бәйсейіт биге арнаймыз.

Ұлы нағашы – Қырбасұлы Бәйсейіт би (Бәшекең) Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің тарихшы-ғалымы – Жакин Маулен Советұлының «Бәйсейіт би: Аңыз және дерек (сыни талдау тәжірибесі) атты мақаласында ұлы нағашымыз туралы былай деп сыр шертеді: «Қырбасұлы Бәйсейіт би – Шет өңірің жайлаған Бесата елінің ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі».

Жазушы, журналист, Төрехан Майбас: «Бәйсейіт Арқаға Бәшекең, Біжікең атанған белгілі тұлға. Жиені Бәйсейіт туғанда Қанжығалы қарт Бөгенбай: «Маңдайына ел сыйғандай екен, желкесіне жер сыйғандай екен, аузына мал сыйғандай екен» – депті.

«...Бәйсейіт Арқадағы ауызын айға білеген билердің көшелісі болған. Барған жерінің билігін алған, айтқан билігі һақ болған. Бәшекең қалыпқа сыймайтын үлкен тұлға....» - деп бағалайды, жазушы, өлке тарихын зерттеуші – Кәмел Жүністегі:

«О заманда аузы түктіге, бұл заманда «қырағы» әпербақандарға жақпаған қазақтың көне жолын ұстаған билердің бірі – Бәйсейіт. Ел көзі тірісінде де, бүгін де Бәжең атанған аруақты тұлға» – деп сипаттайды. Сыртқы округтік приказдағы болыстар, болыс басқарушылары, қазақ тұрғындары және мал саны. 16.07.1834 – 22.10.1835 жылдар Қарқаралы округін құрайтын болыстардың әрқайсысы қанша ауылдан, үйден тұрады, ондағы халық және мал саны, штаттық құрылым бойынша қазақтардан кімдер болыс және ауыл басшылығына сайланғаны жөніндегі тізім:

ТІЗІМ

 Кәрсөн Керней болысы
 Басқарушы сұлтан Құдайменді Ғазин
 Керней руы, Дау, Түйте бөлімдерінде

 Старшын Бәйсейіт Қырбасов

Басы: жылқы – 1410 бас, ірі қара – 232 бас, қой – 8170 бас, түйе – жоқ. 1842 жылғы 13 тамызда жазылған Қарқаралы сыртқы округтік приказының Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасына ауыл саны – 2, үй саны – 99, жанбасы: 207 ер адам, 306 әйел адам, мал берген рапортында: «Байсеит, сын Кырбашев, старшина, за 50 лет. Скромный, самолюбив. Очень богат. Карсон-Кирнеевской волости, рода керней, отделения дау-тюйте. Управляет аулом. Летние кочевки при урочищах Актам, Джалтам, Аиртав, по речкам Муюнды – Чумек, Сары-Су и окрестностям оных, за 350 верст к западу, там же и зимовья» деп жазылған.

1849 жылы жазылып, 1850 жылдың 11-ші ақпанында Қарқаралы сыртқы округтік приказдың Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы бастығының қызметін атқарушы полковник Е.А. Клейстке берген хабарламасында:

«... Байсеит Кырбашев, старшина, 67 лет. Очень богат. Карсон-Кирнеевской волости.Управлял аулом. Летние кочевки по рекам Сары-су, обоим Нурам и Байгаре; зимние – Пирназар и Кара-Еспе» – дейді.

1842 жылы Бәйсейіт, елдегі ең қадірлі тұлғалар: Есберген Садырбайұлы, Бегалы Жәутікұлы, Қадыр Айткелұлы, Шешен Қарашұлымен бірге, Омбыға, Қарқаралы уезінің заседателі Неговскийдің қызметінің мүмкіндігін жеке басының пайдасына асыру мақсатында, Шет өңіріндегі елді аралап, жылу жинап, орынсыз салық салған, пара алған былық істерін әшкерелеу ісі бойынша шақырылып, тергеу сұрақтарына жауап бергенде жазылған.

Сонда: «1842 года июня 22 дня, доставленный при отношений Каркаралинского Окружного Приказа, от 22 числа сего месяца за № 2755, Старшина Байсеит, допрашиван и показал: Зовут меня Байсеит, сын Кырбасов, от роду имею 56 год, грамот незнаю, веры магаметанской, женат, имею одного сына и двух дочерей, Каркаралинского округа, Карсон-Кирнеевской волости старшина, подсудом небыл и ни какому наказанию не подвергался... Что истинно справедливо показал, в том приложил свою имянную печать» деген, Бәйсейіттің өз ауызымен айтылғанды қағазға түсірген түсініктемесі мен бетпе – бет беттестіру кезінде алынған көрсетулерге: «Подлинныя подписали: Показания отбирал и очную ставку давал чрез переводчика. Исполняющий должность чиновника особых поручений, при Главном управлении Западной Сибири Семенов; Показание и очную ставку переводил и показателям вычитывал, переводчик Пограничного Управления Дабшинский. За депутата находился Старшина Джапалак Кошкаров, в том приложил свою печать. С подлинным верно: И.Д.Ч.О.П. И.Семенов.» деп, шенеуніктер өздерінің мөрлерін басқан.

Бәшекеңнің өз ауызымен аталған жасы 1842 жылы 56-да болса, туған жылы 1786 жыл болады деуіміз қисынға келеді.

Ал, қайтыс болған жылы туралы мәлімет әзірге тек аңыздан ғана белгілі болып отыр.

Төрехан Майбас: «Бәшекең шөберелерін де көрген. Тоқсанында көрген шөбересінің есімін де өзі Тоқсантай деп қойған» деп жазады. Бәйсейіт, қазан төңкерісінен едәуір бұрын, ең көп жасады дегенде, жоғарыда атап өткендей 90 жастан аса, яғни, XІX ғасырдың соңғы ширегінде дүниеден озған.

Бәйсейіттің саяси көзқарасы мен жеке басы мінез-құлқының тағы бір қыры Құнанбаймен арадағы дүрдараздықтан көрінеді. Ол туралы мәлімет ауызша аңызда кеңінен баяндалады. Бәйсейіт аға сұлтандыққа Көпбайды ұсынып, Құнанбайға қарсы шыққанда: «Төбеде отырған жақалтайды жарда отырған жапалақ қалай басқарады? Қабырғалы Қаракесектің билігін Маябоздың тобығына берді деген не сұмдық!» – деп шарт сынады.

Бәйсейіт Құнанбайға тек «у ішсең руыңмен» – деген қағидамен емес, оның Кенесары көтерілісі кезінде, патша әскері мен әкімшілігіне қызмет етіп, шен алып, иығына шекпен жауып, енді, солардың қолдауымен Қаракесек елінің билігіне қол созғаны намысын қоздырып, ол қаншалықты өзін елге мойындатар ерен тұлға болса да, айтатын ойын мәймөңкелемей, бетіне айтып салып, қарап отырған.

Бәйсейіт пен Құнанбайдың ұстасуы жеке бастарының пендешіліктерінен емес, ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда, жауапкершілікті мойындарына алып, өздері тандаған жолға берік сенімді болды. Сондықтан да аңызда айтылғандай екеуінің арасы қайта – қайта ушығып отырды. Бұл қарсыластық саяси көзқарастың ымырасыздығынан туындады....

Жарылғап батырдың немересі Бәйсейіт басынан отарлаушы өкіметті де, уағыз айтушы қожаны да, ел билеуші төрені де мойындамай, кейде тіпті, билердің де билігіне илікпеген».

Абайдың әкесі Құнанбай аға-сұлтан болып тұрған кезінде Әлтеке – Сарым мен Керней – Кәрсөн руларының арасында үлкен жер дауы болады. Сол дауды шешуге аға – сұлтан Құнанбай келеді. Оны Қарабұлақ деген жерге үй тігіп, сойыс сойып қарсы алады.

Құнанбайға сәлем беруге Бәйсейіт те келеді. Құнанбай жатқан үйге барып, есіктен кіре: «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем береді.

Бәйсейіт қалай болса солай киінетін адам екен. Мүмкін сол киімінің қораштығына қарап менсінбеді ме, иә болмаса алдын-ала рұқсат сұрамай баса-көктеп кіргенін ұнатпады ма, Құнанбай Бәйсейіттің сәлеміне жауап қайтармай жантайған бетімен жата береді. Сонда Бәйсейіт: «Ақыр заман боларда жалғыз көзді тажал шығады деуші еді, біздің жаққа келген жалғыз көзді тажал сен болмағайсың?» деп үйден шығып кетеді.

Құнанбай жолдастарын шақырып алып: «Мынандай адамы бар ел бізге мәселе шешкізбес» деп сол күні Қарабұлақтан аттанып кеткен екен.

Бәйсейіт бай болған. Қыстаулары қазіргі Ақшатау кенішінің маңында болған екен. Бәйсейіт бидің жалғыз ұлы Нұрлан мырза бір себептермен жалалы болып, тұтқындалып, Қарқаралының абақтысына түседі. Баласының ісін қуып Қарқаралыға барған Бәйсейіт би Шорманның Мұсасы келе жатыр деп естіп, жолын тосады. Шорманов Мұса – Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен. Мұса бірнеше ат жеккен пәуескемен құйындатып келе жатса, Бәйсейіт пәуескені тоқтатып, бір-ақ ауыз сөз айтқан дейді.

«Мұса мырза, сені жұрт жақсы дейді, жақсылығыңды Баянауылға ала кетпей, Қарқаралыға тастай кет» депті.

Сосын Мұса қонақ болып түскен үйінің иесінен сұрапты: Бүгін маған жол үстінде бір ақсақал кездесіп, маған былай деді деп, басынан өткен уақиғаны баяндапты. Сөйтсе, үй иесі: «Е-e, ол атақты Бәйсейіт би ғой. Жалғыз ұлы Нұрлан мырза жазықсыз жалалы болып, Қарқаралының түрмесінде жатыр» депті. Сонда Мұса түрменің бастығын шақырып алып, Нұрлан мырзаны босатып жібертіпті. Ол кезде жұрт сөз қадірін жоғары бағалаған ғой. Бір ауыз сөзге тоқтаған.

Өмірде Нұрлан жоқ-жітімге әкесі Бәйсейіттің малынан таратып беріп, көмектеседі екен. Сонда бірде-екілі әкесі аңдып тұрып, малын қайтарып алады екен де, алушыдан:

- Бұл малды саған кім берді?- деп, сұрайды екен. Нұрлан мырза, – дейді екен – мал алушылар.

- Е-е, сендерге малды Нұрлан мырза береді, ал маған малды кімді береді?-

деп малын қайтарып алады екен.

Бұл көреген әкенің баласының жомарттығын сынау үшін, істеген әрекеті еді.

Содан бері Нұрлан малды әкесіне көрсетпей берген деседі.

Нұрлан мырза жастай, әкесінен бұрын қайтыс болыпты.

Бәйсейіт би молдаларға, жалғызымның жамбасының астына төсеніш салыңдар деп мәйітті жерлетпей, тұрып алыпты. Сонда молдалар бұл болмайды, ешбір құран кітабында бұлай жазылмаған деседі. Сонда Бәйсейіт: «Дүниенің опасыздығын білген екен-ау, қу жалғыз» деп, Нұрлан мырзаның атын ер-тұрманыменен бейіт басына арқандатыпты да, топырақ та салмай кетіп қалыпты.

Нұрлан мырзаның бейіті қазіргі Шет ауданына қарасты, Кеңшоқы елді-мекенінің Ақтоғай ауданының шыға беріс тұсы – Қызылшоқыда тұр.» «Қарқаралы тарихы» атты кітаптан Нұрлан Бәйсейітұлы туралы жазылған ақпаратты ұсынып отырмыз: Формулярный список о службе управителя Карсон-Кернеевской волости Каркаралинского округа бия Нурлана Байсеитова 1852 год. № 49 Чин, имя, отчество, фамилия, должность, лета от роду, веро испедование, знаки отличия и получаемое содержание. Бий Нурлан Байсеитов, управитель Карсон-Кирнеевской волости, 29 лет, вероиспедования мухаммеданского. Жалованья получает в год 42 рубля, 88 ½ копеек серебром.

Из какого звания происходит? Из почетных киргиз.
Есть ли имение? Не имеет.

Где получил воспитание и окончил ли в заведении полный курс наук., когда в службу вступил, какими чинами, в каких должностях и где проходил оную., не было ль каких особенных по службе деяний или отличий., не был ли особенно, кроме чинов, чем награждаем, и в какое время., сверх того, если, находясь под судом или следствием, был оправдан и признан невинным, то когда и за что именно был предан суду и чем дело кончено? В заведении не был.

По выбору народа утвержден в должность управителя волости – 1851 года 19 января.

Был ли в походах против неприятеля и в самых сражениях, и когда именно? Не был.

Был ли в штрафах, под следствием и судом: когда и за что именно предан суду., когда и чем дело кончено? Не был.

К продолжению статской службы способен и повышения чином достоин ли., если же нет, то по каким причинам? Способен и достоин.

Был ли в отпусках, когда и на сколько именно времени., являлся ли на срок, и если просрочил, то когда именно явился, и была ли причина просрочки признана уважительной? Не был.Был ли в отставке с награждением чина или без оного, когда и с которого по какое именно время? Не был.

Холост или женат, на ком, имеет ли детей, кого именно: год, месяц и число рождения детей., где они находятся и какого вероисповедования?

Женат. Имеет сына Умарбека, 4 лет и дочь Батиму, 2 лет.

Заседатель Дабшинский.
Секретарь Людницкий. ЦГА РК.Ф.374. Д.2695.Л.51-52.

Мәшекеңнің ұлдары да, немерелері де, тарихта ізі қалған дара тұлғалар. Мәшекеңнің балалары және ұрпақтары туралы мәліметтер ұсынып отырмыз.

Машақұлы Ербекей болыс (1850-1889)

Ербекей (Ерекең) – Мәшекеңнің бәйбішіден туған ең үлкен ұлы.

1871 – 1889 жылда Тоқырауын болысында болыс болған.
Дерек көзіне жүгінейік.

Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управителии народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. (Хроника фактов) деген кітабына назар аударайық: «….По приказу Семипалатинского генерал-губернатора от 3 декабря 1871 года волостным Альтеке-Сарымовской волости был назначен на 3 года, избранный населением Малыбай Байгутдинов, заместителем-Ербекей Машаков.

В 1878-1880 и1881-1883 годы Токраунской волостью руководили Ербекей Машаков и Кульчибай Саумалов (заместитель).

В 1884-1886 годы Токраунской волостью руководили Ербекей Машаков и его заместитель Шомен Машаков.

В 1893 году на содержание сирот и бесприютных стариков Машак Жантобетов передал 5 руб., аксакал Ербекей – 2 рубля».

Попов Юрий Григорьевичтің келесі «Возвращение в Каркаралы» кітабында мынаңдай ақпарат бар: «…Отмеченные благодарностями Губернатора Машаков Ербекей, Токыраунская волость, волостной управитель. За участие в благотворительном фонде Семипалатинского попечительства о бедных 28 февраля 1885 года. За внесение податей в установленный срок 30 января 1887 года».

Архивная справка

В документах фонда «Семипалатинское областное правление» в списке казахов Токраунской и Акчатауской волостей, Каркаралинского уезда от 30 сентября 1888 года, подписавших прошение об оставлении границы между их волостями установленной 1876 года упоминается Ербекей Машаков.

Основание: ф.15, оп.1, д.1864, л.7. Директор архива М.Т.Сандыбаева Зав. Сектором К.И. Сопибекова Исп. Жылысбаева 629132

1889 жылы 38 жасында Машақтың (Мәшекеңнің) үлкен ұлы Ербекей (Ерекең) болыс, тосыннан қайтыс болады. Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында, Ербекей бабамыз туралы былай деп сыр шертеді: «…Тоқырауын өзенінің бойында тұратын (қазіргі Ақтоғай ауданының орталығы) Кейкі болыстыққа таласып, оған қолы жетпей болыс Ербекеймен дүрдеараз, бақкүндес болады екен. Ербекей (Ерекең) орта жасқа жетпей қайтыс болады. Бұл қазаны ести салып шауып жеткен шабарман Кейкі төреге «Сүйінші, Ербекей өлді!»- деп, хабарлайды. Сонда Кейкі төре шабарманын қамшымен тартып-тартып жіберіп, «Сен не деп тұрсың, мен Ербекейді өкпеге қисамда, өлімге қиушы ма едім. Енді кіммен бақ таластырып, кіммен сөз таластырып, кіммен айтысам, қайран ер» деп көзіне жас алған екен.

Ербекей (Ерекең) өліп, артында қалған он інісі мен бір қарындасы ағасын жоқтап жылағанда Машақ (Мәшекең) балаларына: «Ей, балаларым, сендердің ағаларың менің ағамнан артық па еді? Менің ағам Әйнек батыр 25 жасында қырғыздың жерінде, қара қостың ішінде қайтыс болды, туған жердің топырағы да бұйырмады, артында ұрпақ та қалмады. Сендердің ағаларың халқының ортасында, ақ ордасының ішінде қайтыс болды, артында ұрпақтары қалды, тәуба етіңдер» деп тоқтау айтқан екен. Ербекей (Ерекең) екі әйел алған Бірінші әйелінен: Нашар, Нөкіш Нашардан – Оразбек. Оразбектен ұрпақ жоқ.

Нөкіштен – Әбеутәжен, одан – Шәріпжан.
Шәріпжаннан ұрпақ жоқ.

Екінші әйелінен: Қатар, Есен, Бибіш, Дәмеш Жәмші ауылындағы «Көпбейіт» кесенесіндегі үш шошақ күмбездің ең біріншісі – Ербекей (Ерекең) атамызға соғылған.

Мәшекең управитель ел билеген, Ербекей бес атаны нанша илеген Қарағым Шөмен, Нөкеш қатар өсіп, Қызығын екі жастың ел көрмеген.

Мәшекең немересі Қатар Ербекейұлы
(1886-1932)

Қатар (Қатекең) – Ербекей болыстың үшінші баласы. 1894 жылы Машақ (Мәшекең) атасы қайтыс болғаннан кейін, Қатар (Қатекең) болыс болып сайланады. Екі әйел алған.

Бірінші әйелінен – Райымқұл, Бопан (1915-1957), Кәржан. Райымқұлдан – Тілеуғазы (1929-1980).

Бопаннан – Сейітқали (1950), Ерғали (1954-2014), Бақытқали (1956).

Сейітқалидан – Арман (1976-2008).
Бақытқалидан – Бақыт (1992).
Екінші әйелінен – Асан. Асаннан: Серік, Берік.

Қатар атамызды (Қатекеңді) Кеңес үкіметі «жуанның тұқымы, болыс болған» – деп, 1930 жылы сот үкімімен ату.

Информационная справка с сайта Центра жазасына кеседі. 1989 жылы ақталды.
Генеологических Исследований (ЦГИ)

Ербекеев Катар – (1881, Карагандинская обл., Коунрадский-1929) казах, образование: неграмотный житель: Карагандинская обл..аул №4.Арест: 1929.11.11 Арест: Каркаралинский ОГПУ.Осужд. 1930.01.30 тройка при ПП ОГПУ в Казахстане. Обв. 58-7 ҮК РСФСР. Расстрел Реаб.1989.01.16 Жезказганская облпрокуратура, основание: Указ ПВС СССР от 1989.01.16 [Сведения ДКНБ РК по Карагандинской обл.]

Мәшекең немересі Есен Ербекейұлы
(1888-1932)

Есен – (Есекең) Ербекей (Ерекең) болыстың төртінші баласы.

Есекеңді Кеңес үкіметі «жуанның тұқымы» – деп, 1930 жылы сот үкімімен сотталған, 1989 жылы ақталды.

Информационная справка с сайта Центра

Генеологических Исследований (ЦГИ) Ербекеев Есен – (1885, Джезказганская обл., Балхашский р-н, аул 14., 1930) казах, образование: начальное, работал член колхоза., житель: Жезказганская обл. (Джезказганская), аул

Ербекейтегі Райымқұл Қатарұлы
(1909 -?)

Райымқұл (Рақаң) атамыз – Қатардың (Қатекеңнің) үлкен ұлы.

1943 жылы ұсталып, 1992 жылы ақталды.
Информационная справка с сайта Центра
Генеологических Исследований (ЦГИ)

Ербекеев Райымкул – (1909, Карагандинская обл., Коунрадский р-н, Джамшы аул. – 1943) казах, образование: начальное, работал бухгалтер., житель: Алма-Атинская обл., Кегенский р-н, 336 с-з. Арест: 1943.04.06 Арест., УНКВД по Алма-Атинской обл. Осужд. 1943.08.29 Алма-Атинский облсуд. Обв. 58-10 УК РСФСР. Приговор: 7 лет ИТЛ Реаб. 1992.12.09 Генпрокуратура РК, основание: Указ Президента СССР от 1990.08.13 [Сведения ДКНБ РК по г.Алматы]

Қатартегі Тілеуғазы Райымқұлұлы
(1929-1980)

Райымқұлов Тілеуғазы (Тікең) – Қазақ ССР ауылшаруашылығы Министрінің бірінші орынбасары болып қызмет жасаған. Кенешов Анатолий деген азамат осы Райымқұлдың баласы Тілеуғазы. Қатардың (Қатекеңнің) немересі, Ербекейдің шөбересі, Мәшекеңнің шөпшегі. Кеңес үкіметінің кезеңінде, Кенешов болып, нағашысының тегіне жазылуыға мәжбүр болған.

«Жәмші» (Қазіргі Нүркен) кеңшарының орталығына жаңа жерден салуға құрылыс материалдарына (27000000) көлемінде үкімет тарапынан қаржы аудартып, «Менің елім, туған жерім» – деп, үлкен көмек жасаған (Бұл ақпаратты маған, Ақтоғай ауданының әкімі айтты). 51 жасында өмірден ерте кеткен. Екі қызы бар: Света, Сая.

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Ормақай (1853-1888)

Ормақай (Омекең) атамыз – Мәшекеңнің бәйбішіден туған екінші баласы. Ормақайдан Мұхамедияр (Бұзау) туады. Азан шақырылып қойылған есімі – Мұхамедияр. «Бұзау» – деп, аталуына жеңгелері себепкер болған.

Мәшекең немересі Ормақайұлы Мұқамедияр (Бұзау) (1873-1922)

Бұзау атамыздан төрт бала:
Тілеуғабыл (1894-1977)
Молдағабыл (1898-1971)
Қожанберлі (1906-2001)

Алдаберлі (1912-1990)

Ормақайтегі Тілеуғабыл Мұқамедиярұлы (Бұзау) (1894-1977)

Мәшекең шөпшегі Мұқамедияртегі (Бұзау) Азамбай Тілеуғабылұлы (1915-1982)

Азамбай қайынаға – Балқаш тау-кен байыту комбинатында ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнетке бірақ шықты. Ерен еңбегі үшін ағамыз, Министрлер Кеңесінің төрағасы – А.Н Косыгиннің марапаттауына ие болды.

Азамбайдан Игілік (1952-2008), Ерғали (1956-2002), Мерғали (1959)

Игіліктен Талғат – 1988
Ерғалидан Дәурен – 1990
Мерғалидан – Айнұр, Гүлназ
Ормақайтегі Молдағабыл (Молдекең)

Мұқамедиярұлы (Бұзау)
(1898-1971)

Молдағабыл (Молдекең) атамыздан тоғыз бала. Шәкітай (1920-1942) соғыста қайтыс болған, Кәкітай (1930-1940), Әтімтай (1934-1938), Мағзура (?), Қапияш (?), Қапиза (?), Мәнзура (1939), Қуандық (1944), Мәнзила (Минәш) – 1948. Мәшекең шөпшегі Мұқамедияртегі (Бұзау) Мәнзила (Минәш) Молдағабылқызы (1948). Осы кітапты жазарда Балғабай Мәжит Кенжеұлының, «Шежіре» атты еңбегінде жазылған мағлұматтарға сүйендік. Аталған шежіредегі Машақ бабамыздың (Мәшекеңнің) ұрпақтары туралы мәліметтерді Мәнзила (Минәш) ұсыныпты. Сөзіміз дәйекті болу үшін, шежіреден үзінді келтіруді жөн көрдік. «...Осы шежірені толықтыруға өз ататегін, өздерінің ұрпақтарын жинақтауда Молдағабылқызы Мәнзила (Минәш) үлкен азаматтық жұмыс жасады. Әкесі Тілеуқабылдың жазып кеткен шежіре жиынына иелік жасап, маған содан көп деректер айтып, шежіреге толықтыру жасады. Мәнзила көп жаса, бақытты бол. Осы шежіредегі ата-бабаның аруақтары үнемі қолдап жүрсін, бала-шағаң аман болсын».

Мәнзила, Сізге, туыс-туысқандардың атынан алғысымызды білдіріміз, жасаған еңбегіңіздің жемісін көріп, ғұмырлы болыңыз!

Мәшекеңнің шөпшегі Мұқамедияртегі (Бұзау) Қуандық Молдағабылұлы (1944). Қуандық – Балқаш қаласында тұрады. Мамандығы – тіл маманы, филолог. Француз тілінің маманы. Мәшекең бабамыздың апалы-сіңлі әйелдерінен туған балалардан тараған (4-5 ұрпақ) бүгінгі күнге дейін сыйласу мәдениеті өте биік дәреже деп айтуға болады. Мысал ретінде 2008 жылы Жарық кентінде Сағынтайға ас берілді. Дәулет, Мәулеттің баласы Арыстанбектің үйлену тойымен Шымкентке кеткен еді. Ал, Қуандық, Дәулеттің жоқтығын білдірмей, сол асты ұйымдастырып, басы-қасында жүрді.

Халықтың, туыстардың батасын алды.

Қуандықтан: Арман – 1964, Ерлан – 1970, Нұрслан – 1973, Жаслан – 1975, Ерслан – 1982.

Ерланнан: Данияр – 1998, Алмас – 2011, Арлан – 2001.
Нұрсланнан: Арнұр – 2013

Арға жүгінген азамат

Мәшекең неменесі Молдағабылтегі Арман Қуандықұлы (1964) Арман – Мәшекеңнің алтыншы ұрпағы болып саналады. Ақтоғайдың, Жәмші ауылында тұрады. Арман жас та болса, бас бола алған, саналы, жан дүниесі жарқын азамат.

Арман «Көпбейіт» кесенедегі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек береді. Машақ ұрпақтарымен жүздесіп, құран оқытып отырады. Жұбайы – кеңпейіл адам. «Үлкен үйіміз» – деп, алыстан ат терлетіп келген туыстарға қабақ шытпай қарсы алып, ақ дастарқанын жайып қарсы алады. Бабаның ұрпақтары Арманға және отбасына ризашылығын білдіріп, адамгершілік қасиеттері үшін баталарын береді.

Арман: Әйгерім, Нұрболған (1998), Айсұлу деген үш баланың әкесі. Мәшекең шөбересі Ормақайтегі Қожан (Қожанберлі) Мұқамедиярұлы (Бұзау) (1906 – 2001)

Қожан аға – отбасымен Балқаш қаласында тұрды. «Көпбейітте» жерленген. Туған-туысқандардың өлік-тірлігіне қатынасып тұратын. Қожан ағаны Кеңес үкіметі «жуанның тұқымы» – деп, 1933 жылы ұстап, сот үкімімен соттайды, 1957 жылы қылмысы дәлелденбеген соң, ақтаған.

Қожан ағадан: Галя, Ерғали
Ерғалидан Ерсін

Информационная справка с сайта Центра
Генеологических Исследований (ЦГИ)

Ормакаев Бузауов Кожан – 1906, Карагандинская обл., Коунрадский – 1933) казах, образование: начальное, житель: Карагандинская обл., Балхаш. Арест: 1933.01.02 Арест. ЭКО ОГПУ на Прибалхашье. Осужд. 1933.03.02 тройка при ПП ОГПУ в Казахстане. Обв. 58-7 УК РСФСР. Приговор: 10 лет ИТЛ Реаб. 1957.10.05 Карагандинский облсуд, основание: За недоказанностью состава преступления [Сведения ДКНБ РК по Карагандинской обл.]

Мәшекең шөбересі Ормақайтегі Шәмшім Мұқамедиярқызы (Бұзау)

Шәмшім апама арнау

Мен ауылыңа келгенде
«Тектіден қалған тұяқ» – деп,
Төріңе оздырушы ең.
«Айкөшегім» келді деп,

Ұсынушы ең тәттіңді.

«Көші жолға сыймаған,
Қонса сайға сыймаған,
Қайран ауылым-ау» – деп,
Бауырлары қайтқанда

Көненің жолымен
Жоқтау айтып келетін
Қайран апам, асыл апам
Сенде өттің, дүниеден

Мәшекең шөбересі Айгүл Сарықызы
«Ел үшін еңбек еткен азаматтың рухы өрде, орыны төрде».

Мәшекең шөбересі Ормақайтегі Алдан (Алдаберлі) Мұқамедиярұлы (Бұзау) (1912-1990). Алдан қайынаға – ұлтымыздың біртуар азаматы. 1989 жылы Түркістанда Ахмед Яссауи кесенесінде тұрған үлкен тайқазанды Санкт – Петербург қаласындағы (бұрынғы Ленинград) Эрмитажынан туған елге қайтарып әкелуге атсалысқан алаштың біртуар азаматы. Тайқазанды елге қайтару оңай болмады. Алдан аға сол кездегі Кеңес Үкіметінің басшыларына, съезге қазанды қайтару туралы бірнеше мәрте хат жазған. Қайынағам Алдан тайқазанның елге оралуына тікелей себепкер болды. Қазанды Эрмитаждан шығарып алу үшін терезе тұсынан, тұтастай бір қабырғаны бұзған екен. Тайқазан елге әкелініп, Түркістанға жеткізілген соң, Алдекемді арнайы Алматыдан шақыртқан. Қазақ телевизиясының журналистері ол кісіден сұхбат алып, тайқазанды халыққа көрсетті. Халық Алдекемді қошеметтеп, алғысын айтып, батасын берді. Тайқазан – Ақсақ Темірдің жарлығымен Тараз қаласында б.э. дейінгі 1399 жылы 25 маусымда Сарвар Эд Диннің ұлы Абу ал Азиммнің ұйымдастыруымен жеті қоспадан құйылған. 1935 жылдан тайқазан Санкт-Петербург (бұрынғы Ленинград) қаласындағы Эрмитажда түрік мәдениетін насихаттайтын экспонат ретінде 50 жыл бойы халық назарына ұсынылған.

Алдан аға – қызмет бабымен Алматы қаласында тұрды, осы қалада қайтыс болған соң, Кенсай кесенесінде жерленді.

Алданнан: Эдик, Гүлжантай, Марат, Әділ (1958)

Әділден: Еділ (1980), Жайық (1982), Бағлан (1987-2009)
Еділден: Әділет (2008), Дәулет (2010)
Жайықтан: Ерасыл (2006)
Машақұлы (Мәшекеңұлы) Шөмен (1855-1904)

Шөмен (Шөмекең) – бәйбішіден туған үшінші ұл. 1884-1886 жылдары, Тоқырауын болысында, ағасы Ербекей болыстың орынбасары болып сайланады. Әкесі қайтыс болған соң, кезекті сайлауда Мерген Тлеубергенов болыстың орынбасары болып қайта сайланады.

Дереккөзі: Попов Юрий Григорьевич «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. «Хроника фактов». Шөменнен: Кеттебек (1886-1932), Қуаныш (1901-1931), Аман (1898-1976), Кәмен.

Мәшекең немересі Кеттебек Шөменұлы (1886-1932)
Кеттебектен – Қази (1907-1944), Төркеш (1916-1988)
Мәшекең шөбересі Шөментегі Қази Кеттебекұлы (1907-1944)
Қазидан Рәшит (1935-2005), Ульфат (1937), Руслан (1940-1998)

Рәшиттен (Рашидтан) Константин (1975)
Ульфаттан: Санжар (1972), Асқар (1974)
Мәшекең шөбересі Шөментегі Төркеш Кеттебекұлы (1916-1988)

Төркештен: (Төркеңнен) Бедербек (1947), Жанат (1952-1978), Сайлау (1954-1995), Қанат (1957), Қайрат (1964-1985), Жанар, Гүлнар, Тамара, Бұлбұл

Бедербектен Самажан (1990)
Сайлаудан: Әлия, Бану
Қанаттан Жанайдар (1989)
Мәшекең немересі Шөменұлы Қуаныш (1901-1931)

Қуаныштан Мәжит (1929-1993)

Өнерлінің өрісі ұзақ

Мәшекең немересі Шөменұлы Аман
(1903-1976)

Аман қайынағаны – туыстары еркелетіп, «тентегім» – деп, атаған екен. Мінезді, турашыл кісі болатын. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына алынып, дайындықты Қиыр Шығыста өткен. Соғыстан 1946 жылы қайтқан. Аман қайынаға – сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі болатын. Тоқырауын күйшілік мектебінің өкілі. Домбыра тартып, күй шығару өнерін Ахметжан Сармантайұлы, Әбди Рысбекұлы, Мақаш Сәдуақасұлы, Әбікен Хасенұлы, Бегімсал Орынбекұлы сияқты күйші-домбырашылардың ықпал-әсерімен меңгерген. Репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Манас, Итаяқ, Қыздарбек қатарлы күйшілердің шығармалары мол болған.

Аман қайынаға – тұрмыс жағдайымен ұзақ жылдар бойы Қарағанды шахталарында еңбек еткен. Бірақ бойына дарыған домбырашылық-күйшілік өнерін қақас қалдырмаған.

Аман      қайынаға      - 1965 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының республикалық байқауына арнайы шақырылып, ол кісінің орындауындағы 13 күй, Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынады. Бұл күйлердің ішінде Аманның: «Қараторғай», «Қоңыр жел», «Сары жорға», «Жастарға тарту», «Тракторшы қыз» – деп, аталатын күйлері де бар.

Аман аға, Жарыққа қонаққа келгенде, Сарыкеңе, су жаңа қобызды қорабымен сыйлады. Сарыкең қобызда және домбырада ойнайтын. Аман аға мен Сарыкең, Тәттімбеттің күйлерін зейінмен тыңдап, шебер орындайтын. Қыздар арасында домбыраны жақсы тартатын, Жүністің немересі – Қысекеңнің қызы – Тілеутай. Мәшекең ұрпағынан әнші шыққанын естімеппін. Туыстар қоңыр дауыспен, өз орталарында ғана ән айтқанын естідім.

Аман қайынаға – өте шебер етікші болатын, нағыз өз ісінің қас шебері еді. Жарықтағы туыстарға: Қысекеңе, Зейніл апамызға, Тоты абысыныма және маған қызыл құрымнан етік тігіп берді. Бәрімізге етікті аласа өкшелі етіп тігіпті де, тек Зейнел апайға етікті биік өкшелі, жиегіне ақ күмістен өрнектеп, әдемі қылып тігіп беріпті. Мен ағаға еркелеп «бізге де осындай әдемі етік тігіп бермедіңіз бе?» – деп назданып едім. Ол кісі былай деп жауап берді «Зейнілге ерекше етіп етік тіккен себебім, біздің тұқымда қыз көп емес, ол арамызда жүрген ерке, сылқымымыз ғой» – деді. Шыныменде, Зейніл апамыз өте сұлу кісі болатын. Және де талғампаз, әрі таза кісі еді. Мен ол кісіге ойнап, «апа, мына етігіңіз маған лайық екен» – дейтін едім. Ол кісі болса:«мен, қайтыс болғанда саған берсін деп айтып кетем» деуші еді, марқұм. Апай мен Бурабайда демалып жатқанда, қайтыс болып, ол етіктің кімге бұйырғанын біле алмадым...

Сол Аман қайынағамыздың тіккен бұйымдарының сапасы қазіргі Италияда тігілетін етіктерден бір кем емес еді. Туыстар ол кісінің қолынан шыққан етіктерді ұзақ жылдар бойы киіп жүрді. Туыстар Аман қайынаға тіккен етіктерді қонаққа барғанда киіп барып, «бауырымыз тігіп берген» деп елге мақтанышпен айтатын.

Алматыдан: Аман қайынаға, Лепсіден Мұқаш (Мұқаң) қайынағам, Алматыдан Алдан қайынағам, Кәріғұл қайным Жарыққа келгенде, біздің әулетте кішігірім той болатын. Сыйлы қонақтар келгенде, 12 үйіміз де, мал соятынбыз. Үлкен-кіші, бала-шаға, бәрі мәре – cәре болып, бір қуанып қалар едік. Аман қайынаға – 1976 жылы, Балқаш қаласында дүниеден озды. Сол қалада жерленді.

Аман қайынағаның балалары:
Қанікеш – 1928
Қанікештен – Бейбіт (1956)
Бахар (Баяш) – 1932

Рымқұл – 1935
Кәкен – 1937
Бақыт – 1940
Баян –1943

Мәшекең шөбересі Шөментегі Рымқұл (Рымтай ) Аманұлы (1935) Рымқұл (Рымтай) атамыз – 1935 туған. 1953 жылы байланыс саласы бойынша электротехникум бітірген.

«PВ-90 станциясында» инженер болып, жұмыс істеген. Телеарнада оператор және дыбыс режиссер болып жұмыс істеген. Үйленген, бірақ балалары болмады.

Мәшекең шөбересі Шөментегі Кәкен Аманұлы
(1937)

Кәкен – 1937 жылы туған. 1964 жылы ҚазМҰУ-дің физика факультетін тәмамдаған соң, Алатау бөктеріндегі 3400 метр биіктікте орналасқан, Ядролық Физика

Институтының ғарыштық сәулелерді зерттейтін зертханасында, инженер болып жұмыс істеген. Кіші ғылыми қызметкерліктен, аға ғылыми қызметкерлікке дейін көтеріліп, 1995 жылы институт пен зертхана жабылғанша қызмет істеген. Балқаш қаласында тұрады. Үйленген. 5 баласы болған. Төртеуі қайтыс болған. 1969 жылы ұлы Арман туған. Арман отбасымен Алматының маңайындағы Алатау ауылында тұрады.

Мәшекең шөбересі Шөментегі Бақыт Аманұлы (1940) Бақыт – мектеп бітірген соң, шекаралық училищеге оқуға түсіп, оны 1963 жылы бітіріп шыққан. Таулы Бадахшан автономиялық облысында шекара күзетінде қызмет атқарған. Кейін, милиция мектебіне жұмысқа шақырылған. Зейнетке, полковник шенінде шыққан.Үйленген. Зайыбы Күләнмен Алматыда тұрады. Қыз баласы қайтыс болды.

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Әбілда
(1867-1929)

Әбілда (Әбекең) – Мәшекеңнің екінші әйелі, Мәтібаладан туған, бірінші ер бала.

Әбілда (Әбекең) – 1911 жылы, 26 мамырда, №6 ауыл бойынша, Шәйкен інісімен бірге үш жылға би болып сайланады. «Волостные управителии народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы (Хроника фактов)» деген кітаптан үзінді келтірейік: «… С 26 мая 1911года волостным был избран Галиахмет Мамбеткулов, заместителем – Жанкаш Бабаков. Списки народных судей и их заместителей по аулам: … № 6-Шайкен Машаков и Абдильда Машаков».

Әбілда атамыздан бес ұл:

Мақай, Дәужан, Әукен (1902 –?), Шақар (1905-1994), Ақымет.

Мақай, Әукен, Ақыметтен ұрпақ жоқ.
Мәшекең немересі Әбілдәұлы Дәужан
Дәужан (Дәукең) Ұлы Отан Соғысында
қайтыс болған.

Дәужаннан – Зәрубек.
Мәшекең шөбересі Әбілдатегі Зәрубек Дәужанұлы (1940-2011).

Әбілдатегі Зәрубек Дәужанұлы – 1940 жылы Қоңырат кентінде туған. Әкесі Дәужан (Дәукең) соғысқа кеткеннен оралмаған. Зәрубек – әкеден жалғыз. Анадан – Қаппас деген ағасы болған. Әніз анасы екеуі ағасының қолында тұрған. Ағасы үйленген. Шахтада жұмыс істеген. Соғыс кезінде, шахтада, апаттан қайтыс болған. Содан көп ұзамай анасыда, қайтыс болған. Одан кейін, немере ағасы Мұқатайдың қолында тәрбиеленген. Зәрубекті Мұқатайға әкесі Дәужан (Дәукең) аманат қылып, тапсырып кеткен екен. Мұқатай, аманатқа қиянат қылмай, Зәруге білім-тәрбие берген, оқуға түсірген, үйлендірген. Сол кездегі ұрпақтар сабақтастығы әлі күнге дейін жарасымды жалғасын табуда. Зәрубек жұбайы Мира екеуі, балалары мен немерелеріне озық білім- тәрбие беріп өсірді. Зәру де, Мира да, темір жол саласының мамандары. Зәрубек – «Құрметті теміржолшы» және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері. бұрынғы Целиноград, қазіргі Астана қаласының ортасында, Құрмет тақтасында көп жылдар бойы суреті ілініп тұрды. Саналы ғұмырын темір жол саласына арнады. Целиноград темір жол бөлімініңде «диспетчер» және «дежурный по отделению» болып қызмет атқарды.

2011 жылы 70 жасында, Астана қаласында қайтыс болды.
Осы қалада жерленген.

Зәрубек пен Мираның құрған шаңырақтары, Машақ (Мәшекең) бабамыздың ұрпақтарына құтты мекен болды, оқуға түсуге барған балалар, осы үйде жатып, оқуға түсті. Студент атанды. Қазір алған мамандықтары бойынша, қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Ер балалары Серік пен Есен – мұнай-газ салаларында қызмет істеп жүр. Айгүл – темір жол саласында басшылық қызметте.

Зәрубектен: Серік (1965), Айгүл (1969), Есен (1974) Серіктен – Арманбек (1998), Айгүлден – Ербол (1992) Есеннен: Дамира (2004), Еңлік (2007), Дін-Мұхаммед (2009).

Мәшекең немересі Шақар (Рақымбай) Әбілдаұлы (1905 –1994) Шақар қайнағамның азан шақырылып қойылған есімі – Рақымбай. Жеңгелері «Шақар» – деп атап кеткен. Әбілдаұлы Шақар (Шақаң) – немерелердің ішінде ерекше болатын, жауырыншы, көріпкелдігі бар, қасиет қонған адам еді. Дерек ретінде, келесі мақалаға назар аударайық.

Ғалым Қабылсаят Әзімбайұлы – ғылыми ізденістерінен бірінде мынандай тұжырым келтіреді: «... Әлтеке генезисі туралы бірер сөз. Әлтеке елі Арғын тайпасынан тарайтын көне ру екені белгілі.Әлемнің жартысына билігін жүргізген Еділ «Атилла» патша жайлы зерттеулерде (Гумилев Л.Н., Өтениязов С.) оның Арғын болғанын және соғысқа кірер алдында жауырын қаратып болжайтынын жазады (452 жыл). Осы дәстүрдің әлі де қазақ арасында кездесетініне таңқалып жазады. Жауырын сөйлету тек Әлтеке арасында сақталған бұл көне дәстүр, басқа жұртта жоқ, демек сонау ғұн заманынан келе жатқан тарихи сілем бар».

Жауырыншы жауырын сүйегіне қарап, болашақты болжайтын адам. Олар жөніндегі деректер тарихи жазбаларда, батырлар жырында, ертегілерде, аңыздарда жиі кездеседі. Жауырыншылар адамның тісі тимеген қойдың жауырынының етін сылып тастап, кептіргеннен кейін, отқа салып қарап отырып, соғыс, жорық нәтижесін болжап, оған қарсы айла жасап отырған. Жауырыншылық тек көшпенді халықтарға тән өнер. Онымен, көбінесе, батырлардың өзі айналысқан.

Қазақтардың жауырынмен болжам айтатының Радлов пен Палластың еңбектерінде де кездеседі. Бейбіт заманда Жауырыншы ақсарбас қойдың ақ жоңқа жауырынын аударып – төңкеріп отырып сөйлейді. Жауырынның еті жалпақ, ойықтау болса малы көп, бай болады, қазан шұңқыры терең болса дастарқаны мол, өмірі жайлы, жылдан аман-есен шығады деген. Қыр сүйегі биік үшкірлеу болса, аты жүйрік, қыр сүйегінің майысқан жері сұқ саусаққа ілініп тоқталса, түйе-сиыр өріске толады дейді. Ол доғалдау келсе, дәулеті шалқиды, іргеден құт кетпейді деп жорыған. Жауырын сүйек қалың болса, қоғам тыныш болады. Жауырын алақанында шұңқыр алашұбар дақ болса, ел іші ала, кереге басы пәле, жаугершілік болады, қыр сүйек ұзын болса, ғұмыр жасы ұзақ, үрім бұтағы да жетіледі деп байлам айтып, долбар жасайды.

Ел арасындағы аңыз бойынша Шақар қайынағамның көріпкелдік қасиетінің арқасында халыққа жоғалған малдарын, науқас адамдарды ұшықтап, жолға шыққан адамдардың қайтатын күнін болжап, тағы басқа қажеттерін ашып отырған.

Басқа немерелерде «қырық бір» құмалақ салып, түс жорып, болашақтарын болжап отыратын.

Шақар қайынағам – зейнетке шығысымен, 1970 жылы, Жарыққа біздің үйдің жанына көшіп келіп, жеке үй сатып алды.

Халықтың жеке меншік жылқылары кезекпен бағылатын. Шақаң қыстың күні бір жігіт баламен жылқының кезегіне барады. Іле-шала қатты боран соғып кетті. Бірге кеткен жігіт бала қайтып келеді, ал Шақаң екі күн бойы із – түссіз жоғалып кетеді. Үшінші күні боран басылысымен бүкіл ауыл боп Шақаңды іздеуге шығады. Қысекең қайнағам бір жерден қарға шаншылып тұрған құрықты көріп, Шақаң өліп қалған екен деп қарды арши бастайды, бір уақытта: – «Әй, не істеп жатырсыңдар, терлеп жатыр едім» – деп, Шақаң басын көтеріпті.

Мен, Тоты абысыныммен, Шақаңның сүйегін әкелген екен деп, үйіне қорқып жүгіріп барсақ, Шақаң жайбарақат: «келін, шәйіңді қоя бер» – деп, күліп отыр. Ағалары ұрсып жатыр, Шақаң болса жылқылар ығып кеткен соң іздеушілерге белгі ретінде құрықты шаншып, омбы қардың ішінде жан сақтаған. Қасиетінің арқасында екі тәулік бойы соққан үскірік бораннан үйіне аман – есен оралды. Үлкен баласы – Оңал Ортау совхозына үлкен қызметке ауысып, Шақаң отбасымен сол жаққа көшіп кетті.

Екі жылдан кейін құрық сүйреткен салт атқа мінген түсі суық бір бейтаныс ер адам біздің үйге келді – «Қарағым, құдайы қонақпын, бір түн қонып шығуға бола ма, жылқылырым жоғалып кетті, соларды іздеп жүр едім» – деді. Үйге кіріп жайғасқан соң, Сәкеңнен:

- «Қай елсің?» – деп сұрады,
- «Әлтеке руынанмын» – деді.

- «Әлтекеде Шақар деген көріпкел адам бар, көптен бері сол кісіні іздеп жүрмін, қарыздар едім, Әлтеке болсаң соны тауып бер» – деді.

- «Шақаң, менің немере ағам, Ортау совхозында тұрады» – деді.

Келген кісі Өспен совхозында тұрады екен, Шақаң туралы әңгімесін айта бастады.

«...мен Қарағанды қаласында, 1941-1945 соғыс жылдары, шахтаның бастығы болып қызмет істедім. Көп жылдар бойы, отбасымызда бала болған жоқ. Бір күні, қол астымдағы жұмыскерлер өзім басқаратын шахтада бір көріпкел, жаурыншы адам бар және айтқандары дұрыс келетіні туралы айтты. Естігенімді әйеліме айтып келіп едім, үйге алып кел деп маған қолқа салды. Шақаң үйге келісімен, «совковый күрек әкел» – деді. Біз қорқып кеттік. Күректі жанып тұрған отқа салып, қып-қызыл қылып қыздырып алды да, тілімен жаңағы күректі «быж» еткізіп жалап алды, содан кейін аянды айта бастады: «Сенде бес-алты жылдан кейін екі ұл болады, екі күннен кейін саған үкімет, қар-ала сиыр береді, құйыршыққа байланған төсі қасқа қара бұзауы болады.Сиырдың бір емшегі жоқ болады. Өзіңнің қызметің жақсы, бақытты боласың!» – деді.

«Соғыс жылдарында шахтада маған кім сиыр береді» – деп сенгенім жоқ, бірақ Шақаңа тамағын беріп, сыйлап, істейтін жеріне апарып салдым. Екі күннен кейін профком төрағасы телефонмен менімен хабарласып, совхоздан шахтерлерге мал әкеліп таратылып жатқаны туралы айтты. «Сізге бұзаулы құнажынды қалдырдық, келіп алып кетіңіз»-деді. Сенер сенбесімді білмей, барсам, шынында Шақаң айтқандай бір емшегі жоқ қара сиыр бұзауымен байлаулы тұр екен. Шақаңның айтқанын бәрі келді, екі ұлды болдым, жұмысымда жақсы болды, зейнетке шығысымен Өспенге көшіп келдім, сол уақыттан бастап Шақаңды іздеп жүрмін, сәлем айтыңдар, маған нағыса қонаққа келсін» – деді.

Біз бұл хабарды Шақаңа айттық. Ол кісі Шақаңды жоғары деңгейде қарсы алып, қайтарда:

- «Не қалағаныңыз бар?» – деп сұрапты.

- «Менде бәрі бар» – деп, Шақаң, ештеңе алмапты. Бірақ, ол кісі, өзіне арналып тігілген байпағы жасыл, плющ материалмен көмкерілген, су жаңа саптама етігін сыйға тартыпты.

Шақаң адамдарды емдегенде күректі отқа қыздырып, ал жаурынды өте шешуі қиын жағдайда қарайтын болған.

Жарықта отырғанда Оңал мединститутты бітірген дәрігер, Семейдің қызына үйленді. Жазды күні құданың аяғына жығылуға, Шақаң, Семейге баратын болды. Туған-туыстарға, бәріне «жүр» – деді. Әр түрлі себептермен ол кісіге ілесетін адам болмады. Керек-жарақтарын киімдей, ақшалай тауып бердік, сөйтіп туған жеңгесі Сүймен екеуін, Семейге жүретін пойызға мінгізіп жібердік. Шақаң құдаларына баратын күнін хабарлатты, бірақ қай пойызбен баратынын айтпады. Ол кісілер Семейде түскенде жаңбыр жауып тұр екен, үсті-бастары малмандай су боп, сол бетінде құдалардікіне барады. Шақаң құдаларға «біз құдайы қонақпыз, үстімізді кептіріп, бір түнеп шығайық» – дейді. Құда «Қарағандыдаң құда тосып отырмыз, болмайды» – дейді. Әйелі аяп кеткен болуы керек «баратын жерлері жоқ болса, ас бөлмеге барсын» – дейді. Сол жерде бізге шәй беріп, түнеп шықтық. Құдалар түні бойы құдаларын тосып шықты. Таңертең шәй ішіп отырғанда ас бөлмеге құда кірді. Шақаңның баяны:

«...Қабырғада Оңал мен келіннің суреті ілініп тұр екен, мен, соған қарап отырдым. Құда маған суреттегі адамдарды таныстыра бастады.«Кешеден бері құдаларымызды күтіп отырмыз» – деді. «Бұларды менде танимын, ұл менікі, қыз сенікі» – дедім. «Кешеден бері неге айтпағансыз» – деп құда ұшып тұрады. «Сен бізді келгеннен бері менсінген жоқсың, сенің қандай адам екеніңді сынайын» – деп едім. Сүйеке, түрегел үйге қайтамыз, бұндай адаммен құда бола алмаймыз» – дедім де, апарған заттарымызды қалдырып, құда кешірім сұрап жалынғанына қарамай, қайтып кеттік» – деді Шақаң.

Шақаң, ол жақтан қатты назаланып келді, екі-үш айдан кейін, Ортау совхозына көшіп кетті. Оңал сол жақта мал дәргері, ал келін, дәрігер болып қызмет істеді. Біраз уақыттан кейін екеуі дәм – тұзы жараспай, ажырасып кетті. Кейінірек Оңал марқұм басқа отау құрды.

Шақаңды немере туысқандары жақсы көретін. Жарықта тұрғанда күзді күні кешке қарай, жаздай шауып, жинаған бір мая шөбі жанып кетті. Ертеніңде Қысекең, Кейкі қайынағаларым, Сарыкен тағы басқа туыстар ұйымшылдықпен тез арада шөп шауып, жинап, үйіп берді. Ақсақалдардың жастары ұлғайған болсада, еш нұсқаусыз шешім қабылдап, Шақаңа көмектесті.

Бұл іс-әрекет тәртіпке бағынып, туыстарға қамкорлық жасау ретінде насихатталып, жас ұрпаққа өнеге болады деп сенемін.

Шақар атамен Күләй ападан алты бала:
Дариға – 1940
Оңал – (1947-2004)
Дария (Дамеш) – 1952

Мария – 1957
Марал – 1959
Жеңіскүл – 1962

Мәшекең шөбересі Әбілдатегі Оңал Шақарұлы (1947-2004) Оңал – Машақ (Мәшекең) бабаның ұрпақтарының ішінен ұлдардан шыққан ең алғашқы ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент. Диссертация тақырыбы «Кормление на продуктивность ярок эдильбаевской породы». Қазақтың асыл тұқымды қойлар селекциясын зерттеп, ауылшаруашылықта қой басын көбейтіп, халықты тамақ өнімдерімен қамту саласына зор үлес қосқан азамат. Жүзден астам ғылыми басылымның авторы. Ең маңыздылары: «Защита населения при сварках на химических объектах», «Чрезвычайные ситуации на пожаро – взрывоопасных объектах», тағы басқалар. Еңбек жолын 1971 жылы Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылық институтын бітіргеннең кейін зоотехник-инженер, Ортау асыл тұқымды қой совхозының бас маманы, 1980-1997 жылдар Жезқазған облысы бойынша ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының ғылым саласы бойынша директор орынбасарының қызметін атқарды.

1997-2004 жылдар Жезқазған қаласының Ө.А.Байқоңыров атындағы университетінде «Разработка месторождений полезных ископаемых» кафедрасында доцент болып қызмет істеді.

1994 жылы әкесі Шақар (Шақаң) қайтыс болды. Оңал әке аманатын орындап, көктем айында өзен тасып жатқанына қарамастан, туған-туысқандарымен әкесін Жәмшіге Көпбейітке Машақ (Мәшекең) атасының жанына апарып жерледі. Кейін анасы Күләйда сол жерге жерленді.

Оңал марқұм 57 жасында мезгілсіз, сырқаттан ерте қайтты. Жезқазған қаласында жерленген. Зәрубек ағасы сияқты Оңал фотоаппаратпен елді суретке түсіретін. Осы кітаптағы кейбір суреттер Зәрубек пен Оңалдың түсірген дүниелері. Жасалынған еңбектің арқасында Машақ (Мәшекең) бабамыздың немерелерін көріп, тамашалап отырмыз.

Бұл суреттердің маңызы ерекше, қазіргі ұрпақ оларды ескерткіш ретінде қабылдауы керек деп ойлаймын. Сол себептен осы кітапта «Фотошежіре» тарауын ашып, көне суреттерді қойдық.

Оңал жұбайы Раямен, екі қыз, бір ер бала, немерелерін тәрбиелеп өсірді.

Оңал мен Раядан:
Ләззат 1976
Тимур 1977
Салтанат 1987

Үш бала да, жоғары білімді мамандар, ерекше қасиеттері: ақкөңіл, мейірбан жандар. Тимур – Жезқазған қаласының Ө.А. Байқоңыров атындағы ЖезУдің, тау-кен факультетін тәмамдап, инженер мамандығына ие болды. Қазір Астана қаласында «Казгеология» саласында, жауапты қызметте істейді.

Тимур мен Шынардан Ерқанат (2009) және Айару (2012)

Мәшекең шөбересі Әбілдатегі Марал Шақарұлы ( 1959) Марал – 1959 жылы 31 мамырда, Ақшатау кентінде дүниеге келді. 1976 жылы, «Шет Агротехникалық» колледжіне түсіп, «Электрогазбен дәнекерлеуші» мамандығына ие болды. Осы мамандығы бойынша 1977-1995 жылдары, Ортау совхозында, 1995 жылдан бастап Ақадыр жол дистанциясында электрогазбен дәнекерлеуші болып жұмыс атқарады.

Марал мен Алтында екі бала бар.Олар: Жасұлан (1989) және Еркебұлан (1992).

Машақұлы Шәйкен (Шәкең) болыс
(1869-1926)

Шәйкен (Шәкең) – 1869 жылы туып, 1926 жылы 57 жасында қайтыс болды. «Көпбейітте» жерленген. Үш шошақ күмбездің үшіншісі Шәйкен атанікі. Күмбезді үлкен ұлы

Мұқаштың (Мұқаңның) ұйымдастыруымен Орталық Ресейден келген ноғай (татар) жігіті қалаған, құлпытасты немерелері орнатқан.

Тарихи мәліметтер бойынша алғашқы қызметін ауыл старшыны боп бастаған. Дереккөзі: келесі мағлұмат.

Архивная справка

В архивных документах фонда «Акмолинское областное правление» в списках должностных лиц «туземной» администрации с указанием родов от 1 июля 1899 года содержатся сведения о волостном управителе Сеит-Калии Дюкембаеве, из рода Чабанбай и о аульном старшине Шайкене Машакове, из рода Жантобет.

Основание: ф.369, оп.1, д.2514, л.37. Директор архиваМ.Т.Сандыбаева Зав.сектором К.И. Сопибекова Исп. Жылысбаева 629132.

Болыс қызметі туралы алғашқы мағлұмат 1904 жылдан бастап кездеседі. Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. (Хроника фактов)» деген кітабынан үзінді келтірейік: «… В 1904 году волостным по Токраунской волости показан Шайкен Машаков.….С 5 июля 1905

годаволостью управляли Шайкен Машаков с заместителем Конкушем Машаковым...»

Архивная справка

В просмотренных документах архивного фонда «Семипалатинская областная по делам о выборах в Государственную Думу комиссия» имеется приговор выборщиков волостного съезда Токраунской волости, 2-го участка Каркаралинского уезда, Семипалатинской области от 23 апреля 1906 года, подписанный управителем Токраунской волости Ш. Машаковым, об избрании двух выборщиков по Токраунской волости в Госдуму: Токмета Крончина и Омара Нурланова.

Основание: ЦГА РК, ф.538, оп.1, д.1, л.134.
В этом же фонде имеется рапорт волостного управителя

Токраунской волости, Каркаралинского уезда, Семипалатинской области Ш.Машакова крестьянскому начальнику 2-го участка Каркаралинского уезда от 23 апреля 1906 года о существовании двух противоборствующих выборщиков по Токраунской волости (одна из них возглавляемая Смаханом Букейхановым поддерживала Алихана Букейханова) и об оказании содействия к прекращению споров между выборщиками.

Основание: ЦГА РК, ф.538, оп.1, д.1, л. 131-132.

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Шәйкен (Шәкең) халықтың қалауымен, 1911 жылдан бастап, би болып сайланады.

Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы (Хроника фактов)» деген кітабынан үзінді келтірейік:

«...С 26 мая 1911 года волостным был избран Галиахмет Мамбеткулов, заместителем – Жанкаш Бабаков.

Списки народных судей(би) и их заместителей по аулам:
№6 – Шайкен Машаков и Абдильда Машаков».

Архивная справка

В архивных документах фонда «Семипалатинское областное правление» имеется дознание народного судьи аула № 6 Шайкена Машакова, Токраунской волости, Каркаралинского уезда от 8 сентября 1913 года, по вопросу о высылке казахов указанной волости Мухаметалия и Курмангалия Медеубаевых в Акмолинскую область за кражу скота.

Основание: ф.15, оп.1, д.352, л.2 об. Директор архива М.Т. Сандыбаевы
Зав. Сектором К.И. Сопибекова Исп. Жылысбаева 629132

Ақтоғайдан түлеп ұшып тұтас Алаш жұртының аяулысына айналған ардақтыларға мың мәрте тағзым!

Арқадан шыққан Алаштың зиялылары:

Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ресей Думасының депутаты болған – Жақып Ақбаев, Шәйкен (Шәкең) болыспен сыйластық қарым-қатынаста болған. Жақып Ақбаев – «Алаш» партиясын және «Алашорда» үкіметін құруға белсене катысқан, Алашорда үкіметінің мүшесі болған. Қазакстандағы ұлт-азаттық козғалыстың көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, заңгер, кұқық магистрі. Ол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1903-1905 жылдары Омбы қаласында, 1907-1927 жылдары аздаған үзілістермен Семей, Сырдария округтік, губерниялық сот мекемелерінде қызмет еткен. 1907 жылдан Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің мүшесі болған. Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Дүниеден 1970 жылы өткен. Алашорда үкіметінің мүшесі, математикадан тұңғыш қазақ профессоры.

Машақұлы Шәйкен (Шәкең) – халыққа көп қайрымдылық жасаған. Оған мына деректер куә. Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы (Хроника фактов)» деген кітабынан үзінді келтірейік: «…В 1904-1905 годах по всей Степи шел сбор средств в пользу Каркаралинского уездного попечительства о вдовах и сиротах и в пользу воинов, призванных на Дальний Восток. Шайкен Машаков передал 10 рублей.

Телеграмму в Санкт-Петербург 22 июля 1905 года от жителей волости подписали Ахмет Бекмембетов и Шангарбай Сатанов».

Оған дәлел келесі мағлұматтар:

Архивная справка

В просмотренных документах того же фонда имеется распоряжение Каркаралинского уездного начальника управителю Токраунской волости Ш. Машакову от 18 июля 1906 года о выдаче 10 гербовых марок под расписку вдове султана аула № 7 Бегимхан Шаминой Букейхановой.

Основание: ЦГА РК, ф.538, оп.1, д.1, л. 201-202.

В этом же фонде имеется доверенность султана аула №7 Токыраунской волости, Каркаралинского уезда Смахана Букейханова от 21 августа 1906 года, подписанная управителем Токраунской волости Ш. Машаковым, о получении от вдовы султанши Бегимхан Шаминой Букейхановой 109 гербовых марок на сумму три рубля семьдесят пять копеек для передачи по принадлежности в Семипалатинской областной по делам о выборах в Государственную думу комиссии.

Основание: ЦГА РК, ф.538, оп.1, д.1, л. 203.

Бегимхан Шамина Букейханова – вдова султана Токраунской волости, по отцу Нурмухамедова.

Шәйкен (Шәкең) болыс қайтыс болғанда, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы – Ә. Н. Бөкейханов арнайы келіп, туған-туысқандарға көңіл айтқан. (Әлихан Бөкейханов туралы әңгімемізді келесі тарауларда оқитын боласыздар). Шәйкен (Шәкең) Машақ (Мәшекең) бабаның нағыз ізбасары болған. Ол кісінің болмысы мүлдем бөлек екен.

Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында өз әкесі Шәйкен (Шәкең) туралы былай деп сыр шертеді: «…Шәйкен халқына қадірлі, өкіметіне абыройлы адам болыпты. Мінезінде менмендігі (высокомерие) жоқ, қарапайым, қара халықты қадірлеп, сыйлай білген. Оның бір ерекшелігі бір ауылға келіп түссе, сол ауылдың ақсақал, қарасақалдарынан бастап, қой сауып отырған әйелдерге дейін барып амандасып, қал жағдайын сұрап біледі екен. Оны естіген аға, інілері «үлкен басын кішірейтіп, кім болса соған сәлем беріп, бас иіп болыстық атағына кір келтіреді» деп реніш білдіреді.

Әкеміздің мінезінің жұмсақтығының тағы бір белгісі ауызынан еш уақытта боқтық сияқты жаман сөз шықпаушы еді. Ең қатты ашуланғанда «құдай атқан, тәңір атқан» – деп қана ғайбаттайтын.

Үкімет орны істеген еңбегін бағалап сыйлыққа алтын тон, шен-шекпен және медаль берген....».

Бастапқыда жазған алтын тон дегеніміз – (Почетный халат ІІІ степени) Романовтар әулетінен шыққан орыс патшасының Шәйкен (Шәкең) атамызға көрсеткен құрмет-сыйы.

Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы «Хроника фактов» – деген кітабынан үзінді келтірейік:

«…По приказу от 9 марта 1906 года Степной генерал-губернатор за усердно-полезную службу наградил волостного управителя Шайкена Машакова – Почетным халатом ІІІ степени» деп жазылған.

Кітап жазу барысында, Қазақстан мен Ресей мұражайлары мен мұрағаттарына хат жолдап, бабаларымыз туралы деректер және жәдігерлер суреттерін сұраттық. Қазақстан мемлекеттік орталық мұражайы «Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі» атты ғылыми каталогынан болыстарға сыйлық ретінде берілген шапандар (почетный халат) бейнеленген екі сурет жіберді.

1938 жылы мұражайға Алматы қаласының тұрғыны Өмірзақова ханым тапсырған екен. Суреттің астында алтын шапан тарихы жазылған. Бұл шапанды иесі 19-20 ғасырдың басында киген екен.

Бұл тондар аса қымбат және құнды болып саналады. Суреттегі екі шапанның тігілу моделі, пайдаланған материалдары: біріншіде парша, екіншіде жібек, сыйға тартылған уақыттары дәлме-дәл келіп тұр. Патша үкіметінің өкілі берілген шапанды (почетный халат 3 разряда) туралы құжат (свидетельство) толтырып, номермен реестрға тіркеп бекітіп отырған. Бұл құжат Россия мұрағатынан «Императорские награды» атты бөлімінен алынды. Оқырман қауымға ұсынып отырған материалдар кітапта жазылған мағлұматтар түсінікті болу үшін келтіріп отырмыз.

Глубокоуважаемая Шарет Запура!

Ваше письмо передали к нам, в Отдел Востока Государственного Эрмитажа, сектор Средней Азии, Кавказа и Крыма. Для того, что бы написать более подробный ответ, мы обратились в Российский этнографический музей (РЭМ), к специалистам по этнографии народов Средней Азии.

Ваш вопрос оказался не только интересным, но и довольно трудным. Дело в том, что традиция дарить халаты хорошо известна в Средней Азии. В Туркестанском генерал-губернаторстве ее стала практиковать российская администрация, одаривая наградными халатами заслуженных представителей местных народов. Халаты могли быть разного качества и достоинства, из разных материй (шелка, полушелка, бархата, парчи).

Золотошвейные халаты в XІX – начале ХХ в. изготовляли только в Бухаре. Существовало три способа зашива поверхности халата: 1) даукур – когда полы, низ, рукава украшает золотошвейная кайма, а спину – золотошвейный медальон; 2) гульдузи – когда золотошвейные медальоны (из цветов или иных фигур) располагаются по всей поверхности бархатного халата; 3) заминдузи – когда золотное шитье покрывает сплошь всю поверхность халата, не оставляя просветов ткани. В Бухаре эмир сам распределял халаты среди своих подчиненных в зависимости от их заслуг, причем золотошвейные халаты могли носить лишь самые высокопоставленные. В Государственном Эрмитаже хранятся лишь два вышитых золотом халата, поступившие в его собрание из частных коллекций, и их можно увидеть в каталоге выставки «Во дворцах и в шатрах. Исламский мир от Китая до Европы 2008 г».

Коллекция золотошвейных халатов хранится в Российском этнографическом музее (СПб), большая часть из них была в свое время подарена бухарскими эмирами российским императорам, причем среди них халаты с различным расположением золотошвейного узора. Следовательно, все они считались чрезвычайно ценными и соответствовали самому высокому уровню подарков, которые делали эмиры правителям других государств.

У российской администрации могли быть свои критерии оценки, сведениями о которых, к сожалению, мы не располагаем. В некоторых документах действительно встречается упоминание о «степени» подарочных или наградных халатов, но какой именно это халат, из какой ткани или как орнаментирован, не уточняется.

Таким образом, отсутствие данных не позволяет определить, как выглядел халат именно ІІ степени. Поэтому ни в одном музее, где хранятся бухарские золотошвейные халаты, не смогут Вам показать халат, который относился бы к этой категории. Вероятно, для публикации в книге Вы можете использовать изображение нижеприведенного золотошвейного халата. Но что касается халатов, хранящихся в собрании Эрмитажа, мы не можем гарантировать их соответствие халатам ІІ степени согласно классификации, использовавшейся российской администрацией Туркестанского края, сведениями о которой не располагаем. Спасибо Вам за письмо, в котором оказалась интересная информация. С глубоким уважением Кулакова Л.Ю., н.с. Государственного Эрмитажа. Емельяненко Т.Г., д.и.н. Российского      Этнографического      Музея.       Киреева      Татьяна. Отдел обеспечения публикаций. Государственный Эрмитаж. 190000, Санкт-Петербург, Дворцовая набережная, д.34.Телефон: (812)710-95-12; местный телефон: 15-12»

Шәйкен (Шәкең) ақсақалдың бұл алтын шапанын, інісі Жүністің үлкен ұлы Қысатай, той-думандарға киген екен. Сол тонды алмағайып заманда, Шәйкен (Шәкең) атамыздың қызы Зияда апамызды, Балқаштан шыққан, балық тиеген, мұздай жүк машинасына мінгізіп, Қарағандыға дейін жеткізіп салу үшін, жүргізуші жол ақысының орнына сұрап отырып алыпты. «Басқа ештеңе алмаймын» – деген екен. Апамыз қатты торығып жылаған дейді. Сонда Қысатай (Қысекең) қайын ағамыз амалсыздан тонның етегінен төрт елі кесіп алып, апамызға беріпті. Ал, тонды жүргізуші алған.

Бүгінгі күнге дейін ол жүргізуші туралы ешқандай дерек білмейміз. Ұрпақтары талай мәрте іздеу салды.

Шәйкен (Шәкең) болыстың немерелерінің рұқсатымен атаның портретін жасаттық. Портретке негіз ретінде Шәйкен (Шәкең) болыстың туған балалары Мұқаш (Мұқаң) қайнағам және Кәріғұл қайнымның суреттері пайдаланылды.Үстіне киген шапан, бас киімі, болыстардың мойынға тағатын медальон (болыстықтың дәрежесін білдіретін белгі)

Санкт-Петербург қаласында орналасқан Эрмитаж және Ресей этнографиялық мұражайы қызметкерлерінің кеңесі бойынша, ескі фотосурет қорынан алынған ақпараттар арқылы жасалынды. Портрет шынайы шықты деп ойлаймыз. Халық ақыны – Тәшен Исаұлы айтып кеткен, патшадан наградаға алынған алтын шапан тарихы туралы, ақиқатты бұрмаламай, оқырман қауымға жеткізуге тырыстық. Оңалар орнында бар дегендейін, Шәйкенжан өткендерді білдірмеген. Патшадан наградаға шен-шекпен алып, Дұшпанын қарсы келген күлдірмеген. Оязды, судьямен қабат құрып, Қызықты ғұмырымен күлімдеген, Малғабыл, Қатарменен қатар шығып, Аяғы күні бүгін сүрінбеген. Шәйкен (Шәкең) болыстың портретін жасап шығарған суретші-дизайнер – Сейсембаев Батырхан Бекенұлы мырзаға ұрпақтар атынан алғыс айтамыз, шығармашылық табыс тілейміз.

Дияқажы Ахметұлы
(1871 -1931)

Дияқажы Ахметұлы – суырып салма ақын. Бұрынғы Қарқаралы уезі, Ақшатау болысында дүниеге келген. Қажылыққа барғаннан кейін біржолата Дияқажы атанады. Түркияда дін оқуын оқыған, білімді адам болған, Мекке, Мәдинада болған.

Бес Мейрамның қолын басқаратын – Көкбөрі Жарылғап батырдың жұқанасы. Сонымен қатар Дияқажының өз замандастары Тәшен ақынмен, Бабас ақынмен, Сапарғали ақынмен сөз қағыстырған айтыстары да баспасөз беттерінде жарияланған. Қысқа да, өткір эпиграммалардың авторы.

Дияқажы «жуан ата» тұқымынан. «халық жауы» деген жаламен ұсталып, 1930-шы жылы түрмеге жабылады. Сол жылдың 25 маусымында Қарқаралыда сот өтеді. Халық жауы ретінде төрт баппен жауапталған ақынға өлім жазасы кесіледі. Келесі жылдың басында, Қарқаралының Үлкен көлінде атылады.

...Шәйкен (Шәкең) қайтыс болғанда, Керней Дияқажы естімей, намазына қатыса алмайды. Содан Тәшен ақынға хат жолдаған.

Дияқажы:
Ардақты, ақын Тәшен, мұның қалай?

Мінезің құбылмалы екі талай,
Өлсе де атан түйе азасы бар,
Көз тайса ұмытшақ қой сіздің маңай.
Ақындық әдет неге бастамайсың,

Обалың өлсең маған ақсамайсың.
Кешегі өзің көрген Шәйкен ердің,
Сабаздың тұзын қалай ақтамайсың.
Тәшен-ау, заман жақсы халық жайда,

Ыңғайлы шақыруға Бәшей қайда?
Есболай, Өтегеннің бірлігі бар,

Дейтұғын Әлтекенің сөзі қайда?

Тәшен:

Қажеке – ау, өзің келмей сөзің келді,
Менің де сөйлейтұғын кезім келді.
Өліге бата, тіріге көнілің жоқ,
Шәйкеннің кешегі өткен көзің көрді.

Айтбай-Қырбас нағашы жұрты келді.
Бәрі де бары жоғын көзі көрді.
Сонымен бітер дедік Керней жолын,
Жол болса, толып жатыр талай орын.

Қажы келіп орнына дұға қылып,
Көтертер деп едік тағы қолын.
Шақырылмай қалдыңыз, бір қатеден,
Шақырмасақ, шақырмай біз ұялдық

Сіз неге ерінесіз жел батадан?
Домбыраның тілі көп,
Құлағын бұрап күйлесе.
Қызыл тілде буын көп,

Қиуасын тауып сөйлесе
Қайтер едің, Қажеке – ау?
Өзің өліп артында
Мұқай, Шибан, Әлібек,

Бағай қалып билесе.
Әзіл жақсы айтарға,
Қағаз жаздым қайтарма,
Заманында, Қажеке – ау,

Боз жорғадай талтаңда.
Сөзім сол-ақ,
Дүние шолақ.
Ғазиз жан кеудеңізге,

Аз күн қонақ.

Дияқажы:

Ер Шәйкен, білмей қалдық не көргенін, Жақсылық пен жаманның бөгелгенін. Малғабыл, Жанғабылмен тағы, Өлімін зия ғылып жібергенін.

Тәшен:

Қажының өзі келмей, назы келді Алланың күн күркіреп, жазы келді. Ырзағыл ей Мұқажан, Қажыны енді.

Шәйкеннен (Шәкеңнен) алты бала: Мәрмән, Сәпуан, Мұқаш (Мұқаң) (1904-1991), Зияда апай, Әнтай (Қазиза), Кәріғұл (1920-1998).

Мәшекең немересі Шәйкенқызы (Шәкең) Мәрмән.

Зияда апаның қыздары: Сарқыт, Бәтима.

Сарқыттың руы – Керней. Жарылғап батырдың тікелей ұрпағы. Сарқыт – Мұқатай қайнымның әйелі.

Бәтима – 1941 жылы туған. Зияда апамызбен, Қабиден атамыздың қызы. Бәтимада 5 бала бар. Ермек – 1967, Гүлмира – 1969, Эльмира – 1972, Ерсін – 1974, Гүлсара – 1980.

«Көргені жақсы көш бастайды»

Мәшекең немересі Шәйкенұлы Мұқаш (Мұқаң)
(1904-1991)

Әкесі Шәйкен (Шәкең) қайтыс болғаннан кейін, Мұқаш (Мұқаң) қайынағам, түгел ауыртпалықты өзі көтереді. Қазақ халқының басына түскен, 1931-1933 жылдардағы аумалы-төкпелі заманда 22 жасар Мұқаш (Мұқаң) қайынағам, туған-туысқандарына пана болып, Талдықорған облысына көшіріп әкетіп, үкіметтің жұмысына орналасып, халықты ашаршылықтан, зорлық-зомбылықтан аман-eсен сақтап қалады. Бұл ісі кезіндегі, Машақ (Мәшекең) бабаның халықты қырғыздан аман алып қалған, әрекетімен тепе-тең.

Мұқаш (Мұқаң) қайынағамның балалары: Күлдәш, Орынғұл, Күләш, Күлсара, Тойбөпе, Тілеуғұл. Кәріғұл қайным, «Ұрпағыма аманат» кітабында өз әкесі Шәйкен (Шәкең), ағасы Мұқаш (Мұқаң) туралы былай деп сыр шертеді: «…Заманның күннен күнге қиындап бара жатқанын сезіп, март айында қайтыс болған әкем Шәйкенге ел жайлауға көшпей тұрып бейіт салдыруының өзі қандай ерлік, қандай ақылдылық... Сол кезде ағам Мұқаштың басына түскен ауыртпалықтың қанша қиын ауыр болғанын, ержетіп есейгенде ғана түсіндім. ...Ақ самауырын Мұқаштың бес жылдығына арналып, 1909 жылдың ақпан айында Ресей империясының Тула қаласындағы «Торговый Дом Братьев Шемариных» зауытында И.Н. Кошелев көпестің тапсырысы бойынша жасалынып шығарылды. Сыйлықты И.Н.Кошелев Тоқырауын болысына барған кезде Шәйкенге өзі сыйлады. Бұл самауырын мен үшін сол заманнан осы уақытқа дейінгі біздің отбасымыздың басынан өткен орны толмас қайғы-қасірет пен ұмытылмас қызықты, қуанышты күндердің куәсі сияқты, әкем мен шешемнің көзі сияқты. Ақ самауырын мен үшін өте қымбат, келешек ұрпақтарыма аманат, ата-бабаларынан қалған қасиетті белгідей қадірлеп ұстаса екен деймін». Осы ақ самаурынға байланысты өз естелігімді айта кетейін. 1991 жылы Лепсіде Мұқаң (Мұқаң) қайынағам қайтыс болып, жерлеп келген соң, баласы Орынғұл туған – туыстарға әкесінің киім-кешегін, таяғын, тағы басқа заттарың «естелікке алыңыздар» – деп ұсыныс жасады. Мен: «Біздің үйде Сәкең ауырып жатыр, Сағынтай болса қайтыс болған, киімдердің орнына таяғын алам, ұстап жүрем» – дедім. Орынғұл Кәріғұлға: «Кіші ағатым, естелікке ағаңнаң не аласың?» – деп сұрады. Кәріғұл: «Маған ештеңенің керегі жоқ, сары самаурынды бер. Әкелеріміздің көзі ғой, Алматыға апарып реставрация жасатамын, содан соң саған қайтып берем» – деді. Орынғұл: «Самаурын бізге тиесілі, ешкімге бермеймін» – деп айтты. Кәріғұлға қарасам, өңі бозарып кетіпті, мен, Орынғұлды жеңінен тартып, ешкімге білдірмей, далаға алып шықтым. Орынғұлға: «Туған-туыстардың ішінде, Кәріғұлдың алдына, ешкім келген емес. Самаурынды бер, өңдеуден, реставрациядан кейін қайтарып берем деп отыр ғой, әйтпесе Алматыға жете алмайды» – дедім. Орынғұл мені «ака» деп қатты сыйлаушы еді: «Ака, бұл ойыңыз жөн екен, дұрыс айтасыз» – деп, шәй ішіп отырғанымызда, үлкен шашақты салыға орап, ескі сары самаурынды туған-туыстардың көзінше, Кәріғұлға әкеліп берді. Кәріғұл ырза болып, бәріміз Алматыға қайттық. Самаурынды алып бергенім туралы Кәріғұлға да, басқаларына да айтқаным жоқ. Орынғұлға менің сөзімді екі етпегені үшін, оған алғысымды айттым. Реставрациядан кейін, сары самаурын, ақ самаурын болып шыға келді. Бұл самаурын, Кәріғұл қайтқанша залдарында тұрды. 2003 жылы Алматыға барғанымда, Айманға: «Бұл самаурын, Мұқаңның үйіне тиесілі, енді қайтарыңдар» – деп, кезінде өзім куә болған оқиғаны айтып, тапсырып кеттім. Айман бір сөз айтпай, «қайтарамыз» – деді. Самаурын, қазір, Мұқаңның қара шаңырағы, Тілеуғұлдың үйінде тұр. Ақ самаурын, тарихи жәдігер болып саналады, бабаларымыздан қалған жалғыз ескерткіш. Көненің көзі. Орынғұл қайным – ақкөңіл, ізгі ниетті, ақ жарқын азамат еді. Үлкенді сыйлау құрметі тіпті ерекше еді. Сондай кішіпейіл жан еді. Жеңгесі ретінде менің атымды ешқашан атамады. Ағайынның өлік – тірлігінен, тіршілік тынысынан қалмай, атажұртқа келіп тұрушы еді.

Орынғұл мен Білімнен: Бердіғұл, Анар.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»

Мәшекең шөпшегі Мұқаштегі Бердіғұл Орынғұлұлы (1957)

2015 жылы Жантөбетұлы Машақ (Мәшекең) бабамыздың туғанына 200 жыл толуына орай, Бердіғұл және оның балалары Алмаз бен Диаз бірігіп, шежіре құрастырып, естелік басылым (памятное издание) ретінде кітап қылып шығарды.

Бердіғұл: көпшіл, намысқор, адамгершілігі мол азамат.
Бұл қасиет арғы аталарынан қонған қасиет деп ойлаймын.

Бердіғұл мен Дина келіннен: Алмаз (1980), Дияз (1989)
Дияздан Әди (2014)

Мәшекең шөбересі Шәйкентегі Күләш Мұқашқызы

Күләш      -      1965      жылы      Қазақ      Мемлекеттік      қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Қарағанды облысы Ақшатау кентіндегі С.М. Киров атындағы мектепке физика пәнінің мұғалімі боп орналасады. Осы мектепте 38 жыл бойы ұстаздық қызметін абыроймен атқарып, зейнетке шықты. Ақшатауда Қоянбайұлы Қайырберлімен отбасын құрды, үш баланың және тоғыз немеренің әжесі.

1987 жылы СССР Жоғарғы Советі Президиумының қаулысымен көптеген жылдар бойы, адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» төселбегісімен марапатталды.1990 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Халық оқу-ағарту ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 2011 жылдан бері «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының мүшесі. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Атазаңының 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Жолдасы Қоянбайұлы Қайырберлі – Қазақстанның құрметті құрылысшысы (Почетный строитель Казахстана).

Күләш пен Қайырдан: Гуля, Бүркіт, Қайрат. Балалары мемлекеттік мекемелерде, кәсіпкерлік саласында қызмет етеді.

Мәшекең шөбересі Шәйкентегі Тілеуғұл Мұқашұлы (1957) Тілеуғұл – Мұқаш (Мұқаң) қайнағамның қара шаңырағына ие болып отыр. Мұқаң аға балаларын ертіп, Жарыққа жиі келетін, бауырларымен түскен суретін Жүніс ата туралы жазылған мақалада ұсынып отырмыз. Айтпағым, Мәшекеңнің немерелері бір-бірімен туған бауырдай сыйласып, сағынысып көрісетін. Ол кісілердің бір-бірімен сыйласу мәдениеті қазіргі жастарға үлгі болса екн деймін. Ағаның балаларға беріп кеткен тәрбиесінің арқасында Алматыда тұратын балалар: Найман, Айман, Тілеуғұл, Бердіғұл, Абай туған-туысқандардың тіршілік шараларына, игі-істеріне қатынасып, қамқорлық білдіріп отырады.

Тілеуғұл бен Ләззаттан: Ілияс (1988), Азамат (1989)
Азаматтан Әлижан (2014)

Зиялылық эталоны

Мәшекең немересі Кәріғұл Шәйкенұлы
(1920-1998)

Кәріғұл қайным – халыққа, үкіметке абыройлы болған адам. Тектілігі, адамдық келбеті, ішкі жан дүниесі, мәдениеттілігі, кеңпейілділігі, ақыл-парасаты өте жоғары дәрежеде болатын. Сөзімен де, ісімен де, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге бола білді, ақылшы ұстаз, інілеріне қамқор аға болды. Кәріғұл қайным Машақ бабаның және ұрпақтарының қазақ тарихының дамуына қосқан үлестерін қазіргі замандастарымызға, жас ұрпаққа насихаттап, жан-жақта тұрып жатқан туыстардың басын қосып, балаларды бір-бірімен таныстырып, болашақта ауыз біршілігіміз бірдей болсын деп, ар-ұят, намыс, адалдық, жігерлік, принциптерін айтып «Ұрпағыма аманат» – деген кітабында жазып қалдырды.

«Ұрпағыма аманат» деген кітабында бір ғұмырлық тарих қамтылады. Кітап 1998 жылы жазылған. Сол уақытта жазылған кітаптың маңыздылығы бүгінгі күннің «Мәңгілік ел» идеясына толықтай сай келеді. Машақ бабамызға арналған ғұмырнама жазуда осы кітаптың ой-желісі себепкер болды. Ғұмырнама «Ұрпағыма аманат» кітабының жалғасы іспетті, екі ғасырлық тарихты бұрмаламай, деректі, шыншыл болу үшін, кітапта көрсетілген шежіре сызбаларынан ауытқымай жазылды.

Кәріғұл қайным – Ұлы Отан Соғысына қатысқан, майдангер. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылы майданға кетіп, 1947 жылы әскер қатарынан біржола келді.

Кәріғұл – Республикалық «Главснаб» төрағасының орынбасары, Министрлікте, Госпланда, тағы басқа жауапты қызметтерде істеді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1971 жылы 11 майдағы бұйрығымен «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген экономисі» – деген құрметті атаққа ие болды.Үкімет Кәріғұлдың істеген еңбегін жоғары бағалап, орден, төсбелгілермен, екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

«Адамның өзі қандай болса, жары да сондай болады»

Кәріғұл қайнымның туысқандарға деген ілтипаты ерекше болатын. Сәкеңнен екі жас кіші болса да, екеуінің қарым-қатынасы бірге туған бауырдай еді. Менің Кәріғұлдан жасым кіші болғанымен, жолым үлкен еді. Алтынсары екеуі «жеңгей»-деп, алдымнан кесе-көлденең өткен жоқ. Мен отырған жерде, Кәріғұл мен Алтынсары менен бұрын сөйлемейтін. «Жеңгей келгенде, қылдың үстінде отырамыз» – деуші еді марқұм Алтынсары. Жасы келіп, сырқаттанып жүрсе де, қонақ бөлмеге дастарқан жасап, қадірлі қонақтарына арнайы арналған ыдыс-аяғын шығарып, әңгіме-дүкен құрып, күтетін. Дастарқан үсті қысы-жазы піскен жылқының қазысынан үзілмейтін. Сол дәстүрді бүгінгі күнге дейін Жаклин келін сақтап келе жатыр.

Кәріғұл қайнымның үлкен баласы Найман үйленіп, сол тойға барғанда, жолдасы Нұрым мырза біздерді қонаққа шақырды. Ол үйде зиялы қауым өкілдері: академик-дәрігер Ишанбай Қарақұлов, «40-сұрақ» – деген кітаптың авторы, жазушы – Мұхамеджан Қаратаев, тағы басқа да қонақтар болды. Алғашқы тілекті «ең үлкеніміз» – деп, Ишанбай Қарақұловқа берді. Ол кісі қонаққа жұбайынсыз, жалғыз келді. Негізі ұлты – қарақалпақ екен, бірақ қазақиланып кеткен. Екінші болып, Мұхамеджан Қаратаев сөйледі. Келесі тілекті «жан жолдасым» – деп, Нұрым сөзді Кәріғұлға берді. Кәріғұл жымиып орнынан тұрып: «Кешіріңіздер, бұл жерде менен де жолы үлкен, Қарағандыдан келген ағамның жұбайы Зәпура жеңгей отыр, сол кісі сөйлейді» – деді. Тілегімді айтқаннан соң, қонақтар маған «өлең айтып беріңіз» – деп, қолқа салды. Мен апайым Зүбәйрадан үйренген «Түс» деген өлеңді айтып бердім. Өлеңнің авторын білмейтінмін. Өлеңді айтып болған соң, жазушы Мұхамеджан Қаратаев орнынан тұрып: «Бұл өлеңді 1937 жылдары ұсталар алдында, Сәкен Сейфуллин шығарған, бірақ ешқайда жарияланбаған еді. Жазушы Зейін Шашкин екеуіміз сотталып, Иркутскіге кеттік, Сәкеннің қайда кеткенін білмедік. Содан бері өлеңді естіп отырғаным осы. «Сәкеннің өлеңің ұмытпай, айтып жүр» – деп, маған аманат айтты. Мен үзілісте Ишанбай Қарақұловтан: – «Аға, неге жалғыз келдіңіз, бәйбішеңіз қайда?» – деп сұрадым. Ишанбай Қарақұлов сұрағыма келесідей жауап берді: «Қарағым, мені шақырған қазақтар отырысына әйелім бармайды, небір сылтау айтып, үйге қонақ шақырмайды, жолдас-жораларымды мейрамханаға шақырып, сыйлаймын. Ұлыңның ұлына, қызыңның қызына айт өз ұлтынан қыз алып, өз ұлтының ұлына тұрмысқа шықсын, өйткені басқа ұлт өкілдері ішкі пікірлерін қоспайды. Біз Мұхтар екеуіміз амалсыздан орыс ұлтынан әйел алдық. Заман солай болды» – деді.

2014 жылы Алматыға барғанымда «Жас Алаш» газетінің журналисті Меруерт Хусаиновамен кездесіп, әңгімелесіп отырғанда осы өлең тарихын айтып бердім. Ол бұл әңгімені бас редактор Рысбек Сәрсенбайұлына айтыпты, олар мені сұхбат алу үшін, «Жас Алаш» редакциясына шақырды, денсаулығыма байланысты бара алмадым. Ертеңіңде Меруерт келіп, өлеңді диктофонға жазып алды. Сол өлеңді оқырман қауымға жеткізіп отырмын.

Түс

Ұйықтап жатып көрдім түс,

Көрмегенге ғажап іс
Сайран етіп аралда,
Жүреді екен тоты құс.
Құстың бірі –лашын,

Оған не лаж қыласың?
Құстың бәрін ілем деп,
Көкке жайды құлашын.
Тобылғының гүліндей,

Тоты құстың үніндей.
Өтіп өмір барасың,
Бір күнгідей білінбей.
Бұл түсімнің мәнісін,

Замандасым жорысын.
Түсім емес, өңім ғой,
Көрген менің бұл ісім.

Сәкен Сейфуллин, 1937 жыл

Бұл өлеңді жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің басына күн туып, жазықсыз жазаланып, қудаланып жүргенде жазған. Мен тұрып жатқан Жарық кенті қазір жерлесіміз – Сәкен Сейфуллин атымен аталады.

Кәріғұл қайнымның қайтқанына 10 жылдық асын бергенде «Қазақ тағамтану» академиясының президенті, академик – Төрегелді Шарманов келді.

Естелік айтуды бірінші болып, Кәріғұл қайнымның жолдасы және Светаның ұстазы ретінде Төрегелді Шарманов алды. Атын естігенім болмаса, өмірде бірінші рет көруім. Мен ол кісінің қарапайымдылығына, қазақилығына таң қалдым. Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі үйімді сатып алған жиендерінің аманатын айттым. Ол кісі қатты қуанды, «жиендерімді қайтсемде тауып алам» – деді. Ол кісіден:

- «Аға, сізді ет жемейді деуші деп еститінмін, сол рас па?» – деп сұрадым.

- «Ет жемейтін қазақ болушы ма еді. Қазы жеп, қымыз ішем. Шәйді ішіп, жеміc-жидек жеймін. Өзімді сергек ұстаймын, жаяу көп жүрем және суға жүземін, миымды көп жұмыс істетем» – деп жауап қайтарды.

Кәріғұл мен Алтынсарыдан: Жасбота, Жанбота, Найман, Светлана, Айман, Абай.
Мәшекең шөбересі Шәйкентегі Найман Кәріғұлұлы (1955)

Найман – отбасындағы тұңғыш ер бала. Жан-жақты, білімді азамат. Кәріғұл Найманның тойына жан-жақтағы туыстарды шақырып, басын қосты. Осы дәстүрді бүгінгі күні жастар жалғастырып келе жатыр. Саян мен Мағжан аталарына арнап, 2008 жылы ас берді.

Найман мен Маржаннан Саян (1980), Мағжан (1989)
Саяннан Жәнібек (2005)
Мағжаннан Науан (2014)
Мәшекең шөбересі Шәйкентегі Айман Кәріғұлұлы (1958)

Айман мен Жаклин (Жакелина) келінді туыстар жақсы көреді, себебі, үлкендерден бата алған, адамгершіліктері мол, текті жандар. Ата-аналарынан, туысқандармен қалай сыйласу керектігін мұқият үйренген және бойға сіңірген. Бұл ережелерді күні бүгінгі дейін, жіті сақтап келеді. Разымыз!

Айман мен Жаклиннан: Темірлан (1987),
Ержан (1995)
Ержаннан Алэн (2014)
Шәйкентегі Абай Кәріғұлұлы (1961)

Абай – көп оқыған, ағылшын тілін жетік меңгерген азамат. Көп жылдар бойы қызмет бабына байланысты шет ел мемлекеттерінде тұрды.

Шәйкентегі Жанбота (Жанна) Кәріғұлқызы

Машақ бабаның ұрпағынан, қыз балалар ішінен, бірінші филология саласыңда ғалым болған адам – Жанбота (Жанна). Филология ғылымдарының кандидаты. Жанна: Куба, Қытай мемлекеттерінде жұмыс істеді.

Шәйкентегі Светлана Кәріғұлқызы Машақ бабаның ұрпағынан, қыз балалар ішінен, бірінші медицина саласыңда ғалым болған адам – Светлана. Медицина ғылымының кандидаты. Света – Eлбасының жеке дәрігері болды. Светаның бір қызы бар.

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Қоңқыш
(1870-1931)

Машақұлы Қоңқыш атамыз – 1905 жылы 5 шілде күні, Тоқырауын болысында, ағасы Шәйкен болыстың орынбасары болып үш жылға сайланады. Дерек көзі: Попов Юрий Григорьевич – «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. «Хроника фактов». Қоңқыш атамызда бала болмаған. Сол себептен Қарабас атамыздың баласы, Тілеубекті асырап алған.

Мәшекең немересі Қоңқышұлы Тілеубек
(1907-1987)

Тілеубек қайынаға – өзі, балалары және немерелері бүгінгі күнге дейін Қоңқышовтар болып жазылады.

Тілеубек қайынаға – өте білімді есепші болатын.

Кеңес үкіметі заманында Босаға совхозының, Жарық астық сақтау мекемесінің тағы да басқа мекемелерде бас бухгалтер (есепші) қызметін атқарды. Бұл қызметті істеу үшін жан-жақты білімді болу керек. Айлап жүретін ревизиялардан (тексерулерден) аман-есен өтіп, абыроймен зейнетке шықты. Бес уақыт намазын қаза қылмады. Тілеубек қайынаға мен Сағат ападан екі бала: Раушан, Қайырбек. Раушан – жоғары білімді математик. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, жастарға білім беру саласында көп жылдар бойы жауапты қызметтерде істеді. Мемлекет тарапынан Құрмет мадақтамаларымен марапатталды. Туа біткен озық ойлау, көрегендік қасиетінің арқасында білімді шәкірттер тәрбиелеген – ұлағатты ұстаз. Жолдасы Аманбай – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясында жауапты қызметте істейді. Аманбай – халыққа қадірлі, туған-туыстарға сыйлы, жұмысында беделді азамат.

Раушан мен Аманбайдан: Қуаныш, Шыңғыс, Қаныш. Әке-шешесінен алған тәлім-тәрбие, білімнің арқасынада, жиендеріміз, жоғары лауазымды, жауапты мемлекеттік қызметтерде істеп жүр.

Мәшекең шөбересі Қоңқыштегі Қайырбек Тілеубекұлы (1953-2015)

Қайырбек – Алматыдағы технологиялық, Астанадағы темір жол институттарын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер. Осы екі саланы жете меңгерген, білімді, жұмысты ұйымдастыру қабілеті зор болды. Өте зерек болатын, шахмат ойынын жақсы ойнайтын. Есепке жүйрік еді. 2015 жылы сырқаттанып, мезгілсіз қайтыс болды. Машақ (Мәшекең) бабаның ұрпақтарының ішінде ең жас (29 жасында), «Дәрия» совхозында парткомның басшысы, «Нұра» астық қабылдау кәсіпорынының директоры болды. Өмірінің соңына дейін, замана ағымына қарай, «Қарағанды Темір Жолы» басқармасында, бөлім бастығының қызметін атқарды.

Қайырбек пен Раушаннан: Бақытгүл, Нәсіпгүл, Ақылбек (1984-2011), Әсемгүл.

«Жердің құты күйінде, ердің құты үйінде, елдің құты биінде»

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Жүніс (1871-1945)

Жүніс би (Жүкең) атамыз – Қарқаралы уезі, Мойынты болысында, халық соты (би) қызметін атқарған.

Орыс ғалымы-өлкетанушы (краевед) – Попов Юрий Григорьевич «Волостные управителии народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. (Хроника фактов) деген кітабынан үзінді келтірейік:«…с 28 июня 1911 года во главе Моинтинской волости Раимбек Сарбасов и Жумакас Дюсенбаев. Народные судьи и их заместители в аулах….. №11 – Ахмет Нильдыбаев и Жунус Машаков, … С14 декабря 1913 года во главе волости Жумакас Дюсебаев и Раимкул Сарбасов. Народные судьи и их заместители в аулах:….№ 11 – Ахмет Келдыбаев и Жунус Машаков».

Келесі мағлұматқа назар аударайық:
Архивная справка

В документах фонда «Семипалатинского областного правление», в избирательном списке от 1919 г., на должность народных судей по Моинтинской волости, Каркаралинского уезда на трехлетие 1917-1919 гг., содержатся сведения об избрании народного судьи Жунуса Машакова.

Основание: ф.15, оп. 1, д.26

Директор архива М.Т.Сандыбаева Зав.сектором К.И.Сопибекова Исп.Жылысбаева 629132

Жүніс (Жүкең) атамыздың билік қызметінде атқарған міндеттері туралы келесі мағлұматты ұсынамыз: Самоуправление в Каркаралинском уезде. Обязанности народных судей (биев). Народные судьи (бии) избираются на волостном съезде № 261, 1854 г. июня 22.-Указ имп. Николая І o распространении на казахов общих законов Российской империи.

По указу е.и. в Прав, сенат слушали: предложение г-на министра юстиции, стат.-секретаря е.и.в., тайного советника и кавалера графа Виктора Никитича Панина от 27 мая 1854 г. № 9787 следующего содержания: «Государь император, по рассмотрению положения Сибирского комитета относительно распространения на сибирских киргиз общих законов империи, 19 минувшего мая высочайше повелеть соизволил: в[407]изменение и дополнение существующих законов о сибирских киргизах постановить следующие правила:

Недовольные решением биев могут в течение одного месяца со дня объявления им оного жаловаться окружному приказу, который решит сии дела окончательно. Наказание розгами производится в волостном правлении, а приговоренные к аресту содержатся в особой камере в помещениях, имеющихся при окружных приказах для содержания арестантов.

Прочие киргизы, занимающие какие-либо должности, положенные в классах, каковые суть: старшие султаны (председатели окружных приказов), когда они и не султанского происхождения, заседатели в приказах, волостные управители изъемлются также от наказаний телесных, доколе состоят в сих должностях.

Равным образом от сего наказания изъемлются те старшие султаны не султанского происхождения, кои оставили службу прежде выслуги офицерского чина, но служили беспорочно не менее 3-х лет; заседатели в приказах по выслуге ими 6 и волостные управители после 9 лет службы.

Бии, аульные старшины, а равно и лица, имеющие знаки отличия, всемилостивейше награжденные за заслуги кафтанами или медалями, освобождаются от наказаний телесных лишь по преступлениям маловажным, на точном основании № 8 приложения к ст. 19 Уложения о наказаниях.[408]

ведомству Областного управления, согласно с постановлениями ст. 336 и 338 учреждениями для Управления Сибирск. губ. Св. законов, т. ІІ, изд. 1842 г.

а) в постановлении приговора об удалении порочного киргиза должно участвовать не менее ? киргиз той волости,

к которой принадлежит удаляемый;

б) приговор об удалении должен быть составлен единогласно или по большинству голосов и в присутствии волостного управителя, а в случае особенной важности – и заседателя окружного приказа;

в) приговор об удалении представляется через волостного управителя в окружной приказ, который отсылает его со своим мнением в областное управление, а сие последнее представляет оный со своим заключением военному губернатору области, и по утверждении им, приговор сей приводится в исполнение;

г) приговоренные к удалению киргизы ссылаются в Восточную Сибирь на водворение. Киргизы, изъятые на основании предшедшего 5 пункта от наказаний телесных, не могут быть удаляемы из степи по общественным приговорам.

О таковом высочайшем повелении, сообщенном ему, г-ну министру юстиции, г-ном главноуправляющим ІІ отделением собственной е.и.в, канцелярии, он, г-н министр юстиции, предлагает Прав. сенату для надлежащего исполнения.

Приказали: о таковом высочайшем е.и.в. повелении для надлежащего в потребном случае исполнения уведомить господ генерал-губернаторов Восточной и Западной Сибири указами, каковыми для сведения дать знать всем губернским, войсковым и областным правлениям, палатам уголовного и гражданского суда, губернским судам и уведомить господ министров; в святейший же и прав. синод, во все департаменты сената и общие оных собрания передать ведения и припечатать в сенатских ведомостях; для уведомления же г-на главноуправляющего 2-м отделением собственной е.в. канцелярии, в департамент Министерства юстиции сообщить копию с сего определения.

ЦГИАЛ, ф. 1265, on. 2, д. 107, лл. 130-131. Копия.

Билер болыстар сияқты үш жылға сайланған. Билікке халыққа сенімді, сыйлы адамдарды сайлаған. Сөзіміз дәйекті болу үшін келесі мағлұматқа назар аударайық: «...Народные судьи, бии избирались из числа влиятельных родовых лидеров. Выбранным и утвержденным судьям выдавались особые книги для записи судебных постановлений и бийские печати.

В одной кочевой волости в большинстве случаев должно было избираться от 6 до 8 биев, примерно по одному на аул. На каждую должность судьи выбирались два кандидата, утверждение одного из них зависело от губернатора.

За решение дел бии имели право получить бийлык согласно обычаям.

Из компетенции народных судов изымались преступления против христианской веры, против порядка управления, казны, общественного порядка, из системы наказаний исключались телесные наказания.В качестве наказания народный суд мог налагать наказание до 300 рублей, заключение под стражу до полутора лет или ходатайствовать перед областным управлением о ссылке подсудимого.Бии решали окончательно дела ценностью не выше 100 рублей, по более крупным делам можно было аппелировать через волостных управителей к волостным съездам биев, которые назначались по распоряжению уездного начальника для решения дел не более 1000 рублей. Контроль за исполнением решений суда осуществляли волостные управители.

Знак судебного бия. Описание.
Лицевая сторона: в центре государственный герб.
По окружности надпись: «СУДЕБНЫЙ БИЙ».

Оборотная сторона: в центре вензель императора Александра ІІ. Знак носился на цепочке, на шее. Размер 60 x 48 мм.

Алғашқы тарауда Ресей патшалығының 1891 жылы енгізілген, Сібір қазақтары туралы Жарғысында (77 бабы) жаңа қызмет орны ашылатын туралы жазылған. Бұл қызмет-сот билері еді.

Билер соты

Сот билері туралы бастапқыда жазғанбыз. Аталған Жарғыда болыстарға, ауылнайларға, билердің қызмет дәрежесін білдіретін белгі туралы жазылған. Қызмет белгісі қоладан жасалған, шығыршыққа ілінген, мойынға тағуға арналған. Қызмет белгінің оң бетінде қай болыстыққа жататыны, ал арғы бетінде Жарғы қабылданған 1891 жылы көрсетілген. Қызмет белгісі жиналған салықтан түскен қаржыға жасатылған.

Су диірмені

1994 жылы «Көпбейітте» үлкен ас берілді. Баба ұрпақтарының бәрі жиналды. Машақтың (Мәшекеңнің) немересі Кәріғұл, ата-бабалардың қоныс еткен күзек, қыстауларын туған-туыстарға таныстырды. Жәмші өзеніңде Машақұлы (Мәшекеңұлы) Жүніс (Жүкеңнің) жекеменшік су диірмені (водяная мельница) болғанын айтып, тұрған жерін көрсетті. Өзенге барар жолда қалың ши өседі екен.

Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, үлкен ғалым – Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы сол кездегі қазақ шаруашылығы үшін маңызды, алайда оншалықты дами қоймаған егіншіліктің жағдайы туралы былай деп жазыпты: «1880-1882 – інші жылдарда жұтта көп қазақтар жарлы болып қалды. Сонда кедейлер бұрынғы бейнеттерінен егінге ауысты. Тоқырауынның қабағынан арық қазып, тоған қылып, өз алдына жатақ болып, егін салады. Мұнда Тоқырауынның егін салатын жері Балқаш көліне жақын. Сол себептен жазда күн ыстық, жаңбыр аз болады. Сол үшін егінді суарады. Кедейлер жиылып, тоған салуға жер аз деп, Тоқырауыннан суды бұрып, үш(3) шақырымдай жерге дейін жүргізді, арықтың тереңдігін бір жарым кез, енін екі жарым кездей қылып қазады (Тоғанды 20 кісі болып қазады. Ә. Н.)

Апрельдің аяғында жатақтар егін сала бастайды. Жаман саймандарымен солар жұмысты оңайырақ қылу үшін егіндікке құлақтан су жіберіп босатып алып, жаман тіспенен ( соқамен ) жыртады.

…Егінді майдалайтын «борона» деген аспапты қазақ білмейді, талды байластырып майдалайды.

…Ағұста(Август) егін ора бастайды.

…Онан соң орған бидайды біздің жатақ қазақтары мұжықтарша орып ұрмайды, қырманды атыменен бастырады.

...Қырманды егіндіктің маңына қатырып істейді, аттың тұяғы батпайтын қылады. Жатақтар ат тауып та ала алмайды. Бір айдағанда, ең болмағанда, 5 ат керек. Осындайды бай қазақ көп пайдаланады: аттарымен сағаттап, иә күндеп, бидай бастырғанына көп ақы алады...».

Күзге қарай, ел жайлаудан қайтып, Жәмші өзені бойына қарай қоныс аударып, егінін жинайды. Сол заманда-ақ бидай (қазіргі уақытта бұл тұқым селекцияда мүлдем кездеспейді), зығыр тағы басқа дақылдар егілетін. Орылған бидайды су диірменінде тартып, халыққа таратып, қалғаны Қоянды жәрмеңкесіне (1848-1930) апарылатын. XІX ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

1869 жылы 12 қыркүйекте, Батыс Сібір Бас басқармасының кеңесі, Қоянды жерінде жыл сайын 15 маусымнан 15 шілдеге дейін, жәрмеңке ұйымдастыруды бекітеді.Атақты Қоянды жәрмеңкесі сексен екі жыл бойы халықтың өтеуін өтеді. Заман ағымымен 1930-шы жылы тынысы тоқтады. Астықтан басқа жәрмеңкеге мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар апарылатын. Жәрмеңкеге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, ұн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан, темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін.

Орта Азия саудагерлері болса әр түрлі шапан, кілем, жібек, мақта-мата кездемесін, ер-тұрман әбзелін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін жеткізетін. Қоянды жәрмеңкесінен: қажетті киім-кешек, тағы да басқа керекті заттар сатылынып алынатын.

Кәріғұл «Ұрпағыма аманат» кітабында Жүкең туралы былай деп сыр шертеді: «…1940 жылы июнь айының аяқ кезінде мен мынадай бір ғажап түс көрдім: түсімде Қарағандының бір көшесімен келе жатыр екенмін, жер қозғала бастады, бір кезде жердің қозғалуы соншалық қатты болды, көптеген адамдар жердің астына түсіп кетіп жатыр, мен «әні кеттім, міні кеттім»- деп жер бауырлап жатырмын. Бір кезде жердің қозғалысы біртіндеп бәсеңдеп барып тоқтады. Орнымнан тұрып аспанға қарасам аспан біртіндеп ашылып келеді. Қап-қара қара бұлттар, танк, зеңбірек, самолеттердің бейнесіне ұқсап батыстан шығысқа қарай жөңкіп, көшіп барады. Артынан күн шайдай ашылып, дүние күн сәулесіне бөленді.

Оянып кетсем, жүрегім қатты соғып жатыр екен, ұйқым шайдай ашылды. Түпкі үйде Сарыкен екеуміз жататынбыз, ауыз үйде Жүкең (Жүніс) бәйбішесі екеуі жататын. Ол күні Сарыкен түнгі сменада шахтада жұмыста, мен жалғыз жатқанмын. Көпке дейін ұйқым келмеді, сонан соң далаға шығып ауа жұтайын деп сыртқа шықтым. Сағатқа қарасам түнгі үш екен. Біраз жүріп үйге кірсем, ауыз үйде шам жанып тұр, дастарқан жайылған, дастарқанда бауырсақ, қант, конфеттер. Жүкең мен бәйбішесі киініп дастарқан басында отыр. Мен таңырқап: «Бұларыңыз не, сәресі ішетін ораза емес» деп күлдім. Жүкең: «Балам отыр, сен бір ғажайып түс көрдің ғой, сен сол түсіңді айт, мен жориын»-деді. Мен не істерімді білмей сасып ( ол кезде біз сияқтыларға түске сену, түс жорыту деген жат нәрсе болатын) «Жүке, қойыңызшы, қазақ «түс түлкінің боғы» демей ме деп, қашқалақтап едім, Жүкең ренжитіндей болды. Сондықтан түсімді айтуға мәжбүр болдым.

Жүкең түсті мұқият тыңдап, біраз уақыт үндемей ойланып отырды да: «Балам, жер қозғалғандай дүние жүзілік үлкен соғыс болады екен. Соғыс батыстан басталып шығыстан бітеді екен. Сен сол соғыстарға қатысып, тірі қалады екенсің. Түсіптің көруі, Жақыптың жоруы, аллаһу әкбар» – деп қолын жайып, бетін сипады. «Қабыл болсын!»-десіп, дастарқаннан бір- бір бауырсақ алып жедік, бауырсақ менің тамағымнан әрең өтті. Мен түпкі үйге кіріп, төсегіме жаттым. Бірақ маған таң атқанша ұйқы болған жоқ».

Жәбен апамыз – түгел аталарына, қайынағаларына, қайындарына, қыздарына бәріне жеке -жеке сыбаға арнап, сақтап отырған. Ол кісі бүкіл әулетке: сыйлы, қасиетті, қадірлі болатын. Жәбен апа – кейіннен үлкен ұлы, Қысекеңнің әйелі, Ақбөпілдің қазасын көтере алмай, қайтыс болды.

Жүніс (Жүкең) атаның балалары

Жүніс (Жүкең) қайынатам мен Жәбен апамыздан төрт ұл, екі қыз туады. Қыздары бала кездерінде қылшадан жастай дүние салған.

Қысатай қайынағам (1895-1986)
Төлеген қайынағам (1902-1963)
Бөлеген қайынағам (1908-1975)
Сарыкен (1912-1992)

Мәшекеңнің немересі Жүнісұлы Қысатай (Қысекең) (1895-1986)

Әрі атам, әрі жездем – Жүкеңнен және Жәбен апамнан туған – Қысатай қайынағам (Қысекең) – Мәшекеңнің үлкен немересі.

Қысекең – жас кезінде барымташыларға қарсы шыққан батыр найзагер болған (воин). Найза ұстап соғысу мәнерін жетік меңгерген; жауға қарсы шыққанда өжет, күш қайраты мол, ержүрек болған. Халық осы қасиеттері үшін Қысекеңді сыйлап, қадірлеген. Немеренің үлкені болған соң ерке, бұла болып өскен. Ол кісіге бала кезінде, құда түсіп, қыз айттырып қойған екен. Бірақ, сол кездегі дәстүр бойынша, қызды он алты жасқа келмейінше, атастырылған жігітіне көрсетпеген. Қыз он алтыға келгенде, Қысекең, жора-жолдасымен, сән-салтанатымен, қыздың ауылына ұрын барады. Бірақ, айттырылған қалыңдығы көңілінен шықпайды. Ауылына қайтып келген соң, әкесіне: «Енді, маған әйел айттырмаңдар, өз қалағанымды аламын» – депті де үйінен тауға кетіп қалыпты. Ауылға айлап жоламапты. Қысекең «үйленбеймін» – деп, ойын ашық айтқан соң, қыздың әке-шешесі, қалыңмалы өтеліп қойған деп, қалыңдықтың жасауын әкеліп беріпті. Сонда енеміз: «Құдай сақтасын, келін келмей, жасау келді деген не сұмдық?» – деп қапалы болған екен. Содан үлкендер ақылдаса келіп: «Кімді алатыныңды өзің шеш, тек текті жерден болсын» – депті. Сосын елден сұрастыра, Бәйсейіт бидің немересі, Ақбөпілден асқан сұлу, ақылды қыз жоқ дегенді естіп, Қысекең, сол ауылға жолға шығады. Қыздың ауылына келіп, баса – көктеп, қыз отырған үйге барып, бір-ақ түсіпті. Бұл не қылған бассыздық деп ел шулапты. Осы кезде ол кісі Ақбөпілді көріп, сұлулығына тәнті болып қалған екен. Қысекеңді ауыл жігіттері ұстап алып, ауыл анасы Бәдімге, жүгінуге апарыпты. «Өй, мынау әлгі Қысатайжан жиен ғой. Жастықпен бір қателік кеткен болар. Босатыңдар, айыбын өтеу үшін, жанына кісі қосып беріңдер» – деген екен. Содан Қысекең жанына ерген кісімен ауылына қарай келе жатса, алдынан боталы түйе жетектеген бір адам шыға келіпті. «Қысеке, сіздің түйеңіз біздің ауылда жүргелі үш күн болды. Соны айдап әкеле жатыр едім» депті. Қысекең түйені ботасымен қоса, өзімен ілесіп келе жатқан адамға: «Aйыппұлға өтегенім болсын» – деп беріпті. Сосын үлкендер барып, құда түсіпті. Олар біздің жақтан өз балаларына Зияда апаны сұрапты. Сөйтіп, екі жақ қарсы құда болыпты.

Ақбөпіл енеміз, келін болып түскеннен соң, қайын аталарының біреуіне де бет жүзін көрсетпеген. Алдарынан кесе көлденең өтпеген. Ата салтты қатаң ұстаған әрі тектіліктің туын жоғары көтерген аяулы жан болған екен. Қайындарының атын атамай, оларды еркелетіп, басқаша атаған.

Мысалы: Бөлеген қайынағамды «Қара» деп атаса, менің жолдасым Сарыкенді «Сары» деп атаған. Менің жолдасым, жеңгесі қойған атпен өмір сүрді, тіпті төлқұжатына да солай жазылды. Тек қайтыс болғанда ғана, құран шығарылғанда, өзінің азан шығарылған атымен аталды. Ақбөпіл енеміз тұңғышы Арынғазыға босанғанда, баланың жолдасы түспей, қайтыс болған. Хәл үстінде жатқанында, көңілін сұрауға барлық қайынаталары келіпті. Аталары үйге кіріп келгенде, Ақбөпіл енеміз, әл үстінде жатса да, соңғы күшін жинап, көрпенің шетімен бетін бүркеген – дейді. Сонда аталары:-«Қарағым-ай, енді не қалды?» – деп, көздеріне жас алған екен.

Қысекең, Ұлы Отан Соғысына қатысып, аман-есен оралған соң, Жарық кентіндегі, Шет ауданына қарасты тұтынушылар одағының (райпотребсоюздың) қойма меңгерушісі қызметін атқарды. Соғыстан кейінгі қиын жылдарда темір жолмен келген күллі жүк, оның ішінде азық-түлік, тауар алдымен Жарыққа келіп түсетін де, сосын жүк машинасына тиеліп (бір кездері ат – арбамен тасылған), аудан орталығы Шет ауданына және басқа да совхоз, колхоздарға таратылатын. аталған қызметте 47 жыл бойы қызмет істеп, абыроймен зейнетке шықты.

Мен      бұл      әулетке      келін      боп      түскен 1956      жылы, Қысекеңнің тұңғышы Шолпан Қарағандының Пединститутында оқиды екен.

Заманның иіріміне түскен, байдың ұрпақтары деп қудаланғанда, туған-туысқандарының атамекені Ақтоғай ауданы, Жәмші ауылынан кейін, Шет ауданы, Жарық кентіне жинап, шет жерде жүрген бауырларымен арабша хат жазысып, қиын-қыстау заманда бауырларына, немере туысқандарына қамқор болды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Құран-Кәрімді арабша оқып, Күләйім апамен бес уақыт намазын қаза қылмай, адамгершілікке, ар-ұждан, ұят, тектілік, адалдық, қайрымдылық, бауырмалдылық деген принциптерді жас ұрпаққа насихаттап кетті.

Соғыстан кейінгі жылдарда Жарықта үкімет басшылары жоқ болатын. Халық өлім-жітім, даулы мәселелер туындап жатса, Қысекеңе келіп жүгінетін. Ол кісі барлық ауыл мәселелерін шешіп, реттеп, тиянақтап отыратын ауыл ақсақалы ретіңде халыққа сыйлы, сөзі өтімді, қадірлі кісі болды.

Өзі ескіше есеппен 500 сом зейнетақы алатын, оны қарыз сұрағандарға беретін. Кейбіреуі қайтаратын, енді бірі қайтармайтын. Оның есебін сұрап жатқан ол кісі жоқ. Қолы ашық адам болатын. Және де, өліктен ешуақытта, ештеңе алмайтын. Білімі жетіп тұрса да, намаз шығармайтын. Содан соң, менің төркінім, ол кісінің нағашылары, табын руының өлік-тірлігіне барғанымызда, олар «Қысатай жиеніміз келді» – деп, ол кісіні өте зор құрметпен тік тұрып, қарсы алатын. Қысекеңе мал соятын және мал атайтын. Атаған малды ол кісі ешқашан алмайтын және де бізге де алдыртпайтын. - «Атаған малды неге алдыртпадыңыз?» – дегенде, – «дер кезінде қайтара алмасаңдар, мойындарыңа қарыз болады», – деуші еді. Бір жылдары автобус жүрмейтін уақытта, ат-арбамен Кеңшоқы ауылына бардық. Қайтар жолда Ақсуда отырған Төлеуқұл (Төкеңдікіне) Отыншиндікіне келіп түстік. Екеуі қуанысып құшақ жая көрісті. Екеуі бір заманда жұмысты бірге істеген. Қысекең – Жарықта тұтынушылар одағының қойма меңгерушісі болып тұрғанда, Төкең – Шет аудандағы тұтынушылар одағының бастығы болып істеген екен. Екі кісі түнімен отырып, әңгіме – дүкен құрысты. Сөз төркіні былай еді. Төкең айтады:

– «Қысеке, кезінде бірге жұмыс жасадық. Халық алдында борышымызды адал орындап, абыройлы болып, зейнетке шықтық. Соның барлығы сенің арқаңда» – деді.

Қысекең болса:

– «Төке, менің арқамда емес, өзіңнің ақ адал еңбегіңнің арқасында еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы атандың» – дейді.

Екі кісінің әңгімесінен бір-біріне деген ыстық ықыластың, достық пейілдің, сыйластықтың ерекше, һәм өте жоғары деңгейде екендігін пайымдауға болатын еді.

Ертеңіңде Төкең ат-арбамыздың жетегіне қорасында тұрған тайын жетектеп әкеліп байлады. Қысекең атаған малды алған жоқ. «Сен маған ештеңе де қарыз емессің. Осы күткенің, сыйлағаның, дәм бергенің де, жетеді» – деді.

Сол жылдың күз айының соңына қарай, Төкең ешкімге, ештеңе де айтпастан жүк машинасына тиеп, үлкен семіз жылқыны Қысекең соғымына сойсын деп, Жарыққа беріп жіберіпті. Соғым сойғандардың, «Мұндай да, достыққа адал, жандар да, болады екен-ау» – деп таңғалысып, таңдай қағысқандары есімде қалыпты.

Ол кісі біреудің ала жібін аттамайтын. Қиыншылық заманында Жәмшіден Ақтоғайға бару үшін, көршісінен «екі-үш күнге» – деп, мініп баруға, байтал сұрап алады. Ол кісі шаруасын бітіріп, ауылға қайтайын десе, өзен тасып кетіпті. Қысекең тасып жатқан өзеннен ауылға аталған мерзімнен кешігіп келеді. Ауылға келсе, мінуге байтал берген көршісі басқа жаққа көшіп кеткен екен. Қысекең ол кісіні өмір бойы іздеп таппады. Қайтыс болар алдында мені өзіне шақырып алып: «Түс көрдім. Қарағанды облыстық мешітке баруым керек, мені Жорғатай екеуің апарып келіңдер» – деді. Қарағанды қаласына келісімен Қысекең мешіттің имамымен кездесіп, жылдар бойы байталдың иесін немесе туыстарың таба алмай келе жатқаны туралы, о дүниеге қарыздар болмай кетуі туралы айтты. Мешіттің имамы Қысекеңнің әңгімесін мұқият тындап алып: «Байталдың бүгінгі күннің құнын есептеп, мешіттің кассасына тапсырып, квитанция алыңыздар. Әр жұма намазында байталдың иесіне құран бағыштап отырамыз» – деді. Қысекең байталдың құнын ескіше 700 сомға теңеп, кассаға төледі, имам құран оқыды. Мешіттен шыққан соң Қысекең мені дүкенге апарыңдар, сүйекті жуған кісілерге бірыңғай жеті костюм алуым керек деді. Орталық Әмбебап Дүкеніне (ЦУМ) – ға кіріп, Қысекең, өзі жинаған ақшасына бес костюм, басына малақай, аяғына пима сатқызып алды. Қайтар жолда, Абай қаласына соғып, тағы екі костюм сатып алдық. Сәкең күнде барып, ағасының хал-жағдайын сұраушы еді. Бір күні ертемен ертелетіп ағасының үйіне кеткен. Бір кезде бір бала жүгіріп келіп, сізді шақыртып жатыр деді. Келсем, ата, екі беті қызарыңқырап, керуетте жатыр екен. Туған-туыс, көрші-қолаң, ағайын, жегжат жиналып кешу айтысып жатыр екен. Ата мені көре салып, ұсталынбаған ыдыстарды шығарып, суыңды жылыта бер деді. Біз, Жорғатай екеуіміз ол кісінің сөзіне күмәндансақ та, айтқанын істедік. Молда шақыртып, дем салғыздырттық. Ол кісі өз иманын өзі айтып жатып, көз алдымызда, жүріп кетті. Мені сұраған елге, үлкен үйдегі келінім, туған нағашым деп таныстырушы еді. Қысекең бір күні біздің үйде түстеніп отырып маған «Мен өлсем, мәйітімді мына қабырғаңда ілулі тұрған қоңыр кілемге орап шығар» – деді.

- «Ойбай, ата, өз үйіңізде де, кілем бар ғой» – деп едім. Қысекең «Жоқ, бұл үй, менің өз үйім, қара шаңырағым» – деді. Бірақ, бұйрық басқаша болып, апа, атадан бұрын қайтыс болды да, ол кісінің мәйіті сол кілемге бірінші болып оралды. «Жазмыштан, озмыш жоқ» деген осы. Ападан кейін бір – екі жылдан соң, ата да, қайтыс болды. Біздің үйдегі сол қоңыр кілемге кейін атаның да мәйіті оралып, шығарылды. Атаның аманатына қиянат жасамадық. Қазір ол кілемді Жарықтағы үйге тәбәрік қылып, қабырғаға іліп қойдық.

Қысекең атамыз бен Күләйім апамыздан: Шолпан, Жорғатай, Тілеутай.

Қысекеңнің бәйбішесі, Күләйім апа (Күлекең) туралы да, айтарым көп. 1956 жылы мен сол үйге келін болып түстім.

Күләйім апа (Күлекең) – Сазанбай руынан шыққан, атақты Көшкінбай бидің қызы еді. Ұзын бойлы, бет-әлпеті аппақ қағаздай, сұлу, өңді кісі болатын. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын. Үлкен үймен біздің үй қатар тұрдық. Біздің үйде Мәкеш, ол үйде Тілеутай болатын. Күн ұзаққа біз сол үйде жүретінбіз. Ол үйден ертелі-кеш қонақтар арылмайтын. Ет асылып, бауырсақ пісіп, шәй қайнап жататын. Берекелі үй еді. Кешке жақын Сәкең гармоньда, Тілеутай домбырада ойнайтын. Бәріміз мәз-мейрам болысып, үйді үйімізге тарасатынбыз. Ол кезде менің үй шаруасына мүлдем икемім жоқтын. Өйткені, жастайымнан ер балаша тәрбиелендім. Жалғыз інім, 1951 жылы ғана дүниеге келді. Оған дейін, әкеме қолғабыс жасап, ер баланың жұмысын атқардым. Ат құлағында ойнадым. Бұның бәрі мінезімнің қалыптасуына да әсер етті. Осы кезде айтайын дегенім, Күлекеңнің адамгершілік қасиетінің жоғарылығы. Өз енемді көрген жоқпын, Күлекең апа маған абысын болатын, бірақ өмірде екінші анам іспетті болды. Таңертең ертемен ертелетіп келіп, біздің үйдің отын жағып беретін, қонақ-кәде, ет-табақ тарту ережелерін үйретті.

Мәшекең шөбересі Жүністегі Шолпан Қысатайқызы (1936)

Қысекең мен Күлекең апа (Күләйім) шаңырағындағы ең тұңғыш бала – Шолпан, 1936 жылы 27 қазанда дүниеге келді. ҚарПИ-н «Химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 1959 жылы жұбайы Ноян Тайгөкұлы екеуі жас маман ретінде жолдамамен Шет ауданының, Бұрма совхозына жіберілді. Шолпан – Бұрма орта мектебінде 40 жылдан аса химия және биология пәнінен сабақ берді. Оның өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие сіңірудегі орасан зор еңбегі әділ бағаланып, «Қазақстан Білім Беру ісінің үздігі», «Қазақ КСР-і Оқу ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері», «Тәлімгер ұстаз» құрметті белгілерімен марапатталды.      Шолпан – оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы қызметінде бірнеше ұрпақты тәрбиелеп өсірді. Оның шәкірттері өмірдің кез келген саласына араласып, елге танымал адамдарға айналды.

Ноян Тайгөкұлы – Қарағанды Медицина Институтын бітірісімен, Бұрма учаскелік ауруханасында бас дәрігер болып тағайындалды, 14 жыл еңбек етіп, 1973 жылы дүние салды.

Шолпан, Ноян қайтыс болғанда, небәрі 37 жаста еді. Жалғыз өзі өмірдің қиыншылығына қарамай, төрт баланы тәрбиелеп, өсіріп, одан 7 немере, 3 шөбере сүйіп отырған аяулы әже.

Шолпан мен Нояннан төрт бала: Гүлнәр, Бауыржан, Талғат, Сердалы.

Гүлнәр – Астана қаласы әкімінің аппаратында жұмыс істейді. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Бауыржан – Тіс дәрігері.Үш баласы, үш немересі бар.
Талғат – «Астана» халықаралық әуежайында еңбек етеді. Бір баласы бар.
Сердалы – кәсіпкер.

«Абзал азамат, үлгілі басшы»

Мәшекеңнің шөбересі Жүністегі Жорғатай Қысатайұлы (1939-2005) Жорғатай – текті, кішіпейіл азамат еді. Білімі мен біліктілігінің арқасында, достарының алдында ұдайы беделі үстем еді. Жанұяда жалғыз ұл болса да, сан алуан қызметтерді игеріп, абыроймен атқарды: Жарық кентінде «ХПП», наубайханада (хлебопекарня), «Жаңаарқалық ОРС», «Нефтебаза» мекемелерінің директоры болды. Ұйымдастыру қабілетінің арқасында халыққа сыйлы, ардақты болды. Жарық кентінде «Көпбейіттен» кейін, Машақ (Мәшекең) бабаның ұрпақтары жерленген, екінші үлкен қорым орналасқан. Қазақ халқында «аманат» деген ұғым бар. Кейкі ата, қайтыс болар алдында Жорғатайға Қамила апаны, аманат ретінде тапсырып кетті (ол кісіде бала болмаған). Жорғатай – сол аманатты орындап, сал болып жатқан апаны, күтіп, арулап жерледі. Бұл ісі: үлкендерді сыйлау, құрмет тұту, аманатқа қиянат жасамау, аманатты орындау болып табылады. Қазіргі жастарға үлгі боларлық ізгілікті іс.

Жорғатай марқұм – Жарықтағы туған-туыстардың тіршілігі, қайтқанда жерлеу мәселесі тағы басқа міндеттерді абыроймен атқарып отырды.

Жорғатай мен Нұрбаладан: Арман, Арғынтай, Дана, Сымбат.

Арман – 1969 туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің филология және "Болашақ" Университетінің экономика факультеттерін бітірді. Қазіргі таңда кәсіпкерлікпен айналасады.

Ұлы Батырлан – 2006 туған.
Дана – 1975 туған.

Дана мен Төкенайдан үш ұл: Гизад – 1996, Нұрмағанбет – 1999, Жәңгір – 2001.

Сымбат – 1976 туған.

Сымбат пен Пулаттан екі ұл: Әмірбек – 2013, Бектемір – 2015.

Асылдың сынығы

Мәшекең шөпшегі Құсатайтегі Арғынтай Жорғатайұлы (1971).

Жүніс атаның ұрпағын жалғастырушы, Арғынтайдың дүние есігін ашуын, алла тағаллаға сиынып, түгел туыстар болып, зарығып күттік. Қысекең азан шақырып, есімін Сағынтайға ұқсатып, Арғынтай деп қойды. Сағынтай қайтыс болғаннан кейін, Арғынтай – Жүніс ұрпағынан тараған барлық үрім-бұтақтың – көшбасшысы, тірегі болып табылады. Жас та болса, бас болып отырған, халыққа жәйлі, туысқа сыйлы жігіт. Арғынтай – Жарық кентінде темір жол салатын ЖМС (ПМС – Передвижная Механизированная Станция) – мекемесінің басшысы болды. Мемлекеттік маңызы бар «Жезқазған – Сексеуіл» темір жолын салуда атқарған жұмысы бойынша, ұлттық сертфикатпен марапатталды. Қазір «Арқалық – Шұбаркөл» темір жол салатын мекеменің басшысы болып, қызмет атқарады.

2015 жылы Жарық кентінде әке-шешесіне арнап, үлкен ас берді. Ауылдың шетіне киіз үйлер, палатка тігіліп, бақилық болған, туған-туысқандарға бағыштап, құран оқытты.

Мәшекең шөбересі Жүністегі Тілеутай Қысатайқызы (1942).

Тілеутай – Қысекең атамыз бен Күләйім апамыздың ең кенжесі бола тұра, еңбекке ерте араласты. Сегіз қырлы, бір сырлы деп, Тілеутайды айтуға болады. Он саусағынан өнер тамған, домбырада жақсы ойнайды, дастарқаны мол, ақ пейілді адам. Тілеутай – құт-береке дарыған, үлгілі, өнерлі, қонақжай отбасының отанасы. Тілеутай, сауда саласындағы ұзақ жылғы қызметі үшін, мемлекет тарапынан «Совет Саудасының Озаты» төсбелгісімен марапатталды.

1984 жылы Жезқазған Қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қызметте абыройлы болғаны үшін, облыстық газеттерде Тілеутай туралы мақалалар басылып тұрды. Бакизов Аманжан Махметұлымен шаңырақ көтеріп, екі ер бала мен бір қыз баланы өмірге әкелді.

Аманжан – 1940 жылы туған. Мемлекеттік жауапты қызметтерде, Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде (КГБ)-да қызмет етіп, зейнетке полковник шенінде шықты.

Тілеутай мен Аманжаннан: Біржан, Ғайни, Сая.
Біржан мен Еленадан: Адина, Асем, Жания, Жанұзақ.
Ғайни мен Эльмирадан: Тілеуғабыл, Темірлан, Санжар.
Сая мен Ернардан: Камила мен Әлімжан.

Мәшекең немересі Төлеген Жүнісұлы
(1902-1963)

Төлеген қайынағам – 1944 жылдары Жарық кентінде, Шет ауданына қарасты «Райпотребсоюз» қойма меңгерушісі қызметін атқарған. Келіндері «Ортаншы аға» – деп атайтын. Қамила апайға үйленген. Төлеген қайынағамнан ұрпақ қалмады.

Мәшекең немересі Бөлеген Жүнісұлы
(1908-1975)

Бөлеген қайынағам – Ұлы Отан Соғысына қатысып, аман-есен елге қайтты. Тоты апайға үйленген. Бөлеген атамыз бен Тоты апамыздан Дария (Дәкеш) атты қыз бар.

Жүністегі Дария (Дәкеш) Бөлегенқызы

(1953)

Дәкештің негізгі мамандығы – бухгалтер (есепші), Қарағанды облысы бойынша, астық корпорациясында ревизор болып қызмет істеді. Көп жылдар бойы Қарағандыда тұрды. Қазір Астанада тұрады.

«Тектілікті ту еткен»

Мәшекең немересі Сары (Сарыкен) Жүнісұлы
(1912 -1992)

Сары – (азан шақырылып қойылған есімі – Ыбыраһым).

Жеңгесі Ақбөпіл еркелетіп, «Сары» – деп, атап кеткен. Сарыкен ағаларымен және туған-туысқандарымен, репрессия уақытында, «байдың тұқымы» деп, қуғынға ұшырап, әркім әр жаққа: Балқаш, Алматы, Қарағанды қаласына көшуге мәжбүр болады. 1935 жылдың қараша айында Сарыкен отбасымен Балқаш қаласынан Қарағандыға жұмыс іздеп көшіп келеді.

Туған ағасы Төлеген қайынағаммен, немере ағасы Кейкі қайынағаммен, туысқан ағасы Көкен Бәдіғұлұлымен бірге «Қарағандыкөмір» тресіне, №35 шахтаға кенші боп жұмысқа орналасады. Сәкең 1935 жылдан бастап, бір ғана №35 шахтада, табаны күректей жиырма бір жыл жұмыс істеп, 1956 жылы 19 мамырда зейнеткерлікке шықты.

1938 жылы Кеңес үкіметі тарапынан «КСРО-ның Құрметті кеншісі» (Почетный шахтер СССР) атағын иеленді. Ұлы Отан Соғысы жылдары (броньмен), күні-түні демей еңбек майданында жұмыс істеген. Еңбегі үшін, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысы кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі қажырлылығы үшін», «Ұлы Отан Соғысына отыз жыл 1941-1945 жж.», «Ұлы Отан соғысына қырық жыл 1941-1945 жж.» төсбелгілерімен (медальдарымен) марапатталды. «Еңбек Қызыл Ту» ордені сол кездегі Кеңес үкіметі бойынша ең үлкен дәрежедегі марапат болатын. Бұл марапат сол кезде шахта бойынша төрт кеншіге берілген болатын. Үкімет төртеуіне де, Ұлы Отан Соғысы кезінде «Еңбек Армиясында» сіңірген ерен еңбектері үшін, Қарағанды қаласының «Дальний Парк» аймағынан, жеке-жеке үй салып береді. Сарыкен, үкімет салып берген жеке үйде 1956 жылға дейін тұрып, зейнетке шығысымен, Жарық кентінде тұратын туған – туысқандарының жанына көшіп барады. Бес қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді.

1992 жылы Жарық кентінде дүниеден озды. Халқына қалаулы, еліне сыйлы азамат болатын. Ешқашан кісінің көңілің қалдыратын іс істемейтін, бейпіл сөйлемейтін, ақкөңіл, ақжарқын, ішкі жан дүниесі таза адам еді. Тектіліктің туын төмендетпей, жоғары ұстаған жан.

Өнерден де кенде емес еді. Қобыз тартып, домбырада, мандолинада ойнайтын.

Машақ бабасы (Мәшекең) іспетті, аңшылықпен айналысатын. Асыл тұқымды тазылармен түлкі, тағы да басқа аңдарға шығатын.

Сарыкеннің балалары: Мәкеш, Бану, Ғалия, Ақмарал, Сағынтай, Айгүл

Мәшекең шөбересі Жүністегі Мария (Мәкеш) Сарықызы (1948)

Мәкеш Сарықызы – өзінің өнегелі өмірінде талайларға үлгі бола білген жан. Саран қаласындағы мұғалімдер училищесін тәмамдаған соң, 1978 жылы Алматыдағы Қазақтың Педагогиялық Институтын, тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Оқу – ағарту ісіне белсене араласқан ұлағатты ұстаздың еңбегі еленіп, Құрмет мадақтамаларымен марапатталды. 1980 жылы Оқу Министрлігінің Құрмет Грамотасымен, 1987 жылы «Қазақ КСР-і Оқу ағарту ісінің үздігі» атақтарымен марапатталды.

Жарты ғасырға жуық өмірі ішінде өзгенің баласын өзінікіндей көріп, тәрбиелеген өнегелі ұстаз, абзал ана. Жолдасы Қанат екеуі Бауыржан (1974) мен Жаннұрды (1976) тәрбиелеп өсіріп, ер жеткізді, үш немеренің сүйікті әжесі.

Бауыржан – шағын бизнес өкілі. Бауыржан мен Құндыздан: Әділет (2006), Кәусар (2008).

Жаннұр      –      Астаналық банкте басшылық қызметте.

Жаннұр мен Нұржаннан – Малика (2015).

Мәшекең шөбересі Жүністегі Бану Сарықызы
(1961)

Бану – 1988 жылы Алматы Технологиялық Университетінің, экономика факультетін үздік бітірді, мамандығы инженер-экономист. «Жарас» АҚ кәсіпорынында бас экономист болып, қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап, Қазақстан Кәсіпкерлер Қауымдастығының, бас есепшісі қызметін атқарады. Қазақстан мемлекетіндегі кәсіпкерлікті дамытуда қосқан үлесі зор. Кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, салық жүйесі, статистика саласы бойынша мағлұмат беріп, кәсіпкерлікті дамытуға ақыл-кеңес беріп отырады. Қарағандыда тұрады.

Мәшекең шөбересі Жүністегі Ғалия Сарықызы (1963)

Ғалия – орта мектепті бітірген соң, Алматы темір жол академиясының қозғалыс бөлімін бітіріп, инженер мамандығына ие болды. Оқуды бітірген соң, Мойынты станциясына жолдамамен келіп, қызметін парк кезекшісі болып бастайды. Төрт жылдан кейін, Жарық темір жол станция бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Жарық – үш тармақ жолдың қиысында тұрған тораптық станция. Қарағанды, Алматы мен Жезқазғанға бағыт алған жүк және жолаушы құрамаларының локомотивтері осында ауысып, электровоздар тепловозға ауысады, вагондарды сұрыптау жұмыстары жүргізіледі. Ғалия өз ісінің маманы, күндіз-түні темір жол қызметін қадағалап, шешуі қиын түйіндей ширатылып жатқан шиыр жолды кірпік қақпай бақылап, қозғалысты басқарып отырған жан.

Мәшекең шөбересі Жүністегі Ақмарал Сарықызы (1965)

Ақмарал – отбасында үшінші бала. Мектеп бітірісімен Балқаш қаласындағы халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін техникумды ойдағыдай бітіріп, мамандығы бойынша Жарық кентінде қызмет атқарды. Сағынтайдың қазасы отбасымызды есеңгіретіп кетті. Сағынтайдың өлімі, жылдар өтседе ұмытылған жоқ. Балаларымның тағдырына негізгі әсер еткен осы жағдай болды. Сарыкен екеумізге балаларымыз сүйеніш, қамқор болды. Балаларым өмірдің тосын сиы мен қиыншылығына мойымай адал өмір сүріп келеді. Білімді, еңбексүйгіш, ақылды қыздарымның арқасында бүгінгі күнге жетіп, осы дүниеден өткен туған-туысқандар туралы естелік кітап жазып отырмын. Баларымның тектілігі мен адамгершілектері үлгі тұтарлық қасиет. Ақмарал бүгінгі күні Жүніс атаның қара шаңырағына ие болып отыр.

Мәшекең шөбересі Жүністегі Cағынтай Сарыұлы (1969-1988)

Сағынтай марқұм – бала кезінен техникаға қатты қызығушы еді, 14 жасынан бастап, «Москвич-412» машинасын жүргізді. Болашақта мамаңдық таңдауына осы әуестігі себеп болып, Жезқазған политехникалық университетінің «көліктер саласы» мамандығы бойынша оқуға түсті. Жалғыз ұлым – Сағынтай марқұм 1986 жылы желтоқсан көтерілісі болған, еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған жылы, Жезқазған политехникалық университетінің 2 курсында оқып жүрген жерінен, әскерге шақырылды. Алып қаламыз деп істемеген амалымыз қалған жоқ, Римманың жолдасы Мұрат, Қарағанды қаласындағы ауруханаға жатқызды, Мұқатбек ағам да «сүйек ауруы бар» – деп, ауруханада емдеді, Тілеутайдың жолдасы Аманжан да, «әскерден алып қалам» – деп, біраз жұмыстар жасады. Әбден шарамыз таусылған соң, Жезқазған әскери комиссариатының ең үлкен бастығына жағдайымды айтып, қабылдауында болдым. Егде тартқан орыс азаматы екен. Бәрін тындап болған соң: «Сіздерде жалғыз мүмкіншілік бар, жолдасыңызбен заңды түрде, уақытша ажырасыңыз. Жасы келген әкесімен балаңыз қалсын, өзіңіз қыздарыңызбен тұрыңыз. Сонда ғана балаңыз заңды түрде әскерден қалады, басқаша болмайды» – деді. Амалым таусылған соң мен оған келісіп едім, бірақ Сағынтай, көнген жоқ. «Балам көнбеді» – деп, жаңағы кісіге қайта бардым. «Қазір Ауғанстанда соғыс жүріп жатыр, ең тыныш жер Украинаға жіберейін, бар көмегім осы» – деді.

Сағынтай Украинаның Бердичев қаласына жіберілді, сержанттың оқуын оқып, бітірді. Өзіне барған жері ұнап, үйге мақтап хат жазып отырды. Сегіз ай бойы телефонмен хабарласып отырдым. Сәуір айының жиырма бесі күні телефонмен хабарласқанымда бір-біріміздің даусымызды ести алмай қиналдық. Ол «не слышу» – дейді. Мен «Сағынтай» – деймін. Дауысын ести алмағаныма қатты қапаланып, жыладым. Бануға «мені пойызға салып жібер, қазір балама кетем» – дедім. Бану ол кезде Алматыда институтта оқып жүрген еді. «Сізді жалғыз жібермеймін» – деп сабағынан сұранды. Мен жұмыстан сұрандым да, екеуіміз Киевке дейін пойызға билет алдық. Қарағандыдан, Киевке, одан әрі Бердичев қаласына бардық. Жолда төрт күн өткіздік. Орынбор, Орал, Саратов, Харьков қалаларын басып өттік. Бердичев қаласы, Киевтен төрт сағаттай жерде орналасқан, шағын қалашық екен. Екі қаланың арасына жүрдек пойыз қатынайды. Бара жатқанымызды, Сағынтайға хабарлағанымыз жоқ, «тосынсый жасайық» – дедік. Киевтен сағат тоғыз шамасында жүрдек пойызға отырдық та, сағат бірлер шамасында діттеген жерімізде болдық. Корпусқа кіріп, кезекші командирге жолықтық. Оған Қазақстаннан келгенімізді, Жүнісов Сағынтайға анасы мен әпкесінің сонау шалғайдан іздеп келіп тұрғанын айтуын өтіндік. «Сонау жерден ат терлетіп, қалай келгенсіздер, нақ уақытында келдіңіздер, оқу-машығына аттанайық деп жатыр едік. Қазір балаңызбен кездестіру ұйымдастырайын деп, рациясын алды да, «Жунусов, сен, Қазақстаннан кімді тосып отырсың?» – деп, хабарлама жасады. Арт жағынан, «ешкімді» – деген дауыс естілді. «Ендеше, бері кел. Анаң мен әпкең сені іздеп, келіп тұр» – деді. Алдымыздан, үш сарбаз жүгіріп шықты. Біреуі – «Кеңшоқынікі» екен. Сағынтай, бұрынғыдан да бойы ұзарып, сымбатты болып кетіпті. Командир, сарбаздарға, ата-аналарымен кездесуге, тек үш күнге ғана, мұрсат береді екен. «Сіздер, алыстан келдіңіздер» – деп, бізге кездесуге бес күн уақыт берді. Және сол жердегі дүкеншінің үйіне орналастырды. Сағынтай, күндіз бізбен бірге болады да, кешқұрым бөлімшесіне қайта оралып отырды. Қуанышымызда шек болмады. Күні бойы қаланың көрнекті жерлерін аралаймыз, театрға барамыз. Үшеуіміз суретке түсіп, жәйма-шуақ әңгімелесіп, мәре-сәре, алаңсыз болдық. Әскерилер бөлімшесін, жататын орындарын көрсетті, жолдастарын көріп, жүрегім орнына түсті. Сағынтай, сержант оқуын бітіріп: «Бізді шет елге жіберейін деп жатыр, соған әскери үлгідегі форма тігіп жатыр, менің өлшемім қандай?» – деп менен сұрады.

Мен: «өлшемің – 48» – деп жауап бердім. Баламды қайда жіберетіні туралы білейін деп, полк командиріне бардым. «Жалғыз баламды шет елге жібермеңіз, әкесі аурушаң, егде тартқан адам, олай-бұлай болып кетсе, жалғыз баласынан топырақ бұйырмайды, алыстан келе алмайды ғой» – дедім. Ол кісі келесідей жауап берді: «Шет елге тек үздік балалар, отбасы мүшелерінің ешбірі заң алдында жауапкершілікке тартылмаған, тәртіпті балалар ғана барады. «Қазақ ұлтының балаларының ішінен тек үш баланы іріктеп алдық. Балаңыздың шет елге барғанына, сіз, мақтаныңыз. Балаңыз Чехословакия мемлекетіне барады, әкесі қатты ауырса телеграммамен дәрігердің анықтамасын салыңыз, демалысқа жібереді немесе біржолата үйге қайтарады. Керісінше, қазір Кеңес үкіметінде саяси ахуал тұрақсыз болып тұр. Ауған соғысы болса, анау, өршіп тұрған. Ал, ол жақта тәртіп күшті, алаң болмаңыз» – деді. Бұл сөзге көңілім әжептеуір жайланып қалды.

Сосын полк командирі, келерде қай жермен келдіңіздер? – деді. Келерде, Челябинск арқылы келдік – деп едім. Онда қайтарда, Мәскеу арқылы қайтыңыз – деді. Мәскеуге билетке тапсырысты өзі берді де, кезектен тыс барып алдық. Пәтер жалдаушы, дүкенші әйел де, бір ақкөңіл жан екен. Бізге ықыласын төгіп, пайдалы ақыл-кеңестерімен бөлісті. «Сіздер, Мәскеуге барыңыздар, қыдырыңыздар, аралаңыздар» – деді. Бердичевтен қайтатын күні, мейрамханаға бардық. Жақсы отырыс болды. Бірақ, балам, қайта-қайта дастарқаннан тұрып, сыртқа жиі шығып жүрді.

Бүгінде ойлап қарасам, бізді қимаған екен-ау, қайран балам...

Вокзалға келдік, пойыздың келе жатқанын көріп: «Құлыным, Чехословакияға барып орныққан соң, әкеңнің денсаулығына байланысты, жеделхат жіберіп, елге шақыртып аламын» – дедім де, бетінен сүйіп, пойызға міндік.

Алла тағала, баламды ақырғы рет көріп қалсын – деп маған осы мүмкіншілікті бергенін, мен, сол мезетте сезгенім жоқ. Бану пойызға мінісімен, Мәскеу қаласына жеткенше жылап барды, жаманат болатынын тәңірім сездірген болуы керек. Мәскеуге күндізгі сағат он екіде келдік. «Транзитті жолаушыларсыздар, ертеңгі сағат он екіде жүресіздер. Жүктеріңіз, осы вагонда қалады. Қаланы армансыз аралай беріңіздер» – деді жолсерік.

Сөйтіп, Мәскеу қаласындағы саяхатымызды В.И.Лениннің кесенесіне (мавзолейіне) кіріп шығудан бастадық. Кесенеге келгенімізде, «ертең ертемен келіңіздер, кесенеге кіру үшін, таңғы жетіден онға дейін, Қызыл алаңда арнайы халық жиналып, шоғырланатын жер бар, сонда кезекке тұруларыңыз керек» – дегенді естіп, ондай болса уақыт бос өтпесін деп, қала аралауға шықтық. Таксимен, Мәскеуді екі сағаттай шарладық. Тіпті, елшілікке де, бардық. Ертеңінде, кесенеге келдік. Үш сағаттай кезекте тұрдық. Кезекке екі адамнан тұрғызады екен. Оң жаққа, биік адамды, сол жаққа, бойы аласа адаммен жұптастырады екен. Сосын, қабырға жағалап, жайлап жүріп отырады екенсің. Сағат оннан басталған шеру, он екіде ғана, межелі жерімізге жеткізді. Алдымен, шет елден келген қонақтарды, сосын барып, Кеңес үкіметінің түпкір – түпкірінен келген халықты, кезегіне сай кіргізді.Тексеріс қатаң екен, бір емес, бірнеше мәрте тексерді. Кесененің ішіне, тіпті қол сөмкесін де ұстап кіруге де, рұқсат етілмейді екен. Сосын жаяу, әркім өз кезектегі жұбымен, жер астына сатымен түстік. Лениннің жатқан жері «көрхана» сияқты екен, мәрмәрмен қапталған бөлмеде, көсем шалқасынан түсіп, киімшең жатыр екен. Шеру тоқтамай, жайлап тіке, көсемнің аяқ жағымен жүріп отырды. Біз кірген есіктен кері қайтпадық, ешқайда бұрылған жоқпыз, сол бетімізбен сыртқа шығып кеттік. Мен көсемнің мүрдесінің жанынан өтіп бара жатқанымда, бір заттың сырт етіп, еденге түсіп кеткенін сездім. Еңкейіп, қарауға мұрша жоқ. Артта да, алда да, қалың нөпір, сол бойы, халықтан қалмай, жүре бердік. Тек сыртқа шыққанымызда ғана, бізден кейін келе жатқан бала, көтерген екен. Жүгіре басып, әкеліп берді. Қарасам, пальтомның түймесі екен. Ол кезде мән бермедім. Кейіннен ойлап қарасам, тәңірім маған, бір сұмдықтың боларын, алдын-ала сездірген екен ғой...

Тыста, кесене қабырғасын бойлай, қоғам қайраткерлерінің, ескерткіштері қаз-қатар тұр екен. Алдымен, Ждановтың (Сталиннің күйеу баласы), одан кейін Үкімет басшыларының ескерткіштерін көрдік. Сталин мен Брежневтің ескерткіштерінде гүл шоқтары жатыр.

Қайтарда, «Мәскеу-Қарағанды» пойызымен келдік. Жолда:Рязань, Самара, Уфа, Челябинск қалаларын көрдік, Волга өзенінің үстіндегі көпір арқылы өттік.

Біздер кетісімен, төрт күннен кейін, Сағынтайдың әскери бөлімшесін, Чехословакия мемлекетіне ауыстырыпты. Бұның бәрін, «Чехословакияға барып, аман-есен орналастым» – деген Сағынтай марқұмның хатынан оқыдым. Өз кезегінде ол «Чехословакия өте әдемі мемлекет екен, бөліміміз таза, тәртіп қатаң. Кешке жанымызға келіп, командиріміз қонады» – деген екен. Және де, сержант формасын киіп түскен суретін қоса салыпты. Мен бұл хатты алғанда, ұзақ жолды көтере алмай, науқастанып ауруханада жатқан едім. Мұндай жақсы хабарды естіп, өзім де, палатада жанымда жатқан басқа науқастарда қуанып қалдық, ауруымыздан сауығып кеткендей болдық. Чехословакияда маусымның жиырма жетісіне дейін, болған аз уақыттың ішінде, барған жерін мақтаумен болды. 27 маусым күні, мені ауруханада жатқан жерімнен, жиеніміз, дәрігер Майраш келіп: «Үйге барайық, нағашым Сәкең, қан қысымы жоғарылап, құлап қалыпты» – деді, есім шығып, үстімдегі аурухананың киімін де шешпестен, жедел-жәрдем машинасына қалай мінгенімді де аңғармай қалдым. Машина демде үйге алып келді. Үйге келсек, Сәкең қамсыз, шәй ішіп отыр екен. Бізді көріп, қуанып қалды. Бірақ, бұл қуаныштың арты ұзаққа бармасын, біз ол кезде, пайымдай алмадық. Мен келгенде, үйдің алды, тып-тыныш болатын. Бір кезде, үйдің іші аяқ астынан у-шу, азан-қазан дауысқа толып кетті. «Сағынтайдан айырылдық» – деген сөзді ғана құлағым шалды. Одан кейін, ес-түсімді білмей, есеңгіреп, талып қалдым...

Жасы келген Сәкеңнің, бұл суыт хабардан кейін, оң жақ қол-аяғы жансызданып қалды.

Екі ай бұрын, өзім барып, аман-саулығын көріп келген, Сағынтайымыздан, 1988 жылы 27 маусымда, айдың-күннің аманында, айырылып қалдық.

1988 жылы Чехословакия мемлекеті, «Кеңес үкіметіне бағынбаймыз, өз бетімізбен, дербес мемлекет құрамыз» – деп, дүрбелең жасап жатқан, аумалы-төкпелі уақыт болатын.

Кеңес үкіметі мен Чехословакия арасындағы солақай саясаттың салдары, екі елдің арасындағы әскери қақтығысқа ұласып, еліміздің жиырма сегіз сарбазы оққа ұшып, шейіт болыпты. Сол жиырма сегіздің бірі, біздің тауға біткен шынарымыз, арқа сүйер жалғызымыз Сағынтай еді. Олардың мәйітінің елге оралуын, оның ішінде біздің баланың сүйегін туған жердің топырағына арулап қою үшін, он күн шамасында, отбасымызбен, одан қалды туған-туысымыз, көрші-қолаң, ағайын-жамағайын, ауылдастарымызбен сарыла күтіп, өлі мен тірінің арасындағы күй кештік.

Әскери генерал жолдаған көңіл айту жеделхатында ата – баба аманатына адал, ерлікті ұрпағына ұран еткен, халқымыздың дәстүріне лайық бола білгенін айтқан еді. Біз он күн бойы хабар күтіп, қиналып отырғанымызда, қазақтың біртуарұлы, алаштың бетке ұстар қайсар азаматы – Олжас Сүлейменов көмекке келді. Сол кездегі, үкімет басшыларына, оның ішінде Кеңес үкіметінің бас хатшысы – М.С.Горбачевқа, әскери прокурорға, Біріккен Ұлттар Ұйымына дейін, дамыл бермей қайта-қайта хат жазып, ұландар мәйітінің елге оралуын талап етті. Мәйіттің он күн кешіккен себебі, қайтыс болған сарбаздардың мүрделерін, барлық Кеңес үкіметі аумағына төлқұжаттары түгенделіп, таратылуы салдарынан, Қазақстаннан екі бала, олардың екеуі де, Қарағанды облысынан болды. Екі баланы да, жабық мырыш табытпен, төрт әскери адам, өздері, вагонға салып әкелді. Біздің баланың бет әлпеті, дене тұрқы сол беті, әскери киіммен, ал екінші баланың, табытта тек киімдері ғана болды. Екі күн бойы қаралы әуен ойнап тұрды. Ауыл ішінде қаралы митинг өткізілді.

Жылағанмен бола ма,
Қыршын кеткен жастың
Орны қайтып тола ма?
Ұшып кеткен бақыт құс

Ұясын тауып қона ма,
Жылағанмен бола ма,
Соңында қалған бес моншақ
Жалғыз ұлдай бола ма.

Қайғынының орны тола ма?
Жылағанмен бола ма,
Қайғыдан ерте қартайған
Анаңның бағы жана ма?

Арада жылдар өтсе де,
Қыршын кеткен
қыршын жас
Қартайып, кәрі бола ма?

Қарындасы Айгүл Сарықызы

Сағынтай жерленгеннен кейін, бір күні хаттасушы Украинада өзімізбен түскен суреттері мен өзі жазған соңғы хатын әкеліп берді. Сол суретті оқырман қауымның назарына ұсынып отырмын. Бізге «Семья погибшего воина» – деген куәлік табысталып, енді сіздер асыраушыларыңыздан айырылғандықтан, үкімет тарапынан қолдау көресіздер – деген сөздер айтылды. Бірақ жалғыз ұл кеткен соң, бұл сөздердің мәні біз үшін жойылды. Біз ешқандай көмекке мұқтаж емес едік.

Жалғыз ұлым – Сағынтай, қайтыс болғаннан кейін, үй-ішімізбен аза тұттық. Әсіресе бұл орны толмас қайғы, Сәкеңді қатты есеңгіретіп кетті. Оң қол, оң аяғы жансызданып қалды. Жергілікті жерімізде инсультті емдейтін дәрігер болмаған соң, Қарағандыға апарып қаратайын десем, ол жақта тоқтайтын үй болмады. Зейнетке шыққан соң, Сарыкең, «бауырларымның жанында болам» – деп, өз қолымен «Дальний парктегі» үйін, үкіметке табыстап кеткен. Сол үйдің орнына, Қарағанды қаласының ішінен, екі бөлмелі пәтер берулерін сұрап, сол кездегі басшыларына, өтініш жасадым.

Өтінішімде, Сарыкең кезінде, Қарағандыны өз қолымен тұрғызушылардың бірі болғанын, қазір жасының егде тартқандығы және денсаулығының баласының қайғысынан кейін күрт нашарлауын ескерулерін өтіндім. Сарыкеңді, дәрігерге қарату үшін, мен, сол кездегі Қарағандыдағы атқару комитеттің төрағасы – И.Ғ.Мүсәлімов және қалалық әкім – Н.Оразалиннің қабылдауына кіргенімде, жоғарыда аталған өтінішімді айттым. Бірақ, айтқаныма құлақ асқан лауазым иесі болмады. Желеулері төмендегідей еді: ол кезде Жарық стансасы, Қарағандыдан 130 шақырым қашықтықта болғанына қарамастан, Жезқазған облысына қарайтын. Соны сылтау етті. «Бізде тіркеуде жоқсыздар, өз облыстарыңызға барыңыз» – деді. Осы жағдай, тікелей Елбасының қабылдауына жазылуыма себеп болды.

1991 жылы, Лепсі стансасында тұратын, Мұқаш (Мұқаң) қайынағам қайтыс болып, сонда бардым. Қайтарда, Алматы қаласында тұратын қайным Кәріғұлдың үйіне түстім. Ертеңінде, Фариза Оңғарсыноваға телефон шалып, өз жағдайымды баян етіп, Олжас Сүлейменовпен қалай хабарласуға болатыны туралы сұрағанымда, ол кісі «Алатау» санаторийінде демалып жатқаны туралы айтты. Мен барсам, ол кісі жоқ екен, іссапарға кетіпті, телефонмен хабарласып, жағдайымды айтып, Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауына кіргізу туралы өтінішіме, былай деп жауап қайтарды: «Мен, келгенше тоса тұрыңыз, өзім хабарласам» – деді. Фаризаға Сарыкеңнің хәл үстінде жатқанын, тезірек елге оралуым керектігін, сондықтан Олжекеңнің, Елбасының қабылдауына кіргізгенін тосып жата алмайтындығымды айтып едім: «Ақылдасып көрейік» – деп, өз иелігіндегі көлігін жіберіп, мені, өзіне алдыртты.

Қателеспесем, ол кісі сол кезде «Ақжелкен» балалар журналының бас редакторы қызметінде еді. Мән-жайды сұрастырып білген соң, сол кездегі (Жоғары Советтің Төрағасы) Серікболсын Әбділдинге хабарласты. Ол кісі басында кім екенін тани алмай, «кімсіз?» – деп сұрағанда,

«Оңғарсынова деген, пендеңізбін ғой. Қарағандыдан бір апай келіп отыр, жағдайы осылай дей келе, Олжекең Елбасының қабылдауына кіргізуге көмектеспекші екен, бірақ өзі елде жоқ, ал бұл кісі болса, ауылдағы жолдасыңның халіне алаңдаулы, тезірек қайтуы керек. Апайдың мәселесін қалай тездетіп шешсек болады, Елбасымен кездесуіне мүмкіндік туғызсаңыз екен» – деді. Ол кісі: «Қарағандылық депутат – Ерік Мағзұмұлы Асанбаевқа қазір хабарласайын, ол кісі Елбасының бірінші орынбасары» – деді.

Келесі күні, С.Әбілдин мырза, Фаризамен хабарласып, екеуімізді қабылдауына шақырды. Фаризамен, далаға шығып, машинасына тақалдық. Фариза, машинаға мінер алдында, маған «алдыңғы орынға отырыңыз» – деп ниет білдірді. – «Өзіңіз отырыңыз» – деп едім, – «Сіз тұрғанда, маған алдыда не бар, қақшиып» – деді. Машинада отырып, жүргізушіні тосып, біраз бөгеліп қалдық. Сол кезде басқа су жаңа, көлік келіп тоқтады да, ішінен журналист пен оператор түсіп, Фаризадан мемлекетімізде болып жатқан мәселелер туралы жарты сағаттық сұхбат беруін өтінді. «Жарты сағат емес, керек десеңдер, бір сағат сұхбат берейін, тек бізді Жоғары Советтің ғимаратына апарып салыңдар» – деді. Көлікке мінген соң, аузы дуалы ақын: «Апайдың арқасында, байлардың машинасына да мініп қалдық-ау» – деді.

Фариза Оңғарсынқызы

Фариза Оңғарсынқызы – қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және ІІ шақырылымдарының депутаты (1996-2004) Фаризаның беделі күшті, сөзі өтімді екен, барған жерімізде біздің орнымыз төрден болды. С.Әбділдин мырза өте зиялы, биязы кісі екен. Бізді жылы шыраймен қарсы алып Е.М.Асанбаевтың Елбасына кездесуге кіру үшін көмек көрсететіні туралы, барарда өтініш жазып, рұқсат қағазын (пропуск) алу керектігін айтты. Фариза отырып, өтінішті өз қолымен жазды. Рұқсат қағазды жаздыртып қойған екен, бізді діттеген жерімізге апарып салуға көлік дайындатты.

Жезқазған қаласының атқару комитетінің бастығы Шардарбековпен сөйлесті. Ол кісі үкіметтің үйінен үй берейік немесе жер беріп, коттедж үй салып берейік деді. Бірақ мен Жезқазған қаласы алыс, бармаймын дедім. Қарағандыдағы Мусалимовпен тікелей сөйлесті. Ол кісіден: «Неге құрметті кеншіге үй бермейсің?» – деп сұрады. Олар үй беретін едік, тек тіркеу (пропискасы) жоқ деді.Сосын Елбасы Е.М.Асанбаевқа:«Мына кісінің шаруасын өзіңіз қадағалаңыз» – деп тапсырма берді. Е.М. Асанбаев өзінің жұмыс телефонын берді де: «Бұл шаруа менің тікелей өзімнің қадағалауымда болады. Сондықтан, алаң болмай қайта беріңіз, не Қарағанды облысы, не Жезқазған облысынан үй алатыңыз кәміл» – деді.

Мен ауылға қайтып келген соң, жолдасым екі күннен кейін, ауыр науқастан қайтыс болды. Жолдасым қайтыс болғаннан кейін, маған үй керек болмай қалды.

1993 жылы, Елбасының тапсырмасы бойынша, Жезқазған қаласынан екі бөлмелі (Ленинградский проект) үй берілді. Бірақ мен ол үйде тұрғаным жоқ.

1995 жылы, денсаулығымның күрт нашарлауына байланысты, мал-мүлкімді сатып, Қарағандыдан өз қаражатыма, үй сатып алдым. Осы жекеменшік үйімде тұрғанымда, облыстық комиссариат бастығы, үйге келіп, «Сізге асыраушысынан айырылған отбасы ретінде, әрі жолдасыңыздың «Құрметті кенші» екені ескеріліп, Қарағандыдан, кезектен тыс үй беріледі» – деді. «Үйге қатысты құжаттарыңызды жинап, құзырлы орындарға тапсырыңыз» – деді.

Бірақ, құжаттарымды өткізгеннен кейін, бір жылдан соң, кезегімді білуге барсам, ЖКХ-да менің кезегімді 500 – ші қылып, шегеріп тастапты. Сосын, Е.М.Асанбаев мырза берген телефонға қоңырау шалдым. Әсет деген жігіт жауап берді. Мен, оған, он төрт жыл бойы, Қарағанды қаласының әкімшілігі, жолдасымның мемлекет алдындағы еңбегін елеп, үй бермегенін, осы мәселе туралы, Елбасының қабылдауында болғанымды, ол кісінің, мені, Е.М Асанбаевқа тапсырғанын айттым. Президент қабылдауына, тағы бір мәрте, үй мәселесі бойынша, кіруім керектігін түсіндірдім. Себебі, кезектен тыс беріліп тұрған үйдің, уақыты неге кері шегерілгендігі, маған, беймәлім еді. Әсет балам, өтінішімді мұқият тыңдап алды да, былай деді: «Әже, Сіз қолыңыздағы барлық құжаттардың көшірмесін алып, Астанаға Президент әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков мырзаның қабылдауына келіңіз» -деді.

Ә.Жақсыбеков – мені мұқият тыңдап алып: «Қашан сіз үй алғанша, үкіметтің бақылауында боласыз» – деді. Астанада небәрі екі сағат болып, Жарыққа қайтып кеттім. Екі күннен соң, Қарағанды әкімшілігінен, ЖКХ-дан қоңырау шалушылар көбейді. «Қарағандыға келіп, үй көріңіз» – деді.

Сосын, «Көгілдір тоған» ықшамауданынан, жаңа салынып жатқан үйден, төрт бөлмелі пәтер берілді.

Нұрлан Нығматуллин мырзаны облыстық әкім қылып сайлауға, Елбасымыз өзі келгенде, пәтерімнің кілтін, өз қолынан маған табыс етті.

...Менің бұл жердегі айтар ойым, мынау. Жаны жайсаң жан, марқұм Фаризамен, одан кейін де телефонмен хабарласып отырдым. Астанаға көшіп барғаннаң соң, ол кісіні үйге қонаққа шақырайын деп, хабарласып едім: «Қатты сырқаттанып ауруханадан үйге жаңа шықтым, сауығып кеткен соң, өзім хабарласам» – деді. Бұйрық болмай, содан үш ай өткен соң, қайтыс болды. Елбасына, Олжас Сүлейменов мырзаға, Фариза Оңғарсынова ханымға алғысым шексіз. Мен, осы ұлы тұлғалардың, адамгершілік қасиеттерінің алдында бас иемін.

Мәшекең шөбересі Жүністегі Айгүл Сарықызы (1975) Айгүл – отбасының      кенжесі. Әкесінің ерке      қызы. Сөйлейтін сөзін, отыратын орнын білетін жан.

Жезқазған қаласындағы Ө.А. Байқоңыров атындағы Педагогикалық Университеттің, филология факультетін бітірді.

Қарағанды қаласындағы № 63 кәсіби мектепте, көп жылдар бойы мұғалім болып қызмет атқарды. Облыстық, қалалық оқу департаменттерінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Қазір Астана қаласында тұрады. Астанада «АССАЛАЗАР» ЖШС-нің атқарушы директорының міндетін атқарды. Соңғы төрт жылда «Техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушы Қазақстандық ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінде аудармашы болып жұмыс істейді.

Айгүл мен Аманулладан: Нұргүлжан мен Аружан. Сағынтай қайтыс болғанда, «артыңнан бір бала да, қалмады-ау» – деп, Сарыкен екеуміз қатты қапаландық. Жорғатай марқұм бізді: «Алла қаласа, жиен-немерелерің болады» – деп, жұбататын. Қазір, Нүргүлжан мен Аружан, маған сүйеніш болып, күш-қуат береді, өмірдің қатыгез жақтарын ұмыттырып, өміріме қуаныш сыйлап отыр. Осы екі баланың «аман-сау болып, бой жеткенін көрсем» – деген бүгін арманым бар.

Машақұлы Дөңгелек
(1881-1932)

Дөңгелек атамыздан: Сүлейімқұл ата (1916-1943), Зейніл апай, Мұқатай.

Машаков      Донгелек      – (1881,       Карагандинская обл., Коунрадскийр-н, 1931) казах, образование: начальное, житель: Карагандинская обл., аул № 14. Арест: 1931.03.23. Арест., Коунрадский ОГПУ. Осужд.1932.03.29 ОГПУ в Казахстане. Обв.58-2 УК РСФСР. Приговор: 10 лет ИТЛ Реаб. 1990.05.29. Жезказганская облпрокуратура, основание:Указ ПВС СССР от 1989.01.16 (Сведения ДКНБ РК по Карагандинской области).

Мәшекең немересі Дөңгелекұлы Ермеков Мұқатай (1919-1991)

Мұқатай қайнымның – Ермеков болып жазылуының себебі туралы, келесі мәліметтерге назар аударайық.

Кәріғұлдың «Ұрпағыма аманат» кітабынан үзінді келтірейік: «…Совет үкіметі 1928 жылдары байларды жаппай конфискациялай бастады. Сол жылдан бастап елдің шырқы бұзылып, көңіліне көлеңке ұялады. Үкімет қазақтың қолындағы малына, қаптаған астығына қол салып, тонай бастады. Бас көтерер ел ағаларына ауылдағы шолақ белсенділер әр түрлі пәле жауып тұтқынға алдырып, айдатып жатты. Олардың көпшілігі елге оралмай, із-түзсіз хабарсыз кетті. Машақтың ұрпақтарына байдың тұқымдары деген айдар тағылып, қуғын-сүргін басталады. Сол бір қиын-қыстау заманында Мұқатай Ермеков, Малғабылдың балалары Қарабасов болып жазылады. Малдан айырылғаннан кейін қолының күш- қайраты бар жас жігіттер жұмыс іздеп өндіріс орындарына (Қарағанды, Қоңырат, Балқашқа) кетті».

Мұқатай қайным – Отан үшін, от кешкен майдангер. Қан майданда, фашист басқыншыларын тізе бүктіріп, ел мен жердің тұтастығын сақтап қалу жолында сұрапыл соғыста аянбай шайқасқан. Ерлік көрсеткен қаһармандарымыздың бірі.

Мұқатай мен Сарқыт Жарық кентінде, Шет ауданына қарасты, райпотребсоюздың қойма меңгерушісі, есепші қызметтерін істеп, зейнетке шықты.

Жарық кентінде әкімшіліктің алдында Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға монумент орнатылған. Сол монументте Мұқатай қайнымның есімі жазылған.

Мұқатай мен Сарқыттан: Сәуле, Дәулет, Мәулет, Мәнет, Мәмбет, Сәмбет, Сәнет, Гүлнәр, Гүлжан.

Сәуле мен жолдасы Тілеуғабылдан, үш ер, бір қыз бала бар. Сәуле – өмірден ерте қайтты.

Үлкенге – іні, кішіге – сүйеу

Мәшекең шөбересі Дөңгелектегі Дәулет Мұқатайұлы (1948)

Дәулет – бауырмал, намысқой, қонақжай, тілге шешен, көпшіл азамат.

Мұқатай қайнымның апасы Зейніл (Зекең) мен жолдасы Әбіште (Әбікең) бала болмаған соң, Дәулет, сол кісілердің тәрбиесінде болды.

Қызмет бабымен, Жезқазған қаласына қоныс аударуына байланысты, Зейніл апа мен жездемізді, қолына көшіріп алып, арулап қолынан жөнелтті. Дәулет және Қуаныш келіннің көрегендігінің арқасында, ол кісілер алаңсыз, ұзақ өмір сүрді. Дәулеттің бұл ісі нағыз құптарлық іс, жастарға үлгі болатын тәрбиелік маңызы зор шара.

Туған әке-шешесіне, іні-қарындастарына сүйеу болып, туған-туысқандарымен тығыз қатынаста. Жезқазған қаласында тұрып жатыр. Дәулет – Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының ветеринария факультетін, мал дәрігері мамаңдығы бойынша бітіріп шығады. Алғашқы қызметін, Шет ауданы, Бұрма совхозында мал дәрігері болып бастайды. 1980-1987 жылдары Жезқазған облысының, «Каззооветснаб» мекемесін басқарады. 1987-1992 жылдары, Сарысу совхозында, асыл-тұқымды қой зауытының директоры қызметін атқарады. 1992 жылдары, Жезқазған қаласына қоныс аударуына байланысты облыстың, облыс тарағаннаң кейін, қалалық бас мемлекеттік ветинар инспекторы қызметін атқарып, зейнетке шықты. Кәріғұл қайным қайтқаннан кейін, түгел туыстардың басын қосып, өсиеттерін бұлжытпай орындап, нағыз ізбасары бола білді.

Дәулет пен Қуаныштан: Мейіржан, Бақытжан, Айжан

әдет-ғұрпын, тарихын, мәдениетін жақсы меңгерген, білімді де, білікті маман.

Арыстаннан Нұрахмет (2009)

Мәшекең шөбересі Дөңгелектегі Мәмбет Мұқатайұлы (1959)

Мәмбет – Жезқазған Педагогикалық Институтын бітірген. Қазақ-түрік лицейінде жұмыс істейді. Жезқазған қаласында тұрады.

Мәмбет пен Розадан: Диана (1983), Данат (1986), Динара (1988).

Үш бала да, Астана қаласында тұрады.Үшеуі де, екі жоғары оқу орындарынан тәмәмдаған. Жауапты қызметтерде істейді. Данат – бизнес өкілі.

Данат пен Данадан: Дінмұхамбет (2009), Асылбек (2015).

Мәшекең шөбересі Дөңгелектегі Сәмбет Мұқатайұлы (1961-2007)

Сәмбет – сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Тілге шешен, суретші (художник), өршіл, досқа адал, шыншыл болатын. Жезқазғанда көркем сурет саласы бойынша, институтты бітірді. «Закат над Кенгиром», «Женщина с ребенком» – атты туындылардың авторы.

Сәмбет аурудан ерте қайтты, бірақ артында Арманы қалды.

Сәмбет пен Балайшадан Арман (1993).

Арман – ҚарПТ-н, ҚарПУ-н бітіріп, Астанада қызмет істейді, білімді маман.

Мәшекең шөбересі Дөңгелектегі Гүлнәр Мұқатайқызы (1964)

Гүлнәр сауда техникумын бітірген.
Жезқазған қаласында тұрады.
Гүлнәр мен Қуатта үш қыз, бір ұл және үш немере бар.
Балалары: Әйгерім, Арайлым, Айгүл, Әділет.

Мәшекең шөбересі Дөңгелектегі Гүлжан Мұқатайқызы (1966)

Гүлжан – 1983-1988 жылдар арасында, Алматы темір жол институтында оқыды. Қазір Астанада, «КТZ Эxpresse»АҚ-да, агенттік сатылымдар бөлімінің бастығы.

Гүлжан мен Ерқоныстан: Гүлсім мен Гүлім.

2016 жылы, Сарқыт абысыным 90 жасқа келді. Сарқыт абысыным – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының игілігі.Ұлт мақтанышы. Себебі, 90 жыл өмір сүру, әркімнің маңдайына жазбаған құдіреттің сыйы. Абысынымның тектілігі, мінезінің көркемдігінің арқасында осы жасқа келіп отыр. Бұдан да, көп жаса! «Жүз жаса!» – демекпін.

Балалары мен немерелері мерейтойын дүркіретіп өткізді. Таңқаларлық жағдай, Сарқыт абасыным, тойды өзі басқарып отырды, біз соған риза болдық. Тойдан кейін, осы әулеттің балаларының басшылығымен, Жарық кентінде, өмірден озған, туған-туыстарға арнап, құран оқытылып, ас берілді. Алла, сендерге, разы болсын!

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Қарабас
(1875-1909)

Қарабас атамыз – жастай аурудан қайтыс болып, «Көпбейітке» жерленген.

1994 жылы 29 шілде күні, Кәріғұл асқа жиналған туыстардын алдында, Ардаққа атасының жерленген бейітін көрсетіп: «Осы жерде Қарабас атаңмен, менің шешем жерленген» – деді. Төрт құлақты бейіт, ауа-райының салдарынан, мал сүйкенген соң, құлап қалыпты. Қарабас атамыздың істеген қызметтері туралы дерек таба алмадық.

Қойсын әже

Менің өзім көзбен көрген, Мәшекеңнің баласы, Қарабас атамыздың әйелі – Қойсын әже болатын. Ол кісі, беріде қайтыс болды. Қойсын әжемен, менің апам (Жүністің әйелі, Ұланбектің қызы Жәбен) екеуі, абысын болған.

Қойсын әже, өзі туралы былай деп әңгімелейтін: «Жолдасым, Қарабаспен аз уақыт өмір сүрдім. Ол кісі жастай қайтыс болды. Қарабастан екі ұл, Кейкі мен Тілеубекті тудым. Тілеубекті, Қоңқыш қайынағамда бала болмағандықтан, үлкендер сол кісіге бергізді. Қоңқыш қайнағамыз – өте мінезді, көрікті, елге беделді болды. Еш туыс ол кісінің бетіне келмейтін. Күйеуім өліп, қайғырып отырғанда, ол кісінің үйде жоқтығын естіп, баламды ұрлап әкеп, емізіп отыр едім, қайынағам атпен құйғытып шауып келіп, үйге ашуланып кіріп «ендігәрі бұндай мінезіңді көрмейтін болайын» – деп, баланы ала жөнелді. Үлкен қайынағаларым, ақылдасып, «жесірімізді жібермейміз» – деп, мені, Мәшекеңнің қара шаңырағы үйленбеген ең кенже баласы Малғабылға қосты. Бұл үлкен үй, қара шаңырақ болғандықтан, келіндер, сыбаға әкеліп, адамдар көп келетін, кешке дейін, дастарқан жиналмайтын. Үнемі ет асылып, қымыз сапырылып, шай қайнап тұратын. Бұл әулеттен алыс сапарға жолаушылар сейсенбі күні жолға шықпайтын, туыстар жол жүрер алдында, біздің үйден дәм татып жолға шығатын. Малғабылдан Бұлдашты тудым. Кеңес үкіметі «байдың тұқымы» – деп, қудалай бастағанда, Бұлдаш Қарабастың атына жазылды. Туғаннан немерем, Орынбекті, өзім асырап, ер жеткіздім, өлсем, Орынбектің қолынан жөнелтілем, сондықтан қара шаңырақ, Орынбектің қолында қалсын» – дедім.

Қара шаңырақ, дәстүр бойынша кенжесі, Сәулебекте болу керек еді. Айтқандай-ақ, Бәт абысынымыз ерте қайтыс болғаннан кейін, Орынбек әжесін өз қолына алды. Әжесі мен Орынбек бір-бірін жақсы көретін. Орынбектің әйелі, Роза дәрігер болатын, Қойсын әжені аялап күтіп, қолдарынан жөнелтті.

Кенже қызым Айгүл тұрмысқа шыққанда, Орынбек бас құда болды. Құдалардан келген китті таратқан кезде, мен, Сәулебектің келіншегі, Гүлжанды ұмытып кеттіппін. Ойыма түсісімен: «Сәулебек, үлкен үйде отыр ғой, оған шапан салдым» – деп, шапанды Гүлжанның қолына ұстаттым.

Осы сөзімді, Орынбек, естіп тұрыпты. Мені, онаша шақырып алып, «Зәке, қара шаңырақты, менен, Сәулебекке алып берейін деп жатырсыз ба?, Қойсын әжем, тіршілікте «қара шаңырақтың иесі сенсің, – деп айтушы еді, бұныңыз қалай?» – деп сұрады. Мен: «Гүлжан өкпелеп кетпесін деп айтып ем, қара шаңырақ сенікі» – дедім. Қазіргі уақытта жас та болса, осы қара шаңыраққа абыройымен ие болып отырған, Орынбек қайнымның баласы – Алмасбек.

«Жақсының жүрген жері – жәннат»

Мәшекең немересі Қарабасұлы Кейкі (1904-1991)

Кейкі қайын ағамыздың азан шақырылып қойылған аты – Ыбырақым. Қызықты жәйт, менің жолдасым – Сарыкен (Сәкеңнің де), азан шақырылып қойылған есімі – «Ыбырақым» – деп, айтатын. Мәшекеңнің балалары өздерінен туған балаларына бір есімді екі балаға бермеген шығар, түпкілікті немерелердің азан шақырылып қойылған есімдері, жеңгелер мен келіндердің арқасында ауыстырылған. Немере аталарымыз жеңгелері атап кеткен есіммен өмір сүріп, шежіреде, тарихта, халықтың есінде сақталған.

Ардақтың атасы туралы жазған естелігіне назар аударайық: «Әкесі өмірден озғанда Кейкі атамыздың жасы небәрі 10-12 жас шамасында болу керек, әкесінің інісінің тәрбиесінде болады. 1939-1940 жылдары отбасымен Ақтоғайдан Қарағанды қаласына көшіп келіп, көмір кенішінің №2 шахтасына проходчик болып орналасады. 5-7 жылдан кейін, Қарағанды қаласының тау-кен техникумының қысқа мерзімді курсын бітірген соң, кезекші мастер қызметіне ауыстырылады.

1942 жылы 8 тамыз күні СССР көмір өндірісінің наркомы Вахрушев В.В., қол қойылған «Отличник социалистического соревнования Угольной промышленности» төсбелгісімен марапатталады. 1946 жылы 23 қарашада СССР Жоғарғы Советі Президиумның Жарлығымен      «За      доблестный труд      в      Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалімен марапатталады. 1949–1958 жылдары көмір бірлестігінде қойма меңгерушісі боп қызмет атқарады. 1958 жылы зейнетке шығысымен туыстары орналасқан Жарық кентіне көшіп барады.

Қамар әжем – қыпшақ руынан болатын. Қамар әжем – Бұлдаш атаның әйелі – Бәт әжемен, немере туыс болатын.

Ол кісі – 1908 жылы туып, 1965 жылы 15 наурыз күні өмірден озды.
Кейкі ата мен Қамар ападан: Кәстәй, Қалкен, Римма.

Мәшекең шөбересі Қарабасов Ғазиз (Кәстай) Кейкіұлы (1938-2003)

Кәстайдың азан шақырылып қойылған есімі – Ғазиз. Тіршілікте Кәстай аталып кетті. 1938 жылдың, мамыр айының 14 күні туып, 2003 жылдың желтоқсанының 14-і күні дүниеден өтті.

1970-1982 жылдары Жарық автотранспорт мекемесінде (Жарыкское АТП-да) жүргізуші болып, жұмыс жасады.

1980 жылғы 3 наурызында үкіметке сіңірген ерен еңбегі үшін СССР Жоғарғы Совет Президумының Жарлығымен «За особые заслуги в области социалистического строительства и обороны Союза ССР» ІІІ дәрежелі Еңбек орденімен марапатталды. 1982 жылдан бастап зейнетке шыққанша «Жәйрем кен-байыту комбинатында (ГОК-та)» механик қызметін атқарды.

Кәстай мен Мәкіштен – Ардақ.

Мәшекең шөпшегі Кейкітегі Қарабасов Ардақ Кәстайұлы (1964)

Ардақ – озат оқушы ретінде, Жарық кентінің мектебінен, бірінші болып, Бүкілодақтық балалар лагері «Артекке» (Всесоюзный пионерский лагерьге) барды. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірген, жоғарғы білімді маман. Қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ардақ пен Ғайни Бақытгүл мен Темірланды (1993) ер жеткізіп өсірді. Бақытгүл – қаржы маманы, ал Темірлан болса, қытай тілін меңгеріп, Қытай мемлекетінде университетте білімін жетілдіріп жатыр.

Мәшекең шөбересі Қарабастегі Қалкен Кейкіұлы (1940-2005)

Қалкен (Коля) – 1940 жылы, қарашаның 24 күні туған. Азан шақырылып қойған аты – Қалкен. Тіршілікте Коля болып аталып кетті. 2005 жылы, қазанның 5 күні, өмірден озды. Жастай Жарық кентіндегі, астық қабылдау мекемесіне, электрик болып орналасады, кейін электр механигі дәрежесіне дейін көтеріліп, бір мекемеде жұмыс істеп, зейнетке шықты. Жәмиға атты, тіс дәрігеріне үйленді, бірақ бала болмады.

Мәшекең шөбересі Қарабастегі Римма Кейкіқызы (1946)

Римма – Қарағанды қаласында тұрады.

Жолдасы Мұрат – денсаулық саласындағы ғалым-дәрігер, доцент. Мұрат пен Римма, жан-жақтан келген туыстарды үйлеріне қондырып, оқуға түсіріп, үйлеріне жатқызып, дәрігерлік көмек көрсетіп, ауруханаларға жатқызып, туыстардың батасын алған мерейлі отбасы.

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Жанғабыл
(1807)

Машақұлы Жанғабыл атамыз – 1913 жылдың, 12 желтоқсанында, Тоқырауын болысында, інісі Малғабыл атамыз екеуі №6 ауыл бойынша, үш жылға би болып сайланады.1919 жылдың, 16 қазанында, інісі екеуі, халықтың қалауымен №6 ауыл бойынша, қайтып би болып сайланады. Дереккөзі: Попов Юрий Григорьевич «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда»: 1871-1919 годы. (Хроника фактов)

Осы атамыздың отбасы туралы мәліметті таба алмадық. Егер айтар жаңалықтарыңыз болса, біздерге хабарласасыздар деп үміттенем.

Архивная справка

В документах фонда «Семипалатинское областное правление» в баллотировочном листе от 23 мая 1916 года об избрании в должность народных судей и кандидатов по ним Токраунской волости, Каркаралинского уезда на трехлетие 1917-1919 года содержатся сведения об избрании народного судьи Малгабыла Машакова, сорока лет и кандидата в народные судьи Джангабыла Машакова, сорока лет. Основание: ф.15, оп.1, д.1620, л.4, 32 Директор архива М. Т. Сандыбаева Зав.сектором К.И. Сопибекова Исп. Жылысбаева 629132.

Машақұлы (Мәшекеңұлы) Малғабыл
(1880-1939)

Машақұлы Малғабыл атамыз – ағасы Жанғабыл екеуі, 1913 жылдың, 12 желтоқсанында, Тоқырауын болысында №6 ауыл бойынша, үш жылға би болып сайланады. 1919 жылдың, 16 қазанында, ағасы екеуі, халықтың қалауымен, 6 ауыл бойынша, қайта би болып сайланады. Орыс ғалымы-өлкетанушы (краевед) – Попов Юрий Григорьевич «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. (Хроника фактов) деген кітабынан үзінді келтірейік: «…В смутные 1917-1919 годы, когда часто менялась власть, контроль над Степью фактически был утерян, и Степь жила автономно. Только 16 октября 1919 года управляющий Семипалатинской областью «для дослужения трехлетия 1917-1919 годов» утвердил волостным Баймаганбета Рыспекова. Списки народных судей и их заместителей по аулам выглядели следующим образом: …№6 – Малгабыл Машаков и Жангабыл Машаков».

Малғабыл ата мен Қойсын әжеден – Бұлдаш қайынаға.

Мәшекең немересі Бұлдаш Малғабылұлы
(1910-1993)

Кәріғұлдың «Ұрпағыма аманат» кітабынан үзінді келтірейік: «…Совет үкіметі 1928 жылдары байларды жаппай конфискациялай бастады. Сол жылдан бастап елдің шырқы бұзылып, көңіліне көлеңке ұялады. Өкімет қазақтың қолындағы малына, қаптаған астығына қол салып, тонай бастады. Бас көтерер ел ағаларына ауылдағы шолақ белсенділер әр түрлі пәле жауып тұтқынға алдырып, айдатып жатты. Олардың көпшілігі елге оралмай, із-түзсіз хабарсыз кетті. Машақтың ұрпақтарына байдың тұқымдары деген айдар тағылып, қуғын-сүргін басталады. Сол бір қиын-қыстау заманында, Малғабылдың балалары әкесінің ағасы Карабастың атына жазылды».

Бұлдашқызы Тұрымкештің әкесі туралы жазған естелігіне назар аударайық:

«Әкеміз Бұлдаштан үш ұл, үш қыз тараймыз: Орынбек, Тұрысбек, Сәулебек, қыздан Тұрымкеш, Нұржамал, Жамал. Әкеміз Бұлдаш – 1908 жылы, Талдықорған облысында, шешеміз Бәт Тәкіжанқызы – 1919 жылы, Балқаштың Қоңыратында дүниеге келген. Екеуі 1935-1936 жылдары үйленіп, 1939 жылы ағамыз, Орынбек туады.

1942 жылы әкеміз, әскер қатарына алынып, 696 – атқыштар полкының құрамында, Ұлы Отан Соғысының алдыңғы шебінде. қан майданда болады. 1943 жылы қазан айының бас кезінде. бөлімшелерімен немістердің қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Бас-аяғы бір айдың ішінде. тұтқынға түскендерді, немістер, Польшадағы концлагерьге апарып қамайды. Осы лагерьде өмір мен өлімнің арасында күн кешеді, 1945 жылдың, наурыз айында, аман-есен елге оралады. Отбасымыз, 1952 жылы, Талдықорған облысынан, Қарағанды қаласына көшіп келіп, 70-ші шахтаға жұмысқа кіреді. Көшіп келгеннен кейін, бір жылдан соң, 1953 жылы, мен Тұрымкеш, дүниеге келдім. 1956 жылы – Нұржамал, 1958 жылы – Жамал туды. 1964 жылы маусым айында шешеміз қатты науқастанып, Қарағандыдан «Қызыл Октябрь» совхозына көшіп бардық. Сол жылы желтоқсан айында шешеміз, екі жылдан кейін, Қойсын апамыз да өмірден өтті. 1972 жылы Нұржамал екеуіміз Алматы қаласындағы Ташкент теміржол институтының филиалына оқуға түстік. Орынбек ағамыз, сол жылы, Пушкин совхозына директор боп тағайындалды. Әкеміз, ағамызбен біpгe сонда көшеді. 1974 жылы – Сәулебек, 1975 жылы – Жамал Алматы Теміржол Институтына оқуға түсіп, ойдағыдай бітіріп шықты. Осылай әкеміздін ең басты арманы орындалып, бәріміз де жоғарғы оқу орнына түcіn, бітіріп, диплом алып шықтық. 1977 жылы ағамыз Орынбек Қарағанды қаласындағы «ПМК-62» мекемесінің бастығы, 1984 жылы «Жаңа Талап» совхозының директоры болып тағайындалады. Әкеміз 1993 жылы мамыр айында дүниеден өтті. Жарықтағы туыстары жатқан бейітке жерледік.

Әкеміз көзі тірісінде газет-журналдарды көп оқитын (араб тілінде де, жазып, оқи білетін). Соғысқа қатысқаны туралы көп айтпайтын. Соғыс ардагерлеріне көрсетілетін сый-құрметке қызықпайтын. Қырық жылдан кейін, Мәскеудің мұрағатынан әскери ордені табылып, облысымыздың әскери комиссары 7 қарашада Қарағанды қаласының «Шалқыма» концерт залында салтанатты жағдайда табыс етті.

Алланың жаратып, адамзатқа міндет еткені, өнерлі де өнегелі, жоғарғы білімді артына ұрпақ қалдыру, ал өміpгe келген әр адам мұны өзінің арманы етіп алдына қояды. Біздің де әке-шешеміз осы армандарының орындалуына барлық жағдай жасап, қолдарынан келген бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді».

...Бұлдаш қайынағамның көрегендігінің арқасында алты баласы да, жоғары білім алды. Балалары үмітін ақтап, жоғарғы білімді маман болып, туған-туыстарға үлгі болды. Қазақ тарихында тәрбиелік мәні бар, бата беру (благословение) деген ұғым бар. Жарық кентінде туыстар жиналған отырыста, Бұлдаш қайынағам: «Балаларыңызды оқытқаныңыз дұрыс, балалар болашығымыз» – деп, Сарыкеңе және маған бата берді. Немересі, Алмасбекпен шахмат ойнайтын; немерелерімен, жиендерінің бұл күндері жеткен асулары, Бұлдаш қайынағамның беріп кеткен тәлім-тәрбиесінің нәтижесі.

«Ағайын тату болса ат көп»

Қарағанды қаласында, Ардақтың үйінде жиналған туыстардың алдында, Орынбек, келіндеріне бата берді. (Қайырбектің әйелі – Раушанға, Ардақтың әйелі – Ғайниға, Алмасбектің әйелі – Айманға, Алтынбектің әйеліне). Келіндерге бата беруде, үлкен тәрбиелік астар бар.

Бұл ағайынның бірлігі, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

«Өнегелі ісімен ел есіңде»

Мәшекең шөбересі Малғабылтегі Қарабасов Орынбек Бұлдашұлы (1939-2007). Кәріғұлдың «Ұрпағыма аманат» кітабындағы үзіндіден назар аударайық: «…Көпбейіт басына жиналған Машақ ұрпағының басын қосып, мен былай деп сөз айттым: Мәшекеңнің отызға тарта немерелерінен қазіргі тірі жүргеніміз Шақар екеуміз, шөбере, шөпшек, немене сияқты ұрпақтары, құдайға шүкір, баршылық. Бірақ оның бәрі тарыдай шашылып әр жерде жүр. Көпшілігі тіпті бірін-бірі білмейді.

Ең құрмаса орыстар сияқты олардың барлығына бірдей фамилиясы да жоқ. Сондықтан Машақ ұрпағының бірлігі жоғалып кетпес үшін, мүмкіншілігінше жиі бас қосып, бір-бірінен байланыс үзбеуге тырысуларың керек. Ол үшін Машақ ұрпағының басын қосып, қуаныш, қайғыға ортақ болуын ұйымдастырып, теріс кетіп бара жатқанын ақылмен түзу жолға салып отыратын, бәрің сыйлайтын, айтқанына көнетін біреуіңді басшы етіп сайлаңдар. Оны «ақсақал» дейсіңдер ме, не «болыс» дейсіңдер ме, ол жағын өздеріңнің қалауларың білсін дедім. Менің бұл сөзімді жастар мақұл көріп, Орынбекті бірауыздан «болыс» етіп сайлады». Орынбек – 1939 жылы, 19 шілдеде, Алматы облысының, Сарқант кентінде дүниеге келді. 1956 жылы, Қарағанды политехникалық институтының тау-кен электро-механика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1961 жылы бітіріп шығады. Еңбек жолын, шахтаның электр механигі болып бастады. 1966-1971 жылдары, Ульянов ауданындағы «Красный Октябрь» совхозының механигі, бас инженері және партком хатшысы болып істеді. Алты айлық директорлар курсын аяқтағаннан кейін, сол аудандағы Пушкин атындағы совхоздың директоры, болып тағайындалды.

1976-1977 жылдары «Қазақстан» совхозының директоры. 1977-1979 жылдары «Карагандаводстрой» тресі, «ПМК-62-нің» бастығы болды. 1980 жылы, «Қазақстанның 50 жылдығы атындағы құс фабрикасын» басқарды. 1980 – 1984      жылдары «Тельман аудандық      ауыл шаруашылық басқармасының» бастығы, 1984-1995 жылдары жаңадан құрылған «Жаңа Талап» совхозының директоры болды. 1995 жылдан, «Алтын Дән» ЖШС-нің директоры және «Қарағанды – Нан» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

1990 жылдан, 1995 жылға дейін, Қарағанды облыстық өкілді органның депутаты болды. Отанына сіңірген еңбегі, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген төсбелгілермен (медаль) марапатталды, грамоталармен атап өтілді.

Орынбек – адалдықтың ақ жолымен жүрген, жарамды сөз, орнықты ой айтатын, аз сөйлеп, іргелі істер атқаратын, алғыр да іскер адам және ұйымдастырушылық қасиеті өте жоғары, нағыз еңбексүйгіш ел ағасы болды. Ағайынға сөзі өтімді, беделді болыс болды.

2014 жылдан, өзі басқарған «Жаңа Талап» совхозының орталық көшесі, Орынбектің атымен атала бастады.

Орынбек пен Розадан: Лейла, Қарлығаш, Алмасбек.

Мәшекең шөпшегі Қарабасова Лейла Орынбекқызы (1964)

Лейла – ҚарМУ-нің, биология факультетін бітірген.Қарағанды қаласында тұрады.Төрт баласы бар.

Жәнібек – 1984

Меруерт – 1988
Айғаным – 1999

Абылай – 2000

Мәшекең шөпшегі Малғабылова Қарлығаш
Орынбекқызы
(1966)

Қарлығаш – Алматы темір жол институтын бітірген. «Қазақ теңіз көлік флоты» АҚ-да, кадрлар бөлімінде қызмет етеді. Қарлығаш пен Жақсылықта үш бала бар.

Олар: Сабина, Жаклин, Жан.
Сабина – 1992
Жаклин – 1998
Жан – 2013

«Әке көрген оқ жонар»

Мәшекең шөпшегі Бұлдаштегі Алмасбек Орынбекұлы (1969)

Алмасбек – іскер басшы, тамаша ұйымдастырушы, бабаларының дана да дара жолын лайықты жалғастырып келе жатқан абыройлы азамат.

1994 жылы, ҚарМУ-ін бітіріп, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының салық комитетін басқарады. Мәшекеңнің қара шаңырағындағы төртінші ұрпақтың өкілі, кенже ұлы Малғабылдың шөбересі – Алмасбек қара шаңыраққа абыроймен ие болып отыр.

2010 жылы, 24 шілде күні, Машақ (Мәшекең) және оның ұрпақтарына арналып ас берілді. Астан соң, туған-туыстар Алмасбекке: «Әкең, Орынбектің орнына «болыс» боласың» – деп, аманат жүктеді. Болыстық деген ұғым, Ресей патшасы кезеніңдегі шенеулік қызметті білдіреді. Қазіргі заманда, болыстықты «рубасы» – деп, түсінеді. Аманаттың ауқымы кең, жүгі салмақты: Мәшекеңнің ұрпақтарына бас-көз болу, туған-туысқандарға қамқорлық білдіру, «Көпбейіттегі» кесенелерді жөндеу жұмыстары, бабаның тарихи тұлға ретінде көпшілік қауымға, мәдени-ағарту шаралары арқылы насихаттау, қайрымдылық пен демеушілік жасау.

Алмасбек пен Айманда төрт бала және бір немере бар.
Алмасбектен Әмірбек (1991)
Айнұр (1995)
Жасмин (2005)

Айлин (2012)
Адэлия (2017)
Әмірбектен Айданбек (2015)

Мәшекең шөбересі Малғабылтегі Қарабасов Тұрысбек Бұлдашұлы (1948)

Тұрысбек – Қарағанды қаласының, №3 мектеп– интернатын алтын медальмен бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «механика-математика» факультетін тәмамдап, еңбек жолын ұстаздықтан бастады. Математика ғылымының кандидаты, доцент. Өз ісінің майталман маманы. Машақ (Мәшекең) бабаның ұрпақтарының темір жол саласын таңдап, сол саланың қызметкерлері болып, халыққа игілікті жұмыс атқаруына, бірден-бір себепкер болған адам. Шыншыл, зиялы, білімді азамат. Кітапты өте көп оқитын, зерделі азамат.

Тұрысбектен Әлібек (1978)

Мәшекең шөбересі Малғабылтегі Қарабасов Сәулебек Бұлдашұлы (1951) 1974 жылы, Сәулебек, Алматы темір жол институтына оқуға түсіп, диплом алып, әке үмітін орындап, Ақадыр теміржол дистанциясында еңбек жолын, бас ревизор болып бастады. Тұрысбек ағасы сияқты математик, шахматшы, кітапты көп оқитын, зерек азамат.

Сәулебек пен Гүлжаннан: Әсел, Алтынбек (1976)

Алтынбектен Әділбек (2004)

Мәшекең шөбересі Малғабылтегі Қарабасова Тұрымкеш Бұлдашқызы (1953)

Тұрымкеш – 1977 жылы, Алматы қаласындағы, Ташкент теміржол институтының филиалына оқуға түскен. Тәмамдаған соң, көп жылар бойы, темір жол саласында қызмет атқарған.

Тұрымкеш пен Ғылымбектен: Ерлан, Данияр, Бақытжан.
Мәшекең шөбересі Малғабылтегі
Қарабасова Нұржамал Бұлдашқызы (1956)

Нұржамал – 1977 жылы, Алматы қаласындағы, Ташкент теміржол институтының филиалына оқуға түскен. Тәмамдаған соң, көп жылар бойы, темір жол саласында қызмет атқарған. Алматы қаласында тұрады.

Мәшекең шөбересі Малғабылтегі Қарабасова Жамал Бұлдашқызы (1958)

Жамал – 1975 жылы Алматы темір жол институтына түседі.

Жамал мен Болаттан – Арман.
Машақұлы (Мәшекеңұлы) Әлішер
Машақтың төртінші әйелі – Аққасқадан: Әлішер, Әбеу.
Әбеуден ұрпақ жоқ.

Әлішерден: Қазыбек, Жәзібек, Балғабек.

Мәшекең немересі Әлішерұлы Қазыбек (1943)

Қазыбектен Ыбырайкен (1925-1964) Ыбырайкеннен – Мұрат (1947-2013), Қанат (1954-2015) Нағашыларына атына жазылып, екеуі де – Арынханов болып жүр.

Қанаттан Назар (1990)
Мәшекең немересі Әлішерұлы Жазыбек (1964)

Жазыбектен: Естай, Амантай

Мәшекең шөбересі Әлішертегі Есенгелді (Естай) Жазыбекұлы (1943-1999)

1994 жылы, шілде айында, «Көпбейітте» үлкен ас берілді. Сол асқа, Естай, бір ту бие атады. Естайдың ұйымдастыруымен, екі киіз үй тігілді, асқа бие, бес қой сойылды, отбасымен сырттан келген туған-туысқандарды күтіп қарсы алды.

Естайдан: Өміртай (1964), Біржан, Ержан Өміртайдан – Әділхан (2002)

Мәшекең шөбересі Әлішертегі Амантай Жазыбекұлы (1951)

Амантайдан: Нұржан (1977), Ерлан (1982)

Нұржаннан: Еркебұлан (1997), Қуаныш (1998), Ернияз (2002)

Ерланнан – Диас (2007)

Мәшекең немересі – Әлішерұлы Балғабек. Балғабектен бала жоқ.

Мәшекеңнің шөбере бауыры – Тайтегі Көкен Бәдіғұлұлы

Бастапқы тарауда, Қойкел бабамыздан туған балалары:
Болат, Жарылғап, Жәмеңке, Ес, Қан, Жан, Бек туралы жазғанбыз.

Болаттан – Жантөбет Жантөбеттен – Машақ (Мәшекең)

Жарылғаптан – Салқынбай, Салқынбайдан – Тай, Тайдан – Бәдіғұл, Бәдіғұлдан – Көкен, одан – Сағидолла (Сәкен) (Бұл мәлімет, Балғабай Мәжит Кенжеұлы құрастырған, «Қаракесек. Әлтеке. Сапақ» шежіресінен алынды) Көкен Бәдіғұлұлы – Қарағанды шахтасында кенші (шахтер) болып, зейнеткерлікке шыққан соң, Жарық кентіне аталас туысы, Қысекең қайынағамның жанына көшіп барады.

«Ерен еңбегі үшін», үкімет тарапынан, «Ленин орденімен» марапатталды. Көкен мен Айтжаннан жалғыз ұл, Сағидолла (Сәкен). Көкен Бәдіғұлұлының, ата-бабалары ауқатты болған. Аумалы-төкпелі жылдары, атамекендерін тастап кетуіне байланысты, көп алтындарын тұрған жерлеріне тығып кеткен екен. Зейнеткерлікке шыққан соң, Көкен, сол алтындарды, іздеп таба алмады.

Бәдіғұлтегі Сағидолла (Сәкен) Көкенұлы
(1949-2009)

Сағидолла – 1949 жылы, 12 қарашада дүниеге келді. Отбасында жалғыз болғандықтан ерке, өжет болып өсті. Қостанай ауылшаруашылық университетінің зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Өнерлі болатын, гитараны жақсы тартатын. Жарық кентінде, астық қабылдау мекемесінде, бас механик болып, жұмыс атқарды. Әкесі – Көкен, 1979 жылы, қайтқан соң, отбасымен Қостанай облысы, Наурызым ауданына, қызмет бабымен көшіп барды. Ол жақта «Нефтебаза» директоры, жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы болды. 2009 жылы, ұзаққа созылған науқастан дүниеден озды. Қостанай жерінде жерленді. Жалғыз болғанымен, көпшіл, достары мен туысқандарға қарым-қатынасы өте адал болатын. Жарық кентінде тұратын туған-туысқандары және жолдастарымен телефонмен үзбей хабарласып, өлік-тірлікке қатынасып тұрды. Жұбайы – Ырысалды, 1950 жылы, желтоқсан айының, 5 жұлдызыңда туған. 1974 жылы Қарағанды Медициналық Институтының, терапевт-дәрігер мамандығы бойынша бітіріп, Жарық кентінің ауруханасына, бас дәрігер болып келеді. Сол жерде, Сәкенмен танысып, отбасын құрады. 40 жылдан астам, түрлі деңгейде, халыққа қалаулы дәрігер болып зейнетке шықты.

2012 жылы Ырысалды балаларымен, Астанадан келіп, Көкен атасы мен енесі Айтжанға граниттан құлпытас орнатып, халыққа ас берді.

Сәкен мен Ырысалдыдан: Жұпар, Әлия, Бақытжан. Жұпар (1974)
Жұпар мен Азаматтан: Еркін, Гүлден.
Әлия (1975)
Әлия мен Сырымнан: Серікболсын, Гүлдана.

Бақытжан (1982) – Астана қаласында жауапты қызметте істейді, ағылшын тілін жетік меңгерген. Әкесі сияқты өнерлі: ән шығарады, әуен жазады, гитарада шебер ойнайды, гитараның сүйемелдеуімен ән айтады.

Бақытжан мен Құралайдан: Санжар мен Жарқын. 2007 жылы Жарықта Сағынтай марқұмның қайтыс болған 20 – жылдығына арнап, ас бердік. Туыстардың ішінде асқа, алыстан арнайы ат терлетіп келген, іс-шараның басы-қасында жүріп, ұйымдастырып өткізген – Қуандыққа айтар алғысым шексіз.

Тағы бір айта кететін жәйт. Сағынтай марқұмның 10 жылдық және 20 жылдық астарын өткізуде, және көп жылдар бойы, отбасымызға әртүрлі, әрдеңгейлі көмек көрсеткен азаматтың бірі – сол кездегі кентіміздің әкімі, жаны жайсаң – Жұматаев Көшербай Жұматайұлы мырзаға отбасымыздың атынан, мың алғыс! Бұл азаматпен әліде жақын сыйласып, араласып тұрамыз. Туған інімдей болып кетті десем, артық айтқаным емес. Жарықта қазір Әлтекеден қалған біздің үй ғана қалды. Бірақ, ауыл халқын «бөтен ел» – деп, айтуға келмейді. Таныс-білістер, көз көргендер, әріптестер, сыныптастар, көрші-қолаң, сыйластар, жалғыз үйлі Әлтеке екенімізді білдірткізбейді. Сөз көмекте де, қол көметке де, іс көмекте де, үнемі қол ұштарын созады. Осыдан кейін, бізді, жалғыз үйлі «Әлтеке» – деп, кім айта алады?!

Айналайын халқымнан, сыйласып өткен!

Жарықта бұрын – 12 үйлі Әлтеке, досымыз сүйінген, дұшпанымыз күйінген, іргелі де, ауқатты, айтар сөздері тек өз арасында ғана емес, ауыл жұртына да өтімді, тектілікті ту еткен, үлкен бір ел едік. Ағайынның ауызбіршілігі, бір-біріне деген сыйластығы, бір – біріне айтқызбай көмекке келулері, үлкендерді, кішілердің сыйлауы, олардың айтқаның екі еткізбей орындау дәстүрі, қонақ күтіп алу, бір – бірімен қонаққа шақырысуы, абысын-ажындардың өзара татулығы, сондай жарасымды, жүректе қимастық сезімін ұялататын ерекше, ауызбен айтып жеткізе алмайтын керемет кездер еді. Сол кісілер, сол кездер, бүгінде міне, сағыныш. Шіркін, өмір – өзен деген, осы екен-ау! Көзді ашып жұмғанша өте шықты. Кешегі өзекті де, маңызды уақиғалар, бүгінде міне тарих болып қалды.

Атамекен: «Көпбейіт», «Жәмші»

1996 жылдан Ақтоғай ауданына қарасты «Көпбейіт» – «Ақсеңгір» елді-мекені болып атала бастады. Әкімшілік– территориялық нысаналарды жіктеу бойынша 353655200 коды болып тіркелген (классификатор административно – территориальных объектов – КАТО). 1999 жылы бұл жерде, 69 адам, оның ішінде – 35 ер адам, 34 әйел адам тұрған. Ал, 2009 жылғы Қазақстан Республикасының жалпыұлттық санағы бойынша, халық саны – 106 адам болған. Оның ішінде – 64 ер адам, 42 әйел адам.

2010 жылы, 24 шілде күні, Машақ (Мәшекең) және оның ұрпақтарына арналып ас берілді. Сол асқа шақырылған қонақтардың арасыңда, 1973-1991 жылдары, Жәмші совхозының директоры болған – Қауаз Мұқажанұлы да болды.

Асқа келген көпшілік қауымға Мәшекең туралы, «Көпбейіт», «Жәмші», «Ақсеңгір» ауылды мекендеріңде, Кеңес заманыңдағы өзі бастап істеген, игі істері туралы айтты.

Осы кітап жазылу барысыңда, Қауаз Мұқажанұлы «Елін сүйген Машақ баба, ел есіңде!» атты мақала жазып, Қарағандыда тұратын баласы, Жандостан беріп жіберіпті. Мақала деректі, ауқымды түрде жазылған. Мәшекең ұрпақтары атынан, Қауаз Мұқажанұлы мырзаға рахмет айта отырып, ұзақ өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, асқақ абырой тілейміз!

Жақсы келді дегенше,
Жарық келді десеңші,
Жақсылықтың нышанын
Алып келді десеңші

Қауаз Мұқажанұлы

Әңгімемізді осы кісінің мақаласына аударайық.

Елін сүйген Машақ баба ел есінде!

«...Қариялардың айтуынша Қаракесектен Майқы, одан Айтуған, Күнтуған, Бөлекбай туады.

Айтуғаннан Әлтеке (Айдос) жалғыз, одан Өтеуіл, Өтеген, Әлмұрат, Дос туады.

Күнтуған Сары кісі болғандықтан Сарым аталыпты, одан Тоқсан, Өтеміс туады. Өтемістен Боқсары, Құлық, Көшкін тарайды. Мен Сарымның тоғызыншы ұрпағымын: Сарымнан (Күнтуған) Өтеміс, Құлық (Жанарыс), Таңат, Бәйсеу, Қармыс, Құлеке, Тәти, Мұқажан туады.Мен Мұқажанның ұлымын. Мен қызмет жүзінде Әлтеке ұрпақтары арасында Сәуледе – 8 жылдай, Ақтоғайда – 3 жылдай, Жәмшіде-19 жылдай еңбек жасап, туыстық үстіне туысып кеттік.

Жасымнан әке-шешем Машақ жөнінде көп айтатын. Себебі әкемнің үлкен ағасы Әкімбек Машақтың Жамал деген қызына үйленіпті, ол өлген соң, бәйбішесінің өсиетімен, оның сіңлісі Өңкейді алыпты.

Бейсенбайұлы Алтынбек ақсақалдың айтуынша: «Жамал өте сұлу, ақылды адам болыпты, баладан қайтыс болған.Оның отауының ағаштары күмістеленген, ерекше жасалған. Әкімбек өте қабілетті болды, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханов елге келгенде Әкімбектің үйіне түстеніп кеткенін сан көрдім, Ақжелке атын тамашалаушы едік» – дейтін. Жамалдан бала қалмапты.

Өңкейден: Базыл, Күлзада. Базыл аға – құрметті кенші, Қоңырат кенішінде, Күлзада әпкеміз – Сәуле елді-мекенінде тұрды. Ұрпақтары бар. Ағам мен әпкем нағашыларын қатты құрметтеуші еді, мен өзім осы ағамның, әпкемнің тәрбиесін көріп өстім. Шешем Дәмелінің туған апасы Қалия деген кісі – Машақтың немересі, Әлішердің Қазыбегіне тұрмысқа шығып, ертеректе баладан қайтыс болыпты. Менің шешем, Дәмелі Әбділдақызы, Шабанбай бидің бесінші ұрпағы. Сөйтіп, Машақ әкем жағынан, ел ішінде атақты болған Құлық Құлеке батырдың немересіне, екі бірдей қызын беріп, шешем жағынан, немересіне, атақты Шабанбай би ауылының қызын, алып беріпті. Машақ сияқты атақты адамның құда болуында үлкен мән жатқан сияқты.

Міне, осындай туыстық байланыстарды біліп, атақ-даңқын құлағына жастайынан сіңіріп өскен бала өскенде де құрметін ұмытпайды екен.

Мен, 1973 жылдың, 20-шы қазанында совхоз ұйымдастыруға, Бірлестік елді-мекеніне директор болып бардым. Бірлестік, Ақтоғай совхозының бір бөлімшесінің, орталығы      екен, Совминнің қаулысымен      де, Ауылшаруашылығы министрінің бұйрығы менде жаңа совхоздың орталығы болып белгіленіпті. Жәмші совхозына, Ақтоғай совхозынан, осы Бірлестік және Имек, Орта Ақсай деген бөлімшелер, Қоңырат совхозынан, Калинин бөлімшесі берілді.

Совхоздың жаңа орталығын салу үшін, жер іздедім, сөйтіп жүріп, Көпбейіт деген жерді көрдім, Машақтың бейтін көрдім, естіген-білгенім алдымнан шықты. Бейіттен басқа ештеңе жоқ, айналасында 5-10 шақырым жерлерде қыстақтар бар. «Ақшатау-Ақтоғай» ВЛ-110 электр желісінен, 10-15 шақырымдай қашықтықта болды. «Орталық салуға жер келмейді» – деп шештім. Бірақ, «Орта Ақсай» – дағы бөлімше орталығын келешекте осы жерге ауыстыруды ойға түйдім. Сөйтіп, 1974 жылдан бастап «Көпбейіттен» бөлімше орталығын сала бастадық, бірінші жылы бұлақ басынан, ауыз суға бір скважина, қырдан қора салсақ деген жерден бір скважина қазып, су мәселесін шешіп алып, 1975 жылы бастауыш мектеп, кеңсе, медпункт, кітапхана, дүкен, тұрғын үйлер құрылысын бастап, ауылды жақсы бұлақтың болуына байланысты «Қайнар» – деп атадық, бөлімше басшыларын, мамандарын және бір отар қой малымен Машақтың шөбересі – шопан Естайды көшіріп әкеліп, орналастырдық.

Қазақ отырған жерінің әр түп шиіне, әр төбесіне ат қойған, өйткені күнделікті сол жерлерді жайылымдыққа пайдаланған. Қайнар ауылында, Ермектің Қасабайы деген 90- нан асқан қасиетті ақсақал бар еді, сол әкемізден бір кездесіп қалғанда айналадағы жерлердің атын сұрадым. Бір биіктеу төбешікті, Ақшоқы, оның жанындағы аласалау төбешікті «Ақсеңгір», анау жерді «Қырғыз қырған жер» – деп атайды деді. Жәмші өзенінің, оң қабағында, Ақшоқы деген Қарабұлақ совхозының бөлімшесі бар еді, сондықтан Ақшоқы деген атауды қайталаудың керегі жоқ, ал «Қайнарды» өзгертіп, «Ақсеңгір» – деп атасақ, жөн болар деп, кеңсеге келген соң, бөлімшені «Ақсеңгір» – деп, атауға нұсқау бердім, таяу уақытта сайлау болатын болды да, сайлау учаскесінің атын «Көпбейіт» – деп те, «Қайнар» – деп те ататпай, «Ақсеңгір» – деп, жазғызып жібердім. Ол кезде, Машақ атын атау, Советтік идеологияға қайшы келетін, саясатқа қарсы шығу болып табылатын жәйт. Сөйтіп, Машақ бабаның жатқан жері «Ақсеңгір» атты елді-мекенге айналды.1973 жылдан 1986 жыл аралығында Жезқазған облыстық тас жол басқармасының бастығы Осяйкин Гаврил Ивановичтің көмегімен «Жәмші – Ақтоғай», «Жәмші мен «Алматы – Свердловск», қазіргі «Алматы-Астана» автожолының арасын қосатын 58 километрлік жолды «Ақсеңгір» үстімен салғыздым. Ақсеңгір ауылының тұсынан, Жәмші өзенінің екі қабағынан, 4500 гектар жерді егіндікке айналдырып, екпе ағаштар отырғызып, ағаштардың өсіп – өнуіне көп жағдай жасадық.

Аталған шаруалар сөзбен айтуға оңай болғанмен, 19 жыл бойы зор қиындықпен, халықтың үлкен қолдауымен атқарылды, оған ел куә, еңбек ізі куә.

Жәмші совхозының негізгі бағыты-асыл қой тұқымын өсіру болатын. Қой тұқымын асылдандыру тарапынан Республика көлемінде үлкен жетістіктерге жетті. Іс тәжірибеміз ғылыми-техникалық семинарлардың өтуіне негіз болды, Бүкілодақтық халық жетістіктері көрмесінде (ВДНХ-да) жүлделі орындар алып; алтын, күміс, қола, медальдардың иегері болды. Осындай жетістіктерге совхоз ұжымымен бірлесіп, Алматы Зооаграрлық Институтынан – Төлеухан Садықұлы мырза бастаған ғалымдары, үлкен еңбек жасады.

Мүмкін, Мәшекеңнің әруағы қолдаса керек, Мәшекең мазарының, ата қонысының төңірегінде осындай ірілі-ұсақты ескерткіштер жасалынды. Сонымен қоса, Машақ ұрпақтарын іздестіріп, жолығып, таныса жүрдім. Қазақ ССР Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Кенешов Тілеуғазы Қасымұлымен (Машақтың шөпшегі-Тілеуғазы Райымқұлұлы), Республикалық Главснаб төрағасының орынбасары Шәйкенов Кәріғұлмен (Машақтың немересі), Шөменнің Аманымен (Машақтың немересі), Бұзаудың Қожаны, Алданымен (Машақтың немерелері), Қарабасов Орынбекпен (Машақтың шөбересі), Дөңгелеков Дәулетпен (Машақтың шөбересі), тағы басқа ұрпақтарымен жақсы қатынаста болдым.

1975 жылы Алматыға іс-сапармен барғанда Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Кенешов Тілеуғазы Қасымұлымен кездесіп, асыл тұқымды қой шаруашылығының өсіп-өркендеуі туралы көп әңгімелестік. Тағы әр түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, жауаптарыма өте риза болып, «осындай білім дайындығың бола тұра ауылда неге қалдың, қалаға келу керек еді ғой»-деді. Мен «Аға, елде де біреулеріміз болуымыз керек, елді кім көрінген басқарып жаны ашитын ешкім қалмайды ғой, ауыл жүдеу қалпын өзгерте алмайды ғой» – дедім.

Екінші кездесуіміз 1979 жылы жаз айында үйіне барып, көңілін сұрадым, ел сәлемін жеткіздім. Осы кездесулерде бұндай қарапайым, бауырмал адамды кездестіргеніме үлкен бір университеттен өткендей әсер алдым, мүмкін біреулер Қауаздың осы бір мінезі ұнамды дейтін болса, тәрізі сондай ағаларымыздың әсері шығар деп ойлаймын, айтуға сөз жетпейді.

1976      жылы      күзде      Алдабергенов      Қарпық екеуміз республикалық      Главснаб      төрағасының орынбасары Шәйкенов Кәріғұлға, бір туыс ағасын апарып жолықтырдық. Бұл кісіде бір министрлік дәрежесіндегі орынды басқарып отырған азамат екен, көп әңгімелестік. Мен, Мәшекең басына, бөлімше орталығын салғызғанымды айттым. Ол кісі ризашылығын білдірді. Кәрекең, алдағы уақытта сол жердегі күмбезді бейіттерге жөндеу жұмыстарын жүргізуді ойластырып отырғанын, оған көмек беруді тапсырды. Одан кейін, Бұзаудың Алданына бардық, өте жақсы қарсы алды, сондай ақжарқын, бауырмал азамат екен.

Совзоз шаруашылығының жағдайымен облыстық ветеринарлық қызмет басшыларының бірі – Дөңгелеков Дәулет деген жігітпен кездесіп, туысып кеттік.

Міне, Машақ баба      тұқымынан үлкен мемлекеттік қайраткерлер, өнерпаз ұрпақ, халқына қалаулы азаматтардың шыққанына ел куә.

Ертеде Тоқырауын болысында Боқсарыда Шабанбай би ұрпағы Шоңбай әулеті, Әлтекеде Болат ұрпағы Машақ әулеті өздерімен, балаларымен, немерелерімен әрқайсысы 30 – 35 жылдай кезек-кезек болыстыққа, билікке ие болған, басқа аталардан әредік 1-2 реттен араларында сайланған екен. Ол кезде заң бойынша әр адам болыстыққа қатарынан бір рет 3 жылға ғана сайланады екен.

Ел арасында Машақ бабаның кісілігі, әділділігі, шешендігі, күйшілігі жөнінде көп айтылады. Елін сүйіп, елі үшін заманында қызмет жасаған Мәшекең ел есінен ешқашан ұмытылмақ емес.

Алла, Машақ бабаға, о дүниелік болған ұрпақтарына иман байлығын бұйыртсын, Әумин! Шабанбай би ауылы. Қауаз Мұқажанұлы.10 қазан 2015жыл. » 1993 жылы Мәшекеңнің немересі – Кәріғұл, Мәшекеңнің шөберелері: Зәрубек, Кәкен, Орынбек, Қуандық, Жорғатай, Дәулет, Оңал, Бердібек және тағы басқа туыстар, күмбездің су шайып, мал сүйкеніп құлатқан іргесін бекітіп, құран бағыштап, құрбандық шалды.

1994 жылы 29 шілде күні Мәшекең немересі Кәріғұлдың ұйымдастыруымен, Машақ (Мәшекең) мен Шәйкен (Шәкең) бабалардың басына, граниттан құлпытастар орнатылып, құран оқылып, халыққа ас берілді.

Бұл ас біздің мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейін, тіршілік тынысы кеңейіп, ел еңсесі көтерілгеннен кейінгі ең алғашқы болған іс-шара. Бұл астың маңыздылығы: Машақ ұрпағының бірлігі жоғалып кетпес үшін, ата – бабалар тарихынан мағлұмат, салт-дәстүрді сақтау, үлкендерді құрметтеу, қайрымдылық жасау, адалдық деген ізгі ниеттер болатын.

24 шілде 2010 жылы Машақ (Мәшекең) және оның ұрпақтарына арналып Көпбейіттің тұсынан құлпытас орнатылып, «Машақ болыс ауылы» – деп, жазылған маңдайша тақта, Ақтоғай-Балқаш тас жолы бойына орнатылды, құран бағышталып, ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, үлкен ас берілді. Мәшекеңнің балаларынан тараған ұрпақтары әр атаға арнап, жеке киіз үй тігіп, асқа жиналған қонақтарды күтті.

Ауыл тұрғындарына туған-туыстардың атынан ерекше ілтипатпен алғысымызды білдіреміз.

ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Жүнісов Рымбек мырза – Мәшекең бабамызға арнап берілген асқа Астанадан арнайы келіп, сөз сөйледі.

Астанадан келген ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, профессор – Әбішев Қабылсаят Әзімбайұлы тарихи деректермен дәлелденген, Машақ және ұрпақтарының қазақ мемлекеті және халқына жасаған еңбектері туралы баяндама жасады. Жоғарыда есімі аталған азаматтарға Мәшекеңнің ұрпақтарының атынан мың алғыс!

Бұл ас біздің мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейін, тіршілік тынысы кеңейіп, ел еңсесі көтерілгеннен кейінгі, ең алғашқы болған іс-шара. Бұл астың маңыздылығы: Машақ (Мәшекең) ұрпағының бірлігі жоғалып кетпес үшін, ата-бабалар тарихынан мағлұмат алу, салт-дәстүрді сақтау, үлкендерді құрметтеу, қайырымдылық жасау деген ізгі ниеттер болатын. Осынау имандылық шарасын өткізер тұста, мен, Қарағанды облысының көптеген мекеме басшыларының қабылдауында болдым. Қарағанды Облыстық ішкі істер департаменті Жол полициясынан арнайы «Машақ болыс ауылы – 45» атты тақтаға рұқсат алу, «Орталық Қазақстан» газетіне «Тарихта ізі қалған танымал тұлға» атты мақала жазу, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы басшыларымен ас түсірілімі туралы келісім, «Руханият» бағдарламасы шеңберіңде жасалған бейнефильм, облыстық мәдениет басқармасы және Ақтоғай аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған мәдени іс-шаралар, тағы басқа игі істердің басы-қасында жүрдім, бұл іс–әрекеттерім атымды шығарайын деп емес, аруақтар риза болсын деген ниеттен туындады.

2015 жылы Машақ (Мәшекең) болыстың туғанына 200 жыл, ал күмбездің тұрғанына 120 жыл толды.

Ескерткіштегі өлең жолдары:

30 жыл ұрпағымен болыс болған Машақ бабам.

Ақылмен, қасиетпен өтті заман.
Бас иіп, өткендерді еске алуға,
Арттағы ұрпақтарың болсын аман!

Мәшекеңнің құдасы Бекешұлы Ұланбек би және оның ұрпақтары.

Ұланбек би – Мәшекеңнің құдасы, үзеңгілес жолдасы. Кіші жүздің Табын руынан шыққан атақты – Ұланбек би бабам туралы бұрында жазғам. Ұланбек бидің әкесі – Бекеш, Нұра болысында ауыл старшыны болған.

Бекештен үш ұл: Ұланбек, Кернейбек, Кәрсөнбек. Бекештің екі баласы Ұланбек пен Кернейбек би боп сайланған.

Орыс ғалымы-өлкетанушы – Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управители и народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. «Хроника фактов» деген кітабынан үзінді келтірейік: «…Нуринская волость сформирована в 1878 году отделением от Альтеке-Сарымовской волости. В нее вошли следующие ответвления рода Сарым: Байдаулет-250, Айдабол-307, Конурбай-200, Дерипсал – 200, Табын – 100, Алшын – 100 кибиток. Итого 1157 кибиток (хозяйств) по данным 1884 года.

В 1897 году проводилась перепись населения Семипалатинской области. Население Нуринской волости достигло 5709 человек. В 1898 году в волости учтено 1264 кибитки и 6590 человек населения с 14 декабря 1913 года во главе Нуринской волости Шайкы Жусупов. Народные судьи и их заместители в аулах: №6 Уланбек Бекишев и Сабирбай Байгобилов».

1868 жылы Ұланбек би «Қоңыржон», ал баласы, Жетпіс «Сандықсары» қыстағында қоныстанған.

Дереккөзі: МКЗП–Том 6. Каркаралинский уезд.-СПб., 1905 г.

Ұланбек би бабам – ауыл арасындағы ұсақ-түйек дауға қатыспайды екен. Тек күрделі, келелі, даулы мәселелердің шешімі табылмай жатқан кезде ғана билікке араласқан. Сонда халық: «Ұзынсары келді ғой, әділ билік болады» – деп, халық қуанған екен. Ұзын сары аталуының себебі, бойшаң, әрі көрікті кісі болса керек.

Ұланбек бабамнан: Жетпіс, Жәбен. Ұланбектің жалғыз ұлы Жетпіс старшын болып, қызмет істеп тұрып, қырық екі жасында, әкесінен бұрын қайтыс болған екен. Жетпістен: Кейкі, Омар, Шәрет, Сарқыт.

Кейкі атамнан: Еркебай ағатайым, Бибісара апай.

Еркебай ағатайым мен Нәзім жеңгемнен: Бақытбек, Амангелді, Есен, Мақсұт, Қанат, Айман, Шолпан, Сәуле.

Омар әкем мен Қалия шешемізден: Баян, Қайдар, Болат, Айнагүл.

Шәрет әкем мен Тұйғын анамнан: Зүбәйра, Зәпура, Мәкурә (Мәкіш), Балтабай. Тұйғын анамның шын аты – Бибәтіш, тазалығы мен пысықтығы үшін халық оны «Тұйғын» – деп, атап кетіпті.

Сарқыт тәтем мен Смағұл жездемнен: Қалкен, Қабжан, Нығым, Әділхан, Бақыт. ...Ұлыкең бір атақты сыншыға: «Cені сыншы дейді ғой, мені сынап көрші» деген екен. Сонда сыншы бетіне ұзақ қарап отырыпты да, былай деген екен:

«Ұланбегім-ай, Ұланбегім-ай. Құты да жоқ, жұты да жоқ, «Көрпетай» деген тауың бар екен» – дей келе, біраздан соң, «Ұланбегім-ай, Ұланбегім-ай, асылың қызыңда кетіпті-ау, жиендерің мықты болады» – депті.

Сол сөз рас болып шықты. Апамыздан туған жиендер көріпкелдің айтқанындай халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар болды.

Ұланбек бидің немересі Жетпісұлы Шәрет

Шәрет әкем – Ұлы Отан Соғысы жылдарында Украинадан жер аударылып келген неміс ұлтының бір отбасын (енесі, келіні және бір ұл, бір қызды) аштықтан аман-есен алып қалды. Әкем апама: «Адамның қолынан құста тоймайды, билікті енесіне бер, жастар жұмысқа шықсын, ашығып қалмасын» – деп анама қатаң тапсыратын. Соғыс біткенше біздің үйде тұрды, кейін соғыс бітісімен отандарына қайтып кетті. Қыста ат-шанамен, жазда ат-арбамен Қарағанды қаласына кірешілерді бастап, техника, халық тұтынатын заттарды, азық-түлік, киім-кешек әкелетін. Кіреші қызметі бүгінгі күні экспедитор қызметі болып саналады.

Әкем коммунист емес еді, бірақ үкімет маңызды, жауапты жұмыстарды әкеме тапсыратын. Соғыс жылдарынаң кейін Ақтоғай ауданына өзен үстіне көпір салуға бригаданы баскарып барды. Техника жоқ, көпір қол күшімен, ауыр бейнетпен үш айда салынды. Жергілікті халық сол көпір әлі күнге дейін тұр дейді, бірақол көпірдін салынғанына жетпіс жылдан асты, орнына заманауи жаңа көпір салынған шығар, арманым барып көрсем деймін.

Біздің үй өзеннің арғы жағында тұрды. Үйіміздің жанында, пошта таситын кішкентай ұшақ ұшып-қонатын ұшу алаңы болатын. Балалар бәріміз ұшақтың соңынан қызықтап жүгіретінбіз. Біздер, кішкентай балалар, өзеннен балық аулайтынбыз, пісіріп жеуді білмейтінбіз. Аулаған балықтарды сол жерде жұмыс істейтін орыстар кешке жақын келіп алып кететін.

Шәкең – академик, археолог – Әлкей Марғұланмен жақын араласты, Ақтоғай өніріңде тарихи орындарды бірге аралады, ол туралы келесі тарауда жаздым. Әкемнің суырып салма ақындығы болатын. Шығарған өлеңдерін қағазға түсірмейтін, тек ауызша айтатын.

Ақтоғайда Қараменде әулиенің кесенесі бар. Біздің үйде ер бала болмағандықтан шешем қасына кісі ертіп, мал сойып, жаяу барып бабаның басына барып түнейді. Шешем ол жақтан жылап келді:«Қаракемнің аруағы аян берді, ер балаға арналған бұйымдарды беріп, кейін қайтарып алды» – деп. Содан кейін шешемнің аяғы ауыр болып, Шұғайыпбек деген ұл бала туды. Баланың туғанына түгел халық қуанды, үйдегі заттарды құттықтап алды. Бірақ шешем түсінен қорқып, қуанбады. Айтқанындай, алты айдан кейін, бала қайтыс болды.

Әкемнің ағасы Кейкі ата мен Күләнда апамыз, Еркебай ағатайым оқуға кеткен соң, мені кішкентай кезімде асырап алады. Есімді білген соң көршілеріміз: «Туған әке-шешең Шәрет пен Тұйғын, олар сені зарығып сағынып жүр» – деп айтатын. Мен еркек балаларша киініп жүретінмін, алты шақырым жердегі туған үйіме ұрланып қашып келем. Артымнан атпен құйғытып Күләнда апамыз келіп, «сендер баланы азғырып жүрсіңдер» – деп әке-шешеме жекіп мені қайта алып кететін. Әке – шешем үлкендерді сыйлап, бір ауыз сөз айтпай күліп отыратын. Еркебай ағатайым үйленген соң, мен, өз үйіме қайтып келдім.

Әкемнің інісі, Құдайберген ағатайым, Ұлы Отан Соғысына қатысып, кеудесіне толған орден-төсбелгі (медаль) тағып, ауылға аман-есен оралды. Әкем мен шешем той жасап, ол кісіні үйлендірді. Ақшатауға қайтарда мені «сен менің баламсың, соғысқа кетерде аға-жеңгеме тапсырып кеткенмін, енді қолыма алып мектепте оқытам» – деп, шешемнің жылағанына қарамай, өзімен ала кетті. Ағатайым мені туған балам деп бес жыл бойы әке-шешемді көрсетпей өсірді. Кейкі атам, қатты науқастанып, ағатайыммен көңілін сұрап келдік. Атам ағатайыма: «Зәпураны үйіне қайтар, шешесінің аяғы ауыр» – деп ақыл айтты.Үйге келгең соң, 1951 жылы, жалғыз бауырым Балтабай туды. Балтабайдың кіндігін балтамен кесіп, есімін – Балтабай деп, қойдық. Әңгімемнің түйіндісі, әке-шешемнің үлкендерді сыйлауы, баланы өсіру тәрбиесі. Үш үйдің ортасында ерке болып өстім, бетінен қақпай өсірген бала бетті, өжет болып өседі екен. Жасым жетпіс алтыдан асса да, өзімнен ешкімді жоғары қойған емеспін. Бүгінгі күнге дейін газет, журналдар оқып, мақалалар жаздым, енді кітап жазып отырмын.

Ұланбек бидің шөбересі Шәретқызы Зүбәйра (Үзбекең)

Зүбәйра – менің туған апам. Зүбәйра апамызды, біздер, бауырлары көзінің тірісінде, арқа тұтатынбыз, мінезі сабырлы, жайдарлы адам болды. Қазақша айтқанда мінезі «қырмызы қызыл жібектей» еді. Ешуақытта адамды жамандамайтын, дауыс көтеріп сөйлемейтін, асып-тасымайтын. Мінезі анамызға тартқан. Шешеміз қайтыс болған соң, Балтабай, Зүбәйра апамыздың қолында тұрып ер жетті, үйленіп отбасын құрды.

Қарағанды қаласында емделіп жатқанымда, апайым үш күн жатып, ауырып қайтыс болды. Бүгінгі күнге дейінгі өкінішім, апайыммен қоштастаса алмағаным. Ауруханадан, мені, Қуаныш бауырым алып шығып, Шетке (Ақсу-Аюлыға) апарды. Апайдың қазасы маған ауыр тиді. Апайым мен Сағынтайымның қазаларынан кейін, өзімді жалғыз, қалғандай сезінемін...

Зүбәйра апам мен Маркс жездемнен жалғыз ұл Мейрам.
Мейрам жиенім – беделді кәсіпкер.
Мейрам мен Айгүлден: Әйгерім, Әсел, Нұржанат, Бағдат.

Ұланбек бидің шөбересі Шәретқызы Мәкурә (Мәкіш) (1947)

Мәкурә – 1947 жылы Ақтоғайдағы, Чапай ауылында дүниеге келді. Мәкурәні бала кезінен бастап, «Ақ Мәкіш» – деп, атап кеттік. Қарағандыдағы сауда училищесін бітірген. Жан-жақты адам. Көп оқиды, тарихты, әдебиетті, музыканы жақсы көреді. Мәкіштен Жанар атты қыз бала бар.

Жанар – 1986 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-не түсіп, 1991 жылы тәмәмдады. Қазір Қарағанды Медициналық Академиясының, орыс тілі кафедрасында, аға оқытушы болып қызмет істейді.

Ұланбек бидің шөбересі Шәретұлы Балтабай
(1951)

Балтабай – отбасында жалғыз болса да, еркелікке салынбай, үкіметтің жұмысын адал істеп, Кеңес үкіметі кезінде, Жезқазған облысы бойынша, биік кранның ұшар басында отырып, оны құдды бір ұршықша иіріп, Жарық кентінде, «Сельхозтехника» мекемесінде көп жылдар бойы, маңдай терін төкті. Жүкті жылдам, әрі сапалы түсіретін, талай-талай ауданаралық,       социалистік      жарыстардың жеңімпазы. Облыстық, аудандық мадақтамалармен марапатталған. Беріде, кәсіпкерлікпен айналысты. Ауыл ішіндегі түрлі деңгейде өтетін іс-шараларға үнемі демеушілік көрсететін қолы ашық, жомарт жан. Келінім Римма – дәрігер-акушер.

Балтабай мен Римма келінімнен екі ер бала:
Сәтбек (1974), Болатбек (1979).
Сәтбек пен Альбинадан: Бейбарыс, Арафат, Жанарыс.
Болатбек пен Самалдан – Айнұр.

Сарқыт тәтемнен туған жиендерімізді бәріміз мақтан тұтамыз. Жиендеріміз жоғарғы білімді мамандар.

Әділ – Шет ауданы мәслихатының хатшысы болып зейнетке шықты. Адамгершілігі өте мол азамат.

Бекешұлы Кернейбек би

Бекештің екінші баласы – Кернейбек би болған. Ғалым-өлкетанушы – Попов Юрий Григорьевичтің «Волостные управителии народные судьи (би) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы. «Хроника фактов» деген кітабынан үзінді келтірейік:…С 25 января 1905 года дуэт Бокай и Сагандык Сандыбаев третий раз во главе волости. Народные судьи и их заместители в аулах: №6 – Сабирбай Байгобилов и Кернейбек Бекишев…

Кернейбек атамыз – сөзге шешен болған, ұрпақтары да, шешендіктен кенде емес.

Кернейбек атамыздан, Анарбек туады.

Анарбек – әкеміз бес колхоздың бас есепшісі қызметін зейнетке шыққанша атқарды.

Анарбек әкеміз бен Зейнеш шешемізден: Мұқатбек, Мәкила, Қайыркен, Шәкен, Мәшкура, Қайырғали, Қалихан.

Мұқатбек – Шет ауданының, Жарық кентінде, бас дәрігер болып жұмыс істеді. Дина жеңгем – дәрігер-гинеколог. Ағамыз мен жеңгеміз халықтың алғысына ие болған жандар.

Сөзім дәйекті болу үшін, Мәшекеңе жазылған өлеңнен үзінді келтірейін:

Әлтеке мақтанады – Машағымен, Қысатай – найза ұстаған шашағымен. Кезінде дұшпанынан кегін алып, Жылқысын айдап алған қосағымен. Қысекең білмеуші еді уайымды, Өмірлік жар етіпт Күләйімді. Намазын бес уақыт қаза қылмай, Аузынан тастамады құдайыңды.

Авторы: Кернейбектегі Мұқатбек Анарбекұлы

Анарбек әкеміздің қара шаңырағына кіші ұлы Қалихан мен менің бөлем Көпидің қызы Гүлнәр (Қалиханның жұбайы) ие болып отыр. Инеш атты сіңлім өсіп келеді. Қалихан әкеміздің жолын қуып, бас бухгалтер болып көп жылдар бойы қызмет істейді. Озық ойлы, тілге шешен, туысқа жәйлі.

Бекеш ұлы Кәрсөнбек

Бекештің үшінші баласы – Кәрсөнбек.
Кәрсөнбек атамыздан: Сауғабек, Бөлтім.
Сауғабектен: Әспен, Әшімбек, Кәсшән, Кенже.

Бөлтім атамыздан екі ер бала еді. Тағдырдың жазуы болар осы әулет біржола өмірден өтті.

Қойшыбекұлы Жаңабек

Жаңабек – әкеміздің бабасы, Әуез Бекешпен бірге туысады. Әуезден: Малшыбек, Малшыбектен Қойшыбек. Қойшыбектен: Жаңабек, Иманбек. Жаңабек – әкеміздің бірінші әйелінен, Мәрпу апай, екінші әйелі Хадиша шешемізден: Сара, Аман, Жасұлан. Жаңабек әкеміз – халыққа сыйлы, қадірлі кісі болды. Әке-шешесінен көрген тәрбиесі болар, Аман, ағайын-туғанның, туыс-туысқандардың реніш, қуанышынан қалмайды. Осы қасиеті үшін, Аманға ризамын. Әйелі Сәуле – дәрігер. Аман екеуі үш ер баланы тәрбиелеп – өсіріп, қазір, ата-әже болып отыр.

Иманбек әкеміздің, Түсіпбай деген баласы, Кеңшоқы ауылында тұрады.

Мәуен Хамзин (1949)

Мәуен –       Қарағанды облысы, Шет ауданы Кеңшоқы ауылында дүниеге келген. Әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мәдениет қайраткері, Шет ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Мәуен Хамзин – Қарағанды Мемлекеттік Университетін (1973) бітірген. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Униветситетінің аға оқытушысы, декан, доцент, кафедра меңгерушісі, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да – кафедра меңгерушісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде – профессор, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 2009 жылдан «Мирас» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 250 – ден астам ғылыми-танымдық мақаланың, публицистикалық еңбектің авторы. Бір монография, екі оқулық, бірнеше оқу-әдістемелік құрал жазған ғалым.

Мәуен – менің бөлем. Менің анам Тұйғынмен, Мәуеннің анасы Кенжекей туған апалы-сіңлі адамдар.

2010 жылы Мәшекеңе берілген асқа арнап, Қазақстан-Қарағанды телерадиокомпаниясы арнайы деректі бейнефильм түсірді. «Руханият» бағдарламасына Мәшекеңдей ірі тұлғаның және ол кісінің ұрпақтарының тарихта алатын орыны туралы сөз сөйлеген – Мәуен Хамзаұлы еді.

Құрметті Мәуен Хамзаұлы! Сізге Мәшекең ұрпақтарының атынан алғыс айта отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, береке-дәулет, еңбекте жеміс тілейміз. Сізге, әліде тұғырыңыздан түспей, туған халқыңыздың игілігі жолында еңбектене беріңіз демекпіз.

Академик, археолог Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Өзім тарих тұнған Ақтоғайда, Көрпетай тауының етегінде Чапай ауылында тудым. Бала кезімде жаз шығысымен археолог, академик Әлкей Марғұлан экспедициясымен ауылға келіп, аппақ ақ шатырларды құрып, қазба жұмыстарын жүргізетін. Ауыл ақсақалдары археолог деп атамай агроном Марғұлан келді деп, арнайы барып амандасатын. Менің әкем Шәретпен жақсы жолдас болды. Бір жылы «Тайкүрең», «Қозыкүрең» – деген екі бейіт орналасқан ауы Обаларды қазбас бұрын таяқтың басына орналасқан аппаратпен (металлоискатель) айналып тексереді, егер дыбыс шықса, қазба жұмыстарын бастайтын. Қазба жұмыстары басталып, қабірдің бетін ашарда халықты жолатпайтын. Қабірдің жаны, кабырғасы мен үсті ұзын жалпақ тастармен жабылады екен. Жерленген адамдар қалмақтардың батырлары, көсемдері болады екен, кейбір жағдайда әйелдерің сүйектерімен жылқы, ат-әбзелі, құрал-саймандары да табылып отырады екен. Ол жанынан обаларды қазды.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан – Қазақстан ғылым академиясының академигі. Әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы. Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы. Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі (1933), филология ғылымының докторы (1945).

Табылған жәдігерлерді орап, жәшікке салып, Алматыға жіберетін. Біздерге табылған заттарды көрсетпейтін, тек әңгімелеп айтатын. Бірде Алматыға барғанымда тарихи-этнографиялық мұражайда Ақтоғай ауданынан табылған жәдігерлер деген экспозицияны көрдім. Қалмақтардың жіліктерін көріп таңқалдым, өте үлкен, ірі болады екен.

Чапай ауылының жанында жоңғар-қалмақпен соғысқан, қырғын соғыс өткен, қыпшақтың 37 батыры қаза болған жер бар. Сол жерде Әлкей Марғұлан қазба жұмыстарын жүргізген. Бір күні Әлкей Марғұлан, біздің үйге ашу үстінде келіп, әкеме: «Шәке, орнатылып тұрған бір тасты біреулер қазып әкетіпті, соны іздеп табуымыз керек. Ол тас тарихи ескерткіш боп саналады» – деді. Шешей отырып: «Ол тасты, жездем Сыздекең, көктемнің қар суында шошаласы құлап қалып, соған қалағанын көріп едім. Ол кісі тастың құндылығын білмеді» – деді.

Ол уақытта Сыздекең отбасымен, басқа ауылға көшіп кеткен еді. Әлкей Марғұлан «біреулеріңіз жүріңіздер, ол адамды тауып алып, заң алдында жауапқа тартам» – деді. Әкей өзі бармай: «Әлкей сені сыйлайды» – деп, шешейді жіберді. Сыздекеңді алып келіп, тасты орнына қайта орналастырды. Шешей, Сыздекеңе болысып: «Сыздекең, қарт адам, ер баласы да жоқ, сауатсыз адам, тастың құндылығын түсінбеген шығар, бір жолға кешіріңіз» – деп, жездесінің басын даудан аман-есен алып қалды. Сол тастар бүгінгі күнге дейін тарихи ескерткіш болып орнында тұр. Бұл тастар «Мұртты қорғандар» атты экспозицияны құрайды, қазақ ұлтының мақтанышы боп есептелінеді. Жоғарыда сол тастар бейнеленген суретті назарға ұсынып отырмын. Әлкей Марғұлан бос уақытында біздің үйге келіп, тарихи әңгімелер айтатын. Әңгімесін сақ дәуірінен бастап, әкеме «табын» руы Кіші жүзге жататынын, «... Сырдария бойындағы Ақмешіттен келгенсіңдер, қазірге дейін сол жақта бір ауыл табын тұрады» – деп айтатын.

Естіген мәлімет, бала болсам да, жадымда сақталып, 1990 жылдарда, немерем Арғынтай, Қызылордадан қалыңдығын алатын болып, мен, бас құда болып бардым. Қызылордадан Березовка ауданына дейін сұрастырып, бір де бір табын руының тумасын кездестірмедім. Қайтар жолда, Қызылорда қаласының жанар-жағар май бекетінде, жағдайымызды айтып, кезектен тыс машиналарымызды қойғыздым. Сол мезетте бір жігіт: «Неге кезексіз кіресіңдер?» – деп, жүргізуші інім Балтабайға дауыс көтерді.

Мен дауды шиеліністірмес үшін, әлгі жігітке:

- Бұл жаққа Қарағандыдан табындарды іздеп келдім, біреуін де таппай қайтып барам – дедім. Жігіт маған жалт қарап:

- Сіз шын айтып тұрсыз ба? – деді. Мен:
- Иә. Рас – дедім.

- Ендеше іздеп жүрген табын ініңіз, мен болам – деді. Мен інім Балтабайды шақырып, екеуін таныстырып, табыстырдым. «Екеуің жанжалдасып, қала жаздадыңдар ғой» – дедім. Жігіт: – «Тәте, табын мінез ғой. Іздегеніңіз рас болса, машинаңды бұр, осы жерден 30 шақырымдай жерде табын ауылы бар, басқа туыстармен танысып, қонақ болып, мал жеп, дәм татып, қайтыңыз» – деп, ұсыныс жасады. Жүрегім елжіреп кетті, үш машина кісімен келін әкеле жатқанымды, елде туыстардың тосып отырғанын, тағдыр қайта тоғыстырса, арнайы іздеп келетінім туралы айттым. Алғысымды айтып, бір-бірімізден мекен-жайымызбен, алмасып, қимай қоштастық.

Әлкей ағаны бүкіл ауыл болып, қонаққа шақыратын. Бір күні Күнтай апамыз босанып, Әбеузар жездеміз шілдеханаға шақырды. Әке-шешем үйде жоқ болатын, Әлкей ағама еріп мен де бардым. Біздің үйде тұратын кішкентай гармонь болушы еді, соны ала барды. Шілдеханада қонақтар өлең айтты. Бір қонақтың айтқан өлеңі ұнамады ма, қалжыңдап: «Сен әнді күйеуі қайтқан әйелге ұқсап айтады екенсің, әкел гармоньді, өзім айтамын» – деді. Гармоньмен қазақтың халық әндерін нақышына келтіріп айтты. Күз айында экспедиция Алматыға, мен, мектепке оқуға кеттім. Содан кейін, ол кісіні көргенім жоқ.

Жаппарханов Сіләмхан (1927)

Осы кітапта геология-минералогия ғылымдарының докторы – Жаппарханов Сіләмхан туралы мәлімет жазуды жөн көрдім, себебі 1953 – 1959 жылдары Орталық Қазақстан геология басқармасының Қарағанды облысы Шет, Ақадыр және Жезді экспедициясының гидрогеология саласын басқарып, жер асты суларын зерттеп, картаға түсірген алғашқы ғалым. Сіләмхан Жаппарханұлы 1927 жылы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қараш ауылында туған. Шар қаласындағы Б. Тұрсынов атындағы мектепте оқыған. 1953 жылы Қазақ тау-кең металлургия институтын бітірген. 1953 – 1959 жылдары Орталық Қазақстан геология басқармасының Қарағанды облысы Шет, Ақадыр, және Жезді экспедициясының гидрогеологы. Жаппарханов Сіләмхан – Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1974), профессор (1982), Халықаралық информатика академиясының академигі. Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1980) лауреаты.

1959-1966 жылдары Қазақстан ғылым академиясының геология ғылымдар институтында аспирант, аға-ғылыми қызметкері, ғалым-хатшы;

1966-1986 жылдары Қазақстан ғылым академиясының гидрогеология және гидрофизика институтында лаборатория меңгерушісі;

1986-1991 жылдары Қазақ технологиялық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) кафедра меңгерушісі, профессор. Негізгі ғылыми еңбегі кен орындарының жер асты суын зерттеу мәселелеріне арналған. Академик өзінің өмірбаяны туралы жазылған “Дорогами жизни” атты кітаптың авторы.

Сіләмхан Жаппарханұлы, менің жолдасым Сарыкеннің, бірінші әйелі Ұлтайдың інісі болып келеді. Ұлтай – Мәкештің анасы. Сіләмхан аға Мәкештің – туған нағашысы. Жарыққа келгенде, біздің үйге түсетін. Ол кісі менен жасы үлкен болса да «апай» – деп атайтын, бүгінгі күнге дейін сыйласып келеміз. Бастапқыда жазғандай, 1953-1959 жылдары, Қарағанды облысы, Шет ауданы аумағы бойынша жер асты суларың зерттейтін экспедицияны басқарды, картаға түсірді. Тағылы-Бұғылы тауының етегіне палаткалар құрып, Жарық, Бұрма, Шет совхозы, тағы басқа елді мекендердің жер асты су көлемін, сапасын зерттеп картаға түсірді.

Жарық кенті орналасқан жер асты су көлемі ең терең, қоры мол, суы тұщы, таза және мөлдір су екенін айтатын. Бүгінгі күнге дейін Жарық тұрғындарының ішіп отырған ауыз сулары осы кісінің еңбегінің арқасы.

Шет ауданың бірінші хатшысы Сіләмді салтанатты жиналысқа арнайы шакырды. Сіләм: «Шетті жөнді білмеймін, менімен бірге жүріңіз» – деп қолқа салды. Жиналыста Сіләм Қарағанды облысының жер асты суларын зерттеу нәтижелерінің арқасында жазылған кітабын таныстырып, сыйға тартты. Сол кітап қазір Шет ауданының мұрағатында сақталуы тиіс. Жиналыста Сіләмхан Жаппарханұлына «Шет ауданының Құрметті азаматы» – деген атағы берілді. Қайтарда аупартком хатшысы экспедиция жұмыскерлеріне деп үш қой атады, бірақ Сіләм: «Сыйларыңызға рахмет, тамағымыз мол» – деп, қойлардан бас тартты.

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (1932)

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза – Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында туған – жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). Жалғыз балам қайтыс болып, басыма қайғының қара бұлты үйірілгенде адамгершілік көмек қолын созған адамның бірі жазушы – Шер-ағаң (Шерхан Мұртаза) болды.Сол кезде ол кісі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болатын. Баламның суреті мен ол туралы деректерді арнайы сұратыпты, біз поезд арқылы, жолсеріктен Алматыға жібердік. Ол кісі баламның қырқына да, жылына да газетке мақала жазып отырды. Араға үш жыл салып, Алматыға барып демалдым. Сонда ағаға: «Сізге амандасып, баламның суретін алайын» деп хабарласқанымда, ол кісі:

«Жамбылға жол жүріп бара жатырмын, орнымда орынбасарым, Жұмагүл Солтиева қалды. Сол кісіге хабарласып алсаңыз болады, сізді тапсырып кеттім» – деді. Ертеңіңде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясына бардым. Жұмагүл Солтиева ханым кабинетіне дастарқан жайып қойғызған екен. Біраз журналистер дастарқан басына жиылды. Әңгіме – дүкен құрып, отырып тараған соң, Жұмагүл ханыммен онаша қалдық. Ол кісі:

«Апа, Шер-ағаң тапсырып кетіп еді, қарсы болмасаңыз балаңызға қатысты уақиғаны толығымен айтып шықсаңыз» – деп, ұсыныс білдірді. «Мен қарсы емеспін» деген соң диктофонын қосып, барлық әңгімемді жазып алды.

1999 жылы Жұмагүл ханымның «Жалғыз ұл» деген кітабы «Жалын» журналында басылып шықты. Бірақ бұл кітапты өзім қолыма ұстап оқымағандықтан, кітаптағы оқиға желісінің менің баламның өмірімен байланысы бар ма, әлде жоқ па екенін тап басып айта алмаймын. Бірақ қазір ол кісі Астанада тұрады екен. Болашақта Астанада кездесіп, амандығын біліп, жүздессем деген ойым бар.

Шер-ағаңмен келесі кездесуім «Сарыағаш» шипажайына демалуға барғанымда болды. Ол кісіге амандасып, жұбайының қайтыс болғанына көңіл айттым. Ертеңіңде он алты жыл Қазақстан Республикасында бас прокурор болған, Ұлы Отан Соғысының ардагері – Өтеген Сейітов ағаны Жармахан Тұяқбаев «Сарыағаш» шипажайына демалуға әкеліп салды. Өтеген аға өзінің орнына шәкірті Жармахан Тұяқбаевты қызметке қалдырғаны туралы айтып: «Өжет, әділ, қолынан іс келетін азамат» – деп мақтады.

Өтеген Сейітов аға екеуіміз, бір үстел басында отырып, түскі ас іштік.Ол кісіге, «Шер-ағаң, дастарқан басында жалғыз отыр, сол кісінің жанына барып отырайық» – дедім. Көп ұзамай, Шер-ағаңның туған апасы келді. Ол кісі, мал сойып, жазушы ағамыздың көңілің сұрай келген екен. Шер-аға, апасын, жанына демалуға алып қалды.

Жұбайы мезгілсіз қайтқаннан кейін, Шер-аға, тіпті томаға-тұйық, көңілсіз болып жүрді. Өтеген аға, апасы, ол кісінің көңілің аулап, күлдіргі әңгімелер айтып, жалғызсыратпауға тырысты. Шер-аға сол жақтың тумасы болса, Өтеген аға, сол жаққа күйеу бала екен.

Жалғыз баламның қазасынан кейін денсаулығым болмай, екі аяғымды баса алмай қалдым. Ағаларым маған: «Кіші Мекке, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне басына барып, аруақтарға сиынып, құран оқытып, мінәжат етіп қайт, шипа болады» – десті. Сол жерде Қаздауысты Қазыбек би бабамыз да жерленген» – деді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи – он екінші ғасырда өмір сүрген ұлы әулие мен діни көріпкел, 1103 жылы туып, 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар әлемінде Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, екінші Мекке-Мәдина боп саналады, сол қасиетті жерге зиярат етіп бару кіші қажылыққа жатады.

Қожа Ахмет Яссауи Яссы шаһарында тұрған. Кейін Яссауи атанады. Ахмет Яссауи Бұхар қаласында діни білім алғаннан кейін Түркістанға келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни-мистикалық идеялардың насихатшысына айналады. Ахмет Яссауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы кітап»)

Онан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы фактілер табуға болады.

Кесенеге кірген бетте тайқазанға халық ақша салып, әрі қарай өтіп жатыр екен, көпшілікпен бірге тайқазанға мен де ақша салдым. Түскен ақшаны комиссиямен жеті күнде бір ашып, жоқ-жітікке, жөндеу жұмыстарына жұмсайды екен.

Мешіттің имамы бұрын кесенеде жиырма сегіз атақты адамның мүрдесі жерленгенін, енді үш адам: Абылай хан, Әбілхайыр хан және Қаздауысты Қазыбек би бабаның сүйектері ғана жатқанын айтты.

Қаздауысты Қазыбек би

Екінші бөлмедегі Қаздауысты Қазыбек бидің басына барып, білген дұғамды ішімнен оқыдым.Сол жылдары экскурсовод бабамыздың сүйегі Түркістанға үш ай жол жүріп келгені туралы айтып еді.

Биыл Қаздауысты Қазыбек бидің туғанына – 350 жыл толуына байланысты «Орталық Қазақстан» газетінде Сеңкібай – Биата мазарының шырақшысы Жұмажан Нұртайұлы жазған мақаладан үзінді келтіруді жөн көрдім: «Қаздауысты Қазыбек би бабамыз, Сырдың орта бойын жайлаған, Орта жүз Арғын ұлысының, Қаракесек тайпасында, Шаншар абыздың ұлы. Келдібектің отбасында, 1667 жылы күз айында дүниеге келіп, 1764 жылы Арқа төрінде Баянауыл өлкесіндегі, Семізбұғы тауының баурайындағы, Теректі қыстауында ұлы Бекболат бидің қолында, қыс айында дүниеден қайтқан екен.

Сол кездегі салт бойынша, әкесін киелі Түркістанға апармақ болған Бекболат би, кең алқапқа төрт тас қойғызып, үстіне керегеден сөре жасап, баба мәйітін орналастырған. Кей деректе, мәйіт төрт жарым ай сөреде тұрған деседі. Мәйіт қойылған жерге сөре үстіне қосарланған екі үй тігілген.

Бабаны Түркістанға тез арада жеткізу үшін, алдын-ала Арқаның суық бұлақтарының картасын жасап, қыс бойы дайындалса керек. Бұл жерде әлдекімдер айтып жүргендей балға салу (бальзамдау) деген болмаған. Бабаның денесіне қол тигізбей, асты-үстіне суық су толтырылған мес қойып, төрт күнде Түркістанға жеткізіпті.

Ұлы биді соңғы сапарға шығарып салмаққа алдын-ала құлақтанып отырған жол бойындағы ел суық су толтырылған местері мен ауыстырар аттарын дайындап, күтіп алып, әр ауыл өз жерінен ұзатып салып отырған. Және бір айта кететін жайт қазақ халқының қайтқан кісіні жөнелту салтында жаназасы оқылғаннан кейін, мәйіт тек қабір басында ғана жерге қойылған. Сол себепті де, баба сүйегі салынған көлік ауыспай тек жеккен аттар ауысып отырған».

Келесі әңгіме ҚарМТУ-дің физика кафедрасының ардагер ұстазы Қыдырғали Рахымұлының Қаздауысты Қазыбек бидің айтқан билігі туралы «Ер дауында – ел бірлігі» атты мақаласын ұсынып отырмын.

Алтай-Қарпықта үлкен ас болып, асқа Ұлы жүзден – Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Әйтеке би келіпті. Ол кезде асқа әр ру, әр жүз өз өнер келбетімен келеді. Асқа Сиқым руының бір байшыкеші Қалмағанбет деген шеберге үш жыл бойы қиыстырып істеткен күміс ерді ақбозат атқа ерттеп мініп келеді. Ерді көрген Жаныс руының бір байшыкеші «Мынау ер Төлекеңе жарасатын, жасы да үлкен және аға жолы Ұлы жүздікі, Төлекең мініп елге көрініп жүруге лайықты ер екен» – деп Төле биге алып бермек болады.

Негізінде Сиқым мен Жаныс ағайын, Ұлы жүз Дулаттың балалары, бірақ, өсіп-өніп көбейгені сонша, екі рулы ел болып кеткен. Төле би осы Жаныс тармағына жатады.

Ас аяқталып, жиналған ел тарап жатады. Жаныс руының байшыкеші ақбозат үстіндегі күміс ердің айылын қиып жіберіп, «Бұл менің бір жыл бұрын жоғалтқан ерім, танып тұрмын» деп ерді аттан сыпырып ала жөнеледі. Ердің иесі де ерді бермей жабысады. Қазылық айтуын сұрап, Төле биге келеді. Төле би:«Бұл өтірік айтпайтын адам» – деп, Жаныстың байшыкешін жақтайды. Жаныстың байшыкеші «Төрелігін өзіңіз жасадыңыз, ерді сізге байладым» – деп, ерді Төле бидің алдына тастайды. Өтірікке көнбеген ердің иесі, Қазыбектен төрелік сұрап, бес-алты беделді адамдарын жібереді. Олар Қазыбек биге барып, болған оқиғаны айтып, төрелігін шешуін өтінеді.

Сонда Қазыбек би:

– «Ер дегенің қайынның түбірі емес пе?

Жанып кетсе көмір емес пе?
Мені жолымнан қайтарып қайтесіңдер,

Төрелігін Бекболат барып айтсын» – деп, баласы Бекболатты жібермек болады.

– «Жоқ, Биеке! Бекболаттың әкесіндей кісіге төрелік айтуы жараспас, ел айырылып, кісі өлімі болып, Ұлы жүз бүлінейін деп тұр. Сізден басқаға екі жақ тоқтар емес» – деп қолқалайды.

Қазыбек би қайтып келіп ерді көріп: Жақсы ат ер жігіттің бағы емес пе? Ертоқым өзі отырған тағы емес пе, – дейді.

Ол екі жақты тыңдап болған соң, ерді алдына қойып:
Қапталың қайың, қасың без,
Қалмағамбет соққан бір ерсің.
Сиқым, Жаныс – бір елсің.

Ақырет машқар болғанда,
Бір ерге қайтып мінерсің?
Әділ билік болмаса, Төлеке

Үш жүзді төртке бөлерсің, – деп ерді иесінің алдына лақтырып жіберіпті». Кесененің ішінде Ыбырақым пайғамбарға айт шалуға аспаннан түскен қошқардың мүйізі жоғарыда ілулі тұр екен. Басқа бөлмелерде Қожа Ахмет Яссауидің тіршілікте пайдаланған заттары орналасыпты.Сол мешіттен шыққанша өз-өзіме ие бола алмай, жылаумен болдым. Сыртқа шығып, мавзолейдің артында отырған екі ақсақалға Қожа Ахмет Яссауиға, Қаздауысты Қазыбек би бабаға, басқа аруақтарға жеке-жеке құран оқыттым. Ақсақалдар маған: «Біз осы бейіттің шырақшысымыз, енді Сайрам ауданындағы осы кісінің әкесі Ибрагим атаның, Қарашаш анамыздың басына барып, аруаққа сиынып қайт. Жылап тұрғаның тегін емес, «иншаллаһ» содан кейін тәуір боп кетесің» – деп, келіде дайын тұрған топырақты алып, орамалға түйіп берді.

Кесененің жанында киіз үйлерде жасалынған дастарқаннан шай ішіп, Қожа Ахмет Яссауидың жер астында отырған бөлмесіне, түрік моншасына кіріп шықтым. Қожа Ахмет Яссауи 63 жасында «пайғамбар жасынан артық жасамаймын» – деп, қайтыс болғанша, хикметтер жазып, күн көрмей, далаға шықпай, жер астында өткізіпті. Шәкірт дайындапты.

Сайрам ауданындағы Қарашаш анамыздың басына барғанда алдымыздан шырақшы ақсақал шығып қарсы алды, жөн сұрасқаннан кейін мазардың құлпын ашып, құран оқып: «Алыс жерден іздеп келген анаға мейірім түсіріңіз, шапағат бере көріңіз» – деп ниет етті. Өзімде Қарашаш анамыздың аруағына іштей сиынып тұрдым. Алыстан зарығып келген адамдарға ғана мазардың есігі ашылады екен, басқа келушілер құран оқып, шырақшының үйінде жасалған дастарқаннан дәм татып, қайта береді екен.

Сайрам ауданымен, «Белые Воды» деген елді-мекеннің ортаcында, биік төбеде Ибрагим атаның жалғыз мазары орналасқан екен. Төбеге әрең шықтым, төбенің үсті жап-жазық, мазар құлыптаулы, күн суық, алдында бір жалғыз әйел отыр екен, жөн сұрап едім, жауап қатпады. Маңайда ешкім, ештеңе көрінбейді, бір мезгілде шырақшы келіп, мазардың құлпын ашып, ішке еніп, құран оқыды. Аруақтан дертіме дауа бере көр деп, іштей сыйындым. Шырақшы Ибрагим атаның бет топырағынан топырақ алып орамалға түйіп берді. Мен шырақшыдан мазар алдында суық жел өтінде отырған әйел туралы сұрадым. «Ол әйел науқас адам, тәңірге, аруақтарға сыйынып жылап отыр, аян көргенше осылай отырады» – деді шырақшы.

Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген Арыстанбаб кесенесіне орналасқан. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстанбаб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Ғайып берген құдықтың тереңдігі – 40 метр.

Алла тағаламен, киелі аруақтардың шапағаты тиіп денсаулығым жақсарып, өз аяғыммен үйге келдім.

Түркістанға барып қайтқанымды ағаларыма айтып, алғысымды білдірдім. Демалыс күндері аяқталып, үйге қайтатын уақыт болды. Бір күні Шерхан Мұртаза мырза аяқ астынан: «Зәпура, суретке түсіретін фотограф қайда?, апай бәріміз естелікке суретке түсейік» – деді. Фотографты ертіп келдім. Демалушыларда Шерағаңмен бірге суретке түспекші болды, бірақ ол кісі: «Апам және қарындасыммен ғана суретке түсем» – деп көнбеді.

- «Неге олай еттіңіз?» – деген сұрағыма:

- «Әйел басымен сен келіп амандасып, көңіл айттың. Біреуіде амандық сұрасуға жараған жоқ, менің суретімнің оларға енді не қажеті бар?» – деп, келте жауап қайтарды. Мен осындай ел ағаларыммен бір дастарқан басыңда отырып, ол кісілердің әңгімелеріне тәнті болғанымды мақтан тұтамын.

Келесі жылы «Манкент» шипайжайына демалуға бардым. Демалушылармен Ташкент қаласына экскурсияға бардық. Бүкіл Ташкент қаласын араладық. Ерекше әсер еткен Ташкент қаласындағы телемұнара болды. «Манкент» шипажайының әкімшілігі телемұнараның 375 метр биіктікте орналасқан «Коинот» мейрамханасына демалушыларға екі сағатқа тапсырыс беріпті. Әкімшілік гиді телемұнараның тарихын айтып, суретке түсірді. «Бұндай биік теледидар мұнара дүниежүзі бойынша1985-1991жылдар аралығында ең биік үш мұнараның санатына жатады, ал Орталық Азия бойынша ең биік мұнара боп саналады. Жойқын жер сілкінісінен кейін дүние жүзінен келіп түскен қаражатқа салынған. Осы құрылыстың сәулетшісі сіздердің жерлестеріңіз, қазақ жігіті» – деді.

97 метр биіктікте телемұнараның ең соңғы қабатында орналасқан мейрамхананың екі залының бірі ұлттық «көгілдір зал», ал еуропалықтарға «қызыл зал» арналған. Біз тамақтанған «көгілдір зал» 120 метр биіктікте орналасқан, дастарқан жайылған дөңгелек үстел, 1 сағат бойы телемұнараның орталық шеңберімен ақырындап жылжып, айналып отырады екен, біздер тамақтанып отырып, бүкіл қаланы шыны терезеден көріп отырдық.

Бүгініміздің негізі – өткенімізде

Эпилог

Бұл кітапта Машақ бабамыздың (Мәшекеңнің) арғы аталары мен қазіргі заманға дейін екі ғасырлық (XІX-XX) өмір деректерін қамтыдық. Машақ бабамыздан (Мәшекеңнен) біздерге қанмен берілген тектілікке куә болдыңыздар.

Генетик ғалымдардың айтуынша, тұқым қуалаушылық арқылы барлық тірі ағзалар өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отырады. «Ол қасиет арнайы құрылымы бар заттардың (генетикалық аппарат) генетикалық коды арқылы беріледі» – дейді ғалымдар. Тірі ағзадағы барлық клетка осы ДНҚ-ның (дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуі) бақылауында болады.

Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалаушылық арқылы беріледі. Осыған қарап, жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық, т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Нағыз тектілік: кешірімпаздықтан, кішіпейілдіктен, сыпайылықтан, мейірбандықтан, бауырмалдылықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Халқының, Отанының мүддесін жоғары қоя білген адамдардың қатары көбейген сайын тектіліктің де қадірі артып, қоғамдағы қайшылықтар шешімі жеңілдейді.

XVІІІ ғасырдың соңыңда Қазақстанға келген Ресейдің Императорлық ғылымдар академиясының мүшесі Иоанн Сиверс қазақтар туралы былай деп жазып кеткен екен: «Киргизы (казахи) относятся к свободнейшей на планете нации, и по естеству своему, в основе своей, добропорядочные люди, в ходу у них много здравых и разумных общественных законов».

Жазылған кітабымыздың өзекті мәселесі – XІX, XX ғасырдың жаңғырығы іспеттес. Орта жүзде, Орталық Қазақстан жерінде аты шыққан Машақ (Мәшекең), Шәйкен (Шәкең) болыстар, билер, старшындардың патшалық Ресейдің отарлау кезінде елге қорған, ел басшысы, тарихи тұлға болғандықтарын көрсету болатын. Машақ атамыздың бейнесін көпшілікке кеңінен танытуға арнадым. Өткенді білу, ел мен жерді басқарған, сақтаған, қорғаған қасиетті бабаларымыздың рухына бас ию, еске алу, оларды қайта түлету бүгінгі ұрпақтың парызы. Әр ғасырдың өз айғағы, өз шежіресі қалады, оның бәрі есте сақтала бермейді, егер олар қағаз бетінде айғақталмаса.

Мәселен, XYІІІ және XX ғасырларда есте қаларлық ірі-ірі тарихи оқиғалар болды, бірі жоңғарлар шапқыншылығы, екіншісі қуғын-сүргін құрбандары. XІX ғасыр да, ірі саяси және әлеуметтік оқиғаларға толы еді. Қазақ елінің тағдыры, келешегі сол XVІІІ, XІX және XX ғасырларда өмір сүрген Машақ болыстың (Мәшекеңнің) және ұрпақтарымен тығыз байланысты. Өйткені, өзінің ақылдылығымен, батырлығымен елімізді, жерімізді аман-есен сақтап, бүгінгі күнге жеткеніміз сол бабаларымыздың арқасында.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық тарихы мемлекет бойынша аталып өтті. Қазақ хандығының бес ғасырының үш ғасырында біздің Машақ бабамыз бен ұрпақтарының орны бар, сол себептен ғылыми ізденістерді жалғастырып, ресми тарих басылымдарда жариялап, жинақ топтама шығарып, деректі фильм түсіру керек деп ойлаймын. 2010 жылы ас беріп келгеннен кейін, бір күні түс көрдім. Түсімде Кәріғұл арбаға тиелген киіз үйді алып келіп, бір-бір уықтан маған берді.

Мен түсінбей:

- «Бұл не әрекет?» – деп сұрадым Ол:

- «Балаларға таратып бер» – деп, қайтып кетті.

Түсімді келесідей жорыдым: аруақтардың біздің бастамамызға ырза болып, әр балаға уық таратқаны ұрпақтарының жоғалмай, өсіп-өніп, шаңырақтары биік және бекем болсын деп, қолдап-қорғап жүргені.

Расында, қаншама тарихи тұғалардың аты өшіп, ұрпақсыз қалғаны, аты-жөні белгісіз, құлап қалған бейіттерінің қараусыз қалғанын көріп жүрміз. Тәубе, Машақ бабамыздың (шежіреден алынған деректер бойынша), жалпы орта есеппен алғанда бүгінгі күні – 188 ұрпағы бар екен.

Бұл бақыт емей немене?!
Ұрпақтары      текті      жерден      шыққан,       бәрі      білімді

қызметкерлер, мақтан тұтатындай азаматтар мен азаматшалар, ұялмай айтуға болады, жас мемлекетіміздің жаңа тарихын жасауға атсалысып жатқан жандар.

Кітап, Мәшекеңнің төртінші-бесінші ұрпақтарының тарихымен аяқталды, болашақта жас ұрпақ осы кітапты әрі жалғастырар, өйткені бұл біздің боямасыз, шынайы тарихымыз.

Кітапқа қажетті ақпараттарды жинап, дайындаған және кітап жазуға атсалысқан, Мәшекеңнің шөберелері, Жүністің немерелері, Сарыкеннің қыздары, менің қыздарым.

Құрметті      ағайын!

Редакция      алқасының атынан туған-туыстардың, кейбірінің, аты-жөні аталмай қалса, аталғандарына қатысты деректерде азды-көпті қателіктер кетіп жатса, кешіріммен қарауларын сұраймыз. Аз уақыт ішінде мұндай ауқымды да, кең тынысты, ғұмырнамалық деректемелі естелік жазудың жүгі ауыр, оңай еместігін өздеріңізде жақсы түсінесіздер деп үміттенеміз.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙