Мазмұнға өту
Home

Тахауи Ахтанов 7-том

Тахауи Ахтанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тахауи Ахтанов 7-том

Авторы: Тахауи Ахтанов

ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) - 44 А 94 Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы / Тахауи Ахтанов. – ­Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2014. ISBN 978-601-7370-29-9 А 94

Тахауи Ахтановтың көп томдық шығармалар жинағының жетінші томына повестері, әңгімелері, мақалалары еніп отыр. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) - 44 Барлық құқықтары қорғалған. «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС-ының жазбаша рұқсатынсыз бұл басылымның кез келген бөлігін ешқандай мақсатта да, қандай да бір үлгі-нұсқада да, фотокөшірме және магнитті таспаға жазу түрін қосқанда, яғни электронды, болмаса, механикалық тасымалдағыш ыңғайында да көшіріп басуға болмайды. © Ахтанов Т. (мұрагері), 2014 © көркем безендіру «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014 Mereke baspasy ©«Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014 Mereke baspasy ISBN 978-601-7370-56-5 (Т.VIІ) ISBN 978-601-7370-29-9 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ISBN 978-601-7370-56-5 Т.VІІ: Әңгімелер – 392 б.

Алматы Tахауи АХТАНОВ Повестер, әңгімелер, мақалалар

Повестер, әңгімелер, мақалалар МАХАББАТ МҰҢЫ Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кезі болады ғой. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге қатты құлаған ықыласы да жіңішкеріп барып, үзіліп кетеді. Бүгінгі Ниязбен кездесу Ләззәт көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын да үзді. Әжептәуір адамның соншалық сорлы болғанын Ләззәт өз өмірінде көрген емес. Дүниеде түңілу жаман ғой. Тереңінде сақтап жүрген соңғы бұйымын суырып алғандай Ләззәт көңілі үңірейіп қалды. Өмірі де мағынасыз бос қуыс секілді. Күні бойы жаны құлазып, дел-сал меңіреу күйде жүрді. Кейінірек барып бойын өкініш, реніш биледі. Уақыт кеш болса да, ұйқы келер емес. Қызының қабағын бағып, екі рет есіктен бас сұққан анасын да байқамады. Шеше-

Тахауи Ахтанов сі бөлмеге кіріп төсегін жайлады. Шыға берер­де есік алдында іркіліп: – Ұйықтасайшы, күнім, – деді. Ләззәт жауап бермей біртүрлі сазара қарады. Анасы қызының мінезін білуші еді. Ақын қыз өлең жазарда үйдің ішін әрлі-берлі кезіп, я болмаса диван үстінде үнсіз, ұзақ ойланып қалатын. Үстіне кіргенді, қыбырлап жүргенді ұнатпайтын. Бірақ бұ жолғы ажары бөлек. Ана жүрегі баласының күйзелгенін сезіп тұр. – Не қып отырсың, қалқам? Ләззәт селт етті. Кеудесін басқан зіл салмақ қозғалып кеткендей, алқынып, екі иінінен дем ала бастады. – Жай, апа... Әншейін. Анасы қасына отырып, қызының маңдайы­нан сипады. Сол баяғы жып-жылы жұмсақ қолымен қызының тоңазыған көңілін жібітіп, жанына тыныштық әкеле жатыр. Ләззәттың кірпігіне жас тірелді. Жібектей жұмсақ қимылымен құшағына тартқан шешесінің бауырына кіре берді. Бұл шақта жасы ұлғайып, мақтаулы ақын қыз атанса да ана мейіріміне жас баладай елжіреп барады. Кішкентай күнінен бір нәрсеге ренжісе де, я мәз болып қуанса да осылай анасының бауырына тығылатын. Тек соңғы он

Повестер, әңгімелер, мақалалар жылда еркелеуін қойып кетіп еді. Ержетті, жоғары оқуға түсті. Ақын болды. Енді өзіне ғана таныс жылы дененің иісіне елтіп, тұрмыстың ыстық-суығын, реніші мен өкінішін – бәрін ұмытып, сонау алаңсыз балалық шағына қайтып оралғандай. Көңілге майда тиетін өз өмірінің ең бір жарқын, тәтті шағы көз алдына кеп тұра қалды. I Бір кезде Ләззәт жұрт аузында көп айтылатын «қуаныш» деген сөздің сырын ашып еді. Он бес жасар қыз бала тамылжыған май айының бір күнінде ауыл сыртына жалғыз шығып кетті. Әншейінде шуылдаған балаларсыз көңіл қошы болмайтын. Бұ жолы әлденеге елегізіп қызық думанмен ісі болмай, тұңғыш рет жалғыздықты қалады. Ауыл сыртында құлпырып қызғалдақ өскен. Беріректе нарт қызыл гүлдер шашырай сирек біткенмен, сонау қыратқа таман қоюлап, шымқай қызыл боп кетеді. Ләззәт сол қалыңға жеткенше асығып, ілгері ұмтыла берді. Бірақ бұл жақындаған сайын әлгі шоғыр сейіле түседі, гүлдер шашырай қашып, қалың жусанның арасына ыдырап кетеді. Жусанмен жарыса біткен қызғалдақ пен жауқазынның алыстан ғана

Тахауи Ахтанов тұтасып көрініп тұрғанына сенбей, Ләззәт қыр­қаға қарай жүгіре басып келеді. Төбеге жақындай бере ауыл жаққа бұрылғанда қалың қызғалдақ мұны өткізіп жіберіп, қайта тұтасыпты. Ылди жақ шиедей кілкілдеп тұр. Бейне жасырынбақ ойнаған баладай жалтарып, мазақ қылған екен. Ләззәт өзінің алданғанына мәз болды. Қашаған қызғалдақтарды қайтадан қуғысы келіп, желігіп, көңілі алып ұшып тұр. Ләззәт жүгіріп төбенің басына шықты да, кілт тоқтады. Жусан бозы аралас ақшыл көк кең жазық алыс қыратқа иек артып, көтеріліп барады. Әр жерде үйір-үйір қыз­ ғалдақтар өрттей жалқын. Аспан ашық. Тұңғиық көкке ақ жалатып өткендей ала шабыр бұлт қана қалқиды. Көктемгі ауа діріл қағатын тәрізді. Ләззәт аспан мен жер астасқан шетсіз кеңістікке көз тігіп құмарта қарап қапты. Шықылықтап күліп отырған балаға тосын ойыншықты ұстата салғандай, тыпыршыған көңілі тез тыйылып, әлденеге таңырқап тұр. Таныс дала осы күнге дейін өзі көрмеген тосын дүниедей. Көзге көрінбейтін күшті қол жер бетіндегі пердені сыпырып алып, бүркеулі жатқан қызығын, бар сырын ашып бергендей. Дала кеудесі жай теңселіп рақаттана тыныс алып жатыр. Қызғалдақтар күн

Повестер, әңгімелер, мақалалар нұрына шағылысады. Өз көркіне өздері мәз болып жарқ-жұрқ етеді. Беткейдегі боздар да бірін-бірі қуып жас қозыдай бұлтыңдап қыратқа өрлеп барады. Кермек иісі аңқыған көк жусандар құдық басындағы қатындардай бастары түйісіп, сыбдыр-сыбдыр сыр шертеді. Қуанышты хабары ішіне сыймай, алыстан ызыңдап жар салып, саратан-зауза келіп жусанның басына қонды. Ләззәт жер бетіндегі тіршілік атаулының біртүрлі тосын мейрамының үстінен шығып, қызығып құныға қарап қалған. Ең аяғы шіркей де бір түйір кеудесіне қуанышы сыймай тынымсыз дірілдейді. Осылардың бәрін қуантқан балғын леп он бес жасар қыздың кеудесіне саумалдай құйылып жатыр. Шырқау биікте бозторғай шырылдайды. Оның тәтті әуе­ ні алысқа шақырады. Табиғат бар сырын ашып, өз тілімен сөйлеп қоя берді. Ләззәт үнсіз ұйып баршасын ұғып тұр. Кенет сонау қырқаның ар жағында талай қызық барын, өзі көрмеген тамаша дүние жатқанын сезе қойды – енді солай қарай жүрді. Қыз бала ұзақ жүріп, көктем күні мау­ жыратып, денесі ауырлап қайтты. Бірақ бұрын көрмеген көп қызығын көкірегіне сықап әкеліп еді. Үйге кірген беті сандық ақтарып жатқан анасын құшақтай алды. Нафталин иісі аңқыған киім-кешек, шүбе-

Тахауи Ахтанов рек үйіліп жатыр. Іші бықырсып тар қапас боп тұрған сандық таза ауаға, жарыққа кеудесін кере ашып рақаттанып тұрған тәрізді. Анасы да сергек, өңі жарқын. Ләззәт шешесін құшақтап, кеудесіне бетін басып: – Сен жақсысың, апа, – деді. – Саған не болған, балам-ау, – деді шешесі қызының мойнына оралған қолын босатып. – Апаңды бүгін көрдің бе? Өзімен бірге анасын да қуандырғысы келіп кетті. – Бүгінгі күн неткен тамаша, апа мейрамнан артық. Апасы бәрін түсінетін. Қызын ырза қылғысы келгендей ақырын күліп алды. Содан кейін бұйым арасынан Ләззәттың көне қуыршағын алып: – Мынаны Айғаншаның кішкене қызына апарып бере ғой. Жоқ-жітік адамдар, ұсақ-түйекке де тапшы, – деді. Ләззәт шығып кетті. Көптен қолға ұсталмаған көне қуыршақ алғаш көргенде ескі досындай көзіне жарқ етті. Ләззәт кішкентайынан осы қуыршақпен көп сырласты. Күнде кешкісін төсек салып жатқызып, ертеңгісін «оятып» алатын. Кейде апасына ұсап бұ да қуыршаққа ұрысып «жылатып алып», іле-шала жұбатып, орамалмен көзін сүртетін. Ол «жұбанбаса» қызық-қы-

Повестер, әңгімелер, мақалалар зық әңгімелер айтып, ән салып тербететін. Сонысы есіне түсті те, бүгінгі қуанышын айтқысы келіп қуыршаққа қарап еді, жансыз бедірейіп тұрған бетін көргенде көңілі солып қалды. Қысып ұстаған саусағына да шүберек астындағы сабан батып барады. – Ләззәт әпке, маған бердің бе? Қайтып алмайсың ба? – деді Айғаншаның бес жасар қызы – Рәуіш қолына тиген қуыршақ пен Ләззәтқа кезек қарап. – Қайтып алмаймын. Бұл қуыршақ енді сенікі. – Алақай, алақай Ләззәт әпкем берді, – деп Рәуіш қуыршақты бауырына қысып жүгіре жөнелді. Осы сәтте Ләззәт қуыршақтың соңынан ұмтыла түскендей болды да, тез бұрылып кетті. «Бос алданыш екен ғой. Қуыршақ түк те түсінбейді. Бүгінгі мен көргеннің бірін де сезбейді» деп ойлады. Өзінің тіпті өзгеріп кеткенін, ендігі қуанышының басқа екендігін ұғып, мейірлене күліп тұр. Қасына Қуантай деген бала келді. Ләззәт екеуі қашаннан дос. Тек соңғы жылы Қуантай кәдімгідей жігіт болғансып, шікірейіп шекесінен қарайды. Өзінің даусы да жуан. – Кешке алтыбақан құрамыз. Барасың ба, Ләззәт? Қуантай да өзгеріп, жаңарып шыққан

Тахауи Ахтанов сияқты. Ләззәт бүгінгі ашқан тамашасын айтып оны қуандырғысы келді. – Сен қыр басына шықтың ба, Қуантай? Тіпті бар ғой... ғажап. – Несі ғажап? – Қызғалдақтар... Жусан... – Ләззәт кеудесіне кептелген сезімді айта алмай булығып тұрды да: – Дала бусанып тұр, – деді ақырын. – Өзің не айтып тұрсың, Ләззәт? Мен қызғалдақ пен жусан көрмеппін бе? – Қуантай кекете жауап берді. Ләззәт оның кекесінін сезген жоқ. Құр сөйлегені болмаса Қуантай да түк түсінбейтін жаңағы қуыршақ сияқты. Түңілгендей тез бұрылып жүре берді. Бала жігіттің соңынан дауыстағанын да естімей, «неге түк көрмейді? Көзін біреу таңып қойған ба?» – деп таңырқап, бір жағынан осынша қызықтан мақрұм қалғаны үшін оны өзінше аяп келеді. Ләззәт кешке дейін осы әсерден арыла алмады. Тосыннан ашқан сырын өзге біреу­ ге айтайын десе, келістіріп жеткізе алмайды. Үндемей қалуға ішіне сыймай барады. Тек өзінен-өзі жымиып, езу тартады. Қарап отырып ыңылдап ән салып кетеді. Жатқанда да ұзақ уақыт ұйықтамады. Терезені ашты, кішкене терезеден түнгі самал лап

Повестер, әңгімелер, мақалалар берді. Дала тірлігі де күндізгі сауық, тамашасынан шаршап, рақат ұйқыға бөленген. Салқын ауамен тыныстап, манаурап жатыр. Ләззәттың да көңілі тынышталып, өзі мен өзі оңаша қалды. Ендігі өмірінің мағыналы қызықты боларын сезіп қуанады. Бір кезде жүрегін мұң шалғандай болды. Кеудесінен ақырын ырғалып баяу шығып келе жатқан көңіл әуеніне беріліп, күбірлеп отырғанын байқамады. Ертеңгісін оянғанда кеше керемет бір жақсы нәрсе тауып алғанын, бірақ соның не екенін ұмытып қалғанын сезді. Табылған нәрсенің ешқайда кетпесін, ол есіне түскенде тағы да қуанарын біліп рақаттанып жатыр. Жуынып жүріп, күбірлеп, бір шумақ өлеңді айта берді. Қашан жаттағаны есінде жоқ. Көптен таныс өлең... Кенет бетін шала сүрткен күйі сүлгіні ұстап таңырқап тұр. Кірпігінен көзіне тамған мұздай суды да байқар емес. Бұл түнде өзі шығарған өлең екен. Ләззәт сенер-сенбесін білмей әлгі шумақты ішінен қайталап біраз тұрды. Табиғат сырын ашқан алғашқы қуанышы кеудесін қысып, толқытып барып жыр болып шықты. Осыдан кейін Ләззәт өлең жазуға әуестенді. Қыз сыры оқушы дәптеріне өлең жолымен тізбектеліп түсе берді. Бұл құпиясын басқа жанға ашқан жоқ.

Тахауи Ахтанов Қыз көңілі белгісіз бір нәрсені аңсап арман билеп, алысқа шақырады. Алдында жарқын мейрамы барын сезіп, сол сағатты асыға күтетін болды. Оның қандай боларын да білмейді, бірақ әйтеуір өмір жолында өзін тосып тұрған үлкен бір қуаныш бар. Осы сезімін сыртқа шығарудың жолын таппай, апасын құшақтап, күлімсіреп ұзақ отыратын. Ана құшағы көңілін тербеткендей, аптығын басып, бойын жеңілдетіп тас­ таушы еді. ...Өткен күннің елестері бірін-бірі жетектеп тізбектеліп шығып келеді. Қозғалып кеткен ойды тоқтатуға Ләззәттың әлі келмеді. Тек анасының бауырына тығыла түсті. Қарлы басы көкті тіреп, қатпар-қатпар шық құздары алысқа кетіп жатқан Алатау алғаш көрген кісіге қатты әсер етеді. Ауылдан келген қызға тау ғана емес, қаланың өзі ғажап. Сыры жұмбақ дүние. Қаланың әр көрінісінен көз алмай, қызыға таңырқайды. Университет үйіне қасиетті босағаны аттағандай жүрегі дірілдеп кірді. Әр мұғалімді түпсіз білім иесіндей көреді. Жоғары оқу дегеннің өзі Ләззәт бойына шақ келмейтін ірі нәрсе тәрізді. Содан қорқып бас алмай көп оқитын болды. Әр сабақтың ар жағын-

Повестер, әңгімелер, мақалалар да өзгелер біліп, өзі білмеген бір қатпары қалып қойғандай көп үңіледі. Сөйтіп жүріп өзінің озық студент болғанын байқамай қалды. Ауызға алынып мақталып жүрсе де, Ләззәттың бойына қала қыздарының еркіндігі қонбады. Жұртпен сөйлесе білмейтін бұйрығы, сол баяғы ұяң қалпы. Бір нәрсеге қуанса да асып төгілмей, жүзі жайнап, алшақтау біткен дөңгелек көзінде нұр жылтырап тұрады. Сонысына ұялғандай кісіге тура қарамай, көзін тайдырып әкетеді. Қыз­ дар неше түрлі қызық әңгіме айтқанда да қарқылдап күлмей, астыңғы ернін жымқыра тістеп, мырс ете қалады. Көп құрбылары оның осы мінезін қызық көретін. Бөлмеде үш қыз тұрады. Бір-біріне ұқсамайтын үшеуі үш мінезді, түрлері де әр басқа. Іштеріндегі тілдісі де, пысығы да ат жақты, қайқы ерін қара қыз – Бағила. Оның беті иегіне барған сайын сүйірлене түскен, шықшытынан бастап бүкіл жақ сүйегі алға таман имиіңкіреп біткен. Өз басының сыры шамалы болса да, өзге жұрт жайында білмейтін пәлесі жоқ. Қурап тұрған шырпыдай оттықты жақындатсаң-ақ лап ете қалады. Екінші құрбысы Салиқа. Кішкене қаңқаға қара теріні қаптай салғандай ра-

Тахауи Ахтанов байсыз арық. Ажарсыз жүзінде қан жоқ. Оның үстіне көзәйнегі де түсін суыта түседі. Ләззәт тәрізді сөзге сараң болғанымен, тілі удай. Шағып алады. Жасында аурулы болып орта мектепті кешеуілдеп бітірген. Бұлардан бірер жас үлкендігі бар. Бағила мен Салиқа ит пен мысықтай. Бағила ызаланып, өршелене тап берсе, Салиқа оны жанды жерінен бір-ақ тістеп қанқақсатады. Кейде Бағила сүйінші сұрайтындай даладан жүгіріп келіп: «Ойбай-ау» деп көрген-білгенін айта бастаса, Салиқа оны тоқтатып: – Алдымен көлемін айтшы, неше қап­ шық өсек әкелдің? – деп сұрайды. – Саған айтып жатқаным жоқ. Сенің Құдайға да, жігітке де керегің жоқ. Жайы­ ңа отыр, – деп Бағила шап ете қалады. Салиқа кейде Бағила сөйлей бастағанда құлағын баса қояды, оған да анау күйіп-пісіп қалады. Ақыры Бағила Салиқаға «құрбақа» деген ат қойып алды. Шынында да шықшыты шығыңқылау келген, иегін көтеріп ұстайтын Салиқаның құрбақаға ұқсайтын бір нәрсесі бар сияқты. Өзі де қан-сөлсіз қатып қалған. Ләззәт екі құрбысының екеуіне де ұнады. Мінезінің ұяңдығын ұнатып, Салиқа

Повестер, әңгімелер, мақалалар оған ащы сөз айтпады. Бағила Ләззатқа «Мұңлық» деген ат қойды. Бірақ ішіне сыймай бара жатқан өсегін ақтара салуға Ләззәттың сырғалы кішкене құлағынан артық ыдыс табылмайтынын біліп, оған онша сүйкене бермейді. Ләззәт үшінші курста жүргенде әдебиет үйірмесіне қатысты. Мұндағылардың айқай-шуы көп болады екен. Студенттер өлеңдерін оқып, талқылап, дабырласып жатады. Ләззәт іштей өз жазғандарын өзгелердікімен салыстырады. Кейде өз өлеңдері артық көрінсе, кейде тіпті нашар, бос ермек сияқты көрініп, дәптерін жұрт талқысына беруге жүрегі дауамайды. Кейбір тілі ащы, мысқылшыл студенттерден қорқады. Мүмкін олардың бір-екі ауыз ащы сөзін көрер еді. Бірақ... Әдебиет үйірмесін Нияз деген жас ақын басқаратын. Бағила ол жайында толық мағлұмат берген. – Өзі университетті үш-төрт жыл ғана бұрын бітірген. Оқып жүргенде де өлең жазып атақты болған екен. Қазір кәдімгідей тасқа басылған өлең кітабы бар. Ол ол ма? Оның өлеңдеріне композиторлар ән шығаратын көрінеді. Керемет деймін. Өзі түбі мықты болатын шығар... Ләззәт бұл жағдайлардың біразын

Тахауи Ахтанов бұрыннан білетін. Нияздың өлеңдерін талай оқыған. Әнге қосылған ғашықтық туралы бір өлеңін оңашада ыңылдап айтып жүретін. Бұрын сыртынан ғана білетін алыс ақынды енді жүзбе-жүз көріп жүр. Ләззәт алғашқыда оған тікелеп те қарай алмады, кейінірек барып аз-кем зер салатын болды. Нияз орта бойлыдан жоғары, жіңішке қара жігіт. Әдейілеп қолдан ойып істелгендей кішкене қалақ бетіне үшкір қыр мұрыны жарасып тұр. Бет пішіні нәзік, тек қабағы қалыңдау. Қарақаттай мөлдір қара көзі күлімсіреп тұрады. Болмаса басқа кезде көзқарасы суық болатын түрі бар. Сыпайы тұлғасына сай, қимылынан самарқау биязылық еседі. Көбіне студенттерді сөйлетіп қойып өзі күлімсіреп тыңдап отыратын. Бірақ балалар сайып келгенде Нияздың аузына қарайды. Ол осы күлімсіреген қалпынан аумай отырып-ақ: – Бауырым, мынау өлеңің нашар екен,– деп ауыр үкімді айта салатын. Ләззәттың қалтырап қорқатыны да осы сөз. Ашуланып, кейіп айтса төзер еді. Бірақ мына күлімсіреп отырып айтылған үкімнен кейін, қолына енді қайтып қалам ұстамай кетерін біледі. Үйірмеге Бағила да қатысатын. Өлең жазбайды, талқыға араласпайды. Сонда да

Повестер, әңгімелер, мақалалар бір мәжілісті қаза жіберген емес. Тіміскі мінезімен есебін тауып, Ләззәттың өлең дәптерін оқып та қойған. Ол жұрттың айтып жатқан пікірлерінен гөрі, жігіттердің қас-қабағын көбірек бағады. – Әне, ол саған ұзақ қарады. Не қып байқамайсың? Әй, Мұңлық деймін, көз қиығыңды салсайшы, – деп сыбырлайды Бағила, Ләззәтты шымшып. – Қойшы, Бағила. – Одан артық өл дейсің бе. Қадалып-ақ отыр ғой, байғұс. Жоқ, сен оған өлеңдеріңді берші. Мақтамаса бетіме түкір. Ерні сүйреңдеп, құлақ түбінде масадай ызыңдаған құрбысынан Ләззәт теріс айналып кетті. Әйтсе де бір-екі рет Нияздың өзіне ұзағырақ қарағанын аңғарды. «Өлең жазбайды, талқыға араласпайды. Құр босқа несіне жарбиып отыр» деген сияқты көрінді бұл көзқарас. Ләззәт қызарып кетіп, төмен қарай бұға түсті. Нияз студенттерді сөйлетіп қойып, бөлмені әрлі-берлі кезіп жүрді де, қалт еткен бір саябырда қасына келіп тоқтады. – Сіз неге жазған өлеңдеріңізді талқыға салмайсыз? Ақын жігіттің даусы жылы шыққаны сонша, Ләззәт тіпті басын көтеріп алды. – Несіне ұяласыз, білгенімізше ақыл айталық. Сіз қысылмаңыз.

Тахауи Ахтанов Қыз бар қорқынышын ұмытып, столдың астына тығып, умаждап отырған дәптерін Нияздың қолына ұстата салды. Тек ақын жігіт дәптерді алып өз столына қарай кетіп бара жатқанда көңілі лоблып қоя берді. «Не де болса тәуекел» деп, ернін жымқыра тістеп, үнсіз отыр. Нияз ойланғандай сәл ғана қабағын шытып, дәптердің бетіне үңілді. «Не болар екен?» деп, студенттер де тына қалған. Бір кезде ол езу тартып күлімсірегендей болды. Ұстараның жүзінде отырған Ләззәт мұның қандай күлкі екенін түсіне алмай6 жүрегі алып-ұшып барады. – Ал, бауырларым, жақсы өлең мұнда жатыр екен. Ләззәт сенер-сенбесін білмей демін ішіне тартты. Нияздың даусы күңгірлеп алыс­ тан естілді. Ол өлең оқып отыр. Ләззәттың өз қолымен талай көшіріп жазған өлеңі. Алғаш рет басқа адамның аузынан естіді. Бейне өз көкірегінен шыққандай тебіреніп оқыған жігітке Ләззәт бар ықыласымен, іштей алғысын жаудырады. Нияз кейбір шумақтарын тамсанып, екі-үш қайыра оқыды. – Мына жерін қайталап оқиын. Сөз мағынасына, өлеңнің музыкасына зер салыңдаршы, – деп қояды ол. Ләззәт өзі жазған өлеңнің мөлдір сазын, сиқырлы сырын осы жолы таныды. Кейде

Повестер, әңгімелер, мақалалар өлеңі сиқыр ма, әлде жұпыны өлеңді құлпыртып жіберген жігіт сиқыр ма – айыра алмай қалады. Бірақ әйтеуір риза көңіл лоблып алып ұшады. Нияз оның әр сөзіне жан беріп, ажарлап, тірілтіп шығарған сияқты. – Құттықтаймын, бауырым, – деді Нияз Ләззәтқа қолын ұсынып. (Ол жігітке де, қызға да «бауырым» деп сөйлейтін). Ләззәт әдепті ұмытып, жігіттің қолын ұзақ қысты. Нияздың бетіне езуін жимай күлімсіреген күйі қадалып қалыпты. Тек ақын жігіт иығына сыпайы қол тигізіп, орнына отырғызғанда ғана есін жиды. Өзінің ерсі мінезін енді біліп қызарып кетті. Жатақханаға келіп оңаша қалғанда Ләззәттан бетер Бағила қуанды. Жағы сембей сампылдап сөйлеп жүр. – Айтпап па едім. Кәне, өтірік деші. Ойбай-ау, оның сенде көңілі бар. Сосын ғой өлеңіңді жер-көкке сыйғызбай мақтағаны. Басқа біреу болса сөйтер ме еді... Ләззәт өлеңдері көпке ұнап жарыққа шыға бастады. Тыңнан ашылған талантты әркім-ақ мақтайтын болып жүр. Бірақ жұрт сүйсініп, қанша жылы сөз айтқанмен бәрінен Нияздың бірауыз сөзі ыстық. Өз өмірінде осы жігіттің орны бөлек сияқты. Ал Бағиланың алдыңғы айтқанының жаны бар екен. Ләззәт Нияздың ерекше

Тахауи Ахтанов ықыласын сезді. Ақын жігіт әр нәрсені сылтау етіп үйір боп барады. Жалпыға жұмсайтын «бауырым» деген сөзін қойып, Ләззәттың өз атын атағанда өңі уылжып, мейірленіп кетеді. Жігіттердің ұзақ жүріп шығарып салатынын, қоштасарда қия алмай күрсініп көп тұратынын Ләззәт, бұрын өзі көрмесе де, жатақханадағы құрбыларынан есітетін. Қыздар шықылықтап күліп, жігіт атаулының бойынан мін тауып, мазақ қылатын. Нияз да қоштасарда Ләззәттың қолын қысып, ұзақ тұрады. Соңғы кезде күрсінетін боп жүр. Бірақ бұл қыздар айтқандай ойыншық емес. Қараңғы да болса Нияздың телміре қараған көзінен өзіне деген шын ықыласын көргендей болады. Кейін төсекте жатқанда осы ұзақ тұрыстың әр сәтін көз алдынан қайтадан өткізіп, қоштасарда қысқан Нияз қолының саусағына батқан ізін сезініп, мейірленіп жатады. Көзін жұмып қыбыр етпей тына қалып: «Ләззәтым, сенің қасыңда өмір бойы осылай тұрсам жалықпас едім» деген Нияз даусын қайта-қайта естігендей болады. Бір күні Нияз Ләззәтты тауға алып кетті. Алматыға келгеніне екі жылдан асса да, Ләззәт қала сыртына ұзап шығып көрген жоқ-ты. Алатаудың көркіне алыстан сүйсінетін.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Тау қойнауы нағыз жұмақ екен. Кісі бойы көк шалғын, мәуелеп өскен қарағаш пен қара көк қарағай, сылдырап аққан бұлақ рақат самал лебін желпіп, көкіректі ашып жіберді. Ләззәт сонау май айында ауыл сыртындағы қыратқа шыққандағыдай қатты әсерленді. Бірақ бұл жолы табиғат көркіне ден қойып, назар аудармады. Бір жақ бүйірін жылытып, қасында келе жатқан зор қуанышы бар. Нияз телміріп ұзақ қарады. Ләззәт оның көз шарасынан бар сырын ұғып тұрғандай. Қанша қарасаң да ынтықтыра беретін сыр, сарқылмас сезім бар. Екеуі бір-бірінің көзіне қарап, өмір бойы ұйып тұра берсе... «Ғашық жардың көзқарасы» деген сөз түсті Ләззәттың есіне. «Иә, иә... Ол дәл осындай болады екен ғой». Кенет қыз аңсаған үлкен қуанышы өмірінің ең зор мейрамы осы екенін түсінді. Екеуі тау жақтан кеш қайтты. Жатақханаға жуықтағанда, Ләззәт кідірмей тез қош­тасып, жүгіре басып кетіп қалды. Нияз да оны тоқтатқан жоқ. Бөлмедегі құрбыларының көзіне түскісі келмей оқу залының бір бұрышында кітапқа үңіліп отыра берді. Содан жұрт жатқасын ғана қайтып, сыбдырын білдірмей көрпенің астына сүңгіп кетті. Тірі жанмен тілдесуге құлқы болмай, өз ойымен оңаша жатыр.

Тахауи Ахтанов Қалтқысыз қатты құлаған ықыласы Нияздың тілегіне қарсы тұруға дәрменін келтірмеді. Жігітті жанына балап жақын тартқаны сонша, алды-артын ойлаған жоқ еді. Енді көрпе астында ойы әр саққа жүгіріп, дал. Үлкен таза махаббаттың қандай болатынын Ләззәт білмеуші еді, бірақ сонда да бұлай деп ойламайтын. Ең асылынан айырылғандай көңілі ойсырап барады. Есікті тарс еткізіп Бағила кіріп келді. Ләззәт оның жоғын байқамапты. – Құрбақа, ұйықтап қалдың ба? – деп дауыстай кірді. Салиқа кереуетті сықырлатып аударылып түсті. – Сен ғой бүрісіп жатырсың. Нарқоспақ мені ресторанға апарды ғой. Бар қимылы болбыр, үлектей сорайған сопақ жігіт Бағиланың соңынан ерінбей сүйретіліп жүретін. «Нарқоспағы» сол. Өзі де ортасы дөңес мұрнының ұш жағы үстіңгі ерніне шөгіп қалған, түйе тұмсық. Ләззәт әңгімеден қашып қимылсыз жатыр. – Құттықтаймын, жақсы жолға түскен екенсің. – Сен-ақ періште бол да отыра бер. – Асықпа. Дегеніне жеткесін, Нарқоспа­ ғың қарасын да көрсетпес. Қаларсың еңіреп,–деді Салиқа біртүрлі ызалы дауыспен.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Ләззәт түршігіп қалды. Сөзі қандай жаман еді құрғырдың. «Құрбақа» десе нағыз құрбақа. Бағила оның сөзіне айылын жияр емес. – Несіне қорқам. Нарқоспақ түйе ғой,–дей салды. – Түйенің де мінез көрсететіні болады. Бағила рақаттанып, қарқылдап күліп алды. – Бағила да біледі. Әлі сілесін қатырармын Нарқоспақтың. ЗАГС-ке бармай тұрып жолатып, жын қағып па мені? Ләззәттың ойы шым-шытырық шатасып кетті. Бағиланың түрі анау. Өмірлік жолдас солай бола ма? Пұлының нарқын қолма-қол алмаса сенбейтін базардағы сау­ дагер сияқты... Қалтқысыз сеніп, бір-біріне шын берілмесе... Бірақ өз көңілінде де бір олқысы бар... Бұрын айырылысуға қимай ұзақ тұратын Нияздың бүгін тез ғана қалып қойғаны есіне түсіп, шошып кетті. «Жоқ, жоқ, мен өзім асығып кеттім ғой» деп көңілін жұбатпақ болды. Оған иланбады. Нияздың кідіртуге құштар болмағанын сезе қойды. Екеуі ең аяулы асыл сезімді ластап алыпты. Енді бір-бірінің жүзін көруге де дәті жетпейтін сияқты. Нияз бұдан жиренетін болар. Осыны ойлағанда қыз көңілі құлазып қоя берді. Жүрегі шапқан

Тахауи Ахтанов аттай тулап, алқынып барады. Маңдайына шып-шып тер шықты. Төсекке сыймай қызынған өз денесінен жиіркеніп, жиырылып жатты да, бір кезде солқылдап жылап жіберді. Алаңсыз, ақ көңілі, ақаусыз адал тәні тапталып қалғандай. Ләззәт кеш оянды. Жастығы су-су. Ағыл-тегіл көз жасы көңіл кірін шайып өткендей кешегі жиіркенішті сезімнен арылайын депті. Қыздар ерте тұрып кетіп қалған екен. Бөлмеде адам жоғына тағы ­қуанды. Сонау жылдары қызғалдақ қуған он бес жасар қыз бала ертеңгісін қуанып оянды. Сыры терең, қызығы көп жаңа өмірге қадам басып еді. Жақсылыққа ма, жамандыққа ма, Ләззәт өмірдің тағы бір табалдырығынан аттады. Қуаныш пен үмітке толы алаңсыз шағы артта қалды. Кешегі Ләззәт енді жоқ. Бүгін ол төсектен тіпті басқа адам болып тұрды. Күрт өзгерген мінезін құрбылары да байқады білем. Әсіресе Бағила мазасын кетірді. – Мұңлық-ау, саған не болған? Өзің әбден меңіреу боп кетіпсің ғой. Әлде бір жерің ауырып жүр ме? – Басым ауырып жүр, – деді Ләззәт одан тезірек құтылғысы келіп. – Менде аспирин бар еді, ішіп жіберші. Қазір шай қайнатайын. Мұндайда терлеген

Повестер, әңгімелер, мақалалар жақсы. Көрпеге оранып ал, – деп Бағила асты-үстіне түсіп есін шығарды. Бағиланың ықыласы бір түссе, одан құтылу оңай емес. – Сен әуре болма. Таза ауаға шықсам сергіп кетем, – деп Ләззәт бөлмеден қашып шықты. Ләззәттың алғашқы махаббатының қуанышынан азабы көп болды. Ыстық-суықты көрмеген нәзік көңілді мәпелеп, жан күйзелісін ұмыттыратын досы қасында болмады. Өзімен өзі оңаша болған соң неше түрлі ой келеді. Сабақта да Ләззәт лекцияны тыңдай алмады. Күндегі үйреншікті аудиториясы емес, өзге біреудің үйіне ұрланып кіргендей қуыстанып болды. Мұғалім де, балалар да мұның күндегі Ләззәт емес, сырын жасырып отырған басқа бір адам екенін сезбейді. Ал егер сезе қалса... Тек бір нәрсені иіскеп білгендей Бағила ғана мазасын ала береді. Ләззәт үлкен күйзеліске ұшырады. Тұла бойын жиреніш жайлап, күнәлі денесін жұрт көзіне көрсетуге қорқып, кірер­ ге жер таппай жүр. Арада екі күн өткесін Нияз келді. – Сүйінші, жігітің шақырып тұр, – деп хабар жеткізген Бағила жылмаң-жылмаң етеді.

Тахауи Ахтанов Ләззәт асыға басып Ниязға жақындап келді де, кілт тоқтады. Жігіттің түрі өзгеріп кеткен сияқты. «Бұ да менен жиренетін шығар» деген қорқыныш кеудесін қарып өтті. – Ләзтайжан, кешір, бауырым. Екі күн бойы мұрсам болмады. Сен маған ренжімейсің бе? – деп Нияз жалынышты қарады. Ләззәт: – Жоқ, – деп ернін қыбыр еткізді. Алқымы кеуіп қалған, дыбысы шықты ма, жоқ па, оны өзі де білмеді. Өң мен түстің арасындай меңіреу күйде жігіттің соңынан еріп жүре берді. Неге болса да бойсұнған түрі бар. Нияздың аузынан қандай үкім естілсе де көтереді. – Ләзтай, неге үндемейсің? Шыныңды айтшы, маған ренжідің бе? Нияздың көңілі иненің жасуындай өзгермепті. Бар ықыласымен қиылып сұрап тұр. Ләззәттың жүрегі дүрсілдеп қоя берді. – Жоқ, жоқ, – деді ол аптығып, содан әлденеге булығып төмен қарады. – Білмеймін... – Өзің біртүрлі боп тұрсың ғой. Жүр паркке барайық. Екеуміз сөйлесейікші. Ләззәттың да іздегені оңашалық еді. Не де болса ақтарылып, сөйлесіп, өзінің бел-

Повестер, әңгімелер, мақалалар гісіз халінен құтылғысы келді. «Мейлі, жек көрсе онысын айтсын». Күн демалыс болмағандықтан парктің іші оңаша екен. Зерігіп отырған балмұздақ сатушы әйел Ниязға: – Жас жігіт, қызыңызға сый көрсетпейсіз бе? – деді ойнақы дауыспен. Нияз Ләззәтқа қарады. Ләззәт басын изеді. – Ал, енді кафеге барып тамақ ішейік? – Жоқ, осы болады. Ниязға қайтадан бойы үйреніп, көңілдегі күдік сейіле бастады. Екеуі парктің кісі көзінен таса түкпіріне келді. Бірақ іште жатқан бір түйін шешілмей, әлі де болса булығып тұйық отыр. – Ләзтай, шынымды айтсам осы екі күннің ішінде сені қатты сағындым, – деді Нияз Ләззәттың иығына қолын салып, бетіне үңіле қарап. – Рас па? Нияз «Рас, рас, Ләзтайым», – деп қызды бауырына қыса түсті. Ләззәт оның кеудесіне бетін басып, өксіп жылап қоя берді. Екі-үш күннен бергі жанын қинаған күйзелістің тиегі ағытылып кеткендей көпке дейін өксігін баса алмады. Нияз әбден қиналып: – Оның не, Ләзтайым. Қойшы, Ләзтай, – деп бәйек болды.

Тахауи Ахтанов Берекесі қашып, шарасыз кескінмен Ләззәттың бетіне үрпие қарайды. Бетінен, жас мөлтілдеген кірпігінен мейірлене сүйе­ ді. – Нияз, сен мені шын сүйесің бе? Соны ғана айтшы. – О не дегенің, Ләзтайым, маған сенбейсің бе? Неге сенбесін. Ләззәттың көңілі орнына түсті. Жүрек қыжылындай жаман сезімнен арылып, жаны жай тауып, рақаттанып қалды. Жақын адаммен ұғысуға көп сөздің керегі жоқ екен. Қыз мінезі де қызық-ау, несіне шәк келтіріп, несіне шошыған? Нияздың өзіне ең жақын адам болғанын, екеуінің арасында бөлектік жоқ екенін енді түсініп, көкірегін қуаныш кернеді. Кешегі алыстан ынтықтырған, қол жетпес ақын жігіт емес, өзінің Ниязы, дүниедегі ең жақсы көретін адамы. Ләззәт енді Нияздан инедей сырын жасырмайды. Кісі өзінен сырын бүгіп тұра ала ма? – Сен мені жек көріп кеткен шығарсың деп қорықтым. Қатты қиналдым. Бұл сөзді осындай ойға келген өз аңқау­ лығынан күлкісі келіп, езу тартып айтты. – Ендеше, мен сенен қорықтым, – деп күлді Нияз. Қыз мейрамы қайтып оралды. Бір рет

Повестер, әңгімелер, мақалалар бекерге шошынып, запы болған көңіл енді күдікті жолатқысы келмейді. Ләззәттың мінезі қайтадан өзгеріп кетті. Бөлмеде жиі ыңылдап, әндетіп жүретінді шығарды. Жатса да, тұрса да Нияз екі елі есінен шығып көрген емес. Кеудесін қуанышқа толтырып, ылғи көз алдында тұрады. Оның жүріс-тұрысын, әр қимылын, әсіресе өзіне күлімсірей қараған ең сүйкімді кескінін көз алдынан қайта-қайта өткізсе де, құмары қанбай көре бергісі келеді. Екеуінің кездесер сәтін еске алып сабақта да қарап отырып езу тартып, орынсыз күлімсіреп қояды. Бір күні бөлмеге жүгіріп кірді де, ақырын әндеткен күйі шашын тарай берді. Салиқа кітап оқып отыр екен. Басын көтеріп алып, көзәйнегі жылтырап, Ләззәтқа ұнатпай қарап отырды да, кесіп алғандай: – Сен де ғашық болыпсың ғой. Шаруаң біткен екен, – деді. – Неге? – Мен сені дардай ақын болады деп жүрсем... Фи, әшиін қатын болайын деп жүр екенсің ғой. Салиқа Ләззәттан біржола күдер үзгендей қайтадан кітабына үңілді. Аздан кейін тағы басын көтеріп: – Сабақ оқуға маза бересің бе-ай! – деп жекірді.

Тахауи Ахтанов Ләззәт жүгіріп келіп Салиқаны құшақтай алды. Өз бақыты ішіне сыймай жүргенде қуаныштан құр қалған сорлы қызды аяп кетті. – Түһ, мынаны жын қаққан шығар, – деді Салиқа оны итеріп. Бірақ алғашқыдай емес, даусы жұмсарып қалды. Ләззәттың алаңсыз қуанышы ұзаққа созылмады. Сұңғақ бойлы, ақ сұр қыз... Оның түр-түсі Ләззәт көңіліне таңбадай басылды. Майысқақ әсем денесін анықтай түскісі келгендей үстіне қынама бел, тар көйлек киген. Қаз мойын, кішкене жұмыр бас. Бет бітімі де кіші мөлтілдеп тұрған сұлу. Өткір қара көзі қиғаш біткен – сілеу­ сін көз. Бұғағы біліне бастаған жұмыр иегін жоғары көтеріп, басын шалқақ ұстайды. Өңі салқын, төңірекке тыжырына қарайтын тәкаппарлау ма қалай. Нияздың қолтығында әсем аяғын дік-дік басып келе жатты. «Сен де қыз болып жүрсің-ау» дегендей Ләззәтқа ұзын кірпігін қиғаштап бір қарады да, өте берді. Ләззәтты көргенде Нияз сілеусін көз қыздың ығын алып, тасалана түсті. Тек амандасқандай ишарат білдіріп, ерні күбір етті.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Ләззәт үйге қалай жеткенін білмейді. Бөлмеге кірді де кереуетке сылқ етіп отыра кетті. Кітап оқып отырған Салиқа Ләззәттың қаны қашқан бетіне таңырқай қарап, басын шайқады. Ләззәт қыбыр етпей сазарып ұзақ отырды. Көз алдында сілеусін көз, тәкаппар қыз. Сол қыздың ығын алып өзінің бетіне қарай алмай тайқақтаған Нияз. Тас көшемен дікдік басқан биік тақа жолындағы Ләззәтты таптап өте шықты... Осы елестен арыла алмады. Жүрегі шошып, ақыл-есінен айрылып қалғандай. Болған іске байыптап ой жүгіртуге де шамасы келмеді. Кенет өзінен гөрі ана қыз­ дың Ниязға әлдеқайда өктемдігін сезіп, тұла бойын қызғаныш өртеді. Өзінің шын қор болғанын енді біліп, бар жүйесі босап, қатты ренжіді. Нияз... Ләззәт оны қалтқысыз адал жүрегімен сүймеп пе еді. Ауылдан келген аңқау қызды алдап... Мейлі, алдадың, дегеніңе жеттің... Дүниеде алданған қыз жалғыз мен емес шығар. Бір қорлыққа төзер едім... Неге түңілдіріп ашық айтпадың? Әлде ол жазаны азсынып... Бір емес, екі алдағаның ғой бұл. Мен сені жанымнан жақсы көріп едім ғой. Жазығым сол ма? «Мені құшақтап сүйіп отырғанда, көңіліңде басқа қыз тұрған екен ғой» деген

Тахауи Ахтанов ой жүрегін осып өтті. Өзінің қорлық шегіне жеткеніне жаны удай ашып, жастыққа бетін басып, солқылдап жылай берді. – Кеше ғана жарқылдап күліп жүр едің. Бүгін еңкілдеп жылап жатырсың ғой. Бәсе, көп күлген қыздың жыламайтыны болмайды, – деді «Құрбақа». Салиқаның сөзі Ләззәттың жанына батып кетті. «Мені бұ да табалайды». Бірақ жастықтан басын көтерген жоқ. Ауық-ау­ ық іш тартып, ышқынып қояды. Бір кезде сырт жағынан біреу құшақтады. Өткір сүйе­гі денесіне батып барады. «Құрбақаның» құшағы, Ләззәт оған қайырылмай, сол қалпында етпетінен жатыр. Кішкене саусақтар денесіне мап-майда тиеді. Шашынан, маңдайынан, дымқыл кірпігінен сипайды. Ләззәт басын көтерді. Салиқа оны қысып құшақтап алды. Осы бір қу сүйек, кішкене денеден жып-жылы аналық мейірім еседі. Ләззәт оның бетіне қарағанда көзәйнектің ар жағынан мөлтілдеп тұрған жасты көрді. – Жылама, Ләзтай, жылама, – Ләззәттың маңдайынан сипап отырды да, кенет кәдімгі кексе әйелдей: – Маған сенің қасіретіңді де бермеді ғой, – деп ауыр күрсінді. Осы сәтте екі бақытсыз бір-біріне жақын болып кетті. Аздан кейін Салиқа:

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Қой, көзіңді сүрт, Бағила келсе неше саққа жүгіртер, – деп өз орнына барып, қайтадан кітабына үңілді. Алғашқы тиген соққы қашан да ауыр болмақ. Ләззәт көңілінен ел көшіп кеткендей құлазып, делсал боп жүрді. Ас батпады. Кітапқа да қарай алмады. Ауық-ауық жүрегі қысылып, өксіп қояды. Кешке таман Салиқа Бағиланы киноға ертіп кетті. Ләззәтты шақырып еді. Бармады. Адам мінезі қызық қой. Қанша күйзеліп отырса да, өз бойы­ нан ана сілеусін көз қыздан артық қасиет іздеді. Айнадан ең алдымен жасқа толы, тос­тағандай үлкен көзін көрді. Дымқыл кірпігі сабалақтанып, біртүрлі жапалақ көз болып кетіпті. Жақ сүйегі білінбейтін, етжең домалақ бет. Айнаны тастай салды. Артық ешнәрсесі жоқ. Тек Ниязға деген ықыласы болмаса... Ләззәт тарс бүркеніп жатып қалды. «Ана қыз оны мендей жақсы көрмейді. Мен бар ықыласыммен... Ықылас... Ал егер Нияздың маған деген ықыласы болмаса ше?». Тағы да сілеусін көзді ақ сұр қыз бен сұңғақ бойлы қара жігіт – Нияз көз алдына қатар кеп тұра қалды. Ол екеуінің тілегі, үміті бір. Ал Ләззәт болса – араға шыққан тікендей. Нияздың тайқақтаған көзқарасы... иә, иә, Ләззәт оның өкінішті бір ісінің айғағын-

Тахауи Ахтанов дай алдынан шыға келді. Ол тыжырынып ұнатпай қалды. Ана қыздың алдында өзін айыпты санап қысылған екен ғой. Ләззәтпен бірге болған сағаттарына өкініп, өзінөзі сөгіп, ақымақ қызды енді көрместей боп кеткен жоқ па? Ойы осы араға келгенде, Ләззәт шыдай алмады. Бүйтіп жиіркенішті өмір сүргенше өлген артық. «Өлген артық...» Ләззәт бұл сөздің мағынасына енді ғана ой жүгіртті. Бірақ өлімнен шошымады. Азап пен масқарадан құтқаратын оңай жол сол сияқты. Ертеңінде Бағила бөлмеге жүгіріп кірді. – Ойбай-ау, мен саған қызық айтайын ба, – деді ол отыруға да мұршасы келмей. – Сенің әлгі Ниязың... Әй, сен бермен қарашы, Мұңлық. Әлгі ақын жігіттің әйелі бар екен ғой. – Рас па? – деді Ләззәт жұлып алғандай. – Өтірік айтсам көзім шықсын. Баласы да бар көрінеді. – Әйелі сұлу ма екен? – О жағынан дәмеленбей-ақ қой. Сені мен менен сұлу. Нағыз сылқымның өзі. Көшеде кердең-кердең басады. – Шын айтасың ба, Бағилаш?– деп Ләззәт оның иығынан тартып қалды. – Ай, саған ант берейін бе? – деп Бағи-

Повестер, әңгімелер, мақалалар ла Ләззәттың бетіне қарап қайран болды. – Бетім-ау, мынау қуанып тұрғаннан сау ма? Әй, өзіңнің есің дұрыс па? Ләззәт енді Бағилаға қайырылған жоқ. «Әйелі... Әйелі екен ғой» деп күбірлейді. Бағила біраз сөйлеп шығып кетті. «Бұрын не қып есіме келмеген? Сілеусін көзді сұлу әйелі екен ғой». Ендеше Нияз Ләззәтты сүйеді. Әйелін жек көреді. Иә, иә... әйелін жақсы көрсе Ләззәтқа көңілі кетер ме еді? Мүмкін қатеден үйленген шығар. Баласы бар... Баласын қимай жүрген ғой. Кенет Бағиланың соңғы сөзі есіне түсіп, Ләззәт өзіне-өзі таңқалды. «Мен осы несіне мәз болып отырмын», – деп ойлады. Бірақ не де болса кешегі жиренішті, жексұрын халінен арылып келе жатқанын сезеді. Бойына бір жеңілдік пайда болды. Әйелі болса қайтсін. Өмірде ондай да болады. Кісі аңсағанына қосыла бере ме? Тек бірін-бірі шын сүйсе... Ақ сұр беті сыздап тұрған тәкаппар әйел. Тастан соққандай өңі салқын ғой. Нияздың көңілін суытпай қойды деймісің. Бірақ әйелі барын Нияз неге айтпады? «Мен сенен қорықтым», – деп еді. Шошытып алып, Ләззәттан айырылып қалам ба деп қорыққан екен ғой. Торыққан, түңілген көңіліне үміт оты қайта тұтанды. Бірақ бұрынғы алаңсыз

Тахауи Ахтанов қуаныш жоқ. Жарылып біткен сүйектей жүректе шорланып қалған сынықтың ізі бар. Нияз жатақхананың босағасын тосып жүріп, ақыры Ләззәтты оңашалап алып шығып кешірім сұрады, мұңын шақты. – Ләззәт, сен кешіресің бе, жоқ па, білмеймін. Айып менде. Саған алдын ала айтуға тиіс едім... Жүрегім дауамады. Сенен айырылып қалам ба деп қорықтым. Өз бақытыма өзім балта шауыппын. Ажарына қызығып алды-артымды байқамаппын. Сезімі, мейірімі жоқ қуыс кеуде екен. Нияз иіні түсіп, мұңайып, сұлық отыр. Түр-түсінде, тұлғасында дәрменсіздік бар. Жас балаша зәбірленіп мұңын шағады. Кеше ғана қол жетпес биік санап жүрген жігітінің бүгін аянышты кескінін көргенде, Ләззәт мүсіркеп кетті. Құдды, бір нәрсені бүлдіріп алып, оны өзі жөндей алмай, «бір амалын тап» деп шешесіне қыңқылдап отыр­ған бала сияқты. Ләззәт әйелге тән зиректікпен бұдан былай өзі жетекші болып, осы жігітті ығына ала жүретінін түсінді. Ләззәт махаббат қуанышын көрмей жатып, оның уайымы мен азабына жолықты. Өзге дүниені ұмытып, махаббат буына мас болып жүрудің орнына, кексе әйелдей Нияздың хал-жайын көбірек ойлады. Нияздың бойындағы осалдықтың өзін ерке баланың

Повестер, әңгімелер, мақалалар шәлкестігіндей көріп, кешіре береді. Бар ықыласымен мәпелеп, оның көңіліне қылау түсіргісі келмейді. Ынтыққан екі жүректің арасын темір тордай бөліп сілеусін көзді, сұр келіншек тұр. Екеуі ойнап-күліп қатар жүре алмай, аңсап барып әрең кездеседі. Ләззәт түрмедегі адамына тілдесуге барғандай, осы кездесудің әр минуты өткен сайын, айрылысар сәттің жақындап қалғаны есіне түсіп дірілдеп болады. Күзетшінің қатал жүзіндей сағаттың рақымсыз тіліне жаутаңдап қарай береді. Екеуінің болашағы туралы Нияз ешнәрсе айтқан жоқ. Бұ жағынан да «әйтеуір бір амалын өзің тап» деп билікті Ләззәтқа беріп қойған түрі бар. Қазір ынтығы басылмаған ыстық көңіл алды-артын ойлатпағанмен түбінде бұл сұрақ та бір күні қатал жауабын тосады. Ләззәт оны оңашада өзі ойлады. Ниязды әйелінен айырып алу қолынан келерін білді. Бірақ... Нияздың баласы бар. Баласын жетім қалдырған адам басқа біреумен бақытты бола ма? Ал Нияздан айырылғанда өз бақыты не болмақ? Шешілмес жұмбаққа тіреліп Ләззәт көп қиналды. Қанша ойласа да, Нияздың баласына қиянат жасау қолынан келмесін білді. Ал, сондағы халі не болмақ? Бұлай та-

Тахауи Ахтанов сада жасырынып жүріп тағы өмір сүре алмайды. Екеуінің басындағы осы шытырман жағдайды Ләззәт жалғыз өзі шеше алмай дал. Нияз болса Ләззәттың ықыласына мәз, өзге нәрсені ойламайтын тәрізді. Арада екі ай өтті. Ләззәт қалт-құлт етіп емтиханды да әрең тапсырып жүр. Үшінші курстың программасы ауыр. Құрбыларынан бөлектеніп алды. Олар да бұдан «қайда барасың, қайдан келдің» деп сұрамайтын болды. Тек Салиқа ғана кейде басын шайқап қояды. Демалыс күні Ниязбен екеуі тауға шығып кететін. Бүгін де тау қуысындағы оңаша теректің түбіне келді. Ләззәт оған «менің отауым» деп ат қойып алған. Нияз жол бойы да көңілсіз еді, қазір де сұлық отыр. Ләззәт оның қандай реніші барын біле алмады. – Нияз, не қып мойныңа су кетіп отыр? – Несіне мәз болам? – Немене, мен зеріктірдім бе сені? Нияз Ләззәттың бетіне қарап, мүдіріп қалды. Содан кейін: – Үйде бір реніш болып еді. Кешір, Ләзтай, – деді. Ар жағын айтпай көзімен жер шұқып, қабағын түйіп отыр. Ләззәт тіксініп қалды. «Үйіндегі ұрыскерістің себебі мен шығармын. Ендігі жетпегені осы еді» деп күйзелді. Суық ой

Повестер, әңгімелер, мақалалар жүрегін шаншып өтті. Аңсаған сұлу махаббатының аяғы не боп барады? Ақ сұр келіншек ертең келіп бетін тырнап жүрсе... Ләззәттың түсі қашып кеткенін Нияз да байқады білем: – Ләзтай, неге ренжіп қалдың? Маған өкпеледің бе? Қойшы, Ләзтай, – деп жалынды. Ләззәт сазарған күйі: – Үйіңде болған ұрыс мен үшін емес пе? – деп сұрады. – Жоқ, сен үшін емес. Екеуміздің арамызды білмейді, – деп Нияз көңілденіп қалды. Ұрлығын жасырғанына мәз. Ертеңгі күнді ойламайды. Енді Ләззәтты құшақтап, бетінен, кірпігінен сүйе бастады. Ләззәт үндемеді. Көзінің түбінде салқын еріннің дымқыл табы тұр. – Қойшы, Ләзтай, шын ренжіп қалдың ба? Қойшы, – деп қыңқылдайды. Түрі самарқау, даусы күмілжіп шығады. Бұрын кездескен сәтте жайнап қоя беруші еді. «Ләзтай» деп атын атағанда даусынан сағыныш дірілі сезілетін... «Маған деген махаббатың осы-ақ болғаны ма?» – деп қиналды Ләззәт. Болашағын ойлауға да қорықты. Енді түңілсе... Жоқ, жоқ... Адал сезімді ластап, қор қылып ал-

Тахауи Ахтанов май тұрып, көңілде қимастық барда тыйы­ лу керек. Әйтпесе өзімді өзім өмір бойы жек көріп өтермін... Ләззәт орнынан тұрып жүре берді. Нияз қанша жалынып-жалбарынса да қайырылмады. – Нияз, мен сені жақсы көрем. Екеуміз сыйлас дос болайық. Одан артық бізге жазбаған, – деді. Бірақ Нияз Ләззәттан шын айрылып қаларын енді ғана сезіп, сөзге тоқтамай: – Ләзтай, шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер екен ғой. Жоқ, сен мені сүймеген екенсің, – өршіп бара жатыр еді, Ләззәт оны тыйып тастады. – Жетер енді. Ондай сөзді мен айтуым керек еді. Бүйте берсең сыйласудан қалармыз. Аңсаған махаббаты осылай тынды. Тынды ма? Оны өзі де білмейді. Жар басына тіреліп, шыңырау құздан сескеніп тұра қалған адам тәрізді. Бар ынтық арманы арғы бетте. Сілеусін көзді, ақ сұр әйелді Нияздың қолтығында алғаш көргенде көп жылап, көз жасын сарқып алыпты. Қазір көзінде тас та жоқ. Ішін өртеп бара жатқан өкініш, күйік те жоқ. Нияз ғашық болған

Повестер, әңгімелер, мақалалар бастапқы кездерде бір қуанып, бір жылап, ыстық пен суық бірдей қарып іші тоңазып қалған. Баяғы тұйық мінезін қайта тапты. Бірақ бұл ауылдан келген қыздың ұялшақ ұяңдығы емес, қасірет шеккен әйелдің торыққан кескіні. Суға кеткен тал қармайды. «Өзім тыйып тастадым. Ниязды тоқтатқан өзім. Бірбірімізді ұмытпай жүректе сақтаймыз»,– деп көңілін жұбатады. Ләззәт біржола түңілуден қорқып, Ниязбен екеуінің арасын өзінше ажарлап, сырлап бақса да, қатал өмір ажырайтып сырын ашып, жалаңаштап тастай берді. Ләззәт сырын сыртқа шашпайтын. Бірақ тіміскі Бағила бәрін иіскеп біледі. Ал Салиқа болса, оның көзілдірігі рентген әйнегі сияқты, ішіңдегінің бәрін көріп отырады. Бағила қайқы ерні сүйреңдеп: – Сен әлгі ақыныңды қойдың ба? Анандай сұлу әйелі тұрғанда сені не қылсын. Дұрыс істегенсің, – деп бір қойды. Бірақ оңай тыйылатын Бағила ма, Ләззәттың ішінде алтын жатқандай сұғанақ көз жылтыңдап, шұқылай береді. – Уайымдай беруің жаман. Сол сені құртып кеткен жоқ па? Шыныңды айтсайшы?

Тахауи Ахтанов – Тым емешең құлап кетіп еді. Құдай біледі, аман емессің ғой. Апыр-ай, тастай қатып қалатының-ай, сенің... Нең кетеді, айтсайшы, – деп қиылады. Салиқа анада Ләззәтты құшақтап жұбатқаннан кейін шүйіркелесіп, сырласып көрген жоқ-ты. Тек Бағила Ләззәттың мазасын алып бара жатқан соң: – Білгің келіп шыдамай баратсаң Нарқоспағың бар емес пе, Ләззәтта нең бар, – деп тыйып тастады. Сырт көзге «алданған қыз» деген жаманат бар. Олар «опасыз суайт» деп Ниязды жазғырады. Екеуінің шытырман тағдырын өзгелер қайдан білсін. Ләззәттың уайымы жұрттың өсегі емес. Жүрегі бір, тілегі бір екі жан тұтасып кеткен ыстық сезімді қақыратып ортасынан бөліп алды. Әрқайсысы өз қасіретін арқалап бөлек кетті. Жетім қозыдай көзі жаутаңдап жүдеп қалып еді Нияз... Емтихан бітер-бітпестен Ләззәт кетуге асықты. Бірақ жылдағыдай ауылды сағынып, жүрегі алып-ұшқан жоқ. Тек әйтеуір қайда болса да тезірек кеткісі келді. Ләззәт колхозға түнделете жетіп, асқа да, сөзге де зауқы болмай жатып қалған. Кеш ояныпты. Терезеден күн сәулесі түсіп тұр. Үй-іші тып-тыныш, қоңыр салқын. Қа-

Повестер, әңгімелер, мақалалар ланың шуынан, әсіресе соңғы кездегі жан күйзелісінен қалжыраған. Ләззәт бойы мау­ жырап, ауыр ойын ұмытып, алаңсыз дем алып ұзақ жатты. Аздан кейін көрші әйелдер, қыздар келе бастады. Табалдырықтан аттағаннан-ақ, Ләззәттың келуіне қуаныш білдіріп, дабыр­ лап сөйлей кіреді. Үй тыныштығында, әр дыбысын тазартып шығарғандай дауыстары саңқылдап, анық естіледі. Олар бөлмеге ертеңгі самалды ала кіргендей үйдің ішін сергітіп жіберді. Жұрт арыла бергенде Қуантай келді. Бұл да аңызақ жел мен аптап күн иісі аңқыған дала қазағы болыпты. Қазір дардай тракторист. Сәнді киініп, галстук тағып алған. Ләззәттың тұйық мінезін көріп, батып сөйлесе алмай, қаймыға берді. Ішінен «қалада оқып жүрген ақын қыз, ауылдағы трактористі менсінбейді», – деп ренжіп отырған болар. Қанша жуғанмен сыр алдырып қоятын күсті қолын қайда қоярға білмей қысылады. Ләззәт бір рет оның тізесінің үстінде жатқан күректей қолын тез жанқалтасына сала қойғанын көріп, күліп жіберді. Несіне ұялады екен. – Қыздың қасында отырғанда кісі қолын қалтасына салмас болар, – деді Ләззәт.

Тахауи Ахтанов Қуантай қолын қалтасынан суырып алды. Бірақ күректей пәлені қайда сыйғызарға білмей қипақтап, желкесін қасыды. Ләззәт дүрдей жігіттің жас балаша қысылған түрін көріп, кенет мейірі түсіп, оның қолынан сипады. Қуантай құлағына дейін қызарып, ыржиып езу тартты. Неткен бақытты жігіт. Күн шалып, жел қаққан өңінде көлеңке жоқ. Сәл нәрсеге қалтқысыз ақтарыла қуанады. Күн кеше дәл осындай жарқылдап жүрген алаңсыз шағы есіне түсіп, Ләззәт мұңайып қалды. Сонау қызғалдақ қуған қуанышты шағы енді қайтып оралмайды. Ләззәт жұрттан оқшауланып, үйден шықпай қойды. Қызының көңілі жүдеу екенін танып, анасы асты-үстіне түсіп, ебелек қақты. Кешке таман үйде шүңкиіп жалғыз отырғанын көріп: – Жаным-ау, өз ауылыңды жатырқап қалғаннан саусың ба? Ағайын, туған бәрі сағынады сені... Жағалай кіріп шық, – деп ақыл айтты. – Кем-кетік көңілі жарым адам кідікшіл болады. Алдымен сәлем беріп, Айғаншаны қуант. Айғаншаның даусы кешкі ауада шаңқылдап алыстан естіледі. Мыжырайған аласа үйдің алдында шелегін даңғырлатып, кішкене қызын қарғап жүр.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – О, көгермегір, Рәуіш. Ойының осыл­ ғыр, қаншық, жалғыз бұзауды қарамай... Аузымызды кептіріп кетті-ау, ойбай-ай. Жетпегір, сені ме, сені... – деп кіжінеді, Ләззәт сәтсіз мезгілде келіп қалғанына өкінді. Сонда да бұлан-талан боп жүрген Айғаншаның қасына кеп сәлем берді. Айғанша ұнатпай күңк етті де, бұрылып қарап: – Ойбай-ау, Ләзтайжанбысың. Жүр, айналайын, үйге кір. Рәуіші түскір бұзауды емізіп алғаны, – деді қонағының алдында ақталғысы келгендей. – Айтпақшы, апаңды да шақыртайын. Саған арнап қыстан сақтаған сыбағам бар. Жаңағы кейістің ізі де жоқ. Айғанша жарқылдап қазанға ас салып жатыр. – Оқу деген оңай дейсің бе, биыл өңің жабау ғой, – деп Ләззәтты мүсіркеп қояды. Шешесінің ашуы тарқағанын аңдып, жылтыңдап сығалап жүрген Рәуіш келіп Ләззәтты құшақтады. Жетім үйдің ажары кіріп, жадырап сала берді. «Көңілі таза адамдардың қайғы-қасіреті де зәрсіз болады екен-ау», – деп ойлады Ләззәт. Мойнындағы парызын өтеп, ағайындары мен көршілерінің үйін жағалап, сәлемдесіп, дәм татып шықты. Қайда барса да ақжарқын, адал көңіл. Ішкі сарайы ашық пейілі таза жандар.

Тахауи Ахтанов Ләззәт кейде ауыл сыртындағы қыратты кезіп кетеді. Жаз ортасы ауып барады. Құлпырып ойнаған қызғалдақтар жоқ. Сұрғылт тартып, қураған жусан, әріректе сол баяғы бозды бұйрат. Жусан түбіндегі топырақ қатқылданып, қуаң тартқан. Алғашқыда көктемгі жәрмеңкесі тарқап, дала құлазып жатқан тәрізді көрініп еді. Бірақ Жер-ананың қуатты, ыстық лебі қан тамырына жүгіріп, денесіне күш беріп келеді. Даланың аптап желі тұла бойын кеулеп, ішкі сарайын тазартып, бірте-бірте сергіте бастады. ...Қазір де анасының жылы құшағында отырып, сол кездегідей әсер алды. Апасы маңдайынан сипайды. Жұп-жұмсақ майда қол кеудесін түйнеген өксігін басып, көңілін ұйытып, тыныштық әкелді. Ләззәт азынаған бойы жылығандай бұйығып, анасының бауырына тығыла түсті. Бірақ сеңдей қозғалып кеткен ой ағысы тоқтар емес... Сол жолы, ауыр сырқаттан кейін асқа қарағандай Ләззәт төңірегіне көз салып, әр нәрсеге назар аударатын болып қайтты. «Туған жердің топырағы шипа» деген сөздің мағынасын да сонда түсініп еді.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Арада біраз жыл өтті. Ләззәт оқуын бітірді. Қызметке орналасты. Елден шешесін алдырып, үй болып, түтін түтетіп тұрып жатыр. Адам ой-өрісі кеңіп, ақылы толысқанмен, бойға біткен мінез көп өзгермейді екен. Жасынан бір нәрсеге ықыласы түссе құлай берілетін, айнымас мінез Ләззәт бойында сол күйі сақталыпты. Тауы шағылып қалған, қамкөңіл қайтып ғашықтық аңсамады. Ендігі бар ықыласы өлең, жырға ауды. Ләззәт ден қойып ақындық жолға түскеннен кейін, қызық жағдайға ұшырады. Бұрынғы өлеңдері іштегі бір толқынмен, іркілмей қағаз бетіне түсе қалатын. Көңілді лып еткізген бір әсер қысқа өлең боп шыға келетін. Енді аңғарып қараса солардың бәрі жел-көбік, тілдің ұшынан шыққан жеңіл сөз. Ендігі еңбегі ауыр қара жұмысқа ұсап барады. Сөзден сөз талғап, қисынын келтіре алмай, діңкесі құриды. Ой тереңіне үңіліп, түпкірінде жатқан ең асыл сырын ақтарғысы келеді. Бірақ адам сезімін айнытпай жеткізу дүниенің азабы екен. Кеудені кернеп, жүректі тебіренткен ыстық сезім қағаз бетіне түскенде мұзға тастаған гүлдей ажары сынып, солғын тар-

Тахауи Ахтанов тып сала береді. Жүректің тәтті дірілі мен ыстық лебін суыққа шалдырмай, сол күйі жеткізейін десе, сөзі ауырлап, тілі оралымсыз болып кетеді. Ал қолдан қалағандай әдемі сөз тапса, ыстық лебізін суытып алады. Жазушылық жолы барған сайын қиындап барады. Ләззәт жалт еткен бір ғана ойдың көрінісі – қысқа өлеңді қанағат етпей, үлкен шығарма жазуға құмартты. Көкірегінде жиналып қалған біраз дүниені тереңнен толғап, өндіріп тастап еді. Кішкене ой тоқтатып оқып қараса, тайыз салған бороздадай қалқып үстірт кетіп барады екен. Онысын сызып тастап, қайта бастады. Енді тереңге салған түренді тарта алмай, кейде арнадан шығып кетіп, кедір-бұдыр қиқалап келеді. Бойындағы бар күшін сығып бергенде, әлі келмейтін ауыр жұмыс қалжыратып тастайды. Әбден діңкесі құрып, сылқ етіп отыра кететін кезі болады. Ондайда екіншілей жазу столына жоламайтындай көреді. Бірақ бойына сәл ғана күш жиналса, өршеленіп қайта кіріседі. Ләззәт қай шығарманы да қиналып жазады. Сонда да құмарпаз адамдай осы бейнетті кәсібінен безер емес. Бір шығарманы аяқтағанда жаны, тәні бірдей қалжырап, шаршап қалады. Тізе бүкпей, той-ду-

Повестер, әңгімелер, мақалалар манды өз қолымен өткеріп, қонақтарын ырза қылып аттандырған адамдай, оңаша бос отырып рақатқа батады. Саудырап босап қалған ыдыстай, алаңсыз тыныш күйге түседі. Бірақ алдыңғы қонақтың ізі суымай тұрып, тағы бір топтың дүрмектеліп келіп қалатыны сияқты Ләззәт бір еңбегін бітіріп, тынығып сергімей жатып, басына жаңа ойлар орала бастайды. Сол көмескі ойлар қашан жанды бейнесін тауып, тіріліп қағаз бетінен түскенше соңынан қалмайды. Ел аралап, жер кезіп жүргенде де қаза болған борыштай маза бермейді. Уақыт, әсіресе бар ықыласы құлаған, рақатынан азабы көп ауыр еңбегі көңіл жарасын жазған сияқты. Әйтеуір бұрынғыдай қатты күйзеліп қайғырмайды. Бірақ ешкімге ықыласы түспей келеді. Әлде адамы кездеспеді ме?.. Сонау тау қойнауында ажырасқаннан кейін, Ниязбен әлі бір сырласып, сөйлескен емес. Бұрынғы сезім қайта тұтанып кете ме деп қорқады. Жай, таныс адамша бас изесіп өте шығады. Тек көз жанарының түбінде екеуіне ортақ бір ұшқын жылт ете қалады. Оны өздері ғана аңғарады, түсінеді. Екеуі де көңілдерін тас қымтап алған, – іші бір, сырты бөлек... Кейін әдебиетке кеңірек араласқан соң

Тахауи Ахтанов білді. Нияз да өзінің аз-ақ алдында жылтырап шыққан көп жас ақынның бірі екен. Әп-әдемі өлеңдер жазып ауызға іліккен. Бірақ екеуінің одан арғы тағдыры екі түрлі. Ләззәттың құнығып істеген көп еңбегі зая кеткен жоқ. Аз жылда абыройы асып, жұрт мейірін қандырар біраз шығарма беріп тас­ тады. Ал Нияз болса ескі жұртында айналсоқтап өріске шыға алмай жүр. Сол баяғы «жас ақын», өндіргені шамалы. Кісінің бір тоқырап қалатын кезі болады, кейде ұзақ тоқыраудың артынан қиналып барып жақсы шығарма жазып кететіндер бар. Кім білсін. Нияздың мінезі де өзгеріп кеткен. Жас кезінде кербездеу еді. Енді елгезек боп барады. Үлкендермен де, кішімен де, жақсымен де, жаманмен де дос. Бәрімен аралас. Асылы жазушының кісі жатырқамағаны жақсы. Қайда той-думан болса, Нияз сонда. Ләззәттың бір байқағаны Ниязды жұрт қастерлеп, арнап шақырмайды, ал ол келіп қалса жатырқап шетке және қақпайды. Қай үйдің болса да үйреншікті адамы сияқты. «О, Нияз, сен де жақсы келдің. Бүгін бір қонақ шақырып едік» деген сөзді Ләззәт талай есіткен. Кейде «ауызыңның салуы бар екен», «мақтап жүреді екенсің» деген сөздер де айтылып жатады. Нияз шақыру-

Повестер, әңгімелер, мақалалар сыз келгеніне қысылмайды, стол басында сызылып тағы отырмайды. Лезде тізгінді қолына алып, қонақтарды ғана емес, үй иелерін де билеп-төстеп, думанды қыздырып жібереді. Кейін үй иесі қоштасарда «әй, сенің келгенің жақсы болды» деп ырза боп қалады. Нияз асылы көбірек қыдыратын. Ләззәт оның мас болып, қисалақтап жүрген кезін көрген емес. Қашан да мұнтаздай, тап-таза. Әсем, сыпайы қалпынан, биязы күлкісінен танбайды. Бірақ жұрттан жеркенбейді. Шала бурыл, масаңдау біреулер оны торуылдап, ылғи бір жаққа асықтырып жүреді. Ләззәт кейде оның осы мінезін ұнатпай да қалады. Бірақ ойланып қараса, ақын адам өмірдің жақсысы мен жаманын бірдей білу керек екен. Әсіресе кейбір адамдар ішкен кезде ішек-қарынын түгел ақтарады екен. Бір төңіректің адамында құпия бола ма. Нияз жайындағы жұрт пікірін Ләззәт жақсы білетін. Абзалы олардың қай-қайсысы да Ниязды жоғары бағаламайды. Әдебиетті төңіректеп жүрген көп нашар ақынның бірі деп қарайды. Бастапқыда жылт еткен жұрт үмітінің ұшқыны да тез сөніп қалған тәрізді. Талмай үміт күтетін Ләззәт қана. Өзге жұрт Нияздың сыртынан тон пішеді. Көп

Тахауи Ахтанов қыдырады. Ішеді. Өндіріп еңбек берген жоқ. Думан-қызық қуалаған. Өмірдің жеңіл жолына түскен, уайымсыз жан. Олардың көретіні сол ғана. Сырт көзге жайраңдап, жарқылдап жүргенмен, ішінде талай қасірет жатқанын, шытырман қиын тағдырдың тұзағына түсіп, содан бүлініп жүргенін өзгелер қайдан білсін. От басының рақаты болмаған соң тебіреніп жақсы шығарма тудырмақ түгіл, кісінің ішкен асы бойына сіңе ме? Ойланбай, толғанбай жүр деймісің... Газет-журналдардан Нияздың ысқаяқ, ажарсыз өлеңдерін оқып Ләззәт қатты қиналады. Бірақ бұған да жалғыз Нияз айыпты емес. Сілеусін көзді келіншек, безеріп, оқты көзімен атып отырғанда, жақсы жыр қайдан шықсын. Ләззәтқа қас қылғандай Нияз да өрге баспай-ақ қойды. Баспа орындары өзіне ыңғай бермегесін, осы күні композиторларды төңіректеп алыпты. Олар өлең сөздің парқына түсіне бермейді. Ашық дыбысы басым болып, буын саны дөп келсе өлеңнің өзге қасиетіне шамшыл емес. Нияз ғашықтық әндеріне лайықтап біраз сөз жазды. Басында өлеңдері әжептәуір, әпәде­мі болатын. Кейін сол басқан ізі шиырланыңқырап барады. Қыздардың қасы мен қабағын, найза кірпігін, ернін сурет-

Повестер, әңгімелер, мақалалар теп, одан айлы түнді, қыз бен жігіт сүйеніп тұратын терек, қайыңды арылтып, колхозға ауысыпты. Ләззәт Нияздың кейбір өлеңдерін радио­дан естігенде, жақын адамы бір нәрсені бүлдіріп алғандай тітіркеніп қалады. Ләззәт Ниязды сүйе ме? Бұған өзі де жауап бере алмайды. Не де болса екеуінің үзілген арасы қайта жалғанбайды. Оған кәміл сенеді. Бірақ сол Ниязды үзілді-кесілді ұмытып та кете алмады. Бұрынғы қыз махаббаты енді жақындық қамқорлыққа ауысқан. Әйтеуір соның жақсы болғанын тілейді. Неше түрлі дәлел, себеп тауып көп алдында болмағанмен, өз көңлінде ақтап алуға тырысады. «Кей адамның таланты кеш ашылады. Басында бұрқ еткізіп шаңын бір көрсетіп, кейінірек барып ұзаққа шабады» деген жебеу тауып еді. Енді ол үміті де ортайып барады. Ниязбен ажырасқан соңғы сағаты көз алдында. Алғашқыда Ләззәттың сөзін шала түсінгендей алақтап қарай берді. «Бүйте берсек сыйласудан да қалармыз» деп Ләззәт қатты айтып қалғанда, бір нәрсені бүлдіріп алған баладай шошып кетті. Сол бір үрпиген қорқынышты кескіні есіне түскенде Ләззәттың іші жылып кетеді. Қартайса да тұрмысқа икемсіз, бала си-

Тахауи Ахтанов яқты нәзік адамдар болады. Ондайлар өз бетімен жол бастаудан гөрі жетекке ыңғайлы. Бұл кемшілігі емес, жаратылысы. Олар әйел махаббатынан гөрі аналық махаббатқа зәру. Көңлін тауып, мәпелеп, шын ықыласыңмен жақсылыққа бейімдесең – жақсы болады. Ал қиыншылыққа кездессе өз бетімен жол тауып шыға алмай бүлініп кетеді. Нияз да бүлініп бара жатқан сияқты. Оның қамын ойлап, шын жаны ашып, жақсылыққа жетелейтін әйел қайда?.. Ләззәт сілеусін көзді, ақ сұр келіншекке ыза болады. Кейде Нияздың өзіне де ренжиді. Қашанғы бала болмақ? Еркек емес пе? Қадірінің кетіп бара жатқанын неге білмейді? Осылай бос қыдырып, бұралқы өмір кешіп, ізсіз өтпек бе? Өзінің азамат екенін, мойнында борышы барын неге ойламайды? Ниязды көрген сайын, Абайдың: «Күнде ойын, күнде той Ойланар кезің болды ғой», – деген зар сөзі есіне түсетін боп жүр. Ләззәт Ниязға шын жанашыр сөзін айтпақ боп талай оқталды. Бірақ, екеуі жатыр­ қасып қалған ба, шешіліп, сөйлесе алмады. Алғашқыда Нияз ішін бермей, қыңыратқып, сөзді әзілге шаптыра берді. Бірде Ләззәт тікесінен келіп:

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Нияз, өз болашағың туралы ойланатын кезің жеткен жоқ па? – деді. – Нені ойлауым керек, – деп Нияз таңырқай қарады. Ләззәт оның түріне қайран болды. Шынымен-ақ өз жағдайын түсінбеген бе? – Өмірдің мағынасы туралы ойлануың керек. – Тым қиынға кетіп қалдың ғой, Ләзтай. – Мұратыңа жетсең, оңай қызықты тауысқан жоқ па едің? Нияз күрт өзгеріп, Ләззәтқа мүсіркей қарады. – Кешір, Ләзтай, мен сенің алдыңда айыптымын. Әрине, ренжитін себебіңді түсінем... Ләззәт ызаға булығып: – Ендеше түк те түсінбепсің, – деп ернін тістеп, бұрылып жүре берді. «Өзінің аянышты халін білмей мені аяйды. Соншалық арзандап кеткеніне арланбай ма екен», – деп күйіп-пісті. Кейін ашуы басылған соң Ниязды жазылмас ауруға шалдыққанын білмей, қаннен-қаперсіз жүрген адамға ұқсатып, жаны ашып кетті. Бірақ оны қалай құтқарудың амалын таба алмай дал.

Тахауи Ахтанов Таяуда Бағила кездесті. Ләззәт оны сирек көретін. Сол баяғы қалпынан титтей өзгермеген. Ұстап алып айрылар емес. – Сен өзің ақын болып, атағың шыққан соң, бірге оқыған құрбыларыңды ұмытып кеттің ғой. Араласып тұруға бізді менсінбейсің-ау, – деп кінә тағып, үйіне сүйреп әкелді. Бағиланың үйі жалғыз бөлме. Кереует, стол, орындықтар, сандық. Онсыз да айналар жер жоқ, тар бөлме жиналмай бықырсып жатыр. Бағила келісімен ас қамдауға кірісті. Табасын шыжылдатып майын көңірсітіп қойып, ас үймен екі ортада жағы сенбей сөйлеп жүр. Оның дабырлаған даусынан бұрыштағы бесікте жатқан кішкентай қызы шырылдап, жылап оянды. Ләззәт бесікті тербетіп, баланы жұбатты. Танымайтын адамын көргенге ме, сәби тез басылды. Сәлден кейін үстіңгі иегіндегі қиттай екі тісін көрсетіп, аузын ашып күлді. Ләззәт баланы құшырлана иіскеп, сүйіп алды. – Мына мықтының аты кім? – деп сұрады Бағиладан. – Атын Ирэн қойдық. Әлгі атақты ғалым әйел бар еді ғой. Ирэн Жолио-Кюри. Соның құрметіне... Ләззәт мырс етіп күліп жіберді. Бағила-

Повестер, әңгімелер, мақалалар ның үлкен ұлының аты Ганди, оған тетелесі Гаррибальди. Балаларына шет елдердің ең бір бетке ұстар мықтыларының есімдерін қойып алыпты. Бағила мына қарқынмен осы тар бөлмеге әлі де талай әлемге әйгілі атақтыларды топырлататын түрі бар. Ләззәт Ирэнды бесігінен шешіп алды. Жұмырықтай ғана жылы дене қолда тұрмай тырбың-тырбың етеді. Үлбіреген жұмсақ қолымен Ләззәттың бетін сипап, титтей саусағын аузына салды. Баланың қолы тиген сайын Ләззәт сүйсініп қалады. Оны бір қолымен кеудесіне қысып ұстап, бір қолымен үй ішін жиыстырып жүр. Кішкене сәби көкірегінің бір жағын жылытып барады... Бұрышта доңғалағы ұшып кеткен ойыншық машина, құлағы сынған қасқыр, мүжіліп кетілген ағаш дөңгелектер жатыр. Орындықтың арқалығы неше түрі бояулы қарындашпен шимайланған. Стол астында өкшесі мыжырайып қалған кішкене туфли... Бірақ осы бір бықырсып жатқан үйдің іші жылуы мол, берекелі сияқты. Мына шашылған мүліктер тыпыршыған жас баланың тірлік әрекеті. Солардың қуанышы мен қызығы. Мұнтаздай, тап-таза боп тұратын өз үйі есіне түсті. Анасы бір затқа қылау түсірмейтін. Үй емес – аптека...

Тахауи Ахтанов Сарт етіп есік ашылды. Төрт жасар ер бала ішке еңіреп кірді. – Мама, Ганди ұлды, – деп өршелене өкіреді. – О, көгермегір Ганди Гаррибальди сор­ лының тағы сорын қайнатқан екенсің ғой. Төбелеспей жүрсең ішің ауырады-ау, сен сотқардың, – деп Бағила бажылдап жатыр. Есіктің алдында маңдайының астынан сүзе қарап, алты жасар Ганди тұр. – Доп менікі. Добыма өзі тимесін, – деп, дүңк ете қалды. Өзі тіпті өжет. Қаймығар емес. Ана Индияның Гандиі жан біткенді маңдайдан шертуге қарсы болса, мына Ганди жұмырықтан басқаны жұмсамайтын сияқты. Улап-шулаған балаларды жұбатып, екеуі шайға отырды. Ләззәт Бағиланы жылына бір-жар көргенде қаланың өсегіне қанып қалатын. Бұл жолы да Бағила көп мағлұмат беріп тастады. Сөз арасында: – Ләзтай-ау, сенің тойыңнан дәмеленіп тамағымыз істі. Осы күйеуге қашан шығасың? Кісіні зарықтырып болдың ғой, – деді. – Несіне асығам, – дей салды Ләззәт қашыртып. – Ойбай-ау, асықпағаны несі мынаның? Көрмейсің бе, өзіміз үш баланың анасы болдық. Жігіттен жігіт таңдап жүріп базарыңды өткізіп алсаң...

Повестер, әңгімелер, мақалалар Бағиланың баяғы мінезі. Ерні сүйреңдеп, бір сөйлеп кетсе тоқтамайды. «Айтқан сөзім дос-құрбының көңіліне келіп қалар-ау» деп те ойламайды. Ләззәттың байсыздығын сөз қылғанда есіне Нияз түсті білем: – Өзің үлкен ақын боп кеттің. Баяғыда біз дардай көретін Нияз сүмеңдеп әлі түк бітірмей жүр ғой, – деп әңгімені бұрып ала жөнелді. – Айтпақшы сол сенің артыңнан біраз жүріп еді-ау. Ой, құдай атсын соны. Басынан берекесіз екен ғой. Ойбай-ау, тіпті қатын-баласы бар адам демессің. Көрінген үйдің босағасын тоздырып, қыдырат та жүреді. Кейде қаңғалақтап осында келетіні бар. Біздің Нарқоспақ өзін жақтырмайды. Бетім-ау, үйіне жетісіне бір түнейтін көрінеді. Нияздың от басынан рақат таппай, көбіне түзде жүретінін Ләззәт та білуші еді. Бірақ мына сөзге сенгісі келмеді. – Қой, бекер шығар. Әйелі бар емес пе? – Әйелі дейсің бе? Ол кербез-сылқым да есесін жіберіп жүрген жоқ. Қайта, тіпті соның жоғына қуанатын көрінеді. Ләззәт шошып қалды. – Қой, тап осының жалған болар. Жұрт не демейді, – деді тітіркеніп. – Ойбай-ау, мен білем бе, сен білесің

Тахауи Ахтанов бе? Ай, аңқаусың-ау, Ләзтай... – деп Бағила дуылдатып ала жөнелді. Ләззәт оның ендігі сөзінің мағынасын ұқпай, ызыңын ғана естіп, күйзеле ойланып қалды. Шынымен-ақ үй ішінің іріп кеткені ме? Нияз осының бәрін күйініштен істеп жүр ме екен? Өйткенше неге ол әйелді тастап кетпейді? Бала... Қазір екі баласы бар. Бірақ бала десе тағдырына мойынсұнып, үй ішін неге жөндеп ұстамайды?.. Семьядағы анау өмір – сәби балаларға зор қиянат емес пе? Екеуі екі жақтан... Қой, сірә, бекер болар. – Ау, не қып отырсың? Шайың суып кетті ғой. Ләззәт селт ете қалды. – Саған адам деп, әңгіме айтып отырған менде де ес жоқ қой. – Жо-жоқ. Тыңдап отырмын. – Ақын деген қиялшыл болады-ау, – деп күлді Бағила. – Мә-ә, құдай ұрып есімнен шығып кетіпті ғой. Әлгі «құрбақа» күйеуге тиіпті. Күйеуі бір жақсы адам көрінеді. Оған да бай табылғанын айтам-ау. Салиқа оқу бітірген соң алыс облысқа кеткен. Бір-екі жылдан кейін арада хат үзіліп, Ләззәт одан бейхабар болатын. Мына хабарға шын қуанды. Байғұс ақыры бақытын тапқан екен ғой.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Күйеуі жақсы адам дейсің бе? – деп қайырып сұрады Ләззәт. – Дәрігер көрінеді. Айтуынша жақсы дейді. Қайдам? Жігіт кезінде бәрі үзіліп тұрады-ау, бұлардың. Өнерді кейін шығарады ғой. – Жоқ, Салиқа жаңсақ баспайды. Басынан сабырлы еді ғой. Байғұстың бағы жанып кетсе... Ол жақсы әйел болады. Салиқаны әлдекімнен арашалап алғысы келгендей қызу сөйледі... Бағиланың үйінен көңіл тыныштығы шайқалып шықты. Бұрын кеудеге уайым кіріп, жүрегі бір нәрсені аңсай бастаса, өзге дүниені жинап қойып, жазуға отыратын. Кеуде керген арман мұңын ақ қағазға ақтарып беріп, бойы жеңілдеп, көкірегі босап қалатын. Салиқаны көп ойлады. Бейне өмірден торыққан кексе әйел сияқты «маған сенің қасіретіңді де бермеді ғой» деп, күрсініп көзіне жас алғаны есінде. Жігіт қызығар түр-тұлғасы болмаса да, оның сүйегі аржиған кішкене кеудесінде қанша мейірім жатыр еді... Көп зарығып, бақытын тапқан екен. Анау Бағила... Оқу бітірмей, күйеуге ерте тиіп, от басында отырып қалып еді. Кішкентай Гаррибальди жылап келіп шеше-

Тахауи Ахтанов сінің етегіне оратылды. Маңдайынан сүзе қараған сотқар тұңғышы... Мұның да өмірі базар. Қолда тұрмай тырбаңдаған сәбидің жас иісі... Ләззәттың тұла бойын жібітіп жіберді. Кішкене дененің жылуы көкірек тұсында әлі тұр. Қазір өзінің тап-таза үйіне келеді. Стол үстінде ашулы қалған дәптері қозғалмай орнында жатқан болар. Анасы ас дайындап, күтіп отыр. Екі әйел төбесі шошайып отырып тамақ ішеді. Етегіне оралып мазасын алар... Әрине, Ләззәт белгілі ақын болды. Кітап арқылы мыңдаған адаммен сырласады... Бірақ мұңын шағар, сырын айтар шын сүйген жақыны жоқ. Көңіл тебірентер, сыры терең өлең жазды. Талай жастың сезімін оятты. Олар Ләззәтқа іштерінен алғыс айтатын болар... Бірақ ғашықтық туралы алтын кітап жазсаң да, сүйген жігіттің телмірген бір көзқарасына тати ма? Ләззәттың мінезі тұйық болғанға ма, ешкім көңіл білдіріп, сөз салып көрген емес. Қатар-құрбы ақын, жазушылар мұны тіпті әйел санатына қоспай, дос-жолдастарынша өздерін еркін ұстайды. Еркекше қалжыңдасып, ал дау-таластарда еркекпен еркекше сайысып, айтысқа түседі. Олар үшін бұл көп жазушының бірі, қаламдас жолдас ғана.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Кездескенде тынысы тарылып, төмен қарап, мұңайып кібіртіктеп тұратын бірі жоқ. Ләззәт та іші тоңазып қалғандай, жүрегі бүлк етіп, біреуге назар аудармады. Ол қазір баяғы дөңгелек толық жүзді, тостағандай көзі адырайып, дүниеге таңыр­ қай қарайтын жас қыз емес. Үлкен көзінің қарашығы айқындалып, төңірегі көлеңкеленіп, өткірлене түскен. Дөңгелек жүзінің еті таралып, сүйек бедері анықталып, өңі қатқыл тартқан. Балғын шағы өтіп, буыны қатайып бара жатқан өсімдік тәрізді. Көз төңірегіне ұсақ әжім түсе бастады. Отыз деген жас та өкшелеп келіп қалған екен. Енді бір айналмай жатып... Ләззәт шошып қалды. Енді бір айналмай жатып... Одан арғы арылмас жолдасы– жалғыздық болмақ. Үңірейген жым-жырт бөлме. Суық төсек. Шынымен-ақ жүрегінің оты сөніп қалғаны ма? Мінез... Бір нәрсеге ықыласы түссе құ­ лай берілетін, айнымас мінез... Бір кезде көңілін Нияз түгел жайлап алып еді. Алғашқы махаб­батын, кіршіксіз таза сезімін–бәрін соған берген. Енді біреуге ниет қылса – сөнген оттың қоламтасын үрлегендей тамызықтап тұтанбай ма деп қорқады. Басқа адамды құшақтағанда ойында Нияз тұрса... Ұры көңілде таза махаббат бола ма?

Тахауи Ахтанов Ал Нияздан үміт етер не қалды? Аулақ болса да, абыройлы болса екен. Тым құрыса ырза боп, сыртынан сүйсініп жүрер еді. Күннен-күнге түңілдіріп келеді. Беті бері қараудан кеткен ұзақ ауру болады ғой. Оның бұл дүниелік емес екенін біліп тұрса да, жақын адамы қашан көз жұмғанша қимайды. Нияз да Ләззәт үшін дәл сондай. Әйтеуір көңіл түбінде үміт талшығы үзілмей жүр. Баспаға Нияздың өлеңдері түскен екен. Кітап болып басылмас бұрын, оқып шығып, пікір айтуға оны Ләззәтқа берді. Әуелі алар-алмасын білмей Ләззәт көп қинады. Нияздың әр жерде жарияланып жүрген өлеңдері нашар болатын. Егер соларын жинап берген болса... Онда «басуға болмайды» деп үкім шығарып бермеске шарасы жоқ. Бірақ... Ойланбады деймісің. Мүмкін жұртқа көрсетпей жүрген жақсы дүниелері бар шығар. Бекерге қарап жүрмеген болар... Осы соңғы үміт жеңді де, Ләззәт жинақты алып кетті. Нияздың өлеңдерін үміт пен үрей аралас қалтырап оқыды. Салғаннан-ақ жылуы жоқ, қасаң өлеңдер... Көбі сол әнге деп жазған «әлеуләйлімі». Ләззәт әр бетті ашқан сайын тәтті үміті талмай, елең етумен отыр. Бірақ өлеңнің басқы жолдарынан-ақ көңілі

Повестер, әңгімелер, мақалалар суып сала береді. Кей жерде әп-әдемі өлең шумағы жылт етеді. Ұйқасы, үндестігі, сөзі жап-жақсы. Ондай жерін Ләззәт қайталап оқиды. Бір ғажабы оқыған сайын әлгі шумақтың мағынасы азайып, жылтыраған сыртқы қаңқасы ғана қалады. Жинақтың соңғы бетін жапқанда, Ләззәт көңілі ойсырап қалды. Бейне арнап қонаққа шақырған үйі қатықсыз қара көже беріп, шығарып салғандай қатты қоңылтақсыды. «Ауру жүрек ақырын соғады жай...» Өзінен-өзі күбірлеп осы өлең жолын қайталап айта берді. Енді бірде оны өзгертіп «қуыс жүрек ақырын соғады жай» деп отырғанын байқады. Жүректі бүлк еткізер бір сезім, лып еткен ыстық леп болсайшы. Ниязға не көрінген?.. Жазушы шығармасына тұңғыш айтылған бірауыз жылы сөз кейінгі сан мадақтаудан артық. Әлі кім болары белгісіз, сенімінен күдігі көп ауылдан келген жас қыздың ақын болуына Нияздың бірауыз сөзі себеп болды. Ләззәт оның сол жақсылығын өмір бойы ұмытар емес. Енді екеуінің орны алмасып, Нияздың өлеңдері мұның алдына келді. Үкім күтіп көзі жаудырап жатыр. Өтірікті айта алмайды. Ал шынын айтса... Баспаға пікірін жазып берместен бұрын,

Тахауи Ахтанов бүгін ертеңгілік Нияздың өзін шақыртып сөйлесті. Ол коридорда күтіп отырған Ләззәтты алыстан көріп: – Ләзтай, амансың ба, бауырым, – деп жайраңдай келді. Ләззәт оның бұл қуанышын қазір су сепкендей басарын біліп қиналды. – Оңаша бөлме тауып алайық, – деді салқын ғана. – Ескертуіңді өзіме айтқаның жақсы. Баспаға ойыңдағының бәрін жазып қайтесің, – деді Нияз. Үміткер күлкіден езуі жиылар емес. «Көңілдес жақын адамбыз ғой. Аңқау редактор соны білмей, менің өлеңімді саған сынатып отыр. Ішіміз біледі ғой» дегендей жымың-жымың етеді. Ләззәт тыжырынып қалды. Сөзді қалай бастарын білмей, қиналып ұзақ отырды. Оның түрін көріп Нияз да ойнақы көңлінен тыйылып, өкпелеген баладай томсырайып алған. Нияздың осы бір балалық кескіні сонау кезде өзіне сүйкімді көрінуші еді. Бірақ... Отыз бен қырықтың арасындағы адамға балалық жараспайды екен. Бұдан сегіз-тоғыз жыл бұрынғы қалпы. Нияз тіпті өзгермеген сияқты. Сырт көзге сол күйі жылтырап тұр. Бетке түскен әжім, шашқа кірген ақ та жоқ. Қансырдай қатқан

Повестер, әңгімелер, мақалалар денесіне ет те қосылмаған – тарамыс қара. Бірақ анықтап қарасаң осы жігіттің өңі қар астында қыстап шыққан өсімдік тәрізденіп, бояуы оңып, тозып бара жатқанын аңғарасың. Түйе мойнағындай бет терісі қалыңдап, өзінен-өзі бүрісіп жиырыла бастапты. Ләззәт енді байқады – көзі де дымқылданатын болыпты. «Сен де ескіріп қалған екенсің ғой» – деді ішінен. – Ау... Ләзтай, айтсайшы айтарыңды, – деді Нияз бұртиып. «Ләзтай...» Даусы жалынышты шықты. Жалған наз жараспайды екен. Ләззәттың көңілі суып қалды. Кеше ғана Ниязға шын жанашыр сөзін айтып, жанын салып, оны жақсы жолға бастамақ болып еді. Әдебиет жолы қиын жол. Ауыр сапарды қалаған адам оңай өмір сүре алмайды. Жазушы деген өмір бойы сахнада жүретін адам. Жұрт көзі оның әр адымын қапы жібермейді. Жалықтырмай, түңілдірмей, дүйім көптің назарын ұстап отыру үшін – барыңды сарқып, өмір бойы еңбек етсең, аз. Жан аярлығыңды, жалғыз тамшы күшіңді іркіп қалғаныңды кешпейді олар. Майданда қорқақ жауынгер жексұрын болса, әдебиетте жалған жазушы жексұрын. Ойлан... дүниеде жексұрын болудан жаман нәрсе жоқ. Күшің бар, жүрегің бар. Тек жеңіл

Тахауи Ахтанов жолға түсіп кеттің. Өзіңді-өзің ақтап ал деп жалынбақ еді. Төсекте де осыны ойлап көп дөңбекшіді. Енді Нияздың түрін көріп ыстық ықыласы су сепкендей басылды. – Мынау өлеңдеріңді кітап етіп шығаруға болмайды, – деп төтесінен бір-ақ айтты. Нияз Ләззәтқа тұңғыш көрген адамындай көзі адырайып, таңырқай қалды. – Сонда... қалай? Түгел жарамай ма? Ләззәт жауап қатпай басын изеді. Нияз сенер-сенбесін білмей Ләззәттың бетіне жалтақтап қарай берді. – Мен сенен мұны күткен жоқ едім. – Мен де сенен мұндайды күткен жоқ едім. Өзің ойлашы, Нияз. Осындай арзан сөз екінің бірінен шығады... – деп Ләззәт енді шешіліп келе жатыр еді. Нияз күрт өзгерді. – Сен құрлы өлең жазу қолымнан келеді. Саған жақпады деп, халыққа жаққан өлеңімді өртей алмаспын, – деп орнынан ұшып тұрды. – Нияз, мен саған шын көңіліммен айтып отырмын ғой. Ойласайшы өзің... Бұлай жазуға болмайды... – Бұлай пікір айтуға да болмайды. Мен де түсінем. Кек алудың қапысын аңдыған екенсің ғой. Жоқ, бауырым. Оның реті келе қоймас. Түптей келгенде айыпты мен емес...

Повестер, әңгімелер, мақалалар Ләззәт төбеге ұрғандай үнсіз қалды. Нияз ашу үстінде өзінің тым асып кеткенін сезді білем, кешірім сұрауға әлі ет қызуы басылмай, бірақ шығып та кете алмай, қыз алдында қипақтап тұр. Бір кезде кінәлі дауыспен: – Ләзтай... – деді. Ләззәт селк ете қалды. Басын көтеріп алып, жас мөлтілдеген көзімен Ниязға тіке қарады. – Кет... – Ау, Ләзтай... Ләззәт тыжырынып: – Жә, – деп жекіп қалды. – Мә, мынауыңды ала кет. Ләззәт алдында жатқан папканы қолының ұшымен итеріп тастады. Нияз мойнын ішіне тартып, сүмірейіп шығып кетті. Соңғы көргені екі иіні құнысып, бүкірейген жауырыны... * ...Анасының жылы кеудесіне бетін басып отырып, ой көзі өткен өмірін шолып өтті. Ұзақ жыл үміт артып, алтын деп, көзінің қарашығындай сақтап жүргені бақыр болды. Ендеше о бастан-ақ алтын болмағаны ғой. Бірақ жүрегінің терең түпкірінде жатқан сезімі ше?.. Кенет Ләззәттың көзі

Тахауи Ахтанов шайдай ашылды. Әрбір оқиға жылтыраған сырынан аршылып, ажырайған жалаңаш күйі өз орнына тұра қалды. Нияз көрінген ақынсымақты пір тұтатын, ауылдан келген аңқау қызды алдап қолға түсірді. Тек маған ғана айтқан жүрек лебізі дегені – бұрын да талай қызға айтылып, күші сыналған әсем сөздері екен. Кейін де талай қызға тұтынған болар. ...Күні кеше, оңаша кездессе кеудесінде шері бар жанша телміріп қараушы еді?.. Не қып байқамаған? Өтірік мұңайған кәдімгі монтаны кескін екен ғой онысы... Ләззәт оның ақындық талантынан да бекер үміткер болыпты. Алғашқы желкөбік сезімін дыз еткізіп қағазға түсіріп, сарқылып қалған қуыс кеуде. Жастық желікпен әдебиетке ұрынып, кейін еш нәрсе өндіре алмаған соң, басқа кәсіпке ауысып кеткендерді білетін. Олардың ұяты бар еді... Ал мынау болса бұралқы ит сияқты қадірін кетіріп, әдебиет сарайының әр есігін торып, сүмеңдеп, әлі жүр... Сонда?.. Баяғыдан бері құр тұлыпқа мөңіреп келгені ме? Адал ниетінің алданғанын мойындауға қорқып қолдан жасаған жұбаныш екен ғой. Өзін-өзі балаша алдарқатып, жарым көңілін емексітіп жүрген. Алданыш...

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Қалқам, шаршаған шығарсың. Жатасың ба? – деді шешесі басынан сипап. Отызға келіп қалған адамның шеше құшағынан жұбаныш іздеуі бұ да алданыш екен. Балалық шақ өткен. Әйел қасіретінің жөні басқа. Анасы шығып кетті. Ләззәт жалғыз. Ұзақ жыл масыл болып, қапырық бөлмеге жіпсіз байлап, әбден қажытқан сары ауруын ақыры сілкіп тастады. Қуанышынан азабы көп, жанын жегідей жеп келе жатқан бір сезімнің демі үзілді. Сылып алған жарадай орны үңірейіп тұр. Сонымен бірге еңсесін басқан салмақ аударылып түскендей, бойы жеңілдеп қалды. Ләззәт еріксіз стол басына келді. Ойланып үнсіз отыр. Қолына қалам алған жоқ. Бірақ осының бәрін қағаз бетіне түсіріп, өз бойынан бөліп тастайды. Нияз енді бұрынғыдай көңіл түкпірінде емес, көп кейіпкерінің бірі боп, кітап бетіне көшеді. Содан кейін өртеңнің орнындай қайта тазарған жүрегі үлкен сезімге, шынайы дос­ тыққа ашық болмақ.

Тахауи Ахтанов ЖОЛЫ БОЛМАС ЖІГІТТІҢ... Әзіл - хикая Жол үсті. Басына қар жамылған, етегі көк балауса әсем тауды қапталдай созылған асфальт жол. Әр жерден қып-қызыл нарттай мактар жарқ етеді. Жол үстінде өтіп жатқан машиналар. Солардың арасынан ақшыл бояулы ескі «Волга» көрінеді. Әр жері майысқан, үстін шаң басқан. Өзгелерден түрі өзгеше. Төбесінде қалқиған үлкен қалқан. Машина ызғып селкілдеп келеді. Қалқан дегеніміз афиша екен. Енді ондағы жазу да анық көрінді: «Жолы болмас жігіттің...» Оперетта Композитор Аппақов Либреттосы Тоқпақовтікі Бас рольде Соқпақов

Повестер, әңгімелер, мақалалар Енді машинаның ішіне үңіле бастайық. Рульде түр-түсі көзге қораш жұпыны жігіт. Өңі ұяң, мейірбан. Сөйлегенде айыпты кісідей ылғи қысылып қала береді. Даусы да жай. Әлгі афишадағы композитор Аппақов деген осы. Оның қасында қимылы шапшаң, тез ашуланып, тез суыйтын әнші Соқпақов отыр. Артқы орындықта ақын Тоқпақов. Ол ұзын бойлы, ебедейсіз, сұсты қалың қабағы жадырап көрмеген, оқыс мінезді жігіт. Рульдегі Аппақов әлдеқандай тәтті қиялға елігіп, жай ырғалып ақырын әндете бастады. – Ә-лә-ә-лә, лә-лә-лә... Осы лирикалық ырғақты қасындағы Соқпақов әсем күшті даусымен жалғап әкетті. Екеуі қосылып әжептәуір шырқатты. Сырт көзге машина да әннің ырғағымен билегендей жол үстінде ырғалып, шайқалып келеді. – Осы опереттаға мен барымды салдым. Шіркін, не десең де опереттаның жаны музыка ғой. Бұл сөзге артта отырған сырықтай жігіт Тоқпақов баж ете қалды: – Әй-әй, сонда ақын қайда қалады. Қыз­ ғылықты оқиға мен өлең болмаса құр «ә-ләлә» деп сен не бітіресің, ә? – Оқиға, музыка... Жоқ, опереттаға жан беретін ең алдымен әнші және жай әнші емес, актер – әнші, өнерлі – әнші. Ұқтыңдар ма?!– деп дауға бір бүйірден Соқпақов кірісті.

Тахауи Ахтанов А п п а қ о в. Достым-ау, музыкасыз сен қалай ән саласың? Т о қ п а қ о в. Драматургия болмаса, ақынның өткір тілі болмаса сен неңді ойнайсың? Жоқ, ең алдымен драматургия, поэзия! Поэзия керек. А п п а қ о в. Жоқ, музыка, музыка керек. Музыкасыз оперетта болмайды. С о қ п а қ о в. Актерсіз драмаң да, музыкаң да жансыз. Бәрін сүйреп шығатын – актер. Әнші. – Жоқ, композитор! – Жоқ, ақын! – Жоқ, әнші! Бұлар дауласқанда машина бұлталақтап орғып-орғып кетеді. Алды-артынан өткен машиналар безілдеп сигнал береді. Бір кезде «Волга» кюветке құлап барып, қайта шығып, кілт тоқтады. * Аппақов машинадан түсіп айқай салды: – Түсіңдер, келіп қалдық! Тоқпақов пен Соқпақов машинадан шықты. Соқпақов машинаның капотын қақты. – Не боп қалды, Бозжорға? Капот ырғып ашылып кетті де машина екі иінінен дем алғандай «уф! уф!» деген дауыс шықты. Бу бұрқ-бұрқ етті.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Аппақов багажникті ашып, майысып қалған қара шелекті алып Соқпақовқа ұсынды. – Мә, жүгіріп барып бұлақтан су әкел. – Неге ылғи мені жұмсайсың?! Мен су тасуға жалданған жоқпын. Мә, Тоқпақов, сен бар! – деп ол шелекті Тоқпақовқа ұстатты. Т о қ п а қ о в. Өзің бар. Сенің су тасығаныңның өзі әдемі. С о қ п а қ о в. Жоқ, сенің жазғаныңда, су көп, суды сен тасы. – Жоқ сен барасың. – Жоқ сен барасың. – Жоқ өзің бар. – Өзің бар. Аппақов бұлардың қолынан шелекті алып суды өзі әкеледі. Шелектегі суды радиаторға шашқанда бу бұлардың үшеуін де көміп кетеді. Мотор үнімен араласып машинаның ыңыранып рақаттанған даусы естіледі. * Машина ұзап барады. Шырқалған ән. Енді үшеуі татуласып, опереттаның манағы әуенін қосылып айтып келеді. Бірте-бірте әнге мотор гүрілі араласады. Ол бірде гүр-гүр етіп арқырап, бірде тіпті баяулап кетеді. Жігіттер әннің аяғын көтерген кезде мотор да шыңылдап барып тоқтады. Үшеуі түсе қалды.

Тахауи Ахтанов Капот ашылды. Үшеуі үш жақтан моторға үңілді. – Не де болса карбюратордан болды, – деді Тоқпақов. – Жо-жоқ. Осы конденсатордың бәле­ сі,–деп қарсыласты Соқпақов. – Жоқ, карбюратор. – Жоқ, конденсатор. Мотордың әр жерін шұқылап қараған Аппақов үн-түнсіз пиджагын шешіп, машинаның астына кіре береді. Машинаның астында Аппақов. Ал жоғарыда Тоқпақов пен Соқпақов әлі таласып тұр. – Карбюратор. – Жоқ, конденсатор. – Қайдағы конденсатор. Осы тіпті динамиктен болды. – Мәссаған, динамиктің моторға қандай қатысы бар. – Әй, мен білем бе, сен білесің бе. Өзіңнің правоң қайда? Көрсетші, кәні? – Оны қайтесің? – Қалтаңда ма? Көрсетші, кәні. Бұлар жоғарыда керісіп жатқанда бетау­зы май-май болып Аппақов машинаның астында жатыр. Қара терге түскен. Ернін жалап қояды. Аналарға айқайлайды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Әй, әй, су әкеліңдерші. Су, су деймін. Қаталап барам. Анау екеуі мұны естімейді. Аппақов Тоқпақовты тобықтан теуіп жібереді. Тоқпақов ыршып түсіп: – Не, не боп қалды? – Су. Су әкел, қаталап барам, – деген дауыс естіледі машинаның астынан. * Тоқпақов пен Соқпақов жол шетіндегі «Салқын сусындар» деген будкаға келді. Бұлаңдаған әсем келіншек, зерігіп тұрса керек, күлімдеп қарсы алды. – Кәне, не қалайсыздар, жас жігіттер? С о қ п а қ о в. Бізге сусын керек еді. К е л і н ш е к. Коньяк бар. Шарап бар. Ақ бар. Т о қ п а қ о в. Жоқ, жоқ. Кәдімгі газды су бар ма? К е л і н ш е к. Жас жігіттер су іше ме екен? С о қ п а қ о в. Бізге су керек. Жолдасымыз қаталап барады. К е л і н ш е к. Егер нағыз шөлдесеңіздер мынаның өзі дұрыс. (Ақ арақты нұсқайды.) Коньяк шөл қандырмайды. Т о қ п а қ о в. Бізге су керек. Тым болмаса лимонад жоқ па?

Тахауи Ахтанов К е л і н ш е к. Бар болса аяп тұр дейсіз бе. Ақын мен әнші бір-біріне қарады. Соқпақов сәл ғана басын изеп, ишарат білдіреді. Тоқпақов әдемі бүлкілдеп қырлы стаканнан сіміріп тұр. Машинаның астында май-май болып қара терге түсіп, алқынып Аппақов кілтпен гайканы бұрап жатыр. Соқпақов қылқ-қылқ еткізіп қырлы стаканнан сіміріп тұр. Шала бурылданып алған Тоқпақов өңешін созып келіншекке қырындады. – Сіздің есіміңіз кім, құрбым? – Нұржамал. Тоқпақов мойнын созып әндетіп: «Сүйген сәулем Нұржамал, Күтем сенен бір хабар. Уақыт өтіп барады, Әлі үйленбей жүрмін мен...» Соқпақов стакандағыны тауысып жұдырығын иіскеді. Елігіп кеткен Тоқпақовты бүйірден нұқып қалды. – Ана сорлы қаталап өлетін болды ғой. – А? Оған суды қайдан таптық? Екеуі ақырын бір-біріне қарайды. Көздері шыныда қалған араққа түсті.

Повестер, әңгімелер, мақалалар * Тоқпақов пен Соқпақов машинаның астында ырсылдап жатқан Аппақовтың қасына келді. Машинаның астынан Аппақовтың басы көрінеді. Судан шыққан балықтай аузын ашқан. Соқпақов қолына стаканды ұстата салды. Аппақов шынтақтап жатып біраз жұтып жіберді де, шашалып тоқтады. Көзі жыпылық-жыпылық етеді. Аң-таң. Анау екеуінде үн жоқ. – Бәрібір енді кетіп қалды, – деп Аппақов қалғанын да қылғып салды. – Закуска. Тоқпақов оның ашылған аузына конфет тығып жіберді. Аппақов шайнай түсіп, жүрегі айнып түкіріп тастады. Аппақов шүберекпен қолының майын сүртіп жатыр. Үсті-басын біраз былғап алған. Анау екеуіне қарайды. – Ал, енді маған рульде отыруға болмайды. Машинаны қайсың айдайсың? – Аналар үндемейді, – Тоқпақов, сен отыр рульге. Оған кілтті ұсынады. Т о қ п а қ о в. Менің правом жоқ еді. А п п а қ о в. Правоң қайда? Т о қ п а қ о в. Қайда болушы еді. Автоинспекцияда жатыр. А п п а қ о в. Автоинспекцияда? Т о қ п а қ о в. Анада әжептәуір нарушение

Тахауи Ахтанов жасап едім. Содан кейін қайта тапсыруға жіберген. Жақсылап тұрып құладым. Аппақов кілтті Соқпақовқа ұсынды. Соқпақов шегіншектей берді. – Сенің де правоң жоқ па? – Өзің білмейсің бе. О да сонда. ГАИ-де ғой. – Енді қайттік, – деп Аппақов дағдарып қалды. – Мендегі бары да мынау ғана еді. – Қалтасынан ескерту талонын алады. – Сенің правоңды қайтып берген жоқ па еді? – деп сұрады Соқпақов. – Жоқ, ертең баруым керек. Үшеуі дағдарып тұр. Кенет керемет ой тапқандай Тоқпақов сөйлеп кетті: – Саспаңдар, жігіттер. Үшеу ара жарты право – мұның өзі де аз дүние емес. Біз қазір колхозға соғамыз ғой. Содан сәл кідіріп шығайық, кешке дейін айығып кетесің. Тек нарушение жасамасаң болды – милиция тоқтатпайды. Ол жағын мен білем. Үшеуі машинаға мінді. * Тау беткейінің әсем табиғаты. Кең көсілген асфальт жол. Екі қапталда жасыл баққа көмілген шағын селолар қалып жатыр. Жол үстінде қайшыласқан машиналар. Солардың арасында томпаңдап біздің ақшыл «Волга» да кетіп барады.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Жол үстінде азғана адам автобус тосып тұр. Автобус кешіккен бе қалай. Топ ішінен өте жарасымды әсем киінген сұңғақ бойлы сұлу жігіт аса сабырсызданып, сағатына қарай береді. Оның жас шамасын дәл айту қиын. Өңінде әжім жоқ. Жиырма бесте ме, отызда ма, тіпті отыз бес шамасында болса да өзі білсін. Қимылында, кісімен сөйлесуінде біртүрлі артистік елгезек биязылық бар. Тұңғыш көрген адамның өзін ескі танысындай ішке тартып алады. Осы жігіт шыдамсызданып сағатына қарап тұрған. Алыстан төбесіне қалқан көтерген «Волганы» көріп таңырқап қалды да, кенет мырс етіп, қол көтерді. Тұсынан өтіп бара жатқан машинаның төбесінде қалқиған афишаға да көз салып үлгерді. «Волга» біраз озып барып тоқтады. Жігіт солай қарай жүгірді. Машинаның ішіндегі үш дос тағы да дауласып қалды. Т о қ п а қ о в. Сен неге тоқтадың? А п п а қ о в. Қол көтерді ғой. Т о қ п а қ о в. Қол көтерсе ше. Өзіміз автоинспекциядан зәреміз қалмай келе жатқанда. С о қ п а қ о в. Соны айтам-ау. Айдаладағы біреу үшін. А п п а қ о в. Адам гуманный болу керек. С о қ п а қ о в. Автоинспекция көрсетер саған гуманизмді. Одан да тезірек аман жетуді ойласайшы.

Тахауи Ахтанов Т о қ п а қ о в. Қайдағы бір оңбаған стилягі үшін... А п п а қ о в. Кісіні білмей жатып жамандау­ ға болмайды. Мүмкін ол жақсы адам шығар. Осы кезде әлгі жақсы адам жүгіріп келіп, машинаның артқы есігін ашты. Рұқсат сұрамастан Тоқпақовтың қасына отыра кетті. – Жолы болар жігіттің... деген осыay. Туһ, тіпті зерігіп тұр едім. Иә, аман сау барсыз­дар ғой. (Аппақовқа) енді тоқтамаңыз. Машина ақырын қозғала берді. – Ал, кәне, қарап отырғанша таныса отыралық. Байқаймын өнер адамдары сияқ­ тысыз­дар. Түбі ағайын болып жүрмелік. С о қ п а қ о в. Мынау отырған ақын Тоқпақов. Ж і г і т. А? А-а... Естуім бар. Білемін. Мен поэзияны жақсы көрем. С о қ п а қ о в. Рульде отырған атақты композитор Аппақов. Ж і г і т. Білемін, білемін. Бүкіл республика жастары Аппақовтың әнін шырқағанда... Неге білмейін. Қолыңды әкел, достым, қолыңды. Мен сенің талантыңа табынушымын. Жігіт Аппақовтың оң қолын баранкадан жұлып алып, қос қолдап қатты сілкеді. Машина бұлталақтап, кюветке түсіп кете жаздап, әрең қалады. Жігіттің қолы сигналға тиіп, біраз аңыратып та алады...

Повестер, әңгімелер, мақалалар А п п а қ о в. Рақмет, рақмет. Тек кюветке құлата көрмеңіз. Ж і г і т. Сізбен кездескеніме бақыттымын. Әлгі қалай еді. (Әндетіп). Күтесің бе, Маржан-ау, күтпейсің бе? Москвадан жұлдыз ап келген күні, Маржан-ай. Тамаша. Тамаша. А п п а қ о в. Иә, тамаша. Бұл Еспаевтың әні. Ж і г і т. А? А, сіздікін де білем. Т о қ п а қ о в. Ал сайрап отырған қара торы жігіт, талантты әнші Соқпақов. Ж і г і т. Кім дедіңіз? Т о қ п а қ о в. Соқпақов. Ж і г і т. А, білем білем. Әнге жаным құмар. Артистер қауымын жақсы көрем. С о қ п а қ о в. Біз барлық қасиетімізді айтып болдық. Енді өзіңізді де таныстыра кетіңіз. Ж і г і т. А? Мені танымай келе жатыр екенсіздер ғой. Мен Сәрсен Бейсеновпын ғой. Аппақов пен Соқпақов бір-біріне қарайды. Бірақ екеуі де білмейтін сияқты. Ж і г і т. Ойда жоқта төртеуміздің басымыз қосылып, тіпті ғажап болды-ау.

Тахауи Ахтанов А п п а қ о в. Мен сізге айтуға ұмытып кетіппін. Біз қазір оңға бұрыламыз. Жолдан колхозға соғамыз. С ә р с е н. Өмірді зерттеп жүр екенсіздер ғой. Творчестволық кездесу. Дұрыс, дұрыс... Онда қанша кідіресіздер. Т о қ п а қ о в. Бір-екі сағат. С ә р с е н. Бір-екі сағат дейсің бе? Жарайды сіздерге бір-екі сағатымды қияйын. Бүгін сәті түсіп, басымыз қосылып қалған екен. Тек екі сағаттан артыққа ұзатып алмаңыздар. Тау бөктері. Бір төбенің басында етектегі жолға үңіліп бір жас жігіт қарауыл қарап тұр. Ол төбесінде қалқаны қақиған біздің «Волганы» көрді. Сәл үңіле қарады да қолындағы кішкене жалауын көтеріп, бұлғап белгі берді. Енді одан бір-екі шақырымдай арғы алыс төбенің басынан тағы бір адамның бейнесі көрінді. Ол да ананың берген белгісін қайталап, әрі қарай хабар берді. Ақшыл «Волга» ырсылдап ирелеңдеген тау жолымен көтеріліп келеді. Ылдида сылдырап тау өзені ағып жатыр.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Тау баурайындағы колхоз орталығы. Бір шеті ойдан бөктерге өрмелеген алма бағы. Аппақ гүл. Көздің жауын алады. Бақ ішінде жұмыс істеп жүрген жастар. Қыздар. Жігіттер. Олардың салған әні естіледі. Бұларға қарай бір қыз бала жүгіріп келеді. Алыстан айқай салды: – Келе жатыр. Келе жатыр! Енді «Келе жатыр!» деген хабарды бақ ішіндегі бір-біріне жалғастыра хабарлап, жинала бастады. Машина колхоз селосының көшесімен келе жатыр. Мұнда әлі тас төселген жолдар жоқ. Селоның өзі тау баурайында – ойы-қыры, ылди-өрі көп. Бір кезде тіктеу өрге кеп тірелгенде «Бозжорға» қатты қиналды. Өрге қарай тарта алмай қойды. Үш жігіт машинадан түсті. Тоқпақов пен Соқпақов бар күшін салып, шіреніп машинаны итереді. Сәрсен олардан сәл шеттеу шығып, қолын сермеп команда беріп тұр. – Раз, два взялись! Рывком! Раз, два взялись! Еще, еще взялись! – деп барын салып аянбай-ақ айқайлайды, байғұс. Балалардың да жүрмейтін жері бар ма?! Бұлар азапқа түсіп жатқанда әр қорадан жү-

Тахауи Ахтанов гіріп шығып олар да жинала бастады. Құр қызықтап қарап тұрмай Сәрсеннің командасымен машинаны итерісті. Шыбынша үймелеп машинаны қоршап алған. Ақыры солардың көмегімен «Бозжорға» да өрге қарай жылжи берді. * Колхоз орталығының шеті – үлкен алма бағына жалғасқан. Әжептәуір үлкен алаң бар. Алаң шетінде жастар кафесі. Осы араға жастар жан-жақтан ағылып кеп құйылып жатыр. Шоғырланып алаңға жиналады. Орталарында көркемөнер үйірмесінің жетекшісі. Ол өзі сасып жүр. – Кәне, кәне, тез тұра қалыңдар. – Олар әлі келген жоқ қой. – Ашық далада қалай айтамыз. – Акустика жоқ қой. – Клуб бітпей жатса мен қайтейін, – деп ашуланды жетекші. – Тез, тез, тұра қалыңдар. Ол жұртты қатарға қойып біраз әуреленді. – Неге асығасыз. Келгесін-ақ айтпаймыз ба? – Сюрприз. Сюрприз жасаймыз біз олар­ ға, – деді жетекші.– Әлгі Балзия қайда, Балзия?

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Балзия жоқ. – Бар, шақыр, тез жетсін! – деді жетекші бір жігіт жұмсап. – Оның үйі ана шетте, мен барып келгенше...– деп ол тіл ала қоймады. – Қап. Барлық істі бүлдіргенін қарашы. Енді қайттік?.. Райхан, ендеше сен бастайсың. – Мен бұрын жалғыз бастап көрген жоқ едім. – Ештеңе етпейді, айтасың. Осы алас-қапаста хор айтатын жігіттер мен қыздар әжептәуір сап түзеп қалды. Екінші-үшінші қатарда тұратындары жүгіріп барып, алма салатын жәшіктерді әкеп аяқтарының астына қойып жатыр. – Келіп қалды, келіп қалды!– деп бір кішкене бала зырқырап жүгіріп келеді. Жетекші құлашын сермеп: – Тынышталыңдар! Дайындалыңдар!– деп айқайлады. * Жетекшінің әмірімен тынышталған жұрт кенет күліп жіберді. Жетекші: – Тынышталыңдар! – деп қайта айқайлап еді, хордағылар одан бетер күлді. Хор жиналған алаңның алдындағы ылдидан ырғалып «Бозжорға» шығып келеді.

Тахауи Ахтанов Машинаны жабыла итерген көп бала шушу етеді. Олар қонақтарға құрмет көрсетіп, оларды машинаның ішіне отырғызып, моторы өшіп қалған «Бозжорғаны» өздері итеріп келеді. Екі-үш қайтара айқайлап жетекші әншілерін ақыры тәртіпке келтірді. Осы кезде балалар да «Волганы» сырғытып хордың алдына көлденең әкеп қойды. Сау етіп төрт жігіт түсе қалды. Сол-ақ екен жетекші қолын сермеп хорды бастап жіберді. Қонақтар таңыр­ қап тұр. Бұл Аппақовтың әні. Сөзі Тоқпақовтікі еді. «Ал, қалай» дегендей ол Аппақовты бүйірден бір түртіп қойды. Жетекші жанын салып қолын жұлқына сермейді. Жел кеулеген пиджагының етегі далиып кеткен. Ән салып тұрған қыз бен жігіттер, ұрланып, қонақтарға қарайды. Хор аяқталғанда Сәрсен: – Браво, браво! Тамаша!– деп қол шапалақтайды. Тебіреніп кеткен жетекші қонақтардың қасына келеді. Сөзін кімге қарата айтуды білмей, ақыры Сәрсенге тоқталды. – Ғафу етіңіздер. Клубымыз бітпей жатыр. Сіздерге сынатайық деп... Акустика жағы әрине нашар...

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Оны біз есепке алып тұрмыз. Дегенмен жақсы-жақсы. Мен сізді құттықтаймын. – Сәрсен жетекшінің қолын қысты. – Ал, енді кафеге кіріп сіздің вальсіңізді билесек қайтеді. – Өте дұрыс. Қалай, жігіттер, кіреміз ғой. Таңырқап қалған ана үшеуі амалсыз бас изеді. Колхоздың көшесін бойлап, бір бойжеткен жүгіріп келеді. Сүйек бітімі өте сұлу. Жақындағанда қарасаң бет ажары да аса көрікті екен құрғырдың. Бұл шамасы манағы жетекші жоғалтқан Балзия болу керек. Кафенің іші. Бір топ жастар шағын домбыра оркестріне қосылып ән салып тұр. Өзгелері дөңгелеп вальс билеп жүр. Тоқпақов, Соқпақов, Сәрсен үшеуі биге араласқан. Үсті-басын майлап алғасын өзінен-өзі ыңғайсызданып бір бұрышта тасаланып Аппақов тұр. Ол көзі жаутаңдап билегендерге қызыға қарайды. Есік жақта қолдарына кішкене кітап ұстаған екі қыз келген қонақтарға жаутаңдап қарай береді. Қастарынан өтіп бара жатқан бір жігітті тоқтатып:

Тахауи Ахтанов – Осылардың ішінде Тоқпақов қайсысы? Танисың ба? – Қай Тоқпақов? – Ақын ше? Осы вальстің өлеңін жазған. – Ақын ба? Ақын болса дәл ана жігіт,– ол билеп жүрген Сәрсенді көрсетті. Қыздың біреуі дөңгеленіп тұсына келіп қалған Сәрсеннен: – Ағай, бір минутке ғафу етіңізші,– деп өтінді. – Пардон. – Сәрсен партнершасынан босанып шетке шықты. – Ағай, сізден автограф алайық деп едік. Мынаған бір-екі ауыз сөз жазып беріңізші. – Бұл не? – Сіздің өлеңдеріңіз еді. – А-а, автограф па?.. Рақым етіңіз.– Сәрсен қыздың қолындағы кітапты алып буфеттің стойкасына келеді.– Кімге деп жазайын? – Уәсилаға деңіз. Сәрсен автографты жазып қыздың қолына ұстатты. – Саған да жазайын ба? Есімің кім? Екінші қыздың қолындағы кітапты алып сүйкей береді. Бірінші қыз жазуға үңіліп таңырқап қалған. – Ағай, сіз Бейсенов деп қол қойыпсыз ғой.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – А? А-а, Тоқпақов менің псевдонимім ғой. Осы кезде манағы жүгіріп келе жатқан Балзия да жетті. Есік жақта тұрған Аппақов­ тың көзі соған түсті. Қыз шынында да керемет сұлу екен, композитор байғұс одан көзін ала алмай қалды. Аппақовтың екі езуі екі құлағына қарай ыржиып, күлімсірей ме, әлде кемсеңдей ме айыру қиын, не де болса қиын халге түскен. Балзия да есік алдында, билеушілерді баса-көктеп кіре алмай, іркіліп қалып еді. Аппақовтың қасына Соқпақов келді. – Сен неменеге елтіп қалдың? – Әне, анаң қарашы... – О не? – Ана қызды айтам. Сұлу ғой керемет. Және өңінде бір ғажап нұр бар. Енді Соқпақов та таңырқап қалған. – Ән ғой мынау, ән деймін. – Не дейсің? – Ән деймін. Тал бойын ән мен жырдан құйған деймін. Мен үшін жаралған жан екен. Қазір барып танысайын. – Көкетай, әншіге қыз табылады ғой. Сен тұра тұршы. Мен танысайын деп едім. – Ендеше неғып тұрсың? Аппақов қанша қысылса да танысуға бел байлап қызға қарай жүрді. Бірақ қыз мұны

Тахауи Ахтанов көрген жоқ. Билеушілердің арасымен жүре берді. Залды шолып көзімен біреуді іздеп келеді. Аппақов оның соңынан еруге бата алмай іркіліп, тұрып қалды. – Композитор Аппақов қайсы? Көрсетші,– деп сұрады Балзия бір жігіттен. – Аппақов дейсің бе? Қазір... қазір... Әне, анау көркем жігіт сол,– деп ол жігіт те вальс­ те қайтадан дөңгеленіп жүрген Сәрсенді нұсқады. Осы кезде би бітіп қалды. Балзия Сәрсеннің қасына келді. – Сәлеметсіз бе, ағай. Сәрсен жалт қарап қыздың қолын құ­ шыр­лана қысты. – Сәлеметсіз бе, қарындас. Балзия батылданып-ақ келсе де қысылып қалды. – Ағай, сіз ғафу етіңізші. Менің сізбен сөйлескім келіп еді. – Рақым етіңіз. Құлағым сізде. – Сыртқа шығып сөйлессек... – Тіптен жақсы. Жүріңіз.

Повестер, әңгімелер, мақалалар * Сәрсен мен Балзия бақтың ішімен аяңдап кетіп барады. Сыртқа Аппақов шығып олардың ізіне қарап телміріп тұр. Қасына Тоқпақов келді. – Жұрттың бәрі сені қолпаштап жатса... сен неғып тұрсың мойныңа су кетіп. – Әне, алып кетті анау...– Аппақов қатарласып кетіп бара жатқан Сәрсен мен Балзияны нұсқайды.– Өзі бір нағыз алаяқ екен, сумаңдаған. Тоқпақов кекетіп: – «Кісіні білмей жатып жамандауға болмайды. Мүмкін ол жақсы адам шығар». Солай демеп пе ең? – Ай, қойшы сен де. Кісі өртеніп тұрғанда. – Өртенсең су себейін. Несіне сонша елтіп тұрсың. Қалың қыздың ортасында жүзіп жүріп. О несі-ай. Табылар тағы біреуі. – Жоқ, ана қыз бөлек қыз. Сен оны көрмей қалдың ғой, аһ, көрмей қалдың ғой. Сәрсен мен Балзия бақтың ішінде келе жатыр. Балзия әлі де қысылып аптығып сөйлейді. – Ағай, мен сіздің әндеріңізді өте жақсы көрем. Сіздің әндеріңіз жүрекке сондай жайлы тиеді... Тыңдағанда кісі біртүрлі... тебіреніп кетеді.

Тахауи Ахтанов – Музыканы түсіну – ойға және жанға байланысты. Ол тамаша қасиет. Тамаша қасиет, Балзияш! Сол үшін қолыңнан сүйіп қояйын. Балзияның тартыншақтағанына қарамастан қолынан сүйеді. – Мен сіздің әндеріңізді орындаушы едім... Осында кружокта. – Міне, ғажап. Екеуміз тіпті жақын боп шықтық қой. Әнімді сіз айтсаңыз, мен не деген бақытты жанмын, Балзияш!.. – Мен сіздің өзіңізге сынатқым келіп еді. Түсініп, дұрыс айтам ба екен... – Рақым етіңіз. – Қысылып та тұрмын... – Қысылмаңыз, Балзияш. Титтей де қысылмаңыз, мен өзім былай қарапайым адаммын. Балзия қысылыңқырап ән бастайды. Сәлден кейін бойын билеп алып, еркін шырқайды. Музыканың оқытушылары иін түсіріп, ажарын қашырмаған саф таза әсем дауыс. Жүректі қытықтайтын ерекше бір тембрі бар. Тыңдаған сайын кісі құныға түседі. Сәрсені түскір де елтіп қалыпты. Аппақов пен Тоқпақов та бұлардың ізімен келе жатқан. Ән шырқалғанда селт етіп тұра қалды. Аппақов елең етіп, бір саусағын шошайтып, аузын ашып, тырп етпестен тұр. Сәлден кейін өңі қашып, елжірей бастады. Іштей қо-

Повестер, әңгімелер, мақалалар сылып, аузын қыбырлатады. Тоқпақов қабағын түйіп сазарған күйі ұйып қалған. – Консерваторияға! Консерваторияға тү­ сіру керек!– деді Аппақов,– аһ, даусы неткен керемет. Бұл әнді дәл осылай шырқайды ғой деп мен ойлаған жоқ едім. Ғажап, ғажап қой. Кенет көзі Сәрсен мен Балзияға түседі. Ол екеуі ән сезіміне беріліп бір-бірін лебімен шарпығандай. Балзия Сәрсенге қарап бар ықыласымен емініп айтып тұр. Аппақов күйіп кетті. – Анау анаған бар сырын менің әніммен айтып тұр ғой. Менің мұңымды басқа біреуге ақтарып тұр ғой. Қап! – Жоқ, ол барлығын менің сөзіммен, менің өлеңіммен айтып тұр. Жоқ, жоқ, мен барып өзім танысам. Ақын жанын өйтіп қорламасын!– деп Тоқпақов ұмтыла берді. Аппақов оның жеңінен ұстай алды. – Тұра тұршы, көкетай. Сенің әйелің бар ғой. Мен барып танысайын.– Ұмтыла түсіп. – Тек үстеріне барғаным ыңғайсыз болмаса,– деп іркіліп қалды. – Сен бармасаң мен барам. Ондай қызды ана алаяқтың қолына беріп қою. Жо-оқ, дос­ тым... – Жо-жо... өзім барайын. Ән аяқталды. Емешесі құрып тұрған Сәр-

Тахауи Ахтанов сен «Браво, браво!» деп қол соғып, тағы да иіліп қыздың қолынан сүйді. Балзия беріліп айтқан әннің әсерімен толқып тұр. Оның үстіне «композитордың» мақтауы да жүрегін лоблыта түседі. – Қалай, сізге ұнады ма?– деп сұрады сәлден кейін. Осы кезде бұлардың қасына Аппақов келіп қалған. Сәрсеннің орнына сол жауап қатты. – Жақсы. Орындауыңыз тіпті ерекше дер едім мен. Қапы жауап Балзияны таңырқатып тастады. – Бұл ән сізге де ұнай ма?– деді қыз бойын билеп. – Әннің өзі маған онша ұнамайды. Соңғы кезде бұл әнді тіпті жек көріп кеткенмін. Ертеректе жазылғанға ма... Балзия қысылып Бейсеновқе көз тастап қойды. – Сізге ұнамағаны қызық екен. Оның есесіне жұрттың бәріне ұнайды бұл ән. – Кейде жұрт шын жақсы әнді ажырата алмайды. Бұл ән тым тәттілеу болатын. Және ырғағынан да біраз кемшіліктерді байқадым. Әрине бұл нағыз кемеліне жеткен, ойлы композитордың туындысы емес. Бұл өзі терең­ нен жарып шықпаған, оңай мақталынған ән еді...

Повестер, әңгімелер, мақалалар Аппақов әнді сынаған сайын Балзия «авторға» (Бейсеновке) ыңғайсыз тигенін сезіп, жалтақтап қысыла берді. Аяқ астынан тап болған «сыншыға» да ызасы келді. – Сіздің музыканы қаншалықты терең түсінетініңізді мен білмеймін. Бірақ екеу­ міздің талғамымыз екі басқа екен. Өмірі қосылмас. Бұрын да жүрек жұтпаған Аппақов енді, тіпті, қысылып қалды. Қыздың бетіне тура қарай алмай, төмен қарап қипақтап сөйледі. – Сіз ғафу етіңіз. Талғам жөнінде таласпайды дейді ғой. Әрине. Бірақ бүгінгі сіздің орындауыңыз – бұл әннің әлі де ашылмаған сыры барын аңғартты. Сондай саф таза балау­ са дауыс... Балауса сезім. Әрине сіз... Аппақов сөзін бастай бергенде-ақ Балзия «авторды» ыңғайсыз жағдайдан құтқармақ болып, ым қағып Бейсеновті ертіп кеткен. Аппақов басын көтеріп алғанда алдында ешкім жоқ. Қасына жүгіріп Тоқпақов келді. – Иә, сөйлестің бе? – Сөйлестім. – Не деді? –Екеуміздің талғамымыз үйлеспейді деді. –Ендеше қиын болған екен. Кісінің талғамы келіспесе... жо-жоқ, болмайды. Қиын болған. Өздері қайда кетті? – Тіпті көрмей қалдым.

Тахауи Ахтанов – Талғамдарың келіспесе... шынында да ешнәрсе шықпайды. Мұндайда ақын тілі керек. Ендеше өзім сөйлесейін. – Жо-жоқ, көкетай, тұра тұршы. Сенің әйелің бар ғой. Өзім тағы да... Мүмкін... * Ылдида сыңғырлап аққан тау өзенінің жие­гінде Балзия мен Сәрсен. Әлгі нағыз бір жоқ жерде кеп килігіп, мазасын алған келеңсіз жігіттен құтылып, Балзия «сүйікті композиторына» өз орындауын сынатып тұр. – Мына бір ырғақты қалай айтқаным дұрыс болар екен. Мен оны қазір былай айтып жүрмін,– деп әуенін жайымен ыңылдап бастап, ақырын көтеріп нақыштап әкетті. Балзия әндеткенде Сәрсен қолын сызылта ырғап демеп тұрған. Бірақ құрғақ дирижерлықты қомсынып, әлсін-әлсін музыкалық терминмен жөн сілтеп қояды. – Крещендо! – Балзия даусын екпіндете түседі. – Пианиссимо! – Балзия даусын баяулатады. – Адажио! Контрапункт. Балзия әбден шатасып тоқтап қалады. – Ағай, мен тіпті түсінбей қалдым. – А-а, түсінбей қалдың ба. Уақасы жоқ, уақасы жоқ, қысылма. Консерваторияға түсу керек. Сонда бәрін түсінесің.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Әрине менің музыкалық сауатым күшті емес. Бірақ бұл ырғақ негізінен пиано сияқты. Ал, адажио... контрапункт... оның тіпті бұл араға қандай қатысы бар? – А-а... Ғафу ет, Балзияш. Сізді көрген соң менің тіпті басым айналып кетіпті. Кешір, Балзияш, өнер адамы бұлталақты білмейді – төтесін айтады. Сіз менің арманымсыз. Өмір бойы аңсағаным... – Мүмкін мына ырғақты дұрыс дерсіз,– Балзия қайта әндетеді. Бұл қыздың амалсыздан тапқан тәсілі болу керек. Бейсеновтың ықыласы әнде емес қызда, шын тебіреніп, елігіп жылан арбаған торғайдай сұлу қызды ішіне тартып барады. * Аппақов пен Тоқпақов Балзияның әсем даусын қуалап, ізге түскен тазыдай мойындарын созып, бақтың ішімен келе жатыр. Екеуі дөңеске шыға бергенде ылдида сылдырлап аққан бұлақтың түбінде сүйісіп тұрған Балзия мен Сәрсенді көрді. – Өлтірді!– деп Тоқпақов Аппақовты нықтан қойып қалды. – Өлтірді,– деп қостады о да. – Бауыздап кетті. Иттің баласы! – Бауыздап кетті. – Жүр!– деп Тоқпақов Аппақовты кейін қарай иығынан сүйреп ала жөнелді.

Тахауи Ахтанов Кафе. Залда жастар әлі билеп жүр. Кейбіреулері буфеттен сусын ішіп тұр. Буфеттің стойкасына Аппақов пен Тоқпақов келді. Түрлері өрт сөндіргендей. – Шампанский әкеліңіз,– деді Тоқпақов. – Шампанский әкеліңіз,– деп қостады Аппақов. Екі стакан қабат көтеріліп, ұзын өңеш пен қысқа өңеш бүлк етеді. Қысқа өңеш ойланғандай кідіріп қалды. Әлдене есіне түскендей Аппақов ортайған стаканды аузынан ала беріп еді, кенет «Бәрібір енді кетіп қалды» деп, қалғанын да ысырып жіберді. Стаканды стойкаға қойды. Аппақов пен Тоқпақов машинаның қасында. – Ғафу ет, сені ұмытып кетіппін ғой, «Бозжорға», – деп машинасын капоттан қағып қойды.– Осы біз кетсек қайтеді енді. – Иә, енді кідіретін ешнәрсе қалған жоқ. Әлгі Соқпақов соққан қайда жүр,– деп Тоқпақов сигнал берді. Аппақов рульге отыра беріп, Тоқпақовқа бұрылады. Өңешін шертеді. – Тағы да жіберіп алдық қой. Енді қайттік? Тоқпақов сәл ойланып қалды:

Повестер, әңгімелер, мақалалар – А? Саспа. Мен бір бұралқы жолды білем. Онда автоинспекцияның иісі де жоқ. Жүгіріп Соқпақов келеді. Тоқпақов оны машинаға сүңгітіп жібереді. – Ал, бас. – Ойбай-ау, біздің тағы бір жігітіміз бар емес пе еді? – Қалсын ол алаяқ. – Жо-жоқ, оны қалдыруға болмайды,– деп Аппақов баж ете түсті.– Ойбай-ау, қасқырды қойдың қасына тастап кетіп. Жожоқ. Тоқпақов ойланып қалды. – Рас айтасың. Ол итті ала кетеміз. Машинаның қасына көркемөнер үйірмесінің жетекшісі жүгіріп келді. – Ғафу етіңіздер. Сіздер жүргелі жатырсыздар ма? Әлгі біздің композиторымыз Аппақов жолдас қайда кетіп қалды? – Аппақов міне отыр, – деді Тоқпақов. – А? Сіз бе едіңіз? Отағасы, тіпті ғафу етіңіз,– деді сасып қалған жетекші.– Сіздер бес минутке рұқсат етсеңіздер. Жастардың сізге айтатын бір қолқасы бар еді. Соны тыңдап... Бұлар машинадан қайта түсті. Осы кезде жастар да жиналып қалған екен. Жетекші дауыстап:

Тахауи Ахтанов – Жолдастар! Жолдастар! Келген қадірлі қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бұл кезде Бейсенов пен Балзия да жүгіріп келіп топқа қосылады. Жастар ентелеп, қонақтарды көруге тырысады. Аңғарымпаз біреулері жүгіріп барып жәшік әкеліп, қонақтардың аяғының астына қойды. Жетекші сөйледі: – Мына кісі Соқпақов. Атақты әнші.– Жұрт қол шапалақтайды. – Мына жолдас өздеріңіз білетін ақын Тоқпақов. Жастар қол шапалақтайды. – Ал, мына кісі – өзіміздің сүйікті композиторымыз Аппақов. Жұрт ду қол шапалақтайды. Балзия аң-таң. – Жолдастар, біз бүгін өзіміздің сүйікті таланттарымызбен кездесіп отырмыз. Кешке бұл кісілердің спектакіліне барамыз. Бірақ бір тілегімізді осы жерде айтқымыз келеді. Аппақов жолдастан өтінішіміз бар. Сіз бізге арнап «Тау бағбандарының» вальсін жазып берсеңіз екен. Жастар ду қол шапалақтайды. «Өтінеміз» деп айқайлады. – Достар, достар,– деп Аппақов қысылып сөз бастады. – Мен заказбен ән жазбаушы едім. Бірақ сіздердің ықыластарыңызды аттап кету тіпті қиын. Енді ойланайын.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Жазыңыз. Жазыңыз. Ойыңызды жазыңыз, – деп айқайлады жұрт. – Алған әсеріңізден жазыңыз. – Қазір көкірегімде туа бастаған бір ән бар. Соны сіздерге арнаймын. Ол әннің аты «Айтылмаған махаббат». – Өлеңін мен жазамын!– деді Тоқпақов. Осы кезде Балзия Сәрсенді шапалақпен жақтан тартып жіберді. Соған жалғаса жұрт қол шапалақтап кетті. Бұл сахнаны жалғыз көрген Аппақов қолын жұлқына соғады. * Үшеуі машинаға мінеді. Машина бірде шиқылдап, бірде гүр ете түсіп өшіп, қақалып-жөтеліп от алмайды. Жүгіріп Бейсенов келді. Мінгісі келіп есікті аша бергенде Тоқпақов сарт еткізіп, есікті жауып алды: – Енді сен итер машинаны! Бейсенов жалтақтап жан-жағына қарайды. Амал жоқ машинаны итереді. Оған жастар көмектеседі. Машина қақалып от алып, ақырын жүріп кетті. Енді соңынан жалғыз Сәрсен ғана жүгіре итеріп келеді. –Ананы ала кетпейміз бе?–деді Тоқпа­ қов. – Жоқ, енді қала берсін,– деді Аппақов жымиып. Бейсенов «тоқта» деп кузовты ұрады.

Тахауи Ахтанов Бірақ машинаның жүрісі жылдамдап барады. Содан кейін сасқанынан қарғып машинаның артына жабысып мініп алды. Қос қолымен төбедегі қалқан қағылған темірге жармасқан. Машина әлі жөнделмеген адыр-бұдыр лас көшемен шалшық суды шашыратып, бұлғалаңдап кетіп барады. Жас балалар тамашаға батқан. Айқайлап, шулап, ере жүгіреді. Кей қорадан иттер де қосылады. Машина селоның сыртына шықты. Маңдайдағы айнадан Аппақов балшыққа баттасқан Бейсеновтың бетін көреді. – Енді мінгізсек те болар ананы, – деді Аппақов. – Енді мінгізуге болады, – деп мақұлдады Тоқпақов. Айнадан тағы да Сәрсен көрінді. Ол бірнәрсе деп сөйлейді. Жалынышты мүсәпір кескінмен ыржиып күледі. Айнадан Аппақов көрінеді. Ол Бейсеновты енді ғана көргендей таңырқайды. Ұзамай машина тоқтайды. Аппақов шықты. – Ғафу ет, біз сені ұмытып кетіппіз ғой, достым. – Жарамайды, жолдастар. Кузовты соққанда неге тоқтамайсыз, – деп ренжіді Бейсенов. – Бұларың достыққа жатпайды. – Ғафу ет, достым, ғафу ет,– деп ебелек қақты Аппақов.– Мотордың шуынан түк

Повестер, әңгімелер, мақалалар естісем бұйырмасын. Мініңіз, мініңіз,– деп өзі есік ашып бәйек болды. * –Сендер өнер адамысыңдар. Гуманизмдерің қайда?–деп Бейсенов ызаланып келеді машинаның ішінде.– Мен жалғыз өзім машиналарыңды сүйреп шықтым. Рас па? – Рас, рас,– дейді Соқпақов. – Ендеше беттерің былш етпей мені неге тастап кеттіңдер? – Ғафу етіңіз, құдды біреу жағымнан тартып жібергендей тіпті есімнен шығып кеткені,– деп Аппақов кешірім сұрады. – Жолдың үсті болса бір сәрі. Бір қиыр түкпірдегі колхозға... Жоқ, бұларың жігіттік емес, достар. –Сіз ғафу етіңіз, достым,– деді Соқпақов. – Айып бізден. Ұсынған мойынды қылыш кес­пес деген. Ал, енді сол айыбымызға мен сізге бір ән салып берейін. Музыкасы Аппақовтікі, сөзі Тоқпақовтікі.– Машинаның төбесін нұсқап,– мынау опереттаның ішінен. Сөйтіп бұл ән үшеуміздің де сізге тартқан айыбымыз болмақ. Соқпақов ән салады. Бұл күлкілі ән. Жолы болмаған жігіттің шеккен зәбір-жапасын паш етеді. Күн жаумай су болып, түйенің үстінен ит қапқан келеңсіз жігіт мұңын шағып, зарын айтады.

Тахауи Ахтанов Машина құлдилап ылдиға түсіп, тауды қапталдай ағып жатқан жолға шықты. Соқпақов одан сайын көңілдене шырқайды. Қашан да күлуді білмейтін, қалың қабағы салбырап сұсты отыратын Тоқпақов, артқы орындықтан мойнын созып, алға үңіліп келе жатқан. Кенет: – Тоқта!– деп дауыстап жіберді. Ән де тоқтай қалды, машина да тоқтай қалды. – Немене болды? – Не болды? – Әне әзірейіл,– деп Тоқпақов алдыңғы жақты нұсқап саусағын шошайтты. Алдыңғы жақта дөңесте, жол шетінде мотоцикльдің қасында тұрған милиционер көрінеді. Бәрі де үнсіз сұлық қалды. Тек Бейсенов қана: – Ешнәрсе етпейді. Тарта бер,– деді. – Айналайын, мен жарты правомнан айрылғанмын. Қалған жартысын бере алмаймын,– деді Аппақов. – Кәне, кейін шегін. Жаңа тауға қарай кеткен бұралқы жол бар. Сонымен орағытып өтеміз,– деп Тоқпақов команда берді. – Шегінсек ысқырып пәле қылады ғой. Қап!– деп қиналды Аппақов жүрісін баяулатып. – Тоқта!– деді Сәрсен.– Тез машинаң-

Повестер, әңгімелер, мақалалар ның капотын ашып шұқылай бер. Машинасын жөндеп жатқан шоферға милиция байланыспайды. Аппақов машинадан түсіп капотын ашты. Сәрсен де түсті. – Мен барып милицияның басын айналдыра тұрайын. Сол кезде кейін қарай тайып тұрыңдар. Ал, жігіттер, көріскенше күн жақсы. Сендермен жол жүру рақат екен, бірақ машақаттарың да бар екен. Сау болыңдар. Гуд бай. Аппақов капотын жауып, рульге қайта отырып жатыр. Сәрсен милицияны аузына қаратып ұйытып тастаған. Машина құйрығы бұлғаңдап, шиқылдап кейін қарай шегініп барады. Сәлден кейін оңға бұрылатын жолға жетті. Енді сол жолмен қызыл қалың бәйшешектің арасын жарып келе жатыр. Бір-екі сайдан да өтті. Кейде жол екі-үш тарамдалып, машина қалай бұрылуға білмей дағдарып іркіле бергенде, Тоқпақов желкесінен ұзын қолын созып саусағымен үнсіз нұсқайды. Бұлар тауды бөктерлеп жоғары өрлеп кеткен. Ылдида үлкен қала жатыр. Оның алыс панорамасы көрінеді. Аппақов рульде толқып келеді. – Шіркін манағы қыз... Арман еді ғой, арман..

Тахауи Ахтанов – Иә, нағыз арман еді,– деп Тоқпақов күңк етті. – Арман... арман...– Соқпақов ыза боп кетті.– Өзің де жоламай, өзгені де жолатпай. Қызғанғаның қызыл итке жем болды. Әй, сен де! – Жо-оқ, жем болған жоқ,– деп басын шайқайды Аппақов.– «Бозжорға» аман болса мен оны табамын. Сұлу қыз есіне түскен сайын Аппақов көңілі тебіреніп, ырғалып қояды. Сөйтіп отырып ыңылдап ән бастады. Бұл ғайыптан кездескен бейтаныс қыз туралы, айтылмай кеткен махаббат туралы бір жағы қайғылы, бір жағы күлкілі ән. Аппақовтың қоңыр даусына біраздан кейін Соқпақовтың күшті даусы қосылып, ән күшейе береді. Ұзаған сайын жол кедір-бұдырланып, өлеу­сірей түсті. Ән шырқап тасып келе жатқан Соқпақовтың өңіне кенет үрей жүгірді. Әлденеден шошығандай түсі бұзылып, көзі адырайып кетті. Қолындағы сағатына қарады. – Құрыдым!– Құрыдым!– деп дауыстады ол. – Не боп қалды? – Спектакль басталуға бір-ақ сағат уақыт қалды. Мен ендігі театрда болуым керек қой. – Біз де болуымыз керек, – деді Тоқпақов.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Сендер үлгерерсіңдер-ау. Мен... мен сахнаға шығуым керек қой. Енді қайттым? – Сабыр ет. Қазір қалаға тура желкесінен дік ете түсеміз. – Иә, мына «Бозжорға» дік ете түсірер сені,– деді Соқпақов ыза болып. Соқпақовтың сөзіне орай машина селкселк етіп, бір-екі ышқына ырылдап, тоқтай қалды. * Театрдың фоэсы. Жасы біразға келген бурыл бас режиссер келеді. Режиссердің көмекшісі қапталына ерген. – Актерлер жиналып болды ма? – деп сұрады режиссер. – Болып қалды. – Соқпақов келді ме? – Қазір келуге тиіс. – Бүгін... бүгін көрсетуіміз керек. Айды аспанға бір шығармасақ па?! Соқпақов келген бойдан маған хабарла. Режиссер асыға басып сахнаға келеді. Мұнда жұмысшылар декорация құрып жатыр. – Екінші актыны жабдықтауға кірісіңдер. – Задникті көтер.

Тахауи Ахтанов – Тоқта! Кругты тоқтат! – деген дауыс­ тар естіледі. Режиссерды жас әнші Асқаров қуып жетеді. – Жолдас режиссер, мені ойнатасыз ба, жоқ па? – Жоқ. – Сахна жұмысшыларына айқайлап. – Бірінші актының көк шалғыны қайда! Ж ұ м ы с ш ы. Қазір төсейміз. А с қ а р о в. Неге ойнатпайсыз? Р е ж и с с е р. Сенің дайындығың кеміс. Гастрольде, гастрольде ойнайсың. Әй, Садықбек, жасыл прожекторды маған, маған бағытта. А с қ а р о в. Бізді ылғи гастрольге қуасыз. Гастрольді менің маңдайыма жазып қойып па. Сонда жастарды қашан көтересіз? Р е ж и с с е р (кекетіп). Көтер, көтер! – Осы кезде мұның сөзін қате түсінген жұмысшылар режиссер басып тұрған станокты механизмнен аспанға көтере жөнеледі: – Тоқтат! Түсір. Төмен түсір. – Қазір. – Түсір деймін. – Қазір. Шынжыры тістесіп қалды. Әй, Бұзаубай, балға қайда? Балғаны әкелші. Р е ж и с с е р (Асқаровқа). Геройды ойнау­ ға сен әлі жассың. Ұқтың ба?

Повестер, әңгімелер, мақалалар А с қ а р о в. Неге жаспын. Менің жасым жиырма сегізде, ал геройдың жасы жиырмада. Р е ж и с с е р. Тем более оны қырықтағы актер ойнау керек. Ай, осылай асып қоясыңдар ма мені? Қашан түсіресіңдер? Д а у ы с. Қазір. Қазір. А с қ а р о в. Ендеше Соқпақовтың жасы да отызда ғана емес пе? Р е ж и с с е р. Соқпақов? Соқпақов деген ол Соқпақов... Оның атағы бар. Оны халық біледі. Ал сен кімсің? Асқаров? Сенің есімің де жоқ қой әлі. Сөйтіп жүріп премьераға сұранасың. – Осы кезде барып режиссер тұрған станок әрең деп төмен түседі. Енді кіріп келе жатқан өзінің көмекшісіне дауыс­ тайды. – Мынау не? Жартас па? К ө м е к ш і. Иә, жартас. Р е ж и с с е р. Осындай жартас бола ма? Төмпешік қой бұл. Тағы бір станок мінгіз төбесіне. К ө м е к ш і. Суретшінің істегені сол. Станокты қайдан алам. Р е ж и с с е р. Реквизиттен ал. Тез. Режиссер шығып жүре береді. Асқаров та желімдей жабысып соңынан қалар емес. Қуа сөйлеп келеді. – Атағың жоқ дейсіз. Егер актер сахнаға шықпаса оның атағы қайдан шығады. Кісі

Тахауи Ахтанов жүрегі дауамай шегіншектей берсе... Жоқ, мұндайда не де болса тәуекел етіп, батыл қимылдау керек. Батылдық керек. – Батыл болсаң бола бер, шырағым, тек бақырауық болмашы. Режиссер есікті сарт еткізіп кабинетіне кіріп кетті. Асқаров та қалатын пәле емес, бірге кірді. – Әке-көке деп жалынайын. Тек бүгін, бүгін шығарыңызшы сахнаға. Бір рет сынап көріңізші. – Бүгін премьера. Ұқтың ба? Премьера!.. Мен сені бұл рөлде әлі көре алғаным жоқ. – Аһ, көре алған жоқсыз ба? Ендеше көріңіз!.. Әнші опереттаның бір ариясын бастап кетеді. Ол ән салып тұрғанда үстіндегі киімі, гримі өзгеріп, кабинеттің іші далаға айналып, опереттаның бір сахнасы көрінеді. Алдында қыз, енді ол әнін соған арнап зарлап-ақ тұр. Әннің аяғы кабинетте бітеді. – Ал, енді көрдіңіз бе?! – деді әнші шекесінен қарап. – Ендеше сен де көр! – деп режиссер ұшып тұрды. Режиссер ойнақы куплетті бастап кетті. Оған оркестр қосылды. Мұның да киімі, гримі өзгеріп кабинет сахнаға айналды. Қайтадан кабинет. Әнші ыржиып, мәз боп қалған.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Енді ойнауға рұқсат етесіз ғой, – деді ол дәмеленіп. – Жоқ! – деп кесіп тастады сұсты режиссер. – Искусство құрбандықты талап етеді. – Сонда мен ғана құрбандық болуым керек пе? – Мен ше? Мен құрбандық емеспін бе? – Сіздің енді жасыңыз асып кеткен ғой. – Сенің әлі жасың жеткен жоқ. * Үш жігіт машинаның қасында тұр. Жол шеті осы арадан біткен. Әрі қарай тауды өрлеп жалғызаяқ соқпақ көрінеді. Одан басқа бұл маңда адам баласының ізі түскен белгі байқалмайды. – Тоқта, тоқта! Мен тағы бір-екі бұралқы жолды білуші едім, – деп Тоқпақов шекесін түртіп ойланып қалды. – Жоқ, одан да сен жалғыз төте жолды білесің бе? Соны айтшы, көкетай! – деді ыза болған Соқпақов. – Жігіттер, ізімізбен кейін кайту керек, – деп Аппақов машинаға мінді. Ол машинаға от беріп еді, бірақ мотор тұтанбады. Әбден азапқа түсті. – Құрыдым ғой, – деп Соқпақов ыза болды. – Құрттың ғой, «Бозжорға». Жарты жолға тастап кеттің ғой.

Тахауи Ахтанов Соқпақов күйіп кетіп машинаның капотын жұмырығымен қойып қалып еді, мотор дүр ете түсті. Бәрі, қуанғанынан айқайлап жіберді. Машина манағы ізімен әр ылдиға батып шығып, қаңғалақтап келе жатыр. Бір кезде жаңбыр келе жатты. Әйнекті сырт-сырт шерте бастады. – Жаңбыр кеп қалды! – Ойбай, батып қалатын болдық қой. – Тарт, «Бозжорға!» Тезірек асфальтқа жетейік. Жаңбыр құйып бергенде бұлар да өліп-талып асфальтқа ілікті. Бұл манағы жол. Енді жолаушылар жайраңдай бастады. Машина жаңбырлатып келеді. Алдыңғы әйнектегі қос щетка бір тоқтап, бір сырғып, берекесіздеу бұлғаңдайды. Алдыңғы жақ кейде мұнартып, кейде теңселіп шалалау көрінеді. Тоқпақов жолға үңіліп, ұзын мойнын созып қатып қалған. Бір уақытта алға қарап ұзын саусағын шошайтты. Аппақов та үңіле қалды. Жол шетінде капюшоны қоқиған плащ киген біреу тұр. Сыртқы ұсқыны – милиционерге келеді. Жаңбыр жуған әйнектен бұлдырап оның денесі кейде өте үлкейіп, кейде өте кішірейіп көрінеді. Жол қапталында поселок бар. Машина тоқтамақ болып баяулай бастады.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Тағы не боп қалды? – деп шошыды Соқпақов. Тоқпақов ұзын саусағымен алдыңғы жақты нұсқады. Соқпақовтың жыларман болған кескінін көріп, Аппақов батыл байламға келді. – Нар тәуекел! Не де болса тіктім басымды. Аппақов машинаға газ берді. Әлгі автоинспектор бірде ебедейсіз сорайып, бірде ергежейлідей кішірейіп, көз алдынан кетер емес. – Құрыдық, қол көтерді, – деді Тоқпақов. Бұлар тоқталуға оңтайланып жақындай бергенде – жаңағы милиционердің бойы сорайып, ұзарып кетті де, кенет бір тұтам боп қалды. Қасына келіп тоқтай қалса – кәдімгі плащ жамылған алты жасар бала. – Ей, сен неғып тұрсың мұнда, – деді Соқпақов ашуланып. – Машина санап тұрмын. – Машина санап... – Иә, мен санай білем. Сендердің машиналарың он үшінші болды. – Уһ, Құдай сақтады-ау!– деп Аппақов маңдайынан терін сүртіп, қозғала берді.

Тахауи Ахтанов * Режиссер театрдың коридорын қуалап келе жатыр. Асығып сағатына қарайды. – Соқпақов! Соқпақов қайда? – деп айқайлайды. Алқынып декорация құрулы тұрған сахнаға кірді. Жүгіріп, қаңқиған биік станокқа шықты: – Міне, нағыз жартас енді болды. Тамаша! – Сағатына қарап: – Соқпақов қайда? Соқпақов! – Келмей жатыр, – деді көмекші даусы дірілдеп. Режиссердің түсі ашулы арыстанға ұқсап кетті. – Тап дегенім қайда саған? – Үйіне кісі жібердім. Үйінде де жоқ. – Сен бүгін премьера екенін білесің бе? – Білем. – Бүгін біздің не өлетін, не тірілетін күніміз екенін сен білесің бе? – Бі... бі... білем... – Ендеше Соқпақов қайда? Соқпақов! Режиссер ашуланып жерді теуіп жібергенде аяғының астындағы станок сынып кетіп, гүрс ете түсті. Ол енді биік станоктың ішіне сүңгіп кетті. Өзі көрінбейді. Жердің астынан шыққандай күңіренген даусы ғана естіледі. – Соқпақовты тап! Соқпақовты!

Повестер, әңгімелер, мақалалар * Нөсер ашылған. Ақшыл машина, томпаңдап қаланың шетіне кірді. Соқпақовтың әбден сабыры кеткен. – Бітті енді. Премьераны да құлаттыңдар! Мені де құрттыңдар. – Жеткіземіз, – деді сұсты Тоқпақов. – Қалай жеткізесің. Жиырма минут уақыт қалды. Жиырма минут уақыт қалды. Қашан киінем? Қашан боянам? – Бас қамшыны! – деп Тоқпақов әмір берді. – Иә, жеткіземіз, – деп Аппақов та газды басты. «Бозжорға» арылдап, екі-үш ырғып түсіп жүйтки жөнелді. Қаланың іші. Қайшыласқан көп машиналар. Бажылдап сигнал беріп, көп машинаны қуып озып, «Бозжорға» жөңкіп келеді. Қабағын түйіп сұстанып алған Тоқпақов ауық-ауық: – Бас қамшыны! – деп қояды, – Сілте «Бозжорға». «Бозжорға» арлы-берлі машиналарды састырып, көлденең кездескен машиналарға оқыс тормоз бергізіп келе жатыр еді. Алдан ГАИ-дың посты шыға келді. Жол шетінде мотоцикльдің жанында екі милиционер тұр. Біреуі ысқырықты берсін келіп. Аппақов, амал қанша, машинасын тоқтата қойды. Тек бар айтқаны: «Құрыдық» болды.

Тахауи Ахтанов Аппақов машинадан түсіп инспектордың қасына келді. Ана екеуі де ере шықты. Инспектор қолын шекесіне сарт еткізіп: – Документіңізді әкеліңіз, – деді. Аппақов қалтасынан документтің жұқанасын суырды. «Ғафу етіңіз» деп инспекторға ұсынды. – Бұл ескерту талоны ғой. Правоңыз қайда? – Право сіздің ауылда еді. – Солай... солай деңіз. Бұл көшеде қуып озуға тыйым салынған. Сіз қуып оздыңыз. Бұл бір. Жүріс жылдамдығы елу километр. Сіз сексеннен сілтедіңіз. Бұл екі. Ал мына төбесіндегі не пәле? – Ол афиша. – Афиша ілуге тек трамвайға ғана рұқсат етеміз. Ал, сіздің көлігіңіз автомобильдің санатына қосылатын сияқты. Бұл үшінші нарушение. Милицияның сөзін қостағандай «Бозжорғаның» моторы гүр-гүр ете қалды. – Өшіріп қойыңыз, жолдас. – Жолдас лейтенант – ол өшіп қалса от алмаушы еді. Жолдас лейтенант, біз асығыс едік. Спектакльге кешігіп барамыз, – деп Соқпақов жалынды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Біз өте асығыспыз, жолдас лейте­ нант,–деді Тоқпақов лейтенанттың төбесінен төніп. – Иә, жолдас лейтенант, спектакльге асығып едік. Бүгін премьера. – Аппақов жалбарынам деп милицияға таяу келіп қалған екен. Инспектордың мұрны бір пәлені сезе қойды. – Тоқта, тоқта жолдас, – деді инспектор. – Курсант, әкел бері. Жуан курсант тіпті жеңіл қимылмен лейтенанттың қасына келіп аяғын сарт еткізді де, сорғыш сияқты қызыл қағазды қолына ұстата салды. – Жо-жо... – деп Аппақов шегіне берді. Лейтенант қағазды ширатып Аппақовқа ұсынды. – Мынаған үрлеңіз. – Ғафу етіңіз... Ғафу етіңіз, жолдас лейтенант, – дейді Аппақов қолын кеудесіне басып, басын шайқап. – Үрлеңіз. – Сіз оны қинамай-ақ қойсаңыз қайтеді, жолдас лейтенант. – Бөгемеңіз, азамат. Үрлеңіз, жолдас. Аппақов, амалсыз халге түскен. Ұртын томпайтып, тұмсығын бұрыңқырап қағаздың сыртын ала үрлеуге тырысады. Және ау-

Тахауи Ахтанов зынан леп шығарғысы да келмейді. Ол үрлемек болып оқтала бергенде, арт жақта тұрған Соқпақов даусын дірілдетіп әндетіп жібереді. Инспектор артына жалт қарайды. Бірақ Соқпақов тып-тыныш. Осы кезді пайдаланып Аппақов далаға үрлеп қағазды инспекторға ұсынады. – Үрледім, жолдас лейтенант. Инспектор қағазды қарайды, түк жоқ. Басын шайқайды. – Күдікті нәрсе. Тағы да үрлеп көріңізші. – Неге? Кешіріңіз, жолдас лейтенант. Менің өкпем нашарлау еді. Ауа жетпейді. – Дегенмен үрлеңіз. Аппақов ажалға бара жатқандай қиналады. Қарсыласуға дәрмен жоқ. Қайтадан үрлеу­ге оқталады. Қағазды қашық ұстайды. – Аузыңызға тақап ұстаңыз. Аппақов қағазды аузына жақындатқан болады. Ол үрлей бергенде, Соқпақов тағы да даусын дірілдетіп шырқап жібереді. Бірақ Аппақов бұл жолы дұрыс үрлеп қалады. – Әншілікті доғарыңыз! – деп айқайлайды инспектор Соқпақовқа жалт бұрылып. – Неге доғарады? Оның тамақ асырап жүргені сол әншілік! – деп Тоқпақов ара түседі. Аппақов у ішіп жібергендей түсі бұзылып тұр.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Енді бәрібір... өтіп кетті, – деп қолын бір сілтеп қағазды инспекторға ұстата берді. – Е, бәсе, – деді инспектор қағазға үңіліп, – бұл төртінші және ең үлкен нарушение. Ол енді мотоцикльге кеп, рациямен сөйлесе бастады. – Дежурный, дежурный. Үш дос кеңес құрып тұр. А п п а қ о в. Енді құрыдық. Праводан мүлде айрылдық. С о қ п а қ о в. Қой, бір қаракет жасауымыз керек. Т о қ п а қ о в. Мұндайда ақын тілі керек. Мен сөйлесем. Тоқпақов инспектордың қасына келеді. – Жолдас лейтенант. Біз сізді қатты құрметтейміз. Менің кеше ғана жазған өлеңім бар еді. Әлі жарық көрмеген. Соны бізге оқып берейін. (Өлеңін оқи бастайды.) И н с п е к т о р. Тоқтаңыз, азамат. Т о қ п а қ о в. Сіз қалай. Поэзияны жақсы көрмейсіз бе? И н с п е к т о р. Мен прозаны ұнатам. Дежурный... Дежурный саңырау боп қалдыңдар ма? Тоқпақов өз тобына қайтып келеді. А п п а қ о в. Немене? Келістің бе?

Тахауи Ахтанов Т о қ п а қ о в. Жоқ. Поэзияны түсінбейді екен. С о қ п а қ о в. Ендеше мен барайын. Соқпақов автоинспектордың қасына келеді. Жөтеліп алады. – Жолдас лейтенант. Жолдас лейтенант, сіз тыңдап көріңізші. – Нені. Соқпақов ән шырқай жөнеледі. Лейтенант ұнатып тыңдайды да, кенет қызмет бабы есіне түсіп кетіп, қабағын түйіп алады. – Тоқтатыңыз, азамат. – Қалай, сізге ұнамады ма? Сіз музыканы сүймейсіз бе? – Жоқ, құлағымның қақасы бар. Соқпақов бұрыла бергенде қасына Тоқпақов келді. – Музыканы да ұнатпайды екен. – Мүмкін ол мынаны ұнататын шығар, – Тоқпақов қалтасынан ақша суырып алды. Үндемей тік тұрған жуан курсантқа қарап ым қақты. Ақшаны көргенде жуан курсанттың өңі жылып сала берді. Май көрген мысықтай көзі жылтырап кетіп еді, бірақ «Дежурный!» деп ақырған лейтенанттың сұсты түрін көріп, бойын тартып алып, мелшиіп қалды. Лейтенант ақыры байланысқан болу керек.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Қазір шығамын, – деді рацияға. Содан кейін жігіттерге бұрылды. – Қане, машинаға мініңдер. Рульге мен отырам. – Жолдас лейтенант. Бүгін премьера. Асығыс едік. Бір жолға кешірім етіп, бізді босатыңыз, – деп жалынды Соқпақов. Лейтенант оның сөзін елең ететін емес. – Сіздің мұныңыз қалай, жолдас лейтенант? – деді Тоқпақов. Ақындар мен милицияның арасындағы ескі достық қайда? Сіз атақты Маяковскийдің айтқанын ұмытып кеткенсіз бе? «Менің милициям менің қорғау­шым» демей ме еді пролетариаттың ұлы ақыны. – Мен сіздерді сол пәленің зорынан қорғайын деп тұрмын... * Ашық жүк машинасы қаланың кең көшесімен келе жатыр. Үстінде қатар тізілген скамейкаларда жастар. Түрлері таныс. Бұлар манағы «Тау бағбаны» колхозының қыз-жігіттері – театрға келе жатыр. Бәрі қосылып ән салып келеді. Қолдарында гүлдері бар. Жүздері жарқын. Тек біз білетін Балзия ғана сұлық отыр. – Балзия, сен неге үндемейсің? Саған не болған? – дейді қасындағы құрбысы. Балзия оған жауап бермейді.

Тахауи Ахтанов Бір кезде жастардың бірі: – Анаң қара. Манағы біздің композиторымыз! – деп айқайлайды. Сол кезде Балзия да елең етіп, орнынан ұшып тұрды. Жүк машинасы инспектордың қасынан жайлап өтті. Жастар біздің үш жігітті танып, қол бұлғайды. Балзияның көзі сүмірейіп тұрған Аппақовқа түсті. О да қызды көріп қалды. Балзия қолындағы гүлін композиторға лақтырды. Анау қағып алды. Жүк машинасы өтіп кетті. Ал, Аппақов сол машинаның ізіне қарап, гүлді көкірегіне қысып телміріп қалған. – Азамат! Азамат! Бөгемеңіз, машинаға мініңіз, – деп дауыстады автоинспектор.– Азамат! – А?– деді Аппақов ұйқыдан оянғандай. – Машинаға мініңіз. – Біз қайда барамыз? – ГАИ-ге. – Мейлі қайда апарсаң, онда апар. Бірақ сіз тамаша адамсыз, – деді Аппақов елжіреп. * Режиссердің кабинеті. Режиссер маңдайын, бір қолын марлімен таңып алған. – Бауыздап кетті. Бауыздап кетті мені. – Өзіңіз ғой, байқамай құлаған, – деді көмекші.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Соқпақов! Соқпақов бауыздап кетті мені. Премьера!.. Премьера... Бұйрық дайында. – Қандай бұйрық? – Соқпақовты жұмыстан шығару жайында. Тез! – Қазір! – Көмекші тұра жүгіреді. – Тоқта. Соқпақовқа қатал сөгіс берілсін деп жаз. – Құп. Сөгіс деп жазайын. – Тоқта! Сөгіс. Сөгіс саған премьера бола ма? Қап! Бауыздап кетті-ау. – Столды жаралы қолымен қойып қалып, шыңғырып жібереді. – Уһ! – Аузына таблетка салады. – Су әкел. – Су ішеді, – Асқаровты шақыр. – Құп! – Көмекші шыға жөнеледі. Коридорда қарсы келе жатқан Асқаров­ пен соқтығып қалады. – Сені тез шеф шақырады. Тек байқа, өзі тым ашулы. Кәрі бурадай кімді шайнарын білмей отыр. Кабинетте режиссер мен Асқаров. – Сіз ғафу етіңіз, мен мана қызып кетіппін, – деді Асқаров. Содан кейін көп ойландым. Кісі өз мансабы үшін өнерді құрбандыққа шалмау керек екен, өнер үшін өзін құрбан ету керек екен. Сіз дұрыс айтқансыз–шынында да маған премьераға шығуға әлі ерте екен.

Тахауи Ахтанов – Бәсе солай ма екен! Қонды ма миыңа? – Қонғанда қандай. Екі-үш жыл өнерімді шыңдағанша премьераға шықпасқа ант еттім. Асқаровты неге шақырғаны енді ғана есіне түсіп режиссер ыңғайсызданып қалды. – Ә-ә... Мен бір батыл байламға келіп отырмын. Бүгін бас геройды сен ойнайсың. – Не дейсіз? Жо-жоқ. – Жас таланттарды батыл көтеру керек. Бар дайындал. – Жоқ, мен ойнай алмаймын. Менің дайындығым да кеміс. Тек гастрольде ойнамасам... – Немене, гастрольді сенің маңдайыңа жазып қойып па?! Қазір ойнайсың. – Сіз қызықпысыз, бұл премьера ғой. Менің тіпті атағым да жоқ. – Актер сахнаға шықпаса оның атағы қайдан шығады. Бар, тез боян да киін. – Жоқ, бұ жолы мен ойнамаймын. Өнер құрбандықты талап етеді. Режиссер енді жалына бастайды: – Көкетай, ендеше сахнаға шық та, өзіңді бір жолға құрбандыққа шала қойшы. Бар, баршы тезірек. Он бес-ақ минут уақытың қалды. «Бозжорға» ырғалаңдап қаланы шарлап келе жатыр. Рульде инспектор отыр. Тосын

Повестер, әңгімелер, мақалалар айдаушыны жатырқағандай машина күрккүрк жөтеліп, бар денесімен дір-дір етеді. Бас үйретілмеген аттай бірде орғи жөнеліп, бірде оқыс баяулайды. Инспектор әрең айдап келеді. Ауық-ауық басын шайқап қояды. – Апырай, ә, мына машинаны техникалық бақылаудан қалай өткізіп алдыңдар? – деп сұрайды қасындағы Аппақовтан. – Бұл жануар өзімнен басқа кісіге әл бермейді, – деді Аппақов. – ГАИ-дың бастығының аты-жөні кім?–деп сұрады әдетінше түксиіп отырған Тоқпақов. – Қасым Оспанұлы Жалғасов. Оның керегі не сізге? – Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл деген. Түбі керек болады. – Қатал адам, – деді инспектор. * Мемлекеттік автоинспекция бастығының кабинеті. Стол басында орта жастағы подполковник отыр. Әлгі Қасым Оспанұлы Жалғасов осы кісі болса керек. Ақырын сөйлеп тұрған репродуктордан ойнақы қызу әнді құлағы шалып қалды да, қағаздан басын көтеріп, репродуктордың құлағын қаттырақ бұрап қойды. Бұл бір опереттаның бөлшегі тәрізді, көңілді әнге хор жалғасып еркін есіп

Тахауи Ахтанов тұр. Подполковник сәл ойланып, кенет музыканың төркінін танып өңіне жылу жүгіріп еліге тыңдады. –Рұқсат етіңіз, жолдас подполков­ник,– деді инспектор есіктен сығалап. Подполковник үнсіз басын изеді де, есікке қырын қараған күйі музыканы тыңдай берді. Инспекторға еріп біздің үш сабаз кабинетке кірді. Әнге ұйып қалған подполковник бұларға бірден бұрыла қойған жоқ. Біздің үш жігіт кірген кезде таңырқап қалғандай болып еді, келер сәтте беттері жылтырап, бір-біріне көздерімен ым қағып, жымиып қойды. Подполковник күрсініп, амалсыздан репродукторды өшіріп қойды. Орнынан көтеріліп, инспекторға бұрылып, репродукторды нұсқап: – Аппақов, – деді. – Мен, – деп Аппақов бір қадам аттап еді. – Жоқ, сені айтпаймын, – деп подполковник қолын сермеді. – Аппақовтың опереттасынан тамаша бір үзінді беріп жатыр еді. Ай, достар-ай, өздерің де шаталып, өзгенің де мазасын алып жүрсіңдер-ау, – деп күрсініп жігіттерге өкініш білдірді де инспекторға бұрылды. Иә, немене? Инспектор қалтасынан Аппақовтың документсымағын алып, подполковниктің столына қояды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Жолдас подполковник, біріншіден бұлар қалаға рұқсат етілген шапшаңдықтан асырып айдады, екіншіден қуып озуға тыйым салынған жерде басып озды. Т о қ п а қ о в. Біз премьераға асығып едік, Қасым Оспанович. П о д п о л к о в н и к. Қандай премьера? С о қ п а қ о в. Жаңағы өзіңіз тыңдаған Аппақовтың опереттасына. П о д п о л к о в н и к. Жанасудың жолын іздеп тұрсыздар-ау, ә?! Билеттерің бар ма еді? А п п а қ о в. Жоқ, билетіміз жоқ. П о д п о л к о в н и к. Аппақовтың опереттасына билет кеше сатылып біткен. Спектакль басталып кетті. Сонда қалай кірмек болдыңыздар ә? Сіздер өйтіп бұлталақтатпаңыздар, жолдастар. С о қ п а қ о в . Жоқ, біз билетсіз кіреміз. П о д п о л к о в н и к. Билетсіз? Инспектор екеуі «қалай, қалай соғады мыналар» дегендей, бір-біріне көз тастайды. – Иә, бізді билетсіз жібереді, – жолдас подполковник, – деді Соқпақов. – Шын айтам. Мынау алдыңызда тұрған Аппақов сол опереттаның авторы. Композитор. – Не дедіңіз? – деп подполковник таңыр­ қап қалды, – Ол мұнда неғып жүреді. Жоқ, жолдас, Аппақов қазір театрда отыр. –Алдыңда тұрған Аппақов, – деп Тоқпақов та дүңк ете қалды.

Тахауи Ахтанов Подполковник Аппақовтың бетіне бір қарады, қолындағы тозған талонның бетіне үңілді. – Аппақов... Шамғон... Рас екен. Содан кейін өңі нұрланып күлімсіреп композиторға қолын созды. – Сізді көргеніме қуаныштымын, Шамғон дос. Менің төрттегі балам мен кемпір шешеме дейін сіздің әніңізді ыңылдап отырады. Енді үлкен дүниеге құлаш ұра бастапсыз. Подполковниктің ықыласын көріп біздің жігіттердің бетіне нұр жүгіре бастады. Бір-біріне қарап жымың ете қалысты. Соқпақов әрі қарай таныстырып жатыр. – Мына ұзын тұра Тоқпақов дейтін ақын. Бүгінгі опереттаның либреттосын жазған осы. Подполковник Жалғасов оны да білетін боп шықты. – Тоқпақов жолдас, сіздің өлеңдеріңізді ұнатушы едім. Енді драматургияға қадам басыпсыз. Құтты болсын, – деп оның да қолын алды. –Тоқтай тұрыңыз, – деді Жалғасов Соқ­ пақовтың бетіне қарап. Сіз осы Соқпақов емессіз бе? Бәсе қайдан көрдім дейім әйтеуір. Тоқтаңыз... Сонда сіз... Бүгінгі афишада сіз емес пе едіңіз? Оперетта басталып кетті ғой.

Повестер, әңгімелер, мақалалар –Әй, құрысын, жолдас подполковник,– деді Соқпақов ұнжырғасы түсіп. – Мыналар құртты ғой мені. Колхозға кездесуге барамыз деп... – Сонда сіздің орныңызда кім ойнайды бүгін? – Асқаров деген әнші. – Асқаров?.. Естімеген әншім. – Естімей-ақ қойыңыз, Қасым Оспанович. Бұлар мені де құлатты, премьераны да құлатты. – Қапа болмаңыз, Соқпақов бауырым. Келер жолы қатырып ойнасаңыз болды ғой. Мен бүгін спектакльге барам ба деп едім. Көрмейсіз бе, жұмыстан шыға алмадым. Енді келер жолы сіз ойнағанда баратын болдым. Жаңа танысқан достар осылай мәз-мейрам боп қалып еді, бір кезде автоинспектор тамағын қырнап, мазасыздана бастады. Оны Жалғасов байқады. Өзінің қызмет бабы, бұл жігіттердің қандай себеппен келгені есіне түсті. Ақырындап пілтесін басқан шамдай жайнап тұрған қабағының нұры сола берді. Біздің жігіттердің де езуіндегі күлкілері өшіп, еңселері төмендей берді. П о д п о л к о в н и к (инспекторға). Иә, тағы несі бар? И н с п е к т о р. Басқа да нарушениелері жоқ емес, жолдас подполковник.

Тахауи Ахтанов Екеуінің көзі түйісіп қалды. Бір-бірін түсінді. – Иә, қиын жағдай, – деді подполковник. Содан кейін көздері жаутаңдап, телміріп тұрған үшеуіне қарады. Аяп кетті. – Иә, мен сіздің композиторлық талантыңызды жоғары бағалаймын, жолдас Аппақов. Ал, бірақ шоферлығыңыз ұнамайды. Ұнамайды... А п п а қ о в. Айыптымыз, жолдас подполковник. С о қ п а қ о в (ілесе). Айыптымыз, жолдас подполковник. – Тоқпақовты бүйірден түйіп қалды. Т о қ п а қ о в. Айыптымыз, жолдас подполковник. – Сіздің ойыңыз қалай, жолдас лейтенант, а? – деді подполковник, – мүмкін бір жолға ескертумен шектелсек қайтеді? – Менің де пікірім солай, жолдас подполковник. Подполковник Аппақовқа документін қайырып береді. – Ал, жолдас Аппақов, бір жолға кешірдік. Екіншіде басқа бір қуанышты жағдайда кездесетін болайық. – Рақмет, рақмет, Қасым Оспанович. – Ал жігіттер, сіздермен танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыздар. Үшеуі жамырасып алғыстарын жаудырады.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Тек келесі премьераға келіңізші, Қасым Оспанович, – деп жалынды Соқпақов. – Келем. Нағыз бір төтенше жағдай боп қалмаса, келем. * Әп-әдемі бау-бақшасы бар дача. Аппақов пен Тоқпақов киімдерін шөптің үстіне шешіп тастап, трусишең жуынуға әзірленген. Бұлардың қасында шаң-шаң, сатпақ «Бозжорға» тұр. Тоқпақов жүгіріп барып бір шелек су көтеріп машинаның қасына келді. Капот өзінен-өзі сарт етіп ашылып кетті. Аппақов суды радиаторға шашып жіберді. Бу бұрқ ете қалды. «Бозжорға» ыңыранып қояды. Енді Тоқпақов Аппақовтың үстіне шелекпен су құйып жатыр. Бұл да рақатқа батып ыңыранады. Тоқпақов машина мен Аппақовқа суды кезек шашады. Екеуі кезек-кезек ыңыранады. Қара сумканы көтеріп Соқпақов жүгіріп келеді. Веранданың алдында Аппақов пен Тоқпақов сабалақ сүлгімен үстерін асығыс ысқылап жатыр. Қастарына аптығып Соқпақов келді. – Ай, сен қайда жүрсің? Кетпейміз бе, тезірек, – деді Тоқпақов. – Енді несіне асығасың? Мені ойыннан

Тахауи Ахтанов қалдырдыңдар. Премьераны құлаттыңдар. Енді мені аштан өлтірмексіңдер ме? Жүріңдер, нәр татайық тым болмаса. * Бөлменің іші. Жасауы жұпыны. Ортадағы стол да жалаңаш. Бойдақ адамның үйі екені көрініп тұр. Соқпақов қара сумкадан столға нан, колбаса, басқа да ол-пұл тағамдарын алып қойып жатыр. Аппақов пен Тоқпақов бірден іске кіріскен. Сумкадан суырылған тағамға шап беріп, бірінің қолынан бірі жұлып алып құныға асайды. – Әй, сабыр, сабыр етіңіздерші, – деп бәйек болады Соқпақов. – Енді тезірек кетпейміз бе, – дейді Тоқпақов қадалып. – Қайда кетесің? Асқаровтың опереттаны құлатқанын көргенше шыдамай барасың ба? – Қой, талантты жас әнші ғой. Құлатпас, – деді колбасаны асап жатқан Аппақов. – Тапқан екенсің талантты. Онда мынадай да шеберлік жоқ, – деді күйіп кеткен Соқпақов. Сумкадан бір бутылка арақты суырып алды. Анау екеуінің көздері адырайып кетті. – Сенің мұның не? Бір пәледен құтылмай жатып.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Қой, қой, болмайды, – деп басын шайқайды Аппақов. – Күйіктен ішем, күйіктен. Маған ең кемінде қатал сөгіс дайын тұр – театрда. Бәрін бүлдірген сендер. – Күйіктен десең жөні бар, – деп қобалжыды Тоқпақов. – Жо-жоқ. Мен, ішпеймін, жігіттер. Т о қ п а қ о в. «Бозжорғаны» қораға аман-есен әкеп кіргіздің. Енді несіне сасасың? А п п а қ о в. Театрға барамыз ғой. С о қ п а қ о в. Асқаровты тыңдауға ма? Жоқ, тек соңғы актіге ғана барамыз. Ертерек барсақ мен асылып өліп қалуым мүмкін. Т о қ п а қ о в. Мен де өз нәрсемді көргенде жүрегім қобалжып отыра алмаймын театрда. Бүгінгі бастан кешкен хикаядан кейін жан шақырып алмасақ болмайды. Құйып жібер. Соқпақов әртүрлі ыдысқа (стакан, кружка, кесе) мөлтілдетіп арақ құйып жатыр. * Театр. Сахна сырты. Гримделіп, киініп алған Асқаров оның қасында режиссер. Екеуі де қобалжулы. – Менің жүрегім алып ұшып тұрғаны... – дейді Асқаров қолы дірілдеп. – Алып-ұшып дейсің бе? – Режиссер

Тахауи Ахтанов қиналып қалды. – Оның қиын екен, достым. Иә қиын. Сахнаға шығарда актер деген мұздан салқын, тастан салмақты болу керек. Әжептәуір еркексің ғой. Аптығыңды баса алмайсың ба? Тізгініңді қолыңа ал. – Аптығымды басқым-ақ келеді. Бірақ баса алмай тұрмын. – Апыр-ай, ә? Баса алмай тұрсың ба? – Иә... – Мұның қиын екен? Қобалжып, жүрегің дірілдеп тұр-ау, ә? – Иә. – Ойбай-ау, нағыз керегі сол ғой. Міне... міне, нағыз керегі сол. – Рас па? – дейді Асқаров елең етіп. – Әрине. Сахнаға нағыз керегі сол. Мен ойнағалы міне аттай қырық жыл болды. Әлі күнге дейін сахнаға шығарда жүрегім лүпілдеп, алып-ұшып тұрады. – Апыр-ай, рас айтасыз ба? – дейді Асқаров көңілі орнына түсіп. – Рас болғанда қандай. Мұздан салқын, тастан ауыр актерден өнер шықпайды. Ол өлікпен бірдей. Өнер деген от. Сенің жүрегіңнің лүпілі залдағы мың адамның жүрегін тұтатады. Құдайдан қорықпа, қазіргі сахнада құдай тек сенсің. Бар, бара ғой, бауырым. Жүгіріп режиссердің көмекшісі келді. – Соқпақов әлі жоқ? Енді қайттік?

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Соқпақов дейсің бе? Оның маған керегі не? Асқаров тұрғанда Соқпақовтың құны маған беш тиын! – Асқаровқа бұрылып: – Бар, бара ғой, бауырым, – деп оны итермелеп, сахнаға кіргізіп жібереді. Содан кейін: – Ой, Соқпақов! Сені ме, сені!.. Құрттың-ау! – деп қалш-қалш етті. * Соқпақов жүзі жайдары, көңілді. Стол басында үш дос. Шамасы әжептәуір жылжытып алған тәрізді. Манағыдай емес, құрысқан көңдері жібіп, өңдеріне нұр жүгіріп, көздері жылтырап кәдімгідей балбырай бастаған. Бүгінгі көрген көп азап-мехнат ұмыт болған сияқты. – Жігіттер, шынын айту керек, Асқаров жаман әнші емес. Актерлығы да бар, – деді көңілдің кірін арылтып алған Соқпақов. А п п а қ о в. Мен де соны айтқам жоқ па саған. С о қ п а қ о в. Жо, сен сырт адамсың. Театрдың жайын мен жақсы білем. Асқаровтың даусы тамаша дауыс. Және үндемей жүріп даусын меңгеріп алған. Жоқ, Асқаров талант. Нағыз талант. А п п а қ о в. Дұрыс айтасың. Т о қ п а қ о в. Ендеше неге көтермей жүрсіңдер?

Тахауи Ахтанов С о қ п а қ о в. Біздің режиссер консерватор. Соқыр көргенінен жазбас деп айналдырған үш-төрт әншіден басқаларды көргісі келмейді. Ал, Асқаров сахнаға шығып көріне алмай жүр. Бүгін... бүгін ол көрсетеді. Бәс тігісем, премьера бүгін тамаша өтеді. Т о қ п а қ о в. Асқаровтың табысты болуы үшін. С о қ п а қ о в. Асқаровтың таланты үшін. А п п а қ о в. Асқаров тамаша жігіт. Үшеуі соғыстырып көтеріп тастайды. Енді сөзге сараң Аппақовтың өзі де шешілейін деді. А п п а қ о в. Әлгі, манағы подполковник... Жалғасов еді ғой. Т о қ п а қ о в. Иә, Жалғасов. С о қ п а қ о в. Қасым Оспанұлы. А п п а қ о в. Өзі бір жақсы адам екен. Байқадыңдар ма? А н а е к е у і. Жақсы кісі. Тамаша адам... А п п а қ о в. Өзі музыканы қандай жақсы көреді. Музыканы сүйген адам мейірімді болады. Ол кісіге жақсылық істегісі кеп тұрады. С о қ п а қ о в. Музыканы сүйген адам – ең абзал адам. Т о қ п а қ о в. Оның өлеңге құмарлығын байқадыңдар ма? Есіңізде болсын поэзияны сүйген адам – сері, асыл жанды адам. А п п а қ о в. Өзі нағыз мейірімді тамаша кісі екен.

Повестер, әңгімелер, мақалалар С о қ п а қ о в. Жалғасовтың ден саулығына. Т о қ п а қ о в. Жалғасовтың сау-саламат болуына. А п п а қ о в. Жалғасовтың саулығына ішуге болады. Үшеуі тағы да көтеріп жібереді. С о қ п а қ о в (стаканды қойып жатып). Идея! Қазір барып Жалғасовты театрға шақырамыз. Т о қ п а қ о в. Бұл идея! А п п а қ о в. Спектакль баяғыда басталып кетті ғой. С о қ п а қ о в. Соңғы актысын көрсін. Сендердің салтанаттарыңа ортақ болсын. Ал кеттік! Т о қ п а қ о в. Ал кеттік. Үшеуі шыға беріп есік алдында тоқтайды. С о қ п а қ о в. Ойбай, күн құйып тұр ғой. А п п а қ о в. Енді қайттік? Т о қ п а қ о в. Енді қайттік? С о қ п а қ о в. Тоқта... тоқта... машинамен барамыз. А п п а қ о в. Ойбай мен тағы да ұрттап қойдым ғой. С о қ п а қ о в. Оқасы жоқ. Талай пәледен құтқарған «Бозжорға» бұл жолы да құтқарады. А п п а қ о в. Жо-жоқ.

Тахауи Ахтанов Т о қ п а қ о в. Әй, біз Жалғасовқа барамыз ғой. Жалғасов біздің досымыз. Несіне қорқамыз. С о қ п а қ о в. Дұрыс айтасың. Біз ГАИ-де блатымыз бар. Анау-мынау емес. Жалғасовтың өзіне бармаймыз ба? Ал, кеттік. Екеуі Аппақовты сүйрелеп машинаның ішіне тығып жібереді. * Театр. Режиссердің кабинеті. Кабинетте режиссер көмекшісімен екеуі. Кабинетің іші радиоланған. Сахна естіліп тұр. Сахнада опереттаның героинясы шырқаған ән естіледі. Бұлардың үстіне комик кіреді. Р е ж и с с е р. Ал, дайынсың ба? К о м и к. Қазір шығам. Р е ж и с с е р. Есіңде болсын. Бұл көрініс мықты көрініс. Жұрт күлгенде, көр де тұр, ішек-сілесі қатып қалады. Тек ішектері үзіліп кетпесін. К о м и к. Қайдам енді, барымызды салып көреміз ғой. Р е ж и с с е р. Бұл ыржалақтаған бос күлкі емес, әлеуметтік, тәрбиелік мәні бар күлкі болады. Сол жағын басып көрсет, ұқтың ба! К о м и к. Ұқтым. Кешігіп барам. (Жүгіріп шығып кетеді.) К ө м е к ш і. Осы көріністі сіз өзіңіз жазып, қосып едіңіз-ау.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Р е ж и с с е р. Әрине. К ө м е к ш і. Авторлар осыған көп қарсылық жасап еді. Р е ж и с с е р. Авторлардың дегеніне қоя берсең. (Жұмырығын түйіп.) Жо-оқ, автормен жұмысты істесе білу керек. Қазір көр де тұр, көрерменді қалай қиратар екеміз. Сахна. Героиня ғашығын сағынып аңсаған ариясын бітіре берген кезде сахнаға Комик шығады. К о м и к. Сұлу бикеш, даусың неткен мұңлы еді. Кімді сағынып, кімді аңсады екен ынтыққан жас жүрек? Г е р о и н я. Кімді болса да, тек сізді емес. К о м и к. Сіз әлдекімге қол созасыз, қайдағы тас жүрек жанға зар айтасыз. Ал, қасыңыздағы өзегі өртеніп, ғашықтық зарын тартқан адамды неге елемейсіз? Г е р о и н я. Ол кім? Сіз бе? К о м и к. Иә менмін. Мен сізге шын ғашықпын. Г е р о и н я. Шын ғашықпын? Бағила мен Сәбираға да шын ғашықпын деген жоқ па едің? Ал одан кейін Күлжамал мен Нұржамал ше? Ұзын тұра Ұрқия ше? Бәріне де ғашық едің ғой. К о м и к. Жоқ, ол ғашықтық емес, көңілдің желігі екен. Шын ғашық болғанымды жаңа білдім.

Тахауи Ахтанов Режиссердың кабинеті. Режиссер көмекшісімен екеуі. Р е ж и с с е р. Күлмей ме, жұрт? К ө м е к ші. Күлмейді. Р е ж и с с е р. Неге күлмейді олар? К ө м е к ш і. Мүмкін залдағылар жымиып отырған шығар. К о м и к. Маған сеніңіз, асылым. Ғашықтық дерті күн сайын меңдетіп барады. Сарыауруға шалдықтым бір сіз үшін. Г е р о и н я. Колхоздың жұмысына шықпай жүргенің де содан екен ғой. Сырқатың күшті болмаса игі еді. К о м и к. Иә, содан. Ғашық болған адам жұмыс түгіл, асқа да қарай алмайды. Г е р о и н я. Ендеше былтыр неге жұмыс істемедің? К о м и к. Мен сізге былтырдан ғашықпын. Тыңдаңызшы зарымды. (Әндетіп өзінің қа­ йырмасын айтады.) Режиссердің кабинеті. Р е ж и с с е р. Ауыздарына құм құйылған ба, неге күлмейді?! К ө м е к ш і. Бұ жұрт тас боп кеткен бе? Неге күлмейді, бәсе? Р е ж и с с е р. Әкелері өлген бе бұлардың? Әлде көмейлеріне құм құйылған ба?

Повестер, әңгімелер, мақалалар * Түн. Жаңбыр. Көшедегі шалшық суды шашыратып, қаланы қақ жарып «Бозжорға» келеді. Арлы-берлі өтіп жатқан сирек машиналар. Бір кезде көшеде арқасымен тұрған регулировщикке қарамастан қойып кетті. Милиционер ысқырып еді. Бұлар қайрыла қойған жоқ. Сәл іркіле бастаған Аппақовқа ана екеуі жел берді. – Іркілме. Тарта бер. – Ұсақ-түйекке қайрылма. Машина ұзап барады. Милиционер оның номерін жазып алып жатыр. Көп ұзамай алдан тағы бір регулировщик ұшырасты. Ол таяғын көтеріп еді, бұлар тоқтамады. Соқпақов пен Тоқпақов терезеден айқай салады: – Біз ГАИ-ге барамыз. – Біз Жалғасовтың өзіне бара жатырмыз, – деп терезеден қол бұлғап, совет милициясына жалынды сәлем жолдайды. Бұлардың соңынан бір мотоцикль ерді. Бірақ «Бозжорға» қайрылмай ызғытып барады. Көп ұзамай тағы бір қуғыншы құйрығына ілесті. Ал, «Бозжорға» болса тек шалшық суды шашыратып, есіп келеді.

Тахауи Ахтанов Театр. Режиссердің кабинеті. Режиссер қабағынан қар жауып түнеріп отыр. Радионы өшіріп тастады. Жүгіріп Комик келеді. Режиссер Комикті өртеп жіберетіндей боп орнынан көтерілді. – Неге күлмейді жұрт? – Мен қайдан білейін. Өзіңіздің жазған сахнаңыз. Материалы солай болған шығар. – Материал... Материал... Шын Комик жаназа оқып тұрып та жұртты күлдіре білу керек. Ұқтың ба? – Жарайды. Ұқтым, – деп Комик шегіне берді. Ақыры «Бозжорға» да манағы ГАИ-ге қайтып жетті. Үш дос машинадан түсе қалып кеңсеге кіріп барады. * Баяғы таныс коридор. «ГАИ бастығы Ж.Жалғасов» деген жазуы бар есік. Үш дос сол есіктің алдында мөлиіп тұр. Есік жабық. Бұлардың қасына автоинспектор келді. Бұл жаңағы мотоцикльмен өкшелей қуған қызылкөз пәленің өзі болса керек. Даусы тым сұсты екен.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Рульде отырған қайсың? – Мен едім, – деді Аппақов. – Документіңізді әкеліңіз. – Біз Жалғасов жолдасқа келіп едік, – деп Аппақов қипақтай берді. – Иә, біз Жалғасов жолдастың өзіне келгенбіз. – Иә, біз подполковникті ­премьераға шақыруға келдік, – деп Тоқпақовты Соқпа­ қов қостады. Бұлардың сөзін құлағына ілген инспектор жоқ. – Документіңізді әкеліңіз! Амал жоқ, Аппақов талай қолдан өткен «документсымағын» қайта ұсынды. – Мәселені ертең шешеміз. Машинаны біздің қорада қалдырасыңдар. – Инспектордың әр сөзі бұлтартпас өмір сияқты. – Мұндайда жазаның түрі біреу-ақ. Бір жылға правомен қош айтысасыз. * Жаңбыр жауып тұр. ГАИ-дың қорасында «Бозжорға». Қасына Аппақов келді. Ертедегі атымен қоштасқан батырдай машинаның капотын сипалайды. – Қош бол, жануар «Бозжорға». Бір жылға ажыратты ғой бізді сұм тағдыр. Оған дейін кім бар, кім жоқ.

Тахауи Ахтанов – Ер қанаты ат деген. Қанатсыз қалдыр­ дың ғой «Бозжорға», – деп Тоқпақов та мұңая бастап еді, Соқпақов қана басалқы айтты. – Бұл бишараны өлтірейін деп пе едіңдер. Тіпті жақсы болды. Тым болмаса бір жыл ремонтталып, дем алсын. Содан кейін қайтадан ойнақтап шыға келеді. Ал, кеттік! Ең болмаса қол шапалақтауға үлгірейік те! Театрдың сахнасы. Опереттаның соңғы пердесінің бір көрінісі. Сахнада Асқаров. Ол бір тамаша арияны құйқылжыта шырқап тұр. Оның әні залды түгел баурап алған. Барша жұрт кірпік қақпастан ұйып қапты. Үлкен қаланың көшесі. Жаңбыр құйып тұр. Қай-қайдағы бір тар көшені қуалап қараңдаған үш адам жүгіріп келеді. Бұларды өкшелеп әлгі Асқаров шырқаған арияның әуені қуып келеді. Ауық-ауық селтиіп тұра қалып: «Мына жер төте! Бері жүр! Былай жүр!» деп бір-біріне дауыстайды. Сөйтіп жол қысқартамыз деп шалшық суды шалпылдатып, қараңғыда қайдағы бір шұқырға періп кетіп, батпаққа малтығып қалады. Кей қорада тұйыққа тіреліп, жол таба алмай дал болады.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Режиссердің кабинеті. Режиссер мен көмекші екеуі радиодан залды тыңдап отыр. Асқаровтың ариясының аяғын қол шапалақтау көміп кетті. «Тамаша! Браво! Асқаров!» деп айқайлап, залдағылар жер тепкілеп дүрсілдетіп алып барады. Режиссер манағыдан өзгеше. Көзі жайнап, көкірегін қуаныш кернеген. – Айтпап па едім, мен саған! Айтпап па едім! – деп айқайлайды көмекшісіне қарап. – Есіңде ме сенің, а? – Иә, сіз Соқпақовты тап деген едіңіз. – Соқпақов... Батылдық керек! Тәуекел керек, тәуекел! – дегенмін мен саған! Ұқтың ба?! – деп жаралы қолымен столды қойып қалады. Сахна. Асқаров «ғашығымен» қосылып би билеп жүр. * Үш дос әлі жүгіріп келеді. Өліп-талып театрға да жетті. Сахна сыртындағы кең коридормен үшеуі жүгіріп келеді. Жолшыбай кездескен актерлер мен сахна жұмысшылары бұлардың түрінен шошып жалт береді. Ақыры бұлар режиссердің кабинетіне де жетті.

Тахауи Ахтанов * Режиссердің кабинеті. Режиссер қуанышқа белшесінен батқан. Кіріп келген үш жігітке қарсы тұра ұмтылады. – Тамаша! Тамаша! Жеңіс! Жеңіс, дос­ тарым! Келгендер әзір ешнәрсенің мәнін ұға қойған жоқ. Жалтақтап бір-біріне, содан соң режиссерге қарайды. Режиссер олардың халін елейтін емес, барған сайын қыза сөйлейді. – Тамаша табыс! Құттықтаймын, дос­ тар! – Үшеуін жағалай құшақтап сүйеді. – Мен бүгін тамаша талант аштым! Ән аспанына жарқыратып жаңа жұлдыз шығардым! Құттықтаңдар мені, достарым. – Ол кім? – Айтсаңызшы, ол кім? – Асқаров! Батылдық керек! Тәуекел керек, достарым! Асқаровты аспанға шығардым бүгін. Жастарды солай көтеру керек! А п п а қ о в. Құттықтаймын сізді. С о қ п а қ о в. Сіз тәуекелшіл, жаңалыққа жақын адамсыз. Құттықтаймын. Р е ж и с с е р. Ана Асқаровты құттықта! Ал, кәне, спектакль аяқталып қалды. Тез сахнаға шығамыз. А п п а қ о в. Біз... біздің... үсті... С о қ п а қ о в. Біздің үсті-басымыз лас. Мына түріміз ақын түгіл композиторға да жараспайды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Режиссер бұлардың түрін енді ғана аңғарып, ойланып қалды. – Бүгінгідей күні сахнаға бұлай шығу ұят... – Содан кейін көмекшісіне бұрылды. – Тез реквизитке апар. Бүгін бұларды қалай киіндірсең де обал емес. Нағыз принцше киіндір! Ұқтың ба? – Ұқтым. – Нағыз шахиншахша киіндір! Ұқтың ба? – Ұқтым. – Нағыз жапон императорынша киіндір. Ұқтың ба? – Ұқтым. – Тез! Тез! * Реквизиттің үлкен бөлмесі. Неше түрлі елдер мен ұлттардың сан алуан бояуы құлпырған костюмдері ілулі тұр. Бұрышта үюлі жатқандары да аз емес. Біздің үш жігіт шешінген. Асығыс киініп жатыр. Тоқпақовтың ұзын сирағы бұрынғыдан бетер сидиып кеткен. Тар ақ шалбарды бұтына сыйғыза алмай әуре. Т о қ п а қ о в. Әй, мына біреуің сыятын пәле емес қой?.. Р е ж и с с е р д і ң к ө м е к ш і с і. Ол принц­ тің панталоны, қаттырақ тарт!

Тахауи Ахтанов Аппақов қатар қапшықтай кең бір пәлені кием деп, ішіне түсіп кетті. – Ай, мынауың қолпылдаған не пәле? – Ол шахиншахтың шалбары. Фасоны солай! – Әй, сен маған әйелдің көйлегін бергенбісің? – деп бір жақтан Соқпақов айқайлады. – Қайдағы әйел, ол жапон императорының кимоносы. Т о қ п а қ ов. Сен бізді мазақ қып тұрмысың. Бұл не пәле? А п п а қ о в. Иә, мынауың масқара ғой. К ө м е к ш і. Түк масқарасы жоқ. Шефтің әмірі солай. Өз құлақтарыңмен естідіңдер ғой. Бұл режиссердің замыслы. Т о қ п а қ о в. Иә, современный костюм бер. К ө м е к ш і. Современный костюмді мен қайдан алам сендерге. Бұл театрда современный оперетта қойылып па еді? Жалғыз спектакльдің костюмы, әне, актерлердің үстінде. А п п а қ о в. Жоқ, біз бұлай шыға алмаймыз. Т о қ п а қ о в. Біздің жұртқа күлкі болар жайымыз жоқ. К ө м е к ш і. Ендеше жалаңаш шығыңдар. Әне, спектакль бітіп қалды. Жұрт қол шапалақтап жатыр. Тез, тез!..

Повестер, әңгімелер, мақалалар * Сахна. Спектакль біткен. Артистердің бәрі авансценада. Көрермендер орындарынан тік тұрып аямай қол соғады. Сахнадағы артистер де мәз, бұлар да алақандарын аяйтын емес. Көпшілік «Ас-қаров! Ас-қаров! Тамаша-ша! Браво!» – деп айқайлайды. Режиссер Асқаровтың қолын қайта-қайта көтеріп, алға аттап қоразданып бас иеді. Бұған ілесе «Автор! Автор!» деген айқай шығады. «Ап-пақов! Ап-пақов! Тоқ-пақов! Тоқ-пақов!» деп бүкіл зал күмп-күмп етеді. Осы кезде сахнаға шахиншахша киінген Аппақов, XVIII ғасырдың принцінше киінген Тоқпақов, жапон императорынша киінген Соқпақов шығады. Бүкіл зал да күледі. Режиссер де, актерлер де аң-таң. Сәлден кейін режиссер есін жиып, әрқайсының атын жеке атап залға таныстырады. Зал әрқайсының атын естіген сайын қыран-топан болады. Қол шапалақтайды. Залдың алдыңғы қатарында Балзия. Көппен бірге мәз болып, кішкентай алақанын ойылғанша соғады. Аппақовтың көзі соған түсті. Өңі жылып қоя берді. Аппақов қол көтерді. Залдағы шу саябырлап барып басылды. Өзі қысылып сөз бастады. – Жолдастар. Достар... Жаңадан оперет-

Тахауи Ахтанов та жазбақ ойымыз бар. Оны сіздерге ұнайтын, қызық етіп жазғымыз келеді. – Иә, қызық опереттаны енді жазамыз, – деп қояды түксиген қабағы жазылмайтын Тоқпақов. – Біз бүгін тамаша әнші таптық, – деді Аппақов. – Келер жолы жаңа опереттамен бірге тағы бір жаңа әншіні көресіздер.

Повестер, әңгімелер, мақалалар АЛҒАШҚЫ ӘН Композитор Серәлі кішкене үйдің есігінің алдында керіліп, бой жазып аз тұрды. Бір епті жылтыр қара жігіт, оның қай жақтан шыға келгенін Серәлі байқамай да қалды, «ассаллаумағалайкүм» деп сәлем беріп, «осыны сізге беpiп жіберіп еді» деді де қолына бүктеулі кішкене қағазды ұстата салды. Серәлі қағазды ашып көз жүгіртіп өтті. «Бүгін қолыңыз тисе, біздің үйден дәм татсаңыз. Күн демалыс қой. Гауһар». Төменіректе: «Ұмытып қалған жоқсыз ба? Алыста жүргенде ұмытсаңыз да, осында келгенде есіңізге түскен шығар» деген ойнақы сөз тұр. «Fayhap. Гауһар... Ия, иә... Ол осында еді-ау». Серәлі қағаздан басын көтеріп алғанда жаңағы қара жігіт ғайып болды.

Тахауи Ахтанов Көптен дағды алған әдеті бойынша Серәлінің ертеңгілік бой жазып, біраз жүріп қайтқысы келді. Бұл қонған үй селоның шетінде еді. Алдында еңкейіп барып кішкене өзенге тірелетін жусанды жазық. Ертеңгі күннің қиғаш сәулесі өзеннің арғы бетіндегі бозды адырды қызғылт-сарғыш шұғыласына малып, балғын жұмсақ рең беріп тұр. Арғы жарқабақтағы бұйра боз желмен ырғалып, күмістей жылтырап құбылып келіп өзенге құлар жерде қою әдемі көлеңкеге тіреледі. Серәлі туған жеріне қажып келді. Оны арытқан жол азабы емес-ті. Ой-шұқыры көп жолда машина, арба соғып сүйегі сыр­қырап қалғаны рас, бірақ осында келгелі екі-үш күннен бері ол басылды. Қайта бойы жеңілдеп, сергіп қалғандай да болды. Сонау жылдары бір әнінен екінші әні артық мақталып, сүрінбей өрлеп бара жатқан композитор соңғы екі-үш жылда тоқырап қалды. Сонда да сол баяғы екпінімен мұны біраз уақыт қошамет үстіне қошаметтей берді. Сол кезде қатты шыққан мақтау шуының жаңғырығы да бәсеңдеп келіп осы соңғы жылы басылды. Төңірегінен ел көшіп кеткендей болғанына ызаланып жұртты таңырқатар музыка жазып тастамаққа қимылдап көріп еді, бірақ көкірегіндегі күй

Повестер, әңгімелер, мақалалар көзі бітеліп қалғандай еш нәрсе шықпады. Ескі машықты сарынға қайтып орала берді. Оның үстіне өзі көп жыл істеген кеңсесі де қонақтар ұзақ отырып қалып ауасы тарылған бөлмедей көріне бастады. Соңғы жазғандарын жыртып тастады да, елге жүріп кетті. Өзеннің суы тайыз болғанмен жағасы тік. Серәлі өзенді бойлап жайпауыт жерін тапты. Көйлегін шешіп, белуардан жуынып алмақ болды. Енді байқады, манағы жігіт әкелген хат әлі қолында екен. Композитор қағазға тағы да көз жүгіртіп өтті. «Гауһар менен үш жас кіші еді-ау. Қазір ғой отызда,– деп, ойлады ол.– Күйеуі, бала-шағасы болар. Кімге тиді екен? Әрине, осы ауданның бір қызметкері. Қартайды ма екен?– Серәлі еріксіз өз самайын сипап қойды.– Ия, көп уақыт өтті. Барсам ба екен? Жоқ, өткенді ұмыт болғанды еске салып қайтем. Оның үстіне күйеуі отырса, менің жағдайым онша жұрт қызығарлықтай болмас»,– деп түйді ол ақыры. Көп уақыт өтті. Ол кезде Серәлі осы аудан орталығындағы мектептің оныншы класында оқитын. Көңілі қуанышқа толы, алаңсыз жастық шағы еді. Бұл өмірде математика нәнінен басқа бөгет жоқ сияқты көрінді оған. Мектептегі тек құрбыларының

Тахауи Ахтанов алдында жүрді. Он алты-он жеті жас – балалық пен жігіттіктің аралығы. Жас жігіттің қызға қырындауы осы бір шақта басталады. Бұл кезде бала жігіт шын көңіл сүйерін өз жүрегімен таңдап ала да бермейді. Көбіне жұрт көзіне іліккен, жұрт мақтаған қызға елігеді. Өзінше жігіттік бәсекесіне түседі. Кинода қатар отырса, мектептен үйіне дейін шығарып салса, бірге отырып емтиханға дайындалса, не болмаса сол қыз сылтауратып өзінен кітап сұрағыш болса – одан артық жеңіс, одан артық мақтаныш болмайды жас адамға. Ол кездегі махаббат шамшыл да болады. Егер бір бала «сен соны жақсы көресің» десе, нағыз намысқа тиер ауыр сөз сол. Жасынан-ақ құлағы сақ, ән-күйге алғыр Серәлі мектептің ойын-сауық үйірмесін басқарды. Жүрген жері думан болатын. Бір күні балалар жиналып серуенге шықты. Қазір алдында жатқан өзеннің төменгі жағындағы ілгерілі-кейінді орналасқан үш шоқының түбіне барды. Дағдысынан жаңылғандай сол жолы Серәлі көңілсіз болды. Жұрттан оқшауланып шоқының баурайын кезіп ұзақ жүрді. Өзеннің арғы бетіндегі тұнып қалған толқындай жоталанып жатқап адырларға көз жіберіп, алыстағы мұнардай көңілін белгісіз бір

Повестер, әңгімелер, мақалалар толқымалы сезім билеп біраз тұрды. Ол балалықпен қош айтысардағы қимастығы ма, әлде көкірегінде жаңа ояна бастаған күйдің үнсіз толқуы, ішкі тебіренуі ме,– ол арасын Серәлі білмеді. Тек туған жердің сәске нұрына малынған тамаша көрінісін жай сезіміне бөлеп көкірегіне сіңіріп алғысы келіп ұйып тұра берді. Кенет... Сыңғыр­ лап аққан бұлақтай әсем күлкі еркін төгілді. Дала қызының назы бар тартымды жұмсақ, кәусар күлкісі. Серәлі қыз үнінің әрбір әсем құбылысын қапысыз жаттады. Оған қапелімде жасынан құлағына сіңген, осы ерке үн осынау төскейден, даланың тыныс алғысы келгенде бір толқып қалған кеудесінен шыққандай көрінді. Осы даланың қойнауы мен адырын талай желпіген шырайлы үн ғой бұл. Өзімен бірге оқитын Гүлжан дейтін денелі, толықша сары қыз. Екіншісі... Серәлі енді байқап қайран болды. Бұрын көріп жүріп не қып аңғармаған. Тасада өскен гүлдей құлпырып шыға келіпті. Алдында мөлдіреген бота көзді, ақ құба талдырмаш қыз тұр. Жаңағы күлкі осы Гауһардікі екенін анық білді. Гауһар аз уақыт жанары дөңгеленіп, көзшарасы тереңдеп, Серәлінің бетіне қадала қарап қалды. Кенет жұқа ерніндегі күлкі нұры тез өшіп, ақша бетіне лып етіп қан жүгірді. Көзін тайдырып әкетті.

Тахауи Ахтанов Серәлінің Гауһарға қадала қарағанын ұнатпаған Гүлжан, қағытып сөз бастады. – Немене, ұйықтап тұрсың ба, өзің? – Жоқ, жай, далаға қарап тұрмын,– деді әлі де қиялынан арыла алмай өз ойы­ мен әлек болып тұрған Серәлі. – Далада не қызық болып жатыр екен?–деп Гүлжан қағыта түсті. Серәлі жауап бермеді. Содан кейін Серәлінің Гауһарды көруге ынтығы арта берді. Переменде ыңғайын тауып сегізінші кластың маңын сағалайтын болды. Әрі-беріден соң сегізінші кластың кейбір балаларымен дос болып алды. Бірақ осында көп келгенімді біреу сезіп қоя ма деп қуыстанып та жүрді. Гауһармен бір класта, тіпті бір партада отыратын балаларды көріп, неге екі класс төмен оқымадым екен деп өкінген кезі де болды. Бір күні батылы барып, поштаға заказной хат салатын едім деп Гауһарды үйіне дейін шығарып салды. Бірақ жол бойы аузына сөз түспеді, «біреу-­ міреу көріп қойды ма»–деп жан-жағына жалтақтап қарай берді. Қоштас­қаннан кейін «Гауһар ғой менің әдейі еріп келгенімді біліп қалды-ау»–деп қуыстанып, қатты ұялды. Көп күн толғанып, ыңылдап, домбыра тартып жүріп, алғашқы рет ән шығарды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Арналды ажар-көркім, нұрым саған, Кернеген көкіректі жырым саған. Арнадым оттай ыстық жүрегімді, Таңдаған көп ішінен, күнім, саған. Өлеңі сияқты әні де олақтау болатын. Бірақ бұл ән ырғақ байлығымен, құбылмалы әуенімен артылмаса да, алғашқы жүрек дірілі сияқты ыстық ынтығымен тебірендіретін. Жас жүректің тереңінен ақырын шымырлап шығып, бірте-бірте шыңырап көтерілетін биік ән. Осы әнді арнаған адамына айтып бере алмай, оқшауланып, оңашада домбыраға қосып талай толғанды. Сөйтіп жүргенде оныншы кластың оқуы да бітті. Каникул кезінде де бір-екі оқталып көңіліндегі сырын айта алмай, кейінге қалдырып жүргенде жоғары оқуға қалаға жүретін уақыт келіп қалды. Екі күндей торуылдап, жүретін күні ғана Гауһарға жолықты. Амандық сұрасқасын: – Гауһар, мен орталыққа оқуға жүргелі жатырмын,– деді Серәлі. Гауһар оның сөзін ұқпағандай аз аңырып барып тіл қатты: – Оқуға?.. Қашан жүресің? – Бүгін жүремін. Гауһар үндемей төмен қарады. Серәлі

Тахауи Ахтанов де көмейіне тірелген сөзін айта алмай қысылып қалды. Тек біраздан кейін бойын билеп басын көтеріп алып: – Ал, енді қош болып тұр, Гауһар,– деді еріксіз жымиып. – Қош болыңыз,– деді Гауһар ақырын ғана. Басын жайымен көтеріп, көзі дөңгеленіп Серәлінің бетіне қарады. Қыз даусының дірілі, алғашқы рет «сіз» деуі Серәліге де біраз сырды ұқтырса керек,– үйіне әндетіп қайтты. Келесі жылы Серәлі емтиханын мерзімінен бір ай бұрын өткізіп, елге ерте келді. Балалық ұялшақтықтан арылып, қалалы жерде көпті көріп, ысылып қайтты. Енді бұрынғыдай емес, Гауһарды биге, киноға шақырып, үйіне еркін шығарып салатын болды. Бір күні кеште екеуі оқшау шығып, Гауһарға көптен айта алмай жүрген әнін айтып берді. Гауһар да әнді ұнатып, ыңылдап қосылып, лезде-ақ қағып алды. Қыздың даусымен айтқанда ән тіпті әсем шықты. Серәлі сырттан тыңдап өз әніне өзі сүйсінді. Осы ән арқылы Гауһар да бұған жан сезімін, ыстық ынтығын айтып тұрғандай көрінді. – Серәлі, әніңіз жақсы екен,– деді Гау­ һар күліп. Бірақ оның осы бір әсем, ерке күлкісінен кекесін емес, шын сүйсінгені

Повестер, әңгімелер, мақалалар анық есіп тұр. Осы сәтте Серәлі өзін билей алмады, қара суға күмп бергендей, көзін жұмып, ойындағысын айтып салды. – Гауһар мен сені жақсы көрем... Сені сүйемін...– деді даусы дірілдеп.– Мен осы әнді саған арнадым. Былтыр шығарып едім. Тек айта алмай жүріп едім. Бұл ән сенікі... Арада соғыстың төрт жылы өтті. Гауһар майданда жүрген Серәліге үзбей хат жазып тұрды. Қыз хатының сыпайы, сараң сөздеріне бұрын қысылып айта алмаған шын ықыласы, ажалмен үзеңгілес жүрген алыстағы досына тілектес, қамқорлығы түгел сыятын. Сағынышын да жасырмайтын. Кейде Серәліден хат сиреп келсе де, «соғыс­тағы адам, қолы тимейтін шығар, әлде қауіп-қатері жақын жерде ғой» – деп шошынып, Гауһар өз хатын үзбейтін. Серәлі әскерден қырық бесінші жылдың күзінде оралды. Облыстық қаладан жәшік тиеген жүк машинасына ілесіп үйіне кешке қарай жетті. Ауылдық жерде хабар тез тарайды ғой, лезде Серәлінің ағасының үйіне ауданның қызметкерлері жиналып қалды. Шай үстінде Серәлінің кішкене інісі Шаймұрат ағасының мойнына асылған болыл, «далада Гауһар апай келіп тұр» – деп сыбыр­лады. Серәлі есік алдында ешкімді көре алмай үйді айнала беріп бұрышта

Тахауи Ахтанов тұрған Гауһарды көрді. Үстіне жеңіл сұр пальто киген, басына орамал тартқан, қара көлеңкеде ақ құба өңіндегі үлкен көзі ғана ашық көрінеді. Серәлі Гауһарды құшақтай алды. Гау­ һар «Серәлі» дегеннен артық сөз айта алмай бетін оның иығына басты. Гауһарды өзіне қаратып сүйгенде байқады, қыздың көзінде жас мөлтілдеп тұр екен. – Сағындың ба, сәулем? Неге жылайсың? – Сағындым. Неге сағынбайын. Қуан­ ғаннан көзімнен жас шығып кетіпті ғой,– деді Гауһар тез жасын сүртпестен. Біраздан кейін Серәлі Гауһарды үйге шақырып еді, ол бармады. – Үйіңде кілең үлкендер отыр. Ыңғайсыз болар,– деп ұялды Гауһар.– Сені бүгін олар сағынған жастарға беретін емес қой. – Ендеше үйдің артына отырайық, мен орындық алып шығайын,– деді Серәлі. – Жоқ, жоқ, олар сені іздейді ғой. Қыр­қына шыдағанда біріне шыдармын. Үйде соңғы жіберген суретің бар, соған қарап жатармын. Ертең күндіз мектепке кел. Өзің оқыған мектебіңді де сағынған шығарсың. Мені мұғалімдер бөлмесінде күт,– деп Гауһар қош айтысты. Кетіп бара жатып, қайрыла беріп:– Сенің әніңді мен ұмытқан жоқпын. Ертең өзіңе айтып беремін,– деді.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Екі айдан кейін Серәлі консерваторияға жүрмек болды. Соғыста жүріп шығарған төрт-бес әні жақсы қабылданыпты. – Үй болып қалсақ оқуың қиын болар. Талабыңнан қайтпа. Сенің талантыңа, үлкен композитор болатыныңа сенемін. Әзір оқуға орналасып байқа, өзгесін кейін көрер­міз,– деді Гауһар. Серәлі консерваторияға келді. Ол жай қатардағы студент болып қойған жоқ, жас композитор атанды. Оқумен бірге оған заказ да көбейді. Мақтаушылар да тартына қойған жоқ. Жұмыс көбейген сайын Гау­ һарға жазған хаты сирей берді. Оның үстіне жаңа әсер, жаңа мақсат, іс қызығы билеп әкетті. Таныс жолдастары да көбейді. Жыл асқаннан кейін Серәлі сирек хатының бірінде Гауһарға: «Хатты жиі жаз дейсің, менің өз жұмыстарыма да қолым тимейді»,– деп жазды. Гауһардан: «Ендеше хат жазып уақытыңды алмай-ақ қой»,– деген хат келді. Осылай екеуінің арасы үзіліп кетті. Серәлі өміріндегі сол бір шақты уақыт ірілі-ұсақты көп оқиғасымен, қуаныш, қайғысымен қалың қымтады. Енді ол қарасы үзіліп қыр астында қалған бір көрініс сияқты. Серәлі қолындағы қағазды бүктеп, не істерге білмей аз тұрды да, қалтасына са-

Тахауи Ахтанов лып қойды. Алдақашан өтіп кеткен, ыстығы суыған өмір елестері оны толқытпай, бояуы оңған суреттей көз алдынан сырғып өте шықты. Мөлдір, салқын суға рақаттана бел­ уардан жуынып алып, Серәлі өзенді өрлеп жүре берді. Үйге қайтуға ертеңгі таза ауаны қимады. Бірақ едәуір бойы сергіп қалса да ойы онша сергімеді. Енді Гауһар жайын ығыстырып, соңғы кездегі өз уайымы ойын билеп барады. Елге жүрерден аз күн бұрын түнгі ұзақ жиналыстан Серәлі үйіне қажып кайтты. Мұның соңғы жылдары жазған шығармалары қатты сынға ұшырады. Жұрттың көбісі Серәлінің кейінгі уақытта онсыз да сирек жазылған музыкасынан іліп алар еш нәрсе қалдырмады. Екпіні қатты біреу­лер мұның бұрынғылары да түкке тұрмайды дегенге барды. Диплом қорғағанда бірінші актысы жақсы басталған операсының кейінгі актылары сұйылып кеткені де айтылды. Серәлі басында сынаушылардың сөзіне ыза болып, ашуға булығып, өз жауабын, ызалы өткір сөздерін, ащы мысқылын іштей дайындап отырып еді, біраздан кейін кеудесіндегі ызасы су сепкендей басылып, ауыр қайғыға беріліп, ақыры сөйлемей қалды. Үйіне жүні жығылып, болдырып қайт-

Повестер, әңгімелер, мақалалар ты. Ұйқыда жатқан әйелін оятып алды. Өз қайғысына ортақ етіп сырласқысы келді. – Сендердің жиналыстарың-ақ ұзақ болады. Осы уақытқа дейін не бітірдіңдер,– деді Алмагүл. (Серәлінің әйелінің аты осылай еді). – Біздің қауым әнге жүйрік болғанмен тілге шорқақтау ғой. Жай сөйленді,– деп ащы мырс етті Серәлі.– Мені қатты сынады. Түгімді қалдырған жоқ. – Қайсысы сынаған. Өңкей көре алмайтын қызғаншақтар да. – Әрине, артық сөздер де аз айтылған жоқ.– Серәлі мұңайып ойланып қалды.– Бірақ менің өзім... өзіме көңілім сондай олқы. Осы мен сарқылып біткен сияқтымын. – Қойшы әрі, ақыр заман орнатпай. Одан да жат та ұйықта,– деп кейіді Алмагүл. Серәлі жалғас бөлмеге барып пианиноға отырды. Кейде көңілі жабыққанда музыка тартатын әдеті барды. Бірақ қайдағы бір іш пыстырар, мезі ырғақтар түсе берді сау­ сағының астына. Осы сәттегі көңіл күйі­ мен үндес келер деп Бетховеннің атақты аппасионатасын (сон. №2, онус 2) тартпақ болды. Қапелімде нотасы табыла қоймады. Серәлі жатқа ойнай бастады. Бірақ бас

Тахауи Ахтанов жағын дұрыс алып келе жатқанда, жаңағы мезі еткен, оңбаған сарын арасына кіріп кетіп берекесін қашыра берді. Есіктен Алмагүлдің ұйқылы ояу ашулы жүзі көрінді. – Ау, сен жұртқа ұйқы берсейші. Бір ғажабы Серәлі тіпті ашуланған жоқ. Пианиноның қақпағын жапты да, қозғалмай отыра берді. Енді оның есіне жиналыс­ тан шығып келе жатқанда өзі үлкен қадір тұтатын ақбас композитордың айтқан сөзі түсті. «Әркімде осындай бір хал бола береді, қарағым, осы далаға шығып серпіліп қайтшы»,– деп еді ол. Мінеки Серәлі далаға,– туған жеріне келді. Алдында ертеңгі шұғылаға малынып, өзі өскен үлкен село жатыр. Бұл кеткелі село көп өзгермепті. Қайта үлкен қалаларға көзі үйренген адамға бұрынғы үйлер аласарып, аумағы кішірейіп кеткен тәрізді. Анау орталықта тұрған қызыл қаңылтыр төбелі мығым ақ үй – клуб. Ауылдан алғаш келген бала кезінде осы үй Серәліге зәулім көрінген. Енді байқаса шағын ғана жалғыз қабат үй. Үлкен шулы қаладан кейін село жым-жырт ұйқыда жатқандай көрінеді. Серәлі туған жеріне келді. Бірақ көңілінде күй оянған жоқ. Сылдырлап аққан өзен, ертеңгі самалмен ырғалған құрғақ жусан,

Повестер, әңгімелер, мақалалар сонау алыс көкжиекте еміс гүрілдеген тракторлар, шексіз дала, биік аспан көңіліне үнсіз күй құйып, қозғалған қалың бұлттай ырғалып, осылардың арасынан барып ұтымды ырғақ, әсем сарын туатын. Серәлі ұйып тербеле тұрып, екі қолын созып ырғақ машығымен қозғап, ыңылдап жаңа әуенді жаттап, шыңдай түсетін. Осылай біраз булығып жүріп келіп пианиноға отыратын. Бірақ қазір екі құлағы тас бітеліп қалғандай табиғаттың ешбір дыбысын естімеді. Кейде, ұшып келіп мергеннің алдына қонатын үйректей төтеннен бір әуен сап ете қалушы еді, содан жақсы музыка туып кететін. Енді о да жоқ. Ән жүректен туатын еді – бірақ жүрегі түтігінен салқын қанды ақырын өткізіп, тып-тыныш тоңазып жатқан сияқты. «Бұл қалай? Маған не болған?– деп шошынды Серәлі.– Жас композитор деген атақтан құтылмай жатып-ақ, таусылғаным ба?». Серәлі қайтып оралғанда манағы қара жігіт есік алдын торуылдап жүр екен. «Аһ, Гауһар шақырған еді-ау,– деді ішінен Серәлі, ауыр орнынан серпіліп. – Бармаймын десем ұят-ау. Бірақ ең тынышы бармау болар». Осы кезде дағдарып қалған Серәліге, бұрынғы мектептес досы, қазір осындағы

Тахауи Ахтанов райпотребсоюздың бастығы Жолтай қол ұшын берді. Ол анадайдан-ақ ұмтылып, Серәлінің қолын қатты қысып, дабырлап амандық сұрасты. Оның еркін қимылы, даңғырлаған дөкірлеу даусы, сөз саптасы «сен Алматыда жүрсең, мен де осы ауданның бір мықтысымын» деп тұрғандай. – Ал, қазір біздің үйге жүр. Облыстан кеше кеште ғана келдім. Сен келеді деп үйге ауданның белді азаматтарының бәрін жинап отырмын. Сені шақыруға кісі жұмсамай, әдейі өзім келдім,– деп Жолтай әй-шәйге қаратар емес. Осы кезде сыпайылық сақтаймын деп ұтылып қалған қара жігіт: – О кісіні бұрын шақырып қойған жер бар еді,– деп араға түсті. – Шақырған адам күте тұрар, қазір біздің үйге барады,– деп кесіп тастады Жолтай. – Ендеше сіздің үйден шыққасын келеді деп барайын,– деді де, Серәлінің келісімін сұрамастан қара жігіт тайып тұрды. Жолтайдың үйіне жиналған қонақтардың кейбіреулері Серәлімен мектепте бірге оқыған, не бала кезінде осы ауданда көріп жүрген ескі таныстары екен. Бәрі шуылдасып амандасты. Стол басына отыры-

Повестер, әңгімелер, мақалалар сымен әңгіме де қызып кетті. Серәлі Алматы жөніндегі, музыка жөніндегі әңгімелерді қақпайлап ысырып, өзі аз сөйлеп, аудан жөнін көбірек сұрағысы келді. Жолтайдың әйелі қонақтардың алдына шай әкелгенде, есік жақтан «рұқсат па?» деген әйел даусы естілді. Серәлі елең ете қалды. «Апырым-ай, мынау тіпті таныс дауыс қой» Жолтайдың әйелі орнынан ұшып тұрып: – Ә, Гауһар, кел, кел. Жоғары шық, неге кешіктің?– деп жалпылдады. Гауһар ақырын басып қонақтардың қасына келді. – Алдымен алыстан келген қонақпен амандасалық. Өзгелері ауыл адамдары көрінеді,– деді Гауһар жымиып. Серәлі Гауһардың жүзін, тұлғасын тез шолып өтті. Баяғы талдырмаш денесінің суреті көп өзгермесе де, тұлғасы сәл толысып, қатайыпты. Қызыл шырайлы жүзінің қаны тартылып, үлбіреген өңі есейіп, көз жанарындағы болар-болмас әсем мұнар сейіліп көзқарасы тереңдеп өткірлене түскен. Жымия күлгенде езуінде қайғы ізі – екі сызық көрінді. Серәлі амандасқанда аңғарды – Гауһардың биязы қолы бұрынғыдай емес қатты, шымыр, қолын босатар кезде саусақтары дір ете қалғандай болды.

Тахауи Ахтанов Жұрттың көбісі Гауһармен жылы амандасып, ықылас білдіріп жатыр. «Гауһар, амансың ба?», «Үй ішің аман ба?», «Кішкентайың жігіт болды ма?» деген сөздер естіледі. Әрқайсысы Гауһардың қолын алғанда өңдері жылып, езу тартады. «Бұлар Гауһарды шынында да қатты сыйлай ма екен, әлде екеуміздің арамызды біліп әдейі қошамет етіп жатыр ма екен?»–деп ойлады Серәлі. Әңгіме қайтадан арнасына түсті. Серәлі сөзге сараң араласып, тартыншақтай берді. Арнаулы сұраққа аз сөзбен жауап қайырып, сөз тізгінін Жолтайдың өзіне ұстатты. Гауһар Серәліге қарсы, қиғаштау отыр. Оқта-текте бұрылып Серәліге қысқа тіл қатысып, көбіне қарсы отырған оқу бөлімінің бастығымен сөйлеседі. Гауһардың үстінде мода бәсекесінен аулақ, бірақ сыпайы тігілген қоңыр жакет. Шашын ортасынан қақ айырып, бұрымын желкесіне түйген. Дөңес­теу маңдайынан қиғаш түскен қара шашы жұқа аққұба өңін айқындай түседі. Бір кезде осы шаш толқынданып еркін төгілетін. Осы әйелдің қарапайым киімі, жұпыны шаш тарасы қатқыл өңіне, ұстамды түріне жарасып тұрған сияқты. Гауһардың кірпік астынан көз тас­ тап, өзін бақылап отырғанын сезіп қалды

Повестер, әңгімелер, мақалалар Серәлі. Кенет әлденеден өзін осы әйелдің алдында айыптысынып, Гауһардың көзіне тура қарауға қаймықты. Енді Жолтайдың бір оңбаған қу дүкеншіні қалай әшкерелегені туралы әңгімесіне ден қойып, бетін солай бұрды. Бірақ ауық-ауық көзі ырқына көнбей Гауһарға түсе берді. Бір құлағы Жолтайда болғанмен, бір құлағы Гауһар дау­сының музыкасын қапысыз тыңдайды. – Гауһар, мен сізді енді командировкаға жібереді екен деп ойламаңыз,–деді қарсы отырған оқу бөлімінің бастығы.– Мен Гауһарды тәжірибелі мұғалима ғой, көмегі тиер деп Қайыңдының мектебіне жіберсем,– оқу бөлімінің бастығы шағым айтып көршісіне бұрылды.– Райкомның бюросында өзімді сілейтті. Құдды прокурор дерсің. Әй, қара терге түсірді-ау мені. – Ә, тырнағым батып кетті ме?– Гау­ һар сыңғырлап күліп жіберді. Серәлінің бүкіл тұла бойы дір ете қалды. Ұшқын шашқан ойнақы ерке күлкі – сонау бір алыстап қалған жастық, ыстық шағын көз алдына қайтып әкеліп, мүлги бастаған көңілін шайдай ашты. Серәлі столға шынтағын тіреген күйі, төмен қарап, қозғалмай отырып қалды. Самайына лыпылдап қан жүгіріп, жүрегі лүп-лүп соғады. Бір кезде уыз жүрегін оятқан назды ерке үн, мұның

Тахауи Ахтанов иірімдегі қара судай тұнып жатқан көңіліне тас тастағандай толқытып, тебірентіп жіберді. Серәлінің өңіндегі құбылысты Гауһар ғана танып, аса бір жылы, мұңды мейіріммен қарады. Серәлі Гауһардың көзқарасын ұстап алды. Көңілінің қатты жүдеу шағында анасы дәл осылай қараушы еді. Кінәлауы жоқ, өкініші мен жанашыры мол көзқарас. Серәлі «басым ауырдыны» сылтауратып сыртқа шықты. Кенет тыңнан сыр ашқандай болды. Бұрын Гауһар екеуінің арасы мұны көп ойландырмаған. «Хат жазба деген өзі ғой» дей салып еді. Енді білді, онысы өз кінәсін жазықсыз жанға аудару екен. Серәлі Гауһарды тез ұмытты. Оның ойын атақ, даңқ творчество қуанышы билеп кетті. Ойланатын уақыты да болған жоқ. Гауһарды ешкім есіне салған жоқ. Ал, Гауһар ше? Талай түндер үнсіз жылап, өз қайғысын өзгеге білдірмес үшін қанша алысты екен. Со бір жылдары жерден жеті қоян тапқандай жас композитордың әндерін радиодан күнде беруші еді. Үйіне келсе радио, мектепке барса оқушылары айтып, мұның әні Гауһар құлағын талай қақсатты ғой. Өзі ұмытқан адамды әні қуып азапқа салды-ау.

Повестер, әңгімелер, мақалалар «Серәлі Мұратовтың әндерін береміз» дегенде қолы дірілдеп радионы өшіріп тас­ тады ма екен? Жоқ. Оңаша бөлменің есігін қымтап жастығына иек артып, көз жасы моншақтап домалап тыңдады ғой. Аса қадірлі, қымбатты қазынадан айрылғанын жаңа сезгендей Серәлі көңілі ойсырап барады. Серәлі өз ойымен әлек болып, ақырын аяңдап келеді. Толқып кеткен көңілін енді үн, әуен дүниесі жайлап барады. Тұтасқан қалың бұлттай ырғалып үнсіз бір күй тербейді көкірегін. Оның әзірге ырғақ, машығы, нақышты бейнесі жоқ, тек тебіренген толқуы ғана бар. Сол күй булығып, түйіліп келгенде, ойда жоқта ерке күлкі күнге шағылған күмістей жылтырап, шыңырап көтеріледі. Серәлі алқынып дем алды. Енді кеудесін селдей кернеп кеткен, күй толқыны – бәсең тартып, байсалды әуенге, ойлы сарынға ауысты. Бірте-бірте төмендеп, тереңдей түсті. Осы кезде дүниеде адам жанының асыл қазынасы, әсем көрінісі, қуанышы бар екенін паш еткендей – тағы да ерке күлкі естілді. Бұл әлі бейнеге түскен музыка емес-ті, бірақ осындайдан кейін музыка туатын. Серәлі ақырын аяңдап отырып өзен жағасына келіп қалыпты. Ол ұсақ тасты сүйіп жүгіріп аққан суға ойсыз көз жіберіп

Тахауи Ахтанов аз тұрды. Кенет тәтті сыры бар үнді майда күлкі құлағына жеткендей болды. «Өзен күледі екен ғой»,– деп таңданды Серәлі бейне жаңа дүние ашқандай. Арт жақтан Гауһардың даусы естілді. Уәделесіп қойған адамдай Серәлі оның келгеніне таңырқаған жоқ. – Анау төбенің баурайында баяғыда бір ойланып тұрғаныңды көріп едім. Содан бері ойшыл болып кеткенсің бе? Тағы да ойға шомып тұрсың ғой. Гауһар сөзінің соңын жұтып, үнсіз қалды. Серәлі бұрылғанда көз астындағы моншақтай екі тамшы жас күнге шағылып жылт етті. Ол ұмтылып Гауһардың қолынан ұстай алып, қатты қысты. – Мен ойшыл болғаным жоқ, Гауһар,– деді Серәлі аптығып.– Жоқ, сен мені кешіресің бе, Гауһар? – Мен сол кезде-ақ кешкемін, Серім,– деді Гауһар мұңайып. Серәлі Гауһардың қолын уысынан босатқан жоқ, әйел де қолын босатып алуға асықпады. – Рақмет саған, Гауһар. Айтарым рақмет қана. Бұдан он бес жыл бұрын жас жүректің алғашқы лебізі ән болып шығып, күй аспанына қанат қаққан балған талант осы ара-

Повестер, әңгімелер, мақалалар дан ұшып еді. Енді адам тағдырына, дүние сырына тереңірек бойлайтын ер жеткен, есейген ойлы шағы басталмақ шығар, кім біледі. Серәлі қатты ойланып қалды. Кімге болса да ойланған жақсы ғой.

Тахауи Ахтанов ҚЫЗҒАНЫШ Кісінің өзіне-өзі жексұрын көрінетін кезі болады ғой. Ондайда адам астаудан жеріген аттай пысқырынып, өзінен-өзі жиіркеніп, тыжырына береді. Ондай кезде еш нәрсені көргісі келмей, көзін тас жұмып алатындар да бар. Суретші Жұмабек Құлжанов қазір дәл осындай кісі қызықпайтын күйде. Тау қойнауының көгілдір ауасы қатықтай іркілдеп тұрған, толысып піскен келісті көктем, өзі айтатын, құбылып төгілген бояулар симфониясымен қанша еліктіріп шақырса да тысқа шықпай, тар бөлменің бір бұрышына тығылып, арзанқол креслоның жақтауына шынтағын тipeп, екі бетін қос қолдап қысып алған. Алақанын бет сүйегіне тіреп, екі ұртын сыға түседі. Аса бір көңілсіз, жүдеу кескінмен бояулар

Повестер, әңгімелер, мақалалар шашылып жатқан бұрышқа қадалған. Әлденеден жиіркенгендей ытырынып, еш нәрсені көрмей мөлиіп отырды да, бір кезде «туһ» деп желке жағы жұқаланып өскен толқынды шашын сілкіп қалды. Оқыс қимыл сергітіп тастағандай: «Meн осы сондай-ақ не бүлдірдім? Талай оғаш мінездерім болып еді, бірақ осынша қиналмаушы едім ғой» деп ойлады. Шынында да бұрын едәуір «сілтеп» жүрген кезінде кей кештерде сабасынан шығып оғаш мінез, дөкір қылықтар көрсетіп алатын. Ертеңгісін тұрып, өзінің кешегісін ойлағанда ішін ит тырнағандай қиналып, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздайтын. Бірақ зырқылдап ауырған басы жазылғанда, сол ұялған сезімінен айығып жүре беретін. Енді мінекей, ішпей, жемей... Екі бетті дуылдатып, өртеп бара жатқан ұятың болып, кірерге тесік таппасаң бір сәрі екен... өзіңнен өзіңді ит тиген сүттей жирендіретін мына бір ішті жайлап бара жатқан жылымшы сезім... Бәрінен де осы жаман екен. Бір аунағанда-ақ ұйқы-тұйқысы шық­ қан төсек үстінде майлы бояумен сурет салған холст жатқан. Жұмабек бойын басқан ойдан арылғысы келіп, сілкініп орнынан тұрды да, суретке төнді. Картинаның жоғарғы жағындағы, дәл кеше ғана:

Тахауи Ахтанов «Ә-ә... Ұстадым-ау» деп өзі сүйсінген бір нақышы – жаңа шыққан күнмен жарқырап ашылған көгілдір терең аспан бейнесі, терезеден көлденең түскен сәуледен бе, бояулары баттасып, шіріген шалшық судай жылтырап кетіпті. Суретші холсты қабырғаға сүйеп, сәулеге дұрыстап қойғысы кеп еңкейе бергенде, мұның салған суретін ұнатыңқырамай, кішкене көзінің құйрығында күлкі ұшқыны жылтырап қадала қараған Ермек кескіні көз алдында тұра қалды. Ермек үнсіз үңіле түскен сайын, Жұмабектің ішіндегі жыны қозып, ызаға булығып, сұлу жүзі дуылдай бастайтын. Қазір алыста жүрсе де Жұмабекті аруағы басып, берекесін алып, діңкесін құртып отыр. Жұмабек басын көтеріп алып суретке қайта қарағанда ұялы үлкен көзді, жұқа өңді қара торы қыз көзіне шоқтай басылып, көңілі жылып қоя берді. Бірақ ұзағырақ қараған сайын қыз алыстап бара жатқандай бір сәт елп еткен көңілі басылып, бойын өкініш биледі. Кенет дік-дік етіп жиі басқан қыз қадамының дыбысы құлаққа келіп, елең ете қалды. Дәл соның аяқ басуы. Ұзын коридордың арғы шетінен келе жатыр. Жұмабек есікке қарай ұмсына түсіп, тұра қалды. Бірақ күндегідей есік ашылмады. Жұмабек жұртта қалып қойған

Повестер, әңгімелер, мақалалар адамдай жалғызсырап, бейне үміттен алыстап бара жатқан қыз қадамының үніне құлақ тосады. Бұдан жиырма шақты күн бұрын Жұмабек осы тау бөктеріндегі қолдан қашағандай кішкене жазыққа салынған санаторийге келді. Мұнда әсіресе көктем кезінде кісі көп болады екен, танысқа таныс жалғап путевканы да әрең алған. Түпкі ойы тынығу болса да, ермек ете жүрмекке бір-екі таза холст пен бітпей жатқан автопортретін ала келді. «Мен қарап жатпаймын, сурет сала жүретін едім»,– деп бас дәрігерден шағын жеке бөлме де сұрап алды. Сөйтіп ертеңгі таза ауамен таксиді өрге қарай ызғытып Жұмакең сәске болмай-ақ келген сапарының сәті түсіп, шаңқан боз, таза бөлмеге сүйсіне қарап, алақанын ысқылап тұрды. «Терезесі күн жақта болғаны қандай жақсы» деп ойлап, көңілі бұрынғыдан бетер жадырай түсті. Әлі бояу түспеген холстарын бұрышқа тастай берді, тек бітпеген автопортретін сүйеп қойды. Содан кейін чемоданын ашып, бояуларын да сол бұрышқа салдырлатып төге салды. Өзіне-өзі «енді дұрыс болды» деп күбірлеп, креслоға отыр­ды. Осы кезде ақырын тықылдап есік қағылды. Жұмабек «шертуің нәзік, сірә, қыз саусағы боларсың» деп үміттенді.

Тахауи Ахтанов – Кіріңіз,– деді ол даусы жұмсарып, өңі де жылып қоя берді. Есік тез ашылды да, талдырмаш қара торы қыз лып етіп ішке кіріп, әлдекімнен жасырынғандай есікті жып еткізіп жауып алды. Арқасын босағаға тіреп, өткір қара көзімен бөлменің ішін бір шарпып өтті де, Жұмабекке қарады. Ажырая қалған жігіттің көз қарасынан именгендей сәл іркіліп тіл қатты: – Сіз, ауру, бүгін келдіңіз бе? – Иә, жаңағы бір әзірде келдім. Бірақ мен ауру емеспін. Денім сап-сау. Жұмабек баланың мінезін қызықтағандай қыз бетіне жымия қарады. Қыз да айт­ қан сөзінің ерсілеу екенін түсініп күліп жіберді. – Ой, ғафу етіңіз, ағай, осында келген адамды «ауру» деп атап үйреніп кетіппіз. Әйел затына келгенде тілге тиекке жарар сөз болса-ақ Жұмабек жай жібермейтін, енді бірден қалжыңға басты. – Жарайды, бір жолға ғафу етейін. Бірақ екіншілей «ауру» деп атай көрмеңіз, шын ауырып қалып, басыңызға масыл болармын. Сірә, осындағы сестра боларсыз? Солай ма, қарындас? Жұмабек сөйлеп тұрып, қыздың бас-­ аяғын сұғанақ көзбен тінтіп өтті: «Мүсініне

Повестер, әңгімелер, мақалалар болайын, тал бойында мін жоқ. Сол қалыңдау біткен түріңкі ерні үлбіреп тұр. Көзінің жарқылы қандай. Қазақ айтатын құралай көз осы болар. Өңі жұқа, қытай өңділеу ме, қалай... Апыр-ай, өзінің жап-жасын-ай» деп, әлденеге қуана ойлады. – Ия, сестра боламын. Қалай, жайлы орналастыңыз ба? – Келмей жатып қамқоршым табылса жаман орналасушы ма едім. Сіз сияқты жанашырым болса, түбі менің халім жаман болмас,– деді Жұмабек, көз жанарының уытын төгіп, қызға күлімсірей қарап. – Менің қамқорлығым көпке ортақ, сізге дербес тие қояр ма екен,– деп күлді қыз. Содан кейін бұрышта шашылып жатқан дүниеге көзі түсіп, тез өзгеріп:– Ой, мыналарыңыз не... келмей жатып...– деп Жұмабекке кейіс білдірді. – Ай, маған қиыны сіздердің тазалықтарыңыз болар-ау,– деді суретші, қыз ашуына мыңқ етпей. Қыз жерде жатқан бір тюбик бояуды көтеріп алып Жұмабекке бұрылды. Өзіңде әдепкі реніштің ізі қалмаған, бұ жолы қайта оған ізет, құрметпен қарады. – Сіз суретші екенсіз ғой,– деді таңыр­ қағандай. – Ия, аздап сурет салатыным бар,–

Тахауи Ахтанов деді Жұмабек езу тартып. Суретші болғандықтан мына қыздың алдында қадірінің артып кеткеніне көңілі марқая түсті. Қыз бұрыштағы автопортретті көріп: – Мынау сіздің өз суретіңіз бе? Тіпті аумай қалған екен,– деді сурет пен оригиналға кезек қарап. Өзінің өтімділігін байқағаннан кейін Жұмабек енді бұрынғыдан да еркінсіп, теңселе басып, қыздың қасына келіп, қолын созды. – Meн мұнда көп боламын. Сондықтан танысып қоялық. Қыз жылы шыраймен қолын ұсынды. – Менің атым Роза. Жұмабек сөзге айналдырып қыздың қолын ұзағырақ ұстап қалды. Жұп-жұмсақ алақан уысына жағып барады. «Кісі осындайда тез шүйіркелесіп, бірден жақындасып кетуші еді,– деп ойлады жігіт. – Ермек деген суретшіні білесіз бе? Ол осында қыстыгүні жатты,– деді Роза. Күлкі ұшқыны ойнаған көзқарасында бір астар бар ма, әлде Жұмабекке солай көрінді ме, не де болса, бұл сұрақ жігітке ұнамады. – Ия, бізде сондай біреу бар сияқты,– дей салды. Сәскеден жоғары көтерілген күн сәулесі

Повестер, әңгімелер, мақалалар тауды өрлей өскен қарағайға, қайың аралас қарағай орманның көлеңкесін қоюлатып, есік алдындағы самал тербеткен алма ағаштарының жапырағында ойнайды. Қаулап өскен шөп үстінде қанаттары жалтылдап, қызылды-жасыл көбелек ұшып жүр. Серуенге жалғыз шыққан Жұмабек ойы Розаға орала берді. Тегінде бұл жігіт әйел затына өтімді болатын. Осы жолы да құр қол кетпестің қамын ойлады. Мінезі ашық, кісіге үйірсек қыз екен. Онысы бөтен емес,– деп түйді Жұмабек.– Қалжыңға да ыңғайлы тұр. Кісіге сыр тартып қарай ма, қалай? Қыздың бір көргендегі көзқарасын, әр сөзін өлшеп келгенде суретші үлкен үміткер болып қалды. Тек Ермекті сұрағаны ойландырады. Ол оңбаған алдын орап кетті ме екен? Не де болса байқау керек. Әй, бірақ сол Ермек... Қыз қызығарлықтай еш нәрсесі жоқ-ау соның. Орта бойлыдан төмен, тығыз ғана ажарсыз жігіт. Маңдайы кең болғанымен қалың қабақты кішкене көз. Шешек дағы бар, қара торы бетіне ұшы қайқы кішкене мұрны мен кере қарыс кең аузы сән беріп тұрған жоқ. Рас, кейде жүзі нұрланып, көзі жайнап құлпырып шыға келетін кезі бар, бірақ ондай кезін Жұмабек сирек көрген. Мінезі де тұйық, кісі жатырқағыш. «Сірә,

Тахауи Ахтанов сол қырын кете қоймаған шығар». «Ал, бір сыналатын жерің келді, Жұмеке» деп өзін қайрап қойды. Тегі бұл жолы демалысы жаман өтпейтін сияқты. Қызбен оңаша сөйлесіп, жақынырақ танысуға сылтау да дайын. «Суретіңді салам» десең қай қыз қашады. Роза келесі күні қызметтен бос екен, бір сағат суретшінің алдында боп, бейнелеуге ризалық білдірді. Жұмабек ертеңгі астан кейін серуенге шыққандардан бөлініп, тау қойнауын кезді. Әдейі жұрт көзіне түскісі келгендей биіктеу жерге шығып, төңірекке ұзақ үңіліп, терең ойланып қалады. Жөн сұраған жұртқа, кейде тіпті жөн сұрамай-ақ маңына келген кісіге «натура іздеп жүргенім» деп қояды. Сөйтіп тұрғанда жүгіре басып Роза келді. – Meн кешігіп қалған жоқпын ба? Онға келісіп едік қой,– деді қыз Жұмабекке жылы шыраймен қол созып. Жұмабек енді ескі таныстай Розаны қолын қысқан күйі өзіне қарай итіндіре тартып, сол қолымен иығынан сипады. – Жо-жоқ. Сен кешіккен жоқсың. Жігіттермен кездесерде де осындай дәл келесің бе? Ол ебін тауып, бірден «сенге» көшіп алды. – Жоқ жігіт ағасымен кездесерде де дәл келем,– деп Роза күліп жіберді.

Повестер, әңгімелер, мақалалар «Қалжыңға ептісін қарай гөр мұның, сірә, бөтен болмас»,–деп ойлады Жұмабек. Розаның үстінде кешегі ақ халат, ақ орамал жоқ, соңғы жылдары қала қыздары көп киетін белі қытыңқы сұр көйлек, оның сыртынан шағын тайдыра тіккен, қысқа кең жакет киген, тек шашын төбесіне добыратпай, жалғыз бұрым етіп өрген. Бояуларын Жұмабек көтерді де, Роза айтқанға болмай холсты алып жүрді. Кешегі шала таныстық өз алдына, әсіресе анау аурухананың ақ халаты мен ақ орамалы араларын кіреуке тартқандай бөліп тұр еді, қазір Жұмабек үйреншікті қызбен қолтықтасып, оның денесінің тынысына дейін сезіп келеді. Қыз бүйіріне тиген шынтағы да жылытып барады. Жұмабек полотноға түсіруге лайықты табиғаттың әсем көрінісін таудың айнала беріс оңаша жырасынан тапқан екен. Тар жырадан қарағанда қарсыдағы көк торғын бөктердің бір бөлшегі мен көк аспан ғана көрінеді. Жұмабек бояуларын езіп, холстқа Розаның бет пішінін топшылап сызып алды да, үзіліс жариялады. Көгалда қыздың қасында әңгімелесіп отырып: «Қап, тым болмаса бір бутылка шампан ала келмеген екем. Онда еркіндеу болатын едім»,– деп өкінді. Дегенмен, арасын біраз жақындатып таста-

Тахауи Ахтанов мақ боп, «Сүйген жігітің бар ма, ғашық болып көрдің бе?»– деген сөздерге басып, қақпалап әкеле жатыр. Елжірей күлімсіреп, көзін де қыз көзіне қадап, арбап бағады. Бір-екі рет қыз көзінен сыр тартқандай сиқырлы ұшқын көрініп қалды. Розаның қолын ұстап, майда ғана сипай берді. – Саусағың ұзын екен. Музыкант не суретші болуға лайықты,– деді Жұмабек қыз қолын жібергісі келмей. – Музыкант пен суретшіден басқаға қол керек емес пе, түбі хирург болармын,– деп күлді Роза, қолын босатып алуға асықпай. Жұмабек бір қолын қыздың иығына артқысы келіп еді, бірақ тәжірибелі жігіт бұдан артық қимылды бүгінге асығыстық болар деп, іркілді. – Ендеше ғафу ет, Розажан. Өнер адамы өзімшіл болады. Жақсы атаулыны меншіктегісі келеді де тұрады,– деп Жұмабек те күлді. Кешірім сұраған болып, сыр тартып жатыр. – Бәрі бірдей олай емес шығар,– Роза күлкісін басып, жылы шыраймен:– Ермек ондай өзімшіл болмайтын. Ол өзі кейде бала сияқты ақ көңіл,– деді ақырын езу тартып. Қыз жүзі күреңітіп езу тартқанда мөлдіреген көз алдында Ермек тұрғанын, оның

Повестер, әңгімелер, мақалалар атын да аяулы, тәтті сезіммен атағанын іштей ұғып, Жұмабек түршігіп қалды. Булығып барып, сыздана жауап қатты. – Өзімшілдігі жоқ болғаны жақсы-ақ шығар, бірақ оның есесіне суретшілігі де шамалы ғой оның. Жұмабек сөз аяғын күлкіге айналдырғысы келіп еді, бірақ беті тыртысып қалғандай әрең езу тартты. Роза бұрынғыдан да күреңіте түсіп, ренжіп төмен қарады, бірақ енді үндемесе араларының шатынап бара жатқанын сезіп: – Ендеше оның жаман суретші болғанының өзі жақсы,– деді де мен тезірек үйге барайын. Секеңдеп жұмыс істемейсің деп ұрысады,– деп орнынан ұшып тұрып, Жұмабекке қолын созды. Жұмабек қарама-қарсы сезімде қалды. Қыз бір жағынан бет жыртысар жаман әңгімені әріге жібермей аяғын жеңілдетіп кетсе, екіншіден, Ермек деген қызыл көз пәлені көлденең тартып, әбден шамына тиіп кетті. Жұмабектің бір дәм-тұзы жараспай-ақ қойған кісісі Ермек. Әйтеуір сонау Москвада оқып жүргеннен-ақ екеуінің арасы жуыспады. Ермек онша озық студент болған жоқ. Кейбір пәндерден бұлталақтап жүріп әрең тапсыратын. Бірақ ойға алған ісіне түбін түсіргенше үңілетін, бірбеткей өлермен. Ол

Тахауи Ахтанов кейбір көңілі соқпаған, не өзіне қажеті шамалы деп тапқан пәндер мен лекцияларды елемей оның орнына өз бетімен бір нәрсені шұқынып, іздеп жүретін. Бірақ сол менсінбеген пәніне мұрнын шүйіріп, «менің өзге білетінім бар, басқа жағынан қиратып жүрмін»,– деп көзге ұрып, көкірек көтеріп тұрмайтын, сондықтан жұртта, Жұмабек те оны үлгіре алмай жүрген шығар деп ойлайтын. Ермектің көп шабанның бірі емес, тінтінектеп, көз майын тауысып бойына нәр жинап жүргенін кейінірек білді. Жасынан зерек, алғыр Жұмабек қиналмай-ақ жақсы оқыды. Қолы да жылдам, көрген құбылысын кисть ұшына іліп алып, тез сала қоятын. Институтта мақтау­ лы, ауыз­ға алынып жүрген студенттің бірі. Оның кейбір суреттерін ажары таза, шешімі де жап-жақсы екен деп, профессор кішігірім көрмелерге де қойғызып жүрді. Ешкім еш жерде атап айтпаса да, әркім-ақ мұны қазақ студенттерінің маңдай алдысы деген пікірде болды. Ермек мұны ұнатпай, ал Жұмабек оны менсінбей екеуі бір-біріне сыртын беріп, айнала берсе-ақ қақтығысып жүріп бір институтты бітіріп шықты. Адамның өмір бойы жадында қалатын сөздер болады. Ермек диплом жұмысына «Жәмила» деген картина ұсынды. Шағын

Повестер, әңгімелер, мақалалар ғана қарапайым сурет: жазық кең дала, есік алдында жағын таянып, ойланып тұрған қыз... Жәмила. Профессор қайта-қайта көзілдірігін сүртіп киіп, картина алдында ұзақ тұрды. – Қараңдаршы,– деді ол толқып, қасында тұрған қазақ студенттеріне.– Мен сіздердің қалаларыңызда болып едім. Күнәлімін... Көрмеппін. Сырын ұқпаппын. Қазақ даласын енді ғана көріп тұрмын...– Профессор тағы да кіршіксіз ақ орамалымен көзәйнегін сүртті. Бұл оның қатты толқыған кездегі әдеті екенін Жұмабек жақсы білетін. Профессор көзілдірігін көзіне тосып сығалай қарап, қыза сөйледі. – Ал енді ана қызға қараңдаршы. Талай көрген жоқсыңдар ма сол қызды. Бетінде бәрі сайрап тұр ғой, оқысаңдаршы,– деді профессор өзінің жақсы көретін сөзін қайталап.– Өңіне қарап ынжық деуге бола ма? Жоқ, жоқ. Ол шығыс әйелінің ана сүтімен бойына сіңген сыпайылығы, ибасы. Ал соның ар жағында қанша қайрат, қажыр жатыр. Адамды осылай түсінер болар.– Профессор Ермекке бұрылды.– Рақмет, қатты қуанттың,– деді кәрі жүзі қызарып. Содан кішкене аптығын басып, сөз аяғын қалжыңға сайды.– Сен өзің шабандау едің, бала, бірақ асықпай жүріп алысқа кетіп қалмасаң не

Тахауи Ахтанов қылсын. Байқа, байқа, сенің мұрның онша үлкен емес, бірақ сонда да тұмсығыңды көтеруші болма. Бұл тек қана бірінші қадамың,– деп бітірді сөзін. Профессор сөйлеп тұрғанда бір студент, «естіп тұрсың ба» дегендей Жұмабекке иек қағып қояды. Кеншімбай дейтін қара пұшық Жұмабекке көз қиығын тастап, қасындағы жолдасының құлағына төніп: «Жұмабек дегенің әншейін жылт етпе екен ғой, мықты суретші мыннан шықты»,– деп әдейі бұған естірте сыбырлады. Шынында да профессор мұның картиналарын талай мақтағанда осынша егіліп, құлай мақтаған жоқ. Енді бақса соның бәрі жай, арқадан қаға салу сияқты. Едәуір атағым, еңбегім бар деп қауқиып жүрген Жұмабек енді байқаса... тал бойын түрлендіріп сән берген киімін біреу жұрт алдында сыпырып алғандай, жиренішті жалаңаштық сезім пайда болды. Енді ол абыройы ашылып қалғандай осы топтың ішінде тұруға ұялды. Бәрінен бұрын көп ішінде, қызара бөртіп, кішкене қайқы мұрнының ұшына дейін жылтырап, езуі кере қарыс далиып, мәз боп тұрған Ермекті көргенде жарылып кете жаздады. Оқудан осындай ауыр сезіммен қайтып еді. Алматыға келген соң, сол бұрынғы озық жағдайына қайта түскендей болды: Екі-үш

Повестер, әңгімелер, мақалалар жылдай Ермек кешеуілдеп, елеулі еңбек бере алмады. Жұмабек үлкенді-кішілі бірнеше картина жазып тастады. Қазақ өнерінің ішінде ең кенже қалған живопись саласында осының өзі едәуір дүние болып қалды. Жұмабек аты газеттерде жиі кездесе бастады. Ол енді жас та болса, көп ұзамай бір өнерге бас болатынын сезді. Мақтауға да құлақ үйреніп келеді. Тек көп мақтаудың ішінде Ермек сөзі ғана құлаққа тікендей қадалады. Жұмабек картинасын талқылағанда ол қарақаттай кішкене көзін көбірек қадап отырып, жұрттың соңғы жағынан ғана бірекі ауыз сөз айтатын. Және манадан бері жұрт байқамаған, қайсыбіреуі аңғарса да әдейі орағытып кеткен Жұмабек мінін тап басып, дәл айтатын. Сол бұлтартпай ұстайтын пәле осы мінезімен, бұрын да екеуінің қақырап тұрған арасын ажыратып, Жұмабектің жынына тиетін. –Өзгені сынаудан оңай нәрсе жоқ. Мықты болсаң өзің неге жазбайсың?– деп Жұмабек талай оның бетіне де соққан. Осы сөзден жер болып, жығылып қалудың орнына, Ермек күлімсіреп, бір езуін жымқырып, қалың қабағының астынан кішкене көзі жылтырап Жұмабекке қарап басын шайқайды. Ермектің осы бір кескінін көргенде Жұмабек ыршып түсуге

Тахауи Ахтанов әзір. Қоғал деген желөкпелеу досы мәжіліс­ тен кейін: «Ермектің сазайын бердің. Сыншыл неме ғой. Өзіне де сол керек»,– деп көпірсе де Жұмабек көңілі жай таппайды. Ермек қол батпайтын пәле! Өткен жылы Ермек «Туған жер» деген үлкен полотно бітіргенде Жұмабек таңыр­ қаған жоқ. Қайта, соның қарап жатпағанын сезіп, «қай жағымнан келіп қалар екенсің» деп күдіктеніп жүр еді. Ермектің бұл еңбегі де тыныш жұртты таңырқата, шулата келді. Соншалықты қарапайым, сараң бояумен жазылған картина талай адамды қайран қылды. Туырыла жыртылған тың дала, сол даланың майлы қара топырағын уыстап қартаң қазақ тұр. Сонау алыс, кең жазықта бұлдырап поезд көрінеді. Бар болғаны осы ғана. Бірақ өнер күші осы қарапайым көрініске бір халықтың кешегісі мен бүгінгісін сыйғызған. Мына сақалды қазақтың артында – сонау кең далада талай ғасырдың сыры жатқан сияқты. Ойды оятып, қиялды тебірентеді. Жұрт екіге жарылып, біреулер қатты тебіреніп, ақтарыла мақтап, біреулер көзге үйреншікті тракторы мен соқа-сайманы бадырайып тұрмағасын, суреттің түпкі сырын оқуға көңіл көзі жетпей, өршелене жамандап жатқанда Жұмабек үндемей қалды. Ол «Туған жерді»

Повестер, әңгімелер, мақалалар жамандап жүргендердің шайнап бермесе жұта алмайтын, көкірегі бітеу, тайыз жандар екенін білді. Ермектің бұл еңбегіне қызықты да, қызған-ды да. Тіпті көптің ықыласы Ермек жағына жапырыла көшіп, бұл далада қалып қойғандай болды. Тағы да сонау институт бітірер жылдағы халіне түсіп, абыройы ашылып қалғандай боп қатты назаланды. Бірақ даурықпа сыншыларға қосылып, Ермек картинасын жамандауды басына лайықсыз көрді. Тек, «алда талай уақыт бар, көрерміз әлі»,– деп келешектен кезегін тосып қалды... Енді мінекей, Ермек тағы да алдынан шықты. Тау қойнауындағы мына қыз да соны аузынан тастамайды. «Екеуінің арасы қандай екен? Шынымен-ақ Ермек осы қызды үйіріп әкете алды ма екен? Жоқ, бұ жолы Жұмабекті ығыстырып тастауың қиын болар»,– деді ол күреске түскендей жігерленіп. Қолын артына ұстап, бөлмені әрлі-берлі кезіп кетті. Айнала бергенде бұрыштағы автопортретіне көзі түсті. Айнаға қарағандай өз суретіне едәуір үңілді. Ат жақты, аққұба, сұлуша жігіт үлкен қара көзі күлімдеп тура қарап тұр. Ашаң жүзіне ортасы дөңестеу, танауы жұқа қыр мұрыны мен жұқа ерні үйлесе қалған. Өмір құбылысының ең нәзік сырын қапы жібер-

Тахауи Ахтанов мейтін, сезімтал кескін – суретші кескіні. Тек толқынды қара шашы мен қою қалың қасы – өңінің жұқалығын тым әшкерелей түседі екен. Әйел жүзіне ұқсас нәзік сипат беріп тұр. Жұмабек осы арада сәл ойланып қалды. «Бет әлпетті кішкене қалыңдата түсу керек,– деп түйді.– Дегенмен көрікті жігіт. Осы көркіне сымбатты қағілез тұлғасын, биязы әсем қимылын... тәжірибесін қосса...». Осы сәтте Ермектің көріксіз, тұрпайы түрі көз алдына елестеп кетті. Жұмабек автопортретін алып қойып жатып: «Бұл бәйгеге таласа алмассың, шырағым»,– деп рақаттанып күліп жіберді. Келесі күні Роза қызметте болды. Жұмабек табиғат көрінісіне этюд жасап қайтты да, қызбен арадағы таныстықтың ізін суытпайын деп кезекшінің бөлмесіне барды. Ол жақындай бергенде ашық тұрған есіктен екі қыздың сыңғырлап күлгені естілді. Жұмабек кіріп келгенде қыздар күлкіден тыйыла қойды. Роза қызарыңқырап төмен қарады: «Түрлеріңе қарағанда, дәуде болса мені мазақтап күліп отырсыңдар-ау» деп ойлап, әрі қысылып, әрі ренжіп қалды. Сөйлесудің ретін таба алмай тез шығып кетті. Коридорда келе жатып: «Ермекке ғой бұлай күлген жоқсың. Бірақ көрерміз әлі» деп кіжінді. Кенет көңіліне бір батыл ой

Повестер, әңгімелер, мақалалар келді: «Ермек осы қызға үйленсе екен. Сонда көрер едік кімнің кімге күлгенін»,– деп күні бұрын кегі қайтқандай мәз болып қалды. Жұмабек не де болса қызбен еркінірек сөйлесіп, мықтап сыр тартуға бел байлады. Бірақ сыпайылық үшін алдымен жарты сағаттай сурет салып алаң еткісі келді. Бояуларын езіп болып, алдында тұрған Розаға бұрылды. Қыз әлденеден именіп, екі қолын қайда қоярға білмей қипақтап, қысылып тұр екен. Қара торы жұқа өңіне қан жүгіріп, кірпігі ұзарып көзін көміп төмен қарайды. Ықшам шымыр денесі де солғын тартқан. Жұмабек қанша батыл болғанмен қадала қарауға аяп, көбіне холстқа үңіліп қызға қысқа көз тастайды. Әйел жынысына өктем, шайпау жігітті, мына қыздың осы бір балапандай қорғансыз, жүдеу түрі қаймықтырды. Көкірегіне күрсініс кіріп, әлденеге мұңайып, татымсыз, арзан қылжақтан тыйылып, тұйықтала берді. Ол енді бір бұрылғанда Роза өзіне ермек тауып, екі тал ұзын шөпті жұлып алып, туфлиінің тұмсығын сабалап тұр екен. Жусап тұрып сілкініп алған құлындай әлгі бір қаяулы кескіннен сергіп, ажары ашылған. Ернінде Жұмабекке таныс ойнақы, ойнақы емес-ау, тіпті қуақы күлкі ойнайды. Жұма-

Тахауи Ахтанов бек осы тұста бір тіл қатып қалғысы келіп оқталып еді, аузына ұтымды сөз түспеді де, әлде... әлде сол бата алмаған да болар, тек тамағын қырнап қойды. Роза қызметтен тыс кезінде күнара бейнеленетін. Қыз жұмыста болғанда қолы босап қалған Жұмабек, кезекші бөлмесінің өзгеден оңаша қапысын бағып Розаны төңіректеді. Бірақ бір ғажабы келген беттегі еркін таныстығынан әрі бара алмады. Қайта алғашқы жеңіл таныстықта айтылатын зілсіз қылжағын сарқып алып, көбіне Розаға үнсіз мөлиеді. Жігіттің ұзақ көзқарасынан қысылып мойнына дейін қызарып кеткен қыз дымқыл тартқан көз шарасы үлкейіп: – Сіз көп қадалмаңызшы, қысылам,– дейді жайымен ғана. – Мен сенің образыңды жасауға тиіспін. Зерттеуім керек,– дейді Жұмабек, қыздың шарасы толы қара көзіне елжірей түсіп. Роза жайымен көзін тайдырып әкетіп төмен қарайды, Жұмабек қыз кірпігінің қоюлығы мен ұзындығын осылай төмен қарағанда байқайды. – Ермек кісіні зерттеп әуреге салмайтын,– дейді Роза кенет қуақылана жымиып. Ермектің атын естігенде Жұмабек ыршып кеткендей болады. Қабағы еріксіз

Повестер, әңгімелер, мақалалар түйі­ліп, «осы қыз бен Ермек арасында сырлас жақындық бар» деген ойға беки түседі. Осындайда орайын тауып, сөз айта алмай қалғанына ызаланып, ақ құба өңі қызыл күреңденіп кетеді. Қызметте жүрген қызды төңіректей беруді ыңғайсыз көрді ме, әлде көңілі өзгерді ме, Жұмабек енді арасын үзбей суретін әурелей берді. Роза жоқ болса табиғат бейнесін салады. Сөйтіп, бітірем деп әкелген автопортретін де ұмытып, әуелгіде ойсыз, құштарсыз, тек кызбен жақынырақ танысуға сылтау үшін бастаған картинасын жаза берді. Белгісіз меңіреу түн әлемінен шығып айқындала берген дүниедей мұның да айтар ойы, бейнелер көрінісі ашыла түсті. Әдепкіде ішкі сарайын көктем шұғыласындай куаныш кернеп, сол қуанышын көпке бергісі келіп, табиғат сұлулығына елікті. Сонау мөп-мөлдір биік көк аспан, қара көк қалың қарағай мен қарағашқа тағы алма ағашының қызғылт жолағы түскен мынау көк торғын тау бөктері полотноға түссе талай адамның көкірегіне қуаныш болып кірмей ме; әсіресе әне бір жырадағы көгілдір мұнар артта калған аяулы шақты еске салып, тәтті мұңға батырмай ма жүректі. Көңілді оятады, қуантады да қамықтырады. Жақсылап дем алармын, тек ұсақ-түй-

Тахауи Ахтанов ек этюд салып, қол жаттықтыру үшін ғана кисть ұстармын деп келген суретші байқамай жұмысқа еліге берді. Розаға келгенде екіұдай сезім арпалысты. Оңай тоят іздеген жігіттік құштарлық әлі сөнген жоқ. Қызды бірден үйіріп әкете алмай, ұзын сонарға түсіп кеткеніне кейде күйіп-піседі. Ермекте де өші кетіп барады. Күн сайын өзін шабан аттай қамшылап: «Ермек құрлы жоқпын ба? Бүгін батыл қимылдап, не де болса көмейін білейінші» деп-ақ келеді. Бірақ, қыздың сары ала көйлектің жағасынан суырылып шыққан жас баланың білегіндей жұмыр мойнын көргенде емініп, ұзақ қадалып қалғанын сезеді. Қолы да, тілі де дағдысынан жаңылғандай күрмеле береді. Астарлы әзіл айтып, шымыр сау­ сақтан ұстап сыр тартудың орнына Розаның балғын денесінен ескен жас лебіне балқып, басы айналады. Жұмабек қара көк қарағай бояуының реңін ашатын аралай біткен тағы алма ағаштарының қызғылт бояуын жарастырудың жолын іздеп ұзақ әлектенді. Қара көк пен қызғылт бояу үйлесімді үндестігін таптырмай қинады. Алдында отырған Розаны да ұмытып кеткен екен, қыз сыңғырлап күліп, көңілін бөліп жіберді. – Тым көп үңіліп кеттіңіз ғой. Дем алсаңызшы.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Жұмабек құрыстап қалған белін жазып, шалқая керілді де, қолындағы кистін тастай салды. Ойынан тез серпіліп Розаға күле қарады. Қыз суретшінің қасына жүгіріп келіп екі қолынан ұстай алып шыр көбелек айналдыра жөнелді. Розаның қызара бөртіп, бұлдыраған бет жүзінен тек үлкен қара көзінің жарқылын ғана анық көріп, Жұмабек өзінен-өзі мәз болып, тезірек айналып, енді қызды өзі үйіріп әкетті. Басы айналып бара жатқанда «қапысы осы шығар» деген ой жалт етті де, іркіле беріп қызды аш белінен құшақтай алды. Роза талықсығандай боп шалқая бергенде Жұмабектің ерні бетіне тақалып қалып еді, қыз ақ балықтай шоршып құшағынан шығып кетті. Жұмабек ентігіп, аптығын баса алмай тұрғанда Роза: – Мінекей, енді ұйқыңыз ашылды,– деді күліп. «Қолымды қаға қойған жоқсың, түбі «кет әрі» болмассың»,– деп Жұмабек қуанып қалды. – Ермек қыстыгүні жатты ғой осында. Кешке дейін тырп етпей сурет сала беретін. Кейде саусағына дейін көгеріп қатып қалады. Өздігінен дем алуды білмейді ғой ол. Сонда осылай дөңгелетіп алатынмын. Розаның жаңағы мінезін өзіне деген ерекше ықыласқа балаған Жұмабек шырт ете қалды:

Тахауи Ахтанов – Е-е, Ермекке ермек болған екенсіз ғой. Ызаланғанда аузынан шығып кеткен сөздің қаншалықты дөрекі екенін артынан ұғып, Жұмабек қиналып тұрғанда: – Уа, Жұмаш, сен мұнда екенсің ғой, ой, жайсаңым,– деген айқай естілді. Дауысты танып жалт қарағанда қолтығында газетке ораған түйіншегі бар ентелей басып келе жатқан Қоғалды көрді. Қысылшаңда сылтау табылғанына қуанып Жұмабек те салдырлап даурыға сөйледі. – Ой, Қоғаш, сенбісің? Қашан келіп қалдың? Өзім де сені бір соғады ғой деп жүр едім. Тіпті жақсы келдің ғой, ит-ай. Сөз арасында қабағымен Розаны бағып өтті. Қыз әлгі ауыр сөздің мағынасын аңғармай қалған ба, әлде елемеген бе, өңінде реніштің ізі жоқ, үстіне алабажақ, әлемін, шолақ жең көйлек киген, шашы дудырап иығына түскен Қоғалға таңырқай қарап тұр. Доғал ентіге басып келіп, амандасуға ұмтыла берген Жұмабекке қолын көтеріп «момент» деп, қолтығындағы затын асықпай жерге қойды да «мамзель, пардон» деп Розаға майыса иіліп қолын созды. Қызарып кеткен қыздың қолын сүйгеннен кейін барып, Жұмабекті құшақтап сүйді.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Сенің мұнда диетада екеніңді білем ғой. Өзім қамданып келдім,– деді Доғал таңқы танауы жел кернегендей делие күліп. Сөйлей жүріп қағазға ораған шампан, колбаса, шоколадтарын жайып салды.– Эксперт комиссиясында «Қайыңдарымды» үш мыңға ытқытып жібердім. Тек Ермек қана қиқайып еді... – Сіз ағаш сатасыз ба?– деп сұрады Роза. Доғал өңешіне дейін үңірейіп қарқылдап күлді. – «Қайыңдар» деген – произведение искусства. Сіздің көрмегеніңіз сондай аянышты. Бірақ өкінбеңіз, оны галереядан көресіз. Ал, кәні, сіздің саулығыңыз үшін, мамзель, яғни қарындас. Әншейінде қызық сияқты Доғалдың «мадмуазель, пардон» деген сөздері Жұмабекке қазір біртүрлі ерсі көрінді. Доғал ұшып тұрып шампанды ерніне ғана тигізіп, жиырылмалы стаканды жерге қоя берген Розаның қолынан ұстай алды. Жүрелей отырып, сол қолын қыздың иығына артқан: – Пардон. Болмайды, қарындас, төңкеріп тастаңыз. Доғал Розаның желкесінен Жұмабекке қарап иек қағып, көз қысып қойды. Жұмабек бұл ымдаудың ажырайып тұрған аста-

Тахауи Ахтанов рын ұғып, іштей тыжырынып қалды, оны Розаның көрмегеніне қуанды. Доғал зорлап отырып, қызға жарты стакан шампан ішкізді. Жұмабек оның қолын қаға алмады. Тек Роза қиналғанда бірге қиналады. Доғалдың қалжыңына көтермеші бола алмай, ері мойнына кетіп төмен қарайды. – Әй, осы отырған сенбісің, жайсаңым? Тіпті танымай қалдым ғой,– деп Доғал қарқылдап күлді. Оның күлкісі Жұмабекке алғаш рет тұрпайы естілді. – Е, неге танымайсың? – Жүргізген тәрбие жұмысыңның нәтижесін көре алмай тұрмын. Ой, жайсаңым. Қазір екеуіңе брудершафт ішкіземін. Өзіңнің жібіңді ширатып кетпесем. Күн жаумай су болып... Жұмабек Доғалды тежейін десе, ол кейін жігіттік намысына тиіп талай жерде мазақ қылады. Тек «брудершафт» деген шеттен кірген тұрпайы сөздің мағынасын Розаның түсінбей қалғанына шүкіршілік етті. Доғалдың қасындағы қыздың әбден мазасы кетті. Бұрынғы ақ жарқын, ойнақы мінезінен тыйылып, өңі де солғын тартып кішірейіп қалған. Оқта-текте иығына барып калған Доғалдың қолынан жиырылып, бұға түседі, бір-екі рет сол тынымсыз қолды иығымен қағып та жіберді. Кетіп калуды ибасыз көріп, кетпейін десе берекесі қашып, жұқа

Повестер, әңгімелер, мақалалар өңі қызара түсіп, көзі мөлтілдеп Жұмабекке қарайды. Жұмабек бір ғажайып халге түсті. Доғал мұның аса аяулы кіршіксіз тазасын дөрекі лас қолымен умаждап жатқандай, ал Жұмабек оның қолын қағайын десе денесінің жаны кетіп қозғала алмайтын сияқты. Ол ұйқыдан оянғандай басын көтеріп алып: – Доғал, кел бері отыр,– деді. Доғал досының мұнысын қызғаныш деп ұқса керек, манағыдай тағы бір көз қысып, Розаның иығынан бір шымшып үлгіріп, орнынан атып тұрды. – Алда ойбай-ай, санаторийде жолығатын тағы бір кісім бар екен ғой. Пардон, мамзель. Бір сағатта қайтып келем. Сен екеуің мені күте тұрыңдар. Розаның тықыршып орнынан тұрғанын көріп, Жұмабек те түрегелді. – Ал, Роза, ғафу етіңіз. Сізді көп бөгедім. Рақмет.– Жұмабек өзінің «сізге» қалай түсіп қалғанын байқамады.– Басқа кісіде шаруаң болса сенімен де қоштасайын, Доғал,– деді жолдасына қырсыға көз тастап. Қыз ұзай бергенде: – Сенің өзің немене боп кеткенсің,– деп таңырқады Доғал. Доғалмен салқын қоштасқан Жұма-

Тахауи Ахтанов бек ойға қалды. Жолдасының үйреншікті қылығы мұны неге сонша қинады? Бұрын екеуінің мінезі үйлесе кетпейтін бе еді? Кенет біреу алдынан айна тосқандай, ол Доғалдың әрекетінен бұрынғы өз қылығын, өз машығын анық көрді... Үш күн бойы үзілмей сылбыр ақ жаңбыр жауды. Демалушылар сыртқа шыға алмай, төрт қабырғаның ішінде өздеріне ермек іздеп, дел-сал күйде. Тек преферанс ойнайтындар ғана жалықпайды. Жұмабек карта ойнамайтын, домино, лото сияқты татымсыз ойындар ішін пыстырып, мезі қылды. Коридорда, салонда ызыңдаған жұрттан қашып, көбіне өз бөлмесіне тығылды. Аунақшып төсегін біраз жапырғаннан кейін, терезеге үңіліп, жаңбырға сілейіп, тұнжырап тұрған алма ағаштарына, жерге төнген күңгірт аспанға қарайды. Далада жан жоқ, тек анда-санда зонтик көтерген біреу жылт етеді. Былжырап езіліп кеткен жер, жол шетінде балшыққа батып, жаншылып қалған көк шөп көңілді қамықтыра түседі. Кісінің көңілі зеріккенде жайнап тұрған дүние бар қызығынан жұрдай болмай ма. Қарап отырып сергелдеңге түскен Жұмабек, бүгінгісі былай тұрсын, өзінің өткен өмірінен де көңілін жылытар еш нәрсе таба алмай торықты. Енді байқаса көңілді, дархан өмір сүрдім дегені даңғаза, бейпіл өт-

Повестер, әңгімелер, мақалалар кен күндер сияқты. Жолдас-жорасы көп тәрізді еді; сыңғырлатып бокал соғыстырып, бұрқыраған арақ буымен құшақтасып сүйіскен достары бар еді. Сөйтсе, бәрі жарты. Жаны бір, ойы бір, бар көңілден сарқыла сыйласатын досы жоқ екен. Той-думанның ішінде жүріп жалғыз қалыпты. Татымсыз, жылусыз, қоңылтақ өмір... Жұмабек тар бөлменің ішінде торға түскен торғайдай көзі мөлдіреп далаға қарайды Бірақ жүдеу көңілді сергітетін еш нәрсе таба алмай дал болып: «Осы, сірә, от басын аңсай бастадым ба? Отыздан аспай жатып, үй күшік болып құдай атайын дегені-ау. Қой, мынауымды Доғал білсе, жұртқа масқара қылар»,– деп өзіне-өзі кейиді. Бірақ көңілінің түкпірінде өмірінің ойсырап тұрған олқысы барын сезеді. Күңгірт тартқан төрт қабырғада жалғыз қалуға шыдай алмай, көпке қосылуға жұрттың іші пысып, көзі бозарған кескінін көргісі келмей Жұмабек сыртқа шығып кетті. Бетіне, мойнына сіркіреп шашыраған салқын жаңбырдан аздап сергіп, жолға түсіп алып, бет алды кете берді. Бір кезде санаторийдің маңында тұратын Тұрсынбай деген күзетші шалдың үйінен шығып келе жатқан Розаны көрді. Әдейі тоқтап күтіп алды. Розаның үстінде қолпылдаған кең ескі куртка, басына ақ орамал тартқан,

Тахауи Ахтанов қолында сырлы кішкене бидон. Жұмабекке оның осы түрінің өзі қызық көрінді: бейне қауызын жарып, бой көрсетіп келе жатқан гүл сияқты. Роза осыны сезді ме, үстіндегі киімінен қысылған жоқ, қайта анадайдан күлімдеп, жадырап қоя берді. – Жаңбырдың астында қыдырып жүргеніңіз қалай? Жұмабек Розаға қарап ыржиып күле берді. – Жай... Ішім пысып кетті. Өзің қайдан келесің? – Мамам сүтке жұмсап еді... Роза кеткісі келсе де айналсоқтап тұр. Жұмабек оның қолындағы бидонын алып: – Жүр, мен сені шығарып салайын,– деді. – Мен жылдам жүрем, сіз ылдиға қарай тайып кетіп сүтті төгіп алмаңыз,– деді Роза қайырылып. Содан кейін дік-дік басып құламадан төмен қарай жүгіре жөнелді. Тайғанақтап әрең түскен Жұмабекті тосып алды. – Менің өзім жындымын. Жаңбырдың астында жалаңаяқ жүгіргенді жақсы көрем,– деді қыз Жұмабектің қолындағы бидонға жармасып.– Өзім алып жүрейін. Мына түріңізбен қазір судан өткенде төгіп аларсыз. Жаңбыр суымен молығып, гүрілдеп та-

Повестер, әңгімелер, мақалалар сып жатқан тау өзенінен Роза тастан-тасқа секіріп, тез өтті. «Сырт киім қандай болса да адам қимылының әсемдігін жасыра алмайды екен-ау»,– деп ойлады суретші, өз картиналарында геройларын әсем киіндіретіні есіне түсіп. – Тез өтіп кетіңіз,– іркілмеңіз,– деді Роза арғы беттен қол созып. Розаның үстіндегі қолпылдаған қалың курткасына қарап Жұмабек елжіреп кетті: бейне әкесінің киімін киген бала сияқты. Розаның шешесі орта жастан асқан, байсалды, қазақылау кісі екен. Тосын адамды таңырқамай, жылы шыраймен қарсы алды. – Үйімізді ақтай бергенде, жаңбыр жауып, берекеміз қашып тұрғаны. Жауынның астында тұрма, мына беседкаға отыр, қарағым,– деді ол қоңыр дауыспен. Содан кейін қызына бұрылып:– Розажан, қонағыңа шай бер, самаурын қайнап тұр,– деді. Жұмабек қораның ішіндегі шағын бақ­ тан тап-тұйнақтай тазалық байқады. Бұтағы жайылып өскен, жатаған алма ағаштарының арасынан бойын созып алмұрт көрінеді. Шетке таман жас қыздай майысып, жіңішке шие ағаштары тұр. Есіктен қора шетіндегі беседкаға дейін ұсақ тастан жол төселген. Алғашқы сәтте Жұмабек жіңішке

Тахауи Ахтанов кілем теселген бе деп қалған. Сөйтсе жол бойы әр түсті тастан құрап, ою салынған екен. Бақты қоршаған бұталарды да тегіс­ теп күземей, сатылай қырқып, әр бұтаның басында бір шоқ айдар қалдырған. Беседка дегені айнала шырмауық өсірілген қалқан екен. Бірақ шырмауықты жіпке тік тартпай, майысқақ сымды бойлатып, қошқар мүйізді өрнек түріне келтірген. Бақтың ана шетінде отау үйдің орнындай дөңгеленіп ақ, қызыл гүлдер жарқ етті. Осының бәрі еріккен шақтағы ермек пе, әлде әдемілікті аңсаған көңіл ме, не де болса сүп-сүйкімді жарастығымен көз тартады. Жұмабектің көзіне Розаның жіңішке, ұзын саусақтары елестеді. Әр бұтаның үстіне иіліп, еңкейіп тұрған түрін көргендей болды. Роза үй шаруасына епті екен. Дастарқанды тез даярлады. Бірақ қонақ иесі болғасын ба, манағыдай еркін емес, сасыңқырап үнсіз жүгіріп жүр. Шай әкелгенде қолы сіресіп, самаурынның құлағынан қысып ұстаған, астыңғы ернін тістеп алыпты. Жұмабек оның осы түріне қарап мырс етіп күліп жіберді. Бейне бір алғаш рет үлкендердің ісін істеген ойын баласы секілді. Ыдыс-аяқтарын қойып жатып, «айып ете көрмеңіз» дегендей, бет ұшы қызарып,

Повестер, әңгімелер, мақалалар зорланып езу тартады. Көзі жаутаңдап олпұлы жетіңкіремей тұрған дастарқан мен Жұмабекке кезек қарайды. Жұмабек бір жағынан қыздың қысылғанын қызық көрсе, бір жағынан оны аяп, барына ырза болып отыр. «Өз бетіңмен қонақ қабылдап, ысылмаған екенсің ғой»,– деп қояды ішінен. Роза қонақпен қалай әңгімелесудің ретін келтіре алмай қиналады, ал әншейінде сөзшең Жұмабектің де тілі байланып, шай құйып отырған қыздың саусағына үңіле береді. Роза ұрысқан адамдай үндеспей отыруды ыңғайсыз көріп, жұқа өңі албырап, көзі дөңгеленіп Жұмабекке біртүрлі қаймыға қарады. «Үйге шақырып әкелсем де келістіре алмадым-ау» деп қиналған түрі бар. Жұмабектің іші жылып қоя берді. – Суретке жаңбыр ашылғасын кірісесіз бе?– деп сұрады Роза. Жұмабек мүдіріп барып жауап қатты. – Соны білмей тұрмын,– деді кесенің түбіне үңіліп.– Көңілім толмайды... Біраз ойлануым керек сияқты. Роза бұрынғыдан да қызара түсті. – Соны мен де ойлап едім. Живопись жөнінде оқығаным бар еді. Онда тіпті басқаша. Менікі әншейін ермек сияқты. Сізді жолдан қалдырам ғой деймін. Сіздің образ жасауыңыз керек,– деп бітірді сөзін.

Тахауи Ахтанов – Жоқ, жоқ, Роза, менің айтайын дегенім тіпті басқа. Кінә менен. Қайткенде де осы картинаны жазам... Тек бір шешімін таба алмай жүрмін,– деді Жұмабек. Жігіттің ыңғайсызданып қалғанын сезіп Роза әңгімені басқа жаққа аударып жіберді. – Мен суретші болмағаныма өкінемін... Бірақ оған талант керек қой...– Роза енді қысылмай, еліге сөйледі.– Шынында да суретші болу қандай тамаша. Қу кенепке жан бітіреді. Қолдарының сиқыры бар сияқты. Розаның суретші туралы айтқан сөзі Жұмабекке түрткі болды. – Техника суретшіге керек. Бірақ қолда тұрған сиқырлық жоқ. Сурет деген де ойдан, көңілден туады. Ең алдымен айтар ойың, идеяң анық болу керек,– деді Жұмабек. Роза суретшінің сөзін қызығып, таңыр­ қай тыңдады. – Мен кейбір картинаны көргенде бір түрлі қамығып, мұңайып қаламын. «Аленушканы» алғаш көргенде тіпті көңілім бұзылып кетті. Су басында жападан-жалғыз... ауыр ойда отырған панасыз, кішкентай жетім қыз, Үш-төрт күн бойы көз алдымнан кетпей қойды. Бірақ мен суреттің идеясын түсіне алмаймын,– деді Роза мұңайып. Жұмабек Розаның үйінен қайтқан-

Повестер, әңгімелер, мақалалар да жауын басылып еді. Аспанды жапқан қара бұлт жұқарып, жоғарылап барады. Іш пыстырған санаторийге қайтқысы келмей өзенді жағалап жүре берді. Екі-үш күннен бері жүрек қыжылындай, кеудесін тырнаған мазасыз ойдан арылып, бойы жеңілдеп қалды. Өзінен-өзі ыңылдап әндетіп келеді. Күн ашылса да Жұмабек жұмысқа кіріспеді. Ойсыз, құштарсыз бастаған картинасының бетіне қарағысы да келмейді. Бір күні ерте тұрып, санаторийдің сыртындағы тауға шықты. Кенет көз алдында ертеңгі ауамен тыныстап, жусап жатқан алыс кеңістік ашылды. Шығып келе жатқан күн шұғыласы шалған адырлы жазық, көлеңке мен сәуле қиюласып, қара мақпалға зер төккендей шық моншағымен жылтырап қоя берді. Денесі сергіп, көкірегі шайдай ашылған Жұмабек рақаттанып, ылдида көк торғын көрпеге оранып, ұйқыдан жаңа ояна бастаған қалаға, сонау көк жиектегі мөлдір мұнарға қарайды. Сиқырлы түн шаң басқан дүниені мөлдір шықпен жуып тазартып, балауса балғын шағына әкелген. Осы түнде Жұмабек анадан қайта туғандай өзі де тазарып, жаңарып шыққанын сезеді. Көкірегіне сыймай бара жатқан рақатқа елтіп, «қандай тамаша» деп сыбыр­ лайды. Ертеңгілік құбылып ашылған та-

Тахауи Ахтанов биғаттың жас бояуы талмай шырылдаған бозторғай әуенімен толқып, кеудесіне күй болып сыңғыр­лап құйылады. Көз алдына Роза елес­теді. Дәл осы таңдай таза, балғын жас. Баладай ақтарыла күлген саф күлкісі... Әсіресе салып жатқан суретке үлкен қара көзі дөңгеленіп, үстіңгі ерні түріліп, таңыр­ қай қараған сәби кескіні... Бірте-бірте Жұмабек бойын қуаныш кернеп барады. Бұл қиналып, ынтыға іздегенін тапқан адамның жан қуанышы. Жоқ, жоқ, бәрін қайта бастау керек. Роза келбеті, Роза бейнесі дәл осы таңғы жас табиғатқа жарасады. Енді бәрі анық, айқын. Картинаның аты «Жас лебіз» болмақ. Жұмабек жастық шақты, пәк тазалықты жыр етпек. Сергіп оянған таңғы табиғаттың салқын тынысы, шыңырау биіктегі ашық аспан, дүние­ге ынтыға қуанған жас қыз... Ол енді шала жазылған картинасын төңкеріп тастап, жаңа холст бастады: ерте оянған демалушылар санаторийдың сыртындағы төбенің басында таң атпай бүкшеңдеп сурет салып жатқан Жұмабекті көретін болды. Кейде оның қасында өздері танитын Роза болады. Ал, қайсыбір уақытта екеуінің қол ұстасып шыр көбелек айналып жүргенін көріп, кәрілер әлденеге күрсініп езу тартады.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Жұмабек көптен бұлай құнығып жұмыс істеп көрген жоқты. Жаңа бастаған картинаның үстінде ол Розамен қайтадан танысқандай, оны енді ғана танығандай. Енді қыздың күлкісінде, көзқарасында, әр қимылында жаңа мағына бар. Кірпігі қайқиып, көз жанары күлімдеп қарағанда ернінің бір шетінде күлкі табы тұрады. Ол– жас та болса адам көңілінің ар жағындағысын көретін зеректік пе, әлде кекесін мысқыл ма? Күндіз көп үңіліп сурет салып қанша шаршаса да Жұмабек кешке төсегінде ұзақ уақыт дөңбекшіп, ұйықтай алмайды. Бұрынғы алаңсыз көңіл жоқ, өзінен-өзі қамығып мұңая береді. Бұлттан кейін жарқыраған күндей осы мұңның ар жағында жарқын бақыт барын сезіп, соны аңсайды, сағынады. Розаға қанша қараса да тояр емес, өзі жоқ болса бейнесі көз алдында тұрады. Коридордан дік-дік басқан сергек тықырын естісе басын көтеріп алып ұзақ тыңдайды... Жұмабек қалай болғанда да Розаға сөз салатынын білді, бірақ көңілдегі бар сезімін жеткізіп айтатын сөз таба алмай қиналды. Бір күні не де болса тәуекел деп, бел байлағанда есіне Ермек түсті. Розаға Жұмабек үйлене қалған күнде... «Әйеліңнің сы-

Тахауи Ахтанов рын сенен бұрын білгем» дегендей астарлы мысқылмен кішкене көзінде ұшқын ойнап, сыңар езуін жымқырып тұрған Ермек кес­ кіні көз алдына елестеп денесі қатты түршікті. Ішінде екіұдай сезім арпалысып, «жоқ, жоқ, бос сандырақ, екеуінің арасында еш нәрсе болуы мүмкін емес», – деп ол құрғырды қанша елемейін десе де, жаңағы бір кескін көз алдына келе берді. Түнге қарай көңілі құрыстап, мазасы кетіп біраз дөңбекшіп барып ұйықтаған Жұмабек ерте оянып тауға өрмелеп кетті. Кей түндерде берекесін алған небір ойлардан ертеңгілік сілкініп, арылып тұрушы еді. Бүгінгі таң күндегіден де сергек, желсіз ауаның салқын, дымқыл лебі денені еркін тыныс­ татып, көкіректі аша түседі. Жаңа оянған араның ызыңын басып, көкек шақырады, ертеңгі ауада даусы ашық шығады. Шығыс­ тан ақтарыла төгілген сұйқылтым қызғылт нұр көк жасыл адырлардың сауырын жалап, ұялған қыз бетіне тепсінген қандай, ойнап шыға келді. Жұмабек табиғаттың реңін суретке түсіріп алғанша асықты. Аздан кейін төбеге тез өрмелеп келе жатқан Розаны көрді. Ақ жібек кофта қызыл шырайлы өңін ашып, айқындай түседі. Еліктің лағындай дік-дік басып, өрге қарай тез көтеріліп келеді. Жұмабек жүрегі дүр-

Повестер, әңгімелер, мақалалар сілдеп, қыз алдынан тұра жүгіргісі келіп еді, бірақ орнынан қозғала алмай, екі езуі екі құлағына жетіп, ыржиып тұра берді. «Бар сырымды бүгін ақтаруым керек»,– деп ойлады ол. Роза жақындаған сайын бақытқа кенеле түсіп: – Бүгін тіпті ерте келдіңіз ғой. Шаршаған шығарсыз,– деді Роза ентіге күліп. – Жоқ, шаршағаным жоқ. Қайта өрге қарай өзің шаршап қалдың ғой,– деді Жұмабек аузына өзге сөз түспей. – Мен бе? Кәне шаршағаным,– деп Роза суретшінің қос қолынан ұстап дөңгелете жөнелді. Жұмабек айналған сайын бойын рақат кернеп барады. Розамен баяғыдан бері бір жүріп, бірге жасап келе жатқандай, ол ең жақын етене дос сияқты. Осы бір жақындық сезімі қан тамырына қуаныш боп тарады. Розаның бұлдыраған бет әлпетіне қадала қарағанда, ар жағынан Ермектің шегір көзі жылт ете қалды. Жұмабектің жүрегіне біз сұғып қалғандай болды. Ол осы жаман елестен арылғысы кеп көзін жұмды. – Ал, енді ұйқыңыз ашылған шығар,– деді Роза Жұмабектің қолын босатып, мольберттегі суретке үңіліп: – Суретші деген жалықпайды-ау. Өзгертесіңдер де жатасыңдар. Бүгін суреттің ажары өзгеріп кетіпті ғой,– деді.

Тахауи Ахтанов Қыздың қалтқысыз ақ көңіл түрін көріп, Жұмабек жаңағы бір оқыс әсерден арылайын деді. Баладай таңырқап, басын қисайтып, үстіңгі ерні түріле аузын ашып қараған мына түрі... Кісі жаманатқа қия алар емес. – Суретші болу қандай жақсы,– деді Роза Жұмабекке көз тастап, содан кейін қайтадан картинаға бұрылды. Бірақ Жұмабек қыздың картинаны көрмей әлдеқайда алысқа қарап тұрғанын байқап қалды.– Ермек қыстыгүні қарлы таудың суретін салды ғой. Қыстай осы арада зерігіп, мезі боп жүрседе... Сол суретті көргенде – тіпті осы тауды сағынып қоя бердім. Ермектің «Жәмиласына» толқып, сүйсіне қараған профессор Жұмабектің көз алдына кеп тұра қалды. Ұмыт болған бір сезім... Өзін біреу шешіндіріп алғандай жиренішті жалаңаштық сезім тұла бойын қарып өтті. Былтыр көрген Ермек картинасының елесі– қыздың көз алдында баттиып тұрған Жұмабек суретін бүркеп кетті. «Әә, менің картинама үңілгенде көз алдыңда Ермек тұрған екен ғой,– деп ойлады Жұмабек ызаға булығып. – Ермек... Ермек деп... Түсінбеген адам таңырқай береді екен ғой. Ол әншейін, бақ көтерген халтурщик,– деді Жұмабек іштей тістеніп.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Роза бірден түсі бұзылып, Жұмабекті танымай қалғандай үрпие қарады. Сәлден кейін жиреніш пен мысқыл аралас ернінде күлкі табы ойнап шыға келді. – Мен оның қандай суретші екенін білмеймін,– деді қыз іркіліп.– Бірақ... бірақ ол ешкімді сыртынан жамандамаушы еді. Роза ақырын бұрылды да айналып жүре берді. Жұмабек қызды тоқтатуға ұмтыла беріп, алдынан терең ор көргендей жасқанып тұрып қалды. ...Аяқ тықыры алыстап барып, үзіліп кетті. Жұмабек басын көтеріп алғанда полотнодан өзіне тіке қараған Розаның суретіне тағы да көзі түсті. Жұқа өңіне қалыңдау біткен ернінің шетінде сол бір күлкі табы тұр. Жұмабек өзі салған суретін тұңғыш тосыннан көргендей болды. Розаның ерніндегі ана кекесін... «Қанша тыраштансаң да шамаң белгілі. Өзің әншейін күйкі... ұсақ екенсің ғой» деп тұр. Жұмабек жиырылып, кішірейіп барады. Ұзақ қарауға дәті шыдамай, мана ертеңгілік өзі ажарын әрлей түспек болған биік көк аспанға қарады. Баурына қызғылт сарғыш алтын жалатқан шөкімдей бұлтты көріп соны салып еді. Енді сол қызыққан бұлты бояуы сәтсіз, баттасып түсіп, ертеңгі мөлдір көк аспанның кіршіксіз ажарына жұққан лас, дақ

Тахауи Ахтанов сияқты көрінеді. Бояу жарастығына келгенде қытықшыл суретші іштен тітіркеніп, «сүртіп тастау керек» деді өзіне. Енді бір сәтте өзінің де аяулы сезіміне сүртіп тастауға болмайтын, жуық арада өшпейтін дақ салып алғанын сезді.

Повестер, әңгімелер, мақалалар КҮЙ АҢЫЗЫ Екі салт атты адырдың басына желе-жортып шықты да аттарының басын іркіп, алақан астынан алысты шолды. Төмен қарай көлбеп бара жатқан кең жазықтың шетінде мұнартып оқшау тұрған жалаңаш тау көрінді. – Анау Ипан тауы ғой,– деді жас жігіт қамшысымен нұсқап. Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан

Тахауи Ахтанов ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағілез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып қалды. – Бұл маңдағы ауыл көшіп кеткен-ау,– деді Естемес ойланғандай болып. – Неге? Ауыл ылдида – Ипанның етегіндегі қайнарда болар,– деді жас жігіт. – Қыбыр еткен бір қара көрінбейді. Бұл ауылдың малы әрі Ипан аспай, бергі осы бозда жайылатын еді ғой. Жаңа ғана Ипанды көргенде балапандай талпынып сергіген жас жігіт енді басылып қалды. – Иә, мал көрінбейді,– деді ол даусы солып. Естемес жас жігітке өңі жылып, есіркей қарады. – Шаршадың білем, ә? Оқасы жоқ, ел болмаса да, қайнарда ат шалдырып, тыңай-

Повестер, әңгімелер, мақалалар ып алармыз.– Ол сәл күрсінгендей болды.– Күйшінің өмірі осы. Қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайсың. Домбырадан босап кетсе, қолың тағы да тізгінде болады, солай, Оразымбет шырағым. Ал, аттың терін басайық. Енді екеуі асықпай аяңмен келеді. Естемес қайтадан сөз бастады. – Қарағым, Оразымбет маған ергеніңеде жыл болып қалды. Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе. Жас елуге келді. Менің өмірім тұрлаусыз болып барады. Қанша ел көрсем де, жер көрсем де, қайтып оралар бір қазығым жоқ. Жар сүмей, бала сүймей кетіп барам. Енді бір айналғанша қарттық келеді. Нағыз от басының жылуын аңсайтын кез сонда болар. Естемес ауыр күрсініп қойды. Оразымбет ұстазын аяп кетті. Қабағы кірбеңсіз, көңілі ашық көрінген ұстазын іштей кемірген зор уайым бар екен. – Сізге қарттық қайда, Еске. Әлі де біреуді айттыруға болады ғой. Алпыстағы Түлкібай да былтыр қыз алған жоқ па?– деді ол ұстазының көңілін аулап.

Тахауи Ахтанов Естемес ащы мырс етті: – Аңғыртсың-ау әлі. Немді көріп құда түсем? Күйге қыз берген қазақты әлі көргенім жоқ. Осы әңгімеден екеуінің де көңілі жүдеп үнсіз келе жатты. Кенет суалып қалған жырада жалғыз нар көрінді. Жолаушылар үйреншікті мал емес, жапанда жалғыз қалған адам көргендей әлденеден тітіркеніп, аттарының басын тежеп, іркіліп қалды. Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры құрған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті. Оразымбет үрпиіп нарға қадалып қалған Естемеске бұрылды, – Еске, дұға оқып жіберіңізші. Елсіз далада мал кейпінде жын-шайтан жүреді деуші еді. Өз сөзінің соңын көміп нар боздап қоя бергенде, Оразымбет «астағыпыралла» деп күбірлен, кеудесін ұстады. Ішінен дұға оқып тұр ма, әлде айуанмен үнсіз тілдесіп тұр ма – Естемес бұған бұрылған жоқ. Нар аяғы жерге кіріп кеткендей ырғала ауыр

Повестер, әңгімелер, мақалалар қозғалып бұрылды да теңселе аяңдап кете берді. Төбе құйқаны шымырлатып, зарлап боздап барады. – Ботасы өлген боз інген,– деп күбірледі Естемес атын тебініп қозғала беріп. Ойынан енді ғана сергіп Оразымбетке бұрылды.– Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой аруананың. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар баласын адамнан артық жоқтайды. – Мен қорқып қалдым,– деп Оразымбет шынын айтты.– Киелі шығар жануар. Естемес тағы да үндемей қалды: көзі өткір жылтырап, өңі қуқыл тартып алысқа қарайды. Желе жортып кеткісі келген Оразымбет те оның өдіндегі құбылысты танып атының тізгінін тартты. Естемес аз уақыт үн шығармай іштей ыңылдап, толқып келе жатты. Кенет атының шылбырын Оразымбетке тастай беріп, қолын кейін созып, қызыл қоржындағы домбырасын суырып алды. Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті. Бірақ мұның бәрі жаттанды сарын еді. Аздан кейін күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз шекті

Тахауи Ахтанов шерте берді. Белгісіз тың әуен дүниесінің табалдырығынан аттап өте алмай, қиналған түрі бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап қалған: жаңа бір күйі сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар өңінде. Ат жалына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бишараны жұмсақ алақанымен маңдайын сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рақат самалымен желпіп сергіткендей болады. Оразымбет тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісіден дәл осындай жүрек қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының бетіне қарап, оны жаңа көргендей болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз

Повестер, әңгімелер, мақалалар болып кеткендей жібектей майысып жыпылдап барады. Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп, енді көтеріле бергенде өрге шыға алмағандай тайғанақтап күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет талпынып барып булығып қалды. Естемес ыза болғандай домбыраны қатты бір қақты да, бұрылып артындағы қоржынға салып қойды. Күйге еліккен Оразымбет ұстазының қолынан ұстап алып: – Еске, ар жағын...– деді дауыстап. Естемес еңкейіп атының тізгінін қолына алды. – Ай, шырағым-ай, мені қинайтыны да сол ар жағы ғой. Бұл өзі көптен көңілді тербеп жүрген бір күй еді. Дәл осы арадан аса алмай-ақ қойдым. Қашан кемеліне келтіргенше күйді көп алдына салмаған жөн. Халықтың құлағын қажаған күйші күйден садаға кетсін. Қашаннан әдетім: күйімді әбден нақыштап алғанша жанға естірмеуші едім. Ең аяғы қасымдағы жолдасым сенен де бүгіп, осы күйді оңаша толғап жүр едім. Жаңағы бір оқиғаның қозғап жібергені ғой. Ар жағын алып кетем бе деп едім... Әлі де бір түрткі жетпей жатыр-ау.– Естемес көңіл толқуын баса алмай аз бөгеліп, қайтадан сөйлеп кетті.– Күй деген де ойдан туа­ ды. Қолың қанша жыпылдағанмен, көңілің

Тахауи Ахтанов қуыс болса, күй шықпайды. Жаңағы жарты күй осы жасқа келгенше ойланып-толғанып, түйгенім сияқты көрінеді өзіме. Қам көңілді жұбатсам деген бір арман еді.– Естемес ауыр бір күрсініп, ойынан қалт сергіді– Нарымыз ұзап кетті ғой, кәне, сол ойсылқараның соңынан ерелік, бір қараға жеткізер,– күйші атын тебінді. Нар соңынан «әудем» жер еріп отырған екі атты Ипан тауынан бергі ылдидағы қайнарда жұпыны ғана жалғыз қараша үйді көрді. Нар үйге жеткенде басына үкілі тақия киген, талдырмаш денелі қыз шығып, бұйдасын шешіп, есік алдындағы қазыққа байлады. Екі атты да cay етіп келіп, «қарбалас-ау» деп аттан түсті. Қыз бала қаймықпай жолаушылардың қасына келіп, ізетпен үйге шақырып, Естеместің тізгінін алып, белдеуге өзі байлады. – Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер,– деді даусы сыңғырлап. «Даусының әсемін-ай, құлақты қытықтап барады. Әрі еркін, әрі ибалы, мінезі де оңды екен»,– деді Естемес ішінен. Түндігі бүркеулі қара көлеңке үйдің ішінде жалғыз шалдан басқа адам жоқ екен. Ол орнынан тұрып қонақтардың сәлемін алып, екі күйшіні төрге отырғызды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар – Жаңыл-ай, қалқам, түндік ашшы,– деп дауыстады. – Ал, жол болсын, шырақтарым? – Әлей болсын. Біз ел аралап жүрген күйші боламыз. Менің есімім – Естемес. Мына жігіт – Оразымбет күйші. – Өзім де шырамытып отыр едім. Ана жылы ел осы қайнарда отырғанда екі күн күй тартып құлақ құршын бір қандырып кетіп ең-ау. Осы кезде үйге Жаңыл кіріп, төменгі жаққа келіп отырды. Естемес қабақ астымен қыздың тұлғасын шолып өтті. Жасы он алты – он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған. Шынтағындағы білдіртпей салған жамауын да күйші көзі шалып қалды. «Әттең үлде мен бүлдеге ораса, жанып-ақ кетер едіңау»,– деп қойды Естемес ішінен. Шал арғы ел, бергі елдің хабарын сұрастырып отыр­ ғанда да күйші пейілі түсіп, сөз арасында қызға қарай берді. Тіпті бұл үйдің жолау­ шыларға сусын ұсынып, қазан астына от жағуды ұмытып кеткені де есіне келмеді. Шал аз уақыт тұйықталып, төмен қарап отырды да, бір кезде басын көтеріп алып:

Тахауи Ахтанов – Естемес шырағым,– деді.– Өлімнен ұят күшті. Сен келгенде бір тостаған сусын тауып бере алмай жерге қарап отырмыз. – Жоқ, ақсақал, сіз қиналмаңыз. – Неге қиналмайын, қарағым. Биылғы жұт елді титықтатып кетті ғой. Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. .Суалып қалды. Қаңсытып, таңдайды кептіріп отыр,– деп шал ауыр күрсінді. Содан кейін қызына бұрылды.– Жаңыл қалқам, қайнардан су әкеліп бер. Қонақтар шөлдеген шығар. Жаңыл иіліп тостағанмен су ұсынғанда, Естемес тағы да ұзағырақ қарады. Қыз көзіне көзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды. «Сақалды басыммен сабырдан айырылғаным қалай» деп кейіді өзіне. Бірақ көңілі құрғыры әлденеге талпынып алып барады. Сонау бір жастық шағы қайтып оралғандай еліге құмартады. Талайдан аңсағанын көргендей көз жазғысы келмейді. «Атастырған адамы болмас, өйтсе шалды жұртқа тастап кетпейді ғой. Және ұзатылатын уақыты да жеткен ғой» деп ойлады ішінен. Күйші осы күнге дейін аумалы-төкпелі халге түсіп, қыл үстінде тұрғандай қалтырайды. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы

Повестер, әңгімелер, мақалалар болар» деген де ойға тіреліп, қайта ауытқиды. Көңіл аптығын басу үшін Естемес домбырасын алып, ақырын шерте берді. Ойланып қалған шал басын көтеріп алып тағы да тіл қатты. – Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елігетіні болады деуші еді. Естемес шырағым, өнеріңді салып көрсең қайтеді? Хақ тағала көз жасымызды көрсе кім біледі, нарымыз иіп кетер. Салшы өнеріңді, қарағым. Қолымнан келсе, не сұрасаң да берейін. – Не сұрасам да бересіз бе? – деп Естемес жалт етіп Жаңылға көз тастады. – Беремін, қарағым. Жаңыл сытылып үйден шығып кетті. – Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім... Шал Естеместің қолқасын түсініп төмен қарап, ойланып қалды. – Апырым-ай, мынауың шынында да елде жоқ қолқа екен,– деді ол сәлден кейін.– Ай, бірақ сен де бір азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім – сөз. Өнерің жетсе, тілегіңді бердім, қарағым. Осы кезде Жаңыл есіктен қарап:

Тахауи Ахтанов – Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар,– деді. – Мейлі, болсын. Кәне, Жаңыл қарағым, нарыңды тұрғызып, шелегіңді тоса бер,– деп Естемес домбырасын ұстап орнынан тұрды. Жаңыл нарды үйге жақынырақ әкеліп байлады. Шал тулақ алып шығып нардың алдына төседі. Естемес «кепкен шандырыңды жібіте алар ма екем» деп сынағандай нарды шолып өтті. Түйенің ендігі түрі манағы көргеннен бөлек. Балшықтан құйғандай денесінде қыбыр еткен тірлік белгісі жоқ. Басын манағы келген жағына бұрып, сонау алыс адырға құрғақ, жансыз көзін қадап қатып қалған. «Апырым-ай, мына жан­ уарды жібіту қиын болар» деп секем алып қалды Естемес. Осы кезде Жаңыл келіп түйенің мойнынан құшақтап, басынан сипады. Нар сонда ғана селт еткендей болды. Естемес көзі тағы да Жаңылға түсті. «Мал баласына осылай пейілің түскені... жас та болсаң, аса мейірбан боларсың» деп ойлап, күйшінің іші жылып кетті. Жаңыл қарындағы шелегін алып, түйенің желініне тосып, саууға ыңғайланды. Күйшінің жіті көзі қыздың әр қимылын қапысыз бағады. Бай ауылда күң, сауыншы аталатын еңбек әйелінің әр қимылында жарасымды ши-

Повестер, әңгімелер, мақалалар рақтық, әсем ептілік барына сүйсіне қарайды. Жаңыл бұрылғанда байқады, қыз жүзін ай бетіндегі мұнардай бір мұң шалып тұр екен. Естемес ішінен: «Қасымда тұрсаң да, алыстағы арманым екенсің, күй қанатымен қуып көрейін» деп Жаңылға телміре қарап сәл тұрды. Күйші жүгіне беріп, «я, сәт» деп домбыраны қағып-қағып жіберді. Жасы ұлғайып, қимылы ауырлап кеткен ұстазының жас жігіттей құлшынып шыға келгеніне, Оразымбет таңырқай қарады. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау» деп ойлады. Әншейінде жайғасып малдасын құрып, тіпті шыптағына жастық қондырып тартатын күйші, қазір бір тізерлеп тулақ үстіне жүгініп отыра кетіп, сілтей жөнелді. Домбыраны қатты қағып, нарды бір елең еткізіп алды да, күйді бастап кетті. Алғашқы ырғағынан-ақ Оразымбет бұл жол үстіндегі өзі тыңдаған күй екенін танып, «Ескеай, манағы тірелген жеріңде тағы да тайып құламасаң не қылсын» деп сескеніп қалды. Бірақ Оразымбет бұл күдігін тез ұмытты. Ол енді алғашқы рет тосын күй тыңдағандай көз шарасы үлкейіп, ерні түріліп елтіп қалған. Күйшінің мына тартысы бөлек еді. Енді манат мұңды әуеннің мағынасы артып,

Тахауи Ахтанов аяғы арманға ұласып барады. Жібек сазды ырғақтың арасында домбыра ақырын ғана күрсініп алғандай болады да, қайтадан сергіп балапандай талпынады. Оразымбет лыпылдаған қанат сусылын естігендей де болды. Діріл қаққан күй тарауға майда қоңыр сазды сарынға ауысты да, ақырындап көтеріле берді. Күйшінің саусағы домбыраның сағасына таман келіп безек қағып, күй аз бұлқынып жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді. Күйшінің қиналған жерден өтіп кеткенін сезіп Оразымбет: «Ah, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау»,– деп сүйсінді. Алдынан кең өріс, алыс қиян ашылғандай оның да бойы сергіп қалды... Естемес күйге елігіп өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бері арқаны құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қыртысы таралып, жанын сергітіп әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Сарылтып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны тез шешіліп, күйші көңілі де күй қанатына ілесіп алысқа самғады. Сәл иіліп, талдырмаш тұлғасы әсем майысқан қыз бұлдырап алыстап, биіктеп кетеді. Сонау көкжиектен, сағым арасынан сыңғырлап күліп, еліктіре шақырғандай болады. Күйші көңілі соған талпынады.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Естемес қиялынан сергіп нарға қарады. Нардың таңырқай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп бір-екі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боз­ датып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңыранды. Естемес оны да домбыраның ішегіне ілін әкетті. Күйші көзі Жаңылға түсті... Қыз нардың емшегін қысып ұстап, қатып қалыпты. «Апыр-ау, бұл неге саумай тұр» деп ойлады Естемес. Нардың желіні тырсиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма-шуақ биігінен төмендеп қайтадан мұңлы сазға ауысып, күңіреніп барады. Сәлден кейін жалт еткен арманынан айрылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды. Күйшінің

Тахауи Ахтанов де көзінен жас тамып кетті. «Заманым өткен екен ғой» деп аһ ұрып жалт бұрылды да: – Ар жағын сен тарт,– деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді. Оразымбет домбыраны қағып алып жалғастырып тарта жөнелгенде нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді. Біз қайдан білейік, ел: «Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі.

Повестер, әңгімелер, мақалалар ЖОҒАЛҒАН ДОС Маңғастың үйінде бөтен адам болған жоқ. Бұдан бір ай бұрын көшеде ойда жоқта кездесіп қалғанымызды қоспасақ, екеуміздің араға он жыл салып қауышып отырғанымыз осы. Мұндай кездесудің ыңғайсыз жағы да бар. Әрине, майдандас достар бірін-бірі ұмытпайды. Дегенмен өмірдің аты өмір. Адам өзгереді. Әркімнің өз тіршілік кәсібі, үйреніскен төңірегі бар. Қанша айтсақ та арадағы жылдар бөліп тұрады. Алғашқы бетте шұрқырасып, одан майданда көрген сүргінді еске алып түгес­ кеннен кейін, ар жағында айтатын берекелі еш нәрсең болмай: «Я, солай де», «сонымен осы жерде істеп жатырсың ғой» деп, желкеңді қасып», – ыңылдап отырасың. Маңғас екеуміз де біраз тосырқасып қалған екеміз.

Тахауи Ахтанов Әңгімеге елігіп қыртысымыз тарағанша ас та даяр боп қалды. Сол күнгі жүрегімді шіміркендірген бір оқиғаны естімесем, әрине, бұл мәжіліс те ескі достан татқан көп дәмнің біріндей ұмыт болар еді. Ac әкелердің алдында Маңғастың келіншегі кішкентай арық әйелді қолтықтап үйге кіргізді. Алғашқы сәтте кішкене қыз бала шығар деп қалып ем, байқасам шашына ақ кіріп, өңі ескіріп егде тартқан кісі. Маңғас тұрып, алдынан шығып: – Е, Әйеке, келіңіз. Жоғары шығыңыз,– деп стол басына қарай әкеле жатыр. Үй ішінің елпілдеуіне қарағанда құрмет тұтатын қадірлі адамдары сияқты. Бірақ осы қошаметтерінің өзінен қысылшаң, мазасыздық байқалады. Әйелдің ажары да маған бір түрлі жат көрінді. Амандасқан дауысым баяуырақ шықты ма, ол менің сәлемімді алған жоқ. Қыбыр етіп мойын бұрмастан алдындағы бір ноқатқа қадалып шұңқиып отыр. Маңғас мені ол кісімен таныстырмастан ас қамдатуға сыртқа шығып кетті. Мен болсам қалай тіл қатысудың ретін таппай орнымнан тұрып қабырғада ілулі тұрған суреттерге үңілдім. Бірақ көз қиығым осы бір тосын әйелде. Кенет: «Осы кісі су қараңғы соқыр болмасын» деген ой келді. «Иә, иә... шынында міз бақпай отырысына қараған-

Повестер, әңгімелер, мақалалар да... оған енді күмәнім қалған жоқ. Бірақ одан басқа да бұл әйелде бір сыр бар сияқты. Өңінде жанын жегідей жеген ойдың ізі жатыр. Әлде жақын адамынан айрылып қаза көрген кісі ме? Бірақ осы кісіні азалы дейін десем қара жамылмаған, киімі де жұпыны ғана. Менің ойымды рамканың ең шетінде тұрған кішкентай көмескі фото бөліп кетті. Екі бала жігіт кіші лейтенант формасында иін тіресіп қатар тұр. Мына тұрған талдырмаш аласа жігіт Маңғас. Қасындағысы өзім. Көз алдыма Сиваштың көңілсіз, қара суық күзі елестеді. Біздің әскер Қырымның азғана жерін ойып алып, бекініс құрып жатты. Алдымыз жау, артымыз Сиваштың шірік суы. Арғы бетті «Үлкен жер» деп атаймыз. Ол бізге дарқан өмір сияқты бір арман. Ал біздің батальон болса Тартоғай деген алақандай түбектің жартысын немістерден тартып алып сонда бекінген. Түбектің құрлықпен жалғасатын түбі жау қолында. Сонымен біз арман еткен «Үлкен жерді» бір емес екі су бөліп тастады. Бергі пландармның өзіне ені бір шақырым ащы суды қыстай кешіп жүріп қатынадық. Сол жерде тұрғанымызда біздің ротаға осы Маңғас келген. Окоптан қырық-отыз метр шегініп қазылған жер кепеде екеуміз бірге тұрдық.

Тахауи Ахтанов Мінекей сол Маңғастың дәл өзі. Бір нәрсеге таңырқағандай ежірейіңкіреп біткен кішілеу қоңыр көзі. Анау үлкен астыңғы иегі...әсіресе мына жұмырықтай томпақ бетке өзге бір қазан бастан бөліп алып қондыра салғандай шықшыты кең үлкен жақ сүйегі... Өзі взвод командирі болса да бұйрық беруден гөрі өзгенің әмірін орындауға бейім елгезек жігіт. Сол кездегі өміріміз азап-мехнаты көп, қаншама сүреңсіз болса да мынау сурет жүрегімді шым еткізді. – Аа, ескі суреттерді көріп тұрсың ба? – Иә, майдан алапат қырғын болса да өміріміздің ең бір тәтті шағы – жас дәуреніміз сонда өтті ғой. Сол кезіңді еске алсаң... – Ие, ие, кел, тамаққа кел,– деп Маңғас менің сөзімді бөліп жіберді. Өзі бір нәрседен сасқандай қасық, шанышқыларды кезек-кезек ұстап күйбеңдеп тұр. «Мұнысы несі» деп таңырқағанымша манағы кірген әйел маған тесіле қарап қалыпты. Оны соқыр деп ойласам, көзі өңменімнен өтіп барады. Әлденеге арқам мұздап қоя берді. Жанарында шыңылтыр қара жарқыл бар. Тіке қарауға дәтім жетпей бұрылып кеттім. Мұны Маңғас та сезген екен. Жалма-жан әйелге бұрылып: – Әйеке, кәнекей, ас алыңыз,– деп қалбақтап қалды.

Повестер, әңгімелер, мақалалар Бетімді бұрып алсам да әйелдің қадалған көзқарасы самайымды лүпілдетіп, тұла бойымды құрыстатып баратқандай. Аздан кейін ол назарын менен аударып, алдындағы асқа қолын созды. Өзінен-өзі тықыршып, дегбірі қашқан Маңғас та енді сабасына түсіп, маған көбірек ілтипат жасап, сыйлап отыр. Бірақ екеуміздің әңгімеміз маздап жанбай, сөне берді. Онша ден қойып қарамасам да осы бір бейтаныс әйел ойымнан екі елі шығатын емес. Өзі де ажарсыз екен. Кішкентай ғана нәзік қаңқаға қара теріні қаптап қойғандай. Қушиған арық, иығы көйлек астынан бедірейіп тұр. Кара торы жүзінің еті қашып, бет сүйегі бұлтиып бөлек шыққан. Тал бойындағы ерекше қасиеті – қарақаттай тұңғиық көзі ғана. Бірақ көзқарасы... Не де болса буы басылмаған ыстық, ашық жарасы бар сияқты. Қыбыр етсем сол жарасына тиіп кететіндей қысылып отырмын. Маңғастың айтқан әңгімесі де құлағыма кірер емес. Осы бір қыс­талаң халді үй иесі сезді ғой деймін, астың аяқ жағында әйеліне бұрылып: – Ғайни апаң шаршаған шығар,– деп қойды. Маңғас екеуміз оңаша қалған соң да біраз үнсіз отырдық. Ақ жарқын үй иесінің қабағында көлеңкенің ізі бар. Екеу­міздің манағы бір әзірде шұрқырасып

Тахауи Ахтанов көріскен жайдары көңілімізді қасымыздан жанап өткен бөгде қайғының салқыны шалды. Аздан кейін барып: – Жаңағы кісі жақын адамдарыңыз болар?– деп сұрадым. – Иә, осы үйдің жақын адамы. Маңғастың дауысынан күрсініс естілгендей. Тағы да үндемей қалдық. – Өзі сырқаттау ма, әлде азалы кісі ме? – Екеуі де бар. Маңғас енді ол кісінің жайына барғысы келмей сөздің бетін бұрды. Қанша әңгімеге алаң болсам да ойым жаңағы әйелге орала береді. Аты Ғайни екен, азалы да, сырқат та көрінеді. Не болса да үлкен жан күйзелісіне ұшыраған түрі бар-ay. Шүйкедей боп шөгіп қалыпты. Көз алдынан кетпейтін бір елес бар сияқты. Маңғастарға жақындығы қандай екен. Жалғыз болса қиын ғой бишараға. – Бала-шағасы бар кісі ме? Маңғас бірден жауап бере қоймады. Менің көңілімді түсініп отырса да шабан аттай тартыншақтап, сөзге басатын емес. – Бұл кісінің бізге жақындығы туыс-жекжаттан гөрі бөлектеу. Танысқанымызға үш жыл болды. Содан бері жақын араласып кеттік. – Сонда тікелей туыстығы жоқ қой сендерге?

Повестер, әңгімелер, мақалалар Маңғас менің сауалыма елеңдемей, өзге бір елесті көргендей көзін бір нүктеге қадап отыр. – Менің бұл ауданға келгеніме үш жылдан асты ғой,– деп сөз бастады Маңғас. – Сол жаңа келген кезім. Кейде кісі біреуді біреуге ұқсата береді ғой.– Ол есіне басқа бір нәрсе түскендей ақырын мырс етті.– Менің Құлмағанбет деген алаңғасарлау ағайыным бар. Ана жылы соны поезға шығарып бара жатыр едім. Бір вагонның алдында бес-алты қыз – бозбала тұр екен. Құлмағанбет келді де бір жігітке түйеден түскендей дүңк етіп: «Ой, жын соққан, сен мұнда қайдан жүрсің?» – деп иығын түйіп жіберді. Ана жігіт аңырып қалды. Құлмағанбет оның бетіне қайтадан бір ажырайып қарады да, қолын сілтеп ары қарай кете берді. Әлгі жастар аң-таң. Не дерін білмейді. Мен артынан қуып жетіп: «Құлеке, жаңағыңыз не?» – деп сұрап едім. Е, қайдан білейін, жүгірмекті, жиенім шығар десем...»– Мен күліп алдым. Маңғас сәл жымиды да сөзін жалғай берді.– Сол сияқты мен де осы селода бір таныс адамды ұшыратқандай болдым. Көшеде келе жатыр едім, алдымнан он төрт, он бес жасар қыз бала кездесе кетті. Жүзі тіпті сондай таныс.

Тахауи Ахтанов «Осы кімнің баласы еді?» Өзін тоқтатпақ болып бетіне үңіле қараймын. Бірақ байқаймын, бала мені танымайтын сияқты. Дардай адамның өзіне сонша сұқтанып қалғанынан қысылды білем, қолындағы портфелін кеудесіне таман көтеріп, көзін төмен салып жылысып өте берді. Келесі күні жұмысқа бара жатқанымда әлгі бала тағы кездесті. Ол бері қарай мектепке келе жатады. Сөйтіп екеуміздің жолымыз түйісіп қала беретін болды. Кездес­ кен сайын бір танысымды көргендей селт етіп, тұрып қала жаздаймын. Бұл ауданға келгенім жаңа, әлі жыға танысқан жора-жолдастарым жоқ. Ал мына баланың түрі, көптен бері білетін, нағыз етене таныс адамыма ұқсайды. Өзі әдемі ат жақты, қызыл шырайлы бала. Бет пішіні қолдан ойып жасағандай әп-әдемі адамдар болады ғой. Ондайлар еркекте де, әйелде де болады. Дәл сондай. Ортасы сәл дөңестеу, жұқа танау қыр мұрын. Тек қана көзі қысыңқы көз қарасы – бейне бір сенің құпияңды біліп қойып, соған қуақы жымиып тұрғандай. Біреуге ұқсатамын да тұрамын. Ал, кімге ұқсайтынын таба алмаймын. Бірақ мына мысқылшыл көзқарасы бар ғой, әй, таныс-ау, таныс енді. Біздің қызмет бабымыз сондай, үйден гөрі түзде

Повестер, әңгімелер, мақалалар көбірек боламыз, жұмысбасты боп шапқылаймыз да жүреміз. Әлгі жұмбақ бала да есімнен шығып кеткендей болып еді. Бірақ біздің араласпайтын ісіміз бар ма? Бір күні мектептің жағдайымен танысқалы жетінші кластың сабағына кірдім. Ең соңғы партаға кеп отыра кеткенмін. Жаңылмасам география сабағы ғой деймін. Мұғалім балаларды картаға шақырып сұрап жатыр. Бір кезде «Естемесова» деп дауыстады. Бұл бір менің естіген фамилиям тәрізді. Картаға баяғы «жұмбақ» қызым келді. Оны партасынан көтеріле бергенде-ақ танығам. Әдемі, сыпайы жүзіне жараспайтын мынау қысыңқы көз, ішіңді біліп тұрғандай көз жанарындағы қуақы ұшқын. Тоқта, тоқта... «Естемесова?»... «Естемесов... Естемесов Мырзахмет...» Көз алдыма сұңғақ бойлы, сұлу лейтенант елестеді. Дәл осындай жазық маңдай, нәзік танау, қыр мұрын. Әсіресе анау мысқылшыл көзқарасы... Апыр-ау, соның баласы болғаны ма? Бірақ адамға адам ұқсай береді... Мен осылай дал болып отырдым. Естемесов Мырзахмет майданда бірге болған жолдасым еді. Сен оны білмейсің. Мен сендерге қырық төртінші жылдың басында, Сивашта тұрғандарыңда училищеден келдім

Тахауи Ахтанов ғой. Оның алдында госпитальда біраз емделдім... Ал біз Мырзахметпен қырық үшінші жылы Ржев маңында бірге болғанбыз. Ол кезде сержантпын, Мырзахмет біздің взводтың командирі. Мен оған бағынышты болсам да, екеуміз жақсы дос едік. Майданның жағдайын білесің, демократиясы күшті еді ғой. Жыл басында біраз шабуыл жасадық, шығын көп болды да, жаудан босатқан жеріміз аз болды. Содан бекініске көштік. Несіне басыңды ауыртайын, Мырзахмет екеуміз бес-алты айдай бірге болдық. Майдан жағдайында бұл талай жылға татырлық ұзақ достық екенін білесің ғой. Содан қысқасы дәл қасымдағы, тіпті қасымда емес-ау, өзім арқама салып сүйреп келе жатқан Мырзахметтен айырылып қалдым. Не өлі, не тірі айрылғанымды да білмеймін. –Білмегенің қалай?– дедім мен таңыр­ қап. –Сондай бір жағдай болды. Маңғас қабағын түйіп аз мүдірді де, әңгімесін қайта жалғады.– Өзің білесің ғой «бой местного значения» деп хабарлап жатушы еді ғой баяғыда. Сол қырық үшінші жылдың көктемінде біздің майданда сондай жергілікті ұсақ ұрыстар болып жатты. «Ұсақ ұрыс» дегенмен кейде нағыз қиямет сол болатын. Немістің бір дивизиясын қоршаймыз деп

Повестер, әңгімелер, мақалалар селдір ағашты, батпақты жермен шабуылға шықтық. Өліп-талып мақсатымызға жаңа жеттік қой дегенде жаудың тың күштері келіп бізді кейін қарай қуып бермесі бар емес пе. Адамдарымыз да тіпті азайып қалып еді. Төтеп бере алмадық. Қоршауда қалып қоятын болған соң батпақтың үстімен кейін қарай қашып келе жатырмыз. Қонышы қолпылдаған керзі етігім батпаққа кіріп кетсе, аяғымнан суырылып шығады. Шылқыған балшықтың үстіне жата қалып қайта кием. Ондайда қайта солдаттың обметка ораған ботинкасы рақат екен. Алдымда Мырзахмет жүгіріп келе жатқан. Бір уақытта қарасам көрінбейді. Қашқан әскерде береке болсын ба. Азғана солдат тым-тырақай зытып барады. Немістер де өкшелеп келеді. Оның үстіне жаудың бір пулеметі, ыңғайлы позицияға қойып алған, иттің баласы тек сыпыртып тұр. Әй, көз аштырмайды. Өзім жұрттың ең соңында қалып қойыппын, жасыратыны жоқ, шынымен-ақ қорықтым. Кенет «Маңғас, Маңғас» деген дауыс есіттім. Дауыстың қай жақтан шыққанын да білмей, томардың тасасына бұға қалып жан-жағыма көз жібердім. Еш нәрсе көре алмадым. Жұрттың ең соңында қалып қойғаным есіме түсіп, шошып кетіп зытайын деп көтеріле бергенімде әлгі дауыс

Тахауи Ахтанов тағы шақырды. Арт жақтан естіледі, батыр­ ға да жан керек, оған қайрылатын мұрсат қайда маған. Бірақ, жаны құрғыр қанша тәтті болса да шыдай алмадым. Жау қолында ажалдың шеңгелінде қалып бара жатқан адамның жан дауысы, ең соңғы зар тілегі: «Маңғас, Маңғас», – деп шақырады. Содан амал жоқ, кейін қарай жүгірдім. Келсем, бір томардың түбінде көзі жаутаңдап Мырзахмет жатыр. Кеудесін көтеріп маған қарай талпына берді. Қара балтырдан оқ тиіпті. Әйтеуір құдай оңдап сүйегі аман тәрізді. Бірақ аяғын баса алмайды. Майданның талай сойқанын көрдік қой. Ал мен үшін соғыстағы ең қиямет-қайым Мырзахметті оқ астынан алып шығу болды. Арқаңа салып алып еңбектейін десең жер кілкілдеген батпақ. Еңбектемек түгіл аяғыңды әрең суырасың. Өзіңнен денелі адамды арқалау... Оны да бір нәрсе етер едің-ау. Әлгі ит пулемет көз аштырмай дырылдатып тұр. Бірақ басқа амалың қалмаған соң қайтесің. Бірде арқалаймын, бірде құшағын мойныма артып екеуміз үш аяқпен жүреміз. Пулеметтің нысанасына іліккенде былш етіп батпаққа жата қаламыз. Мырзахмет жарасы ауыратын болар, қатты ыңыранып қояды. Оны елейтін жағдай бар ма. Солдаттардан қарамызды

Повестер, әңгімелер, мақалалар үзіп қалдық. Жан сақтауға себеп болғаны немістер батпаққа тереңдеп кірген сайын іркіліп кейіндеу қалды. Болмаса әлдеқашан қолға түсетін едік. Екеуміздің жүрісіміз жүріс емес, нағыз тозақ болды. Әйтеуір сонда да жандәрмен қылып, пулемет оғының шарпуынан шығып бара жатыр едік, бізді минометтің астына алсын келіп. Төбеңе келіп қалған минаның даусы қандай жиіркенішті. Тура аспан қопарылып үстіңе құлап келе жатқандай. Біздің де төбемізге бір мина құлап жатты. «Әй, ұрасың-ау» деп қалдым да, Мыр­ захметті астыма ала құлай бердім. Әлде оны қалқалап үлгірмедім бе, соның анығын ажырата алмай қойдым. Одан арғы жағы қап-қараңғы болып кетті. Бір кезде көз алдым бұлдырап жарық сәуле көргендей болдым. Бірақ еш нәрсені анық ажырата алмадым. Өң мен түстің арасындай мұнар дүние. Бетіме былш-былш шашыраған балшықты сезем. Еңбектеп келемін бе, әлде қол-аяғымды сермеп жатырмын ба. Содан енді бір ес жиғанымда – маңымда жан жоқ. Шалшық судың ішінде жатыр екем. Еңбектеп өтейін деп бар күшімді жиып, талпынып едім. Ар жағының не болғанын... Көзімді ашқанда ең алдымен көргенім көк аспан болды. Әр жерінде мамықтай

Тахауи Ахтанов ақша бұлттар – аспанның көк болуын аша түседі. Жел қаққан салқын ауа дірілдеп тұр. Өлердей қажыған түрім бар, қыбыр еткім келмейді. Кенет сөйлескен кісілердің дауысын ап-анық естідім. – Мынаны арбаға саламыз ба, қайтеміз? – Әлі жан тапсырған жоқ па өзі, тыңдап көрші. Осы сөздің өзім туралы айтылғанын түсіндім. Бірақ көңілім селт етпейді. Тіпті маған қатынасы жоқ, өзге дүниеден естілген бөгде сөз сияқты. – Жоқ, бұл өзі оп-оңай өле қоятын жігіттің түрі емес, ана жарақатымен.... – Иә, тым өлермен жігіт екен. Кәнекей, көтерейік. Көк аспанды қалқалап үстімнен сақалы өсіп кеткен біреу төне берді. Жерден көтеріп алғанда бүкіл денемді сындырып, шаншып өткен қатты аурудан шыңғырып жібердім ғой деймін. Бір ғажабы осыдан кейін есім кірді. Қайда жатқанымды, қайда екенімді білдім. Есіме Мырзахмет түсті. – Лейтенант қайда? Тірі ме?– деп екіүш қайыра сұрадым. – Сандырақтап жатқан болар. Қайдағы бір лейтенантты сұрайды,– деді мені арбаға көтеріп салып жатқандардың біреуі.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙