Мазмұнға өту
Home

Періште

Тұрсын Жұмаш

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Періште

Авторы: Тұрсын Жұмаш

ТҰРСЫН ЖҰМАШ ПЕРІШТЕ жыр кітабы Алғысөзін жазған - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Серік Ақсұңқарұлы. ҚұрастырушыТұрсын Жұмаштың жары Айнагүл Қайырбекқызы. Сарашысы— Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Айтбай Сәулебектегі Қарағанды - 1997

  • «ЖАЛҒЫЗДЫҒЫМ ТУРАЛЫ АЙТАМ МЕН СІЗГЕ» немесе АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА Қарқаралы өңірінде бір белдің асты, бір заманда ғұмыр кешсек те, мен оның дидарын көзі тірісінде көре алмай қалған едім. Өлеңдерін сүйсіне оқып жүріп, «Алла амандығын берсе, бір жүздесерміз» деп жүргенде, ол бақидан фәниге аттанып кетті. - Өмір сүріп жүрмесем де Елсізде, Жалғыздығым туралы айтам мен сізге, - деп жазып еді марқұм. Ия, ақын - жалғыз. «Жалғыздық Аллаға ғана жарасады» дейді қазақ. Жалғыздық ақынға жараса қоймаса да, тағдыр мен қоғамдық болмысы оның маңдайына осыны жазып қойса қайтесің... Дәлдүріш - көп, санап шығуға саусағың жетпейді. Оған «шөп те өлең, шеңге де - өлең». Оларға халық та - бір, тобыр да - бір. Екеуінің де тілін тауып, «елсізде қалған Жұмашшыламай», жалғанды жалпағынан басып жүріп жатыр. Әлі де жүре бермек. Ақын - ана секілді, әр өлеңін тоғыз ай толғатып әрең туады. Дәлдүріш күшіктейді. «Былтырғы жылы елімізге Хрущев кеп, айтып ед еліңізде ырыс көп деп. Айтқаны әулиенің дәл болды да, сол жылы шыға келді күріш көктеп»... Тұрсын бұлайша жаза алмайды. Бұл оның әрі бақыты, әрі соры. Тұрсынның көзі тірісінде кім болғанын тану үшін оның соңында қалған өлеңдерін оқысақ жетіп жатыр. Ақынның өлеңдері - өмірі. Орыста Пушкин жайында алып-қашпа әңгіме көп. Бірақ соның бірде-біреуінен Пушкиннің ақындық, азаматтық болмысы мен бітімін көре алмайсың. Пушкиннің бейнесі - «Ақын мен тобырда», «Моцарт пен Сальериде». Тіпті Анна Кернге арнаған «Есімде екі бір ғажап сәт» атты шағын өлеңнің өзінде адамзаттан асып туған асқақ Пушкин тұр ғой. «Өзіме өзім өлмес ескерткіш құйыппын» («Я памятник себе воздвиг нерукотворный») деп ол тегін айтпаған.

ТҰРСЫН Ж ҰМАШ Періште. Жыр кітабы. Қарағанды, ЖШС «АРКО», 1997. 37 мүшел жасқа аяқ басқан сәтінде о дүниеге аттанған аяулы ақын Тұрсын Жұмаш «аз жазса да, саз жазған» үлкен дарын иесі. Ол өмірді керемет сүйді. Қимады. Амал не, өзінің ерте кететіндігін ақын жүрегімен түсінді. Ақынның жаны-рухы мәңгі өлмейтіндігін терең сырлы, ойшыл жырлары арқылы дәлелдеп кетті. Тұрсынның көз жұмғандығына екі жыл өткенде шығарылған тұңғыш жыр жинағы қолдарыңызда, ағайын. Осыған шүкір делік. Асқақ ақын Ю.Лермонтов айтқандай оның «нағыз өмірі енді басталғандығына» сенгеннен басқа шара жоқ. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі.

«Поэты в России рождаются с дантесовкой пулей в груди» дейді Евг. Евтушенко. Алаш ақындары өзінің халқына деген қалтқысыз махаббатын қазағына түсіндіре алмай, қыршынынан қиылып жатыр! Сол - өкінішті! «Лермонтов орыс әйелінен туған жоқ, Пушкиннің кеудесіне қадалған оқтан жаралды» демекші Жұматайлар мен Тұрсындардың кеудесіне тұнған ащы көз жасынан әлі талай тарланбоз ақындар дүниеге шыр етіп келіп, Алаштың атақ-даңқын аспанға шығара берер. Қасымды туған Қарқаралы, Мұқағалиды жаратқан Қарасаз сынды Тұрсынды дүниеге әкелген Балқантау да Алаш жұртының аяулы топырағына айналады әлі. «Ақындар Парижде туып, провинцияда өледі» дейді француздар. Тұрсын Балқантаудың баурайында дүниеге келіп, сол маңайда дүниеден кетті. Көзі тірісінде бірде-бір кітабы жарық көрген жоқ. Өзі өлгеннен кейін оның поэзиясын сүйетін, творчествосының білгірі, журналист-досы Айтбай Сәулебектегінің еңбегі арқасында осы кітабы жалғанның жарығын көрді. Оны қазақтың арқалы ақыны Есенғали Раушанов таныды. Тамсанды. Есенғалилар екінің бірін, егіздің сыңарын ақын деп атай бермейді. Сөз соңынан Тұрсын бауырыма арнаған өлеңіммен тәмамдасам деп отырмын. ПРОВИНЦИЯЛЫҚ ӘДЕБИЕТ «Ақындар ауылда туып, Парижде өледі» Француз мақалы. Алдымызда айтар асқақ сөз әлі, Қайран уақыт бізден де әрі озады.

Ақындардың арқасы да қозады. Ақын біткен айтар сөзін тауысып, Жаңғыртқанда біркелкі үндер тау ішін, Маңғыстауға жалт қарайды Алатау Естіп бала Темірханның дауысын! Сонда қалай, көніп қасаң сүреге, Бұл буып да бізше өмір сүре ме? Топас шөйір астанада алшаңдап Тұрсындарың қой соңында жүре ме? "Романым - ер құны, - деп ел мұңы, Жазып жатқан шығар біреу ендігі. Өтежандар шығатұғын өңірден Өзгелердің шығатыны белгілі. Кісі таппай осыларга қой дер бір, Дүбірлетіп жөнелгенде сөйлер кіл,.. Еркек біткен үнсіз қалды... Алаштың Ең құрыса бір әйелі сөйлер бір? Өмірдегі, өлеңдегі тірі өлік, Дәлдүрішін бетіменен жіберіп. Төбе би боп мына бізден кейін де Төр басында отыра ма шіреніп? Ауыл менен астананы сүзіп ем, Абай көрдім - Алашымның жүзінен. Әлі талай жұлдыз терер Алматы Төлеужан мен Төлегеннің ізінен. Ауыл менен астананың арасы, Қанша қашық дегенменен қарашы. Асқақ қарап тұрған Алатауыңнан Абай биік - Шыңғыстаудың баласы!

Жүрегімді сол Семей оты ұрып, Өмір сүріп келем өксіп, өкініп. Ақындардың туатыны рас ауылда, Астанада өлетіні өтірік. Серік Ақсұңқарұлы, ақын. БІРІНШІ БӨЛІМ ҚАЗЫБЕК БИ АУЫЛЫНДА БІР АҚЫН БАР Жыр жинағым жарқырап, шықпаса да баспадан, Мені бір күн түсініп, ойланады Астанам. Алатауда бір шың бар, ешкім аяқ баспаған, Мен сол шыңға шығамын, шыға алмайды басқа Адам.

ТҰЛПАР-АҚ ЕКЕН Бұл жігіттің екі «айыбы» бар. Бірі - астанадан шалғай ауданда тұратындығы. Екіншісі - мынадай заманда өлең жазып жүргендігі. Әйтпесе айдарынан жел есіп тұрған мына өлеңдердің әлдеқашан-ақ айы оңынан туатын жөні бар емес пе? Амал қанша, жырсүйер қауым Тұрсын Жұмашев деген ақынды әлі білмейді. Мен де білмейтін едім. Бірде Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті қолыма түсе қалды. Ол газет маған қалай келді, неге, жадымда жоқ, жадымда қалғаны - төртінші бетіндегі бір топ өлеңдер. Бұл топтаманың авторы - Қарағандының Егіндібұлақ ауданында тұратын Тұрсын Жұмашев екен. Риза боп, хат жазып жібердім. Ойым — жас ақынның жырларын Алматының газет-журналдарына жариялату. Жұмашев мырзаның жауабын ұзақ күтуге тура келді. «Жұматайға ұқсай ма, қалай өзі?» дедім де қойдым. Жұматай демекші, баяғыда мен ауылда жүргенде Жұматай дәл осылай хат жазған. «Барлық ақын - баласы бір ананың» (Мұқағали). Тұрсын айтады: Мен де бір тұлпарыңмын, тағдыры бар, Даланың кеңдігінен байқалмаған. Мен сенгім келеді. Есенғали Раушанов, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Зерде» журналының бас редакторы. «Жас қазақ», 11-қараша, 1992 жыл.

ШЕР Мұқағали Мақатаевқа Көзі мұңды, тұлғалы, иығы кең, Қарайды да тұрады Ол Биігінен, Шеріне шер қос қызып алды ма Ақын: Қинала ма, таба алмай күйігіне ем? Алып ақын тауларға сүйенеді, Ойланады, Орманга жиі енеді, Бір басына төндіріп қара аспанды, Қара құрттар Жүрегін күйеледі... Тәңірге жалбарынып таң атырды, Көз алдыңда қала емес, Дала тұрды. Хантәңірді ойлады, Қарасазды Шыдамады, Ақыры қанат ұрды. Ұшты биік, бұлттардың үстіменен, Қарасазы жарқ етіп, түсті төмен, Туған жерге табанын тигізіп тұр, Сағынышы ақынның күшті де, ерен. Сағынышын жеткізіп көпке деген, Құрбысына болады Ол өкпелеген..., Тауларға алып-ұшып бара жатты Өміріне айналып кеткен Өлең. Хантәңірдің толғанып тұр басында, Бір ұқсастық бар оның тұлғасында, Жалғыздығын түсініп жылап тұрды, Ұлы ақын туатын бір ғасырда.

АБЫРАЛЫ ТАУЛАРЫНДАЙ АЙБЫНДЫ Төлеужан ЫСМАЙЫЛОВҚА Рухыңызбен сырласып жүрмін көптен мен, Шаршайды Ақын жыр маржанын көп терген. Құдіреттің бірі Сіз ғой, жан аға, Қол ұстасып кетіп қалған көктеммен. Ешкімде жоқ, өкініш бар менде бір, Ешкімді де жылатпасын енді - Өмір, Әулиенің бірі Сіз ғой жан аға, Әулиені түсіне ме, пенде бұл..; Көрмейсіз-ау, аспандағы Ай-Күнді, Жылағым кеп, жасырамын қайғымды. Көктем жақта жыр жазып жүр Әр ақын, Абыралы тауларындай айбынды. ҚАЙҒЫРМА Қасіретім жеп тына мені іштен Шарапты да Сол ішеді мен ішкен. Дос - дұшпанға таба қылмай Қорғап жүр, Қорғап жүрші, аппақ қанат Періштем. Құдай білсін, жатарымды қай қырда, О, Жаратқан ақ жолыңнан тайдырма. Мен бір түні өлең жазып отырып Таң алдында - ғайып болсам... қайғырма. Мені іздеме, көздеріңе жас алып, Біз осындай бір келісім жасалық. Төнім қайтып келмегенмен аяулым, рухым қайтып оралады жасарып,

БІЛЕСІҢ ҒОЙ, ЖАПЫРАҚ... Сәні кетіп таудың да, даланың да Қиын болып барады маған мұнда... Жапырақта мұңайган жалғыз тамшы, Мөлдірейді бейкүнә жанарымда. Білесің ғой, білесің, түсінеің Қарашада қалтырап үсінесің, Ақ қайың-ау, бұрымыңды сілкіп тастап, Қайдағыны есіме түсіресің... СӘБИ МЕН ҚҰС Ұлым Медетке Көзімді ілсем, Құс көремін түсі аппақ, Қанатына алтын сепкен ұсақтап. Аппақ құсты алақанға қондырып, Еркелетем сәбиімдей құшақтап, Сәби мен құс... жүректері пәк қандай! Бірі жүріп, бірі қанат қаққандай. Өліп қалған сезімдерім тіріліп, Періштелер ұшып бара жатқандай. ӨЛЕҢГЕ Жүрегімді аялайды ерке өлең, Қимайтынын білдіреді Ол ертеден, Қайран Өлең, аппақ қанат құс болып Жылайсың ба, Өліп қалсам, ерте мен? Дарынсыздан мені бөліп алшы анық, Өмір қызық болғанымен қаншалық. Өліп кетсем,

ұшып келіп қайтадан - Кетесің бе, кеудеме Сен жан салып. Мұңды сөз Кетіп барам Балқантауға асығып, Құт-ұяңнан құпиямды жасырып. Ұнатамын, тауда жалғыз жүргенді, Жүрегімнің ауырғаны басылып. Жақсы көрем, таңның тыныш атқанын, Өлеңім ғой таудан іздеп тапқаным. О, Жаратқан, сезбейді ғой дейсің бе, Өмірімнің өтіп бара жатқанын... Ойлағаным ойдағыдай бола ма, Мен болмасам, есен-аман бол, Аға. Қу жалғанның ала кіріп жарығын - Құран оқып шығасыз ба, молама? МАУСЫМ АЙЫ Маусым айы - бұл менің туған айым, Шөлімді қандыр бұлақ, шула қайың, Алтыныңа арбалған пенде емеспін, Жанымды ұқсаң болғаны тума ағайын. Керегі жоқ шапаның, ақ атың да, Керегі жоқ сақина, сағатың да. Менің барлық байлығым өзімде ғой Ақыл-ойым, шабытым, жан отымда. Өлеңсіз бұл өмірден мән кетеді, Көңіл-құсым осылай әндетеді, Қызықпай-ақ, қойдым мен бақыттыға, Болмысымның жарқылы мәңгі етеді.

ӘКЕ ҚАБІРІ БАСЫНДАҒЫ ОЙ Ұлы Отан соғысында алған жарақаттан 44 жасында дүниеден өткен офицер, ұстаз Темірғали ЖҰМАШҰЛЫНА Сен кеткелі дүниеге басқа бір Сені басып жатып алды тас қабір, Аспан ашық тұр емес пе, құдай-ау, Көзімдегі қатып қалған жас па бұл? Қабіріңе түстің бе, Әке, бір аунап, Мені де бір ауыр ойлар жүр аулап. Құлыныңды тастап кеттің... Ал Өзің, Құлын көрсең жүруші едің құраулап. Қырық жастан аспады ғой алдымыз, Жүрегіңде оқтан басқа қалды ма із? Сен кеткенде бір бұрышта бүрісіп Екі ұлын мен жапырақтай қалды қыз. Қандай бақыт күтіп едік алдан біз, Ұстаз болды сол бір жетім қалған қыз. Қайран, Әке, өзіңді ойлап жетілдік, Қос аңаның құшағында қалған біз.

САУ АДАМДЫ ЖЫНДЫ ЕТЕР ОРТАДА Өмір сүре алмайсың ба, кектенбей, Еркіндігім үшін мені жек көрмей? Қиын екен көңіл шіркін бір қалса, Қара жерге отырғызып кеткендей. Жүрісім де, ұнамайды-ау, тұрысым Ұнамасам ұнамайын, құрысын... Сау адамды жынды етер ортада, Өмір сүріп жүргенім рас, Жыр үшін. Өз Әлемім бар ғой менің, бар алыс Онда ұшып жете алмайды қара құс. Менің нәзік жүрегіме жүк артып, Келеді есек жаны сірі, тарамыс. Бір сөз айтып қалайын деп оқталып, Жалт қарап ем, алыпты олар топталып. Кешір, есек, сенің жүгің өзіңде, Пенделерден жүр ғой көңіл көп қалып... ЭКСПРОМТ Өсер елдің баласы осындайға бара ма? Атқың келсе, атып қал! Құдайға да қарама. Атқың келсе, атып қал! Жетті мысқыл-мазағың, Ақындарды атқызып қарап тұрмас қазағым.

БҰЛ ДҮНИЕДЕ Құстар қайтып бара жатыр қаңқылдап, Менің де бір құсым кетті ілесіп... Қалғандаймын қаралы бір ән тыңдап, Бұл дүниеде сұмдық ызғар тұр есіп. Құстар неге қайтады екен асығып, Табиғатты түсінбейміз, біз ұғып. Өлейін бе, сезімімді жасырып? Қайтқан құсқа шаршап қарап - Көзімнен Бір тамшы жас түсті жерге үзіліп... МЕНІКІ НЕ? Көзімді алмай өстім биік шыңдардан - Менікі не? Менікі сол мұңды арман. Өзімді алып кетіп бара жатырмын, Жүрегімді жаралаған жылдардан. Өмірімді қасіретке жүр бөлеп, Менің барлық көзқарасым бір бөлек. Маған ешкім көмек бере алмайды Құдайымнан болмаса егер бір көмек. Қайтесіңдер маған осы тас атып, Тас атқанды түбінде бір ас атып. Құдай ақы, әруақтар қолдаса, Мен де кетем, Бір тойымды жасатып.

ҚҰДАЙ ӨЗІ ЖІБЕРСЕ Балқантаудың басына отырамын мен шығып, Кетіп қалды Жұматай, ғайып болды Кеңшілік, Алты Алаштың асылын алар едім көтеріп, Құдай өзі жіберсе құдіретті емші ғып. Мен олардың барлығын қара жерден тұрғызып Алатаудан әлемге жетер еді бір қызық... Қуат алып тауымның тамырынан тараған, Алабұртып көңілім, тұлабойым тұр қызып. Қырық жастан асқанда кетті көбі тоқтамай Жүрегіне ақынның қадалады оқ қалай? Жер бетінен таба алмай, кеңістіктен іздедім Рухтары осында - Ал өздері жоқ, қалай? ӨКПЕЛЕТІП ҚОЯДЫ Жалғыздық алғанда қыспағына, Өлең жазғым келмеді қыста мына... Бозторғайым бар еді оятатын, Шыр-шыр етіп ол дағы ұшпады да, Әйтеуір өзгелерден басқалаумын, Өлең жазбай, бола ма тас қалауым? Ауылда жалғызсырап жүргенім рас, Өкпелетіп қояды басқа қауым... Менің жалғыз жүргенім досқа ауыр ма, Ол да айналып барады тас бауырға, Басқа өлемге қайтеді кетіп қалсам, Ешкім қаитып келмейтін басқа ауылға...

Ермек БАЛТАШҰЛЫНА Мен үшін түк қызық қалмаған, Күндерде қол ұшын созған дос, Арбаған, көбісі алдаған Жақсы мен жаманнан озған дос. Күлкімді жоғалтып алғанда, Құшағын айқара ашқан дос. Жарығым жалп етіп қалғанда, Шапағат шуағын шашқан дос. Көп досым қатынша сөзге еріпг Өзгеріп кеткенде, қалған дос. Жанымды тез ұғып, тез көріп, Басымды көтеріп алған дос... ҰШЫП БАРАМ... Селт етпейді қу көңілім мұң басқан, Жарық дүние - мөлдір шыны кір басқан... Жымыңдаған бір жұлдызың болайын Мені өзіңе алып кетші түнгі аспан. Өткен өмір... есімде жоқ.. тағы ұшып, Жылайыншы періштеме табысып, О, Жер-ана, кешір мені, қыл-қыбыр Болмады ғой жүрегіме жабысып... Жүрегімді сақтау үшін қалпында, Қызықпадым күміске де, алтынға. Жолдан таймау қиын екен, соны ұғып - Ұшып барам Жылуы жоқ жарқылға...

МЕНІ ДЕ АТСЫН СҰЛУЛЫҚТЫ ТҮСІНБЕГЕН Құс болсам ұшар ем аспанда биік, Кеудемді отқа тосамын батқандай күйік, Мен Сені оларға атқызбаймын, Атқызбаймын Мен Сені жасқанба, киік. Киелім-ау, Құдай өзі мүсіндеген, Мені де атсын, Сұлулықты түсінбеген. Жалаң аяқ қып-қызыл шоқты басып, Күліп тұрмын бақытты пішінде Мен. ҚАЗЫБЕК БИ АУЛЫНДА БІР АҚЫН БАР Бұлақтарға қызығып тасып аққан Табанына таулардың тасы батқан, Қазыбек би ауылында бір ақын бар, Сені ойлаумен күні-түн басы қатқан. Қалып қоймай ауылда, от басында Ол да бір күн жетеді, тоқтасын ба? Бір-ақ шумақ өлеңі қалады оның Балқантаудың ойылып көк тасыңда. Ол туралы еш пенде ойланбайды, Сырты бүтін, ал іші - толған қайғы... Сол ақынды аяулым, сен білесің, Түсінесің сен ғана сор маңдайды.

БҮГІН ҮЙГЕ ҚАЙТПАЙМЫН Қызықтырмай барады түк те мені Жұлдыздар - қара аспанның нүктелері, Ертең, мүмкін сенімен хабарласам, Бүгін үйге қайтпаймын, күтпе мені... Күз келіпті... Мен қалай байқамағам? Қиын болып барады қайта маған. Жапырақтар - жүректің көшірмесі, Сайтанның көшірмесі - САЙҚАЛ АДАМ. Жаз қалдырып кетеді күзге несін, Сен мені іздеп бұл жерге жүз келесің. Сағыныш бар өсімдік әлемінде, Мен - сондамын, мені ешкім іздемесін... Түймелерің кетіпті ағытылып, Өлең жазып келдің бе, тағы тұрып? Аспанда - Ай.,. Үстіңде қарай көйлек... Көп толқимын бойымды шабыт ұрып. Біреулер жүр күбірлеп осы маңда, Кімдер олар, ақынның досы бар ма? ... Пушкинді атып өлтірген Дантес шығар, Мен де қарсы тұрамын осыларға... Өлең оқып ақын қыз, бозбалаға, Тұрып қалған тіршілік қозғала ма? ...Болдиноға күз келді, Пушкин келмей... Боздағым кеп қараймын боз далаға,

АДАМ ҰҒЫП БОЛМАЙТЫН САҒЫНЫШПЫН Өтті көктем, дүркіреп өтті көктем, Ақ самалы аймалап өпті беттен. Бір күні бір жаққа кетіп қалға,. Алтынымның дауысы жетті көктен. Мен аспанның жетінші қабатында - Жүрмін ұшып, таусылды тағатым да... Сенің мөлдір бейнеңді көріп қалам, Сағыныштың өртеніп тағы отында... Саған ауып аңсарым алыстағы, Алматымның елестеп таныс бағы... Өлең оқып отырған сені көріп, Алапат күш кеудемді жаныштады. Жерді тастап кеткелі Айға, алысқаг Мен сенімен шықпадым байланысқа. Өлең үшін туыпсың, жаным менің - Бөтен іспең алданып, айналыспа. Құдай саған керемет беріп күшін, Не жазсаң да еркінсің, еріктісің. Сенен қашып кеткем жоқ мен бұл жаққа Қыл-қыбырдан жүрегім жеріпті шын, Көп қарайсың аспанға, Алашыңа, Алаңдайсың ауырса анашыңа. Өзің айтшы, базарда балық сатқан Абай туған қазақтың баласы ма?.. Не болып барады айтшы қоғамдарың, Қажеті жоқ, сұмдық-ау, оған дарын. Поэзияға қарсы бір күшті топ бар Бүлдіретін солар ғой, солар бәрін.

Періштелер оянып... ұшты бәрі, Пері қарсы тұрып ап ысқырады. Құлазыған көңілге мың да бір ем - Өлең деген керемет күшті дәрі Ақын жаны өлмейді анығында, Періштеге айналып жаны мұңда, Жеті қабат аспанда жүреді ұшып, Таң алдында, түннің бір жарымында. Жүреді ұшып елемей ештеңені, рухы таза еместер сескенеді. Ғашықтарды сарғайтып, сағындырып Бақыт шіркін, келсе де, кеш келеді. Кеше оқыған өлеңің қандай мұнды, Тауға, тасқа соқтың-ау, маңдайыңды. ... Менен басқа бір жұмбақ қыз бар екен, Ғашық болып бөліскен сан қайғыңды. Секем алып сескеніп, елеңдеме Сенен басқа адамға сенем бе, не? Түсініксіз түс көріп жүргендеймін, Бөлектеніп кеткелі менен дене. Аспанға бір келеді-ау алып ұшқым, Көрінбедің көзіме нағып үш күн? Мені қиын түсіну, мен өйткені - Адам ұғып болмайтын сағынышпын... ІЗДЕЙДІ Кірпік ілмей атырдың тағы таңды, Құс ұшырып кеудеңнен ағыт әнді. Мен мінген таңғажайып күміс кеме, Беймәлім планетаға бағыт алды. Қош бол енді, қолыңды ал ұстаймын Таныс әуен, таныс жыр, таныс қайғың...

Сыймасаң да жүресің жер бетінде, Қимасам да мен сенен алыстаймын.., Махаббаттың әдемі әні үзілді, Тұрмын жалғыз қарсы алып кәрі күзді. Айлар өтер, жыл өтер ғасыр өтер... Іздейді ғой бәрібір бәрі бізді... ҚИМАЙМЫН Қызық еді бүл өмір ол барында, Кездесуші ек жалғанның жолдарында Қашан көрсем: үстінде ақ көйлегі, Бір тал ақ гүл болатын қолдарында. Сонда менің жетердей төбем көкке, Сырымды айтып қоятын өлең көпке, Биігіне мен оның жете алмасам - Қатар ұша берейін, төмендеп те. Мінсіз еді мүсіні, өзгеше еді Қайран қалып қарайды көз кешегі, Сол бір ару болмаса жердегі бұл, Ит тірлікке жүрегім төзбес еді. Ол кетті де мен үнсіз еңіредім, Өмір жайлы мен осы не білемін? Аспан жаққа бір қарап күрсінем де, Арбасына тірліктің жегілемін. Қарғап-сілеп қайтемін жасағанды, Қу тірлікте түк те жоқ аса мәнді. Періште емес екен ол, пері де емес, Қиналамын, қимаймын осы адамды.

СЕНІҢ ҚАРА КӨЗДЕРІҢ Қиындығын тағдырдың тағы ұқтырдың, Мен де үнсіз егіліп, налып тұрдым, Қу жалған-ай, біз саған не жазып ек, Өлеңді де жаздырып... жалықтырдың. Алтыным-ай, сүйенші мына маған, Мен де саған қосылып, жылап алам. Мұқаң айтып кетті ғой, Мұқағали "Барлық ақын туған деп бір анадан". Сеніп келдік анаған, мынаған да, Біздің тірлік оларға ұнаған ба? Адамдардың жүрегі - Мұзды мұхит, Ерімейтін ақындар жылағанда... Керегі жоқ ақылдың ақылсызбын, Жүрегімде таңбасы жатыр сыздың... Қорықпаймын ешкімнен, ештеңеден, Сенің ғана алдында батылсызбын. Мен сен үшін болмаймын қайтып құрбан, Махаббаттың ләззатын қайта ұқтырған. Көздеріңнен айналдым, көздеріңнен, Жалғанның жалғандығын айтып тұрған. Ұнатпайтын болдым мен көп пендені, Өлеңіңді оқышы өткендегі. Көсемнің көшесінде екі ақын тұр. Бірін-бірі көрмеген көптен бері.

ТҰЛПАРЛАР КЕТІП, ҚАМШЫ ҚАЛАДЫ Ғарыштың ғажап тыңдаймын әнін, Білесіңдер ме, мұндайдың барын? Адасып жүрген бір бақыт барын, Білемін және бір қайғым барын. Айғайлағым кеп Айға қарадым, Қайдан келіп ем, қайда барамын? Мен бұрын егер өмір сүрмесемКомпьютерді қайтіп пайдаланамын?.. Үйімнің есігін ашып тастадым, Пілтелі үміт ғашық-дастаным. Менің әрбір қимылымды үнсіз, Қағып алып тұрады қас-қағым... Бір тылсым күш бағып тұрады, Лүпілдеп жүрек қағып тұрады. Алаштың Данкосы мен болсам егер... Ол болса жүрегін жағып құлады. Жүректің қаны тамшылап ағады, Тұлпарлар кетіп, қамшы қалады, О дүниеге мен өзім бармаймын, - Көзімде жүрген тамшы барады. ПЕНДЕЛЕР-АЙ Табиғаттың бұзбайықшы салтын біз - Жапырақта, тамшыларда, қыздарда... Сен жақсысың, сен жылысың, салқын күз, Абай, Пушкин, Мұқағали, біз барда. Адамдар-ай, айналайын адамдар, Мен сөйлейін, тыңдаңдаршы ал, тұрып:

Жалғыз апам, жалғыз ағам анам бар, Қайда кетем мен оларды қалдырып? Он төртімде өлең өріп өзімше, Балалықтан даналыққа ауыстым, Кешір, Алла, шайқап ішіп көзіңше, Шарапты да іштім, болдым, тауыстым. Мен сенбеймін, Алла сенен басқаға, Саған аян менің адал екенім. Ақмола емес, аспанда ғой астана - Сонда менің мекенім. Кетіп қалмай соңында сол бір қыздың, Кеттім жырдың орманына ендім де, Күндіз-ақын, түнде - жарық жұлдызбын. Періштемін көрінбейтін мен күнде. Пенделер-ай, айтқанымды түсініп Бұл заманды демеңдерші ақырғы. Мен сендерге көктен жарық түсіріп, Иранбаққа айналдырам тақырды. Талай таңды кірпік ілмей атырдым, Ойға толы ауыр тартып тұр басым. Аспан жаққа ұшып бара жатырмын, Түсінбейді замандасым, құрдасым...

К Ө З Ж А С Ы Қырандар ғана ұшатын биік бар, Қарғалар ұшады төменде. Таңдайда - шөл, кеудемде -күйік бар Әйтпесе нем бар өлеңде? Тауға да, тасқа соқтым басымды, Өмірден таппай тиянақ. Құдайым, өрге домалат тасымды. Жасатпа маған қиянат... Асылын ойлап Алаштың өткен, Ойымды жылдар қашты алып, Сен маған бұрылып қарашы, көктем, Көзімнен кетті жас тамып...

ТҮСІНБЕЙСІҢ Түсінбейсің қуаныш, қайғымды да, Тәкаппар да емеспін, айбынды да: Бойымда бір ғажап тылсым күш бар, Адам ете алатын маймылды да... Білмеймін мен өлген соң өзгерем бе, Өлеңнен басқа не бар өзге менде? Адамзатқа тән емес күйге түсем, Он сегіз мың ғаламды тез көрем де... Білмеймін, ғашық болдым қанша қызғаАрулар-ай, ғашықпын баршаңызға, айналайын, жүрегім, қалғып кетпей, Қаттырақ соқ, күйініп, шарша, мұзда... Өмірдің көрсек-тағы ызғарын бар, Өзгермейтін жандармыз біз - дарындар. Жүрегімнен шығатын жырларымды Жүрегімнен оқитын қыздарым бар... Оларды да қу тағдыр аямаған, Баяғыдай алдайды баяғы адам. Анамның мен сағындым алақанын - Ақ бесікте әлдилеп, аялаған...

РОБИНЗОН КРУЗОҒА ҚЫЗЫҒАМЫН ЖАНАТҚА Өңімде көрген қызық, түске де кір, Арман өліп барады іште небір... Робинзон Крузоға қызығамын, Өмір сүрген аралда кішкене бір. Жалғыздыққа көңілдің ауғаны анық, Өмір сүрсем қайтеді тауға барып? Немесе жалғыз өзім бір бұрышын, Он сегіз мың ғаламның жаулап алып... Әйелді де білмесе, ешкімді де, Арайға да қызықпай кешкі мүлде, Ақындықтан қол үзіп, ешкі бағып - Корольды да менсінбей, пешкіні де... Солай етсек бұл өмір өзгере ме, Еркектер де әйелше сөзге ере ме? Робинзон Крузоға қызығамын, Жас толады, Жанат-ау, көзге неге...

ШАҒЫМ Алладан басқаға басымды имен Ұмытып барады екем... ҚАСЫМҒА игем! Ақсұңқардың Серігі, кешір мені, Шықпағалы көп болды расында Үйден. Тентек інің тіксініп, тағы ашынды, Алып ұшам аспанға Алашымды. Бір топ қыран бір жаққа ұшып кетіп, Құл-құтанмен, Қарғаның Бағы ашылды... ...Өлтірді олар Мұқағали, Қасымды да, Өлтірді олар Жұматай асылды да. Серік аға, ЖҮРЕГІҢ қалай өзі - Ауырғаны, әйтеуір басылды ма? Маған да СОЛ көп емес, жақын қалды. Қайтеді ОЛАР, қайтеді АҚЫНДАРДЫ? АСТАНАДА Еркек жоқ, АУЫЛДА ДА - Шалбар киген кілең қырт, ҚАТЫН қалды... Өсек айтып, малтасын езетіндер - Тұрып алмай жолымда, тез өтіңдер. Серігімнің өлеңін басқан шығар, "Орталық Қазақстан" газетін бер!..

АСПАН ЖАҚҚА АСЫҚПАШЫ, БАУЫРЫМ! Халық-Ананың құрсағынан Ақынның жарық дүниеге келуі - әрі таңғажайып құбылыс, әрі трагедия. Ақынның өзегінде өрт болса, халықтың жүрегінде дерт болғаны. Тобыр мен халық бірбіріне кереғар қоғамдық құбылыс. Тобырға айтыскер шәйір секілді көңіл көтеретін халтурщик (дәлдүріш) керек болса, халыққа Тұрсын секілді ақын керек! Тобырға керегі қарабайыр өлең, халыққа қажет - Поэзия. Орыстың осы заманғы ұлы ақындарының бірі Андрей Вознесенский Литературная газетада өзнің алғашқы топтамасы жарияланғанда сол газеттің 150 данасын өзі сатып алып, еденге жайып тастапты да, бетінде еңбектей беріпті. Ол өзінің әрбір өлеңі жарық көрген сайын осындай сезімді бастан кешеді екен. Өзімнің басымда бар осы бір творчество рахатын Тұрсынның да сезінетініне кәміл сенем. Ақынға осыдан басқа түктің де керегі жоқ. Ал дәлдүрішке көп нәрсе керек: ат пен шапан, автомобиль мен кілем, бағалы басқа да сыйлықтар... Тұрсын менің сәт сапарыма зәру емес. Ол қазірдің өзінде талай талантты ұл мен қызға игі тілек айта алатын шамада. ТЕК АСПАН ЖАҚҚА АСЫҚПАШЫ, БАУЫРЫМ! Жер бетінде сенсіз бітпейтін шаруалар жетіп артылады. Абай мен Мағжан, Мұқағалилар аспанда болғанымен жердің бетінде Алаш бар ғой әлі. Поэзия дегеніміздің өзі осы! Тұрсын хақында оған дейін қандай ойда жүрсем сонымды бүгін айттым. Айтпай кетіп бара жатқаным - мен осы жігіттің жүзін әлі көрген жоқпын. Бір кезде бізді билеген Саяси Бюро мүшелерінің Анна Ахматова. Борис Пастернак жөніндегі ой-пікірлері базарға барған әйелдерінің қаңқу-өсегімен қалыптасады екен. Ақынды тану үшін оның өлеңін оқу керектігін олар қайдан білсін? Ақынның жүрек кардиограммасы - поэзиясында. Оның өлеңіне қарап, ел-жұ ртының жүрек лүпілін аңғаруға болады. Тұрсын соған қарағанда шынайы ақын. Серік Ақсұңқарұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі "Орталық Қазақстан", 17-қаңтар, 1995.

ЕКІНШІ БӨЛІМ ШЫР АЙНАЛЫП БАЛҚАНДЫ ПЕРІШТЕ ЖҮР Мына мені бір күні еске түсіріп, Жылайсыңдар тағдырымды түсініп. Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде, Алып кетті қанатына құс іліп.

АҚЫН РУХЫМЕН СЫРЛАСУ М. Мақатаевқа Басымда мынау жатқандай бейне тас қайнап - Мен бар ғой Аға, өткердім өмір босқа ойнап, Италияның тамаша ақыны Тассодай, Жүрмеспіз, бәлкім, бір мезгіл ішер асты ойлап... Өмір дейді ғой Өмір деп осыны айта ма?! Адасып жүрсем ақылыңды маған айт, Аға! Өмірім көңілсіз, Заман да жетісіп тұрған жоқ, Жетісіп тұрса - Қайтпаған бетім... қайта ма?! Рухыңыз Сіздің төсектен алды тұрғызып - Оңаша қалып өлең жазудың өзі бір қызық... Қай жаққа бастап барасыз мені Жан Аға, Таулармен биік, аспанға қарай жүргізіп... БАҒЫ ШЫҒАР... Бойды буған ақындық па, емшілік пе - Кереметім бар шығар, кемшілік те... Шыр айналып Балқанды періште жүр, Құдай өзі жіберген Елшілікке! Алашымды аспанға алып ұшар Нақ әулие Ақындар тағы шығар... Құдайымның көрсеткен Періштесі, Басымызға қондырған бағы шығар!

АЛЫП ¥Ш МЕНІ, ҚАНАТЫМ! Еңсемді қайғы басқандай, Қалшиып көзден жас тамбай. Алдамшы жарық жалғанға, Қараймын тура жасқанбай! Қара жер болса алатын, Өлеңім бар ғой, қалатын. Күндерім өтіп барады, Алып ұш мені, қанатым! Қалдырып Мені кетпе Сен, Аспанға болмас жетпесем. Мен бір күн қайтып оралам, Жұлдыз боп ағып кетпесем, Аспан бар, биік аспан бар, Қара жер суық, басқан қар. Аспан, ол - Ақын мекені, Ал сендер аяқ баспаңдар! Оралмас қайтып білемін, Аспанға аяқ басқандар!.. зз

Мен жалғызбын жұмыр жердің бетінде! ... Мені біреу аусар ақын демесін... ШАҒАЛАЛАР Шағалалар, Шағалалар зарлағасын, Толқындар ұрып жатыр жарға басын... Өмірде де осылай, өмірде де - Біреу үшін күйесің, арланасың. Шағалалар қанатын қағады да, Зарлайды кеп, төмен қарай ағады да. Қара жартас теңізге кеуде тосып - Тұрады үнсіз, қимылын бағады да... Өмір деген ашыну емес пе еді, Бұл көрініс ертегі емес тегі. Теңізді еркелеткен қара жартас, Кәдімгі қара нар болып елестеді. АЛЛАҒА ЖАЛБАРЫНУ Арым таза, оған несін таңданам Әлі талай өлең жазып, оқырмын. Жетпіс жасқа жетіңкіреп қалды Анам, Өзімді емес, Анамды ойлап отырмын... Сұмдығына бұрын-соңды болмаған, О, Жаратқан қабақ шытпай шыдайын. Дүниеге қымбат Адам, ол - маған, Тек Анамнан айырмашы құдайым!

ЖАЛҒЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР Періштелер жүреді ұшып аспанда, Көреді олар барлығын... (Е. Раушанов) Мені біреу аусар ақын демесін, Көзімді ілсем көрем Қыздың денесін... Қыз болған соң асқан сұлу, ерікті - Қолаң шашын төрт елі етіп өріпті... Қалу үшін сол қалпында қымбатты, Қалуы үшін қалпында сол сымбатты Шыдамасын біліп өсек-атысқа, Құсқа айналып кеткен ұшып батысқа... Көкірегімде қалды жүрек белгісі, Көретінім... келіп жүрме, келгісі... Көк аспанға қадап көп күн көзімді, Мен бір түрлі сезінгенде өзімді Көз алдымда сан түсті өмір ауысып, Көріністер... төзімімді тауысып - Тұрғанымда жетті үні-дауысы: "Көздеріне толса жасы күйіктің, Мен өртеніп бара жатам сүйіктім! Тұрып алам көздерінің алдында, Жер бетінде жетімсіреп қалдың ба?! ... Тұрып алам көрмесін деп өзгені, Сенің кеудең алтын толы сөз-кені! Көрсетем деп сол бір байлық Атасын Жалғыз өзің батып бара жатасың... Жалғыз өзің жылап бара қаласың, Жалғыз өзің құлап тұрып аласың... Сені жаным мүмкін емес түсіну, Сен өйткені жұмбақ ақын баласың! ... "Алыста емес шығар осы арамыз, Кеңістікте қатар ағып барамыз. Жазылмайтын шығар осы Адамзат, Жазылмайтын шығар осы жарамыз" - деген сөзі қалды жүрек-етімде.

КӨРІКТІМ МЕНІҢ .... Көктемім менің, албыртқан жүзі ақ арман, Көзіме ыстық Көріктім өтті тағы алдан... Сыздатады екен жүректі әсте махаббат, Сағыныштар мен жаңылыстардан жаралған. Алдыңда Сенің басымды иген пендемін, Қоштастық қалай, кінәлі Сен бе, Мен бе едім?! Бақытты күндер көзімнен бұл-бұл ұшқаны-ай, Көріктім менің бір хабар маған бермедің. Көктемде мынау теңізді тербеп, тасытқан, Тағдырға нала, айтпашы жаным, жасытқан. Жетем деп жүріп, жете алмай қалады екен-ау, Ақ, адал жандар арманына асыққан. ҚИЯЛДАНАМ Қиялданам... қиялыма еремін, Ешкімге де болмаса да керегім. ... Аман болшы Менің Аппақ қайыңым, Аман болшы Менің Қара терегім! Қиялданам... құсқа қарап көктегі, Мен тағдырға, тағдыр маған өкпелі. Күзде қайтқан Құсым қайтып келмеді» Өкініш қой өмірімнің өткені... Түсінбейтін... түсінбесін түктері, Алдан шығар Ақындардың күткені. Шебер Құдай өз қолымен қоймаса, Мен өлеңге қоя алмаймын нүктені...

ОЙ ҰШҚЫНДАРЫ Қайда менің көңілім алып-ұшқан, Шала жанып отымның өшкені ме? Табалайтын болдың-ау, тағы дұшпан, Күйкі тірлік қамына көшкеніме. Шығарып салып, ұзақ қысты мына, Муза келді мұңайып, қайта маған. Жердің асты - көңілсіз, үсті - күнә, Сәби едім, ештеңеге байқамаған... Сүріну мен жығылу өз басымда болған соң Тентек болып жүрсем де, жылаушы едім, толғансам, Қамалымды алдырмай тас боп қатып қалушы ем, Жүрегімді ұқпайтын жауларымнан қорғансам. Өлең жазып қайтесің, азаптанып дейді Анам жылауға, аз-ақ қалып... Бәлкім мен бұл өмірде болмаспын да, Алғанша мені бүкіл қазақ танып... * Таусылып демі, күлкісі, Өмірден қайтса бір кісі. Ойларға ауыр батырар, Ажалдың суық түр-түсі

  • • Оңаша қалып ой кештім, Отырмасам да тұғырда, Жанымды ұқпай қойды ешкім, Күрмеуі қысқа ғұмырда. Көпті көрген қариядай, Жалғызсырап күрсінем. Ағыл-тегіл дариядай, Қара жерге бір сіңем. ТУҒАН КҮНІМ ТОЙҒА АЙНАЛЫП КЕТСЕ ДЕ... Көріп түрмын өмір, өлім арасын Біліп тұрған сызықтардың қарасын! Қызыл сызық... болсын қыздың маңдайы Қара сызық... қарғыстың ол қандайы?! Қара сызық сызық емес келесі Қарқылдаған қарғалардың елесі... Жұтқыны кең, жұдырықтай денесі Қара қарға құстың жаман немесі! Қара сызық... қара мысық емес пе, Қайран қалам, қайдағы жоқ елеске. Сағынышым шығар осы Сарысы... Қалай болар екен өмір барысы? Қалай болар екен әмір ағысы Көз алдымда құстың қанат қағысы. Көз алдымда Теңіз... сосын толқындар... Сосын, қырдың қандыбалақ тағысы. Сосын, сосын... аққу, аспан, ақ қайың... Мен өмірге келуімді ақтайын! ...Туған күнім тойға айналып кетсе де,

Қара сызық барын есте сақтайын! СЕН ТҮРА ТҮР Ойларымды кезінде айта алмаған Қатал уақыт, сен енді қайтар маған! Менде бір тұлпарыңмын тағдыры бар, Даланың кеңдігінен байқалмаған. Шылбыр үзіп... шарқ ұрып кісінеген, Қайран менің тұлпарым - кісі денем! Сен тұра тұр! Қайталанбас қалпымда осы Көрерге көзі жоқтың... түсіне енем! ҚАСИЕТТІ МАҢДАЙ ТЕР Арманымның ақ бозын қамшылаған Қасиетті маңдай тер тамшылаған! Ащылығың ұмытылып бара жатса, Шаншиды кеп жүрегім шаншымаған. Зейнет көрем терімді тамшылаған, Тамшылаған ыстық қой тамшы маған! ... Маңдайыма біткен бір бақыт едің, Өлең болып мәңгілік қалшы маған!

БАЛҚАНТАУ БАСЫНДАҒЫ ТОЛҒАНЫС Мен осында, өзім құдай ерікті Байлық-мансап емес өлең беріпті!.. Сағынамын Балташұлы Ермекті, Көргім келіп Сұңқар ақын Серікті! Сағынамын біріңді емес, бәріңді Ауылдасым Сауғабаев Кәрімді... Көкірегіме қайтқан құстың үні еніп, Мен отырмын Балқантауға сүйеніп... Туған жерге сәлем жолдап биіктен Жылап-ұшып барады олар күйіктен!.. Сол құстардың мүмкін бірі шығармын , Құсқа айналып кетсем ұшып... шыдармын! ...Барады ұшып мені жалғыз қалдырып!.* Ақындарға ұқсас құстың тағдыры, Сол тағдыры көзіме жас алдырып!.. Қимайтыным қайталанбас үндері, Қимайтыным қайталанбас күндері! Қимайтыны... жалғыз құс деп алданба, Қимайтыным жетіп жатыр жалғанда!.. Өлең арнап қыршын кеткен досыма Көзіме жас алуым бір осы ма?! Қимайтыным жары кетті басқаға, Қимайтыным жаутаңдайды жас бала... Қимайтыным жігіт еді ол дарын, Маған қайтып ұсынбайды қолдарын... Қимайтыным қайран өмір өзіңсің, ...Қимайтыным сайран өлең-сезімсің! ...Жауып тұрған жапырақ па, қар шығар! Мені де бір қимайтын жан бар шығар Балқантаудың басы бір күн ағарып, Сосын қайта үзіледі тамшылар!..

ТАБИҒАТТЫҢ ҚАТЕЛІГІ ЕКЕН ДЕП... Қара жердің сезіп тұрмын салмағын Ұмытам деп өзімді-өзім алдадым... Алма беті албыраған сұлу қыз, Өте шықты зар илетіп балдағын! Қара балдақ сұлу қызды демеген Бөлектеніп бара жатты денеден! Бөлектеніп бара жатты дүние, Бөлектеніп бара жаттың... сен өлең! Осындайда қайтып, қалай қалғырсың Көңіл шіркін қайтем сені.... алғырсың. Табиғаттың қателігі екен деп, Қайран қыздар, балдақтарын қалдырсын!

ЖАНЫМ АҒА... Ағам Шәкеннің аруағына Кетіп қалдың елу екі жасыңда, Сенсіз қиын екен Аға расында! Сені ажал алып кеткен Күні мен - Өліп қалып... жатқым келді қасыңда. Көзіміздегі тамшыларды құрғатып, Уақыттың алдағаны жүр батып. Жаным, Аға, Мен жетісіп жүргем жоқ, Жетпейтіні сол баяғы бір бақыт... КЕШ КЕЛГЕН ХАТТАР Кеш келген хаттар, Кеш келген хаттар - ... Көңілге мұң салдыңдар, маңдайға қатпар ...Жаумайды дейсің бе, жауады ақ қар - аяулы шақтар, сыңсиды бақтар... Сен жылама, жаным, сағынышыңды айтып үзілме енді, Толағай ойлар құшағында жүрер күзім де келді. Хаттарың сенің үзілген жапырақтардай - барады ұшып, өкініш бар жүзімде менің...

МЕН СҮЙГЕН ӘЙЕЛДІ... Махаббат жатыр ғой, жатыр ол жүректе, Мен өлсем ілесіп барады ол түнекке Мен сенен сұраймын, жалынам құдайым. Мен сүйген әйелді мен үшін жүдетпе. Жарай ма, құдайым, жарай ма, жарай ма, Менсіз ол әйелдің қайғысы тарай ма? Кездескен күндерім, бір болған түндерім Бәрі де есімде, бәрі де бар ойда. Бір қызбен, бір ұлды ойлады ол маған, Жақсылық жасады дүниеде болмаған. Мен сүйген әйелді құдайым қорғайды, Қайталап оқиды хатымды жолдаған... ҚҰПИЯ Мың құбылган мінезінен пенденің, Жерідім ғой таусылғанша мен демім. Жүрегіме үңілмеші, дәрігер, Жүрегімнің таба алмайсың енді емін. Қайғыңды үға алам десең өзің біл, Маза берші, шаршадым мен, көз ілдір! Менің қалай ауырғаным - Құпия Өлең жазып емін табам өзім бір! Поэзияның сауықтыра алатын, Қ¥ДІРЕТІН сезіне ме, бар Ақын?.. Алып - ұшып бара жатса түнекке, Құшағыңнан қашып шығам, Қара түн!

БІР КҮНІ ЕСКЕ ТҮСІРІП... Мына мені бір күні еске түсіріп, Жылайсыңдар, Тағдырымды түсініп. Бұл фәниден Шындық іздеп жүргенде, Алып кетті қанатына Құс іліп! Алып ұшып кетті Ол мені биікке, Ақ Періштем қалай қисын күйікке! Құдайменен бірге жүрген жақсы ғой, Жаным Сені үлгермедім сүйіп те...

ДАУЫЛ НЕМЕСЕ ЖҰМБАҚ ҚЫЗ ТУРАЛЫ ЖЫР Бұлттар көшіп барады лек-легімен, Қаңбақ ұшып барады тілегі кем. Келіп қалар кезегім деп тұрғанда, Орап алды бір Ару білегімен... Аман алып қалған бұл сормаңдайды, МЕН айтайын Сен тыңда, Ол қандай-ды. Ертегіден келді деп айта алмаймын, Хор қызына алғысым жолданбайды. Қайталап айтамын ба: ескіні не? Қарадым да отырдым кескініне. МЕН ғашық болған сұлу қыздар аз ба, ұқсата алмай қиналдым ешбіріне. Дауыл оның оралып етегіне, Қан жүгірді Адамзат бет-өңіне. Ғайып болып жұмбақ қыз бара жатты, Еріп кетті жынды жел жетегіне....

ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТІМ БАР Кеттің білем қайта оралып келмеске, Қажеті жоқ алудың да енді еске... Қаңтар менің көз жасымды мұз етіп, Келіп тұрмын екінші рет он беске. Бір бұл емес, қайтып жұтып қалғаным, Өткен өтті, бар ғой әлі алда Күн. Үзілмеген үмітім бар, алдаса - Алдап кеткен шығар мені Арманым, Арман алдап кеткен шығар, алдаса Осалдығым емес шығар Ол да аса. Кешірімді бола білген жақсы ғой, Жүрекке ауыр тиетіні болмаса. Қараймын да отырамын Айға алыс, Арманымды алып кетті қайда Қыс?! Көрер қызық алда шығар, өлмесем - Тірілермен үзілмейді Байланыс! Қателіктер... қателік кетті менен, Су түбіне демейін кетті Кемем. Кешірімді болуым-кемшілік пе, Жақсы көріп Сол үшін кетті ме, Өлең? Ғұмырдың қысқалығы мұң-қайғым бар, Қысқа болса қайтейін, тыңдайын ба?! Қарашада үзіліп жерге түскен, Қайта көктеп жапырақ тұр Қайыңда!

БАҚЫТ ДЕЙМІН ЕСІМІН Көңілдегі мұңымды көктем емес, қуған күз, (Мен білемін екеуміз шындық деген руданбыз) ...Қай жақтарда жүр екен көктем іздеп адасып, Қай жақтарда жүр екен бір мен үшін туған қыз. , Ай қара әйнектен қарай ма екен ол дағы, Қарай ма екен мен бе деп, қарайғанға жолдағы... ... Есімді алған елестен есім кіріп келеді, маңдайымнан сыйпалап тұрғандай-ақ қолдары. Бақыт деймін есімін, Бақыт деймін елге мен, Сенбейді тек сенбейді, махаббатқа сенбеген... ...Қай жақтарда жүр екен қиялдағы қыз - Бақыт, Жылдар бойы жыр болып жүрегімді тербеген. АҚМАРАЛ ДЕСЕМ... Ақынның алар кейде есін, Жүрек боп жанар мұнартып. Ақмарал қыздың бейнесін, Жырлаймын күнде құмартып. Жырлаймын еске алам да, Бақытқа толы шақтарды... Махаббат керек адамға, Жайнату үшін бақтарды... Сен жаққа қарап кештерде, Жылдарға өкпе артамын. Ұқпайды мені еш пенде, Ұқпайды мені, бар таңым... Ақмарал десем орманда, Аққайың жауап береді. Туған ай толып болғанда, Ақмарал саған келеді...

Әйнектің алған мазасын, Ақ жаңбыр қандай тазасың. Ғашық боп кейде дариға-ай, Мөп-мөлдір өлең жазасың. ТАТАР ҚЫЗЫНА Өлең боп келсе атар күн, Шығамын шыңға тым биік. ...Аққұба қызы татардың, Көздерің қандай тұңғиық. Көңілге кейде салар мұң, Әндерді тындап өскен ем. Арманға толы жанардың, Жарқылын көрдім өшпеген. Сәні ғой шіркін, әні елдің, Әнімен елдер ұғысқан. Сүйемін жырын Жәлелдің, Сүйемін сені туысқан. Даламды тербеп айтам ән, Жылдардың жыр боп өткенін, Көктемде келші қайтадан, Көгілдір көзді - көктемім.

ОТАНЫ БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ.. Елімді ойлап, ойлап оның ертеңін, Тәттімбеттің тәтті күйін шертемін! Ару деймін қазағымның қыздарын, Батыр деймін қазағымның еркегін! Бозторғайы қоймай-қоймай боздайтын Шабытымның шарасы жоқ қозбайтын... Жапондықтар сияқтанып бір күні - Қазақ озып шыға келер... озбайтын! Қанаттарым ұша-ұша талғанда, Үмітімді жалғастырдым арманға Жылап бара жаттым үнсіз,. мен бар ғой ҚАЗАҚСТАН - тәуелсіздік алғанда! Туған жердің топырағын уыстап, Өлеңімді оқи алмай дұрыстап, Қуаныштан есім шығып, қайтейін - Мен көшеге шығып кеттім Ту ұстап! О, туған ел, қасиетіңді тағы ұқтым, Кеңдігіңе қайран болып қалыппын, Қазақстан - Адамзаттың мекені, Отаны бұл - ҚАЗАҚ деген халықтың!!!

ЖЕЛТОҚСАН ТРАГЕДИЯСЫ Алматының алмасы үсіп кеткен, Желтоқсанда жүрегім қысып кеткен. Өзегімді Өртеудей Өртеп алып, Менің қайғым ішіме түсіп кеткен. Көшесінде болмадым Алматының, Ауылда едім, ауылда қалды ақының. Көз алдында Әлемнің жұрдай болды - абыройы партия солдатының! Еркек болып туғаным осы ма деп, Мен ұрыстым өзіме, досыма кеп. Өлгім келді асылып... мұсылманға - Шейіт болу кәпірше, тосын әдет. Қалш-қалш етіп қолыма пышақты алдым - Атылғым да, келді рас, пышақталғым. Құлағыма сәбидің үні келіп, Жылап тұрып, қызымды құшақтадым. Құшағында баламның аман қалғам, бір сүйеніш таба алмай жамандардан. Балқантаудан Алатау көрінбейді, Көрінбейді ауылым, далам қардан...

ҚАРСЫЛЫҚ "Бұл өлең 1989 жылдың тамыз айында жазылған еді. Әттең сол кезде, ауданға американдықтар келген кездесуде оқытпады..." Радиация құрбаны Кәріпбек қылқаламды тісімен тістеп алып, қинала сурет салғанда ол маған зорлық-зомбылыққа, әділетсіздікке, көпе-көрнеу қорлыққа қарсы тұру белгісі болып елестейді". Автор. ХХ-ғасырды бұл дәріптеп, Өлең жазар аусар емен мен енді, Бүкіл әлем көрсін сені Кәріпбек, Көрсет, қолсыз жаратылған денеңді! • Көрсет, көрсін сонау алыс Мәскеуде, Бізді адам көретіңдер бар шығар. Жанды мүсін сияқтанып жас кеуде Көздерімнен үзіледі тамшылар... Болашаққа көз жібере аламын, Бабалардың ұлылығын дәріптеп. Қасіретке толы осынау даланың Қарсы тұру белгісі, ол - Кәріпбек!

СОҢҒЫ ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ ОЙ Кеудемнен ұша алмай жатыр құсым, Жазып кетсем арман жоқ ақырғысын... Туған жер емес енді аспан барып, Қиялым-ау, қиналып жатырмысың? Мен үшін түсті досым арашаға, Мен осы қалай жеттім қарашаға. ...Жүрегім мәңгі тоқтап қала жаздап, Көз алдымнан кетпеді бала-шаға. Аққайыңдар, аман-сау тұрмысыңдар, Қайта көктеп шығуға тырмысыңдар. Туған жерді бір көру арман еді, Менің алда ауырлау тұрмысым бар. Мен өлгенше болсыншы құсым аман, Ұнамайды бұл жылдың қысы маған. Өкпемді оқ тесіп кеткендей бір Күнім жоқ маңдайым ысымаған. Мен ақынмын, өзгеше, өзім білем, Күндер өтіп, бір күні көзімді ілем. Қабіріме аппақ қанат құс қонып, Ақындықтың қасиетін сезіндірем.

ТОҒЫШАРҒА Аппақ нанға майды жағып жегенмен Қара жүрек ағармайды, дегенмен.| Туған жердің суын ішіп шөлдесем, Бір Алланың айтқанымен келем мен Ақ бесікке сүйеп едім басымды, Сәби күнім көзіме оттай басылды... Адастырып бара жатса дарыйсыз, Мен өзіме тартып алам Асылды! Қара жүрек-қайырымы жоқ, қайғысы Нанға жағып жей беріңіз майды СІЗ Креслоны қызғанбаймын, алайда - Сол отырған орныңызға саймысыз?.. Түсініксіз Өлең жазып Бүгінде, Түсінікті болармын-ау, түбінде! Ал Сен бар ғой аппақ нанға май жағып - Креслоңда отыра бер, бүлінбе...

Д. БРУНОНЫҢ МИКРОМОНОЛОГЫ Тұрмын ба, жылыұшырап көздеріңе, Тарихтан таныспын ғой өздеріңе. "Жер-Ана дөңгелейді Күнді айналып"... Отқа жақты мені олар күлге айналып, Қай тудым... От болып тіл байланып! Арамызда түсініксіз байланыс бар, Лап берсем, мені адам қайдан ұстар, Қызықпаймын адамның денесіне, Өртенгендер алады мені есіне! ӨЛЕҢ ҚАЛУ ҮШІН МЕН Жүректері мың сан қабат қамалдайын, Жаны ашымас олардың амалдайын. Барлық жылы ағысқа қосылып бір Есейін де тұрайын самалдайын. Өлең қалу үшін мен күнде өсейін, Тылсым жұмбақ күшімен тілдесейін. Сағыныштан кеудесі күйіп ұшқан, Биік ұшқан құсыммен үндесейін» Аман болшы, ақ -құсым бір сен дейін, Қиындау бұл тағдырым білсең дейін. Жердің үстін жылытып көріп едім, Жердің асты жыли ма кірсем кейін.

БОРАНДЫ КҮН Боранды күн, боранды күн, боранды - Қыз көрпеге, ақын отқа оранды... Қыз күрсініп кімді есіне алды екен, Ақын мәз боп ойларына орамды, Боранды күн, боранды күн, боранды. Жерменен Көк көрінеді бүтін боп, Жерменен Қөк елестейді түтін боп. Қыз ұйқыда. Ақын отыр ойланып, Әйелі бар, жасамайды күтім көп, Жерменен Көк көрінеді бүтін боп. Аққағазға жорғалайды қаламсап, Жыр тудырар шырын сәтін тағы аңсап. Ақын отыр... Қыз түсінде жылайды... Боранды күн көңілдерге алаң сап. МИКРОЭВАКУАЦИЯ Атып тұрам, ұйқы қалып, ет қызып, Жер астынан сұмдық үрей жеткізіп. Бір жойқын күш тербетеді үйімді Кітаптарды, төсек-орын киімді... Тербетеді жақтау, төбе, есікті Кіп-кішкентай сәби жатқан бесікті. Төрт қабырға тірлік құрған мен сеніп, Әлсіздігін мойындайды теңселіп. Егер адам кең әлемге шықпаса, төрт қабырға болмайды екен мықты аса. ...Жанарында үміт-үрей алмасып, деді әйелім: "Жүр далаға, қалма, шық" Қыл үстінде тұрса өмір азапты Мен осындай көрдім қанша мазақты! Құдіретің асып тұр ғой. Полигон, Құдіретің басып тұр ғой Қазақты...

МҮМКІН ЕМЕС Көрсете бермеңдерші суық пішін, Жүрегім ақын болып туыпты шын. Қатар жүрген қайғысыз кей адамнан Биік ұшқан ақ құсым жуықпысың? Айта-айта жалықтым ай, күн барын, Ақын болып туған соң қайғым барын. Сальери ұсынған шарапты ішіп, Кім біледі өлерін қай күн дарын. Айта-айта жалықтым таза ақын деп, Бұл өмірге қонақпын аз-ақ күн деп. Қара жердің түскенше түнегіне Қара дүрсін ойлардан азатпын деп. Аппақ қарды ақырын уыстаймын. Аппақ қар деп сұп-суық су ұстаймын. О, адамдар, мен осы сендерге емес, Аппақ қанат құстарға туыстаймын. Көзім алды қара орман, дүркін елес. Қара орман дегенім құлқын егес. Құсқа айналып шынымен кетсем ұшып Қайта оралып қонуым мүмкін емес.

АҚЫН РУХЫН ІЗДЕМЕҢДЕР... МОЛАДАН Мен бір күні Балқантаудан асқанда, рухым ұшып кетер сіңіп аспанға, Бүтін денем бөлектеніп өзінен Ғайып болсам Адамдардың көзінен, Құтылармын деп ойлаймын сөзінен... Құтылармын деп ойлаймын алайда, Жалғыз өзім адасамын қалайда. Құстар болса мен солармен үндесем, Жұлдыздардан көзіңді алмай түнде Сен Жалғыз өзің күйіп-жанып төсекте Төтеп бере аласың ба өсекке?! Кездескенше жанымды ұғар туысым Мен армансыз кезем аспан қуысын Біреу ұғып, біреу мейлі ұқпасын Ақындардың рухы осында мықты-асыл! Аспан болса Ақындардың мекені Белгілі ғой кімдер құдай екені!.. Көретін де шығармын-ау, талайын Олар мені қабыл алса қалайын!.. Аяулы ақын Мұқағали осында, Осында ғой Шәкәрім мен Абайым! Пушкин тірі... Лермонтов қасында, тірі бүгін Сәкен, Мағжан, Қасымда! Саңқылдайды Айбергенов Төлеген... Ақындардың рухы өлмейді расында! Мүсін болып құйылса да қоладан, Ақын рухын іздемеңдер моладан: Ақындардың мықтылығы - Құдай-Ол, Ақындардың осалдығы... ол - Адам!

Астана алыс, Аспан алыс, алыс Қыр, Сырласатын көрінбейді-ау таныс бір! Ей, Алтын Күз, Сері Тұрсын мен болам, Балқантаудың Қорланымен таныстыр! Әлі күнге естімеген атымды, Қандай Қыз Ол, оқытшы оған Хатымды! Балқантауда Қыз тумаса Қорландай, Бұл топырақ қалай туды Ақынды?! Хатымды оқыт, оқымаса тағы ұсын, Қайтер екен, қайрап көрші намысын! Қыз-Қорланым қор болмаса болғаны, Мейлі мені танымасын, танысын! *** Сенің күлкің қымбат маған Алтыннан, Алла мені ақын етті, емші ғып... Мен көрмеген... Маған қымбат қалпыңнан, періште де таба алмайды кемшілік! Сені менің сағынышым емдейді, Мүмкін Ауа, мүмкін Алла арқылы. Сені көрмей менің өлгім келмейді, Қандай жаман қарғалардың қарқылы... *** Не өңімде, не түсімде көрмеген, Қорланым-ай, жолығамыз қай Күні? Эрмитаждан көрінбедің, көрмеден, Көтере алсам жақсы ғой бұл қайғыны. Жүрегімді шарап ішіп уласам, Қабіріме құлайсың ба өкіріп?... Мен туған Бұл топырақта тумасаң, Менің ақын екенім де өтірік!

ҚОРЛАН "Миымдағы қиялымның қолымен" (Ж. Жақыпбаеө) мен Сені осынау жарық дүниеге өткен жылдың алтын кузінде тудырған едім, аяулы Қыз-Қорлан... Зымырап күндер, жылжып айлар өткен сайын Сен мен үшін қыбырлаған пенде баласының көзбен ішіп-жеп, қолмен ұстап тамсанып - тамашалауына көнбейтін Музадан он сегіз мың ғаламның ең бір сырлы да назды жұмбағына айналып барасың... Бір қызығы осы топтама жазылып біткен өткен күздің жаңбырлы бір түнінде Сен түсіме кіріп едің-ау.. "Қош бол" дедің маған "Мен енді өз ел-жұртыма - АСПАНҒА қайтамын, жабырқама" деп ғайып болып бара жаттың... Оянып кетсем, жанарым жасқа толып, кеу демді өксік буып жатыр екем... Арамыз тым алшақтап кеткендіктен болар, көп ұзамай қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым... АВТОР Қатып қалған қағиданың қалпын бұз, Махаббаттың кереметін бол, ұқтыр! Қорланыма жолықтырсаң, Алтын Күз, Мына жарық дүниеде жолықтыр! Мені іздеп жүрген шығар Ол - дағы, Сағынышы түнде қірпік ілдірмей. Қолдарыма тиіп кетсе қолдары, Жылар едім тірі жанға білдірмей... * Ойлар келіп мазалайды не түрлі, Жапырақтар сырғаларың секілді... Күздің суық тамшылары сүйеді, Көптен бері Қыз сүймеген бетімді!

Жаздан шығып, жеттім Күзге мен есен, Саған арнап жыр маржанын көп тердім. Көзіме бір көрінбейсің Неге сен, Төлегенсіз Қыз-Жібекті көп көрдім... *** Қорлан менің оқыдың ба, Хатымды, Өлеңдерім көзіңе оттай басылып. Қорланым-ай, Сендей қыз жоқ ақылды, Асықпайсың, ал мен жүрмін асығып. *** Қорлан, Қорлан, Қорланым-ай, Қорланым, Сенсіз алға баспай қойды ісім бір. Рас болса бұл дүниеде болғаның - Маған қалай жолықпадың түсіндір?! *** Аспанымды шарлап қайттым мен кеше, Түні бойы көше кездім тынымсыз. Көрінбедің... Жоқ болғаның ендеше - Ирангүлдер арасында бұрымсыз... Саған арнап Өлең жазып, айтам Ән, тауға кетем таң алдында оянып, Қазір Күз ғой, Көктемде де байқағам, Табиғат та тұрады екен боянып! *** Шықтым бүгін Балқантаудың басына, Сенсіз өмір бара жатыр бүлініп, Көрінбейтін Құдай келіп қасыма, көп қарады жанарыма үңіліп... Қайда жүрсің, адамым-ай, ең ізгі, Жұдырықтай ақын жүрек ат ұрып... Мен де жақсы көруші едім Теңізді - Мүмкін Сені Нұх пайғамбар шақырып...

*** Біз туралы ғажап аңыз тарайды, Біз туралы айтады Олар асырып... Көрінбеші... көрінбеші... жарайды, Ақ жүзіңді жүре берші жасырып. Осы Сенен неге бір Хат алмаймын? Бір хат жазшы мына мені түсініп. Мен Сені емес. Мен өзімді алдаймын,, Көрінбейтін... Сені есіме түсіріп! *** Сені ойласам кетем мүлде өзгеріп, Аспандағы Алламен де тілдесем. Жылдам естіп. Қатты күліп, тез көріп Отыратын көріпкелмін, білмесең... Махаббатқа сенбейсің бе, сенбесең - Жүрегімнің ішіндесің - бөліп көр! Сені ғана емдей алам, емдесем, Сені ғана көретін мен Көріпкел... *** Орындаймын мейлі менен не тіле, Көрейінші Отқа, Суға түсіп бір! Ай сәулесін түсірмейін бетіңе, Жанып кетпе, алақаным ысып тұр! Мен қандаймын, көзіме бір қарап қал Сеніп қалма, Менен басқа пендеге. Біз ішпеген неке суы - Шарап бар, Мені Хафиз, Хаямдардан кем деме... *** Құдай Сені көрсетпесе көзіме, Көрсете ме қанатына Құс іліп? Қорланым-ай, жылап өлең-сөзіме, Жүрсең болды мені есіңе түсіріп.

Уақыт өтеді, өтеді-ау тоқтамай, Үлгерсем болды тек айтуға... Өмірден өтермін. Өмірден өтті Абай, Ол жақтан болмайды қайтуға... *** Жылағаның жүрегіме тұр батып, Аспан жаққа кетейікші, асып Қыр. Көз жасыңды қолдарыммен құрғатып, Кең кеудеме тұрайыншы басып бір! Қара көйлек ақ жүзіңе жарасып, Көлеңкеңнен көрінеді пәктігің. Аспаннан да кетейікші әрі асып, Сәрсенбінің күні бүгін - Сәтті күн! Жұлдыздарды шашайықшы уыстап, Айды да бір таңдырайық есінен - Ойланбайық, ойнайықшы қуыспақ Махаббатсыз қызық Өмір несімен?! *** Жаным, Сені сүйе алмаймын Пендеше, тиын санап, гүлін бұлдап сыйлаған... Адам-Ата, Хауа-Анамыз еңдеше, Қайта кетіп қалсақ екен, қиналам... Білем Сенің көңілінде бір мұң бар, Маған ба, әлде, жүрсің кімге өкпелеп?! Бізді қалай, қайдан ұқсын тұрғындар - Біздің ойлау жүйеміз де көп бөлек... *** Мен бір апта азап шектім, аз күлдім, Қоштасарда мені бекер жазғырдың. Мені тірі жүрсін десең, түсінсең - Маған лайық бір ауыз сөз, жаз құрбым! Ақындарға жарасады ірілік, Қандай бақыт жүрсе бірін-бірі ұғып. "Ұмыта алмай жүрмін Сені" деп жазсаң - О дүниеден оралар ем тіріліп.

Сен мен үшін айналдың ба елеске, Қорланы жоқ мына Тұрсын - серінің! Бұйра толқын бұрымдарың емес пе, Тұзға айналып бал татыған ерінің... * Сырымды айтып жатыр өлең ашып бар Тәтті сезім жүрек қылын шертеді. Бір-біріне қосылмайды ғашықтар, Шын махаббат болса да Ол - ертегі. Төлеген жоқ, Қыз-Жібектің бары анық Қорлан, менің құлақ қойшы сөзіме. Аққу-қыздай сыланып бір таранып, Көрінбейсің неге менің көзіме? Балқантауға қайта оралып Күз келді, Қол ұстасып кетейікші асып қыр. Ақ қайыңдар көріп мына біздерді, Қуаныштан теңгелерін шашып тұр! Жапыраққа айналыпты теңгелер, Алла демін сіңіріпті Ауаға. ...Бізді неге ұнатпайды пенделер, Айтыңдаршы, Адам-Ата, Хауа-Ана! Аспан жаққа серуендеп қайтайық, Қарағым-ай, қабағымыз ашылсын. Армандайық, Әдемі әндер айтайық - Бұлт ішінен күміс күлкің шашылсын! 1 Көз жасымыз көзімізден бұршақтап, Ғалам бізді ғажап ойға қалдырсын. Бұл Әлемді бір құдырет тұр сақтап, Біз кетейік, ол ұйқысын қандырсын... *** Көгілдір тауларды көрдің бе, қарашы, ай жақын, Айнам-ау, алыс Күн. Өрт шығып кетпесін... ақырын тарашы, Шашыңның ұшында бар ұшқын...

*** Сеніменен аталмай қатар атым, Қор болдым-ау, Қорланым, махаббатым, Халықтың аузында бір аңыз бар - Екеуміздің атымызбен аталатын. Түсіріп бір ғажайып күйге мені, Күйдіріп қиын болды-ау, сүймегені. Жұлдыз щығар, қолыңда жүзік болса, Күміс шығар, болса егер түймелері. *** Қорланым-ау, арман құсым көктегі, Қол созып ем, қолым саған жетпеді. ... Біз екеуміз жүрген жерге шөп шығып, Сенің қолың тиген ағаш көктеді. Сен туралы сенемін бар Аңызға, Тазалық пен Адалдық арамызда. Біз Олардың қателігін кешірсек - Олар біздің тұз сеуіп жарамызға... *** Махаббатты түсіріп сергелдеңге, Кетіп, қайта оралдым Елге менде... Мен Ақын болмас едім, дүниеде - Қыз-Қорланның барына сенбегенде. Өтіп жатыр... бұл өмір тоқтасын ба?! Ойран болған ойларым көп басымда. Әйтеуір, жүрмегенің анық Сенің - Көп әйелдің бірі боп От басында. Көрсетпей... көзден жас ағызғанда, Болжаусыз ұрынып тағы ызғарға... Мен кетсем де, Өмірде сен қаласың - Сен туралы мен жазған аңыз барда!

ҮШІНШІ БӨЛІМ ҒАРЫШ ЖАҚТАН КҮЛІМСІРЕП ТҰР АҚЫН Есен-аман жүріңдерші бір сендер, Қайта оянып, көздеріңді ілсеңдер— Ғарыш жақтан жымыңдайды бір ЖҰЛДЫЗ Өлең үшін туғанымды білсеңдер.

да, түндерде жымыңдаған жұлдыздарға да қараймын, бірақ Папам көрінбейді. Біз үйде екеуміз: мен және інім Медет. Екеумізді де бетімізден қақпай, еркелетіп, бауырымды кіші болғандьіқтан ба, жанынан қалдырмай ертіп жүрді. - Медетім менің Медетім, Сезімтал болдың неге тым? Жанымнан бір сәт кетпейсің, Сөзімді екі етпейсің, - деп жазып еді-ау. Бос уақытында Балқантаудың басына шыгып, мұңын, сырын шертіп келуші еді. "Табиғат қана мені түсінеді, мен табиғатты түсінемін" деп тауда туған тасқынды ойларының өсерін өлеңге айналдырып отыратын. Менің әкем аз ғұмыр сүрсе де артына өлеңдерін өмірінің жалғасындай етіп қалдырып кетті. Өлеңдер - біз үшін жарқырап тұрған жұ лдызбен тең, мәңгі жанымызды мол шуаққа бөлеп тұрады.

ЛӘЙЛӘ ТҰРСЫНҚЫЗЫ "САҒЫНДЫМ ӘКЕ, ДАУСЫҢДЫ" "Өмір деген осы екен ғой, осы екен ғой" деп папа өзің өмірден кеткелі бері көкейімді осы бір сөз өртейді де тұрады. Жүре беретіндей, мәңгі бақи өлеңдерін оқып қуанып, күліп, кіріп келе жатқандай елестейді де тұрады. Папамның өлең жазып отырған кездегі бейнесі әлі көз алдымда. Қайсыбір ойын қағаз бетіне түсірсе де бір орнында тағат тауып отыра алмай, ерекше күйге бөленуші еді-ау. Папам кітапты көп оқитын. Талдау жасап, пікірін айтатын. Әсіресе ақындарды жақсы көретін. Абай өлеңдерін толғанып оқитын. Сол сияқты М. Мақатаев, Ж. Жақыпбаев, Е. Рауша нов, С. Есенин, А.Ахматова, М.Цветаева, С. Ақсұңқарұлы тәрізді ақындардың шығармала рын қолынан тастамайтын. Мен папамды жай ғана ақын емес, көріпкел деп білем. Өйткені ол өзіннің "басқа ауылға" ке тетіндігін маған бір жыл бұрын айтқан-ды. "Ләйла, мен 1995 жылы маусымның ортасында "шетелеге кетемін"деді. Ал өзінің қайтыс боларынан үш күн бұрын мұны маған тағы қайталады. Қайдан сезейін, аяулы әкемнің жарық дүнием қимай жүргендігін. Папам небәрі 36 жыл өмір сүрді. Оның жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, әзілі, еркелеткен кездері көз алдымда, бірақ. қанша көруге тырысқаныммен көре алар емеспін. Оған деген сағынышын күннен-күнге жүрегімді мазалайды. Ұшқан құсқа

МЕНІҢ ДРАМАМ Тар көрініп қара жер үсті маған, Кешір, ана, азапқа түсті балаң. Қайда барсам, алдымды орап осы, Қарап осы тұрады сұсты ғалам. Жерден емес, жерідім табансыздан, Шеңбері тар Шебердің маған сызған. Түні бойы жыр жазып өмір сүрем, Күні бойы күлемін амалсыздан... Қайыры жоқ киімнен үстімдегі, Құтылуға асығам... қыстың лебі... Дауысымды ілестіріп кетті қанша, Сағындырып жететін құстың легі. Орман шулап, көз алдым тұманданып, Өлең жазам қайтадан... мың алданып. Ақсұнқардың Серігін оқимын да, Қайта оқимын қолыма "Құранды" алып... Кешір мені, ару күн, асыл ана, Өстіп жүріп, өксігім басыла ма. ...Жердің үстін бір жұлдыз жарқыратып, Ғажайып Әлеміне асыға ма?.. БІР КӨЛЕҢКЕ "Көлеңкеден дір еттім жас үзіліп жанардан" С. Ақсұңқарұлы Туған жердің сүйеніп терегіне, Тұрмын үнсіз егіліп, керегі не... Бір көлеңке соңымнан қайта ереді де, Асылымды жүреді тереді де. Сансыз сауал, сұранып миымдағы, маған осы басылу қиындады, Бір көлеңке соңымнан қайта ерді, Бір уыс топырақ құйдыдағы.

ҚАЙРАН АҒА... Жұматай ЖАҚЫПБАЕВҚА Ғұмыр бойы шаршап күткен таңы атпай, Өкініші алды-артына қаратпай... Ғарыш жаққа кетіп қалды Жұматай, Көпшіл еді, міншіл орта жаратпай. Өлеңшінің қайғысы кем, басы аман, Жұматайлар ұнамайды аса оған... Бір әдемі Ақын ұшып барады, Ақын да бір періште ғой, Жасаған. Бүгінінен қызық еді-ау ертеңі, Жетімсіреп Зайда бір күй шертеді, Ғарыш жақтан күлімсіреп тұр ақын, Бізге жұмбақ, аруларға ертегі. Көзімде жас, көңілімде нала-мұң, Кереметі жарқ етті ғой даланың. Түнде ғажап түс көрдім мен, түсімде Алатауға қарай кетіп барамын... ТҮС КӨРЕМІН Есенғали РАУШАНОВҚА Құлақ қойып жүремін құс тіліне, Жылап қойып... қайтқанда түстігіне. Жақсы күндер жалт беріп көрген түстей,! қаңтар келіп қалың қар түсті, міне. Мейлі енді апталап қар борасын, Қар жамылып қалмасаң, бар боласың! Түс көремін... Түсімде құс көремін, Құс келгенше, сен - өмірэ тар боласың..!

ҚАРАЙЫП ЖАЛҒЫЗ ОТЫРМЫН "Көзіме қара, мұңым бар". Мұқағали Кел, кел аспан, кел, аспан, Балқантау биік мен асқан. Бұлтыңды қара, бұлтыңды, Қуам деп көңіл ұмтылды. Қуа алмай, көзге мұң тұнды. Қуантсам деп ем жұртымды. Ақпанда мынау, ақ таңда, Тірілер ұйықтап жатқанда. Қарайып жалғыз отырмын, Қасқырдай түскен қақпанға. Айқасып кетсе кірпіктер, Санамды шабыт түртіп көр. ...Сәл қалғып алып саңқ етіп Самғайды қыран-бүркіттер.

МЕНІ ДЕ ЖҮР ЖАРАЛАП Жаралы құс Қанаттарын жатты ұрып, Қара жерге тым қатты. Өз денесін өзі құзға лақтырып, Көз алдында күн батты. Ертең өліп қалатындай жүремін, Туған жерді аралап, Аппақ құстың жараланған жүрегі Мені де жүр жаралап... Көңіл толмай, тірлігіме өзімнің, Мағынасыз көрінеді манағым. Көрмейтіні қалмаған соң көзімнің, Қайтып тірі қаламын.

ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ ЖҮРЕК (Элегия-монолог) Мен кетемін Өмірден тымық таңда, Мені ойлауды сен бір түн ұмытқанда. Мен кетемін...күлімдеп Күн шығады, Күнмен бірге күрсініп үн шығады. Мен туралы ойлама, жырақтанба, Қара шәлі жамылып, жылап таңда, Қабіріме келмегін, гүл екпегін... Қабірімді құшпасын білектерің. Саған деген Махаббат жүректегі - Сенде қалсын, ең соңғы тілектерім. Сенде қалсын дүние-мүліктерім, Мен өмірде жүрмедім, күліп тегін. Алтын, күміс жүректі жылытпайды, Мен қашанда байлықты бүлік дедім. Сен менің шыдай алмай, тасқыныма Ақырында қара жер басты мына... Жердің үсті жарқырап тұрғанымен, Қара түнек екен-ау асты мына. Кім періште дейсің-ау, кімдер пенде, Нұр жаусын жанымды ұға білгендерге. Бұл жалғанды қиналып, қимасам да, Көзім алды таң ата түрленгенде. Өлең жаздым... өлмеуге тырыспадым, Құдайға қарғыс айтып ұрыспадым, Төсегімді қайтадан жайлап салып, Басымды құбылаға дұрыстадым.

Ақ самал тұрушы еді есіп күнде, Ашылғанын сезбедім есіктің де... Анамның ақ жүзіне қарайладым, Құлағыма жетті үні бесіктің де. Көз алдымда Балқантау теңселеді, Неткен асқақ, айбынды, енселі еді. Мен де солай Өмірден өтсем керек, Өтпей тұрып, сен маған келсең еді...

ТҮНГІ ОН ЕКІ Пенде едім кеше тағдырдан тақыр түңілген. Бір өлең жазып қуанып жүрмін бүгін мен Түңіліп жүріп түлеген қыршын түлекпін, Түнектен алып ұшқанда мені бір екпін - Мен өліп кетсем, Шындықты айтып шыңғырып, Солқ етіп қайта соғуы мүмкін жүректің. Көңілден күмән тарқамай шегіп темекі, Көк бұлттың ішінде отырмын: түнгі он екі. ӨМІР ЖАҚСЫ Ауырады жүрегім... таза білем, Жылдарымның болды ма, мазағы кем. Өлім деген немене, Өмір жақсы, Өмір жақсы осындай азабымен. • Өмір жақсы, өйткені Күн бар мұнда, Ажал оғын атады кім дарынға... •••ДҮР етіп ұшып кетті көгершіндер, Қарғаларды үркітіп тұрғанымда. •

ЖҰМАҚ Қайтемін енді басқаны, Қайтқан құс келе бастады. Бұрымды қыздар бұрылып. Көзімді ашып тастады. Тауым тұр мүлгіп, мұнартып Шырайлы шырша, шынар тік... Өлмейтін шығармын құмартып... ҚҰЛПЫТАСТАҒЫ ЖАЗУ "О, адамдар. Мен отыздан аспаймын, Тәнім суып кеткен құлпытастаймын. Қайран өмір, сені көру бір арман, Қара жерді қалай сілкіп тастайын".

ДҮБІР ЖАҚЫН ДЕГЕНІ ОЛ Жаныма жақын осы ақын - дала, Жанымды қайдан ұқсын қатын-бала. Сен жылап қаласың-ау, қалғып кетсем, Сен жылап қаласың-ау, ақылды ана. Жаныма жақын, осы, маған дала, Жанымдай жақсы көрем, жамандама. Түсімде Мұқағали күбір етті, Дүбір жақын дегені ол, алаңдама. СЕЗІМ ҚҰПИЯСЫ • Мен өзімнен қорқамын, қауіптенем, Көшіп келем, бұлттардай ауып келем. Табанымнан таусылып жүргенімде, Қабағымнан мені іздеп... тауыпты өлең. Қорқып тұрмын Ойлардан басымдағы, Қорқыныш қой, бұл он төрт жасымдағы, Содан бері он алты жыл өтсе де, Бірге жасап келеді, басылмады... МИСТИКА Айналып ұшып қонбайтын жерге құс көрсең, Қайдағы түсіп есіңе сосын түс көрсең, Ол менің мәңгі өлмейтін Рухым екені, Қиналып кетіп... қия алмай жүрген мекенін Айтайын саған қонуға әзір емесін, Рухтардың қазір мүмкін бе көру денесін, Мені іздеп бір күн Балқантау асып жоғалсаң, Аяулым, сені адасып өлді демесін.

*** Өмірімді алам кейде қиындатып, Жүрем сосын көп ойдан миым қатып, Сарыарқаға ұқсас бір мінезім бар, Дауылдатып алатын, құйындатып. *** Жапырақтағы тамшылар, Жанарыма жүр сіңіп. Тамшы деймін... қан шығар... Ауырамын түршігіп.

ЖАНАРЫМДА БІР ҮМІТ БАР ОЙНАҒАН... Жеткізер ме бұл көктем күзге мені, Жаз ұқтырып кетеді бізге нені. Түні бойы жүрегім жылап шықты, Жер бетінен табылмай іздегені. Кезімде бұл өмірден алшақтаған, Маған үнсіз қарайды он шақты адам. Көзімді ілсем болғаны сені көрем, Қап-қара көздеріңді моншақтаған... Тереземнің алдында алма бағы, Алмасы жоқ тірліктің бар ма мәні. Жарығына телміріп жарықтық Ай, Сағындырып Мақпалдың салған әні. Кетіп барам таңдарға арайлаған, Жанарымда бір үміт бар ойнаған. ...Мен саған еш қиянат жасағам жоқ, Сен де маған жасама, жарай ма адам? БОЛА АЛМАСПЫН Мен сенің бола алмаспын қара есегің, Солай етпек сенің бір бар есебің. Туған жерде қуылып жүр демесең, Мен де бір ақын жүрек Тарас едім. Не табам сендейлермен жағаласып, Қайтейін, қиянатың барады асып, Мен саған жүрегімді көрсетіп ем, Қателесіп қалыппын қара басып...

КҮЗГІ ОРМАН ІШІНДЕ Жапырақтар жауып тұрған, Күзгі орман ішінде, Аққайыңға сауық құрған, Жиі барам түсімде. Дөңгелейді далам дәйім, Ай сәулесі жолымда. Саған келдім дара қайың, Бір шумақ жүр жанымда. Сенде болмас жазық тіптен, Аманбысың, қалайсың, Әлемде жоқ нәзіктікпен, Маған үнсіз қарайсың... Қара қарға қарқылдайды, Түсімді де қызғанып. Балта жүзі жарқылдайды, Өтермін деп сызданып. Саған қарап тұрам күліп, Түсім бе бұл, қалқашым. Қорқамын мен бір әңгүдік, Қайрап жатса балтасын. Жапырақтар жауып тұрған, Күзгі орман ішінде. Аққайыңға сауық құрған, Жиі барам түсімде.

КҮНДЕРІМ Ғашық болған күндерім-ай, күндерім Менен асқан болды дейсің кім керім. Қос шумақтай қос із қалып ақ қарда, Көкжиекке сіңіп жатты... білмедім... Бетім тосып моншағына жаңбырдың, Тасқа қашап өлеңімді қалдырдым. Көтеріліп Балқантаудың басына, Өшіп қалған жұлдызымды жандырдым. Өшіп қалған жұлдызымды жандырдым, Сен адасып кетпесін деп, жан құрбым. Демеймін мен, неге сонда келмедің, Демеймін мен, көңілімді қалдырдың. Ғашық болып жүрек сырын шертеміз, Қызық күнмен қоштаспайық, ерте біз. Ертеңіме ертегідей сендірген, Аман болшы, еліктей сол, ерке қыз. КҮН КЕШТІМ Қайғылы-мұңды күн кештім, Күн кештім үнсіз күрсініп. Қол ұшын бермей жүрді ешкім, Аштырмай көзді тіршілік... Ой соқты болып арыдым, Жүдедім содан мен тіптен, Өлеңім - жалғыз жарығым, Сағынып сені ел күткен. Алланың бары анық қой, Күтпедім көмек өзгеден. Сен кетпе Өлең. қалып қой - Сен үшін ғана төзген ем...

Иттігін иттің айтам ба? Кайтемін итпен таласып, Жүректі ауыртып қайтам да, Жүреді жаным тағы ашып... Отыздан астым аз ғана, Ашылды аздап аспаным. Қарайды қыздар наздана, Көрмейді көзде жас барын... Ғасыр дерті - ісікті Іздесең ... ЖҮРЕК ТҰСЫМДА. Маған да құрық түсіпті, Алладан келген қысым ба? Қара жер қойның салқын ба, Қайтеді құшақ ашпасаң, Қарсы алу АТА САЛТЫҢ БА, Болмайды-ау, болмас қашпасам... Қырдағы Қазақ не дейді, Не дейді Қазақ Ойдағы, Абайды... сосын СЕМЕЙДІ, Бұл ҒАСЫР жалмап қоймады. Азапқа мен бір түстім де, Көзіме жастың толғаны... ЖҰМЫР ЖЕР. Сенің үстіңде, АЛАШЫМ қалса болғаны,.. Қайғылы-мұңлы күн кештім, Күн кештім үнсіз күрсініп, Қол ұшын бермей жүрді ешкім, Аштырмай көзді тіршілік. •

СОЛАЙ ДОСТЫМ Өз ортамнан алыс қалдым, алыстап, Өмірден де алыстармын осылай... ПОЭЗИЯДАН қашып кетіп... мал ұстап, Байып алсақ қайтеді осы, досым-ай. Бұл заманда таласады жырға кім, Намыс буып, өлеміз бе намыстан. АЛТЫНЫМ жоқ, берер едім бір қабын - Туыстарға көшіп келген алыстан. Бар бақытты берер дейсің үйіп кім, Не табасың көшіп келіп ауылға. Сен мен үшін алаңдама сүйіктім, Қарсы жүріп кетіп қалсам дауылға. Солай достым, түнді отырам күн етіп, Адамзатқа айтар сөзім болғасын. Жүрегіме көктемдерді түнетіп, ПОЭЗИЯДАН бастаған ем жол басын... МАҒЖАН Алты Алаштың Анасы туган толғатып, Көрем деп жүріп, көре алмай кетті ол бақыт. Кегім бар кеткен сұрқия сол бір заманға, Қаламнан басқа қалмады АҒА, қолда түк. Моншақтай тізіліп қапастан шықты маржан-жыр, Көрінбей бізге, көгімде қалқып Мағжан жүр... Өксік буып жыласам бар ғой, Сізді ойлап Көзімнің жасын өтеді шәйіп ақ жаңбыр.

МЕН СОНДАЙМЫН Құдайыма жеткізейін үнімді, Түннен шығып көрейінші Күнімді. Болашақта не болары белгісіз, Бұлдыраған көріп тұрмын Бүгінді. Адамзаттың жеткізейін азғанын, Өшіп қалмай тұрғанда өлең-маздағым. Болашаққа жетіп қалар, жетпесе - Махаббатқа айналады жазғаным... Махаббатқа айналады, дауаға Мен сондаймын, ақындықтан сау АҒА... Өлеңдерім қалады ғой, қалмаса - Айналдырып алармын-ау, АУАҒА. КЕЗДЕСЕМІН Жетіскеннен емес енді айтам ән, Жынданудың алдындамын айт оған, Азғана уақыт көрінді де көзіме, Көрінбейтін болып алды қайтадан. Бар болатын болса жердің бетінде, Айтшы оған: Ақын да бір жетім де; Құлақ түріп отырамын түндерді, ҒАРЫШ жақтан естілетін жеті үнге,.. Мен өзімді түсіне алмай шаршағам, Қатарыңа қайта қосып алшы, Адам. Көктем қайтып шығады ғой бұрқырап, Қар астында қалып қойған аршадан. Жүріп келем мен бір бөлек ізбенен, Көз алдымда Періштелер жүздеген. ҒАЛАМШАРДА ғалымдарға мәлімсіз, Кездесемін сол бір жұмбақ қызбенен.

ҚАЙТА АЛАМ БА? Аспанның сыймады ма қуысына, Бір жұлдыз ағып түсті уысыма. Түсінікті түс еді-ау, гүсінбейді... Түсінігі жоқ не деймін туысыма? Түсіндіріп Оларға айта алам бар. Түсінбейді МЕНІ ОЛАР, қайта одан да, ҒАРЫШ ЖАҚҚА кетейін, жол түсіп тұр Кетемін гой, кетуін... ҚАЙТА АЛАМ БА?

ЖАЛҒЫЗДЬІҒЫМ ТУРАЛЫ АЙТАМ... С. Ақсұңқарұлына Бір түн өтті, көз алдымды ісіріп, Уысыма түспеді өлең-моншағым. Таң жарықтық түн пердесін ысырып, Қайта оралды шын бақытты: сол шағым, Қалам тоқтап қалып еді қай тұста, Ой мен Сезім түсті қызу айтысқа. Емшілердің емін қабыл алмаған. Қиын болды-ау кеудемдегі "байғұсқа". Өмір сүріп жүрмесем де Елсізде, Жалғыздығым туралы айтам мен Сізге. Көктем жаққа жалғыз кетіп барамын, Ақын-жүрек жазылады емсіз де. Мен қайтемін мұңымды айтып басқаға, Ақын да бір әлдиі кем жас бала.., Бұл жалғанда Сізді жақсы түсінем, Мен сияқты түсінсе ғой басқа да. Сатқындықтың көрдім неше түрін мен, Сақтанбайтын сәби едім бұрын мен. Сізге қалай, ал мен бар ғой, жан аға - Бірге жанып бара жатам жырыммен.

Ө М І Р Д І Ж А Қ С Ы КӨРУ Дүниенің қабағына қарайлап, Отырамын таң атқанша арайлап, Жаз туралы ертегі айтып тұрады Аппақ қарды жамылып ап бір аймақ. Көктем келсе, гүлдер ашып қауызын, Басым-ойға, жырға толып ауызым, Мен өмірді жақсы көріп кетемін, Сен де жақсы көріп кетші, жауызым. Күйін кешіп Қорқыт ата бабамның, Қобызы да мен боламын даламның, Өлеңімді жаздырады құдірет, Қайталатып жаздырады маған мұң, Жанарымның ішіндегі тамшыны, Көрмейтіндер үйіреді қамшыны, ...Өлеңі де қалады ғой мөлдіреп, Ақындардың бар иманы, бар шыны.

САРЫАРҚАНЫҢ САРЫ ҚЫЗЫ Алдамайтын шығар енді бізді арман, Қызғанбай-ақ, қойшы мені қыздардан, Есіңде ме, сол бір көктем, сол бір кеш. Сәуірдегі Балқантауға біз барған, Ақ жаңбырдың қалып қойдық астында, Жаңбырдан ба, әлде менен қаштың ба? Тас үңгірден қайта шығып жүгірдің, Маған қарай... құшағыңды аштың да. Жүрегімнің жеткіздім бе алғысын - Айта алмаймын, айту ұят арғысын... Махаббаттың білеміз ғой қадырын, Сарыарқаның сары қызы тал мүсін. "87

поэзия Поэзия - менің адал досымсың, Құпияңды түсінбеймін - осым шын, Мидан бұрын озып туған мың жылға Сен бір ғажап құбылыссың, қынжылма. Айтшы өзің Құдайды кім көріпті, СЕН көрінбе Мылтық, Қанжар, Шынжырға. Еркелете берме бізді, тасытпа, Құпияңды түсінерміз - асықпа. Құдай сені сүйгеніне дарытып, Жолатпайды екен өзі пасыққа. Бір сол үшін рақым айтам Құдайға. Құдай деймін ОЛ да: Біздей шыдай ма? Мұқағали өлең жазып отырды, Абай атам түсіме еніп бұл Айда. МЕНІҢ ДЕ Ж А Н Ы М ЖЫЛАЙДЫ ...Менің де жаным жылайды жаңбырлы түнде, Жан жылуын жаралы қалдырдым гүлге. Аспанның тамшыларын тамашалап жүріп, Сезімге жеңдіріп Ойымды алдырдым мүлде. Көктемге қарай көңілдің алып ұшқанын, Жамандыққа жорып қалмашы тағы дұшпаным ӨЛЕҢ жазып жүрген - жүрегімді сыздатып, сол ғой, сол - жылатып жүрген сағыныштарым.

ЕКЕУМІЗДІ Екеумізді табыстырған тағдыр ма? Болса болар, мені жалғыз қалдырмаБіз екеуміз қарыздармыз Көктемге - Көктем айы, сәуірдегі жаңбырға. Шартарапқа кетті ұшып жыр-құсым, Бір-ақ күнде түзеледі тұрмысым. Мені саған адалдығым үшін де, Арманыма жеткізеді бұл Қысым. Алаңдама қалған ғұмыр үшін Сен, Бақыттымын жанымды ұғып, түсінсең.., Қимасаң да томағасын сыпырыпҚыраныңды қияндарға ұшыр сен. Қасиетін түсіне біл тұғырдың, Мәңгілігін емесін де ғұмырдың... Бойымдағы барлық жақсы қасиет, Кіп-кішкентей жүрегінде жүр ұлдың...

МЕНІҢ АНАМ Өз-өзіме отырамын өкпелеп, мені ешкім түсінбейді, көк терек. Бақытсыздау ақынның бұл өмірі, Өзгелердің тірлігінен көп бөлек. Маған өлең, Оларға алтын керегі - Алтын деші... тезекті де тереді. АСПАН жақтан келіп едім адасып, Мені сонда қабыл алған ЖЕР еді. Жер еді ғой, сәби жанын түсініп, Ақ бесікке алған мені түсіріп. Алғаш рет көрдім сонда АНАМДЫ, Анашымнан дарыды ғой, кісілік. Көзімді ашып қарап жаттым пендеге, Бұл дүниеден хабары жоқ мен-дене, Елең еттім әлдиіне Анамның, Шымыр етті жүрегімде әлдене. Жерде қалдым анашымның қасында, Қалған солай Мұқағали, Қасым да. Ақын болдым әлдиімен Анамның, Менің анам ұлы адам расында.

КӨРІНБЕЙТІН ҚҰДАЙ КҮШТІ Көңілімде нала-мұң бар, алаң бар, Мені енді жынды етпекші жамандар, Түңілдіріп жүрсіңдер-ау өмірден, Өлеңімді оқып алып адамдар... Қан жылаған жүрегімді қолға алып, Мен жатырмын өлем бе деп толғанып. Қара жерді қимайтын да табылар, Аруағымнан қорқатыны - ол да анық. Түңілдіріп алдыңдар ғой, алдыңдар - Мені көріп түк түсінбей қалдыңдар. Өлім деген немене ОЛ, түк те емес, Көз тірімде көрге апарып салдыңдар. Мен өлгенде сендерге осы түсті не, Топырақ сап жатырсыңдар үстіме, Көрінбейтін Құдай күшті.,. әттең-ай, Хабар жетпей жатқан шығар Күштіге.

ЖЕТІМДЕРМЕН БІРГЕМІН Кірлетпеймін, кіршігі жоқ арымды . Жаутаңдаған жетім аз ба дарынды? Олар түгіл, біледі ғой, Құстар да - Мына менің дүниеде барымды. Бір Алладан үміттерін үзбеген, Қарайды Олар, аяулы бір жүзбенен, Дарындының көбі жетіп, соны ұғып, Мен оларды, Олар мені іздеген... Жер бетінде жүрміз есен-аман Біз, Ғажап өлең жаза алады балаң қыз. Бір ауданның болмасақ та әкімі, СОЛ ауданның ЕРТЕҢІ үшін алаңбыз. Бұл әлемде жетімдердің бәры мұң, көрсете алмай жүрген барын, дарынын, Мен олармен біргемін ғой, біргемін - Бір соларға түсіп жүрсін жарығым... * ОРАЛАМ О, Жер-Ана, саған беріп тәнімді, Аспанға алып ұшып кетем ӘНІМДІ. ПОЭЗИЯНЫ түсінетін Адамдар - Кетіп барам жақсы көріп бәріңді. Ерік бермей сезімге бір, ез үнге - Ғайып болған, мен бір басқа түрге енем, МЕН сендерге қажет болған кезімде, ЖЕР бетіне қайта оралып бір келем. Есен-аман жүріндерші бір Сендер, Қайта оянып, көздеріңді ілсеңдер... ҒАРЫШ ЖАҚТАН жымыңдайды бір жұлдыз, ӨЛЕҢ үшін туғанымды білсендер...

ҒАРЫШ МЕНІ ТАРТАДЫ Жазға асығам, асығам көк шалғынға, Моласына өмірде жоқ Шалдың да. Қайтейін-ай қайта оралдым, қаңтарға Қиялыммен жер-көкті көп шалдым да. Көзімді алмай түндерде жұлдыздардан, Көріп қалып жүремін бір Қызды алдан... Бір жарқ етіп ғайыптан, жоқ болады Поэзия әлемінен біз бір барған. Өткен жаздың қызығы... көбі есімде, Шыбын өліп қалды деп өлесің бе? ЖҰМБАҚ қыз-ау, көп жұлдыз арасынан - Менің мөлдір бейнемді көресің бе? Періштесін көрдім де Алашымның, Жабық еді түндігім, тағы ашылдым. Ғарыш мені тартады, қалған ғұмыр, Көз жасыңда жүреді Анашымның. Қаңтар айын - жат көрем, ұнатпаймын, Сыңсып жылап тұрады мың Ақ қайың, ... Мені ешкім жұбатқан жоқ еді ғой, Ал мен өзім ешкімді жылатпаймын.

БІР КЕРЕМЕТ Көңілсізбін, тағы да көңілсізбің, Мінезіңіз қызық-ау, ӨМІР сіздің. Бұл Жалғанның шығармай жарығына, Жылуы жоқ жырымның көбін сыздым. Қаламымды қолыма алып тағы, Қиял құсым қайтадан қалықтады,' Биіктен биікке ұшқан сайын, Көрінбейтін, көремін АЛЫПТАРДЫ... Көрген сайын көңілім жай табады, Айтарымды айтамын, айтам әлі... ПОЭЗИЯ, мүлдем саған көрінбейтін, Бір КЕРЕМЕТ бойымнан байқалады.

МАХАББАТ МҰҢЫ Сенің жазған хаттарыңды сақтағам, Сенсіз қалай Өмір сүрем, бақ табам. Саған арнап өлең жазып өзімше, Бір Құдайдың алдында сол ақталам. Біздің ауыл шетіндегі Қайыңға, Барып қайтам Сенің туған айында. Ол да бәрін түсінеді, сезеді - Ол да үнсіз беріледі уайымға. Ақ қайыңға қызығады бар Адам, Қорғап жүрмін балтадан да, арадан. ...Сен бір қызық адамсың-ау, Досым-ай, Ғашық жүрек жазыла ма жарадан. Мен не дейін. Ол да маған не десін, Бір көруге зар болып ем елесің... Бір жалт етіп қарайды да, қайтадан Қара жерге жасырады денесін. Қара жерде қалмағандай ешкімім, Қимасам да, кетіп барам, КЕШ КҮНІМ. Ақ қайыңға барғым келмей жүр еді, АСПАН жақтан дауысыңды естідім...

БАР ДОСЫМНЫҢ ЕСІГІ Мен аспанга қараймын, Аспан маған Қарай-қарай көзімнен жас парлаған. Жүрегім жүз жерден ауырса да, Қатып-семіп, қарайып тас болмаған. Аспан жаққа қарайлап алаңдаған, Қуат беріп келеді маған Далам. Дос болғысы келіп жүр көсем жігіт, Сырт айналып Мені Сол жамандаған... Өксік буып кеудемді алып тұрды, екі жүзді пенделер жалықтырды. МЕН жұмыстан қуылған күні өйткені, Бар досымның есігі жабық тұрды. Жұмбақ Кеудем білмеймін не тіледі, Күресінге итеріп кетіп еді. Көргім келмей жүр еді сол бір досты, Түкіргім де келмейді бетіне енді.

ҚАЙДА? Ұқпайды анық, мені ешкім ұқпайды анық Кетсем бе екен мөп-мөлдір шыққа айналып, Кереметпін деп жүрген Ақындардың, Дірілдетіп тізесін жыққан байлық... Ал Сен өзің алтын көрсең шыдайсың ба, Шыдайтындай кім едің, Құдайсың ба? Сенің шарап ішкенің кімге дәрі, Өлесің ғой бір күні құлайсың да. Өлсем өлем, өлмесе Қасым қайда, Түседі еске Төлеген осындайда. ЖЕР үстінде жүрмін бе, жүрсем егер, Туған-туыс қайда жүр, досым қайда? СЕЗІП ЖҮРЕМ Жерде жүрмін жаным жүдеп, жабығып Мені олар күндей берсін жабылып. ҒАРЫШ жаққа кетіп қалмай мен осы, Бұл фәниде қалып қойдым нағылып? Қайыңдардың қимадым ба АҚ түсін, Сезіп жүрем маған қарсы жат күшін. Сен басыма қайта айналып қонғанша, Өлеңімді жаза берем, бақ құсым. Менен алыс ұшып кете алмайсың, тағдыр сені білемін ғой, алдайсың, Менің аңғал, жаны жайсаң досымдай, Неге меңен бір алданып қалмайсың. Маңдайымнан демейінші бақ тайды, Құдай мені сақтап келді, сақтайды... Ақындарды қиын, рас, түсіну - ПОЭЗИЯНЫ түсіндіріп жатпайды.

ПЕРІШТЕГЕ А Й Н А Л Ғ А Н АЯУЛЫ А Қ Ы Н Н Е М Е С Е СОҢҒЫ СӨЗ ОРНЫНА Ақын өтті өмірден. Қандай ауыр, қандай қасіретті сөз еді десеңізші?! Тұрсын Жұмаш небәрі жыл ғана ғұмыр кешті. Жүрегіне ұялаған ПОЭЗИЯ гүлі енді-енді бүршік жарып, жауқазындай жайнай бастаған шағында кенеттен... ол аяқ астынан сол жақ кеудесін ұстаған қалпы дүниеге аттанып жүре берді... Өкінішті-ақ! Оның халқына бергенінен, берері көп-ті. Өмір-өзенде Жыр желкенін енді-енді емін-еркін есе берген мезетте... Қандай аянышты?! Бұл кездейсоқтық па? Әлде ақынның өзі кінәлі ме? Жо-Жоқ! Оның талантын дер кезінде тани алмаған, оны бағаламаған біздер, иә, біздер кінәліміз. - Түңілдіріп алдыңдар ғой, алдыңдар, Мені көріп, түк түсінбей қалдыңдар. Өлім деген немене ол, түк те емес, Көз тірімде көрге апарып салдыңдар, - деп ашына жазар ма еді қайран ақын құдіретті қаламымен, Тұрсын Қазыбек би ауданына қарасты "Қазақстанның жылдығы" атындағы кеңшардың Шөптікөл бөлімшесінде 1959 жылдың 11-маусымында дүниеге келген. Бір қызығы, аудан орталығында орыс орта мектебін тәмәмдаған. Екі мәрте жоғары оқу орнына студент боп қабылданған. Бірақ өз еркімен бір жылдан соң шығып кеткен.

КӨЗІМ ЖЕТТІ Періштелер - достарым Аспандағы, Шыңыраудан шықты алып, жасқанбады. Көргендерім бұл менің үш ай ұйықтап, Сосын қайта көзімді ашқандағы. Құпиямды Кім едің ашатындай, Қызулана кетемін жас ақындай. Еркелегім келеді Адамзатқа, Кеудесіне мені Олар басатындай. Бір Алланы іздесең, Көктен ізде, НҰХ пайғамбар кемесі көк теңізде... МҰХАММЕД пайғамбар... Ол да тірі, Құлдық ете беріңіз, сөкпеңіз де. Иесіз емес Аспан асты мына, Дұшпандардың түкірдім қастығына, Алланың жолында жүргендіктен, Сөйлеймін мен көзіме жас тығыла... Санамда өткен өмір жүрген еді, Өлген соң Адам басқа түрге енеді, Кеудені тастап ұшып ЖАН кетерде, Қиналып айтқым келді бірдеңені... Жердің үстін келмейді тастағым да, Өмірден үміт үзе бастадым да... ҚАЗАҚ Елі, мен саған қайта оралдым, Өліп, қайта тірілдім қасқағымда. Қайта оралдым туған жер, мекеніме Еріп кетпей ажалдың жетегіне... Көзім жетті.., О, МҰҚА, бұл өмірдің, Бір күндік сәуле ғана екеніне.

төрағалығына басшыларға жақпағандықтан жарамады. Ол жағымпаздықты білмейтін. Тілі өткірді. Сондықтанда айналасы атшаптырым аудан орталығындағы таланттың бірі бола тұрып, екі бөлмелі пәтеріне телефон қойғыза алмады. Тұрсынның талантын жете бағалап, тым болмаса Қарағандыға қызметке шақыруға қазақтың бірде-бір басшысы тәуекел етпеді. Облыста отырған, оны білетін басшысымақтар жұмсақ орындығына жабысқан күйі қозғалмай отыра берді.... Ең сорақысы сол, ол да Ұлы Абай атамыз сияқты айналасы 300-400 шақырым жерден әріге ұзап көрмепті. Бір жағы - Қарағанды, әрісі - ата-бабасының жұрты - Абыралы. Одан өзге өңірде оның ізі қалмады. - Амандық болса, - деді ол осы жолдардың авторына өлерінен алты ай бұрын жолығып, сырласқанда, - келер күзде өлеңдерімді мәшіңкіге бастырып, Алматыға қарай сапар шегем. Рас, ол астананы көруге жиналды. Болашақ жыр жинағының жартысын өз қолымен ұқыптап, тәртіпке келтірді. Бірақ... Әсілі бұ дүниеден түңіліп, өзге дүниені қалаған кісінің ойын Аллатағала да еститін болса керек. Оның адамдардан көңілі қалғандығы соншалықты, ұшып бара жатқан құстармен де; жымыңдаған түңгі аспандағы жұлдыздармен де; сыбдыр еткен көк терекпен де; уілдеген желмен де; үн-түнсіз бұйығып жатқан Балқантаумен де; табиғатқа көрік қосқан көк шөппен де, бәрібәрімен сырласты, өзінің мұңын соларға ақтарды. Тіпті Періштеге айналдыра гөр деп Көктегі

"Өзіңнен білім дәрежесі артпайтын кей мұғалімдердің алдында кіріптар болып отыру қиын екен, - деп ағынан жарылады ол кейіннен оқудан шығуының себебін түсіндіріп. - Бәрінен бұрын олардың әлдеқандай бола қалатынын айтсаңшы? - Мен өзімнен қорқамын, қауіптенем, Көшіп келем, бұлттардай ауып келем. Он төртімде көкейді шындық тесіп, Он төртімде мені іздеп ... тауыпты Өлең! Ақынның осы бір шумағынан 22 жыл бойы поэзиямен достасып, бірге өмір сүргендігін білеміз. "...айдарынан желі есіп тұрған мына өлеңдердің әлдеқашан-ақ айы оңынан туатын жөні бар емес пе?" деп талантты ақын, қазірде "Жазушы" баспасының директоры Есенғали Раушан 1992 жылы ақиқатты мойындаған болатын. Ол алыс аудандағы дарын иесінің болашағы зор екендігін республикада бірінші болып аңғарды. Өзінің жүрекжарды тілегін ақтарған-ды. Ал бұл кезенде Тұрсынның тағдыры оңып тұрмаған-ды. Бір жағыңан тұрмыс ауыртпалығы, екінші жағынан небір құқайды көргендіктен нәзік жүрегіне сызат түскен еді. Ол кім болып жұмыс істемеді? Ол моншада от жағушы да болды. Ол күзетші де болды. Ол аудандық газетке тілші боп қабылданды. Бірақ көре алмаушылардың "сасық қулығымен" қуылды. Ол жұмыссыздық КСРО-да атымен жоқ деп бөркімізді аспанға атқан тоқырау кезінде керексіз боп көшеде қалды. Ол ақырында аудандық тіл жөніндегі комитетке "қызметке" орналасты. Бірақ оның

Тәңірмен де қазақтың қара өлеңі арқылы тілдесті. Тұрсын былай қарағанда пессимизмге салынғандай болып көрінгенімен, ол - оптимист. Ол өмірді жанындай сүйді. Адамдарға "өлім« дегеннен қорықпаңдар, адамның жаны мәңгі өлмейді" дей келіп жарық дүниеге ештеңе жетпейтіндігін, сыйласа білушіліктің ауадай қажеттілігін ұғындыруға тырысты. "... Мені ешкім жұбатқан жоқ еді ғой, Ал мен өзім ешкімді жылатпаймын - дейді ол "Ғарыш мен тартады" деген жырында. Қандай адал, қандай пәк сезім десеңізші? - О, Жер-Ана, саған беріп тәнімді, Аспанға алып ұшып кетем әнімді. Поэзияны түсінетін адамдар - Кетіп барам жақсы көріп бәріңді, - дейді тағы бір өлеңінде. Шын жүректен шыққан ақиқат осындай болар. Егіндібұлақ ауданында (қазіргі Қарқаралы - А.С.) тұңғыш рет Семей полигонына қарсылық ретінде митинг өткізілгенде, Тұрсын Жұмаш үйінде қарап жата алмай, "Халыққа арнап оқиыншы" деп өлең шығарып, ала келеді. Амал не, сол кездегі "Семей-Невада" қоғамының басшылығың қолына алған "бір ағамыз" оған сөз бергізбейді. Өзінің туған жерінде тұрып, жүрегінен туған өлеңін оқуға рұқсат ала алмаған ақынның сол кездегі жантебіренісін енді түсінген боларсыз. Міне Тұрсындай аяулы ақынға деген сол кездегі көзқарас! - ХХ-ы ғасырды бұл дәріптеп, Өлең жазар аусар емен мен енді. Бүкіл әлем көрсін сені Кәріпбек,

Көрсет, қолсыз жаратылған денеңді! - дей келек: - Болашаққа көз жібере аламын, Бабалардың ұлылығын дәріптеп. Қасіретке толы осынау даланың - Қарсы тұру белгісі, ол - Кәріпбек! - дейді. Осы өлеңнен айтыңызшы, қандай қателік көріп тұрсыз? Ұнады дейсіз бе? Ендеше, Тұрсынды менсінбеген басшысымақтардың ар-ожданына салдық бұл істі! Біздіңше, Тұрсын бұл емес, келесі ғасырдыңкелешектің ақыны. Оның сүйікті оқырмандары да - болашақтың еншісінде. Өйткені оны түсіну үшін бір рет көз жүгірту азшылық, етпек. Әрбір жолда терең пәлсапалық ой, ақиқат астар жатқандай. Қане оқылық. - Өмір жақсы, өйткені Күн бар мұнда, Ажал оғын атады кім дарынға. ...Дүр етіп ұшып кетті көгершіндер Қарғалардың үркітіп тұрғанымда. Осы бір шумақтың өзінде қаншама салмақты ой жатыр? - Жүректің қаны тамшылап ағады, Тұлпарлар кетіп, қамшы қалады. О дүниеге мен өзім бармаймын, Көзімде жүрген тамшы барады! осылайша оның өлеңдерін оқи бергіңіз келеді, оқи бергіңіз келеді... Бейне бір кәусар бұлақтай іше бересің, іше бересің. Тұрсынның терең иірімді, тебіреніске толы жырлары көңіліңді еріксіз поэзия әлемінің тылсым дүниесіне қарай жетелей түсетіндей.

Тауға да, тасқа да айқайлағанымызбен, Тұрсын Жұмаш арамызда жоқ. Бірақ оның жүрегінен туған тамаша жырлары қолымызда. Осыған тәуба дейміз де. Өлеңі өлмеген ақынды өлді деп ешқашанда ешкім айта алмаса керек. Ендеше оның өлең-өміріне сәт-сапар тілейік. - Мен көп ұзамай періште боп ұшып кетемін - дедің досым-ай! Бірақ мен саған сенбедім. . - Түнде далаға шыға қалсаң, егерде бір жұ лдыз саған қарап жымыңдаса, сол мен болам, - деп күлдің аңғал азаматым-ай! Тағы да саған сенбедім. Ақырында жылдың 13-маусымында, жасқа - мүшелге қадам басқаныңа небәрі екі күн өткенде қабіріңе бір уыс топырақ тастадым. Арамызда жарасқан достыққа қуанып жүргенде осылайша қайғы уының дәмін таттым. Неге? Неге асықтың, Тұрсын бауырым-ау?.. ...Сені құшағына алған жер де, түнгі жұлдыздар да, қиқу етіп төбемнен өткен құстар да үнсіз. Мүлдем үнсіз. Қолыма түскен өлеңдерің ғана жетім баладай жәутеңдеп, бірдеңе тілегендей қарайды да тұрады. Отты көзқарасы жанымды жегідей жейді. Қанша қиын болса да, өзіңнен туған жырларыңды көгершін етіп, қазағияның кең даласына ұшырып жіберуге тырыстым. Қолымнан келгені, бары осы. Айтбай СӘУЛЕБЕКТЕГІ, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, 1996-жылдың 4-мамыры. Қарағанды-Егіндібулақ-Қарағанды.

АЗАМАТТАРҒА - АҚ АЛҒЫС Талантты ақын Тұрсын Жұмаштың тұңғыш жыр жинағының жарық көруіне ақ ниетін білдіріп, қолынан келгенше көмегін көрсеткен азаматтардың есімін атап өтуді парыз деп білеміз. Олар мыналар: Қазыбек би аудандық тұрғын-үй шаруашылық басқармасы (А. Дәуіпбай), шаруашылықтар - "Қаракөл" (С. Апақашев), "Балқантау" (ҚҚұттин), "Едірей" (А. Жетпісбаев), "Қоянды" (Ғ. Кәріпбай), Тәттімбет атындағы (Б. Әбдікәрімов), Нұрмақов атындағы (Н.Мүрсәлімүлы), "Қазақстанның жылдығы" (С. Рахметуллин), Мәди шаруақожалығы (Қ. Ыдырысов), аудандық көлік мекемесі (Д. Мизамбеков), "Самал" сауда үйі (Б. Камалиев), "Номад и К" фирмасы (Ө. Түсіпов), және облыстық "Қазақ тілі" қоғамы (Ә. Жәмпейісов). Қазыбек би ауданының мұғалімдері ұжымы да аз үлес қосқан жоқ. Аудандық көлік басқармасының тізгіншісі Байтөлеу Ысқақов пен Қарағанды қаласының суретшісі Саят Сүлейменовтерге де рахмет айтамыз. "Демеуші азаматтар" әрқашанда амандықта болып, өмірлеріңіз бақытты бола берсін демекпіз.

Мына мені бір күні еске түсіріп, Жылайсыңдар тағдырымды түсініп Бұл фәниден шындык, іздеп жүргенде, алып кетті қанатына құс іліп! Алып ұшып кетті мені Ол биікке - ( Ақ періштем, қалай қисын күйікке. Құдайменен бірге жүрген жақсы ғой, Жаным сені, үлгермедім сүйіп те... Тұрсын Жұмаш

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙