TELEGEI

Home

Ең үлкен байлық

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ең үлкен байлық

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен:

– Шіркін–ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді. Мен онда асып–тасып өмір сүрер едім, – деп, зарлауын қоймайды.

Бір күні зарлап отырған жігіттің лашығының қасынан өтіп бара жатқан тас қашаушы қарт әлгінің қасына келіп:

– Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – деп сұрайды.

– Мен баймын ба? – деп таңқалды жігіт.

– Кәне, қайда ол байлық?

– Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға бере едің? – деп сұрайды қарт.

– Оның не?! – деп, шошып кетті жігіт. – Мен көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын!

– Жарайды, – деді тас қашаушы.

– Ендеше екі қолыңды шауып тастасын, ол үшін көп алтын береді саған.

– Жоқ! Қолымды бермеймін, алтының керек емес, – дейді жігіт.

– Міне, көрдің бе? Сен өте бай адамсың ғой, – дейді тас қашаушы қарт.

– Ендеше, несіне зарлай бересің? Маған сенсең, адамның ең үлкен байлығы – күш–қуаты мен денсаулығы. Она ақшаға сатып ала алмайсың, – деді де, ол өз жөніне кете барды.

Шындығында да бірінші байлық денсаулық екенін ұмытпайық!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙