Қозы Көрпеш
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың ғасырлар бойы жырланған махаббат дастаны – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу хикаясын Сәкен Сейфуллиннің көркемдік өңдеуі мен жаңа тынысы.
Біреуінің ақылы он сан қолдай.
Ертістегі орысқа бодан болмай.
Біреуінің ақылы он сан қолдай,
Қарабай, Сарыбай өтіпті
Екеуі заманында бойлы қорай.
Біреуінің ақылы он сан қолдай.
Екі хан қызық көрді талай-талай.
Ертіске қала салды манат тоғай.
Біліп айтқан кісіге жайы солай.
Байлығы шыққан адам талай жанға.
Сарыбай бұршынменен аңға бұрды.
Топта қамшы бастырмас жануары.
Тойтөбені бет қойып соған барды.
Болжады төңіректе талай жерді.
Бұршынменен бұлдырлап соған барды.
Сол жерде Қарабайды таныды енді,
Бұғы марал біз тосып аталық деп,
Тойтөбені бет қойып жарысты енді.
Екеуі аталы деп даңға шықты.
Алдынан буаз марал аң қашыпты.
Жасынан мергендігі түсуінде енді,
Қарабай жасын да үлкен, жолың да үлкен,
Бүл маралды сіз ат, — деп ұсынды енді.
Кедірмей күміс мылтық бетіне алды.
Үйде зайып күменде деп көңіліне алды.
Оғын салып Қара хан неге атпады.
Үйде зайып күменде деп атпады.
Кідірмей күміс мылтық бетіне алды.
Сол маралды байқамай басып салды.
Кідірмей күміс мылтық қолын алды.
Екі буаз аңырап жетім қалды.
Атып шықты Сары хан ердей болып.
Бейне балан аңырасын мендей болып. 16. Сарыбай хан екен табында енді. Бәйгеден жүйрік келер бабында енді.
Мойнына кісесін сап жалынды енді.
Деген атып еттерін жеген екен.
Құда болсақ қайтеді деген екен.
Деген атып еттерін же ген екен.
Құда болсақ болалық деген екен.
Деген атып еттерін жеген екен.
Құшақтасып дос болыстық деген екен.
Аталы екеу шықты даңға.
Құдай тағала салыпты жолын оңға.
Қылған ісі алдаға жақты дейді.
Екі кісі жарыса шапты дейді.
Күн суығын білмейді көңілі өсіп.
Сарыбай дімсе шапан берді шешіп.
Күн суығын білмейді көңілі өсіп.
Тағы берді астынан атын түсіп.
Құдай-ай бір қуанышты көрдім дейді.
Үйден барып берермін жүз өлгейді.
Қылған ісі аллаға жақты дейді.
Екі кісі жарысып шапты дейді.
Күн суығын білмейді көңілі өсіп.
Қарабай қамқа тоңын берді шешіп.
Күн суығын білмейді көңілі есіп,
Екеуін тең разы қылайын деп,
Қарабай тағы берді атынан түсіп.
Құдай-ай бір қуанышты көрдім дейді,
Мұныменен қоймаймын екеуіңді,
Мен де үйден берермін жүз өлгейді.
Екі адам сүйіншілеп келді дейді.
Игілігін көрмей-ақ өлді дейді.
Ат берді сүйіншіге ойнап-күліп,
Сүйіншіге ат берген жалғызының,
Игілігін көрмей-ақ өлді дейді.
Біреуі ойбай салып үйге салды.
Жас босанған бишара бейнет болды.
Өлім шыққан үйлерге жат оқиды.
Қара хан Сарыбайдың үйіне бата оқиды.
Жаман қатын, жас бала не біледі.
Иттістеген сүйекті кеміреді.
Алған беттен көңілін тастай түйіп.
Мұзтауынан көше қашты түнде өтіп.
Қара сауры болар талқыменен.
Қарабай көше қашты халқыменен.
Тоқсан күл келеді көшін жандап.
Кезең асты түйесін қос құйысқандап.
Жезді ай балта жоғалтты сабыменен.
Тайлақ би кеңес қылды табыменен.
Аққу ойнар балапан көліменен.
Тайлақ би кеңес қылды еліменен.
Аққу ойнар балапан көліменен.
Тайлақ би кеңес қылды жұртыменен.
Шыршық мінен бас судан көктей өтті.
Шолақ қорған Қаракөл жерге жеті.
Шыршық менен бас судан кектеп өтті.
Тайлақ би он бір кісі соңынан қуып жетті.
Бойын сол жер аулаққа салмақ болды.
Кез келіп өзің байлап ат тонын алмақ болды.
Бойын сол жер аулаққа салмақ болды.
Тағы да жарым кісі қалмақ болды.
Арман құлға сөйлеспей елден не өтті?
Құба белдің үстіне бір күн түнеп.
Құлан, тай бәрі сонда шөлдеп өтті.
Түйенің қомын алмай Шуға келді,
Бетпақтың даласына келгеннен соң,
Су таппай құлын, тай шөлдеп өлді.
Қодар, Бір су тауып берсеңші маған,
Қодар. Осы жерден бір суды тауып берсең,
Ақ Баянды берермін саған, Қодар.
Аяғын ақсай басып қоразданған.
Қарабайдың бір айтқан сөзіменен.
Тоғыз құдық Қодар құл жалғыз қазған.
Арман құлға сөйлеспей елден не өтті.
Ұзын Бұлақта жатқан жерге жетті.
Арман құлға сөйлеспей елге не етті.
Сонда Айбас құл артынан еріп кетті.
Қодар құлдың, ойласам жоқ арманы.
Абылайдың Көкшетау соған барды.
Адамзатқа бұйырған сәлем дейді.
Ақ Баянды берермін саған дейді.
Тоқсан құлдың ішінде көкжал бөрі.
Алты құлаш бедеуді алып кел бері.
Екі месті байланып суға барды.
Болдырғанын білдірмей
Құсмұрынға барды.
Үйде жатқан Баянды көңіліне алды.
Ағып жатқан Аягөз суға барды.
Екі месті толтырып құйып алды.
Екі месті байланып қайта салды.
Сондай жақсы қонысты көрдім дейді.
Азап көріп далада өлдім дейді.
Қарабай кетіп қалды төменге енді,
Күн жарымнан түйесін қомдап алып,
Аягөзді бет алып жөнелді енді.
Жетіп түйенін қомын алды шешіп,
Аягөздей жақсы қоныс тапқаннан соң,
Қалмақтан кісі шүйіншілеп келді жетіп.
Баян сұлуды балама берсін. дейді.
Қодар білсін, Қарабай білсін дейді.
Баян сұлуды балама берсін дейді,
Қодар құлда күш көп болғаннан соң,
Өлсем де ақ Баянды бермеймін дейді.
Қарабайдың ақылын тартып барды.
Сол жауапты Манапқа айтып барды.
Менің қызығымды көрсін дейді.
Баянды ұлыма берсін дейді.
Баянды менің ұлыма берсін дейді.
Қодаржан сол қызымды алсын дейді.
Ерулікке қызығын керейін де.
Амалым жоқ Баянды берейін де.
Ерулікке қызығын корейін де.
Манаптың жалғыз қызын алайын да.
Үйінде еркек адам қалмай жүрді.
Айбас құл үй жағына қайта жүрді.
Жақсы сөздің боларын біліп келді.
Баянның күймесіне кіріп келді.
Алыс жерден жауаптан нені білдің.
Қарабайдың көп құлы сенен өлді.
Кей мінезің өзіңнің тар ма дейді.
Атастырған жеріңіз бар ма дейді,
70. Әкеміз жас күнінде мерген екен,
Талай анды атып-ақ жүрген екен.
Соның жалғыз ұлына берген екен.
Сарыбайдың інісі мен едім - ай,
Өзіңнен таза жауап есіткелі
Әлі де еріп соңыңнан жүр едім - ай.
Икемге бұрынғымнан көнейін - ай,
Апарып Қозекемге табыс қылсаң,
Қолымнан алтын жүзік берейін - ай.
Сенің де ақылыңды тартайын деп,
Өзіңнен таза жауап естіген соң
Мен жүремін үйіме қайтайын деп.
Икемге бұрынғымнан көнейін - ай.
Алтынды тақиямды берейін - ай.
Икемге бұрынғымнан көнейін - ай.
Алтынды домбырамды берейін де ай.
Азығы таусылмастай салып берді.
Асыл жақсы киімнен алып берді.
Жүйрік жақсы аттарды мінді енді.
Айбас құл үй аулаққа жөнелді енді.
Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Мынау Сандықтас дейтғұын жер содан қалған.
Бір Ысты жолдас қылып Телеуменен.
Бір қысқаш, бір балға алды егеуменен. 80. Айбас құл сол салғаннан тағы салған. Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Жауыртағы дейтұғын сонан қалған.
Бір Ысты бір Телеуді жолдас қылған.
Темірші мен Қазанғап сонанан қалған.
Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Жауыр жорға дейтұғын сонан қалған.
Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Шұбарайғыр дейтұғын сонан қалған.
Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Домбыра кеткен дейтұғын сонан қалған.
Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Тақия қалған Мойыншақ тау сонан қалған.
Бір ЬІсты бір Төлеуді жолдас қылған.
Қамшы деген өзен су сонан қалған.
Бір Ысты бір Төлеуді жолдас қылған.
Тоқырау бойы да сонан қалған.
Он күншілік жерлерді бір күнде алған.
Мұзтауындағы өзінің үйіне барған.
Торша ат жорта алмады майдан кілкіп,
Мұзтауында Айбас құл үйге барса,
Сонда Жаңыл шығады бетін жыртып.
Бұрынғыдай болар ма бізге заман.
Аман-есен жүр ме екен жалғыз балам..
Меккедегі бір ағаш пырағы ма,
Оны естісе бұл жалғыз тұрмас мұнда,
Суық сөзді түсірме құлағына.
Ысты менен Төлеуді ертіп алды.
Жүзінің қақ жартысын қырып салды.
Ысты ағасы Қозекеме болыспай тұрып қалды.
Қозекем Ысты ағасын қаға салды.
Сенен менің көңілім кем бе еді деп,
Қарап тұрған кісіні ұрып тұрып
Ақ Баяннан айырған мен бе едім деп,
Келе жатыр Қозекем балпаң басып.
Айтып бер әлгіңді хатқа басып.
Көкірекке бүл сөзің аянды - ай.
Әкең қосқан кет құдай Баянды - ай.
Ашуланса кетеді топты бұзып,
Алтын сақа келеді тастай - тастай
Бір кемпірдің өрнегін кеткен үзіп.
Сенен менің көңілім кем бе еді деп,
Қарап тұрған өрмегін үзіп кетіп,
Ақ Баянды айырған мен бе едім деп,
Өрмегін келді дағы жалғап берді.
Енеке, әлгіңді айтшы деді.
Өзі жетім бір сорлы күнін кешкен,
Қарабай Мұзтауынан асып кеткен,
Қодар деген бар құлы еріп кеткен.
Ердің қарағашы болғанда бектері ол,
Қызымды жетім ұлға бермеймін деп,
Қарабай көше қашып кеткені ол.
Бидай қуыр қолыңнан татайын да,
Атым сайла, шешеке, тоным сайла,
Әкем қосқан Баянға жетейін де.
Баянның қара шашын талайтады.
Жағы түскір жүгермек кім айтады?
104. Бұл сөзді жас айтады, кәрі айтады,
Қималдаған жандардың бәрі айтады.
Өрмек қаққан бір кемпір жана айтады.
Тілімді алсаң бұл жолға барма, балам.
Кемпір түгіл шал айтса нанба, балам.
Мыңда қайтып жетермін жыл кайтқанда.
Сай сүйегін сырқырар кісі айтқанда.
Кескен қайың жатады жеңдей болып.
Қара шашы жайылсын мендей болып.
Нешік амал қылармын айла дейді,
Ер жеткелі көзіме көрінбейді,
Шешеке, сенің малың қайда дейді.
Атаңнан жалғыз тудың өзің татар,
Жаста қалған жалғызым ер жетсін деп,
Біткен малдың бәрі де отта жатыр.
Темір таяқ қолына ұстап алды.
Отта жатқан малына жаяу салды.
Тілеулі арыстан кемелге жетті дейді.
Бұл қойыңыз кімдікі депті дейді.
Жылаймыз Сарыбайға кім жетсін деп.
Бағып жүрміз бұл қойды ер жетсін деп.
Үйден шығып мен жаяу келемін дер.
Жаста қалған жалғызың мен едім дер.
Өзің татар солқылдақ сондайыңнан,
Жаста қалған жалғызын таныған соң,
Иіскелеп жылады маңдайынан.
Малын керіп кеңілі кетті тойып.
Қойшылар той қылды қошқар сойып.
Сегіз ұжмақ бейіс сарай деді.
Жылқы жөні, ағалар, қалай деді.
Арғы ауылдың, қоңыр жолын үйдей татыр,
Жылқы жөнін, шырағым, сонан сұра,
Қара сеңгір бауырында сиыр жатыр.
Әркім әлегі бір зауал жетті дейді.
Бұл сиыр кімдікі депті дейді.
Жылаймыз Сарыбайға кім жетсін деп,
Сарыбайдан Қозекем қалып еді,
Бағып жүрміз сиырды ер жетсін деп.
Сиыр баққан ағалар сен едің деп.
Жаста қалған Қозыекем мен едім деп.
Өзің татар солқылдап сондайыңнан.
Иіскелеп жылайды маңдайынан.
Малын көріп көңілі кетті тойып,
Жаста қалған жалғызын таныған соң,
Сиыршы да той қылды, бұқа сойып.
Жастан бейнет коп кердім талай дейді.
Ағалар жылқы жөні қалай дейді.
Арға ауылдың қоңыр жолын үйдей татыр.
Сары судың бойында түйең жатыр.
Әр кімге бір зауал жетті дейді.
Бүл түйеңіз кімдікі депті дейді.
Жылаймыз Сарыбайға кім жетсін деп.
Бағып жүрміз түйені ер жетсін деп.
Түйе баққан ағалар сен едің деп,
Ер жетсін деп түйені бағып жатсаң,
Жаста қалған Қозыекем мен едім деп.
Өзің татар солқылдақ сондайынан.
Иіскелеп жылады маңдайынан.
Малын көріп көңілі кетті тойып,
Жаста қалған жалғызын таныған соң,
Түйешілер той қылды бұқа сойып.
Сегіз ұжмақ бесін сарай дейді.
Жылқы жөні, ағалар, қалай дейді.
Жамандық қас пен көздің арасында.
Жылқың жатыр ақ дария жағасында.
Біткен малдың бәрін көрді дейді.
Күреңкейді астына мінді дейді.
Біткен малдың бәрін көрді дейді.
Үйге қарап сонан соң жүрді дейді.
Елі менен жұртына білгізді енді.
Бәрінде де жосып жосын кіргізді енді.
Азығыңа бір семіз бие ал, балам.
Қарабайдың Қодары қиын, балам.
Найза сынар шанышқанда үңгесінде,
Олардан ақыл тегін сұрайын деп,
Қыз-бозбала келіпті құрбысына.
Аяғы жорға малдың келер шалыс.
Ат басыңа соғыссаң болар намыс.
Тең құрбыңның ішінде сері едің деп,
Мен айтпасам сырымды кім айтады,
Қара Қозы құрдасың мен едім деп.
Жаман ат алысқа бара алмайды.
Баян сұлудың жолына бара алмадың.
Ақ бұршын, көк бұршын екеу дейді,
Әкең өзі өлгеннен соң,
Аспанға ұшқан ол екеу дейді.
Жеті айшылық жерге келсең дейді.
Сол екі ат тауып алып барсаң дейді.
Екі бұршыңды астауменен тапқан екен.
Шауып барып үйіне қайтқан екен.
Қарабай кетіп қалды төмен дейді.
Ыңыршақ ерге мініп жөнелді енді,
144. Ер Қозыкем аттанды тәубе етіп,
Шешесі соның жылар есен жет деп,
Дым болмаса мынаны еме кет деп. 145. Қарағым,бұл барғаннан қош барғайсың.
Қыз қызығы, қарағым, қиын болар,
Үйде қалған шешенді еске алғайсың
146. Шешеке, бұл барғаннан қош барайын,
Етегін алтын, тоңын бос салайын.
Тірі жүрсем, шешеке, еске алайын.
Көз жеткісіз дариядан өтті дейді.
Келіп-ақ талай жерге жетті дейді.
Жүре берсе коп жерге таянады.
Малып алса айдары боялады.
Ақ бұршын көк бұршынмен мойығыпты.
Тағы да бір кемпірге жолығыпты
150. Кемпір айтты:
Е, балам, кірің, — дейді,
Әзір ас бар, ішіңіз үйде, — дейді.
Нағып жүрген адамсың, сөйле, — дейді.
Далада жортып жүрген мен бір ермін.
Аулын Қарабайдың іздеп жүрмін.
Қарабайдың аулын тал қылғандай.
Ауылы үлкен ханның табылғандай.
Мұңды болған Баянды жұбатайын,
Тұра келіп ауылыңның жөнін көрсет,
Атымды бір жолата суытайын.
Киген тоны алтын мен зерді, балам.
Қарабайда нең бар еді, балам.
Киген тоным алтын мен зер, енеке,
Қарабайдың ауылын көп сұрасам,
Баян қыздың күйеуі мен, енеке.
Біздікінде аял қып жүрермісің?
Баян қыздың күйеуі сен болғанда,
Кіндік енең мен едім білермісің?
Аял қып сіздікінде жүре алмадым,
Баян қыздың күйеуі мен болсам да,
Кіндік енем сіз болсаң, біле алмадым.
Түре келсең бір жері көміледі.
Қарауытып бір нәрсе көрінеді.
Сәрсенбі күні қылады қыздың тойын,
Қарауытып көрінген, атаң бойы,
Қасындағы Қарадыр жайған қойын.
Қарабайды көрсетер тәңір бар ма?
Қарабайдың ауылына барған болсам,
Баян деген бір сұлу қызы бар ма?
Ақылымды айтамын жөн білгендей.
Баян деген қызы бар мен білгендей.
Атың менен тоныңды тастап барсаң.
Бетіңе жаман киім ұстап барсаң.
Тәуіп қылып жүре бер оң көзіме,
Кекілімнен бір қылды тұтатқанда,
Сонда пайда болармын мен өзіңе.
Бейне қардай еседі қара жерді,
Салға жортып келгенде ер Қозыкем,
Қарабайдың малына душар келді.
Кер құланың сауырын тең қылады.
Бұттан алып тазшасын жерге ұрады.
Сықылды сол тазшадай бола қалды.
Ауыл жөнін білмей сол кешке қалды.
Астындағы көк шолағын бек төбелеп,
Мұнша қойды сен түнде әпкелдің деп,
Ашуланып келеді бірдеме деп.
Күнге бетім қарап ұйықтаппын,
Адастым деп, Қарабай, сөге көрме!
Әлі де болса ауылды жуықтаппын.
Шапшаңырақ үйіңе қайт, Қарабай.
Ат жалында жаулауға ас, Қарабай.
Азырақ қасқыр ауылында жүр сығалап.
Бозша тайлақ жүреді жар жағалап.
Адам көркі киім мен малды дейді.
Тоғайда қашағаның қалды дейді.
Қабағына қарадым ер жеткелі,
Ат жалында жаулауға ас дейді ғой,
Ойбай, балам, тазшаның ол не еткені.
Азырақ аттың басын тарт дегені,
Ат жалында жаулауға ас деп айтса,
Ат үстінен темекі тарт дегені.
Бозша тайлақ дегені бізді айтқаны.
Ақсақ қасқыр дегені тазша тағы.
Ол қой Қозыкемді таныған екен,
Бір аяғымды ақсап қала берейін деп,
Сен Баянды шақырып ал деген екен.
Баянның қара нары бақырады.
Қозыкем тазша болып шакырады.
Қара жолға салдырып Баян келді,
Не еткенсің, сындырып шұнақ тазша,
Қойымды шапшаңырақ ап бер дейді.
Артынан ер Қозыкем тағы барды.
Баянның тақымынан шымшып салды.
Тазша құл ұстаған соң саспа дейді.
Шымшығаның не еткенін тазша, — дейді.
Жат ініне қызыл түлкі енді дейді,
Итке кімді теңейсін аңқау бейбақ,
Әкең қосқан асық жар кімді дейді.
Зәуде мұнда келсе өлмес пе еді,
Менің жарым сол мұнда неге келсін?
Үйіндегі шешесін жемдеймеді.
Дариядан көпір салып жеткенімді.
Артыңнан тазша болып өткенімді.
Құлағына қыз тағар алтын сырға.
Басынды алдырайын тоқсан құлға.
Күнде өтіп барады жылдан жылға,
Мың бір әлім сөз айтсам бұрылмайсың,
Енді барып тие бер Қодар құлға.
Баян қыз көріп пе едің мендей керді,
Бір сөзінің ішінен қып алды да,
Қырын қарап, жон тартып жүре берді.
Ер Қозыкем күймесіне кіріп барды,
Кіріп барып жерде жатқаннан соң,
Күймесі күндей болып жарық болды,
Түре келіп таң атты деп ойланды енді,
Таң атты деп тысқары шыққаннан соң,
Қап-қара түн болғанын көрді енді.
Қайтып барып күймесіне кірді дейді.
Алтынды айдары жарық болды дейді.
Қадіріңді білмей жүрдім, шырағым - ай.
Тазша болып неге келдің, шырағым - ай. 190. Шешеке, бір қуанышты көрдім дейді.
Сіңілім менің күймеме кел жүгіріп,
Шырағым қасында жаттым дейді.
Баян мен Қозыкемді көріп алды,
Сіңілісі мен шешеке қол ұстасып,
Бесеуі сағынып бұл жерде отырып қалды.
Сарыбайдың жалғыз ұлы сен едің - ай.
Сол жалғыз ұлына мені бергені - ай.
Белден төсек алтын шымылдық салды екеуі.
Алма шекер жеп тұрды екеуі.
Белден төсек алтын шымылдық салды екеуі.
Көңілі сонша жақсы болды дейді.
Көрді дағы жақсыларға айтты Қодар.
Жиылған жақсыларға айтты Қодар.
Көрді дағы жақсыларға айтты дейді.
Кім болса да тазша келсін дейді,
197. Қозыкем жатқан жерден тұрған екен,
Алтын мен күміс тонын киген екен,
Баянжанмен екеуі жүрген екен.
Көк буыршынды ерлеп алып мінді енді.
Алпыс қанат үйге жетті енді.
Есікті ашып Қозыкем үйге кіріпті.
Іш мырза деп арақ пен шарап ұсыныпты.
Аяғы шалынып жығылайын деп әрең тұрған.
Жүр, Қозыкем, шық енді деп шақырған.
Көзіне түсіп, жел бауын тұрды басып.
Баян мен екеуі атына мінді жүріп.
Арақ ішіп мас болып өзге жұрт білмей қалды.
Артынан кеп бір жерге жетіп алды.
Қозы Көрпеш оқпенен салып қалып еді, ақ айғырдың аузынан өтіп оқ артынан шықты,ала айғыр шөгіп жата қалды. Ала айғырдың торт аяғын буып Қодар мойнына салып арқалап үйіне барды. Қозыкем Баянменен аулақ жерге шығып кетті. «Бізді алып үйіңе қаш!» деп Баян айтты. «алып кетпеймін» деп Қозыкем айтты. «Мен ал сам жұртты разы қылып аламын» дейді. Қарабайдың қызын өзінің үйіне қайтарып жіберді. Қозы Көрпештің өзі Аягөздің аяғында Шоқтеректің түбіне барды да жатты. Ұйықтағалы отыр еді қасына ақ сәлделі адам келді. «Е, Қозы Көрпеш, ұйықтайын деп отырмысың?» — деп айтты. Қозы Көрпеш: «Ұйқым келіп отыр» — деді. Онда әлгі адам айтты: Қозы Көрпеш, мен ата-бабаңның аруағымын, маған атынды бер, үстіннен тоныңды бер, мылтық қаруыңды бер! Мен қарауылға шығайын! Мұның өзі жаман жер, жау бар шығар» — дейді. Қозы Көрпеш бәрін берді, жатып ұйықтады. Әлгі кісі барып қарауылға шықты, шығып жатып ұйықтап қалды. Қодар Қозы Көрпешті іздеді, іздеп жүріп келді, қарауылда жатқан әлгі адамды көрді, көргеннен соң келіп, соның басын алмаспен кесіп алды, қанжығасына байлады, үйге қайтып келді.
Тор құнан жүрмейді жетегіне.
Баян тосып алады етегіне.
Екі басып бір қарар өкшесіне.
Ал байыңның басы деп тастай берді.
Баян қағып салады текшесіне. 205. Баян жылап жүгіріп қырға шықты. Қозыкем мұнша өлді деп, жырға шықты.
Баянның кездерінен жасы шықты.
Жұрт жиылып кеңес қылды. «Қозы Көрпештей жақсы тере өлді дейді». Бұл жер бізге қоныс болмас! Біз бұл жерден көшіп кетелік дейді. Ел көшіп үрікті. Зайсан көлдің жағасына Қарабай кетті, Баян елге еріп жүрмейді, жалғыз жұртта қалды, қасына ешбір адам жуытпады. Қозы Көрпеш Баянның кіндік енесі бар екен, бүл кемпір ұйықтап жатып түс көрді. Таң атқан соң түсінен шошынып қырға шықты, қырға шықса тоза шаң шығып барады екен. «Апырым-ай! Қозы Көрпешті өлтіріп ел үркіп барады екен-ау» деп кемпір ойлады. Кемпірдің қолында жеті үлкен қара нары бар екен, он төрт күбіні жеті қара нарға артты, көштің, Қарабайдың жұртына келді. Келсе жалғыз-ақ Баян отыр, одан басқа адам жоқ. «Е, Баян мұның қалай?» «Қозы Көрпешті өлтіріп ел үркіп кетті» — деп Баян айтты. Кемпір айтты: «Қозы Көрпештің мұнда бір белгісі бар ма?» — деді. Баян айтты: Қозы Көрпештің мұнда басы бар». Кемпір айтты: «Басын алып маған корсет!». Баян басты алып кемпірге көрсет. «Бұл бас Қозы Көрпештің басы емес». Кемпір айтты. «Е, Баян, сенен бұрын мен Қозы Көрпешті көріп едім, оның басы алтын жақсы еді, бұл бас Қозы Көрпеш емес. Сен жылама мен бүгін түнде түс көрдім он босағамда алтын тұғырға ақ сұңқар қонып еді, менің түсімдей болса Қозы Көрпеш тірі болмақ еді.Шоқ теректің түбінде ұйықтап жатса керек еді. Мен бүл көшкеннен Қозы Көрпешке барайын, шоқ теректің түбінде алтын шатырды Қозы Көрпештің үстіне тігейін» осы сенін қасыңа Қодар бір келер. Сен сол Қодардың ептеп көзін жоғалтып кел! деді.
Жан кеткен соң байынан арман екен,
Түгендемей айдаппын байқұс басым,
Қарашы айғыр үйірі қалған екен.
Өзіңнің кей мінезіңді тарма? — дейді,
Ақ Баянның мінезі тым - ақ бұзық,
Тілімді алсаң сол жұртқа барма! — дейді.
Мінгеннен соң, тебініп шу - шуге салды.
Жұртта қалған Баянға Қодар барды.
Төмен қарап кетелік жер панаға.
Енді сені мен алмай кім алады?
210. Қодар қуып, мен қалдым аш далада,
Төмен қарап кетелік жер панаға,
Енді мені сен алмай кім алады.
Бір көрінген кісіні не елес? — дейді.
Түрегеліп алдыма мінгес дейді.
Бір көрінген кісіні не елес дейін?
Жалғызымның сүйегін бір көрсеткен,
Құдай қылды қайтейін мінгесейін.
Бір көрінген кісіні не елес? — дейді.
Қабырғаңа аз ойлап кеңес! — дейді.
Бір көрінген кісіні қой десейін!
Жалғызымның сүйегін бір көрсетсең,
Қабырғама сонда ойлап кеңесейін!
Қозы Көрпеш өлгенін білдірші деп,
Баяғыңа аяған ақ бетіңді
Баянжан - ай, аулақта сүйдірші деп.
Саспа, — дейді,
Әзір аулақ інімді баспа дейді.
Жалғызымның сүйегіне баста! — дейді.
Қозы Көрпеш өлгенін білдірші деп,
Омыраулап Қодар құл іс болмайды,
Ай аулақта бетіңнен сүйдірші деп.
Баян қыз Қозыкемді есіне алды,
Торғын жауып бетіңнен сүйдірген соң,
Алақандай қарайып дағы қалды.
Қозы Көрпеш өлгенін білдің бе деп,
Баяғыдан аяған ақ бетіңді,
Алақандай қарайтып сүйдім бе деп.
Бақа айғырды от жерге салып келдім,
Баянжан - ай, аулаққа жүр жаталық
Қасыңа жалғызыңның алып келдім.
Бақа айғырды от жерге салып келдім.
Күрке тігіп, төсегің салып келдім.
Бақа айғырды от жерге салып келші.
Кебіс пенен бір суды алып келші.
Аттан қарғып құдыққа түсейін бе?
Кебіс пенен бір суды алып шығып,
Баянмен әзілдесіп ішейін бе?
Баян қыз Қозекенді есіне алды.
Сусап жүрген Баян қыз жұтып салды.
Баян қыз ғашық жарын жаңа тапты.
Бұйда пышақ жүректен беріп қапты.
Баян, Әпеке енді райдан қайтшы,
Баян Су ішінде ойнаған ойның құрсын,
Жылдамырақ шығайын, тартшы, Баян,
Баян қыз Қозекемді есіне алды.
Бұйда пышақ жүректен тағы салды.
Жаман күн айырылдың ба көп пәленнен?
Су ішінде қор қылып өлтірдің бе?
Ақ тікен боп шығармын екі араңнан.
Баян қыз ғашық жарын есіне алды.
Қодарды шашқа байлап суға салды.
Торша ат жорта алмады майдан кілкіп.
Тастады қырық құлаш шаштан қырқып.
Қозы Көрпеш осы болар ма деп қыз жылайды.
Сенде арқаңнан күн өтіп жандың шоққа.
Артында құйрығы жоқ, жалы жоққа.
Көрсем ішім күйеді оттай қайнай.
Қозыкем түрегелші күліп ойнай.
Көрсем ішім күйеді оттай қайнай.
Қозыкем түрегелші енді сайрай.
Карға жүнді қасалақ оқты ауырлап,
Шыбын жанын бар болса түрегелші,
Баян келді қасыңа құстай зарлап.
Баян келді қасына жандай досың.
Қарағым, неге келдің бір мен үшін
236. Жарқыным, жарықтығым, жан жолдасым,
Баян келді қасыңа жандай досын,
Қарағым мен де келдім бір сен үшін.
Сол өлген кісіні алды да жүрді дейді.
Тігілген алтын шатыр керді дейді. 238. Көрінген соң қуанып күлем дейді. Іш қайғысы өзіне білінбейді.
Қозыкем құлаш ұрып түре келді.
Шын ақсүйек, кендірім, кең балағым!
Көзден таса болғанда қандай болдым.
240. Жарқыным. жарықтығым, жан қарағым,
Сауылдап жанып тұрған шам-шырағым,
Көзден таса болғанда қандай болдым?
Іште жатып қосылған ай, шырағым.
Келді ме менің даусым құлағыңа - ай?
Көзден таса болғанда қандай болдым?
Өзін түгіл зар болдым тырнағыңа - ай.
Тіріде менің көрер ісім бе едің?
Әуре сарсаң қылып қайда кеттің?
Шынымен құдай қосқан кісім бе едің?
Екеуі алтын шатырда ойнады, күлді; екеуінің тамағын кемпір қылып берді. Сонда Қозы Көрпешті Айбас үйінен іздеп келді. Айбастың Карабайдың елінде Парманбек деген досы бар екен. Сол Айбас келді деп есітіпті. Қозы Көрпештің екі балдызы, інісі Қозы Көрпеш тірілді деп ол да естіпті. Парманбек пенен төртеуі іздеп шығыпты. Бір күншілік жер қалғанда құдайдың құдіретіменен күн тұман боран болды. Қозы Көрпештің екі балдызы, інісі боранда үсіп өлді. Парманбек өзі өлмей-ақ Айбастың қасына келіпті құшақтасып көрісті. Екеуі жыласты. Үш күннен соң Айбас алдыдан тағдыр жетіп өлді. Қозы Көрпеш өлді деген хат жазды, екі буыршынның кекіліне байлады, екі буыршынды Мұзтауындағы езінің еліне жіберді, екі буыршын аспанменен ұшып барды. Тайлақ би анда бас болып елі жұрты жиылды, кекіліндегі хатты оқыды, көрсе Қозы Көрпеш өлді деген хаттың тілі бар екен, Тайлақ би бас болып ол торт сан қол аттандырып жүрді, Қозы Көрпештің шешесі Жаныл күркеңкейге мініп ол да жүрді. Ол торт сан қол келді, қанша күн болса да келіп жетті. Қозы Көрпешті көрді. Аман-есенін білді, шешесімен көрісті, жыласып Қарабайдың елін көрді, торт сан қол Зайсан көлдің қасына жетті, оны қайтарып айдап келді. Айбасқа бейіт қылды, Қозы Көрпештің жатқан жері деп, қызық көрген жері деп ат шаптырып той қылып, қалған жұртты Мұз тауына Тайлақ би қайтарып айдап кетті. Қозы Көрпеш өлмей, тірі кетіп, Аягөзде тұрған бейітінің сүйегі Айбастың, өлтірген әруақтың сүйегі. Қозы Көрпештің суретін салды. Баянның әнін, келбетін салды. Қодардың әнін, келбетін салды. Айқан деген өзен бар екен, Қозы Көрпештің інісі сол екен, Ай деген өзен бар, Ай деген балдызын соған қойыпты, Таңсық деген балдызын соған қойыпты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру