Атсыз көл
Бауыржан Момышұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...
Біздің ауылдың қазақша аты — Мыңбұлақ. Біздің ауыл Алатаудың етегінде болады. Әр жылғадан мөлдір бұлақтар ағып жатады. Әр бұлақтың аттары да бар. Барлық бұлақтарды жинап Теріс деген өзен ағады. Оны Теріс дейтін себебі — өлкеміздегі барлық сулар шығыстан батысқа қарай ағады. Жалғыз Теріс қана батыстан шығысқа қарай ағып, тау-тасты жарып өткеннен кейін Аса деп аталады. Демек, Теріс пен Асаның тегі Мыңбұлақтан. Қар суы, жауын сулары атам заманнан тасып, тулап айдалаға кетіп жатқан... Кейінгі кезде «мына суларды дақылға пайдаланайын деген оймен» Терістен Асаға шыға берісінен бөгепті. Су мол, ойпаң кең. Ұзындығы он шақты шақырымдай, ені екі-үш шақырымдай тұнық, суық көл пайда болыпты. Ол көлге өспірім балықтар да алып келініпті. Көлдің аты — көл болғанмен, сапа жағынан кемістіктері мол-ақ. Түбі тартпа шалшық... Әсіресе, жазғы мезгіл көлдің суын төмендегі дақылдарды суғару үшін ағытып жібереді екен. Ол да керек... Ауылдан шығып біз сол көлге келе жатырмыз. Ауылдан тасжолға шыққанша кәдімгі шаңы бұрқыраған жолмен келеміз.
— Жап, терезеңді! — деді жұбайым алда отырған маған. Мен жаптым. Темекі тұтаттым.
— Сіріңкенің шырпысын далаға тастамастан, алдындағы күлсалғышқа салғын... Темекінің күлін де машинаның еденіне түсірместен сол құтыға сілкіп отырғын... Асфальт бітті, тағы шаңды жолға түстік.
— Жап терезеңді... Өшір темекіңді... — қайтадан басталды. Мен бағындым.
Көлге жақындап келе бергенімізде, ұлы Кемел орысшалап:
— Не дай бог, мне такую жену! — деген де отырғандар күліп жіберісті.
Оның ол сөзіне жұбайым шамданып келе жатқанда мен:
— Әй! "Әділ биде туған жоқ" деген сөзді мен шығарған жоқпын. Кемел дұрыс айтты, — дегенімде, жұбайым:
— Әйтеуір, сендердікі жөн ғой... Ермектерің мен болдым ғой, — деп өтірік күлді.
Үш би келе жатады. Олар көлге жетеді. Көлдің бір жағасында қалың қалмақтар, бір жағасында қалың қазақтар бірін-бірі арбап, соғысқа дайындалып жатыр екен-мыс.
Алайық мына көлдің қуын атып, —
депті бірінші би.
Жүрмелік қуға тимей суын атып, —
депті екіншісі.
Шерменде боп жүрмелік құрдан бекер
Ордалы қатар елдің қызын атып, —
депті үшінші би.
— Әй! Сен қалмақтан қаймықтың ба?
— Қаймыққаным емес, қадірлегенім ғой...
— Ей, дұрыс айтты. Сіздер көнсеңіздер біз де көндік! — деп қамыс арасынан қалмақтың батыры шыға келіпті.
— Ал, онда осымен бітті. Қазақ-қалмақ арасындағы күрең қабақтық... Көше бер қалмақ Еділге, сені мен енді қумаймын... — депті аға би.
Бұл көлдің аты?
Бұл атсыз көл!
Ендеше, бұл көл Билердің көлі болып аталсын, — депті қалмақтың батыры. Уақыт тежеп, біздің заманда ол Билікөл болып атанады. Балалар көрсін деген ниетпен біз Билікөлге бара жатырмыз. Тау-тасты аралап, жалғыз аяқ жолмен бара жатырмыз. Қырқа-бұрқа, арық, ойпаң, ойлы-қырлы, одыр-бодыр жолмен келеміз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру