TELEGEI

Home

Мұтылғанның өмірі

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Мұтылғанның өмірі

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы өте күрделі құбылысқа толы. Оның өлеңдері қоғамның түрлі саласын қамти алуымен, философиялық мәнімен, көркемдігімен құнды. Ақынның туындыларында азаматтық сарын да айқын байқалады. «Қазағым», «Қазақ», «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты»...

МҰТЫЛҒАННЫҢ1 ӨМІРІ

(поэма)
Бесімде оңу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,

Түскендей болдым абаққа.
Ардақты кенже жетім деп,
Әлпештеді мені көп,
Надандыққа болды сеп,

Қақпай ешкім қабаққа.
Қосылмай өзге балаға
Ойнаушы ем жалғыз далада.
Адамзат көнбей қала ма

Тағдырда тартқан табаққа.
Күн-түн демей ойнадым,
Ойынға тіпті тоймадым.
Барған сайын бойладым,

Бұрылмай ұйқы, тамаққа.
Тоймаса да ойынға,
Тағылық бар бойымда;
Ерекшілік ойымда,

Қарамай қылған мазаққа.
Он жасыма кірген соң,
Домбыра, гармонь білген соң,
Мылтық атып жүрген соң,

Аңшы боп түстім азапқа.
Өзгеше болмақ сүйгенім
Осыған басты игенім.
Киімді бөтен кигенім,

Ұқсатпай орыс, қазаққа.
Сағат пен орган жүргенін
Таңырқап ашып көргемін.
Оның, да сырын білгемін,

Ұзатпай біраз заматқа.
Телеграм жайын білуге
Оны да сынай жүруге,
Бір үйден тарттым бір үйге,

Шекті керіп қадаққа.
Телеграм олай емес қой,
Ұқсатар ма екем дегем ғой.
Құлақпен естіп, жетпек ой,

Тым жас едім ол уақта.
Шеберлікке де бет қойдым,
Сурет жасап, тұр ойдым.
Ұқсамақ емес бұл ойдың

Түбі олақ нәмәртқа.
Он бесіме келгенде,
Қаршыға, бүркіт көргенде,
Құс салып жүрдім серуенде,

Еркіндеп шығып азатқа.
Ойым бар өлең айтқандай,
Ғылымға таман қайтқандай.
Жыбырлатып тартқандай,

Білімге салып тілекті,
Сыбанып едім білекті,
Қармақ салып шабаша.
Жиырмадан өткенде,

Азғана ғылым оқыдым.
Алғызып кітап шеттен де.
Көңілге біраз тоқыдым.
Білмегенді сұрадым,

Жиыстырдым құрадым,
Оқыған сайын ұнадым,
Жолына түстім осының.
Ағартуға жүректі,

Аршымай болып шықтым.
Өлең мен сөзді шеберлеп,
Айтқаным мақұл келер деп,
Ындын қойып ентелеп,

Жарайды деп осыным.
Оңдағы өлең-жырларым,
Ұнадым жастар тыңдарын.
Ескермей елдің мұндарын,

Қаси алмадым қотырын.
«Өнерлі, шебер тіл-жақты,
Алады — деп — бұл бақты», —
Еріксіз маған ел жапты

Болыстықтың сиқын.
Болыстық салды жаман ой:
«Ғылымды әзір қума, қой,
Ұлықтық деген үлкен той», —

Деп осыған тоқыдым.
Ашылмас кесел болды құб»,
Іздеген ғылым қалды тұл.
«Азат басым болды күл»,

Еріксіз жемтік шоқыдым.
Ұлық пен елге жағындым,
Әртүрлі атақ тағындым.
Ар кетіп, айла жамылдым,

Бейне алдамшы сопымын.
Қарасам мақтау айнадан
Әлемнен озған мен бір жан:
Ел құтқарған топаннан

Тобықтының тұқымын.
Жиырма жыл өткенше
Өткіздім сүйтіп өмірін,
Қырыққа жасым жеткенше,

Осының жақтым көмірін.
Балалың — жастық аралас,
Көрсеқызар, мисыз бас.
Мақтан құмар мен бір мас,

Ғылымның сезбей көп нұрын.
Білімсіз елде туам деп,
Жетім қап ойын қуам деп,
Болыс боп арды жуам деп,

Таңдағам жоқ ешбірін.
Туған елім — надан ел,
Жетімдік қаза кайтпайды ол.
Көп талқысы — аққан сел,

Бұзуға болмас тағдырын.
Бар шығар мендей талай жан,
Не ғылымды, не надан.
Аша алмайды еш адам,

Тағдырдың қиын бұл сырын.
Жиырма мен қырық арасы —
Жас өмірдің сарасы
Бос өткенін қарашы

Жүрекке төгіп қанды ірің.
Бар керекті екі он жас,
Желікпен өтсе болып мас,
Болса да жүрек мұздай тас,

Зарламай қайтсін мұң-жырын.
Өмірімді оқып сынарсың,
Мін тауып та тынарсың.
Мін алуды ұнарсың,

Ақ жүрекпен ал кірін!
Мінімді аяп қалдырма,
Күйдірме бірақ тағдырға.
Сау жерімді шалдырма,

Кірмесін күндеу көпірің.
Кекеу мен кекті сайлама,
Ызаға көңіл байлама,
Дәлелсіз түспе айлаға,

Ауыртпай кес аңырын.
Жайымды оңы, қарындас,
Мен сорлыға кел, мұңдас.
He көрді екен ғарып бас,

Өткізгенде жетпіс жас.
Туған елім надан жұрт.
Жуандық тағы, бір қыл құрт,
Жетім ерке болып қырт

Мансапқа мінген мен бір мас.
Осы айтылған төрт кесел
Жасымда болды көзге шел.
Қырыққа келіп астым бел,

Деді бір ой — көзіңді аш!
Араб, парсы оқымай,
Орысшаны тоқымай,
Бұтасыз біткен шоқыдай.

Ғылымнан едім жалаңаш.
Түрікше ғана білуші ем,
Сонымды ғапу қылушы ем.
Перевод оңып жүруші ем,

Орысша, араб аралас.
Адасып діншіл азғанын,
Пәншілдер ғылым қазғанын,
Философ — ойшыл жазғанын

Сынауға енді бұрдым бас.
Жоғарғы торт кеселдер,
Өзіңнен болды десеңдер.
Дәлелін айт, шешендер,

Арыңызға болмай қac.
Қырықтан соңғы сөзімді,
Сынап, таны өзімді,
Түзу құрып тезіңді,

Жүрегіңді қылмай тас.
Жас қырыққа кірген coң,
Бір ой түсті жаңадан.
Қылығын сынап білген coң,

Дедім қазақ неткен жан?
Өнері жоқ, ғылым жоқ,
Партия қуған коп надан.
Адам улап, жеген б... —

Іші — айуан, сырты — адам.
Көңілім қайтты жуандық,
Бай-бағлан, қарадан.
Осындай елде туғандық

Ағызды іpің жарадан.
Жуаннан туған ірімін,
Көп наданның бірімін.
Жарадан аққан іріңмін,

Жұтыппын мен де шараптан.
Жандым «Қазақ айнасын»,
Мінез түзеу айласын.
Ел көрсін деп пайдасын,

Бастырып, елге тараған.
Қазаққа қалай қарадым,
Қандайлық мінін санадым,
Қанша жыртық жамадым,

Біледі оңып, қараған.
Тағы да талай сөз жаздым,
Елім тәлім алсын деп.
Қазақтың мінін көп қаздым,

«Адам емес, аңсың», — деп.
«Өнер-ғылым білмеген,
Біріңді-бірің күндеген,
Тура жолмен жүрмеген,

Төрт аяқты малсың», — деп.
Сөзіме құлақ қоймады,
Партияға тоймады,
Кім өз елін ойлады,

Надандықта қалсын деп?
Қырықтан аса бергенде,
Ақылым қылды шерменде:
«Дінім қалай» жаным не,

Жоғалам ба өлгенде?
Әлемді кім жаратқан,
Осынша түрлеп, таратқан?
Көрінген сансыз планет?

Бірінен-бірін бөлген бе?
Ақырет деген немене,
Шыққан жан қайта келе ме,
Кіре ме осы денеге,

Дәлелі қайсы сенгенде?..»
Осы оймен Мекке барғамын,
Әр түрлі кітап алғамын.
Ақылға сыймас жалғанын,

Алмадым сынай келгенде.
Ноқтасыз оймен тексердім,
Бояулы діннен сескендім.
Дін шатағын көп көрдім,

Қатесін сынап тергенде.
Іздедім, таптым анығын
Тастадым ескі танығын.
Хақиқат нұрдың жарығын

Жарылды жүрек көргенде.
Ақылмен нанбай иман жоқ
Ойлаудан ақыл тыйған жоқ.
Талай дінді тексердім,

Ешбірі миға сыйған жоқ.
Тамам діннің түбі бір,
Боянған, бұзған салып түр.
Діншілік көбі адас жүр,

Бір орынға жиған жоқ.
Алпыстан жасым асқанша,
Жетпіске аяң басқанша,
Зарладым, жаздым, ұқтырдым,

Құлаққа ешкім құйған жоқ.
Философ, ойшыл, данышпан,
Терең ойлап алыстан,
«Құдай бар ма, жан бар ма?» —

Деп ақылмен жарысқан.
Ақырет, құдай, жан сырын,
Тексере келіп әр бірін,
Шеше алмай анық тағдырын,

Әр түрлі айтып қарысқан.
Оны да сынға салғамын,
Керектісін алғамын.
Қалдырып қате жалғаның

Шатақ ойлап шабысқан.
«Жан сыры» — деп жазылған
«Психология» деген пән.
Орайсыз ойлап адасқан,

Оған да едім танысқан.
Тәпсірші, діншіл, сопының
Кітабын да оқыдым.
Тазартып талай қоқымын,

Түзеттім дінді шалыстан.
Отыз жылдай жиғаным,
Сау ақыл менің иманым,
Аламын соған сыйғанын,

Мейлің құл, мейлің намыстан...
* * *
Сыр айтайын мен сізге,
Әр түрлі жай бар басымда...

Елімнен кеттім елсізге,
Елуден асқан жасымда.
Қора салған жеріме,
Кіргендей болып көріме,

Өкпеледім еліме,
Отырман деп қасында.
Аңшылық ескі салты деп,
Көрермін ақыр артын деп,

Партия қудың халқым деп,
Кәріңіз бен жасың да.
Қауымнан қаштым қағылып,
Оңаша өмір сағынып,

Жасымда біткен тағылық,
Осы екен ғой асылда.
Ойға оңаша жер керек
Ойыңды ұғар ел керек

Партия қуған елбелек
Ел өзіңе масыл да.
Түзелер деп қазағым
Николай құлап, өлген соң,

Тағы да тарттым азабын,
Алпысқа жасым келген соң.
Құлдықтан қазақ босады,
Білмеймін, қайдан тосады.

Күн шыққанға ұсады,
Бостандық сәуле берген соң.
Оқыған жастың етегін,
Қабыл алдым жетегін,

Босқа жатып нетемін,
Бостандық туын көрген соң.
«Орыс қой енді атамыз,
Жақсылық сонан татамыз,

Қалайша қарам жатамыз», —
Деп қуанып желген соң.
Балшебек пен меншебек
Партия қылды әр бөлек

Айтып-айтпай не керек
Орысты екі бөлген соң.
Әкеміз орыс десек те,
Келмеді бұл іс есепке,

Қайтадан жаттым төсекке.
Сенімді үміт сөнген соң
Семейді аңғар меңгеріп,
Қазаққа соттың жол беріп,

Сыртымнан сайлап жөн көріп,
Шақырып хабар берген соң:
Aқтap кетіп қалғанын,
Семейді қызыл алғанын

Жолшыбай естіп барғамын,
Әділет іздеп төнген соң.
Мен ұлтшыл емеспін,
Жақыным мынау демеспін,

Ашылсын анық көмескім,
Айтайын кезі келген соң.
Руссия болса анасы,
Қазақ — жап-жас баласы,

Жетілсін, келсе шамасы,
Арқалауға көнген соң.
Maқcaтқa қайта барайын,
Көргенімді айтып қарайын:

Қызыл кетіп, аздан соң
Аң алды Семей маңайын.
Оған тағы құл болдық
Сатылған мал мен пұл болдың,

Әркімге тиген тұл болдың,
Шындықты қайдан табайын.
Басыма келген әр жұмыс,
Толқында жүріп көрген іс,

Бұ топта кез келген іс
Ойымды деді қамайын.
Ашуға оны саспайын,
Жараны тырнап ашпайын,

Көмескі күйде тастайын,
Көрсетпей таздың самайын.
Партия — соры көп елдің,
Айта алмай соны бөгелдім,

Соттықты тастап жөнелдім,
Дедім де етек жабайын.
Біреуге кессең абақты,
Aқ соты оны алмапты,

Бізден кәдір қалмапты,
Байқасам актың рабайын.
Жаздай жаттым үйімде,
Келмеді рахат, күйім де,

Жүрегім қайғы түйінде,
Онымды кімге шағайын.
Күздікүн тағы шақырды,
Семейге кел деп аңырды,

Кешем деп қашқан қаныңды.
Бармасам деп тұр қабайын.
Барсам Әлқан Омбыда,
Мұқаметжан тұр орнына,

Сұр жауын қазақ сорлыға,
Деп тұр екен жауайын.
Семейге сөйтіп барғанбыз,
Жүректі қанға малғанбыз,

Ұялмай сот боп отырдық,
Құр атаққа нанғанбыз.
Бұрынғы орыс тергеген,
Біздің сотқа бермеген,

Қазақы жұмыс коп екен,
Қызылдан сұрап алғанбыз.
Ақ соты сұрап сол істі,
Тез қайтар деп жұмысты,

Тарылтқан екен тынысты,
Тырысып бермей қалғанбыз.
Екінші бұйрық келгенде,
Еріксіз алам дегенде,

Құмар болдым өлгенге
Қорлықты көрмей армансыз.
Тағы да мұның үстіне,
Бір ауыр іс түсті де,

Ордамыз у ішті де,
Партия шықты жалғансыз.
Болды десең кім үшін, —
Белгібайдың қызы үшін,

Мұғалімнің жүзі үшін,
Көбіңіз естіп нанғансыз.
Алашорда бір бөлек
Қауымның ойы өзгерек

Аз нәрсені алып кек
Таза ақылдан танғансыз.
Іш ауруы тиді деп,
Жүрегім жанып күйді деп,

Сағындым тағы үйді деп,
Айтқаныма нанғансыз.
Мысалдап дертімді айтқамын,
Үміт үзіп қайтқамын,

Үйіме тура тартқамын,
Онымды білмей қалғансыз.
Сол кеткеннен кетіп ем,
Ауылға келіп жетіп ем,

Аз ғана күн кідірмей,
Елсізге қарай өтіп ем.
Үмітпен алдап сүйретіп,
Сүйегімді күйретіп,

Тағылыққа үйретіп,
Тағдыр-ау, саған нетіп ем?
Әр тасты бір сүздірдің,
Мұз дәрияға жүздірдің,

Нұрдан үміт үздірдің,
Қажымасқа-ақ бекіп ем.
Айланыстың алаңы,
Кейде алтын, кейде жез,

Қызыл алды қаланы,
Оқығандар, мұны сез.
Қызылдан қылып зор қауіп,
Қазаққа шын жол тауып,

Қарусыз, қамсыз ел шауып,
Aқтap қашып өткен кез.
Қызылдан шыққан көп әскер,
Оннан, бестен топ әскер, —

Ақтан қалған қару бер, — деп қазаққа жеткен кез.
Кейбіреулер жалданып,
Қорқытып ақша, малды алып,
Артық айтсаң, шамданып,

Әркімге зиян еткен кез.
Ақты жеңіп сорлы қып,
Қалаға қызыл орнығып,
Әділет атты жол шығып,

Айтылған боран өтті тез.
Қазақтан ұлық сайланды,
Аяңдап, шаруа жайланды,
Түзелуге айланды,

Болса да шабан бойкүйез.
Ақжүрек атын тағынған,
Аузымен заңға бағынған,
Қой терісін жамылған,

Арылмады арам без.
Қазақтан қалмай партия,
Көбейді сұм мен сұрқия,
Келген жастар ел тия,

Қабыл алып өсек сөз.
Мінеки, менің өмірім,
Көрейін десең көмірін,
Қызуда соқпай темірін,

Ғылымсыз өткен мен бір ез.
Мазақтасын, не күлсін,
Сырымды қазақ не білсін,
Шын әділет жемісін

Көре алмайды біздің көз.
Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсақ түрімді,
Көрейін десең нұрымды,

Жи-дағы оқы жырымды.
Ой құлағын ашып ал,
Жақтырмасаң, дәлел сал,
Ұқпағансып айтпа жал,

Ойын деме мұнымды.
Күн сайын, яки айында
Жаттап оқып пайымда.
Жан мен тәңірі жайында

Дәлелім көп тынымды.
Отыз ЖЫЛДЫ ӨТКІЗДІМ,
Жетпіске жасты жеткіздім,
Бар қуатты кеткіздім,

Қасықпен аршып жылымды
Ой құлағын ашпасаң,
Надандықтан қашпасаң
Жетелесем баспасаң

Білем бе өлі, тіріңді?
Әулие, білгіш айтты деп,
Жазылған талай қате көп,
Улама ондай уды жеп,

Шатаққа сатпа шынымды.
Қазақтан мендей ұл туса,
Осындай түзу жол қуса,
Xaқты іздеп бел буса,

Ол да бір жақсы ырым-ды.
Надан шал қайдан білді деп,
Езуіңе күлкі кеп,
Мақтаншақ деп өкпелеп,

Сезе алмассың сырымды.
Қатыным кәрі, балам жас,
Қасымда тұрма, бәрің қаш.
Балалар емес замандас,

Болады қайтып ол мұңдас.
Кемпірдің жоқ қуаты,
Не ғылымнан сауаты,
Тірі деген құр аты,

Кәрі шалды күте алмас,
Молдалар аяп пақыр деп,
Бұзылып бара жатыр деп,
AT қойыпты кәпір деп,

Өздері соқыр, мұным рас.
Көп елім мені күндейді,
Тағады бізге мін дейді,
Өз қылығын білмейді,

Оңалмайтын өңкей нас.
Сыртымнан қарап сын беріп,
Бай, жуан десе шын көріп,
Сырласа алмай жиреніп,

Қашады тағы жана жас.
Алжыды деп ел де айтты,
Дін бұзды деп молда айтты,
Ескішіл деп ол да айтты,

Жалғыз қал дым жалаңаш.
Бәрің кеттің, мен қалдым,
Неңді жұттым, неңді алдым?
Басыңа пәле не салдым,

Жолдасым — қағаз, қарындаш.
Қыс болса бүркіт баптадым,
Масыл боп үйде жатпадым,
Елу бес жыл таптадым,

Мезі болды тау мен тас,
Мен теріс пе, олар ма?
Айыруға болар ма?
Орын іздеп қонарға,

Терең оймен болам мас.
Ойлай келсем — мен теріс,
Олардікі дағдылы іс,
Ащы тіл мен у төгіс,

Бәрін қылған маған қас.
Найзаны тура саламын,
Аямай мінін аламын,
Енді қайда барамын,

Тап орынды, ғаріп бас.
Көп бейнеттен құтылтқан,
Бар қайғыны мұтылтқан.
Сүйегімен жұтылтқан,

«Жетім бала иесіз,
Өзі кесер кіндігін», —
Түрік айтқан, білесіз,
Белгілі мақал ол бүгін.

Менің үйім отсыз үй,
Елсізде қалған болмас күй,
Сынауға қылдым сізді би,
Өзім ашып түндігін.

Өмірім суық бәріңе,
Шыдамассың зәріне,
Жазбаған жөн, әрине,
Сорлы шалдың кімдігін.

Иесін білме, ісін біл,
Тынышты көрім, аузыңды аш.
Сыртын ұқпа, ішін біл,
Тағдырдың сырын тәлім қыл,

Ойлап теріс, жөндігін.
Болдым дүние тойында,
Көп ғылым жоқ бойымда,
Шын мактан жоқ ойымда,

Кеш сөзімнің кемтігін,
Ойла, мен бір азатпын,
Бар бейнеттен құтылған,
Тіпті, қызық мазақпын,

Жетпіс ойнап ұтылған.
Сақтамаймын жанға кек
Не десе де сыртымнан.
Міндеген аузың мынау деп,

Қан ағызса мұртымнан.
Дұспаным жоқ, досым жоқ,
Қайғыдан да шошу жоқ,
Рахат іздеп тосу жоқ

Бір жындымын құтырған.
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім құтсын деп,

Атымды қойдым: «Мұтылған».
Жүз жыл бақты болсаң, да,
Әлемнен асып толсаң да,
Алтын таққа қонсаң да,

Айрылған күні бір кейіс.
Жүз жыл азап тартсаң да,
Аш-жалаңаш қатсаң да,
Абақтыда жатсаңда,

Құтылған күні ол бейіс.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙