TELEGEI

Home

Гибель Кулана

Акан Нурманов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Гибель Кулана

Роман о сложной судьбе казахского народа и трагических событиях, происходящих на фоне социальных перемен и исторических потрясений. В центре произведения — судьба сильного и свободолюбивого человека, его борьба за справедливость, честь и достоинство. Книга раскрывает глубокие человеческие пережив...

Ақан Нұрманов
Құланның ажалы

«Қазақ әдебиетінің Майлин бастаған тенденциясы біраз жылдар ізі суып, тосаңсып қалған сияқты еді. Алпысыншы жылдардың бас кезінде әдебиетке келген... жастар сол ізді қайта жаңғыртқандай болды», – дей келіп, Тахауи Ахтанов әлгі әлеуетті таланттар шоғыры қатарында Ақан Нұрмановтың да есімін атап айтып еді. Кейін бұлар «ескі мен жаңаның аралығына көпір боларлықтай» өзгеше арна тартты, соны сүрлеу салды, биязы деп әкелді. Өмірден ерте өткен А.Нұрманов сондай дара қолтаңбасы, өз стилі бар жазушы болатын. Мұны ұсынылып отырған романынан анық танисыздар.

Ақ жол

Ақан Нұрманов тұйық жан еді, бөтенмен көп ісі жоқ, өзінен өзі. Одаққа келіп, жұмысын тындырып, үйіне қайтып бара жататын. Ертеңіне және көресің, сол баяғы қалалы, өзімен өзі, Жулдыз» жорналына кіреді де, жұмыс орнына өтіп, бір бұрышта қызметін тындырып, кешкісін үйіне қарай кетті бара жатады. Кейде достары Қалихан, Әкім, Сәкен, Бек, Сайын, Рамазандар арасынан көріп қалатын едік. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғына қарай осы Ақан Нурмановтардың тобы әдебиетке де көп үлес қосты, тың жаңалықтар әкелді, қазақ прозасының көкжиегін кеңітті десек, артық айтқандық болмайды. 1933 жылы дүниеге келген Ақан шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде қатар жаңа әдебиет есігін ашқан. Ол Қазақтың мемлекеттік униеерситетінің филология факультетін бітірген. 1957— 1964 жылдары аудандық, облыстық, республикалық газеттерде, 1964—1968 жылдары «Жұлдыз» жорналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. «Арайлы таң, «Аққу жұлдызы» сияқты ауыл адамдарының өмірінен жазылған хикаяттары мен «Құланның ажалы» атты романы бар. «Құланның ажалы» — тарихи тақырыпқа жазылған шығарма Бас қаһарманы Құлан - Кейкі өмірде болған кейіпкер, кешегі азамат соғысы жылдары Аманкелді батырдың бір сардары — мыңбасы болған сарбаз, Аманкелді мен Кейкі аты Торғай өңірінде қатар аталады, Аманкелді — көз мерген, Кейкіні — қыл, мерген дейді жұрт. Әдетте, Кейкі — Құланның көздегені қате кетпеген мерген. Ақанның шыгармасында Құла бейнесі адасқан кейіпкер ретінде сомдалады, бұл жағынан оның тағдыры Шолоховтың «Тынық Донндағы» Григорий Мелехот образына ұқсас. Кейкі — Кұлан жаңа үкімет – Кеңесті мойындамаған батыр. Өйткені ол оқымаса да жүрегі таза қазақ-тын. Автор осы линияны сонау қызыл империяның қылышынан қаны тамып тұрған кезде-ақ мұрат етіп, алып шыққан. Бұл сол кез өлшемімен санағанда жаңалық еді. «Құланның ажалы осындай жаңашылдығымен де құнды. Жаңа заманның пиғылын ол таныған-ды. Қазір бұл мінез ұнағанмен, ол кезде мұндай мінез ешкімге де жақпайтын. Жазушы шеберлігі осы тұста анық көрінеді. Ақан – шын мәнінде жаңашыл стилист жазушы-тұғын. Ол психологиялық тұрғыдағы әр нәрсеге терең бойлайтын, кемел ойлы жазушы еді ғой, осындай биік шеберлікке ол өзінің зор ізденістерімен, тынымсыз еңбегімен жеткен қаламгер болатын. «Құланның ажалы», сөз жоқ, жазушының зор табысы, оқушысымен жаңадан және табысып отырған роман ғұмыры ұзақ болсын деп тілелік. Жаңа басылымға – ақ жол!

Қоғабай СӘРСЕКЕЕВ

БІРІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ ТАРАУ

Отты күн өзінің аумас, айнымас жолымен батысқа қарай құлдилап барады.
Қоғалы өткел басы тып-тыныш еді.
Кенет алыстан ат дүбірі естілді.

Сол сәт өзен бойын қаумалаған қалың тоғай іші айдаһар жорғалап өткендей изең-изең ете қалды да, жас тал жапырағы біраз бұлаңдап тұрып басылды. Өткел басы тағы тыншыды. Өткел деген дабырайған аты болмаса, мұның өзі ұзынша ғана жүлге. Сол жүлге сарғайып піскен жалпақ қоғаны жарып өтіп, арғы бетте сатырлаған нардай қамысқа сіңіп кетеді. Ерте көктемде тасқын су көл-көсір боп жер-дүниені алып кеткен кезде сонау Батпаққарадан арғы-бергі елдің жайлауға шығар жалғыз жол сорабы осы. Су қайтқалы қашан. Енді келесі жылға шейін бұл өткелдің ешкімге керегі де жоқ. Түйетайлы жарқабақтан түсіп, жағалаудағы тал арасымен бұралаңдап өтетін соқпақ жолдағы қазақы арба доңғалағының ізі де көмескіленіпті, өткел суы тартылып, сарғыш саздағы көктемде түскен мал тұяғыныңтаңбасыдашоқыр-шоқыр бопайқындалған.

Айлар, апталар бойы адам иісі білінбейтін елсіз- күнсіз жер. Қиялай түскен күннің жарқын сәулесі ашық айдындағы су бетін қорытқан күмістей жарқыратады. Қиғаш қанатын жайып өткел басын айналған кезқұйрық тұрымтай құйылып келіп, нар қамыстың қоңырайған күлтілдек басын жасқап өтті де, қайқаң етіп қайта көтерілді. Өзен бойын қағып, көзден ғайып болды. Аздан соң тұтасқан қоғажай арасынан темірқанат балапандарын ерткен қоңыр ала қалқып шыға келді. Мойнын қылқың-қылқың еткізіп бір орнында шырқ айналды да, ақырын ғана қырқ ете қалды. Сол-ақ екен, қара ала мойын қоңыр балапандар құйрықтары шоштаңдап, балдыр мен шылау арасына сүңгіп жем іздей бастады. Ат дүбірі жақындай түсті. Шошынған қоңыр ала қырқылдап шырқ айналып, балапандарын жинап алды да, айыл қоға арасына сыза жөнелді. Бұлт-бұлт сүңгіп айдын ортасында емін-еркін жүрген кегер үйрек пен қос қара қасқалдақ та жоқ болды. Жел беттегі отау- отау боп өскен тал үстінен әуелі біреудің сұр далбай киген басы қылтиды. Басы сарғыш жапырақты ағаш күмбездерінің үстінде қалқып келе жатқан тәрізді. Содан соң ат құлағы мен иығынан аса мылтықтың аузы шошайған кеуде байқалды. Міне, енді тоғай арасымен ирелеңдеген көрбілте соқпақтан боз атты жолаушының өзі де шыға келді. Асықпай аяңдатып келеді, қосарына алған қоржын артқан торы аты бар. Құлан өткелден әудем жердегі ашық алаңқайға келіп, дік етіп атынан түсті. Қосарындағы торының шылбырын боздың мойнына шалып байлады да, өз атының тізгінін бос тастай берді. Торы суға қарай өңмеңдеп тартқыласа да боз тырп етер емес. Иесі әуелі жалбайын шешіп, тізесіне қағып-қағып, тал бұтағына іле салды. Содан соң асықпай-саспай кавалеристік шолақ карабинді иығынан алып, құранды ердің қасына қыстырды. Кіселі белбеуін ағытып, түйе жүн шекпенін шешіп, шөпке қақты. Әуелі боздың, содан кейін торының айылын босатып ауыздығын алды да, саптама етігі шоқалақта күрпілдеп, екі атты су басына қарай жетеледі. Торытүйетайлы жағалаумен ентелеп, ілгері ұмтыла түседі, жолаушы оны жасқап қойды, боз ат адымын иесінің жүрісімен өлшеп, сабырлы келе жатыр. Өткелге түсер сүрлеу жолда борбас сазға батқан ескі із ғана бар. Құлан оның көктемде өзен тасығанда су аяғын айналған көштің ізі екенін біледі. Су жағасындағы шым тіпті тың екен, шөбі киіздей ұйысып жатыр. Иесі солға қағылып, аттарға жол берді. Суға түсіп, мөлдіріне енді мойнын соза берген боз кенет басын жұлып алып, өзен бойынан ескен желге тұмсығын төседі. Құлағын тігіп, ақырын ғана оқыранды. Өзі де шөліркегендей түбіндегі сары балшығы көрінген суға қарап тамсанған жолаушы селт ете түсіп, жоғарғы жақтағы талдарға жалт қарады. Бос қолы көз ілеспес жылдамдықпен ер басындағы винтовканы шап берді. Торы суға мойнын созып, өліп-өшіп барады. Бірақ Құлан да, боз да мойындарын солға бұрған күйі қатып қалыпты. Қазір Құланның осы тұрысы қатерді сезген дала тағысын көзге елестеткендей. Кішкене шегір көзінің қарашығы көк сүңгінің ұшындай өткірленіп алған, еті қашқан жақ сүйегі шодырайып, ұрт еті бұлт- бұлт ойнайды, бар бет терісі көзінің айналасына жиналғандай қатпар-қатпар. Әр жерге бір-бір талдан өскен шанжау-шанжау сарғыш сақал-мұрты тікірейіп, таңқылау танауы шедірейіп кетті. Мұрнына бір жат иіс келді. Жыланның иісі сияқты күлімсі, сасық иіс. Оқ пен оттың, қанды майдан қырғынның ортасында болмаса, даланың тісті, тырнақты аңымен алыса жүргенде, әйтпесе тас қараңғы түн, тағы боранда дір етпеген Құланның жүрегі осы арада бұлқынып қоя берді. Бәрінен қорқыныштысы белгісіздік еді. Осы өткел басында өзін аңдыған бір пәле барын Құланның іші сезе қойды. Бірақ бойы көрініп, қарасын танытпаған бұл пәле ертегіде айтылатын жын-перідей. Қай жаққа айналса да ту сыртынан бас салатын сияқты. Құланның бойы сәл мұздап, арқасы шымырлады, винтовканы жұлып алып, затворын сарт еткізіп жауып, шүріппеге саусағын салған күйі көлденең ұстап, тағы тың тыңдады. Күбірлеп ішінен аруақты атасына бата қылды. Әуелдегі ойы аждаһа, әбжыланға ойысты. Бала жасынан бері сондай пәлекеттер туралы ертегі- аңыздар құлағына сіңісті болған. «Бәлен батыр бәлен жерде айдаһар өлтіріпті» деген тәрізді әңгімелерді кейбір діндар кәрілер көзімен көргендей етіп айтатын. Ерте бір кездерде аждаһа сонау ¥лытау жағында да бар екен деген сөз тарап жүрді. Онда албырт жас аңшы Құлан: «Әй, маған бір кездесіп, өлтіріп, терісін алсам, батыр атағым жер жарар еді-ау» деп арман қылып та жүрді. Аттанбақшы да болған. Бірақ жан адам бұған дәл бәлен жерде деп тап басып айта алмаған. «Ол да жылан текті пәлекет қой, жаңағы иісіне қарағанда, сол болмаса игі еді» деген ой жалт етті Құлан көңілінде. «Ендеше, неге келіп бас салмайды мұны? Әлде қолайлы бір сәтті күтіп, аңдып жатыр ма? Лебімен тартады дегені қайда жұрттың?» Ол селт етпей тың тыңдап біраз тұрды. Бірақ еміс-еміс желмен шалқып жеткен сол жат иістен басқа сезікті еш нәрсе аңғарылмады. Өткел басы тып- тыныш. Қоғажай арасынан үйрек қырқылдап, анда- санда айдында балық шолп ете түседі. Енді бір сәтте ол өзіне-өзі ыза болды. Таудан-тастан жүрегі қайтпаған әйгілі Құлан емес пе еді. Қайдағы бір қаңсық иістен шошынып сонша қара басқаны несі?! Қасқыр тартқан мал, не өлген аңның иісі шығар. Бірақ сонда да кеуде сүйегі дүрс-дүрс ұрып, құлағын тұндырған жүрек лүпілі әлдебір жаманшылық, пәле барлығын сездіріп тұрғандай. Енді ол не болса да артын күтуге бекінді. Әуелі екі атты суға қандырып алу керек. Қашса да, қуса да атының тың болғаны абзал. Өзеннің жоғарғы жағындағы қалың тал шоғырынан көз айырмаған күйі ол артымен шегіншектеп, еңкейе боздың тамағының астынан өтті де, екі аттың ортасында тұрып, бойын жазды. ЕІе пәле шабуылдаса да ат оққағар болады. Сұқ саусағы шүріппеде, ат жалынан аса жел бетке көз салып қойып, «моһ, моһ! Іш, іш, іш» деп ақырын ысқырды. Иесінің осы белгісімен боз шылбырды созып, тұныққа ұмтылды да, мөлдір суды сүзіп іше бастады, мойнын иіп, саптаяқтай төменгі ернінен судытамшылата, оқта-текте басын көтеріп, пышақпен жонғандай жұп-жұмыр құлағын қайшылап сәлтұрды. Ал торы мәстек тізгін босасымен-ақ өле жығылып, ілгері ұмтылды да, лай-мылайына қарамастан, суды қорқ-қорқ сіміре бастады. Қарны қампайғанда ғана басын көтеріп, енді шылбырды шіреп, жиектегі қара қоға мен қурай басын шалып қалуға тырысты. Екі ат та суға қанғаннан кейін, Құлан тізгінін тартты, жағалаудағы шалшықты қорсылдатып екі ат кейін бұрылды. Шыға бере өңез торы Құланды қабырғасымен соғып, жығып кете жаздады. «Ой, атаңа нәлет, иттің малы!» деп балағаттап жіберді Құлан. Осы торыны «мінгізгенім» деп, алдына көлденең тартқан иесі есіне түсті. Қабырға өзенінің бойындағы Шығайбайдың бірі еді, қорыққанынан берген рас, бұл ештеме дәметкен жоқ, бірақ анау жік-жапар болып тұрғасын, әуелде сырт тұрқы түзулеу болғанға мініске келе ме деп үміттеніп, жетектеп кете берген, тұқымсыз мал екенін, байдың пәледен құтылайын, басымнан садақа деп тарта салғанын енді білді. Осы бір болмашы оқиға көңілін аз уақыт қатерден сейілтіп, бөліп кетті де, содан соң әлгіндегі қауіп күткен сезім тағы бойын жайлап алды. Жел бетке сергек құлақ түріп, аттарын жетектеп, шешінген жеріне келді де, тізгінді тастай салды, боз сол орнында төрт аяғынан тастабандап шегелеп қойғандай құлақ қақпай тұрып қалды, торы шыбжыңдап құйрығымен сона, шыбын қағып, тал жапырағына, шағыр күлтесіне тұмсығын созып, қосақтаған шылбырды шіреп тартқыласа да селт етер емес. Құлан шоқ талдың көлеңкесіне жайлап отырып, винтовкасын жанына қойды да, саптама етігін шешті, мәсісінің жиырылған қонышын тартып, артық киімінен жеңілденген соң, мылтығын оң қолына іле, сып етіп орнынан тұрды. Винтовканы қыл мойнынан қыса ұстап, тағы да жел бетке құлақ түрді. Түк бөтен дыбыс жоқ. Боз да манағыдай құлағын тікпейді. Аз тұрғаннан кейін, Құлан бұқпалап түйетайлы жарқабаққа қарай еңкеңдей жөнелді. Сәлден соң ол түк сыбдырсыз тал арасына сіңіп жоқ болды. Өткел басы тағы тына қалды. Біраздан кейін қоғажай арасынан үйірін ерткен қоңыр ала тағы жүзіп шықты. «Түк қауіп жоқ» дегендей ақырын ғана мейірлене қырқылдап қояды. Соған еркінсіген қара қанат балапандар құйрықтары шоштаңдап, балдыр мен шылаудың нәзік желектерін толқытып, жем іздеп суға сүңги бастады. Құлан түйетайлы жарқабақтың ойпаңымен баспалап, өзеннің жоғарғы жағына өрлеп келеді. Не пәле болса да өзі барып тиіспек. Әккі аңшы қақ маңдайдан барса, күтіп жатқан жауы не қапияда бас салып, не тайып отыратынын ол біледі. Сондықтан бір бүйірлеп, аңдаусыз жағынан баруды жөн көрді. Бағанағы бір сәтке бойын билеп алған үрку сезімінен енді арылды, бұдан он шақты жылдар бұрынғы аң аулап жүргенде дала тағысын андығандағы қызулық бар көңілінде. Бүгін ұзақ жол жүріп, атсоқты болғанын да ұмытты қазір. Өткір көзі жапырақтың жыбыр еткеніне дейін шалып, құлағы шөп арасымен тышқанның жорғалағанын да еститін халде. Қозғалысы да қамыс басын сыбдыр еткізбейтін жолбарыстың жүрісіндей, табанымен сырғи басып, ұрланып келеді. Межелі жеріне жеткенше неше бір шоқ тал, тобылғы, шағыр бұталардың арасымен өтті, бір қу бұтақ аяғының астыңда сытыр етіп сынған жоқ. Ол тасыған, су жырған жүлгемен жоғары өрлеп келді де, оңға бұрылып, тағы да қалың тал арасына сүңгіді. Шыққан иіске қарағанда, бұққан жауы алыста емес және де суға таяу жатқан болуы керек. Өзенге жақындаған сайын, Құланның жүрісі тіпті сыбыссыздана түсті. Тал басына қонып, жас бұтақта әткеншек тепкен шымшық торғайлар ол дәл қасына келіп, қалыңнан шыға келгенде ғана үркіп ұшады. Құлан бір шоқ талдың түбіне бой тасалап, дем тарпы. Шылау мен балдыр иісі бар леп келді танауына, соған қарағанда, су тіпті жақын екені аңғарылады. Талдың ар жағы ашық алаңқай екен. Дәл жағалықта құмға өскен бір түп бұта. Бұта ар жағынан бұлдыр-бұлдыр бір нәрсенің көлеңкесі көзге шалынатын тәрізді. Құлан мылтығын ыңғайлап жата қалды. Еңбектеп солға қарай қозғалып еді, жаңағы сүлдер қараң етіп көтеріліп, қайта бұға қалған сияқты көрінді. Құлан ыстық құмды бауырымен сызып, бұтаға жақындады. Енді анық байқады, тал астынан біреудің күс-күс, қап-қара өкшесі шығып жатыр екен. Сол сәт бағанағы көңірсіген күлімсі иіс те бұрқ етіп өкпесін қауып алды. Жоқ, әуелде Құлан өз көзіне сенбегендей болды. Жанарым бұлдырады ма деп, көзін уқалап қайта қарады. Осынау құла түз, йен далада адамзаттың пайда болуы оған қайран қаларлық жай көрінді. Бір сөт әлгі өкшені тасқын су шайған тал түбірі ме деп ойлап еді. Тек бұтаның тасасынан адам сүлдері аңғарылып, әлдебіреудің тұлғасы қараңдап, басы қылқыңдап біраз тұрып, содан соң ербең етіп қайта жоқ болғанда барып, мұның адам екендігіне күмәні қалмады. Сол-ақ екен, көңіліндегі беймәлім үрей де жел үрген тұмандай сейіліп жүре берді. «Құдауанда, бұлкім болды екен? Әлде менің ізімді бағып жүрген жансыз ба? Әттең дүние, қартайғаным- ау бұл. Әйтпесе, осы күнге дейін тіміскілеп, соңымнан қалмай жүрген тыңшыны байқамаспын ба? Апырмай, осынша ақ көз боп мені қалайша қара басты?! Боз атым болмаса, аңдаусызда тарпа бас салғандай екен. Аруақ жебеп, Құдай сақтаған-ау... Қой, олай болмас. Жүгірген аң, ұшқан құсы көзден таса қалмайтын жапан түз, жалпақ даладан ондай жансызды мен қалай байқамаймын? Әлде осы арадан өтерімді біліп, күні бұрын жолымды тосты ма екен? Бірақ ғажайыптан болжайтын көріпкелі бар біреу болмаса, мен жүрер жол, жортар жөн-жосығымды тірі пендеге сездірмеп едім ғой. Жаббар ием, енді кім болды екен бұл? Әлде ұры-қары ма? Ондай сұм болса, жаяу жүрмесе керек еді. Солай-ақ шығар, менің қарамды көргесін, атын бір жерге бекітіп, оңай олжа қыла қояйын деп аңдып жатқан ғой. Бірақ қанша зымыстан болсаң да, сен Құланнан айлаңды асыра алмассың. Құлан ондай өткелектің талайын өткен. Бәтшағар, сені шошаңдатпай, тап осы жерде аяғыңды көктен келтірейін бе?». Бұл адамның тегіннен-тегін жасырынып жатпағанын Құлан әбден сезді, бірақ өзіне түк зияны тимеген жан иесіне қару жұмсауға қолы бармады. Ол мылтығына сүйеніп кеудесін көтерді де, бір тізелеп отырып, тынысын кеңірек алып, ентігін басты. Бұтаға бой тасалаған адамның бар зейіні өткел басына ауған сияқты, әлсін-әлі қылқындап солай қарай мойнын созып, тың тыңдайды да, қайта бұға қалады. Өзінің бір ажалдан қалғанын, ұсынғаны мүлт кетпейтін Құланның қарауылына іліккенін ол тіпті сезбейтін тәрізді. «Е, бұл мені ана жақта көлеңкеде қаннен-қаперсіз жатыр деп ойлаған екен ғой. Әбден ұйықтасын, сосын жәукемдейін дейді-ау, шамасы. Дәл желкесіне төніп тұрғанымды қайдан білсін. Зәреңді бір алайын!» — Осы бір ой және өзінің осы араға сыбыссыз жеткен өнері Құланды біртүрлі көңілдендіріп жіберді. Енді олтүк сасқан жоқ.

— Әй!

Оқыста ащы шыққан Құланның айқайы иесіз өткел басын күңірентіп жіберді. Бар дала жаңғырып, өзге дыбыстың бәрі тына қалғандай. Иесінің дауысын таныған боз ат оқыранып үн берді. Әлгінде ғана көтеріле берген талдың ар жағындағы адам жанталасқандай жалп етіп құлай кетті.

— Әй! Шық бері, кім де болсаң!

Көңілінен күдік айықпаған Құлан, оқыс жағдай болса, тартып жіберуге мылтығын оңтайлап, орнынан сәл көтерілді. Бірақ анау адам жерге сіңіп кеткендей түк дыбыс берген жоқ. Дауыс шыққан кезде жыланша жиырылып, аяғын да тартып ала қойды.

— Әй! Шық бері! Шық, жаның барыңда!

Тал арасынан созалаңдап біреу көтеріле берді де, мылтықтың үңірейген аузын көзі шалысымен жалп ете түсті.

— Шық, әй, малғұн!

Құланның еңді ызасы келді. Ашулы үн тағы да өзен бойын жаңғырықтырып, алысқа кетті. Бірақ еш қимыл білінбеді. «Бұл иттің қорыққаннан жүрегі жарылып кеткен жоқ па өзі» деген оймен атып тұрып, өзі бой тасалаған шоқ тал сыртынан шыға берген Құлан аяғын тартып ала қойды. «Бұл неме жалғыз қара емес шығар. Осындай құла түзге неғып соқа басы келе қойды дейсің. Басқа бір жерде серігі бой жасырып, нысанаға алып тұрмасын!» деген ой оның төбе құйқасын шымырлатыи жіберді. Тағы да құлақ қақпай қатып тұрып тың тыңдады. Бірауық желге де танауын төсеп дем тартты. Бірақ өзендегі қырқылдап, қаңқылдаған қаз, үйрек, бебеу қаққан қызғыш пен тауқұдірет дабысынан өзге үн естілмейді. Тал арасында ара ызың қағады. Манағы күлімсі иістен бөтен иіс те сезіле қойған жоқ. Тек сол сасық иіс әлгі әзірден берітіпті бұрқырап, қолқаны қапқандай. «Әй, не де болса, нартәуекел! Құдай өзі берген жанын өзі алар. Көрінген қарадан үріккендей, Құлан, сені не Құдай ұрды!» — Осылайша өзін-өзі қайраған Құлан ілгері ұмтылды. Қиыршық құмды бұрқырата көктей өтіп, жаңағы жанды қара көрінген талды айналды. Еңкеңдеп мылтығын кезеп келеді, бұған қару оқталған қандай епті жау болса да, өзінен бұрын ата алмасына шәгі жоқ. Шоқ талды шапшаң айналып өтуі мұң екен, дәл аяғының астында қол-аяғын бауырына алып, бүрісіп жатқан біреуге тап болды. Тіпті басып кетуге шақ қалыпты. Жалба-жұлба біреу, мойны ішіне кетіп, мүйізденген күс-күс өкшесі қап-қара боп жылтырап төрттағандап жатыр. Құланның дыбысын естіп, шомыт қара шапанның оң иығынан жалғыз көз жылт етті де, інге кірген тышқандай жоқ болды, томпайған құйрығы да сола түскендей, бөксесі дір етті. Жердің тесігі болса, кіріп кетердей. Анадай жерде су жағасында дорба, кәдімгі қайыршы дорбасы, ұрты дүрдиген көн шоқай жатыр. Құлан дәл үстіне төніп келгенше, әлгі адам жаңағыдан өзге тырс еткен тіршілік белгісін берген жоқ. Жер ортасына келген өмір жасында Құлан мұндай оқиғаға кездесемін деп әсте ойламаған еді. Не істерін білмей, сәл аңырып тұрды да, әлгі адамды мылтығының ұшымен құйрығынан түртгі.

— Тұр! Тұр, ей!

Үні де бұл жолы жұмсағырақ шықты. Анау көзінің астымен бұған тағы да жалт етті де, созылып барып, сиыршылап орнынан көтерілді, үрей ойнаған шүңірек көзін бір сәт те мылтықтан айырған жоқ, тұра салысымен ербитіп қолын да көтере берді. Құлан енді оның бас-аяғына бажайлап көз жүгіртті. Үстінде шүберегі оңып, әбден тозуға айналған қазақы қолпылдаған шапан-шалбар болмаса, бет-аузын салтақтаған бурыл ма, сары ма жүн жауып кеткен бұл адамды жабайы жан дерліктей екен. Өзі нешеме жыл аң аулағанда сайда санын, құмда ізін көрмесе де, кісікиік деген мақұлық болады дегенді Құлан естуші еді. «Бәтшағар, сол бәдендес екен» деп ойлады мерген әлгінің сұрына таңырқай қарап. Дала қауындай боп ескен жирен сары сақал-мұрт арасынан имектеу келген құс тұмсығы жылтырайды. Сарғыштау келген салам шаш та құмға шыланып, тарам-тарам термен мандайына жабысып қалыпты. Сауыс-сауыс жеңнен, қызыл асығынан шығып тұрған қожалақ-қожалақ қол да дір-дір етеді. Саусақтары қарғаның тұяғындай. Осыларды шола келіп, Құланның жанары әлгі адамның көзіне түсіп кеткенде, еріксіз мылтығын оңтайлап ала қойғанын өзі де аңғармады. Шыңырау құдықтың суындай шеке сүйектің түбіне батып кеткен осы көзде әлгінде ғана бір мүләйімсіген, тіпті жалынып- жалбарынғандай үрей сезіліп ұялап тұрған секілді еді. Енді қараса, сол көз шағар жыландай уытты зәр жиып, ішіп-жеп тесіп барады екен. Бірақ ә дегенше болған жоқ, әлгі көз тағы кілбиіп мүләйімси қалды, қазір Құланның алдында қол көтеріп тұрған пенденің бар бет-бәдені, бой-тұлғасында айдауға да, байлауға да көнген бейшара жанның сипаты аңғарылады. Құлан әлгі көзқарастан секем алып, аз-кем үркіп қалды. «Осы жау-ау, жау болғанда, қайыршы киімін киіп, менің ізімді баққан тыңшы ғой, өзін атып тастап кете берсем, мұны кім іздейді? Тыңшы болса, қарусыз жүре ме? Ә, зәлім!». — Мергеннің ызасы бұрқ ете түсті. Құлан қайыршының сыртын айналып өтіп, бой-басын сол қолымен сығымдап сипалап көрді. Бұрқыраған көңірсік иіс жүрегін айнытып барады. Оның тер мен темекі, тағы неше түрлі бәленің араласқан иісі екенін Құлан енді ғана білді, тыжырына танауын шүйіріп, қайыршының қойын-қолтығын түгел тінтті, бірақ ештеңе таппағасын, аңырып қалды. Енді тағы айналып бұл адамның қарсы алдына келді.

— Мылтығың бар ма? Айт, жаның барыңда. Әйтпесе, атып салармын!

Құланның сілеусіннің көзіндей өткір көзі қайыршының көзіне қадалып, әр қимылын қалт еткізбей бағып тұр. Бірақ анау басын шайқады, жанарында үрей ойнап:

— Жоқ, мылтық жоқ, — деді қырылдаған үнмен тілін бұрай сөйлеп. «Шүлдірлеп тұр, бұл өзі ноғай ма

әлде орыс па, кім де болса, тегін жүрген жоқ, бәсе- ау!» деп түйіп қойды Құлан.

— Бір жерге тығып қойған шығарсың?

— Жоқ, аға, жоқ мылтық, — деп анау тағы басын шайқап жіберді. — Қара міне, жоқ мылтық, аға.

— Ағалауын! Өтірік айтсаң, кәлләңді қиямын сен малғұнның, білдің бе? Қозғалма!

Құлан анадай жерде жатқан дорбаға барып теуіп қалды. Дорба былқ етіп жай аударылып түсті, ішінен қатқан бауырсақ, күлді-көмеш таба нан, қойдың қап- қара қатқан құрты мен мәйек салып қайнатқан сары ірімшік сау етіп құмға төгілді. Қоржын дорба түбіне қолын сұғып жіберіп, әрлі-берлі жүгіртіп еді, көйлек- ыштан ба әлдене шүберектер былқ-былқ етті, содан өзге саусағына ештеңе білінбеді. Әлде де көңілін сезік жайлаған Құлан, «бір қазақ садақа қылған болуы керек» деп өзі топшылаған, қонышын тізеден кесіп қысқартқан саптама етікті де сілкіп-сілкіп қалды, қонышына тыққан тапанша, ең құрығанда кездік, сапы бар ма дегендегісі еді, бірақ одан сусылдап құм төгілді де, шуаш иісі бұрқырап кетті. Құлан мұрнын тыржитып, көн шоқайды лақтырып тастады. «Бұл итгің шынымен қайыршы болғаны ма?» деп ойлады ол, әлі де соған илана алмай, таларасынан ашып қарап, үйілген еспе құмды мәсісінің ұшымен қотарыстырып жүріп, «Әй, өтірік-ақ шығар. Әйтпесе, жын жайлаған елсізде қайыршы не боқ жейді?! Садақа, бітірін қалың елдің ішінен жинамай ма? Бұл орыс та болмады! Шүршіт пе, мешер ме, ноғай ма, немене, әйтеуір шүлдірлеп тұр». Ештеңе таппай дал болған Құлан тағы да қайыршының қасына келіп, қадала қарады. Екеуі көзбен арбасып біраз тұрды. Ананың көзінде манағы жалыныш, таяқ жеген иттің көзіндегідей бір нышан бар. «Осы итті атып тастасам қайтеді? — деген бір ой тағы жалт етті Құланның көкейінде. — Өзінің де адам көрімі жоқ екен. Сап-сап, Құлан. Қайдағы бір қайыршыны атып, не сауап таппақпын. Құлан атыма өле-өлгенше өшпес таңба болар. Және мұның маған не зияны тиді? Өзі тағы қазақша сөйлеп тұр, мұның қанын мойныма жүктегенім пендешілікке хас болар. Онан да жөнін білейін, айтты-айтпады, бір кәдеме жарар. Мұны да маған Құдай жолықтырған шығар».

— Ей, сен кімсің? Кімді аңдып жүрсің? Өзің шын мүсәпір қайыршымысың? Айт, кәне!

— Мен қайыршы, қайыршы, — деп анау тұтығып қақала-шашала сөйледі, дірілдеген иегімен дорбасын, үсті-басын меңзеп қойды, манадан бері сөйлей алмай тұрекен, — қайыр-садақажинаймын. Мен — мүсәпір, аға, мүсәпір, мұсылман...

Соңғы сөзді айтқанда ол ғарық боп бара жатып, қолына тал сабағы іліккендей көзінде бір үміт ұшқыны ойнады.

— Мұсылманмын, аға, бір Алла біледі. Мен — мұсылман.

— Нағыз мұсылмансың ғой? Қай жұртсың? Хал- қың не деймін, халқың?

— Иә, бек мұсылман. Татар, мен — татар.

— Ә, ә, ноғай екенсің ғой. Жарайды, түсір қо- лыңды. Жансыз болсаң, жоқтауыңды асыратын едім. Жинап ал анау нан дорбаңды.

— Иә, иә, құп, аға, қазір.

Қайыршы екі айтқызған жоқ. Қолын әлі де болса қорқасоқтай сәл көтеріп, қанатын жайған күйі емпелеңдеп дорбасына қарай ұша жөнелді. Бара апыл- ғұпыл шашылған азығы мен көр-жерін қоржынына сүңгіте бастады. Құлан енді еш қауіпсіз мылтығын иығына асып, анадай жерде қарап тұр. «Әй, осы итке Құдай қайдан тап қылды. Нанды теуіп, Тәңірге хилан келтірдім-ау, нан — Құраннан да қасиетті, кепиеті бар деуші еді. Бір Алла өзі кешірер. Иә, аруақ Бұлан атам, өзің жебеп- желей көр, аш бөрідей қаңғып жүргенде олай-бұлайға ұшырап кетсем. Түу, бәтшағар, өзі де өбден сасып-ақ кетіпті, өмір бойы су көрмеген адам сияқты. Иісінің бүкіл өзен бойын жайлап алғанын қарашы. Қайдан жүр өзі, әлде құмнан құлады ма екен осыншама мүңкіп. Айтпақшы, мына құмның бергі баурайында Есілден шығатын қасқа жол бар емес пе еді. Е-е, сол жолдан бұрылып келген шығар бұл бейшара. Су көргесін шомылайын деді ме, әлде шөлдеді ме, кім білсін. Мені көріп шошып-ақ кеткен шығар-ау».

— Әй, мүсәпір! — деп Құлан саңқ етті. Анау қатты үркіп тапырақтап қалды да, содан соң бұған үрейлене жалт қарады. — Әй, сен андағы суға түсіп ал, білдің бе? Әбден өңез сасып кетіпсің. Тіпті маңыңа адам жолай алар емес. Әлі жаз ғой, су онша суи қоймаған шығар. Өлмессің. Сосын анауөткелбасына кел. Қашамын деп ойлаушы болма, Құланның ұмсынғанынан даланың аңы да, адамы да әлі күнге қашып құтылып көрген емес. Түсіндің бе?

— Түсіндім, аға, түсіндім. Құп, қазір барамын.

— Қазір барамды қой, әуелі андағы иісіңді кетір, сосын кел.

Құлан тал арасына сіңіп бара жатып артына елеусіздеу бір көз тастағанда, қайыршы апыл-ғұпыл шомыттарын шешіп жатыр екен. «Осы неме шын мұсылман ба екен, анықтасам қайтеді» деп Құлан сәл-пәл ойланып тұрды да, енді қайтып барудың есебін таппай, және қайтып барса, мынау қайыршы алдында өзінің әлдебір беделі түсіп қалатындай көріп, «әй, қойшы, осы тіленшінің өтірік-шыны маған неме керек, өзіме залалы тимесе, қайтемін оны» деп, суатқа қарай аяңдады. Қараша айының іші. Сары күздің бір жайлы кезі еді. Жаздың аптап ыстығы басылған, күн көзі де жалтаңға көшіп, салқын ауа бойға бір рақат бергендей. Бұрын осындай тал арасы, өзен бойының маса-шіркейі адамды бунап, сона, шыбыны малды шипыңдатып өлтіріп жібере жаздаушы еді. Қазір оның бірі жоқ, қоңыр самалы бетгі желпіп, адамды сонырқатады. Құлан шоқ-шоқ талдың арасындағы ашық алаңқайларды жағалап, құмдауытпен асықпай аяңдап келді. Мылтығының аузы мен бөркі қаққан тал бұтақтарынан саудырап төгілген жасаң сарғыш жапырақтар шыр көбелек айналып жерге түсіп жатыр. Бұл тал арасынан шыға келгенде, ұзын бел боз иесін танып, танадай көзін бір төңкерді де, оқыранып қоя берді. Топыраш торы әлі арпалысып, ерні жеткен жердегі тал жапырағын, шағыр күлтесін шалып қалып жалмаңдап тұр. Құлан ат байлаған жерге келді. Енді байқады, торының қыршаңқысы бар ма, немене, қылшығы бұрқырап жамбасын, боздың сол жақ қапталын, маңайындағы шөп үстін жауып кетіпті. «Әй, әкеңнің!.. Қотыр тайын беріп, әбден қорлағаны-ай мына Қарынбайдың. Құланнан қадір кетті дегені-ау бұл. Өлмесем, енді бір кездесерсің. Құланмен ойнағанды сонда көрерсің!» — деп мерген ат иесін бір боқтап қойды да, боздың белін босатты. Торыға өңгерген қоржынды да түсіріп екі атты отқа қойды. Бозының ешқайда кетпесі өзіне мәлім, сыр мінез болмаған торыға сене алмай, шідерлеп жіберді. Енді мылтығын алып, шешінген жеріне тастай берді де, сәл-пәл ойланып тұрып, қайтадан иығына асып алды. «Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар демекші, бұл заманда кімге сеніп болады» деп ойлады ол су басына қарай аяңдап келе жатып. Аяғы машықты сыбыссыз жүрісінен жаңылған жоқ, құлағы жапырақ сыбдыры, құс қиқуы, ара, сона ызыңына дейін қалт жібермейді, әлсін-әлі жел бетке тоғай арасындағы қылаңдаған алаңқайларға көз тігіп қояды. Көңілі әлі дүдәмал, әлгі адам қайыршы ма, тыңшы ма — ол арасына көзі анық жете қойған жоқ. «Тіпті қайыршы болып-ақ қойсын. Адамнан айла артылған ба, бетпе-бет келіп атысып мені ала алмайтынын біледі. Сосын алдаусыратып, қайыршы болып келіп, қаруымды қағып алса, бір-ақ таре еткізбей ме. Одан менің құнымды сұрайтын адам жоқ, қайта: «Өкіметтің қол астынан қашып жүрген адамның көзін жойдың, бәрекелде» дейді той. Тіпті, жансыз болмағанның өзінде, ел ақтап жүрген мұндай немеге ат-азытымды олжаласа, көктен тілегенін жерден бергенмен бір есеп қой. Құдауанда, осы сапарымда біресе ұрыға, біресе қарыға кездестім бе-ау, әйтеуір қағылған-соғылғанның бәрі менің алдымнан шыға берді. Арты қайырлы болса игі еді...»

ЕКІНШІ ТАРАУ

Құлан өткен түні бейітке түнеп шыққан. Елден қашып, Сөрелідегі құрақты көл басында отырған көңілдесінің үйінен ол таңғы салқынмен аттанып кеткен еді. Содан суыт жүріспен Қабырға бойына құлап, Талдыөзектегі бір ауылдан түс ауа қымыз ішкен. Әуелде сол ауылда қонып қалатын да ниеті бар еді, бірақ ауылдың адамдарының шырайын жаратпады. Мұның атын естігеннен кейін, былайынша сыртгай жылтырап жалпылдаса да, қайсыбір белсенділеулері, әсіресе ауылнайы мұның шыққан жерін, барар бағытын тәптіштеп сұрастыра бергені сезік тудырды. Айтқан сөздері де кілең ауылдағы жаңалық, байлардың еңсесі түсе бастағаны, байдың құйыршықтарын құрту деген сияқты. Құланды да бұлар бай құйыршығының біріне жоритын болуы керек. «Олай болса, бұлар ұстап беруден тайынбайды, тапсырма бар-ау жөн-жобасын хабарла деген» деп ойланған Құлан ол ауылдан тез аттанып кетті. Сонан белі босаңси бастаған атпен аяңдатып Алакөл басына жеткенше көз байлана бастады. Көлдің батыс жағында әудем жерде көп қорым бар болатын. Манағы ауыл адамдарының сөз райынан жүрексініп қалған Құлан көлдің түстігінде ошағының оты маздаған ауылға барып түсуге бата алмады. Бұл ара аудан орталығына тіпті жақын, қырық- елу-ақ шақырым, аңдушы милиционерлердің жолын тосып жатпасына кім кепіл. Құланның көңілі не де болса осы қорым шетінде түн мұнарымен қомақтала көтеріліп қарауытып тұрған қос күмбезді қызыл тамға қонуға ауды. Ел қазағының жеті қараңғы түнде бейітке сабасаң да келмесі өзіне белгілі. Қалың жұрт ішінде осындай қордалы қорымнан қауіп-қатерсіз жерді іздесең де таппайсың. Сол ойға бекінген Құлан жайымен аяңдатып бейітке жақындап келді де, атынан түсіп, жетекке алып, қызыл тамға бетгеді. Там үш кісінің бойындай биік. Ені тарлау, биіктігі қол ұсыным қызыл кірпішті өріп, маңдайшасын иіп келтірген кірер есігі бар. Бұл осы Алакөлдегі бір рудың аруақты батыр дейтін аталарының тамы еді. Сондықтан жақсы күтімде, тіпті тақтайдың қиған сырлы есігі де болатын. Құлан әудем жер жақындағанда есіктің жоғарғы жақ саңылауынан от сияқты бір нәрсе лып-лып етіп жарқылдағандай көрінді. «Бәтір-ау, бұл жұрт айтатын шайтан оты ма, әлде бейіт басында жанатын шырақ па екен? Қой, аруақты адамға шайтан қайдан жоласын, жағылған шырақ шығар» деп, Құлан әлгінде секем алған жүрегін басты да, иесінің ауанымен баяулаған атының да тізгінін қағып қалды. Мал кірмесін деп қазған ордан өтіп, шылбырды та стай салып, енді Құран оқып жіберу ниетімен тізе бүге беріп еді, шаж еткен бөтен дыбыс шығып, әлгінде саңылаудан лыпылдаған Құланның ойындағы шырақ оты әп-сәтте сөнді. Сол сол-ақ екен, там іші оғаш үнмен күңірене жөнелді. Оқыс шыққан дыбыстан шошынып, бойын еріксіз үрей алып, арқасы шымыр ете қалған Құлан бір тізерлеген күйі қалт тұрып қалды. Өзге адам болса, бет алды лағып қаша жөнелуі ықтимал еді. Бірақ өмір бойына жападан- жалғыз дала кезген, меңіреу дала түнінің күңіренген, қиқулаған, білмейтін адамға кейде ғаламат сұмдық көрінетін үндеріне құлағы қанық, ол дыбыстардың иелерін дәл басып танитын Құлан сәлден соң бойын жиып, жүрегін тоқтатты. Сол жүрісінде өмір бойына бірреттеқарадабойынгқардаізінкөрмеседеголсоқыр сеніммен шайтан, жын-пері барына сенетін, бірақ байғыз, жылқышы құс сияқты үндері ғана құлаққа жат болмаса, оларды да адамға зиянсыз жәндіктер іспетті деп ойлайтын. Сондықтан жаңағы шаж еткен сөнген оттың дыбысы екенін, мына күңіренген үн адамнан шыққанын да анық сезді. Бұл, шамасы, өзін үркітпек болған біреу. Баяғыда көрқап болып Жәуке батырды шошытпаққа әрекет еткен Қарға ұрының әңгімесі де есіне түсе қалды. Зығырданы қайнап кетті де, Құлан есікке жетіп барды. Қапсырулы есіктің ар жағы әлі де бақырып-шақырған айғай.

— Әй, кім де болсаң, бері шық! Шық, малғұн! — деп ақырып жіберді ол есікті қамшысымен бір тартып. — Ой, найсап, аруақты қорлап. қарашы мұның!

Там ішіндегі дыбыс су сепкендсй тына қалды. Енді тамды біреудің паналап отырғанына Құлан шәк келтірмеді. Мүмкін, өзіндей басына іс түсіп қашып жүрген бір байғұс болар.

— Шық, әй! Тимеймін, шық бері! — деді Құлан жайырақ, бірақ ызбарлы үнмен.

Там есігі құлақ құрышын кесе шақыр етіп жартылай ашылды да, ар жағынан біреудің басы қылт етгі.

— Қорықпа, ей, кім де болсаң. Шық, кәне! — деп бұйырды Құлан өктем үнмен. Сол сәт тамнан көлеңке құсап қалтаңдай басып шыға келген адам:

— Ойбай, сіз екенсіз ғой, Құлан аға! Құдай сақ- тап, Құдайдың кез келтіруі-ай, — деп мұрнынан маңқылдап қуана сөйледі. — Түу, зәремнің зәр түбіне

кеткені-ай. Мені қара басып, сізді бөтен адам деп, қорқытайын деп нетіп...

— Ой, тоқта! Ой, сен Майлықпысың?! — Құлан айран-асыр болғанын жасыра алмай, алпамсадай әлгі адамның бетіне үңілді.

— Иә, Құлан аға, сол өзіңнің Майлығың ғой баяғы. Кәдімгі маңқа Майлығың. Құдайдың дес бергенінде, сізбен тап бүгін осы молада кездестіргенін қарасайшы. Мені қара басып... әлгі жын айналдырғандай сізді бөтен қара біреу ме деп... Алкіріңіз, Құлан аға. Ойбай, Майлығыңыз бүгін байып жатыр. Дәл келдіңіз.

— Ай, Майлық-ай, ауру қалса да, әдет қалмайды- ау. Жарайды, дабырламай, өзің бара бер. Отыңды қайта жақ. Мен бір дәрет алып, Құран оқып жіберейін.

— Ой, Алла-ай, Құлан аға, көзіңіз өткір-ау, өткір- ау. Мен есікті бекіттім, отымды ешкім көрмейді деп. Қазір жағайын, қазір. Есікті жапсам қайтеді, Құлан аға, біреу-міреу байқап, нетіп жүрсе...

— Байқаса, неғылар дейсің, жанған шырақ дер. Бірақ жапсаң, жаба сал.

Құлан Майлықтың одан әрі қуана маңқылдап не айтып жатқанына құлақ қойған жоқ, ордан өтіп, топырақпен дәрет алды да, қайтадан там алдына кеп тізе бүгіп, өз білгенінше «ағұзіні» тартып шықты. Там ішін күңірентіп маңғыр-маңғыр еткен Майлықтың үніне еріксіз елегізіп, бірер рет шала білетін жалғыз аятынан жаңылып та қалды. Тамға кіргенде көрді, оң жақта от лаулап жанып жатыр екен. Қараңғыдан енгесін, жарыққа көзі үйрене алмай, жанары қамарта, босағада сәл тұрып қалды.

— Бері өтіңіз, Құлан аға. Ана есікті қапсыра салы- ңызшы. Лапылдаған от жұрт назарын тартар, — деп Майлық тағы маңқылдай жөнелді.

Құлан есікті мықтап жапты да, енді айналасына көз жүгіртті. Мұндай мазар тамдар, әдетте, бір рудың алғаш көмілген басты адамына бағышталып салынса да, артында қалған ет жақыны, тіпті кейінгі үрім-бұтағына орын сайланып қойылатын. Қатипа тақиядай дөп-дөңгелек қылып, күйдірген кірпіштен шебер өрілген зәулім күмбезді там іші аса кең екен. Төрге таман қатарласа екі ұзынша төмпешік жатыр. Одан бергі ашық жерге Майлық көлдің көк құрағы мен қоғасын аткөпір қылып төсеп тастапты. Өзі оң қабырғада тоқым төсеніп, отқа төніп отыр. Талдан қиған мосыға күйелеш-күйелеш қара шәугімді іліп, ас пісіріп жатқанға ұқсайды. Бір жақ босағада қасы сынған алқам-салқам үйрек бас ері, қой терісіне оралған ет жатыр.

— Төрлетіңіз, Құлан аға! — деп саңырая күлді Майлық мергенге қарап. «Бәтшағардың ұсқынын- ай, адам шошитын» деп мырс етті Құлан төрге қарай озып. Майлықтың бетін жасында шешек жеп, мұрнын да таңырайтып кеткен болатын. Табақтай жап-жалпақ бетінде сау-тамтық жоқ, саздауыт жердің мал басңан шоқалағындай шұңқыр-шұңқыр. Сол бетке ортан белінен арба басып кеткен тәрізді үш бұрышты танауды саздан илеп жапсыра салғандай. Балпанақтай иегіндегі шанжау-шанжау өскен сақал- мұрттың эр талы өзі өскен шұңқырының ыңғайымен әр жаққа шаншылап тұр. Қазір басын кекжитіп күлімсіреген әлпетінде сықсиған көзі онан сайын жұмылып, танауының тесігі онан сайын саңырайып, қатар қазылған зорман ініне ұқсатып әкеткен.

Құлан жайланып шешініп отырды. Үңірейген қараңғы даладан шаршап-шалдығып келгендікі ме, жалыны бетті шарпып маздаған оты бар, кең, жарық осынау там іші оған, үйден артық көрінді. Қара шәугім бұрқ-сарқ қайнай бастады. Жас сорпаның иісі там ішін алып кетті. Солиіс шыққанда Құлан қарны әбден ашқанын сезіп, тамсанып, түкірігін жұтып қойды да, Майлыққа қарады.

— Құдауанда, ұрыға қары екінді мен ақшамның арасында кездеседі демекші, Құдай айдап екеуімізді жолықтыруын-ай, — деп ащы мысқылмен езу тартты ол, — сен болсаң аты шулы ұрының нағыз өзісің, мен бір жержүзіне сыймай жүрген қашақ.

— Рас, рас. Сөзіңіз мірдің оғындай-ау, Құлан аға- ай. Қық! Қық! Қық! — деп Майлық қарқылдап өлді де қалды. Құланның мұны өзімен теңестіре сөйлегені оған мүлде ұнап кеткен сияқты. Тіпті ұры-қары дегенің дүниедегі ең зор бақ-дәреже көрінгендей қысық көзі жұмылып әбден мәз болды. Құлан оның тамды

басына көтеріп сонша дарақыланғанына, бір жағынан, ыза болса, бір жағынан, іштей мүсіркеп те отыр. «Әй, байғұс-ай, кешегі сардардың серігі, құралайды көзге атқан мерген атағым шыққан өзімді ұры санатына қосып, өзіне иық теңестіргеніме қуанғаны-ау бұл шіркіннің. Солай ғой, өмірінде мұны кім менсініп көріп еді, қит етсе еститіні «маңқа Майлық, ұры Майлық!..». Құлан мұны алғаш атақты бай Шарбақбайдың үйінен көрген. Далаға келген бір шешекте әке- шешесін жалмап алған жетім бала бай үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүр екен. Есікте жүрген санда бар, санатта жоқ көп малшы-жалшы сияқты мұның да ата-анасы қастерлеп қойған аты ұмытылып, қожыр- қожыр бет-аузы, үнемі ұйпа-тұйпа, өзі қазанның тұтқышындай қап-қара болғасын, жарым мазақ, жарым шындық Майлық атанғаны да сол кез болса керек. Құлан ол кезде соқталдай жігіт. Сол күз әкесінің аңға мініп жүрген қос атының біреуі сақаудан ба, қара өкпеден бе өліп, қыс бойы бағар мал дәулеті, істер ісі болмағасын, амалсыздан жалшылыққа тұрған. Алты ай қыс ол Ақсуатта байдың жүз қаралы өгізін бағып шықты. Сондағы жәрдемшінің бірі осы Майлық еді. Әй, сонда екеуінің иті шықты-ау. Таңертең құлқын сәріден көң-қордадан соғып, аққаламен биіктеткен албарға өгізді шығару, шөп шашып, қорадағы қиды сыпырып, шанамен сыртқа апарып төгу, қырдағы маядан шөп тарту, ойық ойып, мал суғару, кешке жайлау — бәрі өздерінің мойнында. Түнемелікке бұлар сүріне жығылатын. Бала жігіт Майлықтың мінезі алаңғасарлау болғанымен, жұмысқа жатшыл еді. Бойында Құдай берген қара күш бар, кешке дейін салпақтап жүре беретін. Кейін Шарбақбай мұны атақты кәззәптарына қосып, ұрлыққа салды да, бұзып жіберді ғой, әйтпесе, өз ісіне біртоға, мықты шаруа осыдан шығатын еді. «Адам деген де нысапсыз болады-ау, байлықтан шіріп жатқан осы Шарбақбайлар бір жағы Троицк, Жаманқалаға өгіз айдатып сатып, бір жағы ана шеті Қарсақбай, мына шеті Арақарағай, тіпті түу Қорғаннан жылқы алдырды-ау. Әлде ұрлықты тегін олжа көрді ме екен. Бірақ Шарбақбайдың несі күйіп барады, өлсе, өлетін мына Майлық сияқты бір есепсіз жан» деп ойлап қойды Құлан, сол байдың мұның өзін де ұрлыққа жекпек болғанын есіне алып. Бірақ бұл қарақшылықтан ат-тонын ала қашты. Жасынан құқайды көп көргендікі ме, Майлық өзінен үлкен-кіші болсын бетіне жасқаншақтай қарайтын. Оның сол ыңғайын танып алған бай үйінің бала-шағасына дейін, тіпті бұл жігіт ағасы болған кездің өзінде, «Өй, маңқа Майлық» деп шыға келетін. «Аға» деген сөзді бұл ол кезде естімеген де шығар. Өгіз бағуға кіріскен кезде Майлық бұдан да именіп, күбіжіктеп, жағынуға тырысып жүреді. Бірақ Құлан өзіне зекімей, мазақтамай, түзу қарағасын, етене жақындасып кетгі. Қорқатын адамы болмаса, басқаның сөзін жүре тыңдайтын, не қорс етіп теріс айналатын Майлық елпілдеп, мұның сөзін екі етпеді. Сырт көзге жарымес, дарақы, ойлағаны бір тесік тамағы, меңіреу жан көрінсе де, бұл неше түрлі бәлені ішіне үндемей түйе береді екен. Бай үйінің талай-талай көмбелерін ашып берген бұл Құланға. Кейін екеуінің жолы екі басқа кетті. Әйтсе де қашан кездессе де бұған әман жалпылдап тұратын. Бұл сол Майлық еді.

— Өй, өзің ет асып жатырсың ба? Мынауың бір жас малдың еті ғой, — деді Құлан дәмді иіске түшіркене танауын төсеп.

— Дәл таптыңыз, Құлан аға, үстінен түстіңіз, — Майлық өзіне-өзі риза болған кейіппен қорсылдап күліп қойды, — ұры азығы мен бөрі азығы жолда деп... Сосын жаңа ымыртта мына Сағыр байының бір тоқтысын қотанынан* алып шығып, көптен етке тісім тимей, ашығып жүр едім. Апақ-сапақ іңірде алдым да кеттім қоғаның арасына. Содан бір қалтарысқа сойып, жуып-тазалап... Терісіне орап, осында әкеп... от жағып, жаңа асып жатқанда...

— Әй, Майлық-ай, баяғы гөй-гөйді қоя алмағасың-

ау?!

— Рас айтасыз, Құлан аға, рас айтасыз. Ауру қалса да, әдет қалмайды деп... Аяймын ба байдың малын... Байдан көрген қорлығым...

— Өзің қайдан келесің? Әлі кезбе боп, тұрақтай алмай жүрсің бе?

— Әкеңнің аузын... Шарбақбайдан көрген қор- лығым...

Майлықтың бет-аузы әлем-тапырық боп кетті. Иненің жасуындай сықсиған көзінде от жалынына шағылысып бір зәрлі ұшқын ойнады, шамасы, тартқан жәбір-жапасы есіне түскен болуы керек. Сосын мыңғырлап, ашуына қақала сөзін жалғады:

— Үйің күйгір Шарбақбай, ақырында, мені ұры деп өкіметке ұстап бергізіп, дуанның түрмесінен шығып келем... Айналайын Совет ақтығымды біліп, қоя берді. Шарбақбайдың да талай қоясын ақтарып бердім. Жазасын тартады, — деді.

— Әй, қайдам, Майлық, сен соған сенген шығар- сың. Бірақ жаңа низам орнағалы бес-алты жыл өтті, сол байларыңның әлі шалабы да шайқалмай, толықсып отыр.

— Әй, білмеймін-ау, Құлан аға, — Майлық әңгірлеп тамды басына көтерді. Тіпті қопандап та қояды. Шамасы, дуаннан біраз хабарға қанып келген тәрізді. Енді соны тыңдайтын адам табылганына қуанып, айтута асығып-ақ отыр.

— Торғайдағы өзіміздің елден барған қызмет- керлердің үйін біраз сағаладым ғой, Құлан аға. Мені жұрт елей қоймайды. Мен сөздерін құлағыма құя беремін. Сонда қонақ күтісіп жүріп, төрелердің сөзін естідім. Өздері сполком дей ме, үлкен мәкәмада істейді екен. Солар айтып отырды ғой, «байларды енді қыспаққа аламыз. Олардың күні өтгі, тұнығын шайқаймыз. Өкіметтің берген бағдары солай» деп.

— Солай де. Ал абақтыдағы жағдайың қалай болды өзіңнің?

— Айтары жоқ, Құлан аға, абақты жаман ғой. Әйтеуір тамағы тоқ, ұрып-соқпайды. Әкеңнің атымен атайды. Өмірімде ондайды көргенім осы. Бірақ біз сияқты шет жайлап, қиыр қыстап өскен адам ішқұса боп өліп кете жаздайды екен. Күн санаумен діңкем құрыды, — Майлық мұрнын қорс еткізіп тартып, қатты күрсінді. — Несін айта берейін, Құлан аға, әйтеуір аман-есен құтылдық қой. Басыңның азаттығына не жетсін.

— Иә, дүние дүниеде қалар, әкең өлсе, шешеңді біреу алар деген. Өстіп жүріп өлеміз ғой бір күні.

Құлан құрақ үстіне шынтақтап, жанған отқа қарап томсарып ойланып қалды. Шегір көзінде от алауы мың құбылып ойнайды. Маңдайы білеудей боп қыртыстанған, ұрты ішіне кетіп, бет сүйегі шодырайып шығып кеткен. Майлықтың өңінде оның мына кейпіне таңданған қалып бар. Бір кесек ет сияқты төменгі ерні салпиып, көзі жыпылықтап, үн-түнсіз отырып қалды.

Бір заматта Құлан жерден басын жүлып алып, Майлыққа тесіле қарады.

— Эй! Сен шыққан жерге мен өзім барып түссем қайтеді, оған не дейсің?

— Сіз бе, Құлан аға!

Елде жоқ бір сұмдықты естіп отырғандай, Майлық көзі үш бұрыштанып, бұған қарап қатып қалыпты. Аузы аңқайып, ерні онан сайын салбырап кеткен.

— Оу, неменеге бағжиып қатып қалдың? Ағаңның барар жер, басар тауы таусылған сияқты. Қажиын деді ағаң. Көп болса, абақтысына жабар. Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді дейді ғой. Оған да үйренерміз. Әйтпесе, тергеп-тексерер, сардармен аз жолдас болғаным жоқ. Жанкелдінің Әлібиі де біледі мені, еңбегімді ескерер.

— Құлан аға-ау, — Майлыққа енді ғана тіл біткендей болды, — Құлан аға-ау, онда... әлгі абақтыға неге барасыз?

— Кеще немемісің өзің! Менің белсенді мен милицияны сабап, қашып жүргенімді естімеп пе едің?

— Оны естуін естідім ғой, бірақ...

— Не бірағы бар. Мені осы күні іздеп жүрген көрінеді.

— Бірақ абақты жаман ғой, аға, жаман. Үлкен қылмыстыларды ішке, одан да әрі итжеккенге айдайды, әйтпесе, атып тастайды дейді. Сақтықта қорлық жоқ деп... өзіңіз барып торға түсіп қайтесіз, аға. Заман өзгергенше артын күтпей... қапы кетіп... Өшіккен дұшпандарың аямайды ғой, аямайды. Сіздің үстіңізден елдің малын, дүниесін талады, тонады деген көрсетінді, домалақ арыз көп деп естідік түрмеде жатып... Бізге әкеп қосатын шығар деп күтіп жүрдік. Атаңа нәлет Шарбақбай мені де көрсетті ғой. Сізді де көрсеткен шығар ол.

— Кімайтыптыменелденмалтонадыдеп?! — Түсі бұзылып кеткен Құланның үні ащы шықты. Майлық абдырап сасып қалды. Аузы балжырап, түкірігі отқа шашырай маңқылдап кетті.

— Мен емес, мен емес, Құлан аға. Қамауда... Абақтыда отырғанда... Сондатүскендер айтады. Бәрін естіп жатамыз, бәрін, елдің әңгімесін...

— Солай ма еді?!

Құланның еңсесі түсті, тұнжырап, түйіліп қалды. Жаңағы әзірде айнымалы от жарығында оба басындағы түздің қара бүркітіндей қомақталып отырған ол енді біртүрлі кішірейіп, шөгіп кеткен тәрізді.

— Барсаңыз, барыңыз, аға, өкімет әділ ғой. Сардардың серігі екеніңізді елдің бәрі біледі. Құлан мерген деп... Атағыңыз шартарапқа жайылды ғой, жайылды. Мына мен де жаладан құтылдым ағарып. Сіз де ақталып шығарсыз. Шарбақбай иттің көзін құртып... Сазасын тарттырар ма еді!.. — деп маңқ- маңқ етіп жұбаныш айтқан Майлықтың сөзімергеннің құлағына кірмеді.

— Жә! — деп тоқтатып тастады ол ұрыны, — не де болса, пешенемізге жазғанды көрерміз. Асыңды қамда.

— Қазір, Құлан аға, қазір. Марқаның еті деген шіркін бір қайнаса, туырылып түсе қалады ғой. Пісіп қапты.

Майлық ебедейсіз тоңқаңдап тұрып, қалбалақтап шәугімін оттан түсірді. Екеуі томаға-тұйық отырып ет жеді. Майлық жампаңдап еттің майлы жілік, жамбас, құйрық-бауыр сияқты сыбағалы, сүбелі жағын Құланның алдына қарай ысыра түседі. Өзі ішек-қарын, көкбауыр, омыртқа-сомыртқасын қаузап жатыр. Қара шәугімге сыйғанша асқан екен. Құланның шүберек белбеуінің үстіне төккенде бір төбе болып үйіліп қалды. Манағы әзірде бір тоқтыны бір өзі жейтіндей ашығып-ақ келген сияқты еді, әйтсе де алдына тамақ тартылғанда, Құланның жүрегіне бір түрлі ас батпады. Шамалы қаужаңдағаннан кейін, ысырылып шыға берді.

— Жемедіңіз ғой, Құлан аға, — деп Майлық көзі сықсыңдап біресе бұған, біресе үйіліп жатқан майлы етке қарады. Осындай тәтті тамақтың өңештен өтпегеніне айран-асыр болғандай.

— Болдым, Майлық, өзің жеп қой. Маған ана сорпасынан құйып жібер.

¥н сепкен қоймалжыңдау жас сорпадан ұрының кетік аяғымен бір-екеуін тастап алып, Құлан тағы жантая кетті. Майлық танауы шуылдап, рақаттана соғып жатыр. Сарғайып таттанған қасқырдыңтісіндей өткір азуға боркемік сүйекті салып жіберіп, күтір- күтір шайнайды. Маңдайынан тарам-тарам ағып, жалпақ жағына сорғалаған терге де қарайлайтын емес. Шыдай алмаған Құлан: «Түу, батшағардың ашқарағын-ай!» деп, теріс айналып кетті. Құлан шалқасынан түсіп, күмбездің бүрілген жеріндегі қазан аузындай тесікке қарап жатыр. Сол тесіктен зерлі тақия көлеміндей болып аспан көрінеді. Қара мақпал шапанның өңіріне қадалған бұрама күміс түймелер тәрізді жұлдыздар жарқырайды. Әлдебір уақытта аққан жұлдыз жалт етіп, аспанды қиғаштай сызып өтті. Түн мұнарындай ауыр ой Құланды жан-жағынан қаумалап, біресе сонау жұлдыздай жылтыраған үмітке жетелегендей, біресе тұңғиық аспандай түпсіз тереңге батырғандай бұл арадан алыстатып әкетті.

ҮШІНШІ ТАРАУ

Ойлап отырса, шексіз өмір сүрген тәрізді. Балалық шақтың да елесі есінде қалмаған. Тек сүндетке отырғызарда қожадан қорқып, әлденеше күн елегізіп ұйықтай алмағаны ойында. Ат ұстауға жараған кезде әкесі мұны жаздай қасына алып жүретін болды. Жарықтық, құралайды көзге атқан мерген аңшы еді. Аузынан оқталатын сирақты шитісімен аңды қан- жоса қылатын. Құс ұстап көрген адам емес, қаршыға салу, бүркіт, ителгі ұстауды бай-бағланның ермегі деуші еді. Және құс деген қымбат мүлік, мұның әкесі сияқты шиті мылтығынан өзге дәулеті жоқ адамның қолы оған жете де қоймайтын. Ауламайтын аңы жоқ еді марқұмның. Еті жеуге жарамды аң мен құс өз алдына, тіпті зорманға дейін аңшылайтын. Зорман терісі де әжептеуір пұл болып жүрді. Рас, ана бір ақсирақ қоян жылы бұлардың зорман етін жеген кездері де болды. Иә, айтты-айтпады, қилы-қилы заман өткен екен мұның басынан. Құлан көңілінде осы күні жегі құрттай ішін кемірген бір ғана өкініш бар. Әліпті таяқ деп білмейді. Әкесі марқұм, обалы не керек, ңанжығасына бір ішіктік түлкі терісін байлап, жасында мұны молда алдына ертіп баруын барды- ау. Бірақ ес білгеннен бері йен далада емін-еркін өскен бала «би мен тиді» ежелеп отыруға шыдамы жетпеді, бір жағынан, молданың көк шыбығынан да зәресі ұшып болды, бір жұма өтпей-ақ, бір көш жердегі ауылына жаяу-жалпы қашып барды. Өзі қара танымайтын әкесі, ең құрығанда бұл бірдеме біліп шықсын деді ме, әлде молдаға берген ішіктік теріні қимады ма, ұрсып-сабап, тағы да молдасы бар ауылға апарып тастады. Бұл жасынан бірбет өскен қияс еді, қайта-қайта қашып бара берді. Жаяулап қашамын деп шөлдеп қатып өле жаздағаны да бар. Ақырында әкесі, «балам жазым болар» деп қауіп ойлады ма, әлде қажыды ма:

— Әй, мұндар-ай, осы кежірлігіңнің жазасын тартарсың-ау түбінде, — деп, «оқу оқы» деген сөзін can тыйды.

«Жарықтық, бұрынғының адамы-ай, осындай боларын болжаған екен ғой», деп опына ойлады қазір Құлан. Ең болмаса оң-солын танитын оқуы болса, бұл осылай жерден жерге, көрден көрге тығылып, ізін шалдырған көкшулан тағыдай жосып жүрер ме еді. Ой, дүние-ай, қазір ілім берер адам табылса, Құлан жон теріңді сыпырып аламын десе де көнер еді-ау. Әттең, не керек, мезгіл өтіп кетті. Тебінгідей тесіктен көрінген аспан шыңырау құдық сияқты тереңдей түсіпті. Жұлдыздар тұнжыр қара суға сүңгіп шығып, селкілдеп тоңып билеп тұрғандай. Манағыдан саны да көбейіп қалған тәрізді, жыпырлап жыпық қағады. Құлан, жер батқасын, басын былайырақ қойып жатып еді, жұлдыздардың суреті киік текесінің тік мүйізді басына ұқсап кетті. Анау дөңкиген тұмсығы, анау мүйіз, анау үп-үшкір кішкене құлағы құдды ақбөкен ғой. Делдиген танауын желге төсеп, көзі ежірейіп, бейне аспанға шапшығандай. Сол сөтте Құланның ойына әлдеқашан ұмыт болған балалық шағында көрген бір оғаш іс can ете қалды. Онда бұлардың үйі жападан-жалғыз Қабырға өзені бойында отырған. Күзгі жәрмеңке кезі. Батпақңараға Троицкіден керуен келді дегенді естіген әкесі жаздан жиған-терген аң терілерін, киік мүйізі, тағы сондай заттарын алды да, аттанып кетті. Ертеңіне суыт қайтып келді. Және атына теңдеп мол олжа да әкелді. Қант-шай, бөз матасы, тұзы, оқ-дәрісі, балаларға базар лығы — бәрібар. Бұрынсіңірішыққан кедей аңшы мұндай дүниеге кенеле қоймайтын және базаршылап кетсе, сол жақтағы ағайын-ажын, құда, тамыр дегендей жегжаттарын аралап, біраз күн жүріп алатын. Құланның шешесі марқұм, жер хабар бермесін, аңқау-ақ адам еді. Аттан түсіп жатқан күйеуін көріп.

— Көкек, келіп те қалдың ба? — деді аман-сауы жоқ.

— Келдік. Үндеме, қатын. Бұйырса, осы жолы бір мол олжаға шаш-етектен кенелейін деп тұрмын. Жол азығыңды дайындай бер, аңға шығамын, — деді әкесі мұртынан күліп.

— Ол не олжа? — деді шешесі тамсанып.

— Құданың құдіреті, о заманда бұ заман текенің мүйізі пұл болғанын көрдім. Өзін сүйек деп кеміруге

тастаушы едік. Мыналар, Қашқар дей ме, жер түбінен келген саудегер екен, ұстаға пышақ сапқа сатармын деген мүйіздерді қағып алды. Тағы әкел, жас мүйіз әкел деп тапсырып жіберді.

— Енді сол мүйіз іздейсің бе?

— Жоға... — Әкесі абыржып қалған тәрізді күбіжіктеп, мұртын тістеп отырды да, кенеташуланып, қырып жіберді:

— Бұ қатын иттің сөзі таусыла ма, тұқым- тұқияныңды түгел тексереді ғой. Жаңа азық дайында деген қайда қалды?!

Шешесі ұзын көйлегінің етегіне сүрініп, ошақ басына қарай далпылдай жөнелді. Әдетте, осындай жылдың бір мезгілінде әкесі киік атпайтын. «Қазір ақбөкеннің үйегі келді, обалы бар, о да Құдайдың жаратқан жәндігі, әрі текесінің бәрі қазір шұбырындыда жүрген қызылмай. Ешкісінің еті жеуге харам», — деп айтып отырғанын Құлан талай естіген. Енді ойда жоқта киік аулаймын дегеніне іштей танданып, сұрамаққа оқталғанда, әкесінің шаң шығарғанын көрді. Содан соң ашу үстінде таяқ жеп қалармын деп, сөзін жұта қойды.

— Өй, сен неғып құлағың салбырап отырсың? — деді әкесі енді кәрі бұған түсіп, — бар, анау атты әкеп, ерттеп бер. Түйе қайда, түйені де айдай кел.

— Қай атты ерттейін, әке? Торыны ма, құланы ма?

— Екеуін де ертте. Сен де барасың менімен бірге. Түйенің бұйдасын ұстайсың. Бар тез, мен бір дара оқ жасап алайын шай қайнағанша.

Бұлаттарды алып келгенде, әкесі бармақ басындай ғып кескен қорғасынды балғамен ұрып жұмырлап, екі табаның арасына салып шықырлатып, домалақтап отыр екен. Ана жақта шешесі көңірсітіп бауырсақ пісіріп, шай қойып жатыр. Қарындасы да бірдемені жамап-жасқап отыр. Әйтеуір, үйінің адамдары ірі әбігерге түсіпті. Түс әлетінде бұлар аттанып та кетті. «Жүріңкіре, қонаға Сөреліге жетіп алайық!» — деп, әкесі мұның жетегіндегі атанды жамбасқа шықпыртып ұрып қояды. «Апырмай, бұрын асығыс жүргенді жаратпаушы еді. Бұл кісі неден ширықты екен!» деп таңдана ойлаған, он екі жасар Құлан атына тебіне түсіп. Әкесі жолай әңгімесін айтар деген үміті ақталмады. Шал біресе аспанға, біресе өңі қашып, сұп-сұр боп жатқан бұдырсыз далаға қарап, селдірлеу сарғыш мұртының ұшын тістелеумен келеді.

— Мына бұлт түйіліп келеді... Текенің бұрқағы болып, қырсығы тимесе... Иә, сәт! Бұлан атам аруақ, өзің жолды оңғара гөр! — деп түсініксіз бір нәрселерді міңгірлеп, өз-өзімен сөйлесіп, сиынып келе жатқанын ғана естіді Құлан. Сонымен, бұлар суыт жүріспен қонаға Сөреліге де іліккен болатын. Жасөспірім баланың бұл араны тұңғыш рет көруі, көз байланып кеткен, жер бедерін де түстей алмады. Әйтеуір, өзен бе, көл ме, құрағы сыбдырлаған бір ойпаңнан өтіпг қырға өрлеп, одан кейін сайға түскендерін ғана біледі.

Бұрын ақбөкен аулағанда әкесімен екеуі бір көз таса жерге қос тігіп, жақсы жайласатын. Содан соң маңдағы киік суатына барып, таңдаған аңын атып алып қайтатын. Етті көбейтіп тұздап, түнге қарай кептіріп, апта жатқанда дүниенің етін алып қайтушы еді. Бұл жолы әкесі қос тіккізген жоқ. Межелі жеріне келгесін, бұған түйенің үстіндегі жүкті түсіруді бұйырып, өзі жаяулап әлдеқайда жоғалып кетті. Содан соң көп уақыттан кейін қайтып келіп, ықшамданып шешініп, кетпен алып, тағы жөнелді. Құлан барлығып келген аттар суысын деп, қаңтарып тастады да, от жағуға кірісті. Әуелі та стай қараңғыда отын табылмай ма деп қорқып еді, ай туып жақсы болды, төңірегі шоқ-шоқ тал екен. Сипалап жүріп қураған бұтақтарын кесіп әкеп, тобылғы шауып алып, тамызықтап от тұтатты. Ай жарығымен сай ішінде жарқырап көрінген қарасудан әкеп шай қайнапы. Әлден уақытта әкесі келді. Ентігіп, екі иығымен демалады Отқа жақындағанда жылт-жылт етіп бетін жуған тер көрінді. Қаңырығы кеуіп, екеуі де қаталап қалған екен. Үнсіз отырып, сықпа құрттан тістеп, қырық құрау кесемен қара шайды ұзақ сораптады. Мана шешесі пісіріп берген етке еріндерін де тигізген жоқ.

— Бері кел, балам, — деді әкесі шайға қанып алған соң. Екеуі бір биіктеу жерге шықты. Ай жарығы ту сырттарынан ұрып тұр. Көлеңкелері зорайып- зорайып, едәуір жерге кетті. — Сен ертең, анау арғы беттегі топырағы қызарып тұрған қабақ бар ғой, сол араға барып бой тасала. Мен соның оң бетіндегі суат басында боламын. Берденкеңді алып, сол жерге жат. Шетке шыққан киіктің текесі болса, атарсың. Бірақ менен бұрын мылтық атып, аңды үркітуші болма. Түсіңдің бе? Ал атты таң асырармыз. Әбден тері кепкесін, осы өзіміз түскен сай табанына отқа қоя саларсың.

Екеуі оттың шоғын сыпырып тастап, орнына тоқымдарын төсеніп, шекпендерін жамылып жата кетті. Шаршап қалған болуы керек, әкесі жамбасы төсекке тиісімен қор ете түсті. Құлан көпке дейін елегізіп, ұйықтай алмады. Бұрын көрмеген жат жер, айдың өлі жарығы себездеген меңіреу түн, оқта-текте естілген түннің жұмбақ дыбыстары ұйқысын шайдай ашып жіберген сияқты. Әрі жылан-шаяны бар жер ме деп те, шөп арасы сыбдыр еткен сайын, жүрегі кеудесін тоқпақтап, әлсін-әлі шошына берді. Ақырында, жата алмайтын болғасын, аттың терлііін бас жағына жастап, төсегінің айналасын қыл арқанмен қоршап барып жаны жай тапты. Бұрқыраған ат терінің иісі әуелі біртүрлі жат көрінді де, соңынан танауы үйренген сияқты болды. Ат терінің иісі шыққан жерге жылан жоламайды дегенді ол талай естіген, тіпті жылан шаққан адамға аттың көбік терін сыпырып ішкізу керек дегенді де құлағы шалған. Көңілі бұл жағынан тынышталғасын, ендігі ойы ертеңгі аңшылыққа ауды. «Мұндай мезгілде әкем аңға шықпаушы еді, шамасы, сәудегерлер пұлға қатты қызықтырған-ау, — деп топшылап жатыр, — онда мүйіз үшін ылғи текесін ататын болдық қой». Әлдебір сәттерде көз алдынан көлденеңдеп киіктің тік мүйізді қызылжон құлжасы ойқастап өтіп бара жатқандай болды. Ақбөкеннің не малға, не жанға жолын кестірмейтінін ол талай рет көрген. Міне, қылаң бауыр, қызыл жон теке қыр үстіне ойнап шыға келді. Алдынан cap желдіріп кесіп өтіп бара жатқан мұны көріп, теке дөңкиген тұмсығын желге төсеп, танауы делдиіп, аспанға шапшыды. Алдыңғы аяғын бүгіп алған, кіресіне қызыл жүн қойдырған жебе дерлік, атылып барып анадай жерге топ ете түсті, көзді ашып-жұмғанша тағы көкке ырғыды. Солайша екі- үш рет ойқастап алған ақбөкен көлденеңдеп зымырай жөнелді, енді жермен жер болып төселіп ағып барады. Мұның да торысы барын салып келеді, жел гу-гу етіп, көзінен жас пар лайды, теке алдын кесіп өтетін тәрізді, алағызып ерегіске түскен бұл атын тебіне түседі. Бір кезде өкшесі шығып кеткен үзеңгіге таре ете қалғандай болды да, бүкіл денесі шым етіп, ол көзін ашып алды. Көзі ілініп кетіпті, әлгінің бәрі түсі екен. Аяғын түбірге соғып, жаман ауыртқанын енді білді. Әкесі ерте тұр деп тапсырып қойған, соған елегізді ме, әйтеуір ол біреу түртіп қалғандай таң саз бергенде оянды. Жерге шық түсіп қалыпты, әкесінің күпісін жамылып жатқан ол жылы төсектен тұрысымен қалтырап жаурап кетті. Аттар да ашығып қалған екен, оқыранып, тыпыршып тұр. Дірдектеп жүріп екі атты суғарып, отқа қойды. Сол екі арада айнала жарық тартып, шығыс жақ белдеуленіп, бозара бастады. Сай қабағына шығып, төңірекке көз салды. Бұл өзі ойлы-қырлы жер екен. Шығыс жағы ойдым-ойдым құрақ өскен кең арна, шамасы, бұлағы болуы керек, жалтыраған су көрінеді, шет-шетінде шоқ-шоқ талы бар, өзі тұрған қыр арқаның түстігі ойпаңды шалқар жазық, терістігі терең сай, табанында шетіне қаймақ мұз қатқан қара су бар. Арғы бет қып-қызыл жаркемеш, онан әрі қарай бірте-бірте жалданып биіктей беретін жайқын дала. Боз жусан, қара көк көде жапқан солқара отгы еңістен Құланның өткір көзі қып-қызыл боп шұбарытқан әлденені шалғандай болды. Бірақ оның жусап жатқан киік екенін, әлде жерінің топырағы қызыл болғасын, солай көрінді ме, ол арасын анық біле алмады. Ал енді ол көрінген ақбөкен болса, шамасы мың қаралыдан кем емес. «Қанжығамыз майланады екен» деп ойлады кенет аңшылық құмарпаздығы бойын билеп алған Құлан жүрегі лүп-лүп соғып. Мұны іздеген әкесінің даусы естілді де, бала қабақтан төмен қарай саптама етігі тарпылдап жүгіре жөнелді. Екеуі асықпай отырып, таңертеңгі астарын ішті.

— Киік келіп қалмай ма, әке? Жаңа мен қарағанда анау қырдың бауырынан бір қып-қызыл боп жайылып жатқан нәрсе көрдім, сол киік емес пе? Бері қарай ауған беті шығар, — деп асықтырып қояды әкесін Құлан.

Әкесі шегір көзі сығырайып, бұған күлімсірей қарады.

— Болса болар, — деді ол шайын ұрттай түсіп, — аптықпа, балам, киік ешқайда қашпайды. Кеше күн қызарып батып еді, нәті бүгін жалтаңдау, ашық болар. Сәске түске жетпей-ақ киігің осында құлар. Атты ерттеп қой, реті қалай келе қояр екен, бізге керек киікті атып алмасақ, қуып алармыз, — деп шал сөзін жұмбақтап тәмамдады.

Кәкір-шүкір шаруасын бітіргесін, Құлан әкесі нұсқаған жерге жөнелді. Шал да құрақты алаптың шетін жағалап, суат басындағы селдір талға қарай аяңдап барады. Сайды көлденең кесіп өтіп, Құлан көздеген жеріне одан бұрын жетгі де, жар басына өрмелеп, қырға бетін беріп жатты. Күн бұл кезде арқан бойы көтерілген, едәуір қызуы бар, қалың киінген бала пысынай бастады, әрі жер шынтағына батқасын, шапанын шешіп, астына төседі, оқтаулы бердеңкесін жанына қойып, қылқыңдап айналасына көз жүгіртті. Ең алдымен манағы еңісті шолды, бірақ дала жып- жылмағай, ақбөкен деген атымен көрінбейді, әкесі жаққа назарын аударды, міне, суат басындағы селдір тал арасынан шалдың қарасы қылт етті де, содан соң жерге сіңгендей жоқ болды. Тал шоғыры өте сирек, оның арасында адам жасырынатын қалқа жоқ сияқты. «Апырмау, әкем қайда кетті, әлде сол жерден апан қазып алды ма екен, сөйткен шығар, түнде кетпен алып, біраз жоғалып кетіп еді» деп ойлады Құлан, күн көзіне жауырынын төсеп, рақаттанып жатып. Әлден уақытта ол маужырап ұйықтап кеткенін де сезбей қалды. Дүрілдеп жосыған тұяқ дыбысы оны шошытып оятты. Басын көтеріп алып, жан-жағына қарады, әуелі бұл араға қалай келіп қалғанын білмей, аң-таң болды да, содан соң бірте-бірте ұйқысынан сергіп, өзінің киік атуға келгені есіне түсті, әкесінің тапсырмасы ойына оралды. «Қара басып ұйықтап қалып, киік ішер суын ішіп, өріп кеткен шығар» деген күдік көңіліне келгенде, зәресі ұшты, алақтап жан-жағына қарады. Тек қыр беттен үйір-үйірімен ойға құлап келе жатқан киікті көзі шалғанда, көңілі демделді. Киік мұның жатқан жерінен бір бүйір етіп, қиғаштап суатқа қарай төгіліп келеді. Міне, үйірдің алды суатқа да жетті. Бүкіл мың сан киіктің басшысы болу керек, бір зор теке танауын желге төсеп, су басына ең алдымен жетгі. Біраз уақыт жан-жағына сезіктене қарап, содан соң суға бас қойды. Қалқиып өсіп қалған лақ, теке, тушалар сол белгі болысымен ентелеп суатқа ұмтылды. «Мынау текені неге атпайды екен әкем, оңтайға әбден келген жоқ па. Ұйықтап қалды ма, немене, өзі!» — деп шыдамсыздана тыпыршып қойды Құлан. Бірақ оның ойын өзге нәрсе бөліп кетті. Құлан бір қайран қаларлық жайды байқады. Киік үйір-үйір болып бөлініпті, бес-он ешкінің ортасында мүйізі қарағайдай бір-бір теке, бір үйірден бір үйірді айналшықтап жосып жүрген жас текелер жолап кетсе болды, мүйізін ала жүгіріп, қуып тастайды. Жас текелердің өзі қарадан-қарап бір-біріне тиісіп, мүйіздері от шыққандай сатырлап сүзісіп жүр. Әлдебір кезде үйірін оңашалап алған дөу теке бір жас шыбышты иіскелей бастады. Шыбжыңдаған шыбыш бір орнында тұрмай жылыстап, ақырыңда үйірді айналып жоси жөнелді. Танауы шелектей болып делдиіп, көзі ежірейген текенің оның соңынан қуып бергенін Құлан анық көріп жатыр. Осылайша теке ешкінің жанын қоярға жер тапқызбай біраз қуды, енді бір заматта шыбыш дәл әкесі жатқан талдың тұсына барып тұра қалды, ентелеп келген теке де оның арқасына шапши берді. Сол сәтте әкесінің шиті мылтығы гүрс ете түсті. Ешкі тұрған жерді, тал маңайын көк түтін жауып кетті, үріккен киіктер дүркіреп қырға қарай зымырады. Әкесі жаққа қарауға мұршасы келмеген Құлан қатар зулап бара жатқан қос жас текені өкпенің тұсынан қабаттай алып тартып жіберді, мылтығын асығыс оқтап, ұзай берген тағы біреуін түсірді. Әкесі де солай жеделдете атуға тиіс сияқты еді, бірақ мылтық даусы шыға қоймады, таңданған Құлан суат басына қарады. Шал тал түбінде теңкиген текенің бауырына төніп, құнжыңдап бірдеме істеп жатыр екен. Енді ататын киік болмағасын, әрі әкесінің мына әрекетіне қайран болған бала мылтығын алып, түйетайлы сай қабағымен солай қарай жүгіре женелді. Ол ентігіп жетіп барғанда көрді, әкесі қамшы сияқты салаңдаған бірдемені киіктің бауырынан суырып алды.

— Бұлне, әке? — деді Құлан шалдың қасына келіп жүрелей отырып, — сойып жатырсың ба?

— Жоқ, балам, қамшысы ғой, қамшысын алып жатырмын. — Әкесінің жүзі жадыраулы, өзіне-өзі риза болған кейпі бар, — жолың жеңіл екен, балам. Бұл бір оңтайы келген іс болды.

— Оны қайтесіз, әке? — деді Құлан шалдың әлгі қамшының ақ ірің жылтырап тұрған ұшын шуда жіппен тас қылып байлап жатқанына таңдана қарап.

— Мұны ма? Мұны ем қылады, балам.

— Бұрын күйек кезінде киікті атуға болмайды дейтін едіңіз ғой, әке? Обал емес пе!

— Зәру болғасын, атпасқа шара не, балам. Обалын Тәңірім кешіре жатар. Емге алдық, шипасы тисе, Құдай қарғамас. Немене, бірдеме түсірдің бе?

— Екеуін жықтым, әке! Екеуі де нән серке, мүйізі қарағайдай.

— Ә-ә! Ендеше, азамат болғаның, балам. Бар, жүгір, атты әкеп, олжаңды қос басына теңдеп апара бер. Мен мына текенің мүйізі мен сирағын алып, терісін түсірейін. Қатын бір нан илейтін жарғақ керек деп жүр еді.

— Мұның етін алмаймыз ба, әке? — деді Құлан аппақ таңына қарайып-қарайып қан шашыраған текеге біртүрлі сескене қарап.

— Жоқ, осы жерге көміп тастаймын. Киікті апар- ғасын, ішін жарып, өкпе-бауырынан қуырдақ қуырып жібер, білдің бе?

— Жарайды, әке.

Бала киіктің шабынан көзін аударып, басына қарады да, бұрыла берді. Мойны бұратылса да, теке тұмсығын ілгері ұмсынып жатыр. Тік түскен күннің сәулесі бадырайып ұясынан шығып кеткен көзіне шағылысып, көгілжім ұшқын шашқызады. Бір сәт Құланға осынау теке тірі сияқты көрініп кетгі. Қазір орнынан атып тұратындай, көзі қанға толып, танауын желге төсеп, көкке шапшитындай. «Текенің қамшысы да ем болады екен-ау. Оны нендей ауруға қолданады екен, ә? — деп ойлады бала ат әкелуге кетіп бара жатып. — Жаңа әкемнен сұрамағанымды қарашы. Әй, жұрттың да ем-дом қылмайтыны жоқ-ау. Аққудың еті, борсықтың, зорманның майы, малдың шелі, шөп-шөңге, тіпті иттің боғына дейін дәріге жарата береді, әйтеуір, әкем мұны Қашқардың сәудагеріне сататын болған ғой. Әйтпесе, біздің елде мұндайды дәрі қылатындар жоқ сияқты еді. Өзі де дәу теке екен. Семіз-ақ шығар. Етінің рәсуа болғанын қарашы». Текенің сирақ, мүйізі, терісін алып әкесі келгенде бұл атып алған киіктерінің өкпе-бауырын кішкене қазанға шыжылдатып қуырып жатыр еді. Қара шәугімдеіі шай да бұрқылдап-сарқылдап қайнай бастаған. Шал келе салысымен кетпенді алып, анадай жердегі шұбардан тобылғы шауып әкелді. Содан соң белек от жағып, үстіне жасаң тобылғыны үйді, соның үстіне талдан мосы орнатып, манаты қамшыны астына байлады. Кермектеу иісі бұрқыраған тобылғы түтіні мосыны жауып кетгі.

— Ыстайын деп жатырсың ба, әке? — деді Құлан тағы таң-тамаша қалып. Өйткені өз елінде қымыз күбі, саба болмаса, ет ыстауға онша мән бере қоймайтын.

— Иә, балам. Мұның машақаты көп көрінеді ғой. Әуелі ыстап, одан кейін әбден сүрленіп, мейіздей болғанша кептіреді дейді.

— Онда мұны жейтін болды ғой, әке?

— Мүмкін, жесе, жейтін де шығар.

— Мұны қалай жейді, әке? Жиіркенбей ме? Өзін нендей ауруға ем қылады екен?

Шалдың мұрты жыбыршып кетті. Ол ашулан- ғанының белгісі.

— Сен де бір көк мылжың болмасаң нетті, балам, — деді ол ұлына ажырая қарап, — неге дерің бар ма, әйтеуір ем қылады да! Жоқтан өзгені шұқылап сұрай бергенше, алдыңдағы тамағыңды дайындасай. Бұл бала деген итте ес болсайшы, әр немені бір қазбалай береді, қазбалай береді.

Құлан жым болды. Шал күңкілдеп ұрсып, бұл атып алған киіктің терісін түсіруге кірісті. Одан кейін талай заман өтті. Шиті мылтығын бұған мұраға қалдырып, әкесі де өтті дүниеден. Қашқардікі ме, Құлжанікі ме, әйтеуір ит арқасы қияннан келген теке сақал қызыл көз сәлделі саудагердің қолқасымен Құланның өзі де күйек кезі текенің бұрқағы дейтін қарлы-жаңбырлы мезгілде киік аулағаны бар. Мойнын салып жіберіп, ешкінің жанын қоярға жер тапқызбай қуып келе жатқан теке әлі көз алдында тұрғандай. Тұмсығы дөңкиіп, танауына қос жұдырық сыйғандай теке көзі шатынап зулап келеді. Алдында от пен су тұрса да тайынар емес. Неше ықылым заманнан бергі соқыр сезім бойын әбден билеп алып, есі кеткен жуас аң қазір айбарлы да өзгеше сымбатты. Осынау алдында безіп бара жатқан шыбыштан өзге өлі-тірі дүниенің бәрін олұмытып, басқаға қарайлауға да, қарауға да мұршасы жоқ. Там төбесіндегі тесіктен көрінген от орнындай аспан көлеміне қарап жатып, Құлан сол бір ұмыт болған елесті есінде қайта жаңғыртып еді. «Апырмай, кейде адам да сол киік құсап кете ме, — деп ойлады Құлан. — Бірдемені ойына алса, солай шығар-ау... Әй, бірақ, адам адам да, тағы тағы ғой».

— Құланаға, кел, шайішейік, — деген Майлықтың мыңғырлаған үні оның ойын бұзып кетті. Әзірде ұры бір сыртқа шығып кеткендей болып еді, қара шәуііммен су әкеп, шай қойған екен.

— Ау, осы сен суды қайдан алып жүрсің, көлден бе? — деді Құлан.

— Жоқ, мына қыстауда құдық бар, содан аламын.

— Е, е, ендеше, мен сені көлге барып жүр ме десем.

— Алла саңтасын! — деп шошып кетті Майлық, — түн ішінде көлге барып, пері соғып кетсе...

— Ал иесіз қыстаудан, мына моладан неге қорықпайсың?

— Бұдан қорқып... аруақты жер ғой, Қошқарбай батырдың аруағы желеп-жебер. Әй, сол кісілер де нағыз жүрек жұтқан ер болған-ау. Сіз естідіңіз бе, естімедіңіз бе, білмеймін, бір жолы солкісі жорықтан талып-шаршап келе жатып, бір бұлақтың басына ат шалдырыпты дейді. Өзі батыр адам неден қорықсын, тоқымын төсеніп, ерін жастанып, мызғып алайын деп жатып қалса керек. Ол кісілер ұйықтағанда кеудесі көрік құсап көтеріліп түсіп, демімен жер көшіреді екен той. Содан бір кезде бірдеме жыбырлағандай болғасын оянса, дәл кеудесінің үстімен әйдік қара шұбар жылан жорғалап келеді дейді. Бәленің бетін аулақ қылсын, батырдың аңырайып ашық жатқан аузын ін деді ме, кім біледі. Бір естігенім, ол пәлекет адам аузын ашып жатса, соған кіруге құмар болады екен ғой. Ол кіргенде ұйықтаған адам суық су жұтқандай сезіп, тырп етпесе керек. Сонымен, әлгі кәпір жылжи береді. Батыр қозғалса, шағып алатынын біледі де, қыбыр етпейді. Сонда деймін-ау, қайтіп міз бақпай, қорықпай-үрікпей шыдап жатты екен десейші. Бір заматта әлгі пәлекет жарықтықтың аузына басын тыға беріпті. Сол-ақ екен, батыр да кірт еткізіп (ол кісілердің тісі қасқырдың тісіндей ғой) жыланның басын тістеп бөліп алып, «ңақ тіфу» деп атып жіберіпті. Сонда деймін-ау, тулаған жылан шарт еткізіп, құйрығымен батырдың қарнына салып өтіпті. Соның таңбасы көкпеңбек боп өмір бойына тәнінен кетпепті ғой. Жарықтықтардың, жер хабар бермесін, жүрегінің түгі бар ғой. Біз болсақ, сондай оқиға кездессін бар ғой, жүрегіміз жарылып өліп кетеміз.

— Иә, баяғыда нелер сабаздар өткен ғой, — деп қостап қойды Құлан, кетік аяқтан қара шайды рақаттана ұрттап отырып. — Бала әкесінен ширек елі төмен дейді ғой, біз олардың ширегіне келмейміз. Мерген, мерген десе де, мен өзім әкем марқұмның маңайынан жүре алмаймын. Ол кісілер аузынан оқталатын жаман шиті мылтықпен-ақ дүниенің аңы мен құсын алушы еді. Көздегені мүлт кетпейтін еді ғой, топырағы торқа болғырдың.

Осылайша Құлан мен Майлық терлеп-тепшіп қара шайды сораптап отырып, арғы-бергіні қозғап түнімен әңіімелескен болатын. Екеуі де түні бойы Қадыр түнін күзеткен діндарларша көз ілген жоқ. Таң қылаң бере Құлан қоштасып, аттанып кетті. Майлыққа риза болып аттанды. Өзге жұрт сияқты ұры мұның қайда барып, қайда қоятынын сұраған жоқ. Құлан бір қайырылып қарағанда, Майлық қорбаңдап, көл жағасында жүрген атына қарай кетіп барады екен. Сол сәт «осыны неге қасыма ертіп алмадым екен» деген ой can ете қалды. «Қой, кеселім тиіп, обалына қалармын. Ол болса тазарып ақталып келе жатқан адам, мен қашқын, оным жарамас» деп ойлады олартынша. Сол бетімен тоқтамай жортып, Шошқалыдағы байдың үйіне соғып, қымыз ішіп, байлаған атын алып, осы Қоғалыөткел басына құлаған. «Қап, құданың құдіреті, сонда есіме келмегенін қарашы», — деп ойлады Құлан су басына қарап аяңдап келе жатып, — пайдасы тиер-тимес, әйтеуір ерқара боп қасымда жүрер еді ғой. Мына заманда серіксіз жүру қатер екен. Әлгі қайыршы сияқты қашқан-пысқан біреу аңдып тұрып жайрата салса, көмусіз қаларсың. Айтпақшы, сол неменің өзі қайда кетті? Әлде зытып отырды ма? Қой, қашып қайда барады. Мейлі, өз обалы өзіне, барса, барсын. Менің нем кетіпті». Осы ойға тоқыраған Құлан бұқпалап сайдың шетіне жақындады. Әредікте су бетін сызып бір- екі қасқалдақ пен кегер үйрек жүр. Міне, қамыс арасынан қоңыр мойын жалпақ тұмсық үйрек шыға келді. Құлан мылтығын ұмсына берді де, тоқтай қалды. Әлгі үйректің соңынан шұбырып, тырнақтай тізілген бала үйректер көрінді. «Мұның аталығы да осы маңайда жүр ме екен? Әй, көрінсе... Бір жас ет болып қалатын. Әлде анау қасқалдақ, кегерді атсам ба екен. Бірақ шөмшиген немелерде жөнді ет те жоқ- ау». Құлан осылайша дағдарып тұрғанда суылдаған қанат дыбысы естілді де, іле бір көк ала мойын өткел басын айнала берді. Аңшы жермен-жексен боп жата қалды. Қоңыр үйрек қырқ етті. Сол сәт көк ала да қамыс басын жанай төмен құйыла берді. Құлан еңкеңдеп кейін қарай жүгірді. Ентігіп кеп қосардағы атқа артқан жүгінің арасынан бердеңкесін суырып алды. Өзінің бала күнінен бері тұтынып келе жатқан жиырма сегізінші калибрлі дара ауыз затворлы бердеңке. Винтовкамен атса, құстың парша- паршасын шығарары анық. Құсқа осы бытыралы мылтық лайық. Бұл суат басына қайта келгенде, құстар едәуір ұзап кеткен екен. Бердеңке оғы жетсе, әлсіреңкіреп жететін тәрізді. Көк ала мойын алдыға түсіп алыпты, қиғаштай тартып, арғы бетке қарай өрлеп барады. Құлан бердеңкесін оқтап, сарт еткізіп затворын жапты. Жіті қимылмен мылтықты да көтере берді, сол көзін де жұмған жоқ, оң көзін сәл сығырайтқаны болмаса, тіпті көздемеген сияқты, дүмі иығына тие бере-ақ тартып жіберді. Күрс еткен дыбыстан өзен басы тітірене жөнелді. Әлдеқайда құстар шулап, көп қанаттың сатыры естілді, құйрығы шоштаңдаған кегер, қасқалдақ, үйрек балапандары су астына сүңгіді. Қоңыр үйрек қанатымен су сабалап, жанталаса көкке көтерілді де, өзен бойлап зулай жөнелді. Түтін сейілгенде, Құлан сонау алыста су бетінде тақиядай болып жатқан қарайғанды көрді. «Бәсе, қара мылтығым жібермесе керек-ау, — деп күбірлеп масаттана езу тартты аңшы. — Бұйырса, бір несібе болып қалды. Мұны енді алып келу керек. Атпен барған жөн шығар. Ay, айтпақшы, жаңағы қайыршыны неге жекпеймін. Тамақ керек болса, әкелсін. Оны сырттан торытқанша, көз алдыма ұстайын. Әлі, құс әкелемін деп жүргенде, бір атыма мініп қашып кетер. Қой, сол немені тауып алайын».

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

— Ал жарқыным, жөнінді айтшы! Неғылған жансың? Қайдан келіп, қайда барасың?

Құлан таяққа шаншып үйтіп отырған үйрегінің төстігін отқа тосып, шегір көзі шақырайып, бейтаныс жанға көз тікті. Манағыдай емес, мүсәпірдің мүсіні көзіне кәдімгі адам сияқты танылды. Суға түсіп, кір- қоңы, жол шаңынан ада болғандікі ме, бейтаныстың бет-бәдені әжептәуір көрінеді. Қу жақ келген құс тұмсық шикіл сары. Бет-аузын жауып кеткен жіп- жирен қауғадай сақал-мұрт болмаса, жас шамасы қырықтардың о жақ, бұ жағында сияқты. Тек ақ сабан түсті қас-қабағы, кірпіксіз көзі жігіт шырайына біртүрлі репетсіз өң беріп тұр. Сол оңған сабан қабақтың астынан бейтаныстың тұздай көзі, тағы да үріккен бе, сезіктенген бе, белгісіз бір рай байқатып, жер шұқылап кетті. Құлан оны асықтырған жоқ. Шынын айтарына да күмәнді. Ағынан жарылса да, әлде қиыстырып қайдағы жоқты соқса да, бұған бәрібір. «Бір кездескен мүсәпір, ол өз жолымен, бұл өз жолымен кетпей ме?». Жайма-шуақ отыр. Қырдан теріп келген ақ жапа күн көзіне қақталып, әбден кеуіп қалған екен, өлтірген ашутас сияқты аппақ күлі төгіліп, лаулай жанады. Үйітілген семіз құстың майы шоққа шыж-шыж тамып, аранды ашырғандай дәмді иіс от басын алып кетті. Қарны аш бөрідей шулаған Құлан жұтынып қояды. Мына мүсәпірдің де көзінің астымен үйрекке қадалып, жұтқыншағы жоғары-төмен жүгіріп, сілекейін тамсана жұтып өліп отырғанын байқады.

— Алыстан келемін, аға, — деді жігіт тамағы шиқ етіп, — Қостанайдың ар жағынан. Мен Троицкіде туған. Қостанайда Юлдашевтің магазинінде приказчик болып жұмыс қылдым.

— Өзіміздің Қостанайдағы ақ дүкенде ме?

— Иә, иә, дәл солай. — Бейтаныс «сеніп отыр ма, жоқ па» дегендей Құланға көз тікгі. Бірақ аңшының күн қақты жүзінен пәлендей сыр біліне қоймады. Көзі сығырайып, от қарыған беті қатпар-қатпар боп қызарыңқырап, үйректі айналдыра берді. Әйтсе де бұрынғысынан өңі жылыған сияқты. Әлде бұған солай көрінді ме?

— Байлар мен көпестерден мен көп-көп қорлық көрген.

— Оның рас, кісі есігінде жүрген оңай емес, — деп қалды осы сәт Құлан әлдебір нәрсе есіне түскендей шоқ талдың үстінен жіптіктей болып көтерілген түтінге қарап.

Әр саққа жүгірте бұлталақтатып, әңгімесін үздік- создық айтып отырған мүсәпір тұмсығын омырауына көміп, жымың ете түсті. Ілгешек тапқанына қуанғандай.

— Қожайын маған дала қазақтарын алда дейді, — деп сөзін жігерлірек сабақтады, — но мен көнбедім. Сол үшін мені ұрды, жұмыстан қуды. Мен басқа қожайынға бардым. Ол да жаман. Ештеңе істей алмайсың оларға, жұмыс қылдым. Революцияда қожайындар қашты. Менікі көз ашылды.

— Немене, кәмессар болып кеттің бе? — деді Құлан бұған қаталдау көз тігіп. Аңшының кәмессар дегенді ұнатпайтынын бейтаныс түсіне қойды.

— Жоқ, жоқ, — деді ол сасқалақтап, — мен комиссар болмаған. Жәй банкада кассир... қалай айтады, иә, ақша беретін адам болып жұмыс қылған. Жалақы аз, семья көп, содан кейін нэпмандар...

— Нәпмәнің немене?

— Ол бай, көпес, таты да магазин, лавка ашқан, халықты жеген адам. Жаңа политика бойынша солай еткен. Совет отан право берген.

— Ә, ә, енді түсіндім. Сен әлгі жаңа низамды айтып отырсың той. Әлгі біздің байлар да былтыр, алдыңғы жылы «үкімет байды, малды, егінді көбейт деп айтты, нэп, нэп» деп біраз күпінді той. Осы күні «салықпен жанымызды шытарып барады» деп еңірегенде етегі то лады.

— Иэ, иэ, нэп, солай нэп. Вот, сол нэпмандар магазин, ресторан ашты. Семья көп, ақша жоқ, мен соларта приказчик болдым.

— Таты да байдың қол астына түстім десейші.

— Иэ, иэ. Бай жаман, халықты алдайды. Мен қор- лық көрген. Кэп қорлық.

— Ал бай жаман болса, мекемеге, советке неге қызмет қылмадың? Неменеге қорлық көріп жүресің?

— Мен қызмет қылдым, бірақ бақыт болмады. Жаман жағдайта кездестім мен.

— Ол немене жаман жатдай?

— Мен айттым той, семья көп деп. Вот, кәрі ата, әже, қатын, екі бала, қарындас бар. Қарындасым жақсы қыз.

Сұлу, ақылды. Вот, сотан комиссар қатты қызықты. Оның қатыны өлген. Менің қарындасыма тамыр бол дейді. Ол батынбады. Сосын комиссар ашуланды, қатты ашуланды. Тартып аламын дейді. Мені чуть тюрьмаға отырғызбады.

— Тап айна қатесіз біздің ауылдың аташ белсен- ділеріндей болды той, бірдеме десең, боржой, көнтр деп шыта келетін.

— Дұрыс, дұрыс, дәл солай. Сол комиссар қарын- дас қызды ұрламақ еткенде, мен отан пышақ салтан. Сосын мен қаштым.

— Қайда қаштың? Шамасы, бетің ауган жаққа жүре бергенсің той.

— Иә, иә, мен Турғай, Иргиз бармақ болдым. Онда татар аға бар. Бірақ қараған жоқ, караван Батпаққара жүрді. Мен соған міндім. Жолда көп қорлық көрдім. Тамақ жоқ, ақша жоқ. Қайыр сұрадым. Жаяу осында келдім.

— Адасқансың ғой нәті? Бүгін де ел жүрмейтін ескі сүрлеуге түсіп кеткенсің ғой. Әйтпесе, бұл жерге келе алмас едің.

— Дұрыс, адасқанмын. Екі күн жүргенмін Батпақ- қарадан. Қатты көп шаршадым.

— Алда, мүсәпірім-ай, солай де. Екеуімізді Құдай кездестірген екен. Іштен қашқан сен, қырдан босқан мен уәделескендей жолығыппыз. Өзіңнің де қарның ашқан шығар. Мә, же! — деп Құлан қоңырайып піскен үйректі қақ бөліп, жартысын мүсәпірдің қолына ұстатты. Қашқын қасқырша ауызды салып жіберіп, майын омырауына тамыза-мамыза қүс етін тісімен жұлып жей бастады.

— Әңгімең әңгіме-ақ, — деді Құлан аузы қомпаңдап, үйректің сүйегін күтірлете шайнап, — тек үйлестіріп соғып отырмасаң.

— Жоқ, жоқ, — деді қашқын етті түйіле жұтып, — менікі өтірік емес. Құдай біледі, оллаһи, биллаһи. Сенбесең, мені өлтір. ЕІеге мен өтірік айтамын?

— Иә, бәсе, өтірік айтатын не ретің бар. Мана естідің ғой менің Құлан атымды. Қазір мен құдайдан болмаса, адамнан қорықпаймын. Басып салып жүріп кетсем, құныңды сұрайтын ешкім жоқ. Жә, оны қояйық. Шошымай, тамағыңды іш. Құланның мүсәпірге істейтін иттігі, қиянаты жоқ, түсіндің бе? Ел аралап келе жатқанда Құланның кім екенін естіген шығарсың?

— Естідім. Бек жақсы естідім. Сіз батыр. Патшаға қарсы соғысқан батыр.

— Дұрыс, дұрыс. Өзіңмүсәпір болсаң да, бірдемені сезеді екенсің. Оқығаның бар-ау, қанша дегенмен. Ал енді үкіметтен мен де қашып жүрген адаммын, оған сенесің бе?

— Сенем ақсақал, сенем.

— Сенсең, сол. Мендесеніңсөзіңеилаңдым. Маған бір ой келіп тұр. Сен маған ер, серік бол. Өлмесіңе мен кепіл. Өйткені Торғайға барсаң, ұсталасың. Онда милица бар, өткен-кеткенді тексеріп тұрады. Нақа сенімді адамың, әлгі ағам дедің бе, кімім бар дедің, жасырып ұстай алса — жақсы, ал жасыра алмаса — өлгенің, мүсәпірім. Ойлан, адамым дініне берік десең, онда жолыңнан қалдырмаймын, тарта бер. Тіпті жолға да салып жіберейін, астыңа анау атгы да мінгізейін, жақсылығы құдайдан қайтар. Жаяу-жалпылап, ит өлген жер Торғай, онан әрі Ырғыз, Ақтөбеге жете алмайсың. Қабырғаңмен кеңес, мүсәпірім. Мен шай қойып жіберейін.

Құлан дік етіп орнынан көтерілді де, қоржынынан қара шәугімін алып, суат басына қарай жөнелді. Мылтығы тал басында ілулі қала берді. Мүсәпір от басында ойланып отырып қалды. Анда-санда басын көтеріп, су жиегіне шөкелеп отырып беті-қолын шайып жатқан Құланға қарап қояды. «Ал егер мына винтовканы алып, басып салса, қалай болар еді, — деген ой еді ең алдымен оның көңіліне оралған, — жарайды, қаруын, аттарын аламын. Сосын қайда барасың? Жапан дала, жолтаба алмай, адассаң ше? Ел ішімен тағы жүре алмайсың. Құланның атын бәрі танитын болар. Егер орманды, тау-тасты жер болса бір сәрі. Мына тақтайдай жазық далада қайда бой тасалайсың. Ертең-ақ қолға түсесің, әйтпесе, қақпалаған қасқырдай етеді. Сосын... жоқ, ол жарамайды. Тұра тұр, бұл советтен, милицадан қашып жүрмін деп өзі айтты ғой. Егер даладан ұстап алдым деп қалаға, Торғайға айдап апарсам ше? Сене ме, сенбей ме? Өзің кімсің деп тексеруі мүмкін ғой. Бұған нана қоймас. Оларда менің суретіме дейін бар шығар. Қалада агенттер тіміскілеуде ғой, мұнда да хабарлағаны сөзсіз. Және мұны қалаға қалай жеткізесің. Жолдың бәрінде өзінің киргиздары. Екеуімізді де милицияға ұстап берер. Тіпті мені ұстап беріп, мұны қашырып жіберуі де ғажап емес. Жоқ, ол әдіс те жарамайды екен. Ал амал жоқ, сотник мырза, енді сіз киргиздің айтқанына көніп, соған құл боласыз. Бәлкім, алдап-сулап, мұны өзіммен бірге шекараға дейін алып кетуге жағдай туар. Сосын шекарадан өтерде бір айла табасың ғой. Талай қақпаннан құтылған бөрі емессің бе?». Осы құралыптас ойлармен отырып, олқұнжыңдап қалтасының түбін қаға бастады. Қалған-құтқан махорканың қиқым-сиқымын уысына жинап, газеттің жыртындысына орай бастады. Темекесін шаладан тұтатып, рақаттана сорды. Сол сәт Құлан да от басына қайтып оралды. Мүсәпір оған қарап ыржиып күлді. Жүзінде шексіз риза болған адамның кейпін беруге тырысып:

— Мен ойландым, ақсақал, мен сізге қызметкер болады, — деді.

— Әп-бәсе, айттым ғой, түйсігің бар адамсың деп. Мен де ризамын саған. Әйтпесе, ағымнан жарылайын, жаңа осы неме мылтықты алып, жазым ете ме деген ой да бүйірімде тұрды. Рас, мылтық оқтаусыз ғой, бірақ білген адам шоқпар қылса да бір айла жасамай ма?

— Жоқ, ақсақал, мен мылтық ұстамаған адам. Мен счет ұстадым, қағаз жаздым.

— Солай де, — Құлан мүсәпірге елеусіз ғана көз тастап қойды. Әлгі сөзіне онша сеніңкіремегендей. Бірақ ол жайында бәлен деген жоқ, әңгімені басқаға аударды. — Ненің иісі десем, мәкірке тартады екенсің ғой. Бағана көргенде-ақ мүңкіп қоя беріп еді-ау. Неменеге тартасың осы бәлені, өкпе-бауырыңды ыстатып?

— Біздікі үйренген, ақсақал. Көңілді көтереді, жақсы болады.

— Ой, қайдан жақсы болсын. Хақ тағала әуелде он сегіз мың ғаламды өлшеп жаратқан ғой. Адамның өз несібесі бар емес пе. Темекі мен арақ соның қай жерінде. Ата-бабаларымыз арақ та ішпеген, темекі де тартпаған, сонда да өлмеген. Адам өзінің тірлігіне қажетті нәрсені ғана пайдалану керек емес пе?

— Рас айтасыз, аға.

— Рас болса, сол. Мысалы, сен темекі тартасың. Арақ та ішетін шығарсың?

— Ішем.

— Ал сен осы иіс-қоңысыңмен аңға шығып көрші. Жөнді аң ала алмасыңа мен кепіл. Олнеге десең, сенің иісіңді бір шақырымнан аң сезіп тұрады. Сосын ол сені маңайына жолата ма, жолатпайды, әрине.

— Жарайды, бәрі құрсын, — деді Құлан сәл үндемей отырып, — шай қайнатып ішейік. Содан соң біраз жатып, демалып аттанармыз. Айтпақшы, атың кім өзіңнің?

— Менің бе? — деп қайыра сұрап алды мүсәпір, темекісін сорғыштап, біраз мүдіріп барып жауап қатты:

— Абдул.

— Абдол? Жарайды, Абдол болсаң, Абдол бол.

БЕСІНШІ ТАРАУ

Құланның бір өзіне ғана мәлім бағытпен екі атты жортып келеді. Бұлар өткел басынан кешкі алагеуімде аттанып кетіп еді. Қазір көз байланып, айналаның бәрі көкшіл мұнараға бөкті. Аттылар бейне көл- көсір болып жер-дүниені алып кеткен шетсіз-шексіз теңізді кешіп келе жатқандай. Құлан өткел басынан шыққаннан ат тұмсығын түстік-шығысқа тіреп еді, содан бір ауған жоқ, ер үстінде қоладан құйған мүсіндей бір қозғалмастан алға түсіп, шекіте берді. Иесінің мінезіне сыралғы ақбоз да тізгін қақтырған жоқ, жорғаға бергісіз аяңмен алшаң басады. Құлан көңілі қазір жайланған. Бағана шайдан кейін, бір жағы, қажығасын, мызғып алмаққа, бір жағы, серікке алған мынау соңында қопаңдаған бейтанысты тағы бір сынамаққа жата қалған. Қаны бұзық ұры-қарының бетпе-бет келуге жоқ, көбіне бейқам, ұйқыдағы немесе жалғыз-жарымды жем қылуға жақын тұратынын ол білетін. Сондықтан бір сыр алдырсаң, осы жерден алдырарсың деп, ұйықтаған қалып байқатқан. Бірақ өзінің ежелгі аңшылық дағдысымен қыбыр еткенді сезіп, сергек жатқан еді. Әйтсе де бейтаныс бұған қастық қылайын деген ыңғай байқатқан жоқ. Қара сәтенментысталған қырық жамау шапанын басына бүркенген бойы құнысып жатып еді, сол қалпынан тырп етпеді. Ұйықтады ма, жоқ, ол да мұнан қауіптеніп, бағып жатты ма — ол арасын Құлан айыра алмады. Арагідік көзі ілініп кетіп, тағы оянып, әйтеуір жөнді ұйықтамаған тәрізді болса да, аңшы көп сергіген екен. Өзі ниет қылған мерзімде тұрып, атқа қонды. Енді, міне, ойда жоқта серік табылғанына риза болып келеді. Ерте заманда ол аңға соқа басы шығатын. Тіпті жеке-дара жүргенді тәуір көруші еді. Он алтыншы жылғы дүрбелең айқастан бері көп ішіне үйреніп қалғандікі ме, әлде қартайғаны ма, жолдассыз жорту мергенді кей-кейде қамықтыратын. Тіпті мына қуғында жүргені де соған бір жағынан себепші шығар. «Бәріміз де пендеміз ғой, — деп ойлады ол, — бұл бейшараны мен атып та тастай жаздадым-ау. Қолымды Құдай қаққан екен. Аманшылық болса, осыдан барғаннан барып отырып, Қостөбенің өкпе тұсынан құласақ. Соның қолатында Шарбақбайдың ауылы бар ғой. Күзекте отырған шығар. Қар бір жауғанша малсақ неме тырысып қыстауына көше қоймайтын әдеті емес пе еді. Әй, бірақ сол иттің ниеті жаман еді. Оң қабағын көрсете қояр ма екен. Бүгін де бұрынғы жалбақтайтын жандардың біріне сенуге болмай қалды ғой. Тағы кім бар еді, Құдай-ау, бұл маңда. Рүстембай болмаса. Соның үйіне түсіп, ат шалдырмасам. Аунап-қунап, бір бел босатып алмаса, адам азып кетті. Мен барсам, ол байғұстың жаны қалмас-ау. Әлде ол да көбеңсіп, қашқынсың деп одырая қарар ма екен. Қанды көйлек жолдас еді ғой, неге өйте қояды. Ой, шатастырған Құдай-ай, мен де сол сияқты шаруа бағып үйде тыныш жатсам, әуелден жағам жайлау, төсім өріс болмай ма? Әліптің артын бақ деген бар емес пе. Мен батырмын, мен мергенмін деп кеуіп, ақкөзденіп, жұртқа өктемдік жүргізгім келді. Ой, қараңғылық-ай, баяғының батырының заманы өткенін білгізбеді ғой. Әгтең, дүние-ай десейші, Сардар мен Жагордың баласы Апанас он сегізінші жылы дуанда қал деп осынша жабысып, үгіттегенде көнбей кетіп едім. «Бір қызметтің басын ұстатайық, елге беделің жүреді, атағың бар адамсың, Советке тағы біраз қызмет қыл, патша мен әлгі, кім еді, Кәренски құлағанмен, бай-бағланның белі әлі сынған жоқ, ескі тәртіпті қаусату үшін талай арпалысамыз» дегенде, құлағыма кірмеді-ау мен миғұланың. Қайдан білейін, енді бәрі орнына келді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды орнаттым деп бөсіп жүрдім- ау. Мен де енді ақ үй тігіп, байларша бір шалқиын деген ой көкейіме құрт боп түсті. Байыдың атаңның қақ шекесі. Қайта басыңды бәлеге байлап алдың». Құланның көз алдына биылғы көктемдегі оқиға қаз- қалпында келе қалды. Көкек айының іші болатын. Онда мұның маңына үйірілген Теке руының жеті үйі, көк әбден жетілсін, тасыған су қайтыңқырасын деп, көң маңына киіз үй тігіп отырған. Сол жылы қыс қатты болды да, бұ шағын ауыл көктемге жүдеп жетгі. Бұрын қарасыны едәуір көрінетін бар үйге тиісті бірер отар қой-ешкінің тобы селдіреп қалды. Және малдың көбі көтерем арық-тұрақ. Көкке ауызы тиді, енді оңалып кетеді ғой деген үміт қана көңілге медеу. Бұлардың мекенжайларынан даөңкеткен. Сонау көктайғақта малға талғажау болсын деп, төбесіндегі қамысы сыдырылған қора-қыстаулар аңырайып-саңырайып, адамның зәресін алғандай. Сүмесіне қараған малы ашыққасын, өздерінде де қыстай күй болмаған ауыл адамдарының да кейпі онша келісіңкіремеген. Әйтеуір, бір тәуірі, аңшы бұларды жұртқа телмеңдетіп, ешқайда қаңғыртпады. Қара мылтығы мен Ақбоз атының арқасында талай аң алып, етін тамақ, терісін сатып астық қылды. Бұл күнде Құлан көңілі сергек, өмірдегі барша мұратының көбіне қолы жеткен тәрізді. Ешкімге жалтаңкөз болмай, орта дәулетгі иеленсем деп еді. Өткендегі аласапыран кезінде батыр аты шығып, дәуірлеп тұрғанда, бұл ай-шайға қараған жоқ, бірқатар байлардың малынан өз «еншісін» сұраусыз- ақ бөліп алды. «Өкімет кедейдікі, жер де, мал да кедейдікі болады» деген сөз құлағына әбден сіңіп, оның ар жағындағы саясат-маясатына мерген көңіл бөлген жоқ. Бір таңғалғаны жарлы-жақыбайларың, дәулеттілердің малын пышақ үстінен үлестіріп алмағандығы. Әуелде бұған тіпті жаңа өкіметтің өзі орнай сала мал-жанды өзі сияқты Совет жолында соғысқандарға таратып беретіндей көрінген. Бірақ революциядан кейін төрт-бес жыл өтіп те кетті, шонжарлардың тұнығы шайқалмаған сияқты. Қайта НЭПдегенжаңа низам, заңшығып, байлар бұрынғыша дәуірлей бастағандай. Сол уақытта баяғыда Құлан малынан біраз үлес алған бай-бағландар бұдан елттті салып есе даулады. Бірақ мерген оларды беттетпеді. Ерте кезде азып-тозып бытырап кеткен жеті үй Текесін маңына шоқтай үйіріп жинап алды да, елдің шетінде, желдің бетіндегі Қайрақты өзенін жоғары- төмен бойлап көшіп, тыныш өмір сүре берді. Малын жоқтағандар жанынан қорқып, өз бетімен бұл ауылға маңайласа алмады. «Өкімет арңылы бәленшекең мен түгеншекең ізденуде екен, милиция шығарып, Құланнан малый өндірмекші» деген ұзынқұлақ хабарлар еміс- еміс дүңкілдеп бұл ауылға жетіп те жатты. Теке адамдарының кейбір жерқорқақ кәрілері немесе жаугершілікте зәрезап болып қалған қатын- қалаштары уайым айтса да, Құлан оған айылын да жиған жоқ, өзіне ешкімнің тимесіне сенді. Бірақ әлгіндей домбытпа сөздерді естіген сайын әлденеге көңіліне секем алып, іштей қобалжитын- ды. «Совет өкіметіне сіңірген еңбегім зая кете ме? Жанымды шүберекке түйіп, үш жыл бойына қан майданда дұшпанмен арпалыстым. Кедей десе — кедей, жарлы-жақыбай десе — жарлымыз. «Қансорғыш сүлік, қанаушы тап бай тобы, олар советтің жауы» деп кеше дуанда, бүгін ауыл аралаған комиссар, уәкілдер айбат шегеді. Олар ауызбен айтса, мен қолмен атқардым, тартып алдым сол қансорғыштардан кедейдің есесін. Бұл ісімнің несі оғаш? Әлде сардармен тізе қосып соғысқан қызыл сарбаз мен жауласқан жауыма барып, тағы жалпы етек болып жалға жүруім керек пе еді? Сонда не үшін алыстым, сүргін жорық, төккен қан, өлген жан — бәрі бекер болғаны ма?» деп қинала ойланатын Құлан. Бүгін жайырақ тұрып, ертеңгі шайын ұзақ отырып, асығыссыз ішкен Құлан сәске түс кезінде сыртқа шықты. Ауылдан аулақтап барып, дәрет сындырып, төңірекке көз салды. Бұл ара да Қостоғыс аталады. Даланың көктемде өткел бермес арынды асауға айналатын көп шолақ өзендерінің бір саласы осы жерде Қайрақтыға келіп құятын. Сол арнаның терістік жағындағы садақша иіліп келген қолтықта жеті үй Текенің көңдері тұр. Көң-қыстау болғанда, бұлардың өзі небәрі төрт-ақ үй. Құланның аталы-балалы, ағалы-інілі дейтіндей тумаларының қыстаулары жапсарласа салынған, еншісі бөлінбеген үйлер. Жеке-дара көлеңкелі қабақ үстіндетұрғантекаңшыныңөзмекені — қамысталмен жабылған жалпақ төбелі саман кірпіштен қаланған жаңа үй. Айналасы көң-қордадан тұрғызылған албармен қоршаулы. Өзге үйлер де көнергені болмаса, дәл сондай, тек қамысы алынған қора-қопсылары ашылып-шашылып құлазып, қаңырап қалған. «Қыс аяғы тағы бір аптаға созылғанда ақсирақ болып, жұтағандай екенбіз-ау, — деп ойлады мерген, — әйтеуір Құдай сақтады. Иншалла, биыл қар да көп түсті, судың тасуы да тәуір, әлі-ақ жетіліп кетерміз». Орнынан көтеріле бергенде байқады, сонау ат шаптырым Амантоғай беттегі дөңнен бір-екі қара ноқат төмен қарай лекіте құлдилап келе жатыр екен. Сағыммен көтеріліп мұнарланған көк жасыл кілемдей дөң төсін таспадай тілген қара жолды бойлай келеді. «Бұлар Есілге өтіп бара жатқан біреулер ме, әлде біздің ауылды бетке ұстаған адам ба? — деп ойлады Құлан. — Қопаңдап ауыл арасында шапқылағандары жаман, осылар ағаш белсенді болмаса нетті. Ақырып- бақырып қатын-қалаштың берекесін қашырады, басқа бітіретін жұмыстары жоқ. Бірақ өзім барда ондай істей алмас. Мейлі, енді кім болса да келе көрерміз». Құлан әлгі екі атты бергі еңіске түсіп, көзден ғайып болғанша қарап тұрды да, үйіне беттеді. Аузы түстікке қараған үлкен қоңыр үйдің есігіне бақан қойылған. Құланның өз отауына беттегенін көрген жеті үйдің еркек кіндіктілері осылай қарай аяңдады. Басқаларға қарағанда төрт бие сауатын бұл шаңырақтың қымызы мол. Сондықтан таңертеңгі қымыз ішуді осы үйден бастап, содан кейін қалған үйлерді жағалай беру дәстүрге айналған. Мерген желбегей жамылған кеңірек барқыт шапанын кереге басына іліп, жер төсегіне отырысымен-ақ, ауыл бас көтерерлері де бірінен соң бірі сәлем беріп кіріп келді. Бұлардың ішінде Құланның немере інісі Серкеш, ағайынды Ерман мен Жарман, Қарақасқа атанған көсеу қара жігіт Емберген бар. Ал анау қақ төрге барып отырған сағал көз, сары сақал, кемиек шал осы ауылдың ақсақалы Орман еді. Басқаларынан Серкеш Құланға бір табан жақын және жасы да отыздың ортасында, мынау Ерман, Ембергендерден үлкен. Бет-аузы жып-жылтыр болып, дөңгелек жүзі күлім қағып, алдымен сол енген. Алақ-жұлақ етіп, езуі жайылып, біресе Құланға, біресе сабадан жаңа төңкерген ағаш тегенедегі қымызды сапырып отырған жеңгесі Алтынкүлге қарап, ағасының аяқ жағына жантая кетті. Құлан бұған «әліксалам» деп самарқау тіл қатты да қойды. Тегінде, аңшы осы інісін ұната қоймайтын. Шапаты ғана бойы бар, әлжуаздау болса да, Серкеш төбелеске, біреуге әлімжеттік етуге жаны құмар еді. Мұның атын сыртынан тілге тиек қылып, қайсыбіреулерге дүм көрсетіп жүретінін мерген естіген. Бірақ ол райын інісіне сездірген жоқ, өткенде осы Серкештен жәбір көрген біреулер арыз айтқанда: «Баланың бір еркелігін көтермейсіңдер ме?» деп қорғаштаған да еді. Немере інісіне іштей ренжісе де, ет жақын бауырымен жүз жыртысуға, әрі өзінен мүшел жас кіші адамға: «Әй, сен бәлен етіпсің!» деуге дәті бармады, оны бойына ар көрді. Ауыл еркектері түгел жиналып, айнала жайғасқан соң, Алтынкүл батсайы көйлегі шұбатылып, алдарына ала шыт дастарқанды жайды. Сырлы аяқтарға құйып, үлкеннен кішіге дегендей қымыз үлестіре бастады. Бір-бір тостаған босатылып, май айыныңуыз қымызы тамыр-тамырға тарап, бойды қыздырғанша сөз көбіне ауа райын, судың тасуы, малдың отығуын төңіректеді. Қалың елден жайлау-қыстауы оқшау бұл ауылдың адамдары өзге дүниедегі жаңалықтардан көптен бері қағыс қалып келеді. Ондай хабарлар бұл үйлерге ұзынқұлақтан жететін. Оның өзінде өңі өзгеріп, өсіп, дабырайып естілетін еді. Өзгелері мал қамымен айналысып, сырт жерге шығатын Құлан мен Серкеш қана болатын. Үнемі далада, оңаша жортатын мерген үнсіздікке үйренгендігі ме, әңгімеге жарыта қоймайтын. Серкештің мінезі бұрыннан белгілі, даңғойлау, құлағы шалғанды көптіруге құмар, сондықтан мұндағы жұрт оның кей сөзіне сенсе, кей сөзіне сенбейтін. Бұл ауыл адамдарының ерекше құлақ түретін жайы — әкімдердің өзгеруі, өлген-жіткен, туыс- туманың амандығы. Серкештің айызы қана көп айтатын хабары ел арасындағы ұрыс-жанжал болып келетін. Сардардың ағасы Бекеттің Жапар ханды атып тастағанын, советке қарсы үгіт таратқан бір топ ишан-молдалардың ұсталып, абақтыға жабылғанын, тағы да сондай шаруа баққан адамға өрескелкөрінетін бірқатар сыбыстарды бұл түндіктерге Серкеш жайған.

— Құлеке, естідіңіз бе? — деді олбет-аузы күлмің қағып, — Жекейдегі Ташат бар ғой. Солөзі әумесер-ау деймін. Мен батыр, мен балуан деп күпініп бөскенде жер-көкке сыймаушы еді. Мен бәленді де, түгенді де ұрып жыққанмын деп мақтанғанына сеніп, сескеніп жүруші едік. Сол тектен-текке таяқ жепті жақында.

— Ал Серкештің көп ертегісінің бірі басталды, — деді Қарақасқа аузы жаялықтай болып күліп.

— Өй, өтірік айтып, мен сенен бірдеңе алайын деп отырмын ба?

— Ташатты айтасың ба? Қой, оның мықтысы мықты. Тек кейде лепіріп кететіні бар.

— Ал, ал, әңгімеңді айтшы, өтірік-шынын сонан кейін айырармыз.

— Оллай, рас айтамын, — деді Серкеш жұрттың қауқылдағаны бәсеңдеген соң. — Сол Ташат бір ауылдың сыртынан өтіп бара жатса, көлденеңдеп қүрық сүйреткен бір жігіт шығыпты. Мал іздеген біреу ме, кім білсін. Сонан Тәкең әлгіні көре салып, әкей жоқ, үкей жоқ: «Әй, осы мені танисың ба?» — дейдіғой. «Жоқ, танымадым», — дейдіанау. «Ендеше, мен саған танытайын, мен Ташат деген батырмын, кәне, ұрасың ба, ұрғызасың ба?» — дейді. Әлгі жігіт: «Мынау жынды ма өзі?» — деп біраз тұрып, Ташаттың тақымдағы шоқпарын суырып алғанын көріп, тегін адам емес екенін сезеді. Содан: «Батыреке, «ұрасың ба» деген сөз аузыңыздан бұрынырақ шықты ғой, ұрып көрейін», — дейді. Сөйтіп құрығын ыңғайлап алып, Тәкенді келістіріп тұрып салып өтіпті. Қарулы неме болса керек, Ташат ат жалын құшып, бүгіліп қалыпты дейді. Сонда кетіп бара жатып айтады дейді- ау: «Жарайсың, жарайсың!» — деп.

— Тіпті риза болып кеткен-ау!

— Әй, мұныкі шын батырлық. Кәне, қайсың «ұрасың ба, ұрғызасың ба» деп сайысқа шыға аласың.

— Неғылған ерлік! Онан да есерлік десейші.

— Жоқ, не десең де, Ташат бір еркектік жасаған. Баяғының батырлары да солай кезегін беріп, қасқайып қарап тұрған ғой.

— Рас айтасың, осы күнгінің жастары кезек бермек түгіл, аузыңды ашқанша сілтеп қалуға даяр тұрады.

Құлан бұл дабырға араласқан жоқ, мұртынан күлді де қойды. Құлағы сыртқа түрулі. Әлден уақытта екпіндете келген ат дүсірін құлағы шалды. «Шын әумесер осы келгендер болмасын, ауылға шауып кіргендері қалай? Әлде бір төтенше жұмыс болып қалды ма?» — деп ойлады ол. Сол екі арада әлдекімнің жеки сөйлеген үні, оған жауап бергендей бір әйелдің қорғана шыққан даусы да естілді. Үйдегілер қызыл кеңірдек болып таласып, ештеңеге назар аударар емес. Құлан кім келгенін білуге біреуді жұмсағалы отырғанда, үйге жалақ сэры бала жүгіре кірді. Ентіге енсе де, табалдырықтан аттай бере кібіртіктеп, үлкендерге бақырайып бір қарады да, сәлем берді. Оның шіңкілдей шыққан үніне әуелде Құланнан басқа ешкім көңіл бөлген жоқ.

— Жұмашпысың, әй! Кәне, төрле. Келгендер кім? — деді мерген.

— Ауылнай мен милица, — деді бала жұтынып, — Серкеш ағамды шақырып жатыр. Жаны барында тез келсін, — дейді.

— Серкеш дейсің бе? Оны қайтеді екен?

— Мыналарыңның сөзі ірі ғой.

— Бұл бір пәле болмаса нетті? — деп, жаңа ғана үйге сыймай отырғандар әжептәуір үрпиісіп қалды.

— Шақырса, бар енді, Серкеш, не айтады екен, біл.

— Милица дегенің қазір сексеуілдің шоғындай күйдіріп тұр ғой.

— Ой, әкеңнің... қайдан келген неме, мені шақыртатын, — деп Серкеш көзі шатынап, атып тұрды. — Аспаннан аяғы салбырап түссе де... Алты аласы, бес бересісі жоқ менде несі бар?!

— Эй, эй, Серкеш, сен, шырағым, жайлап сөйлес, өкіреңдемей.

— Өкіметтің адамы ғой.

— Әуелі біліп ал неге келгенін.

— Иә, сөйт, шырағым.

Серкеш шығып кетті. Біраздан соң ауылдың сол қанатындағы оның үйі жағынан шаң-шұң дауыс естілді. Әсіресе Серкеш үні шайпау шығады. Оған бөтен біреу зекіп жатқандай. Құлағы сол жақта болса да, Құлан сыр білдірген жоқ. Қымызын асықпай-саспай, баппен ішіп отыр. Соның ыңғайымен басқалар да тырп еткен жоқ. Бірақ манағыдай қызу әңгіме басылып қалған.

Әркім-ақ қобалжулы өңмен сырттағы дыбысқа елеңдеулі отыр.

Жанжалдың түрі тым ұлғайып кеткендей сезілген кезде мерген екі көзі алақандай болып, айналасына алақтай берген Қарақасқаға иек қақты. Әрі жуас, әрі жөн білетіндеу еді деп соны қолайлаған.

— Емберген, сен барып білші, не жанжал екен?

— Иә, сен сөйлес, Емберген.

— Әлгі Серкеш бірдемені бұлдірмесін. Қызбалау бала еді өзі.

— Жарайды, аға, — десе де, Қарақасқа орнынан созалаңдап әрең тұрды. Бір жағы, «шатаққа араласып, пәлеге ұрынамын ба» деген қорқынышы бар секілді, аяқтағы дәмді қымызды да қимаған түрі байқалады, аузы жаялықтай болып, жаланып, дастарқанға қарай береді. Ақыры имең-имең етіп шығып кетті. Аңшының сақ құлағы оның етігінің күрпілдеген дыбысын көпке дейін естіп отырды. Қарақасқа жеткендей сәтте айқай-шу біраз бәсеңдегендей еді, артынша дауыстар тағы қатайып кетті. Жұрт қобалжи тыңдап отыр. Әсіресе Құланның жүзі қарайып, түтігіп кетті.

«Мені басынайын, аяқасты етейін деген-ау, — деп ойлады ол, — батыр, мерген атағы бар Құланның ауылына келіп жанжал шығарған не сұмдық. Әлде кәдірім кетіп, ажарым тоза бастағаны ма? Бір заманда әке-көкелеп, майданға шақыратын Құланым, енді ел есінен кеткенің осы болғаны да. Жарайды, не де болса, артын күтейін. Болмай бара жатса, дауыстарын Құдай естігендей қылармын». Бір шай қайнатымдай уақыттан кейін Емберген еңкеңдеп қайтып келді. Терлеп-тепшіп ентіккен. Бұл да біраз қызыл кеңірдектескен болуы керек. Босаға жаққа оң тізесін бүгіп отыра кетті.

— Ойбай, Құлан ағай, аналар болатын емес. Серкеш-ақ шаршатты адамды. Милица өзін салып кеткен бе, боқтаған ба, әйтеуір, сүзеген бұқаша әлгі екеуіне тұра-тұра ұмтылады.

— Ол екеуі кім? — Құлан үні қатқыл шықты.

— Ауылнай Болжық пен милица Томар. Қаладан келген көк киімдер екен деп шошып кетсем, осы өзіміздің ауылдың бәйтөбеттері...

— Иә, олар не дейді?

— Серкештен мал өндіре келіпті. Анау үлкен ауылдағы біреудің атын Серкеш әуелде майын мінейін деп алып, артынан бермей кеткен бе, қалай.

— Ол қандай ат?

— Ау, ол әлгі былтырғы шолақ торы той, — деп төрде отырған Орман қарт үн берді.

— Олатты, ұмытпасам, қайтып бердім деп жүр еді ғой Серкеш.

— Әй, сол ат иесіне қайтпаған-ақ шығар. Әйтеуір, Серкеш былтырғы күзде соның көзін бір жаққа жоғалтты.

— Соғымға айырбастамаса?

— Ол сөздің де жаны бар.

— Бұл Серкештен неше түрлі шығады.

— Милицаныкі де жөн бе, салып кетіп!..

— Жеңеше, бір кесе қымыз берші. Тамағым құрғап қалды ғой әлгілермен айқайласамын деп.

Осылайша шалдардың сөзіне онша құлақ қоймай, қымызын сораптаған Қарақасқа сарығын басқасын, сөзге енді араласты:

— Мен білсем, Құлеке, ол атты Серкеш иесіне тапсырған. Көргендер бар екен.

— Өзіңше? — дедімерген.

— Жоқ, мен анығын біле қоймадым. Бірақ Серкеш өтірік айтпаса керек.

— Жақсы онда, бар, бәрін де осында шақыр. Құлан ағам қымыз ішсін деп жатыр дерсің. Серкеш те келсін.

Бір бие сауымындай мезгілден кейін Қарақасқа тағы тарпылдап қайтып келді. Енді мұның шойын түстес жүзінде ашу оты ойнап тұр.

— Ой, атаңа нәлеттер, келмеймін деп кергиді, — деді ол қолын бір сілтеп. «Құлан шақырса қайтеміз, ол Құдай ма еді» дейді әлгі тырсиған милицасы. Тағы да айтқан сөздері толып жатыр. Өздері қымызға желіккен бе, арақ ішкен бе, немене, аузынан жыны

бұрқ-бұрқ етеді. Серкешті арыставайт қыламыз деп қамшысын шолтыраңдатып жүр.

— Жынды суды олар қайдан тауып ішеді, жаным- ау?! — деп Орман шалтаңданды.

— Байларға барып ішеді де. Милица барса, олар қалбақтап арағын да, тамағын да аузына тосады қ орық қ анынан.

— Жарайды, қысыр кеңесті қоя тұрыңдар, — деді Құлан әмірлі үнмен. — Кәне, Ерман, Жарман, Емберген, барыңдар. Әуелі жай сөйлесерсіңдер. Болмаса, сол екеуін осында жетектеп алып кел. Мен олармен өзім сөйлесейін. Дәмнен үлкен болса — дәм атар. Көрейін олардың әуселесін. Тал түсте ауылыма ат ойнатып, Құланның төбесіне шықпақ екен ғой.

Кәріне мінген мерген осыны айтып, жауар бұлттай түйіліп отырып қалды. Туған әкелеріндей қадірлейтін Құлан сөзі намыстарын қоздырған, екеуі де еңгезердей атпалазамат Ерман, Жарман қорбаңдап орындарынан тұрып, күржиіп шығып кетті. «Қап, қап, қорлағаны-ау, бұл» деп іші алай-түлей болған Құлан ашуға булығып, бетіне түгі шығып отыр. Мерген қабағын баққан үй ішіндегілер тегіс тынып, аяқтағы қымыз ішусіз қалған. Төске құлаған бастар мен томсара қараған жүздерден бәлендей сыр аңғара қою қиын. Құланнан өзгесінің бәрі де сақалдарын жағаға тығып алып, әліптің артын баққан тәрізді. Шегір көзі қанталап, отырғандардың басынан аса әлдеқайда қараған мерген өңі сұсты-ақ, ұшуға қомданған түздің қара бүркітін елестеткендей. Әлгідей болмай-ақ даладан айқай-шу шығып, арпалысқан дыбыс, ат тұяғының дүрсілдегені естілгенде аңшы қанатын қаққандай дүр сілкінді.

— Ау, жігіттер, бұларың жарамайды ғой.

— Ой, әкеңнің... Өкіметке қарсымысың!

— Тілге келейік, азаматтар!

— Тоқта! Атып жіберемін! — деген бөтен үндер, соған ілесе:

— Кім өкімет? Сен бе?!

— Қағып түсір ана кәрі жілігін!

— Адамды сабағанымен қоймай, атамын дейді-ау бұ немесі!

— Ит терісін басына қапта!

— Сойып сал бәлемді!

— Ендігәрі жоламайтын болсын! — дегенСеркеш, Ерман, Жармандардың дауыстары қосарлана екпіндей шыққаңда, мерген болымсыз ғана жымың еткендей болды, бірақ онысын маңайындағылар аңғара қойған жоқ. Артынша ырсылдаған, тарсылдаған, әлдекім ышқынғандай, біреулерді біреу сабап жатқандай дыбыстар естілгенде қабағын шытынып, басын шайқады.

— Жібер, мен өкімет адамы!

— Қойдық, Сереке, қойдық!

— Жарайды, Серкеш, жетер. Бұларды Құлекеңе апарайық.

— Серкеш-ау, саған не болған соншама екіленіп.

— Ерманжан, тиме енді. Әй, Жарман, сен де бір өгізше өкіректеп! Қоя бер!

Мерген әр үнге зер салып, кім екенін дәл танып отыр. Алғашқы тайсала шыққан дауыстар милица мен Болжықтыкі болуға тиіс. Одан кейінгі араласа шыққан дауыстар Емберген, Серкештің әйелі мен шешесінің дауыстары екенін де мерген білді. Қазір жігіттер Болжық пен Томарды осылай қарай дырылдатып сүйреп келе жатқан сияқты.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Шынында да, көп адамның тарпылдай басқан аяқ дыбысы жаңғыра естілді де, бақан с үйелген киіз есіктен ең алдымен Болжық кірді. «Ассалаумағалайкүм» деді ол Құланға қарап. Мұны мерген танитын. Құлан атқа мініп жүргенде көзі адырайған жіп-жіңішке, жалақ сары бала еді. Қазір жігіт ағасы болыпты. Адырайған көзі әлі адырайып тұр. Шот маңдай, ақ кірпік, қоқиған мұрнының алдына қойған жез мұрт оншалықты жарасымды көрінбейді. Жігіттер өзін біраз ұйпалақтаса да, бәлендей жанына батыра қоймаған тәрізді. Бой-басы бүтін, тек көкшіл галифе шалбардың жамбасы мен кителінің өңіріне шаң жұққан. Танауының ұшында тер жылтырап, Болжық босағадан өзіне телмеңдеп қарай бергесін, Құлан: «Қорыққаныңды ғана сыйлайтын біреусің-ау» деген оймен:

— Әлейкүмассалам, иә, ауылнай, төрлет, — деді де, енді Болжықтың соңынан енген Томар милиционерге назар аударды. Бұл бір тап-тапал, төртпақтау, қырықтардағы, шалбар бет қырқылжың екен. Сарғыштау сепкілі бар бет-аузын көкпеңбек қылып қырып тастапты. Мергенді таңғалдырған әсіресе мұның әйелдікіндей дөңгеленген бөксесі болды. Сол бөксе Томардың жамбас, құйрық жағын кейін тартқандай біртүрлі итіндіріп, мықшитып тұр. Бұл әуелі енгенде жарқабағының астындағы кірпіксіз лайсаң көзі шатысып, жағалай отырған жұртқа шақырая қарады. Тек Құланға көзі түскенде, мергеннің мысы басты ма, жүзі төменшіктеп, «саламаликүм» деп күбір етті. «Әлің жеткен жерде әлек салатын кесірдің өзісің-ау» деп түйіп қойды мерген ішінен. Томарды жігіттер топыраққа көбірек аунатқан болуы керек, формалы гимнастеркасы мен шалбары едәуір қыртыстанып былғанған. Бетінің де әр жеріне топырақ, шөптің бояуы жұғып қалыпты. Соны көріп Құланның манағы зәрлі сезімі басылып, опынып қалғандай болды. «Тиме» деп ескертуім жөн екен, бұлар да қызмет адамы ғой» деп ойлады ол. Сонан соң үнін жылытып:

— Иә, төрлет, азамат. Орын беріңдер жігіттерге, — деді. Болжық пен Томар, манағы кісілер тегіс дастарқан айналасына жайғасты. Әлгі алыс-жұлыс

діңкелеткен бе, бәрі де тостағандарына өңмеңдей бас қойып жатыр.

— Иә, шырақтарым, жөндеріңді айтыңдаршы, — деді Құлан жұрт сарықтарын басты-ау деген кезде, — қайдан, қалай жүрген адамсыңдар?

— Бізден бір қателік өтті, Құлеке, — деді Болжық күлімсіреген әлпетпен бұған бақырая қарап. Құлан атағы өзіне белгілі, әлде қайтеді деп қобалжулы жүрекпен келгенде қымыз беріп сыйлағанға мәз болып қалғандай, тіпті сескенді деп ойлағандай райда еді, — сіз шақырғанда келмедік. Бірақ ауылсовет пен мына Томардың бастығы: «Серкештегі малды әкел, әйтпесе, өзін жеткіз, ақ-қарасын айырамыз» деп нығыздап тапсырғасын, дігерлегеніміз рас. Үлкен адам сіздің мазаңызды да алмайық дедік. Малдың ақадал иесі қасымызда, жерқорқақ қаүқарсыз бір момын адам еді, жаңа төбелес басталғанда, бір жерге тығылып қалғанға ұқсайды. Бірақ, олай, жанжал шығарайық деген қаперімізде жоқ. Әлгі Серкешке, — деп Болжық есік жаққа сезіктене бір қарап, Серкеш жоқ екенін көргеннен кейін, сөзін еркіндей жалғады, — Томар қанша дегенмен заң адамы ғой, қаттырақ бірер сөз айтып еді, шытынап тұрған жігіт екен, соған ол ерекпи түрегелді, ата-баба, зәу-затымызды түгел қазды, сосын...

— Ей, саржағал ит! — деп есіктен ақыра кірді Серкеш. Шамасы, манадан бері сыртта тұрған тәрізді, жұрт жапырыла соған қарады. Серкештің шекесіне білеуленіп қып-қызыл қамшы ізі түсіп қалыпты. Жігіт, бір жағы, бетіне таңба түскеніне жер болып та, сыртга бой баққан тәрізді. Қазір ашудан жарылайын деп тұрғандай, мына екеуін ала көзімен атып тұр. — Ей, саржағал ит, құдайлығыңды айтшы, әуелі сендер емес пе, мына мыжырайған қатын боксе көкбақаң емес пе, түп-тұқиянымыздан сыпыртқан. Онымен қоймай, шолтаңдап қамшы сілтеді бұл найсабың.

— Серкеш, сен сабыр ет, — деп иек қақты інісіне Құлан қабақ шытынып, — айтарын айтып болсын.

— Жоқ, беті былш етпей өтірік соғуына ызам келгені ғой, ауылнай басымен, — деп қайнауы қайтқандай бір бұрқ етіп, жігіт отыра кетті.

— Сосын қалай шыдап тұра аласың, — Болжық Серкеш сөзін естімеген әлпет көрсетті, — біз де назаландық. Ақырында, міне, зәбір көріп отырмыз. Еттен таяқ, сүйектен сөз өтті.

— Бәтшағардыңзаржағын! — деп күңк етті Орман шал. Оның қасындағылар өзара күбірлесіп кетті.

— Е, тегін адам таз бола ма деп, ауылнайлықты жайдан-жай алып жүр дейсің бе?!

— ¥рыс басы боқ жеме деген осы да!

— Осының арты тегін болса нетті?

— Күштінің құйрығы диірмен тартады дейді ғой.

— Жә, қойындар! — деп әмір қылды Құлан жан- жағына қарап. Жұрт жым болды. — Ал Серкеш, сен не айтасың?

Серкеш орнынан ұшып тұрды.

— Бұл саржағалдың айтып тұрғаны қып-қызыл өтірік, — деді ол ексімдене, Томар мен Болжыққа жеп қоярдай алма-кезек қарап.

— Шырағым, сен бұларды қой, әуелі әлгі малдың жайын айтшы.

— Айтсам, ол да өтірік!

Емберген, оған қосыла басқалар да қарқ-қарқ күліп жіберді.

— Ау, сен өтірік дегеннен басқа айтарың бар ма? — деді Құлан салмақпен. Серкеш жұрт күлгенге ызаланып қалса керек, екі көзі шатынап, аузынан түкірігі шашырап, қатты сөйлеп кетті:

— Негекүлесіңдер? Өтірікболғасынөтірікдеймін. Менің әлгі Қайыңдыдағы Көрпебайдан былтыр бір ат алғаным ақиқат. Бірақ орнына мал бергенім де хақ. Жалған десе, Көрпебайдың өзі айтсын. Мен білсем, бұл пәлені қоздырып жүрген мынау — Болжық.

Мұның менде өші бар. Былтырғы ауылнай сайлайтын жиналыста екеуіміз шекісіп қалғамыз. Соның кегін алғысы кеп, Көрпебайды күйт-күйттеп, онымен қоймай, елдегі жеті бұзықтың біреуі мына көкбақаны қасына ертіп алған. Байға істейтінін бізге де істегісі келеді. Мұнда бай-құлақ жоқ, ол зорлығыңа кім көнеді, көкетайым-ау!

— Оны көрерміз! — деп қыр ете қалды манадан бері Серкешті атып жіберердей көзімен ішіп-жеп отырған Томар. Құлан елең ете қалды. Томар атын ол былтырдан естіп жүрген. «Елге сондай бір бұлік келіпті, жұртты қан қақсатады екен, атты көсемдеп жегіп, екі жағына екі бай қызын отырғызып, ел қыдырады екен» деген сияқты гу-гу сөз еді. Біреу назаланып, біреу «әне, дәурен соныкі» деп қызығып айтатын.

— Шырағым, сен бірдеме дедің бе? Сен не айтасың? — деді мерген Томардың қанын ішіне тартқан сұп-сұр жүзіне барлай қарап. «Әй, бір ішіңе пышақ айналмайтын жан болмасаң нетті» деп түйіп қойды көңіліне.

— Ақсақал, сіздің істеп отырғаныңыз заңсыздық, без-закон, — деп қылғына сөйледі Томар орнынан тұрып. Ертеден бері әрең шыдағанға ұқсайды, енді ішіндегі зәрін батпандап шығара бастады, — от, қазір мені атып жіберіңіз, мен сізге айта аламын и тиісті жеріне доложит етемін. Совет милицасына и совет ауылнайына қол жұмсау — ето советке қарсы шығу, контр болу!..

Томар түкірігіне шашалып, тұрып қалды.

— Иә, айта бер! — деді Құлан сыр берместен. Тек жақ еті буылтықтанып, көзі шүңірейіп өткірлене түскендей еді.

— Айтсам, сол. За ето қатты жаза қолданылады. Ең алдымен мына Серкешке, потом сізге. Өйткені сіз ауылыңызға мына Серкеш сияқты бандыны сақтап, оны совет милицасына қарсы салып отырсыз.

— Мә, мынауың ауызды Құлан ағаға салуға айналды.

— Е, бұл бұлік Томар деп бекер атанды дейсің бе?

— Қиямпұрыстана сөйлеуін қарашы, өкімет тұтқасын өзі ұстап тұрғандай, — деген әр жерден кекеген, кіжінген үндер естіліп қалды. Болжық қана үн-түнсіз бұғып отыр.

— Құлан аға, мені жіберіңізші, бұл тыштиған неменің аузын бақадай аштырайын, — деп Серкеш Томарға қарай тұра-тұра ұмтылды. Құлан «жә!» дегендей қолын сәл көтерді.

— Әнің белгілі болды, азаматым, — деді ол ызалы мысқылмен езу тартып. Содан соң төмен қарап, ойланып қалды. Басын көтергенде жүзі өте сұсты еді.

— Жаңағы айтқаныңның бәрін сен істейсің бе? Әлде сенен де жоғары ұлық бар ма?

Әлгінде қаһарланып тұрған Томарды бұл сұрақ абыржытып тастаған тәрізді, сөзі пышырай шықты:

— ¥лық бар, бірақ закон... Бізге право берілген арыстоват етуге...

— Алұлық болса, сен екеуіңе заң жүре ме? Совет өкіметін орнатуға қанын қиып, жанын салған адамның ауылына келіп қатын-баланы үркітіп, зәресін алған, адам сабаған саған қандай жаза болады?

— Приказ сондай болса... күштеуге право бар... Қарсылық жасаған адамды арыстоват етуге...

— Жә, қойгманағыдайемес, сөзіңсұйылыпбарады. Алдымен қамшы салған сен болсаң да, мына Серкеш сенің айыбыңды кешірсін, сен де оның айыбын кеш. Қазір мал иесін шақыртайық, есесі кетсе, өзі айтсын. Момын жан болса, оның ақысын ешкім жемейді. Ал жанжалмен абырой таппайсың, шыраң.

— Дұрыс айтасыз, Құлеке, дұрыс айтасыз. Айып бізден, — деп құлшына қостай кетті Болжық. Ауыл адамдары да мерген сөзін мақұлдады.

— Осытурағой.

— Жанжалы құрысын да.

— Құлан ағам мана шақыртқанда келе қойса ғой, мұндай ұрыс-керіс болмас еді.

— Қайтесің, жігіттер бір қателескен шығар.

— Ойбай-ау, бұлар өз өкіметіміздің адамы ғой. Болжық бүйірінен түртіп қалса да, бежірейіп төмен қарап отырған Томар қозғала қоймады. Тағы да жалынсын деді ме, әлде бірдеме дәме етті ме, оны ешкім түсіне алмады. Сонысын байқаған Құлан мырс етіп күлді де:

— Шырағым, осы сен қай елдікісің? — деді Томарға шұқшия қарап.

— Мен іштікімін. Бұлжақтікі емеспін, — дедіанау самарқаулау.

— Іздейтін туысқаның, ұрандайтын ағайының жоқ қой?

— Жоқ.

— Ал ендеше, осы екеуіңді мойындарыңа тас байлап, анау Қаратастың қанды қарасуына батырып жіберсек қайтесің?

Томар басын жерден жұлып алып, мергенге тесіле қарады. Ойыны ма, шыны ма дегендей. Бірақ лашынның көзіндей жылтылдап от шашып тұратын мерген назарына шыдамай, жүзін төмен салды. Өңі әлгіден гөрі де бозарыңқы тартқандай. Мойнына тас байланып, қия жартастан түпсіз тереңге құлап бара жатқаны көз алдына елестеген тәрізді. Қолы дірілдеп қалтасын қарманды да, алтын портсигарды әрең ашып, «Моссельпром» папиросын езуіне қыстырды. Саусақтары қалтырап, көпке дейін шырпы тұтата алмай әуре болды.

— Ондай істей алмайсыз, ақсақал, — деді ол көк түтінді көмейлете жұтып. Әлгінде үй ішіндегілер «рас айта ма?» дегендей таңдана Құланға жапырыла қараса, енді ащы түгінді аузы-мұрнынан бұрқыратқан адамға бұрылып, бақырая қалысты. Кейбірі Томар дың айналасын көміп кеткен түтіннен лоқсып, жөтеліп жатыр.

— Неге істемеймін, әбден істей аламын, — деді Құлан көзі ұшқын шаша жылтылдап, қоңыр үнмен, — баяғыда ауыл шапқан ақтың солдатының біразы солай ұшты-күйлі жоқ болған. Іздейтін туған-туысқаның жоқ көрінеді. Мына Болжықта да ондай ағайын аз. Өзінің еті тірілігімен жүрген адам бұл да.

— Мені өкімет іздейді, — деді Томар сенімсіздеу.

— Өкімет кәдірлейтін сен кім едің сонша. Кешегі сардар, сарбаздар сияқты елүшінқантөксең, жанпида етсең бір сәрі. Жоқ, жұртқа тек зорлық-зомбылық жасайды деп естимін.

— Рас-ау, Томар келе жатыр дегенде жұрт ішкен асын жерге қояды екен.

— Бұлік аты жер жарыпты ғой.

— Қиянаты бастан асты деп зар жылайды.

— Бұл өзі байдан гөрі кедейге қаттырақ тие ме деймін.

— Мұның өзі құрыса, жұрт құдайына қой айтар.

— Жә, тоқтаңдар! — деді Құлан, — сөз әлі біткен жоқ. Әне, естідің бе елдің не дейтінін. Ал енді мәселенки, іздей қалған жағдайда, Есіл асып кетгі дейміз де, қарап отырамыз. Осы күні банды деген бар дейді, милицаға қатты өш екен деп жұрт қауесет таратады ғой. Солар өлтірген шығар дейді іздеген адам. Бізден сырт ел жоқ, ал біз қырдан асып, банды іздеуге кеткен дейміз. Осы қалай болады?

— Ақсақал, сіз қалжыңдап отырсыз.

Шекесінен шып-шып тер шыққан Томар алақтап біресе мергенге, біресе мойны салбырап, құлағы қалқайып кеткен Болжыққа қарады.

— Түк қалжыңы жоқ, соны істеймін. Тіпті қазір- ақ. «Ал» десем, мынажігітгер жағаңнан алатүсейін деп отыр, — деп Құлан есік жақта бір тізелеп, білектерін сыбанған Ерман, Жарман, Серкештерге бір қарап қойды. Томар да солай көз тігіп, жігіт жүздерінен еш жақсылық нышанын таппағасын, назарын тез тайдырып әкетті. Құланның түсін суытып алғанын

байқап, ол кірпіксіз көзі жыпылықтап әркімге бір мөлтеңдей қарады. Жұрттың бәрінің жүзі салқын, ешбір аяушылық етпейтіндей. Томар терлеп қоя берді. Мергеннің сол сәтте жай қозғалып бұрыла бергені оған күдікті көрінді. Енді болмаса «құрт» дейтін тәрізді. Сол-ақ екен, Томар дастарқаңды баса- көктей Құланның алдына келіп жығылды:

— Ағатай! Шыбын жанымды қия гөр. Құлың болайын, ағатай! Менен бір қателік өтгі. Не істе десең де істейін, батыреке. ¥рып-соғып бір мүшемді кем қылсаң да көнейін. Тек аман қалдыршы.

— Тұр! Ой ит, о несі! — деп жиренгендей үн қатты мерген. — Тұр, өлмейсің.

Сол сөзді естуі мұң екен, Томар әлдеде сенімсіздеу баяу қимылмен сиыршылап орнынан тұра бастады. Қорыққанынан әбден әлі кетіп қалса керек, буындары сыртылдап, көпке дейін дұрыстап отыра алмады.

— Манағы көп орысшаң қайда, батыр-ау, — деді мысқылдап күліп Құлан, өлімді айтқанда, қазақша сайрай жөнелдің ғой. Жан тәтті-ау, ә! Жаудың қолына, мысалы, бандының қолына түссең де өстисің ғой сен ит. Бір шыбын жаныңа нені де болса сатып жібересің- ау, ә?! Жаңа тіпті мына жолдасыңды да аузыңа алмадың емес пе. Қолыңда күш болса, сен талай адамға бүйідей тиерсің-ау. Жарайды, осы көргенің де біраз сабақ болар. Еркек болсаң, намыстан өлер едің. Бірақ сен мұны ескеремін дейсің бе. Былай шыға бере-ақ ұмытасың ғой.

Томар дың есі бұл шақта кіресілі-шығасылы сияқты. Тек бір ажалдан қалдым деп өлердей қуанып, есіріктеніп кеткендей. Осы үйден бір аман шықсам дегендей, жалтақтап есікке қарай береді.

— Емберген! — деді мерген, — бар, анау ертіп келген адамымен Серкешті кездестіріп, ақысы кетсе, артығымен алып бер.

— Құлеке, рұқсат болса, біз жүрсек деп едік, — деді осы сәт үні қылғына шыққан Болжық. Бұл да

іштей шошынып қалғанға ұқсайды, көзі алаңдап мергенге қарады.

— Жарайды, шаруаларың бітсе, рұқсат.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Олоқиға сонымен өткен. Бірер аптадан соң мерген сол жанжалды тіпті ұмытып та кетті. Бірақ бұл ұмытса да, Томар ұмытпағанға үқсайды. Ауылнай кеңсесіне бара салысымен: «Құланның үстінен протокол жасапты, Болжық пен Көрпебайды куәға тартыпты, Құланды бандыға шығарып, дуанға хабар жіберіпті» деген лақап сөздің бұл ауылға шет- жағасы жетсе де, Құлан «ел өсегі болар» деп мән берген жоқ. Сенгені өзінің ақтығы. Тіпті: «Үстінен қағаз көбейіп жатыр екен, Томар баяғыда мерген малый тартып алған байлардан куәлік жинап, «шаруаны тонады, үйінде ұры ұстайды» деген документ жасатыпты» деген әңгіме құлағына тигенде де селт етпеді. Сенгені өз ісінің әділдігі. Ауылдағы кейбір шал-шауқандар уайым айтқанда, «әй, қойшы, сол найсаптардың сөзін» деп қолын бір сілтеген. Бұл шақта жеті үй Теке қыстаудан, қалың ел мекендеген өлкеден шалқая көшіп, Қаратастың қазаншұңқырына қонған. Бұл олардың жылда мұнша ерте қона қоймайтын жері. Биыл Құлан ауылды әдейі осы араға көшіріп, үй тіктірді. Мергеннің жұтаң жыл — былтырдан ойлап жүрген мақсаты бар еді. Сол ойын бүгін кешкілік салқын түсе, ауылдың бас көтерерлерін шақыртып, келеге салған. Үлкен қоңыр үйдің көлеңкесіне қошқармүйіз өрнегі бар қалың қара текемет төселіп, үстіне көрпе жайылған. Туырлыққа арқа басып, малдас құрып қақ ортада Құлан отыр. Екі жағын орай қанаттаса ақсақал- қарасақалды туыстары жайғасқан. Бұлардың бәрі дерлік түнеуіі жанжалда Құлан үйінде болған кісілер. Біреу жүрелеп, біреулері бөксесін әлі жапырылмаған жусанға көміп, текемет шетінде жантайып жатыр. Сол қанатгағы қараша асүйдің алдында Құланның әйелі мен жамағайын жеңгесі жесір кемпір Бейпілқасқа қазан көтеріп жатыр. Ауыл әлгінде сәске түсте жүк түсірген, бір үйлердің туырлығы жабылып, бірінің шиі тұтылып, енді бірінің уығы жаңа шаншылып жатыр. Ауылдың алдында Қаратас өзенінің кемер қабағы көрінеді. Өзеннің жоғарғы беті батысқа еңкейген күнге шағылысқан қия-қия қызылтасты шатқал. Сол шатқалдан шыққан биік жал ауылды сыртынан орап дөңгелене келгенде, қазаншұңқыр жасап кеткендей аңғарылады. Судың арғы беті тақтайдай тегіс жазық, қазір жаз басында кілемдей құлпырып, көздің жауын алады. Тостағандағы қымызын анда-санда бір жұтып, Құлан сол жазыққа, онан әрі көк кемерленген көкжиекке сығырая қарап үнсіз отыр. Қазір көңілін бір тәтті қиял тербегендей, жүзі де ашық-жарқын, жанарында да күлкі ұшқындайды. Тек ашық көкжиекте, көкшіл дақ болып алған бір шөкім бұлтқа көзі түсіп кеткенде ғана қабағы шытынады. Сол бұлт қайта-қайта көзін тартып, көңіліне көлеңкесін түсіре берген тәрізді. Әйтеуір мазасын алды. Ол ауыл адамдарының естіген-білгендерін сөз қылған әңгімесіне самарқау ғана құлақ түреді.

— Осы Қарсақпай, Жезқазған қайтадан ашылатын болған ба? — деп тыңнан сөз қозғады манадан бері шалдардың жердің малға тойымдылығын, шөптің шығымдылығын ұзынсонарға салған кеу-кеуін тым- тырыс тыңдап отырған Емберген.

— Қайдам, сөйдеген сөз бар ғой, — деді бір шал.

— Шіркін, зауыг жақсы ғой, не керегіңнің бәрі бар, — деп армандай сөйледі әлдебір өмірі қолға түспес жайды айтқандай Емберген. — Беретін ақшасы да көп дейді, жер астына түссең.

— Салаңдап ауылда жүргенше, соған неге бармайсың?

— Барар ем, мына ауылды, ауылдағы қымызды қимаймын.

— Қымыз жоқ жерде Қарақасқа тұрған ба?

— Бұл баяғыда жалданғанда да әуелі күніне бес аяқ қымыз бересің деп келісіп алатын, — деп Ембергеннің құрдастары қағытып кетті.

— Жоқ, менің оған ыңғайым жоқ. Жер қазуға мына екі дәуқара: Ерман, Жарман лайық.

— Онда сен мына Торғайдың бет жағындағы Албарбөгетке бар. Сол жерден бөгет салып жатыр дейді. Жұмысшы басына бір-бір бие байлап отырса керек.

— Эй, ол не бола қойсын-ау.

— Неге болмайды? Өкіметтің күші жетеді оған.

— Иә, әйтеуір, бұл өкіметің шаруаға жұмыл деп жатыр ғой. Байларды көз түрткі қылып, былай шығарып қойды. Шаруа адамға көп сеп жасайтын көрінеді. Егін егемін десең, оған көп жәрдем береді екен.

— Тегін бе?

— Неге тегін? Егінің шыққасын өтейсің. Оның сыртында пайдаң шаш-етектен болады деп өкілдер, қосшылар көп айтады ғой.

— Мынасы бір игілік десейші, — деді Жарман. — Егін ексек қайтеді, бәрін қойып.

— Не сөйлеп отыр осы? Құлан ағамнан асып қайда барасың? — деп Ерман інісін тыйып тастады.

— Осы Жарманның сөзі дұрысқа келеді, — деді кенет күтпеген жерден Құлан, — ендігі тірлік еңбекте қалды ғой, жігіттер. Заманның ағымы солай ма деп отырмын. Анау көп ауылдағы жұрт екі үй, үш үйден бірігіп, бес-он жерден тірнектеп егін салатын түрі бар биыл. Менің жалпыңды шақырып ақылдасайын дегенім де сол шаруа еді. Мынау арғы бетті көрдіңдер ғой, нағыз құйқалы жер. Әрі кетсе бір жұма, әйтпесе одан беріде мұның суы тартылады. Егін ексең — осыған егесің. Астық алсаң — осыдан аласың. Сатар малың, берер пұлың жоқ, өңкей ашпа-жалап жан, ертең күзде кімге бидай, тары бер деп, көзің сатып жалпы етек боласың. Осыны қабырғаларыңмен бір кеңесіңдерші.

— Сонда жатақ болғанымыз ба, Құлеке?

— Жеті атамыз істемеген кәсіпті қалай істейміз?

— Соны айтам-ау. Ол біздің ңолдан келе қоя ма?

— Оған құрал-сайман, күш-көлік керек. Осы- лайша наразылық, уайым айтып жұрт едәуір шуласып алды. Маңайындағылар тынышталғанша Құлан күтіп отырды да, енді ызалана сөйледі:

— Осыңда көзі бар ақсақал, қарасақалың бар түп- түгел шолақ кесіп отырсыңдар, білдіңдер ме? Іштен оқып туған ешкім жоқ. Мойындаса, қолдан келмейтін не бар? Кешегі сарбаз құрылған жаугершілік заманда соғысып үйренген адам бар ма еді. Үйрендік қой, талай дұшпанның көкірегін бастық. Болмаса, бұрын қолдан мылтық соғып көрген ұста бар ма еді осы аймақта. Үйренгесін мылтығыңды да жасап шығарды. Ең алдымен бірлік керек. Бірлігің болмағасын, кеше аласапыранда әрқайсысың бас сауғалап, шілдің боғындай пышырап тозып кеткен жоқсың ба? Бүгін енді өз алдыңа ауыл болып, түтін түтеткесін, қымызға тойып, бүйірің шыққасын, көз еттерің өсейін деген сияқты.

Мерген шамданған соң, ағайын-туыстары жасқанып, іштен тынып қалды. Бірақ егін егейік деген сөз дұрыс деп ешкім белсеніп те шыға қоймады, теріс деп тағы айтпады. Бөрінің де жүзінде мына төтенше ұсынысты үрке қарсы алған шырай бар. Ертеңгі бейнеттен қорқа соғу бір болса, тағы да және ең бастысы босбелбеулікті, мал сүмесін талғажау қылған мына айдапсал тірлікті, аз күнгі қымызы қаның, ұйқысы мол жайлау қызығын қимағандық етектерінен тартқандай. Көбі іші ауырған адамдай кіржиіп-ақ отыр. Құлан ағайындарының кежегесі кейін тартқан кесірлігіне қарны ашып, іштей булығып, түйіліп қалды. «Кешегі соғыстан кейін Торғайда қал, қызмет қыл» дегенде қалмай келгенім осылардың қамы үшін емес пе еді, — деп қапалана ойлады ол, — өмірінде басы құралып, қызық көрмеген бейшаралар еді, бұлар да ел қатарына қосылсын демедім бе? Әлде соным қате болды ма? Сол жақта өкімет жұмысының бір тізгінін ұстап жүріп-ақ бұларға септескенім дұрыс па еді? Үркердей аз Текенің қамын ойлап, басқа жұрт, басқа ел бар-ау дегенді ұмыттым ба екен. Майданға шыққанда қалың ел, қара шаруа қамы деп шаппап па едік. Әй, Әлекеңдер соны айтқанда құлағыма кірмеп еді. Енді мынау өз туысыңның «ырысың мынау» деп жетелеген жаққа баспай, шығырдың өгізінше бір жерді шырқ айналып, сорыңды қайнатып отырғаны. Ердің ұсталар ең әлсіз жері ағайын-қарындасы-ау, шамасы. Өмір бойы кісінің ала жібін аттамаған мен осылар үшін байлардан мал да тартып алдым емес пе? Әйтпесе, қара басыма не жетпейді? Қатын екеуімізге несібе қай жерден де табылатын еді ғой. Қой, аспанды алақандай, жердітебінгідей қылар сонша не болыпты. Айтсаң, түсінбейтін несі бар. Тіпті бұйырып істетсең де сенің уысыңнан шығар осында ешкім жоқ». Осындай ойдан көңілі көншіген Құлан қымыздан сіміре бір жұтты да, тостағанын дастарқанға қойып, мұртын сүртті.

— Баяғыда әкем марқұм, — деп жадырай сөйледі ол, — мені оқытамын деп талай мехнат шегіп еді. Жарықтық, қараңғы адам болса да, оқудың мың да бір пайдасы бар екенін білген ғой. Енді, міне, неше жерден батыр, мерген, елге еңбегің сіңген сарбаз болсаң да, әйтеуір осы қара таниды-ау деген адамның аузына қарап аңқиып отырғанымыз. Соны ойлағанда ішім күйіп кетеді. Мына Ембергенмен құрдас анау Болжықты қарашы, бір-екі жыл оқығаны болғасын, жаман саржағал, адыраңдаған әпербақан десең де, елді дөңгелентіп, ауылнай мансабына иелік етіп жүр. Малдантапқанғақоса, жер емшегін еміп, табыстапсақ, балаларды оқытатын күйге жетеміз бе дегенім ғой. Ал енді мен сөзімді тәмамдадым. Ертең барамын да, ана жазықтың қыртысын шамам жеткенше айырамын. Ергенің ердің, ермегенің еркің білсін.

— Ойбай, Құлан аға, о не дегеніңіз, біріміз қалмаймыз. Ерман, мен бар, қанша жер жырт дейсіз, жыртып берейік.

— Иә, сөйт, Құлан шырағым, балаларды жек. Өзің басы-қасында жүрсең жетеді ғой.

— Тіпті болмаса, Құлан, сен анау аудан жаққа барып, жәрдем алатын жағдай қарастыр. Тұқым, құрал-сайман дегендей.

— Иә, сөйт, батыреке. Біз мына шал екеуіміз тапсырған жұмысыңды орындатуды міндетімізге алайық, — десіп жұрт қауқылдасып кетті.

— Е, осылай болсакерекеді, — деп мұртынан к үлді мерген, — жарайды, онда мен ертең ертемен ауданға жүремін. Сендер мұнда жер жыртып, шығырдың обын қазып, қолдан келсе, керекті құрал-сайман жасап дегендей тіршілік қыла беріңдер.

— Жөн-ақ, онда жегін көлікті бүгіннен-ақ сайлау керек.

— Екі түйе, төрт ат бар көшке жегіп жүрген, сонымен қыруар жер жыртылмай ма?

— Қамыт, шілия, жазылар бүтін бе екен?

— Қатындарға айту керек, ертерек ас қамдасын. Жұрт осылай абыр-дабыр шуласып жатқанда, Құлан сырылып шетке шықты. Бұл сәтте күн көкжиектен асып, батыс беткей өрттей болып талаурап тұрған. Манағы бір шөкім бұлт та жалындап, алау шашады. «Апырмай, күн жарықтықтың қанға малынғандай қызарып батуы-ай» деп секем алды көңіліне Құлан.

Ауыл іші көкшіл тұманға бөгіп, буалдыр тартып барады. Жерошақтағы оттар ғана әр жерден жылтылдап, қараң-құраң жүрген адамдарды қараңғылықтан суырып шығарады. Енді бір сәтте аңшының сергек құлағы дүсірлете екпіндей шапқан ат тұяғының дыбысын айқын шалды. Тасыр ұлгайып, осы ауылға жақындап келе жатқандай. Әлгінде секем алғандікі ме, Құлан жүрегі әлденеге өрекпіп тулай жөнелді. Бір сәтке көңіліне беймәлім қорқыныш кірді. Әлгіндегі лепірген сезімі су сепкендей басылып: «Бейуақытта ауылға ат қойған бұл кім екен?» деп сескене ойлаптұрды. Соғыс, жаугершілік, елгетөнген қауіп-қатер, өрт сияқты әртүрлі сұмдықтар ойына кіріп, жанын шошытты. «Сондайдың хабаршысы ма бұл, кім болды екен? Айтпақшы, осы Серкеш емес пе?» дегенінше болған жоқ, қырдан жұлдыздай ағып келген жолаушы, өзеннің жарқабағына жеткенде ғана атын әрең іркіп, топ етіп түсе қалды. Іле-шала:

— Құлан ағам қайда, Құлан ағам? Ойбай, тез! — деген ентіге шыққан үрейлі үн, Серкеш үні ауылды жаңғырықтырды. «Бір ғаламат жағдай болған ғой» дегенді ішіне түйген Құлан солай қарай аяңдады. Серкеш оған қарсы жүгірді.

— Ойбай, қашыңыз, Құлан аға! — дедіолай-шайға қарамастан алқына сөйлеп. Түрі өрт сөндіргендей түтіккен, әбден жол соқты болғаны көрініп-ақ тұр.

— Е, не боп қалды? — деді мерген онша саса қоймай. Бәле-жаладан ел-жұрт аман, өрт те, соғыс та, апат та жоқ екенін, тек өз қара басына ғана бір қауіп төніп тұрғанын сезген сәтте көңілі кенеттен жайланып, жүрегі орнына түсті. — Неге қашамын беталды?

— Ойбай, аға, қашыңыз! Милица... Солдат... Сізге... Сізді іздеп дуаннан солдат шығыпты. Банды... ұстаймыз деп... Сізді бандыға қосып...

— Әй, шырағым Серкеш-ай, кейде осы бөрліктіріп елді көшіріп жібере жаздайтының-ай. Мен сонау айдаһардай ысқырып келген патша әскерінен де, әбжылаңдай жалмаған ақтың солдатынан да қашып көрген жан емеспін. Енді өз өкіметімнің әскерінен неге қашамын. Өзің былай деміңді басып, жөндеп айтшы. Тіпті берекең қашып кетіпті ғой. Сусын әкеліңдерші мынаған.

Бір тостаған саумалды басына көтергеннен кейін, Серкеш ес жиғандай болды. Енді әңгімесін айта бастады:

— Бүгін болыс ауылына соғып едім. Сонда әлгі тарышы Әлімғазының баласында бір алашағым бар еді. Иттің баласы, көптен бері созбайлап, зығырданымды қайнатып жүр еді, — деп басқа жаққа лағып кеткесін, жаңа төбе шаштары тік тұрып, зәресі ұшқан жұрт ашуланып, жігітті жерден алып, жерге салды.

— Өй, сен әлгі әңгімеңді айтсайшы!

— Көкіп тағы қайда кеттің?

— Сенің алашақ-берешегіңде біздің не шаруамыз бар?!

— Әнеугідей бір жанжал шығарайын деп жүр де.

— Тұра тұрсаңдаршы жан-жақтан кеу-кеулемей, айтайын десем, сөз бермейсіңдер! — деп Серкеш ызалана айғай салды. Содан соң сөзін сабақтады: — Сол ит... Ал жарайды, жарайды. Содан естідім. Солдат шығарып, Құлан ағаңды ұстатайын деп жатыр дегенді. Ол ит, милица дейсің бе, налог агенті дейсің бе, жұрттың бәрімен тамыр-таныс емес пе. Құлағы шалып қалыпты. Осы қарызыңды кешіресің бе, бір жақсылық жасайын саған деді. Мен әуелде: «Ой, ондай сыдыртпаңды қой, қарызымды бер» деп бас салдым. Содан тұрып: «Ендеше, өз обалың өзіңе, бір жақын адамың мерт болса, дәуіріне саласың ба» дегені ғой. «Кім, кім?» деп едім, айтпады. Серкештің жақын адам дегенде жаны қала ма, «ал кештім қарызымды, алдасаң, бұл дүниеде болмаса, о дүниеде алдыңнан келтірермін» дедім. Сонда айтқаны әлгі. Қазбалап қоймағасын бір сырды ашып берді әлгі ит. Жұрттың түзге отырғанына дейін білетін неме ғой. Көйітіп отыр, көйітіп отыр, тіпті денем түршікті.

— Оу, айтсайшы, не біледі екен? — деп аптыға сөйлеп, сөзді бөліп жіберді шыдамы кеткен Емберген.

— Міне, енді бұлар өстіп, адамды сөйлетпейді, — деп наразы үнмен бір күңк етіп, Серкеш сөзін жалғастырды: — Бәрін бұлдіріп жүрген әлгі Томар деген көріңде өкіргір көкбақа екен. Анада ағама әбден- ақ өшігіп кетіпті. «Осыдан Құланның көзін жоймасам, атым өшсін депті», — дейді. Сол ит болысқа бара протокол жасап, Болжыққа қол қойдырыпты, ол қоймаймын десе: «Сен де бандының қолшоқпарысың, ауылнайлықтан ұшып түсіп, түрмеге қамаласың», — деп қорқытыпты. Содан жанынан шошынған Болжық қол қойыпты. Онымен қоймай, Құлан ағамда өші бар деген адамның, әсіресе әлгі байлардың бәрінің куәлігін жинапты. Түнеугі көңірсіткен былжырағы бар еді ғой, соны түгел тізіпті. Оның үстіне, Совет өкіметі орнағалы бері салық төлеген жоқ, қашып көшіп жүрген бай деп налог агентінен қағаз алыпты. Әйтеуір қаралап жазбағаны жоқ, тындап отырсаң, иманың қасым болады...

— Сардарды өлтірген дейді?! — Құлан ақырып жіберді де, Серкештің иығынан бүріп ұстай алды.

— Иә, дәл сөйдепті, Құлан аға!

— Астапыралла, бұл не деген имансыз сұм еді!

— Әй, өзінің де сұры жаман еді-ау, кісі өлтірген адамдай көкпеңбек.

— Бас терісі келіспеген ондай қанжауғырдан не түрлі сұмдық шығар!

— Апырай, мына заман не боп барады!?

— Әй, Құлан аға-ай, түнеугүні өзінің кәллесін қиып-ақ жібермеген екенбіз! — десіп Құлан мен Серкешті қаумалап қоршап алған жұрт шуласып кетті.

— Жә, байбайламаңдар! — деп тыйып тастады оларды Құлан кәрлі үнмен. Содан соң Серкешке бұрылды. — Тағы не естігенің бар? Сарқып айт!

— Ой, ой, Құлан аға, иығымды босатыңызшы, тіпті сындырып жібере жаздадыңыз ғой, тақ Томар мендей-ақ.

— Иә, сен емес... Сен емес... — деп қинала сөйлеген Құлан оның иығын қоя берді. Серкеш сөзін сабақтады:

— Әйтеуір жазбағаны жоқ болса керек. Тіпті бандымен байланысы бар, соларға азық жеткізіп, жөн-жоба көрсетеді, милицадан бой тасалауына жәрдемдесіп жүр деп те көйітіпті дейді. Сонымен, сізді ұстауға бір әтрет аттаныпты. «Бүгін-ертең барып қалар» деді әлгі Әлімғазының баласы. «Қарызың өз алдына ғой, бірақ Құлекеңді білетін едім, елдегі аға тұтқан адамның бірі еді, қапы қалмасын, сәлем айт» деді. Мына бара жатқан милицалардың беті жаман, тіпті сөз аяғы басылғанша аулақтау бір жерге бой тасалай тұрса да болады деді. «Ішіңде Томар бар, ол жазым қылудан тайынбайды. АлҚұлекең батыр адам, байлап-матауға көне қоймас, сосын мерт болар, одан да тая тұрсын, әтрет кеткесін ізденіп, ақтала жатады ғой» деп тапсырды. Соны ести сала, атты қызылмай қылып, бері қарай шаптым.

— Ау, сен өзің ше? Сені бандыға қоспап па? — деп тандана сұрады Емберген.

— Жоқ, мені атамапты да. Оққа байлағаны Құлан ағам болса керек. Бұл кісіні мұқатсам, өзгесінің жарасы жеңіл, кейін ретгей жатамын ғой деп әлгі көкбақа бөсіп жүр деген.

— Жаббар йем, өзің жар бол! Құланжан, мұндайға не амал бар? — деп жүдеген үнмен сауал қойып, Орман шал мергенге жаутандай қарады.

Құлан шығыс беттен өртгей алаулап көтеріліп келе жатқан айға көзін қадап біраз үнсіз тұрды. Бетінің бір бұлшық еті дір еткен жоқ, тек тағының көзіндей кішірек көзінде қызылды-жасылды ұшқын ойнап, жалт-жұлт етеді. Қазірде тотыққан өңі қызыл мыстан құйған мүсін дерлік. Жұрт жауап күтіп едәуір тұрып қалды. Сол сәтте барып әлдебір ауыр ойды сыпырып тастағандай жалпақ алақанымен бетін сипаған аңшы маңайындағыларға барлай көз салып өтті. Өзіне сынай қарағандай сезілді әркімге.

— Жарайды, барып тамақтарыңды ішіңдер. Алла- ның жазғаны болар, — деді мерген жайбарақат. — Бала-шағаның зәресін алмай-ақ қойыңдар. Айтылған сөз осы жерде қалсын.

Соны айтты да, мерген жебелей басып қоңыр үйіне қарай аяңдады. Арттағы топ тағы қаңғыр-күңгір сөйлесіп, Серкенггі ортаға алды. Кешкі тымық ауада самбырлай шыққан Серкеш әңгімесінің шет жағасы қатындардың шуы, мал үні ара-арасында құлағына тисе керек, отыздар ішіндегі толықша, сымбатты келіншек Алтынкүл кейеуіне уайымды сызды жүзбен бір қарап, есік ашты. Бірақ бәлен деп тіс жарған жоқ.

Құлан үйге кірісімен төрт қабат текемет төселген жер төсегіне жантая кетті. Аяқ жақтағы сыры көше бастаған аласа кебеже үстінде жетілік шам жанып тұр. Сыбдырсыз басып, әйелі кіріп-шығып жүр. Ac қамдап, бұған жол азық дайындап жүрсе керек. Бір келгенде күйеуінің жанына әкеп қымыз қойып кетті. Әлгінде сыртта сыр білдірмегенімен, Құланның іші қазандай қайнап жатыр. «Әй, әттегене-ай, әттегене-ай! — дейді опынып, — адамға бірде бетін, бірде сыртын берген дүние-ай десейші. Қазір ғана тұп-тұнық тұрған көңілің енді, міне, лайланды да жүре берді. Бұл дүниеде адамға тыныш өмір сүру жоқ екен-ау. Көз ашқаннан бергі көргенің арпалыс. Сен тиіспесең, саған келіп біреу соқтығады. Осыншама өшігетін ол итке мен не жазып едім. Әлгі Жарман айтқандай, анада кәлләсін қимағанмен, айызым қана өзін бір жәукемдемеген екенмін. Жә, қойшы, ондай әңгүдікті мұқаттың не, мұқатпадың не? Одан не абырой, не атақ. Жә, Құлан, сенің көрген құқайың жалғыз бұл емес еді ғой. Не пәле келсе де қасқайып тұрып қарсы алған абзал болар. Бірақ қаруын сайлап Томарлар келсе, не істемек керек? Алдына түсіп мөлтеңдеп жүре бересің бе? Томардың қамшысытисе, өміріңде көрмеген қорлығың сол болар. Жоқ, Құлан ондайға көне алмас. Сонда не істейсің? Атысасың ба, шабысасың ба? Өйтпесең, абақтыға апарып, қашан ісің анықталғанша тығар да қояр, аяр дейсің бе, банды атанған соң...». Дуанда баяғыда шабуылмен алған терезесі темір торлы қараңғы қапас қызыл үй көз алдына елестегенде, Құланның бойын қорқыныш биледі. Тар қапаста бір сағат отыра алмайтынына көзі жетіп тұр. Не біреуді өлтіріп, не өзі өліп шығар. «Сардарды да дұшпандары сол түрмеге қамап, ақыры көзін құртты ғой», — деп ойлады ол арқасы мұздап. — Мен де... жоқ, тірі тұрғанда ондай жерге түсе қоймаспын. Онан да өлгенім артық...». Сол сәт үйге шұбатылып, жасқанғандай әлпетпен бір топ адам кіре берді. Мерген басын көтеріп алды. Іштерінде манағы Орман қарт, Ерман, Жарман, Емберген, Серкеш бар. Бөрі де үн-түнсіз келіп, төрге жағалай отырысты. «Бұл келістерің қай келіс?» дегендей, Құлан оларға ажырая қарады.

— Құланжан, — деп сөз бастады Орман қарт сарғыш мұртының оң жақ шалғайын ширатып, — бізге тамақ іш дейсің, бірақ үстімізге мынадай пәле төніп келе жатқанда адамға ас сіңе ме? Сен кеткесін, мына балалар бар, бәріміз ақыл қосып, саған қолқа сала келдік. Сен қараңғымын деп едің, біз сенен де өткен көрсоқыр емеспіз бе? Айнала сөйлесе келгенде, әлгі Әлімғазының баласының айтқан кеңесінен артық айла таппадық. Тілді алсаң, шырағым, бір жаққа көз таса бола тұр. Сен олай-бұлай боп кетсең, мына жаңа бас құрап, есін жиып отырған жеті үй Текең тағы тоз-тоз болып кетеміз. Жаман айтпай жақсы жоқ деп жатқаным ғой бұл. Әйтпесе, сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой. Иншалла, өзіміз де ізденіп, талпынармыз, тек мына төңіректеген пәлесінен құтылшы.

— Бас амандаймын ба?

— Енді уақыт солай келсе, бас амандамағанда қайтесің, шырағым. Тіпті болмаса, Томардан да жоғары ұлық бар шығар, солармен жүздесерсің. Сарбаз болған жолдастарым Қостанайды да, Қызылорда, Орынборда да көп деп айтып отырушы едің ғой, соларыңмен хабар лас. Ал мыналардың арасында Томар бар дейді, ауыл итінің құйрығы қайқы демекші, қолында билік тұрғанда жазым етсе, өкінішің кетпейді ғой.

«Рас-ау, мен сол жоғарыдағы өкімдермен неге тілдеспеймін. Есілдетіп, ішке асып кетсем де болады екен-ау. Сол дұрыс шығар, ізденейін» деп ойлады Құлан.

— Жарайды, Ореке, — дедіолсәлжадырап, қымы- зын алдына тартып. — Болсын айтқандарың. Таң елең-алаңда аттанып кетермін. Бірақ енді сендерге де менің өтініш-талабым бар.

— Айт, шырағым, не тілегің болса да орындаймыз.

— Онда мана кешке келіскен шаруа бар ғой, сол аяқсыз қалмасын. Сендер шеттен келген жау емес, көбің он алтыншы жылғы ереуілге қатысқан азаматсыңдар. Жер жыртып, егін егіп дегендей шаруа бақсаңдар, ешкім мұның теріс деп айта алмас. Әйтеуір сол егін өспей қалмасын. Ауданға менің орныма мына Емберген барсын. Егер Құлан анандай, мынандай дейтін болса, мені-ақ жамандай бер, игіліктеріңе себесіні тисе, ештеңе етпес.

— Ой, аға, мен сізді қиянаттап қара басып па? — деді Емберген наразы үнмен.

— Неғылар дейсің. Кешегі қызыл партизан бүгін қашқын болса, одан артық абыройы қанша төгілмек. Әй, заман-ай десеңші!..

— Құланжан, сенің жолыңа арнап Бұлан атам аруағына бағышталған бір бозқасқа шалып едік, — деді тағы Орман.

— Е, жарайды, болсын, жейік. Құлан осылайша ауылынан кеткен еді.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Жолаушылар қоңыр самалды төске алып, ат маңдайын ай туар бетке тіреп, тоқтаусыз жүріп келеді. Енді бір сәтте шығыс жақ көкжиек қызғылт тартып, қып-қызыл боп көтеріліп келе жатқан айдың қиығы көрінді. Баяу өрлеп, әуелі күлшенің шеті, содан соң бір тілім қарбыздай болып, бірте-бірте ұлғая түсті. Енді манағы көкшіл мұнар сейіліп, айналаны түп-түгел меңіреу қараңғылық бүркеп алған сияқты көрінеді. Тек алдыңғы жақ қана ашық жарық. Жер-дүниені қызғылт шұғыласына малып, мыстай балқыған ай жоғарылай түсті. Айдың айнымалы нұрында жайпақ төбешіктер зорайып, жаман ши, тобылғы шоғырының өзі үй орнындай болып көрінеді. Шөп басын самал тербегенде, ұлғайып ұзарған селдір көлеңкесітолқып, жер көшіп бара жатқандай эсер береді. Құлан әрі-сәрі ойда келеді. Солға тартса, Рүстембайдікіне, тура жүрсе, Шарбақбайға барады. Енді бір сәтте ол еңсеріліп артына қарады. Серігі едәуір артта қалып қойыпты. «Жүріңкіре» деп айқайлайын деді де, тағы мүдірді. «Қарамды көріп отырса, адаспас, — деп ойлады ол, — негізі мен Шарбақбайға соққаным жөн шығар. Мынау жолдан қосылған Жолдыаяқты соның ауылына тастап, өзім қиыстап Рүстембайға тартармын. Шарбақбай дәулетті ит еді ғой, бірдеме қылып бағар, тіпті жұмысына салар, әйтеуір күн көріс берсе, қанатының астына паналатса болды ғой. Әрі ол ауылда көз таса жүре тұру да оңай. Байға кім жоласын осы күні. Күні өтті ғой олардың. Мен сияқты қашқан-пысқандар сағалап бармаса. Сөйтейін, менің қасымда жүрсе, әйтпесе Рүстембай ауылына, Совет орталығына барса, қолға түсіп қалуы оп-оңай. Тектен- текке бейшараның обалына қалармын. Қауіп-қатерсіз жерге жеткізсем, бір міндеттен құтылғаным емес пе. Содан кейін бетінен жарылқасын. Негізі, мен мұның үйіне ай бата елеусіз боп барайын. Сонда оған да, маған да күдік тумайды. Осы аяңнан жазбасақ, дәл сол шамада ауылының үстінен құлайтынымызға кәдік жоқ. Әй, бұл да баяғыда болыс болып, дүниені сөкітті-ау. «Қазақ байыса, қатын алады» деп қатынды да үйірімен ұстады, атасынан қалған ауыр дәулетті місе тұтып, көзі тоймай, ұры да жұмсап, бір шеті сонау Жаманқала, Қорған, бір шеті Қарсақпай, ¥лытаудан жылқы да алдырды. Адам байлыққа мастанып есірсе, көзін шел қаптағандай болады екен-ау. Тоқалымен әмпай-жәмпай болған бір ұрысын атып та тастады-ау бұл найсап. Ол бейшараның құнын да сұраған ешкім жоқ. Кім дауласын, өзі де қылмыс арқаланып қашып-пысып жер түбінен келген біреу болса. Егер қапысын тапса, кімді де атып тастаудан тайынбас еді. Мысалы, мені мерт етіп, содан соң өкіметке қарсы адамды құртгым дейді ғой жүзі жанбай. Бірақ оған батылы бармас, менің артымда ел-жұртым, қанша дегенмен Құлан атағым бар ғой. Жарайды, барайық, амал нешік, баяғыда қарсы соғысқан адамымен еһелесер күн туды ғой басқа...» Ойға ой жалғасып, Құлан қиялы алысты кезіп жүрсе де, көзі маңайын жіті шолып келеді, бір өзіне ғана белгілі төбешік, темпе, жол бұралаңы, сай- сала өзінен-өзі көңіліне тоқылып жатқандай. Алған бағытынан бір тайған жоқ. Ай жоғары көтерілген сайын, нұры ағарып, көлеңке қысқара түскенін де, желдің қатайып, біраздан соң теріскейден бұлт көтерілгенін де аңғарды. «Әй, шамасы, ертең күн ызғырық болады-ау» деп түйіп қойды ол ішінен, шекпенінің өңірін қаусыра түсіп. Артында топыраш торымен қопаңдаған Абдолдың да дыбысына құлақ түріп қояды... ¥зақ жолой ойлатпай қоймайды. Мұндайда өткен- кеткеннің бәрі еріксіз еске түспек. Құланның соңынан шоқырақтаған серігінің ойы да осынау бүгінгі күннен аулақта еді. Бұрынғы казак-орыс әскерінің офицері Ефим Кутскийдің еске алары көп-ақ. Өткендегіні қаншама ойламайын, біржола ұмытайын десе де, осындайда жадында жаңғырып маза бермейтін, басынан өткен не түрлі сұмдықтар көз алдында бұлаңдап зәресін ұшыратын. Әсіресе ана Троицк жақта жасырын жүргенде кейде ішкілік соңынан ескілікті істері елестеп, болашағы құтын қашырушы еді. Әйтеуір, шүкіршілік, қияндағы қазақ ауылдарына қашып келіп, сіңіп кеткелі ондай ойлардан арыла бастаған тәрізді. Соңда да өзі оңашаланған кезде қатты мазасызданады. Жолға атганған кезде ол әуелі атпен әуре болып, ештеңе ойлаған жоқ. Мына астындағы шипың торысы дүниеде жоқ сүріншек жануар екен. Осынау алдамшы көкшіл мұнарға бөгіп жатқан сайын даладағы әр шұңқыр, әр інді аты әдейі іздеп тауып, аяғын сұғып алатын сияқты. Бірер рет ат үстінен ұшып кете жаздаған соң, бұрынғы жүзбасы жасынан атқа машықтығын еске алып, тізгінді тарта ұстады. Манағыдай емес, енді аты аяғын ширағырақ ала бастаған тәрізді. Кутскийдің көңілі жайланып, алдына қарады. Өзінен арқан бойы озып, қызғылт тартқан көкжиектің реңіне түскен ақтаңдақ таңба болып атты адам кетіп барады. Сол сәт Кутскийге күтпеген ой келді. Осынау сұр киімді қылаң атты көне грек аңызындағы кентаврды — адам кеуделі, жылқы тұлғалы жан иесін есіне түсірді. Сол бір қиялы жануарлардың адам руы-лапифтердің әйелдерін алып қашпақ болып ұрыс салғанын бейнелеген үлкен панпоны бұрынғы жүзбасы революциядан бұрын Петербургте әскери қызметте жүргенде бір музейден көрген болатын. Экскурсовод осы суретті салған ертедегі суретші туралы, суреттің мазмұн-мағынасы жайлы бірдеңелерді айтып жатты, оған Кутский құлақ салған жоқ. Оны таңғалдырған кентавр бейнесі еді. Ат-адамның әрбір бұлшық етінен бір ғаламат тағылық күш шиыршық атады, алдыңғы екі аяғымен лапиф өйелін қапсыра құшақтап алған, бүкіл тұлғасымен, әсіресе шарасынан шыға жайнаған көзінен нәпсі қозған кезіндегі бір есірік күй шашады. Сол бір не аң, не адам екені белгісіз тылсым құдіреті бар жан иесі талай түндер бойы оның көз алдына елестеумен болды және әман әйелді аңсататын. Бірақ қазір сол кентаврға ұқсаған Құлан алдында жортып бара жатқанда бұрынғы жүзбасының бойын ашу буды. «Міне, енді нақ мынау сияқты адам да емес, аң да емес біреулер бізге билік жүргізетін болды ғой, — деп қиналып ойлады Кутский, — неғыласың, кереметті көрдің ғой. Патша да жоқ, дін де жоқ, ант та жоқ, бәрі аяққа басылды, тапталды. Бәрі де сатылды, ұмытылды. Әй, әттегене-ай, атам заманында тусам ғой, мұндайдың бірін көрмес едім». Бұрынғы жүзбасының арғы тегі өте дүмді еді. Кутскийдің бабасы — Жайық бойының бай казагы, Пугачев көтерілісі кезінде патша әйелге адалдығын жойған жоқ. Бұлікшілерді құртуға белсене қатысып, шен-шекпен, шұрайлы жер алған. Бірақ ұзақ дәурен сүрмеді. Дүркін-дүркін көтерілген Жайық казактарымен бір ұрыста басы найзаға шаншылды, мекенжайы өртелді. Содан тақыр кедейге айналып, қамқоршысынан айрылған Ефимнің атасы сәтгі пайдаланып, Торғай бойындағы қазақтардың көтерілісін басуға аттанған әскерге қосылды. Сол кампанияда аяу дегенді білмейтін вахмистр еңбегін сіңіріп бақты. Сөйтіп жаңа жерлерден — Горькаялиния бойынан көп жер алды. Станицада атаман, қартайған кезінде шіркеуде ктитор болды. Өз әкесін Ефим онша біле қоймайтын. Әкесі мұның жас кезінде-ақ генерал Скобелевтің әскерімен Түркістанды жаулағанда қаза тауыпты. Содан ол атасының бауырында өсті. Приход шіркеуіндегі қарайған иконалардағы әулиелерге ұқсас ұзын сақалды, қу жақ, қызыл шал атасы — Ефимнің көз алдында тұрғандай. Станицадағы казактардың атасынан сескеніп тұратынын Кутский бала кезінен байқаушы еді. Бірақ мұның не мәнісі барын Ефим тергеп-тексерген жоқ, өйткені ол осы бір қатыгез, зор денелі, қызыл шалды өзінше жақсы көретін. Атасы мұны діншілдік рухта тәрбиеледі. ЕПіркеудегі бірде-бір мінажаттан қалдырып көрген жоқ. Ес білген кезінен-ақ, «патша ағзамға адал қызмет ет, керек болса, әкең сияқты жолына жаныңды қи» деп құлағына құюмен болды. Атасының сол сөзін есіне алып, Кутский зәрлене езу тартып, мырс етті. Шалдың сөзіне әулие өсиетіндей ұйитын балалық шағы есіне түсті. Бұлар оқыған приход мектебінде патша мен әйелінің суреттері ілулі тұратын. Күнде таңертең патшаның саулығына дұға оқылып, дьякон әкей күндей күркіреп, «многие лета» деп бастағанда, оған қоңыраудай сылдыраған балалар хоры қосылушы еді. Сол сәтте Ефимнің кеудесін әлдеқандай өрекпіген шат сезім кернеп, көзіне жас толушы еді, ол төрде ілулі тұрған патша суретіне көз айырмай қарайтын. Патша оған тфі Құдай іспетті көрінуші еді. Одан кейін талай заман өтті. Ефим кеудесіндегі патшаға деген ықылас сезімі бір сөнген жоқ. Бұл жігіт болып ержетті. Петербург түбіндегі казак полкында вахмистр міндетін атқарды. Сол кезде тұңғыш рет патшаны өз көзімен көрді. Сол көрген кезінде әлгі құлдық сезімі бф сәтке лайланғандай еді. Әлі есінде, ол Романовтардың таққа отырғанына үш жүз жыл тойланардың алдында болған жағдай еді. Бұлардың полкы Еатчинода тұрған. Әскерлер патша байқауына әзірленіп жатқан болатын. Қарны қабақтай полк командирінен бастап, урядниктерге дейін түгел екі-үш күн бойы қолды-аяққа тұрмай жүгірумен болды. Солдаттардың да неше рет терін алды. Ақырында полк қару-жарағы жарқырап, көз тойғандай қалыпқа келді. Ерте ме, кеш пе, ол Ефимнің есінде жоқ, шамасы сәске түс болса керек, полк сапқа тұрды. Патшаның жазғы сарайы жағынан бір топ аттылар көрінді. Бәрі де жасана киінген, төстерінде орден-медальдары жалтылдаған, жарқыраған эполеттері, регалиялары, бау-шашақтары алтын зерлі шеңді топ. Міне, аттылар көрші полктың алдынан өтіп құттықтады. Жүздеген кеңірдектен шыққан патшаға сәлем «ва... ве... во!..» боп естілді. Ақырында патша тобы бұларға да жақындады. Ефим ең алда келе жатқан патшаға қадала қарады. Сол сәт ол таңырқап, содан соң ұртын тістегендей болды. Жас кезінен сиынып келген патшасы полковниктің сұрқай түсті мундирін киген, дөңгелек қызыл сақалды, сарышегір адам екен. Түрі әбден жалыққан адамға, әйтпесе о дүниелік бірдемені ойлап келе жатқан жанға ұқсайды. Арт жағындағы сап-сары ала, алтын оқалы киім киген топ адам әлдеқайда салтанатты көрінеді. Бірақ ол бір сәттік сезім ғана еді, жүздеген көмейден жер тітірете шыққан «ва... ве... во!» деген айқай оның бойындағы табыну сезімін оятгы. Бұйрықтағыдай ол патшаны «көзімен жеп» еміне қарады, тіпті көзіне жас толып кеткендей. Мұнысы патша тобындағы кейбір генералдарға қатты ұнап та қалған тәрізді. Бір-біріне мұны иегімен меңзесіп, стэктерін шошайтып, нұсқап жатгы. Командирлеріне де соны құлаққағыс еткен болу керек, жас вахмистр көп сый-сияпат та алып жүрді кейін. Егер революция болмағанда, Кутскийдің зор дәрежеге жетуі хақ еді. «Қайда сол заман, — деп ойлады енді Ефим қапалана, — күлі көкке ұшты да кетті. Енді, міне, әлдеқандай киргизға еріп жүрсің. Кешегі патша ағзам заманында мұндай түйелер сенің маңайыңа жолаушы ма еді». Түйені атқанда Ефимнің есіне баяғы бала кезіндегі бір оқиға түсті. Онда бұл жеті-сегіз жастар шамасында болуы керек. Әлдебір күні ойын досы Гриша екеуі өкпелері ұшып үйге қашып келді. Албар ішінде қитар Левон отыр екен. Бұл өзі соғыста жараланып, отставкаға шыққан бұрынғы урядник еді. Қазіргі кәсібі әркіммен қалжақтасып арақ ішу, одан қалса, қатын айналдыру болатын. Әдеттегідей Левоннан самогонның көңірсіген сасық иісі — сивуха лебі бұрқырап тұр екен.

— Ой, қарашықтарым, неден қорықтыңдар? — деді қитар, шала мае адамның елбірей қалатын күлкісімен езу тартып. Сол кезде оның ақшиған оң жақ көзі, қып-қызылтұмсығы бір жағына қарай ауып, бет-аузы әлем-тапырық болып кетті.

— Левон ағай, білесің бе? — деді батылдау Гриша көзі бақырайып, — анау магазин жанында киргиз тұр, өзінің дәу түйесі бар. Әлгі түйесі «пуфф» деп адамға жынын шашады. Мынау Ефремкаға түкіріп жібере жаздады. Содан қорқып, қашып келеміз.

— Ой, күшіктер-ай! Күшік-ақ екенсіңдер-ау. Казак тұқымы сасық киргиздан, сасық түйеден қорқа ма екен. Мен қазір тұрайын. Мен қазір барайын. Барайын да, ол баран-киргизды станицадан айдап шығайын. Нехай, өзінің даласында гулять етсін. Тек титор мырзаға жолығамын да, сосын аттанамын. Оған дейін сен тентектер мына орындыққа отыра тұрыңдар, мен сендерге бір қызық әңгіме айтып берейін. Ол оқиға, құдайым жаңылдырмаса, патша әкеміз Николай Павловичтің тұсында болса керек. Содан патша әкеміз осы жерлерге, мына киргиздарды бағындыруға казак әскерін жіберген екен. Сөйтіп, әскер келеді, келеді де, әлгі киргиздардың тас- талқанын шығарады. Қолға мол олжа түсіреді, мал дейсің бе, мүлік дейсің бе, толып жатыр.

— Левон ағай, ол киргиздар біздің казактарды өлтірген жоқ па? — деді көзі бадырайып Гриша.

— Ол қайдан болсын-ау. Зеңбіректен бір рет гүрс еткізсең, олар қой сияқты бытырай жөнеледі. Ал егер атпен шабуыл жасаймын десе, біздің әскерлер кареге тұрып, шеп құрып, винтовкадан залппен атады. Киргиздар тағы қаша жөнеледі. Сөйтіп, киргиздарды айдап шыққаннан кейін осы жерге станицалар орнаған. Сонау Оренбургтан Троицкіге дейін жағалай казак қоныстары ірге тепкен. Горькая линия деп аталады ол. Аталарымыз дәурен сүрген ғой. Не істеймін десе еркі.

— Левон ағай, ал ол қырғыздарда зеңбірек болмаған ба? — деп қазбалай берді Гриша.

— Зеңбірек дейсің бе? Оларға зеңбірек қайдан келсін. Адамның күлкісін келтірдің-ау. Тіпті анау біздің станицадағы бай Петр Егоровичтің жарында сәнге ілулі тұрған шақпақпен от алатын қара мылтық бар ғой, соның өзі де жоқ болған оларда. Бізді олар баяғы садақпен атқылайды. Оған біз бола қоямыз ба?

— Левон ағай, ал әлгі қызық әңгімеңді қашан айтасың? — деді Ефим сөзге араласып.

— Әңгіме? Қандай әңгіме? Ой, хақ тағала-ай, мен тіпті мылжыңдап, есімнен шығып кетіпті-ау. Жарайды, алтыңдаңдар. Бір күні біздің Глеб Гурьич, сенің марқұм атаң бастаған станичниктер бір киргизды ұстап алыпты. Ол өзі бізге қарсы соғысқан киргиз екен. Әлгіні ұстап алғаннан кейін қара маймен майлап, құстың жүніне аунатып, бүкіл станицаны аралатыпты. Сонда дейді-ау, қатындар шошынып өліп қала жаздаса керек. Содан кейін әлгіге біздің казактар өзіңнің бусурман дініңнен бас тарт, қасиетті христиан дініне кір, шоқын дейді ғой. Ал ол қарғыс атқан көнбей қояды. Содан оны атына мінгізіп, тас қылып байлап, атын да қара маймен майлап, от қояды. От қояды да, қоя береді. Ой, қызық-ай десейші, ат лаулап шауып барады дейді, үстінде от оранған әлгі киргиз. Казактар күлкіден өліп қала жаздапты. Нақ апокалипсистегі отты атты адам сияқты болса керек. Соның бәрін ойлап тапқан марқұм, жаның жаннатта болғыр, Глеб Гурьич, мына Ефимнің атасы екен. Ал қалай әңгімем?

Қитар басын көтеріп алып балаларға қарағанда мастығы әп-сәтте тарап кеткендей болды. Шарасынан шыққан төрт бала көзі оған сұмдық үреймен бақырая қарап қалыпты. Балалар орындықтан сырғып түсіп, арттарымен шегініп, кетіп барады. Әлгі сұмдықты дәл осы Левонның өзі істегендей қарайды бұған.

— Ой, балалар, сендер неден шошыдыңдар, — деді Левон қырылдап, сау көзі жылтылдап, — ол жай әңгіме ғой. Қорқатын түгі жоқ. Казак деген батыр, әлгі кім сияқты ер болуы керек. Әлгі кім сияқты...

Бірақ ол кім сияқты екенін есіне түсіргенше, балалар зытып отырды. Осыдан кейін Ефим біраз уақыт көз алдына атымен қоса лаулаған киргиз елестеп, ұйқыдан шошып оянып жүрді. Бірақ бала жаны құмыра илейтін саз тәрізді емес пе? Атасының үгіті, бұратана халықты кемсіткен Левондардың сөздері біртіндеп бойына сіңе берді. Шамалы уақыттан соң Ефим әлгі әңгімені мүлде ұмытты. Он төрт-он бес жастарға келгенде станицадағы бай казак балаларының ермегі осындағы дүкеннен оны-мұны сатып алуға келген қазақтарды әжуа ету болатын. Іштерінде Ефим де бар, олар қазақ шалының бағанға байланған атын шешіп жіберіп, әлгі шалдың саптамаетігітарпылдап, шекпені делегейленіп, «құру- құру» деп атының соңынан жүгіргенін көргенде ішек-сілелері қататын. Сондайда Гриша бұларға жұдырығын түйіп, қазаққа ат ұстасуға көмектесетін. Осы Гришаның неліктен қайдағы бір қазақтарға жаны ашып тұратынын Ефим түсінбей-ақ қойды. Гришаның кедей әкесінің қазақ аулына барып жүруі де оған оғаш көрінеді. Ефимге барлық қазақтың түрі егіздей ұқсас тәрізді еді. Малдан басқа түк білмейтін надан халық деген атасының сөзі мұның миына сщген болатын. «Иә, енді не десең де, сенің тағдырың осы жабайы киргиздың қолында, жүзбасы Кутский, — деді Ефим өзіне өзі, — әзірге көне бер, кейін тағы көре жатарсың. Қазір ол сенің кім екеніңді білмейді. Ал бұл киргиз қайда алып бара жатыр? Бір жерге адастырып тастап кетпесін. Не де болса, бұдан қалмаған жөн. Одан айрылсаң, өлдің, Ефим».

Ойын осылайша қорытқан Кутский атын тебіне түсті.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Осылайша тынбай жорытқан жолаушылар көп жерді алып тастады. Бір заматта алыстан талып иттің үргені құлаққа жетті. Құлан меңзеген жеріне ерте-ақ құлағанын болжады. «Баяғыда Шарбақбайдың іштен алдырған та йьтнтттадай-тайыншадай көк төбеттері болушы еді, мынау солардың тұқымы-ау, — деп ойлады мерген, — мейлі, енді келіп қалдық. Күннің бұлттанып, ай қараңғы тартқаны мұндай тәуір болар ма». Суы тартылып, қалың тал басқан өзен табанынан өтіп, жолаушылар ауылдың өкпе тұсынан шыға келгенде, қыз емшегіндей дөңгеленген қос төбенің арасына ұрлана қонған екі-үш киіз үй көрінді. Ортадағысы еңселі ақ үй де, былайғылары қараша үй. Бірінің қасына жаппа тігілген, шамасы, ас сақтайтын орын болуы керек. Құлан қараша үйге таяй бергенде қотан жақтан бір дәу көк ит үріп шықты. Бірақ жолаушының қамшысынан жасқанды ма, әлде иығында шошайған мылтығын байқап шошынды ма, алыстан ғана доңайбат шегіп, маңқылдағаны болмаса, маңайлай қоймады. Ал төбеттің соңынан шәуілдеп жүгірген қаншықтар топыраш торыны тақымдап-ақ жүр. Иттің үрген дыбысымен қараша үйден жапырайған жалаңбас біреу жүгіре шықты. Шапан ғана жамылған, ұзын ақ дамбалы салақтаған еркек екен.

— Бұлкім? — деді ол шарылдаған жіңішке үнмен. Қорқып кеткені аңғарылып тұр, теке сақалы желп- желп етеді.

— Әй, сен Жетімекпісің? — деді Құлан бәсең дауыспен.

— Иә, милица тақсыр — теке сақалдың үні тағы қалтырай шықты. Бірақ өзі орнынан қозғалған жок,.

— Жақындасай бері, сексимей! Кісі көрмеп пе едің әлде?!

— Бара жатырмын, тақсыр, — десе де, теке сақалдың жүрісі тым сылбыр, өнімсіз, аяғын бір басып, екі басып әрең қыбырлап келеді.

— Әй, Жетімек-ай, қартайғаның-ау бұл, мені танымағаның. Қорықпай-ақ қой, милица да, төре де емеспін. Жаныңды алмаймын.

— Түстей алмадым, тақ... сыр. Мылтық асынғасын, милица екен деп қалдым, тақсыр.

— Тақсырлауын тақылдап. Мен Құлан емес пе, көк ми-ay, Құлан!

— Ой, Құлекеңбісің? Салаумаликум. Қартайғаным да, танымағаным да рас, Құлеке. Кеше бір милицалар келіп, мырза мен біздің әбден зәреміз ұшты, — деп теке сақал енді ширақ басып келіп, Ақбоздың шылбырынан ұстады.

— Милица? Олар қайда жүр? Кетті ме?

— Кетгі, кетті. Құдай сақтады ғой қызыл көз пәлелерден.

— Олар не дейді? Қайда кетті өздері, қайтып келмей ме?

— Ол арасын мырза білмесе, мен білмедім. Қайда баратынын олар бізге айта ма? Ал неге түспей тұрсыз, Құлеке?

— Ауылдарыңда бөтен қара, жаттан кісі жоқ па?

— Жоқ, өзіміз.

— А, онда түсейік. Тиме, өзі осылай тұрады, — деді Құлан Жетімектің боздың шылбырынан тартқылағанын байқап.

Бұл теке сақал Шарбақбайдың есігінде қырық жыл жүрген ең сенімді атқосшысы еді. Кейінгі бірер жылда бұрынғы жалшылардың көбі жерін жерлеп, суын сулап, өз бетімен кеткенде, бұл қалып қойған. Бұрынғы байларда елге жаманатты қылып қоятьш осындай жалшы-қызметкерлер барын мерген әбден білетін. Олар бай дүниесін өзінен бетер қызғанып, қорғаштайды. Бай қырына алған адамға, жалшы, малшыға қамшы жұмсайтын да осылар. Кейбір ауылдарда осындай сенім артқан адамдарын байлардың қосшы, ауылсовет қызметіне іліндіріп қойғанын да аңшы көрген. Мынау Жетімек сондайлардың бірі еді. Шарбақбай мұны жасынан қолғанат еткен, кейін басына қараша үй тігіп, әйел де алып берген. Жетімектің байдан бөлініп тіршілік ету миына кірмейтіні соңдайдың себебінен болуы хақ. Қазір Шарбақбайдағы қызметші жалғыз осы шығар. Жетімек енді Құлан ертіп жүргесін қайыршыны да бір қадірлі адам көрді ме, соның шылбырын алуға ұмтыла беріп, аңырып тұрып қалды. Сақал-мұрты қауқиған, түрі, киімі үрпе-түрпе адамнан шошынып кетсе керек.

— Бері кел, Жетімек, — деді мерген шекпенінің жеңін қағып жатып, — олөзітүседі. Мырзаң үйдеғой. Үйде болса, бар, хабар бер.

— Жарайды, Құлеке, жарайды, — деп елпілдеген Жетімек теке сақалы шошаңдап бүкшеңдей жөнелді. Түн қараңғысында сонадайдан бозарып көзге ұрған еңселі үзікті ақ үйдің түсірулі киіз есігін арқасымен көтеріп тұрып, тақтай қаусырманы ақырын ғана сұқ саусағымен шертті. Бір кезде:

— A-а! — деп бір әйелдің шошып оянғаны естілді. Содан соң сол қарлыға шыққан әйел үні: — Ол кім? - деді.

— Мен ғой, Жетімек.

— Не боп қалды?

— Кісі келді.

— Қандай кісі? Өкіл ме?

— Жоқ, Құлекең. Құлан батыр.

Іштегі үн тына қалды да, арты ысылдаған сыбыр- күбірге айналып кетті. Соған қарағанда, Шарбақбай ертеден-ақ ояу жатқан тәрізді. Есікке таяп келіп, осының бәрін көріп, біліп тұрған Құлан дәрет алып, үйге кіргенде шам жағылып, төрге көрпе жайылып қойған екен. Бұл мылтығын оң қолына көлденең ұстап, «кеш жарық!» деп кіріп барғанда, оң жақтағы сырлы ағаш төсектің аяқ жағында тұрған жас әйелдің көзі ұясынан шығып кете жаздады. Ол біресе бөксесін көрпеге орап, жейдешең төсекте отырған шалына, біресе мергеннің винтовкасына қарады. Құлан онысына назар аударған жоқ. Мылтығын босағаға сүйеп, етігін тастап, төрге озды. Төрдегі тірелген көп жүкке арқасын сүйеп, үй иесіне мойнын бұрды. Шарбақбайдың түріне көз жүгірткен адам оның жас шамасын біліп болар емес. Беті жылтыраған тап-тақыр көсе. Шашын да тақырлатып алғызып тастаған. Ал өңінде бір кесепат күштің суреті бар. Қасқыр маңдай, биік қабақтың астындағы үлкен қой көздерінің жанары суық, жалпақ тұмсық, шықшыт деген жайылып жатыр. Қайсыбір кезде кескін-кейпі қабаған төбетке ұқсап кететін тәрізді.

— Шәке, ауыл-аймақ аман ба? — деді Құлан.

— Аман, — деп гүр ете түсті Шарбақбай мергенге салқын ғана көз салып. Сыр білдірмейін десе де, қыртысқан маңдайынан бұл келісті онша ұната қоймағаны сезілгендей. Соны кіргеннен аңғарған Құлан шекпенін де шешпестен отыра берді.

— Қымыз әкел! — деп күр ете түсті Шарбақбай әлі сексиіп тұрған тоқалына. Содан соң тағы мергенге мойын бұрды. — Иә, жолболсын.

— Әлей болсын. Сәлемдесіп, амандық білген.

— Менің амандығымды сұраушы осы күні көбейіп тұр, — депмысқылдайбірезуінқисайтгыШарбақбай,

— кеше бір милицалар біліп кетті. Бүгін сен келіп отырсың. Бәріңнің де шошайған бір-бір көсеулерің бар. Ал анау ойдағы ауылдағы белсенділер құдайдың құтгы күні келіп тұрады. Сонда Шарбақбайды біреу бір жаққа алып кетеді дей ме екен. Көкейіне құрт боп түскен баяғы мал-дүние де. Соны алып тынып, басыма тыныштық берсе екен.

— Күйгеннен айтып отырсың-ау осы сөзді, байеке. Әйтпесе, шашайын деп жүрген дүниең жоқ шығар,

— деп езу тартгы Құлан көмейіне келген сөзін ірке алмай.

— Әй, Құланбай, бұл сенің қай әзілің? Сеніңмаған күлетін ретің жоқ еді ғой. Жіптің бір ұшына мен маталсам, екінші ұшына ілініп сен тұрған жоқсың ба? Әлде мені мұқатуға келдің бе?

— Құдай сақтасын, байеке, сені мұқатқанда не табамын, — деп ымыраға келе сөйледі мерген.

Ерте заманда жалшылықта жүргенде Шарбақбай болысты ит етінен жек көргені де рас. О дан кейін бұл атағы шыққан мерген болған кезде, болыс маңайына тартпақ ниет білдіргенде ат-тонын ала қашқаны да шын. Бүгіндер мерген өзін Шарбақбайлардан әлдеқайда жоғары санайды. Әйтеуір ар-намысына кір келтірген жоқ, азды-көпті жұртына еңбегі сіңді, соған орай атағы бар. Осындай қашқындық нәубетке ұшырамағанда, бұл Шарбақбайдың маңына жолар ма еді. Бұл кей-кейде Шарбақбайдың сужұқпас жылпостығына таң-тамаша қалып, еріксіз ғажаптанатын. Болыс болды, он алтыншы жылғы көтерілісте сарбаз дар мұның ордасын шапты, өлген жері сол шығар деп еді, қашып-пысып онда құтылды. Он сегізінші жылы алаш туын көтеріп, елге өктемдік еткен, Аманкелдіден есе даулағандардың бірі осы еді, қызылдар келгенде қойдан қоңыр, қозыдан жуас бола қалды да, онан аман шықты. Сондай-сондай өткелектерден, қалай екенін кім білсін, әйтеуір қылшығы құрамай өтіп, бұл заманға жетіп отыр. Ата дәулеті әлі күнге шайқалған жоқ. Қазақстан өкіметінің биылғы майдағы атақты қаулысынан кейін алса, жерін кесіп алған шығар. Терісіне сыймай жүргені де соның күйігі болуы мүмкін. Мерген солай түйді ойын. Ақ жібек көйлегі шұбатылған тоқал дастарқан жайып, қымыз әкелді. Ағаш шарадағы қымызды күміс шаптырған сылдырмақты ожаумен иісін бұрқырата сапырып-сапырып, дәу шараяқтарға құйып, қонақ пен күйеуіне ұсынды. Дәл осы кезде үйге киіз есікті арқасымен көтере тағзым еткен тақылеттес имене басып Жетімек, оның соңынан сүйретіліп Абдол енді.

— Кеш жарық-ау! — деді Жетімек байға жаутаңдай қарап.

— Саламаликум! — деді қайыршы көзінің астымен үй иесін бір қағып. Шарбақбай да оның бетіне, бой-басына біраз қадала қарап отырды. Бәлен деп үн қатқан жоқ, «мынауың кім?» дегендей бүкіл денесімен Құланға бұрылды. Бүйрек бет, қызыл жүзді жас тоқал Абдолдың түрінен мылтықтан бетер тіксінген тәрізді, мөлдіреген қара көзі дөп-дөңгелек болып кетті.

— Шәке, бұл бір мүсәпір екен. Жай-жапсарын өзім айтармын. Сен, Жетімек, былай ет, анау ас үйге апарып, бұғантүннен қалған сорпа-суың болса, беріп, қарнын тойғыз, қымыз іше қоймас, — деді Құлан сөзінің соңын жалшыға арнап. Жетімек шарадағы қымызға қарап тамсанып, мүдіріп қалды.

— Құп, Құлеке! Тамағымды жібітейін, бәйбіше, бір ожау құйып жіберші, — деді ол байдың тонның ішкі бауындай болған еркіндеу қызметкерінің өтімділігіне

салып. Кішкене тостаған қымызды жұтқыншағы қылқ етіп бір-ақ жұтты да, жөнеле берді.

— Есікті қапсыра кет! — деп бұйырып қалды тоқал оның соңынан.

Есік саңылаусыз жабылғаннан кейін де әңгіме біразға дейін онша манди қойған жоқ.

— Шәке, — деді Құлан шөлі қанған соң мұртын сүртіп, — жаңағы сөзіңнің жаны бар. Заманның өзі біздейлерге қолайлы болмай тұрғаны да рас, мені мен сенің бұл күнде бір мылтықтың қарауылына байланғанымыз да рас. Сенің тілегенің тыныштық болса, менің де тілегенім жан тыныштық. Бірақ соған қалай қолым жетерін білмей, дал болдым. Сенің көзің ашық еді, желдің қай беттен соғарын есепшідей күні бұрын болжап отырушы едің. Бұл астыңа көпшік қойғаным емес, шыны сол ғой. Ендеше, өзіңе түн жамылып келгенімнің де мәнісі ақылдаса кету еді. Мына көсеуі құрғырды тастап, мен енді тұғырдан түстім деп аулымда жатсам деймін.

— Жатасың ғой, мына өкіметің жатқызса, — деп ащы мысқылмен тағы бір езуін қисайтты Шарбақбай.

— Жаздым-жаңылдым десем де тыныштық бермей ме?

— Әй, Құланбай-ай, батыр аңғалдеген осы-ay. Онда тіпті кінәлі өзің болып шығасың ғой. Сөйтіп тұрып, өзің ақпын, адалмын дейсің. Ал енді өкіметтің адамын сабағаның аз қылмыс емес. Мен білсем, осы күні одан өткен күнә жоқ. Ол өкіметке қарсы шыққаның ғой. Ондай адамдарды контрреволюционер дейді. Түсіндің бе? Сотқа тартып, атып тастайды.

— Ал әлгі өкіметтің адамы дегенің елге зорлық істесе ше? Соған қарсылық еткен де жазықты ма?

— Ол дәлелің бәрібір есепке алынбайды. Қарсыластың — бітгі.

Құланның жүрегі зырқ ете қалды. Көңіліндегі бір әлсіз үміт бойын жылытып жүруші еді. Шарбақбайдың мына сөзі сол үміт отына су құйып жібергендей болды да, арқасы шымырлап, мұздап жүре берді. Маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Еңсесі төмендеп, ауырлап, үнсіз отырып қалды.

— Ауылға барып, тыныш жатсам дейсің. Сол ауылыңда милицалар жолыңды тосып тұрмағанын қайдан білесің?

— Сондай лақап бар ма? — деді Құлан үні зорлықпен қылғына шығып.

— Ол арасын анық білмедім. — Шарбақбай сөзін салмақтағандай суық жүзбен ала көзін төңкеріп, туырлықтың астынан бастырған айшықты дөдеге айнала көз жүгіртті. — Бірақ бүгін таңертең келген милицалар менен сені де сұрады. Кәдімгі бір сені қашырған мендей-ақ, мүңкір-нәңкірше жаман тергейді иттің балалары.

Құлан онан сайын түнеріп, сақалын омырауына тығып, ондық шамға қарап бедірейіп отырып қалды. ¥рты омсырайған, түйілген қабағының арасы ор болып қазылып, көзінде шарасыздық оты маздайды. Шарбақбай да тырс еткен жоқ, сәлден соң сүйек төсекті ауыр денесімен сықырлатып жерге сырғып түсті де, дастарқан шетіне малдас құрды. Мана құйған қымызды енді ғана қолына алып, әлденеге риза болған кейіппен мейірлене жұтты. Негізінде, Шарбақбайдың кірпіксіз көзінің терісі жыланның көз қабағындай жып-жылтыр, әрі біртүрлі созылмалы сияқты көрінетін. Көз терісін түсіріп жіберіп, жанары шала жұмылғанда, ол мүлгіп отыратын тәрізді еді, бірақ сол сәт Шарбақбайдың қит еткен қыбырды қалт жібермейтінін көп адам аңғара бермейтін. Осылайша біраз отырған ол көзін ашып алды.

— Іш, Құланбай, ішіңкіре, — деді ол жылы ұшырай сөйлеп.

Мерген дел-сал күйде шараяқты көтеріп, сылқ- сылқ жұтты. Не ішіп отырғанын өзі де аңғармағандай.

— Жүдеп қалдың-ау, Құланбай. Әлде менің сөзім жайсыз тиді ме? — Шарбақбай мергеннің жүзіне тағы да бағдарлай бір қарап алды. — Батыр, сен қайқаңдағанда, мына біздің не жанымыз жүр. Бірақ сен қажыма, үш кессе де жыланның кесірткідей қауқары бар дейді той. Өлейін деп отыртан мен де жоқ. Сен де өлмейсің. Қайта сенің жолың кең сияқты. Тіпті қатын-балаңды алып Алтай, Қытай асып кетемін десең де, сені ұстап тұра алмайды. Одан қалса, мына жағың — Қарақұм, мына жағың — Қарсақбай...

— Әй, байеке-ай, ол айтқаның жай көңілге демеу берер ғана сөз ғой. Әйтпесе, қартайғанда қатын-баланы шұбыртып қайда шырқар дейсің. Өлсем, тірілсем, осы туған жерімде қалармын. Жер ауу, мейлі Жиделібайсын болсын, менің құлағыма кірмейтін әңгіме. Басқа жөніңтабылса, оны айт, — деп Шарбақбайдың әр саққа жүгірткен оспағын қайырып тастады.

— Әй, Құланбай-ай, заманның ағымына қара- майсың-ау, — деп күрсіне сөйледі Шарбақбай көзін төмен салып. Бір сәтте қартайып шыға келген тәрізді, маңдай терісі қатпар-қатпар болып жиырылған, — жан сауға қылуға тура келсе, қашармыз да босармыз. «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деп ескілікті адамдар айтып кетіпті ғой. Өзің аңғарсаң, біз сияқты адамға дүние тарылып барады. Былтырғы декабрьде партия сиазы өтті. Естідің бе, жоқ па, білмеймін, ал мен өзім газетті қағыс жібермей қарап отырамын. Өйтпесең, қарадан-қарап жүріп өлесің. Сол сиазда бұлар екі жақ боп айтысты. Бір жағы өндірісті көбейтейік, зауыт, фабриканы салайық деді. Енді бір жағы ауыл шаруашылығына күш салайық, машинаны батыстағы байлар елінен алайық деді. Сонымен, алдыңғылары жеңді. Ол бізге қолайлы жай емес. Түптің түбінде машинаның көбеюі бұлардың көсемі Ленин айтып кеткен коллективке апарады. Коллектив болды дегенше, бай құрыды дей бер. Жер де, мал да тартып алынады. Одан кейін биыл сайлау өткізілді. Ол да дәулетті адамдарға соққы боп тиді. Бұрын жеңнен жалғасып, арқа сүйеп жүрген атқамінерлердің біразы аяғы көктен келіп құлады. Анау Болжықты көрші, соның өзі былтыр ауыл совет председателі болып дүрілдесе, биыл әупіріммен ғана ауылсовет мүшелігіне ілінді. Одан соң майдағы қаулыдан кейін жер шаруа басына бөліске түсті. Бұл дегенің иісі қазақ білмеген жұмыс. Ал енді жазда санақ өтті. Осының бәрі неге апарады дейсің? Менімше, апарар жері біреу-ақ, ол — байды құрту.

— Сонда қалай құртады?

— Оны өздері біледі де.

— Апырмай, Шарбақбай, сен бәрін көріп-біліп отырады екенсің-ау. Әлгі айтқандарыңның бірін естісем, бірін естімеген ісім.

— Үркіп жүргенің де содан ғой. Әйтпесе, Совет өкіметін өз қолымен орнатқан батыр сол Совет өкіметінен қашар ма?

— ¥стап, түрмеге қамаймын десе, бой бақпағанда қайтемін. Абақтыға түскенше, өлгенім артық.

— Әне, қаштың да қылмысты болдың. «Бұл неге қашады? Қылмысты болғасын қашты» дейді. Ақталып көр содан кейін.

Әркім өз ойымен болып, екеуі де тұнжырап ұзақ отырды. Келіншек шалының арт жағына тығылып, жатып қалды.

— Иә, айтпақшы, жаңағы мүсәпірің кім? — деп Шарбақбай әңгіменің бетін басқаға аударды.

— Тіпті білмеймін. Ал енді өзінің айтысына қарағанда, өкіметке жазықты болып, іштен қашып келсе керек. «Ноғаймын, сол жақта үй-ішім қалды, әзірше бой тасалап жүрмін» дейді. Мүлде адам ойламаған жерден, Қоғалы өткел басынан кездескені. Сол арада Торғайға өткен керуеннен сезіктеніп, түсіп қалып едім дейді. Мұны Құдай айдап әкеп жолықтырған шығар, елшетіне іліктірейін, реті келсе, бір инабапы адамның қолына тапсырайын, мүсәпір ғой деп ертіп алдым.

— Ім-м, солай де, — деді Шарбақбай көзі кілбиіп.

— Солай, байеке. Шаруаның екінші түрі сол еді. Осы пақырды өз қалқаңа алсаң қайтеді. Маған еріп жүргенмен, мен оққа байланған адам, обалына қалармын. Жараса, оны-мұны жүмысыңа саларсың. Жарамаса, бұрынғыша ел ақтап, күнін көрер.

— Жоқ, Құланбай, ол қолқаңның ешбір қисыны келмейді, — деп қатқыл үн қатты Шарбақбай. — Бұрынғы заман болса бір сәрі. Бүгіндер мен адам паналатар күйден кеткенмін. Ағынан жарылайын, уақытында ұры да ұстадым, онан қашқан, мұнан қашқандар да мені саялады. Қазір өзім қашақ болудың о жақ, бұ жағындамын. Артына қалжуыр байлаған, сүйретпесі бар ондай қуыңды үйіме сақтап, сау басыма сақина тілеп алар не жыным бар. Адамыңды басқа жерден ізде.

— Ай, байеке, ол бір жүрген мүсәпір ғой. Ешкімге зияны жоқ.

— Кім білсін, — Шарбақбайдың үні екіұшты шықты. Құлан байқамаған бір нәрсені қайыршының сырт сипатына қарап көңіліне түйіп қалған тәрізді. — Ерткен екенсің, обал-сауабын өзің аларсың, батырым. Батыр адамның жауырыны кең болады ғой, қалқасына бір бишара неғып сыймайды.

Мерген Шарбақбайдың соңғы сөзінен әжуа сарынын сезді. Бірақ өтініш салып, әрі дәмін татып отырғасын, ашулана алмады.

— Жүрегің шайлыққаны-ау бұл, байеке! — деді де қойды.

— Не десең де өзің біл.

Екеуі тағы біраз үн-түнсіз отырды. Құланның әбден абыржыған түрі бар. Соны бағып, көзі кілбие түскен Шарбақбай, тостағанды шайқап, қымызын жұта түсті.

— Ал онда, Шарбақбай, мен жөнімді табайын, — деп Құлан бөркін қолына алды. Үні өте пәс шықты. — Бұл үйден шыққанымды сырт адам көрсе, саған да, маған да оңай тимес.

— Оның дұрыс сөз. Қонсаң, үй мынау. Сен үшін күюге бармын, Құланбай, қорқады деп ойлама. Бірақ екеуіміз де текке күйгенше, жер басып тірі жүргеніміз артық қой. Бұл бір пара сөз. Екінші, ендігі бет алысың қалай?

— Оны шыға көрермін. Торғай, Қостанай тартып, ізденсем бе деген де ойым бар.

— Әй, Құланбай, Құланбай-ай, батыр адамның аңғырттығы осындай аусарлығынан көрінеді-ау. Жанған отқа өзі түсейін деп тұрғанын қарашы.

Шарбақбай біраз кеңкілдеп күліп алды. Құлан бір ақымақтық іс істеп қойған адамша қысылып, төмен қарады.

— Әй, Құланбай! — деді Шарбақбай күлкісін оқыс тыйып, — сен ізденемін деген сөзді ңой, ақылды алсаң. Сенің Құлан екеніңді Советтің қаратаяқтары қайтсін. Қадіріңді білсе, кешегі белсенділері сенің ауылыңа барып ат ойнатып, саған батып тиісе алар ма еді. Сені сыйласа, осынша қуғынға салар ма еді. Ол ол болсын. Бет моншағың төгіліп, жалпаңдап бүгін кімге барасың. Өз тұстастарың, анау Аманкелді сияқтылар өлген.

— Жанкелдінің Әлібиі бар емес пе, өкімет бас- қарып жүрген.

— Ой, Әліби дейді ғой. Ол сенің қолың жетер жерде ме?! Ал қол жетер адамыңның бірі сені танып білмейді. «Ә, бандысың ба? Бар, онда, тиісті орныңа» дейді де, милица қосып, абақтыға апарып тықтырады. Сосын шығып көр қапастан. Бұл жағын ойладың ба?

— Неге үйте қойсын, — деді Құлан дүдәмалдау үнмен.

— Қалай өйтпейді. Ойбай-ау, оларға тапсырма солай ғой. Аямайды олар. Сенің сіңірген еңбегің олар

үшін түк емес. Әйтпесе, сенің соңыңа милица сала ма?!

— Енді не шара бар?

— Не шара дейсің бе? — Шарбақбай мүдіріп, мергеннің бетіне сынамал көз тастады. Әлдебір жайды салмақтап отырған тәрізді.

— Өтірік, расын кім білсін, — деді оләлден уақытта әр сөзін бөліп-бөліп самарқау сөйлеп. — Осыжоғарғы жақта Көктөбеттің тобыры бар дейді.

— Көктөбет? — Құлан серпіліп, орнынан қозғалып, Шарбақбайға шүйіле қарады. — Баяғы жортуыл басы Көктөбет пе?

— Иә, естуімше, сол болса керек.

— Ау, ол көксоққан әлі тірі ме еді?

— Тірі болғаны ғой.

— Иә, ол тобыр жинап не істеп жүр екен?

— Анығын мен де білмеймін. Шамасы, өкіметке қарсы әрекет жасап, бой көрсетсе керек.

— Нағыз банды сол болды ғой!

— Неге?! Құланбай, сен істің мәнісін түсінбей жатып, батырлығыңа басып жібересің-ау. Ақ- қарасына жетіп алсайшы әуелі. Осы ауылдың белсендісі сияқты болмай. Мүмкін ол да сен құсап, белсенділердің зәбіріне шыдамай, атқа мінген шығар.

— О да ғажап емес, — деп мерген оңай келісе кетті. Өзі сияқты қуғын көрген жан бары оған тәуір нышан тәрізді көрінді.

— Ендеше, сенің қосылатын үйірің сол Көктөбет.

— Банды болмақпын ба?

— Қап, мынаны-ай, банды-санды деп. Айтып отыр- мын ғой, ол да жан сақтап жүрген адам деп. Бүгін болмаса, ертең мен де солардың ішіне барып бой тасалауды ниет қылып жүрмін. Бірақ жөн-жосығын өздерінен басқа тірі пенде білмейді дейді. Олардың қалай табылатынын...

Шарбақбаймөлшерденартықбірнәрселердіайтып қойғанын сезіп, сөзінің аяғын сиырқұйымшақтатып бітірді. Мерген онысын сезбеген болды да:

— Сен таппасаң, мен қайдан іздеймін, — деді.

— Сенің табуың оңай ғой. Біреу болмаса, біреу бағытын сілтер.

— Әй, қайдам. Сенің өзің оспақтап кеттің. Сол сияқты, осы күні жұрт аузын бағуға айналды ғой.

— Қатта, олардың ісі оғаш көрінсе, бөлініп кетпейсің бе? — деп сөзін жалғастыра берді Шарбақбай мергеннің жаңағы емеурінін түсінбеген тәрізді қалыппен, — оған барып көремін десең де, жоқ, осылай жерден-жерге сыймай қашып жүремін десең де еркің. Тіпті: «Ал әке-көке, мен көндім, атсаң да, ассаң да өзің білесің» деп, қолға түсемін десең де қарсы тұрмаймын. Менің саған жаманышылық істеген жерім болды ма, айтшы құдайшылығыңды?

— Жоқ, ондайыңды көргенім жоқ. Сен бір шетге, мен бір шетте жүрдік қой.

— Жалғыз сен емес, бүткіл Торғай алқабында менен азап тарттым дейтін табыла қоймас.

Талайлардың Шарбақбайдан көрген қорлық- зорлығы туралы жыр ғып айтқан әңгімелері ойында болса да, мерген бәлен деген жоқ. Ал бұл байдың естімей жүрген қарғысы бар ма еді. Құлағына кірмесе, қайтесің. Тек Майлықтың сөзі есіне түскенде, Құлан мырс етті: «Осы маймақтығың-ау сенің жан сақтап жүргенің» деп ойлады ол ішінен мысқылдай. Аңшы қымызын сарқып ішті де, ауырлап орнынан тұрды. Ат соғып, ұйқы да меңдеткен, аз отырғанға денесі шау тартыпты.

— Қайыр қош, Шарбақбай, — деді ол. — Аман тұрареьщ енді.

— Жолың болсын. Әлгі әңгімені қалай шештің?

— Оны жолай ойланармын. Жын-шайтан сияқты сайда саны, құмда ізі жоқ бәле екен оның.

— Іздеген адам табады да. Осы Құйғанның арғы бетінде қызылшыңның маңайында емес пе екен.

— Жарар, көрерміз. Байеке, осы сенің жүйрік Ақжал атың болды ма? — деді Құлан есік алдында тұрып қайырыла беріп.

— Жоқ, жылқыда. Жай ма? — Байдың жүзі құбылып кетті.

— Жай ғой. Ал қош!

Құлан жолдан қосып алған серігін ертіп, кідірместен аттанып кетті.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

Рүстембай бүгін де күндегісінше ерте тұрды. Төрт қанат қараша үйдің түндігі жабық, есігі түсірулі, іші әлі қап-қараңғы болса да, өзіне ғана тән бір түйсікпен таң атып қалғанын сезген. Көнетоздау қоңыр шапанын желбегей жамылып, сыртқа шықты. Шығыс жақтағы қоңыр төбелердің үстіне қамар белбеу тастағандай ашық көгілдір түске енген екен. Күз күні желкем, ызғырықтау. Жел екпіні қоңырайған дала бозын дірдек қақтырады. Дәрет сындырғанша Рүстембайдың да бойы тоңазып, іітіркеніп кетті. «Жауын жаумаса» деп, Рүстембай аспан жүзін барлады. Көк жүзі ашық, бұлтсыз. Егіншінің қараборбай өскен баласы Рүстембай осы қырықтың үстіне шыққанша күн райын бағып өскен. «Күн, шамасы, ашық болар, анау қалған жердің егінін жинап алсақ, мұртымызды балта шаппас» деп, бүгінгі жұмысын мөлшерлеп қойды Рүстембай. Бұл өңірде бұдан ерте тұрған адам болмаса керек. Шығыстан батысқа қарай ирелеңдеп ұзын аққан Т орғайлының жоғары жағында отырған малды ауылдан да әлі жанды қара қыбыр еткен жоқ. Өзеннің арғы бетіндегі жері биік түбектегі шоғыр-шоғыр көң үйінділері көп Кеңес ауылы да тып-тыныш. Рүстембай «қара-құра түсіп кетпеді ме» деп өзен иірімінің беткейіндегі егіндікке көз салды. Әудем жерде жайланған жазық алап қоңыр түсті далада ерекше көзге ұрып, сап-сары боп жатыр. Рүстембайдың бойы жылып сала берді. Әкесі де диқан еді. Су қайтып, ел қан жайлауға көшкенде бұлар жалғыз үй көңде қалып, егінге шығатын. Қыстаулары сонау жоғарғы жақтағы Қостөбенің қойнауында қайыңды сайда еді. Қостөбе етегінен шығатын көз бастаудың суын сарқып егінге құйып, соларада бұлар талай жыл отырды. Әкесі өлді, қыстау маңайының аз ғана жері тозды. Содан кейін мұның Шарбақбайдың жерін жерлеп, егінін еккен де күндері болған. Бірақ диқан көңілі баяғы өзінің тары бидайын егіп, қауын- қарбыз өсіретін күндерін, жалпақ төбелі жатаған қыстауын аңсайтын да тұратын. Он алтыншы жылы ел дүр көтерілгенде бұл да шапты. Әуелде осы Шарбақбайдың бір бай ағасы хан сайланып, бұлрулас болмағанмен, жерлестік ретімен соның қосынына қосылған. Кейін сардар сарбаздарды сапаластырғанда Құланның жүздігіне кірді. Аса мерген болмаса да, мұның да көздегеніне тигізетіндей өнері бар еді. Өйткені егіннен қол босағанда құс пен балықты да кәсіп қылып, кедей дастарқанына қосымша талшық етуші еді. Астыққа айырбастап алған ескі бердеңкесі жақсы серік болды. Мінезінің біртоғалығын ұнатгы ма, әлде Күйік, Құмкешу, Доғалдағы сияқты ер сыналар қанды ұрыс, қарулы қақтығыста қайыспаған қайсарлығына сүйсінді ме, Құлан мұны жақын тартып, үзеңгі жолдас етгі, онбасы сайлады. Он алтыншы жылғы сел көшкендей дүрбелеңнен бұрын-ақ құралайды көзге атқан мергендігі бүкіл Батпаққара, Торғай өңіріне жайылған Құланның атағы сол соғыста тіпті дабырайған болатын. Кейін сарбаз қайтқанда, дүрілдеп тұрған Құлан бірқатар қашқан-пысқан бай-бағланның малынан айдап қайтты. Ол кезде оған бұл елде «мұның қалай? дейтін кісі жоқ. «Енесін ұрайын, мен найзаның ұшында, оттың ішінде қан кешіп жүргенде, бұл шынжыр балақ, шұбар тестер інге тығылған итала қаздай бұғынып жатты. Несін аяймын оларды, өзіме керегін тартып алмай, — деп бұған сыр шерткен. — Сардар: «Енді өкімет кедейдікі, жер де, су да солардың иелегіне тиеді. Ең үлкен бәлшебек Ленин солай деді» деп еді, ал деген кезде алмаймыз ба» деген оған Рүстембай қиялай бұл қылығының ертеректігін аңғартқан. Бұл ауылдағы жәдитше оқытқан молдадан сауат ашқан, оны-мұныға зер салып, большевиктердің үгітін құлағына сіңіре жүретін еді. «Маған ерте-сертелігі жоқ, кез келген байыңды қазір-ақ шауып аламын» деп күпіне сөйлеген, көңілінде өз даңқыңың желігі әлі ошақтағы оттай лаулап тұрған мерген. Одан кейін аласапыран он сегіз, он тоғызыншы жылдар келді. Қызылдардан жеңіліп, Ақтөбе, Орал майданынан шығысқа қарай ыққан ақтың әскері бейбіт елге бүйідей тиді. Сонда сарбаздардан байлар өшін алудай-ақ алды. Солардың көрсетуімен ақтар жолындағы ауылдардан көп адамды атып кетгі. Бірақ Құланға қолдары жетпеді. Оны да нұсқағандар болған шығар. Дегенмен, сонау Қаратастың құз-қойнауында тығылған үркердей жеті үй Текеге арнайы қалың әскер барған жоқ. Бес-ондап іздеп, әйтпесе адасып барған ақтың жазагерлері, әдетте, ол жақтан суға батқан тастай із-түссіз кететін. Соғыс дегенді бұл батырлар дастанындағы жекпе- жек айқас тәрізді болар дегендей бұлдыр түсінігі бар момын шаруа еді. Қатын-бала, шал-шауқанға дейін опат болған қанды қырғынды өз көзімен көруге тура келді. Бойындағы бар аңғалдығын, аямпаздығын сол соғыс бір-ақ күнде сыпырып алып, жүрегіне қатыгездік құйғандай болды. Патша әскері ел ішін обадай жайлаған сонау бір үрейлі кезеңде Рүстембайдың қапыда науыт боп кете жаздағаны бар. Он алтыншы жылдың осындай күз айы болатын. Шарбақбай ауылына бір дүрмек ақ әскері келіп, ошарылып түсіп жатыр дегенді оқшау қыстаудағы бұлар бір көлденеңдікөкаттыдан естіген. «Сұмдардың бет алысы жаман көрінеді. Осы жолында кездескен ауылдардың адамдарын қырып, жақсы аты болса, тартып алып, әйелдерін зорлап, әйтеуір білгендерін істеп келеді дейді. Әсіресе, сарбазға кәрі қатты тігілген екен» деп шошынта сөйлеген жолаушы. Бұлардың үйіне сәске түсте соққан сол адам түк кідірмей аттанып та кетті. «Пәледен машайық та қашыпты деген, Рүстембай, сен де қапы қалма» деп, алды-артына қарамай жөнеле берді. Рүстембай анық сасайын деді. Көрші үйдегі Нұртазаға әйелін жүгіртті. Нұртаза осы ауылдағы бір момын шаруа болатын. Аздап сопылығы да бар, әйтеуір намазын қаза қылған адам емес. «Құдай-ай, өзің сақтай гөр, Рүстемжан-ау, бір жерге бой тасаласай, келіп қалар әлгі әзірейілдер. Ей, Алла, пәлекетіңнен аулақ қыл» деп шешесінің жалбарынғаны мұның әлі құлағында тұрған тәрізді. Өзінің де жүрегі қобалжып, арқасы шымырлап кетті. «Қап, бармағымызды тістеп қалдық-ау, — деп ойлады ол. — Бұл жаудың бетін қайырар күш те жоқ. Қой, ауылда жатып, текке өлуге болмас, Бестаудағы қалың сарбазға барып қосылу керек». Біраздаң соң үйге сопақ жүзі онан сайын сопайып абдыраған Нұртаза, оның соңынан түсі қашқан келіншегі кірді.

— Нұреке, жау келіп қалыпты, аттану керек, — деді Рүстембай.

— Рүстемжан-ау, егін орусыз қалды ғой, оны қайтеміз, — деп Нұртаза бұған аңтарыла қарады. Биыл осы екі үй қосталып аз ғана егін еккен болатын. Малдыларға жалтаңкөздіктен құтылып, өз алдына шаруа баққанына, егіннің жақсы шыққанына Нұртаза орасан қуанып, құдайға шүкіршілік етіп

жүруші еді. Енді мына төнген қауіптен гөрі, егінді ойлап қайғырғаны байқалады.

— Әй, Нұреке-ай, бас аман болса, егін жиналар. Өзің естідің ғой Шарбақбай ауылына патша әскері келгенін. Енді кідірсек, өлгеніміз. Аттану керек дереу.

— Жарайды, Рүстембай, өзің біл, шырақ. Онда мен ат ерттейін, — деп Нұртаза еңкеңдеп шығып кетті. Өзі ұзын бойлы, бір көрмеге қарулы дейтіндей қырықтардағы жігіт еді. Бірақ негізі қорқақтау ма, қалай, жұрттан именіп-ақ тұратын. Талай жыл жалшылықта жүргені де сол ынжықтығынан болса керек. Ал Рүстембай оған қарағанда аласалау, бірақ денесі дембелше, жауырынды.

Сонымен, түс ауа бұлар Бестау қайдасың деп тартқан. Бұл жау бай ауылында жайласып жататын шығар деп ойлаған, әрі сарбаздар тобына қосылуға асыққан Рүстембай төтелей тартқан. Сөйтсе, ол ойы қате екен. Торғайлының биік қабағын жағалап шоқырақтатып келе жатқан бұлардың алдынан тоғайлы өзек ішінен үш жау солдаты шыға келді. Еш қайран қылуға болмады. Рүстембайдың тақымына қыстырған бердеңкеден өзге бұларда қару да жоқ еді. Бірақ оны суырам дегенше, ақтың үш солдаты үш жақтан винтовкаларын кеуделеріне тіреп тұра қалды. Сөйтіп, бұлар мысы құрып, тұтқынға түскен. С олдаттар талай жерді шарлап келе жатқан тәрізді. Әйтеуір ат артына артқан буыншақ-түйіншектері мол-ақ. «Кез келгенді тонап келе жатқан залымдар екен-ау, — деп ойлап қойды Рүстембай қаны қайнап, — қап, әттеген-ай, абайсызда қорқауларға ит жемі болдық-ау. Бәрі өзімнің ақкөздігім, әйтпесе, жау өріп жүргенде, төтелей тартамын деп не жыным бар еді». Екеуін ұстағаннан кейін аттан түсіріп, Нұртаза мінген жирен жорғаға тонап алған заттарын артқан. Содан кейін Рүстембайдың астындағы құла байталға екеуін жайдақ мінгестіріп, Қостөбеге қарай тартты. Солдаттардың екеуі тұтқындардың артында, біреуі алда келе жатыр. Сол алдағысы еңгезердей жирен казак-орыс. Артына бұрылып қарамайды да. Құйрық жалы сүйретілген, алды мен арты есік пен төрдей көк атын сипай қамшылап, былдырлап өлең айтқан болып келеді. Қашан бұлар Ақиық шығанағына жеткенше Рүстембай қан жылап опынумен болған. Қалай қүтылуды ойлап басы қатқан. Шығанақтағы елсіз көңде бір топ әскер жатыр екен. Бәрі де көк шалбарының ұзына бойы тігісіне жалпақ қызыл лампа тіктірген, етегін қызылдаған фуражкалары бар, сұр шинельді, мылтық, қылыш асынған казак- орыстар. Қолдарында бір-бір дырау қамшы. «Еңді бізді жауапқа тартып, содан кейін атып өлтіретін шығар, — деп ойлады Рүстембай. — Әй, әттегене-ай, тектен-текке өліп кететін болдық-ау. Мына Нұртаза байғұсты ерте қойып едім, осының обалына қалдым- ау. Ауылда жүрсе, аман болар ма еді, қайтер еді». Үш солдаттың бірі погонында үш жолағы бар біреуге әлдене деді. Ол Рүстембайларға немқұрайды көз салды да, содан соң қолға түскен екі атты қызықтап кетті. Әлгі еңгезердей жирен жазагерді шақырып, «жасауыл, жасауыл» деп Қостөбе жаққа қолын сілтеді. Жирен солдат атына қарғып мініп, бір-біріне тығылып тұрған бұлардың қасына келіп, қамшымен осып-осып жіберді де, Қостөбе жақты нұсқап, «марш!» деді. Шамасы, өзін жұмсағанға, тағы да ел тонағанда олжадан қағылатынына ызаланса керек. Қамшы тигенде қайқаң ете қалған Нұртаза алға түсіп тайраңдай жөнелді. Қамшының ұшы арқасын оңдырмай осып кетсе де, Рүстембай шыдады. Тістеніп жүріп келеді. Әйтеуір жалғыз солдат айдағаны көңіліне медеу. Бұлар өзенді жағалап, сәл ұзай бергенде, жаңағы бастық жирен солдатты тағы шақырып алып, бірдеме деді. Қолын қылышша сермегенін байқап, Рүстембай «былай шығарып, шауып та ста» деп бұйырмады ма екен деп көңіліне секем алды.

— Нұреке, — деді ол, асыға-аптыға сөйлеп, — мыналар бізді өлтірмей қоймайды. Не де болса, арпалысып қалайық. Екеуіміз орайын тауып, екі жақтан ала түссек, бұл солдатты жайратпаймыз ба?

— Ойбай, Рүстемжан, қылыш-мылтыққа қарсы құр қол қалай алысасың. Не қылса да, көне берейік. Қостөбеге апарса, Шарбақбай мырза ара түседі ғой.

— Әй, сол Шарбақбай залымнан не қайыр болар дейсің. Онан да өзіміз қимылдайық та.

— Қой, ойбай, Рүстемжан, қарсыласпа, атып тастайды, атып тастайды, — деп дір-дір етті Нұртаза.

— Ал жүр, жүр енді, кеп қалды ана әзірейіл!

Жолдасының қорқақтығына Рүстембайдың ызасы келді. Қашып кетер бір ұрымтал жер болар ма деп жан-жағына қарап қояды. Бірақ сол бет — ашық дала, оң бет — құлама жарқабақты өзен. Бұлар біраз жүргеннен кейін, Ақиық шығанағынан бір-екі шақырымдай жердегі бір қыстауға жетті. Қыстау ойлау жерде тұр. Осы арада солдат атынан түсті де, екі тұтқынды бір-біріне арқаларын бергізіп, қанжығадағы арқанымен матады. Содан соң өзен жағасындағы шоқ талға атын байлап, өзі көңге кіріп кетті.

— Бұл жауыз, шамасы, бізді өлтіргісі келіп жүр. Осының көзін құртып қашып құтылмасақ, өлгеніміз, — деп тағы сыбырлады Рүстембай серігіне.

— Рүстемжан-ау, байлаулы тұрып, қалай өлтіреміз, — деп жылап жіберді Нұртаза. Көңіліне үрей әбден кірген секілді қалтырап тұр.

— Онда, Нұреке, қапы қалмайық, бір айла табылмай ма? — деп Рүстембай әртүрлі амал ойлай бастады. Бірақ қарулы солдатқа қалай қарсы тұрады. Қылыштап, әйтпесе, атып тастамай ма. Әй, бір жекпе- жек жұлқысқа келер ме еді. Рүстембайдың бір кісілік қуаты бар еді. Ауылда ойын-тойда күрескенде,

құрбыларын алып соғатын. Соғымға жылқы жығуға да көршілері мұны шақыратын.

— Проклятые киргизы! — деп ақыра шықты сол кезде көңнен солдат. Ештеңе таппағанына ыза болса керек. Оның не айтқанына екі тұтқын түсінген жоқ. Әйтеуір тәуір сөз айтпағаны анық. Солдат бұларды байлаған арқанды шешіп, қанжығасына бекітті. Содан кейін екеуіне тесіп жібере жаздап біраз қадала қарады. Асықпай-саспай иығындағы мылтығын қыстау қабырғасына сүйеп қойды. Қамшысын тастады.

Нұртаза оң жақта бір адымдай ілгерірек тұр. Шамасы, жаудың жүзінен жаманшылық нышанын сезсе, жалынып-жалбарынбақ тәрізді. Анау да соны сезгендей Нұртазаны айналдыра берді. Бір кезде бетіне қарап бажырайып тұрған Нұртазаның сыртына шыға беріп, тірсектен аяқпен қақты да, иықтан басып қалды. Тұтқын тізеден кесілгендей сылк, етіп отыра кетті. Сол сәтте күн сәулесіне шағылысып, қынаптан суырылған қылыш жарқ етті. Рүстембайдың еш нәрсе ойлауға мұршасы келмеді. Көз алдында ешкімге жазығы жоқ момын жанды өлімге қия алмады. Арыстанша атылып, жаудың ту сыртынан ала түсті. Рүстембай жендеттің қолын қайырып, қылышын тартып алуға тырысып жүр.

— Нұреке, тұр, ұмтыл, Нұреке! — деп жанұшыра айқайлап та жіберді. Бірақ Нұртазадан ес кеткен тәрізді. Мойнын бурый, бажырайып бұларға қарап отырған орнында қатып қалыпты. Солдат қолындағы әрлі-берлі бұлғалақтаған қылыш бір кезде Рүстембайдың шекесіне тиіп, шым еткізді. Бірақ жігіттің есіл-дерті жауын құлату, ет қызуымен жарасын елемеді. Әйтеуір бір кезде Нұртаза да ес жинағандай болды-ау. Өңкелеңдеп тұрып, солдатқа қарсы алдынан ұмтыла берді. Жау оны теппекші болып, аяғын көтергенде, Рүстембай шалқалата тартып қалды. Сол әбүйір болды. Әйтпесе, темір тақалы дәу етік тигенде Нұртазаны жалпасынан түсіретін еді. Жендетті серігі бас салғанда, Рүстембай соны пайдаланып, қылыш ұстаған қолды бұрап қалды. Қару зың етіп шөп үстіне түсті. Нұртаза солдатты қоя бере салып, қылышқа жармасты. Өзінен алысырақ ұстап қарап тұр. Ал Рүстембай үшін нағыз қиын шақ енді туды. Еңгезердей жау ырс-ырс етіп, мұны олай- бұлай бұрай бастады. Жігіт қабырғасы қайысса да бой берген жоқ.

— Шап, Нұреке, шап! — деп ышқына айқай салды ол қылышқа әлі таңырқай қарап тұрған Нұртазаға.

— Рүстемжан, өмірімде адамға қару жұмсап көрген жоқ едім, қалай шабамын, — деп жылай жауап берді ол. Солдат артымнан шауып жібере ме деп қауіптенсе керек, бір көзі сыртта. Нұртаза жаққа Рүстембайды шығарғысы келіп ығыстырып жүр. Бір кезде жігіт жауын іштен шалып алды. Сол-ақ екен, бойына бір қуатты күш құйылғандай болды. Енді жауын жеңіп алатынына әбден көзі жетті. Іштен бір шалса, қандай дәу жігіттерді бұл алып ұра беретін. Бұралып барып, ыңқ ете түскен жау жаман жығылды білем, қозғала алмай қалды. Енді мүдіруге болмады. Рүстембай Нұртаза қолынан қылышты жұлып алып, жанталаса орнынан тұра берген дұшпанын қиялай тартып жіберді.

Жазагер дүниені көшіре өкіре құлады. Рүстембайдың өзінің де үрейі ұшып кетті. Енді аз кідірсе, жан-жақтан жау қаптап шыға келетін тәрізді. Алыс-жұлыста басынан ұшып түскен тымағын да тауып киюге мұршасы келмей, винтовка мен оқ салған сөмкені іліп алып, атқа ұмтылды. Аттың мінер жағынан баруды ұмытып, қамшылар жағынан қарғып мінді. Байлаулы шылбырды да шешу ойына кірмепті. Қылышпен қиып жіберді де, атты ойқастатып, жазагердің жанында мәңгіріп тұрған Нұртазаның жанына жетті.

— Мінгес, Нұреке, болтез! — деп ақырып жіберді ол жолдасына. Нұртаза ұйқыдан оянғандай бұған бақырая бір қарады да, жанталасып ат жалына жармасты. Буын-буыны кетіп қалған екен, әрең мінгесті. Сонымен, екеуі талды өзекке түсіп, тайып отырған.

Жауға жалынғанмен, жан қалмайтынын Рүстембай тұңғыш рет сонда білген. Бірақ көпке дейін гимнастеркасының жаурынына қап-қара боп қан жайылып бара жатқан жазагер көз алдына елестеп, шошып оянып жүрді. Кейін талай ауыр қаза, кісі өлімін көрді, бірақ олар анадай эсер еткен жоқ.

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

Рүстембай үйге қайта кіргенде, ырсылдап- күрсілдеп кәрі шешесі де тұрып, киініп жатыр екен.

— Апа-ау, неге құлқын сәріден тұрдың? — деді Рүстембай алакөлеңке үй ішінде түрі сапсиып, самай шашы жаулығынан дудыраған анасының қартаң тартқан жүзіне біртүрлі елжірей қарап.

— Кәрі адамның ұйқысы тауықтың ұйқысындай емес пе, шырағым. Көп жатсаң, мамық төсек те тастай батады екен жамбасыңа. Мені аяп қайтесің. Сендер аман болсаңдар, шүкіршілік. Келінді оятпа. Кішкене көз шырымын алсын. Жұмыс істеп, арып-ашып жүр ғой байғұс. Сенің де көзің бақырайып, бетің жүн-жүн боп кетіпті.

— Бүгін-ертең бітірерміз, апа. Сосын демаламыз ғой.

— Иншалла, бітіріңдер, — деп кемпір құманын алып, сыртқа шығып кетті. Аздан соң түндік шеті түріліп, үй іші жарық тартты. Үй ортасындағы жер ошақ басында беті-қолын шайып отырған Рүстембай бір кезде сырттан шешесінің көбісі асыға тырпылдағанын естіді. «Апырмау, неге аптықты бұл кемпір. Әлде егінге мал түсті ме?» деп ойлап қойды Рүстембай. Бақан тірелген есіктен құманы салдырап шешесі енді.

— Рүстембай, далаға шықшы, — деді ол ентіге сөйлеп, мына жоғарғы жақтан өзенді бойлап бір-екі атты келеді. Жансау көзім де жетіңкіремеді, біреуі әлгі өзің айта беретін Құлан сияқты. Шошайған мылтығы бар.

— Құлан?! Ол қайдан жүр, жаным-ау! — деп Рүстембай жейдешең сыртқа атып шықты. Бұл сәтте ол қарулас жолдасының келуіне қуанарын да, ренжірін де білмеді.

Үйді айнала беріп, өзеннің жоғарғы бетіне көз салды. Судың жел беті кілең жарқабақты биік болса, бұл беті ойпаң, жағалай біткен қалың боз тал еді. Биіктігі атты кісінің бойынан ағады. Солталды іргелей бірі алда, бірі артта екі атты келеді. Алдыңғысын Рүстембай жазбай таныды. Құлан, баяғы Құлан. Ертедегі жорық күндері ойында жалт етіп, жүрегі дүбірлеп қоя берді. Бірақ асығыстық білдірмей, былайырақ шығып, сабыр сақтап күтіп тұрды. Аттылар да сол аяңнан жазбай мұның қасына таянды.

— Уай, Құлеке! Ассалаумағалайкүм! — депұмтыла берді мергенге қарай Рүстембай қос алақанын жая.

— Әлейкүмассалам, Рүстембай! — дегенҚұланның үні де жарқын шықты. Аса бір қуаныш толқытқан түрі бар, өңі сәл қызарыңқы тартқан. Аттан қарғып түсіп, жолдасын құшақтай алды. Төске төс соғыстырғаннан кейін, Рүстембай мергеннің жүзіне барлай қарады. Селдір сақал-мұрты ұзарып өскені болмаса, баяғыдан көп өзгермеген тәрізді. Қаршығаның көзіндей шегір көзі қазір де жалт-жұлт ойнайды. Бірақ түн қатып, түс қашты болғаны аңғарылады. ¥рты омсырайған сүйекті беті шаңытыңқырап, жалпақ маңдайындағы қыртыс қатпарланып тұр екен.

Құлан жолай ат үстінде көзі ілініп кетіп, мызғығаны болмаса, тоқтаған жоқ. Тек Абдол мінген ат қана белі босаңсып, таяқтата бергесін, жол жорғасымен жүріп отырды. Әуелі Рүстембай үйіне түсуді ойлап келсе де, жақындай бергенде, Құлан біраз жүрексінген. «Қан майданда отқа кеудемізді бірге тосқанымызды ұмытып, белсенді болып кетпеді ме екен. Қалай қарсы алады? Жарар, не де болса, бара көрейін» деп жүріп кеткен. Міне, енді Рүстембайдың қою қара мұрт, қара сақалды, жел мен күнге тотыққан дөңгелек қызыл жүзінен, күлімдеген қой көзінен шын қуанғанын байқап, жүрегі жылып кетті. Жол бойы қажығанын да ұмытқандай. Қарулас жолдасына ыстық ықыласын білдіретін әлдебір нәрсені айтқысы келеді, бірақ аузына түсер емес, құр жымиып күле берді.

— Ал неғып тұрсың, Құлеке, үйге кірмейсің бе? — деген сөзін естісімен, үйге қарай қозғалды.

— Солай қаңтара сал, — деді атын байлайын деп шылбырына қол созған Рүстембайға. Үй иесі енді екінші жолаушыға қарады. Тал таяғымен түнімен атын сартылдатып ұрып келген Абдол әбден қажығандай. Белі бүкшиіп, көзі кіртиген. Ат үстінде әрең отыр. Ол бұларга жақындаған да жоқ, талдың сарғайған жапырағына мойнын соза берген торшолақтың тізгінін қарыса тартып артта тұра берді. Тек Рүстембай өзіне қарағанда ғана қырылдап:

— Сәлемаликум, аға! — дедіде, сүйретіліп атынан түсе бастады. Рүстембай «мынауың кім еді?» дегендей аңтарылып Құланға бұрылды. Онысын түсіне қойған Құлан:

— Ол бір бишара мүсәпір. Айдалада адасып жүрген жерінен қасыма ертіп алдым. Ноғай екен. Басқасын кейін айтармын, — деп қысқаша ғана жайын түсіндірді.

— Е, жарайды, — деді Рүстембай жаңағы көңілді қалпымен. — АлҚұлеке, үйге енейік.

— Үйіңде бөтен қара кісі жоқ па?

— Жоқ, өзіміз ғой. Батыреке, бес қаруыңды сайлап алыпсың, кімнен сескенгендейсің?

— Әй, Рүстембай-ай, бұл көсеу болғырды мен сәнге асынып жүр дейсің бе? — деп Құлан есік алдына келіп, жолдасына қарады да езу тартты. Содан соң мойнындағы мылтығы мен оқшантайын алып, Рүстембайға ұсынды.

— Мә, мынаны бір жерге қоя сал. Қатын-баланы үркітіп, үйге мылтығымды шошайтып кірмейін.

— Мақұл.

Арқа-басы кеңіп, бойы жеңілдегендей жүзі ашылып, мерген шекпенін шешіп, шаңын қақты да, айналасын бір шолып есікке беттеді. Екі бүктелгендей еңкейіп, қараша үйдің табалдырығынан аттаған Құлан бойын жазғанда, назары ең алдымен оң жақтағы жер төсектің үстінде отырған оқшырайған ақ жаулықты, әжімді, жалпақ жүзді қара кемпірге түсті.

— Есенсіз бе, құдағи, — деп ілгері аттап барып кемпірдің бүріскен қолын алды. Содан соң төр алдына жайылған көрпеге жайласып, бөркін алды.

— Амансың ба, Күнбала, — деп босаға жақта ауыл әйелінің мейман келгендегі ізетін сақтап түрегеп тұрған сопақ жүзді, сары әйелге сәлемдесті. Әйел де бітік көзін үшбұрыштандыра бұған қарап, дыбыссыз амандасты да, самаурынын алып шығып кетті.

— Иә, аман-есен жүрсің, қарағым. Елің аман, жұртың тыныш па?

— Аман, құдағи, аман, — дедіҚұлан солжақ іргеде бырылдап тәтті ұйқыда жатқан қара домалақ қос ұлға біртүрлі іші елжірей, қызыға көз қиығын салып, — мына күшіктердің ұйықтасын-ай басы аяғына кетіп.

— Е, бала деген итгі қойсайшы, күнімен жүгіреді- жүгіреді де, сілесі қатып жатады тырайып.

— Иә-ә, — деп күрсініп қойды мерген. Өзінің осы жасқа келгенше жас иіс иіскемегені ойына оралып, біртүрлі іші ашып кетті. Үйге көң етігі тарпылдап қайыршы кірді.

— Амансыз, ana, — деді ол жымиған әлпет байқатып. «Аман» деді кемпір сәл жатырқағандай шүйіле қарап.

— Ей, сен қайда жүрсің? Отыр мына жерге! — Құлан Абдолға балалардың аяқ жағын нұсқады.

— Жоқ, аға, менің ұйықтағым келді. Апа маған айран берсе, мен жатар едім. Қатгы шаршадым, ұйқым келді.

— Құдағи, мынаған көжеңіз болса, беріңізші.

— Берейін, шырағым, берейін, — деп бүкшеңдеп түрегелген кемпір ши ішіндегі кішкене күбіні пісіп- пісіп жіберді де, тостағанға тары көже құйып, әуелі Құланға ұсынды. Күбі тобылғымен ысталса керек, көженің бетінде қарақұрым көбіктеніп май жүзіп жүр. Сусынды жұтып салғанда, екі қонақтың да маңдайларынан тер бұрқ ете түсгі. Құланның таңдайы бал татып кеткендей болды.

Қайыршы көжесін сарқа ішіп, далаға жөнелді. Құлан туырлығы, кереге, уығы ескіріп тозған қараша үйдің аз ғана жиһазына көз жүгіртіп ойда отыр. «Рүстембай да, мына шешесі де өзім дегенге аузындағысын жырып беретін жандар-ау. «Үйге өкіметтен қашып жүрген адамды түсірдің» деп күңкіл шығарса, мен не дер едім. Сонау атыс-шабыста бірге болғанымыз өз алдына, мен үшін күйіп кетсе, бала- шағасына обал-ау. Әлде ешкімнің көзіне түспей тұрғанда аттанып кеткенім жөн бе? Ел аман, жұрт тиышта қысымшылық қылған Құдай-ай. Пайғамбар жасына да келіп қалдың, байыз тауып, орнығудың орнына, еңді мынау ойдан қырға жөңкіліп жүргенің. Ауылға барар жол кесілген тәрізді. Әлде жеті үй Текемді алып бір жаққа қаша көшсем бе екен. Қарақұмға өтіп кеткендер бар демеп пе еді. Әй, ол жаққа жетудің өзі неғайбыл-ау. Тығырыққа тығылған жерің осы шығар, Құлан. Тәуекел, не де болса, басқа салғанын көріп аларсың. Басқа не амалың бар». Түс қайта қонаққа сойылған лақтың етін жеп, жайланғаннан кейін, Құлан мен Рүстембай сырт көзден таса жерде тұрған шығыр үйшігінің күн шуақ ығына төсек төсетіп, әңгімеге отырды. Екеуінің алаңсыз сырласар сәті енді түсті.

— Енді еш нәрсеге алаң болма, Құлеке, — деді Рүстембай мергеннің оң жағына жайласып жатып. — Бүгін бұл үйге жан адам жоламайды. Арғы беттен таңертең біреулер айғайлап еді, қайығымның түбі тесіліп қалыпты деп қойдым. Еш қауіп ойламай, бүгін қонып кет.

Құлан үндеген жоқ. Батысқа ауған күннің самарқау сәулесіне қызыл мыстай тотыққан жүзін тосып, сығырайып қиырға көз салды. Осы бет сонау көкжиекке дейін шөбі ағарып оңып кеткен сұр дала екен. Сол сұр дала өңірінде Рүстембай егінінің аңызы көзге ұрып, сары барқыттан салған жамау сияқты ерекшеленіп тұр. Аспанда түте-түте сұрқай бұлттар баяу қалқып көшіп барады. Желдің зәрі таңертеңнен гөрі сынған, бірақ ауада бір ызғырық бар. Қыс ызғарын сезінген табиғат суықтан жақ жүні үрпиіп, булығып жатқан тәрізді.

— Міне, осылай, өгіз аяңмен дегендей жүріп жатырмыз, Құлеке, — деді Рүстембай. — Бірте-бірте оңалып кетерміз. Заман түзеліп келе жатқан сияқты ғой. Мынау арғы беттен биыл ауылсоветтің жаңа орталығын ашты. Бұрын бір-екі-ақ үйі бар қыстау еді. Қазір қоғам далып, үлкейіпкетті. Өзіңдемана ертеңгілік байқаған шығарсың. Анау төбесі шатырланып жатқан абажадай үй тұр ғой, соны мектеп етеміз дейді. Әзір балаларды ауасы жеңіл деп киіз үйде оқытып жүр. Мұғалім іштен келген жас жігіт, бұрын жалшы екен, совет тұсында рабфак деген оқу бітіріп, ғұлама болып шығыпты. Орысша, қазақшаға судай. Ликбез деген оқуда сақалы сапсиған мен сияқтылар да оқып жүр. Менің де қара борбайларым сол мектепке барады.

Айтары жоқ, өкіметтің арқасында заманның беті түзелді ғой, Құлеке.

— Ал байларың не қарекет жасап жатыр? Байқаймын, Шарбақбайда бұрынғы күй жоқ-ау, шамасы.

— Шарбақбайма? Е, олбұрынғыҚұдайдаемеспін, Құдайдан былай да емеспін деген құдіретінен айрылды ғой. Алдымен сайлау құқы жойылды. Онан өзін салықпен біраз қысып жіберді. Есігінде жүргендер соттасып, ақыларын алды. Қазір өзінде бұрынғыдай көп жалшы да қалмаған шығар. Союзқосшы, ауылнай, комсомолдар өзін біраз иектеп, бүгінде Шарбақбайың бұғып қана жүреді. Кейбір Болжық сияқты белсенділермен жең ұшынан жалғасады деген сыбыс бар, бірақ елден шеттеу отырған мен ондайдың анық-танығын білмедім.

— Сөйтіп, бұрынғы күн жоқ десей Шарбақбайда. Өзі де біраз дүрсініп еді, сол керек.

— Солай, нэп кезінде біраз күпсіп еді, қазір жүнжіп кетті. Бірақ талайды көрген қу мүйіз ғой, әлі де сыр берер емес. Сіресіп жүр, беріспей. Бірақ өкімет оны іргесін шайқамай қояр дейсің бе? Жағасына қол салар. Өйткені ағым солай көрінеді. Осы қыс серіктік деген ұйымдастырылады дейді. Соған кір, мүше бол деп мені үгіттеп жүр. Ойланайын дедім.

— Саясатқа көп жетіліп қалыпсың-ау, Рүстембай, — деді Құлан сықсия күліп, — түбі ел басқаратын сен болмасаң нетті. Өйткені сардар сияқты азаматтар өліп кетті. Біз пақырыңдай әуелде бәлшебек жолын ұстай алмай әрі-сәріде жүргендер жайына қалды. Әйтеуір шөре-шөремен тіршілік етіп келеміз. Сонда тізгінді сен ұстамай, кім ұстайды. Бір жағыңда Молдақұлдар жүреді жалбаңдап.

— Молдақұл ма? Ой, ол итті қойшы. Осы күні жер-көкке сыймай жүр, мен де сарбаз болғанмын деп. Сондағысы әлгі Құмкешу соғысында біздің мергендердің атын ұстап тұрды ғой қыр астында, ісіп-кебетіні сол. Әйтпесе, ол майданның маңайына барды ма? Кейін ауылына қашып барыпты ғой.

— Иә, рас, содан кейін көрмедік, сөйткен екен-ау.

— Айтпақшы, оның қызығы бар. Баяғыда ауылды ақтар шапты ғой. Сонда бұл гөжелің мылтықты тастай салып, күркелеп үйген тезектің ішіне еніп кетіпті. Әйелдеріне сыртынан қимен бастыртып, жазалаушы солдаттар кеткенше соның арасын паналаса керек. Артынан ауылдан ауыл амандық сұраса бастадық қой. Бір күні кездесе кеткенде, қалай аман қалдың десем, әлгіні айтты. Және сонысына өзі ыржалақтап, әжептәуір мәз боп тұр. «Өй, ерім-ай» дедім. Бүгіндер оны айту жоқ. Кәдімгі Аманкелді батырдың оң қолы болған адамша лепіреді. Ол ол ма, қазір аузынан нақ жалын шашып тұрған ағаш белсенді. Ол иттің жайы солай. Құлеке, өз жөнің қалай? Не тіршілік етіп жүрсің?

— Әй, Рүстембай-ай, тіршілік дейтін менде не тіршілік бар дейсің. Итшілеген бір өмір де. Амалсыздың күні ме, әлде қараңғылығым кеселін тигізді ме, осы күні қашқын болдық. Бәрі әлгі Томар деген ақ топалаңның кесірі. Мені банды, қарақшы болып кетіпті деген сөзді шет жағалап естіген де шығарсың. Ондай сөз жата ма, жер жарғандай дүңкілдеп тұрады ғой.

— Естідім, бірақ жұрт не айтпайды. Сол жанжал өзі неден шықты?

— Ол былай болды. Құдауанда, бір болмашы нәрседен сондай өрт тұтанады дегенге адам сенбейді де. Иә, сонымен, бұл өзі көктемдегі оқиға. Бір күні ауылға Болжық пен Томар келіпті.

Біздің Серкеш те дүниені бұлдіріп жүреді ғой. Сол төменгі ауылдағы Көрпебайдан бір мал ала ма, немене. Екеуінің арасында тамыр-таныстық алым-берім болса керек. Сонан келесалаТомарСеркешке: «Осындай, сен мына кісінің атын алған екенсің, соны қазір табан астында жетектетіп жібер, әйтпесе, арыстоват етем» дейді. Серкеш: «Менде бір жылқының көзі болтаны рас, бірақ оның орнына малбергенмін, ұрың, барымташың мен емес» деп жайын айтады. Оны Томар тыңдай қоймайды, тап сол арада жылқыға құрық салып, бір құнанды ұстап алып, әлгі Көрпебайға шылбырымен байлатады. Тіпті құнан Серкештікі де емес, біздің Орман шалдікі. Сол арада төбелес шығады. Тапа-тал түсте зорлыққа қалай шыдайын, бүйірім қызып, мен араластым ол іске. Шақырғанға келмегесін, Болжық пен Томарды жігіттерге сүйретіп алдырып, жөн сұрап, ақылымды айттым. Алай-бұлай қару жұмсап, қамшы сілтесем бір сәрі. Оның бірі жоқ, бірақ іс насырға шапты. Өкімет адамын жәбірледі деп әмілер мені әбден бастықтарына қараласа керек. Ақыр аяғы, не керек, жаламен ұсталар болғасын, көк бөрінің соқпағынатүстім. Әйтпесе, биылөзімше шаруақамын ойлап, жеті үй Текемнің бас көтерерлерін егін егуге көндіріп едім. Енді олардың не қарекет етіп жатқанын құдайым білсін. Хал осылай мүшкіл болып тұр, Рүстембай. Бәрінен де жанымды күйдіретіні, кешегі қызыл сарбаз мені апарып байлардың құйыршығына, бандының санатына тіркеп қойғаны. Бұған не айла бар? Ойлай-ойлай бас қататын болды.

— Иә, Құлеке, жағдай мәз емес екен. Әуел бастан адастың-ау. Содан әлгі Томарларың бел алып кетті ғой, — деп Рүстембай ойланып қалды.

— Әкем марқұм тек жүрсең, тоқ жүресің деуші еді. Тек жүрейін десем де түрткілеп жатқызар емес. Қайтеміз енді, пешенемізге жазғанын көргеннен басқа лаж жоқ.

— Жоқ, Құлеке, сен жасыма. Жасықтық сенің сүйегіңе бітпеген қасиет еді ғой.

— Бопты, ендеше. Тәуекел. Енді мен ауылыма барам да, шаруамды айналдырамын. Шаруа баққан адамда жұрттың несі бар. Бас жарып, көз шығарған бұліншілігім жоқ. Тіпті әлгі Болжықтар айып

тарттырамын десе, оған қалай көнем, түк жазығым жоқ?

— Онысы жай сөз болар, Құлеке. Бұрынғы сарбазды ұстау оңай ма екен. Не де болса, осыдан тікелей тартып отырып ауылыңа жет те, астығыңды бастырып, қыстауыңды сайлай бер. Томардан келген керді көріп алармыз. Ондай шолақ белсенділердің әкіреңдеуін тыяр өкімет. Ал енді тіпті ұстады бар ғой, ел боп, жұрт боп ізденбейміз бе. Сосын Томар не істейді саған. Абақтыға-ақ жапсын, ертең суырып аламыз.

— Маған сол абақтың қиын боп тұр-ау.

— Тіпті абақтыға да сала алмайды.

— Әй, қайдам, біздің Серкешті мені тап деп бір жұма қамап қойыпты деп естідім.

— Милица ма? Милица демекші, осы біздің әлгі Апанас қайда екен?

— Қай Апанас, баяғы Жагордың баласы ма? Ол осында ма еді әлі? — Құлан көңілінде бір үміт жарқ еткендей болды. Үні де сергек шықты.

— Дәл өзі. Дуанда милица начальнигі деп еді қыстыгүні. Басқа жаққа ауысып кетпесе. Ауданға барсам, мен соны анықтайыншы. Орнында тұрса, сәлем айтармын.

— Мынауың мен үшін жақсылық хабар екен. Қайда жүргенін дұрыстап сұрастыр. Әй, ол бір тәуір жігіт еді. Ана жылдары ақтарды қуғаннан кейін дуанда қал деп мені қаншама үгіттеді. Нағыз батыр деп соны айт. Қоян-қолтық ұрысқа қандай шебер, сабаз. Қылышын оңды-солды жарқылдатып, топты жаудың ортасына кіріп кеткенде, айналасы шабылған шөптей жапырылып қала беретін.

— Иә, айтары жоқ, батыр еді. Кейін жараланып, өлім аузынан қайтты ғой.

— Е, милицада еді десей сол Апанас. Томарларыңның құйрығын бұрайды екен ғой. Бәрекелде, ой, Рүстембайым-ай, талай қызық дәурен

өтті-ау бастан. Міне, енді шалдыққа да аяқ бастық екеуіміз, — деп толқи сөйледі Құлан, — балаларың малқұлағы болып қалыпты, қартайған емей, немене?

— Қартайсақ та, әлі жастарыңмен тайталасып, талай істің басын қайырармыз, Құлеке. Қайсыбір боркемік жасыңнан, мың сан жаумен жағаласып жеңген қышыры бар, біз артық шығармыз. Үстін- үстін соққыдан біраз есеңгіреп, тұралағанмен, байлар әлі күшінде. Болжық, Молдақұл сияқтыларға сүйеніп алып, әлгі Томарлардың құрық беруімен олар еп қылып жүр. Солардың

жағасын біз қисайтпағанда, кім қисайтады. Лениннің өзі кедей шаруа бірігіп, шаруашылық кәперәтіп құруы керек деп айтып кетіпті ғой. Соған қарағанда, осы екі-үш жылда үлкен өзгеріс болар-ақ. Партияның қыстағы он төртінші сыязында: жұмысшы-шаруа, көзіңді аш, оқы деп ұран тастады. Кедей балалары ішкі жаққа оқуға кетіп жатыр. Сөйте-сөйте заман тіпті жақсарады ғой. Оған да жетерміз, аман болсақ.

— Иә, аман болсақ... — деп күрсінді.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ ТАРАУ

Бұл ара Құйған аталады.

Түстіктен терістікке қарай қиялап келген Тасты өзені осы арадан батысқа жалт бұрылып, кең түбек тастайды да кілең бір құлама жарларды жағалап барып, Ашутасты өзенімен қосылады. Құйғандағы өзен арнасы көлденеңі жарты шақырымға жуық екен. Көктемде тасқын су кернеп кететін, арнатабаны күзде әбден құрғаған, ара-арасында сиыр тіліндей ұзынша құм қайраңдар мен еспе жалдардан өзге жердің бәрін қалың бытқылтоғай басып кеткен. Бірде ен жайылып айдынданған өзен енді бір жерде жұлынданып, тал- талдың арасымен жылап қана ағады. Биік қабақта қызыл тастан қаланған жалпақ төбелі үлкен үй тұр. Маңдайында тал шарбақ аумақты тас қоралары бар. Үңірейген есік-терезелері бұл қыстаудың қазір иесіз екенін аңғартады. Көңнің алдындағы сарғыш тартқан бидайығы жапырыла қоймаған ойпаңда төрт қанат қараша үй тігіліпті. Қолпылдаған қоңыр сиса көйлегінің етегі шұбалған ақ жаулықты кемиектеу сары кемпір жерошаққа от тұтатып, шартиған ескі самауырды үргіштеп, үй алдында бүкшеңдеп жүр. Әлсін-әлі көзін көлегейлеп, батар күннің алтын зеріне малынған қалың талға назар салып қояды. Әлден уақытта су жағасындағы тал арасынан қара бешпентті, дөңгелек бөрікті, төртбақ қара шал шыға келді. Беліне қыстырған балтасы бар, қолында көк шыбыққа тізген балық. Саптама етігі күрпілдеген шал еңкеңдеп үй алдына келді де құйрығы жер сызған бір — екі балтасап, шорағай, ақтабан, етікбас алабұға тізілген шыбығын шөпке тастай берді.

— Сусының бар ма, әкеші, тандырым кеуіп қалды ғой, — деді ол кемпіріне, балтасын белдеуге қыстырып, бөркімен маңдай терін сүртіп. Содан соң ұзын сақалына жабысқан қиқым-сиқымды тазалап тарамдай бастады.

— Көже ішкесін, қазір шай іше алмай қаласың ғой, байғұс-ау, деп кемпірі шалына біраз аңыра қарап тұрды да үйге кіріп, күрпілдетіп күбі nіce бастады. Шал мыжырайған жез құманды алып, беті-қолын шайды. Шүберек белбеуін шешіп, бетін сүртті де кетік тостағанмен кемпірі алдына әкеп тосқан быжылдаған көжені басына бір-ақ төңкерді.

— Түһ. Иттің талын шабамын деп, өлетін болдым ғой, — деді ол маңдай терін сыпырып.

— Енді неше арбасы қалды?

— Осы бірер күнде бітірермін, шамасы. Әнеугіден бері қиған талым он арбадай болып қалды-ау.

— Жаныңды қинап немене соншама! Дүниенің отынын жинап, Шарбақбай әкесіне ас беруші ме еді?

— Алдыңгүні келіп дігірлеп кеткен жоқ па, зіркілдеп. Әй, бәлем-ай, Рахымжаным оқуын бітіріп келсе, осының бейнетінен құтылып, бір көзіміз ашылар еді. Хат келмеді ме екен, қалаға барып, ауылнайдың кеңсесінен білетін еді.

— Хат алғанымыз жақында ғана емес пе. Не келе қойды дейсің.

— Ал бол, шайыңды қамда.

— Қайда асығып барасың, байғұс-ау. Ішерсің бір суыңды. Мына балығыңды жарып берсей асайын.

— Пышақ әкел.

— Бүгін күні бойы алаңдаумен болғаным, — деді кемпірі пышақ пен нан тақтайды шалының алдына қойып жатып, — біреу келе ме деймін.

— Сен де жоққа елегзи береді екенсің. Күнде айтатының сол ғой. Кім келуші еді бұл Шарбақбайдың моласына.

— Қайдам...

Батысқа қарай құлдыраған күн енді бір сәтте сарғыш тартқан жапырақтарды алтын бояута малып, тоғай арасынан сығалап тұрды да балқып барып көкжиекке жасырынды. Айнала әп-сәтте қараңғы тартып, көз байлана берді. Өзен жақтан қоға арасындағы түнгі мекенге жайласқан үйректің қырқылы, жылқышы құстың ысқырғаны естіледі. Анда-санда суылдап тоғай ішін құйын аралап өтеді. Төңіректен андыздай төніп келген түн қараңғылығы жерошақтағы шалқыған оттан жасқанып, алысырақтан қараша үйге соқыр көзімен үңірейе қарап тұрғандай. Әлден уақытта ат дүбірі естілгендей болды. Шал аршып жатқан балығын былай тастай беріп, дыбыс шыққан көң жаққа көз салды. Елеңдеп тың тыңдады.

— Әй! — деді ол жерошақ басында күйбеңдеген кемпіріне, — естідің бе? Біреу келе жатқан сияқты ғой.

— Қойшы, өзіңнің құлағыңның дүңгірлегені шығар. Кім келуші еді?

— Жоқ, келе жатыр. Банды шықты деп жүр еді. Солар болып, әлек-шәлегімізді шығармаса, — деді шал үрейлі үнмен сыбырлай сөйлеп.

— Қайдағы сұмдықты қайдан айтасың! Бізде несі бар, өлмелі кемпір-шал!?

— Кім біледі, жер бетінде не түрлі адам жоқ дейсің.

Бірақ қарт соны айтып, езуін жиғанша болған жоқ, қараңғылық қойнынан бірінен соң бірі екі атты сумаң етіп шыға келді. Лапылдап жанған от көздерін қамартты ма, әбден таяп келгенше есік алдында үй көлеңкесінде қалқайып тұрған кемпір-шалды олар дәл үстіне келгенде ғана байқаған сияқты. Барақ шал үн-түнсіз оларға қадала қарап тұр. Алдыңғысы тақымына мылтық қыстырған Ақбоз атты түйе жүн шекпен, ноғай бөрік киген біреу. Бет-бедері де енді анық көзге шалынды. Ат жақты, жар қабақ, қасқыр маңдайлы, селдірлеу сақал-мұрты бар орта жастағы адам тәрізді. Кішірек өткір көзінде от алауы ойнап, лапылдап тұр. Соңғысы, жобалғы киімді, шүңірек көз, қауға сақалды біреу екен. Түрі басқа ұлттың адамы сияқты. «Атқосшы шығар» деп қарт оған онша назар аудара қоймады. Ақбоз атты жолаушы үй алдына келіп аттан түсті де мылтығын ердің қасына қыстырып, жарыққа қарай шықты. Шалға жақындап: «ассалаумағалайкүм» деп сәлем берді.

— Әлейкүмассалам, — деді қарт тосырқаған үнмен. Жаңа мылтығын ілейін деп айнала бергенде бұл жолаушының қақпақтай жауырынын көріп, «ел болсын, жау болсын, осы тегін адам емес-ау» деп ойлаған.

— Ал, ақсақал, дәм жазып осылай қарай келіп қалдық, рұқсат болса қонсақ, — деді жолаушы қарғылыңқы қажыған үнмен.

— Қоныңдар.

Шал осыны айтып кемпірге бұрылды.

— Әй, бір жарық қылсай!

Кемпірі жолаушыларға үрейлене бір қарап, бүкшеңдеп үйге кірді де сығырайтып жарық жақты. Шал өзі бастап үйге кірді. Оның соңынан ере енген жолаушы шекпенін кереге басына ілді де саптамасын тастап, төр жаққа шықты. Кемпір төсеген көнетөз құрақ көрпенің үстіне отырып үй ішіне көз жүгіртгі. Мұндағы әрбір зат — мен жарлының мүккәмәлімін деп тұрғандай. Керегелер күйеден қап-қара, туырлықты да ыс басқан, әр жеріне жамау жапсырылса да көп тесігінен жұлдыз санағандай. Шаңырақ та атам заманнан келе жатқан болуы керек, бірер күлдіреушінің басы шығып кетіпті. Тек уықтардың біразы ашық қызыл жосасынан жаңада ғана иілгені көрініп тұр. «Шал негізі үйші болар-ау» деп ойлап қойды жолаушы сол уықтарға көз жүгіртіп және жаңа даладан талысты көзі шалганы есіне түсіп. Үйдің шал-кемпір жататын оң жағына қолдан тоқыған тықыр кілем тұтылыпты, еденнің төр жағына көнетөз алаша төселген, одан төмен бір-екі тулақ жатыр. Шал төсегінің аяқ жағында ағаш әбдіре, оның үстінде қаңылтырмен шарыған кесе түбінде иісіне қарағанда балық майына ширатып салған мақта білте — жалпылдақ шам жанып тұр. Босаға шимен қоршалған, ішінде аяқ-табақ.

— Ал, шырағым, жолболсын. Танымадық, жөніңді айта отыр, — деді шал.

— Жөн айтсақ, мен Теке Құлан деген боламын, — деді жолаушы аз-кем мүдіріп барып.

— Құлан дейсің бе? Иә, естуім бар.

— Естісеңіз сол. Ал, мынау, — деп Құлан босаға жақтағы тулаққа аяғын жия алмай, тізесін құшақтап отырған Абдолды иегімен меңзеді, — меніңатқосшым.

— Е, бопты, — деді шал, — бөтен адам емес екенсің. Тіпті саған бір мал союдың реті де бар еді, бірақ, шырағым, қысқа жіп күрмеуге келмейді. Біз бір байдың иесіз қыстауын күзеткен бейбақпыз.

— Жоқ, қария, ешбір абыржымаңыз. Осы ілтипатыңызға әбден ризамын. Етті айтпа, ниетті айт дейдіғойқазақ, — дедімергенқарттыңжалпақжүзіне, салалы ақ сақалына аса бір жылы сезіммен күлімсірей қарап. Осы үйге кіргеннен-ақ оның жаны толқыған. Ашыған көже, іркіт пе, илеген тері иісі ме, әйтеуір бір қышқылтым иіс танауын қытықтап, балалық шағын есіне түсірген, өзі өскен осындай құрым үйді көз алдына келтірген. Біраздан бері еңсесін езіп жүрген торығу, нала, назалану сезімін көңілінен қуып, бір сәтке болса да осынау өзіндей адамға таршылық еткен дүниеден аулақ әкетіп, күнәдан пәк балалық сезімін оятқандай еді.

— Кемпір, сусын бер мына кісілерге, — деп айқай салды шал.

— Шай қайнады, шай ішпей ме? — деді жаулығы шұбатылып үйге кірген кемпірі.

— Ішеді ғой. Сусын бер әуелі, қаталаған шығар.

Кемпір тоқыма ши-шыптаның бір шетін түріп, ағаттт күбіні пісіп-пісіп жіберді де көбігі быжылдаған көжеден бір-біртостаған құйып, Құланмен жолдасына ұсынды. Тары көженің қышқылтым исі мұрнын жарған мерген тамсанып түкірігін жұтты. Әбден шөлдеген екен, аяқты төбесіне бір-ақ көтергенде маңдайынан тер бұрқ ете түсгі. Дүниедегі ең дәмді ас осы көже сияқты көрінді оған сол сәт. Сәлден соң үйге ызалана ызыңдап мыжырайған сары самаурын да кірді. Дастарқанға сары ірімшік төгіліп, табаға көмген үгілмелі тары нан туралды. Буы бұрқырап, ағаш табаққа салған балық та келді. Беті- қолдарын шайып, асқа отырған Құлан үй иелеріне бір елжіреген сезіммен қарап отыр. «Әй, қазекем-ай, мейман десе етіңнен ет кесіп беруге әзірсің-ау» деген ой бар көңілінде.

— Ал алыңдар, қарақтарым, — деп кемпір де бәйек болып саршалап жамау кеселерге шайын құя бастады.

Шал балықты жегіш екен, бір езуіне қабырға, омыртқаны аламайымен салса, екінші езуінен саудырап сүйегі ағып отыр. Абдол да нанға қосып, ұрты қомпаңдап соғып жатыр. Мерген болса, осы екеуінің қызығына қарап, әр кесек балық етін қылтанақтап, аузына анда-санда бір салады. Кемпір дәмге қол тигізген жоқ, шайын сораптай берді. Біраздан соң Құлан қолына жұққан шырышты майлы кенепке сүртіп шеттеп шыға берді.

— Бар мәзір, жайымыз осы, Құлан шырағым, — деді шал да шегініп, — саған сойып беретін қолда ұсақ-түйек мал да жоқ.

— Жоқ, ақсақал, рақмет. Малдың қанын ішеміз бе?

— Неге? Бар болса сойған жөн гой. Бұл дүниеде бүгін бар, ертең жоқпыз. Сыйласқанға не жетсін.

— Эрине, әрине, — деп құлшына қостады мерген.

— Мына атқосшың орыс емес пе? — деп әңгімені басқаға бұрды шал. Абдол малжаңдауын кенет қоя қойып, қартқа секем ала қарады.

— Жо-жоқ, оны неден айттыңыз?

— Тамақ ішкеніне қарап долбарлағаным ғой.

— Жоқ, бұлмұсылман, ноғай көрінеді. Солай ғой, Абдол, ә?

Солай, ата. Мен ноғай, татармын. Орыс ара- сын да көп тұрғанмын.

— Е, жарайды, болсын. Ал, Құлан шырағым, елдеріңде не өзгеріс, жаңалық бар?

Абдол көңілі тынышталғандай тұқшиып тамағын шайнай бастады.
Мерген оған бір қарады да шалға бет бұрды.

— Бәлендей жаңалық жоқ, ақсақал. Еламан, жұрт тиыш дегендей.

— Иә, әйтеуір биыл тоқшылық болып тұр ғой. Лайым солай болсын.

— Ақсақал, айып етпесеңіз, мен сізді біліңкіремей отырмын. Ныспыңызды атасаңыз? — деді Құлан сәл ыңғайсызданып.

— Неге! Оныңешайыбыжоқ, — дедішалсақалын тарамдап, — мен Байтақ руы Барақ деген шалың боламын. Шарбақбайды білетін шығарсың?

— Білем.

— Білсең соның қорасын күзетеміз. Қолымның аздап епсектігі бар еді. Үйшілік етіп, арба-шана жасап дегендей кәсіп қылатын едім. Рахым деген жалғыз балам биыл оқуға кетті. «Эке, партия мен өкімет кедей батырақтарға оқы, өнер үйрен деп жатыр. Ленин атам да солай өсиет еткен. Оқуға барайын, адам болайын. Елге де себім тиер» деп қиылғасын жіберіп едім. Сол аудандағы бастықтардың жолдауымен Орынборға барыпты. Хат келіп тұрады, рабпак дей ме, бір үлкен оқуға түстім деп жазыпты. Осы дуандағы көп өкімдер содан оқып шығыпты ғой. Әкім болсын демеймін, оқығанның беті жарық, оқымағанның беті шарық демекші, кедей-кепшікке жәрдемі тисе шүкіршілік қой. Иінімізден жыртық шапан түспей, талай жыл бай есігінде жүрдік. Көгергеніміз жоқ. Содан оқыған адамға қаржы да керек шығар деп, биыл Шарбақбайға жалданып едім, отындық талыңды қиып берейін, қораңды күзетейін деп. Әрі бір жағы мына ен тоғайдан үй ағашын кесіп, шана табанын иіп сатайын дедім. Бәрі де әйтеуір тесік тамақтың қамы ғой, Құлан шырағым. Әйтпесе қу медиен айдалаға бізді кім айдады дейсің. Ала жаздай жалғыз үй отырған да қиын екен, бірақ шыдаймыз да. Осылай бірте-бірте заман түзелер. Әйтпесе бұрын қу тірсек, тақыр кедейдің баласы Орынборда әкімдік оқу оқымақ түгіл, ауыл шетінен ұзап көріп пе екен. Дес тимеске дес тисе, заманның көркейгені емей немене.

— Әрине, әрине, — деді Құлан мұртын ширатып. «Әй, осы мен адастым-ау, адасқанда тіпті беталды лағып кеттім ғой деймін» деген ой жалт ете қалды оның көңіліне. Үн-түнсіз тұнжырап едәуір отырып каллы Шал да насыбайын тілімен толғап, ойланып қалғандай.

Кемпір ас қайырғаннан кейін дастарқанды жинап әкетгі. Абдол дым сызбай бетін қараңғы іргеге беріп жантайып жатыр. Енді бір кезде шал құман алып, сыртқа шығып кетті. Арқасын керегеге басып, түйліккен Құлан әлі ой соңында. Оны қинаған мына шалдан жөн-жоба сұраудың реті. «Неғылса да мені бір қырсық айналдырды биыл, — деп ойлады мерген жабырқап, — әйтпесе осы шал құрлы күнімді көріп жүре бермес пе едім. Қайда барсам қорқыттың көрі үңірейіп алдымнан шыға келеді. Әй, осы қайыршыны бекер-ақ ертіп алған екенмін. Осының кесірі тимесе неғылсын. Бұл аман болсын деп талай жерді кездім, қай жерде де бір пәле алдымнан тосып, ереуілдейді де тұрады. Шарбақбай анау маңына жолатпай қойған. Рүстембайдыкінен әп-әдемі шығып едік, Томар ит сопаң етіп жолымыздан кесе-көлденең кезіге кетті. Әйтпесе осы күні ауылда отырмас па едім. Енді ел бетін көру маған жоқ шығар. Милициямен атысқан қылмысың онан сайын ауырлай түспегенде қайтеді. Тағы да осы қайыршы үшін атыстым-ау...» Құлан қол-аяғын бауырына жиып, біруыс боп теріс қарап жатқан Абдолға зәрлене көз тастады да күрсінді. Рүстембайдыкінен бұлар кіші бесін кезінде аттанған болатын. Өзен бойын жағалап, тоғай ішімен елсізге шыққаннан кейін бұлар Қостамға қарай бет түзеді. Құланның ниеті қостамдатып, құла түзбен өз ауылының өкпе тұсынан құлау еді. Бұрыс та болса осы жолды қауіпсіз көрген. Шарбақбай қанша шошыта сөйлесе де туған-туыс, әйелімен жүздесіп, ар жағын көре жатпақ болған. Бірақ бұлар биік қыр үстінде мен мұндалап сонадайдан көзге ұрып тұрған Қостамның бергі ойпаңына жете бергенде Қайыңды жақтан баран атты екеу шыға келді. Иықтарындағы шошайған мылтықтары мен сұр шинель, қара папахтарын қиядан көзі шалған мерген бұлардың милиционер екенін анық таныды. Олар да Құландарды көре салып, дүрбілерін көздеріне апарды. Содан кейін аттарына қамшы басып, көлденең тұра шапты. Мергеннің әуелдегі ойы қуғыншылардан қара үзіп кету еді. Пәлесінен аулақ деп тіпті соқтыққысы келмеген. Соқтықса екеуін екі тартып құлату бұған оп-оңай еді. Бірақ мергеннің кісі өлтіруге ешбір құштары жоқ. Сонау қанды соғыстан бері адам қанынан түршігіп жеритін болған. Сондықтан ол серігіне:

— Бас қамшыны, Абдол! — деп әмір етті де, өзі де Ақбозын тебініп қалды. Сыр мінез ат ытқи жөнелді. Қиыршық құм тасты еңіспен төбе басына тасырлатып шауып шыққан Құлан қайыршының қыршаңқы

торыны қос өкпеге тепкілеп, әбден қорыққаны ма, үрпиіп түсі қашып, артына жалтақ — жалтақ қарап, төпелеп келе жатқанын, милиционерлердің де аттарын аямай қамшылап ентелегенін көрді. Алдыңғы милиционер сұңғақтау біреу, ал оған жанасалай ер үстінде жапырайып отырған Томар, анық сол екенін жазбай білді. «Әй әттегенде, мына торшолақтың қырсығын-ай, мына қырдан асып, Көртоғайдың қалыңына енсек, шалдырмай кетер едік» деп қынжыла ойлады мерген. Амал жоқ, ат басын тежеңкіреді. Қайыршы Құланның қатарына әлі іліге алмай келеді. Мерген құлдилатып, қырданасып, ойға түскеннен кейін қалың тал қаулай өскен жарқабақты өзен иінін бойлай шапты. Осы түбектен асса, ар жағы жайпақ жатқан жадағай кең арна, бытқылтоғай, ара-арасында үзік-үзік қара сулары ғана бар. Оған кіріп үлгерсе, бұлардың құтылғаны. «Ой, әкеңнің аузын, иттің малы-ай!» — деп қаны қайнап балағаттап жіберді мерген, қайыршының астындағы ат қиялау еңістен сүріне-қабына тайғақтай, құм-тасты бұрқырата әрең түсіп келе жатқанын көріп. Енді бір қайырылып қарағанында ол қыр арқаға екі милиционердің де екпіндей шауып шыға келгенін байқады. Екеуі де иықтарындағы мылтықтарын жұлып-жұлып алып, бұларға ұмсынып басып-басып жіберді. Ымырт көлеңкесі күңгірттендірген мылқау дала шаңқылдаған винтовка гүрсілімен жаңғырығып, дүр сілкінгендей болды. Қайыршыға төніп-ақ қалды. «Қап!» деді Құлан сылбыр қимылмен мылтығын қолына алып. Сонда да әлденеден үміттеніп, сәлуақыт қарайлап тұр. Сол сәтте оның құлағына Томар мен ана милиционердің қосарлана: «Тоқта! Тоқта! Атамыз! Өлесің!» — деген ызбарлы айқайы анық жетті. Мергеннің мылтығын қолға алғанын байқап, қуғыншылар сәл-пәл аттарын ірке берді де енді мұның өзін көздеп, винтовкаларын тартып жіберді. Бұдан әрі аялдауға да, аяуға да болмады. Құлан мылтығын туралап, Томарды нысанаға алды. Бірақ өзін атуға жүрегі дауаламады, атын көздеді, өмірінде асықпай көздеген кезі тек осы ғана болу керек, мылтықты аттың кеудесіне дәлдеп, басып қалды. Әлгінде ғана қырдан томен қарай құдиып ағызып келе жатқан қаз мойын күрең ат кенет көзге көрінбейтін керулі арқан кедергіге кездескендей оқыс мүдірді де алдыңғы аяғы бүгіліп жығыла берді. Томар жанталасып аяғын үзеңгіден шығарып алуға тырысқанын мерген байқап тұр. Жолдасының шошынған үнін естіген тәрізді, алда оза шапқан қара атты милиционер артына қайырылып қарады да арындаған атының басын бұра берді. Жығылған аттың қасында Томар тырбаңдап аяғын шығара алмай жатыр. Міне, қызған атын қиядан әрең орағытып әкелген жолдасы да жанына барып, атынан қарғып түсті. Томар шылбырына шылбырын жалғай can, өлген атты сирағынан сүйрей бастады. Соны көргесін Құлан тоғайға қарай беттеді. Ақ шүберектей қуарып, жүн-жүн сақал арасындағы шүңірейген көзінен үрей ұшқындап жанына жаңа ғана жеткен қайыршыға жиренгендей көз қиығымен бір қарады да қойды, ештеме деген жоқ. Абдол артымыздан атып жібере ме дегендей қуғыншыларға жалтақ-жалтақ қарайды. Бірақ олар өздерімен-өздері әуре сияқты. Жолдасы Томарды сүйеп апарып отырғызып жатыр. Арнаға түскеннен кейін бұлар милиционерлерден қара үзіп кетті. Енді ел ішіне баратын жол мүлде кесілген тәрізді. «Жарайды, Көктөбетк-ақ барайын, — деп ойлады салы суға кетіп, үнжырғасы түскен мерген. — Ол да бірдемені біліп қашып жүрген шығар. Бәрібір басқа барар жер, басар тауың қалған жоқ. Рүстембай хабарласып, Апанастан бір жәрдем болмаса... Бірақ нәшендік өзі болса, қуғын жіберетін сол емес пе. Ұмытқан шығар. Баяғы бірге соғысқан адамның қайсысы есінде жүр дейсің. Жаман атаққа шыққан маған ол не сеп тигізе қойсын-ау. Оған да мұның қалай демей ме. Ол да жасқанар. Қой, елге пәлемді жұқтырмай, не де болса өзім көрейін тағдырдың жазғанын. Көктөбеттің тамырын басайын. Беті қалай екен. Бірақ ол итті қайдан табамын? Ау, осы Торғай бойында, бұл өңірде мен кезбеген қуыс бар ма. Қай қалтарысына тығылды екен ол найсап?! Жә, табылса табылар, табылмаса қояр. Ол да мен деп емешесі құрып отырмаған шығар. Әзір бір бел босатып, дем алатын баспана тапқан дұрыс. Сосынғыны сосын көреміз». Сонымен осы мал қорда, Шарбақбай қыстауында, неғып күзетші жоқ деп ойлаған Құлан Құйғанға құлаған еді. Жобалағанындай осы қараша үйге кезікті. Әлден уақытта шал үйге кірді.

— Кемпір! — деп айқайлады ол қолын сүртіп жатып.

— Немене? — деді сырттан кемпірі.

— Төсек салмайсың ба? Мына кісілер қажыған шығар.

— Сүт пісіріп жатырмын. Мына арам қатқыр сиыр жаңа ғана келді ғой. Өстіп жүргенде бір күні мұны қасқыр жеп кетіп, сорымызды қайнатады әлі.

— Е, жарайды. Болды енді. Сөзді көбейтіп жібе- ресің-ау, сен. Құдай сақтар.

Шал орнына отырып, қолдан шапқан қалақ домбырасын алды. Былай қарағанда тіпті икемге келмейтін тәрізді добалдай саусақтары пернені басқанда жыпылдап кетті. Тартқаны ескі құлақ күйі. Мұңды әуен. Қартайғанын ойлап қамығу, өмірде көрген көп бейнет, орындалмаған арман, перзентін сағыну — бәрі бар тәрізді осы күйде. Әйтеуір Құланға солай сезіліп, балқи тындады. Өзі әу демегенмен мерген әнші-күйші өнерін қатты қадірлейтін. Бала кезінде домбыра үйренбек боп, басына да жастап жатқаны бар. Бірақ ол өнер бұған бұйырмаған екен, қанша ынта қойып, домбыра тыңқылдататындардың қасынан қалмаса да үйрене алмады. Қоңыр үнмен қыңқылдап мұң шаққан күй жан-жүйесін босатып, қай-қайдағы қайғысын оягты. Жабырқай төмен қарап, қатты күрсінді. Бірдеме айтайын деп еді, тамағын әлдене түйнеп, сөзін жібермеді. Қария шертуін баяулатып барып, күйін тәмамдап, домбырасын керегеге сүйей салды.

— Күрсінесің, шамасы сенің кеудеңде де құса бар-ау, шырағым, — деді олҚұланға бағдарлай қарап.

— Бұ фәниде арманы жоқ адам бар дейсіз бе, ақсақал. Мен де сондай арман қуған көптің бірімін.

— Болсаң боларсың, түрің айтып тұр. Бірақ қанша қуғанмен ол бір сағым, жеткізе ме десейші. Балалық шағың ойын қызығымен — олөтеді. Бозбала, бозбала жігіт кезінде аха-хумен тағы жүресің. Жер ортасына жеткенше көрер тамашаңның бәрі алда сияқты. Сонымен мына біз тәрізді төріңнен көрің жақын қалғанда бір-ақ аһ ұрасың. Бірақ, не қайран. «Адамның басы Алланың добы» деп бекер айтты дейсің бе? Әйтеуір пендешілік, ағыммен аға берген ғой баяғы. Ойлай берсең, арман көп.

Құлан шалдың қиялай келіп, алыстан орағытып жұбатқанына әсіресе риза болды. Толқып, үні де қарлыға шықты.

— Иә, қария, айтқаныңыздың бәрі ақиқат. Бірақ өткен өміріме өкінбеймін. Ешкімге қылдай қиянат жасағаным жоқ, адал өмір кештім ғой деймін. Әттең... Сізден несін жасырайын, бүгіндер көп күнім құсалықпен өтіп жүрген бір жанмын. Жалаға ұшырадым, үйімнен безіп, ел бетін көрмегеніме, міне алты айдың жүзі болды. Қуғын-сүргін адамды қажытады екен. Ата кәсібім жыл он екі ай дала кезетін аңшылық еді. Одан беріде сарбаз да болдық, ақтармен де соғысгық. Не түрлі хикмет істер өтгі ғой бастан. Бірақ амал нешік, осы күні санаттан шығып қалып тұрмыз. Шынымды айтсам, бүгін мен сізден пана тілеп келіп отырмын.

— Менде пана боларлық не қауқар бар, шырағым- ау, — деді шал айран — асыр болып.

— Пана болмасаңыз, бой тасалар жерді айтыңыз. Жөн нұсқасаңыз дегенім ғой.

— Күлтектетпей турасын айтшы, шырағым. Мен білетін жөнді өзің де білмейсің бе, аңшы болсаң. Сұрап отырғаның, қай жөн?

— Ендеше, осы жақта Көктөбет деген бар екен. Соның жобасын айтыңыз маған. Одан басқа сая етер жер қалмады. Қайда барсам қорқыттың көрі дегендей. Әлгінде ғана қуғыншылардың оғына ұша жаздап, әрең құтылдық.

— Ай, шырағым-ай, сен де қайдағы бір қарақшының ізін басайын деп пе едің. Атым Құлан дейсің, оныңа сендім. Әйтпесе сенің Құлан екеніңді, тұман екенінді мен қайдан білейін. Көлденеңді көк атты біреусің. Ал Құлан болсаң, бір заманда Амангелдінің мергені деген атағың шықпап па еді. Енді баңдыға еретіндей не зобалаң туды басыңа?!

— Жалалы болдым, ақсақал, оққа байландым. Әйтпесе қатын-баланың ңасында тып-тыныш жатпас па едім. Сарбаздығым да, мергендігім де рас, алайда жағдай солай болғасын қайтесіз енді.

— Әй, шырағым-ай, бандыға қосылып, не бәтуана табамын деп отырсың. Кешегі айдай әлемді билеген ақ патшаны құлатқан өкімет, айдаһардай ысқырған ақтың аяғын көктен келтірген өкімет шөкімдей бандыға әлі келмес деп жүрсің бе?! Өкіметтің құрығы ұзын, ертең бәрін де ұстап алады. Осы райыңнан қайтсаң қайтеді, шырағым?

— Қайтар жол қалмады, ақсақал. Білсеңіз айтыңыз... Не де болса маңдайыма жазылғанын көрейін. Адасқанның алды жөн депті ғой.

— Білмеймін, шырағым. Күні бойы тоғайдың арасында тал шабамын, банды-сандыңда менің не шаруам бар. Тіпті атын естіген пәлем емес, — деп шал шалқасынан түссе де, Құлан оның бұл жайдан хабар дар екенін әуелгі сөздерінен аңғарып қалды. Бірақ сол Көктөбет айтқанымды сезіп өлтіріп тастай ма деп қорқатын сияқты. Әлде мұны аяй ма?

— Білмеймін, шырағым, — деп шал қайта-қайта айтып, орнынан тұрып кетті. Құланның амалы құрыды. Шалға еріп, далаға шықты.

Бұл түні ол жөнді ұйықтай алған жоқ. Манағы Томарлар келіп қалды ма деп, біресе бандылар ма деп, түнгі әр дыбысқа елегізіп ояна берді. Содан таң қараңғысында тұрып атын отқа қойды. Енді бір мезетге көзі ілініп кеткен екен, ұйқысы қанып қалыпты. Кәрі адамда ұйқы аз, шал боз ала таңнан тұрды. Киініп сыртқа шыққан Құлан шалдың қырға, қыстау жаққа өрлеп бара жатқанын көрді де, соңынан ілесті. Шығыс жақ жаңа алаулап келеді. Түн көлеңкесі үйелеген төбе баурайлары бірте-бірте жарық тартып, күзгі жауынмен қайта көктеген шөптің түсі ашыла берді. Түнде мол шық түсіпті. Екеуінің жүрген ізі жапырылған шөпте қарайып-қарайып шұбалған жол болып қалды. Таңғы суық жел гуілдеп түр, лебінде қыс ызғары бар, денені әжептәуір қариды. Құлан шекпенін қаусырына түсті. Шарбақбай қыстауы кәдуілгі қорған сияқты. Ылғи шақпақ қызыл тастан қаланған, тіпті жөндеуді керек ететін емес. Албар да қызыл тастан салыныпты. Сүйретпе етіп, өгізге теңдеп таситын болуы керек, шал албарға талды толтырып тастапты. Енді сол бума- бума боз тал арасынан уық, керегеге лайық сидам, ұзындауларын тандап алып жүр.

— Шарбақбайдың осы қыстауы бір мәйекті жер- ау, — деді Құлан қызыққанын жасырмай, айналасына көз жүгіртіп.

— Болыс кезінде ертеде Тілеулі руынан тартып алды ғой. Әзір ие, алдағы күндегісін кім білсін, — деді шал тал суырып жатып. Ескі қара шапанының омырауы ашық, сақалы желмен желк —желк етеді. «Сүйегі мықты адам екен» деп ойлады Құлан, — қаратастай қатты кежір кісі болар —ау». Мерген тынығып, жақсы дем алса да көңілі алаң. Бірақ кешегі уайым жоқ ойында. Кеудені ашып, саулай құйылтан зәмзәм ауа, кең дүниеге қуаныш нұрын жайып, көтеріліп келе жатқан күн — бар қапаны сейілтіп жібергендей.

— Ақсақал, сонымен менің сауалыма жауап бермедіңіз, ә? — деді ол «әй, айта қоймас» деп ойлай тұрып.

— Білмеймін ғой, шырағым, білсем несін жасырайын.

— Жоқ, сіз білесіз. Енді амал нешік, осыдан жаманатқа ұшырасам, обалым сізге болар.

— Қап, қинадың-ау, шырағым. Әркімге жан тәтті ғой. Мәселен, сен осынша арып-ашып жүргенде бір шыбын жанды қалай сақтаймын деп жүрсің. Мен де солай. Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде болғанмен, мен де дүниенің қызығын көргім келеді. Ертең өлгі Көктөбетің менің нұсқағанымды естісе, кемпір екеумізді өлтіріп бір шұңқырға тыға салудан жүзі жанбас. Айдаладағы кемпір-шал бізді кім жоқтайды.

— Жоқ, аңсақал, айтыңыз. Сізден естідім деп бірауыз сөз айтсам, татқан дәмім үрсын.

Шал қабағын түйіп біраз ойланып тұрды.

— Жарайды, шырағым өз обалың өзіңе. Айтайын. Анау көлденең қырды көрдің бе? — деп ол терістікте жолбарыстың жонындай жұп-жұмыр болып жатқан ұзыннан-ұзақ жотаны нұсқады. — Алдыңгүні таң құланиектене соның үстімен көшкен перідей сағымданып бір шоғыр қара өтті. Беті ¥ры қарасайы. Іздеген Көктөбетің болса сол болады. Ал енді мен парызымды өтедім. Сен енді мені көрдім деме, мен сені көрдім демейін. ¥мытпасам осыдан бір жұма бұрын осында өзің сияқты біреу келді. Шамасы, милица. Ол да сол жылқы жоғалтқан адам болып, көп айналдырды. Бірақ көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір-ақ сөз ғой, шырақ. Ал, қайыр қош. Жолығармыз, жолықпаспыз, оны Құдай біледі. Бетіңнен жарылқасын!..

ЕКІНШІ ТАРАУ

«Әй, осында бекер келдім-ау, — деп ойлады Құлан, — құтылмастай торға шырмалған жерің осы болған шығар». Құлағында: «бандыға қосылып не бәтуа табасың» деген шал сөзі ызыңдап тұрғандай. Келгеннен бергі үш күн бойы осы мазасыз ой көкейінен бір кетпей-ақ қойды. Қазір Құлан көздей дөп-дөңгелек тұңғиық қара судың жағасында, тал тасасында өлең шөпке шекпенін жайып, малдас құрып отыр. Су жиегіне қарақоға өскен. Онан әрі айылқоға, шалау мен балдыр, шеттеріне теңбіл-теңбіл қоңыр дақ түсіп, шіри бастаған түйетабан жапырақ, әредік-әредік сап- сары аталық гүлі көрінеді. Мерген айналасына көз жүгіртеді. Бұл бір өзі табиғатгың ұры-қарыға арнап әдейі жаратқан жері сияқты. Жап-жазық даладағы айналасы тай шаптырымдай ғана дөңгелек ойпаң. Жоғарыдан қарасаң жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреген ертегідегі алып апың қара жерді опыра батқан тұяғының ізі тәрізді. Қызыл топырақты жарқабағы датіп-тік, ат үстінен созған құрық бойынан асады. Ойпаң ортасында көздей Қарасу. Қарасудың батыс жағынан жүлгелеп келіп, терең сай жалғасады. Сай іші итмұрын, қасқыржем, тал, сары шашақты сасыр қурай араласа өскен тұнып тұрған тоғай. Мына су көктемде сол тоғаймен Тастыдан келген тасқын су ма, әлде түбінде бұлақ көзі бар ма, оны ешкім біліп болар емес, әйтеуір қысы-жазы тартылмайды. Қарасу жағасында отырып қарасаң, төбеңнен зеңгір көк аспанды, айналаңнан қызыл жарқабақты ғана көресің, басқа ештеңе байқалмайды. Дәл үстінен түспесе ешкім таба алар жер емес. Қарасай төңірегі отыз-қырық шақырымға дейін жусаны күнге күйген әредік-әредік тастақ төбешіктері бар елсіз-күнсіз қоңыр дала. Мұнда келген адам тек мынау тоғайлы сайды ғана белгі етіп табады. Бірақ Тасты өзенінен шығатын мұндай құрғақ сайлар су бойлаған сайын кездеседі. Оның бәрін қағып шығу мүмкін емес. Іздеушілердің осы күнге дейін Көктөбетті індете алмағаны содан болса керек. Былай қараса ешбір қауіп-қатер жоқ сияқты. Бірақ Құлан көңілі күпті. «Әй, бекер келдім-ау» деген ой тынышын қашырды. Қазір қармақты ермек қылып отыр. Іші пысқасын атқұйрығынан қыл жұлып, инеден қармақ иіп, талдан caп кесіп, аушылық құралын жасап алған. Сонда бір сәт осындай қармақты ұстап, таңертеңнен кешке дейін өзен жағалап жүгіретін қара борбай, күс табан балалық шағы есіне түсіп, бір түрлі іші елжіреп еді. Ол тек қас қағымдай ғана қызық екен. Балық қабады деген үміті де жоқ. Су суығасын балық тереңге кеткенін біледі. Қоға қалтқы қылт-қылт етеді де қояды, тәрізі шабақ түртетін сияқты. Үлкен балық қапқандағыдай шым батып кетпейді. Анау ойпаң үстіндегі айдау далада күздің қара желі ішін тарта есіп тұрған тәрізді, аспанда туте- туте қара бұлттар батысқа қарай маңып, қарасудың арғы шеті шұбарытып жиырыла түседі. Күн көзі де жасырынбақ ойнағандай біресе жылт етіп көрініп, біресе бұлтқа сүңгіп жоқ болады. Қарасу да соған райлас өңін өзгертіп, бірде қап-қара боп туыса, бірде көгілжім тартып, тереңнен қызыл сұр түйе жапырақ сабақтары, қоңырқай балдыр желектері көрінеді. Мергеннің оң жағында едәуір жерде жарқабақ астында қарақшылардың баспанасы тұр. Қабырғасын себетше талдан өріп, сыртын шыпраша тоқылған аиыл қоғамен қаптаған төрт қанат киіз іспетті лашық. Төбесінде түтін шығатын дөңгелек тесігі бар. Аласалау есігі Қарасуға қарайды.

Қазір киіз есігі сырықпен тіреулі, тіссіз ауыздай үңірейіп түр. Көктөбет соның ішінде. ¥йықтай ма, жоқ па, әйтеуір көзі жұмулы, кешке дейін жатады да қояды. Басқа қарақшылардың бірі тал тасасын сағалап, бірі үйшік күнгейін паналап үйіріліп отыр. Мұндағылар бәлендей бұқпантайлайтын емес. Өйткені сыртқы қарауылдарына сенеді. Мынау Тастымен жалғасатын сайдың өзен жақ басында әман жасырын шолғыншы жүреді. Сол бетге өзен жағасындағы бір дөңде қызыл там тұр. Қарауылдар көбіне аттарын тамға байлап немесе сайға тұсап, там күмбезіне шығып дүр — бімен төңіректерін, әсіресе елмен шектесетін ие картпаларды бақылап отырады екен. Дөң айналасындағы сайын далада олардың назарынан жорғалаған тышқан таса қалмайды. Анада осында келерде Құландар сондай шолғыншылардың қолына түсті. Мерген ертерек кезде аң аулап жүргенде ұры қарасайын бір көрген болатын. Бір көрген жерін неше жыл өтсе де жаза баспай табатын дағдысымен төтелеп тартып, қызыл тамға жеткен-ді. Там тұсынан өте бере атын аяндатып, дұға оқып, бетін сипағаны сол еді, кәдімгі көрден шыққандай үш адам мола ішінен көтеріліп, мылтықтарын ұмсынып тұра қалды. Түстері суық.

— Көтер қолдарынды! — деп әмір етті еңгезердей жырық көз дәу қара.

Қайыршы боп-боз болып қолын көтере берді, бірақ Құлан айылын да жиған жоқ. Осыларды күткендей шегір көзі найза ұшындай өткірленіп, қарақшыларға тесіле бір —бір қарап өтті. Аңдушылардың енді бірі көзі шапыраштанып, қанын ішіне тартқан имиген қарасұр жігіт. Бет-аузын ұйпа —тұйпа қап-қара жүн қаптап кеткен. Үшіншісі дембелше келген жалпақ бет жылтыр сары екен, мына екеуі бері жақындағанда ол қозғала қойған жоқ, там қасында тұра берді. Екі қарақшы да бұларды қалай да түсіреміз деген нық сенімде болуы керек, жайбарақат мылтықтарын көлденең ұстап, қоқырайып нығыз келе жатыр.

— Түсіңдер аттан! — деп бұйырды жыртық көз божқара мергенге тақап келіп. Абдол қарақшыларға жаутаңдай қарап, салбырап ат арқасынан сырғи берді. Құланның аттан түсу ойына да келген жоқ, екі ұрының бетіне, бой —басына кезек —кезек көз тастады. Бұлардың екеуі де тыңқиып киініп алыпты, жылтыраған қара елтірі бөрік, қара тон, былтары етік, — сірә, бәрі де тонаудан түсірген олжа. Өз әмірін Құланның орындай қоймағанына божқараның жыны қозған болуы керек, жыртық көзі онан сайын жыртиып, әңгіленіп айқай салды:

— Ей, теке сақал! Мен кімге айтып тұрмын?! Түс аттан! Мерген демігіп, астыңғы ернін жымыра тістеп, дырау қамшысын қос қабаттап білемдеп алды.

— Осы қақ басқа тартып жіберейін бе, атаңа нәлет! — деп қарсы ақырды бұл да, — көздеріңнің еті өсейін деген екен, әкеңді танымай!

— Ой, әкеңнің!.. Құдай болсаң да омақастырайын! — деп жыртық көз құнжыңдап мылтығының затворын тартқылай бастап еді, көз ілесе қимылмен тақымына қыстырған карабинін жұлып алған мерген оның төбесінен асыра басып жіберді. Божқараның қолындағы бесатары түсіп кетті де, өзі «ойбай!» деп бұға қалды. Сол екі арада затворды сарт еткізіп, қайта оқтап алған Құлан мылтығының үңірейген аузын, сасып қалған екінші ұрының кеудесіне тіреді.

— Таста! — деп зекіп қалды ол. Анау винтовкасын тастап жіберді. Құланның көзі үшінші ұрыда. Жаңа мылтық дауысы шыққанда ол там тасасына қарай зытқан. Енді қараса бұрыштан сығалап, мылтығын оңтайлай бастаған екен. Мерген көздеген жоқ, тартып жіберді, көздемесе де қырық жылғы машығы бар, оғы

зу етіп қарақшының зәресін ұшыра төбесін жалап өткенін біледі. Енді үшінші ұры да қара көрсетуден қалды.

— Ал, неғылайын екеуіңді. Сояйын ба осы, жон- сыртыңды бірдей қылып. Қозғалма, иттің күшігі! — деп Құлан мылтығына қарай ұмсынған божқараны қамшымен тартып жіберді. Анау көзі жыртиып, бір қайқаң етті де, сіресе қалды.

— Ағатай —ай, өлтіре көрме! — деп жалынып қоя берді, имиген жүн сақал ұры жыламсыраған үнмен.

— Ей, жалмаң сары! — деп айқай салды мерген мыналардың сөзіне құлақ қоймастан, — шық бері! Тимеймін. Мен — Құлан.

Құлан деген атгы естігенде екі қарақшы да елеңдесіп, бір-біріне қарады да, содан соң мергеннен көз айырмай бағжия қалысты. Біраздан соң үшіншісі де там тасасынан шықты. Ол жақындап келіп мергенге имене көз тастады да, кенет қуана самбырлай жөнелді:

— Апырмау, сіз шын Құлансыз ба? Құлан батырдың өзісіз бе?

— Енді кім деп едің?

— Е, бәсе, мұндай ерлік сізден басқа кімнің қолынан келуші еді. Өй, құдай-ай, абайсызда сіздің оғыңызға ұша жаздадық-ау. Жаңа оғыңыз құлағымның түбін жалап өткенде, зәрем зәр түбіне кетті. Көкең сізді көп айтушы еді. Өзіміз де келер деп күтіп жүр едік. Иә, ат-көлігіңіз аман?

— Шүкір құдайға.

— Артыңызда қуғын-сүргін жоқ қой, әйтеуір.

— Жоқ.

— Бопты ендеше, — деп бет-аузы табақтай жайылып, жалпақ сары күлім-күлім етті, — бәсе, сіз шалдырушы ма едіңіз. Мына жігіттер сізді танымай жатыр. Атыңызға қанық қой, бірақ Атбасар жақтікі, түстеп біле қоймайды. Мына жүн сақал көккөз де бөтен адам емес шығар?

— Бөтенемес, — дедімергенмынажалпақсарының әп-сәтте өзін майлы қалақша айналдырғанына таңдана.

— Жарайды, онда барғасын әбден таныса жатармыз. Үй, Күржік, — деді жалпақ сары имиген СҰР жігітке, — мылтығыңды ал. Енді мұнда сен бас боласың. Божбан екеуің осында қала тұрасыңдар. Көкең сырт адам келсе, өзің ертіп әкел деп

тапсырған. Оны білесіңдер ғой. Ал, жігітгер, енді сақ болыңдар. Қапы қалсақ, Көкең тірідей терімізді сыдырады. Мен мына кісіні өзім бастап барамын. Оның сөзіне ана екі жігіт бәлендей құлақ қоймаған сияқты. Құланға әлі жапаң-жапаң қарай береді. Шамасы, ертегідей естілетін Құланның мергендік, батырлығы туралы әңгімелер құлақтарына әбден сіңісті болған сияқты.

— Бізден бір білместік өтті, Құлеке, — деп күр ете түсті Божбан козі жыртиып күлімсіреген әлпет көрсетіп.

— Құлекең жағдайды өзі де біледі ғой. Біздікі сақтық емес пе. Көкеңнің бұйрығы солай, — деп зыңғырлап, ақтала сөйледі имиген сұр жігіт те.

— Жарайды, жігіттер, оның еш ағаттығы жоқ, — деді мерген де жайма-шуақ, өзінің дабырайған атақ- даңқының талай жерге әуезе боп, оза жүргеніне көтеріліп қалған. Және мына жерде мерейі тағы үстем болды.

Жаңа тамға қарай жүгіріп кеткен жалпақ сары ұзын бел құла атты алып шықты. Екі қарақшы тамның бүйіріндегі қуысқа кіріп, баспалдақпен жоғары өрмелей женелді.

— Ал, жүріңіз, Құлеке, — деп жалпақ сары өзен арнасына қарап құлдилай жөнелді. Дөңнен түскесін ол тік жарлауыт жағаны бойлап келіп, бір түйетайлылау жерден төмен түсті. Осы жерде суы үзілген өткел бар екен. Арғы бет жайдақ, жағалай қалың тал өскен, арасында көзге әрең ілінетін кербілте соқпақ бар.

Жалпақ сары бастап келеді, ат ізі түседі-ау деген жерде, кейде тартылган таяз суды кешіп, кейде қамыс, қоға ішімен алып жүреді. Мерген айналасына бажайлай қарап, белгі-бедер болар нәрсенің бәрін көңіліне түйе берді. Алыс көктен талып жеткен қоңыраулы үн мерген құлағын елең еткізді. Ол жалбайын милығына қарай түріңкіреп, аспанға қарады. Үстерінен батысқа қарай үшбұрыштана тізілген құс керуендері өтіп барады. Тырналар екен. Бұлар тым биікте; алға ұмсынған ұзын мойындары мен қосарлана артқа созылған аяқтары — оларды қандай да бір қанатты жебеге ұсатады. ¥зап бара жатқан кештің қоңырау үніндей мұңды сарынды бір қалыпты тырна тырауы мерген көкірегіндегі ежелгі бір шерлі сезім шертіп жүрегін дір еткізді. «Құдауанда ә!? Осылар өмірбақи жолынан адаспайды да, айнымайды да», — деп ойлады мерген, қарасы бұлдырап алыстай берген тәкаппар құстарға сүйсіне қарап, бұлтырна деген дүниедегі сақ құс қой. Одан сағы, мүмкін естісі дежоқ болар. Аңшынықиядан шалып, оқ жетер-жетпес жерге ғана жақындатады да, одан әрі жылжыса, ол да жылжып, діңкелетіп сүйрей береді. Қаз да сақ құс, бірақ дәл анадай емес, ық жағынан барсаң... Алырмай, ә, мына бір тобы өтіп барады екен, бір-екеуін түсірейін бе әлде?»

Құс қиқуын Қақпан да естіген екен, ол да жоғары қарады.

— Құс еті деген шипа-ау, батыр, — деді ол жұдырықтай өндіршегі бұлтыңдап.

— Әлбетте, қазір семіз болады. Қыстайтын жеріне ұшардың алдында бұлар айлап-апталап май жинайды.

— Сонда ол жақта жем аз болғаны-ау?

— Жоға, онда да жем жететін болса керек, өйткені қыс түспейтін жаққа барады дейді ғой. Жолда талмай жету үшін қоң қажет те.

— Ғажап екен. Қар жаумаса, он екі ай шілде аумаса, сол жерде неге жүре бермейді, бұл тәңір алгырлар?!

— Кім білсін. Бірақ менің топшылауымша туған жерін сағынады да. Осы жақта жүмыртқадан шағылып шығып, осы жақта балапанынан өседі ғой.

— Тәйірі, құс оны қайдан біледі дейсіз. Ол бір түйсіксіз жәндік емес пе? О, шіркін, мына бір топ бастап бара жатқанын түсірсе, өзі бір нәні екен.

— Шырағым, құстың кейде адамнан да бетер білгірі болады, — деді мерген аузынан суы ағып, аспанға телмірген жылмаң сарыға мысқылдай көз тастап, — сол топ бастаған нәнін алшы. Ол — кәрі аталық қаз. Жайылымда қас қақпай үйірін күзететін сол. Жем — суы мол жерге жетектейтіні де сол. Енді міне, тобын жерге бедер, көкте ізі жоқ жерлерге таймай бастап бара жатыр. Сен түгілөмір бойы жапан кезген менің өзім, ондай құлақ естіп, көз көрмеген жаққа бастап бармақ түгіл, мына Торғай облысының шегінен әрі шыға алмай тастабандап тұрып қалар едім. Ол солай, шырағым.

— Жарайды, айып менен, батыр. Бірақ енді қасымызда сіздей мерген тұрғанда осы тегін олжадан құр қаламыз ба?

— Болсын, әуселең қайтпасын. Бірақ топ бастаушы аталығын атпайық, обал болар. Олмертіксе, өңгелері бытырап кетіп, біразға дейін тобы бірікпейді, адасатыны да болады. Анау соңындағы бір-екеуін атып алайық, жасаңдау шығар.

Соны айтты да, мерген төбесінен өте берген екінші бір топ қазға мылтығын ұмсына берді. Атыс қосарынан шыққандай болды. Енді бір сәтте топтың айыр ұшындағы соңғы екі қаз екпінімен біраз баяулай, төмендей қалықтап барып, содан соң құлдырап құлай берді. Қақпан манаты сақтықтың бәрін ұмытып, далақтап тұра шапты. Қаздардың үш бұрышты тобы мылтық гүрсілінен сәл бұзылып барып, кәрі аталық қиқуымен қатарын түзеп алып, жоғарылап жан ұшыра самғай жөнелді. «Қатарын осылай бөтен бір күш бұзбаса, бұлар өз жолын біледі ғой», — деп ойлады Құлан әлдебір күрсінулі сезіммен құс керуенін ұзатып can. Бұралаңдаған өзенді бойлап ұзақ жортқан бұл үшеуі кештете ¥ры қарасайына жеткен. Дәл сайға кіре берісте бұларды тағы бір шолғыншы қарсы алды. Жалпақ сарымен әлдене деп тілдескеннен кейін ғана ол қаруын түсірді. Бұрын хабарланған болуы керек, Көктөбет лашық алдыңда күтіп тұр екен. Жолықпағандарына талай жыл өтсе де Құлан оны алпамсадай денесінен жазбай таныды. Жас жігіт кезіңде бұл Күшікбай түйе балуан деп мадақталып күреске де түскен. Өзіңнен зорлар шықса, екі көзің сонда шығар демекші, әлдебір жиын —тойда жығылып бағы тайған. Өзі кедей ата баласы, бірақ атақ-даңқтың дәмін татып қалған, еңді жалшылыққа баруға арланады. Солай қорланып жүргенінде мұны болыс болып дүрілдеп тұрған Шарбақбай қолына алған, жортуыл басы қылып, барымта-сарымтаға салған. Күшікбай, түйе балуан аты ұмытылып, сол кезде Көктөбет атанған. Ол Құландар аяндатып тақап келгенше обадай болып еңкиіп қос алдында тұрды да қойды. Мергеннің жіті көзі алыстан байқап келеді, баяғы өзін Шарбақбай үйінде көрген кезінен қарақшының өңі еш өзгермеген тәрізді. Сол кәдуілгі иегі талпайып, шеке жағы қушиған қансыз-сөлсіз бет-бәдені, адамды тесе қарайтын қисық біткен жылан көзі, қолағаштай мұрын. Тек шалғайын ұзартып қара мұрт өсіріпті. Киімі де жаңаланған, басында қара папах, белін жалпақ әскери белбеумен буған гимнастерка, тізесіне құрым қаптаған көк мәуіті галифе, сақтиян етік. Ағаш қапты маузер салпылдап қара санын соғады. Бір көрген адам мұны киіміне қарап, совет қызметкері, тіпті комиссар деп топшылағандай. «Шіренуін-ай, тонаудан түсірген шүберекті үстіне іліп алып» деп мысқылдай езу тартты Құлан атынан түсіп жатып. Көктөбет мұның жымиғанын қуанғаны деп ұқса керек, атгың тісіндей ірі тісін ақситып, күлген сыңай байқатты да қарсы жүрді.

— Саламаликум! — деді Құлан Көктөбетпен жасы қарайлас болса да мейман салтын сақтап.

— Әліксалам! Иә, мерген, амансың, — деп қарақшылар бастығы күректей қос алақанын соза берді. Қамшысын беліне қыстырған мерген де қос қолдап амаңдасты. Екеуі бетпе-бет тұрғанда мұның бойы Көктөбетгің иығынан ғана келді, бірақ Құланның қақпақ жауырынды төртпақ денесі мұны онша осалдатпай тұр. Кірпік қақпайтын кішірек лайсаңдау көзімен Көктөбет бүған сәлуақыт қадалып тұрды да:

— Иә, қош келдің, мерген, төрлет! — деді гүжілдеген үнмен. Құлан да оған барлай қараған, қарақшы бастығының әлгі көзқарасында «елмісің, жаумысың?» деген сезік барын да шалып қалған.

— Төрлетерміз. Ал, аман —сау барсыңдар? — деді ол әңгімені әдеттегі сәлемдесуге бұрып.

— Аманбыз. Анау кім? — Көктөбет жақындауға бата алмағандай атының қасында сүмірейіп тұрған Абдолды иегімен меңзеді. Мерген де солай бет бұрды.

— Әй, Абдол, — деп айқай салды ол, — бері кел! Сәлем бер, мына ағаңа.

Шөп шалып тартыншақтаған торысын жетелей, қайыршы кібіртіктеп таяна берді.

— Өзің мұсылман болсаң да үй иесі үлкенге сәлем беретін салтты білмейсің-ау, — деп мерген атқосшысына біраз кейіп алды да, қайыршының әр қимылын бағып, тесіле қараған Көктөбетке бұрылды. — Бұл бір мүсәпір екен милицадан қашып жүрген. Қасыма ертіп алдым, Құдай кездестіргесін. Жай- жапсарын кейін толық айтармын.

— Солай ма? — деп гүж ете түсті қарақшы бастығы дүдәмалдау үнмен.

— Саламалейкүм, — дедіқайыршыдатақапкеліп. Көктөбет сәлем алғанның мезіретін жасап, ернін жыбырлатты. Ол Абдолдың тұла бойын көзімен түгел тінтіп шықты. Қайыршы оған мүсәпірси төменнен бір қарағаны болмаса, мойны салбырай қарсы алдында тұра берді.

— Жарайды, ал үйге кірейік, — деді Көктөбет әлден уақытга әлденені көңіліне түйгендей назарын Құланға аударып. Өзі бастап, екі бүктеліп, қосқа енді.

— Әй, қарағым-ай, андағы бозды қоя бер, өзі тұрады. Ердің қасындағы мылтық пен қоржынды ала кел! — деп өзінің атын ұстап тұрған манағы жылмаң сарыға әмір етті де, мерген лашыққа беттеді.

Ішке кіре ол таңғалды. Сыртынан соншама ұсқынсыз көрінген қос іші жайнап тұр. Жағалай кілем, текемет тұтылған, еденде де қалың киіз, алаша, одан төмен мал, аң терісі. Көрпе-жастық та жетерлік, төрде төбе болып үюлі және бәрі де дүкеннен жаңа алынғандай су жаңа. Самаурын, шара, тәрелке, кесе сияқты ыдыс-аяқ, бірер қапшық, ұн, қант, шай жәшігімен босаға жақта тіреліп тұр. Одан басқа да ұсақ-түйек заттар толып жатыр. Әйтеуір коопе —ратив дүкенін осында көшіріп әкелгендей. «Кәператіп тонапты» деп дүңк-дүңк етуші еді осы қанжауғырлардың дабыры, сол рас болды ғой, мынаның бәрі сол дүкеннің бұйымы емей не дейсің» деп ойлады мерген. Көктөбет жалғыз өзі төбедей болып оң жақта төрт қабат көрпе үстінде атлас жастықты шынтақтап жатыр. Басқа қарақшылар болса да далада. «Мынау тіпті әбден күшірлепті-ау, баяғыдағы Жапар хан сияқты үстіне мына ұрыларын да кіргізбейді екен ғой», — деп түйіп қойды мерген, саптамасын тастап, төрге ерлеп. Отырғасын жағалай көз тастап байқады, сырттай кішірек көрінгенмен жаппа лашық іші төрт қанат үйдің аумағындай болады екен. Кілем, текемет тұтылған жерден жоғары жаққа сонау шағын шаңыраққа дейін бойраша то — қыған айыл қоға ұсталыпты, кәдімгі киіз үйдің дөдегесіне ұқсап тұр. Ортада қара қазан асулы ошақ, астында түтінсіз маздап, сары қи жанып жатыр. Жылқы етінің иісі келеді мұрынға. Осы баспанадағы қай затқа назары түссе де мерген қарақшылардың ел үстінен күн көретінін, мүлік-мүккәмал, азық-түлік, сабақты жібіне дейін арамнан жиналғанын аңғарды. Сол сәт ойына: «бандыға барып не жарық көремін дейсің», — деген шал сөзі can ете қалды. «Апырмай, ә?! Судан қашып отқа түскендей болдым-ау, пәруардігер!..» деп ойлады ол қабақ шытып, басы салбырап. Көктөбеттің жылан көзі қаракөлеңкелеу үйде жылтылдап, мұның өңіндегі әр құбылысты қағыс жібермей бағып отыр екен.

— Қуғын-сүргін көріп, шаршап-шалдыққансың — ау, мерген, ә? — деді ол қамқорсыған үнмен.

— Нақа бір темірөзек жан болмаса, кім қажымас дейсің, — деп Құлан бұлдырлау жауап берді. Қазір әңгімеге онша зауқы жоқ, мұндағы бар жай-жапсарды білмек, ой сарабына салмақ ниетте еді.

— Әй, Қақпан! — деп гүр ете түсті Көктөбет.

— Мен мұңда, Көке, — деп манағы жалпақ сары қосқа емпелендеп жүгіре кірді. Мергеннің қоржынын босағаға қойып, мылтығын кереге басына ілді. Кішігірім табақтай жылтыр сары бетіндегі алшақ- алшақ көкшіл көзі жыпылықтап бастығына қарады. Мұрны да жап-жалпақ, шу-шу етеді.

— Сусын әкел.

— Қазір, Көке, — дембелше сары дөңгеленіп, оң жақ босағадағы ала кездемемен жабылған ыдыс-аяқ жаққа барды да, сусын келтірді. Мұнысы жылқы сорпасына езген құрт коже екен, майы кілкіп түр, ішпей жатып қышқылтым иісі адамның сілекейін

ағызғандай. Бір аяғын тастап жібергенде мергеннің сіліңгір жылтыр шекесінен тер жылт етті. Көктөбетке үйреншікті ас болса керек, кекіріп қойып, асықпай ұрттап отыр. «Жортуылда көп жүрген сұм ғой бұл Көктөбет, ат үстінде жүретін адамның азығы осы ғой», — деп ойлады Құлан.

— Іш, мерген, — деп ілтипат көрсетті де Көктөбет сыр ақтарғандай қалыппен бұған үңіле қарап, күңгірлей сөйледі, — ит арқасы қиянда жатсақ та ел бізді ұмытпайды, ат-азығын әман беріп тұрады. Өздері үшін жанкешті болып жүргенімізді түсінбейді деймісің. Бара қалсақ советтен, милицадан көрген зорлығын айтып, зар жылайды. Әсіресе, ел жақсыларының қолғабысы көп. Ел үшін жан пида, сосын біз милицияларды, белсенділерді аямаймыз. Бұл советің қанша жасар дейсің, ұзамай құлайтын көрінеді. Білетіндердің, зиялы оқығандардың айтысы солай. Бүткіл батыс елдері, баяғы Некалай соғысатын Велгелімнің патшалығы дейсің бе, Шемберлен деген билейтін аққылшық жұрты; өзің де білесің ғой, әлгі Қарсақбайда қожайын болатын аққылшықтар ше, солар, Әмрика, Жапон — бәрі бұған қарсы екен. Тіпті әлгі Шемберлен соғыс ашамын деп әскерін дайындаса да керек. Әйтеуір әупіріммен қалыпты әзірге. Бірақ түбі бәрі жабылып кетсе, іштен оған мы — нау наразы жұрт қосылып көтерілсе, советіңді құлатпай ма. Құлатады, әрине. Соған дейін біз де қолдан келген қастығымызды жасап, іштен мүжи беруіміз керек қой жегі құртша. Жағдай солай мерген. Сен ондайдан хабарсыз боларсың? Елсіз — күнсізге шығып кетіпті деп естіп едім өзіңді.

— Хабарым жоқ еді, — дей салды мерген көжені ұрттай отырып.

— Бәсе, ішіңкіре. Бұл құрт көже деген жақсы ғой. Бірақ қымыздан асыл ас бар ма! Қымыз да келіп тұрушы еді ара-тұра елдегі жаны ашитындардан. Кешелі бері болмай қалды.

«Саған жаны ашитын кім дейсің. Елбірейтін баяғы Шарбақбай сияқты байлар да. Әйтпесе қысырдың қымызы кедейден қайдан табыла қойсын- ау, — деп ойлады Құлан, — елде тірегім көп дегеніңе басқалар сенсе де мен илана қоймаспын. Жаңағы кеппе лақапты да құлағыңа құйған сол Шарбақбай сияқтылар шығар».

— Шырағым —ай! — деді мерген Көктөбет сөзіне аяқ жағында түрегеп отырып, мүритше ұйыған жылмаң сарыға қарап, — сенің атың Қақпан ба еді?

— Не бұйырасыз, Құлеке? — деп мүдіріп барып, жауап қатты ол әлденені сұрағандай бастығына бір жалт етіп.

— Қақпан мұның өтірік аты ғой. Шын есімі Нұрахмет. Өзің де білесің, біз әман жортуылда, жасанған жау ортасында жүреміз. Сонда лақап ат қоймаса тағы болмайды. Кім екенін білсе, дұшпан жағы өзіне ештеңе қыла алмағанмен туыс-туғандарын, ағайын-апшысын жазым етуі мүмкін, — деп Көктөбет түсінік берді.

— Ә, солай ма. Ал ендеше, Нұрахмет, сен анау менің атқосшыма да бір ас —су берші, ол да өзегі үзіліп жеткен шығар.

— Мына көжеден бір аяқ апарып бер, — деп бұйырды Көктөбет.

— Жарайды, Көке.

— Наның болса ала бар, — деді мерген.

— Апарайын.

— Айналып-үйіріліп, маған бір соғар-ақ деп жүр едім, жақсы келдің. Ал әңгімеңді айта отыр, мерген, — деді Көктөбет екеуі оңаша қалған соң.

— Әңгіменің көбі сенде сияқты байқасам. Менің хал-қадарыма да қанық көрінесің. Енді не әңгіме қалды. Тек әлгі мүсәпірдің жайы болмаса.

— Иә, айтпақшы, оның кім еді?

— Ол мен сияқты зәбір-жапа шеккен қашақ екен. Іштен — Троицк жағынан келдім дейді. Түбім

— ноғай, бірақ орыс арасында көп жүріп едім. Әуелде көпестерде піркәншік болып, артынан Кеңес өкіметіне қызмет істедім дейді. Қашқан себебі өзінің бір бастығы, шамасы әлгі мен жанжалдасатын Томар сияқты зорлықшыл біреу болса керек, қарыңдасына қол салып, бұл соған пышақ жұмсапты. Содан қашқаннан қашып отырып осы жақтан бір-ақ шығыпты.

— Қай арадан тауып алдың мұныңды?

— Қоғалы өткел басынан.

— Өткел басынан дейсің бе? Апырмай, ә?! Тіпті елсіз-күнсіз жер ғой ол. Оған қалай барған?

— Ит білсін бе? Өзінің айтуы — айдау жолдан өткен керуеннен сол арада түсіп қалып едім дейді. Бет алысым — Торғай, — деді.

— Жарайды, — деп ыңыранып, Көктөбет көзі сығырайып мұртының шалғайын тістеді. — Ендігі қалғанын түбегейлеп өзінен сұрастырып көрерміз. Мен оны біраз тергеп-тексерейін. Кім біледі ішімізге жіберген жансыз ба әлде? Қапияда тірсегімізден қағып қалса...

— Мен де соны ойлап біраз қағыстырып едім. Бәлендей ұшық таба алмадым.

— Жарайды, қорқытып дегендей әлде де іші- сыртын ақтарып көрерміз. Сен білмеген бол, мерген.

— Мейлің.

— Дұрыс. Ал енді өзіңнің ойың қалай?

— Өз ойым әзір бұлдырлау. Бір жағы саған да байланысты сияқты. Қыстың көзі қыраулы, бұл ара мекен бола алмас. Бір жаққа аумайсың ба?

— Құдай біледі, — деді Көктөбет шалқалай аударылып жатып шаңыраққа көз тігіп. — Аусақ ауармыз. Қосыласың ба бізге?

— Қосылған деген оңай-ау, қос болу қиын тимесе. Беталды қайда барамыз?

— Неге беталды? Әлде мені жарға жығар деп тұрсың ба?

— Жоға. Сен талай қақпанға шалдырмаған кәрі көкжалсың ғой. Оны әбден білем. Әйтсе де ауылда жатқан қатын-бала бар деген сияқты. Қабырғаңмен кеңеспей болмас.

— Ойлан, мерген. Басқа табар жөнің болса өзің білесің. Бірақ айнала болжалдай келгенде сенің жолың бізбен тоқайласқан тәрізді. Қашсаң құтылар ма екенсің.

Екеуі де жастыққа шалқалай жатып үнсіз қалды. Бір-бірінен сыр тартысқан сөз де осымен тәмамдалды. Көктөбеттің соңғы сөзінен мерген «менің торыма түстің, ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымдасың» деген емеурінді ұғып жатыр. «Әй, бірақ өзің де ұзаққа барар ма екенсің, — деп ойлап қойды Құлан, — күні ертеңдер —ақ сені іздетпесе милиция...» Ол ұйықтаған болып көзін жұмды. Ұйықтаған да сияқты. Сөйтсе де біраздан соң Көктөбеттің орнынан тұрып барып, кереге басына ілулі мұның мылтығын алып, айналдыра қарағанын, онан соң өңкиіп далаға шығып кеткенін көріп-біліп жатты.

ҮШІНШІ ТАРАУ

Көктөбет сыртқа шықты. Күн кешкіріп қалыпты. Маңай тып-тыныш. Анадай жерде талтасасында өзінің бір топ нөкері қайыршыны ортаға алып, әрнемені сұрастырып, қағытып отырғанға ұқсайды. Көктөбет қалың қоға қоршаған көл жағасына қарай аяңдады.

— Қақпан! — деді олжүріп бара жатып.

— Әу! — деп жетіп келді қасына жалақ сары.

— Анау ноғайды маған алып кел!

Көктөбет сарғыш тартқан шөбі жапырыла ұйысып, былқ-былқ еткен көл жиегіне келіп отырды. Аздан соң қайыршыны ертіп Қақпан келді. Абдол ілби басады, әлденеден үріккен сыңайы бар. Мынау өңірейген дәу қара бас — тықтан шошып қалғандай.

— Отырыңдар! — деп бұйырды Көктөбет, — ал, татарым, сен жөн-жосығынды айтшы?

Екі тізесін құшақтай ебедейсіз отырған Абдол бастықтың жылан көзі өзін тесіп бара жатқанын байқап, назарын төмен салды. Содан соң өткел басында Құланға айтқан әңгімесін қайталап шықты. Оның сөзін бастан-аяқ үн-түнсіз тыңдаған Көктөбет кенет түнеріп, қалың қабағы тұтасып түйіліп кетті.

— Ей! — деп ақырып жіберді ол күжілдеп, — мен саған кім екеніңді айт —деп отырмын ғой. Әлгіндей өтірігіңмен аңнан басқа түк көрмеген Құланды-ақ алдарқатарсың. Әуелі ұлтың кім, соны айт?

— Мен айтты ғой, аға, саған, — деп тұтыға жауап берді қайыршы, — мен татар. Мен — Абдол.

— Қақпан! — деп гүж ете түсті қанын ішіне тартып алған Көктөбет қайыршыны көзімен жеп жібере жаздап, — шеш, мына иттің шалбарын!

Дембелше сары орнынан атып түрып, имиген қайыршыны бас салды. Әп-сәтте жамау-жамау қазақы шапанын сыпырып алып, енді оның шалбарының қайыс белбеуіне қол жүгіртгі.

— Аға, тоқта, подажди, — деп қалды сол кезде үрейі ұшқан қайыршы.

Бұрынғы жүзбасының шынында да құты қашқан еді. Осы бір төртпақ сары өзін жүндеген тауықша жұлмалап жатқан сәтте, оның көз алдына азамат соғысыкезіндеөзіжазагеротрядтыбасқарыпжүргенде жұмысшыларды, қолға түскен қызыл әскерлерді дүрелететіні есіне түскен. Басына қорғасын құйған казак нагайкасымен немесе қыздырған шомполмен шықпыртқан кезде сойылып түскен аппақ таңбаға шып-шып шыққан қан, шыт-шыт тілініп жалбырап қопсып қалатын тері көз алдына елестеп, құлағына ышқынған, ыңырсыған үндер естілгендей болды. Өзін басқа бір оғаш мақсатпен шешіндіріп жатыр деген оның ойына келмеді. Кутский бар сырын ақтармағанмен шет-жағасын мынау ұлтабардағыны

сезіп білетін жылан көз бастыққа айтуды жөн көрді. Басқа лажы да жоқ еді.

— Немене, айтасың ба шыныңды? — деді Көктөбет жалпақ сарыға тоқта дегендей иек қақты.

— Айтамын.

— Қоя бер, Қақпан! Ал сөйле! Кімсің? Қайдан келесің? Қақолсың ғой сен, солай ма?

— Иә, хохол.

— Қайдан жүрсің? Қайда барасың?

— Мен Троицкінікі. Сонда Николаевка деген село бар. Мен сонда тұрған. Қазір онда артель құрыла бастаған. Ну, мен жасырынып жүргенмін. Сосын онда Гриша деген активист болтан, коммунист. Ол менің ағамды газетке жазған кулак деп, күн көрсетпеген, үйін тартып алған сельсоветке. Мен сосын оны обрезбен, білесің бе, мынадай, — деп Кутский құлашын сәл жазды, — стволын кескен шолақ мылтық, тығуға жақсы. Сол обрезбен түнде терезеден атқан. Өлді- өлмеді, білмеймін. Бірақ маған онда тұруға болмайды. Уже ГПУ мені іздей бастаған. Қалаға или станцияға барсаң ұстайды. Сондықтан мен қазақ ауылына қаштым. Мұндажақсы. Милиция жоқ. Сен қайыршы, бәрі аяйды, тамақ береді, жатқызады. Мен солай бүкіл жаз жүрдім. Бірақ солай жүре беруге болмайды. Адам сондай қатгы... қалай айтады, сондай қапы тосковать етеді, үйді сағынады. Сондықтан мен Китай кетуге ойладым. Онда біздің казактар көп, офицер көп. Ол үшін теміржолға бару керек. Мен ойлаған Иргизга, Челкарға барамын деп.

— Жолын білуші ме едің?

— Білемін, мен көргенмін.

— Қашан?

— Өй, көп жыл бұрын.

— Эй, сен осы баяғы Ақтөбе жағынан босатын ақ әскерінің бірі болмасаң нетті. Құдайлығыңды айтшы, атты әскер болдың ғой, аяғың қамыт аяқтау, атқа көп мінген адамдікі сияқты.

— Иэ, мен кавалериский полкта служить еттім.

— Бәсе, өзінді көргеннен-ақ сау сиырдың боты емес шығарсың деп едім-ау. Міне, мұның шамалы жөнге келеді. Ал енді қағазынды көрсет, — деді Көктөбет Кутскийден көз айырмай. Бұрынғы жүзбасы әуелі түсініңкіремей аңырып қалды.

— Документ ше? Сенің солай екеніңді растайтын.

— Қандай документ? Менде жоқ документ.

— Ей, сен мені ақымақ қыламын деме. Қытайға неңді ұстап барасың? Сенің кім екенінді калай біледі олар?

— Олар біледі. Онда таныс бар.

— Отта! Қақпан! — деді тағы Көктөбет кәрленіп, — шеш, мына доңыздың шалбарын!

Маймақ сары тағы да Кутскийдің белбеуіне шап берді. Бұрынғы жүзбасының көзі тұздай бозарып, танауы қусырылып, бет-аузы біруыс болып жиырыла қалды. Өңінде не нәрсеге де шыдайын деген әлпет бар. «Өлтірмейді ғой әйтеуір, өлтірмейді. Шамам жеткенше төзіп көрейін, — деп ойлады ол бойын кенет бір ызақорлық билеп, — ұрса ұрар, онда не тұр. Жанға батса тағы байқармын. Эх, осы бір надан қырғыздар менің арнаулы эскадрон казактарымның колына түссе ғой, әп-сәтте шаңын қағып, тілдерін бұрар еді. Ыстық шомполмен дүрелегенде әке- көкелеп, бар шынын да, өтірігін де айтар еді —ау, Эх, әттең... өлсем өлермін, бірақ мына қырғыздардың лас қолына атаман мырзаның өзі берген қағазды тигізбеспін».

— Тұра тұр, Қақпан! — деді сол кезде Көктөбет Кутскийді сойған түлкідей домалатып, шалбарын сыпырып алған көмекшісіне, — көретінімізді көрдік қой. Енді осы иттің бой-басын, киімінің тесік-тесігінің бәрін тінтіп көрші. Шалбарын мұқият қара, соны шешкізгенде босаңсып сала берді ғой.

Қақпан қайыршының шомыттарының алба- дұлбасын, тіпті бұрынғы тігіс орындарына дейін қарап шықты, әсіресе, шалбарын көп айналдырып, сілкіп те, уқалап та көрді, бірақ ештеме таба алмады. Көн шоқайды да шештіріп, тыжырына жүріп қағып байқады. Содан соң аңырып, біресе Көктөбетке, біресе Кутскийге қарады. Көктөбет саса қойған жоқ тәрізді, қанын ішіне тартып безерген қалпы түнеріп тұр. Қайыршы да міз баққан жоқ, тек Қақпан түк таба алмаған кезде қабағы сәл дір етті. Көктөбеттің жарқабақ астындағы жылан көзі сол сәл емеурінді шалып қалған екен, енді көмекшісіне:

— Тыр жалаңаш шешіндір сұмырайды. Дүре соқ! — деп бұйырды. Қақпан да қорланып ызаланған сияқты, Кутскийді алып соғып, әп —сәтте киімдерін дарылдатып жырта-мырта сыпырып алды да, етпетінен салып қойып, қонышындағы қамшыны білемдеп ұстап, жонынан бір-екі рет көміп —көміп жіберді. Бақ ете түскен Кутский зарлап қоя берді.

— Ой — ой! Жоқ документ, жоқ меңде. Аға, құдай біледі. Көке! ¥рма! Жоқ документ, хоть өлтір, жоқ. Мен саған шын айтқан. Аға, ұрма!

— Өшірүніңді! — деді Көктөбет ысылдай зекіп, — әйтпесе тіліңді кестірермін. Сен менің қолымдасың, білдің бе?

Қақпан Кутскийді тағы бір тартты.

— Ой-ой! Аға, жоқ. Біз дос, аға. Мен тоже враг Советов.

— Жә! — деді сол кезде Көктөбет, — қоя-ақ қой, Қақпан. Бұл бізге керек адам. Бірақ доңыз шынын айтпай отыр ғой. Осында бірдеме барына көзім жетіп тұр. Жарайды, ендеше киінсін.

Қақпан қамшысын бүктеп қонышына сұға салды. Кутский кирелеңдеп тұрып, киімін қолына алды. Бір қас қағым сәт шүңірек көзінің түбінде қуаныш тәрізді бірдеме жалт еткенін Көктөбет тағы байқап қалды.

— Қақпан! — деді олмұртынан жымың етіп, бірақ көзі күлмейді екен, қанды қарасудай зәрлі қалпында қала берді, — жинап ал мынаның бар киімін.

— Мен не істейді, аға? — дедіқайыршымөлтеңдеп.

— Саған бұл киімнің қажеті болмас. Теп-тегіс су жаңа киім беремін. Біз сен сияқты мүсәпірлерді жарылқай да білеміз, шырағым. Үйіріңді жаңа тапқаныңа құдайыңа рақметіңді айт. — Көктөбеттің үні анық мысқылдай шықты, — бұрынғы әпесер болсаң, саған қайыршылық жараспайды. Ұқтың ба?

Кутский анық абыржыған сияқты. Салбырап тұрып-тұрып:

— Рақмет, аға. Маған менікі киім жақсы, қауіп жоқ, — деді бәсең үнмен.

— Осында жүрсең сені алар жау жоқ. Қақпан, андағы шоқпыттарды апар да отқа сал, ауруы бар пәле ме, кім біледі. Шоқайды да ала кет, өрте бәрін!

Қақпан әбүйірін қолымен қалқалап, мойны салбырап тұрған қайыршы шомыттарын қара шапанға орады да, белбеумен бір байлап, бастығына қарады. Көктөбет күміс шаптырған мүйіз шақшаны алып, алақанына бір төбе қарабұйра насыбайды үйді де, етектей ерніне құя салды. Көзінің астымен әлденені қинала ойланған Кутскийді қалт жібермей бағып түр.

— Ну, ладно, ладно. Көрсетемін, — деді Кутский Қақпанның қозғала бергенін байқап.

— Манадан бері сөйтпейсің бе. Сен маған сенбегенде кімге сенесің. Советке сен дұшпан болсаң, мен де дос емеспін. Сен комәнесті атсаң, мен де оларды аяп жүргенім жоқ. Сөйтіп тұрып менен сыр жасырасың.

Қайыршы көн шоқайды қолына алды. Киіз ұлтарағын жұлып тастап, Көктөбетке қарады.

— Пышақ керек.

— Бер, Қақпан, пышағыңды.

Қақпан қынынан орақтан соққан кездігін алып берді. Кутский кездікті шоқайдың ішіне сұғып жіберіп, аз-кем құнжыңдады да, екі елідей бір нәрсені алып шықты. Онысы су өтпейтін жылтыр қағаз екен. Орауын жазғанда ішінен папирос қағазындай жұп-жұқа қағаз көрінді. Соның бүктеуін еппен аялай жазып, ол Көктөбетке ұсынды. Түйенің табанындай жалпақ мөрі бар бұл қағазды қарақшылар бастығы айналдыра қарап, содан соң Қақпанға ұсынды.

— Оқы.

— Орысша екен, — деді Қақпан, — оқиын ба, әлде аударып берейін бе?

— Оқы. Біздің де нан сұрап жейтін орысшамыз бар ғой.

Бұл оқиғалардың бәрінен де ада мерген қамыс лашық ішінде көзі жұмулы болса да көңілі ояу шалқасынан жатты да қойды. Өзгелерге дүрдиіп дөң айбат жасағанмен, «бөрі арығын білгізбес, сыртқа жүнін қампайтардың» кебі мұның өз басында да бар. Жапан түзде жалғыз жортқандағы уайым — қайғысы өз алдына, бүгіндер Құланның жанын жегідей жеп, ішқұста етіп жүрген тағы бір жай бар. Ол жер ортасына келгенде қосылған қосағы Алтынкүлдің жалғызіліктігі. Үйленгеннен бергі төрт-бес жылырду- дыр — думен өтіп жүре беріпті. Тәйірі, қазақ қатынын қадырлеген бе, тіпті Құлан сияқты атағы бар адам сондай бір ілтипат білдірсе, былайғы жұртқа ерсі көрінуі де ықтимал еді. Мергеннің өзі де оны оғаш сезінуі әбден мүмкін, сондықтан жұбайын қанша жақсы көрсе де бұл ол жылылығын тұмшалап іште сақтайтын. Алтынкүлдің ер көңілді адам екенін Құлан басына іс түскенде ғана білген еді. Рас-ау, бұл үнемі ат үстінде жүреді, сонда бүкіл шағын шаруашылығын дөңгелентіп, өзін жоқтатпайтындасоләйеліеді. Бертін келе Алтынкүл «орнықты отыз бие сабасындай» дейтін ауыл бәйбішесі болды. Үлкен-кішінің бәрі ауыл-үй қарекетін сонымен ақылдасатынын мерген байқаған да. Ақылды әйел өз сөзін тыңдата да білетін. Әйтеуір Құланға «мынауың теріс екен-ау» дегізген жоқ. Сол Алтынкүл бұл кеткенде қақыраған қара үйде соқа басы қалды. Оның да мұны ойлап, ішкені ірің, жегені желім болып жүргенін мерген сол жайды өз басынан кешкеннен кейін ғана ұқты. Адамды боркемік етіп жіберетін сол бір ойды қаншама жолатпайын, ұмытайын десе де Құланның құлағында өзі кетер түні Алтынкүлдің өксуін баса алмай, ағыл- тегіл жылаған үні ызыңдап тұрып алды. Таң аппақ болып атқанша көз ілмеген әйелі мұның иығына бетін басып, жейдесінің омырауын, төсін ысгық жасымен жуған. «Құдай маған бір перзентін де қимады ғой, өзің жоқта алданыш қылатын», — деп үзіп-үзіп айтқан сөзі мергеннің құлағында шыңылдап тұр. Өзі де жас иісті көп аңсайтын мергеннің сол сөздерді естігенде көзіне жас іркілген. Босаңсымайын десе де өзін-өзі ұстай алмады, содан соң мұп-мұздай болып шекесіне сорғалаған жасты әйеліне білдірмей сығып тастады. «Әй, итшілеген өмір —ай, — деп ойлады енді лашықта жатып мерген. — Бұл жалғанның жүзінде төрт құбыласы түгел адам бар ма екен сірә. Өмір бойы сарылып қуғаның бір сағымдай арман, жақындадым деген сайын бұлдырай түсіп дщкелетеді. Жазмыштан озмыш жоқ дейді ғой. Апырмай, ә, жазмыштан озмыш болмайтын адам неден сорлы жаралды. Аң екеш аң да өз тірлігін біледі, әйтеуір жолдасына қас қылмайды. Ілуде бір сұмдық жағдай болмаса, жыртқышының өзі өз туысын жеймін демейді ғой. Киікті қарашы әне, мың болса мыңы, жүз болса жүзі тобымен жайылады. Адамның аңнан бетер болғаны ма? Қайда көрсең бірін-бірі іштен шалып, тобықтан қағып, қысастық қылып жүргені. Әй, оңдырмаған құдай-ай, неге олай болды екен, ә? Мынау Көктөбет, бұл да құтырған қасқырдай маңайын жұлып жеп жүр. Баяғы қарақшы кезіндегі кәсібі осы еді, әлі сол. Әлде адамның қанына сіңген бір құтыртатын пәле бола ма? Іштен түртіп, ананы құрт, мынаны бұлдір дей ме. Хақ тағалам ондайға бастауға тиіс емес қой. Әлгі шалдардың көп айта беретін сайтаны осы өзіміздің ішімізде бұғынып жатпасын. Күндердің күнінде сосын Көктөбет, Томар сияқтыларды еліртіп жібереді ғой. Айтпақшы, сол Көктөбетің қайда кетті? Қой, жатып рақат таппаспын, сыртқа шығайын. Бәрібір ұйқы жоқ». Осындай оймен Құлан түйе жүн шекпенін желбегейжамылып, мәсішең далаға шықты. Кішібесін болып қалыпты, күн батысқа қарай құлдырап барады. Қарасай іші сәл жел лебі білінгенмен ықтасындау екен. Анау айдалада күздің қара желі уілдеп тұрғанға ұқсайды, аспандағы қор — ғасын түстес сұрғылт бұлт түйдектері түстікке қарай маңып барады. «Жел терісінен екен — ау, осы пәлең не қарын, не дауылын әкелмесе игі еді, — деп түйіп қойды мерген ішінен, — қыс түсе қалса, осылар не тіршілік жасайды, жаным- ау. Қар жауды дегенше із түсті десейші. Анық өлім сол ғой, ошарылып қоста жатқан адамға». Мерген енді айналасына көз салды. Көктөбет сонадай жерде көл жағасында отыр. Қасында Қақпан, сосын жалаңбас тағы біреу бар. Көктөбеттің қарақшысы ма деп тұрып, қайыршы Абдол екенін бері жалт еткенде жирен шашы мен сары сақалынан таныды. Көктөбетке қарай еңкейіп жампаңдап басын шұлғып, бірдеме айтып отыр. «Мынауқарақшылармен оңай-ақ тілтауыпты ғой, — деп ойлады мерген, — бұл ноғайың жылмаң келеді-ау. Ой, мүсәпірім-ай, қарашы бәлесін». Қамыс лашықтың сыртына шыққан Құлан жар астында отырған үш ұрыны көрді. Биіктігі арқан бойы келетін қызыл сары топырақты жар астын кеулей қазып, кең үңгір жасаған екен. Тіпті ішіне төрт-бес атты қатар байлауға келетіндей. Астына ат көпір қылып құрақ төсеген. Соның үстіне тондарын жайып, манағы әзірде қызылтамда мергенге зекіретін жыртық көз дәу қара, имиген жүн сақал жігіт, сосын балпиған қызыл сары біреу жантайып жатыр. «Мынау бұлардың ат тасалайтын жері ме екен, әлде жазда салқындауға орнатқан баспана ма, — деп ойлады мерген, — нәті не де болса, соның екеуі де болуы мүмкін-ау. Осындай үңгірлерді жағалай қазып тастаса, оған бір үйір жылқың сыйып-ақ кетпей ме. Жылқы деймін, осылар талай кәпәрәтіп дүкенін тонады деп еді, соның дүниесі де осындай үңгірге көмілген шығар-ау».

— Ассалаумағалейкүм, батыр, — деп ұшып тұрды орнынан қызыл жігіт. Құлан оның шиқандай жүзіне, семіздігіне, сондай-соңдай елеусіздеу белгілерге қарап, бұның дәулетті адамның баласы екенін аңғарды. Ана екі қарақшы да орындарынан тұрып отырды. Шамасы, күзетген ауысып, дема —луға келгендері болуы керек.

— Әлейкүмассалам.

— Иә, батыр, ат-көлік аман келдіңіз бе?

— Шүкір.

— Біз де ептеп осында жүріп жатырмыз; — деп жылпылдай жөнелді қызыл жігіт, — сыртыңыздан атыңыздыкөп естуші едік. Ендіжүз көрістік. Жарайды, қайырлы болсын. Мен Шынтақ деген ініңіз боламын. Шын атым Байсары. Жыланшықтағы Құлсары деген кісінің баласымын.

— Дұрыс.

— Ал отырыңыз, батыр. Мынау біздің жазғы сарайымыз. Құдайдың рақаты, аңызақ-аптапта күн түспейді, іші сап-салқын болады да тұрады. Желді күні ықтасын.

— Жақсы екен, — деп Құлан үңгір ішіне еніп, қабырғаға арқасын сүйей отырды.

— Батыр, біз жай кәлекәйттасып отыр едік, — деп Шынтақ сөзін жалғастыра берді. — Бәріміздің таңғалғанымыз, мына Ақбоз атыңыз. Баяғыда Топжарған, Наурызбайдың Ақтанауы, Ақан серінің Құлагері, Амангелдінің Шалқасқасы деген айтулы жүйріктер болды деп естуші едік. Сол сияқты бұл да ұшқан құсқа шалдырмайтын шығар, мүсінді екен.

— Жоқ, бәлендей жүйріктігі жоқ, бірақ ұзаққа шабатыны рас.

— Өй, сен бәрінен бұрын оның жуастығын айтсайшы. Батыр қойған жерде тырп етпей әлі тұр, — деп гүж ете қалды дәу қара Божбан жыртық сол көзінің қызылымен бозға еңсірейе қарап.

— Тауып айтасың-ау, Божбаным, — деп мысқылдай күлді Шынтақ, — ол қойшының мәстегі дейсің бе? Батырдың аты жуас болушы ма еді. Солай ма, Құлеке?

— Бәлендей жуас та, асау да деуге болмас, — деді мерген ақ мәрмәрдан құйған мүсіндей селт етпей тұрған Ақбозына сүйсіне қарап, — бірақ өзімнен басқа адамды маңына жолатпайды.

— Апырмай, ә! — деп таңдайын қақты Шынтақ.

— Қай жерге қойсаңыз сол жерде тұра бере ме?

— деді үнсіз отырған қайыс қара жігіт Күржік те әңгімеге араласып, — отқа, суға ұмтылмайды, ә?

— Ұмтылмайды. Тұра береді.

— Дауысыңызды танитын шығар. Шақырғанда келе ме? — деді Шынтақ.

— Келеді. Моһ! Моһ!

Иесінің дауысын естіген Ақбоз қуанғандай ақырын оқыранды да, үңгір алдына шауып келді.

— Ойпырмай, батыр-ай, мына атты сіз оқытып қойған шығарсыз! — деп тамсана түсті Шынтақ, — мынау қызға бермейтін ат қой. Оқыған аттарды баяғыда бала кезімде, әкеммен еріп, Қоянды жәрмеңкесіне барғанда серктен көріп едім. Бұл да айна-қатесіз дәл сондай тілге түсінетін жануар екен.

— Оллаһи рас, Алпамыстың Байшұбарындай ғой.

— Қобыландының Тайбурылы десейші. Тұлпар ғой, тұлпар! — десіп ана екі қарақшы да қостай кетті.

— Серктің атын көргенім жоқ, — деді мерген, орнынан тұрып, атының қасына барып, — бірақ естуімше олар ойыннан басқаға жоқ көрінеді. Соғысқа мініп шығуға жарай қояр ма екен.

— Рас, рас, олар майданға салуға келмес.

— Не келсін.

— Жілігінің майы жоқ, құр жеммен жүрген, қабырғасын жауып, жалтырап жүрген лақылдақтар емес пе!

— Ат деп мынаны айт.

— Осындай бір сәйгүлігің болса шіркін! — десіп қарақшылардың қайран қалып қауқылдасқанын атын қамысқа қарай жетелеген Құлан көпке дейін естіп бара жатты.

Адамның жан-жануарға өте қатал, тіпті орынсыз жауыздықпен қарайтынын аңшы ертеден-ақ білетін. Олар да өзіндей жан иесі ғой, олар да көп нәрсені түсінеді, тіпті кейбір жайда адамнан сан есе сезімтал, сан есе білгіш, зерек екенін көп пенденің аңғармайтынына оның ызасы келуші еді. Өмір бойына аңшылық ете жүріп, Құлан мыңдаған аң-құстың тірлік-қарекетін барлап байқады. Сонда талай рет ғажап қалып сүйсінген. Соның барлығы Құланға жан-жануарға ерекше бір көзқараспен қарауға үйретті. Осы астындағы бозды мерген ешуақытта ұрып-соғып қинап көрген жоқ. Қолына тай күнінде түсіп еді, мәпелеп бақты, енді қазір бұл аты ертегінің тіл бітетін тұлпарлары сияқты, айтқанын, айтқан емес-ау, бет-жүзі, қабағының, тақымының қимылынан, дауысынан иесінің не тілеп, не бүйырғанын әп-сәтте түсінеді. Қоя берсе қойған жерінде құлақ қақпай тұрады, қапталынан қағып қалса жайылып кетеді, ысқырса қайдан болса да шауып жетеді. Кешегі қанды ұрыстарда осы боз емес пе, талай тар қыспақтан мұны алып шыққан. Өзі атын, аты өзін түсінбей төпелей беретін біраз азаматтың соғыста мерт болғанын да көрген мерген. Ол аң-құстың да тілі бар, тек адам соны түсінбейді деп ойлаушы еді. Әйтеуір мерген мына бозына тіл ұқтырғанына риза, аялап сауырынан қағып қойды...

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Қарақшылардың тұрмысы адамды мезі етіп, іш пыстыратындай. Аядай қарасай аңғарына жайшылықта аяқ басып шыға алмайтын, істерге ісі жоқ қарақшылар байлаудағы азбандардай аласұратынын мерген өзі келгеннен бергі екі-үш күн ішінде әбден байқады. Көктөбетгің оларды дүркін-дүркін жорыққа аттандырып тұруы, сақырлап қайнаған қазанның қақпағын көтеріп, дем шығарғанмен бір іспеттес тәрізді. Бірақ мұндағылардың көбі қауіп-қатері мол ондай сапарға қырсауланып, әрең баратыны аңғарылады. Реті табылса бой бағып қалғысы келетіндері көп. Әсіресе, анау Шынтақ тәрізділері қарауыл, күзетке көбірек жүріп, қанды жортуылдан бас амандауға барынша тырысып бағады екен. Тек Көктөбеттен қорыққаннан ғана жорыққа аттанатын сияқты бәрі де. «Е, мыналардың тірлігі тірлік емес екен», — деп ойлады соны байқаған Құлан. Зерігуден бе, қарақшылар бір-бірімен жиі-жиі шекісіп қала береді. Кеше түске таман жар астындағы үңгір жақтан бір шаң-шұң дауыс шыққанға елеңдеп, өзен жағасында жүрген Құлан солай қарай аяңдады. Не айқай екенін білмек. Лашық тасасынан шыға бере байқады, жыртық көз дәу — қара Божбан бай баласы Шынтаққа төніп, тепсініп тұр екен.

— Сен жедің, иттің баласы! — деп гүр-гүр етеді Божбан.

— Кет әрі, қайтемін сенің наныңды.

— О, жалмауызәкеңнің!.. Сеніңәкеңемеспе, бүкіл Жыланшық бойын жалмаған, жылан жалағандай етіп?!.

— Өй, соқыр, әкеңнің!.. Менің әкемде нең бар-ей сен шошқаның?! — деп Шынтақ танауы қусырылып,

қып-қызыл болып ұшып тұрды. — Бір көзіңді бір көзіңе теңеп жіберейін бе!

— Теңерсің атаңның шекесі!

— Өлеріңді білмей жүрсің ғой, қожыр доңыз. Жағыңды айырайын ба, осы!

— О, қызыл ит! Айырарсың. Келші кәне, мұрнынды жапырып бет қылайын!

Осы сәтте Көктөбет жұмсаған болуы керек, Қақпан үңгірге жүгіріп барды.

— Әй, сен екеуің немене қатындарша шапылдасып, — дедіолсалқын үнмен, — кәне, неменеге керкілдесіп тұрсыңдар? Не жепзейді осы сендерге?

— Жоқ, Қақа —ау, — деп өңкілдеп Божбан арызын айта бастады, — осы неменің-ақ қорлығы өтті бәрінен бұрын. Мана таңертеңгі шайдан қалған нанымды кейін жеймін деп шекпенімнің арасына орап қойсам, мына тімтінген қызыл ит жеп қойыпты ұрлап. Әман істейтіні осы. Біз жел обамыз ба? Жортуылға бар десе, ылғи қиқаңдап, сылтау айтып тұрғаны.

— Иә, сен менен көп барып, қырып келген шығарсың қақ шекесі! — деп бұрқ ете қалды Шынтақ.

— Оттама! Сен қырып жүр едің! — деп оны қауып тастады Божбан.

— Тіпті өтірік айтады, нанын қайтемін ол алапестің? — деп қожыр қараны шаға ақтала бастады қызыл қарақшы, — маңына жуысам не дейсіз, Қақа. Көкең мен сізден басқа осылардың бірі маған ыңғай бере ме екен. Не жазғанымды білмеймін, шеттете береді. Ұрыс-қағысқа да баратын мен, күзетке де баратын мен, ат та бағатын мен. Далаға барса — ат ойнатқан Есет, үйге келсе, құрт қайнатқан Есет тақ мен емес пе! Жазған құлда жату бар ма деп шабамын да жүремін.

— Жарайды, екеуің де қой. Тамақ жетеді ғой осында. Нан керек болса, ұн тіреліп тұр, пісіріңдер де жеңдер. Бірақ бәріңе де ескертемін, ұрлық-қарлық,

ұрыс-төбелес тыйылсын. Көкең солай деді. Бүйте берсеңдер, түбі оң — байсыңдар. Қақпан соны айтты да қосқа қарай жөнеле берді. Екі қарақшы жүнін тікірейткен төбеттерше дүрдиісіп тұрып-тұрып, өзді-өзінің бұрышына жантайды. Әлгінде бұлардың жанжалына «түрт, шайтан, түрт!» дегендей әлпетпен қызыға қарап отырған қайыс қара Күржік енді жанындағы Абдолды қағытып айналдыруға кірісті.

— Ей, ноғай, — деді ол зыңғырлап махорканы бұрқырата сорған қайыршыны бүйірінен түртіп.

— Не?

— Сен өзің ноғайсың ба?

— Иә, ноғай, мен — татар.

— Жақсы-е, татар екенсің. Ал қатының бар ма?

— Бар.

— Жақсы-е, қатының бар екен. Ал әйелдермен ойнап-күлесің бе? Неше әйелмен жақын болдың?

— Мен білмеймін.

— Жақсы-е, санаған жоқ екенсің ғой. Ал қандай әйел жақсы, семізі ме, арығы ма?

— Мен байқамаған.

— Жақсы-е, аңғармай қалған екенсің ғой. Ал неше жасыңнан бастап жігітшілік құра бастадың?

— Мен ұмытқан.

— Жақсы-е, ол да есінде жоқ екен. Аленді ойында қалған бір әйелдің әңгімесін айтшы.

— Мен оңдай әңгіме білмеймін.

— Өй, сен өзің мақұлық екенсің ғой. Қатынды қалай алғансың өзің? — деп Күржік қайыршыға ежірейе қарады, — әлде мені менсінбей отырсың ба?

— Жоқ, аға, қатынды маған әке алып берген.

— Ә, бәсе, солай шығар деп едім-ау.

— Бері қара, Күржік, қайтесің ол мүсәпірді әурелеп, — деп Шынтақ басын көтеріп алды. Шамасы әңгімемен өзіне тілектес тауып, Божбанды жалғызсыратпақ тәрізді, — мен бір қызық әңгіме

айтайын. Бірақ қатын —қалаш туралы емес, тыңдайсың ба?

— Жарар, айта бер.

— Бәрі де сол тамақтан шығады. Бұл тесік тамақ адамға не айла істетпейді десейші. Менің онда жас кезім, бір жылы боқырауда кірешілерге еріп, Қостанай тартайын. Ондағы көлік сол, түйе, өгіз жеккен жайдақ шана ғой. Ұбақ-шұбақ жүріп келеміз. Тақтай көпірден түстеніп, қарасуға жетіп алайық деп шығып кетіп едік, шалдар жағы күн құлақтанып тұр, не қапы аяз, не боран болар деп қорқытқанына көнбей, «өй ондай сәуегейліктеріңді қойыңдар, сендердікі жата беру-ау, қылжиып», — деп жастар жағы желіііп атганғанбыз. Біздікі баяғы Қостанайға қалайда тезірек жету ғой, онда сыра бар, шетбертке құйған дәу арақ бар, қалашылаған кірешілердің аузы құр қайтпайды, кәдімгі жеңсік ас бір.

— Арақпен ерте ауызданған екенсіңғой, Шынеке, ә? — деп күліп қойды Күржік.

— Ерте ауызданбай. Құдайға шүкір әке дәулетінің арқасында дүниені шайқадық қой. Жә, сонымен орта жолға келгенде жаяу борасын көтеріліп, аяғы боранға айналмасы бар емес пе. Сасуға айналдық. Тоңып- жаурап та барамыз. Атасына нәлет, өгіз көлік емес екенін сонда білдім. Жітірек жүрейік деп қанша ұрсаң да тұяғы сыртылдап, митың-митың аяңнан артық баспайды. Көз байланып та бара жатыр. Енді өлдік, адастық деп алақтап келе жатқанда алдымыздан ит үрді. Алыстан карайып бір қыстаудың нобайы көрінді.

— А, Құдай сақтады. Тілегіміз оң екен! — деп абыр-дабыр сөйлесе бастап едік, бір шал:

— Бекерге дабырлап мәз болмаңдар. Бұл — Бапан деген байдың қыстауы. Бұлбір шық бермес Шығайбай, дәм татырмақ түгіл, маңайына жуытпайды, — деп лепірген көңілімізді су сепкендей басты.

— Ал не істедік? — дейміз өзгеміз аңырып. Ішімізде бір қу жігіт бар еді, сол тұрып айтты:

— Саспаңдар да абыржымаңдар, жігіттер. Тіпті қарынбай, Қарабай болып кетсе де мен оның тілін табамын.

— Қалай табасың? Біз талай келіп есігінен қарай алмай кеткеміз.

— Он да сендердің жұмыстарың болмасын. Бұл Бапанның хал-жағдайын мен талай естігемін. Тек үйге кіріп төрге жайғасып алыңдар, сосынғысын мен көрейін. Әйтеуір үйге кірудің амалын тапсаңдар болды.

Жарайды, сонымен иттерін шулатып, қыстауға жетіп бардық. Бір әбүйірі, жалшылары әлі мал жайлап жүр екен, солармен ілесе үйге кірдік. Әйтпесе есігін шөткелеп бекітіп қояды дейтін. Бапан деген — жапырақ мұрын, қызыл көзді күржиген қызыл шал екен, пештің түбінде тері бөстектің үсгінде отыр. Бізді көріп осылай ажырайып қарады. Сәлемімізді де алған жоқ. Жаңағы қу ай-шайға қараған жоқ, етігін лақтырып жіберіп, төр жаққа шығып жалп етіп отыра кетті. Келе Бапанды сөзге айналдырып, мал-жанның амандығын сұрап, ішіне кіріп барады. Бірақ Бапан қырыстанып үндемей отыра берді. Ана жақта қазандыққа жалпылдақты көбірек тығып, отты жалп еткізген кемпіріне: «шақтап жақ, атың өшкір, өлген әкең тіріліп келді деп отырсың ба» деп барқ ете қалды. Жарайды, содан біраз отырдық. Қу жігітіміз Бапанның ол жағынан бір, бұл жағынан бір шығып, қай жерден қыбын табамын деп отыр. Содан бір сөз ретінде:

— Апырмай, Бапеке! — деді, — мына боранда тақ сіздің итіңіз болмағанда адасып өлген екеміз.

Байқаймыз Бапанның құлағы осы сөзге елең ете қалды. Жігіт онан сайын иттің мақтауын асырып:

— Шіркін —ай, үні қалай кең, дауысы тіпті кош жерден-ау, қош жерден есгіледі екен, — дегенде, бізге күні бойы қырын бермей отырған бай жұлып алғандай:

— Е, біздің итті білмейсің бе? Ол былай үрмей ме:

«Ауып — ауып!» Сонда оның дауысы жер түбінен естіледі, — дегені. Бапанның тілі табылган соң әлгі жігіт далада тұрған ат-шанасын мақтады. Бапанның сонда айтатыны ғой:

— Біздің шананың несін айтасың, ыққа қарай қоя берсең, өзі жүре береді! — деп. Былай шыққан соң ал күле, ал күле.

— Ой, қулар-ай. Сөйтіп мақтап-мақтап тамағын ішіп алдым деші, — деді Күржік аузын қайыстай соза күліп, сол қу жігіт тап сен емес пе. Адамды көзіне мақтайтын дағдың бар екен.

— Е, мен болсам ше? Бәрібір ғой. Мен қай- қайсыңды да өтірік көтермелейді дейсің бе. Шыным сол.

— Әй, қайдам, жап-жалпақ болсаң да үлкендердің алдында кейде дөңгеленіп кетесің-ау.

— Жә, қойшы оны, сен бір әңгіме айтшы.

— Менің құлақ түре жүретінім қыз-қатын жайы ғой. Өзіміз сияқты жігіттің бір қызды алдағанын айтайын ба?

— Соның қызық. Айт кәне.

— Айтсам, ол қыз соқыр екен. Бірақ әкесі сенің әкең тәрізді бай болса керек.

— Қой, қайтесің менің әкемді көрінде тебірентіп. Ол өлген адам. Айта берсей.

— Сонымен дейді-ау, малына қызыққан бір жігіт қызды алатын болыпты. Ұрын барып, содан әлгі соқыр қызбен оңаша қалады ғой. Жолдасына қызық көрсетейін деп, «бетімнен сүй» дейді қызға. Сөйтіп арт жағын тосыпты. Артынан қыз айтады дейді: «бетінің жалпағын-ай...»

— Түу, хайуан-ай, сенің әңгімең де адамның жүрегін айнытады екен, — деп жыртық көз Божбанның өзі жеркеніп, теріс айналды.

Құлан да жерге бір түкірді. Осы екі-үш күн ішінде ол осындай жиренішті, тіпті сұмдық жайлардың біразын естіп құлағы сарсылды. «Мыналар адамшылықтан кеткен екен, — деп ойлады ол ұртын тістеп, — әй, осында бекер келдім-ау». Сол күні түс ауа Көктөбет осы үш қарақшыны бір жаққа аттандырды. Қайыс қара Күржік бір безбүйрек болуы керек, бастаушыға да сол тағайындалды. Ана Божбан мен Шынтақтың қырбай қабақ әрі өзара бәсекеге түскенін, енді нендей жаманшылықты да ыждаһатпен орындайтынын сезіп, әдейі қосарлай айдаған секілді. Құлан солай топшылады. Қайыс қараны бөліп алып, әлденендей тапсырмалар бергеннен кейін Көктөбет лашық алдында тұрған Құланның касына келді.

— Мерген, — деді ол күңгірлеп, — мынау ноғайыңды мен шолғынға жұмсайын деп тұрмын. Нанымызды текке жемесін. Ұрыс-қағысқа үйрене берсін. Қарсылығың жоқ қой.

— Өзің біл, — деді мерген сонадайда бір аттың тізгінін ұстап тұрған Абдолға көз қиығын тастап. — Мүсәпір екен. Үйіріңе әкеп аман-сау қостым, енді обал-сауабы да өзіңдікі. Менің оған иелігім бар ма. Ол өз бетімен, мен өз жөніммен жүрген адам.

— Дұрыс ендеше, барсын!

Сонымен Көктөбет Абдолдың беліне қылыш байлап, иығына құс мылтық асып, қырқылғандау сеңсең тонмен, әлдекімнен шешіп алған болуы керек, шолақ былғары етік кигізіп, жорыққа жіберді. Абдол өзіне келіп шағым айта ма деп Құлан біраз қысылып еді, бірақ олай болмады, мүсәпірі тіл қатпастан Көктөбеттің бұйырған жағына тепеңдеп жүре берді. Бұған мерген шын таңданды. «Апырмай, мына Көктөбеттің адамды басатын албастысы бар ма, — деп ойлады ол, — қол асгындағы он адамның бәрін итше жортқызады. Бірақ мені ел тонауыңа қоса алмассың. Өйдеп ұшық шығарсаң ғарасат майданын ашармын осы жерде». Қарақшылардың қыры мен сырына қанып, көңілі қалган Құлан олардан бөлек жүруге тырысты. Уақытының көбі осы көл жағасында өтеді. Көз қылатын ермегі — балық аулау. Бірақ ол бойын сергіте алмады. Осынау елден жырақ жерге келіп, қауіп — қатерден құтылдым десе де оның орнын ішін удай ашытқан өкініш басты. «Адастым-ау, адасқанда қайдағы бір шарынды соқпаққа түсіп кеттім-ау» деген ой кәдімгі сырқаттай-ақ тәнін сырқыратып, жанын ауыртады. Сол ой бойын меңдеткен мерген түс әлетінде кармағын тастады да, орнынан тұрып, жан-жағына көз салды. Сонадай жерде, арғы бетте бозы жайылып жүр. Дәл қостың қолтығында торы мәстек батпақты қорқылдата кешіп, құрақ орып тұр. Бұл екі атты әлдебір ойы бар ма, Көктөбет біздің жылқыға қоса ғой деген жоқ, сөйтемін деп мерген де талпынбаған. Осы кезде Көктөбет те қостан шығып, ырғала басып мұның қасына келді.

— Ішің пысты-ау, мерген, ә? — дейді ол добалдай алақанымен мұртының шалғайын сипап, Құланға сөйлесе де кішкене жылтыраған көзі торы дөненде.

— Неге? Иен далада қаңғып өскен жанбыз ғой. Жалығатындай бола қалғанымыз жоқ әлі.

— Солай ма? Дұрыс. Мынау торың бір семіз жылқы-ау деймін, ә?

— Семіз шығар. Әйтеуір сыртынан қарасаң жұп- жұмыр. Бірақ өзі бір ит мал екен. Сойып тастаса да обал жоқ.

— Солай ма? Ендеше осыңды соғым етсек. Біздің жылқылар үнемі міністе, еті ояз. Жігітгер қызылсырап жүр еді.

— Болсын. Менің салған олжам, еншім де де сой. Ана ноғайға мінгізіп едім, оған ат беріпсің.

— Е, ол ноғайың атсыз қалмайды. Қос-қосынан мінеді әлі, — деді де, бір жымың еткен Көктөбет қосқа бұрылып, көмекшісін шақырды, — Қақпан! Ә, Қақпан!?

— Не айтасыз, Көке? — Жылмаң сары сып етіп қостан шығып, дәл алдына қаздиып тұра қалды.

— Сойындар, ана торыны! Ет боп қалсын бір.

Ет дегенді естігенде дүркіреп, қуанғандарын жасырмай тұра-тұра жүгіріп, торыны қамалай бастаған қарақшыларға Құлан қарайлаған жоқ, жар жағалап кетті. Осыңда келгеннен бері ойында жүрген бір мүддесі бар, мына қолайлы сәтті пайдаланып, бөтен көзге түспей, соны орнына келтірмек. Қолында қармақсаптың басына байлаған қыл-тұзақ, шортан қараған адам болып, көлді айналып барады, бірақ екі көзі суды айнала қоршаған жарлауытта. Қарасудың жоғарғы бетіне де шықты, әйтсе де іздегенін таба алмағандай ернін жымырып, басын шайқап қояды. Бұл беттің бәрі құлама жар, биіктігі атты кісінің бойынан асады. Тіпті қырға шығып кетуге аяқ іліктірер бір жырақана да жоқ. Мерген көлдің басын айналып, түстік бетіне шықты. Бұл жақтан тасыған су құлайтын болуы керек, қызыл жар кемештеу, сонда да тіп-тік, найза бойынан асады; жаяу адам өйтіп- бүйтіп ат үстінен тырмысып өрмелей алғанмен, аттың көтеріліп кетуі екіталай. Құлан биік өскен қоға мен тал бұталарын тасалап, еңкейе жүріп келеді, қарақшылар бұған назар аудара қоймаған сияқты; «Ұста арқанның анаұшын!», «Тарт!», «Алкөтер!», «Ой, ебедейсізнеме- ай!», «Ет жегенде, мұрның шуылдар еді-ау!», «Жық, кәне!» десіп дабырласып малмен әуреленіп жатыр. Енді бір сәтте мерген қалт тұра қалды. Дәл жар іргесіне бір түп қасқыржем мен итмұрын араласа, ұйыса өсіпті. Киімін тікенге ілгізе-мілгізе Құлан соның арасына кіріп еді, қасқырдың апанына тап болды. Ескі апан. Қар суы мен жаңбыр шайып, төбесі жеміріліп құлауға айналыпты. Мерген сол жарықшақты жерін тепкілеп көріп еді, баланың еңбегіндей солк, - солқ етті. Содан соң топырағы опырылып, сусылдап төмен құйыла бастады. Қаттырақ теуіп жіберсе жырылып кететіндей. Мерген іздегенін тапқандай болып, көңілін демдеп, терін сүртті. Әйтеуір көзден де таса, мынау қақпан қарасайдан, анау қарақшылар соқпағын есептемегенде, бірден-бір шығар сүрлеу осы ғана тәрізді. Апантөбесін опырыпжіберсе, әлдіатырғып, қырға көтеріліп кеткендей. Соны көңіліне түйген Құлан бұта арасынан сығалап, жерді мөлшерлеп алды. Лашық арғы бетге, екі ортада көлді жағалай біткен тал бар. Ол да болса, қиын-қыстау кезең туғанда, бой көрсетпей сырғып кетуге ыңғайлы-ақ. Ал түптің түбіне сондай бір күннің туарын мерген осында келгеннен бері- ақ сезген. «Мыналарың бір аран ғой, милициялар келіп қоршап қалса қалай құтыласыңдар», — деп Көктөбетке айтуға оқталып тұрып, іркіліп қалды. «Сан-сапалақ өткелектерден өткен қарақшының басшысы, қарашоқпар барымташы, соны білмейді дейсің бе? Әбден біледі ғой», — деген оймен сөзін жұта қойған. Мерген сыртынан бақылап көргенде байқады, Көктөбеттің жан адамға сездірмей көздеп жүрген бір мақсаты бар сияқты. Қамыс лашықта жападан- жалғыз ұзақ отыратыны, кейде үлкен бір алашұбар қағазды алдына жайып, соның бетінен шыбықпен жол сызатыны соны аңғартқандай. Ол ала шұбар қағаздың карта екенін Құлан білетін. Ертеде соғыс кезінде Сардардың, Әлібидің, Егоровтың қолдарынан талай көрген. Сонда-ақ оның не қажетке жарайтынын бұлдырлау болса да ұғып қалған.

— Уа, Көке, осың не сенің, судырлатып алдыңа жаясың да отырасың? — деген ол түк білмегенсіп, шолғыншылар кеткен күннің ертеңіне қоста қарақшы екеуі оңаша отырғанда.

— Жай, жер мөлшерін бағдарлайтын қағаз ғой. Карта дейді мұның атын.

— Карта? Апырмай, ә? Осыған жер мен судың бәрін түсіріп қойған ба?

— Түсіріп қойған. Жердің жыртығына дейін бар.

— Мына хикметті қара! Ал бұдан не көріп жатырсың?

— Әншейін, жортар жолдарымызды белгілеген ғой, — Көктөбет мойны салбырап, аз-кем ойланып отырды. Содан соң жылан көзі жылт етіп Құланға қадалды. Ішінен әлденені салмақтаған сияқты.

— Сонымен, мерген, сен не ойың бар екенін айтпадың-ау? — деді ол әлден уақытта.

— Менде не ой болушы еді? Ес жиғаным жаңа, — деп бойына дарытпай жауап берді Құлан.

— Сонда да деймін ғой. Бізбен бірге қаласың ба, әлде басқа жөн табамын дейсің бе?

— Қалғанда енді... қысың мынау иектеп тұрған. Бұл жер пана бола ма? Қар түсті дегенше, із түсті дей бер. Шошаң етіп ешқайда шыға алмассың, оның арты өлім ғой. Ал мысалы, менің өлгім жоқ.

— Оныңдарас. Түбіндебұлжертұрақ болмайтыны хақ. Мен осы Құдай қарғаған жерде қыстаймын деп отырғаным жоқ қой. Бірақ сонда не істеу керек? Бас — басымызға жан сауғалап тым-тырақай боламыз ба, әлде жұбымызды жазбай, Сырға не құмға асамыз ба?

— Қайдам. Жас болса жетті. Мен өзім жат жерге ауа алмаспын, сірә. Өлсем сүйегім осында қалар.

— Әй, мерген —ай, өлгесін сүйегіңнің қай жерде қалғаны не есеп, — деп күңгірлеп күле сөйледі Көктөбет, — сірә, өзіңнің пірәдарлығың жоқ па еді? Намаз оқып, ораза тұтпайтын ба едің?

— Жоға. Құдайға сенем, ол рас.

— Ал мен құдайыңа да, шайтаныңа да сенуді алдақашан қойған адаммын. Монтансыған сопыларыңның үгітінің құны мен үшін бес тиын.

— Неге? Олардың ішінде де діндеріне берік, адалдары бар ғой. Мысалы, Нұралы пірәдар өмір бойы ораза ұстап келеді екен, қалай дәті берік десейші. Өзі сонда онша көп оқымаған адам. Пенде болғасын әрқилы да.

— Жоқ, әрқилы емес. Міне, менің жасым жер ортасынан асты. Не түрлі адамыңды көрдім. Саған айтайын, мерген, жер бетінде адамнан жауыз, адамнан харам мақұлық жоқ.

— Өзіңнің көп араласқан ұры-қарақшыңа қарап айтасың-ау мұны, бәтіреке.

— Әй, мерген-ай, мен жалгыз солармен істес болды дейсің бе? Бәрі-бәрі солай ғой. Батыр аңғырт деген осы-ay. Мәселен, мен мына жанымдағыларға сенеді дейсің бе? Өмірімде сенбеймін. Жаны қысылғанда сатып кетеді қайсысы да. Әншейін күні үшін жүргендер ғой. Мені паналамаса өлетінін біледі бәрі де. Тіпті анау, жанымызды бір шүберекке түйдік дейтін Шарбақбайға да күмәндімін.

— Ал маған ше? Маған сенесің бе? — деп қызыға сұрады Құлан.

— Саған ба? Саған сенем.

— Е, неге? Мен де пенде емеспін бе?

— Сен пенде болғанмен жөнің белек. Бүгінде сен жай адам емессің. Құлан батырсың, атағың жайылып, атың аңыз болған адамсың. Сен сатқындық жасасаң, мені ұстап берсең, мысалы, ол дел сол жерде арам өлгенің, ар —намыстан жұрдай болғаның. Оған сен мың жерден кескілесе бас — пайтынынды білемін.

— Мұның қызық екен, — деп Құлан күлімсіреді. Мынау мадақ оған бұрын ойға келмеген жай көрінді. Бір жағынан қайрап салу да бар тәрізді. «Ә, осының көмейінде бірдеме тұр!» — деп ойлады мерген.

Айтқандай-ақ Көктөбет:

— Қысыр кеңеспен көп отырып қалыппыз ғой, — деп ырғала орнынан тұрып, сыртқа шығып кетті.

— Қақпан? А, Қақпан! — деген үні естілді оның. Мерген іште жай құлақ түріп жатыр.

— Не бұйырасыз, Көке? — деген жалпақ сарының дауысы шықты.

— Кеш боп қалыпты ғой. Жігіттер не істеп жатыр?

— Манағы әзірде күзеттен келген үшеуі ұйқыда. Үшеуі солардың орнына күзетке кеткен.

— Дұрыс. Абай болыңдар. Шолғыншылардан хабар жоқ па?

— Жоқ.

— Сен соларды байқасайшы. Сайдағы жылқыға да көз қырыңды сал.

— Жарайды, Көке.

Аздан соң, бір аттының дүсірлетіп жортып кеткені естілді. Көктөбет үйге қайта кірді. Ол оң жақтағы өзінің белгілі орнына отырып, алдына картаны жайды.

— Бері жақында, мерген, — деді ол Құланға күңгірттеу үй ішінде көзі жылтырай қарап. Мерген қасына келіп отырғасын ол добалдай саусағымен карта бетін сызғылай бастады, — мынақағаздыталайданбері айналдырып жүргенімді өзің де байқаған шығарсың, ә? Осыған тесіле-тесіле көз майым да таусылуға айналды. Сондағы түпкі көздегенім не мақсат екенін білдің бе?

— Жортатын жолымызды қараймын демеп пе едің?

— Ол өз алдына. Ал шын мүлдем басқа болатын.

— Жасырмасаң айт.

— Өзім де соған келе жатырмын. Мана бір сөйлескенде, осы қақпан сайдан құтылар жол табайық дедім ғой.

— Иә, айта бер.

— Ендеше, сол жолды мен таптым. Бірақ ол үшін сенің серіктігің керек. Мынау — Қаратас, Шыңтас бойын көп кезген аңшы едің ғой бір заманда. Рас па?

— Рас.

— Олай болса, — деп Көктөбет кенет мүдіріп, мергеннің жүзіне үңірейе қарады, — иә, айтпақшы,

өзің осында қалуға берік бел байладың ба, әлдебір жаққа ауасың ба?

— Білмей тұрмын, — деді мерген мандайы қырық қыртыстанып, — саған шынымды айтайын, ішке барып ізденсем бе деген де ойым бар.

— Әп, бәрекелде, сол ойың әбден дұрыс. Мен де саған ағымнан жарылайын. Менің де мақсатым — сол жаққа қарай ойысу.

— Қалай ойысамыз сонда?

— Мен мына картаға қарап, оның жөн-жобасын әбден біліп алдым. Осы Торғай аймағымен, өзің жортқан жерден ел көзіне шалдырмай жықпыл- жықпылмен сен апарасың. Мен көрген жерімнен өзім өткіземін. Теміржолға бір жетіп алсақ әрі қарай пойызға түсеміз де, Қызылордаң ба, Тәшкенің бе, Қарақалпағың ба — заулай береміз. Тіпті Самарқан, Бухара жарифке барам десең де еркің. Пойыз жолы құмырсқадай қарақұрым сапырылысып жатқан жұрт. Тергеп — тексеретін ешкім болмайды. Ал нақа күдіктеніп, қағаз сұрай қалса, Шарбақбай қу тауып берген, болыс кеңсесінен алған мөрі бар анықтама жетеді. Атымызды жаза қойсақ, қарақасқа кедей боламыз да шығамыз. Әрине, өз ныспымыз емес, бөтен ат қоямыз ғой өзімізге. Пұл десең, ол жағынан да қам жеме, мен осы жанымды жалдап жүргенде, тек Шарбақбайлар үшін жүр дейсің бе? Енесін... оларды, өлмесе өрем қапсын. Менің қолыммен олар талай от көсеген, енді өз тілеуіңді өзің тіле, менен аулақ, шырақтарым, дейтін уақыт жеткен- ақ шығар. Әй, мерген-ай, — деп кенет Көктөбет қабағы салбырап, Құланға біртүрлі жабыға ма, езіле ме жетімсірей қарады, — мені осындай қанішер қарақшы қылған солар ғой, жетімдігім, жоқтығым ғой, соны пайдаланып, алаңғасар албырт кезімде: «Ой, Күшікбай, сен батырсың, ей, балуансың», — деп астыма көпшікті қойып — қойып, теріс жолға салды да жіберді. Әрине, өзімнен де бар шығар-ау, Құдай азын-

аулақ күш-қуат бергенде кеудеме нан пісті. Өзім барда кім бар дедім. Сосын боқ дүние адамға не істетпейді, мал да барымталадым, кісі қанына ортақ болтан да кездер кездесті, әйтеуір не сұмдықтар бастан өтті ғой. Әйтпесе бармақтай болса, сары қымызды сапырып ішіп, толықсыған тоқал—дың жанында мен де жатпас па едім. Пешенеңе жазылғаны осы болғасын қайтесің енді. Қаракөлеңке қос ішінде ұрты омырайып, бір сәтке жүдей қалған Көктөбетгің жүзіне мерген шын мүсіркей қарады. «Осы бәтшағардың Құдай сүйер бір қылығы жоқ-ақ қой. Бірақ бұл да әуелде адам болуға туған жоқ па. Мұның әке —шешесі қарақшы болсын деп тіледі дейсің бег әйтпесе балғын күнәсіз шағында осындай жолға түсемін деп өзі ниет қылды дейсің бе? — деп ойлады Құлан. — Адам деген жамандықка бір ұрынса, бойлай беремеекен? Өзі біліптізгінтартпаса, не жанындағылар кесе-көлденең тұру орнына, қолпаштап әрі итермелей берсе солай шығар-ау».

— Жә, оттап кетіппін ғой, — деп Көктөбет оқыс бойын жиып, бұрынғы қатулы қалпына түсті, — сонымен қаражат жағынан қысылмайсың. Шарбақбайлар мені шүйлеп салса, мен мына көп бөрімді айдап салып, талай кәператіпті тонағанмын. Содан қанша аламын десең еркіңде.

— Бұлінген елден бұлдіргі алма депті ғой аталарымыз. Оныңды қоя —ақ қой, Күшікбай, — деді Құлан томсарып, — тонағандарыңды кімге үлестірсең өзің білесің, мен ол ойыныңда жоқпын. Жол-жоба жөніндегі сөзіңді жалғастыра бер.

— Намыстанып қалдың ғой деймін, мерген. Жарайды, сонымен екеуміз тартқаннан тартып отырып, Қызылордадан бір-ақ шығамыз. Сол жерде сен бөлініп қаламын, ізденемін десең өз ықтиярың, мен бетім ауған жағына жүре беремін.

— Мұныңның бәрі дұрыс қой, бірақ бір сөзіңе түсінбедім. Екеуміз дегенің қалай? Мына жолдастарың ше?

— Ой, атасына нәлет олардың! Қалсын осы жерде. Не қаңғып кетер, не милицияның қолына түсер, менің шаруам қанша?!

— Бұларыңның істеріне қарағанда теріс қаратып қойып бауыздайтын найсаптар екені хақ қой. Сонда да талай заман серік қылыпсың, былай әлгі... тастап жүре бергенің не емес пе?..

Құлан тілінің ұшында тұрған: «опасыздық болмай ма?» — дегенсөздіқалайайтудыңретінтаппаймүдіріп қалды.

— Жолдастыққа жатпайды дейсің бе? — деп әжуалаған үнмен шиқылдап күле сөйледі Көктөбет қараңғыда қасқыр тісі ақсиып, — әй, мерген-ай, тым көңілшексің-ау, айттым ғой, өлсін-тірілсін жұмысым жоқ деп. Біз қазір бір үйір қасқыр емеспіз бе? Өзің білесің ғой, жүйрік атпен қар қатңанда аңшылар, жылқышылар соңына түскенде қасқырлар қайтуші еді. Әрқайсысы өз бетінше жан сауғалап бөлініп- бөлініп кетпей ме. Өзімнің жанымды сақтап алайын әуелі, оларды құтқармақ түгіл.

Осы сәтте сырттан ат дүбірі естілді.

— Алжарайды, Күшікбай, — дедімерген, — сөзіңе әбден қандым. Енді маған ойлануға біраз мәулет бер.

— Ойлан, мерген. Бірақ сенің бұлталақтайтын жөнің жоқ еді. Менің тапқан амалым еш қапысыз!..

БЕСІНШІ ТАРАУ

Өліара. Ай қараңғы кез. Күннің не олай, не бұлай бола алмай тұрған мезгілі. Біресе ертеңнен кара кешке дейін теріскейден гуілдеп қара жел соғады да тұрады, біресе бауырымен жер сыза түнерген бұлттар әлдеқайдан көк жүзіне жиылып, күні бойы қара жаңбыр шүмектеп төгеді, енді біресе күн шайдай ашылып, кәдімгі жаздағыдай жайма-шуақ тартады. Соңғы бір-екі күннен бері ашық болып тұр. Түн де жылы, ауа дымқыл, содан жер түгі мол ылгалданып, таңертең күн найза бойы көтерілісімен-ақ аппақ тұман жер-дүниені тұмшалап, сәске түске дейін тарамайды. Қарақшылар бұрынғы сақтықты бәсеңсітіп, соңғы кезде салғырттартқандай. Өздерінің мекенжайларын жан адам таппасына әбден иланған тәрізді. Жауын- шашынды, тұманды бұлыңғыр күндері одеялдарын не тондарын жамылып алып, қос ішінде, әйтпесе үңгірде бұйығып ұйықтайды да жатады. Бірақ үнемі бірге жүріп, бірінің сырын бірі әбден білгені, аядай сай ішінде қамалу оларды да әбден мезі еткендей, ояу отырса бірін — бірі қажап тәлкектей бастайды. Мезгіл- мезгіл дүрегей төбеттерше ырылдасып-керілдесіп кала береді. Айтқан әңгімелері де жартымсыз. Мың естіп құлақтары сарсылғандай. Көктөбет те оларды соңғы кезде бәлендей қыспаққа алып тықақтай қоймайды. Бастығы үндемесе де тыраштанып, қарақшыларды күзетке, анда-мұндаайдайтынҚақпан.Құланныңбайқауынша, ұрылар бірін-бірі ит етінен жек көрсе, осы жалпақ сарыны атарға оғы жоқ. Әйтеуір қай-қайсысы да ол бір жаққа жұмсағанда көздерінің астымен түйреп, іштері ауырғандай кіржиіп әрең барады. «Бәледен машайық қашыпты, осы қанжауғырлардың ортасынан тайып тұрсам», — деген ой мергенді жиі-жиі алаңдата берді. Көктөбет те кешелер айтқан ойын жүзеге асырмақ ниетте тәрізді, әйтеуір өзен табанындағы жылқыдан төрт жүйрік атты алдырып, күндіз-түні алдынан жем айырмай, ерекше бағымға қойды. Тұсаулы, шідерлеулі аттар көл маңынан шықпайды. Батпаққа жығылып өледі дейтін емес, су шеті таяз, қалың өскен қоға, одан бері саздауытқа жайыла өскен көк құрақ пен өлең. Мерген де өзінің Ақбозын үнемі арғы бетте, түнеугі өзі көрген қасқыр апанына таяу ұстады. Өрелеп, арқандаған жоқ, бірақ аты өзі апарып қойған жерден онша ұзамайды, сол маңның құрағы мен қара отында оттап жусайды. Бүгін таңертеңнен бері гуілдеген қара жел кешке қарай тыйыла қалды. Мана таң сәріде келген анадағы төрт шолғыншы ұйықтап-ұйықтап басы-көздері ісіп, кіші бесінде бір-ақ тұрды. Енді жылмаң сары астырып қойған еттің үстіне түсіп кете жаздап, апырып- жапырып соғып жатыр. Жыландарының басы қайтқаннан кейін Шынтақ пен қайыс қара Күржік Абдолды келеке ете бастады.

— Әй, ноғай! — деді Күржік Көктөбетке еліктеп үнін көмейінен шығарып, — сен мынау ненің еті екенін білдің бе?

— Білем, ол аттың еті.

— Дұрыс, бірақ қай жылқыныкі?

— Мен білмеймін.

— Ендеше, бұл өзіңнің түнеугі мініп келген тор шолағыңның қабырғасы, — деп қызыл сары жалаңаш қылыштай қабырғамен жағымпазданғандай ыржындай қараған Абдолды иықтан салып қалды. Қайыршы бір қиқаң етті.

— Ал енді неңді мінесің? — деді Күржік аузы жаялықтай болып күліп.

— Маған Көке ат береді.

— Көкеңде ат қайдан болсын, бәрі санаулы. Кезек —кезек мініп жеткізіп жүрміз, — деп Шынтақ қайыс қараға көзін қысты.

— Неге жоқ, бар, — деді Абдол дүдәмал үнмен күмілжіп.

— Ойбай, мына жүндібасты қара, сенбейді айтқанға. Біз білеміз бе, сен білесің бе, жоқ ат. Біядің өз атымыз бар, ол саған тимейді.

— Бар ат, — деп мыналардың мазағынан құтылғысы келгендей Абдол орнынан тұра беріп еді, оны қызылсары иығынан басып отырғызып қойды.

— Ей, біз сенен сөз сұрап отырмыз ғой, қайда барасың ас қайырмай? Тегі, өзің мұсылман емес шығарсың?

— Жоқ, жоқ, мен мұсылман, бірақ орыс арасында көп жүрген.

— Жарайды, кім болсаң ол бол, — деді Күржік ыржыңдап, — тек мынаны айтшы, жау келіп қалса, атың жоқ, қалай қашып құтыласың?

— Қандай жау?

— Мынаны — ай, ә? Милица ше кәдімгі.

Абдол басын төмен салып ойланып қалды. «Шынында да, — деп ойлады ол, — Құдай басқа салмасын, егер жазатайым милиция келіп қалса, онда құрығанымғой. Бұлардыңбәрідебөтен, сатыпжібереді ғой, ішіндегі алақарға мені. Отган құтылдым ба десем, өртке тап болдым ба? Шайтан шатастырғандай мына кәрі теке Құланға қайдан кезігіп едім. Өз жөніммен жүре берсем еді. Енді не істеу керек? Жарайды, әзір төніп тұрған ештеме жоқ, ойланып бір айла табарсың. Мұнан да тар өткелектерден өтіп едің ғой, жүзбасы Кутский. Ал мынау хайуандар мені өздерінше ақымақ қылғысы келеді. Ал бәлем-ай, баяғыда менің қолыма түскенде, сендерді жандарыңды көздеріңе көрсетіп тұрып, шырқыратқан болар едім-ау». Бір сәтке Кутскийдің көз алдынан Орынборда атаман Дутов өкіметінің контр — разведкасында кызмет еткен күндері елес беріп өтті. Орысың, қазағың, татарың деп айырып жатпай-ақ осы болыневик-ау дегендерді ақ қарға қызыл қанын тамызып, дірдектетіп Ор өзенінің жарқабағына қарай атуға айдайтын. Сонда өлімге бара жатқан жұмысшылардың жүзінен үрей белгісін көре алмаған Ефимді әлдебір құтыртқандай сезім билейтін. Осылар қорықса екен, жалынып- жалбарынса екен деп тілеуші еді. Бірақ көбіне олай болмайды, айдалгандардың көзінде ұрып-соққан сайын бір қайсарлық, сосын өшпенділік оты тұтанады. Соны көреді де Кутский онан сайын құтырына түсіп, бойын билеген, мұның еркінде жоқ әлдебір жыртқыштық соқыр сезіммен қан тілейтін. Енді қазір де Кутский кеудесіңде сондай кәрлі ашудың оянып келе жатқанын сезді. Тұра салып, мынау өзін мазақтап қарқылдаған қарақшыларды бас салып сабағысы келіп кетті. Әйтсе де көңіл түбіндегі қорқыныш оны кұшағынан босатпады, бір кездегі қолына түскен адамды бар етсем де, жоқ етсем де еркімде дейтін өктем сезім қазір мүлде өшті. Оның орнын мүсәпірлік, бейшаралық хал жайлап алған. Өзінің әлсіздігіне, осы халіне ызаланып, ол жылап жібере жаздады.

— Ой, қойындар, жігіттер, — деді Шынтақ әбден күліп алған соң. — Осы зәресін алғанымыз да жетер. Қарашы, байғұстың репеті кетіп, енді болмаса жылайын деп отыр.

— Қой ей, қорықпа, бейбақ, — деді қайыс қара да Абдолды иығынан қағып. — Көкеңде ат жетеді. Ал, кәне астырсын да тастырсын, өзімізден басқаны ңара таспен бастырсын, Аллауакбар.

Бұлсәтте Құлан мен Көктөбет қаракөлеңке лашық ішінде әңгімелесіп отырған. Ат жаратып, әбігерге түсіп жүргеніне қарап, мерген Көктөбеттің анада айтқан сезін орындамақка бел байлағанын сезді. Бірақ өзі әлі әрі-сәріде. «Соңына ерген мыналарға опа бермеген бұл қарақшы, менің күнімді неғып екі қыла қояр дейсің. Бір жерге адастырып тастап кетер. Әй, осыны да мен мүсіркедім — ay. Нағыз қаныпезер екен ғой», — деген ой көкейінен кетпей қойды.

— Ал, мерген, сен қалай шештің? Жүрер күн таянды, — деді Көктөбет әңгімені төтесінен бастап.

— Қалай шешкенде енді... Шүу, қарақұйрық деп тартып кете береміз бе? — деді Құлан екі оқтылау.

— Қарайлайтын не бар?

— Елдегі қатын-бала із-түзсіз кетсем көкке карап ұлып к а лады ғой. Соларға бір хабар тигізу керек еді.

— Апырмай, мерген-ай, мұның тура өзіңді өзің ұстап беру ғой. Ел құлағы елу деген емес пе?

— Мен жұртыма сенемін.

— Ал, мәселенки, мен сенбеймін. Қойнымдағы қатыныма да, тіпті екі туып бір қалғаным болса да сенбеймін. Мерген, сен ондай күлтекті қой, жүретін болсаң, онынды айт, қаламын десең, тағы өзің біл. Енді мен кідірмеймін. Ертең жоқ арғы күні мыналардың барлығын алыс жерге — үлкен жортуылға аттандырамын. Одан кейін күл болмаса, бұл болсын. Олар кете салысымен екеуміз тәйт деп тайып отырамыз.

— Бүгін сәрсенбі ме? Арғы күн жұма ғой. Ауыр күн екен.

— Ауыр-мауыры маған есеп емес.

— Жақсы, онда мен дайындалайын, — дедімерген сүлесоқтау басы салбырап. Бір азапты ойға енген түрі бар.

— Е, баяғыдан бері осыныңды айтпайсың ба! — деп Көктөбет мұртынан күлді де, сәл уақыт мергенге сығырая қарап отырып, содан соң күржиіп сыртқа шығып кетті. Ағаш қапты маузері салпылдап санын ұрып, арбаң —арбаң басып, үңгірдің аузына келді. Бәрі жабылып Абдолды қажап отырған қарақшылар ол жақындағанда ауыздарын жаба қойып, бастарын көтеріп алысты.

— Әй, ноғай! — деді Көктөбет бәсең үнмен лашық жаққа көз қиығын салып қойып.

— Мен, — деді салбырап орнынан көтерілген Абдол бұған үрейлене қарап.

— Бері жүр! Сенде сұрайтын сұрағым бар.

Сөйдеді де Көктөбет көлдің көзден таса ағашты жағына қарай аяңдады. Абдол соңынан дедектеп келеді. Екеуі келіп тал арасындағы бір алаңқайға тізе бүкті. Көктөбет жылан көзі үшкілденіп біраз уақыт үн-түнсіз Кутскийге қадала қарап отырды. Бұрынғы жүзбасы сәлден соң назарын одан тайдырып, көзі жүгіріп кетті. Абыржып қалғаны, осы мені қайтеді деп көңіліне секем алғаны аңғарылып түр.

— Сен, Епим, өзің апицермін, жүздік басқардым дейсің, көмөністерді астым да аттым, шаптым дейсің, оныңа сенейін бе, сенбейін бе? — деді Көктөбет әлден уақытта қабағын түйіп.

— Мен рас айтқан.

— Мүмкін сен біздің арамызға жіберген тыңшы шығарсың, ә?

— Жоқ, жоқ, Көке, мен өзім қорқады милициядан.

— Қорықсаң сол милицаға өзіңді ұстап беретін адамды неғып білмейсің?!

— Кім ол? — деп шошып кетті Кутский.

— Құлан ше? — Көктөбет бұрынғы жүзбасының шын құты қашқанын байқап, елеусіз ғана жымың етті.

— Неге ұстап береді ол? Ол мені құтқарған.

— Жоқ, құтқарған жоқ, әдейі ертіп алды сені. Ертең қолға түсе қалса, сені қоса ала кетеді. Бірдемеден сезіктенсе керек.

— Жоқ, олмүмкін емес.

— Неге мүмкін болмайды. Маған нанасың ба, жоқ па. Саған шын жаны ашитын адам кім? Ол — мен. Әйтпесе баяғы келгеніңде — ақ көзіңді құрттыратын едім. Солай, опитсерім. Расынайтсаң, олбізекеуміздей Советтің қас жауы емес, ол — қызыл партизан. Сенің ақтың әписері екеніңді білсе, атып тастаудан, не милицияға ұстап беруден тайынбайды, білдің бе? Және кеше сен туралы сөйлескенде «осының түбі шикі ме деймін, қалпы баяғы ақтың солдатына ұқсайды», — дегенін өз құлағыммен естідім.

«Шынында солай —ау, — деп ойлады Кутский, — егер ол менің ақ казак офицері екенімді білсе, атып тастауыхақ. Мұндай қызыл партизандардың талайын көргенмін. Әсіресе, қолға түскен болыневиктерді атып-асқан біз сияқтыларға бұлардың жаны қас. Аямайды. Бұларды қазақ, хохол, киргиз деп айыратыны жоқ, бәрі бір қалыптан шыққан».

Кутский ұнжырғасы түсіп, тал бұтағымен жер шұқып отырып қалды.

— Әй, Епин! — деді Көктөбет оның әбден абыржығанынкөріп, — сен бірақ шошынба. Батыр бір оқтық деген, білдің бе? Құланның әлгіндей істейтінін сезсең, ал оның сөйтетініне менің иманым кәміл, көзін құрт. Әйтпесе түбінде сен осының қолынан өлесің.

— Менонықалайөлтіреді? Олкүшті, ол — мерген.

— Амалын табасың ғой. Айттым ғой, саған жалғыз жаны ашитын мен деп. Бұл жолы да жәрдемдесейін. Мә, ұста мынаны! — деп Көктөбет галифе шалбарының түпсіз қалтасынан кішкене ак браунинг алып Кутскийге ұстатты.

— Дамский браунинг, — деп көзі жайнап кетті бұрынғы жүзбасының, — мұны қайдан алдың, Көке?

— Қайтесің қайдан алғанды. Әйтеуір әжетіңе жарайды. Ендігі іс саған тіреледі. Бір қапысын табуың керек. Бірақ мұнда емес. Кейін бізден бөлініп кететіндей жағдай болса, әйтпесе жаның қысылған кезде. Сені қырына алатын бір кезі болады ғой. Жеме- жемге келгенде аянба, ұқтың ба?

— Ұқты, Көке, ұқты, — деп Кутский браунингті жыртық шалбарының өзі ғана білетін бір тесігіне көз ілестірмей жытырып жіберді.

— Ал, бар енді. Айтылған сөз осы жерде қалады. Әйтпесе... өзің білесің ғой.

— Могилой буду, Көке, — деді орысшалап Кутский бойын түзеп. Қазір ол бір сәтке бұрын алдында жұрт қалтырап тұратын жазагер жүздіктің командирі, офицер күйінде сезінді өзін. Бәлкім, ол Көктөбеттің өзімен тең адамша сөйлескендігінен де болар. Содан соң қарақшылар бастығының күректей алақанын қос қолдап ұстап, иіліп алғысын білдірді де, өкшесін сарт еткізіп, шырқ айналып жүріп кетті. Біраз жер әскерше дік-дік басып барып, қарақшыларды көзі шалғанда тағы да құнжия қалды. Соңынан қарап тұрған Көктөбет сықсия жымыңдап, мұртының қияғын тістеді. «Құлан, қанша батыр болсаң да көрің қазылған шығар, — деп күбірледі ол, — ерсең ерерсің, ермесең өз обалың өзіңе. Менің жөнімді о дүниедегілерге айтпасаң, тірілер енді ести алмас».

Ол түн желсіз тымық, былжыраған жылы түн болды. Лашық төрінде шалқасынан жатып, төбедегі қазанның шеңберіндей дөңгелек тесіктен аспанға көз салған Құланға танадай ірі —ірі жұлдыздар дірілдеп еріп тұрғандай көрінді. «Ертең күн қалай болар екен, — деп ойлады мерген, — әй, осы жылымықтың түрі жаман, арты бұзылады-ау. Желтоқсан болды, қар әлі түскен жоқ, аярсып тамылжып тұрып-тұрып, бір-ақ ұрады-ау осы. Ауылдағылар не қарекет қылып жатыр екен? Егіндерін жинап, шөбін шауып алса дұрыс болды, дарақыланып босқа жүре бермей. Барақ шал шаруаға мәттақам еді, жатқызбаған шығар жігіттерді. Қарақасқа да, анау ағайынды Ерман, Жарман да жұмысқа жатшыл, тек дабырлаған Серкеш болмаса. Әттең, бара алмаймын. Мына Көктөбетке ерем бе, жоқ па? Шынында солай қарай асып кетіп, біржола ағарып келсем бе екен. Нәті, сол дұрыс-ау. Жарайды, енді таңдағы іс тәңірден деген. Қабырғаммен әлі де кеңесіп көрермін». Осында келгеннен бері мергеннің жалғыз жүргенде үнемі елегізіп тұратын көңілі басылған болатын. Көптің ортасы, бәлендей қауып күте қоймағандыкі ме, әйтеуір ұйқысы тыныш еді. Әлгіндей ойлармен біраз жатып, ол бір кезде алаңсыз ұйқыға берілді. Гүрс ете түскен дыбыс қаннен-қаперсіз жатқан ұрыларды үркітіп оятты. Мерген де басын көтеріп алды. Қос іші тастай қараңғы, дала да тастай қараңғы болуы керек, ашық есіктен жылт еткен жарық көрінбейді. Сырттан «Жау! Жау! Атган! Аттан!» деген Қақпанның үрейлі айқайы естілді. Лашықта жатқандар дүрлігіп, бір — біріне сеңдей соғылысгы.

— Тұрыңдар! Сыртқа шығыңдар! Беттетпеңдер жауды! — деп гүр етті Көктөбет маузерін басып-басып жіберіп.

Мерген әп-сәтте үн-түнсіз шырттай киініп алды. Өзінің бұрынғы әдеті бар, әрі осындай бір күн туарын біліп, ол киімі мен қаруын оңай табылар жерге жинап қоятын.

— Мерген, кайдасың? — деді Көктөбет. Үнінде үрей бар.

— Мұндамын.

— Не істейміз, мерген-ау!

— Саспаған жөн. Әуелі байқау керек, шабуыл қай жақтан екен.

— Онда мен байқайын.

— Жалғыз сен емес, бәрің де қостан шығыңдар. Бұл — қамыс баспанаң оқ қағар болмайды, — деп Құлан далаға атып шықты. Шығысымен жата қалды. Жан —жақтан жар басынан лап-лап етіп, түн түнегін тіле атылған мылтық оты көрінеді. «Ім — ім, — деді мерген ішінен айналасына қарап, — төңірегімізден түгел қоршап алған екен». Сол сәт қорбаңдап төрттағандап еңбектеп қасына Көктөбет жетіп келді. — Мерген, — деді ол ентігіп, — құрыдық, біттік. Айнала қоршап алыпты.

— Әй, Көктөбет, сен де осындай сужүрек пе едің! Неге ойбайлайсың. Ажалыңнан бұрын өлмейсің. Ал өлсек өлерміз, онда не тұр. Әйтеуір бір өлім түбі. Бірақ құтылудың жолын қарастыру керек. Жігіттерінді тегіс бөліп-бөліп, таса-тасаға жатқыз. Таң атып қалды, бой көрсетсе болды, оққа ұшады. Қолға түссе де сау түссін. Сосын оқ таусылғанша, анау жар басындағы дұшпанды оқпен көміп, беттерін қайтара тұру керек.

— Соданкейін?

— Содан кейін құдайдың жазғаны болады да. Мынау оқ жауып тұрғанда бұл сайдан қашып шығу

қиын-ау. Дегенмен бас амандаймын десең, атыңды тауып алып, қашып құтылып көр. Әй, бірақ дұшпан арасынан сытылып кете алмассың дәл қазір.

— Күн шыққасын тіпті құрымаймыз ба, Құлеке- ау, — деп Көктөбет еңкілдеп жылап жіберді.

— Неге? Қайта сол дұрыс. Жауымыздың бет- аузын көрейік, санын білейік, мына атысына қарағаңда бізден көп емес сияқты. Құдай дес берсе, шебін бұзып шығармыз. Айтпақшы, күзетшілеріңді не қара басқан сенің?

— Ой, ол доңыздардың әкесінің ауызын!.. Ұйықтап қалған ғой, — деп Көктөбет жөнеле берді..

«Ұйықтап қалды ма, әлде қапияда бас салып, тырп еткізбеді ме, — деп ойлап қойды ішінен мерген, — бұлардың ішінде із кескіш, аңшы ма, біреу бар- ау. Ат тұяғын киізбен қаптап алған-ау, тегі. Солай ғой, әйтпесе дүбірі естілер еді. Қап, бәрінен бұрын менің мына қарақшылардың арасынан табылғаным масқара болды-ау. Енді амал қанша. Осы күннің өзі қайтер екен? Түн былжыраған жылы болды. Неғып кешегілей тұман түспейді. Бәрекелде, аспанда бұлт бар екен тұман түссе, көзге түрткісіз болар. Иә, Бұлан атам аруағы, өзің жебей гөр!» Бозарып күз таңы атып келеді. Атыс тоқтады. Айнала бір сәтке тым-тырыс тына калды. Аңдушылар да қарақшыларды нысанаға алып, атар жарықты күтіп жатса керек. Аспанды қымтаған бозғыл бұлттың шығыс жақ етегі түріңкі. Күннің қызыл арайы бұлт жүзін қып-қызыл алауға бояп, шапағын бірте-бірте кең жайып келеді. Т өңірек сібірлеп, жарық тарай берді. Бірақ сай іші әлі қаракөлеңке. Тек енді бір мезетте төбесін бүркеген сары жапырақты тал бұталарының арасы алтын зерден жіп тартқандай шұғы — лаланып кеткеніне қарап, мерген күн көтерілгенін шамалады. Бұрын қалың соғысқа жүрерде жүрегі өрекпіп, қаны тасығандай бойын бір қызғын сезім билеп алушы еді. Жау қашан көрінер екен деп, тықырши күтетін. Бұл жолы олай емес. Агысуға да, соғысуға да ешқандай құлқы жоқ. Аңдушылар жатқан жарқабаққа жай көз тастады да қойды. Мылтығын да оңтайлаған жоқ. Біртүрлі салқын, самарқау жатыр. Асыға күткені болса, ол тек тұман, куғыншыларды адастырып кетер қалың тұман ғана.

Енді сай ішіндегі әр бұта, әр түп шиге шейін анық көрінді. Сол сот:

— Ей, Көктөбет! Беріліңдер! Айналаң қамаулы! — деген өктем айқай естілді.

Ешкім жауап берген жок. Жар басындағы адам бұғып алып, айқайлап жатыр. Кемердің әр жерінен бастар қылт-кылт етіп, мылтықтың аузы шошаяды.

— Ей, қарақшылар! Беріліңдер! Жандарың қалады.

— Көктөбет! Беріл! Өлесің!

Бұл жақтан үн болмады. Қарақшылар үн шығарайын десе де қорңып жатқанға ұқсайды. Бағана Көктөбет ұрыларын орналастырып жүргенде: «шошаңдап шыққаныңды, өз қолыммен жайратамын» деп ысылдай сыбырлап ескерткенін мерген естіген. Осымен біраз уакыт өтті. Енді жар басындағылар кұр үгіттен еш нәрсе шыкпайтынын білген тәрізді. Әуелі қамыс қосқа, содан кейін күдікті көрінген тал, бұта басын қырқып, оқ жауып кетті. Үздік- создық атылған мылтықты Құлан санап жатыр. Ұзын саны он-он бес адам сияқты. Соған қарағанда қамаушылардың жарым-жартысы ауылдан қосылған жасақты шаруалар екені аңғарылады. Енді бір сөтте қарақшылар да қарсы ата бастады. Дәрі түтінінің иісі мұрынды жарып, сай іші көк ала бұлт болып кетті. Жарқ еткен күн көзімен бірге тұман да көтеріліп, айнала күңгірт тартты. «Иә сәт!» деді Құлан шығыс жаққа көз тігіп. Жоғары өрлеген күн көзі бұлдырап, сығырайып барады екен. Будақ- будақ болып сай ішін торлаған бу жер бауырлай жылжып, маңайды қараңғы тарттыра берді. Сол-ақ екен, дәу біреу төрт ат тұрған жаққа тал арасынан шығып өңкеңдей жөнелді. Мерген оның Көктөбет екенін анық таныды. Оның соңынан Қақпан, одан соң қайыс қара Божбан, Шынтақ ұмтылды. Әйтеуір ұрылардың әрқайсысы-ақ жан сауғалауға тырысып, тұман түсісімен әрі-бері жүгіріске кірді. Абдол — Көктөбеттің соңынан ілесе түсті де, өзіне ат тимейтінін сезген болуы керек, аңырып тоқтай қалды. Тұман қоюлана жүгіріп жүр, бірімен-бірінің жұмысы жоқ. Төңірек түгел қараңғы тартқанда ғана мерген орнынан тұрды да еңкеңдеп барып, қос іргесіне жатқан ерін алып, өзіне белгілі жерге қарай жөнелді. Орта жолға жете бере ол сәл мүдіріп қалды. «Әлгі бейшара қайыршы қолға түседі-ау, — деген ой еді оны бөгеген, бірақ артынша, — әй, оған не қылар дейсің, қаңғып жүрген мүсәпір емес пе. Бір сылтау табар. Адасып жүргенде бандылар ұстап алды демей ме», — деп мерген өзін-өзі жұбатты да аяғын жебелей басты. Қасқыр апанын қоршаған итмұрын бұтасының қасына келді де ысқырып қалды. Сол-ақ екен, дүсірлетіп, Ақбозы шауып келді. Ат ерттеу көп уақыт алған жоқ. Бозды жетелеп, Құлан бұта арасына ене бергенде, соңынан ентіккен Абдол да жетті. Сірә, мергеннің ысқырғанын естіп, жан ұшыра тіміскілеп жүріп тапса керек. Барынша асыққан мерген апан төбесін тепкілеп құлатып, атын сүйрелей қырға шығарып, үзеңгіге аяқ салған кезде Абдол да дәл жанынан пайда болды. Әуелі шошынып, мылтығын ыңғайлай берген мерген бұл екенін көргенде не дерін білмей қалды. Жүрегін әлдене түйнеп өтті де, беймәлім бір ашу бойын кернеді. «Сасық күзендей бір жабысып алса, айырылмайтын не деген тажал еді мынау», — деп ойлады ол шіміріккендей сезіммен.

— Аға! Аға! — деп қылғына сыбырлады Абдол жалынышты үнмен екі иінінен дем алып.

— Ұста үзеңгіден, қанжауғыр! — деп зекіп қалды оған Құлан, — әй, сен! Жүгір, жаның барында! — деп ол қайыршының қолы үзеңгіге ілігер — ілікпестен қамшымен жонынан бір шықпыртты. Анау ыршып түсіп, шапқан аттан қалмай безе жөнелді. Осы бір сәтте сай жақтан: «Құлан! Құлан!»— деген еміс-еміс шақырған үн естілгендей болды. Қарақшылардың дауысы емес. Бірақ, әйтеуір таныс дауыс, жақын адамның үні сияқты. Әйтсе де, мергеннің кім шақырса да қазір қарайлауға мұршасы жоқ еді.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Құдан аттанып кеткен таңнан бері Алтынкүлкөңілі күпті, жайласып көз шырымын алған түні жоқ шығар- ау. Үнемі ой соңында сарылу адамды қажытады-ақ екен. Ел-жұртынан безініп, әлдеқайда желдеп кеткен күйеуінің жайын қаншама уайымдамай-ақ қояйын, әйтеуір аман жүрсе болады ғой деп, тәубе етсе де әйел түніге дөңбекшіп, көрер таңды көзімен атқызады. Күндіз әйтеуір ілініп-салынып, тіршілік қамы, үй іші күйбеңімен алаң болып, тиыштау жүреді. Ал енді кешкілік қаңыраған абажадай үйде соқа басы елегізіп, төсекке құлады-ақ көз алдына мерген бейнесі тартылады. Негізі әйел жүрегі елжірегіш, әйел жаны нәзіктеу ме қалай, күн ұзаған сайын Алтынкүл босаңсып барады. Күйеуін қымбат түтатынын енді ғана әбден білгендей. Әуелде мергенді жақсы көремін-ау, деп бұл ойлаған емес. Сонау 16 — жылғы көтеріліс кезінде, одан кейінгі аумалы-төкпелі заманда дабырайған атағын естіп, бірауық өзін көрер ме еді деп жұрт сияқты қызыққаны рас. Онда Амангелді, Әліби, оларға қоса Құлан туралы әңгімелегендер ертегінің отқа күймес, суға батпас батырлары іспетті суреттейтін. Қарапайым адам үшін олар бәйтеректей биік көрінеді. Елдің шеті, желдің бетіндегі кедей ауылдың қызы ондай батырға қосыламын-ау деп әсте ойламаған. Атақты адам мұны қайтеді, әрине ол батырлар жырында айтылатындай байдың сұлу қызын алады да. Бұл болса, Есентоғайдағы бір кедей шаруаның қызы еді. Ғұрып бойынша мұны да жасынан атастырып қойған. Барар жері Шарбақбайдың бір дәулеттілеу туыстары еді. Тоқал болып түспек. Бірақ Амангелді көтерілісі, одан қызыл мен ақ соғысып, үш жыл бойғы дүрбелең, шонжарлар жағы үмітпен ұйықтап, үреймен оянған кезеңнің бұған біраз себесіні тиді. Он жеті-он сегізге келгенше, ата-ана бауырында еркін өсті. Заман тиышталды-ау деген кезенде бұған қалың берген адам, тоқалын алуға ниет етті. Қыз жылай- жылай кете берер ме еді, кім білсін, осы араға Құлан келіп килікті. Ертеректе ел жаппай дүрлігіп, дуанға атганғанда мерген бұлардың ауылына түсіп, он алтыдағы сарымайдай толықсыған ңыз Алтынкүлге көзі түскен екен. Он да Құланның тек асқан мерген деген ғана дақпырты бар. Бай адамдарға бұрын да жұғыса қоймайтын Құлан өзім теңдес, ежеттес-ау деген ниетпен бе, құм жайлаған бұлардың үйіне қоныпты. Сонда мергеннің лашынның көзіндей шегірлеу көзі өзіне қадала қарағанын байқап, шай құйып берген жас қыз қымсынып қалғанды. Бірақ сол меймандар кетісімен-ақ оны ұмытқан. Батыр атағы шыққан сол- ау деп ойлаған да емес. Бірақ бұл ұмытқанмен, мерген мұны ойынан тастамаған екен. Сұлу болмаса да сүйкімді балбыраған қыз бейнесі жүрек түбінде сақталса керек. Сүйсе де, әйтпесе бір сәтке қызықса да әйтеуір еркек болса, әйелдің, әйел болса еркектің көңілінде біреу жүретін тәрізді. Сол бір елес қанды қыздыратындай эсер ететіні де болатындай. Қалай дегенмен әйтеуір қырғын жорықтардан шоқтығы көтеріліп оралған мерген күндердің бір күнінде Алтынкүлдің әкесіне сөз салған. Мергеннің өзін неге қалағанын, елес іспетті ертедегі бір кездесуді мүлде ұмытқан қыз әуелде түсіне алмады. Қылтың-сылтыңмен ісі жоқ байсалды қыз күйеуге тию дегенді бойжеткен кезінде басына төніп тұрған ондай әрекет болмағасын алыстағы бір нәубет көретін. Сондықтан осы хабарды естігенде, әуелде үрейленіп те қалған. Неғылғанымен мерген өзін таңдапты. Әлде мұның ержетсе де әлі үйде отырғанын, қайындары жағынан өзін ұзатып әкете алмағанын естіді ме екен. Болмаса, «батыр, енді елден таңдап бір сұлу ал, өзіңдей атағы шыққан азамат ерлер қыз алып жатыр» деп маңайындағы жандайшаптар қолпаштады ма. Солай да болуы гәп емес-ті, өйткені ең алдымен мұның ата- анасына құдалық сөйлесе келген Болжық еді. Болжық ол кезде жаңадан ауылнай сайланып, байларға теріс ыңғай беріп, күшірлеп тұрған кезі. «Құлан батыр қызыңды тегін аламын десе де қолынан келеді, бірақ ол халық үшін басын тіккен адам, кедей десе ішкен асын жерге қояды, сондықтан құралақан қалмайсың» деп бір жағы қара боран домбытпа, бір жағы қызықтырып сөйлей келген. «Болжықжан, айтқаның айтқан-ау, өзің де осы ауыл баласысың, ел дәстүрі, ата рәсімі деген бар емес пе. Бұл баланың атастырып қойған жері бар. Әйтпесе Құлан батыр дан біз неге іргемізді аулақ салайық» десе керек мұның әкесі. «Ойбай, ақсақал, ата жолы деген сөзді енді аузыңа алма, қазір заман басқа, заң басқа. Мен сияқты өкімет адамына олай деуің бері кеткенде қараңғылық, әрірек барсаң ескілікті көксеу, феодализм болады. Сондықтан жақсы айтқанды тыңдау керек. Ал енді анау бұрын майға бөккен шынжыр балақ қанаушы таптар тұқымы саған көз аларта алмайды, олай етемін десе бұл көрген күнін көп қыламыз». Осылайша ырғаса-жырғаса келіп, сөз аяғы Алтынкүлге тірелген, әкесі қыздың еркіне салған екен. Бір жақын жеңгесі келіп, жаңағы сөздерді жеткізіп, соның артынша іле Болжық бұған жолығып, үгіт жүргізгенде бұл абдырап қалған. Бұл бір қыз үшін тұтқиылдан туған нәубет еді. Панасы — анасы ғой. Соған барып жылаған. Шеше де қоса жылап, ортақ өгізден оңаша бұзау, күндесгің күні құрысын дегендей сөздерді мысал етіп, әйтеуір ұзатылмай қалмайтын болғасын, елге қадірлі адам мергенге қосылуға мәслихат берген. О дан кейінгі оқиғалар Алтынкүл есінде бұлдырлау бір елес есебінде ғана сәуле береді. Әйтеуір өзінің бұрынғы қалың берген күйеу жағы бой көрсетіп, сайғақ көтере алмай қалды. Басқа адам болса, бір зымыстандық жасар ма еді, кім білсін, бірақ бұл істі атқарып отырған Құлан мерген екенін көргесін мысы құрығандай. Сонымен Алтынкүл мерген ауылына келін болып түскен. Одан бері талай жыл өтіп кетіпті. Екеуінің дәм-тұзы жарасты. Жалғыз өкініш, сол — перзент сүймегендері. Енді бұған Құлан басына төнген қатер уайымы қосылды. Баяғы Алтынкүлді атастырған Шарбақбайдың ағайыны ескі кегін ұмытпаған екен, Томар тұтатқан жанжалдан кейін ол да домалақ арызды боратса керек. Бүгіндері әйел Құлан байғұсты қудалауға мен де себепші болдым — ау деп өксиді. Бірақ тірі адам тірлігін істейді. Және Алтынкүл жұбайының ер-азамат қасиет-қадіріне жұрт сөзінен ертеден қанғаннан бері, өзін оған лайық ұстауды зор парыз көретін. Қанша туыс болғанымен, адам аласы ішінде. Егер бұл иіні түсіп, жүнжи бастаса, былайғы ағайын мүлде жасып кетуі, онымен қоймай тағы да мұны күстәна қылуы хақ. Сондықтан әйел қосағы бардағы тіршілік-қарекетін қалт еткізбей сақтады. Егіннің жиналуына қарайлап, ауыл — Шеңберде қара күзге дейін отырып қалды. Бірақ сол шаруаның бас-аяғы жинақталысымен-ақ Алтынкүл еш мүдіртпестен жеті үйді қыстау басына көшірді. Қазір бұлар көңдерді, мал қораларының жыртық-тесігін бүтіндеп, сыртын сылап дегендей жұмыстарға айналып киіз үйде отыр. Тұрмыс та жылдағыдай. Тек бұрын ауыладамдары қыстың беті қалай бұрылады деп, сатып алған азын- аулақ астығын кебеже, абдыраға тыққыштап, кәрі- құртаң малды тіске сыздық етіп қалтырап отырушы еді. Биыл әйтеуір Құланның өктеуімен егін егіп, нан молайды. Бірақ сол мол дастарқанға Алтынкүлдің зауқы жоқ. Таңертең абысыны Бейпілқасқа екеуі шүмшиіп отырып, бір самауыр суды тауысады. Бейпілқасқа, күйеуі ертеректе қайтыс болтан, елудің ішіндегі, беті табақтай айранкөз шикіл сары әйел. Бала жоқ, соқа басы жесір қалып, бая-шая болғандықтан ба, байғұс тым сөйлеуік еді. Және үлкеннен именіп, кішіден айбыну, бұл әйелдің әдетінде жоқ-ты. Арпылдап ұрсысып, тілдеп, әрнемені былапыттап соға беретін болғасын өз аты ұмытылып, Бейпілқасқа атанған. Ауылда мұның именетіні, тек Құлан мен Орман шал еді. Сыртынан сөйлегені болмаса, Алтынкүлге де онша тік келе қоймайды. Мерген үйі шаруасының бір пұшпағы осы әйел қолында.

— Ал, келін, сүтіңді қазанға құйып қойдым, — деді Бейпілқасқа күндегі дағдысымен бүгін де.

— Е, жарайды, жеңеше. Ана күбіні пісіп жіберіңіз, мен шай жасайын.

— Түн салқындады ғой, қымыз ашымай қалмаса, — деп Бейпілқасқа бір тостаған быжылдаған қымызды әуелі тастап жіберді. Бұл да оның күнде айтып, күнде істейтін ісі. Әсіре тамақсау кемпір бұл үйдің дастарқандағысын сыпырып соғып, алдағы асты жепіріп жіберуші еді. Бірақ Алтынкүл оған тіпті назар аудармайды. Төсектен тұрғанда да ол ерінің уайымымен тұратын еді. Құр шайды бейжай ұрттап, аузы қомпаңдаған Бейпілқасқаға қарайды.

— Бүгін не түс көрдіңіз, жеңеше? — дейді әйтеуір бір бұлдыр үмітпен. Жақсы сөз жарым ырыс, тәуір түс көрудің өзі бойға қуат, ойға медеу сияқты.

— Бүгінбе? — деп қайта сұрап алады Бейпілқасқа сары бауырсақты қылғына жұтып, — бүгін бір әдемі түс көріп жатып оянып кеткенім. Әлгі арамқатқыр сиыр мөңіреп... иә, содан айтпақшы, түсімде батыр келіп, апыр-топыр той болып жатыр екен. Қатар- қатар қазан асылып, табақ-табақ еттартылып, сен іш, мен іш, жұрттың бәрі мәз әшейін. Шіркін, піскен ас үйге кірген берекет қой. Дәмнен үлкен не бар. Мен де ошақтың басында кекірік атып жүгіріп жүрмін. Бірақ көргенімнің бәрі еркек кіндікті. Әйел деген — шайтан той, түсіңе кірмесін пәлекет. Баятыда менің пірәдар атам да, жарықтық, әйел — түс түгіл өңінде де шайтан дейтін. О, құдай-ай, баяғының кісісі, баяғының заманы-ай десейші. Онда мұндай қара табан болып, егін еккенді білуші ме еді. Жемегенің алдыңда, жегенің артыңда еді ғой...

Осылайша Бейпілқасқа әлденені қожыратып әкетеді. Бұл да оның күнде айтатын түсі. Тек әйтеуір бірде той, бірде қыз ұзату, бірде ақсарбас шалу, енді бірде айт болып түрлене береді. Содан аяғы баяғының, астан шеңбірек атқызған заманына барып тіреледі. Алтынкүл ішінен күледі де қояды. Ол кемпірдің күйеуі өмір бойы Шарбақбай есігінде жалшылықта, өзі сол үйдің қазаны басында жүргенін білетін-ді. «Бұл байғұс, бейнеттің бәрін ұмытып, жегені, ішкені ғана көкейінде қалған-ау, — деп ойлады ол ішінен, — әйтеуір қазан ұстағасын қарны тоқ болтан шығар. Мешкей адамға одан өзге не керек. Күңдіктен құтылып өз қолы өз аузына жеткендей болғанда, баяғыны көксейтінін қайтерсің». Әйелдер шай дастарқанын жинай бергенде үйге сәлем беріп бірінен соң бірі жеті үйдің бас көтерер еркектері енеді. Келу тәртібі де Құланның барындағыдай: әуелі қой бастаған серкедей Орман шал, одан соң Көсеуқара, Ерман, Жарман, Серкеш. Алтынкүл бір-екі биені қысыр сауатын. Ондағы ойы, бір жағы ұзақ күнде екі қолды алдыға салып отырмайын дегені, бір жағы «күйеуім бір күні шөлдеп шаршап келсе, сусындай қойсын» деген үмітгі ой еді. Сондықтан бір шара қымызды сапырып, бөлек сақтап әман түн асыратын. Әлгінде шайдан соң Алтынкүл сыртқа шығып келген. Күн желкемдеу, қоңырайып тұр екен. Нәті жауын-шашын болатын сияқты. Әйел — Есентоғай жақтағы шөбі оңып, сұрқай түске енген белеске көз талдыра көп қарады. Ауылда бүгін бір әбігер бардай. Еркектер де күндегі уақытынан кешікті. Соның өзі бір пәле болып қалды ма деп, әйел көңілін аландатып, жүрегін суылдатқан. Оның үстіне Серкеш — Орман шалдан бастап, үйден үйге кіріп жүрген тәрізді. Серкеш түнде ауылнай орталығы — қаладан келген. «Жасаған, өзің жар бола гөр! Осы даңғаза, бірдеме естімесе игі еді?» деп ойлап Алтынкүл есік алдында біраз тұрып қалды. Көп кешікпей үйге баяғы тәртіппен еркектер енді. Бірақ бүгін бұлардың түстері жабығыңқы, милыққа түсіп жымырайған тымақтардың көмкеруіне жасырынған көздерінде әлдебір сыр бар сияқты. Орнынан тұрып, сәлем қылған әйелдерге айтатын «көп жасаңдар!» деген сөзді де Орман шал тым бәсең үнмен мұрнының астынан міңгір етті. Алтынкүл секем алып, шаралы қой көзі бақырайып кетті де, жүзі қуқылданып, тұрып қалды.

— Отырыңдар, балдар! — деді Орман Бейпілқасқаны жаңа көргендей теке көздене қарап. Бұрын оны тіпті көзіне ілмейтін. Кемпір байғұс әлгі сөздің өзіне, өлде мына еркектерге ғана айтылғанын ұға алмай, мәңгіріп алақтай берді.

— О, құдауәнда, биыл осы қыс ерте түсейін деп тұр-ау, — деді Орман шал үйдегі жайсыз қалыпты сейілткісі келгендей.

— Қарсақпай жақта қар жауыпты, — деп тақ ете түсті Серкеш, кәне кайсысың сенбейсің дегендей жан-жағын ежірейе шолып.

— Ендінеғылдейсің! ИтөлгенжердегіҚарсақбайда қар жауса, не болады екен, — деді Ерман мұртынан күліп.

— Неге не болмайды. Мынау көңді тез жөндеп бітіру керек.

— Сен қиратып істеп жүр едің?

— Істемегенде. Ал қалаға бардым. Ал өздерің бар дегенсіндер. Әйтпесе мен бір қатын құрлы үй төбесіне зәлог құя аламын, бір қатын құрлы үй сылай аламын — деп Серкеш екілене сөйледі. Оған жұрт мырс-мырс күлді.

— Әйдік екенсің... — деп Ерман тағы мысқылдай беріп еді, оның сөзін Орман шал бөлді.

— Балдар — ай, осы сендер дің жоқ жерде ырылдаса қалатындарың-ай, — деді ол қабағы шытынып, ұзын бурыл сақалын тарақтай, — осы ғой сендердің оңбай жүргендерің. Ағаларың анау ол... — деп барып, Орман шашалып, түкірігін жұтып, Алтынкүлге бір жалт етгі де сөзін жөндеді. — Ағаларың анау хабарсыз жатқан дейім де. Сол ағаларың аттанарда не деп тапсырып еді. Өзді-өзің дүрегей болмай, бірегей бол демеп пе еді. Кәне, сендердің сол бірліктерің? Тағы бас-басыңа қос айдап, нілдей бұзылып барасыңдар. Әй, қайтейін сендерді!..

Осыны айтып, қария біраз үн-түнсіз тұнжырап отырды. Жаман бөріктер онан сайын жапырайып, манағы әзірдегі томсарған түс еркектердің жүздеріне қайта түндьт. Осы үнсіздікті пайдаланып, жаңа сөзге булыққанда селк ете түскен Алтынкүл бойын жиып, Бейпілқасқа және Серкештің көмегімен жұртқа қымыз тарата бастады. Түнемел салқын қымыздан мейірлене жұтқан Орман шал тағы жадырағандай. Алтынкүлге ашық өңмен қарады. Әйел соған шүкіршілік етіп, еңсесі көтеріліп қалды.

— Келін шырағым, — деді шал байсалды үнмен, — сен біздің сөзімізден үрікпе. Құлан сабазымнан хабар жоқ, бәріміздің де ішкеніміз ірің, жегеніміз желім. Бірақ хақ тағаланың шапағат-мейірінен күдер үзбеу керек. Мына Серкеш, — деп қарт қымызды қомағайлана жұтқан жігітті иегімен меңзеді, — кеше қалаға барып келді ғой. Осы бір сыбыс естіпті. Олжел сөз, ия шын сөз, түбіне жеткен кісі жоқ.

Серкеш бірдеме демекке оқталып еді, шал алақанын төсеп, оның аузын ашырмады.

— Айтуынша, өзіміз атын естіп зәреміз кететін Көктөбет деген банды қолға түскен көрінеді. Оның өзі ұсталғанын, болмаса қасындағы қарақшылары тұтқындалғанын тағы ешкім айқындап айта алмайды. Әйтеуір бес —алты адамды милиция Дуанға алып кетсе керек.

— Көке —ау, Көктөбет қашып кетіпті, оллай! — деп Серкеш шыдай алмай құйрығымен жорғалап алға ентелеп, сөзді бөліп жіберді.

— Ой, күшік, сен қайдан білесің? Көзіңмен көргендей.

— Маған әлгі Әлімғазының баласы айтты. Ол...

— Осының бір Әлімғазысы бар екен, жер астындағыны білетін! Оның сенің дуан түгіл, сонау Орынбор, Мәскеуден де хабар алып тұратын шығар?

— Мәскеуді қайдам, дуан көлеміндегіден хабардар.

— Тәйтәрі, ежіреңдемей! — деді шалкейіп.

— Ей, Серкеш, сен қойсай!

— Үлкен кісі сөйлеп отыр емес пе?

— Бұл енді осылай ақиып кетеді! — деп жігіттер кеу-кеулеп Серкешті жым қылды.

— Сонымен, келін, — дедішалбіразтүйіліпотырып барып, — банды солай өлгені өліп, өлмегені қолға түсіпті. Ал енді мәсала мынада. Жұрттың сыпсыңына қарағанда, сол банды ішінде біздің Құланжан да болған дейді. Бұған да көз жетпейді. Менің жаным шырқырап қиналатыным, одан неге хабар жоқ

деген нәрсе. Ұсталса онда жұртгың сауысқандай шықылықтайтыны хақ. Ал енді қолға түспесе, ол қайда кетгі? Әлде бұрынырақ қашып құтылды ма? Әлде жаман айтпай, жақсы жоқ, бандылар мерт қылды ма? Сонымен деймін-ау, жаман айтпай жақсы жоқ, — деп толқыған қарт жаңағы мәтелді тағы тілге тиек етті, — «біздің батыр қайда» деп мына пақырларың әбден көкми болып отыр. Әйтеуір жаманат хабары естілмегені, аман болғаны ғой деп ойлаймын. «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген бар емес пе?! Үй ішін тымырсық үнсіздік жайлады. Қыбыр еткен бір жан жоқ. Алтынкүл қыстығып үнсіз жасын сықты. Бейпілқасқа да жаулығының ұшымен көзін сүрткіштеп отыр.

— Ал, келін, жамандық шақырып жыламайық, — деді шал, — сабыр тұт. Иә, жасаған Алла, өзің жар бола гөр.

— Иә, жыламайық.

— Құлан ағам неше қанды қырғын соғыстан да аман келмеп пе еді.

— Құлекең жаман-жәутік бандыңа да, басқаңа да алдыра қоймас, — десіп, жігіттер серпілісе бастады.

— Тәйт сен, кемпір, жоғал сораңды ағызбай! — деп Серкеш Бейпілқасқаға ақырып қалды, — о несі ей, өз басыңа көрінгір! Мен естіп келіп отырмын ғой, Құлан ағам өлінің де, тірінің де арасында жоқ деп.

— Даңғаза қайным-ай, — деді осы сәтте көзінде жас мөлдіреген Алтынкүл зорлана күлімсіреп, — өлі, тіріде болмаса, ағаңның қайда кеткені?!

Жұрт бұл мысқылға күліп жіберді. Серкеш әуелі сөздің мәнін түсіне алмай біраз аңырайып, әркімге бір жалтақтап отырды да, содан соң өзі де күліп ақтала бастады.

— Жоқ, жеңеше, мен әлгі банды ішінде аға жоқ деймін. Тірі екені тірі ғой.

деп оны

— Жарайды, Серкеш, сен енді қой, — бүйірден түртіп Қарақасқа жантая кетті.

Осыдан соң үй ішіндегілер түгел жадырап, қымызға бас қойды.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

— «Шақпақ-шақпақ қызыл жартас қарсы беттен ұрған күннің шапағымен кеуіп-қатқан қанның түсіне боялып түр. Қан түстеніп... пәруардігер, осының тасында бір асыл бар-ау, — деп ойлады мерген, жартас түбіндегі шөптесінде шалқасынан жатқан күйі одан көз айырмай, — орыстар жер астынан қазып неше сан қазына алады дейді. Біз пақыр тіпті көпір мен темірдің иісін білдік пе. Ақ қылшық дей ме, қара қылшық дей ме, келіп тауып, көзімізге көрсетсе, жағамызды ұстап таңғаламыз. Қарсақбайдан мыс, мына тұрған Дәбейден қорғасын шыққанда сөйткен жоқ па едік. Мал дегеннің, әшейін сырты түк, іші боқ хайуан екен, дүниенің асыл қазынасы жер астында жатыпты- ау. Ет жеп, қымызға кекірік атқанға мәз болып, тыр қасынып жамбастап жата беріппіз. Әй, көрсоқыр надандық-ай, ә?! Ол түгіл тіпті, көз көріп отырған егінге де мойын жар бермейді ғой. Ал енді баяғыда мынау Обаған, Құшмұрын жағына жалғыз мәстекпен келген казак-орыстар әп — сәтте көк шатырлы үй тұрғызып байып шықты. Соның істегенін істеудің орнына көл шетіндегі ауылдар, малын беріп астық сатып алды. Сонда малымен байып бара жатса екен- ау. Жоқ, баяғы итшілеген тіршілігі. Әй, біз оңбаймыз ғой. Мына заман өзгермегенде, совет орнамағанда, біздің не боп кетерімізді Құдай білсін. Иә, береке жоқ, дуа жоқ, талай жыл елең-селеңмен өткен екен де. Енді елуде ақылым кірді деп отырсың, батыр Құлан...» — депмергенөзін-өзіәжуалайезутартты, — ақылың кіргені сол, егін салдырдым деп шат-шәлекей боласың. Ол егіннің талқанын татып талғау, саған бұйыра ма, жоқ па. Апырмай, соның өзінің аңызын көрсем қайтеді ең құрығанда...»

Құлан басын көтеріп алды.

Бұлар Абдол екеуі Ұры қарасайынан қоршаудан сытылып шыққандарына бүгін үш тәулік. Ақбоз адам мінгесгірмейтін болгасын мерген қайыршыны бірде лақша алдына өңгеріп, одан іші ауырғанда жаяу жүргізіп, әупіріммен осы Қаратастың қызыл шатқалына бүгін таң ата жеткен. Енді бір секірсе, бұлар Қостоғыстағы Текелердің қыстауына да барады. Бірақ мерген осы араға әдейі ат шалдырды. Онысы «ауылға күндіз бармайын, аңдыған адам бар ма, олармен шатасып, қатын-баланы шулатпайын» деген есеп еді. Онан соң осы Қаратастың қаған шұңқыры өзін магниттей тартты да тұрды. Арғы беттегі Ақжазыққа еккен егін ең болмаса қалай шыққанын көре кетуге аңсары ауа берді. Тағы да ауыл егінге қарайлап, осында отыр ма деп те бір ойлаған еді. Ауыл көшіп кетіпті. Дөңгеленген отау үйлердің орны, ошақтың күлі ғана жатыр. Енді бұл әуелдегі мақсатпен көзге түспей жүру үшін кешті күткен. Күн көтерілгенше көз шырымын алып еді, көп сергіпті. Содан оянып, әлгіндей ойларға берілген болатын.

— Абдол! — деп шынтақтай көтерілген Құлан. Анадай жерде шатқалдың көп тастары тасасына кіре жатқан Абдол басын қылтитты.

— Не, аға?

— Сен мына жартастың басына шық, қарауыл қара.

— Жарайды, аға.

Қайыршы құнжыңдап тұрып, жік-жік тастың бірінен соң біріне өрмелеп, биікке тырмыса жөнелді. Біраздан соң жартас үсгінен оның басы көрінді.

— Ей, ештеңе көрінбей ме? — деп айқайлады Құлан.

— Көрінбейді.

— Ендеше сен солай отыр. Мен арғы бетке өтіп келем. Ат жайыла берсін. Бірдеме байқалса, маған ысқыр. Ұқтың ба?

— Ұқты, аға, — деген шарылдаған дауысы естілді Абдолдың.

Құлан шекпенін киіп, мылтығының дүмін жоғары қарата иығына асты да өзенді жағалап, төмен қарай аяңдады. Жартас тұсындағы су тұңғиық терең болғанмен аяғы бара-бара жайылып кететін еді. Қазір және әбден тартылған. Сондай бір кемерден қалың тал өскен арнадан өтіп алып, мерген арғы бетке шықты. Алдында сонадайда аумақты бір шаршы жер ағараңдап жатыр. Егін аңызы. Өзі еккізген егін аңызы. Құлан жүрегі лүпілдеп кетті. Қуаныш па, мақтаныш па, әлдебір сезімнен көзіне жас тығылғандай. Ол аңыздың өзен жақ шетінен келіп түсті. Өмірінде егін дегеннің қалай егілетінін білмеген жандар түреңіне темір қаққан ағаш соқамен айдаған жер қай жөнді болсын, аңыздан гөрі бұлара қодыреңге көп ұқсайды. Әйтеуір жері тың, құйқалы, соған орай өнім де мол болған сияқты, шанжау-шанжау селтиген алабота, қурай, ермен сияқты тамыры мықты шөп болмаса, бір жердегі бидай, бір жердегі тары қаулап өскені байқалады. Ауыл адамдары осындай астыққа тұңғыш кенелгесін жерде бір масақ қалдыруға көздері қимапты. Мерген аңызды әрлі-берлі кезіп жүріп, аққурай күлтесіне ілініп қалған жалғыз бас бидайды әрең тапты. Жалма-жан үгіп жіберді, дәні баданадай екен, дәмі қамыр татыған, сағызша созылған шикі бидай оған тамаша тәтті көрінді. Қашан таусылғанша таңдайының суын жұтып, қамыршығын аузынан тастаған жоқ. Кутский болса қызыл жартастың басында бұғынып отырып, қамауға түскен қасқырдай жан- жағына жалтақ-жалтақ көз жүгіртті. Қайда қараса да көретіні баяғы бір шөбі сарғайған сұрқай дала, бедерсіз мелшиген жазық. Тек өзеннің төменгі ағысында кең аңғарда топырағы сарғайған қалың тоғай көрінеді. Сол манда қазаншұңқыр ойпада теміреткідей дөңгелек-дөңгелек үй орындары байқалады. Өзеннің түстік бетіндегі жазықта ақ таңдақ егін аңызы жатыр. Аңызды аралап, еңкедеп әлденені қарап жүрген Құланның жападан — жалғыз тұлғасы қарадайды. «Анаң қара, — деп таңдана ойлады бұрынғы жүзбасы егістік пен Құланға көз тастап, — мынау түйелер, жер жыртып, егін еге бастапты ғой. О, ғажайып-ай! Бұларға оны үйреткен әлгі болыневиктер ғой. Өздерінің оған өресі жетуші ме еді. Мұндай да заманға жеттік-ау. Бар қырсық әлгі патшасымақтан болды ғой, — деп ойлады Кутский, өзінің бір заманда Құдай түтқан патшасын жерлеп, — бұл жұқпалы дертті түбірінде құрту керек еді ғой, әуелде бұлар үркердей ғана топ еді ғой, көп болса жиырма-отыз мың адам шығар. Жарайды, тіпті жүз мың болсын. Әй, сол кезде атып, асып түк қалдырмай көздерін жойғанда!.. Жоқ, оларды соттамақ болды, жер аударды, мәпеледі. Ой құдай-ау, ату, ату керек еді ғой аяусыз. Мыңдап тұрып ату керек еді!..» Қаны қайнаған Кутский орнынан атып тұрды. Бүкіл денесі дірілдеп, көзіне қан толып кетті. Ол осы болыневиктерге деген бүкіл денесін улаған сұмдық өшпенділіктен, қан аңсаған қорқаулық сезімнен қазір бүкіл дүниені өртеп жіберуге бар еді. Ол — большевик атаулыны жау тұтатын, басына түскен бар бейнет, өміріңдегі бар сәтсіздік, бүгіндер қорқақ қояндай көрден жерге тығылып, зәресі ұша қашып жүргенін солардан көретін. Ол шынында солай еді. Әйтпесе, станицадағы ең бай адамның баласы Кутский революция болмаса шалқып өмір сүрер еді. Енді бір кезде ол есін жиып, орнына отырды. Жаңағы сұмдық ыза қайтып, оның орнын өзінің әлсіздігін, қолынан түк келмейтінін сезіну түйсігі басты. Содан ол солықтап жылап жіберді. «Ал жыла енді, қанды жасыңды төгіп, — деп қорқ ете түсті ол күйініштен өліп кете жаздап, жыла- сықта, қолдан келер қайран жоқ. Ешкім саған қол ұшын беріп көмектеспейді. Олардың өлеңіндегідей: «Құдай да, патша да, батыр да!» «Құртгы, қиратты ғой олар бізді бір-бірлеп. Алдымен патшаны, онан соң әліі уақытшаларды, содан кейін ақ генералдарды, Антантаны, ақ поляктарды. Енді өздері кулак атайтын дәулетті адамдардың кеңірдегіне қол созып келеді. Тұмсығымыздан қара қанымызды ағызды ғой, не керек. Ой, құдай-ай, сол кезде ғой советке қарсы соғысқан барлық күшті жұдырықтай жұмылдырып, төбеден бір ұрғанда ғой, бұлардың несі қалар еді. Енді міне, станицаларда шошаңдап сайғақ көтеріп, шолақ мылтықтан атып жүр. Атаңның қақ шекесі, құлатарсың сен, Совет өкіметін шолақ мылтығыңмен!

Әй, мен де нағыз ақымақпын ғой, станицаға баратын нем бар еді десейші. Маған не жетпеді? Сол Троицк түбінде тып- тыныш қызмет істеп, тоқ жүре берсемші. Менің бұрынғы жүзбасы екенімді жан адам сезбеуші еді ғой...» Осы ой үстінде Кутскийдің көз алдынан өткен өмірінің көмескі тартқан суреттері шұбырып отті. Ол туралы ол мүлде ұмытуға тырысатын. Түсімде әлдеқалай бірдеме айтып қоямын ба деп, төсекте де сақ ұйықтайтын. Әуелде Ефимге тағдыр жылы жүзімен қарағандай болды. Әскерге алынды, атасының көмегімен аз күнде урядник атағы берілді бұған. Содан соң-ақ бағы жанды. Патша үйінің үш жүз жылдығын тойлар алдындағы әскери байқауда дәрежелі адамдардың көзіне түсті, вахмистр атағын алды. Бастықтары бұған жақсы қарайтын, өйткені өз полкында ол солдаттар ара —сындағы күдіктілеріне кез болды. Сәті түскенде бір күні, Кутский атаман Дутовпен жүздесті. Дутов ол кезде Бас штабтың полковнигі еді. Жерлесім деп қамқорлық жасаған атаман мұның лейб-гвардиялық казак полкына ауысуына көмектескен. Енді мұның алдында жүзбасы, есаул атақтарын алу, сөйтіп түптің түбінде әскерден кейін станица атаманы тағайындалу сияқты жол ашылды. Бірақ бәрін революция күйретіп кетті. Соғыс басталғанда бұл патшаға құлдық ұрған сезіммен майданға сұранған. Бірақ атаманның бір жақыны «сен мұнда қажеттірексің, его превосходительство солай дейді, анда да солай деп бұйырып отыр», — деп көзін көкке көтерді. Шынында да соғыс ұзаққа созылатыны байқалып, соғысқұмарлық айқайлар басылғаннан кейін Петербургта тұрған казактарға дамыл болмады. Ол жылдары Кутский қызметін казак жүздігі күн сайын дерлік қылышпен қағып, нагайка-қамшымен соғып, завод, фабрикалардың, әсіресе Нева, Михельсон заводтарының ереуіл жасаған жұмысшыларын қуып тарататын. Сонда жұмысшылардың жадау жүздерінен қорқыныш ізін көре алмағанына дөкей вахмистрдың қаны қайнайтын. Мынау өздеріне құр қол болса да қарсы шауып, таспен атқылаған топты қырып-жойып, қанға бөктіріп салғысы келуші еді. Ал енді Нева проспектіне әлдеқалай жинала қалған астана тоғышарларын тарату мүлде жөні бөлек іс еді. Онда вахмистр өз взводын бастап, нагайкасын еріне былғалақтатып, топ ортасына жай ғана желе жортып кіреді. Дәл осы сәндене жылтырай киінген беттері шиқандай жандардың тағдырының қожасындай-ақ, бірінде үрей көлеңкесі ойнаған, бірі жағымпаздана езуін қисайта жымиған жүздерге кекірейе қарайды. Сосын зілдене «тараңдар, мырзалар, бұл жерге топталуға болмайды», — деп айқайлап қояды. Содан кейін кешкілік атақты цыган хоры бар ресторан «Ярда» отырып, тамашалау қандай қызғылықты еді. Соғыс аяғы ұзаған сайын Кутскийдің көңілі алаңдай берді. «Соғыс бітер, баяғы заман қайта туар, тағы дәуірлермін, мынау қатын-қалашты қамшылаған нәубет жаман түстей ұмытылар» деген үмітпен жүрді ол. Патшаның тақтан құлағаны ол үшін төбесінен жай түскенмен бір есеп болды. Жазагер казактар шат халық көшесін кернеген Петроградқа кіруге бата алмады. Патшаның бұрынғы сарайы Петергофта тым- тырыс жатты. Сол түні ол монархист офицерлермен бірге таң атқанша ішті. Келесі күні де мастық қызуымен өтті. Қазір енді оған содан кейінгі жылдардың бәрі мастық қызуымен өткендей сезіледі. Он жетінің жазында Корнилов бұліііне қатысып, Дутовпен бірге тұтқынға түскені, содан кейін Оренбург губерниясы және Торғай облысына уақытша өкімет азық дайындаудың ерекше уәкілі тағайындалған атаманмен бірге осы өлкеге аттанғаны, он жетінің ноябрінде Дутов Оренбургте үкімет құрғанда үш айдай соның жазагер әскерінде қызмет етіп, комиссарларды атқаны, одан соң он сегіздің майында атаманымен бірге Торғай даласына қашқаны — бәрі-бәрі жаман түстей. Он тоғызыншы жылдың күзіне дейін біресе қызылдар әскерінен қашып, біресе қуып бұл өз отрядымен бірге Торғай даласын біраз шарлаған болатын. Ақырында сол жылдың сентябрінде атаман армиясының тас-талқаны шығып, Жетісуға қарай босты. Бұл жақта ақ әскерінің қалдығы быт-шыт боп, Қытайға қашқаннан кейін Кутский атаманнан күдер үзді. Өлдім-талдым деп осындай қайыршы кейпінде Ташкентке жетіп, одан Ақтөбе арқылы өз станицасына қарай ұзақ жол жүрген. Атасы қызылдар жеңгеннен кейін күйініштен өліпті. Левон оған солай деді. Ал енді үй-мүлкін, мал-дүниесін бұл хабарсыз кеткесін сол қитарға қалдырыпты. Левон шалға бір жағы жақын туыс болса, бір жағы қайсыбір құпия істе ең сенімді көмекшісі еді. Бұл бірталай уақыт өзіндей ақ казак офицерлері сияқты станицада бой тасалап жүрді де, содан жиырма бірінші жылғы Г орьков линия кулактарының бұліншілігіне қатысгы. Бірақ аз уақыттың ішінде ГОН отрядтары мен қызыләскерлер бұліншілерді қиратып салды. Сонымен Ефимнің қайта дәуірлермін деген үміті мүлде үзіліп, олТроицк маңындағы орыс, қазақ, татары аралас бір селоға барып сіңген. Өзіне бұрынғы приказщик деген документ тауып, әлдебір кредит қоғамына есепші болып орналасқан. Бетегеден биік, жусаннан аласа өмір сүріп екі-үш жылды өткізді. Советтер құлар, баяғы күндер қайта туар деген үмітпен күн кешті ол. Әлдебір жерде көтеріліс шығыпты, алып мемлекетгердің бірінің басшысы большевиктер өкіметіне соққы беремін депті, деген тәрізді сыбыс хабарлар оны әрдайым қуандырып отырды. НЭП кезінде оның көңілі тіпті көтеріліп қалды. «Ақша қашан да құдіретгі ғой, — деп ойлады ол, — міне, өз күшін көрсете бастады». Енді ол магазин де ұстап, егін де егіп, жүздеп мал да сатып, байлықты сапырған атасының ісін қайта жандандыруға дайындала бастады. Ақырында қайдағы бір кредит қоғамының белгісіз қызметкері болып жүре беруге шыдай алмады, өз станицасына аттанды. Станицаға ол апақ-сапақ ымыртта кірді. Өзен бойына ентелеген шетендерді жағалап, огородтардың сыртымен Левон үйіне жетті. Ефим шырағдан сәулесі жансау жылтыраған терезені шертті. Ішкі перде ақырын сырылды да, қитар Левонның үрейлі жүзі әйнекке жабыса қалды. Жар-қабағының астындағы жалғыз көзі үңірейіп, ол біраз тесіліп тұрды да содан соң мұны шырамытты ма, әлде іңір қараңғысында терезені бөтен адам қақпайтынына кәміл сенді ме, есікке қарай жөнелді.

— Ефим, сенбісің? — деді ол әлі де күмәнді үнмен.

— Мен, — деді Кутский, — аш тезірек, кәрі сайтан!

— Қазір, қазір.

Ілгешек шылдыр ете түсті де, ашылған есіктің ойығынан ұзын бурыл сақалды шал көрінді. Әуелде Ефим осы Левон ба, Левон емес пе деп дүдәмалданып та қалды, тек қисық көзіне қарап, бұрынғы ағайын таныды. Шал інісіне жол беріп, бір қырындай тұрды.

— Тез, кір, Ефим,— деді ол сыбырлай сөйлеп, есік тұтқасына қол созып, — Құдай басқа салмасын, әлгі жалбыр тондар абайсызда байқап қалса, пәлеге қаламыз. О, Құдай, Құдай, не күнәмізге бола, бізді осынша қысып кеттің!

— Сен, ағай, өзің діндар боп кеткеннен саумысың? Поп қызметіне тұрған жоқсың ба? — деп мысқылдай сөйледі Кутский, ішкі кең бөлмеге кіріп. Ол ағасының бір кездегі маскүнем, әйелқұмар, боғауызшыл күйін есіне алып еді. Бөлмеге кіре ол таңырқай тоқтай қалды. Шынында мұнда пірәдар адам тұратындай. Бұрышта өз атасынан қалған алтындаған рамадағы үлкен икон, оның алдында шырағдан жанып түр. Үстел, сөре үстінде былғары қапты жуан-жуан шіркеу кітаптары жатыр. Ладан майының иісі бұрқырайды. Атасынан қалған байлыққа ие болып, Левон біраз шалқыған. Кейін жергілікті өкімет бұрынғы ақ гвардияшы, Советтің қас жауының мүлкі ретінде оларды тартып алып еді. Мүсәпірсіп қалған Левон дін жолына түскен болатын. Сөйтіп соңғы жылдары станицаның діншіл кемпірлері арасында өзінің Құдай жолына берілгендігімен атағы шыққан еді. Бұл жөнінен бұрынғы жүзбасы хабарсыз болатын.

— Поп бол, болма, бірақ біздің бәріміз де қүтқарушы тәңірімізді ұмытпағанымыз ләзім, — деді Левон жалғыз көзін көкке көтеріп, иконға шоқынып.

— Жарайды, ол да бір ғанибет іс, — деп ағасының сөзін қостаған іспетті сөйледі Ефим үстел басына отыра беріп, — кәне нең бар әкел бері, ішім қазір ұлып отыр.

Левон жұмыртқа, сүт, нан, квас сияқтытағамдарды үстелге әкеп қойды. Мұның бәрі пірәдар адамға діндар кемпірлердің берген қайыры еді. Одан соң бір шыны самогонды суырып алды. Ефим бір стакан самогонды тастап алып, тамаққа аш қасқырдай сұғынды.

— Ал айта бер, ағай, не жаңалығың бар? — деді ол малжаңдап отырып.

— Ой, бүйткен жаңалығы құрысын да. Сенің атаңның үйін сельсоветке деп тартып алды. Мал-мүлік тағы қолды болды. Қарғыс атқыр, жыртық дамбалдар түгімізден түк қояр емес. О, тәңірім, саған не жазып едік, мұнша жазалайтын!

Қитар шал жылап жіберді.

— Бастап жүрген кім оларды? — деді Кутский қырылдай, бойын ыза жайлап бара жатқанын сезіп.

— Әлгі кер өңеш Гриша. Әскерге бірге алынған досың.

— Ол — қызылнағылет, мағандосбопкөргенжоқ, болмайды да! — деді Кутский тістене, — әй, анада біз көтерілгенде қолыма түскенде ғой, терісін тірідей сыпыратын едім.

— Сол бәрін істеп жүрген. Атаңның күйіктен өлетіні де соның кесірінен. Мал-мүлікті де тартып алушы сол. Қазір осында сельсовет. Біздің станицаның қадірлі адамдарын былайынша да қысады, газетке жазып та сотқа тартады.

— Сұржыланды қапысын тауып бір ен-таңба салар ма еді! — деді Кутский тарғылданған көзімен терезені сүзе қарап.

— Ендеше, оны істейтін сен. Мұнда сені баяғыда өліп қалған деп жүр, — Левон аярси жымиды, — мен кезі келгенде, саған бата оқуға дьякқа ақша беріп қоямын.

— О неге? — Ефим танданғаннан тамағына қақалып қала жаздады.

— Сені ешкім іздемесін деп, — шал қитар көзі онан сайын қисайып, өңінде зымиян күлкі ойнады. — Сенің анда істеген істеріңнің дабысы мұнда да жеткен. Өлді- кетті. Өлген адамда кімнің шаруасы бар.

— Ай, сұмсың-ау, қитар сайтан! Пірәдар боп жүргенің де тегіннен-тегін емес қой. Ал жарайды, әлгі Гришаның қапысын қалай табамыз.

— Одан оңай нәрсе жоқ. Ол анда, сельсоветте, тфу! Атаңның үйінде түнімен отырып, кітап оқиды.

— Жоқ, шалым, станицада бұл іске жол жоқ. Қолға түсіп қалуымыз ықтимал. Бір сырт жер болса...

— Ол да болады. Гришка апта сайын ауданға барып тұрады. Ертең дүйсенбі, баратын күні. Кештете оралады, солкезде орман ішінде...

— Мұныңның жөні бар. Ал винтовка сенде бар той.

— Бірдеме табылар. Винтовка, не шолақ мылтық — обрез болар.

— Обрезіңнің даусы қаттылау. Ну, жарар, орманда ештеңе етпес. Қайта бүкілаймақты жаңғырықтырып, сол сияқтылар шошына берсін.

— Онда, балам, демал, — дедіЛевон, — таңалдында шығып кетіп өзіңе белгілі орынға жетерсің. Мен саған ат, азық та дайындап қоямын. Құдай жолыңды оңғарсын!..

Бұл таң ата келіп жатқан жер орманның бір қалыңы еді. Зәулім қарағай, ақ қайыңдар арасыңда итмұрын, қасқыржем, жабайы шие ұйыса өскен. Осы қалыңның теріскей жақ шетін жағалап, орманның бұралаң жолы өтетін. Жолдың ар жағы жалтыр көл. Ефим күн қызғанша ұйықтады. Содан кейін бұл ұрымтал жерді таңдап алып, Гришаны аңдуға кірісті. Күн тымырсық ыстық. Кештете сары маса көбейді. Бет-аузын удай ашытып, жаудай талағаннан кейін Кутский басын тұмшалап алды. Сөйтіп жатып ол Гришаны өткізіп ала жаздапты. Ат дүбірі тұсына келіп қалғанда ғана басын көтеріп алды. Жолмен cap желдіріп Григорий кетіп барады. Үстінде кавалеристік ұзын шинель, солдат фуражкасы. Кенет торысы құлағын қайшылағанда ол тынышсызданып, жан — жағына жалтақ-жалтақ қарады да, қалтасына қолын салды. Ту сыртынан ұрған батар күннің арайы ат үстінде құйып қойғандай тік отырған жігіттің сұлу мүсінін айдындандырып та әрі соншалықты опасыздықпен нысанаға тіккендей жауына айқындап беріп те тұр. Бұл сәтте Кутский мылтығын көтере берген. Арқан бойы ұзап бара жатқан Григорийді қарауылға ала беріп еді. Григорий әлденеден сезіктенгендей атын тебініп қалды. Шолақ мылтық жер — көкті жаңғырықтырып, гүрс ете түсті. Жолаушы ат жалын құшып, тасырлатып шаба жөнелді. Бұта-бұтаның арасымен еңкеңдеп екі өкпесі өше, ентіге жүгірген Кутский атын бекіткен жерге жетгі де, қарғып мініп, ағаш арасымен шаба жөнелді. Орманның түстік шетіне шығып, уәделі жерде ол Левонды түн ортасы ауғанша күтті. Уақыт өткен сайын берекесі қашып, «қитар сайтан қайда жүр?» деп балағаттап қояды. Левон әбден тағаты таусылғанда барып келді. Шалдың қисық бетін онан сайын қисайтып кеткен сияқты. Жұлдыздардың күлгін сәулесіне шағылысып, маңдайынан жылтыраған тер көрінеді.

— Ефим, сен кетуің керек, — деді ол жалғыз көзі үрейлене жаркылдап, — аналар сезіп қалыпты. Сені бұрыннан іздеп жүр екен ғой.

— Менің тірі екенімді қайдан біледі? — деп шошып кетті Ефим.

— ГПУ —дың қолына түскен өзіңнің дутовшыл офицерлерің айтып қойыпты.

— У —у, сұрқиялар!

— Ал давай, кідірме, Ефим. Таң ата орманды қоршап, облава жасайын деп жатыр. Тек қала жағына бара корме. Далаға, киргиздар ішіне қаш. Торғай даласын өзің талай шарлап едің ғой. Мүмкін содан әрі Қытай асып кетерсің. Эх, Құдай, жауымыздың зауалын берер күн туғызсаң!..

— Жарайды, қош, қитар сайтан!

Шал еңіреп жылап, үш рет бетінен сүйді.

Кутский сол қашқаннан қашып отырып, Торғай бойынан бір — ақ шыққан болатын. Сақал- мұртын үрпе-түрпе өсіріп, қайыршы кейпіне түсті. Қиралаңдап, солтаңдап өзін зағип адам етіп көрсетті. Мұның көп көмегі тиді, бәлендей ешкім назар аудара қоймайды, қайта аяп кайыр-садақасын береді. Солай жүріп ол аумастан Торғай, Ырғызды бетке алып тарта берген. Бір керуенге ілесіп бара жатып ол әлденеден сезіктенген, бір күдікті көз арқасы —нан инедей шаншылып тұрғандай болған-ды. Содан көзді ала беріп, Қоғалы өткел басында түсіп қалған еді. «Әй, қитар ит, мені құртты-ау, — деп ойлады тағы да бойын ыза кернеген Кутский жартас басында отырып, — әлде осыны ол әдейі істеп жүрмесін. Иә, өлсем, бар байлық оныкі. Заман өзгерсе ие болып шыға келеді. Аһ, қисық көз албасты!.. Мені әдейі шүйлеп салған. Өзі көлеңкеде қалып қойды. Тұра тұр, сенің де сазайынды тартқызармын кезі келсе!.. Мына кәрі текені бақ еткізсем бе екен әлде, — деп сол ашудың құтыртуымен сүзіле қарады ол жақындап келе жатқан Құланға, — егер атын алып, тартып отырсам... Аһ, сайтан, айтпақшы мұның аты да өзі сияқты тағы, адамды жолатпайды. Жоқ, әлі ертерек, ертерек, жүзбасы Кутский!

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Түн ортасында біреу қос жаппалы тақтай есікті ақырын шертті. Шошып оянған Алтынкүл әуелі тың тыңдап, біраз қыбырсыз жатты. Әлденеден денесі де түршігіп, жүреіі лобли жөнелген. Әуелі «осындағы жетпегірлердің бірі ме, мерген хабар-ошарсыз кеткесін басынайын деген —ау», — деп назаланып та қалған. Содан соң «әлде Құланның өзі ме» деп ойлады... Сол ойдан құлағы тұнып, жүрегі шапқан аттай онан сайын дүрсілдеп кетті. Және әліі әзірде ауыл иттері абалап үріп, іле үндері өше қалып еді. Әйел буындары сырт-сырт етіп қалтырап, ішкөйлекшең есікке таянды.

— Бұлкім? — деді ол дірілдеген үнмен. «А, Құдай, ақсарбас, батырдың өзі болса екен, өзі келсе екен!» — деп ішінен жалбарынып тұр.

— Алтын! Мен той, аш! — деді қырылдай шыққан үн. Өзі ентіге дем алады. Анық Құланның даусы, қосағы оны мың сан дауыстан айнымай ажыратар еді. Алтынкүлдің жүрегі онан сайын бұлқынып, кеудесіне сыймай кетті.

— Қазірқазір! — деді ол алқына сөйлеп.

Түнге қарай есікті қыл арқанмен шандып, байлап тастаушы еді. Сол шешілмей бір сәтке иттей ыза болтан Алтынкүл пышақ әкеп, арқанды қиып жіберді. Содан соң киіз есікті арқасына жамыла табалдырық аттатан адамның Құлан екеніне әлі де илана алмай:

— Құлеке! — деді.

— Мен той, Алтын...

— Құлеке! — Басқа сөз аузына түспеген әйел булытып жылап жіберді де, күйеуінің бауырына кіріп кетті.

— Алтын! — деді Құлан да басқа сөз таба алматандай әйелінің дір-дір еткен ыстық денесін төсіне басып. Осылайша екеуі үн-түнсіз біраз тұрды.

— Ауылда бөтен қара ешкім жоқ па? — деді ең алдымен ес житандай болтан мерген.

— Жоқ, Құлеке, кім келуші еді бұл ит арқасы қиянта, — деді солытын басқан әйел де.

— Ә, ендеше дұрыс бопты. Кәне, жарық қыл. Қасымда кісім бар.

— Олкім?

— Онша қысылма. Бір мүсәпір. Киінсей.

— Қазір, қазір.

Абдырап жүріп көйлегін әрең тауып киіп, жаулытын салтан Алтынкүл тас шамды жақты. Үй ішіне қызтылтым жарық жүгірді.

— Ей, Абдол, кел, кір, — деп күбір ете түсті мерген. Жылыстай кірген кайыршы босаға жаққа бүрісіп отыра кетгі. Алтынкүл оған аз уақыт таңырқай қарап тұрды да:

— Төрге неге шықпайды мына кісі, — деді мерген қасына ерген адам тегін болмас деп ілтипат көрсетіп.

— Отыра берсін. Бәлендей назарың тіге берме.

— Онда ауылдың адамдарына хабар айтайын ба? Бәрі де сені күтіп, екі көздері төрт болып жүр.

— Жоқ, ертең көрісерміз. Таң ата келді дерсің. Дабырлатып, улатып-шулатпай-ақ қояйық. Қашып келдік. Әлгі байғұс абысының қайда, соны ғана ың- шыңсыз шақырып келе ғой.

— Алдымен сусын ішіп алмайсың ба, қаталап келген шығарсың?

— Онша шөлдей қойған жоқпын. Кейін жата-жайласа ішермін. Алдымен мына қонақты жайластырайық, — мергеннің осы сөзі мысқылдай шыққандай болды, — ал абысыныңа мен келді деп айтпа, осында кіргенше. Ол бейшара бақырып- шақырып ауылды басына көтеріп жүрер.

— Жарайды.

Елбеңдеп етек-жеңі көлеңдеп жүгіріп кеткен Алтынкүл аздан соң Бейпілқасқаны оятып әкелді.

— Келін, неге шақырдың? Бір жақсы түс көріп жатыр екенмін. Батыр келіп, ауылда той-томалак... — деп, Алтынкүлге ілесе ұйқылы көзін ашып-жұмып, есінеп сөйлей кірген Бейпілқасқа. Содан оң жақта төсек үстінде отырған Құланға назары түскенде көзі бақырайып, аузы ашылып кетті.

— Үндеме, жеңеше, үндеме! — деді оған мерген әйелдің дауыс салып жылап жіберуге даярланғанын көріп. Сонда да Бейпілқасқаның бақ еткен үні шығып кетті. Өзі шошып қалғанға да ұқсайды, өңі екені, түсі екенін айыра да алмай есі шыққан тәрізді. Расында Құлан байғұс әйелге көрден шыққандай көрініп еді.

— Қой деймін, жеңеше, қой енді, — деді тағы оған мерген. Сонда ғана кәрі мұның түсі емес екеніне сеніп, есін жиғандай аузын жаулығының ұшымен баса қойды.

— Ал, амансың, жеңеше?

— Аманмын, қарағым, аманмын, — деді көзінен жасы парлап, солқылдаған Бейпілқасқа. Ерні әрең икемге келіп, балпылдай сөйледі:

— Өзің де аяқ-қолың аман-сау, келдің бе, айналайын. Шүкір, құдайға шүкір. Енді өлсем де арманым жоқ. Сенің амандығыңды тілеп, күнде жылап, құдайға күнде жылап...

— Жә, оны қоя тұр, жеңеше. Аман көрістік, ендігі әңгіме ертең болсын. Мына бір мүсәпір еді, ұлты ноғай, — деді Құлан қайыршыны иегімен меңзеп. Абдолға бұрылып қараған Бейпілқасқа әуелі шошып қалғандай әлпет көрсетті. Соны аңғарған мерген оны тыныштандыра сөйледі, — қорықпа, далада жүріп, сақал-мұрты өсіңкіреп кеткен ғой, әйтпесе ешкімге зияны жоқ, жай бір кәріп. Осыны саған тапсырамын. Ей, Абдол, сен де сырт көзден таса, оңаша болғың келеді ғой, солай ма?

— Солай, аға, — деп шіңгір ете түсті қайыршы.

— Ендеше, мына жеңешемнің қараша үйінде жатасың. Ол үйге бөтен ешкім бара қоймайды, білдің бе?

— Білді, аға, маған сондай керек.

— Онда, жеңеше, қазір осыны ертіп апар да нан мен айран дегендей асың болса беріп, жатқыз.

— Жатқызайын, қарағым, жатқызайын.

— Құлеке, қымыз ішпей ме, бұл кісің? — деді Алтынкүл.

— Жоқ, бұл қымыз ішпейді. Ал, сөйтіңдер.

— Жарайды, қарағым. Түуһ, жүрегім жаңа орнына түсті ғой, — деді Бейпілқасқа Алтынкүл сапырып отырған бір шара сары қымызға тамсана көз тігіп.

— Мә, жеңеше, дәмін тат, — деп сараңсуға дәті шыдамаған Алтынкүл оған бір тостағанын құйып берді.

— Түу, жарықтық, қысырдың қымызы-ай, балдай екен-ау, балдай, — деп сіміріп салған әйел орнынан көтеріле берді, — құдайға тілеуіміз оң екен. Жүр, шырағым, — деп, ол қайыршыны ертіп шығып кетті.

Ауыл қалың ұйқыға ұйып қаперсіз жатқан сияқты, Құлан үйіндегі осы азғана дабыр-дұбырды ешкім сезген жоқ.

— Ал есікті қаусырып жап, — деді Құлан әйеліне жеңілденіп шешініп жатып.

Төсекке жамбасым тие қатып ұйықтап қаламын ғой деп ойлап еді, олай болмады. Әлде әлгі бірінен соң бірін көтеріп тастаған екі аяқ қымыз қыздырып ұйқысын ашты ма, әлде қара шаңырағына келіп, қосағын құшағына алған қуанышы ма, әйтеуір мерген көзі көпке дейін ілінбеді. Көрген бейнет, тартқан азап — бәрі-бәрі бір сәтте ұмытылды. Қайран алтын босаға! Өз үйінің иісі де бөлек тәрізді, төсегі де жайлы, рақат. Құлан онсыз да тығыла жатқан Алтынкүлді бауырына тартты. Қазір оны бір май да толқын төсіне алып, ақырын-ақырын шайқап тербеп тұрғандай.

— Сағындың ба? — деді ол әйелінің күн иісі аңқыған шашынан сипап.

— Сағынбағанда, — деді жұбайы қарлыға шыққан үнмен.

— Мен жоқта не тіршілік қылдыңдар? Ауылтегіс аман ба?

— Дін аман. Ала жаздай егін басында жүрдік. Сені қараумен көзіміз талды.

— Оқасы жоқ. Келдім ғой. Енді кетпеспін.

— Қаштым дейсің. Басыңа тағы бәле үйіп жүрсе...

— Үйе берсін. Немене, мені іздеп пе еді?

— Өзің кеткесін әлгі Томар үш-төрт адаммен шапқылап келіп, әлгі дарақы қайнымды алып кеткен.

Үш күннен соң жіберіпті. Содан ешкім маңымызға жолаған жоқ.

— А, құдай-ай, әуелде бекер-ақ үрейленген екенмін.

— Мына інілерің де адам емес қой. Жөн-жосық айтатын, ақыл қосатын көзқарақты бірі болсайшы.

— Жә, қояқ қой. Тағы не жаңалығың бар?

— Қолыңды әкелші.

— Ау, қайда апарасың?!

— Жаманға емес, жақсыға, — деп сыңқылдап күлді Алтынкүл.

— Жақсың сол болса...

Мерген қолы әйелінің ып-ыстық үлпершегінің үстіндегі тақияның көлеміндей топ-томпақ қап-қатты бір нәрсеге тиді.

— Бөпе!.. — мерген Алтынкүлдің ұяла сөйлеп тұмсығын мұның қолтығына тыға қойғанын сезді. Беті оттай жанып тұр екен, күйдіріп барады.

— Бөпе... — Құлан жүрегі лүпілдеп кетті. Жас иіс мұның да ыстық арманы болатын.

— Мен кетерде жылап едің...— деді ол біраздан

соң.

— Мұндайды көрмеген тұмса басым, қайдан білейін, сезбеппін, — деді әйелі. Үй ішінде жас бала іңгәлап, одан соң былдырлап сөйлегендей әлдебір қызықты шақ екеуіне де бұлдыр елес беріп, екеуі де елжіреп, көпке дейін үнсіз жатты.

— Азды-көпті қалған өмірім осылай ит-қорлықпен қуғын-сүргінде өте ме деуші едім...— деді мерген иығынан зіл батпан жүк түскендей күрсініп.

— Құдай біздің көз жасымызды имесін бе?

— Менің Рүстембай досым, ендігі өмір игілікті болады деп жүр ғой.

— Рас шығар. Биыл әйтеуір сенің уайымың болмаса, басқа жағынан қамсыз болдық қой.

— Лайым, рас болсын. Істеген қылмысым жоқ, мен де ағарып шығармын.

Әйелін солай деп жұбатса да Құлан көңілінде күдік басым. «Мені де батыр дейді, мерген дейді- ау, көлеңкесінен қорыққан қояндай жерден жерге безгенім анау. Қап, құдай-ай, өзімді-өзім былғадым- ау. Көктөбетті іздеп... «Бандыға барып не барқадар табасың» деп әлгі шал білгендей-ақ айтқан екен. Енді ғой, оны маған тағы бәле қылып жапсырады... Жә, мен ел шауып, дүкен тонаппын ба?! Амалсыздың күні, бауырыма ши жүгіртіп, түрткілей бергесін не шара? Мейлі, енді болар іс болды, артын күтіп алармын», — деп ақыр соңыңда тәуекелге бел буған мерген ұйқыға бас қойды. Ертеңіне ауылы у-да шу, мәре-сәре болды. Құланның қоңыр үйіне аузы-мұрнынан шыға адам толып кеткен. Бүкіл жеті үйдің дүйім жұрты, қатын- қалаш, бала-шағасына дейін осында. Ақсарыбас сойылып, самауырындар қойылып жатыр. Етек- жеңін түрініп, білегін сыбанған Бейпілқасқа, түсі айна-қатесіз келгендей қазан басында жалаңдап жүр. Ауылы Құланды о дүниеге барып келгендей жылап көрісіп, қарсы алған. Көздерін жас шылаулаған жұрт көпке дейін шер тарқатыса алмай отырысқан. Сонан сәске түске таман үй іші біраз сейіліп, осы ауылдың бас көтерерлері ғана қалды.

— Ай, Құлан, шырағым —ай, — деп сөз бастады Орман шал мергенге қызылы тарамданған көзімен елжірей қарап, — біз сенен тіл ала алмай шерменде болдық қой. Балалар келеді маған, құмалақ салдырады, тақ бір мен көріпкелі бар адамдай. Әйтеуір жан далбаса, көңіл аулау ғой. Бірақ сонда да балың ылғи тәуір түсіп жүрді. Болжаусыз тағдыр деген осы да. Міне енді, қағанағымыз қарық, сағанағымыз сарық. Шүкір, егінді шашпай-төкпей жинап алдық. Ол да бала-шағаның ризығы. Сен кеткелі бері мына балаларға бір күн дамылбермедім. Кәдімгі бай-бай шал де де қой. Мына азаматтарың да берген уағдасынан шықты. Мына Ерман, Жарман, анау Көсеуқара бәрі көстеңдеп алты аидың ала жазы шөппен, егінмен алысты. Өкімет те жәрдемдесті, жәрдемдескенде мықтап жәрдемдесті. Ауылнайдан кедейлігімізді, бұрын ңызыл сирақ батырақ болғанымызды растайтын қағаз алып, қарызға әлгі тұқымын, ондай- мұндай темір-терсек алдық. Қазір жегеніміз ақ нан, ақ тары. Мұндайды бұрын бұл ауылда кім көрген. Ал мына Серкешіңді елгезегім едің деп ел шетіне апарып, құлақ қып қойдық. Шауып барып, шауып келіп неше түрлі хиқметтерге құлақ құрышымызды қандырып жүрді. Сөйтіп жүріп жатырмыз, Құланжан.

— Жақсы болтан, Ореке, — деп қойды Құлан. Бір ғажабы, ол қазір өзін бір бөтен дүниенің адамы, шет жерден келген мейман іспетті сезініп отыр. Айлар бойы аң сияқты өмір кешіп, ауылын жатырқап қалтаны ма? Әлде жападан-жалтыз тартқан азабы, сондаты ойлаған мың сан жабырқау ой оны мына адамдардан жатсыратты ма? Оны өзі де түсіне алмады. Не қылса да осынау өз ауылы, мұндағы тіршілік оған біртүрлі таңсық тәрізді. Адамдары да бөтен сияқты. Емен- жарқын ғана көңілмен отыр. Ежеғабыл шүйіркелесіп, иліііп кете алмайды. Бір тылсым түсініксіз хал.

— Мына Бейпілқасқаның үйінде жатқан жүндібасыңыз кім, аға? — деп қойып қалды енді бір кезде босаға жақта отырған Серкеш.

— Ол бір ел кезген мүсәпір екен. Қаңғып жүрген жерінен ертіп алдым, — дей салды мерген.

— Ойбай-ау, ол бейшараны мына асқа шақырмаймыз ба? Ұят болар. Мейман ғой, қанша дегенмен.

— Жә, қопандамай-ақ қойындар. Орыс арасында өскен ноғай көрінеді. Көпшілікке онша бейімі жоқ. Жата берсін.

— Балдар, сендер неғып отырсыңдар? Мына Құлан ағаң келген тойына былай, өлең айтып дегендей, тамаша жасамайсыңдар ма? — деді Орман.

— Иә, сөйтіңдер, — деді Құлан да, — әдемісі сол.

— Ал ендеше домбыра экел.

— Біраз қызық мәжіліс болсын.

— Көсеуқара, кәне, деп жібер!

Бұл ауылда әнге, ептеп ебі бар адам — Көсеуқара. Қолдан шапқан қалақ домбырасын біраз желдіртіп — желдіртіп алып, ол бастап кетті. Қоңыр ғана дауысы бар-ды. Айтқаны ескі ақындардың бірінің термесі. Өзінің білетіні де сол болуы керек. Әнінде дала желінің бір сарынды ызыңы, мұңды қоңыр әуез бар. Сол бірсарындылық па екен, әлде соның мұңмен өріліп, біте қайнасып келгенде әлдебір қасиетке, дала перзентіне айнымай эсер етер құдіретке ие болатыны ма, әйтеуір біраздан соң өзің де осы әуенге елтіп, жаныңды әлдилеп тербетіп әкеткенін байқамай қаласың. Құлан үн-түнсіз, басын төмен салып, мүлгігендей тыңдап отыр. Адам өмірінің қысқалығы айтылады екен бұл өлеңде. Көрген қызық та, тартқан бейнет те бір сәттік, көзді ашып-жұмғандай, өмір өткенде де аққан жұлдыз секілді жалт ете түскендей көрінеді, «Бір күні шал боларсың дірілдеген» деп келеді екен. «Иә, — деп ақырын күрсініп қойды мерген, — расында, адам ғұмыры шолақ қой. Алысамыз-жұлысамыз, бір күн тыным жоқ. Сонымен дүние дегенің жалт ете қалады. Біреу о дүниеге ала кетердей мал жинайды, біреу әкімдікке құмар, тағы біреу тағы бір нәрсемен әуре. Бірақ түбінде өлеміз деп тіршілік етпеу керек пе? Ал, бірақ тіршіліктегі мақсат-мұрат не? Дәулет жимасаң, әкімдік іздемесең, осы дүниедегі бар қызықты көріп қалайын деп, ішіп-жеп, қатын-қыз аңдымасаң, атақ- даңққа құмартпасаң, нендей қарекет керек? Ay, осы мен, осы мен қай қиянға шығып кеттім? Небір ғұлама оқымыстылар, дана ғалымдар шешетін тылсым сырдың түбіне жетемін деп басымды қатырып қайтемін. Тірі адам тірлігін істеуі керек. Хақиқат осы емес пе...» ...Міне, ауылында ен жайлап, емін-еркін өмір кешкеніне әлденеше күн өтті. Сонда да болса мерген шеттен келген мейман сезімінен арыла алмай жүр. Жөнделіп бітіп, енді кіруге дайындалып қойған қыстау-қораларды аралағанда да, шошала, қамбаларға құйылған астықты уыстап, алақанымен сапырып, құрғақ қамыр иісі танауын жыбырлатқанда да біртүрлітартыншақтай береді. Шаруаға да салғырт. Бүгіндер ауыл болып атқарылар істерге Алтынкүл нұсқау айтады. Үйреніп қалғандікі ме, ауыл еркектері де көбіне соған келіп ақылдасады. Мерген оңашалықты сүйді. Өз үйінде ұзақ күн жатып алады. Жүзі бал-бұл жанып, кіріп-шыққанда бұған күлімсіреп, наздана көз қиығын тастайтын әйелінің қимылын бағып жату бұған біртүрлі ләззат бергендей. Адам серпілгенде жұбайымен шүңкілдесе отырып ас ішіп, сұхбаттасқан сәттер де рақатты сезімді. Бірақ өзімен-өзі болғанда жатсыраған сезім көңіліне қайта оралады. Бұл ауылға аз күнге келген қонақ тәрізді, ұзамай аттанып кететін сияқты. «Ау, маған не болды?» — дейді Құлан өзінің осы халіне таңырқап. Абдол қайыршы да Бейпілқасқаның қараша үйінен қылт етіп бас көрсетпейді. «Әлгі мүсәпір неғып жатады екен?» — деп сұрап қояды мерген. «Білмеймін, әйтеуір шықпайды ғой. Іңірде ғана өзен жағалап келеді», — дейді Алтынкүл. «Осының өзі не көздеп жүрген адам, — деп таңдана ойланады Құлан, — бір тұрақ табайын, ел болайын деген санасында сәуле жоқ па? Әлде өмір бойына осылай қаңғып жүре бермек пе? Ол не күн болады бейшараға. Бәлкім, менің топшылуым қате, маған айтқаны өтірік шығар. Ішінде ит өліп жатқан бір жәдігөй болмасын. Апырмай, ә, ішіне кіріп шығу, сырын тану қияметтің ісі ғой. Кім білсін». Осылайша мерген қайыршы жайын секемдене еске алды. Ал Абдол болса бұл күндері жайлы төсекке жамбасы тиіп, тамағы тоғайып, аунап-қунап қалған- ды. Әуелгі күндері бұларды іздеп милиция келіп қала ма деген үрей жүрегін қобалжытқан. Бірақ күн асқан сайын ол қауіп ескіріп, сейіле бергендей болды. Құланның ондай қатерден қаперсіз жатқанына ол сенген. Ауылдағы бар әңгімені, сырттан жеткен өсек- аянды Кутский Бейпілқасқадан естіп-біліп отыратын- ды. Алғашқы бірер күнде бұған осқырына қараған әйел, кейін бойы үйренді ме немесе мүсәпір деп аяды ма, әйтеуір кейін жылы қабақ көрсете бастады. Сол бірер күнде әйел мұның жай-күйін тегіс сұрап алды. Бұл оған Құланға айтқанын тағы көйітіп берген. Бәрібір естиді ғой деп, тіпті өсіріңкіреп, өзінің мүсәпірлігін, көрген бейнетінің көптігін басыңқырай айтқан. «Е, бейбақ-ай», — деп Бейпілқасқа басын шайқап, көзін жұмыптамсанатындаған. Мүсіркейтіні содан да болуы мүмкін. Келе-келе оған тағы бір себеп қосылған. Ол күні Бейпілқасқа біресе айранын, біресе сүтін, біресе сорпасын мұның аузына тосып бәйек болған. Сонан түн ортасында болуы керек, шам сөнгеннен бері тыпыршып, уһілеп мазасызданған әйел ірге жақтан өзіне қарай аунап түскенде Кутский онша үрке қойған жоқ. Жақсы тамақ ішіп, тынығып көбеңсігеннен бері ол кейде әйелге көзінің астымен жеп қоярдай қараушы еді. Бірақ бажылдап, жанжал шығара ма деп бата алмайтын. Өзінің ақсүйек тұқымы, сонау астаналық шаһарда, сонау келмеске кеткен күндері шымқай жібекке оранған небір сылқым қатындармен өткізген кештерін, одан жазагер отрядта жүргенде қызылдардың талай-талай сұлу әйелдерін зорлықпен қолынан өткергенін еске алып жиренейін десе де, ондай көкірек бүгіндер бұдан қалған екен. Енді Бейпілқасқа шынымен-ақ үстіне қолын салып өзіне бейімдегенде денесі қызынып, қаны тасып, басына шапты. Танауына жылымшы ашыған сүт иісі, сорпа

көңірсігі, кәрі тәннің и сияқты тер қаңсығы келгенде де бой тарта алмады.

— Өй, өзің теке сасисың ғой, — деді әйел де сәл жиренгендей.

— Жоқ, олтемекі, білесің.

— Әй, осы сен ноғай емессің ғой деймін.

— Жоқ, мен ноғай, — деді Кутский едәуір мүдіріп барып, — мен әлгі қалай айтады, орысша шіркеуде, иә, иә, шоқынған татарин білесің.

— Мейлі, енді кім болсаң, ол бол...

— Сен, қатын, мені қашқын, шоқынған деп ешкімге айтпа, көп сөз керегі жоқ, — деді ол ертеңіне таңертең, Бейпілқасқа сиырын сауып, үйге кіргенде оған жыртиып күле қарап.

— Мен кімге айтады дейсің? — деп әйел де табақтай беті онан сайын жайылып, айран көзі сықсиып езу тартты.

— А то мен сені өлтіреді, — деді Кутский мұны қорқытып та қояйын деген ниетпен. Бірақ сол — сол- ақ екен, әйелдің айран көзі шақшиып, шикіл сары беті күлденіп көгеріп жүре берді.

— Өй, ескі қораның шайтаны құсаған албасты. Тап аузыңның ішіне... кімді өлтіресің? Өлтірем дейді ғой, қаңғырған қайыршы, өлтір, мә, жынды әкеңнің... Кімнің басы қанжығаңда жүр еді ит-шошқа! Айдап шығайын ба осы, құрыған кәпір!

Бейпілқасқа осылай асты — үстін былапыт сөзбен қазып, көпіріп жөнелгенде мұндай көк долылықты күтпеген Кутский жанын қоярға жер таппады.

— Өй, апа, ой, айналайын. Мен ойнаған, мен саған жалынады. Сенұрыспа, менқоямын. Сенменіөлтіреді, қой, апа, — деп былдырлай берді. Ол құйрығымен жылжып келіп, әйелге төменнен жалбарына қарап. Әрі біреу-міреу мына кемпірдің бажылдағанын естіп қоя ма деп те зәресі ұшып барады. Тек таң жаңа сібірлеген, ел ұйқыда, сол ғана жанын сақтағандай.

Оны тындаған Бейпілқасқа жоқ, балағат сөзді түйдек- түйдегімен атқылады:

— Өлмесең өрем қап, жүнсақал пері! Аяғанды білмейді екен ғой, теке сасыған неме...

— Үй, айналайын, апа, сен қой. Сен жақсы қатын. Мен ойнаған. Мен саған жақсы жігіт болады, — деп тағы мөнтеңдеді қайыршы.

— Сөзін қарашы, оңбаған доңыздың. Мен сені бай қылып қайтемін, ел кезген тіленші. Жүре бер осылай, жалбыр шаш сұмырай.

— Апа, жеңге, сен жақсы. Сен ұрыспа, мен сен не айтады, барын істейді. Сен ұрыспа...

— Үрыспай қайтемін, жұрымың құрғыр! Аяп жүрсем көргенсізді. Жігітгік жасасаң өзіңе. О несі маған, құрыған сұмпайы!..

Осылайша Бейпілқасқа Кутскийдің жер-жебіріне жеткен. «Аһ сен, мегежін, итжемі қылар ма еді өзінді!» деп зығырданы қайнаса да Құланға арыз айтып жүре ме деп қорқып қалған қайыршы әйтеуір әйелді сөзбен алдаусыратып, жалбақтай берді. Бейпілқасқа бір бие сауымы бұрқылдап-бұрқылдап басылды. «Енді мені күтпек түгіл, итаяқтан сары су ішкізеді ғой», — деп ойлап еді Кутский, бірақ әйел ашуы қайтқан соң, әрі бұл көңілін табуға тырысып, елбектей берген соң тағы жылы шырай берді. Кешке қарай татуласқан рай көрсетті. Қайыршы мұнысына түсіне алмай дал болды. Сонымен Кутский жесір әйелдің ауанын аулап, күнін осылай өткізіп жатқан. Ал мерген болса, мұның сырына қана алмай әуре. Бүгін түні де ол біраз ойланып: «Ертең өзімен сөйлесейінші, не гәбі бар екен» деп қорытқан. Бірақ түске дейін оның реті келмей-ақ қойды. Күндегідей қымыз ішушілер келіп, ойдағы- қырдағыны бөсіп, сәске ауғанша отырып алды. Онан өзі бір шаруашылықпен айналысып кетті. Сонымен тал түс болды. Үй оңашаланып, Алтынкүл екеуі шайды алдарына ала бергені сол еді, өңі кобалжулы, үйге Көсеуқара кіріп келді.

— Ага, — деді ол табалдырықтан аттай бере, — мына Есентоғай жақтан бір атты көрінеді. Сырт пішіні солдат сияқты, бірак көзім анық жете қоймады.

— Солдат? Жалтыз ба? — деді Құлан таңырқап. Ол келсе милиция келер деп күткен.

— Иә, аға, жападан — жалғыз. Артында сүйретпесі болса оны өзі біледі.

— Апырмай, ә? Өзім қарайыншы, — деп мерген жейдешең далаға емпелеңдей шықты.

Ол үй айналып, қоян жон қоңыр қыраттан құлап келе жатқан жалғыз қараға көз тікті. Тіктей түскен күннен сары дала шағырмақтанып тұрса да, оның өткір көзі бұл аттының әскери адам екенін дәл таныды. Басында үшбүрышты шошаймасы бар, сұр шинельді біреу. Бірақ мылтық қаруы байқалмайды. «Бұлкім болды екен?» деп онан сайын таңырқаған Құлан үй сыртында қозғалмастан қатып тұрып қалды...

ҮШІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ ТАРАУ

Сары дала, сайын дала. Сан ықылым замандар төсінде желызғып, аңызақ ескен, боран бұрқырап, қар көшкен сахара. Жайлау көлдің жазығы. Жолаушыны діңкелетер ұзын қара жол. Біресе қияға тоғысып, біресе ойға құлдилап, ащы шектей тарқатыла береді, тарқатыла береді. Жолдың екі қанаты бозжусан, қызыл изен, көк көде өскен қар отты күзеулері, ара- тура көктемде су түсетін ойпаңдардан шоқ-шоқ тобылғылы шұбарлар, табанына тал өскен терең сай, жыралар кездесіп қалады. Сонан соң тағы бұдырсыз жазық. Күздің қара желі гуілдеп, етек-жеңді кеулеп ексімдене соғып тұр. Жел екпіні атан түйені аударып тастағандай. Саз бетгеніп түсі бұзылған бұлттар боранда ыққан қойдай түйдектеліп батысқа қарай жөңкіліп барады. Кең даланың қоңырайған шөбі желкеден басқан жел ауырлығынан бойын жазуға мұршасы жоқ, дірдек қағып қайыса түседі. Тас төбеге шыққан күн көзі жалақ ойнағандай біресе бұлтқа сүңгіп кетіп, бүкіл өңірді күңгірт тарттырып, біресе жалт етіп шығып, күліп қоя бергендей, даланы жарқыратып салады. Кім жортпаған кең дала бұл? Жүрген жерін өрттей ұйпап өлім сепкен қаһарлы Шыңғыс хан түмендері де осы даламен батысқа қарай шеру тартқан. Торғай деген аты, сол кәрлі қаһан өзінің осы шетсіз-шексіз даланың жерінде өлген сүйікті ұлының есіміне байланыстыра қойған екен деген лақап-аңыз сол заманнан қалған шығар. Нешеме жылдар бойына ұран жаңғыртып қару-жарақ салдыры, ат дүбірі күңіренткен дала бұл. Жылдар зымырай берген, қардың басын қар алған, ханның басын хан қылған. Талай ұрпақ келіп, талай ұрпақ кеткен. Енді олардан із-түз жоқ. Жақсыны да, жайсаңды да, жаманды да, жауызды да толғаусыз қойнына жұтып ала беретін саз дала мың сан жыл бұрынғыдай мелшиіп жата береді. Сөйтсе де Құлан осы өзгеге ұсқынсыз түс бермей безеріп жатқан сұр даланы дос тұтатын. Оның бүкіл өмірі осы дала төскейінде өтті ғой. Даланың одан жасырын сыры жоқ, ержетіп есейген сайын ол бұған не қилы жұмбақ сырын там-тұмдап біртін- біртін ашып бере берген. Ол сырға қануға бұл да жалықпаған. Аң қоймайтын аңшылық, құралайды көзге атқан мергендік, айсыз қараңғыда жол табар ізшілдік өнері болса, оның бәрі осы даланың дархан көңілмен тартқан тартуы. Өмірінде бір күн ауырып көрмеген темірдей денсаулық, жанарының қыран көзіндей өткірлігі, бойына біткен күш-қайрат, түгі бар дейтін жүрегі — осы даланың бойына құйған құдірет- қасиеті. Ұлына тар өткел, тайғақ кешуде асып-саспас сабыр берген де осы дала. Күнге қағып жел тотықтырған жүзінен қуанышы да, қайғысы да білінбейтін бір қалып, сол ұстамдылығы арқасында. Міне қазір де ол боз атын лыпылдата аяңдатып келеді. Ал жүрегі қуанышқа толы. Көңілі бұрынғы қауіп-қатер күткен тыныштық сезімнен арылған. Мұның ауылына ол қуанышты әкелген мына қасындағы Апанас. Ұзын бел тор атын cap желдіріп, ат үстінде тіп-тік қақшия отырған ақсұр жүзді, танауы шедірейген, үлкен көк көзді жігіт. Құлан дулыға сияқты төбесінде шошаймасы бар салпаң құлақ әскери бас киімі бар, қынай бел кавалеристік сұр шинель киген сұңғақ денелі жолдасына сүйсіне көз тастады. Кеше түсте далаға жейдешең, мәсішең жүгіре шыққанда, сонан ауылына бет алған бөтен пішінді әскери киімді аттыны көргенде ол Апанас келер деп мүлдем ойламаған. Тіпті мұның бұрынғыша дуанда ма, әлде кетіп қалды ма, ол арасына да дүдәмал болатын. Түнеугүні Рүстембай Апанаспен хабарласамын десе де орынша ма, жоқ па, оларасын өзі де айта алмағасын, онша сенім арта қоймаған. Атты өзіне қарай жақындай бергенде бұл түсін шырамытты. Бірақ «апырмау, қайда көрген орысым» деп біраз ойланып тұрды. Тек тақап келгенде ашық түсті көк көзі мен шедірейген танауынан Апанас, баяғы қанды жорықтарда бірге болатын Апанас екенін анық таныды.

— Апанас! — деп тұра ұмтылған.

— О, Құлан! — деп ол да езуі жайылып қызара күлімсіреді де аттан секіріп түсті. Екеуі төске төс соғыстырып ңұшақтасып көріскен. Ол сәтте Құлан өзінің қашқын екенін, мұның милиция начальнигі, өкімет адамы, өзін іздеуші, тіпті тұтқындаушы адам болуы да мүмкін екенін естен шығарған. Тек жанды бір шүберекке түйіп, өлім мен өмір белдескен айқастарға үзеңгі қағыса, бірге кірген қанды көйлек жолдасымен кездесу қуанышы жанын толқытып жіберген еді.

— Ой, Апанас-ай, ә! Сені де көретін күн бар екен- ау. Апырмай, ә, сен келеді деген тіпті мүлде ойымда болған жоқ. Ой құда-ай, қарашы, тіпті күтпеген жерден... — деп орасан қуанып, сақал-мұртын қайта- қайта сипалап күле берген.

Сонымен Құлан ескі досын хан көтеріп қарсы алған. Осы абыр-дабырға ауылдың басты-басты адамдары да жиналып қалған, имене тұрып, нәшәндікпен сәлемдескен. Көбінің жүзінде «бұл қалай келген милиция» деген таңдану нышаны бар. Үрейленгендері де бар сияқты. Бірақ Құлан соншама шат көңіл білдіргеннен кейін бәрінің де ырыс-тырысы жазылған тәрізді. Қазір үйде естиярлардан Орман шал, Ерман, Көсеуқара отыр да, Жарман мен Серкеш бір тұсақты домалантып іреп жатыр. Мергеннің әдеттегі қатпа жүзі қазір ал қызыл боп шырайланған. Әңгімеге де бейілді:

— Өй, Апанас-ай, екеуіміздің көріспегенімізге талай жыл болды-ау, — деді ол оң жағында төрде отырған мейманына үстемелеп қымыз ұсынып, — сонау он тоғызыншы жылы ақтарды Есілге қарай жөңкілткенде сен жаралы болдың да, мен жауды бел асырып, ауылға қайтгым ғой. Өткен күнде белгі жоқ деген осы-ay, ә? Ай мен күн оқша зымырайды-ау.

— Жеңгейдің қымызы балдай екен, — деп жүзі нұрланып Афанасий ыдыс-аяқ алып жүрген Алтынкүлге жымия қарады.

— Іш, іш, қайным, — деді Алтынкүлде күлімсіреп, — жеңгеңнің қадірін сен білмесең, мына төбеңді көрмегір жүгермектер қотарып алып, мыңқ етпей жүре береді.

— Қатырдың-ау, жеңеше-ай, — деді Көсеуқара.

— Енді қайтейін, — деп Алтынкүл күліп шығып кетті.

— Рас айтасың, Құлан, — деді Егоров мергенге қарап, — уақытолсондай, жеткізбейді. Біз қартаямыз.

— Мен ойлаймын, Апанас, адам деген жас кезінде бауырмал, әсіресе дос дегенге етінен ет кесіп берердей жан қиысар бола ма деймін. Сол баяғы соғыс кезінде бір-бірімізден айырылыспастай едік қой. Сонан әркім өз жөнімен кетті. Үйлі-баранды болдық, біреу қызмет бабы, біреу шаруа қамымен кетті. Араға жылдар түсті, суынысқандай болдық. Осы күні мен сол бір таба нан болса жарып жеп, қиындық кешкен күндерді кейде аңсап сағынамын. Анада Рүстембайды көріп біртүрлі босаңсып, көзімнен жас ыршып кете жаздағаны. Қайран жастық-ай десейші. Енді міне сенімен дидарластым.

— Дұрыс айтасың, Құлан, — деді Егоров та толқығандай болып басын төмен салып, — мен де достарды көп ойлаймын. Бізде орыста мақал бар: «старый друг, лучше новых двух», былай айтқанда «ескі, кәрі дос — жаңа екі достан жақсы» деген. Мен де Рүстембайды көргем. Ол маған бір ай бұрын келді ғой. Сенің жағдайыңды айтқан. Бірақ сені іздеуге уақыт болмаған. Бандыны құрту керек, өзің білесің. Ал сен маған келмеген. Сен бандыға барған, ол тіпті жаман.

— Қайтесің, енді, Апанас, солай болып қалды, — деді Құлан қысылып қалғандай.

— Ал Рүстембай молодец, ол бандының жатағын тапқан. Анда бір шал бар, Барақ, сол оған айтқан ана жақта деп.

Құланның есіне «бандыға барып не барқадар табасың?» деген сөзі can ете түсті де, көз алдына таңғы самалмен сақалы желкілдеген қара шал елес беріп өтті.

— Ну бәрі жақсы, — деп сөзін жалғай берді Егоров, — бандыны құрттық. Только, Көктөбет и оның помощнигі қашып кепі. Бәрібір біз оларды ұстаймыз. Енді ешкім халықтың мазасын алмайды. Енді, Құлан, біз тыныш жаңа өмір жасаймыз.

— Байлар ше? — деді Құлан.

— Байлар, кулактар, олар пока уақытша күшті. Олардың заманы өткен. Бізге мешайт етеді, как тап ретінде оларға соққы береміз.

— Көктөбет ит қашып кетті десейші сонымен.

— Иә, қашты. Сен оған көмек бердің, да? Тұман болады сен айттың ба күт деп.

— Мен едім.

— Ай, Кулан, Кулан, жақсы емес. Сен қолға түседі, бәрібір мен сені босататын еді. Мен айқайлады ғой «Кулан, Кулан!» деп.

— Ойпырмай, сондағы шақырған сен бе едің! Бәсе, құлағыма бір таныс дауыс сияқты естіліп еді. Мен қайдан білейін оны.

— Сен білмеген нәрсе көп, Кулан. И бекер қашқансың, и бандыға бекер барғансың, и маған или Тургайдағы бастықтарға бекер келмегенсің.

Мен білмейді сен неден қорқады. Кулан, сен батыр сарбазсың той.

— Қараңғылық, тоғышар надандық қой, Апанас. Оқымаған көрсоқыр болғасын, «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деп лаға берген ғой біздікі, — деп Құлан жер шұқылап қалды.

— Ну ладно, — деді Егоров жымиып, — сен саспа. Бізде айтады; бәрі жақсы, не жақсы бітеді деп. Сен қылмыс жасамаған, сен еңбек көп істеген адам, сен ақталады. Рас, саған арыз көп, бәрі жамандаған. Бірақ біз тексереді, кім берген ол арызды. Только менімен бірге Тургай барсаң жақсы болар еді.

— Меніжауыпқоймайсыңдарма? Менмилицияға оқ атып атын өлтірдім ғой.

— Ат өлтірдің? Ну ат, көп болса төлейсің, — деп күлді Егоров.

— Ay, оныңа мен құлмын ғой.

— Ну вот жақсы. Ал сені ешкім қамамайды.

— Е, осы ғой менің тілегенім. Әйтпесе әлгі Томар иттен әбден көресіні көріп едік.

— Томар, кім ол?

— Осында милиция. Осы ауылға келіп әлек салып, бір адамды сабағасын мына жігіттер сыбағасын беріп еді.

— A-а, милиционер Жаншиев. Білем, білем. Ол бізге протокол жіберген, сені бандит деп.

— О, жұрымың құрғыр-ай, ә! — Құлан басқа сөз таппай дағдарып қалды.

— Ладно, сен оған саспа, Кулан. Бізде революция болғанда өзіне пайда тапқысы келген адам бар. Біз оларды тексеріп, ия, қалай айтады?

— Әшкерелейміз десейші.

— Иә, әшкерелейміз. Олар көп, ия, еркелей алмайды. Олар біздің ісімізге жабысқан адамдар.

— Жолбикелер десейші.

— Ия, ия, жолбикелер. Біз оларды әшкерелейміз.

— Ашылады, сен саспа. Білесің, мен осында барады деп айтқанда, сол Томар мені қорқытқан. Ол айтқан: Кулан бандит, ол сені өлтіреді деп. Мен айтты: сен қандай Куланды айтасың? Анау менімен, Аманкелдімен бірге соғысқан Кулан туралы айтасың деген. Ол айтты: ия, сол Кулан, бірақ ол қазір бандит. Жоқ, дедім мен, ол Кулан бандит болмайды. Ол болса, онда менімен бірге белогвардеецтерге қарсы соғысқан Кулан емес. Ол дейді жоқ, сол Кулан, бірақ қазір бұзылған, разбойник, қарақшы болған, ол сені атады. Мен айтты: егер Кулан сондай болса, пускай мейлі мені атсын, бәрібір мен оған барады, бірақ мен саған сенбейді, Кулан ешқашан Совет өкіметіне қарсы шықпайды дедім. Көрдің бе қандай ол провокатор.

— Осында келгенде сол сұмның түсінен шошып, әй жанда жоқ әзәзіл екен-ау. Арандатуын қарашы.

— Ия, ия, арандатқысы келген ол мені. Мен оған сенбеген. Мен саған сенген, Кулан.

— Қарағым Апанас-ай, — деп сөзге араласты Орман шал, — жүзің жылы бала екенсің. Баяғы қанды көйлек жолдастығыңды ұмытпа және үлкен басыңды кішірейтіп Құланжанды іздеп келгеніңе мың да бір ризамыз. Ақыреттік достық деген осы да. Әйтпесе Құланның қай тұстасы сондай шарапатты істі істеп отыр.

— Ой, ақсақал, мені мақтауға болмайды. Бұл менің міндетім.

— Міндет-борышың болсын-болмасын, бәрібір сенікі ерлік. Бүгінгідей заманда қуғын көріп, бетіне күйе жаққан адамға араша түсуің ерлік. Өй, Апанас шырағым-ай, біз оңбайтын жұртпыз ғой. Ішімізден бір адам жақсы атанып шықса, бәріміз көре алмаймыз, түгелдей сайғақ алып, соңына түсеміз. Қашан соның көзін құртып, не мертіктіріп, әйтеуір көрге тыққанша дамыл таппаймыз.

— Жоқ, ақсақал, сіздің халық жақсы, ақкөңіл, өте қонақжай, жақсы халық.

— Өй, бүйткен жақсылығы құрсын да оның. Алақандай бір ауылда отырған бес-он үй болса, аңдитыны өсек, бірін-бірі тобықтан қағу, бірін-бірі бопсалау, бірін-бірі құрту.

— Ол — феодализм қалдығы, ақсақал, ол — социализм, коммунизм заманында болмайды.

— Әй қайдам, шырағым. Сүйекке сіңген әдет сүйекпен кетеді де. Бірақ біз қараңғы наданбыз. Алдағы күнді сендер білесіңдер де.

— Сонымен, Апанас, сен маған дуанға жүр дейсің, ә? — деп әңгімені басқа өріске аударды Құлан.

— Ия, сен баруың керек, Кулан. Өзің барған жақсы. Барлық арыз, өсек, бәріне жауап бересің. Сен неден қорқады. Түрме жатпайсың, мен оған гарантия, сенім береді.

ЕКІНШІ ТАРАУ

Сыртта жел гуілдеп, боран ұлып тұр. Бірақ бес қанат үлкен қоңыр үйдің іші жылы да жарық. Шаңырақтан салбыраған жіңішке ақ шынжырға ілінген отыздық шам айналасына мол жарық төгеді. Қақ ортада маңайына қызуын шашып, тықсырып жаққан қызыл тобылғы, сары қи түтінсіз маздайды. Дөңгелек темір ошаққа асылған қазан бұлкілдеп қайнап жатыр. Жас қой етінің иісі танауды қытықтайды. Сөйтсе де осы үйдің төрінде төрт қабат бөстек көрпе үстінде отырған мейманның да, оң жақтағы ағаш керуетке аяқ асып, бұлғын ішігін желбегей жамылған үй иесінің де өңдері сынық. Мұның бірі адырайған шегір көзді, қоңқақ мұрын, басы асқабақ құсаған жез мұрт кісі. Баяғы Болжық. Екінші жалпы бітімі дүрегей төбет тәрізді, шықшыты талыстай қазанбас, бет-аузы жып-жылтыр жалпақ тұмсық семіз кісі Шарбақбай. Ұрты салбырап, тауықтың көз терісіндей қызғылтгау көз қабығы шала жұмулы мүлгіп отыр. Есік жақта жаңа ішіліп болтан шайдың кесе-аяқтарын жуып, дастарқанын жинап қарагер тоқал күйбеңдеп жүр. Болжық та үнсіз, қатпар-қатпар маңдайында қиналған ойдың белгісі бар, дүрдиген жалаң ернін жалап қойып, көзі бадырайып, лапылдаған отқа қадалып қалыпты. Даладағы боран гу-гу етеді. Ішін тарта ышқынған жел үні гөй-гөйлеген қобыз сарынындай. Бірақ мұнда оның үрейлі үні болмаса ызғары кіре алар емес. Айнала киіз тұтылтан кілем текемет ұсталтан және сырттан іргесі көмілген де болуы керек, дөдегелі туырлықтағы жаңа киіз үй қыстауыңнан бетер. Қызуы күшті қи шоғының шарпуы төңірегіндегілерді жасқап кейін шегіндіре түседі.

Шарбақбай басын көтеріп алды. Қарагер тоқал дастарқан жинап болтан екен.

— Күнімжан, сен мына отаудатылардың хал- жатдайын біліп келсең қайтеді, — деді ол жұмсақ үнмен көзі кілмиіп тоқалына қарап. Әйелі бораннан тіксінгендей сырттаты уілге аз құлақ түріп, сосын бұтан қарады.

— Ол жақтан біреу-міреу келіп жүрмесін дегенім той, — деді таты Шарбақбай, — мына Болжық екеуміздің бір тытыз әңгімеміз бар еді. Тоқалы «матан сенбейсің бе?» дегендей бұтан дөңгелек қара көзі ұшқындана бір жалт етті. Соны сезген Шарбақбай алдарқатқандай сөйледі:

— Ол бір атыс-шабыс, банды-санды туралы кеп. Ондай әңгімені естісем түнімен жаман түс көріп ұйықтай алмаймын деуші едің той.

— Нан илейін деп едім, — деді әйелі қипақтап.

— Кейін илерсің, құдайдың түні жетеді той. Кеш жаңа болды. Ал бірақ шошынбаймын десең отыра бер, сенен жасыратын сыр емес.

— Қойшы, несіне отырам екеуіңнің қасыңда сопайып. Жай бораннан қорыққаным той. Өзім де бартым келіп отыр еді, қатындардан біраз өсек еститін.

— Онда мына Болжық кіргізіп жіберсін.

— Әй, жеңеше-ай, нөкер ертіп, салтанатқа үйреніп қалғансың-ау, жүр кәне, — деп жез мұрты жыбыр-жыбыр етіп Болжық орнынан тұрды. Жел тым күшті екен, киіз есікті босағаға сарт-сарт ұрып, үй сүйегін солқылдатып жіберді. Аздан соң қайтып келген Болжық сырлы есіктің қос қақпағын мықтап қапсырды.

— Бұ жалғанда қатынға сенбе, — деді Шарбақбай тұнжырап, төмен қарап, отырып, — сатып жібереді. Бұларға бетің қызыл болса, әйтпесе атақ-даңқың, қалта-қалта ақшаң болса ғана жағасың. Қызылды- жасылды қылып киіндіріп, алтын-күміс сақина- моншақпен безендіріп қойшы, сонда бұлар сендік. Небір айтулы сұлуларды көрдік қой.

— Ой, Шәке-ай, баяғыда дүниені сөкітгіңіз-ау, — деп ыржиып күлді Болжық.

— Сөкітпегенде, бұл дүниеге бір-ақ рет келесің ғой. Сондықтан өмірімде мен қатынға сыр айтқан емеспін. Тіпті әлгі тоқалға да. Ертең басымнан бағым тайса нақ сүйерім болса да ол менен айнып шыға келерін әбден білемін.

— Қатын түгіл, бүгін тірі пендеге сенуден қалдық қой. Әйтеуір сіз болмасаңыз.

— Маған да ден қоя берме, — деді Шарбақбай көз терісі салбырап, — өйткені маған сенетін жерің бар да, сенбейтін жерің бар. Бірақ қазір екеуміз бір қыл арқанмен матаулымыз. Сондықтан еріксіз иланасың менің сөзіме де ісіме. Құдай артының қайырын берсін, азды-көпті дәмдес болдық, ендігі күніміз қалай болады, соны кеңесейік. Оған себеп — заманның ыңғайы біздей дәулетті болған адамдар үшін теріс келетін түрі бар. Іштегі үлкен шаһарлардағы бұрын үзеңгілес, тұстас жүрген кейбір зиялы дос- жарандармен хабарласқанда сондай сыбыс айтады. Мал-мүлікті тартып алып, өзімізді айдап жібере ме деп қорқамын. Бүгіндер менде ұйқы-күлкі жоқ.

Болжықтың көзі адырая түсті. Ол үй иесіне күдіктене де шошына қарап қойды. Ертеден өзіне сыры мәлім Шарбақбайдың бұл қай қыртысы екенін аңғара алмай дал. Өйткені мынау жылтыр бет кәрі шөңгенің әлдебір арты салмақты іске адам жұмсарында ықтырып, аспанды алақандай, жерді тебінгідей етіп қара борандата келетінін ол білетін. Бірақ бүгінгі Шарбақбайдың көңіл күйі, бүкіл кеш бойына байқап отыр, бұрынғы Шарбақбайдыкіндей емес. Еңсесі тым түсіңкі. Бұл жай Болжықты да абдыратып тастады.

— Шәке, өмірі сіздің мұншама езілгеніңізді көрмеп едім, — дей берді ол, басқа сөз аузына түспей, берекесі қашып.

— Езілгеннің әкесі алда ма деп тұрмын. Әлгі Көктөбет ит жатағын көрсетіп алып, ойраны шығыпты ғой, оны өзің де білесің.

— Иә, әлгі Рүстембай деген жауыз тауыпты ғой. Егінін егіп жүре бермей сол неменеге белсенділік не керек десейші, құтырып. Сіздің Барақ деген күзетші шалыңыз нұсқаған дей ме, немене. Сол өлмелі итті Көктөбетке айтып бір шұңқырға тыққыза салмай!

— Жә, Болжық, өткен іске өкінгенмен пайда жоқ. Бас амандаудың шарасын, қарастырайық. Сол Көктөбеттің торға түспей кеткені бізге жақсы болды. Бірақ қасындағы бөрібасарлары бірдемені мыжып жүре ме деп зәрем жоқ.

— Олар не біле қояр дейсің, Шәке.

— Бәрін білмесе де, біздің атымызды атағанының өзі оқтан кем тиер дейсің бе? Сенен алған мөрі бар ақ анықтама қойындарынан шықса...

— Ойбай-ау, ол Көктөбеттің өзінде ғана емес пе еді?! — деп ыршып түсті Болжық Шарбақбайға үрейлене қарап.

— Кім біледі, жақын тартқан біреуіне беріп жүрмесе...

— Астапыралла, онда құрыдық қой, Шәке-ау.

— Оның да бір жөні болар еді, көп болса қорқытып тартып әкеткен, кеңсе талаған дер едік, бірақ бәрінен тірі куәнің тілін байлау қиын-ау.

— Кім ол? Әлгі Көктөбеттің қарақшылары ма?

— Жоға, тәйірі, олар не оттаса да мойымаймыз ғой. Мен Құлан деген ылаңды айтамын.

— Құлан?! Ол із-түзсіз кеткен жоқ па?

— Әй, Болжық-ай, сен әкімдіктің тізгінін ұстап жүрсең де үйде жатқан менен де керең екенсің ғой. Анада сенің кеңсеңнен аттанған нәшәндік Егоров қайда кеттім деп еді?

— Шәке-ау, ол өзі нәшәндік болса, өзі орыс болса, бізге жолын айтушы ма еді. Ауданға бет алғандай еді.

— Ендеше сол нәшәндігің ауданға да, дуанға да емес, дәл Құланның ауылына жөнеліпті. Бүгін-ертең сол Құлан дүлейді ертіп осы жаққа келіп те қалмасын. Ал енді ол Егоров пен Құлан баяғы ақ пен қызылдың соғысы кезінен тамыр. Ендеше ақтап алуға жанын салады дей бер. Бізге найзадай тиетін нәрсе — сол Құлан Көктөбеттен естіген-білгенін бөсіп жүрмесе. Әуелде Көктөбетке қарай сілтеп жіберген мен едім, енді бүгін опық жеп отырмын. Ажалы жоқ ит екен, бұл қақпаннан да аман қашып құтылыпты. Менің сенімен ақылдасайын дегенім, осы қанжауғырдың көзін қалай құртамыз деген мәселе еді.

— Баяғыдай домалақ арызды жаудырып жіберсек... — деді екі ұштылау Болжық. Сыртқа айдынды болып келгенмен Шарбақбайға жалтақтап, соның шыжымымен ұшып үйреніп қалған байғұс осынау сыры тұңғиық адам қауып тастай ма деп жүрексіне сөйледі.

— Оныңдадұрыс.

— Бандыға қосылды, ел шапты, демейміз бе? — деп енді еркіндеу кетті Болжық.

— Бірақ ол аз. Оның үстіне мынадай бір нәрсе қосу керек арызға: қазір сол Құланның қолында бір қайыршы жүр, білдің бе? Сол, мен білсем, түбі шикі

адам. Ақтың әпесері ме деп те ойлаймын. Әттең, Көктөбетпен кейінгі кезде хабарласудың реті келмеді. Сол бұл қайыршының қоясын ақтарған болуы керек. Сөйтсе де осы бір сүмірейген итті бір жерде көрген сияқтымын. Баяғы ақтар Есілге қарай босқанда талай- талай әпесерлерін көріп едім. Солардың бірі ме деп те ойлаймын. Кім де болса ақтың жазагері, соған Құлан қамқорлық жасап жүр деп басып қалу керек.

— Әп-бәрекелде, Құланның өлер жері осы шығар, — деп алақанын уқалады Болжық.

— Ол бір пара әңгіме, — деп отқа шағылысқан томпақ қой көзінде бір зәрлі ұшқын жалт еткен Шарбақбай тағы түйлігіп ойланып қалды.

— Бұл дүниеде біреуді аясаң арам өлесің, — деді ол біраздан соң, Болжықты әлде де қайрағандай.

ҮШІНШІ ТАРАУ

Ызғырық жел үдей түсті. Әлгіндегі бір жол- жөнекей әңгіменің аяғы да үзіліп қалған. Егоров сүлмеңдеген ұзын шинелінің өңірін қаусырып, белбеуін тас қып буып алды да шошақ бөркінің құлағын түсірді. Сәл де болса бойы жылынайын деді. Жаңбыр ма, қар ма, әйтеуір жылбыраған қиыршық ұрып тұр; далдасыз қу далада желдің де қай ыңғайдан соққанын аңғару қиын, оңға бұрыл, солға бұрыл мейлі құбылаға, теріске бұрыл — бәрібір, тынысыңды тарылтып, көз ашырмай құлақ-шекеден былш-былш шанаттап жатқаны. Жағадан кірген сұп-суық тамшы жыландай ирелеңдеп жон-арқадан бір-ақ шығарды. Афанасийдің шыдамы таусылайын деді, қас-кірпігіне жабысқан жылбысқы қиыршықты алақанымен сыпырып тастап ілгеріге көз тастап еді, Құлан ат бойы озық келеді екен, шекпенінің күләпарасын көтеріп алыпты, анда-санда тізгін шаужайлағаны болмаса баяғы қаз-қалпында, қыңқ етпестен ат үстінде тіп- тік қаздиып отыр. Асықсақ қайтеді дегісі келді, бірақ Құлан онсыз да түсінетін шығар деп үндеген жоқ. Артына бұрылды: көшке ерген күшіктей, бұрлыққан тайдың қос өкпесін тепкілеп әбігерге түскен Абдолды көрді; жақ жүні үрпиіп, жауырыны аспанға шығып кетіпті, қада басына шаншып кеткен жапалақтың өлексесіне ұқсайды. Дәу де болса, Құлан осыған қарайлап келе жатыр-аудеп ойлады ішінен. «Талақтай жабысып бұл да қалмады-ау, иттің баласы. Жайма- шуақта жол таппайтын бейшара неме боқыраудың бұрқасынында басқа түскен масыл да. Амал жоқ енді, топыраш тайдың митыңымен итшілеп жүріп жететін болдық. Тек боран болмасын да, аяғымның сырқырауы жаман еді...» Ол жіліншігінің оқ тескен атам заманғы ескі жарасын сипап қойды да сағал-сағал бет-аузын алақанымен тағы да бір сүртіп, жағасын көтере түсті. «Тәйірі, Сібірдің қақаған сары аязы мен ақ бұрқасының қасында қарашаның ақ жаңбыры да сөз боп па» — деп тісі тісіне тимей қалшылдап әкетіп бара жатса да өзін жұбатқан болды. Сосын су сіңген шинелінің зілдей етегін тақымына қысып, мынау жол азабы мен ой азабын ұмыту үшін балалық шағының өтті-кетгі бір елестеріне шомды. Сол бір пәтуасыз да бейғам күндердің тәтті қиялы бойын жылытып, су шинелге бұйыға түскен жігітті әлдилеп тербетіп келе жатқандай; әрі-беріден соң ол таусылып бермейтін осынау меңіреу даланы да, толассыз сарнаған желмен қарақұрықтанып, барған сайын өрши түскен даланың тажал боранын да мүлдем ұмытып, алыста, Сібірдің ну орманының бір түкпірінде қалған шағын өзеннің жағасындағы кішкентай деревняның әр қақпасын адақтап кетті. Аптабы қайтқан күздің боз аспанын, таңменталаса тұратын қызықты күндерді есіне алды; деревняның кіл қара борбай көп шуылдағы құлқын сәріде малмен бірге өріп, қарға адым жердегі орманға жүгірісетін еді, ағаш семсермен ат бойламайтын биік шалғынның шығын қағып, бұтақарағанның түбінен дірдектеп жүріп қарақат, мойыл теретін, басқан ізіңде қан- жоса боп қалатын жеміс-жидектің қышқылтым дәмі әлі күнге таңдай қуыратын тәрізді; Егоров сілекейін тамсана жұтынып қойды. Он алтыншы жылы солдатқа ілігіп, туған жерден қиянға шығып кеткеніне де тоғыз жыл болыпты, содан бері күркіременің жағасындағы шағын деревня қайда жүрсе де көкейінен кеткен емес, ауық-ауық көкірегін мұңға толтырып, көлбеңдеп көз алдына келеді де тұрады. Кейде тіпті түсінде де замандастарымен бірге ау толы ақ балықты күркіремеден сүйреп шығарып жататын. Бәрінен де күркіременің суы-ай десеңші!.. Қалың жынысгы жықпыл-жықпылынан жылап ағып жататын сансыз бастаулар мен тұмасы қаншама. Ұрттасаң миыңнан өтеді-ау, шіркін!.. Мынау қиырсыз даланың иірімі мен көлшігі оның қасында су ма, күні-түнгі аңызақтан ернің кезеріп кеп бас қойғанда таңдайға татымайды-ау, құр қарын ңампайтқаны болмаса ғұмыры шөліңді қандырған емес. Бәрінен де квасы мен қара моншасын айтсай!.. Әкесі Матвей қызыл қарағайдың шоғына қорым тасты өртеп тастап сәкіде дыриып жататын еді. Ыстық будың жалынына шыдамай қайта-қайта тысқа атып шыққан Афанасийді қуалап тығатын да шыбыртқымен арқасын шапаттатып қоятын. Бұл тұншығып өліп кете жаздайды, ал әкесі болса екі жауырынын кезек-кезек төсеп, ырсылдап-күрсілдеп, тағы да рақаттана түседі. Кейде ол дәп осы тамұққа деревнядағы ең жексұрын адам, өрі шіріген бай Корытовты әкеп қамар ма еді деп те ойлайтын. Оның Корытовты ит етінен жек көретін себебі, құдайдан безгендер мен патша ағзамның кәріне іліккен өңкей бір саяси тұтқындармен әмпейсің деп әкесіне күн көрсетпей ылғи доңайбат жасап, кездескен сайын балағаттап кететін. Моншадан шығысымен әкесі бір жартылық арақты қағып салады да қып-қызыл нарттай боп стол басына кеп отырады. «Атауыңды ішкір, пұсырман, тым құрыса құдайдан қорықсайшы!» — деп шешесі күңкілдеген болады. Ар жағында зілі жоқ, көмпіс боп алған байғұс артынша-ақ сабасына түсіп ұлы мен байының алдына ыстық картоп, тұздалған қияр сияқты ашымал тағамдарын үйіп-төгіп жатқаны. Шешесі зады киржактар семьясынан-тұғын, дін ишаратына тым қатал болды, бірақ қаншама дігірлеп отырса да Афанасийдің миына еш нәрсе қондыра алмады. Мүмкін бұған әкесі де себепкер болған шығар, үнемі: «бізде құдайдың алты аласы, бес бересі жоқ, оның құлағын шулатып қайтесің, тапқан тамағыңды біл де тымпиып жүре бер» — дейтін қалжыңдап. «Афонюшкадан діндәр адам шықпады, қаршадайынан қолына мылтық ұстап, әкесінен қалмай тайга кезді, аю соқты, құралайды көзінен атқан мерген атанды. Бір сәтке тым-тырыс тайганы есіне алды, құлаққа ұрған танадай меңіреу тыныштықта мелшиіп қар басқан сабалақ самырсындар мүлгіп тұратын еді. Сол мүлгіген мәуе ағаштардың ұшар басынан тағы да бозғылт-шағырмақ аспанды көретін. Афанасийдің жүрегі лүп-лүп соғып, көкірегін әлдебір мұң сазы шымшылап өткендей болды. Қалғып-шұлғып, ұйқылы-ояу қалпында әжептәуір жер табанын тауысқан соң барып көзін ашты; манағы қиыршық жапалақтаған қарға айналыпты, дүние түнеріп, ақ бұрқақ дауыл ішін тарта сарнап тұр екен, тек әлі күнге ат үстінде қозғалмастан қаздиып отырған Құланды көрді де көңілі орнына түсіп, тағы да қалғып кетіп еді, кенет аты кілт тоқтай қалды. Лықсып барып басын көтеріп алды. Ұйқы да табан астында шайдай ашылды. Құлан тізгінін тартып, аттан түсіп жатыр екен.

— Апанас, масқара қылғанда біз адастық білем, — деді ол айқайлап.

— А-а-а-ада-дастық, — деді Егоров қайталап ерні әрең илігіп.

Құлан бұған жақындап келді де қолын шинельдің етегінің астына сұғып тізесін ұстады.

— Ту, тізең тізе болудан қалыпты ғой. Сендерді өлтіріп алсам сонда болар шын масқара. Екеуіңнің де киімің жұқа, биттің қабығындай. Қара басып, бір ойларға түсіп кетіп, жол бағдарын аңғармаппын. Жарайды, енді титтей шыдаңдар, өлмесем жолды табармын. Шыдайсыңдар ғой, Апанас.

— Шы-шы-да-дай-мыз, — деді Егоров зорлана езу тартып.

— Бопты ендеше, мен саспай саспа.

Соны айтты да Құлан еңкейіп жердің шөбін жұлып алып көрді, жиекте жатқан топырақты етігінің өкшесімен теуіп байқады да атына барды. Атының алдыңғы аяғын көтеріп, кетпендей болып жабысқан балшықты түсірді де кездігімен қақ бөліп оған біраз үңіліп тұрды. Атының сауырының жүніне саусағын жүгіртіп байқады.

— Бәсе, Қызылбайдан өтіп кеткен екеміз, — деп өзіне-өзі күбірледі ол, — шамам дұрыс екен. Жел ыңғай оң жағымыздан — теріскейден ұрып отырды ғой. Жел оң шекеден қадалғанда ат ауса солға қарай ауады. Ендеше бұл Құйғанның тұсы болды. Бәтір-ау, өзі осы сол жағымыздан еріп отырмайтын ба еді. Ду- рыс.

— Апанас, а Апанас! — депайқайладытағыҚұлан.

— Не-е, Ку-у-лан?

— Сендер осы жерде сәлтұра тұрыңдар. Мен әрі- бері шауып жер ыңғайын байқастайын. Ұқтың ба?

— Жа-ра-рай-ды.

— Ал енді бір-бірімізді іздеп әуре болмас үшін, кезек-кезек айқайлап тұрыңдар. Сонда мен дәл үстеріңнен шығамын.

— Хо-ро-шо.

— Қарашо болса болды. Тоңсаңдар аттан түсіп билеп, секіріп дегендей жылынып алыңдар.

— Соны айтты да Құлан атына ырғып мініп тартып кетті. Егоров қозғалған жоқ, алжаңа ат жалын өбіп жатқан қайыршы, сырғып құнанынан түсіп, тәлтіректеп секіре бастады.

Ол әбден жаураған еді, осы жел тұрып, боран басталғалы өзінің талапсыздығын ойлап жыларманға келіп, осы сапарды, Құланды, мынау еріксіз сүйреп келе жатқан Егоровты, бүкіл жарық дүниені боқтаумен болған. Қайсыбір сәтте мына екеуін тапаншамен екі басып, жайратып тартып отырғысы да келген, бірақ ол бір соқыр ыза еді. Олай ете алмайтынын, олай етсе, мына бұлдырсыз бораны ұйтқып, желі ішін тарта уілдеп зәрені алған далада майып болатынын ол жақсы білген. «Келмейді, — деп ойлады ол секіріп, кішкене бойы жылынғаннан кейін тонының жағасынан мойнын тасбақаша созып, Құлан кеткен жаққа құлақ тігіп, — әдейі алдап тастап кетті бұл ит киргиз бізді. Әлде мынау большевикке соны айтсам ба екен. Бірақ одан не пайда, бұл да мені тастап, өзі жан сауғалап кетуі мүмкін. Мүмкін емес, әбден солай. Өзің болсаң да сөйтер едің. Мұндайда әркімге жан тәтті. Жоқ, Ефим, шыда, егер анау киргиздің бараны келмейтін болса, мұны расходқа жіберіп аты мен киімін алу керек. Өлмеймін десең осыдан басқа амал жоқ. Ал әзірге шыда!» Ол Егоровқа жақындай түсті. Афанасий аттан секіріп түсті де тәлтіректеп барып денесін зорға ұстап қалды, тоңса керек, тірсегі қалтырап тұр.

— Ал қане, айғайлаймыз ба? — деді алақанын уқалап.

— Айғайласақ, мейлі, айғайлайық, — деп Абдол мыңқ етті. — А-ее-ец-й! — даусы тым тарғылданып шықты.

— Өй, сен ешкіше бақырмай, былай, адамға ұқсап айғайласай! — Егоров Абдолға зекіп тастады.

— Сл...— әккі жүзбасы «слушаюсь» деп қала жаздап барып сөзін жұтып қойды да бедірейіп Афанасийге қарады.

— Немене, танымай тұрмысың?

— Құдай біледі, тезегіме дейін қатып қалмаса неғылсын. Ернім ерніме жуымайды. Өзің айғайлап көрші...

Абдолдың кейпі аянышты еді, енді болмаса жылап жіберейін деп тұр.

— Өй, шірік неме, тон киіп тоңдым дейді!.. А-а-е- е-ей!.. Құлан!..

Егоровтың барқыраған жуан дауысы түн қараңғылығын біраз жерге үркітіп апарыптастағандай болды. Әрі-беріден соң бұған доңғалақтың майсыз күпшегіндей шиқылдап Кутскийдің шіңкілдек даусы естілді. Үйір іздеген қасқырдай екеуі жапан түзді жаңғыртып, тура ширек сағат ұлысты. Бұрқасын бірте- бірте саябырсып, күтпеген жерден тез жығылды. Қар қапалақтап тұр. Бүйірі қабысқан аттар да ақ жабу бүркеніпті, бүрсеңдеп тілерсегі дір-дір етеді. Жым- жырт. Өліктей меңіреу тылсым дала. Тіпті жаңғырық қайтпайды. Кутский елегізіп, құты қашайын деді. Бейшараның дауысы да не шырылдаған емес, не жылаған емес, қорқыныштан шыққан әйтеуір бір бақыру. «Ит киргиз енді келмейді. Әдейі алдап тастап кетті, — деп ойлады. — Өлген деген осы. Мынау қу далада сүйегіңді де ит-құстан басқа ешкім таппайды. Құдай-ау, мен туған күні күн тұтылып па еді? Айғайлай-айғайлай Егоровтың да даусы қарлықты. Қақырынып-түкірініп алды да Кутскийге қырылдай тіл қатты:

— Енді сенің кезегің. Тек жыламсырамай жөндеп айқайла!

Дәл осы кезде жерден шыққандай ту сырттарынан қар жамылған салт атты танау тіреп тоқтады. Құланды танып екеуінің де жүрегі орнына түсті, қуанғандарынан дабдырап ауыздарына келген бірдемені көйітіп жатыр.

— Япырау, тез оралдың ғой. Молодец! — деп Егоров секіріп-секіріп кетті, бойы да жылынған сияқты. Кутский мыңқылдады да қойды.

— Өй, сабаздарым-ай, Құдай сәтін салғанда онша қиыс кете қоймаппыз, — деді Құлан ат үстінен келген ізін нұсқап, — дәл мына жерде, өзеннің жылғасында Шарбақбайдың қыстауы тиіп тұр екен. Елге мына боранда жете алмаймыз. Сонда барып паналайық. Әйтпесе екеуіңді де өлтіріп алармын пақырлар...Ал кәне, атқа қоныңдар.

Құлан алға түсіп жорта жөнелді. Біраздан соң бұлар өзен жағасына жетті. Бұл арада өзен бар екенін әуелде Егоров пен Кутский біле қойған жоқ. Айнала қоймалжың дүние — жапалақтап жауған қар, күн кешкіріп қараңғы тартқан, табан астының бәрі аппақ.

— Апанас, байқаңдар, — деп дауыстады мерген артына бұрылып, — мына арада өзен бар, жағасы жарқабақ, менің ізімнен таймай жүріп отырыңдар.

Егоров атын тебініп оған жақындады. Құлан қайырылып оған сол жағымнан жүр деген белгі жасады.

— Құлан, осы жонда қыстау барын, ол Шарбақбайдікі екенін қайдан білген? — деп қызыға сұрады Афанасий.

— Ойбай-ау, жердің өзі айтып тұрған жоқ па, міне мынау өзеннің иіні, анау арғы бетте өскен тоғай, ал сенің ар жағыңда, қазір көрінбейді, үлкен тебе бар.

— Мұндай жер көп емес пе?

— Көп болғанмен әрқайсысының белгісі әрқалай ғой. Осы далада туып-өсіп оны танымай мені не Құдай ұрыпты!

— Дұрыс, правильно.

— Правильно болса сол. Мәселенки, саған осы даланың жер бедері ұқсас көріне береді, сен ашық күн болмаса, жауын-шашында өзің түзден жол тауып жүре алмайсың, солай емес пе?

— Солай!

— Ал сенің әліі көп айта беретін ит тұмсығы өтпейтін дүлей орман тайғаңа барсам, мен де адасар едім.

— Өй, Кулан, сен хитрый, қу, мен білем, сен онда да аман қаласың. Потому что сен аңшы. Ал аңшы қашанда тамақ и жол табады.

— Аңшының да аңшысы бар-ау, Апанас тамыр. Әлгі біздің мүсәпір келе жатырма, — деп Құлан артына қарады. Абдол қалып қоймайын деп жанталасып, жаман тайды аяусыз төпелеп келеді екен.

— Е, байғұс, келе жатыр, — деді де мерген сөзін жалғады, — бұл боранның боларын мен таңертең- ақ сезгенмін. Анау ауылда осы аспан күлбеттеніп төбемізден төніп еңсемізді басты да тұрды ғой, ошақтағы түтін де ұйытқи берді. Сонда-аң әй боран соғады-ау деп едім. «Жігіттер, кідірсек қайтеді» дейін деп бір тұрдым да, қой, ертерек қалаға жетіп алармыз, тіпті күн бұзылса алдағы ауылдардың біріне бұрыла салармыз деп жүріп кеттім. Енді көрмейсің бе мынаның өбектеп ит ырғақпен жүре алмай қойғанын. Жарайды енді, сен айта беретіндей нешауа. Е, міне қыстау.

Бұлардың алдарынан баяғы Құйғандағы қызыл тастан қаланған көң шықты.

— Шарбақбай антұрған әлі көшіп келе қоймаған шығар-ақ, — деді Құлан, — ат жоқ, ит үрмейді ғой. Қар жаумай ңыстауға кірмейтін оның ата дағдысы. Нешауа бірдеме табармыз, жылынар.

Олар аттарын баяғы шал құрған тал шарбаққа байлап, ар жағындағы ені бар қабат тал қоршау ішіндегі маядан шөп салды. Бәрін істеп жүрген Құлан, ана екеуі қолдары икемге келмей тур. Егоров көмектеспекші болып ұмтыла беріп еді, басы айналып көзі қарауытып кетті. Теңселіп барып, әрең түзелді. «Ей, ауырып қалмасам жарар еді» деп ойлады ол. Аузы кеберсіп, әлгі әзірде суықтан қалтыраған денесі ысып барады. «Жай тоңғандыкі шығар, бекер байбалам салмайын» деп ол әлсіздігін білдірмеуге тырысты. Осыдан кейін мерген оларды ертіп, бекітулі үлкен ағаш есікті ашты. Іші тас қараңғы. Құлан кісесіндегі шақпағын алып тамызықтап мақта тұтатғы, оны Афанасийге ұстатты да өзі жүгіріп шығып, бір құшақ шөп кіргізді. Лау еткен от сәулесі кең шаршы бөлме ішін жарық қылып жіберді. Бұл ауыз қора екен, төрт жерден тіреу тірелген, оң жақтағы төргі бұрышта екі есік — бірібәйбіше, бірі тоқалдың ауыз-төр үйлерінің есіктері, сол жақта шошалаға кіретін есік бар. Бәрі де тас бекітіліп, құлыпталған. Осының түрін шолып шығып мерген сырттан құшақтап қи алып кіргізді. Шамалыдан соң сары қи маздап жанып, қызуын тарата бастады. Егоров пен Кутский оттың екі жағынан тізерлеп, алақандарын жалынға рақаттана қақтады. От төбеге тиеді дейтін емес, сыланып ақталған. От тұтатып болғансын Құлан аз отырды да, есіне бірдеме түскендей ернін жымырып сыртқа шығып кетті. Төбе дүсірледі? Әлден уақытта мерген үлкен қоңыр туырлықты көтеріп үйге енді.

— Міне мынаны астарыңа төсеніңдер.

Егоров киізге жайғасты. Шинелінің түймесін ағытып, кеудесін де отқа тосты. Үстіндегі киімінен бұрқырап бу шыға бастады. Денесі біресе қызып, біресе суиды. Көзініңтүбі суырып, басы шыңылдайды. «Суықтікі» деді ол өзіне-өзі тағы да сыр білдіргісі келмей. «Еһ, бір стакан спирт болса, как рукой бы сняло». Мерген оған зер сала қарады.

— Апанас, былай етейік, — деді ол, — сен екеуің осында қала тұр. Мен мына күзектегі Шарбақбайдың ауылына барайын, ат-азық әкелейін, тоңған адам ас ішіп, эл жимаса ауырып қалады. Сенің бетің байқаймын долырып тұр. Көзіңнің алды да күлтілдеп кетіпті. Апырмай, осы сен сырқаттанып қалмасаң.

— Жоқ, Құлан, менікі тоңғаннан. Сен қорықпа, бар.

— Солай ма? Жарайды. Әй менің мына мүсәпірім бәле, көзі жылтырап тіріліп келеді, — деп Құлан жымиып сақалы сүңгідей сауыс-сауыс болып, отқа төнген Абдолға қарады. Ол мұзды көзі жылт етіп, күлімсіреген әлпет жасады.

— Ал, онда мен кідірмейін.

— Құлан!

— Не? — деді есік алдынан қайырылып мерген.

— Сен онда спирт пен арақ болса әкел. Ауырмаута керек.

— Жарайды, ол өзімнің де ойымда бар.

Құлан кетісімен Егоровтың қызуы көтеріліп, сөзден қалды; от басында киімін кептіріп жарбиып отырған Кутский әуелде елегізгенмен артынша Афанасийдің сандырақтап жатқанын сезіп ойланайын деді: «мынау итті расходқа шығарудың сәті жеткен шығар. Иығымда қару, астымда ат, мені енді қай жау алар дейсің...» Бірақ бұған жүрегі дауаламады — сары далада зорманның інінен басқа жыртық жоқ, қайда барып паналар, әгәрки Егоровты мұның өлтіргенін білсе Құлан жеті қат жер астынан да тауып алады. Ол Афанасийге бірнеше рет дыбыс бергенмен, сырқат адамнан үн болған жоқ. Сосын қасына таяп келді де от басынан киізімен сүйреңкіреп апарып, тұмшалай бастады. Дымқыл құрыммен тас қып басын орап, қыр желкесінен басып отырып алды. Кутский Афанасийді тұншықтырып өлтірді де іргеге сүйреп тастады. Осы сәт Майлықты ертіп Құлан да кірген еді, қолында жанторсық қымыз, дәм-тұзы бар. Егоров өліп қалды деп Кутский ойбайын салды. ...Құлан қарулас жолдасының қазасына қатты қапаланып, түннің бір әлетіне дейін от басында отырды да әбден шаршап барып көзі ілініп кеткен.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Құлан керемет қатты ұйықтады. Оттағы қазанның сөніп қалғанын да, қайыршының бұғып алып, өзін бағып жатқанын да, сырттағы жел гуілі басылып, таң алдында әлдеқандай ыбылжыған бір тыныштық орнағанын да сезген жоқ. Жайшылық болса, аңшының сақ құлағы ондай дыбысты қалт жібермес еді.

— Құлан аға!

Көрдей қараңғы ауыз қорада маңқылдап естілген осы дыбыс, сол көрден шыққандай қорқынышты еді, бұрышта бүріскен қайыршы селк ете түсіп онан сайын жиырылып қалды.

— Құлеке!

Маңқылдаған дауыс қатайды, осы үнде асып-сасу, үрейдің сарыны бар. Құлан ыңырсыды, бірақ қозғала қоймады.

— Құлан аға! Құлеке! Құлеке деймін!

Ойбайға бергісіз саңғырлаған үн қораны жаңғырықтырып жіберді. Құлан:

— А! А! — деп шошып оянды.

— Құлеке, тұрыңыз, Құлеке. Ойбай қашыңыз, Құлеке!

— О кім? О не болды? — деді есеңгіреген, ұйқы мен ояудың арасында отырған мерген.

— Мен ғой, Құлеке, мен Майлық, өзіңнің Майлығың.

— Майлық?!

— Иә, маңқа Майлығың, ұры Майлығың!

— Өй, саған не болды сонша?

— Маған ештеме болған жоқ, Құлеке! Сізге... Сізді!..

Анау әкеңнің аузын... ей көріңде өкіргір! Ай, қанішерді бір итше тепкілер ме еді!

— Тоқта, Майлық, сабыр, — деді басын көтеріп алған мерген есік жақта қараңдаған тұлғаға үңіліп. Оның қараңғыда мысықтың көзіндей көкшіл жалын шашып тұратын көзі дос ұрысының жүзін шырамытты. Майлықтың шұңқыр-шұңқыр беті онан сайын қарайып, қазір қазанның түп күйесіндей болып көрінеді. Танауы шуылдап, жыртық көзі жылт- жылт етеді. Құлан оның бір нәрсеге керемет абыржып сасып тұрғанын анық байқады.

— Сабыр, Майлық, — деді ол тағы қайталап, — жөндеп айтшы, неғылды ол Шарбақбай.

— Әкеңнің... солШарбақбай, қалаға ат шаптырып, милиция шақыртып... әлгі нашандыкті өлтірді деп...

— Е, шақырса ше?

— Ойбай-ау, Құлан аға-ау, өзіңіз өлім аузында тұрғанда. Бірдеме сұрап.

— Сен алжасқан шығарсың, Майлық! Мен неге өлемін?

— Өлмей? Күллі милица, белсенділер қаптап келе жатса!..

— Олар маған неғылады? Мен не жазыппын?

— Ай, Құлан ағай-ай, аңғалсыз-ау, аңғыртсыз-ау, — деп маңқылдап жылап жіберді Майлық, жылап тұрып жылдамдата сөйледі, — сөзімді бөлмеші, құрбаның болайын, Құлан аға.

— Жарайды, айт айтарыңды, — деді мерген жайбарақат. Бұрышта қатер сезгеннің аузындағы жыландай қайыршының көзін алғанын аңғарғанын жоқ.

— Айтсам әлгі Шарбақбай, қалаға ат шаптырып, Құлан нашандікті өлтірді деп...

— Мен бе?! — Құланның дауысы еркісіз шығып кетті. Мұнда қорқып-үркуден гөрі, ес кете таңдану басым еді.

— Иә, сізөлтірдідеп, содан күллі милица белсендісі жиналып осылай қарай шығыпты дейді. Таң ата келіп

те қалар. Жолыңа құлдық, ата, олар келмей қашып құтылыңыз.

— Майлық, сенің мұның сұмдық қой, рас болса.

— Сұмдық аға, сұмдық.

— Қой, Шарбақбай ондай жауыздыққа бармайды.

— Ойбай-ай, Құлан ататай. Шарбақбайды білмейді екенсіз той. Нағыз кәпірстан, әшшәдді емес пе, адам қанын ішкен. Тутан әкесі болса да аямайды ол, он бес жыл есігінде жүргенде бар сырын білдім той мен оның.

БЕСІНШІ ТАРАУ

Қашыт-пысыт, елсіз-күнсіз айдалада жортқан бөрідей, күнкешті өмір зеріктірген еді. Жаугершілік заман болса бір жөн, қар жамылып, мұз жастанып, ер-азаматтың басына күн туғанда жүре береді де; шау тартқан шағында әлдебір жосықсыз себеппен жан сауғалап шышндап кету қиын екен де. Сонау бір 17-18 жылдың дүрбелеңінде өліп кетпеген екем деп өкінді; әйтеуір ел-жүрттың шейіт болды деп, батыр бір оқтық дей салатын еді. Ендіғі берекесіз мынау өмірден не салауат деп ойлады Кұлан. Көп ойланды. А-қтап алар Ананас болса өліп цалды. Енді ара түсер кім бар. Тағы бір бейкүнә жанның қанына ортақтасқанша карамды батырайын. Осы бір пиғылын сезгендей Абдол да атын ерттеп көлденең тарта қойды. Каны басына шапты; Болжьқтың сытылып кеткеніне өкінді. Екі дүниеде бір жауап, Шарбақбайды басын домалатып аттанса о да бір медет. Көзін қан жауып кетті.

Ол Шарбақбайды кескілеп өлтірді.

Алдында тағы да мүнарт, беймаглүм бір тірлік. Ауылдан сұр сүлдері ғана аттанды. Сең соқандай am үстінде сенделіп келе жатып Абдолдың қай уақытта зытып отырғанын да сезбей -қалды. Оқ атылды да бүкіл өзекті жаңғырықтырыт жіберді. Қыр басынан көз салып еді, ербеңдеп жүгіріп бара жатқан Майлықтың жалп етіп жығылғанын көрді. Абдолды көрді. Егоровтың винтовкасын асытып жатыр екен. Әлі түтіні де сейлмепті. Бір гәптің осы қайыршы сүмнан келгенін енді сезді. Бірақ кеш қалды, жота басынан сау етіп құлап түскен отряд бұл мезгілде аттарын дырашйлата қамшылап, салып ұрып келе жатқан еді. Көздемей касқа маңдайдан Кутскийді басып салды да, ескі досы - бердеңкені лаұтырып жіберді. Жүрегі мұздады, аяқ-қолы шымырлады, сосын омырауын жапқан канды көрді, өзіне қарай мылтығын кезеніп ентелеп келе жатқан екі милиционерді көрді. «Құдайға шүкір, әйтеуір түрмесіне түспейтін болдым- ау» деп ойлады. Ол am үстінде қаздиып отырып мәңгілікке көз жұмды. Сары дала. Баяғы сол дала. Мола... Моладан көп неме жок; Әрқайсысының күмбезінде күржиіп кара құс, бүркіт қонақтапты. Пыштақ-пыштақ деп сақылдаған қыран алаңқылынан басқа бұл далада бөгде дыбыс та жоқ еді. Отряд Кұлан мен Егоровтъң сүйегін зембілге салып ауданга тартып келе жат-қан. Орталарында шала-жансар Майлық бар, мән-жайды содан ұғынысқан-ды. Жесір дала өзінің ерке ұлынан, еркін ұлынан айырылып, мылқау кейіпке соңғы сапарға шығарып caп тұр... Жер бетінен тағы бір пендесінің жоғалғанына жүрегі жеңілдей қояр ма екен бұл даланың...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙