Мазмұнға өту
Home

Жүрек сөзі

Амангелді Кеңшілікұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жүрек сөзі

Авторы: Амангелді Кеңшілікұлы

Кеңшілікұлы А. Жүрек сөзі. Эсселер, әдеби зерттеулер мен мөлтек сырлар. – Астана: Фолиант, 2013. – 336 б. Белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлының бұл кітабына соң­ғы жылда­ ры баспасөз бетінде жарық көрген эсселері, әдеби зерт­теулері мен күнделік формасында берілген мөлтек сырлары енген. «Мәңгілік сәулесі» бөліміндегі сыншының эсселері ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық құдіре­ тіне терең бойлап, шайырдың рухымен сырласа отырып, оның аянышты тағдыры­ның сырын ашуға тырысқандығымен ерекшеленеді. Ал, Жұмекен­­ Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Төлен Әбдікұлы, Темірхан Ме­детбек­ сияқты ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы жазған әдеби зерт­ теулерінде Амангелді Кеңшілікұлы олардың поэ­зия мен прозамыздағы алатын орнын саралап, таланттарының сан қырлы сырына үңіледі. Күнде­ лік формасындағы мөлтек сырларында рухани өмірімізде болып жатқан оқиғаларды таразылап, ұлттық рухымыз, өркениет әлемінде алатын орнымыз жөнінде ой толғайды. Кітап көпшілік қауымға арналған. УДК 821.512.122-0 ББК 83.3 (5 қаз) А 31 ISBN 978-9965-35-980-4 А 31 © Кеңшілікұлы А., 2013 © «Фолиант» баспасы, 2013 УДК821.512.122-0 ББК 83.3 (5 қаз) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды ISBN 978-9965-35-980-4

ПОЭЗИЯНЫҢ ЖАРЫҚ КҮНІ Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы туралы қазақ қалам­гер­ лерінің біразы өз көзқарастарын білдіріп жазғаны белгілі. Ең алғаш ақынның көзі тірісінде қалам тартқан Әбіш Кекілбаев болатын. Басқаларының бәрі дерлік ақынның даналығын ол көз жұмғасын ғана түсінгендей жабыла жазып, жарыса мақтаған. Мақтаудың да мақтауы бар. Сырттай қызықтау, тереңіне бой­ ламай сұқтану айналысы мәрмәр таспен әдіптеліп әшекейленген құдықтың суының дәмін білмей-ақ, сыртқы сұлулығына мәз бо­ лумен бірдей. Поэзия – адам жанының дауасы. Сахна төріне шығып алып, қолын сермелеп ақыл айту немесе халықтың ауру-сырқаулы нүктелерін одан сайын қоздырып, ақыл айтып, үгіт-насихат жүр­ гізу – поэзия емес. Жеке адамның жан әлеміне қалай әсер етеді, ол оқырман­ның сезім пернелері діріл қақты ма, өзінің сөзіндей, өзінің мұңы мен қайғысындай немесе қуанышындай алай-дүлей күйге түсірді ме – міне, Поэзия деген арудың құдіреті осында. Сіздің қолыңызда – қазақ әдебиетінің тарихында бұрынсоңды ешкім жаза алмаған, Жаратылыстың жаны құпия-жұм­ баққа толы Ақын атты перзентінің әр лебізімен өзінің жүрек пернелері үндестік тауып, ақын өлеңдеріндегі қуанып отырып жылаған, еңіреп отырып күлген ғажайып сезім, қым-қиғаш жан тебіреністері бұл автордың да тұла бойын жер сілкінгендей күйге түсіріп, өз басының жүрекжарды қуанышы мен аспан

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ жер­ге құлағандай қабырғасын қақыратқан қайғысына қаламын малып жазған эссе-роман. Егер сіз осы кітапты бас ала алмай оқып, түсінсеңіз, сіз – бақытты адамсыз. Мұндай ұлы дүниелерді түсінудің өзі – ұлы­лық. Жарық дүниеден тым жас кеткен қазақтың көрнекті ақы­ ны Кеңшілік Мырзабековтің ұлы Амангелдінің шығармаларын оқыған сайын «Атадан бала туса игі, атаның жолын қуса игі» деген бабалар арманынан туған тіркес менің көкейіме орала­ ды. Сонда менің көзіме жас үйіріледі... Оның «Қазақты сүюін», «Кафканың үйін», «Гогольдің өлімін» немесе басқа жазба­ ларын оқыған сайын көркем шығарма оқығандай және сол шығарма оқиғасының дәл ортасында өзім жүргендей сезінемін. Қазақ әдебиетінің мен білетін тарихында дәл Амангелдідей терең талғамды түсінікпен поэзияға, жалпы әдеби шығармаға талдау жасаған сыншы немесе эссеист болмаса, әдебиеттану саласында еңбек еткен ғалым болған емес. Әрине, академиктің алтынды шапанын жамылған «атақтылар» болды, бірақ олар социалистік реализмнің шынжырлы шеңберінен шыға алма­ ды немесе талантты қаламгер замандастарының туындыла­ рын жер тепкілеп жамандап, оның орнына жазған-сызғандары кейбір газеттерде жарияланатын ортақол репортаж, очер­ ктерден ас­пайтын, қаймағын алған сүттің айранындай шала­ пай шығармалар­ды мадақтап, авторларының арқасына жастық, шынтағына көп­шік қою әдетке айналды. Осындай біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсымен әде­ биетімізде Солтүстік мұхиттың балталасаң қатая түсетін сірес­ кен мұз-дариясын атом заманының кемесіндей тілгілеп, әдебиет әлемінің шамшырағындай жарқырап, әділеттен, шындықтан бұрылмай келе жатқан – осы Амангелді Кеңшілікұлы. Мен Мұқағали ақынның шығармаларына Амангелдімен жа­ рысып талдау жасаудан аулақпын. Көкірегін у жалағандай уһі­ леп өткен ұлы ақын оқырмандарының жыл өткен сайын қата­ры көбейіп келе жатқанын халық көріп отыр.

ЖҮРЕК СӨЗІ Осы кітаптың авторы ақынмен замандас та емес, бірақ оның шығармаларын жастанып жатып оқып, жанына талғажу еткен жас ұрпақтың өкілі. Көзі тірісінде «классик» атанып, дүниеден өткеннен кейін шығармалары ғана емес, өзі де ұмыт болған, ұмыт болатын қа­ ламгерлер қаншама... Тірілер қатарынан кеткеніне жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де, шығармалары жыр қадірін білетін жұрттың рухани қо­ ре­гіне айналған Мұқағали ақынның рухы жыл өткен сайын туған халқын жебеп, жырлары Жаратушы күш көк аспанға қа­­ да­ған күндей шуақ-сәулесін салқын қоғамнан, суық ауадан то­ ңып жылу іздегендердің жанын жібітіп, құлазыған көңілдері­ не нұр-шапағын шашуда. Ол сәуленің нұры ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сайын жарығы ұлғая түседі. Өйткені ол – шынайы поэзияның сәулесі. Ол – мәңгілік сәуле. Фариза Оңғарсынова, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

ӨМІРДІҢ БИІК АСПАНЫ Дәуірдің сүзгісінен өткен санаулы кітаптар ғана әлсін-әлсін соғатын уақыттың дүлей дауылына төтеп береді. Амал нешік, күні кеше ғана сүйікті досымыз болған том-том кітаптарды да мезгілдің бораны ұшырып әкетіп, ұмытылып, санамыздан сы­ пырылып қалып жатады. Уақыт – қатал сыншы. Өнердің ұлы та­ лаптарына жауап бермесе, келер ұрпақтың кәдесіне жарамаса, ескерткіш орнатып, Құдайдай табынған пірлерімізді де өткір қылышымен турап тастайды. Тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректер ғана түк болмағандай, бәрімізге сонау аспанмен таласқан биіктен қарап, мәңгіліктің хабаршысындай жайқалып тұрады. Қала қалың ұйқыға кетіп, өлі тыныштық орнаған түндер­ де кейде менің сондай ұлы кітаптармен сырласатын кездерім бар. Жұлдыздары самаладай жарқыраған ғажайып түнде тәт­ ті қиялдың құшағында маужырап, мәңгіліктің хабаршысындай болған ұлы ақындардың жырларымен сырласқаннан артық не қызық, қандай ғанибет бар мына жалғанда? Олармен сырлас­ қанымда мүлде күтпеген сүйіспеншілігім оянып, ұлы ойларға жетелеген армандарымның бақшасында қауызын ашқан гүл­ де­рі қайта бүршік атып, пайғамбарлар ғана өмір сүретін жұм­ бақ әлемнің ауасымен тыныстағандай боламын. Жүрегіме қым­бат сезімдерімнің шырағын жаққаны үшін махаббатым мен ризашылығымның құрметін білдіргім келген ақындардың өзімізден аумайтын жұмыр басты пенде болғанына илана ал­ майтын сияқтымын. Жо, жо, жоқ, қанша тырыссам да мен олар­ды қарапайым пенделердің қатарына қоса алмаймын. Менің көзіме олар өмірдегі әділетсіздікпен, жауыздықпен, екі­ жүзділікпен, тоғышарлықпен, дүние-жалғанның бүкіл зұлым­ды­

ЖҮРЕК СӨЗІ ғымен күресу үшін Жерге жіберілген Алланың елшісіндей бо­ лып елестейді. Олардың жырларында адамды жаратқан алапат рухтың тасқыны мен құдайлық оттың ұшқыны бар. Өмірдің көлеңкелі өзегінен салқын самал соғып, оның аязы жанымызды тоңдырғанда біз сол ұлы туындылардың отына жылынамыз, маздаған жалынынан қуат алып, өнердің биік ас­ панындағы ұлы мұраттарға ұмтыламыз. Содан соң басымызды дуалап алған өнердің сиқырына арбалып, күндіз күлкімізден, түнде ұйқымыздан айырылып, жанымыз аласұрып, тыныштық таппайды. Не сиқыр, қандай құдірет бар олардың өнерінде? Жаз­ ғырсаңыз өзіңіз біліңіз. Өмірдің аласапыранында адасып кет­ пеуіме көмектесіп – адамдық сезімімнің сүйегін тоздырмай­ келе жатқан өнер туындыларының құдіретін мен аспаннан түскен төрт киелі кітаптан кем бағаламаймын. Құдайдың сө­ зін тереңірек тануға жол ашқан ол кітаптармен өмірдің асау белестерін бағындырып, ақылым толыса бастаған шағымда танысқанмын. Ал сол уақытқа дейін менің ой-санама ізгілікті рухтың сәулесін шашып, адамды сүюге үйретіп, Алланың хик­ метін ұғындырған өнер туындыларының аспаннан түскен кие­ лі кітаптардан несі кем? Әрі-беріден соң Забур да, Тәурат та, Інжіл де, қасиетті Құран да адамдық қасиетімізді жоғалтып алмау үшін көктен түсірген Тәңірдің өнері емес пе? Ендеше, оларды оқығанға дейін жанымызды адамгершіліктің шуағы­мен жадыратып, ұлы Жаратушының бар екенін ұмытқызбаған өнер туындыларының да киелі кітаптармен қатар тұруға хақысы бар. Құдайдың қалауымен адам баласы туғызған ұлы шығарма­ларда да, киелі кітаптардағыдай, Алланың мәңгі шешілмейтін жұмбағы жасырынған. Мен бүгін түннің бір уағы болғанына қарамастан, сондай ұлы кітаптардың арасынан арманшыл дәуренімнің қиялдарын сая­ сына паналатқан Мұқағалидың «Өмірдастан» жыр жина­ғын алып, ой теңізіне шомып отырмын. Жүрегімді белгісіз сағыныш тырнап, аяулы сезімнің шаншуы мазалап, сағымдай бұл­дыраған

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ армандарымды мәпелеген Мұқағали поэзиясымен сырласқан «махаббат, қызық мол жылдарымның» жаулығы жел­біреп, мені өзіне шақыратын сияқты. Қандай сұлу еді ол армандар! Қандай пәк еді ол махаббат! Арман мен махаббат құсының қанатына мініп, өмірдің биік аспанында­ самғап, бақыт іздеген сезімдерім қандай әйбат еді! Алтын­ күннің сәулесімен арайланған бақытты шағымның үстін­ де күлімсіреген бұлтсыз, ашық көк аспанының көркіне қанша қарасаң да көзің тоймайтын. Ой, дариға-ай, жүрегімді шоқтай қыздырған сол күндер де сынаптай сырғып өте шы­ғыпты-ау. Бір сәтке оралса ғой, көрген түстей болған ертегі уақыт! Ғажап! «Өмірдастанды» қолыма ұстағанымда жүрегім дүрсдүрс соғып, Мұқағали поэзиясының бақшасында гүлдеген се­ зім­дерім қайта тіріліп, тереңде қалған ескі мұңымды оятып, жанымның алыс түкпіріндегі, тіршіліктің базарында жүріп, күй­ бең тірліктің қамымен ұмытыла бастаған өмірімнің музы­касы ойнап қоя берді. Жүрегімді дүрсілдеткен беймәлім сиқыр­дың құдіреті ойымда жүрген пенделік тірліктің шаң-тозаңын сіл­ кіп қағып тастап, асқар таудың арғы жағында қалып қойған ұлы ар­мандарымның шуағына шомылдырғандай болды, жа­ным­ ның нәзік пернелері сағыныштан дірілдеп кетті. Алыста қалған балалық сезімдерімнің найзағайы да қайта күркіреді. Ұмытылып қала жаздаған әдемі музыканы есіне түсірген көңілім әлденеге өкпелеген сәбидей өксіп, әуелі көзімнің алдын гауһар тамшылар сақиналап, сәлден соң кірпігімнен сырт-сырт етіп тамған бүртікбүртік ыстық жас бетімнен сырғанады. Заулап өткен заман-ай құр аттайын, Сырғанаған күндер-ай сынаптайын. Өксі, көңіл, өткізген сәттеріңе, Өксі, көңіл, мен сені жұбатпайын. Белгісіз – қыр аса ма, сай бара ма, Асығады осы өмір қайда ғана?!

ЖҮРЕК СӨЗІ Көшін тартып барады шіркін жастық, Оянғасын қарасам айналама....

Неліктен, қалайша ұмыта жаздағанмын ол керемет музыка­­ ны? Жадыраған жаздың жайма-шуақ күніндей ең әдемі үміт­ те­рім­ді арайландырған ол сиқырлы әуен әлі күнге дейін менің жүре­гім­нің шыңырауында өмір сүріп келеді екен-ау! Құда­ йым-ау, әлі тірі екен ғой ол ғажайып музыка. Қара желі үзілмей соғатын күздің суық күніндей болған жүдеу жылдар да оның гүлдің сабағындай дірілдеген нәзік үнін өшіре алмапты. Көңіл күйімді босатып, жүрегімді елжіретіп жіберген Мұ­қа­ ғали поэзиясының музыкасы құстармен бірге жылы жаққа ұшып кеткен менің бақытты өмірімнің қуанышын алып келгендей бол­ ды. Кітапты ашып қалғанымда одан қайғысыз, қамсыз күндердің қайығында жүзген дариға-дәуренімнің қарлығашы ұшып шығып, жанымның нәзік пернесіне қонып, дүние сарайымды тазартып, баяғыдай еркелеп, сайрап қоя берді.

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым? Оралдың ба тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың? Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің? Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім? ...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті, айтпа енді, Тұмар құсым кеткен-ау тырнағында перінің. Мен өзгеріп кеткеніммен, ол алыстан қол бұлғаған бала кү­ німдегідей жүрегін кірлетпеген, шыныдай таза қалпында қа­ лып қойыпты. Қайғысы сай-сүйегіңді сырқыратып, қуанышы жүрегіңді аттай тулататын Мұқағали ескі досымдай қапсыра құшақтай алып, «жүрегінің түбіне кір жасырмай» ақтарылып, сырласа жөнелді. Ең алғаш оның өлеңдерін Асқар досымнан

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ естіген сәттегідей жүрегім қайтадан лүпілдеп, ыстық сағынышы балалық шағымның күллі өлкесін оятты. Аспанмен таласқан Хантәңірінің биігіне көтерілген Мұқағали поэзиясы дүниенің кеңдігін есіме салып, жарқыраған шуағымен көңіл күйімді жа­ дыратты.

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар – бусанып терлегенім. Өнерді жаратқан Құдайдың шеберлігіне қалай таңғалмай­ сың?! Кемеңгерді туғызған айдаһар уақыттың таудай ақынды құла­тып, мерт қылуға қауқары жеткенімен, жауқазындай жыр­ ларын жермен-жексен етуге шамасы келмепті. Кеудемізді ар­ ман кеулегенде, сезімдерімізді өрмектің құрындай шайқаған Мұқағали жырлары уақыттың шарпуына қарылған сайын одан сайын жарқылдай түсіпті. Ақынның жауқазын поэзиясы жаз­ да қырда құлпырып, қыстың қара суығында жылы күндерді сағынып, біздің жүрегімізде гүлдей беріпті. Асылық айтты деп сөге көрмеңіз, адамдық сезім аман тұрғанда, оны өлтіруге Құдайдың да шамасы жетпейді екен. Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында, Жырлап кетем, алдымен жылаймын да. Сөредегі кермені кесіп өтсем, Маған әлі жетпейді құдайдың да. Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам, Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам. Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан, Секем алған киіктей аңдап тұрам. Аттай жүріп өмірдің баспалдағын, Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның.

ЖҮРЕК СӨЗІ Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен Көмейімнен лапылдап, шашқан жалын?! Жоқ, сөндірмен, сөндірмен, жыламан да, Қуаныштан мұң жуық тірі адамға. Дариясы өмірдің шайқалмайды Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға. Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып, Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік. Бөліп-жарған қайсыбір қуаныштан Ойландырған оңаша мұңым артық. Уақыттың дүлей дауылы Мұқағали поэзиясының рухын сын­ дырмақ түгіл, оны шыңдай түсіпті. Қайта бүгінгі күннің тірі ақындарынан гөрі сүйегі баяғыда қурап қалған Мұқағали поэ­ зиясының өміршең рухы ұрпақтың қамын көбірек ойлап, қа­ мы­ғатын сияқты. Бәлкім, өңінен қайғының табы сезілетін Мұ­ қа­ғалидың осыдан отыз жыл бұрынғыдай кітап бетінен маған мұ­ңайып қарайтыны да сондықтан шығар, кім біліпті? Мына рухсызданған әлемде, әлі де оның о дүниедегі жанын баяғы ауыр ойлар жаншып, мазалап жүргендей. Ақынның ақберен жырла­ рын оқығанымда менің жаным онымен бірге жылап, күйзелген­ дей болды. О, Муза! Қайдасың сен желік берген? Жалын мен отқа ғана ерік берген Серігім, қайдасың сен сеніп келген? Дәптер жатыр парағы аударылмай, Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай? Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, Тонна-тонна қорғасын салмағындай.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ О, Мұқағали! Сен менің арманның көбелегін қуған бала­ лық кезімнің, махаббаттың дәмін алғаш татқызған, сосын оның күйігінен өртеніп кете жаздаған бозбала дәуренімнің және өмірдің аласапыранында да алыстағы жұлдыздарға қолымды созғызған жастық шағымның ең сүйікті Музасы болдың. Өзімді табу үшін сенің өлеңдеріңмен сырласқан жылдарымды жаным тынышталып, көзім жұмылғанша ұмыта алмайтын шығармын. Енді жанымды жылытып, жүрегімді әлдилеген сол жылдардың уақыт көмескілеген әйнегінің шаңын сүртіп, шамам жеткенше оны суреттеп көрейін.

  • * Төртінші сыныпқа көшетін жылы інім Мағжан мектепке ба­ ратын болып, әке-шешем мені қалаға алғызды. Торғайда таңның атысынан күннің батысына дейін ауланың ит-құсын шулатып жүрген ауылдың қара домалағы бір күнде қаладан бір-ақ шығып, 1978 жылдың тамылжыған тамызында Алматыға келдім. Алматы салқын қала екен. Аэропорт басынан әжем екеуміз­ ді әкем қарсы алды. Самолеттен түскенімде бір суық ызғардың бойымды түршіктіріп жібергені есімде. Жолдары тақтайдай тегіс көшемен заулаған таксидің ішінде келе жатып, көшелері дәл күндізгідей жарқыраған қаланың түнгі көрінісіне таңғалып, терезеге жабысып, көп қабатты үйлерге қызыға қараймын. Үйіміздің дәл іргесінде орналасқан №9 қазақ-мектеп интер­ натында негізінен тек ауылдың балалары жатып оқитын. Едәуір қиындық туғызғанымен, әкем амалын тауып, інім екеумізді сол мектепке оқуға берді. Жеміс-жидектің бәрі уылжып піскен 1 қыркүйекте судай жаңа формамды киіп, Алматыдағы жалғыз қазақ-мектеп интернатының табалдырығын аттадым. Қандай ортаға түссе де, ең алдымен баланың іздейтіні – дос. Ол оңай табыла кетті. Аты – Асқар. Бойы менен ұзын, сүйегі ірі, ат жақты, қыр мұрынды, көркі келіскен бала. Беті сәл сопақтау, түрі қазақтан гөрі сол жылдары барлық қыздардың

ЖҮРЕК СӨЗІ «кумирі» болған үндінің әртісі Дхармендраға қатты ұқсайды. Қасы-көзі көмірдей қап-қара. Әсіресе көздері сүйкімді әрі әдемі. Күлімдегенде кез келген қыз оның жанында суға салған қанттай еріп сала беретін. Қаланың баласы болған соң, ауылдың қара домалақтары сылтау тауып, мені ұрып тастағысы келіп тұратын. Шама­сы оған интернатта­ жатып оқитын сыныптастарымды «инкуба­ торлықтар» деп мазақтайтын қыршаңқы тілімнің де жазығы бар болуға тиіс. Реті келсе мені бір нұқып қалуды олар теріс көрмейтін. Алай­да ондайды істеуге Асекеңнен сескенетін. Кез келген баланы оның мысы басып тастайтын. Мен осындай күшті дос тапқаныма бақытты едім. Екеуміз кейде сабақтан қашып, киноға барамыз. Есейе келе бұзықтығымыз үдей түсті. Ұстаздарымыздан жасырынып мек­ теп­тің төбесінде немесе сабақтан соң әке-шешемізден тығы­лып Асқардың үйіне жақын жердегі сарқырап ағатын үлкен Алматы су каналының айналасындағы жібектей майса шөпте жантайып жатып темекі шегетін жаман әдет шығардық. Осындай «рахат» көңіл күйдің үстінде бір күні мен досымның көңілін аулау үшін оған орыс ақыны Сергей Есениннің өлеңін оқып бердім: Не жалею, не зову, не плачу, Все пройдет, как с белых яблонь дым. Увяданья золотом охваченный, Я не буду больше молодым. Әдебиетке аса қызықпайтын досым оқыған өлеңімді қасқабағы да қимылдамай, сүйсініп тыңдап отыр. Әлденені есіне түсірген көздерін алысқа тігіп, жанарын беймәлім мұңның кір­ біңі шалып, ойланып қалыпты. Құлағының жанынан ұшып өткен араның ызыңын да елейтін емес. Өлеңді оқып болғанымда ғана назарын маған аударып: – Бұл кімнің өлеңі? – деп сұрады. – Орыс ақыны Сергей Есениннің.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ – Керемет өлең екен. Енді мен де саған бір өлең оқып берейін. Ол көк теңіздің түсіндей джинсиінің қалтасынан, қатырма қорапқа салынған, сол жылдардағы ең қымбат «Космос» теме­ кісін алып, бір талын маған берді де, екіншісін өзінің аузына қыстырды. Оттық алып, екеуміздің де аузымыздағы шылымы­ мызды асықпай тұтатты. Ащы түтінін сорып-сорып қойды.

Сен мына жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта мені, Біреулер көлеңкесін түсірмесін! Асқардың соншалықты шынайы әрі табиғи жазылған өлең­ ді қайдан жаттап алғанына қайран қалып, аузым ашылып, сүй­ сінгенімнен орнымнан қозғалмай, мелшиіп тұрып қалыппын. Және музыкасы сыңғырлаған ғажайып өлеңді өмірдегі ең аяулы досымның оқып беруі маған қатты әсер етті. Өлеңнің алғашқы жолдарының өзі-ақ жанымды баурап, тол­ қынысқа салды. Тұла бойым шымырлап, таудың арғы бетінен талып естілген әдемі әнді немесе әр дыбысы сезіміңнің нәзік пернелерін дәл басатын Бетховеннің «Айлы сонатасын» алғаш тыңдаған адамдай дүниенің бәрін ұмытып, есеңгіреп бара­ мын. Ойым мына жалғанды ұмытып, маған бейтаныс бір әдемі әлемде ләйліп жүр. Сәл тыныс алып, темекісінің түтінін аспанға сақинаша будақтатып болып, досым өлеңді әрі қарай оқып жа­ тыр:

Сен менің мына тылсым кеудемдесің, Білесің кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе – зынданыңа салып сақта, Біреулер көкпар қылып өңгермесін! Асқар өлеңді әдемі қоңыр даусымен, бір деммен, мәнерлеп оқып шықты. Мектептегі ұстаздарымның әдебиет туралы сұрақ­

ЖҮРЕК СӨЗІ тарына мүдірмей жауап беріп жүрген мен, бұл өлеңді кімнің жаз­ ғанын таба алмай, өмірімде тұңғыш рет жеңіліске ұшырадым. Басқа емес, әдебиет пәніне мүлде қызықпайтын досымнан же­ ңіліп, оның алдында ұятқа қалдым. Балалық жүрегімді қайта-қайта соқтыртқан сол күні тұңғыш рет Асқардан өмірден ерте өткен қазақтың Мұқағали Мақатаев есімді ақынының болғанын естідім. Ақынның баласы бола тұ­­ рып, мұны білмеуім ұят, тіпті өлім еді. Бірақ біраз уақыттан ке­ йінгі Асқардың қалжыңы маған ұят-сиятты да, өлімді де ұмыт­ қызып жіберді. – Не болды саған, Ардаша ғашығың есіңе түсіп кетті ме? – де­ ді ол кенеттен, ойланып кеткен маған қылмысымның дәл үсті­нен түскен тергеушідей дүңк еткізіп. – Ал сен Ботаға ғашықсың... Екеуміз кілемдей жайылған көк шөптің үстінде алыса кет­ тік. Төбемізден осы тентектігіміздің бәрін көріп, балалық ша­ ғымыздың күні күліп тұрды.

  • * Екі күннен соң менің өмірімде ертегіге бергісіз оқиға бол­ ды. Жексенбіде әкем Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жү­рек» кітабының негізінде театр институтының соңғы курсы­ның сту­ денттері сахналаған, Алматыдағы балалар мен жасөспі­рім­дер­дің театрында болып жатқан қойылымға ертіп апарды. Қыркүйек айының аяғы еді. Уақыт екінтіден ауып, ақшам мезгілі жақындап қалды. Қалың өртке қызған темірдей қызарып, дүниеге қызғылт сәулесін шашқан күн де ұясына батып барады. Жаздағыдай емес, күннің жылы шырайы азайып, бірте-бірте де­ нем суық желдің өткірлігін сезе бастады. Қойылымның баста­ луына әлі біраз уақыт бар. Театрдың алды ығы-жығы адам. Жүрегім лүпілдеп, кітапта­ рын сүйсініп оқыған жазушыларымды көруге ынтығып, біреу­ ді іздеген адамдай жан-жағыма алақ-жұлақ қараймын. (Мен ол жылдары оқиғасы қызық прозалық кітаптарды көп оқитынмын, 2-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ поэзияға аса қызықпайтынмын. Арманым болашақта үлкен жа­ зушы болу еді). Бірақ өзім білетін жазушылардың ешқайсысын да көре ал­ май қатты қапаландым. Бір уақытта жазушы Төлен Әбдіковті көзім шалып қалғанда, құдды бір пайғамбарды көрген бейбақ­ тай тұла бойым дірілдеп кетті. Былтыр жазушының «Айтылма­ ған ақи­қат»­ деген кітабын оқып, қатты сүйсінген едім. Әсіре­ се кітаптағы «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі мен «Оң қол» әңгімесінің аянышты оқиғасы қатты әсер етіп, жүрегім күйзелгендей болған. Ал «Әке» повесін оқығанымда түні бойы жылап, көзім бұлаудай болып ісіп кеткен. Енді, міне, сол сүйік­ ті жазушым дәл менің алдымда­ тұр. Менің қиялымда бұл – тек ертегілерде ғана болатын ғажайып сәт! Әкем театрдың алдында Төлен Әбдіковпен амандасып, шү­ йіркелесіп, біраз уақыт әңгімелесіп қалды. Мен шығармаларын оқығанымды айтып, жазушыға мақтанғым келді. Сосын үлкен жазушы болу үшін не істеу керек екенін сұрағым келді. Сосын... Бірақ «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдескеннен басқаға баты­ лым жетпеді. Сүт пісірім уақыттан соң ол бұл қойылымды кеше көргенін айтып, әкемнен рұқсат сұрағандай кейіп танытып, кетіп қалды. Өкінішті. Көкейімде жазушыға қоямын деген, өзегімді жыртып бара жатқан қаншама сұрағым қалып қойды. Театрға кірдік. Төбесі биік әрі күмістей жарқыраған өнер ғимаратының ішін арлы-берлі кезіп, жұртқа қарап, маңғазданып қоямын. Өнерлерін кинодан немесе теледидардан ғана тамаша­ лап жүрген, театрдың қабырғаларына ілінген атақты әртістердің суреттеріне аузымның суы құрып, тамсанып қараймын. Орнымызға отырдық. Жарық сөніп, сахнаның шымылдығы түрілді. Бақытымызға орай, бізге сахнаға жақын жерден орын бұйырыпты. Тағатсыздана күткен қойылым да басталды-ау! Зал сілтідей тына қалды. Масаның ызыңы естілетін тыныштық орна­ ды. Сахнаға үріп ауызға салғандай сұлу қыз бен әдемі жігіт жүгі­ ріп шықты. Қыздың күннің сәулесіндей жібек көйлегін төбеден

ЖҮРЕК СӨЗІ түскен сахнаның жарығы онан сайын жарқыратып жіберді. Жа­рықпен бірге талшыбықтай бұралған қыздың оқтаудай түзу аяқтары мен ақ сазандай сандары көзіме шағылысып, балалық көңілімнің ұялшақ сезімін қытықтай жөнелді. Олардың арғы жағында теңіздің асау толқындары тулап жа­ тыр. Дүниеге мас екі ғашық бір-біріне ынтығып, күн жауардың алдындағы теңізден бетер алабұртып, алқынып тұр. Бір мезгіл­ де жүректің нәзік талшықтарын музыканың әдемі әуені тербеп, жігіт сол сөзді асыға күткендей болған қызға қарап тіл қатты:

Мен – Адам ата, Ол – Хауа ана, Мен де таза, ол да таза, ауа да. Жылжып ағып жылға жатыр – қой толқын, Қарекетсіз біз отырмыз жағада. Дәл осы сәтте бір алапат күш отырған орнымнан жұлып алып, сол жылдары сүйіп тыңдап жүрген композиторым Гектор Берлиоздың «Симфониялық фантазиясынан» төгілген музы­ каның құдіреті жан сарайымда ойнақшып, оның асау толқында­ ры мені өзімен бірге ағызып әкеткендей болды. Көзіме теңіздің жағасында бір-біріне еркелеп, арпалысып жүрген арыстандар елестеді. Біреу мені қолымнан жетектеп, Құдайдың жаннат бағына кіргізіп жібергендей. Жылжып аққан жылғаға тас лақтырып, аяқтарын құмға бөлеген қыз бен жігіттің сыр-дастанын ұйып тыңдай бергім келеді, тыңдай бергім келеді. Дүние алғашқы жаратылған пәк қалпына қайтып оралғандай. Сыр-дастандағы суреттелетін бүгінгіден тым бөлек таби­ ғаттың көрінісі неткен керемет еді! Төбеңде құстар ию-қию шу­ лайды. Бұйра шашын таранған шалғында нәр алудан тынбаған көбелектер ұшып жүр. Жан-жағыңдағы сан алуан, қызыл-жасыл гүлдер қандай тамаша! Тау мен орман жақтан әдемі самал соғады. Көктемнің шара­ бына мас болған Адам ата мен Хауа ана Жаратушының айтқанын

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тыңдамай, алғашқы күнәларын бастағалы тұр. Құдай кешір­ сін, бірақ осындай сұлу табиғаттың аясында ол күнәні бастамау мүмкін бе өзі? Тіршіліктегі аң-құстардың бәрі де сенің сол күнәні жасағаныңды қалап тұрса, одан қалай бас тартуға болады? Ал­ мадай албыраған Хауа ананың балдай тәтті ернінен өбіп, оттай ыстық құшағында балқып, Құдай тыйым салған күнаның раха­ тына батқаннан артық қандай ләззат бар мына жалғанда? Және ол ләзатты Құдайдың өзі жаратса... Алайда, бәрінен бұрын, сол күнәға батпай, жанып барып тоқтаған ақынның сезімі қандай пәк әрі сұлу еді десеңізші! Албыраған алмадайын Хауа анам, Албырап тек отыр еді манадан, Шырт етті де, бұтағынан үзіліп, Шолп беріп, суға түсті жағадан. Сермеп қалып, аппақ сазан-білекті, Ағынменен арпалысып бір өтті. Су сипалап, су аймалап денесін, Мен өппеген дидарынан су өпті. Студенттер сахналаған қалған қойылымдарға ақынның со­ ғыс­тың сүреңсіз жылдарын суреттеген «Шаруа һәм жауын­гер», «Менен сұра», «Аға, мен тірімін» сияқты поэмалары негіз болыпты.­ Ал бұл қойылымдардан алған әсерімді айтып жеткізу­­ ге тілімнің құдіреті жетпейтін шығар, сірә! Сахнаның шымылдығы қайта түріліп, екінші қойылым бас­ талғанда «Адам ата мен Хауа анадағы» нұрлы сәулесімен жа­ нымды еркелеткен әуен кілт тоқтады да, күтпеген жерден ойнап кеткен Вагнердің симфониясындағыдай мазасыз музыка жа­ нымның тыныштығын бұзды. Жаңа ғана жүрегімді жылытқан музыканың құдіреті, енді мені суық мұздың үстіне тастай салып, тұла бойымды түршіктірді. Өмірді жұтып қоя жаздаған аждаһа ажалды көзіммен көргендей, көңіл күйімде бір құйын басталды.

ЖҮРЕК СӨЗІ Зұлым соғыстың ащы шындығын жырлаған бұл дастандар­ дан, осы тақырыпқа жазылған кейбір туындылардағыдай жал­ ған пафостың үнін естімейсің. Кейіпкерлердің іс-әрекетінің бә­рінен де соғыс атаулыға қарсы шығып, гуманизмнің туын биік кө­терген Мұқағалидың жанайқайы байқалады. Осыдан біраз уақыт бұрын оқыған Лев Толстойдың соғыс та­ қырыбына жазылған әңгімелері есіме түсті. Мұқағалидың ұлы дастандарында да, соғыстың трагедиясын суреттеумен қатар, дәл Толстойдағыдай, сол зұлматтың неден болатынын білгісі келетін философиялық тереңдік бар. ...Соғыс деген қайдан шықты?! Авторы кім алғашқы? Есіл Адам, есі кетіп, оған несін жармасты?! Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты, Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты? Есіңізге түсіріңізші, орыстың ұлы жазушысының «Жор­ туыл» әңгімесінде де картинаның қақ ортасынан, отандастары­ ның пікіріне қосылмаған, «Шынымен де адамдарға осы ғажап дүниенің, мынау шексіз жұлдызды аспанның астында өмір сүру тарлық ете ме? Қалайша мынау сүйкімді табиғаттың аясында адамның жанында өшпенділік сезімі, кекшілдік, өзі сияқтылар­ дың көзін құрту құмарлығы өмір сүре алады? Адамның жүрегін­ дегі жаманшылықтардың бәрі де сұлулық пен мейірімділіктің көрінісі болып табылатын табиғатпен жақындасқанда жойы­ лып кетуге тиіс емес пе...» деген Толстойдың соғысқа қарсы наразылық даусы естілмейтін бе еді. Үйге келе салысымен әкемнің бөлмесіндегі кітаптарды ақ­ тарып, Мұқағалидың жинағын іздедім. Жазу үстелінің тартпа­ сынан ұлы ақынның «Өмірдастан» деген таңдамалысын тауып алғанымда қуанышым қойныма сыймады. Үміт пен күдік бір мезгілде көңілімде оянып, жүрегім лүпілдеп, ақын жырларына үңілдім.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ «Өмірдастанды» оқи бастағанымда, аспаннан тырналар­дың тізбегі ұшып өтіп, ауламыздағы үйлердің төбесіне қонған­­дай болған ғажайып бір көңіл күйдің бесігіне бөленгенімді білемін. Ақынның көктемгі табиғаттың көркіндей сұлу поэзиясы бозбала дәуреннің желігімен қатқылдана бастаған жүрегімдегі мұздарды ерітіп, ізгілікті сезімдерімді оятқандай ма, қалай? Ал кітапты соңына дейін оқып шыққанымда тас-талқаным шығып, Мұқағалидан жеңілдім. Ол менің еркімді билеп, ой-санамды жау­ лап алды.

Бір күндік сәуле.. Бір күндік жарық мекенім! Мәңгілік түнек – қапасқа қалай кетемін? Келмейді-ау тілім... Өлгеннен сұра дер едім, Тірі жандарға, Өмір дегеннің не екенін. Өмір дегенге Тірлікте, сірә, жетер ме ой, Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой. Бекер ғой бәрі, Бекер ғой бәрі – бөтен ғой, Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой! Ғарыштан құйылған ғаламның мұндай көркем шуағын өмір­ ге шашу үшін сезімнің жылуы жеткіліксіз, жүректің қайнаған ыстығы керек. Өмірде көрген қызығыңның бәрі жалған! Адам­ ның аппақ арманынан жаратылған сәуленің бар екені ғана рас. Қиял-ғажайып ертегідей болған күздің осы түнінде кеудемде дүниеге жарығын шаша алатын бір жарық сәуленің болғанын жан-тәніммен аңсадым. Бірақ мен оның бір күндік емес, сәулесі мәңгі сөнбейтін жұл­дызға айналғанын қаладым. Балалық жүрегім сол мәңгілік

ЖҮРЕК СӨЗІ сәуле үшін ғана өмір сүруге болатынын түсінгенде ауға түскен балықтай тыпыршып, балғын жұдырығымен кеудемді қайтақайта ұрды. Түн ортасы. Үйдегілердің бәрі ұйықтап қалған. Мұқағалидың жырлары қиялымды тербеп, делебемді қоздырып, қанша тырыс­ сам да көзім ілінбей қойды. Ешкімге білдірмей далаға шығып, шылым шектім. Сынған семсердің шетіндей болып ай туыпты. Қараңғы түн­ де өмірдің биік аспанында жымыңдаған жұлдыздардың бәрі де жерге­ Мұқағали поэзиясының сәулесін шашып тұрғандай. Темекінің ащы түтіні жаныма жағып, дәмді болып барады. Аула­ да ескен самал жел мұрныма алма ағашының әдемі иісін әкелді. Жаным рахаттанып, таза ауа тынысымды ашып жіберді. Көктегі самсаған жұлдыздарға қызыға қараймын. Ертегіге бер­ гісіз сол түні өмірімде тұңғыш рет мына жалған-дүниеден жо­ ғалып, қара түнді ерекше сәндендірген жұлдызға айналып, шек­ сіз аспанға сіңіп кеткім келді.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҚАЙЫҢЫ Жұмыс ыңғайына орай Арқаның төсіндегі әсем қала Астана­ ға қоныс аудардым. Енді Алматыға жолым түскенде, Кеңсайда жатқан зиялыларымыздың аруақтарына тағзым етіп болған соң, қаланың ортасындағы саябақтағы Мұқағалидың ескерткішіне соғып, ақынның рухымен сырласып қайтуды қалыпты дәстүр­ ге айналдырдым. Бірақ ұлы ақынның рухына ілтипат танытып, оның ұшып кеткісі келген қырандай қомданып отырған таудай ескерткішімен «амандаспас» бұрын, сол саябақта жайқалып, сыңсып өсіп тұрған ағаштардың арасынан Мұқағалидың қа­ йыңын тауып алуға тырысамын. Салқын күзде бүрсеңдеп, оны тағы бір көруге ынтығып, ға­ шығын сағынған жігіттей саябаққа қарай асығып келемін. Күн­ нің жауатынан хабар беріп, ескерткендей болып түнерген қара аспанға көз қиығымды да салмаймын. Көңілсіздіктің жаулығын жамылған көңіл күйімді жапырағы тоналып жатқан Мұқағали­ дың қайыңы ғана түсініп, маған аяушылықпен қарайды. Бұл жолы да ол ертегідей басталып, қайғылы аяқталған боз­ бала дәурен шағымдағы алғашқы махаббатымды есіме түсіріп, мені мұңайып қарсы алды. Құдай-ау, содан бері жиырма бес жыл заулап­ өте шықса да, сол күндердің қас қағым сәті де ұмытыл­ май, елесі әлі күнге мені мазалап, қыр соңымнан қалар емес. Екеуміз талай­ қыдырған, қол ұстасып жүріп армандаған, ең ал­ ғаш рет саған Мұқағалидың өлеңін оқып берген осы саябақта бірнеше жылдан соң, аяулы менің Махаббатымды есіме түсіре­ тін күндердің белгісіндей болып ұлы ақынның ескерткішінің ор­ натылатынын кім білген? Сенің опат болғаныңа да жиырма бес жыл өтіпті. Бозбала көңіл күйдің желігімен мақтанып, келешекте өзің туралы ро­

ЖҮРЕК СӨЗІ ман жазамын деп саған уәде бергеніме де жиырма бес жылдан асыпты. Кім біледі, арманның аппақ соқпағындай болып аспанға қарай тартылған қайыңның қасында өзіңді тағатсыздана күтіп тұра­тын бозбала кезімдегідей, сенің де о дүниедегі жаның өзіңе арналатын­ сол шығарманың жазылуын сағына күтіп жүрген шығар. Неге жауап бермейсің, Махаббат екеуміздің талай сы­ рымыздың куәсі болған Мұқағалидың қайыңы? Әлде сені іздеп саябаққа келмей кеткенім үшін өкпелейсің бе маған? Әлде сол күндерді ұмытты деп ойлайсың ба, аяулым? Сен мені түсінші, Махаббат! Енді мені сағынып, алыстан қол бұлғап қайта-қайта өзіңе шақыра бермеші. Ұмытшы мені. Өмірдің биік аспанында армандары құстай ұшқан жаны сүттей аппақ, жүрегі шықтай таза – ол басқа бала болатын. Басқа... Пен­ делік тірліктің шаң-тозаңына көміліп, жаны шаршап, жүрегі тозып, махаббат таба алмай, өмірдің боранында адасқан – мен мүлде басқа адаммын. Басқа... Сол үшін жазғырмашы, өкпелемеші маған. Қайта анау ақ қа­йыңның қасындағы орындықта екеуміз ғана қалған қоңыр күздің салқын кешіндегідей кеудеме тығылып, тағдырдың аязы тоңдырған жанымды жылытшы. Жылата бермей, аяшы мені! Сен де қайта-қайта дүрсілдеп, жанымды қинай бермей, сабыр­ лық сақташы, жүрегім. Қолымнан келмегендіктен емес, сол жа­­ ра­ның орнын қайта тырнау жанымды сыздатып ауыртатын­ дық­тан ол уәдені орындай алмай жүрген жоқпын ба. Егер соны түсінсең, көкірегімді өксікке толтыра бермей, қайта жүрегімнің маңдайынан сипап, Махаббат, мені жұбатшы! Сабыр сақтауға қанша тырыссам да, бұл жолы өзімді ұстай алмай,­ сенен мәңгілікке айырылған күнгідей ақ қайыңды құ­ шақтай алдым, көңілімнің бұлты сөгіліп, көзімнен жас парлап қоя берді. Ақ қайың да өткен күндерін сағынып, Махаббатқа ай­ налып, маған қосылып жылап жібергендей болды. Жапырақ-жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын, Келісесің бе, жас қайың? Жиырма бес жыл бұрын Мұқағалидың осы өлеңін саған оқып бергенімде қайғыға емес, қайта, керісінше, жаным рахатқа батып еді. Сен сонда мұндай мұңлы жырды енді қайтып оқымауымды өтініп, бұртиып, өкпелегенсің. Енді қайың көрген сайын сенің сол өкпелеп тұрған бейнең көз алдыма елестеп, беймәлім мұң, кеудеме басылған оттың шоғындай жүрегімді күйдіріп, жаным­ ды қоярға жер тапқызбайды. Осы сәтте жаңбыр сіркіреп, жел ұшырып әкетпеген жапы­ рақтан сырғанаған мөлдір моншақтар менің қолыма тамшыла­ ды. Жаным одан бетер күйзеліп, жүрегім табанымның астында жаншылған жапырықтардай езіліп кетті. О, Махаббат! Сенің рухың мені ұмыта алмай, жапырағыңды жел тонаған күздерде сол жылдарды сағынып, әлі күнге жылайды екенсің ғой, жарығым! Бірақ сен менің жетімсіреген жанымды ауыртып, ендігәрі бұлай жыламашы. Жиырма бес көктем, жиырма бес жаз, жиыр­ ма бес күз бен жиырма бес қыс бойы жылап келгенің де жетер. Енді сен адамға, ал мен қайыңға айналып, сенің орныңа мен жы­ лайын. Қайың болып мен күңіренейін.

(Көрінер, мүмкін, кімге ерсі) Өміріңді маған бір берші! Дүрбелең мына дүниені Адам көзімен бір көрші. Қайың боп мен де бағайын, Орманнан орным табайын. Беймәлім маған өмірге Қайың көзімен қарайын.

ЖҮРЕК СӨЗІ Сен-дағы жерден нәр алдың, Мен-дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың, Біреуден мен де жаралдым. Тілің жоқ, жанды қайың сен, Айырмашылығым – Адаммын. О, ғажап! Жаңбырдың сіркіреуі сап тыйылды да, күннің кө­ зін тұмшалаған бұлтты жел қуып әкетіп, алтын сәулесі қайтадан жарқырап,­ дүниені нұрға бөледі. Табиғат сияқты мен де жаңа­ рып, қайғылы ойлардан арылып, саябақтан кетіп қалғым келді. Ауыр күрсініп, орнымнан тұра бергенімде жолдың жиегіне жеңіл көлік тоқтай қалды да, одан бір жас жігіт атып шығып, дүңгіршекке қарай жүгіріп кетті. Есігі ашық қалған көліктің ішінен даңғырлап шыққан «Музарт» тобының орындауындағы Мұқағалидың сөзіне жазылған «Сенің көзің...» әні құлағыма ша­ лынып, ескі жараның орнын тырнап жіберді. Құлағымнан кет­ пей қойған әннің сиқырлы әуені мені жібермей, отырған орны­ма тастай қылып қайтадан байлап тастады. Махаббатқа қалай ғашық болғаным... жүрегін қалай жаулап алғаным.. өзім шығарғандай болып, осы өлеңді оған қалай оқып бергенім... оның қаза тапқаны... – бәрі-бәрі есіме түсіп, жаңа ғана жауа алмай кеткен бұлттар енді менің күздей тұнжыраған көңілімде күркіреп, құйып қоя бергендей болды...

  • * Сол жылы қыс Алматыға кешеуілдетіп келді. Түні бойы жа­ палақтап қар жауып, таңертең тұрып терезеден қарасам, ай­ наланың бәрі көрпесін қымтанып, көшенің бойындағы сап түзеген ағаштар ақ бөкебайын жамылып алыпты. Күннің суы­ ғында сабаққа барғым келмей, төсекте керіліп-созылып біраз жаттым.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Кеше түннің бір уағына шейін ойнап, үй тапсырмасын да орындауды ұмытып кетіппін. Мектепке барсам, қатарынан бір­ неше екі алатынымды анық білемін. Сабаққа бармаудың бір-ақ жолы бар. Ол – ауру. Бірақ денім сау, еш жерім ауырып тұрған жоқ. Бір кезде түпкі бөлмеден: – Кәне, тез тұрыңдар, сабаққа кешігесіңдер... – деген әкемнің қатқыл даусы естілді. Дәл осы сәтті пайдаланып, ішімді қолым­ мен ұстап, ауырған адамдай бүк түсіп жатып алдым. Бөлмеге әкем кіріп келді де, менің бұл жатысымды көріп: – Не болды саған? – деп сұрады. – Ішім... ішім қатты ауырып тұр. Баланың басқа қулығына аса мән бермейтін кез келген атаананың ауру десе зәре-құты қалмайтын әдеті. Менің әкем мен шешем де ет пен сүйектен жаратылған пенделер. Шаруаның бәрін ұмытып, не ішіп, не жегенімді сұрап, асты-үстіме түсіп бәйек бола қалды. Бәйек қағулары көңіліме жағып, одан сайын ауырған адамның кейпіне бар жан-тәніммен беріліп, ене түсе­ мін. Шынымен де ауырып қалғаныма, басқалар түгіл, енді өзім илана бастағандаймын. Қойшы, сонымен, не керек, амалын тауып сабақтан қалып қойдым. Бір сағаттан соң дәрігер келді. Ол мені тыңдап көрді де, емханаға барып қаралу керегін айтып, қағаз жазып беріп, кетіп қалды. Әкем де жұмысына кетті. Үйде жалғыз қалдым. Телевизорды қосып, кино көрдім. Ки­ но біткен соң ішім пыса бастады. Балконға шықсам, көрші үйде тұратын Марат аулада ойнап жүр екен. Мені көріп қуанып кет­ті. Мен де оны ұзақ күткізбей, ауру екенімді ұмытып, тез-тез киініп, ойнақтап, далаға атып шықтым. Рахатқа батып, екеуміз ұзақ ойнадық. Бір кезде ойыннан да жалыға бастадық. Енді не істеуге болады? Түс уақыты болып қалды. Кенеттен Марат бір бұзақылық ойлап тапты. Екеуміз ауладағы электр қалқанының тасасына тығылып тұрып, мектеп­ тен қайтып келе жатқан қыздарға қар лақтырып, мергендігімізді тексермек болдық.

ЖҮРЕК СӨЗІ Бірінші кезек маған тиді. Басында әдемі құндыз бөркі бар бір қыз майысып біздің үйдің жанынан өтіп барады. Нысанамды көздеп, құлаштап тұрып, қолымдағы қардан жасалған оғымды оған қарай бар пәрменіммен атып қалдым. Дәл осындай мерген болармын ба, оғым қыздың тура бөркіне тиіп, ұшырып түсірді. Марат екеуміз қарқ-қарқ күліп, мәз-мейрам болып жа­тыр­ мыз. Ал қыз болса жалт бұрылып, өкпелеген кейіппен, қа­бағы түйіліп,­ маған бұртиып қарады. Не істерін білмей, көзі жы­пы­ лықтап біраз аңтарылып тұрды да, сосын жерде жатқан бас киімін алып, қарын қағып болған соң: «Балбес», – деді де, бас­қа ештеңе айтпай, жөнімен кете барды. Төбемнен жай түскендей, мен бір орнымда сілейіп тұрып қалдым. Өмірде мұндай да сұлу қыздар болады екен-ау?! Қасы жіңішке айға ұқсайды. Жанары жас ботаның көзіндей сүй­ кімді әрі мойылдай қап-қара. Жыпылық-жыпылық еткен ұзын кірпіктері әдемі жүзін одан сайын шырайландырып тұр. Қаба­ ғының түйілгені, бұртиғаны да өзіне әйбат жарасады. Мен бір көргеннен-ақ оған ғашық болып қалғанымды ұқтым. Ойынды әрі жалғастырғым келмей, үйге қайттым. Бөлмемде жалғыз жатырмын. Тамақ ішуге де, телевизор кө­ руге де, далаға шығып ойнауға да зауқым соқпайды. Ішіме түсіп кеткен оттың шоғы жалынға айналып, енді тұла бойымды өр­теп барады. Бұрын-соңды мұндай сезім еркімді билеп көрген емес. Бірте-бірте еркімді билеп алғаны да аз болғандай, ол сезім енді менің ой-санама үстемдік ете бастады. Жатсам да, тұрсам да оның бұртиып қараған келбеті көз алдымнан кетпей қойды. Айнаның алдына келіп ұсқыныма қарасам, шынында да, мына түрім адамнан гөрі «балбеске» көбірек ұқсайтын сияқты. Мен­ дей «балбестің» ондай ай десе аузы, күн десе көзі бар аруға керегі қанша?

  • * Сұрастырып жүріп, мен оның үйімізге жақын орналасқан орыс мектебінде оқитынын анықтадым. Ұзын бұрымы бар, көз­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ дері ылғи да күлімдеп тұратын періштедей сұлу қыздың аты Махаббат­ екен. Әсіресе жымиған кезде оның беті бал-бұл жай­ нап, ерекше құлпырып кететін. Ғашықтық дерті өміріме өзгеріс енгізіп, аз уақыттың ішінде есейтіп жіберді. Бұрынғыдай емес, енді ересек жігіттердей киім киісіме ерекше мән беретін болдым. Әдемі шаш қойып, оны дұ­рыстап тарап, үсті-басыма әкемнің иіссуын сеуіп, ең жақсы киімдерімді киіп, Махаббатқа қырындай бастадым. Әзірше жүзін бір көргім келіп аңсап, өтірік біреуді күткендей болып оны то­ сып, жолында тұрғаннан басқа әрекетке бара қойғаным шамалы. Бірақ Махаббат түк көрмегендей маңғазданып, аяғын нықнық басып қасымнан өте шығады. О, тоба! Ең болмағанда мен жаққа көзінің қиығын да салғысы жоқ. Оның осы бір тәкаппар мінезі менің діңкемді құртып, шаршап, тіпті жүдеп кеттім. Үйде жүрсем де, түзде жүрсем де тек Махаббатты ойлап, ішкен асым бойыма сіңбей қойды. Оның үстіне соңғы кездері Махаббатты үйіне шығарып сала­ тын бозбалалар да табылып, ішімде алай-дүлей боран соққандай болып, жаным күйзелді. Не істерімді білмей, күндіз-түні неше түрлі ойдың қамсауында қалып, қиялға батамын... Махаббатқа емексіп жүріп бір жыл да өте шықты. Тоғызын­ шы сыныпқа көшетін жылы мен оған «екеуміз дос болайық» деген мағынада хат жаздым. Бір апта емес, бақандай бір ай өтсе де Махаббаттан жауап келмеді. Менің сабақтан кейінгі ша­ руаларымның бірі – мектептен үйіне қайтатын кезде сол қызды торуылдау болды. Бір күні мен ауламызда тұратын Махаббаттың жақын құр­ бысынан оның поэзия кітаптарын ерекше сүйіп оқитынын ес­ тіп-білдім. Мен бұл жаңалыққа жердің тартылыс заңын ашқан Ньютоннан да бетер қуанған шығармын. Ура! Эврика! Тап­тым! Махаббаттың жүрегін жаулап алуға болатын бір-ақ жол бар. Ол – поэзия! Поэзияны сүйетін қыздардың ақынға ғашық болмауы мүмкін емес. Мен тез арада ақын болуым керек. Осылайша мен Махаб­

ЖҮРЕК СӨЗІ батты сүйетінімді өлең арқылы білдіріп, хат жазуды ұйғардым. Махаббат қазақшаны аса жақсы білмейтін шығар, сондықтан міндетті түрде өлең-хатты оған орысша жазуым керек. Және дүниеде ешбір ақын шығара алмаған теңдессіз өлең жазуға тиіспін. Айтуға жеңіл болғанымен, шын мәнісінде бұл оңай ша­ руа емес еді. Орысшаны бір адамдай жетік білгеніммен, қанша тырыс­сам да, өзге бір елдің тілінде өлең шығару машақат жұмыс болып шық­ты. Дүниеде өлең жазудан өткен машақат жұмыс жоқ па деп қалдым. Көңіліңде сайраған ойларыңның бәрі қағаз бетіне түскенде мән-мағынасы жоқ, былжыраған бір тақпаққа айнала­ ды. Махаббат секілді өлеңнің қадір-қасиетін білетін қыз менің ондай өлеңіме күліп, тіпті мазақ қылса ше? Мұндайды көрмек түгілі, ойыма алудың өзі маған ауыр. Шіркін-ай, махаббат тура­ лы шабыттанып жыр жазған Пушкин қандай бақытты еді! «Я вас любил» секілді өлеңді қыздардың падишасына оқысаң да талып түсетін шығар. Әлде Пушкин, Лермонтов немесе Есениннің өлеңдерінің бірін өзім жазғандай етіп жолдап жіберейін бе? Ұлы ақындардың жазған өлеңі маған бір қызмет жасаса – оның несі айып? Жоқ, олай істеуге де болмайды. Біліп қойса, ұрлығымның үстінен түсіп, масқарам шығады. Сол жылдары менің кітапханамда қаланың сыртындағы ба­ зардан, еврей кемпірінен сатып алған, машинкамен басылып,­ кітапша сияқты етіп шығарылған, Совет өкіметіне қарсы бол­ ғаны үшін сотталып, лагерьде қаза тапқан орыс ақыны Осип Мандельштамның өлеңдер жинағы бар еді. Мандельштамның махаббат туралы жазған бір өлеңі маған қатты ұнайтын. Оның үстіне ол ақынның өлеңдері түгіл, өзін де, өнер адамдары ғана болмаса, қарапайым халық білмейді. Еш­ бір оқулықта оның есімі аталмайды. Ақынның өлеңін әдемілеп көшіріп, ең жақын құрбысы арқылы Махаббатқа беріп жібердім. Я наравне с другими Хочу тебе служить,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ От ревности сухими Губами ворожить. Не утоляет слово Мне пересохших уст, И без тебя мне снова Дремучий воздух пуст. Я больше не ревную, Но я тебя хочу, И сам себя несу я, Как жертву палачу. Тебя не назову я Ни радость, ни любовь. На дикую, чужую Мне подменили кровь. Еще одно мгновенье, И я скажу тебе, Не радость, а мученье Я нахожу в тебе. И, словно преступленье, Меня к тебе влечет Искусанный в смятеньи Вишневый нежный рот. Вернись ко мне скорее, Мне страшно без тебя, Я никогда сильнее Не чувствовал тебя, И все, чего хочу я, Я вижу наяву. Я больше не ревную, Но я тебя зову.

ЖҮРЕК СӨЗІ Келесі күні ол ең жақын құрбысы арқылы маған хат беріп жіберіпті. Өз хатында мені ерекше адамдардың бірі санайтынын айтып, дос болуға келісім беріпті.

  • * Хатыма жазған Махаббаттың жауабын алған соң, бақыттан басым­ айналды. Ұзақ күткізбей оны киноға шақырдым. Ол ке­ лісті. Сабақтан кейін екеуміз киноға бардық. Кинода отыр­ ған­да бір әдемі сезім тұла бойымды ерітіп, Махаббатқа қарап елег­зи беремін. Ақырын ғана қолынан ұстап, сүйріктей әдемі саусақтарын қысып қойдым. Ол маған көзінің астымен күлімдеп бір қарады да, киноны көріп отыра берді. Кинодан шыққаннан кейін балмұздақ сатып әпердім. Екеу­ міз «Арман» кинотеатрының артындағы саябақтағы орындық­ тардың біріне отырып, әңгіме соғуға кірістік. Маған ол жазған өлеңімді қатты ұнатып қалғанын айтып берді. Тағы не жазып жүргенімді сұрады. Осы сәтте мені бір сайтан азғырып, мақ­ таншақтығым ұстап: – Менің жазған повесім де бар, – деп өтірікті соғып жібер­ меймін бе... – Маған оқуға берші, – деп ол жабыса кетті. Әбден сасып қалған мен не айтарымды білмей абдырап: – Көрсетпей-ақ қояйыншы, ұяламын, – дедім. – Оқуға берші, әйтпесе ренжимін, – деп ол онан сайын қиыл­ ды. Жағдайым ауырлай бастады. Маңдайымнан ащы терім бұрқ ете қалды. – Жарайды, көрсетейін, бірақ сен де менің бір өтінішімді орындайсың! – Ол қандай өтініш? – Сен де мені жақсы көретініңді айтасың. Сосын бетіңнен бір сүйгізесің. – Мен сенімен енді... 3-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Махаббат маған ренжіп, кетуге ыңғайланды. Ісім насырға шаба бастады. Оны білегінен ұстай алдым да: – Өкпелемеші, жай, әзілдегенім ғой. Дүйсенбі күні мектебіңе әкеліп беремін. Келістік пе? – дедім мен бәрін жуып-шаюға ты­ рысып. – Келістік. Әрине, маған өзім жақсы танитын, көп адамға беймәлім жа­ зушылардың шығармаларының бірін көшіріп апаруға болатын еді. Бірақ мен бұл жолы өтірік айтуға ұялдым. Және Махаббат­ ты шын сүйетінімді дәлелдеу үшін повесть жазуға бел будым. Осылайша,­ екі күн бойы ұйықтамай, «Когда улетают ласточки» деген орысша повесть жазып шықтым. Бұл хикаяда соғыста жүріп қаза табатын қазақ солдатының елімен, жерімен қоштасатын сәті оның артында қалған баласы­ ның көзімен суреттеледі. Жазған повесімді торкөз дәптерге мар­жандай қылып көшіріп, Махаббатқа апарып бердім. Ол оқып болған соң шығармамды тез қайтарды. Үйге келгеннен ке­ йін дәптердің ішінен хат тауып алдым. «Мен де сені жақсы көремін...» деп жазылған болатын ол хатта...

  • * Мектеп жайына қалып, сабақтан қашып, енді екеуміз жиіжиі киноға баратын болдық. Екі айдан соң Махаббаттың әкешешесі «Қазақстан» кинотеатрына жақын жерден үй алып, көшіп кетті. Енді бұрынғыдай күнде болмаса да, жексенбіде кездесіп тұруға уағдаластық. Екеуміз де аптаның соңын таға­ тымыз таусылып күтуші едік. Сирек кездесу бір-бірімізге де­ ген ынтызарлығымызды одан сайын арттыра түсті. Сәл кешігіп қалсам Махаббат бұртиып, маған өкпелеп қалатын. Бұртиғанда бетінде болмашы бір шұңқыр пайда болып, онысы бет әлпетіне әдемі көрік беретін.

ЖҮРЕК СӨЗІ Жексенбі сайын Махаббаттың үйінің жанындағы «Қазақ­ стан» кинотеатрына киноға бару үйреншікті әдетімізге айнал­ ды. Және қандай кино екені екеумізге де бәрібір еді. Үнді ки­ носы ма, Батыстың киносы ма – талғамаймыз. Кино тек сылтау ғана. Шындығында бір-бірімізді көру үшін ғана киноға кіріп жүргенімізді екеуміз де үнсіз түсінеміз. «Қазақстан» кино­ театрында болатын фильмдердің билеті де аса қымбат емес. Баржоғы – 20 тиын. Екі сериялы киноға кірсек, Махаббат екеумізге 80 тиын ғана кетеді. Оның үстіне сол жылдары мен Торғай об­ лысы Жангелдин ауданының «Жаңа өмір» газетіне әңгіме жі­ бе­ріп тұратынмын. Газеттен кейде маған 10-15 сомдай қаламақы келеді. Мұндай ақша Махаббатты қалай қыдыртсам да емінеркін жетеді... Не деп бара жатырмын мен, дәл осындай бақыт құшағында жүргенімде, тиын-тебен деген де, тәйірі, сөз болып па?.. Кинодан шыққан соң Пастер (бүгінгі Мақатаев) көшесіне жақын жердегі саябаққа барып, қыдырып, күн батқанша әңгі­ ме соғамыз. Әңгімеміз де таусылмаушы еді-ау! Махаббат орыс мектебінде оқығанымен қазақшаны да жетік біледі екен. Сон­ дық­тан екеуміз кейде орысша, кейде қазақша, кейде орысша мен қазақшаны араластырып сөйлесе береміз. Бірақ қай тілде сөйлескеніміз біз үшін аса маңызды да емес еді. Біз бір-бірімізді тілсіз-ақ түсінетінбіз. Сүйем-күйем деген сөздерді айтпасақ та, бір-бірімізге деген ынтызарлығымызды көзімізбен-ақ ұқтыра­ тынбыз. Бүгін тағы да кинодан шыға салысымен саябаққа қарай аяң­­ дап келеміз. О, ұлы Жаратушы! Өмірде де ғажайып ертегілер­ де­гі­дей күндер болады екен-ау! Күні кеше ғана Махаббат маған қара­май қойғанда қиналып, сүйікті ақыным Мұқағалидың: Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам болмайын. Сол аман ба?

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ О, тәңірім! Неткен жан қайырылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба? – деген өлең жолдарын ішімнен оқып, жүрегімді жұбатқан ай­ ларымның бәрі артта қалды. Енді махаббаттың балдай шарабына мас болып, басым айналып, лүпілдеген жүрегім жарылып кете жаздап, шаттықтың, қуаныштың әнін шырқап келеді. Артынан жүгірген талай бозбаланың біріне де қарамай қой­ ған, көркіне ақылы сай, әлемдегі ең сұлу Махаббат менің жа­ нымда­ отыр. Және жай ғана емес, суықтан тоңып, ағаштың бұ­тағынан пана іздеген торғайдай қойныма тығыла түседі. О, Жа­ратқан! Сенейін бе, сенбейін бе бұған? Түсім емес пе бұл? Аяқ астынан күн суытып, жаурап қалған Махаббаттың маған жабыса түскені үшін табиғатқа деген ризашылығым да шексіз еді. «Күн суып кетті, үйге қайтайық» деген сөзді айтудың ор­ нына, қайта, керісінше, Құдайдан күннің одан бетер суы­тып, Махаббаттың маған онан сайын жабыса түскенін тілеймін ішімнен. Оны қасымда ұзағырақ ұстап тұру үшін бар өнерімді салып, құбылтып, неше түрлі әңгіме-хикаялардың тиегін ағы­ тып, көңілін аулауға тырысамын. Ауладағы, мектептегі оқи­ға­ лар туралы­ әңгімелерім түгесілгенде Махаббат сүйіп тыңдай­тын әдебиет тақырыбына ойыстым. Сол күні мен оған Мұқағали жөнінде әңгіме айтып бердім. Әсерлірек шығу үшін әңгімемнің кей тұстарын қоюлатып, Мұ­ қағалидың өмірінде болмаған оқиғаларды да ойдан шығарып, оның оқыстан қаза тапқаны туралы өтірікті де қосыңқырап жібердім. Шындығында, өлеңдерін сүйсініп оқығаным болмаса, ақынның неден дүние салғанын білмеуші едім. Дәл осы уақытта жанарын мұңның сәулесі шалған Махаббаттың: – Сонда ол қалай опат болған? – деп сұрап қалмасы бар ма. Табан астында өтірік ойлап шығарудың мұндай шебері бо­ лармын ба: – Біреулер түнде көшеде келе жатқанда пышақтап кетіпті. Өлерінен екі күн бұрын соның бәрін сезгендей болып, өмірге

ЖҮРЕК СӨЗІ базынасын айтып, қайыңға арнап өлең шығарыпты, – дедім мен бетім шімірікпестен. Өткен жолы мен оған Есениннің тамырын алмаспен қиып, соңғы өлеңін қанымен қалай жазып кеткенін айтып бергенімде Махаббаттың көзіне мөлтілдеп жас келген. Сонысын қатты ұнатып қалғандықтан, Мұқағали туралы әңгімемнің де бояуын қолымнан келгенше қалыңдатып жатырмын. Сенімдірек болу үшін Мұқағалидың өлерінің алдында жазған өлеңі деп «Жа­ пырақ-жүрек жас қайыңын» бар өнерімді салып оқи жөнелдім. Бірақ Махаббат өлеңді соңына шейін оқытқызбай, сүйріктей әдемі саусақтарымен менің аузымды баса қалды: – Ендігәрі мұндай өлеңдерді оқымашы. – Неге? – Қайғылы өлеңдерді ұнатпаймын. Кеш түсіп, дүниені жан-жақтан төнген қараңғылықтың қою тұманы билей бастады. Саябақта құлаққа ұрған танадай ты­ ныштық орнады. Бұл хикаяның жалғасын мен білемін дегендей, екеуміз отырған орындықтың жанында өсіп тұрған ақ қайың ғана үнсіз тұнжырайды. Сездірмеуге тырысса да, Махаббаттың қатты жаурай бастағанын байқадым. Курткамды шешіп, оның денесіне жауып, қымтай бергенімде, рабайда қолым оның ана­ рына тиіп кетті. Махаббат селк ете қалды. Ұялғаннан, тіпті, құ­ лағына дейін қызарып кетті. Ал менің бойымда бір тәтті діріл жүріп өтті. Үзіліп қалған үнсіздікті Махаббат жалғады: – Өскенде кім боласың, жазушы ма, әлде ақын ба? – Жазушы боламын. Саған арнап бір үлкен роман жазамын. – Класно! – деп қолын шапалақтады. – Бірақ оған дейін сен маған арнап бір өлең шығаршы. Пож-жалуйста! – Онда сен де менің бір тілегімді орындайсың. Ерніңнен бір сүйгізесің. Жарай ма? Жауап берудің орнына Махаббат сықылықтап күлді. – Сен, немене, қыздардың ернінен сүймесең жүре алмайтын «маньяксың» ба? Өзіңді жақсы көретінімді білесің ғой. Сол жеткілікті емес пе?

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ – Жеткілікті ғой. Бірақ сүйіскен кезде адамның қандай сезім­­ ді басынан кешетінін білгім келеді. Махаббат үндемеді. Үндемеуін мен ішімнен келістіге сана­ дым. Солай екеніне тіпті еш күмәнім де болған жоқ.

  • * Мен үшін тағы да азапты күндер басталды. Орысша өлең жазу қандай қиын жұмыс болса, қазақ тілінде өлең шығарудың азабы одан кем емес екен. Жазғандарым көңілімнен шықпай, ондаған өлең жыртылды. Оқуды мүлде ұмыттым. Есіл-дертім – Махаббатқа арнап өлең шығару. Махаббаты есінен тандырып жібере жаздайтын таңғажайып өлеңді оқып беріп, оның ерні­ нен сүйген сәтімді елестеткенімде, жүрегім бәйгеде шапқан ат­ тардың тұяғындай дүрсілдеп, сол тәтті удың дәмін сағына күтіп, тү­ні бойы ұйықтатпай қояды. Алайда, бір күн өтті, өлеңім жазылған жоқ. Екі күн өтті. Тағы да сол жағдай. Үш күн өтті. Сабақ жайына қалды. Мектептегі ұстаздарым ескерту жасады. Төрт күн өтті. Физика, химия пән­ дерінен екі алдым. Бірақ Махаббатқа арналған таңғажайып өлең тумады. Ой шаршатып, жаным жүдеп кетті. Бесінші күні Ма­ хаббатты таңғалдыратын өлең жаза алмайтыныма көзім жетіп, ақындықтан біржолата күдерімді үздім. Тағы да үйреншікті әдетіме басып, жұрттың көбісі біле бер­ мейтін ақындардан жақсы өлең іздеп, жиендік жасауға кіріс­ тім. Ұялудың орнына, Бердібек Соқпақбаевтың Қожасындай «ақынның бір өлеңін алғанымнан оның поэзиясы қуарып қал­ мас» деген мағынадағы сөздермен қайта өзімді қорғап, ар-ұя­ тымның алдында ақталғандай боламын. Сонымен, не керек, қазақ және орыс тілінде жазылған та­ лай жыр жинақтарын ақтарып, мен сол махаббат жырын Мұқа­ ғалидан таптым. Ақынның «Сенің көзің..» деген өлеңін оқы­ ғанымда, қуанғаннан төбем көкке сәл-ақ жетпегендей болды. Жетуі үшін оны тек Махаббатқа оқып беру ғана қалды.

ЖҮРЕК СӨЗІ Өлеңнің ырғағы, музыкасының сыңғыры, сезімнің тасқыны менің көңіл күйімнің табиғатын айна-қатесіз қалайша дәл жет­ кізген?! Мұндай өлеңді Құдай неге Мұқағалиға жазғызған? Ма­ хаббатқа арналып менің, тек менің ғана жүрегімде тууға тиіс өлең емес пе бұл?! Гармонияның үйлесуін айтпағанда, өлеңнің әр жолындағы теңеулердің бәрі Махаббаттың табиғи жараты­ лысын дәл суреттеп тұрған жоқ па?! Әлде бұрын-соңды да мына дүниеде дәл Махаббаттай періште өмір сүрген бе? Мүмкін емес. Сене алмаймын оған. Бәлкім, Мұқағали бұл өлеңді Махаббат сияқты қызды кездестіргісі келіп, армандап жазған болар. Егер ол ондай аруды өмірінде бір рет көрген болса: Мен нағыз махаббатты армандаймын, (Оны мен жоғалтып та алғандаймын). Ақ қаздар арасында аққуымды Ажырата білмеген сормаңдаймын, – деген сыңайдағы өлеңдерді жазуы қалайша мүмкін болмақ? Мүмкін,­ қатал тұрмыстың илеуінде жүрген ақынның айтып отыр­ғаны басқа махаббат па? Бірақ мен әрі қарай ол туралы ойлағым келмеді. Жастықты қойныма қысып құшақтап, ертең Махаббатқа бұл өлеңді қалай оқып беретінімді ойлап, балбы­рап, тәтті ұйқыға кеттім. * Төзімім таусылып, сағатыма қайта-қайта қарап, екеуміз кез­ десуге уағдаласқан саябақтағы жолдың жиегіне жақын жердегі ақ қайыңның жанындағы орындықта оны тағы да тағатсыздана кү­тіп отырмын. Көңілім қобалжып, жүрегім өрекпіп Махаббат­ тың келетін жағына қайта-қайта қараймын... Алыстан таныдым. Автобустан секіріп түсіп, жолдағы шөп­ терге сүріне-қабына ол маған қарай енесін сағынған еліктің ла­ ғындай жүгіріп келеді. Үстіндегі соңғы сән үлгісімен тігілген көк

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ көйлегінің етегі желмен желп-желп етеді. Қолында кішігірім дорбасы бар. – Кешірші, саяжайдан келе жатқанымызда аяқ астынан па­ памның көлігі сынып қалып, үйге әрең жеттік. Мынау саған. Дәмі сондай тәтті. Дорбаның аузын ашып қалғанымда, мұрнымды жарып жібе­ ре жаздаған апорттың қышқылтым хош иісі аңқып қоя берді. Үлкендігі кішкентай баланың басындай, ұқыпты қолмен жуыл­ ған бес-алты алманың өзі дорбаның қарнын қампитып тастап­ ты. Біреуін алып, тауыса алмайтынымды сезіп, ортасынан бөліп, жартысын Махаббатқа бердім. Сол күні «Қазақстанда» үндінің фильмі көрсетіліп, билет­ тер алдын ала сатылып кетіпті. Киноға кіре алмадық. Бірақ сыр­ тымызбен уайымдаған адамның сыңайын танытқанымызбен, ішімізден билеттің таусылып кетіп, ұзағырақ сөйлесуімізге мүм­ кіндік туғанына екеуміз де қуанып тұрмыз. Құдды осы киноға біреу бізді зорлап кіргізіп, әңгімелестірмей жүргендей, тіпті бо­ йымыз жеңілдеп қалды. Мұндайда уақыт та зымырайды екен. Балқыған темірдей қы­зарған күннің ұясына қалай батып қалғанын да байқамай қа­ лыппын. Тіршіліктің шулаған желігінен саябырсыған кеш сая­ бақта жайқалған ағаштарды да маужыратып жібергендей. Біре­ уінен басқасы желінбеген бір дорба алма сол қалпында, «Мені ұмытып кеттіңдер ме?» дегендей, орындықта тұр. Көліктердің де жүрісі сап тыйыла қалды. Әлдеқайда шырылдаған шегірткенің үні ғана тыныштықты бұзғандай. Түні бойы жоспарлаған іс-әрекетімді жүзеге асырудың сәті түсті. Енді кештетуге болмайды. Тәуекел! – Махаббат, саған арнап жазған өлеңімді оқып берейін бе? – дедім кенеттен. Қатты қобалжығандықтан даусымда діріл пайда болды. – Шынымен маған арнап өлең шығардың ба? Какой ты мо­ лодец!

ЖҮРЕК СӨЗІ Жүрегімнің дүрсілдеуінің, даусымдағы дірілдің сәл де болса да басылғанын күтіп тынысымды алдым. Махаббатқа қарадым. Қобалжып кететін кездегідей оның көздері жыпылықтай берді. Маған қараған жанарында бір таңданыс бар. Мұндай таңданған жанардың сұранысын қанағаттандырмауға қалай дәтің шыдай­ ды? Бойымдағы буырқанған сезімнің екпінімен оның жанары­ ның тұңғиығына көзім тоймай қарадым, әлі де дірілі басылмаған даусыммен, асықпай, әр сөзімді шегелеп Мұқағалидың өлеңін оқи жөнелдім:

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған. Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман. Өтірік көрмегенсіп, Махаббаттың өлеңді тыңдаған сәтіндегі қимылының бірін де назарымнан тыс қалдырмай, қырағы сақ­ шыдай бақылап отырмын. Ботадай жәудіреген көздерінен маған деген бұрынғыдан да күшті ынтызарлықтың ұшқынын байқап қалдым. Мұқағали поэзиясының құдіретімен қыздың мысын басып,­ мен жеңіп, ол жеңіліп барады. Соны сезіп, рингте жеңіп ба­ра жатқанын түсінген боксшылардай енді оны біржолата құлатқым келіп, бар өнерімді сала түстім:

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?! Әсем басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана, Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана. Кеше күні бойы айнаның алдында тұрып дайындалғаным­ ның пайдасы тиді, білем. Өлең оқу шеберлігіммен Махаббаттың талдай бойын ұйытып жібергенімді анық сездім. Әне, көрдіңіз бе, өлеңнің келесі шумағы оқылғанда ол бұрынғыдан да күшті

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ сүйіспеншілікпен маған жабысып, сүйріктей саусақтарымен ме­ нің қолымды қатты-қатты қыса түсті. Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен? Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар, бал ма екен, Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен? Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін, Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің. Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егер де, Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін. Өлеңнің бұл жолдары тіпті екеуміздің ортамыздағы сезім­ нің нәзік жібін үзіп тастап, махаббат сарайының қақпасын ашып жібергендей­ болды. Махаббаттың басы еріксізден ме­ нің иығы­­ма құлады. Ол жеңілді, мен жеңдім. Ойланып-толға­ натын не бар енді?­­ Осы сәтті пайдаланып, «Айтқаныңды неге орындамайсың?» дегендей­ сұранып тұрған оның шиедей ер­ нінен сүйдім. Махаббат­ қарсыласқан жоқ. Абайсызда қолым дорбаға тиіп кетіп, жерге құлап қалған бір-екі алма сәкінің алдындағы жолға түсіп алып, секіріп билеп, төмен қарай домалай жөнелді... * Аспандағы ай мен күнге қолым еркін жетіп, жүрегім шексіз бақытқа кенелген, бірінен-бірі асып түсетін қызығы таусылмай­ тын күндер зымырап өте берді. Мен өмірімнің биік аспанында жарқыраған бақыт сәулесінің енді мәңгі сөнбейтініне сенімді едім. Бірақ тажал ажал мені Махаббаттан бір-ақ күнде мәңгілікке айырды. Ал енді, құрметті оқырман, Махаббаттың қалай қаза тапқаны туралы әңгімені әзірше айтпай-ақ қоюға рұқсат ет. Оны айтып берудің маған қаншалықты ауыр екенін өзің де жақсы түсініп

ЖҮРЕК СӨЗІ отырған шығарсың. Мен бұл әңгімемде ауыр операция жасау­ ға кіріскен дәрігердікіндей ұқыпты қолмен, жиырма бес жыл бо­йы жанымды сыздатып ауыртса да тиіспей келген жарамның Мұқағали ақынға байланысты жерін ғана ұстап көруге тәуекел еттім. Құдай қуат берсе, бұл махаббат хикаясын келешекте, жа­ зылып жатқан («Махаббат, мені жұбатшы») романымнан оқыр­ сыңдар. Дегенмен, Махаббат қаза тапқан күнгі көңіл күйім­дегі аласапыранды айтпай кетуге дәтім шыдамай тұр. * Махаббаттың қаза тапқанын естігенімде, ойламаған жерден біреу кеудеме біз сұғып алғандай селк ете түстім. Аяқ астынан мына дүниенің не болып кеткенін де, қандай әрекет жасау ке­ рек екенін де түсіне алмай, миым істемей қалды. Ақыл-ойынан адасқан ғаріптей біресе отырып, біресе тұрып, жылай беремін. Жалғыз досым – жүрегім ғана серігінен мәңгілікке айырылға­ нын бірден түсініп, бұзып шыққысы келгендей болып тоқтамай дүрсілдеп, көтеріліс жасап, бар күшімен кеудемді қайта-қайта соға жөнелді. Көшеге шығып такси ұстадым. – Сейфуллин мен Пастер көшесіне дейін апарып тастаңышы, ағатай! – Үш сом. – Жақсы. Такси жүргізуші аузы жабылмай сөйлей беретін адам екен. Көзімнің бұлаудай болып ісіп кеткенін көріп, не болғанын, неге жылағанымды қоймай сұрап жатыр. Ал менің дәл осындай хал­ де онымен сөйлесуге мүлде көңілім соғып тұрған жоқ. Бес ми­ нутта заулатып алып келді. Қалтамнан он сом алып бердім де, артынан жау қуып келе жатқан адамдай таксиден атып шығып, Махаббаттың үйіне қарай жүгіре жөнелдім. «Артық ақшаңыз­ ды алыңыз!» – деп соңымнан айғайлаған дауысқа бұрылып та қарамадым. Енді оның маған қажеті қанша?

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Махаббаттың үйінің жанына едәуір адам жиналып қалып­ ты. Біреулер аулада киіз үй тігіп жатыр. Үшінші қабатқа көтері­ ліп, пәтеріне кірдім. Қаптаған кісі. Ешқайсысын танымай­мын. Қайғыдан жаншылған жүрегімді онан сайын езіп жіберген, Ма­ хаббатты жоқтап жылап-сықтаған ащы дауыстар естіледі. Мені көріп, есіркеген бір адам жоқ. Көңіл айтуға кіріп шыққан сы­ ныптастарының бірі деп ойлап жатқан шығар. Олар Махаббаттан мәңгілікке айырылудың мен үшін қан­ дай ауыр қайғы екенін қайдан білсін? Олар Махаббаттың менің өмірімді нұрландырып тұрған ғажайып күн болғанын қайдан білсін? Олар сол жарық күннен айырылған менің жанымның енді­ қара түнекке айналғанын қайдан білсін? Олар қатал тағ­дыр­ дың жүрегіме өсіп шыққан әдемі гүлімді жұлып әкеткенін қай­дан білсін? Олар... Бір уақытта төргі бөлмеден Махаббаттың анасының құлы­ нын жоқтап, ботадай боздаған ащы даусы естілді. Қазақша жоқ­ тау айтып жатыр. Анасының зарлы жоқтауы сай-сүйегімді сыр­ қыратты:

Мінген де аты кер ме екен, Маңдайдан аққан тер ме екен? Ащы бір даусым шығарсам, Анамның даусы дер ме екен?! Құдайым-ау, қазақ «Сөз сүйектен өтеді» деуші еді! Мына ащы сөздер сүйегімнен өтпек түгіл, оны үгітіп жібергендей бо­ лып, буын-буыным босап, сылқ етіп диванға отыра кеттім де, көзімнің жасын тоқтата алмай, егіліп жыладым. Төргі бөлмеден тұңғыш рет Махаббаттың анасын көрдім. О, Тәңірім! Табиғат-Ананың мұндай да шеберлігі болады екенау! Сойып қаптап қойғандай, Махаббат анасынан аумай қалған екен. Құдды Махаббат өлмегендей, Мұңлық пен Зарлық бірбірімізбен көрісіп жоқтасып, мен – босағада, ол болса – бөлменің төрінде жылап отырғандаймыз. Қабырғада қаралы лентасы бар

ЖҮРЕК СӨЗІ Махаббаттың бәрімізге бұртиып қараған суреті ілініп тұр. Ма­­ ған өкпелегенде дәл осылай бұртиып қараушы еді. Әрі қарай мына көрініске қарауға дәтім шыдамай, далаға шығып кеттім. Көңілімдегі бұлттар онан сайын нөсерлетіп, кө­ зімнің жасы тыйылмай қойды. Бұл не деген таусылмайтын көз­ дің жасы еді, аспан тесіліп кеткендей болып, кейде қатарынан бірнеше күн бойы жауатын Алматының сәркіл жаңбырындай ағыл-тегіл жыласам да тоқтайтын емес. Жаныма дауа іздеп, дү­ кеннен темекі сатып алып, қойып кеткен шылымымның улы түтінін қайта-қайта тоймай сордым. Ертеңіне жұрт Махаббатты соңғы сапарға шығарып салды. Мен бұл қайғылы көріністің бәрін аулада өскен ағаштың жа­ нында тұрып бақылап, Махаббаттан мәңгілікке айырылғаныма әлі сене алмай, мәңгіреп барамын. Әне, оның сүйегі салынған қаралы табытты ұлардай улап-шу­ лаған жұрт жылап-сықтап көлікке салып жатыр. Зарлап жоқ­та­ ған әйелдердің бәрі қалып қойып, зират басына баратын еркек­ тер асығып, үйдің жанындағы автобустарға қарай кетіп барады. Неге мына жұрт соншама Махабатты қара жердің қойнына тапсыруға асығады? Қалайша сендер көздерің қиып әлемдегі ең сұлу періштені өз қолдарыңмен тамұқтың түнегіне тастай сала­ сыңдар? Неткен безбүйрек, қатал едіңдер, адамдар?! Мен зират басына бармай, қалып қойдым. Қалай барам? Жү­ регімді нұрландырған сәуленің қабірге қойылып, қара топы­ рақпен көмілгенін қалай көрем? Қалай шыдайды оған жүрегім? Бара алмағаным үшін кешір мені, Махаббат! Мен ол жаққа сенімен мәңгілікке қоштасқым келмегендіктен бармадым. Өйт­ кені сене алмаймын сенің өлгеніңе. Мені бар жан-тәнімен, жү­ регі елжіреп сүйген жанның дәл осылай аяқ астынан, бір күнде ғайып болуы қалайша мүмкін болмақ? Сені жұрт зиратқа емес, басқа жаққа алып кетті. Басқа... Тағдыр өткір қанжарымен жүрегімді осып өтті. Енді одан аққан қанды қалай тоқтатарымды білмей, зиратқа емес, жарам­ ды емдеу үшін Махаббат екеуміз талай қыдырған саябаққа бар­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ дым. Ақыл-есін жоғалтқан жынды адамдай кешке дейін саябақта жүрдім де қойдым. Не үшін екенін өзім де білмейтін мағынасыз жүріс. Жаз ортасы. Тамылжыған табиғат, бұрынғысынан да ерек­ ше құлпырып, сәндене түсіпті. Далада баяу ескен, бойыңды сер­ гітетін бір әдемі қоңыр салқын жел бар. Күн таудан асып, қызыл торғындай толқынданып батып барады. Саябақтағы көзіңді қуантып жайнаған гүлдер, бір-бірімен сырласып, теңселіп, жа­ пырақтары жетіліп, жазғы жасыл киімімен құлпырған ағаш­ тар, сайраған құстардың әні адамның есін алып, қоңыраулатып қызық думанға шақырып тұрғандай. Бірақ бүгінгі көз алдымда­ ғы жаздың жайлы кешіндегі әдемі суреттің бәрі жарақат алған жүрегімнің жарасын емдеудің орнына, қайта онан сайын ауыр­ тып, керісінше, оған бұрынғыдан да қалың қайғы жамап беріп жатыр. Күн батып, дүниенің төрт бұрышынан төнген қараңғылық көзді байлағанда жұрттан жасырынғандай ұрланып Махаббат екеуміздің талай сырымыздың куәсі болған Мұқағалидың қа­ йы­ңының қасына келдім. О, ғажап! Бұрын-соңды келгенімде ылғи да жарқырап қарсы алатын ақ қайың бұл жолы қайғыма ортақтасып, жылап тұр. Күздің салқын кешінде Махаббатты аймалағандай оны құ­ шақтап, ішімдегі ауыр толқын жүрегімнің жағалауын ұрғанда көзімнен жас тоқтамай парлады. Кеудемнің астында да бір зат солқылдап жылағандай болады. Жүрек. Кімнің жүрегі? Менікі ме, әлде қайыңдікі ме? Бар-жоғы менде бір жүрек, Ол өлсе мәңгі кеткенім. Сендегі семсе мың жүрек, Келгенде жасыл көктемің, Тірілер қайта дүркіреп.

ЖҮРЕК СӨЗІ Жапырақ-жүрек жас қайың! Жанымызды айырбастайық. Адам боп жүрсең қасқайып, Қайың боп тұрам қасқайып, Тәуекел, айырбастайық! Өмірге өмір жалғасып, Анамыз жерге жармасып, Бірде адам, бірде қайың боп, Сүрейік өмір алмасып.... Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ТАҒДЫРМЕН БЕТПЕ-БЕТ ...так кто ж ты, наконец? Я – часть той силы, что вечно хочет зла и вечно совершает благо. Гете. «Фауст»

Флоренцияның ұлттық музейінде Италияның ұлы перзен­ ті, Ренессанс дәуірінің аса көрнекті өкілі Микеланджелоның «Жеңімпаз» деп аталатын мәрмар тастан қашалған мүсіні бар. Дене бітімі керім, аласа маңдайының алдында бұйра шашы жел­ біреген жалаңаш жігіт, басы салбырап, өлімге мойынсұнған жа­ уын тізесімен басып тұр. Бірақ жеңімпаз кезінде қанын ішкісі келген дұшпанына енді көзінің қиығын да салғысы келмей, оны өлтіруге да асыға қоймайды. Өйткені осыдан әрі қарай оны бұл жеңістің ләззаты қанағаттандырмайды да. Саябақта орнатылған Мұқағали ескерткішінің алдына кел­ генімде менің ойыма Микеланджелоның «Жеңімпазы» орал­ ды. Уақыт таразысымен өлшесек, араларында талай ғасырлық алшақтық жатқан, көңіліңе алуан-алуан ой тағалайтын екі ес­ керт­кіштің рухани үйлесімінде бірін-бірі толықтырып тұрған үндестік бар. Жалған дүниенің ауыр бейнетінен құтылған Мұқағали да мына өмірге бейқам қарап, кеудесінің қоңыр күмбірін тыңдап, саябақтағы жайқалған ағаштардың ортасында, өмірінде зәру болған жеңістің бәріне түк мән бермей, түпсіз терең ойының түйінін шеше алмай, қабағы түксиіп, салқын тұнжырайды. Енді ақынға бәрібір. Ол – жеңімпаз. Тіпті әлдекімдердің со­ йылын соғып ақынның жүрегін жаралағандар да уақытында

ЖҮРЕК СӨЗІ қателескендерін мойындап, рухынан кешірім сұрап, оны мақтап мақала жазып, жыр алыбының сыртынан талай қауесетті қарша боратқан дұшпандарына дейін жамырап Мұқағали туралы ес­ телік айтып үлгерді. Аруағын разы қылу үшін, жүгіріп жүріп, көзі тірісінде кө­ ре алмаған атақ-даңқтың бәрін ақынға алып бердік. Кітаптары том-том болып басылып шығып жатыр. Ең бастысы, ақынның жырлары халықтың жүрегінің төрінен ойып тұрып орнын алды. Бір сөзбен айтқанда, Мұқағали ұлттық мақтанышымызға айнал­ ды. Енді Мұқағали туралы шын ниетпен де, тіпті қызғанышпен айтылған сөздер де тек ақынның мерейін биіктете түспек. Осыдан артық ақынға қандай жеңіс керек? Шаттанып, же­ ңістің қуанышынан басың айналатын бақытты сәт осы емес пе? Алайда рухы мүлде бөлек жеңісті күткендей болған ескерткіш Мұқағали басқа бір ойлы дүниенің тұманына оранып, мұңаятын секілді. Не ойлап отыр екен ол? Бала күнінде қырында ойнақ салған, өмірдің боранындағы адасқан шақтарында түсіне жиі-жиі кірген ауылын ойлай ма? Әлде тағдыр деген асауға ауыздықсыз мініп, қор болған жыл­ дарын есіне алып, өкініп отыр ма екен? Немесе мына өмірді өтпейтіндей көріп, адамгершіліктің сәулесін ұмытқан пенделер­ ге әлі күнге дейін жаның ашып, қамығып отырсың ба, абызым? Неге үндемейсің? Жазылмай қалған жырларың мен айтыл­ май кеткен сырларыңның сандығын ашып, көңіліңді жасытқан кедейліктен серпіліп, өмірімнің өліарасында менімен бір мез­гіл сөйлесіп, жүрегімнің қайғысын тыңдашы. Мен де сенің ескерт­ кішіңнің алдына жетіскеннен келіп тұрған жоқпын, аяулым. Өмірдің аязынан жаурап, рухсыз қоғамнан жалығып, мына жал­ ған дүниеден сырласуға тұратын бір адам таба алмағандықтан келдім қасыңа. Неғылған ой жаншып тұрған мұншама, Нені аңсаймын, Кімге барып мұң шағам?! 4-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Әуре ететін әлде, жырым, сенбісің, Әлекке сап, әр нәрсеге жұмсаған?! Не көксеймін?! Неге мұнша жалықтым?! Әлде өмірді енді білдім, жаңа ұқтым? Қолың жетпес қуатыңа құмар қып, Әурелеген әлде сен бе, жарық күн?! Aңғал, ақыным-ай! Неге сонша асықтың бақи дүниеге? Тағ­ дырдың шылбырына сүйретіліп өлген аянышты өліміңмен кімге нені дәлелдемек болдың? Өзіңді шын сүйетін жандардың жүре­ гін жаралап, жанын жылатқаннан басқа, сен бұл өліміңмен еш­ теңені де дәлелдей алған жоқсың қатыгез заманға. Қайта сен кеткен соң зұлым заман онан сайын ызғарын тө­ гіп, қаһарына мініп, қабағынан қар жауып, қатулана түсіп, жа­ нымызды тоңдырды. Нағыз ақындардың бәрін сұм ажал әлі де баяғыдай қырықтың қырқасынан аса салысымен өлтіріп жа­ тыр. Тағдырыңды қайталап, қаншама ақын қыршыннан қиылып, артыңнан кетті. Сенің жаның олардың Рухымен ендігі қауышқан да болар. Тасбауыр заман халықты аямақ түгіл, қайта оларды бұ­рын­ ғыдан бетер жаншып, сүліктей сорып, рухын сындырып, азды­ рып-тоздырып бітті. Тәуелсіздік алып, азаттықтың таңы ата ма дегенімізде, барлығы керісінше болып, құлдықтың қамыты мойнымызға киіліп, армандарымыз суалып, жанымыз қуарып, жүрегіміз тозып, ұятсыздықтың дауылы қоғамымызды долы желдің айдауына түскен ұсақ қардай ұшырып әкетіп барады. Өңшең надан, иманнан безген, қазақтың қанын қанша ішсе де тоймайтын, қанша езсе да айызы қанбайтын, байлығын тона­ ған сайын араны ашыла түсетін қоғамның жалмауыздарымен күресетін дәрмен де қалмады кеудемізде. Қалай күресеміз? Аяғымызда­ – құлдықтың шынжыры, қолымызда – құлдықтың кісені.

ЖҮРЕК СӨЗІ Халықты құлдық санадан құтқарғысы келген арыстай азамат­ тарымызды атып өлтірдік. Тәуелсіздіктің арқасында жеріміз са­ тылып, ырысымыз жатқа бұйырып, рухымыз бауыздалып кетті. Егер тірі жүрсең, қазақ болып туғаныңа өкініп, Абай кешпеген қасіретке белшеңнен малшынып, біреулері тойып, біреулері тоңып секіретін рухсыз қоғамнан запа шегіп, құсалықтан өлер едің. Заманның дәл осылай азғындалуы арғы-бергі ғасырымызда болған емес. Қоғам – жиіркенішті, заман – жиіркенішті, қайда барып күн көрем, Мұқағали?! «Райымбек! Райымбек!» поэмаңда сен «ақтабан шұбырын­ ды» замандағы шаңырағы ортасына түсе жаздаған қалың елің­ нің қайғысына қабырғаң қайысып, қымызымыз жауымыздың таңдайында,­ қыздарымыз дұшпандарымыздың борбайының ас­ тында кеткен нәубатты жырлап едің: Ақтабан шұбырынды, Қадарсың қайда барып тұғырыңды?! Қазақ жері – алып бір қара қазан, Қазанда қайран жұртым қуырылды. Ақтабан шұбырынды, Қарғаған кім болды екен ғұмырыңды? Жортпай тұрып, үйрендің жығылуды, Шаппай тұрып үйрендің тығылуды. Ақтабан шұбырынды, Ақ туың жығылуылы. Олақ қатын тоқыған алашадай, Өрмегіңнің арқауы суырылды. Жаннатыңды жамсатып жау орнады, Жатқаны анау өртеніп қара орманың. Туырлығы туралып тоқым болып, Қаңқасы тұр қалқиып қара Орданың.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ақтық байлап, табынып тал-қайыңға, Өтті күнің сор қатып маңдайыңда. Кетті қымыз жауыңның таңдайында, Кетті қызың жауыңның борбайында. Ақыныңа, серіңе, батырыңа, Туысыңа қимаған жақыныңа. Тұяғымен ор қазған тұлпарларың Тулап кетті жауыңның тақымында. Нәлет айтып кеш кірген ақылыңа, Ана сүтің аузыңа татыды ма?.. Ал мен ауылдың қирап, халықтың босып, үйсіз-күйсіз қаң­ ғырған қазақтың жер асты, жер үсті байлығының тоналып, несібесінің­ жатқа бұйырып, қайран жұртымның тағдырының қа­ра қазанда қуырылған «ақтабан шұбырындысын» көзіммен көріп, жүрегім жылап, жанарымнан жас емес, қан сорғалап «Қазақты сүюді» жаздым. «Қазақстанның бір үлкен қаласына бара қалсам, жүрегімді қуаныш сезімі емес, керісінше, қайғы мен мұң билейді. Қазақ бо­ лып өмір сүрудің қасірет екенін ұғамын. Қай қалаға барсам да, ең ал­дымен көзіме қайыр сұрап, қаңғырып, жұмыссыз жүрген қазақ оттай­ басылады; тәнін сату арқылы сол қаладағы бір үлкен көшенің атын шығарған қазақтың қыздарын көремін; араққа салы­нып, айналасын зәр сасытып жатқан қазақты кезіктіре­мін. Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау секілді ауыр қылмыстар­дың бәрі де тұрмыс-тіршілігі ауыр осы қазақтардың арасынан шы­ ғып жатады.­ Құ­дайшылығыңды айтшы, мұндай қазақты қалай­ ша сүюге болады? Рухани мүгедекке айналған бұл адамдардың жан дүниесінің ұсақ болатындығы соншама, оларды сүюге қанша талпынсаңыз да еш нәтиже шықпайды. Әлемнің рухани тыны­ сынан сұлулық іздеген сіздің биік жаныңыз нұрлы дүниені сүйгісі келеді. Міне, осы сәтте неміс, ағылшын немесе француз болып тумағаныма қатты өкі­ніп, тілдесетін қазақ таба алмай, көз

ЖҮРЕК СӨЗІ жасымды көлдетіп, жылай жаздаймын (Амангелді Кеңшілікұлы, «Қазақты сүю» кітабынан). Жауатын бұлттай түнере бермей, менімен бір уақыт сырлас­ шы, ақыным! Мен өмірде ақын қалмағандықтан, ұры мысықтай жасырынып, ұлылықтың сәулесін сағынып, сенің ескерткі­шің­ нің алдына өлген Рухымды іздеп келдім, Мұқағали. Кезінде се­нің асқақ даусың саңқылдаған өмірдің биік аспанынан бұл күн­дері атақ-даңққа таласқан құзғын-қарғалар мен билікке ар-ұятын, рухын­ сатқан байғұстардың аянышты үні ғана естіледі. Ендеше, жүректегі қайғымның, жанымдағы дертімнің сені­ кінен он есе ауыр, заманымның жүз есе қиын екенін түсінші, қымбаттым. Сен ең болмағанда келешегіңе сеніп, арыз жазып кеттің. Ал мен болсам, замана дауылының келешегімді қайда ұшырып әкетіп бара жатқанын да білмеймін. Келешегім! Бар ма ол? Бар болса, менің жаным неге оны сезбейді? Ал жоқ болса, онда өмірлік мәнін жоғалтатын мына баянсыз­ тіршіліктің ендігі уақытта маған керегі қанша? Жаз едім кеше, Айналып күзге барам ба? Жалын жоқ, От жоқ жасыған мына жанарда. Ауытқып кетті аймалап тұрған самал да, Кеулеп тұр, міне, Дауыл ма, әлде боран ба? Кіреуке күз. Сұрғылт аспандағы солғын күн дүниені қуанта алмай, шаршағандай болып, таудың арғы жағындағы күркесіне кіріп барады. Ымырт үйіріліп, айналаға қараңғылықтың қою тұманы жайыла бастаса да саябақтан кете алмай, удай мұңның уызы жүрегімді шаншып, Мұқағали ескерткішінің алдында ойға шомып әлі тұрмын. Суықтың көрігіндей болып теріскейден ыз­ ғарлы жел соғып, денем тоңғанмен, баяғыдан таныс ескі мұң мені осы жерге әкеліп жіпсіз көгендеп тастағандай, тіпті орным­ нан қозғала алар емеспін.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Қайта-қайта ескерткішке қарап, Мұқағалидың ұлы рухын тү­ сінгім келіп, сезімдерімді қопарып, ойларымды ақтарып, жал­ қын сәуленің жұмбағын таппақ боламын. Назарымды оның алып кеудесіне аударғанымда ғана адамдардың мейірімін са­ ғы­нып, дәуірдің тайғақ өткелінде талай-талай қиналған ақын­ ның тағдырын түсінгендей болып, ой мұңына жаным қа­жа­лып, көзімнен мөлдір моншақтар үзіліп-үзіліп түсті. Неге жыла­ ғанымды өзім де білмеймін. Түннің бір уағында айта алмай жүр­ ген сырымның бәрін саябақта отырған Мұқағалиға ақтарып, бейне бір Құдай мені тағдырмен бетпе-бет жүздестіргендей, ақынның өлеңдерін ішімнен күбірлеп оқып, жүрегімдегі шемен болып қатып қалған шерімді тарқаттым:

Құрып кетпей, жер басып тұрғаныңда Қалай ғана жағарсың бұл қауымға? Талай рет мойныма арқан салып, Талай рет шақ қалдым жындануға. Біле тұра бірісі білмегендей, Теріс қарап кетеді, тілге келмей. Жабыла кеп жармасып олжалайды, Жаудан түскен түйені жүндегендей. Ал Мұқағали... Жоқ, ол мен түгіл, емешегі үзіліп, еміреніп сүйген мына өмірге де мүлде назар аудармай, сол баяғы мұңай­ ған қалпында маған беймәлім басқа әлемнің мұнарына батып барады.­ Оның рухы тынышталды ма? Білмеймін. Әлде сағымбақытты­ қуып, үміт-шоққа көбелектей күйгенде қайта-қайта оны бұралаңға салған өмірге, анасындай жұбата алмаған тағдырына әлі өкпелі ме? Білмеймін... Жыландай жиырылып, жақсылық­тың қалдығын да қимаған тажал тағдырмен өмірдің бұрқасынын­да бетпе-бет кездескенде де ақын оған бағынбай, ноқтасын басына салғызбай сүйреген жоқ па еді!

ЖҮРЕК СӨЗІ Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, Ей, тағдыр! Сөйлесейік, келші бермен. Қаншама соқпақтарға бастасаң да, Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен. Білесің бе? Мен саған бағынбаймын! Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?! Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсаң, Мен – мұнартқан басыңда сағымдаймын! Сондықтан да жібер деп жалынбаймын. Көзімнен тағы да ыстық-ыстық жас тамды. Не болды саған? Неге қайта-қайта әлденені ойлап, қамығып, жылауық аспан­ дай көз жасыңды сыға бересің, жанарым? Өміріңде бір рет те көрмеген адамың үшін неге соншама егіліп, күйзелесің, жаным? О, ғаламат! Дәл осы сәтте ғана ұзақ жылдар бойы кілті та­ былмай жүрген ойымның құлпы ашылып, бала күнімнен бері менімен бір бесікте тербеліп келе жатқан ақын поэзиясын неге соншалықты қатты сүйетінімнің сырын түсінгендей болдым. О, Мұқағали! Мен сенің отты жырларыңды оқығанымда болмыс­пен бетпе-бет жолығып, өзімнің тағдырыммен сөйлес­ кен­дей қапаланады екенмін. Гетенің «Фаустындағы» Жер ру­ хы­ның «Сен өзің танымақшы рухпен теңесесің» деп айтаты­ нындай, шындығында мен саған құрмет көрсету үшін ғана емес, өзімнің рухымды тану үшін ескерткішіңнің алдына келіп тұр екенмін. Мен сенің тағдырыңа қарап, өзімнің қайғымды көреді екенмін. Мен әкемнің алақанындай мейірімді сағынғанда көңі­ лім жабырқап, көзім жасаурап, сенің жырларыңдағы адамгер­ шілік­тің сәулесін іздейді екенмін. Жаның ашып, Жарылқама, Жарылқама, қымбаттым.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жан ауырып баратқасын Жасыра алмай тіл қаттым. Барса келмес сапарында түсім қашып, түн қаттым, Бір нәрсемді жоғалттым да, Бір нәрсемді ұрлаттым. Сан соқпақты сапарымда Мықтымын ғой деуші едім. Биіктіктің барлығын да бойымменен өлшедім. Жарылқама! Берме маған жауыздықтың семсерін, Мейірім бер, мұңайғанда жасың сүртем мен сенің.

Ойпырмай! Көзі тірісінде осы алып кеуденің астындағы лү­ пілдеген жұдырықтай ғана жүрек Арқаның ақтүтек боранын­ да адасқан сәбидей жаурап, адамдардың мейірімін, жан жы­ луын сағынып, қаншама рет маңдайы тасқа соғылып жылады десеңізші. Қақаған қыстың саршұнақ аязында да, қардың суы көлдерге құйып дүркіреген көктемде де, жер жіпсіп, жауқазын гүл қырларды құлпыртқан жазда да, жапырағы сарғайып, кі­ лемдері тозған күзде де қапыда қан құсқан ақын жүрегі сол мейірімді анасының құшағын аңсаған сәбидей сағынды емес пе.

Мейірім бер, Мейірім бер, жүрегімді тас қылма, Үйдегі Ана мейірін бер түзде жортқан қасқырға. ...Сенесің бе, сезесің бе?.. Сенің үшін бас құрбан, Естілмеген әніңмін мен алты қырдың астынан. Бір нәрсемді жоғалттым мен, Бір нәрсемді ұрлаттым... Соны іздедім,

ЖҮРЕК СӨЗІ Айдын көлдің аққуларын шулаттым, Барса келмес сапарында түсім қашып, түн қаттым. Мейірім бер, Мейірім бер... Саған келдім, қымбаттым. Қаншама рет осы алып кеуденің астындағы алтын жүрек дүрсілдеп,­ қайтқан қаздай қоңыр төбесіне қонып, Мағжандар­ дан соң өмір көсеп тастаған кәусардай сезімді іздеп, тыныш­ тық таппай­ аласұрды. Дүниеден түңіліп, дәтке қуат таба алмай, қаншама рет ғазиз жүрек жанын аямаған жауларына тістеніп, өлеңінің даусын долы үніне қайрады. Емхананың кереуетіне таңылып жат­қанда да, жүрегі жараланған таудың жабайы тағысы жаны жылап, адамдардың мейірімін зарыға күтті.

  • * Дүние түн құшағында маужыраған сайын күн суытып, жел тербеген ағаштың басындағы сарғайып, мезгіл тоздырған жа­ пырақтар­ көбелектей ұшып, сонау биіктен жерге құлап барады. Көшенің шамдары әлі сөнген жоқ. Бәрі баяғыдай болғанымен, күн батысымен саябырсып, сабасына түсетін бұрынғы тыныш­ тық ізім-қайым жоғалған. Арлы-берлі зырылдаған көліктер то­ ластар емес. Көңілімде басылмайтын алаң бар. Ненің алаңы? Түсінбеймін. Көңіліме қонақтаған беймаза алаңнан құтылу үшін, жаныма ұялап алған әдемі мұңнан айырылғым келмей, Мұқағали ескерткішінің алдында әлі отырмын. Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен, жұбатсам ба екен, білмеймін. Алдымда менің адасып кеткен тұр арман, Айыру қиын бейнесін сұрғылт мұнардан.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жетілмей жатып жемісін мұның кім алған? Алдымда менің ағаш тұр көктей қуарған. Осыдан он шақты жыл бұрын «Қазақ әдебиеті» газетінде сыншы Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық, сені қайтейін?» деп аталатын бір әдемі эссесінің жарық көргені есіме түсті. Терең­ нен толғанып жазған сыншының мақаласында жалғыздықтың зарын тартқан Абай, Мұхтарлармен қатар адамдардың мейірі­ міне зәру болып өткен Мұқағалидың аянышты тағдыры тура­лы да әңгіме қозғалғантұғын. Расымды айтсам, шын көңілмен жазылған сыншының мақа­ ласынан соң замандастары тарапынан Мұқағалидың рухын та­ нуға талпыныс жасалатынын асыға күткенмін. Бірақ, өкінішке қарай, сыншыға қарсы дау айтушылардың сөзі «Мұқағали ақын қоғамнан да, замандастарынан да еш қиянат көрген жоқ, көзі тірісінде жыр жинақтары үзілмей жарық көріп жатты, қаражат жағынан да таршылық көргені шамалы...» деген сыңайдағы мүлде басқа әңгімеге ауып кетті. Бір сөзбен айтқанда, көзі тірісінде Мұқағалидың жағасы жай­ лауда болып, еш қиындық көрмепті. Тағдырынан таяқ жеген ақынның замандастарының мейіріміне зәру болғаны да, жал­ ғыздықтың зарын тартқаны да ойдан шығарылған өтірік екен. Құдайым-ау! Қалайша біз Мұқағалидың аруағынан ұялмай мұндай сөздердің саумалын сапырамыз?! Ұлы ақынды комму­ нистік партияның да, Жазушылар одағының қатарынан да шы­ ғарып, бала-шағасымен тентіретіп жібергеніміз күні кеше емес пе еді?! Осыдан артық ақынға қандай қиянат жасауға болады? Айтыңызшы, қандай? Алайда ұзақ жылдан бері мені «Неге ақынды коммунистік партияның, ал содан соң Жазушылар одағының қатарынан шы­ ғарып тастады?» деген сұрақтан гөрі, «Неге кезінде өлімге басын тігіп, Мағжанның ақындығын жүрегімен арашалаған Жүсіпбек Аймауытов сынды Мұқағалиды қорғайтын бір заман­ дасы табылмады?» деген сауал көбірек әрі жиі мазалайды. Не­ге?

ЖҮРЕК СӨЗІ Ақын шығармашылығын сөз қылғанымызда біздің бәріміз де Мұқағали өмірінің осы бір жанды жарасына тиіп кетуден жүрексініп, ол туралы әңгіме айтудан қашқалақтаймыз. Ал шын­ дығында бұл тек Мұқағалидың ғана емес, әлі күнге дейін жазыл­ май келе жатқан қоғамның жарасы екенін айтпай кетуге бол­ майды. Міне, сондықтан да, ғасырдың басындағы Мағжан­дар мен ғасырдың бел ортасындағы Мұқағалилардың кімдерден қиянат­ көргені туралы ащы ақиқат айтылмайынша, қоғамдағы осы қылмыс әлі де, алдағы уақытта да жалғаса береді. Сосын ит басына іркіт төгілген кеңқолтық совет заманының қаламгерлерді арқасынан қағып, еркелетіп жасаған шарапаты­ ның ақынға да тиіп кеткеніне бола Мұқағалиды бақытты ғұмыр кешкен адамдардың санатына қосуға бола ма? Жоқ, болмайды. Рас, ақынның жыр жинақтары биттің қабығындай болып, баспалардан бірнеше рет жарық көргені ақиқат. Алайда қатыр­ ма қағазбен шыққан Мұқағалидың таңдамалы жыр жинағының ақын өмірден өткен соң ғана халықтың қолына тигенін қалай ұмытамыз? Мұқағалидың талай замандастары советтік заман­ ның игілігін артығымен пайдаланып, том-том кітаптарын үстіүс­тіне шығарып жатқан мезгілдің әдемі өліарасында ұлы ақын­ ның жұртқа мақтанып, ұялмай көрсетуге болатын бір қалың жина­ғын шығара алмағаны оның жанына батпады деп ойлайсыз ба? Бала-шағасын­­ асырай алмай бірнеше жыл бойы күйзел­ ген қазақтың ұлы ақынына жұмыс тауып беру де аса қиын шаруа емес еді ғой, адам түгіл итіне дейін тойынған советтік заманда. Бақытымызға орай, мұндай әңгімелердің бәрінің де басы­ на су құятын, Мұқағали Мақатаевтың ұзақ жылдар бойы жа­ нын жегідей жеген мұңын шағып Димаш Ахметұлы Қонаевқа жазғанымен, жолданбай қалған хаты табылды. Дүние саларынан екі жыл бұрын жазылған осы хатты оқи отырып ұлы ақынның өзегін өртеген мұңын, жұмыссыздықтан күйзеліп, табанынан тозып таусылып, төрт баласын асырай алмай қайғырған абзал әкенің жан қиналысын көріп, жүрегің қан жылайды. Мұқағали­ дың қаншалықты ауыр азап шеккенін, тағдырының қаншалық­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ты аянышты болғанын оқырман көзіне елестету үшін қайғылы хаттың кей жерлерінен үзінді келтіре кеткенді артық санамадық: «...Қымбатты Димаш аға! Жоғарыда айтқандарымның бәрі мүлде із-түзсіз кеткен емес. Нақтылай айтсам, менің ауданым мен ұжымшар жойылып, «Социалистік Қазақстаннан» шыға­ ры­лып, қызым қайтыс болып, оған қоса бірнеше ет жақын туғантуысқандарымның қазасынан кейін күйініп, бәрінен баз кеш­тім... Сол тұста мен өмірімде түзелмейтін қате жібердім. Қасақана ма, жоқ па, өзіңіз төреші болыңыз, дер кезінде уақытылы жарна төлемей, СОКП қатарынан өзімнен-өзім шығып қалдым. Билет­ ті­ Совет аудандық партия комитеті тартып алды. Сырғабе­ кова хатшы болатын. Ол тап болған жағдайдан шығуға жол таба алмай, тығырыққа тірелдім. Қалай дегенде де, өз кінәмнан тазару үшін шығармашылыққа шарқ ұрып ойландым, толғандым, іздендім..... Өкінішке қарай, қаншама тер төгіп еңбектенсем де, бұдан он жыл бұрын жіберген қателік еш тыным бермейді маған. Кейде ту­ ған әдебиетке қарақан басының қамын күйттейтін көлденең көк атты көріндім. Сондықтан қателігім ешқандай жөнделместей сезініп, ұнжырғам түсіп, көлеңкеде қалуға тырыстым, әлдекімдер мені де көлеңкеде ұстауға әрекет етті. Не істеген ләзім? Бәріне де дариға ақын жүрек кінәлі. Әйтсе де барымды салып еңбектендім. Бәрібір жеңіл емес еді... Әдетте адамның күнестен гөрі көлеңке жақтары көзге көп түседі. Нәжістің аты – нәжіс. Ол адамға, әсіресе мен сияқтылар­ ға бір жұқса, жуық арада одан тазару оңайлыққа соқпайды. Өз ісәрекеттерімде адамдарға ұдайы таупиықсыз қарап, әсіресе ішіп алғанда имансыздыққа бой ұрып, көп қателікке бой ұрыппын. Ешкімді күстаналамай, дөрекілік танытпай, бетің бар, жүзің бар демей, қара қылды қақ жарғандай туралығын айтыппын. Ақырында осы жылғы қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағы­ ның секретариаты мені КСРО Жазушылар одағы мүшелігінен шығарып тынды, өзіме де сол керек шығар. Ол үшін ешкімді де кінәламаймын. Кезінде мен Жазушылар одағының аппаратын­

ЖҮРЕК СӨЗІ да да, «Жұлдыз» журналында да қызмет еттім. Бірақ бәрібір өзімді әрқашан басы артық сезіндім. Ол әріптестерімнің маған деген салқын қарым-қатынасынан сезіліп тұратын, менің атыма жамалған жаманат ұдайы қаныма сіңгендей. Құрметті Димаш аға! Қазір мен бәрінен де түңілдім. Жол­ дас-достардан да, әмпей ымыраластардан да, жаман әдеттерден де. Үйде омалып жаза беремін, жаза беремін. Бұлардың не әкеле­ рін кім біледі? «Сырым саған, Отаным» атты жаңа кітаптың қол­жазбасын дайындадым. Егер «Жазушы» баспасы немесе Қа­ зақстан Жазушылар одағы 1975 жылғы жоспарға енгізбей, сызып тастаса тағдырым қалай болады? Екі жыл болды, еш жерде жұ­ мыс істемеймін, отбасым үлкен, кейуана анам, төрт балам бар, әйелім жарты жалақымен мектепте ұстаздық етіп жүр. Таяу арада менің «Аққулар ұйықтағанда» атты жаңа жина­ ғым жарық көрді. Чилидің ұлы ақыны Пабло Нерудаға арнаған поэмам­ жарияланды. Сөйтсе де мен ертеңнен күдерімді үзбей, жа­ зуды жалғастырып жатырмын. Жақында ғана «Халқыма хат» деген өлеңімді тәмамдадым. Ардақты Димаш аға! Мен қырық екі жасқа толып, жан ты­ ныштығын басқа тараптан іздегенімді түсіндім. Өзіме-өзім ке­ ліп, кінәмды жуып-шайып, өз ақымақтығымнан жоғалтқанымды қалпына келтіруге көмектесіңіз. Ажал алдында тұрғандаймын, құтқара көріңіз! Сіз қалай шешсеңіз, солай болады. Ізгі ілтипатпен М. Мақатаев. 17.V.1974 ж. (Мұқағали шы­ ғармалары, көп томдық толық жинағы, V том, 228-бет). Аянышты хат! «Қазір мен бәрінен де түңілдім.. Үйде омалып жаза беремін, жаза беремін. Бұлардың не әкелерін кім біледі?... Екі жыл болды, еш жерде жұмыс істемеймін, отбасым үлкен, кейуана анам, төрт балам бар, әйелім жарты жалақымен мек­ тепте ұстаздық етіп жүр... Ажал алдында тұрғандаймын, құтқара көріңіз! Сіз қалай шешсеңіз, солай болады». Сияға емес, қала­ мын жүрек қасіретінің қанына малып жазған қандай ауыр сөздер! Хат жазылды. Бірақ сезімнің дауылы соғып өткен соң «жү­ регімен қан жылап тұрып айтқан» иесінің қолына тисе Мұ­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ қағалидың өмірін өзгертуі де әбден ықтимал, тағдырының ең қиын өткелінде жазылған, ақынның бүкіл қасіреті баяндалған мұңлы хат жолданылмай қалды. Неліктен? Мұқағалиға хатты жазған соң, оны жібере салу да оңай іс болып көрінді. Алайда барлық мұңын қопарып, жан сырын ақтарып, осы ұзақ хатты жаза салысымен ақын бойындағы бүкіл тәуекелін сарқып алды. Жо-жоқ, тіпті олай да емес. Ақиқатын­ да оның бойында басқа бір долы сезімдер буырқанып оянып кетіп, тағдырына бағынғысы келмеген сотқар ақынды онымен ерегістіріп, қайтадан төбелестіріп қойды. Егер хат жіберілсе, арыстан Мұқағали қандай жақсы адам болса­ да, биліктің аяғына жығылған, тағдырына көнген пенде болып шықпай ма? Содан соң ақынның, уақыттың ауыр сыны­ на төтеп бере алмай морт сынатын, пендешіліктің таңбасы басыл­ған қарапайым тіршілік иелерінен қандай айырмашылығы болмақ? Егер адуын Мұқағали өмір-күресте тағдырынан оңбай же­ ңілсе жаулары, әдебиеттегі күндестері мәз болып мазақтап, сы­ қылықтап, артын ашып күлмей ме, сосын ол жүрегіндегі бар қазынасынан айырылып, шөл далаға айналмай ма? Бұл Мұқа­ ғали үшін өлімнен де ауыр қасірет болар еді. Ал содан соң «Сөредегі кермені кесіп өтсем, Маған әлі жет­ пейді құдайдың да!» деп Тәңіріне шабаланған немесе көнудің орнынан­ қайта айбат шегіп, «Білесің бе? Мен саған бағынбай­ мын! Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?!» деп тағдырына ары­ стандай атылған Мұқағали ақынның өжет мінезінің болғанына келер ұрпақ қалай сенеді? Басқасын айтпағанда, атағы төрткүл дүниеге дүрілдеп тұрған Расул Ғамзатовты да аса мойындамай, құрдасындай қалжыңдасып: Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай, Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай. Расулдай... Бағым да жүр ашылмай, Құсбегінің қолындағы лашындай, –

ЖҮРЕК СӨЗІ деп оны әзіл аралас шындығымен қағытқан Мұқағали емес пе бұл. Ендеше, неге ол Құдай сыйлаған талантына лайық құрмет­ ті, көшедегі қайыршыдай, халықтан сұрап алуға тиіс? Өлеңдері­ нің рухы қазақ поэзиясының биігіне көтерілген уақытта, өнер­ ді әйелінен, тіпті бала-шағасынан да артық сүйген Мұқаға­ли от­басының қамы үшін де мұндай қадамға барғысы келмеді. Осылайша­ ақын мұңайып, жүрегін ауыртып, көзінің жасы сорға­ лап отырып жазған аянышты хатты тартпасының суырмасына са­лып қойды. Тау халқы жыр алыбы Расул Ғамзатовты алақанына салып аялап, көкке көтеріп, атағын аспандатқан уақытта, одан талан­ ты бір мысқалдай да кем емес, өлеңдерінің рухы Шекспир, Бай­ рон, Лермонтовтардың жұлдыздарының қатарында жарқырауға лайық қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев бала-шағасын асырай алмай, жұмыссыздықтан күйзеліп, көшеде қаңғырып қалды. Ішіндегі алай-дүлей болып соққан боранды қалай баса­ рын білмей, ішкілікке салынды. Ешкімге керегі болмаған Мұқа­ ға­лидан замандастары да безіп, ат-тонын ала қашты. Дүниеден түңіліп, көкірегі қайғыға, көзі жасқа толған байғұс ақынның әуреге салып­ қойған нәлет тағдырына өкпелеп, ащы суды сіміріп, сүйе­гі баяғыда қурап қалған Омар Һайямның аруағын күңірентіп, мұңын шаққаннан басқа амалы қалмады:

Бәрібір Бізді ішкіш деп жүр ғой, Аяулым, Ішіп қайталық Басына барып Һайямның. Көземіз майға, Көзіміз жасқа кенеліп, Азан салайық: – Оянғын, баба, оянғын. Хан менен бектен, Молда мен шонжар күштіден,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Дейді ғой Сізді қиянат көріп ішті деп. Оянғын, баба, Отырайық бір кәйіп қып, Біздің шараптар Сіздің майлардан күштірек. Темірдей төзімді болсаң да, тажал тағдырмен тайталассаң, ол сені қамырдай илеп, табанының астына салып, таптап та­ стайды. Ал бетпе-бет келгенде тағдырына бағынғысы келмей, азуын көрсетіп, онымен тірескен, жаны қауызын жаңа ашқан гүлдей нәзік Мұқағалидай ақынға жүз есе қиын. Өмірде алдына ұлы мақсат қойып, соған жету үшін мойымай, барлық қиындық­ тар­ға төзіп, кездесетін кедергілерді сабырмен жеңіп, соңына дейін күресетін адамдар бар. Бірақ амал қанша? Мұқағали он­ дай адамдардың санатынан емес-тін. Ол күрескер болған жоқ. Дүрдиіп, тағдырына, кейде тіпті Құдайға құр босқа кіжінгені болмаса, шындығында, ол сол тағдыр мен Құдайдың бір тамшы мейіріміне зәру қорғансыз адам еді. Алайда тағдыр оны ботадай боздатып, зар жылатқанымен, Құдай ақынды ешқашан тастап кеткен емес. Мұқағали зарлаған­ да оның жүрегінде өмір сүрген Құдай да оған қосылып, ақынмен бірге жылады. Сүйікті құлының тілегін орындап, оны ақын етіп жаратып қана қоймай, оған нағыз ақындық тағдырды сыйлаған да Құдай болатын. Өмірінің қиын сәттерінде ақын адамдардан емес, аспанға қарап, Алладан қолдау сұрап, жалбарынды:

Я, Аллам! Жаратушы жалғыз ием. Медет бер, жапандағы жалғыз үй ем! Хал сұрар, жай түсінер бір пенде жоқ. Жүрек – жүн, ойым – опат, жанды жүйем. Әрине, ақын пролетариаттың көсемдері туралы да поэма жазды. Бірақ ол поэмалары оқушы көкірегіне тереңдеп дари алмады. Арагідік ақын шығармашылығы әңгіме болғанда, осы

ЖҮРЕК СӨЗІ бір дерек мысалға келтіріліп, Мұқағали поэзиясының кейін қалыптасқандығы хақында қате пікір айтылып жүр. Шынды­ ғында бұл мүлде олай емес. Ақиқатында Мұқағалидың жүре­ гін­де поэзиямен­ бірге имандылықтың нұрына шомылған Алла­ ның сұлу сәулесі өмір сүрді. Сол ғажайып сәуленің қалауынан басқа дүниені жырлау ақын табиғатына жат құбылыс еді. Міне, сондықтан да пролетариат көсемдері туралы тақырып Мұ­қа­ ғалидың стихиясы емес-тін. Ал енді сол жылдардағы сұм ажал сүйікті қызынан айырып, ақынды тағдыр зар еңіреткен мезгілдегі Мұқағалидың жүрегін жарып шыққан жырларын оқып көріңізші, Бетховеннің ұлы музыкасы – «Көз жасы мелодиясын» тыңдағандай елжіреп, еріксізден көзіңізге мөлдір моншақтар үйіріледі. Және сүйікті қызына арналған бес өлеңнің әрқайсысы қандай үлбіреген нәзік сезіммен, таңғы шықтай мөлдір махаббатпен жазылған десеңіз­ ші. Әр өлеңнен Мұқағалидың боранды жылдарындағы сүйікті қы­зын сағынған шақтағы әр түрлі жағдайдағы көңіл күйінің қайғы­лы музыкасын тыңдағандай боласың. Байқайсың ба, көңіліңді ерекше толқытатын Мұқағалидың бұл тағдырлы бес өлеңі мен ұлы композитор Бетховеннің «Көз жасы мелодиясының» арасында көзге көрінбейтін жібек сәуле­ дей байланысқан бір әдемі үндестік бар. Уақыт тауып, сен де бір мезгіл осы бес бәйітті Бетховеннің ғажайып мелодиясын тыңдап отырып, оқып көрші. «Көз жасы мелодиясы» көңіліңде пайда болған өксікті ойға салатын музыкадан басталады. Сосын кенеттен көзден тамған жасты еске түсіретін мұңлы әуен жүрегіңді шымшып қоя береді. Ғайыптан пайда болған қайғылы әуеннің ырғағынан, жанар­ дан сырғанап түскен ол мөлдір моншақ қасіреттің жасы екенін түсінгендей боласың. Бірақ сәбидің кіршіксіз жүрегіндей таза жаста кенеттен басына орнай қалған қайғыға әлі аса иланбайтын сенімсіздік бар сияқты. Бірте-бірте Бетховеннің музыкасы шарықтап, жанардан үзіл­ ген гауһар тамшылардың үдей түскенін байқатады. Ия, көзден 5-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ сыртылдап түскен гауһар тамшылар жүректегі қайғының отын онан сайын қоздырып, үдеп барады. Енді әуеннің тылсым құ­ діреті басыңды сағымдаған қайғы мұнарының сенікі екеніне анық көзіңді жеткізгендей болады. Сол сәтте әуен шарықтап, тоқтай алмай жылаған көңіл күйдің көрінісі көз алдыңа елестейді. Содан соң музыканың сиқырлы әуені енді ол мөлдір мон­ шақтардың көзіңнен емес, жүрегіңнен тамшылап тұрғанын сез­ дірткендей әсердің бесігіне бөлейді. Бір уақытта көз жасы төгі­ ліп қана қоймай, өзін жылатқан қасіретпен сырласа бастайды. Ақыр соңында қасіретке малшынған сенің бүкіл жаның көз жа­ сына айналып­ кеткендей күйге түседі. Енді Мұқағалиға келейік. Оқып көріңіз. Қызы қаза таба салы­ сымен оған арнап жазылған Мұқағалидың алғашқы бәйітінде әлі сол қайғының растығына иланғысы келмейтін ақын жүрегінің сенімсіздігі анық байқалады. Мұқағалиға қызы әлі өлмегендей, өкпелеп, уақытша бір жаққа кетіп қалғандай болып көрінеді. Ра­ сында да жер гүлін, көк нұрын төккен арайлы көктемде келген сүйікті қызыңнан бір күнде айырылып қалғаныңа қалай сенуге болады? Бұл – ақын жанарының қарашығынан сырғанап түскен алғашқы тамшысы, жүрегінің алғашқы күрсінісі: Сол өмірге несіне өкпеледі?! Ал өмір оны сыртқа теппеп еді. Қайғырмаймын, жырым ғой жазылмаған, Күрсінткені болмаса текке мені.

Өлең 1962 жылдың 14 қарашасында жазылыпты. Енді бір күн өте салысымен, яғни сол жылдың 15 қарашасында ақын жү­ регінен туған жырды оқығанда, қас қағым сәттің ішінде сол қай­ ғының орны тым тереңдеп кеткенін көресің. Тарқаудың орны­ на, қайғының бұлты одан бетер қоюланып, жараның орны онан сайын сыздай түсіп, жүректі кеміріп, жанды ауыртып барады. Не істеген ләзім?

ЖҮРЕК СӨЗІ Қызы түсіне енген соң байғұс ақын жүрегінің бақшасында­ ғы балбырап пісіп тұрған жүзімін тажал тағдырдың жұлып әкет­ кеніне көзі жетті. Мойнына асылып ойнаған тәтті қылықта­ рын есіне алған Мұқағали енді сүйікті қызының рухын сәбилік сөздермен әлдилеп, жұбатпақшы. Жаңа ғана тілі шыға бастаған бейкүнә сәбидің уіліндей әлидеде, абайсызда өртеніп кетіп, қай­ ғының қара орманына айналып, жараланған ақынның жанын сыздатқан қаншама қасіреті жатыр: ...Түсімде қызым мені шақырады, Өзеннің ар жағында отыр, әні.. Ғафу, балам, ғафу ет, бара алмаймын, Мен деген – жер бетінің «ақымағы». Мен деген – жер бетінің «ақымағы», Алдымда асқар асу жатыр әлі. Сабыр, балам, қай жаққа қашар дейсің Сені жапқан қара жер топырағы... Қасіретпен уланған ақын жүрегін қайғының дерті шоқтай күй­діріп барады. Жылжып жылдар өтті. Мұқағалидың қайғысы жазылған жоқ. Қараңызшы, күні-түні еңірей берген соң ақын­ ның көз жасы да таусылып, енді оның ғазиз жүрегі жылай баста­ ды:

Бұлданба, жүрек, бұлданба! Жиылып досың тұрғанда, Жиырып сені жентектер, Жымысқы қайғы-мұң бар ма, Бұлданба, жүрек, бұлданба! Қызығы тайып, қызы өлген Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда?! Қыс қайтып, жасыл көктемде Қызғалдақ өсер қырларда. Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Өзін-өзі жұбатқысы келгенімен, өлеңнің рухы басына түс­ кен ауыр қайғыдан ақын жүрегінің қарс айырылып, онан сайын күңіреніп, күрсініп жылап жатқанын аңғартады. Не амал істеуге болады удай мұңның уызы улаған, сезімтал жүрекке? Қызын сағынып, қайта-қайта кеудесін соққан жүректің дүрсілін қалай тоқтатасың? Тоқтату мүмкін бе оны?

Қызым менің, Гүлім менің, Аяулым! Жатыр молаң жотасындай қоянның. Құлпытастың құны маған бес тиын, Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын? Жо, жоқ, мүмкін емес екен. Қайта жылдар өткен сайын қы­ зының сүйегі жатқан зират жақтан ескен сағыныштың сама­ лы бұрынғыдан бетер күшейе түсіпті. Жанын ауыртқаны аз болғандай, енді ол дауыл аласұрып, бұрқасындатып ақынның ішінде соғып, көңіл бұлты сөгіліп, жүректің жасы нөсерге ай­ налды. Жүректегі нөсердің алапат екпіні байғұс ақынды өлтіріп тынбаса игі. Қойман, ботам, Керегі не көк тастың, Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын. Өзің келген май айында ақ нөсер Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын. Керегі не көк тастың? Бұлқынып, жүрекке мықтап байланған қайғыдан босана ал­ маған ақын жаны тұншығып барады. Қайғы теңізіндегі үміттің қайығы қирағанымен, төгілген көздің жасы тоқтамай, о дүние­ де­гі қызының рухын оятып, елесін тірілтті. Удай қасіреттің мұ­ ңын емген дариға-жүрек те шаршады. Жан тыныштығын іздеген

ЖҮРЕК СӨЗІ Мұ­қағали енді алдамшы елестен құтылғысы келіп, көр азабына түскендей қиналды: Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! Отырасың қасыма келесің де. Сен өлгенсің, жаным-ау, мен тірімін. Мен тірімін, Тірімін! Көресің бе?! Көңіліне ұялап алған қайғы бүкіл болмысын билеп, ақынның аппақ жүрегі уайымның аязынан шытынап кетті. Уайым мен қайғыдан тозған ақынның өз ішіндегі монтаны күйініштің сө­ зін сыртқа шығарғаннан басқа қолынан не қайран келеді? Соң­ ғы өлеңнен тіпті Мұқағалидың өлімге мойынсұнып, өмір шыра­ ғының сөнуге айналағаны байқала ма, қалай?..

Көнген жаным жазаға, қазаға да, Өкпелеме, Сен енді жазалама. Шын болса, табысармыз ахиретте, Әзірше, жаным, мені мазалама!.. Қайтесің, «өкінішсіз өмір, қайғысыз қаза жоқ». Өмір жыл­ жып өте берді. Аяудың орнына, тышқан ұстап алған мысықтай, оның өмірімен ойнаған қызталақ тағдыр ақынды одан бетер жылатты.­ Алда әлі ақынды талай рет ботадай боздататын тағ­ дырдың сыбағасы дайын тұр.

  • * «Қаныңмен жаз, сонда сен Рухтың не екенін түсінесің», – дейді Фридрих Ницше. Тағдырдың ноқтасын басына салғызбай сүйреген Мұқағали ғажайып жырларының бәрін қаламын қа­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ нына малып отырып жазды. Және жанын сыздатқан әр өлеңінің толғағы да ауыр болды. Тағдыры онсыз да қиын болып жүрген Мұқағалиды ақын­ дық мінез бұрынғыдан да күрделі сергелдеңге салды. Атағына, лауазымына, кім екеніне де қарамай, бәріміздің де тамағымыз­ да жыбырлап тұратын шындықты айтқан ақынды мына қоғам құбыжықтай көріп, шеттетуге тырысты. Қаншама күндер мен түндер бойы көз шырымын алмай жа­ зылған жауһар жырлардың лайықты бағасы берілмеді. Заманға бейімделіп алған пысықайлардың шығармашылығы мақталып, кітаптары жарқырап шығып жатты. Ал кең дүниеге сыймай, өмірдің биік аспанын іздеген Мұқағали түзелудің орнына, тағ­ дырмен бетпе-бет келгенде қайта-қайта ерегісіп, тіршіліктен бір рахат көре алмаған ғұмырын тығырыққа әкеп тірей берді. Бі­ рақ ол үшін қоғамды да, заманды да, ақынның замандастарын да кінәлауға болмайтын шығар. Лев Толстойдың шығармашылығын талдаған философ-сын­ шы Лев Шестов («Дүниені күйретуші әрі жаңартушы құдірет») орыстың ұлы жазушысының не себептен өзін қайта-қайта ты­ ғырыққа әкеп тірей беруінің себебін ұлы дүниелер туғызу үшін оған сол ұлы азаптардың да ауадай қажет болғанымен түсіндіре­ ді. Ендеше, босанатын әйелге толғақ қалай керек болса, өлеңді жазбай,­ оның бәрін жүрегінен туғызған Мұқағалиға да толға­ ғы ауыр азаптар соншалықты керек болды. Сол үшін ол нағыз ақындық тағдырды таңдап, өзін-өзі аямады. Қиналды. Қайғыр­ ды. Жылады. Қорқудың, тіпті қашудың орнына, қасіреттің ау­ ылына барып жатып алды. Қайғы-қасірет пен толғағы ауыр азапты ізденістерде ғана ұлы өнер туатындықтан, ақын тағды­ры­ ның басқаша болуы мүмкін де емес еді. Жылдар өткен сайын ол толғақтың жан қинаған азабы да күшейе түсті. Дүние-жалған­нан түңіліп, өмірінің соңындағы Фаризаға арнап жазған өлеңі – Мұ­ қағали ақынның ең толғағы ауыр жыры. Ақынның бұл зарлы толғауын тебіренбей, жанарыңды жас­қа шыламай оқу мүмкін емес. Бұл – аяғына кісенін салғызбай, нәлет

ЖҮРЕК СӨЗІ тағдырына қарсы атылған қыран ақынның өмірінің дауылында­­ ғы ең соңғы әрі ең азапты шайқасы. Ақынның бұрынғы өлеңде­ рін­де өмір мен өлім бір-бірін жеңе алмай арпалысып келсе, Фариза­ға арнаған жыр бәйітінде ажал шеңгеліне ақынның оң­бай тү­сіп қалғаны анық байқалады. Мұнда күйікті ойдың салмағы­ нан шаршап,­ бөлекше бір ауруға шалдыққан ақын енді тіпті ажалдың құшағынан босанып шығуға талпынбайды да. Ақын­ ның өмір шырағы да майы таусылып, сөнуге айналған шамдай әлсіреп барады.­ Мұқағалидың жасы қырықтың қырқасынан асты. Дариғажүрегін аямай, нағыз ақындық ғұмыр кешіп, ұлы дүниелер туғыз­са да, уақыт өте келе ұлтымыздың асыл қазынасына айна­ латын жауһар шығармалардың бағасын білетін халықты ақын көріп тұрған жоқ. Жұмыссыздықтан да, көңіліндегі қайғының тұманын сейілту үшін қайта-қайта улы сусынды жұта берген­ нен де ақын шаршады. Үміттің соңғы арқаны үзіліп, тірегі сын­ ды. Келешегі белгісіздік тұманымен қоршалған. Қайтпек керек? Әлде тағдырына көніп, сабасына түсіп, жұрт қатарлы өмір сүрсе ме екен? Ал жұрт сияқты өмір сүру дегеніңіз – жүректеріндегі иман­ дылықтың сәулесі сөнген, уақыттың ығына бейімделіп алып, екіжүзділікке салынған алаяқтардың айтқанына көну ме? Жұрт сияқты өмір сүру дегеніңіз – адамшылық қасиетіңнен айыры­ лып, биліктің семіз малайы болып, итаяғынан ас ішіп, әркімге бір жапалақтай жалпылдау ма сонда? Жұрт сияқты өмір сүру дегеніңіз – Құдай сыйлаған асыл қазынаңды пендешіліктің те­ зегіне айырбастап, бақытыңды күл-қоқыстың арасынан іздеу ма? Жұрт сияқты өмір сүрудің хайуанға айналудан қандай айыр­ машылығы бар? Ендеше, сол жұрт сияқты өмір сүргеннен гөрі өлген артық емес пе екен, адам болып қалғысы келетін ақынға? Өмір бойы оттай жанған Мұқағалидың жаман тезектің шоғын­ дай болып бықсығанын қашан көріп едіңдер? Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба?.. Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда. Түсінер ең, Езбін бе, әлде ермін бе. Байқар едің, Артықпын ба, кеммін бе?.. Мен Спартак бола алмадым, не шара, Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?! Сырым да осы, Жырым да осы, Алдыңда. Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? ...Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда! Қызталақ тағдыр! Аямасаң, аяғыңның астына салып, тап­ тап таста. Бірақ сен басқаларды болса да, Махамбет пен Мағ­ жандардың сарқытындай Мұқағалидай ұлы ақынды жұрт сияқ­ ты өмір сүруге көндіре алмайсың. Поэзия пайғамбары Абай­ды да көндіре алмағансың жұрт сияқты өмір сүруге. Қайғың­мен, беретін зарыңмен ақынды қорқытпақсың ба? Қорқыта алмай­ сың. Ақынды өлтіру үшін беретін тағы қандай уың бар? Мұқа­ ғали ақын оны да уыстап ішуге дайын. Тәуекел! О, ұлы Жаратушы, егер дүниенің бүкіл жаманшылы­ ғы менімен бірге қара жерге көмілетін болса, адамзаттың бақы­ ты үшін Алла сыйлаған жанымды да сол ұлы мақсаттың жолы­на құрбандыққа шалайын. Тек содан кейін тажал тағдыр өмірге әлі талай келетін таланттарды тағы да зар жылатып, аруағымды

ЖҮРЕК СӨЗІ күңірентіп, арамдық жатқан, жауыздық жатқан көрімнің қақ­ пасын келіп қақпасыншы!

Ойым бар менің, Ойым бар менің ерекше, Жақсылық жауып, Дүние мынау сел етсе. Жауыздықтардың, Жамандықтардың барлығын Көрге алып кетем керексе. Адамның бүкіл айыбын Арқалап алып, Азабын өзім көрер ем. Жамандық басқан денемен, Жандырып жатқан, Тоңдырып жатқан тамұққа Жамандығыммен төнер ем. Бүкіл дүние жамандықтарын Артыңдар маған, көтерем! Қарызым болсын өтеген, Жауыздық біткен менімен ғана бірге өлсе, Бүгін-ақ өліп кетер ем. Армансыз барып, Көрімнің аузын жапқасын, Дүниедегі тірілер Жамандық іздеп бақпасын! Жауыздық жатқан, Арамдық жатқан көрімнің Қақпасын келіп қақпасын. Міне, осылайша тағдырдың қайта-қайта жылатқанына төзе алмаған байғұс ақын тамұқтың тұңғиығында жатса да сүйе бере­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тін өмірімен қоштасып, базыналық жырын жазып кетуге белін бекем буды. Дегенмен, ол өлеңді ақын кімге арнайды? Өмірі­ нің соңында жанында дос деп айтуға тұратын бір адам да қал­ мапты. Жұмыссыздық тұрмысын ауырлатып, жанын қинағаны аз болғандай,­ көмектеспек түгіл, кешегі достардың бәрі де кү­йік­ тен ішіп кеткен ақынды алыстан танып, тұра қашады. Тағдыр­дың қиын өткелінде қарайласпағандарды дос санауға бола ма өзі?

Шыныменен дос жоқ-ау, Дос жоқ менде. Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?! Осылай бір байламға келдім бүгін, Қарадым да сүйіскен қос кептерге. Менде арамдық жоқ еді ала бөтен, Доссыз өмір жалғанда қараң екен. Қақ жарылған қауымға қайран жүрек, Қашан ғана қаңырап қалар екен?! Бір сәтте Мұқағалиға ғаламат ой келді. Өмірмен қоштасатын базыналық өлеңін жалған тіршіліктен дос таба алмай күйзелген ақын әйел затына арнап жазып кеткенді қош көрді. Ия, ия, әйелге. Ақпанның ақтүтек боранында, дүниені қуан­ тып, ақынға өмір сыйлаған әйел болатын. Мұқағалидың бойына ке­ремет ұлы сезімді дарытқан да әйел-өмір еді ғой. Құдайдың ғажайып сұлу сәулесіндей жырларын ақын қызғалдақтай құл­ пырған қазақтың ару қыздарына ғашық болып жүргенде жазды емес пе?! Кім біледі, бәлкім, біздің Құдай деп жүргеніміздің бәрі әйел­ дің жүрегінде жасырынған таңның шұғыласы шығар. Неге біз ер­кектер қанша күшті болсақ та, өміріміздің ең қиын сәтінде Құдайға ғана шағатын мұңымызды сағымыз сынып, әйелге ай­ тамыз? Ендеше, дүниеден түңілсе де, досы жоғына күйінсе де, тағдырын қарғаса да Мұқағали ақын әйелдерді кінәлай алмайды

ЖҮРЕК СӨЗІ екен. Осылайша әйел затын ғана қимай мына өмірмен қоштас­ қан ақын қолына қаламын алып, базыналық жырының алғашқы шумағын жазды: Фариза! Фаризажан, Фариза қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай, ақыры жалығармыз, Бірімізден-біріміз арылармыз. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз. Қайран, арыстаным-ай! Ешкімге тең келмейтін алып кеу­ дең­дегі біресе асау теңіздей тебіренетін, біресе долы дауылдай­ буырқанатын күшің қайда кетті? Қаралы тор бұлбұлындай зар­ лаған үнің қандай аянышты еді! Қараңызшы, барлық үміті үзіліп, арманы күйреген бақытсыз ақын қайғының теңізіне батып барады. Өмірдің үскірік-аязынан жаны жаураған, «жігітінен қазақтың дос таба алмаған» ақын маңдайынан бір сипайтын мейірімді іздеп, соңғы сөзін әйелге айтып жатыр. Әйелге! Фаризаға! Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге. Жылай жүріп, өтірік күлесің де, Жүресің де қоясың, жүресің де. Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, Тастағысы келеді күресінге.

Құр айтып қоймай, тағдырдың наласынан жүрегі өртеніп жатқан­ Мұқағали әйел затының ғана оның нәзік жанын тү­ сінетініне сеніп, жылан-ажалға арбалған торғайдай шырылдап, көзінің жасын тоқтата алмай, қайта-қайта өксіп-өксіп жылай­ ды. Жазбақ түгіл, мұндай өлеңді оқудың өзі қандай ауыр еді.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Қайғының әуені еркіңді билеп, аза бойыңды қаза қылып, денең­ ді түршіктіріп, не­ше түрлі ойға шомылдырады. Әкесінің құны бардай, жалмауыз тағдыр ақынға неге сонша­ ма өшікті? Ақындық жүрек сезе-дүр. Ертең өлген соң жұрттың бәрі де оның ұлылығын мойындайды. «Ер-тұрманы түгендел­ мей кеткен­ ақын еді...» деген сыңайдағы неше түрлі естеліктер жазады.­ Қара түнекті жарып шығатын мейірімнің таңы да сол уақытта атады. Мұқағалидың рухын аялайтын мейірім де, ақын­ ның та­лантына табынатын мойындаулар да сол кезде болады. Дегенмен, сол мейірім мен мойындаудың ақынға дәл бүгін, көзі тірісінде керек екенін тасбауыр жандар неге ұқпайды? Ешкімге керегі болмай қалған ақынның, күресуге жаралмаған пендесі­ нің жарық дүниенің жылуын сағынып, әйелге мұңын шағып, өмірімен қоштасып жатқанының себебін түсінетін кім бар мына жалғанда? Замандастарының естеліктерін оқысаңыз, бәрі де Мұқағали­ ға бір жақсылық жасағанын айтып, ақталып жатады. Бәрі де ше­ тінен көзі тірісінде-ақ ақынның ұлы талант екенін мойындап, зор құрмет көрсеткен. Лайым, солай болғай! Дегенмен, мен мұндай сөздердің еш­ қайсына сенбеймін. Сенейін десем, Мұқағали өлеңдерінің рухы жалған дүниеден жақсылық көре алмай, маңдайынан сипайтын алақанға зәру болғанын айтып, зар жылайды. Кімге сенейін? Ақынға ма, әлде замандастарына ма?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым, ...Серіппесі үзіліп тұр садағым. Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын, Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім... Салыстырмалы түрде өнердегі адамдарды үшке бөлуге бола­ ды. Алғашқылары – мағыналы ештеңе жасамаса да, қыбырлапжыбырлап, төменде жүріп-ақ барлық тірлігін бітіретін бауыр­ мен жорғалаушылар. Өмірдің бүкіл рахатын солар көреді.

ЖҮРЕК СӨЗІ Ар-ұятын сатып, тіршіліктің қамы үшін пендешілікке салынып, әркімге бір жалтақтап өтірік өмір сүреді. Мағыналы ештеңе тындыра алмаса да, мансапқа жетіп, атақ-даңққа бөленеді. Бәрі шетінен пы­сық келеді. Том-том қылып, жарқыратып кітапта­ рын шығарады. Мақталады. Дұрысы – битін салып жүріп, өзде­ рін мақтатқыза­ды. Өнерде жүргендердің басым бөлігін салма­ғы жоқ, өлген күні шығармашылығы да өздерімен бірге суық көр­ ге көмілетін, қанаты жоқ осындай адамдар құрайды. Олар – да­ рынсыздар. Өнерде белгілі бір биіктікке дейін ғана ұша алатын үркердің шоғырындай ғана топ бар. Олар көп оқып, көп ізденеді. Өнерге мейлінше адал болуға тырысады. Жағымпаздыққа, екіжүзділік­ ке, көрсеқызарлыққа салынбай, ондайдан бойын аулақ ұстайды. Өмірдегі де, өнердегі де ұстанымынан таймайды. Олар – талант­ тар. Алып қанаты бар, әр ұшқан сайын тек биікте самғайтын, дү­ ниеге сыя алмай өтетін ерекше жаратылған адам да келеді өмір­ ге. Ол қоғамдағы әділетсіздікке төзбей, тағдырына бағынбай, онымен күресіп, өмір бойы азап шегеді. Өмірдің биік аспанын іздеп аласұрып, жаны тыныштық таппай қиналады. Дүниенің бүкіл рухани байлығын гауһар тастай уыстап жүрегіне жинай­ ды. Қоғамның заңдылығына бағынғысы келмей, ағысқа қарсы жүзеді. Шығармаларын сиямен емес, қанымен жазады. Ол – ра­ байда, ғасырда бір туатын ұлы ақын. Таудай биік Мұқағали да Құдай алып қанатымен жаратқан сондай ұлы ақын еді. Әділін айтсақ, осынау биік аспанның ас­ тында ұшу да ақынның құлашын кеңінен жаюына аздық етті. Өйткені Мұқағалидың өз ішінде өмір сүрген ұлы аспаны дү­ ниенің аспанынан биіктұғын. Сондықтан да ұлы ақын дүниенің аспанын жарып шыққысы келіп, әр ұшқан сайын қайта-қайта барып­ оған алып қанатымен соғылды. Әр соғылған сайын ақын болып жаратылғанына өкініп, қанатының қауырсынын оң­дыр­ май сындырып алып, қатты күйзелді. Бірақ қанаты жазыла са­ лысымен, биік аспанда ала алмаған өші бардай, қыран-ақын қайтадан қанатын жазып, сол жаққа қарай ұшты.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ақын болып несіне жаратылдым, Арасында қап қоймай қара түннің... Қасиетін сезем деп Ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның. Қу тірлікке құл болып, аяң басып, Құлашымды жая алмай баратырмын. Жауһар жырлары миллиондаған адамдардың жүрегін жау­ лаған ақынның да дәл осындай қасіретті өкініші болады екенау! Кәусардай мөлдіреуге жаратылған Мұқағалидың жанарын неге кіреуке мұңның кірбіңі басты? Ой қабырғасы сөгіліп, ша­ быт­тың дария толқыны тасып, бойына сыймағанда дауылдарға да, жауындарға да қарамай, ағындарға қарсы жүзіп, дамылда­ май, қара нөсердің қағынғанын да елемей аспанға қарай самғай­ тын қыран-ақынның шынымен де күннің қара суығы тоңдыр­ ған торғайдай­ шырылдап, гүлдей нәзік әйелдің жанынан пана іздегені ме? Бұл не сонда? Кірпігіне үміт ілдіре алмай өткен Мұқағали­­ дың бәрінен де түңіліп, мезі еткен ойларынан шаршап, ақыр соңын­да тағдырынан жеңілгені ме? Жоқ, олай болмаса керек? Ақын жеңілген жоқ. Тағдырымен болатын ақырғы шайқасқа шығу үшін өмір майданында қанатындағы қауырсынының бәрі сынған жаралы қыран соңғы күшін жинап жатыр. Өмірлік ба­ зынасын айтып болған соң ол қайтадан биікке самғап, бұзып шыққысы келіп, жаралы қанатымен тағы да дүниенің аспаны­ на барып соғылады. Тағдырымен шайқасып өлуге тәуекел етіп, қанаты майырылып, көзі қанталаған қыран-ақынды енді ешкім тоқтата алмайды. Момын едім, жақсы едім, ұяң едім, Аттап өттім олардың қия белін. Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды Жия бергім келеді, жия бергім. Маңдайымнан сипайтын бір жан болса, Енді қалған өмірімді қияр едім.

ЖҮРЕК СӨЗІ Заманның қоңырауындай кеудесі бар ақынға тағдырдың құлпы бәрібір кісенін сала алмады. Мұқағалидың «бүлікшілбунтарлық» бұзақылығының себебін түсіне алмағандар оны тіпті ақыл-есінен айырылған жындылардың қатарына да қосып қояды. Шындығында оның бәрі «бұзақылық» та, «жындылық», «сотқарлық» та емес, Мұқағалидың ақындық мінезі болатын. Тағдырмен бетпе-бет келгенде ақынды талай рет тура жол­ дан тайдырып жіберген де, сонымен қатар оны өнердің биік шы­ңы­на көтерген де сол мінез еді (Жүрек пен мидың қатпарын­ да жасырынып­ жатқан ойдың кенішін іздеген Мұқағалидың өлеңдерін өміршең етіп тұрған да сол мінез емес пе. Тереңірек үңілсеңіз, Мұқағалидың ақындық мінезінде тек ашу мен ыза ға­на емес, жүректегі мұзды майдай ерітіп жіберетін күннің шуа­ ғын­дай жылы лиризм мол. Ақиқатын айтсақ, жиырмасыншы ға­ сыр­да туған басқа еш ақынның өлеңінде табиғат пен өмір сонша­ лық­ты нәзік лиризммен жырланған емес). Өнердегі мінезінің арқасында тек аспанмен таласқан биік­ те ғана ұшқан Мұқағалидың жүрегін жарып шыққан ақберен жырлары ылғи да қайшылықта туып, ақынның жанына бір сәт тыныштық бермей, оны үсті-үстіне қинады. Ақын өлеңдерінің рухынан Мұқағалидың жүрегінен туған әр жырының толғағы­ ның ауыр әрі қатерлі болғанын аңғарасың. Фаризаға арнаған өлеңінде осы ерекшелік тым айрықша сезіледі: Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?! Кеп тұрады телігім мұңды мұңға. Енді қалған өмірдің құрдымында, Өлтірсең де көмбеймін жырды құмға! Нөл болады деп айтам, жалтармаймын, Көбейтсең де қаншама мыңды мыңға... Дария тілдің ағынымен, ақын аузымен айтылған сөздің бә­ рінің де ақиқат екенін мойындамасқа лажымыз жоқ. Өңкей нөл­ дерге күйінген ақынды шегіп жатқан азабынан құтқаратын бір-

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ақ құдірет бар – Өлім. Амал қанша, егер жүрегінің есігін қағып тұрған ажал болса, Мұқағали ақын одан да шошымай, Құдай ай­ дап әкелген қонағындай қарсы алуға әзір. Көкірегінде өмірге айтылмаған талай ғашық әні кетіп бара жатқаны болмаса, итке тастайтын сүйегін де ақынға қима­ған қу тіршілікте не қызық қалды? Құдай аузына салғанда, көріп­кел­ дікпен өзінің есебінде жазғандай, қырықтың бесеуінде өмір­ден түңіліп, ішкілікке салынып кеткен, отты жырлары миллионда­ ған адамдардың жүрегін нұрландырған Мұқағали ақынды ажал жердің азабынан құтқарып, мәңгілікке құшағына алды. Өзімнің есебімде – Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде. Кім біледі... Ендігі қалған өмір Неше жылға жетерін, Неше күнге? Ұмыт болып есебің, есегің де, Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде Қырықтың бесеуінде. Адал едім, Артынша «арам» болдым, Адам едім, Ақыры «надан» болдым. Жиылып бұл жалғанның жамандығы Ақыры маған қонды. Жаман болды. Айтыңдар, Қайсысың бар ардақтаған, Таразыға тең қойып, салмақтаған? Басылған маңдайыма қарғыс таңба, Қарауға жан батпаған,

ЖҮРЕК СӨЗІ Жапалақ емеспін мен жалбақтаған, Қыранмын екі көзін қан қаптаған. Ақыры байғұс ақын өліп тынды. Оны өлтірген кім? Заман ба, қоғам ба, әлде адам ба? Жоқ, олардың ешқайсысы да емес. Ақынды өлтірген – оның жүрегінен туған өлеңдерінің ұшқыны. Уақыт өте келе сол ұшқын жалынға айналып, отты жырлармен қауышқан ақынның жан әлемін өртеді. Қатты қиналған күндер­ де ақын ішінде жанған оттың жалынын сөндіре алмай, талай рет азапқа түсіп, арпалысқан жоқ па еді:

Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр, Әлсіреп дымым құрып жүр. Адасып менен кеткен бе Айналайын құлын-жыр? Айтатын саған сырым бұл, Бастаудың мұздай суымен Мерт болып кетсем жуындыр, Өртенген жанды суындыр. Біз ылғи да дүниеге келетін ұлы ақындардың қасіретке бел­ шесінен батып, азап шегіп, жарық дүниеден жақсылық көре ал­ май өтетінінің себебін өмірдің заңдылығымен түсіндіруге ты­ рысамыз. Шындығында мұның басқа да себептері бар. Ұлы ақындардың мына біз сияқты қарапайым пенделерден бір үлкен айырмашылығы – табиғат та, тіршілік те олардан тыс жерде­ емес, ішінде өмір сүреді. Табиғаттың дүлей дауылда­ ры олар­дың кеудесінде соғып, үскірік аяздары жүрегін тоңды­ рып, аптап ыстықтары жанын күйдіріп жатады. Тіршіліктегі әділетсіздіктер, қайғы-қасіреттер олардың ішіне түсіп кетіп, оны оттай жандырады. Қазақ поэзиясының жарқыраған күні Мұқағали Мақатаев ағат басқан қадамдары үшін халқынан кешірім сұраған бір өле­ 6-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ңінде, төсіндегі тыным бермейтін заттың жүрек емес, от екенін жырлағантұғын. Ақынға ғажайып жырларды жаздырған да, тағ­ дырына бағындырмай қойған да, қайта-қайта азапқа салған да сол лаулаған оттың құдіреті болатын. Ақыр соңында жанғанға да көңілі көншімей, мына дүниені, жарық күнді бар жан-тәнімен еміреніп сүйген Мұқағали жүре­ гіндегі оттың жалынына өртеніп өлді. Meн сені сүйгем, Жаныммен сүйгем, Жарық Күн! Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың. Ақ сәулең сенің аймалап мені, Жарық Күн, Тұрған да болар үстінде мынау табыттың.

Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағын, Сезгемін, білгем, Мен үшін бір күн тынарын. Тастама мені, Тастама мені, Шырағым! Шуағың түссін, Шөп болып, мейлі, шығамын. Қомағай көңіл құмартып өткен әрнеге, Тірлікте сонау түскемін талай әуреге. Кешкен өмір де, Көрген бақыт та – барлығы Жетпейді екен ғой Бір күндік сенің сәулеңе. Бір күндік сәуле... Бір күндік жарық мекенім! Мәңгілік түнек – қапасқа қалай кетемін? Келмейді-ау тілім...

ЖҮРЕК СӨЗІ Өлгеннен сұра дер едім, Тірі жандарға, Өмір дегеннің не екенін. Өмір дегенге, Тірлікте, сірә, жетер ме ой, Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой. Бекер ғой бәрі, Бекер ғой бәрі – бөтен ғой. Өмір дегенің бір күндік Сәуле екен ғой!.. Аянышты өлім! Аққу жырдың қанатына жазылған ақын­ ның қаншама арманы орындалмай, ішінде кетті. Міне, сол үшін өмірден түк қызық көре алмай өткен Мұқағалидың опасыз тағдырына қалай өкпелеуге де хақысы бар. Ақын да адам баласы. Көнгісі келмегенімен, бәрібір, ол да барлық адамдар сияқты тағдырдың жазуымен басына бақыт құ­сының қонғанын армандады. Бірақ ылғи да тағдыр Мұқа­ ғалидың айналасын қалың тұманмен қоршап, оның басына бақыт құсын қонғызбай қойды. Алайда мына біздер, оның жыр­лары жүрегімізде ізгіліктің шырағын жаққан қарапайым оқырмандары, ақын поэзиясының миллиондаған табынушыла­ ры Мұқағалиды­ зар жылатқан тағдырды сол үшін жазғыра ала­ мыз ба? Жоқ. Есіңізде ме, Гетенің «Фаустында» ақын өзінің әзәзіл тағ­ды­ рынан оның кім екенін сұрағанда ол: «Мен өмір бақи зұ­лым­ дық жасағысы келгенімен, өмір бақи тек игілік туғыза беретін құдіретпін», – деп жауап бермеуші ме еді? Мұқағалидың тағды­ ры – оның жеке басы үшін ғана трагедия, ал қарапайым халық, яғни мына біздер үшін – игілік. Егер тағдыр ақынды қинамаса, ауыр азаптарға салмаса, зар еңіретпесе, біздің бәрімізді де ерек­ ше елжіретіп, оқығанда есімізден тандырып жібере жаздай­тын ғажайып жырлар Мұқағалидың жүрегін жарып шығар ма еді? Жарық дүниеге Мұқағалиды әкелген Құдай ол туғанда ақын­дық

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тағдырын да онымен бірге жаратты. Ұмытпасаңыз, Мұқаға­ ли­дың «Бесік балағындағы жылан» поэмасында бұл көрініс жылан­ның символдық белгісімен әдемі суреттеледі. Қызылшақа сәби Мұқағалиды шешесі ұйықтатып, бесікке бөлеп,­ керегеге сүйеп, жылғадан су алуға кетіп қалады. Әжесі де тезек теруге кеткен. Күлуге де, қуануға да мұршасы жоқ әкесі шөп шауып жүр. Әлдебір уақытта шешесінің құлағына нәрестесінің шырылдаған үні естілгендей болып, жүрегі су етіп, бәрін тастап, үйіне қарай жүгіреді. Жүрегін ұстап үйіне жет­се, шошырлық­тай дәнеңе жоқ. Сәбиі томпиып, қаннен-қаперсіз бесікте тәтті ұйқыда­ жатыр. Бір уақытта ине-мұрты танауына шаншылған ала мысық үдірейіп, бесікке қарап бырылдап қоя береді. Сол кезде ғана анасы талбесіктің балағында оралып жатқан қарашұбар жы­ланды­ көреді. Қапелімде не істерін біл­мей, зәре-құты қалмаған анасының сәбиін бесіктен шешіп алуға да дәрмені болмай қа­ла­д­ы. Дәл осы сәтте үйге әжесі кіріп келіп, ақынның анасы оған ым­дап бесіктегі жыланды нұсқап көрсе­ теді. Әжесі болса, немересінің тірі қалғанына көзі жеткен соң, жыланды қысқашпен ұстап алып, дұшпанының аузына сүт та­ мызып, өлтірмей, жөніне қоя береді. Дастандағы бесік балағындағы жылан – ақынға тұңғыш рет жолыққан тағдырдың символдық көрінісі. Ең алғаш ол тағдыр ақынға жылан кейпінде жорғалап келді.

Мен жатыппын есен-сау бесігімде, Алда болып ажалым, несібім де. Титтей-титтей қырық күн сығалапты Қырық жамау құрым үй тесігінде. Әлде сақтап, періштем қақты ма екен? Әлде қорғап мысығым жатты ма екен? Әлде менің дұшпаным өзі қорқып, Менен келіп қорғаныш тапты ма екен? ЖҮРЕК СӨЗІ Неге менің үйіме төте кірді? Бесігіме неліктен көтерілді? Неге мені шақпады? Сезді ме әлде Мен өзіне жау емес екенімді?

Қарашұбар жылан қалпындағы тағдыр кейін Мұқағалиға адам кейпінде жолығып, кездескен кезде талай рет ақынды ая­ май шақты. Шындығында тағдыр дегеніміз көзге көрінбейтін құбыжық емес, дәл өзіміз сияқты адамдар ғана. Ақынның қинал­ ған сәтінде көмектеспеген, өміріне қарайласпаған – заман­ дастары, жүрегін жаралаған – сыншылары, маңдайынан сипама­ ған – дос­тары, талантын бағаламаған, құрметтемеген, қадірін кеш біл­ген – жұрты, алақанына салып, аялай алмаған – қазақтар. Әр ақынның өз тағдыры бар. Махамбеттің басын кескен – жауыздар. Абайды сабаған – қасиетсіздер. Ахмет, Мағжан, Жү­ сіпбек, Міржақып, Әлихандардың басын жұтқан – жалмауыз­ дар. Күні кеше ғана Алтынбекті өлтірген – опасыздар... Бұлар да тағдырлар. Бетпе-бет келгенде сол тағдыр Мұқағалиды зар жылатты. Де­генмен, ақынның көзінің жасын жауын қылып, қайта-қайта ботадай боздатқанымен, еш уақытта да Мұқағали ұлы өлеңді тағ­дырынан өш алудың құралына айналдырған жоқ. Өмірі­ нің соңына дейін ол замандасы Фаризаға арнаған өлеңіндегі «өлтір­сең де көмбеймін жырды құмға» деген уәдесін бұзба­ ған Мұқағали болып қалды. Сөзімізге сенбесеңіз, Мұқағалидың жыр­ларын оқып көріңіз. Ақынның шалқар поэзиясынан заман­ дастарын қарғап-сілеп жазған бір өлеңін таба алмайсың. Қайта, керісінше, әр кездескенде ақын тағдырын аяп, таң­ дайына ақ құйып, жолға салып жіберіп отырды. Басқаша сөзбен айтқанда, тағдыр ақынды қыспаққа салған сайын Мұқағали­ дың жүрегінен бұрынғыдан да сұлу, бұрынғыдан да керемет, адамгершіліктің әдемі сәулесіндей жарқыраған ғажайып жыр­ лар туа берді. Ақыр соңында ақын өлгенде тағдырдың өзі оны жоқтап жылады.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Мына дүние – зұлымдық пен мейірімділіктің бітіспейтін май­даны. Екі аяқты пендесін Алланың түзу жолына салғысы ке­летін Құдайға қашанда қиын. Өйткені ол зұлымдыққа қарсы алаяқтық, екіжүзділік, опасыздық, сатқындық сияқты оның қа­ руымен күресе алмайды. Ондай қаруды қолына алса Құдайдың өзі зұлымдыққа айналады. Ұлы Жаратушының зұлымдықпен күресетін жалғыз ақ қаруы бар – жүректің сәулесі. Ол – жүрегін­ де сәулесі бар кемеңгер. Ол – жүрегінен имандылықтың нұры ша­шыраған ғалым. Ол – жүрегі от болып жанған ақын. Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев жүрегі от болып жанып,­ миллиондаған оқырмандарының жанына адамгершілік­ тің шуағын шашқан, Құдайдың халыққа сыйлаған сұлу сәулесі еді. Ендеше, дәл осындай Жердің ғажайып сәулесінің мәңгілік­­ ке сөнуі қалайша мүмкін болмақ? Сене алмаймын оған. Мұқағали өлген жоқ. Ақиқатында Алла Тағала халық көзі ті­ рісінде қадірін білмеген, адамдар бағалай алмаған, тағдыр ая­ маған Жердің таңғажайып сәулесін, баршамыздың көзімізді қы­ зықтырып, жарық күндей жарқыратып, аспанға апарып жағып қойды.

ЖҮРЕК СӨЗІ МӘҢГІЛІК СӘУЛЕСІ

Өмірім қалыпты арнасымен ағып жатқан әдемі уақытта, Ал­ ма­тының мазасыз тіршілігі шаршатқандықтан ба, әлде үлкен шаһардың қапырық ауасынан тұншыққандықтан ба, білмеймін, көңілімді кір басқандай болып, қаланың шаң-тозаңынан сілкіну үшін Арқаға кеткім келді. Күрең күздей көңілім жабырқап, жетімсіреген айдың мұңлы сәулесіндей сарғайып, үміттің оты сөнуге айналған күндерім­ нің бірінде аяқ астынан арманым орындалып, жұмыс бабымен Астанаға ауыстым. Балаша қуанып, іштегі құйын-сезімімді баса алмай, бір перизат күй көңілімді шалқытып, бөктерден соққан самал желдей бойымды сергітіп тастады. Әйтпесе, соңғы жылдары сайын даламның дидарын сағын­ ған­да бір жұмбақ сезім жүрегімді елжіретіп, түн ұйқымды төрт бөліп, берекемді қашырған еді. Дауыл соққанда текемет қырдың шаңы аспанға көтеріліп, сабасына түсіп тынышталғанда теңіздей толқып жататын Арқаның сахарасын ойлағанымда Абай атам­ ды да есіме алып, шығармаларын қайталап оқып, жылдар өткен сайын оның рухын тануға жақындай түскенімді түсінгендей хал­ ді басымнан кештім. Ойлары бір-бір қаралықтай ұлы ақынның кіта­бын қолыма алғанымда сайын даламның бір жұтым таза ау­ асы бөлмеме кіріп кетіп, жусан иісін қуып әкелгендей әсердің бесігіне бөлейтін. Шығармаларын оқыған сайын ылғи да менің көзіме Абай ұзаққа созылған қараңғылықты мойындап қойған қазақ сахарасын кенеттен арайландырып жіберген, қапас түнек­ ті жарып шыққан, жарығы көз тайдыратын нұрлы күндей болып елестейтін. Қызық! Астанаға қоныс аударғаннан кейін біраз уақыт өт­ кен соң қайтадан Алматымды сағынып, тіпті бауыр басып қалған

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жетісудың асқар таулары түсіме кіріп, тағы да саябырсаған кө­ңілімнің тыныштығы бұзылды. Енді мен Абайдан гөрі елесі алыс­тағы жұлдыздай жылтылдаған Мұқағалиды жиі-жиі ойлап, бұрын-соңды болмаған толқулар санамды шырмап, сағыныш­ тың шын кәусарын татқызып, ақынға деген баяғыдан да күшті ма­хаббат бойымда буырқанып оянып кетті. Сүйікті ақыным­ ның жыр жинағын сұратып алып, өлеңдерімен қайта сырласып, мауқымды басқанымда ғана өзегімді өртеген отты сөндірген­ дей болып, сабама түстім. Көңілім босап, Мұқағали өлеңдері­нің қоңыр әуені жүрегімнің нәзік талшықтарын дірілдетіп, шерім­ді қозғап, тағы да жанарым жасқа шыланды.

Махаббат па? Махаббат болған менде. Жиі барғам аққулар қонған көлге. Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде. Ғашықтық па? Ғашық та бола білгем. Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен, Жанымменен сүйемін, жанарыммен. Сағыныш па? Қалай оны тауыса аламын? Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын, Ақыры шаршағамын, шаршағамын. Арқаның апайтөс даласындағы сұлу шаһарда, ертегі өмірін есіне түсіріп өксіген көңілімді Мұқағалидың жырларымен жұбатып,­ Кеңсайда жатқан талай арыстардың аруағы қорға­ ған биік­ таулардың ортасында қалып қойған кербез қаламды сағынған күндерім сынаптай сырғанап өте берді. Қарашада іссапармен Алматыға баруға жолым түсті. Бала кү­німде аяғым топырағына тигенде бауырына басып, аналық

ЖҮРЕК СӨЗІ ма­хаббатымен әлдилеген мекеніме жеткенімде көңілім алыпұш­ып, осы қалаға тұңғыш келе жатқан кезімдегідей тол­қығанымай! Көзімді кіреуке мұңның кірбіңі шалып, қырықтың қыр­қа­ сынан асқан шағымда әлі сәби кезімде кетіп қалған мекеніме, да­нышпандай терең әрі жомарт далама, ақ көделі әдемі өлке­­ме әкемнің аруағы шақырып әкелгенімен, анамның құшағындай ыстық­ әрі мейірімді Жетісу жерінің қамқор шешемдей болға­ нын сонда ғана жан-тәніммен түсіндім. Көңілім қайта құлазып, жетімсіреген жүрегім абайсызда қақпанға түскен қасқырдай қиналып, ұлып қоя берді. Толқын-көңіл тоқырап, таусылуы-ай, Тасып-тасып басылған тау суындай. Жетім жүрек жастықтың жұртында қап, Ұлиды кеп бөрінің қаншығындай. Қырық күздің қырқада бұлты аунайды, Қырық көктем келсе де жылыта алмайды. Қылын шертсең күмбірлеп күй төгетін, Қырт көңілден бұл күнде дым тамбайды. Қырқасына шыққанда қырық белдің, Мойынымды артыма бұрып көрдім. Жатыр екен жиырма мекенінде, Мен несіне қырықты қуып келдім?

Поездан түскенімде жаңбыр құйып, Алматы мені жылап қар­сы алды. Күннің салқындығынан емес, көңілсіз қарсы алған қаланың суықтығынан денем тоңып, тұла бойым қалшылдап кетті. Көшедегі сап түзеген ағаштар да, мұңайған үйлер де, құ­ мырсқаның илеуіндей құжынаған халық та, шабақтай шор­шы­ ған көліктер де мені танымағандай, өмір-өзеннің толқынымен ағып барады.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ О, Алматы-анашым! Жүрегім қуаныштан жарыла жаздап, сонау балалық шағымда құлыныңдай құраулап жеткенімде жаз­ дың жайма-шуақ күніндей жадырап қарсы алып, бауырыңа бас­қандағы ыстық құшағың қайда кетті? Неге салқын болып барасың жылдан-жылға? Талшыбықтай бұралған қазақтың ару қыздарының көркіндей әйбат келбетіңді кім айғыздаған? Жұ­ пар иісіңді кім ластаған? Мені көргенде қыршын кеткен қос ұлы есіне түсіп, көзінің жасына ерік беріп, тоқтата алмайтын байғұс әжемдей жүрегімді ауыртып, неге жылай бересің, Алматы? Сандалғаны-ай санамның сан бөлініп, Тамырымда тулайды қан желігіп. Бара жатыр көлшіктер көлге айналып, Бара жатыр төбелер тау көрініп. Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып, Суық аяз күйдірген оттай қарып. Әлсіз жүрек әл жиып алатындай, Арагідік лып етіп, тоқтай қалып. Тас көшеге табанмен сына қағып, Қайда асығып барады мына халық? Абыр-сабыр ағылған адамдарға Айғай салғым келеді тұра қалып.

Отыз жыл өскен әсем қалама емес, басқа шаһарға, тіпті бө­ тен елге келгендей көңілім құлазып, жапырақтары тоналған ағаш­тай қамығып, уақыттың улы тікенегі жанымның жарасына тиіп кетіп, сыздатып барады. Құдды бақыттың көбелегін қуған балалық шағым, бозбала дәуренімнің есігін қаққан тағдырлы махаб­батым болмағандай, заманның дауылымен алыстырып қойған жастық өмірімнің қызығы бұл қалада өтпегендей, Алма­ ты маған салқындық танытып тұр.

ЖҮРЕК СӨЗІ Жұдырықтай жүрегім ғана арман қуған жылдарымның бә­ рінің де осы қалада ұя салғанын ұмытпай, сол әдемі ғұмырымды көргісі келіп, кеудемнің қақпасын ұрып қояды. Ыстық қонысы­ на келгенін сезген қайран жүрегім ғана ол қарлығаш-дәурен­ нің басым­нан ұшып кеткеніне әлі сенбей, мазамды алып дүр­ сілдей­ді. Салқын нөсер көшеде емес, арман қуып шарша­ған менің күз­гі көңілімде құйып тұрғандай болып, сатырлап жау­ған мон­шақ­тары көңіл тереземнің әйнегін сындырды. Арман-ай, әкеттің-ау тым алысқа, Әкеттің-ау! Қайғы ма, қуаныш па?! Әншейін әуре болып жүрмін бе әлде Әзіргі көңіл жықпас жұбанышқа?! Арман-ай! Орындалар болармысың, Қолыма қалай етсең қонар құсың? Әлде сен әр қиядан із соқтырған Олжасыз, опығы мол сонармысың? Құдайым-ау! Солығы бір басылмай, жүйрік тұлпардай жет­ кіз­беген сол арман қайда жоғалып кетті? Неге жас күнімдегі­ дей көңілімді алдап, ойнақтап шықпады алдымнан? Бетін әжім басқан Алматыммен бірге оның да дәурені өтіп, қартайғаны ма? Мүмкін, көңілімнің теңізінде кербез аққудай қалқыған әде­ мі армандарымның болғаны өтірік шығар? Мүмкін, оның бәрі көрген түс шығар? Әлде осының бәрі бөтен біреудің басын мұ­ нарлаған сағым бұлты ма екен? Жо-жо, жоқ. Болғаны анық! Әйтпесе, неге дүниенің жалған­ дығын, қоғамның қасіретін, заманның залымдығын, тағдырдың опасыздығын көре-көре бәрінен түңіліп, шаршаған менің ға­ зиз жүрегім сені қайтадан көргенде ботадай боздап, жылап қоя берді, Алматым? Әйтпесе, неге мен қаншама жылдар өтіп, та­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ лай үмітімнің шырағы сөнсе де өміріме алтын шуағын шашқан Мұқағали сәулесінің болғанын ұмыта алмаймын? Әйтпесе, неге мен түннің бір уағында, жарық іздеген жынды көбелектей, сол армандарымды сағынып ұлы ақынның ескерткішінің алдына келіп тұрмын? Әйтпесе, неге менің бүгінгі күннің қара суығынан мұздаған жаным сенің тас мүсініңнің алдына келгенде ғана жы­ лып сала берді, ақыным? Айтшы, неге? Денем жаурап, жаздың жылы шуағын аңсаған көңіл күймен Мұқағали ескерткішінің алдында тағы да бір күзді шығарып са­ лып тұрмын. Күннің кенеттен суып кетуі қыстың таяп қалғанын аңғартқандай. Тұла бойымды тоңдырған күздің салқын түнінде алысқа көзімді тігіп, таудың арғы жағына батқан жарық күн ғұмырымның барлық қуанышын өзімен бірге арқалап әкеткен­ дей, келмеске кеткен ертегі өмірімді армандап қайта-қайта күр­ сініп қоямын. Жарқырап шығып, Қалтырап барып батар күн, Қысқарып қалар тәулігі ұзақ сапардың. Күн батқан жерге Қосымды мен де апардым, Күнменен бірге дамылдап мен де жатармын. Өмірім менің! Күнменен бірге жылжыған, Өте бер жайлап, Несіне саған қынжылам? Ашылып күнмен, Күнменен бірге тұнжырап, Күнменен күліп, Жыласа бірге тұр жылап.

Әрине, жасым ұлғая бастағандықтан, дәл бүгін маған Абай­дан ыстық әрі жақын кемеңгер жоқ. Шамасы, поэзия патшасы тек

ЖҮРЕК СӨЗІ менің ғана емес, кемелдікке жетіп, жүрек сабырлылығына, жан тазалығына сусаған, ақылында сәулесі бар кез келген қазақтың өмірінің өліарасында іздеп баратын рухани мешіті болса керек. Дегенмен, Алланың жүрегіндей жарқыраған сол ұлы ғиба­ дат­ханаға кірерімнің алдында, жастығымды арайландырып, таң­ғажайып шуағын шашқан Мұқағали сәулесінің менің өмі­ рімде болғанын қалайша ұмыта аламын? Қалайша? Тіпті алапат сезімнің тасқынымен тереңде жатқан мұңымды қопарып таста­ ған Мұқағалиды елжіреген жастық жүрегіммен Абайдан да ар­ тық сүйген кездерімнің де болғаны рас қой. Мұқағалиды жұлдыздардан да жоғары көтерген көңілім мен сол жылдардағы ақынды құлай сүйген махаббатым үшін менің байғұс жүрегімді жазғыруға бола ма? Неге мен бұл шындықты жұрттан жасыруға тиіспін? Сезімімнің бақшасында қауызын ашқан әдемі гүлдерімді Абайдан бұрын рухының нұрымен ая­ лаған да Мұқағали поэзиясының сәулесі емес пе еді?! Енді сол сағым-бақыттың аспандағы елесі аяулы ақынымды есіме түсіріп, алыстан қолын бұлғап, көңілімді алдап мені өзіне шақырғандай болады. Сол әдемі сағымға телмірген көңілім, со­ ның бәрінің де өтірік елес екенін біле тұра, неге алдана бергісі келеді оған? Түсінбеймін. Алдама мені, ақ сағым, Арбама мені алыстан. Өзімше мен де патшамын, Өзімше мен де данышпан. Алдағын, мені арбағын, Жалғанды кезер жоқ жайым. Сыбаға сенен алғанмын, Ілессем енді оңбайын! Алданып саған тау асып, Алданып саған құм бастым.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Хайуандарменен санасып, Айдаһарлармен сырластым. Тұяғы күйген құланның Шөлдерде мені қалдырдың. Ысқырған улы жыланның Уымен сусын қандырдым! Арбама енді, Алдадың! Алданып саған барамын. Адасып саған барғамын. Адасып өлмей жапанда, Қалайша тірі қалғанмын?! Батыстың данышпаны Эмерсон бір сөзінде адамды тазарақ әрі қаһарман ететін дүниені ғана поэзияға жатқызуға болаты­нын қадап айтыпты. Ақиқат солай болса, неге біз Мұқағали жырла­ры сәбидің көз жасындай шынайылығымен тазалыққа тәрбиеле­ген, ақындық қуатымен бойымыздағы қаһармандық рухты оятқан заманымыздың ең ұлы сәулесі болғанын айта алмай келеміз? Әсіресе сұлулықты іздеп басы айналған біздің ұрпақтың ая­ улы ақынды бауырмалдық махаббатпен сүйіп, жас жүрегіміздің талпынып саусағын жайып, оны ең жақын адамымыздай жақ­сы көргеніміз өтірік емес қой. Енді оқырманға өлеңдерінің сиқы­ рымен жанымызды арбаған Мұқағали поэзиясын менің және менің замандастарымның неге ерекше сүйгенінің себебін ша­ мам жеткенше түсіндіріп беруге тырысып көрейін. * Бір жалт еткен түстей болып балалық шақ та, бозбала дәурен де зымырап өте шығып, мектепті бітіріп, 1985 жылы универси­ тетке оқуға түстім. Әр аймақтан ағылған жастармен танысып,

ЖҮРЕК СӨЗІ басымды шыркөбелек айналдырған думанды, қызықты күндер басталып кетті. Тек анда-санда Махаббат есіме түскенде ғана жыланның улы тіліндей ащы өкініш жүрегімді жалап, бір өксітіп кететін. Ондай кездерде мен сыздап кеткен жарамды емдеу үшін әдебиеттен жұбаныш табуға тырысатынмын. Бірақ ол жылда­ ры тек менің ғана емес, Алматыға келген жастардың бәрінің де әдебиетке деген ықыласы бөлек, қызығушылығы күшті еді. Әкем ақын болғандықтан Мұқағали жөнінде қатарлас­тарым­ нан гөрі көп білетініме сенімді едім. Арман ауылының шаңын бұрқыратып Алматыға жеткен, еліміздің әр түкпірінен кел­ген жігіттермен сөйлесе келе, өлеңдерін оқығаным ғана болма­ са, Мұқағалидың өмірі туралы түк білмейтініме көзім жетті. Ақын­ды ерекше сүйетін замандастарымның аузынан естіген аңыз-әңгімелер аузымды ашқызып, көзімді жұмғызып, поэзия төресінің шығармашылығына деген құштарлығым мен ынты­ зырлағым бұрынғыдан бетер арта түсті. «Егер нағыз ақын болғың келсе, өзің туралы аңыз туғыза біл», – деген екен өмірді біздерден гөрі тереңірек білетін Пла­ тон ақсақал. Шындығында да, сағым-арманды қуған біздің бәріміз де ол жылдары ақынның поэзиясынан гөрі, ең алдымен оның аңыз-бейнесіне ғашық болдық. Тағдыры қиын, мінезі шатақ Мұқағали хақында ол уақытта­ ры баспасөз бетінде аса көп әңгіме айтыла қоймағанымен, ел сан саққа жүгіртіп таратқан, кейде тіпті бір-біріне қарама-қай­ шы келетін түрлі-түрлі аңыздар сымсыз телефон арқылы жұрт­ қа жетіп, халықтың ақынға деген ерекше махаббатын сілкіп оят­ ты. Ал елдің махаббаты Мұқағали ақын жөнінде күнде бір аңыз туғызып жатты. Мұқағали бір күні шалқып, Жазушылар одағында жүреді. Ащы сусыннан ұрттаңқырап алған оны көріп қалған біреу: «Мынау маскүнем Одаққа қайдан кіріп кеткен? Қуып шығыңдар тез!» – деп ақынды қорлап, намысына тиеді. Сонда Мұқағали: «Ей, қақпас! Мынау таудай денеммен төбеңе келіп төнейін бе сенің?! Үстіңе Алатау құлағандай сезінерсің!» – деп оның мысын

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ басқан көрінеді. Енді бір ақыннан естіген әңгімемде Мұқағали аса сыпайы, былапыт сөз аузынан шықпайтын, өте мәдениетті адам ретінде сипатталады. Ол Мұқағалиды іздеп үйіне барғанда, оның абыр-сабыр болып сасқалақтап, өлең өлкесінде әлі таны­ лып та үлгермеген өзіне жыр сүлейінің қалай құрмет көрсеткенін, тағы бір кездескенде киноға апарып, лимонад сатып әпергенін әңгіменің майын тамызып тұрып айтып берген. (Ақын жөнінде­ гі айтылатын осындай әңгімелерге құлағымды түре жүріп, кей­ де соларды салыстырып, Мұқағалидың өмірде қандай адам болғанын түсіне алмай басым қататын. Ол кім? Қоғамдағы әді­ летсіздіктерге наразы бүлікші-бунтарь ма, әлде адамдардың мейіріміне зәру болып өткен байғұс ақын ба?) Оның сыртын­да, Мұқағали дүние салса да, жырларына ғашық болып зиратына барып жүрген әйелдер туралы айтылып жатқан аңыз-әңгіме­лер қаншама?! Есебін түгендей алмайтын мұндай хикаяларға кө­ ңіліміз елеңдеп, Мұқағалиға деген сүйіспеншілігіміз күн өткен сайын күшейе берді. Сүйінші сұрағандай, құлағымыз шалған сол әңгімелерді бір-бірімізге жеткізгеннен де ләззат табушы едік. Соның бәрін көріпкелдікпен жырлап кеткен ақын өлеңдерін оқығанымызда Мұқағалидың әулиелігін мойнындамасқа амалы­ мыз қалмады. Ақын бір өлеңінде қырықтың бесеуінде дүниеден өтетініне сәуегейлік жасаса, енді бір жырында өлген соң өзі ту­ ралы талай естеліктердің жазылатынын айтып, толғанады:

Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы. Аныз қып айтар мүмкін қылығымды, Қылығымды ұнатқан жұлынуды. Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды», Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.

ЖҮРЕК СӨЗІ Әдебиетіміздегі қайталанбайтын құбылыс болған Мұқа­ға­ лидың басқа ақындармен салыстырғанда халықтың айрықша махаббатына көбірек бөленуінің түп мәнісін түсінбегендіктен, «билік тым қатты көңіл бөлгендіктен Мұқағалидың ақындығы дүркіреп кетті» деген сыңайдағы пікірді таратушылар да табы­ лып жатыр. Ақиқатында ресми биліктің ақынға шын көңілмен бет бұруы оның алпыс жылдығынан кейін ғана басталды. Ал ол уақытқа дейінгі аралықта ақын шығармашылығы туралы ауыз толты­ рып мақтанарлықтай жұмыс билік тарапынан жасала қойған жоқ. Тек сол кезден, яғни Мұқағали дүние салғаннан кейін он бес жыл өткен соң ғана жыр сүлейінің кітабын дұрыстап шы­ ғарып, халыққа тарату ісі қолға алынды. Тіпті ақынның та­ лай заман­дастары уақыттың кеңшілігін молынан пайдаланып, шығармашы­лық кештерін дүркіретіп өткізіп, газет бетінде жиіжиі насихат­та­лып, телевидениеден көрсетіліп, кітаптарын жар­ қыратып шы­ға­рып, дүркін-дүркін уағыздалып жатқан мезгілде де тазалыққа сусаған халық махаббатының Мұқағалиға ауғанын қалай жоққа шығарамыз? Әділ таразыласақ, Мұқағали поэзиясының халықтың ыстық ықыласына бөленуінің себебі мүлде басқада. Егер Мұқағалиды мұқият оқыған болсаңыз, оның өлеңдерінде ақынның оттай жанған жүрегіндей лапылдаған, халқын сүйген керемет махаб­ бат бар. Қоғамнан теперіш көріп, тағдырынан талай таяқ жеп, заманның аялы алақанын сезіне алмаған ақынның халықты сүйген махаббатының ыстығы еш уақытта да басылған емес. Өмірдің орманында адасып, қателескен күндері ылғи да ақын кешірім сұрап, халқына қайтып оралып отырды:

Туған ел, көз жасы үшін кешір мені, Кешегі жетімдер мен жесірлердің, Ортасында өшу мен өсулердің, Таяғын тарттым талай кесірлердің, Туған ел, сол үшін кешір мені! 7-0178 Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Санасын сары уайым сарылтып, тынысын тұйық тұман та­ рылт­қан азабы ауыр жылдарында да Мұқағали халқынан күде­ рін үзбеді. Өмірден жапа шегіп, тағдырдың шылбырынан боса­ на алмай­ қиналып, тауы шағылғанда ақын халқына хат жазып, мұңын шағып, ел-жұртынан қолдау сұрап, зар еңіреді:

Тамұққа барады алып мына құрғыр, Құлауға пәс-ақ қалып тұрағым тұр. Қуанып өтем бе деп келіп едім, Түн сайын оңашада жыладым кіл. Жұртым-ау, жылаудың да себебі бар, Неге сонша алдымнан келеді жар? Сен келіп селбеспесең, қайран жұртым, Сенделіп екі ортада өледі жан. Ажыратсам деп едім ақ-қараны, Ылғи көрем езу мен таптағанды. Күйзеліп таң атқанша таңды күтем, Ойпырмай-ай, таңның өзі қап-қараңғы! Әлбетте, заманға иілгісі келмей, тау құлатқан тасқынның ағы­ сына қарсы жүзіп, дүниені жұтып қоя жаздаған айдаһар уақыт­ тың дауылымен арпалысқан арыстан-ақынға оңай тиген жоқ. Сондай қиын сәттерде де ақын халықтың тағдырынан ажыра­ май, ұясын қорғаған қарлығаштай туған тілін, салтын, халықтық дәстүрін ойлап шырылдады. Жұрттың бәрі Жаратушыға сен­ бей, Құдайға тас лақтырып, имансыздық салтанат құрған заман­ да, ондай қоғамнан жиіркенген Алланың сүйікті құлы Мұқағали жалынды жырларымен жүрегінде ұлы Тәңірге мәңгі тозбайтын ескерткіш тұрғызды: Сатқан емен, Сатпаймын дінімді мен, Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем.

ЖҮРЕК СӨЗІ Алла есімі – жүрегім жұдырықтай, Жүрегімнің соққанын біліп жүрем. Мұхаммедтің үмбеті – мұсылманмын, Пайғамбарым қолдайды қысылған күн. Алсын Тағалам, ант етем, ант етемін, Алла есімін кеудемнен ұшырған күн! Алла – ақиқат. Аллаға сеніп өтем. Адалдық пен ақиқат серігі екен. Адаспаймын, Аллама сеніп өтем, Арамдыққа баспаймын – жолы бөтен. Әңгіме барысында біз Мұқағалидың жүрегінде поэзиямен бір­ге Алланың сұлу сәулесінің өмір сүргенін айтқан болатын­­ быз. Өкінішке қарай, халық сол әдемі сәулені тек ақын өлген соң ғана көріп, қайран қалды. Көзі тірісінде Мұқағалидай жердің керемет сәулесін бағалай алмағанын түсініп, сол олқылықтың орнын тезірек толтыруға жанталаса кірісті. Басқаша сөзбен айт­ қан­да,­ Мұқағалидың поэзиясына Алла жар болып, ұлтын сүй­ген адалдығына сүйсінген халықтың махаббаты көтеріп әкетті. Құдайдың құдіретіне қалай таңғалмайсың? Пендешілік іш­ тарлықпен Мұқағалиға деген халықтың махаббатын қызғанып жатқанымызда, Алланы сүйген жүрегі үшін Тәңірдің өзі ақын­ ның тау мүсінін табиғаттан қашап шығарды. Тоқсаныншы жылдары Мұқағали шығармаларының ер-тұр­ маны түгенделіп, жарық көре бастауы оның өнерімен жақыны­рақ танысқан халыққа, әсіресе әдебиеттің есігін енді-енді қаққыш­­ тап жүрген мына біз сияқты жастарға қатты әсер етті. Көктем­ нің найзағайындай жарқылдаған ақын жырлары көңіліміздің аспанын­ жарқыратып жіберіп, сезіміміздің тас қамалын бұзып кірді. Өмірдің биік аспанында жалт-жұлт етіп ойнаған Мұқаға­ ли поэзиясының сәулесі жанымыздың айнасына шағылысып, ерік­сіз көзімізді жұмғызды. Қызуы бойымызды балқытып, көңі­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ліміз күншуаққа шығып, сезім күніне жылынғандай болдық. Жүрегіміздің құпиясын оқып қойған оның өлеңдерін ең құнды дүниеміздей көріп, замандастары ерекше қастерлеген Гетенің «Вертеріндей» бағалап, қайда барсақ та Мұқағалидың жыр жинақтарын өзімізбен бірге алып жүрдік. Сан алуан бояуымен құлпырған ақынның сиқырлы сөз өнерінен ерекше қуат алдық. Жастық дәуреніміздің найзағайлы жазындай күркіреген ақын музасы ойлануға да мұршамызды келтірмей, алапат сезімінің тасқынымен бізді өзімен бірге ағызып әкетті: Соқ, жүрек, Солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет, Мен бір жаққа асығамын. Ғашық әнім айтайын өмірге мен, Құлақ естіп, көздерге көрінбеген. Нөсерім тұр көгімде төгілмеген, Жемісім тұр бағыма себілмеген. Бермей кетпен бәрін де тегінде мен. Дүниенің бәріне биіктен қарайтын, қартайып, қайғы ойлаған Абай ол жылдары бізге әлі алыс, түсініксіз, жұмбақ жан бол­ ды. Ал біз жас едік. Аласұрған жастығымыз махаббаттың оты­ на күйгісі, сезімнің күніне қыздырынғысы, арманның өзеніне шомылғысы, сұлулықтың бақшасында қыдырғысы, ой орма­ нында адасқысы келді. Жанымыз аңсаған сол кереметтерді біз жұмбақтамай, се­зім қақпасының есігін айқара ашып тастаған Мұқағалидан таптық. Жас болғандықтан біздің де мынау кең дүниеден алғымыз келетін ақымыз мол еді. Мұқағали бізге Құ­

ЖҮРЕК СӨЗІ дайсыз қоғамда Алланы ұмытпауға, қара тобырдың ортасында да күндей жарқырап жүруге болатынын үйретті. Біз ол жылдары «билік тым қатты көңіл бөлгендіктен Мұ­ қа­ғалидың ақындығы дүркіреп кетті» деген әңгімені айтқан емеспіз. Бәріміз де Мұқағалиды бөлшектеуге келмейтін жаны­ мыздай, бөлуге болмайтын қазақтың біртұтас рухындай ба­ ғаладық. Қайта, керісінше, бізге ақынның насихаты кемшін тү­ сіп жатқандай көрініп, барлық жерде оның өлеңдерін оқып, ақын мұрасын қолымыздан келгенше жарнамалауға тырыстық. Мұқағалидың мұрасы баспасөзде жарық көре қалса, өзіміздің бір жақсы дүниеміз жарияланғандай, жүрегіміз жарыла жаз­ дап қуандық, ол туралы бір жақсы сөз айтылса, өзімізді біреу арқамыздан қағып мақтағандай, өрекпіген көңіліміз шаттық­ қа кенелді. Ақынның келер ұрпаққа, яғни мына бізге қаратып айтқан «ойлы жас» деген сөзі бәрімізді де қатты толқытты:

Адамды адам түсінбеу – бір ақырет. Ойлы жас, түсініпсің, рахмет! Рахмет! Жассың ғой жалыны мол, Жалыны мол және де қуаты көп. Ойлы жас! Өлең – менің бар тынысым, Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін. Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып, Біреулерден жүргем жоқ арту үшін. Заманның аласапыран уақытында әдебиетке келген мына біз Мұқағалидан дүниенің бәрін танып-біліп қойған ақылгөйді, пәлсапа соғып ділмарсыған данышпанды, құрыштай шынық­ қан күрескерді емес, қайта, керісінше, сүйгенде ақыл-есінен айырылып қалатын, қуанғанда балаша мәз болатын дарақыны, қайғырғанда еңіреп жылап жіберетін, жүрегі жараланғыш – дәл өзімізден аумайтын қорғансыз адамды көрдік. Ол ең алдымен

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ адам еді. Сол үшін біз оны сүйдік. Адамдық сезімі, қайғысы мен қуанышын бізбен бөліскені үшін жақсы көрдік. Өнерге берілген адалдығы, жүрегін кірлетпеген өмірдегі тазалығы үшін ерекше қастерледік. Біз Мұқағалиды көрген жоқпыз. Бірақ ақынмен бірге өсіп, біте қайнасқан, оның көзін көрген замандастарынан кем құр­ метте­ген жоқпыз. Өйткені оның асау жырлары емін-еркін тула­ ған біздің жастық шағымызбен үндесіп жатты. Мұқағали ке­ луімізді күт­пей-ақ, жауындарға, аласұрған ағындарға да қарамай, жүрегімізде дауыл тұрғызып, жердің бүкіл сағынышын арқалап, қанатын жазып, құшағын жайып, бізге қарай самғап ұшты:

Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарға, Қарсы қарап жүземін ағындарға, Кеудемде қимылдаған жаным барда. Мен сені сағынғанда Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. Мен сені қызғанамын, Қызғаныштан мұз шайнап, Тұз жаладым. Шаңқылдап алдымнан шық, Ана-қыран, Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.

Ақынның лирикалық туындыларымен танысып, оның ма­ хаббат жырларын оқығанымызда сол сезімдерді өзіміз басы­ мыздан кешіп тұрғандай толқыдық. Мұқағали құлай сүйіп өлең арнаған аруға ғашық болмау мүмкін емес еді. Оның махаббат лирикасынан­ шуақ болып шашылған сұлулыққа бәріміздің басы­ мыз айналып қалды. Бояуы құлпырған Мұқағали поэзиясының әдемі гүлдері жастық дәуреніміздің махаббат өлкесін жайна­тып тастады. Ал ол ғазалдарды жаттап алып, оны құлай ғашық бол­ған қыздарымызға оқыған кездегі алған әсеріміздің тәттілігін сөз­­ бен айтып жеткізе алмаспын, сірә!

ЖҮРЕК СӨЗІ – Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің? – Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. – Отқа түсіп өртенсем не етер едің? – Күл боп бірге соңыңнан кетер едім. – Бұлдырасам сағымдай не етер едің? – Жел боп қуып, ақыры жетер едім. – Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? – Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін. Жазылу формасы өте қарапайым болып көрінгенімен, осы шағын ғана миниатюрада біздің жастық шағымыздың мазасыз махаббатының дірілі соншалықты шынайы әрі табиғи кесте­лен­ ген. Музыкасы сыңғырлаған ол әдемі лирика уақыт өте ке­ле біз­ дің рухани қазынамызға айналды. Ақынның үлбіреген жыр­ла­рын­ да – қайта-қайта махаббат дәметіп, оның құшағында тұншығып өлгісі келетін біздің жастық шағымызды толқытқан ертегі өмір­ дің дариясы ағып жатты. Біз Мұқағали поэзиясының­ махаб­бат шарабынан­ құмарымыз қанғанша сіміріп ішіп, мас болдық. Ұлы ақын бойындағы алапат сезімімен Мағжан­ның рухын тіріл­ тіп, уақыттың дауылы сөндірген оның поэзия­дағы жандырған махаббат­ шырағын біздің жүрегімізде қайта­дан жақты. Ол шы­ рақ бәрімізді магниттей тартып, тыныштық таппаған жанымыз жынды­ көбелектей сол отқа барып қайта-қайта күйді. Сүйгісі келе берер сүйген ерін, Сүй, жаным! Сүйкімді бір күйге енемін. Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, Ағытшы бешпетіңнің түймелерін. Сүй, жаным! Сүйе бергін, кім біледі... Бір кезде еске аларсың түнді, мені. ...Жалт етіп өте шыққан баяғыда, Жастықтың талықсыған бір күні еді.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ұялып, барады өтіп бұлақ-бала, Бұйығып, үн қатпайды жылап қана. Баланың маңдайынан сипалаған Дірілдеп айдан тамған шуақ қана. Біз тек Мұқағалидың махаббат жырларын ғана сүйіп оқыған жоқпыз. Айсыз қара түндерде адасып, өмір көктемінің жылуын сезе алмай кеткен ақынның кез келген жыры біздің ең жақын сырласымыздай болды. Жүрегімізді жаулап қана қоймай, оның өлеңдері бір оқығаннан-ақ біздің басымызды дуалап алды. Біз ол жырларды ауық-ауық оқып қоймасақ тұра алмайтын жағдайға жеттік. Лүпілдеген жүрегіміз саусағын жайып, жастығымыздың күніндей жарқыраған Мұқағали поэзиясынан төгілген ғажайып сәулеге қарай талпынды. Ыстық сезімімен ішіміздегі мұзды ерітіп, сеңді қозғап жіберген сәулелі жырлар тазалықты, шынайылықты, табиғилықты, сұлулықты, адамгершілікті аңсаған жанымыздың шөлін қандырған жастық дәуреніміздің суаты болды. Біз Мұқағалимен сырласып қана қойған жоқпыз. Ақынның тартқан тауқыметі мен көрген қасіретін жеке басымыздың қай­ ғысындай қабылдадық, Өмірінің соңында аурухананың темір кереуетіне таңылып, өлетінін сезіп, жарық дүниемен қоштасып жазған базыналық жырларын оқығанымызда, ең жақын адамы­ мыз дүниеден өтіп бара жатқандай қиналдық. Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен, Не пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген. Құрбан қып жастығымды, жас ғұмырды, Жауымнан жасыра алмай қастығымды, Жанымды аямаған жауларымнан Ала жатар едім ғой жастығымды. Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін, Өмірім, осылай-ақ өтші, мейлің.

ЖҮРЕК СӨЗІ Алайда аласапыран тіршіліктің Алдында, күресе алмай, тек сілейдім! Күнін көріп жүргем жоқ жетім құлдың, Бірақ та не бітірдім, не тындырдым? Шөп жинаған ініне суырдайын, Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым. Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім, Қырға шығып ырысқа кенелмеспін... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Жанымыздан пана іздеген Мұқағалидың үлбіреген жыр­ лары сезіміміздің нәзік пернесін басып, жүрегімізді елжіретті. Мәңгілік мекеніне өзімен бірге ала кеткен ақынның нәзік жа­ нын түсінгіміз келіп, біз қайта-қайта оның поэзиясына үңілдік. Атақ-даңқты керек қылмаған Мұқағали біздің көзімізге нағыз сұлулықтың символындай болып елестеді. Біз де Мұқағали сияқ­ ты өнердің мәңгілік сәулесі болуды армандадық. Алайда ұлы ақын болудың қандай ауыр азап екенін біз ол жастықтың оты жалындаған жылдары таразылаған емеспіз. Жиырма жыл бұрын балауса үндері енді-енді естіле бастаған біздің буын әдебиетке Мұқағали болуды армандап келді. Біздің бәріміз, әрине, әркім өз қиялымызда, Мұқағалиға жан сыры­ мызды ақтарып, өзімізше сырластық. Біреуіміз оның өлеңіне ән шығарып, қалғандарымыз өлең арнап, бәріміз де ұлы ақынға құрмет көрсетіп, жүрегіміздің төрінен оған орын тауып беру­ ге асығатынбыз. Бәріміздің де жүрегіміздің бір түкпірінде Мұ­ қағалидың ұлы музасы тебіреніп, ән салып жатты. Ұлы ақынға деген махаббатымыздың шексіз болғаны сонша­ ма, біз тіпті оның поэзиясымен шөлімізді қандырғанға да қа­на­ ғаттанбадық, оған еліктеп, Мұқағали болып өмір сүрдік. Ой­ лы жас екенімізге сеніп, бізге аманат айтып кеткен ақынның

үмі­тін ақтағымыз келіп, бір ауыз сөз айтсақ та Мұқағалидың өмірін мысалға келтіріп сөйлеуді әдетке айналдырдық. Менің замандастарымның ішінде Мұқағалиға өлең арнамаған ақын жоқ шығар, сірә! Біз оның өлеңдерін өміріміздің шындығы көрін­ген шарайнадай бағаладық. Өлеңге жан бітірген ақын по­ эзиясын оқығанымызда біздің жанымыз жылап қоя берді. Жапырақ-жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын. Сен Адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын, Келісесің бе, жас қайың?

Бұл жылап тұрған не болды екен? Жас қайың ба, әлде біздің жанымыз ба? Әлде екеуі де ме? Алла сыйлаған өмірін айырбастай алатын мұндай тәуекелге тек жүрек жұтқан ақын ғана бара алса керек. Бұл өлеңде Табиғат – Адам – Өмір атты үш кеңістікті бірікті­ ріп тұрған құдірет біреу – ақынның жаны. Өлеңді оқығанда сол құдірет сенің ішіңе еніп алып, алапат дауылы жан әлеміңнің ас­ тан-кестенін шығарады. Өйткені бұл лирикалық шығармадағы шындық ақынның жан сәулесінің жібімен кестеленген. Ғажап! Бір қарағанда қаралы күйдей күңіренген ақын жыр­ ларын қайғының бұлты басқандай болып көрінеді. Бірақ сол мұңлы жырларды оқи бастағаныңызда сол қайғы бұлтының ар­ тына жасырынған күн жарқырап шыға келіп, сиқырлы сәулесі­ мен сіздің жаныңызды жайнатып тастайды. Тіпті ақынның ажал­ мен оңашада сырласқан өлеңін оқысаң да батып бара жатқан күннің әдемі сәулесін көргендей әсер аласың:

Менің досым болсаңшы кешірімді, Сабыр етші, тауысайын несібімді. Бастамаған ісім көп, аялдашы! Қақпашы тым ертерек есігімді.

(Алам десең, пендеңнің жаны дайын) Тоқташы, тіршіліктен жалығайын. Рақатқа белшемнен батпасам да, Қалтам толы сорымнан арылайын. Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен тоқсаныншы жыл­ дардағы қиыншылық, әсіресе, әдебиетке енді келген біздің буынға ауыр тиді. Ешкімге керегіміз болмай қалған өзімізді «зая ұрпақтай» сезініп, Алматының тар көшелерінде жұмыс таба алмай, қаланың қапырық ауасын жұтып, үйсіз-күйсіз сендел­ генімізде жүз грамымызды тартып алып, Мұқағалидың жыр­ ла­рын оқып, жүрегімізді талай жұбатқанбыз. Егер Мұқағали жыр­лары болмаса, «адам қасқырға айнала жаздаған» сол жыл­ дары нәзік өсімдіктей енді басын көтеріп келе жатқан талай ақындардың өліп кетуі де ықтимал еді. Біз Мұқағалиға сол жыл­ дары өліп кетпегеніміз үшін де қарыздармыз. Ұлы жазушы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романында князь Андрей Балконскийдің Аустерлицтің тү­ бін­дегі шайқаста ауыр жараланғанда ғана биік аспанды көріп, таңғалатыны бар емес пе. Ал біздің оқ тиген жанымыз князь Андрейдікінен де бетер ауыр қиналды. Өйткені Отан-Анамыз­ дың түгі қалмай сатылып кеткен, өліп қалсақ, дүние салардың алдында көңілімізді жұбатып қарайтын биік аспанымыз да жоқ еді. Біз сол биік аспанды Мұқағалидың мәңгі мекеніне айналған Кеңсай жақтан іздедік. Уақыттың аласапыран дауылы соққанда Мұқағалидың поэ­ зиясы жүрегімізде өсіп келе жатқан әдемі гүлдеріміздің қалқаны болды. Есенинге арнаған өлеңінің арқасында, біздің бәріміз де орыстың бүлікшіл ақыны Сергейді тағдыр сергелдеңге салған Мұқағалидай жақсы көріп кеттік. Дәл сол жылдары біздің бәрі­ міз де осы өлеңді оқығанда өзіміздің тағдырымызды көргендей сезімді басымыздан өткергенбіз:

Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып ақыл берген елге сенбей. Мен-дағы сол жақтанмын, Ауылданмын. Ауылдың ауруымен ауырғанмын. Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса, Алматы мені солай қабылдады. Алматы бізді де құшақ жайып қарсы алған жоқ. Бізге келген­ де Мұқағалидың тағдырындай бәрі таусылып, кітап шығармақ түгіл, күнкөрістің өзі мұңға айналған заман туды. Ұлы ақынның кеудесінен итерген күншілдердің бізге де жылы қабақ таныта қойғаны шамалы. Менің замандастарым қайда тұрарын білмей, жатын орын таппай қиналып, үкіметтен баспана сұрап жалынғанда жомарт биліктен екінші, үшінші пәтерлерін алып, үйден «коллекция» жинап, жақсы қызметтің арқасында мұрттары әбден майлан­ған ағаларымыз біздің «сұрамсақтығымызды» бетімізге басты. Ең болмағанда олар біздің мұңымызды да тыңдағысы келмеді. Со­ ған қарамастан, біз ең қиын уақытта да әдебиет майданындағы ұрыс алаңын тастап кеткен жоқпыз. Дегенмен, ауыр тұрмыс еңсе­міз­ді­ езгенде орыс ақыны Сергей немесе қазақтың жыр сүлейі Мұқағали сияқты қаланы тастап, ауылға кетіп қалғымыз келген кездеріміз аз болған жоқ.

(Менің де өкіндірер өткенім көп) Атқа міндім, алысып, теппедім доп. Мен-дағы малды сүйем, итті сүйем, Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ. Шаршағанда ширығам шарап ішіп, Саған ұқсап менің де жанады ішім. ЖҮРЕК СӨЗІ Құлағыма сыбырлап «құран» оқып, Иектейді мені де «Қара кісі».

Өкшелеп қуған тағдырымыздан қалай құтыларымызды біл­ мей, далбасалап қашқанымызда Сергей мен Мұқағалидың құла­ ғы­на құран сыбырлаған сол қара кісі көшенің бұрыш-бұрышы­ нан бізге де талай жолыққан. Жасырып қайтеміз, қыр соңымыздан қалмаған қара кісінің шарабын ішіп, махаббат таба алмай адасып, тағдырдың азабын тартқанымызда жанымызды жылыта алмаған ыстық құшақтар­ ды аймалап, біз де талай күнәға батқанбыз. Мен де сендей, Серега, күнәдамын, Жыр азабын тартамын, тіл азабын. Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам, Қайда барсам – қасымда Рязаным... Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Бір ауылдан екенбіз, мен де, сен де. Басым сынып барады, басым сынып, Жөндесем де болмайды, емдесем де. Ақиқатында жанымыздай жақсы көріп кеткен Мұқағали поэ­зиясының құдіретін сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес­ тей болып көрінеді маған. Өйткені ұлы поэзия еш адам баласы түсіндіріп бере алмайтын Құдайдың ұлы жұмбағы болса керек. Міне, сондықтан да біздің бәріміз кейде далбасалап Мұқағали­ дың поэзиясы туралы түрлі жорамал жасап жатқанымызбен, оның ешқайсысы да бізге ұлы ақынның өнерін түсіндіріп бере алмай­ ды. Кейде мен «Мұқағали өзінің ойларын ана ақыннан немесе мына ақыннан алған», сондай-ақ «анандай ақынның, мынандай ақынның шинелінен шыққан» (осы «Гогольдің шинелі» бізге бәле болды) деген сыңайдағы пікірлерді де естіп қаламын. Мен

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Мұқағали поэзиясының Данте, Байрон, Лермонтов, Есениндер­ мен үндесетініне дауласпаймын, жоққа да шығармаймын. Өзге түгіл, мұны ақынның өзі де мойындаған: Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым. ...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым. Түзу-түзу тілінген таспадайын, Қамшы өремін таспадан басқадайын. Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін, Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын! Түзу-түзу жыртылған аңыздайын. Аңызыма неге нәр тамызбайын? Қара өлеңі қазақтың қаза болса, Қара көзден неге қан ағызбайын? Іздемпаздық – менің де бар өнерім, Будан жасап, бидай мен тары егемін. Қазан-миым бәрін де қайнатады, Дара қойып қазақтың қара өлеңін. Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. ...Күпі киген қазақтың қара өлеңін Шекпен жауып, өзіне қайтарамын.

ЖҮРЕК СӨЗІ Адамзат баласы Жер-Ананың алып бесігінде тербетілген­ діктен, біздің бәріміз де Данте, Шекспир, Абай сияқты өнер аспанындағы жұлдыздардың ерекше жарқыраған сәулелерінен қуат алмаймыз ба. Ендеше, олардың өнерінің, әлемді нұрлан­ дырған ғажайып бояуларының біздің бойымызда өз ізін қал­ дырмауы қалайша мүмкін болмақ?! Қайта ол бояулар бірінбірі тапқанда, бірін-бірі толықтырып, өнер әлемін одан сайын құлпырта түспей ме?! Францияның әйгілі жазушысы Ромен Ролланың айтуынша, өнерді шабыттандыратын идеялардың ауқымы өте шектеулі. Өнерде айтылмаған ой, жазылмаған оқиға жоқ. Өнердің күші онда емес – суреткердің сол ойды қалай жеткізіп, жалғыз өзіне ғана тән өрнегімен айшықтай алатын шеберлігінде. Сондықтан да бәрімізді де есімізден тандырып жібере жаздаған, жүрегіміз­ ді әлдилеген Мұқағали поэзиясының ғажайып музыкасының жұмбағын онын ізгілікті жанына қандай ұлы сәулелердің шуа­ ғын шашқаннан ғана іздеудің қажеті жоқ. Мұқағали поэзиясының ұлы жұмбағын оның әдебиетке қан­дай жаңалық әкелгенімен түсіндіруге тырысып жүрген сын­ шылар да баршылық. Бұл да ақынның шығармашылық өнерінің қыры мен сырын аса терең білмейтіндердің айтып жүрген ұш­ қары пікірі. Білмек парыз. Оқырман қандай да бір ұлы ақынның немесе­ жазушының шығармасын оның поэзия мен прозамызға не жа­ңа­лық әкелгенін білу үшін оқымайды. Әдебиеттегі жаңалық – ғасырлардың еншісіне тиемелі жүк. Егер жиырмасыншы ға­сыр­­­ дағы қазақтың сөз өнеріндегі біртума таланттардың бәрі әде­ биетке жаңалық әкелген болса, кешіріңіз, онда біздің про­замыз­ бен поэзиямыз тек жаппай жаңалықтан тұрады. Қарапайым оқырман ретінде мен бір сәт Шекспир неме­ се Пушкиннің рухымен тыныстап, шығармаларының сәулесі­ не шо­мылғанымда сол кемеңгерлердің өнерге қандай жаңалық әкел­генін ойланамын ба? Жоқ. Мен олардың ұлы туындыла­ рын өзімнің өмірім туралы не айтқанын білу және «адам болып қалғым келгендіктен» (Достоевский) оқимын.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Әділіне жүгінсек, «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» Мұқағалида кейбір ақындардағыдай ерекше көрінгісі келіп, жаңалық жасауға тырысқан, күшеншек­ тік болған емес. «Жүрегіңе үңіл де жаза бер» (Сенека) деген қа­ғиданы берік ұстанған ұлы ақын жүрегі қалай сөйлесе, солай жырлады. Жасандылыққа ұрынбады. Мұқағали поэзиясының ерекшелігін оның тіл байлығының молдығынан іздеушілер де табылып жатыр. Өз басым ақынның өлеңдерінде замандастарының бәрінен асып түсетін ғажайып көркем тіл болды деп те айта алмаймын. Сондықтан да «Мұ­ қағали тілі» деген «өтірікті» ойлап шығарып, жұртты әбігерге салудың қажеті қанша? Мұқағали біздің жүрегімізді тіл бай­ лығының молдығымен жаулап алған жоқ. Оның жырларын­ да маңдайымыздан сипап, еркелететін өмірдің сәулесі мол еді. Өмірімізді ерекше арайландырған ол шуақты сәуле мейірімді­ лік­ті аңсаған жанымыздың ең жақын сырласы болды. Ұлы ақын өмір­ді жырлаған жоқ, ол сәбидің көңіліндей таза жүрегін жа­ йып ашып тастап, бізбен сырласты. Міне, сондықтан да «Мұ­ қағалидың ұлылығы неде?» деген сауалға ақынның өз сөзімен жауап беруге болады:

Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бар замандаспен мұңдасамын. Асыққан уақытпен, Адымымды Абайлап, анда-санда бір басамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым. Бөгендеп бетонмен қоя алмаймын, Өзінше емін-еркін туласа ағын. Ғайыптан пайда болған сайтандайын, Жыр туса қайтармаймын.

ЖҮРЕК СӨЗІ Улатып май таңдайын, Ащы тіл ақиқатын айтар дәйім. Жаныңнан жалындаған өрт кетпеген, Жалықпай өзімді өзім зерттеп келем. О, жүрегім! Орныңнан қобалжыма, Жарамсақ жалғандыққа беттетпеген! Тіптен де мен емес-ті «Мен» дегенім, Сендірмеймін, Сенбеңдер сенбегенің. Басқаның жаны-сырын ұғу үшін Өзімді зерттегенді жөн көремін. Мендегі бар Сенде бар, онда да бар. Демек, сенің «Менің» де сонда қалар. Өз жаныңды алдымен жайып таста, Жақсылықтың көкесі сонда болар. Не шығады бәрін де сүйем деуден? Бәрін де сүйемін деп иемденген. Бәрін де мен де сүйем, Айтпан бірақ, Отырып оңашада күйер кеудем. Күйер кеудем... Сондықтан күйінемін. Жасырман, жырым да сол жиі менің. Жыр жазу, кім біледі, ермек шығар, Ақын болу – Неғылған қиын едің! 8-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ұлы Лев Толстой француз жазушысы Ромен Ролланның ха­ тына жауап жазғанда, сөзінің «біссімілласын» бауырым деген ұлы сөзден бастағанды жөн көріпті. Шындығында нағыз ұлылық дегеніміз – шеберлікті меңгеріп, өнердің биік шыңына көтерілу ғана емес, оқырманның сені оқып, сырласпаса тұра алмайтын ең жақын бауырына айнала білу. О, Мұқағали! Сенің өнердегі ғажайып сәулең менің жаным­ ды нұрландырып, жүрегімдегі ізгіліктің шырағын жағып, адам­ гершілікке тәрбиелеп, қаһармандыққа баулыды. Уақыт өте келе сен менің өнердегі ең жақын бауырыма айналдың. Қаншама уақыт сырласып, мауқымды баса алмасам да, сені­ мен де қоштасатын уақыт келді, ақыным. Бір кездері сен де Пуш­ кин ескерткішінің алдында барғанда мен сияқты тебіреніп, ұлы ақынмен қоштасқан екенсің: Ал енді қоштасайық, сардар аға, Мен ертең кетем ұшып сар далама. Қыранның қырандығы – кең далада, Қыранның қырандығы – тауда ғана. Мен ертең кетем ұшып сар далама. Қош боп тұр, қош, есен бол, сардар аға! Сөкпей де өкпелемей қал балаңа. ...Ақынның ақындығы атақта емес, Ақынның ақындығы – арда ғана. О, мәңгілік сәуле! Мен де ертең сар далама ұшып кетемін. Егер сен жарты ғасыр бұрын жан сырыңды ақтарып, Пушкин ескерткішімен рухани ізбасары ретінде қоштассаң, мен сенің ескерткішіңмен ұлы Толстойдың француз жазушысы Ромен Ролланға жазған хатындағы қимастықпен айтқан, адамның ең жақынына ғана арнайтын, дүниедегі ең ардақты, ең жылы сөзін қайталап, өзіңмен қоштасқым келеді: Қош бол, бауырым!

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ТҰҢҒИЫҒЫ «Адам баласы өмірге әлденеше рет қайтып оралады» деген ежелден келе жатқан ескі ұғым бар. Шамасы, бұл ұғым адам­ның санасында оның жанын рухтың жалыны шарпыған күні туса ке­рек. Бәлкім, сондықтан ба екен, күлуден бұрын мына жалған дүниеге келген сәтте-ақ ең әуелі жылауды үйренген Адам Ата мен Хауа Ана ұрпақтарының бойын сонау ықылым заманнан бері бір ұлы сезімнің құдіретті рухы билеп келеді. Пенденің көрер қызығы мен дәм-тұзы таусылып, тәні көміліп, күлге айна­ лып, оның өзі қара жерге қорек болғанымен, рухы өлмей, мәңгі жасай береді. Ұлтымыздың жаны жыртысқа түскен сын сағаттарда, сол рухтың құдіреті арқылы аруағымызға сиынып, аруақтап ат­ тандап, кемел келешегіміз үшін «тебінгінің астынан ала балта суы­рып, тепсініп келмеп» пе едік? Пенденің хайуаннан басты айырмашылығы да рухының қаншалықты биік болғанымен өл­ шенетін болса керек. Ең алғаш қара үңгірде неандерталь адамның тасқа қашап салған шатпақ суреті сезімнің қалың түкпірінде ұйықтап қалған рухты оятып, әлемдегі ғаламат туындылардың дүниеге келуіне, екі аяқты тіршілік иесінің сұлулық жөніндегі дүниетанымы­ ның қалыптасуына мұрындық болды. Осыдан аттай бір ғасыр бұрын­ орыстың ұлы жазушысы Достоевский «Дүниені сұлулық құтқарып қалады» деп жазған-тын. Біздіңше, сол сұлулық адам рухының биіктігін, жан дүниесінің тазалығы мен әдемілігін әй­ гілейтін ұлы өнер болса керек. Әлемнің құрылысы туралы бондық ілім бойынша, дүние үш ортадан құрылған: құдайлардың аспандық аймағы – ақ түс­ті, адамдардың жер бетіндегі аймағы – қызыл түсті және су рух­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ та­рының төменгі дүниесі – көк түсті. Формасы да, ақиқатқа жататындығы да жоқ дүниеде болмыс пен болмыссыздықтың екі ортасынан тамаша адам пайда болып, ол «жаратылған нақ­ты ие» атана бастаған. «Жаратылған нақты иенің» бүгінгі кең сарайда салтанат құрып,­ кемелденген ұрпақтары он сегіз мың ғалам жаратыл­ ған­нан бері сандаған ғасыр озып, жүздеген ұрпақ алмасса да, құдіретті өнердің альмаматері іспетті ұлы рухты жоғалтқан жоқ. Өнерде­гі дара тұлғаның дүниеге ақын көзімен қарайтынды­ғын­ да бір үлкен заңдылық бар әйтеуір. Ананың құрсағынан шы­ғып, Табиғат-Ананың тал бесігінде тербетілетін Алланың руха­ни тірегінің туғанда дүние бесігін ашатын баянды серігі – Өлең. Ақын дүниеге жылап келгенімен қоса, періште сезімімен өзге жанның көңіл көктемінің көкжиегін керемет әсердің бесі­гіне бөлеп, адамның рухани әлемінде бұғып жатқан «көзге көрін­ бейтін дүниесін» (Ж.Ж. Руссо) іздеп, жанын қоярға жер тап­ пай шарқ ұрады. Ақын пайғамбарлықты Құдайдан сұрап алмай­ ды, ол қасиетті адамның бойына Тәңірдің өзі дарытары хақ. Өлеңдерінде өзге ақындарға ұқсамайтын дара мінезі мен ой­ лау диалектикасы бар, өнерді өмірге балаған қамшының сабын­ дай тым қысқа ғұмырында поэзияның рухын бір мысқалдай да төмендетпей, өнердегі арзандықпен күресіп өткен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын оқып шыққан соң осындай бір ойдың тұңғиығына баттым. Жұмекеннің жыр әлеміндегі дара бітім-болмысы мен өзіндік қолтаңбасы төңірегінде әлі де пікір тиегі кең көлемде ағытыла қойған жоқ. Ақынның өлеңдеріндегі интеллектуалдық ой са­ рыны, әдебиеттің ыстығы мен суығына өз жанын аямай тоса­ тын өр мінезі оқырманның көзіне көбіне-көп Достоевскийді елестетеді. Біз осы жерде Достоевский есімін қызыл сөзге қы­ зыққандық­тан ғана айтып отырған жоқпыз. Достоевский шы­ ғармалары мен Жұмекен поэзиясын салғастыра отырып, ұлы жазушының «Бесы»­ атты романы мен ұлы ақынның «Алдар­ көсе немесе диалогтар» атты поэма-пародиясының арасынан бір ұлы үндестіктің сырын аңғардық.

ЖҮРЕК СӨЗІ Достоевский өз шығармасында «жартылай ғылымды» ая­­май сынайды. Достоевский романындағы басты кейіпкер Шатов: «Жартылай ғылым – адамзат тарихындағы соғыстан да, ауру­дан да қатерлі ең ұлы нәубет...» – деп әрі-сәрі күйге түссе, Жұме­кен өз шығармасында «жартылай ғылымды» былай әжуалайды:

Тағы қандай бас бар еді, Әсте көп. Бәрі бірақ заң-дәстүрге қас, демек, Жұрттың бәріне ұнау үшін Формасыз, Пластилин бас керек! Ал миы ше? Мәселе емес бұл, шырақ, Кімге керек балшық сынды былжырақ?! Балшық орнын немен толтыр – жөн бәрі, «Басында түк жоқ!» демесе болғаны. Орайы келгенде тағы бір айта кететін шындықты алға тарт­ пақшымыз. Жұмекеннің «Алдаркөсе немесе диалогтарындай» формасы да күрделі, ойлау өлшемі де өзгеше поэма бұрынсоңды қазақ поэзиясында болған емес. Көлемі өте үлкен бол­ мағаны­мен, аталмыш туындының көтеріп тұрған жүгі өте ауыр. Байқайсыз ба, Жұмекеннің поэма-пародиясында Данте Алигьеридің «Құ­діретті комедиясымен» керемет бір үндестік бар. Мәселен, Жұмекен де Данте сияқты о дүние жөнінде тол­ ғай отырып, осы өмірдегі әділетсіздіктің, тоғышарлықтың түп тамырының­ иіріміне терең бойлап, сол құбылыстың гармония­ сы мен дисгармониясын әдемі жеткізген: «Ақпын дейді. Ей, бейшара, сыңар жақ, – Сыңар тонауымен күлді бір аруақ – Тозақ оты болар еді далбаса

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Егер онда адал жандар жанбаса, Алаяқтар түспейді отқа, Көп ебі. Жоқ сорлылар отқа үйірлеу келеді. Немесе: Атақтыны сүймейді Алла себебі, («Атақ-даңқ бір Аллаға жарасқан, Мықты екенсің бар, бар, талас, талас та ал», Қызмет еткендерді ғана дірдектеп қосады ептеп нөкеріне, дүрмекке. Сондай-ақ: Атақтыны сыйлайды тек, сыйлайды сыйлағаннан. Тамұғын да қимайды. Мәңкүр-Нәңкүр мысқылдайды кей сәтте «өлген кісі неғылады үй-жайды». Бір өкініштісі, осы поэма жөнінде баспасөз бетінде әлі де бір дұрыс пікір айтылмай келеді. Әділін айтсақ, Жұмекен поэзиясы – әдебиетке адал қызмет етудің үлгі-өнегесі. Сондықтан Жұмекенге қайтып оралу – ұлы рухқа қайтып оралғанмен парапар құбылыс. Жұмекен қазақ әдебиетіндегі баллада жанрының дамуына да зор үлес қосты. Ақынның бұл саладағы еңбегінің бәріне тоқта­ лып өту мүмкін еместіктен, біз оның балладасы туралы бір-екі пікір ғана айтып кеткенді жөн көрдік. Әдебиет тарихындағы мысалдарға жүгінсек, баллада жан­ ры ХІV ғасырдан бастау алатыны белгілі. Сондықтан баллада­ жанрының шығу тарихы жекелеген нақты тұлғалардың есімі­­ мен байланысты десек, артық айтқандыққа жата қоймас. Мәсе­­ ленки, классикалық француз балладасының шығу тарихы К. Маро, Ф. Вийона («О женщинах былых времен»), П. Ронсара,­ ағыл­ шындардікі Р. Бернс, С. Кольридж, Р. Соути, У. Блейк, Р. Сти­ венсон, немістердікі Ф. Шиллер, И. Гете («Орман патшасы»),

ЖҮРЕК СӨЗІ А. Брентано, Л. Уланд, орыстардікі В. Жуковский, А. Пушкин, М. Лермонтов есімдерімен байланысты. Дей тұрсақ та, бал­ла­ да жанры­ да заманның құбылмалылығына, әдебиетке ірі тұлға­ лардың келуіне байланысты әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Алпысыншы жылдардан кейін қазақ әдебиетіндегі сюжеттік баллада жанрының дамуына сүбелі үлес қосқан Қайнекей мен Кеңшілік болса, лирикалық баллада жанрының қанаттануына еңбек сіңірген Ғафу мен Жұмекен дер едік. Жұмекеннің балладаларында дүниедегі құбылысты тек сыр­ тынан ғана бақыламайды, көбіне-көп ішкі жан әлемінің та­ биғатына бойлап, тереңіне сүңгітеді. Ақын балладаларындағы шы­найылық, шебер қолмен өрілген қамшыдай эстетикалық кон­ цепция мен «ой түбінде жатқан сөздердегі» философиялық те­реңдік оқырманды табиғаттағы құбылыстың драмалық қай­ шы­лыққа толы құдіретіне еріксіз үңілтеді. Ақын балладаларын­ да Адам – Табиғат – Өмір сияқты философиялық ұғымдарды біртұтас диалектикалық байланыста қарастырады: Соғыс. Боран. Өзге түгіл, жылқы үсіп, Жел мен дала жатып алды жұлқысып. Бүрді ауылды, Бүрсең қағып бітуге Қасқыры мен қарақшысы бір түсіп... Ауыз үйде сондай қара бір түнде Сиыр тұрды қос бүйірі бүлкілдеп, Төнді біреу терезеден түнеріп, Көрді біреу сыртқы есіктің кілтін кеп. Қос босаға бүйір құлап солқылдап, Ашты есікті бір жезтырнақ қол тырнап. Қара пиғыл қара жел боп кірді үйге, Қара боран ойнады үйге толқын боп. Қара, қара... бәрі қара боп кетті... Қара кісі қара сиырды ап кетті... Лирикалық өлеңдердегі басты тұлға – «лирикалық қаһарман», яғни басқа сөзбен айтқанда, лирикалық «мен». Гегельдің ай­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ туынша, «лирикалық өлеңнің нақ ортасында жырдың бүкіл бі­ тім-болмысын әйгілейтін нақты субъект ретінде ақындық «мен» жатуға тиіс. Сонымен қатар кез келген лирикалық өлең (өлең-сезім+ой+сюжет+композиция=ақиқат) негізінде құ­ рылып, ақын­ның «көңіл жүрегінің сүзгісінен» (Гегель) таза да табиғи күйінде шыққанда ғана әрлене түседі. Поэзиядағы интеллектуалдық ойлаудың әдібін дұрыс тара­ зылай алмаған кейбір ақындар лирикалық өлеңдеріндегі басты салмақты бұлыңғыр ойға салып, шала-жансар ақиқаттың аула­ сынан ұзап кете алмай жүр. Соның кесірінен соңғы он шақты жылдың ішінде (өлең-сезім+ой) негізінде ғана құрылған жерде тиянағы жоқ, абстракциялы, сырты жылтыр, іші бұлыңғыр, дол­ бар аналогиядан тұратын, логикалық үйлесімдіктен ада, сезім қылын шерте алмайтын өлеңдер тасқынының қаптап кеткендігі соншама, тіпті солардың бәрін жинап алып көрмеге қоярлықтай. Жұмекеннің лирикалық өлеңдеріндегі жырдың өне бойын­ дағы ішкі қоңыр ырғақ, адамның жүрек түкпірінен үн тартып, сыр­шыл әлемінің тұңғиығына терең бойлатып, тау суын­ дай таза да табиғи қасиетімен көңіліңді баурайды. Ақынның өлеңдерін оқып отырғанда «автордың айтпағы не?» деген сауал туындамайды. Сіздің алдыңызда бар сырын жасырмай ақын өзі сөз алады: Алдыңа қарап кері кет, Артыңа қарап өскенше... Шеге, шеге! Жұрт не десе – о десін, Сөз жүйесін, өз иесін табады із, Өткен күннің суырып ап шегесін Келер күннің тақтасына қағамыз. * Қойдан құлап өлді ер жігіт, ал қорқақ Жолбарыстың жонын қыстап жүр аман.

ЖҮРЕК СӨЗІ * Кейбір елдің құдайы – аударма. Жұмекен – өле-өлгенше әдебиетке адал қызмет етіп, өнерде­ гі арзандықтың, жалған атақтың қарағайына қарсы біткен бұ­ тақ. Осы өр мінез ақынның әдебиет әлемінің есігін аттауға куә­лік алған тырнақалды туындыларында көзге ұрып тұр: Жалқы досым, келсе мені шын ұққың менің-дағы көп мінім бар, жаным бар. Көкірегімнен көре қалсаң бір ұшқын, үрлеңдер де маздатыңдар, жағыңдар. Бұл күйбеңмен өтер екен жыл қанша, ұшамын деп ойлаймын желіңе. Ал егер де кеудем толы күл болса, сол күлдей ғып өшіріңдер мені де. Мен өзімді байлай алам қатерге, сол қатерді жеңемін де ендеше, Бар айтарым арзан атақ әперме өзің де арзан, досым, болғың келмесе. Немесе: Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім, көз ілдім мен төсегінде сезімнің. Саған тартқан өз ұлыңмын – өзіңмін, тұла бойым тұтас құйған төзіммін. Сондай-ақ: Бір бүйірді қызса деп ем өлеңім, Бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім, Ақымақты ойландырсам деп едім, – деп өлеңнің биік те асқақ рухымен әрі ізгі жанның делебесін қоздыратын алпысыншы жылдардың басында-ақ Жұмекеннің жүрегінен жыр болып төгілген лирикалық өлеңдер қазақ поэ­ зиясындағы шын мәнісіндегі ренессанстық құбылыс болатын. Есенин өлеңдерінде сұлулықтың нышанын атып келе жат­ қан арайлы таңның сәулесінен іздеу басымырақ келсе, Жұме­ кен поэзиясында, керісінше, қоңырқай кештің мезгілін адамның өмі­рімен байланыстырып, көзді ашып-жұмғанша өте шығатын жалған тіршіліктің табиғатына үңілу жиірек ұшырысады: Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, көзін сулап қалып еді қамығып. Қоңыр жолға түсіп едім мен өстім – қоңырқай ой маза берер емес түк. Қоңырайып жатыр алда жол әлі – кеудем кейде қоңыр жырға толады. Қазақ қоңыр әнмен бесік тербетіп, өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы. Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн... қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім. Қоңыр күзде, қоңып шаруа – күйбеңмен қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем. Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда, шешем қалды қоңыр төбе басында. Қоян жонға қоңыр ымырт түскенде қоңырайып отырамын үстелге... Ақын үшін қоңыр кеш – өтіп бара жатқан адамның өмі­ рі. Сол «беймаза тірлігіңді босқа өткізбей, әр ізгі жанның кө­ кірегінде бір жарық сәуле қалдыруға тырыс» деп үндеу тастай­ ды тұлғалы Ақын сөздері. Жұмекеннің ымыртта ымырт құсап

ЖҮРЕК СӨЗІ қоңырайып, жанын қоярға жер таппай, Абай ескерткішінің ал­ дына келуі де сондықтан. Таппаған соң өлеңмен жүрек емін, бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім, туатұғын секілді бүгін-ертең мраморға жазылар бір өлеңім. Поэзия – мәңгі шешілмейтін Құдайдың жұмбағы. Әдебие­ ті­міздегі өзіне тиесілі орнын да, бағасын да ала алмай жүрген Жұмекен­ поэзиясы да өзі өмір сүрген орта мен уақыттың ұлы же­місі ғана емес, қазақ мәдениетінің көгінде Темірқазық жұлдызын­дай жарқыраған рухани құбылысы болды.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ САҒЫНЫШТАН ЖАРАЛҒАН АҚЫН Өмірге ғашық болмаған адамнан ақын шықпайды. Шай­ ыр бо­лу үшін мына шексіз дүниені бар жан-тәніңмен құлай сүю керек. Пенде баласының асыл ойлары мен сұлу сезімдері ақындық жүректе гүлдеп, бүршік ататындықтан, әлемді адал махаббаты­мен сүйген адамға ғана өмір құшағын жайып, сыр сандығының талай құпиясын ашады. Сөз патшасы өлең өнер­ дің босағасынан келін болып именіп аттағанда мына айдай әлемге сүйіспеншіліктің көзімен қараған. Өлеңді айтасыз-ау, сол құдіретті өнердің өзін де өмірді сүйген адамдық сезімнің сүйіспеншілігі туғызған жоқ па еді?! Дүниені сүйген адамның бойында Аллаға деген шексіз са­ ғынышы оянды, жүрегінде өлең оты тұтанып, ұлы Жарату­ шы­мен ойша сырласып, мұңын шағып, оны тереңірек тануға мүм­кін­дік алды. Міне, осылайша мәртебелі поэзия адамның Алладан кейінгі­ ең жақын сырласына айналды. Жалғыздықтан жалы­ғып, мына бес күндік жалғаннан түңіліп, имандылық­ тың мейірім­ді шуағын сағынған адамның шөлін тек өлеңнің мөлдір бұлағы ғана қандыра алатыны сондықтан болса керек. Қазақ әдебиетіндегі сондай таза бұлақтардың бірі – Төлеген Айбергеновтің поэзиясы. Отызға да толмай опат болған ақын­ды қыршын кетті деп айтуға да обалсынады екенсің. Алайда, дәмтұзының тым ерте таусылғанына қарамастан, Төлеген өлеңдері жастыққа тән албырттығымен және соған қарамастан өмір ту­ ралы танымының тереңдігімен һәм сыршылдығымен, тұнығы лайланбаған тазалығымен дараланатын, әдебиетіміздегі ерекше құбылыс болған, ғасырдан-ғасырға жасай беретін жасам­паз по­ эзия; адамды өмірге ғашық қылдырып, іңкәр сезіміне енін тақ­ қан сыршыл поэзия және сонымен қатар жырларында дауыл

ЖҮРЕК СӨЗІ күнгі дарияның асау толқынындай алапат күші бар қуатты по­ эзия. Оның өлеңдерінде басқа ақындардың ешқайсысында да кездеспейтін дүниеге деген ерекше бір сағыныш бар. Жаны­ ңызды жұмбақ сиқырымен арбайтын сағыныш құдіреті ақынның барлық өлеңдерінде кездеседі:

Өтті ғой, сәулем, ай талай, Көрмедім қанша өзіңді, Қайталай берем, қайталай, Сүйемін деген сөзіңді. Қайтейін, жаным аңсады, Сабыр да керек десек те. Сағынған көздің моншағы Шашылып жатыр төсекте. Төлеген өлеңдеріндегі сағыныштың жалыны тұла бойыңды балқытып, ақынның жыр шанағынан төгілген жібек әуеннің ырғағы Құранның мақамындай, жүрегіңді елжіретіп жібереді. Оның жыр әлемімен сырласқан сайын адамдардың жүрегін жы­лытатын армандардың, Жер мен Аспанды аймалаған ма­ хаб­бат сәулесінің, бүршік атқан бақыт пен көктеген мұраттар­ дың, қызғалдақтай құлпырған тіршіліктің сағыныш құдіреті­ нен жаратылғанына шәк келтіре алмайсың. Поэзия төресі бұл шындыққа сізді жалаң ұран, жадағай пафоспен емес, жү­ре­гі­ нің отымен, көкірегі ыстық дүниені еміреніп сүйген махаб­ батының пәктігімен, тасқа тұнған теңіздің тамшысындай әдемі тазалығымен, асқар таудай арманының биіктігімен сендірте­ ді. Ол біздің бәрімізге таныс ұғымдарға ғажайып сыр бітіреді. (Айтпақшы,­ Дидроның «Искусствоның мәні – көзтаныс, дағды­ лы нәрсеге табан асты ғажайып сыр беруінде, екінші жағынан, сол ғажайыпты көзтаныс, дағдылы сырмен көмкеруінде» деп айтатыны бар).

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ақырғы демі қалғанша адамдардың бәрін сүйіп өтуге ант берген Төлеген поэзиясы сағыныш сезімін ғажайып сырмен көм­керіп, оны жыр әлемінің асқар шыңына көтере алған ұлы­ лы­ғымен құдіретті. «Ақжүректі Адам! Мәрттік пен ардан жасал­ған, Мен сендер үшін көз жұмбай барам құрбанға» деп сөзімен емес, дүниеге ынтызар жүрегінің адалдығымен серт берген ақын өлеңінен Рух жанартауынан жаралған батырдың мінезін көресің.

Жолдар, жолдар, мені алыс апарыңдар, Апарыңдар, ұзаққа сапарым бар. Қаламдаймын мен әлі ұшталмаған, Өткізіңдер шөлдерден құс қонбаған, Сын тақпасын дос түгіл, дұшпан маған. Қайғың болса тартайын тақсіретін, Ғұмыр болса көрейін пәк сүретін. Пәк сүретін ғұмырға кез болайын, Әйтеуір мен тынымсыз қозғалайын. Өмірдің қиындықтарымен алысып, Уақытқа да бағынғысы келмей,­ тағдырымен де арпалысқан Төлеген поэзиясында жау­ дың бетін қайтару үшін қиқу салып, ахахаулап аттанған баһа­ дүрлерд­ің бойындағыдай жігер мен қайраттың тасқыны мол. Түн отындай жүйіткіген ақын өмір жолында кездескен кедергі­ лердің бірде-біреуіне мойымай, қайта оны мазақ қылғандай етіп, кәне, менімен алысып көріңдер деп сақ-сақ күлгендей болады. Қорқып-­үрку түгіл, егер қиянатқа бастасаң, теңізді әкеліп, сен жақ­қан отқа құямын деп жалғанға сес көрсетіп, ба­ сын июдің орнына оған мінез көрсетіп, тәкаппарлана қарайды. Міне, сондықтан да табиғатпен бетпе-бет келгенде сырласқан кездегі оның ағынан ақтарылып айтқан мына бір жыр жол­ дарынан Төлегенге ғана жарасатын батылдық пен ақындық шабаттың самалы соғады: Лапылдаған менің ыстық лебізім Тас тәніңді тұрған сенің жұмсартып.

ЖҮРЕК СӨЗІ Мен болмасам теңіз де емес теңізің, Даңқың сенің кете де алмас мұнша артып. Мен болмасам аспан да емес аспаның, Жұлдызыңа қарайды кім қызығып? Орманыңа менің көзім сүзіліп, Жапырағынан сорғалайды жүз үміт. Тек менімен бақыты бар далаңның, Менің қолым ертеңіңді қамшылар. Тек ұшымен мен ұстаған қаламның Сатыр-сұтыр ұйқасады тамшылар. Жоқ, бұл Төлегеннің артық кетіп, астамсып сөйлегені емес. Бұл – ақынның болмысынан жаралған сезім найзағайы, Таби­ғатАнаға еркелеген, тұлымы жалбыраған сағынышының көрінісі. * Төлеген Айбергенов – өз өлеңдеріне адамды сүюді арқау ет­ кен және оның ұлылық қасиетін айырықша шабытпен жырлаған шайыр. Ол ылғи да адамдардың бәрімен сырласып, қайғысын бірге бөлісіп, қуанышына ортақтасқысы келіп тұрады. Жыр сүлейінің жырларын оқығанда адамгершіліктің аялы алақанын сезгендей болып, ұзақ жылдар бойы көрмеген досымызбен қауышып, мауқымызды басқандай әсердің бесігіне бөленетініміз де сондықтан. Ақын жан сырын ақтарып, күнделігіне мынандай бір ойларын жазып кетіпті: «Жұрт не десе о десін, мен адамға бір берілгенді құптар едім. Менің ойымша, құлау, берілу, ессіз сүю – шексіз адалдықтың белгісі. Өмірде өзінен басқаға құлай берілмейтіндер достықта, жолдастықта, махаббатта қателеспеуі мүмкін, бірақ оның шын адал достарының аз екендігіне, тіпті жоқ та екендігіне сенімім кәміл». Адамды шын ықыласыңмен жақсы көру Төлеген поэзиясы мұрат қылып көтерген биік 9-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ мақсат болып табылатынына ақын күнделігінде жазылған осы сөздер дәлел бола алады. Жаны нәзік лирик ақынның кез кел­ ген өлеңінен жұрттың бәрін бауырына басып, құшағына қысып, аялағысы келетін адамгершіліктің шуағы жарқырайды:

О, адамдар – перзенті ұлылықтың, Ұлылықтың көзінен тілін ұқтым. Өздеріңнен көрдім мен көп ізгілік, Көкірегімді тербеген теңіз қылып. Лапылдатып жанымның әр талабын, Оттан ыстық сендердің орталарың. Алыс жүрсем сағынып хат алыстым, Жақын жүрсем қасыңнан қатар ұштым. Көкірегімді толтырып ән-күйменен, О, аяулы аналар, әлдилеген. Аталы сөз аузынан ақтарылар, Бабаларым, шашында ақ қары бар. Ағаларым, арманды алға астырған, Інілерім, жолымды жалғастырған. Әпкелерім, жүрекке сезім берген, Әкелерім, әкемнің көзін көрген. Ормандарым, гүл жапқан атырабын, Мен сендердің жалғыз тал жапырағың, Мен сендердің жалғыз тал қауырсының, Көп тағдырдың көтерген ауыр сынын. Шын сырын айтып ақтарылған ақын жырында адамға деген қаншама көкірегі күйге толған сағыныш жатыр. Өлеңнің әр жо­ лынан аналарын, аталарын, әкелерін, аға-інілерін, апа-қарын­ дастарын емешегі үзіле жаздап сағынған ақын жүрегінің соққан лүпілін естігендей боласың. Тіпті ақын ақ самалдармен де, ақ жаңбырлармен де, ақ қа­ йыңдармен де жүрегіндегі бүкіл сағынышын төгіп сырласады. Оқып көріңізші:

ЖҮРЕК СӨЗІ Ақ самалдар, аңқыған ақ самалдар, Ақ самалдар, ақ бұлақ ақша қарлар. Тырна даусын шақырып, Омырауымнан Ойнақ салып барасың, пәтшағарлар. Ақ самалдар, аңқыған ақ жаңбырлар, Ақ жаңбырлар, толқыған тоғжан қырлар. Менің қара сабаудай кірпігімнен, Сатырлатып сапырдың маржан қыруар. Ей, ақ жаңбырлар.

Төлеген өлеңдерінің құлақкүйі сағыныш болғандықтан, ол адамның ұлылығын, ойының даналығын, махаббатының баян­ды­ лығын осы бір сезімнің ақыл-таразысына салып өлшейді. Оның барлық арман-мұраты сағыныш сезімінің бесігіне құндақталған. «Сағыныш» атты өлеңдер топтамасында бұл алапат сезім буырқанып, теңіздей толқып, таулардай асқақтап кетеді. Дү­ние­­ ге деген ынтызарлығыңызды тірілтіп, өмірге деген құштар­ лы­ғың­ды оятатын ақын жырларындағы лапылдап жанған сағыныш­тың оты жүрегіңді шарпиды. Өлеңінің біссімілләсін «Сағындым, жаным, мен сені!» деп бастап, жан сырын айтып, алдыңда ақтарылып сала берген ақ жүректі ақын бірден сенің сырласыңа, мұңдасыңа айналып қоя береді.

Үмітке толы, армандай толы әр жерде бір түп қарағай, Сағынбай жүрсе қалуы мүмкін жамырасуға жарамай. Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған, Сені мен менің ғасырлар күткен сағынышымнан оянған. Балалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін, Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын. Көкірегінде сағыныш барда мұрат та сенде бар, жаным, Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей жатқан ар жағын.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек, Алдыңнан орман кес-кестеп шықса сағынышыңмен көктеп өт. Мен мұны саған жазып отырмын арманымды орап сезімге, Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде. Орыс ақыны Марина Цветаева: «Пушкин мені махабба­ тымен баурап алды», – десе, Төлеген Айбергеновтің поэзия­ сы оқырманын сағынышымен жаулайды. Сағыныш жоқ жер­ де махаббаттың да, бақтың да, адалдықтың да болмайтынына ақын жырларын оқып шыққан соң иланбасқа амалың кем. Ақын жырларындағы сағыныштың ізгі дірілі өлең мазмұнын байы­ тып қана қоймай, оның пәлсапалық иірімін тереңдетіп жібере­ ді. Өлеңнің формасы мен жазылу техникасында бір тал мін жоқ. Ақынның жүрегінен үзілген сағыныш моншақтары ақ па­ рақ­қа өңдеусіз, жонусыз сол табиғи қалпында шашылып түскен. Адамдардың бәрімен сағынып көріс, туған жеріңді, Отаның­ ды әр кез сағынып жүр, армандарыңның орындалуын сағына күт. Сағынбай барсаң теңіз де сенің жастық шағыңдай тебі­ ренбейді, таулар да алдыңнан асқақтап шықпайды, бау­лар­ға кіргенмен бұлбұлдың даусын есіте алмайсың. Әлемнің жұм­бағы тек қана сағыныштың кілтімен ашылады. Айбергенов шығарма­ шылығының формуласы – осы. Төлеген ақын оқушымен сыр­ ласқан сайын сезімін сағыныштың мөлдір бұлағына бір батырып алады. Оның сағынышында шек жоқ. Апырмай, даладай шексіз сағыныш ақынның жұдырықтай жүрегіне қалайша емін-еркін сыйып кеткен: Ей, адамдар, айналайын туғандар! Жалғыз минут тыңдаңдар! Мен сендерге, көп болды, сыр шертпедім, Қазір түгел көкірегім өрт менің! Шартарапқа жүргеніммен жүз аттап, Бұрын мұндай көрмеп едім ұзақтап. Бір сағыныш мәңгі бақи дос еткен, Қазір мені жұлып алды төсектен.

ЖҮРЕК СӨЗІ Өлеңнің әр шумағынан сағыныштың сазы есетін ақын поэ­ зиясында ерекше бір қуат бар. Ол – басқа түскен қайғыға мо­ йымайтын, қайта онымен тірескенде бел омыртқасын морт сындырып­ жіберетін күрескерлік қуат. Ол – адамды жеңіп, жі­герін құм қылғысы келетін қасіретпен арпалысып, қолын қайырып, мойнын бұрап тастайтын батырлық қуат. Мыса­ лы, «Апаларым» атты өлеңінде Төлегеннің күрескерлік және батырлық қуатының табиғаты жан-жақты ашылып, мейлінше шынайы кестеленген: Мен ұл ем. Сендер ең үш тамаша елік, Төртеуміз бір әкенің баласы едік. Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын Өстік біз бір омыраудан таласа еміп. Есейткен жетті күндер сыр ақтарып, Қалдым мен қоштасарда бір-ақ танып. Таралып шартарапқа жолдар шықты, Сендердің бұрымдарың сияқтанып. Кеттіңдер біздің үйден ұзатылып, Қатыгез қимастықты қыз аты қып. Сан түндер сағынышым көз ілдірмей, Жүгіріп сыртқа шықтым жүз атылып. Қазақ әдебиетіндегі жауһар жырлардың бірі болып санала­ тын бұл лирикалық шығармада қайғыға мүжілмейтін, қайта тағ­ дырдың тепкісін көрген сайын жігерлене түсетін Төлегеннің ақын­дық рухы мен мінезі ғана емес, сәбидің кіршіксіз жүрегін­ дей тазалығының өрнегі де шынайы әрі табиғи суреттелген. Ма­хаббаттың сәулесіне шомылған лирикалық шығарманың әр жолынан ақынның апаларын күтіп алқынған жүрегінен үзіліп түскен сағынышының көз жасы тамшылайды. Шартарапқа шық­ қан жолдарды апаларының бұрымына теңеуі өлеңнің ішкі сти­ хиялық қуатын одан сайын күшейтіп, ақын сезімінің сағыныш бояуын бұрынғыдан да бетер құлпырта түскен.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жалғыздық дерті өзегін өртеп, сағыныштың ауыр салмағы жанын­ жаншыса да, мергендердің қосына тастап кеткен қара­ уылдай күйге түскен лирикалық қаһарман апаларының бақытын жеке басының қуанышынан артық санап, артық бағалайды: Кейде мен көлінде қап Қосабаның, Сендердің саулығыңа тост аламын. Бүгінде мені ұмытып кетсеңдер де, Бақытын ойлап басқа босағаның.

Үзілмейтін үміт-дүниенің сағынышынан жаралған ақын ғана дәл солай жырлай алса керек. Адамдардың бәрін сағынышымен аялағысы келіп тұратын және соған қалтқысыз сендіре алатын­ құдірет пен қасиет қазақ поэзиясында тек Төлегенде ғана бар. Қайғыдан басын мұнар шалған өлеңдерді Төлегеннен кез­дес­ тіре алмайсың. Ол тіпті өлімнің өзіне қасқая қарап, онымен­ алысқысы, күш сынасқысы келген палуандай қайраттана тү­ седі. Орыс ақыны Кольцов Пушкинге арнаған өлеңінде оны батырға теңепті. Төлеген Айбергенов те ажалы жетуі мүмкін найзағай оттары мен сатқандардың оқтарына пысқырып та қа­ рамаған қазақтың батыры. Сондықтан да ол күн сайын теңіз боп ақтарылып, семсердей жарқылдап, ақ түтек ақпанда омыра­ уын ашып тастап, Ажалдан қашудың орнына, қайта оған қарай алшаң-алшаң басып, қарсы жүреді. Сондықтан да ол: Өле берсін күншілдер күйігінде, Өз ғасырым өзімнің иінімде. Ақ жаңбырлар тоздырған тау секілді Мен өлемін өзімнің биігімде, – деп өлімді мойындамай, өмірді асқақтата жырлайды. Ақын­ ның шығармашылық сарайына өлім аяғын аттап баса алмайды. Өйткені әр өлеңінен сағыныш сазы күмбірлеген Төлеген поэ­ зиясы – жасампаздықтың жыры, өлімді жеңіп келген өмірдің

ЖҮРЕК СӨЗІ музасы. Оның жырларынан жауды жеңіп келген батырдың көңіл күйіндей шаттық пен қуаныштың самалы соғады. Алай­ да, жазушы­ Әбіш Кекілбайұлы дәл байқағанындай, «...бірақ бұл гүлге елтіген, көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиын­ ды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған азамат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арма­ны­ ның қуанышы» (Әбіш Кекілбайұлы. Он екі томдық шығарма­лар жинағы. 10-том, «Өлке» баспасы, 1999. – 145-бет). Мойындауымыз керек! Төлеген Айбергенов – қазақ поэзия­ сындағы батырлық рухты қайта тірілткен ақын. Сағыныштың шұғыласынан жаралған оның өлеңдеріндегі батырлық мінез ба­ сыңдағы қайғының бұлтын серпіп-серпіп тастап, рухтандыра түседі. Ақынның поэзиясындағы нағыз батырға тән мәрттік пен кеңдіктің бояуын тілмен жеткізу мүмкін емес. Әсіресе бұл бояу оның «Бір тойым бар» атты лирикалық шығармасында айрық­ ша құлпырып, жалт-жұлт етіп ерекше жарқырайды: Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын. Онда ортаға тасталар ұран сондай: Қайта алмайды қартың да бір ән салмай. Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам. Сәбилерге ағаны үлгі етемін, Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін... Осы бір өлеңнің жан шыңырауында отызын да тойлай ал­ май кеткен ақынның қаншама асыл арманы мен адамдардың бәріне сағыныш отының жылуын сыйлағысы келген қаншама биік мақсаты қалды десеңізші! Алысқа ұшып, биікте самғағысы келген ақынның мөп-мөлдір сезімі табиғи қалпында ақ параққа төгіліп түскен. Өмірге табиғи қалпында құйылып түскен бұл

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ өлең әр жүректің есігін қағып, адамзат баласының бәрін Алла­ ның нұрынан жаралған сағыныштың сәулесіне шомылдырғысы келеді. Мұндай сәбидің көз жасындай мөлтілдеген таза сезім Абай айтатын «адамзаттың бәрін бауырым» деп сүйетін жүрек­ те ғана туады. Тыңдап көріңізші: Менің жарым бұл түні кірпік ілмей, Ақ көңілімен ақ қайың бүртігіндей, Омырауынан бір сәуір шайқап есіп, Ажырасқанды жүреді қайта қосып. Мен өзім де ән салам түн ауғанша, Менің жаным бұл күнге құмар қанша. Бәйге берем жығылған палуанға да, Адалдығы сезіліп тұрар болса... «Жанам» деген жүректердің бәріне от бергісі келіп, шуа­ғын шашқан ақынның арманы қандай асқақ?! Бар жиған-тергенін бір тойға шашып жіберіп, Алладан қазанында бір асым ет қал­­ мауын жылап сұраған ақын жаны қандай кең әрі дархан?! Құйттай жүрегінде даланың шексіздігіндей армандар сығы­ лысқан қайран ақын отызын да тойлай алмай қыршынынан қиылды.­ Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Бір­ гемін мен сендермен» атты жинақтан Төлегеннің қалай қайтыс болғаны туралы достарының естеліктерін оқып шыққанымда, менің көз алдыма жаудың бетін қайтару үшін алысқа аттанып, сол жерде қаза тапқан жас батырдың бейнесі елестеді. Ұлы Бай­ ронның мерт болған батырға арнап «Сен қаза таптың, бірақ сенің төгілген қаның жерде емес, енді біздің бойымызда ағып жатыр» деп айтқан сөздерін Төлегеннің рухына да бағыштау­ ға әбден болады. Өйткені Төлеген Айбергеновті қара жердің қойнына тапсырғанымызға жарты ғасырға жуықтап қалса да, оның рухы мен сағыныштан жаралған жырлары бізбен бірге мәң­гі жасап келеді. Әрине, ақынның қыршын кеткені өкініштіақ! Алайда сағыныш құдіретінің қандай болатынын адамдардың

ЖҮРЕК СӨЗІ бәріне сездірту үшін ол дәл осылай жасындай жарқ ете қалып, дүниеден өте шығуы тиіс болатын. Ақын өлген жоқ. Ол біздің қолымыз жете алмайтын, өзі аңсаған сағынышының биігінде мәңгілікке қалып қойды. Төлегеннің өлеңдерін оқыған сайын біздің бәріміз де алыстан қол бұлғап шақырғанымен ешкім таба алмай жүрген, ақынның жүрегіндей кең әрі таза бір жұмбақ әлемге кетіп қалғымыз келеді. Ол жұмбақ әлемнің аты – Сағыныш. Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ПАРАСАТ МАЙДАНЫ (Эссе)

Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақ­ тан, сол кездері халыққа танымал болып қалған бір топ қазақ жазушыларының шығармаларын оқып шыққан едім. Кітапта жарық көрген көркем туындылардың ішінен бір әңгіме ерек­ ше әсер етіп, балалық көңілімде айрықша ізін қалдырып кетті. Әңгіменің аты «Оң қол» еді, авторы – Төлен Әбдіков. Шағын ғана әңгіме мені терең ойдың иіріміне тартып әкетіп, жүрегімнің қақпасын қайта-қайта қаққан бір мазасыз сезім ұзақ уақыт жаныма тыныштық бермей қойды. Жатсам да, тұрсам да көз алдымнан жауыздықтың жазықсыз құрбаны болған Алманың аянышты тағдыры кетпей тұрып алды. Әңгімеде кәмелет жасынан енді ғана асқан Алма есімді қыз­ дың бұрын-соңды жұрт естімеген жаман сырқатқа шалдығып, психиатриялық ауруханаға түсіп, қалай қаза табатыны жас дә­ рігердің аузымен баяндалады. Науқасты жеке бақылауына ал­ ған дәрігер жігіттің айтуынша, қалың ұйқының құшағына бат­ қан шақта оны қылқындырып өлтірмек болып, қыздың оң қолы ақылға сыймайтын әрекет жасап, Құдай сақтап, байғұс бала ма­ ңындағылардың араласуымен талай рет ажалдан аман қалған. Қыздың өзі болса бұл оқиғаны мүлде басқаша түсіндіреді. Алма: «Маған қастандық жасаған мынау, бұл менікі емес, мүлде бөтен қол, мені өлтіргісі келіп жүр», – деп өзінің оң қолын көрсетеді. Мұны медицинада ішкі тұлғаның екіге жарылуы деп атайды. Яғни, бір дененің ішінде екі түрлі «жан иесі» кезектесіп не қа­ тар өмір сүреді. Қанша түсініксіз көрінгенімен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар болғанға ұқсайды. Шамасы, бұл – қалайда қанмен,

ЖҮРЕК СӨЗІ тұқым қуалап келген ниет. Алманың шешесі, ия әкесі, немесе аталарының бірі өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен. Енді сол әрекет беймәлім заңдылықпен қыздың миына ұялап алып, өздерін өз­ дері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Санасының ие­сі – қыз өлуге тиісті. Тосын оқиғаны баяндауымен үйіріп әкететін шығарманың қызығына шырмала бастағаннан-ақ көңілің қобалжып, әңгіме аяқталғанша бұйралау кекілі бар сұлу қыздың тезірек сауығып, бақытты өмірге оралуын бар ықыласыңмен тілеп отырасың. Басынан­ қайғының тұманы тарқамай қойған Алманы жақыны­ рақ таныған сайын, қызға деген аяушылығың арта түседі. Дәрі­ гер жігіт екеуінің арасында махаббатқа ұқсайтын беймәлім се­ зімнің ұшқыны тұтанғанда, сол ұлы құдіреттің бейкүнә қызды ажал­дан аман алып қалатынына сенгің келіп, үмітің арта түседі. Бірақ оқиға басқаша аяқталып, үкілеген үмітіміз ақталмай, қыз­ дың санасына індеп алған зұлымдық ақыры көздеген мақсаты­на жетті. Оң қол қалың ұйқының құшағында жатқан Алманы қыл­ қындырып өлтірді. Шығарманың кульминациясында дәрі­гердің айтып берген қайғылы оқиғасын тыңдаушы кейіпкер тамақ жеу үшін пышақ ұстаған оң қолына үрейлене қарап, жазушы қыз­ ды өлтірген зұлымдықтың біздің де cанамызға үстемдік етіп жүргенін емеурінмен білдіре кетеді. Әжемнің әдемі ертегілеріндей аяқталатын хикаяларды ұйып тыңдайтын сәбилік көңілім әңгіме авторынан басқаша мағы­ надағы шындықты сағына күткен еді. Жазушы Әбдікұлы болса, балалық көңілімді мертіктіріп, әлі де біраз толғанта түсу үшін ой-орманның ішіне мені жападан-жалғыз тастап кетті. Енді ойланғанмен да не пайда? Тазалықтың символы Алма бәрібір өлді, зұлымдық жеңді. Ал өмір жалғасып жатыр... Қазақ прозасында құбылыс болған Төленнің осы бір шығар­ масы туралы әдебиетімізде аз пікір айтылған жоқ. Әңгіменің көркемдік табиғатын қазақ сыншылары бізге дейін де талай мәр­ те талдаған. Соған қарамастан, шығарманың идеялық концеп­ циясын дұрыс түсінбегендіктен, оны толыққанды тануға әлі

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ қа­дам жасалған жоқ. «Оң қолды» талдаған сыншылардың бар­лы­ғы да сол жылдардағы қазақ әдебиеті үшін тосын тақы­ рып болған қостұлғалыққа ғана баса назар аударып, шығарма авторының­ айтқысы келген негізгі идеясының түйінін тарқата алмады. Тіпті әңгімедегі идеяның басқа біреуден алынғанын ай­ тып, жазу­шыға мін таққысы келгендер де табылды. Мен суреткердің мұндай тамаша туындыны өмірге әкелуі­ не Стивенсонның «Доктор Джекил мен мистер Хайдтың таң­­ ға­жайып оқиғалары» шығармасының немесе Достоевскийдің «Аға­йынды Карамазовтар» романының әсер етуі ықтимал еке­ нін жоққа шығармаймын. Бірақ жазушы шығармасындағы жа­ нымызды дірілдетіп, көңілімізді толқытып, баршамызды баурап алатын сиқырлы құдіретті тек оның идеяларымен ғана байла­ ныстыру – өнердің ұлылығын түсінбеу деген сөз. Өнерді ша­ быттандыратын идеялардың ауқымы өте шектеулі. Оның күші тек сонда ғана емес, суреткердің сол идеяны оқырманға қалай жеткізіп, жалғыз өзіне ғана тән таңбасымен айшықтай алатын шеберлігінде. Біздің бәріміз де Сервантес пен Рабле, Гюго мен Бальзак, Диккенс пен Теккерей, Толстой мен Достоевский, Мұхтар мен Бейімбет, Ремарк пен Распутин сияқты өнер аспанындағы жар­ қыраған жұлдыздардың сәулесінен ерекше қуат алмаймыз ба? Ендеше олардың өнерді арайландырған ғажайып шуағы­ның біз­ дің бойымызда өз ізін қалдырмауы қалайша мүмкін болмақ? Шындығында «Оң қол» әңгімесінің жұмбағын сыншылар айтып­ жүргеннен мүлде басқа жақта жатқан кеңістіктен іздеу қажет. Хикаяда біздің сыншылық жанарымыз қадалғаннан да те­реңге жіберілген шындықтың тамыры қопарылып, әлемдегі сорақы қылмыстардың барлығының да ең алдымен адам сана­ сында жасалатыны әшкереленіп, жазушы Әбдікұлы қазақ әде­ биеті үшін тосын жаңалық ашты. Және ол зұлымдық пенде баласының жан дүниесін күйретіп, оны өлтірмейінше тыным таппайды екен. Қайтпек керек? Астарлы ойдың шыңырауына жасырынғанымен, әңгімені оқу барысында біз нағыз зұлымдықты туғызушы кейіпкерді ішкі

ЖҮРЕК СӨЗІ түйсікпен­ сезгендей боламыз. Ол – әзәзіл. Әңгіменің табиғатына одан әрі үңіле түссеңіз, тек тәтті ұйқының құшағына кеткенде ғана Алманы өлтіруге әрекет жасайтын сол әзәзіл қыздың сана­ сына ғана емес, бірте-бірте дәрігердің сезіміне де үстемдік ете бастағанын анық байқайсыз. Сайтанның сыбайласына айналған әзізіл ақыр соңында дәрігердің ақыл-парасатын билеп алып, оған ауыр қылмыс жасатты. Алманы ұнатқан жас жігіт әзәзілдің то­ рына түсіп, қыздың талап-тілектерінің бәрін орындап, кешіріл­ мес күнәға батты. Дәрігерлік антын бұзып, сорақы қылмыс жа­ сады. Егер жігіт Алманың ішіне жасырынған әзізілдің сөзін тың­дап демалуға кетіп қалмағанда, мүмкін, бәрі басқаша болар ма еді? Кім білсін? Шын мәнісінде әңгімедегі оң қол да, бір адамның бойын­ да өмір сүретін қостұлғалық та зұлымдықтың сыртқы сипатын көрсету үшін таңдап алынған символдық белгілер ғана. Бірақ әңгімедегі нағыз қылмыскер олар емес. Нағыз қылмыскер – ақылға бағынғысы, ештеңені тыңдағысы келмейтін адамның са­ насы. Қылмыскерді жазаға тартуға болады, ал адамның санасын­ да жасалып жатқан зұлымдықты ауыздықтайтын амал бар ма? Әдебиет әлемінің есігін аттауға куәлік алған алғашқы шы­ ғармасымен-ақ жазушы Төлен Әбдікұлы жұрт күтпеген күрделі сауал қойып, халықты алаңдатып, оқырманды ойландырып та­ стады. Отыз жыл өткен соң осы әңгімені қайта оқып шығып, ой талқысына тағы бір салып көргенімде, жазушы шығармасында көтерілген мәселенің әлі күнге дейін өзекті болып тұрғанын аңғардым. Әлемді зар еңіреткен зұлымдықтың ініне су құю мүмкін емес болып шықты. Ол заманнан-заманға аман-есен өтіп, қоғамға үс­ темдігін жүргізіп, діңкемізді құртып, адамдық болмысымызға тамыры жайылып барады. Жеңілуді айтасыз-ау! Еркімізді би­ леп, бәрімізді маймыл патшалығындағы мұнарасынан бақылап, кекірейіп тұр. Қабылдан қалған пышағын жалаңдатып, көздері қанталап, сұстанып қояды. Бәрібір оған әліміз жетпейтін мына біздерді мазақтап, миығынан мырс-мырс күледі.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жеңілмек түгіл, қайта заманмен бірге кемелденіп, қоғамға тізесін батырған өктемдігі бұрынғыдан бетер күшейе түсіпті. Бойымызға сор болып жабысқан ол пәлекеттен қалай құты­ла­ мыз? Не істейміз? Дүниедегі ғаламаттың бәрін ойлап тауып, әлемге қожалық еткен жер патшасы адамның өз бойындағы зұлымдықтың көзін жоя алмай сорлап, құлақкесті құлы болып бара жатқанының себебі, сыры неде? Қарап отырсам, «Оң қол» әңгімесі жазылғаннан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтіпті. Адам танымастай болып қоғам да өзгеріпті. Дүниедегі өзгеріспен бірге санамыз да жаңарыпты. Бірақ адаммен бірге өмір сүріп келе жатқан зұлымдық әлі күн­ ге дейін сол баяғы патшалық тағында шіреніп, қоғамды билептөстеп отыр. Еліміз тәуелсіздік алды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ар­ мандаған тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қазақтың қаны талай рет суша төгілді. 1986 жылғы Желтоқсанда әділеттілікті аңсап алаңға шыққан қаншама жазықсыз боздақтың өмірі қыршын­ нан қиылды. Міне, осындай ұлы қасіреттен соң да санамыздың бір түкпіріне ұя салған зұлымдық, ақылынан адасқанын мо­йын­ дап райынан қайтудың орнына, қайта күшейіп, бізді өлтірудің тағы бір айла-әрекетін жасауға қамданып, өрмегін тоқып жатыр. Ойпырмай, сонда бүкіл әлемді ашса алақанында, жұмса жұ­ дырығында ұстап, құрдай жорғалатып, үстемдігін жүргізген сұ­ мырайды сабасына түсіретін амал мен айланың табылмағаны ма мына опасыз жалғанда? Өткен ғасырдағы жүзжылдықтың қа­ пы­рық ымыртында адамзат баласы зұлымдықтың кесапатынан қайта-қайта қанға боялып, қасіретке тұншығып, жан төзгісіз азап шекті. Сталинизм, фашизм, қолдан жасалған ашаршылық, жап­ пай репрессия, тоталитарлық билік, авторитарлық билік, жеке басқа табынушылық, т.с.с зұлматтың қармағына түскен әлем құрып кетуге шақ қалды. Көзімізге көк шыбын үймелете жаздаған сол азап пен қорлықтан алған сабағымыз бен түйген қорытынды­ мыз қайсы? Зұлымдықтың оң қолымен жабайы тәртіпті қайта орнатқысы келіп арпалысып, әдемі идеалдардың бәрін қиратып,

ЖҮРЕК СӨЗІ таптап, күлін көкке ұшырып жатқан құдайсыздарға не уәж, қан­ дай ақыл айтуға болады? Сонда, немене, адамзаттың ұлы ой­ шылдарының жан азабы мен тән азабын тарта отырып, қасірет шегіп, сиямен емес, дәлелдеп, қанымен жазған қағидалары түк­ ке жарамай қалып, күресінге лақтырылмақ па? Шынымен де жүрегіміздегі асыл мұраттардың шырағы сөніп, надан тобырға айналғанымыз ба қайтадан? Ендігі қалған ғұмырымызда ада­ ми қағидаларды аяққа басып, хайуани заңдылықтарды идеал тұ­тып өтпекпіз бе жалған тіршіліктен? Жиіркенудің орнына, жан төзгісіз былғаныш қоғамнан ырыздығын теріп, тауып жеп, әділетсіздіктерді құптап, адамға қарсы үсті-үстіне жасалған жауыздықтарды сабырмен «түсінуге» тырысып, тіпті оны заң­ дастырғысы келіп жанталасып жатқандарға не ақыл, қандай уәж айтуға болады? Ақыл-парасатынан айырылып, улап-шулап, миғұла-мәңгүрттіктің мекеніне біржола көшіп алған қалың то­ бырды қалай тоқтатпақ керек? Тоқтату мүмкін бе оларды? «Оң қол» әңгімесінен кейін отыз жыл өткен соң жазылған «Парасат майданы» повесінде жазушы Әбдікұлы баяғыда кө­ терген тақырыбына қайтып оралып, осындай бір мұнарлы қайғыны жамылып, кезінде аяқталмай қалған ойының түйінін тарқатып, бала күнімде тастап кеткен ой орманының ішінен ме­ні адастырмай, қолымнан жетектеп өзі алып шықты. Өйткені «Оң қол» әңгімесін оқыған кездегі сәбилік санамды сансы­рат­ қан сан алуан сауалдың жауабын мен отыз жыл өткен соң осы повестен таптым. Және сол ұстара сұрақтардың жауабын табу үшін жазушының ұзақ жылдар бойы шығармашылық ізденіс­тің қасіретіне тұншығып, қалай қиналғанын, повесті оқи отырып, шын сезіндім. «Парасат майданы» көркем шығарма ғана емес – жазушы­ ның адамзат баласына айтқан ескерту-аманаты. Философиялық туынды.­ Бұл повесінде, басқа шығармаларымен салыстырғанда, жазушының жанын кемірген ой-толғаныстары, үміті мен күдігі, ар азабын кешкен шақтағы уайымы, қоғамның келешегін ойла­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ған мазасыз қайғысы, жүрегін жаншыған ауыр сезімі бояуы қанық, айшығы анағұрлым анық етіп суреттелген. Жазушы парасат майданы үшін болған ұрыста неге үнемі жа­ уыздықтың жалы күдірейіп, жеңіске жете беретінінің себебін іздейді. Ізгілік пен зұлымдықтың күрделі табиғатына ақындық жанарымен қадалып, ақыл-ойға бағынбайтын қағидалардың кісенін үзіп, құпиясын табуға әрекет жасайды. Повесте жан азабына душар болған шығарманың бас кейіп­ ке­рі (жазушы кейіпкерінің есімін құпияда ұстауды жөн көріпті) ауруханада жатып адамгершілік, тазалық, имандылық, махаб­бат, бақыт туралы көңіліне ұялаған мөлдір сезімін қағазға түсіріп, күнделік жүргізе бастайды. Бір күні жан дертіне шалдыққан ғаріптің өмірінде күтпеген оқиға болады. Ол күнделіктерін оқып шығып, оған жауап жазған бейтаныс адамнан хат алады. Бей­ таныс кейіпкер оған жазған хатында өмірден рухани тірек ізде­ ген ғаріптің имандай сенетін әдемі идеалдарын жоққа шығарып, қайта-қайта оны тығырыққа әкеліп тірейді. Міне, осылайша шығармада ізгілік пен зұлымдықтың, адам санасының сарайын жаулап алу үшін соғысқан парасат майданы басталады. Ең қорқыныштысы, бейтаныс хатты жазушының келтірген қисындары мен дәлелдерінде ақиқат жоқ емес еді. Бірте-бірте ол ізгілікке ғана емес, зұлымдыққа да сену қажет екенін дәлелдеуге құлшына кірісіп, қарсыласының санасында оны заңдастырып беруге тырысады. Қарсыласы парасат тауының асқарына кө­ те­рілген биік рухтың адамы болғандықтан, бейтаныс хатты жаз­ғанның айтқанына көнгісі келмей, көр азабына түскендей қиналады. Ізгіліктің ғана әлемді құтқарып қалатынына кәміл сенетін ол байғұс зұлымдықтың жамылғысын жұлып тастау үшін бейтаныс хатты жазушымен қайта-қайта айтыс-тартысқа түседі. Онымен жүзбе-жүз кездесіп, райынан қайтармақ бол­ ғанымен, ол әрекетінен түк нәтиже шықпайды. Бейтаныс хат жа­ зушы кездесуге келмей қояды. Өкініштісі, әдемі қағидалармен жан-жақты қаруланып алған зұлымдықпен тіресіп, оны жығу оңай іс болмай тұр. Өйткені

ЖҮРЕК СӨЗІ бүкіл әлемнің жаны көкпарға түскен, адамды Алланың түзу жо­лына салғысы келген парасат майданында ізгіліктің нұрлы таңындай дүниеге шуағын шашқан – адамгершілік, имандылық, мейірімділік, тазалық пен махаббат қана емес, ақыл-ойымыздың егістігіне түсіп, оны шегірткедей жалмаған зұлымдықтың за­ лым нөкерлері – арсыздық, опасыздық, сатқындық, жауыздық, екіжүзділік пен жағымпаздық та өз айтқандарының дұрысты­ғын дәлелдеуге тырысып, бар арамдығын іске қосып жатыр. Және осынау парасат майданындағы қиян-кескі шайқаста бірте-бір­ те барлық уақытта да залымдығын асыра білген зұлымдықтың күші басым түсіп, ізгіліктің жаны тұншығып барады. Себебі зұ­лымдықтың табиғаты адам танымастай болып өзгеріп, бая­ ғыдан мың есе күрделілене түскен. Ол біз ойлағандай, бағзы замандардағы Люцифердің кейпіндегі қорқынышты құбыжық емес, жұртты алдап Данте, Шекспир, Достоевский мен Абай болып­ ойнап, том-том кітап жазып, үнемі ізденістің үстінде жүрген,­ сайтанға жанын сатқан – Фауст, Алпамыстың жоғын пайдаланып,­ қоғамға үстемдігін жүргізіп келе жатқан – Ұлтан, біресе Адам Құдай, біресе Құдай Адам болып халықты ақымақ қылып, өзіне дейінгі дүниедегі шындықтың барлығын жоққа шыға­рып, зұлымдықтың тағында патшалық құрған – адам бей­ несіндегі Алланың маймылы. Патшалық тағында отырып алып, ол біздің адамдық асыл қасиеттеріміздің барлығын аяққа тап­тап, ойына келген ойранын істейді. Көңілі көтерілсе тозақтан қай­ тып­ оралған Мефистофельге ұқсап, бізге қарап сақ-сақ күледі, ашуланса жұмақтан қуылған Қабылдай, бір орнында тұрмай, алақ-жұлақ еткен ала көздерімен атып қарайды. Тәуелсіздік де­ геніміз – құр бос сандырақ қана. Ақылынан адасқан қоғам тек оның қас-қабағына ғана қарап өмір сүріп келеді. Оның ұғымында шындықты айтушылардың бәрі – қоғамның азғындары да, өтірік айтушылардың бәрі – қоғамның жарылқаушылары. Шындықты айтушылардың бәрі шетінен қолына кісен салынып, түрмеге қамалады. Көнбесе – өлтіріледі. Өтірік айтушылардың барлығы шетінен биліктің майлы жілігін мүжіп, шен-шекпен алады. 10-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Қоғамды ұлы қасіреттің дауылына ұрындыратын үлкен тра­ гедиялар Құдайдың қарапайым қағидаларын бұзғаннан неме­ се пенде баласы жексұрын мақсатына жету үшін оны өзінің ыңғайына қаратып бұрмалауынан басталады. «Парасат майданы» повесіндегі бейтаныс хат жазушы – қорқынышты құбылыс. Өйткені ол жауыздықтың да өмір сүру­ ге құқылы екенін дәлелдеп, сұлу сөздерімен оның жалаңаш тә­ нін жасырып, зұлымдықты мәңгілік патшалығына отырғызып, заң­дастырып алмақшы. Тапқан қисындары мен дәлелдері де ұстарадай өткірлігімен жаныңның осал тұстарын тіліп-тіліп жібереді. «Сіз ізгілікке сенесіз де, зұлымдыққа сенбейді екен­ сіз, – дейді ол. – Меніңше, екеуіне де сену керек. Дүниені ұстап тұрған осы екі күш қой. Өмір атты арбаның екі жетегі болса, біреуі – зұлымдық. Бірақ ол, сіз ойлағандай, адамға тек жаман­ дық әкелетін зиянды нәрсе емес...» Ал керек болса! Зұлымдықтың сайқал табиғатын ақтап алу үшін бейтаныс хат жазушының келтірген дәлелдері ойлы оқыр­ манды одан сайын үрейлендіре түседі. Шошытады. Төбе шашын тік тұрғызады. Масқара! Парасат аспанында шарықтаған ақылойдың да оны тоқтатуға шамасы келмей қалыпты. Сабасына тү­ сіріп, кім енді оны тоқтата алады? Кім? Зұлымдықтың шыр­қау шыңын бағындырған оның ақыл-парасатқа көнбейтін ақиқат туралы өз қисыны мен тұжырымы көп: «Өтірікті жек көреміз. Ал сол Өтірік адамдармен айтысатын болса, «Ау, ағайын! – дер еді. – Бәріңнің күн көріп отырғандарың менің арқам емес пе? Ыңғай шындықты айтамын десеңдер, баяғыда тоз-тоз болып, құрып кететін едіңдер. Менің арқамда қанша рет жан сақтап жүрсіңдер...» Енді бұған не дейсіз? Зұлымдықтың аузымен сөйлеген өті­ ріктің айтып отырғандары расында да шындық емес пе осы? Қалай мойындамауға болады оның мірдің оғындай дәлелдерін? Бірақ оны мойындасақ, күндердің күнінде біздің бәріміз сол зұлымдықтың апанына түсіп, оның жемтігіне айналатынымыз да айдай ақиқат қой. Міне, осындай зұлматтан шошып, жер бе­

ЖҮРЕК СӨЗІ тіндегі жауыздыққа қарсы парасат майданын бастап, жан аза­ бына түскен ғаріп жан тозақтың отына күйгендей қиналып, жү­регінің алтын сарайының қоймасын ашып, зұлымдықтың кел­ тірген дәлелдеріне қарсы жауап іздейді. «Өмір күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күресетін бол­ ды. Одан кейін неше түрлі қару-жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды жаппай қырғынға ұшыратты. Енді қатері одан кем емес ақыл-парасат майданы шықты. Егер бұл майданда ізгілік жеңіске жетпесе, адамзаттың рухани күйреу дәуірі бастала­ ды...» – дейді ол шарасыздықтан қамығып. Мойындағымыз келмегенмен, сол рухани күйреу дәуірі ба­ сталып кеткен жоқ па осы бізде? Неге адамзат баласы дүниедегі әділеттілікті әлемдегі бір-екі күшті мемлекеттің ұғымымен өл­ шеп, әлсіздердің ініне су құюмен келеді. Әлемде тек мықтылар ғана өмір сүріп, аяғынан тік тұра алмай жатқан сәби мемлекет­ тер жойылуы керек пе сонда жер бетінен? Мыңдаған мешіт сал­ сақ та, неге адамның бойындағы имандылық жоғалып барады жылдан-жылға? Неге біздің ақындарымыз билікті мақтап жыр жазғандарын немесе аяғына жығылып, сөзін сөйлеп, сойылын соғып нәпақа тапқандарын соншалықты ұлы мәртебе санайды? Гомер, Данте, Шекспир, Гете, Пушкин, Абай мен Жұмекендер­ дің адамдық санасы көтерілген ұлы биікке шығуға талпынудың орнына, неге ақыл-парасатымыздың көшін тоқтатып, рухымыз құлдырап, өлі жандарға айналып барамыз күннен-күнге? Руха­ ни күйреуге ұшырағанымыз рас болмаса, халық үшін жазықсыз атылып кеткен Алаш қайраткерлерінің жанын беріп көксеген, өмірін қиып қорғаған ұлы мұраттары қайда қалды? Қайда? «Парасат майданы» повесін оқып отырғаныңда осындай бір шамырқанған мазасыз ойдың тиегі босап, көңіл кеңістігің­нің бір түкпірінде үнсіз жылап қоя береді. Күресінге лақтырылған рухыңмен табысып, жүрегіңді езіп, жаныңды қинаған сұрақ­тар­ дың жауабын тапқандай боласың. «Рас, өтірікпен күн көрген заман көп болды. Қазір де онымен күн көріп жүргендер аз емес шығар. Бірақ ол өтіріктің өз басының жақсылығынан емес,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ өтірікке негізделген қоғамның кінәсынан ғой. Егер оның ор­ нында шындыққа негізделген әділ қоғам болса, өтірік сол сәтте әшкере болып, сіз айтқандай, бізге кекірейіп, жоғарыдан қарап сөйлей алмас еді...» Шығарманы оқи бастағаннан-ақ суреткер Әбдікұлының та­лай кітаптың шаңын жұтып, өз ақиқатын дәлелдеу үшін ай­ тысатын ізгілік пен зұлымдықтың қисындарын бақайшағына дейін зерттегенін аңғарасың. Зұлымдықты жақтаған бейтаныс­ кейіпкердің хатын оқып, келтірген дәлелдерімен таныса бас­ тағаныңда, кейде тіпті пенделік түйсігіңнің оның алдында жы­ ғыла жаздайтыны да рас. Біраз уақыт өткеннен кейін оған бе­ ре­тін ізгіліктің жауабын оқығаныңда, райыңнан қайтып, сол пенде­лік түйсігіңнің солқылдақтығынан үрейлене бастайсың. «Парасат майданы» күтпеген жерден қайғылы аяқталады. Ауыр қасіретті арқалап, жан азабын кешкен науқас ақырында ешқандай да бейтаныс хат жазушының жоқ екені, өзінің біресе ізгілік, енді бірде зұлымдық болып айтысып жүргені туралы ащы ақиқатқа көзі жетіп, өзіне-өзі қол салып өледі. Повестің басты кейіпкері қаза тапты. Бірақ рух тазалығы үшін болған шайқас әлі жалғасып жатыр. Зұлымдық салтанат құрып, үстемдігін жүргізіп тұрған замандағы парасат майда­нында сол ұлы ұрыста қиналып, азапқа түсетін бір жұмбақ әлем бар. Ол – адамның жаны. Жан өлген күні Ізгілік өледі. Өмір өледі. Біз өлеміз... * Өнерге үлкен дайындықпен келген Төлен Әбдікұлы «Оң қол» әңгімесін жиырмадан асқан шағында жазып, әдебиет әле­ мін дүр сілкіндірді. Ал «Парасат майданы» секілді кемел туын­ ды қаламгердің қаламынан алпысқа жақындап қалған шағын­ да туды. Уақыт таразысымен өлшесек, көңіліңе алуан-алуан ой та­ғалайтын екі шығарманың өмірге келуінің арасын отыз жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әрине, осы жылдардың ішінде

ЖҮРЕК СӨЗІ Төкеңнің шығармашылық шабыты талай мәрте жемісін беріп, әдебиетіміздің баға жетпес байлығы болып қалатын талай-та­ лай туындылар өмірге келді. Бірақ сол дүниелердің барлығы да осы екі аралықты жалғап тұрған жазушы шығармашылығының алтын көпірі, «Парасат майданы» повесін туғызуға себепкер болған тізбекті туындылардай болып көрінеді маған. Әдебиет табалдырығын аттауға мүмкіндік берген «Оң қол» әңгімесі Төлен Әбдікұлының өнердегі ұстанымының беташа­ рын жасап берген алғашқы туындысы болды. Ал көркем туын­ дыдан гөрі жазушының жан азабына көбірек ұқсайтын «Пара­ сат майданы» повесінен өнердегі ұлы мақсатын зұлымдықпен күресуге арнаған шығарма авторының сол парасат майданын қорытындылаған ойының түйінін танығандай боламыз. Деген­ мен, «Тозақ оттары жымыңдайды», «Әке», «Ақиқат», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Қайырсыз жұма», «Өліара» секілді осы екі шығарманың өмірге келуінің аралығында туған талай та­ маша туындылардың көркемдік табиғатын таразыламайынша, Төкеңнің тамыры тереңге жайылған суреткерлік шеберлігін де толық тани алмайтынымыз – басы ашық әңгіме. Зады, өнердегі үлкен суреткерлердің барлығының да шығар­ машылық табиғатының күретамыры болып табылатын, ін­детіп өтетін өмірлік тақырыбы болады. Шекспирдің ақындық жа­ нары пенделік болмыстағы екіжүзділікке қатты қадалды. Баль­ зак ақша құдіретінің күйретуші күшке айналып, адамдық та­би­ ғатымыздың тұнығын қалай лайлайтынын жырлады. Толс­той пенде баласының болмысындағы жалғандыққа қарсы со­ғыс ашып, өмір бойы сонымен күресіп өтті. Чехов адамның бүкіл үмітін қиратып, ауызға алуға да тұрмайтын өлі жандардан мәңгі өлмейтін шығармашылық жасады. Жазушының жаны жыртыс­ қа түсетін парасат майданында жүрген қатыгез талант Төлен Әбдікұлы болса, жылы сәуледен гөрі қайғының бораны қатты­­ рақ соғатын шығармалары арқылы, түптің түбінде адамзатты көр­ге тығатын зұлымдықпен өмір бойы айқасып келеді. Байқадыңыз ба, суреткерлік табиғаты Чеховқа қатты ұқсай­ тын Төленнің шығармашылығында шамадан тыс қатыгездік

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ та бар. Егер Толстой мен Достоевскийдің өнерлері Маслова мен Раскольников сияқты өмір сүруге еш үміті қалмаған адам­ дардың жанын түнектен суырып алып тірілтіп жіберсе, Че­ хов пен Әбдікұлының шығармаларында ізгілік үшін күресуге тиіс ғажайып сәуленің өзі сөніп, адамның ең соңғы үміті тал­ қандалып, зұлымдықтың өртінде жанып жатады. «Тозақ отта­ ры жымыңдайды» повесінде жазушы Әбдікұлының өнердегі қатыгездігі Чеховтан да асып түсіп, зұлымдықтың қатал таби­ ғатын көрсету үшін ол тіпті тұтас бір тайпаның жанын құр­ бандыққа шалып жіберуден тайынбайды. Хикаяда шаңырағы қиратылып, ортасына түскен араку тай­ пасының қалай жойылатыны баяндалғанымен, «Тозақ оттары жымыңдайды» повесін оқыған біздің бәріміз де ол шығармадан қан жұтып, қасірет шегіп, зұлымдықтың отында жанып бара жатқан ұлтымыздың жаны мен аянышты тағдырын көргендей әсер алғанбыз. Асылы, жазушы Әбдікұлы – өнердің тіл, форма, стиль, т.с.с формальдық жағына ғана назар аудармай, Алланың талантқа аманат етіп арқалатып қойған ұлы мақсатын әлмисақтан дұрыс түсінгендіктен, қасаң қағида мен ғұмыры шектеулі идеология­ ның шылауына шырмалып кетпеген суреткер. Шерімізді тар­ қа­тып, қайғымызды жеңілдетіп, адамдық сүрлеуден адасып кет­ пеуді үйрететін оның ғажайып дастандарының барлығында да пенделік мұратқа бағынбайтын, имандылық күнінің әсем шуа­ ғындай жарқыраған ізгілікті идея мен толғақты ой жатады. Төлен шығармашылығынан жалған идеологияның тіршілігі­ не құндақталып, уақытша ғана қажеттіліктің қазанын қайна­тып, пенделік мұратқа ғана қызмет етіп жатқан бірде-бір туынды­ ны таба алмайсың. Оның қаламынан туған әңгіме, повесть, ро­ мандарының ішкі табиғатында қоғамның зұлымдығы туғызған әділетсіздікке қарсы шығып, ар-ұяттың сөзін биіктен сөйлеген азаматтық үн мен өмірдің жабайы шындығына бағынғысы кел­ мей­ бүлік бастайтын, ой мұңын емген адамдық парасат жатады. Жазушы Әбдікұлы заман сұранысы туғызған сайқал шындықты

ЖҮРЕК СӨЗІ емес, зұлымдық салтанат құрған қоғамдағы, өмір топырағының астында көміліп қалған Құдайлық шындықты іздейтін суреткер. Суреткердің жанын шүберекке түйіп, сондай ұлы шындықты іздеген шығармаларының бірі – «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі. Егер «Оң қол» әңгімесінде Алманың санасына батпандап кірген зұлымдық байғұс қызды қылқындырып өлтірген болса, «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінде енді сол тажалдың тұтас бір халыққа қалай ауыз салып, аяусыз жаныштап, қанға тұншықтырғанының куәгері боламыз. Шығарманың басты кейіпкері Эдуард Бейкер – мырза өр­ кениет әлемінде төңкеріс жасаған ұлы ғалым. Ол жасаған опе­ рациялардың сәтсіз аяқталғаны жоқ. Топырақтан адам жарат­ пағаны болмаса, қалғанының бәрі оның қолынан келеді. Бейкер мырза – моргте жатқан адамның өзін тірілтіп алған, медицина­ да­ғы феномен. Өмір сүруге еш үміті қалмаған науқастарды да аяғынан тік тұрғызып жіберген нағыз сиқыршы. Бір жағынан, шыққан тегі мен бауырына басып әлдилеген топырағын ұмытып, даңқтың дәл осындай биік тұғырына кө­те­ рілген профессорды кінәлауға да болмайтын шығар. Өркениет әлеміне ол өз еркімен келген жоқ қой, мүлде бейтаныс өмірге оны жаңқа құрлы көрмеген зұлым тағдырдың дауылы ұшырып әкелді. Әйтпесе, өркениетке қызмет етпек түгіл, ол өзінің ішкі арманында оның быт-шытын шығарып қиратып, күлін көкке ұшырғысы келіп жүрген адам емес пе? Оралмайтын күндер үшін! Даңқты жылдар үшін! О, Тәңірім-ау! Егер қарғыс атқыр өркениет болмағанда, Кияку-Бейкердің тағдырының бораны мүлде басқа жаққа қарай соғып, өмір-жайлауы мүлде басқаша жайқалушы еді-ау! Ол атабабаларынан қалған батырлықтың сарқытын ішіп, қанды жо­ рықтарға аттанып, жұртты тамсандырып, қалаған қалыңдығын таңдап, үйленіп, бақуатты, барақат тірлік кешер еді. Ол берген сертіне адал болып, әкесі Чородан үйренген киелі шөптен жа­ сайтын дәрісін араку жұртын емдеу үшін ғана қолданар еді.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Араку тайпасының сегіз бақсысының бірі болып мойындалған ол, керек болса, тіпті өзінің сертінде тұрып, бауырлары үшін жанын­ пида етіп, нағыз оғыландай ерлікпен қаза табар еді. Ол... Бірақ бәрі де оның армандағанынан басқаша болды. Қайғы жамылып, қасірет жастанып, тағдырдың жартасына соғылған Кияку-Бейкердің балалық арманының күлі көкке ұшты. Басы­ на аспан құлағандай қайғыны көтере алмаған ол кіндігін кескен халқының тағдырынан ажырап, жылдар өте асқақ армандары­ ның қайда қалғанын ұмытып, өркениеттің адамына айналды. Ғы­лымға құлай беріліп, тынымсыз ізденіс пен адал еңбегінің ар­қасында адам баласының ақылы сенбейтін игілікке жетті. Бо­ йындағы ерекше дарыны оны әлемдегі ең танымал адамға ай­ налдырды. Оқиға күтпеген жерден күрт өзгермегенде, Бейкер мырза ештеңені де есіне алмай, өмірі қалыпты арнасымен аға беруі әбден ықтималтұғын. Бейкер мырзадан италияндық Ливино Паллатели есімді жур­налист сұхбат алуға келіп, екеуінің арасында болған әңгіме оқиғаны мүлде басқа арнаға бұрып жібереді. Енді сіз адамзат баласын Құдайдай табындырған құдірет иесінің емес, өткен өмірінің елесінен құтылу үшін, ұзақ жылдар бойы өзін-өзі алдау­ дан қажыған бейбақтың қабырғасын қайыстырған жан азабы­ мен танысып, оған деген бір аяушылық сезім бойыңды билеп ала жөнеледі. Журналистпен әңгімелескен соң профессордың ішінде бір алапат құйын көтеріліп, сезімдері өрмектің құрындай шайқалып қоя береді. Балалық шақтың белесінде қалып қойған өмірдің кермек дәмі есіне түсіп, сағыныштың саусақтары жан жарасының аузын тырнап жібереді. Сол уақытта ол өзінің еш­ қандай да ғұлама ғалым емес, араку тайпасының өкілі Кияку екенін есіне түсіріп, шын мәнісіндегі бақытты өмірінің тере­зе­ сінен ойша сығалап, жанын қоярға жер таппай қиналады. Оқыр­ манды еліктіріп әкететін негізгі оқиға осыдан соң басталады. Повестегі негізгі оқиға басталмай тұрып, әуелі біз бағзы за­ мандардағы қазақтың нағыз батырларындай жүрегі жомарт, ештеңеден қорықпайтын, рухы асқақ баһадүрлердің ерлігін та­

ЖҮРЕК СӨЗІ машалағандай боламыз. Олардың барлығы – шетінен жаужүрек жігіттер, хас сұлуға үйлену үшін жан шыдамайтын ауыр сынақ­ тан өтіп, өмірін өлімге тігуден де қорықпайтын жанкештілер. Индеецтерді аяусыз қыратын зұлымдық басталғанға дейін сіз тек мұражай аралап, ондағы жәдігерлерді тамашалауға келген көрермендей, шығармада суреттелетін аракулықтардың өмі­ рін қызықтап, салт-дәстүрімен танысып, жігіттерінің намыс­ шылдығына, ержүректігіне сүйсініп, бәрін тек алыстан бақылап қана жүресіз. Міне, сүйген қызына деген шексіз махаббатын дәлелдеу үшін ішінде үлкендігі бармақтай улы құмырсқалары бар қолғапты киіп, аппақ тістерін ақситып, сізге қарап, күліп тұрған Канато батыр. Ол он жасында аңға шықты. Бес ягуарды өлтірді. Қан­ талаған көздері шоқтай жанып, тиқандармен соғыста жауыры­ нына қадалған садақ оғын жұлып алып, атқан адамды жекпежекке шақырған нағыз жігітіңіз – осы Канато. Мұндай оғылан құмырсқаларға қолын талатқанға селт ете қоюшы ма еді, тәйірі! (Шығарманы оқи бастағаныңда ондағы сипатталатын осын­ дай көріністер «Алғаным ару болмаса, алдыма алып сүйменді!» (Шалкиіз) деп, дүниедегі сұлулықтың өзіне асқақ қарап, ба­тырлықтан басқаны бақыт санамаған, қаймағы бұзылмаған қазақтың бағзы замандағы өмір сүру салтын көз алдыңа елес­ тетеді). Көктегі ұлы Тәңір мен ата-бабалардың аруағы қолдаған, ар­ маны аппақ, жүрегі шыныдай таза, әділеттілік пен батырлықты ғана мұрат еткен ұлы тайпаға қандай нәубат келуі мүмкін? Кім олардың аруағын қорлап, рухын таптай алады? Кім? Олардың тізесін бүктіруге кімнің шамасы жетеді? Өкінішке қарай, ондай қара күш бар екен. Оның аты – өркениет. Бұл шығармада да ең негізгі қылмыскер көзге көрінбегеніменен, біз оның кім екенін түйсікпен сеземіз. Ол – өркениетті ойлап тауып, зұлымдығын заңдастырып алған қоғамның санасы. Өркениеттің зұлымдығы араку тайпасын қызыл қанға боя­ ды, ержүрек батырларының рухын сындырды, қыздарын күңге,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ұлдарын құлға айналдырып, індет таратып, ақыр соңында олар­ ды жер бетінен жойып жіберді. Адамзаттық мүддені жалаула­ тып, айуандықпен істелген осы зұлымдықтардың барлығы да шын мәнісінде жер бетіндегі бес-алты халықтың пайдасын ғана көздегендіктен жасалған жауыздықтар болатын. Шығарманың соңында Бейкер мырза Бразилияға аттанып, өзін даңқтың аспанына шығарған өркениеттің, тайпаластары­ ның жерін тартып алып, қалай көзін құртып жіберген зұлымды­ ғын көзімен көреді. Ең ақыры оның араку тайпасынан қалған соңғы индеецті құтқаруға да шамасы келмей, шарасыздықтан зар қақсап қалады. Ақырында ол араку тайпасының ең соңғы адамы­ өзі екенін де ұмытып, тіпті өзін адам қатарынан да шы­ ғарып тастайды. Оқиғаның қайғылы аяқталып, зұлымдықтың тағы да жеңіске жеткені үшін оқырманның жазушы Әбдікұлымен келіспеуіне, тіпті өкпелеуіне толық хақысы бар. Дегенмен, зұлымдықтан сақ­тандыру үшін, оның адамзатты жарасы мәңгі жазылмай­ тын қасіретке душар ете алатынын жеріне жеткізіп айта алма­ са, оқырманның көңілін қимай, ығына жығыла кетсе, суреткер Әбдікұлы өзінің жазушылық парызын адал атқарып шықпаған болар еді. Әрине, адамдық ақыл-таразымен өлшесек – оқырмандікі дұ­ рыс. Пенде баласының сағын сындырмай, алдағы күндерге құл­ шындыру үшін үнемі оның рухын көтеріп, шабыттандырып оты­ратын идея керек. Алайда, Құдайлық мизан-таразыға салып өлшесек, жазушы Әбдікұлынікі дұрыс болып шығады. Себебі мойнына үлкен жауапкершілік жүктеп, халықтың мұңын жыр­ лай отырып, Құдайлық шындықты айтпауға суреткер Әбдікұлы­ ның еш хақысы жоқ. Ал Құдайлық шындықты әңгімелейтін бол­ сақ,­ қоғамда ылғи да зұлымдықтың жеңіп, салтанат құрып келе жатқаны­ өтірік пе екен? Қаламның құдіретіне жүгініп, жазушының Құдайлық шын­ дықты іздеген сондай шығармаларының бірі «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі, замандасым, ақын Есей Жеңісұлының

ЖҮРЕК СӨЗІ дәл байқағанындай, барлық уақытта да маңыздылығын жой­ майтын шығарма болып қала береді. Және қазақты ұзақ уақыт үнсіз қалған рухымен сырластырғаны, жүрегіндегі шемен болып қатып қалған зарын қозғағаны үшін ғана повестің маңыздылығы арта түспек емес. Адамзаттық ақыл-ойды тұншықтыруға жанта­ ласып жатқан жабайы өркениеттің зұлымдығы қайтадан үстем­ дік ете бастаған, алып империялардың жақсы өмір сүруі үшін тұтас бір халықтарды жер бетінен жойып жіберудің амалдары жасалып, санамыз қайтадан қылмыскерге айнала бастаған шақ­ та­ мұндай шығармалар еш уақытта да маңыздылығын жоймай­ ды. Қайта олардың маңыздылығы бұрынғыдан бетер арта түсе­ді. Езілген ұлттарға деген аяушылық сезімді оятып, адам бала­сы­ ның санасын сілкіндіріп, жабайы өркениеттің зұлымдығына қар­сы жұмылдыру үшін «Тозақ оттары жымыңдайды» секілді, өз ұлтының жүрегін жұбата отырып, адамзатқа ортақ қайғыны жырлаған шығармалар мәңгі жасауға тиіс. Өркениеттің ойлап тапқан машинасы өзімізге қарсы шығып, Қабылдың пышағын­ дай біздің халқымызды жайратып тастамауы үшін мұндай туын­ дыларды әлемнің барлық тіліне аударып, адамзаттық ақыл-ой­ дың ортақ игілігіне айналдырған абзал. Жазушы Әбдікұлының «Әке» повесіндегі баяндалатын оқи­ ғаларда мүлде басқа ситуация суреттелгенімен, өмір ағысы­мен ұмытыла бастаған тағы бір зұлымдықтың шындығын есімізге түсірген бұл туынды «Тозақ оттары жымыңдайдыдағы» айты­ латын ақиқатты толықтырып тұрған шығармадай болып көрі­ неді маған. Повестің ішкі табиғатын тереңірек қопара бастасаңыз, екі шығарманың­ рухани үндестігін байқап, бір кіндіктен жаратыл­ ған екі үлкен идеяның өзара туыстығын сезінгендей боласың. Қар­ғыс атқан замандағы, әулетті аман алып, артына ұрпақ қалдыру үшін болатын парасат майданындағы арпалыстың жұ­ мыр басты пендеге­ тартқызатын азабы мен бейнеті ұлтты сақтап қалу үшін кү­ресетін жанталастан бір мысқалдай да кем емес екен. Шығармада, міне, осындай сұмырай, залым заманда туып, тұтас бір әулеттің қалай құрып кете жаздағаны Сейсен шалдың

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тағдыры арқылы суреттеледі. Повесті оқып болып, соңғы па­ра­ ғын жапқанымызда суреткер Әбдікұлына, дәл осындай дүние­ні туғызуына Томас Манның бір әулеттің қалай күйреп кететіні туралы баяндалатын «Будденброки» романының қатты ық­ пал еткенін аңғарғандай болдық. Дегенмен, суреткер Әбдікұлы немістің ұлы жазушысының адамзатты толғандырған идеясын өзіне ғана тән бояуымен айшықтап, ұлттық өнеріміздегі баға жетпес туындылардың бірі болып қала беретін керемет карти­ наны өмірге әкелді. Төленнің туындысында советтік дәуірдің жал­ған шындығы емес, атты казактардың озбырлығы, халықты қырған ашаршылық, көзі ашық азаматтарымыздың басын жұт­ қан қанды репресия секілді реалистік өмірдің тереңгі қабатын­ да жасырынған заманның зұлымдығы кестеленген ақиқат бар. Жазушының повесі кеңес империясының қылышынан қан та­ мып тұрған уақытта жазылғанын еске алсақ, Төленнің еңбегін рухани ерлікке балауға болады. Халықтың тағдыры ыстық табада шыжғырылып, адамды мал құрлы көрмей қырған заманда дүниеге келген Жармағамбет шал­дың, белінен туған бес ұлының ішінен аман қалған жалғыз тұяқ Сейсеннің дүниеден қалай өтетінін суреттеу арқылы Төлен Әбдікұлы, көп жазушылардың ақылы жеткенімен, тәуекелі жет­ пей жүрген, ащы ақиқатты айтты. Қырағы цензураның қалай байқамай қалғанын білмеймін, әйтеуір жолы болып, советтік заманның жасампаздығын насихаттаудың орнына, оның қазақ­ қа жасаған бүкіл зұлымдығын әшкерелеген шығарма жетпісінші жылдардың аяғында күтпеген жерден оқырманға жол тартты. Ой елегінен өткізіп көрсеңіз, жаңа заманды орнату үшін бол­ ған күрестің Жармағамбет әулетіне қайғы-қасірет жамылды­ рып, зар қақсатқаннан басқа тигізген пайдасы жоқ екен. Шеті­ нен қасқыр болып туған бес ұлдың алғашқысы Нұржанды атты казактар бие сауғызып тұрған жерінен атып өлтіреді. Қапсат­тар соққыға жығылып, қаза табады. Әпсаттар болса қатыны, балашағасымен тегіс ашаршылықта қырылып қалады. Ақыр аяғы Совет­ өкіметіне бар жан-тәнімен беріліп, оны орнатып, жұрт­

ЖҮРЕК СӨЗІ қа көп жақсылық жасаған Дүйсеннің өзі «халық жауы» ата­лып ұсталып, репресияға ұшырап, сол кеткеннен елге оралмайды. Алайда жазушының «Әке» повесінің ішкі табиғатында бұ­ рынғы жазған шығармаларына ұқсамайтын өзгешелік бар. Бұл шығармадан зұлымдықты жеңген адамгершіліктің шуағы жар­ қырайды. «Әке» – суреткер Әбдікұлының шығармашылық құ­ діреті туғызған ең сәулелі шығармасы. Әкесіне жақсылық жа­ сай алмаған баланың көңілін бір өкініш өртегенімен, ұрпағын аман алып қалу үшін арпалысқан парасат майданында заман­­ ның зұлымдығымен шайқасқан Сейсен жеңіске жетті. Арманы орындалды.­ Өмірде адам үшін арманың орындалып өлгеннен артық қандай бақыт болуы мүмкін? Міне, сондықтан парасат май­данындағы шайқаста зұлымдықты жеңіп, туған халқының тағ­дырынан ажырамай, елдің ішінде өлген Сейсен шал – өрке­ ни­ет әлемінде төңкеріс жасап, адамзатқа танымал болған Эду­ ард Бейкер­ден мың есе бақытты пенде. Өйткені Сейсен шалдың әкесін есіне алып, туған халқының қыруар өлім жоралғысының ғасырлар бойы халық арасында сақталып келуінің сырын түсін­ ген­ парасатты баласы бар. * Әлемді Құдай жаратты. Адамды да Алла топырықтан жасап шығарды. Бірақ зұлымдық та көктегі Тәңірдің қалауымен өмір­ ге өсіп шықты емес пе? Діни кітаптардың барлығы ізгілік пен мейірімділікке үйреткенімен, неге үнемі жауыздық үстемдік етумен­ келеді әлемде? Неге бір уақыт ізгілік жеңіп, адамзат бала­ сы шексіз бақытқа бөленбейді мына дүниеде? Жүрегінің сәулесімен жанымызды жылытқан ғұламалар­ дың барлығы да осы бір сауалдың жауабын іздеп, ақыры олар да өмір­дің зұлымдық екенін мойындаған. Зұлымдықты жеңетін амал таба алмай, у ішіп өлген Сократ хакім өмірінің соңында бы­ лай деп мұңын шағады: «Тәннің өмірі дегеніміз – зұлымдық пен өтірік қана. Міне, сондықтан тәннің азабынан құтылғанды біз

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ игілік ретінде қабылдауымыз қажет». Ұлы философ Шопенгауэр да хакімнің ойын қайталап, «көңіліміз қаламаса да, өмірдің тек зұлымдық қана екенін» мойындауға тура келетінін жасырмай­ ды. Тағы бір кемеңгер «өмір дегеніміз – мағынасыз зұлымдық» (Толстой) деп нақтылай түседі олардың аяқталмай қалған ойын. Бірақ, солай бола тұрса да, нағыз суреткердің барлық заман­ да да осылай болған екен деп, зұлымдыққа мойынсұнуына еш хақысы жоқ. Зұлымдықпен күреспеудің өзі – оның сыбайласына айналғанмен парапар қылмыс. Тіпті парасат майданындағы ұлы шайқаста зұлымдықты жеңбек болып азапқа түскен талай ұлы су­ реткерлер адамды қойып, Құдаймен де сөз таластырған емес пе! Есіңізге түсіріп көріңізші, Достоевскийдің кейіпкері Иван Карамазов­ Құдайдың жаратқан зұлымдығын мойындағысы кел­мей, ұлы Жаратушымен тайталаспақ болады. Зұлымдыққа зор­лықпен жауап бермеу керегін айтқан ұлы Толстой адам кейпіндегі Ғайсаның Құдай екенін мойындаудан бас тартқаны үшін шіркеуден аластатылды. Өнердің сиқыры арқылы зұлым­ дықтың моласын қазғандай болған, күні кеше ғана өмірден өт­ кен жазушы Жозе Сарамаго ең соңғы жазған «Қабыл» рома­ нында оның қабатын тым терең қопарып, Қабылдың жасаған күнәсы үшін, ауыр қылмысқа жол берген Құдайдың өзін жазаға тартқысы келеді. Қазақ қаламгері Төлен Әбдікұлы да «Ақиқат» повесінде өмірді зұлым етіп жаратқан Құдаймен қарсыласып, оның сырын түсінбек болады. Жындыханадан қашып шыққан шығарманың бас кейіпкері Роберт өмірдегі зұлымдықтарды көріп, тұла бойы түршігіп, ауруханаға қайтып оралады. Свяшениктің кім екенін таныған соң, әлемдегі ең сорақы қылмыстардың Құдайдың аты­ мен жасалып жатқанына көзі жетіп, ұлы Жаратушыға қарсы бүлік шығарады. «...Мен көп қиналдым. Өмірдегі жаманшылық атаулыны ту­ дырып отырған негізгі күшті, негізгі айыпкерді ұзақ іздедім. Ақыры таптым. Ол – Құдайдың өзі. Адамды мазақ етуші де, азапқа түсіруші де, зұлымдықты қолдаушы да соның өзі. Жазықсызды

ЖҮРЕК СӨЗІ жауызға жем қылған, адал махаббатты арам қылған, арды аяққа таптатқан, сан миллион халықтың қанын судай шашқызған, опа­ сызды, қаныпезерді, тирандарды жаратып, солардың зор­ лығы­на баршамызды қор қып қойған кім? Соның өзі...» Қызыл сөздің қызығын қуалап кетпей, ойдың сөлін сығып беріп, келесі шығармасын тәмамдағанша оқырманның төзімі мен тағатын тауысып, әбден зарықтырып қоятын суреткер Әб­ дікұлы пенделік санамызға ұялаған зұлымдықтың сырын ылғи да адам жанының тереңдігінен іздейді. Жазушылық жанары­ мен адамның жан әлеміне қайта-қайта үңіліп, зұлымдықтың құ­ былмалы табиғатын қапысыз танып, таңғажайып жаңалықтар ашады. Қаламгердің шығармаларын оқығанымызда, ондағы сурет­ телетін зұлым тағдырдың аласат құйыны санамызды сансыра­ тып, жан дүниемізді қалыпты орнынан қозғап жібергендей бо­ лады. Өнердің биік өлшемімен таразылайтын болсақ, жазушы Әбдікұлы керемет суреткер ғана емес, адам жанының шыңы­ рауына тығылған зұлымдықтың талай құпиясын білетін терең ойшыл һәм рухтанушы да. Қаламгердің біз сөз қылып отырған осы ерекшелігі оның «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» хикаясында да жарқырай көрінген. Повесть аталып жүргенімен, әңгіменің жүгін көтеріп тұрған бұл туындыда пенде баласының рухани тағдыры түп-тамырына дейін қопарылып, жазушы өмірдің тереңгі қабатында көміліп қалған зұлымдықты қазып алады. Бір әулеттің басындағы руха­ни трагедияны суреттейтін көркем туындыны оқи бастаға­ныңда, алғашқыда, қайғының мұңы қажаған Қожекеңнің жан азабын жүрегіңмен сезініп, көңілің құлазып, жаның күйзеледі. Құдай басқа салмасын, расында да, кәрі қойдың жасындай­ ғана ғұмыры қалғанда, жазмыштың бұйрығымен, өмірдегі тіре­ гінен айырылып, морт сынған бәйтеректей құлап, жапан дала­ да жалғызсырап қалғаннан асқан қандай қасірет пен азап бо­ луы мүмкін мына жалғанда? Тағдырдың Қожабек шалды зар еңіреткен зұлымдығына дауа бар ма? Тіпті көңіл айтуға кел­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ гендердің барлығы да байғұс шалды қалай жұбатарын білмей аң­тарылып, жалғыз ұлын өз қолдарымен өлтіргеннен бетер қай­ мығып, бастары салбырап, төмен қарап, жауа алмаған бұлттай түнеріп, қиналып отырған жоқ па. Бірақ негізгі оқиға Болаттың өлімінен кейін басталып, су­ реткер Әбдікұлы шаңырақты ұстап қалатын жалғыз тіректің қирауынан да ауыр қайғының болатынын оқырманнан жасыр­ май, Қожабектің ұлының екі «менін» ашу арқылы адам жаны­ ның тереңіне тығылған зұлымдықты қопара бастайды. Жалпы осы тұрғыдан алғанда Төленнің прозасында «адамның үмітін қиратумен ғана айналысып келген Чехов» (Лев Шестовтың сөзі) шығармашылығымен үндестіктің, керек десеңіз, екі жазушыны бір-бірімен жақындастыратын, тіпті бір рухани туыстықтың бар екенін сезінгендей әсер аласың. Суреткер Әбдікұлы да қолындағы жазушылық пышағымен адамның жанын аямай тілгілеп, оның ішінде жасырынып жат­ қан зұлымдықты суырып алып шығып, қатал жазалаудан қай­ мықпайтын, қатыгез талант. Егер де ұлы Чехов сомдаған ке­ йіп­керлерінің жанын аямай сойып, адамның төбе шашын тік тұр­ғызатын неше түрлі тәжірибе жасаса, суреткер Әбдікұлы да дүние-жалғанның зұлымдығын көрсету үшін пенде баласының соңғы үмітін сындырып, ең ақырғы сәулесін сөндіріп, өмірін түнекке орап тастаудан қаймықпайды. Сол себептен де ол қа­ нағат нәпсісіне жегі түсіп жасаған баласының күнәсы үшін, тірі жанға қиянат қылмақ түгіл, тышқанның мұрнын қаната ал­ маған Қожабекті аямай, рухани катарсистің, яғни азаттану мен тазарудың азапты жолынан өткізеді. Тән үміті мен жан үмітін талқандап, ботадай боздатады. Көзге бадырайып көрінбегенімен, бір адамның ішінде өмір сүретін қостұлғалық Қожабектің жалғыз ұлы Болаттың бойын­ да да бар. Жазушы Болаттың сайтандық табиғатына үңіле оты­ рып, Қожабектің ішкі трагедиясын түрлі қырынан зерттеп, адам жанының жұмбағын шешуге тырысады. Тағдырдың шынжыры­ мен кісенделген зұлымдықтың құлпын ашуға әрекет жасайды.

ЖҮРЕК СӨЗІ Болаттың жасаған зұлымдықтарын әшкерелеп, сол үшін оның әкесі Қожабекті тірі өлікке айналдырып, ауыр жазаға тартады. Дегенмен, дәл осындай қатыгездікке дейін барып, шығарма­ сының соңында бір нәзік үміт те қалдырмай, түнекке орап, мұ­ нарлап тастаған Төлен Әбдікұлын, қанша тырыссақ та, реалист жазушылардың қатарына жатқыза алмас едік. Неге дейсіз ғой, әрине? Мұндай күрмеуі күрделі сұраққа жауап бермес бұрын, «кез келген ұлы және нағыз өнердің реалистік болуы мүмкін емес» (Н. Бердяев) екенін есімізге түсіріп, ой елегінен өткізіп көрейікші. Екі дүниенің ортасындағы алтын көпір болып табылатын нағыз өнер шынайы өмірдегіден де күрделі ақиқатты ашады. Ұлы мәртебелі өнер эмпирикалық тұрмысқа қызықпайды, руха­ ни болмыстың тереңдігіне бойлайды. Еш уақытта да жалаңаш шындықты көрсетпейді, барлық кезде де ол басқа әлемге еніп кетеді. Сол басқа әлемде адам жанының нағыз өмірдегіден де терең тылсымдары танылып жатады. Міне, сондықтан да Тө­ лен шығармашылығының негізін құрайтын, адам бойында өмір сүретін қостұлғалықтың себеп-салдарын да реалистік әдебиет­ тің тәсілімен түсіндіріп беру беймүмкін. «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» әңгімесіндегі Болаттың бірінші «менін» танығаныңызда Қожабектің қайғысына сіздің де қа­ бырғаңыз қайысып, парасаты биік баласынан айырылған ғаріпті аяп, жүрегіңіз елжіреп, жаныңыз жылап қоя береді. Қандай ақылды азамат еді Болат! Мұғалімдердің өздерін қай­мықтыратын алғырлығымен көзге түскен оның білімділігі­ не бүкіл ел тәнті болған жоқ па. Институтты айрықша диплом­ мен тәмамдады. Бір жыл өтісімен аудандық басшы қызметіне көтерілді. Жуықта облысқа әкететін көрінеді деген сыбыс та тараған. Ел-жұртқа жастайынан танылған сол Болат енді үйлен­ гелі жатқанда аяқ астынан қайтыс болып кетті. Шынында да Алланың жақсыны әкетеді дегені рас екен-ау! Ең өкініштісі, артында тұяқ қалмай, бір әулеттің тұқымын Болат өзімен бірге мәңгілікке тоқтатты. Опасыз жалған-ай! 11-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Бірақ ұлының қазасынан соң, күтпеген жерден Болаттың ар­ тында тұяқ қалғаны туралы хабарды естіп, аласапыран ойдың арбауына түсіп, немересін іздеп, алып-ұшып қалаға жеткен Қо­ жабек ақылға сыймайтын ақиқатты танып, ұлы туралы нағыз шындықты біліп, Болаттың екінші «менімен» танысып, сағы сынып,­ қайғыдан тозған жаны түршігеді. Алладан сұрап алған жалғыз перзенті жұрт мақтағандай аза­ мат емес екен. Жүрген жеріне шөп шықпайтын нағыз зұлым­ ның өзі болып шықты. Адам баласына қиянат жасағаннан бас­ қа тигізген түк пайдасы жоқ. Талай қыздың обалына қалған сұмпайы зинақордың өзі. Басқаны аямақ түгіл, белінен туған баласы­ шетінеп кеткенде жерлеуіне келмей қойған сұмырай. Шығармадағы басты кейіпкер көзге көрінбегенімен, екін­ші «менін» тану арқылы, біз оның адамға жасаған барлық зұлым­ дығының куәсі боламыз. Әңгіменің соңында көңіліне жиналған әлдебір реніш-запыран жүрегін қыжылдатып, әлдекімге шағын­ ғысы келіп, жалғыз ұлының зиратының басына келіп, пенде ба­ ласына сырын аша алмай, екі дүниедегі үміті талқандалып, іш­тегі жұбанышы сарқылып, не істерін білмей, көзінің жасын көлде­тіп, еңіреп жылаған Қожабекті көреміз: «– Мұ не қылғаның, жарығым-ау? Бәрі қолыңнан келгенде, қиянат қылмау қолыңнан келмегені ме, жарығым-ау? Құдайдан көрген зәбір тірліктің заңы шығар, адамнан көрген зәбір қым­ бат, жарығым-ау. Соны неге түсінбедің? – Қожакең сақалынан сорғалаған жасын сезбей, құлпытасты сипай берді. – Қалайша түсінбедің, құлыным-ау! Хайуанның да обалы жібермейді деуші еді, адам обалы қайтіп жіберсін...» Суреткер Әбдікұлы еш уақытта да жалған заманның жалына жармасып, өткінші уақыттың ақиқатын жырлауға қызығушы­ лық танытқан емес, ол пенделік болмыстың табиғатын зерттеп, өмірдің түнегіндегі адамның жанын зұлымдықтан тазартып, оны рухани тереңдігіне қайтарып береді. Оның шығармаларында өмірдің зұлымдығы адам жанының рухани тереңдігінде зертте­ ліп жатады. Ол жалған тірліктегі жауабы дайын пенделік сұ­

ЖҮРЕК СӨЗІ рақтардың емес, үнемі зұлымдық туғыза беретін, ақылмен тү­ сіндіріп бере алмайтын Тәңірлік сауалдардың жауабын іздеп, ылғи да басқа ешбір жазушының соқасы тимеген тың топырақ­ қа түрен салады. Төлен Әбдікұлы – оқырманға жеткізгісі келген үлкен идея­ ны қазан миында қорытып алмайынша, жазушылық үстеліне беттемейтін суреткер. Суреткерлік түйсігімен адамның жаны­ на еніп кететін жазушы шығармашылығында пенде баласының рухани тағдырын өміршең етіп тұрған Құдайлық шындықтың шұғыласы бар. Құдайлық шындықты ол адам рухының жұм­ бағынан іздейді. Шын мәнісінде адам жоқ жерде Құдайдың да болмайтынын терең таразылыған суреткер ұлы Жаратушының жұмбағын адамдардың­ тағдыры арқылы танып, ақиқатқа бір табан жақын­ дай түседі. Рухани тереңдігін жоғалтқан пенденің Алланың жо­ лынан адасып, қандай ұлы қасіретке душар болып, азап шегіп, жаны тозақта күюі ықтимал екенін зерделейді. Суреткер үшін адамның ең ұлы байлығы – оның жаны. Жазушының жаңа шығармасын оқыған сайын адам жанының жұмбағын басқа бір қырынан танып, қаламгердің дүниені тану құпиясына бойлай бересің. Төлен шығармашылығында көптеген қазақ қаламгерлерінің табиғатында бола бермейтін, суреткерлік пен шеберліктен бө­ лек – идеялық, танымдық, философиялық дана түйсік бар. Оның шығармасын оқыған кез келген адам идеяға, ойға, танымға ба­ йып шығады. Қаламгерді менсінбей, оны танығысы келмегендер парасат пен ой ашаршылығына ұшырап, рухани байлықтың мол қазынасынан құр қалады. Ол жазушылық жанарын алысқа тігіп, адам жанының құпия­ сы мен антиномиясын (Дұрыс саналатын екі ереженің ара қайшылығы. Астын сызған – біз. – А.К.) мейлінше терең зерт­ тейді. Жазушылық түйсігімен шығармасындағы кейіпкері­нің бол­мысына бар жан-тәнімен еніп кетіп, адам туралы оқыр­ ман күтпеген жаңалықтар ашады, адам жанының құнарлы то­ пырағының қабатындағы рухани тереңдіктерді табады.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Сыншылардың назарына іліне қоймағанымен, сондай ұлы жаңалықты­ ашып, жазушының бұрынғы жазған дүниелеріне мүл­де ұқсамайтын, бүгінгі заман туғызған зұлымдықтың жа­мыл­ ғысын жұлып тастап, оны аяусыз әшкерелеген көркем туын­ды­ сы – «Қайырсыз жұма» әңгімесі. Жазушы Әбдікұлы бұл әңгімесінде, министрдің бір күндік өмірін суреттей отырып, зұлымдық салтанат құрған қоғамда, адамдық сәулесі сөнген пенденің байлыққа қолы малынып, ман­ саптың биігіне көтерілсе де бақытты бола алмайтынын қазы­ мырланып зерттеген. Әбен Ілиясович биліктегі үлкен кісінің қаһарына ілігіп, бір күнде лауазымды қызметінен айырылып қалады. Министр бо­ лудан басқа қолынан ештеңе де келмейтін ол үшін бұл – үлкен трагедия.­ Сары уайымға салынған шенеунік жүрегі ауырып, ақыр соңында дүние салады. «Қайырсыз жұмада» министрлік қызметінен түсіп қалған Әбеннің өмірінің ең соңғы күні ғана сипатталғанымен, біз тірі өлікке айналған байғұстың жүріп өткен өмірлік жолын терезе­ ден бақылағандай боламыз. Әңгіме барысында жазушы Әбдікұлын біз бекерден-бекер қа­тыгез таланттардың қатарына жатқызған жоқпыз. Қараңыз­ шы, жүрегіндегі сәулесі сөніп, көңіл түкпірінен ештеңе де таба алмаған адамды да ол өлерінің алдында рухани катарсистің, яғни азаттану мен тазарудың қылкөпірінен өткізіп, тышқан ұс­ тап алған мысықтай, оның тағдырымен ойнайды. Міне, министрлік қызметінен түсіп қалған Әбен мырза кө­ ңілі құлазып, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың Иван Ильичіне ұқсап, жаны күйзеліп, нәрі мен мәні жоқ өткен өмірі­ не ойша үңіліп отыр. Қызмет үшін жанын сайтанға сатқан ол байғұс ең болмағанда жар қызығын да көре алмапты. Үнемі сыртта жүргендіктен, сырттың қызығы жүрегін көбірек жаулап, отбасалық бақыттың ләззатын да сезінбепті. Қызмет қуудың рахатынан басқаны ұмытып, жалғыз ұлын дұрыс тәрбиелеу де қолынан келмепті. Отбасының бар ырысы отағасының лауа­

ЖҮРЕК СӨЗІ зымы арқасында келіп жатқандықтан, барлық тілек, мақсат сол лауазымға ғана бағынышты болыпты. Тіршіліктің бар жағдайын жасаған абырой-беделге жеткізген әлгі лауазымды әйелі мұның өзінен де артық жақсы көреді. Ұлы жазушы Лев Толстойдың Иван Ильичі – салыстырма­ лы түрде алғанда Әбеннен анағұрлым бақытты кейіпкер. Өйт­ кені оған шын мәнісінде жаны ашитын бір адам бар. Ол – қожа­ йынның қызметшісі. Ал министр орынтағынан түсіп қалған Әбенге шын жүрегімен жаны ашитын тірі пенде жоқ. Өйткені оның жанындағы адамдардың барлығы да лауазымы жоғары қызметі үшін ғана оны бағалап, жақсы көріп келді. Тіпті әйелі де. Қарап отырса, мына өмірде шын сенісіп, сырласатын досы да қалмапты. Баяғы достар жоқ, оның орнында үнемі ауыстырып тұратын киім секілді, қызметтес достар ғана бар. Министр бо­ ламын деп жүріп, жақын-жуықтың барлығынан да айырылып­ ты. Оның мына жалғанда мұңдасатын, сырласатын жалғыз ғана «досы» болыпты. Ол – өзін өмір бойы құл қылған, жанына кі­ сен салған, бауырдан да, достан да айырған ұлы мәртебелі Қыз­ мет. Енді ол да жоқ. Қайтпек керек? Шығармасының соңында суреткер Әбдікұлы ылғи да осын­ дай жауабы жоқ сұрақтарды қойып, оқырманды терең ойдың теңізіне тастап жібереді. Бәлкім, сондықтан ба, оның сомдаған кейіпкерлерін бірден танып, еш уақытта да ұмыта алмайсың. Жан әлеміңнің қақпасын бұзып кіретін ол кейіпкерлер көңілің­ нің жайлауында өмір сүріп, зұлымдықтан жаны күйреген адам­ ның қандай ұлы қасіретке душар болатынын дүркін-дүркін есі­ ңе түсіріп, қайта-қайта ой өзеніне батырады. «Кітап адамға қуаныш сыйлауы керек» (Борхес) екенін мо­ йындайтын болсақ, жазушы Төлен Әбдікұлының шығармала­ рын оқудың ерекше шаттығы бар. Жан тазалығы үшін күресе­тін суреткер­ шығармасының қай-қайсысы да зұлымдықтан сақ­ тандырып, рухыңды кемелдендіре түседі. Жазушының шығар­ маларын бар зейінімен оқыған адам үнемі зұлымдықтан қа­ сірет шеге беретін қазақтың жанындағы бір маңызды дүниені

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ түсінгендей болады. Оның туындылары қасіреттің кермек дә­ мін татқыза отырып, адамды тазаруға ұмтылдырады. Төлен­ нің қаламынан туған дүниелер – шебер жазылған шығармалар ға­на емес, «жанынан басқа ештеңесі де жоқ адамның» (Пи­ фагор Самосский)­ ішкі әлеміне үңіліп, қоғамды зар илететін зұлымдықты аяусыз әшкерелеп, шындықты жырлаған нағыз па­ расат дастандары. * «Адамның нағыз өмірі оның бойында ақыл-парасаттың са­ насы ояна бастағанда ғана басталады», – дейді ұлы Толстой.­ Ал қоғамның аспанын зұлымдықтың қара бұлты торлап,­ адам­ шылықтың не екені ұмытылып, елім деп еңіреген азаматтар­ дың құйрығына шала байланып, аузына темір сулық салынып, жауыздық салтанат құрған заманда адамның бойындағы Алла­ ның нұрындай жарқыраған ақыл-парасат сәулесінің сөнбеуі мүмкін бе? Қанша күшті дегенімізбен, Құдай жаратқан пенденің әлемдегі ең нәзік құрақтан да әлсіз екенін данышпан Паскаль баяғыда дәлелдеген жоқ па еді. Ендеше, сол Алланың әлсіз пен­ десіне, тағдырдың алапат дауылы соғып, дүниенің астан-кес­ тенін шығарып, ескі дәуір мен жаңа дәуір беттесіп, бір-біріне өткел бергісі келмеген өмірдің өліарасында бойындағы адам­ дық қасиетін қалай жоғалтып алмауына болады? Қалай? Төлен Әбдікұлының шығармашылық кемелдігінің ең биік шы­ңы болып табылатын «Өліара» романын оқығаныңда, осын­ дай бір мазасыз сауалдар жаныңның тыныштығын бұзып, байыз тапқызбай қояды. Шығарманың «біссімілласында» біз әуелі ешкімге соқты­ ғыспай, барақат тіршілік кешіп жатқан қазақтың өмірін көреміз. Міне, жаны жомарт, адамдық мұратты темірқазық етіп ұстаған және сол жолдан өмірдің мұз-айдынында тайғанап кетпеген Асқар оқудан келген бауыры Бәйтенді тай сойып, дүркіретіп той жасап, қарсы алып жатыр. Мәре-сәре болған ағайын мен ата-ба­ ба дәстүрімен тіршілік еткен халықтың қуанышында шек жоқ.

ЖҮРЕК СӨЗІ Бір кезде өмірге жазмыш араласты. Парасат күнін зұлым­ дықтың тұманы тұмшалап тастады. Батырлық пен әділеттіліктің туын биік көтерген қазақтың дәурені аяқталып, базары тарқады. Адамның бойындағы сүйіспеншілік, имандылық, бауырмалдық, парасаттылық секілді ең асыл қасиеттері күресінге лақтырылып, пенде баласының тағдырын жаңқа құрлы да көрмей ұшырып әкеткен зұлым заманның долы дауылы ышқынып соқты. Аға­ йын­ның бауырмалдық сезімі жойылып, нағашылы-жиенді бо­ лып әзілдескен қалжың енді ерегеске, адамның бойындағы бір-біріне деген сүйіспеншік сезімі бірте-бірте жауыздыққа ұлас­ты. Атақтының аяғынан тартып, білімдіні көре алмайтын, адам болып өмір сүрудің барлық мүмкіндігі сарқылған, ерлік есерсоқтыққа, әділеттілік қиянатқа орнын босатып берген, има­ ни құндылықтардың құны жойылған, алмағайып заман орнады қазақ даласына. Қолыңдағы биліктің күшін пайдаланып, күні кеше ғана бір құдықтан су ішіп, бір дастарханнан дәм татқан замандасың­ның қолына кісен салып , итжеккенге айдатып жіберетін зұлымдық та ұлы ерлік бола бастады мына дүниеде. Біреудің сүйген қызын зұлымдықпен тартып алу да нағыз батырлық санала бастады мына жалғанда. Адамның ақыл-парасаты жауыздықтың түрмесіне қамалған өліарада зұлымдық пен ізгіліктің шекарасы жойылып кетті. Адам­дық құндылықтардың бәрі шатасып кеткен заманда зұ­ лымдық пен ізгіліктің не екенін кім ажыратып бере алады? Кім? Оның белгісі пен сипаты қандай? Романның даралық сипатын анықтау үшін ондағы сурет­ телетін кейіпкерлерге жеке-жеке тоқталып, олардың мінез-құл­ қын талдаудың қажеті шамалы. Мұндай тәсіл адасушылыққа ұрындырып, автордың айтпақ идеясы мен ойының тереңдігін түсінуге көп кедергісін келтіреді. Және парасат майданында­ ғы­ шайқаста жеңіліске ұшырап, адамдық жолдан адасқан ке­ йіп­керлер романда өте көп болғандықтан, ондай талдауды жа­ сау мүмкін де емес. Сондықтан да біз бұл мақаламызда жазушы

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Тө­лен Әбдікұлының айтқысы келген идеясына ғана тоқталып, шамамыз­ жеткенше шығарманың рухына бойлап, суреткердің әлемді танып, тіршіліктің ішіне еніп кеткен дүниетанымын көр­ сетуге тәуекел еттік. Өйткені осы уақытқа дейін оны жасауға талпыныс жасаған ешкім болған жоқ. Бір мақалының ішінде біз романдағы барлық кейіпкерлердің даралық сипатын әйгі­ леп береміз деп айта алмаймыз. Жазушының шығармасында­ ғы бір-біріне ұқсамайтын жүздеген адамдардың образы туралы сезіміңді қалай жеткізесің? Біз өз мақаламызда романның негізгі идеясын түсіндіріп беріп, қолымыздан келгенше жазушының өмірді танудағы жұмбағын ашуға тырыстық. Суреткер Әбдікұлының дүниені танудағы ешкімге ұқсамай­ тын өз жұмбағы бар. «Өліара» романында жазушының өмірді танудағы сол жұмбағын асқан шеберлікпен сомдалған Асқар­ дың болмысынан танығандай боласың. Тағдырдың найзағайы түсіп, пенделердің жаны отқа оранған дәуірдің өліарасында да зұлым заманның ноқтасын мойнына салғызбай, адамдық қа­ сиетті талақ қылмай, арпалысып өтуге болатыны Асқардың бейнесі арқылы асқан шеберлікпен ашылған. Шығарманың басты кейіпкерлерінің бірі Асқар – өмірдің рухани биігіне көтерілген азамат. Мұндай адамдарға барлық уақытта да қиын. Өйткені мына дүниеде санаулы адамдар ғана өмірдің рухани биігіне көтеріліп, қалың тобыр оның етегінде қалып қояды. Уақыт тобырға қызмет етеді. Қоғамның заңдылы­ ғы да тобырдың сұранысын қанағаттандыру үшін салтанат құ­ рады. Сондықтан да рухы кемелденген адамдар мен құмырс­ қаның илеуіндей құжынаған мәдениетсіз тобыр қандай заманда өмір сүрсе де, еш уақытта да бірін-бірі түсіне алмай өтеді. Бірақ қара тобырдың ортасында жүріп те, адамдық қасиетің­ ді жоғалтпай, жарқырап өмір сүруге болады. Асқар – уақыт­ тың дауылы­ сөндіре алмаған, қараңғы түнекте де күн сияқты жарқыраған өмірдің сәулесі. Оның жан күйзелісін көргенде, тобырдың надандығына назаланып, бас кейіпкердің рухани тереңдігін тани түсеміз. Ол өлген күні жалп етіп, адамның жа­

ЖҮРЕК СӨЗІ нына шуағын шашып тұрған, рухани өмірдің сәулесі де онымен бірге сөнеді. Сол сәуле сөне жаздап, жарығы әлсіреген шақта, картинаның қақ ортасынан, советтік дәуірде өмір сүре оты­ рып, оның ұлтымызды қан қақсатқан зұлымдығына назаланған жазушының түрлі кейіпкерлер арқылы жеткізген жанайқайы қайта-қайта естіледі: «Мыңғырған малдан бір үзім нанға қараған күнге түсу со­ рақылық емей не? Қазақтың кедейі де мұндай қайыршылықты бастан кешкен жоқ. Әлде сендердің мақсаттарың байлық емес, қайыршылық па?..» «Сен – бар болғаны қолшоқпарысың. Ал қожайындар – бас­ қалар, Тарихты жасайтындар да солар. Және олар өздеріне ке­ рек тарихты ғана жасайды...» «Мен үшін ел сенің шындығыңнан да қымбат. Шындық үшін жеке адамдарды құрбан ет, бірақ елді құрбан етуге болмайды...» «Оспан қожа елді алдаса, оған да дін кінәлі емес, діннің ша­риғатын сақтай алмай отырған Оспан қожа кінәлі. Еке­уін шатастыруға болмайды. Шариғаттың үкіметке қарсы жерін көргем­ жоқ. Өтірік айтпау, ұрлық қылмау, адал еңбекпен күн көру, кісіге қиянат жасамау, байлыққа құнықпау, кедейге қа­ йыр, ғаріпке көмек – осының бәрі шариғатта бар нәрсе. Ал мұ­ ның қай жері бұрыс?..» Заманның зұлымдығы шектен шығып, шарықтау шегіне жет­ кенде, жазушы тіпті халықты қан қақсатқан советтік дәуірге бар қаһарын төгіп, оны қарғай бастайды. «Зорлықшыл мемлекеттердің бірін-бірі басып алғысы келе­ тіні секілді, адамдар да бірін-бірі басып алып, биліктерін жүр­ гіз­гісі келеді ғой. Бірақ бұл күресте әмәнда күші басым жеңе бермейді, кейде күштіні әлсіздер де жеңіп кете береді. Ол жол­да әлсіздің ең үлкен қаруы – жағымпаздық». Советтік дәуірдің ұлтымызға тартқызған тауқыметі мейлін­­ ше шынайы жырланған «Өліара» романы жиырмасыншы ға­ сыр­­дың ауқымды эпопеясы ғана емес, барлық уақытта да құн­ дыл­ы­ғын жоймайтын, байлығы ешқашан да сарқылмайтын

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ әдебиетіміздің алтын қазынасы болып қала береді. Романда даралық сипаты бір-біріне ұқсамай кестеленген образдардың тұтас әлемі бар. Ал аласұрған өмір теңізінің үстінде сеңдей соғылысып, жанталасқан адамдардың тағдыры туралы сезіміңді жеткізу тіпті де мүмкін емес. Бәйтен мен Хадишаны бір-біріне ынтызар еткен, ақсүйек ойнаған кеш қандай тамаша?! Ал сол кештен кейін өмірі ажырамастай болған Хадишаның Бәйтен­ ге жасаған опасыздығына күйінген ашу-ызаңды сөзбен қалай жеткізе аласың? Өмірден тірек іздеген қаншама адам зұлым дәуірдің боранында адасып жүр. Жынды Хамзаның трагедия­ лық бейнесі қалай әдемі сомдалған? Романның соңында өмір­ден түңілген Асқар өзіне-өзі қол салып өлмек болғанда, оны ажал­ дан құтқарған сол жынды Хамзаның ақылды адамдардың бәрі­ нен де асқан парасатына қалай қайран қалмайсың? Қоғамның сай­танына айналған Нұрбектің образын талдайтын болсақ, әң­ гі­меміз тіпті ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Бірақ олардың бәрін жіпке тізе берудің қажеті жоқ. «Өліара» романының сол жылдары жазылған басқа туын­ дылардың барлығынан биіктетіп тұрған даралық сипаты тек сонда­ ғана емес. Оқырманның мүлгіп кеткен ойын түртіп оя­ тып, романды­ өміршең етіп тұрған құдіреттің ең ғажайып сыры мүлде басқада. Шығармаға жан бітіріп, оның шырайын келтіріп тұрған ең үлкен құдірет – заманның зұлымдығын әшкерелеуден қаймық­ паған Төленнің ақындық жүрегі. Романның әр бетін парақтаған сайын, зұлымдықпан айқасқан сол ақындық жүректің дірілін айрықша сезіне түскендей боласың. Ғажайып эпопеяны туғызған Төлен талантының даралығы өмір топырағының астында көміліп қалған ақиқатты қазып алып, тарихи дәуірдің зұлым шындығын біздің санамызда қайта тірілте білген шеберлігінде жатыр. Романның соңында «бірінші кітаптың соңы» деген түсі­нік­ теме берілгенімен, біздің ойымызша, Төлен Әбдікұлының бұл шығармасы – аяқталып, соңғы нүктесі қойылған туынды. Інісі

ЖҮРЕК СӨЗІ оқудан келгенде тай сойып той жасаған Асқарды шығарманың соңында сол туған бауыры Бәйтеннің алдына салып айдап әкетіп бара жатқанынан кейін дәуірдің зұлымдығын көрсететін басқа бір деталь іздеудің қажеті шамалы шығар. Тақырыптың түйіні Жазушы Төлен Әбдікұлы – адамның рухын кемелдендіре түсетін­ парасат майданында толайым табысқа жеткен суреткер. Оқырмандардың зор сүйіспеншілігіне бөленген мұндай жеңіс­ ке ол бойындағы таланты, жазу шеберлігі мен өнердегі іздені­ сі­нің арқасында ғана жеткен жоқ. Айласы шексіз, амалы шолақ ғасырда өмір сүрген суреткерді өнердің асқар биігіне көтерген екі қанаты болды – адал махаббат пен адамдық парасат. Өнерді сүйген махаббатына адал болғандықтан, «Өліара» романындағы Асқардай барлық уақытта да ол адам болып қа­ лудың жолын іздеп, даңғойқұмарлықтан, жағымпаздықтан, екі­­­ жүзділіктен, өтірік пен өсектен бойын аулақ ұстады. Шығар­ машылық өмірінің қос қанаты – адал махаббат пен адамдық парасат оны ылғи өнердің аспанындағы шексіздікке қарай ұм­ тылдырды. Өнерге ұлы мақсат қуып келгенімен, армандаған биігіне жете алмай, қанаты қырқылып қалатын қаншама таланттар бар. Және олардың барлығы шығармашылық қуатының аздығынан ғана сол биікке көтеріле алмай қалған жоқ. Өнерді сүйген ма­ хаббаты мен адамдық парасатын жоғалтып алғандықтан олардың қанаты сынып, шығармашылығы өлді. Жүректері таза кезінде біраз биік­ке самғағанымен, уақытқа қызмет ете жүріп олар, пара­ сат күнін тұмшалап тастаған бұлттардың арасында адасып кетті. Жазушы шығармадағы терең ойды ізденіс пен кітаптан ғана емес, ең алдымен рухының тазалығы мен жанының тереңдігі­ нен табады. Көп оқып, көз ізденгенімен, өмірдегі алаяқ, екі­ жүзді, даңғойқұмар, мақтаншақ, пысық, жағымпаз болып туған адамдардың неге кемел дүниелер туғыза алмайтынының себе­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ бін ойланып көрдіңіз бе? Өйткені Алланың алтын сарайындай жарқыраған ұлы Рухтардың қақпасы шығармашылығы был­ ғанбаған, адал махаббаты мен адамдық парасатын жоғалтпаған адамдар үшін ғана ашылады. Әдебиет – адамтануды ғана емес, адам болып қалуды үйре­те­ тін ұлы өнер. Міне, сондықтан да шын талант әдебиетке адам­ дық бастаудың қайнарын лайлайтын қоғамның зұлымдығынан өмір­ді тазарту үшін келеді. Жүрегі оттай жанып, өмірдің зұ­ лым­дығымен күресе алмаған жазушы еш уақытта да адам жаны­ ның сурет­кері бола алмайды. Өнерге берілген адалдығы мен адамдық парасатының арқа­ сында Төлен Әбдікұлы адам жанының суреткері бола білді. Оның қаламынан туған шығармаларында зұлымдыққа қарсы парасат­ майданын ашқан оттың жалыны лаулайды. Сол жалын­ нан қуат алған біздің рухымыз да оның жазған әр шығармасы­ мен бірге кемелденіп, адамдық жолдан тайғанап кетпей, пара­сат майданында­ жазушымен бірге жеңіске жетіп келеді.

ЖҮРЕК СӨЗІ AР-ҰЯТТЫҢ ТЕПСЕҢІ Осыдан отыз жыл бұрынғы бiр оқиға тап кеше ғана көрген түсiмдей әлi күнге есiмнен кетпейдi. 1980 жылдың жылауық жаңбырлы көктемi едi. «Жазушы» баспасынан әкемнiң «Қа­ сиет­тi қас қағым» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрiп, бiздiң кiшкентай пәтерiмiзде ұлан-асыр той болды. Тiптi бұл той, өзiм оқып жүрген ертегiлердегiдей, бiрнеше күнге ұла­ сып, қуанышы қойнына сыймаған марқұм әкем туыстарын, жо­ра-жолдастарын шақырып, кiтабының жарық көргенiн ша­ мамен бiр айдай жуып, алған гонорарын суша шашып жiбердi. Баспахананың иiсi кете қоймаған әкемнiң жыр жинағының сү­ йiншi данасын оқып шыққанымда, құдды сондағы өлеңдердi өзiм жазғандай қуанып, марқайып, мәртебем өсiп кеткендей көңiл күйдiң бесiгiне бөленгенiмдi әлi күнге ұмыта алмаймын. Қалай қуанбайсың? Туған әкеңнiң қатардағы қарапайым ақын емес, шын мағынасындағы асқар шың, үлкен талант еке­ нiн тү­сiнгеннен артық балаға қандай бақыт керек? Әке бала үшiн қашан­ да Темiрқазық-нысана емес пе?! Мүмкiн, сон­ дықтан бо­лар,­ марқұм әкемнiң поэзиядағы жеткен биiгiн бағамдағанымда, өзiмдi асқар таудың шыңына көтерiлген­ дей сезiмдi басымнан­ кештiм. Шынында да, әкемнiң бұл жыр жинағына енген өлең­дердiң бәрi де шықтай таза мөлдiрлiкпен, жiбектей нәзiк сезiм­талдықпен жазылған жауһар жырлар едi. Әлi есiмде. Мылтық атып, зембiлдермен жаралыны көтерiп, окоптардағы қанды соқпақты, оқ пен оттың лаулағанын көрме­ се де, әкемнiң соғыстың салған лаңының бүкiл тауқыметi мен тақсыретiн тартқан, майданнан кейiн туған ұрпақтың траге­ диясын суреттеген бiр өлеңiн оқығанымда, жон арқама кiрпi аунағандай, қойныма суық жылан кiрiп кеткендей тұла бойым түршiгiп сала бергентұғын.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ол ерлiк қой – қан майданда от кешсең, Жауыңменен жағаласып кектессең. Оқ та кешпей, от та кешпей... зардабын Арқалап көр, бiр тамшы қан төкпестен. Соғыс көрмей, көр арқалап зардабын, Көр арқалап, соңындағы салмағын. Сен әкеңнен, сен көкеңнен айырылдың, Сұм соғыстың тауқыметi жан-жағың. Ал көктеп көр, ал бүрлеп көр, қаулап көр, Ал маздап көр, ал лапылдап, лаулап көр. Соғыстан соң... аққан қан мен шыққан жан Құнына сен күнәкардай жауап бер. Сен жауап бер, келер ұрпақ, өтiнем... Дүниенiң тiк қарау үшiн бетiне. Соғыс, соғыс! Тастап кеткен сауалың Жеткiзбейдi шалғайың мен шетiңе.

Өртi, дертi – кетер соғыс зардабы, Кетер кегi, қайғысы да қандағы. Бұл жалғанда жалғыз бақыт – балалық, Менде бiрақ сол балалық болмады. Мылтық атып, мылтық оқтап көрмедiм, Құс құлатып, гүлдi таптап көрмедiм. Соғыстан соң... көрдiм күллi зардабын, Балалағым жоқ дейтiнiм – сол менiң. Ал әкемнiң «Қасиеттi қас қағым» жыр жинағындағы «Қоян­ ды жәрмеңкесi» деген Бiржан сал туралы поэмасы қазақтың дархандығын, мәрттiгiн, ақындығын ерекше бiр шабытпен те­ бiрене толғаған соны туынды едi. Мен осы поэманы оқып шық­ қан соң әкемнiң образ сомдау шеберлiгiне, тiл байлығының

ЖҮРЕК СӨЗІ молдығына таңғалып, қатты сүйсiнгенмiн. Балалық көңiлмен мен әкемнiң бұл жыр жинағының мақталатынына, сыншылар тарапынан лайықты, жоғары бағасын алатынына қатты сенiмдi едiм. Бiрақ бәрi мен ойлағаннан басқаша, тiптi мүлде керiсiнше болды. Бiрнеше ай өткен соң «Қасиеттi қас қағым» сойылға жы­ ғылып, баспасөзде жыр жинағындағы талай-талай тамаша жау­ һар жырлардың мағынасын бұрмалап көрсеткен мақала шы­ ғып, ақынға қолдан қиянат жасалынды. Әкем қатты уайымдап, қайғырып, күйiктен iшiп кеттi. Сонда өмiрiмде ең алғаш рет менiң сәби жүрегiм балапандай бұлқынып, ақынның қайғысын шын түсiнiп, оны қорғай алмаған шарасыздықтан қайта-қайта үнсiз күрсiнген едi. * Сыншы болғандықтан әдебиетiмiздегi, есiмi ел аузында жүр­ ген (мейлi, мақталса да, сыналса да) ақын-жазушылар туралы жазылған мақалаларды жiбермей оқуға тырысамын. «Әдеби басылым жарық көрiптi» деген жаңалықты естiсем, жарғақ құ­ лағым жастыққа тимей, қайтсем де оны iздеп жүрiп, тауып ала­ мын. Өйткенi әдеби процестi бағалау үшiн оның қазанында қандай дүниелердiң қайнап жатқанын бiлiп, саралап отыру ке­ рек. Сонау Астанада жүрген Төлен Әбдiкұлы ағамды қайта-қайта мазалап, ол шығарып жатқан «Өркениет» журналының бiрне­ ше данасын сұратып алдым. Жазушы Тынымбай Нұрмағам­ бетовтiң «Жыланның уы» атты жаңа шығармасын осы басы­ лымнан оқыдым. Кейiннен повестi оқу үшiн бұл журналды ме­нен оқуға Герағаң (Бельгер) сұрап алды. Бiр жас жiгiттер «Алтын тамыр» журналының бiрнеше данасын әкелiп бердi. «Жұл­ дыз» бен «Жалын», о, бұл ендi менiң үнемi қадағалап оқитын журналдарым. Оның сыртында «Абай», «Тұмар», «Шәмшi», «Мұқағали», «Алқа», «Сын», «Жамбыл» журналдары бар. Оларда да бiр жақсы дүние жарияланғанын ұзынқұлақтан ес­ тiсем, достарымнан сұрап алсам да оқып шығамын. Ақын до­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ сым Әмiрхан Балқыбек «Дала мен қала» газетiнiң кең жайлау­ ынан кетiп, «Жұлдыздар отбасы» журналына барғаннан берi ол басылымға да ара-тұра көз қиығымды салып қоямын. Қазiр, Құдайға шүкiр, не көп, басылым көп. Бiрақ, соған қа­ рамастан, бәрiмiз де әдебиет жоқ деп зарлаймыз. Егер шынымен де әдебиет жоқ болса, әдеби басылымдарды балалата берудiң қандай қажеттiлiгi бар? Түсiнбеймiн! Осыдан жиырма жыл бұрын әдеби басылымдарға берген дү­ ниемiздiң жарық көруiн жүрегiмiз лүпiлдеп, тағатымыз таусы­ лып, айлап күтетiн едiк. Бүгiн – заман басқа. Жазған дүниең бiр әрпi өзгерместен, ешқандай да сын айтылмастан, сол қалпында, бүгiн берсең – ертең жарық көредi. Ақша төлемегенi болмаса, шығармашылықпен айналысқысы келген адам үшiн нағыз ком­ мунизм заман орнады. Рахат! Тiптi бәленбай беттi немен толтырарын бiлмей сасқан әде­ би басылымдардың редакторлары қайта-қайта хабарласып, ма­ териал сұрап мазаңды алатынын қайтерсiң? Кейбiр басылым­ дар саған ескертпей, рұқсат сұрамай-ақ, бұрын-соңды бiр жерде шыққан әдеби дүниеңдi көшiрiп баса беретiн болды. Мысалы, менiң «Қазақты сүю» атты мақаламды он шақты газет көшiрiп басты. Жарайды, қазақтың игiлiгiне жараса, жариялай берсiн. Рұқсат! Әрине, бiрдеңенi бiр жерден аударып немесе көшiрiп басса да, тәуелсiздiк пен демократияның арқасында өмiрге келген га­ зет-журналдарда шыққан дүниелер ұлтымыздың санасын өсiру­ ге қызмет етiп, жүрегiмiзге сәуле құйып жатса – нұр үстiне нұр. Алайда керiсiнше, бәрiн жаппай жамандап, танымы терең, па­ расаты жоғары ұлтжанды азаматтарымыз туралы жалған ұғым қалыптастырып, халықтың санасын улап жатса ше? Кешiрiңiз, ондайда қуанатын ештеңе жоқ. Мұндайда iшiмiзден иманымыз­ ды үйiрiп, ұлы Жаратушыдан артының қайыр қылғанын жалба­ рынып сұрағаннан басқа iстер амалымыз кем. Өйткенi демокра­ тия заманында кейбiр басылымдар, басқаны былай қойғанда, қазақтың ұлы ақыны Абайды әжуалап, мазақ қылып, ағаш ат­ тың басына мiнгiзiп қойса да, баяғының қатындарындай жер

ЖҮРЕК СӨЗІ тепкiлеп, «ойбайлағаннан» басқа, олардың бұл терiс әрекетi мен арам пиғылын тоқтата алатын дәрменiмiз жоқ. Өкiнiшке қарай, келешекте ұлтымызды соры қайнаған батпаққа батыра­ тын мұндай төбет тоқтығына мәз басылымдардың жаңбырдан кейiнгi саңырауқұлақтай қаптап кетуi қазақтың санасын тұман­ дандырып, жас ұрпаққа керi әсерiн тигiзiп барады. Байқайсыз ба, тәуелсiздiк алған жылдардың iшiнде қазақ қоғамында­ қара күйе жағылмаған, ұрдажық солақай сыншылар­­ дың сойылына жығылмаған бiрде-бiр саяси қайраткерiмiз бен ақын-жазушымыз қалмады. Тiрi таланттарымыздың көзiне көк шыбын үймелетiп, өлгендерiнiң аруағын күңiрентiп, екi дү­ ниенiң рухани­ әлемiнiң астан-кестенiн шығарып, улатып-шу­ латып жатырмыз.­ Бәрiн шетiнен жоққа шығарып, азаматты­ ғы­нан мiн таба алмасақ, шығармашылығынан әйтеуiр бiр ақау тауып, жыр шайыры Жұматай жырлағандай, «ақын өлтiру ойынына»­ бiлегiмiз­дi сыбанып, шындап кiрiсiп кеттiк. Осылай­ ша ұлтымыздың бiр­туар азаматтарының бәрiн шетiнен ойнас­ шыл, алқаш, рушыл, тоғышар, көргенсiз етiп шығардық. Ақыр соңында ұлы Абайымыздың аруағын қорлап, жала жа­ уып, оны есi ауысқан наркоман, дiнiн сатқан азғын етiп көрсе­ тiп, өлген әкемiз тiрiлiп келгендей қуанып, мәз-мейрам болдық. Құдайым-ау, қалың елi қазағының қамын ойлап, тiрiдей тозаққа түсiп, құсалықтан өлген ұлтымыздың пайғамбары Абайға шейiн тiл тигiзген бiздiң бойымызда ендi адам сүйерлiк қандай қасиет қалды? Қандай?! * Таяуда қаладағы дүңгiршектердiң бiрiнен шекесiне «әдебиет, мәдениет және өнердiң газетi» деп жазылған «Үш қоңыр» деген жаңа басылымға көзiм түсiп, сатып алдым. Алайда осы басылымдағы өз басым шығармашылығын жоғары бағалайтын ақын Темiрхан Медетбектiң поэзиясын барынша құбыжық етiп көрсетуге тырысқан «Тепсеңсiз қалған Темiрхан» деген көлем­ дi мақаланы оқып шыққанымда, мұндай да жала жабушылық­тың 12-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ болатынына қайран қалып, төбе шашым тiк тұрып, жағамды ұстадым. Жалаңаш тәнiме бiреу мұздай су құйып жiбергендей тұла бойым түршiгiп кеттi. Ашу-ызам келiп, қаным қайнады. Мақаланы бiрнеше рет оқып шыққан соң менiң бiр нәрсеге көзiм анық жеттi. Мақала авторы Бегдiлда Алдамжардың мұн­ дай дүниенi жазғанда бiр-ақ сұмырай мақсатты көздегенi. Ол – Темiрхан өлеңдерiнiң тонын терiс айналдырып, поэзиясын ман­ сұқ етiп, оның ақындығын жоққа шығару. Мақаланың ақынға деген өшпендiлiктен құрылғаны, жо, жо, жоқ, дәлiрек айтсақ, сыншының Темiрханға қатты өшiгiп алғаны соншама, ондағы айтылған әр ой жыр сүлейiнiң жүрегiне тiкенектей қадалатын сөйлемдерден тұрады. Бегдiлда Алдамжар: «Темiрхан не тура­ лы жазса да, жадағай публицистиканың, жамиғатнаманың же­ тегiнде кете бередi», – деп ақынды кiнәлайды. Осы пiкiрдi оқыған соң Бегдiлда Алдамжардың күрескерлiк поэзия мен жадағай публицистиканың арасын ажырата алаты­ нына қатты күмәндана бастадым. Әлiмсақтан белгiлi. Өлең – өлi мүсiн емес, мынау қоғамда, тiршiлiкте болып жатқан айқаспен, талас-тартыспен қоян-қолтық араласып жатқан жанды дүние. Олай болса, өмiрдiң қара қазанында қайнаған өлең табиғатында публицистика элементтерiнiң болмауы мүлде мүмкiн емес қой. Менiң сөзiме сенбесеңiз, қазақ поэзиясының тарихына на­ зар салыңыз. Бұқар жырау, Доспамбет, Шалкиiз, Махамбет, тiп­тi поэзия пайғамбары ұлы Абайда да публицистикаға жат­ қызуға болатын шығармалар жетiп артылады. Орыстың ұлы ақы­ны Пушкиннiң декабристерге арнап жазған өлеңiнде пуб­ лицистиканың элементтерi жоқ деп айта аламыз ба? Әдiлiне жүгiнсек, әлем әдебиетiндегi ұлы ақындардың қай-қайсы да өз заманында болып жатқан оқиғаларды өлең-жырларына арқау еткен.­ Мәселе, сол оқиғаны ақынның қалай жырлауында және оны мәңгi өлмейтiн шығармаға айналдыра бiлуiнде емес пе? Жыр абызы Бұқар жырау: Ай, заман-ай, заман-ай, Түстi мынау тұман-ай,

ЖҮРЕК СӨЗІ Iстiң бәрi күмән-ай! Баспақ-тана жиылып, Пада болған заман-ай. Құл-құтандар жиылып, Құда болған заман-ай. Арғымағын жоғалтып, Тай жүгiрткен заман-ай. Азаматын құлатып, Жұрт талық болған заман-ай! – деп керi кетiп бара жатқан заманның шындығын ашына тол­ ғады емес пе. ХVIII ғасырда дүниеге келген осы жыр өзiнiң өмiр­шеңдiгiн жойды ма? Қайта, керiсiнше, Бұқар бабамның осы толғауы қоғамы да, адамы да азып-тозып, ұсақталып бара жатқан бүгiнгi заманның көрiнiсiн соншалықты дәл берiп тұрған жоқ па. Ең қызығы, Әбу Сәрсенбай, Әбдiлда Тәжiбаев, Герольд Бель­гер, Мұхтар Мағауин, Жұмекен Нәжiмеденов, Әбiш Ке­ кiлбай, Ғарифолла Есiм, Кеңшiлiк Мырзабеков, Дәуiтәлi Стам­ беков, Серiк Тұрғынбекұлы, Исраил Сапарбай, Тынымбай Нұр­мағамбетов, Жәркен Бөдеш, Бекен Ыбырайымұлы, Серiк Ақсұңқарұлы, Тұрсынжан Шапай, Аманхан Әлiм, Сайлаубек Жұмабеков секiлдi әдебиетiмiздiң айтулы тұлғалары талантын құрметтеп, шығармашылығын жоғары бағалаған, оқырман қа­ уымға оннан астам жыр жинағын берген Темiрхан Медетбектiң шалқар поэзиясынан Бегдiлда Алдамжардың мақтауға тұрар­лық жiбi түзу бiр өлең таба алмағанына қайран қалдық. Осыдан соң Бегдiлда Алдамжардың бұл мақаланы Темiрхан Медетбектiң шығармашылығын талдағысы келген мақсатпен емес, ақынға деген бiр өшпендiлiк ниетпен жазғанына еш күмәнiмiз қалмады. Олай дейтiн себемiз, осыдан бiраз уақыт бұрын, дәлiрек айт­сақ, 2005 жылғы «Жұлдыз» журналының үшiншi санында жарық көрген «Темiрханның тепсеңi» атты мақаласында Бегдiлда Алдамжар ақын Темiрхан Медетбектiң поэзиясы туралы мүлде басқа мағынадағы пiкiр айтып, тiптi оның шығармашылығын өте жоғары бағалаған болатын. Осыдан соң оқырман қайта-

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ қайта құбылып, бүгiн бiр ақынның шығармашылығын мақтап, ертең оны түкке тұрғысыз етiп жамандай салатын Бегдiлда Ал­ дамжардың қай сөзiне сенуi керек? Шындығын айтсақ, бiз әрi­ сi әлем мойындаған Шыңғыс Айтматовтың прозасына, берi­сi қазақ әдебиетiнiң ұлы ақындары Мұқағали, Жұматайлардың поэ­зиясына шүйлігіп, классик жазушыларымыз Әбдiжәмiл Нұр­ пейiсов пен Әбiш Кекiлбайлардың шығармашылығын түкке алғысыз етіп, жоққа шығарып, бүгiн бiреудiң шығармашылы­ ғын мақтаса, онымен ерегіскен күннің ертеңіне өзгеріп салып, қайтадан жамандап шыға келетiн Бегдiлда Алдамжардың мақа­ ласын жерден жетi қоян тапқандай, қуана-қуана, айғайлатып жариялаған «Үш қоңыр» басылымының қандай мақсатты көз­ дегенiн түсiне алмадық. Қалай болған күнде де, олардың Те­ мiрхан туралы мақаланы әдебиетке деген жанашырлық пиғыл­ мен жарияламағаны бесенеден белгiлi. * 2005 жылы «Жұлдыз» журналының №3 санында жарық көр­ген мақаласында Бегдiлда Алдамжар өз замандастарының тымырсық кезеңде әдебиеттiң табалдырығынан аттағанын сөз ете келiп: «Солардың iшiнде мен өз тепсеңiн, тебiндiгiн, маңыр өрiсiн, қозғайтын тақырыптарын, басқа қатарлары құсап қа­ лың тобырдың ортасына түсiп ап, алдыңғы алпысыншы топтың шаңына малтығып қала бермей, өзiнше табуға тырысқан, кейiн­ нен соны тапқан да Т. Медетбеков пен К. Мырзабековтiң есiмде­ рiн арнайы атар едiм...» – деп бiраз көсiлiп алып, ойын әрi қарай былай сабақтайды: «Бұл жерде Темiрханның өз замандастары­ на қарағанда, өз стилiн қалыптастырған кезде ешкiмге барынша ұқсамау, жаңа жайылым, жаңа тепсең табу, соған орай бұрынғы «күйдiм-сүйдiм», көктем, самал, бұлт, жел, аққу, айдын, Алатау, мөлдiр махаббат, адал достық, т.б. дегендердiң құрсауында қалып қоймай, тақырыптың аясын барынша кеңейтудiң керегiн қатты есiнде ұстағандығын баса айту қажет. Оны әр кездерi Темiрхан

ЖҮРЕК СӨЗІ өлең туралы өз «программасын» айқындайтын өлеңдерiнде анық көрсетедi... Ол баяғы әсiре қызыл романтиктерше «ақша бұлтқа» мiнiп ап, жерге әжуалай қарамайды және жердiң қойнауына кiрiп ап, орта ғасырлардағы софыларша бұ дүнияның қызығынан баз да кешпейдi, оның екi аяғы жер бетiнде нық тұр. Ол бертiнiректе жазған бiр өлеңiнде де өзiнiң өлеңдерi туралы ойлана келiп: Өлең деп мен келемiн, Содан жол боп таралғам. Менiң әрбiр өлеңiм Топырақтан жаралған, – деп ашық айтады. Мұндағы топырақ – туып-өскен жер, туған ауыл, одан әрi Отан, стиль жағынан – нақтылық, поэзиядағы ре­ ализм, күнделiктi тiршiлiкке тән iрi-iрi мәселелердi қозғау, мұны одан да әрмен алып қарастырғанда, ол ежелгi пәлсапа бойын­ ша жер бетiндегi күллi тiршiлiктi дөреткен, соны дамытып, бе­ кем ұстап тұрған негiзгi төрт заттың, төрт элементтiң бiрi. Ол топырақтың өзiнше иісi, өзiнше қасиетi бар... Поэзияда өзде­ рiн өзi жиi қайталап, өз беттерiн көмескiлеп алған алпысыншы жылғы ұрпақтың тоқырауға ұшыраған тұсында (?) өлең жаза бастаған Темiрхан шайырдың олардан өз iргесiн бөлектеп тiгiп, олардың өмiрi үш ұйықтаса да түсiне де енбейтiн мұнай мен газ­ ды, телемұнара мен телайнаны, Маңғыстаудың ала шаңы мен ап­ табын, Түркiстанның базары мен қауын-қарбызын, телеграфтың сымы мен «қос құлағы едiрейiп тұрған» антеннаны, шақырымдар мен нүктелердi, т.б. негiзгi тақырыбы етiп алуы, көп тобырдың iшiнен аулақ, жырылып шыға бiлген даралығын, өз стилiне ме­ тафора мен тосын теңеудi бiрден-бiр азбырай етiп алғанын, өзiн толғандырған өз тақырыбы, өз мәселесi барлығын тайға таңба басқандай етiп көрсетедi. Бұл жағынан алғанда, Темiрхан 70-жылғы ұрпақтың арасында мүлдем оқшау тұр» (Қараңыз: «Жұлдыз» журналы, №3. Бегдiлда Алдамжар. «Темiрханның

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тепсеңi», 2005 жыл, 171-бет), – деп жер-көкке сыйғызбай дә­ рiптесе, «Үш қоңыр» газетiнде шыққан мақаласында ол өзiнеөзi қайшы келiп, жоғарыда мақтаған өлеңдi мүлде басқаша түсiндiрiп, төмендегiдей пiкiр айтады: «Дегенмен де, бұл арада дәлелсiздiк жетерлiк. Бiрiншiден, «өлең деп келе» жатса да, содан өзiнше «жол болып тарал­ дым» деуi шындыққа сәйкес емес. Бүгiндерi қазақ поэзиясын­ да Темiрханның салған өз жолы деген түсiнiк жоқ. Екiншiден, «әр өлеңiн топырақтан жаралған» деп түсiнетiн ол әлгi заттың рухтанбағанын, жансыздығын, оның рухани дүнияға айнал­ май, шикiзат күйiнде ғана қалып қойғанын ескермейдi. Бұл арада басқаша қисындасақ, әлгi әдеби материалға жан беретiн жазушының өз ыстығы, өз демi, өз жаны жоқ. Сол себептен оның «топырақтан әр өлеңi» шын мәнiнде жаралған емес, ав­ тордың өз қолымен олпы-солпы түрде жасалған шикi дүния ретiнде ғана көрiнедi. Жалпы Темiрханның бұл жерде алып отырған топырағы белгiлi бiр жерге тән мәудуәт емес, керiсiнше ол иісi, әдiрiсi, түрi-түсi, иқылымына орай болатын хәрәраты жоқ мүлдем жалпылама, дерексiз бiрдеме. Оқушы қауым он­ дай дере­гi жоқ «тексiз» (?) топырақты жер бетiнiң кез кел­ ген жерiнен тауып та алады. Оған орай күшпенен, олпы-сол­ пы етiп әрең құрастырылған «арық-тұрық» өлеңнiң жолдары да дерексiз. Оның туған жердiң топырағы туралы жазғандары сыртқы әсер, сыртқы бутафория сықылды ғана көрiнедi. Ол туып-өскен жерден­ кез келген кiсiнiң алатын қуатын, адам жа­ нында өмiр бойы соның өшпей, әлсiремей жүретiн әсерiн, жалпы жағрафиясын күллi жалпақ жаһанға телiп жiберуге тырысады. Соның салдарынан оның әдеби кейiпкерлерi кәдiмгi қара жердi басып жүрген екi аяқты, бiр басты пенде ретiнде көрiнбейдi және оны қарапайым кiсiлердiң ой-толғамы, тiршiлiгi, дүниенi сезiнуi, оны түсiнiп бiлуi онша қызықтыра бермейдi. Темiрхан олар жайлы сырттай ғана сөз етедi. Бiрақ оның өлеңiндегi әдеби кейiпкерлердiң мағлұматы көп, ол бiр ғана алақандай ауылының кiшкене мәселесiнен күллi әлемнiң үлкен мәселелерiне қарай ойыссам деп, жалқы мен жалпының бiр-бiрiне сары майдан қыл

ЖҮРЕК СӨЗІ тартқандай етiп ұласқанындай бiр қалыпқа енгiзе алмайды» (Қараңыз: «Үш қоңыр» газетi, 2010 жыл, №5, Бегдiлда Алдам­ жар. «Тепсеңсiз қалған Темiрхан»). «Үш қоңыр» газетiнде жарық көрген мақаланы оқып шық­ қанда бiздiң көзiмiз бiр нәрсеге анық жеттi. Сыншымыздың бұл басылымға берген материалы жаңадан жазылған дүние емес, ол 2005 жылғы «Жұлдыз» журналында жарық көрген ма­қа­ ласының тонын терiс айналдырып, редакциялап, жұртты ша­ тастырып, бұрын аузының суы құрып мақтаған өлеңдерiн ендi терiстеп, жамандап, басылымға бере салған. Сенбесеңiз, салыс­ тырып көрiңiз: «Бұл жерде және бiр айтарлығы – Темiрхан не туралы жаз­ са да, жадағай публицистиканың, жамиғатнаманың жетегiн­де кете бермейдi, оның қандай өлеңiнен де шайырдың шынайы суреткерлiгi анық көрiнедi. Әсiресе, оның көзi Жапонстан­ да жасалған фотоаппараттың объективiндей өте-мөте қырағы әрi ол жылт еткен ең бiр ұсақ нәрсенiң өзiн жадына хаттай етiп жазып ала қояды. Және бiр ерекшелiгi, оның метафоралары мен теңеулерi, жалпы көркемдейтiн азбырайы қазақ өлеңiне НТР-дың нобайы, көлеңкесi ретiнде кiрмей, ол қазақтың төл топырағына табан тiрей отырып, өзгеше бiр өң алады. Бұл жа­ ғынан келгенде Темiрханды, сөз жоқ, қазақ лирикасының ор­ нығып, қалыптасуына үлкен үлес қосқан алпысыншы жылғы ұрпақтың тоқырауға ұшырап (?), тараң тақырыптың аясынан шыға алмай, өз тепсеңдерiн тоздыра бастаған шағында, соған қарсы iстелген әрекет ретiнде неше алуан тақырып пен жаңа­ шыл поэтиканы қазақ өлеңiне алып келген жаңашыл шайыр деп айтуға толық хақымыз бар. Әрине, мұндай үлкен талаптың кейде эксперимент дәрежесiнде қалып қоятын кездерi болады, бiрақ Темiрханның темiрдей метафораға толы өлеңдерi одан iргесiн аулақ салып жатыр. Оның өлеңдерiнде тың бояу, соны теңеу, жаңа метафоралар жыртылып айырылады: Глобус тұр алдымда монтиған киiз үйiмдей…

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Ондағы уық, кереге – бойлықтар мен ендiктер… Төңкерiп апты шаңырақтай Солтүстiк Мұзды мұхитты… Темiржолдар созылған пулеметтiң лентасындай… Жатқан сынды темекiсiн тұтатып, қайта-қайта найзағайын жағады…

Қауiптенiп тұрды үңiлiп аспанға трубалар тiк шаншылып дүрбi сап... Мұндай ажарлы жолдарды оның дүниелерiнен көптеп таба беруге­ болады. Бұл жерде және бiр айта кететiн нәрсе – шайыр­ дың бұрынғы тозған эстетикадан мүлдем бас тартып, поэзияны тек қана тiршiлiктегi сирек кездесер тек қана асқан жағдайлар­ дың қалтарысынан iздемеуi» (Қараңыз: «Жұлдыз» журналы, 2005 жыл, №3, Бегдiлда Алдамжар. «Темiрханның тепсеңi». 172-бет). Ендi оның 2005 жылы «Жұлдыз» журналында айтқандарын сәл-пәл ғана редакциялап, мүлде басқа пiкiрге айналдырып жi­ берген «Үш қоңыр» газетiнде жарық көрген мақаласындағы мына бiр «шеберлiгiне» назар аударайық: «Темiрхан не туралы жазса да, жадағай публицистиканың, жамиғатнаманың жетегiнде кете бередi. Оның көзi Жапонстанда жасалған фотоаппарат­тың объективiндей қырағы әрi ол жылт еткен ең бiр ұсақ нәрсенiң өзiн жадына хаттай етiп жазып ала қояды. Бiр ерекшелiгi, оның метафоралары мен теңеулерi, жалпы көркемдейтiн азбырайы қазақ өлеңiне НТР-дiң нобайы, көлеңкесi ретiнде ғана кiрiп, қа­зақтың төл топырағына табан тiрей алмайды. Бұл жағынан келгенде, Темiрханды, сөз жоқ, қазақ лирикасының орнығып, қалыптасуына үлкен үлес қосқан алпысыншы жылғы ұрпақтың

ЖҮРЕК СӨЗІ тоқырауға ұшырап (?), тараң тақырыптың аясынан шыға алмай, өз тепсеңдерiн тоздыра бастаған шағында, соған қарсы iстелген әрекет ретiнде неше алуан тақырып пен жаңашыл поэтиканы қазақ өлеңiне алып келуге тырысушылардың бiрi ретiнде көрiнедi. Әрине, мұндай үлкен талаптың кейде эксперимент дәрежесiнде қалып қоятын кездерi де болады. Өкiнiшке қарай, Темiрханның темiрдей метафораға толы өлеңдерiнiң одан iргесiн аулақ сала алмай жатқан жерлерi жетерлiк: Глобус тұр алдымда Монтиған киiз үйiмдей... (?) Ондағы уық, кереге – бойлықтар мен ендiктер… Төңкерiп апты шаңырақтай (?) Солтүстiк Мұзды мұхитты…

Темiржолдар созылған пулеметтiң лентасындай…

Жатқан сынды темекiсiн тұтатып, қайта-қайта найзағайын жағады… Қауiптенiп тұрды үңiлiп аспанға трубалар тiк шаншылып дүрбi сап... Мұндай өрескел теңеулер мен метафоралары бар жолдар­ ды оның дүниелерiнен көптеп таба беруге болады. Темiрхан­ ның бұрынғы тозған эстетикадан мүлдем бас тартып, поэзия­ ны тiршiлiктегi сирек кездесер тек қана асқан жағдайлардың қалтарысынан iздеймiн деп, «антиэстетикашыл» бола қалуы» (Қараңыз: «Үш қоңыр» газетi, 2010 жыл, №5). Осыдан бес жыл бұрын жазған мақаласында Бегдiлда Ал­ дам­жар: «Бұл жерде және бiр айталығы, алпысыншы жылдар­ ғы буындардың поэзиясына аса сыршылдық, жеке бастың «ме­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ нiнен» аса алмайтын субъективизм басым болса, Темiр­хан­да, керiсiнше, «мен» деп бiрiншi жақпен емес, «ол» деп үшiн­шi жақпен сөйлеу, негiзгi мәселеге сырттан көз тастау, бас­қаша айтсақ, объективизм басым. Кейде бұл қасиеттiң оның өлең­ дерiнiң температурасын аздап түсiрiп кете беретiн жерлерi де жоқ емес, бiрақ шайырдың объектiнi мүлдем басқаша тосын қырынан көре бiлетiн көзi әлгi «олқылықтың» бәрiн толтырып, «кемшiн» нәрсенi компенсациялап тұрады. Бiрақ бұл автордың өз позициясы, ұстанған тарапы жоқ деген сөз емес, ол шайырдың қай дүниесiнде де анық көрiнiп жатады. Мiне, осы шарт оның өлеңдерiнде азаматтың ел, халық, қауым алдында айтар үлкен сөзiне әкеп ат басын тiреттi...» – дей келiп, ақынның «Ста­ лин өлген күн» дейтiн өлеңiн жер-көкке сыйғызбай мақтайды (Қараңыз: «Жұлдыз» журналы, №5, 173-174-беттер). Ал «Үш қоңыр» газетiнде жарық көрген мақаласында Бег­ дiлда Алдамжар осы айтқандарының бәрiн жоққа шығарып: «Ол кейiпкердiң қоғам iшiндегi белсендiлiгi дегендi де бiржақ­ты түсiнедi. Ондай қауымшыл кейiпкер үшiн жеке бастың тұр­мыстiршiлiгi, уайым-қайғысы, күйзелiс-толғанысы, т.б. мүл­дем жоқ сықылды...» – деп, басқа өрiске шығып кетедi деп, Темiрхан­ ның «Сталин өлген күн» дейтiн өлеңiн, бұрынғы мақтаған сөз­ дерiнiң өңiн терiс айналдырып, түкке алғысыз етiп сынап шыға­ ды (Қараңыз: «Үш қоңыр» газетi, 2010 жыл, №5). Егер де «Жұлдыз» журналындағы мақаласында: «Қалай десең де, Темiрхан қазiр әбден толысқан шағында тұр. Бүгiндерi оның маңыған өрiсi де, тапқан тосын тепсеңi мен жайылымы да қалың оқушы жұртшылық пен әдеби сынға ап-анық. Ендi ол қалай қарай бағыт алады, қандай өрiске қарай маңиды, қандай тақырыптарды көтередi – оны болашақ көрсетедi. Әзiрге ай­ тарым – Темiрхан шайырдың өз қатарынан оқшау шығып, тiп­ те жеке-дара жайылған тепсеңiнен тапқан олжасы жетерлiк. Мен сол қыруар жүктiң iшiнен қолыма iлiккен ең басты-басты дегендерi туралы ғана айттым. Қалған жүк жөнiнде әдеби сы­ нымызда әлi талай сөз бола беретiнi хақ. Оған менiң заманда­ сым, шынайы шайыр Темiрханның жинаған әдеби жүгi толық

ЖҮРЕК СӨЗІ объект бола алады» (Қараңыз: «Жұлдыз» журналы, 2005 жыл, №36, 177-бет), – деп аузын ашып, көзiн жұмып, оның поэзия­ сын аспандатып жiберсе, бес жыл өткеннен кейiн «Үш қоңыр» газетiнде: «Қалай десең де, бүгiндерi Темiрханның тебiнiнiң тозғаны, тепсеңсiз қалғаны әдеби сынға ап-анық көрiнiп тұр. Әзiрге айтарым, Темiрханның өз қатарынан оқшау шығып, же­ ке-дара жайылсам деп таппақ болған тепсеңiнен тапқан «ол­ жасы» өте аз... Ол көбiне сол замандағы баспасөз бетiнде жиi айтылып,­ әбден жауыр болған жағдайларды жерден жетi қоян тауып алғандай көрiп, еш ойланып-толғанбастан қағаз бетiне түсiре берген, түсiре берген! Ең қиыны – ол өте салақ жазады, өлеңдi қарапайым етем деп, мүлдем тұрпайы қарабайырлықтан арыла алмайды» (Қараңыз: «Үш қоңыр» газетi, 2010 жыл, №5), – деп, ақынның поэзиясын көрге тыққысы келедi. Жарайды, осы да жетiп қалар. Оқырманның алтын уақытын алып, мысалдарды әрi қарай келтiре берудiң мағынасы жоқ. Байқаған шығарсыздар, отандық филологияда поэзияны Бег­ дiлдаша сынаудың жаңа тәсiлi ашылды. Яғни, бұрын бiреудi мақтаған мақаланың тонын терiс айналдырып жiберсең, поэ­ зияны Бегдiлдаша сынау болып шыға келеді. Мұндай тәсiлмен айды аспаннан бiр-ақ келтiрiп, қазақ ақындарының бәрiнiң әке­ сiн танытуға болады. Мiне, сондықтан бұрын-соңды Бегдiл­да­ дан мақтау естiген ақын-жазушылар болса, ол табыстарына ма­ сат­танбай-ақ қойсын. Ретi келсе, оның өңiн айналдырып, мүл­де басқа мақала жасап жiберуге болатынына көздерiңiз жет­кен шығар. * Мен Темiрхан Медетбектiң шығармашылығымен сонау бала кезден бері жақсы таныспын. Ол – өте талантты, үлкен ша­ йырлардың көлеңкесiнде қалып қоймай, қазақ поэзиясына өзiне тән үнiн алып келген ақын. Осыдан он бес жыл бұрын жазған «Ақындық тағдыр – ақ қайың» атты Темiрхан Медетбектiң поэзиясы туралы жазған мақаламда бұл туралы егжей-тегжейлi

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ айтқанмын да. Өкiнiшке қарай, Темiрхан Медетбектiң по­ эзиясын сөз қылып жүрген әдебиетшiлер әлi күнге шейiн (әлде инерциямен­ бе, әлде ақын шығармашылығын дұрыс оқы­ма­ ғандық­тан ба?) «оның өлеңдерiнде темiр ғасырдың тегеурiнi бар» деген сыңайдағы бiржақты пiкiрдi қайталаудан жалық­пай келедi. Құдды Темiрхан тек қана телемұнараны, космосты, НТР-дi, т.с.с. тақырыптарды ғана жырлаған секiлдi. Жоқ, бұл – мүлде түбегейлi қате пiкiр. Француздың белгiлi ақыны Лотреамонның: «Поэзияны бү­ кiл тiршiлiк туғызуы қажет», – дегенi рас болса, сол тiршiлiктiң қара қазанында қайнап жатқан өмiрдiң Темiрханға ғана емес, сол дәуiрде өмiр сүрген кез келген ақынның шығармашылығы­ на әсер еткенi айдай ақиқат. Ол тақырыптарды Темiрханның замандастарының бәрi де жырлады. Расында да, Темiрханның бұл тақырыптарға ерекше назар аударған кездерi болды. Алай­ да осыған қарап Темiрханды тек жадағай публицистиканың жетегiнде кетiп қалған ақын ретiнде бағалау оның поэзиясына жасаған қиянат болар едi. Ертеректе жазған ақынның «Күзгi көңiл» деген өлеңiне назар аударып көрiңiзшi: Күз жылайды күнiмен, күз жылайды түнiмен, тұнжырайды күнiмен, тұнжырайды түнiмен. Жұмсақ, бiрақ ап-ауыр дыбысы оның қосылар кеудемдегi сарғайған сағыныштың үнiмен. Күз жылайды күнiмен, күз жылайды түнiмен.

Қайда кеткен, бiлмеймiн, жүректегi құс әнi, жалғыздықтың құшағы менi келiп қысады. Сағыныштың саздары дiр еткiзiп денемдi, Жапырақ боп үзiлiп, жапырақ боп ұшады. Ойларым да дәл қазiр ойларындай ғарiптiң, Көздерiне үңiлем санамдағы жарықтың. Тұман түсiп кеудеме, арман менен үмiттiң ұшатұғын, қонатын аэропорты жабық тұр. ЖҮРЕК СӨЗІ Тұла бойды қыздырып шабыт болып жанбайды от, қол созым жер көрiнер шексiз алыс, шалғай боп. Көкiректен ұшатын жырларым да шып-шымыр бүрiседi үрпиiп бұтақтағы торғай боп.

Салым суға кеткендей мұнша неге жабықтым, қайда кеткен, бiлмеймiн, жалын оты шабыттың. Жүрегiмнiң үстiне жапырақтар үзiлiп, жүрегiмнiң үстiне күзгi жаңбыр жауып тұр. Мiне, шеберлiк! Жiбектей нәзiк лиризммен жазылған осы бiр шап-шағын өлеңнiң тарыдай қауызына ақын жанын жегi­ дей жеп, тыныштық тапқызбаған жалғыздықтың әуенi мен сағы­ ныштың сазын қалайша асқан шеберлiкпен сыйғызып жiбер­ ген десеңiзшi! Жылауық жаңбыр, тұнжыраған аспан, жерге тө­гiлген жапырақтар, бұтақтағы үрпиген торғайлар секiлдi табиғат көрiнiстерiн ақын сырттай ғана шолып, бақыламайды, оны сынағын салған жалғыздықтан қамыққан, күзгi күндегiдей көңiл күйiмен әдемi үйлестiредi, адамды терең ойға батыра­ ды. Өлең жүрегiңдi дiр еткiзiп, сенi бейне бiр тұңғиық сезiмнiң шыңырауына тастап жiбергендей болады. Мiне, сондықтан да Темiрханның «Күзгi көңiлi» табиғаттың сыртқы көрiнiсiн ғана сипаттаудан аса алмаған кейбiр ақындардың өлеңдерiндей өлi сурет емес, адамды толғандыратын тiрi картина болып шыққан. Поэзиядағы ғана емес, жалпы өнердегi нағыз суреткерлiк дегенiмiз, мiне, осы. «Көзi көрген дүниелердi, оған бiр кере­ мет ой бiтiре алмай, сол қалпында салған живописшiнiң алды­ на қойған заттардың бәрiн сол қалпында көрсететiн айнадан айырмашылығы жоқ...» дегендi Леонарда да Винчи айтқан. Жалпы Темiрханның шалқар поэзиясында мұндай табиғат пен адамның арасындағы гармониялық үндестiктi керемет ше­ берлiкпен үйлестiре бiлген лирикалық туындылар өте көп. Ол ылғи да адамды ойландыратын өлеңдер жазады. Солардың бiрi әрi бiрегейi ретiнде ақынның ақ қайыңға арнаған өлеңiн айтуға болады. Ақындардың қайыңға арнап жазған талай өлеңiн оқып

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ жүрмiз ғой. Алайда Темiрханның қайыңға арнаған өлеңi, қазақ­ ты айтпағанда, әлем әдебиетiндегi ұлы ақындардың ешқайсысы­ ның да жазғанына ұқсамайтын ғажайып, соны туынды: Өсiп тұр қара батпақта, жаралған сынды жарқылдан ақ қайың аппақ соқпақтай, аспанға тiп-тiк тартылған. Құлпырып тұрған көктемде тiрлiкке ол толғам ой салар, желпiнер сонсоң кеткендей аралап бойын найзағай. Денесi оның – жастық ән, денесi оның – ақ сүт нұр Батпақты жердiң астынан прожекторым шапшып тұр. Өмiрге, сiрә, қандым ба, өтермiн оны кешiп бiр. Дәл менiң көзiм алдында сұлулық сыңсып өсiп тұр.

Балтырын орап гүлдерге, бауырын бұлттың иiткен, барады ол алғы күндерге қанатын қағып биiктеп. Әлi де қанша тамсанып, қабақты жазам түнерген, ЖҮРЕК СӨЗІ ақ қайың болып ән салып, ақ қайың болып күлем мен.

Өзегiн тiлiп бұлттың да, жағады нөсер шақпағын. Жерiмнен өсiп шығып тұр аспанның аппақ соқпағы, арманның аппақ соқпағы. Бұл тақырыпты жырлаған Афанасий Фет пен Мағжанның поэзиясында қайың қайғыны, мұңды сездiредi. Мұқағалида өмiр мен өлiмнiң ортасындағы аллегория, Роберт Фрост үшiн қыз­ғалдақтай құлпырған дүние болса, Темiрханның жырлаған ақ қайыңы қуанышы мен шаттығы мол жаңа өмiрмен тамырла­ сып жатқан тiршiлiктiң символы iспеттес. Ақынның лирикалық шығармасындағы «көктi әнге толтырып», «балтырын гүлге орап», «қанатын қағып биiктеп», «нөсер шақпағын жағып» тә­рiздес метафоралық етiстiктер адамның көз алдындағы дина­микалық қозғалысты соншалықты жанды әрi табиғи етiп көрсетедi. Ақ қайың арқылы адам өмiрiнiң шуақты сәтiн сурет­теген Темiрханның өлеңi жүрегiңдi жылытып, жаныңа сұлулықтың шуағын шашады. Үнемi iзденiстiң үстiнде жүретiн ақын бұл тақырыпты жырлауда әлемдегi ешбiр ақынға ұқсамай­ тын өзiнiң жолын тауып кеткен. Шындығында Темiрхан – нағыз қаны тамған қазақтың ақы­ ны. Мысалы, мен оның «Түйелер» деген өлеңiнен ұшы-қиыры жоқ даламыздан аумай қалған ұлтымыздың мiнезiн көргендей бо­ламын: Өткен күнi азабы шалғай қалған, шыға келер жазық пен баурайлардан, жапан кезiп жүретiн жануарым кең даламның өзiнен аумай қалған.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Керуен боп қанша олар көшкен едi, сар сағымын сабылып кешкен едi, келе жатыр жарықтық әлi күнге арқасына көтерiп қос төбенi. Өткен күн-ай кететiн кектi жанып, қаншама рет жер болып шектi халық. Сол заманды көп кезген түйелердiң жүре-жүре аяғы кеттi ұзарып, қарай-қарай мойыны кеттi ұзарып. Iздемедi ол шалғынның бал құрағын, Iздемедi ол нөсерлi жаңбыр әнiн. Шөгiп жатса айналды тиегiне құдiреттi алып бiр домбыраның. Жолы бола бермеген жалғанда аса жуас-ақ ол бұрқанып долданбаса. Дала жүрiп кетедi – ол жүрсе егер, дала шөлдеп жатады – ол шөлдесе.

Оны көрсем жүректi талайды өлең, өлең iздеп мен оған талай келем. Төбе сынды дөңкиген өркешiнен Құпия бiр сыр iздеп қарай берем. Көзiндей-ақ бейне бiр көнелердiң оны әйтеуiр келедi көре бергiң. Барады, әне, ол көтерiп кең даламның өркеш-өркеш құпия төбелерiн!

ЖҮРЕК СӨЗІ * Соңғы жылдары Темiрхан Медетбек «Көк түрiктер сары­ ны» атты бұрынғы өлеңдерiне мүлде ұқсамайтын, жаңа форма­ да жазылған жырларын оқырман қауымға ұсынды. Мiне, осы са­рында жазылған жырларында Темiрхан Медетбектiң күрес­ кер­лiк рухы мейлiнше шынайы әрi табиғи көрiндi. Осылайша ол поэзиямыздағы көк түрiктердiң рухын тiрiлтiп әдебиетiмiз­ге үлкен олжа әкелдi: Еңкiп-еңкiп соққанда – таудың денесiнен тастар бұршақ боп құйылды, серпiп-серпiп соққанда – үзiп жiбердiм шынжыр боп шырмалған, бұғау боп күрмелген түйiндi. Күрсiнгенiмде – күн күркiредi, сiлкiнгенiмде – жер тiтiрендi.

Хахахаулап жар салғанымда – аспандағы бұлттар жерге қонды. Ахахаулап ән салғанымда – аспандағы құс бiткен көлге қонды. Еңкейгенге еңкейдiм, шалқайғанға шалқайдым. Асқанның орманын отындай өртедiм, 13-0178 Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Тасқанның көлдерiн астаудай төңкердiм.

Қысқанда қу ағаштан бу шығардым. Сыққанда қара тастан су шығардым. Атанды асықтай аттым, қарсы келгендi қазықтай қақтым. Алшайып жүрдiм, талтайып тұрдым. Әдiлiн айтсақ, тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi жылдары поэ­ зиямызда қазақтың шегiп жатқан қасiретi мен қайғысын дәл Темiрхан секiлдi жерiне жеткiзiп, әрi терең, әрi батыл жырла­ ған ақын некен-саяқ. Ақынның ұлты үшiн қабырғасы қайысып, жүрегiнен төгiлген жырларын оқығанда, көзiңе жас тығылып, сүйегiң сырқырайды. Ұлтының табанына шөңге кiрсе, ол қаза­ ғын шын жүрегiмен сүйетiн Темiрханның жүрегiне тiкен болып қадалады. Ақынның «Көк түрiктер сарыны» жинағын оқи оты­ рып, мұны сезiнбеу мүмкiн емес. Тыңдап көрiңiзшi: Елiмнiң iргесiнде өрт болып жатыр... Жанымның iшiне дерт толып жатыр.

Заманның қабағынан қар жауып тұр. Қар емес, қан жауып тұр. Қатерлi сөздер Ауғанды бомбылағандай ЖҮРЕК СӨЗІ жүрегiмдi бомбылап жатыр. Арман, тiлегiм қасат қарды бұза алмай, омбылап жатыр.

Суларыма у қосып жатқандай. Елiмдi бүлiкке салам деп жын басып жатқандай... Поэзиядағы нағыз азаматтық үн дегенiмiз – осы. Қоғамдық белсендiлiгi жоғары, азаматтық позициясына берiк ақын елiмiз бен жерiмiз тоналып жатқанда үнсiз қала алмай, өз жерiнде өгей баланың күйiн кешiп отырған қазағының көз жасын өлеңорамалымен сүртiп, жүрегi қан жылайды. Құлақ салыңызшы: Әлденелер жалмаңдап кезiп жүр. Әлденелер жалбаңдап безiп жүр. Шамым мен шырағым өшiп бара жатқандай. Ормандарым жерiмдi тастап, көшiп бара жатқандай. Өзекке түскен от жолымды қуырып тұр. Көз жасым жүзiмдi кесiп, омырауымды орып құйылып тұр. Бауларым қурап қалардай,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тауларым құлап қалардай қорқамын. Әдебиетiмiздiң ақсақалы, бойында бекзада ақсүйектерге тән тектiлiк бар, ұлты немiс болғанымен, қазақ үшiн аянбай еңбек етiп келе жатқан ңағыз зиялымыз, жазушы Герольд Бельгер өзi­ нiң бiр мақаласында ақын Темiрхан Медетбектiң поэзиясы­на өте жоғары баға берiптi. Өз сөзiнде Герағаң оның өлеңдерiн ұзақ уақыттан берi жiбермей, қадағалап оқып келе жатқанын айта келiп, Темiрханның бойында қоғамда болып жатқан әдi­­ летсiз­дiк­терге төзбейтiн «бүлiкшi-бунтарлық» мiнездiң бар еке­ нiн атап өтiптi. Сондай-ақ, Герағаң ақын Темiрхан Медетбек­тiң ұл­тымыздың тағдыры шешiлетiн сын сағаттарда жоғары жақ­қа қарап жалтақтамайтын, бүгiнгi өмiрдiң қожайындары бо­лып табылатын­ шенеунiктерге жағымпазданбайтын, әдiлетсiздiк­ терге төзбейтiн, қоғамның бүкiл былық-шылығын әшкерелеу­ ден қорықпай, ешкiмнiң көңiлiне қарамай, өз пiкiрiн батыл ай­ татын үлкен азамат, жүрегiнiң түгi бар шайыр екенiне айрықша тоқталыпты. Иә, расында да, Темiрхан Медетбек – осындай азамат, «әде­ биет – ардың iсi» деген имани принциптi еш уақытта да бұзба­ ған, сатпаған, талантты ақын. Мiне, сондықтан да ол нағыз ақын­ ға тән тағдырды басынан кешiп келедi. Ол тіпті шығарма­шы­лық өрлеу тұрғысынан Мағжан, Қасым, Мұқағали, Жұмекендер­дiң қатарында аталуға лайық ақын. Сөзімізге сенбесеңіз, ақын­ның жырларын оқыңыз.

КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ 2011 ЖЫЛ 2011 жылдың 13 қыркүйегі Қасымның тойына барып қайттым. Екі нәрседен көңілім қал­ ды. Біріншісі – ақындар айтысы, екіншісі – жазба ақындардың мүшәйрасы. Ақындар айтысында жыр алыбының рухы, көркемдік бей­ несі ашылмай қалды. Оның үстіне айтыскер ақындардың бәрі жағымпаздықтың көрігін қыздырып, қазылар алқасының төра­ ғасы Мырзатай Жолдасбеков пен оның көмекшісі Жүрсін Ер­ манды мадақтап кетті. Айтыстың соңында Мырзатай ағамыз сөйлеп: «Абылай қазақтың басын біріктіре алған емес...» – де­ генде, жүрегім айнып, жерге түкіргім келді. Жазба ақындардың мүшәйрасында бас жүлдені Ұлықбек Есдәулет жеңіп алды. Мен Ұлықбек Есдәулеттің ақындығын жоғары бағалаймын. Ол туралы «Құс қанатындағы жыр» атты мақала да жазғанмын. Дегенмен, осы жыр додасында бас бәйге­ ні жұртқа әбден танылып қалған емес, ауыздығымен алысқан бір жас талантты ақын жеңіп алса, қандай жарасымды болар еді. Соңғы жылдары өткізіліп жатқан мүшәйраларда белгілі бір ақындардың қайта-қайта жүлде алуы үйреншікті құбылысқа ай­ налды. Осындай келеңсіз құбылысты қалай тоқтатуға болады? Білмеймін. 2011 жылдың 14 қыркүйегі Абайдан соң Алаштың рухын аспандатқан үш ұлы ақынның есімін қазақ әдебиетінің төріне алтын әріппен жазып қояр едім. Алғашқысы – Мағжан. Мағжан – арыстан Махамбеттің міне­ зін қайта тірілтіп, қазақ поэзиясының аспанында асқақ рухтың

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ алдаспанындай жарқылдаған ақындық құдіреттің найзағайы. Ұлтының тәуелсіздігін аңсаған оның жырлары – отаршылдық езгінің құрсауын бұзып шыққысы келіп қопарылған рух жа­ нартауы. Сөз өнерінің биік аспанына самғап, мезгілсіз сөнген Мағжан поэзиясы құлдық езгіден құтылуды армандаған қазақ топырағына Алашымыздың көз жасы болып жауды: Өртенген жалау кімдікі? Кім өртенген гүлдемей, Кім таланған, кім кедей – Өртенген жалау соныкі. Ендеше, қазақ, сенікі! Азаттық жалау кімдікі? Көре алмаса кім теңдік, Тепкі көрсе, кім кемдік – Азаттық жалау соныкі. Ендеше, қазақ, сенікі! Қанды жас жалау кімдікі? Кімнің ұлы құл болса, Тұлымдысы тұл болса – Қанды жас жалау соныкі. Ендеше, қазақ, сенікі! Мағжандарды қынадай қырған қанды репрессиядан соң қа­ зақтың рухы кеңестік империяның шеңгеліне түсті. Дәл осын­­ дай ауыр уақытта, өлеңдерімен дауыл тұрғызып, рух патшалы­ғы­ на Қасым келді. Және жай емес, айдай әлемге жар салып, қазақ екенін айғайлап келді:

Ей, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы.

ЖҮРЕК СӨЗІ Танимысың сен мені, Мен қазақтың баласы! Қасым поэзиясы – Мағжандардан соң қынабынан қайта суырылған рухтың алдаспаны. Мағжандар мен Қасымдардың заңды жалғасындай болған Мұқағали сол ұлы рухты әлем әде­ биетінің кеңістігіне алып шықты. Алайда Қасым болмаса, Мұқағали поэзиясы сол орбитаға шыға алмас еді. Абайдан соң қазақ рухының алғашқы найзағайы болып жар­ қырауды Алла Мағжанның маңдайына жазды. Қасым сол рухты сақтап қалып, оны ұлттық әдебиетіміз­дің ұлы биігіне көтерді. Мұқағали сол асқақ рухты әлем әдебиетінің биігіне қон­ дырды. 2011 жылдың 15 қыркүйегі «Ревизор» комедиясының сахналанған қойылымның бір­ де-біреуіне Гогольдің көңілі толмапты. Себебі ұлы жазушының айтқысы келген негізгі ойын сол уақыттағы режиссерлердің ешқайсысы түсінбеген. Гоголь «Ревизор» шығармасы арқылы қоғамның өтірік бол­мысын әшкереледі. Ақиқатында көрерменді қыран-топан күлкіге батыратын Хлестаковтың өтірігі – қоғамның шындығы. Сайтанның тұзағына ілінген қоғам ойдан шығарылған өтірігіне кәміл сенеді. «Ревизорда» үлгі алуға тұратын, өтірік айтпайтын бірде-бір кейіпкер жоқ. Өтірік тіршілік үшін күресудің жалғыз жолына айналған. Патша – министрлеріне, министрлер – қарамағындағы шенеу­ ніктерге, шенеуніктер – қарапайым халыққа өтірік айтып, бүкіл қоғам өтіріктің батпағына батып барады. Ең қорқыныштысы, қоғамның өзі де ойлап тапқан өтірігіне имандай сенеді. Хлестаковтың айтып отырғандарының бәрі – шын мәнісінде қоғамда болып жатқан, жұрттың еті үйреніп кеткен қалыпты құбылыс. Өтірікпен санасы уланған халықты түзу жолға салу

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ да мүмкін болмай барады. Өйткені өтірік айту өмір сүрудің мораліне, керек болса, тіпті басты қағидасына айналған. Қолыңнан келсе, патшаны өтірік мақтап, көзіне түсіп, лауа­ зымы жоғары қызметке қол жеткіз. Ол үшін патшаның көңіліне майдай жағатын, бұрын-соңды болмаған өтірікті ойлап тапсаң тіпті керемет! Қолыңнан келсе, өтірік көлгірсіп, билікке жақсы көрініп, жағдайыңды түзеп ал. Биліктің тапсырмасын екі ет­пей орындап, әр уақыттың өз моралі болатыны туралы өтірікпен жүрегіңді жұбатып, ар-ұятыңды саудалаудан да ұялма. Қолың­ нан келсе, өзіңді өтірік мақтатқызып, халықтың абызы болып көрінгін. Қолыңнан келсе, өтіріктің құдіретті күшін пайдала­ нып, атақ-абырой алғын. Қолыңнан келсе, өтірік айтып, қоны­ шың­нан бас. Қолыңнан келсе... Шындық ше? Жоқ, айта көрмеңіз. Шындықты айтсаң, бәрі­ нен қағыласың. Шындық ұшпаққа жеткізбейді. Шындықты пат­ ша да, билік те, қара тобыр да, тіпті осы сөзді жазып отырған мына сен де жек көресің. Шындықты айтсаң, бәрі сенен аттонын ала қашады. Сайтан салтанат құрған қоғамда шындыққа орын жоқ. Сайтан салтанат құрған уақыттың патшасы – өтірік, өтірік, тағы да өтірік. Неғұрлым өтірікті көп айтқан сайын, со­ ғұрлым беделің өсе түседі. Неғұрлым өтірікті көп айтқан сайын, жұрттың сүйкімдісіне айналасың. Атақ-даңқ, қызмет... – бәрібәрі тек өтіріктің арқасында келетін, қол жеткізуге болатын қоғамның игілігі. Тіпті өлген соң да сен туралы қоғамдағы қа­ лыптасқан өтіріктің арқасында атағың дүрілдеп жатады. Енде­ ше, пайдасыз, ащы шындықтан гөрі, дәмін татқан сайын жаны­ңа жаға түсетін тәтті өтірік мың есе артық емес пе?! 2011 жылдың 19 қыркүйегі Міне, менің Астанаға қоныс аударғаныма бір жылдан асты. Құдайға шүкір! Бұл жыл мен үшін жемісті жыл болды. Ең үлкен шығармашылық табысым – Мұқағали туралы кітабымды жазып тастадым. Кітабымды оқып шыққан Айгүл Аханбайқызы мен Ерболат Қамен шын жүректерімен жақсы мақала жазып, жылы лебіздерін білдірді.

ЖҮРЕК СӨЗІ Жақсы дүние жазғанымды жүрегім сезеді. Ал бұл шығарма­ ның дүниеге келуіне кездейсоқ оқиға себепші болды. Астанаға келген соң біраз уақыт бойы қолыма қалам ұстауға зауқым соқпады. Қарайып қалмас үшін бір күні мен Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» атты ұлы жазушының шығармашылық һәм жеке өміріне де соншалықты терең үңілген, ыстық махаб­ батпен жазған дүниесін қазақ тіліне аударуға кірістім. Асық­ пай алты ай бойы аудардым. «Әлем әдебиеті», «Өркениет», «Жұлдыз» журналдарында жарияланып жатыр. Сүйікті ақыным Мұқағали туралы сүйекті шығармамды жа­ зуға Ромен Ролланның эстетикалық мақалалары себепші бол­ ды. Жазушының Толстой туралы дүниесін қазақ тіліне аударып болған соң, Ромен Ролланның танымдық мақалаларын оқуға құлшыныс пайда болды. Студент кезімде француз классигінің Бетховеннің өмірі туралы жазған «Жан-Кристоф» деген төрт кітаптан тұратын көлемді романын оқып шыққанмын. Іссапар­ мен Алматыға барғанымда Букинистке арнайы соғып, Ромен Ролланның бірнеше кітабын сатып алдым. Астанаға келген соң кітаптан бас алмай, жазушының көп дү­ ниесін, әсіресе эстетикалық мақалаларын бірнеше рет сүйсініп оқып шықтым. Солардың ішінде Шекспир туралы жазған төрт эссесі маған қатты ұнады, керемет әсер етті. Ұлы жазушының эссесі атасының Шекспирдің кітабын қалай алып келгені, оны алғаш оқыған кездегі алған әсерін суреттеуі­ нен басталады. Эссенің ұнағаны соншама, бір емес қайта-қайта, бес-алты­ рет оқыдым. Бір уақытта «Неге Мұқағали туралы дәл осындай бір жылы дүние жазбасқа?» деген бір тамаша ой келді басыма. Алматы­ ға алғаш келген кезімде Асқар деген досымның Мұқағалидың өлеңін оқып бергені, т.с.с. өмірімде болған талай оқиғалар есі­ме түсіп, әр нәрсені ойлап, ұлы ақынның рухы мені мазалай берді. Тәуекел етіп, Мұқағали туралы дүниемді жазуды бастап кет­ тім. Менікі де төрт эссе болып шықты. Қазақстан Жазушы­ лар одағының «Ан Арыс» баспасы кітап етіп басып шығарып,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тойға тарту етті. Жазған дүниелерім республикалық «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» басы­ лымдарында жарық көрді. Оқырмандар жылы қабылдады. Сүй­ сініп оқығандарын айтып, шалынған телефондарда есеп жоқ. 2011 жылдың 26 қыркүйегі Біраз уақыттан бері мені Толстойдың рухы мазалап жүр. Ұлы жазушы туралы бір дүние жазғым келіп сан мәрте оқтал­ сам да, жүрегім дауаламай қойды. Алматыға іссапармен барғ­ анымда Букинстен Толстойдың 28 томдығын сатып алғанмын. Шығармаларының бәрін түк қалдырмай, «Севастополь әңгі­ мелері», «Казактар», «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Ка­ ренина», «Арылу», «Қажымұратты» тіпті екі реттен оқып шықтым. Ұлы жазушыны оқып, ойларымды қопарғандай бола­ мын. Толстойдың барлық шығармасында жеке өмірінің таңбасы бар. Әрине, кемеңгердің қаламынан туған дүниелердің бәрін керемет деп айтуға аузым бармайды. Жиырма сегіз томда «Маркердің жазбалары», «Люцерн», «Альберт», «Үш өлім» сияқты Толстойдың қаламынан туған шығармалар деп айтуға аузың бармайтын әлжуаз туындылар да жоқ емес... Жиырма төрт жасар Толстой алғашқы жазған «Балалық шақ» атты тырнақалды повесімен-ақ әдебиетке ұлы жазушы болып­ келді. «Балалық шақты жазған кезімде, маған дейін ешкім де сәби­­ лік дәуреннің ғаламаттығын дәл осылай сезініп, оның поэзия­ сын дәл осылай суреттей алмағандай болып көрінді», – деп жаз­ ды Лев Толстой елу жыл өткен соң. Шығармада балалық шақтың поэзиясы сәбидің жан әлемін­ де өмір сүреді. Толстой бұл шығармасын Севастопольде, жау оғының астында жүріп жазыпты. Күннің алтын сәулесіндей жар­қыраған сәбилік өмірдің картинасын салу үшін Толстойға қандай жүректің сабырлылығы керек болды десеңізші!

ЖҮРЕК СӨЗІ «Балалық шақтағы» шешесі мен әкесінің бейнесі – Толстой­ дың шығармашылық қиялының жемісі. Ұлы жазушының қа­ рындасы С.Н. Толстая «Балалық шақтағы» шешесін «мүлде ойдан шығарылған бейне» деп есептейді, өйткені жазушының шешесі Лев Николаевич екі жасқа толғанда дүние салған бо­ латын. Белгілі тарихшы және әдебиеттің теоретигі Д.Н. Овся­ нико-Куликовский де шешесінің образының шындыққа сәйкес келмейтінін жазғантұғын... Алдағы уақытта үш үлкен эссе жазбақ ойдамын. Гогольге қайта оралмақшымын, екіншісі Толстой жөнінде жазылатын көлемді­ дүние болатын шығар, үшіншісі – Шекспир. Гоголь туралы жазбақ эссем ойымда сайрап тұр. Уақыт та­ уып, жазып тастау керек. Эссемнің аты – «Сайтанның шын­ ды­ғы». Бұл эссемде Гогольдің «Ревизор» мен «Өлі жандар» туын­дыларын талдамақшымын. Екіншісі – «Толстойдың жаны». Бұл шығармам көлемді дүние болғалы тұр. Толстойды қатты зерттеп жатырмын. Тол­ стой арқылы жанның тазалығы туралы кесек-кесек ой айтқым келеді. Ұлы жазушының ойларының дәл қазіргі қоғам үшін қан­ шалықты маңызды екенін тереңірек сезіне түскендеймін. Үшіншісі – «Адамзаттық қасірет». Шекспирдің шығармала­ рын қайта-қайта оқып шығып, оның шығармашылығын зертте­ ген әдебиеттанушылардың ешқайсысы да байқамаған бір үлкен жаңалықты ашқандай болдым. Шекспир өзінің бүкіл шығар­ма­ сында өмірдегі барша қасірет адамның екіжүзділігінен бастала­ тынын жазған. О, ұлы Жаратушы! Жазбақ дүниелерімнің ойымдағыдай бо­ лып шығуына көмектесе гөр! Бір Аллаға сыйындым! 2011 жылдың 28 қыркүйегі «Саясатқа араласпаймын, таза шығармашылықпен ғана ай­ налысамын...» деп ақталатын қаламгерлерді елдің келешегі үшін жаны ауырмайтын, жеке басының тыныштығынан өзге еш­теңені ойламайтын тоғышар немесе қорқақ адамдардың қа­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ тарына жатқызамын. Елдің байлығы тоналып, несібеміз жатқа бұйырып, рухымыз құлдырап, тіліміз шала-жансар күйге түсіп, әлеуметтік ахуал да күрделіленіп, жұмыссыздық белең алып, ха­ лық қайыршылыққа ұшырағанда тамағын тойдырып, тыныш ұйықтап, бұрқыратып әңгімесін жаза беретін ақында қандай ұлы сезім болуы мүмкін? Дей тұрсақ та, қоғамда халықтың емес, жеке басының қамын күйттеп саясатқа араласатын екіжүзді ақын-жазушылар көбейіп кетті. Бірте-бірте олардың іс-әрекеті қоғамды аздырып-тозды­ ратын күшке айналды. Басқасын айтпағанда, олар тіпті ұлт­тық мүддені сатқаннан да ұялмайтын, арланбайтын болып алды. Атақ-даңқ пен мансапқа жету үшін жағымпаздықтың жазыл­ майтын дертіне шалдықты. Жағымпаздық оларды ақылынан адастырып, халқына, өткен тарихына топырақ шашатын сорлы күйге жеткізіп, мұның ақыры өз ұлтына қарсы «қарапайым фа­ шизмге» ұласты. «Бізде мемлекет болған емес. Шекарамыз болған емес», «Қазақ хандарының ешқайсысы да саммит өткізе алған жоқ», «Бұрынғы хандарымыз қазақтың басын біріктіре алмады», т.с.с ұлттық намысымызды аяққа таптап, рухымызды қорлайтын фашистік сөздерді Қазақстаннан басқа қандай елдің «зиялыла­ ры» айтыпты? Есіңізге түсіре аласыз ба? Неге біз соншалықты сорлымыз? Биліктің алдында құрдай жорғалап, ұлттық мүдде­ міз­ді сатуға дайын тұратын құлдық санадан қалай құтыламыз? Қалай? Орыс жазушысы Достоевскийдің күнделігінен «Әдебиетте құлдық болмауға тиіс» деген аталы сөзді оқыған едім. Ал біздің бүгінгі әдебиетіміз рухынан айырылып, күннен-күнге жаппай құлдыққа мойынсұнып барады. Әдебиет – ұлттың рухы. Ұлттық рух төмендеген жерде – ұлы әдебиет тумайды. Әдебиет рухын жоғалтса – ұлт өледі. Біздің ру­ хымыз өліп қалған жоқ па осы? Үрейлі сауал.

ЖҮРЕК СӨЗІ 2011 жылдың 10 қазаны Ақын Тұманбай Молдағалиев дүниеден өтті. Қайран, Тұма­ ға! Мұқағалидың 80 жылдық мерейтойында бірге болып едік. Бір киіз үйден дәм таттық. Дастархан басында әңгімелесіп, Алла жазса,­ 80 жылдықтың қарсаңында ақынның шығармашы­лығы туралы­ да бір үлкен дүние жазбақ ойымда бар екенін айтқан­мын. Тұмағаң балаша мәз болып, көздері күлімдеп, құдды, сол жазбақ болып жүрген мақаламды оқып қойғандай қуанып еді. Тұмағаң – қазақ поэзиясына көктемнің жылы лебін алып келген­ ақын. Ол 1957 жылы жарық көрген «Студент дәптері» атты тырнақалды туындысымен-ақ поэзиямыздағы сыршыл лиризмді қайта тірілтіп, жырсүйер қауымның ыстық ықыласы­ на бөлен­ді. Әсіресе сол уақыттағы ақын жүрегінен туған нәзік те биязы жырларды­ қазақ жастары айрықша сезімге бөленіп, тебіреніп оқыды. Оның поэзиясында жарық пен жылу мол еді. Жарығы мен жылуы мол жырлар мәңгі сөнбейді. Ғасырлар­ дан ғасырға жалғасып, әдебиетке келген жаңа толқынның кө­ кірегінде ізгіліктің шырағын жағып, миллиондаған жүректерді жаулап алады. Дауыстары кететұғын мың жылға, Ақындарды теңемеңдер бұлбұлға. Ақын жыры айғай салып тұрады, Үнсіз өзі жатқанымен бір қырда.

«Бармын!» – дейді... Бармайды аузың жоқ деуге, Ақын жыры – жайсаң жігіт, от кеуде. Қыс түскенде сәл-пәл оны ұмытасаң, Құспен бірге оралады көктемде. Қош, көктем жыршысы! Сіз жаққан сұлу жырдың сәулесі мәңгі­ сөнбейді. Қара суық күзде сізбен қоштасқанымызбен,

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ өзіңіз дүние есігін ашқан көктемде есімізге алып, жырлары­ ңызбен қай­та қауышатын боламыз әлі! * Сағынатын кімім бар енді менің? О бастан-ақ бақытым кем, білемін. Әкем байғұс ерте өлді, азамат боп Баурай ала білдім бе ел жүрегін?! Сағынатын кімім бар сол ауылда, Кім құшағын жаяды қонарымда? Әпкем жатқан тас қабір өмір бойы Жас боп тұнып тұрады жанарымда. Сағынатын кімім бар, досым бар ма, Бақ деп ұғар басымыз қосылғанда? Мен секілді олар да кеткен шығар Тұрғаннан соң бақыты тосып алда. Сағынатын кімім бар, інім бар ма, Тұрғызатын орнымнан жығылғанда? Бар болса олар ағасын іздер еді-ау, Ашы жаңбыр көзіме тығылғанда. Сағынатын кімім бар, қарындас па? Маған тағдыр бермепті бәрін баста. Жаман ойлап қала ма мен туралы, Жалбалақтап қол берсем ауылдасқа? Сағынатын кімім бар, жоқ демейін, Өкпелесем тағдырға өкпелейін. Ақ жаулықты кәрі әжем көрші үйдегі Түске кіріп жүреді көпке дейін.

ЖҮРЕК СӨЗІ Сағынатын кімім бар, анам өлді, Сағыныштар қалайша ада болды? Бала күннің достарын сағынамын, Өзім жүрген сағынам қара жолды. Сағынатын кімім бар, тілегім бе? Тілек кетті кімдердің жүрегінде? Тұлым шашы желбіреп жүрген қыздар Аман ба екен, бар ма екен бұл өмірде? Сағынатын кімім бар, думан, жиын, Сол баяғы арманды қуған күйім. Бір қиялға берілсем оңашада, Көз алдымда тұрады туған үйім. Сағынамын өзіңді, жоқ күмәнім, Өтіп кеткен күндерді көп қуамын. Бір бақытым кездесіп қалардай боп, Саған жолым түссе екен деп тұрамын. 2011 жылдың 13 қазаны Қалай десек те, бәрібір алпысыншы жылдары әдебиетке кел­ ген Тұмағаңдар мен олардың замандастары – бақытты ұрпақ. Шығармашылықпен емін-еркін айналысу олардың негізгі жұ­ мысы болды. Олар әдебиетпен тыныстап, әдебиетпен өмір сүр­ ді. Ол уақыттары бір жинағың шықса, алатын ақшаң бір жыл емін-еркін­ өмір сүруге молынан жететін. Әлі есімде. Әкем марқұм бір жылдары жұмыссыз қалды. Сонда әкемнің баспалардан шығатын кітаптарға рецензия жазғанына төлеген тиын-тебеніне, газет-журналдарға шыққан өлеңдері мен мақалаларының қаламақысына күн көрген кезі­міз болды. Бір күні әкем жұмыс істемесе де айына бір мың рубл­ге жуық ақша тауып тұрғанын айтып, салық төлеген кітапшасын көрсетіп, маған мақтанғантұғын. Бір мың рублге жуық ақшаны 14-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ол кездері министрлер де алмайтын. Олардың айлық табысы әрі кетсе 400-500 рубльден аспайтын. Жасым қырықтың үшеуінен асты. Бес кітабым шықты. Ең алғашқы жарық көрген «Ақ жауын» атты сын мақалалар жинағыма­ қырық мың теңге қаламақы берді. Ол ақша бір паль­ то сатып алуға ғана жетті. Одан кейін шыққан «Қарлығашдәурен», «Сөз патшасы», «Қазақты сүю», «Мәңгілік сәулесі» кітаптарыма соқыр тиын гонорар алған емеспін. «Қарлы­ ғаш-дәуренді» «Сорос Қазақстан» қоры, «Сөз патшасын» Абай Жүнісов деген бизнесмен інім шығарып берді. Таза жа­ зу­шылықпен айналысқысы келген адам мына бүгінгі қатал тір­ шілікте аштан өлуі де ықтимал. Ал ол өліп қалса, аузыңа су та­ мызбайтын мына заманда оның бала-шағасын кім асырайды? Тәуелсіздікпен бірге орнаған сұмырай уақыт қазақтың та­ лай ғажайып ақын-жазушыларының сағын сындырды. Жазушы Асқар Сүлейменовтің «Адасқақ» романында Біржанға наза­ ланған ұлы Абайдың: «Сен жұмсалдың. Сені жұмсады», – деп қатты айтып тастайтыны бар. Өнер адамы жұмсалмауға тиіс. Жүрегі кірлеген адамның жан әлемі де былғанады, рухы өледі. Ұлы жазушы Гогольдің бұл туралы­ «Портрет» атты керемет повесі бар. Міне, осы повесін­ де ұлы жазушы: «Қарапайым адамдарға кешірілетін пенде­ші­лік талантқа кешірілмейді», – деп жазады. Ақын – Алланың жердегі сәулесі. Сондықтан оның жүрегі адамдарға шуақ шашып, алтын күннің шапағындай ерекше жар­ қырауға­ тиіс. Өкінішке қарай, жаны күйзелген, рухы құла­зыған қазақ қоғамында жүрегі ластанбаған ақын қалмай барады. Заман ауырлаған сайын, ақындардың бәрі құлқынының құлына айна­ лып кетті. Мұндай жағдайда біз халықтың еңсесін қалай көтере­ міз, әдебиетіміздің көсегесін қалай көгертеміз, ұлтымызды ру­ хани ашаршылықтан қалай құтқарып қаламыз? Кейде осындай ұста­ра сауалдар мазамды алып, түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай алмай шығамын. Кеше тексеріліп көрсем, жүрегімнің соғуы тым жиілеп кетіпті. 104-ке жетіпті. Байғұс жүрегім-ай! Сенің не жазығың бар еді соншама?

ЖҮРЕК СӨЗІ Қойшы, тәйірі! Сол сенің жұдырықтай жүрегің де сөз бо­ лып па? Қазір бүкіл қазақтың жүрегі қан жылап жатқан заман емес пе? Мүмкін, қазақтың жүрегінің соғуы баяулаған сайын, менің жүрегім қаттырақ дүрсілдейтін шығар. Орыс ақыны Ан­ дрей Вознесенский­ бір өлеңінде: «Ресей, мен сенің бір тамшы қаныңмын. Сен ауырсаң, мен де ауырамын», – деген екен. Ұлтты құтқарып қалудың қандай жолы, амалы бар? Білмей­ мін. Биліктегілер халықты сүліктей сорып, тонаудан басқаны ойламайды. Зиялыларымыз кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып жүр. Анау жоғарыдағы кісіге өлгенше тақта отырған­нан басқа ештеңенің де керегі жоқ. Ұлтқа үлгі қылатын адам қалма­­ ды қоғамда. Бәрі құрдымға кетіп барады. Тіл де, діл де, рух та, ар-ұятымыз­ да, әдебиетіміз де... Әдебиетімізде ар-ұятын саудалап, ақын болып ойнап жүрген әртістер көбейді. Бір қызығы, олардың бәрі де әрі жақсы өмір сүргісі, әрі ұлы ақын болғысы келеді. Ақын болудың ұлы құр­ бандық екенін түсінбейді. Ең қорқыныштысы, аяғының бүрі, аузының дуасы бар ақындардың өзі «ақындардың патшасы» болғысы келген мұратынан айнып, «патшаның ақынына» айна­ лып жатыр. Қарағандыда тұратын Серік Ақсұңқарұлы деген ақынды жақсы көруші едім. Әкем марқұм да оны ерекше қадірлейтін. Өз басым Серік ағамның талантын, азаматтық позициясын жоғары бағалайтынмын. Шамасы, ол да өмірден шаршаған бо­ луы ти­іс, ана жолы билікті мадақтап мақала жазды, іле-шала Елбасы­ға поэма­ арнап, бір күнде «патшаның ақыны» болып шыға кел­ді. Соншама төмендейтіндей оның басына не көрінді екен? «Патшалардың ақыны» деген сөз ең алдымен ұлы компо­ зитор Бетховеннің дуалы аузынан шыққан. Бір күні Гете мен Бетховен екеуі Теплицеде қыдырып келе жатып ханшайыммен, оның нөкерлерімен кездесіп қалады. Гете жапалақтай жалпыл­ дап барып, басын жерге тигізе жаздап, иіліп ханшайымға сәлем береді. Бетховен ханшайымның алдынан мұрнын көкке шүйіріп өте шығады. Ханшайым мен оның нөкерлері кетіп қалған соң

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Гете тым қатты жағымпазданып кеткеніне ыңғайсызданып Бетховеннің­ қасына келеді. Сонда Бетховен Гетеге: «Мен сені ақындардың патшасы ма деп жүрсем, сен бар жоғы патшалар­ дың ақыны екенсің ғой», – дейді. Не айтарын білмеген Гетенің аузына құм құйылыпты. 2001 жылдың 21 қазаны Ағылшынның ұлы ақыны Джордж Гордон Байронның шы­ ғармашылығын зерттеп жатырмын. «Чайльд Гарольдтың қа­ жылығы», «Дон Жуан», «Беппо», «Каин» секілді жауһар шығармалар­ туғызған ғажайып ақын өмір бойы қайғы-қасірет­ тен көзін аша алмай өтті. Әділеттілік іздеген ол қудалауға ұшы­ ра­ды, Отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Байронның ро­ман­ тикалық сарыны әлем әдебиетіне қатты әсер етті. Орыстың ұлы ақындары Пушкин мен Лермонтовтың, немістің ұлы ақыны Гетенің шығаршалығына Байрон поэзиясының қатты ықпалы болды. Байронның өлеңдері қазақ оқырмандарына ақын Ғафу Қайырбековтің аудармалары арқылы жақсы таныс. Әсіресе «Еврей­ саздарын» Ғафекең мөлдіретіп, қазақтың төл туынды­ сындай етіп, шебер аударды. Мектепте оқып жүргенімде бір журналдан Ғафу Қайырбеков аударған Байронның «Еврей саз­ дарын» оқып шығып, қатты сүйсініп, қайран қалғанмын. Сон­ дағы бір-екі оқығаннан көңілімде қатталып қалған бір өлеңді әлі күнге дейін жатқа білемін:

О, дариға! О бейіштің ішінде. Жаның өлмей, Қалса сүю күшінде, Рас болса, Қауышарсың есен-сау Тірліктегі жүрек ынтық кісіңе. Сапар шегіп, дүниеге сол жұмбақ, Кете барсаң бұл өмірге қол бұлғап,

ЖҮРЕК СӨЗІ Қандай рахат! Жер қайғысын ұмытып, Өлмес тірлік жайын ғана сөз қылмақ. Қалса бір күн өлім шіркін төтен кеп, Ажал – шыңырау, қазір құлап кетем деп, Өмір-арқан жабысасың ұшына, Соңғы түйін қолдан шықпаса екен деп. Өзіңді емес, өзге өмірді қимайсың, Қимайсың да қыршын жанды қинайсың. О, дариға! Үміт тәтті шүбәдан, Болып мәңгі жан – саламат, дін аман, Мақшар күні сол сәулемен жолығып, Мәңгі өлмейтін күн кешем деп жұбанам. Несін айтасың?! Байронның әр шығармасы – қаламмен емес, қанмен жазылған классика. Шедевр! Бірақ Байронның атын аспанға шығарған оның поэзиясы емес, лордтардың палатасындағы жұмысшыларды жақтап, әділеттілікті қорғап сөй­леген жалынды сөздері еді. Осы оқиғадан соң 23 жасар Байронның­ атағы дүркіреп кетті. Ақынның сол жылы жарық көр­ген «Чайльд Гарольд» поэмасының алғашқы екі бөлімін жұрт талап әкетті. Ұлы ақынның лордтар палатасындағы ағылшын үкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп сөйлеген жалынды сөздері билік­ тің ашу-ызасын туғызды. Байронның замандасы, француз жа­ зу­шысы Стендаль биліктің ақынға деген ашу-ызасын «саяси ашу-ыза» ретінде бағалады (Қараңыз: Стендаль. 15 томдық шы­ғарма­лар жинағы. – М., Правда. 1959. 7-том. – 297-бет). 1816 жылғы ақынға қарсы ұйымдастырылған науқан Байрон­­ ды біржолата Отанын тастап кетуге мәжбүр етті. Қуғында жү­ ріп Байрон Италия­ мен Грекияның тәуелсіздігі үшін күрескен қозғалыстырға­ қолдау білдірді. Байрон поэзияға азаттықтың рухын­ алып келді.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Пушкин ұлы ақынның шығармашылығын жоғары бағалап, оны данышпанға теңеді. Байронның бүлікшіл мінезін теңізбен салыстырып, өлең арнады: Твой образ был на нем означен, Он духом создан был твоим: Как ты, могущ, глубок и мрачен, Как ты, ничем неукротим... («К морю»)

Байронның поэзиясын, әсіресе, декабристер жақсы көрді. Олар Байронға азаттықтың ақыны ретінде табынды. Байрон бі­ лімі теңіздей терең, есте сақтау қабілеті күшті ақын болған. Қазақта Байрон өнеріне мінезі жақын ақын – Мағжан Жұ­ мабаев. Мағжан өлеңдерінің тереңдігі, парасаттылығы, ойының тәуелсіздігі менің көз алдыма Байронды елестетеді. 2001 жылдың 7 қарашасы Үлкен таланттардың қай-қайсысы да әдебиетке салғаннан өз қолтаңбасы мен үнін айқындай келген. Байрон 23 жасында «Чайльд Гарольд» поэмасын жазып, қоғамды дүр сілкіндірген. Виктор Гюгоның жиырма жасында алғашқы жыр жинағы жа­ рық көріп, талантына тамсанған король Людовик ХVІІІ шы­ ғармашылығын жалғастырып тұру үшін жазушыға жыл сайын төленіп тұратын қомақты қаламақы тағайындаған. Пушкин мен Лермонтов ең ғажайып туындыларын отыз жасқа дейін-ақ жа­ зып үлгерген. Гоголь орыс әдебиетінің Гомері атанып, ең соңғы жазған «Өлі жандар» поэмасының нүктесін қойғанда бар-жо­ ғы отыз үш жаста еді. Қазақ халқының әйгілі қамқоршысы, жа­ зушы Ғалымжан Ибрагимов 1911 жылы шыққан «Қазақ қызы» романының бірінші бетіне 16 жасар Мағжанның «Айға» деген өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп келтіреді. Алпысыншы жыл­ дары әдебиетке ауыздығымен алысып келген Мұқағали, Ғафу, Жұмекен, Төлеген, Тұманбай, Қадыр, Сағи, Фариза, Кеңшілік,

ЖҮРЕК СӨЗІ Жұматай сияқты ақындар мен Мұхтар, Әбіш, Қалихан, Ақан, Сайын, Тынымбай, Төлен, Дулат, Асқар... сияқты жазушылар отызға толмай-ақ әдебиетіміздегі құбылыс болған туындыла­ рын туғызды емес пе? Бірақ, өкінішке қарай, жоғарыда есім­де­ рін мысалға келтіргендердің көпшілігі сол бағындырған биігін­де тұрақтап қала алмады. Жас кезінде бір жақсы дүниесімен жылт етіп көрініп, соңы­ нан көрінбей кететіндер туралы әңгіме басқа. Мен олардың бо­ йында үлкен таланттың болғанына күмәнмен қараймын. Егер сенің бойыңда талант болса, қайда жүрсең де ол сені тыныш жатқызбайды­ емес пе? Шын талант әдебиетке қошемет көру үшін емес, адамгер­ ші­лік мұраттарды жырлау, қоғамдағы әділетсіздіктермен кү­ре­­ су үшін келеді. Әдебиет – адамтануды ғана емес, адам бо­лып қалуды да үйрететін ұлы өнер. Достоевский бір сөзінде: «Мен адам болып­ қалғым келгендіктен өмірімді әдебиет­ ке арна­дым», – деген екен. Жиырмасыншы ғасырда туған ақындардың іші­нен біз Мағ­жан мен Мұқағалиды қара тобыр­ дың ортасында да адам болып­ жарқырап жүргені үшін ерекше жақсы көреміз ғой. «Пендешілікке салынғанда, ар-ұятыңды сатқанда, адамдық қасиетіңнен айырылғанда тұрған не бар?» деп ойлап, жалғанды жалпағынан басып өтетіндер де болады өмірде. Ондайлар би­ ліктің аяғына жығылып, патшаны мақтап поэма жазады. Заман қай уақытта да жағымпаздар мен алаяқтардікі болғандықтан, он­дайлар өз уақытында құрмет пен қошеметке бөленеді. Атақдаңқтың, сый-сыяпаттың бәрін көреді. Гогольдің «Портрет» деп аталатын повесінде бойында қа­ білеті бар бір суретші күнкөрістің қамы үшін талантын сатып, күнін көруге көшеді. Уақыт өте келе ол нағыз алаяққа айналады. Бір күні ол ғажайып өнер туындысын көріп, есінен танып қа­ ла жаздайды. Күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырыла­ды. Бәрін тастап, шын мәнісіндегі өнер туындысын жазғысы келіп, азапқа түседі. Қиналады. Бірақ ақыл-ойы да оны тыңдамай, ар­ зан портреттерді салып үйреніп қалған қолы да икемге кел­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ мей қояды. Сонда ғана суретші қаншалықты жүрегін кірлетіп алғанын түсінеді. Бірақ енді бәрі кеш... Әдебиетке ұлы мақсат қуып келген ақын-жазушылардың кө­ бісінің біраз уақыт жақсы шығарма жазып, кейіннен сондай дү­ ниелерді туғыза алмай жататынының мен білетін бір-ақ үлкен себебі бар. Ол – жүректің кірлеуі. Жүрегі кірлеген жазушының ақыл-ойы да ластанады, парасатынан айырылып, санасы сола­ ды. Бірақ уақыты келгенде шығармаларыңмен бірге сенің жү­ регіңнің тазалығы да әдебиеттің таразысына салынатын бола­ ды. Сонда барлық шындық, әдебиетке жасаған опасыздығың, ұлтыңды қалай сатқаның (билікке жағымпаздану – ұлтқа жаса­ латын ең үлкен сатқындық), халықты қалай алдағаның... – бәрібәрі айтылады. Уақыт барлығын да өз орнына қойып береді. Ал әзірше бізде кім көп – классик көп. 2011 жылдың 9 қарашасы «Әлем әдебиеті» журналынан былтыр ғана Нобель сыйлы­ ғын алған перуандық прозаик және драмматург, публицист һәм саяси қайраткер Марио Варгос Льосаның «Әдебиетке – ма­ дақ, тәлімге – тағзым» деген нобельдік дәрісін оқып шықтым. Әдебиетке Маркестермен бірге келген бұл жазушының шығар­ машылығымен мен біраз уақыттан бері таныспын. Әлемнің назарына іліккен жазушы орташа ғана табысы бар, автобус жүргізушінің отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі ажырасып кеткен соң атасының қолында тәрбиеленеді. Атасы Перудің құрметті консулы, мақта қожалығын ұстаған беделді де дәулетті адам болады. Әкесінің неміс ашынасынан да екі ба­ ласы бар. Атасы қызы мен немересінен барын аямай, қолынан келгенше бағып-қағып оқытады. Нобель сыйлығын алып тұрып Марио Варгос Льоса әкесі туралы тіс жармағанымен, анасы, атасы мен ағасының есімін ыстық ықыласпен есіне алып өтеді. Олардан алған тәлім-тәрбиесіне ризашылығын білдіреді: «Дәл осы сәтте менің қасымда аяулы анамның, ардақты атам­ ның, қадірлі ағамның болғанын қалар едім. Менің анамның Ама­

ЖҮРЕК СӨЗІ до Нерво мен Пабло Неруданың өлеңдерін тебірене оқитыны соншалық, арасында көз жасын сығып алатын, ал ешкімге ұқ­ самайтын қоңқақ мұрнымен, шыбын тайып жығылатын жалтыр басымен мәңгілік есімде қалған атам марқұм менің өлеңдерімді мақтап, мадақтап отыратын. Ал Лучо ағайым болса, жазушы­ лық өнерге жан-тәніммен берілуім керектігін жиі есіме сала­тын. Бірақ сол кезеңде әдебиеттің өзіне «құлшылық» етушілерін жа­рылқағанын байқаған емеспін. Менің қасымда өмір бойы осын­дай адамдар болды, олар мені құрметтеді, қадірледі, менің әрбір қадамымды құптады, кейде көңілге күдік ұялаған сәтте өз сенімдерімен қуантты. Осындай адамдардың арқасында және өзімнің қайсарлығыммен жазушылықтың ғажайыптығын ұғын­ дым, сондай-ақ жазушылықтың ауыртпалығын да түсіндім» (Марио­ Варгос Льоса. Әдебиетке – мадақ, тәлімге – тағзым. «Әлем әдебиеті» журналы, №3, 2011. – 186-бет). Бастапқыда Льоса жексенбілік мектепте білім алды. Со­ сын әкесі баласын әскери училишеге оқуға түсіреді. Ондағы өмір болашақ жазушының жүрегін айнытқаны соншама, учи­ лищені бітіруге бір-ақ жыл қалғанда ол оқуын тастап кетіп, Пьюро қалашығындағы аймақтық басылымға тілші болып жұмысқа тұрады. Әскери училишедегі көзімен көрген неше түр­лі сорақылақтарды ол кейінен жазушы болғанда «Қала мен тө­беттер» романында асқан шеберлікпен суреттейді. 1953 жы­лы ол Сан-Маркос университетінің филология факуль­­ теті­не оқуға түседі, бірақ кейін Еуропаға кетіп қалып, Мад­рид университетінің стипендиясын алып, 1958 жылы Рубен Да­ рионың1 шығармашылығы жөнінен диссертация қорғайды. 1960 жылдары жазушы Парижге келіп, Хулио Кортасар­ мен достық қарым-қатынас орнатады. Бұл уақытта ол өзінен әлдақайда үлкен әйел, бөле апасы Хулие Уркидимен азаматтық некеге тұрып қойған болатын. Алайда бірнеше жылдан соң еке­ уі ажырасып тынды. Біраз уақыттан соң жазушы бөле қа­рын­ 1 Ең алғашқы әлемге танылған латынамерикандық ақын. Испан әдебиетіндегі модернистік поэ­ зияның көрнекті өкілі

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ дасы Патрисииге үйленіп, одан үш перзент сүйеді. Балалары­ның ішіндегі Альваро Варгос Льоса әкесінің жолын қуып, жа­зушы болады. Өз басым Марио Варгос Льосаның азаматтық позициясына ылғи да сүйіспеншілікпен қараймын. Сол үшін оны құрметтеп, жоғары бағалаймын. Жазушының шығармашылығымен таныс­ қанымда оған Флобер мен Толстойдың қатты ықпал еткенін аң­ғардым. Оның бойындағы зорлық-зомбылыққа төзбейтін бү­ лікшіл рух Толстойдың мінезін еске түсіреді. Жазушының алғашқы жазған «Қала мен төбеттер» романы жарық көре салысымен дүниені дүрліктіріп, оның атағын ас­ панға шығарды. Роман жұрттың көзінше алаңда өртелді. «Жазушы кеше де, бүгін де, ылғи да наразы болуы тиіс. Өмірдің жабайы шындығын қабылдаған және онымен келіскен адамнан жазушы шықпайды», – деген болатын ол 1967 жылы Ромуло Гальегоса атындағы сыйлықты алып тұрып. Міне, содан бері қаншама жыл өтсе де, Марио Варгос Льоса сол позиция­ сынан айныған жоқ. «Жазушылық шығармашылықтың негізгі әрекеті қай уақыт­­ та да жабайылықты орнатқысы келетін өмірдің шындығына қарсы тұру болып табылады», – деген болатын ол бірнеше жыл өткен соң да. Расында жазушының «Қала мен төбеттер», «Жасыл үй», «Хулия апай мен жазарман», «Ақырзаманның соғысы» шығар­ маларынан бүлікшіл рухтың лебі айқын сезіледі. Әділіне жүгінсек, азаматтық позициясы жоқ адамнан жазу­­ шы шықпайды. Біз көбінесе оқиғаны ойдан құрастырып әңгіме жаза­ алатындардың бәрін жазушылардың қатарына жатқыза береміз.­ Бұл дұрыс емес. Жазушылық – ол ең алдымен сенің азамат­тық позицияң. Азаматтық позициясы жоқ адам жазушы емес, жазарман,­ өлермен ғана. Ондайлар сын сағатта ұлтын са­ тып кетеді. Қазақстанда азаматтық позициясы жоқ, ұлтына жа­ ны ашымайтын, жағымпаздықтың дертіне шалдыққан қаншама жазарман­ бар десеңші. Ұлтымыздың қандай қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқанын ойласам, шошимын.

ЖҮРЕК СӨЗІ Әдебиет біздің сұлулық пен бақыт жайлы армандарымызға ой тастап қана қоймай, төніп келе жатқан қауіп-қатерді алдын ала ескертетіндігіне, кез келген қысымды ашық көрсететініне ешкім күмәнданбай-ақ қойсын. Осыдан келіп мынандай сұрақ туын­дайды: адам баласының шыр етіп өмірге келгенінен бас­ тап, о дүниеге аттанғанға дейінгі қадамын бақылағысы келетін режимдердің барлығы әдебиеттен қорқатыны соншалық, реп­ рессивті цензураны енгізіп, тәуелсіз жазушыларды көздерінен таса қалдырмайтын себебі неде? Олардың бұлай әрекет етуінің себебі – оқырманның кітап кейіпкерлерінің кейпіне еніп, шы­ на­йы өмірмен салыстырып, қиялданатынын сезеді, ал жазушы­ лар­дың «қиялынан туған» дүниесінің кейде бүлікке ұласып ке­те­тінін түсінеді. Себебі оқырман көркем шығарма арқылы обс­курантизм мен үрейді еркіндік, бостандық жеңе алатынына көзін жеткізеді, оны шынайы өмірде жүзеге асырғысы келеді... Жазушылық арқылы біз өмірімізде баламалы өмір қалып­тас­ тыра алатын боламыз. Әдебиет – ол мұңайған, күйзелген сәтте пана болатын, шынайы өмірде мүмкін емес дүниені іске асыра­ тын, кемтарды сұлуға айналдыратын, бірер минутты мәңгілікке жалғастыратын, ең аяғы жеңетін өзгеше әлем... * Мәселен, мен Флоберден «талант – бұл қатаң тәртіп пен шыдамдылық, төзімділік» екенін үйрендім. Ал Фолькнер форма (стиль және құрылым) сюжетті байытатынын дәлелдеді. Мар­ торель,­ Сервантес, Диккенс, Бальзак, Толстой, Конрад, То­ мас Манндар романда стильді ұштау мен сюжеттік желілерді анықтаудан гөрі масштаб пен өрістің маңыздырақ екенін ұғын­ дырды...

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Әдебиет адам бойына құлшыныс бітіріп, оны алға ұмтыл­ дырады және рухтандырады. Кітаптарды оқи отырып қиялғажайып патшалығына саяхаттап келгендей боласың... Жақсы әдебиет халықтар арасындағы көпір іспеттес, біз­ді қуантады, мұңайтады, таңғалдырады, біріктіреді, жалпы әде­ биетке тілдік кедергі, наным-сенімдер алшақтығы, әдет-ғұрып­ тың өзгешелігі әсер етпейді. Мәселен, капитан Ахава алып кит­тің жемтігіне айналса, аяушылық сезімі тумайтын оқырман бола ма, тіпті үрей де пайда болуы мүмкін. Оқырман Токионың тұрғы­ны болса да, Лиманың немесе Тимбуктің тұрғыны болса да бәрі­ бір, барлығы бір аяушылық сезімді басынан өткереді. Сондайақ, Эмма Бовари күшан жұтып қойса, Анна Каренина пойыз астына түссе, Жюльен Сорель эшафотқа көтерілсе, Борхестік «Юга» қаласының тұрғыны Хуан Дальманн тавернадан көшеге шыққан мезетте кездігін кезенген қанішерге тап болса, тұтас бір ауылдың ошағы ортасынан түсіп, түгел мерт болған жағдайда (Педро Парамоның туған ауылы – Комало), оқырман қай дінді ұстанса да, Аллаға, Христосқа, Буддаға, Конфуцийға құлшылық етсе де, өзін агностик сезінсе де, сәнді мойынтақ тағып, пиджак кисе де, кимоно мен пончо кисе де бәрібір, бәріне ортақ «бір сезім» пайда болады – аяйды, мүсіркейді, жүрегі жаншиды, жа­ ны түршігеді. Жалпы әдебиет ұлттар мен ұлыстар арасында­ ғы бауырмалдық сезімін оятады. Идеологияның, діннің, тілдің және адам баласының ақымақтығының арқасында пайда болған шектеулер­ мен шекараларды бұзып-жарады... * Әдебиет тек шабыттан ғана туындамайды, ол сондай-ақ тәртіп,­ еңбек, табандылық атты үштағанның қосындысынан дүние­ге келеді...

ЖҮРЕК СӨЗІ Шынтуайтына келгенде, жазушылық – бұл мұрныңнан қа­ ның аққанша еңбек етуді талап ететін кәсіп. Кей сәттерде жа­ зушының фантазиясы азайып, қайратың да кемитін кездерің болады.­ Кейде ой мен қиялдың қамалында қалғандай күй ке­ шесің. Менің өмірімдегі ең бақытты сәттерім – айлап, жылдап оқиғаны­ «құрастыру» үшін беймәлім дереккөздерін зерттеузерделеу, жүріп өткен жолдардың естеліктерін парақтау, осы сәттегі қиялдар. Осылардың барлығы шабытпен қосылған сәт­ те әсерлі әңгіме жазуыңа жол ашылады. Әдебиет – бұл өмірдің жалған көрінісі, соған қарамастан, ол бізге өмірді кеңірек түсінуге көмектеседі, аласапыран өмірдің ақиқатын түсінуге жол ашады. Ол өмірдегі өкініштеріміз бен сәтсіздіктеріміздің орнын толтырады. Әдебиет арқылы біз ше­ шімін таба алмаған талай құпияны ашамыз. Бұл алдымен өзіңе деген сенімнен гөрі, сондай-ақ, трансцеденттікті мойындайтын жандарға демеу болады. Әдебиет өркениеттің мәңгі жасауы үшін қажет. Әдебиет адам­ дардың қайта тобырға айналып, азғындамауы үшін керек. Өзі­ міз ойлап тапқан машина бізге қызмет етпей, қайта біз сол машинаның­ басыбайлы құлына айналып кетпеуіміз үшін әдеби­ ет мәңгі жасауы керек. Әдебиетсіз әлем ұмтылыссыз әлемге, идеалсыз әлемге айналар еді. Әдебиет адамзат өмірін байытып, жалғыздықтан, құлазудан құтқарады. Әдебиет арқылы біз өмірде қол жетпеген шыңдарды бағындыра аламыз...

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 2011 жылдың 28 қарашасы Алматыға барып, Мұқағали сыйлығын алып қайттым. Сый­ лықты табыс ету рәсімі Абай атындағы опера және балет теа­ трында өтті. Мұқағалидың шығармашылығы туралы Жүрсін Ерман баяндама жасады. Баяндама көңілімнен шықпады. Ұлы ақынның шығармашылық мұратын түсінбегендіктен, баянда­ мада Мұқағалидың шығармашылық ерекшелігі, тұлғалық да­ ра­лы­ғы ашылмай қалды. Сосын пасық саясатын жүзеге асыру үшін, Мемлекеттік сыйлыққа байланысты сасық сөзді Мұқаға­ли туралы­ әңгімеге араластырудың қажеті қанша еді? Мен түсінбеймін. Мемлекеттік сыйлықты алғанда немесе алма­ғанда тұрған қандай үлкен трагедия бар? Шығар­машы­ лық­тың ұлы мұраты Мемлекеттік сыйлыққа қол жеткізіп, оны құшақтап өлу болмаса керек. Сол үшін өтіріктен қалың елі қазағы үшін қамығып, азап шеккен Абайдың позасына тұрудың керегі бар ма? Шындығымды айтсам, өткен жолғы Мемлекеттік сый­ лық Елбасын өтірік мақтап кітап жазғандарға емес, Жұмекен­ге бұйырғанда қатты қуандым. Егер сол жолғы Мемлекеттік сый­ лық билікке жағымпазданғандардың біреуінің еншісіне бұйыр­ ғанда масқара болар едік. Әділіне жүгінсек, Жүрсін ала алмай жүр деп қара аспанды жаудырып­ зарлаған Несіпбек Айтұлы мен Серік Ақсұңқарұлы сол сыйлықты алмағаны үшін ғана қоғамнан жақсылық көрме­ ген, бақытсыз ақындар болып саналуға тиіс пе? Өлген соң Мұ­ қағали мен Жұмекенге жүгіріп жүріп сол сыйлықты алып бер­ геннен не ұттық? Қайта осы екі ұлы ақынға сол сыйлықты әперу арқылы біз олардың халық алдындағы қадыр-қасиеті мен беде­ лін төмендетіп алған жоқпыз ба? «Мұқағали Мақатаев – Қазақ­ стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» де­ген сөз құлаққа қалай түрпі естіледі десеңізші. Менің ойымша, дәл бүгін сол сыйлықты алуға ұмтылмаған адамдар абыройлырақ болатын сияқты. Біреуісі – жылап, біреуісі – сұрап, біреуісі – адамын салып, біреуісі – билікті мақтап, өлермендікпен алып жатқан Мемлекеттік сыйлықта қандай абырой қалды? Қазір

ЖҮРЕК СӨЗІ Мемлекеттік сыйлық шығармаға емес, билікпен ауыз жаласқан ақын-жазушыларға берілетін болды... Алматыға бара салысымен бірнеше Букинистке кіріп шық­ тым. Қалтама қомақты қаржы түскен соң біраз кітап сатып ал­ дым. Виктор Гюгоның алты томдығын қолға түсірдім. Алматы­ дан Астанаға бір қап кітап арқалып қайттым. Үйге әрең көтеріп келдім... Толстойдың «Арылуын» осымен үшінші рет оқып жатыр­ мын. Ғажап шығарма. Мен бұл романды ең алғаш рет онын­ шы сыныпта жүргенде оқыған едім. Енді отыз жыл өткен соң қайта оқып, мүлде басқа сезімді басымнан кештім. Толқыдым. Тебірендім. Ойға баттым. Шынтуайтында Катерина Маслова емес, бүкіл қоғам жа­ла­ ңаштанып, жезөкшелікпен айналысып, күнәға батып жатқан­ дай әсер қалдырды маған. Егер Маслова тәнін сатса, арсыз қо­ ғамдағы шенеуніктер, заңгерлер, зиялылар... ар-ұятын сатып,­ рухани жезөкшелікпен айналысып, күнін көріп отыр. Одан құтылудың бір-ақ жолы бар – Арылу. Адам күнәдан арылу ар­ қылы ғана Құдайға келуі тиіс. Басқаша жағдайда Құдайға ке­ луіңнің бәрі өтірік. Жалған. Әрі кетсе өз-өзіңді алдау ғана. Дәл осы шығармадағы Толстойдың ұлы идеясы ислам дінімен сабақтастық тапқандай ма, қалай? Бұл туындыдан Толстой өмірінің соңына тән шығармашы­ лық кезеңінің белгілері айқын байқалады. Шағын әңгімелерін­ де кездесетін баяндаудан ықшам қысқалықты көреміз. Өмірі­ нің соңында жазған Толстойдың жаңа романы – көпсөзділік­тен ада, монолитті туынды. Жасырақ кезінде жазған «Соғыс жә­не бейбітшілік» пен «Анна Каренинадан» ол осынысымен ай­ рықшаланады. Эпизодтық шегіністері ұзақ емес, қысқа. Автор бір ғана желіні ұстанып, оны толық дамытады. Көлгірсу жоқ. Өмірдің шындығын тереңірек таныған кемеңгерлік парасат бар... Алматыда болғанымда, 22 қарашада Жұмекен ағаның үйі­ не бас сұғып, құран оқып шықтым (22 қараша – ақын Жұмекен

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Нәжімеденовтің қайтыс болған күні). Келешекте Мұқағали сияқты, Мағжан мен Жұмекеннің поэзиясы туралы да бір кітап жазуды армандаймын. Менің Жұмекен ақынның отбасымен араласа бастағаныма он жылдан асыпты. Нәсіп апайдың әйтеуір мен десе жаны қал­ майды, құрақ ұшып қарсы алады. Ақынның жалғыз ұлы Мағ­жан әдебиетті соншалықты терең біледі. Мен сияқты ауылда өсіп, әкесінің жолын қуғанда Мағжаннан үлкен сыншы шығар еді. Бір қуанатыным, Жұмекен ағаның балаларының бәрі шетінен ақылды. Өмірден орындарын тапқан бақытты жандар. Жұмекен – қазақ поэзиясына Абайдан кейін үлкен тереңдік­ ті алып келген, өз мектебін қалыптастырған ұлы ақын. Мейір­ хан, Гүлнәр, Амантай, Тыныштықбек сияқты жыр сүлейлері – Жұмекеннің ақындық мектебінен шыққан таланттар. Жұмекен – қазақ поэзиясының тұңғиығы. Әттең, әдебиет­ тегі орнын алып, орбитаға шыға алмай жатыр. Шіркін, егер үкі­ мет басындағы атқамінерлер жағдай жасаса, біраз жылымды Жұмекенге арнап, бір үлкен кітап жазар едім. Бірақ, жағдайға қарамастан, Жұмекен туралы кітабымды жазуға кірісуім керек. Ақын шығармашылығын сөз ете отырып, шерімді тарқатып, көп дүние айтуға болады. Жұмекен – қазақ поэзиясындағы менің ерекше жақсы кө­ ретін сүйікті ақыным. Мұқағали мен Кеңшілік өлеңдерінің қуат­ ты тасқыны мен қалыпқа сыймайтын бүлікшіл рухы Байрон мен Лермонтовқа ұқсаса, Жұмекендікі – Гетенікіндей парасатты, кемел поэзия. Жұмекенді талдау, оның терең философиясын, өнердегі ұлы мұратын түсіндіріп беру асқан шеберлікті талап етеді. Оған жан-жақты дайындық қажет. 2011 жылдың 30 қарашасы Таяуда бірнеше қазақ басылымдарының бетінен қазақ жа­ зушылары Әкім Тарази, Асқар Алтай мен Роза Мұқановаға әлем әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының берілгені туралы

ЖҮРЕК СӨЗІ ақпаратты оқып қайран қалдым. Бұл – нағыз өтірік. Ақиқатында есімдері аталған үш жазушыға да, бұдан бұрын да оны алған Төлен Әбдікұлы, Шөмішбай Сариев пен Немат Келімбетовке берілгені Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлық емес, әйгілі жазушының атындағы алтын медаль. Даңғойқұмарлыққа салынып,­ халықты дүрліктіріп өтірік алдап, оқырманды адас­ тыру­дың қажеті қанша? Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлық 2001 жылдан бастап әлемдегі танымал жазушыларға беріліп келеді. Оның ие­герлері мыналар: 2001 жылы бұл сыйлықты Нобель сый­ лығына бірден-бір үміткер болып жүрген Филип Рот алды. 2002 жылы Кафка сыйлығы Иван Климаға, 2003 жылы Петер Надашқа бұйырды. 2004 жылы – Эльфриде Елинек, 2005 жылы Гарольд Пинтер оған қол жеткізді. Кейін осы екі жазушы Но­ бель сыйлығын иеленді. 2006 жылы – атақты жапон жазушысы Харуки Мураками, 2007 жылы – Иф Бонфуа, 2008 жылы – Ар­ ношт Лустиг, 2009 жылы – Петер Хандке, 2010 жылы – Вацлав Гавел, 2011 жылы – Джон Бэнвилл Франц Кафка атындағы әдеби сыйлықпен марапатталды. Қазақ жазушыларының бірде-бі­реуі Кафка сыйлығын алған емес. Жазушылар Әкім Тарази, Асқар Алтай мен Роза Мұқанова­ лар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосса да аз жұмыс емес. Бетіміз шіміркпестен оларды әлем әдебиетінің төріне шығарып тастап, оны дамытуға зор үлес қосты деп дабырлатуымыз көрер көз, естір құлаққа ұят емес пе? Батысты айтпағанда, мына тұрған Ресейдің өзі қазақ әде­ биетін менсінбей, мұрнын шүйіріп қарайды. Және Пушкин, Лермонтов, Тютчев, Гоголь, Толстой, Достоевский, Чехов, Бу­ нин секілді ақын-жазушыларды дүниеге әкелген орыстардың бізді менсінбеуге хақысы да бар. Қазекең – жомарт халық қой. Әлем түгіл, әлі қазақтың өзі танып үлгермеген жазушыларына халықаралық Кафка сый­ лығын қалтасынан алып бере салады. Халықаралық сый­лық­ ты қалпақпен ұрып алады. Сендер бізбен ойнамаңдар. Керек 15-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ сыйлығымызды бермесеңдер, осындай жолмен-ақ тартып әпе­реміз жазушыларымызға. Әлемді қайтеміз, алған «сыйлы­ ғы­мыздың» күші қазақты қорқытуға жетсе болды емес пе?! Егер ертең бір жазушымызға Нобель медалі берілсе, Нобель сыйлығын алды деп те жарнамалай саламыз. Бәрібір оның аныққанығын тексеріп жатқан қазақ жоқ қой. Нобель демекші... Тағы да қазақтың жынды ауруы қозып, баспасөз беттерінде «Нобель сыйлығы қазақтарға қашан бұ­ йырады?» деп әлемге өкпелеп, қара аспанды жаудырған сұх­ баттар жарық көре бастады. Өңешімізді жыртып қанша ай­ғайласақ та Нобель сыйлығының қазақтарға бұйырмайты­ нын­ қаперімізге де алғымыз келмейді. Нобельге телміріп, көзіміз­дің жасын көлде­тіп жылай береміз, жылай береміз. Жалпы мен осы бір өнбейтін дауға бола өлермендікке са­ лынып, қызылкеңірдек болып айтысып-тартысып жатқан қазе­ кеңдерді түсінбеймін, ой-өресінің таяздығына қайран қаламын. Әлемде Нобель сыйлығынан басқа да беделі зор халықаралық сыйлықтар аз емес. Өкінішке қарай, сол беделі зор халықаралық сыйлықтардың бірде-біреуін алған қазақ жазушысы жоқ. Әуе­ лі Дублин, Сервантес, Пультцер, Букер, Гете, Кафка, т.с.с. ха­лықаралық сыйлықтың біреуін қазақ жазушысы алса да та­ қиямызға тарлық етпес еді. Жоқ, біз бірден Нобельге қол соза­ мыз. Нобель сыйлығына үміткер ең құрығанда осы халықара­­ лық сыйлықтардың бірнешеуін алып әлемге танылуы керек еке­нін ойлағымыз да келмейді. Әлемде мен білетін беделі зор болып саналатын­ мынандай халықаралық сыйлықтар бар: Халықаралық Дублин әдеби сыйлығы әлемдегі беделі зор халықаралық әдеби сыйлықтардың бірі болып саналады. 1996 жылы Дублин қалалық кеңесі мен американдық инвести­ ция­лық қордың қолдауымен құрылды. Жыл сайын ағылшын ті­ лін­де­ жарық көрген прозалық шығармаларға беріледі. Сый­лық­ тың көлемі – 100 000 евро. Бұл сыйлықты ұлтына қарамастан кез келген­ халықтың өкілі ала алады. Жалғыз шарты – үміткер­ дің туындысы­ міндетті түрде ағылшын тілінде болуы тиіс. Үміт­

ЖҮРЕК СӨЗІ кер­лер­дің шығармаларын Дублин сыйлығына оқырмандардың арасында сауалнама жүргізу арқылы қоғамдық кітапханалар ұсынады. Халықаралық сарапшылардан тұратын жюри мүшеле­рі жалпы тізімнің ішінен іріктеп, бірнеше үміткердің шығарма­сын таң­дайды. 2008 жылы Дублин сыйлығына 161 кітапхана ұсын­ған 137 автордың туындысы ұсынылды. Таңдаулы лауреаттары: 1996 – Дэвид Малуф, «Вавилонды еске алу» 1997 – Хавьер Мариас, «Ақ жүрек» 1998 – Герта Миллер, «The Land of Green Plums» 1999 – Эндрю Миллер, «Құбылмалы дерт» (орыс аударма­ сында – «Аурудың шөлі») 2000 – Никол(я) Баркер, «Кеңінен ашылу» 2001 – Элистер Маклауд, «Аса зиянсыз» 2002 – Мишель Уэльбек, «Кәдуілгі бөліктер» 2003 – Орхан Памук, «Менің атым Қызыл» (Кейін Нобель сыйлығын алды) 2004 – Тахар Бен Джеллун, «Сәулесіз қараңғылық» 2005 – Эдвард П. Джонс, «Байқалған әлем» 2006 – Колм Тойбин, «Шебер» 2007 – Пер Петерсон, «Барымтасыз». Букер сыйлығы – ағылшын әдебиетіндегі беделі зор сый­ лық. Ұлттық бірлестіктегі елде немесе Ирландия мен Зимбаб­ ве­де тұратын жазушы ағылшын тілінде жазылған үздік ро­ маны үшін марапатталады. Жеңімпазға 50 000 фунт-стерлинг табыс етіледі.­ 2002 жылға дейін сыйлықтың көлемі 21 000 фунтстерлинг болып­ келген. 2002 жылдан бастап сыйлықты беру­ ге Man компаниясы­ демеушілік ете бастады. Сондықтан оның қазіргі толық атауы – The Man Booker Prize. Букер сыйлығының төрт иегері – Уильям Голдинг, Надин Гордимер, В.С. Най­пол и Дж. М. Кутзее – кейіннен Нобель сыйлығына ие болды. 1999 жылы Дж. М. Кутзее бұл сыйлықты екінші рет алды. Лауреаттары: 1969 – Перси Ховард Ньюби, «Бұл үшін жауап бересіз»

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 1970 – Бернис Рубенс, «Таңдаулы тұлға» 1971 – В. С. Найпол, «Белгісіз жағдай» (Кейін Нобель сый­ лығын алды) 1972 – Джон Бергер, «G.» 1973 – Дж. Г. Фаррел, «Кришнапураны қоршау» 1974 – Надин Гордимер, «Сақтаушы» (Кейін Нобель сый­ лығын алды) 1975 – Рут Джабвала, «Ыстық пен шаң» 1976 – Дэвид Стори, «Сэвилл» 1977 – Пол Скотт, «Қалу» 1978 – Айрис Мёрдок, «Теңіз, теңіз» 1979 – Пенелопа Фицджеральд, «Офшор» 1980 – Уильям Голдинг, «Жүзудің тәсілі» 1981 – Салман Рушди, «Қараңғылықтың балалары» 1982 – Томас Кенилли, «Шиндлердің кемесі» 1983 – Дж. М. Кутзее, «Михаэла К-ның өмірі мен уақыты» 1984 – Анита Брукнер, «Мейрамхана. Көл» 1985 – Кери Хьюм, «Қаңқа-адамдар» 1986 – Кингсли Эмис, «Кәрі шайтандар» 1987 – Пенелопа Лайвли, «Айлы жолбарыс» 1988 – Питер Кэри, «Оскар мен Люсинда» 1989 – Кадзуо Исигуро, «Күннің қалдығы» 1990 – Антония Байетт, «Қожалық» 1991 – Бен Окри, «Аштық жолы» 1992 – Майкл Ондатже, «Ағылшын пациенті»; Барри Ансу­ орт, «Қасиетті аштық» 1993 – Родди Дойл, «Пэдди Кларк ха-ха-ха» 1994 – Джеймс Келман, «Ол соншама кешікті» 1995 – Пэт Баркер, «Елестердің жолы» 1996 – Грэм Свифт, «Соңғы тапсырмалар» 1997 – Арундати Рой, «Ұсақтықтың құдайы» 1998 – Иэн Макьюэн, «Амстердам» 1999 – Дж. М. Кутзее, «Ұятсыздық» 2000 – Маргарет Этвуд, «Соқыр қанішер»

ЖҮРЕК СӨЗІ 2001 – Питер Кэри, «Келли тобының шынайы тарихы» 2002 – Янн Мартел, «Пидің өмірі» 2003 – Ди Би Си Пьер, «Вернон Господи Литтл» 2004 – Алан Холлингхёрст, «Сұлулық желісі» 2005 – Джон Бэнвилл, «Теңіз» 2006 – Киран Десаи, «Тоналғандардың мұрасы» 2007 – Энн Энрайт, «Жинақ» 2008 – Аравинд Адига, «Ақ жолбарыс» 2009 – Хилари Мэнтл, «Вулф Холл» 2010 – Говард Джейкобсон, «Финклердің сауалы» 2011 – Джулиан Барнс, «Ақыретті сезіну». Халықаралық Букер сыйлығы 2005 жылы тағайындалып, екі жылда бір рет беріліп тұрады. Бұл сыйлықты шығармасы ағылшын тіліне аударылған кез келген халықтың ойы озық жазушысының алуға мүмкіндігі бар. Көлемі – 60 000 фунт стер­ линг (шамамен – 118 000 доллар). Лауреаттары: Исмаил Кадаре, Албания (2005) Чинуа Ачебе, Нигерия (2007) Элис Манро, Канада (2009) Филип Рот, АҚШ (2011). Гете сыйлығы – немістің, кейінгі жылдары халықаралық әдеби­ сыйлық. Ганзей одағының Гете сыйлығымен шатас­ тырмайық. 1927 жылдан бастап Гетенің туған күніне орай 28 тамызда әлемдегі танымал тұлғалар, оның ішінде жазушы­ лар да марапатталады. 1949 жылға дейін жыл сайын, содан кейін үш жылда бір рет берілетін болды. Сыйлықтың көлемі – 50 000 евро. Алғашқы лауреаттарының қатарында мынандай белгілі тұлға­ лар болды: 1927 – Стефан Георге 1928 – Альберт Швейцер (Кейін Нобель сыйлығын алды) 1930 – Зигмунд Фрейд 1932 – Герхардт Гауптман (1912 жылы Нобель сыйлығын ал­ ған неміс жазушысы).

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Соңғы он жылдың ішінде Гете сыйлығымен марапатталған­ дар: 1991 – Вислава Шимборская 1994 – Эрнст Гомбрих 2002 – Марсель Райх-Раницкий 2005 – Амос Оз Неміс кітап саудагерлерінің Бейбітшілік сыйлығымен ха­лық­тар арасындағы өзара түсінушілікті орнатуға ықпал еткен әде­биет, ғылым және өнер қайраткерлері жыл сайын марапат­ талады. 1949 жылы тағайындалған. Көлемі 25 000 евро тұратын бұл сыйлықты неміс Кітап саудагерлерінің одағы Франкфуртта­ ғы кітап жәрмеңкесі кезінде табыс етеді. Алғашқы лауреаттарының қатарындағы белгілі тұлғалар: 1951 – Альберт Швейцер 1952 – Романо Гвардини 1953 – Мартин Бубер 1955 – Герман Гессе 1958 – Карл Ясперс. Соңғы он жылдың ішінде сыйлықты алғандар: 1992 – Амос Оз 1994 – Хорхе Семпрун 1996 – Марио Варгас Льоса (2010 жылы Нобель сыйлығын алды) 1997 – Яшар Кемаль 1998 – Мартин Вальзер 2000 – Ассия Джебар 2001 – Юрген Хабермас 2002 – Чинуа Ачебе 2003 – Сьюзен Зонтаг 2004 – Петер Эстерхази 2005 – Орхан Памук (Кейін Нобель сыйлығын иеленді) 2006 – Вольф Лепенис 2007 – Саул Фридлендер.

ЖҮРЕК СӨЗІ Нейштад әдеби сыйлығы – әдебиет саласындағы қол жет­ кізген жетістігі үшін берілетін халықаралық сыйлық. 1969 жыл­ дан бастап екі жылда бір рет беріліп тұрады. Демеушісі – Окло­ хома университеті. Сыйлықпен марапатталғандар: 1970 – Джузеппе Унгаретти 1972 – Габриэль Гарсиа Маркес (Нобель сыйлығын алды) 1974 – Франсис Понж 1976 – Элизабет Бишоп 1978 – Чеслав Милош (Екі жылдан соң 1980 жылы Нобель сыйлығын алды) 1980 – Йозеф Шкворецкий 1982 – Октавио Пас (Нобель сыйлығын алды) 1984 – Пааво Хаавикко 1986 – Макс Фриш 1988 – Раджа Рао 1990 – Томас Транстрёмер (Нобель сыйлығын алды) 1992 - Жоан Кабрал ди Мелу Нету 1994 – Эдвард Камау Брейтуэйт 1996 – Ассия Джебар 1998 – Нуруддин Фарах 2000 – Дейвид Малуф 2002 – Альваро Мутис 2004 – Адам Загаевский 2006 – Кларибель Алегрия. Астурийс ханзадасының сыйлығы 1981 жылдан бері жыл сайын беріліп тұрады. Демеушісі – Астурийс ханзадасының қоры. Сыйлықпен марапатталғандар: 1981 – Хосе Йерро 1982 – Мигель Делибес 1983 – Хуан Рульфо 1986 – Марио Варгас Льоса (Нобель сыйлығын алды) 1987 – Камило Хосе Села 1988 – Хосе Анхель Валенте

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 1992 – Франсиско Ньева 1994 – Карлос Фуэнтес 1999 – Гюнтер Грасс (Нобель сыйлығын алды) 2000 – Аугусто Монтерросо 2001 – Дорис Лессинг (Нобель сыйлығын алды) 2002 – Артур Миллер 2003 – Сьюзен Зонтаг 2004 – Клаудио Магрис 2005 – Нелида Пиньон 2006 – Пол Остер 2007 – Амос Оз. Мигель де Сервантес атындағы сыйлық испан тілінде жазатын­ қаламгерлерге беріледі. Үміткерлердің тізімін Испан тілді елдердің академиясы ұсынады. Сыйлықтың көлемі – 90 000 евро. Бұл сыйлықты алғандардың кейіреуіне кейін Но­ бель сый­лығы бұйырды. Сыйлыққа ие болғандар: 1976 – Хорхе Гильен (Испания) 1977 – Алехо Карпентьер (Куба) 1978 – Дамасо Алонсо (Испания) 1979 – Хорхе Луис Борхес (Аргентина) 1980 – Хуан Карлос Онетти (Уругвай) 1981 – Октавио Пас (Мексика) (Нобель сыйлығын алды) 1983 – Рафаэль Альберти (Испания) 1984 – Эрнесто Сабато (Аргентина) 1986 – Антонио Буэро Вальехо (Испания) 1987 – Карлос Фуэнтес (Мексика) 1988 – Мария Самбрано (Испания) 1989 – Аугусто Роа Бастос (Парагвай) 1990 – Адольфо Бьой Касарес (Аргентина) 1993 – Мигель Делибес (Испания) 1994 – Марио Варгас Льоса (Перу) (Нобель сыйлығын алды) 1995 – Камило Хосе Села (Испания) 1997 – Гильермо Кабрера Инфанте (Куба)

ЖҮРЕК СӨЗІ 1999 – Хорхе Эдвардс (Чили) 2000 – Франсиско Умбраль (Испания) 2003 – Гонсало Рохас (Чили) 2005 – Серхио Питоль (Мексика) 2006 – Антонио Гамонеда (Испания) «Оранж» әдеби сыйлығы – бұл сыйлық тек әйелдерге ағылшын­ тілінде жазылған шығармасы үшін беріледі. Шығар­ ма сый­лыққа ұсынылардан бір жыл бұрын Англияда басы­лып шы­ғуы тиіс. Сыйлық 1996 жылы тағайындалған. Демеушісі аты-жөнін жарнамаламауды жөн көрді. Жеңімпазға 50 000 фунт-­ стерлинг пен Гриэль Найванның қолынан шыққан «Bessie» қола мүсіні табыс етіледі. Сыйлықтың иегерлері: 1996 – Хелен Дунморе 1997 – Анна Мишелс 1998 – Карл Шелдс 1999 – Сюзанна Берн 2000 – Линда Грант 2001 – Кейт Гренвил 2002 – Aнн Патшет 2003 – Валериа Мартин 2004 – Андреа Леви 2005 – Лионел Шифер 2006 – Зэйди Смит. Иерусалим сыйлығы – жеке адамдардың бостандығын қорғаған­ шығармаларға берілетін әдеби сыйлық. 1963 жыл­ дан бастап­ Иерусалимдегі халықаралық кітап жәрмеңкесінде екі жыл­да бір рет беріліп тұрады. Бұл сыйлықты алған кейбір жазушы­лар кейін Нобель сыйлығына қол жеткізді. Сыйлықтың лауреаттары: 1963 – Бертран Рассел 1965 – Макс Фриш 1967 – Андре Шварц-Барт 1969 – Игнацио Силоне

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 1971 – Хорхе Луис Борхес 1973 – Эжен Ионеско 1975 – Симона де Бовуар 1977 – Октавио Пас (Нобель сыйлығын алды) 1979 – Исайя Берлин 1981 – Грэм Грин 1983 – В.С. Найпол (Нобель сыйлығын алды) 1985 – Милан Кундера 1987 – Дж. М. Кутзее (Нобель сыйлығын алды) 1989 – Эрнесто Сабато 1991 – Збигнев Херберт 1993 – Cтефан Гейм 1995 – Марио Варгас Льоса (Нобель сыйлығын алды) 1997 – Хорхе Семпрун 1999 – Дон Делилло 2001 – Сьюзен Зонтаг 2003 – Артур Миллер 2005 – Антонио Лобо Антунеш 2007 – Лешек Колаковский. Алтын тәж – жыл сайынғы «Струждағы поэзия кеші» фес­ тивалінің сыйлығы. 1966 жылдан беріліп келе жатқан бұл сый­ лықты алған да қазақ ақыны жоқ. Сыйлықты алған ақын­дардың кейбіреуі кейін Нобель сыйлығына ие болды. Сыйлықтың лауреаттары: 1966 – Роберт Рождественский (КСРО) 1967 – Булат Окуджава (КСРО) 1968 – Ласло Надь (Венгрия) 1969 – Мак Диздар (Югославия) 1970 – Миодраг Павлович (Югославия) 1971 – Уистан Хью Оден (АҚШ) 1972 – Пабло Неруда (Чили) 1973 – Эудженио Монтале (Италия) 1974 – Фазыл Хюсню Дагларджа (Турция) 1975 – Леопольд Седар Сенгор (Сенегал)

ЖҮРЕК СӨЗІ 1976 – Эжен Гийвик (Франция) 1977 – Артур Лундквист (Швеция) 1978 – Рафаэль Альберти (Испания) 1979 – Мирослав Крлежа (Югославия) 1980 – Ханс Магнус Энценсбергер (ФРГ) 1981 – Блаже Конески (Югославия) 1982 – Никита Станеску (Румыния) 1983 – Агьея (Индия) 1984 – Андрей Вознесенский (КСРО) 1985 – Янис Рицос (Греция) 1986 – Аллен Гинзберг (АҚШ) 1987 – Тадеуш Ружевич (Польша) 1988 – Десанка Максимович (Югославия) 1989 – Томас Шапкотт (Австралия) 1990 – Хусто Хорхе Падрон (Испания) 1991 – Иосиф Бродский (АҚШ) (Нобель сыйлығын алды) 1992 – Ференц Юхас (Венгрия) 1993 – Геннадий Айги (Ресей) 1994 – Тед Хьюз (Ұлыбритания) 1995 – Иегуда Амихай (Израиль) 1996 – Макото Оока (Жапония) 1997 – Адонис (Сирия) 1998 – Лу Хуан (Қытай) 1999 – Ив Бонфуа (Франция) 2000 – Эдоардо Сангвинетти (Италия) 2001 – Шимус Хини (Ирландия) 2002 – Славко Михалич (Хорватия) 2003 – Томас Транстрёмер (Швеция) (Нобель сыйлығын ал­ ды) 2004 – Васко Граса Моура (Португалия) 2005 – Уильям С. Мервин (АҚШ) 2006 – Нэнси Морехон (Куба). Виленицы әдеби сыйлығы – Триестаның маңында, Батыс Словенияда халықаралық әдеби фестивальде Шығыс және

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Батыс Еуропаның озық ойлы қаламгерлеріне жыл сайын та­быс етіле­тін­ сыйлық. Құрылтайшысы – Словения Жазушылар одағы. 1986 жылы тағайындалған. Сыйлықтың лауреаттары: 1986 – Фульвио Томицца (Италия) 1987 – Петер Хандке (Австрия) 1988 – Петер Эстерхази (Венгрия) 1989 – Ян Скацел (Чехия) 1990 – Томас Венцлова (Литва, АҚШ) 1991 – Збигнев Херберт (Польша) 1992 – Милан Кундера (Чехия, Франция) 1993 – Либуше Моникова (Чехия, ФРГ) 1995 – Адольф Мушг (Швейцария) 1996 – Адам Загаевский (Польша) 1998 – Петер Надаш (Венгрия) 1999 – Эрика Педретти (Швейцария) 2001 – Ян Каплинский (Эстония) 2002 – Ана Бландиана (Румыния) 2005 – Ильма Ракуза (Швейцария) 2007 – Горан Стефановский (Македония). Петрарка сыйлығы – үздік жазушылар мен аудармашы­ лар­ға арналған халықаралық әдеби сыйлық. 1975 жылдан бас­тап 1995 жылға дейін беріліп келді. Лауреаттары: 1975 – Рольф Дитер Бринкман 1976 – Сара Кирш пен Эрнст Майстер 1977 – Херберт Ахтернбуш 1978 – Альфред Коллерич 1979 – Збигнев Херберт 1980 – Людвиг Холь 1981 – Тумас Транстремер (Кейін Нобель сыйлығын иеленді) 1982 – Ильзе Айхингер 1983 – Герхард Майер 1984 – Густа Янус

ЖҮРЕК СӨЗІ 1987 – Герман Ленц 1988 – Филипп Жакоте 1989 – Ян Скацел 1990 – Пуль Вюр 1991 – Джон Бергер 1992 – Майкл Хамбургер 1993 – Геннадий Айги 1994 – Хельмут Фербер 1995 – Лес Маррей. Бұл сыйлықты Феликс Филипп Ингольд, Ильма Ракуза сияқ­ ты аудармашылар да алды. Кафка сыйлығы – халықаралық әдеби сыйлық. 2001 жыл­ дан бастап беріліп келеді. Демеушісі – Франц Кафка қоры мен Прага қаласы. Лауреаттары: 2001 – Филип Рот 2002 – Иван Клима 2003 – Петер Надаш 2004 – Эльфрида Елинек (Кейін Нобель сыйлығын алды) 2005 – Гарольд Пинтер (Кейін Нобель сыйлығын алды) 2006 – Харуки Мураками 2007 – Ив Бонфуа. Чино дель Дука сыйлығы – 1969 жылы француз кәсіпкері Чино дель Дуканың құрметіне орай оның жесірі Симона дель Дуканың тағайындаған халықаралық әдеби сыйлығы. Әлемдегі гумманизмді насихаттаған шығармаларға беріледі. Сыйлықтың көлемі – 250 000 евро. Лауреаттары: 1969 – Конрад Лоренц 1970 – Жан Ануй 1971 – Игнацио Силоне 1973 – Жан Геенно 1974 – Андрей Сахаров 1975 – Алехо Карпентьер

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 1976 – Льюис Мэмфорд 1978 – Леопольд Седар Сенгор 1980 – Хорхе Луис Борхес 1981 – Эрнст Юнгер 1982 – Яшар Кемаль 1984 – Жорж Дюмезиль 1985 – Уильям Стайрон 1990 – Жоржи Амаду 1992 – Исмаил Кадаре 1995 – Ив Бонфуа 1997 – Вацлав Гавел 2002 – Франсуа Нурисье 2005 – Жан Клер; Паскаль Дюсапен. 2011 жылдың 20 желтоқсаны Шұғыл шаруалармен Алматыға барып қайттым. Қайтар жол­ да поезда суық тиіп ауырып қалдым. Жазыла алмай жүрмін. Бүгін жұмысқа шықтым. Тұмауратып, мереке күндері сыртқа шықпадым. Үйде жатып Виктор Гюгоның «Аласталғандар» романының бірінші томын бас алмай оқып шықтым. Баяғыда студент кезім­ де ұлы қаламгердің «Сабор Парижской Богоматери» деп ата­ латын романын сүйсініп оқып, бір сиқырлы сезімді басымнан кешкенмін. Ақындық шабытпен жазылған әйгілі шығармадағы құбыжық Квазимоданың бейнесі әлі күнге көз алдымда. Есім­­ нен кетпейді. Француздар үшін Гюго – ең әуелі ұлтының ұлы ақыны. Міне, сондықтан олар Гюгоның прозалық туындыларынан гөрі поэ­ зиясын жоғары қояды. Ерекше бағалайды. Дегенмен, Гюгоның прозасы да осал емес. Сезіміңді баурап алады, ақындық шабыт­ пен жазылған ұлы дастандардай делебеңді қоздырады. Он­да­ ғы қоңыр әуенмен жырланған адамға деген махаббаттың құ­ діреті қандай күшті еді, езілген жұрттың жүрегін елжірете­тін аяушыл­ық сезімнің сәулесі қандай жылы еді, бауырмалдық

ЖҮРЕК СӨЗІ пен мейірім­ділік ағысының тасқыны қандай алапат еді... Өз дәуіріндегі қорған­сыз халықтың қамқоршысы бола білген Гю­ гоның есімі адамгер­шілік мұратты жырлаған ұлы жазушылар Диккенс, Толстой және Достоевскийдің қатарында тұруға әб­ ден лайық. Шығармашылық өмірін қорытындылай келіп, өле­ рі­нің алдында Виктор Гюго былай деп жазған болатын: «Мен өзімнің кітаптарымда, драмаларымда, қара сөз бен өлеңдерім­ де езілгендер мен қорланғандарды қорғадым. Сайқымазақтың, қызметшінің, айдаудағы адамның, жезөкшенің құқын қалпына келтірдім». Гюгоның «Аласталғандар» романы маған ерекше әсер ет­ ті. Жан-Валжан мен Фантинаның асқан шеберлікпен сомдалған көркемдік бейнесі жүрегімді адамгершілік шуағының жарығы­ мен жылытқандай болды. Гюго шығармаларының орыстың ұлы жазушылары Достоевский мен Толстойға қатты ықпал еткенін әдебиет тарихынан білемін. Екеуі де күнделіктерінде Виктор Гюгоның «Аласталғандар» романын адамгершілікті жырлаған ұлы туынды ретінде атап өтіп, жоғары баға берген. Кейін Дос­ тоевский («Қылмыс пен зауалдағы» Соня Мармеладова) мен Толстой («Арылудағы «Катерина Маслова) өз романдарында жезөкше Фантинаның бейнесін асқан шеберлікпен дамытты. Қызын құтқару үшін амалсыздан тәнін сатуға мәжбүр болған Фантинаның жан дүниесі қандай сұлу еді. Он тоғыз жыл түрме­ де отырып шықса да адамгершілік қасиетін жоғалтпаған ЖанВалжанның жүрегінің кіршіксіз тазалығына еріксіз сүйсінесің. «Аласталғандар» туралы ойымды романды соңына дейін, яғни әлі екі кітабын оқып шыққан соң толықтырармын... Тәуелсіздік мерекесі күнгі көңіл күйімді Жаңаөзен қаласын­ да болған көтеріліс бұзып жіберді. Жантүршігерлік оқиға қат­ты қобалжытып, жүрегімді ауыртты. Қаланың мерекелік ала­ңын­­ да көтеріліс болып, жаппай тәртіпсіздік орын алып, 14 адам қа­ за тауыпты. Бейресми деректерге сүйенсек, қаза тапқандар­дың са­ны одан әлдеқайда көп. Қазақстандағы ақпарат құралдары рес­публиканың бас прокуроры мәліметіне сүйеніп, 10-нан ас­

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ там адамның қаза тапқанын хабарласа, кейбір Ресей ақпарат көздері 70 адам опат болып, 500 адам жараланды деген дерек­ тер таратты.­ Қайсысының ақпарына сенеріңді білмейсің. Кей­бір дереккөздерінде Ақтау қаласына ондаған самолетпен 1500-ге жуық ішкі әскери күштердің жеткізілгені айтылыпты. Демалыс күндерім Жаңаөзендегі ахуалға алаңдап, қайтақайта интернетті қараумен өтті. Ресми ақпарат құралдары та­ ратқан мәліметтерге өз басым аса сенбеймін. Олар біржақты ақпарат беріп, бәрін бұзақыларға жауып, халықты жазғырып жа­тыр. Теледидардан сөйлеген зиялыларымыздың бірде-біреуі халықты қорғамады. Бәрі шетінен биліктің тапсырмасын орын­ дап, үлкен кісіге құлдық ұрып жатты. Ең құрығында үндемей қалуға болатын еді ғой оларға. Мұндай жағдайда шындықты айта алмасаң, үндемей қалудың өзі сенің азаматтық позицияң болып табылады емес пе? Зиялысымақтарымыздың теледидар­ дан сөйлеген сөздері жүрегімді айнытты. Осымен қазақ зия­ лылары екінші рет өз ұлтына опасыздық жасап, сатып кетті. Ұлтқа болыса алмау да – сатқындық. Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, бәрінің айтатыны бір-ақ әңгіме: «Масқара болдық. Тәуелсіздік күні мұндай оқиғаның орын алғаны ұят болды», т.с.с. Зиялысымақтарымыздан жиіркеніп кеттім. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы есіме түсті. Сол уақыттағы жағдай қаз-қалпында қайталанды. Сатқындар, ар-ұяттан жұрдай опасыздар биліктің жағына шықты. Қолшоқпарына айналды. Амал нешік, тағы да көздері жәудіреп қазақ байғұстар сор­ лады. Қаза тапқандардың басым көпшілігі жастар. Арасында 1995 жылы туған Көшеров Рахат есімді он екіде бір гүлі ашыл­ маған уыздай жас жігіт те бар екен. Обал-ай! Жүрегім ауырып, екі күн бойы жөндеп ұйықтай алмадым.­ Сорлап қалған қазақтарға қалай көмектесуге бола­ ды? Опасыз билік енді оларды аямайды-ау, аямайды! Биліктің халықты қаралап жатқан түрі жаман. Қазақты сорлатқан жа­ мандықтың ақыры отыз жетінші жылғыдай қанды репрессияға ұласып кетпесе екен. Енді билік бәрін «бұзақыларға» жауып,

ЖҮРЕК СӨЗІ көтеріліске қатысқан жастарды аяусыз жазалайтын шығар. Со­ сын ол байғұстардың өмірі не болады? Сорлап қалған жастар­ ды ойласам, қабырғам қайысып, жүрегім қан жылайды. Көңілім көрдей суиды. Шошимын. Биліктің көтерісшілерге оқ атқаны сорақылық, тіпті халыққа жасалған қастандық болды. Тәуелсіз ақпарат тарататын интернет-сайттар ашылмай қал­ ды. Азаттық сайтын аша алмай қойдым. Шамасы, ондай ақпа­ рат көздерінің жолы бөгеліп тасталған шығар. Бүгін-ертеңдері Жаңаөзен қаласында опат болған қазақтың өрімдей жігіттерін жерлейді. Аянышты көрініс. Қаншама ана ботадай боздап қалды. Қан­ шама шаңырақ қара жамылды. Қаншама отбасы баласын, інісін, ағасын, азаматын жоқтап, зар илеп жатыр. Дүниенің бүкіл бай­ лығы адамның орнын толтыра алмайды ғой. Бәрінен бұрын, ең жаныңа бататыны, қаншама адамның жүрегі қан жоса болып жараланды.­ Енді ол сыздаған жараның орны таяу жылдары жа­ зыла қоймас. Жаңаөзен қаласындағыдай әділетсіздіктер жал­ ғаса берсе, қантөгіске алып келген мұндай көтерілістер басқа аймақтарда да қайталануы ықтимал ғой. Ондай қанды қырғын оқиғаға жол бермеу үшін ендігі уақытта ресми билік халықтың мұңы мен зарына құлақ асуы тиіс. Халықты емес, билікті жауап­ қа тарту қажет. Билікті! Алаңға шыққан жастарды емес, осы оқиғаға жол берген лауазымы жоғары шенеуніктерді жазалау керек.­ Шенеуніктерді! Ең алдымен бірнеше айлар бойы наразылық білдірген мұнай­ шылардың зарына құлақ аспаған, оларды адам санамаған үкімет отставкаға кетуі тиіс. Әйтпесе Жаңаөзен оқиғасынан да асып түсетін көтерілістер бұрқ ете қалуы әбден ықтимал. Болар іс болды. Егер биліктің басында тауықтың миындай ми қалса, енді оның себебін анықтағаннан гөрі, салдарымен күре­ суі керек. Ол үшін мемлекеттік комиссия құрып, өндіріс орнын­­ дағы жұмысшылардың талабын қанағаттандырудың жолын ой­ ластыруы ләзім. 16-0178

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ Жаңаөзен оқиғасы – ұлттық трагедия. Келешекте қазақ халқы­ 16 желтоқсанды тәуелсіздік мерекесі емес, ұлтымыз­ дың қара­лы күні ретінде атап өтетін болады әлі. 2011 жылдың 21 желтоқсаны Жаңаөзендегі қаны төгілген жастардың аруағы маған маза берер­ емес. Түні бойы көз ілмей шықтым. Қорғансыз халыққа ара­ша түскен Хасен Қожа Ахмет нағыз ер екен. Азаттық радио­ сының сайтынан оның батыл-батыл сөйлеген сөздерін естіп, риза болдым. Қазақстан Жазушылар одағында осыған байланысты бір жиын­ның өткенін де Азаттықтың сайтынан оқыдым. Масқара! Жиынға келген ақын-жазушылардың ешқайсысы да «Халыққа неге оқ атылды?» деген сауалды қоймапты. Халқымыздың ал­ дында тағы да қарабет болдық. Бейбіт күнде адай екенін айтып, жұртты қырып кете жаздап жүрген Есенғали Раушан көкемнің осы сұрақты қоя алмағанына таңым бар. Өзін аса ұнатпасам да, шығармашылығын жоғары бағалайтын едім. Бір күнде жек көріп кеттім. Тәуекел! Мына сұмдыққа төзе алатын емеспін. Жаңаөзен туралы­ шындықты айтып, жанайқайымды білдіріп, мақала жазуға бел будым. Әйтпесе ұлттың алдында ұятқа қалатын тү­ ріміз бар. Менің батыр інілерім мен қайсар қарындастарымның қаны төгіліп жатқанда үндемей қалуым азаматтығыма сын емес пе?! Көп болса халықты сатып кеткен ағаларым тулап, маған өкпелер. Бірақ, менің ойымша, сатқындықты жасырып, үн­ демей қалу­дың өзі сатқындық. Бауырларым қырылып жат­ қанда әділдікке араша­ түсе алмасам, жер басып жүрмей-ақ қойғаным артық мына жалғанда. 2011 жылдың 23 желтоқсаны Азаттық радиосының сайтынан Мұхтар Мағауиннің ма­қа­ ласын жүрегім елжіреп, көңілім толқып, бірнеше мәрте оқып

ЖҮРЕК СӨЗІ шық­тым. Құдайға шүкір, рухымыз тірі екен. Әйтеуір бір ақсақал жазушымыз халқына араша түсті. Әйтпесе мүлде ұятқа қалар едік. «Жаңаөзен факторы» деген мақаламды жазып бітірдім. Үс­ тінен бір қарап шығып «Жас алашқа» бермекшімін. Өкінішке қарай, «Жас Алаш» енді тек 27 желтоқсан күні шығады. Менің мақаламды баса алатын басқа газет болмай тұр. Интернетке жа­ рияласам, қарапайым халық оны оқи алмайды. 2011 жылдың 27 желтоқсаны Мақалам «Жас Алашта» жарық көрді. Жұрттың бәрі хабар­ ласып, ризашылығын білдіріп жатыр. Сағат 12.00 кезінде Әмір­ хан Меңдеке телефон шалып, маған алғысын жаудырып, таң ат­пастан редакцияға хабарласып жатқан адамдардың сәлемін жеткізді. Адайдың жасы сексеннен асқан шалы редакцияға ар­найы­ келіп, менің мақаламды мақтап, рахметін айтып, кө­ зінің жасын­ көлдетіп, еңіреп жылапты. Көңілім толқып кетті. Жазушыға халықтың махаббатына бөленгеннен артық қандай құрмет керек? 2011 жылдың 30 желтоқсаны Тағы да бір жылдың парағы жабылғалы тұр. Өткен жылға назар салсам, жақсылықтар көп болыпты, жанымды ауыртқан жаманаттар­ да бар екен. Әдебиет үшін аз тер төкпеппін. Мұқа­ ғалидың шығармашылығы туралы тұтас бір кітап жаздым. Ең­ бегім еленіп, биыл Мұқағали сыйлығын алдым. Францияның әйгілі қаламгері, Нобель сыйлығының иегері Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» деп аталатын еңбегін қазақ тіліне аудардым. Жылдың соңындағы Жаңаөзендегі халыққа атылған оқ ме­нің жанымды да жаралап кетті. Полицейлер халықты жауды қыр­ ғандай, қуып жүріп атып өлтіріпті. Жүрегің ауырады. Не деген сұмдық?!

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ «Жаңаөзен факторы» деген мақаланы жазғаным үшін еш өкінбеймін. Ұлтыма оқ атылғанда, оған қарсы шығып, жүрегім­­ ді тосып, халқыма қорған бола білдім. Ұлтын сатқан қара то­ бырдың соңынан ілесіп кеткен жоқпын. О, мейірімі мол Алла Тағала! Енді мұндай қанды қырғын­ ның бетін аулақ қыл Отанымнан! Елімізде тек тыныштық болсын!­ Онсыз да саны аз қазақтар қырылмасын өз елінде, өз жерінде! Алдағы жылда тек жақсылықтар болсын! Құдіреті күшті Алла, қорғансыз қазағымды сақтай гөр! Жылап тұрып сенен сұрайтын жалғыз өтінішім осы ғана. Аумин!

ЖҮРЕК СӨЗІ 2012 ЖЫЛ 2012 жылдың 5 қаңтары Тағы бір жыл басталды. Баяғыда жүрегіміз лүпілдеп, жаңа жылдан ылғи да бір жақсылық күтетінбіз. Ал қазір келген жыл қандай ауыртпашылық немесе қайғы әкеледі екен деген алаң­ даумен күнімізді өткізетін болдық. Жыл келген сайын – қымбатшылық. Жыл келген сайын – күнкөріс қиындап, қайыршылық күшейіп барады. Жыл келген сайын – рухымыз әлсіреп, әділетсіздік салтанат құрып жатыр. Жыл келген сайын – байлар құтырып, кедейлердің соры қайна­ ған үстіне қайнай түскен заман бұл. Мына сұмырай уақытта жақсы өмір сүру үшін қу, сұмпайы, алаяқ, сатқын, екіжүзді, ештеңеге жаны ашымайтын тасбауыр болып жаратылуың керек. Мұндай құлдық сана бәрімізді, мем­ лекетімізбен қоса, орға әкеліп құлатпай ма бір күні? Жаңаөзен оқиғасынан соң тіршілікте араласып жүрген ақын-жазушыларымның көбісінен көңілім қалды. Дегенмен, біраз нәрсеге көзім ашылғандай. Ұзақ жылдар бойы жанымды ма­залап жүрген «Неге бізде Батыс елдері немесе Ресей мем­ лекетіндегідей үлкен әдебиет жоқ?» деген ұстара сауалдың жауабын­ тапқандаймын. Әдебиетіміздің көсегесін көгертпей жатқан бір-ақ кесел бар. Ол – құлдық сана. Құлдық сана-се­ зімнен арыла алмаған ақынның жанында халықтың жүрегін нұрландыратын­ ұлы идеяның өмір сүруі де беймүмкін. Мемлекетіміздің, тіліміздің, дініміздің, мәдениетіміздің, әде­ биетіміздің, президентіміздің... – бәріміздің де түбімізге күн­ дердің күнінде құлдық сана жетеді. Жастарды қызыл қанға боя­ ған Жаңаөзен оқиғасы – құлдық сананың кесапатынан туған

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ трагедияның тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы көрінісі. Осы­лай жалғаса берсе, екінші рет ол трагедияның қашан және қандай формада қайталануы мүмкін екенін көзіңе елестетпек түгіл, ой­ лауға шошисың... Теледидардан сөйлеген зиялыларымыз бірінің сөзін екінші­ сі қайталап, «Тыныштық керек, тыныштық керек» дегеннен басқаны айтуға шамалары келетін емес. Келісемін. Тыныштық бәрімізге де керек. Кім Отанының оқ пен отқа оранғанын қалайды? Бірақ елімізде мызғымайтын тыныштық орнауы үшін ең алдымен әр нәрсені өзінің атымен­ айтуды­ және кемшілікті бүркемелеп, жалған сөйлемеуді үйре­ нуіміз қажет емес пе. Жеті ай бойы ереуілдеген мұнайшы­ лар­дың зарына билік басындағы атқамінерлер құлақ аспады. Ақыры – мынау. Енді билік осы қанды қырғыннан сабақ алып, қоры­тынды жасай ала ма? Келесі жолы бұдан да өткен сорақы қантөгістің қайталанбауы осыған байланысты екенін ұмытпа­ ған абзал. Міне, сондықтан мемлекетіміз жемқорлықтың батпа­ ғына батып кетпей тұрғанда, билікте бір тазарту жүргізу қажет... Біздің билік үнемі жалған сөйлеп, сөздің майызын тамы­зып, бәрін өтірік мақтайтын жағымпаздарды ғана көтермелейді. Жанына­ жақындатып, қызмет береді. Ақиқатында мемлекеттің на­ғыз жауы да, соры да – солар. Қазақта «Ауруын жасырған өледі» деген мақалдың бар екенін бәріміз білеміз. Жағым­ паздар – сол ауруды қоздырушы вирустар. Ауруды емдейтін дәрі­нің орнына­ тәтті у ұсынатын алаяқтар. «Егер соқыр соқырды жетектесе, екеуі де жардан құлайды» дегенді Інжілден оқығанмын. Біздің соқыр билік неге өз ма­ ңайына көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды емес, ылғи бір мем­ лекетке де, халыққа да жаны ашымайтын «зағиптарды» жинап алған осы? Билік ұлтқа жаны ашитын, оны қауіп-қатерден сақтап қала алатын көкірегі ояу, мемлекетшіл азаматтарды емес, ылғи бір сатқындар, алаяқтар, жағымпаздар мен сұмдарды қасына жи­нап алып, елімізді ұшпаққа жеткіземіз деп ойлай ма сонда? Қателеседі. Ел басына күн туса Елбасыны да, елді де са­ тып кететін солар болады ең алдымен.

ЖҮРЕК СӨЗІ 2012 жылдың 9 қаңтары Кеше кешке Дархан Қыдырәлімен мейрамханада кездесіп, әдебиет туралы ұзақ әңгімелестік. Ю. Селезневтің «Достоев­ ский» деген кітабын оған оқуға бердім. Менің бұл талантты жігітпен танысқаныма біраз уақыт болды. Іш тартып, туған ба­ уырымдай жақсы көріп кеттім. Мұстафа Шоқай туралы жазған кітабын аса үлкен сүйіспеншілікпен, қызыға да қызғана оқып шыққанмын. Арпа ішінде бір бидайдай аз болса да, билікте де осындай ақылында сәулесі бар азаматтардың жүргеніне іштей қуандым. Шүкіршілік еттім. Дархан бауырыма қатты риза болғаным, Мұстафа Шоқай­ ды егжей-тегжейлі, бар ынта-жігерін салып зерттепті. Кітаптың керемет жазылғаны соншама, кешке таман оқи бастап, бір түн бойы ұйықтамай, соңына қалай жеткенімді байқамай қалыппын. Дарханның Алаштың ұлы перзенті Мұстафа туралы жазған еңбегі – көркем романға бергісіз туынды. Кітапты оқып шық­ қан соң жүрегім елжіреп, бүкіл саналы ғұмырын Алашқа арна­ ған азаматтың тағдырын түсініп, көңіліме мұң ұялады. Гетенің «Фаустында» Жер Рухының «Сен өзің танымақшы Рухқа теңсің» деп айтатыны бар. Жалпы Дарханның өзінің бо­йында да Мұстафаның рухынан жұққан тектілік бар. Білім­ ді. Бірақ, сонысына қарамастан, өте кішіпейіл. Кездесіп әңгі­ мелескен сайын білдімділігіне тәнті болып қайтамын. Күні-түні биліктің мазасыз жұмысын атқара жүріп, соншама білімді қай уақытта жинаған? Таңғаламын. Мұстафа Шоқай туралы еңбегін Дархан отызға толмай-ақ жазыпты. Егер отызға толмай жатып осындай дүние жазса, келешекте бұл жігіт әлі талай дүниені қо­парады. Алла болашағынан зор үміт күткізетін осындай жі­ гіттерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! 2012 жылдың 17 қаңтары «Халық сөзі» газетіне сұхбатым шығыпты, телефонмен бер­ гем. Журналист қыз айтқым келген ойымды дұрыс жеткізе ал­ мапты. Енді баспасөзге сұхбатты жазбаша түрде ғана беруді

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ ұйғардым. Ауызша айтқанда ойыңды жинақтай алмай қалады екенсің. Хабарласқан журналист қыз мені «Әдебиетте дағда­ рыс бар ма?» деген сауалға байланысты әңгімеге тартқан еді. Жеткізе алмаған ойларымды ақыл таразысына салып, қайта бір салмақтап көрмекшімін. Соңғы жылдары мен мынандай бір келеңсіз құбылысты бай­ қадым. Жасы жетпістен асқан кейбір ақсақал жазушыларымыз сөз өнерінің алтын дәуірі аяқталғанын айтып, әдебиеттің жана­ засын шығаруға тым асығатын сияқты. Ақиқатқа жүгінсек, қазақ топырағында ХVІІІ бен ХІХ ға­ сырдағы Еуропа мен Ресейдегідей немесе ХХ ғасырдағы Жа­ пония мен Латын Америкасындағыдай адамзатты толғандыра­ тын ой ойтқан әдебиет әлі туған жоқ. Міне, сондықтан қазақ әдебиетінің рухани потенциалы әлі таусылған жоқ, өзін таныта алатын мүмкіндігі әлі зор. Еуропаның уайымдауына болады. Адамзат баласының аузын ашқызып, көзін жұмғызған Сервантес, Шекспир, Байрон, Гете, Бальзак, Гюго, Моппасан, Флобер, Золя, Камю, Кафка, Сартр, Манн, Ремарк пен Хэмингуейлерден соң расында да әлемді таңғалдыратын шедевр туғызу қиын-ақ. Жапондардың салы суға кетсе жарасады. Акутагава, Миси­ма,­ Абэ, Кавабата, Оэлардың шығармаларынан соң жаңалық ашу шындығында да қиын. Әлем олардың шығармаларын құмар­тып оқыды. Ресейдің де көңілсіз ойға батуына әбден болады. Пушкин, Лермонтов, Тютчев, Достоевский, Толстой, Тургенев, Чехов­ пен Бунин сияқты ұлы ақын-жазушыларды өмірге әкелген. Со­ған қарамастан Ресей әлі күнге дейін ұлттық әдебиетінің келешегіне зор үмітпен қарайды. Күдерін үзбейді (Әрине, Иосиф Брод­ ский сияқты «Жиырмасыншы ғасырда орыс әдебие­ті шын мағынасындағы үлкен проза туғыза алмады» дейтіндер орыстар­ да да табылады). Соншама сары уайымға салынатындай бізге не көрінді? Құд­ ды қазақ әдебиеті бәрін тындырып тастап, бүкіл әлемді таңғал­

ЖҮРЕК СӨЗІ ды­рып қойғанымыздай өрекпіп сөйлеуімізге не жорық? Күллі адамзат баласының бәрін толғандыра алар ұлы ой айта білген Абайымыздан басқа кіміміз бар біздің? Оның өзін әлемге мо­ йындата алғанымыз шамалы, өкінішке қарай. Өнердің биік талаптарына жауап бере алатын үлкен әдебиет адамгершілік ұлы мұраттар төңірегіндегі айтыс-тартыстардың көрігі қызған шақта өмірге келеді. Ал біз ең болмағанда ұлт ре­ тінде қалыптаса алмай жатырмыз. Тіліміз – шала, діліміз – ша­ла, дініміз – шала, рухымыз сынғалы тұр. Рас, жиырмасыншы ғасырдың басындағы Алаштың ұлы пер­ зенттері Мағжан, Жүсіпбек, Бейімбет пен Мұхтарлардың ұлы әдебиет жасай алатындай күшті рухани потенциалы болды. Бірақ кеңестік империя оларға сол мүмкіндігін жүзеге асыруға шамасын келтірмеді. Егер Мағжан тағы да жиырма жыл өмір сүре тұрғанда, орыстың Пушкині сияқты әдебиетіміздің бүкіл классикалық бағытын жасап кетер ме еді? Жүсіпбек пен Бе­йім­ бет қазақ прозасын­ Тургенев пен Чехов көтеріп тастаған биікке жеткізер ме еді? Ұлы Мұхтарымыздың рухы азат болып, еркін­ дік­ берілгенде, бәлкім, «Абай жолы» романын мүлде басқаша жазып,­ Толстой көтерілген асқарға дейін самғар ма еді? Құдай Әуе­зов­тің бойына Толстойға тән суреткерлік қабілет дарыт­қа­ны­ мен, сол ұлы мүмкіндігін жүзеге асыра алатын жағдай туғызбады. Сондықтан Әуезовтің таланты жетіп тұрған жеріне мүм­кін­дігі жетпеді, Бальзак пен Толстой қопарған рухани тереңдіктер­ ді қаза алмады. Ресеймен салыстырғанда, әдебиетіміздің өкіні­ ші көп, тындырған ісі шамалы. Біздің әдебиетіміз өркениет­ ті елдердің­ өнеріндей реннессанстық дәуірдің алтын кезеңін басынан­ кешпеді. Жиырмасыншы ғасырдағы әдебиетіміз қанға тұншыққан қайғы-қасірет пен азапқа батқан жағдайда туды. Әдебиетіміздің алтын дәуірінің қабырғасын тұрғызатын ғажайып тұлғалары­ ның көбісі өлтірілді. Итжеккенге айдалды. Рухымыз кісенделіп, жанымыз тұншығып, қоғамдағы шындықты, ұлтымыздың сорын

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ қайнатқан қиянатты ұзақ жылдар бойы айта алмадық. Ақиқат­ты айта алмаған әдебиет ұлылықтың биігіне көтеріле алмайды. Мойындауымыз керек. Алпысыншы жылдардағы жылымық­ тан соң әдебиетіміздің бағы жанып, кесек таланттар келді сөз пат­шалығына. Бірақ, рухы азат болмағандықтан, олар да ақи­ қатты астарлап жеткізіп, көп шындықты айта алмады. Қанша­ма қазақтың зиялылары қынадай қырылды. Қаншамасы ай­да­лып кетті. Милиондаған бауырларымыз Отанын тастап, ше­тел­ге қашты. Қолдан жасалған ашаршылық миллиондаған қа­зақ­тар­ дың түбіне жетті. Біздің әдебиетіміз осы ақиқат туралы ашық жаза алмады. Тәуекел етіп, ұлты үшін басын құрбандыққа тігіп, шындықты айтқан қандай жазушымыз бар? Қазақ қаламгер­­ лерінің басым көпшілігі кеңестік империяның семіз малайы болған тіршілігін қанағат тұтты. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенімен, рухымыз әлі азат емес. Талантты деген ақындарымыздың өзі халықтың үмітін ақтамады.­ Біреуісі позициясын өзгертіп, биліктің аяғына жы­ ғылды, екіншісі ұлтын сатып, биліктің қолшоқпарына айнал­ды, үшіншісі биліктің малайы болып өмір сүргеніне мәз-мейрам. Үлгі алатын талантты ақындарымыздың сиқы осындай бол­ са, «әдеби маразмға» салынған кейбір замандастарыма «Алла алдарыңнан жарылқасын» дегеннен басқа айтар сөзім қалма­ ғандай. Ақыл-ойымызды құлдық сана шырмап алған. Итжеккенге­ айдап­ әкететіндей, әділетсіздікке қарсы шығудан өлердей қор­ қамыз. Жетпіс жыл бойғы құлдық психологияның тамыры­мыз­ ға жайылған уы бойымыздан еш кетпей қойды. Арамдықпен күн көреміз. Рухымыз – ластанған, жан сарайымыз – былғанған, жүрегіміз – тозған. Ұсақпыз. Мұндай бейшара болмысызбен қа­ лай ұлы әдебиет туғызбақшымыз? Барлығын құр өтірік мақтай береміз. Бальзак әйгілі романдарының бірінде мынандай ой айта­ ды: «Данышпандық – қорқынышты ауру. Жазушы өзінің жүре­гінде туа салысымен барлық сезімін жалмап тастайтын

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙