Таңдамалы өлеңдер жинағы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Темірше Сарыбайұлы
Темірше САРЫБАЕВ УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 С 22 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ІSBN 978-601-7337-10-0 Сарыбаев Т. С 22 Таңдамалы өлеңдер жинағы. –
Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2012. – 192 б. ІSBN 978-601-7337-10-0 Белгілі ақын Темірше Сарыбайұлының бұл кітабына бұрын жарық көрген: «Дария-дәурен», «Мазалай бер, махаббат», «Мамырстан», «Айна лайын ағайын» жинақтарындағы ең таңдаулы өлеңдері екшеліп енгізілді. Қазақ лирикасының бүгінгі шеберлері санатынан өз орнын ойып алған ақынның тіл көркемдігі ерекше назар аударарлық. Айшықты теңеу, астарлы ой, сырлы нақыш, ақындық ұстаным әр өлеңінен айқын аңғарылады. Өмірдегі өрлік, махаббаттағы мөлдірлік, қоғамдағы құбылыс ақын назарынан тыс қалған емес. Оқырмандарын онсыз да бейжай қалдырмайтын ақынның бұл жинағы да қалың қауымның көз қуанышы болатынына кәміл сенімдеміз. © Сарыбаев Т., 2012 © «Ан Арыс» баспасы, 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
Дария-дәурен І бөлім. Дария-дәурен АРМЫСЫҢ, АҚ ТАҢ, ЖАРЫҚ КҮН... Кешіппін күнін ғаріптің, Қалжырап әбден қалыппын. Шаршадым, Шыдам таныттым. Тірілігімді де жаңа ұқтым, Ірілігімді де жаңа ұқтым. Армысың, ақ таң, жарық күн! Шалмайтын жерде шалыппын, Бармайтын жерге барыппын. Шындыққа шідер салыппын, Күнәм жоқ деппін, масқара! Үстінде тұрып табыттың. Жүрекке қан боп тамыппын, Жүдетіп жырды алыппын. Жаңа ұқтым бәрін, жаңа ұқтым!
Темірше Сарыбаев Ұмытып қамын халықтың, Сапырып күшін сан ұлттың, Сарсаңға салдым, сабылттым. Ағына қара жағыппын, Аяздай жанын қарыппын. Жаңа ұқтым бәрін, жаңа ұқтым, Армысың ақ таң, жарық күн! Іздемен сынық сылтауға, Шағала көңлім шырқауда. Шындықты көрдім көзіммен, Мың тәуба соған, мың тәуба! Сейілді тұман, серпілді ой, Көтердік көкке еркін бой. Алданса, санын бір соғу – Атадан қалған дертім ғой! БОЛЫП ЖАТЫР НЕ СҰМДЫҚ ЕСТІМЕГЕН Атқан, Асқан, Тірілей кескілеген, Болып жатыр не сұмдық естімеген. Жаңа оянған елдер бар жан-жағымда, Балапандай ұядан кеш түлеген. Соның бәрі бір менің назарымда, Бөлісемін қайғысын, азабын да. Зеңгірімнен әлемге зер саламын, Қалам қамдап, жаңа жыр жазарымда. Неге, Қалай, Неліктен, Кім біледі?..
Дария-дәурен Сан-мың сауал Жанымды тілгіледі. Қайта-қайта мүйіздеп, бірін-бірі, Қасқыр шапқан қойдай-ақ дүрлігеді. Дүрлігеді, Сонан соң арбасады, Әне, бірі қаруға қам жасады. Күліп тұрған мына өмір Жылап та алып, Қас-қағымда құбылып алмасады. Айла таппай әлемдік бүлікке енді, Ойларымды шарлаған Іріккем-ді... Ала құйын ызалы есігімнен, Торғай тістеп мысығым, Кіріп келді. ҚЫМБАТТАЙДЫ Қымбаттайды, Әлі де қымбаттайды. Қымбаттатам-демейді, Ым қақпайды. Татымайтын тиынға таңып тастап, Түйедей ғып пұлдайды, тырнақтайды. Қымбаттайды, Әлі де қымбаттайды. Оны ойласаң – бойыңа дым батпайды. Қарыныңа қанжарын таяп тұрып, Құбылады, көзіңе құр мақтайды.
Темірше Сарыбаев Қымбаттайды, Әлі де қымбаттайды. Жаныңды жер жамалған жылдап қайғы. Аларында – жабысып тас кенедей, Берерінде – сынаптай сырғақтайды. Көзсіз ғой ол, көздеген арманы үшін, Жасырады кәрі жұт жалған ішін. Ағашын да әрісі аспандатар, Сөз бе сенің Ақылың, Ар, Намысың?! Шырпыға да зәруміз, шыныға да, Ұлыққа да тәуелміз, ұрыға да. Базар барсаң – Бәрі асыл, бәрі қымбат, Жерде жатқан адамның құны ғана. ДЕМ БЕРІҢДЕР, ҚАНАҒАТ ПЕН САБЫРҒА Қиындыққа қайыспасын қабырға, Дем беріңдер, Қанағат пен сабырға! Екеуіне байланысты тағдырың, Екеуіне байланысты бағың да! Өркеніңді енді жайған шағыңда, Азаматтық қылғың келсе, тағыңда.
Дария-дәурен Ақылыңды алып ұрып астына, Тентек ашу туламасын қаныңда. Төзімді ек ғой, Тағы сәл-пәл көнелік, Бұлқынғанмен салады анық өрелік. Тентегі кім, елпеңі кім дәуірдің, Уақыттың өзі айтады төрелік. Қалдым деме, оздым деме өзгеден, Тек нысанаң айқын болсын, көздеген! Асыл-асыл ойларыңның тұнбасын, Олпы-солпы төгіп алма сөзбенен. Қиындыққа қайыспасын қабырға, Дем беріңдер, Қанағат пен Сабырға! Екеуіне Телулі тұр тағдырың, Екеуіне Таңулы тұр бағың да! ЕСІҢДІ ЖИ, ЕСЕРЛІК... Бірімізге біріміз түрпідейміз, Бірімізді біріміз сілкілейміз. Жақсылықты айтарда жақ қарысып, Тынамыз-ау, тұнамыз сілтідей біз. Бірімізге біріміз қасқырдаймыз, Қасқырдаймыз, Қияға бастырмаймыз. Мақтануға келгенде «мен мұндалап», Көзсіз селдей көпіріп тасқындаймыз. Өсекті де өлшеусіз боратамыз, Үйде жатып қағаздап оқ атамыз.
Темірше Сарыбаев Құлата алсақ қуанып қол соғамыз, Тірілгендей бағзыдан жоқ атамыз. Мұнан өткен жоқ шығар масқаралық, Күліп жатса, сыртыңнан басқа халық. Жер басудың өзі айып ары барға, Көңіл деген айдынды ластап алып! Есіңді жи, Есерлік, Дүлей-Даңқ! Үркітіп-ақ болдың-ау үрейді алып. Бірікпесең – берекем кетті дей бер, Қойған өртің қоздайды, Үдейді анық. ЖАҢА ӨМІРДІ ЖАПЫРАҚ БОП БАСТАЙСЫҢ... Мұзарт таулар беліне орап сағымын, Жүз жыл өтер, Мың жыл өтер, Тағы мың... Ұрпақ атты ұлы дария толассыз, Тоқтатуы мүмкін емес, ағынын! Ағады олар, Азабымен, Мұңымен, Жұлдызымен, жыл-айымен, күнімен. Бақытымен, Ырысымен, Сорымен, Бабалардың бастап кеткен жолымен. Ағады олар, ағады олар, ағады... Қалдырады тірлік атты жағаны. Қуып-қуып арманының соңынан,
Дария-дәурен Ақырғы орнын топырақтан табады. Аппақ жүзін торғынымен жабады. Туар ғасыр, Туар ақын, Туар жыр. Құлпырады абатты Сыр, Қуаң Қыр! Өткен өмір Жаңа өмірдің алдында Болымсыздау елестейді, буалдыр... Мұзарт таулар беліне орап сағымын, Жүз жыл өтер, Мың жыл өтер, Тағы – мың!... Ұрпақ атты ұлы дария толассыз, Тоқтатуы мүмкін емес ағынын. Ол – заңдылық! Талас мейлің, таласпа. Адамзаттан айналасың ағашқа. Пенделікті мәңгі бақи тастайсың, Жаңа өмірді жапырақ боп бастайсың... «АҚПАЙ» Қыран ба, қанатынан қан саулаған, Шер ме әлде, шерітіп ішек тауыса алмаған? Батыр ма, жау оғынан жапа шеккен, Ақын ба, ғашығына қауыша алмаған?! Мен таңмын, күй тіліне, ескі өнерге. Мен далмын, қуанам ба, сескенем бе?! Тыңдасам тұла бойым тітірейді, Жұртынан қақ айырылып көшкен елге.
Темірше Сарыбаев Қазандай кеудесінде кегі қайнап, Жауына шерлі әнімен шегіп айбат. Кір жуып, кіндік кескен жерін қимай, Көшкен ел күңіренеді «Елім-айлап». Бақытын бейбіт елдің кім ұрлаған, Бөбек пе, безілдеген, шырылдаған?.. Азаға тау жарылып, жер күрсініп, Құйқасы қара тастың шымырлаған. Көңілі түскен елдің аспандаған, Жонынан қалмаған жау таспа алмаған. Жүрегі пәрша-пәрша Түтеленіп, Көзінен ағыл-тегіл жас парлаған. У да шу, Азан-қазан көк күзеген, Бұл өзі – қазақ үшін кекті кезең. Асылы – «Ақпай» емес, Түйе керуен, Жайыққа Қаратаудан бет түзеген. СЫБАҒАМ ДА САРҚЫЛҒАНДАЙ АЛАТЫН Сар желістен зықы шыққан ерсоқты, Жолаушыдай Айналама селсоқпын. Қуана алмау, қайғыра алмау азабы, Сойылыңнан Деп пе ең, сірә, кем соққы! Сәл нәрсені көкке ту ғып көтерген, Мендегі уыз сезімдердің еті өлген. Соны ойласам – шыңырауға шым батып, Шыға алмайтын тұңғиыққа кетем мен.
Дария-дәурен Аппақ-аппақ армандардың қанатын, Қырқып жатыр, түтіп жатыр қара түн. Сыбағам да сарқылғандай алатын, Сапарым да таусылғандай баратын. Не өң емес, ұқсамайды түс деуге, Осындайда болар екен Не істеуге?!. Жалғандықтың жалынына шарпылып, Қиянаттың түтінінен ыс кеуде. Қиянаттың түтінінен ыс кеуде, Лажым жоқ, заман зәрін ішпеуге. Менің жалпақ жауырыныма жайғасқан, Зілзала жүк бекігендей түспеуге. Оған да оңай қайыспас-ау нар белім, Ажалдан да оққағарым бар менің. Алып елім апатты аймақ атанып, Жерге қарап қалмаса екен арлы елім. ТАЙЛАҚАРЫҚ Туған жер, Ту шалқытқан Тайлақарық, Жатушы ең лайланып, жайлап ағып. Құты еді қос кемерің қонысымның, Аулымның ырысы едің айдан анық. Атажұрт! Абат мекен – Тайлақарық, Су емес, қайтушы ек-ау қаймақ алып! Тып-типыл тегістепті деп есіттім, Басайын өксігімді қайда барып?!.
Темірше Сарыбаев Сағасын, сабазым-ай, алған өрден, Жатушы ең жүрегімді жалғап елмен. Естілер есімізде арық қазған, Есерді естімеппін арна көмген. Бабамның жазған жыры кетпенменен, Сен барда сырласушы ем өткенменен. Алыстан ақ рашың көрінгенде, Жайнаушы ем қауышқандай көктемменен. Басы едің сарқылмайтын қазынамның, Жағаңнан жанға қуат азық алдым. Арнаңды бір ақымақ көміп кетсе, Жырыммен жарқыратып қазып алдым. Өшпейсің, мен тіріде, мәңгіліксің, Даңқыңа дарқан далам жаңғырықсын. Пейілін диқан жұрттың әуелетіп, Мейірін ағайынның қандырыпсың. Сол үшін соқтым белгі жырдан қашап, Толқындап арындай бер, жылдарға шат. Ел-халқың баяғыдай егін егіп, Қызылын қызықтасын қырманға сап. ТАРАТЫЛҒАН ДЕПУТАТТАРҒА ОДА Депутаттар мерзімсіз таратылған, Ақиқатты айтқандар ар атынан. Хан Тәңірі түлеткен қырандарым, Қар боратқан қаққанда қанатынан. Қас батырдай шебінен шегінбеген, Қаймағы еңдер халқымның төгілмеген. Мұң-шерімді мінбеден толғағанда, Төңкеріле тулайтын көгімде өлең!
Дария-дәурен Өздеріңмен тең еді төрт құбылам, Шырқай алмай шығандап кетті бір ән. Үмітім де үсіді-ау үлбіреген, Пайғамбарлық парасат жоқтығынан. Тұлғаларым, Туларым, Ұстындарым! Көзден бұлбұл жан-жаққа ұштың бәрің. Шілдеде де шыжыған сезем қазір, Қаңтардағы қақаған қыстың кәрін. Бостандық деп, Теңдік деп сұрап алған, Өз еркіммен бас тартам, правомнан! Ашық күнде омбылар жағдайым жоқ, Қазып қойған Орлардан, Ұралардан! Қысқа күнде қырық рет құбылғанша, Қалды дейсің бізде де ғұмыр қанша?! Енді ешкімге ешқашан дауыс бермен, Қос шырағым мәңгіге жұмылғанша! Түсінгенмін, Тұрарын құным қанша! ЕЙ, ДҮБӘРА, ДҮБӘРА... Ей, Дүбәра, Дүбәра, Қаны қара, құрама. Жармастың-ау жығама, Орандың-ау шұғама. Саған тізгін берсін деп, Толғатпаған Ұлы-Ана! Ей, Дүбәра, Дүбәра, Бір жағым – шың-мұнара,
Темірше Сарыбаев Бір жағым – құз-құлама. Мен жайымды айтпайын, Сен халімді сұрама! Ей, Дүбәра, Дүбәра, Сақтапсың-ау сыбаға. Не жазып ем Құдаға?! Мен жайымды айтпайын, Сен халімді сұрама! Ей, Дүбәра, Дүбәра, Тұщытпассың тұмаға, Тойдырмассың сірә да! Мен мертіксем, майрылып, Сенің көңілің тына ма?! Ей, Дүбәра, Дүбәра, Өтпелі ғой бұл ара. Ақырын күт, шыда да. Ашық жатқан жер көрсең, «Ақылыңды» сынала. Ақымаққа кей-кейде, Айла керек шінара. Жоқ дінің де, ділің де, Бүлін мейлің, бүлінбе. Тым тұрпайы үнің де, Шабаланып үріңдер, Иттігіңді біліңдер! Мен – керуен басымын, Туар әлі-ақ ғасырым!
Дария-дәурен АРАЛ ЖАТЫР, АРУ ЖАТЫР АЛҚЫНЫП... Қойсам ба деп жүрген едім өлеңді, Қаламымды қайта ұстадым мен енді. Тау шөкті деп, құм көшті деп есітуші ек, Естімеппін теңіз өлді – дегенді. Қан жүрегім қасіретіңе бөленді, Қайда қоям қайырлаған кемемді?! Көл сарқылса, кен таусылса бір сәрі, Естімеппін – теңіз өлді – дегенді. Жарқыраған жақұты ең ғой жер-көктің, Қоштасуға қиман сені, келбеттім. Таланыңа түскен таудай тағдырмен, Қалғып кеткен қиялымды тербеттің. Көрер күні, алар демі сарқылып, Арал жатыр, ару жатыр, алқынып, Шыбын жаны кеудесінде шырылдап, Шағала боп шулап жатыр шарқ ұрып. Ай мен күнге кезек қадап жанарын, Сарқып бойдан сақтап келген бар әлін. Аялайтын алақанға ынтық боп, Аласұрып жатыр Ару Аралым! Шүпілдеген Шемені мен шерімен, Бақұлдасып байтағы мен елімен. Арал атты алып арман аунамақ, Дәуірлеген дүниенің төрінен. Көк теңіздің көлшік болған кескінін, Көрмейік деп, ауды бөкен, көшті құм. Айдынына қона алмаған аққудың Сұңқылынан суықтау саз естідім.
Темірше Сарыбаев Бұл фәнидің базар етіп бес күнін, Қаңқылдайтын ертеңгілік, кешқұрым, Құлдилап кеп қона алмаған қаздың да, Қанатынан қайғылы әуен естідім. Өрттей шарпып, ақырғы дем – ыстық дем. Тізбек-тізбек, Шығыстан да, түстіктен, Шалқарына шарасыздық байқатып, Аспанымда Аза тұтты-ау құс біткен! Ей, адамдар, Ақыл-ойдың иесі, Арал кешкен, Ару кешкен күй, осы! Көк теңізді қолдан алсақ құрғатып, Бізді тегін жібермес-ау, Киесі! Қажет қазір жан-жүректің дабылы, Құтқаруға қолыңды соз, аға, іні! Арашаға жарамасақ Аралға, Кешпес бізді көк теңіздің, тәңірі! «Әсем өлім» әлдекімнің ойынша, Не демейді ақымақтар тойынса, Адамдықта не қасиет қалғаны, Көз алдында Текті теңіз жойылса!..
Дария-дәурен АҒАЛАР ОРНЫ БІР БӨЛЕК Қап-қара бұлттар бауырлап, Түрткілеп түнек маңайды. Еңсесі елдің ауырлап, Езіліп жерге қарайды. Тоғанға келіп тоғысқан, Секілді ме еді, тоспа су. Шошыдық па әлде соғыстан, Шошытты бәлки, қоштасу?! Тұтылып тұрды жарық ай, Бақшамыз өркен жайғанда. Ауылды қалдық танымай, Ағалар кетті майданға. Сүйріктей ұлын қия ма?! Үлкен мен кіші үрейлі. Орал – деп, – есен ұяңа! Екінің бірі тілейді. Қорықтық соққан дауылдан, Күркіреп өткен күннен де. Сатырлап құйған жауыннан, Мезгілсіз солған гүлден де. Ұмытқан жоқпын соны мен, Ағалар – арыс, айбар-ай! Топылған қыздар тобымен, Тойлардан қайтты-ау сайрамай! ... Шалдыққан шақта келдіңдер, Көп күткен Ұлы Жеңіспен! Үйлерге нұр боп ендіңдер, Ағалар – арман-періштем! Мұң шағам жақын сырласқа, Жанымды жайсаң жыр бөлеп. Әкеңнің жөні бір басқа, Ағалар орны бір бөлек!
Темірше Сарыбаев ТЕРІС БАТА Тағдыр маған аз берді де, көп алды, Бұл жалғанда мен қызығар не қалды?! Бес жыл жүріп Берлинге ту тіктім, Саттым бүгін... «Жеңіс үшін» медальді. Медаль емес, менің болмыс-тағдырым! Қасіретім, өкінішім, бар мұңым! Қуанышым, ықыласым, көз жасым, Сенің қылша мойыныңда қалды ұлым. Жауған оқтан сау-тамтығым қалмаған, Өртің бар ма, мен алаулап жанбаған?! Маған қайыр сұратқанда көшеден, Саған мүйіз шығар ма екен, жан балам?! Нәлет бізге! Нәлет біздің дәуірге! Бір келетін нәубет ғой бұл зәуімде. Кеше алмаспын ахиреттің алдында, Дұшпаным де, мейлің ата жауым де! Кетпен... Қайла... Өгіз арба... Ат арба... Қосудай-ақ қосып ем ғой қатарға. Ақтық рет сүйесеңші басымды, Қара жерге қамсыз кіріп жатарда! Жазығым не, жазығым не, жазығым?! Біттім бүгін. Қажудай-ақ қажыдым! Менің бүкіл көргенімді көшіріп, Екінші рет саған жазса, аз, ұлым!..
Дария-дәурен КҮН ЖАМАНЫ ЖОҒАЛАР Жұрттың жаны дәл мендей сыздай ма екен, Жұрттың қаны дәл мендей қызбай ма екен?! Сұлбаларға состиған қарап тұрып, Тұла бойың түршігіп, мұздайды екен. Мен шошынам осынау суықтықтан. Бір-бір үйге кім екен қуып тыққан?.. Айсберг сияқты жібімейді, Жолдасың да жаныңа жуық тұтқан. Дос, бауыр деп жүргенде құр мақтанып, Жұрт жүзінде жабулы сыр жатты анық. Қабат-қабат үйлердің қуысында Қанша жүрер екенбіз құндақталып ?! Түлен түртіп кезіктік сорға қандай? Таптағаның бір шиыр тордағы аңдай. Қарашаның бұлтындай түнереміз, Басымызға қара аспан орнағандай. Көңіл қайда кешегі жарқыл қаққан, Пейілімізді қай құдай салқындатқан?! Аңқау едік, алданғыш, бала мінез, Әккі болдық әліптің артын баққан. Күн жаманы жоғалар, келер көктем Таласа алмас алайда, төбем көкпен. Сыйластықтың жүзінде сызат барда, Құлан таза дей алман, денем дерттен. Түңлігімнің түтінін жұтып аспан, Құлазимын жайлаудай құты қашқан. Бабаларым мың мәрте Бақытты екен, Ризығын іздеген ықыластан!
Темірше Сарыбаев СОЛТЫМЫРЗА САҒЫНЫШТЫ АЙТАДЫ ӘН Қазы көрген қара қазан қаспағын, Мен не бәрі алты-жеті жастамын. Өзгелерден артық емес аспаным, Қызғанбаймын ырыс-бағын басқаның. Біздің ауыл орталықтан шет еді, Жолаушылар күнде келіп, кетеді. Қала жаққа қатынайтын ұлы жол, Іргемізден иек арта өтеді. Бір бұтағы болып кеткен осы елдің, Ұмытпасам – келген кезі шешеннің. Бірге жүрем ұлдарымен буркалы, Ойын десе – жібермеймін есемді. Жоқ-жұқалау күйіне жан ашиды. Өздері де мұңаяды, жасиды. Жер жыртады, каналды да қазады, Солтымырза қаладан май тасиды. Маған қызық шиқылдаған арбасы, Қуып жетіп мініп алам жармасып. Үндемейді, оймен ауыр қарайды, Отырамыз көзбен ғана арбасып. Өлеусіреп сөнген кезде ай табы, Сол кеткеннен ел жатарда қайтады. Қиялдай ма туып-өскен мекенін, Солтымырза сағынышты ән айтады. Ащы даусы дірілдейді мұңменен, Тарғыл-тарғыл толықсиды үн деген. Мен ұйқыға берілердей, маужырап, Тыңдап жатам өзімдік бір сырменен.
Дария-дәурен Шымыр үні қою түнді шайқаған, Мені ұйқыдан оятады қайтадан. Армандай ма, алыстағы тау елін, Солтымырза сағынышты айтады ән. Ән шығады кең аспанға қырналып, Ілбіп, мүлгіп, тұнжырайды түн ғаріп. Сонша дауысын сорғалата созғанда Кавказына қайта ма екен бір барып?! Айналайын, шешен халқы – бауырым, Бір көтердің соңғы жүктің ауырын. Сенің елің – менің елім емес пе, Менің жерім – сенің ыстық ауылың. Көңіл босап, көшер сәтте қимадық, Екі ел болып той жасадық жиналып. Жәудіреген жанарыңда жас тұрды, Жүрегіңе бүкіл ауыл сыйды анық. Өнді неше көктем келіп қайта дән, Лебі қандай! Қызғалдақты жайқаған! Сенетінім – қазақтарды сағынып, Солтымырза Кавказда да айтады ән! КІМГЕ КЕРЕК КІСІЛІГІҢ, ПІРЛІГІҢ Әне, біздер жүріп өткен жол жатыр. Бүгін – ескі, азып-тозған ол да – тұл! Бауырыңды бір жаза алмай дал болдың, Тұра бере омақасқан сорлы Ақыл! Күйттегендер озды сенен бас қамын. Үстінде отыр будақ-будақ ақшаның. Әптер-тәптер дауылды күн өртіндей, Заманымның құбылуы – қас-қағым.
Темірше Сарыбаев Заманымның құбылуы – қас-қағым, Шағасың ба, тасырайған тасқа мұң. Көзге түртсе көрінбейтін тұманда Бағытымнан мен жаңыла бастадым. Мақсатым да мұзға тайып мертікті, Өкінішім өзегімде дертіп тұр. Мен алаулап жанған сайын масайрап, Өршеленіп, үдей түсті жел тіпті! Кімге керек кісілігің, пірлігің! Тұтылудай тұтылып-ақ тұр күнім. Жар салайын десем жалпақ жаһанға, Тар кеудемде құмығады құрғыр үн. Малғұндар-ай, адамдықтан мақұрым, Тірі өлтірді-ау, тірі өртеді ақынын. Сарт-сауанның салып берді астына, Сұраңдаршы, сұмырайдың заты кім?! Бейопадан бейбақ көңіл не тілер?.. Өзімменен бірге жанды жетім ел. Халқын жерге қаратқандар қашанда, Адалдықтың азасында өкірер!.. СТАКАН ХИКАЯСЫ Қатарынан қарт Бекіш озған ұста, Ұтылады әзілден, сөз қағысса. Кетпен соғу, керексе-түрен таптау, Жұмысы жоқ жарыста,
қозғалыста. Таң сәріден қос қолын солқылдатқан, Темір-теңіз алдында толқып жатқан. Дария-дәурен Бастан асқан жұмыстан байыз таппай, Кей күндері ұйқысыз ол түн қатқан. Бірде ауданнан кешкілік өкіл келіп, Аз ауылға атымтай секілденіп, Стаханов жайында сөз қозғапты, (Бәрін айтып береке кетірмелік). Белсенділер сөз алып кезекпенен, Буыны жоқ қызыл тіл безектеген. Бір-бірінен айтқыштар асып түсіп, (Сол жиналыс қалайда тез өтпеген). Іңір түскен, түн болған, таң білінген... Біздің ұста қарлыққан тарғыл үнмен: – Стаканмен күн шықты,
қарақтарым, Ұйқым келді, қайтайын, қалғыдым мен» – Деген екен өкілдің өңі қашқан, Қарт сөзінің табанда «тегін» ашқан. Халық жауы ортаңда отыр – депті, Шпионмен жапондық жең ұласқан. Жеткізген ғой ауданға анау барып, Бұрқан-тарқан талағы талауранып. Екі бірдей милиция ертеңіне Шалыңызды үлгірген қамауға алып. Қиындыққа қайыспай төтеп беріп, Он бес жылын амалсыз өтеп келіп. Көпшілікке жуымай кісікиік, Өтті дейді өмірін жеке өткеріп. Темірше Сарыбаев Қытымыр шақ қолтықтан демей ме өктем?! Айтылмаған көп сырлар көмейде өткен. Бір ғажабы – қарт ұста
өле-өлгенше, Стаканды стакан демей кеткен. ШАРАСЫЗДЫҚ ЖЫРЫ Шарасызбын алдыңда, таудай ғалам, Түнеріп-ақ келіп ем, жаумай барам. Ызғарынан заманның ықтын іздеп, Жел айдаған бұлттан аумайды адам. Беделің де бес тиын, салмағың да, Жалаңдаған жалмауыз Жан-жағыңда. Ақ тортадай қайқаңдап, Тыпырлайсың, Балықшының бұлқынған Қармағында. Барың сол-ақ, Намыстан, намыстанба. Көнбегенде не істейсің, Қарысқанда?! Қара орманда қашатын жер таба алмай, Маралдайсың мерт болған арыстанға! Азап бар ма білгенге мұнан асқан? Құдай да жоқ мұңыңа құлақ асқан. Арашалар жан тапсаң, ат шаптырып, Сұра бүкіл қазақтан, сұра, Алаштан! Сөз өтпейді жартасқа, меңіреуге Меңіреулер жаралған сені іреуге!
Дария-дәурен Айлалының асығы алшы тұрып, Ақыл мен Ар еріксіз еңіреуде. Жалғандықтың жортақтап көшесімен, Сан жібердім ақымды есесімен. Абай ішкен сол уды мен сімірдім, Тастап кеткен ақынның кесесімен. ӘЗӘЗІЛ Әзәзілдің жолы болғыш жалғанда, Жұрдай және ұяттан да, ардан да. Бар мақсаты – дос пен досты айыру, Мылтық ату – Адалдыққа, Арманға! Әзәзілдің жолы болғыш жалғанда, Дау тарату – бар өлкеге, бар маңға. Ағайынның арасына шоқ тастап, Өрт тұтатса, соның ісі, таңданба! Әзәзілдің жолы болғыш жалғанда, Кулық та онан, сұмдық та онан қалған ба ?! Ғашықтарды екі айырып тынады ол, Алаулатып арасына от салғанда. Сыйластықтан сәл ойыссақ
біз аттап, Сол бір құйттай саңылаудан – сызаттан, Керегінше кеулеп кіріп, ақыры, Сосын бізді құтқармайды тұзақтан. Адамзаттың түссін дейді иіні, Татулығың – оның қасірет, күйігі. Бірді-бірге айдап салу арқылы, Тоқ журеді Ібілістің бүйірі.
Темірше Сарыбаев Есігіңнен сығаласа, төрге өрлер, Өз дегенін өткізуге өңмеңдер. Жасқанады жалғыз ғана Ақылдан, Ақылдылар, шайтанға орын бермеңдер! АЗАМАТТЫҢ ҚАНАТЫ ҒОЙ АТ ДЕГЕН Азаматтың қанаты ғой Ат деген! Атым барда, Сәтім бар ма, Қап! – деген. Шапқан сайын Шабытымды лаулатып, Құшағыма симай бара жатты Әлем! Жібек жалы Асау желге таралған, Керімім-ай, Кеңістікке жаралған! Боз даланы бауырында билетіп, Атқа шапқан ұлда қандай Бар арман?! Шу, жануар, Бет түзейік көк белге, Елден бұрын жеткіз мені Көктемге! Елден бұрын жеткіз мені Арманға! – Тұлпарыма қамшы бастым, Деп мен де. Құба кеште қалықтаған құстайын, Ұшты-ай байғұс, Ұшты-ай күрең, Ұшты-ай бір!
Дария-дәурен Кең жазықты қаусырардай көсілді, Дегендей-ақ, Тізгініңді ұстай біл! От тұяқтар ойды оятып, Қырды асап, Дөңгеленді жусанды еңіс, Жылға, шат. Тақымымды таралғыға толтырып, Қарық болып қалдым мен де Бір жасап! Азаматтың қанаты ғой Ат деген! Атым барда, Сәтім бар ма, Қап?! – деген. Шапқан сайын шабытымды лаулатып, Құшағыма симай бара жатты Әлем! ТҮСІНБЕДІМ Түсінбедім, Түсінбедім түкке мен. Дәл осылай болар-ау деп, Күтпеп ем. Көбік сөзге тоя-тоя тырсиып, Көңіл күпті, арман күпті, Күпті өлең! Қаулы бөлек, Шешім бөлек, Ел бөлек. Бір орнында шыр айналды дөңгелек.
Темірше Сарыбаев Төзе-төзе, Терімізді сүйретіп, Тулақ қылған сабауға да Көнген ек. Өмір бойы Өтіріктен құралған, Қазір құлақ мезі болды Ұраннан. Сенім дейтін бар еді, рас, Серігім, Серігімді кім ұрлаған, Кім алған?!. Жетемін деп Сүлдерімді сүйредім, Жете алмадым. Сілелеген күйдемін, Күте-күте Күдер үзген көңілде, Жылу да жоқ, Жасуындай иненің! Түсінбедім, Түсінбедім түкке мен. Дәл осылай болар-ау деп, Күтпеп ем. Көбік сөзге тоя-тоя тырсиып, Көңіл күпті, арман күпті, Күпті өлең!
Дария-дәурен ҚАР ЖАУЫП ТҰР... Қар жауып тұр. Япыр-ай, жоқ тағатым, Жарым жолда қалғандай тоқтап атым. Жауған қармен жарысып, Қалбалақтап, Қиялдарым қағады от қанатын. Қар жауып тұр. Бір кіріп – бір шығамын, Көз ілмедім, Түн бойы, тыншымадым. Сайратуға асықтым сандуғашты, Жүрегімнің кішкентай жыршыларын. Қар жауып тұр. Жаныма арман серік! Шырағымды жағып жүр қалған сөніп. Айғайлайды анашым әбігер боп, Кімге тастап кеттің – деп, Қарғам сеніп?!. Қар жауып тұр. Жер – мынау, аспан – анау. Басылатын емес қой бастағы алау. Жалғыз сен – деп келгенде бауырыңа, Неге үйіріп тартпадың, астанам-ау! Қар жауып тұр. Тау да аппақ, еңіс те аппақ. Аппақ әлем келеді тегіс қаптап. Жан дүниесі осылай жаңарғанда, Адамзат та мәңгілік жеңіс таппақ. Олай ойлау – қателік, мүмкін емес! Аздырады адамды құлқын егес.
Темірше Сарыбаев Сен иілсең, қасарып, ол шалқайып, Кер кетеді, көнбейді, ырқыңа еш! Тойымсызбыз, пендеміз – жыртық өңеш! АЙ ТҰЯҚТЫ АТТАР-АЙ... Сеңсең бөркін әзер тіктеп ақ қардан, Қарт Алатау қарай қапты қапталдан. Ат қосқанның кеудесінде тәтті үміт, Ат қосқанның жүрегінде тәтті арман. Бүгін – бәйге! Сыналады бақ талай, Жатыр алқап жап-жасыл боп тақтадай. Қазақтардың өлі қанын тулатқан, Ай тұяқты, алмауыттай аттар-ай! Өңкей тұлпар! Ойға салсаң, төске өрлер, Арғымақтың алдын орап, кеспеңдер! Бойымызды самал болып сергітсін, Жүйріктердің екпінінен ескен жел! Жібер бүгін, жібер бүгін, тежеме! Желдей ұйытқып жету қажет межеге! Қалың топтан қара үзгенше біреуі, Ғазиз жаның тағат тауып,төзе ме?! Бол-бол бала, бол-бол бала, бол бала, Жұлдыздай ақ, қыран құстай сорғала! Озу керек, озу керек қалайда, Мақсатың да, мұратың да – сол ғана! Бол-бол бала, бол-бол бала, бол бала! Әй, әнебір күрең төбел ышқынды-ау, Суырылып шығу үшін күш қылды-ау. Атқа да ортақ қасиет қой, тәйірі, Қарау болса қарсыласын пысқырмау!
Дария-дәурен Беу, ананың аттың басын іркуі-ай, Ауыздығын бос тасташы, ей, жұлқымай! Сәл еркіне қоя берсе бедеуді, Шаң қаптырып кетер еді, шіркін-ай! Мынасы не, мынасы не, обал-ай, Жал-жаясы таралмапты, тола май! Арбаторы осы шығар, асылы, Аяқтары солтаң-солтаң сомадай! Шығар, шығар, шығар шетке, алып қал! Бұған – ерте! (Біз танысақ – анық мал)... Жаратуы жетпеген-ау, байғұстың, Қанаты жоқ, қараға еріп қалықтар! Бәрін көктеп көтерілді қарагер, Шап-шап бала, шап-шап бала, шаба бер! Орынынан ошарыла тұрды жұрт, Қиқу салып қол бұлғайды саған ел! Шап-шап бала, шап-шап бала, шаба бер! Қарқынынан қара дауыл соқтырып, Күрең қалды... үздік кетті көк күлік! Көрінді әні, көмбенің де төбесі, Сейілді әні, көңілдегі көп күдік! Пай-пай, мына ақтанкердің алқымы-ай, Қалай қарап тұра аларсың шалқымай! Арқаланып, аруақтанып алдың-ау, Көкбөріден атпен туған халқым-ай! Осы болсын өздеріңе енші өлең, Айналайын, әзиз халқым, мен сенен! Басындағы байлығын да, бағын да, Жұлдыз-пырақ жүйрігімен өлшеген! Туа бітті дүлдүл құмар, дос құмар, Хас тұлпарды дүрсілінен топшылар! Ат дегенде асын жерге қоятын, Жер бетінде сендей халық жоқ шығар?!
Темірше Сарыбаев ЖЫҒЫЛМАСАҢ, ТҰРМАСАҢ... Жығылмасаң, тұрмасаң, Жыламасаң, күлмесең, Дария-дәурен сүрмесең, Ащы өмірдің ағайын, Тәтті екенін білмес ең! Белдеудегі бедеудің, Құрғаттырмай терлігін. Қиқу салып кешқұрым, Құйғытпасаң желді күн, Ұланғайыр Далаңның, Ұқпағаның Кеңдігін! ҮКІМ Быт-шыт боп жүр онсыз да жырдан басым, Ешкім маған бәлсініп, бұлданбасын! Аянатын жайым жоқ, Жалғыз медеу – Үлпілдеген үмітім ұрланғасын! Қажеті жоқ желбуаз Жарғылардың, Жарғы өзіңе! Басыңды даң қылармын! Үлесін бер, үргедек Момындардың! Ақысын бер, алдымен Арлылардың! Солар қолдан жасаған бар байлықты, Қарашықтай қастерлеп, Хандай күтті! Етегі елпі жинаған иен дәулетті, Иемденбек қане, кім, қандай мықты?! Шық, ортаға! Жоныңа шоқ қарылар. Жанарыңда кіреуке, жоқ па мұнар?!
Дария-дәурен Қара халқың іргеңнен сөгілмесін, Бір қисайса – қаныңды соқта қылар. Аш көзіңді! Аша түс! Аш тағы да! Қалбаңдамай қайта отыр, тас-тағыңа! Көзіңді сал, көгіне тұнжыраған, Ақылыңмен бір қара, аспанына! Бүгін үшін күресті, Ертең үшін! Өзек жара ойлайды өркен ісін. Қазынасын халықтың тоз-тоз етпей, Таразыңа қайта тарт, Өлшегішім!.. Бұлтаңдама! Бәрібір айлаң да артпас! Халық – құдай! Қасарса – тайраңдатпас! Жуастарды біледі жүндейтінін, Қасқыр шапқан қойға ұқсап, Жайрап жатпас! ЖЕЛТОҚСАН ЖАЛАСЫНА ЖАУАП Бәленің бәрін жап маған, Боқтығың болса, үйе бер! Өзіме аян; ақ, қарам, Арым бар – арқа сүйенер! Беріп бақ бүгін бағаңды, Болайын мен-ақ маскүнем! Жыртып-ақ біткен жағамды, Қанымды да ішкен қасқыр ең!
Темірше Сарыбаев Аямай қарпы, сал азу, Қақпайды ешкім қолыңнан. Көргенмен кем күн қағажу, Туады айым оңымнан. Жамай түс, жыртық жалаңды, Жаңа емес көрген құқайым. Сенімім итке таланды, Мұңымды да ішке жұтайын. Дүние кезек, айналма, Тағы да дерсің, құс дерсің! Басыңнан бағың тайғанда, Бармағыңды анық тістерсің! ШЫНДЫҚ – ТӘҢІР МЕН ҮШІН... Зыр қақтырып жетелеп жетім үміт, Дәлелдейсің... Ол тұрар бетіне ұлып. Шыжбалақтап шындықтан жалтарғанның, Қазақ қойған шын аты – көтікүлік! Сілелеген сорлы ма сойыл-даудан? Қайтаруға қауқарсыз қойын жаудан. Қорқақтардың қансіңді қасіреті – Ақиқатты қашқақтау мойындаудан. Соған дәндеп әу баста алғандықтан, Қорған соғар қамзау ғып жалғандықтан. Белден басып тартсаң да айрылмайды, Жалғандыққа жабысып қалғандықтан! Көрмес пе едік кеудесі көк тіресе? Типыңдайды томпаңдап тоқ күреше. Шығар ем-ау құмардан шынжырға орап, Шырылдатып, шыңғыртып тепкілесе...
Дария-дәурен Тепкілесе шіркін-ай, топ алдында Ұмытар ем, ойланбай, обалды да! Осындайлар ел ішін аздыратын, Осындайлар – құртатын қоғамды да! Шындық – тәңір мен үшін, Шындық – Иман! Шың боп көзді тартады бір қиырдан. Айтпа! – дейді аузыма қақпақ болып, Әуселесін көрейін, кім бұйырған?! КІНӘЛІ КІМ Кінәлі кім, қоғамым ба, өзім бе?! Өкініштен өрт тұтайды көзімде. Алғыс айту керек аңқау Арманға, Алтын алқа тағу керек Төзімге! Кінәлі кім, Сен бе, Ол ма, Басқа ма?! Тіл бітетін туды уақыт тасқа да! Жуас елдің шүлен ету байлығын, Масқара ғой, масқара ғой, масқара! Алтынын да, мұнайын да, кенін де, Ала берген, бере берген тегінге. Қызыл көрген қырандайын шүйліккен, Қазақ деген қардай аппақ көңілге. Нар намыстың аттап өтіп басынан, Ауыр-ауыр составтармен тасыған. Сен де, әрине, тұрған жоқсың жетісіп, Мен де біраз биігімнен басылам.
Темірше Сарыбаев Өткен өтті! Өкініш те тарар-ау, Жүректерде сөнбей жатқан бар, алау! Кеткен малдың қайыры жоқ қашанда, Қалғанына еге болсақ – жарар-ау... ҚАРАҚШЫҒА ЖЕТКЕНДЕ СЫР АШЫЛАР Сан сайгүлік сап түзеп санағанда, Жалтаңдайсың жат па деп жанағанға. Күдігің де тұрады көлденеңдеп, Ат қосқасын, амал жоқ, аламанға! Салмақтайсың санаңда сөз сарасын, Алды-артыңа абайлап көз саласың. Қалың топтың ішінде бәрі де бар, Білмейтіндер бар және өз шамасын. Бурылы бар, кері бар, құласы бар, Қарақшыға жеткенде сыр ашылар. Қаптай шыққан жүйріктің алдын орап, Озады деу – обал-ақ, – мынасы дәл! Біреуіне біреуі жер қаптырып, Бірі тізгін тежейді жел қақтырып. Айласы мен амалын аямайды, Үйренгенше жарысқа сен жаттығып. Әне, шықты шымыр топ тізбектеліп, Сол шоғырға тәуекел, біз беттелік! Ат шаппайды мұндайда – бап шабады, Бақ қонбайды басыңа іздеп келіп.
Дария-дәурен Делебесін қоздырған кең даланың, Ермегі емес бұл бәйге ерқараның. Аламанға ат емес, атан қосқан, Абайлаңдар, ағайын, мен ғанамын! АРЫМСЫҢ МЕНІҢ, АЛМАТЫМ Сілтесем тілім тасқа өткен, Кезегі келді жанитын. Тәуелсіз елдің әспеттеп, Өлеңмен жазам тарихын! Желкілде, жырдың шудасы! Көтеріл, бүгін көкке өлең! Бабамның аппақ бурасы, Бұл жерге бекер шөкпеген! Тіл біткен тауға, тасқа да, Тәңірден түскен бір ақпар! Осылай туған астана, Жарқылдап жұлдыз шырақтар! Жемісі желге жайқалып, Дегізген жердің жәннаты! Омырауын көкке айқарып, Асқақтай келген Алматы! Әлемге кеткен атағы, Алқызыл алма – бақшаң-ай! Аймалап, құшып жатады, Айдыныменен Қапшағай! Арқа да жарқа әз халқы, Тотыдай түлеп гүл-бағы! Алатау риза, Мәз қалпы! Шалқая түскен шыңдары!
Темірше Сарыбаев ...Мұхтарым ойға оранып, Қанатын қаққан ән – Күләш! Димаш пен Қаныш – сом алып, Қырандар көкте қалғымас! Туыңды төмен түсірмей, Көтерем қарым талғанша! Пір тұтқан мәрмәр мүсіндей, Аруақтарым бар қанша! Шалқыған иман – нұрымдай, Арымсың менің – Алматым! Шырқырап ұшар шыбындай, Жанымсың менің – Алматым! Сусылдап шашы төгілсе, Қандай көз оны құтқарар! Алматы – Ару керілсе, Қартаңдау Лондон сұқтанар! Лып етсе жырдың жарығы, Ентелей ескен таудан жел! Алматы дейміз... Анығы – Алланың нұры жауған жер!!! ТҮРКІСТАН I Ежелде ежел, ежелден, Ескілеу мұңды сезем мен. Шындыққа шөлдеп, қаталап, Шыдамның ерні кезерген. Ежелде ежел, ежелден, Егеске қайтіп төзем мен?! Адалға жаудай анталап, Қараулар мылтық кезенген.
Дария-дәурен Ежелде ежел, ежелден, Я жеңілген, я жеңген. Батырлар өтті қаншама, Атағы жеткен, өзі өлген! Найзасы көкті тіреген, Тәңірден медет тілеген. Жайықтан атын еріттеп, Асырған жауын Іледен! Жалықпай жаға жыртыстан, Күніне қырық қырқысқан. Сен соның бүгін бәріне, Куәсің, көне Түркістан! II Атамыз Алып – Сығайдан, Анамыз Бегім – Ұмайдан. «Жазмыштан озмыш жоқ» деумен, Не көрсек, көрдік Құдайдан! Бөлініп едік бөрі алды, Жақұтым жұртта жоғалды. Байлығым, бағым тоналды, Байырқар бізде не қалды?! Сақтаған сырды сандығым, Ұяттан жүзім жанды мың! Өткен күндердің өлшеусіз, Өзің айт, бізге тағлымын! Қынадай қанша қырқылдық, Мың жығылдық, мың тұрдық. Ғайыптан тайып қолда тұр, Мыңнан бір туар мүмкіндік! Сұрама жөнін ғұрпының, Сұрама жөнін ұлтының! Шаншылтып шырқау көтерер, Туы бол, тұтас Түркінің!
Темірше Сарыбаев III Жүйріктей шапса үдеген, Бәйгеден келген бұл өлең! Сансыз баптарға сыйынып, Түмен де бапқа түнеген. Табанын құмға күйдірген, Күмбезін күнге сүйдірген. Қасиетті қағбам – Түркістан, Тәу етіп басты идім мен. Мейірімі түскен Иенің, Оғыздан қалған сый едің. Бабамның бақи орны – деп, Топырағыңды сүйемін! Ауырлау парыз өтемі, Ақтаймын, көзім жетеді. Армысың, қара шаңырақ, Ақыл мен Ардың мекені! Тірелді саған жол басы, Қолдасаң, жырды қолдашы! Халқыма бірлік бере гөр, Рух пен Иман ордасы! ЖАЛАҒАШҚА ЖЫР-ШАШУ Кеудемнен күміс самал өлең есіп, Мен саған аңсап жеттім, көне бесік! Атыңды алты алашқа ардақтайын, Туыңды көтерейін, төбеме тік! Атыңды балап өстім ар, иманға, Далама симай кетем далиғанда.
Дария-дәурен Көркіңнен айналайын, алтын ордам, Мәккам да, сенсің менің, Мәдинам да! Атамның ақжем тартқан қорымдары, Ағамның жайлап, көшкен орындары. Ізімде желкілдеген жеткіншек бар, Сарқылмас қазынам ғой соның бәрі. Өткен ғой неше дүлдүл ілгеріде, Өзіңнен түлеп ұшқан пір де, дүр де! Қазақтың хандарымен қатар тұрып, Ақылдан алтын шашқан күллі еліме! Әлі де күзетте тұр батыр бабам, Жау шапса жар салардай жақындаған. Солардың аруағы ма, айбаты ма, Бөрі жоқ тыныштығымды тақымдаған. Туған жер! Тәңірім де, Кием де сен, Көлгірсу деме мұны, сүйем десем. Антейдей әл-дәрменнен айырыламын, Өзіңнің құдіретіңе сүйенбесем! Туған жер! Басымды ием жан анашым, Үйіңді Бақ пен Қыдыр араласын! Алдында жаңа ғасыр ақ тілегім: Жайнай түс, жарқылдай бер, Жалағашым! Жайылып жатыр әне, жас құлашың, Жанымды желпінтесің, тастырасың! Сен менің аңсап жетер Астанамсың, Сен маған мәңгі-бақи Москвасың!
Темірше Сарыбаев АҒАЛАР ҚАЙДА? Еңкейді небір еңселі шың мен биіктер, Соғыс-ай, неткен сұрапылды едің, күйікті ең, Ағалар қайда, әкелер қайда кешегі? Көк аспанымды көтеріп жүрген иықпен?! Жеріме емес, жүрегіме орап іздерін. Сағынып қанша, сарылып қанша іздедім. Көктемде кейде көңілсіз күйде тұрам мен, Көргенде мынау оралған құстар тізбегін. Кеудемді кекпен кернесе ызам жұлмалар, Үзілмей жүрген үміт те менде, мұң да бар. Батысқа әркез қараймын жиі жаутаңдап, Болатындай-ақ белгісіздерден бір хабар. Сұм соғыс сенің, тек ғана сенің айыбыңнан, Күлкім де менің басталған екен қайғымнан. Сондықтан болар, шаңдатып ылғи жатады, Боз інген далам боздақтарынан айырылған. Еңкейді небір еңселі шың мен биіктер, Соғыс-ай, неткен сұрапылды едің, күйікті ең, Ағалар қайда, әкелер қайда кешегі, Көк аспанымды көтеріп жүрген иықпен?! БОСТАНДЫҚ БАЛЛАДАСЫ (Айжарық Сәдібековке) Аядай тордың төрдегі, Қызығын көрген қақ бөліп, Толтырған әнге бөлмені, Тотының бірі жатты өліп. Серігі жоғын сезді де, Тынысы құстың тарылды.
Дария-дәурен Теңселте торды кезді де, Тітірей төкті зар үнді. Қаумалап келіп жасырын, Қамағандай-ақ қырық ұры. Гөй-гөйін үйден асырып, Сорлының шықты шыр-пыры. Сайланып сыртқа атылмақ, Қарманып о жақ, бұ жағын. Алаудай түнгі лапылдап, Шоғы боп алды ызаның. Ашуын жиған алқымға, Тотыға біткен төзбестік. Өртенген осы қалпында, Басылды оттай көзге ыстық. Сығымдап аппақ сымдарды, Сындыратындай тепкілеп. Сұрайтын жандай мұңданды, Серігім қайда кетті?! – деп. Тың-тыңдап сәл-пәл тосты да, Тауысты төзім, Тағатты! Тырнағын сымға осқылап, Тұмсығын торға қанатты. Көрсетіп күштің не екенін, Салды-ай кеп сойқан бүлікті. Талансыз, Құтсыз мекенін, Төңкеретіндей сілікті! Жалғыздық неткен ауыр сын, Көрмегем мұндай сұмдық мен.
Темірше Сарыбаев Қайғылы құстың, Қауырсын, Қанатына да тіл біткен! ...Түйінде ойды, түсін де, Жауабын жырдың тосқан жұрт. Арандай тордың ішінде, Алқынды құйттай бостандық! ЖАМБЫЛ РУХЫНА СЫР Халқымның мұңы – бар қайғым, Қазақтың жыры – мұратым! Аралда қалған жандаймын, Жападан-жалғыз тұратын. Түңілгем тұлдай әлемнен, Шу менен дудан шеттегем. Мендегі бардың бәрі – өлген, Келмеске қайтып кетті өлең. Қобыздың қылы еңіреп, Зар төкті күйші саусақтан, Тоз-тоз боп азды төңірек, Осындай болар – «жау шапқан». Қоздырып қурай ызыңы, Ішімде қасқыр ұлиды-ау! Басылды тілдің қызығы, Нарыққа кез боп қылилау. Айналам – меңіреу, құла дүз, Айлам жоқ менің Болмысқа!
Дария-дәурен Пәрмен бер өзің, Жыр – Абыз, Адасқан құлға жол нұсқа! Алдау мен арбау алшаңдап, Өң менен түстей өтті өмір. Еңсені езді бар салмақ, Көңілімді көрсең – көк темір! Арманым шаңға көмілді, Мақсатым мың-сан мертіккен. Өзімнің түпкі Тегімді, Ұмыттым, Тәте, мен тіптен! Келмеспіз оңай келеге, Үрейлі барша үмбетің. Жолбарысыңмен жебе де, Халқыңның жырға бұр, бетін! Айласын тап та басқа бір, Медет бер, Пірім, қалайда! Тағына қонсын патша-жыр, Нұр шашып сана-сарайға! Таусылды, бітті, әңгіме, Сенсеңіз, Тәте, сарсаңмын. Сөндірдім отын мәңгіге, Кеудемде жанған бар шамның. Құдірет кімде, күш кімде?!. Ұға алмай басты қатырдым. Теңіздей ойдың үстінде, Теңселіп келе жатырмын.
Темірше Сарыбаев ЕЛІК-АРМАН I Бұрқырап буы көктемнің, Сағымын белге орады. Көбелектері бөктердің, Сарғалдақтарға қонады. Төбеге шығып төменді, Тұр едім бей-жай ұнатып. Бір елік қаша жөнелді, Кеудемнен жырды құлатып. Орталай беріп ор құмды, Таяп-ақ қалған сияқты ем. Көзімді шаңға толтырды, Тобықтай ғана тұяқпен. ...Өттің де кеттің ағызып, Ұстатпай маған, шіркін, бақ! Шығандай бердің қара үзіп, Тозаңың топ-топ бұрқылдап. II Тұлпар да міндім, киліктім, Тақырдан ізін кестім де. Тағы да қудым жүйрікті, Дабыра қылмай ешкімге. Бұлдырап дүние көшеді, Айнала – жазық көкпеңбек. Елігім желдей еседі, Басымнан фәни өттің деп. Таймаса деймін табаны, Жалтарған жерден із бағып.
Дария-дәурен Бетімде ду-ду жанады, Жігіттік желік, қызбалық! Кетпеген есем егесте, Намысқа жастан кемел ем. Асыра түсіп белестен, Жүйрікке жеттім жеме-жем. Азары ойды жүз бөлер, Кетер ме естен сірә-да?! Арналы терең құз-кемер, Арандап қалдым жыраға. «Осылай досым» дегендей, Остиып оқыс қарады. Жазылмай қалған өлеңдей, Жазаңға маңып барады. III Қинады жолым ауырлап, Ұстатпасын да ұқтым мен. Ақ бұлттарды бауырға ап, Самолетпен де шықтым мен. Алыстан таңы жарқылдап, Бұл жолы тауға бұрылды. Сәуледей түнгі жалтылдап, Жықпыл тастарға тығылды. Тығылдың жықпыл тастарға, Елігім менің – арманым! Жаңа бір жырлар бастарда, Жаңа бір үміт жалғадың. Биікке шықсам – төменде, Төменге түссем – биікте. Айналып өзің өлеңге, Келесің тастап күйікке!
Темірше Сарыбаев ЖАЗА АЛМАДЫМ КЕЗІМДЕ... Жаза алмадым кезімде жалын атқан, Кежірліктің кесірі кәрі қақпан. Көңілімді қайтейін астаң-кестең, Жүрегімді қайтейін жанып жатқан. Сезім суып, Сыр кеміп, Сабыр қашқан. Қияметтің өткердім бәрін бастан. Тіршілік деп жүргенде түк бітірмей, Елу келді-ау, етегін сағым басқан! Қолда кісен жоқ еді, Баста бұғау, Егде тартқан елірдім жаста мынау. Уақытын уыстан шығарып ап, Умаждалған тағдырға қасқамын-ау! Өлең күтті... Күтті өлең, бар – білерім: Ауыр-ауыр күрсініп алды демін. Аласұрған сәтінде айла таппай, Елжіреді ет-бауыр, жан-жүрегім! Сабылып кеп іздеді, дүрмектерден, Дүрмектерден бәріміз бірге өткерген. Сағынып кеп сұрады Гүл – Көктемнен, Сылаң етіп шығар деп, бір бөктерден... Күн де болып нарттанды кемердегі, Ай да болып телмірді төбемдегі. Қиындықтан шығысар, келер деді. Қол ұсынсам – қолтықтан демер ме еді?!. Айналайын өлеңге, Мен өйтпесем – Көрде тыныш жатқызбас өнер мені!
Дария-дәурен ӨТІҢКІРЕП ТОҚТАДЫМ Жылдар, жылдар – Кәрілікке жолдама, Ендім міне, отыз деген ордаға Омырауы оқа, зерлі арғымақ, Жастығымның жеткен жері, болғаны, ә? Баладай-ақ жаңа кескен тұсауын, Тұтам күнде иықтан жүк үш ауып. Жаңа емес пе, Жүрген кездер, қарашы, Шыныменен қалғаны ма, түс ауып?!. Көрейінші көңіліммен, көзіммен, Жанар толы меймілдеген сезіммен. Ерем десе, ерітейін ізімнен – Ілестіріп әкетейін өзіммен. Сыр жағалап, сыр ақтарған, кеңескен, Сен кешегі сұңғақ жігіт емес пе ең? Қадап көзді қалып бара жатсың-ау, Жастығым-ай, айдарынан жел ескен. Діріл бар ғой, үлбіреген ерніңде. Расың ба, қоштасуға келдің бе?! Құшағыңды думандатып, дулатып, Сені мәңгі бақытты еткен менмін бе?! Кетті, кетті, көкірегімде оттарың, Тақымымнан сусып түстің, көкпарым! Енді саған еңкеюге мұршам жоқ, Не де болса, өтіңкіреп тоқтадым.
Темірше Сарыбаев СЫР ТАРТПАЙ-АҚ ҚОЙ МЕНЕН... Сыр тартпай-ақ қой менен, Сырым – жырым, Көптен қалған көзімін бұрынғының. Қабағыма ап-ауыр сыр ұялап, Жанарыма ертелеу тығылды мұң. Пайдам тиген жоқ елге, зияным да, Ойлағаным қап қойды қиялымда. Уақыт атты дес бермес тарпаңкердің Тозым шықты түтіліп тұяғында. Айдынымды құрғаттым қолымдағы, Сыйластықтың сыр берді оң ырғағы. Өткен күнім – өтірік, Келер – күмән, Күдігімді молайтты соның бәрі. Сыбдыр етсе жапырақ, сезіктенем, Қиындығым қанша әлі кезікпеген. Кейде дана, ал кейде баладаймын, Әліппесін енді-енді ежіктеген. Артта – тұман, Арбайды алда – сағым, Жұрттың бәрін жаңадан бар жасағым. Жақсылық пен Жамандық бірге туса, Күнін қалай кешпейін далбасаның. Жаным, рас, жаралған ізгіліктен, Сәуір өтті, Сәулелі мұзды іріткен. Боз қыраулы бұйығы баққа кірдім, Кім біледі, не шығар Күзгі үміттен?!.
Дария-дәурен ӨЛЕҢ ТУЫН АҚИҚАТ – ҚҰЛАТПАСЫМ Көре алмасын, Күндесін, Күңкілдесін, Зәредей де жоқ менің жұртымда өшім. Пенделіктің пиғылы қусырылар, Шың басынан шабыт-құс сілкінгесін. Күлсін мейлі, Даттасын, Табаласын, Айырмаймын адамның ақ, аласын, Бопсалаған бозарып босқа қалар, Бауырынан бәйге-жыр жарағасын. Еркі өзінде ұнатсын, Ұнатпасын, Тозақ та – рас, тірлікте жұмақ та – шын. Өнер екшеп алады өз перзентін, Абай жалғыз қазақта, Бір-ақ Қасым! Абай – жалғыз, Қазақта – бір-ақ Қасым! Бұлт ораған екі шың мұзарт басын. Қос өркешім тұрғанда көк тіреген, Өлең туын ақиқат – құлатпасым! СЫР ШАШҚАН, АРМАН ҚУҒАН Сыр шашқан, арман қуған, сезім кешкен, Шығара аласың ба, кезіңді естен?! Қыз – дәуір, Жігіт – дәуір, Сәуір – дәуір, Домбыра ішегіндей тез үндескен.
Темірше Сарыбаев Қолыңа жүрегіңді ап, алып-ұшқан, Бақтарда әрлі-берлі сабылысқан. Босатып буынымды жібердің-ау, Бозбала жастығым-ай, Мамырстан! Жүзімді нұрландырған шар айнам-ай, Жоғалтып алыппын-ау, абайламай! Бурыл шың, боз тауларға бет алғанда, Тұсыңнан өте алмадым, қарайламай. Жағаң – гүл, Жайлауың – жыр, Жанарың – нұр, Бөркіңе жырдан үкі қададым бір! Қырықтың қырқасынан қол бұлғаған, Ағаңның, қарғам, келіп, Хабарын біл! Бір шақыр ең болмаса, би алаңға, Сынап көр, оттай өртеп сүйе алам ба?! Желді күн желбірер деп орамалың, Жолыңа жүрмін әлі жиі алаңдап. Ей, Темке, Күтпе бекер, тек көне біл. Төздің ғой, төздің талай, өртке небір. Ол да бір – зымыраған ағын-дария, О да бір – екі айналмас – өткен өмір! КЕШІГУ Кешіктім... Уақыттан көп кешіктім, Достан да, Дұшпаннан да, өкпе есіттім. Шабытсыз қалам ұстау – шарасыздық, Туады өлең өзі! – деп бөсіппін.
Дария-дәурен Қиялды көп әлдилеп, іңкәр үнмен. Күтіппін көзсіз пәрмен жыр – тәңірден. Қыранға қарамаппын көкке самғап, Жемтігін қалқып шығып, шырқап ілген. Ағынсыз дариядай Іркіліппін, Түсіппін арбауына түлкі-үміттің. Артымда қалдың-ау деп, қайрылмайтын, Тоңмойын заманымның сұрқын ұқтым. Жә, жетер! Өкінгенмен, өнетін не?! Туғалы жүріп келем жел өтінде. Белгі жоқ өткен күннен дей алмаймын, Көкала таңба қалған көк етімде! Орыны Жазылмаған жырдың бөлек, Айтқанда арман бар ма, тындырдым – деп. Мақсатқа маңғыстаған жету үшін, Ат та емес, атан да емес – Дүлдүл керек! Шығарар арман – шыңға, мұратқа ма, Төзетін қыл бұрауға, сынаққа да. Мені енді бір жеткізсе, жеткізеді, Қаз мойын, құс қанатты Пырақ қана!
Темірше Сарыбаев АРМАН ЖОҚ, АДАЛДЫҚТАН АРЫП-АШСАМ... Таппадым, таппадым мен, Басқа амалды. Мақсатың – бір шығару, Масқарамды! Көңілім саған деген – Көзтүрткісіз, Сарайым саған деген – Тасқараңғы. Бұл күнде ішім – жалын, Өртті – өзегім. Алқынған ашуымды көп тежедім. Дос санап, Қайдағыны туыс тұтқан, Өзімді ақымақсың! – Деп те жедім. Ертерек ерттеп мінгем арман атын, Жырым бар, Жырым барда– Бар қанатым! Сен болсаң – Шалшықтағы борсыған су, Мен болсам – Дариямын алға ағатын! Тым алшақ мақсатымыз, Мүддеміз де, Жүретін жол жоқ енді, Бірге бізге. Жаралап жарқыраған жүрегімді, Іріткі құйған да өзің, Іргемізге. Мен едім Қиянатқа қаны қас жан,
Дария-дәурен Арман жоқ, Адалдықтан арып-ашсам, Хантәңірі – қасиетімді кемітпесем, Бақыттың тая қоймас, Бағы бастан! СЕНІМ Секілденіп Ошақтағы сөнген от, Қоңырайсам – Сыр-мұңы бар пенде боп. Нұрлы сенім, жарқырайсың сақтаған Қырық жылғы несібемді, көмбе боп. Нартәуекел, жыр жолына жан қидық, Болар дедік, Алдан күткен бар бұйрық. Шыңырауға шым-шым батқан шақта да Шығарудан шалдықпадың Шалқұйрық! Емес менің Ырыс – құдам, бақ – бөлем, Барлық кезде Жаратушым жақ демен, Көк теңізде жалғыз алас ұрғанда, Аман алып шығып жүрсің, Ақ кемем! Қия шыңдар Қар көрпесін жамылып, Құз басында Тұрдым тыныс тарылып. Қанатыңа мінгізіп ап сол сәтте, Күн астымен зымырадың, Самұрық!
Темірше Сарыбаев Тірлік – түлкі, Бұған қандай айлаң бар, Кім болғысы келмес дейсің пайғамбар?! Жаяулықтан жаным жапа шеккенде, Өркешіңді өзің тостың қайран, Нар! Сүтпен сіңген Сенім неткен сүйікті ең, Тәжім етем, Тәңір басымды иіп мен. Қиындықтан құтқарушым – Сен барда, Мен де өзімді түсірмедім биіктен! ТУМАЙДЫ ӨЛЕҢ Қалың ойлар тұмандай тұмшалаған, Серпілмейтін не болды, Мұнша маған?! Шалқарында шабыттың шарқ ұратын, Шырқай алмай, шынында, Жүр шағалам. Бақытымды баптаулы, Басқа алардай. Тұнжыраймын түтігіп, Тас қамалдай. Адасатын сияқты абыржимын, Ақ желкенін арманның басқара алмай. Менің құйттай құсым-ау, Қорғалаған. Қанатыңда қан ба анау, сорғалаған?!
Дария-дәурен Қайтадан бір самғайық, Қалықтайық, Көрсін достар көп күткен сол жағадан. Бәлкім, бірі біздерді табалауда, Бәлкім, бірі жетер деп шамалауда. Сермейікші топшыға тыным бермей, Ұшайықшы, Ұшайық жағалауға. Қомдамайсың қанатты, Қорқасың ба?!. Қоясың ба мені әлде жорта сынға! Арпалысып кеудемде Арман, Күдік, Жанып келем екі оттың ортасында. Қаптамайды қалың жыр топандаған, Кенім қанша кеудемде, Қопармаған?! Омырылып отырмын ойға малтып, Меңіреумін мылтықтай, От алмаған! Тумайды өлең, Тумайды. Масқара-ау бұл! Не дер екен басқа жұрт, Басқа бауыр?! Еңсемді езген егделік емес әзір, Еңкейтетін ойларым – Тастан ауыр!
Темірше Сарыбаев БАҚ СЫЙЛАП БАБА ҚЫДЫРДАЙ... Уақытқа артып кіл өкпе, Қаныма қатқан қайғы ұйып. Онсыз да өртті жүрекке, Қайтесің, достым, май құйып?! Бақыт та болған басымда, Өткергем тойдың талайын. Маза бер, жырдың қасында, Жападан жалғыз қалайын. Қоздата берсең тынымсыз, Қызуы қалмас шоқтың да. Қиялға шомып қыбырсыз, Қиналып тұрған жоқпын ба?! Маза бер! Кешір, сен мені! Мүсіндеп жырды қашайын! Табынтар барша пендені, Тәңірді қолдан жасайын. Барлығып, қамтер, тығылмай, Сырымды жұртқа жайып боп. Бақ сыйлап баба Қыдырдай, Кетейін көзден ғайып боп! КІМ ТЫНШЫТАР КӨҢІЛІМДІ... Кім тыншытар көңілімді дауылдатқан, Кім жинасар жүгімді ауып жатқан?! Анам келіп қалардай алаңдаймын, Сағынышын арқалап ауыл жақтан. Кімге айтармын жайымды түсін деп мен, Тазарта алмай әлекпін ішімді өрттен. Сыртқа шығып қарашы, құлындарым, Әкем бе екен көшені дүсірлеткен?..
Дария-дәурен Алуан-алуан құстардың тізбектері, Табиғаттың саз толы күз, көктемі. Қалғып кетсем... У да шу қайта оятып, Аһ! ұратын секілді, іздеп мені. Аппақ таңды атырам көзімді ілмей, Бос екенмін, Болғанмен сөзім мірдей. Жынданатын шығармын бүйте берсем, Өз дертімді дал болдым, Өзім білмей. Ағарған не, Алыстан... Ажал ма алдан?! Жырларым ба булыққан, Жаза алмаған?!. Күндіз-түні кеудемде жай ойнатып, Күркіреген бұл не күй, Мазамды алған! АУЫЛҒА КЕЛДІ ДЕ АЛҒАШ... Ауылға келді де алғаш велосипедтер, Жас көңіл жаңалықты көрсе – көктер. Алам деп мен де бірін үйге асықтым, Үйімде не бар, не жоқ, Өлшемеп те ем. Беліңді бүкті ме екен зор талабым, Әжетай, алып бер – деп қолқаладым. Білмеппін шайқалыпты-ау сонда сенің, Онсыз да жесір кешкен орта бағың. Ауыр боп қорғасыннан алған демің, – Олардай әкең қайда, қарғам ?! – дедің.
Темірше Сарыбаев Тосыннан жел соққандай лып-лып етті, Лапылдап алау атып жанған көңілім. Ізінен балалардың қарадым да, Зер салдым сенің зілдей қабағыңа. Ештеме байқамадым, айта алмадың, Келген жас кептелгендей тамағыңа. Үмітім – жалп етті де үкім менің, Тіктелмей тұрды-ау біраз бүкір белің. Жұбаныш көрдің бе екен көнгенімді, Құдай-ау, мұныңа да шүкір – дедің! АЛАТАУ СЫНДЫ АСҚАҚТАП... (Төлегенше) Бұралаң, рас, жол тайғақ, Кешкенмін, ғұмыр кешемін. Құрығын келген оңтайлап, Құр қайтты менен неше өлім?! Жадырап өтер жаз – елес, Толған сен, мейлің, толғанба! Адасқан сәтім – аз емес, Айсыз да меңіреу орманда. Қырқылып қиял қанатым, Әлсіреп жырым – маздағым! Қырандар ұя салатын Құздан да құлай жаздадым. Жанымды жайлап дерт бөлек, Еңкейген кезде бесінге. Акулалармен жекпе-жек, Теңіздің қалдым төсінде. Қалайда қайран қаламын, Жұлдызды жанмын бағы бар.
Дария-дәурен Ажал боп ашты аранын, Диюлар... Динозаврлар... ...Қарайды көкте жетім ай, Тарайды кәрін жайған сыз. Ерлікті тану – екі ұдай, Егессіз, қызу майдансыз! Бардым мен балғын бауға да, Сәттерім қанша гүл терген?! Шықтым мен шырқау тауға да, Шыңдарын ақша бұлт емген! Базарлы күнің ғой бақыт, Қақпасын қақтым қарсы үйдің. Бұрымын желмен ойнатып, Бұралтып белін жар сүйдім. Өткелден шүкір өтерлік, Жығылмас жырдың туы бар. Қатер де кештім жетерлік, Қызық та көрдім қыруар! ОПЕРАЦИЯ Көкірегіңе орнағандай бақ сенің, Жаңа ғана жарқын едің, жақсы едің. Әл үстінде?!. Неткен суық хабар бұл, Дәрігерлер, Жаны кеңдер, Тапшы емін! Жыр-жүректі жайсыз ойлар тілімдеп, Аяғымды баса алмадым, дірілдеп. Көрінгенге күдіктене қараймын, Айтатындай: Сөнді сенің, күнің! – деп.
Темірше Сарыбаев Үшінші этаж... Жеткізбейді тым қашық, Жүдеп келем, жанарымнан нұр қашып. Үміт пенен Үрей қабаттасты да, Жүрегімде жатып алды жымдасып. Операция!.. Аямай сап қыл бұрау, Арсыз кесел арманыма қылды дау. Өмір, өлім арпалысқан бөлмеге, Жаутаңдап-ақ тұрмын-ау! Дәл осы сәт – қайыстырған зор қайғым: «Қайтем енді, қалай ғана қорғаймын!» Ұясына өрмелеген жыланды Көзі шалған торғаймын... Қайтем, қайтем, Қалай ғана қорғаймын! МҰЗ БЕТТЕРГЕ МҰҢ ШАҒЫП... Күңіреніп шығады күле кірген, Жел ызғиды жұртым-ау, жүрегімнен. Қалтыраған жаныма қамзау таппай, Мұз беттерге мұң шағып, жүдедім мен. Сыр сандықтың салмаған құлпын берік, (Өзімнен де болуы – мүмкін делік). Түске дейін дос болған сол ант ұрған, Түстен кейін түксиді сыртын беріп. Қандай едік! Қаншама құлдырадық?! Адам сенбес басталды сұмдық анық. Ісі түссе, жаныңда шыр айналып, Билеуге бар, Ібіліс мың бұралып! Айтқан жерде айнымай басы қалған, Қазақ, Қазақ! Қайтейін, асыл арман!
Дария-дәурен Қасиетіңді құндамай орта жолда, Ұрпағыңа обалың! – Шашып алған. Қадіріңді бағалар түсініп кім?! Тағы кетті келмеске ұшынып күн. Адамзаттың қараған төбесінен, Келбеті едің, расы, Кісіліктің! Көтеріліп-басылып теңіз-кеудең, Ар мен Адам, жазбадың, егіз деуден. Екі көзім төрт болып өле-өлгенше, Өмірім өтер, баба, Сені іздеумен! СЕН КӨШКЕНДЕ (Мақшар Азизовке) Жарысушы ек құла түзде құлынындай құланның, Қайырмасы секілді едік екеуміз де бір әннің. Айрыларда еңіз-теңіз, ағыл-тегіл жыладым, Шылбырынан сусып шығып сытылдым да шыдамның. Барды-жоқты елестірмей, бүтін болып жүр едік, Үй ішінен үй тіккендей тату едік, жылы едік. Буып-түйіп жүктеріңді қамдадың да бір түнде, Көшпек болдың Қап тауына, қарт тауыңа үдеріп. Көкіректің қоздап қазір сағыныштан жүр шері, Туысымдай көрген екем, байқамаппын, бір сені. Кетеріңде әжем жатты қолтығыңа тыққыштап, Саған арнап өзі көмген, тапқа піскен күлшені.
Темірше Сарыбаев Деді әжем: – Айналайын, көшің болсын көлікті! Жөтел қысқан қос өкпесі сыр-сыр етті, демікті. Маңдайыңнан қайта-қайта басын шайқап иіскеді, Босағаны екеумізді қалайыдай ерітті. Жүрегіңді қыздырды ма таба нанның ыстығы, Қалай мұңмен мөлтілдеді жанарыңның ұшқыны?! Көңіліңді булады ма әлде мына кейпіміз, Сен емес пе ең тау халқының қайсар ұлы, күшті ұлы ?! Жас тығылды кернеп келіп, тас тығылды алқымға, Кете бардың екі көзің, есіл дертің артыңда. Неге, неге қалтырадым, жаурадым ба, дір еттім, Мынау ескен самал емес, сары аяздай салқын ба?! Мейрім толы ғажап болды, ғажап болды қарасың, Мөлдіреттің көл-дария көздің жаспен шарасын. Боз інгеннің дауысындай сай сүйекті босатып, Ет-бауырымды елжіретіп, уылжытып барасың. Көштің досым, Көшің шаңын шұбатты. Қарап тұрдық сорғалатып омырауға бұлақты. – Ноябрьде келем – дедің,
– келем – дедің айғайлап: – Дайындап қой! – дедің және – көкпарға бір атты! Сол дауысыңа түн жаңғырып, қуаныштан жыртылды, Дала маған әсем болып кетті сонда бір түрлі. Дария-дәурен Сыйлаппын ғой кәрі атамның,
көріп жүр деп көзіндей, Далаға тән дәстүрімді! Далаға тән ғұрпымды! Мен ұйқысыз өткерейін, Оқасы жоқ, бұл түнді! ЗАҢДА МІН ЖОҚ Заңда мін жоқ!.. Бар пәле заңгерлерде, Солар елді салып жүр «әрі, беріменге». Беделдіге бүгіліп, бұра тартып, Әңгіртаяқ ойнатып әлі келгенге. Заңым ортақ ханға да, қараға да, Әділдік ет, Ешкімді алалама! Үкім кеспей тұрғанда жүгініп ал, – Деу лайық – заңгерім саған, Арға! Бір тармағы тарқалып өзгермесін, Шенеуніктің мүддесі көзделмесін! Ақиқаттан айныма ақтық сәтте, Саған сеніп жамиғат сөз бергесін. Халық болып талқылап, қабылдадық, (Осал болсын ойбай,ау, заңым не ғып?!) Әр әріпін әрелдік әлімізше, Шырай беріп, шындықтың шамын жағып. Заңда мін жоқ! Ол менің қорғанышым Азаттығым, теңдігім, өр намысым! Құрметтеймін мен оны өле-өлгенше, Ата заңым – айбарым болғаны үшін!
Темірше Сарыбаев АБАЙ ДЕСЕ... Абай десе аянамын несіне, Шапқан аттай шаң боратып көсілем. Абай менің алдымдағы-мұратым, Абай менің Алла берген-несібем! Абай менің паш етерім әлемге, Абай дауысы тарап жатыр бар елге. Қай қиырға, қай құрлыққа барсаң да, Ұлы Абайдың ұрпағынан сәлем де! Шыққан күндей кеудесінен нұр шашқан, Соның күші жап-жарық боп тұрса аспан! Адамзаттың құпиясын, әлемін, Жер-жаһанда жан бар ма екен мұнша ашқан?! Айқындаған екі дүние арасын, Ұлы Абайға бола қоймас таласың! Жүрегіне орап туған о баста, Өз халқының жазылмайтын жарасын. Сөйлегенде сөзге қамшы салдырмай, Тыңдаушысын тоқтамаған таң қылмай. Әр пайымы аятындай құранның, Кейінгіге айтар кеңес қалдырмай. Аласысын алған түгел жалғаннан, Енді бізге зер салып тұр заңғардан. Қанша алсаң да қазынасы ортаймас, Абайы бар қазақта да бар ма арман?! КІНДІККӨРМЕ Айтарымды аяқтамай бөлмеші, Көктем шықса қара да тұр, көр де осы! Автобуста, трамвайдың ішінде, Басталады кіндіктердің көрмесі.
Дария-дәурен Иіріміндей тұнып аққан арықтың, Шұп-шұқыр боп көз тартады жарықтық. «Батыс жақтың пәлесі» – деп біреу жүр, Қарсы тұрар қауқары жоқ халықтың. Жас қарындар жұрдай болған ұяттан, Жұлдыздардай жарқыл қағып жиі аққан. Әрлі-берлі ауысады алдыңда, Шырқап тұрып, шорт үзілген сияқты ән. Қипақтап-ақ қарамайын десең де, Қаймақтай-ақ қалқып шыққан кесеңде. Назарыңды аударады еріксіз, Өз шаруаң: көзбен ішіп-жесең де. Араласып ағы менен қарасы, Қаз-қатар боп тізіледі жарасып. Бірен-саран мінген қарттар күйбеңдеп: Күбірлейді әлде не деп жаны ашып. «Қара-қара дей ме маған – қысылма», Бір кіндік тұр мұрынымның ұшында. Бір кіндік тұр құлағымның түбінде, Бір кіндік тұр иегімнің тұсында. Үйіріледі, иіріледі айналып, Тіл мен жағың қарысқандай байланып... Терезеге телміресің күрсініп: «Заман бізді барады – деп – қайда алып?!» АНА-ҚАЗАҚҚА АНТ Жинаған шетке шашылған елін, Сүйегің – мәрмәр, Асылдан едің. Бейнеңді сөзбен сондай алмасам, Жағамнан алар ғасырлар менің. Жасқа да талай көлкіді көзің, Қайғыңды бұлттай серпідің өзің.
Темірше Сарыбаев Қап-қара бұрым қазақтың қызы-ай, Зәузатың – ар да, Төркінің – төзім. Найзағай-намыс жарқыл қаққанда, Шашасың сәуле алтын бақтарға. Мейірімің – теңіз, Мерейің үстем, Шалқарың шексіз шалқып жатқанда. Жыртылса жейдем - бүтіндеп едің, Ашуың келсе - түтіп жер едің. Алақанға сап аялай алсам, Хан ұлындай күтім көремін. Оранған гүлге артыңда дала... Құшағыңда айға талпынған бала. Ел болып саған ескерткіш қойсақ, Құяр ек соны алтыннан ғана! ШЫБЫН ЖАНДЫ ШЫЖҒЫРАМ Қайдан келсін, Құдай-ау, жоққа шамам, Шыбын жанды шыжғырам, отқа салам. Арман қанша кеудемде арам өлген, Ұстатпай жүр жалынан көп қашаған. Жанып-сөніп, әлсіреп жарығым да, Маңдайымды сүйеймін кәрі мұңға. Тарланбоздың барлығы о дүниеде, Қалған боздың құлтабан бәрі мұнда. Жаңғырығып жадымда өшкен есім, Ермек етем өткеннің ескі елесін. Бары-жоғың белгісіз болғасын ба, Өз-өзіңнен секем ап, сескенесің. Сескенесің сыз тартқан сезіміңнен, Өзің шошиды екенсің өз үніңнен.
Дария-дәурен Жанарың да жалтарып, жер шұқиды, Жан таба алмай жайыңды көзіне ілген. Бір тиянақ дегенде табамын-ау, Бара жатқан ышқынып баға мынау! Қиналғанда қысылмай, сертке ұстайтын, Қалғымасаң қайтеді, қаламым-ау?! Жағдайы жоқ жүректің жайланғандай, Тырп етуге тағдырға айлам қандай?! Орта жолда мертігіп ауыр жүктен, Мөлт-мөлт еткен көз жасы қайран нардай. Тәкаппарлық танытпас тас та бұлай, Ағып жатыр жан-жаққа ақша-мұнай... Бір құлақ су халқыңа бұйыртпайтын, Жаңылдың ба, Не қылдың, Патша Құдай?! КИЕЛІМ Мен үшін киелі жоқ ақ парақтай... Жазғасын, жан тынши ма жалт қаратпай?! Алдымен айналамды шолып шығам, Адақтап аламанда шапқан аттай. Сонан соң бастап жырдың соқпақтарын, Сөздердің аударамын от қатпарын. Кей-кейде артық айтсам, Алла кешер, Келеді Абайды да жоқтатпағым. Арнамнан осылайша асып-тасам, Болмайды аптықпасам, Асықпасам. Құдайдың берген бағы сол деп білем, Жайнаған жырдың жүзін жасытпасам. Өлең ғой, Өлең – менің ақ алмасым, Белгілі онсыз лаулап жана алмасым.
Темірше Сарыбаев Темірдей тегеурінді мойындамай, Кім исін ақын ғой деп саған басын?! Болмайды жыр аулына байқап бармай, Болмайды ғасырларды қайта ақтармай. Толаста тыңдаушыңды тамсандырып, Бауырынан бұлтты аспанның жай тартқандай. БОСТАНДЫҚҚА БАСЫН ТІКТІ БОЗДАҚТАР Намыс, Намыс, Айналайын нар намыс! Нар намысқа мен айтпаған бар ма алғыс?! Алдаспандай намыс жарқыл қақпаса, Түсетіні ақиқат-ты арға күш. Ыза-кектің қатар келіп толғағы, Жарды ақыры жүректегі бомбаны. Алты басты аждаһаға қаймықпай, Қарсы тұрды Қазақ қазақ болғалы! Сілелеткен саясаттың сарсаңы, Бір ғана сөз біріктірді баршаны. Мына жатқан «Менің елім» дегізіп, Кең алаңды кернеп тұрды Шәмші әні. Ән емес-ау, әуелеген ұрандай, Кезді аспанды көкте қалқып қырандай. Теңіздейін төңкеріліп, дөңбекшіп, Ерсіл-қарсыл толқыды жұрт тұра алмай. Қан тамырдан берген кезде от қылаң, Қорыққан жоқ көк темірден, соққыдан. Бостандыққа басын тікті боздақтар, Қазақ үшін бақытты сәт жоқ мұнан! Иә, Желтоқсан!.. Жердің беті ала қар,
Дария-дәурен Жанды жеді жаудан алған жаралар. Жаңа дәуір басы болған бұл күннің Бір минуты бір ғасырға парапар. ЖЕР САТЫЛМАЙДЫ! Сөйле, көңіл! Сөйле, тіл! Сөйле, жүрек! Кейде шалқып қаламын, Кейде жүдеп. Шындыққа да қарайды шекесінен Тамағы тоқ бәзбіреу, Көйлегі көк. Өтірікті біледі өрлігім деп, Алуы аздай алтынды, кенді күреп, Жерді сатса, жұмыры толатындай, Көмекейін жайлауда ендігі індет... Сатылмайды қара жер, Атамекен! Қыдыр қонған қонысты сата ма екен?! Сатпақ тұрмақ, сөз ету, расында, Қабырғақа қанжардай батады екен. Бұл даланың иесі қазақ қана, Қазағымды шыжғырма, Азаптама. Көнудей-ақ көнді ғой көнбіс халық Қорлауғада, Құлдыққа, Мазаққа да! Жетер енді, тимеңдер ыза-кекке, Үйренісіп алғанша біз әдепке. Ызыңдаған сөздерден ырыс қашып, Жүйке өртеніп, Алқынып қызады өкпе.
Темірше Сарыбаев ТАҒДЫРЫМА НЕ ДЕЙІН? Бақ та әзірге қақпасын ашпайды анық, Зуылдайды сан ойлар баста айналып. Ағаштар да, Адам да, Автобус та Бара жатқан секілді тасқа айналып... Тасқа айналып Алматы... Көктөбе де, Отырғызды-ау өзімді от-кемеге! Аластаған адамдай әрі итеріп, Бұлар мені қағады шетке неге? Айналамның бәрі тас, Селт етпейді... Күннің көзін қалқалап, көрсетпейді. IІ бөлім. Мазалай бер, махаббат
Мазалай бер, махаббат Жарқылдаған айбалта жарты айға ұқсап, Бұтарлайды-ай мені кеп, Бөлшектейді. Басым қайда, Білмеймін, Миым қайда? Сүйектерім шашылған жиылмай ма? Жұрт қарық боп жататын жұмағыңнан, Маған да осы бір қуыс бұйырмай ма? Бір бастаған ісім ғой бастан бекер, Қуған қалар алқынып, қашқан кетер. Жұрттан көрер жайым жоқ, асылында, Тағдырыма не дейін тастан бетер?! АУЫР ҒОЙ МАҒАН... Ауыр ғой маған... Ауыр ғой бәрі, ауырлау... Жалғыз серігім ақылым да естен жаңылды-ау. Жаныңды қояр жер таба алмай жүргенде, Азап екен ғой қасыңнан бір дос табылмау. Көнбейтін не бар, түскесін басқа, көнем де, Алдаспан сынды ажал тұр төніп төбемде. Қайырлы ғұмыр – қалған ұрпаққа деймін де, Орнымды беріп кете барамын өлеңге. Қабірім анау топырағы торқа жастанар, Дұғасын оқыр тұсымнан өткен басқалар. Өзім кетермін, Қанатын қомдап қайта ұшқан, Өлмейтін мәңгі өлең-өмірім басталар. Өлмейтін мәңгі өлең-өмірім басталар, Сыр айтар саған, Жанарыңды мөлдір жас қамар...
Темірше Сарыбаев Екі өмір сүру – ақынның ғана еншісі, Қайтып келмейді бай менен бектер, патшалар. Ойласаң еркің өзіңнен мені бөлек деп, Мен сені жүрем өлеңімменен өбектеп. Қоштасу үшін қолыңды соза бергенде, Сол жағын бірақ шамаладың ба сен ептеп?.. МАХАББАТҚА ШӘК КЕЛТІРІП Махаббатқа шәк келтіріп күмәнді, Ойда-жоқта айтып қалдың бір әнді. Адалдықтан алда-жалда мақұрым Салушылар сала берсін лаңды. Айға теңе, Теңе оны күнге де, Оның орны, тірлік барда, жүлдеде. Жұрттың бәрі жамандаған екен деп, Махаббатты ешуақытта тілдеме! Табын оған табынғандай Тәңірге, Сүй сен оны, Жұлдызым де, Жаным де! Мынау жалпақ дүниені жайнатып, Құлпыртатын құдірет қой бәрін де. Сол деп түсін алаулаған таң нұрын, Сол деп түсін таландағы тағдырым. Елден бұрын алдынан шық аптығып, Ең алдымен соның қолын ал бұрын! Қуат сонда жоғалтпайтын жастықты, Қуат сонда елетпейтін аштықты. Соның ғана уысында бақытың, Талай тарпаң тулап-тулап бастықты...
Мазалай бер, махаббат Маған сенбе, Жыр ғып жүрген елге сен, Айналайын, айтпа олай деп, мен десең. Алланы да сүйетінің өтірік, Махаббаттың құдіретіне сенбесең! БІР ТАМШЫ ЖАС Бір тамшы жас жанарыңнан ыршыды, Соның маған әлі жұмбақ қыр-сыры. Алпыс екі тамырымды тулатып, Толғандырды-ау тозған жүрек-жыршыны. Тұрды тамбай, тұрды тамбай, мөлдіреп... Сөйлеп тұрды ол, сенесің бе, соңғы рет. Қашан тамып түскенінше тіл бітіп, Миымды да, жүйкемді де тұрды жеп. Менің қамсыз көңіліме қайғы сап, Кірпіктерің айқасты да айқұшақ. Турап түсті... Сорғалады бетіңнен Тарау-тарау отқа еріген майға ұсап. Сол тамшының алдында мен тірі өлдім, Білмей далмын, қандай қате жібердім? Сен де аз-кем жауар бұлттай түнердің, Мен де амалсыз тығырыққа тірелдім. Күткенім де, көрмегім де жас па еді, Жастан өңге жоқ па өмірдің басқа емі? Жаңбырлардың арасында жоғалтпай, Шамаң жетсе, қайта зерттеп, аш мені!
Темірше Сарыбаев ШАРПЫҒАН ОТТАЙ... Шарпыған оттай шалқып бір жалынды демің, Сағындым, аға, өзіңді, Сағындым дедің. Бір ғана сөзбен төбемді көкке жеткізіп, Бір ғана сөзбен асырдың бағымды менің. Осыдан артың не күтсін ұнатқан адам? Сөз емес енді хор қызы... Жұмақ та маған. Бақыттың құсы басыма қонды кеп бүгін, Бұрын да, соң да баяндап тұрақтамаған. Ұшамын шырқап қыранның қанатыменен, Кеудемді кернеп бұрқырап баратыр өлең. Көктеммен бірге көңілім құлпырды қайта, Осынау сәтте бау гүлдеп, дала түлеген. Артымда қалды күңкілдеп табашы кілең, Келемін самғап ақ бұлттар арасыменен. Өмірдің бақыт екенін сезіндім алғаш Ағымен, тіпті, кей-кейде қарасыменен. Бар ма екен пенде сезініп, бағамдар мұны, Құлаққа әлсіз жетеді адамдар үні. Мен үшін бұл күн қалайда аспандағы ай мен Жеті қат жердің жаңадан жаралған күні! КҮТТІМ МЕН СЕНІ Күттім мен сені, Күттім мен сені, Көп күттім, Темірдей берік төзімімді де жеп біттім. Жолыңды тосар ағаңның барын білгесін, Кешігуіңнің қисыны мүлде жоқ тіпті!
Мазалай бер, махаббат Сағатым – жылдай, Секундым – күндей көрініп, Көтерген басын кеудемде өлді көп үміт. Асықтырады, асықтырады, япыр-ай, Уақыт атты қанымды сорған жегі құрт. Келер деп едім, Көрем деп едім мен бүгін, Ұяттан нарттай қызарып барып сөнді күн. Қыз деп те саған қызыққан жоқ ем, қалқам-ай, Арқалай алар азамат деп ем ер жүгін. Білмеймін неге, білмеймін, неге бөгелдің, Ойламадың ба обалы бар деп өлеңнің? Бозторғай-шыдам шырылдап тұрды уысыңда Бозала белде уақыт деген шебердің. Күтем мен сені, Күтем мен сені Өлгенше, Жанымдағы оттың жарығы әбден сөнгенше. Қабірімде де қызғалдаққа орап қарсы алам, Көктемің болып алдыңнан шығам Сен келсең... УАҚЫТ-АЙ... Уақыт-ай, Сумаңдаған ұрым-ай, Екі ұртыңның біреуі – қан, бірі – май. Шақпақ таспен шағып кетіп барасың Күндерімді күл-парша ғып шыныдай. Екпініңе төтеп бермей шыдамым, Оқпаныңа талай мәрте құладым. Жазсам деп ем өмір жайлы бір дастан, Айтсам деп ем махаббаттың бір әнін.
Темірше Сарыбаев Соғар деген сәттерімді күтумен, Жүрегімді келем жүндей түтумен. Сақтай алсаң, сақта, Тәңір, сен мені Айтарымды айтып болмай бітуден. Қас пен көздің арасындай өмір-ай, Сол өмірге алабұртқан көңіл-ай. Ашық күнде аспанымды тұмшалап, Қинауыңды қоймадың-ау сен ұдай! Төңірегім тастұманнан аршылар, Жырға айналар жүректегі тамшылар. Шыққан күндей, Атқан таңдай арайлар, Менің де бір шалқыр сәтім бар шығар. АРАМЫЗДЫҢ АЛШАҒЫ-АЙ... Мен – кексемін, Ал сен – жассың қаршадай, Арамыздың аспан-жердей алшағы-ай. Ой-қиялдың ойпы-тойпы сарсаңы-ай, Көз алдымда күндіз-түні көлбейсің Қия-шыңға жалғыз біткен аршадай. Көлбе, көлбе, Көлбе, көлбе, Көлбесең, Мен – төменде, Асқақтайсың өрде сен! Ақ жаңбыр боп себелейін, шөлдесең, Түу биіктен тура қарап тұрасың, Қиялым да қорғалайды, сермесем. Асқақтасаң, асқақтай бер, арша-арман, Мен ғана ма жалғыз саған тамсанған, Мен ғана ма саған арнап ән салған?..
Мазалай бер, махаббат Сенімімді күмән жеңіп барады, Бізді бақыт тосар екен қанша алдан?! Өз-өзіммен арылмастай даудамын, Неге, неге жүрегімді жауладың? Зауалымның сезгендеймін ауғанын. Көктем мен қыс жүрегімде тайталас, Бүрін кештеу жарар ма екен бау-бағым?.. Бала күнгі әуенім бе тыңдаған, Жігіт күнгі дастаным ба жырлаған. Қайдан келіп жабысты екен мұң маған? Жалғыз жауап қайтарсаңшы, Аршам-ау, Оқжетпестен орамалын бұлғаған! ТҰРАМЫН ТӘУБЕ ДЕП ІШТЕЙ Күлкің бір қазына кеніштей, Аумайды-ау тісің ақықтан. Тұрамын тәубе деп іштей, Айналып басым бақыттан. Кеудемді кернеп сезім-жыр, Ұлғайтып арман арнасын, Өлеңім көкті кезіп жүр, Жұлдызым биік жанғасын. Өшпейді тәтті мұңым да, Жүректе жанған шам сөнбей. Осынау қысқа ғұмырда Сүйген жоқ ешкім дәл сендей! Қалжырап қалған хал мынау, Мойныма арттың жырдан жүк. Мен үшін күйіп-жандың-ау, Жастығыңды да құрбан ғып.
Темірше Сарыбаев Айналдым отты көзіңнен, Алғаусыз жарқын, Адалым! Шабыт ап жалғыз өзіңнен, Түнде де жыр боп жанамын. АЛАҚАНЫҢ СИПАП ӨТСЕ... Жан-жүрегің жапырағын жаяды-ақ, Өн бойымда бұрқырайды бар шабыт. Алақаның сипап өтсе аялап, Саусақтарың сыңғырлайды ән салып. Ән салады, Ән салады, Ғажап ән! Әуезіне қайран қалам еріткен. Мен сол әннен таңғы шықтай тазарам, Сосын күндей күлімдеймін көрікпен. Қарағайлар қаптайды алдан қарсы алып, Таңырқаған тау да басын иеді. Жұлдыз біткен жыпырлайды тамсанып, Саумал самал бетімізден сүйеді. Тербетеді, Тербетеді ән-әлем, Қайырмасын қайталайды қарлы шың. Сол әуенге қосыламын және мен, Күй боп саған күмбірлейді алғысым. Күмбірлейді тау мен дала жаңғырып, Біле білсең, бұл да майдан ерге сын! Дарияның өр сағасын ал бұрып, Басшы қадап жүрегімнің пернесін.
Мазалай бер, махаббат КЕУДЕЛЕРІН КӨККЕ КЕРГЕН... Кеуделерін көкке керген Керімдермен көп сөйлестім. Жанын жалын-отпен өрген, Бірақ саған жетпейді ешкім! Шындық мынау жасырмайтын, Шымырлық бар ырғағыңда: Жүз жыл жанса, басылмайтын Алау бердің жырларыма. Ұшып бара жатқандаймыз, Жұлдыздарға біз зымырап. Самға, Мені, ақ маңдай қыз, Қанатыңа мінгізіп ап. Бұйра бұлттар бұқсын төмен, Шыңдар бізге жалт қарасын. Шырқап көкке шықсын кемем, Бұрсын бері бақ та басын. Қандырардай жанар шөлін, Шарпып төсін тау-даланың. Қажет боп тұр маған сенің Тап осылай лаулағаның. СИРЕНЬ ГҮЛДЕГЕНДЕ Күнді өткеріп қу тірлік күйбеңменен, Бара алмадым биыл да сиреньге мен. Сирень құмар жанымды сөз етіп жүр, Айыр тілді аярлар сүйреңдеген. Сирень десе, соғатын бірге жүрек, Өзің айттың: «Сиренің гүлдеді», – деп.
Темірше Сарыбаев Жанарыңнан от көрдім жарқылдаған, Сол бір шоқты оқталдым үрлегім кеп. Оқталдым да тоқталдым, Бата алмадым, Келе жаттың қасымда қатар, жаным. Сүйресең де сол жолы, сирень баққа, Апарғаның жөн еді-ау, апарғаның. Ой-хой, шіркін, Сиреньнің иісі қандай?! Ене алмайсың ішіне сүйісіп алмай. Жұтқан сайын тұрады-ау жұтындырып, Күмбірлеген кеудеңнен күй шығардай. Кеш те болса, барайық сирень гүлге, Сирень гүлдің иісіне үйрендің бе? Шалқып-тасып билейік ай астында, Көкке қанат сермейік күймен бірге! СЕЗІМ-АЙ! Сезім-ай селі тасығыш, Өмір-ай қысқа, қап, әттең. Ұшасың құстай асығыс Шырылдап жүрек-қанатпен. Әркімге мұндай қайда бақ? Шығарып әбден есімді... Жатасың жалғыз аймалап Жайлаудай жалаң төсімді. Сылдырап бұлақ жырлайды, Тұрады төніп ақ бас шың. «Мың бір түннен» де мұндайды Мың рет оқып таппассың!
Мазалай бер, махаббат Байлаймыз қанат онан біз, Жұрт айтар ессіз емеспіз. Жұмақта болсақ, болармыз, Әйтеуір, жерде емеспіз. Орнайды дейсің басқа құт, Еседі бір күй Жайықтан. Жатамыз айды жастанып, Жаралған жандай ғайыптан... ЕЛЕС Жүрегіңе не жетеді қардай ақ, Мен де сенен жүргенім жоқ жанды аяп. Сезем сенің маған деген көңіліңді, Маңайыңа жақынырақ бармай-ақ. Алыстасың... Шалғайдасың... Жоқ айлам. Мен мұндамын сопа басы сорайған. Аппақ түтек алды-артымды тұмшалап, Борайды қар, Борайды қар, Орайды ән. Тағдыр ісі, не болса да, көнесің, Алып-алып, тынбайды екен, неге өшін? Меніменен шалқып-тасып келеді Ақша қардың арасында елесің. Елес, Елес, Өң мен түстей ғажап-ай! Ақындардың арылмаған азабы-ай! Тас төбемнен күн күркіреп боранда, Жүрегімде жарқыл қақты найзағай.
Темірше Сарыбаев Елес, Елес, Өң мен түстей алмасқан... Ай мен күндей, Жыл мен жырдай жалғасқан. Кенет менің көз алдымда қып-қызыл Отқа оранып, өрттей түтеп, жанды аспан. Түсті, міне, төбеме кеп бір ұшқын, Өртенбеуге, Жанталастым, Тырыстым. Әрі аунаған, алаулаған аспаннан Сен боп қайта күлімдеді күміс күн! СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРУ Сені жақсы көрген сайын өбектеп, Неге маған тосқауыл көп, Бөгет көп?.. Солқылдатқан дауылдан соң мамырлап, Басылатын емес пе еді жел ептеп? Орманның да шайқап-шайқап шыршасын, Басылатын емес пе еді бұрқасын?! Тастың бәрін үйіп-төгіп жолыма, Сосын кімге төсер екен ұлпасын? Көндім. Төздім. Шыдамымды шираттым, Көнбей, төзбей, өзімді-өзім қинаппын. Күннің де өзін қанатымен көтерген Менің қыран-қиялымды қимақ кім?! Қия алмайды Қылышың да қылпыған, Нала-наздың серпілемін бұлтынан.
Мазалай бер, махаббат Менің таңым ап-айқын боп атады, Күлетіндер күле тұрсын мұртынан. Маған ешкім теңеспейді сен барда, Бір кісідей жүгінемін мен де арға. Сауырына суық қамшы тигізбей, Қарагерім жалғыз келер, Көмбе алда! ҚАЛСЫН ДЕП ЖАН ЖАДЫРАП... Қалсын деп жан жадырап... көңіл өсіп, Көрмеппін жырдың жібін жеңіл есіп. Өлеңге тамсанғандар көп болғанмен, Тап сендей сүйе алған жоқ өліп-өшіп. Түсіндің әр сөзімді жан-тәніңмен, Шалқыған тұстарым бар, тарта білген. Жырыма жақын келіп жарық құйдың, Құтты екен, айналайын қалқам, іргең. Мен сенен сарқылмайтын қуат алдым, Ақынды арсың-гүрсің ұнатар кім? Дарияның жағасында жайқала түс, Құлпырып солқылдаған құба талым! Келіп тұр қоңырайған күз де, міне, Қара деп өткен өмір іздеріңе. Төбемнен жалғыз аққу сыңсып өтті, Сыңарын жоқтап, байғұс, іздеді ме?.. Жұптасын қандай ауыр таба алмаған, Бір сөнсе, қайта лаулап жанар ма арман?! Іздейді-ау екі көзі төрт боп енді Көлдерден, Көлшіктерден, Алаңдардан.
Темірше Сарыбаев АҚ ДИДАРЫҢ РАУЛАНЫП Алтындай ақ дидарың рауланып, Көңілімді көптен бері жүр аударып. Жымыңдап жазғы аспанның жұлдызындай, Жанарың жауһарланып тұр-ау жанып... Сендегі сұлу еді сезім қандай, Қадалып қарадым да көзімді алмай, Тағы да жанарыңа ынтықтым кеп, Ішінде сол жанардың өзім бардай. Қайтсем де жеткізе алман сөзбен сені, Теңеудің таптырмай тұр өзге өлшемі. Көңілім көк шарлаған жерге құлар, Бейуақ таса қылсам көзден сені. Білмеймін, неге сонша арбаламын, Мен білмес бір құпияң бар ма, жаным? Елпілдеп, ебелектей құрақ ұшам, Төсінде түтеленіп сар даланың. Қыраудың жапқаны рас шашымды анық, Отырсам деймін іштей қасыма алып. Бақытым – бәрінен де өзің жайлы Ойларды қайта жинау, шашып алып... КӨК КӨЙЛЕК Бар еді мен көргенде көк көйлегің, Сол көрген көк көйлегім жоқ қой менің. Ішінде көк көйлектің көгілдір қыз Лаулаған, лапылдаған от қой дедім. Көк екен көйлегің де, көңілің де, Көрмеппін сендей сұлу өмірімде. Қарттықты қыр басына матадым да, Мамырлап қайта оралдым сері күнге.
Мазалай бер, махаббат Жер де көк, көйлек те көк, аспан да көк, Жүректе жау шапқандай басталды әлек. Ойладым: «Осы қызды опыр-топыр, Армансыз ауылға алып қашсам ба?!» – деп. Ашылып қарсы алдымнан алтын қақпаң, Жанарың жанды баурап жарқыл қаққан. Көз алдым көкпеңбек боп тұрды-ау біраз, Сағым ба, сағыныш па қалқып жатқан? Сол көйлек көзге елестеп көк күйінде, Кимейсің неге қазір, Жоқ па үйіңде? Көмілген қоламтадан жылт-жылт етіп, Әлі жүр көк көйлектен шоқ бүйірде. Күлкі ойнап гүл жайнаған үр өңіңде, Сол бейнең қалды мәңгі жүрегімде. Көк көйлек киген қызға кезіктірген Өкпем жоқ, өкінішім жоқ бұл өмірге. ШҰҒЫЛАҢ НҰРҒА БӨЛЕЙДІ Шұғылаң нұрға бөлейді, Тасытып бойда қанымды. Құмарлық құрғыр көбейді, Жәукемдеп жазған сабырды. Ойымды отпен тұсадың, Жерге де қайтіп сыям мен? Көтеріп көкке ұшамын Көрінбес көзге қиялмен. Сенімді серт қып ала шық, Бір үзік бұлтты жамыл да. Кетеміз айдан әрі асып Алланың берген бағында.
Темірше Сарыбаев Қатырып миын бастардың, Жайылсын елге сол аңыз. Шексіз де шетсіз аспанның Айы мен күні боламыз! ҚАЖЕТІ ҚАНША ҚАЙТАЛАП?.. Қажеті қанша қайталап маған басқаның Тәңір сыйлаған ешкім де ала алмас бағын. Жөн еді бірақ жүздесу мезгілі өткесін, Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, хабарласқаның. Айтпайтын әлде ауырлау жұмбақ па жайың, Уақытың менен сен үшін қымбат па, айым? Сендегі не сыр: бақыт па, сорың ба қалың? Қайсысы болсын, қалдырмай, жырлап бағайын. Қызық па саған дәл менің қапаланғаным, Азабымды айтып тәптіштеп атаман бәрін. Жүректің сонау түкпірін қан жоса қылып, Қансырап қалған, қайтейін, жатады арманым. Тумайтын болды толқытар өлең де менен, Жұлдызды сәтті жарқырар көрем бе деп ем. Қалықтап көкке қанатты қағатын кезде, Ұша алмай шырқап, Шалдығып, төменде келем. Өлтірсең, өлтір, жанымды қинама, күнім, Артық екен ғой ана бір сыйлы аға күнім. Байқатпай жүріп, бір күні бұрқ еткізетін Тығулы жатқан, білмедім, мина ма мұның?!
Мазалай бер, махаббат БАТАТЫН КҮНДЕЙ НАРТТАНЫП... Бататын күндей нарттанып, Жүзіңде толқып тұрды алау. Қайтеміз қазір ақталып, Бақ еді саған бір қарау. Жаюлы жаздың төсегі, Жантая кетер шалғынға... Соның да бәрі кеше еді, Ұмытып енді қалдың ба? Алдыңнан шығып алма бақ, Тұратын ылғи қарсы алып. Әніңді бұлбұл жалғап ап, Жаңғыртушы еді жар салып. Арман ғой соның бәрі енді, Айтты-айтпады түс бүгін. Шарласам бүкіл әлемді, Таба алар ма екем ұшқынын?! Өткенің қайтып оралмас, Жайнаған жазға өкпем жоқ. Қиялға кейде болам мас, Оралар деумен көктем боп. МАХАББАТТЫҢ АЖАЛЫ Кінәлайсың сен мені текке кілең, Махаббаттың ажалы өкпе білем. Сүймейтіндер айтпайды «сүймеймін» деп, Жалақорлау келеді шеттерінен. Соның басын бастадың сен де, міне, Сол өкпеден, қайранмын, өнбегі не?!
Темірше Сарыбаев Махаббат та қызыл гүл үлбіреген, Мейірін қандыр, Суын құй, Шөлдеді ме?! Ол – асыл дән! Өнетін бапқа ғана. Оны солай жаратқан Хақ тағала! Аяласаң – жеткізер арманыңа, Аямасаң – жаққаның аққа қара! Сатылмайды ол ешкімге, Алданбайды. Қамаса да қайыспас Қандай қайғы. Сондықтан да оған кім сұқтанбайды, Сондықтан да оған кім таңданбайды?! Күт сен оны, Қалайда көктет, Көгерт! Өзегіне қоясың көзсіз неге өрт?! Махаббаттың иіскей бер маңдайынан, Қолпашыңмен отыр сен күнде демеп! СУРЕТКЕ СЫР Қарама маған күліп, Суық қара! Мен – өлік. Өлгенге енді жуықтама! Жерлей сал жүрегіңнің түкпіріне, Бейкүнә көз жасыңмен жуып қана. Мертікті, орта жолда алдады үміт, Көктемім күрсінеді қар жамылып. Шер шайып кетіре алмас мұңның мөрін, Тәніме бастың өзің таңба қылып.
Мазалай бер, махаббат Көңілімді ақ қанатты шағаладай, Батпаққа лақтырдың, бағаламай. Төбеңнен алтын айдай төңкеріліп, Шалқытып шашсам деп ем саған арай. Жабылды саған ашқан, жабылды есік. Емен ем түзу тұрған бағыңда өсіп. Арманның сен көгерткен бұтақтарын, Тастадым, тас-талқан боп, бәрін кесіп. Қарама маған күліп, Суық қара! Мен – өлік! Өлгенге енді жуықтама! Жерлей сал жүрегіңнің түкпіріне, Бейкүнә көз жасыңмен жуып қана. СЕН МАҒАН РЕНЖІМЕ... Сен маған ренжіме үндемесем... Елеспін, Құр қалқиып жүр демесең. Ондайда қиялымда құйын ойнап, Жымдасып жырларыммен бірге көшем. Сен маған ренжіме үндемесем, Өзіме-өзім үкім күнде кесем. Әйтсе де, құшағынан босатпайды Өзімшіл өлең атты гүл-жеңешем. Сен маған ренжіме үндемесем, Отымды кім маздатар, үрлемесем? Сөзіме күмәндансаң, сенбей-ақ қой Жыл сайын алып жүрген жүлдеме сен. Сен маған ренжіме үндемесем, Жүрмейін маңайыңнан, жүрме десең.
Темірше Сарыбаев Көңілімді жалғыз жаулап жатарың хақ, Бәрібір күндіз де сен, Түнде де сен. Сен маған ренжіме үндемесем, Ойлармен отқа оранған іргелесем. Жүректе жыр жатқанда қиянат қой, Кезімнен кеш қалсам да, гүлдемесем, Сен маған ренжіме... ҮЛГЕРЕМІЗ Күйдік-жандық, Айналдық алауға біз. (Сол алауға қызығып қарау да – аңыз). Ел есітіп, дүрлікті, екеуімізді, Енді, міне, Тордамыз, Қамаудамыз. Қамаудамыз, Кәдімгі түрмедеміз, Жан едік қой жайраңдап жүрген егіз. Қапастан да дауа жоқ құтыламыз, Бостандыққа бой жазып үлгереміз. Үлгереміз! Сау болсын сабыр-қанат, Жанып ек-ау жанудай жалындап-ақ. Тозған тондай қалады тоз-тоз болып Сыртымыздан сиықсыз тағылған ат. Біледі әлі ойыннан от шығарын, Махаббаттың мақтайды жоқшыларын. Бізге қарай ұшады жұбын жазбай, Түу шалғайдан талдырып топшыларын.
Мазалай бер, махаббат Алды-артына ешкімді қаратпаймыз, Байлықты да, Бақты да санатпаймыз. Бұтақтары бұқтырып бұлтты үйірген, Бітімі де бөлектеу дарақтаймыз. БОЛМАЙТЫНДАЙ ЖАНБАСАМ... Бүйірімнен бір шаншу қадалғалы, Тұра алмайды тыпыршып қалам-дағы. Жалыным да лапылдап бұрынғыдай, Жарқылым да көбейді жанардағы. Қалың ойға малтығып қамалғалы, Сәулелер де себездеп санамдағы, Отқа орана беремін ойда-жоқта, Шешілмейтін жұмбақ қой саған бәрі. Көңілім де күй шалып күмбірлеген, Шектеулі өмір! Шешімін кім білмеген?! Бір пәлені бейуақ бастап алып, Бітері де беймәлім жырдың немен. Болмайтындай жанбасам, маздамасам, Қай-қайдағы жабулы қазбаны ашам. Жерұйықты еліне тауып бермей, Демін қалай алады жазған Асан? Өлеңіме кенелсін Байсын-Далам, Құт құшағын қайтадан жайсын маған. Ақын барда төсіңде асып-тасқан, Соныңмен-ақ сарқылмас байсың, ғалам!
Темірше Сарыбаев АШПАДЫ БАҚ ТА ЕСІГІН Биледі бойды мұңлы ырғақ, Ашпады бақ та есігін. Сиреньдер басын бір бұлғап, Сұрады бізден кешірім. Сен тұрдың жанып, алаулап, Қалқып бір көкке ұшардай. Мен тұрдым бұлттай манаурап, Қымсынып сүйіп, құша алмай. Жарқылдап жасын жанарың, Жаныма жайлап төккен нұр. Сәулесінде ойнап сананың, Көңілің-ай сол бір... Мөп-мөлдір. Ойынға оқыс бұрған боп, Ойнама дедің отпенен! Жетісіп мен де тұрғам жоқ, Сабыр да қалған жоқ менен. Өртесең де енді арман жоқ, Күлімді құйын суырар. Үрлемей текке жанған ба от, Қоламтам қалса суынар. Өзіңде енді бар үміт, Көрейін мейлі... маздап бір. Қартаңдау жүрек қағынып, Жарылып кете жаздап тұр.
Мазалай бер, махаббат СИРЕНЬГЕ САЯХАТ Соққан бір желмен жайқалып, Сирень де қазір тұр гүлдеп. Қарымын жырмен қайтарып, Иіскеймін тірі жүрмін деп. Жұтамын саумал жұпарын, Билейді бойды керемет. Үзіп ап гүлдің бұтағын, Біреуге сыйлап не керек? Айтсаң да ақыл қонбаған, Ұнатпан көптің кей ісін. Тамсанып тақуа толғаған Осындай шығар пейішің! Бағала, Сақта Бұл бақты, Қуат ал, Сүйсін, Мейірлен! Бұзбай-ақ әсем ырғақты, Арала адал пейілмен. Ғұмыры, әттең, қысқалау, Жастық қой, шіркін, гүл деген! Біздің де бастан ұшқан-ау, Қашқақтап қазір жүр менен. ӨЗІҢЕ ҚҰЛАДЫ ЕКЕН... Үмітіңнің үгітілсе нұр тауы, (Сертте тұру – кісіліктің шырқауы). Махаббаттан көңілі қалған қыздардың, Құрып кетсін, Таусылмайды сылтауы.
Темірше Сарыбаев Бұған қарсы дау айта алар кім енді? Өтіріктен үлестірер шүленді. Болмайтынды болдыратын сұлулар, «Ертеңмен-ақ» қатырады сілеңді. «Бүгін» десең, «Ертең» дейді ежіктеп, Көнбейсің бе? Онан әрмен безіп кет! Сосын, сосын шарт сынады шыдамың, Төзбейтінге төзе-төзе, төзіп кеп. Солай, солай, бағың қыздан жанбаса, Басыңды тарт, Басқасына қам жаса! Арманымды арандатты деп түсін, Айдай ару алабұртып алдаса. Ақтан қалай айырасың қараны, Сүймегеннің сынғыш келер тарағы. Ал өзіңе құлады екен үздігіп, Уақытты, өллә-біллә, табады. СЕН ДЕ МЕНДЕЙ... Көрмегенім әлі де алдымда екен, Сен де мендей лапылдап жандың ба екен? Сен де мендей ойлардан омырылып, Сен де мендей қапа боп қалдың ба екен? Кім кіреуке түсірген ақ таңыма, Тұтанарлық жаныңа от жақпадым ба? Жалғыз келе жатып та сезінемін Өзің келе жатқандай қапталымда. Қалай ғана жадымнан сені өшірем, Тұл өмірді тұрлаусыз неге сүрем? Әлде... бақыт дегенің ойға оранып, Сүйгеніңнің күн кешу елесімен?..
Мазалай бер, махаббат Мына өмірге, білмеймін, келдім несін, Үмітімнен не қайыр сөндіргесін? Екі айрылып барамын енді, міне, «Өлгенімше, – деуші едің, – сен біргесің!» Өлшей алсаң, қайғымды өлше менің, Жер қайысар мұңыма, мен сенемін. Ұмыт дейсің, ұмытам қалай ғана, Бөлінбейтін бүтіннің бөлшегі едің?! СЕН БОЛМАСАҢ... Жүрген жоқпын ойларыңды кем екшеп, Соның бәрі еріккеннен емес тек. Өз-өзімнен езу тартам мәз болып, Сенің кейбір еркелігің елестеп. Қарағаның, назданғаның, күлгенің Жүрегімнің жарқыратты жыр кенін. Деу де бақыт – мен өзіңмен гүлдедім, Деу де бақыт – мен өзіңмен біргемін. Кір жуытпай, келесің-ау арға сен, Сен сөйтпесең мен де алаулап жанбас ем. Сенбейсің ғой, сәуле ойнатар жаныма, Өн бойыңда бір құдірет бар десем. Сен болмасаң қамап алып қара түн, Оттарыма су құяды жанатын. Тағдырымды талқандайды тұл етіп, Өрт шарпиды қиялымның қанатын. Арғымақ ем жібек жалын жел сүзген, Өзімді-өзім сезіне алман сенсіз мен. Сен болмасаң алаңдаймын, Адасып, Жолаушыдай келе жатқан елсізбен.
Темірше Сарыбаев СЕН ДЕ ҚАТТЫ ҚЫСЫЛДЫҢ... Сен де қатты қысылдың, Мен де састым, Сәл тимей-ақ қалғаны-ай жерге бастың. Қуыршақтай құнтиған сол қалпыңмен Жыр пернесін жанымның тербеп аштың. Даусым жарқын шықпады бұрынғыдай, Деу де кештеу еді рас «мұның былай». Жел елп етсе, желп еткен дір-дір етіп Үлбіреген ұяттың шымылдығы-ай. Жиегіне келгендей от кемердің, Көп қиналдың, Қасымда көп бөгелдің. Жұртындағы ботадай жәудіредің Көшін бастап күн шықпай кеткен елдің. Жанарыңда от шашқан, алаулаған Күдігің де көлденең бар-ау маған. Алып-ұшып келгенде арсалаңдап, Көңіліңнен шықпады-ау қалаулы ағаң. Уақыт айтар бұл сәттің ақ-қарасын, Сол қалпыңмен есімде сақталасың. Өмірдің де қызығы өтті-кетті, Жүрегіңде жыр тулап жатпағасын. ТӨЗІМІМДІ САРҚЫП АП Қыз күнделігінен Тағатымды, төзімімді сарқып ап, Жапырақсыз жас ағаштай қалтырап, Торға түскен тотыдайын бүрістім, Жаңа ғана келіп ем ғой шалқып-ақ.
Мазалай бер, махаббат Жаңа ғана ашық еді аспаным, Жаңа ғана лағыл еді-ау шашқаным. Ашық күнде абайсызда адасып, Бақшасына түскендеймін басқаның. Қайда қуат қанатымнан демеген, Айғабақтай өмір едің не деген?! Олар отыр... Мен елеусіз қап барам Жолаушыдай қалып қойған кемеден. Маған басын шайқайтындай бар әлем, Жалаң аяқ алқынамын жағамен. Ай шалқалап жарысады менімен, Бауырында бұлдырайды қара мең... Келіп алып, кейін тағы қайта алмай, Айтарымды, тұншықтым-ау, айта алмай. Сау басымды саудаға сап, Сиықсыз, Ту сыртымнан сақ-сақ күлген сайтанды-ай! Тұрайын деп оқталсам да тұра алмай, Тұрсам болды, сай-сүйегім сынардай. Саған бермек сәлемім де сәмсіреп, Быт-шыт болды-ау бытырадай құралмай. Өн бойымнан қуат кеміп, құт қашып, Шықтым әзер аяғымды тік басып. Сендер қалып бара жаттың артымда, Бір-біріңмен иықтасып, жұптасып. ЖҮРЕГІМНІҢ ЖАҢЫЛҒАНЫН... Қырықтың-ау, қалқам-ай, жыр қанатын, Жамалдатты жарауда тұрған атым. Ел ентіккен бәйгеден күдер үзіп, Бой үйреніп, боп жүрмін құр қалатын.
Темірше Сарыбаев Естігенде абыржып есімімді, (Тигізгем ғой, шамасы, кесірімді). Көштен қалған тайлақтай желпілдеген Қайран, менің көңілім-ай кешірімді. Жаратпасаң қайтеді жаратқанша, Түн дәуірлеп тұрмай ма таң атқанша? Өзім өліп кетсем де өкінбес ем, Сені жерге тірідей қаратқанша. Кешіре гөр, түсірсем арыңа дақ, Қоса алмайды екенмін бағыңа бақ. Саған деген сәруар жүрегімді Көмдім бүгін, қайтейін, қалың орап. Көмдім бүгін, білсеңші бәрін, бәрін... Жүрегімнің жаңа ұқтым жаңылғанын. Арғымақтың аңырттым арындарын, Сағым болды әп-сәтте сағынғаным. Тұман екен тауым деп табынғаным, Немен басам өкпемнің қабынғанын?! ЖАЗЫ ЛАЙСАҢ, КҮЗІ САРСАҢ Өн бойыма у таратқан, Жанымды жеп жатыр қайғың. Жанартаудай жалын атқан От шашамын, лапылдаймын. Құрбан ем ғой сен дегенде, Қалай бастан ұшты бағым?! Көзде елесің көлбегенде, Ыршырмын да ышқынармын. Сыяр емес, толғамасам, Жүрегіме сақтаған ән. Бұрылғанша оңға қашан, Берші медет, Хақ тағалам!
Мазалай бер, махаббат Арманым ең, қақ бөліндің, Жолбарыстай ыңыранам. Сенсіз кешкен сәттерімнің Көк тиын ғой құны маған. Жазы лайсаң, күзі сарсаң, Өткеніме көп өкінем. Игі үмітті үзіп алсам, Ит өмірді неге сүрем?!. БОЙЫМДЫ БИЛЕТПЕУШІ ЕМ... Бойымды билетпеуші ем ырымға онша, Болды деп шалқушы едім жырым болса! Бақтың да бірте-бірте білдім қазір Баянсыз болатынын қырын қонса. Ақын ем түсіне де өлең кірер, Біреулер мені жырға кенелді дер. Аттасам, адымымды аштырмайды Көлденең кес-кестеген кедергілер. Құндамай, кеудемдегі барды өшіріп, (Кезінде шырқалмаған ән де – есірік). Жұртынан махаббаттың мұң жинаймын, Бақыттан қалып келем сәл кешігіп. Сездің бе, сен де соны, Сезбедің бе? Найзағай жарқыл қақты көздеріңде. Жалындап мен де тұрдым жанайын деп, Өртеніп өзің тұрдың өз деміңе. Ұрынып қалушы едік артыққа анық, Тоқтатты бір дүлей күш тартып қалып. Бірігіп кете жаздап, бөгелдік-ау, Құйылып қорғасындай балқып барып...
Темірше Сарыбаев ҚҰТТЫҚТАП ТУҒАН КҮНІҢМЕН Сен барда маған бар ма мұң, Нәр алам нәзік үніңнен. Жырыммен алғыс арнадым, Құттықтап туған күніңмен! Сен барда шыңдай биікпін, Мығым да менмін іске нық. Шалқып бір келіп, сүйіктім, Кетесің жігер, күш беріп. Сен барда шабыт жаңылмай, Тайпалса, бұзбас жорғасын. Жарқынмын тамыз таңындай, Жанымда өзің болғасын. Сен барда бақыт қолымда, Өзімнен-өзім гүлдеймін. Өлем-ау, өлсем, жолыңда, Мазақта мені, Күл, мейлің! Иыққа ылғи тас артар Қыңбаймын тағдыр сынынан. Жайнатып мені жасартар Жалғыз-ақ сенің шұғылаң! МАХАББАТТЫҢ АСПАНЫ Махаббаттың ашық әр кез аспаны, Ол білмейді бір өзінен басқаны. Болмайды онда «мынау кедей, мынау бай», Болмайды онда жұрт айтқандай жас-кәрі. Ол әмірін екі етпейді жүректің, Бізге жұмбақ бар бойында бір екпін.
Мазалай бер, махаббат Байқадың ба, келгеніңде бетпе-бет, Талай рет ток соққандай дір еттің. Көрсе, сені көңілімен көреді, Өлмейді оның, өзі өлмесе, өлеңі! Жалғыз емес, жүреді ылғи жұбымен, Бұрымын да қос өрім ғып өреді. Оның шыңы – Басқа шыңнан асқақтау, Оның заңы – Айттың екен – бас тартпау! Оған қайшы – Сынық іздеу сылтауға, Оған қайшы – Уәдеңнен қашқақтау. Оның айы – ай болғанда – алтын ай, Қарау оған мүмкін емес шалқымай. Қарау оған мүмкін емес ерімей, Қарау оған мүмкін емес балқымай! ДАРИЯНЫҢ АҒЫСЫНА Дарияның қарсы жүзер ағысына, Білмесең мінезімді, тағы сына. Еркіңде – басқа секір, төбеме шық, Алайда шақпақ жақпа намысыма! Сонан соң тақпа титтей арыма мін, Ол – ақ шың кір жұқпайтын қары қалың. Мен оны тірлігімде ту көтеріп, Өлгесін ақ кебін ғып жамыламын. Сол менің қорғап өлер қос бөбегім, Сол менің бұл жалғаннан хош көрерім. Лапылдап сол екеуі аман тұрса, Маған да қажеті жоқ ештеменің.
Темірше Сарыбаев Биіктен жарқ-жұрқ етер ар-намысым, Қамықпан қапа болып қалғаны үшін. Екеуі екі жақтан демеп мені, Бүп-бүтін болашаққа жалғары шын. Ар-намыс – өмірімнің барша мәні, Жанымның, жайқала бер, аршалары. Қайнары қуатымның сендер барда, Сөз бе екен шалдыққаным, шаршағаным?! ЕНДІ САҒАН КӨРГЕН ТҮСПІН Енді саған көрген түспін, Елеспін. Өзіңе аян: Қалай жандым, Неге өштім?! Бар болғаны – басы жұмыр пендемін, Періште де, Пайғамбар да емеспін. Морт сындың деп, есің болса, тақпа мін! Қайтып саған ашылмайтын қақпамын. Жүрегімді жая-жая жолыңа, Қап-қара боп шықты-ау менің аппағым! Қап-қара боп, Бар бояуың қап-қара, Қап-қара бір жаздың мені тақтаға. Жарығымды жоғалтпауға тырыстым, Жан-жағымды түнек басқан шақта да. Ай нұрындай жауһарланған бір үміт, Сөніп барып, Өліп барып тіріліп... Құла түзде көкбөріге айналып, Көктебеде көкке қарап тұр ұлып.
Мазалай бер, махаббат ХАТЫҢДЫ ЖОЛДА Тірелді білем Төзімнің бәрі шекке кеп, Сен маған кеттің Тас-талқан болып өкпелеп. Көрісу енді жоқ шығар бізге Көзбе-көз, Жүздесу енді жоқ шығар бізге Бетпе-бет. Жүрегім жерде, Қиялдың қылы қырқылған. Кеудемде түк жоқ, Күмбірлеп кеше жыр тұнған. Арман да – адыра, Үмітім – өлі, тәнім – тұл, Сәруар жаным парша да парша жыртылған. Тып-тыныш бәрі... Тіршілік біткен жайраған, Қарайды көктен қамығып жарты ай маған. Сұрапыл соғыс сойқандап жүріп өткендей, Қаламның бағын, Даламның бағын байлаған. Бойымды түгел барады жайлап у қайғы, Атқақтап жүрек, Аптығып қаным тулайды. Қобыз орнына кеудемде бір күй үздігіп, Мұхиттай мұңмен мөңіретеді қурайды. Мұхиттай мұңмен... Аспанның асты азынап, Көмердей мені күңіренеді Қазір-ақ! Хатыңды жолда қарлығаштардан, қалқатай, Қанатындағы қалайын жырды жазып ап...
Темірше Сарыбаев ЖАНАП ӨТІП, ЖАЛТ ЕТІП... Қарабауыр қазанның бұлты келіп, Жауайын деп тұр тағы күн түнеріп. Жанап өтіп, Жалт етіп қарадың-ау, Жанды өртеген жанармен, шіркін елік! Сол бір қара көзіңнен мөлдіреген Оттай жанып, оқыдым мен бір өлең. Жаутаңдаған жүзіңнен жыр іздеген Жүрегімді тежеймін енді немен?! Тоқтамайды енді ол, басылмайды, Жалпақ елге жаяды жасын жайлы. Қолдаса да риза қолтығынан, Торласа да риза басын қайғы. Білем, білем, Басқаға бұрылмайды, Кім алады шаттығын, Кім ұрлайды?! Ұғынғысы келіп-ақ ұғынбайды, Бозторғайдай бебеулеп шырылдайды. Шын ғашықтар мұнымды қолдары анық, Жорғаларың жатады жолда қалып. Құлағанша сенбейді ол ешкімге, Түскенінше туралап орға барып... КӨКТЕМ ЕДІҢ Сен маған орынсыздау өкпеледің, Өкпеден басқа, сірә, жоқ берерім. Торлаған қара бұлтты шайдай ашып, Жанымды жадыратқан көктем едің.
Мазалай бер, махаббат Жанымды көктем едің жадыратқан, Сөзімді қайталаман сан ұнатқан. Жырымды қайда қоям өртке оранған, Орныңды қайда қоям алып жатқан?! Басылар бұл өкініш барып-барып, Аптықпай, кінә кімде – анықталық. Бағасын бере жатар сыртымыздан Онсыз да сырымызға қанық халық. Асылы, мән бермеймін жалаға онша, Қараны қара деймін, қара болса. Гүлде де, суық соқса, өң қалмайды, Мелшиген тасқа айналар талап оңса. Әділдік әл бермейді бөгесінге, Шындықтың ту жайнайды төбесінде. Бұл күннен бірер белгі қалмаса да, Қалармын ұзағырақ мен есіңде. БАҚЫТ ҚОЙ Жамылған жапырағын дала мынау, Айналып далаға өзім барамын-ау. Көзімді қызғалдақтай қызықтырған, Қайранмын, қайда жүрсің, қарағым-ау? Кел маған, Көктем боп кел көркіңменен, Күй боп кел Еш жерде әзір шертілмеген. Мені де қызуыңмен лаулатып кет –- Жасқа тән жалын атқан өртіңменен. Айырма үмітімнен, сенімімнен, Жаныма жиырма бестің желі кірген. Көңілімді бір көргенде-ақ баурағансың, Ұнатқам ә дегенде-ақ сені бірден.
Темірше Сарыбаев Бақыт қой бұл өмірде ғашық болу, Мас болу, ақ дидарға тасып-толу. Мақсаты махабаттың – бірлік қана, Обал-ақ ара жігін ашып, бөлу. Күтемін, маған аян, бір келесің, Тұрады көз алдымда күнде елесің. Мен өшпей, бұл фәниден еш уақытта Өшпейді жүрегімде жүрген есім. МЕН ҮШІН ТӨЗІП БӘРІНЕ Түсінем, Бәрін түсінем Сезімнің сырлы күшімен. Айғайға басып қалар деп, Аяқтың жүрдім ұшымен. Ұмыт та болар бұл ертек, Басынан кешкен білер тек. Ойланбай жаққан отыма Опындырдым-ау тірі өртеп. Мінезің ерден артық-ау! Соған да көнген мәртім-ау! Ақылсыз басқан қадамның Болмағай енді арты дау. Қарамай нәзік әліңе, Түйреттің найза тәніңе. Мен үшін төзіп келесің Бәріне, Соның бәріне.
Мазалай бер, махаббат ДӘРІГЕР ҚЫЗ Өтінде қап бұрқасынның, дауылдың, Сең соққандай қалтырадым, ауырдым. Жол таусылды, бітті дедім дәрменім, Құлағаны дедім іңкәр тауымның! Жалғанғандай жан-дүнием тоқпенен, Лапылдайды, алаулайды от денем. Жалын атқан жанартауға кезіктім Қиясынан қыран аман өтпеген. Дөңбекшідім, Аласұрдым, Алқындым! Өр толқынды өзен едім, Тартылдым. Сеніп еді туған елім, достарым, Сенімінен шықпадым-ау халқымның. Алаулаған арманымнан кешіктім, Азынаған ажал даусын есіттім. Атанды да алып ұрар ашынса, Арлан қасқыр алдында тұр есіктің. Нұры қашып бақшаның да, баудың да, Иіні түсіп жотаның да, таудың да, Тізгініне шамам келмей, лықсыдым, Өмір деген ақбоз аттың бауырына. Басымдағы баға жетпес бақытыммен, Шыңға шығар шырайыммен шат күлген, Тірлік атты бәйге бермес тұлпардың Арқасынан аунап бара жаттым мен. .. .Кездейсоқтық! Келіс мейлің, келіспе, Шынды қалай шығарарсың теріске?!
Темірше Сарыбаев Қапталдап кеп қағып алды құлатпай, Ақ қанатты, Ақ халатты Періште! Нәшпен созып майда-мақпал наз үнін, Жарастырып, жымдастырып әзілін, Ажалыма ара тұрған арымен Дәрігер қыз – менің Темірқазығым! КӨП ТЕРГЕМЕ Көп тергеме сұрақтың астына алып, Мұршам да жоқ ың-шыңға бас бұрарлық. Омырауымды опырып, бөгет бермей, Жүрегімді барады тасқын алып. Өн бойымды күндіз-түн ой кернейді, Ой кернейді, Кейде ойлар бой бермейді. Айтарымды ақтарып айта алмаймын, Сөйленетін сөздерім сөйленбейді. Кешір мені, мұндайда кешіре алсаң, Өткен күнді кешер ең, Есіңе алсаң. Тынып жүрген кезімде тыныштық бер, Сосын мейлі, Еркіңде не шығарсаң! Мазалама, ойлардан айықпасам, Өзгермейтін дағдым ғой, байыптасаң: Дариядай бір күні ақтарылып, Өз-өзімнен алдыңа жайып салсам. Шыда, Шыда, Сәл шыда,
Мазалай бер, махаббат Шыда, күнім, Қияларым сағынды қыран үнін. Мен деген не? Мен деген – ақиқат пен Шындық деген тұғырдың шырағымын. КӨЗІМЕ НЕ КӨРІНДІ?.. Көзіме не көрінді сені көрмей, Жаныма жал біткен жоқ желігердей. Жас-жаңбыр жанарыңда мөлт-мөлт етті, Үф десем, төмен қарай төгілердей. Қайтеді қамықпасқа қамықпасаң, Үрейлі ой түсіреді тамұққа сан. Мен сені қара жерде қалдырмаймын, Бір күні аспан жаққа алып қашам. Серігің бар емес пе сенім деген, Туғанда-ақ жүрегіңе желімдеген. Рухың барлық кезде биік тұрсын, Жаудан да андыздаған жеңілмеген. Мұңайма, бостан-босқа мұңаймашы, Табылар бәрінің де бір айласы. Сатқын кім, Сатылған кім, Суайт қайсы? Көңілдің көрсетеді шарайнасы! Сүйенші, сүйене алсаң сабырыңа, Көн қатса, қайтып келер қалыбына. Көлеңке көп түсіріп әуреленбе Жанымның өзің жаққан жарығына!
Темірше Сарыбаев СОЛАЙ Қиял жетпес қияларға не жетер, Құр мақтауым құлағыңды мезі етер. Бұл фәнидің қысқалығы – өкініш, Көзіңді ашып-жұмғаныңша тез өтер. Мен кетермін... Сен қаларсың артымда, Қырға өрлеген қызғалдақтай қалпыңда. Естен шығар, Елес қалар... Бұлдырап, Тақтан таяр үмітің де, Антың да! Келер күнге кінә артпайын десем де, Күдік у боп шайқалады кесемде. Түсіп кетіп, түпсіз ойға берілем, Бас қатырып беймаза мұң не шерге. Қуаныштың арты осылай қайғы ма? Қайғы ортайтар хан мен қара, байды да. Ақиқатты айламенен амалдап, Барды жоқ деп бөсетұғын қай құда?! Солай, солай... Тірлік істер дегенін, Мен – теңізде қайырлаған кемемін. Өзің жайлы, өзім жайлы сыр шертер Қолыңдағы қалған белгі – өлеңім. МЕН ДЕ ІЗДЕЙІН Мен де іздейін, Бір айла өзің де ізде, Бой беретін емес қой сезім бізге. Сарқылмайтын сағасы бұлақпыз ба, Жиналмайтын жағасы теңізбіз бе?
Мазалай бер, махаббат Екеуімізді айырып ерік-күштен, Жарқылдаған жасын ба бөліп түскен? Қауқары жоқ дауылға желқақбақтай, Неге тына береміз өртке іштен? Бір айласын тапсайшы, Бір амалын, Аз емес қой азапқа шыдағаным. Сен бір қызы емес пе ең даңқы шыққан, Мен бір ұлы емес пе ем Ұлы Ананың?! Ақының ем жанынан жыр түлеткен, Мүмкін емес нәрсені мүмкін еткен. Жеке шығып шығандай бергенімде, Өзің келіп қосылдың бір түбектен. Күш те кеміп, Азайып қалды нұрым, Түкпірімде тығылған бар-ды мұңым. Соның бәрін аяла шуағыңмен, Енді өзіңе тәуелді бар ғұмырым. ҚОС ҚАНАТПЕН Тұтасқан жалыныңмен түнгі өрттейсің, Көзімнен сол қалпыңда бір кетпейсің... Мұңайсам – жан-тәніңмен құрақ ұшып, Қуансам – бірге гүлдеп, бір көктейсің. Білмеймін, тапқасын ба жан жарасым, Мен үшін тең тұрады ханға басың! Аспанның асты тарлық қылмас па екен, Қосылып, қос қанатпен самғағасын? Айқара ашылғанда нұр құшағың, Құбылып құба белде тұрды сағым. Мен сенің әуеніңмен бірге әуелеп, Мен сенің қиялыңмен бірге ұшамын.
Темірше Сарыбаев Ешқашан бөлінбестей кіріккенбіз, «Иран қыз» десін мейлі, «Түрікпен қыз». Семсерді сенім деген серт қып тағып, Құтырған құтылғанбыз күдіктен біз. Жұлдызы жарқыраған жырдағы ізден, Шамасы, шайлыққандай шың да бізден. Аққуға аңтарылып қарай қапты Жұп жазбай сұлу қалпы Сырда жүзген. СЕН НЕТКЕН СҰЛУ ЕДІҢ? Сен неткен сұлу едің, Сымбатты едің, Әкеттің сезімімді ұрлап менің. Жаныңа жеткізе алар емеспін-ау Жақұтын, жүрегімнің жырлап кенін. Айналдым жанарыңнан мөлдіреген, Сен жайлы өле-өлгенше ендігі өлең. Өзің деп омырауымнан төңкерілген Тоқтата алар екем селді немен? Жә, жетер, алқына ақсын, бөгемедім, Тайсақтап өзгертпедім өлең өңін. Жалтару жазмышымнан жараспайды-ақ, Жұлдызым жанбау керек неге менің? Әлде сол... еркелігің, өрлігің бе? Қалайда елең еттім мен дүбірге. Көктемнің қанатымен қабаттасып, Айналып аққу-арман келді бірге. Кезімде мың сүрініп, мың жығылған, Сыр ұқтым сарайыңның сыңғырынан. Кеудемнің күмбезінен күмбір қағып, Асқақтап аспанымда тұрды бір ән.
Мазалай бер, махаббат СЕЗІМІНІҢ СЕЛІМЕН Арпалысқан сезімінің селімен, Дарияға ұқсатамын сені мен. Астан-кестен тағдырыңа таңғалып, Орын бердім жүрегімнің төрінен. Соның бәрін қара нардай көтерген Төзіміңе мың бір тәубе етем мен. Сары алтындай сабырыңды сыйлаудан Таймаймын-ау, таусылғанша жетер дем! Шыдадың-ау, Шыдадың-ау, Шыдадың, Қыспағына ап қитықса да мына күн. Өткен өмір жолдарыңды безбендеп, Ойлаймын да... сосын іштей тынамын. Аспан ашық, айналаның бәрі ашық, Ешкім сені қолдай қоймас жаны ашып. Сапарларға бет түзеген шақтарда, Жарқылдаған жігеріңді ала шық! Жолыңды ашар тот баспайтын жыр-алмас, Ер едің ғой ұлылармен ұрандас. Көрген сәтте-ақ түйіп едім көңіліме, Кездескенде-ақ біліп едім мұны алғаш. Қадамыңа тілектеспін мен сенің, Сәл нәрсеге асып-саспа, еңселім! Тулап жатқан теңіздің де түбінен, Шыдай білсең, шығарады өр сенім!
Темірше Сарыбаев ҚИЯЛЫМДА БІР ӨЗІҢ Бір өзің боп барша мұң, барша қайғым, Көрмегелі жүзі өтті қаншама айдың? Жылдар өтер жылыстап, ай ауысар, Күтем сені! Күтуден шаршамаймын. Сенгем және сенемін саған ғана, Қиялымда бір өзің, санамда да. Күнім болып қонғансың көкірегіме, Жұлдызым боп жанасың жанарда да. Өзгермейсің қалпыңнан, болмысыңнан, (Жырымды да қомсынып, зорға ұмсынам). Ғарышқа да, қалдырмай, алып ұшар, Тәңір, мені айырма сол құсымнан. Сол құсымнан айырма – періштемнен, Ойларымнан сақтарсың теріс келген. Ортаймайды ешқашан оман-дария, Жарға соққан толқыннан мен ішкенмен. Қандырайын шөлімді, құмарымды, Біле тұрып бір күні сынарымды. Өткізейін аңсаумен, сағынышпен Өзің берген, а, Құдай, мына күнді. ҚАСЫМДАСЫҢ Қасымдасың сен менің, қасымдасың, Енді арамыз ешқашан ашылмасын. Жүрекке әмір жүрмесі анық болса, Бізді біреу бопсалап басынбасын. Қасымдасың сен менің, Мәңгіліксің, Қайталайды даусымды жаңғырып шың.
Мазалай бер, махаббат Болмысыңмен жаулапсың жан-тәнімді, Тандырыпсың есімнен, тандырыпсың. Қасымдасың сен менің ерте-кеште, Жандырмасқа қоймадың, өртемеске. Күлі көкке ұшқанша көзді үйіру Махаббаттың қашанғы серті емес пе?! Қасымдасың сен менің, қайда жүрсем, Адалың – мен, адамды айыра білсең. Күні-түні қолымнан түсірмейтін, Желбірейтін желкілдеп байрағым – сен! Қасымдасың сен менің, кер маралым, Қадіріңді түсінер мен ғанамын. Шаң жетпейтін шыңына шырқауыңмын, Түк қалдырмай түбімнің терге бәрін. КЕШЕГІДЕН ӨЗГЕШЕ Кешегіден өзгеше кәрі, жас та, Айналамның секілді бәрі басқа. Адаммын ба, аңмын ба, аурумын ба, Өзімді-өзім айналдым танымасқа. Түсінгім де келмей тұр түкке менің, Таптырмайтын секілді күткен емім. Жүректегі жарамды бүркей-бүркей, Қуыстанып, қаусап-ақ біткен едім. Жанымды жеп барады бықсығаным, Сен де мендей өзіңді ұқшы, жаным. Бұлғаңдамай, иілмей, қалбаңдамай, Сынар кезде емендей тік сынамын. Кешіре алсаң, келеді кешір дегім, Гүл бейнеңді кеудемнен өшірмедім.
Темірше Сарыбаев Сонша сені қинардай, азаптардай, Айтшы, қанша хақым бар, не үшін менің?! Өкпелемен, бостан-бос кінәламан, Құладым ба – орнымнан тұра да алам. Махаббатты шығарам мәңгі есімнен, Құтылатын жол тапсам мұнан аман! КӨКТЕМ ӨТІП БАРАДЫ Жауын, жауын... Ақ жауын басылмады. Алатаудың қабағы ашылмады. Тұнжыраған сәттерін санай берсең, Мына менің ақтан көп шашымдағы. Ойлаудан да қап барам мен басқаны, Алматыны тұр ма екен сел басқалы? Қайта-қайта шыңдарды бұлт бүркейді, Ашылады-ау дегенде енді аспаны. Жаңылды ма табиғат жорғасынан, Таусылмастай адамда мол ма шыдам? Ауыр-ауыр ойлар кеп пана іздейді Салмағы да зілмауыр қорғасыннан. Көктем өтіп барады жарқырамай, Жарқырамай жиектен алтын арай. Жазға ұласар түрі бар мына күннің, Болар екен, япырым-ай, арты қалай?! Арамызға әлдебір кірбің кіріп, Кірерін де кірбіңнің жүрдім біліп. Бара жаттың түнеріп жауар бұлттай, Ұқсастыққа таңғалып тұрдым күліп...
Мазалай бер, махаббат ҚАПАЛАНБА Тарс етіп тигендей-ақ тасқа басың, Қаймығып, қымсынасың, жасқанасың. Жарқылдап жүрегімде жай ойнайды, Қарс жауып қабағыңды, ашпағасын. Қоя сал, қиналмай-ақ, қорғаласаң, Жел соқса, бұрқыратар ордаңа шаң. Басынан бағы ауғанмен бұл ағаңның, Қалғанын көріп едің жолда қашан?! Мен үшін қапаланба, Қарайлама! Көнгенмін, Көне берем сан айлаға. Өйткені көңілімнен өшірмеймін, Мен оны жазып алғам жан-айнама. Жан-айнам – жарқын жүрек, аппақ көңілім, Жырларым жөңкілетін қаптап менің. Кеудемнің сыңғырлаған сарайының Келіп ем бір өзіңе сақтап кенін. Не дейін, ерік сенде, шешім сенде, Жақсаң да жан алауын, өшірсең де. Бағытсыз басым ауған жаққа кетем, Қалдырып махаббаттың көшін шөлге. СӨЙЛЕ, ЖҮРЕК! Бір сөзіңнен шошынып, суып қаным, Шыдамның да шегіне жуықтадым. Быт-шыт болған ойларды қойша иіріп, Жүрегіме тықтым-ау қуып бәрін. Сөйле, жүрек! Сөз сенде, Толға бүгін!
Темірше Сарыбаев Ойрандамақ өзіңдей орданы кім?! Топан судай капта да, толқыныңа ал, Зәре-құты қалмасын жолдағының. Сөйле, сөйле! Жасыма, Дірілдеме! Айтарыңнан айныма, Сүрінбе де! Күрсінесің несіне тым ауырлау, Кібіртектей бересің бүгін неге?! Сөйле, жүрек! Арыңмен, Ақылыңмен, Сары қымыздай сазыңды Сапыр үнмен. Соқса, соқсын бір дауыл бұрқыраған, Күйбеңдемей, күтейін ақырын мен. ЫМЫРАНЫҢ КҮНІ ӨТКЕН... Маздап тұрған махаббатты күл еткен, Мен де сені мәңгі өшірдім жүректен. Ықыласым ығыр болды ызадан, Ымыраның енді бізден күні өткен. Бар,бара бер, Бостандығың басыңда, Ашуланба, Айбар шекпе, Ашынба. Менен басқа кезігерсің көсемге, Менен басқа жолығарсың асылға. Ақ жүзімді тот шалмаған алмаспын, Шүкір, мен де шетке шығып қалмаспын.
Мазалай бер, махаббат Аңдыса ғой, келіп тұрса аңдысқың, Арбаса ғой, келіп тұрса арбасқың. Кінәңды да, күнәңды да көп кештім, Өкпелеумен өмір-бақи өтпес күн. Құмсағызша соза бермей, ақыры, Жал-құйрықты шорт кесейін деп шештім. Енді маған жұмбақ емес әлемің, Енді маған дәлел емес дәлелің. Асып кетті шеңберінен шалқуың, Асып кетті арнасынан әлегің. Қош, махаббат!.. СОЛ БІР ҚЫЗ Сол бір қыз қайда қазір Сүмбедегі, Шынымен шықпас па екен бір дерегі?! Орының жүрегімде дейтін еді, Кетті екен айырбастап кімге мені?! Кигені үлде ме еді, бүлде ме еді, Етегі көйлегінің бүрмелі еді. Түсімде тау басынан қолын бұлғап, Ұйқымнан оятады күнде мені. Ауылы ат шаптырым, іргелі еді, Жайраңдап жауқазындай жүрген еді. Өртіне сағыныштың оранғанда, Қалқамның тимес пе екен бір көмегі? Өлеңнің шүпілдеген жыр кемері, Тотыдай тоқсан тоғыз түрге енеді. Әлде оған қажет болмай қалды ма екен Көңілімнің көктеммен бір гүлдегені?
Темірше Сарыбаев Білерім – сол бір сұлу Сүмбедегі Бізді де қиығына ілген еді. Көзімнен бал-бұл ұшып бара жатыр, Білмеймін, Бүлдірдім бе бірдеңені?.. БОЛУ КЕРЕК БІР ӨТКЕЛ Арамызда қатпар-қатпар құзар шың, Арамызда асау дария мың аршын. Ашық күнде арманыңа алаңдап, Айдыныңды аңсап күткен шығарсың. Тоқтата алмай мұң-мұхиттың тасуын, Жігеріңді құм етті ме жасуың?! Соқты-ай келіп солқылдата ақ дауыл, Маған, мүмкін, келіп кетті ашуың! Сыры жұмбақ жайымызды білсін кім, Торында қап, тұншықтың-ау, тылсымның! Күн күркіреп тұрды кеше кешкілік, Әлде мені ойлай-ойлай күрсіндің?.. Аққу-арман іздейді ғой сыңарын, Әлденеге елеңдейді құлағым. Ертеңгілік жаңбыр жауды селдетіп, Сағыныштан ағыл-тегіл жыладың?.. Бұлт ыдырап, күннің көзі ашылды, Шуақ нұры шартарапқа шашылды. Таң алдында тәтті ұйқыдан оянып, Терезеңе сүйеп пе едің басыңды? Екеуіміз де кездесуге құмарттық, Құмартумен жүректерге жүк арттық. Үлпілдеген бөкебайың сияқты, Қалқып көкте келе жатты бір ақ бұлт!
Мазалай бер, махаббат Қояр дауыл, тұман тарар тұмшалар, Кез де келер сыр ақтарар, мұң шағар. Екпіндеп кеп омырауыма оралды Өзің жақтан еркелеген бір самал. Сағынышпен сазға толар жүректер, Жүректердің бір соққанын тілеп көр! Сен де шыда, Мен де төздім, Тәуекел, Махаббатта болу керек бір өткел! ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ Ботакөз, Қаз омырау, Марал мүсін, Жарқ етсе, жаулап алар жанарды шын. Қазақтың қызындағы сұлулықты Әлемді алты айналсаң, табармысың?! Ай қабақ, Найза кірпік, Қасы қандай?! Сәулесін сімірер ме ең, шашып алмай! Көзінің қиығымен бір шарпыса, Көңілің көтерілер тасығандай. Кең пейіл, Жаны жомарт Кербезім-ай, Он сегіз – солқылдаған дер кезің-ай! Биязы үн, Қимылы би, Мақпал жүріс, Елге – қүт, Балаға – ана, Ерге – жұбай.
Темірше Сарыбаев Қолыңмен сипағанда қолаң шашын, Жігіттің шым еткізер жон арқасын. Жанына жанай кетсең, жұпар аңқып, Еркіңді ап, дегбіріңді жоғалтасың. Арманы – ақ, Жүрегі – от, Көркі – дастан, Өтті ғой ғашықтықтың өрті бастан. Алдырмас құпиясын құлыпқа сап, Кілтін кім-кімдер де толқып ашқан. Көркімен табындырған, ақылымен, Жайнаған дос-жарымен, жақынымен. Жомарттай жолым болды дей бер, жігіт, Арудың кез келтірсе сақыбымен! СҰЛУДЫҢ АУЫЛЫ Сұлудың ауылы Шарыннан әрі, Жетеді талып сағынған әні. Буалдыр күннің бұлтындай болып, Бұлдырап бейнең сағымданады. Оранды гүлге қызғалдақ далам, Қызығын бізден қызғанбақ па адам? Шыдамын әбден шыңдасын дей ме, Тұрмайды неге звандап маған?.. Алашқа мәлім атағымменен, Көңілімде күмән жатады кілең. Созбады қалай саусағын жайып Атқан бір таңның шапағыменен? Қиялым жазбай табады барып, Жаныма ойлар жағады жарық. Көктемнің құйттай көгершіндері Келіп те қалар хабарын алып.
Мазалай бер, махаббат Шашады маған алыстан арай, Оған да мұңым таныс па, қалай? Көтеріп алып кетсем деп жүрмін Жұлдызы шоқтай ғарышқа қарай. МЕН СЕНІ ТАНЫМАДЫМ Жүрегің кідіргендей соқпай қалып, Аңырап, сәл тұрдың да тоқтай қалып, Асығыс алға қарай адымдадың, Көзімде бүкіл дүние кетті айналып. Сонау бір пәк үздіккен таңданыстан Жан-жаққа қиял қаптап, арман ұшқан. Сан ойдың зуылдаған қанатынан Бір бейне жарқ-жұрқ ете қалды алыстан. Айлардың алға жылжып құлашында, Жылдардың жасырынған жырасында. Көнерген көп уақыт көлегейлеп, Мен сені танымадым, расында... Кетіппін өткен ізге сұрау салмай, Дедің бе: «Қутыңдыған мынау шалды-ай!» Қыз едің қызғалдақтай қырға шыққан, Құлпырған құрбым едің раушандай! Даламдай, менің ғашық байтағымдай, Айта алмай кідірдің бе айтарыңды-ай?! Ізіңе аңтарылып қалдым қарап, Аяулым алаулаған май таңындай! ...Есіме өткен күннің түсті бәрі, Қайтқан кез қалжыраған қыстың кәрі. Жастықтың сандуғашы сайраған шақ, Бақтағы құйқылжыған құстың да әні.
Темірше Сарыбаев Жігіттік жанарымнан төгіліп күн, Жүр едім жетегінде көп үміттің. Ауылдың бір топ қызы арасынан Көзіме көгершіндей сен іліктің. Көзіме сен іліктің, арман-әнім, Қалайша танымадым, таңданамын! Самалы сағыныштың солқылдатты-ау Құйындай мұң үйірген сары даланың! ӨРТ Баллада Өрт! Кәдімгі өрт шапшыған, Түтіні бұлттай шұбаған. Кімді де, жанасса, қақшыған, Ішінен шыға алмас тірі адам. Сүйреңдеп ақ жалын аспандап, Шарпуы тұр, әне, басылмай. Ана тұр көзінен жас парлап, Әке тұр қабағы ашылмай. Қыз даусын шалды анық құлағым «Құтқар!» деп қинала шыңғырған. Мен қалай тағат қып тұрамын, Өртендім намысы құрғырдан. Жалыннан жалтарып, амалдап, Қыз тұрған бөлмеге ұмтылдым. Сиқырлы ой санамды сан арбап, Бөлмеден естілді біртүрлі үн... Жүгірдім көтерген қалпымда Құшақтап аруды далаға.
Мазалай бер, махаббат Халық тұр алдымда, артымда, Қыз айтты: – Ризамын, жан аға! Үрейден буыным бастырмай, Дірілдеп, қалшылдап қол-аяқ... Тірі екен! Тәңірім, Рас қылғай!.. Тігіп ем басымды Соны аяп... ІЗДЕДІМ АТҚАН ТАҢНАН Қоштаспай, Тым құрыса хабарласпай, Сырыңды сыртқа да айтпай, Маған да ашпай. Жарық боп түнгі Алматы кетуші еді-ау, Жарқылдап сен шыққанда ақ алмастай. Іздедім атқан таңнан, батқан күннен, Байқатпай сыбағаң ба сақтап жүрген? Емендей мықтымсынып жүргенімде, Құлауға қопарылып шақ қалдым мен. Сұрадым тарғыл тастан, Кәрі шыңнан, Сұрадым бейтаныстан, Танысымнан. Дірілдеп қарт Алатау құрақ ұшты Жапанға жаңғырыққан дауысымнан. Қалдық па ағайынның тіл-көзіне, Ырқым жоқ, Ынтызармын күнде өзіңе. Жарығын атқан таңның саған тілеп, Жамылып мен жатырмын түнді өзіме.
Темірше Сарыбаев Жүректе қасаң қайғы қыстап қалып, Жат ойлар жатыр қазір қыспаққа алып. Өртеніп кетуім де ғажап емес, Өзің кеп шығармасаң ұшпаққа анық. ҚАЙДАСЫҢ? Қайдасың, Қайда жүрсің, үлпілдегім? Үлпілдеп жүрегімде жүрсің менің. Бола бер қай қиырда, айқын маған Күлгенің, Әлде налып күрсінгенің. Жеткізем, үһілесем, деміңе дем, Білмеймін сонша неге еміренем? Өмірдің тақ-тұғына сенбесем де, Мен сенің пәктігіңе сеніп өлем. Тұрасың көз алдымда көлденеңдеп, Келесің қолтығымнан өрге демеп. Алланың елшісі ме деп қаламын Мен үшін әдейі арнап келген ерек. Демей бер, өлгенімше деме мені, Жырымнан жарық алсын өлең елі. Жаныма жабыққанда нұр себеле, Желкендей желбірейін кемедегі. Шалқысын шабыт буған от боп өлең, Күнім боп күлімдеші Көктөбеден. Құлазып, сен болмасаң, алаңдаймын, Сен болсаң, Көкірегімді көкке керем.
Мазалай бер, махаббат СЕН ҒАНАСЫҢ Бұл өмірден жоқ білем енді аласым, Көзім шалып келеді көмбе басын. Думаным да, Әнім де, Бақытым да Сен ғанасың, Аяулым, сен ғанасың! Сен ғанасың бар биік, Асқарым да, Дәурен тайып барады қас қағымда. Ақырына жеткізбей тоқтай алман, Тәуекел деп бір талап бастадым ба? Сенсең де сол, Еркіңде сенбесең де, Өзің болып шалдыққам мен кеселге. Келеге де келуім екіталай, Ақыл айту артықтау енді есерге. Көктем нұрын сыйлады, Күзім гүлін, Ынтықтырды сол гүлге үзілдіріп. Тағдырыма ризамын мәңгі-бақи, Жарқынырақ сондықтан жүзім бүгін. Гүлтобылғы жел соқса үлпілдеген, Бақытты адам бар ма екен, шіркін, менен?! Әміріне Алланың құл болайын: Қызғалдаққа оран да, құлпыр деген.
Темірше Сарыбаев СЕН МАҒАН СЕНЕСІҢ БЕ? Көрмесек, болдық қазір тұра алмайтын, Атар таң алдымызда мұнан да айқын. Сұлудың өзі екенсің солқылдаған, Ұстасаң, уысынан шығармайтын. Сен маған сенесің бе, өзім десем, Сенбесең, мен де бұлай сезінбес ем. Ешқашан өкінбейтін болдым енді, Сен жайлы тәтті ойлардан көз ілмесем. Бәрі бар сенде қызға керектінің, Ұнайды тік мінезің, өр екпінің. Сонда да ынтықтырған баршасынан: Ақылың, Алғырлығың, Зеректігің! Осы бір туралығың, Шыншылдығың, Шашып тұр жан-жағына тылсым нұрын. Алдында ақиқаттың асқақтықпен, Аңыз боп ел аузында жүрсің бүгін. Қайтпайтын алған беттен қайсарлығың, Дос түгіл дұшпаныңа ой салды мың. Еліңнің төрт бұрышын түгел қамтыр, Қырандай қанатыңды жайсаң бүгін. ШӘМШІБАНУ Жайма-шуақ мінезің-ай, Сырға жомарт жансың ару. Бір өзің – күн, Бір өзің – ай, Шәмшібану, Шәмшібану.
Мазалай бер, махаббат Жанарың – жаз, Маусым айы, Шалқы достар ортасында. Мен бір ағаң тау сыңайлы, Таудан әлде қорқасың ба? Оңай емес өзіңе арнап Өзекті өртер ән шығару. Кетпесе екен сезім алдап, Шәмшібану, Шәмшібану. Нұр жүзіңнен таң ұялар, Шарапатты шапағың-ай. Махаббатты жариялар Берші уағда, капа қылмай. Көлбеңдеген жігіттерден Керек сені аршып алу. Өміріме үміт берген Шәмшібану, Шәмшібану. ТУРА ЖОЛМЕН ЖҮРІП КЕЛЕМ Өтті сөзің бауыр-еттен, Неге сонша ауыр өкпең? Төпеп-төпеп басыларсың Ақ жаңбырдай жауып өткен. Бүркеп күннің шұғыласын, Қалай-қалай құбыласың? Бұрын неғып аңғармаған Бұраны бос мұны басым? Түн жамылып ұраны ашқан Ұрыдайын тұра қашпан.
Темірше Сарыбаев Сен айта бер айтарыңды, Ақталман да кінәласпан. Тура жолмен жүріп келем, Көрмеген ем бұғып төмен. Күн кешу де қиын маған Күні күңгірт күдікпенен. Не жетеді бөле ішкенге, Өкпе орынсыз өрісті ерге. Мен болайын тізе бүккен, Сен жете бер жеңістерге! ӨТЕ ШЫҚТЫ ГҮЛ-ДӘУІР Біздің бастан өте шықты гүл-дәуір, Қасіретім, Қайғы-шерім зілмауыр. Көз көрмеске дедектетіп барады Көкірегімнен көтерілген бір дауыл. Таскереңмін, Меңіреумін, Басырмын, Оғына оқыс ұшырадым жасынның. Шыркөбелек, тұр дөңгелеп дүние Уысында аласапыран ғасырдың. Қайран сүйек қалар екен қай маңда? Жүрмін жалғыз жан шошырлық майданда. «Ер жігітті ашу ептер, – деуші еді, – Бұлдырықтай басынан бақ тайғанда». Тайса, тайсын, Табынбадым баққа мен, Бақ деген не?.. Ортасынан қақ бөлем! Соқталанған соры тамған сорғалап Жүрегімнің қанын жалап жатты өлең.
Мазалай бер, махаббат Жалап жатты өткен күннің дақтарын, Дақтары да баттасыпты қап-қалың. Айғыздады алай-түлей аударып, Жер-жиһанның қара ала ғып ақ қарын... Қайран менің өмірім! ЖАНАРЫҢ КҮНДЕЙ Көңілің көлдей, Мөп-мөлдір Жаныңда құттай жоқ алғау. Жанарың күндей Төккен нұр, Арман-құс ақыры оралды-ау! Жарысқа түссем – Жанданып, Озуымды анық тіледің, Сапарға шықсам – Қамданып, Шығарда жаның бір едің. Шұғыла шашып жүзіңнен, Көркіңмен көзді қарыдың. Қоштасып тұрып күзіммен, Тамыздың таңын таныдым. Таныдым-дағы тап басып, Кезеңнен кері бұрылдым. Алдымнан алтын қақпа ашып, Дауасыз дертке ұрындым. Ұрындым дертке өзім кеп, Алдында не тұр, кім білген? Басылар емес сезімде өрт, Сөндіре де алмай жүрмін мен...
Темірше Сарыбаев СҮЙДІҢ ЕКЕН ШЫНЫМЕН... Сүйдің екен шынымен Күдіктенбе, Сеніміңді биік қой іліп төрге. У сорғалап тұрады уайымнан, Жұлдыз жайнап тұрады үміттерде. Сүйдің екен шынымен Қапаланба, Ақиқат қой: бір таңың атар алда. «Сабыр түбі – сары алтын» деп үйреткен Алғысыңды үйіп-төк аталарға! Сүйдің екен шынымен Шыда, күнім, Кәрі құртын жей берме құлағымның. Өмір өзі-ақ береді бір жауабын Сенің түпсіз телегей сұрағыңның. Сүйдің екен шынымен Алшақтама, Бір қалыпты бола біл бар шақта да. Көп күйінген кетеді күлге айналып, Жан сақтаймыз қосылып жансақ қана. Сүйдің екен шынымен Төз, маралым, Онсыз сенің жоқ қазір өзге амалың. Ақиқаттан аттайтын шарам қайсы, Сыйғыза алар емеспін сөзге бәрін... ЖЫРАҚТАСЫҢ Сен менен шалғайдасың, Жырақтасың, Өзіңсіз көңіл қалай тұрақтасын? Сағындым сары белден сені күтіп, Ағызып бері қарай бұр атбасын.
Мазалай бер, махаббат Күн күңгірт Жайшылықта көкте күлген, Отырмын терімді үгіп көп төгілген. Жалғастыр артта қалған жазымменен, Қауыштыр қош айтысқан көктеміммен. Ұш маған! Қанат байлап самға, құсым, Өзегім өзің деген талмау үшін. Жүрсең де жеті ықылым жер түбінде, Жетеді құлағыңа жан дауысым. Көктеп өт Көк өзенді, жасаң қырды! Айқарып құшағымды ашам, құрбы. Қиырдан бұйыратын сен болмасаң, Төрт болып екі көзім, тосам кімді?! Кел енді, көп күттірмей, тезірек кел, Шаққа тұр шарт сынғалы сезім-өткел. Қайғының қайығы жоқ дариясынан, Алайда, Айласын тап, Өзің өткер! КЕШІКТІҢ Кешіктің, кешіктің сен, неге келмей? Сағыныш бара жатыр еге бермей. Басқаны ұмытарсың, ұмытпассың, Қалуым мүмкін емес мен еленбей. Өзіңді әнге орап ем, жырға бөлеп, Алдыңда асу бермес тұр ма бөгет?! Кезіме бір көрінбей кетпекпісің, Қайырлы қуанышымның құндағы деп...
Темірше Сарыбаев Қайысар қайғы ғой бұл жүздің белі, Өтіп тұр өңменімнен күздің желі. Әдейі жасап жүрген айлаң шығар, Өзіңнен күдерімді үздіргелі. Уақыт емдеп жазар жарамды әлі, Сауығып, қайта самғар жан арманы. Өшпестей өмір кештік дейтін едік, Бұлдырап бара жатыр маған бәрі. Өткеннің бәрі өтірік көрген түсім, Көрмеп ем достан қағу, елден қысым. Бас ауған жаққа бар да барқадарла... Сен болсаң, Бәрекелді, Сенген құсым... КЕЛДІ КҮТКЕН УАҚЫТ Бозарып келе жатқан таң ба мынау, Шынымен түннің өтіп қалғаны ма-ау?! Япыр-ай, жеңісім бе, жеңіліс пе, Білмеймін, не сыйлайды алдағы дау? Мен үшін сен де, қалқам, алаңбысың, Ағаңның алармысың жан алғысын? Жүрегім, қазір көрсең, түте-түте, Тағдырым қызыл итке таланды шын. Жағдайың жоқ па әлде арашалар, «Хан басын туды-ау заман қараша алар». Мен де бір берілмейтін биік едім, Шыңыма шыға алмайтын аласалар. Берсең, бер, бермесең, қой, қол ұшыңды, Алдыңда әдеп сақтап, жол ұсындым! Жайымды дұрыс ұқсаң – жайлауыңмын, Меселді қайырмасаң – қонысыңмын.
Мазалай бер, махаббат Өзіңде, уа, қалқам, ендігі үміт, Уақыт өзің күткен келді күліп! Тәуекел, үйленейік көзді жұмып, Қалсын бір дос қуанып, ел дүрлігіп. САҒЫНАМ СЕНІ... Сағынам сені бұрынғыдан да қаттырақ, Көңілімді көрсең – құлаған құздан ақ бұлақ! Күз желі ме екен, іздеді ме екен зарығып, Жапырағын жұлып, сабалап жерге жатты бақ. Сағынам сені, жанымның жарық сәулесі, Таңырқай қапты Қалмаған жандай тау да есі. Сонау бір шыңның қойнауы жақтан кешқұрым, Сабыр табайын сабама түсіп, «әу» деші! «Әу!» деші, жаным, даусыңнан дала дүр етсін, Түрілген бұлттай тоз-тоз боп кетсін түнек шын. Жамырай шықсын асқақтап сенің алдыңнан, Орманың, көлің, Ой-қырың, Белің – тілекшің! Қарсы алсын бәрі менімен бірге жарысып, Нөсермен, селмен, Дауылмен, желмен алысып. Мауқын бассыншы, марал мүсіндім, өзіңмен, Тәңір сыйындай, тағдыр мәніндей табысып. Сағындым сені, сағынбас менде хал бар ма? Сыр айтып қайтем сағына білмес жандарға?.. Жеткізетін сен жабығып жолда қалғанда, Өткізетін сен асуын бермес арманға!
Темірше Сарыбаев ТҮС КӨРДІМ БҮГІН... Түс көрдім бүгін... Түс емес, сенсең өңімдей, Жұлдыз-жүрегім шақ қалды жерге төгілмей. Ақжолақ костюм... Албыртқан жүзің жарқылдап, Минатюрадай... Мінездерің-ай сенің кей... Жүзіңде тұрды даланың таңы алаулап, Құлпырып кетті көз жетер бүкіл бар аумақ. Көзімді жұмдым көргім кеп қайта қана алмай, Көзімді жұмдым тар төсегімде тағы аунап. Келесің еркін... Адымдай түсіп, аптығып... Кездескен сәттің елестет көзге шаттығын. Ояндым-дағы орнымнан тұрып жорыдым, Келетініңе күмәнданбадым тап бүгін. Ап-анық бәрі... Алладан келген аяндай, Қысылдым неге құшағымды еркін жая алмай? Мен тұрдым мұңын ішіне бүккен Қозыдай, Сен тұрдың сырын ақтара келген Баяндай. Түс емес, сәулем, түсінші мені... өңім ғой... Өзіңді аңсап менде де қанша бөлінді ой. Бетіңнен сүйіп, беліңді қысып, тас қылып, Жібермейтін-ақ жерім ғой...
Балладалар ДОСТЫҚ ХИКАЯСЫ (Аяулы досым Амангелді Елібаевқа ескерткіш) Қожасының ұрлап мініп бір атын, (Жүйрігі еді сауық-сайран құратын). Сонау таулы Тебризден Бағдатқа Оқу іздеп келе жатты Рақым. Жұлдыздан да жоғары деп мұратым, Жанарында маздап оты тұратын. Сонау таулы Тебризден Бағдатқа Өнер қуып келе жатты Рақым. Ат жалында алақанын тоздырып, Бұйрат құмның делебесін қоздырып, Келе жатыр, келе жатыр Рақым, Ұшқан құстан үкілі ойын оздырып. ІІІ бөлім. Балладалар
Темірше Сарыбаев Шөл... Сахара... Сусылдаған ыспа құм. Мұнан өту – адам емес, құсқа – мұң! Жалын аптап жалмап жатыр келгенін, Әбжыландай арбап жатыр ұшқанын. Баялышы, бұтасы жоқ иен дала, Иен далада Рақым тек мең ғана. Жер-жаһанның Тәңірі өзім дегендей, Керіледі Кербала шөл... Кербала... Иреңдейді... Киреңдейді аждаһа, Еш нәрседен именбейді аждаһа! Кім болса да бір-ақ орап белінен, Жұтуға да Жиренбейді аждаһа!.. Бұл бейбақтан ешкім таппас барқадар, (Не баһадүр ер-тоқымын арқалар). Бірін көмсе, бірі ашылған ырсиып Омыртқалар... Қабырғалар... Қаңқалар... Жатыр бәрі жаннаттан жай тапқандай, (Батыр мүмкін, ару бәлкім, ақ маңдай). Ыс-ыс еткен зымыстан шөл жалаңдап, Ысқырықпен сүйек аршып жатқандай. Күн секілді жерді айналып шығатын, Алған беттен Рақым жоқ қыңатын. Теңіз-құмда бір малтығып, бір шығып, Келе жатыр... Келе жатыр Рақым. Талдырам деп қос топшысын талаптың, Алды қанша аш қасқырдай қамап түн.
Балладалар Шыңға тартса, шырқап шықпай тынбайтын, Ер серігі, сен есен бол, қанаттым! Саналыны самғататын сұңқар ғып, Ойлыларды оздыратын тұлпар ғып, Сен де есен бол, көңілдерді көркейтіп, Жүректерге лағыл шашқан іңкәрлік! Арман-дария! Мінезің өр, асқақтау, Сені қуып талай тұяқ тас қапты-ау! Басын тіккен бір жолаушың келеді, Мыс жотаңа мінгізіп ал, Мақсат-тау! Сенен басқа жабыққанды жебер кім, Арайлан да жарқырай бер, келер күн! Көкжиектен көрді Рақым шаһарды, Алтын буы бұрқыраған өнердің! Жетті ақыры! Жапан кезді, Құм кезді, Жеткізбеген қиялы еді бір кезгі. Жатыр қала жарты әлемге жар салып, Сәуле ойнайды сәлдесінде күмбезді. Жатыр қала нұр таратып жан-жаққа, Үркек үрей ұли-ұли қалды артта. Мешіттердің ту сыртынан тәу етіп, Басын иді бала Рақым Бағдатқа. ...Көше толы саудагерге, саяққа Үйренгенше өте шықты ай, апта. Қайыршының қолына әкеп кім берсін, Ертелі-кеш бір тыным жоқ аяқта. Біреу мүлде қарамайды біреуге, Садақа да ілігеді ілуде.
Темірше Сарыбаев Оқу түгіл, өнер түгіл, бас қайғы, Рақымның мақпал көңілі жүдеуде. Бүгін де ерте есік қақты «кәсіппен», Қарсы алдынан көк қақпасын ашып кең: – Кір, кір, – деді елпектеген жас жігіт, Қонақ десе, құрақ ұшқан машықпен. Рақымның мына күйін жақсы ұқты, – Босағаға қалдыр, – деді, – қапшықты. Сарайына лып етті де өзі лез Судай жаңа шахматын ап шықты. Тақта үстіне тез-тез тігіп тастарды, О, құдірет! Ғажап ойын басталды. Мынау жеңсе – күннің көзі жадырап, Анау жеңсе – бұлт торлады аспанды. Бір-біріне мат қойысты кезекпен, Қайран, ойын! Қызығыңа не жеткен?! Мынау ұтып кетейін деп қамданса, Анау оны жібермейді өжектеп. Мұнтаздай үй, Не жиһаздың бар бәрі, Құрбысының жоқ та шығар арманы. Құмырамен әкеп қойды шарапты, Табағымен тартты алдына халуаны. Мұндай құрмет енген емес түсіне, Бұл қандай сый?! Жақсы ойнағаны үшін бе?! Әлде мына құрдасының «қонақжай» Бір арам ой бұлаңдай ма ішінде?.. Түк түсінбей, айран-асыр таң бұған, Қандай тағдыр тор құрып тұр алдынан?
Балладалар Қақ төріне шығарғаны қайткені Қай-қайдағы қайыршыны қаңғыған? Дағдарғанын зеректікпен көріпті ол, Күлімдеді Рақымға беріп қол: – Мәңгілікке дос болайық, қаласың, Қанатым бол, бауырым бол, серік бол! Бақытым да, Байлығым да бар – анам Барша Бағдат ауызына қараған. Екеуімізді егізіндей көреді, Өнерін ал, тіліңді үйрен қалаған. Әлімсақтан айқасуда ақ, қара, Күрестің бе? Күшіңді артқа сақтама! Барыңды сал, жаныңды сал, қалайда, Тайсақтама мына шаршы тақтада! Аты тақта – Көшірмесі өмірдің, Талай жеңдің, талай рет жеңілдің. Төрт бұрышы – төрт құбылаң, байқасаң, Төрткүл дүние көз алдыңда, Не білдің?!. Лажың жоқ өртенбеуге, жанбауға, Адам біткен арбалауда, арбауда. Ертелі-кеш өзің кешкен тірлік бұл, Өзіңді-өзің болмайды ғой алдауға. Шәк келтірме бойыңдағы сенімге, Қыран қайрат қалықтасын көгіңде. Қарсы алдыңнан қаптаса да топан су, Шешіндің бе? Шира, қайта, шегінбе! Қайран, достық, жарқылдаған аппағым, Сенің ғана қас-қабағың баққаным.
Темірше Сарыбаев Екеуінің адалдығын жыр етіп, Қала, дала жамыратып жатты әнін. Тілін білді, Тез үйренді салтын да, Қадір тұтты қатарын да, қартын да. Аласармас арман сынды ақиық, Асқақ еді қарапайым қалпында. Қайырымды еді Рақым да, Мұрсал да, Қатарынан қарымды еді, иншалла. Екеуінің атын бөлмей анасы, Бірге атайтын әлдеқайда жұмсарда. Таласа ішті, Тату өсті егіздей, Тірі жанға «мұның былай» дегізбей. Көргендердің көтеріліп еңсесі, Көңілдері шалқушы еді теңіздей. ...Бес жыл өтті. Сыр сарқылмас айтатын, Шыққан күнді қымтап жапты қайта түн. Туған жері шықпай қойды есінен, Рақымның келді-ау кезі қайтатын. Ортақ болған дәмі менен тұзына, Тағдыр деген таңғажайып қызық, ә! Екеу етіп қайтарамын елге деп, Құда түсті уәзірдің қызына. Өз парызын бағамдау да бір мектеп, Тойға шашты жинағанын тірнектеп. Дәл осылай көрсетпесе өнеге, Абзал ана кімге ісін үлгі етпек?! Қарт ананың ықыласын құп алып, (Қош айтысар шақ та таяу, шыдалық). Бауыр басқан Рақымын қия алмай, Мұрсал келді күндік жерге шығарып.
Балладалар Махаббатын, Мол білімін сыйлаған, Көп кешікпей көзін жұмды бибі анам. Мұрсал кешкен мұң-мұхиттың мөлшерін Мен де айтып жеткізуге қиналам. Ай артынан өтіп жатты ай-дағы, Ит тірлікке зығырданы қайнады. Тұрмыс деген тауқыметтің торынан Таба алмады құтылатын айланы. Дәл осылай абыржимын деп пе еді? Тағдырына налып та жүр. Өкпелі. Жоқшылықтың жез тырнағы түтелеп, Көңіліңнің күзге айналды көктемі. Құны қашан бағаланған жақсының, Тәңірі де болған емес тапшының. Рақымның кері келіп баяғы, Мұрсал алды қайыршының қапшығын. Кезді бұл да сахараны, шаһарды, Дәуір тайды. Диуана атанды. Алқам-салқам орап алды сәлдені, Жалба-жұлба киіп алды шапанды. Түс кергендей тірлігіне таңданды, Кіре тартқан керуенге жалданды. Дүниенің түлкі екенін түсінді, Бақыттың да баянсызын аңғарды. Талай рет ар алдында тірі өлді, Тәңірия тар қып салды шідерді. Рақымнан үзген тұста күдерді, Жол аяғы Тебризге тірелді. Шаһар атын тағы білді анықтап, Көңіл шіркін құстай ұшты қалықтап. Үлкен демей, кіші демей, кездескен Рақымды сұрастырды халықтан.
Темірше Сарыбаев – Рақым ба? – Иә, Рақым! – Патшама?!. – Жап аузыңды! – Жоғал әрі! Қақсама! Садаға кет сарайының маңынан, Тауарыңды таңдап ізде ақшаңа! Жаңа кірді Мұрсалдың да реңі, Қуаныштан дүрс-дүрс соқты жүрегі. Қаңбақтайын қалбалақтап бейшара, Хан Сарайға, қайрат жиып, кіреді. Әзер ұстап алтындаған тұтқаны, Сол-ақ еді, сорлы, басын сұққаны. Әлдене деп белгі берді Рақым, Не дегенін алас-күлес ұқпады. «Есік – маған, – Дейтін кім бар, – төр – сізге!» Қашан тізгін тиіп еді теңсізге?! Көзін таңып, көк лақтай өңгеріп, Кетті тастап күндік жерге – елсізге. Жапан түзде көздің жасын селдетті, Өксігені солқылдатты жер-көкті. Өліп-өшіп өкпесін ап жеткенде, Аластады шаһарынан, еңіретті. Дүниеден түңілді де безінді, Жаһандағы жалғыздығын сезінді. Жылап-жылап Қалжыраған шағында, Бір дарақтың түбіне кеп көз ілді. Ерді – намыс, Қамыс құртар қоянды, Омырауы көз жасына боялды. Әлдеқалай дүбірлеткен даланы Тұяқтардың дүрсілінен оянды.
Балладалар Сөзі қысқа! Тым қатулы сұстары, Қазір келіп қамайтындай дұшпаны. Қарсы алдына дүрс еткізіп қоржынды: – Аманатқа алып қал, – деп қыстады. – Байлам мынау, – деді және қайыршым, – Осы сенің тағдырыңа дайын сын! Құтыла алсақ – ертең ерте аламыз, Қолға түссек – басы бүтін, Байырсың! ...Желдей гулеп қарақшылар қыр асты, Шұбалған шаң көкте бұлтпен ұласты. Көңіліне күдік кірді көлденең, Жанарына жас үйірілді тым ащы. Су құйылған суырдайын ініне, Өллә-білла, түсінген жоқ түгіне. Қорыққаннан дір-дір етті қалтырап, Бір ауыз сөз оралмады тіліне. Көнген бейбақ бәріне де көнбіс-ті, Бір күн күтті, Үш күн күтті... Шөл қысты! Қарақшылар қайырылмады, хабарсыз, Шыдам бітті. Өлі уәде желге ұшты. Үміттен де, арманнан да тоналды, Бұл да бекіп, безбүйректеу боп алды. Бар мұраты баю болып ақыры, Осы ойымен Тебризге оралды. Іздеп келіп тапқан еді бақ мұны, Алтынының айту қиын нақ пұлын... Қоржынымен сауда жасап, көтере Шет жақтағы сатып алды ләпкіні.
Темірше Сарыбаев Сауда қызды... Өзге ләпкі жабылды. Халық біткен Мұрсал жаққа ағылды. Садақа да сан тимеген бейшара Белден кешті алтын, гауһар, лағылды. Құдай берсе құлай береді екен ғой, Жігітке бақ шырай береді екен ғой. Өткен күнін көрген түстей ұмытып, Байлыққа да бейімдеді бекем бой. Осындай бір асып-тасқан кезінде, Әйнегі бар нұры қашқан көзінде, Даналықтың қуаты бар ойында, Қазылықтың кесімі бар сөзінде; Қос өкпесін әзер басып деміккен, Аяқ асты арылғандай дерттен, Сабырлы үнмен сөз бастады сыпайы, Сыры кетіп, сыны қалған көрікпен: – Қажеті жоқ маған ділда, динардың, Байлығынан үміт күтем иманның. Ас әзірлеп, жинасайын үйіңді, Жалғыздықтан, қалқам, әбден қиналдың! – Деді де ана құра берді ошақты, Мына қылық Мұрсалды іштей босатты. Өз анасы тірілгендей қуанды, Қалықтаған көңілін айт со шаққы! Үлкен кісі – көргені көп көшелі, Баласынан артық күтті деседі. Шайы дайын, ас-суы әзір алдында, Күнде көрсең, кір шалмайды төсегін. Толмады ма ай шамасы, толды ма, Біз білмейтін әлде бір жайт болды ма, Қарттың қатаң науқастығын желеу ғып, Қызы кепті шешесінің орнына.
Балладалар Ажар қандай?! Жанар толы нұр қандай?! «Күнің – мен!» деп, көктен шалқып тұрғандай. Биден бетер қимылына ынтығып, Кешке дейін үздігер ең бір қанбай! Қозғалысы-ай! Жеңіл ғана қалқуы-ай! Мінезінің мінсіз баурап тартуы-ай! Буынының басқан сайын балқуы-ай! Қиялдан ап құя салған мүсіндей, Тәтті ұйқыда тамылжыған түсіңдей! Санаңдағы сұлулықтың шырқауы... Қояйықшы, құнын сөзбен түсірмей. Арғы атасы жалын ба еді, От па еді?! Махаббатта мезгіл, мекен жоқ, тегі! Мұрсал ойын жеткізгенде астарлап, Қияс тартып, қыз қарсылық етпеді. ...Әнмен шалқып Тебриздің аспаны, Думандатты тойға келген жас-кәрі. Шаттық әуен шартарапты шарлады, Шақырып еді Рақымынан басқаны. Той тарқады... Жұрт аяғы басылды, Алтын қақпа айқарыла ашылды. Қол қусырып кіріп келген Рақым Әз досының аяғына бас ұрды. Айтты бәрін, Айтты бәрін, расын, Өткен жолғы мойындады кінәсін. – Сені бұлай ренжітем демеп ем, Қабырғама қатты батты мына сын.
Темірше Сарыбаев Білем, Мұрсал! Арып-ашып сен келдің, Қуаныштан мен тағымда тербелдім. Дәл осы сәт отыр еді алдымда Елшілері кеңес сұрап өңге елдің. Мен олардан асқақ ұстап өзімді, Тәңір берген таяныш қып төзімді, «Әлемдегі қайыршысыз еліміз», – деп, Тәмамдаған бойым еді сөзімді. Аналардан асырмақ боп айламды, Мен ым қақтым, Сенің қолың байланды! Қасақана бір қатерге бел будым, Онан өзге болмағасын қайраным. Айыбымды қоржынға сап жеткіздім, Ашық айтпай, айла тауып өткіздім. Алтынкүрек болып соқтым, қайтейін, Көңіліңдегі көбесіне көк мұздың. Дүркірету үшін сенің бағыңды, Ләпкі біткен бұйрығыммен жабылды. Өз анамды күтуші ғып жібердім, Жасасын деп сенің, Мұрсал, қамыңды. Өкпең дұрыс! Мен оныңды хош алам, Жақсылығын сатпайды ғой дос адам. Қалыңдығың – қарындасым, бауырым, Екеуіңнің берік болсын босағаң! ...Абзал достық! Жазира өлке, гүл-маусым, Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын! Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың! Мың құбылтқан бұлбұл болсын жырлаушың!
Балладалар Сен бар жерде аспан ашық, Тау да асқақ! Саған барып жарасамыз, даулассақ! Қасиетіңе Құдай қызыр дарытып, Мерейіңді үстем еткен әу баста-ақ! Ортаймасын! Ортаймасын сол даңқың! Досың барда Бар деп ұғын қолда алтын! Досы жоққа қара түнек, орнар түн, Байлығыңа берік-бекем бол, халқым!
Темірше Сарыбаев ЯССЫ БАЛЛАДАСЫ Тағдырға, сірә, шек бар ма, Әріден жеткен бұл бір сыр. Тіршілік деген көкпарда Көзіңнің жасы күнде ыршыр. Айырмас дос пен қасты да, Аярға біткен – қараң күш. Ертеде біздің Яссыда Болыпты дүлей жаналғыш! Шығармай у-шу, айғай түк, Түн жортып түзге беттеген. Қаһарға мінсе қайқайтып Соққаны тірі кетпеген. Пейілі біткен ласталып, Шыққандай көрден, моладан! Керуен көрсе бас салып, Жәукемдеп, жалғыз тонаған! Уақыт тапшы. Ол – анық! Созамыз жырды несіне?! Тәубеге тілі оралып, Түсіпті Тәңірі есіне. Есіткен жұрттан емескі Қара аспан жақта қарт бар деп. Берген ғой біреу кеңесті: «Сырыңды соған ақтар», – деп. Түстеніп, қонып, аралап, Келіпті шалдың еліне. Жолықты дейді дана қарт Сақалы түскен беліне. Айтыпты бүкпей расын, Жеткізген сырын ұтырлап.
Балладалар Кешер ме Тәңірі күнәсін, Тозақтан қалай құтылмақ?! Шал айтты: – Балам, бар айла! Бақ өсір шөлге, жайқалсын. Еңбегің келсе орайға, Өзің де бір гәп байқарсың! Жеміс жеп, шөлін басқандар Аямас сенен дұғасын. Иманың шалқып, аспандар, Тозақтан күймей шығасың! ...Абызбен қимай қоштасты, Баябан шөлге беттеді. Даламен жақын достасты, Жарқылдап күнге кетпені. Жанына тыным бермеді, Күйдірген аптап, от демей. Моншақ та моншақ терледі Еккені еш боп, көктемей!.. Әкелген барлық көшетті: Шабдалы, алма, қараөрік. Шығарған іштей есепті, Шығатындай-ақ бәрі өніп! ...Осылай болар деп пе еді, Дақылдың сырын кім ұққан? Судан да кенде етпеді, Шығармен айдап құдықтан. Парызы қалай өтелмек, Бақандай бес жыл қалды артта. Белін де алды бекемдеп, Тозаққа тура бармаққа! Сондай бір сәтте қиырдан Көзіне қара іліккен.
Темірше Сарыбаев Пірлерге диқан сыйынған Жарқ ете қалған үмітпен. Жолаушы сырын сездірмей, Көрсеткен бұған паң қылық. Қорлады мұны көзге ілмей, Сәлемін жерде қалдырып! Қолында дойыр бүктеулі, Сермесе қаны сау етер! – Қырқының қаны жүктеулі, Қырық біріне?.. Тәуекел! – Деді де, әбжіл жалаңдап, Ізінен қуды әлгінің. Тірлігін тұздай тәмамдап, Оп-оңай шепіті «тағдырын». Оралса – бағы мәуелеп, Самсата салған жемісті! Диқанның көңілі әуелеп, Түзеді қартқа өрісті. Тыңдапты қарт та көп көрген Әр сөзін әдеп, байыппен. – Өтіпсің, – депті, – өткелден, Жаныңды жалдап қайықпен! * Ол сенен есен кеткенде Шайқалар еді құт анық! Межелі жерге жеткенде Кетуші ед соғыс тұтанып! Ібіліс еді ол әуре еткен, Үркітіп бақты қонатын.
Балладалар Бұл жолғы қырғын нәубеттен Қырық мың құрбан болатын. Риза боп әлгі ісіңе, Төккен ғой Алла бауға нұр! Шәк қойма Хақтың күшіне, Сәждеге жығыл, Тәубе қыл! Озбырдың алдын он орап, Ождансыздарға жол берме! Дулығаң доптай домалап, Қалса да басың сол жерде! Жауың да пәс боп кішірер, Қалдырмас сені үлестен. Қадіріңді ит те түсінер, Ізгілік үшін күрессең! Сабырды сая тұт, балам, Шыдамнан асқақ шың да жоқ! Өрттен де өзім құтқарам, Сөз емес лаулап тұрған от! – Депті де қария, біртіндеп Айнала берген ғайыпқа. Жүрегі соққан жұртым деп, Жырламау қартты лайық па?! * Білмесең бізді шаршатпа, Сөзге бір сақи, жомартым. Жүгіртіп жүрміз сан-саққа, Қыдыр екен ғой со қартың!
Темірше Сарыбаев СҮЙЕДІ ҚАЗАҚ ӨЗІҢДІ Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа Аруақты орын, Қашаннан киелі қазақ! Бітімі бөлек, Сыры ерек, Сүйегі ғажап! Айдай әлемге танылған Адалдығым деп, Сүйеді, аға, өзіңді, Сүйеді қазақ! Табуға бекіп Қалайда бip ағат icтi, ІV бөлім. Портреттер
Портреттер Алтынға қоспақ ойлары Сыналап мысты. Эфирден айтты, Күпілдеп, Газетке жазды, Ізіңе күн-түн, ағатай, Шырақ ап түсті. Іздеді ақ тер, Көк тер боп «Алтын қойманы!» Қамыңды іштей қайысып Халқың да ойлады. Жаны жомарттың қашанда Мұраты асқақ. Жүрегі, Ici, Ниеті – Жарқын ғой бәpi! Жарқын ғой бәpi Жүрген жол, Өткен іздері. Халқына шалқып жататын Көк теңіз көңілі! Елінің қамын ойлады Ерте де, Кеш те. Көркейсін деді, Жұртына көктем іздеді. Жоғары қойған о бастан Алтыннан арын. Өзгенің қайтсын, Қыңыр ой, Салқын қабағын?! Ұждан мен Ардың – Әлемдік өлшемі өзің, Ұрпақ алдында мәңгілік Жарқын жанарың!
Темірше Сарыбаев Аруақты орын, Қашаннан киелі қазақ! Бітімі бөлек, Сыры ерек, Сүйегі ғажап! Айдай әлемге танылған Адалдығым деп, Сүйеді, аға, өзіңді, Сүйеді қазақ! CӘKEH TIPI Сәкен тipi! Әлі жүр Магаданда, Оның жайы белгілі бар адамға. Сол баяғы сүйріктей сұлу қалпы, Көз тоймайды-ау көркіне қарағанда. Сәкен тipi! Сөнген жоқ жұлдыздары, Түк те еткен жоқ Ciбipдің түнгі ызғары. Оққа байлап тұрғанда ойда-жоқта, Алып ұшқан аққу боп үр қыздары. Сәкен тipi! Аспан кең ұшар ұлға, Көрдім мен де Делидің ұшағында. Қара мұртын қияқтай таулай түciп, Отыр екен... Бip топ қыз құшағында. Сәкен тipi! Сенбеңдер жатқа ағайын, Ақ бұғағы үлбіреп мақтадайын. Қап-қара түн қойнауын жап-жарық қып, Иман-нұрын төгіп тұр аппақ айым!
Портреттер Сәкен тipi! Қазақтай eлi барда, Өлді деудің, айтыңдар, жөні бар ма?! Ол көнбейді, ешқашан еңкеймейді, Түскен де емес – қысыр дау, бөpi ылаңға. Сәкен тipi! Мәлім бұл – бар Алашқа, Кім тоқтатар ақынды талабы асса?! Көргендер бар Сәкенді күні кеше, Қызылжарда, Жаңаарқа, Жалағашта! Сәкен тірі! Аулақ жүр, атан қайғы, Жарық күнде жыр құлап жата алмайды. Ол өлмейтін аңызым мәңгі менің, Аңызымды ешкім де ата алмайды! ӨЛЕҢНЕН ОРДА ОРНАТЫП Тайыр Жароковтың 100 жылдығына Жаманға сырды ағытпай, Заманға жанды қарытпай. Мінбеде мүлде өзге едің, Қиялдан туған алыптай. Жанарың жалт-жұлт шоқтанып, Шоғыңнан жұртқа от дарып. Тайыры шықса ортаға, Таңданбай қалған жоқ халық. Қияға самғар қырандай, Теңселіп, толқып тұра алмай, Жырыңның жойқын eкпіні, Ecтілуші еді ұрандай.
Темірше Сарыбаев Қаққанда шабыт-қанатын, Тыңдаушың ләззат алатын. Әр сөзің алмас қылыштай, Жайтаңдап, жарқыл қағатын. «Тасқынды» қай күш бөгемек?!. Асауды міндің өрелеп. Айызын көптің қандырып, Айтарыңды айттың шегелеп. Бұйдасын тарттың бip көштің, Дәуірмен даусыз үндестің. Аймен де жалғыз сырласып, «Күнмен де өзің тілдестің». Алыстап жастық албырт күн, Санасын cepпiп салғырттың, Ындынын шөлдің ылғалдап, «Жапанда орман жаңғырттың». Қолымен отты күреген, Темірбектерің – тірі өлең! Лебімен шойын балқытып, Еліне ырыс тілеген. ӘБДІЛДАҒА Қазақы қара өлеңнің қайнар бағы, Алдыңда жыр оқымас айлам кәні?! Армысың, Алатаудан алып ұшқан Әбекем – поэзия пайғамбары! Шынарсың жел өтіне шыдап біткен, Арнасың бастау алған бұлақ біткен. Ініңмін, бас ұстасаң, асатар деп, Жыбырлап жұтқыншағы құлақ күткен.
Портреттер Жомарт жан, Мәрт махаббат, Мырза жүрек, Халқыңды ғұмыр бойы риза ғып өт. Екпінің көк дауылдай басылмасын, Сарнаған солқылдатып құздан үдеп. Бетке алып мен де жырдың жез алаңын, Ерте ме, Кеш пе – ақиқат сөз аларым. Айбарлы жырыңды оқып, Олқы жазсам, Өзіме, жан ағатай, өз обалым! ПАЙҒАМБАРЫ ПЕЙІЛДІҢ Сәбит Мұқановқа Тілін тапқан ата менен баланың, Жырын шерткен ескі менен жаңаның. Қанға сіңген қасиетім ол менің, Қастерлеңдер ардың алтын қаламын! Қағазға да, қашап жазған тасқа да, Қамқор болған жарлыға да, ашқа да. Сәбең менің – шежірем мен тарихым, Тарихымды таптатпаймын басқаға! Атын ӘЛЕМ ардақтаған арысым! Қуаныңдар арысыңның бары үшін. Көрпе астынан күңкілдеген кім анау, Халқым саған қорлата ма намысын?! Тыйыл! Жоғал! Үн шығармай, өш бірден! Сендей-сендей толып жатыр көшке үрген. Асылымды аспандату үшін мен, Ақыл сұрап көргенім жоқ ешкімнен!
Темірше Сарыбаев Қопаңдамай, сәл басылшы, құл-барақ, Шырылдатпа шындығымды жұлмалап! Таупықсызға талатпаймын тірімде, Періштемді сәруар-сәуле, нұр-қанат! Дейтіндей-ақ: «Көкте – Тәңір, Жерде – Мен», Ондай қазақ бұл жалғанда кем де кем! Кедейлердің бұрқыраған вулканы – ол, Жалын атқан жанартау ғой сөнбеген! Күнге көлбеп, айға шалқып алауың, Желбірей бер, менің «Жұмбақ жалауым!» Күресінге шығып қалар күні ертең Бүгін саған шүйіргендер танауын! Қағып-сілкіп құс төсегін зейіннің, Айттым – бітті, тұманымнан сейілдім! Күндемеңдер, тілдемеңдер, тірілер, Ең ақырғы пайғамбарын пейілдің, Ең ақырғы пайғамбарын пейілдің! МАРИЯМ МҰҚАН КЕЛІНІНІҢ МОНОЛОГІ Алмасса да неше күз, неше көктем, Секілдісің қасымнан кеше кеткен. Сағындым ғой, Сәбем-ау, аңқылдаған, Сенен хабар келмейді не себептен?! Сарғаяды бұл күнде санамда мұң, Ақтаруға асығам саған бәрін. Қазір келіп қалардай қысыламын, Жинайтыным – қағазың, қаламдарың. Сүртетінім – кітабың, сауыттарың, Қажетіңнің тыншимын тауып бәрін. Күн батқанша күйбеңдеп, сілелеймін, Сезем сосын алдымда қауіп барын...
Портреттер Көз алдымда күлгенің, шаттанғаның, Шаттанғаның – шалқып сыр ақтарғаның. Елесіңмен күн кешем ертелі-кеш, Кәрілікке дауам сол – тапқан дәрім! Тілеп алып әлі де басыма әлек, Қарайлаймын қазанға, асыма көп. Дастарханның бір шетін ала отырам, Сен шынтақтай кетердей қасыма кеп. Мен де аунармын, рас-ау, ақтанкерден, Үмітім бар өздерің жатқан белден. Арманым жоқ, атыңды ардақ тұтар Халқым үшін мың тәубе, мақтан көрген! Опа берер кісіге ой қаншалық, Кейде күдік кетеді ойран салып. Қолтығымнан демей бер, рухыңменен, Асқар тауым, айбыным, қайран Сәбит! ЖЫР-ЕСКЕРТКІШ Қаныш Сәтбаевқа І. Қалдырып қапталдаса ұмтылғанды, Соғайын сом алтыннан жыр-тұлғаңды! Ұлтының ұранындай ұлдар үшін, (Өзімнің осындай бір ғұрпым бар-ды). Тау – бітім, Мұхит – білім, Дара – тыныс, Қарсақбай, Жездісі анау – қанаты мыс! Қарап тұр Ұлытаудан Қаныш-ғалым, – Көксүңгі – жақпар-жақпар жаратылыс!
Темірше Сарыбаев Шабыт ап сәуле шашқан қалалардан, От ойнап омырауынан ағады арман! Жапырып жау біткенді жалғыз өзі, Батырдай шың басында дара қалған! Тулаған ту сыртынан төңкеріліп, Қолымен қою бұлтты серпе жүріп, Гүл-десте жинап жатыр найзағайдан, Айт елге, Жеткіз жұртқа Ертегі ғып! Болмысы – жалыннан ба, жасыннан ба?! Қарасаң, қызығасың асыл жанға. Барады бірте-бірте биікке өрлеп, Бұрқырап будақтаған ғасырларға. Жалғаған жер мен көкті – мұранасың! Қасыңда «Я, құдайлап» тұр Алашың! Сан ұрпақ бізден соң да дүркін-дүркін Қастерлер пайғамбардай ғұламасын! Ғылымның көк тіреген Хантәңірі! Халқымның, асқақтай түс, арқалы ұлы! Соға бер, солқылдатып Қаныш-жүрек – Қазақтың даласының қан тамыры!!! ІІ «Нарық» дейді... Бақытым ба, Сорым ба?! Қарауға да қаймығамыз қорымға! Кеше ғана өзің ашқан иен байлық Жарқылдайды бүгін жаттың қолында! Жеткізе алман аз сөзбенен мұны дәл, Үндемесем, қасіретімді кім ұғар?!
Портреттер Тәңір сыйы – тәубесін де тәрк етіп, Тойдым дейтін емес әккі-ұрылар! Көп көргендей ақыл-ойдың жарығын, Қауызына тықты әкеліп тарының! Көкірегіне күн қондырған ғалымдар Не болар білмей сарсаң халінің! Толтыра алмай алпауыттың өңешін, Жинай алмай жатыр жерде ел есін! Толқындары тоғыз валдық нарық-нән Шайқалтып тұр Бостандықтың кемесін! Кешір, аға, шарпып кетсе өрт лебім, Айға қарап ұлиды ғой көкбөрің! Қолбаласы емес едім қайғының, Ел мұңынан есі шыққан дертті едім! Шер шиырдым, тәубе дедім, тоқтадым, Дем таусылмай, тарқамайды көкпарым! Қалбаңдаған қазағым бар – Ақ Еділ, Халқым барда еш нәрседен жоқ қамым! Қаныш – дария, Қаныш – қия, Қаныш – күн! Осы болды, жайнап түскен бар ұшқын! Жамбасыңа мамық болсын жыр-дұғам, Хатнамасын аяқтадым ғарыштың!
Темірше Сарыбаев ЗЕРГЕР Ғабит Мүсіреповке Қашадың шекіп сөзге өрнек Тілімен туған халқыңның. Саралап, екшеп, безбендеп Күмісін, Мысын, Алтынын... Көздің де майын тауыстың, Жасамай жанға іштарлық. Ойлармен оқшау қауыштың, Не деген ғажап құштарлық?! Сөзіңнен сәуле жарқылдап, Сезімге шұғыла шашқанда, Меңіреу мұз бен қар тұрмақ, Балқыды-ау қара тастар да! Бықсыды шала шалғайда, Көмейде қанша кетті дау?! Тамызда кепкен таңдайға Тіліңнің балын төктің-ау! Аранын көрдің аштықтың, Нелерді бастан өткердің. Куәсі болдың қастықтың, Бүлк етпес бедеу беттердің... Жүйкеңді жүрді мұң қажап, Кенде емес едің қайраттан. Сендей-ақ болар бір қазақ, Сөзінен жұлдыз жайнатқан. Таймадың тура жолыңнан, Мансапқа, шенге кішірмей, Өлгенше кеттің қолыңнан Шындықтың туын түсірмей.
Портреттер Бетті бір түзеп күнгейге, Қақтың-ау қанат, қыраным. «Кездеспей кеткен бір бейне» – Кезекті Еркебұланың. Басталды тойың ас та төк, Болды, аға, кезің аялдар. Табақтап шашу шашты әкеп, Ақтоты, Ұлпан, Баяндар... Қатайып алды Қарабай, Туып тұр соның заманы. Сәлемге түзу жарамай, Қолыңды селқос алады. Қодарың алды малды айдап, Айта алмай жүрміз ұры деп. Аузында соның балқаймақ, Қолында соның құдірет!.. Алдыңнан шыққан алқынып: – Алдияр! – дейді жас қауым. Іздеген талай шарқ ұрып, Сағынып алтын бастауын! Елжірей күткен елің бар, Шомылып шарапатыңа. Бусанып жатқан жерің бар Бостандық алақанында! Бодандық қалған адыра, Өзіңде бақыт-ұшпағың. Ғабеңді мінгіз тағына, Тәуелсіз Қазақстаным!
Темірше Сарыбаев АЗАТТЫҚТЫҢ АТАСЫ Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай Кәрі тарих жорғасынан жаңылып, Ұлы рухтың тыныс-демі тарылып, Қарт қазақтың қабырғасы ырсиып, Бабалардың болған тұсы бәрі ұмыт. Түнек басқан, түк көрмеген дала деп, Кремльден күнде есетін «жаңа леп». Жүз ұлтқа жүрек болам деп жүріп, Бордай тозған барша ғұрып, бар әдет. Октябрь деп, Ленин деп жырлатып, Бізге біраз бұраңдады-ау бұл бақыт. Сауаты жоқ, саңылаусыз елсің деп, Ертегісін мезі қылған тыңдатып. Сәулелінің санасында қатталған, Көкіректе қан-жоса боп жатты арман. Батыры жоқ, баланы жоқ ұлттың Жаназасын шығаруға шақ қалған. Сонда Ілияс қалам тербеп «Қаһарға», Ұлы рухты қайта қосты қатарға. Күншілдердің күйік кеулеп кеудесін, Ойшыл ұлды оқ таппапты атарға. Туған елдің толтыратын кемісін, Қазағымның көп екен ғой ері шын. От қаруға омырауын тосыпты, Шейіт болып ұлтарақтай жер үшін. Бөлінбейтін бір деп жүрсек еншіміз, (Мүмкін, мені-ақ қателесті дерсіңіз). Зілзаласын зеңбірекпен зулатып, Көресіні көрсетіпті-ау көршіміз.
Портреттер Барып-барып басыр көздер ашылды, Қайта ояттық қалғып кеткен ғасырды. Енді өлдім-ау деген сәтте, Ілияс Өрге қарай домалатты тасымды. Сөз бе бүгін тарихтың қатасы?! Сөз бе бүгін саудагердің матасы?! Бар қазақты күллі әлемге паш еткен Ілияс қой азаттықтың атасы! БАУЫРЖАН Жыр-бейне Бұрқ етіп бір бұрылса бура бетпен, Найзағай – қос жанары турап өткен! Дауысы күн астынан күркірейді-ау Тәңірдей жаңа түскен тура көктен! Өзендей өрекпіп ап мың ат кешкен, Тау ығып, екпінінен бұлақ көшкен! Шенді ме, Шекпенді ме – шаруасы жоқ, Айтарын тоғыз толғап, Бір-ақ кескен! Арқалы арғы атасы Көк Түріктей, Тұра алмас жалын шашпай, от бүрікпей! Арқардай омырауы оқшау тұрар, Көмпиген көмештермен көп бірікпей! Жалт етсе, Жанарының сұсы қандай?! Қадалса, қалтыратар, ұшырардай! Адам ба?! Аруақ па?! Аң-таң қалпың, Тұрасың ә дегенде түсіне алмай?
Темірше Сарыбаев Неткен күш?! Неткен жігер?! Неткен сенім?! Сөздің де сорғалатып төккен селін! Халқының даналығын аспандатқан: «Әр қазақ бауыр етім, – деп, – бөлшегім!» Қалжыңмен қағытқанда қатарласын, Білетін қайтып бері бата алмасын. Алқада арқа-жарқа масаттанып, Күлімдеп, көтеруші еді атан басын! Ұлтының қаяу салмай мәрттігіне, Күнмен – күн, таңмен – таң боп атты бірге! Жампорсу, Жағымпазсу – жанына дерт! Маңына жолатпайтын жатты мүлде! Папахы – Алатаудың дара шыңы, Қазағы, қайран жұрты – бар асылы! Сыртынан сұқтанатын сұлулар да, Дос-жары көп болатын, жанашыры! Өмірдің тосты алдынан сан сынағы, От кешті, оқтан да, рас, қансырады! Ажалдан, алапаттан алып шықты Ақылы, Өр қайраты, Нар шыдамы! Жалғанды жалпағынан жаншып өткен, Бұтағы ең қарағайдың қарсы біткен! Қайтейін, қамау терін кезінде алмай, Түбіне хас тұлпардың қамшы жеткен! Білмесем, мен ештеңе демес едім, Жұлдызың кештеу жанды неге сенің?! Өзіңді иісі қазақ айбын тұтқан, Елдің де көшін түзер егесі едің!
Портреттер Бәрі өтті... Өң мен түстей өтті бәрі! Тарих мойнына алды көп кінәні! Жанымды қоярға жер тапқызбайды Солақай сол дәуірдің соққылары! Ұрпаққа – ісің үлгі, Атың – ұран! Абырой суси қоймас тақымыңнан! Күн туса қысылтаяң, Жасынша ойнап, Жарқ етіп шығардайсың шатырыңнан! Бізге де таяу шығар бір жақсылық, Қайтеміз ашық күнге мұң жапсырып?! Ұлтыңды, Нәсіліңді, Зәузатыңды Жіберер бір Бауыржан жымдастырып! Күндесін, Күңкілдесін күдіктілер, Көңіліне имандының үміт түнер! Бауырына ап бар қазақты екі ұдайда, Бауыржан деген даңқың Біріктірер! ТАУЫМ ДЕСЕМ, ЖАРАСАР Хамит Ерғалиевке Сан өткерген басынан сұрапылды, Асқақтатқан жырымды – мұратымды. Хан көтере алмасам ұлы ақынды, Қырқамын ба, қайтемін, мына тілді?! Тауым десем, жарасар, далам десем, Кімге қалай, білмеймін, маған – көсем.
Темірше Сарыбаев Сексен, саған ризамын, қамқаға орап, Қауыштырған халқына Хамаңды есен. Күміс емес, жез емес жалтыраған, Алдыңда отыр ақ шашты алтын адам. Үй ішінде жөткірсе, сырты жым боп, Тағындағы талайлар қалтыраған. Сыр жасырмай, халқынан мұң жасырмай, Құйған жыры тұп-тұтас тұлғасындай. Оқта-текте қарайды одырайып, Шырқау шыңның тәкаппар құлжасындай. Тамыр тартқан туасы күй мен жырдан, Хамаң, Хамаң – Құдайым үйген қырман. Бақ та, даңқ та, Байлық та құзырында, Тәңір несін аясын сүйген құлдан?! Қолға қалам алғанмен құнжыңдасып, Жөнелмесі белгілі жыр жымдасып. Алпыс жылдай алдаспан зауытының Күркіретіп көрігін тұрдың басып. Шаршадым деп ешкімге шақпас мұңын, Тұлпар-қалам тыпыршып, таппас тыным. Төне қарап тұра бер тас төбемнен, Алатауым, айбарлы ақбас шыңым! ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВКЕ Басыңа орнап алтын бақ, Деміңмен қазан қайнатып. Сөзіңнен оттар жарқылдап, Тұрушы ең залды жайнатып. Тылсымның ғайып күшіндей, Тыңдаушың түгел арбалып.
Портреттер Жырыңды жерге түсірмей, Қанатыңда, аға, самғадық. Кім жетер, көкте ұшқасын, Ағушы ең, аға, бөгелмей. Жай сөзіңді де тұстасың, Қабылдаушы еді өлеңдей. Тарпыған жерді жыр-шырақ, Жарыссаң жүрдің қара үзіп. Тозаңның бұлттай бұрқырап, Жанардан жасты ағызып. Еліңді кеттің ырза ғып, Басталды өлең-өмірің. Жұлдызың көкте тұр жанып, Өлді деп айтар сені кім?! СӘКЕН ИМАНАСОВҚА Жан-жағымда жоқ-жұқалау жұрт – десіп, Аспанға да алаңдайсың шұрқ тесік. Дара шыңдай дағдарып та тұрасың, Ойға оранып, белуардан бұлт кешіп. Арда қалпың, Елден ерек мінезің, Жүз ақынды жоқтатпайсың бір өзің. Көлгір көрсең көтеріліп кетесің, Өз қолыңмен өлтірердей тірі езіп. Кімге опа берер дейсің қу жалған, Қу жалғанды қуа-қуа туды арман. Туралықтың шарығында қайралып, Шарболат ең шабуылда шыңдалған. Әр сөзіңнен табатындай халқың бақ, Әрлеп, нәрлеп, әшекейлеп, алтындап.
Темірше Сарыбаев Биік-биік мінбелерден шалқып бір, Жыр да оқыдың найзағайдай жарқылдап. Алты алашқа түгел түскен жарығы, Өзің едің – адалдықтың Ар ұлы. Көшеге ілген суретіңді көргенде: «Қайтты-ау, – дедім, – қаламының қарымы». Қоя тұрып: «әттең-айды», «беу-беуді», Доғар мүлде «шал боп қалдық» деуді енді. Кең төсінде жұлдыздары самсаған, Көтер көкке көк аспандай кеудеңді! Жыр-жалынын азайтпасын өрт күшің, Інімнің бұл ілтипаты деп түсін. Қызуы мол, қызығы алда қыруар, Сәкен аға, құтты болсын жетпісің! ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВКЕ Той – мынау! Құрып жатқан салтанатын, Төрде отыр төбедей боп арқалы ақын! Тәж киген теңеулерім тайғанақтап, Артқан жүк батқаны рас, арқама тым! Не нәубет?! Тіл байланып, жақ қарысқан, Бәйгеден қалғаным ба, ат жарыстан?! Қияға қиялап-ақ салып едім, Жолымда жойқын жалды жатты Арыстан! Тулайтын өнбойымда ағылып күш, Жақсының елгезек ем жанын ұққыш. Көкке де көтерілдім көрейін деп, Төбемнен төнді алапат Самұрық құс!
Портреттер Әп-сәтте есім шықты айлам қалмай, Шырмалдым, қол-аяғым байланғандай. Тылсымның түсінбедім жұмбағына, Сау едім жаңа ғана сайрандардай. Тірліктің састырғанмен сан қиғашы, Өлеңнің мен білмейтін бар ма ұйқасы?! Жерге түс, аспанға шық бәрі-бәрі, Түп-түгел Өтежанның орбитасы! Үй алмай, орден алмай, атақ алмай, Мұныкі не құдірет матағандай?! Қақшиып отырады қалт жібермей, Баяғы қарт бабасы Қашағандай. Тәкаппар, «тентек» ақын туысынан, Шыжымдап шығармайды уысынан. Толқыны төңкеріліп дөңбекшиді, Теңіздей айдынынан бу ұшырған. Дауа жоқ! Көп оқиды, көп біледі, – Обалың өзіңе, інім! – деп күледі. Көгерген қолжазбасын күнге қақтап, Ұяттың алауына кептіреді. Ұлы ақын, таныс тұлға, таныс есім, Сөзінің бәрі – бұйрық, бәрі – шешім! Екі ауыз есендігін білу үшін, Еріксіз екі құты дәрі ішесің! Сартсың ба, сауансың ба-ау тері сатқан, Қойшыдай құтың қалмайды бөрі шапқан. Жап емес, арық емес андыздаған, Дарияға не істемексің «Теріс аққан»?! Түскен өрт кері шықпай өзегінен, Дауылын дәрменім не сеземін мен. Безердей берекесіз күй кешсе де, Талақ қып кете алмай жүр өз елінен.
Темірше Сарыбаев Егессе – ырғап та ұрған, бұлғап та ұрған, Шарт үзген шыдамыңды шыңылап тұрған. Мықтымен теңге тігіп айтысам деп, Бәстесін бес минутта-ақ құм қаптырған. Тәңірдің өзі орнатқан таңдайға ақық, Сөнсе де сөкпес едік жанбай жатып! Айбынтар асып-тассаң Алшаң басқан, Алдыңда ағаң бары – қандай бақыт!!! ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫҢЫ (Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бердәулетовке) Сөзге кетіп көрген жоқ бұрын да есем, Артық айттың – деме аға, – пірім десем. Сіз шындықтың шыңысыз көк тіреген, Биіктікке бола ма бүгілмесем?! Есімде аға, жасымнан жарқын атың, Жақын жүрдің жаныңмен халқыңа тым. Көтерілсең мінбеге күн күркіреп, Шешендікке сілтідей зал тынатын. Атқан оқтай, пікірдің дәлдігімен, Бағың да аға, биіктен жанды білем. Найзағай тіл төбеден жалт ойнатып, Талайларды-ақ есінен тандырып ең. Қопарылса мұзтаудан құлап көшкін, Қаһарына тұра алмас шыдап та ешкім. Қарсыласса қинамай, қидаламай, Айтарыңды айшықтап бір-ақ кестің. Темір-талап, сол қалпың, темір-тәртіп, Өзгерісті көрмеппін өңінде артық.
Портреттер Жақсы ағаны қолтықтан демеу үшін, Мақтанатын жөнім ғой менің шалқып. Тәрбием де – өзіңсің, тәлімім де, Бауырымсың шығарда жаны бірге. Алматыда, алыста, жүргеніммен, Айбыныңнан қаймығам әлі күнге. Жарқылдай бер, жан аға, – ақ алмасым, Ақ алмас боп әу баста жаралғасын. Туралықтың тұрғасын туын ұстап, Кім бар қане, имейтін саған басын?! ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ Мардан Байділдаевқа Төктің терді күндіз демей, түн демей, Төктің терді ұрандамай, үндемей. Өзгелердің атақ-даңқын күндемей, Өз атыңды шығару да – бір мерей! Бабалардан бізге ауысқан ғұрып бұл, Тәліміңде тектілігің тұнып тұр. Керейт те емес, Кете де емес, керексе, Қазақ деген бола білдің ұлтқа ұл. Көзін ашып бес ғасырлық көмбенің, Нар халықтың тірілтем деп өлгенін. Өзіңді-өзің аямадың ақыры, Өзегіңнен сарқылғанша өр демің. Бұтақтары иір біткен қарағай, Жаңалыққа жарқыл қақтың баладай. Алты Алашты бауырыма басам деп, Баласына қарамаған ағам-ай! Көне өнерді көтермелеп қолтықтан, Жүрегіңді жаулады жыр, толқытты ән.
Темірше Сарыбаев Сен болмасаң Ұлы рухтан айырылып, Ақи-тақи қол үзуші ек Қорқыттан. Жалғап жатқан екі дүние арасын, Мардан, Мардан – көк тіреген қара шың. Сексен де емес, тоқсан да емес, жүз де емес, Мыңға да ертең маң-маң басып барасың. Мәңгілігің құтты болсын, ағашым! ЗӘКІР АҒАҒА АШЫҚ ХАТ Қыран ойын қия шыңда түлеткен, Қарсы келсе, Қағаның да дір еткен. Гүлдей нәзік, Таудай асқақ қалпында Құдірет бар маған жұмбақ бір өктем! Жай жүріп-ақ аяғының ұшымен, Кішіліктің ханды ықтырар күшімен, Сөйлескенде бір қырындау тұрып-ақ, Басады-ай кеп кісіліктің мысымен. Бәрі өзіндік: Сөйлегені, Күлгені, Сыр суырсаң кеңдеу ашып іргені. Байлық жайлы бас қатырма алайда, Әңгіме епте үлде менен бүлдені! Оған бір шорт, Түсін мейлі, түсінбе! Тұрады ылғи сол патшалық күшінде! Дәуірлердің дауылы ойнап қанында, Замандардың запыраны ішінде. Мың бүктеліп, Жүз ширығып толқыған, Сейілмейді, сейілмейді-ау сол тұман...
Портреттер Жып-жинақы, тап-тұйнақтай тұрысы, Шоқ басқандай шоршып олпы-солпыдан. Сен өзгерсең, ол айнымас қалпынан, Сыра ерсе де, сөз ермейді артынан. Іш деп едің, ішке кетті жүз грамм, Ағалардың қорыққан соң шартынан. Жақсыларды кім жеңеді дауласып? Жақынымен кім жатады жауласып?.. Айтпа дедің, айтпағаным – осы өлең, Ақындардың келеді, аға, аузы ашық! ІЗІМДЕГІ ІНІЛЕР Жүрсін Ерманға Анаңды көрдім сұраған сені Жаббардан, Жарыңды көрдім жайып сап жанын ақтарған. Сонау жылдары Сәтбаевтағы жас Жүрсін, Жалаң төсіңде жамырап қанша жатты арман?! Анаңды білем жалғызға медет тілеген, Жарыңды білем жайыңды ойлап жүдеген. Әпкеңді білем, білемін Сақыпжамалды, Жапырақ жайып, жайқалып өскен бір емен! «Жүр, – дедің, – Темке, мен туған сонау елді көр!» Еліңде, ой-хой, жігіттер қанша жөн білер?! Аңқылдап шықты алдыңнан абзал достарың: Шынболат, Мұхтар, Орынбек, Амангелділер! О, неткен мейірім, о, неткен ғажап өнеге?! Көтерудей-ақ көтерді-ау бізді төбеге! Бағланның еті... Арда емген ала тай сойды, Шалқарда жүзген шалқыдық ұқсап кемеге!
Темірше Сарыбаев Картаны айтпан... Қозғамай қойдым о жағын, Сол күндерді аңсап әлі де мойным созамын. Сен туған жерден аттанған едім сонда мен, Алтынға балап топырағыңның тозаңын! Жеріне Ері лайық туса – мерейлі! Көбісі – көбік... Бүлкілдеткенмен көмейді. Жарыста талай жарқылдап озып бәйге алдың, Алқаға түссең, аруақтарың жебейді. Жидебай жақтан жырыңа жар боп жатса Абай, Алпыстағы ағаң иеді басын ақ самай. Тарта бер, Жүкем, тоқсан мен жүзді бетке алып, Жалғанды жалғыз билеп-төстеген патшадай! БҰТАҒЫ ЕК БІР ЕМЕННІҢ Асқар Кіребайұлына Жүйрігі десе де жұрт Жалағаштың Бағына туған ұлсың бар Алаштың. Ел мұңы ет-бауырыңды елжіреткен, Қамы емес қамықтырған қара бастың. Сол үшін аласартпай аспаныңды, Кеудеңнен уыс-уыс шаш лағылды. Кенім деп кейінгі ұрпақ кеуде керіп, Жатқа айтсын жырларың мен дастаныңды. Көтерген көк байрағын ұлы өнердің, Бұтағы ек жарыса өскен бір еменнің. Тай мінсең, «тұлпар болсын» дейді қазақ, Кетпесін мойнымызда тілегі елдің. Қаңтармай, босат, Асқар, тізгініңді! Қитыққан заманың да жүз құбылды.
Портреттер Дүр етсін дария-жыр төңкеріліп, Дегендей: «Сең қозғалды, мұз бұзылды». Туласын толқындарың көбік шашқан, Қадамың құтты болсын сеніп басқан! Таланттар ел мен жердің туы десе, Ақжарма ақынымен көрікті аспан. Тұтасқан топырағыңмен тағдырың бар, Ағайын айналаңда «ал, құлымдар!» Сыйынсаң, аруағымен жебеп-желер Кешегі Кеңесбай мен Даңмұрындар. Аяғын тең тастаған тектім едің, Көңіліме өлең сыймай кетті менің. Алыстан, астанадан аңқылдаған Ағаңның олқысынба отты лебін. ЖЫР-ҒҰМЫР Көшеней Рүстембековке Өнердің жарқылы қаққан жиі өрінен, Асылдың жарып шыққан сүйегінен. Тамсантқан тыңдаушысын таңғалдырып, Арқалы, аруақты, киелім ең! Жырыңа берді баға ұлы ағалар, Ақындар, жазушылар, ғұламалар. Оқытты Москваға қаржы қамдап, Сертті ұл деп сөзінде айтқан тұра қалар. Тұлпардың тұқымы едің алтын жалды, Артыңда мәңгі өшпейтін даңқың қалды. Жалт еткен жай оғындай ғұмырыңа, Қана алмай қапаланып халқың қалды.
Темірше Сарыбаев Ажалдан кім құтылады – қыл тұзақтан? Күндер-ай, Көшенеймен түнді ұзатқан! Күміс үн көкке қарай самғағанда, Жырының екпінінен жұлдыз аққан. Өнерде өгейсіген бар ма қадір?! Ізіңнен шұбап шықты жалғаған жыр. Бел буып, тәуекел деп топқа түсті, Мінеки, Бидас, Барбол, Арбалы, Арнұр. Өкінсек тағдырыңа тастан қатты, Ел-жұртың қайта оралтты қашқан бақты. Атыңды алты Алашқа айғайлатып, Ардақтап алпысыңды аспандатты. Осыған бәріміз боп шүкір делік, Жыртылған көңіл қалды бүтінделіп! Қармақшы, тізгініңді тежеме енді, Жайғасты қақ төріңе құтың келіп! ҮЗЕҢГІ Берік Жүсіповке Бітірдің әнге әсемдік, жырға қанат, Күйіңді және жүрміз мыңға балап. Танимыз Жүсіпов деп салған жерден, Газеттен қолтаңбаңа бір қарап-ақ. Сенім де, сөз де сенде, тарланым-ау, Қырандай көгіңде еркін самға мынау. Жайнатар жан-дүниені жырың барда, Титімдей түспесі хақ арға қылау! Тұтасып шықпағасын өнер-білім, Мақам да марғау тартып, көнерді інім. Ысынан уақыттың тазартып ап, Жайқалтшы жырдың жаңа нелер гүлін.
Портреттер Қайта ақтар қабат-қабат ғасырларды, Қинасаң, қина соған асыл жанды! Тарту ет, таудай үйіп ортамызға, Аршып ап шаң-тозаңнан шашылғанды. Айтпаймын жайдан-жайға мен білмесем, Көңілім қош: «айтқаныңа көндім» десең. О баста сөнбей жатқан жалын еді, Жаным-ай, жарасар еді сен де үрлесең. Серпіліп серіппедей сілте, Берік, Жөнелсін жырдың жалы күлтеленіп. Сыймайсың алты Әлімнің құшағына, Етпесе өнеріңе ұлт егелік. Дауысың, тіфә-тіфә, жоқ құрлықта, Жасқанып шарпуынан оттың бұқпа. Алтыннан үзеңгіңді құйдым сомдап, Тәуекел, бір-ақ қарғы доктырлыққа! КӨТЕРЕТІН КҮН БҮГІН Рафаэль Ниязбекке Орны бөлек бұл күннің ойлы алашқа Жыр шашатын кеудеден қойманы ашса. Ақын келсе абырой бәйгесінен, Туған халқы тік тұрып тойламас па?! Жалынбады ол бағыңа келе гөр деп, Ойлаған жоқ даңққа бөленем деп. Іште жанған намыстың алауынан Отқа айналды оқыстан өлең-өрнек. Суық көздің қалмассың сұғынан құр, Толып жатыр дейтіндер: «ығынан жүр». Ырық бермеген ызадан ытқып шығып, Алатаудан атылды зымыран-жыр!
Темірше Сарыбаев Ракета боп зырлады бұрқақ шабыт, Құшақ жайып Қап тауы тұр қарсы алып. Сол қалпымен зулаған тесіп өтті, Зұлымдықтың кеудесін күл-парша ғып. Айырбастап қаруға қымбат жырды, Ардан безген қорқауды құм қаптырды. Жұлдыздарды бетке алып жанған қалпы, Сусар бөркін ғарыштан бұлғап тұрды. Жетті ақыры мақсатқа, мүддесіне, Көтерілді тәңіри мінбесіне! Рабайда бір туар мұндай сәтті Сыйғыза алмай сарсаңмын жыр кешіне. Қайтсін менің жүрегім соқпай қатты, Жөн сілтер ұл шынымен жоқ па айбатты?! Аламанға ат қосып арқа-жарқа, Көтеретін күн ғой бұл көк байрақты! АЛПЫСЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАһАРМАНЫМ! (Мемлекет және қоғам қайраткері Қаһарман Бабағұловқа) Бір кешкен тәтті өмірдің қатар бағын, Ақтаған бір бала едің ата арманын. Аңсары азаматтың – алтын тұғыр – Алпысың құтты болсын, Қаһарманым! Кердеңдеп кешкенімен белден алтын, Алпысқа келген талай, келген әркім... Әйтсе де туған жердің туын ұстап, Әйгілеу оңай емес елге даңқың! Тірлікте таусылған ба арман-мұрат?! Жаныңа жолатпадың жалғанды, жат. Рухын бабалардың асқақтаттың, Кешегі тар кезеңде қалған құлап.
Портреттер Жымдастың жастай Сырдың жыр-әнімен, Сүйсініп саған, інім, тұрамын мен. Әкелдің Алматыға тік көтеріп, Шулатып Шөмекейді ұранымен. Нөсерсіз жердің көгі құлпыра ма, Жұлқынбай той дегенде жыр тұра ма?! Ортаға олжа салдың топты жарып, Жетерлік ру емес, ұлтыңа да! Қол бұлғап қалды артыңда гүл көктемің, Ғұрпыңды, ата жолын кірлетпедің. Мақсаттан алға қойған айнымайтын, Қайтпайтын, қайыспайтын, бірбет те едің. Қарс түйсең қабағыңды шытынағандай, Қысқанын білмес жауың бұтын қалай. Әзілмен тақымға сап бір мытқанда, Қалады Тынышбектер тыпырламай. Әлі де арындай бер, ардакүрең, Жарқылдап жақын-жуық, жан жарыңмен! Жүзді де жалын сипап, жаратып мін, Ай маңдай, марал мүсін Ағданыңмен! Бәйгені бәстескенде сан ұстадың, Бала ғой бұл фәниде бақ-ұшпағың. Жолыңды жарқыраған жалғастырсын, Ізіңнен ерген қарғаң – Арыстаның! СҰЛТАН ҚАЛИЕВКЕ Кең жайып жалпақ елге жыр қанатын, Кезің бұл жас жігіттей нұрланатын. Мерекең құтты болсын, ең алдымен, Алпысқа жаңа үстемдік құрған ақын! Келесің көріп дәйім жыл жемісін, Еңбегің ел алдында гүлдеді шын.
Темірше Сарыбаев Риза «жасөркендік» журналистер, Ішінде сендей Сұлтан жүргені үшін. Қорытылған мінезің бар қорғасындай, Пішінің хас батырдың формасындай. Тұрасың топ ішінде дараланып, Аумаған шері Әлінің жолдасындай. Жыр тулап астан-кестең жүрегіңде, Келесің қызмет қып ұлы еліңе. Сиректеу сақал-мұртты қоя берсең, Ойнар ең Шыңғыс ханның рөлінде. Бірер жас болғанымен кішілігің, Ұлықтау дәрежең мен кісілігің. Қатеге тас кенедей қадалатын, Ұнайды маған сол бір ісің, інім. Жалғасып жалт-жұлт етіп мына күнмен, Жетерсің жетпіске де жыр-ағынмен. Мерейге мұнан да әрі бөлене бер, Жадырап, жаздай жайнап «Ұланыңмен». АЙТАҚЫН БҰЛҒАҚОВҚА Қуанып, тыңдаған жұрт нұрланатын, Шалдырма шаң-тозаңға жыр қанатын. Отызды өз отымен өртеп болып, Қырыққа енді үстемдік құрған ақын. Сорғалар қызыл тілден бал да, у да, Жылпосқа мұрша берме жандануға. Діттеген жерге сөзің тию үшін, Қайрат жи, қамды жаса қармануға. Сілтей біл сөз семсерін, майдандасың, Мақтауға елтіп басың айналмасын.
Портреттер Қайтуға орта жолдан ерге намыс, Халық үшін қаруыңды сайланғасын. Бөлексің өнеріңмен, болмысыңмен, Қарауды қалтыратқан сол күшіңмен, Аярды, алаяқты, арамдықты Соға бер сөздің зілді бомбасымен. Ақынның қуат-күші десек халық, Ел тойлар әр жасыңды есепке алып. Жұлдыз боп жыр көгінде жарқырай бер, Жұлып жеп, екі иықты көсеп қағып!
Темірше Сарыбаев МАЗМҰНЫ І бөлім. Дария-дәурен АРМЫСЫҢ, АҚ ТАҢ, ЖАРЫҚ КҮН.......................................................... 3 БОЛЫП ЖАТЫР НЕ СҰМДЫҚ ЕСТІМЕГЕН........................................... 4 ҚЫМБАТТАЙДЫ......................................................................................... 5 ДЕМ БЕРІҢДЕР, ҚАНАҒАТ ПЕН САБЫРҒА............................................ 6 ЕСІҢДІ ЖИ, ЕСЕРЛІК................................................................................. 7 ЖАҢА ӨМІРДІ ЖАПЫРАҚ БОП БАСТАЙСЫҢ....................................... 8 «АҚПАЙ»....................................................................................................... 9 СЫБАҒАМ ДА САРҚЫЛҒАНДАЙ АЛАТЫН........................................... 10 ТАЙЛАҚАРЫҚ............................................................................................ 11 ТАРАТЫЛҒАН ДЕПУТАТТАРҒА ОДА...................................................... 12 ЕЙ, ДҮБӘРА, ДҮБӘРА............................................................................... 13 АРАЛ ЖАТЫР, АРУ ЖАТЫР АЛҚЫНЫП................................................. 15 АҒАЛАР ОРНЫ БІР БӨЛЕК...................................................................... 17 ТЕРІС БАТА................................................................................................. 18 КҮН ЖАМАНЫ ЖОҒАЛАР....................................................................... 19 СОЛТЫМЫРЗА САҒЫНЫШТЫ АЙТАДЫ ӘН...................................... 20 КІМГЕ КЕРЕК КІСІЛІГІҢ, ПІРЛІГІҢ..................................................... 21 СТАКАН ХИКАЯСЫ.................................................................................. 22 ШАРАСЫЗДЫҚ ЖЫРЫ............................................................................ 24 ӘЗӘЗІЛ........................................................................................................ 25 ТҮСІНБЕДІМ.............................................................................................. 27 ҚАР ЖАУЫП ТҰР....................................................................................... 29 АЙ ТҰЯҚТЫ АТТАР-АЙ............................................................................ 30 ЖЫҒЫЛМАСАҢ, ТҰРМАСАҢ.................................................................. 32 ҮКІМ............................................................................................................ 32 ЖЕЛТОҚСАН ЖАЛАСЫНА ЖАУАП........................................................ 33 ШЫНДЫҚ – ТӘҢІР МЕН ҮШІН............................................................. 34 КІНӘЛІ КІМ............................................................................................... 35 ҚАРАҚШЫҒА ЖЕТКЕНДЕ СЫР АШЫЛАР........................................... 36 АРЫМСЫҢ МЕНІҢ, АЛМАТЫМ............................................................ 37 ТҮРКІСТАН................................................................................................ 38 ЖАЛАҒАШҚА ЖЫР-ШАШУ.................................................................... 40
АҒАЛАР ҚАЙДА?........................................................................................ 42 БОСТАНДЫҚ БАЛЛАДАСЫ (Айжарыққа)............................................... 42 ЖАМБЫЛ РУХЫНА СЫР.......................................................................... 44 ЕЛІК-АРМАН............................................................................................. 46 ЖАЗА АЛМАДЫМ КЕЗІМДЕ.................................................................... 48 ӨТІҢКІРЕП ТОҚТАДЫМ.......................................................................... 49 СЫР ТАРТПАЙ-АҚ ҚОЙ МЕНЕН........................................................... 50 ӨЛЕҢ ТУЫН АҚИҚАТ – ҚҰЛАТПАСЫМ............................................... 51 СЫР ШАШҚАН, АРМАН ҚУҒАН............................................................ 51 КЕШІГУ....................................................................................................... 52 АРМАН ЖОҚ, АДАЛДЫҚТАН АРЫП-АШСАМ..................................... 54 СЕНІМ......................................................................................................... 55 ТУМАЙДЫ ӨЛЕҢ...................................................................................... 56 БАҚ СЫЙЛАП БАБА ҚЫДЫРДАЙ.......................................................... 58 КІМ ТЫНШЫТАР КӨҢІЛІМДІ................................................................ 58 АУЫЛҒА КЕЛДІ ДЕ АЛҒАШ..................................................................... 59 АЛАТАУ СЫНДЫ АСҚАҚТАП... (Төлегенше)........................................... 60 ОПЕРАЦИЯ................................................................................................. 61 МҰЗ БЕТТЕРГЕ МҰҢ ШАҒЫП................................................................ 62 СЕН КӨШКЕНДЕ (Мақшар Азизовке)....................................................... 63 ЗАҢДА МІН ЖОҚ....................................................................................... 65 АБАЙ ДЕСЕ................................................................................................. 66 КІНДІККӨРМЕ.......................................................................................... 66 АНА-ҚАЗАҚҚА АНТ................................................................................. 67 ШЫБЫН ЖАНДЫ ШЫЖҒЫРАМ............................................................ 68 КИЕЛІМ...................................................................................................... 69 БОСТАНДЫҚҚА БАСЫН ТІКТІ БОЗДАҚТАР........................................ 70 ЖЕР САТЫЛМАЙДЫ!................................................................................ 71 IІ бөлім. Мазалай бер, махаббат ТАҒДЫРЫМА НЕ ДЕЙІН?........................................................................ 72 АУЫР ҒОЙ МАҒАН.................................................................................... 73 МАХАББАТҚА ШӘК КЕЛТІРІП.............................................................. 74 БІР ТАМШЫ ЖАС...................................................................................... 75 ШАРПЫҒАН ОТТАЙ................................................................................. 76 КҮТТІМ МЕН СЕНІ................................................................................... 76 УАҚЫТ-АЙ.................................................................................................. 77 АРАМЫЗДЫҢ АЛШАҒЫ-АЙ................................................................... 78 ТҰРАМЫН ТӘУБЕ ДЕП ІШТЕЙ.............................................................. 79 АЛАҚАНЫҢ СИПАП ӨТСЕ...................................................................... 80 КЕУДЕЛЕРІН КӨККЕ КЕРГЕН............................................................... 81 СИРЕНЬ ГҮЛДЕГЕНДЕ............................................................................. 81 СЕЗІМ-АЙ!.................................................................................................. 82 ЕЛЕС............................................................................................................ 83 СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРУ.................................................................................. 84 ҚАЛСЫН ДЕП ЖАН ЖАДЫРАП.............................................................. 85
Темірше Сарыбаев КӨК КӨЙЛЕК............................................................................................ 86 ШҰҒЫЛАҢ НҰРҒА БӨЛЕЙДІ.................................................................. 87 ҚАЖЕТІ ҚАНША ҚАЙТАЛАП?................................................................ 88 БАТАТЫН КҮНДЕЙ НАРТТАНЫП.......................................................... 89 МАХАББАТТЫҢ АЖАЛЫ......................................................................... 89 СУРЕТКЕ СЫР........................................................................................... 90 СЕН МАҒАН РЕНЖІМЕ............................................................................ 91 ҮЛГЕРЕМІЗ................................................................................................. 92 БОЛМАЙТЫНДАЙ ЖАНБАСАМ............................................................. 93 АШПАДЫ БАҚ ТА ЕСІГІН........................................................................ 94 СИРЕНЬГЕ САЯХАТ.................................................................................. 95 ӨЗІҢЕ ҚҰЛАДЫ ЕКЕН.............................................................................. 95 СЕН ДЕ МЕНДЕЙ...................................................................................... 96 СЕН БОЛМАСАҢ....................................................................................... 97 СЕН ДЕ ҚАТТЫ ҚЫСЫЛДЫҢ................................................................. 98 ТӨЗІМІМДІ САРҚЫП АП......................................................................... 98 ЖҮРЕГІМНІҢ ЖАҢЫЛҒАНЫН............................................................... 99 ЖАЗЫ ЛАЙСАҢ, КҮЗІ САРСАҢ.............................................................100 БОЙЫМДЫ БИЛЕТПЕУШІ ЕМ..............................................................101 ҚҰТТЫҚТАП ТУҒАН КҮНІҢМЕН.........................................................102 МАХАББАТТЫҢ АСПАНЫ......................................................................102 ДАРИЯНЫҢ АҒЫСЫНА..........................................................................103 ЕНДІ САҒАН КӨРГЕН ТҮСПІН..............................................................104 ХАТЫҢДЫ ЖОЛДА..................................................................................105 ЖАНАП ӨТІП, ЖАЛТ ЕТІП.....................................................................106 КӨКТЕМ ЕДІҢ..........................................................................................106 БАҚЫТ ҚОЙ..............................................................................................107 МЕН ҮШІН ТӨЗІП БӘРІНЕ....................................................................108 ДӘРІГЕР ҚЫЗ............................................................................................109 КӨП ТЕРГЕМЕ..........................................................................................110 КӨЗІМЕ НЕ КӨРІНДІ?.............................................................................111 СОЛАЙ........................................................................................................112 МЕН ДЕ ІЗДЕЙІН.....................................................................................112 ҚОС ҚАНАТПЕН.......................................................................................113 СЕН НЕТКЕН СҰЛУ ЕДІҢ?.....................................................................114 СЕЗІМІНІҢ СЕЛІМЕН.............................................................................115 ҚИЯЛЫМДА БІР ӨЗІҢ.............................................................................116 ҚАСЫМДАСЫҢ........................................................................................116 КЕШЕГІДЕН ӨЗГЕШЕ.............................................................................117 КӨКТЕМ ӨТІП БАРАДЫ.........................................................................118 ҚАПАЛАНБА.............................................................................................119 СӨЙЛЕ, ЖҮРЕК!.......................................................................................119 ЫМЫРАНЫҢ КҮНІ ӨТКЕН....................................................................120 БОЛУ КЕРЕК БІР ӨТКЕЛ........................................................................122 ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ............................................................................................123 СҰЛУДЫҢ АУЫЛЫ...................................................................................124 МЕН СЕНІ ТАНЫМАДЫМ......................................................................125 ӨРТ..............................................................................................................126
ІЗДЕДІМ АТҚАН ТАҢНАН......................................................................127 ҚАЙДАСЫҢ?.............................................................................................128 СЕН ҒАНАСЫҢ.........................................................................................129 СЕН МАҒАН СЕНЕСІҢ БЕ?....................................................................130 ШӘМШІБАНУ...........................................................................................130 ТУРА ЖОЛМЕН ЖҮРІП КЕЛЕМ.............................................................131 ӨТЕ ШЫҚТЫ ГҮЛ-ДӘУІР.......................................................................132 ЖАНАРЫҢ КҮНДЕЙ................................................................................133 СҮЙДІҢ ЕКЕН ШЫНЫМЕН..................................................................134 ЖЫРАҚТАСЫҢ.........................................................................................134 КЕШІКТІҢ.................................................................................................135 КЕЛДІ КҮТКЕН УАҚЫТ..........................................................................136 САҒЫНАМ СЕНІ.......................................................................................137 ТҮС КӨРДІМ БҮГІН.................................................................................138 ІІІ бөлім. Балладалар ДОСТЫҚ ХИКАЯСЫ................................................................................139 (ЯССЫ БАЛЛАДАСЫ................................................................................152 ІV бөлім. Портреттер СҮЙЕДІ ҚАЗАҚ ӨЗІҢДІ (Д.А. Қонаевқа).................................................156 CӘKEH TIPI...............................................................................................158 ӨЛЕҢНЕН ОРДА ОРНАТЫП (Т. Жароковтың 100 жылдығына)............159 ӘБДІЛДАҒА...............................................................................................160 ПАЙҒАМБАРЫ ПЕЙІЛДІҢ (С. Мұқановқа)............................................161 МАРИЯМ МҰҚАН КЕЛІНІНІҢ МОНОЛОГІ.........................................162 ЖЫР-ЕСКЕРТКІШ (Қ.Сәтбаевқа)...........................................................163 ЗЕРГЕР (Ғ. Мүсіреповке)............................................................................166 АЗАТТЫҚТЫҢ АТАСЫ (І. Есенберлиннің 100 жылдығына).....................168 БАУЫРЖАН (Жыр-бейне)..........................................................................169 ТАУЫМ ДЕСЕМ, ЖАРАСАР (Х. Ерғалиевке)...........................................171 ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВКЕ..........................................................................172 СӘКЕН ИМАНАСОВҚА...........................................................................173 ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВКЕ.......................................................................174 ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫҢЫ (К. Бердәулетовке)..........................................176 ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ (М. Байділдаевқа)..............................................................177 ЗӘКІР АҒАҒА АШЫҚ ХАТ.......................................................................178 ІЗІМДЕГІ ІНІЛЕР (Ж. Ерманға)................................................................179 БҰТАҒЫ ЕК БІР ЕМЕННІҢ (А. Кіребайұлына)........................................180 ЖЫР-ҒҰМЫР (К. Рүстембековке)............................................................181 ҮЗЕҢГІ (Б. Жүсіповке)...............................................................................182 КӨТЕРЕТІН КҮН БҮГІН (Р. Ниязбекке).................................................183 АЛПЫСЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАһАРМАНЫМ!.................................184 СҰЛТАН ҚАЛИЕВКЕ................................................................................185 АЙТАҚЫН БҰЛҒАҚОВҚА.......................................................................186
Бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы Көркемдеушi редакторы Кенжеғазы Айтжұманұлы Суретшi Нұрмұхамбет Наурызбаев Корректоры Ақсұлу Еламанова Басуға 26.07.2012 ж. қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32. Басылымы офсеттiк. Қарiп түрi «DS Times». Шартты баспа табағы 10,08 б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105. Тел.: +7 (727) 272-51-84, 261-60-67, факс: +7 (727) 261-62-13. Темірше САРЫБАЕВ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру