Қазақ тіл білімінің мəселелері
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Құлмат Өмірәлиев
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ ҚҰЛМАТ ӨМІРƏЛИЕВ АЗА ТІЛ БІЛІМІНІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алматы УДК 811.512.122 ББК 81.2 Қаз Ө 44 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды Өмірəлиев Қ. Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ.Əнес жəне Ж.Қ. Ибраева. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. – 640 бет.
ISBN 978-601-7172-38-1 Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарында қазақ тіл білімі жаңа бір белеске көтеріліп, күні бүгінге дейін ғылыми мəнін жоғалтпаған шоқтықты зерттеу еңбектермен толықты. Сол кезеңде жемісті еңбек етіп, аз ғұмырында қазақ филологиясына мол олжа салған ғалымның бірі – Құлмат Өмірəлиев (1930–1985). Ғалымның бұл жинағына ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілін жан-жақты қарастырған еңбектері енгізілді. Сондай-ақ ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының жанрымен стилі жəне VІІІ–ХІІ ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері бойынша текстологиялық зерттеу мəселелері кең түрде баяндалады. Бүгінгі ғылым үшін де маңызын жоймаған бұл ғылыми зерттеулер тілші ғалымдарға жəне көпшілік тіл жанашырларына арналады.
УДК 811.512.122 ББК 81.2 Қаз ISBN 978-601-7172-38-1 © Өмірəлиев Қ., 2014 © «Абзал-Ай», 2014 Ө 44
АЛҒЫ СӨЗ Арамыздан ерте кеткен дарынды ғалым Құлмат Өмірəлиев «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол əулие болмаса неге қалған? Жетім қозы басында жатып қалып, Шопан ата жануар сонан қалған» деп, ұрпақтан ұрпақ аңыз ғып жырға қосқан, өзі де іштей толғана талай айтқан Қазығұртта дүниеге келді... Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін, аспирантурасын бітірді (1953-60); Атырау пединститутында ұстаздық етті (1961-62); «Қазақстан мектебі» журналында бөлім басқарды (1962-72); академик І. Кеңесбаевтің жетекшілігімен «ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1972 жылдың көктемінен бастап аз ғұмырында Ұлттық Ғылым академиясында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының түркітану бөлімінде жемісті еңбек етті. Қ. Өмірəлиевтің зерттеулері туралы сөз болғанда алдымен əдетте тарих ауызға алынады. Олай болуы əбден заңды да. Себебі оның үш жүзден астам үлкенді-кішілі еңбектерінің тікелей иə жанамалай болса да тарихқа соқпай кетпейтіні жоқ. Біреуінде азырақ, екіншісінде одан көбірек дегендей, бəрі сол тарих тұрғысынан таразыланады. Ол – тіл тарихы, əдебиет тарихы, ел тарихы. Үш өрім осы тарихтық талдау соншама еңбектің қай-қайсысында да өзара тығыз байланыста əрдайым жарыса қатар жүреді, бірінбірі толықтыра келе тұтас бір бүтінге айналады. Бұл – Өмірəлиев шығармашылығындағы айқын бір жүйе. Осы реттен ол əрі лингвист, əрі əдебиеттанушы, əрі тарихшы – үшеуінде де жəне тең дəрежедегі, жан-жақты білімдар ғалым десе болады. Зерттеулерін бұлай бірнеше ғылым тоғысында жүргізетін, ғұламалығы жағынан сойы бөлек мұндай тұрпатты ғалымдар ғылымда жалпы сирек құбылыс, жиі ұшыраса бермейді. Ғылым, білім салаларының қай-қайсысы да қашанда өзара сабақтастықта, жалғастықта дамиды. Қ. Өмірəлиев шығармашылығының да өзіндік бастау тіні, алды бар. Мəселе бұл жерде ғалымның сан сала тақырыпқа жазылған қыруар зерттеулерінің
Алғы сөз кешенді сипат алуына, ғылыми ой-жүйесінің даму арналарының қалыптасуына бастау, мұрындық болған мектеп туралы болып отыр. Ол – Сəрсен Аманжолов мектебі. Қ. Өмірəлиев үлкен ғылымға осы Аманжолов «бесігінен» келді, ғалым ретінде осы Аманжолов бағытында қалыптасты. Аяулы ұстазының асыл қасиеттерінен көп нəр алғаны, бойына ғылымға деген құштарлық, махаббат сезімінің терең дарығаны оның қысқа ғылым жолынан, артында қалған бай мұрасынан айқын көрінеді. Қ. Өмірəлиев еңбектері туыстас түркітанушылардың ғана емес, алыс шетел ғалымдарының да назарына көзінің тіпті тірі кезінде-ақ іліне бастайды. Мысалы, Сһаrl F. Саrsоn мен Наsаn Оrаltау 1983 жылы Лондонда «Сеntrаl Аsіаn Survеу» дейтін ағылшын басылымында «Күлтегін: келешек үшін насихат па?» дейтін үлкен мақала жариялайды. Осы мақала 1985 жылы енді Анкарада түрік тіліндегі «Аsіа-Аfrіkа Аrаstіrmаlаrі Grubu» атты жинақта аударылып тағы басылды. Авторлар өздерінің осы екі тілде шыққан мақалаларында Қ. Өмірəлиевтің 1982 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінде жарияланған «Күлтегін» дейтін проблемалық үлкен мақаласына 68 жерде сілтеме жасаған. Міне, бұл да дарынды əріптесіміздің түркітану ғылымындағы қарым-өресін көрсетсе керек. Д.С. Лихачев В.В. Виноградовтың «О теории художественной речи» дейтін кітабының соңына берілген өзінің «О теме данной книги» атты көлемді мақаласында оның жұмыс стилін былай сипаттайды: «Он работал постоянно. Читая, беседуя, слушая радио, следя за выступлениями на заседаниях, все время делал наблюдения над языком, размышлял. Он держал в уме программу своих исследований на много лет вперед». Қ. Өмірəлиев те дəл осылай, қатаң жұмыс стилін ұстанды. Əсіресе, өмірінің соңғы он жылында. Бұл жылдар ғалым үшін бір қарбалас, қат-қабат, асығыс, тынымсыз еңбекке толы, жанкешті қиын жылдар болды. Оның осы кітапқа толықтай топтастырылып отырған белгілі төрт монографиясының төртеуі де («ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзияның тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі», «VІІІ–ХІІ ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері» жəне «Оғыз қаған» эпосының тілі» дейтін ең іргелі бас кітаптары) осы аралықтағы, күнді күнге, таңды таңға ұрған, толассыз ауыр еңбектің нəтижесі, сол жемісті он жылда шықты. Ғалымның көне түркі əдеби ескерткіштері деп отырғаны «Күлтегін», «Моғон Чур», «Тоңуқуқ», «Могилян хан», тағы осы-
Алғы сөз лар тəрізді Орхон-Енисей тас жазбалары. Бұлар – түркі қағандары мен батырларының ерлік жорықтарының баяны. VIII ғасырдың басында хан жарлықтары мен шежіре үлгісінде жазылған шағыншағын көркем əңгімелер «Күлтегінде», мысалы, ертедегі түркілердің айшықты əдемі сөз орамдары, мақал-мəтелдері, жоқтау өлеңдері, шешендік сөзі, образды тіл өрнектері, эпостық суреттеулер, тарихи баяндаулар – бəрі бар. Ғалымның тағы көне түркі əдеби ескерткіштер деп отырғаны Хас Хаджип Юсуп Баласағунидің бастан-аяқ поэзия «Құтадғу білік» дастаны мен Махмуд Қашқаридың «Девону луғат-ит турк» еңбегі. Қ. Өмірəлиев бұларда VIII ғасыр əдеби ескерткіштеріндегіге қарағанда көне түркілік поэзияға тəн сұлу сөзқолданыстардың, көріктеу құралдарының əлдеқайда мол екенін атап көрсетеді. Ол ұсынылып отырған бұл монографиялар топтамасында «Оғуз қаған» эпосының тілі» де дəл осы бағытта, осы күнгі көркем тіл жүйесімен салыстырылады. Осы күнгі көркем тіл жүйесімен сабақтастықта, жалғастықта қарастырылады. Ал топтамаға кірген келесі еңбекте XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының жанры мен стилі, өлең түрлері зерттеледі. Көріп отырғанымыздай, алдыңғы екі еңбекке қарағанда, бұнда көне түркілер дəуірінен көп берідегі қоғамдық ой-сана, əлеуметтік жағдай сөз болады. Бұнда автордың зерттеу əдісі де басқарақ: ол бұл аталмыш дəуірдегі поэзияны қазақ əдеби тілі мен əдебиет тарихының мəселелерімен, яғни əдебиеттану мен тіл білімінің объектілері өзара қабаттастыра, өзара тығыз байланыста алып, тақырыпты əрі лингвист, əрі əдебиетші, əрі тарихшы ғалым ретінде қарастырады. Ұсынылып отырған кітапқа Қ. Өмірəлиевтің бүгінде библиографиялық мəні жағынан сирек ұшырасатын, аса зəру дереккөзіне айналған монографиялық зерттеулері топтастырылған. Аяулы əріптесіміздің онша ұзақ емес шығармашылық жолынан лайықты қорытындысы есепті бұл монографиялары, өзге де түрлі зерттеулері қазақ филологиясында, түркологияда бүгінде де жоғары бағаланады жəне алдағы уақытта да ғылыми құндылығын жоймайды деп ойлаймыз. Ескерте кетер бір жайт – біз жинақты дайындау барысында ғалымның құнды мұрасына қол тигізбеуді, ешқандай өзгеріс, редакция жасамауды жөн деп таптық. Сол себепті, əсіресе, монографиялардың алғы сөзіндегі кеңестік идеологияның сарынымен жазылған жолдарға бүгінгі оқырман қауым түсіністікпен қара-
Алғы сөз ғаны жөн. Өйткені ол кезде əрбір зерттеудің «біссіміллəсі» осылайша басталмаса, олардың жарық көруі екіталай болатын. 1991 жылы ғалымның кіндік қаны тамған Үшбұлақ ауылындағы өзі оқыған мектепке Қ. Өмірəлиев есімі берілді. 2001 жылы оның 70 жылдық мерейтойына бағышталып мектеп алдына ескерткішбюсті орнатылды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы қаулысымен Қазығұрт кентіндегі аудандық орталық кітапханаға Қ. Өмірəлиев есімі берілді, 2010 жылы осы кітапхана алдына еңселі ескерткіші тұғырға қонды. Қашанда «Ғалымның хаты өлмейді». Əсіресе ол ізашар еңбек жазса, өз тұсында да, бүгінде де, болашақта да ол еңбегі көп қажетіне жарап, ел игілігіне айналса. Осындай ұлттық мəдени мұраға айналған Қ. Өмірəлиевтің еңбектерінің алғаш рет бəрі бір жерге жинақталып, тізбекті топтама құрап, жарық көруі қазақ филологиясы үшін ғана емес, исі қазақ ғылымына қосылған үлес деп білеміз. Көрнекті тілші-ғалым, қазақ мəдениеті тарихы мен тіл біліміне сүбелі үлес қосқан Ербол аға Жанпейісов те бақилық болды. 2010 жылы Қ. Өмірəлиевтің «Көне түркі əдеби ескерткіштері туралы зерттеулер» атты топтама жинағы жарыққа шыққанда ерекше қуанып, осы «Алғы сөзді» жазысып еді. Сондықтан Ербол ағамыздың əлі сиясы кебе қоймаған талғампаз, жанашыр жазбажолдарына қосымша жамауды қош көрмедік. Өкінішке орай, ғалымның «Оғыз қаған» эпосының тілі» атты құнды монографиясын қалыпты көлемнен аса алмағандықтан «Антологияға» енгізе алмадық. Кітап соңындағы əлі толық емес библиографиялық көрсеткішке көз жүгіртсеңіз, зерттеуші мұрасының өзекті тұстары, көкірегі ояу жастың шам алып іздейтін мақала-жазбалары аз еместігіне көз жеткізесіз.
Ербол ЖАНПЕЙІСОВ, филология ғылымдарының докторы. Ғарифолла ƏНЕС, филология ғылымдарының докторы (1930 – 1985)
І ХV–ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ
КІРІСПЕ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ТІЛІНІҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ І ТАРАУ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ XV ҒАСЫРҒА ДЕЙІНГІ АРНАЛАРЫ ІІ ТАРАУ
КӨНЕ ДƏУІР МЕН ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ДƏСТҮР, СТИЛЬ, ФОРМА БІРЛІГІ
- VIII–XI ғасыр ескерткіштеріндегі мақалдар мен қазақ
поэзиясындағы дидактикалық-шешендік толғау өлеңдердің
бірлігі
- XI ғасыр ескерткіштеріндегі ауызша поэзия үлгілері мен
қазақ поэзиясы арасындағы байланыс белгілері
- XIII ғасырдағы ауызша поэзия үлгілері
- Алтын Орда құрамында болған халықтарға ортақ поэзия ІІІ ТАРАУ
XV–XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ
АВТОРСЫЗ ҮЛГІЛЕРІНІҢ СТИЛЬДІК, ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- XV–XIX ғасыр поэзиясына тəн ортақ мотив пен варианттылық
- Ортақ мотивті, вариантты толғау-өлеңдердің мақал-мəтелдермен стиль, тіл жағынан бірлігі ІV ТАРАУ
БҰХАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ
- Бұхар өлеңдерінің текстологиясы
- Бұхар поэзиясы тілінің лексикалық құрамы
- Бұхар поэзиясының грамматикасы жайлы
- Бұхар поэзиясында сөздердің мағыналық қолданысы жайлы V ТАРАУ
МАХАМБЕТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ
- Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы
- Махамбет поэзиясы тілінің лексикасы
- Махамбет поэзиясындағы сөз тіркестері мен фразеология,
халықтық дəстүрлі сөз орамдары, тұрақты сөйлемдер, афо ризмдер
- Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік-мағыналық қолданысы
- Махамбет поэзиясында стильдік-тілдік тəсіл ретінде жұмсалатын формалар
- Махамбет поэзиясының синтаксистік жүйесі ҚОРЫТЫНДЫ
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі КІРІСПЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ТІЛІНІҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ 1. Поэтикалық тіл жəне оны қай тұрғыдан зерттеудің міндеттілігі Тұрған өңір-төңіректі білу биікке қараудан, биіктен барып қараудан басталады. Сол сияқты қазақ əдебиеті тарихында Абай шығармалары жаңа сипатты жазба поэзияның басы əрі асқар биігі болды да, əрбір жаңа қайнар бастау-көздің, ұлық жаратындының əуелі өзіне соққызбай өткізбейтіні сияқты, қазақ филологиясында əдебиетке əрі əдеби тілге қатысты жайдың бəрінде Абай шығармаларына бару, оны ойға оралта отырып, өзге сөз дүниесіне қарау дəстүр болды. Бұл алтын күмбезді ұлы сөз сарайы қазақ əдебиетінің рельефінде өте биік меже-шек болды. Ақын өлеңдері, оның тілі өзіне дейінгі əрі-бергі дəуірдегі қазақ əдебиеті мен оның тілі үшін бірден-бір өлшем болды. Бұл екі кезеңнің көп мəселесі аралық биік Абай шығармаларына салыстырылып барып бағаланып, сипатталып, дəлденіп отырды. Міне, қазақ филологиясында қазақ əдеби тіліне қатысты мəселе қою бірінші рет Абай шығармаларына арналды [1] жəне біршама жүйеленіп, зерттеле бастаған да Абай шығармалары тілі болып отыр [2]. Ал Абайдан бұрынғы дəуір əдеби тілі – поэзия тілі бұл күнге дейін нақты түрде түбегейлі зерттелген емес. Оқулық көлеміндегі баяндауларды [3] немесе бірлі-жарым эпос тілін зерттеулерді [4] атамасақ, бұл дəуір əдеби тілі тек ғылыми топшылау, тезистік тұжырым сипатында ғана сөз болып келеді [5]. Нақты бір дəуір поэзиясы тілін я бір ақын тілін тұтастай: əрі лексикология, əрі грамматика, əрі стиль мен жанр, əрі көркемдік компоненттері, əрі өлең құрылысы жағынан əр жақты талдау əлі жоқ.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бірақ қалай дегенде де, қазақ əдеби тілінің проблемалық мəселелеріне қатысты бұрын-соңды айтылған пікірлер Қ. Жұбанов, Н.Т. Сауранбаев, С. Аманжолов, I.К. Кеңесбаев, М.Б. Балақаев, Ғ.Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, М. Əуезов, З. Ахметов, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылған пікірлер қазақ поэзиясы тілінің тарихына арналған зерттеулерге бағыт, бағдар берді, ықпал етті, қазақ поэзиясы тілі мəселелерін шешуді жеңілдетті. 1. Қазақ филология ғылымында поэзия тілі туралы зерттеулерден мына еңбектерді айрықша бөліп айту керек. Олар: Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» деген докторлық диссертациясы (1946), З.Ахметовтың «Казахское стихосложение» деген монографиясы (1964), Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» (1968) жəне «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1970) деген монографиялары. Бірақ бұл үш автор еңбегі де өздерінің зерттеуге алған объектісі жағынан үш түрлі: егер Қ. Жұмалиев өз зерттеуін Абай тілінің (1) лексикасын, (2) тропаларын талдауға құрса, Р. Сыздықова бірінші еңбегінде Абай тілінің (1) лексикасын, (2) қара сөздеріне қатысты морфологиялық формаларын, ал екінші еңбекте синтаксистік құрылысын талдаған. З. Ахметов қазақ поэзиясын (1) өлең түрі, (2) ырғақ-екпін, (3) ұйқас, (4) буын, т.б. жағынан талдаған. Шын мəнінде, бұл монографияларда дара-дара зерттеу объектісіне алынған мəселелер белгілі дəрежеде басы қосылып, тұтастай алынып, оның сыртында стиль, жанр дегендерді қамти, қоса бірлікте алып зерттемейінше, поэзия тілі өзінің толық болмыстұрпатымен дараланып көрінбек емес. Əсіресе, бұл поэзия тілін тарихи даму тұрғысынан алып қарастырған кезде барынша анық сезілмек. 2. а) Өлең құрылысын зерттеуде көбірек көңіл бөлінетін ырғақ (ритм) – поэзия тілі теориясының ең бір күрделі саласы. Ырғақ – өлеңнің моторы. Өлең өлең болып туу үшін əуелі ол белгілі бір ырғақта туу керек. Өйткені поэзия музыкалық əуенге құрылатындықтан да, əуен құндағында туатындықтан да, өлеңдегі барша жеке сөздер де осы əуен нормасына бағынып, белгілі бір ы р ғ а қ т о л қ ы н ы н а б ө л і н у л і болады. Ы р ғ а қ т о л қ ы - н ы т і з б е г і сөйлеу тілінде тұрақты интонацияға ие тізбектерді бөліп жібереді, и н в е р с и я ғ а т ү с і р е д і . Ал бұл бөлу –
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі поэзияға тəн көп ерекше белгілердің бірі, поэзияның ырғақ, инверсия заңына тəн норма. Демек, ырғақ – өлеңдерді түрге, жанрға бөлуге қатысатын негізгі белгілердің бірі. ə) Өлеңнің тіркес жүйесі, синтаксистік жүйесі өлең ырғағымен бірлікте қаралуы керек. Ырғақтың қатысу-қатыспауына қарай қазақ поэзия тілінің синтаксис (əрі тіркес) жүйесі ғана əр алуан болып келмейді, тіпті қазақ поэзиясы осы ырғақтың қатысу-қатыспауы жағынан дəуірге де əрі түрге де бөлінеді. Яғни қ а з а қ п о э з и я с ы н д а белгілі бір жанр үшін ы р ғ а қ – т а р и х и к а т е г о р и я . б) Қазақ поэзиясы тарихында ырғақтың, белгілі бір грамматикалық формалардың – сөйлеу тілі жүйесінде ауызекі тіл нормасында сөзсіз көрінуге тиіс формалардың – өлеңде көрінбеуіне ықпал-билігін жүргізген кезеңі де болған. 3. Демек, өлеңнің ырғағын тарихи тұрғыдан қарастырғанда өлеңнің синтаксисіне, дəлірек айтқанда, өлеңнің тіліне соқпай, жалаң дара алып қарастыруға болмайды. Жеке а қ ы н т і л і н і ң лексикасын талдау – сол ақынның əдебиеттің белгілі бір кезеңінде əдеби тілді жасауда, дамытуда, қалыптастыруда үлкен қызметі, рөлі болғандығын мойындау. Себебі мұндай ақын тіліндегі лексиканы талдаусыз одан кейінгі ə д е б и е т т і л і н і ң л е к с и к а с ы туралы зерттеу жүргізу мүмкін емес. 4. Сөйтсе де поэзия тіліндегі лексиканың жартысы ауыс мағынада қолданылған сөздерден тұрады. «Сөздің мағынасын «филиациялау» жолымен жаңа сөз жасау» (Б.В. Томашевский) поэзияның бірден-бір негізгі ерекшелігі. Бұлар – поэтикалық лексика (сөздердің образды, айшықты нақышта қолданылуы) поэзияның өзі. Поэзия прозадан өзінің лексикасында бөлектенгенде ілгері көрініске (қатарға) шығаратын осы сияқты белсенді сөздерімен бөлектенеді. Бұл белсенді сөздер өзге қалыпты «пассив» сөздердің аясында, құндағында соларды фонына алып тұрады. Белгілі бір тілдік компонентті бояулы беру – оны ілгері шығару тəсілі. Өрнекті бояулы компонент өзінің осы өрнегі, бояуымен көріну үшін, оған өзінен кейін тұратын, өзінің ерекшелігін
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі көрсетуіне мүмкіндік беретін қалыптылық, қалыпты қарапайым фон керек (онсыз өрнектілік те, бояулылық та жоқ). Міне, осы қалыпты фон сөздер тобы мен ілгері қатарға көрініске шығатын а в а н г а р д ( б е л с е н д і ) сөздердің өзара теңдік, үйлесімділік қатынасы – поэтикалық тілдегі көркемдік. Егер бұл белсенді сөздер болмаса, өлең тек қалыпты («пассив») сөздерден тұрса, керісінше, қалыпты («пассив») сөздер болмаса, өлең тек белсенді сөздерден тұрса, онда өлеңде көркемдік болмайды. Яғни поэзияға тəн ең негізгі қасиет болмайды. Я. Мухаржовский поэзияда болатын осы ерекшелікке тоқтап, былай дейді: «... в этом языке актуализация приобретает максимальную интенсивность, то есть такую, которая оттесняет на задний план сообщение как цель высказывания и становится самоцелью; она совершается не для того, чтобы служить цели сообщения, а для того, чтобы выдвинуть на передний план сам акт выражения, говорения... Актуализация какого-либо компонента обязательно сопровождается автоматизацией одного или нескольких компонентов... одновременная актуализация всех компонентов практически невозможна. Кроме того, одновременная актуализация всех компонентов поэтического произведения немыслима, так как актуализация какого-либо компонента означает выдвижение его на передний план, а все, что находится на переднем плане, познается только в сравнении с чем-то, что является фоном (задним планом)» [6]. Міне, сөздердің поэзияда қолданысқа түскен сəтінде болатын процестер, дəлірек айтқанда, өлең-постановкасында сөздердің рөл бөлісуі, негізгі герой-сөздер мен фондық, көпшілік сөздердің қимыл-əрекеті тамаша көрсетілген. Демек, поэзия тілі тарихи сөз болғанда поэзия лексикасы екі бағытта: тектік-мағыналық əрі мағыналық-жұмсалыс бағытында қатар қарастырылуы керек. 5. Поэзия тілінің грамматикасы мен əдебиет тілінің грамматикасы да бірдей емес. Поэзия тілі əдебиет тілінде бар жеке морфологиялық формаларды əрі сөйлем түрлерін қолдануда да одан барынша ерекшеленеді. Яғни поэзияда барлық морфологиялық формалар емес, белгілі бір морфологиялық формалар ғана актив қолданысқа түседі. Бұлар – поэтикалық реңк алған формалар.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Тіпті қазақ поэзиясында мақтау-арнау өлеңдер, əсіресе, жоқтау өлеңдер үшін есімшенің бір ғана -ған қосымшасы негізгі морфологиялық форма – поэтикалық тəсілі ретінде жұмсалады. Арысы VIII ғасыр, берісі XI ғасыр түркі жазба сөз үлгілерінде жоқтау, мақтау-арнау өлеңдерде де бірден-бір суреттеу, баяндау тəсілі болған, ішкі əрі жол аяғы ұйқасты құрауға қатысқан бұл форма бергі XVIII əрі XIX ғасыр поэзиясында да осы өлең түрлерінің бірден-бір поэтикалық тəсілі болды. Немесе шартты райдың -са жəне есімшенің -ар қосымшалары қосары негізгі баяндауыш форма болып келу мақалдарға əрі осы сөз үлгісінен дамыған дидактикалық мəнді шешендік сөздерге, шешендік толғау өлеңдерге тəн. 6. Əдебиет тілі үшін мүмкін емес жүйеде сөйлем құру немесе сөйлеу тілінде бар барша сөйлем түрлері негізінде толғаусыз сөйлем құра бермей, тек белгілі бір сөйлем түрлерін ғана таңдау – поэзияны прозадан ерекшелейтін бір белгі. Айталық, тек қана бірыңғай көсемшелі не есімшелі тізбекті сөйлем проза тілі үшін норма болмаса, ал мұның өзі поэзия үшін норма болып табылады. Басқаша айтқанда, мұның өзі поэзияның сөйлеу тілі мен проза тіліне тəн нормаларды б ұ з у арқылы тапқан өзіндік нормасы. «Деформация литературной нормы касается, однако, самой сущности поэтического языка и поэтому было бы неверным требовать от поэтического языка его подчинения литературной норме» (Я. Мухаржовский). Демек, поэзия тілін оны өзге жанр тілінен бөлектейтінін осы ерекшеліктерді ескере отырып зерттемесе, поэзия тілі грамматикасын осы ерекшеліктің жемісі ретінде қарап талдамаса, онда поэзия тілінің барынша алабөтен өзіндік стильдік тəсілі ұмыт қалмақ. Ырғақпен, ұйқаспен астасып жатқан синтаксистік-морфологиялық норманы қарастырмаған жерде белгілі бір дəуірдің поэзиясы, тілі туралы түбегейлі сөз айту мүмкін емес. Айталық Абайдың: Бір күйгізіп, сүйгізіп, Ескі өмірді тіргізер Өмір тонын кигізіп Жоқты бар қып жүргізер, – деген жолдарында əдетте «тірілтпей» түрінде келетін сөзді өзге жолдардағы «жүргіз», «кигіз», «сүйгіз» сөздерінің əуенімен «тір-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі гіз» түрінде алуы ұйқасқа бағындыру. Яғни бұл – ұйқас тапқан «бұзу», ұйқастық норма табу. II. Белгілі бір ақын-жырау тілін шығармасында көтерген тақырыппен, идеямен, жанрмен бірлікте алып қарау 1. XV–XIX ғасырлар арасында жасалған: «Тоқтамыс толғауы», «Сыпыра жыраудың толғауы», «Қазтуған туралы сөз», Шалкиіз сөзі, Жиембет, Ақтанберді өлеңдерінің (XV–XVII ғғ.) əрі Бұхар (XVIII ғ.), Махамбет (XIX ғ.) сияқты белгілі ақын-жыраулардың қазақ поэзиясы тарихындағы орнына баға бергенде В.И. Лениннің «Тарихи қайраткерлердің сіңірген тарихи еңбектері олардың осы күнгі талаптарға қарағанда жаңалық енгізбегеніне қарап бағаланбайды, өзінің алдындағы өткендерге қарағанда олардың қандай жаңалық енгізгендігіне қарай бағаланады» [7], – деген қағидасы тұрғысынан баға беру керек. 2. «Қазтуған туралы сөз», Шалкиіз, т.б. ақындар өлеңдері негізінен алғанда, феодалдық дəуір поэзиясына тəн о д а мен е р - л і к - с е р і л і к өлеңдер. Ал осылармен тұстас туған «Орақ – Мамай», «Əділ сұлтан» сияқты жырлар – е р л і к - ж а у ы н г е р - ш і л і к тақырыптағы тарихи жырлар. Бұл дəуір поэзиясының осы сипатта туып дамуы – оның жеткен биігі. Бұларда көрінбеген қоғамдық ой, жалпы халықтық мүдде мəселесі сол дəуірдің күн тəртібіне қойылмаған мəселесі, яғни қоғамның даму дəрежесінің мүмкіндік бермеген мəселесі. 3. Бірақ бұл ақын-жыраулардың шығуы, ерлік-жауынгерлік тақырыптағы жырлардың тууы – тарихи құбылыс. Өйткені бұлар, біріншіден, қазақ поэзиясының XV–XVIII ғасырлар деген үлкен бір дəуірін құрайды, екіншіден, осы XVII ғасырға дейінгі дəуірдегі қазір із-түзсіз, беймəлім поэзия туралы түсінік-топшылаулар жасауға мүмкіндіктер береді, үшіншіден, өте көне дəуірден қалған сөз үлгілеріне соңғы дəуір поэзиясы тұрғысынан кері жүріп өткелек құруға аралық дəнекер болады. 4. Қазақ поэзиясында қоғамдық ой, жалпы халықтық мүдде Бұхар жырау поэзиясында көрінді. Бұған негізгі себепші қалмақ шапқыншылығы болды. Сыртқы жаудың шапқыншылығы күн тəртібіне қазақ халқының қ а й т а
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі б і р і г у мəселесін қойды. Дəлірек айтқанда, «Бұхар қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсайды. Сондықтан Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, оны ісімен де, жырымен де қолдайды, хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күреседі» (ҚСЭ, 2-т., 532-б.). Хандық мекеме – бұқара халықты қанаушы мекеме болғанына қарамай, қоғамдық даму жағдайы негізінде келіп шыққан заңды, тарихи құбылыс. Өзінің еркін билеуші осы тарихи мекемеге қызмет ету Абылайдың да, Бұхардың да борышы. Адамдардың еркінен тыс болатын нəрселер үшін, адамдардың өздерінің еркінен тыс жасайтын əрекеттері үшін оларды кінəлауға əсте болмайды. Бұған Ф. Энгельстің: «Құлдық сияқты масқара көріністерге асқан адамгершілікпен ашу-ызаңды ақтара отырып, құлдық жəне т.с. жөнінде жалпылама жел сөзді үйіп-төгуден оңай нəрсе жоқ. Амал не, бұл ашу əркімге белгілі жайды ғана, атап айтқанда, бұл антикалық мекемелердің біздің қазіргі жағдайымызға жəне осы жағдайларға байланысты сезімдерімізге енді сəйкес келмейтіндігін ғана көрсетеді. Бірақ мұнда біз бұл тəртіптердің қалай пайда болғаны, бұлардың неліктен өмір сүргені жəне тарихта қандай рөл атқарғаны жайында мүлде ештеңе білмейтін боламыз» [8], – дегені тұрғысынан қарап баға беру керек болады. Осы тұрғыдан келгенде, XVIII ғасырда Бұхар қазақ поэзиясында бұған дейін жоқ жаңа тақырыпты – халықты бірлікке шақыру, осы бірліктің ұйтқысы – хандық мекемені нығайтуды уағыздау сияқты қоғамдық дəуірлік тақырыпты көтерді. Ал мұның өзі, екінші кезекте, сол дəуірдегі қоғамдық ойдың көтерілген биігі де болды. «Адамдардың болмысын олардың санасы билемейді, қайта олардың санасын өздерінің қоғамдық болмысы билейді» [9]. Сондықтан да адамдардың санасына баға бергенде олардың өздері жасаған дəуірдегі қоғамдық болмыстық тұрғысынан келіп баға беру керек болады. Олай болса, белгілі бір дəуірдегі қоғамдық болмыс адамдарға нені айтқыза алар еді, нені шешуді алға тарта алар еді деген тұрғыдан келуіміз керек болады. Өйткені «...адамзат өзінің алдына əрқашан тек өзі шеше алатын міндеттерді қояды, өйткені анықтап қарағанда əрқашан да
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі міндеттердің өзі тек оны шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе ең болмағанда, болуға таянып отырған кезде ғана туады» [10]. 5. Бұхар поэзиясында қазақ халқы тұтастай жырланады. Оның поэзиясында бай-кедей жоқ, тұтас халық бар. Оның «жақсы», «жаман» деп атайтын адамдары тап мүшелері емес, олар өзі тұтас алып отырған қ о ғ а м н ы ң а д а м д а р ы . Мақталып жатқан бай да, кемсітіліп жатқан кедей де жоқ. Бұхардың ізгі тілегі – қоғамның түгел мүшесіне ортақ тілек. Тыныштықты, берекені, бірлікті, отбасы амандығын адамдарды алаламай, жұрттың бəріне бірдей тілейді. Бұхарда бар осы ерекше сипат XIX ғасырдың 60-жылдарындағы ағартушыларға тəн сипатқа көп жақын. В.И. Ленин олар жөнінде: «Ағартушылар өздерінің айрықша көңіл бөлерлік нəрсесі ретінде халықтың бірде-бір табын жекелеп алып қараған емес, бұлар тек жалпы халық туралы ғана емес, тіпті, керек десе, жалпы ұлт туралы сөз қылды» [11], – деген болатын. 6. Қазақ поэзиясында қоғамдық оймен қатар бірінші рет б ұ - қ а р а л ы қ м ү д д е Махамбет поэзиясы арқылы көрінді. Мұның басты себебі: Махамбет поэзиясы шаруалар көтерілісі негізінде, соның тікелей əсерімен туды. Ал шаруалар көтерілісі қауым топтарына саяси пішім берді, көтеріліс оларды жікке бөлді. Көтерілістің осы даналығы Махамбеттің даналығы болып поэзияға түсті. Ол көтерілістің тілін сөйледі, көтерілістің көзімен қарады. Осы себепті де Махамбет нені көріп, нені көре алмаса да, нені айтып, нені айта алмаса да, оны көтерілістің сипатынан іздеу керек болады. Махамбет қазақты Бұхар сияқты тұтас алған жоқ, оны қ а р а х а л ы қ қ а (бұқараға), е л б и л е у ш і ə к і м , х а н - с ұ л т а н ғ а бөліп қарады. Əрине ол əкімдікті сынаған жоқ, əкімді сынады. Əкімді Жиембет те, Бұхар да сынаған болатын, бірақ олар терезесі тең адам ретінде сынаса, Махамбет əкімді бұқара көзімен сынады. Ал мұның өзі сол кездегі қазақ поэзиясы үшін ірі табыс болды, қазақ поэзиясының жаңа белесі болды. 7. Поэзияда ненің айтылуы – поэзия назарынаң жемісі, поэзия ақыл-көзінің жемісі. Қазақ поэзиясында ненің айтылып, ненің айтылмауы – поэзияның нені көріп, нені көре алмауының нəтижесі.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ал енді қалай айту – түсініктің, идеяның жемісі. Демек, қазақ поэзиясында ненің айтылып, ненің айтылмауында əрі ненің қалай айтылуында осы поэзияның сезіну, көру, бағалау тарихы жатыр. Олай болса, XV–XIX ғасырлар аралығындағы поэзия тілі – осы сезіну, көру, бағалаулардың сипатымен бірліктегі нəрсе. «Жаңа идея əдетте жаңа тілді талап етіп отырады» (В.Г. Белинский). Өзінің сезініп, көріп-көтерген тақырыбы арқылы поэзияда жаңа объектілер сөз болады, ал идея арқылы бұл объектілерге өзгеше мазмұн белгіледі, олар белгілі бір көзқарас тұрғысынан баяндалады. Айталық, Шалкиіз, Жиембет сияқты жырау өлеңінде келетін халық, хан сөзі мен Махамбет өлеңінде келетін х а л ы қ , х а н сөзінің мағынасы да, тілге оралу жағдайы да екі басқа. Ілгергі екі жырауда х а л ы қ , х а н сөзі осы сөздің жай қалыпты атауыш мағынасында қолданылса, Махамбетте бұл екі сөзге таптық (бұқаралық) көзқарас тұрғысынан бөлек, қосымша мағына беріле қолданылады. Немесе қ а з а қ сөзі қазақ поэзиясында жалпы халықтың жиынтық атауы ретіндегі ұғымда бірінші рет Бұхар жырауда ғана қолданылған. 8. Поэзияда ненің (бір объектінің) аталуы, я белгілі бір формалардың қолданылуы поэзияның жанрына да қатысты. Яғни поэзия тілі жанрмен бірлікте қаралуы керек. Өйткені «əдеби жанр категориясы – тарихи категория. Жанр сөз искусствосы дамуының тек белгілі бір кезеңінде ғана көрінеді де, одан соң үнемі өзгерісте болады» [12]. Ал əрбір жанрдың тіпті өлең түрінің де өзіне тəн ырғақ жүйесі, лексикалық құрамы, синтаксисі болады. Бұл ерекшеліктерін жанрына, өлең түрлеріне қатыссыз сөз ету – домбыраның тиегін, ішегін, пернелерін, т.б. тетіктерін оның өзіне қатыссыз, одан бөліп алып сөз ету сияқты болар еді. Ішек, тиекті домбыраның өзінсіз сөз ету қандай болымсыз болса, поэзия тілін жанрсыз, өлең түрлерінсіз сөз ету де сондай болымсыз болар еді. Мұның сыртында қазақ поэзиясы тарихына үңіле қарасақ, жанрлар тоғысуын (эпостық жырларда азаматтық поэзия үлгілерінің жүруін, т.б.), бір ақынның бірнеше жанрда, бірнеше өлең түрінде мұралар қалдырғанын көреміз. Міне, осы жанр тоғысуы, өлең түрлері айыра ескерілмеген жерде, белгілі бір шығарма я ақын тіліндегі осы жанр тоғысуы таңған ерекшеліктер айыра
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі көрсетілмеген жерде поэзия тілі жүйелі əрі қажетті тұрғыда зерттелмек емес. а) XV–XIX ғасырлар аралығындағы қазақ поэзиясында дидактикалық мазмұндағы шешендік сөз, шешендік толғау сөз, терме-толғау өлең поэзияның өзге қай түрінен болсын ең құрметті орынға ие болды. Толғау айту (толғау) қазақ ұғымында даналықтың, ақылгөйліктің белгісі ретінде қабылданды. Бұл шешендік толғаулар – табиғат құбылыстары заңдылықтарына қорытынды жасайтын, бұл заңдылықтарды өмірде адамдарға өлшемге алатын дидактикалық философиялық туындылар; бұл шешендік толғаулар – өмір тəжірибесінің қорытындыларын тізген ақыл шежіресі; бұл шешендік толғаулар – халықтың тəлім-тəрбие жайлы ережелерінің жиынтығы. Шешендік толғау сөздер өзінің мазмұны мен тақырыбы жағынан осылайша барынша бір сарынды болғандықтан, форма жағынан да барынша біртектес: белгілі топтағы лексикалары, санаулы формаға құрылған синтаксистік жүйесі бар шешендік толғау өлеңдерде белгілі топтағы жеке сөздер көбіне қайталап отырады жəне біртектес формаға құрылған баяндауышты сөйлемдер үнемі қайталап отырады. Бұл жағынан, шешендік толғау өлеңдер ауызекі тіл сөйлеу тілі заңдылығына өте жақын заңдылыққа ие мақал-мəтелдерді еске түсіреді. Демек, қазақ поэзиясындағы ірі бір сала – дидактикалық мазмұнды шешендік сөз, шешендік толғау сөздер өзінің стильдік жүйесі жағынан өзге сөз үлгілерінен барынша ала бөтен. Бұлар мақал-мəтелдер сияқты XV ғасырда да, XVI–XVII ғасырларда да, тіпті XVIII–XIX ғасырларда да бір үлгіде туып отырған. ə) Ал қазақ поэзиясында XV ғасырдағы «Сыпыра жырау толғауы», «Тоқтамыс сөзі», XVI ғасырдағы «Орақ – Мамай жыры», «Ер Тарғын жырындағы» кейбір үзіктер əрі Махамбеттің (XIX ғ.) біраз өлеңдері – азаматтық-ерлік, ерлік-жауынгерлік мазмұнда туған, өзара өте жақын стильдік-тілдік жүйеге ие сөз үлгілері. Бұлар – өзінің лексикасы əрі синтаксисі, өлең құрылысы жағынан дидактикалық мазмұндағы шешендік толғаулардан бөлек үлгідегі туындылар. б) Қазақ поэзиясында сипаттай, суреттей айтылатын жоқтау, мақтау түрінде келетін арнау өлеңдер өзінің сөз таңдау, сөзге
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі поэтикалық мағына беру, белгілі бір грамматикалық формаларды ерекше бөлек қызметке жегу жағынан, əрі синтаксистік жүйесі жағынан өз алдына бір бөлек топ құрайды. «Қазтуған туралы сөз», Шалкиіз өлеңдері осы үлгіде туған. Бұхар мен Махамбет те өздерінің біраз өлеңдерін осы үлгіде шығарған. Тіпті, «Сыпыра жырау толғауында», «Тоқтамыс сөзінде» де, «Орақ – Мамай жырының» өзінде де осы үлгі аралас күйде жиі келіп отырады. Яғни бұл үлгіде де қазақ поэзиясында мұралық, дəстүрлік, жалғастық əсер-ықпал ізі жатыр. в) Қазақ поэзиясында, əсіресе, Махамбет поэзиясында эпостық-батырлық жырлардың əсері едəуір. Осы себепті де оның өлеңдерінің стильдік-тілдік жүйесінде фольклордың осы жанрына тəн стильдік-тілдік белгілер мол ұшырасып отырады. III. Қазақ поэзиясы тілін осы поэзияның тууы мен дамуын қарастыра отырып зерттеу міндеттілігі 1. Қазақ поэзиясы мен оның тілінің тарихын осы поэзияға ие халықтың тарихына қатынассыз алып, не халық тарихымен шартты түрде жалаң байланыстыра салып шешуге болмайды. Қазақ поэзиясының тарихы қазақ халқының халық болып құрылу дəуірінен бұрын басталғанына дау жоқ, бірақ осы «бұрынның» өзі белгілі дəрежеде шек тілейді. Сол сияқты қазақ халқының құрылу дəуірімен тұстас келетін бір ақынның өлеңінен, я шығарушысы белгісіз бір өлең үзігінен қ а з а қ п о э - з и я с ы н ы ң т а р и х ы н бастау да көп ретте дұрыс болып шықпайды. Өйткені ондай ақындар өлеңінің я өлең үзігінің бізге келіп жетуі – таза кездейсоқтық нəрсе. Айталық, XV ғасырға тəн «Қазтуған туралы сөз» не «Досмамбет сөзі» өзінің түрі, əсіресе, мазмұны, тіпті мұралық-еншілестік жағынан қазақ поэзиясы деген үлкен поэзияның көрінісі не соның басы деуге сын көтермейді, ол ең мықтағанда, сол XV ғасырда қ а з а қ п о э з и я с ы деген поэзияның болғандығын жанамалап анықтайтын факт ғана. 2. «Қазтуған туралы сөз», «Досмамбет сөзі» деген жыр, «Орақ – Мамай жыры», «Əділ сұлтан жыры», т.б. сөз үлгілері қазақ халқының құрылу қарсаңында, одан бергі дəуірде өзге территорияда Еділ мен Жайық бойында, Еділ, Қырым аралығында
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Алтын Орданың өзге бір ордасына ұйытқы болған ноғайлар арасында туды. Ал бұл жырларды осы құрамда болып, қазақ халқына кейін қосылған ру-тайпалар өзімен бірге əкелді. Кейінгі дəуірлердегі қайта жырлаулар негізінде бұл жырлар өзінің бұрынғы ноғай əрі Қырым жұрты редакциясынан біраз өзгеріп, біршама қазақыланды. Осы себепті де бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ, т.б. халықтардың ортақ еншілестігі бар мұра ретінде қарау керек. 3. Қ а з а қ п о э з и я с ы (əдебиеті) деген бір тарихи категорияның басталуын жеке, кездейсоқ фактілермен шешуге, дəлелдеуге болмайды. Бір халықтың əдебиеті-тарихының басталуын халық тарихына бейтарап болған шығармалардан іздемей, сол əдебиеттің халықтың тарихи тағдырына қатысы тұрғысынан келіп іздеу керек. Бірнеше ақын мен олардың өлеңдерінің жиынтығы (мейлі, ол сол халықтың қалыптасуымен тұтас келіп жатсын) белгілі бір əдебиеттің басы болып табылмайды, белгілі бір халықтың қалыптасу процесі тұсында осы тарихи мəселеге үндескен шығарма ғана əдебиеттің басы болып табылады. 4. Əрине, мұндай əдебиет өзіне дейінгі дəуірдегі халық творчествосынсыз дүниеге келген жоқ. Бірақ үлкен дария тоқсан тарау бұлақтан құралса да, ол дария «бұлақ» деп аталмай, «дария» деп аталатыны сияқты, бұл əдебиет те өзіне дейінгі жасалған творчестволық тəжірибелер, үлгілер, мұралар негізінде жасалса да, бұлардың атымен аталмай, өзінің жаңа атымен – халық атын алған атымен аталады. 5. Қазақ халықтығы қалыптасқанға дейінгі жерде əр кезде, əр жерде ру-тайпа мүддесі дəрежесіндегі сандаған мəселелер туып, күн тəртібіне қойылып жатты, ал олар өз уақытының идеологы – ру-тайпа ақындарын ілгері шығарды, ру-тайпа мүддесі тұрғысындағы мəселелер (немесе жеке бір ханның дара мүддесі тұрғысындағы өте тар аядағы мəселелер) поэзияға түсті. Бірақ мұндай өлеңдердің құптаушылары аз болды əрі ертедегі рулық, тайпалық бытыраңқылық дəуірге тəн сапырылыстық жағдай əлгі мəселелерді күн тəртібінен тез-ақ шығарып тастады да, бұл мəселелермен бірге туған өлеңдерді де қоса теріске шығарып отырды. Осылайша айтылудан қалған өлеңдер халық ішінде тез ұмы-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі тылып қалып отырды. Тіпті қазақ халықтығы қалыптасқаннан кейін де жер-жерде ру-тайпа мүддесінен туған поэзия үлгілері көп болған, бірақ олар да жоғарыдағы себептермен тез ұмытылып отырған, ал сақталса, сол ру-тайпа аймағында (сол өлеңдердегі мазмұнға бейтарап қарау психологиясы бар, көне сөзге құмар көңіл əуені басым ортада) сақталған. Бізге көне дəуірден келіп жеткен өлеңдердің біразы осындай өлеңдер. Керісінше, бұл сияқты жергілікті рулық, тайпалық я бір жеке хандық мүддеден жоғары тұрған мүдделер болады. О н д а й ж о - ғ а р ы м ү д д е сол ру-тайпадан ж о ғ а р ы тұрған тарихи категория – ж а л п ы х а л ы қ т ы қ а у қ ы м д а ғ ы мүдде. Ал бұл сияқты жалпы халықтық ауқымдағы мүдде сол халықтың басын уақытша немесе түпкілікті біріктіріп отырады. Əрі жалпы халықтық ауқымдағы идеяларды ала келеді. Ал осы жалпы халықтық ортақ мүдде, идеялар негізінде шығармалар туады. Міне, қазақ атымен аталатын əдебиеттің (поэзияның) басын осындай мұралардан, осы мұралар туған дəуірден іздеу керек болады. Біз ондай мұраларды дəлелі бар деп айта алмайтын болғандықтан, қазақ поэзиясының басы, оның туу дəуірі дегенді қазірше ашық қалдырдық. Қазақ халқының халық болып құрылу қарсаңында, одан кейін жасаған кейбір жырау өлеңдері мен бірлі-жарым жырларды өздеріне ірі-ірі айдар тақпай, жай зерттеу объектісіне алдық. 6. Қазақ поэзиясы тілінің XV ғасырдан бергі тарихы бұған дейінгі дəуірге тарихи экскурсия жасалмайынша əр уақытта болжам күйіндегі пікірден басталмақ. Ал тарихи экскурсияны жазба мəдениет сақталған VI ғасырға дейін ғана жасауға болады. Халықтың сөз үлгілері жазуға түскен VI–XII ғасырлар арасында Қара теңізден Байқалға, Орхон жазығына дейінгі кең байтақ жерде мекендеген халықтар тұтастай түрк деп аталған жекежеке ру-тайпалар болды, бұл ру, тайпалардың өзара бөліспеген ортақ еншілесі – тілдік-əдеби мұралары болды. Олар V–VIII ғасырда Орхон тас жазбаларына, XI ғасырда М. Қашғаридың үш томдық сөздігіне түсті. Қазіргі қазақ халқы – ежелгі осы ру, тайпалардың конфедерациялануы негізінде қалыптасқан халық. Олай болса, бір кезде
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі өзінің халық болып қалыптасуына негіз болған бұл ру, тайпалар тұтынған əдебиет оның қазақ атымен белгілі болған дəуіріне тəн əдебиетінің де қалыптасуына негіз болды. XV ғасырдағы қазақ халқы сонау VI–XII ғасырлардағы халық еместігін мойындай отырғанмен, ол өз тегін сол ғасырлардағы халықтан бастайтындығын қалай терістей алмасақ, XV ғасырдағы əдебиет сонау VI–XII ғасырлардағы əдебиет еместігін мойындай отырғанмен, оның тегі осы VI–XII ғасырлар арасындағы əдебиетте жатқандығын да солай терістей алмаймыз. Əрине, бұл VI–XII ғасырлардағы жазуға түскен нұсқалар – қ а з а қ ə д е б и е т і деп аталатын дүниеліктер емес, олар – ескі түркі əдебиеті. Бірақ осыған қарамай, қ а з а қ ə д е б и е т і деген əдебиет пен е с к і т ү р к і ə д е б и е т і деген əдебиеттің арасында байланыс жоқ жəне ол сақталмаған деуге болмайды. Ондай байланыс-жалғастық ізі сақталған. XV–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясында бар үлгілердің бірсыпырасы осы дəуір аралығында туса, бірсыпырасы одан əрірек XIII жəне XIV ғасырларда туды, ал енді бірсыпырасы өте əріде, сонау V–VIII ғасырлар мен XI ғасыр арасында туды. Бірақ солардың бəрі де кейінгі дəуірге сол күйлерінде өзгеріссіз жеткен жоқ, мұнсыз əдебиетте даму да болмас еді. Дамудың күрделігіне қарай бұл бастапқы тірек үлгілер мен оның талай замандарды артқа салған кейінгі жалғас-бірлігі арасындағы айырмашылық та күрделі болады, тіпті бастапқы негіз үлгіден басқа сипат та алады. Бұл басқалық олардың өзара бөтендігі емес, дамудың нəтижесі. Даму негізінде барып шыққан өзгеріс. Жаңа сапа – бөтен нəрсе емес, даму нəтижесі алшақтатқан таныс, бейтаныс нəрселер. Бұл жоқ жерден дамуды іздеуге де болмайды. Дамудың кейінгі қалпы түпкі тірек-үлгіден қаншалықты алыстаған сайын, олардың арасындағы ұқсастықтардың дəуірі соншалық бері жақындай береді де, арғы жер ұқсас еместіктер дəуіріне айналады. Сондықтан да ескі түркі əдебиеті мен кейінгі дəуірдегі қазақ поэзиясын байланыстыра қарастырғанда, бұларды жалғас жатқан əдебиеттер ретінде қарамай, ең əуелі біріншісінен екіншісіне жеткен жеке белгілерді іздеу, керісінше, екіншісінде бардың қайсысы біріншіде болғандығын анықтау керек болады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 7. Орхон ескерткіші деп аталатын ескерткіштер – өз дəуірінің мəдени мұрасы, бірден-бір тілдік мұрасы. Бірақ олар тұтас күйінде бір стильде туған поэзия емес. Айталық, VIII ғасыр ескерткіші «Күлтегін» мен «Тоңуқуқ» тұтас алғанда «мен» арқылы баяндалатын шежіре; қағандар мен алыптардың, қаған қасындағы Асан қайғы, Бұхар сипаттас шешендердің (білгелердің) жорықтары мен ел басқару ісін баяндайтын шежіре. Ал осы шежіренің кезеңді жерінде бергі дəуірдегі Асан қайғыша, Бұхарша шешен сөйлеп кету, толғап кету, мақалдап кету немесе жоқтау айту, тіпті ерлік жорықтарды жырлап кету бар. Яғни XV ғасырдағы «Сөз үлгілері» сияқты «мен»-нің тасасында тұрып айтушы-шежіреші сол кезде үстем болған сөз үлгілерінің біразын, тіпті ауыз əдебиетінде бұрыннан айтылып жүрген сөздерді де тоғыстырып пайдаланған. 8. Қазақ поэзиясы тілі тарихын зерттегенде осы қазақ поэзиясы деген поэзияның тарихи тамырын көне дəуірге жалпылай апармай, осы поэзияны құрайтын сөз үлгілерінің нақты стильдік-тілдік тəсілдерінің қайсысы VIII ғасырдағы «Күлтегін», «Тоңуқуқ» сияқты ескерткіштерден немесе XI ғасырдағы М. Қашғари «Сөздігінен» кездеседі дегенді негізге алу керек. 9. VIII ғасырдағы «Күлтегін», «Тоңуқуқ» ескерткіштеріндегі əрі XI ғасырдағы «Дивану луғат-ит түрк» ескерткішіне кірген ауыз əдебиеті үлгілерінде бергі дəуірде қазақ поэзиясын құраған сөз үлгілерінің (1) шешендік сөз, шешендік толғау сөз (2), мақтау (ода) мазмұндас жоқтау-арнау өлең түрлері кездеседі. 10. Сөз жоқ, дидактикалық мазмұндағы шешендік сөз, мақтау үлгідегі жоқтау-арнау өлең өзара тарихи байланысы жоқ екі дəуір əдебиеті ғана емес, екі түрлі əдебиетте, бөлек-бөлек халықтар əдебиетінде де бола береді. Сондықтан байланыстылықты жалаң мазмұн бірлігіне құру қателестіреді, ондай өзара байланыстылықты жоғарғы сөз үлгілерін жасауда негізгі рөл атқаратын стильдік-тілдік формалардың бірлігіне құру керек. Яғни мазмұндық мұралық бірлік пен модельдік (стильдік-тілдік) бірлік ізінің қатар байланыстығына құру керек. 11. Əрине, XV ғасырдан бергі жердегі қазақ поэзиясының VIII ғасырдағы «Күлтегін», «Тоңуқуқ» ескерткіші мен əрі XI ғасырдағы «Дивани луғат-ит түрк» ескерткішіне енген поэзия
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі үлгілерімен байланысы бергі ауызша поэзия мен арғы жазба поэзияның (жазба əдебиеттің) байланысы емес, бұл ескерткіштегі сөздер, өлеңдер – бұлардың өзінің тууына қатыссыз өзге себептермен жазуға түскен ауызша поэзия үлгілері. 12. Махмұд Қашғари «Сөздігіндегі» ауызша поэзия үлгілерінің біразы сол XI ғасырға ғана тəн мұралар емес, олар түркі халықтарының сол кездегі тілінің даму ыңғайымен өзгеріске түсіп үлгірген арғы дəуірдің, дəлірек айтқанда, IX–X ғасырлар аралығының да, тіпті оған дейінгі дəуірдің де мұралары. 13. Таза күйінде туған жанрлар жоқ. Қазақтың азаматтық поэзиясы дейтін поэзияны құрайтын сөз нұсқаларында бар сөзжасау тəсілдерінің факт ретінде көріну тарихын анықтау үшін, бұл поэзия үлгісінің шеңберінен шығу керек. Яғни нақты сөз тəсілдерінің белгілі бір жанр аясында емес, жалпы қазақ ауыз əдебиеті аясында көрінуін, қызмет ету дəуірін анықтау үшін, сөйтіп, бұл сөз тəсілінің қызмет аясының кеңдігін, тарлығын анықтау үшін, өзге жанрлардағы поэзия үлгілерін қоса қарастыру керек. Ал мұның өзі екінші кезекте жанрлар арақатынасын анықтау да болады. а) Айталық, қазақтың азаматтық поэзиясында бар мақтау (ода) əрі жоқтау-арнау өлеңдер мен салттық-тұрмыстық поэзиядағы жоқтау өлеңдер, сол сияқты эпостық-батырлық жырлардағы сипаттау-суреттеу үзіктері бір ғана ортақ тəсілде, формада келіп отырады. Қазақтың эпостық-батырлық жырларының біразы таза эпос жанрында тумаған. «Едіге» жырында тарихи ерлік жыр белгісі мол. Ал «Орақ – Мамай» жыры – ерлік-жауынгершілік мотивте туған жыр. «Ер Тарғын» жырында ерлік-азаматтық өлең үлгілері араласып келіп отырады. Бұл жырлардың қай-қайсысы да XV–XVII ғасырлар арасында қазақтың азаматтық поэзиясының өркендеу дəуірінен бұрын туған жырлар əрі бұл жырлар – қазақтың азаматтық поэзиясын жасауда елеулі рөл атқарған, Махамбет өлеңдеріне тікелей əсерлері болған жырлар. ə) Қазақтың азаматтық поэзиясында, əсіресе, Махамбет өлеңдерінде эпостық-батырлық жырмен өте жақындық, байланыстылық бар. Осы себепті де Махамбет өлеңдерінде эпостық-батырлық жырларға тəн стильдік-тілдік тəсілдер, дəлірек айтқанда, эпостық жырларға ерекше тəн тəсіл – мазмұнға, ұйқасқа дайындық сипаттағы тілге тиек косалқы-кіріспе жолдар едəуір мол.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі б) Қазақтың азаматтық поэзиясында негізгі орын алатын дидактикалық мазмұндағы шешендік сөз, шешендік толғаулар өзінің мазмұн-қызметінде ғана емес, формасында да халық мақалдарына өте жақын. Бұлар, əсіресе, өзінің синтаксистік жүйесінде өзара тығыз бірлікке ие. Сондықтан да бұл екі сөз үлгісін өзара байланыстылықта қарау, əсіресе, сонау көне дəуірде туған мақалдардың синтаксистік-формалық (морфологиялық) жағынан қазақтың шешендік сөз жəне шешендік толғауларына қаншалықты дəрежеде негіз-үлгі болғандығын тарихи даму, жанрлық əсер ыңғайында қарау басты меже. в) Бұл сияқты əр жақты байланыстылықтарды қарастырған кезде, өте тар аяда болса да, өзге туыстас түркі халықтары əдебиетіне, əсіресе, қарақалпақ, қырғыз, татар (Бараба), ноғай халқының фольклорлық шығармаларына барлау жасап отыру керек. Бұл арқылы біз туған əдебиетіміздегі қайсыбір поэтикалық формалардың өзге түрік халықтары əдебиеттерімен ортақ еншілесетін мұралық дүниеліктер екенін айырып қана қоймаймыз, сонымен бірге бұл ортақ-еншілес формалардың, тəсілдердің əдебиет тарихында көріну дəуірін шамалауға да мүмкіндік табамыз. IV. Қазақ поэзиясының ауызша таралып, ауызда сақталуына байланысты туған ерекшеліктерді ескеру міндеттілігі 1. Қазақ поэзиясының сонау арғы дəуірдегі үлгілері ғана емес, бергі дəуірдегі Бұхар, Махамбет поэзиясы да ауызша шығарылып, ауызша таралып, ауызша сақталған. 2. Ауызша шығарылып, ауызда сақталған фольклор шығармаларында (ертегілер, аңыздар, тұрмыстық-салттық өлең-жырлар, мақал-мəтелдер, эпостық жырлар, т.б.) автор болмайтындығы ақиқат. Бірақ ауызша шығарылғанына қарамай, шығарушыларын (авторларын) сақтаған ауыз əдебиеті де бар. Қазақтың бұрынғы замандағы əдебиеті өзінің осы сипатымен өзге көп халықтар əдебиетінен ерекшеленеді. Мұның өзі қазақ ауыз əдебиетінің басқа халықтардағы жазба əдебиет атқаратын қызметті өз үлесіне алуына байланысты. Сондықтан да қазақ ауыз əдебиетіне жалпы
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі өзге халықтарда болған ауыз əдебиет тұрғысынан қарап, баға беруге болмайды. Əрі осы жұртқа белгілі бағалаулар тұрғысынан қарап, қазақтың шығарушылары (авторы) сақталған поэзиясын ауыз əдебиеті деп атаудан қашуға да болмайды. Қазақ ауыз əдебиетінің бұл саласы – азаматтық тақырыпты сөз ететін поэзиясы. Қазақтың азаматтық поэзиясының тарихы өте əріде жатыр. Тіпті Асан, Сыпыра, Жиренше, Шалкиіз сияқты XV–XVII ғасырларда жасаған жыраулардан да өлеңдер сақталып, бізге жеткен. Бірақ арада өткен 400–500 жыл бұрын бұл жыраулар өлеңдерінің көбін ұмыттырып жоғалтып, жұрнағын ғана жеткізген. Шығармалары қаншалықты аз сақталған сайын, шығарушылары соншалықты аңызға айналған. 3. Қазақтың ауызша шығарылған азаматтық поэзиясының дəстүрде «фольклор» деп аталатын əдебиеттен айырмасы – авторын сақтауы болса, осы авторын сақтауда да біршама ерекшелік бар. Егер арнау өлеңдер мен ерлік-азаматтық тақырыптағы өлеңдерде шығарушылары даусыз дəл сақталып отырса, дидактикалық-философиялық мазмұндағы шешендік сөздер мен шешендік толғауларда шығарушылардың «сақталуы» шартты нəрсе. 4. Қазіргі əдебиеттану ғылымында дидактикалық-философиялық мазмұндағы белгілі бір шешендік сөзді я шешендік толғауды бірде-бір кісіге, бірде – екінші кісіге телу немесе бір еңбек авторы «пəлендікі» деген өлеңді екінші бір еңбектің авторы «жоқ», бұл «түгендікі» деу тенденциясы өте басым болып отыр. Жəне бір дəуірде жасалған екі ақын өлеңі ғана емес, өмір сүрген дəуірінде 300–500 жыл айырым бар ақындар өлеңі де осылайша өзара «бөліске» түсіп жүр. 5. Қазіргі əдебиеттану ғылымының белгілі бір сөз үлгілерін авторға теліп қателесуінде объективті себептер бар: бұл сөз үлгілерін буыннан буынға жеткізіп салушылар да осылай бір кісіге теліп барып айтқан. Бірақ бұлардың екеуі де уақыт тасалаған бір сырды аңғармаған. Ақынның «мен-кейіпкер» атынан айтуы автордың «мен-кейіпкер» не «кейіпкер-айтушы» тасасында тұруы, яғни өз өлеңін «мен-кейіпкер» атынан шығаруы ауызша поэзияның белгілі бір дəуіріне, белгілі бір даму сатысына тəн болған. Яғни өлеңді мо-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі нологқа, диалогқа құру ауызша поэзия дамуының белгілі бір кезеңіне тəн құбылыс. Мұның кейінгі дəуірдегі ізін эпостық жырлардағы батырлар монологынан байқаймыз. 6. Поэзия тілін тарихи тұрғыда қарастыру – белгілі бір уақыт аясында қарастыру. Ал əдебиеттану ғылымында əр ақын-жырауға бір телініп жүрген бұл мұралардың дəл кімге тəндігіне ақиқат көз жеткізбейінше, олардың тілін я ана зерттеушінің, я мына зерттеушінің беделіне сүйеніп, белгілі бір уақыт аясында алып қарастыру мүмкін емес. 7. Қазақ поэзиясындағы бұл топтағы мұралар бір ғана ортақ мазмұнға – дидактикалық-философиялық мазмұнға құрылған. Жəне олар өзара өте жақын санаулы ғана тілдік формада туған. XV ғасырда өмір сүрген ақын-жырау да, XVIII не XIX ғасырларда өмір сүрген ақын-жырау да өз шешендік сөз, шешендік толғау өлеңдерін бір ғана мотивте шығарып отырған. Сөйтіп бір дəуірде не арасы кереғар алшақ дəуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың мұралары əрі мазмұн, əрі форма жағынан бір-біріне өте жақын болған, форма қуалаушылық, мазмұн қуалаушылық қазақ поэзиясында ортақ мотивті өлеңдердің тұтас желісін жасаған. 8. Ортақ мотивті өлеңдер (мазмұн əрі форма жағынан біртектес тұрақты өлеңдер) – поэзиялы мақал-мəтелдер, халық поэзиясының афоризмдері. Бұл типтес өлеңдердегі осы афоризмді жолдар тізбегі өлеңнің ұзын желісінен бөліп алуға өте бейім. Бұл топтағы өлеңдер ырғақтық, инверсиялық, ұйқастық шарттар екінші қатарға шегеріліп (тіпті бұлар оның əлі поэзия ретінде көтеріліп, жетіліп жетпеген биігі де), тұрақты модель-формаға айналған біртектес баяндауыш формалас, мағыналас сөйлемдер тізбегіне құрылатындықтан, осындай дайын модель-формалы сөйлем-жолдарды қоса беруге «көнгіш». Өлеңнің өзіне тəн осы табиғи ерекшелігі кейінгі айтушылардың өкім-билігіне мол түсуіне бірден-бір себепші болды. Айтушылардың ақындық қабілетіне қарай, жаңа жағдайға, жаңа ортаға икемдеу талабына орай ұқсас, сарындас сөйлем-жолдар біріне көп, біріне аз қосылып отырды. Тіпті мазмұн əрі форма жағынан бір тектес болғандықтан, екі дəуірде туған өзара ұқсас екі өлең үшінші дəуірде келіп қосылып кетіп отырды. Əрі алғашқы нұсқалар аз-кем өзгерісімен тағы да сақталып отырды. Міне, бұлар осылайша «бастапқы»
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі қалпында қалмай, өзара варианттық сипатқа келгендей дəрежеде өзгеріске ұшырады. Осылардың негізінде о баста белгілі бір нақты уақыт аясында туған өлеңдер келе-келе уақыт шиырына көп түсіп, шығарушыларға ғана емес, уақытқа да «телқоңыр» ортақ өлеңдерге айналды. 9. Осы себепті де өз «авторларын» сақтағанына қарамай, қазақ поэзиясындағы бір топ ортақ мотивті, вариантты дидактикалық-шешендік толғауларды белгілі бір ақын-жырауларға телімей əрі тар шеңберде, белгілі бір уақыт аясында алмай, халықтың осы сөздерге өте жақын мақал-мəтелдері сияқты жалпы халықтық редакциядан шыққан ортақ мұра ретінде қарау керек. Олардың тілін осы тұрғыдан келіп талдау керек. 10. Қазақ поэзиясында салттық, этнографиялық, психологиялық, т.б. ұғымдар негізінде туған мақалдарға жақын – фразеологиялар, дəстүрлі өлең жолдары, тұтас шумақтар бар. Олардың біразы эпостық жырларда да, азаматтық поэзия үлгілерінде де қатар кездесе береді. Немесе ауыз əдебиетінде белгілі бір формаға түскен с ө з а й ш ы қ т а р ы қайсыбір ақын өлеңінде айырып алғысыз өзге жолдармен қатар, солармен жымдасқан сипатта бір бүтін дүние ретінде келе береді. Ал бұлардың тілге оралуына тілге тиек-түрткі себептердің ортақтығы негіз болады. Белгілі бір ақын тілін қарастырғанда ауызекі тілдің тұтас дамуы кезінде пайда болған немесе ауыз əдебиетінде туған бұрыннан бар бұл сөздерді айыра қарастыру керек, бұл сөз айшықтарын ақынның творчестволықпен қолданудағы, пайдаланудағы шеберлігі сөз болуы керек. 11. Ауызша шығарылған өлең-жырлар кейінгі дəуірге белгілі дəрежеде өзгеріп жетті. Сондықтан бұл ауызша шығарылған өлеңжыр лексикасын шығарушы жасаған дəуірге тұтас күйінде тели қарауға болмайды. Егер тұрақты тіркес, фраза, кестелі сөз айшығы, афоризм түрінде туған жолдардың лексикасы біршама тұрақты болса, сындық мағыналы сөздер мен жеке ұғымдық атау сөздер кейінгі дəуірде ауызекі тілде актив қолданысқа түскен синонимдерімен (шартты термин) ауыстырылып отырған. Ауызша поэзияда бұл қайта айтушылардың (ақындық құдіреті күштілердің) бəрі де авторлас болды, өзінің ақындық ыңғайымен, дəуір, уақыт, өлеңнің айтылу қарсаңындағы əртүрлі сəт-жағдай
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ыңғайымен – тыңдаушы жұрттың нені қалайтындығын, қалай айтқандығын қалау ыңғайымен редактор да болды. Сондықтан белгілі ақын-жырау шығармалары тілін халықтық редакциялаудан өткен, дəуірлік, тілдік белгілер таңылған тіл деп қарау керек. Ал ақын тілін қарастырғанда осы шығарушыға тəн тілдік белгілер мен айтушылар қосқан, дəуір қосқан тілдік белгілерді айыра қарау керек болады1. Көркем əдеби тіл дегеніміз – əдебиеттің қоғамға қызмет ету барысында тапқан, өзін осы қызметі арқылы дамытуы барысында тапқан жетістіктерінің бірі. Əдеби тіл – əдебиеттің қоғамдық жағдайдың талабынан туған тақырып, мазмұн, идея сияқты қаруларын дүниеге келтіруге бірден-бір негізгі себепші болған жанр, түр, форма дегендерді белгілеуге, солардың жасалуына атсалысатын құралдың бір түрі. Көркем əдеби тіл – əдебиеттің əрбір дəуірде тапқан жаңа идеясы, жаңа тақырыбының жемісі, осы жаңа идея мен тақырып тапқан жаңа форманың жемісі. Көркем əдеби тіл əрбір дəуірдегі əдебиеттің өзі. Өйткені идея, пікір, көзқарас, т.б. бəрі де, белгілі бір тілдік формада туып отырды. Яғни Абайға дейінгі дəуірдегі қазақ ақындарының тілі – қазақ халқының əр дəуірлердегі қоғамдық жағдайлары əдебиетте туғызған жаңа идея, жаңа тақырып, жаңа формалардың жемісі. Сондықтан да Бұхар, Махамбет, Дулат өлеңдерінің тілін сөз ету – олар əдебиетте көтерген тақырыпты, идеяны қоса қамти отырып сөз ету. Мұнсыз жоғарғы ақындардың тілін тану мүмкін емес. Мұнсыз талдау практикалық грамматиканың, ғылыми, тарихи грамматиканың, қазақ тілі лексикасының ғана жұмысы. Көркем əдеби тіл тарихының жалпы халықтық тіл тарихынан айырмашылығының өзі де осында. Демек, осы ерекшелігімен көркем əдеби тілді зерттеу, тіл білімінің де, əдебиеттану ғылымының да біраз зерттеу тəсілін не ол бұл екеуінің объектісін қатар алып қарайтын, бірақ сонымен бірге өзіндік зерттеу үлгісі бар дара сала. Акад. В.В. Виноградов бұл жөнінде: «По моему глубокому убеждению, исследование 1 Біз үлгі үшін Бұхар жыраудың 2–3 өлеңіне текстологиялық талдау жасадық. Осы кітаптың беттерін қараңыз.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі «Языка» (или, лучше, стилей) художественной литературы должно составить предмет особой филологической науки, близкой к языкознанию и литературоведению, но вместе с тем отличной от того и другого» [13], – деген болатын. Біз оқушылардан өздеріне ұсынылып отырған еңбектен қазақ əдебиеттану ғылымы мен қазақ тілі білімінің жеке-жеке қарастыруы керек сияқты жайлардың басы қосылуына – қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымы мен тіл білімінің шартты түрде бөлектеніп, поэзияға тəн біраз құбылысты шартты түрде бөліп зерттеу тəжірибесі таңған түсінік тұрғысынан қарап баға бермеуін, В.В. Виноградов айтқандай, əдебиеттану мен тіл біліміне өте жақын, бірақ əрі осы екеуіне ортақ құбылыстардың басын біріктіре қарастырған əрі осы екеуінен де бөлек зерттеу əдісіне ие еңбек ретінде қарауын қалар едік. ƏДЕБИЕТ 1. Жұбанов Қ. Абай – қазақ əдебиетінің классигі // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966; Кеңесбаев С. Абай основоположник казахского литературного языка // Советский Казахстан», 1955. № 9; Сауранбаев Н. Роль Абая в развитии казахского литературного языка // В кн.: Жизнь и творчество Абая. Алма-Ата, 1954. 2. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1960 2-т.; Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1968; Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Алматы, 1970. 3. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1969. 4. Жубанов Е.X. Литературно-лингвистические особенности эпоса «Козы Корпеш – Баян сулу»: автореф. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1967; Байзаков Ж. Лексические особенности языка казахского героического эпоса «Алпамыс»: автореф. дисс. канд. филол. наук. АлмаАта, 1967. 5. Сауранбаев Н.Т. К истории казахского литературного языка // Вестник АН КазССР, 1947, №12; Əуезов М. Қазақ əдебиеті туралы // Əдебиет жəне искусство, 1961, №4; Аманжолов С. Қазақтың əдеби тілі. Алматы, 1949; Мусабаев Г. Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы казахской диалектологии. Алма-Ата, 1952; Кенесбаев С.К. Развитие казахского литературного языка в совет-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ское время // М. Ауэзову. Алма-Ата, 1959; Ысқақов А. Əдеби тіліміздің дамуы // Қазақ əдебиеті, 1962, 16 ноябрь; Жанпейісов Е., Томанов М. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ əдеби тілі туралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселелері. 5-шығуы. Алматы, 1968; Сыздықова Р. XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ əдеби тілі // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселелері. Алматы, 1968; Сауранбаев Н. Қазақ əдеби тілінің тарихын зерттеу туралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселе-лері. Алматы, 1960; Мусабаев Г. Об изучении истории казахского языка // Вестник АН КазССР, 1951, №9; Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ əдеби тілінің мəселелері. Алматы, 1961; Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері. 1-т. Алматы, 1959; Өмірəлиев Қ. Қазақ əдеби тілінің тарихын қай тұрғыдан зерттеу керек? // Қазақстан мектебі, 1963, №4. 6. Мухаржовский Я. Литературный язык и поэтический язык // Пражский лингвистический кружок. М., 1967. С. 410. 7. Ленин В.И. Шығармалар. 1958, 2-т. 195–196-бб. 8. Фридрих Энгельс. Анти-Дюринг (қазақша басылуы). Алматы, 1957. 177–178-бб. 9. Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармаларының екі томдығы. Алматы, 1957. 1-т. 340-б. 10. Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармаларының екі томдығы. Алматы, 1957. 1-т, 310 – 341-бб. 11. Ленин В.И. Шығармалар, 4-басылуы, 2-том, 582-б. 12. Лихачев Д.С. Системы литературных жанров древней Руси // В кн.: Славянские литературы. V международный съезд словистов. София, сентябрь. М., 1963. С. 47. 13. Виноградов В.В. О языке художественной литературы. М., 1959. С. 4.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі БІРІНШІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ XV ҒАСЫРҒА ДЕЙІНГІ АРНАЛАРЫ I Қазақ халқы рухани мəдениеттен кенде халық емес. Көшпелі қазақ жұртының да өткен тарихы бар, адамзат мəдениеті тарихына қосқан өзіндік үлесі бар, үлкен əдебиеті бар. Кезінде құлаған мола мен ескерткіш сым-тастарды, жер болып кеткен қала орындарын зерттеп, ел аузындағы барша ертегілерді, аңыз-əңгімелерді, эпостық жырларды, мақал-мəтелдерді жинап, олардан өткен тарихтың бұлдыр саңлауын, өшкен таңбадай көмескі бейнесін көп іздеген Шоқан: «Тарихи деректерден, қалалар мен тас құрылыстардың қалдықтарынан көрінетініндей, тұтас Моғулстан ерте заманда білімді, мəдениетті, отырықшы халықтың қонысы болған. Əрі ол уақытта кітаптар мен шежірелер жазылған, бірақ ол заманнан қираған мұнаралар мен мешіттердің, имараттардың қалдықтарынан басқа ешқандай ескерткіш біздің заманымызға келіп жеткен жоқ. Ал халықтар мəдениетін ұмытып, қалаларды тастап, шатырларда тұрады, тағылық пен білімсіздікке түскен» [1], – дей келіп, қазіргі қазақтар бір кездегі осы мəдениетті халықтың ұрпағы, ежелгі мəдениеті бар халықтың бірі екендігін айтады. Расында да солай. VII–XII ғасырларда Жетісуда жасаған біздің аталарымыз үлкен мəдениеттің иесі болды. Орхон деп танылған жазуды, соңғы екі ғасырда араб жазуын тұтынды. Бүкіл Шығысқа даңқы кеткен кітапханалары болды. Оқымысты ғалымдар, баяндар мен гомерлер өз заманының ерлік тарихын жазды, əдебиетін жасады, ежелгі грек философы Аристотель ілімін ілгері дамытқан еңбектерді дүниеге əкелді. Кейін осы тарихи дамуға көшпелі моңғолдар шабуыл жасады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бір кездегі австриялық мəдениетке швейцар бақташылары жасаған шабуылға тоқталып, Ф. Энгельс: «Бұл күрес білімділікке қарсы білімсіздіктің, мəдениеттілікке қарсы тағылықтың күресі болды. Ол кезде бақташылар мəдениеттілікті жеңіп шықты, ал осының жазасына олардың өздері былайғы мəдениеттіліктің бəрінен бөлектеніп, құралақан қалды», – деген болатын [2]. Осы сияқты көшпелі моңғолдардың тағылық шабуылына ұшыраған Жетісу мен Сыр бергі бес-алты жүз жыл бойында жасалған мəдениетінен айырылды, керісінше, жеңген моңғолдар оларға өз бақташылығын, жартылай тағылығын таңды. Сол үшін де VII–XII ғасырлар қазақ халқы тарихы үшін жоғалған ежелгі грек дəуірі болып қала берді. Одан бергі жерде үлкен тарихи прогресс заманы – қазақтың халық боп құралу заманы XIV–XVI ғасырлар – тарихымыздағы ең жарқын беттердің бірі. Бұл дəуірде халық əдебиеті де барынша өркен жайды, эпостық жыр-дастандар туғызған эпик ақындар – дала философтары, көреген шешендер өмір сүрді. Осы дəуірдің тарихын жазған Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты шежіре тарихшылар дүниеге келді. Міне, бұл дəуір қазақ халқының қайта ояну дəуірі болды. Сөз жоқ, XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі поэзия – қазақ халқының мəдениеті өркендеген осы дəуірлерінде туған поэзияның жалғасы, солардың былайғы дəуірлердегі дамыған жаңа үлгілері, замандар бойындағы дамудың нəтижесінде келіп көтерілген биігі. Демек, бергі XIX ғасырдағы не арғы XVIII ғасырдағы поэзия тілін зерттегенде оны соған дейінгі поэзия тілімен, халықтың өзге жанрындағы əдеби мұралары тілімен сабақтастыра зерттеуіміз керек. Онсыз бұлардың тілін тани алмаймыз жəне ол тілді солардың тілі деп кесіп те айта алмаймыз. Тіпті ілгергі əдебиетсіз Бұхардың, Махамбеттің, Дулаттың қазақ поэзиясы тіліне сіңірген төл қызметін де, олардың творчествосын да айыра алмас едік. VI–VII ғасырлар үлесіне тиесілі əдебиет, болмаса, XIV–XV ғасырларда ноғайлы атымен белгілі болған əдебиеттің туу сырын түсініп, пайымдай алмас едік. XIII ғасыр басындағы моңғол шапқыншылығының ғаламат зардаптарынан кейін аз уақыттың ішінде сондайлық əдебиеттің тууы сияқты кереметтің сырын мүлде түсінбей кеткен болар едік.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі V–VII ғасырлар арасында Каспийден Алтайға дейінгі кең байтақ жерді мекендеген халықтар тұтастай түрк деп аталды да, ал іштей үйсін, қыпшақ, қаңлы, арғу, дулу, ұйғыр, қырғыз, башқұрт, оғуз, чігіл, жабағу, т.б. ру, тайпаларға бөлінді. Тіпті бұл кездің өзінде-ақ болашақ жаңа халықтар – жеке-жеке түркі халықтарының негізгі ұйтқы топтары – əрі этногенездік, əрі əкімшілік-территориялық жағынан бөлек-бөлек шоғырлана бастады. Бірақ осыған қарамай ол кездегі тілдік-əдеби мұралар осы аталған ру, тайпалардың өзара бөліспеген ортақ еншілесі сияқты болды. Əрине, бұл дəуір əдебиеті сөз болғанда əңгіме осы кереғар замандар арасында жасалған дүниеліктердің өзара ұқсас еместігінен олардың бір-біріне жаттығын көруде емес, əңгіме осы өзара ұқсас еместік қалай келіп шықты дегенді анықтауда, бір кездегі негіз əдебиеттен оның өзіне «мүлде» ұқсамайтын əдебиет қалай келіп шықты дегенді анықтауда, я болмаса осы ұқсас еместік қалыптасқанға дейінгі ұзақ аралықта үзіліссіз жалғастықтың бірте-біртелік өзгерісін, екінші сапаға өтуін анықтауда, ең ақырында, сонау дəуір əдебиетінде еншілестігіміз бар дегенде, осы еншілестіктің былайғы сыртында, кейінгі дəуірдегі əдебиеттен сол дəуір əдебиетін байланыстырып жатқан өзек-негізді анықтауда. Бұл өзі сондай үлкен мəселе. Біз бұлардың ішінен ең соңғы мəселеге – VI–XII ғасырлар əдебиеті мен XV ғасыр əдебиетін байланыстырып жатқан өзек-негізге тоқталмақпыз. Соның өзінде əдебиет үлкен өрнек кестесі болса, сол өрнек кестелерден арғы-бергі дəуірлерге тəн аздаған ұқсастықтарды ғана іздеп, əңгімені осы өте шағын ұқсастықтар аясына құрмақпыз. Əрине, бергі XV ғасыр əдебиетінің көне дəуірдегі белгілерін, біз, сөз жоқ, тарихи белгілі дəуірден ғана, дəлірек айтқанда, арғысы енисей-орхон жазулары дəуірі – V–VIII ғасырлардан, бергісі Махмұд Қашғаридың «Дивану луғат-ит түрк» атты еңбегі дəуірі – XI ғасырдан ғана іздей аламыз. V–XI ғасырлар аралығынан бізге келіп жеткен сөз үлгілері едəуір. Олар бірінші, V ғасырға тəн талас-енисей ескерткіштері – мола басына құлпы тасқа жазылған эпитафиялар, яғни өлінің өз атынан айтылған екі-үш, бес-алты сөйлемдік «тарихы»; екінші,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі VIII ғасырға тəн Орхон ескерткіштері – мола басына құлпытасқа жазылған тарихи шежіре, яғни түркі тайпаларының сол тұстағы атақты қағандары мен батырлары Білге (қаған), Елтеріс (қаған), Күл (тегін), Тон (ұқұқ), т.б. жорық жолдары – ішкі бəсекесі, сырт елдерге шеруі, тəуелсіз ел болу жолындағы күресі əңгімеленген тарихи шежіре; үшінші, VIII–X ғасырларға тəн ұйғыр жазулары – жору, аяң айту, діни аңыз, т.б.; төртінші, М. Қашғаридың XI ғасырда жазылған «Дивану луғат-ит түрк» атты еңбегі – түркі тайпалары тілінің сөздігі, яғни ауызекі тілде тұтынуда жүрген жеке сөздер, жеке сөйлемдер, мақал-мəтелдер, ауызша жəне жазбаша поэзияға тəн өлең үзіктері. V–XI ғасырлар арасында жазылған, жазуға түскен осы ескерткіштердің түркі тайпаларының сол дəуірдегі жəне оған дейінгі ауызша поэзиясына қай дəрежеде қатысы бар бұл ескерткіштер түркі тайпаларының ауызша поэзиясының жалпы тарихы туралы қандай мəліметтер бере алады? Бұл сұраққа жауап іздеу – бүгінгі түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының көне дəуірдегі, тіпті сөз үлгілері келіп жетпеген дəуіріндегі ауызша поэзиясы қандай болды дегенге жауап іздеу. Дəл осы арқылы ғана бергі дəуірдегі поэзияның арғы жасалу дəуірі жайлы түсінігіміз болады. Дəл осы арқылы ғана ауызша поэзиямызды дəуірге қатесіз тели қарастыра аламыз. Соңғы кезде тюркологияда əрі қазақ филология ғылымында көне мұраларды поэтиковедение (поэтикознание) тұрғысынан келіп қарастыратын зерттеулер туа бастады. Мұның өзі түркі тектес халықтардың əрі оның ішінде қазақ халқының да көне дəуір поэзиясы тарихын жасау сияқты ізгілікті жұмыстарға бастап келеді. Айталық, бұрынырақта V–VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі поэтикалық белгілер туралы жалпылай айтылып келсе, соңғы зерттеулерде бұл ескерткіштер тұтас күйінде поэзия деп танылды [3]. Ал қазақ əдебиеттану ғылымында бұл ескерткіштер көне түркі поэзиясы деп танылып, оларды өлең үлгісіне келтірген кітаптар шықты [4], ғылыми еңбектерде бұл ескерткіштердің көбіне-көп поэтикалық артықшылықтары əңгіме болды. Сөз жоқ, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері – бұл күнде тарихы белгілі ең көне сөз үлгілері. Біз бұл ескерткіштер жазыл-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ған дəуір –V–VIII ғасырлардан арғы жерде түркі тайпалары тілінің құрылысы, фольклорлық əдебиетінің, нақтырақ айтқанда, ауызша поэзиясының сипаты қандай болды деген сұраққа бірден жауап бере алмаймыз. Өйткені V ғасырдан арғы жерден қалды деген сөз үлгісі бізде қазір табылған жоқ. Бірақ арғы жерде, шамамен I–V ғасырлар арасында, түркі тайпаларында поэзия болмады деп тағы да айта алмаймыз. Мұны айта алмауымыз ондай поэзияның болғанына күдік келтіруден емес, нақты дерек-фактінің жоқтығынан. Сөз жоқ, ежелгі түркі тайпалары тілінің, ауызша поэзиясының тарихы – сол халықтың тілдік, поэтикалық сөз үлгісінің тарихы белгілі дəуірден басталады. Бірақ түркі тайпалары тілінің де, поэзиясының да басы, туу басы сол тарихы белгілі сөз үлгілері емес. Ол дүниеге келген тарихи құбылыстың туу басы емес, тарихы белгілі кезеңінің ғана басы. Сондықтан да V–VIII ғасырларға тəн сөз үлгілері – түркі тектес халықтар тілінің, сөз мəдениетінің шартты түрде ғана «басы», «алғашқы үлгісі» болып есептелінеді. Ал V ғасырдан арғы жерде, I ғасыр тұсына тəн тұтас сөз үлгілері табылған кезде, бұл VIII ғасырдағы сөз үлгілері түркі тектес халықтардың сөз мəдениетінің басы болудан қалып қояды. Өйткені сөз үлгілерінің сақталуы да, табылуы да таза кездейсоқтық. Міне, орхон жазбаларын VIII ғасырдағы «түркі поэзиясы» деп танушылар осы тарихи заңдылықты, шарттылықты, кездейсоқтықты ескере бермейді. Жұртқа белгілі (археологиялық) тарих қола дəуірі деген дəуірді атағанда, оны солай танығанда, ежелгі ру адамдарының жасаған, тұтынған құралының сипатынан шығарып барып атаған. Жəне бұл қола дəуірі деген дəуір мен арғы мыс дəуірі деген дəуірді осылардан жасалған құралдарға қарап айырып, белгілеп отыр. Егер археология қазба арқылы табылған мыс құралды қола деп таныса, біріншіден, ол сол құралдың уақытқа қатысты тарихын жоғалтар еді, екіншіден, заттарды өз атымен атамай, заттардың өзіне тəн қасиеті, сапасы туралы ұғымды шатастырар еді. Міне, Орхон ескерткіштерін поэзия деп танудан осы жайды анық көреміз. Яғни ауызекі тілге тəн стильден алшақ емес сөз
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі үлгісін поэзия деп тану – түркі халықтары VIII ғасырда ауызекі тіл стилі мен поэтикалық стиль бөлінбеген, поэтикалық стильдің элементтері ғана жасала бастаған сөз үлгісіне ие болды деген түсінікке келтірер еді. Мына тұрған VIII ғасырда түркі тайпаларында мəдениетті қалыпқа келген ауызша поэзия болмады деген пікір туғызар еді. Шынында да солай ма? Жоқ, бұл – мыс құралды қола деп атап, мыс дəуірін жоғалту, қола мен мысқа тəн ұғымдарды шатастыру: яғни VIII ғасырдан қалған ескерткіштерді поэзия деп тану – түрк халықтарының сол тұстағы жəне оған дейінгі поэзиясын жоғалту, оның анық сипаты турасында туар түсініктің өресін кескен болып табылар еді. Түркі тектес халықтардың ауызша поэзиясының нақты жасала бастау дəуірі туралы пікір айту мүмкін нəрсе емес: егер түркі халықтарының тарихы белгілі тілдік құрылымының сипаты сол тарихи дəуірге дейінгі жерден арыда тағы қанша дəуірді қамтыды дегенді айту қандайлық қиын болса, түркі халықтарының тарихы белгілі поэзия үлгілері сол дəуірден арғы жерде тағы қанша дəуірді қамтитынын айту да сондайлық қиын. Қазіргі түркі тілдері өзінің фонетикалық, грамматикалық құрылымы жағынан бұдан 1300–1500 жыл бұрынғы руналық жазу тіліне қаншалық жақын болса, мұның өзі – V–VIII ғасырлардағы тілі аздаған біршама өзгерісімен сол өзіне дейін тағы да сондай бірер дəуірді қамтиды деген сөз. Ал мұны əрі түркі халықтарының ауызша творчестволық табыстары туралы да айтуға болады. «Өлең тілі халықтарда тіл əлі жетілмеген кездің өзінде-ақ жасала бастауы мүмкін» (Гегель. Сочинения. Т. XIV. М., 1958. С. 200). Сондықтан да бізде əдетте айтыла беретін, көбіміз қолданып жүрген «түркі халықтары поэзиясының V–VIII ғасырдағы алғашқы дəуірі» сипатында келетін танымдарымыз барынша шартты танымдар. Түркі халықтарының ауызша поэзиясының арғы дəуірдегі тарихына барғанда, осы тарихты белгілі бір уақыт аясына тели зерттегенде түркі халықтарының бергі 1000 жылды қамтитын жіктелісінен кейін осы жіктелген жеке-жеке халықтардың тіліндегі бірлікке, айырым сипатына; сол 1000 жылдан арғы жер-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі де жасалған сөз үлгілерінің (мақал-мəтелдердің) бұл жеке-жеке халықтарда сақталуының, қазіргі дəуірге келіп жетуінің негізінде туған ортақтыққа, осы сөз үлгілерінде көрінетін айырым сипатына; поэзиядағы ортақ жолдарға, поэтикалық ортақ тілдік тəсілдерге, олардың өзіндегі өзгешелене бастаған айырым сипатына – тағы сол сияқтыларға назар аударып, осы заңдылықтарды, оның даму эволюциясы сипатын зерттеу керек болады. Бұларсыз зерттеу – тарихи тұрғыдағы зерттеу емес, белгілі бір дəуірдегі тілдік үлгіні сол қалпында сипаттау, ең мықтағанда кейбір ерекшеліктерін салыстыру сипатында есепке алу ғана болады. Ал мұндай зерттеу сипаты – салыстыру, аналогия жасау тəсілдері жоқ жағдайда субъективтік пайымдауларға барынша еркіндік беріледі. Тілде бұрын жасалған творчестволық сөз үлгілері кейінгі дəуірлерге өзін тұтынушы халықтың ауыздан-ауызға көшіріп сақтауымен жай ғана дəуірге талғамсыз жетіп қана қоймайды, сол өзін тұтынушы халықтың тілде болған белгілі бір кезеңдердегі өзгерісін қабылдай, соған бейімделе, қайта өзгертіп айтылуымен келіп жетеді. Сөйтіп, ол əрі тілдің сол өзгерген дəуірінде жаңа туған сөз үлгілерімен бірдей болып, соған өте ұқсап жатады. Бұл тұста өте ертеде туған белгілі бір формадағы творчестволық сөз үлгілерінің жеке-жеке түркі тілдерінде кейінгі кезде олардың тілдік ерекшелігі ыңғайымен белгілі бір айырым-өзгерістерімен тұтынуда жүргенін аналогия ретінде алуға болады. Фольклорлық мұралар ішінде өзінің туу дəуірі жағынан барынша көне жəне тілдік белгілер жағынан барынша тұрақты, əрі дəстүрлі формаларға ие сөз үлгілері – мақал-мəтелдер. X–XI ғасырлардағы түркі тайпалары тілінде тұтынуда жүрген осы сөз үлгісінің бірсыпырасы XI ғасырда жазылған «Дивану луғат-ит түрк» ескерткішіне енген. Махмұд Қашғари бұларды түрк тайпаларын аралап жүріп ел аузынан жинаған. Бұл кез түрк тайпаларының ірі-ірі жікке бөліну процесі басталған дəуірмен тұстас келеді. Осы мақалдардың бірпарасы, мың жыл өткеніне қарамай, қазіргі түркі халықтарында сол «Дивану луғат-ит түркте» жазылған күйінде (аздаған фонетикалық өзгерісімен) сақталған: Ач не йемес, тоқ не темес; бар – бақыр, йоқ – алтун, т.б. Ал бірпарасы аздаған грамматикалық (формалық) өзгерісімен сақталған: Кіші
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі аласы ічтін, йылқы аласы таштын (кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында); шуш қанатын, ер атын (құс қанатымен, ер атымен); қорқмыш кішіге қой басы қош көрунур, т.б. Енді бірпарасы аздаған лексикалық, формалы өзгерісімен сақталған: қуруқ қашуқ ағызға йарамас, қуруғ сөз қулаққа йақышмас; йазмас атым болмас, йаңылмас білге болмас; кіші сөзлешү, йылқы йызлашу; күзекү узун болса елік күймес, т.б. Сол сияқты М. Қашғари дəуіріндегі мақалдар қазіргі түркі халықтарында, бұлардың тіліндегі бергі дəуірде болған өзгерісі (фонетикалық, морфологиялық, лексикалық) ыңғайымен сақталған. Тағ тағқа қабушмас, кіші кішіге қабушур (МҚ) – тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар (қазақ мақалы); тау тау белəн очрашмый, адəм адəм белəн очраша (татар мақалы); дағ даға қабушмаз, інсан інсана қабушар (түрік мақалы), т.б. Осындай бір негізділік, бірлік-жақындық түркі халықтарының кейінгі азаматтық-дидактикалық поэзиясында да сақталған. Айталық, Қырым жұртында: Бір дегеште не йаман? Бір пытырсыз йыған мəл йаман. Екі дегеште не йаман? Екі ідіні сала қалсаң о йаман [5], – деп келетін өлең қарақалпақ ауыз əдебиетінде өзгешелеу болып кездеседі. Бир дегенде не жаман? Билимсиз өскен ұл жаман. Екиленши не жаман? Елеусиз өскен қыз жаман [6]. Ал Қырым жұртында: Булан мүйіз салмаза Булутқа йітіп турмас па? Бурунғы қарылар өлмезе Бурунчуқ қара йірлер тулмай ма? [7] – деп келетін өлең Сібір татарларында өзгеше поэтикалық тілдік формада сақталған: Пуланның музү түспечең полза, Пултқа тіри өзөчүк. Пу йатқан қалық өлбөчөң полза, Пу йерге сыңмин йадачық [8].
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұл халықтардың бір-бірінен жіктелу, территориялық жағынан алшақтау дəуірі (осы сөздердің қағазға түскен кезінен арғы жерде) ең берісі үш жүз жылды қамтиды. Міне, соған дейін туған сөз – бұл халықтардың бəріне ортақ үлгідегі сөз – бергі үш жүз жыл ішінде (шартты) бұл халықтардың тілінде болған өзгерістер ыңғайымен, кейінгі тілдік норма ыңғайымен қайыра редакцияланып жырланып отыр. Сөйтіп, ол əр халықтың бергі бөлінген дəуіріне тəн өз туындысына айналып отыр. Енді М. Қашғари сөздігінде бар мақалдарға қайта оралайық. Мың жыл ішінде фонетикалық жағынан біршама, ал лексикалықсинонимдік, морфема-формалық жағынан өте елеусіз өзгеріске түскен осы мақалдардың поэтикалық-творчестволық модель-үлгісі қазіргі түркі халықтарының бəрінде де сол күйінде сақталып қалған. І. Оғлан ышы ыш болм а с // оғлақ мөңүзі сап болмас; Ач не йем е с // тоқ не тем е с. ІІ. Қарға қарысын кім біл і р // кіші аласын кім тапа р; Ерге муң тег і р // тағ сеңіріне йел тег і р. Ағыз йе с е // көз уйаз у р; Іңен іңре с е // боту бозлар. Ал бұл сақталып қалғандық, екінші кезекте, осы бергі X–XX ғасырлар арасына ғана тəн емес, ол арғы кезеңге – X ғасырдан арғы кезеңге де тəн. Сол X–XI ғасырлардың өзінде қазіргідей барынша абстрактілі ұғымға ие, барынша қалыптылыққа, шарттылыққа ие, барынша жалпы халықтық ортақ түсінікке əрі барынша тұрақты модель-формаға ие мақалдар өзінің түпкілікті жасалып, тұрақталу жағдайына XI ғасырдан арғы жерде бірнеше ғасыр көп бұрын келіп үлгірген. Жəне XI ғасырға (М. Қашғари жазып қағазға түсірген дəуірге) өзінің формалық-ұйқастық (морфемаформалық) тəсілдерін – поэтикалық-творчестволық тəсілдерін бірнеше өзгертіп барып жеткен. Ал бұл өзгерістердің бірсыпырасы Орхон ескерткіштері дəуірінен VIII ғасырдан бұрын болып үлгірген. Өйткені «Күлтегін» ескерткішінде кездесетін: Ырақ ерсер, йаблақ ағы бірүр, Иақұқ ерсер, едгү ағы бірүр [9], – деп келетін мақал өзінің модель-үлгісі, формалық-ұйқастық тəсілі жағынан М.Қашғари «Сөздігіндегі» мақалдармен бірдей келіп жатады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Яғни М. Қашғари сөздігіндегі мақалдардың бірсыпырасы – түркі тайпаларының сол X ғасырдағы тілінің нормасына түсірілген көне (X ғасырдан, тіпті VIII ғасырдан көп бұрын туған) мақалдар, бірсыпырасы – өзінің байырғы (түркі тілінің X ғасыр мен одан арғы жердегі даму-өзгерісі сатысындағы) қалпын сақтап жеткен мақалдар, енді бірсыпырасы – көне мақалдар, модель ыңғайымен жаңа жасалған мақалдар. Мақалдар өзінің мазмұны жағынан да, модель-үлгісі – грамматикалық формаға құрылған тең сөйлемдері, баяндауыш ұйқасы жағынан да творчестволық туынды. Ауызекі (сөйлеу) тілдің жеке бір ерекше формаға ие бөлек материалы, ерекше жанры. Бұл – «Күлтегін» ескерткішіндегі «Антағыңын үчүн ічідміш қағаныңын сабын алматын, йір сайу бардық, қоп анта алқынтығ, арылтығ» – дегендей, сөйлеу тілінің «ұйқасы» ыңғайымен емес, қалай айту ойластырылған, іздестірілген, осындай талаптану негізінде туған творчестволық туынды, яғни поэзия элементі бар жаңа жанр. Ал бұл «жаңа» жанр ежелгі түркі тайпаларында сөз үлгісінің тарихы белгілі VIII ғасырға дейін, тіпті одан көп бұрын туып қалыптасқан. Түркі тайпаларында айтыс, қарсы айтыс өте көне дəуірден бар [10]. Егер «өлең тілі халық тілінің əлі жетілмеген кезінің өзінде-ақ жасала бастауы мүмкіндігін» ескерсек, айтыс сияқты сөз дүкені халық əн-өлеңдері, халық поэзиясы жасалып, қалыптасқан дəуірден көп кейін, жеке индивид ақындардың көріне шыға бастауымен орайлас жатады. Жеке ақындық өнер – халық поэзиясының дамуы негізінде барып туатын тарихи құбылыс. Осы жеке ақындық өнердің тууына байланысты ғана тұрмыс-салт жырларынан бөлек тарихи-əлеуметтік тақырыпта өлеңдер туа бастайды. «Дивану луғат-ит түрктегі» X–XI ғасырларға дейін туған «Алп Ер Тоңа»..., «Мыңлақ елін алғанбыз», «Мен жеңбесем кім жеңер» (атаулық шартты) сипаттас ерліказаматтық жырлар, өзге де өсиет өлеңдер – осындай жеке ақындық өнердің жемісі. Міне, VIII ғасырда, осыған қарайлас кезеңде түркі халқында тұрмыс-салт жырлары, айтыс дəстүрі, жоқтау өлең айту салты жеке индивид ақындар, олар шығарған ерлік-азаматтық, өсиет өлеңдер болуын мойындамау ғана «Күлтегін» сипаттас ескерткіштерді «поэзия» деп тануға əкеледі.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Рас, «Күлтегін», «Тоңуқуқ» ескерткіштерінде поэзияға тəн, соған жақын үзіктер бар. Бірақ ол тұтас ескерткіштер тіліне, жанрына тəн бір бүтіннің жасалуына тəн ерекшелік емес, ол – ескерткішті тасқа түсірген автордың ауызша поэзияға тəн тəсілдерді арагідік пайдалануы, кіргізуі ғана. «Күлтегін», «Тоңуқуқ» – поэзия да, творчестволық өлең-жыр да емес. Олар жұрт айтқандай «поэма да емес, түркі қағандары мен батырларының ерлік жорықтарын баяндайтын шежіре ғана. Оның стильдік ерекшелігі – «мен» атынан баяндай айтылуы. «Күлтегін» шығарылған емес, айтып отырып жаздырылған («барқ ітгүчі, бедіз йаратыгма, бітіг таш ітгүчі табғач қаған чықаны...»). «Тоңуқуқ» та айтып отырып жаздырылған («Түрк Білге қаған еліңе бітітдім (жаз-дыр-дым) бен Білге Тоңуқуқ»). Сондықтан да бұлар ауызекі сөйлеу тілінің баяндай айту нормасына жақын. Түркі тектес халықтардың ауызекі сөйлеу тілі де, оның бұрын-соңды ертегілер тілі де синтаксистік жүйелі жағынан зерттелген емес. Оның ерекшеліктері, яғни тұрақты, тұрақсыз белгілері есепке алынған емес. Осы салада ғылыми зерттеулер жасалған болса, оны орхон жазбалары тіліне үлгі-фон ретінде қолдансақ, онда біз ескерткіштер тілінің сипатын тез аңғара алар едік. Сол сияқты Орхон ескерткіштері тілі де синтаксистік жүйесі жағынан əлі күнге дейін түбегейлі зерттелген емес, мұның өзі де бұл ескерткіштердің жанры туралы əр ұдай болжам пікірлер айтуға уақытша болса да мүмкіндік беріп отыр. Біз Орхон ескерткіштері поэзия емес дегенде, оның тілін тұтас талдамай, поэзияға жат белгілерінен бір-екі фактілер келтірумен шектелеміз. Тағы да салыстырудан басталық. XIX ғасырдың орта тұсында В.В. Радлов Қырым татарларынан «Тумалай ару» атты ертегі жазып алған. Егер осы ертегіні «поэзиялық тəртіпке» түсіріп жазсақ не сөйлем ыңғайымен жазсақ, төмендегіше болмақ: Қарады: (жолда) бір хумай жылқы көрдү, (шу жылқының) ічінде бір тай көрдү, (о тай) жұртта болса екі еді, болмаса бір еді,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ондай ділбəр айуан жоқ еді, өзү жүрүк еді өзү арык еді [11]. Енді Орхон ескерткіштерін осы ретпен берейік: 1. Үзе көк тəңрі йеті йегірмі йашыма таңут тапа сүледім, таңут будунығ буздым, оғлын йотызын, йылқысын, барымын анта алтым... 2. Болчуда сөңүшдіміз. Қағанын, йабғусын, шадын анта өлтүртім, ілін анта алтым. Отуз йашыма Бес-балық тапа сүледім, алты йолы сөңүшдім [12]. Міне, жай сөйлемдер соңындағы баяндауыштарға қарасақ, «Тумалай ару» ертегісі де, «Могилян хан» ескерткіші де бір сипаттас. Егер бұларды «поэзия» десек, онда ертегі тілі деген тіл жоқ болып шығады. Орхон ескерткіштеріндегі поэзияға жат белгілер, біріншіден, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тізбек қатары жиі келуі: І. (1) йуғчы, сығытчы өңре, күн тоғсықда Бөклі чөлліг ел, табғач, түпүт, апар, пурум, қырқыз, уч қурықан, отуз татар, қытаң, татабы – бунча будун келіпен, (2) сығтамыс, йығламыс: антағ күліг қаған ерміс. ІІ. (1) Теңрі тег теңріде болмыш түрк Білге қаған бу өдке олуртым. (2) Сабымын түкеті есідгіл: (2а) улайу інійігүнім, оғланым, // бірікі оғушым, будуным, // біріиа шад-апыт беглер, // йырайа тарқат буйуруқ беглер, отуз татар, тоғуз оғуз беглері, будуны // бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңла [14]. ІІІ. (1) Түрк будун өлті, алқынты, йоқ болты (тоң. 3). (1) Ечүміз-апамыз Бумын қаған төрт булыңығ қысмыс, йығмыс, йаймыс, басмыс. Ол қан йоқ болтуқда кесре (содан соң. – Қ.Ө.) ел йітміс, ычғынмыс, қачышмыс... (Оңг., I). Екінші – жалаң сөйлемді, төл сөздің келуі: I. (1) қыйын айдым, (2) турғуру қотым, (3) кентү будуным,– тідім, (4) уду келің,– тідім.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (5) Қодун бардым, келмеді. (6) Йіче іртім, (7) Бурғуда йетдім. (8) Төртүнч ай тоқуз йаңықа сүңүсдім, санчдым (МЧ., 14, 15). ІІ. (1) Ол сабығ есідіп, (2) қағаным: – Бен ебгеру түсейін,– тіді; (3) – Қатун йоқ болмус ерті, (4) аны йоғлатайын,– тіді; (5) – Сү барың,– тіді; (6) – Алтун йысда олуруд,– тіді. (7) ...Алтун йысда олуртымыз, (8) үч көруг кісі келті, (9) сабы бір: (10) қағаны сү тасықды, (11) он оқ сүсі қалысыз тасықды,– тір, (12) Йарыс йазыда тірілелім, – тіміс. (13) Ол сабығ есідіп, қағанғару ол сабығ уттум. (14) Қантайын. (15) Сабығ йана келті: (16) Олуруң тійіп,– тіміс [14]. Сонда бұлар қандай жанр? Енисей жазулары – өлінің жер басып тірі жүрген кезіндегі «тарихын» өлінің өз атынан баяндайтын мұң тілі. Мұның «тарих» болатыны – тірі кездегі бірді-екілі істері аталады, мұң тілі болатыны – тума-туыстарымен қызықтасып бірге өмір сүре алмағаны, олардан айрылғаны айтылады. Қараңыз: Сіз: еліме, кунчуйума, оғланыма, будуныма, сізіме алтмыш йашымда адырылдым. Атым Ел Туған Тутуқ, бен теңрі елімке елчісі ертім, алты бағ будунка бег ертім – Сіз: елімнен, күнекейімнен, ұлымнан, халқымнан – сіздерімнен алпыс жасымда айырылдым. Атым Елтуған тұтық. Мен теңрінің еліме елшісі едім, алты бау халыққа бек едім [15]. Көлем жағынан бір-екі сөйлем мен он шақты сөйлемнің арасынан шығып отыратын бұл жазулардың қазір жетпістейі табылды жəне бəрі де бір стильде. Осы себепті де бұлардың лексикалық құрамы бас-аяғы шамалы ғана топтағы заттық мəнді сөздер-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ден тұрады. Ал бұл заттық мəнді сөздер үнемі қайталанып, бірыңғай тіркестіріліп аталып отырады да, сөйлем өлген кісінің əрекетіне тəн қимылды білдіретін, онда да үнемі қайталанып келетін санаулы етістік сөздермен аяқталып отырады. Ескерткіштерде етістіктер жалпы аз, 40–50 түрлі ғана етістік сөздер қолданылған. Олардың өзі де өте сирек қайталанады. Ал өзге реттің бəрінде жазудағы сөйлемдер адырылдым (айырылдым, өлдім), бөкмедім (қызықтамадым, өлдім) деген екі етістік сөзбен аяқталып отырады. Енисей жазуларында «қан ердім» сөзі кездеспейді, «қанға бардым», «бек ердім», «Алп туран», «Алп уруқу (тулы) тутуқ бен», «батур мен», «йолчы бен», «Қүч күл тутуқ», «Кутлуғ Бақа тарқан Оге буйруқы мен» деген сөздер жиі кездеседі. Мұның өзі ескерткіштердің əлеуметтік топтың орта тобына, көпшілік бұқараға жататын кісілердің басына қойылғанын аңғартады. Екінші кезекте, мұның өзі жазудың халықтың орта тобына да тарағанын, ескерткіш сөз жазу («бегімке бөкмедім», «жолчы бен» дегендерді ескерсек) халықтың бұқара тобына да ортақ болғанын көрсетеді. Өлінің сөзі ретінде берілуі, өлінің атынан айтылуы – Енисей жазуының стильдік, жанрлық ерекшелігі. Бірақ бұл ескерткіштер поззия емес. Орхон жазбалары мен енисей жазбаларының аралығында 300 жыл жатыр. Бұл – ұзақ аралық дəуір. Осы үш жүз жылдық мерзім енисей жазуынан басталған дəстүрді жетілдірді, оны жанр, стиль жағынан күрделендірді. VIII ғасырдың басына тəн «Тоңуқуқ», «Күлтегін», «Мойн чур», «Могилян» ескерткіштері қағандар мен қаған қасындағы сəуегей даналардың мавзолейі жанына тасқа ойып жазған туындылар. Бұлардың енисей жазуымен жақындығы – мола басына жазылуы. Ал негізгі айырмашылығы – өлінің тіріге арнау сөзі ретінде жазылуы. Мұнда жеке бастың меншікті заты аталмайды, тірлікте істеген іс-əрекеті суреттеле əңгімеленеді. Яғни оқиға баяндалады. Ал бұл оқиға – түркі тайпаларының белгілі бір бөлігін билеп отырған қағандардың тіршіліктегі ел басқаруы, көрші туыс тайпалармен, елдермен жүргізген қатынасы, соғысы, т.б. Бұл оқиға – түркі халықтары тарихының белгілі бір кезеңіне тəн тарихи оқиға. Демек, бұл ескерткіштер – тарихи деректер баянда-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі латындықтан, тарихи ескерткіш. Ал жеке адамның қызметіне байланыстырылып баяндалатындықтан, бұл ескерткіштер – шежіре-тарих. Бұлар бергі XIV–XVI ғасырлардағы «Жамиғат тауарих», «Шейбани-наме» сияқты хандар шежіресіне жақын. Ал халыққа қарата айтылатындықтан бергі дəуірдегі хан жарлықтарына ұқсас. Ескерткіштердің мазмұны мен идеясына келсек, көп бұрын болып өткен оқиғалар баяндай əңгімеленсе, соғыс тұстары суреттей əңгімеленеді. Бұл тұста өткен тарихқа, өздері ұстаған бағытқа саяси баға беріледі, көрші ел табғач жұртына тəуелді болмау идеясы, түркі тайпаларының бірлігі, ынтымағы уағыздалады. Ескерткіштердің жанрына келсек, бұларда ауызекі (сөйлеу) тілдің тынысы анық көрініп тұр. Тыңдаушыға арналған. Ескерткіш авторы (не авторлары) тыңдаушысын көз алдына келтіріп қойып, өз сөзін əңгімелесе отырып айтып шығады. Осы əңгіме үстінде автор сөзді таңдап теріп айтады; тұрақты, дағдылы сөз орамдары мен тіркестерді жиі келтіріп, кейде оларды қайталап қолданып отырады; мақал сөз, шешендік толғау сөзді кірістіріп отырады; соғыс-жорықты əңгіме еткен тұста əскери терминдерді, батыр қимылын бейнелейтін образды сөз үлгілерін екпінді ырғақпеп қайталап қолданып отырады. Автор өз сөзін түркі бектеріне, халқына, т.б. арнайды, соларға қарата айтады. «Тоғуз оғуз беклері, будуны, бу садымын (сөзімді. – Қ.Ө.) едгуті есід, қатығды тыңла!» (10. 27-бет), «Түрк, оғуз беклері, будуны, есідің! Үсте теңрі басмасар, аста жер тілінмесер, түрк будун, еліңді, билігіңді кім бұзды?»1. Бірақ бұл ескерткіштер ауызекі сөздің, ауызекі əңгіменің сол қалпында жазуға түсірілуі емес. Бір ескерткіштер – ауызекі тілге (сөзге) жақын, тіпті одан əлі бөлектене қоймаған, өзінің айқын үлгі-тəсілін жасап шыға қоймаған жазба əдеби нұсқа. Ескерткіш бір ғана стильде жазылмаған. «Үлкен Күлтегін» аяқталған ойды білдіретін 306 сөйлемнен тұрады. Осы ескерткішті əңгімелеп жазу үлгісі əртүрлі. 1 Ескерткіш тілін ұғуды жеңілдету үшін, кейбір дыбыстарды, жеке формалар мен сөздерді қазіргі тіл нормасымен беріп отырдық.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бірінші. «Үсте Көк Теңрі, аста жазық жер қылынмысда, екі арада кісі оғлы қылынмыс», – деп басталатын бірінші сөйлемнен «Қаңым қағанқа баслатып Базғанды балбал тікміс» деген 84 сөйлемге дейін автор өзінің бабалары Бумын қаған, Істемі (VI ғасыр) қаған таққа отырғаны, ел билегені, олардан кейін таққа «білімсіз қаған отырып», елді табғашқа құл еткені, елдің бас көтергені, түрк халқы игілігіне өз əкесі Ілтеріс қағанның таққа отырғаны, «елден, қағаннан айырылған халықты түрк билік-төресін сағынған халықты ата-бабасының билік-төресі кезіндегідей қайта құрғаны», сол үшін қырық жеті рет əскер жүргізіп, жиырма рет соғысқаны, сөйтіп, ақырында қайтыс болғаны жайлы айтады. Бұл – өткен оқиға. Мұны баяндағанда автор сөйлем баяндауышын үнемі-мыш (яғни -ған екен) формасымен аяқтап отырады. Екінші. «Ол билік орынға ечім қаған олурты», – дегеннен бастап, өзі араласқан істер негізінен -ды(қ), -ды (м) формасымен беріледі. Осының ішінде 123 – 138 сөйлем түрік бектері мен халқына қарата айтылады: «Түрк, оғуз беклері, будуны, есідің! Үсте теңрі баспаса, аста жер тілінмесе, түрк будун, еліңді, төріңді кім бузады? Өкін! (Көтерген) Білге қағанына, ерген, барған езгу еліңе өзің жаңылдың, жамандық кел (-тірдің).... кенжыш бардың, Кұрығары барығма бардың, барған жерде езгі (-лік болды ма?), – қаның суша жүгірді, сүйегің тауша жатты» (қазіргі қазақ тілі нормасына ыңғайлап берілді). Ал «Кіші Күлтегін» 83 сөйлем. Мұнда «Үлкен Күлтегіндегі» Білге қағанның өзі таққа отырғанға дейінгі ел ішінің бүліншілігін баяндайтын жер (122–144 сөйлем) мұнда 1–53-сөйлемде қайталанады. Оқиға өзара өте ұқсас тексте баяндалады. Ал «Үлкен Күлтегіндегі» 145–294-сөйлемде баяндалатын оқиға (Білге қаған мен інісі Күлтегіннің қызметі) мұнда 54–57-сөйлемде жинақтап беріледі (Қаған отырып, жоқ-шығай будунды көп жинадым, шығай будунды бай қылдым, аз будунды мол қылдым. Болмаса осы сөзімде жалған бар ма?). Ескерткіштің 57–83 сөйлемінде «түрк беклер, будун, бұны есідіні» – деп қарата отырып, артқы елге өзінің өсиетін қалдырғанын жазады [«Түрк будун <ын жиып> ел <жора-жарғысын> бұнта ұрдым: жаңылып үлес <те кететініңді> жəне бунта ұрдым,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі <қандай>, сабым <болса>, бенгі тақиқа ұрдым. Аңар көр <іп> білің!]. «Тоңуқуқ» өмірбаяндық үлгіде басталады [Білге Тоңуқуқ бен өзум, Табғач іліңе қылынтым. Түрк будун табғачқа көрур ерті]. Одан əрі оқиға əңгіме түрінде айтылады. Əңгіме автор (Тоңуқуқ) атынан айтылғанмен, оны диалогқа құрып айту – ескерткіштің негізгі ерекшелігі: Қырқызда йантымыз (қырғыздан қайттық). Түргес қағанта көруг келті, сабы антағ: Өңден (-алдынан) қағанғару сү (-əскер) йорылым (жүргізелім), – тіміс, – йорымасар бізні, – қағаны алп ерміс, айғучысы білге ерміс, қач нең ерсер, – бізні өлтуртечі күк, – тіміс. – Түргіс қағаны тасықмыс, – тіді, он оқ будуны қалысыз тасықмыс, тір. Табғач сүсі бар ерміс (табғач əскері де бар екен). Ол сабығ есідіп Қағаным: Мен ебгерү түсейін, – тіді, – қатун йоқ болмус ерті, аны йоғлатайын, – тіді. – Сү барың, – тіді. – Алтуи йысда олуруң, – тіді. – Сү басы Інел қаған, Тардус сад барзун, – тіді. Білге Тоңуқуқ – баңа (маған) айды: Бу сүг елт (ерт), – тіді... Алтун йысда олуртымыз. Үч көруг кісі келті. Сабы бір – Қаған сү тасықды, он оқ сүсі қалысыз тасықды, – тір, – Йарыс йазыда тірілелім, – тіміс. Бұл ескерткіштер өзінің жазылу стилі жағынан бергі Алтын Орда дəуіріндегі XV–XVI ғасырлардағы шежірелер мен хан жарлықтарын еске түсіреді. «Кіші Күлтегіннің» теңрі тег теңріде болмуш түрк Білге қаған бу өдке олурдым. Сабымын тугеті есідгіл», – деп басталуы, «Могилянның» «Теңрі тег теңрі жаратмыш түрк Білге қаған сабым», – деп басталуы осы XIV–XVI ғасырлардағы хан жарлықтарына, хаттарына ұқсас. Айталық, Тоқтамыстың хаты «Тоқтамыш сөзум Йағайлаға, – деп басталады. Ал «Кіші Күлтегіннің» осы сөзінің жалғасы «улайу інійігүнің оғланым, бірікі оғушым, будуным, бірійе шадапыт беглер, йырайа тарқат буйуруқ беглер, отуз..., тоғуз оғуз беклері, будуны...» – деп келіп, санамалап қарата айтылады. Осы үлгіні «Улуғ Улусының оң қолының уа сол қолының тумен, мың, жүз он білкін оғланлар, билер жəне ішкі кентлернің уа шаһарларының даруға беклер...» – деп басталатын Дəулет Герей жарлығынан көреміз.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Мұның өзі «Күлтегін», т.б., ескерткіштер жазылған дəуірде, яғни VII ғасырдың аяғы, VIII ғасырдың басында Түрк қағанатында осы ескерткіштер стиліне жақын үлгіде х а т , ж а р л ы қ ж а з у дəстүрі болған дегенге аналогия жасауға мүмкіндік береді. Ал тасқа жазылған ескерткіштер стилі – осы жарлық стилінің шежіре-тарих стиліне ұласқан түрі, бұл екеуінің араласуы негізінде келіп шыққан жаңа стиль үлгісі. Əрине, Орхон ескерткіштері Білге сияқты қағандардың, Тоңуқуқ сияқты даналардың атынан айтылған, солар айтқан (не жазған) сөз болып көрінгенмен, оны жазған екінші авторлар бар. Олар – қаған қасындағы шежірешілер, хатнама иелері. Ескерткіш авторлары текстің өзінде «сабым» («сезім») деп айтып отырса да, аяғында келіп бұл сөзді «бітіг» деп атайды. Ал бұл «бітікті» жазушылар басқа адамдар. «Күлтегінде» «беңгу таш тоқытдым, бітідім» (бітідім – жаздым) деп, автор атынан айтыла тұрып, артынша «Бу бітіг бітігме атысы Йолығ тігін» деп ескерткіш сөзін аяқтайды. Ал «Могилянда» Білге қаған атынан «бітідім» деп аяқталып келіп, ең соңғы сөзі «Білге қаған бітігін Иолығ тігін бітідім... қаған атысы Йолығ тігін мен ай артуқы төрт күн (бір ай төрт күн. – Қ.Ө.) олуруп бітдім, бедізтім», – деп аяқталады. Демек, Білге қағанның жарлық сөзін, шежіре-тарихын жазған оның туысы (атысы) Йолық тегін деген бітікші. Тіпті осылайша «бітік» сөзімен аяқтау Алтын Орда хандарының жарлықтарында, хаттарында да кездеседі. 1428 жылы жазылған Улуғ Мухаммед ханның жарлық хаты «...өзүңүз білүрсіз тіп бітік сəлем үйрдік, йыл бічіп, Орда йағасында бітілді», – деп аяқталады. Қорытынды: VIII ғасырдың басында жазылған «Тоңуқуқ», «Күлтегін», «Могилян» сияқты ескерткіштер – жазба əдеби нұсқалар. Олар – хан жарлықтары мен шежіренің алғашқы үлгінұсқалары. VIII ғасырда туған (шартты) бұл жанр XIV–XV ғасырларға үзіліссіз келіп жеткен. Демек, түркі халқында сыналы жазумен бірге туған хат, жарлық сөз жанры VIII ғасырға дейін де болды. Ал «Тоңуқуқ», «Күлтегін» осы жарлық жанрының VIII ғасырдың басында шежіре əңгімеге келіп ұласқан əрі жарлық сөз стилін сақтаған жаңа бір жанрлық үлгісі. Бұлар ауызекі əңгіме тіліне өте жақын монолог
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі түріндегі əңгімеден автор диалог сөзді беруге оңай көшіп отырады; сөйлемдер қысқа [түрк будун өлті, алқынты, жоқ болды; Барс бек ерті; қаған ат бунта біз берді (к); сіңлім кунчуй <ді> берті <к>, өзі жаңылды, қағаны өлді, будуны күң, құл болды], кейде мақалдап, фразеологиялық тіркестерді тізіп, шешендік сөздер қолданып сөйлейді. Сол сияқты тарихи деректерді, оқиғаларды соншалық дəлме-дəл, кішігірім детальдарына шейін тізіп баяндайды. Ал ұқсас оқиғаларды суреттей əңгімелегенде белгілі топтағы сөздерді қайталап қолданып отырады. Мұның өзі шежіренің негізгі бір стильдік тəсілі. Əрине, біз Орхон ескерткіштері поэзия емес, бөлек жанрда жаратылған дегенде, олардың ішінде поэзия үлгілерінің аралас жүретінін жоққа шығармаймыз. Оларда арагідік өлең-жыр шумақтары аз да болса ұшырасып отырады. Міне, біздің қазақ поэзиясының арғы дəуірдегі XV ғасырға дейінгі арналары дегенде сүйеніш, тірек етеріміз осындай шамалы дерек-белгілер. К. Маркс: «Можно априорно определить культурный уровень какого-нибудь народа, зная лишь, из какого металла – золота, меди, серебра или железа – он изготовляет свое оружие, свои орудия или свои украшения» [17], – деген. Міне, көне дəуір ескерткіштерінде кездесіп қалатын бірді-екілі осындай сөз үлгілерін негізге ала отырып, сол дəуірдегі ауызша поэзия сипатын долбармен анықтауға болады. XI ғасырда М. Қашғари төмендегі өлеңді ел аузынан жинап алып, өз сөздігіне енгізген. Алп Ер Тоңа өлді мү? Есіз ажун қалды му? Өзлек өчін алды му? Емді йурек йыртылур. Улышыб ерен бөрлейү Йыртыб йақа үрлейү Сықрыб үні йүрлейү Сығтаб көзі өртүлүр... Түрктердің ұлы қағаны Тоңа Алп ер – Афресиаб (МҚ. III. 379) VII ғасырдан арғы жерде болған [18]. Жоғары ұзақ өлең – осы Тоңа Алп ерге арналған жоқтау. Бұл жоқтау өлең кейбір тілдік
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) өзгерістерімен сол VII ғасырдан арғы жерден XI ғасырға – М. Қашғари заманына келіп жеткен. VIII ғасырдың басында жазылған «Тоңуқуқ» ескерткішінде: Йуіқа ерікліг топлағалы учуз ерміс, Иінчге ерікліг үзгелі учуз ерміс: Йуіқа қалын болсар, Топлағулуқ алп ерміс; Иінчге йоғон болсар, Үзгүлүк алп ерміс [19], – деген жолдар бар. Ал бұл жолдар – шешендік толғау өлеңінің үлгісі. Əрине, бұл сөз Тоңуқуқ білге-шешеннің өз сөзі болуы да мүмкін. Бірақ сөз үлгісі (жанры) Тоңуқуққа дейін де көп бұрын болған. Яғни түркі халықтарының ауызша əдебиетінде дидактикалық-философиялық мазмұндағы шешендік толғау да ескерткіш жазылған дəуірге дейін болды. Өлеңнің мұндай түрін айтушылар – жыраулар болған. Олар қаған (хан), оның бек (би), шад, жабғу, тарқан сияқты ру-тайпа басындағы əкімдеріне дейінгі жерде ең ежелгі тайпалардың көсемдері болды. Бұл орын жəне осы орынға келу жолы – білгірлік пен шешендік арқылы, бұларды өнер тұту арқылы келген күрес жолы болды. Олар өз кесім-үкімін, байлам-болжамын жырмен айтатып болды. Ал түрк тайпаларында (одан бұрын хундарда) хандық система құрылған кезде, бұл тайпа көсемдері ханның (қағанның) ақылшылары болды. Хун дəуірі (б.э. дейінгі 200 жыл) баяндалған тұста И.Я. Бичурин: «хундар сəуегей, даналарын чжуки деп атайды» [20]. Бұл – бергі дəуірде жырау, ал XI ғасыр жазбаларында жырағу деп аталған даналар болатын1. Аңыз-əңгімелерде, тарихи деректерде ордада, хан қасында болатын XIII ғасырдағы Улығ жыршы не Сыпыра жырау, бергі Бұхар жырау – бəрі де осындай тарихи негіздің, дəстүрдің үзіліссіз жалғастығын көрсетпек. 1 Жылнамаларда түрк сөздігіндегі р дыбысы берілмейді: түрк – тугю, тарқан – даган, теңрі – дынлы. Сол сияқты көп ретте сөз басындағы ж(дж) дыбысы ч-мен беріледі: жабғу – шеху. Демек, бұл чжу (р) ки не чжу (р) аки сөзі XI ғасырда бар жырағу сөзінің алғашқы үлгісі болуы.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі * VIII ғасыр жазба ескерткішіндей емес, одан бергі дəуірден – XI ғасырдан бізге келіп жеткен жазба ескерткіште, дəлірек айтқанда, Махмұд Қашғаридың «Дивану луғат-ит түрк» атты еңбегінде сол кездегі түрк тайпалары арасында айтылып жүрген ауызша поэзия үзгілері молырақ ұшырасады. Бірақ сөздікке енген осы үзіктер 7–8 буынды өлеңдер жайлы тюркологияда əр ұдай пікірлер бар. Егер ертеректе бұл өлеңдерді түрк ауыз əдебиетінің (фольклорының) ежелгі үлгісі дейтін пікірлер (М. Хортман, К. Брокельман) болса [21], кейін П. Пельо сияқты зерттеушілер бұл пікірге қарсы шығып, көне түрк өлеңдері ұйқасты болып келмей, өлең басындағы аллитерацияға (ұқсас дыбыс қайталауына) құрылғанын, М.Қашғари сөздігіндегі өлеңдер ұйқасы, сөзсіз, парсы поэзиясы əсерін көрсететінін айтты. Бұл пікірді И.В. Стеблева да қуаттап, М. Қашғари сөздігіне енген 7–8 буынды өлеңдерді араб-парсы ұйқасы мен аруз өлшемінде туған деп қарайды. Ежелгі түрк поэзиясында аллитерациялық системадан соңғы ұйқасты өлеңге көшу ислам жаулап алған облыстарда болды деген тұжырымға келеді [22]. Əрине, бұл авторлар орхон жазбаларын поэзия үлгісі деп таныды да М. Қашғари сөздігіне енген өлеңдерге тəн төрт аяғы бірдей тең өлшемді, ұйқасты орхон түрктерінің орхон «поэзиясы» сипаттас «поэзияны» жаратқан түрктердің тума творчестволық табысы деуге сенбеді. Яғни орхон жазбаларындағы поэзия еместі поэзия деп тану, оларша айтқанда, «орхон поэзиясы» мен М. Қашғари сөздігіндегі өлеңдер арасынан байланыстылықты таба алмау – түрктердің төл творчестволық жасампаздығы дегенді ойлауға ырық бермеді. Сөз жоқ, М. Қашғари сөздігіндегі поэзия үзіктеріне тоқтаудан бұрын поэзияға қатысты терминдердің, ұғымдардың осы еңбекте берілген классификациясына назар аудару керек. Қашғари дəуірінде поэзия жаратушы сөз ұсталары жырағу жəне шайыр деп екі түрлі терминмен аталған. Юсуф Баласағуни «Құтадғу білігте» шайыр жөнінде былай дейді: Баса келді шаныр бу сөз теруші, Кісіні мадақтап һəм жерлеуші.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қылыштан өткір бұлардың тілі Қылдан жіңішке бу қатер жолы. Тəтті, нəзік сөзді іздесе көңіл. Бұлардан есіт, сөзі ұғуға жеңіл. Теңізге сүңгір, бақ, көңілмен іздер. Гауһар, інжу, жақұт шығарып тізер. Мақтаса, мақтауы елге жайылар, Тілдесе, жаман ат артқыға қалар. Бұларды құрметте, ей, қарындас, Тіліне ілінбе, олардан алыс бас. Егер ізгі мақтау тілесең өзің, Бұларды сүйсіндір, кесілер сөзің. Не қолқа қылса, тартынба беруден, Өзіңді сатып ал бұлардың тілінен [23]. Шайыр жөнінде Юсуфтың əрі сол кездегі жұрттың түсінігі де, шайырдың кəсібі де бұл үзіндіде анық көрінген: мақтаушы, сынаушы шайыр, жұрт именер, имене құрметтер шайыр, тіпті сөзін сататын шайыр бар. Шайыр сөзін М. Қашғари көбіне шер (шэьр) деп аталатын өлең үлгісін айтушыларға қолданады: «Чөжу – түрк шайырларының бірінің аты» (III, 256); «шайыр сүйіктісінің жүзін айға ұқсатып сипаттайды» (I, 358). Ал йырағу (жырағу, жырау) сөзін бір «музыка құралын тартушы», «əнші» сөздерімен түсіндіреді (III, 43). М. Қашғаридың «ол йыр йырлады» сөзін бере отырып, «Көбіне бұл сөз шэьрге байланысты қолданылады» (III, 9), – дегенін ескерсек, йырағу – өлеңді əнмен, белгілі бір музыка құралымен айтушыны мегзейді. Көркемсөз үлгілері атауынан М. Қашғари түркі тілі лексикасымен қошуг, йыр (жыр) сөздерін келтіреді. Ал бұл екі сөз кейде «шер» сөзінің синонимі ретінде алынады: «Ол йыр йырларды. Көбіне бұл сөз шэьрге байланысты қолданылады (III, 9); «қошуғ – шэьр, қасида. Шэьрде былай деген» (I, 357). Ал йыр сөзінің өзін
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі түсіндіргенде «йыр – ғазал, мақам, күй» (III, 156) деп, йыр сөзін кең мағынада қолданады. Əрине, йыр сөзі ол кезде күй-саз, əн сөзінің тікелей мағынасында емес, жанама мағынасында жұмсалған. Болмаса ол дəуірде күй-саз, əн мағынасын беретін көк сөзі болған: «ер көкледі – адам əн салды» (III, 315), «ер көкленді – адам əндетті» (III, 144). Қазіргі тіліміздегі «көкіме», «күйіне келтіру» дегендер байырғы көк сөзінің мағынасын сақтаған. Ал XI ғасырда жыр, қошығ үшін өлшем болды ма? Олар қандай өлшемде, қандай ырғақ желісінде туды? М. Қашғари сөздігінде осы мағынаны беретін көг сөзі бар: «көг – шэьрдің вəзні. Б у йыр не көг үзе ол – бұл жыр қай ырғақ (өлшем) желісінде» (III, 144). Бұл көг сөзі – сол кездегі түрк өлең-жырының өлшеміне берілген ат. Ұлы Абай өнер сөзі жайында айтқан бір өлеңінде: Қуаты оттай бұрқырап, Уəзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген. Қайран тіл, қайран сөз [24], – дейді. Міне, осы «уəзінге өлшеп тізу» М. Қашғари дəуірінде көг сөзімен берілген1. Яғни XI ғасырда, тіпті оған дейін де түрк тайпаларында өлең-жыр тұрақты өлшемде туатын болған, қатаң тəртібі сақталған ырғақ өлшемінде, белгілі формада туатын болған жəне бұл өлшемнің атауы – поэтикалық термині болған. Айталық, тұрақты ырғақ өлшемін, форма (ұйқас) бірлігін сақтау – түрк мақалдарында өте ертеде қалыптасқан. Ал бұл өлшем бірлігі сөйлеу интонациясына құрылған мақалдардай емес, əуен ырғағына құрылған көне өлең-жырларда барынша қатаң болды. М. Қашғари өз сөздігінде поэзияның ауызша жəне жазбаша үлгілерін қатар пайдаланған. Жазба поэзия үлгілерін автор шэьр (бірер жерде бəйіт) деп алып отырады. Бұл топтағы өлең үзіктері көп емес, бас-аяғы жүзге тарта жол. Олар – үгіт-насихат жəне сүйіспеншілік тақырыптағы 11, 12 кейде 14 буынды болып келетін егіз жолды өлең үзіктері: 1 «Древнетюркский словарь» М. Қашғари қолданған бұл «көг» сөзін қытайдың цюй, кһуод – мелодия деген сөзі деп қарайды (311-б.). Демек, түрктерде өлең өлшемі атауы арабша емес, кытайша аталған. Əрине, бұл арабтар əсері болған дəуірден арғы жердегі тарихи із.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Тоғуп тақы қалмады мəңгү ерен, Ажун күні, йулдузы тутчы тоғар. [Туды, тағы қалмады мəңгі адам,– Күн жұлдызы əлемнің мəңгі қаған] Йақын-йағуқ көрмезіп неңні көзүр, Қазаш таба ыт кібі қыңру бақар. [Жақын-жуық көрмейді, дүние көрер, Қарындасқа ит кебі қыңыр қарар]. Егер бұл үзіктерді мазмұнына, ұйқас түріне, ырғақ жүйесіне, буын санына қарай жіктесе, бас-аяғы бес-алты түрлі шығармадан алынғандығы байқалады. Атақты «Құтадғу білігтен» (1070) екі жыл кейін (1072) жазыла бастаған сөздікте автор бұл үзіктерді қандай шығармалардан алып қосқандығы белгісіз, бірақ қалай дегенде де бұларды Қашғари Бағдатқа бармай тұрып, өз мекенінде жүргенде жинаған, яғни «Құтадғу білігтен» бұрын туған жазба поэзия үлгілерін пайдаланған. Бұл өлең үзіктері – келтірінді жолдар жоғарғы авторлардың араб-парсы поэзиясының əсері туралы айтқан пікірлерін сөзсіз растайды. Ал М. Қашғари сөздігіне енген өзге 7–8 буынды жыр үлгілес өлеңдер – түрк тайпаларының ауызша поэзия үлгілері. Əрине, уақыт аясынан сырт тұратын поэзия жоқ. Ал белгілі бір көне сөз үлгілерін оның туған дəуірін, уақыт аясын шамамен болса да анықтамай тұрып талдау, яғни белгілі бір дəуірге телімей талдау – сол сөз үлгісін тарихи тұрғыдан талдау болып шықпайды. Өйткені уақытқа телінбеген сөз үлгісінің тарихы – мағынасыз, керексіз тарих. Міне, осы себепті де XI ғасырда қағазға түсіп, М. Қашғаридың атақты «Сөздігіне» енген поэзия үлгілерін қарастырғанда ол сөз үлгілерінің қағазға түскен дəуірін меже етіп алу, араб-парсы əрі түрк халықтарының сол дəуірде туған мəдени байланысын ескеру, түрк поэзиясына осы байланыс тұрғысынан ғана келіп қарау, олардан осы байланыс ізін іздеу, дəлірек айтқанда, өзге халық поэзиясы өлшемдерін іздеу, соларға ұқсату, бір халық поэзиясы нормаларын екінші бір халық поэзиясына телу – біржақтылық болар еді. Осы сырт əсері үшін ежелгі түркі поэзиясы ұйқасты емес, аллитерациялы (ұқсас дыбысты) системаға құрылған деген ойдан жасалған теорияны, дəлірек айтқанда, поэ-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі зия емес сөз үлгілерін поэзия деп қараудан, негізі қате талдаудан туған теорияны шығару – түрк халықтарының ежелгі дəуірде-ақ болған поэзия туғызу қабілетіне, мүмкіндігіне жəне осы салада жасаған еңбегіне қиянат жасау. М. Қашғари ел ішінен ауызда жүрген сөз үлгілерін жинады. Ал олардың бірсыпырасы автор өмір сүрген кезеңде туса, бір бөлегі оған дейін, көп бұрын туған. Айталық, «Сөздікте» Зулқарнайн дəуіріне қатысты ұзақ аңыз əңгіме бар. Онда Шу деген түрк ханының Зулқарнайнмен соғысы, бұл соғыстың Алтун қан (қазір Алтун хан – МҚ) деген бір тауда болғаны, Зулқарнайнның Шумен бітімге келуі, ол кеткен соң, Шу ханның қазіргі Баласағұн жағына (МҚ сөзі) келіп, Шу қаласын салғаны, ол кезде Тараз, Ыспыжаб, Баласағұн, т.б. қалалардың əлі дүниеге келмегені айтылады (III, 419–423). Ал осындай өте көне дəуірге кететін тарихы бар поэзия үлгілерін де «Сөздіктен» табуға болады. Ол үшін бұған мүмкіндік беретін деректерге, өзге тарихи кездерге аналогия жасау керек. Қараңыз: XI ғасырға дейінгі жерде, əсіресе, Түрк қағанаты дəуірлеген VII–VIII ғасырларда, хундар, ақ хундар (эфталиттер) дəуірі V ғасырға дейінгі жерде бұл халықтар Орта Азиядағы Согдиана мен Иран жұртына ірі-ірі жаугершілік жорықтар жасады: эфталитхундар IV ғасырда бүкіл Согдиананы бағындырып, Амудария алқабын өздерінің мекені етті, ал V ғасырда Иранға қарсы шығып, Сасанидтер мен эфталиттер арасындағы соғыс өте ұзақ, өте қатал қырғынды болды. VI ғасырда Ильхан тұсында (520–553 ж.) Істеме хан (Византия тарихында Дизавул) он түрк тайпасының он туына қолбасшы болып, 100 мың армиямен батысқа жаугершілік жорық жасады, 555 жылы Арал теңізіне дейінгі (Аму мен Сырға дейінгі) жерді алды, 565 жылы эфталиттерді жеңіп, Иранға шабуыл жасады, Істеме баласы Қара Чурин Түрк, оның баласы Соух тегін Иль Арслан (Фирдаусиде Савэ, арабтарда Шəба) тұсында Иранға шабуыл жасады. Савэнің армиясы, Табаридың айтуынша, 300 мың, Фирдаусидың айтуынша, 400 мың болған. Түрктермен соғысқа Шаханшах Хормизд атақты қолбасшысы Бахрам Чубинді («Шахнамеде» бұл соғыс ұзақ суреттелген) қарсы қояды... Ал Қара Чурин Түрктің немересі Түн Жабғу хан (VII ғасырдың алғашқы 20-жылы) кезінде бұл шапқыншылық жорық жалғаса берді.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Н.Я.Бичуринде бұл жөнінде «Түн Шеху хан батыр болды, оның əрбір соғысы жеңіспен бітіп отырды, өзіне Тиэліні қосып алды, Персияны, Гибинді (Кашмирді) жаулады» деген. Ал оның немересі Нишу 630 жылдары Тунь алэу (Тоңа алп) Валиба Дулу хан деген лақап атпен таққа келді. Ал оның інісі де Тоңа шад, кейін Ышбара Қылыш хан деген лақап атпен таққа келді (Н. Я. Бичуриннің жоғарыда аталатын кітабындағы деректер негізге алынды). Міне, түрктің осы қағандарының Иранға жорықтары Фирдоусидың «Шах-намесінде» Туран жаулаушылары ретінде суреттелді. «Шах-намеде» Туран ордасының Иранға көп жорық жасаған Афрасиаб, Демир Алып, Эрджасп, Савэ (Соух тегін Иль Арслан Дулу хан), т.б. батырлары аталады. Фирдоуси өзінің бұл дастанын негізі III–VII ғасырларда жасалған эпостық аңыздарға сүйене отырып X ғасырда жазды. Сөз жоқ, үш жүз жыл мен бес жүз жылдың арасында бұрын болған бұл оқиғаларды баяндауда əрі түрк қағандарының атын ол оқиғаларға телуде Фирдоусиде анохронизмнің болуы толық заңды: тарихтағы ізі анық бергі дəуір қағандарына арғы дəуірдегі көмескіленген тұтас оқиғалар телінуі мүмкін. «Шах-намедегі» Афрасиаб жөнінде осыны айтуға болады. Ал осы Афрасиаб туралы М. Қашғари былай дейді: «Тоңа – жолбарыс жыныстас хайуан. Ол пілді өлтіреді. Бұл сөздің түпкі мəні осы. Бірақ бұл сөз түрктерде мағынасы өзгерген күйінде қолданылады. Бұл сөз көбіне адамдардың лақап аты орнына қолданылады. Яғни Тоңа хан, Тоңа тегін сол секілді. Түрктердің ұлы ханы Афрасиабты Тоңа алп ер деп атайды. Жолбарыс секілді күшті батыр адам деу» (III, 379). Міне, М. Қашғаридағы осы Тоңа алп ер Н.Я. Бичуринде, яғни қытай жылнамасында 630 жылдары Батыс Түрк қағанатына хан болған Тоңа алп Балиби Дулу хан ба, болмаса оның інісі Тоңа шад Ышбара Қылыш хан ба – мейлі, осылардың қайсысы болғанда да əйтеуір М. Қашғари «Сөздігіндегі» Тоңа алп ер (Афрасиаб) атты хан VIII ғасырдан арғы жерде болған түрк хандарының бірі. Жоғарыда М. Қашғари «Сөздігіндегі» поэзия үлгілері белгілі бір уақыт аясында қаралуы керек, өйткені «Сөздіктегі» өлең үлгілері араб поэзиясының əсерімен XI немесе арғы X ғасырларда туған жоқ, олардың көбінде өте көне дəуірдің ізі жатыр дегенде,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі біз «Сөздіктегі» осындай «Тоңа алп ер туралы жоқтау» сияқты өлеңдерді ескерген едік. Бұл жоқтау 630 жылдары Тоңа алп Дулу хан деген лақап атты ерге, я оның інісі Тоңа шадқа, не «Күлтегін» ескерткішінде үлкен асы ескерілетін Тоңа тегінге арналды ма – мейлі, қайсысына арналса да, бұл жоқтау VIII ғасырдан арғы жерде – М. Қашғари «Сөздігі» жазылған дəуірден үш ғасырдан бұрынғы жерде туған. Жəне ол араб-парсы поэзиясы əсерімен бірге келуге тиіс поэтикалық терминдер жоқ кезде түркі тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемінде – көг өлшемінде туған: Алп Ер Тоңа өлді му? Есіз ажун қалды му? Өзлек өчүн алды му? Емді йүрэк йыртылур Беглер атын арғуруб Қазғу аны турғуруб Меңзі йүзі сарғарыб Қурқум аңар түртүлүр. Улышыб ерен бөрлəйү Йыртыб йақа урлайу Сықрыб үні йүрлейү Сығтаб көзі өртүлүр. Көңлүм ічүн өртеді Иетміш йашығ қартады. Кечміш үзүқ іртеді Күн түн кечіб іртелүр...1 1 Егер соншалық көркем осы өлеңді қазіргі тіл үлгісімен сөзбе-сөз айтып берер болсақ, онда оның бұл көркемдік қасиетінен түк қалмас еді. Себебі өлеңнің интонациялық сазы тілдің сол XI ғасырдағы тіркестік, формалық, синтаксистік ерекшелігіне құрылған. Өлеңнің эмоциясы осы өз ерекшелігінде күшті. Бұларда өзара сəйкестену, жұптасу бар. Осылардың үстіне адамдардың сол дəуірдегі психологиялық түсінігі тағы бар. Айталық, «Тіріг есəн болса таң оқуш көрүр» деген мақалда «тіріг» сөзі «адам» сөзінің немесе «тірі пенде» тіркесінің орнында тұр, ал «таң» сөзі «қызықты» (-ты – табыс септігі), «қызықты нəрсені», «таңырқарлықты» ( ты – табыс септігі), «таңырқарлық нəрсені» деген сөз бен тіркестің орнында тұр.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі М. Қашғари келтіретін бұл өлең үзіктері, олардың мазмұнына қарағанда, əр ру, əр тайпа арасында əртүрлі мекенде туған. Айталық: Бузруч йеме қудырды, Алпағутын азырды, Сүсін йана қадырды, Келгелімет іркешүр, – деп басталған өлеңде (I, 161) йабағу тайпасының бастығы Бузручтың өзге бір тайпаға соғысқа дайындалуы (өзге тайпа тарапынан), Эртіш суының йемэк-терге тəн екені сөз болса, Таң ата йорталым, Бузруч қанын ырталым, Басмыл бегін өртелім, Емді йігіт йувулсун, – дегенде Бузруч батырдың қанын жоқтап, басмыл тайпасына қарсы аттап салған йабағу тайпасын көреміз, солардың атынан ұрандауды көреміз. Бычғас бітік қылурлар, Ендкей йама берүрлер, Хандан басут тілерлер, Басмыл, чумул тіркешүр, – дегенде басмыл мен чумулға қарсы соғысқа йабағу тайпасы ханнан көмек сұрайды (I, 427). Бечкем уруб атлақа, Ұйғур дақы татлақа, Оғры йавуз ытлақа Кушлар кебі учтымыз (Бечкем тағып, ұйғыр мен татқа құс сияқты тиейін), – дегенде өзге бір тайпа тасада тұр. М. Қашғари: «бечкем – айрым белгі. Батырлар жібек я жабайы сиыр құйрығын ұрыс күндері соғыс белгісі ретінде тағып алады. Оғуздар мұны «парчан дейді», – деБұл мақалдың шын мағынасы бізге осы тілдің қазіргі заңына бағындырып, қазіргі тілдік жүйеде бергенде ғана түсінікті болады. Тілдің форма жағынан баюының өзі адамдардың психологиялық түсінігі мен оларға мағына беруіне де байланысты. Міне, осы сияқты жоғарғы өлеңдерді аударып беру – оның сол дəуірдегі эмоциялық бояуын, мағынамен астасқан үндік сазын жоғалту деген сөз. Ал бұларды жоғалтпау үшін ондағы ұғымды ғана алып, қазіргі тілдік үлгіде, текске тəуелсіз жаңадан өлең шығару керек болады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ген (I, 447). Осыған қарағанда, бұл өлең ұйғырдан, оғуздан басқа бір тайпаға тəн. Егер осы өлеңнің өзге шумағындағы: Кімі ічре олуруп Іле сувын кечтіміз Ұйғур таба башланып Мынлақ елін ачтымыз, – деп айтылуын ескерсек, өлең Іле өзенінен өтіп, ұйғырға (Мыңлақ мекендегі) жорық жасаған, шамамен, солтүстік-шығыс Жетісудағы тайпаға тəн. Ал осы өлеңнің: Келінізлейү ақтымыз Кендлер үзе чықтымыз Фурхан евін ыйқтымыз Бурхан үзэ сычтымыз, – деген жолдары ұйғырлардың əлі мұсылман болмаған кезеңін көрсетеді. Оттуз ічіб қықралым, Йоқар қобуб секрелім, Арсланлайу көкрелім, Қачты сақынч севнелім, – деген өлең келтіріп, Қашғари былай дейді: «Үшті отыз сөзімен айтушылар да бар. Мен мұны Көңгутте йағмалардан есіттім. Олар «оттуз ічэлім» деп үштен ішкенін өз көзімен көрдім. Өлеңде отыз сөзі үш қайтарадан дегеннің мағынасын береді (I, 160). Демек, бұл үзік йағма тайпасына тəн. Етіл сувы ақа турур Қайа түбі қақа турур Балық тілім бақа турур Қолуң тақы күшэрүр, – деген жолдарды келтіре отырып М. Қашғари Етіл қыпчақ еліндегі бір дарияның аты екенін айтады. Бұл өлең, сөз жоқ, Етіл өзені бойындағы түрк тайпаларында туған. Етіл бойында туған бұл өлеңнің М. Қашғари аралаған жерлерге тек ауыздан-ауызға ұзақ уақыт көшу арқылы ғана жетуі, таралуы мүмкін. Бұл арада айтпағымыз: М. Қашғари жинаған 7–8 буынды өлеңдер, өзінің мазмұнына, оқиға желісіне, объектіге алған топо-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ним, этнонимдеріне қарағанда, Іле, Ертіс, Еділ төңірегінде туған өлеңдер. Ал бұл мекендер IX, тіпті X ғасырда араб əсері бармаған, мұсылман болмаған түрк тайпалары тіршілік еткен мекендер болатын [25]. Ал мұсылмандық үстем болған территорияның өзінде жағдай өте аумалы-төкпелі болды. Арабтардың əдебиеттегі əсері IX ғасырда Орта Азиядан бері тараған жоқ. Жалпы əдеби тіл қалыптастырудың алдында IX ғасырда Персияда, Түркістанда жергілікті диалектіде поэзия жасауға тырысу сияқты баспалдақ болды. Оның үстіне IX, X ғасырларда Персияда, Түркістанда мемлекеттік ісқағаз, діни уағыз əдебиетінде араб тілі мен парсы тілі арасында бəсеке болды. Ал X ғасырда Түркістанда əдебиет негізінен парсы тілінде жасала бастады [26]. Тіпті бұл дəуірде мұсылман дүниесінде дін ісіндегі қаталдық пен төзімсіздікке байланысты парсылар мен түрктер арасында қатты күрес бар еді [27]. Əрине, саясаттағы, əдебиеттегі мұндай бағыттардан гөрі көпшілік халық арасында араласу болды. М. Қашғари дəуірінде (XI ғ.) парсылармен аралас екі тілде сөйлейтіндер суғдақ, кэнжэк, арғулар болды (МҚ, I, 65) жəне Тыраз (Талас) Баласағұндықтар да екі тілде сөйледі (I, 66). Бірақ бұл қала тұрғындары арасындағы ғана құбылыс еді. Сондықтан да мұсылман түрктеріне араб-парсы əдебиеті жазба үлгіде ғана əсер етті. Ол – XI ғасырдың екінші жартысында (1069–70) жазылған «Құтадғу біліг» сияқты дастандарға тəн 11 буыннан жоғары тұратын қосар жолды ұйқасты поэзия. Ал түркі халқының ауызша туған тұрмыс-салт, ерлік-жорық жырына дейін ықпал ету үшін оған жоғарыдағы деректерден басқаша өте күрделі тарихи жағдай керек еді. Ол тарихи жағдай XI ғасырға дейінгі жерді былай қойғанда, бергі дəуірдің өзінде де болған жоқ. ƏДЕБИЕТ 1. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В пяти томах. Т. I. Алма-Ата, 1961. С. 447. 2. Маркс К., Энгельс Ф. Об искусстве. Т. I. М., 1957. С. 206. 3. Стеблева И.В. Поззия тюрков VI – VIII веков. М., 1965.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 4. Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967. 26-56-бб. Мұсабаев Ғ., Махмұтов А., Айдаров Ғ. Қазақстан эпиграфиясы, 1-шығуы. Алматы, 1971. 109-156-бб. 5. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. VII. С. 166. 6. Қарақалпақ халық қосықлары. Нөкис, 1965. 315-б. 7. Радлов В.В. Образцы... Ч. VII. С. 439. 8. Радлов В.В. Образцы... Ч. II. С. 648. 9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М. – Л., 1951. С. 28. 10. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. I. М., 1950. С. 230. 11. Радлов В.В. Образцы... Ч. VII. С. 186. 12. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии VII–VIII вв. М. – Л., 1959. С. 16-17. 13. Малов С.Е. Памятники... 1951. С. 29; II текст. С. 27. 14. Малов С.Е. Памятники... 1951. С. 63. 15. Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.– Л., 1952. С. 11. 16. Маркс К., Энгельс Ф. Об искусстве. В двух томах. Т. I. М., 1957. С. 93–94. 17. Махмұд Қашғари. Девону луғат-ит турк. I т. Ташкент, 1960; II т., 1961; III т., 1963. Біз бұдан кейін (МҚ. III) деп қысқартып беріп отырамыз. 18. Негізгі айтылар жерде кеңірек баяндалады. Малов С.Е. Памятники... 1951. С. 62. 19. Бичурин И.Я. Собрание... С. I. С. 48. 20. Моллаев Н.М. «Узбек адабити тарихи». Ташкент, 1963. 137-138-бб. 21. Стеблева И. В. Развитие тюркских поэтических форм в XI веке. М., 1971. 22. Юсуф Хос Хожиб. Кутадғу билиг. Тошкент, 1972. 652-б. (Үзік қазіргі тіл нормасымен жеңілдетіліп берілді). 23. Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. І т. Алматы, 1957. 221-б. 24. Бартольд В.В. Сочинения. Т. II. Ч. I. М., 1963. С. 125, 241. 25. Бартольд В.В. Сочинения. Т. II. Ч. I. М., 1963. 194-195-бб. 26. Бартольд В.В. Сочинения. Т. II. Ч. I. М., 1963. 239-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ЕКІНШІ ТАРАУ КӨНЕ ДƏУІР ƏДЕБИЕТІ МЕН ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ДƏСТҮР, СТИЛЬ, ФОРМА БІРЛІГІ Қазақ поэзиясы жəне қазақ поэзиясы тілінің тарихы, оны тұтынушы халықтың халық болып қалыптасу дəуірі – XV–XVI ғасырлардан басталса да, оның негіздері бұған дейінгі дəуірлерде жатыр. Өйткені XV–XVI ғасырлардағы халықтың бұл дəуірге дейінгі творчестволарынсыз дүниеге келген жоқ. Бұл – даусыз шындық. Жəне бұл дəуір поэзиясы қазақ атымен аталатын əдебиеттің өзге туыстас түрк халықтары əдебиетімен бірдей еншілестік ортақ арналары болып табылады. Ал бұл арналар қайсы? Тарих неден басталса ой барысы да содан басталуы керек. Осы реттен келгенде, түрк халықтарында ең ежелгі жазба мəдениет V–VIII ғасырлардан қалған енисей-орхон жазуларынан басталады. Яғни бұл ескерткіштер – түркі халықтарының тарихы белгілі сөз мəдениетінің басы. Əрине, бұл сөз мұралары, тұтас күйінде поэзия емес. Бұлардың ішінде мазмұн жағынан күрделі, көлем жағынан мол ескерткіштер – «Күлтегін» мен «Тоңуқуқ». Бұлар «мен» арқылы баяндалатын шежіре, қағандар мен алыптардың, қаған қасындағы білгелердің (сəуегей шешендердің) жорықтары мен ел басқару ісін баяндайтын шежіре. Ал осы шежіреде Сыпыра жырауша, Асан қайғыша шешен сөйлеп кету, толғап кету, мақалдап кету бар. Яғни XV ғасырдағы ерлік-батырлық жыр-өлеңдерді шығарушылар сияқты «мен»-нің тасасында тұрып айтушы-шежіреші бар. Ол шежіреші-айтушы ескерткіштердегі «мен»-геройдың тасасында тұрып сол кездегі үстем болған сөз үлгілерінің біразын – ауыз əдебиетінде бұрыннан айтылып жүрген сөздерді тоғыстырып пайдаланған. Ал осы сөз үлгілерінің ішінде XV ғасырдан кейінгі дəуірде қазақ поэзиясын құраған сөз үлгілеріне өзінің нақты стильдік-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі тілдік тəсілдері жағынан жақын келетіндері бар. Сол сияқты мұндай сөз үлгілері XI ғасырдан қалған ескерткіш – «Дивану луғатит түркте» де бар. Олар: шешендік сөз, шешендік толғау сөз, мақтау мазмұндас жоқтау-арнау өлеңдер. Əрине, дидактикалық мазмұндағы мақал сөз, шешендік сөз, мақтау үлгілеріндегі жоқтау-арнау өлең өзара тарихи байланысы жоқ əр дəуір əдебиетінде де, түрлі халықтар əдебиетінде де бола береді. Сондықтан да байланыстылықты жалаң мазмұн бірлігіне, жеке сөздерге құру, сөз жоқ, шатастырады. Өзара байланыстылықты бұл сөз үлгілерін жасауда негізгі рөл атқаратын стильдік-тілдік формалардың бірлігіне құру керек. Яғни мазмұндық бірлік пен модельдік (стильдік-тілдік) бірлік ізінің қатар байланыстылығына құру керек. 1. VIII–XI ғасырлар ескерткіштеріндегі мақалдар мен қазақ поэзиясындағы дидактикалық-шешендік толғау өлеңдердің бірлігі Қазақтың азаматтық поэзиясында барынша мол орын алатын жанр – дидактикалық шешендік толғау өлеңдер. Бұлар өзінің стильдік-тілдік белгілері жағынан бір сипаттас келеді де, ол белгілері тілдің белгілі бір тар уақыт аясына, белгілі бір кезеңіне теліп қарастыруға келе бермейді. Жəне өзінің осы ерекше қасиетімен олар мақал-мəтел жанрына өте ұқсас. Неге бұлай? Мақал-мəтелдердің түркі халықтарында нақты туу дəуірі туралы сəуегейлік жасау тіпті мүмкін нəрсе емес. Өйткені мақалдар адамдардың табиғат құбылыстарына деген түсінігі сырттай сезіну қожалығынан босаған кезден бергі жерде-ақ жасала бастаса керек. Адам баласы табиғатта болып жатқан сан құбылысты қорытындылауда тəжірибеге «молыққан», оны бағалайтындай дəрежеге жеткен кезде мақалдар туып, ауызекі сөйлеу тілінен жіктеліп шыққан. Сөйлеу тілінің жеке бір ерекше формаға ие бөлек материалы түрінде, ауызекі тілдің «жанры» ретінде қалыптасты. Ең ежелгі дəуірдегі данышпан философтар өз ойларын мақал жүйелес сөз үлгісінде жазды, терең пікірге толы бұл сөз жүйесін өз ойларына тұжырымды түрде беру үшін үлгі етті1. 1 Біз бұл мəселені «Абай афоризмдерінің туу негіздері жайында» деген мақаламызда кеңірек сөз еткенбіз. Қараңыз: Өмірəлиев Қ. Абай нақыл сөздерін оқу-тəрбие ісінде пайдалану (мұғалімдерге көмекші құрал). Алматы, 1968, 46–63-бб.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Сөз жоқ, жазбаға, жазба мəдениетке дейінгі дəуірде көп халықта мақалдар мен мақалдан дамып күрделенген шешендік сөздер ежелгі Греция сияқты елде туған философияның қызметін атқарды. Əрине, бұлар – жалпы аналогиялық топшылаулар. Түркі халықтарына тəн ең ежелгі жазба мəдениет – V–VIII ғасырлардан қалған орхон-енисей жазуларынан басталады. Демек, бұл ескерткіштер – түркі халықтарының тарихы белгілі сөз мəдениетінің басы. Ал осы жазба ескерткіштерге көз салсақ, сол V–VIII ғасырлардың өзінде-ақ даналық, данышпандық ұғымы да, оның терминдік-сөздік атауы да толық, түпкілікті қалыптасқанын анық көреміз: ол дəуірде ой, ақыл мағынасындағы өг, білік, ал ойшыл, ақылды мағынасындағы өге1, білгə сөздері қызмет еткен. Əрі бұл сөздер жеке кісілердің сындық-сапалық қасиетін білдіріп, олардың атымен бірге қосарланып та айтылатын болған: Білгə Тонуқуқ бан өзүм (Білге <-ақылды> Тонуқұқ мен өзім) [1]; қағаны алп ерміс, аіғучысы білгө ерміс (ханы алып екен, айтушысы <кеңесшісі> ақылды екен) [2]. Тіпті ескерткіште осы дананың сөзі де берілген: Ол сабығ ісідіп, Түн удысықым келмеді, қүндүз олурсықым келмеді, Анта отрү қағаныма өтүнтүм, Анча өтүнтүм. Табғач, Оғуз, Қытаңбу үчегү қабысыр, қалтачы біз, өз ічі-тасын тутмыс тег біз. Йуіқа ерікліг топлағалы учуз ерміс Йінчгэ ерікліг үзгелі учуз (ерміс), Йуіқа қалын болсар, Топлағулуқ алп ерміс; Иінчге йоған болсар Үзгүлүк алп ерміс [3]. Сонғы 6 жол – бізге өзінің формасы жағынан да, əрі ритм жағынан да барынша таныс, бейтаныс сөз. Бұлар бергі дəуірдегі бізге барынша таныс шешендік сөздерден ешбір айна-қатесіз. Демек, сонау VIII ғасырда ауыз əдебиетінің белгілі жанры шешендік сөздің, шешендік толғау сөздің болуы шешендік толғау 1 Бұл сөз жөнінде кең талдау «Тіліміздегі кейбір сөздердің этимологиясы туралы бірер сөз» («Қазақстан мектебі», 1966, № 2) деген мақаламызда берілген.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі сөз ғана емес, оның өзіне негіз болған мақал-мəтелдердің тарихын да бұл дəуірден көп əріге сілтейді. Əрине, əңгіме – бұл арада мақал-мəтелдерге тəн осы тарихтың мерзім аясын дəлді анықтауда емес, əңгіме – мақал-мəтелдердің тілде болған, қызмет еткен дəуірін шамалауда, оны əрі мақал мен шешендік сөздердің өзара қатынасы тарихы үшін межеге алуда. Осы жағынан келгенде, VIII ғасырға тəн жоғарыдағы шешендік сөздің болу фактісі əрі XI ғасырда жазылған М. Қашғаридың «Дивану луғат-ит түрк» атты еңбегінде келтірілетін мақал-мəтелдердің тұрақты формада келіп отыру фактісі, ең сонында осы мақал формаларының, шешендік сөздердің де негізгі форма-үлгісі болу фактісі бізге бұлардың арасындағы бірлікбайланыстың тамыры өте əріде жатқандығын көрсетпек. Əрине, орхон-енисей жазуы дəуірінен келіп жеткен мақалдарды біз дəл біле бермейміз. Бірақ: //Йуіқа/ қалын/ болсар,// //Топлағулуқ/ алп/ ерміс;// //Иінчгэ/ йоған/ болсар,// //Үзгүлүк/ алп/ ерміс,//, – деген шешендік сөзде шартты райдың -са жұрнағы мен есімшенің -міс жұрнағы жұптық бірлік жасаған. Тіпті «Күлтегін» ескерткішіндегі «ырақ ерсэр, йаблақ ағы бірүр; йағұң ерсэр, едгү ағы бірүр» (Жырақ болсаң жаман ағы берер, жақын болсаң, езгі ағы берер) деген сөз мақалға өте жақын: мұның баяндауыш формалары, -сар, -үр; -сар, -үр түрінде жұп жасап қайталанса, өзге сөздері жырақ (ырақ) – жақын (йағұқ); жаман (йаблак) – жақсы (едгү) түрінде антонимдік жұп жасаған. Ал бұлар кейінгі XI ғасырдағы жазба ескерткіштерде кездесетін (бол) -са жəне (бол) -ар жұптығындағы мақал формаларын еске түсіреді. Анығында солай: XI ғасырда жазуға түскен мақал-мəтелдер сол дəуірдің жемісі емес, олар – одан бірнеше жүз жылдар бұрын туып қалыптасқан мақал-мəтелдер. Өйткені сөйлеу процесінде сөз (речь) ə дегенде-ақ мақал формада туу үшін ол форма алдын ала жасалынып қойылған дайын үлгі-форма болу керек. Ал модельге дайын мұралық сөйлем үлгілері алынуы үшін жəне олар санаулы-ақ формалар арқылы жасалуы үшін бұл модель-формалар
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ауызекі тіл дəстүріне тəн сөйлем үлгілерінен бөлініп шыққан өз алдына бөлек категория ретінде танылуы керек. Бұл танудың негізінде мұралық, дəстүрлік сипат жату керек. Тілде, ауызекі тілде осындай бір сөз жанрының жеке бір категория ретінде бөлініп шығуы үшін, сөз жоқ, бірнеше жүз жылдар керек болады1. Осы жүз жылдар негізінде барып қана мақалдағы ой абстрактілік сипатқа келеді. Айталық, М.Қашғари сөздігінде: от тэсэ ағыз күймэс (от десе <дегенмен> ауыз күймес), ай толун болса элігін інлэмэс (ай толы болса, қолмен көрсетпес) – деген мақалдар бар. Ал осы мақал мағынасындағы модельге ие шарттылық сол XI ғасырдың өзінде де дəл бүгінгідей дəрежеде болса керек. Міне, осы тұрақты модель-форма ғана мақалға өзімен мағыналас, тақырыптас шешендік сөздерді жасауға мүмкіндік берді. Əрине, жоғарыдағы сияқты бірді-екілі сөздер болмаса, арғы дəуірлерден сақталып қалған шешендік сөздерді біз қазірше біле бермейміз. Олардың бірсыпырасы тақырыбына, айтылу ретіне орай көнеріп, ұмытылса, бірсыпырасы мақалға айналып үлгірген болу керек. Бірақ қалай дегенде де өзара барынша жақын бұл екі сөз түрінің бірлік-жақындығы өте əріде жатыр. Мақал-мəтелдер (əсіресе, көне мақал-мəтелдер) өзінің сөйлем түрлері жағынан жəне баяндауыш формалары жағынан барынша тұрақты келеді əрі бұл формалар санаулы ғана болады. Егер құрмалас сөйлем түрінде келсе, олардағы жай сөйлем баяндауыштары шартты түрде егіздесіп, жұптасып отырады. Мақалмəтелдерде формадағы осы тұрақтылық, шектеулілік жұптық бірлік негізінде келіп, өзіндік модельге ие шарттылық қасиет қа-лыптасқан. Айталық, ауызекі сөйлеу тілінде: інген ыңыранса бота боздайды; інген ыңыранғанда бота боздайды; інген ыңырағанда бота боздады – түрінде келе береді, ал мақалда ондай «еркіндік» жоқ. Олар алдын ала жасалып қойған (немесе модельге айналған) санаулы ғана қалып-формада туады. Қараңыз: 1 Тікелей мақалға қатысты болмағанмен, ауызекі тілдің өзге материалынан бөлек, мақалға жақын идиомдар жөнінде I. Кеңесбаев: «Идиомның шеңберіне енген сөздер дерексізденіп (абстрактеніп), өзінің тікелей мағынасынан айырылу үшін белгілі мерзімдік шарт керек» («Халық мұғалімі» газеті, 1946, №1–2, 46-б.), – дейді. Идиомдарға тəн бұл ерекшелік мақалға да тəн.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі І 1. Іңен інерсэ, боту бозлар. 2. Ағылда оғлақ туса, арықда от өнер. ІІ 1. Екір болса, өр елмес, Андуз болса, ат өлмес. 2. Күзекү узун болса, елік күймес. ІІІ 1. Тағ тағка қавушмас, Кіші кішігэ қавушар. 2. Алын арслан тутар, Күчүн қосун тутмас. IV 1. Нече мундуз ерсе, еш езгү, Нече егрі ерсе йол езгү. V 1. //Оғлан/іші/іш/болмас,// //Оғлақ/мүңүзі/сап/болмас.// VI 1. Түнлэ уруп//күндүз сэвнур Кічікдэ евлэніб//улгазу севнур1 Бұл мақалдар негізінен -са шарттылық формасы мен есімшенің келер шақтық -ар жəне -ма-с формалары арқылы жасалған. Əрі бұл формалардың келу түрінде тұрақты заңдылық бар: болса – болар; болса – болмас; болмас – болар; болар – болмас, т.б. Міне, VIII–XI ғасырлар жазба ескерткіштерінде бар мақалдарға тəн осы форма – бергі дəуірде қазақ атымен белгілі болған поэзиядағы дидактикалық-шешендік өлең сөздерге тəн. 1 Бұл мақалдар М. Қашғаридың «Дивану луғат-ит түрк» деген 3 томдық еңбегінен алынды. М.Қашғари сөздігіндегі мақалдар баяндауыш формаларына қарай бірінші рет жеке-жеке топталып, «Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы» (1973) деген кітапта берілген.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Əрине, бұл екі сөз түріне де тəн ортақ форма бұлардың өзара жақындығын ғана көрсетпейді, бірінен-бірінің дамуын да көрсетеді. Дəлірек айтқанда, XV ғасырға дейін жəне XV ғасырдан бергі жерде туған, белгілі бір кісілер атына телініп жүрген не «авторы» белгісіз дидактикалық-шешендік сөздеріміздің басы – стильдік-тілдік үлгісінің басы VIII ғасыр ескерткіштеріндегі мақал, шешендік сөздер мен XI ғасырда қағазға түскен мақалдарға тəн стильдік-тілдік үлгіде жатыр. 2. XI ғасыр ескерткіштеріндегі ауызша поэзия үлгілері мен қазақ поэзиясы арасындағы байланыс белгілері Тарихта кездейсоқтықтар үнемі болып тұратын нəрсе. Белгілі заңдылықтар негізінде туғанына қарамай, XI ғасыр басында М. Қашғаридың сөздігі жасалуы – кездейсоқтық құбылыс. Жəне оның сақталып, бізге жету тарихы туралы да осыны айтуға болады. Егер осы «Сөздік» жасалмаса, ол бізге келіп жетпесе, бүгінгі буын сол XI ғасырдағы поэзия үлгілерінен құралақан болар еді. Айталық, «Күлтегін», «Тоңуқуқ» ескерткішінен кейінгі IX–X ғасырлар жəне М.Қашғари сөздігінен кейінгі XII–XIII ғасырлардағы халық поэзиясы тарихы туралы осыны айтуға болар еді. Қазір бұл дəуірлер əдебиеті туралы өте көмескі білеміз. Бірақ біздің білмеуіміз сол дəуірлерде халық поэзиясының болмауының əсте кепілі бола алмайды. Өйткені сонау VIII ғасырда шешендік толғау үлгісіндегі өлеңдердің «алғашқы» (арғы жерден мүлде дерек болмаған соң, біз осылай шартты түрде аламыз) формалары болғанда, XI ғасырда М. Қашғари сөздігінен оның жетілген үлгісін кездестіріп отырғанда, оларды жасаған халық тарихы кейінгі IX–X жəне XI–XIII ғасырларда да бар болып отырғанда, бұл дəуірлер халық поэзиясы үшін де бар дəуір болды. Түркі халықтары бұл дəуірлер аралығында да өзінің рухани қазынасын байытып, тамаша дүниеліктерді туғызды. Сондықтан да мұндай «жоғалған» дəуірлер үшін аналогия сөзсіз керек жəне аналогия бұл дəуірлер үшін бірден-бір ұстанатын принципіміз де болуы керек. X–XII ғасырлардағы əдебиет кейін XIV–XVI ғасырлардағы Алтын Орда, ноғайлы заманы аталатын дəуірдегі бізге көп нұс-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі қалары жетіп үлгірген əдебиеттің тікелей басы болды. Өйткені X–XII ғасырларда түркі тайпалары ірі-ірі одақтарға бөлініп, қайта жіктеліске түсті де, бұрынғы тайпалық сипаттағы əдебиеттер тайпа одақтарының ортақ мұрасына айналды. Əрі бұрынғы тайпа одақтары ыдырап, олар қайыра бөлек-бөлек одақтарға бөлінуіне байланысты əдебиеттің жалпы түркі халқына ортақтық сипат алуы, территориялық шеңберін кеңейтуі ұлғая түсті. Бұл дəуірде Жетісу – Ыстықкөл – Шу жəне Жетісу – Сарысу – Қаратау – Сыр аралығы түркі халықтары үшін барынша күшті тоғысулар мекені болды. Бұл түркі тайпалары тарихында VII–VIII əрі IX ғасырларда Алтай – Орхон, Алтай – Алатау мекенінде болған ірі араласудан соңғы үлкен тоғысу болды. Егер VIII–X, X–XII ғасырларда туған мақал-мəтелдердің кейін барлық түркі халықтарының ортақ мұрасына айналу шындығын қалай мойындасақ, осы дəуірдің əдебиеті жəне оның жалпылық сипаты туралы да дəл сондай мойындау керек. Тіпті, мақал-мəтелдерден гөрі əдеби үлгілердің – поэзияның таралу шеңбері кең жəне бұл процесс тез де болды. М. Қашғари жинаған ауызша поэзия үлгілері жанр жағынан əр алуан. Олар табиғат, тұрмыс-салт, ерлік-жорық, өсиет-үгіт сипаттас болып келеді. Табиғат жырларында табиғат құбылыстары сондайлық шебер суреткердің көзімен танылып, көркем бейнеленеді. Жаңа шыққан жазы, жаз аспаны мен бұлты, шешек атқан ұжмақ жері, тіршілікке енген құрт-құмырсқа, жан-жануары ақын тіліне қатар ілінеді, бəрі бірлікте, бір-біріне сабақтас өз алдына бір əлем ретінде жіктеліп суреттеледі. Ақын: Иай барубан еркүзі, Ақты ақын мүндузы Тоғды йаруғ йулдузы. Тыңла сөзүм к ү л к ү с ү з . Түрлүк чечек йарылды, Барчын йазым керілді, Ужмақ йері көрүлді. Тумлуғ йана келгүсүз, – деп жырлайды. Қамтыған объектісі, олардың ерекше қасиетін бөліп алуы, оларды қосарлауы, оларды атауы – бəрі де кейінгі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі кезде қазақ атымен аталған поэзияда жасалған табиғат жырларына өте ұқсап жатыр. Сондықтан да жоғарыдағы жырлар мазмұн аясы, бояу тəсілі жағынан XX ғасырдағы бізге барынша жақын. «Сөздікте» «Мен жеңбесем кім жеңер» (44 жол), «Мыңлақ елін алғанбыз» (20 жол), «Таңғутқа жорық» (32 жол), «Үдере қуып» (24 жол), «Жауға шап» (16 жол), т.б. сияқты ерлік-жорық жырлары бар. Əрине, бұлар үзіктер ғана. Бұлар сөз таңдау ыңғайында ғана «Сөздікке» кіріп қалған жыр үзіктері ғана. «Мыңлақ елін алғанбыз» жыры жеңіс салтанатының дабылы сияқты. Кімі ічре олуруп, Іле сувын кечтіміз. Уйғур таба башланым, Мыңлақ елін а ч т ы м ы з . Түнле біле бастымыз, Тегме йаңак бостымыз. Кесмелерін кестіміз, Мыңлак ерін б ы ч т ы м ы з . Келіңі злейү ақтымыз Кендлэр үзе чықтымыз Фурхан евін йықтымыз Бурхан узе с ы ч т ы м ы з 1. Мұнда өктем-үстем сес, мадақ-даңқ үні бар. Өлең жорық жолынан кері қарай қайтар бетте, соғыс əсері басылмай тұрып туған; жорық жаңғырығы, жеңіс ырғағы сол қалпында беріле салған. 1 Кеме ішіне отырып, Іле суын кештік біз, Ұйғыр жаққа бет қойып Мыңлақ жұртқа астық біз. Түнделетіп бастық біз, Тұс-тұсынан бостық біз, Ат жалдарын кестік біз, Мыңлақ ерін пістік біз. Селдетіп ақтық біз Қала үстіне шықтық біз, Фурхан үйін жықтық біз, Бурхан үстіне тыштық біз.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Өлеңдегі «Фурхан үйін жықтық», «Бурхан үстіне...» деген жолдар көшпелі тайпалардың психологиясына тəн мінез: жеңген жұрттың жеңілген жауының ат құйрық-жалын кесу, қаласын ойрандап, керегесін кесу, туырлығын тілу – жауын мұқату мінезінен туған жəне оны мақтаныш ретінде жырға қосатын болған. Ал енді: Ерен арығ үрпешүр, Өчін, кегін іртешүр, Сақал тутуп тартышур, Көксі ара о т т ү т е р . Өпкем келіп оғрадым, Арсланлайу көкредім, Алплар башын туғырдым. Емді мені к і м т у т а р ? Емді мені к і м т у т а р ? («Мен жеңбесем кім жеңер») дегенде, жоғарыдағы өлеңдей кейіпкер – ақын «біз» атынан емес, «мен» атынан əрі «ол» болып сөйлейді. Мұнда «жауынгер-ақын» «мен» бар. Қазақтың «Тоқтамыс жыры», «Орақ – Мамай жыры», «Қазтуған сөзі», «Ер Тарғын» жырындағы «Ер Тарғын сөзі» өлең жолдарының жыр үзіктерінің бəрінде де ақын Тоқтамыс, Орақ, Қазтуған, Ер Тарғын атынан сөйлейді, ақын «мен – кейіпкер» тасасында тұрады, «ақын – мен» мен «кейіпкер – мен» қосылып кетеді. Міне, осы ерекшелік «Сөздіктегі» келтірілген жырларда да бар. Яғни жыр тудыру тəсілі қазақ поэзиясындағы ерлік-жорық жырларын жарату тəсілімен бірдей. Осы үшін де «Сөздікке» XI ғасырда енген, ал тууы жағынан VIII ғасырға кететін бұл жырлар бізге ішкі рухы, сыртқы үлгісі жағынан барынша таныс əрі жақын. М. Қашғари «Сөздігінде» бізге, біздің ауызша поэзиямызға бұлардан да жақын тұрған өлең үлгілері бар. Олар – жоқтау өлеңдер. Бірақ бұлар жасалу дəуірі жағынан жоғарғы өлеңдерден де əрі жатыр. Алп əр Тона өлді му? Есіз ажун қалды му? Өзлек өчін алды му? Емді йүрек йыртылур. Өзінің дүниеге келуі жағынан 1200–1300 жыл арыда жатқан осы өлең бүкіл табиғатымен жаңа. Бұл өкінішті зар тілі өксік
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі үнімен де жаңа. Ал бұл ескінің жаңалығы – бүгінгімен арада жатқан үзілістің жоқтығы. Бағы замандағы бұл жоқтау үлгісі: Көзүң йашын жүгүртүр, Көңлің тулды болғай му? Жырың көңіл өкүртүр, Жочы өлді болғай му? – деп Шыңғыс ханға Жочы өлімін есіттірген Улуғ жыршының XIII ғасырда айтқан жоқтау сөзі сияқты сатылар арқылы бүгінге жетсе керек. Ал енді «Сөздікте» келтірілетін екінші бір жоқтау өлең – «Кім еді?» бар. Бұл жоқтауда жоғарыдағы үзіктегідей өлген жанды іздей, сұрай айтпайды, өлген жанды суреттейді, жақсы қасиеттерін термелей тізеді. Ерді ашын татурған, Йавлақ йағығ қ а т а р ғ а н , Бойнын тутуп қазырған Басты өлім ағтару (II, 77). Йағы отын өчүрген, Тойдын аны көчүрген, Ішлер қиын кечүрген Тегді оқы өлдірүр (I, 476). Бұл жоқтаудың тілдік үлгісі бірсыпыра сыр бүгіп жатыр. Біріншіден, «Йавлақ йағығ қатарған» дегенде қазіргі «қайыр» сөзі «қатар» түрінде «т»-мен берілсе, бірер сөзі ғана өзгеше болып келетін осы жоқтау өлең шумағы басқа бір жерде: Ерді ашып татурған, Йавлақ йағығ қачурған, Оғрақ сүсін қайтарған Басты өлүм ахтару (I, 471), – түрінде келеді. Яғни бұрын туған жоқтау өлең XI ғасырда да бір тайпа тілінің ерекшелігіне қарай «қатарған», ал екінші бір тайпа тілінің ерекшелігіне сай «қайтарған» түріндегі өзгеріспен бөлек-бөлек мекенде айтылған. Бұл тілдік айырым белгісі өз алдына. Жоқтау өлеңдегі ең негізгі нəрсе – біріншіден, бұл жоқтау өлең барынша жаңа. Ол өзінің ішкі тынысы жағынан да, сыртқы формасы жағынан да
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жаңа. Бұл жай бір кездейсоқ өлең үзігі ғана емес, сол дəуірдегі түркі тайпаларының біразында барынша мол қолданылған жоқтау өлеңдердің, тіпті азаматтық поэзиядағы мақтау (ода) өлеңдердің анық көрінісі. Екіншіден, XI ғасырдан арғы жерде түрк тайпаларының бір тобында (түрк тілдерінің солтүстік тобында) есімшенің -ған формасы басым болса, бір тобында (түрк тілдерінің оңтүстік тобында) есімшенің -мыш формасы басым болды. Тіпті бұл екі форма түрк тілдерін ірі-ірі екі жікке бөлетін тілдік айырым-белгі ғана емес, бұл форманың поэзияда жұмсалуының, белгілі бір өлең түрінің стильдік-тілдік ерекшелігі ретінде жұмсалуының өзі бұл халықтардың поэзиясына да тəн тілдік айырым белгі. Өйткені түркі халықтарының ауыз əдебиеті үлгілеріне зер сала назар аударған кісі бұл -ған формасының бұл халықтардың біразының-ақ ауыз əдебиетінде ерекше стильдіктілдік белгі ретінде жұмсалысқа түспегенін анық көреді. Ал, керісінше, -ған формасы – қазақ жəне оған тіл жағынан өте жақын халықтардың поэзиясында, дəлірек айтқанда, тұрмыстық поэзияда жоқтау өлеңдерді, азаматтық поэзияда жоқтау əрі мақтау өлеңдерді, эпостық жырларда батырларды сипаттайтын өлеңдерді жасаудың бірден-бір стильдік-тілдік құралы ретінде барынша кең қолданысқа түскен қосымша. Демек, Махмұд Қашғари заманындағы жоқтау өлең жасауда жұмсалысқа түскен -ған формасы, яғни -ған формасымен келетін өлең үлгісі содан бергі дəуірлерде үзіліссіз келіп, қазақ халқы қалыптасқан дəуірдегі барша жоқтау өлеңдерге тəн ортақ тəсіл болып қойған жоқ, мұның өзі батырлық өлең-жырлар мен азаматтық мотивтегі өлеңдер үшін де ортақ тəсіл болды. Біз бұл форманы XV ғасыр мен XIX ғасыр арасындағы қазақ поэзиясынан өте көп кездестіреміз. I. Эпостық-ерлік жырларда кездесуі: Дус тоқсан екі жасаған, Қаздың да етін асаған Өз Темір үйде жоқ болды Қос-қос пышақ асынған,
(«Желкілдек») [4].
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қосалұқтан отау тіктірген, Көшкенде бартал тарттырған. Салтанатын хан ұлынан арттырған Мойтандардан шыққан екі бірдей
қос Дəулет [5]. ІІ. Тұрмыстық поэзияда (жоқтау өлеңдерде) кездесуі: Жеті жасқа келгенде Жетуп қиял ойлаған, Ойға келген қиялын Һеч бітурмей қоймаған, Сегіз жасқа келгенде Серпіліп адам ұлы батпаған [6].
(«Əділ сұлтанды анасының жоқтағаны») Есіктен қабан ақыртқан Төріне сұңқар шақыртқан Қара арғымақ қатырған Қара лашын қашырған Көк бесті мініп көп жортқан Көк бөрідей түн қатқан [7].
(«Арғын Дəулет ақынның жоқтауы») ІІІ. Азаматтық поэзияда Бұхар мен Махамбет те, тіпті жазба əдебиеттің өкілі Абайдың өзі де жоқтау өлеңдерін осы ортақ тəсілде шығарған. Күпшек санды күреңді Табияға жаратқан. Қырық сан қара қалмақты Жарлығына қаратқан Айбалтасын алтынменен булатқан... [8] Садағына сары жебе салдырған Садағының кірісін Сары алтынға малдырған Тереңнен көзін ойдырған Сұр жебелі оғына Тауықтың жүнін қойдырған...
(Махамбеттің Исатайды жоқтауы)
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Орынсызды айтпаған, Түзу жолдан қайтпаған, Жақсылық қылар орында Аянып бойын тартпаған.
(Абайдың Əбдірахманды жоқтауы) IV. Тіпті азаматтық поэзия өкілдері жоқтау өлеңде ғана емес, дидактикалық сарындағы өсиет өлеңдерінде де бұл форманы жиі пайдаланған: Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күні айланған, Бұлтты күні толғанған, Тар құрсақты кеңіткен, Тас емшекті жібіткен Анаң бір аңырап қалмасқа. (Бұхар) Қорыта айтқанда, сонау X–XI ғасырларда түркі тайпалары поэзиясында жоқтау, жоқтау-мақтау өлеңдерде негізгі бір тілдік тəсіл ретінде қолданылған бұл форма содан бергі дəуірде, дəлірек айтқанда, қазақ поэзиясы деген поэзия туып қалыптасқан XV– XVIII ғасырларда, біріншіден, тұрмыстық жоқтау өлеңдер үшін де, екіншіден, тарихи-азаматтық өлеңдер үшін де, үшіншіден, эпостық-ерлік жырлардағы азаматтық поэзияға тəн мотивтер үшін де ортақ үлгі, тілдік тəсіл ретінде үзіліссіз қызмет етіп келеді. Ал екінші кезекте, арасы мұндай кереғар замандардағы поэзияларда белгілі бір формалардың ортақ қызметке жегілуі – бұл замандардағы поэзиялар арасында мұралық, дəстүрлік байланыстың болғандығын да, бірі екіншісінің басы, керісінше, бірі екіншісінің жалғасы болғандығын да көрсетпек. Е с к е р т у : Өте таңырқарлық жай, жоқтау өлең формасы ғана емес, жоқтау салтына тəн əрекет-ұғым да келіп жеткен. Ежелгі (V–VI) түрк тайпаларында ері өлсе, əйелі жоқтау үстінде бетін пышақпен тілетін болған (Н.Я. Бичурин. Собр., Т. I, 1950. С. 230). Сөз жоқ, бұл əрекет-салт жоқтауда, дауыс айтуда сөзбен құпталып, жария болып отырған. Жəне олары жоқтау өлең түрінде айтылған. Міне, осы көне салт «Қыз Жібек» жырында:
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ғашық болсаң сондай бол! – О, дариға, құдай – деп Керегені құшақтап, Етпетінен құлады. Қыз Жібектің беттерін Кереге көгі жырады, – түрінде өзгеріп жетсе, екінші бір жоқтау өлеңде: Қыналы бармақ жез тырнақ Күнінде қанға бояйын, Албыраған ақша бет Сүйегіне тақайын, – түрінде əрі əрекетте, əрі сөзде жаңғырық береді. Ал өте көнелік ізі бар «Ер Қосай» жырында: Байың өлді деген соң, Қыналы бармақ жез тырнақ Ақ бетіне салады, Алды қанға толады, – дегенде сөз де, əрекеттің өзі де бар. Демек, алғашқы екі өлеңдегі əрекетті баяндау, соңғы өлеңдегі əрекет-қимылдың өзін айту поэзияға өте көне дəуірде түсіп үлгірген. Осындағы поэтикалық тəсілдер, сөз кестесі өте ертеде қалыптасқан. Əрине, XV–XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясын көне дəуір поэзияларымен жалғастыратын белгілер бұлармен ғана бітпейді, ең бастысы, XV–XVIII ғасырлар поэзиясында барынша өркен жайған дидактикалық мазмұндағы терме, толғау өлеңдер өзінің ең алғашқы негізі жөнінде сонау X–XI ғасырлардағы, оған дейінгі поэзияға қарыздар. Айталық: X–XI ғасырлардағы жəне оған дейінгі ауыз əдебиетіндегі азаматтық поэзия дидактикалық-философиялық мазмұнда терме-толғау үлгісінде көрінді. Мұны біз М. Қашғари «Сөздігіне» енген өлең үзіктерінен анық байқаймыз. Қараңыз: Тавар кімін өкүлсе, Беглік аңар керкейүр. Таварсызын қалып, Бег еренсізін евгейүр. (Байлық кімде көбейсе, дəреже өзі үйірілер; байлық қолдан тайғанда, бек қасынан жұрт кетер). Не:
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ешітіп ата-анаңның Савларыны қадырма. Нең қоп болуп гүвезлік Қылып йана қутурма. (Ата-анаңды тыңда, есіткен сөздеріңді қайырма. Дүнием көп деп бойкүйездік қылып құтырма). Бұлардың формасы жоғарыда келтірілген жырлардан басқаша: мұнда ырғақ желісі баяу тартылған, интонациясы төмен, əңгімелей отырып қана айтылар сөз. Ұйқастағы еркіндік те бұл жанрдың осы қызмет талабынан келіп туған. Тіпті жоғары жолдарды қазақ тілінің сол М. Қашғари дəуірінен бергі жерде болған өзгерістері ізімен болмашы ғана өзгертіп барып айтқанда: Болған малға сүйінсең, Ақрын оған сүйінгіл, – деген жолдардың ырғақ желісі Атың тулап кетпеске Артқы айылдың бегі игі, – деген бергі дəуірдегі сөзге, ал: Кеткен малға қайғырма, Азырақ оған өкінгіл,– деген жолдардың ырғақ желісі, ішкі тынысы, формасы Өткен айға сүйінбе Өміріңнен орағы, – деген мақалға өте жақын, бірқалыптан шыққандай. Басқа емес, дəл осы қасиеттерімен бұл сөз үлгілері бізге өте таныс кейпімен қабылданады. Жекелеген дыбыстық, қайсыбір лексикалық өзгешеліктер болмаса, бұл сөздер бізге кешегі XIX ғасырда туған сөздер сияқты. Бізді бұл сөз үлгілерінен айырып тұрған 1000 жыл бар екенін ескермейміз, оны ұмытқандайсыз (!). Əрине, М. Қашғари дəуіріндегі ауызша поэзия үлгілерінің ұйқас түрі əр алуан. Табиғат жырларында, ерлік-батырлық жырларда ұйқас көбіне тұрақты келіп отырады: Күчі теңі тоқышты, а Оғуш, қонум оқушты, а Черіг таба йақышты, а Бірге келіп өч өтер. ə
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қурвы чувач қурулды, б Туғум тігіп урулды, б Сүсі отун орулды б Қанчуқ қачар, ол тутар. ə Емді узын узунды в Кедін телім өкүнді в Ел болғалы ікенді
в Андағ ерік кім утар. ə Бұл «Біз жеңдік!» деген он екі шумаққа созылған1 тарихи-ерлік жырда, біріншіден, əр шумақ а/а/а, ə/ə/ə түрінде үштік ұйқаспен, екіншіден, барлық шумақ /ааа/б жəне (əəə)б+(ггг)б түрінде бір ғана қаусырма ұйқаспен келіп отырады. Тарихи-ерлік жырлар 3 жақпен айтылумен катар, І жақпен де айтылады. «Жауға шап» деген өлең а/а/а/б, ə/ə/ə/б түріндегі ұйқаспен I жақта келеді: Қырқып атығ кемшелім, Қалқан сөңүн чөмшелім, Қайнап йана йүмшелім, Қатғы йағы йувылсун! Таң ата йорталым, Бузруч қанын іртэлім, Масмыл бегін өртэлім, Емді йігіт йувулсун! Тегрэ алып егрэлім, Аттын түшүп йүгрэлім, Асланлайу көкрелім, Кучі анын кевілсүн!!. Ал өсиет-өнеге мазмұнды өлеңдерде бұлардай емес, өлең жолының ұйқасында еркіндік бар: //Ешітіп ата-анаңның// Савларыны қадырма// Нең қоп болуп// гүвэзлік 1 «Созылған» деген сөз осы 12 шумақ бұл өлеңнің толық тексі еместігіне орай айтылып отыр.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қылып//йана қутурма// Қолдаш білэ йарашғыл, Қаршып адын удурма. Бек тут наваш тақағу Сувлын йазып адырма Ағруқ ағыр ішіңні Азнағуқа йүзүрмэ Ажруп өзүң ошарып Азнағуны тозурма, – деп келетін өлең, біріншіден, а/ə/б/ə түрінде бір шумақтағы аяқталған екі ой жіктеліп барып екі баяндауыш ұйқасады, екіншіден, а/ə/б/ə; в/ə/г/ə; г/ə/д/ə барлық келесі шумақтардың баяндауыш формалары бір ұйқаспен келеді. XI ғасырға дейінгі əрі XI ғасырдағы ауызша поэзияға тəн бұл классикалық ұйқастың қай дəуірде жасалып, қалыптасып болғанын айта қою қиын. Бірақ та өзге дəуір ескерткіштеріне жəне өзге сөз үлгілерінің ұйқас түріне, өлшеміне қарағанда, бұл ұйқас түрлері VIII ғасырға дейінгі жерде-ақ бар болған. Біріншіден, Н.Я. Бичуринде 550 жылы таққа келген Муюй ханға қатысты бір ретте түрктер «өлеңді айтқанда біріне-бірі қарсы қарап тұрып айтады» (I, 131), – деген дерек бар. Əн ырғаққа құрылады. Ертедегі адамдар өлеңді əнмен айтатын болғандықтан да, олар өлеңді осы əуен нормасына, ырғақ желісіне бағындырып отырған. Яғни сөз ұйқасы əуен сазына қарай туып отырған. Ал əуен сазында, ол адамның ішкі тыныс мүшелерінің қалыпты, тұрақты əрекеті негізінде туатындықтан да, қатаң өлшем бар. Біздіңше, ертедегі ұйқасты өлең сырын осындай табиғи заңдылықтардан іздеу керек болар. Екіншіден, М. Қашғари жинаған мақалдардың сөйлем жігінде, буын өлшемінде, ұйқасында қатаң тəртіп бар. I. Тік-мəгінчэ/онмэс Тілэ-мэчінчэ/болмас II. Тутуш-мэгінчэ түз-үл-мэс Түбір -мэгінче ач-ыл-мас ІІІ. Түй-лэ/йүруп/күндүз севнүр, Кічік-дэ//евлэн-іп//улғазу севнүр.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ІV. Ұры/қопса,/уғуш оқлышұр Иағы/келсэ,/імрам тебрэшүр. Гулум анутса,/кулун болур, Тулум унутса,/болун болур. Қылну білсэ/қызыл кізэр, Йарану білсэ,/йашыл кізэр. V. От түтүн-сіз болмас, Иігіт йазук-сыз болмас. Йазмас атым болмас, Йаңылмас білгэ болмас. VІ. Кіші сөз-лэшү, йылқы йыз-лашу VІІ. Алын арслан тутар, Күчін уйуқ тутмас. VІІІ. Өд кечэр, кіші тоймас, Йалынуқ оғлы меңгү қалмас. ІХ. Ізлік болса/ер/өлдімэс, Ічлік болса/-ат/йағрымас. X. Алплар бірлэ урушма, Беглэр бірлэ турушма. XI. Нечэ күндуз/өрсэ еш езгү, Нечэ егрі/ерсэ йол езгү. ХІІ. Сынамаса/арсыңар Сақынмаса/утсуқар. ХІІІ. Пушпас ер//боз күш//тутар Евмас ер//өрүң күш//тутар XIV. Күңдэ/ірүк йоқ, Бегдэ/қыйық/йоқ. Куш/баласы/кусничағ/ Ыт/баласы/охшанчағ./ Міне, бұл мақалдар əртүрлі грамматикалық формалар арқылы ұйқас жасаған. Басқа емес, грамматикалық формалар арқылы ұйқас жасау М. Қашғари жинаған мақалдардың ғана ерекше белгісі емес, ол М. Қашғари жиған барлық ауызша поэзия үлгілерінің де ерекше белгісі. Яғни ұйқасты, біріншіден, грамматикалық формалардың түрленісіне құру, екіншіден, ол сөздердің етістік
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі болып келуі, үшіншіден, олардың баяндауыш қызметінде тұруы М. Қашғари дəуіріндегі ауызша поэзияның да, бергі дəуірдегі қазақ атымен белгілі ауызша поэзия үлгілерінің де бірден-бір негізгі ерекшелігі. Біз М. Қашғари сөздігіне енген жазбаша поэзия үлгілерінде де, «Құтадғу білігте» де, өзге жазба поэзия үлгілерінде де бұл үш белгі тұтас сақталып отырмайды: біріншіден, ұйқас жұп, қосар жолдарға құрылады; екіншіден, инверсияға құру күшті болғандықтан, баяндауыш көбіне жол басында не ортасында келіп, ұйқас лексикалық, фонетикалық ұйқас түріне құрылады: Негү тег/йүрірмэн//бу йердэ/құр-уғ Еліккэ барайын//,қылайын/тапуғ Кетүрді/сав алтун//,күмүш/, нең/тағар Айур/өз муңадса//, маңа/бу/йара-р Кішікэ керэк/тегмэ йердэ/біл-іш Біліш бірлэ/етлүр/қамуғ,//түрлүг іш. Жəне бұл ұйқаста негізгі грамматикалық форма емес, фонетикалық сəйкестік. Мысалы: тағар – йара-р; біліш – түрлүг іш дегенде біріндегі түбір сөз бен екіншісіндегі грамматикалық форманың дыбыстық үйлесімі ұйқас жасап тұр. Мұны біз: «Құсрау – Шырын» дастанынан да көреміз: Нішан берді бу майэ-лэр-қа іһлас Бұлар тегмэ амал-дэ болсу теп һас Егэр білмəк үчүн болсады бу раз Бу нақша-лар-да бірі қылғай ерді аваз. Əрине, араб-парсы поэзиясындағы өлең түрлері, өлең жолының бунақ саны, буын саны, өлең жолының əр тұсында: басында, аяғында, ішкі бунақта, сөз ішіндегі əріпте болатын ұйқас түрлері жөнінде білуіміз өте үстірт. Бірақ бір ғана ақиқат нəрсе бар: түрк тайпаларында мақал тектес шешендік сөз, əуенге, əуезге құрылған ерлік жырлар ту баста лексикалық, морфологиялық-синтаксистік ұйқасқа құрылды, ал олар əуезге негізделгендіктен, ырғақ желісі бұл желінің өлшемі болды. Егер мақалдардан жол санындағы шарттылықты, бунақ, буын санындағы дəлдікті, мақал жолының негізінен соңында келетін лексикалық, грамматикалық (біртектес түбірлер мен бір ғана грамматикалық формаға негізделген) ұйқасты, мұндай ұйқастың
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі мақал жолының басқы сөзінде, бастапқы бунақ соңында (лексикалық, грамматикалық түрде) келе беруін, тіпті, күнде ірүк йоқ, Бегде қыйық йоқ, – сияқты мақалдар тұтас күйінде ұйқастан тұратыны бұлар ғана емес. //Йуйқа/ерікліг//топлағалы учуз ерміс// //Иінчге/ерікліг//үзгэлі учуз ерміс//; //Йуйқа/қалын болсар//топла-ғулуқ/алп ерміс; //Иінчгэ/йоған болсар//үз-гүгүк/алп ерміс, – деген VIII ғасыр ескерткішіндегі шешендік сөздегі поэзияға тəн белгілердің молдығын жоққа шығара алмасақ, онда М. Қашғари «Сөздігіндегі» ауызша поэзия үлгілеріне тəн өлең жолы соңындағы лексикалық, лексика-грамматикалық, баяндауыштық ұйқастың əрі бунақ, буын санындағы тұрақты өлшемнің ежелгі түрк халқында болғандығын, оның өзі бұл халықтың творчестволық төл, тума табысы болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Бұл ұйқаска қазақтың ауызша поэзиясы қай дəрежеде мұрагерлік етеді? Біріншіден, жоғарыдағы «Ешітіп ата-анаңның» деген үзікке тəн: .......
а ....... ə ....... б ....... ə ....... в ....... ə ....... г ....... ə ....... д ....... ə ....... е ....... ə түріндегі ұйқас, немесе: Бақмас будун севүксүз //а Йудқы йузы саранқа //ə Қазған улыч түзүнлүк //б Қолсун чавың йарынқа //ə Көрклүг тонуғ өзүңэ //ə
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Татлығ ашығ азынқа //ə Тутғыл қонуқ ағырлығ //в Йазсун чавың бузунқа //ə деген үзіктегі ұйқас бір шумақ ішінде еркін ұйқаспен келеді де, шумақтар тізбегінде бұл ұйқас жалғасып отырады, тіпті екінші үзіктегі соңғы шумақта ə//ə//ə//в//ə түріндегі ақсақ ұйқас та бар. Міне, бұл үдетпелі ұйқастылық қазақтың эпостық жырларында, шешендік толғау өлеңдерде сақталған. Бірақ бұларда шумақтық жік жоқ. Бұл өзгеріс жөнінде бір ғана болжам жасауға болады: X–XI ғасырлардан қалған поэзиядағы а/ə/б/ə түріндегі тұрақты шумақтық ұйқас өлеңнің айтылу интонациясына, интонация желісіне өзгеріс енуі арқылы а/ə/б/ə+б/ə түрінде дамыды да, төрт жолды тұрақты шумақтың жігі бұзылды. Осы «бұзылу» былайғы барша еркін ұйқас түрлерінің басы да болды. Осы «бұзылу» негізінде ырғақты əуезге құрылған терме өлең туды. Міне, қазақтың дидактикалық мазмұндағы терме, терме-толғау өлеңдері өзінің тегі жағынан негізінен алғанда X–XI ғасырлар поэзиясында а/ə/б/ə түріндегі ұйқасқа құрылған дидактикалық мазмұндағы төрт жолды тұрақты шумақты өлеңге қарыздар. Ал: Елін түбү йашарды, Урут отын йашурды, Келнің сувы көшерді Сығыр, бұқа мөңрешүр, – деп келетін табиғат тақырыбына құрылған тұрмыстық жыр да, Ертең аулым көшеді, Уық бауын шешеді, Қара қойым қашады, Құмалағын шашады [9], – деп келетін қазақ халқының тұрмыс-салт жырында беріге дейін айтылып келген өлең де бір ырғақ желісінде туған өлеңдер. 3. XIII ғасырдағы ауызша поэзия үлгілері XI ғасырдай емес, бергі XIII–XIV ғасырларда түркі тайпалары əдебиетінде жіктеліс едəуір дəрежеде күштірек болды. Бұған бұл тайпалардың жаңа мекенге ауысуы, жаңа территориялық бө-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі лініске түсуі, т.б. себеп болып қойған жоқ, бұған араб жазуы негізінде туған жаңа жазба əдебиет те себепші болды. Жазба əдебиеттің гегомония алуына байланысты қайсыбір түркі халықтарында ауыз əдебиетіндегі азаматтық мотив екінші қатарға шегінді, ол өз қызметін жазба əдебиетке берді. Ал жазба əдебиеті жалпылық сипат алмаған түркі халықтарында ауыз əдебиетіндегі азаматтық мотив ерекше даму жолына түсті. Өйткені халықтың ұлт болып құрылу процесі тұсында əдебиетке қызмет мол жүктелді. Азаматтық поэзия өзінің қызмет аясын кеңейтті. Ол ендігі жерде бұрыннан бар дидактикалық тақырып үстіне жалпы халықтық заң-ереже, жобалардың берілу формасына да айналды, феодалдық қоғамға тəн билік-үкім, халық жиынында айтылар шақыру-ұран қызметі осы азаматтық поэзияға таңылды. Феодалдық қоғам əдебиетіне тəн ода бұл тұста ерекше дамыды. Міне, мұның өзі азаматтық поэзияны тақырып жағынан күрделілендірді, ал мұның өзі форма жағынан күрделенуге əсер етті. XI–XII ғасырларда, əсіресе, XIII–XV ғасырларда түркі халықтары əдебиетінде осы екі тенденция анық көрінді. XI ғасырда М. Қашғари сөздігіне кірген дидактикалық мазмұндағы терме-толғау өлеңдерді жазба əдебиеті еркін, жалпылық сипатта дамымаған түркі халықтары кейінгі дəуірлерде дəстүрлі түрде жалғастырып əкетті. Бұған негізгі мұрагер кейін Алтын Орда құрамына енген түрк тайпалары, əсіресе, қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар əрі қырғыз тайпалары болды. Əрине, Алтын Ордада жазба əдебиет те біршама көрінді, сөз жоқ, оның территориясында туған «Мухаббат наме» (XIV ғ.), «Қусрав ба Шырын» (XIV ғ.), т.б. дастандарды жаратқан ақындар өз дəуіріндегі фольклорлық əдебиетті жетік білген ақындар болды. Əрі феодалдық мемлекеттік ұйым құрылған бұл тұста ұлы сəуегей жыраулар орда төңірегіне топтасты да, олар сарайлық əдебиет болған бұл жазба əдебиетпен біршама таныстықта болды. Сөйтіп, бұл дəуірде фольклорлық азаматтық поэзия мен сарайлық жазба əдебиет арасында біршама байланыстылық болып, олар өзара ықпал-əсерінде туып, дамып отырды. Бірақ бұл өзара ықпал-əсер лексика мен сөз тіркестері аясынан асқан жоқ. Өйткені «Құтадғу біліг» поэмасынан əрі М. Қашғари «Сөздігінде» кездесетін белгісіз шығармалардан тартып, жазба поэзия 11 жəне 11–14 буынды өлеңмен жазылды.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Біз XIII ғасыр, тіпті XIV ғасырда туды дерлік өлеңдерді, жырларды өте аз білеміз. Өйткені моңғол шапқыншылығы Жетісу – Сыр өлкесіндегі халықтың көңіл күйін көп уақытқа дейін тұралатып тастады [10]. Басқыншылық дəуір мұң-шер тілі халықтық-тұрмыстық өлеңдерді ғана туғыза алатындықтан, бұл дəуірде эпикалық, азаматтық жырлар жасалмады десе де болады. Тіршіліктің ұйқас, жалғас қалпы бұзылып, жаңадан кайта тұрмыс құрған халық бұған дейінгі дəстүрлі бай əдеби мұрасын жойып та алады. Қазақ халқы үшін бұл ғасыр жоғалтқан уақыт болды. Араб тарихшысы Ибн-ал-Асир (XIII ғ.) келтіретін «Жошы өлімін естіртуден» басқа жыр бұл ғасырдан келіп жеткен емес. – Теңіз баштын булғанды, Кім тундурур, а ханым? Терэк түбтін жығылды, Кім турғузур, а ханым? – Теңіз баштын булғанса, Тундурур улум Жочыдыр. Терэк түбтін жығылса, Турғузур улум Жочыдыр. – Көзүң йашым жүгүртүр, Көңлүң тулды болғаймы? Жырың көңул үркүтүр, Жочы өлді болғаймы? – Сөйлэмэккэ əркім йоқ Сен сөйлэдің, а ханым! Өз йарлығың өзүнгə жуаб Айу ойладың, а ханым? – Қулун(ын) алған қуландай Қулунумдан айырылдым Айырылысқан аққудай Ер улумдан айырылдым [11]. Бұл естірту өлең бас-аяғы 5-ақ шумақ. Бірақ сонау XIII ғасырдың бірінші ширегінде туып, сол кездің өзінде-ақ жазуға түсіп үлгірген осы бір көлемі шағын, небары 20 жол өлең əдебиет тарихы үшін, əрі қазақ тілі тарихы үшін соншалық құнды. Ол тұтас бір дəуірдің əдебиеті үшін болжам жасауға мүмкіндік береді. Егер бұл жерде К. Маркстің: «Можно априорно опреде-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі лить культурный уровень какого-нибудь народа, зная лишь, из какого металла – золота, меди, серебра или железа – он изготовляет свое оружие, свои орудия или свои украшения» [12], – дегенін аналогия ретінде аналогия жасауға пайдалансақ, біз қазақ поэзиясының XIII ғасырдағы дəрежесін болжаммен анықтауда мысалдағы 20 жол өлеңде көрінген поэзияның ерекше белгілерінің қандайлығына, олардың қай дəрежелілігіне сүйенуіміз керек болады. Өлең – тілдік жүйесі жағынан да, кісінің (персонаждардың) көңіл күйі қалпының берілісі жағынан да, наным-түсініктері, сөздердің поэтикалық жұмсалысы жағынан да өте жаңа өлең. XVIII–XIX ғасырлардағы поэзияны жасаған қазақ ұғымына жат бірде-бір нəрсе жоқ. Өлеңнің негізгі белгілері: 1) бірінші кісі айтқан сөзді екінші кісінің қайталап отыруы (қайымдап айту); 2) ұйқас жағынан а/ə/а/ə, а/ə/б/ə түрінде келіп тұрақты болмауы; 3) ырғақ-интонациясының риторикалық қалыпта болуы; 4) буын саны жағынан тұрақты болмай, 7 əрі 8 буынды болып келуі; 5) өлең жолының бірінші бунағына екпін түсіп отыруы; 6) XI ғасырдағы ауызша поэзия үлгілеріндей емес, бұл өлең өзінің тілдік белгісі жағынан да ерекше, яғни сөз басында ж (жығылды, жүгүртүр, жыр) дыбысы келуімен де ерекше. Бұл өлең сөз басында өзге түркі халықтарында қолданылатын й дыбысы орнына ж қолданатын қыпшақ тобы халықтарында, оның ішінде жырдың айтылған жері Ертіш – Ұлытау өңірінде сол кезде мекен еткен қазақ тайпаларында осы тілдік ерекше белгісімен сақталып жеткен бірінші жəне ең көне ескерткіш. Міне, бұл ерекше белгілердің бəрі де кейінгі XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясына тəн белгілер. Бұл өлеңге тəн ерекше белгілердің болуы – XI ғасырдағы поэзияда көрінген жіктелістің бұл XIII ғасырда өте-мөте айқындалғанын, өзінің жаңа даму бағытына түсіп үлгіргенін анық байқатады, бұл дəуірде болашақ ноғайлы аталған халықтар бірлестігінің (оның ішінде қазақтардың) төл əдебиеті өзіндік бояуын тауып, өзге түркі халықтары əдебиетінен ерекшеленетін
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі белгілерін жасап үлгіргендігін толық дəлелдейді. Əрине, диалогқа құрылған өлең монологқа құрылған өлеңмен өзінің лексикасы əрі синтаксистік жүйесі, интонациясы жағынан бір келе бермейді. Осы себепті де «Естірту» сол XIII ғасырдағы өзге толғау, терметолғау сөздердің жайы туралы дəл дерек бере қоймайды. Бірақ тағы да аналогия жасау керек. Жоғарыда айтылғандай, XI ғасырда-ақ насихат-толғау өлеңнің болуы «Естірту» өлеңіне өте жақын жоқтау өлеңнің болуы, əсіресе, соңғы өлең түрінің поэтикалық көп белгілерінің тіпті бергі XV–XIX ғасырлардағы əдебиетке жақындығы бұл XIII ғасырда толғау, терме-толғау өлеңдердің «Жочыны естірту» өлеңі дəрежелес тұрғыда болғандығына күмəн келтірмейді. Араб тарихшысы Ибн-ал-Асирдің дерегінде «Жочыны естіртуді» Улуғ Жырчы айтқан. Академик Ə. Марғұлан бұл жөнінде былай дейді: «Моңғол шапқыншылығы (XIII ғ.) кезіне атақты ақын Аталық жыраудың аты тұстас келеді. Бұл Аталық жырау əрі араб деректеріндегі Улуғ Жырчы тегінде бір кісі болуы керек. Өйткені Аталық жырау да, əрі Улуғ Жырчы да Жочы хан өлгенде шығарылған жырмен белгілі. Бұл жырдың тексі атақты араб тарихшысы Ибн-ал-Асирдің (XIII ғ.) шежіре-тарихында келтірілген. Қазақта Жочы ханның өлімі туралы жоқтау өлеңді еске түсіретін «Ақсақ құлан Жочы хан» атты музыкалы сюита – «күй» мен тарихи аңыз сақталған. Қара сөзбен айтылатын аңыз əңгімемен қатар Ибн-ал-Асир шежіресіндегі əрі «Түрк шежіресіндегі» жырды еске түсіретін жыр тексі де бар. Қазақ аңызының баяндауында бұл тарихи жырдың шығарушысы Найман тайпасының бір атасынан шыққан – сахара эпосын жаратушылардың бірі Аталық жырау немесе Кетбұқа деген болған» [13]. Демек, бұл XIII ғасырда ру, тайпа атынан көпке арнау айтар, өткен-кеткен тарих туралы толғап, болашақ туралы болжау айтар сəуегей жыраулар болған. «Халықтың арманын білдірушісі, ақылгөй ақсақалы əрі ақыны танылған жырау аса бір қажетті жағдай болмаса, суырыпсалма жырды өте сирек айтқан. Жалпы жұртқа, тұтас халыққа тең ортақ қобалжу я бір үлкен дағдарыс, дүрбелең шақта немесе жат жұрт əскері туған жерге шапқыншылық жасаған шақта бүкіл халықтың беделді, құрметті кісісі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жырауға ақыл-кеңес салып отырған. Мұндай шақта жырау халықты ынтымақ-бірлікке, тұтас топтастыққа шақырып, олардың рухын көтеріп, бүкіл елге тұс болған жағдайдың болуға тиіс нəтиже-салдарын алдын ала болжап айтатын болған» [14]. Бұл жыраулар, сөз жоқ өздерінің алдында жасаған Қорқут сияқты болды. Ал Қорқыт «Китаби-Қоркутта» оғуз халқының қамын жеген сəуегей ақылгөй ретінде де, оғуздардың батырлары даңқын мадақтаушы жырау ретінде де көрінеді [15]. Қорқыт халықтың ақылшысы, сəуегей данасы ғана емес, оғуз эпосында ол – əрі көреген жырау-ақын да. Ол оғуз батырларының құрметіне арнап жырлар жаратады, ол бұл жырларды халықтың Қорқыттан кіші жыраулары мен ақындары үйреніп, жұртқа таратып отырады... Жыршы-ақындар халықтың эпостық шежірелерін, өткен дəуірдің даңқты ерлері аталар ескерткішін сақтаушы ретінде өз тыңдаушылары арасында зор құрметке ие болды. Демек, XIII ғасырда – моңғол шапқыншылығына дейінгі жерде болашақ қазақ халқына ұйытқы болған тайпалар өзінің құт мекені – байырғы мекен Жетісуда, Ертіс – Ұлы Тауда жасаған кезде халық тағдыры, ел, мекен тағдыры, азамат ер тағдыры, халық көңіл күйі, мұң-зары, батыр ерлер даңқы жайлы жырларды – толғау жырларды көп туғызған. Олар осындай бай поэзия үлгілерімен əрі Улуғ-Жырчы сияқты жыраулармен келіп Алтын Орда құрамына кірді. 4. Алтын Орда құрамында болған халықтарға ортақ поэзия Алтын Орда тұсындағы əдебиет, бұрынғы дəуір əдебиетіндей емес, бергі дəуір əдебиетімен үзіліссіз жалғас жатыр. Бірақ бұл жалғастық ерекше жалғастық. Егер VIII–XIII ғасырдағы ауызша поэзияға барлық түркі халықтар қандай ортақ болса, бұл Алтын Орда тұсындағы ауызша поэзияға да оның құрамындағы тайпа, тайпа одақтары – болашақ қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, Сібір татарлары əрі Еділ, Қырым татары, башқұрт халықтығын құраған тайпалар ортақ болды. Алтын Орда мемлекеті тұсында (XIII ғ. ортасы мен XIV ғ. аяғы) этикалық жағынан бұрыннан жақын бұл тайпалар біршама
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жақындай түскенмен, біріншіден, көшпенділік тұрмыс жағдайына, екіншіден, Шыңғыс ұрпағынан шыққан жеке-жеке билеушілері – сұлтандары болуына байланысты сол кездің өзінде де бөлек-бөлек көшіп жүрді. Осы факторға керісінше кейбір тайпалардың (рулардың да) басшылары мүддесі ыңғайымен бір сұлтан билігінен екінші сұлтан билігіне «ауысу» да болып отырды. Осы процестің көрінісін Алтын Ордадан Қырым, Қазан, Астрахан хандықтары бөлінген кезде, олардың құрамындағы қыпшақ текті (тар көлемде) ру тайпалардың болуынан анық көруге болады. Алтын Ордадан XIV ғасырдың орта тұсында Ақ Орда бөлінді. Ақ Орда құрамында болашақта ноғай, қарақалпақ, өзбек, қазақ (əрі Сібір татарларының этникалық топтары, біршама қырғыз) халқының құрылу процесінде негізгі рөл ойнаған тайпалар болды. Ал XV ғасырдың басында Ақ Орда Ноғай, Өзбек хандығы болып бөлінді. Осы Дəшт-и қыпшақтағы (Өзбекстан аталған мекендегі) хандықтан – Абулқайр ханнан XV ғасырдың ортасында Жəнібек, Керей сұлтан бастаған тайпалар бөлініп, Могулстанға келді (Қазақ ССР тарихы, 1957, 152-153-бб.). XIV ғасырдың орта тұсында Шағатай ұлысынан Могулстанның бөлінуі, 1375 жылы жалаир Əділ шах пен қыпшақ Елчібуғунің өз тайпаларымен Ақсақ Темірден бөлініп Могулстанға келуі [16], XV ғасырдың ортасында Жəнібек сұлтан бастаған тайпалардың келуі жəне одан кейінгі көшулер (Қазақ ССР тарихы, 1957, 153-б.) негізінде Қазақ хандығы құрылды. Міне, XV ғасырдың орта тұсынан бергі жерде Дəшт-и қыпшақта, Жетісуда туған поэзия үлгілері қазақ халқының төл туындысы болды, ал бұған дейінгі жерде туған поэзия үлгілері қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, Қырым, Сібір татарларының əрі қырғыз халқының ортақ, еншілес мұрасы. * Алтын Орда, Ақ Орда дəуіріндегі поэзияда дидактикалықазаматтық сарындағы толғау, терме-толғаулар фольклордың өзге жанрларына байланыссыз жалаң дамыған жоқ. Ауызданауызға көшіп отырған əрі шығарушылары, айтушылары бір бұл фольклорлық, поэзиялық үлгілер барынша тығыз байланыса дамып отырды. Əсіресе, тарихи негіздегі батырлық-ерлік жыр-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі дастандар, эпостар мен дидактикалық-азаматтық мотивтегі поэзия арасындағы осындай байланыстылықта даму өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Бұл жақындық XV–XVI ғасырда туған тарихи негіздегі батырлық-ерлік жыр-дастандар тұсында жанрлық-стильдік əрі тілдік модельдердегі жақындық болса, бергі XVI–XVIII ғасырдағы (одан ертедегі) эпостар тұсында тілдік модельдердегі жақындық болды. Өйткені қазақ фольклорларында эпостық жырлар тарихиерлік өлең-жырлар негізінде туып дамыды да, ал өз кезегінде ерлік өлең-жырлар дидактикалық-азаматтық сарындағы терметолғау үлгісінде жəне соған жақын үлгіде туып дамыды. Сөйтіп, келе-келе бір форма екі түрлі мазмұнды берудің құралына айналды. Əрі тарихи өлең-жыр да, эпостық жыр да бұл ортақ форманы қызметке жегу барысында оған стильдік өзгеріс енгізді. Эпостың шын мəніндегі дамыған үлгілері жасалған дəуірде азаматтық поэзиядан алған, о бастағы үлгісі, əсіресе, геройлар монологын беруде, геройларды суреттеуде, сипаттауда сақталып калды. Əрі осы екі нəрсені берудің тұрақты тəсілі ретінде эпостық жырдан берік орын тепті де. Керісінше, тарихи негіздегі ерлік-батырлық өлең-жырдағы, эпостағы осы стильдік-тілдік модельдер кейінгі дəуірдегі азаматтық поэзияға белгілі дəрежеде əсер етіп отырды. Əсіресе, бұл əсер ерлік тақырыптағы өлеңдерде өте айқын көрінді. Алтын Орда, Ақ Орда дəуірінен өзінің көлемді күйінде жеткен ең əуелгі əдеби үлгі – «Тоқтамыс пен Едіге туралы жыр» [17]. Бұл жөнінде Шоқан Уəлиханов былай дейді: «Самый замечательный исторический джир киргизский, это – «Идиге». Джир должен быть составлен в начале XV в.» [18]. Бұл жыр о баста жеке кісілердің «сөзі» үлгісінде – «Тоқтамыстың толғауы», «Сыпыра жыраудың толғауы», «Жамбай сөзі», «Едіге сөзі», т.б. түрінде дара-дара туған толғаулар не «Сөз» циклі. Оның эпостық, ертегілік-мифтік бөлімдері – жоғарғы жеке «толғаулар» мен «Сөздерді» біріктіретін редакциялық материалдары кейін туған. Осы соңғы ертегілік үлгідегі творчестволық қоспаларды алып тастағанда, бұл «Толғау сөз» циклі – Алтын Орда, Ақ Орда дəуіріндегі тарихи жырдың, дəлірек айтқанда, ерлік-азаматтық жырдың, өлеңнің алғашқы үлгісі. Қазіргі ноғай, қарақалпақ, қазақ, т.б. халықтардың ортақ əдебиетінің, та-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі рихы белгілі, дəлірек айтқанда, тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызша поэзиясының алғашқы үлгілері. Бұл «Толғау сөздер» цикліндегі «Сыпыра толғауында» айтылар: Ноғайлының ауыр жұрт Ач күзендей бүгіліп, Ач бөрүдей чүйіліп, Шетіннен қиқулап, Аччы да сүрен солар болғай құбача оғыл. Алтундан соққан ақ ордан, Күмістен соққан ақ есік, Түсі суық шым болат Учы менен ачар да болғай қубача оғыл... Керегеңді кертер де болғай оғыл. Туырлуғун тілер ол, Тіліп тоқым қылар ол. Қанекедей көріктіні, Тінекедей тектіні Ат көтіне міндіріп, Ал ендігін солдурып, Тегінен тегін олжа қылар болғай қубача оғыл, – деген жолдарға, не «Тоқтамыс толғауындағы»: ... Бие сауған сүтті жұрт, Қымыз ічкен құтты жұрт, Анам келін болған жұрт, Иіліп сəлем еткен жұрт, Көрікті туған сұлуым, Алғаным келін болған жұрт, Ақ бүркеншік салған жұрт, Ал ендүгін жаққан жұрт, Қызыл маржан таққан жұрт, Ақбоз атқа мінген жұрт, Жалғыз да қорған Қадырберді Қадырберді сұлтан туған жұрт ...Балығы жылқы жусатпас, Бақасы кісі ұйықтатпас, Маралы бар киіктей,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Балдырғаны білектей, Алмасы бар жүректей, Еділ менен Жайығым. Жабағылы нар тайлақ Жардай атан болған жұрт, Адасып қалған бір тоқты Жайылып мың қой болған жұрт, Ал аман бол менден соң... Жапырағын жайқалтқан Жардай атан семірткен Жарына найза тең келген Суы менен жары тең Құлыны менен тайы тең Өзені менен сайы тең, – деген үзіктерге, немесе: ... Алтындан соққан ақ ордаң, Күмістен соққан ақ есік Түсі суық шым болат Есігіңді ұшыменен ачмасам, Төрге төсек салмасам, Төс аршынды сұлуды Аямай төс астыма алмасам, Керегеңді кертпесем, Кертіп отын қылмасам, Қос туырлығың тілмесем, Тіліп тоқым қылмасам, Мен, мен дүрмін, мен дүрмін, Мен, мен деген Тауба қылған ер дүрмін Мен досымның отын сөндірмен, Дұшпаным отын жандырман, Мен тауда ұялар сұңқармын, Тау бөктерлей жортармын [19], – деген өлең жолдарына назар аударайық. XV ғасырға тəн осы үзіктер – тарихи ерлік жыр үлгісі кейінгі XVI ғасырдағы «Орақ – Мамай» жырында – Еділ, Қырым аралығындағы түркі халықтары арасында туған жырда, ол XVII ғасырда Арал, Каспий сыртында туған қазақ халқының эпостық
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жырында, тіпті XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Махамбет жырларында өте мол жəне дəл көрініс береді. Айталық, «Орақ – Мамай» жырында: Ақбоз атқа мінгенмін Алты атқа алған адырна Күңірендіріп жүргенмін Балдағы алтун құрыч полат Жанбасыма ілгенмін... Тəңірім тізгүң он берсе, Бу Қырымның йуртына Дегенімдей жүргенмін. Ау, беркінуп садақ асунған, Беркүнген жауны қачырған, Сүйегім тұтам асылман Ерегіскен ерлерге Найзағай мынан жасунмын... [20]. Ал «Ер Тарғын» жырында: Мен кетемін, кетемін, Кеткенменен айдалаға кетпеймін, Айналып Еділ өтпеймін ... Ай, жебір сұлтан білмейсің, Елден кеткен ер жігіт Алғайдың құба жонында Тəңірім жөнін берген соң, Тарланға мінгесіп жүріп жөн табар! Жебір сұлтан білмейсің, Мен аңқау туған бөрімін, Көп екен деп саған иек сүйемен, Несібемді бір тəңіріден көрермін. Бұл барғаннан барармын, Қырымға таман барармын [21], – деген жолдар бар. Міне, бұлар жоғарыдағы «Толғау сөздер» циклінің – ортақ əдеби мұраның кейінгі дəуірдегі ноғай, қазақ, қарақалпақ жырларына қатар жасаған ықпалы.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Əрине, бұл «Толғау сөздердегі» өлең жолдардың бəрі бірдей осы жырды жасау үстінде туған жаңа туынды, жаратынды болмауы да мүмкін, бұл «Толғау сөздердегі» өлең жолдарының көбі сол XIV ғасырдың өзінде, оған дейін, Тоқтамыстар дəуіріне дейін де айтылып келген. Айталық, Ер Қосай, Ер Көкше – тарихи кісілер. Тоқтамыс замандасы [22]. Осы батырлар туралы ертегі-жыр жасалған. Осы ертегі-жырда: О көрге қылмасам, Ағышқан қойдай маңратып, Ач күзендей шулатып, Арқа ауылдың сары жон Тізеден соқпақ салмасам, Керегесін кертпесем, Кертіп отқа жоқпасам, Қосай атым құрысын [23], – деген жолдардың жоғарыдағы үзіктермен жақындығы анық. Бұл ғана емес, дəуірі жағынан қарайлас жатқан «Қазтуған сөзі» делінетін жырда: Алаң, алаң, алаң жұрт, Ақ ала ордам қонған жұрт. Атамыз бізің бу Сүйініч Күйеу болып барған жұрт, Анамыз бізің Бозтуған Келінчек болып түскен жұрт, Қазғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,– деп келетін жолдар. Немесе: Салып салпынчақ анау үч өзен Салуалы менім ордам қонған жер. Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер. Жарлысы менен байы тең, Жабағысы менен тайы тең, Жары менен суы тең, Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған,–
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі деп келетін жолдар бар. Ал өзінің дəуірі жағынан Тоқтамыстан да əрірек жасаған тарихи кісілерге таңылып жүрген жырлар бар: Қырым татарларында «Амет батырдың Жəнібек ханға айтқан сөзі», деп сақталған үзік: Шешеген йунну шал йебе Шал йебе де мен прін прін етмесем, Бөрккен қойдай етмесем, Беріктей киіп кетмесем, Керегеңді кеспесем, Кесіп шонтуқ етпесем Есігіңді екі бөлмесем, Елтеп тауға йатпасам, Со дегенім етпесем, Мырадыма йетпесем, Атан – Айсул, мен – Амет Айсулдың арам улу болайын [24], – деп келеді. Бұл үзіктің де егіздің сыңарындай ұқсастығы, бірлігі, бір негізден екендігі анық көрініп тұр. Мұның бəрі нені көрсетеді? «Сыпыра жырау сөзі», «Тоқтамыс толғауы» сияқты ауызша поэзия үлгілері түркі халықтарының сол XIV–XV ғасырларға дейінгі дəуірдегі ауызша поэзиясы негізінде, солардың көп үлгілерін өлең жолдарын пайдалану, қайта айту негізінде жаңа творчестволық туынды ретінде жасалды. Ал бұл толғау-жырлар – ноғай, қазақ, қарақалпақ, башқұрт, татар сияқты халықтардың тел, ортақ мұрасы, керісінше, бұл халықтардың кейін туған жырларына ықпал етті. Тіпті жерді, мекенді мақтау əкенің күйеу болып барған жері, шешенің келіншек болып түскен жері, жоғарыдағы ең үзіктегі Қадырберді не Қазтуған сияқты ұлдардың туған жері – басқа бір мекен, бұл екі ұлдан басқа ұлдар туған мекен, басқа əке мен ана күйеулеп не келін болып барған жер болуы да мүмкін. Осындай бөлек жыр да болуы да, əрі бұл жыр өте көне жыр болуы да мүмкін. Ол арналатын геройы, мақталатын нақты мекен жер – су аты өзгеріп-өзгеріп сонау Алтайдан Еділге жұртпен бірге баруы да мүмкін. Бірақ қалай дегенде де осы жыр үзіктері XV ғасырда туған, – оның өзінде халық аузында бұрыннан – XV ғасырға, тіпті XIV ға-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі сырға дейін айтылып жүрген көп-көп көшпелі жыр жолдарын еркін пайдалана отырып туған жырлар, оның өзінде халықтың сол XV ғасырдағы тілі нормасына түсіріліп, тіл жағынан жаңартылып жырланған үлгілер. * 1. Тіпті бұл жырлар – Алтын Орданың құлау қарсаңы XV ғасырдың басындағы тіл нормасында айтылған жырлар кейін ноғай, қазақ, қарақалпақ боп бірте-бірте жіктелген халықтың тіл жігі ыңғайымен бірге өзгере-өзгере келіп, бұл күнде осы халықтардың «төл» туындысына айналып отыр. «Тоқтамыс толғауы» осындай мұра. Ол былай тұрсын, қазақ хандығы құрылып, қазақ халықтығы қалыптасу процесі жүріп жатқан, тіпті бұл процесс аяқталып келе жатқан дəуірде басқа өлкеде – Еділ – Жайық – Қырым ара-лығында XVI ғасырда ноғай халықтығы құрылу процесі басталған ортада туған «Орақ – Мамай», «Əділ сұлтан», «Ер Шобан», «Қазтуған сөзі», «Досмамбет сөзі» сияқты жырлардың өзі – ноғай, қазақ боп бөлінген кезеңнен кейін туған жырлардың өзі осы ноғай одағы құрамында болып, кейін XVII ғасырда қазақ хандығына қосылған ру-тайпалармен бірге келді. Тіпті «Тоқтамыс толғауы» сияқты арғы XV ғасыр мұрасының өзі сол XV ғасырдағы желі-нұсқасымен жетпей, XVI ғасырдың аяғындағы саяси оқиғаларды қамтитын, яғни XVII ғасырдың басында қайта жырланған вариантымен келді. Тарихи деректе, Алтын Орда ыдырап, бұл Орданың шығыс территориясында Қазақ хандығы қалыптасқан кезде, Арал – Жайық – Еділде Ноғай ордасы құрылған, бұл орда Үлкен орда, Кіші ордаға бөлінген он сан жұрттан тұрған, ордада Мұса, кейін оның балалары Мамай, Ысмайыл билік құрғанда (1481–1560) көршілеріне əскери-саяси белсенділік көрсетіп, жортуылшыл салт ұстаған. Осы жортуылдың жемісі ретінде «Орақ – Мамай жыры», «Қазтуған туралы сөз», «Досмамбет туралы сөз», «Əділ сұлтан жыры» сияқты жаратындылар туған. Ал XVI ғасырдың аяғында Ноғай ордасы тақ тартысы үшін ішкі күрес əрі қазақ хандығымен шапқыншылық жағдайда болды. Осындай бір ішкі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі тартыста ноғайдың Ормамбет биі өлді [25], ал Хақ-Назар хан тұсында күшейген Қазақ ордасының ноғайға жорығы жиілейді [26]. Бұдан кейін Ноғай ордасы ыдырай бастайды. «Дальнейший распад Ногайской орды способствовал присоединению отдельных, вероятно, довольно многочисленных ногайских улусов к Казахской орде и смешению их с казахами. Восточная группа ногайских улусов, которой управляли сыновья Ших-Мамая, «алтыульцы», растворилась, повидимому, в составе казахов так называемого «Младшего жуза» [27]. Осы XVI ғасыр аяғындағы тарихи жағдай Алтын Орда бірлігін көксеген «Тоқтамыс толғауын» қайта жырлатты да, оған осы дəуір оқиғалары қосылды: Ай, жігіттер, чоралар! Ормамбет би өлгенде Он сан ноғай бүлгенде... Қан Тоқтамыс қарланып, Байтағым деп зарланып Айтып жылай жөнелді, – деген үлгілес жыршы сөзі қосылды. Міне, Ноғай ордасы ыдырап, біраз ру-тайпалар қазақ хандығына қосылған кезде жоғарғы жырларды өздерімен бірге ала келді. Бұлардан қазақ хандығының ішкі жағына көбірек тараған «Тоқтамыс толғауы», «Сыпыра жырау толғауы» сияқты толғаулар циклі тіл жағынан қазақ тілі нормаларына түгелдей түсірілді де, «Қазтуған туралы сөз», «Досмамбет туралы сөз», Шалкиіз жыры, т.б. қазақ ішіне тарамай, оның батыс бөлегінде – Ноғай ордасынан бөлінген тайпалар арасында ғана айтылды. Тіпті қазақтардың бұл Кіші жүз бөлегі XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырда Жайықтан өтуіне байланысты ғана (өйткені XVII ғасырда бұл өлкеде қалмақтар болды да, ноғаймен еркін қатынас болған жоқ) осы батысқа жылжудан көп бұрын жəне осы кезеңнің тұсында ноғай, башқұрт арасында туған біраз өлеңжыр осы өлкеге келген қазақтар арасына тарады: XV əрі XVI ғасырдағы бірлік, одан бергі жердегі туыстық байланыс – бір тайпаның бірден-бірге өтіп отыруы сияқты байланыс, осы тарихи жалғастықтың негізінде туған халық психологиясы, т.б. бұл дəуірлерде өзге халыққа айналып бара жатқан (өзге ұлтқа айна-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі лып бара жатқан процесті басынан кешіріп отырған) туыс тайпалары арасында туған поэзия үлгілерін жатырқамай қабылдады. Келе бұл сөз мұралары бұл өлкенің өз сөз қазынасына айналды. Бірақ ноғайлармен көршілік жағдайда болуға байланысты Кіші жүз қазақтары жоғарыдағы келтірілген жырлар тіліндегі ноғайларға тəн (қазақтың орталық бөлегінде жоқ) лексика қабаттарын көп өзгеріске түсірген жоқ (Қазақ тілінің қазіргі нормасы тұрғысынан қарағанда, ноғай тіліне тəн бұл ерекшеліктер – қазақ тілінде сақталмаған көне ерекшеліктер сияқты көрініп жүруі де осында жатыр). Шындығына келгенде, Еділ – Жайық өлкесі қазақтары осындай жырларды ауысуы жағынан ғана емес, «Қырымның қырық батыры» сияқты эпостық жырларды – ноғайлы əрі одан бергі дəуірге тəн жырларды жаратуымен, көнелерін қайта жаңғырта жырлауымен өзге өлке қазақтарынан бөлектенеді. Осы үшін де М. Əуезов: «Особенно замечательна, сильна и мощна была струя в традициях акынов Малого жуза, как акынов-исполнителей и слагателей по преимуществу героических песен. У них были целые поколения, унаследовавшие преемственно передачи, еще начиная с легендарного эпика Сыпра жирау, продолженного далее школой Нурыма и еще дальше сказителями Мурыном, Нуртуганом, Мергенбаем» (Мысли разных лет. Алма-Ата, 1959. С. 471–472), – деген болатын. 2. Ескеретін тағы бір нəрсе: бұл Алтын Орда дəуіріндегі, Ноғайлы дəуіріндегі жырлардың біразында негізінде көне дəуір іздері жатыр. Айталық, «Тоқтамыс толғаулары» циклінің ішкі желі-жүйесі сол XV ғасырда жаңа жасалған емес. Оның ізі арыда жатыр. Алтын Орда дəуірінде Шыңғыс əулеті тақтың мұрагері ғана емес, өздерінің арғы аталары жасаған (өз кезінде түрк тайпаларының «Күлтегін» шежіресі сияқты ауызша сөз үлгілерін мол тоғытып жасаған) «Монғол-ун ніғуча тобчийан» (ең көне нұсқасы орысша «Сокровенное сказание», ал кейінгі XVII ғасырдағы нұсқасы «Алтан тобчы» боп жарық көрген) сияқты шежіредастандары арқылы да Ордада туған сөз үлгілеріне азды-көпті мұрагерлігі болды. «Тоқтамыс толғауын» жаратқан автор осы «Алтан тобчыға» көп еліктеген.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Орда төңірегіндегі жыраулар түркі боп кеткен өз хандарының арғы тегін жақсы білген (сол үшін де Сыпыра жырау Тоқтамысқа Шыңғыс ханға дейінгі аталарын санап, соларды көргенмін дейді). Бұл жыраулар Тоқтамыс жайлы жыр жасауда сол аталарын баян ететін шежіре-дастанды үлгі етуді, сөз жоқ, əрі лайық, əрі қошемет көрген. «Монгғол-ун ніғуча тобчийанда» Шыңғыс хан моңғол жəне бірсыпыра түрк тайпаларына қаған боп таққа отырған құрылтай үстінде өзінің тоғыз батырын найманның Күчүлүг ханына қарсы жорыққа аттандырады: олардың əрқайсысына тəн қасиеттерін, өзіне жасаған көмек-қызметін жеке-жеке айтып барып аттандырады. Ал «Алтан тобчыда» (АТ) «Жетім баланың тоғыз өрлүкпен əңгімесі, тағы Шыңғыстың көмекші-серіктерімен əіңгімесі» деген тарауда Шыңғыс өзінің Бөрте қочун деген əйеліне той жасап, салтанат құрып отырады. Мəжіліс үстінде Шыңғыстың тоғыз өрлүгі (Сулдустың Торгон Шира, Жалаирдың Гоа Мухули, Жүржүттің Чуу мэргэн, Арлауттың күлүк Богурчи, Оронхойдың Жэлмэ, Бэсүттің Жэбэ, Ойраттың Хара Хир, Жүргеннің Борохул, татардың Шиги Хуруг) шараптың жағымды-жағымсыз əсері жайлы жыр айтады. Бұлардан соң есікте отырған жетім бала түрегеліп сөз сұрайды. Тоғыз өрлүктің мынау шарап ішіп жатуы жөн емес дейді. Чидана чэчэн балаға кінə артар жауап береді. Бала ақтала да, айыптай да қайыра жауап сөз айтады. Бұдан соң Чидана чэчэннің жетім балаға өктем жауабы əрі Шыңғыс тілегімен айтылған өсиет сөзі келеді. Ендігі кезекте Шыңғыс өзінің тоғыз өрлүгін жекежеке тұрғызып қасиеттерін, қызметін атай отырып («Монгғолунчдағы» əдіспен) «... Болғатү шар метү Боғурчи мінү чі ніген үге үгеле! гебе (Бұғалықты өгіз сияқты Боғурчим менің сен бір сөз сөйле! – деді), – деп тілек білдіреді. Өз кезегінде Боғурчи жауапмақтау сөз толғайды. Жəне осы əдіс тоғыз рет қайталап, Шыңғыс əрқайсысында өз сөзін чі ніген үге үгеле (сен бір сөз сөйле), – деп бітіріп отырады. Міне, «Тоқтамыста» Тоқтамысқа жетім бала Едіге келеді (Тарихта Едіге манғыт руының белді адамының, Тоқтамыс қолбасшыларының бірінің баласы); Тоқтамыс əйелі араласуымен жетім баланы өлтірмек болады; үлкен той жасап жұртқа арақ-шарап ішкізеді (АТ-да Шыңғыс əйеліне той жасайды), аяқшы боп жүр-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ген жетім Едігеге алты жасар Анғысын досы Тоқтамыс ниетін айтып қояды; Едіге қашады; Тоқтамыстың аңдытып қойған тоғыз ері шарапқа мас болып, бірін-бірі пышақтап Едігеден айырылып қалады (АТ-да шарап ішіп отырған тоғыз өрлүк жетім бала сөзіне қатты ашу шақырады); Артынан Кеңестің ұлы Кең Жанбайды тіл алып келуге жібереді. Сонда екеуінің диалогы беріледі (АТ-да Чидан чэчэн баламен айтысады); Тоқтамыс тоғыз ерін («Есентайұлы Құдайберді батырым», «Монтайдан екі бірдей қос Дəулет», «Арғындардың басы едің, Қарақожа, батырым», «Қарақыпчақ Қобыландым» («Кеңестің < Көнегес руының, – Қ.Ө.> ұлы Кең Жамбай, т.б.») шақырып, əрқайсысын жеке-жеке мақтап, Едіге артынан қуғызады («Монгғол-ун-да» Шыңғыс тоғыз ерін мақтай отырып, найманның Күчүлүг ханына аттандырады). Мақтауы: Есенімде ескімді берсем елемес, Егескенде жыға тисем кектемес Есентай ұлы Құдайберді батырым, Сен бір толғачы деп еді, – түрінде (АТ-да «.... ерегісте босамас шыны жібек түйінім; Қиынымда мойымас Бұғалықты өгіз секілді Бағурчим, Сен бір сөз сөйлеші» түрінде) келеді. Міне, «Тоқтамыс толғауын» жаратқан жыршы «Алтан тобчиға» кірген эпостық үзіктерді жақсы білген. Тіпті Шыңғыс туралы жырлардың түркіше варианттары, қайта өзгертілген варианттары Алтын Ордада XIII–XIV ғасырларда айтылып жүруі де, ал жыршы оның желі-жүйесін, сөз шумақтарын, өлең жолдарын «Тоқтамыс толғауын» жасағанда қайта-қайта еркін кіргізуі де мүмкін. Ондай нұсқалардың болғандығын «Шыңғыс туралы шежіренің» түркіше варианты растайды. Шыңғыс хан шабуылына дейін жаратылған «Оғуз-наме» шежіре-əңгіменің əрі оғуз туралы аңыздың көп ерекше сəттерін қоса отырып жасалған бұл туынды («Ахуали Шыңғыс хан» боп 1816 жылы тасқа басылған) варианттан гөрі жаңа туындыға жақын келеді. «Монгғол-унда» Алан гоа күйеуі өлген соң ерсіз тағы үш ұл туады, ал Добун мэргэннен туған бұрынғы екі ұл: «Шешеміз жанында ері я ерінің тума я жамағайыны жоқ, бұл балаларды кімнен туды?» – деп күдік айтады. Бары осы. Ал Алан гоа күдік келтірген балаларына
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі туу жағдайын айтады, «осы бесеуің менен тудыңдар, ауыз бірлікте болыңдар» деп, бір-бір шыбық беріп, бесеуіне сындыртады, бес шыбықты қосып буып, қайта береді, балалары сындыра алмайды. Сонда: «Сендер жеке-жеке болсаңдар осы шыбықтай əркімнен-ақ сынып қаласыңдар, бірігіп жүрсеңдер, буылған шыбықтай ешкім сендерді ала алмайды», – дейді. Бары осы. Түркше «Шыңғыс-намеде» екі баласы былай дейді: Сакалунмусан су ічіп буаз болмаға, Маны дегэн кушмусан күн ыссысына буаз болмаға, Қауын йа қарбузмусан ерсіз урық йыймаға, Тауықмусан күлгэ аунап йумуртқа салмаға, Қаранасымусан көбүк ашап буаз болмаға. Ал Алан гоа балаларына: Оқар йуртның нышасы уа бэлгүсі ол турур: Жауыдан елін көп етэр Қала түбүн ор етэр Дарвазасын кең етэр Жау елгэ, йат нөкəргэ сырыны айтмаслар Улуғларын төргэ кэчіруп, Кічіглэрін хызмэт қылдурурлар. Йана біліңлэр: Оңмаз йуртнық нышаны уа белгүсі ол турур: Өз йуртын йаманлар, Кіші йуртын мақтар; Өз уруғын йаманлар, Кіші уруғун мақтар; Өз ағасын йаманлар Кіші ағасын мақтар; Улусы турур, кічісі сөйлэр, Атасы турур, оғлы сөйлэр, Уа мысқылчы болур. Жирен ат бінгэн қызыл йүзлү оғландын кеңэш сорған ол кіші кіші болуп йурт күтмэс...», – деп келетін өсиет айтады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Моңғол шежірелерінде Алан гоа-дан əкесіз туған үш ұлдың бірі Боданжар (Шыңғыстың арғы атасы) ағаларына өкпелеп тауға кетіп, құс аулап жүрген жерінен ағасы Буху Қатахи іздеп барып ертіп қайтады; Шыңғысты шешесі Оэлүн-үчин татар тайпасына тұтқында боп келген соң туады (Сокр. ск., §30, 59). Ал Алан гоа – ерсіз туған балалары жайлы: «Түн бола сарыжарқын кісі (өзге нұсқасында бала. – Қ.Ө.) кіріп, ішімді сипайды, оның жарығы менің ішіме кіреді, күн мен ай таласқан аралық қараңғы шақта сары ит болып сілкініп (шыра нохай волжу, шілмалчіжү) шығып кетеді» («СС», §21), – дейді. Ал Рашид-ад-Дин «однажды спала дома. И вот через [дымовое] отверстие шатра проник луч света и погрузился в ее чрево»,– деп баяндай айтып, Алангоаның сөзін келтіреді: «...Да, я каждую ночь вижу во сне, что какой-то рыжеволосый и синеокий человек медленно-медленно приближается ко мне и потихоньку возвращается назад» (Сборник летописей, Т. I, Кн. 2. М.– Л., 1952. С. 14). «Ахуал Шыңғыс хандағы» аңдып тексеру сюжеті жоқ. «Ахуал Шыңғыста» Шыңғыс Аланғуадан туады. Мұнда Шыңғыс «һауадын бір йарқын күн» боп еніп, «йалқы йаллы көк бөрі» боп шыққан кереметтен туады. Шыңғыс өскен соң ағаларына өкпелеп, «қазақ чықып кетеді». Сонда құс аулап жалғыз жүрген Шыңғысты хан көтергелі «артынан есітіп барған билер: Үйшін Майқы би, Қалар би, Ордач би, Қыбчақ би, Тамбан би, Кереит би, Буртақ би, Темур Қутлу би, Мунбай (? – Мүнтан болуы. – Қ.Ө.), Танғут би» (37-б.) болады. Моңғол шежірелері жаңа туған Боданжарды не Шыңғысты суреттеп баяндамайды, жай «туды» дейді де қояды. Ал «Ахуал Шыңғыс» Шыңғыстың тууын өзгеше суреттейді жəне сөз үлгілері «Оғуз-намеге» өте жақын: «Оғуз-наме» 1. Кенэ күнлэрдэн бір күн Аі қағаннуң көзү йарып, бодады. Еркэк оғул тоғурды. Ошул оғулнуң өңлүті чырағы көк ерді, ағызы аташ қызыл ерді; көзлэрі ал, сачлары, қачлары қара ерділэр ерді, йақшы нэпсіклэрдэн көрүклүгрэк ерді. «Ахуал Шыңғыс хан» 1. Андын соң Аланғуаның көзі йаруп бір ер оғлан туғызды. Алтун бэзэрлық, йағырында мөһрлү уа мөһріндэ Жабраил фəршта аты бар ерді. Өзі бөрі йағрлү, Жабраил көрклү.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 2. Кенэ күнлəрдə бір күн Оғуз қаған бір йердэ теңріні Жалбарғуда ерді. Қараңкулуқ келді. Көктүн бір көк йарук, түшті. Күндүн айан, айдан қуғулғулуғрақ эрді. Оғуз қаған йүрүді, көрді кім ошбу йарукнуң арасында бір қыз бар ерді... йақшы көрүклүг бір қыз ерді. Ануң көзү көктүн көкрэк ерді, ануң сачы мүрэн усуғы дег, ануң тіші інжу дег ерді. Анда көрүклүг ерді кім; йернің ел-күні оны көрсе, «аі, аі, ах, ах өлэрбіз» деп, сүттэн қумуз бола турурлар. 2. [Лекін көркі андағ ерді кім куру ағачка күлсе, йапрақ уа тақыр йергэ бақса өлең бітэр ерді. Сачын тараса інжү төгүлүп уа түкүрсэ алтун-күмүш өсерді. Амма дүниеде бір артуқ туғмыш жан ерді] йүзін көргэн артындын өлейін дер еді уа қашында олтурғанлар майдек еруп, тақы атум тонум сенің болсун дер еді1. Біздің мақсатымыз бұл екі ескерткішті салыстыра талдау емес, біздің айтпағымыз Алтын Орда тағына ие хандардың арғы аталары туралы жырлар Моңғолиядан ауысып, осы Орда топырағына келді, олар уақыт өте түркше жырланды, тіпті олардың түркше жаңа варианттары жасалды, «Тоқтамыс толғауы» негізінде осындай жырлар – бұрын туған жырлар жатыр дегенді айту. Айталық, «Ахуал Шыңғыс» XV ғасырға дейінгі жерде Шыңғыс туралы шежіренің ауызша айтылып жүрген – тіпті аңызға айнала бастаған нұсқалары негізінде туған. Мұны қайта əңгімелеуші, қайта əңгімелеп қағазға түсірген кісі – «Оғуз-наме» шежіресін жақсы білген. «Оғуз-наменің» көп жерін пайдалана отырып, жаңа туынды жасаған. Оның сыртында Аланғуаның аузынан жоғарыдағы үзіктерді, əрі: мал күтмэгэн мал күтсэ, қара өленні отладыр. құш чүймэгэн куш чүйсэ қарға бірлэ қаз алдырұрман дер. 1 Бұл байланысты біз басқа бір ретте кеңірек сөз етеміз. Тек «Ахуал Шыңғыс хан» түрк топырағында «Оғуз-наме» əсерімен туды дегенге тағы бір тілдік деректі келтіру өте қажет. Көне түрк жазба ескерткіштерінде «ел - күн» тіркесі «Құтадғу білігте» («Уқуш бірлэ ел күн ішіп ішлэді»), «Оғуз-намеде» («йылқыларны, елкүнлəрні йер ерді», «бедүк бір йурт, ел-күн ерді») кездеседі. «Ахуал Шыңғыс хан» дəуірі үшін е л-к ү н тіркесі көне тіркес: бұл дəуірде ел-ұлыс, ел-жұрт тіркесі жасалып қалған. Бірақ «Ахуал Шыңғыста» негізінен «улуш» («бізнің улушымызны алмас»), «халқ» («халқға ғаділ болды»), «халқ оғлы» («халқ оғли көнмэс болуп») сияқты сөздер қолданылса да, бірер жерде е л - к ү н тіркесі кездеседі («ел-күн беклэріне, халқ оғлына күч өте башладылар»). Бұл да «Оғуз-наме» тілінің əсері.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі төрэ күтмэгэн төрэ күтсэ кіші етін йэрман дер. көн көрмэгэн көн көрсэ көн етукні кимэн дер. мал тапмаған мал тапса кішіні көзгэ ілмэн дер1, – деген шешендік толғауды айтқызып, түрк тайпалары арасында бұған дейін ауызда жүрген өте көне жыр жолдарын қосып, шежіре «авторы» Шыңғыс туралы əңгіме табиғатын барынша түркілеген. Алтын Орда тұсындағы, одан бергі шақ жырларында арғы дəуірге тəн сөз үлгілері, жыр түрлері, үзік-жолдар аралас жатыр дегенде тағы бір тиек «Монгғол-ундағы» жыр жолдары. Кереиттің Тоғурул ханының інісі Жамуха моңғол Темүчинмен (Шыңғыспен) андалық қатынаста боп жүрген бір шақта Меркітті қосыла шабыспақ боп былай дейді. Қарауытар туым шаныштым мен, Қара бұқаның терісінен Бүре бүркеп бүгілген Даң күңіренді соқтым мен, Қара құрымды міндім мен, Қатты тоным кидім мен, Қатаң жыдам тұттым мен, Қатқұрдан жебемді салдым мен! Ұзақтан қарауытар туым шаныштым мен, Өгіз терісінен бүркелген Даң күңіренді соқтым мен, Орақ құрымды міндім мен, Күдері бау көбем кидім мен, Ұңғылы тұтқа қылыш тұттым мен, Ұшпалы жебем салдым мен2. 1 Бұл үзіктер Алтын Орда дəуірінде ел арасында айтылып жүрген ауызша поэзияның ең алғаш жазуға түскен нұсқаларныың бірі. 2 Харағату туғ-ийен саншуба бі Хара буха-ийен арасун-ийер Бүрігсен бүркірен бүкү Дағуту кенггерге-бен деледбе бі Хара хурдун-ийен унуба бі Хатангғу делл-ийен емүсба бі Хатан жіда-бен баріба бі Хадхурату суму-бен онілаба бі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұл жыр моңғол шежірешісінің Кереит Жамуха аузынан айтқызған сөзі ме, болмаса Кереит-түрк Жамуха сөзінің моңғолша қайта айтылған варианты ма, оны айта қою қиын. Егер «Жочы өлімін естіртудің» моңғол шежірелерінде жоқтығын, оның əуелде түркі тілінде туғандығын ескерсек, түркжыраулар өз моңғол текті өмірлеріне не ілгеріректе көрші моңғол ру-тайпа билеушілеріне айтар сəлем-хабарын өз тілінде айтып жолдай берсе керек. Жоғарғы Жамуха сөзі сондай сəлем-хабардың моңғолша қайта айтылған түрі болуы керек. Ал бергі XVI ғасырда Еділ – Қырым аралығында туған «Орақ – Мамай» жырындағы: Ақбозатқы мінгенмін Алты атқа алған адырма Күңірендіріп жүргенмін Балдағы алтын құрыш болат Жанбасыма ілгенмін, – деген жолдар осы үзікке өте жақын. Яғни Орақтай өткен оқиғаны айтпай, Жалмухаша аттанар сəтті айтса, бұл жолдар: Ақбозатқа міндім мен Алты атқа алған адырна Күңірендіріп жүрдім мен Балдағы алтын құрыш болат Жанбасыма ілдім мен, – түрінде шығар еді. Міне, XIII ғасырдың басында айтылып қағазға түскен «Жамуха сөзі» мен XVI ғасырда айтылған «Орақ сөзі» арасында үзіліссіз жалғастық бар, яғни XVI ғасырда жаратылған «Орақ сөзі» стилінің деректі көзі XIII ғасырда жатыр. Біздің мақсатымыз бұл екі халықтың ауызша поэзиясында бар байланысты сөз ету емес (ондай байланыс бар да), біздің мақсатымыз жоғарыда: Алтын Орда, Ноғайлы дəуіріне тəн сөз Урту харағату туғ ийен саншуба бі Укер арасун-ийер бүрігсен Өткен дағуту кенггерге-бен делеубе бі Орағ хурдун-ийен унуба бі Һүдестү сүтү Хуайғ-ийен емүсбе бі Оң хітү үлдү-бен баріба бі Онітү сумү-бен опілаба бі («Сок. сказание», 106).
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі үлгілері негізінде оған дейінгі дəуірлерге тəн сөз үлгілері жатыр – дегенді дəлелдеу. Өйткені қыпшақ тобындағы халықтардың XIII ғасыр мен XV ғасыр аралығындағы ауызша поэзиясында моңғолдар сияқты кезінде жазуға түсіріп барып жеткен сөз үлгілері жоқ есепті. Ал «Жамуха сөзі» мен «Орақ сөзі» табиғатында жатқан жақындық екі халық поэзиясында бар ұқсастық – «Жамуха сөзі» сияқты «Сөз» үлгісі XIII ғасырда одан бергі жерде қыпшақ тобы тайпаларында да болды дегенге дəлел. XIII ғасырдың басында айтылып, сол ғасырдың 40-жылдары жазуға түскен моңғол ауызша поэзиясындағы шешендік толғаулар, ерлік жырлар сол дəуірде қыпшақ тобы тайпаларының ауызша поэзиясында да болды. Бірақ олардың көбі ұмытылып, Алтын Орда дəуіріне жеткен жоқ, ал жеткендері соңғы редакциясымен жетті: өзге бір ақынның сөзі я өзге біреуге айтылған (дəуірі бөлек кісіге телінген) сөз болып жетті. Өйткені өз дəуірінің нақты жағдайы, тыңдаушы тілегі айтушы үшін ең негізгі нəрсе. Өткен дəуірдің сөзінен кейінгі дəуірге керек болмағаны жоғалады, ұмытылады. Мағынасы, идеясы, тақырыбы жағынан дəуір қажетіне жақыны ауысып, сəйкессіз жері нақты кезең тілегімен өзгертіліп отырады. Оның сыртында ең негізгі фактор – əр дəуірдің тілдік нормасы өзінің шешуші редакциясын жүргізеді. Жеке сөздерде ғана емес, дыбыстардағы, грамматикалық формалардағы, тіркестердегі, сөйлемдегі, сөздердің орналасу тəртібіндегі жаңа дəуірге тəн жаңа норма бұрынғы дəуір сөзіндегі өзіне сəйкеспейтіннің бəрін өзгертеді. Өйткені поэзия барынша үйлесімділікті (гармонияны) қалайды. Басқаны былай қойғанда, дыбыстағы өзгеріс негізінде бұрын дыбыс қуалап барып ұйқастырылған сөздер ұйқаспай қалады да, поэзияның ұйқас заңы дыбыстық өзгеріске түскен сөзді өзгертуді тілейді. Мұндай жеңіл редакцияға көнбеген жерде ұйқасты сөздер жұбын қайта құрайды, ал бұл жаңа сөздер өзінің мағынасына қарай өлең жолындағы өзге сөздерді я байланысқа түсіріп тұрған формаларды өзгертеді. Бұл келіп стильдік өзгерісіне ұласады. Бұған бір ғана нақты əрі өте қарапайым дəлелге Махмұд Қашғари «Сөздігінде» бар мақалдардың қазіргі түркі халықтарында олардың тіл нормасы ыңғайымен қалай өзгеріп жеткендігін əрі ол мақалдардың халықтар тілі нормасы ыңғайымен қалай бөлектеніп тұрғанды-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ғын айтса да жеткілікті. Болмаса «Тоқтамыс толғауындағы» «Еңкейіп үйге кіргеннен, Қол қусырып тұрғаннан», – деген қазақ тілі нормасындағы жолдың қазақ тіліне өте жақын тіл ноғай тілі нормасымен: «Еңкейіп үйге кіргечдін, қол кусуруп турғачдын»,– түрінде келуін ойға оралтуға болар еді. Міне, осыларды ескермеген жерде, біріншіден, бір дəуір сөз мұрасының екінші дəуірге, сол дəуірдің төл дүниесіне айналып барып өту процесін, екіншіден, осы процеске қатысы болған соңғы дəуір айтушыларының айтушы ретінде келіп туатын иелігін «авторлығын», т.б. біз ұмыт қалдырамыз. Ауызша поэзияға тəн көшпелі сөздерді дұрыс танымаймыз. ƏДЕБИЕТ 1. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951. С. 61. 2. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951. С. 63 (29). 3. Малов С Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951. С. 61 (12, 13). 4. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. ІІІ. Киргизские наречия. СПб., 1870. С. 102. 5. Сказание об Едиге и Токтамыше // Записки Императорского Русского Географического общества по отделению этнографии, приложение к тому XXIX. СПб., 1905. С. 12). 6. Ғабдолла Мұштақ. Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары. Орынбор, 25-б. 7. Сейфуллин С. Шығармалар.Алматы, 1964. 6-т. 193-б. 8. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В пяти томах. Т. I. Алма-Ата, 1961. С. 169. 9. Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. Алматы, 1964. 6-т., 256-б. 10. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1957. I т., 129-130-бб. 11. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Ч. II, тексты. СПб., 1898. С. 163-164. 12. Маркс К., Энгельс Ф. Об искусстве. Т. I. М., 1957. С. 93-94. 13. Маргулан А.X. О носителях древней поэтической культуры казахского народа. // В кн.: М. Ауэзову. Алма-Ата, 1959. С. 74. 14. Маргулан А.X. О носителях древней поэтической культуры казахского народа. // В кн.: М. Ауэзову. Алма-Ата, 1959. 73-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 15. Жирмунский В.М. Огузский героический эпос «Книга Коркута». Книга моего деда Коркута. М.-Л. 1962. С. 177-178. 16. Зафар-наме Шараф ад-Дина йезди. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып. I. М., 1973. С. 132. 17. Валиханов Ч.Ч. Собрание... Т. I. С. 297. 18. Валиханов Ч.Ч. Собрание... Т. I. С. 201. 19. Сказание об Едиге и Токтамыше // Записки Императорского Географического общества по отделению этнографии. Приложение к тому XXIX. СПб., 1905. 20. Березин И.Н. Турецкая хрестоматия. Т. II. Казань, 1862. С. 78-80. 21. Радлов В.В. Образцы... Ч. III. С. 149. 22. «Жамиғ-ат-тауарихта»: «Қадырберді ханны алтунлығ қол оғымен кесэ атты. Андын барып Ер көкшэ де йықылды. Аны Ноқас Алтан баһадур барып елтүрді» деген жолдар бар. 23. Радлов В.В. Образцы... Ч. III. С. 92. 24. Радлов В.В. Образцы... Ч. VIII. СПб., 1896. С. 202. 25. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 487. 26. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. Т. I. Изд. 2-ое. Алма-Ата, 1949. С. 118-119. 27. Жирмунский В.М. Тюркский... С. 489.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ҮШIНШI ТАРАУ XV–XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АВТОРСЫЗ ҮЛГІЛЕРІНІҢ СТИЛЬДІК, ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Қазақ поэзиясының XV–XVIII ғасырлардағы, тіпті XIX ғасырдағы үлгілеріне тереңірек үңіле түскен сайын олардың біразының-ақ осы ғасырлардағы белгілі-белгілі ақын-жырауларға ғана тəн дүние екендігіне күдік келтіруді былай қойғанда, осынау жыр нұсқаларының дəл сол XVIII жəне XIX ғасырларға тəндігіне де күдік келтіресіз. Бізде белгілі ақын-жыраулар атымен аталып жүрген өлеңдердің қайсыбіреулері өзге бір жерлерде сол дəуірде жасаған екінші я үшінші бір кісінің атымен аталса, енді бірпарасы сол дəуірден екі я үш ғасыр ілгері туған əдеби нұсқаларда я бірер ғасыр кейін жасаған кісілердікі деп танылып жүрген мұралардың ішінде жүреді. Мұның өзі соншалық етек алған дағдылы құбылысқа бұдан көп бұрын айналып үлгірген кезде, ешқандай зерттеуші-əдебиетші де, зерттеуші-тілші де осынау мұраларға текстологиялық барлау жасалмайынша, бұл салада тыңғылықты жұмысқа кірісуге мүмкіндігі есте болмайды. Мұнсыз біз зерттеу жұмысымызды жалған объектіге негіздеп, ғылымға зор кесел келтіреміз, былайғы оқырман қауымға жалған негізге құрылған пікірлер ұсынып, көп шатасуларға себепші боламыз. Айталық, сонау XV–XVI ғасырларда туған ерлік-жорық тақырыптағы толғауларда я бұлардың көп əсері болған «Ер Тарғын» (XVII ғ.) жырларында бар жолдарды XVIII ғасырда жасаған Бұхардан, XIX ғасырда жасаған Махамбет я Дулаттан кездестірсек, бірақ бұларды, ертедегі жыр нұсқаларында барлығын ескермей, бергі дəуірдің əлгі ақын-жырауларына тəн дүние деп танысақ, сөйтіп, ол өлеңдерге əдебиеттану əрі тіл білімі тұрғысынан келіп талдау жасап, идеялық, мазмұндық,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі стильдік ерекшеліктерін əлгі ақын-жыраулар өмір сүрген бергі дəуір поэзиясына тəн ерекшеліктер ретінде танысақ, əдебиеттану ғылымы үшін де, тіл ғылымы үшін де қаншалықты зор қиянат жасаған болар едік. Тіпті біз өз мұрасы емес дүниені бір ақынға таңу арқылы оған жалған артықшылық жасаумен ақиқат қиянат та келтіреміз. «Ертедегі əдебиет нұсқалары» [1], деген кітаптың «XV–XVIII ғасырдағы əдеби нұсқалар мен ақын-жыраулар мұрасы» атты тақырыбы ішінде (бірінші тарауда) мынадай өлең бар: Асанның асыл түбі ноғай деймін, Үлкендердің айтуы болай деймін Бұл сөзге анық-қанық емес едім, Үлкендердің айтуы болай деймін. Тегінде, ноғай, қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір. Орманбет хан ордадан шыққан күнде, Асан ата қайғырып айтыпты жыр [2]. Егер кітаптың хронологиялық тəртібіне жүгінсек, мұның өзі XV ғасырға тəн дүние болады1, өйткені бұдан кейін «Қазтуған жырау Сүйінішұлы (XV ғасыр)» деген тақырып келеді. Сіз осы өлеңді кітап авторларының беделіне сүйеніп XV ғасыр емес, бергі XVI–XVIII ғасырлардың біріне тəн дүние деп тани-ақ қойыңызшы, сөйтіп оған осы дəуірлердің біріне тəн поэзиялық, тілдік үлгі ретінде талдау жасаңызшы. Немесе «XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» [3] деген кітапта XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның мұралары ретінде берілген «Бұл дүниенің мысалы» атты өлеңді алайық: Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең, 1 Ал «Тауарих хамса» авторы былай дейді: Құдабай намында бір ағмы ақун бар еді. Бір йайда [ол] ақундан сұрадым. Асан қайғу кім дір, аның мақалаларындан білуресек. Сөйле дедүкмэктэ бу йазылчақ, өлең іле жауап берді [«Асанның асыл түбі ноғай деймін» деп басталатын екі ауыз өлең келтірілген]. Одан ары: «Мұнан соң қилы-қилы заман болар» деп басталатын 8 жол өлең келтіріп барып», – деп айтқан екен дерек. Қойчы экем сөйлеуші еді, – дейді. Қойчы əкем дедикі: Қойчан намды бір дана уа білумлі адам болса керек. Құдабай ол данадан насыр ешітміш» (26-б.).
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең, Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың Лəзім болған іспен тең Мектептен сабақ алсаңыз, Алуан (?) шекер балмен тең. Саясы жоқ бəйтерек Сазға біткен талмен тең. Жаман болса балаңыз, Бұғып өскен талмен тең, Қайғы ойлаған жігіттің Кең дүниесі тармен тең Жаманға айтқан ақылың Ағып кеткен салмен тең, Оның өзі, бозбала, Маңдайға біткен сормен тең [4]. Бұл өлең Шалдан бір дəуір кейін жасаған Шортанбай өлеңдері ретінде танылып, осыдан жүз жыл бұрын баспа бетін көрген [5]. Осы өлеңді XVIII ғасыр соңына, тіпті бері дегенде XIX ғасыр басына апарып, сол дəуірдің поэзиясы, поэзия тілі ретінде талдауға болар ма еді. Əрине, болмас еді. Шал ақын жөнінде Шоқан былай дейді: «Из преданий о происхождении киргиз замечателен джир ахуна из племени аргын, из рода атыгай и поколения Худайберды и отделения его Баимбет-Чала, современника прадеда моего, хана Аблая. Знающих эту эпопею теперь очень мало, по крайней мере, я до сих пор не имел случая ее слышать» (Соб. соч., Т. I. С. 211). Жазба əдебиетте бұдан өзге дерек жоқ. Ал Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық кітапханасында ел ішінен ілгері-кейінді жинаған қолжазба деректер бар. 814-папкада 1-нөмірлі материал 1949 жылы Молдағұл Мырзабековтен жазып алынған (Айқын Нұрқатов жазып алған). Сонда «Шал ақынның əкесі Құлеке Татан, Мырзабектермен жылдас. Мырзабектің баласы Молдағұл қазір 96 жаста. Мырзабек Молдағұлдың 19 жасында 86 жасында өлген» – деген шежіре бар. Сонда Мырзабек 1776 жылы туған (1862 жылы өлген). Демек, Шалдың əкесі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Құлеке де осы кезде туған. Сол папкада «Шал ақынның əкесі Құлеке өлгенде айтқаны» деген өлең бар: Құлеке жиырмада арқар еді. Отызда би, қырқында дарқан еді, Кешегі дулап өткен Құлекенің Алдынан орыс, қазақ тарқап еді. Алпыс бір мүшел келді мерттей болып, Өтпедің сол мүшелден серттей болып. Кешегі дулап өткен ер Құлеке Су тиген сөне қалдың өрттей болып. Құлеке 61 жасында қайтыс болған. Сонда Шалдың əкесі Құлеке 1847 жылдары шамасында дүние салады. Жоғарыдағы папкада Қыздар Қозыбеков жинаған (1935–1938) 2-нөмірлі материал бар. Жинаушы «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» атты 8 жол өлеңді «Əкесі Құлекенің божысын ұстап Шал жасында Шыңғыс ханға барғанда айтқаны» (15-б.) десе, ал 1-нөмірлі материалда «Əкесі Құлекеге еріп Абылайға барғанда айтқаны» делінген. Мұнда Шал Абылаймен тұстас емес, Абылай – шал, Шал ақын – бала. Ал 4-нөмірлі материал ішінде «Батырлар туралы жəне Шал ақын» деген дерек бар. Онда: «1605 жылдар шамасында Атығай ішінде Құдайберді, Бəйімбеттей атақты батырлар: Меңдеке, Тілеке//Жантелі, Жəпек» болғанын, Тілекенің Құлеке деген інісі болғаны, Құлеке қартайғанда 12 жасар баласы Төлегенді ертіп Үйсін еліне сонда кеткен жесірді іздеп барғаны, Кіші жүзде Бөлек батырмен соғысқаны, бала Төлегеннің Үйсін қызбен айтысқаны, қыздың «бала да болсаң ақылды екенсің, сенің атың Шал болсын» дегені айтылады. Бұл өзі В.В. Радлов жинап бастырған «Жантелі ертегісіне» жақын өте тамаша бір ертек. Міне, осы ертегі кейіпкері Төлеген – Шал Шоқан айтқан шалға жақын келеді. Бірақ бұл ақыннан Шоқан айтқан тарихи эпос-жыр сақталмаған. Қорытынды жасайық: 1) XX ғасырдың 40-жылдарына сақталып жеткен өлеңдерді Шоқан неге білмеген; 2) XIX ғасырдың 1-жартысында өте көп сөз үлгілері жиналып, баспа көрді, соларда Шал өлеңі деген өлең, я Шал аты неге кездеспейді?
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 3) Кешегі дулап өткен Құлекенің «Алдынан орыс, қазақ тарқап еді» – деген жолдар Абылай заманында болған Шалдың қартайған əкесі Құлекеге лайық па? 4) «Дала уəлаятының газетінде» (1889, № 45) мынадай өлең бар: Қазаққа пайда мынау малын бақсын, Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын, Ұлда бір сөз, жалшыда екі көз жоқ, Соқыр адам мал жайын қайдан тапсын. Байлар өзі бақса екен малын жүріп, Кедей де өлмес еді күнін көріп. Өз малын өзі бақпай, босқа қаңғып Жалдайды бір кедейді көп мал беріп, «Ол кедей кімді оңдырсын өзі оңбаған», – деп жалғасып кетеді. Шығарушысы айтылмаған осы өлең Шалға телініп жүр. Ал бұл жолдарға тəн идея, көзқарас Бұхар жырау заманына лайық па? 5) Шал ақындікі деген өлеңдерде хатпен жазысып айтысу бар. Шалдың қызға жазған сəлем жауабы: Пайдамды тигізейін келсе шамам Қолыңа ал ойланып қағаз, қалам Ақынның аса зирек əңгімесін Жиып ал үлгі қылып тегіс тəмəм. Ақын бол бүгілмейтін тіл мен жағың, Жазудан тоқтамасын он саусағың, Артылып алапатың абыройлы, Күн сайын арта берсін өнер бағың, – деп келеді. Хатпен айтысу XVIII ғасыр поэзиясына тəн бе? 6) «Кəрілік туралы» деген бір өлеңінде: Бұрынғы өткен дəурен қайтып келмес, Зорығып күндіз-түні сағынсақ та, Жастардың біреуіндей білгендейміз Қартайып əбден естен жаңылсақ та. Жастардың қолайына жаға алмаймыз Айтқан серт, уəдеден табылсақ та, – деген жолдар бар. Нұржанның, Əубəкірдің өлеңдеріндегі үн сарындас, соларша стильде, ырғақ өлшемде өлең жазу Бұхар дəуірі поэзиясына тəн бе?
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 7) Шоқан қазақ поэзиясы түрлері жайлы мақаласында (1) «джир, (2) джилов, (3) каим, (4) караулен, (5) улен түрлерін атап, былай дейді: «Эта форма (астын біз сызып отырамыз. – Қ.Ө.) употребляется теперь всеми новейшими поэтами как для импровизации, так и для поэм, а наиболее введена в употребление певцами Орунбай рода караул, отделения атеке-дживир и слепым певцом Чодже рода атыгай, отделение джана-кыргыз... Предметом этих песен есть большею частью какое-нибудь религиозное повествование... Форму улена певцы употребляют также для импровизации как самую удобную и к которой они теперь как бы более привыкли. Известная поэма «Кузу-Курпеч и Баян-сулу» пересказана мне была знаменитым Джанаком в форме улена. Песня (улен) вошла в употребление в киргизской степи не болеее 50 лет назад. Улен (песня) состоит из четырех стихов, два первые и четвертый суть силлабические, кончающиеся на одну рифму, третий не рифмуют» (Собр. соч. Т. I. С. 199-200). 8) Міне, алды я тұстасы Бұхарда, арты Махамбет, Дулатта жоқ үлгіде – өлең формасында XVIII ғасырда сөз тудыру, онда да таптық көзқарасы өте айқын ақындық тұрғыдан (қазақты топқа, таптық топқа бөліп, «жалшыны бай малының жайын білмес», «екі көзі жоқ соқыр адам» деп, байды өз малын өзі бақпай «көп мал беріп кедейді жалдайды» деп, «өзі оңбаған кедей кімді оңдырсын» деп өте күрделі түсінікке көтерілген ақындық тұрғыдан) табылу шындыққа келе ме? 9) Шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан айтқан XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның өлеңдері емес, XIX ғасырдың орта тұсы мен XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған өзге бір Шал аттас ақынның өлеңі. Бұл Шал ақын сол дəуірде жасаған бір жағы Мұрат, Əубəкір, Нұржан, бір жағы Ақан сері, Біржан деңгейіне жетпеген, оларша қоғамдық мəселе көтермеген, тек кəрілік, отбасы, кəрі күйттейтін тамақ, байбайшыл қарттың келінге бөжілі тақырыбы болған, бірақ пайымдағанын шебер тілмен айта алатын ақын. Міне, осы ақын тілін XVIII ғасырға апарып, Бұхар жырау поэзиясымен қатар алып талдауға болар ма еді. Əрине, болмас еді.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қазіргі əдебиеттану ғылымының араластығы болған осы сияқты дүниеліктерді былай қойғанда, халық, ел аузында бір өлеңнің бірнеше варианты болып, оның бірнеше кісі атымен жүргені туралы не айтуға болады? Айталық, Бұхар айтты деген: Асқар таудың өлгені – Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені – Аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені – Еңкейіп барып батқаны. Айдын шалқар өлгені – Мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені – Қар астында қалғаны. Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді. Əлімнің хаты өлмейді [6], – деп келетін өлеңнің1 екінші бір варианты бар. Ол: Асқар таудың өлгені – Үстіне мұздың қатқаны. Ай мен күннің өлгені – Мезгілінде батқаны. Қара жердің өлгені – Жеті қабат тоң болып Қыс болғанда қатқаны. Ажал деген атқан оқ, Бір Алланың қақпаны Жиреншенің ойланып Осы болды айтқаны [7], – 1 Осы өлең башқұртта да бар: Бейеке таудың үлгəнə – Башын монор алғаны; Ай менəн көндөң үлгəне – Тонйорап бойып барғаны; Кара ердең үлгəне – Қар астында қалғаны; Ир-егеттең үлгəне Илен дошман алғаны.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі деп келетін Жиренше сөзі ретінде танылған өлең. Алғашқысы 13 жол, соңғысы 11 жол. Бұл екі кісінің бірі XIV ғасырда, бірі XVIII ғасырда жасаған. Арада 300 жыл жатыр. Əрине, алғашқы өлең (Бұхардікі делінген) соңғы өлеңге қарағанда, сөз таңдау да, ерекшелеу. Бірақ соған қарап, оны Бұхар шығарған өлең деуге əсте болмайды. Жиренше сөзі деген өлең анық болған десек, Бұхар өлеңі деген өлең соның біршама өте жеңіл редакцияланған екінші бір нұсқасы ғана. Ал егер бұл өлеңді Бұхар өлеңі десек, онда Жиренше сөзі қайда қалады? Егер Жиренше сөзі деген өлең анық Жиреншеге тəн десек, онда Бұхар өлеңі деген өлең жоқ болып шығады. Бұлар ғана емес, бір ақындікі деген өлең екінші бір жерде өзге бір формада да кездесе береді. Бұхар жыраудікі делінген бір өлең: Жар басына қонбаңыз, Дауыл соқса үй кетер. Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер. Жаманмен жолдас болсаңыз, Көрінгенге күлкі етер. Жақсымен жолдас болсаңыз Айырылмасқа серт етер... [8], – деген үлгіде есімшенің -ар формасымен келсе, осы өлең есімшенің болымсыз түрі -с формасымен екінші бір жерде өзгеше вариантпен кездеседі. Жағаға жақын қонбаңыз, Жағаға жақын қонсаңыз, Жайылып сулар алмас па? Жаманменен дос болсаң, Жазымда басың қалмас па? Міне, қазақ поэзиясына тəн осынау ерекшеліктер əңгімені ешқандай да орта жолдан бастауға əрі бір кісі төңірегінде ғана құруға əсте мүмкіндік бермейді. Алғашқы дəуірлердің аттамалы (өте тар аяда болса да) соқпағы салына отырып барып бергі дəуірді молынан сөз етуді керек етеді. Соның өзінде де жеке ақын-жыраудың авторлығымен шығып, «жұрт айтты» дəрежеге түскен өлеңдерді, яғни ортақ мотив, ортақ тақырып өзін ортақ дүниелікке айналдырып, жеке автор еншісінен шығарып, көп
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі автордың ортақ еншісіне көшірген өлеңдерді бір топтауды, сөйтіп, халық поэзия-сы деген ортақ мұраны жіктеп шығаруды керек етеді. Осындай жіктеліп шығарылған халық поэзиясы болмаса, біз Бұхар, Махамбет, Дулат поэзиясына лайықты фон жасай алмаймыз. Ал бұл фонсыз Бұхар да, Махамбет те, Дулат та анық көрінбейді. Сол сияқты, бұл поэзия алыптарына дейінгі арғы дəуір өте тар көлемде болса да сөз болуы керек. Мұнсыз біз Бұхар, Махамбет, Дулат поэзиясының басы қайда жатқандығын көре алмаймыз. Бұларсыз Бұхар да, Махамбет те, Дулат та қазақ поэзиясынан алатын орны жағынан айқын сараланып көрінбейді. 1. XV–XIX ғасырлар поэзиясына тəн ортақ мотив пен варианттылық Қазақтың ауызша поэзиясының ұлы мұхиты – алтын қорында мазмұнда, ойда, пікірде соншалық тереңдік, ал форма, үлгіде соншалық көркемдік əрі соншалық біртектес жақындық бар бір алуан мұра сақталған. Бұлар – ту бастағы шығарушыларын, авторларын əлдеқашан ұмыттырып, жалпы халықтық ортақ дүниелікке əлдеқашан біржола айналып үлгірген сөздер. Бұл сөздер – халық поэзиясының ұшан-теңізіндегі маржан моншақ – дидактикалық мазмұндағы толғау сөздер. Ұқсастыра айтқанда, бұлар поэзиялы мақал-мəтелдер, халық поэзиясының афоризмдері. Бұл сияқты бір халық, яғни қазақ халқы аясында алғанда ортақ дүние танылатын мұралар ішінде XV ғасыр емес, одан арғы жерде туған, түркі халықтарының белгілі топтарына ортақ дүниелердің де жүруі мүмкін. Өйткені түркі халықтары тіл жағынан туыс болғанда жеке сөздерде ғана емес, əрі тілде, сөздік қабықта жасалған формаларда да туыс. Тілдердің тектестігі, туыстық жақындығы осы ортақ тілдік формалардың көптігімен, олардың өзара бірдейлігімен немесе варианттық үлгідегі бірдейлігімен белгіленеді. Сөз жоқ, бұлар – мұралық нəрсе, бұлар мұралық ауысулар арқылы болып отырған дамудың нəтижесі. Осы тілдік мұралық халықтардың ауызекі сөйлеу тілі арқылы ғана тұрақталып, дəстүрленіп жеткен жоқ, олар əрі халықтардың
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі екінші дарыны, творчестволық дарыны – поэзиясы арқылы да тұрақталып, дəстүрленіп, кейінгіге ауысып отырған. Бұл ғана емес, поэзия ауызекі сөйлеу тіліне кері əсер етіп отырған. Сөйлеу тілі өзіндегі барша тілдік-көркемдік белгілер, көркемдік қасиеттер үшін халықтың поэзия тіліне қарыздар. Бұл сөз үлгілерінің екі қасиеті бар: бұлардың бір тобы мақал-мəтелдер сияқты түркі туыстас халықтардың біразына-ақ ортақ болып келсе, бір тобы қазақтың өз төл поэзиясы аясында бірнеше ақын-жырауға бірдей телініп жүреді. «Аузы күйген үріп ішеді», «Құр сөз құлаққа жақпас» дегенді қазақтар қазақтың халық мақалы деп айтса, қырғыз халқы қырғыз мақалы деп айтады. Ал бұл сияқты мақалды түркі халықтары біріненбірі алды деп айтуға əсте болмайды. Міне, осы сияқты поэзияда да түркі халықтарының бірінен-бірі алды деуге келмейтін ортақ мотивті өлеңдер бар. Олар поэзиялық тармақ-сөйлемдерде, фразеологияларда, тіркестерде, поэтикалық формаларда, жеке сөздердің мағыналық жұмсалысында бірдейлік қасиетке ие болып келеді. Басқа емес, дəл осы ортақ қасиет-белгілер – түркі халықтарын туыстық жағынан поэзияда топтастыратын əрі жіктейтін əдеби-тілдік материалдар [9]. Қырғыздың атақты «Манас» жырында мынадай жолдар бар: Оюн салған қуланы Толуқ семиз қунандай, Жыландары арқандай, Чымчығына қарасаң, Алтайдағы ұлардай, Чырпығы бар чынардай, Жалбырағы жарғақтай, Қара қурту бармақтай, Балтырғаны білектей, Маралы үркүн чу қонса Мала қашқа инектей,.. Айта бұйта дегенче Ачып көздү жұмғанча... Жебеден мурун жеткени, Жеткен жерден Дөкгөнүн
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Кендер курдун бети деп, Өпкөнүн бер жақ чети деп, Жан жерини тушу деп, Өлер жери ушу деп, Көп ичсе тойгус сыр найза Катуу муштай өткөнү. Ач арыстан төштенүп, Алғыр бүркүт көздөнүп, Аталып Манас жетти эмди. Қалмақ эзрдин қаіиы деп, Қақ жүрөктүн башы деп, Найза салып өтту эмди. Араандай ооз ачылып Қан аралаш ақ көбүк Омурооғо чачылып [10]. Осы сияқты жолдар қазақтың батырлық-эпостық жырларында да кездесіп отырады. Маралы бар киіктей Балдырғаны білектей Алмасы бар жүректей Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған. Немесе: Алаша аттың басы деп Қалмақы ердің қасы деп Қақ жүректің тұсы деп Өлер жерің осы деп Толықсып келген қалмақты Толғап тартып қалады.
(«Ер Тарғын») Арандай аузын ашады Аяғын тап-тап басады. («Қобыланды»)
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұлар – жай тілге тиек үшін келтірілген бірлі-жарым ұқсасбірліктер ғана. Болмаса өз алдына зерттелуге тиіс бұл ұқсас-бірліктер үшін сан алуан фактілер келтіруге болар еді. Осы сипаттас бірлік-ортақтық эпостық жырларда ғана емес, толғау жырларда да кездеседі. Тіпті туыстас халықтар əдебиетінің арғы дəуіріне бара түскен сайын белгілі бір өлең-жырлардың бір емес, бірнеше түркі халқы əдебиетінде қатар жүрген жиілігі молая түседі. Айталық, В.В. Радлов Қырым ноғайлары [11] арасынан мына бір өлеңді жазып алған: Бір дегеште не йаман? Бір пытырсыз йіған мал йаман. Екі дегеште не йаман? Екі ідіні сала қалсаң о йаман. Үш дегеште не йаман Бір кушнуң қанаты сынса, Ушалмаса о йаман. Дөрт дегеште не йаман? Төркүнү узақ қыз йаман. Беш дегеште не йаман? Анасы өлүп бешікте Йылай қалған ул йаман... Тоғуз дегеште не йаман? Қырымдан əскер алса о йаман. Осы өлеңді В.В. Радлов Бараба татарларының арасынан да кездестірген, бірақ бұл өлең «Тоқтамыш жырының» ішінде жүр. Бір тігіштэ ні йаман? Бір Алланы білмəс ул йаман. Ігінчілі ні йаман Ікі ракат бір зуннат Парз оғумаі ул йаман. Үчүнчілі ні йаман? Үзүлүп чығар жан йаман; Түртінчілі ні йаман? Түркүнү йок қыс йаман. Бішінчілі ні йаман? Бішіктэ уланлар ылаі Атасыз қалза ул йаман... [12].
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ал енді осыған өте жақын жырды қарақалпақтардың ауыз əдебиеті үлгілері арасынан да кездестіреміз. Бир дегенде не жаман, Билимсиз өскен ул жаман Екиленши не жаман? Елеусіз өскен қыз жаман Үш дегенде не жаман? Үшкүлсүз пишкен тон жаман Сегиленши не жаман? Сексенге шыққан қарт жаман Сергиздан болса сол жаман Тоғызланшы не жаман? Тоғыз қабат турканы Тоздырмай өлген сол жаман [13]. Бұлар ортақ мотив қана емес, ортақ мұра да. Осы жырға ие халық өкілдері біз бұл жырды пəленнен алдық дей ме? Сібірдегі Бараба татарлары өз аталарымыздың сөзі десе, Қырым ноғайлары өз бабаларымыздың сөзі дейді емес пе? Сөзі бөлектігі болмаса, қарақалпаққа тəн өлең де жоғарғы екі өлеңнің варианты ғана. Қарақалпақ халқында дидактикалық сарындағы толғау, терме-толғау өлеңдері көп. Солардың көбі қазақтың толғау, терметолғау өлеңдеріне ұқсас, ал біразы тіпті сөзбе-сөз бір жерден шығып жатады. Артқы аайылдың батқанын Ийеси білмес, ат билер. Ағайынның азғанын Ағайын билмес жат билер. Тери тонның ыссысын Жасы толған қарт білер [14]. Ай не болар күннен соң Күн не болар айдан соң. Арланып ат жууырмас, Арбашы ябы өзған соң. Қатуда шалқып сөйлемес, Ийнинде тоны тозған соң,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Жигит шалқып кыдырмас, Басынан дəулет тайған соң. Қызлар кийген парша тон Ески дейди тозған соң. Ел сораған патшаңыз Шопан саяқ сықылды Байтақ жатқан елден соң. Əмудəрия шөл дейди, Бұрқып ағар суудан соң, Көллер жуда болады Сыңсып ушар қуудан соң. Төрде тұрған дəстурхан Қəдири болмас наннан соң [15]. Бірінші өлең қазақта мына үлгіде кездеседі: Артқы айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер, Ер жігіттің қадірін Ағайын білмес, жат білер [16]. Ал қазақта Бұхар жыраудың толғау деп танылған «Ай не болар күннен соң» деп басталатын 32 жол өлең бар. Ай не болар күннен соң, Күн не болар айдан соң. Құлпырып тұрған бəйшешек Қурай болар солған соң. Хандар киген қамқа тон Шүберек болар тозған соң. Еңсесі биік кең сарай Мертік болар бүлген соң. Төрде отырған қарт бабаң Төресін жаңылар малдан соң. Доңғалақ арба жүре алмас Қос арысы сынған соң... Міне, бұл толғауларды варианттар деуге де, əуелі негіз нұсқаны əр халық өкілі өзді-өзінше қайта редакциялап жырлаған деуге де болады. Дəл осындай жай түркі халықтары поэзиясы ауқымында емес, қазақ халқының өз төл поэзиясы аясында да кездеседі.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Махамбет ақында мынадай өлең бар: (1) Орай да борай қар жауса, (2) Қалыңға боран борар ма? (3) Қаптап соққан боранда (4) Қаптама киген тоңар ма? (5) Туырлығы жоқ тұл үйге (6) Ту байласаң болар ма? (7) Ту түбіне тұлпар жығылса (8) Шаппаған нəмарт оңар ма? (9) Қарындастың қамы үшін, (10) Қатын менен бала үшін, (11) Қайырылмай кеткен жігіттің (12) Өзін кəпір, алғанын (13) Талам деп айтсақ болар ма? (14) Асқар, асқар, асқар тау (15) Асқар таудың су бүркіті (16) Ылдидың аңын шалар ма? (17) Лашын, сұңқар жүн тексе, (18) Далада қалған сүйек деп (19) Шеніне қарға жолар ма? [17]. Сөз жоқ, өлең екі бөліктен тұрады: алғашқы 13 жол бір бөлек, соңғы алты жол (12–19) бір бөлек. Махамбет соңғы өлең жолдарын алдыңғы жолдарға ұқсастық дəлел үшін өзі құрды ма, əлде бұрын бар өлең жолдарын мына өлеңнің айтылуы өзі іздеп тапты ма? «Шайыр» жинағында Махамбетте бар осы 14–19 жолдардың басқаша текспен келетін түрі бар: (1) Асқар, асқар, асқар тау (2) Асқар таудың ақ сұңқар (3) Ылдидың аңын чалар ма? (4) Асқар таудың басына (5) Ақ сұңқар құс түлесе (6) Жүніне қарға жолар ма? (7) Атадан туған азбын деп (8) Ісін көпке салар ма? (9) Атайын ермен жол чексең (10) Қанжығаң жауда қалар ма? [18].
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ал соңғы жылдары шыққан «Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясын» құрастырушы авторлар осы жинақтан алынды деп (Түсініктер, 200-б.) өлеңнің төмендегі үлгісін берген: (1) Асқар, асқар, асқар тау, (2) Асқар таудың су бүркіт (3) Ылдидың аңын алар ма, (4) Далада сұңқар түлесе, (5) Жанына (?) қарға жолар ма? (6) Атайы ердің баласы (7) Атадан жалғыз тудым деп, (8) Басына қиын іс келсе, (9) Ісін көпке салар ма, (10) Атаның ұлы ерлерге (11) Малыңды бер де, басың қос, (12) Басыңды қос та, бек сыйлас, (13) Күндердің күні болғанда (14) Басың жауда қалар ма? [19]. Хрестоматияда бұл өлең Шалкиіз жырау шығармасы деп танылған1. Осы өлеңдегі «Шайыр» жинағында жоқ жолдардың екінші бір варианты Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде» кездеседі: Ата ұлының баласы Асыл ерге малың бер, Малың бер де басың қос, Басына тарлық түскенде Ардақтаған əділ жанын аяр ма?! [20]. Қазақ көне əдеби нұсқаларын көп жинаған Хасан Ғали қолжазбаларында бұл өлеңнің 4-варианты бар. Асқар, асқар, асқар тау Асқарсыз тау болар ма? Асқар таудың ақ сұңқар Ылдидың аңын шалар ма? Асқар таудың басына 1 «Шайыр» жинағында бұл өлеңдер тобы Шалкиіз өлеңі делінбеген (бұл жинаққа Шалкиіздің белгілі өлеңдері де кірмеген). «Əуелгі қазақ батырларының жырлары» деген тақырыппен берген, 32-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ақ сұңқар құс түлесе Жүніне қарға жолар ма? Атадан туған азбын деп Ісін көпке салар ма? Атасы ермен жол шексең Қанжығаң жауға қалар ма? Жинаушы бұл өлеңді ешкімге телімеген. Міне, осы өлең кімдікі? Махамбеттікі ме, Шалкиіздікі ме? Əлде осы екеуінің арасында жасалған үшінші бір жыраудікі ме? Осының бірін айтуға дəлел қайсы? Бұл күнге дейін Махамбет өлеңі делініп келген өлеңді Шалкиіздікі десек, онда Махамбет өзінен бұрынғы Шалкиіз мұрасын ретіне қарай пайдаланған болып шығады. Бұл – табиғи нəрсе. Махамбетте ондай өлең жолдары едəуір. Бірақ Шалкиіз мұрасы дерлік шығармада сонау XVI ғасырдың соңына тəн тілдік белгі жату керек қой. Өлең əр уақытта да форма аясында, форма құндағында туады. Ол осы құндақта тұрғанда бірді-екілі лексикалық ілуде тіркестік өзгеріске түспесе, синтаксистік, ырғақтық-сөйлемдік өзгеріске түсе бермейді. Бізде Шалкиіз сөзі делініп жүрген өлеңдерде мынадай сөздер, тіркестер бар: құба арланға жолығар; аш қасқырға жолығар; ау бөрілер, бөрілер; боз сұңқарым өзіңсің (көлді тастап қырға ұшса) о дағы бір тарланға жолығар; айдын шүйсең тарлан шүй; құсты жисаң бүркіт жи; сыпайышылық сүрмен-ді, батыршылық сүрмен-ді; алаштан байтақ (байтақ алаштан) озбаса; өзі дұшпан, өзі қас, Ораздының он ұлы; бір жеке туғанға жолығар; асыл туған батыр ер; атадан туған азбын деп; аға жігіт қол бастар; көкірек керсең егер де, т.б. Айталық XV–XVI ғасырға тəн жырларда қара лашын, ақ сұңқар, көк шəулі (соңғысы «Орақ – Мамай» жырында) дəстүрі анық байқалады, ал тарлан, бүркіт салу ескеріле бермейді, сол сияқты «аш бөрі» көбірек айтылғанмен, «құба арлан», əсіресе «аш қасқыр» кездесе бермейді. Əңгіме осы сөздердің сол кезде ауызекі тілде болу-болмауында емес, поэзияда дəстүрлі кездесу-кездеспеуінде. Немесе «сыпайышылық», «батыршылық» сөздерінің реті қандай? «Асыл туған» тіркесі, «асыл» сөзінің келуі қалай? Бұл тіркес «атадан туған», «жеке туған» тіркесімен
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі поэзияда бір мезгілде дəстүрге енді ме? Сол XVI ғасырға тəн жұрт сөзі неге жоқ? Қазақ поэзиясында осы бір жай тек Шалкиіз бен Махамбет өлеңдері төңірегінде ғана көрініп қоя ма? Жоқ, бұлардан басқа Махамбет өлеңдері мен Есет би айтты деген сөз [21]. Абыл айтты деген сөз бен Махамбет өлеңі [22], Шекті Мөңке би, Шеркеш Түрке би, Тана Нүрке билер кеңесіп отырып айтты деген сөздер мен Шалкиіз айтты деген сөз əрі Махамбет өлеңі, т.б. көптеген өлеңдер бір-бірімен ұқсап жатады. І 1. Атың тулап жықпасқа Артқы айылдың бегі игі. Алыстағы дұшпанның Жағаңа қолы жетпеске Артыңда туысқаның көбі игі [23]. 2. Асау тулап жықпасқа Артқы айылдың беркі игі. Жағаға дұшпан қолы тимеске Артында туысқаның көбі игі [24]. ІІ 1. Бөрі-бөрі, бар болар, Бөрі баласы дүр болар, Əр (?) бөрінің баласы Алты болар, бес болар, Алты бестің ішінде Абаданы бір болар. Абаданымен жүргенде Осалы оның кем болар, Абаданынан айырылса, Əрқайсысы оның да Əрбір итке жем болар [25]. 2. Ар бөрінің баласы Алты болар, бес болар
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Алты бестің ішінде Абаданы бір болар. Абаданнан айырылса, Һəр қайсысы күнінде онында Һəр бір итке жем болар [26]. 3. Ау, бөрілер, бөрілер, Бөрімін деп жүрірлер, Һəр бөрінің баласы Алтау болар, бес болар Ішінде абаданы бір болар Абаданнан айырылса, Өлардың һəр біреуі Һəрбір итке жем болар [27]. ІІІ 1. Жақсы туған қарындас Һəм қарындас, һəм жолдас Жаман туған қарындас, Өзі дұшпан, өзі қас [28]. 2. Жайыңды білген қарындас – Ол қарындас һəм жолдас, Жайыңды білмес қарындас Өзі дұшпан, өзі қас [29]. Бұл «телқоңыр» өлеңдер шынында да аталмыш ақын-жыраулардың сөзсіз біріне тəн бе? Жинап бастырушылардың бірі əбес алып, бірі оны түзетуші ме? Бірлі-жарым өлең бірлі-жарым ақынға телініп қалып жүрсе, бұл түзетуге «келісуге» болар еді. Бірақ қазақ поэзиясындағы дидактикалық сарындағы бұл толғау сөз, терме-толғау өлеңдердің біразы-ақ осындай күйде. Жоғарыдағыдай салыстыра берсе, ондай өлеңдердің пəленшеге əрі түгеншеге теліну тізімі, тіпті, ұзарып кетер еді. Замандар бойында ауыздан-ауызга көшіп келе жатқан осынау сөздерді бергі əр кезеңде айтушылар шын мəнінде де пəлен жыраудың сөзі деп айтқан. Ал сол айтушылар – біреу емес, бірнешеу. Олар пəленнің сөзі дегенде кейде бір жерден шығысып, кейде əрқайсысы өзі айтқан сөзін əр кісіге теліп отырған. Осы-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі лардың үстіне бұлар осы «бастапқы» қалпында қалмай, өзара варианттық сипатқа келгендей дəрежеде өзгеріске түскен. Сөйтіп, о баста белгілі бір нақты уақыт аясында туған өлеңдер келе-келе уақыт сарабына көп түсіп, шығарушыларға ғана емес, уақытқа да «телқоңыр» ортақ өлеңдерге айналған. Бірақ жыр-өлеңдердің бəрінде бірдей осындай ерекшелік жоқ. Бұл тек дидактикалық сарындағы шешендік сөз, толғау өлеңдерде ғана кездесетін жай. Яғни поэзияның мақал-мəтелі сипатты шешендік сөз, толғау өлеңде ғана кездесетін ерекшелік. Неге бұлай? Неге осы бір ғана дидактикалық сарындағы толғау сөз жанрында ғана кездеседі? * Қазақ ауыз əдебиетінде XV ғасыр (шартты түрде) мен XIX ғасыр арасында туып қалыптасқан, дамыған дидактикалық сарындағы шешендік толғау-өлеңдер өзінің табиғатында əуелі шешендік сөздерге, содан соң мақал-мəтелдерге жақын. Бұлар – өзара туыс, жалғас жанрдың екі басы. Əрине, мақал-мəтелден дидактикалық толғау өлеңдерге дейінгі аралықта өзара жалғаса өрби дамудың бірнеше сатысы бар. Ал бұл сатылы кезеңдердің ізі толық үзіліссіз сақталмаған. Бізге толғау өлеңдерге негіз болған мақал-мəтелдер келіп жетсе, ол қызметіне орай келіп жетті, ал шешендік сөздердің мақал-мəтелдерден алғашқы жасалу практикасы бұл екі жанр өз формасын толық жасап болуымен байланысты өз қызметін аяқтады да, тілде тұтынудан бірте-бірте шығып қалды. Сөйтіп жаңа қалыптасқан жанр өз негізгі мақал-мəтелмен арадағы байланыс белгісін «жоғалтып» алды. Əрине, ең бірінші кезекте мақал-мəтелдің өзі мағына (ой) жəне форма (сөйлем) жағынан дамыды, мағына, форма жағынан қарайлас мақалдар біріктірілді, табиғат құбылысына орай туған мақалдарға адам өмірінен ұқсастық ізделіп, жаңа сыңар-жұптар қосылды, яғни жаңа мақал жасалды. Ең арғы белгілі дəуірі XI ғасырда жатқан мақал-мəтелдер М. Қашғари сөздігінде бар. 1. Тайақ біле таймас, Танук сөзүн бітмэс.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 2. Үрі қобса, уғуш оқлышур, Йағы келсе, імрем тебрэшүр. 3. Ішлік болса, ер өлдімэс Ішлік болса ат ағрымас. 4. Алын арслан тутар, Күчун көсүн тутмас. Осы мақалдардан белгілі дəрежедегі дамудың ізін көруге болады: іштей жəне сырттай ұйқасты жұп жолды мақалдар барынша мол əрі бұлар ырғақ жағынан да бай. Сол сияқты бұл мақалдар XI ғасырдың өзінде-ақ мағыналас тізбектер жасауға өте бейім тұр, тіпті бұл даму процесі сол дəуірде дəстүрге айналған да. Ерте дəуірде мағына əрі форма жағынан ұқсас мақалдардың молая түсуі мен оларды бірлікте тізбектеп айту дəстүрі бірге жүріп отырған. Əуелде жеке-жеке туған мақалды бұлайша тізе қосу, екінші кезекте, творчестволық еңбек болды. Өйткені тізе қосу процесінде ұйқас, буын жағынан бірдейлестіру болып отырды. Айталық, арслан көкрэсэ ат азақы тушалур деген мақалды йазыда бөрі улыса, евдэ ыт бағры тартушир деген мақалмен тізбектестіру процесінде екі мақалдың бірі негізге айналады. Сонда бұл тізбек не: Арслан көкрэсэ ат азақы тушалур. Бөрі улыса, ыт бағры тартышур не: Йазыда бөрі улыса, евда ыт бағры тартушир Тағда арслан көкрэсэ, ағылда ат азақы
тушалур, – түрінде жасалар еді. Мақалда себеп пен салдардың бірінің айтылмай қалуы дағдыдағы бола беретін жай. Мысалы, М. Қашғари дəуірінде: Уіғур йығач узун кес, Темур қысқа кес, – деген мақал болған. Ал кейінгі дəуірде бұл мақал: Ағаш кессең, ұзын кес, Қысқартуың оңай; Темір кессең, қысқа кес, Ұзартуың оңай. –
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі түрінде жаңа түсініктемесімен күрделенген. Яғни жұмбақты философияға дидактика қосылған. Сол сияқты: Атың барда жер таны, Асың барда ел таны, – деген мақал да: Атың барда жер таны желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп, – түрінде өзгеріске түскен. Шешендік сөз жасалған. Міне, көне мақалдар осылайша іштей толығып, іштей кеңейе күрделеніп барып шешендік сөзге айналып отырған. Ал бұлардың п о э з и я ғ а а й н а л у процесі – мақалдарға суреттемелі сөздер мен суреттемелі жолдардың қосылуы (егіз мақал тəсілімен), егіз жолды ұқсас мақалдың тізбектелуі негізінде жүріп отырған. Айталық: Батыр жігіт жауда ойнар, Шешен жігіт дауда ойнар, – деген шешендік мақалды шешендік толғау өлеңнің авторы мына үлгіде жаңадан жасаған: Жүйрікті мініп толғанып, Шашақты найза қолға алып, Баданасын киіп ап, Бар қайратын жиып ап, Батыр жігіт жауда ойнар. Алқалы топқа толғанып, Түйінді сөзді қолға алып, Шешен жігіт дауда ойнар. Осы сегіз жолды шешендік толғау-өлең етіп тұрған екі жол мақал ғана. Осы сияқты: Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз. Кедейде де кедей бар, Байға көңілін бергісіз. Байларда да байлар бар, Кедей қатарға алғысыз, – деген шешендік толғау-өлең де алғашқы төрт жолды шешендік мақал негізінде туған.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Міне, басқа емес, шешендік сөздер мен шешендік толғауөлеңдердің ортақ мотивті, варианттас болып келуінің негізінде осы ерекшелік жатыр. Айталық Махамбеттің: Арғымақтан туған қазан ат Шабуыл салса нанғысыз. Қазан аттан туған қаз мойын, Күнінде көз көрім жер шалғысыз. Айырдан туған жанпоз бар, Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, Асылын айуан десе нанғысыз. Жаманнан туған жақсы бар, Атасын айтса нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар Жарамды бір теріге алғысыз, – деген өлеңі де жоғары үлгіде туған, сол сияқты: Жар басына қонбаңыз, Дауыл тұрса үй кетер, – деген формада мақал бар. Осы мақал негізінде жəне оның формасына ұқсатылып мынадай сөздер жасалған: 1. Жар басына қонбаңыз Дауыл соқса үй кетер, Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер. Жаманмен жолдас болсаңыз Көрінгенге күлкі етер. Жақсымен жолдас болсаңыз – Айырылмасқа серт етер [30]. 2. Жағаға жақын қонбаңыз, Жағаға жақын қонсаңыз, Жайылып сулар алмас па? Жаманмен дос болсаңыз, Жазымда басың қалмас па? Жат туғанды өз етсең, Жақсыларды дос етсең, Ғұмырың ұзақ болмас па? [31].
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Міне, осы себепті де дидактикалық-шешендік толғаулар өзінің синтаксистік жүйесінде мақал-мəтелге өте жақын. Бұлар мақал-мəтел сияқты белгілі формалармен ғана жасалатын сөйлем түрлеріне ғана құрылады. Дəлірек айтқанда, халық мақалдары негізінде туған бұл сөздер мақал синтаксисіндегі барлық ерекшелікті түгел қабылдады. Бірақ дидактикалық-шешендік өлеңдер көлем жағынан əлдеқайда күрделі болып келуіне байланысты өзінің синтаксистік жүйесінде де мақалдың синтаксистік жүйесіне қарағанда əлдеқайда күрделілік бар. Бірақ бұл форманың түр жағынан күрделілігінен бір форманың жұмсалу қатарының жиілігіне, қайталуына көбірек бейім. Осылайша өзінің негізінде мүлде бөлек жанр жатқандықтан да қазақ поэзиясындағы дидактикалық-шешендік толғау өлеңдер XV–XVI ғасырдағы жаратылған «Тоқтамыс толғауы», «Сыпыра жырау толғауы», «Орақ – Мамай жыры» мен «Қазтуған туралы сөз», «Доспанбет сөзі», Шалкиіз өлеңдерінен басқа жанрда, жаңа жанрда туды. Осы жанрдағы өлеңдердің бізге белгілі ең арғы дəуірі XV– XVI ғасырларда жасаған Қазтуғандікі делінетін «Белгілі биік көк сеңгір» өлеңінде, XVI ғасырда жасаған Шалкиіз өлеңі делінетін өлеңдерде жатыр. Бірақ бұл өлеңдер осы жырауларға тəн бе, жоқ па – ол бізге белгісіз. Сондықтан да бұл жанрды осы жыраулар атына байланысты туды деп те, бұларды ілгері я кейін туды деп те кесіп айта алмаймыз. Бұл жанрдың өлеңдік форма, поэтикалық-тілдік стиль жағынан біртұтастығы сонша, бұлардың эволюциялық дамуын тану, осы арқылы дəуірлей жіктеу өте қиын. Бұл жанрмен XV ғасырдағы (егер осылай айту шындыққа келсе) Қазтуған да, XIX ғасырдағы Махамбет те айтқан. Яғни жанр – XV ғасыр мен XIX ғасыр аралығындағы ұзақ дəуірге ортақ жанр. Егер біз «Не ексең, соны орасың» деген мақалды, кезінде жазылып қалмаса, болжаммен ешбір дəуірге тели алмайтын болсақ, бұл жанрдағы өлеңдердің көпшілігін дəуірлеп тануға мүмкін емес. Əрине, өзінің жанрлық негізі жағынан тілдегі өте көне мұра мақалға туыс бұл сөз үлгісінің жасалу дəуірі өте əріде жатқандығында дау жоқ (осы кітаптың I тарауын қараңыз). Бірақ бұл
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Асан ата, т.б. жыраулар сөзі деген қайсыбір сөздерге күдікпен қарауымызға əсте қайшы емес. Өйткені Асан, Қазтуған, Шалкиіз сөзі деген осы жанрдағы кейбір сөздер тілдік жағынан келіп қарастырғанда өте солқылдақ күйге түсіреді. Бізде Асан өлеңі делініп жүрген мынадай өлең бар: Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Құлан қайтіп күн көрер? Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп күн көрер? Хан мен билер қысқанда Халық қайтіп күн көрер? Онда халық түнерер, Халыққа қысым күш берер, Халықтың кегі күшке енер. Алғашқы төрт жол шешендік сөзді Асан қайғы айтты деген сөз дей қояйық. Алайда сол дəуірдегі эпостық шығармаларда араб тіліне тəн халық сөзі кездеспейді. Оның орнына үнемі байырғы жұрт сөзі айтылады. Асан қайғы əдебиетте жұрт сөзін халық сөзімен алғаш ауыстырған жырау бола қойсын делік. Бірақ «халықты қысу» сияқты сөз тіркесі сол дəуірдегі тілде норма болды ма? Бұл сөз тіркесі сол дəуір тілінде норма болды дей қояйық, бірақ «қысым-күш берер» түріндегі сөз тіркесі болды ма? Бұл сияқты тіркес заңдылығын ол дəуірде болды дей қою өте қиын. Ал «кегі күшке енер» түріндегі тіркес, мұндағы тіркесім заңдылығы сізді қалай дегенде де еріксіз күдікке жеңгізеді емес пе? Демек, бұл өлең көп өзгеріске түскен. Өлеңнің тең жартысы кейінгі дəуірдің жалғама, қоспа жолдары. Олай болса, бұл өлеңді Асан сөзі деп айту басқа емес, сол Асанның өзіне жасаған қиянат болар еді. Міне, осы себепті де қазақ поэзиясындағы бір топ ортақ мотивті, вариантты дидактикалық-шешендік толғауларды белгілі бір ақын-жырауға телімей, тар шеңберде, белгілі бір нақты уақыт аясында алмай, мақал-мəтелдер сияқты таза жалпы халықтық редакциядан шыққан ұзақ дəуірлік тарихы бар ортақ мұра ретінде қарау керек.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 2. Ортақ мотивті, вариантты толғау-өлеңдердің мақал-мəтелдермен стиль, тіл жағынан бірлігі Егер ең көне үлгідегі1 мақал-мəтелдер өзінің лексикасында, синтаксисінде, баяндауыш формаларында қайталауға құрылып отыратын болса, осы ерекшеліктер дидактикалық-шешендік толғау-өлеңдерге де тəн қасиет. Дидактикалық-шешендік толғау-өлеңдер өзінің синтаксистік, əрі формалық, əрі лексикалық қайталауға құрылуы жағынан қазақ поэзиясының басқа түрлері ішінде ерекше орынға ие. Бұл жағынан бірде-бір жанр тең келмейді. Шешендік толғау-өлеңдерде өлеңнің ұзын-ырғасындағы сөз мөлшеріне шаққанда дара сөздер де, дара формалар да əдебиеттегі өзге өлең түрлерінен барынша аз болады əрі бұл сөздер мен формалар қайталап келіп отырады.
Жол азарға тап болса, 4 5 Балқаш біткен ұйған көл болар, 6 7 Шалғыны кетіп сол болар. 9 10 Су азарға тап болса, 11 12 13 Деңіздей сор көл болар 15 16 Көл таусылып сор болар. 17 18 19 Мал азарға тап болса, Арғымақтың баласы 1 Осы кітаптың II тарауы материалдарын қараңыз. ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Жабыдан басы кем болар. 22 23 24 Халық азарға тап болса, Ақсүйектің баласы
Қараменен тең болар. Осы өлеңде ұзын саны 44 сөз бар, соның 17-сі ғана қайталанбай бір-ақ реттен келген, ал қалған 27 сөз жеті сөздің қайталауынан ғана тұрады. Яғни өлеңде 44 жалпы сөз бар да, 24 дара сөз бар. Демек, дара сөздер өлеңдегі сөздердің 55%-ы. Ал осы 12 жол өлең бір ғана -са жəне -ар формалары арқылы ұйқас құраған1. Əрине, дидактикалық-шешендік толғау-өлеңдер өзінің лексикалық құрамы жағынан барынша бір сипаттас. Олар көбіне ж ұ п т а с , т е к т е с əрі а н т о н и м д е с о б ъ е к т - е с і м с ө з - д е р болып келеді. [Біз бұларды сөз етуде қазірше жоғарыдағы келтірме-салыстырма мысалмен шектелеміз]. Ал күллі дидактикалық-шешендік толғау өлеңдер өзінің баяндауыш формаларының мақал-мəтелдерге ұқсас келу-келмеу жағынан негізінен алғанда 4-ақ топқа бөлінеді. I. Екі сөйлемді көне мақалдардың бір тобында баяндауыштар əдетте, шартты райдың -са формасы мен есімшенің -ар (не -мас) формалары арқылы жасалады. 1 Салыстырыңыз: Абайдың 7 – 8 буынды 12 тармақ кез келген өлеңін алайық: Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз мас күнің Кімді көрсең бəрі дос. Махаббат қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ, Үміт жақын, көңіл ақ Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар Махаббат-қызық мол жылдар?! Ақырын, ақырын шегініп Ұстатпай кетті-ау құрғырлар, – деген өлең жолында ұзын-ырғасы 45 сөз бар, ал мұның 40-ы дара сөз. Яғни өлеңдегі жалпы сөздің 87%-ы дара сөздер.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 1. Арслан көкрэсэ, ат азақы тушалур, Бөрі ұлыса, ыт бағыры тартышур. 2. Екір болса, ер өлмэс, Андуз болса, ат өлмэс. Міне, мақал-мəтелдегі осы форма шешендік-толғау өлеңдерге тəн бірінші белгі. Бірақ шешендік толғау өлеңде ұйтқы сөзді (сөзмүшені) айқындаушы сөздердің өзара қосар жасауы негізінде келіп туатын өлеңдік ырғақ жіктері бір тармақ ішінде əр тармақтарға «бөлініп орналастырылады», осының негізінде мақалға тəн тұрақты заңдылық «бұзылады». Яғни шешендік толғау мақалға тəн заңдылықты «бұзып», өзінің поэтикалық заңды формасын жасайды. Бұл «бұзу» – оның мақал-мəтелден бөлектенуі, жаңа түр табуы, поэтикалық түр табуы. Міне, осы себепті де шешендік толғаулардың -са жəне -ар (-мас) формалары арқылы жасалуы олардың мақалдармен табысатын бірінші тілдік белгісі болса да, олар бұл формалардың тармақ ішінде не тармақтар аясында қай тұсқа орналасуына орай, үстеме ырғақты сөздер, формалар тіркеуіне орай, мақал-мəтелдік ырғақ жігінен бөлек өлеңдік ырғақ жігін табады. Əрине, сөздердің топтасуы мен тіркесу аясының кеңуі ыңғайымен жоғарыдағы формалардың жол ішіндегі орнында да өзгерістер болып отырады. Осы өзгерістерге байланысты -са жəне -ар (ма-с) формалы өлеңдер іштей бірнеше варианттас түрге бөлінеді. а) Шартты райдың -са формасы мен есімшенің -ар формасы тармақ аяқтарында келіп отыратын толғау өлеңдер, шешендік сөздер. Жол азарға тап болса, Балқаш біткен ұйыған көл болар, Су азарға тап болса, Деңіздей сор көл болар... Қырға боран бораса Нуға боран борар ма? Ел шетіне жау келсе, Халық үстіне дау келсе, Жақсылар көмек сұрар ма?
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ə) -са жəне -ар формалары бір тармақ бойында ілгері-кейінді келіп отыратын өлеңдер, шешендік-толғау сөздер. Тауға біткен қайыңның Солқылдар басы жел өтсе, Тоғайға біткен жоңыршқа Солғын тартар күн өтсе... Əрине, -са жəне -ар формалы мақал үлгілес сөздердің нормасын «бұзу» тəсілі үнемі бірдей болып келе бермейді. Айталық, жоғарыдағы 1–2 өлең жолы қайыңның басы жел өтсе солқылдар түріндегі жай сөйлем. Бұған «тауға біткен» деген анықтауыш сөз қосылу арқылы бастапқы ырғақ-жік бұзылып, тауға біткен қайыңның түріндегі жаңа ырғақ-жік жасалды: яғни жалған сөйлемтармақ жасалды. Ал кейде бұл үстеме қосылулар «тауға біткен» түрінде бір тіркесті мүше-сөз болып келмейді, тармақ-сөйлем болып келеді. Айталық «жар құласа үй кетер, жамандық қылса бас кетер» сияқты мақал формалас афоризмдердің түсініктемесі тұтас сөйлем болып келеді де, жаңа бір вариантты жасауға себепші болады. Айталық, Жар басына қонбаңыз, Жар құласа, үй кетер, Жауға сырды айтпаңыз, Жамандық қылса, бас кетер, – деген шешендік сөзде жəне сол мақал формалас 2 жəне 4 жолдың ескертпе-қосарлары, яғни мақал формалас жолдар түсініктемеленіп отыр. б) -са жəне -ма-с формалары тармақ-сөйлем аяқтарында келіп отыратын шешендік толғау өлеңдер: Булан мүйус салмаза, Булутқа йітіп тұрмас ма? Бурунғы қарылар өлмаза, Бурунжуқ қара йірлэр, тулма(с) ма? Қайында қаршы бутақ булмаза, Қарчыға йірға қонмас ма? в) -са жəне -ма-с формалары бір тармақ бойында ілгеріндікейінді келе беретін өлең түрі. Оралдан қашқан ор түлкі Оралап қашса, ит жетпес Тегеуріні төрт елі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Аспаннан түскен тас түлек Жерге түссе, тек кетпес... Ерні салпы ер аты Семірмес қайта ер өтсе Арбадан үркіп жаман ат Ер салдырмас жал бітсе. Бұл өлеңдер: ор түлкі оралып қашса/ит жетпесі/ тас түлек жерге түссе /тек кетпес түріндегі «жоғалған» мақал формаларынан жасалған. Ал соңғы шумақта бұл із сайрап жатыр. Ол: 1) ер аты, ер өтсе семірмес; 2) Жаман ат жал бітсе ер салдырмас (немесе: жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас). Əрине, мұндағы: ер аты – ер салдырмас; жаман ат – жал бітсе; жал бітсе – жанына түріндегі өзгерістер ассонанс, аллитерация заңына байланысты. Ал ерні салпы, арбадан үркіп дегендер – поэзия «қоспалары». г) -ма-с формасының жалаң өзі жұп тармақтар аяғында қайталанып отыратын өлең түрі. (Асқар, асқар, асқар тау) Асқардан биік тау болмас, Басына балапан торғай пырлап ұшып
қона алмас, Сұңқардан сұлу құс болмас, Солқылдақ жүні қатпай ұша алмас... II. Шешендік толғау өлеңдердің енді бір тобы, жоғарыдағыдай емес, өзінің синтаксистік жүйесінде мақал синтаксисінен біршама бөлекше тұрады. Мұнда мақалға тəн модель-формалардың сөзсіз, шартты жұптығын бұзу бар. Яғни мақалға тəн модель-формалардың біреуін еркін формалар ауыстырған. Осының негізінде бұл шешендік толғаулар мақал синтаксисінің «қатал», «тар», «шартты қыспағынан» шығып, сөйлеу тіліне тəн еркін форма таңдау мүмкіндігіне ие болған. Осының негізінде əрі ол, екінші кезекте, поэзияға қарай бір адым жақындай түскен. Айталық: Қос, қос орда, қос орда Қосылып қонбас бізден соң, Қоспақтанған құба інген Қом жасамас бізден соң1, – 1 «Жақсы үгіт». Қазан, 1908, 11-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі деген өлең, модельдік сипаты барлығына қарамай, едəуір еркін құрылған. Бұған себеп болып тұрған нəрсе, яғни стильдік реңк беріп тұрған нəрсе -ден соң формасының өлеңнің баяндауышұйқасына қатысуы. Болмаса бұл өлең I топтағы шешендік сөздер шартымен Қос, қос орда, қос орда Қосылып қонбас мал кетсе Қоспақтанған құба інген Қом жасамас май кетсе, – түрінде келуі керек еді. Бірақ бұл өлеңнің осы формадағы варианты бізге кездескен жоқ. Керісінше, осыған жақын, жоғарыдағы варианттан бұрын туған аралық өлең нұсқасы бізге сақталып жеткен. Айталық, Бұхар өлеңі ретінде танылған: Қос, қос орда, қос орда Қосыла қонбас малдан соң. Қоспақ өркеш сары атан Қом жасамас майдан соң, – деген өлең бар. Демек, бір өлең үш түрлі формалы вариантта («қосылып қонбас мал бітсе»; «қосылып қонбас бізден соң»; «қосылып қонбас малдан соң») өзгеріске түскен. Міне, осы мысалдың өзі (яғни қом жасамас май кетсе > қом жасамас майдан соң > «қом жасамас біздең соң» – түріндегі өзгерістің өзі) II топтағы өлеңдердің I топтағы өлеңдерден кейін, солардың негізінде, соларға өзгеріс енгізе отырып жаңадан жасалғандығына нақты дəлел болмақ. Əрине, II топтағы өлеңдердің бəрі бірдей I топтағы формалас əуелгі нұсқаның өзгеруі негізінде жасала бермеген, бұлардың біразы бұрын бар модельге өзгеріс енгізу негізінде де жасалған. Ал бұл екінші топтағы өлеңдер ұйытқы формалардың тармақ бойында келуіне қарай бірнеше вариантқа бөлінеді. а) -ар (-ма-с) жəне -ден соң формаларының жұптығы негізінде жасалатын өлеңдер. Ырғақ жігі екі тармақка бөлінетіндігіне қарамай, бұл өлеңдер жай сөйлемді болып келеді. Осы себепті де -ар (-ма-с), -ден соң жұптық формалары бір тармақ бойында болады. 1. Қос, қос орда, қос орда Қосылып қонбас бізден соң,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қоспақтанған құба інген Қоң жасамас бізден соң. 2. Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр тау Бұлдырап қалар елден соң, Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек Бұлдырап ұшар көлден соң. ə) -ар (-ма-с) жəне -ған соң формаларының жұптығы негізінде жасалатын өлеңдер. Бұл өлеңдер сабақтас сөйлем түрінде құрылатындықтан, -ар (-ма-с) жəне -ған соң формалары тармақ аяқтарында келіп отырады. 1. Байтағың бассыз ел болар, Басына тарлық түскен соң. Көзіңнің жасы көл болар, Дұшпаның жем еткен соң... 2. Доңғалақ арба жүре алмас, Екі арысы сынған соң. Жігіт жақсы бола алмас Алғаны жаман болған соң. Осы формалардың жұптығымен жасалатын өлеңдердің кейбіреуі жай сөйлем түрінде де келеді. Таудан аққан тас бұлақ, Айдынға құяр аққан соң... Демек, бұл жерде де өзгеріс сөз-мүшелердің анықтауыш тобының келу ыңғайымен келіп туған. Ал тіпті бұл топтағы өлеңдерде жұп жолды мақалдар сияқты өлең тармағының орнын ауыстыруға келе беретін ерекшеліктері де бар. Айталық: Қоянды қамыс өлтірер, Ерді намыс өлтірер, – немесе: Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер, – түрінде де айтуға болатын сияқты: (1) Ер азамат сəнді емес, (1) Таңдап алған жардан соң.. (2) Не арулар өңді емес (2) Тəңірі қосқан ерден соң, –
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі түріндегі жұп жолдарды да орнын ауыстырып айтуға да келе береді. Немесе жоғарыдағы өлеңді: Екі арысы сынған соң, Доңғалақ арба жүре алмас. Алғаны жаман болған соң Жігіт жақсы бола алмас, – түрінде де қайта құруға болады. Мұның өзі бұл формалас өлеңдердің əлі де болса ауызекі тілге тəн сөз (сөйлем) үлгісіне бір адым жақын тұрғандығын көрсетпек. Өйткені нағыз поэзияға тəн ырғақ-ұйқас негізінде туған өлеңдер бұған əсте көнбейді. Сол сияқты шешендік толғау өлеңдердің бұл тобында таза бір үлгімен жасалатын өлең түрлері де өте сирек. Көбіне бірнеше форма араласып кетіп отырады. Теориялық жағынан келуге тиіс жердің өзінде ағыммен келе жатқан негізгі-ұйытқы форма-тəсіл орнына екінші бір форма-тəсіл киіп кетеді. Айталық: Таудан аққан ақ бұлақ Айдынға құяр аққан соң. Айдын да айдын, айдын көл Қара жер екен қайтқан соң, – деген шумақтағы соңғы жол: қара жер болар қайтқан соң – түрінде келуіне толық заңдылық бар. Ал: Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр тау Бұлдырап қалар елден соң Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек Бұлдырап ұшар көлден соң. Көл жағасы көк терек Көк теректің сəні жоқ Басындағы гүлден соң... – деген өлеңде екі форма тоғысқан: басы бір форма-тəсілге, аяғы екінші форма-тəсілге құрылған. Бұл туралы бірнеше болжам, пікір айтуға болар еді: біріншіден, бұлар өзінің синтаксистік жүйесі жағынан ауызекі сөзге өте жақын, сондықтан олар қайта құруға жеңіл əрі көнгіш келеді; екіншіден, аралас формалы өлеңдер негізінен бізге түпнұсқасы қазір белгісіздікке айналған əлдебір өлеңдердің тоғысуынан, редакциялануынан, қайтадан өзгеше айтылуынан, варианттас өлеңдердің тоғысуынан келіп шыққан.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Айталық: Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек Бұрылып ұшар жаз күні Боз мойынды сұр үйрек Көлге қонар жаз күні... – түрінде келетін өлең жоғарыдағы өлеңдегі. Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек Бұлдырап ұшар көлден соң, – деген жолдарға өте жақын, яғни осы өлеңді негіздей отырып, қайта өзгертіп айтудан туған варианттас жолдар. Ал дəл осы тəсілмен жоғарғы өлеңді қайта құруға əбден болады. Егер мұны: Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр тау Бұлдыр таудың сəні жоқ Баурындағы елден соң. Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек Бұл үйректің сəні жоқ Жайқап ұшар көлден соң, Көл жағасы көк терек Көк теректің сəні жоқ Басындағы гүлден соң, – түрінде қайыра айтсақ, аталған өлеңнің екінші варианты болып шыға келер еді. Біз қазір тап осылай құрылған өлеңді көрмеген соң, «варианты болып шыға келер еді» деп отырмыз ғой. Мүмкін осы вариант бар да, болған да шығар. Шешендік-толғау сөз, шешендік-толғау өлеңдердің бұл екі тобы өзінің жанр ретінде тууында мақал-мəтелмен байланысты, өзінің жасалу формасы жағынан мақал-мəтелмен бірдей болып келіп отырады. Сол сияқты бұлар мақал-мəтелдер сияқты сөйлеу тілі, ауызекі тіл заңдылығына өте жақын заңдылыққа ие: өзінің синтаксистік жүйесінде поэзиядан гөрі сөйлеу тіліне бейімдірек тұр. Ал мұндағы поэзияға тəн белгілер: сөздердің қайталауы, анықтауыштық сөздердің болуы, ырғақ-жігі. Бұлардағы ұйқасты поэзияға тəн ұйқас деуден гөрі бір формалы синтаксистік қайталаулар деген дұрысырақ болады. III. Дидактикалық-шешендік толғау өлеңдердің енді бір тобы мақал формасынан едəуір алшақтау, өзгешелеу, яғни біршама
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі поэтикалық жаңа формалар бар. Шешендік-толғау өлеңдердің бұл тобында ерекше байқалатын негізгі белгі – қайта айту сияқты көрінетін формада туу, яғни бұрын айтылған ойды, пікірді не бұрын жасалған сөзді қайта, жаңаша айтатындай көрінетін формада туу. Ал мұның өзі жалпы дидактикалық-шешендік толғау өлеңдердің стиліндегі жаңа құбылыс – соңғы құбылыс. Бұл шешендік толғау-өлеңдердің негізгі ерекшелігі -де көмекші етістігінің ұйытқылығымен жасалуы, логикалық төл сөзді формада жасалуы. Атадан алтау тудым деп, Асқынып жауап айтпаңыз. Алғаным асыл ару деп, Күн шығарып жатпаңыз. Атамның малы көпті деп, Атты басқа тартпаңыз... немесе: Құрсағы жуан боз бие Құлын салмас демеңіз, Құландар ойнар қу тақыр. Қумарсып құран бітпес демеңіз... Осы формада жасалу арқылы дидактикалық-шешендік толғау өлеңдер жалаң шешендік абстрактілік сипаттан тікелей, нақты ақылға, үгіттік өнегеге ауысты. Дəлірек айтқанда, қазақтың азаматтық поэзиясында дидактикалық-философиялық мəнді шешендік өлеңдер жалпылай айтылатын абстрактілі сипаттағы пікірден нақты үгіттік ақылға көшу, өмірге, адамдарға бір табан жақын келу барысында осы стильді тапты. Бірақ бұл топтағы шешендік толғау өлеңдерде деп формалық жолдармен қатар мақал формалас жолдар кейде аралас та келіп отырады. (1) Жал құйрығы қаба деп (2) Жабыдан айғыр салмаңыз, (3) Қалыңмалы арзан деп (4) Жаман қатын алмаңыз. (5) Жабылдан айғыр салсаңыз (6) Жауға мінер ат тумас. (7) Жаман қатын алсаңыз, (8) Топқа кірер ұл тумас.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Осындағы деп формалы алдыңғы төрт жол өлең мақал үлгілес соңғы төрт жол өлеңнің негізінде туған. Бірақ бұл алғашқы төрт жолда салдардан туар нəтиже айтылмай тұр. Ал мақал үлгілес соңғы төрт жолда салдар мен нəтиже қатар айтылған. Əрине, бұл кездейсоқ құбылыс емес, бұл араластық – дидактикалық-шешендік поэзиядағы ізденіс көрінісі. Мұнда əлі де болса мақалдық тəсілден қол үзбеу анық байқалады. Яғни ауызекі сөйлеу тілінің стиліне тəн мақал қосып сөйлеу тəсілі мақалдық үлгіде сөйлеуден жіктеліп, поэзияға ойысқан шешендік-толғау өлеңдерге де белгілі бір деңгейде ортақ болған. IV. Жоғарыдағы үш топтағы өлеңдер белгілі бір санаулы формалар аясында ауызекі тілі материалы, ауызекі тіл жанры мақал сөзге өте жақын синтаксистік жүйеде жасалғандықтан, оларды өлең деуден гөрі дағдыда, салтта, көбіне-ақ шешендік сөз, тақпақ сөз деу басым. Бұл топтағы сөздерді айту процесін тақпақтай сөйлеу не тақпақтай шешен сөйлеу дейді. Міне, дидактикалық-шешендік толғаулардың бір тобы – осы сөз деген ұғымнан, танымнан бір саты жоғары тұрған шын мəніндегі терме-толғау өлеңдер. Бұл өлеңдер ортақ мотивті вариантты болып келу жағынан жоғарыдағы үш топтағы сөз үлгілерімен табысады, ал олардан өзінің формасы жағынан едəуір ерекшеленеді: біріншіден, бұл өлеңдерде баяндауыштық, тармақтық ұйқастар, мақалдағыдай, мақал үлгілес шешендік сөздердегідей шартты формаларға ғана негізделмеген, бұларда ұйқас құруға сөз таңдауда еркіндік бар, екіншіден, өлең бастан-аяқ бір ғана ұйқасқа құрылады, яғни ұйқас жасауда қатаң талап бар. Ал мұның екеуі депрофессионал поэзияға тəн негізгі ерекшелік. Демек, бұл топтағы өлеңдер – ауызекі сөйлеу тіліне жақын синтаксистік күйдегі шартты формалы мақалдар үлгісінде жасалған сөздерден бір саты жоғары – поэзия шартына сай сөз жəне дыбыс ұйқасына құрылған. Өлең тармақтары формалықұйқастық жағынан жұптық бірлікте келіп отырады. Əсіресе, ұйқас, ырғақтары алғашқы үш топтағы өлеңдерден бір саты көтеріңкі, яғни мұнда əуендік үн жоғары. Бұлар шешен тақпақтай айтуға емес, əуезге, музыкаға негізделген, əуез құндағында туған. Қысқасы, бұлар – профессионал ақынға тəн анық творчестволық туындылар.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұл топтағы өлеңдерге: 1) «Бəйге алмаған жүйріктен, Белі жуан бесті артық», (2) «Алыстан қызыл көрінсе, Манат емей немене?», (3) «Көкте бұлт сөгілсе, көктен болмас не пайда?», (4) «Айналайын, Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?», (5) «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек, Бұлдырап ұшар жаз күні», (6) «Тоғай, тоғай тоғай су, Тоғайға қондым өкінбен», (7) «Жалп, жалп еткен жапалақ, Жазыда кімге жолдас болмаған», т.б. өлеңдер жатады. Əрине, бұларды осы ерекшелігіне қарап, белгілі бір нақты кезеңде туған поэзия үлгісі деуге тағы да келмейді. Бұл формалас өлеңдердің біразы XV–XVI ғасырда жасаған Қазтуған, одан бері XVII ғасырда жасаған Ақтамберді, XVIII ғасырда жасаған Бұхар, XIX ғасырда жасаған Махамбет атына байланысты өлеңдер. Демек, бұл бір алуандас формалы өлеңдер де XV ғасыр мен XIX ғасыр аралығына, уақыт жағынан барынша алшақ дəуірге тең, ортақ, бірақ осыған қарамай, бұлар форма жағынан өте жақын үлгіде келіп отырады. Айналайын, Ақ Жайық Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда Еніңкі кірер күн қайда? Қара бұлан терісін Етік қылар күн қайда? [32] Күлдір-күлдір кісінетіп Күреңді мінер ме екенбіз? Күдеріден бау тағып Қымқапты киер ме екенбіз? [33] Тоғай, тоғай, тоғай су Тоғайға қондым өкінбен Толғамалы ала балта алып, Топ бастадым өкінбен... [34]. Демек, бұл топтағы терме-толғау өлеңдердің формасы белгілі дəуір үшін жаңа емес, жалпы қазақ поэзиясы үшін жаңа. Ал бұл жаңа өзінің басын XVI ғасырдан ала ма, не XV ғасырдан ала ма? Бұл бізге барынша көмескі. Осы себепті де бұл үлгіні XV–XIX ғасыр арасында туған қазақ поэзиясындағы ортақ модель ретінде қарау керек болады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Яғни XVI ғасырдағы «Досмамбет сөзі» де, XVII ғасырдағы Ақтамберді, XIX ғасырдағы Махамбет өлеңдері де осы ортақ модельде шығарылған. Осы модель ортақтық, жасаған дəуірлерінің алшақтығына қарамай, бұларды бір-бірімен барынша жақындастырады [Əрі бұл бізді барынша шатастырады да]. Əрине, сырттай ұқсас осы өлеңдер іштей едəуір айырмашылыққа ие. Айталық, 1. Айналайын, Ақ Жайық Ат салмай етер күн қайда? 2. Жалп, жалп еткен жапалақ Жазыда кімге жолдас болмаған? – дегенде, бір сөйлемнің екі тармақты қамтуы – сырттай ұқсастық, ал негізгі сөйлем мүшелерінің екі жолдың қай бағытында орналасуында бұлар бір-бірінен бөлектенеді: егер соңғы өлеңде бастауыш бірінші жолдың аяғында, баяндауыш екінші жолдың аяғында тұрса, алғашқы өлеңде баяндауыш пен бастауыш екінші жолда қатар келіп отырады. Мұны «Бəйге алмаған жүйріктен» өлеңінен де көруге болады. Бəйге алмаған жүйріктен Белі жуан бесті артық Байлауы жоқ шешеннен Үндемеген есті артық... Ал «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» өлеңінде негізгі сөйлем мүшелерінің келу орны үшінші басқа: Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек Бұрылып ұшар жаз күні. Боз мойынды сұр үйрек Көлге қонар жаз күні... Осы екі өлеңде де ұйқас қайталамалы сөздерге құрылған, бірақ екеуінде қайталап келетін сөздердің сөйлемдік қызметі екі басқа. Демек, бұлар – ырғақ жағынан екі түрлі өлең. Ал: Тоғай, тоғай, тоғай су// Тоғайға қондым//өкінбен// Толғамалы ала балта қолға алып// Қол бастадым//өкінбен... – деп келетін өлең өзінің ырғағы, негізгі сөйлем мүшелерінің келукелмеуі жағынан үшінші бір түрлі өлең.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қорыта айтқанда, бұл топтағы өлеңдер, біріншіден, түр жағынан I–II топтағы өлеңдерден жаңа, шын мəніндегі поэтикалық түр; екіншіден, модель жағынан XV–XIX ғасыр арасындағы қазақ поэзиясына бірдей ортақ. Міне, осы себепті де ортақ мотивті, вариантты, модельдес бұл өлеңдер тілінің осы сияқты ерекше белгілерін сөз етумен тынамыз. Өйткені бұл өлеңдерге тəн тілдік белгілердің біразы Бұхар мен Махамбет өлеңдеріне де ортақ. Біз осы ақын-жыраулар тілін сөз еткен орайда салыстырма ретінде қайта оралатын боламыз. ƏДЕБИЕТ 1. Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясы. Алматы, 1967. 2. Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясы. Алматы, 1967. 101-б. 3. XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары. Алматы, 1962. 4. XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары. Алматы, 1962. 53-54-бб. 5. Радлов В.В. Образцы... Ч. III, 1870; С. 714-724; Лютш Я. Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной литературы киргиз Туркестанского края. Ташкент, 1883. С. 226-249. 6. Радлов В.В. Образцы... Ч. III, 1870; С. 714-724; Лютш Я. Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной литературы киргиз Туркестанского края. Ташкент, 1883. С. 47-48. 7. Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы архиві, № 849 папка. 8. XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. Алматы, 1962. 38-б. 9. Өмірəлиев Қ. Ортақ мотивті вариантты поэзия үлгілері жайлы // Қазақстан мектебі. 1969, № 6, 85-б. 10. Радлов В.В. Образцы.., Т. V. С. 35. 11. Радлов В.В. Образцы... Ч. VII. С. 167; В. Радлов бұл ноғайлардың Қырымға келуі жөнінде былай дейді: «Они в конце прошлого столетия покинули Северный Кавказ и отправились на запад по северному берегу Черного моря» (Сонда. XII б.). 12. Радлов В.В. Образцы... Ч.. IV. С. 131. 13. Қарақалпақ халық қосықлары. Нөкис, 1965. 315-б. 14. Қарақалпақ халық қосықлары. Нөкис, 1965. 313-б. 15. Қарақалпақ халық қосықлары. Нөкис, 1965. 31-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 16. Шешендік сөздер // Құрастырған Адамбаев Б. Алматы, 1967. 83-б. 17. Өтемісұлы М. Өлеңдер. Алматы, 1962. 17-б. 18. Шайыр..., 33-б. 19. Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967. 116-б. 20. Өтемісұлы М. Өлеңдер. Алматы, 1962. 52-б. 21. Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. Алматы, 1964. 279-280-бб.; Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясы. Алматы, 1967. 126-127-бб. 22. Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. Алматы, 1964. 279-280-бб.; Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясы. Алматы, 1967. 146-б. 23. Шекті Мөңке би сөзі // Жақсы үгіт, 13-б.; Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті, 285-б. 24. Шалкиіз сөзі // Хрестоматия, 114-б. 25. Шекті Мөңке би сөзі // Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті, 284-б. 26. Шекті Мөңке би сөзі // Жақсы үгіт, 15-б. 27. Шалкиіз сөзі // Хрестоматия. 113-б.). 28. Шекті Мөңке би сөзі // Жақсы үгіт, 13-б. 29. Шалкиіз сөзі // Хрестоматия, 114-б. 30. Хасан Ғали колжазбалары. 31. Шайыр... 28-б. 32. Шайыр... 34-бет. Махамбет (XIX ғ.) өлеңдері. Алматы, 1962. 31-б. 33. Ақтамберді сөзі (XII ғ.) // Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967. 122-б. 34. Доспамбет сөзі (XVI ғ.). // Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967. 107-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ТӨРТІНШІ ТАРАУ БҰХАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ 1. Бұхар өлеңдерінің текстологиясы Бұхар жыраудан бізге жеткен мұра көп емес, бас-аяғы 600 жолдай өлең. Бірақ бұл өлеңдердің бəрін бірдей осы жыраудікі деуге тағы да келмейді. Алдағы тарауларда мұның өзі бір Бұхар өлеңдері ғана емес, қазақ поэзиясының арғы дəуіріне тəн көп-көп үлгілеріне де ортақ жай екендігі біршама сөз болған. Онда Бұхар өлеңдері деп танылып жүрген біраз өлеңдер де қоса əңгіме етілген. Бір ескеретін жай: Бұхар жасаған дəуірде қазақ жүздерінің басы бір емес, бірнеше рет қайта қосылып отырған. Оңтүстігінде – Сыр бойындағы қарақалпақтар мен түрікмендер де, солтүстігінде – Тобыл, Ертіс татарлары да аралас-құралас жағдайдағы көршілер болды. Бұхар «Қалдар ханмен ұрысып» деген өлеңінде былай дейді: Қалдар ханмен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп. Сондағы жолдас адамдар Қара керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақ ұлы Жəнібек Сіргелі Қаратөлек Қарақалпақ Қылышбек Текеден шыққан Сатай бөлек... Оның сыртында Бұхар өз кезінде аты жұртқа даң болған жырау. Ол айтты деген сөз дүйім қазаққа кең тараған. Қарақалпақ, Бараба татарлары арасында жүрген сөздер сол елдің мұралық поэзия үлгілеріне айналып үлгірген Бұхар сөзі болуы да мүмкін. Қазақ ішінде пəленше, түгенше айтты деген сөздер туралы да осыны айтуға болады. Ал, керісінше, кейінгі жұрт
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі атақты жырауға одан бұрын жасаған кісілердің сөздерін телуі де мүмкін. Бұл екі мүмкіндіктің сыртында Абыз жырау Бұхар тіліне өнеге-үлгі айтар бір сəттерде халық поэзиясының өзіне дейінгі сөздері оралуы, оны жырау я сол күйінде, я жағдайға қарай өзгерте айтуы мүмкін. Халық Бұхар аузынан шыққан мұндай сөзді де жыраудікі деп қабылдап, жадында солай сақтаса керекақ. Ал кейін Бұхар тіліне тиек болған негіз сөз қайсы, бұхарлық өзгерту қайсы? – дегеннің ізі мүлде жойылған болар. Өйткені Бұхардан кейінгі айтушылар Бұхардың өз сөзі мен Бұхар сөзіне тірек сөздің ара-жігін мүлде жойып, ұластырып жіберген. Сөздің беделді Бұхар атына байланысты варианты, редакциясы жұртқа кең таралуы алғашқы нұсқаны ұмыттырып жіберген. Сөз жоқ, бұл жерде Бұхардай үлкен жыраудың ақындық шеберлігі де себепші болды. Ұлы ақын Абайдың: Сиырша тойса мас болып Өреге келіп сүйкенер, – деген афоризмі бар. Осы афоризмнің тегі бар-жоғына я абайлық тың сөз екендігіне байланысты бір нəрсе айта кою өте қиын. Ал бұл жерде зерттеушіні тұйықтан шығаратын, «білгір» ететін «жаман сиыр өрешіл» деген халық мақалының сақталып қалуы ғана. Егер бұл мақал болып, бірақ сақталмаса, Абайдың жоғарғы сөзі туралы талдауларымыз жалған ақиқат болар еді. Міне, осы тұрғыдан келгенде Бұхар сөзі деген біраз сөзге де аса жауапкершілікпен қарау керектігі өзінен-өзі бірінші кезектегі мəселеге айналмақ. Біз Бұхар өлеңдері деген өлеңдерді, негізінен, төрт топқа бөлдік: 1. Бұхар өлеңі екендігі, я еместігі таза шартты өлеңдер. Бұлар: «Ақсаңнан биік тау болмас», «Ақсұңқар құстың баласы», «Жар басына қонбаңыз», «Алыстан қызыл көрінсе», «Асқар таудың өлгені», «Əлемді түгел көрсе де», «Көкте бұлт сөгілсе», «Батпақты сайға су түссе», «Арту, арту бел келсе», «Қара арғымақ арыса», барлығы 10 өлең, 150 жол. Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің Бұхар өлеңдері деген қолжазбасында бұл өлеңдер түгелінен бар жəне кейінгі кездегі жинақтарға да енгізіліп жүр.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 2. Бұхарға қатемен таңылып жүрген өлеңдер. Бұлар «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» (28 жол), «Ей, айтшы, Алланы айт» (26 жол), «Ақтың үйі мешіті» (24 жол), «Ай, заман-ай, заман-ай» (41 жол)1. Бірінші топтағы өлеңдердің шартты түрде бөлек алыну себебі жоғарыда сөз болған, ал екінші топтағы өлеңдерді Бұхар өлеңі емес дегенде біз мына жайды ескердік. Бірінші тілдік белгілер «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» деген өлең Бұхар тұсынан ертерек туған. Өлеңде байлар ұғлы шоралар деген сөз екі рет келеді, хат емес, жазбаша жеткен ескерткіш емес, ауызша сақталған, онда да қазақ ішінде сақталған өлеңде ұғлы формасындағы сөздің жүруі күдікті. Сол сияқты байлар ұғлы шоралар тіркесі бұрын-соңды қазақ поэзиясындағы дəстүрлі тіркестен өзгеше құрылған. «Ер Шобан» жырында: Қанды ауызға сырлап салған жебе еді, Хан ұлы төре еді Би ұлы шора еді, – түрінде келсе, ол Беріш Мөңке... билер айтты деген өлеңде: Байдың ұлы мырзалар, Бидің ұлы шоралар, – түрінде келеді. Бай ұлын шора деп атау қазақ жырларында кездеспейді. В.В. Радлов бұл өлеңді өзінің «Түркі тайпалары əдебиетінің үлгілері» деген жинақтарының Бараба татарлары əдебиетіне арналған IV бөлімінде келтірген. Ал бақсылардың сарынына ұқсас «Ей, айтшы, Алланы айт» деген өлең Бұхар өлеңдері стиліне жанаспайды. Тіпті Бұхар кезіндегі дəстүр тұрғысынан қарағанда да өлеңді: «Ей, айтшы, Алланы айт» түрінде бастаудың өзінде қате бастау бар еді. «Ей, айтшы, Алланы айт» жəне «Ақтың үйі мешітті» деген екі өлең небары 56 жол ғана, ал осында 56-дан артық араб-парсы сөзі, сөз тіркестері бар. 1 Соңғы үш өлең Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы архивінде сақталған. М. Ж. Көпеев қолжазбаларының 334-нөмірлі негізгі папкасында жоқ, бұлар 1117-нөмірлі папкада бар. Бір ескертетін жай: біз бөліп алып отырған бірінші əрі екінші топтағы өлеңдер М. Əуезов жинап «Таң» журналында бастырған Бұхар өлеңдерінің ішінде де, С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары» (1-жинақ, 1931) деген кітабында келтіретін Бұхар өлеңдерінің ішінде де жоқ.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Əңгіме бұл екі өлеңде араб, парсы сөзінің көптігінде ғана емес, өлеңнің жанрлық ерекшелігі, жанрдың, белгілі бір өлең стилінің туу дəуірі, ақын я жыраудың қай жанрда көрінуі дегенді ескертсек те, бұл өлеңдердің Бұхарға тəн еместігін көрер едік. Сол сияқты Шортанбай стиліндегі «Ай, заман-ай, заманай» деген өлеңді Бұхарға телу де қиянат. Қазақ поэзиясының XVIII ғасырдағы даму дəрежесіне бұл үлгілес өлең барынша жат көрінбек. Мұнымен біз Бұхарға беріліп жүрген бағаны кемітуді я оны əлдеқандай бір мін-кінəдан арашалауды ойлап отырғанымыз жоқ. Бір өлеңді Бұхар өлеңі емес деумен мəселе тына қойса, оның арғы жағында əрбір сөз болмаса, мəселе тек санда, атауда, иелікте ғана тұрса, іс басқа. Бірақ осы алғашқы деу, демеудің ыңғайымен туатын бірнеше деу, демеулер болмақ. 3. Бұхардың ортақ ой, ортақ мотивке құрылған өлеңдері. «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер тұтқан» – барлығы 100 жол өлең. 4. Бұхар жыраудың төл туындылары. «Абылай ханның қасында (Бұхарекең жырлайды)», «Ай, Абылай, Абылай (Сені мен көргенде)», «Ханға жауап айтпасам», «Қалдар ханмен ұрысып», «Əй, Абылай, сен он бір жасыңда», «Арам болған жиырма бес», «Керей, қайда барасың», «Ай, Абылай, Абылай...». Барлығы 364 жол өлең. Міне, біз Бұхар өлеңдерінің тілі туралы қарастыруларды осы соңғы 3–4 топтағы өлеңдер төңірегіне құрамыз. Əрине, Бұхар жырау өлеңдері бізге өзгеріссіз, сол күйінде келіп жеткен жоқ. Жырау өлеңінің о бастағы нұсқасы мен қазіргі айтылуы арасында қаншалықты алшақтық бар, ол бізге белгісіз, бірақ бергі дəуірде əр ретпен жазылып, қағазға түскен өлеңдердің өзінде едəуір айырымдар кездеседі. Ал текстік айырымы бар формалы сөзді, тіркесті, яғни вариантты форма мен сөздің, тіркестің бірін тілдік ерекшелік ретінде жай таңдай салуға əсте болмайды. Айталық, жыраудың бір өлеңінің аты М.Ж. Көпеев пен Сəкен Сейфуллинде «Ханға жауап айтпасам» болса, М. Əуезовте «Ханға жауап бермесем» делінген. Осы екі тіркестің қайсысы Бұхар тұсында норма болды? Ал екеуі де ауызекі тілде бола қойғанның өзінде Бұхар поэзияда қайсысын таңдады? Егер: (1) Ханға жауап айтпасам, (2) Ханның көңілі қайтады,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (3) Қандыра жауап сөйлесем, (4) Халқым не деп айтады. (5) Қайғылы мұндай хабарды (6) Сұрамасаң нетеді (7) Сұраған соң айтпасам, (8) Кісілігім кетеді. (9) Енді айтайын тыңласаң (10) Айтты деп қаһар қылмасаң,– деген 10 жолда айт сөзі 5 рет келетіндігін ескерсек əрі 1, 3-жолдағы жауап айтпасам, жауап сөйлесем түріндегі синоним тіркесті ескерсек, онда жауап айту түріндегі тіркес Бұхар дəуірінде актив форма болған сияқты. Осы себепті де Бұхар өлеңдеріне текстологиялық салыстырулар жасау əбден керек. Мұның өзі, біріншіден, жоғарғы үлгіде алғашқылық, соңғылық қайсы дегенді біршама анықтауға көмектессе, екіншіден, жырау өлеңдері текстологиялық жағынан қандайлық дəрежеде ауытқуларға ұшырады жəне оның сипаты қандай дегенді бағдарлай есептеуге мүмкіндік береді. Əрі мұның өзі ауызша жеткен өзге мұралардағы өзгерістердің дəрежесіне, олардың қай сипаттастығына да аналогия жасауға мүмкіндік береді жəне бұл аналогияның маңызы елеулі болмақ. «Айналасын жер тұтқан» Бұл өлең М.Ж. Көпеев (№1) қолжазбасында 23 жол, С. Сейфуллин (№ 2) кітабында 21 жол, М. Əуезов (№3) бастыруында 21 жол. а. Жеке сөздердің қолданылуындағы айырымдар: 1. Айнала ішсе таусылып (1) » » азайып (2, 3) 2. Құрсағы қушақ байлардан (1, 3)
жуан » (2) 3. Жарлы байға тең келіп (1) » » теңеліп (2, 3) 4. Жайлауға жарыса көшпес демеңіз (1) » ( . . . . ) » » (2, 3) 5. Жапанда бір соғысып (1) Бір жапанда соғысып (2, 3) ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 6. Құшағы жуан боз бие (1) » » биелер (2, 3) 7. Қурай бітпес демеңіз (1) Көлшік болмас » (2, 3) ə. Өлең жолдарының ауысуымен бар-жоғындағы айырымдар: 1. Құландар ойнар қу тақыр Қурай біткен құба жон Қурай бітпес демеңіз Құлан жортпас демеңіз, Қурай біткен құба жон Құландар ойнар қу тақыр Құлан жортпас демеңіз Көлшік болмас демеңіз (1)
(2,3) 2. Қу таяқты кедейге (..................................) Дəулет бітпес демеңіз Демек, 2 жəне 3-нөмірлі нұсқалар бірдей. Ал өзгешелік дегенде таусылып – азайып, құшақ – жуан лексикалық синонимдік айырым; тең келіп – теңеліп сөз бен тіркестегі синонимдік айырым; жарыса сөзінің түсірілу ырғақтық-буындық өлшем заңынан туған кейінгі өзгеріс; ал бір сөзінің орын алмасуы (белгісіздік мəн алуы) кейінгі нəрсе, яғни бір сөзінің шылаулық қызметі поэзияда пассивтенген дəуірге тəн соңғы өзгеріс; боз бие – биелер түріндегі қатарға келсек, біріншіден, сындық формасымен айту көне құбылыс, екіншіден, ауыз əдебиетінде төрт түлік көптік формамен жиі айтылмайды. Ал халық поэзиясында дыбыстық анафораға əуестік барынша басым болғандығын ескерсек, құрсағы құшақ («күрсағы жуан» емес), қурай бітпес («көлшік болмас» емес) тіркестері бірінші кезекке шықпақ. «Ай, Абылай, Абылай» Бұл өлеңнің М.Ж. Көпеев (№1) қолжазбасы мен Жаманқұлұлы Рақымжанның «Таң» журналына (1925, № 3) бастырған нұсқасы (№2) өте ұқсас. а. Жеке сөздер мен өлең жолындағы айырымдар. № 1 1. Əбілмəмбет патшаға 2. Қалтаңдап жүріп күнелтіп 3. Үйсін Төле билердің № 2 хандарға (. .) бидің
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 4. Сен жиырма жасқа келгенде 5. (1) Алтын тұғыр үстінде 6. (2) Ақ сұңқар құстай түледің (3) Дəулет құс қонды басыңа (4) Қыдыр келіп қасыңа (5) Бақ үйіне түнедің 6. Алмаған жауың қоймадың Алғанменен тоймадың Несібеңді жаттан тіледің. 7. Уа, сен Қанжығалы Бөгенбай Тақым кеппес ұры едің Түн қатып қана жүр едің Қабанбайдан бұрын найзаңды Қай жерге жауға тіредің 8. Абылай-ау, Абылай Момынға келіп бек болдың Атаңды білмес құл едің 9. Атаңның тегін сұрасаң 10. Бөз тоқыған сарт едің 11. Қайда алтынның буы едің 12. Аузыңа құдай қаратып 13. Жусатып тағы ергізіп 14. Жұмсап бір тұрсын қолыңнан 15. Ақтап болды-ау мүніңіз Арсы менен күрсіге Тайталасты үніңіз Өзің болған күніңде Бір көшке сыйлайды Азаткер де құлыңыз 16. (. .. .) 17. Күнінде мендей жырлайтын жиырма жасқа келгенде (1) Дəулет құс қонды басыңа (2) Қыдыр келді қасыңа (3) Бақ үйіне түнедің (4) Ақ сұңқар құстай түледің Сен қанжығалы Бөгембай Қамалды бұзып қақ жарған Қайда батыр ер едің Батырдай жүлде игі деп Жортып қана жүр едің Жұрт аузына ілінген Тақымың кеппес ұры едің Қабанбайдан бұрын найзаңды Жауға қашан тіредің. Ай, Абылай, Абылай! Алмаған жауың қоймадың Алсаң дағы тоймадың Несібеңді елден тіледің Момынға келіп би болдың Ата білмес құл едің. Ата тегің сұрасаң Бөз тоқып жүрген сарт едің Қай
» » (. . .) » қойдай Жұмсап тұрсын қолыңнан Орыспенен соғысып Күнде мендей сөйлейтін. Бұл өлеңде де текстологиялық айырым соншалық көп емес əрі олар тілдік-стильдік жағынан елеулі де емес. Айталық, патшаға – хандарға, билердің – бидің, алғанмен – алсаң дағы, жаттан – елден, бек – би, қайда – қай, атаңды білмес – ата білмес, жырлайтын – сөйлейтін түріндегі айырымдар өлеңнің тілін тарихи тұрғыдан карап сөз етуге ешқандай нұқсан келтірмейді. Ал жолдардың артық-кемдігі, жол жəне сөз ауысуы халық поэзиясына
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі тəн бірден-бір ерекшелік. Бұған – өлең жолының ұмытылуы, қайта айту барысында алдыңғы жолдардың мазмұн əрі ұйқас толқыны жаңа жолды туғызуы, жол ішіндегі сөздердің біріне мағыналық екпін түсіру əсерінен сөздердің орын ауысуы, т.б. жатпақ. Айталық: Қабанбайдан бұрын найзаңды Қай жерде жауға тіредің, – дегенде екпін қай жерде тіркесіне түсіп тұр. Əрі басқа емес, дəл осы мағына беру қай жерде түріндегі форманы тауып отыр. Ал: Қабанбайдан бұрын найзаңды Жауға қашан тіредің, – дегенде жауға сөзіне ерекше мəн беріліп, бұл сөз жолдың басына ауысып отыр. Бірақ бунақтық өлшем, ырғақ өлшемі, ырғақ толқыны жолдың жауға сөзінен кейінгі тұсына төрт буынды (қай жерде) сөзді «сыйғыза алмайды». Ырғаққа келіп тірелген дағдарыстан шығу қай жерде тіркесін қашан сөзімен қолма-қол ауыстырып отыр. Қабанбайдан бұрын найзаңды (Қай жерде жауға тіредің?) (Жауға
<қай жерде> тіредің) (Жауға қашан тіредің.) Міне, мұндай текстологиялық ауытқулар заңды ауытқуларға жатады. Сондықтан да мұндай вариантты жолдардың бірін негізгі, бірін соңғы деп бөлмей, екеуін де қатар алып, талдау объектісі ету керек болады. Ал енді: Үйсін Төле билердің Үйсін Төле бидің, – дегенде бірінде ырғақ əуенімен кетіп, буын өлшемі заңдылығына бойсұну бар да, бірінде грамматикалық заңдылыққа бағыну бар. Сөз жоқ, буын өлшемі заңдылығын ескере бермеу қазақ поэзиясы үшін көнелік белгі. Жусатып қойдай ергізіп, Жусатып тағы ергізіп, – дегенде, алғашқысында халық тіліндегі қойдай жусатып өргізіп (тұр) деген фразеологияны поэзияның ырғақ заңына икемдеп, сөз орнын ауыстырып қана пайдаланған. Ал екіншісінде халықтық фразеологияны «бұзып» пайдалану ізі бар: тағы сөзін кіргізіп, тіркестегі қимылдық мазмұнға реңк, бояу беру мақсаты көзделген.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Біз Бұхардың барлық өлеңіне текстік талдау жасамаймыз, өйткені біз жыраудың тілін текстологиялық жағынан талдауды емес, өзінен аттап кетуді көтермейтін бұл мəселеде қандай принцип ұсталынуы керектігін бірінші кезекке қойып отырмыз. Жəне жырау тілін талдау барысында көрінуге тиіс пікірлердің туу көзінің нақты материалдық эскизін түсіруді ойладық. * Бұхар – халықтық өнеге оқуы дидактикалық поэзия мен азаматтық поэзияның жыршысы. Ол «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер тұтқан» сияқты өлеңдері мен өзіне дейінгі халықтық дидактикалық поэзия дəстүрін ілгері дамытса, «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, Абылай, сені мен көргенде», «Ханға жауап айтпасам», «Керей қайда барасың» əрі «Бірінші тілек тілеңіз» сияқты өлеңдерімен арғы жерде Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып əрі түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дəуірі мəселесіне араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті. Бұхардың жəне оның поэзиясының өзіне дейінгі жыраулардан, олардың өлеңдерінен ерекшелігі, міне, осында жатыр. Бұхарға дейінгі халық поэзиясы тарихында біз «Шалкиіз өлеңдері», «Асан қайғы өлеңдері», «Жиембет өлеңдері» деген атаудан, танымнан жоғары тұратын мұраны білмейміз. Асан қайғыны қоспағанда, Бұхарға дейінгі аты əйгілі жырау-ақындардың бəрі де құрғақ дидактикалық мазмұнды өлеңнен, жеке субъективтік мүдде тұрғысынан келетін ерлік-батырлық, ішінара арнау өлеңдерден ары барған жоқ. Ал Бұхар жалпы халықтық тақырыпты сөз етіп, олардан бір саты жоғары көтерілді. Оның өлеңдеріндегі ой жекенің ойы емес, көптің, өз дəуірінің ойы болды, ол ой қоғамдық сипат алды, ал мұндай ой-пікірге ие өлеңдер «өлең» деген атау беретін мағына аясынан шығып, «поэзия» деген атау беретін мағына аясында түсіну дəрежесіне көтерілді. Бұхар поэзиясы деген поэзия жасалды. Мəселеге осы тұрғыдан келіп қарағанда академик Қ. Жұмалиевтің Бұхар жөніндегі пікірінде жанамалап келетін даусыз шындық бар.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Əрине, ол: «Қазақстанның қай облысында, қай өлкесінде болсын шығармалары өз атымен аталып, өзінің авторлығын толық сақтаған, сол кезде өмір сүрген бірінші ақын, тарихи адам – Бұхар жырау. Сондықтан ол əдебиет тарихының басы болып саналады» [1], – деген тұжырыммен келетін пікірі емес, қазақ əдебиетінің арғы дəуіріне арналған кейінгі кездегі зерттеулер аты мен шығармасы бірдей сақталған өзге де тарихи адамдарды анықтап отыр [2]. Мəселеге жалаң тарихи болған автор жəне шығарма тұрғысынан қарау бір жақтылық, академик Қ. Жұмалиевтің жоғарыдағы пікірі өзге зерттеуші ғалымдар тарапынан қарсылық тауып жүрсе, онда шындық бар. Ал мəселеге тақырып, ой, пікір, оның сипаты жағынан келгенде, Бұхарға басқа емес, дəл осы жағынан келгенде Қ. Жұмалиев даусыз пікірдің иесі. Қазақ əдебиеті тарихында түгеннің поэзиясы дейтін поэзия ең бірінші рет Бұхар атына ғана байланысты көрінді. Бірақ бұған Бұхар алдында поэзия болмады деген пікір əсте тумайды, тұтас алғанда халық поэзиясы болды, яғни дидактикалық, ерлік-азаматтық жыр үлгісіндегі поэзия болды. Ол поэзияның өкілдері болды, ал жеке алғанда жырауақындар болды, олардың дидактикалық ерлік-азаматтық сарында, үлгіде туған өлеңдері болды. 2. Бұхар поэзиясы тілінің лексикалық құрамы Бұхар поэзиясы тілінің лексикалық құрамы едəуір бай. Мұның өзі сол кездегі қазақ тұрмысының жырау өлеңдерінде біршама бой көрсетуіне байланысты еді. Өйткені сөзді поэзияға жетектеп əкелетін тақырып. Əрине, Бұхар өлеңдерінің бəрі бірдей тақырып жағынан сараланып келе бермейді. Айталық, «Қалдар ханмен ұрысып» деген өлең таза ерлік, жорық тақырыбына құрылса, «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар күннен соң» сияқты өлеңдер халықтық философияға негізделген. Ал бұл философия отбасындағы шарттылықтан ай мен күнге дейінгі аралықтағы заттардың, құбылыстардың ерекшелігінен түйіндеу, пайымдау жасайды: ай да батады, бəйшешек те солады, қу тақырға қурай біткендей қу таяқты кедейге де дəулет бітеді. Яғни бұлар философиялық ұғым берудегі тілдік-стильдік тəсілдің материалдары.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Егер «ай батты, көл суалды, бəйшешек қурады, қамқа тон шүберек болды, Қарымбайдың дəулеті тайды» – десек, мұндағы сөздер таза табиғат пен тұрмыстық лексика. Айналасын жер тұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе таусылып, Көл суалмас демеңіз, Құрсағы құшақ байлардан Дəулет таймас демеңіз... Құлпырып тұрған бəйшешек Қурай болар солған соң, Хандар киген қамқа тон Шүберек болар тозған соң, – дегенде ай батуы, көл суалуы, дəулет таюы, бəйшешектің қурай болуы, қамқа тонның шүберек болуы екінші бір жаңа мағына үшін қызметке жегіліп отыр. Бірақ бұларды мəңгілік, өтпелі, ауыспалы, өзгермелі сан-сапа өзгерісі, шарттылық сияқты философиялық ұғымдағы терминдер тіпті сөздер ретінде қарауға келмейді. Өйткені жоғарғы өлеңдердің өзінде философиялык ұғым жоқ, ол ұғым заттар мен құбылыстарға тəн қасиетте жатыр. Бұл жерде негізгі рөлді сөздердің мағынасы емес, сөздерді пайдалану тəсілі атқарып тұр. Міне, осындай топтағы сөздерді тақырып, мағыналық, стильдік қызметі жағынан жіктеу мүмкін емес. Сондықтан да Бұхар поэзиясында кездесер бірсыпыра лексиканың сөз болмай қалуы толық заңды нəрсе. Бұхар өз өлеңдерінде қазақ тіршілігінің, тұрмысының біраз жағын тікелей де, жанама да сөз етіп отырады. Осыған орай жырау өлеңдері лексикасында тұрмыстық сөздер, сөз тіркестері едəуір. Айталық: (1) арба, доңғалақ, арыс (ы), сарай, ағаш үй, жарты лашық, қыстау, көш, үлде, төсек, шекпен, бөз, шара, отын, жантақ, бұзау, тері, шөнтік, талыс; (2) көпір, құл, күң, ұры, қарақ, кісі, қатын-бала, шеше, жігіт, бикеш, қария, шал, кəрілік, келін, пақыр, еркек, ұрғашы, алғаны, т.б. Сол сияқты: төркіндеу, мертік (болу), бүлген (соң), тіркеусіз қайту, ту сақтау, теперіш көру, шандып алу, берекесі қашу, күнелту, түйе бағу, т.б. тіркестер.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұл тұрмыстық лексикалардың ішінде мертік, бүлу, теперіш, талыс, шөнтік, жебелеу, көбелеу, ұлшылату сияқты сирек кездесетін пассив сөздер мен бикеш, алғаны сияқты жаңа сөздер – неологизмдер бар. Егер бұрынғы дəуір əдебиет үлгілерінде қанекей (тінекей), ару сөздері жиі кездессе, Бұхарда бұлардың орнына бикеш, алғаны, аяулың сияқты сөздер қолданылады. Бұхар поэзиясында ерлік-батырлық өлеңдер көп емес. Осы себепті де жырау өлеңдерінде жауынгерлік лексика мен тіркестер өте аз кездеседі. Тіпті «Қалдар ханмен ұрысып» сияқты тікелей жорық тақырыбына арналған өлеңдерінің өзінде соғысқа тəн ерлік, батырлық əрекет нақты суреттелмейді, жырау бұл соғысты сырттай ғана хабарлай баяндайды. Тақырыпқа лайық айтылуға тиіс сөздер баяндау стиліне байланысты тілге оралмай қалған. Тегінде мұның өзі Бұхардың қай тақырып жыршысы болғандығын я болмағандығын мегземек. Бұхарда: бес сан (он сан) қол, ұрыс, жанжал, ерегіс, сүріс, соғыс, ақ сойыл, қылыш, найза, ту, дұшпан, жау, батыр, ер сияқты сөздер ғана, шеп шалу, жортып жүру, тоят тілеу, алмаған жау, найза тіреу, түн қату, қамалды бұзу, жаулық сағынбау, жаулық жолын сүймеу, ұрысты қыздыру, көк алу, əскер қылу сияқты екінші, үшінші қатардағы тіркестер ғана бар. Бұхарда күллі қару-жарақтан қылыш, найза, ақ сойыл ғана бар. Олар да ақ найза, өткір қылыш түрінде суреттемесімен жүрген жоқ. Өйткені Бұхар қаруды əңгіме етпейді, қару иесі батырдың ісін əңгіме етеді. Бұхар өлеңдерінде қазақ халқының сол дəуірдегі саясиəлеуметтік өмірінен хабардар ететін бірсыпыра əлеуметтік мəндегі терминдер, сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар: 1) патша хан, бек, би, төре, жақсы; 2) аталы (-дан би қойсаң), атасыз (-дан би қойсаң), тексіз (-ді төрге шығарып), затсыз, жабы, сүйегіңді (жоғалтпас), 3) қара, халқым (не деп айтады); азды көпке (теңгеріп), жалғыз (-ды жалғыз демеңіз), момын (-ға келіп бек болдық), қараша (халқы сыйласа); 4) бай, (қу таяқты) кедей, жарлы, кызметші, азаткер (де) құлыңыз, күң; 5) жол, жора, пара, олжа; 6) бөліске түсу, жарлық салу, қаһар қылу, есе тию, теңдік тию, бұйыру, сөгу, төре (-сін жаңылар), біту (Абылай алдында сен бітсең). Осы дəуірде туған есепке салу (алу), қағазға (салу)
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жазу, əскер қылу, солдат алу сияқты жаңа тіркестер де Бұхар өлеңдерінен бой көрсетті. Əрине, Бұхар өлеңдерінде кездесетін бұл сөздердің бəрі бірдей мағына жағынан сараланып жұмсала бермейді. Жырау момынға келіп бек болдың дегенде бек болу сөзін əмірші болу, хан болу мағынасында алып отыр. Ал Абылайдың өзі жөнінде: 1. Үйсін Төле бидің Түйесін баққан құл едің, 2. Момынға келіп бек болдың Атаңды білмес құл едің. 3. Жалаң аяқ жар кешіп Бөз тоқыған сарт едің. 4. Шешеңді жəне сұрасаң Түрікпеннің төрінде Қашып жүрген күң еді, – түрінде келетін сөздер – халық поэзиясында ұшыраса беретін дəстүрлі жолдар ыңғайымен ғана туған таза поэзиялық бояудағы сөздер. «Едіге толғауында» Едіге Жамбайға: Атаң қара кісі еді, Мал бергеннің құлы еді, Шешең қара кісі еді Ас бергеннің күңі еді, – десе, «Орақтың толғауында» Орақ Қарабатырға былай дейді: Мен толға десең толғайын, Қарабатыр, саған толғайын, Мен сенің түп-түбіңнен айтайын, Сен Мышақыр деген шаһардан Азып шыққан жалғыз үйлі сарт едің, Əкең қара кісі еді, – Ас бергеннің құлы еді, Шешең қара кісі еді, – Мал бергеннің күңі еді. Тіпті Бұхар өлеңінің бір вариантында «Қашып жүріп күнелткен Мəскенің қара күңі еді» [3] деген жолдар да бар. Бұлар жай
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі кездейсоқ ұқсастық емес, бұлар халық поэзиясындағы дəстүрлі жолдар, дайын фразалар. Міне, сол үшін де Бұхарда кездесетін əлеуметтік терминдерді екі жағдайда – таза терминдік мəніне əрі жұмсау тəсіліне қарай айыра қарау керек болады. Бұхар поэзиясында оның тақырыптық ерекшелігіне қарай елжұрт, жер-су, кісі аттары мол кездеседі. Сол кезде қазақ халқы көрші болған ел (орыс, қалмақ, қырғыз, қарақалпақ, сарт, түрікпен) атауларымен бірге қазақтың ішкі ата, рулары да айтылып отырады: Керей, Арғын, Қанжығалы, Кара Керей, Сіргелі, Шапырашты, Қасқарау, Жаныс. Бұхарда бұлармен бірге үш жүздің баласы, он сан алаш баласы, ел, халық, жұрт, қазақ сөздері де бар. Бұхарға дейінгі жыраулар өлеңдерінде үш жүздің, қазақтың атынан айту, бұл терминдерді осы тұрғыдан келіп пайдалану кездесе бермейді. Көлемді өлеңі бар Жиембет жырауда: Арқаға қарай көшермін Алашыма ұран десермін Қаһарыңды басқалы Қалың елім жиылды, Он екі ата Байұлы Бір тəңріге сиынды, – деген реттерде ғана айтылса, Ақтамбердіде: Халыққа атым белгілі Елден елге аралап, Жүз нарға кілем жаптырып, Қазақтан сəнін арттырып, – деп, өте абстрактілі айтылады. Біршама нақтылау Жиембетте ел деген ұғым ру, ата деңгейінде ғана қолданылған. Ал Бұхарда ел қамын жеген жақсыны, сорлы қазақ қалды ойла, шұбырып қазақ кетті ойла, мұсылманның баласы, үш жүздің баласының (атының басын бір кезеңге теңедің), жұртыңа жаулық сағынба түрінде айтылады. Демек, азаматтық поэзиямызда қазақ сөзінің тұтас халықтың атауы ретінде алынып, тұтас халықтың жиынтық ұғымы ретінде қолданылуы бірінші рет Бұхар жырау өлеңінен басталады. Басқаша айтқанда, азаматтық поэзияда қазақ сөзі «Тоқтамыс толғауында» жалпы халықтың баламасы ретінде айтылатын ноғай терминінен кейін бірінші рет тұтас ел, халық атауы ретінде Бұхарда қолданылған. Ал XV ғасыр жырларынан кейінгі азаматтық поэзияда қазақ халқына қоныс болған жер-су Бұхар өлеңдеріндегідей мол аталған емес. Жырау шығармаларында Жиделібайсын, Сырда-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі рия, Түркістан, Ұлытау, Созақ, Баянауыл, Қызылтау, Көкмұрын, Қарқаралы, Атбасар, Қалғұтан, Көкшетау, Сабантау, Жарқайың, Арқа сияқты топонимикалық атаулар кездеседі. Бұлар, əрине, Бұхар поэзиясындағы тілдік материалдар ғана емес, тарих та. Жырау: «Керей қайда барасың, Сырдың бойын көбелеп», – дейді. Міне, мұнда қазақ руларының жүру, болу ізі жатыр. Бұхар жырау өлеңдерінде кездесетін ономастикалық терминдерге де осы тұрғыдан қарау керек. Айталық, Бұхарда: Əбілмəмбет патша (хан), Абылай хан (хан Абылай), Үйсін Төле би, Қалдар хан, Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жəнібек, Сіргелі Қара Төлек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, Жаныс Қаратай, Ақмұрза, Есенқұл батыр, т.б. күрделі атаулар бар жəне бұлар сонау XV ғасыр жырларында дəстүр үлгісінде ру атымен қоса қатар алынып отырады. Бұхар өлеңдерінде араб-парсы сөздерінің кездесу реті жыраудың бұл сөздерді шағатай əдебиеті материалдары ыңғайымен болсын, я араб тілі ыңғайымен болсын, қалай дегенде де жете біліп қолданғандығын аңғартады. Жырау өлеңдерінде, бұған дейінгі əдеби үлгілерде кездесу жағдайынан қарағанда, сол кезде жалпы халықтық сөйлеу тілі дəстүріне еніп қалған бақ, тақ, қаза, уақыт, қыбыла, залым, намаз, момын, мұсылман, кəпір, жесір, дүние, жанжал, құдай, кеңес, нан, қала, заман, халық, пара, жан, кедей, дін, əйел, патша, дұшпан, т.б. сөздермен қатар пақыр, пиғыл, пасық, қағаз, есеп, қам, зат (сыз), əгер, ақыры, қаһар, хабар, бəден, зайып, маһар, жауап, нұр, азаткер, дəулет, арсы-күрсі, т.б. сияқты сөйлеу тілінде пассив қолданылған сөздер де кездеседі. Бұл сөздердің Бұхар сөздерінде қолданылуы олардың сөйлеу тілінің тұрақты қорына айналып, дағдылы тіл машығына енгендігінен емес, жырау бұлардың біразын-ақ поэтикалык тілдік бояу ретінде əдейі қолданады. Жырау пиғылы пасық залымның, зайыры қатты бу көпір, сегіз қайыр шар тарап, бес уақытты бес намаз түрінде араб-парсы сөздерін тұтас сөйлемдік үлгіде алып отырады. Кейде: Уақытымыз өткен соң Мезгіліміз жеткен соң, – түрінде араб-парсы сөздерін синоним жағдайында қолданса, кейде жанжал-ерегіс жəне затсыз-тексіз түрінде қылмаңдар
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жанжал, ерегіс; затсыз, тексіз (сол кəпір), араб-қазақ сөздерін синоним ретінде қатар алады. Бұхар өлеңдерінде араб-парсы сөздерінің ұйытқылығы негізінде жасалған, қалыптасқан бірсыпыра тіркес кездеседі: уақыт жету, мезгіл өту, уақыт кету, уақыт ісі, уақыт толу, басынан заманы көшу, төрт құбыла, сегіз қиыр шар тарап, намаз қаза болмау, аллаға жазбау, тақтан таймау, жесір қалмау, жанжал қылмау, кеңес құру, жауап айту (жауап сөйлеу), қайғылы хабар, қаһар қылу, қам айту, сұм дүние, дүниедей кең, дəулет біту, дəулет құс қонды, бақ үйіне түнеу, т.б. Осылардың ішінде дəулет құсы қону, бақ үйіне түнеу – араб тілі (əдебиеті) негізінде туған барынша жаңа тіркестер. Бұхарда дəулет сөзі араб тіліндегі «байлық» мағынасында да (дəулет біту түрінде) əрі «бақыт» мағынасында да (дəулет құсы түрінде) қатар кездеседі. Міне, бұлар араб тілінен калька түрінде аударылған тіркестер. Сол сияқты Бұхарда қалмақтан алсаң маһар бір зайып [4] деген жол бар. Зайып араб тілінде əйел, ал маһар сөзі мехр болса «сүйікті», мехр болса қалың малды деген сөз. Бұхар араб тіліндегі осы сөздер тіркесін араға жалғаулық бір сөзін кірістіріп қана сол күйінде алып отыр. Бұхар жырау өлеңдерінде фразеологиялық тіркестер барынша мол. 1. А т а у ф о р м а л ы е с і м т і р к е с т е р : жаулық жолы, алтын тұғыр, батыр ер, тас емшек, қамқа тон, ақ сұңқар құс, дəулет құсы, бақ үйі, ақиық бүркіт, төрт құбыла; сұм дүние, кең сарай, қарт баба, сары атан, құба жон, т.б. 2. С е п т і к ф о р м а л ы е с і м + е т і с т і к т і р к е с т е р . Бұхар өлеңдерінде септікті есім + етістік тіркестер көп ұшыраса бермейді: а) тақтан таймау, (төреңіз тақтан таймасқа), бастан көшу сияқты шығыс септікті тіркестер; бөліске түсу (бөліске түссін олжа деп; Аллаға жазбау (бір Аллаға жазбасқа); тіліне еру (тіліне еріп азбасқа), атаққа қойылу (əр атаққа қойылуын), қағазға салу (қағазға салар малыңды) сияқты барыс септікті тіркестер; кегін алу (кегін алмас демеңіз), сұлуды құшу (сұлуды құшқан жиырма бес), қылықты қою, ұрысты қыздыру, қыстауын төгу, қамын айту сияқты табыс септікті тіркестер ғана кездеседі.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 3. А т а у ф о р м а л ы е с і м + е т і с т і к т і р к е с т е р : тілек тілеу, жесір қалмау, төсек тарту, дəулет таймау, құлын салмау, түн қату, уақыт жету (кету), мезгіл өту (жету), шөп салу, есі шығу, қызметші болу, күнелту, ту сақтау, кеңес қүру, ірге қоспау, үйір болу, тоят тілеу, жауап айту (сөйлеу), көңілі қайту, кісілігі кету, қаһар қылмау, əскер қылу, тіл алмау, т.б. Бұл тіркестердің ішінде салу сөзімен келетін құлын салмау, шөп салу, сол сияқты төсек тарту, түн қату, күнелту түріндегі барынша көне тіркестер де, əскер қылу, жауап айту, жауап сөйлеу, кеңес құру сияқты едəуір жаңа тіркестер де бар. Əрине, белгілі бір тіркестердің көне я жаңалығы тек қана тіркес құрамындағы ұйытқы етістік сөздердің мағыналық күңгірттілігіне не айқындылығына байланысты емес. Əрі идиомаланудың өзі тек қана көнеліктің белгісі емес. Айталық, сал сөзі ұйытқы болған тіркестер ауыз əдебиетінде де, сөйлеу тілінде де өте көп: бұлан мүйіз салмаса бұлтқа кетіп тұрмас па (В.В. Радлов. Образцы...). Сол кезде Құлтайыңның аяқ салған Тезекші қара күңнен бір ұл туды («Алпамыс»), əн салу, ақыл салу, жара салу, алқа салу, қол салу, т.б. Осы тіркестердің қайсысы жаңа, қайсысы көне екендігі олардың барынша идиомалануына не мағыналық-идиомалық бірліктің əлсіздігіне, тіпті сол ұйытқы сөздің мағыналық жағынан айқын я күңгірт келуіне, тек осыларға байланысты емес. Сал сөзі ұйытқы тіркестер модель жағынан көне. Осы көне тіркес моделінде мағыналық-идиомалық бірлігі берік əрі əлсіз сөз тіркестері əр кезде де туып отырған. Бұлардың көне я жаңа екендігі, біріншіден, олардың тілде тұтынылуының жиі я жиі еместігіне байланысты болса, екіншіден, сал сөзінің мағыналық реңкінде, үшіншіден, меңгерілуші сөзге байланысты. Айталық, Бұхарда кездесетін қағазға салу тіркесі – жаңа тіркес. Мұндағы жаңалық көзге ə дегеннен түсетін септік формада емес, қағаз сөзінің қазақ тілі үшін жаңа сөз екендігінде. Болмаса тіл қату, жауап қату, жауап айту да бір формалы, бір тəсілді тіркестер, бірақ бұлардың жаңа-көнелігі байланысу тəсілінде емес, бірінші сөздердің жаңа-көнелігінде. Тіл қату көне тіркес моделі, осы негізде жауап қату, жауап айту тіркестері жасалды. Жауап араб сөзі əрі айт, əрі сөйле, қат сөздері ұйытқылығында тіркеске
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі келді. Міне, əскер құр (хан сусын құрды), кеңес құр, мəжіліс құр, мəслихат құр, əңгіме-дүкен құр тіркестері де осы үлгілес тіркестер. Əрине, тілдегі бұл сияқты ортақ модельді синоним тіркестерді тарихи тұрғыда əңгіме ету біздің міндетіміз емес. Біздің міндетіміз Бұхарда не бар дегенді ғана айту. 4. Бұхар өлеңдерінде идиомалық тіркесті сөйлемдер де көп. Жырау өз сөзін халықтың сөйлеу тілі машығы ыңғайымен образды айтуға барынша бейім тұрады. Оныншы тілек тілеңіз: Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды түнді айналған, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен, Анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тіленіз: Он бармағы қыналы, Омырауы жұпарлы, Иісі жұпар аңқыған, Даусы қудай саңқыған, Назыменен күлдірген, Қылығыменен сүйдірген Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа. Міне, осы үзінді түгелімен халықтың ауыз əдебиетінде, ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасқан дəстүрлі тіркестер мен сөйлемдерге құрылған. Ал енді «Ай, Абылай, Абылай» деген өлеңнен мына бір үзіндіні алайық: Сен жиырма жасқа жеткен соң Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің. Дəулет құс қонды басыңа, Қыдыр келді қасыңа, Бақ үйіне түнедің. Алыстан тоят тіледің, Қылышыңды тасқа біледің.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ай, Абылай, Абылай, Алмаған жауың қоймадың, Алсаң дағы тоймадың, Несібеңді жаттан тіледің. Момынға келіп бек болдың, Ата білмес құл едің. Уа, сен Қанжығалы Бөгембай! Қамалды бұзып қақ жарған Қайла батыр ер едің? Батырдан жүлде игі деп Түн қатып қана жүр едің Жұрт аузына ілінген Тоқымың кеппес ұры едің... Бұл жолдар тұтас күйінде идиомалық тіркесті сөйлемдерге құрылған. Бұл, əрине, Бұхарға ғана емес, сол кездегі жырауақындардың бəріне ортақ дəстүр болатын. Айырмашылық кімнің көп я аз қолдануы мен қалай өзгертіп, түрлендіріп қолданылуында ғана еді. Бұхар шығармаларында мына сияқты тұрақты идиомалық тіркесті сөйлемдер кездеседі: жер тұлданып (тұрмасқа); дəулет құс қонды (басыңа); бақ үйіне түнеді; батырдан жүлде игі (деп); жұрт аузына ілінген; аузыңа құдай қаратты; тай таласты үніңіз; жаулық жолын (сүймеңіз); он сан алаш (баласы); (қай) алтынның буы (едің); ата білмес құл (едің); арқар ұранды (жат едің); (тегінен) тегін олжа болмасқа; тақымың кеппес ұры (едің); қамалды бұзып қақ жарған; несібеңді жаттан тіледің; (қалтаңдап жүріп) күнелтіп; бір ауызды болыңыз; жалаң аяқ жар кешіп; жұлдызың туып оңыңнан; ақ сұңқар құстай түледің; түрікпеннің төрінде; тырнағын (қатты) батырып; жарлы менен байы тең. Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма Басына моншақ көтерген Жұртыңа жаулық сағынба. Бұл қылықты қоймасаң, Құдайдың бергеніне тоймасаң... Ұйлыққан қойдай қамалып Бүйіріне шаншу қадалып.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұл өлең жолдарының көбі-ақ халық тілінде бар идиомалық (фразеологиялық) тіркестер негізінде жасалған. Бірақ пайдалану бар да, қандай ретпен қалай пайдалану тағы бар. Халық тілінде басымнан заман өтті деген идиомалық тіркес-сөйлем бар. Ал Бұхар осыны: <Жайнап тұрған> заманым Басымнан <бүйтіп> көшкенде, – түрінде, біріншіден, өтті сөзін көшті сөзімен ауыстырса, екіншіден, тұрақты идиомалық тіркесті жырау өлеңнің ырғақ заңына бағындырып, екі жолға бөліп, араға сөз салып, сөйлеу тілі нормасын бұзып отыр, үшіншіден, өзге сөз аясына түсіріп отыр. Сол сияқты: Жалаң аяқ жар кешіп Бөз тоқыған сарт едің, – дегенде жырау халық тіліндегі жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп деген фразеологиялық сөйлемнің бір сыңарын ғана өз мақсатына пайдаланып отыр. Ал енді дəулет құсы қонды басыңа, бақ үйіне түнедің, жұртыңа жаулық сағынба, т.б. сияқты фразеологиялық жолдарды Бұхар жыраудың өзі жасауы толық мүмкін нəрсе. 3. Бұхар поэзиясының грамматикасы жайлы Бұхар жыраудың өлеңдерінде біраз грамматикалық формалар поэтикалық тілдік-стильдік қызметке жегілу жағынан біршама ерекшеленеді. Яғни олардың бірсыпырасы поэтикалық, тілдік қызметте актив бой көрсетсе, бірсыпырасы пассив көрінеді. Жыраудың дидактикалық сарындағы философиялық толғаулары сөйлем жүйесі, баяндауыш формалары жағынан өзіне дейінгі шешендік толғау өлеңдердің сөйлем жүйесіне, баяндауыш формаларына ұқсап жатады. 1. Бұхар жыраудың «Ай не болар күннен соң» өлеңі өзінің баяндауыштық-ұйқастық жүйесін -ар жəне -ген соң, ар жəне -дан соң, -ма-с жəне -ған (-дан) соң формаларының жұптастығына құрған, яғни бір өлеңде шешендік толғау өлеңдерді жасаудың үш түрлі тəсілі тоғысқан. (1) Ай не болар күннен соң Күн не болар айдан соң.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (2) Құлпырып тұрған бəйшешек Қурай болар солған соң. (3) Жігіт жақсы бола алмас, Алғаны жаман болған соң. (3а) Қоспақ өркеш сары атан Қом жасамас майдан соң. 2. Ал шешендік сөз, шешендік толғауларға тəн -ма-с де... түріндегі тұрақты форма тіркесі «Айналасын жер тұтқан» өлеңінің баяндауыштық-ұйқастық түрін жасауға, яғни өлеңнің баяндауыш позициясындағы тілдік-стильдік ерекше белгісін жасауға қатысқан. Құландар ойнар қу тақыр Қурай бітпес демеңіз Қурай біткен құба жон Құлан жортпас демеңіз, Құрсағы жуан боз бие Құлын салмас демеңіз. 3. Бұхар -ма-с-қа формасын тілдік-стильдік актив форма ретінде қолданады. Яғни осы форманы өлеңнің баяндауыш позициясында грамматикалық параллелизм жасауға пайдаланады. Бірінші тілек тілеңіз Бір Аллаға жазбасқа... Екінші тілек тілеңіз Пиғылы пасық залымның Тіліне еріп азбасқа Үшінші тілек тілеңіз Үшкілсіз көйлек кимеске; Төртінші тілек тілеңіз Төрде төсек тартып жатпасқа... Бұл -ма -с -қа формасы да шешендік сөздерде актив форма ретінде қызмет етеді. Атың тулап шықпасқа Артқы айылдың бегі игі. 4. XV ғасыр жырында көрінетін алабөтен синтаксистік ерекшелік – өлеңнің ырғақ заңдылығы негізінде туған поэтикалықтілдік тұрақты тəсіл Бұхар өлеңдерінде де біршама көрініс береді. Құландар ойнар қу тақыр [–]1 Қурай бітпес демеңіз,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қурай біткен құба жон [–]1 Құлан жортпас демеңіз, Бес уақытты бес намаз [–]2 Біреуі қаза болмасқа, Алтыншы тілек тілеңіз Алпыс басты ақ орда [–]3 Өзің қонған Көкшетау [–]4 Осы үзінділердегі 3 жəне 4-белгілерге барыс септігінің -ға жалғауы айтылмай тұрса, 2-де ілік септігі, 3-де тəуелдік жалғауы айтылмай тұр. Əрине, сөйлеу тілінде бұлардың қай-қайсысы да ретті жерінде түсіріліп айтыла береді. Əңгіме бұл жерде осы формалардың жалпы түсірілуінде емес, түсірілетін орнында. Сол сияқты Бұхар өзіне дейінгі халық поэзиясында ырғақтық, дəнекерлік қызмет атқаратын бір шылау сөзін сирек те болса қолданып отырады. (1) Анаң бір/аңырап қалмасқа (2) Сорлы бір/қазақ қалды, ойла. (3) Жапанда бір/соғысып (4) Кəпір бір/алмас демеңіз (5) Жұмсап бір/тұрсын қолыңнан. Бір сөзінің көбіне, үнемі дерлік өлең жолының алғашқы бунағында келуі ауызша айтуға байланысты туған ырғақ заңдылығын көрсетеді. Өз өлеңдерін ауызша шығарған Бұхар жырау, əрине, бұл дəстүр заңдылығынан аттап кете алмайды. 5. Бұхар өлеңдерінде поэтикалық тілдік-стильдік қызметімен мол көрінбейтін, жай тілдік грамматикалық тəсіл ретінде өлең жолдарының ішінде сирек көрінетін бірлі-жарым формалар кездеседі. Мысалы - ар, - ға, - мақ, - ман жұрнақтары Бұхар тіліне көп орала бермеген жұрнақтар. Қараңыз: Еріншек күнің сол болар Еңкейіп орақ орарға Тоңқайып масақ терерге.
(«Ай, Абылай, сен он бір жасыңда») Қатты тамақ шайнарға Мен пақырда тіс бар ма? («Атан болған жиырма бес») ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ханның жақсы болмағы Қарашаның елдігі, Қараша халқы сыйласа Алтыннан болар белдігі. (Бұл да сонда) Сен қашсаң да, мен қойман Арғымағым жебелеп.
(«Керей, қайда барасың») Бұл жұрнақтар Бұхар өлеңінде осы жолдарда ғана кездеседі. Сондықтан да бұларды Бұхар поэзиясы үшін ерекше белгі ретінде қараудан гөрі сол кездегі сөйлеу тіліне тəн тілдік белгілердің бой көрсетуі ретінде ғана, поэтикалык тілдік-стильдік тəсілге көтерілмеген формалар ретінде ғана қараған мақұл болады. Өйткені Бұхар дəуірі ғана емес, ауызекі сөйлеу тіліміздің кейінгі дəуірінде де бұл тілдік белгілер пассив формалар қатарында қызмет етіп отырған. * Поэзия үлгілері сөйлем жүйесінде ауызекі тіл сөйлем жүйесінен қаншалықты өзгешеленсе, қаншалықты өзіндік заңдылықтар тапса, оның поэтикалық көркемдігі соншалықты арта түседі. Поэзия үшін сөйлеу тілінің синтаксистік нормасын бұзу бірінші кезектегі іс. Ол жоғарыдағыдай сөйлемнің баяндауышын белгілі бір топтағы формаларға құрып, өзге сөз үлгілерінен ерекшеленетіні сияқты, өлең жолы бойындағы сөздердің тəртібіне де, өлең жолдарындағы сөздердің сөйлемге жіктелуі тəртібіне де – бəріне де өзгешелік енгізіп, сөйлеу тілінен ерекшеленуі керек. Ол өзінің осы ерекшеліктерін қаншалықты көбейтсе, сөйлеу тілінен соншалықты алыстан, арақатынасын үзе түседі. Бұхар жыраудың «Ай, Абылай, Абылай» деген атақты өлеңінің кіріспе бөлімі былай басталады: //Ай, Абылай, Абылай! Сені мен көргенде Тұрымтайдай ұл едің// //Əбілмəмбет патшаға
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қызметші болып тұр едің,// //Сен қай жерде жүріп жетілдің?–// //Қалтаңмен жүріп күнелтіп,/ Үйсін Төле бидің Түйесін баққан құл едің.// //Сен жиырма жасқа жеткен соң/ Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің.// Осында сөздердің, тіркестердің орналасу тəртібінде сөйлеу тілі заңдылығына қайшы келетін бірде-бір ауытқу жоқ. Демек, бұл жолдардың өлеңдік көркемдігі төмен. Міне, Бұхар өлеңдерінің де, Бұхарға дейінгі поэзияның да негізгі бір ерекше белгісі көпшілік жағдайда осы сипатты болып келеді. Бұхардың екінші бір өлеңі былай басталады: //Ханға жауап айтпасам,/ Ханның көңілі қайтады.// //Қандыра жауап сөйлесем,/ Халқым не деп айтады.// //Қайғылы мұндай хабарды Сұрамасаң нетеді,// //Сұраған соң айтпасам,/ Кісілігім кетеді.// Мұнда да ешқандай ерекшелік жоқ. Демек, бұл өлең жолы да сөйлеу тілі синтаксисі жүйесінде туған. Бұл екі өлеңде де белгілі бір топтағы формаға құрылмаған, қалыптасқан канондық-үлгілік формада тумаған. Яғни Бұхар жырау өлеңнің формасы қалай болу керек екендігін бірінші кезекке қоймаған. Бұл арада өлеңнің көркемділігі үшін бірінші кезекте қам жеу жоқ. Міне, осы себепті де бұл екі өлеңде де ырғақтық инверсия, яғни бір тармақ бойындағы инверсия жоқтың қасында. (1) Дəулет құс қонды/басыңа (2) Қыдыр келіп/қасыңа Бай үйіне түнедің Алыстан тоят тіледің... (3) Жұлдызың туып/оңыңнан (4) Жан біткен еріп/соңыңнан
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (5) Жұмсап бір тұрсын/қолыңнан (6) Ақтан болды-ау/күніңіз Арсы менен күрсіге (7) Тай таласты/үніңіз
(«Ай, Абылай, Абылай») Бұхардың 65 жолдық өлеңінде кездесетін ырғақтық инверсия осылар ғана. Мұның өзінде де 1, 2, 3, жəне 7-жолдағы инверсияға идиомалық тіркестер себепші болып тұр. Ал 3-жолдағы идиомалық тіркеске тəн инверсия соңғы 4–5-жолдарды ұйқас жағынан өзіне бағындыру арқылы инверсияға түсіріп отыр. Бұхардың өзге өлеңдерінде де ырғақтық инверсия осы сияқты сирек ұшырасып отырады. Керісінше, тұрақты ұйқасқа құрылған өлеңдерінде ырғақтық инверсия негізгі рөлге ие. Қараңыз: /Ай не болар/күннен соң/ /Күн не болар/айдан соң/ /Құлпырып тұрған бəйшешек/ /Қурай болар/солған соң/ /Хандар киген қамқа тон/ /Шүберек болар/тозған соң/. Бұл өлеңдерде тəсіл бірінші кезекке шығып отыр. Осы себепті де өлеңнің жетілген поэтикалық формасы жасалған. Яғни мұнда айту негізгі емес, қалай айту негізгі. Өйткені жырау айтудың формасын табу арқылы айтылмыш сөздің мағынасын əсерлеп, күшейтіп отыр. Бұхардың «Абылай ханның қасында Бұхарекең жырлайды» деген программалық өлеңінде форма мен мазмұн бірлігі көрінуі өлең құрылысына деген ақындық талаптың алға шығуының жемісі болатын: ...Қарқаралы деген тауларға Қарқарасын шанышты,//ойла Бетеге мен көденің Берекесі қашты,//ойла... Егер Бұхар өзіне дейінгі поэзияда көрінген үлгілерден ерекше үлгіде өлең туғызды десек, ол басқа емес, осы өлең. Бұл өлең Бұхар жырау ойы мен идеясының биіктеу нүктесін ғана көрсетіп қоймайды, ол Бұхар поэзиясының көркемдік, шеберлік жағынан жетілуінің де көрінісі.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі 4. Бұхар поэзиясында сөздердің мағыналық қолданысы жайлы Сөздерді көркемдік мақсатта қолдану, яғни мағыналық қызмет аясын кеңейтіп қолдану поэзияның стильдік-тілдік бір ерекшелігі. Тілдегі сөздердің осы тұрғыдан көрінген қатары шын мəніндегі поэзиялық лексика қатары. Мұнда сөздер өзінің жаңа мағынасымен, жаңа қызметімен, яғни поэтикалық реңк-бояуымен көрінеді. Белгілі бір жырау-ақын шығармаларында осы топтағы сөздердің көріну дəрежесі – сол жырау-ақынның поэтикалық тілді жасауға қатысы қандай дəрежеде екенін көрсетпек. Əрине, белгілі бір тəсілдер «х» деген жырау-ақыннан бұрынғы поэзияда да болуы толық мүмкін нəрсе, бірақ осы бұрын барды қолдануда, қолдану ретінде «х» деген жырауға тəн өзгешелік болуы тағы да мүмкін нəрсе. Сонымен бірге бұрын бар форманы жиі не сирек пайдалану «х» деген жырау-ақын өлеңдерінің өзіне дейінгімен (осы жағынан) байланысының да қай дəрежелігін көрсетпек. Айталық, -ған жұрнақты есімшелі анықтауыш жасау халық поэзиясында кең əрі жиі қолданылатын тəсіл. Міне, халық поэзиясындағы осы тəсіл Бұхарға да тəн. Бұхар өлеңдерінде -ған формалы есімше сындық-анықтауыштық қызметте көп жұмсалады. Айталық, Бұхарда: ардақтаған (аяулың), балықтан шыққан (бір қарақ), желкілдеген (ту келіп), жер қайысқан (қол келіп), қашып жүрген (күң еді), басына моншақ көтерген (жұртыңа жаулық сағынба), т.б. түрінде өлең жолы араларында келумен қатар: Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды түнде айналған, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңейткен, Тас емшегін жібіткен, Анаң бір аңырап қалмасқа, – түріндегі суреттемелі анықтауыштардың желілі-тізбекті түрлері де кездеседі. Бұл қолданыс-тəсіл Бұхарды халық поэзиясымен барынша табыстырады. Ал Бұхар бұлармен қатар тақымы кеппес (ұры), ата білмес (ұл) түріндегі анықтауыштарды сирек те болса қолданады. Бұ-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі лайша -с жұрнақты есімшелі анықтауыш жасау Бұхарға дейінгі поэзияда да негізгі тəсіл емес еді. Міне, Бұхардың көркемдегіш мақсатта қолданған сөздеріне де осы тұрғыдан қарау керек болады. Бұхар өлеңдерінде эпитеттің тұрақты түрі аз: боз бие, құба жон, қу тақыр. («Айналасын жер тұтқан»), кең сарай, сары атан («Ай не болар күннен соң»), ақ орда («Бірінші тілек тілеңіз»), ақ сойыл («Керей қайда барасың») сияқты санаулы ғана тіркестер бар. Тегінде, бұған, біріншіден, Бұхардың тақырып таңдауы себепші болса керек. Өйткені əлеуметтік-саяси тақырыптағы жырлар тілінде эпитеттің бұл түрлері көрінуіне ұйтқы лексикалар аз болады əрі ондай сөздерді эпитет тіркесте беру жыраудың негізгі мақсаты емес. Екіншіден, эпитеттің өзге түрін пайдалануға бой ұру бұған кедергі болуы керек. Айталық, Бұхарда инверсияланған ерекше тіркесті эпитеттер молырақ кездеседі: (1) еңсесі биік, құрсағы құшақ, құрсағы жуан, азуы кере қарыс, исі жұпар, жері тар, наны қатты, балығы тəтті, өзі сары, көзі көк, аузы-басы жүн, (2) бармағы қыналы, омырауы жұпарлы, еркегі жау жанды, (3) исі жұпар аңқыған, даусы қудай саңқыған, т.б. Бұхарда: құрсағы құшақ (байлардан), құрсағы жуан (боз бие), он бармағы қыналы түрінде келетін тіркестер əдетте кебеже қарын, кең құрсақ, қыналы бармақ, жез тырнақ үлгісінде келеді. Бұхарда эпитеттегі елеулі жаңалық сорлы қазақ, сұм дүние тіркесіндегі сорлы, сұм эпитеттері. Бұлайша абстрактілі ұғымдардың эпитет ретінде келуі қазақ поэзиясында сөз жасаудағы бір елеулі табыс. Бұхар өлеңдерінде метафоралық мағынада жұмсалған сөздер біршама. Олар түр жағынан да бай емес. Бұхарда метафораның, біріншіден, академик Қ. Жұмалиев көрсеткеніндей жіктік жалғаулары арқылы жасалған түрі кездеседі: Сен бұзау терісі шөніксің, Мен өгіз терісі талыспын [5]. Мен Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Абылай алдында сен бітсең, Құдандалы таныспын. Екіншіден, Бұхарда метафораның көлденең бір нəрсені екінші бір нəрсеге балау арқылы жасалатын түрі бар.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Тоқсан бес деген тор екен, Дүйім жанның қоры екен, Қарғиын десең екі жағы ор екен, Найза бойы жар екен, Түсіп кетсең түбіне Түбі жоқ терең көл екен, Ел қонбайтын шөл екен. Жырау бұл жерде бір ғана «тоқсан бесті», «терең орға», «қорға», «торға», «найза бойы жарға», «түбі жоқ көлге», «ел қонбас шөлге» балап отыр. Бұлайша əсерлей суреттеу – жалпы халық поэзиясына тəн тəсіл. Мысалы, метафораның «еді» көмекші етістігі арқылы жасалатын түрінде де Бұхар Абылайды бірқатар нəрсеге балайды: Отыз жасқа келгенде Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде Қара судың бетінде Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде Алтынды тонның жеңі едің. Бұхар өлеңдеріндегі бұл балама сөздер өзінің табиғаты жағынан өзгеше. Айталық: Сен бұзау терісі шөніксің Мен өгіз терісі талыспын, – дегенде «мен-нің», «сен-нің» сыртында екі рулы ел ескеріліп отыр. Солардың ауқымын, мөлшерлі шамасын «бұзау терісі шөнікке», «өгіз терісі талысқа» балама жасайды. Бүкіл үлкендік атаулы мен кішілік атаулыдан Бұхардың таңдап тапқаны өзінің үй мүлкі – шөнік пен талыс қана. Бұл заңды жай. Бұл – Бұхар стиліндегі жыраудың жеткен жері. Тіпті ол Абылайды қара су бетіндегі сеңге, алтын тонның жеңіне балайды. «Үш жүздің баласының атының басын бір кезеңге теңеген» Абылайына Бұхардың бар тапқан жақсысы, қасиеттісі, құдіреттісі – алтын тонның жеңі, қара судың сеңі. Əрине, дүниедей кең едің деген теңеулі метафорада жырау өзгеше сөз кестесін тапқан. Бірақ қалай дегенде де Бұхар сол кездегі поэзияға ортақ дəстүрден бөлекше жаңа балама жасамайды, сол деңгейде қалады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұхар өлеңдеріндегі теңеу сөздер де əрі көлем жағынан, əрі түр жағынан барынша шағын. Бұхар өлеңінде есімге қатысты: тұрымтайдай ұл (едің), дулығадай бас (кетер) деген екі-ақ теңеу сөз бар, өзгесінің бəрі қимылға қатысты теңеулер. Айталық, жырау жиырма бестің əрекетін түлкідей сылаңдауға, өзінің Керейге қаһарын жауған күннің себелеуіне, Абылайдың хандық тұғыр үстінде кемеліне келу тұсын ақ сұңқардың түлеуіне теңейді. Бəрі де сол өз дəуірінің түсінік дəрежесіне, өз дəуірінің экономикалық дəрежесіне сай. Тіпті жырау халықтың дүрлігіп қозғалуын қасқырдан қорыққан қойдың ұйлығып қамалуына теңейді. Одан арыға бармайды. Əрине, Бұхарда өзге теңеу жоқ дегенді оның міні ретінде айта алмаймыз. Ол өзге теңеу өзге дəуірдің поэзиясының жемісі. Бірақ жалғыз ғана ескертпе: Бұхар поэзиясы тілінің лексикасындағы араб-парсы əсері оның көркемдік сөз жасауында байқала бермейді. Мысалы, «Мұхаббат-намеде» кездесетін арыслан йурəклік хан уруқы, кічік йашдан улуқларының улуқы түріндегі теңеу, эпитеттер Бұхарда жоқ. Мұның өзі Бұхардағы араб-парсы сөздері əдеби үлгідегі шығармалар арқылы емес, тар діни аядағы шығармалар арқылы келді деген ойға еріксіз итермелейді. Демек, Бұхар тіліне сол дəуірдегі жазба поэзия тілінің əсері болмаған. ƏДЕБИЕТ 1. Жұмалиев Қ. XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті. Алматы, 1967. 16-б. 2. «Ертедегі қазақ əдебиеті». Хрестоматия. Құрастырған: Кенжебаев Б. Алматы, 1967; Мағауин М. Қобыз сарыны. Алматы, 1968. 3. М.Ж. Көпеев қолжазбалары, №334-папка; XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. Алматы, 1962. 30-б. 4. «Таң» журналы. 1925. № 4. 5. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1960. 217-б.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі БЕСІНШІ ТАРАУ МАХАМБЕТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ 1. Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы Қазақ əдебиеттану ғылымында Махамбет творчествосын барынша көп əрі барынша терең зерттеген академик Қажым Жұмалиев былай дейді: «Махамбет – өзіне дейінгі халық əдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, əдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын... Махамбет – лирик ақын. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел сезімі ұштасып жатады. Сондықтан оның лирикасын, ең алдымен, əлеуметтік сарындағы, саяси лирика деп атауға тура келеді. Қоғамның топқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси, таптық жырларды туғызады. Қоғамның тапқа бөлінуі жəне сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорынан айқын көрінеді. Соған қарағанда, саяси лириканың бастамасы ауыз əдебиетінде жатыр. Демек, Махамбет-тің де саяси лирикасының бір тамыры фольклормен байланысты» [1]. Қ.Жұмалиев осы еңбегінің екінші бір жерінде ақында бар өлең түрлерін сөз ете келіп былай дейді: «Махамбет өлеңдерінде... үгіт өлеңдерімен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау үлгісіне құрылған. Қазақ фольклорында дүние салған адамның тіршілікте істеген іс-əрекеттерін əр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп кездеседі. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдерінің қысқа түріне жақындайды. ...Өйткені эпитет, метафора, теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтикалық тілдер» (107-б.). Ал енді бір ретте Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін сөз өте отырып, Қ. Жұмалиев: «Оның кейбір өлеңдерін лиро-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі эпикалық түрге жатқызуға болады... Лирикалық сезінуге бөлене отырып оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тəн нəрсе екендігі кімге де болса мəлім. Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі. «Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің əрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сəйкес етіп суреттейді.... Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тəрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мəселе. Өйткені ауыз əдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лироэпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде əлі зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз əдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы айқын. Бірақ айырмасы қайсы? – деген сұрақ, əуелі ауыз əдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мəселе етіп талдауды керек етеді» [2], – деген болатын. Махамбет поэзиясының тамаша білгірі, академик Қ. Жұмалиев бұл пікірді ақын өлеңдерінің түрі мен тілдік материалдарын арғы дəуірлерден қалған бай поэзия үлгілерімен салыстыра отырып, осы салыстыру негізінде көрінген ұқсастықтарды, бірліктерді ескере отырып айтқан болатын. Бірақ Қ. Жұмалиев бұл бірлікті, байланыстылықты, жақындықты арнайы зерттеу объектісі еткен емес. Сондықтан да Махамбет өзіне дейінгі халық поэзиясынан не алды, бұл ауыс-түйістің сипаты қай дəрежеде деген мəселе бізде əңгіме болмаған мəселе, ал Махамбет өлеңдерінің тілін сөз еткен тұста таза Махамбеттік дүниені айыра тану үшін жəне мына нəрселер ақынға тəн дүние деу үшін бұл мəселе, сөз жоқ, əңгіме етілуі керек. Қазақ поэзиясында бірде пəлен ақындікі, бірде түген ақындікі деп танылып жүрген біраз өлеңдер бар. Осындай даулы өлеңдерді біз Махамбет ақын өлеңдері арасынан да кездестіреміз. «Ертедегі қазақ əдебиеті хрестоматиясы» деген жинақта Қазтуғандікі делініп мынадай өлең берілген: Белгілі биік көк сеңгір Басынан қарға ұшырмас,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ер қарауыл қарар деп, Алыстан қара шалар деп; Балдағы алтын құрыш болат Ашылып шапсам дем тартар. Сусыным қанға қанар деп; Арғымақтың баласы Арыған сайын тың жортар. Арқа мен қосым қалар деп; Ақ дария толқын күшейтер, Құйрығын күн шалмаған балығым Ортамнан ойран салар деп; Азамат ердің баласы Жабыққанын білдірмес, Жамандар мазақ қылар деп (103). Айырым-өзгешелігі өте аз осындай бір өлең Махамбет жинағында да бар: Арғымақтың баласы Арығанын білдірмес, Арқамнан қосым қалар деп; Ағыны күшті ақ дария Қаһарланып толқиды, Қанатын күн шалмаған балығым Ортамнан ойран салар деп; Баттауыққа тоя оттамас, Балағы түкті қоңыр қаз Сұңқарлар үлгі алар деп...
(«Өлеңдер», 1962, 81-б.). Сол сияқты Махамбеттің «Пыр-пырлап ұшқан қасқалдақ» деген өлеңіне өте ұқсас өлең Абылдікі деп берілген (Хрестоматия, 146-б.). Қазтуған Махамбеттен үш ғасыр бұрын жасаған, ал Абыл болса Махамбетпен замандас ақын. Осы төрт өлеңді де сақтап келген халық. Ал енді осы өлеңдерді Махамбеттен «алып» Қазтуған мен Абылға «беруге» не, керісінше, бұл екеуінен «алып», Махамбетке «беруге» бола ма? Бұлайша бірінен «алып», біріне жай «бере салу» ғылымның ісі ме? Ғылым дəлелдеуді, иландырарлық дəлелді керек етеді. Ол жоқ жерде мынау өлең Махамбеттікі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі деген кісіден, мынау өлең Қазтуғандікі я Абылдікі деген кісінің ешқандай бедел айырымы жоқ. Сонда мұндай өлеңдерді қай тұрғыдан келіп сөз ету керек? Я бұл өлеңдер мазмұн, форма, тіл жағынан пəлендікі деп дəлелденуі керек, я мырзалық жасап ешкімнің де еншісіне бұра тартпай, ортақ дүние ретінде сөз болуы керек. Біз бірінші өлеңнің тілі туралы мынадай күдікті сұраулар қояр едік: 1. Балдағы алтын құрыш болат тіркесі XV ғасырға тəн бе? Ол дəуір жырында үнемі түсі суық шым болат түрінде келеді емес пе? 2. Азамат ердің баласы деген тіркес XV ғасыр поэзиясына тəн бе? Махамбеттің өзге өлеңдерінде осы тіркес өте жиі келетіні назар аудармай ма? Бұл сұрауларға дəлелді жауап берілуі керек. Онсыз бұл өлеңдердің тілін не XV ғасырға, не XIX ғасырға апарып тели алмаймыз. Бұл кемшілік қазақ əдебиетінің арғы дəуіріне қарай үңіле түскен, əуестене бой ұрып отырған қазіргі кезеңде айқынырақ көріне бастады. Өйткені бізде қазіргі таңда материалды əуелі зерттеп алудан гөрі оны қайсыбір жырау-ақынға телуге, еншілеуге бейім тұру тенденциясы басым болып барады. Яғни ескі мұраларды көпшілік оқырманға танытудағы игілікпен бірге шатастыру сияқты көлеңкелік те қатарласа бой көрсетіп отыр. Əрине, мұның өзі əдебиеттану ғылымының з е р т т е у - д е н г ө р і т а н ы т у і л г е р і ш ы қ қ а н кезеңіне тəн. Мұны біз қазіргі еңбектермен ғана емес, ілгеріректегі еңбектерден – Бұхарды, Махамбетті, т.б. ақындарды тануға байланысты шыққан еңбектерден де көреміз. Егер бұрын Махамбет өлеңі делініп келген бірсыпыра өлеңдерді бұл күнде өзге бір жыраудікі деп тануға мүмкіндік болып отырса, мұның өзі сол танытуға байланысты жүргізілген жұмыстар барысында барынша ұнамды іш тартудың, бүйрек бұрудың болғандығын көрсетпек. Қазақ тілі тарихы мен қазақ əдеби тілінің тарихын жасау жұмысы – барынша дəлдікті керек етеді. «Формалистік-бюрократтық» принципке құрылған жұмыс бұл мəселемен тікелей айналысуға кіріскен кезде, əдебиеттану ғылымының осы жоғарыдағы сияқты осал жақтары көрініп отыр.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Əрине, Махамбет өлеңдерінің ішінде осы сияқты тұтас өлеңдер ғана кездесіп қоймайды, бұлардан басқа өлең аралық жолдар да кездесіп отырады. Ал бұл жолдар жай өз алдына бөлек алынып құрала салатын ауысулар, алулар емес, олар бұрынғы поэзия мен Махамбет поэзиясы арасындағы жанрлық, тілдік-стильдік тəсіл байланысының, мұралық-жалғастық дамудың көріністері. Тап қазіргі таңда Махамбет өлеңдері делініп жүрген өлеңдердің баршасын ала аламай тұтас алып, осы жоғарыдағы байланыс аясында қарау дұрысырақ сияқты. Өйткені Махамбет айтты делініп жүрген «пəленшенің өлеңі» деген сипаттағы өлеңдер де, Махамбет өлеңдерінде кездесетін аралық жол, не дəл цитаттық, не өзгертіп пайдалану сияқты жолдар да – баршасы да ақын тіліне оның ақындық программасы талап еткен орта, жағдай сипатына қарай керектіктен, қажеттіктен оралып отырған дүниелер. Махамбетке тəн ақындық-үгітшілік керекті, қажетті жерде өз сөзі, өзгенің сөзі дегенді айыра бермеген. Көтеріліске дейін бұрынғы дəуір поэзиясы үлгілері сипаттас өлеңдер шығарып жəне өзге жыраулар өлеңін өзі де айтып жүрген ақынның ақындық лабораториясындағы, репертуарындағы барша сөз үлгісі көтеріліс тұсында, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі уақытта көтеріліс мақсатына орай қайта айту, қайыра айту процесінен өткен. Басқа емес, дəл осы айту ерекшелігі, өзгенің сөзін былай қойғанда, ақынның өз сөздерінің де «араласып» кетуіне себепші болған. Ақынның бір өлеңіндегі жолдар екінші, үшінші, төртінші өлеңдерінде кездесе береді. I Мен құстан туған құмаймын, Бір тұлпарға жұбаймын. Сауырыма қамшы тиген соң. Шаппай нағып шыдаймын. Мен түбін кескен бəйтерек Толқын соқса құлармын (74). Мен ақсұңқардан туған құмаймын, Бір сұңқарға жұбаймын. Сауырыма қамшы тигенде, Шаппай неғып шыдаймын.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Түбін қазған мен бəйтерек Толқуменен құлармын (46). Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамырқансам, шатынап сынар болатпын. («Күмісті мылтық қолға алып») Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. («Мен едім») Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам тағы кетермін.
(«Баймағамбет сұлтанға») Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын. Бұл қайталауларды кейінгі айтушылардың əбестен ауыстырып алуы дегеннен гөрі ақынның өзін-өзі қайталауы деген дұрыс болады. Ал керегіне қарай өзін-өзі қайталаған ақын осылайша қажетті жерінде керекті сөзді өзі ғана шығарып қоймай, бұрынғы ақындар сөзін де керекке жаратып отырған. Сөйтіп, Махамбет иінді жерінде өзінен бұрынғы ақын-жырауларды да қайталап отырған. Əрине, бұл жалаң қайталау емес еді. Тегінде, дəстүрлі жалғастық, ауысу, мұралану дегендердің өзі осы «қайталаулардан» көрінбек. Қайталау деген ұғымға, біріншіден, поэзиядағы тəсіл, түр қайталануы, екіншіден, ой, пікір қайталауы, үшіншіден, сөйлемдер, жолдар қайталауы жатады. Махамбеттің «Соғыс» өлеңі эпостық жыр үлгісіне өте жақын. Өлеңнің: Əскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым, Айғайлап жауға тигенде Ағатай, Беріш ұраным, – деп басталатын жолдары тарихи жыр (өлең) үлгісінде туған. Бірақ ақын əрбір өлең жолына үнемі мағыналық жүк беріп отыр-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі майды, осы себепті де өлеңнің мағынасына тікелей қатыстығы аз жолдар – эпостық жыр стиліне тəн жанама, қосалқы жолдар көбірек кіріп кеткен. Түніменен түйіндік, Таң атқанша тарандық. Таң ағарып атқан соң, Төңірекке қарандық. Қарап тұрсақ əр жерден Жау бір өрттей қайнайды, Қайнағанмен қоймайды, Мылтығын қардай боратып, Жетіп келді қамалға, Қамалды бұзып алуға... Осында екінші бір ойдың басталуы ретінде «Түніменен түйіндік» деген жолдың келуі мақұл-ақ, ал мағынаның шашыраңқысыз жинақылығы, пікірдің орағытқысыз дəлдігі жағынан келгенде «Таң атқанша тарандық» деудің тіпті керегі жоқ. Немесе «Жау бір өрттей қайнайды» деу жеткілікті болса да, ұйқас сарыны жеңіп, «Қайнағанмен қоймайды» деген қосалқы, жандайшап жол тағы да қайталайды. Əрине, бұл Махамбеттің кінəсі емес, жанрдың кінəсі, эпостық жыр жанрының ерекшелігі. Бұл қазақтың күллі эпостықбатырлық жырларына тəн ерекшелік. «Қобыланды батыр» жырынан мына үзіндіні алайық: (1) Қарақозы сөйлейді: (2) Алыстан айқын көрінген (3) Жылқы малдың аласы (4) Ағынан көпті қарасы (5) Оңдаса құдай санарды, (6) Бенденің болмас шарасы. (7) Қызыл тілді сөйлеткен (8) Қаусырма жақтың арасы, (9) Жеткен бе – деп ойлаймын (10) Өз көңлімше шамасы, (11) Кешегі қонған мезгілден (12) Шапқаннан бері шырағым (13) Көрінген жоқ көзіме (14) Құрдасыңның қарасы.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Осындағы 1–8 жолдар 9–14 жолдарды айту үшін дайындық, ұйқастық-дайындық қамымен алдын ала туған тілге тиек, дəнекер жолдар. Болмаса «Қараманның кешегі қонған мезгілден бергі қарасы көрінбеуін өз көңлімше жеткен бе деп ойлаймын», – дегенді айту үшін «жылқы аласы, тілді сөйлететін қаусырма жақты, сапар оңдауы» дегендерді айту сөзсіз қажеттік емес. Махамбет поэзиясында «Соғыс» сияқты эпостық жыр сипаттас өлеңдер ғана кездесіп қоймайды, эпостық жырдың біз көрсеткендей ерекшелігіне ие өзге үлгідегі де өлеңдер кездеседі. Айталық ақынның дидактикалық өлеңдерінде ауыз əдебиетіне тəн тілге тиек аралық-дəнекер жолдар мол кездесіп отырады. 1. Тоқсан тарау су ақса, 2. Дария болар сағасы. 3. Сан шерулі қол болса, 4. Батырлар болар ағасы. 5. Аз сөйлер де, көп тыңдар 6. Қас асылдың баласы. 7. Қалы кілем, қара нар 8. Жарасады қатарға, 9. Аруана жисаң жарасар, 10. Ұлы күнде сапарға. 11. Қауламаған қарындас 12. Қазақта бар да, менде жоқ. 13. Арызымды айтарға
(«Өлеңдер»). Осы өлеңдегі 7–10 жолдар «Қобыланды батыр» жырынан келтірілген үзіндідегі 1–8 жолдармен сипаттас. Қаумалаған қарындастың қазақта бар, өзінде жоқтығын айту үшін қалы кілем, қара нардың қатарға жарасатындығы, аруана ұлы күнде сапарға жарасатындығы сөз болуы қажетті емес. Немесе: ...Жапанда қарсақ ін қазар Хан салдырған жəрмеңке, Жырақ болсын бізден бұл базар. («Шашылу») ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Артымда қалған алғаным Қытайы қызыл көйлегі Күнге қойсаң оңар ма? Мұндай қорлық болар ма? («Қайда бар») Алтын жақса жарасар Жылтыраған күміске. Он екі ата Байұлы Жиылып келсе бір іске.
(«О, Нарын») Міне, бұлар Махамбет поэзиясына, тіліне ауыз əдебиетінің, оның тілдік-стильдік бояу-белгілерінің бір саладан – эпостық жыр саласынан əсерін көрсетпек. Махамбет – ерлікті мадақтаған ақын. Оның өлеңдері тұтасымен дерлік ерлік, жауынгерлік тақырыпқа құрылған. Бұл – Махамбет поэзиясының өзіндік ерекше сипаты. Біз Махамбеттің осы топтағы өлеңдерінен «мен»-ді, онда да ақын «мен» емес, батыр «мен»-ді айтудағы, батыр «мен»-ді сипаттаудағы, оның іс-əрекетін айтудағы сөзқолданыс тəсілінен өзіне дейінгі поэзияға тəн белгілерді анық көреміз. Қазақтың ілгері дəуірлердегі ерлік-азаматтық жырлары негізінен «мен»-ге құрылған. «Тоқтамыс пен Едіге жыры» да, «Орақ – Мамай жыры» да, «Əділ Сұлтан жыры» да, «Қазтуған туралы сөз» де – «мен» поэзиясы. «Батыр мен»-нің поэзиясы. Айталық Алтын Орда дəуірі поэзиясында мынандай жолдар бар. Мен салпаң-салпаң жортамын, Сары азбаннан қосым тартамын Мен ұшайын десем қанат жоқ, Қонайын десем құйрық жоқ... Жалғыз да болсам кетермін Сатемір ханға жетермін, Сатемір хан қол берсе,.. Алтындап соққан ақ ордаң, Күмістен соққан ақ есік, Түсі суық шым болат Есігіңді ұшыменен ашпасам, Төрге төсек салмасам...
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ІІ Мен, мен дүрмін, мен дүрмін Мен, мен деген тəуба қылған ер дүрмін... Мен тауда ұялар сұңқармын Тау бөктерлей жортармын. Тұрлаусыз өскен құланмын Мезгілсіз жусап оттармын... Буыршындан қатты қырысман Бұйдаласаң да еш чөкпен... Мен қарағайдан биік біткен терекпін Басымнан дауыл тұрса теңселмен, Мен қарағайға қайнап біткен бұтақпын Балталасаң айырылман. ІІІ Ау, беркініп садақ асынған, Беркінген жауды қашырған, Сүйегім тұтам асылмын, Ерегіскен ерлерге Найзағай мынау жасылмын, Келе жаумай ашылман. Кескек те туған бір ермін Кескілемей басылман, Басым жерге түскенше Дұспаныма бас ұрман... Батыр Махамбет өзін осы ерлердің ұрпағымын деп білді. Жəне сол ерлерше толғайды. Беркініп садақ асынған, Біріндеп жауды қашырған, Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық-жалын шорт түйген Мен кескекті ердің сойымын, Кескілеспей басылман, – деген Махамбет батыр, сөз жоқ, жоғарғы жолдарды мегзей айтып отыр. «Мен пəленмін» деген батыр сөзін «мен пəлен деген батырдың сойымын» деп ескертіп отыр. Жəне өзін соларша былай сипаттайды.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бойың жетпес биікпін Бұлтқа жетпей шарт сынбан! Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын. Ал батырлық өлеңдегі «мен»-ге тəн іс-əрекетін де соларша баяндайды: Мен ақсұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам тағы кетермін Кетпей нешік етермін, Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын. Өтініп алып от жақпан, Дұшпанға қылыш ұрармын. Жазға бір ай қалғанда Аласапыран болғанда, Бөліне көшкен еліңді Бөріккен қойдай қылармын... Махамбет поэзиясындағы ілгергі дəуір əдебиетіне тəн осы лирикалық герой – «батыр-мен» өзімен бірге тілдік тəсілін ала келді. Дəлірек айтқанда, Махамбет ақын өзінің лирикалық герой – «батыр-мен»-дерін ілгергі дəуір əдебиетіндегі батырлықазаматтық жырлардағы «мен»-дерше суреттеді. Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Мұнда Махамбет метафоралық сөздерді ілгергі жыр үлгісінде таңдайды, тіпті, кейде соларды қайталап та отырады. Сол сияқты Махамбет өз геройын сипаттауда да өзіне дейінгі батырлық ерлік-азаматтық жырларға тəн сөз қолданысты таңдайды. Махамбеттің: Садағына сары жебені салдырған, Садағынын кірісін Сары алтынға малдырған, Тереңнен көзін оңдырған, Сұр жебелі оғына Тауықтың жүнін қойдырған, Маңдайын сары сусар бөрік басқан, Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, Атқан оғы Еділ – Жайық тек өткен, – деп Исатай батырды суреттеуі ілгергі əдебиеттегі батырларды суреттеумен бір үлгілес. Таңдалатын сөз де, сындық сипат үшін алынған грамматикалық форма да, бұлардың синтаксистік жүйеде берілу жолы да бірдей. Қараңыз: Қарт қояндай қасқарған Қараңғыда сансыз қолды басқарған, Күнде сүңгі сындырған, Ер көңілін тындырған, Сүңгісіне кісі міндірген, Алмаған жау қоймаған Ішсе қанға тоймаған, Елге бір аз да, жауға көп Ақ Балтыр ұлы Уағым, Мəнчүр ұлы Шуағым!
(«Тоқтамыс толғауы») Адырнасын ала өгіздей (мөңіреткен). Атқан оғы егін тістей жер жыртқан, Атқаны бастан өтешек, Жеті қабат жерге кетешек.
(«Орақ–Мамай жыры») Махамбет – өзінен бұрынғы Бұхар, т.б. жыраулар сияқты солардың дəстүрімен дидактикалық-философиялық үлгідегі толғау жырлар да айтқан ақын. Оның «Тайманның ұлы Исатай», «Орай да, борай қар жауса», «Жалған дүние», «Аймақ көл», «Ұл туса», «Ай астында бір көл бар», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлап ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Арғымақтың баласы» сияқты өлеңдері – дидактикалық-философиялық тұрғыдағы шешендік толғау өлеңдер. Бұлар шешендік сөз, шешендік-толғау өлеңдер сияқты белгілі бір формалармен ғана келіп отырады. Сол сияқты: Қоғалы көлдер, құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған! Саздауға біткен құба тал Кімдерге сайқақ болмаған?
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Басына жібек байлатан Арулар кімнен қалмаған?.. Аймақ, аймақ, аймақ көл, Дария болып шалқымас, Аяғы төмен аққан соң. Айдан жарық нəрсе жоқ, Сəулесі түспес жаһанға Қараңғы түнек басқан соң... («Аймақ көл») Аспандағы бозторғай Бозаңда болар ұясы Босаңның түбін су алса, Қайғыда болар анасы. Қара лашын, ақ тұйғын Қайыңда болар ұясы. Қайыңның басын жел алса, Қайғыда болар анасы... («Аспандағы бозторғай») Пыр-пырлап ұшқан қасқалдақ Көлінде жатып көркеймес Ортайса көлдің қоғасы. Аруана мая күңіренер, Баурынан өлсе баласы...
(«Пыр-пырлап ұшқан қасқалдақ») Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нəрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен көркем нəрсе жоқ. Күндіз бар да түнде жоқ... («Жалғыздық») Арғымақтың баласы Арығанын білдірмес, ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Арқамнан қосым қалар деп, Балағы түкті қоңыр қаз Баттауыққа тоя оттамас Сұңқарлар үлгі алар деп...
(«Арғымақтың баласы») Бұлардың лексикасы да бір топтағы сөздер, ал өлеңге объекті болған нəрсе – табиғат құбылыстарына тəн шарттылық, заңдылық. Міне, Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы дегенде басты-басты өзекті салалар ретінде осыларды айтуға болар еді. Ал мұның өзі екінші кезекте Махамбет поэзиясы тіліне əрі фольклорлық əдебиеттің, əрі азаматтық поэзияның дəл осы салалардағы тілдік-тəсіл құралдары да едəуір əсер еткендігін көрсетеді, бірақ Махамбет тілін сөз еткен орайда оның өзіндік төл тума дүниесі мен бұл мұралық тілдік дүниеліктердің шегін айыра қою барынша қиынға соғады. Өйткені тілдегі сөздердің динамикалық қозғалысы мол, олардың мағыналық, тіркестік жағынан өзгеріп, варианттанып түрленуінде мүмкіндік шегі барынша кең. Бұлардың үстіне олар барынша тұрақты жəне барынша өміршең. Жəне олар негативтік сипатқа ие: қолдану мүмкіндігі бар кезде «ғайыптан» кездесе, орала кетеді, ондай мүмкіндік жоқ кезде негативтік күйде «өлі дүние» ретінде «жата береді». Ал тілдің модельдік-негативтік қасиеті тіпті ерекше. Ол өзінің бір ғана «пленкалық кадрынан» тектес үйір-тіркестердің тұтас тобын «шығара алады». Сондықтан да бір ақын тілінде бардың бəрін сол ағынға телу шартты нəрсе. Бұл арада стильдік жұмсалысы тұрғысынан, яғни ақынның белгілі тілдік формаларды қолдану жиілігі тұрғысынан келіп қарап, тану, телу керек болады. 2. Махамбет поэзиясы тілінің лексикасы Махамбет поэзиясы өзінің тақырыбы мен идеясы жағынан өзіне дейінгі жырау-ақындар өлеңдерінен барынша бай жəне нақтылы. Бұрынғы поэзиядағы бір ғана ерлік-батырлық тақырыпқа құрылған өлеңдердің көбі идеясы жағынан жадағай болып келетін, бұл идеялардың жалпы халықтық сипаты солғын,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі тіпті айқын көріне бермейтін. Көбіне субъективтік-даралық мүдде басым болып жататын. Махамбетке дейінгі батыр ақындар Жиембет, Ақтамберді, т.б. өлеңдері барынша дарашыл, барынша жеке жортуылшы батыр əрекетіне құрылғандықтан, бұларда халықтық мүдде, халықтық идея бірінші кезекте тұрмайды. Сондықтан да бұларда туған жер, мекенжай, қоныс, өріс, ел, халық, жұрт, туыс-тума жайы тілге орала бермейді. Бұл елжұрт идеялық мəн алып, категорияға бөлінбейді. Күрес, соғыс, ерлік, қимыл-əрекеттер категорияланып дараланбайды. Яғни тар тақырып, өріссіз идея, дарашыл мүдде бұл поэзия тілінің лексикасын барынша жұтаң жəне бір сарынды күйге түсірген. Бұл поэзиядан Махамбет поэзиясы мүлде өзгеше поэзия. Махамбет поэзиясы таптық, халықтық күрестің негізінде туған. Сондықтан да Махамбет поэзиясы тілі – күрестің, халықтық мүдде күресінің тілі. Ал бұл тілдің лексикасы күрес идеясын жеткізу құралы ретінде жұмсалысқа түскен лексика. Сондықтан да бұл лексика саяси мəн реңкін бойына алған лексика. Сондықтан да Махамбетте сөздер өзінің қарсы, жарыспа мағынасымен қатар қолданылып отырады. Яғни Махамбетте сөздер екідай жікке бөлініп отырады. Демек, қазақ поэзиясында өлең тілінің халықтық мүдде тұрғысынан идеялық құрал қызметінде жұмсалуы, саяси мəн (бояу) алуы Махамбеттен басталады. I. Махамбетте өзі күрес майданына шыққан территориядағы мекен-жай аттар – топонимдер едəуір кездеседі. Жəне олар өзі-нің шек-аумағы жағынан өзара барынша сыбайлас. Яғни Махамбет Нарында отырып, Сырды, Қаратауды жырлаған ақын емес. Себебі, Махамбет ақындық қиялдың жетегімен өлең шығарған жоқ. Оның бейбіт ақындық қиял қияңына түсуіне мүмкіндігі болған жоқ (жəне мұндай ақындық мектеп қазақ даласында ол кезде жоқ та еді). Махамбет өзінің ат тұяғы тиген, жорық сапарын кешкен, ең негізгісі күреске себеп болған мекенжайды ғана тілге оралтқан. Махамбет өлеңдерінде Еділ, Жайық, Нарын, Сағыз, Жем, Дендер, Жасқұс, Бекетай құм, Теңіз, Арқа атаулары кездеседі. Ақын Жайықты 9 рет, Еділді 8 рет, Нарынды 15 рет атайды. Бəрінде де бұл топонимикалық атаулар жай географиялық ұғым
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ретінде аталмайды, ел қонысы, халық мекені, шаруа жайы, болашақ тіршілік кепілі ретінде алынады. Жəне бұл топонимикалық атаулардың айтылу ыңғайы ақын өлеңдерінің туу сəтін, айтылған жері мен мерзімін бағдарларлық сыр да бүгіп жатыр. Алақандай Нарында Мүкəммалым шашылды («Шашылу»), Абайламай айырылдым Ар жақтағы елімнен, Анау Нарын деген жерімнен («О, Нарын»); Ана Нарында жатқан, Жас баланың қамы үшін («Айныман)»; Біз ер едік, ер едік, Ен Нарында жүргенде... («Біз неткен ер»); Біздің анау Нарында Бір төбелер бар еді («Нарында»); Адыра қалған Нарынның, Теңіз деген суы бар («Адыра қалған Нарынның»); Мен Нарыннан кеткенмін, Нарынды талақ еткенмін («Мен Нарыннан кеткенмін»); Көшер еді біздің ел, Сонау Еділден бергі жердейін. Қонар еді біздің ел, Арқада қоныс шөлдейін («Арқаның қызыл изені»); Айналайын Ақ Жайық! Ат салмай өтер күн қайда? («Күн қайда?»); Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген, Таудағы тарлан біз едік. Ақын бұл атауларды өзінің көңіл күйі ыңғайына қарай суреттейді. Айталық, Исатай мен өзінің ерлік əрекеті өрлеп тұрғандағы Нарынды Кешегі Исатайдың барында алақандай Нарында деп, алақанға теңейді. Ал қолдан шығып, арманға айналған Нарын (Мен Нарында жүргенде) бір байтақ мекен ретінде асыра суреттеледі немесе қарғыс тигізе кейіп, тілге оралтады (Адыра қалған Нарынның Жайық деген суы бар) немесе емірене аңсай армандайды (Айналайын Ақ Жайық! Ат салмай өтер күн қайда?). Бұл кезде ақын туған жерді сүйе аймалайды, алыста тұрып құшағын ашады. Тегінде бұл жер-су атауларының аталуынан біз ақынның туған жерге деген патриотизмін, туған жер, ата мекен үшін жан берер адал ұлға, қамқор ерге лайық əрекетін көреміз. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген тарлан ұл Еділ үшін егескенін, Жайық үшін жандасқанын айтады. II. Махамбет жырының тақырып сипатын белгілеуде оның тіліндегі халық, ел, жұрт, алаш сөздері мен ер, батыр, хан, сұлтан, жау, дұшпан əрі қару аттары, туыстық атаулардың келу реті мен жиілік саны елеулі қызмет етпек. Ел сөзі Махамбет өлеңдерінде 20-дан артық, халық сөзі 10-нан артық, жұрт сөзі бес рет, алаш сөзі 4 рет кездеседі. Бұлардың
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі сыртында Махамбет осы топқа жақын мағынада қазақ, көп сөздерінде де қолданған. Осы сөздердің қолдануында бұлардың поэзия тілінде жарысу, орын алу, ығыстыру сияқты күрестен гөрі ақынның стильдік-тілдік реңк беруі жатыр жəне тіркес аясы заңы, дəстүрлік ықпал əсер ізі бар. Айталық, алаш сөзі мына жағдайларда кездеседі: Атаның жолын қумаса, Алаштың байлығынан не пайда? Алты сан Алаш ат бөліп; Бесеуміз жүргенде Алашқа болам деуші едік; Алаштағы жақсыдан Батасын алып, дəм татып. Алғашқы екі жағдайда ақын алаш сөзін дыбыстық (əуездік) ұйқас ыңғайымен қолданған, яғни а дыбысы қайталануы (дыбыстық анафора) заңы жетектеп əкелген. Ал үшінші, төртінші жағдайда көне жырлардағы қолданылу ыңғайымен бірде жау сөзінің синонимі ретінде келсе («Алашқа болам деуші едім»), бірде көне салтпен халық, ел сөздерінің баламасы ретінде келген1. Өйткені алаштағы жақсыдан тіркесі көне тіркес. Яғни бұл жерде алаш сөзін жақсы сөзі «əкеліп» отыр. Ал енді ел, халық сөздерінің қолданылуында да осы сияқты белгілер бар. Демек, ел сөзінің халық сөзінен көп қолданылуы бұл екі сөздің дара мағыналарындағы ерекшеліктен гөрі қандай сөздермен тіркесуіне байланысты. Олай болса, мұның өзі ел сөзінің тіркестік қатарының молдығын көрсетеді. Ал енді бұл сөздерді тіркестік қатарында көрейік: 1) елдің қамын жеді ғой, құрбан болса елі үшін, еңбек етіп ел үшін, ел қорыған мен едім; ел құтқарар ер едім, мен де айырылдым елімнен, бүлдірмегей еді елімді, т.б.; 2) халықтың кегін қусайшы, халық қайғысын айтуда, халқының көрген қорлығын, т.б.; 3) Жұртыма құрбан болсам деп, Астана жұртын айналған, т.б. Міне, бұл жолдар Махамбет жырының тақырыбы мен идеясын танытатын жолдар. Біз Махамбетке дейінгі поэзиядан халық, ел, жұрт сөздерінің осы əлпетте мол қолданысын кездестірмейміз. Махамбетте ер сөзі 40-тан артық, ал батыр сөзі 5-ақ рет қолданылған (біздің қайсар батырдың; Махамбет атты батыр1 Алаш сөзіндегі осы екі мағына жайында С. Сейфуллин өзінің «Қазақ əдебиеті» (1964 жылғы басылуы, 21-24-бб.) кітабында кең түрде əңгіме еткен.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі мын; Исатай батыр кеткелі; батыр болмақ ойдан-ды, асынбас еді біздің батырлар). Ал ер сөзінің тіркес аясы да əр тарап: ардақты ермен бірге өлсе; ер Қобыланын жөнелтіп; асыл ердің баласы; азамат ердің баласы; тарығып келген ерлерге; еңіреп жүрген ер едік; кескекті ердің сойымын; мұңдас ерлер болмаса; қызғыштай болған есіл ер, т.б. Тегінде, батыр сөзі атақ сияқты қызмет атқарып, ер сөзі жауға аттанып, майданға түскен азаматтың аты, азамат ұлдың синонимі болса керек. Айталық, Махамбетте азамат, жігіт, жолдастар сөзі жиі қолданылады бұлар өз мағынасынан гөрі көбіне ер сөзінің синонимі ретінде келеді: азамат, сені сақтадым; ер азамат кімде жоқ; қасыма ерген жігіттер; қасыма ерген жолдастар; о да өледі; жігіттер; тəңірім білер жігіттер; жолдастарым, мұңайма, т.б. Ерлік, батырлық əрекет күрес, соғыс ұғымдарымен қатар жүреді. Ерлік, батырлық сипаты осы күрес пен соғыстың сипатына байланысты. Яғни соғыстың, күрестің не үшіндігіне байланысты. Ал мұны күрестің кім үшін, не үшін екендігін танытар сөздер көрсетеді. Мысалы, эпостық-батырлық жырларда əрі ерлік-тарихи жырларда мұндай «не үшіндік» бірінші кезекке шығып көрініс бермейді. «Қобыланды жырындағы» барынша лиризм, субъективті толғау Қобыландының қоштасуы мына түрде келеді. Айналайын, Қарлығаш, Айтқан сөзге құлақ ас. Мен кешігіп келмесем, Сендерді мұнда жылатпас, Қалың Қыпшақ қарындас. Қарлығаш, сенен айналдым, Ағызба, қалқам, көзден жас. Ал Қобыландының Алшағыр қызы Қарлығаға айтқаны мынау: Жау шауыпты елімді, Жау басыпты белімді, Жау кесіпті желімді, Менен қалған байтақ ел Көрген сияқты көрімді, Қалмақтың ханы Алшағыр...
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Шауып кеткенге ұқсайды Қараспан таудағы елімді... Осыларда барынша «салқын қандық», «бөтендік» тұрғыдан баяндау басым. Яғни объективті суреттеуге тəн бейтарап қатынас басым. Ал азаматтық-ерлік жыр бұлай емес, мұнда ақын күреске өзін, айналасын жəне бұл күрестің өзіне, айналасына қатынасын, бұған өзінің көзқарасын, күрестегі мақсатын, т.б. – бəрін айтып отырады. Яғни мұның бəрінде ақынның көңіл күйі жатады. Бұл көңіл күй «мен» арқылы көрінеді. Ал «мен», бұл – барлық «мендер» мен «біздер», «сендер», «олар». Ақын шығармасында осы топтағы сөздердің көрінуі əрі оның аз-көптігі бұл шығарманың идеясының жəне ол идеяның осы сөздерде қатынасының дəрежесін білдіреді. Бізді тапқан ананың Асыраған атаның... Қолын алар күн қайда? (32-б.); Азамат ерлер кімде жоқ?... Қаумалаған қарындас, Қазақта бар да, менде жоқ (62-б.); Алақандай Нарында Ата менен ана бар, Іні менен аға бар, Қатын менен бала бар (86-б.). Біз осындай қатынастың сипатын жоғарыда топонимикалық атаулар мен ел, халық, жұрт, т.б. сөздердің келу, қолданылу ретінен көрдік. Бірақ Махамбетте бұлардан да басқа жиі айтылатын сөздер бар. Ол – туыстық атаулар. Ол – ата, ана, қарындас, аға-іні, қатын-бала, жар, т.б. Бұл сөздер Махамбетте барынша көп кездеседі: Қатын, бала, қара орман, Баршасын жауға алдырған (25-бет); Қатын, қалса бай табар, Қарындас қалса жай табар, Артымда қалған ақсақал... Кейін қалған жас бала, Күдер үзіп біздерден, Қөңілі қашан жай табар?! (22-б.). Ауыз əдебиетіндегі тұрмыстық жыр (өлең) болмаса, қазақтың Махамбетке дейінгі азаматтық поэзиясында туыстық сөздердің мұндай мол жəне жиі қайталап келуін кездестіре қоймайсыз. Бұлардың сыртында осы атаулардың бəрі де ақын шығармасындағы өзекті идеямен сабақтасып жатыр. Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, – дегендегі Еділ, Жайық атауларында қандай мəн, идея жатса, бұларда да сондай мəн, идея жатыр. Түптеп келгенде, бұл сөздерді ақын шығармасына əкелген де осы идея. III. Махамбет өлеңдері – бұқара халықтың хандық зорлыққа қарсылығының жемісі болғандықтан, оның өлеңдерінде күре-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі суші екі жақты күрес заңына тəн жіктеп қарау, айыра тану барынша айқын. Осы себепті де қоғамдық-əкімшілік мəнге ие терминдер белгілі бір көзқарас тұрғысынан келіп аталып отырады. Егер ертерек дəуірдегі азаматтық поэзияда қоғамдық, əкімшілік терминдер де жіктеліске түсіп, бір топтың түсінігі тұрғысынан қарала қоймаса, Махамбет өлеңдерінде əкімшілік атаулар – таптық жіктеліс мəнімен аталады. Əкімшілік-бұқаралық атаулар қарама-қарсы қойылып отырады. Қараны ханға теңеп берем деп (91), Хан ұлына қас болу, Қара ұлына бас болу (89), Қара қазақ баласын хан ұлына теңгердік (59), Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір-ақ тусайшы (66), Қарада да қара бар, хан ұлы басып өткісіз (39). Міне, хан жəне қара сөзіне бұлай саяси мəн беру Махамбетке дейінгі поэзияда өте сирек ұшырасады. Бұхар жырау: Ханның жақсы болмағы Қарашаның елдігі, Қараша халқы сыйласа Алтыннан болар белдігі, – дейді. Бірақ мұнда ешқандай саяси жіктеу жоқ, қалыпты жайды жай атап өту ғана бар. Ал Махамбетте олай емес, хан сөзінің қарсы жағында қара (бұқара) сөзі тұр. Хан сөзін қасиеттеп атау жоқ. Махамбет хан сөзін көбіне жау, дұшпан сөзінің синонимі ретінде алады. Өйткені Махамбет батыр тұлпар мініп, ту алып, елдің шетіне шығып, жау іздейтін баяғы жаугершілік заманның батыры емес, ол жауын, дұшпанын, қасын өз жерінен, өз елі ішінен табады. Ол – бұқараны езуші «өзінің» ханы. Сондықтан да Махамбет Қара ұлына бас болып, хан ұлына қас болады. Сондықтан да Махамбеттің жауы Жəңгір хан, оның Баймағамбет сияқты сұлтандары. Міне, осы себепті де Махамбет өлеңдерінде кездесетін əкімшілік атау хан сөзі – таптық-бұқаралық түсінік тұрғысынан танылатын ұғым. Жау, дұшпан сөзі де осы тұрғыдан танылмақ. Бұл сөздер де жаңа мағына алған. Махамбетте хан сөзі 40-тан артық аталады. Ал жау сөзі 20-дан артық, дұшпан сөзі 17 рет келеді. Бұл соңғы екі сөз кө-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі біне бір-біріне синоним болып отырады: Ата жауың мен едім, Ата дұшпан сен едің (59) Қасарысқан жауына (18) Қарсыласқан дұшпанның (77) Қамалаған жаудан қайтпаған (83) Қамалаған көп дұшпан (34), т.б. Ал бұлардың бірінен-бірінің артық-кемдігі тіркес аясына ғана байланысты. Айталық, (баршасын) жауға алдырып; жаудан (аман) жан қалса; (жолдасын) жауға алдырып; (жалаңаш бар да) жауға ти, жау тоқтатқан (айқаста) сияқты тіркестер дұшпан сөзінсіз қалыптасқан көне тіркестер. Ал мұның өзі екінші кезекте Махамбет тұсында кірме дұшпан сөзінен гөрі төл жау сөзінің жұмсалу өрісінің де, тіркесу аясының да кең болғандығын көрсетеді. Махамбет қазақ поэзиясында хан сөзін бұқаралық көзқарас тұрғысынан мəн бере қолданып, оған таптық мағына берумен қатар, хан сөзі ұйтқылығымен жасалған жаңа тіркестерді де ала келді: ханның тауын қайтарған, хан баласы ақсүйек, атаңа нəлет хан ұлы, ханнан кегін ала алмай, құдайлады хан ұлы, қараны ханға теңедік, хан ұлына теңгердік, хан ұлына қас болу, хан ұлымен алыстық, т.б. Сұлтан, төре, ақсүйек, би, патша сөздері Махамбетте сирек кездеседі. Патша сөзі ақын шығармасында патшаға хабар салдырып, патшадан солдат алдырып – дегенде ғана, екі-ақ рет келеді. Ал сұлтан сөзі ақынның «Баймағамбетке айтқанында» төрт жерде қайталанады: Алай ма, сұлтан, алай ма; Байеке, сұлтан ақсүйек; заманымда болған сұлтаным; Байеке, сұлтан сен болсаң. Махамбет төре, ақсүйек сөзін «хан тұқымының» синонимі ретінде алады, бұлар өзара да синоним болып келе береді: ақсүйектің баласын қара ұлына теңеріп (қара қазақ баласын, хан ұлына теңердік), хан баласы ақсүйек, Байеке сұлтан, ақсүйек; ұлы төре сенің де..., хан, төренің кешігіп, т.б. Ақын шығармаларында бұл сөздер де өте сирек. Мұның өзі Махамбет өлеңінің көбіне арнай айтылуына жəне бұл сөздердің хан сөзімен де синоним қатар етіп алуына байланысты болса керек. Ал би сөзі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ақынның күллі өлеңінде екі-ақ орайда кездеседі: бірі – «Шонты би» өлеңінде, екіншісі – «Баймағамбетке айтқан» өлеңіндегі өздеріңдей хандардың, қарны жуан билердің деген жолда ғана кездеседі. Мұны Махамбет найзасы кімге көп кезелсе, ақын тілінің де соған көп оралғандығына байланыстырып барып бағалау керек болар. Махамбет жауы – Жəңгір хан мен Баймағамбет сұлтан жəне солардың төңірегіндегі билер болды. Бірақ би атанған кісілер Исатай – Махамбет қолында да бар еді. Сол үшін де ақын би сөзін жағымсыз тұрғыдан, өлеңнің қарсы жағы етіп суреттеп, бірінші кезекке шығара бермейді. Мұны ақын өлеңінде старшин сөзінің кездеспейтіндігі тұрғысынан келіп қарағанда ғана анық байқауға болады. Əрине, бұлар жай кездейсоқ нəрсе емес. Мұның өзі Исатай – Махамбет көтерілісінің сипатымен, көтеріліске катысушылардың таптық, топтық құрамымен байланысып жатқан нəрсе. Үстем тапты, халықты, қанаушы топты бөле қарайтын Дулат не Шортанбайдан бұл сияқты «ұмытуды» кездестірмейміз. Махамбеттің алаштағы жақсы, жақсыларға еп едім, Домбыра тартып жырласам, Жақсылар маған қылар сый дегеніндегі жақсылары – көтерілісшілерге ерген ел ағасы, өз жағындағы бистаршиндар. Махамбетте бұқара халықты əлеуметтік жағынан жіктей атау сирек ұшырайды. Ол: қазақ жұртын көп халқым, қара (ұлы), қарындас деп қана атап, одан əрі тереңдеп, əлеуметтік жікке бөлмейді. Махамбетте Бұхарда кездесетін кедей, жарлы сөздері де жоқ, тек екі-ақ орайда ғана қаріп-қасер, жетім-жесір сөздері айтылады. IV. Махамбет өлеңдері – ерлік-азаматтық, жауынгерлік өлеңдер болғандықтан да оның лексикасында қару-жарақ атаулары мен соғыстық, ереуілдік ұғымдағы сөздер едəуір кездеседі. Олар: найза, ақ алмас, көксемсер, қылыш, жебе, бадана, сауыт, дулыға, көбе, сүңгі, білтелі, қорамсақ, оқ, садақ (садағының кірісі, масағы, адырнасы, көк шыбығы), жай, мылтық, білтелі. Махамбет өлеңдерінде кездесетін бұл атаулар ақын өмір сүрген дəуірден жүз, екі-үш жүз жыл бұрынғы батырлық жырлар мен өлеңдерде кездесетін атаулар. Ерекше айырым жоқ дерлік. Тіпті бұл қару-жарақтардың суреттемесі, эпитеттері де, теңеуі де
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі баяғыша: балдағы алтын ақ болат, балдағы алтын құрыш болат, адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, қызыл сырлы жебе, күшіген жүнді оқ, қозы жауырын оқ, садақ толған сай кез оқ, құрулы жатқан жебе, алты құлаш ақ найза, он екі тұтам жай, т.б. Əрине, Махамбет – ақын, сондықтан да ол атадан мұраға қалған қаруды, бүкіл батырлық жыр сақтап жеткізген атауды поэзия заңы ыңғайымен суреттей атауда өзіндік стильге де ие. Махамбет бір найза сөзіне бірнеше эпитет сөз тіркестіреді: толғамалы найзамен, қоңыраулы найза, қималы найза, алты құлаш ақ найза, жалаулы найза, егеулі найза, болат найза. Махамбет өлеңдерінде найза, садаққа қатысты атаулар жиі кездеседі. Найза сөзін ақын 15-ке жуық қайталайды. Бірақ Махамбет қылыш сөзін екі-ақ орайда ғана тілге оралтады: қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік; Ат – жігіттің майданы, Қылыш – жанның дəрмені. Өлім – қақтың пəрмені – деген шешендік үлгідегі афоризмде екінші қатардағы мағынасымен келеді. Ал найзаның синонимі ретінде келетін сүңгі сөзі мен бес қарудың бірі – сауыт сөзін ақын бір-ақ рет (сүңгімен түртіп ашарға, сауыт киер күн қайда?) еске алады. Тегінде, бұның өзі соңғы сүңгі сөздерінің тілде қолданылуында пассивтеніп бара жатқанын, ал алғашқы қылыш сөзінің поэзияда əлі де негізгі тұрақты лексикаға айналып үлгірмегенін көрсетсе керек. Бұрынғы жырларда қарулы топты көбіне, қол деп айтқан. Ал Махамбетте осы қол сөзімен қатар, əскер, аламан, солдат сөздері қолданылады. Ақын қол, əскер, солдат сөзін өзінің күллі өлеңдерінің ішінде эпостық тарихи жырға жақын үлгідегі «Соғыс» деген өлеңі мен «Əй, Махамбет, жолдасым!» деген өлеңінде молырақ ауызға алады. Əскер жиып аттандық Бекетай еді тұрағым, Жау қарасы көрінді Жиылған əскер білінді. Астына мінген Ақтабан Ақбөкендей ойнайды, Қасына ерткен көп əскер Маңыраған қойдай шулады.
(«Соғыс») ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Ақын бұдан басқа жерде бір-ақ орайда қол, əскер сөзін қолданған: Біз Өтемістен туған он едік, Сол онымыз жүргенде Мың сан əскер қол едік. («Біз неткен ер») Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде Жер қайысқан қол едік.
(«Баймағамбетке...») Махамбет əскер, қол сөздерін майдан, ұрыс əңгіме болатын, суреттелетін өлеңде ғана айтқан. Ал ондай өлеңдер Махамбетте жоғарыда аталған екі-ақ өлең. Тарихи тұрғыдан келгенде де Исатай мен Махамбеттің көтерілісіндегі елеулі шайқас осы екі өлеңде сөз болатын бір ғана соғыс. Ол – 1837 жылғы октябрьдегі хан ордасын қамау. Ал солдат сөзі Махамбеттің осы өлеңінде бір-ақ рет – Патшадан солдат алдырып деген жолда ғана кездеседі. Бұлардан мынадай қорытынды туар еді: біріншіден, Махамбет шеп құрып, қанды майдан ұрысты көп жасамаған себепті қанды майдан ұрысты да көп жырламаған. Əрі жеңіліспен бітіп отырған екі соғыс та халықты қайта көтеру үшін үлгі бола алмады. Осы себепті де ақын лексикасында сол тұстағы бірденбір əскери атау – қол сөзі өте сирек қолданылған. Екіншіден, қазақ халқында тұрақты армия болатындай тарихи жағдай қалыптаспаған-дықтан, əдебиетте де оның терминдік атаулары дəстүрге тұрақты түрде енбеген. Ешқандай жауға шерулі қолсыз аттанбайтынды-ғына қарамай, қазақтың эпостық жырларында белгілі батырлар-дың бəрі де жеке аттанады, жеке жүріп ерлік көрсетеді. Осы себепті Махамбет те салтта жоқтықтың дағдысымен əскер сөзі келетін жерде кейде оны халық сөзімен ауыстырып жібереді: Əскерімді таратып, Он бір күнге қаратып, Бекетай құмға келгенім.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Сүйткен бір қайран халқым-ай, Қасыма бір келмедің.
(«Əй, Махамбет жолдасым») Үшіншіден, Махамбетте патша сөзі (патша үкіметі деген мағынада) сияқты солдат сөзінің бір-ақ рет кездесуі, халықты сол кезде қырғынға ұшыратқан жазалаушы отряд – солдаттарға, оның сыртында тұрған патшалық отарлаушылыкқа қарсы тақырыпта өлең туғызбағандығына байланысты. Сондықтан да мұндай бірлі-жарым сөздер ақын лексикасы үшін тəндік сөздер болып табылмайды. Бұларды ақын тіліндегі тұрақты лексика деуден гөрі кездейсоқ қолданыс деген дұрысырақ болмақ. V. Араб-парсы сөздері қазақ тіліне өте ерте замандарда-ақ енген. Қазақтың төлтума сөздері сияқты грамматикалық, синтаксистік түрленіске соншалық мол түсіп үлгірген осынау сөздердің келу мерзімін бұл күнде шамалаудың өзі де өте қиын. Қазақтың азаматтық поэзиясы өзінің тақырыбы жағынан ха-лықтың тұрмыс-болмысына қаншалықты жақындаған сайын, оның күнделікті тіршілік жайын сөз еткен сайын халықтың сөйлеу тіліне тəн ерекшеліктерді бойына молырақ сіңіре бастады. Тілдің төменгі қабаты тұрмыстық тілге барып, оның замандар бойында қалыптасқан кестелі сөз, бояулы сөз байлығын молырақ меңгерді. Ал бұлардың өзі оны өзіне дейінгі поэзия үлгілері тілінен (лексикасынан) бірте-бірте ерекшелей, өзгешелей берді. Ал бұл ерекшелену екінші кезекте оның тіліндегі жаңалық болды. Яғни тақырып ыңғайына қарай халықтың ауызекі сөйлеу тілі қоры негізінде дамуы болды. Мысалы, Махамбет поэзиясы тіліндегі арабизм, парсизмдер жөнінде де осыны айтуға болар еді. Болмаса Махамбет бұл сөздерді араб-парсы тіліндегі əдебиет немесе көне түркі əдебиеті нұсқаларын оқу, олардың тілін меңгеру арқылы тапқан жоқ. Тіпті, Махамбет бұл сөздерді өзіне дейінгі ауыз əдебиеті (фольклор) мен азаматтық поэзиядан да ала бермеген. Бұл сөздер Махамбет лексикасына сөйлеу тілінен ауысқан. Яғни ақын тіліне бұл сөздер оның өзі əңгіме еткен тақырыбына, осы тақырыпқа орай қалыптасқан халықтық түсінік тұрғысынан сөйлеуіне байланысты, осы тақырыптарға орай қалыптасқан салттағы сөздерге баруы негізінде оралған.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Айталық, Махамбет жасаған дəуірден кемінде 400 жыл бұрын жазылған ескерткіштер тіліне назар аударсақ, Махамбет тілінде кездесетін араб-парсы сөздерінің көбі-ақ сол кездегі жазба əдеби тілде бар сөздер болғанын көреміз. XIX ғасыр ескерткіші «Мухаббат-намеде» мынадай сөздер кездеседі: Жаратты алты күнде хақ тағала (28-бет) [2], «қатық таштып қылур гəвхəрни пайда, қуруқ найдын қылур шекерні пайда (сонда 129), қадих кэлтурулир мăjліс қурулды (129), улусқа рахм этіп ғамхур болғыл (133), кішінің көңілдін кэтір бу ғамны (136), сэнің дардыңға хэч дарман jоқ, айjан (137), не білсін қадрыңызны тэгмай надан (141), көзумдір хар заман jолддг фаравон (141), jэхан толды сэнің зулфуң қарасы (141). Ал енді XIV ғасырда жазылған «Хусрав уа Шырын» дастанынан бірер мысал: тубарäк қыл сөзум барча жиһанға (17-б.), jітік бақғанлар андын табты махсут (18), маңа хайрäт кäлур бу ішдін ай jар (20), қамуғқа хизмдтіні фарз қылды (22), саңа болмаз зіjан бізге болур суу (23), саңа хізмат қылай тäп ’азім қылдым (23), улäш хизмäтқа разы қыл тан у жан (24), дуа қылсаң қамуғ қазғусы тарыр (26), фида қылдылар хаққа тан жанлары (27), қамуғ’алам jузін кöргуғä мухтаж (30), аның бу äзгу аты ’äлäм-дä машһур (30), қалур қайрат сөзін тыңласа ’ақыл (31), қабул қылса (31), jар болса (31), қурбан қылып (34), қылаjым табуғда жанны қурбан (79), т.б. Міне, араб-парсы жəне түрк тілі сөздерінен қалыптасқан осы тұрақты тіркестер – қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілінің қалың қабатына барынша сіңіскен тіркестер. Олар ауызекі тілде барынша актив тұтыныс тапқан. Айталық, «Хусрав-Шырында» фида қылдылар хаққа тдн jанлары дегендегі тіркес Махамбетте жанын пида етпей ме шын сүйіскен теңі үшін деген жолда сол қалпында кездеседі. Жалғыз ауытқу бірінде қыл, бірінде ет деген синоним етістіктердің келуінде ғана. Бұл, əрине, араб сөзі ұйтқы болған тіркеске тəн ерекшеліктен гөрі қыл-, ететістік сөздердің жұмсалу дəстүрлігіне тəн ерекшелік. Мұны іс қыл, іс ет, жолдас қыл, жолдас ет деген тіркестер аясындағы заңдылық тұрғысынан ғана қарау керек. Дəлірек айтқанда, қыл, ет етістік сөздердің тіркес жасау аренасына шығу жағдайы, дəуірі тұрғысынан қарау керек.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Махамбет шығармаларында мынадай араб-парсы сөздері жəне олар ұйытқы болған тіркестер кездеседі. а) Жеке сөздер: арман, мақсат, үміт, тағдыр, намыс, ар, жəбір, жапа, құса, дерт, қайғы, дауа, қапы, нəлет, тоба, арыз, ақыл, бақыт, дəурен, дүние, заман, жиһан, фəни, пайда, ажал, нəмарт, лауазым, ақырет, ажал, əзірет, жан, асыл, жар, қақ, Алла, Құдай, дін мұсылман, шайтан, тақсір, алдияр, қаріп, қасер, азамат, жұбай, дұшпан, қас, дос, байтақ, астана, т.б. ə) Тіркестер: шын ажалың жетпесе (922), жаныңды қинап жылама (87), қор болды-ау есіл ер (84), ақылға жетік би адам (65), заманым менің тар болды (62), елдің қамын жеді ғой (61), бақытым ауып басымнан (67), тағдырыма көнгенім (70), қапыда өткен дүние-ай! (70), ақырында еш болды (69), баста дəурен тұрғанда (53), қылыш жанның дəрмені (79), өлім қақтың пəрмені (79), жауым таба қылар деп (81), ол мақсатқа жете алмай (91), дертке дауа іздеген (95), тірліктен үміт үзбеген (96), жан пида етпей мен (96), құрбан болса елі үшін (90), жау тауымды шаққаны (97), бізден ақыл сұрама (76), əділ жаннан түңілтіп (54), жəбір беріп жала етсең (54), арманың бар ма құдайға (54), арнамысым қашырман (56), құдай қылды, амал жоқ (44), қайғыда болар анасы (40), арызымды айтарға (40), əзіреттен ант ішіп (39), ақыретті жанға байланып (35), сəулесі түспес жиһанға (30), азамат ерден бақ тайды (29), бір Аллаға сиынып (29), намысына шыдамай (28), бұл заманның шағында (25), бұл фəнидің жүзінде (11), антыңды бұзып айныма (20), т.б. Махамбет өлеңдері тілінде кездесетін бұл тіркестер барынша көне. Бұлардың жасалу із-өкшесін анықтау қиынның қиыны. Араб-парсы сөзді тіркестердің бірсыпырасы аударма арқылы (қақтың пəрмені, фенидің жүзі, т.б.) жасалса, бірсыпырасы байырғы тіркестердегі мағыналас сөздердің орынын ауыстыру арқылы жасалған. Мысалы, көне жазбаларда [3] jуқ қылтымыз (117), jзуқуз кісіг (117), тäнрікä jазынып (117), тäңрі jарлықазы үчүн (31), т.б. тіркестер кездеседі. Ал осы тіркестер негізінде күнə қылды, күнəсіз кісі, құдайға жазып, құдай жарылқап түрінде жаңа тіркестер жасалған. Сол сияқты тəңрі қылды – құдай қылды, күдер үзбеу – үміт үзбеу, тілек айту – арыз айту, қалықтап ұшып – аспандап ұшып түрінде сан алуан синоним тіркестер туралы да осыларды айту керек.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Осы себепті де жоғарыдағы сөздер мен тіркестердің мəні олардың Махамбет шығармасы тілінде қалай жасалғандығын айтумен ашылмайды, онда бұл Махамбет өлеңіндегі сөздерді емес, жалпы осы сөздерді (халық тілі аясы тұрғысынан) қарастыру болар еді. Бізге бұл тұста ең негізгі нəрсе – осы сөздердің Махамбетте кездесу фактісі, екіншіден, пайдаланудағы ерекшелігі, қай топтағы сөздер екендігі. Махамбетте кездесетін араб-парсы сөздері əрі осы сөздер ұйытқы болған тіркестер, негізінен, эмоциялы мəнді көңілдік, сезімдік тілге тəн – арман, құса, дерт, дауа, қапа, қайғы, қам, талап, назар, қапы, ар, намыс, арыз, зарығу, дəрмен, амал, дүниеай, т.б. сияқты сөздер болып келеді жəне олар көбіне қайталанып отырады. Махамбет дүние-ай, жалған сөздерін бірнеше рет қайталайды: ақырында дүние-ай (70), қапыда өткен дүниеай (70), қапыда кеткен дүние-ай (85), опасыз мынау жалғанда (67), т.б. VI. Махамбет поэзиясында күрес, күрестің сипаты əкелген бір алуан жаңа сөздер мен сөз тіркестері бар: қараны ханға теңеп берем деп (91) ақырып теңдік сұрарға (66), тұралық іс болмаса (65), келе алмадық келіске (63), ел үшін еткен еңбегім (69), тілегін сұрап алғасын (70), теңдікті малды бермедік, теңдіксіз малға көнбедік (53), бір қазақпен тең едім (57), тура əділдік биде жоқ (62), жалғыздықпен болдым дос (73), халық қайғысын айтудан (73), ханның тауын қайтарған (73), опасыз мынау жалғанда (67), қорлықта жүрген халқыңа (18), бостандық алып берем деп (18), қасымда көмектің кемінен (46), берер ме екен құдайым, біздей тарыққан ердің тілегін (43), мұңдас ерлер болмаса (39), халықтың кегін қусайшы (66), ханнан кегін ала алмай (55), ежелден бергі кегі үшін (95), хан ұлымен қас болып, қара ұлына дос болып (73). Осылардың ішінде теңдік сөзі – қазақ халқы тарихында əлеуметтік-саяси мəнде жұмсалған алғашқы сөздердің бірі. Теңдік сөзі Бұхарда да кездеседі: Күндердің күні болғада теңдік тимес өзіңе,... – дегенде Бұхар теңдік сөзін «есе-билік» тіркесі беретін мағынада қолданып отыр. Ал Жанкісі жыраудың «Қоқан ханына айтқаны» өлеңінде ...Теңдік жоқ деп ойлайды, – дегенінде де осы мағынада жұмсалған.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Махамбет өлеңінде теңдік сөзі бірде Бұхар, Жанкісі айтқан мағынада («ақырып теңдік сұрауға»), бірде ауыс-экспрессивті мағынада жұмсалады. Теңдікті малды бермедік, теңдіксіз малға көнбедік – дегенде ақын, біріншіден, өз иеліктеріндегі «еселі малды, заңды, меншікті малды» айтса, екіншіден, хан əмірін зорлықпен теліген «есесіз бересі малды» айтып отыр. Яғни соңғыда ақын теңдік тию, теңдік бермеу сияқты тіркеспен келетін байырғы мағыналы сөзге жаңа мағына беріп отыр. VII. Махамбет лексикасында бір топ ерекше сөздер бар: ереулі атқа ер салмай (5), қу толағай бастанбай (6), кермиығым кербезім, керіскендей шандозым (11), айырдан туған жампоз бар (16), керт бұғыдай билерден (31), кедіреден бау тағып (31), қара бұланның терісін (31), күлісті сынды күреңді (34), жаздықтың шалшық көлінен (46), еріскендей ер болса (74), алай ма, сұлтан, алай ма,... аяңдай түсіп марай ма (52), маңғыстап шығар өріске (63), мен кескекті ердің сойымын (56), маңқиған сары далада (65), бағаналы терек жарылса (66), суда жүзген нəн балық (66), қарағай шаптым шандоздап (87), қапыда қалған қасқамын (77), қалақпандай қомданып (96), жедінің оны құралай (91), күн жадына қарасам (91), құлағың сенің серек деп (79), шаба алмайды бөжектеп (79), т.б. Бұлар, əрине, көп емес. 3. Махамбет поэзиясындағы сөз тіркестері мен фразеология, халықтық дəстүрлі сөз орамдары мен тұрақты сөйлемдер, афоризмдер Махамбет поэзиясындағы фразеологияларды сөз еткенде жалпы фразеологияға қатысты мəселелер, яғни фразеология аясында нелер алынады, олардың жік-белгілері қайсы дегендер əңгіме объектісі етілмейді. Өйткені қазақ тіліндегі фразеологиялардың табиғаты академик I. Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологияларына арналған еңбектерінде [4] барынша əр жақты зерттеу тауып, теориялық жағынан барынша түбегейлі тұжырымдалған. Біз Махамбет өлеңдерінде кездесетін фразеологизмдерді жіктеп талдағанда I. Кеңесбаевтың осы еңбектерінде фразеологизмдерге берген талдауларына сүйендік. Айталық, автор:
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі «Идиомдық сөздердің морфологиялық тиянақтылығынан гөрі синтаксистік тиянақтылығы басым. Идиомның ішіндегі сөздердің орны тиянақты болғанмен, оның ішіндегі кейбір жеке сөздердің тұлғасын өзгертіп, бір жалғау орнына екінші жалғауды қоюға болады... Идиоманың есім мен етістіктен жасалған түрлері морфология жағынан құбылмалы келеді. Идиомдардың есім сөздерден жасалған түрі не есім мен үстеу сөздер арқылы келген түрлері «есім – етістік» түрлерінен нығырақ тиянақты келеді», – дейді. Мұнда фразеологиялардың (1) морфологиялық құрамдары, яғни тіркес түрлері, (2) синтаксистік ерекшелігі, (3) есім-етістік түрлерінде етістіктің ыңғайымен есімдегі морфологиялық формалардың (бата алу, батасын алу, тауы қайтты, тауым қайтты, т.б.) өзгермесі тамаша жіктеліп көрсетілген. Міне, біз Махамбет өлеңдеріндегі фразеологияларды осы үлгіде жіктеп көрсеттік. Махамбетте кездесетін фразеологиялар жайлы сөз еткенде аса бір ерекше ескерілмек нəрсе – бұл фразеологияларда жауынгерлік стиль бояуы анық байқалып тұруы, яғни Махамбет өзіне дейінгі поэзияда бар дəстүрлі анықтауышты тіркестер мен күрделі атауларды тілге оралтып, халықтың сөйлеу тіліндегі дағдылысындық атауышты тіркестерді қолдансын, не өзі жаңа бір сөздерді тіркестеп пайдалансын – бəрінде де осы жауынгерлік стиль бояуы мол сөз келісімдерін бірінші кезекте пайдалануға бейімдік аңғарылады. Бұлардың сыртында осының бəрінде көшпелілік, бақташылық тұрмыс, дала-табиғат аясына жақындық туғызған түсінік-таным ізі жатады. Айталық, түйе – қазақ тұрмысында ең күрделі күнкөріс-тұтыныс қаруы. Қазақ ауыз əдебиетінде түйеге байланысты қалыптасқан жаңа сөз келісімдері барынша мол. Бірақ Махамбет осы түйеге қатысты қызыл нар, ақ бота, желмая, боз інген үлгілес нəзіктік, сұлулық мəнді тіркестес сөздерді қолдана бермейді, ерлікке лайық мықтылық, беріктік, көнбістік, төзімдік мəндес тіркестес сөздерді ғана таңдайды. Осы себепті де Махамбетте жалпылық мəнді түйе сөзі алынбайды да, оның орнына қайрат иесі нар, үлек, жанпоз, аруана, буыршын сөздері алынады, ал олар қара нар, қас үлек, сары атан түрінде келеді.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі I. Махамбетте, өзіне дейінгі поэзия үлгілеріндегі сияқты, есім тіркестер1 көбіне заттық атауларға байланысты болып келеді. Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске
(19-б.). Махамбет поэзиясындағы бұл есім тіркестерді мағына əрі форма жағынан төмендегіше топтауға болар еді. I. Атау тұлғалы сын есім+зат есім тіркестер 1) Табиғатқа қатысты тіркестер: мұнар күн, шұбар күн, құба тал, ақ селеу, қу түбір, қара орман, сары дала, қызыл изен, көк тоғай, қара бұлт, ақ дария, боз ағаш, көк сеңгір, т.б.; 2) Құс-аңға қатысты тіркестер: құба арлан, қара нар, құлаша ат, ақ сұңқар, қара бұлан, қасқа азбан, ақ киік, тарлан бөрі, жасыл үйрек, қоңыр қаз, сары атан, т.б.; 3) Қару-жараққа қатысты тіркестер: ала ту, сұр жебе, ақ мылтық, ақ найза, көк семсер, ақ болат, ақ семсер, көк сүңгі, қара балта, т.б. II. Туынды сын есім + зат есім тіркестер 1. Қару-жараққа қатысты: құрулы жебе, қанды көбе, күн қақты ер күмісті мылтық, толғамалы найза, жалаулы найза, қималы найза, қызыл сырлы жебе, сан шерулі қол; 2) Табиғатқа қатысты тіркестер: қоғалы көл, шағалалы көл, бағаналы терек, томағалы сұңқар. Махамбетте есім тіркестер оның шығармаларының көлемі деңгейінен қарағанда барынша аз. Мұның бірінші себебі: Махамбетте мағыналық топтағы атауыш сөзді тіркестер болмаса, өзге топтағы заттық – ұғымдық атауыш сөздер сирек кездеседі. Мұның екінші себебі: Махамбетте кездесетін заттық-ұғымдық атауыш 1 Бұл тіркесті бірлікті осылай жіктеп көрсетуде проф. М. Балақаевтың «Современный казахский язык» (1959) деген еңбегінде есім тіркестер жəне есім + етістік тіркестер жайлы жіктеуі негізге алынды.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі сөздер зат есімді, сын есімді сындық тіркестен гөрі есімшелі анықтауыштық бірлікте көбірек айтылады. Біз бұған кейініректе тоқталамыз. III. Есім + етістік тіркестер Махамбетте кездесетін есім+етістік тіркестер тіркесу тəсіліне əрі етістік сыңарларына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Жəне бұл екі белгі кейде тоқайласып та отырады. Айталық, бол етістігі атау тұлғалы есімдермен қабыса байланыс жасап барып, тұрақты тіркес құраса, септік тұлғалы есімдермен меңгере байланыс жасап та тұрақты тіркес құрайды: мұңды болу, қор болу, əрі қайғыда болу, т.б. немесе ал етістігі мен бас етістігінің екеуі бірдей бір зат есіммен тіркес құрайды: тот алу, тот басу. Əрине, бұлар Махамбет поэзиясы тілінің өзіндік ерекшелік белгісі емес. Бұлар сол кездегі жалпы ауыз əдебиетінің де, сөйлеу тіліміздің де қалыпты нормасы. Ал Махамбет поэзиясы тілі үшін, негізінен, бұл тіркес үлгісі ерекшелік емес, бол, т.б. тіркесшіл етістіктердің қандай мағыналы сөздермен келетіндігі ерекшелік болмақ. 1. Қабыса байланысқан есім + етістік тіркестер. Бол етістік тіркес: мұңды болу, жем болу, дос болу, қас болу, жат болу, қор болу, жау болу, сергелдең болу, құрбан болу, зар болу, т.б. Əрі қайыры болмау, арманы болмау, ойлағаны болмау, қайғыда болу. Ет етістікті тіркес: жала ету, кеңес ету, талақ ету, т.б. Қыл етістікті тіркес: таба қылу, қайрат қылу, талқан қылу, кəр қылу, т.б. Сал етістікті тіркес: шабуыл салу, ойран салу, жаяу салу, көз салу, зейін салу, ат салмай өту. Бұлармен қатар Махамбетте бер (төре беру, жəбір беру, жел беру), ал (үлгі алу, тот алу, кегін алу, батасын алу), сұра (ақыл сұрау, кеңес сұрау, теңдік сұрау, көмек сұрау), үз (күдер үзу, үміт үзу), тап (артық табу, ой табу), тай (бақыт таю, бақ таю), бас (тот басу, түнек басу) етістікті тіркестер сирек те болса кездеседі. Міне, осылардың бəрінде де етістіктер күреске, тартысқа қатысты зат есім сөздермен келіп отырады. Ал Махамбет шы-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ғармаларындағы есім + етістік тіркестердің мағыналық жағынан бұлай топталуы Махамбет тіліне тəн өзіндік ерекшелік. 2. Тəуелдікті есім + етістік тіркестер: арызы өту, мейманасы тасу, ісі біту, басы қалу, сəулесі түспеу, достары табалау, көзі көру, қайыры болмау, ісі болмау, арманы болмау, көзі шалу, басы былғану, ойлағаны болмау, көңілі тыну, өзегі талу. 3. Табыс септікті есім + етістік тіркестер: батасын алу, қабағын шытпау, қабырғасын қаусату, көзін салу, тізгінін беру, қолын алу, арызын айту, жолын қуу, көңілін алу, қарасын жою, қабырғасын сөгу, шабуын таппау, жүрегін ояту, қанын төгу, т.б. 4. Барыс септікті есім + етістік тіркес: жауға аттану, шеңіне жолау, жауға алдыру, қайраңға соғу, жамандарға жалынбау, қолға түсіру, басқа ұру, келіске келе алмау, сөзге жалықпау, оққа ұшу, торға түсу, шарға ұстау, талауға түсу, қанға боялу, намысына шыдамау, т.б. 5. Жатыс септікті тіркес: қайғыда болу, жауда қалу. 6. Шығыс септікті тіркес: құрсағынан шалдыру, көзінен тізу, жаудан қайтпау, қанатынан қайырылу, жұрттан озу, елінен айырылу, көлінен айырылу, хан ұлынан тайсалмау, жаудан өлу, қолдан беру. 7. Көмектес септікті тіркес: қапалықпен ұшыру, құсалықпен өту, сергелдеңмен өту, қайғымен қатыру. Махамбет шығармаларында кездесетін осы есім-етістік тіркестер моделі өзіне дейінгі дəуірде, тіпті одан көп бұрын тілімізде қызмет еткен. Жəне бұлар тұтасымен тіліміздің бүгінгі дəуіріне де келіп жеткен. Осы себепті де Махамбетте бар жоғарыда аталған тіркестердің баршасы да, көнелігіне қарамай, бізге жаңа күйінде қабылданады. Тілдің дəстүрлі ізбен баюының өзі де, тілдегі тұрақтылық та, тілдегі шапшаң даму да осында жатыр. Яғни көне модельдер негізінде жаңа сөздердің тіркесі жасалып отырады, көне модельді тіркес аясындағы сөздердің бірі қолданудан шығып, оның орнын екінші бір сөз басып отырады. Сол сияқты лексикалық мағына-кызметте өзара синоним сөздер тіркес аясында да бірінің орнына бірі қатарласып жүру ыңғайына келеді. Сөйтіп, жартылай синонимдік тіркестер қалыптасады. Тіпті жеке сөздер сияқты тіркестердің өзі де жаңа мағына алып отырады.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Айталық, ет, қыл етістіктері барынша көне етістіктер: Ол йүкүнч етті – ол (тəңіріге) жүгінді (тəжім етті – МҚ, I, 171). Чығай будунығ бай қылтым – кедей жұртты бай қылдым (ҚТМ–10). Жəне бұл екі сөз XI ғасырдың өзінде-ақ түрк тайпаларының тілдік айырым белгілері ретінде танылған. Бұл жөнінде М. Қашғари былай дейді «... оғуздар іс істегенде бұл сөзден қашу мақсатымен оны қолданбайды. Бұның орнына етті сөзін қолданады. Осы себепті де ер йұкүнүч етті – кісі намаз оқыды – дейді. Түрктер «қылды» сөзін қолданады» (II, 33). Қазақта қыл етістігін қолданудан қашу сияқты əдептік-салттық түсінік бұл күнге дейін сақталған. Бірақ осыған қарамай қазақ тілінде бұл екі етістік қатар қолданыла береді. Махамбетте де осы екі етістікті сөз тіркестері қатар кездесе береді. таба қылу қайрат қылу кəр қылу талқан қылу сый қылу жала ету кеңес ету талақ ету Бірақ Махамбетте, бұл мысалдан көрінгендей, қыл əрі ет етістігімен қатар келген бір зат есімді тіркес (мысалы: талақ ет – талақ қыл) кездеспейді. Сонымен қатар бұл екі сөздің көнелілігіне əрі тіркес моделінің көнелігіне қарамай қазақ тіліне кейінгі дəуірлерді шеттен кірген сөздер де тұрақты тіркес құрған: талақ ету, көр қылу, т.б. Бірақ бұлар Махамбет тіліндегі жаңа тіркес емес, Махамбет тіліндегі жаңа тіркестерге байырғы жөн сұрау, ел сұрау сияқты тұрақты тіркестер моделімен туған ақыл сұрау (...Ақыл сұрар күн қайда – 33), жөн табу тіркес моделі негізіндегі ой табу (ақылмен ой табу – 24), көмек сұрау, жөн сұрау тіркес моделі негізіндегі теңдік сұрау (Ақырып теңдік сұрауға – 66), көзін ашу моделі негізінде жасалған жүрегін ояту (Жүрегін сөйтіп оятқан – 8) сияқты тіркестерді ғана жатқызуға болар. Ал мұндай жаңа тіркестер Махамбетте көп емес. Бұл заңды да. Өйткені тілдің байлығы осы сияқты тұрақты тіркестер мен сөз орамдарының молдығы, яғни олардың модель жағынан да, жеке бір сөздердің тіркес жасау өрісінің кеңдігі жағынан да əр тараптығы арқылы көрінбек. Ал əдеби тіл үшін сөйлеу тілінде бар осы байлықты меңгеріп қана қою барынша аздық етеді. Əдеби тіл тілде бар заңдылықтар негізінде тілдің ішкі мүмкіндік көзін қолдан аша
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі отырып, саналы түрде жаңа дүниеліктер жасай отырып дамиды. Махамбетте, өлеңді ауызша шығарғандықтан, əдеби тілдің (сөйлеу тілінің де) аса бір күрделі жүйесінде саналы түрде іздене отырып жаңаны қолдан жасауға мүмкіндік болған жоқ. Махамбет бұл салада өзіне дейінгі халық поэзиясында жасалған дайын үлгілерді пайдаланудан əрі бара алған жоқ. IV. Тұрақты тіркесті сөйлемдер Махамбет поэзиясында ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасқан дəстүрлі модель тіркестер бірлігімен жасалған тұрақты тіркесті сөйлемдер көп кездеседі. Бұларды сөйлем деп атауымыз: бұлар тіркес түрінде бөлек қарауға келмейтін дəрежеде өзге сөздермен тұрақты қатынасқа түскен. Айталық, құлақ салмау, билік бермеу, бақыт ауу сияқты тіркестер сөзіне құлақ салмау, жолдасқа билік бермеу, басынан бақыты ауу түрінде жаңа тіркестік қатынасқа түскен, фразеологиялы сөйлем-сөзге айналған. Бұлар халық тілінде қалыптасқан модель тіркес, модель сөйлемдер үлгісімен жасалған тұрақты, дəстүрлі, дағдылы сөз үлгілері. Махамбет поэзиясындағы осы сөйлем-сөздерді ұйытқы тұрақты тіркестердің іштей тіркесу тəсіліне жəне осы тіркеспен қатынасқа түскен сөздердің байланысу формасына қарай бірнеше топқа бөліп қарауға болады. а) Атау тұлғалы тұрақты тіркестердің септікті сөзді меңгеруі: баста дəурен тұрғанда; басына тарлық түскенде; аламанға жел бердік; аяғына бас ұрман; тəуекел қаққа бел байлап; ежелден табан аңдысқан; сөзіне құлақ салмадық; жолдасқа билік бермедік; бақытым ауып басымнан; маңдайынан күн өтіп; жаурынынан жел өтіп; атына тұрман болсам деп; жұртына құрбан болсам деп; басқа қысым түскен соң; əзіреттен ант ішіп, жаныма айла болар деп; дертке дауа іздеген; тірліктен күдер үзбеген; жанын пида етпей ме; ат үстінен күн көрмей; қой етіне зар болар; ақ селеу отқа зар болар; ордалыға көз салсаң; ісінен болдым құса-дерт; хан ұлына қас болып; қара ұлына дос болып; толарсақтан қан кешіп; басыңа (қиын) іс түссе; халыққа тентек атанбай, т.б. ə) Септік формалы тұрақты тіркестерге атау тұлғалы сөздің қабыса байланысуы: əділ жанын аяр ма; аса жұртты
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі меңгердік; əділ жаннан түңілтіп; өтірік сөзге алданып; ебелек отқа семірген; бір Аллаға сиынып; ұлы түске ұрынбай; ер төсектен безінбей; өзекті жанға бір өлім; ақ жүрегін тербетіп; ер көңілін желдетіп, т.б. б) Септік формалы тұрақты тіркестің бастауыш сөзбен бірлігі: 1. Тілекті құдай бермеді; құдай істі оңдаса, жау тауымды шаққаны, құдайым басқа салғансын; 2. Iсім жөнге келгенде; ақыл жөнге келгенде; табаным тасқа тиер деп; сусыным қанға қанар деп; тебінгі терге шірімей, терлігі майға ерімей; істеген ісім кетті далаға; 3. Xан ұлына теңгердік; ат көтіне өңгердік; хан сөзіне сенгенім, ат көтіне салған күн; ат басына соқтырып. в) Септік формалы тұрақты тіркестерге септікті сөздердің меңгерілуі: жолдасын жауға алдырып; лауазымын көкке шақыртып; көзін салар қияға; ақыретті жанға байланып; балдағынан қанға боялмай. г) Септік формалы сөзді меңгере байланысқан етістік тіркестер: дегеніне жете алмай; ол мақсатқа жете алмай; дегенімді ете алмай; көзінен тізіп жіберді-ау; тілегін сұрап алғансын; тізгінінен кесе атып, тебінгісін тесе атып, т.б. V. Махамбет поэзиясындағы тұрақты жолдар Бұлар – өзінің құрылымы жағынан сөйлемдер: бастауышы мен баяндауышы өзге де мүшелері синтаксис заңдылықтарымен өзара еркін қатынасқа түскен сөйлемдер. Олар: құрулы жатқан жебеге құрсағынан шалдырып; тірі кеттім демеймін; кем болмады өлімнен; жаудан аман жан қалса, қара орман малым садаға, т.б. үлгідегі сөйлемдер. Бұлардың құрылымы жағынан белгілі туған ер едім, беліме садақ асынған деген сөйлем-жолдарынан ешбір де өзгешелігі жоқ. Бірақ осыған қарамай осы тұрақты сөйлем-жолдары Махамбет поэзиясының синтаксисі аясында оның синтаксисі ерекшелігі ретінде қарауға келмейді. Өйткені Махамбет оларды осы сөйлем жүйесін құру, өз өлеңінің синтаксистік жүйесі үшін үлгі-форма ретінде таңдау мақсатынан келіп қолданбаған. Махамбет халық тіліндегі бұл дағдылы орамдар мен сөйлемдік тіркестерді, сөйлемдік сөздерді өз ойын, пікірін беру үшін пайдаланған. Яғни Махамбет халық тілінде
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жүрген даяр сөз-сөйлемдерді пайдаланған. Əрине, бұлар өлең жолының синтаксистік-ұйқастық ыңғайына қарай, өзге жолдармен бірлікке, ұқсастыққа түсіп, «өзгеріп» отырады. Бұл өзгеріс – өлең жолының (1) буын саны талабынан, (2) ырғақ-орын тəртібінен, (3) баяндауыш-ұйқас талабынан, (4) ой ыңғайымен қайта құру талабынан туып отыратын өзгерістер. Айталық: Күмісті мылтық қолға алып, Көлден қуларды ұшырдым. Қолымдағы құсымды Қапалықпен ұшырдым, – дегендегі 1–2-жолды сөйлем де, 3–4-жолды сөйлем де форма жағынан өзара қарайлас. Тіпті көлден қуларды ұшырдым деген сөйлем мен қолымдағы құсымды қапалықпен ұшырдым деген сөйлемде форма жағынан ешқандай айырым жоқ. Егер соңғы сөйлемдегі қапалықпен деген түсініктеме сөзді алып тастаса, көлден қуларды ұшырдым мен қолымдағы құсымды ұшырдым деген сөйлемде сөйлем түрі мен мағынасы əрі баяндауыш формасы, сөз-мүшелердің келу ретінде ешқандай да типтік өзгешелік қалмас еді. Бірақ бұл екі сөйлемге таза, практикалық-формалистік жағынан келіп, форманы негізге алмай, мағыналыққызмет жағынан келіп, олардың жұмсалуындағы, қолданылуындағы ерекшелік тұрғысынан қаралса, онда бұлардың барынша екі басқа топтағы тілдік категория екендігі анық көрінер еді. Мұны анығырақ көре түсу үшін: қолымдағы құсымды ұшырдым деген сөйлем мен қолымдағы қарғамды ұшырдым деген сөйлемді алайық. Тіпті Астымдағы жүйрігім Қаракер атты көмген соң, талайдан серігім қолымдағы құсымды (Қарашегірді) ұшырдым да, бетімнің ауған жағына қаңғып кете бардым дегендегі Қолымдағы құсымды ұшырдым мен қолымдағы құсымды қапалықпен ұшырдым дегендегі қолымдағы құсымды ұшырдым тіркесі де мағыналық-қызмет, мағыналық-жұмсалу жағынан бір емес. Бірі – қалыпты сөйлем; бірі – мағынасында, жұмсалуында, яғни қызметке жегілуінде шарттық-салттық бар дəстүрлі сөз, яғни мағынада дəстүрлік-салттық ұғым бар сөйлем-сөз. Бұлар өзінің бойындағы осы қасиетімен халықтық фразеологияларға жақын тұратын дəстүрлі сөз орамдары, дəстүрлі сөйлем-сөздер. Халықтық ауызекі сөйлеу тілінде, халық
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жырларында жүрген осы сөздерді Махамбет сол қалпында да, сөздер аясында да поэтикалық формаға түсіріп пайдаланып отырған. Жəне осы типтес сөздерді еркін пайдалану – өз өлеңдерін ауызша шығарған барлық жырау-ақындар сияқты Махамбетке де тəн ерекшелік. Егер ауызекі тілінде мақал-мəтелді қолдана сөйлеу қандай стильдік ерекшелік болса, өз өлеңдерінде халықтың сөйлеу тілі мен халық жырларындағы дəстүрлі сөздер мен дəстүрлі танымал жолдарды пайдалану да Махамбет өлеңі үшін сол дəрежелес стильдік ерекшелік болды. Бірақ бұл стильдік ерекшелік Махамбет поэзиясын ауызша əдебиет үлгісіндегі азаматтық жырдан бөлектейтін ерекшелік емес, қайта оларды жақындастыратын, бірлестіретін, өзектестіретін, жалғастыратын ерекшелік болмақ. Махамбет поэзиясы тіліндегі бұл дəстүрлі сөздерді топқа бөліп қарауға болады. а) Өзгеріске түсе бермеген дəстүрлі-модельді сөздер: екіталай болғанда, қыларың болса қылып қал, ісімнің білдім оңбасын, тек шықпаған жан қалды-ау, арманда өтіп кетті деп, қапыда өткен дүние-ай, істеген ісім кетті далаға, қайран жұрттан не көрді, құдай қылды амал жоқ, қайтейін енді дүние-ай, айтып-айтпай немене, бəрін айт та бірін айт, жау болып келді көріне, ажалдан бұрын өлмейсің, т.б. ə) Поэтикалық формаға, жаңа қалыпқа түскен тұрақты тіркесті дəстүрлі сөздер: Айтса дағы айныман, Көлденеңнің сөзіне; Қолымдағы құсымды Қапалықпен ұшырдым; Тіріде сыйласпаған ағайын, Құм құйылсын көзіне, Өлгенде бекер жылама; Тірі кеттім демеймін; Кем болмады өлімнен; Түс қыла гөр құдай-ай, Біздей мейманасы тасқанға; Күдер үзіп біздерден Көңілі қашан жай табар; Ақырында еш болды Ел үшін еткен еңбегім; Не болса да Алланың Тағдырына көнгенім; Алыстағы дұшпанның Қуанып көңілі тынған күн; Ертеден кешке дейін зарлансам Бермей ме екен құдайым, Біздей тарыққан ердің тілегін; Жыласам көзім жасын көрмессің, Тілесем тілек бермессің; Бұларды жүда қимайтын, Енді менің нем қалды-ау, т.б. Махамбет поэзиясында бар осы тілдік фактілерді тұтас өлең желісі аясында көру – бұлардың Махамбет өлеңдеріндегі келу жиілігін анық аңғартпақ. Қараңыз:
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Бұрынғы/бақыт тайған күн./ Қатарланған/қара нар/ Арқанын қиып алған күн./ /Алма мойын аруды Ат көтіне салған күн./ Бұландай ерді кескен күн. /Буулы теңді шешкен күн/ /Сандық толы сары алтын Сапырып судай шашқан күн./ /Түс қыла көр, құдайым Біздей мейманасы тасқанға/ Біздің ер Исатай өлген күн /Он сан байтақ бүлген күн.../
(13) VI. Махамбет поэзиясындағы ауыз əдебиетіне тəн дəстүрлі жолдар Махамбет өлеңдерінде өзінің жанры жағынан эпостық үлгідегі ерлік-жауынгерлік өлеңдерге, батырлық жырларға барынша жақындық бар1. Осы жақындық ізін оның тілдік үлгілерінен де анық көреміз. Яғни ақынның көп өлеңдерінде ерлік-батырлық жырларға тəн танымал дəстүрлі жолдар қайталап келіп отырады. Ақын оларды бірде сол қалпында қайта айтса, бірде өлеңнің ырғақ, буын ыңғайына, қолданылу ретіне қарай өз өлеңінің сарынына бейімдеп айтады. а) Танымал дəстүрлі жолдардың өзгеріссіз қайта айтылуы: Толғай толғай оқ атқан, Он екі тұтам жай тартқан (7-б.); Қабырғасын сөксе де, Қанын судай төксе де (9); Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып, Жаурынына мұз қатып (15); Ертеден салса, кешке озған, Ылдидан салса, төске озған (35); Егеулі найза өңгерген, Азды көпке теңгерген (69); Тауда болар тарғыл тас, Тарықса шығар көзден жас (38) т.с. ə) Танымал дəстүрлі жолдардың олең сарынына бейімделіп айтылуы: Өз дегенім болмаса, Өзгенің тілін алмаған, Кісі 1 Бұл жөнінде біз ілгері беттерде бөлек əңгіме етпекпіз.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ақылы қонбаған, Қанша айтса да болмадым. Сөзіңе құлақ салмадым... (68) Қорамсаққа қол салмай, Қозы жауырын оқ алмай, Атқан оғы жоғалмай... (18), т.б. VII. Махамбет поэзиясындағы шешендік-афоризмдік сөздер Махамбет бір ғана ерлік-күрес тақырыбында өлең шығарып қойған жоқ, ол дидактикалық-философиялық сарындағы толғау өлеңдерді де шығарған ақын1. Ал осы өлеңдердің біразы Махамбетте шешендік үлгідегі афоризмді болып келеді. Жырау-ақын мақал-мəтелді көп қолдана бермеген: «Ағасы бардың жағасы бар» деген мақалды «Исатай деген ағам бар. Ақ кіреуке жағам бар» түрінде «арғымақ жалсыз, ер малсыз» деген мақалды «Арғымақ жалсыз, ер малсыз, Алланың не берері болжаусыз» түрінде, «Ежелгі дұшпан ел болмас» деген мақалды «Ежелгі дұшпан ел болмас, етектен кесіп жең болмас» түрінде дамытып қолданғаны болмаса, халық мақал-мəтелдері ақын өлеңдерінде кездеспейді. Мұнда толық заңдылық бар: біріншіден, Махамбет өлеңдерінің дені ерлік-күрес тақырыбына, ұранға құрылған, ал мұндай тақырыптағы өлеңдер салқынқанды айтылатын мақал-мəтел сияқты ақыл сөзді керек өте бермейді; екіншіден, Махамбет өлеңдеріндегі дидактикалық сарын тəрбиелік, өсиет-өнегелік мəнінен гөрі философиялық мəнді шешендік сөзге бейім құрылған, ал бұл сөздің өзі мақал үлгілес афоризмді болып келеді. Осы себепті де ақынның бір өлеңі тұтас күйінде афоризмнен тұрса, бір өлеңінде мақал үлгілес афоризмдер айтылмақ ойға не айтылған ойдың қорытындысы қызметінде келіп отырады. Айталық, «Исатай деген ағам бар, ақ кіреуке жағам бар» деген мақалды жол өлеңнің бастапқы жолында келіп, айтылмақ ойдың беташары болса, «арғымақ жалсыз, ер малсыз, Алланың не берері болжаусыз» деген афоризм «Əрайна» деген 12 жолды өлеңдегі ойдың қорытынды түйіні ретінде соңында келген. Ал өлең жолында кездесіп қалатын мұндай мақал үлгілес афоризмдер Махамбетте өте аз. 1 Бұл жөнінде ілгері беттерде толығырақ айтылған.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі I Кəрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар диуана. Бір сынаған жаманды Екіншілей сынама. («Арқаның қызыл изені») Дертке дауа іздеген, Тірліктен күдер үзбеген Сергелдең болар емі үшін.
(«Желден де желгір ақбөкен») Ал Махамбетте тұтас күйінде афоризмді болып келетін бірнеше өлең бар. «Жалғыздық» деген өлеңде: 1. Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нəрсе жоқ, – Түнде бар да, күндіз жоқ. 2. Күннен көркем нəрсе жоқ, – Күндіз бар да, түнде жоқ. 3. Мұсылманшылық кімде жоқ, Тілде бар да, дінде жоқ. 4. Көшпелі дəулет кімде жоқ, – Бірде бар да, бірде жоқ. Өлең – дидактикалық-философиялық сарындағы шешендік үлгілес терме-толғау өлең. Мұндай өлеңдер өзінің табиғатында мақал үлгілес афоризмді болып келеді. Жəне бұл форма – қазақ поэзиясында барынша кең қолданысқа түскен барынша ортақ модель. Осы себепті де бұл формада өлең шығарған ақынның формаға авторлығы жоқтығын былай қойғанда, өз өлеңіне де авторлық правосы «болмайды». Өйткені бұл формадағы өлеңдер, дəлірек айтқанда, шешендік толғау сөздер, о баста кімнің шығарғанына қарамай, барынша тең ортақ мұраға айналған мақалдар сияқты барынша тең ортақ сипатқа ие. Тіпті бұлар белгілі бір ақынның төл сөздері аясында туса да, одан «бөлектеніп» тұрады. Айталық, Махамбеттің «Тайманның ұлы Исатай» деген өлеңінде осындай сипат бар:
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (1) Арғымақтан туған қазанат (2) Шабуыл салса нанғысыз. (3) Қазанаттан туған қаз мойын (4) Күнінде көз көрінім жер шалғысыз. (5) Айырдан туған жампоз бар (6) Нарға жүгін салғысыз. (7) Аруанадан туған мая бар (8) Асылын айуан десе нанғысыз. (9) Жаманнан туған жақсы бар (10) Атасын айтса нанғысыз. (11) Жақсыдан туған жаман бар (12) Күндердің күні болғанда (13) Жарамды бір теріге алғысыз. (14) Тайманның ұлы Исатай (15) Алтын ердің қасы еді. (16) Ағайынның басы еді, (17) Исатайды өлтіріп, (18) Қырсық та шалған біздің ел (16). Осы өлеңдегі 9–11 жəне 13-жолдар – халықтық мақал үлгілес афоризм. Ал 1–8-жолдар – осы халықтық мақал үлгілес афоризмдер негізінде, соның үлгі аясында туған жаңа сөз. Ал осы үлгіде туу оны өз авторы Махамбеттен «бөтендендіріп» отыр. Міне, Махамбеттегі афоризмдердің бірсыпырасы осындай афоризмдер. Оларды айыра тану өте қиын. Айталық, ақынның «Арғымақтың баласы», «Аспандағы бозторғай», т.б. өлеңдерінде де осындай ерекшелік бар. 4. Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік-мағыналық қолданысы Азаматтық поэзиямызда сөздердің мағыналық аясын кеңейтіп, көркемдік мақсатта қолдану өрісін ашуда Махамбет өзіндік стильдік ерекшелікке ие. Əрине, бұл ерекшелік Махамбеттің осы салада жасаған үлкен бір жаңашылдығынан көрінбейді, өзіне дейінгі халық поэзиясы (фольклор) мен азаматтық поэзияда бар тəсілдерді қалай қолдануының сипатынан əрі қандай сөздерді көркемдік мақсатқа пайдалануынан көрінеді. Өйткені Махамбет
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі те сөздерді көркемдік мақсатта қызметке жегуде өзіне дейінгі поэзия дəстүрін мол пайдаланады. Сөз жоқ, бұл дəстүрлі байланыстың өзінде де белгілі дəрежеде ара-жік бар. Олай дейтініміз: көркемдік тəсіл эпитет, теңеу, метафора Махамбетке дейінгі тұрмыстық-салттық жырларда да, эпостық-батырлық жыр-дастандарда да, махаббат жыр-өлеңдерінде де, азаматтық поэзия үлгілерінде де мол жасалған. Жəне осы сөз үлгілерінің жанрлық ерекшелігіне қарай эпитеттің де, теңеу, метафораның да жанрлық қабаттары қалыптасқан. Өйткені бұл көркемдік тəсілдер өзінің негізі жағынан белгілі бір жанрдың лексикасына тəн, ал лексика болса сол жанрдың стильдік-тілдік сипатын белгілеуге актив қатынасатын құрал. Міне, белгілі бір жанрдың стильдік-тілдік сипатын белгілеуге актив қатынасатын бұл лексиканың эпитет, теңеу, метафора жасауда, олардың жанрлык қабаттарын жасауда негізгі ұйытқы қызметі ерекше. Айталық, тұрмыстық-салттық жыр үшін арыстан, найза сияқты сөздер негізгі лексика емес, тіпті нар, жампоз сөздері де оған тəн емес, мұның орнына қоян, қарқара, інген, бота сөздері жиі қолданылады. Ал осы негіз-лексикаға сəйкестеніп оның өзіндік эпитет, теңеу, метафоралары жасалады, яғни тұрмыстық-салттық жырға тəн қоян, қарқара, інген, бота сөздері өзінің лексикалык мəніне жақын сөздерден эпитет, теңеу, метафораларды табады. Мысалы: қалқатай, сен ақ қоян секеңдеген; саулы інгендей ыңыранып; ботадай боздап табысты. Əрине, белгілі бір жанрдың тууы мен былайғы дамуы бірқалыпта болмайды жəне таза күйіндегі жанр тағы да жоқ, бір шығармада бірнеше жанр элементтері жүреді. Өйткені мұның өзі көркемдік талаптарға, көркемдік дəстүрге байланысты. Айталық «Ер Тарғын» жырында, ол эпостық-батырлық жыр бола тұрса да азаматтық поэзия үлгілері де, проза да, тұрмыстықсалттық жыр үлгісі де бар. Осы себепті «Ер Тарғын» жырында осы төрт түрлі жанрға тəн лексика жəне соларға тəн эпитет, теңеу, метафоралар бар. Жырда Ақша ханның қызы Ақжүніс аруды: Шашын дынданмен тараған, (1) Бектер мінген бедеудей Бауырынан жараған.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (2) Бет-ажарын қарасаң Жазғы түскен сағымдай, (3) Ет ажарын қарасаң, Терісінен айырған Арпа-бидай ақ ұндай. (4) Қасы сарыжадай керілген, (5) Кірпігі оқтай тігілген, (6) Бұралып белі бүгілген, Қараған кісі үңілген. (7) Қолаң шашты, қой көзді, Аялдағы бір сөзді Ақжүніс атты ару еді, – деп суреттеуі тұрмыстық-салттық жыр жанрына тəн стиль. Ал жырда Ер Тарғынды суреттеу бұдан мүлде басқаша. Сарала туы салбырап, Сауытының шашағы Тұс-тұсына саудырап, Қабағынан қар жауып, Кірпігіне мұз тоңып, Жауырыны жазық, мойны ұзын Атарына қолы ұзын, – дегенде эпитеттер нағыз эпостық-батырлық жырға тəн үлгіде жасалған. Махамбет өлеңдері, негізінен, ерлік-жауынгерлік стильде туған өлеңдер. Осыған орай Махамбет қолданатын эпитет, теңеу, метафоралар да осы стильдік қабатты құрайтын үлгіде жасалған. Бірақ Махамбет таза азаматтық жыр үлгісінде ғана өлең шығарып қойған жоқ, оның өлеңдерінде эпостық-батырлық жыр таңбалары да, дидактикалық-шешендік толғаулар да, лирикалық элегия элементтері де бар. Демек, бұл өлең түрлері өзіне тəн сөз бедерлерін (бедерлі сөздерді) жасаған. Махамбет эпитет жасауда өзіне дейінгі жыраулардан ұзап кетпеген. Тіпті сөз бедерінің бұл түрін жасауға ақын көп еңбектене де бермеген. Оның өлеңдерінде келетін эпитеттердің көбі халық жыр-өлеңдерінде кездесіп отыратын эпитеттер. Ақында бар: біздің қайсар батырдың (8), мынау жалған сұм дүние (22), аруана жисаң жарасар, ұлы күнде сапарға (40), ұлы
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі төре сенің де (57), адыра қалған қу Нарын (69), ақ көңіл, аңқау жүрекпен (68), ақ жүрегін тербетіп (70), бұлттан шыққан шұбар күн (13), т.б. бірді-екілі тіркестердегі эпитеттер сол дəуір поэзиясы үшін жаңа дүниелер еді. Əрине, сұм дүние тіркесіндегі эпитет Бұхарда да бар, тіпті Махамбет Бұхар өлеңіндегі осы жолдарды қайталағандай да болады: Мынау жалған сұм дүние Өтпей қалмас демеңіз. (Бұхар) Мынау жалған сұм дүние Кімдерден кейін қалмаған?
(Махамбет) Сол сияқты ұлы күнгі сапарға дегендегі келіс те сөйлеу тіліне тəн: ұлыстың ұлы күні деп айтылатын дəстүрлі сөз бар. Бірақ жүрек сөзіне қатысты эпитеттер Махамбет өлеңдерінде алғаш қолданылған. Сөйлеу тілінде көңіл сөзі мен ақ сөзі тіркесіп келе береді, ал аңқау жүрек, ақ жүрек түріндегі келісім – жаңа үлгі. Əрине, мұндай сөздер өте аз. Керісінше, Махамбетте тұрақты эпитеттер көбірек кездеседі: айналайын Ақ Жайық (31), алты құлаш ақ найза (531), ақ алмасын суырды-ай (73), толғамалы ақ мылтық (31), болат найза ақ семсер (94), аспанға ұшқан ақ сұңқар (23), ақ киікті орғытып (21), ақ селеу отқа зар болар (23), ағыны күшті ақ дария (81), еңсесі биік ақ Орда (58), қарқыны күшті көк семсер (81), қарақұс қонбас көк сеңгір (18), көк шабығын қанды ауыздай жалатқан (12), күшіген жүнді сұр жебе (28), садағына сары жебені салдырған (11), сары алтынға малдырған (1), садағына сары шіркей ұялап (22), қатарланған қара нар (13), т.б. Бұлардың дені қару-жараққа тəн эпитеттер, бірақ бұлардың да бірсыпырасы Махамбеттен бұрынғы эпостық-батырлық жырларда келіп отырады: Алты қырлы ақ мылтық Ата алмасам маған серт. Төрт қырлаған көк сүңгі Толғамасам маған серт... Алты аршын ақ болат Шаба алмасам маған серт...
(«Ер Тарғын») ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Көк чыбық үну тарс етті, Көз ачырбай оқ жетті.
(«Манас») Махамбетте дəстүрлі эпитетті тіркестерді бұзу кездеседі: бірде болат найза, ақ семсер десе, бірде қарқыны күшті көк семсер дейді. Ал бір өлеңінде сұр жебе, əрі сары жебе түрінде қатар қолданылады. Əрине, бұлар – поэзияға тəн дыбыстық ұқсату, дыбыстық үйлесім анафора заңынан келіп шыққан бұзулар. Қараңыз: садағына сары жебені салдырған; қарқыны күшті көк семсер; садағына сары шіркей ұялап; Арқада жатқан ақ киік; алты құлаш ақ найза; арпа жемес арғымақ, ақ селеу отқа зар болар, т.б. Махамбет қолданған эпитеттердің ішінен ақ жəне қара эпитеттерінің жиілігін бөліп атауға болар еді. Ақ сөзінің эпитет ретінде жиі келуінің бір реті дыбыстық қайталау, дыбыстықəуездік үндестікке байланысты. Бұл – таза поэтикалық тəсіл. Айталық, Махамбетке дейінгі əдебиетте көбіне балдағы алтын құрыш болат түріндегі дəстүрлі атау Махамбетте бірде осы қалпында қайталаса (Балдағы алтын құрыш болат, балдағынан қанға боямай – 18), бірде: Балдағы алтын ақ болат Салайын десем қында жоқ (45) Балдағы алтын ақ болат Асынбас еді біздің батырлар (16), – түрінде келеді. Бұл – дыбыстық анафора. Ал ақ киік, құба тал, ақ сұңқар, сұр жебе, боз орда, ақ орда түріндегі эпитеттер дəстүрлі эпитеттер, Махамбет халық поэзиясында қалыптасқан үлгісін сол күйінде алып отырған. Осылардың сыртында бір ескеретін ерекшелік: Махамбетте заттық атаулардан (қару, аң-құс, жер-судан) басқа атаулармен келетін сындық эпитеттер жоқ. Махамбетте барынша көне тəсіл – инверсияланған тіркес аясында келетін эпитеттер едəуір. Жəне бұлардың да көбі дəстүрлі эпитеттер: балдағы алтын құрыш болат (18), қарқыны күшті көк семсер (18), табаны жалпақ боз (88), ағыны күшті ақ дария (81),
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі балағы түкті қоңыр қаз (81), суы тұнық көл қалды-ау (69), еңсесі биік боз орда (31), қарны жуан билердің (54), қанатың қатты, мойының бос (57), арғымақ сені сақтадым құлағың сенің серек деп (79), т.б. Суреттеудің бұл ерекше түрі Махамбетті өзіне дейінгі поэзия тіліне жақындастыра түседі. Тіпті осы сияқты дəстүрлі тілдік белгілер – бедерлі сөздер Махамбет тілін көнелендіріп те тұрады. Айталық: Еңселігім екі елі Егіз қоян шекелі Жауырыны жазық, мойны ұзын Оқ атарға қолы ұзын Махамбет атты батырмын, – деген үзіндідегі суреттер жəне осындағы тілдік тəсіл сонау XV ғасырда туған жыр стилін еске түсіреді. Махамбетте көркемдегіш сөз бедерлерінің ішінде теңеу сөздер айрықша мол. Бұл сөз айшығын қолдануда Махамбет өзінің алдындағы Бұхардан көп ілгері тұрады жəне бұл теңеу сөздер өзінің сипаты жағынан да қарт жырауда бар теңеу сөздерден бөлекше. Мұнда толық заңдылық бар. Махамбеттің Бұхарға қарағанда тақырып өрісі кең жəне өлеңдері де түр жағынан мол. Махамбет Бұхардай дидактикалық толғау өлеңдер шеңберінде қалып қоймаған, ол ерлік-азаматтық, ерлік-жауынгерлік өлеңдерді көбірек шығарып айтқан. Жəне бұл өлеңдерінде эпостық-батырлық жыр дəстүрін еркін пайдаланып отырған. Бұлардың сыртында Махамбет өзіне дейінгі халық əдебиетінде барынша кең тараған элегия-жоқтау үлгісінде де өлеңдер шығарған. Ал өлеңнің бұл түрлері теңеу сөздерге өте жақын тұрады. Теңеу сөздер бұлардың стильдік-тілдік сипатын белгілеуге актив қатынасады. Яғни ерлік əрекет, батырлық тұлға, батырға тəн мінез-құлықты беруде, бұларды сипаттауда теңеу сөз бірінші кезекте қызмет етеді. Əрине, Махамбет өзі қолданған теңеу сөздерін халық əдебиетінде қалыптасқан дəстүрлі үлгі-формадан бөлек жаңа бір үлгіформамен жасамаған. Ол бұрыннан бардай (негізінен), -ша, секілді (сирек) формалары арқылы ғана жасап отырған. Сондықтан да Махамбет қолданған теңеу сөздер өзінің жасалу үлгісі жағы-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі нан емес, қандай сөздердің теңеуге алынғандығы жағынан жəне нені теңеп, балап отырғандығы жағынан қарастырылуы керек. Махамбет қолданған теңеу сөздердің бір тобы – эпостық-батырлық жырларға тəн дəстүрлі теңеу сөздер. Күшіктей даусын қыңсылатып, Аш күзендей белін бүгілтіп (58) Бөліне көшкен еліңді Бөріккен қойдай қылармын. Жарыла көшкен еліңді. Жаралы қойдай қылармын (56) Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен (12)1. Сол сияқты батырды, оның əрекетін табиғат құбылысына, аңға, құсқа салыстыра теңеу де эпостық жырларға ежелден тəн тəсіл. Ал Махамбет те осы дəстүрді берік ұстаған. Ол да өзі сөз еткен батырларын, олардың іс-əрекетін ежелгі эпостық үлгіде суреттейді. Бірақ бұл эпоста жасалған дүниені сол қалпында жолмажол, сөзбе-сөз қайталау емес, дəстүрлі ортақ модельді алу еді. Əдетте салыстыра теңеу көркем образды, əсерлі шығу үшін теңеуге алынатын сөз бен теңелетін сөздің мағыналық арақатынасында, біріншіден, үйлесім, екіншіден, теңеу арқылы берілетін мағыналық реңк айқын көрінуі керек, үшіншіден, теңеуге алынып отырған сөздің ішкі мағынасы анық көрінуі керек. Айталық, өзге бір жерде арыстанға теңеп отырған Исатайын бірде Махамбет: Қызғыштай болған есіл ер Қайранда жұрттан не көрді, – деп «қызғышқа» теңейді. Мұнда ақын Исатайдың ерлігін айтайын деп отырған жоқ, оның халыққа, жұртқа қамқоршы болуын, ел қорғаны болуын, жанашырлығын ескеріп отыр. Ал осы үшін «Қызғышты» таңдаса, халықтың ұғымында «қызғыш» туралы дəстүрлі түсінік бар. Ол – қызғыш құс көл қорықшысы деген түсінік. Міне, Махамбет қызғыш құстың ел түсінігіндегі осы «қасиетін» ескеріп барып теңеуге алып отыр. Ал бұл – қызғыштай деген теңеу сөздің ішкі мағынасы. Осы ішкі мағына дəстүрлі түсініктен келіп шықпаған жерде ұғымға жат болады. Е с к е р т у : [Қызғыш жайлы халықта бар бұл дəстүрлі түсінік əрі оның поэзияға түсуі өте арғы дəуірлерде қалыптасса керек. Ал уақыт өте келе поэ1 Осы сөздер кездесетін үзінді-үлгілерді жоғарыда өзге бір мəселеге қатысты жерде келтіргенбіз.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі зияда ел қамқоры болған ердің елден қуылуы сəтін, сол кезеңдегі батыр көңіл күйін қызғыш құс жағдайына ұқсату дəстүрінен келіп туған ортақ мотивті өлең жолдары жасалған. Айталық, «Тоқтамыс толғауында» (XV ғ.) Тоқтамыс ордадан қашып Телікөлге, одан Көкүлдінің көліне барып жатқанда «... су толқып, қызғыш суға тиіп ұшып» мазалай береді. Сонда Тоқтамыс: Қиқулама қызғыш құс Даусың зарлы байғұс құс. Қанатың қучық, мойның бос сенің. Баттауық болған жылқым жоқ. Тор толған жұмыртқаң Етектеп алар ұлұм жоқ, Мен елден айырылдым, Сен көлден айырылсаң. Сен де мендей боларсың.., –
(П. Мелиоранский, 361-б.) дейді. Ал «Манас» жырында Алмамбет батыр Көкшеден өкпелеп кетіп, Манасты іздеп келе жатады... Қарасуға келсе, Қызғыш құс («ызылдақ ызғыч куш») айналып ұшып мазасын алады, Қарасудан кетсе де, «ызылдаған ызғычдан қутулбайт». Сонда Алмамбет қызғышқа: Ызылдаба ызгыч қуш Ырасын айтсам ушул иш, Қанаттудан сен жалғыз Қара сазга бутупсүң, Қара баштан мен жалғыз Қойсоңчу, ызғыч, кордобо... – деп, атып салады, қанаты сынып құлаған қызғышқа: Чөлүккөн чөлдө сен болдуң Чөккөн арстан мен болдум Аңқаған чөлдө сен болдуң Ач арстан мен болдум Алынды билип, не тийдиң Алымды билбей достошуп, Ажалдың тонун мен кийдим, Өз алың билбей сен тийдиң Өзүңө оқшөш болам – деп Өлүмдүн тонун мен кийдим, – дейді. Махамбет болса көтеріліс жеңіліс тауып, қашып жүрген бір сəтте жапанда жолдас болған қызғышқа: Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айырылып, Жалғыздықпен болдым дос. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Ел қорыған мен едім, Мен де айырылдым елімнен. Көл қорыған сен едің, Сен де айырылдың көліңнен, – дейді.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Зерттеуші ретінде салқынқандылықпен талдар сəттің орайы өзге бір ретте келер, бұл арада сезім сөйлесін: Осы үш дəуір əдебиетіндегі үш үзікке тəн ортақ ұқсастық – көңіл терберлік ұқсастық! Негізі сонау өте ерте заманда жасалған дəстүрлі түсініктің ерте заманда поэзияға түскен, поэзияда негізүлгі тапқан, сол негіз-үлгі келе ортақ модель-үлгіге айналған туыс халықтар əдебиетіндегі бір негіздес ұқсастық! Белгілі бір сөз орамдарындағы ішкі мағына – халық ұғымындағы дəстүрлі түсінік теліген ішкі мағына осындай салттық-тұрмыстық психология – мұралық психология негізінде жасалады]. Бұлар ғана емес, осы дəстүрлі түсінік ортақ болғандықтан, ортақ түсініктегі халықтың өкілдері бірінен-бірі үйренбей-ақ, бірін-бірі білмей-ақ, əлгі дəстүрлі түсінік қызметіне жегіліп жүрген сөзді бірдей, бірін-бірі қайталағандай дəрежеде қолданады. Айталық, қырғыздың «Манас» жырында: Қайра жаар булуттай Қаар бетиен айналған [5]. деп келсе, «Ер Тарғында»: Еңіреп жүрген ер едім, Қаптаған қара борандай,– деп келедi. Ал Махамбет болса батырдың өзіне емес, жүрегіне балама етеді: Қайнаған қара бұлттай, Қарсы біткен жүрегім (43). Немесе «Ер Тарғында» «қалмақтан ноғайға тартып əпердім атымнан арыстан туған ер үшін» [6], – десе, «Манаста»: «Азар құлақ салыңыз, Арыстан Манас көбіне» – дейді. Махамбет болса «Арыстан еді-ау Исатай» – дейді. Бұл бірдейлік балама сөздерді бірінен-бірі алу емес, ерді арыстанға теңеу сияқты халықта бұрыннан бар дəстүрді алу еді. Осы себепті де қаншалықты «бір жерден шыққандай» ұқсап жатса да, Махамбетте бар өзге теңеу сөздерді Махамбеттің өзіне тəн дүние ретінде қарау керек болады. Махамбетте бар теңеу сөздердің заттық ұғымға (зат есім сезге) балама ретінде келуі өте сирек: керт бұғыдай билерден (31), алақандай Нарында (54), өздеріңдей хандардың (56), мендей ерге жөн екен (89), қылыштай қиғыр алмас ем (1), бұландай ерді кес-кен күн (13), т.б. Тек бір-ақ ретте мақтау өлең сипатындағы «Тарланым» деген өлеңде ғана заттық ұғымға теңеу топталып берілген:
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Керіскендей шандозым, Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім, Қырмызыдай ажарлым Хиуадай базарлым Теңіздей терең ақылдым! (11) Бұлай топтанып келуінде заңдылық бар. Өйткені жоқтау өлеңдер – негізінен мақтау-ода түріндегі өлеңдер. Мұнда батырдың, қалаулы өзге бір жанның іс-əрекетімен бірге қасиеті де суреттеле баяндалады. Ал бұлардың сыртында жоғарыдағы үзінді таза теңеу сөзге құрылмаған, ол метафоралы теңеу. Батыр жалаң алынып теңеліп отырған жоқ, ол метафораланып алынып отыр. Міне, осы сияқты бірді-екілі реттерде болмаса, объектілер суреттеле бермейді. Себебі Махамбет əрекеттің суреткері, əрекеттің баянгері, яғни Махамбет геройының іс-əрекетін суреттеуді бірінші кезекке қояды. І. Астындағы Ақтабан ақбөкендей ойнайды (7), қасына ерген көп əскер маңыраған қойдай шулайды (7), жау бір өрттей қайнайды (7), оқ жаңбырдай жауған күн (13), аса шапқан құлаша ат зымырандай болған күн (13), айдаһардай арбадың (55), əлі де болса қойдай қылып айдармыз (34). ІІ. Мылтығын қардай боратып (8), қанын судай төксе де (9), Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен (12), атқанын қардай боратқан (12), атандай даусын ақыртып (57), күшіктей даусын қыңсылатып (58), т.б. Махамбет теңеулері, яғни теңеуге алынатын сөздері қазақтың тұрмысына лайық, оның көшпелі тіршілігіне, малшылық, аңшылық кəсібіне, даласына тəн сөздер. Батыры бұлтқа (Қайнаған қара бұлттай), дауылға (үдей соққан дауылдай), еменге (бұрала біткен емендей...), оның айбары арыстанның ақыруына, іс-əрекетті қабланның қайыра соғуына теңеледі. Соның өзінде де теңелетін объект топ-топқа бөлінеді. Дəлірек айтқанда, ақынның көзқарасына қарай объектілердің бір тобы жоғары асыра теңеу тауып, қасиетті нəрсеге баланып жатса, бір тобы төмендетіліп кемсіте теңеліп, болымсыз, ұнамсыз нəрсеге баланып жатады. Ақынның көзқарасына қарай сөздер ерекше қасиет тауып, өзгеше мағыналық сипатқа ие болады, сөз идеялық-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі көркемдік бояуы бар жікке бөлінеді. Мысалы, батыры – «арыстандай ақырып», «дауылдай үдей соғып» жатса, жауы – «ақсүйектің баласы бақадай шулап» жатады. Тіпті жауын мұқатуында, мұқату түрінде де өзгешелік бар. Жауын «қойдай қылып айдап», «күшіктей қыңсылатып», «аш күзендей бүгілтіп», «шабақтай соғып» жатады. Жауы – бақа, қой, күшік, күзен, шабақ сияқты болымсыз, ұнамсыз, əлсіз тіршілік иесіне теңеледі. Махамбет теңеу сөзді қолдануда барынша шебер. Өзге көп көркемдік тəсілдерді түйдектеп қолданатыны сияқты теңеу сөздерді де тобымен, тізбекті қатарымен қолданады: Тағыдай таңдап су ішкен Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген, Тағы сынды жан едік (63). Кер миығым, кербезім, Керіскендей шондозым, Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім, Қырмызыдай ажарлым Хиуадайын базарлым, Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім (11). Ақын қолданған теңеу сөздердің көбі жоғарыдағы үлгіде -дей жұрнағы арқылы жасалған. Өте сирек бір-екі жерде ғана көне -дайын (-дейін) формасымен əрі секілді сөзімен жасалған теңеу кездеседі. Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (15), Бұл секілді неткен ер? (9), Тағы сынды жан едік (63). Ал -ша формалы теңеу Махамбетте бір-ақ рет, Жолбарысша жорыттым, етіне құлан тоям деп, – дегенде ғана кездеседі. Мұның өзінде де -ша тұрақты емес, ол -дай формасымен еркін орын ауыстырарлықтай сипатта. Бұл арада ғана емес, жалпы -ша, секілді (сияқты) -дай, теңеулік формалар – бірінің орнына бірі жүре беретіндей синоним формалар: оқша атылу – оқтай атылу – оқ сияқты атылу. Метафора теңеу сияқты суреттеудің, сипаттаудың негізгі бір тəсілі. Мұнда суреттеу, сипаттау, баламалау арқылы жасалады: яғни суреттелетін объект өзге күллі дүниеден өзіне ұқсатылған
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі балама табады. Өзінің екінші образын (кейпін), дəлірек айтқанда, екінші өзін табады. Ал бұл «екінші өзі» «бірінші өзіне» деген көзқарас, түсінік, таным, бағалауға қарай қасиетті, қасиетсіз топтардан (зат, құбылыстан) тұрады. Бұлай «екінші өздерді» жасау ауызекі сөйлеу тілінде өте ертеден қалыптасқан дəстүр. Бұл дəстүр халық мақал-мəтелдерінде, шешендік сөздерде, салттық-тұрмыстық өлең-жырларда, эпостық-батырлық жыр-дастандарда, ерлік-азаматтық өлеңдерде барынша молынан бой көрсеткен. Ал егер осы сөз үлгілерінде кездесетін метафораларға үңіле қарағанда бұлардың осы сөз үлгілерінің жанрына, түріне қарай жіктелуін де, яғни бір жанрдың стильдік-тілдік тəсілі ретінде айқын бөлектенуін де əрі бөлектенбей, көбіне ортақ күйде жұмсалатынын да көруге болады. Арғы дəуірге қарай бара түскен сайын бұл сөз үлгілерінің соңғы сипаты молырақ байқала береді. Əрі балама-метафоралар барынша қарапайымдана түседі. Метафора мен теңеу өзінің жасалуы жағынан бір-біріне өте жақын; олар бір негізден жасалады. Метафорада заттың, құбылыстың өзі ұқсатпа балама ретінде алынса, теңеуде сол зат пен құбылыстың əрекеті ұқсатпа теңеме болады: яғни бірінде екі зат (зат, құбылыс) теңдікте алынса, бірінде екі заттың əрекетқимылдары теңдікте алынады. Мысалы: ол – арыстан; ол арыстандай ақырды, т.б. Осы себепті Махамбетте де теңеме ретінде алынатын сөздер мен балама ретінде алынатын сөздер өзара барынша жақын, тектес болып отырады: Арыстандай ақырған, Айбатыма шыдамай (68), Исатай мен Махамбет Екі арыстан ер қалды-ау (89). Метафораға алынатын зат я құбылыс əдебиетте кездейсоқ таңдала салмаған. Олар – ұзақ дəуірлік дəстүрдің, ұғым-түсініктің, салт-ғұрыптың жемісі. Осы тұрғыдан қарағанда, Махамбет поэзиясында қолданылған метафоралар да бірнеше салалы арналардан келіп тоғысқан. Айталық, XV ғасыр жырларында герой құстан: «ақсұңқарға», көліктен: «құлаша атқа», «құланға», «буыршынға», өсімдіктен: «терекке», «бұтаққа»; аңнан: «аш күзенге», «аш бөріге» баланады, «Орақ – Мамай» жырында герой – «жасынға», «найзағайға», «бұлтқа» баланады. Ач күзендей бүгіліп, Ач бөрідей чүмеңдеп,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Мен тауда ұялар сұңқармын, Мен қарағайға қайнап біткен бұтақпын. Ерегіскен ерлерге Найзағай мынан жасуңмын. Келе қара бұлтмын Келе жаумай ашылман [7].
(«Орақ – Мамай») Міне, осы дəстүр Махамбетте де бар. Махамбеттің геройы, біріншіден, «құсқа» баланады: мен қарақұстан туған қалықпан (74), таудан мұнартып ұшқан тарланмын (11), егізінен айырылған мен бір аққу болдым халықтан соң (90), томағалы сұңқар мен едім (50), екіншіден, «ағашқа» баланады: түбін қазған мен бəйтерек (46), мен түбін кескен бəйтерек (74), боз ағаштан биік мен едім, бұлтқа жетпей шарт сынбан (50), үшіншіден, табиғат құбылысы «бұлтқа», «найзағайға» баланады: Мен келе қара бұлтпын, Келе жаумай ашылман (78); қарсыласқан дұшпанға Найзағай мен жасылмын (78), т.б. Ал, төртіншіден, қазақтың көшпелі тұрмысының тірегі «нар түйеге» баланады: Қарындасым бар-ды деп, Қайыспас қара нарды деп (9); Сендей нарқоспақтың баласы Маған оңаша жерде жолықса (59), т.б. Бесіншіден, тағы аңы «бөрісіне» баланады: Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім (57). Міне, бұл метафоралар Махамбетке өзіне дейінгі ерлік-батырлық жырлардан ауысқан. Тіпті Махамбет кейде бұрынғы жырлардағы метафоралы жолдарды сол күйінде қайталап қолданады (мысалды қараңыз). Əрине, Махамбетте XV ғасыр поэзиясында жоқ дəстүр де бар. Ол – батырды «арыстанға», «жолбарысқа» балау. Бұл Махамбетке, сөз жоқ, эпостық-батырлық жырлардан ауысқан дəстүр. Қазақтың, өзге түрк халықтарының эпостық жырларында батырға «арыстанды», «жолбарысты», «қабланды» балама етіп алу – қалыптасқан бір көркемдегіш, бедерлі сөз жасаудың бір жолы. Құртқажан, неге қамықтың Жолбарысың мен есенде... Қазан жетіп бұл жолда
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Хаққа түзеп бетіңді Арыстаным, жөнелсең. («Қобланды») Алладан əмір болғаң соң Жас мезгілі толған соң, Көрмеймісің жатқанын Арыстаныңның бір сайда? («Ер Тарғын») Азыр құлақ салыңыз Арыстан Манас кебине. («Манас») Арыстан сөзін теңеме, балама түрінде алу қазақтың эпостық жырлары тарихының қай дəуіріне тəн? Бұл туралы дəлді пікір айта қою қиын. Өзінің туу дəуірі анық, айқын жазба мұра «Мухаббат-намеде» арыстанды поэтикалық сөз керегіне жарату, қызметке алу дəстүрі кездеседі. Аjа арслан jудклік хан уруқы Кічік аидын улуқларның улуқы... Качан кім ікі сар турса баjавлан Сэнің чэкдрларің көкрдр чу арслан.
(«Мухаббат-наме»). Бұл дастан XIV ғасырға тəн. Бірақ қалай дегенде де арыстан сөзінің батырға б а л а м а ғ а (метафора ретінде) алынуы мен батыр əрекетінің арыстан əрекетіне т е ң е л у і , яғни арыстан сөзінің осы екі жағдайда поэзияда тілдік тəсіл болуы бір дəуірдің жемісі емес. Тегінде поэзияда батырға арыстанды баламаға алудан арыстан əрекетін теңеуге алу алғаш көрінсе керек (М. Қашғари «Сөздігінде» Арсланлайу көкрелім деген теңеу бар). Əрине, мұның өзі тереңірек қарастырылуы тиіс бір мəселе. Ал Махамбетке келсек, арыстан сөзін поэтикалық тілдік құрал ретінде қызметке жегуде өзінің алдындағы эпостық жырларға тəн қолданыс дəрежесімен қарайлас та, олардан озып та түсіп жатады: Арыстаным, көп болды-ау, Саған да менің арманым (11); Шақырғанмен келер ме, Кешегі менің арыстаным, Өзі шын барар жерін тапқан соң (30); Ерсары мен Қалдыбай, Екі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі арыстан тең өлді (8); Исатай мен Махамбет, Екі арыстан ер қалды-ау (69); Арыстан еді-ау Исатай, Бұл фəнидің жүзінде, Арыстан одан кім өткен (12). Осы айтылған метафоралардан бөлек бір топ метафора бар. Ол – Махамбеттің лирикалық геройға қаруды балама етіп алуы; Ерегіскен дұшпанға, қызыл сырлы жебе едім (58), қылыштай қиғыр алмас ем (97), суғаруы қанық сүңгі ем (97). Ал осы сияқты жаңа тұрпатты метафоралардың қатарына: Кер миығым, кербезім Керіскендей шандозым! Құландай ащы дауыстым! Құлжадай айбар мүйіздім Қырмызыдай ажарлым, Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім (11), – деп келетін түйдекті теңеулі метафоралы жолдарды да жатқызуға болады. Мұнда өзге бір дүние заттары балама ретінде алынып отыр. Бұл – эпостық жырларда кездесе бермейтін, көбіне тұрмыссалт жырларына, жоқтау өлеңдер стиліне тəн сөз саптау. Əрине, таза күйінде дара туған жанр жоқ. Эпостық жырларда да тұрмыстық-салт жыр-өлең элементтері араласып келе береді. Егер осы үлгідегі сөз өрнегі эпостық жырларда кездессе, бұл сол эпостық жыр стилінің көрінісі емес, тұрмыстық-салттық өлең стилінің эпоста жүруі ғана деп қарау керек. Айталық, дəл Махамбет сөзі үлгілес сөз «Қобыланды» жырында бар. Қобыланды батыр жауға аттанып бара жатқанда қарындасы Қарлығаш былай дейді: Ақ маңдайда тұлымым, Бірге туған құлыным, Керекке біткен жауырын, Қолқанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім, Қозыдай менің егізім. Ал «Қыз Жібек» поэмасында Жайыққа аттанып бара жатқан Төлеген Сансызбайға: Айналайын қарағым. Жауға барсам жарағым,
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Қабырғамда қанатым, Артымдағы құйрығым, Жетегімде жан атым! – дейді. Бұл екі үзіндіде де өлең тіріге арнау. Ал Махамбет жоғарыдағы өлеңде Исатайды жоқтап, жоқтау өлең айтып отыр. Батырдың тірі кезіндегі қасиеттерін сипаттай жоқтап отыр. Қазақ поэзиясында сипаттай мақтау мен сипаттай жоқтау стиль жағынан бөлінбеген. Жəне өте ертеде туып қалыптасқан бұл үлгі қазақтың батырлық, тұрмыстық жырлары мен азаматтық поэзиясына сол қалпында ауысып отырған. Тіпті профессионал жазба əдебиеттің өзі де осы форманы сол күйінде қабылдаған. Міне, бұлар – метафора таңдау, метафора жасау үшін негіз-сөз таңдаулар. Ал бұл таңдауларда халық поэзиясында қалыптасқан дəстүр, халықтық ұғым-түсінік дəрежесі, сөзді поэзиялық мақсатта қолдану шеберлігі, поэзиядағы тіл ұстарту мəдениеті дəрежесі жатыр. Ал Махамбеттің метафораны жасауына, яғни ол қолданған метафоралардың түр ерекшеліктеріне келсек, мұнда Махамбеттік жаңалық жоқ. Ол өзіне дейін туып қалыптасқан метафора түрлерін ғана пайдаланады. Ал Махамбетке дейінгі поэзияда біз Бұхар өлеңдерінде кездесетін метафораларды түр жағынан жіктей айтқандықтан, Махамбет өлеңдерінде бар метафораларды бұлайша талдаудан əдейі тартындық. Əрі академик Қажым Жұмалиевтің Абай поэзиясы тіліне арналған еңбегінде, сол сияқты Б. Хасановтың «Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы» (1966) деген кітабында метафораға түр жағынан жүйелі классификация жасалған. 5. Махамбет поэзиясында стильдік-тілдік тəсіл ретінде жұмсалатын формалар Халықтың ауызекі сөйлеу тілінде бар, актив тұтынуда жүрген грамматикалық формалардың бəрі поэзия үшін де қызмет етеді. Бірақ поэзияның сөйлеу тілінен бөлек өзіндік заңдылықтарына орай бұл формаларды пайдалануында ерекшеліктер болады, яғни поэзия барлық тілдік құралдарды өзгеше бояумен көркемдеп пайдаланады, олардың сөйлеу тіліндегі мағынасына, қызметіне үстеме мағына, үстеме қызмет жүктейді, олардың қалыпты
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі жұмсалуына да өзгеріс енгізеді: не оларды өте аз пайдаланады, не оларды жиі пайдаланады. Міне, осы тілдік құралдарға үстеме мағына беру, жиі қолданысқа түсіру екінші кезекте көркем поэзияның стильдік-тілдік тəсілінің бір саласы болып табылады. Яғни поэзияны поэзия түрінде танытатын жиындық формалардың құрамдас бір бөлегі болып табылады. Махамбет өлеңдерінде осындай поэзиялық стильдік-тілдік құрал дəрежесіне көтерілген формалардың бірі – есімшенің -ған жəне (-па)с, -ар формалары. Есімшенің -ған формасының поэзияда актив тілдік құрал болуының тарихы өте əріде жатыр. Біз бұл форманың өлең үшін тəсіл-құрал ретінде жұмсалуын Махмұд Қашғаридің XI ғасырда жазылған сөздігінен кездестіреміз. М. Қашғари сөздігінде «Кім еді?» (тақырып шартты түрде) деген жоқтау-толғау өлең бар. Мұнда, негізінен, өлген кісінің тірліктегі артықша қасиеттері айтылады. Эрді ашын татурған, Йавлақ йағығ қатырған, Бойнын тутуб қазырған Басты өлүм ағтару... Міне, есімшенің өткен шақтық -ған формасымен келетін осы өлең үлгісі кейінгі дəуірде қазақ халқына тəн барша жоқтау өлеңдерге ортақ тəсіл болып қойған жоқ, мұның өзі батырлық өлең жырлар мен азаматтық мотивтегі өлеңдер үшін де ортақ тəсіл болды. Біз бұл форманы XV ғасыр мен XIX ғасыр арасындағы қазақ поэзиясынан өте көп кездестіреміз [8]. Махамбет өлеңдерінде -ған формасы екі жағдайда өте жиі қолданылады: бірі – өлең жолының аяғында суреттемелік-анықтауыштық, сипаттамалық-баяндауыштық түрде келіп, ұйқастық форма жасауы; екіншісі – өлең жолының ішінде таза суреттемелік-анықтауыштық қызметте келіп, есімшелі тіркес формасын жасауы. І. Өлең жолының аяғында келіп ұ й қ а с т ы қ ф о р м а қ ы з - м е т і н атқаруы, с у р е т т е м е л і к - а н ы қ т а у ы ш т ы қ мағынада жұмсалуы; (1) Садағына сары жебе салдырған, Садағының кірісін
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі (2) Сары алтынға малдырған (3) Тереңнен көзін ойдырған Сұр жебелі оғына (4) Тауықтың жүнін қойдырған, (5) Маңдайын сары сусар бөрік басқан, (6) Жаурынына күшіген жүнді оқ шанышқан, (7) Айғайласа белдік байланған, (8) Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан – Арыстан еді-ау Исатай? («Тарланым»). //Беркініп садақ асынған, Біріндеп жауды қашырған, Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық жалын шарт түйген// Мен кескекті ердің сойымын.
(«Баймағамбетке...») ІІ. Өлең жолының аяғында келіп ұ й қ а с т ы қ - б а я н д а - у ы ш т ы қ ф о р м а қызметінде жұмсалады. Қоғалы көлдер, құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған? Саздауға біткен құба тал Кімдерге сайғақ болмаған? Басына жібек байлаған Арулар кімнен қалмаған? Таңдап мінген тұлпарлар Иесін қайда жаяу салмаған? Құландар ішпес бұршақ қақ Кімдерге шербет болмаған? Садағына сары шіркей ұялап, Жау іздеген ерлердің Қайда басы қалмаған? -ған формасының бұл жұмсалуы өлеңнің жанрына, түріне қатысты. Өзінің жұмсалуы өлеңнің түрін, жанрын белгілейтін формалар жай қалыпты форма емес, поэтикалық стильдік-тілдік форма болып танылады. Қазақтың фольклорлық əдебиетінде, азаматтық поэзиясында, тұрмыс-салт жырларында есте жоқ ескі
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі дəуірден Абайға дейінгі аралықта бірде-бір жоқтау, жоқтаумақтау, сипаттау-суреттеу өлеңдері осы -ған формасынсыз жасалмаған. Қазақ поэзиясы тарихында ұлы төңкерістер мен ұлы жаңашылдықтың иесі Абай да өлең үлгілерінің неше алуан қатар тізбегін жасай отырса да, өзінің жоқтау өлеңдерінде ондай жаңашылдыққа бармаған, замандар бойында қалыптасқан өлең үлгісінен аттап өтпеген. Өйткені əрбір форма мазмұнға лайық, онымен бірге бірлікте туады. Əрбір мазмұн өзге мазмұннан өзіндік мазмұн ерекшелігімен ғана бөлектенбейді əрі формасымен де бөлектенеді. Сіз қияға, өрге салынатын баспалдақты жолды еш уақытта да тегіс жерге салмайсыз жəне сала да алмайсыз. Баспалдақты жолды (форманы) тауып отырған тегіс жер емес, қия, ор жер. Міне, осы себепті де, қазақта жоқ өлең өлшемін, ұйқас түрлерін жасаған Абай сүйікті ұлы Əбдірахманға арнаған жоқтауын бағы заманнан қалыпты, дəстүрлі формада жазды. Орынсызды айтпаған, Түзу жолдан қайтпаған, Жақсылық қылар орында Аянып бойын тартпаған, Ортасында кəпірдің, Арамынан татпаған, Өмір бойы талпынып, Ғылым іздеп жатпаған Түрленіп «Төре болдым» деп Есерленіп шатпаған [9], – деген өлеңді Арғын Дəулет ақынның Алыпқаш батырды: Есіктен қабан ақыртқан, Төріне сұңқар шақыртқан, Қара арғымақ қатырған Қара лашын қашырған Көк бөртені жайлаған Көктілі жылқы айдаған Сары қазы шайнаған, Арыстан деген аң болар, Асауын ұстап байлаған [10], – деп жоқтаған өлеңінен айыра қарауға əсте болмайды. Тек екі кісінің қасиетінде, қасиетін таңдап айтуда ғана айырым бар. Екі өлеңді бөлектерлік осылар ғана.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі III. Есімшенің -ған, -ар (-ма -с) формаларын анықтауыштық үлгіде жиі жұмсау халық поэзиясына тəн негізгі бір ерекшелік. Өйткені халық поэзиясында сөз етіліп отырған зат та, қимыл да жалаң аталмай, өзінің қасиетімен, белгісімен қоса аталады. Мұның өзінде де нақтылы зат пен қимылдан гөрі олардың қасиет-белгісіне көбірек көңіл бөлінеді. Ал бұл қасиет-белгі таза сындық формадағы сөздер болып келмейді, əрекетті-суреттеме, əрекетті-сипаттама түріндегі сөздер болып келеді. Айталық: Саздауға біткен құба тал, Кімдерге сайғақ болмаған? Басына жібек байлаған Арулар кімнен қалмаған? Таңдап мінген тұлпарлар Иесін қайда жаяу салмаған? – дегендегі заттық-бастауыш сөздер құба тал, арулар, тұлпарлар аталып қана отыр жəне олар қимыл-əрекет үстінде аталмай, суреттемелі түрде аталып отыр. Яғни сөздерді əрекетке түсіруден гөрі сипаттап айту көп басым жатыр. Алты жол өлеңде 20 сөз бар, ал оның 2-і ғана (қалмаған, жаяу салмаған) таза қимылдық қасиеттегі сөздер, ал саздауға біткен, басына жібек байлаған, таңдап мінген есімшелі үйірме тіркестер анықтауыштық қызметте келген. Міне, есімшенің -ған жəне -ар (-ма, -с) формаларының суреттемелік, сипаттамалық-анықтауыштық қызметте жиі келіп, поэтикалық, стильдік-тілдік құрал ретінде өлеңнің формасын жасауға актив қатысуы халық поэзиясы сияқты Махамбет поэзиясының да бір ерекшелігі. Арғымақтан туған қазанат Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қазмойын Күніне көз көрім жер шалғысыз. Айырдан туған жампоз бар Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар Асылын айуан десе нанғысыз...
(«Тайманның ұлы Исатай») ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Мінкен, мінкен, мінкен ер, Бұл сықылды неткен ер?! Көлденең жатқан Жайықтан Қырқарланып өткен ер Күн астымен жеткен ер Айтып, айтпай немене? Исатайды өлтіртіп, Серкесінен айырылып, Сергелдең болған біздің ел.
(«Мінкен ер») Махамбеттің əрекет-қимыл үнделетін өлеңінде де («Баймағамбет сұлтанға...») осы есімшелік (I. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген, Таудағы тарлан біз едік; Мен бір шəрға ұстаған қара балта едім; Бөліне көшкен еліңді, Бөріккен қойдай қылармын; 2. Тартынбай сөйлер асылмын; 3. Бойың жетпес биікпін, т.б.) мол орын алған. Ал дидактикалық сарындағы шешендік-толғау өлеңдер үшін стильдік-тілдік ерекшелік болған есімшенің -ар формасы бірде үнемі анықтауыштық бағытта келіп, ішкі ұйқас жасаса (жиырып алар күн қайда? Баптап мінер күн қайда? Жау тоқтатар күн қайда? – «Ұлы арман»), бірде етістік-баяндауыштық бағытта келіп, тармақтық ұйқас жасайды. (Қатын қалса бай табар, Қарындас қалса жай табар – «Шашылу», т.б.), -ар формасы мен -са формасының жұптығы (Қайыңның басын жел соқса, қайғыда болар анасы – «Аспандағы боз торғай») кей өлеңінің стильдіктілдік ерекшелігі боп отырады. Ақынның осы үлгілес біраз өлеңдері халықтың дидактикалық сарындағы шешендік сөз, шешендік толғау-өлеңдеріне өте жақын, тіпті солармен бірдей болып келіп отырады. Сондықтан да біз оларды «Қазақ поэзиясындағы ортақ мотивті, вариантты өлеңдер» деген тарауда сөз еттік. Ал ақынның бұл формалармен жасалған өзіне тəн, төл өлеңдері жоқтың қасы. Олар жоғарыдағылар ғана. 6. Махамбет поэзиясының синтаксистік жүйесі Поэтикалық тілдің өзіне тəн лексикасы болатыны сияқты жəне олардың қолданылуында жиілік, түйдектік ерекшелік болатыны сияқты, өзіне тəн синтаксистік жүйесі де болады. Поэ-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі тикалық тілдің синтаксисі, əсіресе, жалпы халықтың сөйлеу тілінің синтаксистік нормасын бұзу арқылы жасалатындығымен ерекшеленеді. Бұл бұзу сөйлемнің түрінде де, сөйлемдердің орын тəртібінде де, сөйлемнің баяндауыш формаларында да, сөздердің тіркесуінде де көрінеді. Айталық, үнемі бір типті сөйлем құру, олардың баяндауыш формалары үнемі бір үлгіде болу сөйлеу тіліне (тіпті прозалық əдеби тілге де) тəн құбылыс емес, ал поэтикалық тіл үшін бұл қалыпты норма. Айталық, Махамбетте: Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей, – түрінде, бірөңкей көсемшелі тізбектілікте келетін өлең бар. Ал сөйлеу тілінде не прозалық шығармада дəл осылай сөйлем құруға мүмкін емес, керісінше, сөйлеу тілі үшін осы мүмкін еместер поэтикалық тіл үшін норма болып табылады. Поэзия музыкалық əуенге құрылатындықтан, ə дегеннен əуен құндағында туатындықтан, барша жеке сөздері де, сөз тіркестері де, сөйлемдері де осы əуен нормасына бағынып, белгілі бір ритм (ырғақ) толқынына бөлінулі болады. Сондықтан да ырғақ толқындары тізбегі сөйлеу тіліндегі тұрақты интонацияға ие тізбектердің өзін бөліп жібереді. Ол бұлардың орнын ауыстырып қана қоймайды, жаңа заңдылыққа не орын тəртібіне келтіреді. Сөздерді, тізбектерді, сөйлемдерді бір жол бойында ғана бөліп қоймайды, жолдарға бытыратып жібереді. Яғни бұлайша сөйлемдегі сөздерді қалыпты тіркесу нормасынан шығарып, қалыпты байланысын ажыратып, қайта құру – поэзиядағы ырғақ толқындарының өмірі нəтижесі. Айталық, Махамбетте:
(1) //Көшер еді-ау//біздің ел// //Сонау Едігеден бергі тұрған жер дейін,// (2) //Қоран еді-ау/біздің ел// ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі //Арқада қоныс шөлдейін,// (3) //Нұралыдан қалған көп тентек// //Бүлдірмегей еді//елімді 2а Лашын құс бүркіт шайқаған
шілдейін...,//– деп келетін өлең жолдары бар. Бұл жолдар толық түрінде ырғақ заңдылығына бағынған. Сөйлеу тілі заңы бойынша бөлгенде бір ғана ырғақ желісінде айтылған сөйлем үш ырғақ талқысына бөлінген. Оның өзінде рет жағынан 1–2–3 қатар түрінде емес, 3–2–1 қатар түрінде орналасқан. Бұлардың сыртында «жерге дейін» түріндегі тіркес «жер дейін» түрінде ықшамдау заңымен жаңаша айтылу үлгісіне түскен. Яғни ырғақ барыс септігі жалғауының ашық келуге тиіс нормасын бұзып, еріксіз түрде, түсіріп айтқызып отыр. Сөйлеу тілі нормасы тұрғысынан келгенде сөздердің бұлай жіктеліп, бұлай орналасып айтылуы тіпті мүмкін емес? Керісінше, сөйлеу тілі ырғақ жүйесі үшін осы мүмкін еместер поэтикалық тілдің ырғақ жүйесіндегі заңдылық болып табылады. Əрине, поэзияда өлеңдер бір түрде тумайды, əр түрде туады. Осыған орай олардың синтаксистік жүйесі де əртүрлі болады. Осы сияқты Махамбет поэзиясы да өлеңдердің біртектес түрлерінен тұрмайды, əр тектес, əртүрдегі өлеңдер жиынтығынан тұрады. Демек, Махамбет поэзиясы синтаксисін сөз еткенде, бұл əр түрлілік бірінші кезекте ескерілуі керек, яғни ақын өлеңдері синтаксисі осы өлеңдерді түр жағынан жіктей отырып қарастырылуы керек. Өлеңнің стильдік-тілдік ерекшелігі мазмұнға қатысты. Мазмұн белгілі формада туады. Айталық, ақынның эпостық ерлік жыр үлгісіне өте жақын «Соғыс» деген өлеңі мен дидактикалық сарындағы шешендік толғау үлгісіндегі «Арғымақтың баласы» деген өлеңі өзінің синтаксистік жүйесі жағынан екі басқа өлеңдер. Бірінші өлең таза іс-əрекетке, қимылға құрылғандықтан, етістікті, етістік-баяндауышты болып келеді. Оның сыртын-
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі да қимыл-əрекетті баяндауына байланысты, бұл етістік-баяндауыштар шақ жəне рай, жақ жағынан нақтылық сипатқа ие. Əскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым. Айғайлап жауға тигенде, Ағатай, Беріш ұраным. Бекетай құмға ел қонып, Байбақты Жүніс аттанды, Қосылуға дем болып, ... Артымыздан келіп қол жетті, Аз жетпеді, мол жетті. Түніменен түйіндік, Таң атқанша тарандық, Таң ағарып атқан соң Төңірек жаққа қарандық.. Осы үзіндіде етістік-баяндауыштар етістіктің барынша динамикалы қасиетке не ашық рай мен көсемше жəне ауыспалы, жедел өткен шақ түрінде жасалған. Сол сияқты жақ жағынан да əр алуандас. Ал: Арғымақтың баласы Арығынан білдірмес Арқамнан қосым қалар деп, Балағы түкті қоңыр қаз Баттауыққа тоя оттамас, Сұңқарлар үлгі алар деп... – деп келетін үзіндіде сөйлем түр жағынан да, баяндауыш формасы жағынан да бір-ақ үлгіде жасалған. Өйткені өлеңде əрекет бірінші кезекте емес, нəтиже, салдар бірінші кезекте. Ал салдар, нəтиже, мақал-мəтелдер сияқты үнемі даяр үлгіні, шартты мағына беретін модельді пайдаланады. Мұның өзі дидактикалық өлеңнің бірден-бір ерекшелігі. Ал енді ақынның а т а й с у р е т т е у г е құрылған өлеңдері өзінің сөйлем түрі, баяндауыш формасы жағынан бұлардан да бөлекше болып келеді. Айталық: Адыра қалған Нарынның Теңіз деген суы бар. Жағасына жағалай біткен Қамыс деген нуы бар.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Адыра қалған Нарынның Жайық деген суы бар, Жағасында жары бар, Қабағында қары бар. Көнбегенді көндірген, Қынама бешпет кидірген Ортасында Жəңгір деген ханы бар, – дегенде бірде-бір етістік-баяндауыш жоқ. Ал, керісінше, баяндауыштар үнемі қайталап келіп отыратын бір есім (модальдық мəнді) сөзден жасалған. Осыған байланысты сөйлемдер де өзінің түрі жағынан біртектес. Тіпті бірдейлік өзге сөйлем мүшелерінде де бар: теңіз деген (суы), қамыс деген (нуы), Жайық деген (суы), Жəңгір деген (ханы); жағасында, қабағында, ортасында, т.б. Міне, осы айырым-ерекшеліктер Махамбет өлеңдері синтаксисін сөз еткенде оны ақын өлеңдерін түр жағынан жіктей отырып сөз ету керектігін көрсетпек1. Махамбеттің ортақ мотивті дидактикалық сарындағы өлеңдерінің синтаксисі Қазақ поэзиясында өзінің баяндауыш формасы жағынан, баяндауыш-ұйқасы жағынан бастан-аяқ бірыңғайлас, біртұтас болып келу – дидактикалық сарындағы шешендік толғау өлеңдерге тəн бірден-бір ерекшелік. Бұл жанрдағы өлеңдерде ұйқас құрайтын тармақ аяғындағы сөз, форма ғана қайталап қоймайды, жолішілік сөздер де, формалар да қайталанып отырады. Яғии қайталамашылдық, формашылдық – дидактикалық толғау, терметолғау өлеңдерге тəн қасиет. Махамбеттің дидактикалық сарындағы өлеңдерінің дені ақын өмір сүрген дəуірде болған, соған дейін жасалған дидактикалықазаматтық өлең үлгісінде туып қана қоймаған, тіпті бұл өлеңдерінің көбі өзіне дейінгі бар нақты өлеңдердің қайта жырлануы деуге де болады. Яғни жекеленген өзіндік жолдар, икемдей 1 Біз Махамбеттің дидактикалық мазмұнды өлеңдері синтаксисі тілін «Дидактикалық мазмұндағы толғау өлеңдер тілі» деген ілгері тарау материалымен белгілі дəрежеде сəйкес келетіндіктен кірістірмедік.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі қайта айтудан туған редакциялық өзгерістер болмаса, ақынның бұл топтағы өлеңдері – қазақтың ортақ мотивті, вариантты өлеңдер қатарында қаралуға тиіс дерлік өлеңдер. Əрине, қайта айту, редакциялай жаңғырта айту, өзінікі ретінде айту негізінде барынша жалпылық сипат алған өлеңдер тобына соншалықты жақын, тіпті солармен бірдей, егіздің сыңарындай болса да, Махамбеттің бұл өлеңдерін халықтың ортақ мотивті вариантты өлеңдерінің негізінде туған жаңа туынды ретінде қарау керек болады. Айталық: Ай астында бір көл бар, Ат шаптырса жеткісіз. Ортасында алуа, шекер бар, Татқан қулар кеткісіз. Қарада да қара бар Хан ұлы басып өткісіз. Алланың бір күні бар Бір жарым ай жеткісіз. Мұңдас ерлер болмаса, Менің айтқан сөздерім Құлқына жаман жеткісіз, – деген өлең екі жағдайдан ақынның өз өлеңі болып танылмақ, біріншіден, ақын бұрын бар сөзге өз сөзін қосып отыр, екіншіден, айту реті жаңа, тілге тиек етілу сəті жаңа. Бірақ осыған қарамай, модель де, мотив те көне. Махамбет өзі қосқан сөзін де сол көне сөз үлгісінде айтқан. Бұл топтағы өлеңдерде мынадай ерекшеліктер бар: біріншіден – қайталаудың барынша типтігі, екінші – инверсияның барынша аздығы; үшінші – есім сөздердің мол болып, етістік сөздердің аз болуы, яғни есім сөздердің қайталауы жиі болып отырады. Ортақ мотивті өлеңдердегі қайталаулар Махамбеттің дидактикалық шешендік толғау өлеңдеріндегі бірден-бір ерекшелік – қайталаудың молдығы. Олар: а) Г р а м м а т и к а л ы қ (баяндауыш-етістік) қ а й т а л а у - л а р .
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Махамбет өлеңдерінде грамматикалық қайталау арқылы жол аяғы ұйқас баяндауыштар жасалады. Мұндай қайталауларда бір ғана қосымша немесе егіздесіп, жұптасып отыратын екі түрлі қосымша қатар қайталап отырады. Бұл қайталаулар əрі сөйлемдердің түр жағынан да қайталауы. Арғымақтан туған қазанат Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын Күніне көз көрім жер шалғысыз. /Айырдан туған жампоз бір Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар Асылын айуан десе нанғысыз.
(«Тайманның ұлы Исатай») ІІ Орай да, борай қар жауса Қалыңға боран борар ма? Қаптай соққан боранда Қаптама киген тоңар ма? Туырлығы жоқ тұл үйге 1 2 Ту байласаң тұрар ма? Ту түбіне тұлпар жығылса Шаппаған нəмарт оңар ма? («Орай да, борай қар жауса») ІІІ Жапанға біткен бəйтерек (Жапырағын байқасаң) Жайқалмағы желден-ді («Түбіндегі балаусасы белден-ді») Хан, төренің кешігіп Кідірмегі елден-ді ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі Көшіп өтпек сайдан-ды Шығынды болмақ байдан-ды... («Толғау») IV Аймақ, аймақ, аймақ көл Дария болып шалқымас, Аяғы төмен аққан соң. Айдан жарық нəрсе жоқ, Сəулесі түспес жаһанға Қараңғы түнек басқан соң...
(«Аймақ көл») Міне, осы төрт өлең жалаң -ғысыз (1) жəне -са мен -ар ма? (II), -мағы мен -ден-ді, (III), -ма-с пен -қан соң формаларының қайталануынан ғана тұрады. Бұл грамматикалық параллелизмдер əрі өлеңнің ұйқасын да жасап отыр. Жалпы грамматикалық ұйқасқа құрылу – дидактикалық поэзияның негізгі бір белгісі. Дəлірек айтқанда, грамматикалық параллелизм жəне осыдан келіп шығатын грамматикалық ұйқастылық дидактикалық өлеңнің өзге поэзия үлгілерінен ерекшеленетін айрықша белгісі. Өйткені дидактикалық поэзияда сөйлемдік қайталау, яғни өлеңнің бір формалы сөйлем үлгісінен ғана жасалуы бірінші кезекте тұрады. Ал формалық ұқсау негізгі рөл атқаратын мұндай өлеңдерде ұйқас түрі үнемі баяндауышты болып келеді. Мұны анығырақ түсіну үшін Абайдың өлеңдерінен салыстырма мысалдар келтірейік: Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды//
арман, Шошимын кейінгі жас//балалар-дан, Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бəрі болды//аларман. (Шығармалары) Біріншіден, өлеңнің баяндауыш формалары əртүрлі; екіншіден, өлең инверсия заңына құрылғандықтан, ұйқасы баяндауыштық-грамматикалық ұйқасқа құрылмай, фонетикалық ұйқасқа құрылған. Ал синтаксистік дəлдік, сөйлемнің бір ғана формада болу заңдылығы негізгі рөл ойнайтын дидактикалық поэзияда мұндай фонетикалық ұйқас болмайды.
ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі ə) Л е к с и к а л ы қ - а н ы қ т а у ы ш т ы қ қ а й т а л а у л а р . Махамбеттің бұл топтағы өлеңдерінде (жалпы дидактикалық поэзияға тəндігі сияқты) тармақ (жол) ішілік лексикалық-анықтауыштық қайталауларға, белгілі формадағы анықтауыштық қайталауларға құрылу да негізгі бір ерекшелік. Арғымақтан туған/ қ а з а н а т Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған/ қ а з м о й ы н Күніне көз көрім жер шалғысыз. Айырдан туған/ж а м п о з б а р Нарға жүгін салғысыз...
(«Тайманның ұлы Исатай») Саздауға біткен/құба тал Кімдерге сайғақ болмаған? Басына жібек байлаған Арулар кімнен қалмаған? Таңдап мінген/тұлпарлар Иесін қайда жаяу салмаған. Бұл есімше формалы анықтауыштық қайталаулар дидактикалық поэзияда өзінің осы үлгіде үнемі қайталауында дидактикалық өлеңнің суреттемелік стильге құрылуына қарыздар. Мұндай өлеңде санамалап келетін объектілер көп болады да, олар əр уақыт есімшелі-суреттемелі анықтауыштармен бірге жүреді. Пыр-пырлап ұшқан (қасқалдақ) Көлінде жатып көркеймес, Ортайса көлдің қоғасы. Суда жүзген (нəн балық) Шағала құсқа жем болар Үзілсе көлдің сағасы. Атадан қалған (сауыттың) Шығыршығын тот басар, Жыртыла тозса жағасы. Осында қасқалдақ, нəн балық, сауыт сияқты заттық атаулар айтылып отыр. Ал бұл заттық атауларды жай атау дидактикалық өлеңдерге тəн емес. Сондықтан да бұлар үнемі пыр-пырлап ұшқан қасқалдақ, суда жүзген нəн балық, атадан қалған сауыт
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру