TELEGEI

Home

Баян Тіленшина Сұрқия

Баян Тіленшина

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баян Тіленшина Сұрқия

Баян Тіленшина — «Баян Тіленшина Сұрқия».

Баян Тіленшина

СҰРҚИЯ

Жүз еркектің дүмпуінен бір әйелдің сыбыры күшті

Роман

Алматы 2018

МАЗМҰНЫ

1. «Сұрқия» хикаяты хақында............................................3

2. Пролог..............................................................................5

3. І тарау. Сүйген сұлу.......................................................6

4. ІІ тарау. Жылаған жүректер........................................41

5. ІІІ-тарау. Өсек................................................................83

6. ІV тарау. Жік-жік........................................................123

7. V тарау. Қарғаның мәткесі........................................143

8. VІтарау. Майдан.........................................................168

9. VІІтарау. Иттің баласы...............................................194

10. Эпилог...........................................................................230

«Сұрқия» хикаяты хақында

Баян Тіленшинаның ақын екендігін, өлең өрнектеп,
бірқатар басылымдар беттерінде, жыр жинақтарында
көрініп келе жатқанын көзі қарақты оқырман біліңкірейді
деген ойдамыз. Бұдан бірер жыл бұрын «Қиямет-қайым»

романы арқылы жұртшылықты елең еткізген еді. Міне,
енді Баян және бір хикаятты ұсынып отыр.
Баянның бұл романы «Сұрқия» деп аталады. Әрине,
тым қатқыл да қиын ұғым ғой, бірақ автор осынау атауға

айырықша мән беріп, әдейі назар жығып, жүк артатындай.
Оған шығарманы бастан- аяқ бажайлап оқып шыққаннан
кейін тереңірек ойға түсіп, өзіңіз –ақ көз жеткізерсіз.
Біздің атап айтқымыз келіңкерейтіні сол, бұл хикаят,

яки «Сұрқия» сценарилі сүрлеу-соқпақтарға түсіп алып
тарта беретін туындыларға онша ұқсамайды. Кейіпкерлер-
ді, характерлерді сомдау жағынан да тосын тәсілдері,
табиғи өрімдері жетіп-артылып жатыр. Кейбір шығарма-

ларды оқып отырып, кімнің кім екенін, ненің не екенің,
қай қырдан асып, қандай сайдан шаң беретінін болжап,
біліп, сезініп қоясыз ғой? Бір қуанғанымыз сол, Баян
ондай-ондайға оп-оңай алдыра қоймайды, көбінесе күт-

пеген тұсыңыздан шыға келіп, діттеген деңгейіңізден де
биіктеп кетеді.
Әлбетте, бұлар оңайшылықпен алдыратындай асулар-
ға жатпас. Авторыңыз азабы батпан жолдарды айналып

өтпеген, аса қиналып, аянбай тер төккен. Бұған таныс-
бейтаныс, бірақ басқалар көбінесе біраз-біраз барлау жа-
сап қана қайтып жүретін, қосақ арасында ғана көрінетін
кейіпкерлер кейпінен мейлінше тереңге кеткен сұрқия

әйел Қатипаш; сондай-ақ данагөй Дәулетбақ қария мен
мейірбан Хадиша ана, аяулы Жарқынай мен қыршын

кеткен Қабыл, апалы-сіңлілі Ұлбалаш пен Алтынай, тағы басқалар дәлел-дәйек бола алады. Осы романда, біздің ойымызша, аз ғана қылаң беретін, бірақ есте ерекше қалып қоятын кейіпкерлер баршылық және олар да автордың ізденісін танытады. Хикаятта өзек өртеп кетердей, тағдырларды тас-талқан етердей өсек, жаныңды күйдіріп, жүрегіңді күлге айналдырардай жала дегендеріңіз жан-жақты ашылып, сұрқиялықтың бет пердесі сыпырылатын тұстар аз емес. Лингвистиканың тұтас шебері Асқар Сүлейменов айтқандай, бүгінде «калькалар» қай кездегіден де көбейіп кетті. Ұялмай-қызармай, көркем шығарма кестеледім деп, көшірме жасайтындар, сөйлем құрай алмай жүріп, «әңгіме» жазып, әулие жанрға обал келтіретіндер саны тіпті қабындап, қаулап барады. Осындай кезеңде өзіндік өзгешелік танытып, тосыннан жол таба білген Баяндайын қаламгерге қалайша ішің жылымас?! Бір әулеттің тағдыр-талайы арқылы терең тылсымдарға, сезім иірімдеріне шақыра отырып, өткір әжуаға да барады, кейде үкім айтыңқырап, журналистиканың жіптерін өз өрнегіне көбірек қосыңқырап жіберетін жерлері де жоқ емес. Десек те, зұлымдық заңдарына, аярлық апандарына суреткерлікпен барлау жасауға тырысып, иланымды характерлер бейнеленген Баянның көп бейнетмехнатты бастан кешкенін қайталап айтқанымыз артық болмас. Өзіңіз шығармашылық шындығын іздеуге шығып, прозада сәтті қадамдар жасап үлгерген қалам иесінің аталмыш шығармасы оқырман жұртшылықтан лайықты бағасын алары айқын.

Мархабат Байғұт, жазушы

ПРОЛОГ

Балауса қыз бақытынан қол үзді. Қайда жүрмесін,
немен шұғылданбасын, миының бір нүктесіндегі
«Мен саған үйлене алмаймын, себебін өзің білесің»
деген сөз минөт сайын қайталанады да тұрады.

Сонда мұның келешегі не болады? Қорған болар
ата-анасы жоқ қу маңдай сорлы еді. Құрсағында тағы
бір жетімекті өсіріп, жүрісі мынау болды. Басында
баспанасы, өмір сүрерлік тұрақты мекені жоқ. Қос

жетім жетектесіп қайда жүрмекші?
Осы сөз шыққалы бергі бір апта уақыт қанда-а-ай
ұзақ! Сары қыз осы шектей шұбатылған ұзақтықтың
шеті қашан көрінетінін күтіп, шаршады. Жігіт атау-

лыны қарғады. Бір апта бұрын да, осы «үйлене алмай-
мын саған» деген суық сөз естілмес бұрын да «бақыт-
сызбын» дейтіні бекер-ақ екендігін енді ғана білді.
Бойы екі метрге жетер-жетпес, әкесі тұрғызған кәтек

«кибитканы» үйім деп айтуға бекер-ақ ұялғанын да
енді білді. Кәтек болса да, тауықтың ұясындай тар
болса да, баспана екен-ау. Бүгінде сол «кибитка» да
топыраққа қосылған.

Енді Қатипаш қайда тұрмақ? Кім паналатып, кім
асырайды? Мұны кім алады? Қатипаш әділеттігі жоқ
құдайына қапа.
-Жетім қылып жаратып, жамаулы киім кигіздің.

Біреуге үйіп-төгіп бәрін сыйлайсың. Менің маңда-
йымды неге ғана пышақпен қыра бересің, қыра

бересің, қу құдай? Құлағы жоқ шұнақ құдай! – қыз
еңкілдеп жылады.
Иә, әрбір адамның ниет тамшысы мен тілегінен
құралатын өмір атты сезім өзенінің шетіне жете бере

басталатын қимыл-қозғалыс, іс-әрекет, қарсылық-
күрес процесі Қатипашты ағыны ұйытқыған бел
ортасына жақындатты білем.
Өмірден басталған бұл күрес өліммен ғана

тоқтайтын.

СҮЙГЕН СҰЛУ

І тарау

Аяр жаннан бықсыған сөз қалады,
Дауда сына досың мен бозбаланы.
Тексіз адам-дауасыз, жеңем деме,
Жеңіс –ұяттың әдептен озбағаны.

Қатипаштан осы қазір естіген жаңалық Алтынай-
ды аязды күні суық су құйылғандай қалтыратты.
Сүйретіліп, орындыққа отырды. Табиғатынан әсер-
шіл, көңілі жұмсақ ол не істеуді, тіпті не ойлауды

білмей, өң мен түстің арасында дағдарды. Өңі екенін
дімкәс жүрегінің жанын сығымдап, езіле ауырып
тұрғаны, Қатипаштың мына мүңкіген құсығы ай-
қындап тұр. Сонда...

...Онсыз да атжақты Қатипаштың соңғы кездері
ұрты суалып, шүңірек көздерінің іннен сығалағандай

сыңайын Алтынай «неге?» деп сұрағысы да келген.
Ыңғайсызданды. «Тәйірі, жуанның жіңішкеріп, жі-
ңішкенің үзілетін шағы – көктем емес пе?» деп ішкі
өктем дауыс мұны талай тиып тастаған. Бүгін айтуға

бекінді.
-Қатипаш, тамағыңның мазасы болмай жүр ме,
қайдам. Дұрыстап, барын ішіп-жеп жүр, айналайын.
Күзде көкөністі аздау жауыппын, олар да мезгіліне

жетпей таусылып... Үйге, бізге үйренетін кезің болды
ғой, өз үйіндей сезініп...- деп кінәлі кісіше үстел
үстіндегілерді сары қыздың алдына сырғытумен
болды.

Сары қызға салмақтылық пайда болыпты. Бұрын-
ғыдай «тәте, бүгін бір қызық болды ғой» деп тырқыл-
дай күліп, әңгіме желетін. Аз сөйлейтін Алтынайға
Қатипаштың күлегештігі де, жылдам құралатын сөз-

шеңдігі де қызық көрініп, оның сөзінің мағынасын
ұғынып қалуға тырысатын. Екеуі сүт қосқан қою
шәйді баптап, әңгіме –дүкен құратын кездер шыны-
мен-ақ өткен шаққа айналғаны ма? Қатипаш неге

жаман көзбен ата қарап, «Сенің інің!» деп жекіп
кетті бұған? Неге? Мүмкін Қатипаш бұған өкпелі
шығар?
Қатипаштың біреуді жамандағанда сөзбен сойып,

тілімен тінткілей тілгілеп, түкке жаратпай тастауы,
онысын күніне қайталап айта беретін қазымыр мінезі
ұнамайды-ақ. Ондайда Алтынай «сойылып» жатқан
құрбандықты арашалап, Қатипашты тоқтатуға тырыс-

қанмен, еңбегі еш кетер еді.

-Тәте, сіз өзіңіздей көресіз ғой. Елдің баршасы қу,
ешкімге сенуге болмайды қазір. Ол өт-те ар-рам адам!
Ал, мен өтірік айта алмаймын ғой, детдом бізді тек
шындықпен тіліп сөйлеуге тәрбиелеген, -деп зыпыл-

дап, Алтынайдың аузын ашқызбайтын. «Сенімсіздік
көрсеткендей болдым-ау» деп бұл ұялып та қалатын.
Мінез ғой деп үйреніп кетті ме, кейіндері сөздегі сөге
жамандауларын ескермейтін де болды. Сонда...

-Ал, Қатипаш.... алып отырсайшы дәмнен...
Алтынай
сары
қыздың

көңіл-күйі
өзгерген
оншақты күннің бедерінен ойын асырып, өкпелетуі-
нің қандай мүмкіндіктері болуын іздеп, іштей өзін-өзі

бөлшектеді.
Күнде таңғы 7-де оянады да, газ тұтатады. Сосын
жуынып-шәйініп, шәй жасайды. Сосын барып отаға-
сымен Қатипашты оятады. Екеуін үпілеп-сүпілеп

қызметтеріне шығарып салады. Өкпелеткен жері жоқ
сияқты.
Жас қой, көбіне тамақтанудан гөрі уақытын
сыланып-сипануға жұмсап, уақыт жеткізе алмаса, бұл

«аш жүрме, асқазаныңды бұзасың» деп бір тілім
нанға сарымай жағып, бір пиалай сүтті суытып,
сіміртіп жібереді.
...Таңертеңгі тығыз уақытта өкпеге орын жоқ

сияқты. Бастары қайта қосылғанша жалғыздықтың
жайсыздығынан құтылуға асығып, ері мен сіңлісіндей
болған Қатипаштың жолын Алтынай сағына тосады.
Қос өркенінен бірдей қапыда айырылып, қанаты

сынған
жарым
көңіл
Алтынайдың

кімді

ренжитетіндей пейілі бар дейсің? Жүрегі жаралы,
дені жарым бұл кімді ренжіте қойғысы келер дейсің?
Е... Басынан пендешілік маусымы ерте көшіп, есіне
түскен сөзді електен өткізбей сөйлей салатындай

жастықтың жалыны да мезгілсіз сөнді емес пе?
Қайта
Қатипаш
даудырай

кіріп
келгенде
өштескенін он қайыра жамандағанына қарамай,
санасын сығымдай құрсаулаған ойдан босанып, миы

демалып қалмаушы ма еді?Сол Қатипаш неге
көңілсіз? Неге жүдеп барады? «Сұрасам ба екен?
Тәуекел». Ертеңгі дастарханда қабағы қатыңқы
қызға Алтынай сөз бастады:

-Қати...-,дей бергенде ол атып тұрып, жүгіре
сыртқа беттеді.
Алтынай қатты ыңғайсызданды. Не болғанын
түсінбеген оның құлағына әлдебір өкіре жылаған үн

бе, жоқ бұзаудың бөкіргені сияқты ма-ау, бір жайсыз
дыбыс шалынды. Дүкілдей жиі соғып кеткен ақаулы
жүрегінің тұсын қолымен ұстап, бұл да сыртқа
шыққанда, есік алдындағы сәмбі талды қос қолдай

құшақтап, құсып жатқан Қатипашты көрді.
-Қатипаш! Сары алтыным- ау, не болды саған?
А-а?
Мұрны сорайып, жақ жүні үрпиген Қатипаш

«Жүктімін...
ініңізден!»дегенде,
Алтынай
жүзім

көлеңкесіндегі осы орындыққа әзер жетіп, отыра
кеткен. Содан шеке тамырлары білеулене солқылдай
соғып, қаны басына шауып, әлі отыр.
Не істеу керек? Не істеуі керек Алтынайдың?

Күн сенбі болса да, ой бөлісетін ері жұмысқа кеткен. Ал, жаман көзімен атқылап, қиралаңдай басқан Қатипаш өз төсегіне барып, теріс қарап жатып қалды. -Жаман көзбен қарады ма, әлде солай көрінді ме? Інімде жазық болса да, менің кінәм не? –деп өзөзімен сыбырлай сөйлесті Алтынай. Бұл үйде Қатипаш пайда болғалы сырттай оқитын інісінің де екі рет сессиясына келгені, айлап жүргені рас. Шаңырақтарында қаңғыр-күңгір көбейіп, әзілдері жараса, бірге қыдырғыштап жүрген екі жастың ынтымағына Алтынайдың қарсылығы болмағаны да рас. - Сол үшін кінәлімін бе? Алтынай өзінен өзі сыбырлай сұрады. - Әлде?... Үнсіз ой құшағына енді. Қатипашты алғаш таныған сәтін естеді. Күн сенбі болатын. Шілдеде оңтүстік күні көтеріле сап күйдіретіндктен, ертелеп көкбазардан оны-мұны әкелуге шыққан беті еді. Тролейбуста кісі аздау екен. Алтынай бос орынға жайғасып отыра бергенде: -Сәлем бердік, тәте!-деп қосарлана шыққан дауысқа мойын бұрған бұл жәудіреп тұрған екі балауса қызды көрді. Сөз саптастарынан бұл өңірдікі еместігін аңғарды. Алғашта сәлемге қалай жауап берудің есебін таппай бөгелді де, оңтүстікшелеп: -Бар болыңдар, айналайындар, -дегені есінде.

Жөн сұраса келе солтүстік облыстарының жетімханасында тәрбиеленген бұл екі қыздың өз беттерімен осы қаладағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға келгендерін, мұнда ешқандай таныстары жоқтығын білді. Содан көкбазарды бірге аралап, үйіне әкелген. Бүгінде шейіт болған қос қозысыБіржан мен Маржанның Қатипаштарды оқу орына жайғастырғанға дейінгі 3-4 күнде бұларға бауыр басқанынай! Әлде жетімханада тәрбиеленгендер ешкімді жатырқамайтындай ерекше ме екен, әлде ата-анасынан гөрі баланың тілін бала дұрысырақ табар ма екен, әйтеуір бұларды жатақханаға орналастырарға келгенде егіздерінің «кетпеңдерші... кетпесінші...» деп құшақтай жылағаны-ай! Бұл тілекті ата-анасы орындай алмас еді. «Кө-өп келіп тұрады. Келіп тұрамыз» деп әзер жұбатқан. Шынында, осы қыздар кетпегенде келер оқу жылына мектепке барған егіздері қол ұстасқан күйінде мәшине апатына түспес пе еді? Жолдан өту ережесін Алтынай мен мұғалимадан гөрі осы Қатипаштар пойыз боп, мәшине боп ойнап жүріп-ақ дұрысырақ үйретер ме еді? Арман-ай! -УҺ, қос жанарым, қос қызығым-ай! Тірі боп несіне енді несібе теріп жүрмін мен арсыз? Сендерден жаным ардақты ма менің? Арттарыңда аңырап қалып, арманыма күйдім-ау мен! О, тәңірім, кімге керекпін мен-н... Алтынай іші-бауыры іріп кеткендей езіліп, аңырап жылады.

-Алланың салғанына көнбейтін кім едің сен! Көнесің! Ол жара ескірді емес пе? Жараны тырнай бергеннен не пайда?! Тоқтат кәне! Бұл ішкі дауыс еді. -Жоқ, жыл өткен сайын сағынышым меңдеп барады-ау! Ерім мен ата-анама күйік болмау үшін сүлдемді сүйретіп жүрсем де, Біржаным мен Маржаныма деген сағыныштан осы Қатипашты үйде тұруға үгіттеп әкелдім емес пе?-деп Алтынай тағы да әлсіз дауыспен дір-дір етіп, сыбырға көшті. Сол қазадан соң қабынған жүрегі қазірде түкке жарамайды. Осылай дір-дір етіп, қаны тартылып, аяққолы суынып, ауа жетпей, демігіп қала береді. Бұл жұмысшылар жатақханасында тұратын Қатипашты тауып әкелгелі де жылға жуықтапты. Ал, серігі тұрмыс құрып кетіпті. -Әлде?... Әлде мен сол үшін кінәлімін бе? Алтынай өзін-өзі тергеп, соттап тершіді, өзін-өзі жұбатып әлектенді. Қалтасын сипалап, тіл астына дәрісін салды. Жаман көзімен атып кеткен Қатипашты мұның халі толғандырмады. Бұрынғыдай «Мен бармын ғой, тұрмысқа шықпай, сіздермен берге тұра беремін» демеді. Алтынай жан терге түсті. Ой ағыны уақытпен бірге ағып жатты. Дәру бойына тарады білем. Көп нәрсеге көндігіп, бұдан жаман күнінде де «тойға талай бармап» па еді. Қатипаш жүкті болса, әйел баласының өзі дәл солай көбею үшін жаралған емес

пе? Қайта «Өркенің өссін» деп бұл құтты болсын
айтуы, қуануы тиісті ғой. Иә...
Ол Дәулетбақ әкесінің теңеуін есіне алды. Ластау
жерден айдап шығуға көнбейтін құжынаған қара

шыбындарды елестетті. «Ызыңдап, түртпектеп маза
бермейтін қара ойдан құтылудың бір-ақ жолы – көңіл,
ой тазалығына жету. Тазалыққа қара ой мен қара
шыбын өзі-ақ жуымайды.Көп жаманның ішінен бір

жақсыны тап, жақсыға сүйен!» деп айтатын.Жақсы ой
жанын жебеді ме, дірілі басылды. Қаны тартылған
мұздай денесіне жылу жүгіргендей ме... Ақырын сүй-
ретіле жүріп, газ тиегіне жетті.

-Қой шәйді дұрыстап, Қатипашты шақырайын. Ба-
сының сақинасы бар еді, қысар...
Болар-болмас сыбыр солай дейді.
Төргі үйдегі төсекте теріс қарап Қатипаш жатыр.

Өкпелі. Бірақ, кімге өкпелі? Жарымжан шешесіне екі
қызын құшақтатып, мұны бесіктен белі шықпай
жетім қалдырған, өзі түсін де танымайтын әкесіне ме?
Жетімше бауырларын бағудың боданына балалығын

айырбастап, 15 жасында екі аяғы бірдей шолақ сүр-
бойдаққа әйелдікке барған Мәрзия апасына ма? Ана-
сы да бейшаралықпен ауызданып әжесін жалмай туы-
лыпты. Еңбектеп жүргенінде екі қолын бірдей шоққа

пісіріп, екі бармақпен ғана күнелтіпті. Ал, оның ұр-
пағы Қатипаштың күні-мынау. Бірақ... мына Ал-
тынайдың інісі Сәуірбекке өкпелейтін орны бар ма?...
-Бұл не деген бітпейтін қасірет? Әлде, биліктің

ұрпақтан ұрпаққа берілуін заңдылық деп мойындаған

адами тіршілікте қасіреттің де тұқым қуалауызаңдылық па екен?- Қатипаш су-су құс жастықты шеңгелдей бүрді. Тіршілігінде ештеңені, ешкімді бүре алмай, кіжінумен кеткен анасы үшін де, өзі үшін де ызалана бүрді. Ұрынуға қара таппады. -О, құдай-ай, сасық теке еркек атаулыны артық қып жаратқаныңа қарағанда, сен де еркек шығарсың. Еркекте-ер! Қырылып неге қалмайсыңда-ар... Қатипаш өксік аралас өз даусын естіп, есін тоқтатты. Жағдайын айтып, Сәуірбекке жазған хатына «саған үйлене алмаймын, оның себебін өзің де білесің» де-ген жауап алғалы осындай бақытсыз, шарасыз күйге тап болды. Дүниеге от шашып, өртеп жібергісі келді. -Маған қатыгез сұм тіршілікті, сұмырай адамдарды мен неғыла мын!-деп тістенді. Шүңірек көзі салқын ызғар шашты. ...Бақыт дейді-ау. Сол бақыттың қай кездерде мұнымен бірге болғанын, жалпы ол туралы жаттанды ұғым болмаса, шын мәнісінде ол шіркіннің не екенін түсінсе енді ғана түсінгендей. ... Бала кезінде бұлар шешесі «кибитка» деп атайтын кәтек үйде тұратын. Шошқа фермасында қызмет жасайтын анасы кейде шошқа етінен тұшпара түйіп, Валя шешей, Матвей шал сияқты қызметтестерімен самогон сапырып, тамаша жасайтын. Бұлардың үш бөлмелі кибиткаларын ән толқытып, дастарханға дәм, тәттілер көп қойылатын.

Әншейінде тықпыштаған тәттілерін түгендеп, кемісе оқтаумен ұратын анасы мұндайда кеңпейіл, мейірімді-ақ. Қатипаштың үстелге созған қолын елемей, тіпті халуа мен күлшелерді мұның аузына асатып, одан қалса етегіне салып, «бар, ойнай ғой» деп арқасынан қағатын. Арақ иісі мүңкіген көктүтін үйге осы тәттілер болмаса, өзінің де кіргісі келмейтінін масаң анасы біле ме, білмей ме. Кім білсін. Бірақ арқасына көсеу тимейтін, езуінен аққан сілекейін жақса да бетінен шешесі сүйіп, бауырына қысатын, тәттіге тоятын осындай күндер Қатипаш үшін балалықтың ең бақытты, аңсатар сәттері еді. Өзінен 5-6 жас үлкен Мәрзия анасы мен оның қонақтарына түн ауғанша қызмет жасайтын. Қатипаштың қамын, үй шаруасын жайғайтын да, анасымен сөзге келетін де сол апасы. -Мама, арақ ішкенің не теңің бізді баға алмай жүріп!-деп жекитін-ді. -Өз өмірім өзіме керек! Мен не қызық көрдім, сенің пиян әкеңнің таяғы, өгей шешенің тепкісінен басқа? Менің ісіме араласпа! Құқың жоқ сенің!-деп бұйыра, жирен шаштарын дудырата сілкініп, томар басты қолдарын аспанға көтере айғайлап шыға келетін. Сонда, шешесі бұған дүниедегі ең күшті жандай, асқар таудай айбарлы көрінетін-ді. Көктемге салым шешесі қазірде бойы сол «кибиткадан» биік, жігіт болған інісі-Олжабайды тапқан-ды. Мамасы оны өте жақсы көрген-ау, бетінен қақпайтын.

-Ә-ә, бұл батырың әлі мына екі шүйкебасты жат-
қызып-тұрғызатын кәмәндір болады! Көрерсіңдер!-
анасы оны ылғи да осылай аспандата сөйлейтін. Бі-
рақ, ауыл балалары ғана бұл пейілді күл-пәршелеп:

Көккөз орыс - Олжабай,
Әкесі жоқ щолжақай!- деп талай жылататын. «Ол-
жабай –Матвейдің баласы. Сен қазақсың, ол-орыс, ал
ше-шең-қарашай» деп білгішсінген талай тетелестері-

мен Қатипаштың өзі де жатып төбелесетін. Мұндай
дау-дамайдың Қатипаштар төңірегінде қашанға дейін
созылатынын кім білсін, егер тағдыр дөңгелегі шеше
жүрегін кілт тоқтатып, оның салдары Қатипашты

жетімханадан бір-ақ шығармаса. Әйтеуір анасы сор-
лы бір шылапшын қара қанды құсып-құсып, мәңгі-
лікке көз жұмғанда бұл үшінші сыныпта оқушы еді.
Содан тас жетім, қу маңдай. Бірақ мұның өжеттігі өр-

шімесе, кемімеді, сүмелек боп ешкімнің сөзін басы-
нан асырмады. Қатипаш осынысы үшін-ақ өзін ба-
қытты сезініп, тояттанатын. Ойға алғанда ұз-а-ақ си-
яқты өмір жолында анасының мас болып, есінен та-

натын кездеріндегі көріністерді... атай көрме! Естегі-
сі келмейді-ақ! Ал, масаң кездерін сыза алмас та еді...
Жетімхана бұған тіршіліктің беймәлім, жаңа есігін
ашты.

Жетім
көңілдің
кісі
есігінде

жүргенде
«Қарашайдың қу жалмауыздары-ай!» деп тепсінген
Мәрзияның қайынбикесінен шұрық тесікке айналған
жаралары да беріштене бітеліп, көңіл теңдігін

алғандай еді. Енді міне, өз құрсағында тағы бір
жетімекті өсіріп жатысы мынау. Енді не істейді?

Кеше дәрігерге жағдайласып,бала алдыруы керектігін айтып еді, ол «кеш қалғансың» деді.Иә, сәттілік пен жақсылықтың «пойызы» мұны ешқашан күткен емес. Ылғи да кеш қалып жүргені! «Бәсе, Сәуірбек кім бопты мұның бар кемшілігін кешіре қалатындай, алақанына салатындай! Ол да басқа еркек біткен сияқты жеке құлқынының құлы! Еркек, басқа ешкім де емес!» -Мә!Алтынайдың «үлкен жүректі жігіттер» деп сайрайтыны қайда? Көрермін енді інісіне шамасы келгенін!-Қатипаш өз басын тоқпақтап, Алтынайға кегжиді,оған тісін қайрады. ... Осы қалаға келгелі Қатипаш тағы бір жаңа дүниеге енгендей еді. Әсіресе Алтынай бар болмысымен бұл үшін бұрын-соңды жолықтырмаған «жаңа адам» сияқты. Оның құлаққа жәйлі нәзік үнмен ақырындап сөйлейтіні, баладай сенгіштігі мен өзгелерге өзіндей қызмет етуі, онысын парыз санайтыны бұған біртүрлі ерсі, сенімсіз көрінген. Сәуірбек те Алтынайға көп ұқсайтын сияқты –аз сөйлейді, сыпайы, әдемі киініп, таза жүреді екен. Кітапқа болмаса, қыдыру мен қыздарға да әуесқойлығы аз. Қатипаш оны бір көрген нен ұнатқан. Жұмысы түскір аяқталмай, Алтынайдың үйі арманындай шақыратын. Сәуірбектің сыпайы жымиып, жылу төге қарайтын қой көздерін, қияқ мұрты жарасқан сұлу жүзіне салтанат беретін аздап толқынданып тұратын қою қоңыр шаштарын көруге асығатын сол бір сәттер-ай, шіркі-ін! Оны қалай

сөйлетудің әр амалын іздеп, серуендеуге де, киноға да
шақыратын өзі емес пе еді? Мұндай жігітпен
өмірлікке серіктессе, не арман дейтін бұл.
Иә... Арманы сағымға айналып бара ма? Әркімге

бір жалпақтап, жақсылық жасағыш Алтынайдың осы
мінезі рас болса, інісіне мұны жүкті еткізіп, жылатып
тастатқыза қоймас. Інісіне шамасы келгенін, тәрбиелі
ата-анадан туылғандарын көрер енді Қатипаш! Қос

жетімнің көз жастарын кешіп өте алса, өтсін енді
Алтынай!
Қатипаш Алтынайдың мамық төсегін тепкілеп,
дөңбекши аунап түсті. Дегенмен Қатипаштың басы

қатты. Өз басын баға алмай жүргенде мына
құрсағында жыбырлап жатқанды қалай бақпақшы,
қайда өмір сүрмекші? Баласымен кімге барып
сыйыспақшы? Мүгедек жездесі апасынан өрбіген үш

баласына
мұның
інісін,
өзінің

емшектес
кәрі
қызапасын қоса әзер отырғанда, енді екеу боп бұл
барса... күні қараң болғаны да. Келешегіне бір

таяныш болса осы Алтынай арқылы, оның қолдауы
арқылы табармын деген үмітпен емес пе осы
Сәуірбекке де жақын болуы? Жоға-а,бұл күйгенде
мына тағдырдың әділетсіздігіне күймеді ме. Мынау

Алтынайда он бауыр, әке-шеше, жоғары білім, жақсы
бай, жеткілікті тұрмыс –бәрі бар. Қаласа тағы да
құрсақ көтере алады, «жүрегім» деп жантәттілік
жасап жүрген өзі ғана шешектің!Бір бергенге құдай

бере беретініне қаны қайнайды-ау Қатипаштың!--
Бұл ызалана бір түкіріп, тағы аунап жатты. Әне,

аяқтың сүйретілген дыбысымен қоса сыбырлаған үн естіліп, мұны шәйға шақырып кетті. Алтынайдың сыбыры кейде тіс дәрігерінің тірі жүйкені бұрап орайтын ине бұрғысындай жәйсіз тиетіні бар бұған. Керек, үндей алмайды. Әйтпесе, бұл әлемді найзағайдай осқылағысы келсе, Алтынайдың сырты жұп-жұмсақ, жып-жылы көрінісі мұның ызасына тиетін. Бірақ, не үшін?! «Тісінің құрты» «бұрандаға оралса» да түрегелді. Шәйға қанбаса мұның басы ауыратыны рас. Шәй үстінде жағдайға қаныққан Алтынай: -Сәуірбектің ендігісі -иттік. Онымен сөйлесеміз. Енді басын алып қашпауы керек. Қатипаш, барлық жағдайда мен өзіңмен біргемін. Тіпті ол үйленбей кеткенде де қаласаң, осы үй-үйің, тұрмысқа шығам десең де еркің. Ұлды-қызды тапқан перзентіңе біз барлық жағдайды жасаймыз. Тек сен азып-тозып, уайымдай берме, -деді. Қатипаштың көзінде ұшқын жанды. Өз құлағына сенер-сенбесін білмеді. Шынымен де өзі танығалы бері Алтынайдың талай ісіне таңдана қарағанмен, дәл мынадай жауап есітеріне сенімді болса, Сәуірбектен жауап хат алған күні-ақ айтпас па еді? Осылай боларына бекер –ақ шәк келтірген екен! - Рахмет сізге, тәте! Сіз менің мамамсыз ғой, рахмет. Қатипаш Алтынайдың мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп, көзіне жас алды. Дүниеде «мама» дегеннен

мерейлі сөз бар ма, сірә! Алтынайдың да жанарына жас үйірілді. Көңіл бұлты Қатипаштың басынан ауып, шұбар күн шақшия шықты. *** Тәңірім пендесінің көңілін толтырам десе де, солдырам десе де лезде екен деп ойлады бұл. Бүгінде Қатипаштың көңілі тоқ, көйлегі көк, дегені дөп тиетін деңгейде. Тоқ болмай қайтсін, бұл есігінде жүрген есепті кезеңде өзінше маңғазданып, көзін ашыпжұмып, керіліп-созылып, өтірік ауырғансып, танауын көтере сөйлейтін Алтынай ендігі жерде «ҚатипашҚатипаш» деп мұның алдында дөңгелеп кетпей ме? Кетеді! «Төркін керек болса, дөңгелер. Болмасаобалы өзіне» деп түйді қиялын қалыңдық Қатипаш. *** Алтынайдың ұйқысы қашты. Келін дегеннің өз ұрпақтарыңды табатын қымбаттығын білсе де, оның Қатипаш боп шыққаны,өз қасында қызындай боп жүргені қуантты. Әке сөзі есіне оралды. «Діни дәріптеулерде айтылатын әр пенденің екі иығында отырып, жақсылық пен жамандыққа меңзейтін «періште» мен «сайтан» ұғымы иықта емес, әр кісінің санасында жасай ма екен? Періштенің ұраны: «Адамнан туып, адами іс етпей, ұялмай не бетіммен көрге барам?!» десе, сайтанның ұраны: «Айт екем, өсек, айт екем!» деп айтақтау болса керек.

Тіршілікте тән ауруларының түрлері көп болғанымен қызғаншақтық, күншілдік, өзімшілдік, арамзалық, өсекшілдік сияқты жан ауруларының емшісі қайда? Оған дауа қайда? Тегінде оның дауасы –қанағат пен тәубешіліктен табылар. Осылардың аясынан асып-тасқан пенденің кеңшілекте жан ауруы меңдеп, асқындағаны соншалық-ол тәубешіліктің тосқауылына тағы да маңдайын соқпай, тоқтай алмасы кәміл.» - Сәуір адамнан адам боп туылған,- деп сыбырлады Алтынай. Қатипаштың жан ауруы меңдегенде қиялы қимылға, өтірік шынға ұласады ма? Кім білсін... -Аха-ха-а! Шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін өзім де шатастырып алам! Бәрібір, менің ойым дұрысы! Тура айтсаң, туғаның ұнатпас! Одан әрмен! Бізді детдом өз құқымызды қорғай біл деп,тура сөйле деп үйреткен! Айтам! Басымды кессе де айтам! Делебесін қаққан қыз оңашада күндестік көңілін Алтынайға бағыштап, даурыға дауыстайтын: -Әп-бәлем, өзіңе де сол керек! Байым бар деп, басымда үйім бар деп, оқы... оқығам деп кергитін едің-ау, ә? Айтпасаң да ішіңді көріп тұрам ғо! Қазір Қатипаштың байлығы да, бәрі де одан артық! Тек... оқуы демесе ...- Әй, қойшы, оқып, көз майын тауысып! Мен іштен оқып туғам! Аха-ха! Оқыған ол да қатын, оқымай мен де –қатын! Тең! Иә, кем емес, тең! Қайта сол Алтынай, «бәрін де үйіп-төгіп берген» деп өзі қызығатын Алтынайы енді мұны төркін ғып,

жәутең-жәутең сүмірейеді! Ім-м! Асықпасын!! Енді не керек, Жанай би шаңырағының түп қазығы-өзі болады жақында! Тізгіні қолында! - Осыны ойлағанда Қатипаш еріксіз екі қолтығын қомдап, кекірейіп, сұрлана сұстанатын. Биіктелетін. Дәукеңнің табалды рығын келін боп аттауды елестеткен қыз бір кездері қарғаған құдайына оңашада осылай ризашылық білдірді. *** Иә, ол кезде бұл жанұя түгелімен Қатипаштың жағына шыққан. Сәуірбек әсіресе анасының сөзінен аттай алмаған-ды. -Шырағым, көш бастарым өзің едің. Соңыңнан ілескен інілеріңді адастыра көрме. Ер жігіт қолымен жасағанын мойнымен көтерер болар, себебің болса ашып айт. Әйтпесе мен былқылдақ мойын ұл туған жоқ едім. «Айдың жартысы қараңғы, жартысы жарық» деген. Туылғалы бері жарық көрмеген жетімше сорлыны тағы да жылатпайық, балам. Өз апа-қарындастарыңды осылай жылатса, қайтер едің? Соны ойла. Ендігі оның да жарық күні туған шығар. Егер де алда-жалда үйленбеймін

десең, ризашылығымды бермеймін. Осы қызды үйіме бір кіргізіп бер де, өзің қалағаныңмен кете бер. Бір ұлым кем болар!-деп тұқыртып, асауға құрық салғандай басын байлаған-ды. *** Біздің қазақи мінезде қызыңның үй болу қуанышынан келін түсіру қуанышы басымырақ па,

қалай? Әлде сегіз қыздан соң сарғайып көрген Сәуірбегінің серігі болған соң солай ма екен? Әутеуір Хадиша Қатипашты қыздарынан бөліп қарамады. Қарны шермиіп, кемпірқауындай тырсия сепкілденген жүзіндегі шүңірек сарғыш көздері, дудыраған жирен шашы ана қаздай жүрісіне өте жарасымды көрінген. -Шырағымның туын желбіреткен жарығым, қадамың оң болсын, -деп маңдайынан иіскеген-ді. Артынша Алпамысы дүниеге келді де, мына тіршіліктің бар қызығы, бар ләззаты Хадиша үшін сол немересінің бойына жиылғандай, жаны үстінде болды. Тіпті қырық жыл отасып, сүтінің қаймағын сақтап беретін, ұйықтағанда тыныштығын қорыған пірі-Дәукеңді де шеттеткендей. -Кемпір, менен де дәу біреу шықты-ау деймін,ә? -Өзі Алпамыс болса, сенен дәу болмасын ба? Әжесінің жүрегі, жәні - осы. Әжесінің бары, нары – осы. Әжесіне, әжесіне... *** Ата балаға сыншы деген, енесі Қатипашқа сынай қарады. Обалына не керек, табалдырықтан аттай бере ұл туып берген Қатипашта тіл жоқ-ты. Тірлігі түскір түк өнбесе де тырп-тырп басып, сылп-сылп сабылып жөнеп жүргені. «Иә-иә, ...ім-ім-м...» деп кіммен сөйлессе де бас шұлғи қоштап, көптің көңілінен шықты. Бірақ, ұяң Сәуірбегінің мінезі шадырланып күрт өзгергеніне анасы қайран қалатын.

-Ай-и, Қатипаш! Сф-ф! Қайдасың? Әтәңәнәлетау!?-деп мал қайырғандай айқайлай ысқырып, атойлағанда келінінің үндемей ғана жүгіріп жүргені. Баласының мінезінен ұялып, келінінің көнбістігіне риза еді. Бір қызығы--келіні өзі әңгіме айтқанда емес, өзгенің әңгімесін тыңдағанда күлегештенеді екен. Адамға адамның жақындауының бір әдісі –оның сөзін ден қоя тыңдау, түсіну. Ал әңгімені ішкі сезіміңді білдіре күйініп, күліп не жылап тыңдау –айтушыға деген құрмет екен-ау,ә! Қатипаш келініне мінезі тіктеу атасы Дәукеңді қойғанда Хадиша бәйбішенің іші уылжып, жақсы көріп қалуының бір себебі осы екенін түсінді. «Е, қайтсін-ай, қиындықты көп көрген қалқам, кешірімшіл, көмпіс боп; басқалардың көңілін қайтсем табам деп кішіпейіл боп бойжеткен екен дә. Мың да бір шүкір,сені енді түсіндім. Екі адамның жан дүниесінің жақындау деген-осы»,-деп түйіндеген ене үнсіз көзіне жас алды. Қуанғаннан, әрине. Есікте отыратын келінге сөз қайда? Қатипаш бас шұлғып, тырқылдай күліп-ақ төрдегілердің көңілінен орын алып жүрді. Осындай-осындай мінездерінен Хадиша оның көзге ұрып тұрған салақ-ластығын кешірілмес кемшілік деп емес, көбіне балалық санады.Жәй ғана ұғындырып, үйреткенде, келіні қарсыласпайтын. Қатипаштың бір түсінбейтіні –осы келген есігінің адамдары шетінен біртүрлі-әй... Ім-м, қандай десе болады? Мәңкиген жарымдар ма, бұл не айтса да сене салатын ақымақтар ма, біртүрлі. Нүктелеп айтса, өмір

көрмегендер! Айдан осы қазір Жерге секіріп
түскендер! Ә-ә! Несін айтасың,Алтынайдың әулеті
Алтынайдың сорттары! Е-е, бұған да керегі сол!
Қатипаштың сырттан естіген өсектері бар, заты қатын

емес пе, өзінің түрлендіріп қосатыны бар, кейде
«кәйтер екен» деп әдейі осылар туралы да қосып
айтатыны бар. Сонда, ойпырмай-ай, не өсекті
қостауды, не «кім айтты, қашан айтты?» деп тулауды

білмейді-әй! Мысалы, бұл бала кезінен-ақ өзін
біреудің сөз еткенін естіді бар ма, тура бетін тырнап,
қанын судай ағызып, езуін жыртып келер еді! Әй,
шешесі анау-мәнжубас Хадиша! Содан шыққандар

сүмелек болмай, кім болсын! Сол дұрыс,сонысы
керек! Байыма жақсам, өзіме жайлы болса, жетпей
ме? Кемпірдің көзі тірісінде туып-туып, баламды
өсіртіп алсам, өзінің де тамырлағаны, судай сіңгені

сол емес пе? Бұл жорғалай тын, бұл шындап ығатын
бір-ақ адам бар-Сәуірбек. Қараң қалғырдың ұрып-
соқпағанымен «ай-и! Болсаңшы шұбатылмай, сүме-
лек!» деп, дәл аждаһаша ысқыратыны бар. Сонда на-

мысы қозып, тура алқымынан алып, қайыс белбеумен
осқылап тұрып жонынан таспа тілгісі келеді. Бірақ,
әлі жетпес еді-бір, екіншіден-бұл кегін басқалай
қайырады әлі! Сәуірінің мұның бала-шағасы үшін түн

қатып жүргені әлі аз, Қатипаштың табанын жалайды
ол! Ысқырғанына пысқырғаны бар ма сол ақымаққа!
Соңында кімге кім ысқыратынын көрер Қатипаш!
-О, жарым –ес! Шын кеңкелес болмасаң, үшінші

балаңды туғалы отырған мен керекпін бе, жоқ әлде

ана әке-шешең мен бауырларың саған перзент туып бере ме? Кім жақын?! Олар ма, мен бе? Олардың баласы саған бала бола ма, шешек-ау? Мен жақынмын саған! Менің балам ғана сенің ұрпағың! Ә-ә! Әлі-ақ жақыныңды табарсың, не шаң қабарсың!- ол оңашада ғана өзімен өзі сөйлесіп, күйік лебін осылай бір босатып алар еді. Бірақ, ең бастысы солбайымен ортақ тіл табуы, Сәуір мұны қоштап тұруы керек. Оның мінезіндегі ең бүк түсетіні не нәрсе, жанына керегі не? Соны бұл іздеуі керек. Сәуірдің дүниедегі ең сенімдісі, ең жақыны, ең қажеттісі өзі ғана екенін ұқтыруы қажет. Иә... Басқалар алыстауы тиіс... Иә, Қатипаш келіннің күндіз-түні есінен шығармай ойлайтыны-осы жұмбақ сырдың жауабы еді. Бірбеткей атаға, жуас енеге, оқта-текте келетін қайын апаларына, қайындарына қандай кезде қалай жағынудың әдісін ол біліп алған. Олардың бәрі де түгелімен Қатипаштың тілектестері, бәрі де Сәуірдің мұны ұнатуын қалайтындар. Амал нешік, күйеуімен сезімі бөлек, көңілі жетім. Сәуірмен тіл табысудың кілтін мұның өзі ғана табуы тиіс. Оның тетігін іздеуі керек, ақыл-айла керектігін түсінетін Қатипаштың ойлай-ойлай ақылы айрандай ашыды. *** ...Содан бері неше өзгеріп су ақты. Уақыт-дәудің тынымсыз соққан қамшысынан биік төбелер аласарып, сон-о-у кезде алпамса иығын кере адымдай басқан қара дәудей қорқынышты күркіреп жататын

мына өзен де бүгінде иығын қушитып, бүкшеңдей тепеңдеген кәрі шалды елестетіп, күбірлеп қана жатқандай. Сон-о-у жылдары Алтынайдың айтуымен бүкіл жанұяға ұнап, Сәуірбектің сергелдеңін сейілтіп, Қатипаш Даулетбақ қарттың үйіне Алпамыс атты ұл әкелгелі де біршама жылдар жылжыпты. Қатипаштың бір ұнамайтыны - салақтығын түзетуге Хадишаның да, басқаның да құдіреті жетпеді. Таза жүрген әйелдің тіршілігін біреу жасайтындай –ақ, Қатипашқа сауыс киімі мен салақтығы іскерліктің белгісіндей, сол көрінісінен ажырар түрі жоқ-ты. Ескертулерге келін «ім-м» деп бас шұлғиды, бірақ өзгеріс болмайды. Қыздар келгенде де үй мүліктерін жиыстыруды үйретіп, кір киімді шифоньерге салмауы, ыдыс жуылғанда төңкеріп қоюы, көрпені тыспен қаптауы сияқты әйелге ғана қатысты қағидаларды іс жүзінде көрсетіп әлектенеді. «Ім-м» деп бас шұлғыған келіннің үйі ертеңіне –ақ баз қалпына келеді. Қол-аяғы қан тасуынан біршама икемсізденгеніне екі-үш жыл болған Хадиша бесік тербетіп, балаға бөтелкемен сүт бергенді міндеттеніп, басындағы шұлғаудай кір жаулық пен шаңы көтерілген көрпе төсенгенге бүгінде еті үйрене бастапты. «Кәйтеді енді... үш бала... оған қоса мен де бала... Шеше көрмеген жетімек, кейін пысиды да...» деп кешіріммен қарайтын бүгінде.

Қатипаш түскен соң-ақ қалаға қатынап істейтін қызы Ұлбалаш құрсақ көтерген ортаншы қызыАлтынайдың қолына кеткен-ді. Талғаммен киініп, талтаңдап өскен Сәуірбек сол кезде-ақ әйелінің салақтығын ұстанып ажыраспақ болған. -Екі ініңнен басқа бәріміз бір Қатипашқа қарап отырмыз. Қайта, шыдағанына рахмет айт, -деп Хадиша басу айтқан,-кәйтеді, пысиды да... -Үйге адам кіргізуге ұялатын болдық! Ең болмаса таза бір бөлме табылса-шы мына әңгіредей үйден! Киюіңе киім жоқ, бәрі кір, жыртық, өтексіз! Не, мал болдық па?! Егер осыдан үйді жумай-ақ күніне бір рет сыпырмасаң, қортынды шығармасаң, бұл үйде тұрамын деп ойлама! Естідің бе?-деп Сәуірбек қатаң талап қойған-ды.Содан үй өзгерісі ұзаққа шаппағанмен, Сәуірбектің киім-кешегі мен төсекорны қалыпқа түскен. Хадишаның жанына қатты бататыны-үйінің дәл түбінде тұратын жалғыз қайнысы мен өз отағасының арасына сызат түсіп, ашық айқайсыз-ақ араларының алыстап бара жатқаны. Оған анық кінәліалғашта Сәуірбекке тіл қайтармайтын ақылдылығымен ұнаған өз келінінің өсегі, долбары болып тұр.Қазір де шәй үстінде келін бірдеңені көңірсітті. Ақырын таңдай қағып «қой» деп ымдап еді Хадиша, ол түсінбеді ме, түсінгісі келмеді ме, пытырлай атылған келін сөзін тоқтата алмады. Құлағы ауырлаған Дәукең де «а-а?» деп тәптіштеп, ақырында:

-Е, оларды білмей жүр екенбіз ғой, балам! Адамдықтан сызып тастау керек оларды! Тұқымды шірітіп, әкемнің атына кір келтірді-ау менің! Масқара-а! Ұры бізден шықты десейші! Арғы үйдің қойын ұрлап па сонда? Өлім-ай! Енді не істесем екен бұларды?!-деп санын сабалап, күйіппісті. Атасы айтпақшы шоқта шыжылдаған «қызыл тұмсық» шәйді баптап құйып отырып, Қатипаш әңгімесін соза түсті. -Ата, кеше кешке біздің үндіктің біреуі жоқ болды. Сосын кіші атаның қорасына кіріп, үндіктерін санасам түгел! Ал, өздері үндіктің етін же-еп отыр. Сонда ол біздікі емей кімдікі?! -А! Не дейді тағы?! -Қойсайшы, келін –ау...-Хадиша биязы даусымен тіл қатты. -Кіріп барсам, кіші енем, кіші атам түгелімен сорпа ішіп отыр екен. «Кел-кел» деп маған білдірмеу үшін жалпақтайды-әй. Сорпасына біздің үндіктің жілік салып... ұсынды! -Жалпақтағанның несі әңгіме? Қойсайшы келін...- деді Хадиша. -Не дейді ана апаң? -Ата, «айтпа» дейді. -ЕҺ, неге айтпайды! Өй сен өзің... айтады шындықты! Шындықты жасырам деп тұқымы шіриді кісінің! Хадиша,ұқтың ба? Дәулетбақ қарт кемпіріне ежірейе қарап, жекіре сөйлеп, тиып тастады. Дастархан үстін үнсіздік

жайлады.
Хадишаның
құлағы
шыңылдап,

көзі
тұманданып, миы тұз тигендей ашып, әрі қарай қисая
кетті. Енді тек келіннің шорылдата шәй құйғаны мен
іштей күйген Дәукеңнің оқта-текте ыңырана бос

пияланы шиыршықтай дөңгелеткен дыбысы ғана
болмаса, өлі тыныштықты ешкімнің бұзуға батылы
бармағандай. Дәукеңнің түсі бұзылып, күректей
қолымен шоқша сақалын саумалап, шөккен нардай

жамбастап жатқан күйінен тапжылмады. Шәй кесесін
төңкере салды. Сары келін күйелеш қара шәугімнің
тағы біреуін тападағы шоққа ауыстырып, терлеп,
тамсанып, бір өзі қопара тауысты.

Әркім өз ойымен үнсіз. Дәукең емшектес інісінің
бала-шағасымен ұры боп кеткеніне намысы қозып
күйінсе. Хадиша бұл әңгіменің растығына күмәнді.
Ол үйдің үндігі түгіл өз үйінде неше мал барын, не

заттың қайда екенін білмейді соңғы жылдары.
«Кімнің үндігін кім санапты? Ұрлыққа баратындай не
күн туыпты?» Жып-жып етіп, бір әңгімені күніне екі-
үш қайталап, өсекті өсіріп жүретін Қатипаштың

қатындық мінезіне не шара? Өзі олай-бұлай айтып
түсіндіре алмайтынына көзі жеткен. Сәуірбекті ортаға
салса, шағыстырып, шаңыраққа іріткі салғандай
болады-ау. Соңғы кездері екеуінің сөзі жарасып,

келінінің әңгімесіне баласының күлуі көбейіп жүр
еді. Осы ынтымақтарын бұзса, Хадишаның кім
болғаны? Ене жол таппай қиналды.
Ал Қатипаштың өмірге деген өкпесіне Алла-

тағала қайтарым жасағандай-үш ұлы бар, малы-шалы

алдында. Осы үйдің сегіз қызы бір киімнен –ақ әкелгенде Қатипаштың қыстық-жаздық, сулықмайлығы жетіп-артылып жататын. «Кемпір-шалды бағып отырғанымда олар мені бағуға міндетті!» Қатипашты бұл күндері шаршататын ой жоқ-ты. -Ал, жинайсың ба, балам?-Дәукең ауыр қозғалып, түрегеліп отырды. Хадиша да басын көтерді. -Аманшылық бола берсін, Алла ынтымағымызды берсін, адалдығымыздан айырмасын, Аллаһу акбар! Бәрі де бет сипасты.Дәукең жөткірінді.Үндік туралы ойдан арыла алмай, әділетшіл келініне: -ЕҺ-һ, өзіңнен шыққан жау жаман-н! Басқасын қойшы, анау Жаппарқұл атаң не дейді?-деді көзілдірігінің үстінен қарап. -Үндемейді! Мен айттым: «Ата, үндіктеріңіз үндік жей ме? Үндіктеріңіз түгел ғой» дедім. Үндемейді! Есіктің алдындағы жаюлы етті пласкауызбен қырыққан жау-алыстан келмейді ғой, солар алмағанда... «Үндемейдіден» арғы келіннің пырт-пырт пытырлақ сөзіне мән бермей, іштей күйінген Хадиша: -Қойшы –әй, келін! Төрт жылдан бері мың рет есіттік қой оны!-деді. -Мың болса да солар алды, жау алыстан келмейді! Бөтен кісі иттен қорқады! Үйдің шердағындағы қазыларды кім алды ал? Күннен-күнге азаяды,- Қатипаш без-без етіп енесіне ежірейе қарады. Еліне сәлемдемеге салынған қазыларының орнын осылай оңай жаба салды.

-Шырағым, «қонысыңды ұры тұтпа» деген. Баяғыда... Бұрын ештеңеміз жоғалмаушы еді ғой, әйтеуір. Қолыңмен ұстап, көзбен көрмегесін ғайбаттама ешкімді. Жаман болса да, жақсы болса да барымыз солар. Өзіңе –өзің берік бол одан да. Ақырын сөйлейтін Хадишаның сөзін басып тастап, келіні сақылдай жөнелді: -Апа, сіздің әбден момындығыңызды пайдаланып алған олар. Басқа алса етті алады. Ал,темір сымды пласкауызбен қорықпай солар ғана кеседі. Ана жүнбас қызын көрмейсіз бе? Үйден Алпамыстың бөтелкесін әкелуге жұмсағам, кешіккесін артынан барсам,кәлбасаны же-еп, білектейін қолтығына тығып апты! Суырып алып, басына салып кеп жібердім. «Енді үйге келсең, сирағыңды сындырамын» дедім. Соны айтып барған-тіт-тә. Шешесі де, бәрі де теріс қарайды маған. Атамнан ары! Мен өтірік айта алмаймын, жағына алмаймын оңтүстікшелеп! Бәрі сіздің момындығыңыздан! Солар келсе болды есіктің алдындағы кір сабын, арақ сабын, зубнай пасты маау, атамның пласкауыз, балғалары ма-ау, дым қалмай жоқ боп кетеді! Соларды басыңызға шығарып алғансыз! Мен оны жасатпаймын! -Қойшы-әй, келін, басым ауырып кетті. Алпамыс бөтелке ембегелі бес жыл болмады ма?-Хадиша тағы да бесіктің түбіндегі қомыт көрпешеге қисая кетті. -Қой дейсіз дереу, айтпа дейсіз соларды басындырып. Момынсыз! Соны біліп алған, маған да соны істегісі келеді. Істетпеймін! –Келіннің денесі

шабындық шапқан орақтай серпіліп, шыңдалған тілінен көк шалғын өмірдің өркендері қыршын қиылып жатқандай, Хадишаның жүрегі айнып, лоқсыды.Қан қысымы тағы да көтерілді. Шарасыз кейуана басын ұстап бүк түсіп, шуылдаған, шыңылдаған құлақтары бітеліп,қаны басына тепті.Мына ортадан оңашаланды. Дәулетбақ шалды тыңдатқан Қатипаш төбесімен көк тіреп, Хадишамен ісі де болмады. Манағы батадан соң қалың кітапқа үңіліп отырған Дәукең келіннің гүрілдеген даусы күшейіп кеткен соң, көзілдірік үстінен үйдің ішін шола қарады. Құлағы ауырлаған шақ болса да, кейде жақсарып, кейде күңгірлеуден әрісі жоқ болатыны бар.Түкке түсінбеді. Кемпірі жатыр, келіні дастархан жиыстырып жүр, аузы жыбырлайды,жұлқынып тұр әйтеуір. Не де болса кемпірі екеуінің арасы екенін топшылап: -Не дейді апаң?-деді. -Ата, «Айтпа, үндеме. Ұрласа, ұрлай берсін» дейді. -Еһ, осы сені жын қақты ма, Хадиша-ау? Неге айтпайды шындықты? Сенің өстіп менен жасыратын мінезің баяғыдан бар. Өстіп тәрбиені бұзасың сен! МаоЦзе-Дунның елінде ұрлық істеген кісінің саусағын кесіп, елге әйгілеген. Қайда барса да ол осы таңбасынан елге жексұрындай көрінген. Міні тәрбие! Екінші рет ұрласа, тағы бір саусағын кескен. Вәссәләм! Сен

келінді шындыққа тәрбиеле.Оны қостаудың орнына... Іһ! ...Ім-м! Қайта кітабына үңілген Дәулетбақ қартты әбден еркіндікке жолдама алған келіні құлақ түбіне отыра қалып, әңгімеге шақырды. -Ата, анау Седеп кемпір ше, жесір кемпір?...Қубас кем-пір ше? Дәукең көзілдірігінің үстінен келініне ежірейе қарады. -Седе-е-п! Седе-еп деген жесір қатын ше-е?! -Естіп отырмын ғой. Неге сонша айқайлайсың? Иә? -Сол Седептің екі қойын ұрлапты кіші атамның өзі. Былтыр! Жерінің аяғы-м-е-ен жетектеп әкетіп бара жатқанын өз көзімен көріпті ғой. Соның біреуін сойып жеп, біреуін қайын жұртына батаға апарыпты ғой. -Қаш-шан?! -Былтыр! -Қап! Содан бері мен неге білмеймін оны? -Апам айтқызбайды ғой маған. Ызыңдаған өсектің оғын ұстаған Дәукең ашу садағының серіппесін «адал» келіннің икемдеуімен кемпіріне бағыштап, ай-шайсыз тартып кеп жіберді: -Әй, Хадиша-а! Сен бүйтіп жабуды жаба тоқығаныңды қой! Білдің бе? Әгәр кемпір болмақ түгілім, кім болсаң да, жағыңды сындырам енді! Білдің бе? Туысқан болмаса, туыспай кетсін, түге!

Ондай нәлетілерден іргеңді аулақ сал! Жуыма!
Олардың көздерін шұқып тұрып, бетіне түкіру керек.
Қайын атасының сеніміне кіріп. Тонның ішкі
бауындай

жақындаған
келін
бал-бұл
жайнап,

дастархан жинауға кірісті. Миы тұз құйғандай
ашыған Хадиша жанымен әлектеніп, бүркеніп жатқан
еді. Үндемеді. Үндеуге шамасы жоқ-ты.
Даулетбақ отыруға байыз таппай, қара тонын кие

салып, хром етігін сықырлата сыртқа беттеді. Келін
жүгіре басып, кебісін кигізді. Қай кезде екенін...
кейде өстетіні бар-ды.
Дәукеңнің жүзін намыс өртеп барады!Жалғыз

бауыры ұры боп, сүйекке таңба салса,оны жансерігі
Хадиша
дамытса,шынашақтай
келінді

теріске
тәрбиелесе,өткен өмірінің өзегі күйді деген осыдан
артық не болсын! Іші қыз-қыз қайнап, ашуын содан
алғандай, жердің аяғындағы жоталанған мая шөпке

қол орақты гірш-гірш қадап, мая шөптің шашын
жұлды. Кімсің-Омар әулиенің ұрпағынан Хадишаны
келін еткен, қара қылды қақ жарған Жанай бидің
немересі еді. Кешегі күнге дейін осы елдің ауылнайы

болып өткен өзі де кімнің кім екенін бес саусағындай
білетіні бекер екен де! Өзінің жалғыз емшектес
бауыры-Жаппарқұлды адал нан жеген еңбек сүйгіш
шопан деп қателескені ме? Оның қора толған малы,

мінген көліктері, дастарханындағы дәмі ұрлықы
болғаны ма? «Ай, Жанай би тіріліп келіп, жон
арқаңнан таспа тілер ме еді, Жаппарқұл! Қара бет
еттің-ау бәрімізді!» Қол орақ маябасқа гірш-гірш

қадалған сайын бір уыс пішендеме түйдектеле жұлынды.Қанардағы бір құшақ пішендемені арқасына сілке тастап, қораға қарай адымдады. -Һай, кім бар?!-деп қатулана айқай салды. Кім болушы еді, Сәуірбек жұмысында, Мамыр мен оқуынан демалысқа келген Қабыл осында мал жайғап жүргенін өзі де біледі. Әкесінің дауысынан ол екеуі сыртқа жүгіріп шықты. -Біз мұндамыз, көке. -Неғып жүрсіңдер? -Неғып... Шөп салдық, су бердік сиырлар мен қойларға. Астын тазаладық. -Жылқылар ше? -Жылқылардың жал-құйрықтарын тарадық. Жем жегіздік ат дорбамен. Енді суғарып келеміз қазір Көмешке. Қораның іші-сырты тап-тұйнақтай еді. Екі баласы малдың жайын жасауға дайындалғалы қаш-шан! Дәукең мынандай бақылауының далбаса екенін өзі де біліп тұр. Күйіс қайтарып таза тақтайда жатқан ала сиыр «оның не?» дегендей мұның қанарындағы шөпке алара көз салып, мұрнын шүйіре әрі қарады. -Мына шөпті кәшегін алғанда саларсыңдар,-деп Дәулетбақ қарт үсті-басының шөп-шаламын қаққылап, өз-өзіне келе бастады. Бұл ауылда көпті көрген небір қарттар көп. Дәукең зейнеткер аталып, сақал-мұрт өсіргенімен, әлі бұған «Ә, бала» деп сөйлейтін ағалары бар. Сол ағаларының біріне сәлем беруге беттеді.

*** Ұстаздықпен өмірін өткізген Хадиша мынадай шарасыздыққа тап боламын деп ойлап па!Ойын түсіндіре алмайтын,сөздің астарын аша алмайтын мезгіл болады деп; ол өз үйінде,әсіресе өз Дәукесімен түптеп түсінісе алмаймын-ау деп ойлап па деші.Бұрын ғылардың «Келіннің адалын берсін» дегені не екенін ол тап бүгін ғана түсінгендей. Ал,осыған дейін «сыйластық үлгісін ене көрсетсе, келін ізінен жүреді» деген сенімде болды. Енді ше?Даму атаулының бәрі де-соның ішінде өсек те спираль заңдылығымен дамыса керек. Қатипаштың өзі ойлап тауып, бір-екі құлаққа сыбырлап айтқан өсегі «тісіңнен шығарма» деген айдармен бүкіл ауылға құлпыра тарап, тағы біреудің аузынан құтырынған қалпында құлағына жетер еді. Өсекті естімейтін, есіткенін сол жерде су құйып сөндіретіндер бар болғанмен, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай түрлендіріп желкілдейтіндер одан да көп. Қарама-қарсы бұл екі топ бірін-бірі ақымақ санайды. Өсекшілер «ім-м» деп бас шұлғығанымен шын сөзге иланбаса, өзі шын сөйлейтіндер өзгенің өтірігіне тез иланғыш келіп, көп алдануы да заңдылық сияқты. Енді не іспен келіні мен Дәукесіне ишара жасауды білмеген Хадиша тәрбиеші-ұстаз атанып өткен өмір жолын сусыған құмдағы сағымдай көріп, қорлығы келді. ***

-Жеңеше, айына төркініңе екі-үш пәсөлке салмасаң көңілің көншімейді –ау. Менің ағамды тақыр кедей етерсің бұл екпініңмен!-деп шымшыды поштадағы жігіт Қатипашты. -Қалыңмалды осылай төлемесе, ағаң қатынсыз қалмай ма, қайным!-деп күлегештенді ол. -Әуелі сен кетіп көрші, менің ағама қыз көп қой. -Бізден құтылу жоқ енді, тамырымыз тармақталып, тереңге жайылып кеткен, хи-хи-хи... «Пәсөлке» туралы өсек «нысанасы осы-ау» деп Хадишаның құлағына тиді. -Шешей –ау, қыздарыңыз шетінен өкімет. Күніне бір көйлек ауыстырсаңыз да жарасады. Соңғы кезде жарқырап бір киінбейсіз. Мына жалғыз келін... иә... қазірше жалғыз болып тұр ғой... келініңізді шыли екрелетіп жібергенсіз бе? Екі күнде бір төркініне пәсөлке салады дейді ғой ел. Ел құлағы –елу, шешей. Қыздарыңыздың қызығын әлі көрмеген құдаларыңыз көріп жатқан жоқ па, осы? Жетім дейтін еді, іздеп келген ешкімі де жоқ емес пе бес жылда? Ойпырмай!Байдың малын байғұс қызғанғандай болмасын, біздікі тек жанашырлық. Сізден жас болсақ та келін деген шіркіндердің үшеу-төртеуін көрдік қой, шешей. «Осы елге өзім де ене болуға келдім-ау, осы күн маған да туады-ау» деп ойлайтын ақылдылары аз ғой шіркіндердің. Ондай ой көпшілігіне өз ұлдары ержеткенде ғана келеді. Төркіндеріне тартқылап, тыпқыштап беріп, өз үйлерінен өздері ұрлайтындары да болады. Әлі екі

бойдағыңыз бар. Қайта, мата-сатаның басын құрастыра берсеңіз, бойдақтарға көрпе-төсек тігіп қояйық. -Е-е, келіннің төркіні алыс. Жалғыз апасы үйінен шыға алмайды екен, жағдайы жоқ. Ол жақта жемісжидек тұрмақ, кәртөшкі-пиязың тапшы көрінеді. Помидордың атын білмей, «қызыл домалақ» дейді екен. Пәсөлкені сала бермей, қайтсін. -Ой тоба-я! Сонда олар не жейді екен?-Ақшайым абысынына аңтарыла қалды. -Келіннің айтысынша құс сою ұят саналады дейді. Құс дегенің, қой дегенің есепсіз көп, санын білмейдіау дейді. Құс тек қауырсыны үшін болмаса, жұмыртқасын қойлар, иттер жарып, ішіп жүреді екен. -Ой тоба-я! Онда, ол жақтағылар шіріген Қарабайлар десіңізші. -Қайдам... көзімнің тірісінде сол құдаларымды бір көрсем... Биыл мазам жоқ. -Қойыңызшы,шешей.Көресіз.Құда көрмегендей қамыққаныңыз не сонша? Әлі балаларыңызға өте керексіз. -Е-е, бұ құдамның жөні басқа, ұлымның қайын жұрты ғой. Менің өркенімнің нағашысы қандай екен?... «Бесіктің жақсы болуыағашынан, жігіттің жақсы болуы-нағашыдан» деген. Анасы, нағашысынегіздің бірі ғой, келін-ау. Әлгі... көрпе тігейік дегенің құлағыма қонып тұр. Көрем бе,көрмеймін бе, қанша жақсы болса да... пенде ғой... соларға теңдей

енші бермесе, риза емеспін. Саған тапсырғаным, Ақшайым. Хадиша көзінің жасын сығымдады. -Қойыңыз, шешей, мұнша босап, не көрдіңіз. Құдай біледі кімнің қашан өлерін. Әшейін, ілгері ниет қой, екеуі де ержетті, кенжеңіздің өзі биыл үшінші курсі ме? Ортаншысы оқуын бітті. Иә, құдай біреу берсе де, екеу берсе де келінді адалынан берсін, өзіңізге тартқызып. Мынау Қатипашты, шешей, бекер-ақ мақтайсыз. Тікшиген көзін, қалың бетін ұнатпаймын ғой. Төре жігіт осының несін ұнатқанын қайдам... Хадиша Қатипашты қалай келін еткенін есіне алып,ішінен тынды. Ақшайым көңіл жықпастықпен әңгімесін созуға абысынынан аса алмады. Шешілмеген Хадишаға жәутеңдеп қарағыштаған Ақшайым ақыры үнсіздікті өзі бұзды: -Ә-ә... сүйген сұлу! Ә-ә... -Арыстан, Жолбарыс... А-а... Әлгі кім... Алпамыс қайда жүр өзі, Ақшайым –ау... Маған дәрімді алып берші.

ЖЫЛАҒАН ЖҮРЕКТЕР

ІІ тарау

Атпаңдаршы аққуды, құдайсыздар!
Өмір-біреу, сіздер де құлайсыздар.
Жүрек мұңын жүрегі барлар ұғар,
Аққу зарға қалайша шыдайсыздар?!

Астанадан Дәукеңнің кенже ұлы каникулға келгелі бұл шыңырақтың думаны қыза түсті. Қалжың сөзге ұста Қабылмен басы қосылса, әншейінде сыпайы Сәуірбектің күлкіден езуі жйылмайтыныежелгі әдеті. Екеуінің айтқан әр әңгімесі, әр мысалы күлкіге саяр еді. Түк таппаса, екеуіне де тетелес аңқау Мамырды айналсоқтайтын. Сондықтан ба, Сәуірбек үшін Қабылдың өзі де, сөзі де ерекше, ең қымбат бауыры екенін бәрі де анық сезетін. Сол сүйікті інісі кеше бір оңашада үйленсем бе деген ойын білдірді. Қабылдан тіптен де мұндай сөз күтпеген ағасы алғашта абдырап қалды, сосын бейнебір өзі Күлбиіне үйленетінін айтып тұрғандай, қуаныштан жүрегі атқылай соқты. -Бақытты болыңдар... Қ-қуаныштымын!-деп інісінің қолын қос қолымен сілкілей қысты. Бейне қазір той болғалы жатқандай әбігерленіп, екі қолы епетейсіз ербеңдеп, иығына ілініп тұрғысы

келмегендей, -қайда... қайдан өзі? Жұмыс жасай ма,
оқи ма?
-Оқиды, журналистикада. Солтүстіктің қызы -
Қатипаш жеңгеміздің аймағынан. Мамасы бар,

жұмысшы. Үш ағайынды, үшеуі де қыз, кішісі,
партияда жоқ, жасы он сегізде, бойдақ, шетелде
туыстары жоқ, ұлты-қазақ.
Қабылдың әзіліне ағасы еріксіз жымиды, есін

жиды. «Иә, сасатын не бар? Малдың басы жеткілікті,
қазір той жасаймын десе де, қаладан үй әперемін десе
де әкесі Дәукеңнің құдіреті келеді. Тек қам жасау
керек. Айтпақшы...»

-Алдыңда Мамыр бар ғой, оны қайтеміз?
Қабыл бір иығын көтерді. Сосын жерден жеті
қоян тапқандай-ақ:
-Ә, оған үйлен дейік, институтын бітті, қызы бар

шығар да ендігі,-деді.
Мамырдан «Енді қарастырмасақ, қалыңдығым
жоқ. Сен тапқан болсаң, үйлене бермейсің бе?» деген
жауап алды.

-Алдымыз - қыс, мүмкін көктемге қалдырармыз?
Оған дейін Мамыр да біреуге жіп тақса, тойларыңды
бірге жасармыз? –Сәуір сүйікті інісіне сұранған
пішінмен тіл қатты.

Қабылдың жүзінен қызғылт сәуле жүгіріп өтті де,
күлімсіреп басын шайқады. Оны айтқызбай ұғынатын
ағасы:
-А-а... Онда той қамына кірісуді үлкендерге айту

керек пе маған?...-деп Қабылдың арқасынан

қағып-қағып қойды. Дәулетбақ қарт күнпарақтағы жаңа жылға қарай жаңа келінді қабылдауға бәтуаласты. -Мам-моу! Келініңізді көрсетсем, көрімдігіңізді бересіз бе?-деп анасының құлағына сыбырлаған еркетотай Қабыл «Беремін, жарығым, беремін. Кәнекей?» деп анасының жайылған алақанына күлімсірей қараған қарақат көзді қыздың суретін тастай салды. -Қалай, -деді сосын мамасының мойнынан ту сыртынан құшақтап,-ұнай ма, мама? Бола ма өзі... былай... -Болады. Өздеріңе ұнаса, бізге ұнай береді. Құдай ұзағынан сүйіндіріп, алдыларыңнан жарылқасын, ботам, - Хадиша жаулығының ұшын көзіне апарды, - түсі жылы екен айналайынымның... -Әні.. қуантсаң да жылайды, қорқытсаң да жалайды мама дегендер. Онда әкелмеймін,-деп жорыта бұрти-ды Қабыл. -Қой, олай деме. Жылуарлы екен, өмірлерің шуақты болар. Аты кім? -Жарқынай, мама. -Бәрекелде! Атына заты сай болсын. Әумин! *** Осы бәтуаласудан соң-ақ Қабыл қайтуды айта бастады. -Әлі демалысыңның уақыты бар емес пе, балам?- деп Хадиша тоқтатқысы келіп еді, ұлы әзіл-шыны аралас:

-Келініңіздің қол қойған уақыты бітіп қалды-ау, мама, -деп анасының мойнына асыла кетті. -О, сүткенжем, еркетайым! Бітсе бара ғой, қайтейін. Маған салсаң сені ешқайда жібергім жоқ қой... Хадиша Қабылдың маңдайынан иіскеп-иіскеп, емірене сүйді де, жаулығының ұшын тағы көзіне апарды. -Е-е, мамама салса, сені оқуыңнан қазір-ақ шығарып, қасына алмақшы ғой, ә?-Сәуір құшақтасқан аналы-балаға сүйсіне қарайды. -Өзім де сол сырттай оқудың құжаттарын дайындауға асығып бара жатқан жоқпын ба, ә, мам?... -Ә-ә, тәңір жар болсын! Қайда жүрсеңдер де амансау жүріңдер. Сендердің қуаныштарыңның арқасында әкең екеуіміз күштіміз-ау. Сендер деп шапқылаймыз ғой біздер... *** Таңертеңгі пойыздан түсісімен жол сөмкесін көтерген Қабыл Жарқынайдың жатақханасына тартты. Күн демалыс болған соң ба, қыздар жаңа оянып, жуынып-шайынып жүр екен. Есіктен кіріп келген Қабылды көргенде «О-о» деп қосарлана куанған, шөпілдескен үнге бөлме іші жаңғырып кетті. Қабылмен бөлмедегі үш қыз да құшақтаса көрісті, тек төртіншісіЖарқынай ғана күлімсіреп, бір орында тұра берді. Оған бір қарап, кері бұрылған Қабыл қазір ғана шуылдасып жүріп, қыздар шешіндерген қара

былғары күртешесін желбегей жамылып, қара құндыз бөркімен толқынданған қалың шаштарын қисайта қымтап, оқшырайта киді де, оқыс үн қатты: -О, жарқыным! Ауыздықпен алысып, айжұлдызбен жарысып, жүрекжарды жаңалығымды жария еткелі желкілдеп жетіп келгенімде, оң қабағыңызбен қарсы алмайсыз ба? Алты жасар бала алыстан келсе, алпыстағы кәрие сәлем берер салтымыз әдірем қалған ба?! –деп қабағының астынан тікшие қарады. Жарқынай күлімсіреген күйі оның қасына келіп: -Сәлем бердік, ағасы! Ат көлік аман келдіңіз бе?- деп қолын ұсынды. -Е, міне, көргенді халықтың қыздары осылай сәлемдесер болар, -ол Жарқынайдың нәп-нәзік қолдарының сыртынан өбіп, сосын шешіне бастады, - ат көлік, ауыл-аймақ аман. Мамаларың-папаларың сәлем айтуда. -Мамаң?... Папа... -Иә, мама ауылдың сәлемдемесін беріп жіберді,- Қабыл үстел үстіне сөмкеден сәлем-сауқаттар шығарып қойып жатты,-тойға дайындалып жатыр. -Тойға?! Шын ба, Қабыл? -Шын деші? Қашан? Дегбірсізденген қыздарға Қабыл енді салмақтана сөйледі. -Шын! Бір жарым айдан соң-жаңа жылға қарай той болады деп шешті үйдегілер. Біз екеуміз сыртқы бөлімге ауысатын болдық. Қалай, келісесіз бе?

Бал-бұл жайнаған екі бетін алақанымен басқан Жарқынай күлімсіреп, басын изеді. Бет сүйіс қайта басталды. -О-о! Құттықтаймыз! -Бақытты болыңдар! -Жолдарың ашық болсын! Бұл бөлмеде үлкен тойдың бастамасы бүгіннен-ақ басталып, дос-жарандары құлақтанып жатты. *** Аз күннен соң Қатипаштың елінен де бауырыОлжабайдың үйлену тойына шақырған қуанышты хабар жетті. Бір тойды атқарар жеміс-жидек, мәуешәуесімен Сәуірбек әйелін жолға шығарып салды. Жалғыз бауыры үйленіп, оты өшкен отандарына от маздайтынына Қатипаштың жүрегі жарылардай қуанды. Шешесі мен өзі түсін де білмейтін, артында суреті де қалмаған әкесі тізе қосып, «төркінің бар» деп мұны күтіп отырғандай, еліне жетуге асықты. Е-е, жаман болса да, жақсы болса да бар болғанға не жетсін. Апасымен ұрысса «қарашайдың жалаңбұт жетімектерінен қашан құтылар екенбіз!» деп көзі шақшиятын құдаша-кемпір енді не күйде екен? Қырықында қызыл жіп тағып, жүрген шығар сыланып-сипанып әлі. Өтірік күлгені болмаса, ішінен өртенген-ақ шығар, көкше! Сол керек оған! Бай алмаған бейшара, мүгедек інісін бағе-п қартайып отыра бермей, байға тиіп, туып-туып алмады ма кезінде! Тудық қой біз де өзіміз үшін, тағы да туамыз! Басы қақшаңдап ұрсатын еді, ендігі мойны салбырап-

ақ қалды-ау. Мұны детдомға кіргізгесін еліне алғаш
барғанда-шы!? І-м-м! Өзінше жарамсақ танып,
«Алты-не-ем, сағындым ғой» деп Қатипашты өп-
өтірік жылап сүйгені-ай! Кетерінде «карта ойнап

ұтып алғаным еді, апаңа айтпай-ақ қой» деп бір дода
ақша бергені-ші? І-м-м! Сон-дай арам-мы! Өйткені ол
мұның
кейін

керек
болатынын
ойлап,
әдейі

пландастырып тұр ғой осынысын. Әйтпесе, бұған
емешегі езіліп тұр деймісің? Жақсылығы... Ә, қойшы!
Жақсы адам жоқ қазір. Жақсылар жер астында!
Мә-ә! Қатипаштың келіні қандай екен? Әйтеуір

суретінде Қыз Жібектен кем емес. Тіпә-тіпә, тіл көзі
тасқа! Елдегілер Матв... Жоқ, оның аты өшсін. Мәр-
зияның келіні ай мен күннің өзі екен деп, ауыз-
дарының суы құрып-ақ жүрген шығар! Доғдыр депті

ғой келінді. Оқуын біткесін сол ауылға направиттап-
ты. Бұлардың бақытына дұрыс бопты. Енді басқасы
түгіл Сәуірбекке бұл да тұмсығын жоғары кетер-і-іп,
көзінің

құйрығымен
қарап
сөйлейтін
болады!

Шопырдың табысы қай оңған дейсің, інісінің айлығы
аздау екені рас. Әй, Қатипаш аман болса бірін көр-
сетсе, бірін көрсетпей, қайын апаларының құтын
көшірмей ме келініне? Ойы-бай, әй?... Әй ол келін

де... өз төркініне асыратын қу болмасын-ә? Төркіні
бай ма екен, кедей ме екен? Ім-м...
Қатипаш пойызда неше түрлі қиялдарын өсіріп,
өрбітіп тербетіліп жатыр еді. Кенеттен шыққан

«Женщина! Дай погадаю!» деген қарлыққан үнге

басын жұлқа көтерді. Қуанып кетті. Сығанның
егделеу әйелі купенің есігінен қарап тұр екен.
-Заходай, -деді бұл,-заходай скарей!
Лып етіп есікті жапты. Қасындағы қыз кірмей қоя

тұрса деп тіледі. Балшы Қатипаштың екі алақанына
кезек үңіліп, сөйлеп берді.
-Сен өзің кішкентайыңнан қиындықпен келе
жатырсың. Алыс жолға шығыпсың. Бір үлкен

мақсатпен келе жатырсың, бір қуаныш, бір реніш
күтіп тұр.
-Иә, інім үйленіп...
-Сол ініңнің қуанышы, тағы бір реніш күтіп тұр.

Соңында сенің ойыңдағың болады. Арқаң бар екен.
Аузың дуалы. Бір қара, бір сары әйел дұшпаның бар
екен. Соның қарасы саған дуа істеген.
-Жас па?

-Жастау, иә жас. Үйіңдегі жастығыңның ішінде,
сосын есігіңнің табалдырығында дуа бар. Күйеуіңнің
іш киіміне де дуа істеген. Содан...
-Күйеуіме ме?

-Иә! Күйеуің саған қарамай, сол әйелге ауып
кетіпті. Енді оның дуасын қайтармасаң, сенен мүлде
ажырайды. Қайтару керек тезі рек. Басың ауырады,
табаның қызады. Рас па?

-Рас.
-Сол дуа миыңа әсер ете бастапты, бойыңа сіңіп
кеткен. Бір егде әйел, бір жас әйел бар-күйеуің
жақтан. Сол екеуі...

-Сары... Ақтау ма? Дұрыстап көріңізші.

Сыған көзін сығырайта алысқа тесірейді. Қатипаш та алақанын маңдайшалап, сығанмен бір бағытта тікшиді. -Иә! Ақтау келген, әдеміше, орта бойлы. Екі әйел де қан туыстары. Сол екеуі саған өтірік күлімсірегенімен, қас. Жек көреді. Ол екеуі өз ұлтың емес, басқа ұлтқа дуа істетіпті. Екеуіңді ажыратқысы келеді. Орыстың, татардың дуаларын сол жасағандардың өздері ғана қайтарады, не тек біздер –сығандар ғана қайтарамыз. Қазақтың молда -тәуібінің күші жетпейді, білдің бе? -Кім екен олар, а? Енем мен анау байы жоқ сорлы Ұлбалашы шығар... -Өзің бір ақкөңіл, қолы ашық адам екенсің. Балаң жұп. -Үшеу. -Онда тағы туасың, жұп дедім саған! Төртеу түсіндің бе? Арқаң бар екен ғой, біреуді қарғасаң, ұшырып түсіреді екенсің. Рас па? Кімді? -Иә, көршім бе? Кіші енеміз бар, соның қызы... Өзі ме? Етімізді ұрлағанда қарғап ем, «балаңның етін же» деп. Сонда көршіміздің бір баласы өлді де қалды.Сауап дедім! Кіші енемізбен ұрысқаны мызда «үндігімді ұрладың, ішіңнен тесіп шықсын» деп едім, ертеңіне мұрттай ұшып, бір апта тұра алмай, ақыры жүрегі ұстап бәлніске түсті. Иә, арқам бар-ау деп ойлаймын өзім де! Тиіспесін,не трогают пускай меня! Накажу-у!- Қатипаш жұдырықтарын сүзістіріп, балгерге күліп қойды,- Ім-м...

- Умница! Так держись! У тебя.. сенин архан

кушти, во-оһ! Ким тиеди, сол уледи! Ха-ха-а!-сыған
мен Қатипаштың сілесі қата күлулері көбейді,-
Шығыс жағыңдағы көршің, есігі былай-оңтүстік ке
қараған, сол сені көре алмайды. –Ім-м, кіші енеміздің

үйі ғой...
-Содан сақ бол. Енді мен болдым, сұрайтының бар
ма? Сұра.
-Байымды қайтарып бере аласыз ба?

-Ол қолда! Бірақ, мен әруақтарымды шақырайын,
сен риза етуің керек. Әйтпесе сені ұрып кетеді
әруағым.
-Риза қыламын, қам жемеңіз! Тек қайтарып,

басқаға басын бұрғызбай, мені тыңдатып берсеңіз
болды.!
-Онда, мына инені төбеңе шаншы, қаншалықты
дуалапты, байқайын!- Сыған Қатипаштың кір ора-

малына ине шаншыды да, әруақтарын «шақырып»,
білектеріндегі он қатар білезіктерін сылдырлата жө-
нелді. Көзі Қатипаштың білегіндегі Сәуірбек Бол-
гариядан әкеліп берген жапон сағатына, құлағындағы

алтын «самаурын» сырғаға құмарлана түсті.
-Әруақтар мына білезік сағатты үстелге қойсын
дейді!
Қатипаш жып етіп шеше қойды. Сығанның діріл-

деуі селкілге ауысты. Қатипаштың жаулығы қисайып,
жыртық көзі ашылайын деді.
-Уһ-һ! Болмайды! Дуа өтіп кеткен!

-Апатай! Тағы көріңізші, апатай! Бәрін тура айттыңыз, аяйтыным жоқ! Байым аман болса, өзіме қараса, дүние табылады ғой. Күйдім мен! Мына сырғамды берейін, әруақтарыңыз риза бола ма? А?- Қатипаш жыламсырап, жалынышты тіл қатты. -Байың ұрыспай ма? Сен ризалығыңмен бер. -Ұрыспайды! Оның мұндаймен жұмысы жоқ. Құлағым бос тұрмасын десем, тойға апара жатқан тағы бір алтын сырғам бар. Соны тағып аламын. Оларға абрушалный да жетеді! Ризамын апатай! -Да-а! Я действительно твоя апашка,мы... биз сизбен бир,биреу... Сыған қайта дірілдеді. Манағы жаулыққа қадаған инені алды. Қараса-ине қып-қызыл, тек ұшы ғана тотықпаған. -Қарашы,-деді сыған, - өмірің аз ғана қалыпты. Мен кездеспегенімде, сәл кешіккеніңде мерт болар екенсің! Не есуас, жынды күйге түсер едің. Өзің қазір-ақ біртүрлі ауа бастағансың ғой, байқашы-үсті басың кір, шашың таралмаған. Енді қарап жүр өзіңе! Түсіндің бе? Мына инені төбеңе шаншимын, осы қайта ағарса-дуаң қайтқаны. Әйтпесе өлесің! Қатипаштың құлағында «өлесің, өлесің!» деп қарлыққан үн қыр-қыр етті. Егіліп жылап, етегі жасқа толды. Шіркін өмір, қандай тәтті едің! Мына думанды дүние, үш бала, үйіндегі кілемдер, хрустальдар, сиырлары мен жылқылары жалт-жұлт етіп, көз алдынан кезек-кезек көлбеңдей өтіп жатты. Саусақтарындағы алтын сақиналары мен алтын

алқаларын бір-бір сипап қойды. «Өлгені құрысын,
апатай, дуамды қайтаршы» деп егіле көзін жұмып,
сыған әйелге мойын ұсынып отыр.
-Уһ! Уһ! Міне көрдің бе,а?! Міна аппақ ине! А?!

Қайтардым, қызым. Дуасы өздеріне ауады. Енді тұз
бар ма?
-Бар, бар! –Қатипаштың шүңірек көзі қайта
орнына түсіп, қуаныштан құдық түбіндегі судай

жылт-жылт етті.
Сыған тұзға, сосын бір литр суға үшкіріп, дем
салды.
-Мына тұзды күйеуіңе ғана бір шымшымнан

қосып беріп тұр. Тұз саларда дәретің болсын, ұмытпа.
Үсті-басың, қол аяғың түгел таза болуы керек. Сосын
шоқынатын сөзіңді айт. Қалай еді?
-Шоқынғанда... Біз шоқынбаймыз ғой. «Бісмілдә»

десем бола ма?
-Болады, соны айт. Сосын күйеуіңе ұрыс сөз
айтпа. Күліп қара, білдің бе? Қарсы сөйлеме.
Қатипаш

сығанның
сөзін
миының
«таспа

табағына» басып алды.
-Иә, апатай, түсіндім, онсыз да... Иә... Ім-м...
-Пойыздан түскен соң екіге бөлінетін жол
айырығы кездеседі. Сол жерде мына суды басыңнан

құй, аяғына дейін аралап шығады. Сосын, мә, мына
жаңа аяқкиімді ки. Аяқкиім-ерің! Есіңде болсын осы.
Ал, мына дуа сіңгенді лақтыр,-сыған су жаңа
қытайлық резина салпылдақты сөмкесінен алып берді

де, Қатипаштың былғары аяқкиімін оның орнына

салды,-сол кезде әлгі дуалар сумен бірге ағы-ып түседі. Денең түршігіп, біртүрлі жеңіл сезінесің. Алға жүр, артыңа қарағы-ың келеді. Қарама! Дуалар қалғысы келмей, кері шақырады сені. Ерегіседі сенімен, түсінесің бе? Қарама! Сонда бәрін де жеңесің! Сенің ойыңдағың болады! Бақыт алдыңнан күліп қарап тұр. Сексен сегіз жасқа келесің, жиырма немере көресің. Әумин! Екеуі бет сипасты. Екеуі де күлді. Екеуі де риза. Апалы-сіңлідей қимай қоштасты. -Не... Да,апатай, сіз маған керексіз, өте керексіз. Іздесем қайдан табам,а? Адресіңізді жазып алайын... - Солнышко мое, меніки ат Клава!Сегодня тут, завтра там! Меники везде нужна! У любой цыганки сура, они меня найдут! *** Сыған әйел ауырлығын алып қалғасын-ақ бойы жеп-жеңіл тартқан Қатипашты туған ауылындағы қуаныш еліне құстай ұшырғандай-ды. Такси ұстап, тура апасының үйіне бірден тартты. Шуылдаса жиылып қалған жамағайындарының бірімен сүйісіп, бірімен көрісіп, енді бірімен әдейіге-ақ алтын толған саусақтарын тарбайтыңқырап, қол ұшынан сәлемдесті. Сосын қоқиланып, май басқан қолтығы илікпей, қолдарын күркенің қораздарынша күжірейтті.Алға екі аттады да: «а-а-аналарды түсіріп алыңдар-р» деп, такси жақты нұсқап, саусақтарын жыбырлатқан болды. Жамағайын жапа-тармағай мәшиненің артындағы тоқ сөмкелерді сүйрелесті.

-Мен сіс-ке-е қанша беруім қажет,а? Ім-м?-деп
Қатипаш
сыздана
сөйлеп,

Алтынай
сыйлаған
әмияннан бір дода ірі ақша шығарды,- ой, құдайым-
ай, солай демейсіс пе? Майда-шүйде мел-лыш екен

ғой,-деп карманының шырт етпелі екінші жағынан
жолкіре төледі. Табиғи сыпайыларға ұқсап-ақ бақты.
Кісі боп көрінуге жан салды.
Ол өзіне көп көздің аңтарылғанын аңдап, «ішке

кірмейміз бе?» деп жол бастады. Өзінің тырп-тырп
жорға жүрісінен жаңылып, қисық сирағымен
теңселіңкіреп, маңғаз жүріске салып, елді соңынан
ертті.

Қыз қонақ төрга жайғасысымен, өзін қаумалай
отырған көпшіліктен даусын асыра сөйлеп есіктің
аржағындағы әлдекімдерге арнап «әй-и, келініміз
қайда?» деді. Жалғыз апасы Мәрзия «мә-ә!» деп

сыртқа жүгіре беттеді. Аздан соң:
-Келе ғой, қалқам! Мына апаң келіп отыр алыстан,
иә... сенің қуанышыңа. Ұялма, келе ғой, сәлем бер, -
деп Мәрзия жік-жаппар тіл қатып, төргі үйге қайта

кірді.
Есіктен шақыру хатындағы Тәбия атты әдеміше
келіннің бейнесі көрінді. Еденге түскен гүлді көйлегі
кішкене бойын биіктетіп, сылтып басатын оң

аяғының кемістігін көзден тасалап тұрды.
-Сәлем бердік! –деді Тәбия тізесін кілт бүгіп, оң
қолын тізесіне қоя еңкейіп.
-Бақытты бол, қалқам! Кәне, бері жақындай ғой,-

Қатипаш келіннің басынан асыра кептірілген өрік-

мейіз, жаңғақ, тәттілерді шашты, -ал, шашу-шашу-у! Жеңдер! Біз жақта осылай шашу шашады. Әй келін, мына жалаңбас жүрісің не? Басыңа орамал салып жүр, шашыңды жина! Жауырынын жапқан мойыл қара шаштарына еріксіз қолын апарған жас келін қызарып кетті де, басын изеп кері жүрді. -Тойға ... Келін болуға әлі бір апта бар ғой деп... Ә-ә, айттым ғой, бұл апаң келсе, бәрімізді тәртіпке салады деп, мә-ә қасқа! –Мәрзия Тәбияны қолтықтай сыртқа беттеді. -Қалай, елдерің аман ба, Қатипаш? Үй-іштерің, бала-шаға... -Ойы-бай!-деп баж еткен Қатипаштың ащы дауысынан амандық сұрағандар да, бәрі де тымтырыс болып, оған үрейлене қарасты. Қолтықтаса есікке беттеген апасы мен келіні де тоқтап қалды, -әй, тәте! Мынау ...мыналарың не,а? Естерің дұрыс па өзі? Жоқ көрсіңдер ме? Өңшең жарымдар! Көкше-е! – Қатипаш қауын беттерін шымши созғылады. -Не бүлінді?-Мәрзия сіңлісіне таңдана қарады. -Не бүлдіргенсіңдер, а? Ойы-бай, не бетімді айтайын енді, ойы-бай-ай! О, өңшең ғана жарымдар, алтындай інімді қор қылып, бір ақсаққа қосақтаған жаре-ем ғана шешектер-ай! Әй, Олжабай, қалай ғана ұялмай...а? Жерге қағып жіберейін бе қазық қылып? Осы отырған орныңда өлтірейін бе? Мұның не, а?- манағы сыпайылық тан сымпылбай да қалмаған Қатипашқа жамағайын аң-таң болды.

Қатипаш інісін бір, апасын бір жұлқып, долданып
көп сөйледі. Келін бетін басқан күйі өз бөлмесіне
кетті.
-Қаладым, -деді Олжабай, -несі бар екен? Болады

маған.
-Өздері сүйісіпті, табысыпты. Жарайды, онда не
тұр екен... бізге болар да. Ашуды қой,-деді Мәрзия
жалбарына сөйлеп.

Қатипаш екі қолын жұдырықтап, көкке көтере
айқай салды. Бұйра сары шаштары дударланып,
жағасы
жайлау

болды.
Мына
көзкөргендерге
Олжабайдың

марқұм
анасы
тіріліп
келгендей,

денелері тітіркенді. Бәрі де басу айтып, қайта
тұтанған
шаңырақтың
отын

сөндірмеулерін,
Тәбияның тәрбиелі жерден шыққанын, бір үйдің
үлкені, ата-анасының мұғалімдер екенін, бірақ, әкесі
екі жылдай шамада марқұм болғанын айтысты. Осы

аймақта
тұрғасын ол
құдаларымен
барыс-келіс

жасасып, танысқандарын, біліскендерін айтысты.
-Жоқ, көзін құрт! Мен жалғыз түйір бауырымды
өзі кемтар, өзі жетім қызға қоса алмаймын. Тап
қазірден бастап киім-кешегін бер! Заңды түрде

ажырайсың! Өзім мынандай қыз тауып беремін!-деп
Қатипаш Олжабайға сұқ саусағын көзін шұқи
көрсетті.
Тоқтау сала алмаған көпшілік біртіндеп үйлеріне

тарасты.
-Жолдан шаршап келдің ғой, шәй ішіп дем ал.
Ашуды бас, өзі доғдыр екен, болмай ма бізге?

Ойланшы, бізде қайсымыз оқыдық? Әйтеуір қара танимыз демесек, қараңғымыз ғой біз, а? Ініңшопыр, май-май ініңе тиген доғдыр қыздан айналмайсың ба? Мінезі де жайдары, тірлікке пысық, енді не керек бізге? Сүйісіп табысты, -Мәрзия тілі жеткенше түсіндіргісі келді. -Сенің сондай бостығыңнан қорқушы едім –ау, бірақ осынша бассыз десем ше! Шашын жәйіп...жалбыратып...тимей жатып жаман ырым бастатып, көкше-е! Мә! Қызыңнан бетер құтыртыпсың ғой өзін! Құриды, құртамын! Кетсін жақсылықпен. Әй, Тәбия, жақсы сөзбен кетесің, жұмыстан шық бүгін! -Апа, апатай,-деп егілді жас келін,- айтқаныңыздың бәріне көнейін. Бірақ, мені қумаңызшы. Мен Олжашты ұнатып келдім, онсыз қалай өмір сүремін?... Қумаңызшы, құлыңыз болайын... ...Қатипаш жібімеді, Тәбияның желкесінде тұрып, жұмыстан босатуға өтініш жазғызды. Сотқа «сүймеймін, жаңылдым» дегізіп, тағы арыздандырды. Бір апта жүріп, інісінің басын «бәледен» таза босатып алды. Көп-көп ақыл айтып, еліне қайтты. «Ә-ә, сыған әйел айтқан бір қуаныш, бір реніші, бір жеңісі осы екен. Қалай тура табады, ә? Енді басқа айтқандары да дәл келер? Келеді, дәл келеді!» Қатипаш пойызда тоқ көңілмен тербетіле манаурап, ұйқыға бас қойды. *** Осы журналистика бөліміне Жарқынайды арманы алып келді. Кітапқұмарлығы, әдебиетсүйгіштігі

ақырында өзінің ғашығына жетелеп, бұл өзінен екі курс жоғары оқитын Қабылмен табысты. Алғаш рет факультетаралық «Таланттармен танысайық» атты әдеби кеште танысты. Екеуі де өздерінің өлеңдерін оқыды. Қабылдың екпіндете оқыған отты өлеңдерінің қасында өзінің анаға арнаған сағыныш сезімін әлжуаз санап, сахна сыртында өзін қораш сезініп тұрған-ды. -О,Жарқынай! Тамаша өлең жазыпсың! Сағынышты біз емес, тек қыз жазуы керек пе деп қалдым. Құттықтаймын жеңісіңмен, -деп осы Қабыл жабырқаған қыздың жанын желпінтіп жіберген,- танысып қоялық, менің жөн-жосығым-Қабыл Дәулетбақұлы Құдіретуллин, қазақпын, жасым-он тоғызда, комсомол мүшесі, бойдақпын. Әлі ешкімге ғашық болмағанмын. Осы таныстық достыққа, одан махаббатқа ұласып, екінші жыл жұптары жазылмай келеді. Жарқынай бұл кездерде өлеңді көбірек жазып жүргенімен, оны Бақыткүлден басқаға көрсетпей, жасырын ұстайтын. Неге десе, бәрі дерлік махаббат тақырыбы, тар шеңбер, ұят деп есептейді өзі. Әсіресе Қабылдың оқып қоюынан қорқып, жыр дәптерін үстел үстінен алысырақ жерге жасырып қояды. Күні кеше Қабылы еліне кеткенде-ші? Уақыт шіркін елдегі бас білмейтін қырсық бұзауы секілді ноқтасынан алға сүйресең, қасарысып орнынан тапжылмайды-ау. Бір апта уақытпен алыса-алыса, ақырғы күндері шаршап, көп жата беретінді

шығарды. Үндемей жылап, кірпіктері құрғамауға
айналды. Іштегі сағынышы жастықтың астындағы
кішкене суретке бағышталып, қағазға өлең боп түсе
берді, түсе берді.

Суретіңе сыр айтам кәдімгідей,
Жанарымнан жас ағып, жаным жүдей.
Бірте-бірте дауыстап егілемін,
Бүкіл денем теңіз-ау тегі менің.

Сүйе берем бетіңнің әр нүктесін,
Тәңірімнен келгендей жарлық-кесім.
Сүйе берем аймалап мейірім қанбай,
Бетке басып қағазды жынды жандай...

Сөйтіп сағынтқан Қабылы бүгінде қасында. Оның
үстіне ата-анасының ризашылығын алып, алдарынан
өтті. Жарқынай үшін бұдан асқан бақытты күн бола
қоймас, сірә! Арманына жетті деген осы болар. Өзі де

анасынан рұқсат сұрап, хат жазды. Барып, ауызбен
айтудың қиындығын сезінді. Мамасы хабардар
болып, үйрене берсе, сосын сыртқы бөлімге ауысу
құжаттары түгелденген де, Қабыл екеуі бірге баруды

ұйғарысқан.
Мамасы ендігі жерде хабардар болды. Қалай
қабылдады екен бұл жаңалықты? Әрине, көңілі босап,
бір жылап алады, сосын өзі айтпақшы, қызының

басына сенетін шығар. «Е, маматай... ұядан ұшыруға
қимағаныңмен, қыз атаулы жат жұрттық болуы-
заңдылық екен ғой. Сол заңдылықтан өзің де

шықпағансың, мен қалай аттап кетпекпін? Ең
бастысы-ол да емес. Басты мәселе- тіршілігіңе жан
беретін жүрегің өз ұясынан шығып кеткісі келгендей,
басқаға ынтық болады екен. Туған ата-анаң, туған

бауырларың, дос-жарандарыңды қалдырып, тіпті
өзіңнен де қымбат бір жанға құрбан болуға даяр
екенсің. Кім білсін, кітаптарда көп айтатын махаббат
деген құдірет осы шығар. Мама, мен үшін де мына

дүниеде Қабылсыз ештеңенің мән-мағынасы жоқ.
Осыған сенер ме екенсіз? Сондықтан мені түсінуге
тиістісіз деп ойлаймын».
Қабылдың ата-анасының ризашылығынан соң

кішігірім тойшық өткізді.Екеуі бірге тұрып жатқан
жатақхананың аядай бір бөлмесі жас жұбайлар үшін
жер жәннәті --жұмақ. Көздері тоймай - қарасып,
еріндері тоймай сүйісіп, айдан астам уақыттың өтіп

кеткені де байқалмапты.
Кешегі күні Жарқынайдың еліне жеделхат салып,
Бақытгүл үшеуі жолға шықты. Екінші сөткеде
пойыздан түскен жастарды сырнайлатып қарсы

алушылар-мерекелік көңілде еді. Олар қаладан 25-30
шақырым жердегі ауылға думандатып жетіп те келді.
-Ал, тәте, бір балаңды екеу етіп, алдыңа алып
келдік. Жүрегің жарылмай ма?

-Күйеубалаңның көрімдігін бер, Шайнұр жеңеше.
Жарқынайға
қатты
ұқсайтын

келбетті
әйел
алдымен Қабылға ізет көрсетті.
-Қадамың оң болсын, ұлым! Бақыттарыңызды

ұзағынан сүйіндірсін,-деп оның маңдайынан тәуетті.

Сосын «құлыным» деп Жарқынайды ұзақ бауырына қыса құшақтады. Бақытгүлді бетінен сүйді. Жиналған көпшілікпен сәлемдесу, көрісу рәсімі аяқталысы мен, у-шу қайта басталды. -Табалдырықтан оң аяғыңмен атта. -Аттағаны несі? Отқа май салдырыңдар. -Ой, боже мой, майды не істейді? -Е, ол «үйіңнің оты лаулай түссін» деген қазекемнің ниеті, ырымы солай. Дастархан үстінде Шайнұрдың бас назары Қабылда болды. Қайта-қайта көз қиығымен ұрлана қарап, сөзі мен қимылын бағып отырды. Сұңғақ бойлы, қақпақ жауырын, аққұба жігіттің қырғи қабағы, қиықша мұрты күлімсіреген жүзіне қандай жарасымды. Жігіттің сұлтаны осындай-ақ болар. Ретіне қарай әңгімеге араласып, сыпайы отырысы өзінің марқұм еріне ұқсайды екен-ау. Көзін жүгірте бермей, сақтықпен ғана апаларымен қатарласқан Жарқынайға қарағыштайды. Жол соққаннан белгі де жоқ, жас жұбайлар бал-бұл жанып, нұрланып отыр. Шайнұрдың іші еріп кеткендей-мынау отырған Қабыл өзінің тапқан перзентіндей-ақ жылы ұшырап, тілеуін шынымен –ақ тілеп тұрғанын байқады. «Ойпырмай, күйеуді ұлындай көру қайда, жағынғандар солай айтар» деп ойлайтын. Жоқ, шынымен-ақ өзінің Жарқынайынан кем көрмей, көркіне көзі тоймай, Шайнұр жиырма бір жыл сағынтқан перзентіне қарай берді. «Е, алла, жеткізгеніңе шүкір! Қос шырағым ның өмірін бер!»

Шаңырағыңдағы тұңғыш қуанышына Шайнұр елжұртты шақырып, қыз ұзату салтын жасады. Аралас отырған орыс халқынан ауысып, бүгінде солтүстікте сіңіскен салт-үш атты сәнді тарантаспен жас жұбайларды серуендету салтанаты. Ұзын мойындарын сәндете шұлғып, сыңғырлаған гүлді қоңыраулар тағынған аттар аппақ қар үстінде айдында жүзген аққулардай көрінеді екен. Ақ желек жамылған жан-жарын күйеу жігіттің сол жағына отырғызған бір жеңгесі: -Женя, оңтүстіктің жұқа жігітін суық сорып тастамасын. Сақ бол,-деп үлкен қара тұлыппен қымтап жатты. Екінші, үшінші шаналарға да ортада сырнайшылары бар жастар отырысты. Қызылды-жасылды ленталарды жегулі тұлпарлардың алдына көлденең ұстап, ылғи жас балалар тұр. Міне, сол тұсқа үлкендер тобы жақындады. Кеше «Менің атам-әкемнің ағасы» деп таныстырған орта жастағы жігіт ағасы галстугін сәл босатыңқырап қойып, сөз бастады: -Қадірлі тумалар, жолдастар! Біз бүгін жаңа отаудың шаңырақ көтерген қуанышына куә болып отырмыз. Құтты болсын айтамыз! Көпке үлгілі, өнегелі болады деп сенеміз, өйткені –оның иелері тегі тәрбиелі жандар. «Орнында бар оңалады» деген осы, бүгін менің дүниеден өткен бауырым Тасболаттың ұрпағы өрісін кеңейтіп отыр. Сол өткен ата-баба рухы, тірілердің тілегі екі жасқа жар болсын! Әумин!-

Лентаның бір шетін кесіп, қайшысын келіні Шайнұрға ұсынды. Ол тана көздері жасқа толып «жолдарың ашық болсын» деп жас жұбайларға қарады да, лентаның екінші шетін қиды. Сол-ақ екен, жер тарпып, желігіп тұрған тұлпардың делебесі қағылып, сылдыр-сылдыр қоңырауға сыңғырлаған сырнай үні ұласып, кеңістікке күй толқыны тарап кетті. Айдында жүзген аққудың шанағында арттағыларға қол бұлғап, көгілдірдей сүйкімді жас жұбайлар жылжи берді. Жеңгелердің шашқан конфеттерін теріп, жиналғандар мәз. Ауылдың әр жерінен арқан кергендерге «жол ашар» жасап, жеңгелер де мәз. -Женя-я, Жарқынай! Бақытты болыңдар!-деп қол бұлғаған қазақ, орыстарға бұлар да қол бұлғап келеді. Тұяқтарымен күміс қарды сықырлата шашқан тұлпарлар бір кезде бұларды ақ қайыңдар орманына алып келді. Кинодан көрген басқа да, қайыңдардың ішінде өзің жүргенің өзгеше екен-ау. Қабыл бұрынсоңды сезінбеген сұлулық әлемінде дөңгелене сырғыған ақ қайыңдар биінен басы айналды. -Жарқынай, жаным-ау, мынау неткен керемет! Неткен сұлу дүние бұл! Жарқынай жарының құшағына тығыла түсіп, оның кеудесіндегі атқылай соққан жүрегінің дүбірін тыңдағысы келгендей «кере-ме-ет сұлу дү-ни-е-е» деп елітіп отыр.

Орманға қарағайлар, шыршалар араласа бастады. Құлақтарындағы үлпілдек үкілерін желкілдетіп, қара моншақ көздерін жылт-жылт еткізіп, сығалай қараған үркек ақтиындар бұтақтан-бұтаққа секіріп, бұларға серіктесті. -Жарқынай, тиынды көрдің бе? Мына жаққа қарашы, әне-әне! –деп Қабыл өзіне таңсық тіршілікті тамашалап мәз. *** Қызынан хат алған соң колхоздың құрылыс бригалирі Шайнұр бастығына мән-жайын айтып, қызын ұзатуға дайындалуы үшін он күнге демалыс сұраған. -Дұрыс, құттықтаймын, -деді Сергей Иванович мұның қолын қысып,-бізден не жәрдем керек? Қаласаңыз жастарға жаңа үйлердің бірінің кілтін берейік, тағы... -Жо-жоқ, рахмет, олар мұнда тұрмайды-бір, екіншіден ондай үлкен сыйлықты... -Неге, Шәке «үлкен» емес, бұл сіздің еңбегіңізге лайықты сыйлық. Колхоз құрылысының жүргізілуіне сіздің елеулі еңбегіңіз бар. Екіншіден, осы колхоздың негізін қалаушылардың бірі-марқұм Тасболат болатын. Ендеше бұл қуанышта қалай қол қусырып отырмақпыз? Оныңыз бекер, Шәке. Онда, тойды біз жасаймыз. Осындағы мәдениет үйінде өткіземіз, тек мезгілін ақылдасайық,-деді.

Әрі қысылып, әрі қуанып, Шайнұр бұл ұсынысты қабылдаған-ды. Той бүгін кешкісін жастар серуенінен соң басталмақ. Той дастарханы мен жүргізілуін қайын ағасы мен Сергей Иванович қолға алса да, үйдегі шаруаның өзі Шайнұрға әжептеуір күшке түсті. «Дайынмын» дегені бекер –ақ екен, ертең жөнелтілуі тиісті Жарқынайдың жасауын буып-түюдің өзі жұмыс болды. *** Той. Әрімнің тіршілігінен күткен үміті, тағдырынан тілеген күні-осы той. Үйлену тойы! Бірақ, бұл тойды қалыңдығының үйінде болады деп Қабыл ойламапты. Өзінің ата-анасы, бір туған он бауырының бірі де өз тойында болмағанға ма, бұл той біртүрлі жетім сияқты. Өкінетіні сол ғана, әйтпесе, Жарқынайына үйленіп, оны бар әлемге паш етіп тұрғанында, бұдан асқан бақытты күні бола қоймас, сірә да. Той қызып жатыр. Небір жақсы тілектер айтылып, сөздер арналды. Ансамбльдің әсем әуезіне би биленіп, ән салғандар қаншама. Тек оңтүстіктегідей қолмен бейнеленетін өзбекшелеу билердің орнын «оп-па!» деп өкшені бөксеге жеткізе жер тепкілей тін орысшалау аяқ билері алмастырды. Тост та қысқа айтылып, «алып қою» алда жүрді. Жарқынай мен Бақытгүлдің ортасында отырған Қабыл екуін де сөзге тартты.

-Қап,
тойымды
әке-шешем,
бауырларымның

көрмегені батып отыр. Хабар берсек, ең болмаса бір-
екеуі қатынасар еді,-деді өкінішті күрсініп.
-Иә, білмедік қой...
-Мейлі, өкінбейікші. Біздің елдегі тойды, құдай

қаласа, бір жұмадан соң ондағы-мұндағы туысқандар
бірге тойлаймыз, ә? Кешегі телеграмма жеткен де
шығар. Онда да абыр-сабыр дайындықпен шапқылап
жүр-ау... Бақытгүл, Жарқынайға мына ақ көйлек,

шашындағы ақ гүлдер қалай жарасады, ә? Мен бағана
алғаш көргенімде қатты толқып кеттім де, бір шумақ
өлең көкейіме келіп қалды.
-Айтшы, қане, айтшы,-деп Бақытгүл ынтықты.

-Есіме толық түсіріп алайыншы...
Вальс ойнады.
-Билейікші,-
деді

Қабыл.
Күйеу
жолдас
Бақытгүлмен, Қабыл Жарқынаймен биледі. Көптің

көзі жас жұбайларда.
-Қандай әсем қосақтар?!
-Иә, айтатыны жоқ, бір –біріне сай қосылғандар
екен.

-Жарқынай, екі жылдан бері жазып жүрген өлең
дәптерімізді тойдан соң бір-бірімізбен алмасып
оқимыз деген шартты бұзғым келіп тұр. Қалай
қарайсың?-деп сыбырлады Қабыл,-себебі, біріншіден-

той, екіншіден-бұл өлең әлі дәптерге түскен жоқ.
-Әрине қуанып тыңдаймын.
-Онда тыңда:
Қымбаттым, неткен көрікті ең,

Көріктен өмір өріп пе ең?
Өзіңе мына жалғанда,
Дәл мендей ғашық көріп пе ең?
Көргенде көзім сүйсінді,

Мас болдым иіскеп, иісіңді...

-Женя, Женя!-деп өрекпіп, жұлқынған жеңгей мәмірежай қалықтай билеген екеуін кілт тоқтатты, - Шы-Шипка! Шипка келе жатыр! -Шипкасы кім? -Ол-бұзақы, маған сөз салып жүрген бұзақы жігіт... *** Дәукеңнің елінде тойға дайындық қызып жатты. Оңтүстіктің жұмсақ қысында жаңа жыл қарсаңы болса да жерге әлі қар түспеген-ді. Сондықтан тойды өз ауласында, шатыр астында өткізбек. Шатыр тұрғызу, үш жүз кісілік орын дайындау, оның ас-суы, ойын-сауығы дегендер жеке-жеке үлкен шаруалар. Ошақ басындағыларды Ақшайым мен Нәфиса шешей басқарып, тұз сіңсін деп ертерек сойылған жылқы етін жайғастыруда. -Қазыға бұрыш пен сарымсақ қосуды ұмытып кетпейік. Ә, болып қалдық етті де. Енді екі-үш келін әлгі қаудырлақ-тоқаштарыңды пісіруге шыға берсеңдер болады. Қатипаш келін, сен қуырдақ жасай бер, шатыр тұрғызып жүргендер де шаршаған болар. -Әлгі Алпамыс, Арыстандарға кім қарап жүр? Қатипаш үш –төрт самаурын алғызып, шәй

қойғызыңдар,-деді Хадиша, -ыстық бауырсақпен шәй
ішсін бәрі де.Көңілді көлдей тасытқан, туымды
желбіретіп
көкке

көтерген

туысқандардан айналайын! Той көріңіздер бәріңіз де! Қызметтеріңіз ләйім, тойдан қайтсын!- деп, Хадиша ана алғысын жаудырып, бесіктегі бөбегін тербетіп отыр. -Ой, мен бауырсақ кесіп берейін.-деп тойдың әсемдік жабдығын мойнына алған Нәфиса шешей шымылдық тігісін ысырып, түрегелді. -Әй, Нәфиса, тіге бермейсің бе? Келіндер толып жүр ғой сыртта,-деді Хадиша. -Сөйтейін бе, мейлі онда. Әлі келіннің қазақша камзолы мен қуыршақтың көйлегін бітіргеніміз жоқ. -Е, оны ертеңге дейін бітіреміз. Оюын сызып берсеңіз, түнімен тіксем де моншақтарын тігіп қоямын,- дейді Ақшайымның кіші қызы Балайым тігісіне шұқшиып. -Сен Жүнбас оны өзіңнің ертеңгі күніңе керек пе деп үйрену үшін-ақ тігерсің,ә?-Қатипаш тырқылдай күлді. Біраз жеңгелері Балайымға жабыла тиісті. -Ертеңімді мен несіне ойлайын, жақсыжаманымның ұяты сендерге келеді. Атымызды қалай шығарсаңдар да қолдарыңда. -Мә, мына Жүнбас сөзден қақалмайтын бопты әй! -Жеңеше, Жүнбасыңызды өзгертпейсіз бе? Әжептеуір қызды... Бойжетті ғой, жетінші оқи ма? -Ақылы соған-ақ жетеді ғой жеңешеміздің. -Сен үш -төрт самаурын тап одан да, күндіз біз

жұмсайық, түнде тігіс тігемін дейсің ғой. Дабай тұр! Дабай-дабай! -Мама, Қабылдар ертең жолға шығады екен, міне телеграмма,-сырттан келген Мамыр Хадишаға қағаз ұзатты. -Не депті, Нәфиса, оқышы өзің. -Жүк машинасымен шығыңдар, бесеуміздепті ғой, келін жасауымен келеді екен онда. -Бесеуміз десе, құдағи-жеңгелері ілесетін болуы керек... -Үлкен келіннің төркінінен бұрын келетін болыпты-ау. Қатипаштың аузы дорбаланып, түсі сұрланып кетті. -Осы жұрт қыстырылмайтын жерге қыстырылуға құмар!-деді де, еріндері ұзақ уақыт жыбырлады. -Е, жақсылықтың ерте-кеші бар ма? -Е, дұрыс бопты. Әкең көрді ме мұны, Мамыржан? -Иә, оқыды. Сіздерге айт деген соң... -«Айт» демесе, айтпай қоймақшымысың,а? -Қарашы –ей өзін. Әйелдер енді Мамырға жабыла тиісті. -Теректей болған бойыңды қайтейін-ай,қатын алуға жарамайсың. -Дәрмен қайнаға құсап, жалғыз өзі қақайып жүргені қызық шығар Мамырға. Хи-хи... -Сендер сияқты шуылдақтарға ұрынып қаламын ба деп қорқып жүрмін. Қыз көп қой әйтпесем, -

Мамыр да күле тойтарыс берді. -Ойы-бой мына мырзағаның сөзін қара! Шуылдамаса, шуылда тып үйретеміз келіншегіңді. Тура өзімізге ұқсатып аламыз. Ұқсамайтынын іздеп әуреленбе одан да! -Өзімнен айнымаған сіңлімді әперемін... -Менің де сіңлім бар, мырзаға... -Ой беттерің құрысын, шуылдақтар. Қашып құтылмасам болмады, миымды ағызарсыңдар! -Аһ-һа-һа!... -Хи-хи-хи... *** Үстіндегі үлкен тұлыптан ызғар есіп, сақалды дәу сары теңселе басып жақындады да: -Шипка!-деп салалы саусақтарын ұсынды. Сұқ саусағында бриллиант көзді алтын сақина от шаша жалт етті. -Қабыл! -Мына Женямен сөзім бар, рұқсат ет! -Мейліңіз. Ол Қабылға жәутеңдей қараған қалыңдықтың қыпша белінен ұстап, би ырғағымен теңселе жөнелді. -Женя, күйеуге шықпақсың ба? -Күйеуге шықтым ғой. -Оныңды кешіремін. Бірақ, мен сені басқаға беру үшін төбелесіп, зонада отырып шықпаған болуым керек. Дұрыс па? Менікісің деп едім-ау саған?! Мен тірі кезімде сені ешкімге бере алмаймын, түсіндің бе?

-Шипка, Шекербала... Мен ... біз бір-бірімізді
сүйеміз, түсінші... Маған бақыт тілеші шынымен
жақсы көрсең...
-Сонда мен бақытымды өзімнің қолыммен біреуге

сыйлауым керек пе, а?! Мен де сені сүйемін. Маған
тисең, айтқаныңды мен де екі етпеймін, құлың
боламын. Соны түсінесің бе? Біз рэкет деген
халықпыз, қорықпаймыз да, екі сөйлемейміз де. Бұл

той менікі болуы керек!
-Той болып қойды ғой... Шипка...
-Болса, шығынын қайтарамын. Ертең қайтадан
той жасаймын. Мына шибұтыңа менің кім екенімді

дұрыстап түсіндір. Жақсылық пен жолымнан кетсін,
болмаса жарып саламын.Ұқтың ба?
Жарқынайдың жанарына жас үйірілді. Мына
дүлей дойырдың кесілген томардай сезімсіз екенін

білсе де, аяғына жығылуға даяр еді. Өзімшіл
өркөкіректің
санасын
сыңсыған

аққудың
зары
зәредей селт еткізбесін де біледі. Бұл дүлейді қалай
тоқтатуға болады? Онымен ымыраға келудің қандай

жолы
болуы
мүмкін?
Әлде

жүгіріп
барып
Қабылының құшағына кіріп, мына тойды тастай сала
екеуі қашып кетсе-ші? Жоқ, бұл дойырды бір

тоқтатса өзі, тек өзі ғана тоқтатады.
-Шипка-а... бұл тағдырдың ісі ғой. Мен сенің
қарындасың болып қалайын. Шипка, мен... мен
жүктімін! Иә, менің құрсағымда бала бар. Түсінші.

Сен екеуміздің өміріміз бәрібір жараспайды, Шипка.
-Сен қарындас болмақпысың маған?! А-ха-ха-а!

Үйді дірілдеткен оспадарсыз күлкіге, оның одағай ісіне көпшілік аңтарыла қарасты. -Айттым ғой оңбайтын ит деп! Қабыл, не істеуге болады енді? Сен жуымашы, ол... бар ғой нағыз қанішердің өзі! Женяға сөйледің деп бір жігітті пышақтап, түрмеде отырған еді. Жақында жеңілдік пен босанып шығыпты деп естіген едік. Е.Құдайым, мұндайларды май құйып өртеп жіберген жеңіл ғой, амнистияны кім жасайды екен осы?! Жеңгей күйеу баламен билеген боп теңселіп жүргенімен, екі көзі қайынсіңлісінде, тынбай сөйлеп жүр. -Женя, сүйемін сені, түсінесің бе? Мен тірімде ешкімге бермей мін сені!-деп күлкісін кілт тоқтатқан Шипка той көйлегіндегі келін шекті сүйді. Ол жұлқына босанып алды да, жігітті шапалақпен салып жіберді. -Ә, солай ма?!- деп тістенді ол. Қабыл мен жеңгесі жүгіріп келгені сол-бұзақы жігіт Қабылға тұра ұмтылып, суық қанжар жарқ етіп бір көрінді де, қанға боялып, қанішердің қолында кете барды. Қанға бөккен Қабыл, шыңғырған әйел дауыстары, сұрақ-жауап тар, у-шу, айқай-сүреңнен Жарқынайдың көзі тұманданып, еденге құлап түсті. *** Ертең пойыздан келіні мен ұлын күтіп алуға қамданып, тойдың соңғы даярлықтарын жасап жатқан Дәулетбақ қарт «Қабыл ауыр жағдайда, тез

келіңіздер= Жарқынай» деген жеделхат алып, дал болысты. Қан қысымы жоғары Хадишаға «келін ауырып қалған көрінеді» деп жұқалап жеткізді. Күлкі тиылып, ел үрпиісті. Сол күні Сәуірбек пен Мамыр Жарқынайдың еліне жедел аттанып кетті. *** Жаралы жігіт пен қалыңдықты қалалық ауруханаға жеткізіп, Сергей Иванович ішкі істер бөліміне болған жайды хабарлады. -Иә, ол Шекербала Айтжанов деген қанішер үшеу болып, түрмеден қашқанына бүгін екінші сөтке. Екі қызметкерді жарақат таған, қаруланған. Сақ болыңыздар. Хабарлағаныңызға рахмет, -деді кезекші милиционер,-дабыл қағамыз. *** Жарқынай көзін ашқанда ақ халаттағы Бақытгүлді көрді. Ол «Жарқынай, Жарқынай...» деп жасаурай жымиғаннан өзге, ләм демеді. -Бақытгүл, Қабыл-л... қайда-а... -Ол... ол осында... -Қайда? Мамам ше? -Шайнұр апай да осында. Қабылдың қасында жүр. -Ол қалай? -Дәрігерлер көріп... жатыр... -Сонда барайық, -деп орнынан көтерілуге ыңғайланған Жарқы найды Бақытгүл иығынан басты. -Жо-жоқ! Бізге онда баруға болмайды. Жоқ, саған қазір демалу керек, ол да демалып... демалуы керек, түсінесің бе?

Есіктен медбике кірді. Тасболатова, ояндыңыз ба? Сізге укол салуым керек. Тексеру сіздің бөпелі болатыныңызды анықтады. Құттықтаймын! Сіз дұрыс демалуыңыз керек. Енді бөпеңізді ойлаңыз. Жарқынайды еркінен тыс ұйқы ұйығы тартқанда операция үсте ліндегі Қабылдың өмірі үшін дәрігерлер жан терге түсіп жатқан-ды. Таңсәріде шошынып оянған Жарқынайды ақ халатты апасы құшақтай жұбатты. -Қабыл...ға не болды? Шынын айтыңызшы, тірі ме? -Иә, оған операция жасады. Дұрыс дейді. Қазір дәрігерлердің бақылауында, ешкімді жібермейді. *** Тағы бір сөтке өткенде Мамыр мен Сәуірбек бейтаныс құда-жек жаттарымен ауруханадағы Қабылдың қасында табысты.Реанима ция бөліміне ақ халаттылар кіріп-шыққан сайын жанкүйерлердің жаны мұрын ұшында дірілдейді. Тіл қатып, тыныштықты бұзуға ешқайсысының батылы жетпей, жалбарынған жапалақ көздерімен ақ халаттыларға жәутеңдейді. Темір есіктің ашылып-жабылуы жиілеген сияқты ма, қалай?... Жарқынайдың жанары-бүгін бұлақ көзіне айналғандай. Оны бір қолымен қапсыра құшақтап, Бақытгүл де егілуде. «Шіркін-ай, осының бәрі қорқынышты түс болса-шы! Қазір шошып оянып, бәрі де баяғыша –той жалғасып кетсе-ші».

Ауыр темір есік ақырын ашылып, тұнжыраған, көзілдірікті дәрігер шықты. Шықты да... аз-кем үнсіздіктен соң: -Құдіретуллиннің ең жақыны қайсыңыз?-деді. -Мен,-деп екі ағасы қосарланды. Еріксіз үні шыққан аузын қос алақанымен басып, қалыңдық күздің соңғы жапырағындай қалтырады. -Жоқ, тек біреуіңіз ғана... келіңіз. Ере кірген Сәуірбекке дәрігер қарсы алдындағы орындықты меңзеді. -Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бірақ шамамыз... жетпей ме деп ойлаймын. Мықты болыңыз. Егер көремін десеңіз... Сәуірбек еңіреп жылады. -Дәрігер, жалынамын... құтқарыңызшы... -Аянған жоқпыз. Тағдыр солай шығар, балам. Үйленген бе еді? -Той үстінде... -Иә, адамнан өткен жауыз бар ма жер бетінде!? Пышақ тік сұғылмай, айналып кірген-ау, ішкі органдарын талқандап кеткен... Ақылмен істеген жауыздықты жеңу қиы-ын, балам!- дәрігер тұқшиыңқырап түрегелді де, Сәуірбекті арқадан қақты,-мен ініңіз бен қалыңдықты да кіргізейін, бірақ, ұстамды болыңыздар. Бұл-аурухана ғой... Түрлі түтікшелер мен аппараттар жалғанған. Қабылдың кезерген ерні есіктен кірген ағалары мен қалыңдығын көргенде пырт жарылып, қанады.

-Кел-дің-дер-ме...-деп, сөзді де өзі бастады, -ауыл
... мамам... көкем... қалай?
-Жақсы... –Сәуір ақ жайманың сыртынан інісінің
аяғын ұстады,-бәрі жақсы.

-Келіндерің... осы...-Қабыл Жарқынайды көзімен
нұсқа-ған болды,- мамам...дар... сен...дер... той... да...
бол...ған...да...
Мамырдың «құдай қаласа, ауылда той болады

ғой» дегісі –ақ келді, бірақ, аузының ол сөзге икемі
келмеді. Үні шықпады. Қабыл дың қанап, кеберсінген
ернін медбике сулы дәкемен сүртті.
-Су-у...

-Аздап шыдаңыз, су болмайды сізге.
-Дүние... неткен қыз-ық еді... Мен балалы болған-
да... көкем мен мамам оның...тойын...да сөз айтқан-
да...шы... Ар-ман-ай! Жарқынай, барлық кезде... мен

сенің тілек...тесің...мін, қа...сың...дамын... Соны...
ұмыт...па...-ол күлген болды. Кезерген ерні тағы
қанады. Медбике сулы дәкені тигізді,-Сә..уір...Ма-
мыр...мы-нау... келін... дер...ің-ді... жал...ғыз-с...сы-

рат...паң...дар...шы...
Жарқынайдың үні шығып кетті.
-Қабыл,мені жалғызсыратпа! Қабыл мені ешқайда
тастама, Қабыл! Сенсіз өмір керек емес маған, Қа-

был...
Қабылдың ерні қабыршақтана қанап, тағы да
жымиды.
-Ар-ман-ай... іһ-һ!

Ол Сәуірбектің саусағын әлсіз ғана сығымдап, аяқ жағында тұрған Жарқынайға қараған күйі демін тоқтатты. Жүрек соғысын көрсетіп тұрған график жоғарылы-төменді дір-дір етіп ауытқып тұрды да, түзу көк сызыққа айналды. Аппарат пипілдегенін тоқтатып, құлақ тұндырардай шыңғырды. -Қа-бы-ыл! –деп үздіге айтқан үні құмығып, алға созылған қолы сылқ түсіп, Жарқынай кереует басына бүктеле асылды. Шейіт болған мәйіттің көзін жылы алақанымен ақырын жұмғызған медбике қалыңдықтың бір қолтығын сүйемелдей көтерісті. Көзілдірікті қартаң дәрігер жанкүйерлерді дәлізден сыртқа қарай бастады. -Тағдырдан ешкім қашпайды, арты қайырлы болсын. Менің естуімше, қалыңдық жүкті көрінеді, енді соның жағдайын ойлаңыздар. Ол кісінің жүйкесі әлсіз. *** Он тоғызыншы жыл өмір сүріп жатқанда Жарқынай өзінің «тәубе» деп көрмеген қанағатсыз, асау, шектен тыс ерке болғанын енді ғана түйсініп, сезініп, қазірде өкінеді. Елдің мұны биязы, көнбіс дегені бекер, бұл асау! Сүйдемей, Қабыл ата-анасына бір аптаға кеткендегі жылағандарын, тамақ та ішпей, сабаққа да бармай, ешкіммен де сөйлеспей өзін-өзі тастап жіберген қылығын, ақырында төсектен де тұрмайтын болғандығын қанағатсыздық, көкіректік демей, бұл не десін?! Қазір ғой, Қабылды көрмегелі екі айдан асты. Екі ай! Түсінесіз бе-ол Жарқынай

үшін ғасырдай ұз-а-ақ уақыт, күте-күте шаршады.
Шаршағаны соншалық-төсегінде шалжиып жатса да
әлімсақтан бері адамзатты асырап келе жатқан
құдайдың ауасы тарылып, жетпейді. Терезе-есікті

ашса да, сыртқа шықса да солай. Күрсінгісі келеді де
тұрады. Тек бір сәтке аздап жеңілдейтіндей. Қабылын
іздегісі келеді, кәдімгі ертегідегі темір кебісі теңгедей
боп тозғанша, темір таяғы жуалдыздай жіңішкер

генше, соңғы демі біткенше жарын іздегісі-ақ келеді.
Бірақ, қайда баруды білмейді. Өлді деп сенгісі
келмейді. Көзбен көргенге сене алмайды дегенге
сенесіз бе? Шыңғырып жылаған аппарыттың үні,

«арман-ай» деген соңғы сөзі, көзінің кішкентай ғана
аясына бүкіл тіршілікті сыйғызып, қимай қарағаны,
жымиған күйі бұған барлық мейір, махаббатын
бағыштап, ашық қалған жанары бәрі-бәрі дәл қазір

болғандай-ақ жадында. Сол кезде тажал-сұмдай
көргісі келмеген осы көріністерді қазірде мәңгібақи
көріп тұра беруге бар. Не деген қарама-қайшылыққа
толы тіршілік бұл?!

Қабыл Жарқынайдың көңілінде өлген жоқ. Ол өзі
айтқандай әркезде де мұның қасында. Ояу жүрсе
өлеңдерін, күнделігін оқып, «Ә, ол күні менде былай
болған еді ғой, сен білмейсің» деп кәдімгідей

рахаттана күліп алып, сосын күбірлей сөйлеп жауап
береді. Анасы-Шайнұр қызының есігін ақырын ашып,
таңырқай, үрке қарап тұрып қалатын. «Есі ауыспаса
неғылсын. О, тәңірім, қызыма сабыр бере гөр. Қуат

бер.»

-Мама Қабылды тыңдашы. Ол нағыз ақын емес
пе? Міне, былай деп жазыпты,-деп өлеңдерін оқып
береді,-Бір кітап! Мен жұмысқа кірісемін де, оның
өлеңдерін бастырып, жарыққа шығаруға қаржы

жинаймын.
Иә, Жарқынайдың өмірі Қабылмен бірге өтіп
жатты. Белгісіз бір а-лыс-т-а-а жүрген жан жарына
бар жақсылықты тіледі. «Жарқынай, мен басқа қызды

ұнатып қалдым» десе, ризалық білдіріп, Қабылды
көріп тұруы үшін ғана, оның жағдайының жақсы
болуы үшін ғана сол үйдің қызметші әйелі болуға
даяр еді.

Бұл шөптей болып солыды. Анасы мен апа-
жеңгелері бәйектеп, барын аузына тосып, көңілін
компастай
бақылап

отырады.
Мектептегі
бірге
оқығандары, жеңгелері неше түрлі әңгімелер айтады.

Әсіресе, Шипка жауыздың екі қарауылды жарақаттап,
қаруларын
тартып
алып,

түрмеден
қашқанын,
қаладағы алтын дүкенін тонағанын, жақында Ресейде
банкті тонауда қолға түскенін қызынып айтады.

Бұған бәрібір сияқты-табаламайды да, қуанбайды да.
Не болса о болсын! Шипканың дүниеде бар-
жоғының түк те келіп кетері жоқ!
Қабылдың елі мұны өзіне қарай онымен бірге

жүргендегіден күштірек тартатын болды. Соның
туып-өскен топырағы, ізі сайрап жатқан ауылы,
дүниеге келтірген әке-шешесі, бауырлары, достары-
мұның ең-ең қымбаттыларындай. Баяғыда атасы мен

мамасы Сәуірбектермен бірге жерлеу... жерлеуге

емес, Қабылды алып барғанда «тәрбиелі шаңырақ» деп келді. «Құдамыз Дәукең –шежіре, көп білетін кісі екен. Құдағи Хадишаөте мәдениетті, биязы жан екен. Ауырлық тасы әркезде де анаға түседі ғой, күйреп қалмаса қайтсін» дейтін Шайнұр оңтүстіктегілерді естегенде. Сынған жас шыбық түбінен жаңадан бүршік атып, бұтақтамай ма? Бұрынғы Жарқынай жоқ болғанымен, бауырында сүйіктісінің ұрпағы өсетінінен нәр алған жас балғын сол баланы әкесін танытпай өсіруді қылмыс санады. Шипка жауызға жан далбасасымен «жүктімін» дегенде, шынында да солай екенін білсеші. Қабылы артында ұрпағы барын білгенде ғой «арма-н-а-ай» деп соншалықты өкінбес пе еді. Иә, бұл Қабылдың арманын өсіріп отырғаны үшін-ақ бақытты. Ол анасы Шайнұрға Қабылдың әке-шешесімен тұрғысы келетінін айтты. *** «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп, өзінің ез емес, ер болғанына; қой емес, бөрі болғанына мақтанады Шипка. Аяғыңды бір серпіп, «мә» деуге де шамаң келмей, бауыздала бергенше, азу тісіңді ырситып, таласып жүріп өлген артық емес пе? Берсе қолынан, бермесе-жолынан! Еркек боп жаралғандықтан қораз екеш қораз да үйірі үшін төбелеседі. Мықтысына әлсізі бағынады-аулақ жүреді. Олай болса, мына адамдар қолдан жасаған заң Шипканы не деп кінәлап, не деп абаққа жауып

отыр?! «Сүю-пүю», «теңдік» деп оттайды ә? Сүйген деген жоқ! Шешесін мына екі көзімен талай рет көрген ол. Әкесі тірі жүргенде-ақ шешесіне еркек ауыстыру көйлек ауыстырудан оңай болғанын! Шілтік әкесі ұрса әлі келмейтін болған соң, ақысын арақтан алып, ішетін-ай! Шипканы жақсы көретін, әркімнің отынын майдалап, үйін майлап, етігін шегелеп, тапқан тиын-тебенінен осының әжетін шығарып, өзі сол үйдің вино-самогондарын сұрап ішетін. «Шипка, мықты жігіт болшы. Әйел деген атаңа нәлеттерді уысыңда былай ұсташы, жаным!» деп титтей жұдырығын терісі сетінеп кетердей тырыстыра қысатын. Ақыры өліп тынды-қыстың күні көшеде арам қатты. «Арам қат деуші ем, арам қатты пияншүк әкең. Сен де соның қанысың, одан асып қайда барасың» дейтін шешесі ашыналарының дастарханын жинап жүріп. Ол шешесімен талай төбелесті, ақыры шешесі мұны бұзық балалардың коллониясына өткізіп жіберді. Бірақ, бұл әкесі армандағандай ірі, мықты, шымыр болып өсті. Шешесіне ірілігі тартқанына шүкір. Қалада ұйым құрды бұлар. Кейде неге екенін, туған ауылды көргісі келетін. Әкесінің моласына барып, қоршаусыз топырағының шөбін тазалап, өзі қаққан қазығын түзететін. «Әке болып не жарыттың?» деп оған да жыны келетіні бар кейде. Бірақ, дәл сол әкесінен басқа бір пенде мұны «жаным» деп жылы сөйлеп, маңдайынан сипамаптыау. Сондықтан ба, топырақ көміп тастаған өлі

денеден, төмпешіктен бір тәтті сезімді аңсап, іздеп келетін. Екі жыл бұрын ғой, өз елінде жүрген-ді. Бұл күшейіп, жігіт болған соң шешесі де жалпақтайтын мінез тауыпты. «Көйлегің кір ме, жуайын» дейді-әй! Қашаннан бері ол мұны ойлапты-әй? Дояр-ка! ...Иә, сонда дискотекаға барғанда осы сұлу қызға бірден көзі түсті. «Менікі» деп шешті. Оны биге шақырды. Сонда «менің қызым боласың, ешкіммен билеме де, сөйлеспе де. Ұқтың ба?» деп шегелеп айтқан.Еліне баруға осы екінші себеп қосылған соң, баруды жиілетті. Бір барғанында сондағы көз қарауылдары Жарқы найды мектептен қайтқанда ылғи да класындағы бір шибұттың үйіне шығарып салатынын айтты. Сосын оны бұтын бұт, қолын қол қылып, «жыртып» тастай салды бұл. Жұрттың әке-шешесі тәлпіш қой, шибұттарының «жыртығын жаматып» тірілтті, мұны соттатты. Ал, мұның жалғыз жақынымамулясы ол сотқа келмеді де.Жетім бұл! Бірақ,өз дегеніне жетеді!Ешкімнің керегі жоқ та! Қояққойсыншы сол шеше-пешесі! Осы жолы сол қыз байға тигелі жатыр дегенді есітті де, екі жігітті ұйымдастырып, абақтан қашты. Өлім бәрібір бір келеді, одан не қорқатыны бар?! Өмір үшін, бақыт үшін әркім-ақ күреседі. Екі қарауылды пышақтағаны, жолына көлденең тұрған шибұтты жастана өлсе, жігіттік емей не! Қатынға қол былғағысы келмеді, әйтпесе, ол қаншық бір қылғындырғаннан қала ма? Ол Жарқынай қатын

мұны тыңдамайтындай кім өзі? Тыңдағысы келмеген өзі!Хат жазған дұрыс, Иә, «тірі жүрсем менікісің, жер бетінде болсаң тауып аламын» деп хат жазуы керек. Шалхардағы бір «қасқырдың» үйінде тасаланып, түнгі жүк пойызымен Ресейге бет алған үшеу Жарқынайға арналған хатты осы Қазақстанның ішінен жіберді. «Телегей теңізден бұларды кім табады? Алтындары аман болса армансыз өмір сүреді әлі. Әкем Шекербалам десе,бойыңда күшің, қалтаңда ақшаң барда ғана шекерсің!Шидей әкесін өз шешесымағы менсінді ма? Жоқ! Солай!».

ӨСЕК

ІІІ-тарау

Көтермес әркім бақты да,
Сор болар кейде жақ мына.
Кім айтса сенген Надандық,
Садақ боп сені атты ма?

Жарқынай келгелі бері Дәукеңнің үйіне бір жылы
леп кіргендей, қара көңілдері қайырымдылық тапқан-
дай-ды. «Бойында бала бар көрінеді» деген жалғыз
ауыз сөз Қабылдың жанашырлары үшін оның өмірі-

нің жалғасы бар деген үміт отын жандырған. Келін-
нің қадам басуын Дәукең ірі қара сойыс беріп, аға-
йын-жекжаттарына жиын жасап, атап өтті.

Қазақстанның о шеті мен бұ шетіне шашырап
кеткендеріне қарамай Дәукеңнің жеті қызы, күйеу-құ-
далары түгел келді. Тек, денсаулығына байланысты
жақын да болса Алтынай ғана келе алмады.

-Құдағиым,-деп Шайнұрды таныстырды, құдалық
жолын жасап, шығарып салды.
Хадишаға да қуат пайда болып, үһілеп жата бер-
мей, бас көтерді. Ұлының өзі болмаса да көзіндей қа-

дірлеп, Жарқынайды бір сәт көзінен таса қылғысы
келмей, өз бойын жарып шыққан перзентіндей жақсы
көрді. Жаралы жүрек ана мен қалыңдықтың екеуі де
бұрынғыдай жылай бермей, біріне –бірі жұбаныш,

сүйеніш болды. Бір жерде сүрініп кете ме деп, жақпас
тамақ ішіп қоя ма деп, желең жүріп жел тие ме деп,
түнде арқасы ашылып қала ма деп Хадиша Жарқы-
найдың қамын жас баласындай ойлады. Сүттің қайма-

ғын, астың дәмдісін де өзіне қимай, соған сақтады.
«Мама, мам» деп еркелей тіл қатқанда, еркетотай Қа-
былы көз алдына келді.
Енесінің бұл қылығы Қатипаштың қытығына ти-

ді. «Ау-ы-ыш, ауыш болмаса еліне сау апарып, ұлын
өлтіртіп жіберген жалмауыз-қанішерге сонша бәйек
бола ма, а? Туады –мыш!» Тумай, туа шөкпей ме?
Мен мына жарым ата-енемнің орнында болсам,

«ойнасына өлтіртті» деп сотқа берер едім. Ім-м... Ол
зәлім қатынға мына ауыштар өлгенінше жем болмақ-
шы ғой. Сәуір де елпілдей қалыпты! Көкше, туып
беріп отырған мені жетістірсінші алдымен».

Адамда арман бітпейді екен-ау. Осы келіннің суретін көрсеткенде неге ғана жыладым деп, жыламасам ұлым өлмес пе еді деп өзі бұрын сенбейтін соқыр сеніммен арман етеді Хадиша. «Онда әкелмеймін» деп еді-ау ұлы сонда. -Иә, құлыным, артыңда қалған тұяғыңның тілеуін тілеп, алладан қажет болса, соның жолына жанымды құрбандыққа шалуын тілеп жалынайын. Енді оны жыламай тілейін, құлыншағым,-дейтін Қабылмен іштей тілдескенде. Хадиша белін буып, бекінейін деді. Бір күні Жарқынай: -Мама, мен мектепке жұмысқа кірсем қайтеді?- дегенде, әуелі бұл «о несі?» деп түсінбей қалды, -паспортымды ЗАГС бойынша жаңалап, Құдретуллина деп өзгертейін, есепке тұрайын. Ұзарта берсек, кеш қалармыз. Менің «еңбек кітапшам» ашылғаны дұрыс па деп ойлаймын. Папама айтып, ақылдасамыз ба, мама? Әуелі «Қасымда отырғаның оңды болар. Сенің қамыңды жасамасақ, несіне жүрміз» десе де, Дәукең екеуі ақылдаса келе «жөн» деп тапты. Құдретуллина Жарқынай осындағы Қабыл оқыған орта мектепте әдебиет пәнінің оқытушысы болып қызметке жайғасты. *** Мектеп өмірі Жарқынайға нәр бергендей-ді. Мұнда өзінің пікірлестерін көптеп кездестірді. Мұғалімдердің көпшілігі өзінің Қабылын оқытқандар. Олар-

дан жан- жарының балалық шағы туралы көп мәлі-
меттер есітіп, ол туралы да, өмір туралы да танымын
кеңейтті.
Жарқынайдың келісі мен жүрісін жаратпаған

жалғыз жан--Қатипаш ғана. Жас келінді жалаңбас
жүргізеді деп, кенже қызындай шолжаңдатып, не
сиыр сауғызбай, не су әкелгізбей үлбіретеді деп,
«мама, папа» дегізеді деп жыны қайнайды.

-Апа, ол бұл үйге қыз ба, қатын ба? Жоқ, бізден
артық туған бір жері бар ма?-деді Хадишаға, -бала-
ңызды жалмай келген жалмауыздан қорқасыз ба әл-
де?!

-Қой, қарағым, көңілі қаралы жас бала осы үйді
«үйім» деп келген шығар. Тамақ асырап, күнкөріс
үшін жүрген жоқ. Менің Қабылыма оның қабырғасы
қайыспаса, жарығымның аманатын туғандарына тап-

сырамын деп келер ме? Ақымақ болма. Өмірінің бір
гүлі ашылмай жатып, үсікке ұрынған бозымның қуа-
нышын көп көрме, балам. Ұят-ты есіткен құлақтан.
Ол біреуді жалмағысы келген бе, шырағым? Біз сайға

домалап бара жатырмыз, сендердің келешектерің
қырға бастап тұр. Қолдарыңнан бір-бірлеріңді жоға-
ры тартып жүріңдер. Қосағы жоқ. Қорғаны жоқ өз
жетім-жесірлеріңді біз өлген соң да... -Хадишаның

жұтқыншағына өксік тіреліп, дауысы дірілдеп кетті.
«Жылағаны құрысын, жыламаймын» Хадиша тама-
ғын кенеді.
Қатипашқа бұл сөздер жарапазандай жаттанды,

мәнсіз көрінді. Құлағына жақпады. «Шірік-ай,ә?!»

деді күбірлеп. Айтса, айтары көп еді. Бірақ, «тышқан
ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалбыр байлапты-
ның» кебін киюден қорықты. Өзіне «Әй! Сф-ф! Қай-
да,тап! Мынау не,аһ!?» дегендей одағай, бұйрықтан

басқа сөз айтпайтын жаре-ем байы ше, мына қатынға
жылмиып, кәдімгі түлкінің ағашқа керген тұлы-
пындай ыржиып қарайды-әй, ә! Шешесінің сөзін екі
етпейтін көкше жалмауыз қатынды ал десе, ала

салудан тайынбай ды. Құрысын! Беті аулақ! Мына
кемпір-шалға керегі де сол шығар, айырылып қалар-
дай, айналшықтап өлді ғой сол қатынды. Қой байым-
ның жынына тиіп, жақпай қалсам жағдайым қиын бо-

лар. Одан да мына қатынсыз, салбыраған Мамырына
әпере салсын қимастарын.
Хадиша өксігін әзер басып, тамағын тағы да кенеді.
-Шырағым, шүкір, оның он жерде отансыңдар,

өзді-өзің. Құдай аман қойса Мамыр да жас емес. Қыз-
дар- қонақ, тілекшілерің. Мен ендігі өмірімде Қабыл-
дың артында қалған қос жетімді жеткізсем... Со-
лардың жолына жаным құрбан. Сен, шырағым Жар-

қынаймен жағаласпа. Бұрынғы істеп жүрген тірші-
лігің, бұрынғы күніңді көр.
Қатипаштың аузы дорбаланып, долданып есікті
тарс жауып, тыңдамай кетті. Үндемеді. Үйдің сыр-

тында Алпамыс пен Арыстан ның құлындай шыңғыр-
ғандары, Қатипаштың «өлдім –ау қараң қалғырлар!
Малай қатынды таптыңдар-ау!» деп гүж-гүж еткен
еркекшора дауысы, дүңк-дүңк, салдыр-күлдірлері

дүниені дүрліктіріп, көшені қуалап толқындады.

Хадишаның қаны тасып, құлағы шыңылдай жастығына қисая кетті. «Ә-ә, бұған не амал? Дауасыз. Айтқанды ұғар құлақ қай-да-а!» деп іштей күрсінді. Ішкі дерт ішін тағы да іріте берді.Қабылдан айрылғалы іші дірілдейтін кесел тапқан-ды,сол кеселі ұстады. *** Ас үйде кеспе кесіп тұрған Жарқынай жеңіл мәшиненің есігі жабылғандай болған соң жүгіре басып, аулаға шықты. Айтқандай-ақ Сәуірбек ағасы! -Аға, сүйінші! Әлдилі болдық! Ұл! Сәуірбек кілт тоқтап, Жарқынайдың бойына тесіле қарап қалды. Сонысынан тағы абдырап: -Қ-қашан?...Иә...кім?-деді ұялғанынан тұттығып. -Жеңешем ұл туды! Сіз жұмысқа кеткен соң толғатып... Мамыр аға екеуміз сонда болдық. Енді тамақ апарғалы жатыр едік. -Иә, дұрыс болыпты,-Сәуірбек келінінің ішіне қарап қалған әлгі қылығынан қатты ыңғайсызданды. Иә, әйелінің уақыты жетіп қалған екен-ау... шынында дұрыс болыпты. «Әлдилі болдық» дегенде күткен тілегі сол болған соң ба, есіне Қабылдың әлдиі бірден түскені! Қап, келінінен ұят болды-ау, ә! Жаман түсініп қалмаса етті. «Е, алла! Бар екенің рас болса бауырымның баласын аман сақташы. Сол бала үшін болса да, анасын аман сақташы, жаратқан ием-ай! Қабылымның Арманайын аманат етші біздерге» деп, Сәуірдің жанары жасаурады.Оның көңілі толқып,

бақшалықты кезіп кетті. Сәлден соң ғана үйге беттеді.
«Әке болу -қандай бақыт» деп сүйсінді Жарқынай.
Сәуірбек үйдегі аласа үстел басында немерелері-
мен отырған ата-анасына бас сұқты.

-О, балаларыңыз құтты болсын!-деді.
-Е, айтқаның келсін. Қабылымнаң орнын басқан
Орынбегім келді,- деп Дәукең көзілдірігін алып, кіта-
бын үстелге қойды,-бардың ба келінге?

-Жоқ, қазір естідім ғой. Мамырлар барар.
-Е, Мамырлар барады-ау, сенің орның бөлек қой,
балам. Енді баланы иемденетін кезек тиіп қалды-ау
саған да, -анасы арқасынан қағып қойды.

Сәуірбек шүйдесін сипалай берді.
-Ас дайын, мама. Әкеле берейін бе, жоқ жеңе-
шеме берып келген соң ба?- деді Жарқынай есіктен.
-Әкеле бер, қарын ашты,-Сәуір жорта айтты.

Дайын асты тастай сала, әйеліне жүгіріп кеткенді ар
санады.
-Әкеле ғой, жарығым. Ағаң жұмыстан шаршаған
ғой.

-Онда жеңешеме қазанда сақтай тұрайын,-деп
Жарқынай құстай ұшып асханаға кетті.
-Ой, жарығым-ау, қай пейіліңнен қысты екен сені
тәңірім. Ә, алдыңды жарық қылғай енді,-Хадишаның

жұтқыншағына тағы да өксік тірелді.
-Қой енді, қайдағыны бастамай,-Дәукең бәй-
бішесіне қатулана тіл қатты, -шүкір де! Берсе-
қуанасың, алса-жылай бермекпісің енді?. Шүкір де!

-Иә, шүкір, шүкір еттім. Тәубе.

Жарқынай келгелі тап-таза жайылатын дастарханда Дәукеңнің үй-іші Орынбек атты жігіттің қуанышына желпіністі. Етенеден сыр мінез Алтынай тәтесі Орынбекке құтты болсын айта келгенде, Қатипаш қуанып кетті. Ішіне симай тырсылдаған өкпе-назын ақтарып, араша іздеді. Енесін мына жалмауыз келін-Жарқынай дуалап қойған ба, құдай біледі-ау, ол дегенде Қатипаш түгілі қыздарын сатып жібере ме деп қорқатынын айтты. Бұл зәлім келін Қабылға арнап, әңгіредей үй салынғанын біліп, әдейі үйлі-жайлы болайын деп; одан қалса, екі қайнағасының біріне тиіп, байлы болайын деп келгенінен қауіптенді. Қабылдың достары үйге келгенде Жарқынайдың мінезі құбылып, оларға жыртаңдайтынын, әсіресе анау әйелі бар Бескен мен бойдақ –жылпос Тұрдыштың Жарқынайға сүзі-лі-і-п, үз-ді-гі-і-п қарайтынынан от шығып кете ме деп Алтынай тәтесіне қатты ескертті. «Апамызға айтып ем, сенбек түгілі соның жолында өлемін деп жылады. Кімге тисе де ажырамаймын келіннен, бақыты ашылсын» дегенін күйініп, ызаланып, бес-алты рет шегелей айтып жеткізді. *** -Құдағиларға хат салдың ба, жарығым?-деп Хадиша мамасы ескертпесе, Шайнұр мамасына хат жазуды Жарқынай көп ескермейтін. Үйден кеткеніне біраз жыл өтіп, еті үйренді ме, әлде көңілі жайласты ма, қайдам.

–Анаға «аманмын» деген бірауыз сөз жетеді, ба-

лам. Аптасына жоқ дегенде бір хат сал,- Хадиша ма-
масы Жарқынайдан осыны талап етеді.Ал, өзі Сәуір
мен Мамырдан құдағиға жеміс-жидек жөнелтуді қа-
дағалаудан жалықпайды. «Ол жақта таңсық қой».

Бірақ, «аманмын» деп жазылатын арзанқол хат
Жарқынайға ұнамайтын. Сондықтан шығар жиі хат та
жазбайтын. Күнделік жазып жаттығып қалған ба, хат-
тары жан сырына толы, екі-үш парақтық новеллаға

көбірек ұқсайтын. Бақытгүл де, мамасы да «өзіңмен
сөйлескендей, сағынғанда қайталап оқып жүремін»
деп жауап жазатын-ды.
Бая-ғы-да-а ұмыт болған балабақшаға баратын

балалығы қайтып оралғандай төсегі Хадиша мамасы-
мен қатар салынып, оның қолының қарын ұстап, не
құшақтап жатып ұйықтайды. Мектепке баратын мез-
гілі таянғанда да оятумен тұрып, дағдыланып кетті

ме, әйтеуір ұйқыбас. Терезесі көлегейленген тыныш-
тықта тербетілген дей ұзақ ұйықтайтын. Бұл кезде
мамасы бала-шағаны «жеңешеңді оятасыңдар» деп
аулаққа ойнатып, үй сыртында оның ұйқысын бағып

отыратын.
-Ұйқы деген-жүйкенің ең жақсы емі, тыныға ғой,
ботам.
-Осы үйге бір әулие аздық етті білем. Шал әулие

бар еді, қатын әулие келіп қосылды!-деп Қатипаш
көрінгенге зарын айтып, шағына жыламсырайтын.
Міне, декрет демалысына шыққалы да аптадан
асты.

Бес жасар Алпамысы мен Жарқынайын екі жағы-
на алып, ашық аспан астында ұйықтауға Хадишалар
көшкелі біраз болды. Жұлдызы жымыңдасқан түнгі
аспанның адам қиялын қанаттанды ратын қасиеті

мол-ау.
-Апа, дұлдыжды аспанға кім тігіп қойған?-дейді
апасының ар жағында жатқан Алпамыс.
-Е, жұлдыздар өте үлкен, жерлен де үлкен нәрсе.

Алыстан кішкентай болып көрінеді ғой. Оны үлкейіп,
мектепке барғанда түсінесің, құлыншағым.
-Мама, әр адамның жұлдызы болады дегенге
сенесіз бе? Иесі өлгенде жұлдызы ағады дейді ғой?

-Қайдам, жәй сөз бе деймін. Мынау Күніміз де
жұлдыздың біреуі екен. Бұдан да үлкен, бұдан да оты
күшті жұлдыздар-көкпеңбек болып жанатындары
екен. Баяғыда –педтехникумда оқығанымызда бізге

солай үйретуші еді. Күннің шығып-батуын, жыл мез-
гілдерінің ауысуын, айдың тууын оқытатын. Аспан
деген құпиясы көптігімен адамдардың ықыласын
аударатын алып мұхит сияқты екен ғой.

Қабыл да кішкене кезінде өте әуесқой, әсершіл
еді. Бір күні «жердің астында не бар?» деп сұрағаны.
«Жер бар» деппін сасып.
-Оның астында-шы?

-Тас бар.
-Оның астында?
-Су бар. Құм бар.
-Оның астында-шы?

-Тағы да жер.

-Оның астында-шы?
-Оның асты осы біз тұрғандай жердің беті. Әр
жағы аспан, жұлдыз дегем. Сол бастауыш класында
ғой, мұғалімі ертегі, ғажайып оқиғаларды әңгімелеп-

ті. Сөйтсе, біздің бала апайына әлгі сұрақты қойыпты.
Жауабы онша ұнамаса керек қой, «білмейсіз бе, Жер
деген шала піскен жұмыртқа сияқты, сырты қатты,
ортасы қоймалжың ыстық. Солар вулкан болып атқы-

лағанда, тау пайда болады» депті. Иә, үлкен әпшелері
түсіндірсе керек қой. О,жәнім, осы Алпамыстай кезі,
өстіп аспанға қарап жатқан-ды. Өзімен-өзі сөйлесіп
жатып ұйықтайтын әдеті болушы еді. Құлақ салсам:

-Эй, аязата, бері кел-л! Әне, келе жатыр.
Аяз ата келеді жұлдыздан,
Сақалын жұлдызға жұлғызған! -дейді.
Күлейін-әй! Көз алдыма ұзынды-қысқалы

селтиген сақалы селдіреген шал келсе бола ма?
-Мама ол өлең жазуды қашан бастады?
-Е, алғаш Ақшайым апаңның кіші қызы Балайым
мен одан кішкене Сапарбек туралы өлең жазғаны

есімде. Қалай еді? Ә...
Биік талға ұшып қонған кептерді,
Біздің Сапар бүркіт екен деп қалды.
Әпкесіне «қорқамы-ын» деп жылады,

Балаш одан «не болды?» деп сұрады...
Осылай үш-төрт шумақ.Көкесі сосын аспанға кө-
тере мадақтап... Ә-ә... Сосын-ақ өлеңдері газеттерге
жарияланып жүрді. Көпшілік деген қызық қой. «Кө-

кесі жазып берді ме? Әпшелері жазған шығар» деп

сұрайтын әуелде. Кейін, өлеңіне үйренді ме, «ақын жігіт» деп жеңгелері ат қойып жүрді. Ә-ә... -...Балам, сен...ел жағыңа барып келесің бе? Демалысқа шықтың, құдағиларды, елді көріп келгенің дұрыс шығар, ә? Жарқынай үндемеді. Ол елін, анасы мен бауырларын сағынғанымен қасірет көрген жеріне аяқ басқысы келмейтін. Ата-енесінің ұйғаруы солай болды ма, Мамыр екі жылдық еңбек дамалысын алып, Хадиша, Алпамыс үшеуін сегіз әпкесінің отандарына, нағашы, туысқандарының отандарына қыдыртты. Мейірбанды туыстардың өзіне деген ықыласынан Жарқынайдың жаны марқайып, демалып қалғандай-ды. Ол осындай атаанасы, туыстары бар Қабылды тағдырдың жолықтырғанына риза. Қабыл бұл үшін ешқашан өлген де емес, өлмейді де. Ол әркезде Жарқын аймен бірге жасайды! *** Қазақ атаулының, оның ішінде әдебиетшісінің екі ауыз өлең жазбайтыны бар ма? Дәукең де бойдақ кезінде: Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақын кісің,-деп жазғаны есінде. Өз таңдауына да, ұлы Сәуірдің болмаса да, Қабылдың таңдауына да дән риза. «Ақыреттік жолдас деп осы Хадишасы мен Жарқынай ларды айтады да!» Дәукең Қабылының ұлы-Арманды көрді. Иә... «Арман» деп айдар таққаны атына сай асыл қазынасы, бір ердің мұрасы екені анық.

Дәукең Арманның дүниеге келуіне үлкен той
жасап, көкпар берді. Бұл қуанышқа көңіл жақын-
дардың «құтты болсыны» айлар бойына толастамай
келеді. Бұрын-соңды сәби көрмегендей Арман ның

шықылықтай күлгені, уілдегені, тіпті кішкентай қол-
дарын тарбаңдатқанына дейін Қабылдың ата-анасы-
на, Мамыр мен Сәуір бекке әңгіме, таусылмайтын
қызық. Ол аяғын қалт-құлт басып жүруді бастағанда

Дәукең ауылға «Тұсау кесер» тойын тағы жасады.
-Біздің балдарды «адамбысың» демеуші еді, Жар-
қынайдың туғаны әулие білем!-Қатипаш күйеуіне
орын жайғап жүріп күңкілдеді.

-Не оттап тұрсың-ей сен?! Қабылдың баласы әу-
лие болғаны болған! Оттама!-деді Сәуір.
Қатипаштың үні өшті де тез сыртқа шықты. Тас
қараңғы даладан даңғырлаған шелек-шылапшындар-

мен жарыса қосарланған әйелдің баж-баж жан да-
уысы естіліп жатты. Ол көпке дейін өзімен –өзі ұры-
сып жүрді.
-Жын қақты ма?-деді әлден соң бөлмеге енген

әйеліне,-өзіңмен –өзің ұрысып, есің ауды ма?! Қабыл-
дың әйелі саған күндес емес, соқтықпай жүр. Естідің
бе, ей?!
-Менің кімге сөз сөйлейтін ақым бар? Ең ақыры –

өзім туған балдарға сөйлесем де басым бәлеге қала-
ды! Өзіме өзім ұрсамын да. Анау сүйікті келінің бала-
сының жөргектерін су ішетін шелекке жібітіп қойып-
ты. Сондай салақ! Бала тудым деп басымыздан тепті.

Бақырашты батырсам-сабын су, қолымды салсам -

жөргектер! Оған сөйлеуге болмайды, шешеңді дуалап
қойған, соның ісін туралайды. Жөргектерді жуып,
жайдым. Таңертең сиыр саууым керек қой ол шелек-
ке, сосын оны тазаладым. Мен бір тілсіз малай қатын

болдым ғой бұл есікке,-Қатипаш қорс-қорс жылады.
Шағыстырудың шырпысын шағып байқады. Байы
сене ме, жоқ па? Тамырын баспақшы,-мені бұл есікте
ішкім-м адам демейді. –Сәуір ойланып қалды.

«онысы несі екен?!»
-Ондай болса «мұның не?» демейсің бе?
-Десем, апамнан қорқамын ғой, «сөйлеме, көңілі
жарым сорлыға» дейді.

-Дұрыс емес болса -айт. Дұрыс емес қой
Жарқынайдікі. Ұрыспа, жәй айт.
Қатипаш «нөмірі» өткеніне қуанып кетті. Жалғас-
тырды.

-Одан зор қылмысын апама айтқанымда да апам
шашын жұлып жылап, мені кінәлады. Сол десе өледі,
сенен де жақсы көреді оны! Сосын көрсем де көрме-
ген болайын, естісем де тілсіз мақау болайын дедім.

Бірақ, бір күні ол сүйікті келінің беттеріңе қара күйе
жағады. Сонда сенесіңдер. Маған бәрібір...
-Сен нені көңірсітіп келесің ә?! Өсек айтпай,
жайыңа жүр. Мамам шаш жұлатын көкбет деймісің,

ә?! Қайдағы «қара күйе?»
«Қап! «Шаш жұлғанды» ауызғанасының айта
салғаны –әй! Ол Сәуірге емес басқаға айтылатын сөз
еді ғой. Мейлі».

-Қабылдың достары «құтты болсынға» келгенде-
ші... Қораның сыртын айнала беріп едім, тас қараңғы-
да сыбырласып, жабысқан екі сұлбаны көрдім. Со-
сын... бір шетке барып, «кім екен?!» де-еп аңдысам,

Жарқ...
-Оттама, ой әкеңнің... Оттама екіншілей!
-Өліп кетейін әгәрдам! Өзің білесің ғой, мен өті-
рік айта алмаймын. Детдом бізді тіп-тіке орысша тәр-

биелеген ғой. Сондықтан да сенің еліңнің көп адамы-
на жақпаймын. Әгәр өтірік жылпыңдай салсам, елдің
бәріне ұнайтын едім Жарқынай сияқты. Көзіммен
көрдім ғой, «Кімге тисе де, мына бала тұрғанда ажы-

рамаймын. Бақытты болсын» деп отыр шешең. Қой
десе болады ғой. Шындықты айтып жақпадым, айт-
пасам намыс маған! –Қорсылдап тағы жылады, -жас
қой енді... Ол да...-Қатипаш енесі мен келінін тү-

сінген боп сөйледі. Сәуірге оларды жамандау өзіне
соққы боларын білетін.
Сәуірдің қаны басына шапты. Төсегінде жата ал-
масын біліп, киініп сыртқа беттеді. Оқта-текте шы-

лым шегетіні бар-ды.
-Шылымым қайда?! Әй, әтәңә нәлет,әкел тез!
Қатипаш шылымын қасында тұрған сіріңкесімен
қосып, күйеуіне лып еткізіп ұсынды. Оның дауыл

алдындағы аспандай шаңғыта бұзылған реңінен жас-
қанып, іштей масаттанып, жорғалай басып, үнсіз лы-
пып жүр. Ең бастысы - сендірді! Енді таяқ жесе де ри-
за! Ерке қатынды құтыртпасын!

-Кім?!-деді Сәуірбек шылымды ерніне қыстырған күйі сазарып. -Кім?!- Қатпиаш қарсы сұрақ қойып, аңқиды. -О, кеңкелес! Ой, кеңкелес! Әкеңнің ғана... Кім әлгің? Жарқынаймен құшақтасып жүрген кім?! -Ә... Ол... Ол Б-Бескен екен, -Қатипаш Тұрдыштың атын атайын деп тұрды да «ол бойдақ қой, сенбес» деп ойлады. Езуіндегі тұтанбаған темекімен қоса жерге бір түкіріп, өкшесімен езді де, әйеліне ежірейе қарады. «Осыдан! Осыдан..» Сыртқы есікті жылата жауып, Сәуірбек түн қойнауына өрекпи кірді. -Мына ауыш кімге ежірейіп кетті,а? Осыдан мені құрта ма, жоқ әлгі бұзылғанды ма? Маған енді саусағының ұшын тигізіп көр-сінші қане, бес балам бар белгілі қатынмын! Мен түрмеде шірітем! Балаларым барда не десем де,не істесем де менікі жөн! Көрейін!- Қатипаш бесікке Жолбарысын бөлеп, емізіп жатып долданды. *** Бескеннің темір қақпасы тепкіленіп, тарсылдады. Қанденнің үні қосарлана шәуілдеп, ауыл үсті азанқазан. -Қазір-қазір, -қақпа ішінен қарлыққан кәрие үні есітіліп, есік ілгешегі сылдырлап жатты, -тыныштық па? Бұ кім өзі? Мынау ілгешегі құрғырға не болған әй? Кімсің?

-Көке, не болды? Сәл былай тұрыңыз, мен аша-
йын,-Бескеннің дауысын Сәуір танып тұр. Қақпа есігі
ашылды.
-Бұл кім?

-Ассалаумағалейкум, аға,-Бескен Сәуірбекке қол
ұсына берді.
-Ах, шеше ғанаңды... –Сәуірбектің темірдей түй-
ілген жұдырығы алаңсыз Бескеннің кеудесіне сарт

еткенде, ол ұшып түсті. Жығылған жігітті жағадан
алып, бір қолымен тік жоғары қойды да, екіншісімен
тағы жұдырықтады.
-Не болды сізге?... Айтсаңызшы... Бірдеңе

бүлдірдім бе мен?...
-Бүлдірдің, хайуан, бүлдірдің! Қабылдың көзі
топыраққа толмай жатып, қатынына көз сүзсең, кім
болғаның сенің? Ей, хайуан, басқа қатын таппай қал-

дың ба, а?
-Аға, Сәке... не деп тұрсыз? Не айтып тұрғаны-
ңызды ойлаңызшы. Мен соншалықты ит емес
шығармын. Мені танисыз ғой кім екенімді. Құдай

сақтасын...
-Кім екеніңді енді білдім, хайуан!
Түнгі дүрліккен дауысқа Бескеннің үйімен қатар-
лас бірнеше үйдің есіктері сартылдай ашылып, інінен

шыққан сарышұнақтай құлақтарын тіктеп, қалт тұра
қалып, тың тыңдағандар көп болды.
-Сәке, аға! Олай демеңіз! Ондай арам ой менде
болған емес, болмайды да! Сыйлайтын шығармын

Қабыл үшін, сіздер үшін. Ал, бірақ...

-Эй, сыйласаң, түн қараңғысында қораның артында құшақтасасың ба?! Хайуан! -Кім айтып жүр бұл өсекті, Сәке? Өсек, жала ғой бұл! -Мына екі көзімен көргендер бар, білдің бе? -Кім? Кім көрген? Жүріңіз қазір барып, бетпе-бет сөйлесейік. Бұл Жарқынайды көре алмай, қызғанатын нағыз ит қатынның сөзі ғой. Жүріңіз! -Ә,ә, ішің сезеді, ә? Қатын көргенін сен де білесің, ә? Енді жолап көрші, өлдім де! -Мен ешкімді көргем жоқ, түсініңізші. Ондай оқиға болған да емес. Бірақ, осындай өсекті іші тар жаман қатын айтпай, кім айтады. Ә, аға? -Іші тар қатын ұл таппайды, білдің бе? *** Бүл түні Бескеннің ата-анасы, әйелі мен інілері әлгі әңгіменің әлегіне түсті. -Мына елге қарабет қылдың-ау, ақымақ! Руымыз басқа болса да, ағайындай сыйласқан адамдар еді, Дәукеңнің жақсылығын көріп, жеңгейдің адал дәмін талай татып едік. Дәм ұратын болды-ау, -деп Бескеннің әкесі Үшкен кәрие сақалсыз көсе иегін сығымдап соза берді. -Әй, шал, құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзе ме? Анау ала көз құнажында бәленің бәрі! Баланы мыжыма! -Өтірік, көке! Сенесіз бе маған, сенбейсіз бе? -Ейт, «өтірік!» Қалай өтірік болады мұндай сөз? Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.Осы елде

туып-өстің, мен еліме кеткеніммен, сен де менің бір
үйімсің ғой.
-Қимылдайды, көке! Жел тұрмай-ақ хайуандар
ішін аралаған да, қамыс басы қимылдайды!

-Ейт, шешенсіп! Жігітшілігіңді басқа жақта
істемеймісйң, ақымақ!-Үшкен кәрие өзінің денесіне
сай салмақты үнімен асықпай сөйлеп, иегін сауып
отыр, -Дәукеңнен өлім болды-ау естісе. Бетін қалай

көрмекпін? Ей, ақымақ! Мына менің, мен түгілім
арғы атаңның аштан өлмей, ашаршылықтан аман
шығуы--әуелі құдай, қала берді Дәукеңнің арқасы.
Сен білесің бе оны? Білмейсің!Елді өлімнен араша-

лаймын деп менің бала кезімде Дәукең қимылдауға
шамасы барларды ұйымдастырып, бидай еккен.Әр
үйден бір табақ дән жинап.Кейін әр үй өнімін бөліп
алғанбыз. Жер жыртатын қазіргідей техника жоқ,

күрек-кетпен, шот-балта, темірді пайдалан ғанбыз
мына біз. Шеңгелмен де жер тырмалағанбыз. «План-
сыз ектің» деп Дәукеңді соттаған,абаққа қамаған! Ал
бірақ осы елдің ажалсыздары-мына біздер сол кісіге

мәңгілік борыштымыз. Ол сенің атаң сияқтыларды
«кірмесің» деп бөлмей, күндігіне кісі басына қос уыс
бидайдан өлшеп беріп, елді ажалдан алып қалған кісі.
Түсінемісің қадірін? Ейт!

Ішкі үйден сыңсып жылаған әйел үні естілді.
-Келін бе?-десті елеңдесіп, -ұят болды-ау одан да.
«Қой» деші, бәйбіше.
-Не бетіммен қой деймін? Баяғыда трактірге жаңа

отырғаның- да... есіңде ме? Бір күні ауылға орыстың

қызын қасыңа мінгізіп келгеніңде-ші, «өлем» деп асылып қалмап па ем мен? Ә, ә... Қиын ғой келінге де, бар әй, қатыныңды жуатып ал өзің. Бар, бар! –Оразай бәйбіше ұлының қақпақ жауырынынан итермелеп еді, ол шыбын қонғандай қозғалмады. -Қарадай күйдірмеңдер, ол жақсы әйел. Сондықтан да дұшпаны бар шығар қызғанатын. -Жақсы әйел болса да жуыма енді. Байы жоқ әйелде нең бар? Ейт! Таңата Дәулетбақ атаңнан кешірім сұра! *** Сол түнде-ақ Сәуірбек айқайлап айтқан арсыз өсек ауыздан-ауызға жып-жып айтылып, жыбырлай балалап, көбейіп өнді. Сара ланып талданды. Таңертең ертелеп, елге тарайтын ауыл жаңалығы да осы болды. Құлағы естіген әр бас өзінше қорытындылап, тілдер елге тартты. Қуарып тұрған қауға тиген от өртке ұласып, тіршілік нәрін күлге айналдырып жатты. Сәскеде Ақшайым Хадишамен оңашалап шәй ішіп, қолын олай-бұлай сермеп кө-ө-п сөйледі. Хадиша да басын көбірек шайқап, жаулық ұшын көзіне апарғыштады. Жүзім астында оңашаланған бұл екеуінің қимылын қалт жібермей, үйдің терезесінен бақылап тұрған Қатипаш әңгіменің Жарқынай туралы екенін түнде Сәуірбектің «келімсектерді көшірем» деп күйініп келгеніненақ шамалап тұр. «Келімсегі-Бескен» деп топшылады.

-Ә,-ә, бұл енеміздің жылағанынан-ақ әңгіме жал-
мауыз Жарқынай туралы дей бер. Мені «өлді» десе
жыламас бұл қақпас!-деп Қатипаш куанып тұрды,-е,
құдайым-ай, ақымды әперші мына кергіген сұлусы-

мақ жесір қатыннан. Менің бес ұл туғанымды баға-
ламай, мынау жар-е-ем байым да соған елпектейді әй,
ә?! Көрсін енді! Әй, Арыстан! А, Алпамыс! Мұнда
келші, анау екі кемпір кімді жамандап

отыр,тыңдашы.Мені айтып отса, «айтпа» деп боқта.
-Апамды боқтауға болмайды ғой. Сені апама
айтам...
-Әй, жүгермек, айтпа! Мен ойнап айттым ғой!-

балама дейін маған қарсы ғып қойған бұ қақпас
кемпір! Саған көрсетем әлі! Орнынан тұра алмай
жүріп, бәленің бәрін осы кемпір жасайды!-ыдыс-аяқ
сақырлап,заттар лақтырылып, келіннің көңілімен

үндесті.
Жүзім астындағы дастархандас екеу шынында да
Жарқынай ды айтып отыр еді.
-Ә, шешей, шіли аңқылдай бермеңіз. Көптің көзі

көреген. Мына даңғыраған үйді дүниеге толтырып, ол
келінге арнап қойды ңыз. Енді қадіріңізді білсе...
Әлден-ақ артынан сөз ере бастады...
-Бұл- өсек сөз, Ақшайым. Мен адам танысам,

менің Жарқын айым ондай ұябұзарлыққа бармайды.
Ол мынау біздің үйдегі түк көрмеген көркеуденің
шығарып жүргені. Менің Сәуірім де ерме екен-ау, ә?
Жарқынай жас қой, күйеуге шығамын десе де өз

басым қарсы болмаймын. Бағын ашсын. Өз қызымыз

болса не дер едік? Бірақ, Арман... Арманым тұрғанда мен одан ажырамаймын, Ақшайым. Енді солардың жолында жаным құрбан, Ақшайым. -А-а, шешей, біз не білеміз. Сіз танисыз ғой оның ішін. А-а, онда ұят болыпты-ау, келіннен де обал ғой, -Ақшайым да көзін сүртті. *** «Өнердің ешкім мән бере бермейтін түрлері көп екен-ау. Сөз оқтап, оны қалай, кімге, қай кезде айтудың туа біткен дарыны-Қатипаш келін болып шықты.Бес немеремнің анасы! Оны өзгертуге, сөзімді өткізуге шама-шарқым жетпейді екен ғой. Сүтпен кіріп, сүйекпен кететін мінезін-ай! Алтынайдың да адам танымағаны ма, Қатипаштың келін болуына себепкер сол ғой.» Хадиша еріне шәй құйғандай кейіпте отырғанмен, ойы басқада. Екеуі де үнсіз,екеуі де өз-өзімен әлек. -Ассалаумағалейкү-үм!- қосарлана сәлемдесіп, Үшкен мен Бескен дастарханға жайғасты. -Әлейкүм... келіңдер. -Дәуке... жәке, сіздерден кешірім сұрап, қарабет боп,алдыңыз ға кеп тұрмын.М-мынау ит...жігітшілік – итшілік деп... иттік істеп... - Көке, н-не деп жатсыз? Ит шығармын, бірақ, бұл үйге иттік жасағам жоқ. Ондай оқиға... жаман ештеңе болған жоқ... Соны айтайын деген ем... -Ей, саған бұдан артық не жамандық керек? Осы аз ба?Ейт!

-Ата,сіз түсініңізші мені,сіз тыңдаңызшы. Бұл-
өсек, жала! Бізді босқа қараламаңыздар, ата! Өтірік
бәрі!
-Ейт! Бізің не сенің,а? Қабылдың әруағынан

ұялсаңшы «біз!»
-Көке, неге маған сенбейсіз? Неге маған ешкім
сенбейді? Бір адам, сөз ұғатын бір адам жоқ па ауыл-
да!? Арам ниетім болса, сол марқұм досымның әруа-

ғы ұрсын мені!
-Адал болсаң да түнделетіп нең бар қараңғыда?
Үй жетпей ме саған,а? Адам деген... Ейт!
-Ой, көке, қайдағы қараңғы? Қайдағы жарық?

Сыртта да, іште де ондай нәрсе, сөз... ештеңе болған
жоқ! Жоқ дедім! Тормоз боп тұрып қалатындай, сол
өсектен өте алмайтындай не көрінді бәріңе бірдей?
Мені қойшы, обал ғой анау к-кімнен... құрдастан,ата!

Кім, кім кәне осыны айтып жүрген? Айтыңызшы,
кім? Нағыз ит сол! Кім?! Мені.. маған не күн туды
жан досым, қимасым Қабылдың әйеліне көз салып!-
Бескен жылап жіберді. Ол жаман жолға бармайтын

адам! Ол өмірін Қабылға арнаған адам! Сол үшін
құрметтейтінім рас!
Тыныштық.Аздан соң терең күрсінген Дәукең сөз
бастады:

-Ым-м!! Өз қолымды өзім кесе алмай отырған
жоқпын баһ! Ел құлағы елу,құлақтанған соң, оны жоя
алмайсың! Менің діңкәмді құртып тұрған екінші мә-
селе бұл. Үшіншісі-Қабылымның жалғыз тұяғынан

бөліну –үлкен соққы бізге.Ым-м!! Мен Жарқынайға

қай кезде де сенемін,ол бықсып жанатыннан, өтірік
көлгірситіннен емес! Жарқынай қызымның өзегі таза
адам! Бескен,рахмет қалқам! Жақсыға сөз ереді,
жамандар жүр шөп ерсе де сөз ермей!Қаталды-ық!-

Дәукең күйзелісте.Хадиша жаулығының ұшын көзіне
апарды.
-Сауап! Сол керек сендерге!Ол аз әлі!-деп кіжінді
терезе жақтауынан сығалап бақылаушы Қатипаш.

...Күйеуінің сеніміне кірген соң-ақ Қатипаш еш-
кімнен ықпай, сыпсың сөзге еркіндік алды. Оның «аң-
шылық» дәуірі анық қызды. «Ешкімге айтпай-ақ
қой», «мен айтты деме», деп айдар тағып, неше түрлі

хикаяны ел арасына таратып жатты. Не дейсің, Жар-
қынай жас кезінде балалықпен «ойнап» қойып, елінде
бір қызы бар екен. Не дейсің,институтынан жаман
қылығы үшін шығарып тастағасын, Қабылға «тиді»

деген атақ үшін ерленейін деп еліне апарса, бұрынғы
байы Қабылға пышақ сұғып алыпты. Не дейсің, осы
елді іздеп келгендегі мақсаты-дайын үй, дүние-мүлік-
ке ие болу екен, сұрқиялықпен Қабылдың фамилия-

сына өтіпті. Мұның көз сүзбеген адамы қалмапты.
Мекпетте директорға, ауданда ылғи дөкейлерге көз
сүзетіндіктен, олар мұны «жақсы мұғалім» деп мақ-
тайды-мыс. Не дейсің...

Иә, Қатипаш не демеді! «Жүз еркектің дүмпуінен
бір әйелдің сыбыры күшті» ме, төсекте жатқанда сы-
бырлап айтып, сүмірейе қалып, Сәуірбектің санасын
ыңғайына келтіре қайта «тәрбиеледі». Ол соңғы кез-

дері мұны тыйып тастамай, сөзіне құлақасатын болғалы Жанай би әулетінің, ақын әрі әулие саналған Омар кәлпе ұрпақтарының тізгіні өз қолына шындап тигеніне сенетін. «Мамама айтпай-ақ қойшы» деп Сәуірдің өзі үйреткелі оның әке-шешесінен де өзін жақын сезінтіп, көп істі өзі не екеуі жасырып шешті. Бұл үйде Сәуірден басқаны көзіне ілмейтінді шығарғанды. Ата-ене, Мамыр, үйдің қыздары сияқтылардың сөздерін шала тыңдап, шала жауап беретін болды. Қатипаш шырайланып, шыр байлай бастады. Жарқынайдың әр қимылын, қабағын,кіммен қалай амандасқа нын, қалай күлгенін, киім киісін әңгімелеп,сахналап, жаңа өсекті өрбітетіндер көбейді. Ол құлақтан құлаққа құбыжықтанып жетіп жатты. *** -Амансың ба-ей, қатын? Көрінбей сағынттың ғой,-Қатипашты былқылдақ белінен қысып-қысып, құшақтаса амандасты Тұрдыш дүкен алдында кездестіргенде. -Ой, мырзағаай, қолың темір ме, немене? Омыртқамды үзе жаздыдың ғой-и... Тұрдыш Қатипаштың құлағына жабысып тұрып тізесімен түртіп-түртіп әңгіме айтты. Сексиіп, үріккен ешкілерше шошаңдап, тырқылдай күлген әйел Тұрдышты «кетші-и! Ойы-бай, қай бітімді шымшиын-ай! Сөзің құрысын, бойдақ бала» деп куалай жөнелді. Масаң жігіт қасындағы иіріліп тұрған еркектерді айнала қашты. -Араша-араша! Оһ-оһ!

-Өлдім, ойбай! Құтқарыңдар мына құтыршақ қа-
тыннан!
-Ә, сазайыңды беремін әлі, мырзаға! Мына қайна-
ғалар болып, жаның қалды-ау сенің. Бір оңашада...-

деп сұқ саусағын безей күлді Қатипаш,-қап, бәлем!
Ақым кетті енді!
-Әй, қатын, біздің құрдастың жағдайы қалай, ә?
Сәлем айт.

-Сәлемді барып бермейсің бе? Пошташы деймісің
мені сөз таситын? Әдетім жоқ ондай!
-Ә, маладесс! Беті сұлу ондай қуыршақтары құ-
рысын, сендей омбаз-домбаз жаралғандарға ешкім

жетпейді ғой! Құрысталдай тап-таза! Сіңлің бар-
ми-и? Таныстыршы!
Тұрдыш өткен жылы мектепке ата-аналар жина-
лысына барғанда Жарқынайға бір оңаша жерде кез-

десіп қалғаны. Амандық тан соң былай тамырын ба-
сып, ойнағансып, әрі жаны ашып, «оқта-текте болса
да кездесіп тұрайық» дей бергені сол еді, жағына
шарт еткізгені бар ма?! Қап, сондағы өкінгені-ай! Қа-

тыннан таяқ жегені- көкірегінде түйін болып тұрып
қалды. Егер мектепте емес, басқа жерде осылай кез-
дескенде бар ма, пәрше-пәршесін шығарар еді-ау!
Содан тісін қайрап жүрген бұл Бескен екеуінің өсекке

ілінгенін естігенде әрі таң қалды, әрі қуанды. Реті
келген жерде өшін алғысы келді.
-Эй, ол қуыршақ қатын кімнен қалмаған! Көр-
генбіз оны да-нағыздың өзі! –деді Тұрдыш масаттана

кергіп.

-Қойшы-и-и... -Көки бермеші, сені не қылсын! -Өй, сен де... Мініки әгар! –Тұрдыш тырнағы сояудай кір-кір қолының саусағымен тамағын көлденеңінен бір сызды,-олла-һи! Төбемде құдай куә! *** Бескеннен ұйқы қашты. Бағана төмен қарай жүрген Жарқынайды көріп қалып, «қайда барады» деп сыртынан бақылаған. Ол мектепке беттеді. Сосын оған кездесуді жоспарлап, алыстан торуылдап, оның қайта шығуын тосты. Әне, тез-тез басқан Жарқынай жан-жағына көз салмай, жақындап келеді. Бескен бүйірден оның жолын кеспекші, темекі тұқылын құшырлана сорып-сорып, лақтырды да, тіке тартты. -Жарқынай,-деді дәл қасына келгенде. Келіншек басын бұрмай сілейіп қалды. -Жар...қынай, саламат па? –Бескен қолын ұсынып еді, көл шетіндегі құрақтың желмен қарсыласқанындай майда діріл өн бойын алып бара жатқанын байқады. -Сәлеметсіз бе?... –Жарқынай да сүйріктей сұлу саусақтарын ұсына қарады. Осы сәт Бескеннің үстінен батпандай жүк түскендей жеңілде ніп қалды.Оны Жарқынаймен сөйлесуге бір күш қаншалықты тартса, «ел не дейді? Жарқынай қалай қарсы алады?» деген қорқыныш соншалықты кері итеретін. Дірілі басылып, жүйкесі бекиін деді. Бірақ «қалайсың?» дей ме, «неғып жүрсің?» дей ме? Әрі

қарай не сөйлеуді білмей, қасына еріп жүре берді.
Сөзді Жарқынай бастап, мұны тағы бір азаптан құт-
қарды.
-Қалайсыз? Үй-іші аман, тыныштық па?

-Сол... Тыныштықтан айырылдық қой. Сөз деген
тау-тасты да бұзады деген рас екен.
«Тау-тасты жел, адамды сөз бұзады» деп Жар-
қынай түзеткісі келіп тұрды да, айтпады.

-Мен жұмыстан шығуға арыз беріп келемін. Кете-
мін бұл жерден. Сосын, бәрі де жақсы болып кетер...-
деді Жарқынай.
Бескеннің көзі Жарқынайдың көзімен ұшырасып

қалды да күліп сөйлескен келіншектің көз шарасында
лікілдеген мөп-мөлдір көз жасы ұзын-ұзын садақ кір-
піктердің арасынан бір сызықпен сынаптай сырғып
аққанын көрді. Сосын-ақ, Бескен дауысын «жоғла-

тып» алды.
-Қалған өмірімді Арманға арнап... әкесі жоқ бол-
са да туған-туысқансыз болмасын деген ем... Жақсы!
Біреулер көріп тұрса, тағы сізге таяқ болып тиер,-ол

жылдамдата басып, бұрылмай жүріп кеткен...
Иә, Бескеннің айтатыны көп сияқты еді. Түк тап-
пай қалды ғой, әйтеуір. Не десе де, не сұраса да оның
көңіліне келетіндей, сөзін тежей берді. Жылаған жү-

рекке жұбаныш болмақ түгілі, өзінің атынан пышақ-
таған мына тағдырға не шара жасауды білмей, Бес-
кеннің ұйқысы қашты. Бескеннің адалдығына ешкім
де сенбеді. Басқа түгілі сүйіп қосылған Рашидасы да:

«анау үйдеді, мынау бүйдеді. Осылардың жартысы

өтірік болса да, жартысы шын ғой. Аузыңнан таста-
май мақтайтыныңда бәле бар екен. Қатынқұмарлы
ғың өтірік емес, әркімге бір ғашық болып, оныңды
ақжүректеніп айтып жүретін едің. Мына Жарқынай-

ды шын жақсы көретін болған соң, атын былғамай-
мын деп мойындамайсың» дей ме-ау, әйтеуір әке-
шешесі елге көшкелі миын көп шағатынды шығарды.
«Кеше жұмыстан неге кеш келдің десем, жалмауы-

зыңмен пәлен жерде кездесіпсің», телефонмен «сүйе-
мін, кетпеші» деп жылапсың. Ол телефон дегенге се-
нім бар ма қазір? Біреудің телефонына қосылып кет-
іп, екеуіңнің махаббаттарыңды әбден тыңдапты. Қа-

ладан квартир жалдап беретін болыпсың. Біз отырмыз
аузымыз қурап, ол қатыныңды шалқытып қоясың, ә!»
дейме-ау,«Түнімен дөңбекшіп ұйықтамайтының-сол
жалмауыз қатынды сүйетініңнен» дейме-ау, әйтеуір

Жарқынайдың атын бес уақтылы намаздай, ұмытпай
қайталайтын болды. Бескен қисынсыздыққа өз әйелі-
не тиым салмағанда, мына елдің аузына қақпақ қоя
алмасына көзі жетті.

Жарқынайдың күлгенін көрген өсекшілер «арсыз
екен» десе, қамыққанын көргенде «айыбы ашылғасын
уайымдайды да» десті. Ал, Қатипаштардың көшеде
қуаласпақ ойнап, құшақтасатын қылығы қосағының

барлығы үшін бе,әлде өзіне лайықтылығы үшін бе,
көпшілік назарына ілікпейтін де.
-Мұхаммед пайғамбардың өзі төрт әйел алған.
Асырай алса, екі әйелге рұқсат бар ғой кәзір,-деп

кейбір үлкендер уәж айтса,

-Мал-ла-дессің әй, Бескен! Сенің батырлығыңның артынан біз де ойланатын болдық енді. Бірақ, әйелдеріміз түнімен дөңбекшіп, азып-тозып, уайымнан өлетін болды ғой «үстіме тоқал таба ма?» деп қорыққандарынан, -деп жастар арқадан қақты. -Е, ол өсек сөз ғой. Бос әңгіме,- дейді Бескен,- біреудің обалын көтермеңдер. Жақсы адам, әңгімені жақсы айтады, өлеңді де тәп-тәуір жазады, ақындығы бар. Сыйлаймын. -Ә-ә, енді жөніңе келдің, сыйла-сыйла... -Хи-хи-хи, жақсы болғаны үшін әйеліңді балаңмен қоса қуып, осы сұлуға бас ұрасың дә... Хи-хи... Бескен мұндайда қолын бір сілкіп, бұл ортадан кетіп қалған нан басқа ештеңе істей алмайтын. Ол Жарқынайдың алдында өзін кінәлі сезінді, оның тағдырының қиындауына себеп болғаны үшін, өзінің әлсіздігі үшін өзін-өзі жек көрді. Қара тобыр топастарды май құйып өртеп тастағысы келді. «Санасыз немелер! Аңдар!» *** «Жалғанда ең ауыр, ең азапты нәрсе не?» деп сұрайды Жарқынай өзінен. Бұрын «Қабылын бір күн көрмеуі» деп ойланбай айтар еді. Кейін Қабылсыз мына тіршілік-өлі дүниемен тең көрінді. Ең ауыры осы болды. Көңілінде қуаныш сезімі өлген тіршілікте келешекке үміт артса, ол-Арманына нәр болуы үшін өзінің аракө пірлігін ғана сезінді. -Ех, адамдар, неткен қатал едіңдер?! Енді осынымды көп көрдіңдер ме? Абай өкпелеген надан хал-

қым-ай, көздерің ашылғанымен, көкіректерің әлі де
көр соқыр ма еді? Кім айтса көніп, жұрт айтса сене
беретіндерің не? «Осының қисыны келе ме?» дейтін
ой неге болмайды бастарыңда? Жеке басыңдағы

адамдық пейілді сақтай алмағасын несіне «адаммын»
деп көкірек қағасыңдар, адамдар? Қабыл-ыл,енді не
істеймін?! - Жарқынай кілемнің үстіне ілінген Қабыл-
дың үлкен суреті алдында еңіреп жылады.

-Сенің рухың, Арманың, Хадиша мамам-рухани
тірегім едің дер. Сенің өлгеніңді ауырсынғаным,
өмірден түңілгенім бекер-ақ екен. Мен қазірде тірі
өлік болдым ғой, Қаб-ы-ыл. Мазақпын еліңе. Іздеп

келгенімде тапқаным осы болды. Жалғанның ең аза-
бы –нахақтан жалалы болу екен. Ар-ұятыма күйе
жағылған мына хар-рам тіршіліктің күйігінде қалай
күн кешемін енді, Қабыл-ыл... Өлгенім-ақ жақсы ме-

нің, өлгенім артық бұдан да-а... Бәлесі көп, жаласы
көп мына ит тіршілікке мені неге жалғыз тастадың,
Қабы-ыл... Мені кімге-е тастадың?! Кім-ге-е...
Есік сықыр етті. Жарқынай тез өзін жиып, бетін

сүртті де, сол күйінен қозғалмады.
-Жарқын-ай,- мамасының жұмсақ дауысын
танып, ол тағы да көз жасына ерік берді.

- Ма-ма-а, маматай... –ол Хадишаны құшақтап,

еңіреп қоя берді, - мен... мен кетемін бұл жерден.
-Кеткені несі? Қайда кетесің? Қой, қайдағыны
айтпа, ботам. Арманды қайда апарасың?-ол келіннің
шашын иіскеп, көз жасын көлдетті,- сендерсіз ненің

мәні бар маған-н, ботам...

-Мама, көз түрткі болдым. Көшеге шықсам, иектерімен мені нұсқап, сыбырласқандарды көрем. Бұрын ашық-жарқын амандаса тындар ернінің ұшымен жыбырлай салады. Ешкім мені түзде де, үйде де сыйламайды,. Ма-ма-а! Ешкім менің адалдығыма сенбейді, ма-ма-а! -Мен сенемін, ботам. Мен бармын ғой. Әкең сенеді.Батыр адам бетіңе айтады, сыртыңнан үрген иттерге мән берме, ботам. Алда-жалда бұл жерде тұрмаймын десең, қаладағы әпкелеріңнің біреуімен тұр. Папаң үй әперер сосын... -Мама, сіздің барыңызға шүкір. Бірақ, әпкелермен тұрып, балаларыңызды бір-бірімен алакөз еткім келмейді. Енді кесірім тимесін. Сәуір ағаның, кеше сізге айтқанын... естідім ғой мен. Папам да маған... салқын сияқты... «Сәуірдің сөзін естідім» дегесін-ақ Хадиша қалт тұрып қалды. *** Түнеу күндері ... иә, Дәукеңнің шаңырағында шаттық күліп тұрғанда, Бақытгүл келген-ді. Дипломын алып, облыс орталығында қызметке жайғасыпты.Туысының бос тұрған үйіне орналасыпты. Жарқынай Бақытгүлді тауып, жағдайын айтты. «Үш жыл масыл болғаны жетеді. Құртыңыз ана бәлені, мама! Не, ұлыңыз жоқ па, қызыңыз жоқ па? Соншама жабысатын келін көрмеп пе едіңіз? Жоқ, басыңызды дуалап қойды ма? Үйді былғамай, кетсін дереу» деген

Сәуір ағасының сөзін өз құлағымен естігенін айтып, жылады. -Мамам шынымен-ақ менің анам екен. Байқұс-ай, мені ақтап, шаң жуытпай, күйіп-пісті. «Кетсе, бірге кетемін» деді. -Не деді Сәуірбек?-Бақытгүл шыдамсыздана жауап күтті. -Уһ-һ! Не десін, «кетсеңіз сіз де кетіңіз!» деді. Мамам сол күні төсекке жатып қалды. -Не істейміз? Онда,... осында бірге тұрайық. Мамаңды алып келесің бе? Жарқынай ойланып қалды. -Маған қатаюға тура келер, Бақытгүл, Қабылдың үй –ішін бөлшектеп қайтемін. Мені қажет еткенінен безбеймін ғой. *** Киім-кешегі мен Арманын алып Жарқынай Бақытгүлмен Қабылдың туған үйінен шығып кетті. *** «Өлі күйіктен тірі күйік жаман» дегенді мен сияқты жаладан шала күйген біреу айтқан-ау деп тоқтайды осы күндері Бескен. Ашуды ақылы жеңген болар, алып келейін деген оймен әйелінің үйіне барды.Несін айтасың, басылмақ тұрмақ,күшейіп кетіпті. «Ішіме сиған қызым сыртыма сияды,енді келсең,аяғыңды ссындырам! Жүз келсең де бармайды!» деп енесі; «Сені көрсем жиіркенем!» деп әйелі шықты.Қайын атасы ғана: «Жігітке ештеңе жұғып қалмайды, шыққан қыз шиден тысқары. Мұндай жігіт енді сені

алмайды, бар!» деді. Өнбеді.Өз ұясы үшін бір күйсе, титтей жазығы жоқ Жарқынай мен Дәукеңнің алдында өтей алмас парызы көкірегін қысып, еркін демалдырмайды. Бәрін қойшы,әйелі түсінсе де жарты ауыры жеңілдер еді-ау. Енді онымен дәм-тұзы жараса қоймас.Соңғы кездері арсыз ой емес,жігіттік нар мінезбен Жарқынайға сөз салсам ба деп те көп шаршайтын болып жүр. Ондай жары бар кісінің не арманы бар! Көнсе, басқаның бәріне тойтарыс бере алар еді Бескен. «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген аталы сөз бар емес пе?Бар күйік осылай басылар едіау! *** Жарқынайдың үйден кетуі Хадиша үшін Қабылдың өлгенінен кем соққы болмады. Жер бауырлап, басын көтермей, нәр сызбай жатқанына да міне екі күн өтті. «Әж-же, әж-жә», «әть-тә, әть-тә» деп тапырақтай жүгіретін Арманына деген сағыныш, күйік бауырын жазғызбады. Е,-е, аллам-ай! Қаны сорғалаған қыршынның қасіретін қызық таған қандай үмітсіз екен? Тілегің кесілгір-ай, менің Арманымның тағдырын басына берсе-ші-і, -деп жылады төсегінде жатып. Қарғыс айтып сөйлегендерді жаратпаушы еді, қарғады. Сәуірдің дауысы естілді. «Жұмыстан келген болар». -Мама... қалайсыз? Хадиша «отыршы» деп ымдады.

-Сен Бескен туралы өсекті кімнен естідің, айт
кәне. Мен сол адаммен сөйлесемін,-деді.
-Ой, мама, одан басқалар да мың сөз айтып
жатыр ғой. Соның бәрі өтірік пе?

-Бәле сенің сол айтқаныңнан шықты. Сен көзіңді
жеткізген соң сөйлегеніңде, басқалар жала жабуға
қаймығар еді. Қорғансыз болды Қабылдың әйелі мен
баласы! Сен оларды дұшпанның табанына салып бер-

дің. Бауырыңның тұяғын жетім етіп, далаға қаңғыр-
ттың, бала! Кімнен естідің, кәне, айт қазір!-деді.
-Ой, мама, әкесіз жалғыз ғана Арман ба бұл дү-
ниеде? Ол бізді табады өскесін. Қарасып тұрамыз. Ол

әйел... Жарқынай өмір бойы күйеусіз жүрмейді, бәрі-
бір. Ойласаңызшы. Ал, Тұрдышпен де аты шығып
жүр. Оған не дейсіз? Өз аузымен айтты маған.
Хадиша ойланып қалды.

-Өтірік! Қолы жетпеген етті «сасық» дейтін түл-
кінің салты емес пе? Тексіз ол Тұрдышың! Тексіздігі
сол сасықтығынан-ақ көрінбей ме?Жатырлас екі әп-
кесі- Пернекүл мен Зеберкүлдің бір еркекпен шатас-

ып, өсіп-өнгенін көзің көріп отыр.Намыстанса, арлан-
са өз шаңырағын түземей ме!Екеуімен де ауызжала-
сып,күнкө ріс үшін жаралған малдан не айырма бар
ол шаңырақта!? Балам-ау! Сен аузын бұзын тастамай,

оны қалай тыңдадың? Қабылым осы сөзге ермек тү-
гіл... Менің қаным Қабыл сенің қаның емес пе,балам?
Қабылдың туын жығып бердің ғой! Осындай ермелі-
гің- келешегіңе кесел, балам. Осы сөзім есіңде бол-

сын! Қой мұндайды. Мен Қабылдың бала-шағасын

көшеге қаңғартпаймын, әкеңе айтып, басына баспана әпертем. Ал, сен қолыңнан келсе, қорған бол. Бауырыңның әруағын сыйла, мен риза болсын десең... бөлінбеңдер! Арам ниет басыңа ақырзаман орнатады соңында, балам. *** Алыстағы қыздарын «аман жүрсе болыпты» дейтін Хадиша. Түбінде тұратын Алтынайы мен Ұлбалашы күйедей бәле үйлеріне кірген екі аптадан бері келмей-ақ қойғанына тағатсызданды. Бала йымға үйінен қағаз-қалам алдырды. -Ұлбалаш әпкеңнің жұмысын таба алушы ма едің? -Иә, кафедрасын білемін ғой. -Онда, ертең ертелеп менің қағазымды апарып бере қойшы. Мақұл ма, қызым? -Мақұл, апа. Мен мамама айтып,класс жетекшіден сұранайын. *** Мықыр үстелді төсегіне жақындатып, көзілдірігін киген Хадиша латын әріпі мен орыс әріптерін араластыра хат жазуға кірісті. Қолы құрғыр кібіртіктеп, жүйрік ойды шідерлей беретіндей. «Ботаханым Жарқынай! Сен кеткелі көңілім алаң. Арманның дені сау ма? Жастығың шығар, келген бәлеге қарсы тұра алмадың. Жақсы адамға қашан да сөз ілеседі, ботам. Жаманның несін қызғанады? Қажыма, қайта қайраттан.

Сен біздің перзентімізсің, қайда жүрсең де тіле-
уіңді тілейміз. Ауылдағы үйің де Арман екеуіңдікі,
келем десең-өзің біл. Қазір қалада болғың келсе, өл-
генімізше үйіңді қорып тұрамыз. Осы базар, келесі

базар мал сатады папаң. Жиыстырып, қаладан басыңа
баспана жасармыз.
Ботаханым, басыңды ешнәрсеге ауыртпа. Кө-
зімнің тірісінде сені далаға тастамаймыз. Арман еке-

уіңді жылатқанша, менің көзім неге ойылып қалмай-
ды, жарығым! Сендерді көрмей тұра алар түрім жоқ.
Келіп кетсеңдерші. Басымның баяғы ауруы шықты
ма, миым тұз құйғандай ашып, басымды алып жүр-

гізбейді-ау. Өзім –ақ барар ем, қайтейін. Тәуір болсам
деймін.
Әпкелеріңнен қол үзбе, ботам. Сен маған Қабыл-
дың өзісің, Қабылдың көзі – Армантайым. Мұқта-

жыңды әпкелеріңнен жасыр май айтып тұр. Қазірше
мына Балаштан берген қаржыны жұмса. Сәуірдің
сөзін елеме, түсінеді, бала ғой ол.
Хабарыңды асыға күтуші мамаң.»

Балайымнан мамасының сәлемдемесін алған Ұл-
балаш тағат таппай, Жарқынайды іздеуге шықты.
«Сәуірге өкпелеп үйден кете тіндей, ол не сөз айтуы
мүмкін?»

Бақытгүл үйінің қақпасы ашылғанда аулада жүр-
ген құртақандай Арман «әще-әще» деп саусағын шо-
шайта көрсетіп, Ұлбалашқа пингвиндерше қанат жая
жүгірді.

-Еу, жарығым, жарығым!-деп ол да кішкентай ба-

уырын жерден көтеріп алды. Әдеті бойынша Арман
өзінің қылқиған мойнын қисайтып, мақтадай үлбі-
реген ақ тамағын Ұлбалашқа тосты. Ол құшырлана
иіскеп, сүйіп болған соң, Арман иегін көкірегіне тигі-

зе басын тұқыртты да: «Әл-лу...доқ!» деп кішкентай
алақандарын жая көрсетті.
-Ақ тамақ –әпшесініңкі, басқаға «жоқ». Еу, ақы-
лыңнан айналса болмай ма әпшесі?!-деп Ұлбалаш

үлкен қораптың ішінен ойыншық мәшине алып берді.
Әще-әще... Двун-двун! І-іһ!-деп Арман өзіндей
мәшинені құшақтай берді.
Бақытгүл мен Жарқынай да қуанып қалысты.

Дастархан басында Ұлбалаштар ашық мінезді Бақыт-
гүлдің әңгімелерінен көңілді отырды. Арман мәшине-
сін сүйреп әлек.
Шәй жинастырылған соң Ұлбалаш жағдай

сұрасты, мамасының хат, сәлемін берді.
-Бұл не әңгіме?-деді Ұлбалаш.
Жарқынай қамыға отырып, бәрін баяндады.
-Мұндай сұмдықты кімнің, неге шығарғанын біл-

меймін. Әйтеуір Сәуір ағам Бескеннің үйіне барып,
шу шығарғаннан әрі елдің ермегі мен болдым, әпше.
Оның үстіне Сәуір ағамның мамама мен туралы ай-
ғайлап айтып жатқан сөздерін естідім. «Үш жыл

масыл болғаны жетеді, кетсін. Үйді былғамасын»
деді. Мен сенімнен шықтым, әпше. Дүниедегі ең ауыр
нәрсе- өлім де емес, абыройына дақ түсіп, жалалы бо-
лу екен. Мамам... – Жарқынайдың үні дірілдеп, тана

көздері жасаурады. Сосын өзін тоқтатып алды,-мамам

ғана сенімін жоғалтпады. Әлде, Арманды қимаған-
дықтан ба? Сіздерге бар деген еді мамам, мен Сәуір
ағамен араларыңызда сөз жүрмесін деп келіспедім,
әпше.

Ұлбалаш үндемеді. Қабылдың ең жақын досы-
Бескенді, оның үй-ішін ой тізбегінен өткізді. Інісімен
бір төсекте тебісіп өсіп, екі үйге тел бала болғандар-
дан, екі шаңырақты бауырластырған достықтан мұн-

дай қиянат шығатынына сенбеді. Қабылдың үйлену
тойына дайындықтағы оның құрдастарының қызме-
тіне ата-анасының ризашылықтарынан қанық болса,
оның қазасында қалай аяқтарынан тік тұрғанын өз

көзі көрді. Әсіресе, Бескен осы үйдің ұлындай, күн-
діз-түні Сәуір мен Мамырдың қасында жүрді. Таяқ
ұстап бүгіліп, «бауырым-ау, бауырым!» деп қайыс-
пады ма? Сөйткен Бескен, Қабылды жоқтатпай, оның

әке-шешесіне жоқ дегенде аптасына бір-екі келіп,
сәлемдесіп тұратын адал достық қалайша опасыз-
дыққа барады? Жарқынайдың елге келу жиыны мен
Арманның туылуы, оның тұсаукесер тойы-барша-

сында Бескен өз қуанышындай қызмет жасады. Шы-
нын айтқанда Ұлбалаш Қабылды жоқтағанда екі іні-
сін емес, Бескенді іздейтін. Бескен үйде жүргенде
Қабылдың рухы соның бойында сияқтанып, көңілі

жұбанатын. «Бұл сойқанды Сәуірбектің санасына ен-
гізген-Қатипаш!»
Ұлбалаш Жарқынайдың кәусар, таза сезімін, биік
адамдық қасиеттерін құрметтейді. Басқалай айтқанда

оның өнбойынан тірі адамгершілікті көретін. Бүкпе-

сіз, таза көңілде от бықсып емес, лаулап жанатынына
сенімді ол Жарқынайдың өзгеруі мүмкін шешімін
ашық айтатынын да біледі. Ол біреуді ұнатса айыбы
не? Өмір тоқтап қалмай, сезім дауасын тапса-қане-

кей! Бірақ аярлыққа баратын Жарқынай емес. Оған
Ұлбалаш сенімді.
-Сұмпайы!-деді Ұлбалаш әлден соң,- Одан бәрін
күтуге болады, өсекші, - Жарқынай мен Бақытгүл

бір-біріне қарасты,-Сен неден қысыласың? Қысылса,
өз қылығына Сәуір қысылсын. Жүр үйге, - деді Ұлба-
лаш.
Арманды көрген Ұлбалаштың Жансаясы алақай-

лап секірді.
Ұлбалаш Жарқынайға үйді қалдырып, ауылына
кетті.
Бір ауыз өсектен Дәулетбақ қарттың тас ошағы

талқандалды. Баяғыда... 1931- 1933 жылдары елді
жаппай ашаршылық жайлап, үйді-үйден, көшеден кісі
өліктерін жинағанда; жазықсыз абақтыға қамалғанда;
неміс басқыншыларымен - көзге көрініп тұрған ажал

мен бетпе-бет сәт сайын айқасқанда мұндай шарасыз-
дық, мұндай қорқыныш сезінген емес-ті. Пыс етіп
айтылған бір өсек Үшкенді көшіріп, Бескенді ажыра-
тып, Хадишаны төсекке салып,қанша баланы жетім

етіп, Жарқынайдың жүрегін тесіп, жеті басты жылан
дай тіршілікті сорып барады! Сұмдық! Мұның амалы
қайсы? Бейне тау басынан домалаған бір шөкім қар
ұлғая-ұлғая қар көшкініне ұласқандай қорқыныш

Дәукеңді ұйқы мен күлкіден айырды.

ЖІК-ЖІК

ІV тарау

Бірігу - өмір талабы,
«Ол-бұл» деп бөлме араны!
Шашылып қалса –өрт сөнер,
Сүйеніп ағаш жанады.

Көп ұзамай алты жыл армандаған Қатипаштың
төркіндерімен танысып, Хадишаның көңілі демделді.
-Е, жеңеше, о дүниеге кетемін деп қорқытасыз
ғой. О дүниеде коньяк бермейді, бұ дүниеде көріңіз.

Қолымды қайтармаңыз,-деп қимас қайнысы Жаппар-
құл қиылып тұрған соң, өмірі дәмін татпаған коньяк-
тан ұрттап, жемейтін тауық етін де жеді. «Е-е, кіш-
кентайынан қолымда өскен, басиемнің жал-құй-

рықтары ғой» деп қолын қайтармады Хадиша.
-Енді... бүгін өлсем де... арманым жоқ. Сіздерді
де көрдім... Қайным үшін...
Хадишаның көңілі босады.

-Өй жеңеше, жылауық болғанбысың? Жыламашы
менің де жылағым кеп кеткені,-деп Жаппарқұл да кө-
зін сүртіп, стаканын таза алды.
Соңғы кезде ішкілікке құмар боп жүр деуші еді

Жаппарқұлды. «Жалғыз ағам қарамайды деп қапа»
деген Ақшайым. Рас па деймін? Қайнысын аяп кетті.
«Шырағым-ау, бізден шама кетті. Үйімізге бір шашты
молда келді ғой тілінің астында тілі бар» дегісі келді.

Демеді бірақ. Көзін жаулығының ұшымен сүрткілеп отырса, қарқ-қарқ күліп, санын шапаттаған кәріқыз құдаша –кемпірге көзі түсті, Хадишадан үлкен болмаса, кіші емес. Баяғы жігіт кезінде өзінің Дәукесі бозаға қызғанда осылай санын шапаттаушы еді.«Ойпырай! Әйел де...» Қатипаш айтушы еді –ау «Біздің елде жұмыс жоқ. Жас-кәрі демей арақты соғыстырып ішіп, кемпірлерге дейін карта ойнайды. Ақшаны әйел ұстайды, күйеулеріне бижелкелеп ұрады, еркекшелеп боқтайды. Ал, Оңтүстікте керісінше екен» деп. Расау. Мына құдаша - кемпір Хадишадан үлкен болса да денсаулығы мықты, коньяк дегенді біраз ішсе де, сыр бермей жақсы-ақ отыр. Хадиша өзінше біраз нәрсені пайымдады. «Оңтүстік пен солтүстікте айырма бары рас екен-ау, ә? Қатипаш ұшқан ұясына, сынай тұра өз еліне ұқсағысы келе ме, сонда? Ал, Жарқынайдың анасы солтүстіктен болса да неге ұқсамайды мына құдаларына?» *** ...Сәуірбектің өмірге көзі енді-енді ашылғандай. -Анау жесір әпшең жесір бұзылған келініңді үйіне кіргізіп алыпты. Енді шешең екеуі екі жақтап, «Арманға қаладан үй әпер» деп бағана атам сорлының миын щұқыды. Сонда, сен екеуміз кемпір-шалдың азабын көріп, бағамыз. Ескі үйде бес баламен отырамыз. Жалмауыз келініңе дүңгірлеген жаңа үйі аздай, енді қаладан үй әпере ме? Бейнетін біз, рахатын ол көреді! Не деген ақымақсың сен?! Бес балаңда

бір үй жоқ, Жарқынайдың бір бала сында екі үй бар,-
деп Қатипаштан сөз естігелі бұл Ұлбалашқа да, әке-
шешесіне де салқын тартты. Ернін жыбырлатып, сал-
қын ишаратпен амандасқан болды.

-Мен Қабылымның бала-шағасын көшеге таста-
маймын. Өсекке еріп, еңіретпеймін, -деді Хадиша,
дастархан үстінде.
-Жарқынайдан да Бескеннен де ондай сатқындық,

опасыздық шықпайды. «Көрдім» деп саған кім айтты?
Кім кәне? Неге атын атамайсың, Қатипаштан естідің
бе? Айт кәне! Мен өсек екенін мойындатамын,-деп
Ұлбалаш шықты. Қатипаш моп- момақан кескінде

аяғын ұщынан басып, кіріп-шығып, әңгімеге қосыл-
май жүрді.
-Көке,-деді Сәуірбек әкесіне, -әйелдер әйелді
жақтай береді. Көптің көзі көреген ғой. Арман қажет

етсе, кейін бізді табады.Бұл өмірде әкесіз жалғыз сол
ма! Екінің бірі жетім.Енді Жарқынай дегенді атама-
ңыз.
-Көпке айтқан -сен, өсектің тұқымын сепкен-сен-

сің, Қабылдың әйелін саған тапсырғанын ұмыттың
ба?! -Ұлбалаш бауырына тікелей тиіскенде, Қатипаш
көзін сары кірпіктерімен көлегейлеп, Ұлбалаштың
көзі түскенде басын изеп қойды.

-Ұлбалаш, тоқташы,-деді Дәукең. Сосын Сәуірге
қарады,-үй әперейік, ұлым. Ол-парыз бізге. Содан ке-
йінгіні өмір көрсетер.
-Ой, көке! Парызды Жарқынайға қатысты ғана

білдіңіз бе? Бізге келгенде не оқуға түсірмей, не қыз-

метке тұрғызбай, не үкіметтен үй, мәшине сұрамайтын едіңіз. Қазір-ақ білдіңіз бе? -Эй, мен неге оларды сұрауым керек? Сұрамаймын! -Онда үйді де әпермеңіз! Басқа да үйсіз балаларыңыз, немерелеріңіз бар ғой. Арманның бір үйі бар басында. -Оларды ауылға сыйғызбадыңдар. Ол ешкімнен ешнәрсе сұрап тұрған жоқ, түсінесің бе?-деді Ұлбалаш. -Онда, бәрің де кетіңдер соның соңынан! –деп Сәуірбек қарғып тұрып, сыртқа беттеді, -ар-рамылар! «Парыз!» *** Оңтүстіктің шілдесі кісінің кеудесіндегі су атаулыны кептіріп, денені тірідей қақтаудан тайынбайды. Термен, бумен жоғалтқан сұйықтың орнын шәймен, сүтпен толтырып отырмасың, жаныңның қалуы кәдік. Хадишаның қайнаған су құйып қоятын екі литрлік шынысы бос тұрғалы қаш-шан!Мына ыстықта шалапты ғана қорек етіп, екі күннен бері басын көтере алмай жатқан қартаң ананың тілі таңдайына желімделіп қалғандай әзер қимылдайды. Шіркін, денсаулық! Дәл осындай шілдеде колхоздың әйелдері бір-екі сағат көз шырымын алуға жатқанда үш –төрт шақырым жердегі Қыдырбайдың қырынан осы үйіне ұшып келіп, бір-екі таба нанын көміп, арасында күбісін пісіп, осы бала-шағасының бір ыстығын беріп үлгеруші еді-ау. Қайтар жолда

Құрман тоғайдың мұздай суына бір сүңгіп, Қыдыр-
байдағы колхозшыларға жетіп баратын. «Желаяқ»
деуші еді мұны әйелдер. -Ойпыр-ай, сонда құйынмын
ба, желмін бе? Со жылдары жүрудің нормасын орын-

дап қойғам-ау. Он бес қадам жердегі үйіме кіріп, су
ішуге мұршам жетпей жатысым - мынау.
Бұл үйдегілерге кешкісін осылай қым-қуыт тірші-
лік қызады. Мамыр мал жайғауменг, Дәулетбақ кәрие

немерелерін жетектеп, Қатипаш қазан қамымен әуре-
ленеді. Сәуірбек егін басынан кеш келеді.
Қатипаш тырп-тырп етіп, үйдің бергі бұрышынан
көрінді. Бері келіп, хабар ала ма деп дәмеленіп еді...

Уақыты тығыз шығар, өтіп кетті. Жоқ, әне-көшеде бір
әйелге жолықты. Колын сермеп-сермеп қойды, қызық
әңгіме шығар, дауысы анық болмағанымен, тырқ-
тырқ күлкісі көпке дейін басылмады. Есіне қазан-

ошағы түсті ме, қайдам, бірден үйге қарай тұра жүгір-
ді. Бір жоғалса, қайтып көрінуі қиын келініне өзінің
тіршілікте бар екенінен хабар бергелі дыбыс тады. Су
сұрамақшы.

-Ә-ә...ию-ю-у-у... –деді бұл оң қолын әзер
көтеріп.
Қатипаш обалына не керек, бұл жолы жалт қара-
ды да, қолын бір сілкіп жүгірген күйі өтіп кетті. «Е-е,

қазаны күйіп бара жатыр –ау, әсті. Сүті тасыды ма?...
Көрді ғой мені келер. Әлгі Алпамыс, Арыстандар
қайда жүр екен? Солар –ақ бір пиалай су әкеліп берер
еді».

«Келер» деген үміт үзілді. Қас қарайды, түн бол-
ды. Теледидарда әнебір сериал басталды-ау, қыбыр
етіп шыққан пенде болмады. Хадиша жатқан тапшан-
ның жарығы да жағылмады. Мұны шөл қысты, құй-

рығымен сырғып-сырғап, теледидардың дауысы сам-
пылдай шыққан үлкен терезенің тұсына жетіп, таяғы
мен терезені қақты. Сол-ақ екен терезеге екі-ұш сұлба
пайда болды да, даланың жарығы жарқ етті. Алдымен

жүгіріп шыққандары Мамыр болды. Ол анасын жер-
ден балаша көтеріп алды.
-Мама, мам... неғып отырсыз мұнда?
-Су-у... С-су-у... бер-ші...

-Тамақ ішесіз бе? Шөлдедіңіз бе? Ыстық сүт
әкелейік пе?
-Су-у... берші-і... –деді талықсып Хадиша.
Мамыр су әкелуге кетті.

Су ішіп, Хадиша жән шақырайын деді, суға қата-
ламай, судың қадірін білмеген екен-ау осы күнге де-
йін. Осы кезде тырп-тырп басып Қатипаштың сұл-
басы жетті.

-Не болды сонша?!-деді ежірейіп. Бұл үндемеді,
үндеуге зауқы да, шамасы да жоқ-ты.
-Мама, теледидар көресіз бе. Көтеріп апарайын,-
деді Мамыр.

-Тамақ әкелейін бе?!- деді Қатипаш зілденіп.
-Жоқ... Сүт болса...
Қатипаш кері бұрыла берді де күңк-күңк сөйлей
жөнелді.

-Туһ-һ! Осындай кәпріз кәпір кемпір көрсем-кө-
зім шықсын! Ештеңе жақпайды! Өлейін деп жатып
терезені тоқпақтап жүргенін қарасайшы мұның! Ба-
сыма сор болды-ау! Не өлмеді, не қоймады! Құдай

қашан бұл мешелден құтқаратынын қайдам. Екі күн-
нен бері талтайып жатып ап, бәле болды ғой! --Бұрқ-
сарқ етіп жүріп, бір кесе сүт пен бір тілік нанды тап-
шандағы алаша үстіне қоя салды.

-Нанның астына бірдеңе төсемейсің бе? –деді
Мамыр жәй.
-Төсесең қолың жоқ па?! Төсе өзің!
-Ол сенің міндетің ғой,- деді Мамыр.

-Шеше бағу сенің де міндетің!Не,бұл жалғыз
Сәуірді туып па? Менің баққаным ұнамаса, қатын ал
да бағып ал әке-шешеңді.
-Е-е, сен жөндеп сөйле! Сен бе бізді бағып отыр-

ған? А? Тамақ істегенің міндет пе сонда, а? Өз кірі-
мізді өзіміз жуамыз. Салақ та, олақ та –сен! - Мамыр
да қатты кетті.
-Көрермін алған қатыныңның оңғанын!-Бұдан

соң Қатипаш әдетіне басып, сөзді боратып кетті.
Барлық кем-кетістік түк қалмай айтылып шықты.
Оңбаған әулет, оңбаған жерге келген сор маңдайын
төпелеп, өз шашын өзі жұла бастады.

Көшеге тоқтаған мәшине жарығы сөніп,Сәуірбек
пен тағы бір сұлба көрінді. Қатипаш тез есін жиып,
жерде жатқан кір жаулығын басына салды.
-Не болды?-деді Сәуірбек тапшанға жеткенде.

-Күң боп жүрсем де осы үйге жақпай-ақ қойдым!

-Тамақ дайында!
Сәуірбек қасындағы кісісімен үйге беттеді. Қати-
паш оның алдына түсіп, тымпылдай басып, асханаға
жөнеді.

-Не дейді апаң?-деп сұрады Дәукең... Сәуірбектер
тамақтанып, жұмыс басына қайта кеткенде. Дастар-
хан жиыстырып жүрген келіннің аузы дорбаланып,
қабағы қатпарланып кетіпті.

-Білмеймін, ата! Жақпай- ақ қойдым күң болып
жүрсем де! Тамақ берсем ішпейді, сүт берсем ішпей-
ді. Барымды беремін. Жоқты қайдан табамын? Сира-
ғымды пісіріп берем бе?

-А-а? Ет сұрай ма апаң?
-Білмеймін... не сұрайтынын! Мен оны, ол мені
түсінбейміз!
-Мынау Хадишаны жын қаққан шығар, ә? Онысы

несі, ә?
-Анау балдарыңыз да бір жағынан... Сәуірге ти-
дім бе, соларға тидім бе? Кетемін онда! Шағыстыр-
ғаннан басқа дым білмейді.

-А-а? Кеткені несі? Келінге күн бермей мына
кемпір...
Дәулетбақ жер таянып, әзер түрегеліп, сыртқа
беттеді. Қаракө леңкеде қалбиып жатқан Хадишаның

қасына жетіп келді де ай-шай жоқ шоқпардай жұды-
рығымен аяусыз түйіп-түйіп жіберді. Кемпірден ыңқ
еткеннен басқа үн шықпады.
-Сен қартайған шағыңда қағынып, өнер ашқан

екенсің, ә? Шынашақтай келін сенің неңді жеді, а?

Күн бермей, күң қылып жібердің ғой сорлыны, а? Ал,
мәз болсаң, «кетемін» деп жатыр. Кетеді, отыр қара
бет болып!
-Қойшы, өзім өлейін деп жатырмын...

-Өлсең өлмейсің бе өз алдыңа!Оған басқалардың
қатысы не, а? Семья бұзып...а? Балдарды тентіретіп...
А?- Дәулетбақ төсектегі кемпіріне төнген күйі хром
етігінің өкшесімен теуіп-теуіп жіберді. –Өл! Өз ал-

дыңа өл! –деп кері бұрылды.

Хадиша осы жасқа дейін дәл бұлай қоланбап еді.
Ашаршы лықтан кейінгі 1934 жылы осы Дәулетбақ-
пен тұрмыс құрғанда енесі жарықтық сал болып тө-
секте жатыр екен. Онда Хадиша осы қаладағы үлкен

оқу орны болып табылатын педтехникумда оқитын
шынашақтай қыз еді. Оң-солын танымай жатып, тау-
қыметке жегілген-ді. Ол кезде газет редакторлығы
қызметін атқаратын Дәукеңді түн ортасында ұстап

әкетті. «Халық жауы» деген қара күйе жағылды. Сон-
да мұны оқудан шығарып, еш жер жұмысқа қабыл-
дамай, жалпыға берілетін 200 грамм қара нанға да
карточка берілмей, сал ене, үйі толған қайын-қа-

йынсіңлілерді қалай аштан өлтірмей асырауды біл-
мей, қиналған. Еріне жабылған жала үшін, жазықсыз
қоралы жанұя қасіреті үшін қорланған. Бірақ, дәл сол
жала да, сол қорлық та бүгінгідей жанына тимеген-ді.

Мүмкін ол қаны басқа, ниеті басқа жау жаласы бол-
ғандықтан шығар. Ал, өз бойынан жарып шыққан ба-
лаң, өміріңнің жалғастырушысы – армандап күткен

келініңнен көрген жалабұл дүниенің тозағы екен. Өз перзенті мұны «жау» санайды, ә?... «халық жауындай» жирене, безере қарайды, ә?... Дәукесі де... Хадиша бәрінен баз кешті. Қырық жыл қол тигізбеген қосағын тілмәш келіні не деп айдап салды екен деп таң болды. Ой, өмір-ай деші! Туыласың, алдыңда тәтті арман күтіп тұрғандай бойжеткен ше асығасың. Тұрмыс құрып, балалы болу-бақыт сияқты. Баланың әрқайсысын түнде тұрып емізіп, жөргегін құрғақтап, жатса-төсек, жастанса-жастық болып, алдыңа тағы үмітпен қарайсың. Балаң өссе, уайымың қоса өсіп, қанша балаң болса, сонша уайымың туылып жүріп, әрқайсысын өз орнына қойсаң, тағы да алдыңнан күткенің шығатындай болады. Сөйтіп, енді өзіңе келіп, артыңа қарасаң, жер ортасыКөктөбеде тұрғаныңды бір-ақ білесің. Сондағы жеткенің, көргенің осы ма?! -Ой,өмір-ай! Қандай алдамшы едің?!Қандай суық едің?!-Ауда рылып жатқысы келген Хадиша онсыз да тозған резеңкедей икемсіз денесін қатты ауырсынды. Көзіне жымыңдаған мың-сан жұлдыз түсті. Олар «ә, алдамшы өмір екенін енді ғана түсіндің бе? Біз жаралғалы білеміз» деп мұны мазақтап, тырқтырқ, жырп-жырп күліп, көздерін өзара қысысты.Бір кезде бүкіл аспан күңгірлей күліп, Хадишаның у-шудан құлағы тұнып, мына тапшан, анау ағаштар аударыла-теңселе қозғалып, әлем ауып кеткендей болды. -Әй-и, әй-и... Қабыл... Ма-мы-р... қайдасыңдар... ***

Көзін ашса... өзінің даладағы сол қомыт төсегінде жатыр екен. Екі баласы мен осы елдегі таныс дәрігер бала қоршалай отыр. -Апай, сізге қимылдауға болмайды, қаныңыз қатты көтеріліп ті. Өзім келіп укол салып тұрамын, сосын бір-екі күннен соң ауру ханаға жатқызамыз. Өзіңіз де ауруыңыздың жағдайын біліп қалған сыз ғой, ештеңе ойламауға,көңілді болуға тырысыңыз. Жақсы өскен бала-шағаларыңыз бар, шүкір «мамалап» жүгіріп жүр бәрі де. Жеңіл тамақты аз-аздап, дембіл-дембіл ішіңіз. Көбіне ағарған дұрыс. Қазір ұйықтататын бір укол саламын, дұрыс ұйықтасаңыз ертең-ақ тәуір болып кетесіз. -Размет, шырағым. Түн ішінде әурелеппін-ау... *** Соңғы кезде ұйқысы сиреген Дәукеңнен бүгін ұйқы тіптен безіп кетті білем. Иә...Бұл шаңырақ ежелден-ақ есігінен кісі кетпеген, дастарханның дәмі түгесілмеген Жанай биден мұраға қалған қасиетті шаңырақ. Сол қасиет әйелмен келеді деп түсінетін Дәулетбақ өмір серігі етіп,Хадишаны таңдағанына ешқашан өкінбе ген, не ұялған жері жоқ еді.Әйелінің арқасында баба киесін әруақ тандырмаса, төмендетпеген сияқты. Иә, бәрі де осы Хадишаның кең жүрегінің, үлкен мейірімінің арқасы емес пе үрім-бұтағының әрқайсысына ортақ үлкен үй болғаны! Енді... мына келінге шатқаяқ тана,шәлкес мінез көрсетіп,үйдің берекесін қашырғаны не? Ауру... Қартайған кісі орынсыз беймаз болса... қол жұмсамай қайтсін. Өзі...

Қатты ауырды білем, балалары дәрігерге шапқылады ғой. Барып жағдайласайын деп еді... Аядыақ... Бірақ, бойын белгісіз бір зіл қаратас басып, тырп еткізбеді. Бұл –еркектік жалған намыс екенін білді. Дәулетбақ өзін жеңе алмады. *** Хадишаға ұйқы шақырғанмен келмеді, дәрігердің еккені ем болмады. Пыс-пыс етіп, қойнында жатқан Алпамысын бір иіскеп қойды. Екінші жағында жататын Жарқынайын аңсады. Арманды ойлады. -Күнім-ау, күнім менің, -деді ол ақырын.Ойды ой қуалады. ...Дәукең «жау» атанған 1937 жылы осы Жаппарқұл, Қаппарқұлы бар бүкіл қайын-қайынсіңлілерін қаланың сыртындағы ну шырыш қа ертіп барар еді. Қолында бір-бір пышақ, не темір, жабыла кеп шырыштың тамырын қазар еді.Оны үйге әкелген соң тазалап жуып, кептіріп, келіге түйер еді. Сосын електен өткізіп, желім жасап, бала-шағаның нанын табар еді. Сол қиындықта осы қан неге тасы маған? Сонда да қабақтары түспей, реті келсе күліп-ойнап, у-шу боп жатпаушы ма еді бұл шаңырақ! Сол жағдайда алға жетелейтін, жігер-күш беретін үміт бұл күнде қайда кеткен? Әлде, Үміт деген де адаммен бірге туылып, бірге қартаяды ма? Хадиша көгілдір таңды көзімен атырды. Кімнің сөзі еді әлгі... «Әйел дым жоқтан да тау жасай алады» деген? Осындай ептілік берген әйел затына Алла-тағалам тек таза ниет берсе-ші мына Жердің бетінде

дау-дамай, өсек-аяң дегендер өнбей жатып, өлім қаба-
тын! Шіркін-ай! Бір түйгені--бөтен ортадан қосылған
адамның өз басында түйсігі болмаса, оны өзгерту-
хайуанатты қолға үйретуден де қиын екен. Өйткені –

хайуанның бар мұраты-тамағы. Адамға тәуелді бол-
ғандықтан,асы үшін оған бағынады. Мысалы, иесінің
қолына бойын созбаған күшік колбасадан құры қала-
ды. Ал, жаңадан сырттан қосылған келінде хайуанда

жоқ ақыл-айла бар. Оған иелік ететін еркек, сыйлай-
тындай ене, адал ниетті болуы қажет. Олай болмаған-
да, жоқтан «бар» жасап, аяғың аспаннан келіп, ағыңа
қара оңып, жатасың осылай жер жастанып.Иә...

...Қорадағы әтештер кезектесе шақырып, тірші-
лікті оятты. Үй жақта да тықыр басталды. Әне, Сәуірі
жақындап келеді.
-Қалайсыз, мама?

-Тәуір...
-Өзіңіз де... Болмайтыннан дау шығармай...
-Мен дау шығарғаным жоқ қой...
-Енді неғыл дейсіз?Бес баламен ажырасайын ба?

Өзіңіз тапқан сыз осыны, енді көнесіз. Тағы қатын
алатын жағдайым жоқ менің. Жүр ғой осы күндіз-түні
бір тынбай! Сорлы жетімек отпен кіріп, күлмен шыға-
ды. Басқа әйел алсам, баяғыда-ақ кетіп тынар еді. Күң

болуға кім шыдасын? Бұдан басқаны алсам,ешкім де
шыдамайды...
Әр жағын Хадиша анық естімеді. Сәуірбек көше-
ге беттей сөйлеп барады. Дәл Қатипаштың көшірме-

сі, «Муж и жена –одна пара сапога» деп балалықтағы

көрші апай көп қол сілтеп,көп айта беретін. Оның
мәнін есейгенде емес, ескіргенде түсінген сияқты.
Япырай,ә!
Бұл күндері алтын діңгектің арқауындай, осы

шаңырақтың құт-қасиетіндей қадірлісіне балалары-
ның арқасында ие болып алған Қатипаш баяғыдай
«қайда, қалай өмір сүремін» деп қорықпайды да, еш-
кімнен үрікпейді де. Өз орнын біледі. Бұл шаңырақ

енді Қатипашсыз, оның ұлдарынсыз опырылған обаға
айналары хақ.
-Бір келетін өмірде жасап қалайық, қараңқалғыр!-
деп, той-томалақ, отырыстарда сілтеп ішіп, сілкініп

билейтін болған-ды, -Сәуірбекке ұнасам, басқасы са-
дағам! – дейтін Қатипаш күйеуіне ғана бейшара боп
көрінетін-ді.
Сәуірбек күңкілдей сөйлеп, көшеге жеткенде Ха-

диша кеңк-кеңк жылады. «Қараптан-қарап бәріне
жексұрын етемін десе, адамның амалы көп екен-ау.
Ойпырмай, шіркін-ай! Жетімде мейірім жоқ деген
осы екен-ау, ә? Дәл мендей шешесі болса, ауырып

жатса, мәпелеп жүрер ме еді, әлде оның да жанына
осылай бігіз сұғар ма еді? Қыздарым қайда менің?
Алтындарым –ай, кейде соларға болмайтын жерден
кінә тағып, сөгіп, не өкпелеп жүретін мұныкі де ас-

тамшылық екен –ау. Әй, менің қыздарым енелеріне
бұлай қарамас. Әйтеуір әр сөзінде «енең-анаң, сен де
ене болуды армандап отырсың, Ертең өз ісің алдың-
нан шығады. Бізден кеткенсің, соларға жеткенсің»

деп жарапазандай айтып отырғасын ба, бір құдағи қырғи қабақ танытқан емес. Шүкір.» -Е, шүкір... Көрсеткеніңе шүкір. Келінім де шаршаған шығар. Екі күн жатып қалдым-ау, тырп етпей... Қыздарымның біреуінің үйіне барып, келінді тынықтырайын. Әйтеуір есігім ашық болып, артымда қалсын, бала-шағасына ие болсын. -Хадиша осылай деді. *** Тілегін тәңірі қабыл алып, сол күні Ұлбалашы келе қалғаны. «Дәрігерге жақын» деп үйіне әкетпекші болғанда, Хадиша іштей қатты қуанды. -Шешең кетті анау сүйікті жалмауызына! Ойпырм-ай, күндіз-түні малайы болған мен ұнамаймын. Бұзылған қатындар кемпірге несімен жағады екен? Анау ғалым әпкең «қарамапсыңдар!» деп шаңымызды қағып, әкетті ғой мамышкамызды, -Сәуірбек түнделе тіп қос басынан келгенде әйелі «шаң қаққанды» ойдан қосып, айтқан жаңалығы осы болды. Бүгінде Қатекең сақтанып емес, қалай болса солай сөйлейтінге жетіп қалған-ды. -Дұрыс бопты. Кетсе кете берсін, миымыз тынығады қайта, жуынатын су бар ма?-Күйеуі қоштаған соң осыны күткен әйелдің жаны жай тапты. -Иә, жылы су дайын. Бүгін сен жақсы көретіп палау пісірдім, ішіне сен айтқандай ноқат қосып едім, енді иісі де, дәмі де там-ма-ша! Сені күтіп тамақ ішкем жоқ,-деп жарамсақтанды. Мұндай адал «берілгендік» күйеуіне ұнайтынын біледі. -Көкемдер тамақтанды ма?

-Иә, атам өз бөлмесінде кітап оқып отыр.- Ас үс-
тінде Қатапаш Мамырдың майын сорғалатып, палау-
ды қалай жегенін, атасы Дәукеңнің алмалы-салмалы
тістерінің сүйек мүжігенде қалай жиір кенішті сақыр-

лағанын, бірінен –бірі өткен әкелі балалы екеуінің қо-
мағайлықтарынан етті, нанды өзара қызғанып, қалай
бүтіндей жұтқандарын майрампаздық қылықпен көр-
сетіп берді. Сәуір үндемеді. Күйеуінің «әлсіздігі» -

күлуде екендігін білетін әйел:
-Ғалым әпкеміз бүгін «Мен-де-ле-ев, Менделе-
ев» деп жүрген шығар «тамашадағыдай»,-деді.
-Неге?-деп күлді Сәуірбек.

-«Үстіңді кірлетпе, ананы ұстама, мынаны бүйт-
пе» деп Жансаясын тәрбиелей алмай жүрген әпшеңді
Арман барып бір алжытса,мамышке «манкі жеймін,
сүт ішемін, етің піспеген, наның ашып кеткен» деп

маған істеген мың қисықтығының бір ұшын көрсетсе,
әпкең жынданбай қайтсін енді?! Байқұс-ай... әй, бірақ
мен сияқты үндемей көне бермейді олар. Ұрсып бере-
ді, сосын-ақ қисықтығын көрсетпейді ғой шешең.

Жам-а-ан қырсық адам ғой!
Бүгінде Қатекеңе шүбә келтірмейтін Сәуір өз ше-
шесінің ол айтқандай еместігін ойлап та жатпады,
«қой» деу құрдымға кеткен.

-Қызы ғой, бабын таппас деймісің.
-Кеше де «ананы ішпеймін, мынауың ыстық» деп
бәрімізді қуырдақтай шыжғырды. Ақырында шал шы-
дай алмай, түйіп-түйіп жіберді. Дұр-рыс атамдікі!

Біздің правамыз жоқ сөйлеуге, Қайтеміз- үндемей кө-

неміз. Егер мен сөйтсем, сен баяғыда терімді сыпырып, іліп қояр едің, ә?-Қатипаш тырқ-тырқ күлді. -Ішіне сабан тығып ілемін. Хи-хи... -Хи-хи-хи... -Айтпақшы, кемпушка, мені он күнге командиров каға жібергелі жатыр. Киімдерім дайын ба? -А-а... онда мен төсегіңді жайғап берейін де, кірпірлер болса, түнделетіп жуып тастайын. Бала жыласа, өзім қараймын, демала бер. *** Көңіл де ем бе, Жансаясы мен Арманы алдында ойнақтап, Ұлбалашы мен Жарқынайы «мамалап» жүрген соң ба, әйтеуір Хадиша бірден бері қарай бастады. Жансая телефон номерін теріп, бұл қызы Алтынаймен де сөйлесті. Кәдімгідей іші босап, көңілі орнығып, бойы жеңілденіп қалды. -Әже, сәлеметсіз бе? Мен сізді сағындым. Қазірақ өзім барайын десем, мамам «әкеңді тосамыз» деп жібермей тұр. Айтың-ыз-шы-ы... –дейді Көпжасары телефонның ар жағынан. -Баламтай, мамаңды тыңда. -Онда, кейін сізбен бірге ауылға кетемін. Мақұл ма? -Мақұл, құлыным, мақұл. Хадишаның қан қысымы төмендеп, аяқ буындарындағы буылтық-буылтық түйіндер де ізім-қайым жоғалды. Бұрындары үйге келмей жатып: «Қайдам, үйдегілер әбіржіп қала ма, қайтайын да» дейтін анасы үш-төрт күн өтсе де асықпағанына Ұлбалаш қайран

болды. Иә, осы жолы мамасы ешқашан байқатпаған
оқыс мінез көрсетіп, оқыс әңгімелер айтты.
-Жарығым – Ұлбалашым менің, ұл боп туылма-
ғаныңды қайтейін-ай,- көңілі босап, дауыс дірілін

әзер басты,- армандап айта береміз, ұлдан кемдігің
жоқ, ақ қозым! Басқа балаларым бір төбе, сен бір
төбесің.Мың қызметің алдыңнан қайтсын, жаным
менің...

Хадиша өз анасынан ерте айырылып, кейінгі
анасынан еш бөтендік көрмегенін, қазіргі жатыры
бөтен бауырларына деген шексіз ризалығын айтты.
Дәукеңмен өткен қимас күндерін, небір ауыр сәтте-

рін, оның қамауда, қан майданда жүріп, күш-қуат
берген, ақыл-қайрат қосқан өлең жолдарын жатқа
айтты. Әділдік үшін айқасқан Дәукеңнің арыстан
мінездерін, қыз Жібектің киімін киіп, сахнада өнер

көрсеткен сері кездерін, жоқ-жітіктерге қарасам деп
бәлеқорлардың домалақ арызынан тағы да түрме
көргенін, одан тағы ақталғанын, бала оқыту үшін өз
үйінің жартысынан мектеп ашқанын, мейрімділіктің

қалай-қалай қатайғанын, қысқасы-қазіргі қатал мінез-
ді Дәулетбақ жұбайының бүкіл өмірін жайлап оты-
рып, есіне алды. Сосын... Оның өткендегі соққысын,
келіні мен баласының оқыс мінездерін, мұны айып-

тауларын айтты.
Ұлбалаш анасының үйіне асықпаған себебін, қы-
сы-жазы қасынан қалдырмайтын Алпамыстың ерме-
ген себебін енді білді. Жаны тас төбесіне шығып кет-

кендей болып, ауылына жиналды.

-Қойшы, қызым, мен десең барма да, ешкімге айтпа да. Ішімді саған айтып босатпасам, жарылып кетердей-ақ сыймады, қайтейін. Енді мен десең, барма. Ұлбалаш ашуын екі көзінен алып, еңіреп жылады-ай. -Ма-ма-а, кім олар сізді қорлайтын, кім?! Қатипашың, Сәуірбе гің түгіл мен Дәулетбағыңа да қорлатпаймын, ма-ма... Неге қой дей сіз маған, ма-маа... Кім олар өз үйіңе өзіңді сыйғызбайтын, к-і-і-м... -Қойшы,ботам.Әкеңе тіл тигізбе,бір түсінбестік болған шығар. Әйтпесе, қырық жылда өйтпеген ғой. Жалаңаш батырлығынан... кейін қор бола ма деп ойлаймын.Мен өлсем,ол кімге сияды? Сендер өз-өздеріңмен ғой. «Батыр аңғал» деген осы,ботам.Менің бір өтіні шімді орындасаң, ағайын-тумаларыңды түгел үйіңе шақыршы, бәрін бірге көргім келеді. -Келініңді де ме? Қатипашты?! -Иә, келінің, әкең, аға-інілерің--бәрін. *** Екі үш күн өткен соң жолсапардағы Сәуірбектен басқа Жанай бидің әулеті бір дастарханда жарқынжарқын сөз алмасып, жақсы отырып тарасты. Дәрігердің айтуынша қан қысымы жас кезіндегідей қалыпқа түсіп, буындарының түйіні де жоғалған ардақты анасының бір аптада реңденіп, жасарып кетуі-бой жасауы екенін ұл-қыздары кейін пайымдады. Әулие Омар кәлпенің немересі -Хадиша бақи дүниеге көшерін біліп, әулетінің ынтымағын көргісі келген –

ақ екен.Келесі түнде оқыстан Хадиша «жар-ы-ғ-ым...
Ұл-ба-лаш...» деген соңғы сөзбен демін тауысып,
оның алақанына басын қойған қалпында көз жұмды.
Мәйітті мәңгілікке аттандырарда өзге ұл-қызда-

ры, Жарқынай «Риза бол, мама. Орның пейіштен, то-
пырағың мамық болсын» десе Сәуірбек қана:
-Кешірші, мама! Кешші мен бейбақты, мама!-деп
еңіреді. Не үшін екенін ойлаған ешкім де болмады.

Сыңсыған,аһылаған барлық дауыстарды Хадишаның
Қатипаш келінінің зары жұтып жіберді:
-А-а-й! Мезгілсіз келген сұм ажал, анамды неге
жалмадың-ай! Мама деп кімді айтамын-ай! Неше жыл

мәпелеп бақсам да, бір күнде келіп жалмадың-ай!
Ақылшым-ай, ардақтым-ай, асқар тауым-ай! Ойы-ба-
й-ай! Сенсіз қалай жүремін-ай! Орныңды кім толты-
рар-ай! –деп зар қақты.

Үй толған қатын-қалаш түгел оны қоштай
жылады.
-Бәрі де рас, келін! Жас кеткені де рас, мәпелеп
сендей-ақ бақсын. Қайтесің, сабыр қыл! Қайрат қыл!

-Қайтсін-ай, жетімше сорлының анасы екені рас
еді-ау.
-Сабыр ет, келін! Тоқтап жыла, тоба ғып жыла,
сабыр...

Қатипаш келіннің сабыры жетпей,қайта-қайта
«талып», енесін қинала жоқтап, ел-жұртты егілтті.
Дәукең жауар бұлттай түнерген.Хадишаны
мәңгілік мекеніне өз қолымен қойды.Ораған кебінді

ығыстырып, бетін ашты.Жан-жарының иманы жүзін-

де жарқырап,екі бетінің ұшында қызғылт нұр үйіріліп
тұр.
-Бақұл бол, Хадиша! Жолдастық тіршілігімде
біліп- білмей жасаған күнәм болса, кешір мені, Хади-

ша! Мен де кештім сені! Жаның жәннәтта болсын
деп, иманың жолдас болсын деп Алладан тілеймін.
Разы бол! Ризамын мен де, Хадишам менің!- Дәу-
летбақ қарттың қос жанарынан қос түйір ыстық

тотияйын жас ыршып кетті.

ҚАРҒАНЫҢ МӘТКЕСІ

V тарау

Өзекті өртеп арманың,
Шайнауда қалды бармағың.
Қадіріңнен айрылып,
«Мәткесі» болдың «қарғаның».

Хадишаның қазасына келім –кетім саябырсыған
соң Қатипаш ты атасы бір мезгіл барып, қайтатын
жұмысқа жайғастырып, үйдегі немерелеріне өзі бас-
көз болып қалды. Жамбастап сырғып жүріп –ақ, аяқ-

киімін пешке кептіріп қоятын, қалтасындағы бето-
рамалын түгендейтін кемпірі жоқ. Көйлегінің жағасы
өтек көрмей, төсек қағылып салынбай, сұраусыз шәй
келмейтін болды. Табақ-аяқ көп сақырлап, тарғыл да-

уыспен келіні бала-шағасына айқайлауды көбейтті.
Таудан-тастан қайтпаған жаужүрек Дәукең келініне
«шай ың суыды» деуге батпайтын сияқты ма, қалай.

Көбінесе, ондай да пиалайын тарс еткізіп төңкеріп, мекірене кітабына үңіле салатын. Кейде ғана: -Ә, баламтай, шәйіңді жылытып әкелесің бе?- дейді. Е-е, келінінің өзі шөлдегендегі ән салып тұрған қара құманнан қосыла ішкен шәйді ішкен де,ішпеген де арманда-ау,шіркін.Суса мыр Дәукең шоқша сақалды иегін селкілдетіп шәй қойып, дастар хан жасауды үйренді. Шылапшынды шылпылдатып, көйлек-ыста-- нын, шұлғауын жуып, жаятынды үйренді. -Ә-ә! Ха-ди-ша-аһ! Бұларды кім істейтінін сен жоқта бір-ақ байқаппын-ау! Ә-ә! «Сыртқа шықсақбатырмыз, үйге келсек-қатынбыз». *** Көппен араласып, еңбек еткен деген де бір ғанибет қой! Қати паштың да көңілі жадырап,үстібасына қарап,боянатын болды. Ете гі сөгіліп, кей жері жыртық-пыртық демесең, өтексіз болса да сауыссауыс киіммен жұмысқа бармайтын-ды. Бір тәуірікиімінің сыртынан ақ халат кие салатындығы. Бұл қойма кілтін ұстайтын ауруханада Қатипаштың зерігерлік жағдайы болмады. Ауруханадағы емделушілердің өзгеріп тұратын дығы мұның әңгіме заңғарының биіктеп, өсек өрісінің кеңеюіне ең бір қолайлы жағдай-ды. -Қатипаш атаң қалай? Бақуат па? –деді аққұба келіншек. Мен Сәуірмен бірге оқыған ем. Күлби...

-Е-е, атамыз Кашей бессмертный ғой, жақсы!
Денсаулығы сені мен менен мықты. Табақ-табақ та-
мақ ішсе, бақуат болат-тә! -деді жарыла күліп.
-Ол кісілер біз сияқты дәрі жеп өспеген, тәні таза

адамдар ғой.
-Әй, қайдам-ай! Біздің атам белін шыр айналды-
рып қарындар байлап алған- ау.Тойдым демейді ғой!
Қазір тамақ берсең, артынша «Нең бар жейтін? Аш-

пын ғой» деп тұрады. Ә-ә, ол шал кемпірін жегені аз,
бәрімізді жалмайды әлі. Пейілі жаман ғой!
-Қойшы! Ел-жұртқа сыйлы атаңды олай деме-
ші,әулиедей ата!

Күлби балалық пәк сезіммен қайын атасы болуын
тілеп, тағдырына талай жалбарына жылаған Дәулет-
бақ қарттың мынадай әңгімеге іліккенін қаламады. Ол
кісілердің әлі де сырттай тілектесі, Сәуірбек - тәтті

арманы еді.
-Ел-жұрт не біледі! Өтірік күліп, мәймөңкелеп
сөйлейді ол сырттағыларға. Кемпірін теуіп-теуіп,
ұрып өлтірді ғой ол шал!

-Қойшы?! –Күлбидің сенгісі келмеді. Бірақ, «ту-
ған келіні соншалық жала жабуы мүмкін бе?»
деген ой ызыңдай берді. Соны сезгендей-ақ:
-Ім-м! Мен өтірік айта алмаймын ғой, апай. Енем-

нің әруағы куә сенбесеңіз. Сондай залым, зверь, фа-
шист адам ғой ол. Білмейсіз дер әншейін. Содан қаны
тасып, қызына қашып кетіп, ақырында өліп тынды.
Өлтірді! Енді енем өлгелі бәрімізді қуырып жеп, мені

тентек қылатын болды. Миым су боп, не істеп, не

қойғанымды білмеймін, түнде ұйықтай алмаймын.
Үйім шашылып, сиырым пададан қалып, түк ісім өн-
бейтін болды осы күні. І-і-ім... Кемпір алғысы келіп
жүрген шығар. І-і-ім.

Қатипаш жібі бос жаратылысын осылай бүр-
кемек.
-Ойпырай, ә... Өзім амандасқанда именіп зорға
амандасатын едім атаға. «Рахмет балам» дейтін

әйтеуір. Қайдам, үлкендер ол кісіге тақ тұрып, пір
санайды. Елге еткен еңбегі көп, халықтың ұлы деп
танушы едік, қайдам...
-Ай, ар-ра-м ғой әншейін. Бұл әулеттің бәрі ар-

рамы-лар, оңғаны жоқ. Анау інісі Жаппарқұлы менен-
кетпен ауырған екен баяғы заманда. Содан миы онша
істемейді-ау әсті, ұры! Қып-қызыл ұры! Ауылдаста-
рының да, біздің де түгімізді қоймайды. Миы істесе

бізді ұрлай ма,айтшы. Оның бала-шағалары да түгелі-
мен сондай. Құдайдан қорықпайтын Жаппарқұл
атамыз... Седеп дейтін жесір кемпірді танисыз ба?
-Қ-қай-дам...

Ауруханаға танысының көңілін сұрай келген
Күлби Қатипаштың әңгімесінен басы мәңгіп, әзер
құтылды. Ненің рас, ненің өтірік екенін айыруы
қиындап, сөйлескеніне өкінді.

Қатипаш бір мезгіл келіп-кететін аурухана еңбек-
керлері мен емделушілері, көңіл сұраушылары түге-
лімен дерлік Жанаи би әулетінің жағдайымен қара-
пайым, салпы етек Қатипаш келін арқылы толық та-

ныс еді. Ол әулеттің қай қызы байын қалай қызғана-

тынын, балаларына қалай дұрыс тәрбие бермей сөйлейтінін, қай әйелінің ел күлерліктей несі бар екенін, Дәулетбақ шалдың тамақтанғандағы алмалы-салмалы тісінің қалай жиіркенішті сақырлайтынын, қалай өтірік ауыратынын Қатипаш сахнада ойнайтындай шебер кейіппен көрсететін. Қитырқы қылық--күлмекке жақсы. Қолмен қойып, көзбен көргендей небір сұмдық сөздердің ішінде жан тәтесі Алтынайдың да аты аталып, оның біреудің байын тартып алып, анау әйелдің жынданып, төрт қабатты үйден секіріп өлгендігі де бар еді. -Ойпы-ра-й, кімнің ішінде не барын сырт адам қайдан білейік. Аулақ, өзімен кетсін!-деп жаға ұстағандар да; -Әй,келін! Осы ауыл түгіл осы өлкеде ол кісіні танымайтын адам кем де кем. Сен не деп отырсың өзі! Ол әулетке сен секілді улы қара бүйі келіпті ғой! Бетің құрысын бейәбір! Әулиедей атаңды осынша сөгуге құдайдан қорқып, пендеден ұялмайсың ба?! Жоғал әрмен, ұятсыз! -Аузының жыпылдауы жаман екен. Сол шалдан өсіп-өніп отырып, қарашы иттің баласын!-деп жақ-тырмаушылар да болды. Қарсы дау айтып, қатты сөйлейтіндер табылса, Қатипаш тілін жұтып жіберіп, шүңірек көзін сары жүн кірпіктерімен көлегейлеп, жер шұқи салады. Дау басылғанда етегін шұбалтып, тырп-тырп басып, момақан күйге түсіп жөніне кете салады. ***

Бүгін келіні жаздай жадырап жүргендіктен, Дәукеңнің де қыртысы азайып, жасарып қалғандайды. -Ата, арқаңызды уқалап берейін бе?- деп көже ішілген бойы жиылмаған екі қарыс мықыр үстелді аяқ-табағымен әрі жылжыта салып, Қатипаш атасының қасына отырды,-Ал-па-м-ее-с, атаңның аяғын басқың келіп тұр ма? І-ім, баса ғой, бас! –Қатипаш баласына жұдырық түйіп, «бас» деп ымдады. -Е-е... сол жерім. Е-е, дәл таптың, балам. Баяғы айдау –байлаудан қалған үйреншікті ауру ғой. Соңғы кезде оң көзім тұманданып, шаншып, берекемді алып жүр. Кеше көз дәрігеріне бардым, балам. «Операциясыз шешілмейді. Келіссеңіз жасаймыз» дейді. -Жасату керек қой, ата. Көз-ең керектісі ғой кісінің. -Сол дұрыс қой деп тұрмын, ә? Бұл көздің құры тұрғанынан не үміт, не қайыр? Операциядан соң не көрер, көрмесе бәрібір тұрған көз емес пе? Екіншісіне ауысады дейді. Екеуі бірдей көр болса, сендерге, әсіресе, саған масыл болмаймын ба? Жасатқаным оңды болар, сірә? Ойласқаным ғой, балам? -Әрине, ата, әрине! Ата, онда Мамырды үйлендірмейміз бе? Өзінен кіші Қабылдың баласы үшке келді. Бұл жүре бере ме?-деп, арқа уқалағандағы негізгі мақсатына көшті келін. -Үйленсе мен қой дедім бе? Жүдә жақсы! -Өзі момын бала, өзіміз сырмінез жерден әперейік, ата. Менің апамның қызы бар, ата. Бір үйді қа-

зір-ақ тербетіп отыр. Апам бүкіл бір үйдің жасауын
инесіне дейін түгелдеп қойған. Жалғыз қызынан аяна-
тыны жоқ. Соны әперсек, өзі пысық. Бұдан қанша
кіші. Сәл денесі толықтау, жездеме тартқан. Сонысын

кемітпесе...
-Денесін қайтеміз, балам, біз? Адамдығын айт!
-Мінезі ашық, ата. Ақ көңіл, сартылдан қалған.
Бұл жақтың қыздары сияқты мыңқиып, мөлиіп, ты-

мырайып тұрмайды. Іші-бауырыңа кіріп кетеді, ата,
өзім сияқты, турасын айтады. Оқуын бітіргеніне де
төрт жыл болды ғой Мамырдың. Дәкіменті болса да
малға санитарка боп жүрісі мынау. Бұл жақта оқыған

көп. Жұмыс жетпейді. Апам оны малдоғдыр ғып қояр
еді. Өзімен-өзі... Апам қызын алған адамға үй, астына
арқыраған мәшина әперемін деп ақшасын буып- түйіп
отыр. Балдары әлі жас, малы көп қой. Соған қолқа-

быс-опор болар еді, ата.
-Маған неғыл дейсің, балам? Алатын адам мен
емес қой. Сөйлеспеймісің балалардың өзімен?
-Сәуір қуанып отыр, неғыса... өзді-өзіміз деп.

Сізбен бірге айтайық та Мамырға, сізді сыйламаса
кімді сыйлайды, кімді тыңдайды ол? Жаман болсын
демейміз ғой. Өзі сылпиған, алғаны пысық қыз бол-
маса, сіздің көзіңіз кеткен соң мына халық Мамыры

ңызды жеп қоймай ма? Қазір адам бұзылған ғой.
-Адам жегішің кім?! Бұзылғаның кім?!- Дәукең
сілкіне басын көтеріп, келінге түкшие қарады. Қати-
паш үндемей, көзін төмен салды да, ақ шашты, қатпар

кұйқалы басты он саусағымен сылап, қыртысын жазуға күш салды. Әлден соң: -Ата, шәй дайын, әкелейін бе? - деп жыпылықтады. *** Мамырға бұл әңгіме кешікпей айтылды. Ол үндемеді. Көңілі ұнатып, сөз байласқан қызы барын жеңгесі білуші еді. -Өзің болсаң момынсың, алдауға түсіп қаласың,- деп жеңгесі атасына айтқан қамқорлығын бастырмалатып, бытпылдықтата жөнеп кеп бергенде, Мамырдың басы салбырап, иықтары басылып, отыра береді. Ақыры: -Мейілдеріңіз. Менің келешегімді сіздер ойламай, кім ойлай ды, - деген уәж айтты. Көңіл толқынын сыртқа шығармады. Жеңгесі түсінбесе, әкесіне не десін енді.Ол жұмысынан демалыс алып, Қатипаштың еліне жүріп те кетті. Қалаға келген соң Мамыр сөз байласқан қызы-Үрләнға жағдайды айтып шығуды жөн көрді. -Менен ескерткіш болсын,-деп қол сағатын ұстатып, көшеде қаңтарылған таксиге мініп, кете барған. *** Қатипаштың елі қалбалақтап күткенімен, Мамыр жерсінбеді. Қалыңдық қызға қараған сайын Үрләннің жылап қалғаны көз алдына келіп, ақыры өз ауылына кері аттанып кетті. Сол екпінімен әкесіне Үрләнға үйленетінін айтып та салды.

Жаңа келін келгеннен –ақ үйдің іші-сырты
Хадишаның сау кезіндегідей, Ұлбалаш пен Жарқы-
найдың үйде жүргендегісіндей тап-таза, тап-тұй-
нақтай болып өзгеріп кетті. Қатипаш та келін жұм-

саған мама бәйбішелерге ұқсап бақты. «Үрлән, Үр-
лән» деп өліп-өшті. Өліп өшкенін Сәіур де, тиісті
көрші- қолаң да көруіне көрді! Сәуірбек те інісінің
таңдауына риза көңілде еді.

-Мамырды үйлендірдік, атам енді көзіне оперәсә
жасататын шығар. Қызық адам екен! Ол түгіл біздің
көзіміз жарқырамайды. Кітаптағы биттей жазуды
оқыған соң енді не керек екенін түсінбей мін. Осы біз

казітке қарасақ, екі сөзден әрі көзіміз бұлдырап кете-
ді. Оқымай-ақ жүрміз ғой. Жетпіске келдім-ау демей-
ді, әлі жүз жасай тындай, ниеті жаман. Балалардың
тілеуін тілеп, тиыш отырмай ма?- Қатекең шәй үстін-

де әңгіме бастап, пиаласын Үрлән келінге керіле ұза-
тып отыр.Содан тәубешілдік, әділ іс, таза жүректілік,
тура сөйлеу, ұрлық етпеу сияқты адами тәрбие тақы-
рыптарында біраз ұзаққа шауып, қыза-қыза әңгіме-

леді. Ақыры:
-Атама күндіз көретін көз аздық етеді-ау, кітап
оқитын көзін «көрмейді» деп енді түнде көретін көзді
ауыстырып салғызбақшы, хи-хи.- Әйелінің осындай

«күлдіргі» әңгімелері Сәуірбекке жақсы көңіл-күй қа-
лыптастырушы еді. Мұндайда бірін-бірі желпінтіп
мәз болысатын-ды.
-Атаңа онда иттің бе, қасқырдың ба көзін салғы-

зайық.

-Ә-ә! Түнде көкпеңбек боп жанып тұратын, дұр-
рыс, хи-хи...
Жеңгесінің көзінен жасы аққанша тырқылдай
күлгенін ұнатпаған аңқау Мамыр:

-И-и, енді... иттен гөрі қойдың көзін салғызғаны-
мыз дұрыс шығар. Өзі де қой көз ғой көкем,-дегенде,
Қатипаш отырған көрпе шесіне құлап түсіп, аунап
кеп күлді-әй!

-Ойнап айтты ғой,-деп қызарып кеткен жас келін
Мамырды ақырын түртіп, шәйді жиыстыруға кірісіп
кетті. Сәуірбек бұл сөзге көзінен жасы аға күлсе,
Мамыр «Қайдан білейін» деп екі алақанын жайып,

томсырайды.
Бір аптадан соң –ақ жас келіннің жаман аты жан-
жаққа тарап, дастарханның жарасымдығы жыртыла
бастады. Абысынның қабағы түксиіп, бірте-бірте бірі-

гіп тамақтану мен бас қосулары сирексіп бара жатты.
Не дейсің, жас келін таңертеңнен кешке дейін
айна алдынан шықпайды, дайын дастарханға отыра-
ды. Күйеуі жұмысынан келген де,оны да бөлмесіне

қамап, бөлек дастархан жаяды -мыс. Не дейсің, екі
күнде бір төркініне не өзі, не Мамырды жүгіртеді. Не,
дейсің, Үрлән келін боп түскелі төрт картопты қуы-
рады екен де, бәрі шөміштен қағылып, азып-тозыпты.

Не дейсің артынан келген киімдерінің жарамдысын,
тағынған алтындарын төркініне тықпыш тап беріп жі-
беріпті. Ол келгелі Қатипаштың үйінен ұсталмаған
бұйымдары жоғалатын болыпты. Не дейсің... не

дейсің...

Иә, бұған Үрләннің жан- дүниесі түгіл жүзін де
танымайтын ауыл адамдары, ағайын-жұрт не дерін
білмеді. Бірі таңдай қағып, бірі жағасын ұстап, бірі
бастарын шұлғып, бірі қабақтарын қарс жауып, түрлі

күйге түсті.
Отау тіккен жастардың жарастығы артып, өз
қызықтарына мас мезгілдері. Кейде ұйықтап қалатын-
дары да рас-ты.

-Тұр-рың-дар, кәне, ар-рам-тамақтар! Түске дейін
талтайып жатып, бетсіздер!-Гүжілдеген жеңгесінің
дауысын оның есікті қос қолдай ұрған дүрсілі дүрлік-
тіріп, жас жұбайлар шошына атып-атып тұрысты.

Мамыр есік ілгегін ашып қалғанда, көк айылданып,
торлама кауын беттері бұрынғыдан да тырсиып кет-
кен жеңгесі отау үйге сүңгіп кірді. Сұп-сұр.
-Н-не болды... соншама?-деді сыйдиған бұтын

немен көлегей леуді білмей сасқан Мамыр. Үрлән
төсегінде бүркенді.
-Не болушы еді?! Шешеңді бақтым бес жыл! Же-
сір әкеңді бағып отырмын. Аз ба? Сені бақтым, інің-

мен қосып пәлен жыл! Енді қатыныңды бағамын ба
мен, а? Тапқан екенсіңдер ақымақты! Тұрыңдар кәне!
Бірің сиыр сау, бірің боғын тазала! Осы қатыннан
басқа өмірде түк көрмегендей, түк таппағандай... жа-

бысып қалып сыңдар, сорлы!-Пыт-пыттаған жеңгесі
осы кезге дейін елге таратып жіберген «не дейсіңнің»
тізбегін тізіп, оны он есе көбейтіп, көкіді. Ең сұм-
дығы-Үрләннің пәктігіне күйе жағып, Мамырға қам-

қорсып сөйледі:

-Адам таппағандай әлдекімнен қалған тастандыға
соқтығуын қарашы, аңқау сорлының.Ел шулап жүр,
әлі талай көзіңе шөп салады мынауың!-деп екі бүйі-
рін таяна тепсінді ол. Өз еліне «сары сыған» атанған

Қатипашты осы қалпында долы екені даусыз дерсің.
-Не болды ей, таң атпай?-деп, төсегінде манау-
раған күйеуіне бұл масаттанып:
-Е-е, бердім қараңқалғырлардың сазайын. Қа-

шанғы шыдайын, «қатынды бастан»,-деді. Сәуірбек
аударылып жатты.
Бұл айқайдың тігісі түзеліп, атасы Дәукеңнен
бастап бүкіл ағайын -тума, ауылға тағы да Қатипаш-

тың тілімен жетіп жығылып, бас шұлғытқан.
Алтынайға да, Ұлбалашқа да түсіндірілді.
-Е-е, «үлкен пышақ ұялғанынан өтеді», Қатипаш.
Мамырдың ендігі шешесі сенсің. Абысыны емес, ене

орнына да өзіңсің. Ұрыс-таластың ұяты саған келмей
ме? Мәңгілік бірге тұрмассыңдар. Екі жас оң-солын
танығанша тәрбиелесеңдер, бөлек үй болады ғой олар
да. Шыда, елден ұят-ты.

Алтынайдың ақылына Қатипаштың түкіргені бар
ма! Құдайға шүкір одан да, басқадан да ақыл сұра-
майды.
-Е-е, тәтешім-ай! Шыдаудай шыдаймын –ау.

Момын Мамыр сорлыны ешек қып жүгендеп, мініп
алды ғой. Бауырыңыз емес пе, аямайсыздар ма? Сіз-
дер қалай ғана шыдайсыздар. Сіздің орныңыз да бол-
сам, ол қатынды қуып жіберіп, не аузын айырып қояр

едім. Момынсыздар! «Қатынды бастан!» деген қайда?

Мені ғана жексұ рын еткенше, осы бастан ініңіздің
мерейін көтермейсіздер ме? Білмеймін, білмеймін...-
Қатипаш күйіп-пісті. «Үрлән, Үрлән» деп оның жал-
пақтаған кездерін көрген қыздар, шуы жиылған үйді,

ізетті Үрләнді де көрген қыздар ештеңе түсінбеді.
«Мамырдың аңқаулығы рас» десті. Қатипаш келін
әпкелерінің асты-үстіне түсіп, жортақтай басып шәй
жасады.

-Есіктен Көпжасардың басы қылтия көрінді, әр
жағында оны кеу-кеулеген Алпамыс тұр.
-Мам... Біз тауға шығып, қозықұйрық теріп келе-
йікші.

-Қозықұйрық? Оның мезгілі өткен жоқ па?-деп
Алтынай ұлы мен Қатипашқа кезек қарады.
-Кім біледі, болса болар дә. Болмаса серуендеп
қайтар. Көпенжан тауды сағынған шығар., тәте. Кім-

кім бармақсыңдар? Алпамыс екеуің бе?
Жо-оқ, бәріміз! Сағынышты да көтеріп ала кет-
пекшіміз, мам. Сүтін, суын, көрпешесін дайындаса-
ңыздар.

-А-а, онда мен нан-пан дайындай қояйын. Мал-
ла-дес, Көпентай! Ана Алпамысқа да үйретіп кетші
осы мейірімділігіңді. Біздің безбүйрек Алпамыс өзі-
нен кейінгілерін маңына жуытпай, алдына келсе-

тістеп, артына барса-теуіп, кәдімгі... мөңкиді! Өгіз
ғой, өгіз! Әсіресе, анау екі кішкенені «мен үшін ту-
дың ба? Қарап ал керек болса» деп жуымайды-ау
тіпті. Атасының қаны да! Көзі ежірейіп тұрысын

қарашы!-деп сүйсіне жымиған Қатипаш аяғына орал-
ған жорытпашын киізге домалата салып, түрегелді.
-Атасы... Атасына не бопты? –Ұлбалаш
ыңғайсызданып келіні мен әпкесіне кезек көз

тастады. Алтынай иығын сәл көтеріп түсірді де,
Қатипаш үн қатты:
-Атасы жалғыз бауыры- Жаппарқұл атамен
сәлемдеспейді де! Безбүйрек емей, немене енді? Со-

лардан алған тәрбиесі... Мына Алпамыс та соның
қаны ғой! Сәуірбек анау – сіздерге дұрыс амандас-
пайды. Қандары бұзық, көкірек шетінен!
-Қойшы әй, мама! Сіз жамандағаннан басқа не

білесіз? «Түк істемейді, үйге қарамайды, тіл азар...»
сол ғой айтатын әнің!-Бойы теректей Алпамыс алқа-
салқасы шыққан жылауық есікті бажыната бір теуіп,
сыртқа сытылды. Шешесі сыпайы бір жымиып, ол да

сыртқа беттеді.
-Әй, Арыстан, нан салатын сөмке тапшы, қай
бұрышта өзі? Әй, Жолбарыс, Орка, тұршы.
Жалғыз түп, жарым жапырақты ауру алма ағашы-

ның көлең кесінде карта ойнап отырған балалары
Қатипаштың сөзіне селт етпеді. Ойын қызып жатты.
-Сегіз қиық, сегіз табанмен кетті. Мен шықтым!
Ура! Қара қатын болудан құтылдым-ау!

-Е, құдайым, сол «қара қатын» - «қарғаның
мәткесін» келтіре көрме! Түпәй бетіне оның!
-Мен паспын! Жоқ!
-Дама қарғадан сақта, құдайым!

-Әй, жалмауыздар, салпанқұлақ ешектер-ау, кімге
айттым «сөмке» деп, а? –Қатипаш арық жағасындағы
көк теректен солқылдақ шыбық сындырып жатты, -
соямын!

-Ойбай, шыбық келе жатыр, тұрайық!
Бұл үйдің екі қызы тіл қатып та үлгере алмады
сөзге кезек тиер түрі жоқ. Зыпылдақ келіндері тағы
да сақылдай жөнелді.

-Жаппарқұл атаның пияншук боп жүргені – осы
біздің шал дан! «Жалғыз ағам қарамайды» деп жы-
лайтын көрінеді ішкенде. Сорлы кіші атам байқұс
момын жан ғой, оның үстіне... су мұрын салақ қа-

тыны ұрлық істеп күйдіреді. Бала кезінде кіші атам –
сор маңдайдың миына күн өтіп кетіпті де, менен-
кетпен ауырыпты, сары аурумен ауырыпты. Осы
күндері бауыры қайта-қайта ісіп, бәлніске жиі

жатады. Ағайын бұзуға бар, ерме ғой біздің шал да!
Әнеукүні Қаппарқұл шал қақпастанып, бұзықтығын
істеп отыр екен атама кіші атам сормаңдайды
жамандап! «Ұры, пияншук боп намысы мызға кір

келтіріп жүр» деп. Мен:
-Сіз бәрібір Жаппарқұл атадан жақын бола
алмайсыз. Көрдегі әжеңіз атама басқа бауыр туып
бермейді енді,-дедім.

-Қ-қойшы –ей? Сүйдедің бе, шынымен?-Алтынай
мен Ұлбалаштың ауыздары ашылды.Сенді. Қатипа-
штың батылдығы мен әділдігіне риза болысты.
Қатипаш қиялына жан бітіре, әңгімесін жалғады:

-Сүйдедім! Қаппарқұл бұзық қып-қызыл боп жер
шұқып, үндемей қалды. Жақсы адам болса, өз
шешесін қылғындырмас еді ғой ол қақпас!
-Жеңеше, дайынсыз ба? Біз жүрейік,-деді Көпен

жылауық есікті ыңырсыта ашып.
Қатипаш айтарын айтса да, кілт тоқтап қалды. М-
ә-ә, бір жақ тағы қайдағылар емес,Қаппардың қыздар-
ына айтқанын қарашы, ә! Қап! Біреуі емес, екеуіне

қатар айтып, мұны не қара басты, ә? Енді «қылғын-
дырғанның» көкесін өзі көрмесе неғылсын. «Е-е,
құдайым, әмісе жар бола гөр, пендемін ғой. Қатын
ғып жаратқан өзіңсің. Өй, мына сужұқпас Көпжасар-

дың келіп қап, сөзімді бұзғаны қандай оң болды!»
-І-м, қазыр-қазыр. Көпенжан, міне, - Қатипаш
сыртқа тұра жүгірді. Жорғалай басқан Қатипаш сырт-
та терең тыныстап, аз-кем ойланды. «Ә, ақымақ ене-

міздің сүмелек қыздары мені Қаппарқұл мен беттес-
тіре қоймас. Алда-жалда ушығып бара жатса, Қап-
парға әйелің Нафиса айтқан дермін. Қойшы қатын-
ның әдеті емес пе, әңгімені қыздыра сөйлейтін! Иә!»

Сырттан жүгіре басып, қайта кірген Қатипаш
үсті-басы кір-кір, беті жағал-жағал кенжесін тік
көтеріп алды.
-Көпенжан алтын жігіт қой, мына тышқақты да

ала кетпкеші. Қайда әлгі... Кешегі әпшелері әкелген
кәстөмін киіп алсын бұл да. Кө-пе-н-жан тур-ра жез-
дем бопты да қойыпты ғой, ә?
Қатипаш Дәукеңе көбірек ұқсайтын Көпжасарды

ішкі ойын сөзімен көлегейлеп, жорыта айта салды.

Оның «әкесінің баласы ма, жоқ па?» деген күдігі ба-
сымдау еді. Алпамыстан бір жасы кіші Көпжасарды
тапқан соң Алтынай Қатипаштың төртінші баласы-
мен жасты Сағынышты тапты. Содан мұны «күйеуі

әтек емес пе осы?! Неге ілуде біреу туады?» деген ой
қинайтын. «Көпжасардың қай жері, Сағыныштың қай
жері әкесіне ұқсайды осы?» деп Алтынай дың ұл-
қыздарының бет пішімін көз алдынан өткізіп, кө-ө-п

сараптайтын-ды. «Сағынышы әкесіне ұқсап барады-
ау. Ә-й, құдай сорлы да бір бергенге бере беретін
сорлы екен» деп іштей қыжынып, ернін шығарды.
-Жездеңе қай жері ұқсапты,ә? Жаңалық екен. На-

ғашы атасына десең сөз басқа,-деп ақкөңіл Алтынай
ақжарқын күліп отыр.
-Адамды шүберек қалай өзгертеді,ә? Әпшелері,
қараңыздаршы мына тышқаққа! Анау үшеуінен қал-

сын ба, бұл да кисін жаңа киімдерін. Баланың бір
қуанғаны дә қараңқалғыр! Уж-же топлиінің аузын
бақадай ашыпты әлгі өгіз, жарым! Кеше киді деп кім
айтады, кастөмімен топырақта карта ойна-ап отыр,

албасте-е! Мейлі!
-Енді... Үйретпейсің бе «қой» деп?
-Ой, жан тәтешім –ай! «Қойды» түсінбейді де,
тыңдамайды да ғой бұлар.Тек солқылдақ көк шыбық-

пен не қайыс ременмен барсаң! Ә! Жан деген қалай!
Алдыңа түсіп, қайқаңдап кетеді. Не пайда, артынша
баяғы таз қалпына келеді. Мен уж-же айта-айта ау-
зым ауырған бұл бәлелерге. Кейін Үрлән сияқты

сұрқия қатын кездессе, түзетіп алар бұл бес қошқар-

ды. Осылар не рахат көрсетер дерсің, тасмейірлер!
Әлден сиыспайды! Екі атасы-анау, әкесі-мынау!
-Әкесіне не бопты? –қыздар ара-арасында қысқа
сұраққа үлгеріп қалмаса, келіннің патырлаған сөзде-

ріне уәж айтуға не ойға тоқуға секундтар тығыз, кезек
келмейтініне дағдыланған.
-Әкесі өз әкесіне қарамайды да. Пұштиып, дас-
тарханда кезде се қалса тымырайып, тұрып кетеді ғой

соңғы кезде. Неге өйтетінін ит білсін! Жақтырмайды
әйтеуір.
-Е, неге?
-Е, кім білсін! Бұл әулеттің еркектері осы ғой мен

көргелі. Қанына тартқан шығар. Осы күні мені де
жаратпай, пұштиып жүр. Анау Дәрмен деген қатын-
сыз досы бар емес пе? Соның үйінде күнде қызойнақ
болады екен. Сәуір бір қатын, ол бір қатын. Күнде

қатын ауыстырып тұрады білем. Үрлән сияқты байы-
мыздың тілін табатын қос тіліміз жоқ, содан жақпай-
мын. Есіктерін күндіз болған соң ашып қалсам, мас-
қа-ра! Жап-жалаңаш...

-Қойшы әй, Қатипаш! Ол қашан болып жүр?
-Ім... Осы түкпірдегі тамда-шы!
-Олар бұл үйден енші алып кеткелі неше жыл
өтті, білесің бе? Бес жыл! Бұл сөзді мың рет есіткен

едік қой, кешегі оқиғадай жаңартып айта беретінің
не? Өтті-кетті, тұрып жатыр тату-тәтті. Қалай тіл
табысса да, тату тұрғанын айт. Екі балаға Үрлән да
ана болып отыр. Жамандығын, артық мінезін көргені-

міз жоқ. Тап-тұйнақтай, үйін тербетіп-ақ отыр. Не,

Үрлән күндесің бе, шырақ алып ізіне түсіп алатын?!
Қой, ағайынның арасы осындай сөзбен суиды,-деп
Ұлбалаш басып айтты,- Қаппарқұл-қазымыр, Жап-
пар-жарым, Сәуір-бұзылған, Мамыр-кеңкелес.

Туысқан, көршілердің бәрі ұрылар. Қабылдың әйелін
құрттың елден аластап. Әйел біткеннің де бәрі оңба-
ған сені тыңдасақ. Оңғаны кім, сен бе сонда? Оңсаң,
бұзық сөз айтпай жүр білдің бе? Әкемізді де айтасың

да отырасың. Не сөз ол? Сен қалай қартаятыныңды
білесің бе? Сәуір әкесіне сөйлемесе, туыстарымен
араласпаса, жік тастайтын- сен, сенің тілің! Бұл әулет
оңбаған болса Мамырға неге сіңліңді бергің келді?

Осы есікке өзің қалай келіп ең, есіңнен шықты ма?
Сен де ене, сен де кемпір боларсың. Жоқ жастай өлгің
келе ме? Бұл тіліңді тыймасаң, есігіңнен ешкім атта-
майтын болады, жалғыз қаласың!

Ұлбалаш қызынып-қызынып сөйледі. Әпкесі
Алтынай ара-арасында күрсініп қойып, көзін сүртіп
отыр. «Иә, иә» деп қояды сіңлісін қоштаған ниет та-
нытып.

Дауылға қарсы тұрмайтын өлеңшөптей жүні жы-
ғылған боп, інінен сығалайтын сары көздерін сары
жүн кірпіктерімен көлегейлей салып, тырнағы толған
кір сұқ саусағымен сырмақты шұқып, үн-түнсіз мома-

қан қалыпта келіні отыр. Мүләйім, бейшара кейіп.
-Мамыр да бір отан, бөлек кетті. Шеше он метр
кебінімен ол кетті. Қыздар- жат жұрттықпыз. Оқта-
текте қыдырып келгенде тәуір сөз естіп, ынтымақты

тұрғандарыңды көргіміз келеді. Алпамы сың ер жетті.

Жақсы үлгі көрсетуді ойлаңдар енді. Ақылың бар еді
ғой, Қатипаш. Жамандарын жасыра сал, жақсы жерін
асыра сал-көңілі өссін естігеннің. Сөйт айналайын.
Ұлбалашқа ренжіме, айтса -үлкен. Келші өзің бері,-

деп Алтынай Қатипашты емірене сүйді, өзім тапқам
алтынымды.
Алтынайдың дауысы дірілдеп, жасын тия алма-
ды. Қатипаш тың да көзі суланды. Сосын Алтынай-

дың бауырына басын қойып, өксіп-өксіп жылады-ай!
-Мен де осы үйдің,осы әулеттің мерейі биік
болғанын қалай мын ғой. Сіздерге айтпай, кімге
айтамын енді? Мына атам да күйді ретіні рас мені-

алжыды ма, тамақ ішкен-ішпегенін білмейді. Қазір
тамақ жесе, артынша «ашпын ғой, балам, тамағың бар
ма?» дейді. Шәй, күндіз-түні шәй сұрайды. Оған
қараймын ба, бала-шағам мен байыма қараймын ба?

Кітаптан бас көтермейді де, «көзімді әпірәтса жаса-
там» деп күйдіреді.Баяғыда Күлби деген бұзылғанын
тастамай, інің бекер-ақ алмаған екен. Сәуірбек соны-
мен әуекіленіп жүр қазір. Мені менсінбей «үстің кір,

үйің шашылған» деп мүжиді. Ә, мен әкесінен-ақ
артылмаймын ғой!
-Иә, жетім шал бағу оңай емес, -деді Алтынай
ақырын күрсініп. Келіннің шашын сипап отырып,

ақыл айтты.
-Не, әкеміз сенің мойныңа мініп отыр ма? Мін-
дет етіп сөйлеме! Өзіңе тамақ пісіргенде бірге ішпей-
сіңдер ме жоқ? Әлде артық құйған бір ожау суыңды,

берген тамағыңды қимай жылап отырсың ба? «Оған»

деп бөліп сөйлеме! Оны бағу-парыз сендерге. Біз де
қолымыздан келгенше көмектесіп тұрамыз. Ол кісінің
ауыртпалығы ешкімге түспейді. Еңбегін өкімет баға-
лап, өлгенінше асырайтын пенсиясы бар. Не деп, не

деп жылап отырсың сен осы-а? Әңгімені басқа жаққа
аударма, артық сөзді қой енді!-деп Ұлбалаш орнынан
тұрып, сыртқа беттеді.
Құтылғанына шын қуанған Қатипаш момақан

жан тәтесіне ішкі күйігін қайта ақтарды. Өзін анасын-
дай жақсы көретінін, мұның күң боп жүргеніне қара-
май, еңбегі бағаланбайтынын, Қаппарқұлдың қан-
ішерлігінен, Жаппарқұлдың ұрлықтарынан ұялаты-

нын, Дәрмен дегенің «дом терпинге» ашып, Күлбидің
осы үйде кассир екенін, Үрләннің сол «дом терпинге»
лайықты қылық тарын өз көзімен көргенін, жалақ
ерін Ақшайымның салақтығына момын атасының қа-

лай ғана шыдайтынын, қатерлі Нәфиса кемпірдің
өлімсіреп жүріп Қаппарқұл бейшараны талай рет аға-
йын мен ауылдасқа, келіндеріне айдап салғанын...
Қойшы, не керек, манағы әңгімелерді тереңдете қай-

талап шықты. Келініне ешқандай шара қолдана ал-
майтын Алтынай басы меңгісе де үнсіз, қимылсыз
оның зарын тыңдады. Тыңдатпай қоймасын білетін.
Ақырында:

-Ой, құдай-ай! Елге келсең осындайлардан-ақ жү-
дә-ә шаршап кетемін. Е, мейлі. Басқада нелерің бар?
Өздерің дұрыс болсаңдар болыпты,-деді,-екі-үш сағат
өтті ме, әлгі бала-шағалар қайда жүр екен? Іздейік.-ол

да әзер сөзді доғартты.

Ұлбалаш бауды кезуде. Анасы Хадишаның бұ
дүниеден көшер алдында айтқан жан сырларын әлі де
тіс жарып, сыртқа шығарма ған-ды. Одан бері де сегіз
жыл өтіпті. Арман қазір он бірге аяқ басты. Ендігі

анасының сүйегі саудырап, топыраққа қосылып
кеткен шығар. Олар да біздей болған, кезі келгенде
біз де олардай топыраққа айналамыз. Бұл-табиғаттың
ешкім де құтыла алмайтын заңдылығы. Бірақ, кімнің

қаншалықты тіршілік жасап, ол тіршілікті қашан, қан-
дай себептен тоқтататынын ешкім де болжай алмай-
ды. Сол қып-қысқа тіршілікте барша адамзат азды-
көпті ұрпақ қалдыруға, із қалдыруға әрекеттеніп,

ырзығын молырақ жинауға күш салып жүріп, уақыт-
тың сыртылдап-ақ сырғып кеткенін аңғар май қала-
мыз-ау. Керісіп, күйе жағысып, өкпелесіп, өштесіп
жүрген де көбіміз бір-бірімізге қонақ екенімізді сезіне

алмаймыз-ау... Тек жаназадан соң «Жақсы адам еді»
деп жақсылығын еске түсіреміз. Мұны «пенделік»
деп жуып-шаюға тырысамыз.Бірақ, бұл –сезім соқыр-
лығы! Соқыр көкіректік! Сезіну емес-ау, Қатипаш

сияқтылар дың шымшық миында ондай ой да болмай-
ды-ау. Адам деген атыңды, өзіңді сыйлай алмай,
адамдығыңды әркез көрсетуге ұмтылмау-нағыз сор-
лылық! Ондайлар өзгеге де сор, шөлейт! Сорда өскен

өсімдік те ортаға бейімделіп, суды аз буландыратын
кішкене жапырақты, тікенекті, терең тамырлы болып
келеді. Анасы марқұм алдын-ала болжағанындай,
әкесіне де нар болуға тура келер. Әлде оны да «Сәуір-

бекті ғана туып па едің? Бар басқа балдарың мен қыз-

дарыңның қарауына!» деп қуар ма екен?! Тойған
жерде емес, туған жерде өсіп-өнген қасиет қанымыз-
да барын қарашайдың сыған қызы сезіне алмай ма
сонда?! «Келін келді» деп бұл пенделер несіне

қуанады, егер ол келін өздерін жексұрын етіп, қалай
тезірек құтылудың жоспарын ойлай келетін зәлім
болса?! Бұдан менің бір қызды медеу тұтқан жесір
өмірім артық ! Ұлың болып, ол екеу болмаса-уайым,

алғаны мына Қатипаштай дауасыз болып шықса-
қасіреттің үлкені сол емес пе? Осындайлардан өніп-
өскен ұрпақ ертең екі аяқты мал боп шықпасына кім
кепіл? Ақпейіл Алтынай әпкесінің осы Қатипашқа

кездескен сәті –Жанаи би әулетіне емі жоқ індет ұры-
ғының енген сәті екенін кім білген?! Өкініш-ай!» Көз
жасы иегінен тамшылаған Ұлбалаштың көкірегі қы-
зынып, «әттең-ай!» деп күрсіне берді.

«Бау дейтіні ауыз үйренген аты ғана. Шындығын-
да бұрынғы екі-үш қатар жүзім, алма мен өріктерден
тұратын баудан бүгінде жартысы қураған жалғыз түп
алма ғана жетімсіреп жарбияды. Сұрқы қашқан

жанұяның жерін де сұңғыла жайлайды білем.»
-Ұлбалаш, балалар көрінбей ме?-деп Алтынай
әпкесі жақындап келеді,-бауда жүрсің бе? Жансаяң да
кетіп пе еді? - Мағынасыз сөйлей салғанын екеуі де

біліп тұр. Екеуі де қамкөңіл.
-Құрысын, қамықпашы. Келіннің сөзін қайтесің
«оқымаған» демекші, ойланбай сөйлейді де. Әрқай-
сысымыздың өз үйіміз бар. Ертең-ақ кетеміз ғой.

-Кетуіне кетеміз-ау қалғандардың ертеңгі күні,
келешегі не болар екен? Ниеті қарау Қатипаш біздің
әулетте қопарылыс жасай ма деп қорқамын. Байқап
қарашы, әулетің бір-бірінен бөлініп, жарылып тұр

емес пе?- Баяғы көшені керіп, бес-алты қатар болып,
үйден-үйге қыдыратын бас қосулар қайда? Бір түне-
мей мал екеш мал да бөтенсінеді. Бұл әулеттің ба-
лалары біздің бала кезіміздей бірге ішіп, бірге түней

ме өзі? Жат адамдай жуыспай барады-ау, қарашы?-
Ұлбалаштың ойлы көздері жасаурап, әпкесіне қасі-
ретті кейіппен қарады.
Бұл үндемеді. Екеуі таудың бөктеріне қарай аяң-

дады.
-Е-еһ! Көп сөйлейтіні, анығын білмей топшылап
сөйлейтіні жаман. Әйелдің көбі солаймыз. Үлкен әп-
шем «Сәуірге «жигулиді» бекер әпергенсіңдер» деген

көрінеді.Осы сөзді келін «мәшине алған ды қызғанды,
іші тар. Себебі жездемді әлі күнге қызғанады» деп
соғып тұр әлгінде.
-Сәуірді бізге жамандағанындай «бұзылғанды»

оған да айтқан болар. Сосын «бекерді» айтса, айтқан
шығар. Бір туғаны жақсылы ғын қызғанса, одан жа-
қынды қайдан таппақ? Алыстау, бөтеннің бәрі де жа-
уыз ба сонда? Айтамын ғой, мұның миына, тіліне

дауа жоқ, Алтынай тәте! Бұл оңбаған--дауасыз!
-Әйелдік мінез ғой.
-Бәріміз де әйелміз, Әпшем «Сәуір үйге келмейді.
Көргенде өте салқын» деп қамығып еді. Сыры енді

түсінікті болды. Өкпесі бар екен, бықсытқанша айт-
пай ма бетіне? Ол жүр жұмбақтың шешуін таппай.
Ұлбалашқа тісін қайраған Қатипаштың ертең-ақ
Сәуірбекке сыбырлап: «Анау Алтынай мен Ұлбалаш

апаларың мәшине алғаны мызға іштері күйі-іп кетіп,
менің жер –жебіріме жетіп ұрысты. Біздің шал олар-
дың да әкесі емес пе? Берсін бізге. Үй бетін көрмей,
жұмыстан сүрлігіп жүресің, олар сені «бұзылып

кетеді, мәшинені неге әпересің?» дейді. Өздері бай-
ларын қызғанатын болған соң... Мен саған «тоқал
әперемін,шалымның ұрпағы көбейгеннің несі жа-
ман?» деп едім, әсіресе Ұлбалаш әпкеңнің жаны шы-

ғып кете жаздады. Хи-хи!» деп сендіре айтатынын
тіпті де білмеді.
Сап-салқын боп сазарған Сәуірбектің өз аузынан
сұрқиялық таққан осы «айыбын» үш айдан соң өз құ-

лағымен есітетінін Ұлбалаш та тіпті білмейтін. «Со-
лармен сөйлеспек түгіл көргім де келмейді. Келтірме-
ші!» дегізіп, Қатекеңнің билігі сегіз өрім жыланба-
уыр қамшыдай үйіріліп, ысқырығы жер жарды!

МАЙДАН

VІ- тарау

Мылтықсыз майдан шебінде,
Жүрген бір біздер-әскерміз.
Мықтылық керек тегінде,
Қалдыру үшін қастерлі із.

«Әйел- жар құшағында сұлу» деп кім айтты екен?
Өз әйелінің де сүп-сүйкімді екенін Сәуірбек соңғы
кездері байқап жүр. «Байқұсым-ай, не көрмеді бұл
бейбақ?!» деп іші жылып кетеді оны ойлағанда. Шы-

нында бес бала тауып, енді ғана Сәуірбекке белгілі
әйел болғандай ма... қалай? «Әйел алғандардың қаба-
ғы қатып кеткендіктен үйленбей жүрмін» деп өзінің
сүр бойдақ досы айтқандай, осыған үйленуі сөз бол-

ғаннан мінезі де, қабағы да қатуланып кеткенін өзі де
мойындап жатыр, міне. Иә-ә... бес балаға әке боп,
бірнеше белестерді артқа тастаған екен –ау. Көңілің
толса қабағың қата ма? Сол пәктікті қалайтын менмен

көңілі құрғыры... Жә, қойшы! Есіне алғысы келмейді.
Байқұс жетімше-ай, әйелін айтады да... Түнделетіп та-
лай рет ішіп келіп, «сен кім екеніңді білесің бе?» деп
«күйік қабының» аузын сөге бергеннен кішкене көз-

дерін жыпылықтатып, тіл қатпай ас-суын дайындап,
қол-аяғын жуындырып, зыр жүгіретінін айтсайшы.
Аяп кетеді сондайда. Кейде ұрыс шығарып, жылуы
жоқ төсегінен жылан шыққандай шошынып, екі

қолын төбесіне қойып, қаңғып кеткісі келетін. Анасы,
аяулы Хадиша анасы марқұмның көңілі үшін бе, кие-

лі ата әруағының мәртебесі үшін бе, ілбіп жүре бере-
тін.
-Сәукентай, алғаның жаман емес, шүкір. Адам-
ның бәрінде мін бар –бостау. Ештеңе етпейді, өзі

үшін ширатылып, пысиды кейін, -деп қоятын анасы
марқұм, -тату тұр. Екеуің бір мемлекетсің. Жауға
алдырмаймын десең, мемлекеттің ішкі құпиясы, кем-
шілігі, ұрыс-арызы сыртқа шықпауы керек. Анау екі

ініңе үлгі бол. «Көш жүре түзіледі».
Иә, үй іші қоқыс болса да, алғашқы айқайдан соң
бұл ақ төсекті төсене тін. Кейіндері анасының сөздері
расқа шығып жатқандай ма... Ей, ана балалары мен

шал түтіп жіберді ғой байғұсты. Шыдамды екен қай-
та. Басқа қызды-Күлбиді алсам, кетіп қалар ма еді,
мынадай бейнеттен...
Күлбиді есіне алса, өзін бала боп кеткендей сезі-

неді. Алтыншы сыныпта ма, жоқ жетіншіде! Иә,
жетінші сыныпты енді бастағанда қазірге дейін бой-
дақ жүрген Дәрмен қызға хат жазып келіпті. Оны
оныншыда оқитын ағасының қызға жазғанынан

көшіріп алыпты да, тек атын өзгертіпті. Қыздар мен
мұғалімдерден аулағырақ кетіп, ұлдар бір оқыды.
Сосын қай бала қай қызға хат жазатынын келісіп
алып, сайдағы сарғайған шөпке етпеттей жата қалы-

сып, бүкіл ер балалар көшіріп жазған-ды. Қалай еді?
Иә... «Пәленше! Саған біраздан бері айта алмай жүр-
ген сөзім бар еді. Соны бүгін айтсам ұрыспашы. Ма-
құл ма? Мен сені жақсы көремін. Жауабын жазарсың.

Күтемін. Түгенше» Осылай болса керек. «Қыз бөлісі-

нде» бетке ұстар әдемілігі мен жақсы оқитындары-
ның есімдерін бұрынырақ атап қалғысы келіп, алғаш-
қы қарқында сүттің қаймағы алынғандай болса да,
сары майдай сақталып, Күлбидің аты аталмаған.

Класком Күлби-ең үздік, ең батыл, ең сұлу, ең...ең...
Не керек, балалар оны мұғалімнен кем санамайтын.
Шынына келсек, көпшілігі одан қорқатын да. Сәуір-
бек те жақсы оқитын, бұл да спорт секцияларының

бірнешеуіне қатынасып, жарыстарда көзге көп түсе-
тін. Домбырасын дыңғырлатып, сахнада әжептеуір ән
салып, қол соққан қошеметтердің салтанатын сезген
жігіт. Қонақ үзілмейтін әке шаңырағында да әкесі

Дәулетбақ:
-Паһ! Менің Сәуірім бе! Менің Сәуірім кейін
Әміре атасындай әнші, Құрманғазы атасындай дом-
быраның құлағында ойнайтын болады! Әлі көрер-

сіңдер! Кәні бір ән салып жіберші мына ағаларыңа,
«Әу» де! –деп ән салдыратын.
Бұл кәдімгідей шабыттанып, домбырасымен қоса
өзі тербеліп, Әміре атасын көрмесе де Ғарифулла ата-

сына ұқсап бағып, өңешін созып, қызара бөртіп, ән
салатын. Көкесі «Паһ, шіркін! Әу де!» деп ара-ара-
сында бұған жел беріп, қосыла тербеліп отыратын.
Сосын қонақтар қошемет сөз айтып, сатырлата қол

соғып жатқанда, әкесі мұны сол тізесіне отырғызып,
маңдайына ернін тигізіп қана сүйетін, әкесінің оң
тізесінде Ұлбалаш отыратын. Сосын... Қонақтар әде-
йілеп шақыртқан Ұлбалаш екеуіне бастан сыбаға

беретін. Неге екенін, бас ұзататын кісі өзгергенмен,

бастың тұрар орны өзгермейтін. Ұлбалаш екеуі қол
ұстасып, есіктен төрге қарап тұратын. Ұзын үстелдің
ең төріндегі кісі:
-Сәуіржан! Осы шаңырақтың ілгері ниеті деп,

өзіңе бастан сыбаға бермекшімін. Құлақ! Құлағың
ылғи да жақсы сөз, алғыс, әсем ән естісін!-деп бұған
құлақ ұзатып, сосын Ұлбалашты қасына шақыратын.
-Кәні, қалқам! Оң алақаныңды тос! Қағып ал!

Таңдайы тақылдаған әнші бол, ақын бол!-деп әпке-
сінің алақанына таңдайды сарт-сарт соғатын. Кейде
тілмен соғып, «Тілдей тәтті бол! Тіліңнен бал там-
сын!» деп тілек айтатын. Әдеттенгеннен бе, Ұлбалаш

тез қағып ұстаса да, сыртқа шыға бере ұстағанын
Сәуірге беретін. Мұндайларды жемейтін. Содан ба
екен, Ұлбалаш әнші де, ақын да, тілші де болған жоқ.
Ғылым қуып, институтта «психологиядан» дәріс бе-

реді, психология ғылымдарының докторы. «Тағы
оқып академик болмақшы» деп жақында Қатипаштан
естіді. Кітап қуып кеткеннен бе, әйелі айтпақшы шын
өмірдің не екенін білмейтін қияли, елеспен жүретін,

кірпияз, мінегіш, тіпті көкіректеу боп өзгеріп кет-
кенін де енді біліп жүр. Мән бермепті ғой. Әйелі
байқағыш-ақ, мұның балаларына да, өзіне де қияқ-
көзденіп қарайтын болған екен-ау. «Баласы көп, алды

ер жетті. Енді соны оқуға түсіруге көмектес деп жа-
лына ма дегені ғой бізді.» Әйелі осылай топшылай-
ды.Осы Қатипаштың арқасы бар ма, байқаса, айтқан-
дары ның бәрі кейіндеу болса да тұп-тура боп шыға-

ды-әй, ә? Миы көп байқұстың!

Ә-ә... Айтпақшы алғашқы хат, алғашқы махаб-
батты ойланған екен-ау. Мұның көңілі агрономның
қызы Күлбиден кем болсын ба? Бұл да ауылдық кеңес
төрағасының ұлы. Тіпті жеті қыздан соң зарығып көр-

ген «әулие» Сәуір! Ата-анасы мен жеті әпкелері үшін
айтқаны-ақ, дегені-заң. Бетін күн қақпаса, ешкімнің
қолы қақпаған.
...Сайдағы шөпке жата қалып «хат жазу» бастал-

ғанда, мұғалімдерше оң қолын сермеп, ежелей қайта-
лап, «диктант» жазғызып, әрлі-берлі жүре бастаған
Дәрмен тізесін құшақтап, тісін шөппен шұқылап
отырған мұны көріп, көкірегін кере қалт тұрып қал-

ған:
-Ей! Сен не ғып отырсың? Неғылмайсың ба?-деді
таңданып.
-НеғылмаймынІ- деген бұл да.

-Ей, неге? Адам өзі неғып жүріп, зорға дегенде
неғыса...а? Нағысайшы. Кімге неғымақшы ең? Қайсы-
сы ап қойды? –деп, обалына не керек, мұның
«сыбағасын» қатты ойлаған.

Қыз атулының үлестіру билігі осының қолында
тұрғандай-ақ, қамқорлық көрсеткен сол досының
пейіл-ниеті қабыл болғандай әліге дейін қыздан үлес
алмай жүр емес пе?

-К-кімге-а? Айтшы?
-Күлбиге!
Етпетінен жатқандар бұйрық алғандай өре
бастарын көтерісті, ауыздары аңқиды.

-Қойшы ей!-деп үнсіздікті Дәрмен бұзды.

-Шын! -Шын емес қой?! Ал,жазшы кәні!Жазсаң,ертең сөмкесіне өзім саламын. Неғылшы! Ол-ла-һи әгар!- Ол сұқ саусағымен өз мойнын «сойып» кетті. -Шын! Бірақ мен көшірмеймін. Өзім жазамын басқашалап. -Не-е! Неменешелеп, не нетемің, а? *** Сол түні екі інісі де ұйықтағанда, бұл Күлбиге хат жазған. Мұғалімдер көзімен қарап сипаттағанда, бұлар «бұзық сынып» қатарына жататын. Бекер емес болуы да керек-сабақтан топтана қашу, мұғалім орындығына кнопка төңкеріп қою, сөмкесіне тірі бақа салу, кіре беріс еденді майлау сияқты жасырын жұмыстар жүргізіледі ғой баяғы. Қанша жасырын болса да, кейбір қылмыстары қыздар арқылы әшкереленетін. Сонда бар ма, сонда Мәтен, Марат, Қамбар батыр сияқты «жетекшілердің» күшімен «балдар-қыздар соғысы» басталатын. Қыс болса қыздарды қарға аяусыз аунатып, алма беттерін тырналай ысқылап, қойындарына қар толтыратын. Жаз кездерінде кейде қабырғаға қатар тұрғызып қойып, шапалақпен соқса, кейде шаңға аунатып, жазалайтын. Жылататын. Жыламайтыны да, қарсы күреске бастайтыны да –Күлби еді. ...Сәуірбек хатта сол қылықтарының балалық екендігін, ендігі жерде ұялатынын, қыз деген-өмірдің гүлі, жүректің жыры, жігіттің жары екенін, не керек Күлбидің ұнайтындығын,достасқысы келетінін жаз-

ды. Сосын, қыздың жауап -хаты! Жүрегі дүрс-дүрс
атқылай соғып, конверттің аузын аша алмай, әуре-
ленген ұз-а-ақ уақыт пен келісім берген қуанышты
жауап есінде қалыпты. Күлбимен достасып өткен өң

мен түстің арасындағыдай бұлдыр кезең –ең тәтті де,
бақытты мезгілдері, өмірінің мәңгілік көктемі де сол
шығар, бәлкім... Сосын-ақ, Қатипаш килігіп, дүние
төңкерілді.

Эх, Күлби-Күлби! Сен жүрегімді жаулап
жүргенде басымды басқа біреу ноқталап, жетектеліп
кеттім –ау. Сен неге сол «әдісті» білмедің екен? Бі-
рақ. онда мен кімді армандар едім? Сенің сол кезде

де, қазір де мәңгілік пәктік киесіндей әулие күйіңде
қалғаның-тіршіліктің мұраты-ау, шіркін! Ешкімнің
қолы жетпейтін биіктен мені табындырып жүрші.
Әттең, қызым болса сенің есіміңмен атар едім деуші

едім. Бірақ, туған адамның дауы басымдық жасайды
екен. Үйдегі бәле сенің атыңды біліп алыпты. Қой-
ғызбайды,қайтесің, Күлби-и,ішімде айтылмас арма-
нымсың сен, арма-а-н!

Үй жағдайына байланысты әсем қаланы, сені
қалдырып, мен сыртқы бөлімге ауысатынымды айт-
қан жазғы кештегі сенің мөлтілдеген көздерің, «сені
ғана сүйемін» деп қысыла шыққан үнің, қазір де

жадымда жаңғырады. Менің үйлену тойымда қарны
қампиған қалыңдығымды көріп, өзің де мән-жайға
түсінген боларсың. «Жігіттік-иттік» деген. Мүмкін
бұл менің алған жазам шығар?!

Эх, мейлі енді. «Өткенге салауат, келер күннен
шапағат» деуші ме еді әкесі. Қатипашы да жаман
емес. Өзі айтқанындай, мұны қатты ұнататындығы
шығар, әйтеуір жақындауға тырысып, икемге қарсы-

лықсыз көне салғасын... «Солтүстіктің қыздары
қымсынбайды, сосын қудаламайды да» деп курста
сынан естіген сөз сол сәтте құлағында сайтандай
сыбырлады да тұрды емес пе? Нешауа-а! Осы күні

тереңірек ойлап қараса,ең жанашыр жақыны,өмірлік
серігі--Қатипашы екен.Өзінен де бәле бар-ау. Сол
жақындыққа бастайтын өзі екенін кейін ұқты. Қалай
еді... Иә...үйленіп, тез-ақ балалы болса да бала да,

әйел де біртүрлі бөтендеу... Сосын екіншісін, үшін-
шісін тағы босанды. Бір күні ешкім жоқта бесіктегі
баласының бетін ашып, сығалап еді, іші жылып
кеткендей болды. Себебі ол бұған қарап, «Ің-гу-у! Бу-

у! Ің-гу-у!» деп күліп жіберді. «О, ақы-мақ! Сен ақы-
мақ!» дегендей көрініп, ұялғанынан бесіктің жабуын
жаба салған.
Артынша сессиясына кетті. Емтиханнан өткен-

дерін жуып, үш-төрт жігіт ресторанға барған-ды.
Көбірек қызыңқырап қалған жігіт ағасы өзінің екі рет
үйленсе де перзенті жоқ екендігін айтып, әйелдерше
жылағаны! «Сенің үш ұлың бар екен. Тағы не керек

саған? Не арманың бар? Әйеліңді арқаңа мінгізіп
жүрсең болады!» деп қайталай берген. Бұл содан ой-
ланды. Ойында «Ің-гу-у! Бу-у! Ің-гу-у!» деп сәбиі өз
тілінде қайта-қайта мұны тілдей берді. Еліне келерде

үйдегілердің бәрін ескеріп, кәкүр-шүкір сый-сияпат-

тар алған болды. Әкесіне мүйізді көзілдірік, анасына
иіс су, екі інісіне бір-бір қаламсап, үш ұлына ойын-
шық, ал Қатипашқа опамай, екі комплект ішкиім әке-
лген. Ыңғайсызданды ма, «мамама айтпай-ақ қой-

шы» деген. Сондағы әйелінің қуанғаны –ай. Қуанға-
ны соншалық, демалмай бір сағат сөйлеген шығар-ау.
Сөзшеңдігін бірінші рет көргені сол. Содан бастап,
бұл сөз бастамаса ол сөз қозғамайтын бұрынғы

қалыптасқан қатынас заржақтыққа ауысқан. Түксиіп,
оң қабақ танытпайтын өзі екен де, ол байқұс көңіл
торынан шыға алмай, құсаланады екен-ау,байқұсым-
ай!Содан бәрі керісінше өзгерген. Есік шарт етіп

ашылғаннан шүріппесі басылған автоматтай, келін-
шегі бар жаңалықты сұраусыз-ақ сақылдатып айтып
салады. Қаламасаң, «қой» деудің қажеті жоқ, бір
қарағаннан –ақ үні өшеді. «Не деген сезімталдық,ә!

Мысалы, Күлбиге үйленгенде, осындай істерінің
нешеуіне шыдар еді? Шыдамайды!!»
Бірақ, Сәуірбек өтірік пен шынның арасы төрт-ақ
елі екенін, аңғалдық пен арамдықтың арасы «айтпа»

деген бір-ақ сөзден бөлінетіндігіне мән бермеді. Ол
өзінен ығып қана үндемейтін әйелінің басқа жерлерде
сөздің түбін түсіретінін, қилы-қилы құбылтып, қия-
лын шынға бергісіздей жеткізіп жүргенінен бейха-

бар.Бетінде маскасы бар тіршілік иесінің тіні не зат,
адам ба, жоқ жан- дүниесі құбыжық па? Рух тазалы-
ғы, шын сұлулық –шындығы бар-жоғына көз жет-
кізуді ойламады да. «Көмпіс сорлы,күшігінен талан-

ған адам.»

Дәукең: «Басқа бәле қайдан келеді? Білесіңдер
ме?» деп балаларынан сұрап, сосын өзі «мынадан»
деп тілін шығарып көрсетер еді. «Ал, өтірік пен
шынның арасын өлшей аласыңдар ма?» Бұлар үнсіз

қалғасын тағы да өзі жауап айтатын: «Міне, сауса-
ғыңды былай қойшы. Неше саусақ сияды? Төрт
саусақ-төрт елі!» деп құлақ пен көздің арасын өлшеп
көрсетер еді. «Көзіңмен көрсең-шын, құлақпен

естісең-өтірік, осыны ұмытпаңдар үнемі» деуші еді.
Осыны үйретуші Дәукең де, оны есітіп өскен
Сәуірбек те бүгінде сол өтірік пен шынның арасы
туралы ұғымды ұмытып, Қатипаштың аузынан есті-

гендердің бәрін де шын қабылдап, шын сенетін күйге
түскен-ді. Тіпті Ақшайымның кіші қызы Балайымның
тұрмыс құрғанына хабаршылар келген де Жаппар
Қаппарқұлды «құры ішіп-жеп кетеді» деп шақыртпа-

ғанын Қатипаш келіннен естігенде, Қаппардың үй-іші
түгел сенген. Кәрие қапа болып, Жаппарқұлдың үйіне
өз кіндігінен тарағандардың аяғын аттап басқызбай-
тын болған. Тамшы тама берсе тас да тозатыны, бір

сөзді қайталай берсе –қанға сіңетіні рас еді. Сондық-
тан,айтылатын сөз ғана емес,есітетін сөзді де талғап,
жақпайтынын тоқтату қағидасын Дәулетбақ пен
Қаппар қарт та, Жаппар мен Сәуірбек те ұстанбады.

Әулеттің жік-жік болған себебі – бұзық сөздің жүз
жаңғырып,тық-тық таматынынан ба? Әлде, «айтпай-
ақ қоялық» көбейіп, аяғы «поселкелер» мен жымысқы
тірліктерге ұласты ма? Масканың түр-түрі көп пе, тіл

астындағы тілдің сөзі ме...Әйтеуір Дәукеңнің өзі кө-

өп ескертетін сырты бүтін, іші қырық бөлек сиырдың бүйрегіндей әулетке ұқсап бара ма... Қайдам! *** Көктемгі каникул болған соң Қатипаш жеңешесі жік-жаппар болып, Алтынайдың Көпжасары мен Ұлбалаштың Жансаясын «таза ауада ойнасын» деп ауылда алып қалды. Ұлбалаш қалдырғысы келмегенімен «азары болса да, безері болмас» бауырлығын ойлап, «кешегі айтқандарымнан ұялып, ұятын жуыпшайғысы келген болар келінбала» деп келісім берді. Ауыл деген қандай рахат. Балалар шалғын шөпті кешіп жүріп, неше түрлі ойын ойнайды. Алпамыс ағатайы Жансаяны күнде «Сникерске» тойды рады. Бір күні ол Жансаяны кішкене дүкенге ертіп апарып, ондағы сатушыға магнитофон касетасын ұсынды: -Апай мына менің қарындасыма екі «Сникерс», бір қорап темекі беріңізші арзанынан,-деді. -Ә-ә, шешең кейін даулап жүрмей ме, а? Не өлең ішіндегісі? -Қазақша терме. Папам «Жигулиіне» жақында ғана алды ғой... Ақша болмай, қарындасым қонақ болған соң... -Онда, жарайды, - дүкенші апай қуана келісті. -Ешкімге айтпа, әсіресе мамаларға, -деді былай шыққан соң Алпамыс нықтап, -түсіндің бе? -Неге? Менің мамам «ешкімге айтпағанды да мамаға айту керек» дейді.

-Өй! Айта береді! Ешкімге айтпайтын сыр болуы керек әр адамда. Түсіндің бе? Менің әкемнің құлағына жетсе, көк шыбықпен сабайды сені! Жансая шошып кетті. -Кімді сабайды? –көзіне мөлдіреп жас келе қалыпты.Алпамыс оның қолынан жетектеп алды да: -Мені! Мені сабайды егер білсе. Сондықтан, егер мені сабамасын десең ешкімге айтпа. Ия ма? -Иә!-деді Жансая қуанып. Ауыл сыртындағы беткейге жеткен соң Жансая бір топ қыздарға қосылып, ал Алпамыс ағасы ер балалармен доп қуып кетті. -Алпа-мы-ыс! Сен біздің командадасың!-Көпжасар қолын көтеріп, мұны шақырды. *** Ұшқан ұясын кім аңсамайды! Құдай біледі-ау, жер жәннәті да ондай ыстық болмас деп сезінеді Ұлбалаш. Туған ауылдың әр белес-бөктері, әр ағашы, тіпті әрбір қабырғасына дейін адамның жеке өзіне ғана аян өткен өмір тарихтарын баяндап тұрғандай, туған ұясымен үнсіз-ақ тілдесетін. Балалықта ауладағы саяжайда шатырлы тапшанға дөңгелене отырып,бұ лар кезектесіп кітап оқитын. Не ертегі айтысатын. Басқа-а-а әлемдегі жалма уыз кемпір, желаяқ не тау соғарлардың тіршілігіне еніп, оны жан-тәніңмен түйсіну; самұрық құсқа отырып, заңғар таулардың төбесінен ұшып өтіп, елді зар жылататын жеті басты аждаһамен жалғыз айқасып, жеңіп шыққан батыр болуне деген тәтті қиялдар еді?!Тазша

баланың тапқырлығы,әділетті Алдар Көсенің айласы,
дар ағашына тартылғалы тұрса да сертін бұзбайтын
ер жігіт; жоғалған соқыр түйені көрмей тұрып,оның
соқырлығы мен құйрығы шолақ тығын іздеушісіне

дәл айтатын зерек бала, шешендер мен билердің
ұшқыр сөздері-бұл үйдің балаларының жан азығы еді.
Үлкендерден анасы Хадиша кейде ертегі-аңыз айта-
тыны болмаса, сырттай бақылаушы ғана. Әкесі

Дәулетбақ бос уақытында хисса-жырларды нәшіне
келтіріп, әндете оқып беретін:
Астындағы бурылдың,
Төменгі ерні жер тіреп.

Жоғарғы ерні көк тіреп,
Бір төбенің тозаңын,
Бір төбеге қосады! –Па, шіркін! Не деген әсірелеу
ә?! Тыңдаңдаршы,-деп тамағын кенеп қойып, қоңыр

дауыспен әндете өзіне ұнайтын осындай тұстарын
қайталап оқып беретін. Сонда Ұлбалаштың да Тай-
бурылға міне сап, бір төбенің тозаңын бір төбеге
қосып, ұшқысы- ақ келетін.

Дәукеңнің ен байлығы,жиған қазынасы– кітап
еді. Шетінен кітапқұмар балалар Сулхан-саба
Орбелианидің «Ғибрат-намасынан» бастап қазақ,
орыс, шетел әдебиетшілері шығармаларының дәмін

татып өсті.
Көктемнің мезгілсіз қарасуығына ұрынған жау-
қазындай, студенттік шағында «халық жауының
әйелі» атанып, қудалауға түскен анасы отбасы қамы-

нан әрі қоғамдық қызметке араласпаған. «Білекті -

бірді, білімді –мыңды жығады» деген, білімді үйрен-
ген дұрыс» деп анасы сабаққа дайындықтарына көп
мән беретін. Енді көз жіберіп қараса, балалары ал-
дында әке айбарын айшықтандырып, пайғамбардың

туындай желбіретіп көрсеткен де марқұм анасы
Хадиша екен-ау. «Әкең ұйықтап жатыр. Ақырын жүр.
Әкеңнен ұят болып қалмасын. Әкеңнен сұрап көрелік
рұқсатты. Әкең ренжісе не болады?» деп, әке қабағын

бағуға тәрбиелеген екен. «Қайран ана, қадіріңді қан-
ша білдім-ақ десем де, қарымтаңды дым қайтармаған
екенмін-ау». Ұлбалаш ана өміріне ойша бойлаған
сайын күрсінісін көбейтті.

«Жаудың жұбайы» атанып, қартаңқұлақ пен
жабайы жуаның түбірін қазып; шырыштан желім жа-
сап, оны нанға айырбастап, қайын-жұртының жетім-
шелерін асырап... не көрмедің? Көппен көрген соғыс,

он баланың бейнетін айтпай-ақ қоялық. Енді әрқай-
сысын орындарына қойдым ба дегенде ауру аяңдап
келіп, азабына салды да, ажал алып кетті. Неткен
қып-қысқа, айтып та үлгермейтін өмір деші бұл? Енді

қараса, мұның өз қызы –Жансая да иығына бойлап
қалыпты.
...Ұлбалаш ой теңізіне малтып, әке шаңырағына
жетіп қалғанын жаңа аңғарды. Өзіне таныс тапшанда

еңкіш тартқан денесін бүкшитіп, шоқша сақалы со-
пақша жүзін одан әрі сопайтып, әкесі білеу ағашты
еңкеңдей жонып отыр екен. Қызын көріп, аясы үлкен
көздерінің құйрығы қанаттанып, қарасұр өңінен қуа-

ныш шуағы шашылса да, екі қасының арасындағы

қос сызығы тереңдеп, шашының боз қырауы көбейіп
кеткендей көрінді. Ұлбалаш құшақтасып көрісті, Дәу-
кең оны маңдайынан иіскеді. Хал-жағдай сұрасты.
Сосын:

-Кетпенге сап жонып отырмын,-деді Дәукең ісін
жалғап.
-Қаншама әуреленіп қайтесіз? Базардан-ақ сатып
алмайсыз ба?

-Е, е... Оны біліп отырмын-ау. Денеде қимыл бол-
маса, ас сіңіп, қан тарайды ма? Кітапқа көп қарағанға
көз шыдатпайтын болды. Қатарларың сирегесін,
кәриеліктің де қасиеті қашады екен. Ермек етер не

қалды басқа? Мамыр қалада-онда барып тұра алмай-
мын. Сәуір күнімен өкіметтің қызметінде, зәуіде бір
үй бола қалса, өзімен-өзі. Не болғанын қайдам, қаба-
ғы түксиіп, сүйкімсіз кескінмен қарайды ғой кісіге.

«Бармысың? Халің қалай?» демейді де. Келін ғана
тілдесетінім, сол қарайлап «аталап» тұрады. Құлағым
ауырлады, бірін естісем, бірін естімеймін. Миы ашып
кеткен бе, сорлағанда бір әңгімені қайталай береді ол

да. Пәлен деуге болмайды, тыңдай беремін әйтеуір.
«Дұрыс екен» деп ойлады Ұлбалаш. Әкесінің жас
ерекшелігі, мүмкіндігі, қоршаған ортасы, ермегі тура-
лы енді ғана сараптап. «Бұл кісіге ең керегі-жылы сөз,

жұмсақ тамақ».
Ұлбалаштың мәшинеден түскенін көрген Сәуір-
бек әйеліне «мені жоқ дей сал, сыртымнан құлыптап
қой» деген. Ол қылығының не екенін анық өзі де біл-

мейді. «Мәшинені неге әпересің» деп өткенде іштар-

лығын жасыра алмай, әйелін сөккені үшін бе, жоқ
мұны шаруа адамы деп менсінбей қарап, ғалымдығы-
на көкіректенген қылықтарына ма, әйтеуір көргісі
келмеді. Ең тілектісі-Қатипашы осы қылықтарын

Алтынай мен Ұлбалаштар кеткен түні күйіп-пісіп,
қызарып-бозарып айтқанда,бұл «бүйткен бауырдың
барынан жоғы!» деп, мұның үлпілдеген жүрегі тас
болды білем. «Ғалым болса, өзіне! Онда менің үйімде

несі бар? Келмесін» Бұл кездесіп, Ұлбалаштың бетіне
тура осылай басып-басып айтқысы келді. Бірақ, әпке-
лерінің, туыстарының «каприздеріне» әбден иленіп
кеткен көнтері Қатипаш байқұс жалынып, жібермеді.

«Бауырың, безбейсің» дейді. Былтыр осы «Жигулиді»
алғанда бала-шағасы ер жеткен осы үйдің үлкен қызы
қомақты ғып қол созуға жарамай, Қатипашқа шүбе-
рек-пүберек беріп алдай салыпты: «мәшинені неге

әпересің, енді байың бұзыладыны» сонда сол баста-
ған. Үйіне әдейілеп барып, айқайды бұл да салып
кеткен: «Үйіме аттап баспа, әйелімді бұзасың!» деген.
Содан, ол әпкесі келмейді. Жақсы болды. Сылпылдап

өзімен-өзі жүрген аңқау әйеліне оқыған әпкелері әр-
нәрсені үйретіп, жолдан шығаратын болды, шынын-
да! Енді жақсы дейтін Алтынай мен Ұлбалаш шықты!
Ұлбалашты тәуір ме дейтін еді, сөйтсе ол да өзгерген

екен, байқамапты-ау бұл. Енді оны көргісі келмей,
өзін-өзі құлыптатып, жатысы мынау.
Дәукең қызы, келіні үшеуі қаймақталған қызыл
шәйда бас қосты.

-Сәуір қайда, келмей ме?-деді Ұлбалаш.

-Ол жұмысына кеткен.
-Е е, пішен шабуға дайындық қой қазір.Техника
мен жем-шөп цехының шаруасы оңай емес. Біз ғой,
енді Қрыловтың мысалындағы жер жыртқан өгіздің

мүйізіне қонған шыбындай, жерді санамызбен
жыртып, шаршайтын шаққа жеттік. Қыстың қамын
қазірден ойлап, қолдағы бір-екі қараға жем-шөп бізге
де керек-ақ...

-Көке оған бас-көз болуыңызға әлі уақыт бар
емес пе? Сәуір де ойланар. Сіз қалаға жүріп, біраз...
үйде болмайсыз ба?
-Онда барғанда не бітіремін?!

«Мұнда не бітіресіз?» деген қарсы сұрақ келіп-ақ
қалса да, қызы үндемеді. Қызыл-сары келіні қызарып
салды. Қуанғаны шығар.
-Моншаға түсесіз. Қаладағы ағайындар мен жол-

дас-жораларыңызға қонаққа барасыз,-деді келін. Шәй
соңында Дәукең келісім білдірді.
Бір оңашада күйеуінің басқаға көңілі ауып жүр-
геніне шағынған келіні, оның күні түсетін бастықтар

мен байларға мәймөңкелеп кететініне күйінді. Қызы
бастыққа тиді деп Қаппарқұлдың сөзін екі етпейті-
ніне, Жаппарқұлға пұштиятынына күйінді.
-Есіңізде ме, әпке, сіз үністітке кірместен бұрын

обкомда жүргеніңізде-ші, сізге қалай жалпылдап, өліп
кете жаздайтыны Сәуірбектің?! Онда бұл сізден соп-
қозға парторг қоя ма деп дәмеленетін. Енді пұштиып
қалмады ма сізге де? Байқаңыз! Ісім түспейді дейді-

ау!?

-Қойшы?! Мен не болсам да бауыры емеспін бе?
Кім болып істесе де әркім нанын өзі табады, шүкір.
Олай демеші.
-Ой, әпке, сіз елдің бәрін өзіңіздей көресіз. Елдің

бәрі қу түлкі ғой, керек болсаңыз басқаша лыпыл-
дайды. Сіз оны айтасыз, Сәуірбекке әкесі өскенше
керек болды, оқытты-шоқытты, қызметке қойды, үй-
лендірді. Атамның арқасында бастықтары бір ауыз

бетіне келмей, керек болса, мәшинемен іздеп кеп
үйден әкетеді. Жалқау ғой шөп басын сындырмайды.
Баласы өзіндей болғанша әкесі нанын тауып, пенсия-
сымен асырап отыр. Сөйткен әкесін «Ұйықтатанып

дәріні ауқатына көбірек салып жіберіп, өлтіре сала-
йық» дейді.
-Қ-қойшы!!
-Өлейін әгәрдайым, әпке! Апамның әруағы ұрсын

әгәр... Бір күні сөйтіп өлтіре сала ма деп қорқамын. Ә,
мұның несі кетті, а?! Қарап жатқан - мен, кірін жуа-
тын-мен. Бұтына жіберіп жатады атам, жуатын мен.
Ауырса уқалаймын ғой. Сонда «уқалама! Ол қақпас о

жер, бұ жерін ұстатып, өтірік ауырады. Ауруы жоқ,
кемпір алғысы кеп жүр» деп ұрсады. «Қара» деудің
орнына «Өлтір» дейді жауыз Сәуірбегіңіз. Өзі бұзыл-
ған...

-Тоқташы, кім... атың кім еді? Тоқташы сен! Ол
дәл осылай дейді ме?
-Иә!! Бір емес, ылғи айтады! Көргісі келмейді.
Қандай адам екенін... түк түсіне алмаймын! Таң қа-

лам! Мың жақсылық істеген сізді ше... Айтуға аузым
бармайды,әпке...

- Айт!

-Сізді «байы жоқ болғасын қарап жүре ме, ол
бұзылған» дейді. Сізді «жақсы болса күйеуінен айы-
рылмас еді» дейді ұялмай. Ол құдайдың ісі ғой, әпке.
Біреуге тисеңізші, ініңіздің көзін шұқып тұрып! Ал!

«Қатынаспа, келтірме үйге» дейді, ал! Қазір де түк-
пірдегі үйде сізді көргісі келмей, тығылып жатыр.
Сенбесеңіз көріңіз. Тексеріңіз! Айта берсем...
Иә-ә келін айта берді. К-өп айтты. Ұлбаланың

миы лоқылдап, жүрегі айныды. Әрі қарайғы сөздің
парқына бара алмады, тек көк шыбындай гүжілдеген,
зың-зың дыбыс құлағының түбінде ұза-а-қ тұнып
тұрды.

Әлден уақытта бұл өзіне-өзі келіп:
-Қой, біз қайтайық,-деді.
Көпжасар мен Жансаяны алып, әкесі төртеуі
жолға шықты.

Есінен інісінің балалары карта ойнағанда қолын-
да қалмауын тілеп, зәредей қашатын қарғаның дама-
сы кетпей-ақ қойды. Өмір де ойын сияқты көрінді
Ұлбалашқа.Қолына сүңгі ұстап,қара жүрегін басына

көтере сызданып қараған картадағы кап-кара «қарға-
ның мәткесі» қыр соңынан қуып келе жатқандай. Жо-
лап кетсең, жылан тілді айыр сүңгісімен жүрегіңді те-
сіп, қаныңды ағызатындай, туған үйінен жылан шық-

қандай, қашып барады. Өмір ойынында одан қайда

қашуды, қалай құтылуды білмей, Ұлбалаштың айыр тілден жараланған жүрегі қан жылады. *** Ұлбалаштың бірінші мақсаты-әкесін ретке келтіру еді. Дәукең суды сағынған ата қаздай-терілері салбырай серейген қолдарымен сүйегі ырсиған арық денесінің әр жерін сипағыштап, жылы суда мойнына дейін шомып отыр. « Рахат-ай! Тіршіліктен пенде көшкен соң, о дүниенің екінші тіршілігі басталатынына Дәукең сенбейді. Қияметтей қиындық көріп жатса да, жақсылығынан дәмететін адами үміттің үзілгісі келмеген қиялы, екінші жағынан-тозақтың бар екендігімен сескендіретін тәрбие әдісі деп білетін. Қиындығың мен қасіретіңнің қайтарымын о дүниедегі жұмақтан іздеудің керегі не, егер бүгінгідей көңілің хош, тәнің таза, тамағың тоқ, қасыңда ой бөлісер тілектес ұл-қыздарың болса! Жұмақ та, пейіш те Дәулетбақ қарт үшін осындай шүйіркелескен жанұя, бұрынырақта өзі де сезінбеген жәй ғана жадыраған келбетте екен!» Дәукең жылы суда ұзақ жіпсіп,араарасында күрең шәйден ұрттап, ойға шомған. ...Есігінен қонақ үзілмейтін әке шаңырағында қолға су құю міндеті кішкене кезінде қыз да болса Ұлбалашқа жүктелген-ді. Қаз мойын жез құмған мен жез шылапшынды ұстап, иығына түкті сүлгіні ілген қыз есіктен аттай бере шөкелей отыра қалып, екі алақанып жая «Лай аумин!» дейтін. Ол –бата сұрағаны. Сосын қонақтардың төрде отырғаны саудыратып, үйіп-төгіп бата беретін. Бір шетінен айналдыра су

құйған қыз кірген беттегідей есіктен арқасымен шы-
ғып кететін. Осымен Ұлбалаштың бүгінгі міндеті
аяқталып, жұмсауға іздемейтін. Қонақтар көрпешеде
көсіліп отырса- кереметтің болғаны! Бұл ақырын ке-

ліп,иығына сары тонын желбегей жамылған әкесінің
беліне белбеуше созыла жатып, әңгіме тыңдайтын.
Не-не-не шежірелер, айтыстар, әзілдер айтылып жата-
тын. Бәріне түсіну қайда, бірақ, көбіне жырлары жат-

талып қалатын.
Жайшылықта әкесінің балаларға қарай қалатын
уақыты бола ма? Бола қалса да ол ұлы Абай мен
Гетенің уақыт-ағымын қалайша ағып жатқан сумен

теңестіргенін, оны өзінің қашан, қалай түсінгендігін
айта ма? Әрине жоқ. Ұлбалаш қонақ келген күндері
сары тонның ішіне бұғып жатып, әңгімеге шөл қан-
дырар еді. Үлкейе келе ол сыбаға өзінен-өзі азая бер-

ген.
Осы жолы көкесі үйіне келгелі бері бұл айтушы-
сын, ол тыңдаушысын тауып, екеуі де мәмірежай бір
күйге ауысты. Жансая да «ата, ол не деген?» деп, әке-

сіне серік болды. Ата мен немере жақсы әңгімелеседі,
бірі ертегі-аңыз, жыр-толғауды жақсы айтса, екіншісі
де мұғалімдері жаттатқанын айтып, тай жарысқа түсе
шоқырақтайды. Екеуі де мәз.

-Бір жылы көктемде жауын көп жауып, Бадам
өзені тасып жатса керек. Оны кешіп өтпекші болған
Майлықожа ақынға өзен өткел бермей, атымен қоса
ағызапты. Сондағы ақынның айтқаны екен:

Бадам-кедей!

Майлыны ағызасың адам демей.
Зауза мен саратанның күндерінде,
Жатушы ең ауыз суға шамаң келмей.-Биыл да
жаңбыр мол. Өзендер көтеріліп, жер семіретін шығар,

сірә, -деді Дәукең.

Түске дейін Дәукең бір өзі қалады. Сонысына ың-
ғайсызданған қызы ас-суын кереует қасындағы үстел-
ге дайындап кетеді.
-Әуре болма, балам. Өзің келген соң –ақ бірге

шәй ішеміз. Мен оянсам теледидар не кітап қарап жа-
та тұрмаймын ба?-деді әкесі, -осында келгелі ұйқым
тыныш, бойым жылынып, берекем кіріп қалды ғой,
балам. Үйде де шәйді сәскеде ішеміз.

Осыдан арғысын қарт ішінде бүгетін... «Осы
күнім-пейіш, жұмақ қой, қызым» дегісі келеді. Де-
меді.
Келіні айтқан: «тамаққа тоймайды, қазір тамақ-

танса да «ашпын» дейді атамыз дегенін шын қабыл-
даған Ұлбалаш. Осы күндері әкесіне не жағдай жасау-
дың ретін білмейтін. «Сүйегі таза бұрынғының кісіле-
рінің тәбеті дұрыс екені рас қой» деп сенген де. Бірақ,

әкесі қолында жүрген екі жұмада оның келіні айтқан-
дай садыралататынын, табағына зәр төгетінін, алжы-
ғандығын көрмек түгіл, артық жарты сөзін естімеді.
Қайта, жардан құлаған жаралы жолбарыстай жүні

жығылып, жотасы түскен, қажыған, қараусыз қартты
көрді. Қыздың қолына қарағанды намыс санаған ата
салтқа Ұлбалаштың қаны қызды. Қыз боп жаратыл-

ғандығынан әкесіне қорған бола алмайтын өзіне ыза-
сы келді. Тілмәш келініне жетектелген інісіне, абы-
ройы үшін-ақ үндемей өлуге дайын әке әлсіздігіне
қорланды. Қазақи қағидада шыңарақтың туын ұл-

қызың емес,сол қазақ босағадан орын берген келін
ұстайтынын ұқты.Ұлбалаш арба сынбайтын,өгіз де
өлмейтін жол іздеп, таба алмай қиналды.
Шынында, көкесі күннен күнге өңденіп, әлденіп

келе жатты. Ауылында қомыт көрпенің ішінде жатса
да жылымайтын аяқтаря жұқа шұлықпен-ақ жаура-
майтын болды.
Бір демалыста өзімен бірге институтта әдебиет-

тен сабақ беретін келіні Жарқынай мен Арманды,
Мамыр мен Үрләнді қосып, қаладағы туыстарды;
екінші демалыста көкесінің ескі таныс- жолдастарын
дастарханға шақырды. Көкесі өзінің бала күніндегі-

дей, марқұм анасы-Хадишаның бар күніндегідей,
қызу әңгімеге араласып, санын соғып-соғып рахат-
тана күлді. Жасап отырған, жасай алатын әкесін кө-
ріп, Ұлбалаштың көзіне жас үйірілді. «Дүние неткен

қым-қиғаш,қарама-қайшылыққа толы еді! О,опасыз
тіршілік! Опасыз отбасы! Адалдығы ада боп жаралған
ит келін, ұғымсыз ұрпақ! О, сиымсыз, қисық салты-
мыз! Қайтейін-ай!» Ұлбалаш аласапыран күйге түсті.

Жаттап алған өлең жолдары тіліне еріксіз орала
берді:

О, менің әкем –асқарым,
Төбемде биік аспаным,

Өзінен бұрын ойлаған,
Береке, бағын басқаның.

Кім едің, әке, сен деген?
Дәл сендей адам кем де кем,
Жүрегін жұлып берсе де,
Жаралы жанды емдеген.

Мақтаныш етем мен сені –
Шындықтың алмас семсері!
Сұмдық пен шындық айқасса,
Жалғанның шыққан сең-сеңі!

Өзін ұстамды,мықтылардың қатарына іштей қосатын Ұлбалаштың көзіне ыстық жас келіп те қапты. Мына шумақтар оның өз жүрегінен шығып, өз әкесіне арнаған ризалығындай екен-ау! *** Дәукең баяғыда өкімет берген үш бөлмелі үйді Жарқынайға сыйлаған соң, оған ат ізін салмаған. Көшірісіп, жұмысқа жайғастырып жатса Ұлбалаш кірісетін. Құлағы шалып қалмаса, газеттерден келіннің әдеби тақырыптардағы зерттеу мақалаларын оқығаны болмаса, көңілі қалып, атын да атамайтын. Бірақ, «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боларсыз» деген дүниетанымдық терең оймен жазылған мақаласын оқығанда, Жарқынайдың ой-өрісіне ризалығы туғанымен, опасыздығын кеше алмағын. Ұлбалаштың

үйіне әуелі жылы жүзді жас әйел жымиып кіріп, келіп
қолын алғанда, танымай да қалды.
-Қалайсыз, папа, денсаулығыңыз жақсы ма?-де-
генде, Дәукең «танымадым» деп шынын айтты.

-Көке, Жарқынайыңыз емес пе, мынау жігіт-
Арман Қабылұлы,-деді Мамыр,-Арманжан, атаңа
сәлем бер.
-А? А?- деп ұялған Дәукең өз кенжесі Қабылдың

балаң шағымен қауышқандай, Арманға құшақ ашты.
Діні қатты Дәукеңнің көзінен бір тамшы жас ыршып
кетті. –Бармысың, балам, аманбысың?!-дей берді.
Дәулетбақ қартты Мамыры, сосын Арманы жеңіл

мәшинемен үйлеріне алып барды. Алтынай мен Ұлба-
лашы, Үрләні мен Жарқынайы бас қосқан сәулелі ке-
ңістікте Дәукең пейіштің төрінде отырғандай тасыды.
Пейіш деген-жылы жүзді жанұя екен деп түсінді. Қа-

типаштың ұғындыруымен «бөжек» көрінген екі ке-
лінінің, Ұлбалаштың жастанса –жастық, ұшса- қанат
болған пейілдерінен Дәукең өз қателігін ұқты.
Қабылының шаңырағында немерелерінің кезек-

тесіп салған әндерін, тақпақтарын, билерін тамаша-
лап, Арманның өз шығармасынан туған жер, ата-ана,
достық тақырыптарындағы өлеңдерін тыңдады. Кон-
церттің жүргізушісі Арман:

-Арман Қабылұлы Құдретуллин! «Әкеме», -деді
салтанатты түрде, - қарсы алыңыздар!
Басқалар дуылдата қол соғып, тына қалысты.

Қилы да қилы асқардан,

Өзіңнің тұлғаң биік тым.
Өмірім сенен басталған,
Сондықтан сенсің сүйіктім.

«Атама»

Желбіреген тұлымым,
Мен –атамның ұлымын!
Сен бәйтерек болғанда,
Мен –көктеген шыбығың!! –қол соғыңыздар!-деп

жүгіре басып Дәукең нің мойнына асылды. –Ата, мен
сізді бүкіл достарыма айтып қойғам.Олар дың бәрі-
бәрі сізді біліп алған!

- Мені ме? Не деп?

- Ең батыр адам деп, ең ақылды адам деп! Тағы

өлең айтайын ба?
Арман сахнада тұрғандай, салтанатты әуенмен
қолын сермей жымиып, өлеңін жалғады. Үлкендердің
қолы жанарларына жанаса берді.

ИТТІҢ БАЛАСЫ

VІІ- тарау

Ит үрсе - сәні көшіңнің,
Иттігін иттің кешіргін.
Жүргісі келмес ешкімнің,
Өгіз не қой боп!

Еһ, шіркін!

«Жақсылық атаулының тіреуші табаны, негізі-
түсінісуде сияқты. Онсыз қошемет пен бағамың да,
достық пен махаббатың да, ізгілік пен ізетің де уақыт-
ша көзбояушылық, сағымдай жалған. Ондай сезімнің

әр жағында бақай есеп, өзімшіл өркөкіректіктің сұм-
дық –айлалары жасырын өніп-өсуі мүмкін» деп түйін-
деді Ұлбалаш. Ол әкесі мен бауыры Сәуірбектің ара-
лары неге суынып бара жатқанын түсінуге тырысты.

Өзін әрқайсысының орнына қойып, әрқайсысының
жан сезімдерін өз бойынан өткізіп бақты. Қатипаш
айтқан Сәуірдің өкпе-араздығын талдады. «Атам соп-
қозға бәлінсе ашқанда, оған екі ыскори әпергенде ап-

комға бара алады. Жерден су шығарғанда, сопқоздың
малы шашылды дегенде, айдаладағы біреулердің
мектеп бітірген бала-шағасын оқуға сүйрегенде қалай
жүгіре алады, ә! Өкіметке сөзін өткізе алатын болса,

кәні, қайсы қыз, қайсы баласының оқуына, не жұмыс-
қа орналасуына араласты, а?! Өкіметке түк еңбегі
жоқ, тек Ұлы Отан соғысына қатысқандарын міндет

қып, бір емес, бірнеше үйді бала-шағасына сұрап әпе-
ріп, мәшине мінгізіп жүр ғой есі бар шалдар. Біздің
шал бір ауыз сөз айтуға намыстанып, өзіне келгенде
қырсығып қалады. Сәуір де соған бола тырысады

оған. «Халық, халық!» деп шапқылайды. Сол халық
атама не бөліп беріп отыр, а? Сол халқы емес пе мұ-
ны «жау» деп қаматқан, басқа не берді халқы?!»
Келіннің осы сөзінде біршама жан бар. Бірақ,

Ұлбалаш әкесін бұл жерде қырсық деп емес, текті деп
түсінеді. «Мен еліме еткен қызметімді міндетсініп,
мәшине, үй сұрамаймын. Ол қызмет-менің парызым»
дейтін әкесінің рух тазалығына тәнті қалып, өзі соған

бой түзегісі келетін.Дегенмен, мына қоршаған орта-
ның қағазда жазылған заңы мен тіршілігінің жазыл-
маған заңы арасында кереғар айырма, кейде қайшы-
лық бары да рас-ты. Ал, әр пенденің ішкі өз заңы, өз

құпиясы бар екенін айтсақ, әкесі топ қарғаның ішін-
дегі ақ қарғасы екені анық-ты.Әрине,өзгеге ұғынуы
қиын ақтығы үшін ақ қарға басқаны қойғанда бауыр
еті баласына да тосын,ұнамсыз болатыны Ұлбалашқа

психологиялық жантаным маманы ретінде ұғымды.
Ал, Сәуірбектің өлшемімен қараса, оны да түсінуге
болады. «Материалдық база керек-ақ». Әкелі-бала-
ның ортасында үйлесімділік жасау жолын іздестірді.

Ұлбалаш былтыр елінен баспаналық жер мен
егіндік мұра жерін алған. Егіндікті інісінің иеленуіне
ұсынғанда, Қатипаш жүрек қабы жарылардай қуан-
ған.

-Әпке, сіздей бауырмалдық бәрімізде болса-шы.
Сіз болмасаңыз, Сәуірде дым ой жоқ, жүз жерден
жүгірсе де оған жер қайда-а! Енді ол жерге бидай егіп
тастаймыз. Оны орып алғасын тары мен қияр егеміз

де, одан былай пайда көреміз,-деп кеңірдегінен жұт-
қыншаққа таман сызып-сызып көрсетуі көп болған-
ды. Амал не, сол жер биыл да игерусіз жатыр. «Трәк-
тіршіге пәлен ақы ақша, пәлен шөлмек арақ, түген

литр сәләркі керек» дегесін әпкесі айтқанын беріп,
«еңбек етіп, пайдасын көріңдер» деген.
«Сұрағанымды тауып беріп тұрса,інісімен бірге
жүрсе, жүре берсін. Нем бар! Мәшинем тозып қал-

мас!» деп кеңшілік еткен Қатипаш сыған апасы Кла-
ваның көріпкелдігінен ішіне қатқан кекті бірсәт
ұмытыңқырап. Ауызбен орақ орылғанмен, егіндік
жердің шаңы бұрқырап, шошқатікенге шырмалып

жатысына Ұлбалаштың іші қызады. Үйіргелік ала-
қандай жерде тырмалана тырбаңдаған дарға Қатипаш
қыр көрсете, керги басып, көлеңкеде көлденеңдей
ұйықтайтын-ды.

-Қараңқалсын, жалғыз жанымды қайда жұмсай
берейін. Шалдың малы мен пенсиясы өлтірмейді
мені, -деп шірене сөйлей тін,-осы үйдің малайлығы-
ақ жетеді маған! Оның үстіне мына қырылғырлардың

балдары безеріп, тіл алар деймісің! Нан соғарлар! Ме-
німен ұрысып, өзара төбелескеннен бөтен дым біл-
мейді, тұқымынан оңбағандар!-деп өз балаларын
шұқып көрсетер еді.

Туылғалы естіп келе жатқан кеміту, кекесін, боқ-
тық сөздерге еті үйреніп, намысы өлген балалары ше-
ше сөзіне ыржаң-ыржаң күле салатын. Тұқымның
шын шіруі намыстың өлуінен басталаты нын, оған ті-

келей өзінің себепшілігін Қатипаш өңі түгіл түсінде
де көрмейтін.
Бүгіндікке енді салынбақшы үйдің құрылыс мате-
риалдарын іздеп, Ұлбалаш пен Сәуір біраз тірліктің

басын қайырды.Мұндай оңаша басқосудың сәті түс-
пегелі қаш-шан! Біраз сыр да шертісті.
-«Аталардың атынан сөз; маталардың атынан бөз
өтеді» деген рас-ау, Сәуір, қалай қарайсың? Кімсің,

Жанай бидің әулеті деп; кімсің, Дәулетбақтың ұрпағы
деп жүрген ортамыз жарыла жол береді емес пе?

- Иә! Басқасын қайдам, мен әйтеуір көкемдей

бола алмаймын. Біздер жұмыс істеп, тамақ асырай-
тын робот сияқты бәлелерміз ғой.Ал, көкем... көкеме
ақы, пайда табу, мансап, мінбе дегендердің еш мәні
жоқ қой. Оған аурухананың жабдығы,жолдың түзеті-

луі, ауызсу мен егіншіліктің, мал жайылымының,
қорымның жағдайы;жаңадан типовой мектептің са-
лынуы, жаңа жеделжәрдем мәшинесін ауруханаға
әперу; мүсәпірлерге көмек, олардың балаларын же-

тектеп апарып, білім ордаларына орналастыру... өң-
кей осындай өзіне пайдасыз істер ғой қарап тұрсам.
Біз... мен мұның біреуін де жасай алмаймын.Не деген
кеңдік!

-Не деген дархандық, не деген елжандылық де!

-Ә-ә!Баласы болсам да түк ауыспапты ғой маған,-
деп күлді ұл.
-Орта, мезгіл қалыптастырады нені болса
да.Күнде өскен шөп қандай,көлеңкедегі шөп қандай.

Біз...
-Біз үйде өскен үлпілдек шөппіз-ау? А-ха-ха!
-Қой, күнге күйіп, желге қақталайық деп үй
салғалы жүрміз ғой міне,біз де.

Жоғалтып, қайта тапқан қымбатындай, Ұлбалаш
бауырының әңгімесін тыңдай отырып, оған жәудіреп
қарағыштай берді. Ең бастысы –оның әкесі туралы
пайымдауы келінінің түсіндірмесіне мүлде ұқсамай-

тындығына қуанды. Демек, «у бере салайықтың» бір
тұтам құйрығы шолтаң етіп шыға келгені –басты ба-
қыт! Ол Сәуірді қатты сағынғанын осы қазір білді.
Қаншама жылдар бойы оңаша сөйлесетіндей уақыт

таба алмаған өзіне өкпелеп,өкініп отыр. «Бәсе, мен
танитын Сәуір осындай мейірімді, осындай бауырмал
болса керек қой. «Әкемді өлтір деді» деген әйел сөзі –
зымияндық. Бәсе!»

Ұлбалаштың ойына келінінің осындай сұмдық-
тары мен сұрқиялық тарының тізбесі келе қалды.
Осыны інісіне айтуды бір ойлап, оның соңы әйелімен
ажырасуға соғар деп қорықты. «Келінді енді қайта

тәрбиелеуден еменді ию оңай шығар». Ол үндемей,
көзі жасаурай берді.
-Мен мына үйден қайда көшуді білмей жүрмін, -
деді Сәуір. – Ағайынның алыс тұрғаны сыйласқанға

жақсы екен. Енді үйден ақша ұрланатын әдетке ұшы-

радық. Әдейі қанша сомдықтан қанша дана екенін санап қоятын болдым. Әрқайсынан аз-аздап алынады. Шын ұры бәрін алмай ма? Бұл сол Ақшайымның ұлқыздарынан болмағанда, кімнен дейсің! Күйдім! Айтып түзей алмаймын да, олар мойындамайды да. Тек көшіп қана құтыла аламын,-деп күйінді. -Мүмкін олар емес шығар? Олар ақшаларыңның қайда тұратынын қайдан біледі? -Со-лар-р! Анау аңқау Қатипаш бір-екі рет көздерінше ақша алып беріпті ғой. -Онда орнын ауыстырыңдар. -Бәрібір тауып алады, талай ауыстырдым да.- Сәуірдің есіне Қатипаштың теңеуі түсті. «Жаппар атамның бала-шағасын алла-тағала төртаяқты еткенде апшаркі болар еді»,-олар кәдімгі овчарка! -Көзіңмен көрмеген соң ештеңе дей алмайсыңтуысың. Қазақ «қоңсыңды ұры тұтпа» деген ғой. Онда артық ақшаларыңды маған беріп қой, бізде ештеңе жоғалмайды. -Иә, сөйтемін-ау. *** Күнімен жол жүріп шаршаған Сәуірбек бөлмесінде тынығып жатқан. Ақырын есік ашылып, мысық жүріспен бөлмеге біреудің кіргенін анық сезді. Көзін жұмып, қимылсыз бақылады. Әлден уақытта сытырсытыр ақша дыбысын аңдады. Сосын ілулі шалбарының белдігіндегі бекіткіш темірлер жәй ғана сылдыр етті де, ол да тына қалды. «Шалбарым орнына ілінді» деп түйді бұл. Есік сықыры қайта естіліп, бұл оқыс

ыршып түрегелгенде, өз ұлы – Жолбарыстың әбір-
жіген кейпін көріп:
-Бері кел! Неғып жүрсің?-деді.
-Ә-әншейін...

-Шыныңды айт! Не істеп жүрсің?
-Ә-әншейін...
-Шалбарымды әкел, -ол қалтасында әлгінде ғана
өзі санап қалдырған ақшасының 20 рублі кем екенін

анықтады.
-Ақша алдың ба? Айт! Не үшін керек саған ақша?
Айтсаңшы! Кім әкел деді? Шыныңды айт! Қайда қой-
дың, шығар ақшаны!

Жолбарыс бедірейе қарап, үнсіз тұра берді.
Сәуірбек оның қысқа шалбары мен көйлегінің қал-
тасынан түк таппады.
-Эй, алдың ба ақшаны?! Қайда тықтың?

-Жо-оқ, алғам жоқ... Ә-әшейін жүрмін...
-Шешін! Түгел шеш үстіңді!
-Дір-дір еткен бала шешіне бастады.
Шиыршылықтала бүктелген 20 сомдық тырнақтың

үлкендігіндей бөлікпен еденде шашылып жатты.
-Эй, атаңа нәлет-ау, мынауың не, а? Эй...
Сәуірдің шапалағынан жалаңаш бала ұшып түсті
де, баж етіп бақыра жылады.

-Өшір үніңді! Не үшін алдың? Айт! Егер шы-
ныңды айтпасаң өлтіремін. Жылама!
Көшеде әйелдермен әңгімесі қызып, қыт-қыттай
күлген Қатипашқа баласының бірі үйдегі айқайды

жеткізгенде, ана жүрегі алып ұшып, сүріне- қабына
үйге жүгірді.
Бұл кезде баласынан жауап ала алмаған Сәуірбек
шалбарының қайыс белдігін қолына ұстап, ұлынан

әрі қалшылдап тұрған-ды.Бір-екі осып жіберген-ау,
шешесіне тартқан сары баланың құйрығы қызыл-
шақа.
-Не болды?-деді Қатипаш сұрлана кіріп.

-Айт, айтасың ба, жоқ па? Не үшін ұрладың ақша-
ны? Ұрамын тағы, айт!- күйеуі ұзын қайыс белдігін
ысылдата үйіргенде Қатипаш «ұрмашы, ұрма!» деп
қолына жабысты.

-Былай тұр, өлейін демесең!- Сәуір әйелін итеріп
жіберді, - Безергенді көрсетейін мен саған, иттің ба-
ласы! Айт!-ысылдаған белдік арашашы Қатипашты
осып кетті.

-Ойыбай, Сәуір,өлтіремісің?!Жүрегі ұшып, айта
алмай тұр ғой мұның! Саған безеріп не көріпті қанша
қырсық болса да. Ұрмашы, ашуыңды басшы.
Қорқытқан біреу бар ғой мұны «ақша әкел» деп,-

күйеуінің қолына орағытты. Жәй сұрайықшы шын
білгің келсе. Бұл ақшаны қайтеді? Арақ ішетін, анаша
шегетін жаста емес, шылым шекпейді. Ақшаны кім
айтты саған «әкел» деп, айтшы, Жәкөш, а? Ім-м... қо-

рықпа! Кім үйретті ақшы ұрлауды, а? Ім-м... айта ғой.
Жолбарыс үндемей безерді, тіл қатпай
қорсылдады. «Айтқыз. Айтпаса өлтірем» деп
Сәуірбек төсегіне отыра кетті.

-Ойыбай, әнеукүнгі қаланың ышпаналары үйре-
теді-дә, кім болсын басқа?! Ауылдағы қазақы балдар
аңқау ғой, дыммен жұмыстары жоқ. Ой-бай, айтпай-
ақ қояйын деген ем, енді айтпасам болмас.Ұлбалаш

әпкең екеуің соның үйіне есік-тесік іздеп кеткенде
Көпен, Жансаялар осында жүргенде-ші, мәшинеңнің
касеталары тағы жоғалғанда –шы, Көпеннің жылт-
жылт еткізіп шылым шеккенін көрдім ғой. Біздің ба-

лаларды да үйретті –ау сол. Алпамысты байқап қал-
дым. Касетаңды үйіне апарып тыңдайды, ақшаңды
мына байқұстарға ұрлатады, арақ ішеді. Ол жетпегір
сандықтағы құлыптың ашылатын нөмірін білуші еді,

анау Жансая қақатұяқ екеуі біздің аңқауларға «сан-
дықты ашайық, фотоаппарат ты іздейік» деп ашқы-
зыпты.Сонда олар ақша іздеген ғой,ә? Жәкөш, солар
емес пе «ақша әкел,ұрла» деген,ә? «Айтсаң өлтірем»

деді ме?
Жолбарыс дірілін басып, басын изей берді. Жан-
алқымда жол көрсеткен анасынан жаны сая тауып,
қорқынышы басылайын деді.

-Киіне ғой, жарығым. Папаңа шыныңды айтсаң,
ұрмайды сені. Иесіз қалғыр, қараңқалғыр апаларың-
ның өздері ар-рам. «Сәуірге мәшинені неге әпердің?
Енді бұзылып кететін болды» деп маған әбден

ұрысты ғой Алтынай мен Ұлбалашың. Сен жүрсің
әпкеңе үй соғып берем деп шапқылап. Ақ көңілсің!
Мен «тоқал әперіп, той жасап беремін» деп едім,
екеуі жарылуға сәл-ақ қалды. Көре алмайды ғой бізді.

Шешелерінің көре алмайтынын білемін, балашағала-

ры саған жақсылық ойлай ма?! Ә-ә, әлі бізді ит қыла-
ды олар.
Сәуір сыртқа шығып, қайтып келгенде Қатипаш
пен Жолбарыс тың жарыса айтқанынан ұққаны-

Жолбарысты ұрлыққа үйреткен – Алтынай мен
Ұлбалаштың ұл-қызы болып шықты!
-Қап, атаңа нәлеттер-ай, ә! Баланың тәрбиесін бұ-
затын болды-ау, ә! Әй, миғұла Жолбарыс! Саған

айтып тұрмын, естіп тұрсың ба? Ұрлама, ештеңені
ұрлама екіншілей! Керегіңді айт, өзім алып беремін,
түсіндің бе? Ешкімнің «ұрам» дегенінен қорықпа, айт
маған жасырмай! Ұқтың ба?

Жәкөштай басын изей берген.
-Жүр! – деді сосын әкесі, мін мәшинеге! Қазір
Көпен-сөпен, Жансая-мансаяларыңды шешелерімен
қосып, быт-шытын шығарайын. Жүр! Әй,-деді сосын

ол әйеліне,- сен сүмелек сүмелектене бермей, басың-
ды көтер енді! Ұқтың ба? Олардың ұрлық-сұмдық-
тарын кезінде айтып тұр. Жасырма! Воще-е енді
оларды үйге жолатпа! Есіттің бе, әй, сүмелек!?

-Иә, есіттім, -деп әйелінің дауысы мұрын астынан
зорға шығып сүмірейді.
Терісіне симай булыққан Сәуірбек мәшинесін
арылдата басып,Жолбарыспен көздестіру үшін, бет-

теріне түкіріп, «Менің үйіме қарай аяқтарыңды аттап
басушы болмаңдар!» деу үшін Алтынай мен
Ұлбалашқа бет алды.

«Дейді-дейді» дегенді дегізе бермей, аузыңнан
шыққан сөз емес, құлағыңа жететін сөзді де қажетсіз
жерінде тыйып тастап, бойыңды таза ұстауды адам-
дық жақсы дағды, текті мінез деп есеп тейтін Ұлба-

лаш. Сондықтан, өсекші қатын-қалаштар ол отырған
жерде ауыздарын бағып байқайтын, сұстынан сеске-
нетін. Сол себепті өзі туралы «дейділер» бұған жет-
пей жығылып,мұның хабарсыздығынан да айнала-

сындағылармен сыйластық қарым-қатынасы шынайы
болатын. Біреуге салмақ артып, талап қою, бірнәрсені
міндеттеу, жүктеу-мұның әдетінде жоқ-ты. Өз шама-
сын ша тірлік істеп, барына қанағат етіп, басқаларға

шын сөйлеп, шынайы күлулері, бетпердемен көлгір-
сімеуі ғана бар. Ниет түзулігін алға шығарып, қалта
қалыңдығын соңына қоятын.
Басына баспана көтеріп, биыл бір-екі бөлмесін

бітіріп, орныққанына Ұлбалаш қалай қуанса, бауыры
Сәуірбектің бұл істе бейтараптығына таңырқап, іштей
солай ренжитін-ді. «Неге?» Жанбайтын шамның,
жылытпайтын пештің үйде орын алып тұруы қажет

пе? Кәдеге аспаса, шам болған ұсқыны, пеш болған
мұржасы нан не қайыр?!» Шешесіз жетім көңіл, жан-
жарсыз жесір көңіл, баласын бауырында жаратқан
ана көңіл дауыл мен жауыннан қорғайтын пана із-

дейтін. Ширыға шаршап, шартарапты оймен шарла-
ғанда, шиыршықтай беретін жолы-қартайған әке
шаңырағы нан өрбіген өз бауырлары еді. Баспана-
сының тұғырын құйып, қабырғасын көтергенде;

төбесін торлап, лайын сыбағанда;шатырын тұрғызып,
еденін төсегенде, есігінен басын сұғып «халің қа-
лай?» демеген, қарайып төбесін бір көрсетпеген Сә-
уірбек үшін елден ұялатын. «Неге?Неге?» деген сұрақ

адымдаған сайын қайталанып, үлпілдеген мақта
сезімі шиыршықталып, қатая түсетін. «Неге екен?
Шынымен ақ, Сәуірбек безбүйрек, тасмейір табиғат
па?» деп іші ұли жылайтын-ды. «Әлде быжылдаған

әйелі миын быжытып жіберген бе? Әйел ғана азғын
ба? Өзінің көкірегінде көз жоқ па?! Әйелін маған
тәрбиелетем деген құрметі, маған сенімі не себепті
өлді? Менің қателігім бе, кімнің қателігі?»

Ұлбалаш «Сен неге сондайсың?» демеді, бұл
тақырыпты ешкіммен де, ешқашан сөз де етпеді.
Өйткені-Сәуірбекті шағып, бөлшектеп беретіндей,
оған өзінен жақынырақ адамы жоқ еді. Өз қолын өзі

кесе алмайтын да, жан жарасынан жүрегі қатаятын.
Ілуде бір кездескенде салқынқанды қарсы алуына
көндікпеске лажы жоқ.
Өткенде сол інісі «Қандай тірліктеріңіз бар?

Мәшинемен тындырып тастайық» деп үйіне келгенде,
көп жылғы өкпесі лезде тарқап, қараңғы көңіл шамы
жанғандай, інісімен бірге өткізген бір күні үшін
Ұлбалаш өте қуанышты еді.

Зарығып көрген ұл бала болған соң Сәуірбекті
бетінен ешкім қақпады. Апыл-тапыл аяғын басқанда
оның Жаппарқұл көкесі жасаған кішкене ағаш балға-
сы, домбырасы, садағы, ағаш мылтығы болушы еді.

Еркеліктің дәмін алған ол басқаларға «басыңа балға-
мен ұрғыз» деп жылайтын.Бұл талапқа еркеліктің
мамық тұғырынан әлі еншісін алмаған, өзінен үш –ақ
жас үлкен Ұлбалаш та көнетін. «Зә-әй ұлам» деген

шарт бұзылып, балғаның үшкір ұшы шақ еткенде, ер-
ке қыздың жарғақ басы лақтың мүйізіндей талай ісі-
ген. Бірақ Сәуірбекке қол жұмсалмайтын, тек ауырған
жеріне алақанын басып, «ауырмайды, қазір қояды»

деп өзін жұбататын.
Бала емес пе, жанына қаттырақ батқан бір күні
Ұлбалаш Сәуірге тұра ұмтылған-ды. Анау ауланы
басына көтере шыңғырып қашты. Көкесі Дәукең

көлеңкеде кітап оқып жатса керек, екеуін қасына
шақырды. Сосын бетіне моншақ-моншақ көз жасы
тарамдалған Сәуірбекті аяды ма, әлде оны жапа шек-
кенге санады ма, істің байыбына бармай Ұлбалашқа

қатты жекіді.
-Артыңнан ерген жалғыз балаға күн беремісің,
жоқ па?! Екінші көрейін!-деп Ұлбалаштың бір уыс
санына күректей алақаны мен салып қалған. Ауыр

қолдың орны көпке дейін дуылдаған.
Ашынып жылаудың не екенін, жазықсыз жапа
шегудің зіл батпандығын алғаш рет бала жүрегімен
сонда сезінген. Мұның қолы тимей-ақ, шыңғырған

інісі «Ләй-ләй! Ұла-май-шың, ләй-ләй!» деп
желкесінде жырлап тұрған-ды. Иә, ұра алмайтыны
рас-ты. Неге екенін, бұл үйде әке сөзі екі рет қайта-
ланбайтын. Тіршілігінде әкесінен жеген жалғыз соқ-

қысы да сол болды.

...Енді пайымдап қараса, бір сәткі тәрбиенің адам
өмірінде, оның қалыптасуында терең із қалдыруы
мүмкін екен. Дәукеңнің, негізінде Хадиша мамасын-
дай даусы қатты шықпайтын қыздары кәзірге дейін

Сәуірбекке тіке келмейтіні де сол кезден қалыптасқан
талаптан шығар-ау, Әйтпесе өзге жанұяларда өзінен
кішілері тұрмақ үлкендеріне де дау соғып, айтысып-
тартысып, жыртысып-бітісіп жатады-ау осы. Бұл үй-

дегілер үнсіз өкпелесіп, сыпайылап сөйлесіп жүр-
гендері.
Қалай дегенде де осы жолы үнсіз өкпелесіп, үнсіз
қайта түсін ген інісіне Ұлбалаш риза еді.Қатипаш ке-

ліні мұны көтермелеп: «Бәріміз сіздей бауырмал бо-
лайықшы. Баяғыда ініңізбен алғаш танысып жүргенде
сізді көп айта беретін. «Мен сені мамама да, басқаға
да емес, тек Ұлбалаш деген әпкеме тәрбиелетемін»

деп. Бекер айтпаған екен!».Әлде, Қатипаш келіннің
бір ықпалы болды ма? Өкпелескен бауырларды жа-
қындастыра алатын келіннің ақылы нан да, амалынан
да әпкесі айналса болмай ма! Балалықта бір-бірінің

қадірін біліңкіремейтіндер де азуына ақыл тіс шық-
қаннан кейін-ақ бауырлардың, достардың қадір-қаси-
етін айыра білулері керек қой.Шүкір,«ештен кеш жақ-
сы» деген осы!Қайта Ұлбалаш «жоғалтып» барып

тапқан Сәуірінің қаншалықты қымбаттығын тереңі-
рек сезінгендей болды.
Ертеңгі орнатылатын есік-терезелердің жақтауын
сыбауға қажетті балшықты дайындап, сабанын ара-

ластырып жүрген Көпеннің бет-әлпетін тамшы-там-

шы боп жабысқан балшықтан түстеп тану қиын еді.
Тізесінен балшық кешіп, кетпенді құлаштай көтерген
балаң жігіттің ерен қимылына, маңдайын шарт таңған
шыт орамалдан төмен шүмектей аққан терге сүйсіне

қарап, Ұлбалаш сабан сеуіп тұр.
-Әпше, Мамыр ағамды күтпей-ақ таңертеңнен
бастап өзім-ақ жақтау шығара беремін. Үйреніп
алдым,-дейді.

-Қайдам, Мамыр ағаң жаратпай жүрмей ме?
-Мама, шәй жасай берейін бе? Тамақ пісті, -деді
Жансая.
Бұлар жуынып, реттеліп, дастарханға жайғасты.

Қай жерге турник, қай жерге бокспен айналысуға
құм қапшық ілетіндерін айтып, қайсы бөлме Жан-
саяға, қайсысы Арман, Алпамыс үшеуінікі екенін
жоспарлап Көпжасар мәз. Сырттан «Жүр, бас ая-

ғыңды!» деген қатқыл үн, еденді соққан ауыр аяқ
дүрсілі естілді. Дастархан басындағылар елеңдесіп,
түсініспей-ақ есіктен Сәуірбек пен Жолбарыс кіріп
келді.

-Ой, сендер ме? Келіңдер,-деп Ұлбалаш та,
басқалар да қуанысты. Бірақ, Сәуірдің түрі жылан
қуғандай құп-қу. Босағадан аттаған күйі қалшиып
тұра қалды да, «ассалаумағалейкум» деп қол созған

Көпеннің жағасынан бүре ұстап, оны қабырғаға
жапсырды.
-Эй, не істеп жүрсің?
-Не істеппін?

-Ой, хайуан! Ой, шешең... Аферист! Түк білмеуін
қарашы-ей! Неге мынаған ақша ұрлауды үйретесің, а?
Бір сом әкелсе, аз деп ұрады екенсің. «Он сом әкел»
дейді екенсің. Осы тұрған орныңа қағып жіберейін

бе?! Әк-кеңнің...
-Қашан? Е, Жолбарыс, қашан сүйдедім мен
саған?
-Әкіреңдеме! Эй! Қарашы «қашан?!» деуін! Бұл

өтірікті құрастыра алмайды әлі сен сияқты. Енді
қорқытып көр! Әкіреңдеме оған! Мен сені, білесің бе,
шыққан жеріңе қайта кіргізіп жіберемін!
-Аға, өтірік бұл!

-Эй, оттама!Мынау өспей ме? Сенің бетіңе
түкірмей ме сонда?
-Сәуір аға,түкірсін рас болса! Өтірік!
-Сәуір, егер рас болса, сұмдық қой мынау!

Ашуды қойып, отырып сөйлесейікші. Мен Көпен
сөйтті дегенге сенбеймін. Мұны анықтап, сосын
біреуін жазалайық. Отыршы. Саған айтпаған едік,
Қатипаш айтқызбаған. Мынау Жолбарыс өткенде осы

үйдің терезесінен түсіп, майда-шүйде ұрлап, есікті
қайта жауып бара жатқанында келіп қалғанбыз.
Сосын «керегіңді айт, алып беремін. Терезеден
ешкімнің үйіне кіруге болмайды» деп түсіндіргенмін.

Міне, көзі тұр. Отыршы...
-Ой, қойшы сені!
-Неге мен де «қойшы» болуым керек? Маған
сенбеймісің?!

-Сендердің бәрің оңбайсыңдар! Біреуің де! Тойдым сендер ден! Әкеңнен бастап! -Солай ма?! Маған қалай «тойдың?» -Ішінде сені әжептеуір ме десем, сен де көре алмайсың! «Мәшинені неге әпересің?» деп сен де Алтынайға қосылып ұрсыпсың ғой Қатипашқа! Оңбаған! -Ақымақ! Кім саған оны айтқан? Қатипашың ба? Бір туғандарың сені көре алмаса, «көретінің» кім бұл дүниеде? Соны ойламайсың ба? Сен бұл сөзді әпшем айтты деп өкпелеп жүр едің ғой? Бәле сенің Қатипашыңда! Әкел қазір оны! -Әкелем! -Әкел! Мен оның бар өсегін, сұрқиялығын бетпебет айтайын! Енді көзім жетті оған! -Ол бір жүрген бейшара! Сендердің былықтарыңа, капризде ріңе көніп жүрген бейшара! Бұл есікке сол жетімнен басқа адам шыдамас еді. Тойдым бәріңе!-Сәуірдің иегі кемсеңдеді. Тарс-тұрс басып, шығып кетті. Інісінің шын күйініп тұрғанына Ұлбалаш күйінді. Келінімен жасырынбақты тоқтатып,ашық сөйлесуді шешті.Бірақ, Қатипаш пен Сәуір келмеді. «Тек шын сөйлейтін,өтірік айта алмайтын, тіліп тастайтын батыр келін неге келмеді? Найзағайдай қарқынмен кеткен Сәуірді ол «бейшара» не деп бір сыбырмен тоқтатты екен!? Қандай шара көріп, келтірмеді?» Ұлбалаштың жауапсыз сұрағы осы болды. ***

Алтынай Сағынышы мен Арманды, Жарқынайды алып, Ұлбалаштың үйіне қолқабыс жасауға келді. Мамыр мен Үрлән да осында екен, шелектеп лай тасып, су тасып, сабан араластырып, әлекке түскендер. Қарап жүрген ешкімді көрмейсің. Алтынай мен Жарқынайдың еншісіне есік-терезелерді майлап-сырлау тиіпті. Магнитофоннан әсем әуен төгіліп, ауланы толқындатады. Балалардың көңілді әңгімелері шіңкілдек Сағыныштың ән-биінің айналасында. -Сағыныш, «Ро-за» деші. Кәні, «Роза» -Шо-жә, шо-жә...!? -Сағыныш, «Қай-р-ат» деші. «Қай-ра-ат» -А-я-ақ, а-я-қ!? Тәтті тілдің балдай сөзіне бәрі де тоймайтындай, тағы-тағы естігілері келеді. -Сағыныш, бар у-у мамаларды, тәтелерді шақырып кел. «Жүр» де, «тамақ ішеміз» де. -Жү-і? Мамақ-і? Мамақ іщә-і?- деп Сағыныш томпаңдай жүгіріп кетті. Шәй үстінде Алтынай «ауылға барып, көкеме сәлемдесіп келмейміз бе?» деді. Бірақ, ешкім бұл ұсынысты қолдамады. -Көкеме баруға міндеттіміз ғой, бірақ,...- Мамыр тоқтап қалды. -Мен үйде болайын, сендер... барыңдар, -деді Ұлбалаш екі келініне. Жарқынай үндемеді, Үрлән да желеу айтты. ***

Туған үйіне бір өзі келген Алтынайдың алдымен
кездестіргені Қатипаш болды. Ол шүңірек көзінің ұң-
ғысынан «екі оқты» қатар атып, қауын беті тырсия әрі
бұрылды да «хұқ!» деп қақырына бір түкіріп, тырп-

тырп басып жөнеп берді.
«Оқ тиген» Алтынай дел-сал күйде біраз тұрды
да, есіне келіп, әкесінің бөлмесіне беттеді. Бөлме
өлген мысықтың денесі жатқан дай сасып кеткен. Күл

салатын шелек пен екі гаршоктағы нәжістерге ғұж-
ғұж қайнаған көк шыбын, қара шыбындар! Шаң бас-
қан кітаптардан қайысқан екі шкафтан шиқ-шиқ
«күлген» тышқандардың дауысы естіледі. Одан қалса

шаңы бір елі еден үстінде із қалдыра қуаласпақ ой-
нап, адамды адам екен демейтін сұр жәндіктер бұ-
рыштағы шифоньер алдында жатқан жыртық газет
үстіндегі сарқыты қатқан сары табақ ішіне кіріп-

шығып, шығып-түсіп шықылықтайды. Дәукеңнің
дастарханы боп есептелетін газет жыртығының көже
қалдығы қатқан бұрышын алдыңғы екі аяғымен қыса
көтеріп, құшырлана кемірген сұр тышқан «Қан-дай

дәмді қағаз! Қандай дәмді тамақ!» деп тамсанып, өз-
деріне осындай жұмақ жасап бергендігі үшін мынау
адамзатқа алғыс айтатындай, доп-домалақ қара
көздерімен жәудірей қарап, жұтына кеміреді.

Газет үстінде, еденнің әр жерінде жатқан таудың
қойтастары нан аумаған қатқан нандар мен тас ба-
уырсақтардың ара-арасында ызғи жүгіріскен падиша
тышқандар әлде балғамен де бөлінбесін зерттеп қой-

ған ба, әйтеуір ешқайсында нан жарықтыққа көңіл

бөлер ой жоқ. Осы наннан нәр алмасына көзі жет-
кендей, оған шыбын да қонбайды. Ешкім нанды мен-
сінбейді. Бұрыштағы үстел үсті бығып, сары шифо-
ньер аузы қисая ішек-қарны ақтарылып ол жатыр.

Алтынай төрдегі қоқыған сұр кереуеттен әкесінің
қалбиған арық сұлбасын, селкілдеген сақалын әрең
ажыратып, солай қарай адымдады.
-Кө-ке-е!-деп жылап жіберді.

Куыршақ пішіндегі қара шал қалт-қалт етіп, құры
терісі салбыраған сүйек қолдарымен қызын кеудесіне
басып, маңдайынан иіскеді.
-Ботам-м, бота-шым-м! Барсыңдар ма? Үй-іші

аман ба?
-Иә, көке. Бізді қойшы, өзіңіз...
-Еһ-һ, осы –біздің күй. Менің күнімді итке де
бермесін, ботам. Ажал деген шіркіннің шақырғанға

келмейтіні несі екен?! Қазір өлсем риза едім, өле ал-
май шаршадым-ау!
-Мына бөлмеде ауа жоқ қой,есік-терезені ашып,
кішкене жиыс тырайын,-деп тұруға ыңғайланған

қызын әкесі тыйып тастады.
-Қой ашпа! «Сасығыңды шығарма» деп ашқыз-
байды мына мырзалар,-деп әкесі селкілдей күлді,-
жастығымды биіктетіп, отырғызшы. – Дәукең «Еһ-һ»

деп жалынын шығарып, аз-кем үнсіз қалды. Сосын
тағы баяу тіл қатты:
-Ботам, бүгін жинағаныңмен, ертең осы қалыпқа
келеді. Неғыласың жексұрын көрініп. Мен көндік-

кенмін бәріне. «Қызы қарағанымызды жақтырмады»

деп сөйлетпей-ақ қой бұл мырзалар ды. Мені әкетем
деп те әуреленбеңдер, осында-өз үйімде өлемін. Одан
да тары әкеліп берсеңдер, тамағыма құйып, артынан
су жіберіп, өлгенімше талғажу етейін. Ішке барғасын

бөрітіп, бөгіп жатар. Нан жейтін, тамақ жейтін тіс
жоқ. Оның үстіне тамақ сұрау, шәй сұраудан ығырым
шықты. Айқайлап жатып, зорға хабар алғызамын. Он
айтқаныңда әкеледі, онда да абақтыдағы адамдай

мын, есіктен тастайды да кетеді. Әне, тышқандар
ойнақтаған ыдыс-аяқ ертең ас келерде бір-ақ жиып
алынады. Бұл қорлыққа төзгенше өлгенім жеңіл еді-
ау... Мені керек етпеген тіршілікке мен де артықпын.

Осы үйде керек болсам, анау ең кішкенеге керекпін.
«Ата-ата» деп сол ғана кіріп тұрады маған.
-Сәуірбек ше?
-Еһ-һ! Бәле соның өзінде емес пе? Ол бас сұғуға

жиіркенетін мырза ғой! Үндеме ботам. Бұлар кетті
осымен! Тек тары мен шәй ішуіме тәттіні өзіме әкеліп
беріп тұрыңдар. Келіннің қолына түссе маған
бермейді, ботам-ау.

Алтынай манадан бері үндемей жылап отыр,
оның екі көзінен басқа ата шаңырағын билеген
«мырзаларға» әлі жетпесіне, сөзі жүрмесіне сенімі
бар еді. Әкесінің мына азабын қалай жеңілдетуді

ойлады.
-Көке, Ұлбалаштың үйіне жәрдемдесуге сонда
жиылдық. Сізді де алып барсақ-шы.
-Мені онда қалай жеткізесіңдер?

-Мақұл десеңіз, мәшинемен жеткіземіз.

Әкесінің жауабы тез болмайтынын білетін
Алтынай сыртқа шығуға рұқсат сұрап, ас үйдегі келі-
ніне сәлем берді. «Армысы» да, «бармысы» да жоқ
келіні шот маңдайының астындағы қосауыз мылтық-

тың ұңғысындай шүңірек көздерімен атып жіберіп,
«кімсің?» демей, табақ-аяғын сақырлатып жүре берді.
Тіл қатып, кішірейгісі келмеді.
-Не болды саған? Кімге ашуланып жүрсің? Не,

маған өкпең бар ма?-деді Алтынай.Сол-ақ екен
келіннің дорбаланған аузы «сөгіліп», пырт-пырттай
жөнелді:
-Сен мені, менің бала-шағаларымды өле қалсын

деп, қырылып қалсын деп әбден қарғап-сілепсіз.
Сосын мен де айттым,айтқаным ды жасырмаймын.
Оның да құдайдан сұрап алғандары қырылып қалсын
деп қарғадым. Сонда немене, әкеңнің малағын таза-

лап, бағып-қағып отырғаныма рахметтерің бе, а?
Сүйреңдеген келінді «тоқташыны» он айтып
жүріп Алтынай әзер тоқтатып, «оны кім айтып жүр?»
деп сұрады.

-Мынау шал- әкеңіз айтты! Бөтен айтса сенбес
едім. Сәуір екеуміздің жазығымыз не сонда? Ешкімге
бермей, кассаға салған жүз мәшинелік ақшасы қазір
ақша ауысқалы бері бір тышқақ лақтың құны бопты!

Ішім күйді –ау! Бұл шал ертең өлсе арты ашылады
әлі! Дымы жоқ! Үйін анау бұзылғанға берді!- келін
ұзақ «шапты». Дәукең садыраларын әдейі қабырғаға
жағатынын, неше түрлі адам есітуге ұялатын жабайы-

лық қылықтары мен былапыт сөздерін, майрампаз-

дықпен көрсетіп, тіпті ас табағын зәрі мен ең лас
қағаздарға толтырып қайтаратынын пытырлатып
демалмай айтты. –Бұған қалай шыдауға болады?!
Маған издевайса қылады мына шал!

«Дәукең жатып қалыпты» дегесін қадірменді кісі-
нің көңілін сұрай келгендерді қаласа кіргізіп, қалама-
са «адам танымайды, алжып қалған» деп кіргізбеу де
осы келіннің еркіне тиді. Әкесінің де Қатипаш үшін

«Ванька-встанька» болғанын Алтынай қайдан білсін.
Дәулетбақ қартты қажет жерінде келіні алжытқысы
келмеді, «издевайты» тиімдірек еді.
-О несі? –деп таңданды Алтынай, -әлде алжыды

ма? Сөзі дұп-дұрыс қой...
-Алжыған жоқ, издевайтса қылады! Сіз мені қар-
ғады дегенге де сенгім келмейді- мамамның орнына
мамамсың ғой, бірақ мына шалдың әдейі шағысты-

рып тұрғанына күйемін!
-Шағыстырғаны несі? Көкемнен сондай қылық
шығады деп кім ойлай алады?!
-Айтты! Айтты деп тұрмын ғой.Сенбесеңіз көзі-

ңізше айтайын. Өзінің блокноты бар. Соған сіз, жез-
дем, Көпен үшеуіңіздің аттарыңызды арапшалап жа-
зып, «алты мың сегіз жүз бердім» деп қойыпты.
Мұны әлі Сәуір білмейді, білсе, араларыңыз бекерге

суып кетеді. «Малағын біз тазалап, ақшасын қыздары
пайдалана ма» деп ашуланады ғой ол. Жақсы болмай-
сыздар, әпке!
-Бидай әперсін, -деп жездеңе Көпеннен мың үш

жүз ақша беріпті өткенде. Басқасын қайдам. Ұнды
өзіміз –ақ әпереміз ғой.
-Әні ар-ра-мы ғой, 6800 бердім депті.Сізге жаны
ашымайды, ә! Туғанысыз ғой! Әкесіне аяусыз Сәуір

тура үйіңізді өртейді,одан да бере салыңыз сол жаз-
ғанын!
Өзіне өткендеріне місе тұтпайтын, әке шөмішін
ұстаған келіні өтуге тиісті дүниеге кітап арнаса, Дәу-

кеңнің қыздарының амалы қайсы?
-Қойшы, айта бермей. Ертең сондай сома әкеліп
беремін,соны сөз етпей-ақ қойшы.
Алтынай ман Ұлбалаш ақылдасып, одан-бұдан

әзер құрасты рып, тыныштық пен ынтымақ үшін алты
мың сегіз жүз ақшаны әке үйіне Алтынай алып бар-
ды. «Көке, мынау бидайға деп бергеніңіз. Сәуірлер
осы жақтан өзіміз ұн аламыз дейді» деп әкесіне өзі

бермекші еді, келіні Қатипаш сыртта санап алды да,
уыстап, қайын атасына білек сыбана кірді.
-Ол шал мұны бізге тағы да бермейді, жүріңіз
сізді жұртқа жамандамасын. Мен алдым деп

айтайын,-деді.
Алтынай көкесіне кешегі айтқан тарысы мен
тәттілерін берді.
-Неменеге әкелдіңіз бұл жаққа?Енді тойғанын

білмей жеп-жеп тышқақтайды. Кімнің соры- менің
сорым!-келін оталды да кетті. Осы сөздер туындап,
балалап, аспанға шапшып, жерге қадалды. Жерді
жарып, айға атылды. Мына бөлме де, оның ішіндегі

әке мен баланың жүректері де қалтырады. Жылан

шаққандай жаны шыға шыңғырған Қатипаш Дәу-
кеңнің тышқақтығын, издевайтсасын, бетсіздігін,
ақшасын көріне әкететіндігін, мына қызын да өсек-
теген қатын мінезін, қойшы не керек, тоқтаусыз

айқайлап бетінен қапты. Жан-дүниесін сояу-сояу
сөздерімен сойып, талап тастады.
Төсекте жатқан бейшара кәрие пыт-пыттың
түгіне түсінбей, ара-арасында «айқайлама маған! Сен

мені туып алып па едің? Менің шешембісің?!» деп
қарсы дау айтып қояды. Тоқтайтын, тыңдайтын,
ұялатын Қатипаш па, қосарлана дірілдей айқайлап,
пытыратып жатыр. Ақырында:

-Баяғыдан бері өстіп бермейсің бе пенсияңды?
Тасыңа осы үйден ішіп жүрсің ғой! Осы отырған же-
ріңде жоқ қылып жіберейін бе?!-деп төсектегі қайын
атасына бүктелген шұбар жыландай шынтағын оқтап-

оқтап, төніп-төніп шыңғырды. Тарғыл дауысы қарлы-
ға айқайлады.
-Міне, алты мың сегіз жүзіңді сыздым. Тағы кім-
ге ақша бергеніңді айт одан да. Ертең өлсең, артың

ашылады, соны ойла! Өмір бойғы жиғаның қайда?
Не, жыртысыңа мына тышқаныңның жемі-кітапта-
рыңды таратам ба елге? Не, оны туалеттеріне қоя ма
ел? Ақшаң қайда-а?-деп көгерді Қатипаш қайын ата-

сына тап-тап беріп. Ақыры ақшаны емшекқабына
тыққыштап, бұрқ-сарқ қайнап сыртқа беттеді.
Дірілдеген бойын әзер билеген Алтынай есін
жиып, әкесіне тіл қатты.

-Көке, қазір мәшине тауып, әкетемін сізді,-деді.

*** Алтынай сыртқа шықты. -Сендер де кәртейерсіңдер,-деді Алтынай келініне,-неге сонша даурығасың?Ертең сенің келінің саған бұдан да әріні көрсетпей ме? Өйткені –сендердің оқта-текте болса да келінге берер пенсияларың жоқ, сендер пенсия алмайсыңдар. Жұмыс істемейсіңдер. Көкемнің қызметін өкімет бағалағанда, балалары бағаламағаны ма? Ұят болды!Қатипаш,өгізге туған күн бұзауға да туады деген. -Тәте, нервімді тоздырды ғой өздері. Балаларды да тура өз... -Қойшы жырыңды,-Алтынай келін сөзін кесіп тастады.-Мен көкемді әкетемін, сен демал. Сосын киізін, көрпе-төсегін күнге жайып, бөлмені әктеп, тазартып қой. Елге күлкі болмаңдар, түге. Осы шаңырақтың ұяты саған келеді. Осыны ұмытпа! Екі қысты от жағылмайтын пешпен қалтырап өткізді. Пешті жөндеңдер. -Ім-м, иә... ім-м...-Қатипаш мүләйім, момақан күйге түсті. *** «Тәңірі жар болғандар тарқ-тарқ күледі» деген осы. Сәуірбек ке сүйенген сары қатын сарқ-сұрқ қайнап, бірді бірге ұрып жүріп тапқан жеті мыңға тықпыштағандарын қосып, залына мебель алуды ұйғарды. Қайнауы басылып, иығынан демалуы бәсеңсіді. Ертеңіне үйіне кілем ілініп, жаңа паластар еденге төселді.

«Не дейсің, Алтынайға тығып берген ақшасын біліп қойдық та, шалдың қайта алуына тура келді. Сөйтіп қызы екеуі таза масқара болды» деген сөз ауыл мен ағайын арасына гу ете қалды. «Гу-гудің» қаншама рет піспегі аспанға атылып, өсекшілердің өмірін қызғалдақтай қызыл-жасыл, әлем-жәлемге толтырып, әрлендірді: Жәйбарақат қызықсыздан, самарқаулықтан сақтады. *** Алтынай әкесін өздері жәрдемге жиылған Ұлбалаштың үйіне әкелді. Дәукең адамдармен кездесіп, бір дастарханда отыра алатын басқа бір дүниеге келгендей, абақтан босанған сон-о-ау 1938 жылдағыдай сезімде болды. Ол кезде де дәл осындай көтерем, дәл осындай тері мен саудыраған сүйектен тұратын сүлде кезінде безгектей селкілдеген Дәукеңді жер-кепені паналаған ағайындары тұратын аймаққа жендеттер түнделетіп әкеліп тастап кеткен. Мұны «жау» деп жапқандағы күшігі ит болып өсіп, Таймас дәрменсіз жатқан иесін қызыл тілімен жалап, арсалаңдай жүгірген. Жер-кепедегі Хадишаларды етегінен сүйрелеп, ертіп келген де сол Таймасы еді. Сонда-а адамдармен еркін кездесе алатын шектеусіз уақыттың зор бақыт екенін түсінген. Еркіндік –бақыт! Өз үйі өзіне абақты болып, бір бөлмеде ас та,зәр де иістенген; таза ауа ауыстыруға хұқы болмаған;бір жұтым суға зарыққан мына қарттық шағына лағнет айтты. Сезім қайталануы!Жендет пен өз ұрпағы; адами адалдық пен иттің адалдығы; сана мен инстинкт;

ақыл мен ақылсыздық.«Қайшыласқан дүние! Опасыз, жалған дүние! Жаныма жар болған сүйенішім, жан серігім, егізім Хадишам ме-нің, кешірші мені. Мен байбатша келіннің тіл астында тілі барын, мұншалықты пенде болатынын кеш түсіндім. Кешіре гөр, асылым!» Дәукең кеңк-кеңк етіп өксіді. Бірақ, тәні құрғап кеткен бе, жаны езіліп тұрса да, нұры тайған қос жанары аздап қана дымқылданды. Дәулетбақ қарт өзіне бостандық пен мейірім бере алатын басқа да ұрпақтары барына шүкірлік етті. Алдыңда тіс өтетін наныңа қол жеткізіп, ішерде сусының табылған неткен бостандық бұл! Баяғыда судан қаталаған Хадишасының ескерусіз, елеусіз қалған жетім көңілінің өкпесі, наласы неде екенін Дәукең осы бір шөміштен қысылып, тастанды болған жесір жылдарында анық сезінді. Өзінің мына зымиян, шұбаржылан келінінің арбауында жүрген соно-оу жылдарына лағнет айтты. Жылай алмайтын Дәукең күйіне темекі тартып, ішіндегі уды түтін уымен қайтаратын әдетімен темекі тартты. -Хадиша, тілім тигені үшін, қолым тигені үшін кешір мені! Рухыңа басымды иген жан едім,тағзым етіп өтермін!-Дәукең темекі түтінін құшырлана жұтты. «Жендеттердің» қолына қайта түсірмеуді тағдырынан шын сұранып, іші қан жылады. *** Алтынай ауырып қалды.Өткен күндеріне көз салып, қайырыла қараса өзі себепкер болған Қатипаштың Алтынай әулеті үшін қасіреттен басқа кіргіз-

ген берекесі болмапты. Рас, бес перзент тапты! Осы
жәдігөйді жолықтырған күніне лағнет айтып, бүкіл
әулеттің бүлігі үшін өзін кінәлі санады. «Бір қарын
майды бір-ақ құмалақ осылай шірітеді екен -ау» деп

ойлады.
Әнеукүні аяулы әкесін соған талатып қойып,
араша түсе алмағаны үшін, өйткені «өз үйімде
өлемін» деп отырған әкесінің қасында мәңгі жүре

алмайтындығы үшін, Сәуірбек пен әкесінің арасын
мына аяр әйелдің тағы бір қандай айламен ушық-
тырып жібермеуі үшін, ең бастысы – Сәуірбектің
өзінде көз жоқтығы үшін Алтынайдың жаны ауырды.

Егер ақырын ойламаса, сол жерде Қатипаштың аузын
ашқызбай, «ә» десе «мә» деуіне болады. Сонда Қати-
паш «көзілдірігімен» өмірді көретін өз бауыры түкті
де айыра алмай, тұңғиыққа құлап, мертікпей ме?

Алтынай сондықтан да шегінді, шегіністің барлығы
жеңіліс емес деп білді.
Көз алдына көбіне тек көзі ғана көгеріп жүретін
көрші келіншек Рахиманың күлімсіреген бейнесі келе

қалды. Үскірік шалып, алып-ұшып «Мына балаға қа-
рай тұршы емізігін салып» немесе «пияз аршып бере
қойшы» деп көршілерінің үлкенді-кішілеріне жалы-
нып-ақ жүргені. Сөйтсе, такси айдайтын күйеуі күт-

пеген жерден үйіне кіріп келіп, кәрие атасынан тіке-
лей «қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен. Егер «аш-
пын» десе, бір ауыз тілге келмей «мына көзің көр
ме?!» деп әйелінің оң көзіне жұдыры ғын жұмсайтын

көрінеді. Не себептен тамақтандыра алмады, әлде

қазір апарғалы жатыр ма едіол жағы есепке алынбаса керек. Сондықтан екен Рахиманың бәрін ысырып қойып, кейуананың жағдайын жасау үшін көрінгеннен көмек сұрауға дейін баратыны. Алтынай інісі Мамыр мен келіндерін, сіңлісін шақырып, көкесінің келешегін ақылдасты. Көргенін, өзінің неге арашалай алмағанын айтып, көзіне жас алды. Осы отырғанның бәрі де Қатипаштан көрген қорлықтарын қосыла естеп, қорланды. -Әпшелермен тұрмаймын десе, менімен тұрсын,- деді Мамыр. -Жоқ, барлықтарыңыздың үйінде басшы бар, тек біз Арман екеумізде ғана жоқ. Папам бізбен тұрады,- деді Жарқынай.Қазақи кемтар түсінікте ер кісісі жоқ үйдің түтіні түзу ұшпайды деп кемсіту, ана тазалығына сенімсіздікпен қараудан қорланғандарын іштей естеді.Бескеннің жылап тұрып тұрмыс құруға ұсыныс жасағаны да есіне келді. Қабылды қалыптастырып өсірген папасы Арманды күнделікті қадағалайтынына қатты қуанды,- папа, бізбен бірге тұрыңызшы. *** Екі-үш-ақ күнде Дәукең әлденіп, қуаттанып, Ұлбалаш отырғызған жемістер мен көкөністерді аралап жүретін болды. Көлеңкеге жайылған киіз үстіндегі қалың төсекте жатып, немерелеріне қауын-қарбыз үлестіріп, үйіре әңгімелеседі. Әсіресе, Сағыныш атасынан бір елі ажырамай, шоқша сақалын олай-

бұлай тартқылап «ша, і?» деп өзінің басын сипап сұрайтын. -Е, шаш па дегенің ғой. Ботам, басың неге тықыр, менің шашым басымда дегенің ғой,-деп атасы шексілесі қата күлетін,-Бұл-сақал. -Ша-қа, і? –дейді Сағыныш. *** Дәукең кітаптары мен киімдерін ғана иемденіп, біржола Жарқынайдың үйіне көшіп алды. «Не дейсің, өмір бойы жинаған-тергені кітаптың арасында екен, Бізге түк бермеуші еді, тыққан қазынасын өзі алып кетті» деп тағы бір өсек гу етіп қаулады. *** Күн демалыс болған соң, күздің сыбылыңқы күніндегі жауынның ақырын терезені тықырлата соққанын тыңдап, Сәуірбек төсегінде манаурап жатқан. Шаруашылықтың жиын-терімі аяқталды, қора-қопсылар малдың қыстауларына берілді. Ендігі шаруа күнделікті кезегімен жүріп жатуға тиісті. Е-е, мұндай атты күнге де жетті-ау. -Де-ма-ле-ес!-деп керіле-созыла бір дауыстап, былбырай, қайта сұлық жатты. Киініп, жуынып, тірлікке араласу түгілім, бір саусағын жыбырлатқысы да келмей, көзін жұмған күйі жауынның шерітіп салған әуенін ұйып тыңдап жата бергісі бар.Балалықта Серік ағасы қолдан жасап берген қызыл домбыраны сабалай беретін. Бір күні Ұлбалаш мектептен үйренген «Елім-ай» әуенін терезені тықырлатып соққан жауындай, «тыр-тыр-тыр-тыр» деп деп үйреткен. Содан,

домбыраның додасынан озып шыққандай,өнерін әке-
сіне есіттіргенше асыққан. «Япырмай! Бұл не деген
шертіс! Кім үйретті? Осылай, оқу мен өнерді бір-бі-
ріңе үйретіп,үнемі ақылда сып жүріңдер. Бұл шертіп

тарту.Міне, тыңдаңдаршы, мен қалай шертеді екен-
мін»,- деп әкесі «Сыңғыр-сыңғыр» деген ән салып
берген. Жауын жауса, сол шаққа қайта оралып, әуен
мен әкесін есіне еріксіз алатын бұл. Иә... тәп-тәуір

әкесі бар еді, ауып қалды ма,әйтеуір жат боп кетті
қазір.Бармайды, келмейді.Мейлі, өзі білсін , бұл қуған
жоқ,қараудай қарады байқұс әйелі... Қой,демалайын.
Осы тыныштықты қақыратып, баж-баж еткен

әйел дауысы есітілді. Қатипашқа ұқсамайды. «Сәуір
қайда?» дей ме?
Бұл киіне бастады.Сыртқы есіктің
ашылғаны,одан аяқ дыбысы, күңгір-күңгір естіліп,

жақындап келеді.
-Қойшы Жайнаш, өзіміз-ақ шешетін әңгіме ғой.
Еркекті қатын өсекке араластырмайықшы, Қойшы,-
деп жалына сөйлеген әйелінің дауысын ажыратты.

-Жоқ, қоя-қоя болдым, жаба-жаба шаршадым.
Сен тағы қоқытасың бір күні, Сәуір білмейді сенің
кім екеніңді, білсе сендей қатынмен бір күн де, бір
сағат та тұрмайды. Тамағыңды беріп, тіліңмен

алдап... Жібер мені!
-Жайнаш, ол ауырып жатыр, түнімен ұйқы көр-
меген еді. Аяшы оны! Сыртқа жүрші...
-Сәуірдің бір туғандарын, бауырларын бездіріп

біттің. Шешесін қаңғыртып өлтірдің. Әкесін сиғызбай

жібердің. Көрші -қолаңды ұры қып біттің. Жұлыспа-
ғаның, ұрыспағаның мен едім. Енді менің қызымды
ұры қылдың, ә? Ұятсыз! Сенде құдай жоқ, иман жоқ!
Жібер!

-Жайнаш, аяғыңа жығылайын, айтпашы Сәуірге.
Кімнен есіттің, кім айтты-соның шашын жұлып
беремін.
Сәуір төсегіне шалқалай қайта құлап, екі әйелдің

айтысын есітіп жата берді.
-Оның рас-шаш жұлудан алдыңа жан салмайсың.
Сенің шашың ды жұлатын, саған әлі келетін адамға
барамын қазір. Менің санды ғыма апарып тыққан

маталарыңды, еркек кәстөмдеріңді, юбка мен туфли-
іңді көрсетемін. Маған «туған күніме осыны берген
болшы» деген арамдығыңды айтамын. Атаңның пен-
сиясын қалтасынан ұрлайтының өтірік пе, а? «Мен

ұрласам жарасады шалдікін, қарап отырмын» дейсің,
ә? Ұялмайсың, кәйтіп қарағаныңды мына ел көрмей
отыр ма, Құдай білмей ме?
Әйелі тағы да жалынып-жалпайды. Ойпырмай,

мұның осыншалық майыса алатынын білмепті-ау.
Тура «Жигулиінің» отырзышындағы жұп-жұмсақ, су
тұрмайтын қуыс-қуыс «губка» тәрізді. Қыссаң
уысыңда бар-жоғы білінбей, еркіне қойсаң күмпиіп

шыға келеді,ә? «Айналайын» деп қояды-әй Жайнаш-
қа. Осы кезге дейін бір баласын «айналғанын» Сәуір-
бек естіген емес-ті.
-Сенің қара тырнағыңа дейін арам ғой, ей,

Қатипаш! Әйтеуір ауылдас тұрған соң «қойшы» дей-

міз. «Сәуірбек тамағымды ішпейді, мені жақтырмайды» деп жылапеңіреп жүруші ең. Сені оқуы күшті молдаға да ертіп бардым ғой, а, мен. Өзіңнен басқаға қарамайтын қып, тыңдамайтын қып дуа жасаттың. Соның бәрі мына менің ішіме сиып-ақ жүр ғой, а! Енді сен менің қызымды, «алтынымды ұрлады» деп өсектейсің! -Қойшы,көкетай, кешірші артық кетсем, жүрші сыртқа. Ендігәрі...- Дауыстар алыстап, күңгір-күңгірге айналып, аздан соң темір қақпаның тарсылы бір естілді де, айнала жым-жырт бола қалды. Тек жауын ғана терезені шертіп салған әуезінен танбады. «Тырты-ры-тырт. Тыр-ты-ры-тырт». Сәуірбек шешініп, төсегіне қайта жатты. Жайнаштың әрбір сөзін сыздықтата ой елегінен қайта-қайта өткізді.Әлемнің дөңгелегі кері аунағандай, іші әлем-жәлем күйде кө-өп жатты. Жүрегі айнып, қызуы көтерілді. Денесі түршігіп, қойнында сұпсуық, улы шұбар жылан жатқандай шошынды. Қатипаштың «ауырып жатыр» деген өтірігі шынға айналды. *** -Сәуір, Сә-уі-ір! Тұрмайсың ба, түс қайтты ғой. Тұр,сен жақсы көретін асың дайын - балық қуырып қойдым,-деген Қатипаштың көңілді дауысы естілді,- сен үйде болып, сәніміз кіріп қалды.Мә-ә! Көзің ісіп кеткен бе... Бірақ, неге екенін кім білсін, сыртқа Сәуірден бұрын Қатипаштың «ойбай, өлдімі» мен гүрс-гүрс,

тарс-тұрс толқыны лікілдеп шығып жатты. Қара шаңырақ қалтырап-дірілдеді. *** Атасы бірге тұрғалы Арманның екі сөзінің бірі- «менің атам» болды. Мектептегі ұстаздарымен де, жолдастарымен де әңгімесі-атасының алғашқы сауаттылардың бірі екендігі, оның Абай айтқан дай, халықтың ұлы екендігі, соғыстағы және өмірдегі ерліктері мен мінездері жәйлі ғана болды. Атасы жайында «Адамның баласы» деген еркін тақырыпта шығарма жазып, «Құрмет грамотасын» алды. Мектеп ұжымы Арман Құдретуллиннің атасымен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуден Дәукең жасарып, Арман биіктеп өсіп қалғандай болды. -Ата, ат-та! –деп өрекпіген Арманның дауысы терезе сырты нан құмыға естілгенде, Дәукең көзілдірігін шешті,-тыныштық па?! Терезеден ішке асылып тұрған Арман телпек танауы тершіп, желбезегі желп-желп етіп, қуанышын жеткізе алмай абдырап тұр. Жүгіріп келсе керек, ырсырс етеді. -Ата, менің «Адамның баласымды» апай облыстық газетке очерк етіп беретін бопты. Соған сіздің суретіңізді сұрап жатыр. Тез! Тез болсаңызшы! Дәукеңнің шошынғаны енді басылды. Жымиды. «Кір» деп ымдады. Есіктен кіруге дәті жетпеген ерке Арман терезеден секіріп түсіп, «ур-ра!» деп атасының мойнына асылды.

-Сіз сурет іздей беріңіз, мен мына іздерімді сүр-
тіп тастайын,-деп еден жуғыш шелегі мен шүберегіне
беттеді.
-Арка, қай жастағы сурет керек екен, білдің бе?

-Қай жас дейсіз бе?Менің жасымдағы –тура мен
сияқты суреті ңіз!-ол жымиып отырған атасын көріп,
тез түсінді,-Ә, ондайыңыз жоқ екен ғой. Онда тура
папам сияқты суретіңіз ше? Соны беріңіз. Ата, мен

ше, дәл сіз сияқты, папам мен мамам сияқты әдебиет-
ші боламын. Сіздердің жазғандарыңызды жинап,
кітап шығарамын әлі.
Дәукең көзілдірік үстінен қой көздері күлімсіреп,

Арманына үмітпен қарады.

эпилог

Жирен шашты сары әйел сылп-сылп сүйретіліп,
оң етегі жер сыпырып, арық денесі ирелеңдеп, әзер
үйіне жетті. Көшенің басындағы ауылдың өскешіле-
рінен бөлінгеннен сөйлеген еді, әлі сөйлеп келеді.

Ойпырмай дейді-ау, осы қатын деген өсекшілер қарап
жүрсе аштан өлетіндей-ақ, тыныш жүрсе болмас па?
Жыны қозады-ау мұның осындай иттерге! Үйібай,
еркек басымен анау Әлібай сорлыға не жоқ өсек ай-

тып.?! «Сәуірбекті көрдім, Күлби екеуі Қыз Жібек
пен Төлегендей қолтықтасып алдымнан шықты.
Ауылды сұрап жалпылдап жатыр. Егіз ұлдары есейіп
қалыпты, мектепте оқиды-ау, сұрауға ұялдым. Сәуір

тағы бір бөпе көтеріп алыпты. Жасарып кетіпті» де-
еп әйеліне айтып келіпті-әй, ұятсыз неме! Енді ол ел-
ге жаймай ма құлпыртып!?
-Еһ-һ, құдай сормаңдайдың да түк әділеттігі жоқ

екен ғой. Мұны жетім етіп жылатқаны аздай, қайдағы
бір тұқымынан қағынған, бұзылып кеткендер ғана
туылатын жерге тап еткенін айтсаңшы!
-И-и-и, сорлы құдай! Көк тігілгір, көкми құдай!

Туылғаннан жылатып, көзімді жастан арылтпаған әр-
рам құдай! Бұзылғандар дың тұқымына қосып, бұзыл-
ған бай, бұзақы бала, жезөкше, іші тар апалар берген
хайуан құдай!- тарғыл-тарғыл қарлыққан жуан дауыс-

ты шүйкедей сары әйел имеңдей, өз құдайымен ұрсы-
сып жүріп, қораның астауындағы ескі кәшек астынан
орталанған бөтелкесіне қолы тигенде, қарғысын сап-

па тыйып, алақ-жұлақ жан-жағына қарап алды да,
қылқылдатып жұтты. «Аһ-һ!» деді сосын. Күрсінген
жоқ, тамсанды!
Дүниедегі жан ауруының барлық түріне ем бола-

тын осы атыңнан айналайын арақты-Ахаңды ойлап
тапқан адамнан шыр көбелек үйіріліп-айналып, жаны
үзі-лі-іп кетсе болмай ма?! Жаны жай тауып, ұстынға
басын сүйей отырып, баяғы бала кезінде марқұм ана-

сына «Ішесің» деп бекер-ақ ұрсатындарын түсінді.
Ей, мынау ит өмірде бұл дәрусіз тірі жүру мүмкін бе?
А? Анау Сәуір сияқты, Күлби сияқты, Жарқынай,
Ұлбалаш сияқты... Ойы тоқтап қалғаны несі?! Иә

кімдер еді олар? Кім деп аталады олар?
-Ә-ә, сымия бұзғыштар! Бетсіздер...
-Кім бетсіз? Әй, мама, кім бетсіз? А?
Жолбарыстың қашан келгенін байқамапты –ау.

Мә-ә! Теңселіп, тәлтіректеп, қора қабырғасының
ішінен шыққандай-ақ дәл төбесінен төніп тұр. Сонда,
бұл қабырғаға жабысып тұрғаны ма? Қалай байқама-
ған, ә? Түрмеден анадай бәлені шегуді үйреніп келді

ғой. «Ақша тап, тапшы тап!» дейді де тұра-ды бұған.
Сатып та, басқа қып та... ақша табудың амалын
тауысты ғой бүгінде Қатипаш сорлы. Енді бір бәле
шығып кетіп, баласы өткендегідей тағы да соққыға

жығып тастамаса неғылсын. Қатипаштың жапырақ-
тай жұқа денесі жел соққандай қалтырап кетті.
-Ә-әшейін... Анау кім-м-дерді айтып жатырмын...
-Кім? Папам ба, атам ба? Айтпа дегенім қайда

саған, а?

-Жо-оқ! Оларда нем бар. Кім ғой, әлгі... И-и, сор-
лы құдай-ай, Көпен бетсіз дегенім ғой.
-Эй, ма-ма! Құдай да сорлы емес, Көпен де бетсіз
емес! Білдің бе? Екеуі де мына сен, білдің бе, а! А

деймін?!
-Иә, иә, Жәкөштай, білдім...-Байқұс шеше күс-күс
алақанымен басын қорғаштып, бүктеліп қалды.
-Мордаң құрысын сенің, мамуля! Тұқымымды

бұзып, тура өзіңе тартқызып, былшиған сары ғып,
қайдан ғана туып ең мені! Әкел бөтелкеңді!
-Иә, қайдан ғана... қайдан ғана... Қайдан біле-
йін...-Қатипаш бөтелкесін Жолбарысқа қарай қимай-

қимай ұзата берді. «Иттің баласы!» - деді ішінен кіжі-
ніп, - «сені қайдан ғана туып ем! Жалғыз жұбаны-
шымды да тартып алдың –ау...»
Өмір-өзен сезімдер тамшыларын сапырылысты-

рып, бұрқ-сарқ қайнап, қатулана ағып жатты.

ІSBN 9965-9043-5-9

Офсеттік басылым. 14
2 баспа табақ.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙